TELEGEI

Home

Әбу Насыр Әл-Фараби- философия. ІХ том

Әбу Насыр Әл-Фараби

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әбу Насыр Әл-Фараби- философия. ІХ том

Әбу Насыр Әл-Фараби — «Әбу Насыр Әл-Фараби- философия. ІХ том».

МУЗЫКА ТУРАЛЫ YЛKEH КІТАП ДЫБЫСТАРДЫҢ ПЕРНЕЛЕРМЕН ҮЙЛЕСІМДІГІ 1 - Мутлақ әл-бамм ішегінің үйлесімдігі (553) Енді жиырма тоғыз дыбыстың әрбірінің үйлесімділігі жайында еске алып, былай дейміз: расында бірінші мутлақ әл-бамм ішегіне үйлесімділер мыналар: сұқ саусақ дыбыстары, оның шынашағы және екінші ішектің шынашағы мен оның сұқ саусағы, үшінші ішектің сұқ саусағы үйлесімді және төртінші ішектің сұқ саусағы /1/. Осы алтауынан басқалары бірінші әл-мутлақ ішегімен диссонансты /2/. 2 - Әл-бамм ішегіндегі муджаннаб әс-саббаба пернесінің үйлесімдігі (554) Әл-бамм ішегіндегі муджаннаб әс-саббаба дыбысымен /3/ үйлесімді келетіні - әл-бамм ішегіндегі зәлзәл пернесінің дыбысы. Ол екеуінің арасында екі қалдық пен толық үннің төрттен бір интервалы бар. Бұл интервал толық үн интервалымен салыстырғанда оған жақын. Сондықтан (555) онда толық үн интервалында жоқ жеңіл үйлесімдік бар. Сол сияқты [әл-бамм ішегіндегі муджаннаб әс-саббаба дыбысына], екінші ішек сұқ саусағы қасындағы перненің дыбысы мен оның ортаңғы зәлзәл дыбыстары үйлесімді. Себебі, оның шынайы орналасу мекені квинта интервалының бір тарапы. Ал сезу қабілеті болса, оның шын орналасқан интервалдарының арасын айырмайды /4/. Осы себепке сәйкес октава интервалындағы үшінші ішектің ортаңғы зәлзәл дыбысы да өзінің кемдігіне қарамай /5/, онымен үйлесімді келеді. Ал енді кварта мен октава интервалдарына жақын болғандығы үшін /6/ төртінші ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысы да онымен үйлесімді. 3 - Әл-бамм ішегіндегі саббаба пернесінің үйлесімдігі (556) Бірінші ішектің сұқ саусағына келер болсақ, оған үйлесімді дыбыстар мыналар: бірінші бос ішек, егер төртінші саусақ пернесі мен ортаңғы әл-фурс пернелерінің ортасында болса, онда бірінші ішектің ортаңғы зәлзәл дыбысы /1/ және бірінші ішектің төртінші пернесі, екінші ішектің сұқ саусағы және оның төртінші саусағы, үшінші ішектің төртінші саусағы мен төртінші ішектің төртінші саусақ пернесі /8/. 4 - Әл-бамм ішегіндегі муджанниб усто пернесінің үйлесімдігі (557) Бірінші ішектегі муджанниб әл-усто пернесіне үйлесімді дыбыстар мыналар: әл-бамм ішегіндегі ортаңғы зэлзэл дыбысы әлсіз үйлесімді. Өйткені ортаңғы әл-муджаннибтың төртінші саусақ дыбысына қатынасы толық үн интервалындай, ал ортаңғы зәлзәл пернесі болса, оған қарағанда төртінші саусақ дыбысына екі қалдық интервалы шамасында жақын. Екі қалдық интервалдарының қосындысы жарты үн интервалы шамасындай жақын. (558) Сол сияқты [бірінші ішектегі муджанниб әл-усто пернесіне] үйлесімділердің қатарына әлбамм ішегінің төртінші саусағы, екінші ішектің ортаңғы пернесінің әл-муджаннибы және оның төртінші саусағы жатады. Онымен әл-бамм ішегінің сұқ саусағының қасындағы дыбыс та әлсіз үйлесімді. Себебі, ол екеуінің арасында екі қалдық интервалы бар және онымен үшінші ішектің төртінші саусағының үйлесімдігі де әлсіз /9/. 5 - Әл-бамм ішегіндегі усто әл-фурс пернесінің үйлесімдігі

(559) Әл-бамдағы усто әл-фурс пернесіне үйлесімді қатынастар мыналар: әл-бамм ішегінің сұқ саусағы, толық үн интервалының төрттен бір бөлігінде орналасқан ортаңғы зәлзәл /10/ [1-суретке қараңыз], әл-баммның төртінші саусағы, және екінші ішектегі ортаңғы әл-фурс пернесі.

1-сурет 6 - Әл-бамм ішегіндегі усто зәлзәл пернесінің үйлесімдігі (560) Ал енді усто зәлзәл пернесіне келейік, егер ол толық үн интервалының төрттен бір бөлігінде тұратын болса, оған ортаңғы әл-фурс, әл-бамм ішегінің төртінші саусағы және екінші ішектегі ортаңғы зэлзэл дыбыстары үйлесімді болады. Сол сияқты оған әл-бамм ішегінің муджанниб әссаббаба дыбысы да үйлесімді келеді, бірақ ол үшін екеуінің арасындағы интервал толық үн интервалынан жақын болуы тиіс. 7 - Әл-бамм ішегінің төртінші саусақ пернесінің үйлесімдігі Әл-бамм ішегінің төртінші саусақ пернесіне ортаңғы зәлзэл үйлесімді болмақ. Ол үшін екеуінің арасы толық үн интервалынан жақын болуы тиіс. Сол сияқты төртінші мен сұқ саусақ пернелерінің ортасында /11/ тұрған (561) ортаңғы әл-фурс дыбысы да үйлесімді. Сондай-ақ, әл-бамм ішегінің сұқ саусағы, екінші ішектің муджаннибу саббаба дыбысы және екінші ішектің төртінші саусағы мен үшінші ішектегі муджаннибу саббаба дыбысы, төртінші ішектегі муджаннибу саббаба дыбыстары да үйлесімді /12/. 8 - Мутлақ әл-мисләс пернесінің үйлесімдігі Мутлақ әл-мислэс пернесіне үйлесімділер: мутлақ әл-бамм, бірінші ішектегі ортаңғының қасындағы перне және бірінші ішектегі ортаңғы зәлзәл пернесі де әлсіз үйлесімді. Ол екеуінің арасында екі қалдық интервалы бар. Ол (562) толық үн интервалының жартысы /13/. Сондай-ақ онымен екінші ішек сұқ саусағы, үшінші ішек сұқ саусағы мен төртінші ішек сұқ саусақтары да үйлесімді /14/. 9 - Мисләс ішегіндегі муджанниб саббабата пернесінің үйлесімдігі Мисләс ішегіндегі муджанниб саббабата пернесіне үйлесімділер: бірінші ішектің сұқ саусағының қасындағы дыбыс, екінші ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысы және үшінші ішектегі сұқ саусақтың қасындағы дыбыс та бір шама үйлесімді. (563) Сол сияқты үшінші ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысы жақсы үйлесімді болса, төртінші ішектегі ортаңғы зәлзәл үндестікке жақын үйлесімді /15/. 10 - Мисләс ішегіндегі саббабату пернесінің үйлесімдігі Мисләс ішегіндегі саббабату пернесіне келер болсақ, бұған үйлесімділер: әл-бамм ішегінің сұқ саусағы, мутлақ әл-бамм және екінші ішектегі ортаңғы әл-фурс және екінші ішектегі ортаңғы зәлзәл. Бірақ (564) бұл үшін ол сол ішектің төртінші саусағынан толық үн интервалының төрттен бір бөлігіндей қашықтықта тұруы тиіс. Сол сияқты үшінші ішектің сұқ саусағы, үшінші ішектің төртінші саусағы мен төртінші ішектің төртінші саусақтары да үйлесімді /16/. 11 - Мисләс ішегіндегі муджанниб усто пернесінің үйлесімдігі

Мисләс ішегінің муджаниб усто пернесіне үйлесімділер: екінші ішектегі сұқ саусақтың қасындағы дыбыс онымен әлсіз үйлесімді (565) және әл-бамм ішегіндегі муджанниб әл-усто, екінші ішектегі төртінші саусақ, үшінші ішектегі муджанниб әл-усто дыбысы, үшінші ішектегі төртінші саусақ пен төртінші ішектегі төртінші саусақ дыбыстары үйлесімді /17/. 12 - Мисләс ішегіндегі усто әл-фурс пернесінің үйлесімдігі Мисләс ішегіндегі усто әл-фурстқа үйлесімділерге келсек, олар мыналар: екінші ішектің сұқ саусағы, оның төртінші саусағы және әл-бамм ішегінің ортаңғы әл-фурс пен мисләс ішегіндегі ортаңғы зәлзәл /18/ және үшінші ішектегі ортаңғы әл-фурс дыбыстары. 13 - Мисләс ішегіндегі ортаңғы зәлзәл пернесінің үйлесімдігі (566) Мисләс ішегіндегі усто зәләзәлдің үйлесімді дыбыстары: екінші ішектегі ортаңғы әл-фурс, бірақ, ол одан толық үн интервалының төрттен бір бөлігіндей аралықта болуы тиіс. Сол сияқты екінші ішектің сұқ саусағы және сол ішектің саббабату муджанниб дыбысы да әлсіз үйлесімді. Әл-бамм ішегіндегі ортаңғы зәлзәл дыбысы, әл-бамм ішегінің муджанниб әс-саббабасы /19/ және үшінші ішектің ортаңғы зәлзәл дыбыстары үйлесімді келеді. 14 - Мисләс ішегіндегі бинсар пернесінің үйлесімдігі (567) Мисләс ішегіндегі бинсар пернесіне үйлесімділер: екінші ішектің ортаңғы зәлзәлі мен сол ішектің ортаңғы әл-фурс дыбысы, үшінші ішектің сұқ саусағы, әл-бамм ішегінің төртіншісі мен сұқ саусақтарының дыбыстары, сондай-ақ, үшінші ішектегі муджанниб әс-саббаба, үшінші ішектің төртінші саусағы мен төртінші ішектің муджанниб әс-саббаба дыбыстары /20/. 15 - Мутлақ әл-мәснә ішегінің үйлесімдігі Енді мутлақ әл-мәснә ішегінің үйлесімділеріне келсек, онда олар мыналар: екінші ішектегі муджанниб усто мен (568) усто зәлзәл дыбыстары, бірақ соңғысы мутлақ әл-мәснә ішегімен әлсіз үйлесімді болмақ. Сол сияқты мутлақ әл-мәснә ішегінің үйлесімділеріне әл-бамм ішегіндегі муджанниб әл-усто, үшінші ішектің сұқ саусағы мен шынашағы және төртінші ішектің сұқ саусағы жатады /21/. 16 - Мәснә ішегіндегі муджанниб саббаба пернесінің үйлесімдігі Мәснә ішегіндегі муджаннибу саббаба пернесіне үйлесімді дыбыстар: екінші ішектің төртінші саусағы, үшінші ішектегі сұқ саусақтың қасындағы дыбыс, әл-бамм ішегінің төртінші саусағы және екінші ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысы, бірақ бұл дыбыстың үйлесімдігі әлсіз. Сол сияқты мәснә ішегіндегі муджаннибу саббаба пернесіне (569) төртінші ішектің сұқ саусағының қасындағы дыбыс пен төртінші ішектің ортаңғы зәлзәл дыбыстары да үйлесімді /22/. 17 - Мәснә ішегіндегі саббаба пернесінің үйлесімдігі Мәснә ішегінің саббаба пернесіне үйлесіміділер мыналар: екінші ішектің шынашағы, екінші ішектің сұқ саусағы, екінші ішектің ашық дауыстысы, үшінші ішектегі ортаңғы зәлзәл. Бірақ, ол толық үн интервалының төрттен бір бөлік шамасында орналасуы тиіс. Сондай-ақ, үшінші ішектің төртінші саусағы және төртінші ішектің сұқ саусағы мен оның төртінші саусақ дыбыстары да үйлесімді /23/. 18 - Мәснә ішегіндегі муджанниб әл-усто пернесінің үйлесімдігі

(570) Мәснә ішегіндегі муджанниб әл-устоға үйлесімді дыбыстар: мәснә ішегіндегі сұқ саусақтың қасындағы дыбыс әлсіз үйлесімді келеді, кейін екінші ішектегі ортаңғының қасындағы дыбыс, үшінші ішектің төртінші саусағы, төртінші ішектегі ортаңғының қасындағы мен төртінші ішектің шынашағы /24/. 19 - Мәснә ішегіндегі усто әл-фурс пернесінің үйлесімдігі Мәснә ішегіндегі усто әл-фурс дыбысына үйлесімділер: үшінші ішектің сұқ саусағы, екінші ішектегі ортаңғы әл-фурс, үшінші ішектегі (571) ортаңғы зәлзәл /25/ және оның төртінші саусақ дыбысы, төртінші ішектегі ортаңғы әл-фурс. 20 - Мәснә ішегіндегі усто зәлзәл пернесінің үйлесімдігі Мәснә ішегіндегі ортаңғы зәлзәл /26/ пернесіне үйлесімді дыбыстар: мәснә ішегіндегі ортаңғы әлфурс пен оның сұқ саусағы және оның төртінші саусағы - бұлардың барлығының үйлесімдігі әлсіз. Сол сияқты мәснә ішегіндегі сұқ саусағының қасындағы (572) дыбыс үйлесімдігі жағынан жақсы. Екінші ішектегі ортаңғы зәлзәл, оның сұқ саусағының қасындағы дыбыс та үйлесімді. Ал енді әл-бамм ішегіндегі сұқ саусағының қасындағы дыбыс онымен күшті үйлесімді болса, мәснә ішегінің шынашақ саусағының дыбысы әлсіз үйлесімді /27/. Сондай-ақ, мәснә ішегіндегі ортаңғы зәлзәлмен төртінші ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысы да үйлесімді. 21 - Мәснә ішегіндегі бинсар пернесінің үйлесімдігі (573) Мәснә ішегінің бинсар пернесімен /28/ үйлесімді дыбыстар: үшінші ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысы /29/, бірақ ол үшін төртінші саусақ дыбысынан толық үн интервалының төрттен бір бөлік шамасындай тұруы қажет. Үшінші ішектегі ортаңғы әл-фурс дыбысы, оның сұқ саусағы, екінші ішектегі төртінші саусақ дыбысы, оның сұқ саусағы және әл-бамм ішегінің сұқ саусақ дыбысы, төртінші ішектегі сұқ саусағының қасындағы дыбыс пен төртінші саусақ дыбыстары да үйлесімді саналады. 22 - Мутлақ әз-зир ішегінің үйлесімдігі Мәснә ішегіндегі шынашақ дыбысы мутлақ әз-зирдің өзі десе де болады /30/. Бұл ішекке үйлесімділер: үшінші ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысы (574) әлсіз үйлесімді /31/, үшінші ішектің ортаңғының қасындағы дыбыс, мутлақ әл-мәснә, екінші ішектегі ортаңғының қасындағы дыбыс, әл-бамм ішегіндегі ортаңғының қасындағы дыбыс және төртінші ішектің сұқ саусағы мен төртінші ішектің шынашақ саусағының дыбысы. 23 - Зир ішегіндегі муджанниб саббаба пернесінің үйлесімдігі Зир ішегіндегі муджанниб саббаба /32/ пернесінің дыбысына үйлесімділер: үшінші ішектің төртінші саусағы, үшінші ішектегі ортаңғының қасындағы дыбыс, екінші ішектің төртінші пернесі, әл-бамм ішегінің төртінші саусағы, ал төртінші ішектегі ортаңғының қасындағы дыбыс әлсіз үйлесімді болса, осы ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысының үйлесімдігі жақсы /33/. 24 - Зир ішегіндегі саббаба пернесінің үйлесімдігі

(575) Зир ішегіндегі саббаба пернесіне үйлесімді дыбыстар: үшінші ішектің сұқ саусағы, мутлақ әлмәснә, мутлақ әл-мәсләс, мутлақ әл-бамм әлсіз үйлесімді /34/, төртінші ішектегі ортаңғы әл-фурс дыбысы және оның ортаңғы зәлзәл дыбысы мен төртінші ішектің төртінші саусақ пернесі. 25 - Зир ішегіндегі муджанниб әл-усто пернесінің үйлесімдігі (576) Зир ішегіндегі муджанниб әл-усто пернесіне үйлесімді дыбыстар: оның сұқ саусағының қасындағы дыбыс жақсы үйлесімді, үшінші ішектегі ортаңғының қасындағы дыбыс, төртінші ішектегі ортаңды зәлзәл дыбысы /35/ әлсіз үйлесімді және төртінші ішектің шынашағы. 26 - Зир ішегіндегі усто әл-фурс пернесінің үйлесімдігі Зир ішегіндегі ортаңғы әл-фурс пернесінің үйлесімді дыбыстарға келер болсақ, онда олар: төртінші ішектің сұқ саусағы, үшінші ішектегі ортаңғы әл-фурс /36/, төртінші ішектегі (577) ортаңғы зәлзәл және осы ішектегі төртінші саусақ дыбысы. 27 - Зир ішегіндегі усто зәлзәл пернесінің үйлесімдігі Зир ішегіндегі ортаңғы зәлзәлға пернелердегі үйлесімді дыбыстар мыналар: төртінші ішектегі ортаңғы әл-фурс жеңіл үйлесімді, осы ішектегі сұқ саусақтың қасындағы дыбыс жақсы үйлесімді, төртінші ішектегі ортаңғының қасындағы дыбыс /37/ жеңіл үйлесімді. (578) Сондай-ақ үшінші ішектегі ортаңғы зәлзәл, үшінші ішектегі сұқ саусағының қасындағы дыбыс, екінші ішектегі сұқ саусақтың қасындағы дыбыс, әл-бамм ішегіндегі сұқ саусақтың қасындағы дыбыс жақсы үйлесімді, ал төртінші ішектегі төртінші саусақ пен шынашақ саусақтарының дыбыстары әлсіз үйлесімді /38/. 28 - Зир ішегіндегі бинсар пернесінің үйлесімдігі (579) Зир ішегіндегі бинсар пернесіне /39/ үйлесімді дыбыстарға келер болсақ, олар: ортаңғы зәлзәл дыбысы үйлесімді, бірақ ол үшін одан толық үн интервалының төрттен бір бөлігіндей интервал аралығында тұруы қажет. Сол сияқты бинсар дыбысына ортаңғы әл-фурс дыбысы, оның сұқ саусағы, үшінші ішектің төртінші саусағы, оның сұқ саусақ пернесі, екінші ішектегі сұқ саусақ дыбыс және әл-бамм ішегіндегі сұқ саусақ дыбысы /40/ оған жақсы үйлесімді келеді. 29 - Зир ішегіндегі хинсар пернесінің үйлесімдігі (580) Зир ішегіндегі хинсар /41/ пернесіне үйлесімді дыбыстар мыналар: оның ортаңғы зәлзәл дыбысы әлсіз үйлесімді /42/, ортаңғының қасындағы дыбыс, үшінші ішектегі шынашақ, үшінші ішектегі ортаңғының қасындағы дыбыс, екінші ішектегі ортаңғының қасындағы дыбыс және әлбамм ішегіндегі ортаңғының қасындағы дыбыс та жақсы үйлесімді /43/.

АСПАПТАРДАҒЫ КОНСОНАНТТЫ ҮҢДЕСТІКТЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН КЕЗДЕЙСОҚ КӨРІНІСТЕР Қалдық интервалы толық үн интервалының төрттен бір бөлігіне жақын интервал, сондықтан да оның қалдық интервалының төрттен бір бөлік (581) интервалы үшін үндестігі жақын шамасы бар. Себебі, қалдық интервалына бір бөлік қосылады, ол бөлік ішектің бойында мақсат тұтқан дыбыстың шығуы тиіс орнынан асып, яки болмаса қалуы мүмкін. Егер толық үн интервалының төрттен бір бөлігі мақсат тұтылса бірақ қосылған бөлік сол орыннан аз ғана асып кетсе, онда қалдық интервалынан үндестік атауы мүлдем естілмейді. (581) Ал енді мақсат тұтылған қалдық интервалы болып, оған қосылған бөлік әлгі көзделген орынға аз жетпей қалып, қажетті шамадан аз ғана кем болғандықтан қалдық интервалы толық үн интервалының төрттен бір бөлік шамасына иеленсе, онда одан қандай да бір үндестік естіледі. Егер қалдық интервалы толық үн интервалының төрттен бір бөлігіне көп есе жақындайтын болса, одан үндестік жақсы естіледі. Ал енді толық үн интервалының төрттен бір бөлігіне мардымсыз жақындаса, қалдық интервалынан әлсіз үндестік шығады. Сол сияқты егер толық үн интервалының төрттен бір бөлік шамасы қалдық интервалына көп жақындаса, үндестік шықпайды. Егер қалдық интервалына неғұрлым аз жақын тұрса, үндестік те соғұрлым әлсіз естіледі. Сондықтан уд аспабында қалдық интервалына жақын және толық үннің төрттен бір бөлік интервалына жақын интервалдар қосылған соң, олардың әрбірі келесісіне бір шама жақындаса /44/, онда екі интервалдан болған қосынды жарты үн интервалының орнын басып, үндестікке қабілетті дыбыс шығады. Сөйтіп егер толық үн интервалының төрттен бір бөлігіне ыңғайланған екі қалдықтың қосындысы толық үн интервалының жартысын басады. Егер толық үн интервалының екі төрттен бір бөлігі қосылса және бұлардың (583) әрбірі қалдық интервалына көп мөлшерде жақындаған болса, онда ол екеуінің қосындысы екі қалдық интервалының шын қосындысын құрайды. Нәтижеде олардан үндестік шықпайды. Ал енді осы айтылған кездейсоқ жағдайлар интервалдардың өзінен емес, дыбыстарды санап, оларды бөлімдерге бөліп, интервалдар жасайтын аспаптардың кесірінен болады. Расында аспап әу баста жасаған уақытта мұндай дәлдікке әзірлеп жасалмайды, яғни ажыратылған бөлік [аспап] ойнаушының мұрат тұтқан орнына дәл жетуі нақты еспептелмейді. Дыбыс өзінің көзделген орнынан асып кеткен жағдайда да үндестік шығуы мүмкін немесе сол мақсат қылған орыннан шығуы да ықтимал. Сондықтан біздер үшін уд аспабындағы қалдық интервалдарына қатысты "олар дыбыстармен консонантты" деп бір үкім шығару қиындыққа соғады. Дәл солай толық үн интервалының төрттен бір бөлік интервалдары үшін де "дыбыстармен консонантты" деп бір шешім қабылдау қиын. Осыған сәйкес, ішектегі бөлік туралы айтқан үкім дұрыс па әлде қате ме деген сұраққа жауап беру үшін, әуелі құлақпен естіп, тәжрибеден өткізу қажет. (584) Кейбір кезде консонатты емес интервалдардың басқа себептерге орай консонатты естілетіні болады. Өйткені кейбір аспаптардың ішектері болмысынан солай жасалады, яғни дыбыс аспаптың ішегі дірілдеген уақытта шығуы мүмкін немесе ішекті арнайы дірілдеткенде шығады. Яки болмаса арнайы ауа жиналатын бостық пен олардың сыртқа шығатын ойықшалары болады. Ішек дірілдеген кезде оның атырабындағы ауа толқып, ойықшалар арқылы бостыққа тығылады, нәтижесінде онда бір гуілдеген дыбыс туындайды.

Әлгі гуіл ішектен шыққан қандай да бір дыбыспен үйлесімді болды делік, енді бір-бірімен консонантты емес екі дыбысты алып, оны осы гуіл шығатын аспапта теретін болса, онда консонантты емес алғашқы дыбыс, өзінен кейінгі дыбыспен бір шама үйлесімді естіледі. (575) Расында гуіл мен дыбыстың қосындысын алған уақытта екеуі бір болып естіледі, мұнан соң келген дыбыс та өзінен бұрынғы дыбыспен белгілі бір шамада үйлесімді көрінеді. Нәтижеде бұл интервалда үндестік пайда болады. Осы тектес интервалдарды "кездейсоқ үндестікті интервалдар" [әл-аб'ад әл-муттафиқати би'арад] деп атаймыз. Дәл осы себепке байланысты көптеген консонантты интервалдар диссонансты болып естіледі. Өйткені егер екі үндестікті дыбыстың біріне үндестікті емес дыбыс немесе гуіл қосылса, ол екеуінің бірі гуілмен араласып, өзінен кейінгі дыбысқа өткен шақта консонатты емес дыбыс болып естіледі. Сондықтан дыбысты естіген кезде оның үйлесімді немесе үйлесімді еместігі оның табиғатынан ба, әлде сырттан кіріккен дүние ме деп, себебін айқындау қажет. Сондай-ақ, екі дыбыстың бірімен сырттан келген гуіл немесе дыбыс араласып, бірінші дыбысты екіншіден ажыратып, гуілдің өзі созылуы мүмкін. Нәтижеде естушінің құлағына бірінші дыбыс емес, созылған гуіл мен екінші дыбыс жетеді. Естуші екінші дыбысты алғашқымен үйлесімді көріп, гуілді ұмытады, сөйтіп, бірінші дыбысты екіншімен үйлесімді деген ойда қалады. (576) Сол сияқты екі дыбыстың бірінде құлаққа шалына қоймайтындай төменгі бір кездейсоқтық болуы ықтимал. Тіпті бірінші дыбыстан соң екінші дыбыстың арасындағы айырмашылық ажыратылмай қалады. Сондай-ақ екі дыбыстың бірі екіншісінен жоғары болуы мүмкін, Сонда оның біріне одан да жоғары ықпал жасалып, естушінің құлағына ауыр тиіп, екінші дыбыс қана жетеді. Нәтижеде біріншіден асып кеткен дыбыстың күшінен немесе құлаққа ауыр тиген дыбыстың ықпалынан болуы мүмкін, әйтеуір ол бірінші дыбыстың екіншімен болған үндестігін сезбей қалады. Кейде күтпеген жерден өте жоғарғы дыбыс шығуы мүмкін /45/. Құлақты әсте-әсте үйрету үшін әуеліде бұл дыбыстан төмен дауыс естіліп, кейін дауыс ықпалы бұдан аз күштірек дыбыс келіп, сосын рет-ретімен бірінен-бірі асқан дауыс келсе, онда құлақ бұл дыбыстардың арасындағы асқан ықпалдысын қабылдауға әзірленеді. (587) Сол сияқты кейде сондай жағдай болуы мүмкін, ықпалдығы өте төмен дыбысты, құлақ ажырата алмай қалады /46/. Себебі, бұдан бұрын ықпалдығы одан күштірек дыбыс болған жоқ. Егер оның алдында құлаққа тигізер ықпалдығы әуелгі дыбыстан жоғарылау дыбыс келсе, онда құлақ бұл дыбысты, яғни ықпалдығы ең төмен дыбысты естуге әзір болар еді. Осы себепті үндестігі бар көптеген дыбыстар естілмей қалып қояды. Екінші дыбыстың біріншімен үндестігі сезілмейді немесе екіншіні бірінші дыбыс, ал бірінші дыбысты екінші мен алмастырып алады. Жоғарыда айтылған себептің кесірінен мынадай да жағдайдың болуы ықтимал. Бір дыбыстың екінші дыбыспен болған үндестігінің әлсіздігі сонша, ол естілмей қалады. Басқаша айтар болсақ, екі дыбыстың жоғарғысы дауысты дыбыстар транспозициясының ең шетінде, ал төменгісі төменгі дыбыстар транспозициясының ең шетінде орналасады. Кейде музыкалық аспаптардың дыбыс шығаратын пернелері әр түрлі болуы ықтимал. Сондықтан аспап ішектерінің дірілінен пайда болған дыбыстар бір-бірімен араласып жатады. Бұл кезде кіші интервалдар, әсіресе қалдық интервалдар мен толық үн интервалдың және төрттен бір бөліктерінің үндестіктері кейбір аспаптарда естілсе, енді кейбірінде естілмей жатады. (588) Сондықтан да әрбір аспаптағы үндестіктерді санап, оларды салыстырмалы өлшем бойынша үйлесімді немесе үйлесімді емес деп шектеудің қажеті жоқ, керісінше кіші интервалдарды әлгі

аспаптың түрлерінде /47/ тәжірибеден өткізу қажет. Олардың арасынан қайсысы диссонансты болса, тіпті бұл дыбыс салыстырмалы өлшем бойынша консонансты болуы қажет болса да, оны "пәленше аспапта диссонансты" деп санау керек. Ал енді олардың қайсысы консонансты болса, тіпті салыстырмалы өлшем бойынша ол диссонансты болуы қажет болса да, оны "түгенше аспапта консонансты" деп белгілеу керек. Бұл жерде уд аспабында әдетте жиі кездесетін жағдайларды айттық, бәлкім олардың арасында мүлдем сирек кездесетіні де бар болар. Уд аспабының ішегінде толық дыбыстық қатарға жету Мұнан соң осы аспапта қалған басқа да жағдайларға көшейік. Бұдан бұрын баяндағанымыздай уд аспабында қолданылатын толық дыбыстық қатар (589) екілік квартаның екі еселенген түрі болатын /48/. Бұл толық дыбыстық қатардың құрамынан октава интервалын шығаратын болсақ, онда оның жағдайы кемел емес болары анық. Бұл аспаптағы дыбыстық қатардың кемелдігін мына жолмен жасауға болады: Ол екеуінің біріншісі - шынашақ саусақ пернесінен екі толық үн интервалы қашықтықтай төмендікте екі пернені тартып, осы екеуінің дыбысын жалғыз төртінші ішекте қолдану. Алайда оны пайдалану жеңілге соқпайды, себебі саусақтарды олардың әдетте қоятын орындарының сыртына шығару қажет және ол екеуінен мүлдем басқа дыбыстар шығады [2-суретке қараңыз]: Төрт ішекті уд аспабында толық дыбыстық қатарға жету

2-сурет Екінші жолы - уд аспабының ішектерін әдеттігі емес реттікпен орналастыру. Мұнан соң белгілі реттілікпен орналасқан дыбыстарды, өздерінің шығып жүрген орындарынан басқа мекендерге алмастырады. Бұл жағдайда пернелерден бұрын естіліп келген көптеген дыбыстар жоғалуы әбден мүмкін. Егер осы жоғалып кеткен дыбыстар бір әуендердің бөліктері болса, онда ол әуендер одан естілмейді. [Уд аспабында дыбыстық қатардың кемелдігін жасаудың] үшінші жолы (491) - аспапқа бесінші ішекті қосу. Төртінші ішектің астына қойылған ішекте жоғарыдағы сияқты пернелерді орналастыру керек. Сосын бесінші ашық ішектің дыбысы төртінші ішектің шынашақ дыбысымен теңестіріледі. Бұл ішекті "хадд" деп атаймыз. Сөйтіп хадд ішегінің төртінші саусағы октава интервалының екі еселенуі саналады /49/. Оның сұқ саусағының дыбысы жоғарғы дыбыстардың ортаңғысы саналады, бұл грек тілінде "паранете иперболеон" [Paranete Hyperboleon] деп аталады. Төртінші саусағының дыбысы жоғарғы дыбыстардың жоғарысы саналады, бұл грек тілінде "нете иперболеон" [Nete Hyperboleon] делінеді. Мұнан соң оның шынашақ саусағының дыбысы толық дыбыстық қатардың болып қалады. (592) Енді әлгі бес ішекті алып, оларға белгілі және барлығы қолданатын /50/ пернелердің орындарын салып көрейік [3-суретке қараңыз]. Нәтижеде уд аспабында толық ажыраған дыбыстық қатар құрылады. Ажыраған интервал ауыр октаваның басынан бастап яғни әл-бам мұтлақ дыбысы мен оның сұқ саусағының арасын қамтыған екі дыбыс және ажыраған жоғарғы октава немесе үшінші ішектің сұқ саусағынан оның төртінші ішегінің арасын қамтыған екі дыбыс.

3-сурет (593) Ауыр ажырағанның артындағы екі кварта интервалдарының әрбірі /51/ кварта интервалы түрлерінің екіншісі /52/, ал қалдықты үш интервалдың ортасына реттеп қоятын - осы екінші. Тағы екі интервал жоғарғы ажырағанның арқасында бұл екеуінің әрбірі кварта интервалы (594) түрлерінің үшіншісі /53/ болады. Қалған екі интервалдардан бұрын қалдық интервалын реттейтін де осы. Ендеше төменгі октава мен жоғарғы октавалардың арасында тетрахорд интервалдарының қолданылуына қарай өзгешеліктер болады, демек осы дыбыстық қатарда да біршама өзгеріс бар. Бұл жерде де жоғарыда айтқанымыздай транспозициялары әр түрлі дыбыстар мен интервалдардың, сондай-ақ потенциялардың саны арта түсетіні анық. Егер осы арада жоғарыда дәлелденген жағдайға еліктеп, солай жасайтын болса, онда мұндағы дыбыстардың саны мен олардың үйлесімдігін есептеу қиынға соқпайды. Егер осы дыбыстық қатарда барлық муджаннибат әс-саббаба [сұқ саусақ қасындағы дыбыстардың] пернелері /54/ және муджанниб әл-усто [ортаңғы саусақ қасындағы] және ол екеуінің ортаңғылары қолданылатын болса, дыбыстардың саны елу бірге жетеді. Әр дыбыстың октава интервалының қатынасында өзіне сәйкес келетін екінші дыбысы пайда болады. (596) Бұл арада потенцияның саны жиырма алтыға көтеріледі [4-суретке қараңыз] /55/. Бұл дыбыстардың әрбірінің үйлесімді дыбысын санап, қалаған уақытта ешқандай кедергісіз оған қарал әуен шығаруы үшін олардың әрбірін кесте бойынша көрсетіп қоюымыз керек. Біз көрсеткен жиі қолданатын пернелердегі үйлесімді дыбыстарды анықтау жолын пайдаланса, бұл жұмыс жеңіл болады. Біздер бұл нәрселерді әуен мен олардың жасалу жолдары тақырыбына қатысты сөзімізде айтып кеттік. Бес ішекті уд аспабында барлық ортаңғы және муджаниибат пернелерін қолдану арқылы шығарған дыбыстар мен потенциялардың саны

4-сурет ***

УД ІШЕКТЕРІНІҢ ҚАРАПАЙЫМ САЗДАРЫ 1 - Кең тараған саздау (597) Енді төрт ішектің орналасуы мүмкін жағдайлары жайында айтамыз, ол - ішекті саздау. Бұл жерде біз ешкім алып тастай алмайтын белгілі пернелерді қолданамыз /56/. Төрт ішекті аспаптағы белгілі пернелерді саздау белгілі болған соң оны бес ішекті аспапта және белгілі емес пернелерде де қолдану жеңілге соқты. Кең тараған саздау /57/ үшін әрбір ішектегі шынашақ дыбысын астындағы бос дыбыспен теңестіру қажет, сонда әл-бамм ішегіндегі ашық дыбыстың жоғарысы үшінші ішектегі сұқ дыбысы болады.

2 - Квинта интервалына саздау Қазір кварта интервалынан асып, квинта интервалының сазына көшеміз /58/. (598) Әл-бамм ішегін босатамыз немесе екінші ішектің шынашақ дыбысы әл-бамм ішегінің бос дыбысымен теңескенге дейін екінші ішекті саздаймыз. Сол сияқты үшінші ішектің төртінші саусағының "сияхын да" /59/ екінші ішектің бос дыбысымен теңелгенше саздаймыз. Дәл осылай төртінші ішектің шынашақ саусағының дыбысын үшінші ішектің мутлақ дыбысына "сиях" жасаймыз. Сөйтіп біз мұны квинта интервалының қатынасымен жасадық деп айтамын /60/ [5суретке қараңыз]:

5-сурет (599) Бұған дәлел: Әрбір ішектің шынашақ дыбысы мен қайсыбір мутлақ дыбыстарының үстін октава интервалы қамтиды, сондай-ақ әрбір ішектің мутлақ дыбысы мен оның шынашақ дыбыстарын кварта интервалы қамтиды. Егер октава интервалынан квартаны ажырататын болса, қалған интервал квинта болмақ. Бұл - мутлақ әл-баммнан мушақ мисләс. Сол сияқты әрбір ішектің мутлақ дыбысынан оның астындағы ішектің мутлақ дыбысына дейін осы интервал шығады. Егер біз әл-бам ішегінің шынашақ саусағынан бастап аспаптың ішегін байлап қоятын тарапына қарай (1/9) шама арасын алсақ, екінші ішектің бос дыбысы мен қалдық интервалының дыбыс арасын теңестіреміз [6-суретке қараңыз]:

6–сурет Осылайша үшінші ішектен екінші, төртінші ішектен үшінші ішекті жасаймыз. Ішектерді кеңінен тараған пернелерге қойып болған соң /61/, әл-бамм ішегі мен (600) "мушттің" [ішекті байлап қоятын бөлшек] арасынан екінші ішектің сұқ саусағындай дыбысты талап қыламыз. Кейін екінші ішектегі бос дыбысты өзіміз талап қылған дыбыспен теңестіреміз. Нәтижеде екінші ішектің халі әл-бамм ішегінен бастап өлшеген уақытта квинта интервалының шамасы болады. Осымен дәлел анық. Осы саздаудағы әл-бамм ішегінің астындағы үш ішектің әрбірі белгілі саздаудың арқасында өзінен толық үн интервал аралығында шыққан пернеден жоғары көтеріледі /62/. Егер одан өзінен шыққан пернемен ұшырасатын болса, сонда ғана одан дыбыс шығады немесе оған саусақ дәл түседі. Расында белгілі саздаудағы зир ішегіндегі төртінші саусақ дыбысы оның сұқ саусағына көтеріледі. Ал енді шынашағының дыбысы болса, толық үн интервалының шамасында шынашақтың үстіне шығады, бұл - муджанниб әл-устоның орны /63/. Ортаңғы зәлзәл дыбысы муджанниб әс-саббаба /64/ дыбысының орнына көтеріледі. Сол сияқты сұқ саусақ бос дыбыстың орнына жылжиды бұл - үшінші мен екінші ішектер дыбыстарының жағдайы. 3 - Қалдық пен квинта интервалдарына саздау (601) Енді мұның орнын квинта мен қалдық интервалының артық қатынасында болғанын қалаймыз.

Ол үшін әл-бамм ішегін босатамыз немесе екінші ішекті саздаймыз, яғни мутлақ әл-бамм екінші ішектің төртінші саусақ дыбысының "шухаджы" /65/ болғанша саздаймыз. Сол сияқты екінші ішегінен үшінші ішекті келтіреміз, ал төртіншіні үшінші ішектен жасаймыз. Бұған дәлел: Бірінші ішектің бос дыбысы мен екінші ішектің төртінші саусағы октава интервалын құрайды. Екінші ішектің бос дыбысы мен оның төртінші саусағы екілік толық үн интервалын жасайды, демек октаваны толықтыру үшін қалдық интервалы жетіспейді. Квинта мен қалдық қосымшасы - әл-бам ішегінің ашық дыбысы мен екінші ішектің ашық дыбысы. (602) Бұл саздауда дыбыстар өздерінің белгілі саздаудағы мекендерінен толық үн мен қалдық /66/ интервалының шамасындай ауысып кетеді [7-суретке қараңыз]: Уд аспабындағы қалдық қосымшасы мен квинта интервалы бойынша қарапайым саздау

7-сурет 4 - Толық үн мен квинта интервалдарына саздау Мұның орнын квинта мен толық үн қосымшасы интервалының қатынасы /67/ шамасында жасаймыз. (203) Әл-бамм ішегін босатамыз немесе екінші ішекті саздаймыз, яғни оның муджанниб усто /68/ дыбысы әл-бамм ішегінің "сияхы" болатындай қылып саздаймыз. Қалған ішектерді де осылай жасаймыз. Мұның дәлелі: Екінші ішек бос дыбысы мен оның муджанниб усто екеуі толық үн мен қалдық интервалдарын құрайды. Егер мутлақ әл-бамм мен екінші ішектің муджанниб усто дыбыстары құраған октава интервалын ажырататын болсақ, онда мутлақ әл-бамм мен екінші ішектің қалдықтары қалады. Ал бұл екі интервал квинта мен толық үн интервалының қосымшасын құрайды. Сөйтіп, үш ішектің дыбыстары орындарынан екі толық үн интервалына қозғалады /69/ [8-суретке қараңыз]: Уд аспабындағы толық үн қосымшасы мен квинта интервалдары бойынша қарапайым саздау

8-сурет 5 - Екі толық үн мен квинта интервалдарына саздау (604) Мұның саздауын квинта мен екі толық үн қосымшасының қатынасы бойынша жасауды қалаймыз. Бұл жағдайға әрбір ішектің бос дыбысын екі мадда қарама-қарсылығының нәтижесінде шығатын муджанниб әс-саббабаның "шухаджы" /70/ етіп жасаған уақытта жетеміз [9-суретке қараңыз]: Уд аспабындағы екі толық үн мен квинта интервалы бойынша қарапайым саздау

9-сурет Бұл муджанниб қолданыстан шыққан уақытта саздаудың бұл түрінен ауысып кетеміз. 6 - Екілік кварта интервалына саздау Мұның тәртібін квинта интервалы және толық үн интервалының қосымшасы мен қалдық /71/ реттілігінде жасауды көздейміз. (605) Ендеше әл-бамм ішегін босатамыз немесе екінші ішекті садбаймыз. Бұл үшін оның сұқ саусағының дыбысы /72/ әл-бам ішетінің бос даусының "сияхына" дұрыс келуі керек [10-суретке қараңыз]: Уд аспабындағы квинта және толық үн қосымшасы мен қалдық интервалдары бойынша қарапайым саздау

10-сурет Үш ішектің дыбыстары /73/ өздерінің орындарынан кварта интервалы шамасындай ауысады. 7 - Октава интервалына саздау (606) Енді мұның реттілігін октава интервалының тәртібімен жасаймыз. Ол үшін әл-бамм ішегін саздаймыз. Ол үшін оның бос дыбысы екінші ішектің бос дыбысының "шухаджмен" /74/ теңесуі керек. Сол сияқты оның астындағы ішектердің барлығы осылай жасалады. Мұнан соң ішек пернелердегі барлық дыбыстардың өздеріне ұқсас дыбыстары келесі ішектің бойынан сол қатынаста табылады /75/. Нәтижеде үш ішектің дыбыстары квинта интервалы шамасына қозғалады [11-суретке қараңыз]: Уд аспабындағы октава интервалы бойынша қарапайым саздау

11-сурет 8 - Толық үн интервалына саздау (607) Мұның реттілігін толық үн интервалына сәйкес жасауды қалаймыз. Ол үшін екінші ішектің бос дыбысын әл-бамм ішегінің сұқ саусақ дыбысымен теңестіреміз /76/. Ал үшінші ішектегі бос дыбысты екінші ішектің сұқ саусағының дыбысына келтіреміз. Сол сияқты төртінші ішекті де үшіншіге осылай келтіреміз [12-суретке қараңыз]: Уд аспабындағы толық үн интервалына саздау

12-сурет 9 - Дитон интервалына саздау (608) Мұның реттілігін екілік толық үн тәртібімен жасауды көздейміз. Сондықтан екінші ішектегі бос дыбысты әл-бамм ішегіндегі төртінші саусақ дыбысымен теңестіреміз. Сол сияқты үшінші

ішекті екінші ішекпен, төртінші ішекті үшінші ішекпен теңестіріп шығамыз /77/ [13-суретке қараңыз]: Уд аспабындағы екілік толық үн интервалы бойынша қарапайым саздау

13-сурет

КҮРДЕЛІ САЗДАУЛАР 1 - Мутлақ әл-баммнан әз-зир ішегіндегі төртінші саусақ пернесіне қарай екілік октаваға саздау Жоғарыда айтқанымыз қарапайым саздау үшін жеткілікті. Енді күрделі саздаулар жайында баяндаймыз /78/. Ал күрделі саздауларға келер болсақ, олар жалпы алғанда ішектер бір қарапайым саздаумен саздалады, сосын үйлесімді келген қайсы бір ішекті алып, оның реттілігін өзіне сәйкес бір қатынаста жасайды. Ал қалған ішектер сол әуелгі реттілігі бойынша қала береді. Олай болса уд аспабының ішектері мынадай тәртіпте болғанын қалаймыз: мутлақ әл-бамм ішегі мен әз-зир ішегінің төртінші пернелері екілік октава қатынасында болсын. Ол үшін ішектерді белгілі реттілік бойынша /79/ қоямыз, кейін екінші ішектегі шынашақ дыбысын /80/, мутлақ әл-бамм ішегінің "сияхы" жасаймыз ал әз-зир ішегінің шынашағын /81/, мутлақ әлмәснә ішегінің "сайхасы" етеміз [14-суретке қараңыз]:

14-сурет Себебі (610) мутлақ әл-мәснә ішегінің дыбысы екінші ішектің шынашақ дыбысымен тең. Мутлақ әл-мәснә ішегі мен оның шынашақ саусағы, "жоғарғы ажыраған интервал" [б'уд әлинфисәл әл-ахадд] /82/ ал мутлақ әл-бамм ішегі мен оның сұқ саусағы "төменгі ажыраған интервал" [б'уд әл-инфисәл әл-әсқәл] /83/ болады. Арақашықтығы кварта интервалы болған екеуі, жуан ажырағанға жатады. Бұл екеуінің біріншісі - кварта түрлерінің екінші түріне жатады /84/. Ал енді екіншісі болса, кварта түрлерінің бірінші түріне жатады /85/. Жоғарғы ажырағанға жататын келесі екеуі де осы сияқты болмақ. Сондықтан да жоғарғы октава интервалдарының реттілігі мен төменгі октава интервалдарының тәртібіне ұқсауы себепті бұл дыбыстық қатар тұрақты. 2 - Әл-бамм ішегін әл-мисләс ішегінен дитон интервалына саздау Белгілі кварталық /86/ саздауға басқа саздауды қосуды қалап отырмыз. Бұл әл-бамм ішегінің өз бұрынғы орнынан өзгеруі болады, яғни оны мен екінші ішек арасындағы интервал қалдық аралығына қысқарады /87/.

(612) Ол үшін әл-бам ішегін саздаймыз. Бұл уақытта оның бос дыбысы үшінші ішектегі муджанниб усто пернесінің "шухадж" дыбысына айналуы керек, Енді мен былай деймін: расында әл-бамм ішегі, екінші ішектен екі толық үн интервал қашықтығында тұр. Бұған дәлел: Үшінші ішектің бос дыбысы және оның муджанниб усто пернесі екеуі, толық үн мен қалдық интервалдарымен қамтылады. Ал енді үшінші ішек пен екінші ішектің бос дыбыстарын кварта қамтиды. Егер октава интервалынан мұны ажырататын болса, онда лажсыз екінші ішек пен әл-бам ішектерінің бос дыбыстары қалады, ал бұл екеуі екілік толық үн интервалымен қамтылады [15суретке қараңыз]:

15–сурет (613) Мутлақ әл-бамм өзінің белгілі орнынан қалдық интервалының шамасындай қозғалатын болса, онда әл-бамм ішегіндегі дыбыстардың барлығы қалдық интервалының көлеміндей шамада жуан тарапқа қозғалатыны белгілі. Нәтижеде әл-бамм ішегінің шынашағы, оның төртінші саусақ пернесінің орнына келіп, шынашақ пернесінен, екінші ішекте сұқ саусақ пернесінің қасындағы екі маддаға қарама-қарсы дыбысы естіледі /88/. Ал төртінші саусақ пернесінің дыбысы ортаңғы зәлзәл пернесіне көшеді /89/. Ортаңғы зәлзәл пернесінің дыбысы, ортаңғы әл-фурс пернесінің қасынан шығады. Муджанниб усто пернесінің дыбысы сұқ саусақ пернесіне жақындайды, ал сұқ саусақ пернесінің дыбысы, қалдық интервал мөлшеріндей муджанниб әс-саббаба пернесінің тарапына қозғалады. (614) Алайда әл-бамм ішегінің төртінші саусағы үйлесімді болған қайсыбір ортаңғы пернеге қосыла қоймайды, тек ортаңғы зәлзәл пернесіне ғана ауысады. Бұған дәлел: Егер ол ортаңғы әл-фурс пернесіне немесе муджанниб әл-усто пернесіне ауысатын болса, онда ортаңғы әл-фурс немесе муджанниб әл-усто пернелерінің жоғарғы дыбысы, төртінші ішектің сұқ саусағы болуы лазым. Ал бұл олай емес. Демек әл-бам ішегінің төртінші саусағы ортаңғы зәлзәл пернесінен басқа ортаңғыларға ауыспайды /90/. 3 - Әл-мәснә ішегін, әл-мисләс ішегінен дитон интервалына саздау Енді екінші ішек пен үшінші ішектің арасындағы қатынасты дәл жоғарыдағы сияқты қысқартатын болсақ /91/, үшінші ішектің муджанниб және ортаңғы пернелері мутлақ әл-баммның жоғарғы потенциясына айналады. Себебі, үшінші ішектің бос дыбысы мен муджанниб усто пернелері қалдық пен толық үн интервалдарымен қамтылады. Егер біз осыны мутлақ әл-бамм мен үшінші ішектің муджанниб әлусто екеуінен ажырататын болсақ, онда (615) қалдық интервалы кем, екілік кварта қалады. Мутлақ әл-бамм мен оның шынашағы кварта интервалымен қамтылған. Егер осы интервалды жоғарыдағы қалдық интервалы кем екілік интервалынан алсақ, онда үшінші ішектің бос дыбысына дейін /373/ екі толық үн интервалы қалады. Ендеше үшінші ішектің бос дыбысы, қалдық интервалы қашықтығындай шамада ауырлайды. 4 - Әл-мәснә ішегін әл-мзсләс ішегінен толық үн мен қалдық интервалына саздау

Егер үшінші ішектің төртінші саусақ дыбысы, мутлақ әл-баммның жоғарғы потенциясына айналғанша саздап келтірсек, онда оның екінші ішекке дейінгі қатынасы, (616) толық үн мен қалдық интервалының шамасы болады /92/. Себебі, мутлақ әл-мәснә және оның төртінші саусағы екеуі дитон интервалымен қамтылады, ал егер ол екеуін октава интервалынан шығарсақ, квинта мен қалдықтың қосымшасы қалады. Егер одан мутлақ әл-бамм мен оның төртінші саусақ арасындағы интервалды алатын болсақ /93/, мутлақ әл-мисләс пен мутлақ әл-мәснәға дейінгі аралық қалады. Бұл - толық үн мен қалдық интервалы [16-суретке қараңыз]:

16-сурет 5 - Әл-мәснә ішегін, әл-мәсләс ішегінен толық үн интервалына саздау (617) Егер үшінші ішектің шынашақ дыбысы, мутлақ әл-баммның жоғарғы потенциясына айналғанша саздап келтірсек, онда үшінші ішек, екінші ішектен толық үн интервалындай аралықта тұрады /94/ [17-суретке қараңыз]:

17-сурет 6 - Әл-бамм ішегін, әл-мисләс ішегінен толық үн интервалына саздау (618) Егер әл-бамм ішегі үшін осы реттілікті қалайтын болсақ, онда бұл ішекті төртінші перне дыбыстарының жуан потенциялары шаққанға дейін саздау қажет. Мұның мысалы, егер әл-бамм ішегіндегі мутлақ дыбысы, үшінші ішектің төртінші саусағының "шухаджы" /95/ болғанынша саздаса, онда екінші ішектің бос дыбысы, әл-бамм ішегіндегі сұқ саусақ дыбысымен теңеседі [18-суретке қараңыз]:

18-сурет

ІШЕКТЕРДІҢ БЕЛГІЛІ САЗДАУДАҒЫ ҚАТЫНАСЫН ӨЗГЕРТУ ӘДІСІ 1 - Толық үн интервалын қосу арқылы әл-бамм ішегінің әл-мисләс ішегіне қатынасын өзгерту (619) Жалпы айтар болсақ, егер жоғарғы ішектердің /96/ тәртібіндегі қатынасты кемітуді қалайтын болсақ, ішекті тартып, оның транспозициясын жоғарылатамыз. Ал енді төменгі ішектер тәртібінің қатынасын кемітуді қалаған жағдайда, біздер ол ішектерді босатамыз. Кейбір ішектердің қатынас тәртібін арттыруды қалаған болсақ, онда жоғарғы ішектердің потенцияларын босатамыз, ал төменгі ішектерде оларды тартамыз /97/. (620) Мысалы, әл-бамм ішегінің алғашқы тәртібіне /98/ толық үн интервалын қосу арқылы /99/ оның екінші ішекке қатынасын өзгертуді қаладық делік. Ол үшін әл-бамм ішегінің бос дыбысы екінші ішектің шынашақ дыбысының жоғарғысына айналғанша босату қажет /100/ [19-суретке қараңыз]:

19-сурет Сонда әл-бамм ішегі, екінші ішектен толық үн қосымшасының интервал тәртібі бойынша тұрады. Мұның дәлелі: Мутлақ мисләспен оның шынашақ саусағына дейінгі аралықты октава интервалынан алатын болсақ /101/, онда мутлақ мисләс пен мутлақ әл-бамм ішегіне дейін кварта мен толық үн қосымшасы қалады. (621) Егер одан /102/ мутлақ әл-бамм мен оның шынашақ пернесінің арасындағы интервалын да алып тастасақ, онда әл-бамм ішегінің шынашағы мен мутлақ мисләс арасындағы интервал ғана қалады, ол - толық үн интервалы /103/ [20-суретке қараңыз]:

20-сурет 2 - Толық үн интервалын қосу арқылы әл-мәснә ішегінің әл-мисләс ішегіне қатынасын өзгерту Егер біз расында әл-мәснә ішегінен әл-мисләс ішегіне дейін /104/ осылай жасауды қалаған болсақ, (622) онда оның бос дыбысы мутлақ әл баммның жоғарғы дыбысы болғанға дейін саздаймыз. Бұл кезде оның бос дыбысынан мутлақ әл-баммға дейін октава қатынасы болмақ. Егер біз осыдан мутлақ әл-бамнан үшінші ішектің шынашағына дейінгі аралықты алып тастасақ /105/, яғни екілік кварта интервалы. Онда екінші ішектің шынашағы мен мутлақ әл-мәснә арасында міндетті түрдегі толық үн интервалы қалады [21-суретке қараңыз]:

21-сурет
3 - Толық үн мен қалдық интервалдарын қосу
арқылы әл-бамм ішегінің әл-мисләс ішегіне қатынасын өзгерту

Егер әл-бамм ішегінің әл-мисләс ішегіне болған қатынасына толық үн мен қалдық интервалдарын қосуды қалаған жағдайда (623) ішекті босатамыз. Әл-бамм ішегінің бос дыбысы, үшінші ішектің төртінші саусақ дыбысына "шухадж" /106/ болуы тиіс. Сонда біз қалаған жағдай туады. Мутлақ мисләстан оның төртінші саусағына дейін дитон интервалы. Егер осы аралықты октава интервалынан шығарсақ, онда квинта мен қалдық интервалының қосымшасы қалады. Ал енді бұл интервалдан мутлақ әл-баммен оның шынашағына дейінгі аралықты алар болсақ, (624) толық үн мен қалдық интервалдары қалады. Бұл - әл-бамм ішегінің шынашақ саусағы мен мутлақ әл-мисләс арасындағы интервал. Күрделі және қарапайым саздауларды қолдану Уд аспабында көптеген күрделі саздауларды келтіру қиын емес, оларды басқа аспаптарда да саздауға болады. Мұнда уд аспабы үшін басқа да саздаулардың түрлері бар. Егер оларды аспаптың барлық ішектерінде пайдаланатын болса, онда олардың барлығы тізбектелген жоғарғы транспозицияларда болады, яғни аспаптың ішектері өздерінің әдеттегі орындарынан шығып, октава интервалынан асып кетеді. Мысалы, октава мен кварта, яки болмаса октава мен квинта ұзындықтарынан артық немесе қысқа болмақ. Бұл саздауларды басқалармен қоспай, қарапайым түрде пайдалану - уд аспабы үшін қиынға түседі, Себебі, бұл кезде ішектер өте темен транспозицияда ойналады, әсіресе, ең жуан дыбыстылар қолданған уақытта, естушінің құлағына әуеннің жететіндей де күші қалмайды /107/. (625) Яки болмаса, керісінше дыбыстар ортаңғы транспозицияда тұрақталып, ішек дыбыстары құлаққа шектен тыс әсер етеді немесе ішектер оны көтере алмай үзілуі мүмкін. Яки болмаса ол саздаулар басқалармен аралас қолданылса /108/, яғни үлкен қатынастар жуан дыбыстармен ал кіші қатынастар жоғарғы дыбыстармен аралас келсе, оны пайдалану жеңіл. Расында егер әл-бамм ішегінің шынашағы мутлақ әл-мисләсті "шухаджы" /109/ болғанша екінші ішекті тартсақ немесе әл-бамм ішегін босататын болсақ, онда әл-бамм ішегі мен үшінші ішек арасы октава мен кварта /110/ интервалы қатынасына шығады [22-суретке қараңыз]:

22-сурет (626) Осы мысалға сәйкес саздаудың басқа да түрлерін саздай аламыз. Алайда мұның барлығын жалғыз уд аспабының ішектерінде саздау мүмкін емес. Бәлкім жоғарыда айтылған жағдайларды ұстанатын болсақ буларды әртүрлі уд аспаптарындағы түрлі транспозицияларда саздау жеңілге түседі. Ол үшін айтылған ережелерді қолданып, бір уд аспабы келесі уд аспабынан октава немесе квинта яки болмаса басқа қатынас айырмашылығында болуы тиіс. Кейін мұндай саздауды тек уд аспабында ғана жасамайды, өзіміз қалаған уақытта уд аспабының қатынасын басқа аспап үшін белгілі қатынасқа келтіріп жасауға болады. Мұны жасау аса ауыр емес. Біз уд аспабындағы ішек тәртібін өзгертіп, оны қалайша басқа аспаптың қатынасы етіп жасауды білдік.

Саздау тақырыбындай айтылған дүниелерді есте сақтауымыз керек, яғни төрт ішекке бесінші ішекті қосқан уақыттағы немесе қосымша пернелерді тартқан кездегі жайттарды білу қажет. Сонда өзіміз қалаған тәртіп бойынша саздау қиынға соқпайды. Мұнан соң бізде олар жайындағы біліміміз тең болуы үшін әрбір тәртіптегі және саздаудағы барлық интервалдар мен дыбыстарды және олардың арасындағы үйлесімділерін санап шығу керек. Кімде кім ақылын жақсылап істетсе бұл іс ауыр емес. (627) Сондықтан біздің айтқан нәрсемізге зерттеушінің көңілі тоқ болсын деген оймен, оларды түгендеу ісін соның үлесіне қалдырып отырмыз. Уд аспабында қатты қосылған тетрахордтың екі маддалымен қосылуы Осының барлығынан кейін уд аспабында жасалуы керек нәрсе - қатты қосылған ортаңғы тетрахордты /111/ екі маддалы тетрахордпен араластыру [23-суретке қараңыз]:

23-сурет Сол үшін төртінші саусақтың үстіндегі перне "мишт" пен сұқ саусақ арасындағы (4/5) шамаға тартылып, бесінші ішек қосылады. Расында (627) бұл пернеден жақсы үйлесімді дыбыстар шығады. Әсіресе төртінші саусақтан қалдық интервалы бар шынашаққа өтуі қажет әуендер үшін көп пайдалы болмақ. Егер аспап ойнаушы төртінші саусақтан шынашаққа өту мәжбүрінде қалса, онда осы пернені белгілі төртінші саусақ перненің орнына қолдану қажет. Әуенге үйлесімдік үшін төртінші саусақ пернесіне [шынашақтан басқа] арнайы перне болмаған жағдайда оның осылай өтуі жақсы. Бұл уақытта ол дыбыстары толық құралған кемел аспапқа айналады. Бұл - осы жерде, осы құрал жайында айтқан сөзіміздің ақыры болмақ. Белгілі аспаптар хақындағы екінші білімнің бірінші сөзі тәмамдалды

ЕКІНШІ СӨЗ 2 - Танбур аспабы (629) Уд аспабы жайында айтылған әңгімеге ере отырып, соған ұқсайтын аспаптар хақында айтуға тура келеді. Аспаптардың ішінде уд аспабына анағұрлым жақыны - танбур атымен белгілі аспап. Бұл аспаптан да дыбыстар ішектердің пайдаланған бөліктерінен шығады /112/. Аспаптың бұл түрі де халық арасында уд аспабы сияқты танымал. Мұны қолдануы мен шерту әдеті де, уд аспабының қолданылуы мен шертілу әдеті сияқты. Көп жағдайда бұл аспапты пайдаланған кезде оның тек екі ішегін ғана қолданады. Кейде үш ішегі пайдаланылады. Алайда ол екі ішегінің қолданылуымен танымал болғандықтан біз әуелі оның осы екі ішегіне тоқталып өтейік. Біз мына кітапты жазған шаһарда /113/ осы есімімен белгілі бұл аспаптың екі түрі бар (630): бірінші түрі "қорасандық танбур" [әт-танбур әл-хурасаний] ретінде танымал. Ол -Қорасан мен

оның жақын маңайы мен атырабындағы өлкелерінде, қорасанның шығысынан солтүстігіне қарай қолданылады. Екінші түрі, Ирак халқы оны "бағдаттық танбур" [әт-танбур әл-бағдадий] /114/ деп біледі [24-суретке қараңыз]:

24-сурет Танбурдың бұл түрін Ирак елі мен оның қасындағы өлкелер және батыс Ирактан шығысқа дейінгі аралық пайдаланады. Танбурдың екі түрі де құрылысы мен ауқымы жағынан бір-бірімен тең емес. Бұлардың әрбірінің төменгі тарапында ішекті байлап қоятын таяныш бар. Мұны ирак халқы "әззәбибата" деп атайды. (631) Осы таянышқа екі ішекті байлап, кейін ол екеуін аспаптың бет тарапымен тартады. Бұл екі ішектің арасын бір-бірінен айыру үшін тек қояды. Ал текті аспаптың орта беліне емес, "әз-зәбибатаға" жақындау мекенге орналастырады. Сөйтіп әлгі екі ішекті аспаптың мойынымен тартып отырып, екеуін екі құлаққа байлайды. Аспаптың екі құлағының бірін жоғары, екіншісін оның төменіне орналастыруға болады. Ал егер екі ішекті бір құлаққа байлайтын болса, онда аспаптың мойыны мен құлағының ортасына, яғни екі ішек құлаққа жетпес бұрын, ол екеуінің арасын ашып тұратын /115/, тектің құрылымына ұқсаған бөлшек қою қажет. Сонда барып әр ішектен естілген дыбыс бір-біріне өлшемді келмек. 1 - Бағдаттық танбур Осы кітапты жазған қалада жоғарыда айтылған екі түрлі танбурдың анағұрлым белгілісі -бағдаттық танбур. (632) Сондықтан әуелі бағдаттық танбурдан бастап, кейін қорасандық түріне өтуді жөн көрдік. Бұлардың әрбірінде уд аспабын түсіндірген кездегі жолды ұстанып былай дейміз: Расында бағдаттық танбурдың ішегі көп жағдайда негізгі бес бөлікке бөлінеді. Олардың әрбір нүктесіне сәйкес аспаптың мойынында перне жасалады. Пернелердің ең ақырғысы жоғарыдан төмен қарай ішектің (1/8) шамасында жасалады. Аспап мойынының жоғарысынан екі ішекті А және Б әріптерімен, ал ішектің ақырын Дж және Д әріптерімен белгілейік. Сонда бір-біріне шамалас (А - Дж) және (Б - Д) екі ішек пайда болады. Әуелгі пернеге һ және З, екінші пернеге X мен Т, үшіншіге К мен И, төртінші пернеге М және Н, ал бесінші пернеге С мен Г әріптерін қоямыз [25-суретке қараңыз]:

25-сурет Ал енді С - Г әріптері екі ішектің яғни А - Дж және Б - Д (632) ішектерінің (1/8) шамасында орналасқан соң А, С және Б, Г дыбыстары пайда болады. Бұл дыбыстардың арасы октава мен октава интервалының жетіден бір шамасы. А, С мен Б, Г аралары тең бес бөлікке бөлінгеннен кейін А, С толық ішектің яғни А - Дж ішегінің (1/8) шамасы, ал Б және Г болса толық ішектің яғни Б - Д (1/8) шамасы. Олай болса шартты түрде А дыбысының саны 40 деп алайық [26-суретке қараңыз]:

26-сурет
Ендеше X - дыбысының саны отыз сегіз;
К - дыбысының саны отыз жеті;

М - дыбысының саны отыз алты; С - дыбысының саны отыз бес; Сол сияқты Б дыбысынан бастап, Г дыбысына дейінгі дыбыстардың да саны осылай жалғасады. Егер А әрпінен С әрпіне дейінгі аралық, қырықтан отыз беске дейінгі қатынас болса, онда бұл кварта интервалының екі тарапындағы 3/4 қатынасынан кіші. Олай болса бұл аспаптың екі ішегінің (634) бірінде де кварта интервалына жетпейді бірақ, бұл екі ішекте көп жағдайда интервалдардың ішіндегі қатты тетрахорд тегіне қатысты жұмсақтар түрінің ішіндегі /116/ "әл-муқаддам" /117/ интервалының реттілігі жиі келеді. "Музыка өнерінің негіздері" кітабымызда біз екі еселенген, қосылған, бірінші ажыраған және жалпы интервал мен оның 1/7 шамасындағыларда, яғни қатты тетрахорд түрлерінің әрбірінде "әлмуқаддим" интервалын ең әлсіз интервал ретінде алып көрсеттік.

БАҒДАТТЫҚ ТАНБУР ІШЕГІНІҢ КЕҢ ТАРАҒАН САЗДАУЫ (638) А - С және Б - Г интервалдарындағы дыбыстар бір-бірімен тең болса да пайдаланатыны анық, яғни Б дыбысын А дыбысымен теңестіруге немесе оларды біріне-бірі ұқсатып /121/ қолдануға болады. Әдетте ол екі аралықты бірін-біріне ұқсатып қолданады. "Музыка өнерінің негіздері" кітабында қысқартылып айтылғаны сияқты "ұқсас интервалдар" [әләбад әл-муташабиһа] "жүйелі" [мутауалия] /122/ және "ажырағандар" [мутабаяна] /123/ болып келеді. Мутауалия интервалына келсек, бір дыбыспен ортақ немесе бірнеше дыбыстары ортақ болып келетін интервалдар. Егер интервалдың бір дыбысы ортақ болса, интервалдың екі тарапынын арасындағы қатынасы мен келесі интервалдың екі шетінің арасындағы қатынасы - бір интервалдағы дыбыстың (639) келесі интервалдағы дыбыспен арасындағы қатынасы саналады [29-суретке қараңыз]:

29-сурет Егер ортақ дыбыс бір дыбыстан көп болса, онда бір интервалдың келесімен қатынасы /124/ - интервалдағы екі дыбыстың бірінің келесі интервалға болған қатынасынан кішірек [30-суретке қараңыз]:

30-сурет (640) Бұл аспаптағы ұқсас екі ішектер кейде бір-бірінен алшақтаған /125/ түрде де қолданылуы мүмкін. Бұл әдісті бір дыбыспен ұқсас болған кейде қолдануы мүмкін болғаны сияқты, бірнеше дыбыспен ұқсастық /126/ бар уақытта да пайдалануға болады. Бұл әдісті осы аспаптағы ұқсас ішектердің арасынан көп жағдайда бірнеше ұқсас дыбыстары бар ішектерде жиі қолданылу үрдісі басым келеді. Осы тәсіл ұқсастығы бірнеше дыбыс арқылы болған екі интервалда қолданылса, онда бір интервалдың келесі интервалға қатынасы - үлкен екі интервалдың келесі біріне болғандағы қатынасында (641) тұратын кіші интервалдардағы екі дыбыстың бірінің қатынасы сияқты. Сол сияқты осы аспапта ұқсас екеудің біріне болған қатынасы - олардың әрбірінің ішінде бар кейбір кіші интервалдардың қатынасы етіп жасау арқылы жиі пайдалану әдеті де жоқ емес. Кейбір кезде біріне-бірі ұқсайтын екі ішектің келесісіне қатынасы, оның ішіндегі кіші интервалдарға болған қатынасымен тең. Көп жағдайда практиктер былай жасауды әдетке айналдырған: Л - С интервалының, Б - Г интервалына қатынасы, А дыбысының X дыбысына болған қатынасы сияқты. Ал А дыбысы Б дыбысына қатынасы, А дыбысының X қатынасы сияқты болмақ. Сол сияқты С дыбысының Г дыбысына қатынасы да осындай. Сол себепті Б - Д ішегінің бос дыбысы X дыбысымен теңелгенше газдалады. Осы аспапта кеңінен тараған саздаулар - осылар [31. 1-23-суреттерге қараңыз] /127/:

31 (1)-сурет

31 (2)-сурет

31 (3)-сурет

АРАҚАТЬІНАСЫ ТЕҢ ПЕРНЕЛЕРДІҢ ҰҚСАС ЕМЕС ИНТЕРВАЛДАР ҚҰРАМАЙТЫНЫНА ДӘЛЕЛ (643) "Музыка өнерінің негізгі элементтері" кітабында, екі интервалдың арасындағы тараптарының әрбірінде бір тәртіп пен бір тектен шыққан кіші интервалдары болса және шеті келесі шетімен белгілі қатынаста сәйкес келетін болса, онда кез-келген мұндай екі интервал ұқсас интервалдар болатыны дәлелденген еді. Расында ол екеуінің бірінің екі шетінің арасындағы дыбыстар (644) келесі интервал атыраптарының арасындағы дыбыстарға нақты сәйкес келеді. Олай болса, егер А дыбысы Б сәйкес келсе және А дыбысының X болған қатынас шамасындай С дыбысы Г сәйкес болса, онда Һ дыбысы З дыбысына және X дыбысы Т дыбысына, К дыбысы Л дыбысына сол сияқты М дыбысы Н дыбысына А - X дыбыстарының қатынасы сияқты /128/ болуы тиіс [32-суретке қараңыз]:

32-сурет X дыбысының А дыбысына қатынасы, Б дыбысының А қатынасымен тең келсе, бір-біріне сәйкес келген екеуі - бір нәрсе үшін бір шамада тең келеді. Ол екеуінің дыбыстары тең демек. Олай болса Б дыбысы X дыбысымен тең. (645) А дыбысынан С дыбысына дейінгі арақатынас Б мен Г дейінгі арақатынаспен теңесіп және олардың әрбірі келесімен тең болса, онда X мен К дейінгі аралық, Б мен З дейінгі арақатынаспен тең. К дыбысы мен М дыбысына дейінгі аралық, З дыбысынан Т дейінгі аралықпен тең болғаны сияқты М дыбысынан С дыбысына дейінгі арақатынасы, Т дыбысынан Л дыбысына дейінгі аралықпен тең. Егер жағдай осылай болса /129/, онда З дыбысы К дыбысымен теңесуі мүмкін емес және (646) Т дыбысы М дыбысына сондай-ақ, Л дыбысы С дыбысына да тең келмейді [33-суретке қараңыз]. Мұның дәлелі: егер бұл жағдай мүмкін болса, онда Т дыбысының Б дыбысына қатынасы, дәлі М дыбысының X дыбысына болған қатынасымен тең келмек. Егер орын ауыстырылса, онда X дыбысының М дыбысына қатынасы, Б дыбысының Т дыбысына болған қатынасы сияқты қалмақ. Сол сияқты Б дыбысының Т дыбысына қатынасы, А дыбысының X дыбысына қатынасы сияқты /130/.

33-сурет Демек X дыбысының М қатынасы - А дыбысының X қатынасы. Ал А дыбысының X қатынасы - 40/38 қатынасы, бұл дегеніміз - 20/19 қатынасы сияқты. Олай болса, X дыбысының М қатынасы - 40/3 8 қатынасы болмақ. Ал қырық саны болса отыз сегізге қарағанда екі санына көп. Сондықтан X саны М дыбысының санынан, отыз сегіз бүтін оннан жарты бөлік санына үлкен. (647) Осыған орай, М дыбысының саны - отыз алты бүтін оннан бір бөлікті құрайды, мұны кейде отыз алты десе де болады /131/ [34суретке қараңыз]:

34-сурет

Осыдан барып бірімен бірі теңеседі деп көрінетін дыбыстардың шын мәнінде олай емес екені анықталады. Алайда егер осы аспаптың бір ішегін біз сипаттаған тәртіп бойынша келесі ішекке саздаса, яғни З дыбысын К дыбысына шығарса, онда Б - Д ішегін З дыбысына жеткізсе, ал А - Дж ішегін К дыбысына келістірген болады. Бұл кезде олар ол екеуінің тең болу қажеттігін көреді. Сол сияқты Т мен М дыбысы және Л мен С дыбыстары да солай. (648) Егер бұл дыбыстардың бір-бірімен тең болуы қажет болса, онда Б дыбысының З қатынасы, X дыбысының К дыбысына болған қатынасымен тең. Бұл - А дыбысының Һ қатынасы /132/ [35суретке қараңыз]:

35-сурет Демек екі ішектегі дыбыстардың болуы мүмкін арақашықтығын алып қарасақ, ойлағандай теңесу мүмкін емес. Бұл жағдай басым көпшіліктің ойлағаны бойынша осы кітаптың жоғарысында дәлелденген болатын, бірақ, осы айтылған негіздемеге сәйкес X мен М арасындағы қашықтықты А мен X қатынасынан кіші өту қажет. (649) Сондай-ақ айтылғанды нақтылап әрі басым көпшіліктің түсінігіне бір табан жақындата түсетін мына жайт бар: егер Б - Д ішегінің бос дыбысы С дыбысымен теңескенше тартып /133/, кейін А - Дж ішегіндегі С мен Дж дыбыстарының арасынан Г дыбысын талап қылсақ /134/, онда оны Дж тарапына қарай табамыз. Ол дыбыс пен С дыбысының арақашықтығы, А мен С арасындағы интервалдан кіші [36суретке қараңыз]:

36-сурет

ІР-БІРІНЕ ТЕҢ ЖӘНЕ ӘРТҮРЛІ АРАҚАШЫҚТЫҚТА ОРНАЛАСҚАН ПЕРНЕЛЕРДІҢ САНЫ Айтылған осы орындар бұл аспаптың бес пернесі тұруы тиіс мекендер. Белгілі пернелердің арасындағы интервалдар тең болғанымен бұлардың арақашықтығы тең емес болып тұр. Олардың кейбірі арақашықтығы тең емес пернелердің орнына тұруы себепті де осылай болуы ықтимал. Өйткені ол интервалдардан қосымша аралықтарды алған соң олардың қатынасы осы бес бөліктердің қатынасына жақын болуы мүмкін. Теңестірілген қосымшалар алынып, интервалдар ықшамдалған соң, айырмашылықпен теңестірілген әртүрлілік жасырынады. Нәтижеде теңестірілген орындардан айырмашылықтан естілген дыбыстар шығады. Үлкен интервалдар алынып тасталған кезде тең емес арақашықтықтың теңестірілген ерекшеліктері көрініп қалады. Мұның мысалы: (654) Ішектің төрттен бір бөлігіне перне тарттық делік. Кейін осы перне мен мутлақ Б - Д ішегінің арасын теңестіреміз. Әлгі перне мен Дж дыбысының ортасын, А дыбысы мен сол перненің арасындай етіп бөлеміз [екінші төрттен бір аралығы пайда болады]. А - Дж ішегіндегі екінші төрттен бір аралықтың ақырындағы дыбыс, Б - Д ішегіндегі төрттен бір бөлік пернесінің дыбысымен тең естілмейді. Сол сияқты кварта интервалының үлкен интервалдары да осылай болмақ [42-суретке қараңыз] /141/:

42-сурет (655) Егер ішектегі арақашықтығы тең емес бөліктер ақиқаттан асып кетсе, онда осы саздауға келіп саяды, яғни уд аспабына қатысты қысқартылып айтылған сөзіміздегі сияқты. Бәлкім бұл аспап жасалған уақытта арақашықтығы тең емес пернелердің дыбыстарымен өлшеніп жасалған болар немесе аспаптан туған гуіл олардың үйлесімділігіне бөгет жасайтын шығар. Нәтижеде уд аспабына қатысты айтқан дәлелімізге сәйкес, адам тең интервалды пернелерді қолдануға мәжбүр. Осы аспаптан шыққан дыбыстардың арасындағы үйлесімсіздерімен оны ойнап ән айтушылардың дауыстары бір-бірімен араласады. Соның салдарынан дыбыстың үйлесімсіздігі жасырын қалып қояды. Арақашықтығы тең емес пернелерді және арақашықтығы тең пернелерді бір-бірімен салыстыруға жеңіл болуы үшін ұқсайтын екі бөлек кестеге орналастырайық: Арақашықтығы әртүрлі пернелер санының кестесі (656) 11 - кесте

Арақашықтығы тең пернелер санының кестесі
12-кесте

Екі саусақтың бірін З нүктесіне, екіншісін К қойып екі ішекті тербетсек, біріне-бірі тең екі дыбыс естіледі. Т мен М және Л мен С дыбыстары да сол сияқты.

Бұл жағдай дыбыстар бір-бірімен тең болған уақытта орындалады. Бірақ егер бұл дыбыстар шын мәнінде тең болмай шықса да, олар жоғарыда айтылған себепке сәйкес, құлақ үшін тең болып естілуі мүмкін. Кең тараған саздаудағы дыбыстардың саны Аспап айтылған саздау бойынша саздалған уақытта, яғни Б - Д ішегінің бос дыбысы X дыбысымен теңескенше саздалса, онда Д мен З және Т мен Л дыбыстары, X мен К және У мен С дыбыстарын айналады.

43-сурет (657) Ал А мен Һ дыбыстары Б - Д ішегінен жоғалады, Н мен Г дыбыстары болса А - Дж ішегіндегі пернелердің арасынан табылмайды, бірақ, С мен Дж дыбыстарының арасынан шығаруға болады. Бұл санаудан туатын дыбыстың саны - сегіз /142/ [43-суретке қараңыз]. Белгісіз саздаудағы дыбыстардың саны Саздаудың екі түрінде де, яғни пернелердің арақашықтығы әртүрлі және арақашықтығы тең түрлердің әрбірінде де басқа да саздауларды қолдану мүмкін. (658) Бірінші түрі, Б дыбысын һ дыбысына теңестіреміз /143/ [44-суретке қараңыз]:

44-сурет Сонда А дыбысы Б - Д ішегіндегі кез-келген дыбыстан ауырлай түседі. Ал Г дыбысы А -Дж ішетіндегі күллі дыбыстан жоғарылап кетпек. Нәтижеде дыбыстардың саны жетеуге түседі /144/. Екінші саздау, Б - Д ішегінің бос дыбысы мен К дыбысын теңестіру арқылы болады /145/ [45суретке қараңыз]:

45-сурет (659) Б және З мен Т дыбыстары К және М мен С дыбыстарына тең. Нәтижеде бұл саздауда тоғыз дыбыс пайда болады /146/. Осыған орай Б дыбысы мен М дыбыстарының /147/ арасында теңестіруге болады [46-суретке қараңыз]:

46-сурет (660) Сонда Б мен З дыбыстары М мен С дыбыстары үшін теңеседі де, бұл саздаудағы дыбыстардың саны - он болмақ /148/. Б дыбысы мен С дыбысының аралары теңеседі /149./ [47-суретке қараңыз]:

47-сурет Сөйтіп дыбыстардың саны он бірге жетеді. Осылайша саздаудың осы бір түрі -саздаулардың арасындағы дыбысы мен үйлесімдігі көп саздау. Осы саздаулардың әрбіріндегі консонанттыларды санау қиын емес.

ҚАЗІРГІ ЗАМАН МУЗЫКАНТТАРЫНЫҢ БАҒДАТТЫҚ ТАНБУРДЫ ҚОЛДАНУЬІ Біз атап көрсеткен пернелер "жәһилиет дәуірінің пернелері" [әд-дасатин әл-джаһилия] /152/ деп аталады. Осы пернелерден естілетін дыбыстардан құралған әуендер болса (663) "жәһилиет әуендері" [әл-элхан әл-джаһилия] делінеді. Ескіде қолданғандар осылар. Қазіргі заманда бұл аспапты қолданушылардың көбі - арабтар. Бұлар жәһилия пернелерін қолданбайды /153/. Бәлкім саусақты С - Г пернесінен төмен ұстап, оны яғни С - Г пернесін сұқ саусақ пернесіне айналдырады /154/. Ал төртінші саусақты одан төмендеу, Дж тарапына қарай қояды. Ал енді ең шеткі орынға олар шынашақ пернесін түсіреді. (664) Ортаңғы саусақ пернесін С - Г дыбыстары мен төртінші саусақ пернелерінің арасынан шығарады. Олардың басым көпшілігі саусақ арасындағы интервалды тең ұстайды немесе саусақ арақашықтығын жәһилия дәуіріндегі пернелерге жақын ұқсатады. Алайда, әдетте олар ол пернелердің арасынан тең сұқ саусақ пернесін ғана қолданады, яғни жәһилия дәуіріндегі ең ақырғы пернені ғана қолданады ол - С мен Г пернесі. Енді А - Дж және Б - Д ішектеріне қайта оралайық. Дыбыстарды ол екеуінде жәһилия дәуіріндегі пернелер реттілігімен орналастырайық. Бұған қазіргі заман музыканттарының қолданатын пернелерін қосамыз. Бұлардың арасындағы интервалдар олардың ойларындағы сияқты тең болады. (665) Ортаңғы перненің дыбыстары Ф мен Ш нүктелері болады; Төртінші саусақ пернесі Қ мен Р нүктелері; Шынашақ саусақ пернесінің, яғни ақырғы перненің дыбыстары Ч - Т нүктелері [49-суретке қараңыз]:

49-сурет Егер С дыбысынан Ч дыбысының арасындағы пернелердің арасы С мен А дыбысына дейінгі пернелер арасы сияқты тең болса, онда Ф дыбысы - қырық төрт, Қ дыбысы - отыз үш және Ч дыбысы отыз екі. Демек олардың ең алшағы 5/4 қатынасы. Бұл әуен тетрахордтарындағы шағын интервалдардың арасындағы ең үлкені /155/. (666) Бұл интервал "Музыка өнерінің элементтері" кітабында айтылғандай бос жұмсақ тетрахорд тегінің муқаддим /156/ интервал түріне жатады. Сол сияқты 5/4 интервалының ақырына Ч - Т пернесін орнату арқылы немесе сол интервалдың ақырынан оны алып тастау арқылы пернелердің арақашықтығын әртүрлі етіп жасауға болады. Олай болса әуелі 5/4 интервалының ақырына орналасу арқылы болсын. Ол үшін А - Дж және Б - Дж ішектерін белгілі саздаумен теңестіріп, мұнан соң А - Дж ішегіндегі С мен Ч дыбыстарының арасындағы Г дыбысы қайдан шығатынын көреміз. Мұның үстінен басқа Қ - Р пернесін тартамыз. (667) Мұнан соң Б - Д ішегіндегі Г мен Т дыбыстарының қандай орнынан Ч дыбысының шығатынын байқап /157/ сол жерден перне тартамыз. Бұл - Ф мен Ш пернесі [50-суретке қараңыз]:

50-сурет Ф дыбысы (33, 13/19), Қ дыбысы болса (33, 1/4). (668) Енді Ч - Т пернесі бұл интервалдың ақырынан асып кетпеген болса, Н дыбысының /158/ А - Дж ішегіндегі С мен Дж дыбыстарының қандай жерінен шығатынын байқап қараймыз. Сол пернені Ф - Ш дыбыстары етіп белгілейміз. Мұнан соң С мен Дж дыбыстарының арасынан Г дыбысының орнын анықтаймыз. Ол жерді Қ - Р пернесімен белгілейміз /159/. Енді А - Дж ішегіндегі Дж мен Қ дыбысының арасынан Ш дыбысының орнын талап қыламыз. Оның орны белгілі болған кезде оны Ч - Т пернесімен белгілейміз [51-суретке қараңыз]:

51-сурет Ендеше Ф дыбысы (34, 1/5); Қ дыбысы (33, 1/4); Ч дыбысы 2/5 + 1/20 + 1/25 Y 49/100; Бұл перне "әйел тегінің пернесі" [дасатин әл-му'аннас] /160/ деп аталады. Мұнда бірінші саздау қолданылады /161/. Мұнда жоғарыда санап көрсеткен басқа да саздаулар қолданылуы мүмкін, олардың ішінде Б мен Ф дыбыстарының арасын немесе Б мен Қ дыбыстарының арасын, яки болмаса (670) Б мен Ч дыбыстарының арасын теңестіру саздаулары да қолданылуы ықтимал. Бұл саздаулардағы әрбір ішектің бойында болатын дыбыстарды және олардың консонантты дыбыстарын да санау қиын емес. Егер зерттеуші аз ғана ойланса болғаны ол мұны орындайды. С мен Ч дыбыстарының ортасына басқа да көптеген пернелерді тартуға болады, тіпті олардың саны жәһилиет дәуіріндегі пернелердің санына жетуі немесе одан да асып кетуі мүмкін /162/. Пернелердің арақашықтығы бір-бірімен тең немесе бір-бірінен артық, яғни тең болмауы да ықтимал. Алайда біз олардың арақатынасы тең немесе артық болған жағдайларын ашып көрсеттік. Егер адам біздің осы жерде дәлелдеген нәрселерді өзгертуді қалайтын болса, бұлардың санына біреуін қосуға немесе бірін кемітуге құдіретті. Біз болсақ, бұлардың әрбіріне қатысты айтылған мәліметтерге қосымша үстемелеп айтуды қажет деп санамаймыз. Кімде кім бұдан да артық білуді қалайтын болса, онда осы пәннің негізін жақсылап ұғып алса, мұны және осыған ұқсас көптеген нәрселерді шығарып алуы қиынға

ТЕТРАХОРД ИНТЕРВАЛДАРЫН ШЫҒАРУ АРҚЫЛЫ АСПАП ДЫБЫСТАРЫН КЕМЕЛДЕТУ Қазіргі кезде қолданылып жүрген пернелердің арасында бір жағынан кемшіліктері болса (671), енді басқа жағынан кемел түрге жақындары да бар екені анық. Олай болса біз осы аспапта естіліп, пайдаланылатын әуендерді мүмкіндігінше кемеліне жеткізуге жақындататын етіп дыбыстар мен интервалдарды реттілікпен қойып көрейік. Ол үшін барлық аспаптарда бір интервалды орнатудың керегі жоқ. Өйткені аспаптардың көптігінің пайдасы - бірінде шыққан дыбыс келесі аспаптан шықпауы мүмкін немесе басқа аспапқа қарағанда ол аспапта артық шығуы ықтимал, яки болмаса кейбір аспаптардан естілген дыбыс бір қалыпта естіліп, дәл сол дыбыс келесі аспаптарда басқа болып шығуы мүмкін. Қалай болғанда да кез-келген аспапты өзі лайықталып жасалғам интервалдар мен дыбыстарға сәйкес саздау қажет. Себебі, күллі аспап ретсіз, үйлесімсіз кез-келген интервалдар үшін жасалмайды. Сондықтан кейбір аспаптарды жұмсақ, бос тетрахордтарға жақын, ал кейбір аспаптарды күшті тетрахордтарға, енді басқаларын орташа тетрахордтарға /163/ сәйкес саздау керек. Аспаптан шыққан әуендердің көркемдігі мен кемелділігіне тікелей қатынасы бар, "Музыка өнерінің негізгі элементтері" кітабында қаралған дыбыстық қатарлар, транспозициялар мен т.б. интервалдар түрлерін әрбір аспапқа лайық таңдай білу қажет. Көпшілік тәжірибе мен есту және табиғи берілген дарындылық (672) пен пайдалана білу қабілеттерінің арқасында осы аспапқа лайықты жоғарыда айтқандай дыбыстар мен интервалды реттілікпен белгіледі. Бұл жағдай олардың қатты мен жұмсақ тетрахордтар арасынан осы аспапқа лайық түрлерін таңдау іс-әрекетінің нәтижесінде қол жеткізгенін көрсетеді. Бұл тетрахордтарды танбур аспабында есту анағұрлым жақсырақ. Сондықтан да осы аспаптағы дыбыстарды кемеліне жеткізетін тетрахордтың бірін, қатты тетрахорд түрінің әлсіз /164/ тегінен қылдық. Мұнда екі ішекте де ортаңғы интервалдардың ең кемі кварта интервалы болмақ /165/. 1 - Екі еселенген әлсіз интервалдардың реттілігі Аспаптың құлағының төменінен, ішек ұзындығының төрттен бір бөлік шамасында перне тартамыз. (673) Бұл - мына суреттегі Ч - Т пернесі болсын [52-суретке қараңыз]:

52-сурет С - Г пернесін әдеттегі орнына бекітейік, бұл - Ч мен А дыбыстарының жарғысы. Мұнан соң Б - Д ішегінің бос дыбысы С .дыбысымен теңескенше саздаймыз, кейін Г дыбысы /166/ А - Дж ішегіндегі С мен Ш дыбыстарының арасындағы қандай шамадан шығатынын байқап көреміз. Сол орыннан перне тартып, оны Қ - Р дыбыстарымен белгілейміз. (674) Мұнан кейін Б - Д ішегіндегі Т мен Г дыбысына қарай Ш дыбысының /167/ қандай орыннан шығатынын көреміз. Сол жерден перне тартып, оны Ф - Ш дыбыстарымен таңбалаймыз [53суретке қараңыз]:

53 – сурет С - Г дыбыстарын сұқ саусақ пернесі, ал Ф -Ш дыбыстарын ортаңғы пернесі ретінде пайдаланамыз. Қ - Р дыбыстары төртінші саусақ, ал Ч - Т дыбыстары шынашақ пернелері болсын. Міне бұл аспаптағы қажетті пернелер осылар.

Бұл пернелердің екі еселенген қатты тетрахордтардың әлсіз тектеріндегі интервалдармен /168/ шектесіп жатқаны көрініп тұр.

54-сурет Егер осы тетрахорд дыбыстарына ілесіп, сол дыбыс түрлерін осы аспапта реттеп пайдалану арқылы дыбыстық қатар интервалдарының түрлі дыбыстарын естуді қалайтын болсақ, онда Б - Д ішегінің бос дыбысы Ф дыбысымен теңескенше саздаймыз /169/. Кейін Б мен Г дыбыстарының арасындағы Қ дыбысының қайдан шығып тұрғанын байқап /170/, сол орынға М - Н пернесін тартамыз. Бұл пернені бағдаттық танбурдың сұқ саусақ муджанниб пернесі нақтылайды. (676) Кейін Б - Д ішегінің бос дыбысы А - Дж ішегіндегі муджанниб саббаба /171/ дыбысымен теңескенше босатамыз. Кейін Г дыбысының /172/ А - Дж ішегіндегі С мен Қ дыбыстарының арасындағы қандай шамадан шығатынын көреміз де сол орынға К - Л пернесін бекітеміз. Сондықтан да бұл перненің танбурдағы орны, уд аспабындағы ортаңғы зәлзәл /173/ перненің шамасында тұрады [55-суретке қараңыз]:

55–сурет Ал мұндай кезде уд аспабының төртінші саусағы мен ортаңғы зәлзәл арасында қалдық интервалы болатын /174/. (677) Егер осы тетрахорд түріндегі ортаңғы перненің орнына екі еселенген қатты тетрахордтың ортаңғы әл-фурс /175/ пернесін шығаруды қалайтын болсақ, онда С дыбысы мен Қ дыбысының ортасында /176/ перне жасап, оны З-Х дыбыстарымен белгілейміз [56-суретке қараңыз]. Бұл перне уд аспабындағы ортаңғы әл-фурс пернесінің мысалы болады [57-суретке қараңыз]. (678) Осы мысалға сүйене отырып А мен Ш дыбыстарының арасына осы тетрахорд интервалдарының әртүрлі жақтарына сай пернелердің де санын көбейтуімізге болады. Бұл жасырын нәрсе емес, аз ғана ойлансаңыз болғаны анық көрініп тұр. Бұл әдісті біз пернелердің орындары жайында айтқан уақытта сөз қылған едік. Мұны уд аспабындағы екі маддалы қатты тетрахорд интервалдарының атыраптары шектескен пернелерде және басқа аспаптардағы өзге тетрахордтарда да қолдануға болады. Бұл нәрселерге дәлелдемені зерттеушінің өзі келтірсе болады. Расында егер ол біз қысқаша айтып өткен негіздерді есіне түсірсе мұны жасау қиын емес.

56-сурет

57 - сурет 2 - Жұмсақ тізбекті емес күшті тетрахорд интервалдарының реттілігі Енді анағұрлым жұмсақ /177/ тізбекті емес тетрахорд интервалдарын орналастыруды көздейміз.

(679) Олай болса Б - Д ішегінің бос дыбысы С дыбысымен /178/ теңескенге дейін саздаймыз. Мұнан соң Ш дыбысының Б - Д ішегіндегі Г мен Т дыбыстарының қандай мекенінен шығатынын көреміз. Сол орынға перне тартамыз. Екі ішектің бос дыбыстарының осы пернеге болған қатынасы - 6/8. Мұның дәлелі: А - Ш интервалы - кварта, ал А - С интервалы болса 7/8 қатынас шамасында. Б дыбысы С дыбысымен тең. Ендеше А дыбысының Б дыбысына қатынасы 7/8 қатынасы. Ш дыбысы Б - Д ішегіндегі осы перненің дыбысымен тең /179/. Олай болса (680) Б - Д ішегіндегі бұл перненің дыбысы А дыбысына деген қатынасы - 3/4 [58-суретке қараңыз]:

58 - сурет Одан А - Б интервалын алып тастасақ, яғни 7/8, онда Б - Д ішегіндегі Б дыбысының бұл перне дыбысына қатынасы 6/8 болмақ. Біздің баяндағымыз келгені де осы еді. Егер осы перне мен шынашақ пернесінің ортасынан тағы бір перне тартқан болсақ [59-суретке қараңыз]:

59 - сурет (681) онда осы пернелердің барлығынан күшті тізбекті емес тетрахордтарды қамтыған кіші интервалдар шыққан болар еді /180/ [60-суретке қараңыз]:

60-сурет 3 - Екі еселенген үшінші тетрахорд Интервалдарының орналасуы Енді екі еселенген үшінші тетрахорд /181/ интервалдарын орналастыруды көздейміз. Ол үшін А - Дж және Б - Д ішектерін әзірлеп, ол екеуіне арақашықтығы тең жәһилия дәуіріндегі пернелерді орналастырамыз. А дыбысының М дыбысына /182/ қатынасы 10/9 екені мәлім. (682) Егер Б - Д ішегінің бос дыбысы М дыбысымен теңескенге дейін саздап, кейін Н дыбысының С мен Ш арасындағы қандай қатынастан шығатынын көреміз /183/ [61-суретке қараңыз]:

61-сурет Сол жерден перне тартамыз. Сол кезде М және Н дыбыстарының осы перне дыбыстарына деген қатынасы 9/10 [62-суретке қараңыз]:

62-сурет Расында біз бұл аспапта қатты екі еселенген үшінші тетрахорд түрін орналастырдық. Егер ойланып қараса, мұның дәлелі анық. (683) Егер осы көрсетілген екі түрлі тетрахорд /184/ жолын ұстанып көрсек, онда бұл тетрахордтардан екі бөлек реттікті байқауымызға болады. А мен Ш дыбыстарының арасынан осы

екі түрлі тетрахорд тектерінен /185/ туындаған интервалдармен шектелген пернелерді көреміз [63-суретке қараңыз]:

63-сурет 4 - Жұмсақ тізбекті емес ортаңғы тетрахорд интервалдарының реттілігі Мұнда жұмсақ тізбекті емес тетрахордтардың арасынан ортаңғы /186/ тетрахорд интервалдарын орналастыруды қалаймыз. (684) Ол үшін Б - Д ішегінің бос дыбысымен М дыбысының арасын теңестіреміз /187/. Сосын Ш дыбысының /188/ Б - Д ішегінің қандай орнынан шығатынын байқап, сол жерге Ф - Ч пернесін орнатамыз. Нәтижеде бұл перненің екі ішектің бос дыбыстарына қатынасы -5/6. Осы перне мен Ш-Т пернелерінің ортасына (685) Қ-Р пернесін тартамыз /189/ [64-суретке қараңыз]:

64-сурет Осыдан біз былай дейміз: Расында бұл пернелер, яғни Ф - Ч мен Қ - Р және Ш - Т мен екі ішектің бос дыбыстары жұмсақ тетрахорд түрлерінің арасындағы ортаңғы тетрахорд интервалдарымен шектеседі [65-суретке қараңыз]:

65-сурет Мұның дәлелі, күшті тізбекті тетрахорд интервалдарына қатысты тақырыпта айтқан дәлелдерге ұқсайды. * * * 5 - Жұмсақ тізбекті емес әлсіз тетрахорд интервалдарының реттілігі Енді жұмсақ тізбекті емес тетрахорд интервалдарының реттілігі бойынша орналастыруды қалаймыз /190/. Олай болса С мен Ш арасындағы бөлімдердің арақашықтығын жәһилият дәуіріндегі сияқты тең қылайық /191/. Нәтижеде арақашықтығы тең он бөлік шығады. (686) Сегізінші перненің жоғарғы жағынан /192/ Ф - Ч пернесін тартамыз. Кейін осы перне мен Ш - T пернесінің ортасынан тағы перне қосамыз, бұл - Қ мен Р пернесі /193/. Сөйтіп мен былай деймін: Расында біз бұл аспапта жұмсақ тізбекті емес тетрахордтардың ең әлсізін орналастырдық [66-суретке қараңыз]:

66-сурет
А дыбысының Ф дыбысына қатынасы 4/5 қатынас шамасы екені анық.

Ал енді Ф - Ч мен Ш - Т пернелерінің ортасынан шығарған пернеге келсек, онда бұлар жұмсақ тетрахордтағы тең бөлінген үш бөлік десек болады, яғни бұл пернелердің арақашықтығы тең. Мұнан соң (687) ол екі перненің арасындағы Ш - Т пернесіне жақындау жердің үштен бір бөлігін тағы бір бөлікке бөлеміз /194/ [67-суретке қараңыз]: Күшті жұмсақ тізбекті тетрахорд

67 (1)-сурет
Ортаңғы жұмсақ тізбекті тетрахорд

68 (2)-сурет
Әлсіз жұмсақ тізбекті тетрахорд

68 (3)-сурет Сөйтіп тізбекті және тізбекті емес жұмсақ тетрахордтардың интервалдары пайда болады. Бұл аспапта жұмсақ тетрахордтарды орналастыру жолы осындай. Осы дәрежеге жеткен соң біздер үшін бұл тетрахордтардың арасындағы күштілері мен қатты тетрахордтардың да күштілерін орналастыру жолын табу жеңіл. Алайда, бұл тетрахорд түрлерін, дыбыстары одан әрі артатын аспаптар үшін қолданған абзал. (688) Бұлардың барлығы танбур аспабына арналмаған, бірақ бұл аспапты басқа аспаптармен салыстырып көру мәжбүрінде қалуымыз да ықтимал. Сондықтан адам басқа аспаптарда қолданылатын тетрахорд түрлерін осы аспапта лажсыз орналастырып көреді. 6 - Қатты қосылған ортаңғы тетрахорд интервалдарының орналасуы Енді бұл аспапта қосылған ортаңғы тетрахорд интервалдарын ретке келтіреміз. А дыбысынан бастап 5/4 қатынасының ақырына дейінгі аралықты ортасынан бөліп, оны М - Н пернесімен белгілейміз. Нәтижеде А дыбысының М дыбысына қатынасы 9/10 болады. Ал М дыбысынан оның ақырына дейін 8/9 шамасы қалады [69-суретке қараңыз]:

69-сурет (689) Расында үлкен интервалы ортада орналасқан интервал болғанымен, мұнда қосылған ортаңғы тетрахордтың реттілігін қаладық /195/. Енді мұндағы толық үн интервалын жуан шетке орналастырамыз. Ол үшін Б - Д ішегінің бос дыбысы М дыбысымен теңескенге дейін саздап, сосын Н мен Т дыбыстарының арасынан шығатын Ф дыбысын қараймыз. Ф дыбысының шыққан жеріне Қ - Р пернесін орнатамыз [70-суретке қараңыз]:

70-сурет

(690) Бұл перне мен А және Б дыбыстарының арасы 8/9 қатынасы шамасы болады. Ал осы перне мен Ф және Ч дыбыстарының арақашықтығы 9/10 қатынасы шамасын құрайды. Сөйтіп, Ф мен Ч дыбыстары мен Ш және Т дыбыстарының арасында 15/16 қатынасы қалады [71-суретке қараңыз]. Бұл қосылған ортаңғы тетрахорд түрі. Егер адам бал асы ойланатын болса, онда мұның дәлелін табады. Қатты қосылған жүйелі ортаңғы тетрахорд пернесінің орналасуы

71-сурет 7 - Қатты екі маддалы тетрахорд интервалдарының реттілігі Енді бұл аспапта екі маддалы күшті тетрахорд интервалдарын орналастыруды көздейміз /196/. Ол үшін Б - Д ішегінің бос дыбысын 8/9 шамасында тұрған перненің дыбысымен теңескенге дейін саздаймыз /197/. Кейін Б - Д ішегіндегі /198/ бұл перненің А - Дж ішегінің қандай (691) орнынан шығатынын көріп, сол жерге перне белгілейміз [72-суретке қараңыз]:

72-сурет Бұл Ф - Ч пернесі болмақ. Енді мен мынаны айтамын: Расында бұл перне қатты екі маддалы тетрахорд интервалдарымен шектеседі, мұның дәлелін келтіру зерттеуші үшін қиындық тудырмайды [73-суретке қараңыз]: Қатты екі маддалы тетрахорд пернесінің реттілігі

73-сурет 8 - Әлсіз қосылған тетрахорд интервалдарының орналасуы (692) Қазір бұл аспапқа қатты әлсіз, бірінші қосылған тетрахордты орналастыруды көздейміз /199/. Ол үшін саздауды 8/9 қатынасына шамалап, А - Дж ішегіндегі (693) Г дыбысының шығатын орнын көреміз /200/ [74-суретке қараңыз]:

74-сурет Сол араға перне тартып: бұл перне бірінші қосылған тетрахорд интервалдарымен шектеседі [75суретке қараңыз]. Мұның дәлелі: А дыбысының Б дыбысына қатынасы 8/9, ал Б дыбысының Г дыбысына қатынасы 7/8.

Г дыбысы бұл перненің дыбысымен тең және ол А - Дж ішегінде теңеседі. Демек, А дыбысы мен Г дыбыстарын 8/9 және 7/8 қатынастарының қосындысы қамтиды. Біздің баяндағымыз келгені де осы еді. Олай болса бұл аспаптағы тетрахорд интервалдарына қатысты айтылған дүниелермен шектелейік. Зерттеуші осы кітапта айтылғанды игеріп алса, онда ол бұл аспапта осы интервалдарды қолдана алады. Қатты бірінші қосылған тетрахорд пернесінің реттілігі

75-сурет (694) Сондай-ақ адам кварта интервалынан асып, квинта интервалына өтуді қалайтын болса, бұл қиын емес. Егер интервалдың төмен тарапына 8/9 қатынасы тұрып, екі ішек осы шамада теңелген болса, онда Т дыбысының Ш мен Дж дыбыстарының арасындағы қандай орыннан шығатынын байқаймыз [76-суретке қараңыз]:

76-сурет Осы орынға пернені белгілейміз. Бұл перне квинта интервалының 11 ақырында турады [77суретке қараңыз]: Танбур ішегіндегі квинта интервалының пернесі

77-сурет (695) Енді бұл аспапта октава интервалына қол жеткізуді қалаймыз. Ол үшін Б - Д ішегінің бос дыбысының қатынасын А - Дж ішегінің бос дыбысымен кварта интервалында теңестіреміз. Б - Д ішегінің бос дыбысы Ш дыбысымен теңескенге дейін саздаймыз. Сосын әдеттегідей Б - Д ішегіндегі квинта интервалының пернесі А - Дж ішегінің қандай орыннан шығатынын көреміз /201/ [78-суретке қараңыз]:

78-сурет Сол жерден пернені тарып, былай деймін: Расында бұл перне октава интервалының ақырында тұрады [79-суретке қараңыз]:

79-сурет (696) Мұнан кейін біздер үшін А дыбысы мен октава интервалының арасына бірқатар пернелерді тарту қиынға соқпайды. Сол сияқты октава интервалынан өтіп кетуімізге де болады. Сондай-ақ осы тетрахордтарды бір-бірімен араластырып, оларды осы аспапта орналастыруымызға да мүмкіндік бар. Жоғарыда айтқанымыздай әрбір тетрахордтың реттілігін баяндадық, міне оларды дәл сол реттіліктері бойынша пайдалануға рұқсат /202/, яғни әуеліде баяндалған тетрахордтарды пайдаланып, кейін бұларды сол қалпында қалдырып, одан кейінгі интервалдардың реттілігі

қойылса, онда тетрахордтардың қосындысы пайда болады. Екі түрден көп тетрахордтарды осылайша қолдану мүмкін.

БАҒДАТТЫҚ ТАНБУР ХАҚЫНДАҒЫ СӨЗДІҢ ТӘМАМДАЛУЫ Сөзіміз осы араға дейін жетіп, тәмамдалуда. Мұнан кейін бағдаттық танбурдағы саздау түрлерінің әдістері құпия емес, сол сияқты ондағы интервалдар мен дыбыстардың және олардың қайсысы консонантты немесе диссонансты екенін санап шығу да қиынға соқпайды. Бұлармен қоса бұл аспаптағы дыбыстарды саздау түрлері де анықталынды. (697) Зерттеуші осы айтылған мәліметтерді түсінгенінен кейін бұл жағдайлардың барлығын өзі тауып, білуге құдіретті. Сондықтан да біз бұл кітаптағы дәлелдемелерді толықтыру ісін зерттеушіге қалдырдық. Бұл аспапта ойнау әдеттілігі бойынша шығатын әуендердің кемел еместігі анықталды. Оларды біз айтқандай әдістермен кемелдетуге болады. Аспаптағы дыбыстар мен интервалдар кем болуы себепті, сол қалыптасқан реттіліктері бойынша құралып, біздің дәуірімізге дейін жеткен олардың хәлдері нашар. Сондықтан оларды біз сипаттаған тәсілдер бойынша кемеліне жеткізбейінше пайдалану мүмкін емес. Сол себепті адам қалыптасып қалған әуендерді кемеліне жеткізіп, осы аспапта ойнауды қалайтын болса, ол әуендерді қосуға немесе алып тастауға, яки болмаса дыбыстардың орнын алмастырып, бұрын қалыптасқан реттіліктерді өзгертіп, біздің күнімізге дейін тұрақталып қалған әуендерді өзгертіп барып пайдалануға міндетті. Ол үшін интервалдар мен дыбыстардың арасындағы үйлесімділері мен үйлесімсіздерін санап, оларды бір-бірінен айырып және олардың әрбіріне лайық өту мен ырғақтарды таңдап алу керек, сол уақытта бұл істі іске асыру оңай. (698) Ал енді аспап үшін ең дұрыс ырғақтар мен өтулерді және "Музыка өнерінің негіздері" кітабында айтылған маңызды, т.б. нәрселерді талдап шығу арнайы уақытын бөлген адам үшін жеңіл. Осындай жағдайларды әуендердің құрылымы сөзінде қарастыруымыз ықтимал. Енді осындай көлемде айтылған сөздер бұл аспап үшін жеткілікті болар, себебі оның ішінде біз сонау бастан көздеген мақсатымызға жетелейтін мәліметтер қамтылды. 2 - Қорасандық танбур Қазір қорасандық танбур хақында айтамыз /203/ [80-суретке қараңыз]:

80-сурет Ол үшін жоғарыда қолданған әдісті ұстана отырып былай дейміз: (699) Расында бұл аспап өзінің пішіні бойынша түрлі аймақтарда айтарлықтай өзгеріп келеді, дәлірек айтқанда ұзындығы мен қысқалығы немесе үлкендігі мен кішілігі жағынан айырмашылығы бар. Бірақ олардың барлығы да екі ішекті.

Бұл екі ішек аспаптың "забиба" бөлшегіне байланып жоғары тартылады. Екі ішекті бір-бірінен айыру үшін екі ойығы бар тиектен өткізеді де аспаптың мойынымен жоғарыға тартады. Арақашықтығы тең екі ішек бірімен бірі қосылып кетпесі үшін аспаптың мойыны мен құлағының ортасында орналасқан келесі тиектен өткізіп, екі ішекті екі құлаққа байлайды. Құлақтар аспаптың екі шетінде орналасқан. Бұл аспаптағы пернелер көп. Олар аспап мойынының жоғарысынан бастап, оның [аспаптың] ортасына жақын жерден тәмамдалады. Пернелердің арасында барлық елді мекендер мен адамдар үшін орындары тұрақты қолданылатын пернелер бар. Сол сияқты олардың арасында орындары ауыстырылып қолданылатындары да бар, яғни пернелердің орны бір елді мекенде басқа орында пайдаланылса, келесі халықтардың арасында басқа жерден пайдаланылады. Пернелердің арасында орындарының алмастырылуы жиі қолданылатындары болғаны сияқты, алмастырылуы сирек пайдаланылатындары да бар.

ҚОРАСАНДЫҚ ТАНБУРДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ПЕРНЕЛЕР (700) Бұл аспапта негізгі тұрақты пернелердің саны - төртеу /204/. Кейбір уақытта осы бес пернеден де көп қолданылады. Тұрақты пернелердің арасындағы біріншісі - аспап мойынының жоғарысынан бастап тиектіке дейінгі аралықтың 8/9 қатынас шамасында орналасқан /205/. Екінші тұрақты перне - осы екі аралықтың 3/4 қатынасы шамасында /206/. Үшінші тұрақты перне - осы екі аралықтың 2/3 қатынасы шамасында /207/. Төртінші тұрақты перне - осы екі аралықтың 1/2 қатынасы шамасында орналасқан /208/. (701) Бесінші тұрақты перне - осы екі аралықтың 4/9 қатынасы шамасында /209/. Бұл пернелер А - Дж және Б - Д ішектерінде турады. Дәлірек айтқанда Һ - З нүктелері бірінші пернеде, X - Т дыбыстары екінші пернеде, И - К дыбыстары үшінші пернеде, ал Л - М пернелері болса төртінші пернеде және Н - С дыбыстары бесінші пернеге орналасады /210/ [81-суретке қараңыз]: Қорасандық танбурдағы тұрақты пернелер

81-сурет А - Һ және Б - З дыбыстары толық үн интервалын құрайды. А - X және Б - Т дыбыстары болса кварта интервалын шығарады. А - И дыбыстары квинта интервалы. (702) Демек X - И дыбыстары толық үн интервалы болмақ, себебі, бұл аралық кварта үшін қосымша интервалы /211/. Өйткені осы аралық арқылы кварта, квинта интервалына ауысады. Т - К дыбыстары да осы сияқты. А - Л дыбыстары октава интервалын құрайды. Олай болса И - Л дыбыстары - кварта. Себебі, ол октава интервалындағы квинта үшін артық аралық /212/. X -Л интервалы да -квинта, себебі, ол аралық кварта үшін октава интервалындағы қосымша /213/. (703) Олай болса И - Н дыбыстары да квинта болып қалмақ /214/. Һ - И интервалы болса -кварта. Өйткені А - И аралығы - квинта интервалы. Егер ол интервалдан А - Һ толық үн аралығын алса, онда Һ - И, яғни кварта интервалы қалады. Демек, Һ - Н интервалы - октава. Себебі, Н - И квинта болса, И - Һ кварта интервалы. Ол екеуінің қосындысы Н - һ - октава. (704) Екі ішектің ешбірінде бір-біріне қатысты саздау ойналмаған кезде октава интервалының екі түрі болады: бірінші түрі мен екінші түрлері /215/. Аспаптағы Л - М пернесінен басқа тұрақты пернелер ауыспайды бірақ, бұл аспапта белгілі дыбыстық қатарларының қолданылуына байланысты болуы да мүмкін. (725) Егер жуан ажыраған интервалы бар дыбыстық қатар жуан тарапында қолданылса, онда біз тұрақты деген пернелердің кейбірі "Музыка өнерінің негізгі элементтері" кітабында айтқанымыздай орын ауысады.

ҚОРАСАНДЫҚ ТАНБУРДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ПЕРНЕЛЕР (700) Бұл аспапта негізгі тұрақты пернелердің саны - төртеу /204/. Кейбір уақытта осы бес пернеден де көп қолданылады. Тұрақты пернелердің арасындағы біріншісі - аспап мойынының жоғарысынан бастап тиектіке дейінгі аралықтың 8/9 қатынас шамасында орналасқан /205/. Екінші тұрақты перне - осы екі аралықтың 3/4 қатынасы шамасында /206/. Үшінші тұрақты перне - осы екі аралықтың 2/3 қатынасы шамасында /207/. Төртінші тұрақты перне - осы екі аралықтың 1/2 қатынасы шамасында орналасқан /208/. (701) Бесінші тұрақты перне - осы екі аралықтың 4/9 қатынасы шамасында /209/. Бұл пернелер А - Дж және Б - Д ішектерінде турады. Дәлірек айтқанда Һ - З нүктелері бірінші пернеде, X - Т дыбыстары екінші пернеде, И - К дыбыстары үшінші пернеде, ал Л - М пернелері болса төртінші пернеде және Н - С дыбыстары бесінші пернеге орналасады /210/ [81-суретке қараңыз]: Қорасандық танбурдағы тұрақты пернелер

81-сурет А - Һ және Б - З дыбыстары толық үн интервалын құрайды. А - X және Б - Т дыбыстары болса кварта интервалын шығарады. А - И дыбыстары квинта интервалы. (702) Демек X - И дыбыстары толық үн интервалы болмақ, себебі, бұл аралық кварта үшін қосымша интервалы /211/. Өйткені осы аралық арқылы кварта, квинта интервалына ауысады. Т - К дыбыстары да осы сияқты. А - Л дыбыстары октава интервалын құрайды. Олай болса И - Л дыбыстары - кварта. Себебі, ол октава интервалындағы квинта үшін артық аралық /212/. X -Л интервалы да -квинта, себебі, ол аралық кварта үшін октава интервалындағы қосымша /213/. (703) Олай болса И - Н дыбыстары да квинта болып қалмақ /214/. Һ - И интервалы болса -кварта. Өйткені А - И аралығы - квинта интервалы. Егер ол интервалдан А - Һ толық үн аралығын алса, онда Һ - И, яғни кварта интервалы қалады. Демек, Һ - Н интервалы - октава. Себебі, Н - И квинта болса, И - Һ кварта интервалы. Ол екеуінің қосындысы Н - һ - октава. (704) Екі ішектің ешбірінде бір-біріне қатысты саздау ойналмаған кезде октава интервалының екі түрі болады: бірінші түрі мен екінші түрлері /215/. Аспаптағы Л - М пернесінен басқа тұрақты пернелер ауыспайды бірақ, бұл аспапта белгілі дыбыстық қатарларының қолданылуына байланысты болуы да мүмкін. (725) Егер жуан ажыраған интервалы бар дыбыстық қатар жуан тарапында қолданылса, онда біз тұрақты деген пернелердің кейбірі "Музыка өнерінің негізгі элементтері" кітабында айтқанымыздай орын ауысады.

ТҰРАҚТЫ ПЕРНЕЛЕРДІҢ ОРНЫН ТАБУ Енді барлық пернелердің осы аспаптағы орнын қалай анықтау қажеттігін баяндаймыз. Ол үшін екі ішекті алып, екеуін де бір саздауға келтіреміз, яғни екі ішектің де бос дыбыстары бір-біріне сәйкес келгенше саздаймыз. Сөйтіп, әуелі екеуінің де транспозициясын жуандатамыз. Мұнан кейін А әрпінің "сиях" дыбысы Б - Д ішегінің қай жерінен шығатынын көреміз. Сол жерді Л - М пернесі етіп белгілейміз [83-суретке қараңыз]:

83-сурет (708) Кейін Б - Д ішегінің бос дыбысы Л дыбысымен теңескенше саздаймыз. Сонда барып М дыбысының жоғарысы Л дыбысымен теңеседі [84-суретке қараңыз]:

84-сурет Осы арада Л - М нүктелеріне саусақты қойып, М дыбысының интервалын байқаймыз /216/. Бұл Л - Дж ішегінің жартысы [85-суретке қараңыз]:

85-сурет (709) М дыбысының А мен Л дыбыстарының арасынан шыққан жері А - Дж ішегінің ортасы, яғни ол жер Х - Т пернесі. Кейін Б - Д ішегінің бос дыбысы X дыбысымен теңескенге дейін саздаймыз. Сосын Л дыбысының Б - Д ішегінің қай жерінен шығатынын көреміз. Сол орын И - К пернесі болады /217/ [86-суретке қараңыз]:

86-сурет Кейін И дыбысының Б - Д ішегінің қандай жерінен шығатынын көреміз. Ол орын Һ - З пернесі [87суретке қараңыз]:

87-сурет (710) Мұнан соң Б - Д ішегінің бос дыбысы һ дыбысымен теңескенге дейін босатып саздаймыз /218/. Енді М дыбысының А - Дж ішегіндегі Л мен Дж арасындағы қандай мекеннен шығатынын көреміз. Ол жерде Н - С пернесінің орны бар [88-суретке қараңыз]:

88-сурет Осы аспаптағы тұрақты пернелердің орнына қатысты айтылатын әдіс осы.

АУЫСПАЛЫ ПЕРНЕЛЕРДІҢ ОРНЫН ТАБУ Қазір көп жағдайда қолданылатын ауыспалы пернелердің орнын табу жайында баяндаймыз. Ол үшін Б - Д ішегінің бос дыбысы мен һ дыбысын /219/ теңестіреміз. Кейін (711) З дыбысының /220/ А - Дж ішегінің қандай жерінен шығатынын байқаймыз [89-суретке қараңыз]:

89-сурет Мұнда Р пернесі шығады, ал X - Т пернесіндегі дыбыстардың арасы - қалдық интервалын құрайды. Ендігі кезек X дыбысына келеді /221/. Оның Б - Д ішегінің қайсы орнынан шығатынын көреміз [90суретке қараңыз]:

90-сурет (712) Ол жерден Ч пернесі шығады. Ч дыбысы мен Һ - З пернесінің арасында қалдық интервалы пайда болады. Мұнан соң А - Дж ішегіндегі Ч дыбысының /222/ Б - Д ішегінен шығатын орнын көреміз [91-суретке қараңыз]:

91-сурет Бұл жерден ауыспалы пернелердің арасындағы Г пернесінің орны әрі екі ішектің бос дыбыстарының арасы, қалдық интервалы болмақ. (713) Кейін Б - Д ішегіндегі Р дыбысының А - Дж ішегінен шығатын орнын байқаймыз /223/. Бұл орын У дыбысының пернесі. Ал енді У пернесі мен И - К пернесінің арақашықтығы, қалдық интервалы [92-суретке қараңыз]:

92-сурет Енді К дыбысының А - Дж ішегінің қандай орнынан шығатын бақылаймыз /224/. Ол жерден Е пернесі шығады [93-суретке қарыңыз]:

93-сурет (714) Кейін Б - Д ішегіндегі У дыбысының А - Дж ішегінің қандай орыннан шығатынын көреміз /225/. Ол жерде Ц пернесі тұрады [94-суретке қараңыз]:

94-сурет Б - Д ішегіндегі Е дыбысының А - Дж ішегінен шығатын орнын көреміз /226/ [95-суретке қараңыз]:

95-сурет

Ол орын Щ дыбысының пернесі болмақ. Нәтижеде Щ пернесі мен Л - К пернесінің арақашықтығы қалдық интервалы болмақ. (715) Ендігі кезек Б - Д ішегіндегі Щ пернесінің дыбысы А - Дж ішегінің қайсы орнынан шығатынын көру /227/. Ол жер Ғ пернесінің орны [96-суретке қараңыз]:

96-сурет Ғ мен Н - С пернесінің арақашықтығы қалдық интервалын құрайды. Кейін Л дыбысының Б - Д ішегінің қандай орнынан шығатынын байқап қараймыз /228/. Бұл В пернесінің орны [97-суретке қараңыз]:

97-сурет (716) Мұнан соң А - Дж ішегінде орналасқан В пернесінің дыбысы Б - Д ішегінің қандай орнынан шығатынын көреміз /229/. Бұл орын он үш пернеден асып түскен перненің орны. Мұны О дыбысымен белгілейміз [98-суретке қараңыз]:

98-сурет Нәтижеде О пернесі мен И - К пернелерінің арасы - қалдық интервалын құрайды. Енді А -Дж ішегінде орналасқан О дыбысының Б - Д ішегінің естілетін орнын қарастырамыз /230/. Ол жерді Ш пернесімен белгілейміз [99-суретке қараңыз]:

99-сурет (717) Кейін А - Дж ішегіндегі Ш дыбысының Б - Д ішегінен шығатын жерін байқаймыз /231/. Ол орында Қ пернесі турады [100суретке қараңыз]:

100-сурет Қ мен Ч пернелерінің арасында қалдық интервалы болғаны сияқты, Қ пернесі мен Р пернесінің арасы екі еселенген қалдық интервалының қосымшасы тұрады. Сондай-ақ Ш мен Е және О мен Ц пернелерінің арақашықтығы да осы сияқты. (718) Бұдан кейін А - Дж ішегіндегі Қ дыбысының Б - Д ішегіндегі шығатын орнын қараймыз /232/. Ол жерде Ф пернесі тұрады [101-суретке қараңыз]:

101-сурет Нәтижеде Ф дыбысы мен Г дыбыстарының арасында қалдық интервалы туады. Ал Ф пернесі мен Һ - 3 пернелерінің арасында екі еселенген қалдық интервалының қосымшасындай аралық сақталады.

(719) Кейін Б - Д ішегіндегі Ц дыбысының А - Дж ішегінің қандай орнынан шығатынын көреміз /233/ [102-суретке қараңыз]:

102-сурет Ол жерде он үш пернеден асып кеткен перненің орны бар /234/. Солай болса-дағы ол жерге перне тартып, оны (0) санымен белгілейміз [103-суретке қараңыз]. Мұнан соң Б - Д ішегіндегі (0) санының дыбысы А - Дж ішегінің қандай орнынан шығатынын қараймыз /235/ [104-суретке қараңыз]:

104-сурет (720) Ол жерде П пернесі турады. Сөйтіп П пернесі мен Л - М пернелерінің арақашықтығы екілік қалдық интервалынан артық толық үн интервалы болады. Ал П мен Ғ арасы қалдық интервалын құрайды. (0) пернесі мен В пернесінің арасы екілік қалдық интервалынан артық толық үн интервалы қалады. Сол сияқты (0) пернесі мен Щ пернесінің аралығы қалдық интервалын құрайды. Енді осы А - Дж және Б - Д ішектеріне қайта оралып, аталмыш пернелердің белгілеген орындарын суретке түсіріп көрсетейік [105суретке қараңыз]. Осы пернелердің арасынан О пернесі мен (0) пернелері әдетке айналған дәстүр бойынша қолданылмайды, бірақ пернелердің толық санына жету үшін ол екеуінің орындары белгіленіп көрсетіледі (721) немесе мүлдем түсіріліп тасталады. Алайда дұрысы бұл екі пернені қалдырып, уд аспабындағы мужаннибат дыбыстары сияқты қолданған жөн. Ал енді олардың әрбірінің үндестігіне келер болсақ, онда оларды санап шығу оңай. Себебі, мұнда туған интервалдар қалдық интервалдары немесе қосымшалар мен толық үн интервалдарының шамасы.

105-сурет Расында қалдық интервалдардың, уд аспабында негізделіп айтылғандай біршама үндестіктері бар /236/. Екі еселенген қалдық интервалы да сол сияқты. Оның себебін де жоғарыда айтып кеткен едік. Сондықтан да екі еселенген қалдық интервалынан артық толық үн, жарты үнге жақындап, кейбір аспаптарда жеңіл консонатты болып естіледі. (722) Демек, бұл аспаптағы әрбір екі дыбыс қалдық интервалының екі шетінде немесе екі еселенген қалдық интервалының екі тарапында /237/, яки болмаса екілік қалдық интервалынан артық толық үннің екі шетінде немесе ішек ұзындығының 9/11 қатынасының аралығында тұрып, консонантты болып естіледі. Ал енді үштік қалдық интервалдарының шетінде /238/ немесе екі еселенген қалдық интервалынан толық үн шамасында артық интервалдардың тараптарында, қалдық пен толық үн /239/ немесе екі қалдық пен толық үн аралықтарының шеттерінде орналасқан дыбыстарға келсек, бұлардың барлығы - диссонантты. (723) Егер екі дыбыс ортаңғы интервал мен қалдық интервалдарының шеттеріне немесе үлкен интервал мен қалдық, яки болмаса ортаңғы мен екі еселенген қалдық немесе ортаңғы мен екі

еселенген қалдық интервалынан артық толық үн сияқты т.б. үндестігі жоқ интервалдардың шеттеріне орналасқан болса бұлар да диссонантты саналмақ.

ҚОРАСАНДЫҚ ТАНБУРДАҒЫ МҮМКІН САЗДАУЛАР 1 - Жұпты саздау (724) Бұл аспапта саздауды көп түрде жасауға болады. Олардың бірі, Б - Д ішегінің бос дыбысын А - Дж ішегінің бос дыбысымен теңестіру қажет. Сонда ішектегі дыбыстардың барлығы келесі ішектегі дыбыстармен сәйкес келеді, яғни бір пернеден шыққан дыбыс келесі ішектің сол пернесінен шығады. Осы аспапты қолданушылар саздаудың бұл түрін -жұпты саздау [тасуйяту әлмузауадж] деп атайды /240/ [106-суретке қараңыз]: Танбур аспабындағы жұпты саздау

106-сурет Екі ішекте де октава интервалынан толық үн қосымшасына дейін барлық интервалдардың бар екені анық. Сондай-ақ бұл аспапта тетрахордтардың арасынан жиі қолданылатыны қатты екі маддалы тетрахорд екені белгілі болды. Расында да, пернелер осы тетрахорд интервалдарының реттілігі арқылы әртүрлі шықты. Сондықтан уд аспабын қатты екі маддалы тетрахорд негізінде саздауға болғандықтан, бұл аспапты уд аспабының дыбыстарына сәйкес саздау мүмкін. (725) Олай болса осы аспапта мүмкін саздаулардағы дыбыстардың қайсысы уд аспабында бар екені жайында баяндаймыз. Сонымен "жұпты" аталатын саздауда екі ішектегі дыбыстардың барлығы бір ішектің дыбысына айналады десек болады. Сондықтан бір ішектегі дыбыс айтылған уақытта, екінші ішектегі дыбыс та айтылғандай есептеледі. Сөйтіп А - дыбысы, әл-бамм ішегінің бос дыбысы. Г - дыбысы, түсіп қалатын дыбыс /241/. Һ - дыбысы, әл-бамм ішегінің сұқ саусағы /242/. Ч - дыбысы, әл-бамм ішегіндегі ортаңғы саусақтың қасындағы дыбыс [муджанниб әл-усто] /243/. (726) Қ - дыбысы, әл-бамм ішегіндегі ортаңғы әл-фурс пернесіне жақын дыбыс /244/. Р - дыбысы, әл-бамм ішегінің төртінші саусағы /245/. X - дыбысы, әл-бамм ішегінің шынашағы және екінші ішектің бос дыбысы /246/. Ш - дыбысы, екінші ішекте түсіп қалатын дыбыс /247/. У - дыбысы, екінші ішектегі сұқ саусақ пернесінің қасындағы дыбыс. И - дыбысы, екінші ішектегі сұқ саусақ пернесінің дыбысы /248/. (727) О - дыбысы, екінші ішектегі ортаңғы перненің қасындағы дыбыс /249/ Ц - дыбысы, екінші ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысы /250/. Е - дыбысы, екінші ішектегі төртінші саусақ дыбысымен тең /251/. В - дыбысы, екінші ішектегі шынашақ пен үшінші ішектің бос дыбыстарымен сәйкес келеді /252/. Щ - дыбысы, үшінші ішектегі мужанниб саббаба дыбысымен сәйкес келеді /253/.

Л - дыбысы, үшінші ішектің сұқ саусақ дыбысына ұқсайды. (728) П - дыбысы, үшінші ішектегі ортаңғы әл-фурс пернесінің дыбысына жақын. Ғ - дыбысы, үшінші ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысына ұқсайды /254/. Н - дыбысы, үшінші ішектегі төртінші саусақ дыбысына ұқсайды /255/. Егер қажетті саздаумен келтірсе, уд аспабындағы дыбыстарға ұқсайтын танбурдың дыбыстары осы. Танбурдағы Б - Д ішегіндегі дыбыстардың жағдайы дәл осындай болмақ. Сол сияқты егер осы аспап саздалып күллі дыбыстары шығарылса және екі қосымша пернелер [әд-дистанайн әз-заидатайн] /256/ қосылатын болса, онда танбурдағы дыбыстардың саны жиырма бірге жетеді. 2 - Қалдық интервалына саздау (729) Егер қалдық интервалының шамасымен саздап, Б дыбысын А - Дж ішегіндегі Г дыбысымен теңестіретін болсақ, онда Б - Д пернесінің әрбір дыбысы, А - Дж ішегіндегі арақашықтығы бір қалдық интервалын құрайтын пернелердің дыбыстарымен теңеседі /257/ [107-суретке қараңыз]:

107-сурет Ал енді ол екеуінің арақашықтығы қалдық интервалын құрамаса, онда ол екеуі теңеспейді. Сөйтіп, А дыбысы Б - Д ішегінің пернесінде болмайды сол сияқты, С дыбысы да болмайды /258/. Сондай-ақ арақашықтығы екі еселенген қалдық интервалының толық үн артық болған дыбыстар да жоқ, бір-бірімен теңеспейді. (730) Сондықтан да екі еселенген дыбыстардың [ән-нағам әл-мудо'афа] /259/ саны он төрт болса, жалғыз басты [ән-нағам әл-муфрода] /260/ дыбыстардың саны да он төрт. Сол себепті бұл саздаудағы дыбыстардың саны жиырма сегіз. Ал С дыбысы үшінші ішектің шынашақ дыбысымен тең келеді. 3 - Екі еселенген қалдық интервалына саздау Егер ішекті екі еселенген қалдық интервалына саздайтын болсақ, /261/ [108-суретке қараңыз] жеке (731) басты дыбыстардың саны жиырма алты, ал екі еселенген дыбыстардың саны жетеу болады /262/.

108-сурет Нәтижеде бұл саздаудағы дыбыстардың жалпы саны отыз үш. Саздаудың бұл түрі "қосынды саздау" [әт-тасуйяту әл-джумлия] деп аталады /263/. 4 - Кеңінен танымал саздау Бұл аспаптың саздауы кеңінен тараған. Ол үшін Б - Д ішегінің бос дыбысы һ дыбысымен /264/ теңескенше тартып саздаймыз [109суретке қараңыз]: Қорасандық танбурдағы кеңінен танымал саздау

109-сурет

Танбурдағы кеңінен тараған толық үн интервалына саздау

110-сурет Нәтижеде А дыбысы мен Б - Д ішегіндегі Ч перне дыбысының арасында кварта интервалы шығады. А дыбысы мен Т дыбысының арасында болса квинта интервалы тұрады /265/. Б - Д ішегіндегі В перненің дыбысы, А - Дж ішегінің бос дыбысы үшін "сияхына" айналады. (733) Һ мен И дыбыстары - кварта /266/, Һ дыбысы А - Дж ішегіндегі Е пернесінің дыбысы екеуі квинтаны құрайды /267/. Һ дыбысы мен Н дыбыстары октава интервалының екі шеті. Б - Д ішегіндегі Б дыбысы мен М дыбысына дейінгі аралықтағы дыбыстар А - Дж ішегіндегі Һ мен Н дыбысына дейінгі аралықтағы дыбыстармен теңеседі. Қалған А - Дж ішегіндегі А және Г мен Ф дыбыстары және Б - Д ішегіндегі П және Ғ мен С дыбыстары болса екі ішектегі өз пернелерінен басқа мекенде болмайды. (734) Бұл саздауда екі еселенген дыбыстардың /268/ саны, он сегіз, жалғыз бас дыбыстардың саны алты /269/. Бұл жердегі һ дыбысы жоғарыда айтқандай әл-бамм ішегінің сұқ саусақ дыбысына сәйкес келеді. Сол сияқты Б дыбысы және А - Дж ішегіндегі Ч дыбысы әл-бамм ішегіндегі муджанниб әл-усто дыбыстарымен тең түседі /270/. Біз жұпты саздау тақырыбында А - Дж ішегіндегі дыбыстардың уд аспабындағы Н дыбысына дейінгі орындарын санап көрсеттік. Демек, біз үшін Б - М дыбысына дейінгі дыбыстардың уд аспабындағы орындары белгілі /271/. Ал енді үшінші ішектегі шынашақ немесе оны төртінші ішектегі бос дыбыс десек те болады, бұл саздауда онымен теңесетін дыбыстар жоқ. (735) Бірақ Б - Д ішегіндегі С мен П пернелерінің қасынан сол дыбысты шығаруға болады. Уд аспабындағы осы дыбыстардан құралған күрделі әуендерді де мына саздауды қолдана отырып, бұл аспапта шығаруға болады. 5 - Табиғи саздау Сондай-ақ бұл аспапты Б - Д ішегінің дыбысы А - Дж ішегіндегі Ч дыбысына сәйкес келетін қылып саздау керек. Бұлай саздауды "табиғи саздау" [тасуияту ән-наджарий] деп атайды /272/ [111суретке қараңыз]:

111-сурет (736) Мұнан соң бұл саздаудың қайсы дыбысы уд аспабында бар екенін, ал қайсысы жоқ екенін білу қиын емес. 6 - Танбурдағы уд саздауы Б - Д ішегінің бос дыбысы X дыбысымен теңестіріліп, екі ішектің бос дыбыстарының арақашықтығы кварта интервалына дейін жеткен болса, бұл саздауды "уд саздауы" [тасуйяту әлуд] деп атайды [112-суретке қараңыз]: Танбурдың екі ішегін (уд саздауымен)

кварта интервалында саздау

112-сурет А - Дж ішегіндегі А дыбысынан - X дыбысына дейінгі аралықтағы жалғызбасты дыбыстардың Б - Д ішегіндегі теңесетін дыбыстары жоқ /273/. Сол сияқты Б - Д ішегіндегі С дыбысынан В дыбысына дейінгі дыбыстардың да А - Дж ішегінде ұқсас дыбыстары жоқ /274/. (737) Сол сияқты Б - Д ішегіндегі төрт дыбыстың /275/ А - Дж ішегінде теңдесі жоқ және А - Дж ішегіндегі төрт дыбыстың /276/ Б - Д ішегінде де теңдесі жоқ. Саздаудың бұл түрінде екі еселенген дыбыстардың саны - он. Нәтижеде аспаптағы бұл саздау дыбыстарының жалпы саны отыз екі. А - Дж ішегіндегі А дыбысынан - X дыбысына дейінгі аралықтағы жалғызбасты дыбыстардың Б – Д ішегіндегі теңесетін дыбыстары жоқ /273/. Сол сияқты Б - Д ішегіндегі С дыбысынан В дыбысына дейінгі дыбыстардың да А - Дж ішегінде ұқсас дыбыстары жоқ /274/. (737) Сол сияқты Б - Д ішегіндегі төрт дыбыстың /275/ А – Дж ішегінде теңдесі жоқ және А - Дж ішегіндегі төрт дыбыстың /276/ Б - Д ішегінде де теңдесі жоқ. Саздаудың бұл түрінде екі еселенген дыбыстардың саны - он. Нәтижеде аспаптағы бұл саздау дыбыстарының жалпы саны отыз екі. X мен Б дыбыстары әл-бамм ішегінің шынашағы мен екінші ішектің бос дыбысымен тең [113суретке қараңыз]:

113-сурет (738) А - Дж ішегіндегі У дыбысы, екінші ішектегі сұқ саусақ пернесінің қасындағы дыбыспен тең /277/. И мен З дыбыстары, екінші ішектегі сұқ саусақ дыбысымен тең /278/. Б - Д ішегіндегі Р мен А - Дж ішегіндегі Е дыбыстары екінші ішектің төртінші саусағымен тең /279/. Б - Д ішегіндегі Қ дыбысы екінші ішектегі ортаңғы фурс пернесіне жақын /280/ [114-суретке қараңыз].

114-сурет (739) А - Дж ішегіндегі Ч дыбысы, екінші ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысымен тең [115-суретке қараңыз]:

115-сурет Б - Д ішегіндегі Т мен А - Дж ішегіндегі В дыбыстары екінші ішектегі шынашақ пен үшінші ішектің босы дыбысымен тең /281/. К дыбысы мен Л екеуі үшінші ішектің сұқ саусағымен тең [116суретке қараңыз]:

(740) Б - Д ішегіндегі У дыбысы мен А - Дж ішегіндегі Ч дыбысы үшінші ішектегі сұқ саусақ пернесінің қасындағы дыбыспен теңеседі. Б - Д ішегіндегі П дыбысы мен А - Дж ішегіндегі Н дыбысы екеуі де үшінші ішектің төртінші саусағымен сәйкес келеді. Б - Д ішегіндегі Ц дыбысы мен А - Дж ішегіндегі F дыбысы екеуі үшінші ішектегі ортаңғы зәлзәл /282/. А - Дж ішегінегі П дыбысы үшінші ішектегі ортаңғы фуре дыбысы /283/. (741) Б - Д ішегіндегі В дыбысы, үшінші ішектегі шынашақ пен төртінші ішектің бос дыбысы. М дыбысы төртінші ішектің сұқ саусағы /284/. Б - Д ішегіндегі Щ дыбысы төртінші ішектегі сұқ саусақ пернесінің қасындағы дыбыспен тең. С дыбысы төртінші ішектің төртінші саусақ дыбысы. Б - Д ішегіндегі Ғ дыбысы төртінші ішектің ортаңғы зәлзәл дыбысымен тең /285/. (742) Б - Д ішегіндегі П дыбысы, төртінші ішектің ортаңғы фурс дыбысымен тең. 7 - Квинта интервалына саздау Егер ол екеуін квинта интервалына саздайтын болсақ, онда ол үшін Б - Д ішегінің бос дыбысын, И дыбысымен теңестіріп саздау қажет [117-суретке қараңыз]: Танбурдың екі ішегін квинта интервалына саздау

117-сурет А - Дж ішегіндегі А дыбысынан У дыбысы дейінгі дыбыстар мен Б - Д ішегіндегі О дыбысынан С дыбысына дейінгі аралық дыбыстары - жалғызбас дыбыстар. Сол сияқты Б -Д ішегіндегі Ф мен Қ және Ш дыбыстары және А - Дж ішегіндегі П мен (0) және Ц дыбыстары да жалғызбас дыбыстар болмақ. Нәтижеде бұл саздаудағы барлық дыбыстардың қосындысы - отыз төрт, оның сегізі екі еселенген дыбыстар /286/ (743) және жиырма алтысы жалғызбас дыбыстар /287/. Ендеше Б - Д ішегіндегі Г дыбысы мен А - Дж ішегіндегі О дыбысы, екінші ішектегі ортаңғы перненің қасындағы дыбыспен теңеседі. Б - Д ішегіндегі Ф дыбысы екінші ішектегі ортаңғы әл-фурс дыбысына жақын /288/. А - Дж ішегіндегі Ц дыбысы екінші ішектегі ортаңғы зәлзәлмен тең. (744) Б - Д ішегіндегі З дыбысы мен А - Дж ішегіндегі Е дыбысы екінші ішектің төртінші саусақ дыбысымен тең /289/ [118суретке қараңыз]:

118-сурет Б - Д ішегіндегі Ч дыбысы және А - Дж ішегіндегі В дыбысы үшінші ішектегі бос дыбысы мен екінші ішектің шынашақ дауыстарымен тең. Т мен Л дыбыстары оның сұқ саусағымен теңеседі.

(745) Б - Д ішегіндегі Р дыбысы мен А - Дж ішегіндегі Щ дыбысы үшінші ішектегі сұқ саусақ пернесінің қасындағы дыбыспен теңеседі /290/. Б - Д ішегіндегі Ш дыбысы, үшінші ішектегі ортаңғы перненің қасындағы дыбыспен теңеседі. А - Дж ішегіндегі П дыбысы үшінші ішектегі ортаңғы әл-фурс дыбысына ұқсайды /291/. К дыбысы мен Н дыбыстары үшінші ішектегі төртінші саусақпен тең. (746) А - Дж ішегіндегі Ғ дыбысы мен Б - Д ішегіндегі У дыбысы үшінші ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысымен тең /292/. Б - Д ішегіндегі О дыбысы, үшінші ішектегі шынашақ пен төртінші ішектегі бос дыбыспен тең /293/ [119-суретке қараңыз]:

119-сурет Б - Д ішегіндегі Е дыбысы, төртінші ішектегі сұқ саусақтың қасындағы дыбысымен тең. (747) Б - Д ішегіндегі (0) пернесінің дыбысы, төртінші ішектегі ортаңғы әл-фурс дыбысымен тең /295/. Б - Д ішегіндегі Щ дыбысы, төртінші ішектің ортаңғы зәлзәл дыбысына тең. М дыбысы, төртінші ішектің төртінші саусағымен тең /296/. Төртінші саусақтың шынашақ дыбысы, Б - Д ішегіндегі С мен П дыбыстарының ортасына жақын аралықтан шығады. 8 - Екілік квартаға саздау (748) Егер Б - Д ішегінің бос дыбысы А - Дж ішегіндегі В дыбысымен теңескенше тартып саздасақ /297/ [120-суретке қараңыз], онда А мен С дыбыстары екілік октаваны құрайды /298/. Демек, И дыбысы, екінші ішек сұқ саусағының дыбысымен тең /299/. (749) А - Дж ішегіндегі Е дыбысы, уд аспабының екінші ішегіндегі төртінші саусағымен тең /300/. А - Дж ішегіндегі В дыбысы, үшінші ішектің бос дыбысы және оның шынашақ дыбыстарымен тең. Ол Б дыбысының нақ өзі десе де болады /301/ [121-суретке қараңыз]. Танбурдың екі ішегін екілік кварта интервалына саздау

121-сурет

122-сурет Б - Д ішегіндегі Е дыбысы мен Л дыбысы үшінші ішектің сұқ саусағымен тең /302/. А - Дж ішегіндегі Щ дыбысы сұқ саусақ пернесінің қасындағы дыбысқа сәйкес келеді /303/. (750) Б - Д ішегіндегі Ч дыбысы үшінші ішектің ортаңғы саусақ пернесінің қасындағы дыбысқа ұқсайды /304/. Б - Д ішегінің Р дыбысы мен Н дыбысы да үшінші ішектің төртінші саусақ дыбысымен тең /305/.

А - Дж ішегінің Ғ дыбысы, үшінші ішектегі ортаңғы зәлзәл пернесінің дыбысына, ал Т дыбысы оның шынашағымен тең /306/. К дыбысы, төртінші ішектің сұқ саусағына ұқсайды /307/. Б - Д ішегінің Е дыбысы, үшінші ішектің төртінші саусақ пернесіне ұқсайды. (751) Б - Д ішегіндегі Ц дыбысы, төртінші ішектің зәлзәл дыбысына ұқсайды. Б - Д ішегінің О дыбысы, төртінші ішектегі ортаңғы перненің қасындағы дыбыспен тең. Б - Д ішегіндегі В дыбысы, төртінші ішектің шынашақ дыбысына ұқсайды /308/ [123-суретке қараңыз]:

123-сурет М дыбысы, бесінші ішектің сұқ саусағы. (752) Б - Д ішегінің П дыбысы, бесінші ішектің ортаңғы әл-фурс пернесімен тең. Б - Д ішегіндегі Ғ дыбысы, бесінші ішектің ортаңғы зәлзәл дыбысына ұқсайды. С дыбысы, бесінші ішектің төртінші саусағы. Бұл екілік октаваның тәмамдаушысы. 9 - Октава интервалына саздау (753) Егер Б дыбысын, Л дыбысына тең қылып саздайтын болсақ /309/, онда октава интервалының екі мәрте тәмамдалуы М дыбысында болады [124-суретке қараңыз]:

124-сурет Б дыбысы үшінші ішектің сұқ саусағы. З мен Н дыбыстары, үшінші ішектің төртінші саусақ дыбысымен тең /310/. (754) А - Дж ішегінің Ғ дыбысы, үшінші ішектің ортаңғы зәлзәлімен тең келеді /311/. А - Дж ішегіндегі П дыбысы, үшінші ішектің ортаңғы әл-фурс дыбысына сәйкес келеді /312/. Сол сияқты Б - Д ішегіндегі Ф дыбысы да ортаңғы әл-фурс дыбысына жақын. Б - Д ішегіндегі Ч дыбысы, үшінші ішектің шынашағы мен төртінші ішектің бос дыбысы сияқты. Т дыбысы, төртінші ішектің сұқ саусағымен тең /313/. Б-Д ішегіндегі Р дыбысы, төртінші ішектің сұқ саусақ пернесінің қасындағы дыбысқа ұқсайды /314/. (755) Б - Д ішегінің Ш дыбысы, төртінші ішектегі ортаңғы перненің қасындағы дыбысқа ұқсайды. К дыбысы болса, оның төртінші саусақ дыбысымен тең /315/. Б - Д ішегіндегі В дыбысы, төртінші ішектің ортаңғы зәлзәл дыбысына ұқсайды. Б - Д ішегінің О дыбысы болса төртінші ішектің шынашағына келеді /316/ [125-сургтке қараңыз]:

125-сурет

Б - Д ішегінің В дыбысы, бесінші ішектің сұқ саусағымен тең. (756) М дыбысы, оның төртінші саусағымен тең /317/. Бесінші ішектің шынашағы С мен П дыбыстарының ортасынан шығады. Кейбір кезде бұл аспапқа бұдан басқа да көптеген саздаулар келіп, онымен уд аспабының арасын салыстырмалы қарауға мүмкін. Егер зерттеуші біз санап көрсеткен әдістерді ұғып. алып шықса, онда ол қалаған уақытында мұны жасай алады. Біз мына сипаттап шыққан саздаулар, бұл аспапта жиі қолданылатындары. Сол сияқты мұнда пайдалынатын кіші интервалдар, екі маддалы қатты тетрахорд интервалдары екені анық.

ТЕТРАХОРД ИНТЕРВАЛДАРЫНДАҒЫ АУЫСПАЛЫ ПЕРНЕЛЕРДІҢ ТҮРЛІ ОРНАЛАСУ РЕТТІЛІГІ 1 - Толық үн интервалының тең үш бөлікке бөлінуі (757) Кейде ауыспалы пернелер біз айтқан орындардан басқа да жерлерге орналастырылады. Ондағы толық үн интервалын тең үш бөлікке бөліп, әр бөлікке перне тартады /318/ [126-суретке қараңыз]. Нәтижеде А дыбысының Г дыбысына қатынасы 27/26. Г дыбысының Ф дыбысына дейінгі шамасы 26/25. Ф дыбысынан һ дыбысына дейінгі қатынасы 25/24. Бұл шама - әрбір толық үн интервалының арасына түсетін перне дыбыстарының шамасы.

126-сурет 2 - Ортаңғы жұмсақ интервалдардың орналасуы (757) Аспапта бұдан да басқа интервалдар қолданылуы мүмкін. Ендеше жұмсақ интервалдардың екінші түрін орналастырып көрейік. Ол үшін тұрақты пернелерді орналастырамыз, сосын А мен И дыбыстарының ортасына бір пернені қоямыз [127-суретке қараңыз]:

127-сурет А дыбысынан әлгі перненің дыбысына дейін 5/6 қатынас шамасы болады. (759) Енді осы перненің дыбысы мен X дыбысына дейінгі қатынас қалады. Ол 9/10 қатынас шамасын құрайды. Әлгі перне мен X дыбысының ортасына басқа перне тартсақ. онда бұл аспапта ортаңғы тізбекті емес, пернені орнатқан боламыз [128-суретке қараңыз]:

128-сурет Енді осы екеуінің үштен бір бөлігіне, X дыбысы жағынан басқа перне тартатын болсақ, онда бұл аспапта ортаңғы тізбекті перне орнатамыз [129-суретке қараңыз]:

129-сурет

3 - Қатты қосылған ортаңғы интервалдардың орналасуы (760) Егер Б - Д ішегінің бос дыбысын 6/5 қатынас шамасында тұрған перненің ақырғы дыбысымен теңестіреміз [130-суретке қараңыз]:

130-сурет Кейін Б - Д ішегіндегі X дыбысының қайдан шығатынын көріп, (761) сол жерден пернені тартамыз. Бұл перне 9/10 шамасының ақырында тұрады /319/. Егер Б - Д ішегінің бос дыбысы мен 9/10 шамасында орналасқан перненің ақырғы дыбысының араларын теңестіріп, З дыбысының А - Дж ішегіндегі һ мен X дыбыстарының қандай жерінен шығатынын қарап, сол орыннан тағы да перне тартамыз /320/ [131-суретке қараңыз]. Расында бұл перне һ - З пернесінен 9/10 қатынасы шамасының ақырында тұр. Олай болса А дыбысының һ дыбысына қатынасы 8/9 шамасы болмақ. (762) дыбысының бұл пернеге болатын қатынасы – 9/10. Осы пернедегі дыбыстың Х дыбысына қатынасы 15/16 шамасы. Демек,біз бұл аспапта қосылған ортаңғы саздауды келтірдік [131-суретке қараңыз]:

131-сурет

132-сурет Егер осы және орналастырып көрсеткен тетрахорд түрлерінде пернелерді тарту жолын қолданатын болсақ, А мен H дыбыстарының арасына қатты екі маддалы тетраход түрінде орнатқанымыз сияқты көптеген пернелерді орналастыруымыз мүмкін. 4 - Әлсіз жұмсақ интервалдардың орналасуы А дыбысының соңғы пернеге арақашықтығы 4/5 шамасы екені анық. Осы ақырғы перне мен Х – Т пернесінің ортасына басқа перне тартар болсақ, онда бұл аспапта бос, тізбекті емес татрахорд түрін пайдаланған болар едік [133-суретке қараңыз]:

133-сурет X - Т пернесі мен 4/5 шамасындағы перненің үштен бір бөлігіне басқа пернені тартсақ, онда (764) бұл аспапта бос тізбекті тетрахорд түрін орналастырған боламыз [134-суретке қараңыз]:

134-сурет 5 - Үшінші екі еселенген интервалдардың орналасуы Б - Д ішегінің бос дыбысын 9/10 шамасындағы перненің дыбысымен теңестіріп, Б - Д ішегіндегі бұл дыбыстың (765), А - Дж ішегінің қандай орнынан шығатынын көреміз. Осы жерден пернені тарту керек. Бұл перне үшінші екі еселенген интервалдарының атырапында орналасады [135-суретке қараңыз]:

Үшінші екі еселенген тетрахорд
интервалдарының орналасу тәртібі

135-сурет 6 - Әлсіз екі еселенген интервалдардың орналасуы Егер А мен X пернелерінің ортасынан бір перне тартсақ, онда бұл перне А дыбысынан санаған уақытта 6/7 шамасында тұрады /321/. Ал егер Б - Д ішегінің бос дыбысын осы перненің дыбысымен теңестіріп саздап /322/, (766) кейін Б - Д ішегіндегі бұл дыбыстың А - Дж ішегінің қандай орнынан шығатынын білеміз. Сосын осы орынға перне тартамыз, Бұл перне бірінші екі еселенген тетрахордының пернесі болмақ [136суретке қараңыз]: Әлсіз екі еселенген интервалдардың орналасу реттілігі

136-сурет 7 - Үшінші жұмсақ интервалдарының орналасуы Егер осы саздауды өз қалпында қалдырып, кейін X дыбысының (767) Б - Д ішегінің қандай орнынан шығатынын байқап, сол жерден перне тартамыз. Бұл перне А дыбысынан 6/7 шамасының ақырында орналасады. Сол сияқты егер 6/7 шамасындағы перне мен X - Т пернесінің ортасынан тағы перне тартсақ [137суретке қараңыз], онда үшінші тізбексіз тетрахордының пернелері туады [138-суретке қараңыз].

137-сурет Егер оны мен X - Т пернелерінің арасындағы үштен бір аралығында тағы бір пернені қоятын болсақ, (768) онда бұл пернелер, үшінші тізбекті емес тетрахорд интервалдарына айналады [139суретке қараңыз]. Біз бұл аспапта осы жолмен басқа да тетрахорд интервалдарын орналастыра аламыз. Егер біз бағдаттық танбурды осымен салыстырғымыз келсе, онда А мен 7/8 аралығындағы перненің арасын тең бес бөлікке бөлуіміз керек /323/. (Үшінші) күшті тізбекті емес жұмсақ тетрахорд интервалдарының орналасу реттілігі

138-сурет
Үшінші тізбекті жұмсақ тетрахорд
интервалдарының орналасу реттілігі

139-сурет

Мұнан соң А дыбысының тарапынан санағандағы екінші бөліктің ақырына перне тартамыз. Әрі қарай жоғарыда айтқан әдісті қолданамыз. Нәтижеде бұл аспапта пернелердің өзара арақашықтығы тең немесе артық келетін бағдаттық танбурдың пернесі туады. 8 - Күшті қосылған тетрахорд интервалдарының орналасуы (769) Егер аспап мойнының жоғарғы жағынан төменге қарай 9/10 шамасында перне тартып, сосын айтқанымыз сияқты ол орынның 5/6 шамасын белгілейміз [140-суретке қараңыз]:

140-сурет Мұнан соң әлгі 5/6 шамасындағы перне ман А дыбысының ортасынан тағы бір перне тартамыз /324/ [141-суретке қараңыз]:

141-сурет Енді Б - Д ішегін тарту арқылы (770) оның дыбысын ақырғы перненің дыбысымен теңестіреміз. Сосын X дыбысының Б - Д ішегінің қандай орнынан шығатынын көреміз [142-суретке қараңыз]:

142-сурет Сол жерге перне қоямыз. Бұл перне мен X - Т пернесі 11/12 шамасының екі шетінде орналасады. (771) 9/10 шамасындағы перне мен осы перненің арасында 10/11 шамадағы перне қалады. Осы кезде бұл аспапта орналасқан тетрахорд түрі - үшінші қосылған [143-суретке қараңыз]: Үшінші күшті қосылған тетрахорд интервалдарының орналасу реттілігі

143-сурет Олай болса біз бұл аспапта көздеген өз мақсатымызға жеттік. Осы жағдай танбурларға қатысты сөзіміздің ақыры болмақ. ***

3 - МИЗМАР Мизмардағы /325/ дыбыстардың төмен және жоғарылығының себептері Қазір әңгіме мизмар және осы аспаптың түріне жататын біртекті аспаптар жайында болмақ. Олардың біртектілері жетерлік. Бұл аспаптардың тек ұзын және қысқа көлемі жағынан болған айырмашылығын айтпағанда, олардың негізгі құрылымы бір-біріне ұқсайды. Сондықтан да олардың барлығына ортақ дүниемен бастап, сосын осы аспаптардың кейбіріне ғана тән жайттарына тоқталуды жөн көрдік. (772) Себебі, осы арқылы қалған біртекті аспаптардың жағдайын түсінуге болады. Сондай-ақ, адам өзі аспаптың басқа түріне көшуді қалаған кезінде, оған бұлай жасау біз түсіндірген әдіс бойынша жеңілге соғады, Сөйтіп мен былай деймін: Расында бұл аспаптардағы дыбыстар, аспаптағы ауаның жинақталатын ойықшалары мен оның сыртқа шығуы үшін арналған тесікшелері арқылы өзгеріп отырады. Аспаптағы дыбыстың жоғары немесе төмен болуы, қысыммен келген ауаға сыртқа шығаратын ауа тесікшелерінің жақын немесе алшақ орналасуына да байланысты. Өйткені аспапты ойнаушының аузынан шыққан ауа қысымының күшімен әуеліде қатты әрі жылдам жүріп отырады. Сондықтан да бұл ауадан шыққан дыбыс жоғары болып, ол ауаны үрлеушіден қашықтаған сайын ауа қысымының әлсізденгені сияқты, шыққан дыбысы да төмендей түседі. (773) Сол сияқты дыбыстың жоғары және төмен болуына, ауа жүретін жолдың тар және кең болуы да ықпал етеді. Ауа жүретін жол тар болса, ауа бөліктерінің бір-бірімен қосылуы берік әрі ауаның соқтығысымен туылған серпіліс те күшті болмақ, нәтижеде бұдан туындаған дыбыс та жоғары. Ал енді ауаның жүретін жолы кең болған жағдайда, ауа еркін жүріп, оның бөлшектері жан-жаққа ыдырап қысым әлсіз болады. Осының салдарынан бұдан шыққан дыбыс та төмен. Сондай-ақ, аспаптан шыққан дыбыстың жоғары немесе төмен болуына ауаны сыртқа шығаратын тесіктердің тарлығы мен үлкендігі де әсер етеді. Мұның себебі, жоғарыда айтылған ауа жолының тар немесе кеңдігіне байланысты болғаны сияқты. Дыбыстың жоғары немесе төмен шығуының келесі себебі, ауаны аспап ішіндегі бостыққа немесе ауаны сыртқа шығаратын ойықшаларға итерген қуаттың әлсіз немесе күшті болуына да байланысты. Егер ауаны итеретін күш әлсіз болса, ауаның қозғалысы да баяу болады. Ал бұл күштің қуатты болуы, ауа әрекетін жылдамдата түседі. Ауаның қозғалысы үдеген шақта оның бөліктері де күшті бірігіп, жоғары дыбыс туады. Ауа қозғалысы баяу болса, оның бөліктері бір-бірімен бірігуде күшті болмай, одан туындаған дыбыс та әлсіз шығады. (774) Аспаптың ішіндегі ауа жолында қысым арқылы ауа бірбіріне және ойық шеттеріне соқтықпайтын болса, онда оның дауысы естілмейді. Бұл құбылыс арақашықтыққа байланысты, яғни екі орта ұзақ болып, итеруші күш әлсірейді. Сөйтіп ауаның соқтығыс күші төмендеп, ақырында дыбыс мүлдем жоғалады. Сол сияқты дыбыстың шықпауы ауаны сыртқа шығаратын тесікшенің үлкендігіне және ауаны итеруші күштің әлсіздігіне де байланысты. Бұл аспаптардағы ең төменгі дыбыстар, ауаның өзара және аспап ойықтарына ең әлсіз соққы жасап, сыртқа шыққан ауадан туындаған дыбыстар. Ал енді ең жоғарғы дыбыстар, ең күшті соққыларды қамтыған үрленген ауадан туындаған дыбыстар.

Ауаны сыртқа шығаратын ойықшалар түзу ['алә әл-истиқимати] немесе иілмелі ['алә әл-ин'итоф] болып келеді. Түзу дегеніміз - аспапқа ауа кіретін, аспап ауызына қарсы бағыттағы ойықша. Ал иілмелі ойықша - ауа түзу ойықшаға жетемін дегенше жол-жөнекей аспаптың шетінде орналасқан ойықшалардан шығып таусылады. Осылар иілмелі ойықшалар деп аталады. Бұлар мизмардың шет-шетінде орналасады.

МИЗМАРДЫҢ АУҚЫМДЫҒЫ МЕН ҰЗЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ ИІЛМЕ ПІШІШНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ШЫҒУЫ (775) Аспаптағы дыбыстың төмен болу себебі, оның ауаны итеруші күштен алшақ орналасқандығына байланысты. Алшақтығы осы дыбыстың алшақтығымен салыстырғанда, ауаны итеруші күштен оның жарты арақашықтығында тұрған дыбыстың төмендігі әуелгі дыбыстың төмендігінен жарты есе қысқа. Сол сияқты ең алшақ дыбыстан, ауаны итеретін күштің тарапына жақындаған дыбыс та белгілі шамада жақындай түседі. Расында төмен дыбыстың жоғары дыбысқа қатынасы, екі интервалдың, бір-бірімен қатынасы сияқты. Дыбыстың төмен шығу себебі ауа жүретін жолдың кең болуына байланысты болса, онда ауа жолының әртүрлілігі аспап дыбыстарының да әртүрлі болуын міндеттейді. Егер аспап дыбысының төмен болуы, ауаны шығаратын ойық иілімдерінің әртүрлі болуына қатысты болса, онда дыбыстардың да мөлшері әртүрлі келеді. Дыбыстардың қатынасы, осы ойықтардың қатынастарына тең болады. Кейбір кезде ішекті аспаптардағы сияқты қатынастар кішірейіп бір-біріне жақындайды. Тіпті бір транспозициядан әртүрлі дыбыстар естілуі де мүмкін. (776) Егер көптеген мизмарларды алып, олардағы ауа жүретін бостық кеңістіктерінің бағыты мен тегістігін тең, бірақ ұзындық мөлшерін әртүрлі қылып, сосын тең күшпен үрлейтін болсақ, онда олардан шыққан дыбыстардың қатынасын, аспаптардың ұзындығымен сәйкес келетінін көресіз [144суретке қараңыз]:

144-сурет Сол сияқты егер мизмарларды бір ортаға жинап, кейін олардың өзара ұзындығын, ауа жүретін бостықтың тегістігін тең қылып бірақ, ауаны сыртқа шығаратын түзу ойықшаның ['алә әлистиқимати] көлемін әртүрлі етіп, сосын бір күшпен үрлеп көрсек, онда ауаны сыртқа шығаратын түзу ойықшалардың қатынастарына толық (777) сәйкес келетін дыбыстар естіледі [145-суретке қараңыз]:

145-сурет Сондай-ақ егер ауаны сыртқа шығаратын иілген ойықшаларының көлемі әртүрлі, бірақ ауа жүретін бостық пен тегістігі және ауа үрленетін күштен арақашықтықтары тең тұрған мизмарларды алып тең күшпен үрлейтін болса, онда бұл жағдайда да қатынасымен тең келетін дыбыстар естіледі [146-суретке қараңыз]:

146-сурет (778) Бір мизмарды алып, оның бойына бір сызық бойында тұрған бірнеше иілме ойықшалар жасаймыз. Сөйтіп, аспаптың ақырындағы ең төменгі дыбыс шығатын ойықшадан бастап, белгілі аралықты ұстанған бойда ауаны үрлейтін ойықшаға қарай ауамыз. Ойықшалардың арасындағы қатынасы да, аралық интервалдары сияқты белгілі шамада болады. Нәтижеде аспаптан осы қатынастарға сәйкес келетін дыбыстар естіледі [147-суретке қараңыз]: 147-сурет

КҮРДЕЛІ ЖҰПТЫ МИЗМАРЛАРДЫ ҚОЛДАНУ Бұл мизмарлардың барлығын күрделі пішінде қолдануға болады, сондай-ақ ауаның қозғалуы үшін олардың жанынан белгілі шамада арнайы ойықшалар жасап, аспаптарды бір-біріне қосу мүмкіндігі де (779) жоқ емес. Мұнан соң ортадағы ауа үрленетін арнайы құралға ауа жіберіледі. Ауа ол арқылы жүріп отырып, екі тарапқа тең бөлінеді де сол жақтағы иілме ойықшалардан сыртқа шығады [148-суретке қараңыз]. Осы сияқты иілме ойықшасы бар кернейге басқа кернейді қосып, оған тағы үшінші кернейді қосуыңа болады. Ақырында бұлардан көптеген дыбыстар шығады. Сондай-ақ, мизмардың осындай түрінен әртүрлі тарапқа бағытталған мизмарларды жасауға болады. Үрленген ауа әрбір иілме ойықшасына арнайы жасалынған түзу жолмен барып жанжаққа бөлініп кетеді.

148-сурет Ауаның біраз мөлшері аспаптың үрмелі ауызына ең жақын (780) ойықшадан шығып, қалған мөлшері басқа иілмелі ойықшаларға тарап кетеді. Қарапайым мизмардың да жағдайы осы сияқты. Иілме ойықшаларға тарап кеткен ауа бөліктерінің шамасын үнемі тұрақтандыру өте қиын. Сондықтан да бұл ойықшалардан шыққан дыбыстардың қатынасы, бастапқы үрмелі ойықшаның арадағы қатынас интервалымен сәйкес келе бермейді. Әдетте біздегі қалыптасқан дәстүр бойынша мизмардағы ойықшалар бір сызықтың бойына түседі немесе осыған ұқсас үлгіде жасалады. Бұларды біздің суреттеген мысалымызда, яғни дыбыстардың шығатын орнын шектеген үлгі бойынша жасау және қолдану оңай емес. Алайда бұл аспаптың иелері бұларды, дыбыстардың шығатын орнын алдын ала белгіленіп жасалатын басқа аспаптармен шамалайды.

АНАҒҰРЛЫМ КЕҢІНЕН ТАРАҒАН МИЗМАР ЖӘНЕ ОНЫҢ УД ДЫБЫСТАРЫМЕН СӘЙКЕСТІГІ Енді мизмарлардың арасынан біз осы кітабымызды жазған шаһарымызда анағұрлым кеңінен тараған мизмар түріне кешіп, былай деймін: (781) Расында бұл жерде жалғызбасты, ойықшалары бір сызықтың бойына түскен мизмардың түрі кеңінен таралған. Аспаптың ақырында, яғни ауа үрлейтін аспаптың аузына қарсы тарапта ауа сыртқа шығатын ойықша түскен. Кейін аспаптың жоғарғы жағына, бір сызық бойында тең көлемді, иілмелі жеті ойықша жасалады. Мұнан соң аспаптың төменгі тарапына, яғни ойықшаларға қарама-қарсы жақтан тағы бір ойықша түседі. Аспаптың үрлейтін басы мен оның ақырындағы ойықшаның ортасында келесі ойықша жасалады. Нәтижеде ойықшалардың жалпы саны, онға жетеді. Бұлардың әуелгісі, аспаптың үрлейтін аузына қарсы тұрған ойықша. Бұл А әрпімен белгіленеді. Келесі ойықша, аспаптың төменінде А - ойықшасына жақын тұрғаны. Бұл Б әрпін иеленеді. Мұнан соң бұл ойықшаға қарама-қарсы түскен иілмелі ойықша -Дж, сосын Д мен З, X және Т ойықшалары келеді. Бұлардан кейін аспаптың төменгі тарапындағы, яғни аспаптың үрлейтін ауызы мен оған қарсы тұрған ойықшаның ортасындағы - К ойықшасы. Сосын оған қарсы тараптағы К ойықшасы [149суретке қараңыз]:

149-сурет Бұл аспаптың иелері дыбыстардың орындарын біз жоғарыда түсіндірген әдіспен белгілемеген. (782) Сондықтан да бұдан естілген дыбыстардың әрбіріне тоқталып өту қиын, бірақ әрбір ойықшадан шыққан дыбысты тыңдап, уд аспабының пернелеріндегі дыбыстармен шамалап көретін болсақ, онда А - ойықшасынан шыққан дыбыстың уд аспабындағы бос дыбысқа ұқсайтынын естисіз [150суретке қараңыз]. (783) И - ойықшасынан естілген дыбыс, уд аспабындағы екінші ішектің сұқ саусақтың жоғарғы дыбысына ұқсайды. Егер А - дыбысының транспозициясын, әл-бамм ішегінің бос дыбыс транспозициясы деп шартты түрде алатын болсақ, онда Дж - дыбысы, әл-бамм ішегінің сұқ саусағына ұқсайды. Д дыбысы - әл-бамм ішегінің ортаңғы зәлзәл дыбысы. һ дыбысы - екінші ішектің бос дыбысы. З дыбысы - екінші ішектің сұқ саусағы. X дыбысы - екінші ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысы. Т - дыбысы, үшінші ішектің бос дыбыс әрі екінші ішектің шынашағы. И дыбысы - үшінші ішектегі сұқ саусақ. К дыбысы - үшінші ішектегі муджанниб әс-саббаба. Ал Б дыбысы - әл-бамм ішегінің сұқ саусағының үстінде жарты үн немесе екі қалдық интервал шамасында жақын тұрған дыбыс болмақ.

150-сурет Бұл елде кеңінен тараған мизмарлардың көбісінде осы аталмыш дыбыстар ойналады. Бұлар уд аспабындағы дыбыстармен салыстырмалы түрде көрсетілді, демек олардың қатынас шамалары мен құрылым интервалдары дәл сол дыбыстардың қатынасы мен интервалдары десе де болады. Кеңінен танымал мизмарлардың басым көпшілігінде һ - дыбысы, әл-бамм ішегінің төртінші саусағы. З дыбысы - екінші ішектің бос дыбысы. X дыбысы - екінші ішектің сұқ саусағы. Т дыбысы - екінші ішектің шынашағы мен үшінші ішектің бос дыбысы. (784) И дыбысы - үшінші ішектің сұқ саусағы. Сол сияқты ол мизмарлардың біразында Д дыбысы - әл-бамм ішегінің төртінші саусағына ұқсайды. һ дыбысы - әл-бамм ішегінің шынашағы. З дыбысы - екінші ішектің сұқ саусағы. X дыбысы - екінші ішектің төртінші саусағы. Т дыбысы - үшінші ішектің бос дыбысы. Осы аспаптарды қолданушылардың арасында қалыптасқан әдет бойынша уд аспабындағы сияқты ортаңғы мен төртінші саусақ дыбыстарын қолданбайды, тек оқта-текте ғана пайдаланғандары болмаса. Сондықтан да мизмарда уд аспабындағы сияқты ортаңғы дыбыс шығаратын иілме ойықшалары жасалған жағдайда, төртінші саусақ дыбыстарын шығаратын ойықшалары жасалмайды. Бұл мизмарлардың дыбыстарын көп жағдайда уд аспабындағы (785) екінші ішек және үшінші ішек пен төртінші ішектің сұқ саусағына дейінгі дыбыстармен ұқсатуға болады [151-суретке қараңыз]:

151-сурет Яки болмаса мизмардың бұл дыбыстарын, уд аспабындағы аталмыш ішектердің дыбыстары үшін жуан немесе жоғарғы дыбыстыларына ұқсатуға болады. Расында А дыбысын транспозиция немесе потенция арқылы уд аспабындағы екінші ішектің бос дыбысымен теңестіреді. Мұнан соң теңестіру кезегі, төртінші ішектің сұқ саусағына дейінгі дыбыстар реттілігімен жалғаса береді. Егер мизмардың иілме Б ойықшасы ашық тұрып, ауаның А ойықшасынан шыққан кезіндегі дыбыс, екінші ішектің немесе әл-бамм ішегінің бос дыбыстарына ұқсайды. Ал енді осы дыбыс естіліп, бірақ Б ойықшасы жабық тұрса, онда А ойықшасының дыбысы, екінші ішектің бос дыбысынан біршама мөлшерде, яғни екі қалдық немесе жарты үн сияқты, т.б. интервал көлемінде жуан естіледі. Егер А ойықшасының дыбысы, екінші ішектің бос дыбысымен теңестіріліп, ал иілме Б ойықшасы бітеу тұрса, онда көптеген мизмарлардың А ойықшасындағы дыбысы, әл-бамм ішегінің ортаңғы зәлзәл дыбысымен теңесер еді.

Бұл жағдайдан мынадай нәрсе анықталды: егер иілме Б ойықшасынан шығатын ауа, тура А ойықшасына бағытталған жағдайда қосынды ауаның қозғалысы баяулайды, Оның қозғалысы Б мен А ойықшаларынан шығатын ауа мөлшерінің қосындысы шамасында төмендейді. (786) Иілме Б ойықшаны тек сирек жағдайларда болмаса, мизмардан шығатын әуендер үшін қолданылмайды. Бұл иілме ойықшаны, ауаны тура А ойықшасынан қажетінше шығару арқылы И ойықшасының жуан дыбысын шығару мақсатында да пайдаланатыны анық. Сондай-ақ, бұл ойықшаны, тура А ойықшасынан талап қылынған ауа мөлшерін шығарған уақытта артығын шығарып тастап отыру үшін қолданылады, яғни ыдыс мөлшерінен асқан суды төгіп тастайтын құрал сияқты, бұл ойықша да қажеттен тыс ауа мөлшерін аспаптың сыртына шығарып отырады. (787) Егер иілген Б ойықшасын жауып /326/, ауаны тура А ойықшасынан жинайтын болса, онда А ойықшасы дыбысының транспозициясы, әдеттегі болуы қажет транспозициядан жоғары болады. Сондықтан да егер К дыбысы И дыбысынан қалдық немесе екі қалдық, яки болмаса жарты үн интервал шамасы транспозициясындай ауыр болса, онда К дыбысының ауыр дыбысы, Б ойықшасы жартылай жабылып, ауа А ойықшасына бағытталған кезбен теңеседі /327/. Алайда көптеген мизмарларда иілген Б ойықшасы жоқ, А ойықшасының дыбысы ауырлық жағынан шектен аспағандықтан И ойықшасының дыбысы иілме Б ойықшасын қажет етпейді.

СЫРНАЙ Сырнай атымен танылған аспапқа келер болсақ, бұл аспап та мизмардың бір түріне жатады /328/. Бұл аспаптың дыбысы (788) транспозициясы жағынан басқа аспаптарға қарағанда жоғары. Сырнай қолданушылардың арасында қалыптасқан дәстүр бойынша аспапта сегіз иілмелі ойықша жасалады [152-суретке қараңыз]:

152-сурет Ауызға алып, аспапқа ауа үрлегіш құралға /329/ [әш-ша'ира] ең жақын ойықша А әрпімен белгіленеді. Мұнан кейін, бір сызықтың бойымен тізбектелген бойда Б, Дж, Д, һ, З және һ мен Т дыбыстары түседі. Бұл аспаптағы тура ойықшада И дыбысы тұрады. А мен Б ойықшасының ортасында жоғарыдағы әріптерге қарама-қарсы тарапта иілген К ойықшасы тұрады. Тізбекті сегіз дыбыстың ақырғы Т дыбысы болса, осы әріптен төмен, аспапты үрлеушінің оң жағында М ойықшасы орналасады. Ал енді М мен И әріптерінің ортасында, И әрпіне қарама-қарсы тарапта Н әрпі тұрады. Осылайша аспаптағы ойықшалардың саны - он екіге жетеді.

СЫРНАЙ МЕН УД ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ПОТЕНЦИЯЛЫҚ ТЕҢДІГІ Бұл аспаптың транспозициясы басқалармен салыстырғанда жоғары болғандықтан оның дыбыстарын өзге (789) дыбыстардың транспозицияларымен теңестіру оңай шаруа емес. Бірақ, осы дыбыстар мен уд аспабындағы дыбыстардың потенцияларын теңестіріп көрсек, онда бірқатар дыбыстар төңірегінде тоқтап өтуге мүмкіндік бар. Олай болса, Д дыбысын потенция жағынан үшінші ішектің бос дыбысымен теңестіреміз. Сонда Дж ойықшасының дыбыс потенциясы, үшінші ішектің сұқ саусағына тең келеді /330/. Көп мизмарда Б ойықшасының дыбысы, үшінші ішектегі ортаңғы саусақ дыбысымен теңеседі /331/, ал кейбірінде ол үшінші ішектің төртінші саусағымен тең /332/. (890) К ойықшасының дыбысы, төртінші ішектің бос дыбысы. А ойықшасының дыбысы, төртінші ішектің сұқ саусақ дыбысымен тең. Мизмардың басым бөлігіндегі һ ойықшасының дыбысы, екінші ішектің ортаңғы дыбысына ұқсайды, ал бірқатарындағы һ ойықшасының дыбысы екінші ішектің төртінші саусағына ұқсайды. З ойықшасының дыбысы, екінші ішектегі сұқ саусағымен тең /333/. (791) X ойықшасының дыбысы, уд аспабындағы екінші ішектің бос дыбысы. Мизмардың басым бөлігіндегі Т ойықшасының дыбысы, әл-бамм ішегінің ортаңғы саусақ дыбысына ұқсайды. (792) М ойықшасының дыбысы, уд аспабындағы әл-бамм ішегінің сұқ саусағы /334/. Н ойықшасының дыбысы, әл-бамм ішегінің бос дыбысымен тең. Ал енді И ойықшасының дыбысына келсек, мұның потенциясын уд аспабындағы пернелерден таба алмаймыз. Егер біз мұның жоғарғы дыбысын талап ететін болсақ /335/, онда оны төртінші ішек шынашақ саусағынан толық үн мен қалдық интервал шамасында табамыз /336/. (793) И ойықшасының дыбысы, әл-бамм ішегінің бос дыбысынан жуан дыбыстың жоғарғысы болып, ал И ойықшасының жоғарғы дыбысы төртінші ішектің шынашақ дыбысынан дәл осы мөлшер шамасында төмен болса /337/, онда бұл дыбыс, әл-бамм ішегінің бос дыбысынан жуан дыбыс үшін жоғары бола алмайды /338/. Төртінші ішектің шынашағынан төмен дыбыстың "шухаджын" талап қылар болсақ, оны үшінші ішектің бос дыбысынан қалдық интервал шамасының төменнен табамыз. Сондықтан И дыбысы қойылды /339/. (794) Бұл әл-бамм ішегінің бос дыбыс "сияхынан", толық үннің қалдық интервалынан артық болғаны сияқты мөлшерде жуан екені көрініп тұр. Демек, сырнайдағы И ойықшасының дыбысы, потенция жағынан әл-бамм ішегінің бос дыбысынан, қалдық интервалынан артық болған мадда шамасындай жуан. Сырнайды үрлеушінің сол тарапында орналасқан ойықша уд аспабында кездеспейтін сияқты, бірақ И ойықшасының дыбыс потенциясы, әл-бамм дыбысының потенциясына сәйкес келеді.

ЖҰПТЫ МИЗМАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ УД ДЫБЫСЫМЕН СӘЙКЕСТІГІ (795) Көптеген адамдар жұпты мизмар пайдаланады, яғни бір мизмарды екіншісімен қосып алады. Бұлар "екілік мизмар" [әл-мизмар әл-мусанна], "жұпты мизмар" [әл-мизмар әл-музауадж] және "екі дунай" [әд-дунай] есімдерімен танымал. Алайда олар бұл елде әуелгі мизмар сияқты кеңінен тарамаған. Енді мизмардың осы түрінен бастаймыз. Ол үшін оның екі түрлі пішінін саламыз: біріншісі, аспаптың ауа үрлейтін тарапын бір-біріне қосып, ал төменгі жағын айырамыз, Бірақ бұл екі мизмар да бір-бірімен тең пішінде болмақ. Екі мизмардың бірін А әрпімен, екіншісінің шетін Б әріптерімен белгілейміз. Қалыптасқан әдет бойынша А әрпімен белгіленген мизмарда бес ойықша болса, В әрпімен белгіленген мизмардағы ойықшалардың саны төртеу. (796) Әуелгі А әрпінің қасынан Дж әрпі түседі, кейін тізбектелген бойда Д, һ, З, X әріптері келеді. Б мизмарындағы иілген ойықшалардың ең жоғарғысы да осы Б әрпі, оның жоғарысынан Т дыбысы келеді. Осы В мен Т дыбыстарының ортасына И, К, Л түседі [366 және 367-суреттерге қараңыз]: Осы екі мизмардағы Б мен X дыбыстары октава интервалын құрайды. Демек Б дыбысының транспозициясын екінші ішек бос дыбысының транспозициясымен тең қылсақ немесе екінші ішек бос дыбысының потенциясы етсек, онда X дыбысы, төртінші ішектің сұқ саусағы болады.

153-сурет

154-сурет Егер Б дыбысын әл-бамм ішегінің бос дыбысымен теңелтсек, X дыбысы, үшінші ішектің сұқ саусағында тұрады. Қорыта айтқанда, Б дыбысымен қандай аспаптағы бол сын дыбысты потенция немесе транспозиция жағынан теңелтетін болсақ, X дыбысы, сол аспаптағы дыбыстың "сияхына" тең келеді. (797) Егер Б дыбысының транспозициясын екінші ішек бос дыбысының транспозициясымен теңелтсек, Л дыбысы, екінші ішектің сұқ саусағымен түседі. К дыбысы - екінші ішектегі ортаңғы әл-фурс дыбысы /340/. Дж дыбысы - шынашақ пен үшінші ішектің бос дыбысы. Д дыбысы - үшінші ішектің сұқ саусағы. һ дыбысы - үшінші ішектің ортаңғы әл-фурс дыбысы /341/. З дыбысы - үшінші ішектің шынашағы. X дыбысы, төртінші ішектің сұқ саусағы. (798) Ал енді Т дыбысын, қалыптасқан әдет бойынша һ дыбысымен теңестіреді. И дыбысы Д дыбысына келеді. Әдетте А дыбысы қолданылмайды, бірақ бұл дыбыс Б дыбысынан толық үн интервалының шамасындай ауыр [155-суретке қараңыз]:

155-сурет Егер Б дыбысын, екінші ішектің бос дыбысымен теңестірсек (799), онда А дыбысының әл-бамм ішегінің сұқ саусағынан қалдық интервалынан артық шамада төмен екенін көреміз. А - Дж интервалы квинтаға айналады /342/. Сонда А дыбысы, З дыбысының "шухаджы" болады. Уд аспабында айтылған және дәлелденген сөз осы дыбыстардың қатынастары екені анық. Осы түрге жататын мизмарлардың арасында дыбыстары бұл реттікке жатпайтын және уд аспабындағы пернелермен сәйкес келмейтін мизмарлар да бар. Алайда олардың дыбыстары пернелердің арасына түседі. Расында да К дыбысы, олардың кейбірінде квинта интервалы қатынасындағы З дыбысына сәйкес келеді. Ал З дыбысы болса - төртінші ішектің немесе үшінші ішектің бос дыбысы. Демек, К дыбысы, (800) екінші ішектегі немесе әл-бамм ішегіндегі ортаңғы саусақ пернесінің қасындағы дыбысқа сәйкес болуы тиіс. Осымен мизмарларға қатысты айтқан сөзімізді аяқтаймыз.

4 - РАБАБ АСПАБЫ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ОРНЫ Ендігі сөзіміз рабаб жайында болады /343/. Бұл аспап та дыбыстары ішек бөліктерінен шығатын аспаптың түріне жатады [156-суретке қараңыз]. (801) Кейде аспаптың бір ішегі ғана қолданылса, енді бір кезде бірдей екі жуан ішек тең қолданылуы мүмкін.

156-сурет Сол сияқты екі ішек екі түрлі жуандықта қолданыла береді. Бұл қалыптағы ең жуан ішегінің жағдайы, уд аспабындағы екінші ішектің жағдайына ұқсайды. Ал жіңішке ішегінің күй-жағдайы, уд аспабының үшінші ішегінің жағдайына келеді. Көп жағдайда рабабта төрт ішек пайдаланылады. Олардың екеуі жуандығы жағынан уд аспабының екі үшінші ішектері сияқты. Қалған екеуі жуандығы жағынан, уд аспабының екі екінші ішектеріне жақын. Кейбір кезде бір екінші ішек пен екі үшінші ішектері пайдаланылады. Ол екеуінің арасын салыстырған уақытта ең дұрысы, бірбірін аша түсетін дыбыстарды қолданған жөн. Аспаптың төменгі ұшында танбурдағы сияқты ішектерді түйіндеп қоятын құрылғысы бар. Кейін бұл аспаптың ішектерінің тартылуы, тиегі мен аспап мойны, құлақтарының орналасуы сол баяғы қорасандық танбурға ұқсайды. Рабаб ойнаушылар, дыбыстарды шығарған уақытта олардың шектелген орындары мен пернелер арқылы шығармайды. Керісінше олар дыбыстарды өз араларында қолданып, есту арқылы қалыптасқан орындардан шығарады. Алайда сол орындарға саусақтарын қояды. (802) Осы орындардың әуелгісі, сұқ саусақ дыбысы. Оның орны аспап мойнының басы мен тиектің 8/9 шамасы /344/. Екінші орын, ортаңғы саусақ орны. Ол аспап мойынының басы мен тиектің 5/6 шамасы /345/. Үшінші орын, төртінші саусақ мекені. Ол сұқ саусақ пен тиектің 64/81 шамасында/346/. Төртінші орын, шынашақ саусақтың мекені. Ол төртінші саусақ пен тиектің 32/45 шамасында. (803) Сөйтіп, рабабтың екінші ішегінде А мен Б әріптері, үшінші ішегінде Дж мен Д әріптері. Екі ішектің сұқ саусақтарында һ мен З әріптері тұрады. Сол сияқты бұл екеуінің ортаңғы саусағында X мен Т әріптері, төртінші саусақ орнында К мен Л дыбыстары және шынашақ саусақтың орнына М мен Н әріптері орналасады [157-суретке қараңыз]:

157-сурет А - Һ интервалы 8/9 қатынас шамасында, толық үн. А - X интервалы 5/6 қатынасы шамасында. Һ - К интервалы, толық үн. К - М интервалы 9/10 қатынасы шамасында. Һ - М интервалы 4/5 қатынас шамасында. (804) Егер А - Һ интервалын, А - X интервалынан айыратын болсақ, 15/16 шамасындағы һ - Һ интервалы қалады.

Ал енді осы интервалды һ - К интервалынан ажыратамыз, онда 128/135 шамасында X - К интервалы қалады /347/. Демек X - М интервалы 198/1152 шамасы болмақ/348/. (805) Һ - М интервалы, біз әлсіз жұмсақ тетрахорд түрінде "муқаддим" ден атаған интервал /349/. А - X интервалы, ортаңғы жұмсақ тетрахорд түріндегі "муқаддим" тәртібі бойынша қойылған интервал /350/. һ - К және К - М интервалдары күшті қосылған орташа тетрахорд түріндегі "муқаддим" және "тәли" интервалдарына жатады. А - М интервалы, квинта интервалына толықтай жетіп, кварта интервалынан үлкен екені анық. Егер А дыбысының екі тарапындағы ең ауырын алып тастасақ, онда оның ең жоғарғы тарапы, К мен М дыбыстарының ортасына жақын маңда тұрады /351/ [158-суретке қараңыз]: (806) А мен һ және һ мен К интервалдары, күшті ортаңғы екі еселенген тетрахорд және күшті екі маддалы тетрахорд түрлеріндегі "мукаддим" мен "тәли" интервалдары.

158-сурет Бұл аспаптың түрлі тетрахорд құрамдарына жататын көптеген кіші интервалдарды қамтығаны белгілі болды. Олар: Жұмсақ тетрахордтағы "муқаддим" интервалы, бұл һ - М. Жұмсақ ортаңғы техрахордтағы "муқаддим"' интервалы, бұл А - X аралығы. Қатты екі маддалы тетрахордтағы "муқаддим" мен "тәли" интервалдары, бұлар А - һ және һ - К аралықтары. Қосылған ортаңғы тетрахордтағы "муқаддим" мен "тәли" интервалдары, бұлар һ - К және К - М аралықтары. Демек, бұл аспапта жиі қолданылатын интервалдар, осы аталған тетрахордтардың бір-бірімен араласқан үлкен интервалдары болып отыр. Бұдан тысқары қолданылмайтын кіші интервалдардың басым көпшілігі мүлдем пайдаланылмайды. (807) Бұл тәртіп қосылған ортаңғы тетрахордтың ақырғы бөліктерінде ғана қолданылады. Расында да һ - X интервалы бұл тетрахордтың ең кіші интервалы /352/. Осы аспапта қолданылуы әдетке айналған интервалдардың орналасу реттілігіне қарап, мұнда ажыраған дыбыстық қатардың қолданылатыны анықталды.

РАБАБ АСПАБЫНДАҒЫ ДЫБЫСТАРДЫ ТОЛЫҚТЫРУ Бұл аспаптағы дыбыстардың жағдайын ескере отырып, оның дыбыстық құрылымын одан әрі жетілдіре түсу үшін жеңіл қосымшаларды қосуға болады. Ол үшін М - Н саусақтарынан төмен орынға басқа екі саусақты орналастыру керек, (808) бұл С мен Г әріптері. Мұны 2/3 қатынас шамасына қоямыз. Осы маңайға тағы да Ф мен Ч әріптерін қосамыз. Ал енді Ф әрпі К мен М әріптерінің ортасына жақын маңда тұрады. Ч әрпі болса Л мен Н әріптерінің ортасына жақын. Бұл жағдайда А - С интервалы - квинта, ал А - Ф интервалы -кварта. Енді А - Б мен Дж - Д ішектерін санап, ол екеуіне бұрыннан бар дыбыстарды және біз қосқан әріптерді орналастырамыз [159суретке қараңыз]:

159-сурет (809) М - С интервалы 15/16 қатынасында тұрады. Бұл ортаңғы тетрахорд қосылған интервалдарының ең кішісі. һ - С интервалы - кварта. Мұнда қатты ортаңғы қосылған тетрахордтың барлық интервалдары орналасқан. К - Ф аралығы - қалдық интервалы. Олай болса А - Ф аралығы - кварта интервалы. Екі еселенген ортаңғы тетрахорд интервалдары осы аралықта бөлінген. Бұл - күшті екі еселенген тетрахорд. Сөйтіп бұл аспапта екі қатты тетрахорд пайда болады. X - Ф интервалы, 9/10 қатынасында. X - К интервалы, 9/10 қатынасынан қалдық интервалы шамасында артық. (810) Ф - С интервалы, толық үн аралығы. К - С интервалы, толық үн мен қалдық. Ф - М интервалы, 9/10 қатынасынан қалдық интервалына артық. Негізінде өзі 1126/2304 шамасында. X - С интервалы 4/5. Себебі һ - С интервалы, кварта, һ - X интервалы 15/16 шамасында. Олай болса, X мен С дейінгі аралық 4/5 қатынасы шамасы. Дж - Д ішегіндегі дыбыстардың қатынасы да дәл осылармен тең. Енді бұл аспапта ойнау дәстүрі бойынша қалыптасқан дыбыстар мен біздің қосқан дыбыстарымызды ретімен орналастырған соң, (811) олардың арасындағы консонанттылары мен диссонанттыларын басқа аспаптарда айтқанымыз сияқты анықтауға болады.

РАБАБ АСПАБЫНДА КЕҢ TAPAЛҒAH САЗДАУЛАР 1 - Кең тараған ортаңғы саусақ саздауы Бұл аспапта саздауларды түрлі бағытта жасауға болады. Осы саздаулардың арасында кеңінен таралғаны ортаңғы саусақ саздауы /353/. Ол үшін біз Дж - Д ішегінің бос дыбысы, белгілі ортаңғы саусақ пернесінде тұрған X дыбысымен тең болғанша саздауымыз керек [160-суретке қараңыз]: Кең таралған ортаңғы саусақ саздауы

160-сурет Егер осы саздау саздалса, онда Дж - Д ішегіндегі белгілі орындарда X мен С арасындағы З, Т, Л, Ч, Н және Г (812) дыбыстарының бірі де болмайды. Бірақ олардың кейбірі бұл аспапты ойнаушылардың арасында қалыптасқан саусақ реттілігі бойынша келіп тұрады. Кейбірі С дыбысының астына түседі. З мен Т дыбыстары Л, Ч, Н, Г дыбыстарының арасына және С дыбысынан төмен келеді [161суретке қараңыз]:

161-сурет 2 - Кең тараған төртінші саусақ саздауы (813) Енді кең таралған төртінші саусаққа саздаймыз. Ол үшін Дж - Д ішегінің бос дыбысымен К дыбыстарының арасын теңестіріп саздаймыз. Сонда З дыбысы, М дыбысынан аз ғана төмен түседі. Кейде бұл бөлік естілген уақытта алдауы да мүмкін, яғни З дыбысы, М саусақ орнына естілуі ықтимал. Себебі,ч 8/9 және 9/10 қамтыған шамалары бір-біріне жақын /354/.

162-сурет Сол сияқты Т дыбысы да С дыбысынан аз ғана төмен естіледі. Ол да жоғарыдағы сияқты С саусағынан естілді. Ал енді Дж - Д ішегіндегі қалған дыбыстарына келсек, онда олардың барлығы да С дыбысынан төмен естіледі [162-суретке қараңыз. *** 3 - Кең тараған шынашақ саусағына саздау (814) Енді аспап шынашақ саусағына саздалады [163-суретке қараңыз].

163-сурет Ол үшін Дж - Д ішегінің бос дыбысымен М дыбыстарының арасын теңестіреміз. Сол кезде Дж - Д ішегіндегі З дыбысы мен оның арқасындағы дыбыстар С саусағынан төмен түседі. Бұл саздауда А дыбысының "сияхы" Н дыбысының қасында тұрады. Оның оған жақындығы сонша бұл дыбыс Н саусағынан шыққанға ұқсайды. Айтылған осы үш түрлі саздау олардың арасында кеңінен тараған, дәлірек айтқанда кең тарағаны әрі жиі кездесетіні - бірінші саздау. Егер бұл аспапты осы саздауларға келтіретін болсақ, онда (815)

оны бұл қалпында уд аспабымен салыстыруға келмесі анық. Уд аспабымен кемел немесе орташа түрде де салыстырылмайды. Егер салыстырылатын болса, онда өте кеміс пішінде салыстырылмақ.

РАБАБ АСПАБЫНЫҢ УД ДЫБЫСТАРЫМЕН ТЕҢЕСТІРІЛУІ Егер рабаб аспабын, уд аспабымен жоғарыда атаған саздаулардан кемел түрде теңестіруді қаласақ, онда Дж - Д ішегін тартып, оның бос ішегін Ф дыбысымен теңескенше саздау қажет. Бұл біз қосқан саусақтың өзі. Ол осы халық арасында кеңінен тараған төртінші саусақ пен шынашақтың ортасына жақын маңға түседі. Осы шақта Г дыбысы А дыбысының "сияхына" айналады /355/. А - Б ішегінің транспозициясы мен уд аспабының екінші ішек транспозицияларының арасын теңестіріп немесе оны октава интервалы қатынасымен орналастырып қойсақ, А дыбысы, екінші ішектің бос дыбысына айналады. (816) Ал Һ дыбысы, екінші ішектің сұқ саусағы болады. К дыбысы - уд аспабының төртінші саусағы. Ф мен Дж дыбыстары болса, оның шынашағына әрі үшінші ішектің бос дыбысына айналады [164суретке қараңыз]:

164-сурет З мен С дыбыстары, үшінші ішектің сұқ саусағы. Л дыбысы - оның төртінші саусағы. Һ дыбысы - оның шынашағы. Г дыбысы - төртінші ішектің сұқ саусағы. Мұнда жетіспей тұрған нәрсе - уд аспабындағы сияқты ортаңғы саусақ пернелерінің болмауы. Бірақ, олардың орындарын анықтау қиын емес. Үшінші ішектегі ортаңғы әл-фурс, һ мен К саусақтарының ортасында. (817) Екінші ішектегі ортаңғы әл-фурс З мен Л дыбыстарының ортасында. Ортаңғы зәлзәл, К дыбысының тарапынан алған уақытты һ мен К дыбыстарының төрттен бір шамасында шығады /356/. Енді рабаб аспабын уд аспабымен қандай да бір басқа саздауға теңегіміз келсе, онда Дж -Д ішегінің бос дыбысын С дыбысымен теңестіріп саздаймыз [165-суретке қараңыз]:

165-сурет Бұл жағдайда Ч дыбысы, А дыбысының "сияхына" айналады. А - Г интервалы - октава және толық үн артықшасы. (818) А - Һ интервалы, жуан ажыраған, Ч - Г интервалы, жоғарғы ажыраған. Сөйтіп бұл саздау, аспапта толық ажыраған дыбыстық қатарды құру үшін пайдаланады. Ал енді А - Б транспозициясын, уд аспабының екінші ішек транспозициясымен теңестірсек немесе олардың потенциясын бір қылсақ, онда екінші ішектің сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтың орны - жоғарыда біз айтып кеткен орын болмақ.

К дыбысы - екінші ішектің төртінші саусағы. Ф дыбысы - оның шынашағы. С мен Дж дыбыстары, үшінші ішектің сұқ саусағы. З дыбысы - үшінші ішектің төртінші саусағы. (819) Оның шынашағы кең тараған саусақтан шықпайды, бірақ Т дыбысының аз ғана жоғарысынан шығады /357/. Тіпті көп жағдайда Г дыбысы Т дыбысының орнынан шыққандай естіледі. Ч дыбысы - төртінші ішектің сұқ саусағы. Л дыбысы - төртінші ішектегі сұқ саусақ пернесінің қасындағы дыбыс. Г дыбысы - төртінші ішектің төртінші саусағы. Н дыбысы - төртінші ішектегі ортаңғы зәлзәл. Негізінде ортаңғы зәлзәл дыбысы, Н дыбысынан төмен, бірақ дауысы жағынан жоғарғылар тарапынан шығады. Сол сияқты төртінші ішектің шынашағы да, (820) Г дыбысынан төмен, бірақ дыбысталуы жағынан жоғарғылар тарапынан шығады.

РАБАБ АСПАБЫН ТАНБУР ДЫБЫСТАРЫМЕН ТЕҢЕСТІРУ Егер рабаб аспабын белгілі бір саздауда қорасандық танбурмен теңестіруді көздеген жағдайда, тіпті бұл саздау кем жетілген саздау болса да біздің былай жасауымыз керек. Дж - Д ішегінің бос дыбысын, Һ дыбысымен теңестіреміз. Сонда А және Һ, З, Л, Ч, Г дыбыстары, қорасандық танбурдағы дыбыстардың дәл өзі болады. Бұлардың кейбірі жоғарыдағы ішектен шықса, квинта және толық үн интервалынан артық аралық шамасына дейін тұрған қалғандары, төмендегі ішектен шығады. Алайда рабабта, қорасандық танбурда болған дыбыстардың өте аз бөлігі кездеседі. Дегенмен, егер оқырман біздің айтқандарымызды зейініне жақсылап түйетін болса, бұл аспаптан қорасандық танбурдағы көптеген дыбыстарды анықтауына мүмкіндігі бар. (821) Ал енді бұл аспапты бағдаттық танбурмен теңестіруді көздесек, онда саусақтарымызды рабаб аспабында қойып әдеттенген орындардан басқа жерлерге ауыстыруға тура келеді. Егер бағдаттық танбурға қатысты тақырыпта біз әңгіме еткен әдісті қолданатын болсақ, рабаб аспабында саусақтардың ауыстырылуы тиіс орындарын анықтауға мүмкіндік туады. Бұл аспап өзінде қолданылатын түрлі тетрахордтер мен үндестіктер жағынан бағдаттық танбурдан артық екені анық. Рабаб аспабындағы интервалдардың үйлесімдігі, басқа аспаптармен салыстырған уақытта олардан кем қалмайды, керісінше өзінде пайдаланылатын интервалдарының артықшылығы байқалады. Бұл аспаптың осындай жетістіктері болғанымен басқа аспаптарға қарағанда кемшілігі де бар, ол - рабабта дыбыстық қатардың кемеліне жету мүмкін емес сондай-ақ, мұнда жуан ішектен шығатын дыбыстар болмайды. Бұл аспаптың басқалармен салыстырғандағы бар кемшіліктері - осы. Ал енді оның әуелдегі ерекшелігін алсақ, онда бұл аспап көптеген аспаптарды өзінің артына тастайды. Сонымен қатар бұл аспап қатты тетрахорд түрлері мен әлсіз тетрахордтарды бірге

жинайды. (822) Олардың арасында бірінен-бірі күшті тетрахордтар және жұмсақ тетрахорд интервалдарының ең үлкендері қолданылады. Сондай-ақ, бұл аспапта біз көрсеткен дыбыстық қатарлар реттілігінің саны жағынан асып түсуге де болады. Бірақ бұл оңай шаруа емес. Әрине, рабаб аспабында қол жететін дыбыстық қатардың ең жоғарысы, біз қол жеткізген деңгейдегі дыбыстық қатар. Ал енді бұдан жоғарысына бұл аспаптың күш шамасынан артық болуы ықтимал. Сол себепті дыбыстық қатарлардың орналасуынан ауысу оңай болмады. Рабаб аспабының жағдайына қатысты осы сипаттамамыз жеткілікті болмақ.

5 - МИЗАФ /358/ БОС ІШЕК ДЫБЫСТАРЫН АЖЬІРАТУДАҒЫ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ПОТЕНЦИЯСЫ Енді бос ішектер қолданылатын аспаптар тақырыбына ауысқаны жөн. Олар сондай аспаптар, әрбір дыбыс үшін жеке ішегі болады. Мысалы: мизаф немесе сандж сияқты, т.б. тегі бір ішекті аспаптар. (823) Әуелі былай демекпін: Расында әдеті бойынша дыбыстар ішектің белгілі бөліктерінен шығатын аспаптарда бөліктері мен ішектерін, адамның өзі мақсат тұтқан дыбыстарды шығаратын етіп жасауға болады. Егер белгілі дыбысты шығару үшін бөліп, реттеп жатқан ішектің жағдайы, әдеттегі үйреншікті жағдайдан алшақтап кетсе, онда ішектегі дыбыстардың ақиқат орынан тым ауытқып кетпесі үшін немесе интервал шамасынан тыс асып кетпесі үшін ол дыбыстардың мекендерін біліп алумен ғана шектелген жөн. Сол сияқты мұндай жағдайда адам, транспозициялары бір-бірімен тең немесе алшақ дыбыстардың ішекте орналасу реттілігін ажырата білу сезіміне ие болып, сонымен шектелуі тиіс. (824) Егер бұдан асып, ол дыбыстардың үндестігі мен диссонанстығын сезіп, үндестіктердің өзін бір-бірінен айыра алатын жағдайға жетсе, онда бұл оның көздеген мақсаты үшін өте жөн болады /359/. Ал енді дыбыстарды бос ішектерден шығаратын аспаптарға және оның ішектеріндегі тетрахорд түрлерінің тәртіптеріне келсек, онда олардың қатынастарын, орналасу шамаларын жетік білумен және тең транспозциялы мен әртүрлі транспозицияларды сезу дағдысымен ғана шектелу жеткіліксіз. Бәлкім бұл үшін адам жағымды және жағымсыз дыбыстарды ажырата білу дағдысымен бірге, оларды орындап, толық немесе біраз жаттыққан адам болуы керек. Бос ішектерде орналасуы мүмкін тетрахорд реттіліктерінің кейбірі жеңіл болса, басқаларының орналасу мүмкіндігі ауыр. Бос ішектерде орналасу тәртібі жағынан жеңілі -қатты екі маддалы тетрахорд. Бұл тетрахордты бос ішекте орналастырушы адамның әуендерді есту арқылы ажырата білу дағдысының күшті болуы шарт емес, ал енді басқа тетрахордтар үшін ол адамның неғұрлым есту қабілетінің жоғарылағаны сайын, соғұрлым жақсы.

(825) Қатты екі маддалы тетрахорд үшін қажеттісіне келсек, адам есту қабілеті арқылы консонанттылар мен диссонанттыларды білу, үлкен үндестіктерді басқаларының арасынан сезе білу және үндестіктердің ішінен квинталы интервалдысын қалғандарының ішінен ажырата білу қабілетінің болуы лазым. Тіпті егер оған бір дыбысты беріп, соған лайықты дыбысты квинта интервалының шамасынан тауып бер деген уақытта ол оны есту қабілеті арқылы тауып беруге құдіретті болуы тиіс. Міне, қатты екі маддалы тетрахордтың түрі үшін болуы лазым қабілетінің шамасы осы. Басқа тетрахорд түрлерінің реттілігіне келсек, онда олар үшін жоғарыда айтылған қабілет жеткіліксіз. Бірақ осы көрсетілген қабілеттермен бірге адам, есту арқылы бір-біріне ұқсайтын үндестіктерді ажырата білу қасиетіне ие болуы тиіс. Біріне-бірі ұқсайтын үндестіктер дегеніміз - қатынастары бір, бірақ дыбыс транспозициялары әртүрлі, үйлесімді интервалдар. Қажет болған жағдайда ол адам мысалы, егер оған бір транспозициядағы толық үн интервалын берсе, ол басқа транспозицияда жуан немесе жіңішке басқа толық үн интервалын ала білуі қажет. Қашан адамның қабілет-шеберлігі осы талаптарға жетсе, сол уақытта "музыка өнерінің негізгі элементтері" /360/ кітабында осы аспаптарға тиісті айтылған дүниелерді орындауға қабілетті болады.

БОС ІШЕК ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ЕКІ МАДДАЛЫ ИНТЕРВАЛЫ БАР [ТЕТРАХОРДТА] ОРНАЛАСУЫ 1 - Толық ажыраған дыбыстық қатарда (826) Бұл аспаптағы ішектердің орналасу жолы бір тәртіпке ұқсас болғандықтан, олардың әрбіріне жеке тоқтаудың қажеті жоқ. Сондықтан олардың біреуіне арнайы тоқтамай, барлығына ортақ, жалпы сөзбен айтамыз. Сөзімізді осы аспапта орналасуы ең жеңіл, қатты екі маддалы тетрахорд хақында айтып бастадық. Мұны [қатты екі маддалы тетрахордты] осы аспаптағы басқа тетрахорд түрлеріне өтетін құрал етеміз. Қандай болсын тетрахорд дыбыстық қатар пайда болатын реттілікпен орналастырылады. Одан пайда болған дыбыстық қатар - ажыраған дыбыстық қатар болуы мүмкін /361/немесе тетрахордтың орналастырылған реттілігінен қосылған дыбыстық қатар да шығуы мүмкін /362/. Ажыраған дыбыстық катар - дыбыстық қатарлардың арасындағы ең тәуірі. Сондықтан әуелі сөзімізді осымен бастап, бұл тетрахордтан ажыраған дыбыстық қатар шығатындай реттілікпен орналастыруды жөн көрдік. (827) Олай болса октавадағы екі тарапының жуан жағын "үлкен шухадж" [шухадж әл-ағзам] және жоғарғы тарапын "үлкен сиях" [әс-сиях әл-ағзам] деп атаймыз. Ал квинта интервалындағы екі жақтың жуан тарапы "кіші шухадж" [шухадж әл-асғар] және жоғарғы тарапын "әс-сиях әл-асғар" [әс-сиях әл-асғар] дейміз /363/. Енді бос ішектің санын шартты түрде он бес деп алайық. Оның әуелгісі А ішегі, сегізіншісі В ішегі және он бесінші ішекті Дж әрпімен белгілейміз. А ішегі мен Б ішектерінің арасына мынау ішектерді түсіреміз: З, И, М, Д, X және К; Ал енді Б ішегі мен Дж ішектерінің ортасына: һ, Т, Л, Н, С және Г дыбыстары тұрады;

(828) А ішегін Б ішегінің үлкен шухаджы /364/ және Б ішегін, Дж ішегінің үлкен шухаджы етеміз. Сосын А ішегін Д ішегінің кіші шухаджы етіп жасаймыз. Ақырында кварта интервалын құрайтын Д - Б ішектері қалады. Д ішегін һ ішегінің кіші шухаджы етеміз, Сонда һ мен Б жоғарғылардың ажырау интервалын құрайды. Мұнан соң З ішегін һ ішегінің үлкен шухаджы қыламыз. А - З ішектері төменгі ажыраған интервалын шығарады /365/ [166-суретке қараңыз]. (829) Ақырында З мен Д аралығы қалады. Бұл - кварта интервалы /366/ [167-суретке қараңыз]:

166-сурет Бос ішектердің екі маддалы тетрахорд дыбыстарымен толық қосылған дыбыстық қатарда саздалуы.

167-сурет (830) Мұнан соң З ішегін X ішегінің кіші шухаджы қыламыз. Д - X ішектерінің аралығы толық үн интервалына айналады. Себебі, З - Х ішектері квинта, ал З - Д ішектері кварта. Бұл екеулерінің артындағы қосымша Д - X ішектерінің аралығы. Осыдан кейін X ішегін Т ішегінің кіші шухаджы етеміз. һ мен Т толық інге айналады. Осыдан соң И ішегін Т ішегінің үлкен шухаджы қыламыз. З - И толық үн интервалы болады [168суретке қараңыз]:

168-сурет Сонан кейін И ішегін К ішегінің кіші шухаджы етіп жасаймыз. X - К толық үнге айналады [169суретке қараңыз]:

169-сурет (831) Ақырында К - Д ішектерінің аралығы, яғни қалдық интервалы қалады. К ішегін Л ішегінің кіші шухаджы етеміз. Сонда Т - Л толық үнге айналады [170-суретке қараңыз]:

170-сурет Л ішегін М ішегінің үлкен сияхы жасаймыз. Сонда И мен М толық үнге ауысады [171-суретке қараңыз]. Сөйтіп М - Д қалдық интервалы қалады /367/. (832) А мен Л арасындағы ішектерді сондай етіп орналастырдық. Егер мұндағы кварта интервалдарын екілік мадда потенциясымен бөлетін болса, онда октава және үш толық үн интервалдары қамтыған дыбыстар шығады. Демек, А - З интервалы толық үн. Ал З - И аралығы мен И - М аралығы да толық үн болып, М - Д қалдық интервалына айналады.

171-сурет Д - X аралығы, толық үн интервалы, ал X - К аралығы да толық үн интервалы және К - Б қалдық аралығы. Б - X аралығы, толық үн, Һ - Т интервалы да және Т - Л интервалы да толық үн интервалы. Осы жерде он бір ішектің реттілігі байқалды және бос ішекті аспаптың саздалуы ең аз дегені он бір ішекті қамтитыны анықталды. Егер оның ішегі бұдан аз болса, онда бұлай болмайды. Егер аспап ішектерінің жоғарғы ажыраған бөлік жағындағы келесі кварта интервалын тәмамдауды қалайтын болсақ, онда (833) бұл ішектердің саны он екіге жетуі үшін қосымша бір ішекке мұқтаж боламыз. Ал енді келесі кварта интервалды жоғарғы ажыраған бөлікті аяқтауды қаламайтын болсақ, онда ол он екінші ішектің қажеті де жоқ. Егер екі еселенген октава дыбыстық қатарын толықтыруды қаласақ, Д ішегін Н ішегінің үлкен шухаджына айналдырымыз. Сонда Л – Н қалдық болады. [172-суретке қараңыз]:

172-сурет Н мен С толықүн интервалы, С – Г да толық үн интервалы болады, ал Г – Дж қалдыққа айналды [173-суретке қараңыз]: (834) Бұл саздаудан анық болғаны, осы екі ажыраған бөліктің бірі жуан тарапта болса екіншісі Б – Һ ішектерінің арасында тұрады.

173-сурет 2 – Толық ортаңғы қосылған дыбыстық қатарда Егер осы ішектерді мынадай етіп орналастыруды қаласақ, яғни екі ажырағанның бірі, ең жоғарғы тарапта екінші ажырағаны, жуан тарапы жағындағы ортаңғы бөлікте бірінші әдістің қарама-қарсы жолымен жүреміз /368/.

174-сурет Басқаша айтқанда, біз Дж ішегінен бастап, оның кіші шухаджы Б тарапынан талап қылып, оны Л ішегінің дыбысы етеміз. Ол үші біз айтқан (835) жолмен жүреміз, яғни А ішегінен бастаған әдіс қолданамыз [174-суретке қараңыз]. Дж – Г ішектері толық үн интервалы. Бұл бірінші ажыраған бөлік. Б – К екінші ажыраған бөлік те толық үн интервалына айналады. Сонда Һ – Б және З – А аралықтары қалдық интервалына айналады [175-суретке қараңыз]. *** 3 - Қосылған ортаңғы біріккен дыбыстық қатарда

175-сурет

(836-837) Егер ажыраған бөлімді екі бөліктің әрбірінің ортасынан жасауды қалайтын болсақ, онда әуелгі ажыраған дыбыстық қатардың ішектерін теңестіреміз. Сосын Л дыбысын, Дж ішек дыбысының кіші шухаджы етеміз. Сол сияқты М ішегінің дыбысын Б дыбысының кіші шухаджы жасаймыз. Сонда Л - Н және М - Д екі толық үн интервалдарына айналады. Ал Т - Л және И - М қалдық интервалы болады. Осыдан барып, А ішегінің Л ішегіне дейінгі орналастыру реттілігінің қосылған дыбыстық қатар екені көрінеді [175-суретке қараңыз]. (838) Осы саздауларды бір-бірімен араластырудың аркасында он бес ішекті, қатты екі маддалы мен квинта интервалды тетрахорд түрлерін шығаратындай етіп орналастыруға болатыны белгілі. 4 - Толық емес қосылған дыбыстық қатарда Егер біз бұл аспапта толық емес қосылған дыбыстық қатарды орналастыруды қаласақ, онда былай жасауымыз қажет. Шартты түрде А мен Л арасындағы ішектерді алып, жоғарыда айтқан тәртіп бойынша екі бөлікке бөлеміз. Бірақ, екі бөліктің арасы әуеліде айтылған реттілікпен болуы қажет [178-суретке қараңыз]:

178-сурет Сосын И мен М ішектерінің арасына Қ қосамыз /369/. (839) Оның дыбысын Б ішегінің кіші шухаджы қыламыз. Сосын Л ішегінің дыбысын, Қ дыбысының үлкен сияхы жасаймыз. Мен мынаны айтамын: Расында Т - Л қалдық интервалы болмақ, мұның дәлелі: Қ-Б квинта интервалы, ал Қ-Л октава. Егер Қ-Л аралығындағы Қ - Б ажыратсақ, онда Б - Л кварта интервалы қалады. Б - Һ және һ - Т екеуінің әрқайсысы мадда. Демек, Т - Л қалдық интервалы. (840) М ішегі алынып тасталса, А - Л дыбыстық қатары толық емес қосылған қатар дыбыстық катар болады. Сонда Л дыбысы грек тілінде "нити синемменон" [Nete Synemmenon] аталатын дыбысына айналады. Т дыбысы болса - "паранити синемменон" [Paranete Synemmenon]; Һ дыбысы - "трити синемменон" [Trіte Synemmenon], М дыбысы - грек тілінде "меси" [Mese] деп аталса, біз мұны "ортаңғы" [әл-усто] деп атады.

БОС ІШЕК ДЫБЫСТАРЫН УД АСПАБЫНЫҢ ПЕРНЕЛЕРІМЕЫ ТОЛЫҚ АЖЫРАҒАН ДЫБЫСТЫҚ ҚАТАРДА ТЕҢЕСТІРУ Егер біз осы аспаптың бос ішектерін уд аспабымен салыстыруды қаласақ, онда бос ішектерді айтқан әуелгі тәртіпте орналастыру керек /370/. Сонда А дыбысы, әл-бамм ішегінің бос дыбысы. З дыбысы - әл-бамм ішегінің сұқ саусағы. И дыбысы - оның төртінші саусағы. М дыбысы - екінші ішектің сұқ саусағының қасындағы дыбыс.

X дыбысы - екінші ішектің төртінші саусағы. (841) К дыбысы - үшінші ішектің сұқ пернесінің қасындағы дыбысы. Б дыбысы - үшінші саусақтың сұқ саусағы. һ дыбысы - үшінші ішектің төртінші саусағы. Т дыбысы - төртінші перне сұқ саусағының қасындағы дыбыс. Л дыбысы - төртінші ішектің ортаңғы зәлзәл дыбысы. Н дыбысы - төртінші ішектің төртінші саусақ дыбысы. С дыбысы - бесінші ішектің сұқ саусағының қасындағы дыбысы. Г дыбысы - бесінші ішектің ортаңғы зәлзәл дыбысы [179-суретке қараңыз]. Дж дыбысы - бесінші ішектің төртінші саусақ дыбысы. Бұл реттік дыбыстық қатарда жетіспей тұрғаны - әл-бамм (842) ішегінің ортаңғы дыбысы, екінші ішек пен оның ортаңғысы, үшінші ішектің бос дыбысы мен оның ортаңғысы, төртінші ішектің бос дыбысы мен сұқ саусағы және бесінші ішектің бос дыбысы мен оның сұқ саусағы [180-суретке қараңыз].

179-сурет

180-сурет Енді И мен М арасына Қ ішегін қосып, оны Б ішегінің кіші шуджахы қыламыз. (843) Сонда Қ дыбысы екінші ішектің бос дыбысымен теңеседі. Т мен Л арасынан Ф ішегін қосамыз. Оны Қ дыбысының үлкен сияхы жасаймыз. Ф дыбысы, төртінші ішектің сұқ саусағымен теңеседі. Егер қаласақ, Ф дыбысын Дж ішегінің кіші шухаджы жасаймыз [181-суретке қараңыз]: Ажыраған дыбыстық қатардағы екі маддалы тетрахорд түрлеріне сәйкес бос дыбыстарды уд аспабының пернелерімен теңестірілуі

181-сурет Сол сияқты X мен К дыбыстарының арасына Е ішегін қосып, оны Ф дыбысынан кіші шухаджы қыламыз. Сол кезде оның дыбысы үшінші ішектің бос дыбысымен теңеседі. З мен И арасына Ш ішегін қосып, оны Е дыбысының кіші шухаджы жасаймыз. Сонда Ш дыбысы әлбамм ішегінің ортаңғы саусақ қасындағы дыбыспен теңеседі. (844) Һ мен Т ортасына Ғ ішегін қосып, оны Ш дыбысының үлкен сияхы жасаймыз. Бұл төртінші ішектің бос дыбысына айналады.

Біздер үшін төртінші ішектің ортаңғы зәлзәл дыбысы белгілі. Сондықтан Б мен һ арасына П дыбысын қосамыз да оны М ішегінің кіші сияхы жасаймыз. Сонда П дыбысы, үшінші ішектің ортаңғы саусақ дыбысымен теңеседі /371/. Кейін П дыбысының үлкен шухаджын алып, шартты түрде алған ішектердің сыртында тұр деп санаймыз /372/. Д мен X арасына О ішегін қосып, оны ішектердің сыртында тұрған дыбыстың кіші сияхы қыламыз. Сонда О ішегі екінші ішектің ортаңғы дыбысына ұқсайды. Мұнан соң ішектердің сыртындағы ішектің дыбысын О ішегінің үлкен шухаджы жасап, (845) Ш мен И арасына Ц ішегін орнатамыз. Оны сырттағы ішектің кіші сияхы жасаймыз. Ал ол болса О ішегінің үлкен сияхы болатын. Сонда Ц дыбысы, әл-бамм ішегінің ортаңғы дыбысы болмақ. Осы әдіс уд аспабындағы үйреншікті дыбыстардың бос ішектерде орналастыруы болып табылады. Егер біз бесінші ішектің сұқ саусағын қаласақ, онда С мен Г арасынан Щ ішегін алып келіп, (846) оны үшінші ішектің бос дыбысымен теңесетін Е дыбысының үлкен сияхы етіп жасаймыз. Ал Щ дыбысы, бесінші ішектің сұқ саусағы. Мұнан кейін сыртқы ішектегі төртінші ішек бос дыбысының шухаджын аламыз. Ол екінші ішектегі ортаңғы саусақтың қасында дыбыс болады. У ішегін Н мен С арасына қосып, оны сыртқы ішек дыбысының үлкен сияхы етеміз. У дыбысы, төртінші ішектің шынашағы әрі бесінші ішектің бос дыбысы [182-суретке қараңыз]:

182-сурет Егер қалған муджаннибад дыбыстарын табуды қалайтын болсақ, бұл ауыр емес. Оларды үлкен шухадж немесе кіші шухадж арқылы шығарамыз. (847) Яки болмаса кварта интервалын анықтайтын әдістерді қолдану арқылы жасауға болады. Уд аспабындағы кеңінен тараған дыбыстарының барлығы бос ішектерде осындай тәртіп бойынша орналасады. Бұл қатты екі маддалы тетрахордтың орналасу жағдайлары.

БОС ІШЕКТЕРДІҢ ЕКІ МАДДАСЫ ЖОҚ БАСҚА ТЕТРАХОРДТАР ИНТЕРВАЛДАРЫНДА ОРНАЛАСУ РЕТТІЛІГІ 1 - кварта интервалының екі үйлесімді интервалға бөлінуі Қазір бұл аспаптарда басқа тетрахорд интервалдарын орналастыруды қалап отырмыз. Адамның шамасы келген шақта аспаптың кейбір ішектердегі интервалдарға ұқсас интервалдарды өзі орналастырады. Егер біз дыбыстық қатардың реттілігімен тұрған кварта интервалына сай бір тетрахорд интервалдарын орналастырсақ, онда бұл тетрахордтағы қалған кварта интервалдарын орналастыру қиын болмайды. Дыбыстық қатардың реттілігіндегі кварта интервалдарының арасында шеткілері және ортасындағылары да бар. Бұлар түрлі тетрахордтарда әртүрлі орналасады. Бір тетрахордтың шетінде тұрған ол келесі тетрахордтың ортасында келуі ықтимал. Бұлардың арасында реттілігі бойынша ортасында келген түрі жеңілірек.

(848) Сондықтан кварта интервалдарының арасынан ортада орналасқанын алып, өзіміз қалаған тетрахорд интервалдарын орналастырамыз. Мұнан соң дыбыстық қатардың қалған бөлігінен осыған ұқсас келесісін аламыз. Қатты екі маддалы тетрахорд түрлерінің реттілігі өзіміз жоғарыда көрсеткен сурет бойынша алайық. Олай болса әуелі Д, X, К, Б және һ дыбыстарының реттілігі өз қалауымызға қарай екі маддалы тетрахордтағы кварталық интервалда болсын. Ендеше Б - һ бастапқыда көрсеткеніміздей жоғарғы ажыраған, Д - Б кварта интервалы. Д мен Б арасындағы қалдықтың жай-күй қажетімізге орай беріледі. X - К интервалы -қалдық, К - Б интервалы - мадда, Д - X (849) интервалы да мадда болады [183-суретке қараңыз].

183-сурет Д мен Б арасына 6/7 және 7/8 интервалдарын қосамыз. X мен К ішектерінің арасында З ішегін бар деп есептейміз және оның дыбысы X дыбысынан жоғары, К дыбысынан төмен болады. Сондай-ақ, ол дыбысты Д мен Б ішектерімен үйлесімді етеміз. Нәтижеде Д мен З және З мен Б интервалдары шығады. Сондықтан мен былай деймін: Расында бұл екеуінің бірі 6/7 қатынас шамасында, екіншісі 7/8 қатынас шамасында тұрады. Мұның дәлелі: X - К қалдық интервалы, Д - X және К - Б толық үн интервалдары (850). З дыбысынан X жоғары. Ал Д дыбысының З қатынасынан Д дыбысының X болған қатынасынан жоғары. З дыбысы, К жуан. З дыбысының Б қатынасы, К дыбысының Б болған қатынасынан үлкен. Демек, әрбір Д - З және З - Б интервал қатынасы, 7/8 қатынасынан жоғары /373/. Сөйтіп ү қатынасы екі үйлесімді интервалдарға бөлінді. Бұлардың әрбірі толық үн интервалынан үлкен. Аталмыш ү интервалы үйлесімді интервалдарға бөлінбейді. Бұлар 6/7 және 7/8 аралықтарын айтпағанда, 8/9 интервалынан үлкен болады. Айтқымыз келгені де осы болатын.

ҮЙЛЕСІМДІ ЕКІ ИНТЕРВАЛДЫҢ ҮЛКЕНІ ТӨМЕН ТҰРЫП АЛҒА ШЫҒАДЫ Енді осы екі интервалдың қайсысы 6/7 және қайсыбірі 7/8 қатынасында тұрғанын ажыратып алуды көздеп отырмыз. (851) З ішегінің қасынан төмен бағытта Б - З интервалынан ұқсас аралық тартамыз. Бұл З -Т интервалы болады. Т ішегінің дыбысы, Д дыбысынан жоғары немесе одан төмен. Ендеше әуелі Т дыбысын Д жоғары деп алайық. Т ішегін мына суреттегі сияқты Д мен X арасына қоямыз [184-суретке қараңыз]:

184-сурет

Мен мынаны айтамын: Расында Д - 3 6/7 қатынасында З - Б 7/8 қатынасында. (852) Мұның дәлелі: Т дыбысы Д дыбысынан жоғары. Д дыбысының З қатынасы, Т дыбысының З қатынасынан үлкен. Ал енді Т дыбысының З қатынасы, З дыбысының Б болған қатынасы сияқты. Олай болса Д дыбысының З қатынасы, 3 дыбысының Б болған қатынасынан үлкен. Мұндағы екі қатынастың үлкені 6/7. Демек, Д дыбысының З қатынасы 6/7. З дыбысының Б қатынасы 7/8. Баяндағымыз келгені осы.

ҮЙЛЕСІМДІ ЕКІ ИНТЕРВАЛДЫҢ КІШІСІ ТӨМЕН ТҰРЫП АЛҒА ШЫҒАДЫ Сол сияқты енді Т дыбысы, Д дыбысынан мына сурет пішіндегі сияқты төмен болады [185-суретке қараңыз]. (853) Т ішегін Д ішегінен төмен тарапқа шығарамыз. Т дыбысының З қатынасы, Д дыбысының З болған қатынасынан үлкен екені анықталады. Ат Т дыбысының З қатынасы, З дыбысының Б қатынасы. Демек З дыбысының Б қатынасы, Д дыбысының З қатынасынан үлкен. Олай болса 3 - Б аралығы 6/7, Д - Б аралығы 7/8. Айтқымыз келгені де осы.

185-сурет 2 - Бос ішектердің әлсіз қосылған тетрахорд интервалдарында орналасуы Қазір мұнда бірінші қосылған күшті тетрахорд интервалдарын қолдануды көздейміз. Сондықтан жоғарыда баяндағанымыз сияқты З - Б аралығы 7/8 шамасында тұрсын. Оған жоғарғы ажыраған Б - һ бөлігін қосамыз. З дыбысының кіші шухаджын аламыз, бұл М ішегінің дыбысы болады. Мұнан соң М дыбысының сияхын аламыз, ал ол Н ішегінің (854) дыбысы болады.

186-сурет Сонымен мен: шынында да З - Б мен Б - Һ және Һ - Н интервалдары, бірінші қосылған қатты тетрахорд интервалдары деп айтамын [186-суретке қараңыз]. Мұның дәлелі: З - М квинта интервалы, М - Н октава интервалы. Онда З - Н кварта болады. Жоғарыдағы суреттен көргендей З - Б интервалы 7/8 қатынасы, Б - Һ аралығы болса бірінші суреттегі сияқты толық үн интервалы. Сонда һ - Н аралығы 27/28 қатынас шамасында тұрады. Айтқымыз келгені де осы еді. 3 - Бос ішектердің әлсіз екі еселенген тетрахорд интервалдарында орналасуы

(855) Мұнда екі еселенген тетрахордты қолданғалы отырмыз /374/. Бұл екі еселенген 7/8 қатынасындағы қатты тетрахорд. Бағдаттық танбурда қолданылу әдетіне айналған тетрахорд. Олай болса Д - Б интервалын Д - З және З - Б интервалдарынан ажыраған кварта деп санаймыз. Онда З - Б жоғарыда айтылғанға сәйкес 7/8 қатынас шамасына иеленеді. Д мен З арасына С ішегін орналастырып, З - С интервалын Б - З интервалына ұқсас қыламыз. Сонда 48/49 қатынас шамасындағы С - Д интервалы қалады. (856) Осы төртеуі Б - З мен З - С және С - Д интервалдарын құрайды. Бұлар бірінші екі еселенген тетрахорд интервалдары [187-суретке қараңыз]:

187-сурет Осы оның дәлелі саналады. 4 - Бос ішектердің бірінші ажыраған әлсіз тетрахорд интервалдарында орналасуы Бірінші ажыраған тетрахордтардың арасынан ең әлсіз тетрахордты қолданғалы отырмыз /375/. Олай болса З, Б, һ және Н ішектеріндегі бірінші қосылған тетрахорд интервалдарын орналастырайық. Г ішегін келтіріп, З тарапынан мадда көлемінде З - Н интервалын ажыратамыз. Сосын қалған аралықтан тағы мадда көлемінде тартамыз. Нәтижеде қалатыны екі мадда және Г -Н интервалы, яғни қалдық. Сол сияқты һ - Н қалдықтан кіші екені анық. Олай болса, Г ішегін Б мен һ ішектерінің арасына қойып, (857) Қ ішегін Г мен һ ішектерінің арасына орнатамыз. Оны Г дыбысынан жоғары, X дыбысынан төмен етеміз. Сонда оның дыбысы, Б ішегінің дыбысы мен Н ішегінің дыбысына үйлесімді болады. Сөйтіп, З - Б және Б - Қ мен Қ - Н интервалдары шығады. Мен бұларды бірінші ажыраған жұмсақ тетрахордтың интервалдары деп айтамын [188-суретке қараңыз]:

188-сурет Мұның дәлелі: К дыбысы, Һ дыбысынан темен және Б - Һ интервалы, толық үн. Ал Б - Қ интервалы болса толық үн интервалынан кіші. Себебі Г - Н қалдық, Қ дыбысы, Г дыбысынан жоғары. Қ - Н интервалы болса қалдық интервалынан кіші. (858) Қалдық интервалының 19/20 қатынасынан жоғары, 18/19 қатынас шамасынан кіші екені анық. Ал Б - Н интервалы 6/7 шамасы, Б - Қ және Қ - Н интервалдарына бөлінді. Б - Н шамасындағы интервал екі үйлесімді интервалдарға бөлінбейді. Тек 9/10 және 20/21 қатынастарын есепке алмағанда ол екеуінің бірі 8/9 шамасынан, ал екіншісі 18/19 қатынасынан кіші. Демек, бұл интервалдың бірі 9\10 шамасы, екіншісі 20\21 қатынас шамасы болмақ.

(859) Енді Қ дыбысының жанынан төменге қарай Қ – Н интервалына ұқсайтын интервал шығарамыз. Бұл – Ф – Қ интервал болсын [189–суретке қараңыз]:

189-сурет Ф дыбысы Б дыбысынан жоғары екенін байқаймыз. Ф дыбысының Қ дыбысына қатынасы, Б дыбысының Қ дыбысына болған қатынасынан кіші. Ал енді Ф дыбысының Қ қатынасы, Қ дыбысының Н болған қатынасы сияқты. Олай болса Б дыбысының Қ қатынасы, Қ дыбысының Н дыбысына болған қатынасынан үлкен. Демек Б - Қ интервалы 9/10 шамасы, ал Қ - Н интервалы 20/21 қатынасы. 3 - Б қатынасы 7/8 шамасы болды. (860) Осылайша 3 - Б және Б - Қ мен Қ - Н интервалдары әлсіз бірінші ажыраған тетрахорд интервалдары шығады. Айтқымыз келгені де осы еді. 5 - Бос ішектердің үшінші екі еселенген тетрахорд интервалдарында орналасуы Енді бұл аспап ішектерінде қатты екі еселенген үшінші тетрахорд түрінің интервалдарын орналастыруды қалаймыз. Ол үшін жоғарыда шыққан, 9/10 қатынасы шамасындағы Б - Қ интервалын аламыз. Қ дыбысын Қ - Ф интервалының жоғарғы жағына тартып, оны Б - Қ интервалына ұқсас етеміз. Мұнан соң Б кіші шухаджын аламыз, ол М ішегінің дыбысы. Кейін М дыбысының үлкен сияхын аламыз, ол Н ішегі болады. Мен былай деймін: расында біз кварта интервалындағы Б - Н аралығында екі еселенген үшінші қатты тетрахорд интервалдарын орналастырдық. (861) Мұның дәлелі, жоғарыда айтылған бірінші қосылған тетрахорд дәлелімен ұқсас. Айтқымыз келтені де осы еді [190-суретке қараңыз]:

190-сурет 6 - Бос ішектердің қатты қосылған ортаңғы тетрахорд интервалдарында орналасуы Енді мұнда қатты қосылған ортаңғы тетрахорд интервалдарын орналастыруды көздейміз. Ол үшін жоғарыда баяндалған Б - Қ интервалына қайта оралуымыз керек. Оның шығатын қатынасы 9/10 шамасы. (862) Б дыбысының кіші шухаджын аламыз, бұл С дыбысы. С дыбысының кіші шухаджын аламыз, Ол Г ішегінің дыбысы. Сосын Г дыбысының үлкен сияхын аламыз, бұл М ішегі болмақ. Мен осы арада былай деймін: расында біз Б - Қ интервалына мадда интервалын қостық. Бұл М - Б интервалы. Мұның дәлелі:

Б - Г екі еселенген квинта. Егер осы аралықтан октавадағы Г - М интервалы ажыратылса, онда М - Б аралығы қалады. Бұл - толық үн. Б - Қ интервалы арқылы, толық үн Б - М интервалын қостық. Мұнан соң М дыбысының кіші шухаджын аламыз, бұл Д ішегінің дыбысы. (863) Д дыбысының сияхын аламыз, ол Ш дыбысы. Мен былай деймін: шынында да біз кварта интервалында болған М - Ш аралығында М - Б және Б - Қ пен Қ - Ш интервалдарын орналастырдық. М - Б интервалы 8/9 қатынасы, Б - Қ интервалы 9/10 қатынасы. Ақырында 15/16 қатынасы шамасындағы Қ - Ш аралығы қалады. Біздің айтқымыз келгені осы [200-суретке қараңыз]:

200-сурет 7 - Бос ішектердің жұмсақ тізбекті күшті тетрахорд интервалында орналасуы (864) Енді мұнда жұмсақ тізбекті күште тетрахорд интервалдарын орналастыруды көздеп отырмыз. Ол үшін бірінші қосылған әлсіз тетрахордына қайта ораламыз. Олар: 3 - Б және Б - Қ мен Қ - Н интервалдары болатын. Б мен Қ арасына Д ішегін орнатып, 3 - Д интервалын 6/7 қатынасы шамасына қоямыз. Д ішегінен жоғары тарапқа тартып, Б - Қ ішегіне ұқсас интервал жасаймыз. Бұл Д - X интервалы. Кейін Қ мен X дыбыстарының арасына Т ішегін қоямыз. Оның дыбысын Қ дыбысынан жоғары, X дыбысынан төмен қыламыз. (865) Мен айтамын: расында біз кварта интервалындағы 3 - Н аралығында тізбекті күшті интервалдарын орналастырдық. Олар: 3 - Д және Д - Т мен Т -Н интервалдары [201-суретке қараңыз]. Мұның дәлелі: 3 - Н кварта интервалы және 3 - Д интервалы 6/7, ал Д - Н интервалы 7/8 қатынас шамасында. Д - X интервалы 9/10, Қ - Н интервалы 20/21 шамасында. Т дыбысы, Қ жоғары және X төмен. Ал Д дыбысының Т болған қатынасы, Д дыбысының X болған қатынасынан кіші. Демек, Д дыбысының Т қатынасы, 9/10 қатынасынан кіші. Сондай-ақ, Т дыбысының Н қатынасы, Қ дыбысының Н болған қатынасынан кіші. Т дыбысының Н қатынасы, 20/21 шамасынан кіші.

201 - сурет (866) Расында 7/8 шамасындағы интервал екі бөлікке бөлінеді. Ол екеуінің әрбірі бір шамаға артық келеді, яғни олардың біреуі 9/10 аралығынан кіші, екіншісі 20/21 қатынасынан аз. 7/8 шамасындағы интервалдан бөлініп шыққан бұл екеуі ғана үйлесімді: олар 11/12 шамасындағы интервал, екіншісі 21/22 қатынас шамасындағы интервал. Осыны айтқымыз келген еді.

8 - Бос ішектердің жұмсақ тізбекті ортаңғы тетрахорд интервалдарында орналасуы Енді мұнда тізбекті ортаңғы тетрахорд интервалдарын орналастыруды қалаймыз. Ол үшін жоғарыда айтып өткен 9/10 қатынас шамасындағы интервалды аламыз. Ол Һ мен Н ішектерінде болады [202-суретке қараңыз]:

202-сурет Н ішегінен жуан тарапқа қарай кварта интервалының шамасында Д дыбысын аламыз. (867) Бұл Н - Д интервалы. Ал Д - Һ интервалы, 5/6 шамасы. Сосын Д - Б кварта интервалында жоғарыда айтып кеткен реттік бойынша бірінші қосылған тетрахорд интервалдарын орналастырамыз. Нәтижеде 3 - Н және Һ - 3 екі интервал пайда болады. 3 - Н интервалы біз айтқандай 27/28. Демек, Һ -3 интервалы 14/15қатынасында турады. Ал енді Д -Һ және Һ - 3 мен 3 - Н интервалдары ортаңғы тізбекті тетрахорд интервалдары болмақ. Біздің айтқымыз келген осы. 9 - Бос ішектердің қатты қосылған күшті тетрахорд интервалдарында орналасуы. Бұл жерде қосылған үшінші тетрахорд интервалдарын орналастыруды қалаймыз. Ол үшін 9/10 қатынас шамасындағы (868) интервал қажет. Ол Д мен һ ішектерінің арасында болады. Енді Д дыбысынан жоғары тарапқа кварта интервалының аралығындай көтерілеміз. Ол біз жоғарыда айтқандай Д - Н ішектерінің арасында болмақ. Кейін осы тақырыпшадан әуелгіде айтқанымыздай Н дыбысынан темен тарапқа 11/12 түсеміз. Бұл Н мен З ішектерінің арасында болады. Сонда 10/11 шамасындағы һ - З интервалы қалады. Ал енді Д - һ және һ - З мен З - Н интервалдары қосылған үшінші тетрахорд интервалдары болып шытады. Біздің айтқымыз келгені осы [203-суретке қараңыз]:

203-сурет (869) Осы және осыған ұқсаған әдістер адамға қалаған уақытында бос ішекті аспаптарда түрлі тетрахордтардың интервалдарын пайдалануына мүмкіндік береді. Сол сияқты егер біз осы әдістерді одан әрі де қолдана берсек, онда осыдан басқа да бос ішекті аспаптардың барлығын салыстырып көру мүмкіндігі болары анық. Алайда, біздің осында қолданған тетрахорд түрлері де бұл үшін жетерлік. Егер мұнда айтылған дүниелерді жақсылап түсіне білсе, онда біздің "Музыка өнерінің негізгі элементтері" кітабымызда көрсетіп, баяндаған немесе көне гректердің, яки болмаса олардан соң келгендердің кітаптарында айтылған тетрахордтардың басқа түрлерін де қолдануға болады. Егер ол тетрахордтар дәлелденбеген болсадағы оны өзі шығара алса, онда шығарып пайдалансын. Тетрахордтарды орналастыру жолдары бір бағытпен ғана аяқталмайды. Әуелі белгілі екі дыбыстың арасына екі жаққа да үйлесімді басқа дыбысты орналастыру керек. Сонда олардың арасында екі қатынас туады: бірі үлкен; екіншісі кіші. Кейін бөлуге келмейтін екі қатынасты алып, оларға болуы тиіс қатынасты қосасыз.

(870) Тетрахордты орналастырудың екінші жолы, болуы тиіс интервалға ұқсайтын интервалдарды алып, оларды бір-бірімен араластырасыз.

БОС ІШЕКТЕРДІҢ ТІЗБЕКТЕЛГЕН КОНСОНАНТТАР РЕТІНДЕ ОРНАТЫЛҒАН ИНТЕРВАЛҒА СӘЙКЕС РЕТТІЛІГІ Бұл жерде қолданылуы рұқсат басқа жол айтылып, жоғарыда біз айтқан тетрахордтарды шығару тәртібінің басқа бағытына қол жеткізіледі. Ол үшін әуелі белгілі ортаңғы немесе кіші интервалды орнату қажет, сосын осы орнатылған интервал мен біздің мақсат тұтқан интервалдың арасындағы консонант пен диссонанс мәртебелеріне қарау керек. Көзделген интервалдың реттілік қатынасы, орнатылған интервалдан не үлкен, не кіші болады. (871) Егер көзделген интервал қатынасы жағынан орнатылған интервалдан үлкен болса, онда ол екеуінің арасында әуелдегі сияқты үйлесімдік келгенше орнатылған интервал ішегін босатамыз немесе оны аздап қана тартамыз. Естуші үйлесімдікті байқағанша, егер төмен болса оны босатамыз, ал егер жоғары болса аздап тартамыз. Сондықтан да әдетте орнатылған интервалдың үйлесімдігін шығару үшін төмен тарапқа ығысады. Егер біздің талап қылғанымыз орнатылған үйлесімдіктен төмен тарапқа көп мәртебе қашықтау болса, онда көзделген үндестікке жеткенше саздаймыз. Ал енді көзделген интервалдың қатынасы, орнатылған интервал қатынасынан кіші болса, онда жоғарыдағы істің қарама-қарсы жолын қолданамыз. Орнатылған интервалдың екі дыбысының транспозицияларын көтеріп, ең жоғарғы дыбыстың транспозициясын босатамыз. Мұнан кейін айтылғандай кішіден үлкенге шығатын әдісті қолданамыз. Қорыта айтқанда, орнатылған кіші интервалдан үлкен интервалға өтер шақта төменгісін босатамыз немесе жоғарғысын тартамыз, яки болмаса екі жағдайда да қолданамыз. Егер үлкен интервалдан кіші интервалға түскіміз келсе, онда жоғарғыны босатамыз немесе төменгісін тартамыз, яки болмаса екі әдісті де қолданамыз. (872) Бұған мысал: Біз кварта интервалынан 5/6 интервалына өтуді қаладық делік. Кварта интервалы Һ және З ішектерінде. һ ішегі транспозиция жағынан бұл екеуінің арасындағы ең жұмсағы, ал З ең жоғарғысы болсын. З ішегін кварта интервалымен үйлесуі үшін аздап босатамыз. Нәтижеде З дыбысы мен Һ дыбысының арасында диссонанс орнайды. Кейін олардың арасындағы үндестік орнаған уақытқа дейін З ішегін аздап босатуды жалғастырамыз, сосын расында 4/5 қатынасымен үндестік орнады деп айтамыз. Мұнан соң З ішегін босату ісін әрі жалғастырамыз, екі дыбыстың арасындағы үндестік жоғалады. Осы екі дыбыстың арасындағы үндестік қайта орнағанға дейін осылай жасаймыз. Ақырында үндестік орнайды. Сонда біз, бұл 5/6 қатынасымен болған үндестік деп айтамыз. Бұдан кіші қатынастағы үндестікті қалаған кезімізде де осылай жасамақпыз [204-суретке қараңыз]:

204 - Сурет

(873) Сол сияқты қатынасы бұдан кіші орнатылған үндестікті алып қарайық. Ол үшін қатынасы одан үлкен үндестікті талап етеміз. Ал Дж мен Д ішектерінде орнатылған интервал - толық үн интервалы деп алайық. Олай болса, толық үн интервалымен үндестік пайда болып, кейін қайта диссонанс пайда болған уақытқа дейін Д транспозициясын көтереміз немесе Дж транспозициясын түсіреміз. Кейін арадағы басқа үндестік қайта орнағанға дейін транспозицияны көтеруді немесе түсіруді жалғастырып отырамыз. Бір шамадан соң айтқан үндестік қайта орнайды, бұл 7/8 қатынас шамасындағы интервал үндестігі [205-суретке қараңыз]:

205 – сурет Бұл түр, яғни бос ішектерде орналастырылатын интервалдардың бұл түрі шындығына жеткізбейді. Оның шындығына жеткізетін орналастырудың түрі, интервалдардың бос ішектерде орта және үлкен үндестіктердің әдісі арқылы орналасатын әуелгі түрі мен және соған ұқсастары. Бұл бос ішекті аспаптарға қатысты айтылған сөзіміздің ақыры болмақ. АСПАПТАР ЖАЙЫНДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ (874) Расында біз бұл кітабымызда осы елімізде қолданылатын кеңінен таралған барлық аспаптар хақында баяндадық. Олардың әрбіріне жеке тоқталып, аспаптағы күллі дыбыстарды және интервалдар мен дыбыстық қатарларды санап көрсеттік. Сондай-ақ, "Музыка өнерінің негіздері" кітабымызда ықшамдаған жерлерімізді әрбір аспапта айтып отырдық. Олардың барлығын да сол аспаптарда қалыптасқан әдеттері бойынша көрсеттік және сол әдеттерден тыс қандай дыбыстарды шығара білу мүмкіндіктерін айттық. Тіпті осы кітапта ықшамдалып айтылмай қалған нәрселерді кеңінен таралған аспаптардан анық көріп, салыстырдық. Кітаптың басында айтып өткен себепке сәйкес біздің әу бастағы мақсатымыз да осы болатын. Осы ғылымда біздің дәлелдеп шыққан нәрселерімізді тек математика мен теориялық ғылым иелері ғана пайдаланумен шектеліп қалмаса екен. Себебі, бұл кітапта осы өнерге қатысы бар көптеген дүниелер айтылып, біразы дәлелденді. Сондықтан бұл кітаптан осы өнердің практиктері мен кітаптағы мәліметтерге сезімі арқылы жетуді мақсат тұтқан адамдар да өз үлестерін алсын. Мұнда біз айтпаған, бірақ белгілі бір қауым қолданып жүрген аспаптар да болуы ықтимал. Олардың кейбірінің дауысы ішектерінің бөліктерінен естілетін дыбыстармен біртекті немесе мизмарлардың дауысына ұқсауы да мүмкін. Олардың айтылмауының себебі, оны көпшілік қолданбайды немесе онда болған кемшіліктерге байланысты. (875) Біз мұнда атаған аспаптар, әуел бастан ғылыми негізде баяндалмаған және ол үшін негізделмеген. Бұлар тек осы аспапта ойнаушылар үшін ғана есептелген. Алайда, бұларды жазу барысында музыка өнерінің ғылыми жақтары үшін көптеген жеңілдіктері мен үйлескен жерлері де болды. Мысалы, ішектері параллелді қолданылатын танбурлер, әсіресе қорасандық танбур. Расында бұл аспапта сезімге қатысты көптеген ғылыми қырларын көрсету ауырға соқпайды. Егер осы аспаптағы екі ішекті тең саздап, жуан дауыста біраз ойнау арқылы тәжірибеден өткізсек. Ішектерді тең тартып, сосын ол екеуінің бірін бос ішекте ойнап, екіншісін соған есту қабілеті арқылы үйлесімді қылуға мүмкіндік бар. Сол кезде "Музыка өнерінің негізгі элементтері" кітабында айтылған біраз дүниелерді, әсіресе үндестік қатынастарын анықтауға болады.

Ал енді бір ішек қолданылатын аспаптарға келсек, бұлар арнайы аспаптардың қатарына жатады. Мұнда ғылыми зерттеу басқа аспаптарға қарағанда тез тәмамдалады деген пікір бар. (876) Ал ғылыммен негіздеу әрқашан да машақатпен келеді. Бос ішектер қолданылатын аспаптардың жағдайына келер болсақ, онда бұлардың жағдайы ішектері белгілі бөліктерге бөлінетін аспаптардан басқа. Әрине бұлардың ешбірін ғылыми негізде жеткізу жеңіл емесі анық, бірақ практикалық жағы бұларды басқа аспаптармен салыстырған уақытта кемеліне тез жетеді. Мизмарлардың ғылыми тексеруі жағы өте қиын. Біз бұл жайында басқа тақырыпта айтып өткенбіз. Уд аспабына келсек, оның ғылыми негіздемесі біршама айтылды, бірақ толық емес. Осы өнермен тектес, уд аспабына қатысты басқа тақырыпта айтылды. Ол жерде аспаптың әдетте айтылатын ғылыми қырлары баяндалды. Бұл аспаптардың ешбірін екі қырынан, яғни аспаптың практикалық және ғылыми теориялық қырларын баяндау оңай емесі анық. Практикалық қырлары толық айтылып және ғылыми жайттары жеңіл баяндалатын аспапқа келсек, онда біз оны "Музыка өнерінің негізгі элементтері" кітабының ақырында айтып өттік. Расында ғылыми және практикалық қырларды бірге қамтитын тек осы аспап. (877) Қалған аспаптар кейбірі бұл аспаптан ғылыми жағынан кері қалса, басқалары екі қырынан да жетпейді. Біз осы кітапта көздеген өз мақсатымызға жеттік. Біздің осы сөзіміз аспаптарға қатысты ақырғы сөзіміз болмақ. Олай болса бұл кітабымызды тәмамдаймыз. Екінші сөздің тәмамдалуымен кең таралған аспаптарға қатысты екінші білім де аяқталды. ҮШІНШІ БІЛІМ

БІРЛІ-ЖАРЫМ ӘУЕНДЕРДІҢ КОМПОЗИЦИЯСЫ ЖАЙЫНДА (879) Бұл бірлі-жарым композициялардың құрылымын қамтитын бөлім және осы білім [бөлім] қамтыған нәрселер екі сөзде айтылады. Осы екеуінің әуелгісі, абсолютті дыбыстардан құралған композициялардың жасалуымен таныстырады. Сондай-ақ өнер аспаптарында пайда болатын жағдайлар мен осы нәрселерден туылатын әуендердің түрлерін баяндайды. Бұл білімнің екінші сөзі адамның өлең ырғақтарынан шығатын дыбыстардан құралған әуендердің жасалу әдістерімен таныстырады. Олар қалыптасқан әдетке сай мағыналарды білдіретін әрі өлшемді сөздерді құрайтын дыбыстар. Мұнда осы бірлі-жарым композициялар құралатын осы нәрселерді айтады. Үшінші білім

БІРІНШІ СӨЗ ӘУЕННІҢ БІРІНШІТЕГІ (880) Осы өнерге қатысты білімдерде жоғарыда айтып, дәлелдеген барлық сөзден көздеген мақсатымыз - олардың басын қосып әуендер шығару. Кітабымызда әуендердің құралатын және пайда болатын жалпы нәрселер жайында айттық және дәлелдедік. Алайда бірлі-жарым әуен /377/ композициясын шығару өнері үшін бұл жалпы мәліметтер жеткіліксіз. Енді көздеген мақсатымызға жетуіміз үшін тек бірлі-жарым әуендер құралатын бірлі-жарым бөлшектер жайындағы әңгімеміз қалды. Сондықтан бұл өнердің осы мәртебесінде бізге әуен құралатын тізбекті дыбыстар қатарының тектері мен олардың түрлері және бірлі-жарым әуендердің тектерінен бастауымыз қажет. Сонымен бірге күллі әуендерді құрастыру жолдары мен олардың композициясын жасау әдістері жайында баяндаймыз. Осы жайттарды қамтыған бөлімді біздер осы өнердің үшінші білімі [бөлім] етеміз. (881) Бірінші кезекте мынаны айтамыз: расында әуен - "Музыка өнерінің негіздері" атты кітабымызда белгілеп көрсеткен жолдың тәртібіне сәйкес реттікке орналасқан дыбыстық қатар. Мұның ішінде: белгілі мағыналарды көздейтін адам дауысынан туындаған сөздермен араласпай белгілі реттікке сәйкес орналасқан жалаң дыбыстық қатардан құралған әуендер бар. Сондай-ақ қалыптасқан әдетке сай белгілі мағыналы сөздерді қурайтын дыбыстармен байланысқан шектеулі композициядан пайда болған дыбыстық қатарлар да бар. Әуеннің осы екі түрінің әуелгісі, екіншісі үшін негізгі материя сияқты болғандықтан сөзімізді осы бірінші түрден бастағанымыз жөн болар. Сөйтіп былай дейміз: Әуеннің бірінші түрін құрайтын дыбыстарды, композитор кітабымыздың басында айтып кеткен дыбыстық қатарлардың арасындағы кейбір дыбыстардан жинақтайды. Расында да құрамында кіші интервалдары бар дыбыстық қатарларда әуенді құрайтын дыбыстарды ақырындап анықтауға мүмкіндік бар. (882) Сондықтан әуелі бірлі-жарым дыбыстық қатарлардың тектерін көріп шыққан дұрыс. Біріншіден дыбыстық қатарлардың әртүрлі болуы олардың қолданылатын тетрахорд түрлеріне байланысты. Бұл тетрахордтардың арасында күшті тетрахордтар және әлсіз тетрахордтар бар. Осы дыбыстық қатарлар қолданылатын тетрахордтардың кейбірі кемел, кейбірі толық емес. Кемел тетрахордтың потенция арқылы кемелі болады және абсолютті түрде кемелі бар. Толық емес дегеніміз - атыраптары октава интервалының қатынасынан кіші тетрахорд. Ал атыраптары квинта интервалының қатынасында болғаны - бұдан да кіші тетрахорд саналады. Потенция арқылы кемел тетрахорд дегеніміз - атыраптары октава интервалының қатынасында болғаны. Ал абсолютті кемел тетрахорд дегеніміз - атыраптары екілік октава қатынасындағы тетрахорд. Біз осы өнердің кіріспесінде абсолютті кемел дыбыстық қатардың болуына екілік октава интервалының себебі жайында айтып өткенбіз. Абсолютті кемел - ажыраған және қосылған болады. Бұлардың әрқайсысы ұқсас немесе құбылмалы.

(883) Кеңінен таралған аспаптар хақында айтқан кітабымызда біз ол аспаптардың кейбірінде абсолютті кемел дыбыстық қатар, басқаларында потенция арқылы кемел дыбыстық қатарлар қолданатыны жайында айттық. Сол сияқты олардың кейбірінде толық емес дыбыстық қатарлар, басқаларында дыбыстық қатардың бір бөлшектері яғни мүлдем толық емес дыбыстық қатарлар қолданады мысалы, бағдаттық танбур. Бұлар жайында сол тақырыпты баяндадық. Сондай-ақ біз осы тақырыпта ол аспаптардың басым көпшілігінде реттілігі жағынан анағұрлым абзал емес дыбыстық қатарлардың пайдаланатыны жөнінде де айттық. Себебі олар қолданыс жағынан уд аспабындағы дыбыстардың реттілігінен жеңілірек.

ТҰРАҚТЫ ДЫБЫСТЫҚ ҚАТАРЛАРДАҒЫ ҮЙЛЕСІМДІ ЖӘНЕ ҮИЛЕСІМДІ ЕМЕС ДЫБЫС САНДАРЫНЫҢ КЕСТЕЛЕРІ Толық емес дыбыстық қатар мен потенция арқылы кемел дыбыстық қатарлар абсолютті дыбыстық қатардың бөліктері. Егер абсолютті кемел дыбыстық қатарды санайтын болсақ, онда толық емес пен потенция арқылы толық дыбыстық қатарлар түгел (884) жүйеге келеді. Сондықтан бірлі-жарым дыбыстық қатарларды бұл жерде абсолютті түрде толық дыбыстық қатарлар деп санап және ажыраған жүйелі дыбыстық қатар етіп жасау қажет. Сосын оларды үйлесімді және үйлесімді емес дыбыстық қатарлар ретінде санаймыз. Реттік орналасуы кейбір аспаптарда қосылған немесе құбылмалы қолданылуға икемді болғандарын, біздер кеңінен таралған аспаптар тақырыбында аспапқа қатысты дыбыстық қатарлардың үйлесімді және үйлесімді еместерін айтып өткен едік. Біз мұнда сөзімізді құрамында күшті тетрахордтар қолданылған абсолютті кемел дыбыстық қатардан бастағалы отырмыз. Мұнан соң сөз кезегін әлсіз тетрахордтарға береміз. Сондай-ақ бұл жерде жоғарғы мен төменгі дыбыстар үшін әбден тұрақталған атауларын қолданамыз. Қолданыстағы тетрахорд түрлерінің және дыбыстық қатардағы үлкен-кішілі интервал реттілігінің өзгергенімен олардың атаулары өзгермейді. Бұл атаулардың жай-күйі хақында кітаптың кіріспесінде айтып дыбыстық қатардағы дыбыс атауларының түрлерін баяндап бердік, Сондай-ақ, олардың арасындағы тұрақтылары мен ауыспалыларын көрсеттік. Ал бұл жерде осы атаулардың арасындағы тұрақты тектерін қолдандық. (885) Біз әрбір дыбыстық қатардағы дыбыстарды бір-бірінің артынан тізбектеліп келетін қатынастардың ең кіші сандарымен белгіледік. Сосын кестелер жасадық. Әрбір кесте он бес тік бағана мен үш көлбеу жолын қамтиды. Бірінші көлбеуде біздер дыбыстың белгілерін көрсетіп, оны алфавит әріптерімен белгіледік. Екінші көлбеуде оның атауларын тіркедік. Үшіншіде олардың сандық көрсеткіштері мен сипаттарын жаздық. Әрбір дыбыстық қатардың кестесінен соң ондағы дыбыстың үйлесімді және үйлесімді еместігін көрсететін басқа кесте жасадық: 1 - Уд аспабында қатты екі маддалы [тетрахорд] орнына қолданылуы қажет, интервалдары ажыраған тұрақты дыбыстық қатарда орналасқан, қосылған ортаңғы тетрахорд /378/. (886-891) 13 – кесте

2 - Интервалдары ажыраған тұрақты дыбыстық қатарда орналасқан екі еселенген ортаңғы [тетрахорд], дәлірек айтқанда уд және кеңінен тараған аспаптарда қолданылатын қатты екі маддалы [тетрахорд] /379/. (892-898) 14-кесте

3 - Интервалдары ажыраған тұрақты дыбыстық қатарда орналасқан қосылған бірінші [тетрахорд]. Бұл бағдаттық танбурды кемелдендіре түсіретін екі тетрахордтың біріншісі /380/. (899-904) 15-кесте

4 - Интервалдары ажыраған тұрақты дыбыстық қатарда орналасқан екі еселенген бірінші [тетрахорд]. Бұл бағдаттық танбурды кемелдендіре түсетін тетрахордтың екіншісі. (905-910) 16-кесте

5 - Интервалдары ажыраған тұрақты дыбыстық қатарда орналасқан үшінші қосылған [тетрахорд]. Бұл қатты түзу [тетрахорд] деп аталады /381/. (911-916) 17-кесте

6 - Интервалдары ажыраған тұрақты дыбыстық қатарда орналасқан қатты [тетрахорд]. Бұл ажыраған бірінші [тетрахорд] деп аталады /382/. (917-922) 18-кесте

7 - Интервалдары ажыраған тұрақты дыбыстық қатарда орналасқан хроматикалықтардың арасындағы ең күшті [тетрахорд]. Бұл тізбекті күшті [тетрахорд] деп аталады /383/. (923-928) 19-кесте

8 - Ортаңғы хроматикалық [тетрахордтардың] бірі орналасқан ажыраған тұрақты дыбыстық қатар. Бұл ортаңғы тізбекті [тетрахорд] деп аталады /384/. (929-934) 20-кесте

9-Ортаңғыэнармоникалықүшінші [тетрахордтың] орналасқан ажыраған тұрақты дыбыстық қатар. Бұл әлсіз тізбекті [тетрахорд] деп аталады /385/. (935-940) 21 – кесте

10-Жұмсақтардың арасындағы ең күшті [тетрахорд] орналасқан ажыраған тұрақты дыбыстық қатар. Бұл күшті хроматикалық [тетрахорд] деп аталады /386/. (941-946) 22 – кесте

11 - Хроматикалық тұрақты [тетрахорд] орналасқан ажыраған тұрақты дыбыстық қатар /387/. (947-952) 23 – кесте

12 – Энармоникалық тұрақты [тетрахорд] орналасқан ажыраған тұрақты дыбыстық қатар /388/. (953-958) 24 – кесте

206-сурет

207 - сурет

208 – сурет

209 – сурет

ӨТУДІҢ БАСТАУЛАРЫ МЕН ӘУЕНДЕРДІҢ НЕГІЗДЕРІ (959) Біздер бірлі-жарым дыбыстық қатарларды санап болғаннан соң, өтулер жайында, яғни өтулердің бастамалары /389/ мен әуендердің негіздері хақында әңгімелесейік. Өту дегеніміз - дыбыстық қатардың барлық дәрежелерінен және олардың кейбірінен де жасалуы мүмкін. Бірақ бір потенцияның дыбыстары, дәл сол дыбыстық дәрежелер деп саналады. Сондықтан егер өту дегеніміз - осылардан жасалса, онда баяғы дыбыстық қайталануы деп саналады. Сол себепті бір потенцияның дыбыстарынан құралатын интервалдар көлеміндегі әуендер, бір дыбыстың қайталануы болып келмегені игі. Бір дәреже деп саналатын әртүрлі деңгейдегі дыбыстар - (960) бұл октаваның, квинтаның және квартаның да шеткі дыбыстары. Сол сияқты бұлардың қатарына дуодециманың және екілік октаваның шеткі дыбыстары да жатады, алайда бұл интервалдарды дуодецима сияқты тек оқта-текте ғана пайдалануға болады. Негізінде дыбыстар осы үш интервалдың көлемінде қолданылады: октава, квинта немесе кварта. Осы интервалдардың кез келгенінің көлеміндегі дыбыстарды потенциялары бір болмаса "әуендердің негіздері" [мадани'у әлхан] деп атайды. Потенциясы интервалдардың шеттеріне қатысты әртүрлі болып келетін кез келген дыбыстық қатардың дәрежелері де осы сияқты. Толық

емес дыбыстық қатар үшін потенциалды бір дыбыстар, толық дыбыстық қатар үшін түрлі потенциялы. Кез келген толық және толық емес дыбыстық қатарда әуеннің негіздері (961) осы және бұлардан басқа да барлық қатысты дыбыстарды қамтып, дыбыстық қатардың шеттеріне шамалас орналастырылған әртүрлі потенциялардың дыбыстары. Бұлар әуендерді жақсарту және кемеліне жеткізе түсу үшін қолданылады. Әуендердің негіздері - олардың өздері ойлап шығарылатын қажетті дыбыстар. Мұндайлардың саны октавада жетеу, квинтада төртеу, квартада үшеу, ундецимада он, дуодецимада он бір және екілік октавада он төрт. Алайда, екілік октавада октавадан үлкен интервалдардың ешбір түрі алынбайды, бірақ онда осы үш интервалдың түрлері қамтылады. Жалпы алғанда октаваның түрі жетеу, квинта төртеу, ал квартаның үш түрі бар. Үш интервалда әуен бастамаларының дәрежелік жағдайлары әртүрлі. Өйткені екілік октавада бірнеше түрлері бар осы үшеуінің бірінен алынған әуеннің негіздері, сол интервалдың (962) басқа түріндегі негіздердің мысалы сияқты. Интервал түрлерінің шеткі дыбыстары - "әуеннің негіздері" деп аталатын әрбір түрдің дыбыстарына өту бастамалары. Мұндай бастамалар квартада үшеу, квинтада төртеу және октавада жетеу. Түрлер жоғарыдан төменге немесе төменнен жоғары қарай алынуы мүмкін. Дыбыстық қатардың ортасында жоғарыдан төмен орналасқан бұл интервалдардың кейбір түрлерінде, төменнен жоғарыға орналасқанның ұқсас мысалдары бар. Бұл кезде әуен негіздерінің түрлері екі еселенеді де, ұқсас түрлер бір дыбыспен бірігеді. Жоғарыда айтылғандай интервалды тектер, транспозициялар мен дыбыстық қатарлар араласуы мүмкін, (963) бірақ, егер олар әуеннің негіздері болса олардың әрбіреуі жеке қолданылғаны дұрыс. Ал енді әуеннің тізбекті орналасуын арттырып, дыбысын толықтап, бастапқы және аралық бөлімдерде композициялық демеу көрсету үшін болса, онда олардың басқаларымен араласуына болады. Бұл жағдайды удтың дыбыстық қатарында кеңінен тараған дыбыстардан туылған араб әуендерін талдаған уақытта анық байқауға болады. Әуендердің негізін құрайтын осы үшеуінің дыбыстары ғана емес, басқа да интервалдардың дыбыстары болғандықтан шығарылған көптеген әуендердің негіздері аралас деп саналады. Расында да олар мұндай болмағанымен бірақ, олардың негіздері екілік октавадан алынатындығы үшін, бұл дыбыстардың қайсысы әуеннің негізі, ал қайсысы оны көркемдеуіш екені анық. Себебі, екілік октавадағы дыбыстардың басым көпшілігі, шеткі дәрежелерінің қатынастары октавадан жоғары дыбыстық қатарлардың дыбыстарымен толықтай сәйкес келеді десе болады. Октаваның қатынасынан асатын дыбыстық қатарлардың негіздерінен құралған кез келген әуеннің қанықтығы аз немесе мүлдем жоқ. Өйткені оларды әдетте негіздер алынатын емес, басқа позициялардан алу реттілігі қалыптасқан. (964) Негіз екілік октавадан немесе оған жақын қарапайым дыбыстық қатарлардан алынған уақытта, ол интервалдың сыртында олардың қанықтығы ретінде пайдаланылатын артық дыбыстар қалмайды. Себебі басқа дыбыстық қатардың дыбыстары осылармен араласады немесе бір дыбыстық қатардың транспозициясы басқа транспозициямен қосылады. Абсолютті толық дыбыстық қатар - екілік октава көлеміндегі дыбыстық қатар, ал потенциалы кемел дыбыстық қатар болса үлкен қатынастағы барлық дыбыстық қатарлардың орнын басады.

Оның интервал түрлері, біртекті ажыраған екілік октаваның дыбыстық қатарынан басқа қатарларда тәмамдалмайды. Потенциялы дыбыстық қатар өзінің бөліктері ретінде кіші дыбыстық қатарларды және жоғарыда айтылғандай үлкендерде қамтиды. Сондықтан да октаваға және оның әрбір түріне қатысты айтылған орында әуендердің негіздері мен октава түрлері алынатын басқа да интервалдар жайында айтылды. Октавадан үлкен интервалдардың негізінен (965) әуендерді құрастыру аса қиын, ауыр емес, себебі олардың қанықтырғыштары да көп емес. Оған қоса бұл әуендерде қолданылатын қосымшалар мен көркемдегіш түрлері, октаваның негізінен құралған нәрседе де бар. Ал енді октаваның негізінен құралғанның құрамындағы нәрсе, одан үлкен интервалдан құралған әуендерде болмауы мүмкін. Оларды мына суретке сәйкес көрсетейік: Бұл суретте октава мен кварта және квинталардың барлық түрі қамтылған. (966) Осы жағдай біздерге әрбір интервалдың арнайы кестесін сызу міндетінен босатады. Бұл түрлердің шеткі түрлері, қандай шеттерінен болса да әуендердің негіздері саналады, ал олардың арасында төменнен жоғары немесе жоғарыдан төмендеген реттік бойынша орналасқандардың қосындысы дәл сол түрінде әуендердің негізі.

210-сурет Осы сияқты өтудің бірлі-жарым тектерін салып көрсетейік. Бір октава түрінің негізіндегі өтудің тектерін санау арқылы біз олардың осы қатынасы бойынша үлкен-кіші интервалдардағы өтудің тектерін жүйелейтініміз де анық. Бірақ біз өтудің тек қарапайым түрін атаймыз, ал олардың күрделісіне келер болсақ, онда бұл өнерді зерттеуші адам оларға өз бетінше осы қарапайымдарды құрастыруы арқылы шығады.

БІР ОКТАВАНЫҢ НЕГІЗІНДНГІ БІРЛІ-ЖАРЬІМ ӨТУЛЕРДІҢ ТЕКТЕРІ 1. Түзу өту [Ән-нуқләту 'алә әл-истиқомати] /390/ (967) Бастапқы дыбыстарға қайта оралмастан тура өту. (968) (А) - секірмей, түзу қосылған өту /391/ [211-суретке қараңыз•]:

211-сурет

212-сурет 1) Бір секірімді Дыбыстық қатарда реттікпен орналасқан дыбыстардың әрбір екіншісінен секіріп өту /392/ [213суретке қараңыз]:

213-сурет

214-сурет 2) Екі секірімді (969) Дыбыстық қатарда тізбектілікпен орналасқан дыбыстардың бірінен келесіге өткен уақытта арада екі дыбысты қалдырып өту /393/ [215-суретке қараңыз]:

215-сурет

216-сурет 3) Үш секірімді (970)Дыбыстық қатарда тізбектілікпен орналасқан дыбыстардың бірінен келесіге өткен уақытта арада үш дыбысты қалдырып өту /394/ [217-суретке қараңыз]:

217-сурет

218-сурет 4) Төрт секірімді Дыбыстық қатарда тізбектілікпен орналасқан дыбыстардың бірінен келесіге өткен уақытта арада төрт дыбысты қалдырып өту /395/ [219-суретке қараңыз]:

219-сурет 5) Бес және одан көп секірімді

(971)

220-сурет 2 - Ауытқып өту [әннуқләту 'алә әл - 'инитоф] Интервалдың бір түрінен келесі түріне өтпей бастапқы дыбысқа оралу. А) Аралық дыбыстарды өткізіп, бастапқы дыбысқа оралу: 1) бір интервал [221-суретке қараңыз]:

221-сурет 2) екі интервал [222-суретке қараңыз]:

(972)

222-сурет 3) үш интервал [223-суретке қараңыз]:

(973)

223-сурет 4) төрт интервал /396/ [224-суретке қараңыз];

(974)

224-сурет 5) бес және одан көп [225-суретке қараңыз]:

225-сурет (Б) Өтуге қатысты немесе қатысы жоқ орталық, аралық дыбыстар арқылы бастапқы дыбысқа оралу. 1) Өтуге қатысты орталық дыбыстар арқылы оралу: мұндай өтудің бірнеше түрі бар, мысалы: (975) бірінші /397/ [226-суретке қараңыз]:

226-сурет
Екінші /398/ [227-суретке қараңыз]:

227-сурет
(979) үшінші \399\ [228-суретке қараңыз]

228-сурет 2) Өтуге қатысты болмаған ортаңғы дыбыстар арқылы оралу; мұндай өтудің бірнеше түрі бар, мысалы: Бірінші /400/ [229-суретке қараңыз]:

229-сурет
(977) екінші /401/ [230-суретке қараңыз]:

230-сурет
үшінші [231-суретке қараңыз]:

231-сурет 3 - Айналымды өту [ән-нуқлә әл-истидара] Бастапқы дыбысқа оралу, кейін осыған ұқсас түрге басқа қырынан өту (978) сосын екінші түрден біріншінің дыбыстарын шығарып, бастапқы дыбысқа оралу. Осылай екі немесе одан көп мәрте қайталау. 1) бір интервал [232-суретке қараңыз]:

232-сурет 2) екі интервал [233-суретке қараңыз]:

233-сурет
(979) 3) үш интервал [234-суретке қараңыз]:

234-сурет 4) төрт интервал [235-суретке қараңыз]:

235-сурет
Бес және одан да көп [236-суретке қараңыз]

236-сурет 4 - Бұрылма өту [ән-нуқлә ән - 'инирадж] (980) Бастапқы дыбыстан бөлек, өтуге қатысы бар немесе қатысы жоқ дыбыстардың кез келгеніне қайта оралу. А) Өтуге қатысы бар дыбыстарға қайта оралу; мұндай оралудың бірнеше түрлері бар, мысалы: біріншісі [237-суретке қараңыз]:

237-сурет
екіншісі [238-суретке қараңыз]:

238-сурет (981) Б) өтуге қатысы жоқ дыбыстарға оралу. Мұндай өтудің де бірнеше түрі бар, мысалы: біріншісі [239-суретке қараңыз]:

239-сурет

(982) екіншісі [240-суретке қараңыз]:

240-сурет (983) Бұл сызбаларға адамның өзі ойлана отырып, ойлап шығара алатын кейбір өтімдерді еске алмағанда мұнда көптеген қарапайым өтулер қамтылған. Ал енді күрделі өтулерге келсек, олар осы қарапайым өтулерден құрастырылады. Сондықтан оларды арнайы сызбаларда көрсетудің қажеті жоқ. Әрбір өту түрінде бір дыбысты екі немесе одан көп мәрте қайталауға болады. Мысалы, бірінші түрде: һ-һ, Т-Т, И-И-И, К-К-К, Л-Л, М-М, Н-Н. Октаваның басқа түрлерінде және квартадан асатын интервалдардағы дыбыстық қатарлардың негіздерінен өткенде әрі квинта, кварта негіздерінде де осы сызбаларда көрсетілгенді ұстануы тиіс.

БІРЛІ-ЖАРЫМ ЫРҒАҚТАРДЫҢ ТЕКТЕРІ Ырғақтағы метрикалық негіз Өтулерге қатысты осы айтқанымызбен шектеліп, бірлі-жарым ырғақтардың негіздері жайындағы тақырыпқа көшейік. Ол үшін ықшамдап баяндаудың басқа (984) түрін қолданамыз, яғни "Музыка өнерінің негізгі элементтері" кітабында пайдаланған жолмен жүрмейміз. (985) Осы арада біздің мақсатымыз тек бірлі-жарым ырғақтарды санау болғандықтан, олардың зейіндегі белгілі сандарын анықтап, одан артығын келтірмейміз. Әуен шығаруды қалаған адам осыдан қажетінше пайдаланады. Сондықтан мұның тәлімі үшін естушінің зейініне оңай қонатын, әрі пайдаланылуы жеңіл жолды таңдаймыз. Инженердің үй құрылысы үшін кейде бір қабырғалар мен пішіндерді әуелі құратыны сияқты және бірқатар сандардың басқаларынан бұрын есептелетіні сияқты біз де бірлі-жарым ырғақтардың кейбірін реттілігі жағынан басқаларынан бұрын келетін әдісті пайдаланамыз. Сандардың ыдыраған уақытта ең кішілеріне ыдырағаны сияқты, басталған кезде де ең кішкентайларынан басталады. Көптеген қабырғалары бар жазықтық та ыдыраған уақытта бір жазықтық қалуы мүмкін, мысалы, үш бұрыш. Ал сандар ыдыраса, онда оның салдары бір санына алып келеді. Ырғақтар да осы сияқты. Олардың барлығының ыдырауы да, басталуы да бір ырғаққа алып келуі ықтимал. Олай болса осы бір ырғақты, солардың бастапқы ырғағы деп алайық. Сосын осыдан қанша түрлі ырғақтың шығу мүмкіндігін және олардың қалайша шығатынымен таныстырамыз. Тыңдаушы ырғақтардың ең бастапқысын біліп және оның қалай тарайтынын түсінген шақта, оның зейініне жазықтық пен сандардағы сияқты ыдырау мен құралудың түсінігін молынан жеткізуге болады. (986) Себебі, олардың түрлерінің шегі жоқ. Тыңдаушы немесе зерттеуші осыған қатысты "Музыка өнерінің негізгі элементтері" кітабымызда осыған қатысты дәлдеген нәрселерімізді түсінген болуы керек. Олай болса мұндағы тізбекті

замандағы ырғақтар мен дыбыстардың бастамалары ритмдік соққыға, шертуге байланысты. Ендеше, ритмдік ұрысты үш деңгейге бөліп қарастырайық: күшті ритмдік соққы [накротун қоуйятун] және әлсіз ритмдік соққы [нақротун ләййнатун] мен орташа ритмикалық соққы [нақротун мутауасситатун]. Күшті ритмдік соққы [нақротун қоуйятун] - араб тілінің грамматикасындағы таниуйнге /402/ ұқсайды. Орташа ритмдік соққы [нақротун мутауасситатун] - араб тіліндегі әріптің харакатына /403/ ұқсайды, ал енді әлсіз ритмдік соққы [нақротун ләййнатун] - араб тіліндегі әріптегі харакаттың ишмамына /404/ немесе реумге /405/ ұқсайды. (987) Кейбір адамдар ритмдік соққы деп тек күшті ритмдік соққыны ғана атайды. Ал енді ортаңғы ритмді "әлсіз реңк" [әл-масха], ал әлсіз ритмдік соққыны "белгі" [ғамзотун] деген. Мұның ең дұрысы бұларға, тіл мамандарынан алып әр тілде әріптерге ұқсас атауларды беру керек. Ал біз болсақ, мұнда оларға араб тілінің ережесіне сай атаулар бердік. Сөйтіп, орташа ритмдік соққыны "ар-реум", әлсіз ритмдік соққыны "әл-ишмам" деп атадық. Біздер ырғақтардың бастамасы деп алған ырғақ, олардың барлығынан бұрын келмек, әрі олардың арасын қоспақ [241-суретке қараңыз]:

241-сурет Расында да біз бұл текті басқа ырғақтардың бастамасы қылдық. Себебі, (988) мұнда бастама ретінде қолданылған ол басқа ырғақ тектерінің де барлығында пайда болады. Егер адам ажыраған ырғақтағы әуелгі ритмдік соққының артынан еріп, кейін екінші айналымның соққысының теңесуін күтіп, сосын осы екінші айналымның бірінші соққысына еріп, екінші ритмдік соққымен теңесуін күтсе, сосын екінші айналым тәмамдалып, үшіншінің әуелгі ритмдік соққысын жасайды. Мұның әуелгі ритмдік соққысына еріп, екінші соққыны жасаған соң олардың теңесуін күтеді де келесі соққының әуелгісіне көшеді. Сосын осы әуелгі ритмдік соққыға еріп, олардың теңесуін күтеді. Осылайша, әрбір ажыраған ырғақтық айналымда бастапқы ырғақ қайталанып отырады. Сол сияқты егер осы ырғақтағы әрбір ритмдік соққы әрбір ажыраған айналымдағы ақырғы ритмдік соққының артынан келіп отырса, онда оның олардың барлық тектерінде де болғандығы. Сондықтан осы ырғақ, потенциясы жағынан барлық ажыраған ырғақ десе де болады. Ол оның барлық тектерін жинаушы әрі қамтушы. Осыған байланысты біздер оны барлық ырғақтың потенциясы етіп жасадық және қалған ырғақтар осыдан бастау алатын еттік. Ол екі ритмдік соққының арасына. түсетін ең ұзақ уақыт әрі ырғақтардан туатын дыбыстың ең созыңқы уақытымен тең. Ырғақтың жүйелігіне бағынбайтын дыбыстардың ұзақтығы шексіз, ал ырғақпен келіп-кетіп жатқан дыбыстың созыңқылығы көп жағдайда шектеулі. (989) Ал орташа жағдайда, сөзден сегіз жеңіл ритмикалық себепке /406/ [саманията асбабин хафифатин] жақын. Ал ақырғы тоқтаудан кейінгі уақыт екі жеңіл ритмикалық себептің арасындағы уақыттың екі есесіне жақын.

242-сурет (990) Егер дыбыс бастапқы дыбыс уақытынан созылыңқы болып, кейін осы әдіспен басқасымен қосылса, онда сезім бұл қосындыны ырғақтығы жатынан жүйелі деп танымайды. Мұны өлшемді өлеңдерді әуендерге салып айтқан уақытта да байқауға болады.

(991) Бұл өлшем, тізбектеліп бірінен соң бірі келетін, созылыңқы, бірі басы, екіншісі оның ақыры, екі бастапқы дыбыстардың ортасында қолданылатын уақыттың ең ұзыны. Олай болса біз бұл уақытты бастапқы ритмикалық соққылардың арасындағы екі соққының ортасындағы заман деп алайық. Адам уақытты бұл өлшемнен асыруды қалаған кезінде, оның былай жасауына кедергі болмайды, алайда ол өзінің мұндай әрекетімен жиі пайдаланылатын жағдайдан тысқары қалып қояды. Бізге бұл уақыттарды шектеулі өлшем қылмай қолданып көрсетуімізге де болар еді, бірақ біз былай шектеп, қысқартуымыздың себебі, осы айтылған мәліметіміздің түсінікті әрі жеңіл болуын қаладық. РесурсFacebookTwіtterGoogle+WhatsAppMaіl.RuSMSVKWeChatBaіduEmaіlQzoneRenrenVіber

МЕТРИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРДЕН ТУЫНДЫЛАРДЫҢ УАҚЫТЫН ШЫҒАРУ Бұл бастамадан қалған ырғақтарды шығару мәселесіне келсек, онда бұдан жүйелі /407/ және жүйесіз ырғақтар туындайды. Жүйесіз дегеніміз - адамның қалағаны бойынша бұл ырғақтардың әрбірінің екі еселенуі (992) немесе үш еселенуі, төрт еселенуі. Мұнан соң олардың арасы алшақтап, кейін адамның қалауымен олар бір-біріне жақындайды. Енді мұны қоя тұрып, жүйелі ырғақ туралы былай дейміз: Расында жүйелі ырғақ екі текті болады. Бұл екеуінің бірі, әуелі басталады, сосын бастапқы мен екеуінің арасы жақындатыла түседі. Егер әлгі сегіз музыкалық себептен кейін келетін уақыт түсіп қалса, онда онымен сөздің сегіз жеңіл себептері шектеседі. Егер оның әрбір музыкалық себебі жеңіл тоқтауы бар ритмикалық соққымен жанасып келсе, онда бұл уақыт - соңынан жеңіл тоқтауы бар жеті жеңіл ритмикалық соққылардың арасында келетін уақытпен тең болуы тиіс. Бұл бастапқының жеті ритмикалық соққылардың арасындағы нәрсе, екі ритмикалық соққының арасындағы ең кіші уақытқа (993-994) жақындатылса, жалғасқан жеті ырғақ туады /408/ [243суретке қараңыз]:

243-сурет

244-сурет

245-сурет

246-сурет

247-сурет

248-сурет

249-сурет (995) Ритмдік соққыларының соңынан уақыт келетін жалғасқан музыкалық ырғақтар осылар. Ал енді ритмдік соққыларының артынан тоқтау келмейтін қосылған музыкалық ырғақтарға келсек, бұлар екі түрлі: (996) Олардың біріншісі - ритмдік соққыларынан кейін екі шертудің арасындағы ең жылдам өту уақыты болатын қосылған музыкалық ырғақ. Екіншісі, ритмдік соққыдан кейін екі соққының арасындағы ең жылдам өту уақытынан аз бірақ, әдеттегі екі соққының арасындағы уақыттан жылдам мезгіл бар жалғасқан ырғақ. (997) Осы екінші түр, уақыты жағынан тоқтаулардың алтыншысы мен ең жылдам уақытты қосылғандардың арасындағы ортаңғысы болып табылады. Бұл екеуі біз санап көрсеткен алтауға келіп қосылады. Осы екеудің арасындағы ең жылдамы, мынау:

250-сурет
Ал ең баяуы мынау:

251-сурет (998) Қосылғанның түрлері жалпы тоғыз. Артынан тоқтау келетін ритмикалық соққыны арабтар "әрекетсіз соққы" [нақротун сакинатун] деп атайды, ал енді артынан тоқтау келмейтін бірақ келесі соққының әрекеті тұратын ритмикалық соққыны "әрекетті соққы" [нақротун мутахаррикун] дейді. Ырғақ соққыларынан соң тоқтау келетін болса, оны "ритмикалық дәуір" [әл-джинс] деп атайды. Оның артынан келген тоқтау баяулаған сайын оның "ритмикалық дәуір" деген есімі оған лазым болады. Ырғақтың ритмикалық соққылары әрекетті болған сайын оны "жылдамды қарқын" [әл-махсус] дейді. Ритмді соққының соңынан келген әрекеттер жылдамдаған сайын ырғақтың бұл түрі де соғұрлым "жылдамды қарқынға" айналады. (999) Егер әрекеттің жылдамдығы біртіндеп төмендеген болса, онда кейбір адамдар мұны "қалыпты" [тамхир] деп атайды. Осылайша, бастамадан шыққан қосылғандар осы бағыттарда тарайды. Егер бастамадан шыққан қосылған туындылар өзгеріске түспей өзінің бастапқы құрылымы бойынша қолданылса, олар тартымды емес, кем жетілген болады. Сондықтан оны пайдалану көзделсе, оның бастапқы қосылған негізі өзгертіліп, ажыратылады да нәтижеде ол жағымды әрі тартымды естіледі. Бұл жайында кейінірек баяндаймыз.

ҚОСЫЛҒАНДАРДЫ ҚҰРАСТЫРУЫ АРҚЫЛЫ АЖЫРАҒАН ЫРҒАҚТАРДЫ ШЫҒАРУ 1 - Қарапайым ажырағандар Егер ажыраған ырғақты шығару керек болса, осында көрсетілген қосылған ырғақтардың бір немесе одан көп уақытын аламыз. Қалағанымызды алып, соны дәлелдейміз. Мұнан кейін осы дәлелдеген уақыттан үлкен уақытты таңдап, оны сол ритмикалық айналымның ең үлкен уақыты деп санаймыз. Сосын осы қосындыны қайталасақ, ырғақ пайда болады. (1000) Осы ырғақты құраған ажырағандарды алып қарасақ, бұлар екі тек. Біріншісі қарапайым, екіншісі күрделі. Қарапайым [басит], музыкалық айналымдарының әрбірі жалғыз қосылған уақыттан құрылған ырғақтың түрі. Күрделі [мураккаб], музыкалық айналымдарының барлығы екі немесе одан да көп қосылған уақыттардан құрылған ырғақтың түрі. Осы екеуінің әрбірі біреу, екеу немесе үшеу, яки болмаса одан да көп болып келеді. (1001) Музыкалық айналымы бір мезгіл мен екі ритмдік соққы өткен сайын қайталанып отырған ырғақ - қарапайым ырғақтың біріншісі болады. Музыкалық айналымы екі уақыт өткен сайын қайталанып отырған ырғақ - екінші түрі. Қарапайым ырғақтың басқа да турлері осындай реттікпен жалғаса береді. Күрделі ырғақтың біріншісі - музыкалық айналымы әртүрлі екі уақыттан кейін қайталанған ырғақ. Музыкалық айналымы қайтып келетін үш уақыттың біреуі басқа түрлі болса, бұл - күрделінің екіншісіне жатады. Күрделінің қалған түрлері де осылай жалғаса береді. Бұл түрлердің қосылған ырғақтардың құрылымы арқылы бірбірінен шығуы мынадай түрде болады: Әуелі қарапайымдарын шығарайық. Ол үшін қосылғандардың ішінен өзіміз көрсеткен бір уақыты мен екі ритмдік соққысы барларын аламыз. Бұл реттілігі жағынан қосылғандардың арасындағы бесіншісі болсын. Бұған өзінен үлкен уақыттардың бірін қосып, оны осы айналымның ажыратушысы етеміз. Сосын айналымдарды қайталаймыздағы оның ортасына ажыратушылар жасаймыз. (1002) Нәтижеде мынадай болады /409/ [252-суретке қараңыз]:

252-сурет

253-сурет Қосылғандардың әрбірінен бірінші қарапайымды осы жолмен шығарамыз. Ал егер қарапайым екіншіні шығаруды қаласақ, онда қосылғандардың кейбірін алып, онда екі уақыт және ритмдік соққының үшеуін аламыз, бұл реттілігі жағынан төртінші қосылғанда болады. Кейін өзіміз ойлаған ырғақ айналымына өзінен үлкен (1003) ырғақ уақыттарының біреуін қосамыз. Осы айналымды қайталаған кезде ырғақтың мына түрі шығады /410/ [254-суретке қараңыз]:

254-сурет

255-сурет (1004) Сол сияқты егер үшінші қарапайымды шығаруды қалайтын болсақ, онда үш уақытты және төрт ритмдік соққыны аламыз. Кейін оған өзінен үлкен кейбір уақыттарды қосамыз. Ақырында бізде мынадай ырғақ пайда болады /411/ [256-суретке қараңыз]:

256-сурет

257-сурет (1005) Осы сияқты егер бірінен кейінгі бірі тізбекті реттілікпен кеткен қарапайым түрлерін шығаруды қалар болсақ, онда осы жерде көрсетілген бағытқа сәйкес құрастыра береміз. 2 - Күрделі ажырағандар Біз бірінші күрделінің ырғағын жасауды қалаған жағдайда қосылғандардың бірін аламыз. Ол бесінші немесе алтыншы болуы тиіс. Осыдан бір уақытты алып, кейін оған басқа қосылғанның бір уақытын қосамыз. Сөйтіп, бұл қосындыны бір музыкалық айналым ретінде санап, оған уақыты жағынан бұл екеуінен үлкен қосындының мезгілін ажыратушы қыламыз. Нәтижеде мынадай ырғақ шығады /412/ [258-суретке қараңыз]:

258-сурет

259-сурет (1006) Осы құралғандар реттілігі жағынан бір-біріне ұқсамайды. Егер осылардың әрбірін қосылғандардың құрылымынан шығарып, кейін реттілігі өзгертілсе, онда басқа ырғақтар шығады. Мұның мысалы ретінде әуелгі ажыраған күрделінің реттілігін ауыстырып көрсек, (1007) онда одан мынадай ырғақ пайда болады /413/ [260-суретке қараңыз]:

260-сурет

261-сурет Осы әдісті ажыраған күрделілердің екіншісін шығару үшін және басқа күллі реттіліктерді шығару үшін де қолданамыз. Сондай-ақ күрделілердегі музыкалық айналымның уақыттары көбейген сайын, оның тәртібіндегі айырмашылық та арта береді. Метрикалық негіздерді арттыру арқылы ажыраған ырғақтарды жасау (1008) Бұл ырғақтарды шығару жүйелі тегінің бірінші жолы. Мұнан кейін екеу болған жүйелі тектің екіншісіне көшеміз дей отырып, мынаны айтамыз: Бұл жолдағы қосылғандарды жасау, бірінші жол метрикалық негіздердегі ритмдік соққылардың арасындағыларға жақын.

Ал енді ажырағандар бастапқы ритмдік соққыларды арттыру арқылы жасалады. Олардың арасында екі есе, үш есе немесе төртеу, бесеу, яки болмаса одан да артық есе қосылуы арқылы жасалатындары да бар. Олардың барлығы бастапқыдағы бірінші ритмдік соққының артуы, ал екіншісінің сол қалпында тұрақтауы немесе екінші ритмдік соққының артуы және біріншінің сол қалпында тұрақтауы арқылы, яки болмаса ол екеуінің бірге артуы арқылы жасалады. (1009) Егер бірінші ритмдік соққы артып, екіншісі тұрақтауы арқылы жасалған болса, онда мынадай ырғақ туады [262-суретке қараңыз]:

262-сурет Егер екінші ритмдік соққы артып, бірінші соққы қалпында қалса, онда осы ырғақ пайда болады [263-суретке қараңыз];

263-сурет Ал егер олардың екеуі бірдей артатын болса, онда бұл екі жол арқылы болады: ритмдік бір соққы бірінші мен екіншіге ортақ болуы (1010) арқылы немесе бұл екеуінің әрбірі жеке түрде артады. Егер ритмдік бір соққы бірінші мен екіншіге ортақ болуы арқылы екі еселеп артатын болса, онда әуелгі мен екіншінің ортасындағы заман тең екі бөлікке бөлінеді. Сөйтіп, бұл ритмдік соққының интервалы ол екеуінің әрбіріне тең интервалға ие болып, нәтижеде мынадай ырғақ туады [264суретке қараңыз]:

264-сурет Ал енді араларына ортақ ритмдік соққы түспеген жағдайда, онда біріншіге жақын тұрған ритмдік соққы, (1011) осы біріншіге, ал екіншіге жақын соққы екіншіге қосылады. Бұл ырғақтың мына түрі [265-суретке қараңыз]:

265-сурет Осы мысалды ұстана отырып, біз негізгі метрикалық негіздерді екі еседен асырып, яғни үш немесе төрт есеге асыруымызға болады. Сонда басқа ырғақтар туады. Сол сияқты көрсетілген қосылған ырғақтардың арасындағы ритмдік соққыларды жақындатуымызға және олардың арасын алшақтатуымызға да болады. Ритмдік соққылары екі еседен көпке артқан ырғақтарды да осылай өзгертуіміз мүмкін. Ырғақ арасын қашықтату олардың ортасындағы тоқтауды ұзарту арқылы немесе өту жылдамдығын тежеу арқылы, яки болмаса осы екі әдісті бірге қолдану арқылы іске асады. Бұл жағдайда осы ырғақтың түрі "ауыр" деп аталады. Ал енді ырғақтың арасы аз тоқтау немесе әрекетті тездету, яки болмаса осы екеуін де қолдану арқылы жақындатылса, бұл ырғақ "жеңіл" деп аталады. (1012) Бұл әуен ырғақтарының түрлері жасалатын жолдар.

РИТМ НЕГІЗІНДЕ БОЛАТЫН ӨЗГЕРІСТЕР Ырғақтардың кез келген түрлерінің арасында сол ырғақтың өзгермейтін негізі /414/ және көркемдегіштері мен үстемелері болады. Бұлар ритмдік соққылардың сырттан қосылуы немесе қосылмауы арқылы болады. Ал енді сырттан қосылу жолына келер болсақ, бұл төрт түрге бөлінеді: ажыраған ырғақты қосу түрі [таусил әл-муфассоль] /415/ [266-суретке қараңыз]:

266-сурет (1013) Қосылған ырғақтың ажырау түрі [тафсил әл-муассоль]; бір бөліктің бірнеше мәрте қайталануы; ырғақтағы айналым бөліктерінің әрқайсысы әртүрлі болып құралуы. Сонымен ажыраған ырғақты қосу түріне келейік, бұл дегеніміз - ырғақ айналымындағы үлкен ажыратушыны кіші немесе орташа ажыратушыларға бөлеміз немесе оны сол қалпында қалдырамыз. Нәтижеде екі айналым біреу болады немесе үш айналым бір айналымның құрамына кіреді. Мысалы; біз суретін салған бірінші түрді алайық. Мұндағы үлкен ажыратушыны, екі шағын немесе орташа ажыратушыларға бөлсек, онда оның музыкалық айналымдары алты ритмдік соққы және таты алты ритмдік соққыларға ауысады. (1014) Ақырында мынадай ырғақ шығады [267-суретке қараңыз] /416/:

267-сурет

268-сурет Қосылған ырғақты ажырату түріне келсек, бұл жағдай кейде қосылған ырғақ және ажыраған ырғақ түрлерінде де келуі мүмкін. Қосылған түрін алсақ, онда бұл жерде ажыратушыларды жасаймыз. Ал енді қосылған түрін алсақ, онда ажыратушы болмаған жерге ажыратушыларды қоямыз. Бір бөлікті қайталау түріне келсек, бұл жағдайда біз бір айналымның бөлігін алып, оны көп мәрте қайталай береміз. Осылайша оның айналымдарының пішінін өзгертеміз. (1015) Мысалы; бірінші түрді алайық. Расында мұндағы әрбір айналым екі бөліктен құралған. Біріншісі екі ритмдік соққының арасындағы уақытты қамтиды. Осыдан соң кейін келгені екінші бөлікті қамтыған. Егер осындағы бірінші бөлікті қайталайтын болса, онда мынадай ырғақ шығады [269-суретке қараңыз]:

269-сурет Егер бірінші емес, екінші бөлікті қарайтын болсақ, онда ырғақтың келесі түрі шығады [270-суретке қараңыз]:

270-сурет

(1016) Кейде бірінші бөлікті қайталап, онан кейін екінші бөлікті қайталауға болады. Қалған ырғақтарды осылай жасау да мүмкін [271-суретке қараңыз]. Бөліктерді құрастыру арқылы дегеніміз - музыкалық бір айналымды бөлінгенінше өз бөліктеріне бөлу. Кейін мұның бір бөлігін қалған барлық айналымдарға немесе олардың кейбіріне, яки болмаса толық бөлікті айналымдардың әрбіріне қосу арқылы ырғақ жасау. Мысалы, бірінші түрдің әуелгі бөлігін күллі айналымдардың ақырғы бөлігіне қосып шығу. Нәтижеде мынадай ырғақ шығады [272-суретке қараңыз].

271-сурет

272-сурет (1017) Сол сияқты оның екінші бөлігін басқа айналымдардың бірінші бөлігіне қосу арқылы да жасалады. Сөйтіп, мынадай ырғақ шығады [273-суретке қараңыз] /417/:

273-сурет

274-сурет Құрамындағы айналымның бөліктері көп болған ырғақтың, бөліктерін қосу мүмкіндігі де арта түседі. Осы бөліктердің әрбірі оларды басқа ырғақ сияқты өзгертіп жіберуі ықтимал. Ал енді сырттан қосылу арқылы өзгеретін түрге келер болсақ, онда бұл жағдай ритмдік соққылардың толық түрімен байланысты немесе "ишмам" яки "реум" түрлеріне қатысты болуы мүмкін. (1018) Бұл қосымша ритмдік соққылар музыкалық айналымдардың ортасына немесе екі айналымның арасына яки болмаса ырғақтың ақырғы айналымдарына қосылады. Қосымша ритмдік соққының айналым ортасында келуі, ауыр музыкалық ырғақтарда жиі кездеседі. Бұл кезде олардың арасындағы уақыттар ұзын әрі бос болғандықтан ритмдік соққылар кіреді. Сол сияқты егер музыкалық ырғақтағы үлкен ажыратушылар шектен тыс ұзын болса, әрбір айналымның соңына ритмдік соққылар қосылып, арадағы кейбір бос уақыттар толықтырылады. Ал енді айналымдағы ақырғы бөліктің артынан ұзақ тоқтаулар келсе, онда бір айналымнан екіншіге өту қиынға соғады. Сондықтан осы арада өтуі жеңіл ритмдік соққылар келеді. Мұны "айналым маджазы" [маджазат әл-адуар] /418/ деп атайды. Кейбір кезде толық ритмикалық соққылардың орнына ауыстырылып жұмсақ соққылар қолданылады. Бұл жағдайды транспозициясы жоғарыдан төменге түскен әуендерден байқауға болады. Толық ритмдік соққылар әсіресе, музыкалық айналымдардағы ажыратушылар аса үлкен болған жағдайларда қолданылады. Осы қосымшалардың салдарынан көптеген ажыраған бөліктер қосылып, ал қосылған бөліктер ажырауы мүмкін.

(1019) Ал енді әуендегі айналымның ақырында қолданылатын қосымша ритмдік соққыға келсек, онда булар әуеннің ақырына жақындаған уақытта пайдаланылады. Себебі, бұл кезде айналымдағы үлкен ажырағанды кесу жеңіл болады. Сондықтан бұл қосымша кейбір кезде толық ритмдік соққы болуы ықтимал, кейде жұмсақ ритмдік соққы болып та келуі мүмкін. Ауыр ырғақтардың ортасына қосымша ритмдік соққылар қосылған уақытта, әуеннің жалпы мезгіл мөлшері сол қалпында қалғанымен, оның уақыттары бөлініп, қысқарады және әрекетсіз ритмдік соққылары әрекеттіге айналады. Ауыр ырғақтардағы бос уақыттарға кіретін қосымшалардың салдарынан тез арада пайда болатын жылдам өтуді арабтар - "әл-идраж" /419/ деп атайды. Әдетте музыкалық ырғақтары ауыр келуі тиіс дыбыстарда жылдам ауысудың болуын арабтар - "әл-хасс" /420/ дейді. (1020) Әл-идраж жағдайында әуеннің жалпы уақыты қысқармай сол қалпында қалады, ал әл-хасс жағдайында әуеннің жалпы уақыты өзгеріске түсіп, кішірек болады. Ал енді музыкалық ырғақтағы ақырғы айналым бөлігіне келсек, бұл соңғы ритмдік соққының арқасында іске асады, кейде жұмсақ ритмдік соққы келуі де мүмкін. Музыкалық ырғақ айналымындағы бастапқы бөліктер болса, бұл осы айналымдағы ақырғы бөліктің, сол айналымның әуелгі бөлігіне қосылып, бастапқы айналым өзінен бұрын келген айналымның реттілігі сияқты болғанша жалғаса береді. Әуендерді құрайтын дыбыстар өтетін ырғақтардың жақсысы, ажыраған ырғақтар. Себебі, мұндағы уақыттар әртүрлі. Ал қосылған ырғақтардың әдемілігі бұларға жетпейді. Өйткені (1021) оның уақыттары өзара тең. Сондықтан оны естіген жан жалығып, әуен дыбыстарының орналасу реттілігі кем екенін байқайды. Осыған байланысты қосылған ырғақтардың ішіндегі ауыры, олардың ең жағымдысы саналады. Қосылған ырғақтарды пайдалану барысында ауыр ырғақтармен қосады, ол естілген уақытта шынайы ажыраған ырғақ сияқты естіледі. Осы себепті қосылған ырғақтарға қосымша ритмдік соққылар келсе, олардың пішіндері өзгеріп, ажыраған ырғаққа айналады. Егер қосылған ырғақты өзгерту үшін қосымша ритмдік соққыны араластыру мүмкіндігі болмаса, онда бұл ырғақ мүлдем қолданылмайды. Мысалы, шиір өлеңдерінің өлшемдері сияқты. Шиір өлшемінде қосылған ырғақ мүлдем қолданылмайды. Ал енді алақан соққысында немесе би үшін олар [қосылған ырғақтар] жиі қолданылады. Ал егер адам осы қосылған ырғақтарға сезілетіндей бір қосымшаларды қоса білсе, онда бұл ырғақ әуелгісінен ашыла түседі.

АРАБТАРДЫҢ КЕҢ ТАРАҒАН ЫРҒАҚТАРЫ 1 - Әл-һазадж әл-хафиф (1022) Қазір арабтар қолданып әдетке айналдырған ырғақтардың тектері жайында айтамыз. Бұл ырғақтардың арасында да құрылымы мен негіздері және реттіліктері мен көркемдегіштері бар. Бұлардың әрбірінде біздер көрсеткен бағыттарды қолданатын болса, онда олар көркемденеді. Олардың ашыла түсуі, ажыратылу немесе қосу, яки болмаса осы екеуінен басқа да жолдар арқылы жүзеге асады.

Сондықтан біз мұны айтқан уақытта олардың негіздері мен құрылымын ықшамдап айтып қана шектелеміз. Егер адам біз баяндаған көркемдегіштер мен толықтырғыштарды түсініп ұққан болса, онда ол араб ырғақтарын толықтырған әрі көркемдеген нәрселер тұсында өзінің тоқтап өтуіне мүмкіндігі болады. Біздің осы арада санап көрсететін нәрселеріміз соларға қатысты қолданылатын дүниелер болмақ. Бұл нәрселер арабтардың арасындағы қолданбалы музыканттардың шеберлігінен және кітаптан оқып, естіп үйренгендерін осы өнерде кәсіби қолдана білгендердің тәжірибесінен алынған. (1023) Сондай-ақ, біздің бұл жерде баяндағанымыз және олар жайында айтқандарымыз солардың заманында қолданылған ырғақтардағы ритмдік соққылар хақында болмақ. (1024) Осындай араб ырғақтарындағы құрылым түрлерінің бірі - "әл-һазадж". (1025) Мұның хақында: ритмдік соққылары, тізбектелген хәлде біртіндеп келеді деп айтқан. Ол мына ырғақ [275-суретке қараңыз] /421/:

275-сурет

276-сурет Расында бұл құрылым, араб ырғақтарының бір құрылымы әрі біз алдында салған қосылғандардың кейбірі болып келеді. Кейбіреулер қосылған ырғақтарды үш бөлікке бөледі, кейін сол қосылғандардың ең ауырын "қосушы ырғақ" [әл-иқа' әл-жами'] деп атайды. Бұл әуеліде біз басқа ырғақтардың бастапқысы болсын деп алған ырғақ. Ал енді қосылғандардың ең жеңіл түрін "жеңіл ырғақ" [әл-иқа' әлхафиф], ортаңғы қосылғандарды "әл-һазаж" деп атайды. Негізінде олардың әл-һазаж деп отырғандары қосылғандардың ортаңғысы және оларда уақыттың шамасы шектелмеген яғни бір уақытта ауыр болса, басқа кезде жеңіл болмақ. (1026) Егер ауырлап кетсе, онда ол қосушы ырғақтың ауырлығына жетпейді. Ал егер жеңілдеп кетсе, онда жеңіл ырғақтың да жеңілдігіне жетпейді. Ал енді басқа адамдар барлық қосылғандарды "әл-һазаж" деп атай береді. Олар өз әуендерінде қолданатын қосылғандарды көп жағдайда әл-һазаж деп таниды. Негізінде бұлар - қосылған ырғақтың ортаңғылары. Керек болса олар бұларды қолданған кездерінде көркемдегіштері қосады, нәтижеде қосылған ырғақтар, ажырағанға айналады. Сөйтіп, олардың бастапқы пішіндері бұзылады. Солардың ішінен: Әуелгі ритмдік соққыны қалпында қалдырып, екінші қосымша ритмдік соққыларды қосамыз. Кейін үшінші ритмдік соққыны қалпында қалдырып, кейін музыкалық айналымға ораламыз. Мысалы [277-суретке қараңыз] /422/:

277-сурет

278-сурет

(1027) Үшінші ритмдік соққыны бастапқы қалпында қалдырған соң, жасаған әрекетке қайта оралып, оны басынан бастаймыз. Осылайша, музыкалық айналымдар туындайды. Кейбір кезде бесінші және алтыншы ритмдік ырғақтарға өтпейінше айналымды қайта бастамауы да мүмкін. Бұл музыкалық айналымдары төртеуден болған жағдай /423/:

279-сурет

280-сурет (1028) Екінші ритмдік соққыны екі жеңіл соққы етіп жасауы да мүмкін. Мысалы [281-суретке қараңыз] /424/:

281-сурет

282-сурет Мына суретте айналымы тізбектелген алтаудан келген ырғақтың мысалы [283-суретке қараңыз] /425/:

283-сурет

284-сурет Расында да әл-Һазаж ырғағы толықтырылған шақта ол әдемі әрі жағымды естіледі. Алайда, біздер оның өзгеріске түсетін барлық қыр-сырларын келтіре алмаймыз (1029) бірақ, осы ретте және бұдан соң да араб ырғақтарының негіздеріне толықтырулар мен өзгеріске түскен мысалдарын келтіреміз. 2 - Хафиф әр-рамал "Хафиф әр-рамал" осыларға жатады [285-суретке қараңыз] /426/.

285-сурет

286-сурет Олардың айтқанындай тізбектелген екі жеңіл ритмдік соққы (1030) келетін ырғақ - осы [287суретке қараңыз]:

288-сурет

Мен болсам былай деймін: расында бұл бастапқы ритмдік соққының әрбірінің екі еселенуінен шығатын бір уақытты қамтыған ажыраған ырғақ. (1031) Мұндағы ажыратушы, араб ырғақтарындағы екі айналымның арасына түсетін кез келген ажыратушыдан үлкен. Сондықтан екінші ритмдік соққыға, оның кейбір ажыратушысын қозғалысқа түсіретін қосымша қосылады [289-суретке қараңыз]:

289-сурет Кейде мұнда қосу және ажырату жолдары қолданылады. Өйткені, олар ондағы бір үлкен айналымды негізгі алты айналымнан құрайды және бұл айналымды ортасынан бөледі. Пайда болған екі бөліктің әрбірінен үш айналым жасайды. Осы екі жартының ортасына (1032) бір ажыратушы қояды, кейін екі жартының құрамындағы әр айналымның арасына кіші ажыратушыларды орнатады. Үлкен ажыратушыларды, үлкен айналымның ақырында былай қолданады [290-суретке қараңыз] /427/:

290-сурет

291-сурет Бұл ырғақ біз айтпаған бұдан басқа да бағытта өзгертілуі мүмкін. 3 - Рамал (1033-1034) Кең тараған араб ырғақтарының бірі - рамал /428/ [292-суретке қараңыз]:

292-сурет

293-сурет (1035) Олардың кейбірі оны "ауыр рамал" [сәқил рамал] деп атайды. Бұлай деп жалғыз ауыр ритмдік соққы болып, кейін екі жеңіл ритмдік соққының ырғағы келген жағдайды айтады [294суретке қараңыз]:

294-сурет Бұл бастапқы ритмдік соққылардың екіншісі екі еселенген жағдайда пайда болатын ажыраған ырғақ /429/:

295-сурет Ырғақтың негізіндегі сияқты оның айналымдары тұрақты түрде пайдаланады. Кейде құбылмалы қалыпта да қолданыс табады. Бұл уақытта негіздегі сияқты бірінші айналымнан басталып, оның (1036) артынан бір мен екінің арасындағы үлкен ажыратушы келеді.

Бұл ажыратушы негізгі айналымның екінші бөлігінде екі немесе үштік жылдамдықпен қайталанады. Мұнан соң негізгі бір немесе екі айналым келеді. Сонда барып рамал ырғағындағы үлкен айналым туады. Мынау рамал ырғағындағы үлкен айналымның суреті [296-суретке қараңыз] /430/:

296-сурет

297-сурет (1037) Бұл жиі қолданылатын айналымдарының ең толығы. Кейбір кезде жылдам қарқын айналымның артынан тағы бір негізгі айналымның келуі мүмкін. Сөйтіп, ырғақ мынадай болады [298-суретке қараңыз] /431/:

299-сурет

300-сурет Кейде жылдам қарқынның бірі жетіспей қалып, ритмдік ырғақтың саны төртеу болады. Сондай-ақ, бұл ырғақ басқа да түрмен өзгеріске түсуі мүмкін, алайда біздің мұнда көрсеткеніміз айтарлықтай жетерлік. 4 - Әс-сақиль әс-сәни (1038-1039) Кең тараған араб ырғақтарының бір түрі - сәқиль әс-сәни [301-суретке қараңыз] /432/:

301-сурет

302-сурет

303-сурет Олар [сақиль әс-сани] деп екі ауыр, (1040) сосын бір ауыр келген ырғақты айтады [304-суретке қараңыз]:

304-сурет Негізі осы. Бұл бастапқы ритмдік соққылардың ішінде, біріншінің еселеніп, екінші соққының сол қалпында қалуының арқасында шыққан ажыраған ырғақ. (1041) Кейбір кезде бұл ырғақты өзінің негізгі қалпында қолданылғаны сияқты, оның негізін өзгертіп те пайдаланады. Оны басқа да әдістермен өзгерту бағыттары бар, бірақ біз олардың кейбірімен ғана шектелдік.

Солардың бірі, әрбір айналымның ақырғы ритмдік соққысына басқа соққы қосып, кейбір ажыратушы уақытты әрекеттендіру. Мұның мақсаты, айналымды бөліп алу үшін жеңілдік жасау. Сонда ырғақ мынадай болады [305-суретке қараңыз]:

305-сурет Бәлкім әрбір айналымдағы үшінші ауыр ритмдік соққының соңынан да жұмсақ соққы келуі мүмкін немесе айналымды болу жеңіл болуы үшін оның ажыратушысына қосымшаның қосылуы ықтимал. 5 - Хафиф әс-сакиль әс-сәни (әл-махурий) (1042) Кең тараған араб ырғақтарының келесі түрі - "әл-махурий" және "хафиф әс-сақиль әс-сәни" деп аталады [306-суретке қараңыз] /433/:

306-сурет

307-сурет (1043) Бұл ырғақта жеңіл екі ритмдік соққы, кейін бір ауыр ритмдік соққы келеді [308-суретке қараңыз].

308-сурет Негізінде бұл жеңіл екінші ауырдан шығатын ажыраған ырғақ. Кейде ол осы қалпында қолданғаны сияқты, оған көркемдегіш қосымшалар қосылып, оның пішіні өзгертіліп те қолданылады. Мысалы, оның ақырғы ритмдік ырғағына бір қосымша ритмдік соққы қосылады немесе екінші бөлік бір мәрте қайталанып, кейін екі бөлік бірге екі мәрте қайталанып келуі мүмкін, т.б. Мына мысалда екінші бөлікке бір ритмдік соққының қосылуын көре аласыздар [309-суретке қараңыз] /434/:

309-сурет

310-сурет (1044) Ал мына суретте екінші бөлікке қосылған бір ритмдік соққының қайталанып келуін көресіздер:

311-сурет
Келесі суретте екі бөліктің қайталанып келуін көресіз:

312-сурет 6 - Әс-сакиль әл-әууәл (1045) Кең тараған араб ырғақтарының келесі түрін - "әс-сақиль әл-әууәл" деп атайды. Мұндағы айналымның ритмдік соққылары, ауыр тізбектелген үшеуден келеді [313-суретке қараңыз] /435/:

313-сурет

314-сурет (1046) Бұл ырғақ - бастапқы екі соққыға да ортақ орташа ырғақтың қосылуының арқасында бірінші және екінші соққылардың артуының салдарынан туатын қосылған ырғақ. Көп жағдайда өзінің негізінен ауытқымай қолданылатын ырғақтардың бірі. Алайда, мұның өзі кейде ритмдік үш соққысының бірі өзгеріп пайдаланатын кезі болады. Ол кезде оның үлкен ажыратушысына жұмсақ соққы қосылады. Бәлкім оның осылайша толықтырушы ырғақ болуы да ықтимал [315-суретке қараңыз] /436/:

315-сурет

316-сурет Бірінші ритмдік ырғақты өз қалпында қалдырып, осыдан кейін келген ырғақ бірнеше еселеп қолданылу жағдайы жиі пайдаланылады. Сол сияқты бұл ырғақта бірінші бөлімнің қайталанып келуі және бір ритмдік соққының қайта-қайта қосылуы арқылы да пайдаланылады. (1047) Мына сурет бұл ырғақтағы бірінші бөлімнің немесе бір қосымша ритмдік соққының қайталанып келуін көрсетеді [317-суретке қараңыз] /437/

317-сурет

318-сурет Мұнда бірінші бөлім мен қосымша ритмдік соққының қайталанғанын көрсетеді [319-суретке қараңыз] /438/:

319-сурет

320-сурет (1048) Кейбір уақытта ең ақырғы ритмдік соққы еселеніп, әуелгі екеуі баяғы қалыптарында қала береді. Әрине, бұл ырғақтың бұдан басқа да өзгеру жолдары бар бірақ, біз оның осы түрін ғана айтып шектелмекпіз.

7 - Хафиф әс-сақиль әл-әууәл Кең тараған араб ырғақтарының келесі түрі - "хафиф әс-сақиль әл-әууәл" деп аталады /439/.

321-сурет

322-сурет

323-сурет (1049) Бұл түрдегі ырғақ айналымындағы ритмдік соққылар тізбекті үшеуден келеді, әрі олар бірінші ауырдың ырғақтарынан жеңіл [324-суретке қараңыз].

324-сурет (1050) Бұл бірінші ауыр ырғақ ритмдік соққыларының арасына жақын шамада болады. Кейбір уақытта өзінің негізінен ауытқымай қолданылады, алайда бұл ырғақ негізгі пішінінен айнып, басқа бағыттарда да пайдаланылады. Мысалы, бірінші мен екінші ритмдік соққыларының еселеніп, үшінші соққысы сол қалпында қалады. Оның артынан жұмсақ бір ритмдік соққы келеді [325-суретке қараңыз] /440/:

325-сурет

326-сурет Бұл ырғақтың өзгеруінің келесі түрі мынадай: бірінші ритмдік соққысы еселеніп, екінші соққы сол қалпында қалады, кейін үшінші соққы еселенеді де, осы жағдай тағы қайталанады (1051) [327суретке қараңыз] /441/:

327-сурет

328-сурет Сондай-ақ, бұл ырғақ негізін өзгертудің келесі түрі, бірінші мен екінші соққылары еселенеді, әрі жеңілдетіледі. Ал үшінші өз қалпында қалдырылады. Яки, болмаса бірінші мен екінші өзгертілмей тек қайталанады [329-суретке қараңыз]:

329-сурет
(1052) Сол сияқты мұның басқа да өзгеретін жолдары бар.

Біздің салып көрсеткен суреттеріміз арабтардың қолдану әдетіне айналған ырғақтардың барлық түрі болмақ. Біздер олардың өздерін және олардың негіздерін сондай-ақ, осы негіздерден тарайтын түрлерін де санап түсіндірдік. Егер адамның өзі қалайтын болса, онда ол өзінің зейінін істетіп, осындай ырғақтарды қолымен жасауына құдіреті жететін етіп көрсеттік. Ырғақ негіздерінен шыққан әрбір түрде, ырғақ бөліктері міндетті түрде қайталанады және олардың пішіндері өзгереді. Егер осылардың барлығы өлең үшін қолданылатын болса, онда олар бұл көрсетілген өзгерістердің басқа түрлеріне де өтеді. Әрине, бұл өзгерулерді біздер арабтар арасында кеңінен тараған ырғақтарға қатысты тақырыптан бұрын баяндаған едік.

ЫРҒАҚТАҒЫ ТАМХИР [ТЕХНИКАСЫ] Расында да "әл-махури" түрінен басқа ырғақтардың барлығы жеңілге ауысуы мүмкін. Ол үшін ырғақтың барлық бөліктері немесе оның басым бөліктері жеңілденеді. Жеңілдену "махуридің" бірінші (1053) бөлігінің жеңілдігіндей болмақ. Ырғақтың мұндай жеңілдеу түрі "махури" деп аталады. Бұл өзгеріс ырғақтағы ритмдік соққылардан кейін мүлдем тоқтау келмеген жағдайда болады, бірақ ол үшін бір дыбыстан екінші дыбысқа өтудің ең жылдам өту түрінен баяу өту болуы тиіс. Сондай-ақ, оның уақыты тоқтаудан соң ритмдік соққы келетін ырғақ түріндегі әрекет уақытынан аз болды. Сондықтан кейбір кезде "махури" атауы дәл ырғақтың өзіне қатысты емес, бәлкім ырғаққа тән қасиетке не болған ырғақты осылай атайды, тіпті барлық ырғақтарды осылай атауға болады. Алайда осы өнерді қолданатын арабтардың арасындағы шебер практиктердің алдында болған адам, олардың (1054) бұл атауды тек жеңіл екінші ауыр тетрахордына таңатынын біледі. Сонымен бұл атаумен жеңіл екінші ауырды атайтынға ұқсайды және қалған ырғақтарды да жеңілдету ісі осы әдіске ұқсаса керек. Ырғақтың жеңілдетілуі, "әл-махури" есімі тән жеңіл екінші ауыр тетрахордының бірінші бөлік жылдамдығымен тең. "Әл-махури" аталатын жеңілдетудің осы әдісімен жеңілдеген басқа ырғақтарды "тамхир" техникасымен жеңілдету деп аталады. Мысалы: бірінші ауыр [330-суретке қараңыз]:

330-сурет (1055) Бұл әдіспен жеңілдетілген ырғақтарда әдетте жеңілдетілген бөлік көп мәрте қайталанады. Сондықтан болуы қажет олардың үлкен айналымдары ұзарады. Мысалы: бірінші ауырдың жеңілдеуі [331-суретке қараңыз]:

331-сурет Кейде мұның музыкалық айналымы бұдан да үлкен болуы ықтимал. Осы арада ырғақ жайында айтылған нәрсе жеткілікті болмақ.

ЫРҒАҚ ПЕН ДЫБЫСТАР КОМПОЗИЦИЯСЫ ЖАЙЫНДАҒЫ СӨЗДІҢ ТӘМАМДАЛУЫ

(1056) Бірінші текке қатысты бірлі-жарым әуендерді құрайтын қажетті композициялар хақында айтылған соң, енді осы тектегі әуендердің қалайша шығарылатыны жайында түсіндіруге көшу қажет. Бұл жерде біз әуелі дыбыстарынан әуен шығаратын дыбыстық қатарды қараймыз, ол қандай дыбыстық қатар. Кейін бұл дыбыстық қатардың абсолютті толық немесе кіші екенін байқаймыз. Егер ол кіші болса, онда потенциалды толық немесе толық емес екенін көреміз. Мұнан соң ол дыбыстардың біз пайымдап отырған дыбыстық қатардың бөлігі ме әлде олар толық дыбыстық қатардың бөлігі ме екенін көреміз. Егер олар - дыбыстық қатардың бөлігі болса, онда осы дыбыстық қатарда осы бөліктің барлық түрінің бар немесе жоқ екенін көреміз. Егер осында оның (1057) түрлерінің барлық саны болса, онда оның октава немесе квинта, яки болмаса кварта ма екенін байқаймыз. Мұнан соң біз әуеннің негізін алтымыз келетін түрді зерттеуге көшеміз: ол түрдің қандай екенін, ол бірінші немесе екінші ме әлде үшінші ме екенін көреміз. Кейін, осы түрлердің дыбыстық қатардың үстінде немесе астында, яки болмаса екі тарапында қайсысының ұқсас түрінің бар екенін белгілейміз. Осылардың барлығы айқындалған соң, біздер осы түрдің дыбыстарын талдауға көшеміз. Оларды осы дыбыстық қатарға тән тізбектілікпен орналастырып, жағымдыларын жағымсыздарынан айырамыз. Ол үшін біз түрдің әрбір дыбысын алып, жоғарыда көрсетілген кестелерге қоямыз. Олардың әуелгілерін үлкен және ортаңғы мен кіші консонанстарға бөліп, жағымды және жағымсыз түрлерге талдаймыз. Мұны да сол кестелер арқылы жасауға болады. (1058) Келесі кезекте біз өту түрінің сызбасына келіп, өтудің анау немесе мынау түрін таңдаймыз. Оның аталмыш дыбыстарға лайық келетініне көз жеткізу қажет. Себебі, өтудің кез келген бұл түрге сәйкес келе бермейді. Мысалы: екі немесе одан көп дыбыстардан секіру арқылы өту түрін алайық. Бұл түр кварта дыбыстарына лайық емес. Әуен шығарылатын нәрсе екі текті болады: көптеген нәрселерден құралатын басқа да заттарға тән сияқты, оның міндетті болмысын келтіретін тек және сол арқылы оның анағұрлым жақсы болмысына қол жеткізетін тек. Әуеннің міндетті болмысын келтіретін тек - әрбір түрдегі интервалдың негіздері, ал оның анағұрлым жақсы болмысына қол жеткізетін текке келер болсақ, бұл бірнеше түрге бөлінеді. Олардың арасында әуенді үлкейтетін және оны әсемдейтін әрі ол түрдегі кейбір негіздерді ауыстыратын түрлер келеді. (1059) Егер әуен абсолютті толық дыбыстық қатардың дыбыстар қосындысынан құралса, онда ол сырттан келген еш нәрсемен толықтырылмайды. Ол оны көркемдеп әрі дыбысталуы жетілдіре түсірген болар еді. Бірақ бұл мүмкін емес. Себебі, әуен екілік октаваның мөлшерінен кіші дыбыстық қатардың негізінде құрылған. Ал енді әуеннің үлкеніне келсек, онда ол дыбыстардың жәрдемі арқылы іске асады, яғни қандай бір түрдегі екінші дыбыс, басқа тектегі екінші дыбыспен толығады. Осылайша, әуендегі дыбыстар бір мезетте астынан да, үстінен де толығулары мүмкін. Егер интервалды тектердің, дыбыстық қатарлар мен транспозициялардың орын ығысу ықтималы болса, онда оларға өздеріне ұқсайтын басқа тектегілер келеді. Дыбыстық толығуы, жоғарылығы жағынан оның негіздеріне жақын немесе көршілес дыбыстар арқылы, яки болмаса ұқсайтын түрлердегі аралас интервалды тектер мен транспозицияларда олардың орнын алмастырушылармен іске асады. [Әуендердің дыбыстары] ортаңғы мен үлкен

консонанстардың көмегі арқылы және сол жоғарылықтағы дыбыстардың көмегімен де болады. Әсіресе, ол ішекті немесе басқа да аспаптарда екі немесе үш дыбыстарды бір мезетте, яки болмаса тізбектелген хәлде алған уақытта жиі кездеседі. [Әуенді] көркемдеуге келсек, ол дегеніміз - оның негіздерін ортаңғы немесе үлкен консонансты дыбыстармен толықтыру. Мысалы: квинта, дуодецима. Сондай-ақ, бұл негіздердің басқа дыбыстармен араласуы. Әуеннің кейбір негіздерін ауыстыратын интервал түрлеріне келер болса, онда бұлардың біріншісі - октава, (1061) кейін квинта мен дуодецима, кварта сосын бір дыбыстық қатарда араласқан әртүрлі трансиозициядағы дыбыстардың мысалы. Мұндай алмастыруды, уд аспабындағы сұқ саусақ пернесін оның қасындағы пернелермен алмастыруға ұқсатуға болады. Алайда алмастырудың ең тәуірі - әуеннің ортаңғы бөлігінде жасалатын алмастырулар болып табылады. Ырғақты көркейту [бірнеше әдіспен іске асады]: ритмдік соққыны еселеу арқылы, ажыраған ритмдік модусты қосу арқылы немесе қосылған ритмдік модусты ажырату арқылы және оның бір бөлігін бірнеше рет қайталау арқылы жасалады. Әуенді жақсарту үшін оны жұпты кіші, орта және үлкен бөліктерге бөлу қажет. Әуендегі үлкен бөлік, өлең шумағындағы бәйіттің орнын, орта бөліктер - жарты шумақ, ал кіші бөліктер - жарты өлең бөліктерінің орнын алады. Орта бөліктерге келсек, олардағы дыбыстардың саны тең әрі біртекті құрылым мен симметриялы бөлінген болуы тиіс. (1062) Ал енді үлкен бөліктер, олар орта бөліктерден құралады. Бұлардың ең шағындары екі орта бөлікті қамтиды. Кіші бөліктер болса, көлемі жағынан әртүрлі, бірақ өзіне шамалас әрі тең ұзақтықта болулары тиіс. Бір ритмдік айналымдағы дыбыстардың барлығы немесе олардың басым бөлігі негізгі консонантты, әсіресе олардың бірінен соң бірі келетіндері мен өзара кіші аралықпен ажырағандары үйлесімді болулары қажет. Бір-бірінен үлкен цезурлар арқылы ажыраған дыбыстардың негізгі консонантты болуы міндетті емес. Ал егер бір-бірінен орташа цезурмен ажыраған дыбыстар үйлесімдікті құрамайтын болса, онда композиция кемел болмасы анық. Дыбыстар арасында уақытша аралықтар болмаған жағдайда олардың барлығы да үйлесімді болғаны жөн. Егер адам диссонансты дыбыстарды қолдануға мәжбүр болса, онда бұл жағдайда дұрысы - аралас әдісін қолдану. Үшінші білімнің бірінші сөзі тәмамдалды ҮШІНШІ БІЛІM РесурсFacebookTwіtterGoogle+WhatsAppMaіl.RuSMS

ЕКІНШІ СӨЗ ӘУЕНДЕРДІҢ ЕКІНШІ ТЕГІ (1063) Жалпы дыбыстардан құралатын әуендер жайындағы сөзімізді тәмамдадық, дәлірек айтқанда, жоғарыда белгілегеніміздей екі текті әуеннің біріншісіне жататын түрін аяқтадық. Енді әуеннің екінші тегіне жататын түрі жайында әңгімелесеміз.

Бұл текке жататын әуендер адамның д ауысынан шығатын дыбыстардан құралады. Бұл дыбыстар тек жоғарылығы мен төмендігімен ерекшеленбейді, бәлкім олар үшін дыбыстық дәрежелері және басқа да қасиеттері мен кездейсоқ ерекшеліктері де тән. (1064) Егер жалпы дыбыстардан құралатын әуендер үшін тек екі қасиетті білумен шектелуге болатын болса, адамның әнінен пайда болатын әуендерде бұл жеткіліксіз. Мұнда дыбыстарға тән барлық қасиеттерін байланыстыру қажет. Жоғарыда айтылған әңгімеміз дыбыстардың шығу дәрежелерін зерттеу аясында ғана болды, сондықтан әуеннің екінші тегін ашу мәселесінде мұнымен шектелуге болмайды, яғни оптика ілімінде ['илм әл-маназир] тек геометрия өнерін білу жеткіліксіз болғаны сияқты бұл жерде де дыбыстардың үндік дәрежелерімен бірге олардың кездейсоқ қасиеттерін де білу керек. Осыны ескере отырып бізге басқа сөзді бастау қажет. Адамның дауысымен қабаттасып жүретін кездейсоқ белгілердің [бірнеше түрлері бар]: олардың кейбірі тек адамға тән, басқа жануарлар мен денелерде кездеспейді. Басқалары тек жануарларға ғана тән, олардан басқаларда жоқ. Үшіншілері өзге тіршілік иелері мен басқа денелердің дауыс дыбыстары мен соққы нәтижесінде туатын дыбыстарға ұқсайды. Біз тек вокалды әуен мәселесін талдағалы отырғандықтан, дыбыстарды адамның дауысына немесе басқа да жан иелеріне ғана тән екенін айырып отырмастан, (1065) дыбыстардың кездейсоқ белгілері мен қасиеттерін зерттейміз. Дыбыстарға тән жалпы қасиеттер мен кездейсоқ белгілер екі түрлі болмақ: Біріншісі - дыбыс шығаратын барлық денелердің сандық шамасына қарайтын дыбыс қасиеттері. Екіншісі - дыбыс шығарып жатқан денелердің сандық емес, сапалық шамасына қарайтын дыбыс қасиеттері. Кездейсоқ белгілердің бірінші түрі "дыбыстардың саны" [каммииат ән-натам], екінші түрі "дыбыстардың сапасы" [кайфниат ән-натам] деп аталады. Дыбыстардың саны - олардың жоғарылығы мен төмендігі, ал олардың сапасы -дыбыстардың қалған қасиеттері. Бұл қасиеттердің кейбірі адамның дауыс дыбыстарына тән, басқалары дыбыс шығаратын барлық денелердің дыбыстарына лайық, үшіншілері дыбыс шығаратын жануарларға ғана тән. (1066) Негізінде адам дауысы дыбысының жоғарылығы мен төмендігінің себептері, мизмарлардан шығарылатын дыбыстардың себептерімен тең, яғни адамның дауыс аппараты табиғи мизмар сияқты, ал мизмар [адамның] жасанды тамағына ұқсайды. Адамның ән айтуы, ауаның тамақтан өтіп, кейін өзі жүретін басқа да мүшелерге дәлірек айтқанда аңқа бөліктеріне соқтығуы арқасында шығады. Адамның көкірегі мен өкпесі арқылы ішіне тартқан ауасы жүректен өтеді, кейін сыртқа жылы болып айдалады. Егер ауа сыртқа баяу, бір деммен шығарылса, онда құлақ қағып алатындай айтарлық дыбыс шықпайды. Егер адам ауаны өкпесі пен демалу органдарында ұстап, кейін онымен ақырын тамаққа соғуы әрі толтыруы арқылы сыртқа шығаратын болса, онда [музыкалық] дыбыс шығады. Мизмардан өткен ауаның жағдайы да осы сияқты. Бұл жағдайда ауаның легі сығылған уақытта, дыбыс көтеріледі. Ал ол кеңейген жағдайда, дыбыс төмендейді.

Сол сияқты егер ауаны күшпен итеріп және ауа жүретін мүшелердің бір бөлігін қысым жасайтын болса (1067) онда дыбыс та жоғарылайды. Ал егер ауаны итеруші күштен алшақ тұрған мүшенің бір бөлігі қысым жасаған жағдайда да дыбыс төмендейді. Сондай-ақ, шыққан ауаның легі мол болса, дыбыс төмен болмақ, ал егер аз болса, дыбыс жоғары болады. Сөйтіп, ауаны шығарушы күштің мол немесе әлсіз болуы, ауа өтетін жолдың кең немесе тар болуы, қатты немесе жұмсақ болуы сияқты себептер шыққан дыбыстың жоғары немесе төмен болуына тікелей әсер етеді. Ауаны сыртқа итеріп шығаратын күшке жақын тұрған дауыс шығару мүшелері, уд және танбур аспаптарындағы жақын пернелер мен мизмар аспабындағы ауаны сыртқа шығаратын жақын орналасқан ойықшалар сияқты десек болады. Ал енді ауаны сыртқа итеріп шығаратын күштен алыс тұрған дауыс мүшелері, уд және танбур аспаптарында ойнаушының қолынан алыс орналасқан пернелер мен мизмар аспабындағы ауа үрлегіштен алшақ орналасқан ойықшаларға ұқсайды. Мизмардағы ауаны сыртқа шығаратын ойықшалар неғұрлым ауаны үрлегішке жақын тұрса, одан шыққан дыбыс та соғұрлым жоғары болады. Ал енді ойықшалар ауа үрлегіштен неғұрлым алшақ болса, одан шыққан дыбыс та соғұрлым төмендей түседі. (1068) Алайда адамның көкірегінен итеріліп шыққан ауаның орнын белгілеп шектеу немесе алмастыру мүмкін емес. Сондай-ақ, тамаққа сиятын ауаның көлемі мен мөлшерін де анықтауға болмайды. Сондықтан адамнан шыққан дыбыстың шамасын шектеп қойып, оны аспаптардағы сияқты түрлі дыбыстың шығатын орнымен салыстырып қарауға келмейді. Дыбыстың жоғары және төмендігіне тікелей қатысы бар бұл себептердің жағдайы тамақ пен көкіректегі дыбыс шығару мүшелерінің көптеген көмегіне байланысты. Мысалы, адамның төмендегі себептері мен көкірекке қатысты адамның дене бітімінің шамасы немесе қабырғалары, т.б. Ал енді жоғарыдағы себептері бұлар тамақ, ауыз мұрын, кеңсірік, т.б. Бұл себептердің бір бөлігі адамның дыбыс шығаруы үшін шартты түрде қажет болса, кейбірі соншалық қажет емес. Сол сияқты олардың басқалары адам дыбысының шығаруына тікелей қатысты, кейбірінің жанама қатысы бар. Алайда осылардың барлығының көмегін қосқан уақытта адамның дауысы анағұрлым керемет және жақсы шығады. Дегенмен, бұлардың әрбірінің дауыс шығарудағы рөлін жеке түрде талдап жату бұл өнерде аса қажет емес. (1069) Осы себепке орай, көптеген адамдар дыбыс тектерін адамның басы мен оның мүшелерімен байланыстырады. Кейбіреулері адамның көкірегі мен оның мүшелеріне жатқызады. Енді басқалары адамның көкірегінен төмен мүшелермен байланысты деп санайды. Кейбір адамдар дыбыстардың басым бөлігін біз айтқан әдіспен емес, бірақ осы мүшелердің кейбірімен байланыстырады. Расында кейбір дауыстар жоғары шыққандықтан, жоғарыда орналасқан мүшелермен қатысы бар сияқты. Басқа дауыстар төмен шыққандықтан, тамақтан төмен орналасқан мүшелермен байланысты көрінеді. Ал енді кейбір дауыс жоғары емес, төмен де емес, бәлкім орташа шыққандықтан, тамақтың ортасына байланысты сияқты болады.

ДЫБЫСТАРДЫҢ САПАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ Дыбыстардың көптеген қасиеттері арнайы аталады, қалған көпшілігінің атаулары жоқ, бірақ оларға өздеріне ұқсаған көзге көрінетін және сезілетін заттардың атаулары өтеді. Көптеген дыбыс қасиеттерінің атауы, өздері шығаратын фонемалардың қосындысы, басқалары болса мүлдем аталмайды және жүйеленуге де келмейді. Сондықтан біз өзімізге белгілі әрі әуендердің үйлесімдігіне қажет дыбыстарды (1070) және атаулары көрсетілмейтін кейбір қасиеттерді де қысқаша айтып өтеміз. Дыбыстардың сапасына тазалық пен бұлыңғырлық, қаттылық пен түзулік және жұмсақтық пен күш әрі мығымдылық жатады. Дауыс мүшелерінде дыбыстың шығуына септігін тигізетін ауаның кіруі әсерінен, дыбыстарға бұдан басқа да көптеген күйлер қатысты болуы мүмкін. Олардың барлығын дыбыс шығарушы сезеді. Бұл дыбыстардың көбінде атауы жоқ. Кейбір басқа атаулардың арасында - ылғалдылық пен құрғақтық және кеңсіріктік пен еріннің жұмылуы. Кейінгі екеуі бір-біріне жақын. Мысалы; еріннің жұмылуы - ауаның тек мұрыннан шығатын дыбыс шығару түрі дәлірек айтқанда ерін толық жабылып, барлық ауа тек мұрынға бағытталған жағдай. Ал кеңсіріктік - ауаның бір бөлігі мұрын арқылы, қалғаны еріннің арасынан шығады. (1071) Дыбыс созылыңқы, қысқа және орташа, домаланған әрі түзу болады. Ақырғы екі атау, шынайы емес, яғни адамның қиялында белгілі образдарды сомдайды. Сол сияқты дыбыстар тербелісті, төзімді, еркін және жылдам болады. Жылдам дыбыстарды сергек адамның сөзімен салыстырар болсақ, онда ол ұйқылы-ояу адамның сөзіне ұқсайды. Сондай-ақ, дыбыстардың қасиетіне, оларға рухани күйзелістерді көрсетуіне септігін тигізетін нәрселер немесе аффектілер жатады, мысалы, қатыгездік, қайғы мен қорқыныш, рахаттану, күйзелу сияқты, т.б. Себебі, рухани күйзелістегі адамға оның белгілі бір күйін көрсететін аффектілер тән. Егер мұны әуенде қолданатын болса, онда тыңдаушы олардың сілтемелеріне сәйкес елестетеді. ДАУЫСТЫ ЖӘНЕ ДАУЫССЫЗ ФОНЕМАЛАР (1072) Дауыс тектерінің арасында, дауыстардың әріпке айналатын тектері бар. Өз кезегінде әріптер дауысты және дауыссыз болып бөлінеді. Дауыстылар қысқа және ұзын дауысты болады. Қысқа дауыстыларды арабтар "харакат" деп атайды. Дауыссыз әріптердің арасында, дыбыстың созылуына байланысты ұзаратындары және қысқа қалпында қалатындары да бар. Дыбыстың созылуымен ұзаратын дауыссыз фонемаларға "ләм", "мим", "нун", "һамза", '"айн", "за"' және осылар сияқты т.б. Дыбыс созылыңқы болғанымен қысқа күйінде сақталатын фонемалардың қатарына "та"', "дәл", "каф" және осы тектес т.б. жатады. Дыбыстың созылуымен ұзаратын фонемалардың арасында, екеуі бір-бірімен қосылған уақытта жағымды естілетіндері бар. Мысалы, '"айн", "ха"', "зо"', т.б. Сол сияқты жағымсыз естілетіндері де болады. (1073) Бұлар үш мына үшеуі: "мим" және "нун" мен "ләм". Мұндағы "ләм" көкіректегі ауаны мұрыннан емес, ауыздан шығарған уақытта созылады. Ал "мим" мен "нун" ауаны мұрыннан жіберген кезде созылыңқыға айналады. Адамның көптеген дыбыстары, дауысты немесе дауыссыз фонемалармен бірігіп шығады.

Созылыңқы дауыстылар атырапты [зу атраф] және аралас [мамзуджа] болады. Атыраптың үш түрі бар, олар: жоғарғы тарапы - "элиф", төменгі тарапы - "иай" және ортаңғы тарапы -"уау". Аралас созылыңқы дегеніміз - "элиф" және "иай" қосылған немесе "иай" мен "уау" қосылған, яки болмаса "элиф" пен "уау" қосылған. (1074) Аталған осы үш аралас созылыңқының әрбірі екі тараптың біріне болысады немесе ортаны ұстанады. Демек, жалпы алғанда аралас дауыстылар үшеу және олардың әрбірінің тегі үшеу болғандықтан нәтижеде олардың қосындысы тоғыз. Бұл тоғыздың әрбірін тағы бөлуге болады, бірақ естілген уақытта олардың айырмашылығы айтарлықтай білінбейді. Сондықтан да осы тоғыз қалпында қалғаны жөн. Осы тоғызға жоғарыда айтылған созылыңқы дауыстың үш атырабы қосылады. Нәтижеде ажыраған созылыңқы дауыстылардың естілген уақыттағы тегі он екіге жетеді. Аталған бұл қосындыға дауыссыз созылыңқылар қосылады, яғни естілген дыбыстармен үйлесетін үш созылыңқы ["мим" және "нун" мен "ләм"]. Сөйтіп, адамның дауысы біте қайнасатын, бірін - бірінен айырмайтын, оларды қолданған уақытта жағымды естілетін -он бес фонема пайда болады. Ал енді қысқа дауысты фонемаларға келсек, онда бұлар қысқа кезінде дыбыспен қосылып созылмайды, (1075) ал егер оны дыбыспен теңестіретін болса, онда он созылыңқы дауыстымен тең түседі.

ЫРҒАҚТАҒЫ ФОНЕМА БӨЛІКТЕРІ ЖӘНЕ СОЛАРҒА ҰҚСАҒАНДАР Әрбір дауыссыз фонемадан кейін, онымен жалғасқан қысқа дауысты фонема келеді. Мұны "қысқа бөлік" [әл-мақтағ қасир] дейді. Ал арабтар "харакатты фонема" [әл-харфу әл-мутахаррик] /442/ деп атайды. Ал енді дауыссыз фонемадан кейін, мүлдем дауыстының келмеуін олар "харакатсыз фонема" [әлхарф әс-сакин] /443/ дейді. Дауыссыз фонемадан кейін, созылыңқы дауысты жалғасып келсе, онда ол "ұзын бөлік" [әл-мақтағ әт-тауйль] /444/ деп аталады. (1076) Харакатты фонемадан соң, харакатсыз фонема келетін болса, оны арабтар "сабаб хафиф" /445/ деп атайды. Әрбір харакатты фонемадан кейін харакатты фонеманың келуін "сабаб сәқил" /446/ дейді. (1077) "Сабаб сәқилдан" кейін харакатсыз фонема келсе, онда екі харакатты дыбыстың бір жерге жиналғандығы үшін мұны "әл-уатад әл-мажмуг" деп атайды /447/. "Сабаб хафифтан" кейін харакатты фонема келетін болса, онда екі харакатты дыбыстардың ортасына харакатсыз дыбыстың келгені үшін оны "әл-уатад әл-мафруқ" /448/ деп атайды. (1078) "Сабаб хафифтан" кейін сукунды [харакатсыз] дыбыс келсе, онда харакатты дыбыстың жалғыз болғандығы үшін мұны "әл-уатад әл-муфрад" деп атайды. "Сабаб сәқилдан" кейін харакатты дыбыс келетін болса, онда харакатты үш дыбыстың тізбектеліп келуіне байланысты мұны "тізбекті себеп" [сабаб әл-мутауали] деп атаймыз. Расында әрбір ұзын бөлікте "сабаб хафифтің" күші болады. Сондықтан (1079) ұзын бөлік, "сабаб хафифтен" саналады. "Сабаб хафифке" жеткен нәрсе ұзын бөлікке де келеді.

Бұлардың барлығы "сабаб хафифтен" немесе "сабаб сакилден" және "уатад мажмуғ" пен "уатад мафруқтан", яки болмаса осылардың қосындысынан құралады. Әрбір "сабаб хафиф", артында тоқтауы бар толық ритмдік соққының орнына келеді [332 -суретке қараңыз]:

332 (І) – сурет

332 (2)-сурет Сондықтан ұзын бөлік те осыған ұқсайды. (1080) "Сабаб хафифтің" соңынан келген кез келген сукунды дыбыс, жұмсақ ритмді соққының орнын басып, сукунды [харакатсыз] ритмдік соққыдан кейін тұрады [333-суретке қараңыз]:

333-сурет "Сабаб хафифтің" соңынан харакатты дыбыс келсе, ол (1081-1082) орташа ритмдік соққының орнын басып, сукунды толық ритмдік соққыдан соң тұрады [334-суретке қараңыз]:

334-сурет Харакатты дыбыспен басталған кезде оның соңынан басқа дыбыс келетіні белгілі. Осы бастауыш харакатты дыбыс, харакатты ритмдік соққының орнын басады [335-суретке қараңыз]:

335-сурет Ал мұның артынан келген себеп, егер "сабаб хафиф" болса, сукунды толық ритмдік соққының орнына тұрады. Егер харакатты дыбыс болса, онда тоқталады немесе оның артынан (1083) басқа харакаттылар келіп, кейін тоқтайды. Расында да бұл фонемалардың барлығы харакатты ритмдік соққылардың орнын басады. Үстіне тоқталатын ақырғы әрекетті дыбысқа келсек, харакатты соққыдан кейін жұмсақ ритмдік соққының келмейтіні сияқты, ол да жұмсақ ритмдік соққының орнына келмейді. Өйткені, жұмсақ ритмдік соққы, кейбір ритмдік соққының келесі тұрақтау уақытын қозғалту үшін жасалады. Расында тоқтау, ұзарған сайын сол аралықтағы кейбір уақытты қозғалыспен толтыратын ритмдік соққыны қажет етеді. Сондықтан да жұмсақ ритмдік соққылардың артынан, сукунды толық ритмдік соққылар келеді. (1084) Харакатты дыбыстар да осы сияқты, яғни "сабаб хафифтан" кейін келіп, тоқтау харакатты дыбыстың үстінде тұрған уақытта, харакатты дыбыстар жұмсақ ритмдік соққылардың орнына түседі. Ал егер олар харакатты дыбыстардан кейін келсе, жұмсақ ритмдік соққылардың орнын баспайды. Харакатты дыбыстардың харакатын мейлінше қысқа айтып немесе "иай" харакатын "хамзамен" мен немесе ақырғы харакатты жеңіл "ha"' дыбысымен ауыстырса, онда "сабаб хафифқа" жақын болады.

(1085) Харакатты дыбыстар көптеп тізбектеліп келіп, үзіліс харакаты дыбыстың үстінде болса, онда ақырғы харакат мейілінше қысқа айтылуы немесе "хамзаға" ауыстырылуы мүмкін, яки болмаса жеңіл "ha"' дыбысымен айтылуы ықтимал. Сонда барып бұл "сабаб хафифтің" орнына келеді және сукунды ритмдік соққының орнын басады. Егер тоқтау харакатты дыбыстың үстінде болса, ауырға соғатыны сияқты, бір дыбыстан келесіге өту амалы сукунды [харакатсыз] дыбыстан басталса қиын. Сол себепті ритмдік соққы сукунды болса, одан басқаға ауысып өту қиын болып, оны жеңілдету үшін уақыттың бір шамасына жұмсақ ритмдік ырғақтар қосылады.

СӨЗ ТҮРЛЕРІ Сөздер бір қалыпты өтуге бағынып және цезуралармен бөлініп, ал цезуралар сукунды фонемалардағы толық үзілісте жасалып тұрса өлшемді болып келеді. Сондықтан өлшемді сөздердегі фонема дауыстылары белгілі санмен шектеліп, сукунды фонемаға келуі тиіс. Демек, сөз мөлшерінің фонемаға қатынасы, ажыраған ырғақтың дыбыстарға болған қатынасымен тең. Ажыраған ырғақ - үзіліспен ажыраған дыбыстардағы бір қалыпты өту. Ал поэтикалық өлшем бір-бірінен цезура арқылы ажыраған фонемалардағы бір қалыпты өту. Жоғарыда біз ажыраған ырғақтардың пайда болу жолын түсіндіріп өткендіктен, сөз өлшемдерінің қалай пайда болатыны да (1086) белгілі болды. Өлшемді сөздердің арасында қарапайым [басит әл-уазн] және күрделі өлшемділері [мураккаб әлуазн] бар қарапайым түрі тек бір өлшеммен байқалады, ал күрделі өлшемділері - екі өлшеммен қаралады. Әрбір өлшемді сөздің кіші бөлігі, ырғақ айналымындағы ең үлкен уақыт аралығын қамтитын екі өлшемнің бірімен қаралатыны. Бұл шама кез келген өлшемді сөздің ең кіші бөлігі. (1087) Бұл бөліктердің қатарына, жан үнемі басқа тең немесе тең емес бөлікпен толықтырғысы келетін нәрселер де жатады. Егер ақындық сөздің бір бөлігі онымен тең [бөлікпен] толықтырылса, олардың қосындысы, қарапайым өлшемдерде бірінші тәмамдалған бөлік саналады. Ал егер сол сияқты сөздің аз бөлігі онымен тең емес [бөлікпен] толықтырылатын болса, олардың қосындысы да күрделі өлшемдерде кемел емес болады. (1088) Егер ол кіші әрі тең емес бөліктердің қосындысына тең бөлікпен толықтырылса, онда екі қосындының шамасы, күрделі өлшемдігі бірінші тәмамдалғанды құрайды. Өлшемді сөздердің екеуінде де бірінші тәмамдалған бөлік - өлең немесе өлеңнің бөлігі ретінде қабылдануы мүмкін бөлік. Ал тәмамдалмаған бөлікке келсек, ол өлең саналмайды. Өлеңнің шамасы белгілі тіл иелерінде қалыптасқан нормаларға сәйкес қабылданады, ал өлең - толық поэтикалық өлшемге салынған сөз. Өлең санын арттыру үшін оны толықтыру және оның шамасының болуы жеткіліксіз, бірақ сөздің шамасы оның мазмұнына байланысты. Себебі, егер ол мардымсыз болса, өлең де аз болуы тиіс, егер қанық болса, өлең де көп болады.

(1089) Сөздің бірінші бөлігінің тәмамдалуын біз айтып өттік. Ал енді оның ақырғы бөлігі, қалыптасқан поэтикалық пішінге сәйкес орнатылады, яғни тәмамдалған өлшемді сөз басқа өлшемді сөздің бөлігі болуы ықтимал. Ал өлең мен жарты шумақтың не екені түсіндірілген болатын. Дыбыс ырғақтарымен болған шама өзгерісі, сөзбен де болуы мүмкін. Мысалы, ажыраған ырғақтарда уақытша аралықтар созылыңқы болса, олардың кейбір ұзақтары, әсіресе ақырғылары толық немесе жеңіл ритмдік соққылармен толысады. Өлең де осы сияқты: егер оның ішінде цезур көп немесе олар ұзақ болса, онда метрикалық қайта оралымдардан соң сабаб хафиф бунағымен немесе дауысты фонема арқылы толықтырылады, яки болмаса дауысты немесе дауыссызға бөлінеді. Егер дауысты дыбыс немесе сабаб хафиф бунағы дауысты дыбыстармен ауыстырылса, онда өлшем бұзылуы мүмкін. Кейде өлшемді сөздерде дауысты дыбыстардың саны көбейіп, олардың кейбірі қысқарады. Бұл ритмикалық жеделдеуге немесе саны артып әрекетсіз соққыларды қозғалысқа түсіруге [тахрик әннақарат ас-сасина] сәйкес келеді. (1090) Бұл дауысты дыбыстар санының артуына байланысты дыбыстарды қабылдау қиындап, оның көркемдігі жоғалады. Ал енді оның кейбір бөліктері қысқарған уақытта, жан қабылдауға қиын сөзден демалған сияқты сезінеді. Сондықтан кейбір өлшемді сөздердің бөліктерінде зихафты /449/ пайдаланған жөн сияқты. Сөздердің арасында бөліктері бар және бөліктері жоқ "декламация" [әл-масруда] /450/ деп аталатындары бар. Бөліктерден құралатын сөздер, қайталануы немесе қайта келмеуі мүмкін. Қайталанып келетіндер - тәмамдалған бөліктері тең санды фонемаларды қамтыған және ұйымдасуы жағынан бір-біріне ұқсайтын сөздер. Қайталанып келетін сөздер, өлшемді және өлшемсіз болады. Олардың арасындағы айырмашылық, олардағы уақыттық аралықтың жоқтығына байланысты (1091), яғни қайталанымы бар сөздер цезурлармен бөлінген шақта, белгілі өлшемге бағынады. Ал енді оларда мұндай цезура болмаса, олар өлшемді болмайды. Бөліктері бар сөздердің ақыры тең немесе тең емес болуы ықтимал. Мұндай сөздердің ақыры бірбірімен тең, бірақ өлшемді емес болғанда, арабтар оларды "ұйқасты қарасөз" [ақауил масжу'] деп атайды. Ал өлшемді кезде "ұйқасты сөздер" дейді, яғни өлшемді сөздердегі ақырғы бөліктерді олар "ұйқастық" [қауафи] деп атайды. Фонемалар, сабаб пен уатад бунақтары ад ұйқаса алады. Арабтардың ежелгі және қазіргі барлық поэзиясы, кейбірін есепке алмағанда ұйқастық негізінде құрылған. Ал енді біздің көзімізге дейін жеткен басқа халықтардың, әсіресе ежелгі поэзияны алып қарасақ, ұйқасты емес. Ал олардың қазіргі кездегі [поэтикалық] өнері арабтардың ұйқастық поэзиясына еліктеуге бағытталған. Сөзге қатысты басқа мәселелерді талдау біздің зерттеуімізде орынсыз болғандықтан, біз (1092) оларды шамалап шайырларға, басқа шамасын риторика өнеріне береміз. Жалпы алғанда кәдімгі сөздер [әл-ақауил әл-мубтазалә] арқылы, тіпті сөздер құралатын үндестік, музыкалық сияқты әртүрлі жоғарылықтағы болмаса да тыңдаушының көкірегінен талап қылынған сенімді табуға болады. Керісінше тек кейбір кезде және сирек орында болмаса, күнделікті сөйлесу [әл-мухатаба әл-мубтазалә] барысында оны өлеңмен немесе әуенмен сүйемелдеу әдеті қалыптаспаған.

Ал арнайы сөздер поэтикалық, риторикалық және бұларға ұқсамайтын сөздер де болады. Бұл сөздердің тектері поэтика мен риторика өнерлерінде саналып айтылған болатын. Сондай-ақ, ол жерде поэтикалық, риторикалық және соларға ұқсас сөздерден басқаларда, біздің сол өнерлерде анықтаған сыртқы құралдардың аз қолданылатыны да көрсетілді. Поэтикалық, риторикалық және осыларға ұқсас сөздерге келсек, онда бұларда талап қылынған мақсатқа жету әдістері сарып қылынады және оларды сыртқы құралдармен үйлестіре білу қажет. Олардың бірі сөздерді дыбыстармен қосып әуеннен құралатын үйлесімді, реттілікті үнді етіп шығару. (1093) Ол өнерлерде поэтикалық және соларға ұқсас сөздерді әндету мен оларды гармониялық дыбыстармен сүйемелдеудің пайдасы зерттелген. Ал музыка өнеріне кіріспе кітабында біз поэтикалық өнердің музыкалық өнерді басқаратынын және кейінгінің мақсаты, біріншінің мақсатына жету үшін талап қылынатынын түсіндірдік. Осыдан барып сөз, дыбыстардан құралған әуендермен, ал жөнге келтірілген әуендер сөздермен үйлесуі қажет екендігі сондай-ақ, сөзді құрайтын фонемалар, әуенді дыбыстан айырып тұру керектігі көрінеді. Шығарманың вокалды әуеннен бұрын, сосын оның дыбыстарына сөздің фонемаларының келуі немесе әуелі сөз шығарылып, кейін оның фонемалары дыбыстарға таралатыны маңызды емес.

ӘУЕНДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СӨЗ ФОНЕМАЛАРЫМЕН ҚОСЫЛУЫ Әуендер белгілі бөлігінің ақыры бар сөздердің фонемаларымен немесе бөліктері жоқ сөздердің фонемаларымен үйлеседі. Алайда бөліктері бар сөздермен үйлескені жақсы. Сол сияқты әуендерді қайталанымы бар (1094) немесе жоқ сөздермен де қосуға болады. Мысалы, азан шақыру, Құранды қырағатпен оқу және халыққа айтылатын қысастарды айту. Ретті дыбыстардың қайталанымы жоқ сөздерімен қосылғанына қарағанда, олардың қайталанымы бар сөздермен үйлесуі үлкен ептілікті қажет етеді. Сондықтан біз егер дыбыстардың қайталанымы бар сөздермен үйлесімін көрсетсек, онда олардың қайталанымы жоқ сөздермен қосылу әдістері де белгілі болады. Қайталанымы бар сөздер өлшемді және өлшемсіз болады және біздің тұрғыдан қарағанда олардың арасында айырмашылық жоқ. Бірақ егер олар өлшемді болса, олардың бөлік реттілігі есте сақталатындай болғаны жөн. Мұндай сөздер кейде белгілі ырғақпен шектелсе, кейде шектелмейді. Айтылған нәрсе негізінде өлшемді сөздермен байланысты ырғақты әуендерге қатысты. Әйтсе де бұл өлшемі жоқ сөздермен үйлесетін ырғақты емес әуендерді де қамтиды. Барлығынан бұрын сөз фонемаларының әуен дыбыстарымен қалайша қосылатыны жайында және әуен дыбыстарының сөз фонемаларымен қалайша үйлесетіні хақында айтуымыз қажет. (1095) Күнделікті қолданылатын қарым-қатынас сөздердегі фонемалар, сөз мағынасын түсінуді қиындататын әрі араға қашықтық орнататын ауыстырушы дыбыстармен немесе үзілістермен бөлінбейді. Керісінше ол аралықтар жақындатылады. Дыбыстар сөз фонемаларымен қосылған шақта дыбыстар арасындағы қашықтық әдеттегіден алшақтай түседі немесе өздері қосылған дыбыстармен толықтырылмай алғашқы қалыптарында сақталады. (1096) Бірінші жағдайда сөздің созылмаған фонемалары, дыбыстардың шеттеріне келеді. Бұлар әрі оның бастамалары. Екінші жағдайда әуеннің әрбір дыбыс шеттерінің ортасындағы аралық, сөз фонемаларымен толады. Дыбыс бастамасы мен соңының арасы фонемалармен толған шақта ғана әуендетіледі.

Бірінші тек "бос дыбыстардың әуені" [әл-хан әл-фариға ән-нағам], екінші тек (1097) -"толық дыбыстардың әуені" [әл-хан әл-мамлу' ән-нағам] деп аталады. Сөздің дауыссыз фонемалары қысқа дауыстылармен немесе сукун, яки болмаса созылыңқы дауыстылармен сүйемелденеді. Сукунды болған дауыссыз фонема, созылыңқы үш дыбыстың бірімен немесе (1098) басқа дыбыс болып келеді. Бос дыбыстардың әуендері, созылыңқы дауыстылармен сүйемелденген дауыссыз фонемалармен басталса, дауыссыздан басталатын бос дыбыс -созылыңқы дауыстымен әуендетіледі. Ал енді дауыссыз дыбыс, қысқа дауыстымен сүйемелденген уақытта, оны созылыңқымен теңесетіндей етіп созу қажет. Жоғарыда айтылған үш әріптен бөлек дауыссыз фонема, сукунмен сүйемелденсе, онда оны қысқа немесе созылыңқы дауыспен бекіту қажет. Ал егер ол үш дауыссыздың біреуі болса, онда онымен байланған дыбыс дауыстымен алмастырылмастан әуендетілуі мүмкін. Фонемалар арасындағы аралықтар бір, екі, үш немесе одан көп бос дыбыстармен толықтырылуы ықтимал. (1099) Сөз жалпы алғанда бірнеше бос дыбыстан үйлескен бос дыбыстардың әуені болса, онда оның мазмұнын түсіну қиын немесе мүмкін емес. Бұған ұқсайтын әуендер, дыбысы сөздің фонемаларымен байланыспаған әуендерге ұқсайды. Сөз дыбыстармен толған әуен болса, оның мазмұнын түсіну жеңіл, бірақ оның кейбір сұлулықтары кетіп, естілгендегі рахаты азаяды. Әуенде осы екі қасиеттің - сұлулықты және сөз мазмұнының түсініктілігі мен дыбысталуының әсемдігін басын қосу үшін оның фонемалармен қосатын әдісін үйлестіре білу керек. Сөз дыбыстарының арасындағы әдеттегіден ұзын аралықтар әуенге сұлулық пен көріктілікті берсе, әдеттегі қысқа аралықтар оның мазмұнын жақсырақ қабылдауға септігін тигізуі лазым. Кейде тыңдаушының жанына әсер етіп, сөздердің белгілі бір бөлігін көрсетіп кету үшін музыкада жалпы мақұлданған жайттардан ауытқып та кетеді. Әсіресе, өлшемді сөздегі, айналымы барларда осылай болып жатады. (1100) Егер сөзді үйлесімді дыбыстармен үндестіргіміз келсе, онда әуендегі дыбыстар мен сөздегі ортақ фонеманы қурайтын дауысты мен дауыссыздарды санап, кейін сол сандарды салыстыруымыз керек. Бұл жағдайда әуендегі дыбыстардың саны, сөздегі фонемалардың санымен тең немесе одан көп, яки аз болады.

ТОЛЫҚ ДЫБЫСТАРДЫҢ ӘУЕНДЕРІ Талап қылынған әуендер жоғарыда айтқанымыздай жалпы үшеуден құралады. Олар бос дыбыстар немесе толық дыбыстар, яки болмаса осы екеуінен құралған аралас дыбыстар. (1101) Әуендердің дыбыстары сөз фонемаларымен тең болса, онда ол екеуінен толық дыбыстардан құралған әуен шығарылмайды. Бәлкім ол екеуінен бос дыбысты әуен немесе осы екеуінің қосындысынан шыққан әуен дыбысын жасауға болады. Сол сияқты егер әуеннің дыбыстары сөздегі фонемалардан асып түссе, онда (1102) одан барлығы бос дыбыстан құралған әуен, яки болмаса екеуінен аралас әуен туады. Егер дыбыстар саны сөздегі фонемадан аз болса, онда бұл екеуінен барлық дыбысы бос әуен шықпайды. Бәлкім барлық дыбысы толық әуен, яки болмаса екеуінен аралас әуен туады.

Ал егер дыбыстың саны жағынан басым келсе, екеуінің бірінің қатынасын екіншісіне талап ету керек. Ал енді екеуінің санының бірін екіншісіне дегеніміз - бір немесе бірнеше артық болған бөлік қатынасын, яки болмаса екеуінің мысалындай қатынасты (1103) немесе екі мысалы мен бір бөлікті, яки болмаса екі мысалы мен бірнеше бөлікті немесе мысалдар қатынасын талап қылу керек. Фонемалардың саны артық болып, оның дыбыс санына деген қатынасы, екі немесе бірнеше мысал қатынасындай болса, онда бұл екеуінің қосындысынан барлық дыбысы толық әуенді және екеуі аралас әуендерді жасауға болады. (1104) Фонемалардың қатынасы, дыбыстардың қатынасына бөлік пен мысалының қатынасы сияқты болса, онда ол екеуінен дыбыстары толық әуен шықпайды, бірақ құрамы осы екеуімен аралас әуен пайда болуы мүмкін. Егер дыбыс саны фонемадан асып, ол екеуінің арасындағы қатынас қандай болса да, (1105) ақырында олардан дыбысы бос және құрамы екеумен аралас әуендерді жасауға болады. Дыбыстар созылыңқы немесе қысқа болады. Қашан фонемалардың саны дыбыстардан екі немесе үш есе көп болып, әрбір дыбыстың созылу уақыты, фонемалы дыбыстарды айту уақытымен тең келсе, онда бұл екеуінен дыбысы толық әуен шығады. Сол себепті біздің қолымызға белгілі ырғақтағы дыбыстар қосындысы мен белгілі реттіктегі фонемалардың жиынтығын беріп, толық дыбысты әуен шығаруымызды айтса, онда біз әуелі бұдан талап қылынған әуен шығады ма, жоқ па екенін анықтап алуымыз керек. Ол үшін дыбыстардың саны мен фонемалардың санын алып, ол екеуінің бір-біріне болған қатынасын байқаймыз. (1106) Егер екеуінің қатынасы тең немесе дыбыстардың саны басым болса, біз ол екеуінен дыбысы толық әуенді шығару мүмкіндігінің жоқ екенін айттық. Ал егер фонемалардың саны көп болып, оның дыбысқа деген қатынасы екі немесе бірнеше мысалы, екі мысал мен бір немесе бірнеше бөлік болса, онда ол екеуінен дыбысы толық әуен жасалатынын да айттық. Ал егер оның қатынасы бұлай болмаса, демек дыбысы толық әуен де болмайды. Бұл екеуінен дыбысы толық әуен жасауға болатынын білген болсақ және олардың қатынасы екі немесе бірнеше мысалының шамасы болса, онда сөзді санға теңеп бөліктерге бөлеміз. Кейін қараймыз. Егер әрбір тең бөліктегі харакатты дыбысты айту уақыты, (1107) осы дыбыстардың созылыңқы уақытымен тең келсе, онда бұл жағдайда әрбір дыбысты, кезекті бөлікке таратамыз. Сол сияқты саны жағынан тең бөліктер, харакатты дыбысты айту уақытынан артық. Ал дыбысты айту уақыты, әрбір дыбыстың созылу уақытымен тең болса, онда дыбысы толық тәмамдалған әуен шығады. (1108) Егер ол екеуіндегі айту уақытының бірі, әрбір дыбыстың созылу уақытынан кем болса, бұл жағдайда дыбыстардың кейбір созылыңқысы толған әуен пайда болады. Әуеннің бұл түрі, екі құрамнан пайда болған аралас әуеннің түріне жатпайды. Бұл әуен мен аралас әуеннің арасындағы айырмашылық; (1109) бірінші әуенде дыбыстың бос бөлігі, міндетті түрде онымен толған бөлік болуы тиіс, ал аралас әуенде оның бос бөлігі, оның толық бөлігіне айналуы міндетті емес. Дыбыстардағы ең ұзақ мадда, ырғақпен шектелмеген әуенде болады. Ал ырғақпен шектелген әуенге келсек, оның созылу шеңбері қосылған ырғақтағы ритмдік соққылардың арасымен шектеледі. Міне, толық дыбысты әуендер осындай жолдармен құралады.

БОС ДЫБЫСТЫ ӘУЕНДЕР 1 - Дыбыстардың фонемаларға тең таралуы Бізге белгілі ырғақтағы реттік дыбыстардың қосындысы мен шектеулі фонемалардан құралған сөзді беріп, кейін бос дыбысты әуен жасап беруімізді сұрайтын болса, онда алдымен қолымыздағы нәрседен біздің талап қылған әуеніміз жасалады ма, жоқ па деген сұраққа жауап беруіміз керек. Ол үшін дыбыстың саны мен сөздегі фонемалардың санын анықтаймыз. Егер олар тең немесе дыбыс саны басым болса, (1110) онда бос дыбысты әуенді жасау мүмкін. Ал бұлай болмаса, онда әуенді шығару мүмкін еместігін айтқан едік. Егер ол екеуі тең болып, әуенді жасау мүмкіндігін білген соң, оны жасағымыз келсе, онда сөздегі фонемаларды тауысқанша әрбір дыбыстың бастамасын фонемаға айналдырамыз. Егер дыбыс саны фонемадан екі немесе үш, яки одан да көп болса, (1111) оларды фонемаларға таратудың екі жолы қалады, яғни оларды тең немесе артық етіп бөлеміз. Тең болу дегеніміз, белгілі ырғақтағы реттік дыбыстарды тең бөліктерге болу, Егер дыбыстардың саны фонемалардан екі есе артық болса, оларды екі-екіден бөлеміз. Егер дыбыстардың саны фонемалардан үш есе артық болса, (1112) үш - үшеуден бөлеміз. Жалпы айтқанда әрбір бөліктің санын, оның мысалына сәйкес жасалады. Кейін (1113) оның әуелгі дыбысын алып, оған сөздегі бірінші фонеманы қосамыз. Мұнан кейін екінші фонеманы алып, екінші бөліктегі бірінші дыбыспен қосамыз. Ал үшінші фонеманы, үшінші бөліктегі бірінші дыбыспен қосамыз. Сөйтіп, сөздің фонемалары тәмамдалғанға дейін осылай жалғаса береді. Осы сияқты әуендерде сөздің фонемасымен қосылмаған екі немесе одан көп дыбыстардың қалып қоюы лазым. Адам дыбысының біздер жоғарыда санап көрсеткен он бес фонеманың біреуімен қосылмай созылуы мүмкін емес. Сондықтан осы дыбыстармен бірге қайсы фонемалардың созылуы қажет екенін білуіміз тиіс. Ол үшін былай дейміз: (1114) Негізінде бастамасы сөздің фонемасы болған дыбыс, сөздің бастауыш фонемасы немесе содан кейін келетін дыбыс. Сондықтан ол сукунды болуы мүмкін емес. Олай болса созылатын фонема сонымен бірте жасалуы қажет. Созылыңқы дауысты осы фонемамен қосылады. Егер оның артынан созылыңқы дауысты емес, харакатты дыбыс келсе, оны созылыңқы дауысты сияқты созу қажет. Бұл сөздің бірінші фонемасы қосылған әуелгі дыбыстың жайы. (1115) Бірінші бөліктегі екінші мен үшінші дыбыстарға келер болсақ, бұларға бірінші дыбыспен қосқан дауыстылардың барлығымен қоса аламыз. Тіпті бұл екеуін бірінші дыбысқа қосылмаған (1116) дауыстымен бірге созуға мүмкіндік бар. Бірақ ол біздер жоғарыда атап көрсеткен он бір дауыстының бірі болуы тиіс. (1117) Созылыңқы дауыстылардың жалғыз өзін айтатын болса, онда ол қиын болады, сол себепті дауыстылармен қосылатын қосымша дыбыстарды және дауыстылардың бастауына айналатын қосымша фонемаларды да алып келу мәжбүрінде қаламыз. Сонда барып оны айтуымыз жеңіл болады. Сондықтан біздің қосқан фонемаларымыз қиындықты тудырмауы тиіс, яғни бұл фонемаларды айтқан кезде, олар айтуға ауыр және сөздің көрсететін мағынасын өзгертетін артық фонема болмауы керек.

Бұл фонемалар "хамза", "набра" және "һа"'. Негізінде "набра" да "хамзаның" белгілі бір түрі. Ол екеуінің арасындағы айырмашылық үлкен емес. "Хамза" мен "набраның" екеуі де он екі дауыстылардың бірімен басталады, ал "һа"' (1118) болса, онда "әлифтың" өзіне жақын тұратын дыбыстардың қосындысынан басталғаны жөн. Егер "иай" фонемасы, соған ұқсас аралас немесе "иай" мен "алифтің" ортасындағылармен басталса, онда естілуі қажет дыбыс қанық шықпайды. Ал енді "уау" фонемасы мен соған жақын аралас дыбыстар бастауыш болса, естілетін дыбыс қанық болмақ. Бұл бөліктер тегіне катысты бағытындағы тәжірибенің, бірінші бөлігіндегі жағдайы. Егер сол дыбыс, бірінші бөліктен басқа бөліктердегі бірінші дыбыспен қосылса, онда ол фонема сукунды немесе қысқа дауысты болады, яки болмаса оның соңынан созылыңқы дауысты келеді. Егер қысқа дауысты болса, оның артынан созылыңқы дауысты келеді. Осыдан кейін келетін кезекті дыбыстың күйі, бірінші дыбыстан соң келетін дыбыстың жағдайы сияқты. Біз бұл жайында баяндаған болатынбыз. (1119) Егер сукунды болса, онда ол тіл босамайтын белгілі үш созылыңқының бірі ["ләм", "мим" және "нун"] немесе олардан басқасы болады. Егер осы үш созылыңқының бірі келсе, онда бұлардың дыбыспен қосылғаны, дауыстыларға ұқсамайтын созылыңқыға айналады. Егер дыбыстың бастамасында келген сукунды фонема, өзінен бұрын келген дыбыспен қосылып айтылса, дауысты болып айтылады. Ол тілге оңай көніп, дыбыспен қосылып созылады. Ал егер алда келген дауыстыны алып, оның жалғыз өзін айтқымыз келсе, бұдан еш нәрсе шықпайды. Фонемаға дауыстының бірін берген кезден бастап, (1120) оны созылыңқы дыбыспен қосып айту мәжбүрінде қаламыз. Нәтижеде ол созылыңқы дауыстылардың біріне айналады. Осы үш фонеманың бірімен қосылған дыбыс, естілген уақытта басқаларында жоқ ерекшелікке не болатыны анық. Егер оның орнын басқа фонемамен ауыстырсақ, онда жақсының орнына жаманды қойғанмен тең. Сондықтан осы үшеуіне қатысты жағдайдың ең дұрыс шешімі, мына екі жолдың бірімен жасалуы тиіс: біріншісі, бастапқы дыбыспен қосылып, осы үш фонеманың бірі болғанша бастауыш дыбысқа тиіспеу керек, кейін фонема келесі дыбысқа қосылып созылады; екіншісі, оның алдында келген дыбысты түсіріп, осы үш фонеманың бірімен бастағымыз келсе, онда "хамза" немесе "набра" арқылы басталады. Кейін фонеманы дыбыспен қосып созамыз. Дыбыстардың кейінгі жағдайы, егер олар оның артынан ерсе, онда сөздің бірінші фонемасымен қосылған әуелгі дыбыстың атында тұрған кезекті дыбыстардың жағдайына ұқсайды. Егер сукунды фонема әлгі үшеуінен басқасы болса, онда олардың кейбірі дыбыспен созылмайды. (1121) Ал басқаларын дыбыспен созуға болмайды. Егер дыбыспен созу мүмкіндігі болса, жағдай екі түрлі: біріншісі, оған харакат беріп, оны созылыңқы дауысты болғанша созып, дыбыспен қосу; екіншісі, кейбір дыбыстардың ақырын өзі тұрған бөлікке айналдыру. Сосын дыбысты хамзамен немесе набрамен, яки болмаса Һа фонемасымен бастау. Егер оған харакат берсек, онда дұрысы, оған өзінен кейін келетін фонеманың харакатын беру. Егер оған өзінен бұрын тұрған дыбыстың немесе фонеманың, яки болмаса қандай да болсын харакатты беруге болады, бірақ абзалы біздің айтқанымыз. Осы және осыған ұқсас жағдайларда әуелгі фонема әрбір дыбыспен қайталануы мүмкін. (1122) Дұрысы, бос дыбыстардың көп болғаны. Өйткені фонемалардың қосылуын және мағынаның

түсінікті болуын анықтай түсу үшін әуелгі фонема акырғы немесе ақырғының алдында тұрған дыбыспен қайтарылады. 2 - Дыбыстардың фонемаларға теңсіз таралуы Расында дыбыстардың фонемаларға тең таралуы хақында айтып өттік. Енді бұлардың фонемаларға теңсіз таралуына келер болсақ, ол үшін дыбыстардың саны жағынан теңсіз бөліктерге бөлуіміз қажет. Тіпті олардың кейбірі үш дыбысты, басқалары екі, бір және төрт дыбысты немесе одан да көп дыбысты болуы мүмкін. Жалпы алғанда бұл екі жолмен болады: жүйелі және жүйеленбеген. (1123) Жүйелінің тәсілі көп, мысалы; бірінші бөлік бір дыбысты, екіншісі екі дыбысты, үшіншісі үш дыбысты. Осы сияқты бөлік жоғарылаған сайын, оның ішіндегі дыбысының құрамы да бір есеге өсіп отырады. Келесі тәсілі, әуелгі бөлікте екі дыбыс. Сол сияқты тізбектеліп келген бөліктің әрбіріндегі дыбыстың саны екі есеге артып отырады. (1124) Мұнан кейінгі тәсілде, әуелгі бөлікте үш дыбыс, оның арқасынан келген бөлік құрамындағы дыбыстың саны алтау болып, әрі қарай осы реттікпен жалғаса береді. Яки, болмаса, әуелгі бөліктегі дыбыстардың санын анағұрлым көп қылып, ең соңғы бөлікте ең аз дыбыс қалдыру арқылы жоғарыдағы әдістің қарама-қарсы тәсілін қолдануға да болады. (1125) Осы екі түрлі әдісті бір-бірімен қоса отырып қолдануға да болады. Бұл кезде жүйелі емес тәсілге ұқсайды. Жүйелі тәсілде бөліктері қайталанып келетін түрі және бөліктері қарама-қарсы түрлері бар. Қайталанып келетін түр дегеніміз, бөлік реттіліктерінің бір-біріне ұқсап келуі. Қарама-қарсы түр, екінші бөлік құрамының біріншіге қарама-қарсы болуы. (1126) Бұлардың арасында екінші бөліктің құрамы, өзінен бұрын келген бөлік құрамына ұқсайтындары да кездеседі. Егер (1126) бірінші бөліктің құрамы төменнен бастап, жоғарыға көтерілген болса, екінші бөліктің құрылымы да солай болады. Ал егер бірінші бөліктің құрамы жоғарыдан төмен түсетін болса, екінші бөліктің құрамы да осыны қайталап келеді. (1128) Ал енді екінші бөліктің, бірінші бөлікке қарама-қарсы болған кезіне келер болсақ, онда егер бірінші бөліктің құрамы төменнен жоғарыға көтерілсе, екіншінің құрамы, керісінше жоғарыдан төменге түседі. Сол сияқты егер бірінші бөліктің құрамы жоғарыдан төменге түссе, екінші бөліктегі құрылым, төменнен жоғарыға шығады. Бұл екі түрдің әрқайсысы, еселенген. (1129) Екінші бөліктің әуелгісі, бірінші бөліктің санына сай. Екіншісі болса, екінші бөліктің біріншісі, өзінің алдындағы бөліктің санына қарама-қарсы. Осыдан кейін жүйелі тәсілдің басқа да түрлерін толықтай орындап шығу ауырға соқпаса керек. Жүйелі емес түріне келсек, ондағы жағдай түскен сәтіне қарай болады, яғни мұнда жүйелі тәсілдің көптеген түрлері бірбірімен араласады. Сондай-ақ, мұндағы бөліктерінің саны, сөздегі фонемалардың санымен сәйкес келуі тиіс. (ИЗО) Кейін теңдіктері сәйкес келмейтін етіп, фонемаларды бөліктерге тарату қажет. Дыбыс саны мен сөздегі фонемалардың санын анықтап болған соң дыбыс санын фонема санынан бір бөлік немесе екі мысал мен бір бөлік, т.б. артық екенін көреміз. Нәтижеде фонемаларды дыбыс бөліктеріне бөлген шақта тең санды болмайтынына көзіміз жетеді. Олар бір-бірінен артық болады.

Тең еместікте жүйелі немесе жүйесіз орындалады. Дыбыстардың фонемадан көптігі жарты немесе үштен бір т.б. осы тектес мысалында артық болса, онда тең еместік амалы (1131) жүйелі түрде болғаны. Тең еместік амалы бұдан басқа жағдайда болса, демек оның жүйелі болуы ауыр. Алайда бұлардың арасынан ең дұрысы өзі жиі болатын жағдайымен орындалғаны жөн. Мұның барлық бөліктерін орындау қиын емес. Олардың арасында жүйелі және жүйелі емес те бар. Кейін оларға фонемаларды тарату керек. Бұл кездегі жағдайдың қандай болатынын жоғарыда баяндадық. Дыбыстарды бөліктерге бөлген уақытта олардың ішінде тең және тең емес бос дыбысты әуендер болды. Сол сияқты толық дыбысты әуендердің бөліктерінде жасай аламыз. Ол үшін осы айтылған тақырыптағы дыбыстардың орнына сол дыбыстарды қойсақ болғаны. Расында ол жердегі фонемалардың саны дыбыстардан екі есе немесе екі мысалы мен бір бөлік, яки болмаса үш мысалы немесе одан да көп есе артық болған еді. Осы аталған жағдайлардың барлығынан толық дыбысты әуендер мен аралас әуендер жасауға болады. (1132) Ал енді фонемалардың саны дыбыстардың саны немесе мысалы мен бір бөлік, яки болмаса бөліктердің мысалындай болса, онда бұдан тең аралас әуен жасалады. Осы текке қатысты барлық түрді бұдан әрі тексеріп шығу қиын болмайды. Сол сияқты біздер мұның алдында толық дыбысты әуеннің жасалу жолын, ондағы жағдайлар мен құбылыстар жайында және ол жағдайларда орындалуы тиіс әрекеттерді де айттық. Толық дыбысты әуендердің ішінде, барлық бөліктегі фонемалардың әрбірі созылыңқы дыбыспен толатындары және бөліктегі фонемалардың кейбірі ғана созылыңқы дыбыспен толатындары бар.

ТОЛЫҚ ЖӘНЕ БОС ДЫБЫСТАРМЕН АРАЛАСҚАН ӘУЕНДЕР (1133) Қазір құрамы толық және бос дыбыстардың араласынан туғандар жайында айтамыз. Дыбысы толық әуенде, фонемалардың саны дыбыс санынан басым болатыны анық. Ал (1134) дыбысы бос әуенде фонемалардың саны дыбыс санымен тең немесе одан аз болары белгілі. (1135) Осы екі текті араластыру нәтижесінде әуен шығаруды қаласақ, онда дыбысы толық бөліктегі фонемалардың санын, ондағы дыбыс санынан көп қылуымыз қажет. Ал дыбысы бос бөліктегі фонемалардың санын ондағы дыбыстардың санымен тең немесе одан аз қылғанымыз жөн. Сондықтан алдымыздағы дыбыстардың санын және біздерге берілген сөздегі фонемалардың санын санаған уақытта, фонемалар бөліктерін саны жағынан тең емес, сондай-ақ дыбыс бөліктерінің де саны артық болуы тиіс. Сол сияқты фонемалар бөліктерінің санын дыбыстар бөліктерімен тең қылып жасаймыз. Кейін саны жағынан дыбыстардың аз бөлігін алып, саны көп дыбыстардың қарсысына, ал бөліктегі саны жағынан көп дыбыстарды, саны аз фонемалардың қарсысына қоямыз. Егер осылардың арасынан толық дыбыстың орындалуын қалайтын болсақ, дыбыстардың кейбір бөлігін жеке шығарамыз. Дыбыстан құралған бұл жеке бөлікті, аралас фонемалардан тұратын бөліктің алдына қоямыз. (1136) Сосын айтылу уақытына тең аралас фонемалардың қарсысына, сол дыбыстардың әрбірінің уақытын қойып көреміз. (1137) Дыбысы бос әуенді, толық бос дыбысты қылуын қалайтын болсақ, онда кейбір фонемалардың бөліктерін жеке қыламыз. (1138)

Кейін осы жекелердің қарсысына олардың әрбірін қамтыған дыбыстарды алып келеміз. Ақырында бөлігі толық бос әуен шығады. (1139) Мұнан соң зерттеуші адамға аралас әуендердің қалған тектерін өз бетінше тексеріп шығуына жеңіл болады. (1140) Бар болғаны біздің көрсеткен дәлелдерімізге аздап ой салса болғаны. Біз әуендердің екінші тегін құрастыру хақында олардың негіздерін толықтай айтқан болатынбыз.

ЫРҒАҚТЬІ ӘУЕНДЕРДІҢ БӨЛІМДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СӨЗ БӨЛІКТЕРІМЕН АРАЛАСУЫ Қазір әуеннің қалған күйі жайында айтпақпыз. Ол үшін біз былай дейміз: Расында әуендер сөздердің бөліктеріне ұқсап бөлінеді. Олардың арасында ажырағандары және ажырамағандары бар. Ажырамаған бөлігін - "масруда әуендері" /451/ деп аталады. Ажыраған бөлік екіге бөлінеді: біріншісі, дыбыстар мен фонемаға бөліктерінің саны тең және реттіліктері ұқсайды; екіншісі, бұған ұқсамайды. (1141) Бұл бөлікте тек дыбыс сандары тең, қалтаны қарама - қарсы және фонемалар саны тең, қалтаны тең емес түрлер бар. Сондай-ақ, бұл бөлікте дыбыстардың реттілігі немесе фонемалардың реттілігі ұқсап, қалғаны қарама-қарсы және дыбыс пен фонема сандары, реттілігі бір-біріне ұқсамайтын түрлер де бар. Сол сияқты мұнда, белгілі бөлікте бір дыбыстың ұқсас реттілігі бойынша қайталанып келуі кездеседі. (1142) Тектері әртүрлі болғанымен саны жағынан фонемалары тең және реттілігіне де ұқсастығы бар. Бұлар "дыбыстары қайталанып келетін бөлімдер" [зауат әл-фусул әлмутакаррироти ән-ниғам] деп аталады. Кейде бұлардың арасынан тек біреуі ғана қайталанып, қалғаны қайта келмеуі де мүмкін. Алайда ең дұрысы, ажыраған әуендерді сөзбен қоспай, оған арнайы үлкен, орта және кіші бөлімдер жасау. Үлкен бөлімдер де - бір дыбыс қайталанады және фонемалардың түрлері әрқандай болса да саны мен реттілігі жағынан бір-біріне ұқсайды. Орта бөлімдер де - дыбыстар мен фонемалардың саны тең түсіп, (1143) тегі әртүрлі болғанымен реттілігі ұқсап келеді. Кіші бөлімдер де - жоғарыдағыдай болмайды яғни, мұнда орта бөлімдерге бөліктер жасалады. Орта бөлімде, үлкен бөлімге арналып бөліктер жасалады. Бойына осының барлығын жинақтаған нәрсе - толық әуен. Бұл айтылғандар, әуендердің бөлімдері. Осы жерде ажыраған әуеннің бөлімдері алынып, зерттеуші адамға мәлім болады. Осының барлығынан кейін қолданатын әуеннің қалай ажырайтыны, ажыраған әуеннің қалай жасалатыны, қолданыстағы әуенге тоқтау мүмкіндігі, ажырату мүмкіндігі және қарсы бөлімді ажыратуға болатын сияқты т.б. күллі жайттар жасырын болмайды. Расында қолымыздағы әуендегі кіші бөліктер қайталанып келіп, (1144) әуенге сөз қосылса онда бұл әуенде үлкен бөлімдер жасау мүмкіндігі бар. Егер бұлай болмаса, онда ол жасалмайды.

Дыбыс сандары бірнешеу болса, онда одан орта бөлім жасау мүмкіндігі бар. Егер оның саны бірнешеу болмаса, ортаңғы бөлім құрылмайды. Сол сияқты бірнеше дыбыс саны болып, олармен қосылған фонемалардың саны да сол шамаға жетіп әрі реттілігі жағынан соларға ұқсаған жағдайда, әуенде орта бөлімдерге бөлу мүмкіндігі туады. (1145) Дыбыстар мен фонемалардың саны мүлдем бөлінуге келмесе немесе екеуінің бірі ғана бөлінетін болса, онда бұл әуен орта бөлімге бөлінбейді. Бұл айтылған жағдай, әуеннің орта бөлімге бөлінбейтін хәлі. Кейде әуен орта бөлімге машақатпен бөлінеді, бірақ оның ішінде қалыптасатын жүз пайдасыз болмақ. Ондай жағдайда ең дұрысы яғни, әуеннің бөліктері болмаған уақытта, оны мүлдем ажыратпау қажет. Осы айтылған дүниеден анық болатыны, әуенді белгілі бір бөлімдерге бөлуді көздеген уақытта дыбыстың белгілі санын анықтап, кейін оны үйлесімді сөзбен қосу керектігі. Бірақ ол сөздегі фонемалардың белгілі саны мен орналасу реттілігі болуы тиіс. Осыдан соң ғана дыбыстарды фонемаларға немесе фонемаларды дыбыстарға біздер жоғарыда айтқан жолмен таратуға болады. (1146) Мысалы, біз толық бөлімдері бар, саны кемел және бос пен толық дыбыстан араласып құралған әуен жасауды көздедік. Ол үшін жоғарыда айтылған талаптарға сәйкес келетін жағдайды таңдаймыз. Бөлуге жарамды саны бар дыбыстарды аламыз, кейін бұларға фонемасының саны сәйкес келетін сөзді құраймыз. Сосын дыбыстарды сөздік ортасына немесе үштен бір яки, болмаса төрттен бір бөліктеріне орнатамыз. Әуендердің қалған бөлімдерінде де осылай жасап шығамыз. Әрине, әуеннің дұрысы оның ажыраған болуы және онда үлкен, орта әрі кіші бөлімдерінің болуы. Сондай-ақ, оның үлкен мен орта бөлімдері жұп немесе тақ болып та келе береді. Алайда олардың жұп болғаны абзал. (1147) Кейде әуенге кіші бөліктері қайталанып келетін сөздерді қосуға болғаны сияқты, кіші бөліктері қайталанбайтын сөздерді де қосуға рұқсат. Бірақ жақсырағы, кіші бөліктері қайталанып келетін сөздердің қосылуы әрі олардың өлшемді болғаны жөн. Сондай-ақ әуендерді ырғақты және ырғағы жоқ етіп жасауға да болады, бірақ абзалы әуеннің ырғақты және үлкен мен орта бөлімдерді қамтығаны. Егер ондағы дыбыстар өлшемді сөздердің фонемаларымен қосылса, онда тіпті жақсы. Сондықтан да біздер дыбыстарды өлшемді сөздердің фонемаларымен қосылғанына көбірек мән беруіміз қажет. Мұндай әуендердің өздеріне тән арнайы қосымшалары бар. Әуендегі үлкен бөліктердің ең азы екі бөлік. Ал үлкен бөлім кем дегенде екі орта бөлімнен құрылады. Орта бөлім болса кіші бөлімдерден жинақталады. Кіші бөлімдердің өлшемдері ырғақсыз әуендерде. Мұнда бір бөлікпен бір ғана дыбысты үйлестіруге болады әсіресе, дыбыс толық болған жағдайда мұны жасау қолайлы. Бұл уақытта оның бөліктерінің ең кішісі бір дыбысқа айналады. (1148) Сол сияқты өлшемдердің арасындағы ең үлкені әрі бөліктердің ең кішісі де шексіз. Ал енді ырғақты әуендердегі мөлшері жағынан ең кіші бөлігі, осы әуенде қолданатын айналымдардың біреуімен ғана шектеледі. Ырғақтар жоғарыда айтқанымыздай ажыраған және қосылған болады. Қосылғандар өз кезегінде ауыр ырғақтарға бөлінеді. Олар өз потенциясын ажырағандардан алады. Соның арқасында

құрылымның жақсысы және естілетін жүйенің көркемі пайда болады. Сондай-ақ құралғандардың арасынан жарығы әрі естілген уақытта тазасы - ажыраған ырғақтар. Қосылғандарға келсек, бұларда ырғақтың тазалығы мүлдем болмайды немесе болады, бірақ аз мөлшерде. Сондықтан болар бұлардың пішінін тек өзгерту арқылы пайдаланылады немесе олардың ішінен тек ажырағандардың потенциясы сияқты күштерін ғана қолданады. Сонымен, жалпы алғанда ажырағандар ғана қолданылады. Бұл іс-әрекетпен немесе (1149) потенциямен іске асады. Осыған орай кіші бөліктерді қамтитын айналымдарды жасаған кезде, ажыраған айналым болуы қажет. Ажыраған ырғақтағы ең кіші айналым, уақыты тізбекті уақытпен келетін ажыраған айналым. Арабтар мұның негізін "хафиф әр-ромал" /452/ деп атайды. Дыбысы жағынан ең кіші бөлік - хафиф әр-ромал негізіндегі айналымдардың бірі жеткен бөлік. Олай болса дыбыстардың ең кішісі, әуен бөліктерінің арасындағы ең кіші бөліктегі екі дыбыс қана. Демек, ол екі мәрте қайталанады. Егер ол екі мәрте қайталанса, онда орта бөлік туылады. Ал орта бөлік екі рет қайталанатын болса, толық бөлік келеді. Бұл дегеніміз, егер шиірде байт [екі жол] келсе, әуенде осы бөлік келеді деген сөз. Әуендегі орта бөлік - шиір байтіндегі өлшемнің қызметін атқарса, кіші бөлік - шиірдегі байт өлшемінің бөлік қызметін атқарады. Олай болса әуен толық болуы үшін, әуеннің барлық өлшеміне сәйкес келуі тиіс, яғни (1150) бастапқыда айтқанымыздай ондағы дыбыстың саны сегіз және олардың барлығы әуеннің негізінен немесе кейбірі негіз, қалғаны қосымша болуы тиіс. Бұл дыбыстардың барлығы немесе кейбірі әртүрлі, қалғандары әртүрлі бола тұра қайталанып отырады. Тізбектеліп келетін екі ритмдік соққыдан артық ырғақтарда барлық айналымдарының бөлінуі мүмкін. Ол өзінің орнына жеткілікті болатын екі айналымға бөлінеді. Әуеннің бөліктері (1151) осы айналымдардың шағын мысалындай болған уақытта, дыбыс санындағы кіші бөлімдеріне сәйкес келмейді. Сол сияқты егер ырғақтардың негіздері, өзінің асылынан өзгертілген күйде қолданылып, кейін оның айналымдары өзінен тараған бөлімдермен құралған халде әуеннің кіші бөлімдеріне қосылса, онда кіші бөлімдегі сандардың әртүрлі болуы мүмкін. Егер ырғақ өз асылының құрылымында қолданылса, яғни бастапқы құрылымынан өзгертілмей пайдаланылып, оны кіші бөлімдер қамтып алса, онда барлық бөлімдер дыбыс сандары жағынан теңеседі. Сондай-ақ, егер оның айналымдарының барлығы, өзгертілген халде пайдаланылып, тек біреуі ғана өзгерістен аман қалдырылса, онда барлық бөлімдегі дыбыстардың саны тең болады. (1152) Егер түрлі бағыттар қолданылып, оның айналымдары өзгертілген болса, оларға қосылған кіші бөлімдегі дыбыстар санының теңдігі бұзылады. Біздер бұдан бұрын ырғақты өзгерту жолдарын айтқан едік, сондықтан біздің бұл арада айтпай кеткен нәрселерімізді зерттеушінің өзіне анықтап алу қиын болмайды. Дұрысы, кіші бөлімдердің ұзындығын, демнің орташа шамасына сәйкес жасалуы тиіс. Әсіресе, демді созу қиынға немесе тым жеңіл келетін дыбыстарды осылай жасаған жөн. Расында тамақты үлкейтудің нәтижесінен шығатын дыбыстарды дем аз созады, ал тамақты қысып шығаратын дыбыстарды көп созады. Жоғарыда өлшемді сөздердің бөліктері жайында ашып айттық және оның шамаларын да белгілеп бердік.

(1153) Кейбір кезде өлшемді сөздердің шамасы, әуеннің бөліктерімен тең және сәйкес келеді. Ал кейде қарама-қарсы түседі. Алайда әуенді шығарған уақытта, оның бөліктерінің өлшемді сөздің бөліктеріне сәйкес келуін немесе әуеннің өлшемін, өлең өлшеміне лайықтап жасаудың қажеті жоқ. Керісінше өлеңді бөліктерге бөлген уақытта, әуеннің шамасы мен бөлімдеріне қарап бөлу қажет. Сөз өлшеміне қарамау керек. Сөздің фонемаларын әуеннің дыбыстарына таратқан кезде оның өлшемі бұлыңғыр болады деп ойламау тиіс. Кейде кіші бөлімдегі дыбыстарға таратылған фонемалар, тең болуы мүмкін, кейде бұл екеуінде теңсіздік орнап, әуеннің бөліктері дыбыс саны жағынан басым тұрады. Осы таратылымның қарама-қарсы түрін де жасауға болады, яғни аз фонемалар көп санды дыбыс бөліктеріне, (1154) ал көп фонемалар аз санды дыбыс бөліктері үшін жасалып, таратылуы мүмкін. Бұлардың құрылымы мен бөлімдерінің орындалуын толықтай тәмамдау аз ғана ойланған зерттеушіге қиын болмас. Ол кіші бөлімдердің шамаларын тең қылмай, әрі жүйелі тәртіп бойынша жасауы тиіс. Олардың саны санаулы болғанымен, құрылымының тәртібі жағынан көп. Оларды зерттеушінің өзі тапса да болады сондықтан, біз оларды санап көрсету амалын соның ықтиярына қалдырдық. Кіші бөлімдердің саны тақ немесе жұп болып келеді. Олардың қалай жасаймын десе де рұқсат. Сөз бөліктерінің арасындағы орта бөліктің шамасы шексіз, алайда сөздің құрылымына байланысты оны шектеуге болады. Кейде дыбыстарға таратылатын фонемалардың төрттен бір бөлігі болса, (1155) басқа кезде сөздің жартысын алады. Орта бөлік, сөздің жартысын алатын болса, онда әуенде үлкен бөлік жоқ деген сөз. Ал әуенде үлкен бөлік болса, онда орта бөлік сөздің төрттен бір бөлігін ғана қамтиды. Кейде сөз бөліктерін, тақ немесе жұп бөліктердің санына ұқсас немесе тең етіп жасауға да болады. Алайда дұрысы бір-біріне ұқсайтын жұп ретінде пайдалануы. Сондықтан оның жақсысы қолданылған кезде, әдетте үлкен бөліктері жұпты келеді. Осы себепті сөздің төрттен бір бөлігінен кіші бөлік пайдаланса, оның сегізден (1156) бір бөлігі қолданылады. Бұл жағдай сөздегі үлкен бөліктің төрт мәрте, орта бөліктің екі мәрте қайталанған кезінде болады. Сондай-ақ, егер орта бөлік төрт рет, үлкен бөлік екі рет қайталанып келсе де осылай болады. Осыған байланысты егер біз сөздің [сегізден бір бөлігінен кіші] орта бөлігін шығаруды қалайтын болса, онда жоғарыдағы амалға еліктеуіміз керек. Егер алатын бөлігіміз орта бөліктен кіші болса, оны қайталауға болады, бірақ ол шиір байтіндегі өлшем немесе өлшемде қайталанатын ең кіші бөлік саналады. Әуеннің бөлінетін бөліктері тең болуы тиіс. (1157) Кейде олар бір-бірінен айтарлықтай алшақ болмайды. Мұның пайдасы болмаса зияны жоқ. Ең дұрысы, қосымшалардың бастапқы бөліктен кейінгі орта бөліктің соңына немесе орта бөліктердің ең ақырғы бөлігінің соңына қосылғандары. Кейде бастапқы бөліктен кейінгі орта бөліктің ақырында жеңіл айырмашылықтар болуы ықтимал, бұл шиір байтіне қосылған екінші өлшем сияқты оған да көркемдік береді. Өйткені шиірдің соңына қосылған екінші өлшем, кейде өлеңді аша түседі. Сондай-ақ әуендегі үлкен мен орта бөліктерге басқа да өзгеріс қосымшалары келуі мүмкін. Осылардың бірі, бір дыбыстан екінші дыбысқа жылдам немесе баяу өту іс-әрекеті. (1158) Мұнда жиі кездесетіні жылдам өту қозғалысы. Өлшемді сөзде фонемалардың орын алмасуы кейде көркемдік беретіні сияқты, жылдам өтудің де оқта-текте көркемдігі болады.

Сол сияқты өзгерулер дыбыстарға да келеді. Мысалы, жұмсақтық пен жоғарылықтың әртүрлі болуы немесе дыбыстың қысқалығы мен баяулығы сияқты. Бұл барлық орта және үлкен бөліктерге тән құбылыс. Дыбысқа келген өзгеріс оның орнын да ауыстыруы мүмкін, яғни жіңішке дыбыстың тұруы тиіс орынға жуан дыбыстың келуі немесе жуан дыбыстың жіңішке дыбыспен алмасуы сияқты. Үлкен бөліктер потенциясы тең бөліктермен алмасады, яғни октава, квинта, т.б. ауысады. Өзгерістер бұдан басқа да болуы мүмкін. Мысалы, әуеннің негізіндегі дыбыстың орнына басқа дыбыстың келуі. Екінші бөлікте болуы (1159) тиіс дыбыстың орнына, осыған ұқсайтын басқа әуеннің жуан дыбысы келуі мүмкін. Бұл өзгеріс әуеннің барлық бөліктеріне келуі ғажап емес. Алайда дұрысы, оның бастапқыдан кейінгі бөліктерде болғаны. Ол бірінші бөлікте болуы ықтимал немесе басқа бөлікте, оның ортасында тіпті барлық бөліктің бір нәрсесінде болуы да мүмкін. Дыбыстардың алмасуы, басқа транспозициялы дыбыспен де орындалады немесе сол дыбыстық қатардың басқа реттілігінен келуі де мүмкін, яки болмаса бас тетрахордтан келеді. Бірақ, бұл алмасудың бұзақысы. Олар әуенде неғұрлым көгі болса, ол соғұрлым тез бұзылады. Ең дұрысы, әуеннің негізгі дыбыстарын алмастырмау, бірақ (1160) алмастырудың саны, әуен негізінің санымен тең болуы тиіс. Кейде әуенге басқа бөліктер де қосылады. Олардың кейбірі бөлік үзілістеріндегі тоқтауды жеңілдету үшін, кейбірі бөліктен басқа бөлікке өтуді жылдамдату үшін келеді. Сондай-ақ оларды әуеннің негізінде жоқ дыбыстарды пайдаға асыру үшін де қолданады.

ӘУЕН БАСТАМАЛАРЫ МЕН ОЛАРҒА КІРІСПЕ [ВОКАЛДЫ ПРЕЛЮДИЯ] Әуеннің бастамалары көп нәрсемен іске асады. Олардың арасында ән айтумен немесе әуеннің алдында келетін дыбыстармен сүйемелдеп басталатындары, яки болмаса (1161) әуеннің бастауыш дыбыстарымен немесе әуен негізіндегі жуан дыбыстармен басталады. Ол квинта немесе кварта, яки болмаса басқа шамамен іске асады. Сондай-ақ әуеннің басталуы, бастауыш дыбыстармен қосылған сөздің қосындысымен де болады. Сөз - әуеннің дыбыстарына таратылатын фонемалар бөлігінің бірі немесе басқа сөз, яғни сол тіл иелерінің арасында өлеңді ашу немесе бастау әдетіне айналған сөздердің бірі болуы мүмкін. Бастауыш дыбыстармен қосып айтқан сөз, әуендегі сөздің бөлігі болса, онда ол сөздің орта немесе үлкен бөлігі, яки болмаса екі үлкен бөлік немесе одан да көп бөліктер. Ол сөз мақал немесе кіші сөздің бір бөлігі болуы да мүмкін. (1162) Ол сөз ақындар арасында қалыптасқан әдеттен тыс сөз немесе қалыптасқан әдет бойынша айтылған сөз. Егер ол әдетпен айтылған сөз әрі оның кіші бөлігі болса немесе сөздің орта бөлігінен кіші болса, онда арабтар мұндай бастаманы "кіріспе" [әс-истиһләл] /453/ деп атайды. Егер бұл сөз қалыптасқан әдет бойынша айтылып, сөздің орта бөлігінен артық болса, арабтар мұны "өлең" [ән-нашид] дейді /454/. Сөздер бастапқы дыбыстармен қолданылып, кейін сөздің қалған бөлігі әуен дыбыстарына жеткіліксіз болса немесе әуеннің ақырындағы сөздерді тәмамдау қажеті туса, онда қажетті шама. Осы себепті сөздің төрттен бір бөлігінен кіші бөлік пайдаланса, оның сегізден (1156) бір бөлігі қолданылады. Бұл жағдай сөздегі үлкен бөліктің төрт мәрте, орта бөліктің екі мәрте қайталанған

кезінде болады. Сондай-ақ, егер орта бөлік төрт рет, үлкен бөлік екі рет қайталанып келсе де осылай болады. Осыған байланысты егер біз сөздің [сегізден бір бөлігінен кіші] орта бөлігін шығаруды қалайтын болса, онда жоғарыдағы амалға еліктеуіміз керек. Етер алатын бөлігіміз орта бөліктен кіші болса, оны қайталауға болады, бірақ ол шиір байтіндегі өлшем немесе өлшемде қайталанатын ең кіші бөлік саналады. Әуеннің бөлінетін бөліктері тең болуы тиіс. (1157) Кейде олар бір-бірінен айтарлықтай алшақ болмайды. Мұның пайдасы болмаса зияны жоқ. Ең дұрысы, қосымшалардың бастапқы бөліктен кейінгі орта бөліктің соңына немесе орта бөліктердің ең ақырғы бөлігінің соңына қосылғандары. Кейде бастапқы бөліктен кейінгі орта бөліктің ақырында жеңіл айырмашылықтар болуы ықтимал, бұл шиір байтіне қосылған екінші өлшем сияқты отан да көркемдік береді. Өйткені шиірдің соңына қосылған екінші өлшем, кейде өлеңді аша түседі. Сондай-ақ әуендегі үлкен мен орта бөліктерге басқа да өзгеріс қосымшалары келуі мүмкін. Осылардың бірі, бір дыбыстан екінші дыбысқа жылдам немесе баяу өту іс-әрекеті. (1158) Мұнда жиі кездесетіні жылдам өту қозғалысы. Өлшемді сөзде фонемалардың орын алмасуы кейде көркемдік беретіні сияқты, жылдам өтудің де оқта-текте көркемдігі болады. Сол сияқты өзгерулер дыбыстарға да келеді. Мысалы, жұмсақтық пен жоғарылықтың әртүрлі болуы немесе дыбыстың қысқалығы мен баяулығы сияқты. Бұл барлық орта және үлкен бөліктерге тән құбылыс. Дыбысқа келген өзгеріс оның орнын да ауыстыруы мүмкін, яғни жіңішке дыбыстың тұруы тиіс орынға жуан дыбыстың келуі немесе жуан дыбыстың жіңішке дыбыспен алмасуы сияқты. Үлкен бөліктер потенциясы тең бөліктермен алмасады, яғни октава, квинта, т.б. ауысады. Өзгерістер бұдан басқа да болуы мүмкін. Мысалы, әуеннің негізіндегі дыбыстың орнына басқа дыбыстың келуі. Екінші бөлікте болуы (1159) тиіс дыбыстың орнына, осыған ұқсайтын басқа әуеннің жуан дыбысы келуі мүмкін. Бұл өзгеріс әуеннің барлық бөліктеріне келуі ғажап емес. Алайда дұрысы, оның бастапқыдан кейінгі бөліктерде болғаны. Ол бірінші бөлікте болуы ықтимал немесе басқа бөлікте, оның ортасында тіпті барлық бөліктің бір нәрсесінде болуы да мүмкін. Дыбыстардың алмасуы, басқа транспозициялы дыбыспен де орындалады немесе сол дыбыстық қатардың басқа реттілігінен келуі де мүмкін, яки болмаса бас тетрахордтан келеді. Бірақ, бұл алмасудың бұзақысы. Олар әуенде неғұрлым көп болса, ол соғұрлым тез бұзылады. Ең дұрысы, әуеннің негізгі дыбыстарын алмастырмау, бірақ (1160) алмастырудың саны, әуен негізінің санымен тең болуы тиіс. Кейде әуенге басқа бөліктер де қосылады. Олардың кейбірі бөлік үзілістеріндегі тоқтауды жеңілдету үшін, кейбірі бөліктен басқа бөлікке өтуді жылдамдату үшін келеді. Сондай-ақ оларды әуеннің негізінде жоқ дыбыстарды пайдаға асыру үшін де қолданады.

ӘУЕН БАСТАМАЛАРЫ МЕН ОЛАРҒА КІРІСПЕ [ВОКАЛДЫ ПРЕЛЮДИЯ] Әуеннің бастамалары көп нәрсемен іске асады. Олардың арасында ән айтумен немесе әуеннің алдында келетін дыбыстармен сүйемелдеп басталатындары, яки болмаса (1161) әуеннің

бастауыш дыбыстарымен немесе әуен негізіндегі жуан дыбыстармен басталады. Ол квинта немесе кварта, яки болмаса басқа шамамен іске асады. Сондай-ақ әуеннің басталуы, бастауыш дыбыстармен қосылған сөздің қосындысымен де болады. Сөз - әуеннің дыбыстарына таратылатын фонемалар бөлігінің бірі немесе басқа сөз, яғни сол тіл иелерінің арасында өлеңді ашу немесе бастау әдетіне айналған сөздердің бірі болуы мүмкін. Бастауыш дыбыстармен қосып айтқан сөз, әуендегі сөздің бөлігі болса, онда ол сөздің орта немесе үлкен бөлігі, яки болмаса екі үлкен бөлік немесе одан да көп бөліктер. Ол сөз мақал немесе кіші сөздің бір бөлігі болуы да мүмкін. (1162) Ол сөз ақындар арасында қалыптасқан әдеттен тыс сөз немесе қалыптасқан әдет бойынша айтылған сөз. Егер ол әдетпен айтылған сөз әрі оның кіші бөлігі болса немесе сөздің орта бөлігінен кіші болса, онда арабтар мұндай бастаманы "кіріспе" [әс-истиһләл] /453/деп атайды. Егер бұл сөз қалыптасқан әдет бойынша айтылып, сөздің орта бөлігінен артық болса, арабтар мұны "өлең" [ән-нашид] дейді /454/. Сөздер бастапқы дыбыстармен қолданылып, кейін сөздің қалған бөлігі әуен дыбыстарына жеткіліксіз болса немесе әуеннің ақырындағы сөздерді тәмамдау қажеті туса, онда қажетті шама (1163) сол соз айтылған шиірдің қалған бөлігінен алынады, яки болмаса бастапқыда айтылған сөз бөлігі, бос дыбыстар қалмағанша жаңадан қайталанады. Арабтар кіріспе үшін пайдаланылған сөздің қайталануын "оралу" [әр-раддата] деп атайды. Бастауыш ырғақты немесе ырғақсыз болады. Ырғақты болып келген уақытта оның ырғағы әуеннің ырғағымен аздап тең болмағаны жөн. Бұл оның әуен ырғағынан ажырауы немесе қосылуы, яки болмаса жылдамдығы немесе баяулығы арқылы іске асады.

ӘУЕНДЕРДІҢ СОҢЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӨЛІКТЕРІНІҢ АРАСЫНАН ӨТУ Кейбір әуендердің соңы сөздің дыбыстарымен аяқталады. Ол дыбыс сукунды болуы да мүмкін, яғни өзінен бұрынғы фонеманың дыбысы келеді де өзі сукунды болып қалады. Сондықтан оған өзінен (1164) бұрынғы дыбыс қосылғандықтан, ол да әуеннің ақырғы дыбысына айналады. Сондай-ақ әуеннің соңы артық дыбыспен де аяқталады. Ол үшін онымен қосылуы үшін сөздің фонемаларына қосымша фонема келеді немесе дыбысқа еш нәрсені қоспайды. Ол дыбыс қысқа немесе ұзын, яки болмаса орта болуы мүмкін. Егер ол ұзын дыбыс болса, онда оның тербеліс болуы немесе тербеліс болмауы да ықтимал. (1165) Қосылған артық фонема, дыбысты толық немесе басынан, яки болмаса соңынан қамтуы мүмкін. Егер дыбыс толық қамтыса, ол сукунды "мим" немесе сукунды "нун" болғаны. Дыбыстың басынан қамтитын фонема, "һамза"; ал соңынан қамтитын сукунды "ha"'. Әуеннің ақырында келетін дыбыс, созылыңқы болған уақытта ол тербелісті болады. Оны арабтар "әш-шарақа" [ұзын вибрато] деп атайды. Себебі бұл сөз олардың тілінде, адамның тамағында қалып қоятын нәрсені білдіреді. Ал әуен ақырында келген дыбыс дірілдеп тамақтың ішінде қалып қойғысы келген дыбыс сияқты. Сондықтан да оған осындай атау берген. (1166) Әуеннің ақырғы дыбысы қалыпты болса оны "әл-итимад" [тіреуіш] деп, ал "һа"' дыбысымен тәмамдалса, "истирахатун" [демалу] деп атайды. Ал енді әдеттен тыс әуендерге келсек, олардың ақыры да осылай тәмамдалуы тиіс. Әдеттен ауытқып, соңы былай болмағандарының дыбыстары мен бөлімдері созылыңқы келеді. Дыбыстары қысқа немесе орта болса, онда оның бөліктері де сондай болмақ.

Дыбыс толық созылмай қалып қойып, бірақ естуші оны созылыңқы деп ойлайтын қысқа бөліктілерді "әл-мақати әл-мабтура" [кесіліп қалған бөліктер] деп аталады. Сукунды "һә"' келген жағдай, жиі болады. Әсіресе "алифпен" қосылады. (1167) Бұл бөлікті көңіл күйзеліс білдіретін әуендерде жиі қолданады. Осы дыбыстың кесірінен әуендегі басқа бөліктерге көптеген жеңіл қосымшалар қосылады. Сондықтан бұл жағдайды арабтар "әл-жуз' әл-музанниб" [соңында жеңіл қосымшасы бар бөлік] дейді. Аталған бұл қосымшалар мен демеулер әуеннің ақырына қосылып келеді. Ондағы мақсат, әуеннің бөліктерін жеңіл ету. Бұлардың басым көпшілігі сырттан енгендер. Себебі, олар әуеннің негізгі дыбыстық қатарында әуеліде болмаған. Ал енді әуендегі бөліктерден өту жағдайына келсек, ол мәселе мұнда айтылатын дүние емес, бірақ (1168) әуеннің ортасы болып саналатын бөліктердің ақырына тоқтап кеткен жөн. Бөліктен - бөлікке өту дыбыстарын да жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, сырттан келген дыбыстарға жатқызамыз. Бұлардың басым көпшілігі кейбір дыбыстарға ортақ тетрахордтарда кездеседі. Әсіресе егер ол әуеннің ақырында немесе әуеннің кейбір бөліктерінің соңында келсе, онда ортақ дыбыс бұл жағдайға жиі ұшырайды. Бұл уақытта ол басқа дыбыстық қатардан интервалы бөлек арнайы дыбыс арқылы келеді. Ол көп жағдайда әуенді үзеді немесе бір бөліктен екіншіге өтеді, әсіресе дыбыстары ортақ бөліктерде жиі болады. Әуен бөліктеріндегі дыбыстардың реттілігі әртүрлі. Олардың арасында жоғарғы дыбыстармен басталатын бөліктер және жуан дыбыстармен аяқталатын бөліктер бар; бұларға қарама-қарсы реттіліктегі бөліктер де бар; сондай-ақ бір бөлігі жоғарғы дыбыстар, екінші бөлігі темен дауысты дыбыстармен реттелген бөліктер де жоқ емес. Әуендердің бөліктері таусылғанша осылай жалғаса береді. Сол сияқты олардың арасында жүйемен және жүйесіз орындалатындары да бар. Зерттеуші бұл бағыттардың барлығын өзі қиындықсыз тексеріп көре алады. (1169) Бұлардың қалай жасалатыны жасырын емес. Мысалы; бастапқысы жоғарғы дауысты, кейінгісі төмен дауысты бөліктер, жоғарыдан төменге түсіп, түрлерді араластыру нәтижесінде жасалады. Оның қарама-қарсы түрі болса, төмендегі түрлер мен жоғарғыларды қосу арқылы жасалады. Бір дыбысы жоғарғы, екіншісі төмен бөліктерге келсек, бұлар ортаңғы бөліктердің шеттерінен алынады. Сол сияқты дыбыстардың көтерілуі мен төмендеуі тізбектеліп келетін жағдайлар да орта бөліктердің түрлерін бір-бірімен қосып, араластыру арқылы табылады. Біз бірлі-жарым әуендердің тектері құралатын барлық қажетті нәрселерін көрсеттік. Олардың қалай құралатыны мен жасалатыны жайында да жетерлік дәрежеде суреттеп бердік.

ӘУЕН БАСТАМАЛАРЫ МЕН ОЛАРҒА КІРІСПЕ [ВОКАЛДЫ ПРЕЛЮДИЯ] Әуеннің бастамалары көп нәрсемен іске асады. Олардың арасында ән айтумен немесе әуеннің алдында келетін дыбыстармен сүйемелдеп басталатындары, яки болмаса (1161) әуеннің

бастауыш дыбыстарымен немесе әуен негізіндегі жуан дыбыстармен басталады. Ол квинта немесе кварта, яки болмаса басқа шамамен іске асады. Сондай-ақ әуеннің басталуы, бастауыш дыбыстармен қосылған сөздің қосындысымен де болады. Сөз - әуеннің дыбыстарына таратылатын фонемалар бөлігінің бірі немесе басқа сөз, яғни сол тіл иелерінің арасында өлеңді ашу немесе бастау әдетіне айналған сөздердің бірі болуы мүмкін. Бастауыш дыбыстармен қосып айтқан сөз, әуендегі сөздің бөлігі болса, онда ол сөздің орта немесе үлкен бөлігі, яки болмаса екі үлкен бөлік немесе одан да көп бөліктер. Ол сөз мақал немесе кіші сөздің бір бөлігі болуы да мүмкін. (1162) Ол сөз ақындар арасында қалыптасқан әдеттен тыс сөз немесе қалыптасқан әдет бойынша айтылған сөз. Егер ол әдетпен айтылған сөз әрі оның кіші бөлігі болса немесе сөздің орта бөлігінен кіші болса, онда арабтар мұндай бастаманы "кіріспе" [әс-истиһләл] /453/деп атайды. Егер бұл сөз қалыптасқан әдет бойынша айтылып, сөздің орта бөлігінен артық болса, арабтар мұны "өлең" [ән-нашид] дейді /454/. Сөздер бастапқы дыбыстармен қолданылып, кейін сөздің қалған бөлігі әуен дыбыстарына жеткіліксіз болса немесе әуеннің ақырындағы сөздерді тәмамдау қажеті туса, онда қажетті шама (1163) сол соз айтылған шиірдің қалған бөлігінен алынады, яки болмаса бастапқыда айтылған сөз бөлігі, бос дыбыстар қалмағанша жаңадан қайталанады. Арабтар кіріспе үшін пайдаланылған сөздің қайталануын "оралу" [әр-раддата] деп атайды. Бастауыш ырғақты немесе ырғақсыз болады. Ырғақты болып келген уақытта оның ырғағы әуеннің ырғағымен аздап тең болмағаны жөн. Бұл оның әуен ырғағынан ажырауы немесе қосылуы, яки болмаса жылдамдығы немесе баяулығы арқылы іске асады.

ӘУЕНДЕРДІҢ СОҢЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӨЛІКТЕРІНІҢ АРАСЫНАН ӨТУ Кейбір әуендердің соңы сөздің дыбыстарымен аяқталады. Ол дыбыс сукунды болуы да мүмкін, яғни өзінен бұрынғы фонеманың дыбысы келеді де өзі сукунды болып қалады. Сондықтан оған өзінен (1164) бұрынғы дыбыс қосылғандықтан, ол да әуеннің ақырғы дыбысына айналады. Сондай-ақ әуеннің соңы артық дыбыспен де аяқталады. Ол үшін онымен қосылуы үшін сөздің фонемаларына қосымша фонема келеді немесе дыбысқа еш нәрсені қоспайды. Ол дыбыс қысқа немесе ұзын, яки болмаса орта болуы мүмкін. Егер ол ұзын дыбыс болса, онда оның тербеліс болуы немесе тербеліс болмауы да ықтимал. (1165) Қосылған артық фонема, дыбысты толық немесе басынан, яки болмаса соңынан қамтуы мүмкін. Егер дыбыс толық қамтыса, ол сукунды "мим" немесе сукунды "нун" болғаны. Дыбыстың басынан қамтитын фонема, "һамза"; ал соңынан қамтитын сукунды "ha"'. Әуеннің ақырында келетін дыбыс, созылыңқы болған уақытта ол тербелісті болады. Оны арабтар "әш-шарақа" [ұзын вибрато] деп атайды. Себебі бұл сөз олардың тілінде, адамның тамағында қалып қоятын нәрсені білдіреді. Ал әуен ақырында келген дыбыс дірілдеп тамақтың ішінде қалып қойғысы келген дыбыс сияқты. Сондықтан да оған осындай атау берген. (1166) Әуеннің ақырғы дыбысы қалыпты болса оны "әл-итимад" [тіреуіш] деп, ал "һа"' дыбысымен тәмамдалса, "истирахатун" [демалу] деп атайды. Ал енді әдеттен тыс әуендерге келсек, олардың ақыры да осылай тәмамдалуы тиіс. Әдеттен ауытқып, соңы былай болмағандарының дыбыстары мен бөлімдері созылыңқы келеді. Дыбыстары қысқа немесе орта болса, онда оның бөліктері де сондай болмақ.

Дыбыс толық созылмай қалып қойып, бірақ естуші оны созылыңқы деп ойлайтын қысқа бөліктілерді "әл-мақати әл-мабтура" [кесіліп қалған бөліктер] деп аталады. Сукунды "һә"' келген жағдай, жиі болады. Әсіресе "алифпен" қосылады. (1167) Бұл бөлікті көңіл күйзеліс білдіретін әуендерде жиі қолданады. Осы дыбыстың кесірінен әуендегі басқа бөліктерге көптеген жеңіл қосымшалар қосылады. Сондықтан бұл жағдайды арабтар "әл-жуз' әл-музанниб" [соңында жеңіл қосымшасы бар бөлік] дейді. Аталған бұл қосымшалар мен демеулер әуеннің ақырына қосылып келеді. Ондағы мақсат, әуеннің бөліктерін жеңіл ету. Бұлардың басым көпшілігі сырттан енгендер. Себебі, олар әуеннің негізгі дыбыстық қатарында әуеліде болмаған. Ал енді әуендегі бөліктерден өту жағдайына келсек, ол мәселе мұнда айтылатын дүние емес, бірақ (1168) әуеннің ортасы болып саналатын бөліктердің ақырына тоқтап кеткен жөн. Бөліктен - бөлікке өту дыбыстарын да жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, сырттан келген дыбыстарға жатқызамыз. Бұлардың басым көпшілігі кейбір дыбыстарға ортақ тетрахордтарда кездеседі. Әсіресе егер ол әуеннің ақырында немесе әуеннің кейбір бөліктерінің соңында келсе, онда ортақ дыбыс бұл жағдайға жиі ұшырайды. Бұл уақытта ол басқа дыбыстық қатардан интервалы бөлек арнайы дыбыс арқылы келеді. Ол көп жағдайда әуенді үзеді немесе бір бөліктен екіншіге өтеді, әсіресе дыбыстары ортақ бөліктерде жиі болады. Әуен бөліктеріндегі дыбыстардың реттілігі әртүрлі. Олардың арасында жоғарғы дыбыстармен басталатын бөліктер және жуан дыбыстармен аяқталатын бөліктер бар; бұларға қарама-қарсы реттіліктегі бөліктер де бар; сондай-ақ бір бөлігі жоғарғы дыбыстар, екінші бөлігі темен дауысты дыбыстармен реттелген бөліктер де жоқ емес. Әуендердің бөліктері таусылғанша осылай жалғаса береді. Сол сияқты олардың арасында жүйемен және жүйесіз орындалатындары да бар. Зерттеуші бұл бағыттардың барлығын өзі қиындықсыз тексеріп көре алады. (1169) Бұлардың қалай жасалатыны жасырын емес. Мысалы; бастапқысы жоғарғы дауысты, кейінгісі төмен дауысты бөліктер, жоғарыдан төменге түсіп, түрлерді араластыру нәтижесінде жасалады. Оның қарама-қарсы түрі болса, төмендегі түрлер мен жоғарғыларды қосу арқылы жасалады. Бір дыбысы жоғарғы, екіншісі төмен бөліктерге келсек, бұлар ортаңғы бөліктердің шеттерінен алынады. Сол сияқты дыбыстардың көтерілуі мен төмендеуі тізбектеліп келетін жағдайлар да орта бөліктердің түрлерін бір-бірімен қосып, араластыру арқылы табылады. Біз бірлі-жарым әуендердің тектері құралатын барлық қажетті нәрселерін көрсеттік. Олардың қалай құралатыны мен жасалатыны жайында да жетерлік дәрежеде суреттеп бердік.

КҮЙЗЕЛІСТІ КӨРСЕТЕТІН ДЫБЫСТАРМЕН ӘУЕНДІ АЖАРЛАУ (1170) Әуен композициясына қатысты қалған мәселелерді қысқаша талдауға кірісейік. Бастапқыда. айтылғандай заттар екі нәрсенің арқасында реттеліп, болмысының кемелдігіне жетеді. Біріншісі, заттың қажетті болмысын тудыратын нәрсе; екіншісі, оның болмысын жетілдіре түсіретін нәрсе.

Біз әуендердің қажетті болмысын тудыратын нәрсеге қатыстының барлығын талдап қойған соң, енді олардың ең жетік болмысына алып баратын себептер жайында айтқанымыз жөн болар. Бұл ғылымның сыртқы құралдары талданған орында, әуеннің және олардың пайда болатын құрылымдарының, жалпы айтқанда поэтикалық сөздерге еретінін және ондағы мақсат толық немесе бірлі-жарым күйде сол сөздердің мағынасына сәйкес, яки болмаса солардың мазмұнын толықтыру үшін қажет екені түсіндірілді. Әуен екі түрлі болады сөздермен қосылатындары және қосылмайтындары. Кейінгілерге сөздермен қосылған әуендерді толықтыру, көркемдеу және күшейту үшін жасалатындары және басқа да әуендер жатады. Бұл түрге қатысты әуендер де поэтикалық, сөздердің мазмұнына қарайластырылады, бірақ (1171) бөлек ой немесе талап қылынған пікірдің бірлі-жарым бөлігіне жетумен шектеледі. Басқаша айтқанда осы ғылымның кіріспесінде және оның басқа да бөлімдерінде айтқандай, олар белгілі бір мақсатқа жету үшін бағытталып, бірақ одан кенже нәрселермен шектеліп қанағаттанатын нәрселер сияқты. Сондықтан әуен арқылы поэтикалық пиғылды іске асыру үшін, әуеннің көркемдігі мен тәмамдалуын ажарландыратын қасиеттерден мақұрым тек жоғарғы мен төменгі дыбыстардың шебер үйлесімі жеткіліксіз. Алайда бұл қасиеттер поэтикалық сөздердің талап қылған мақсаттарына жетуі үшін бірігіп жұмылғаны абзал. Жоғарыдағы қасиеттерді ескермегенде бойына қалған сипаттарды жиған төрт дыбыс бар. Олар естушіге рахаттану, естіртіп таң қалдыру әрі әуенге сұлулық пен көркемдік береді, адамға рухани күйзелістен хабар жеткізеді; мысалы, ашу мен жайдарлану, жанашырлық пен қатыгездік, үрей мен қайғы, өкініш, т.б. Олар әуендермен байланысты сөздердің мазмұнын жақсы қабылдауға септігін тигізетін дыбыстар. Төрт дыбыс қасиеттерінің кейбірі, тыңдаушының жанына әсер етулері үшін басқа қасиеттермен бірігулері мүмкін. (1172) Мысалы, образдарды беретін дыбыстар, белгілі күйзелістерді де беруі мүмкін, бірақ олардың эмоционалдық күйлеріне қарағанда, олардың образдығы басымдау келеді. Сондықтан біз дыбыс қасиеттерін санап, олардың басқа да сипаттары бола тұрып, адам жанына анағұрлым күшті ықпал ету қасиеттеріне байланысты белгілі бір текке жатқызамыз. Сөйтіп былай дейміз: Әуеннің естілуін жағымды әрі көркем қылатын нәрселер бірнеше түрге бөлінеді. Оларға адамның немесе басқа да денелерде дыбыс шығару үшін барлық аспапқа ортақ шарт -дыбыс тазалығы жатады ұзақ дыбыстарды тербеліс немесе сынық, ал созылыңқы дыбыстарды жұмсақ қалыпта шығару олардың кейбірін ишмам, басқаларын реум арқылы айту; ауа атымын кеңейтіп, кейбір дыбыстарды ортасында жылдамдату, басқаларын баяулату; кейбір жағдайларда, әсіресе ер әуендеріне қатысты, кеудені ауаға толтыру арқылы айту, т.б. (1173) Ал енді үзіліс арасында қосылып, сұлулық пен әсемдік беретін [әшекейлерге] келсек, оларға "екпіндер" [набарат] - хафиф хамзазаның фонемаларынан басталатын қысқа дыбыстар. Олардың ең үлкен уақытының ұзақтығы, хамзаны айту уақытымен тең. Сол сияқты бұларға "шазарат" - қысқа жұмсақ әрі сазды дыбыстар жатады. Олармен дауысты "иа" және "ималат" жиі ұшырасады. Бұл [әшекейлер] дыбыстар арасына немесе олардан кейін қосылады. Ал енді олардың дыбыстардан бұрын келуі болса, онда ол айтарлықтай көркем болмайды, әсіресе [ондай әшекейлер] көп болса.

Сондай-ақ оларды бір орында, тіпті дыбыстар арасындағы үзілістерде шоғырландырып пайдалануға болмайды, тек екі немесе үш [әшекеймен] шектелген жөн. Әуен бастамалары [әдетте] төмен (1174) дыбыстардың орнына және көкіректен шығатын тербелісті дыбыстармен әшекейленеді. Ал әуеннің соңы дыбыстарды жұмсарту мен дауысты имәләлармен үйлесу арқылы әсемделеді. Егер мұнда созылыңқы дыбыстар болса, онда оларды сукунды "нунмен" қосқан жөн. Ал егер ақырғы дыбыстар, қысқа немесе кесілген дыбыстар болса, оларды көршілес жоғарғы дыбыстармен араластырған дұрыс. Осы айтылған [әшекейлер] әуенге жоғарыда айтылған жайттарда қосылса, олардың сұлулығы мен көркемдігі арта түседі, ал егер әуеннің негізі мұндай [әшекейлермен] безендірілмесе, оның тартымдылығы да мардымсыз болмақ. Ал енді сөздермен қосылған образдарды бейнелейтін дыбыс қасиеттеріне келсек, онда олардың (1175) басым көпшілігіне біздің тіл иелеріміз атау бермеген. Сондықтан оны олардың өздері қосылатын сөз атауларынан алуымыз қажет. Расында да әрбір сөз түріне арнайы ән бар. Ол сол арқылы өзінің талап қылған образдарын береді. Мысалы, сұрау, жігерлендіру, өтініш білдіру сияқты, т.б. Оларға осындай әрбір сөздің толықтай немесе бірлі-жарым мағынасын беретін белгілі қасиеттері бар дыбыстар үйлеседі. Бұл қасиеттерді, әсіресе бір сөзді басқа сөздермен алмастырғанда пайдаланған орынды. Мұндай жағдайларда алмастырылған сөздің сілтеген нәрсесін жеткізуге септігін тигізетін белгілі қасиеттері бар дыбыстардың арқасында ғана талап қылынған мазмұн, естушінің санасында сақталып қалады. Бұл қасиеттерді және олардың атауларын анықтау, (1176) сөздердің тектері мен олардың білдіретін мазмұны белгілі болған уақытта ғана мүмкін. Бұл тектер басқа өнерлерде көрсетілген, дәлірек айтқанда риторика мен поэтикада. Себебі, олар бұл жерде толықтай жүйеленген, ал [дыбыстар] қасиеттерінің атауларын тек толық жүйелеудің арқасында ғана іске асуы мүмкін. Демек, бұл өнерде оларды санап жату артық. Зерттеуші бұл орында логика кітаптарының риторика мен поэтика өнерлері жайындағы бөліміне назар салсын, сол жерде сөздердің түрлері баяндалады. Бұл сөздер белгілі қасиеттері бар дыбыстармен ғана емес, бәлкім белгілі бір образдарды беретін немесе соны елестетуге септігін тигізетін үзіліс, цезур және қосумен де сүйемелденеді. Мұндай үзілістерді Аристотель "дем алу" деп атаған. Қайсыбір сөзде үзілістердің орнын білсе, әуендерді болу, олардың бөліктерінің соны мен кіші бөліктердің шамасын өзгертуге болады. Сол сияқты күйзелісті беру және мазмұнды жақсы қабылдауға септігін тигізетін ортақ қасиеттер де жоқ емес. Олай болса, бұл нәрселер біз нұсқаған орындардан алынсын. Әуенмен қосылған сөздің мақсатын жақсы түсіну үшін - оны баяу [тәртил], жылдам [хадр] (1177) немесе орта [туассут] қарқындарда айту қажеттігі жатады. Бұлардың ешқандай образды жеткізумен қатысы жоқ. Себебі, образ дегеніміз - адамның жанында бір бейнелерді түсіретін белгілер. Ал жоғарыда айтылған қарқындар, белгілі сөзбен ілесе отырып, оның мазмұнын ең дұрыс әрі жылдам түрлі қабылдауға жәрдем береді. Бұл қарқындарды білу, әуен қарқынын басу [тәсқил] мен жылдамдату [тахфиф] сәттерін дұрыс белгілеуге және жылдамдықтың қалаған қарқынына өтуге көмегін тигізеді. Композицияның қандай жерінде баяу, жылдам немесе орта қарқынмен сөйлеу білімі, белгілі мақсатқа көзделген сөздің ойы мен ерекшелігін білу негізінде болады. Бұлардың барлығын әлгі екі өнер [риторика және поэтика] қамтиды. Осы екеуінде сөз ойларының түрлері, көзделген

мақсатты дәл жеткізу үшін сөз тіркестерінің қандай болу қажеттіктері түсіндіріледі. Олай болса бұл мәліметтердің барлығы осы өнерлерден алынсын. (1178) Бұлардың барлығының күйзелістерді беруге қатынасы бар, яғни жоғарыда айтылғандай, дыбыстардағы қасиеттердің барлығы шамамен ықпал жасау күшіне ие. Жан күйзелісін білдіретін дыбыс қасиеттеріне келер болсақ, олардың да басым көпшілігінің атауы жоқ. Ол үшін бізге әуелі күйзелістерді атап шығу керек, сосын барып олардың атауларына дыбыс қасиеттеріне береміз. Мұң беретінді "мұңды", "қайғылы" немесе кейбір адамдар бұл қасиетті "қайғыртушы" деп те белгілейді. Азаны білдіретін нәрсені "азалы", шыдамсыздықты білдіретінді "шыдамсыз", жұбату мен тынымды білдіретінде "жұбаныш" пен "тыным", махаббат мен кекті білдіретінді "махаббаттық" пен "кекшілдік", рақым мен қорқуды және оларға қарама-қарсы нәрселерді білдіретінді "рақымшылық" пен "қорқыныш" деп аталады. Дыбыс қасиеттерінің атаулары белгілі тіл иелерінің арасында қалыптасқан дәстүрге орай өзгеріп отыруы мүмкін. Бұл күйзелістер риторика, поэтика және азаматтық өнерлерінде [ас-сана әл-мадания] көрсетілген. Сондықтан бұл жағдайлар қажетінше сол жерлерден алынсын. Бұл дыбыс қасиеттері, әуендерді жасау үшін анағұрлым қажетті. Себебі, олар күйзелістер мен образдарды беру үшін сөздермен тығыз байланысқан, әрі олар ләззатты да шақыра алады. (1179) Бұлардың көпшілігі көзделген мақсатты түсіндіретін сөздермен байланысты емес дыбыстармен бірге болғануақытта, сол сөздердің жасайтын ықпалын бере алады. Бұл жағдай тыңдаушының көңіл - күйін ауыстыруына жәрдем беретін кейбір аспапты әуендерге қатысты ақырғы дыбыстар, қысқа немесе кесілген дыбыстар болса, оларды көршілес жоғарғы дыбыстармен араластырған дұрыс. Осы айтылған [әшекейлер] әуенге жоғарыда айтылған жайттарда қосылса, олардың сұлулығы мен көркемдігі арта түседі, ал егер әуеннің негізі мұндай [әшекейлермен] безендірілмесе, оның тартымдылығы да мардымсыз болмақ. Ал енді сөздермен қосылған образдарды бейнелейтін дыбыс қасиеттеріне келсек, онда олардың (1175) басым көпшілігіне біздің тіл иелеріміз атау бермеген. Сондықтан оны олардың өздері қосылатын сөз атауларынан алуымыз қажет. Расында да әрбір сөз түріне арнайы ән бар. Ол сол арқылы өзінің талап қылған образдарын береді. Мысалы, сұрау, жігерлендіру, өтініш білдіру сияқты, т.б. Оларға осындай әрбір сөздің толықтай немесе бірлі-жарым мағынасын беретін белгілі қасиеттері бар дыбыстар үйлеседі. Бұл қасиеттерді, әсіресе бір сөзді басқа сөздермен алмастырғанда пайдаланған орынды. Мұндай жағдайларда алмастырылған сөздің сілтеген нәрсесін жеткізуге септігін тигізетін белгілі қасиеттері бар дыбыстардың арқасында ғана талап қылынған мазмұн, естушінің санасында сақталып қалады. Бұл қасиеттерді және олардың атауларын анықтау, (1176) сөздердің тектері мен олардың білдіретін мазмұны белгілі болған уақытта ғана мүмкін. Бұл тектер басқа өнерлерде көрсетілген, дәлірек айтқанда риторика мен поэтикада. Себебі, олар бұл жерде толықтай жүйеленген, ал [дыбыстар] қасиеттерінің атауларын тек толық жүйелеудің арқасында ғана іске асуы мүмкін. Демек, бұл өнерде оларды санап жату артық. Зерттеуші бұл орында логика кітаптарының риторика мен поэтика өнерлері жайындағы бөліміне назар салсын, сол жерде сөздердің түрлері баяндалады.

Бұл сөздер белгілі қасиеттері бар дыбыстармен ғана емес, бәлкім белгілі бір образдарды беретін немесе соны елестетуге септігін тигізетін үзіліс, цезур және қосумен де сүйемелденеді. Мұндай үзілістерді Аристотель "дем алу" деп атаған. Қайсыбір сөзде үзілістердің орнын білсе, әуендерді бөлу, олардың бөліктерінің соны мен кіші бөліктердің шамасын өзгертуге болады. Сол сияқты күйзелісті беру және мазмұнды жақсы қабылдауға септігін тигізетін ортақ қасиеттер де жоқ емес. Олай болса, бұл нәрселер біз нұсқаған орындардан алынсын. Әуенмен қосылған сөздің мақсатын жақсы түсіну үшін - оны баяу [тәртил], жылдам [хадр] (1177) немесе орта [туассут] қарқындарда айту қажеттігі жатады. Бұлардың ешқандай образды жеткізумен қатысы жоқ. Себебі, образ дегеніміз - адамның жанында бір бейнелерді түсіретін белгілер. Ал жоғарыда айтылған қарқындар, белгілі сөзбен ілесе отырып, оның мазмұнын ең дұрыс әрі жылдам түрлі қабылдауға жәрдем береді. Бұл қарқындарды білу, әуен қарқынын басу [тәсқил] мен жылдамдату [тахфиф] сәттерін дұрыс белгілеуге және жылдамдықтың қалаған қарқынына өтуге көмегін тигізеді. Композицияның қандай жерінде баяу, жылдам немесе орта қарқынмен сөйлеу білімі, белгілі мақсатқа көзделген сөздің ойы мен ерекшелігін білу негізінде болады. Бұлардың барлығын әлгі екі өнер [риторика және поэтика] қамтиды. Осы екеуінде сөз ойларының түрлері, көзделген мақсатты дәл жеткізу үшін сөз тіркестерінің қандай болу қажеттіктері түсіндіріледі. Олай болса бұл мәліметтердің барлығы осы өнерлерден алынсын. (1178) Бұлардың барлығының күйзелістерді беруге қатынасы бар, яғни жоғарыда айтылғандай, дыбыстардағы қасиеттердің барлығы шамамен ықпал жасау күшіне ие. Жан күйзелісін білдіретін дыбыс қасиеттеріне келер болсақ, олардың да басым көпшілігінің атауы жоқ. Ол үшін бізге әуелі күйзелістерді атап шығу керек, сосын барып олардың атауларға дыбыс қасиеттеріне береміз. Мұң беретінді "мұңды", "қайғылы" немесе кейбір адамдар бұл қасиетті "қайғыртушы" деп те белгілейді. Азаны білдіретін нәрсені "азалы", шыдамсыздықты білдіретінді "шыдамсыз", жұбату мен тынымды білдіретінде "жұбаныш" пен "тыным", махаббат мен кекті білдіретінді "махаббаттық" пен "кекшілдік", рақым мен қорқуды және оларға қарама-қарсы нәрселерді білдіретінді "рақымшылық" пен "қорқыныш" деп аталады. Дыбыс қасиеттерінің атаулары белгілі тіл иелерінің арасында қалыптасқан дәстүрге орай өзгеріп отыруы мүмкін. Бұл күйзелістер риторика, поэтика және азаматтық өнерлерінде [ас-сана әл-мадания] көрсетілген. Сондықтан бұл жағдайлар қажетінше сол жерлерден алынсын. Бұл дыбыс қасиеттері, әуендерді жасау үшін анағұрлым қажетті. Себебі, олар күйзелістер мен образдарды беру үшін сөздермен тығыз байланысқан, әрі олар ләззатты да шақыра алады. (1179) Бұлардың көпшілігі көзделген мақсатты түсіндіретін сөздермен байланысты емес дыбыстармен бірге болған уақытта, сол сөздердің жасайтын ықпалын бере алады. Бұл жағдай тыңдаушының көңіл - күйін ауыстыруына жәрдем беретін кейбір аспапты әуендерге қатысты. Күйзелісті жеткізетін кейбір дыбыстардың қасында жұмсақтық, басқаларына - қаттылық, кейінгісіне - қаталдық, үшіншісіне - күш, төртіншісіне - әлсіздік қажет. Мұны біле тұрып әуендегі дыбыстардың күйін өзгертуге және олардың құралған интервалының түрін, тегі мен транспозицияларын анықтауға болады. Күйзелістерді білдіретін дыбыстар [ән-натамәл-инфа'алия] жалпы алғанда үш түрлі жанның күшті эмоциялық күйін білдіретіндер. Мысалы, кекшілдік, азу, қатыгезділік, ессіздік және т.б.; рухани

әлсіздікке байланысты күйзеліс халін білдіретін дыбыстар қорқыныш, шыдамсыздық, қорқақтық және т.б. Сол сияқты аралас немесе орта эмоциялық күйзелісті білдіретіндер.

СӨЗДЕРМЕН ҚОСЫЛҒАН КЕМЕЛ ӘУЕНДЕРДІҢ ТЕКТЕРІ Жоғарыда айтылғандай жалпы әуендер, қабылданатын басқа да күрделі объектілер сияқты (1180) екі текті: Мысалы, көзге көрінетін [заттар], мүсіндеу немесе ою-өрнек сияқты. Әуендердің арасында [тыңдаушыны] рахаттандырып, оның жанында басқа эмоцияларды оятпайтындары бар болғаны сияқты, басқа да образдар мен күйзелістерді жеткізетіндері де бар. Әуеннің бірінші тегі, екіншісіне қарағанда адамға аз ықпал жасайды. Екіншісі болса -поэтикалық сөздерге еретін кемел әуендер. Бірінші текке келер болсақ, ол екінші тектің мақсатына көзделген, бірақ оны толықтай іске асыру мүмкіндігі болмағандықтан, басқа жасанды мен табиғи заттарға тән сияқты оның болмысының бар нәрселерімен ғана шектеледі. Сонымен кемел әуендер үшеу: қоздырушы [әлхан муқауийа], босаңсытушы [әлхан мулайина] және байсалды қылушы [әлхан му'аадтлә]. (1181) Ескілердің кейбірі бұлардың ең соңғысын, тыңдаушыға эмоциялық тұрақтылық пен рухани тыным береді деген оймен "тыныштандырушы" [әлхан әл-истиқрария] деп атаған. Жоғарыда айтылғаннан әуеннің осы үш түрі қалай және не нәрседен құралатыны анықталды. Азаматтық өнерде түсіндірілтендей адамның көптеген жағдайы, көңіл-күйі мен әрекеті оның жанында туындаған образдар мен күйзелістерді бейнелейді. Кемел әуендер, тыңдаушыға осы көңілкүйді жеткізіп қана қоймай, оны өзі қалайтын белгілі іс-әрекеттерді орындауға жігерлендіреді және "пифагоршылдарға" келіп саятын ескі әуендерге тән білім мен даналық сияқты басқа да рухани ізгіліктерге [әл-хайрат ән-нафсия] қол жеткізу ынтасын оятады. Әуендердің бойында осы қасиеттердің барлығының немесе кейбірінің үйлесімдігі болуы себепті алуан түрлі болуы мүмкін. Сондықтан да олардың кейбірі кемел, басқалары -жетілмеген, үшіншілері - орташа болады. Егер осы үш сипатты әуенде біріктіріп, соның нәтижесінде пайда болған нәрсені зерттейтін болсақ, онда оның қабылдануы қиын және талап қылынған ойды көрсетпейтін әуен болып көрінуі ықтимал. Бұған ұқсас жағдай, қабылданған объектіні толық игерген түйсік органдарына немесе ақыл арқылы оқитын пәндерді терең зерттеген зердеге де тән болуы мүмкін. Мұндай әуендерді "мықты әуендер" [әл-хан әл-матина] деп атайық. (1182) Бұл қасиеттер әуеннің дыбысталуына ерекше көрік беруі мүмкін, бірақ көзделген мақсатқа тек бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде ғана қол жеткізуге болады. Әуеннің кейбір сипаттары неғұрлым бүркелмей тыңдаушының барлық назарын өзіне аударса, көзделген мақсатқа тез жету мүмкіндігі соғұрлым арта түседі. Бұл жағдай поэтикалық сөздерге де қатысты: олардың арасында айтылуын қиындата түсетін ерекше сөз тіркестері мен үндестіктері бар. Олар тек сирек жағдайда ғана қолданылады: ұйқастың молшылығы [әл-исжа'], шектен тыс суреттеу [әл-уасф], алшақ ұғымдар арқылы жасалған метонимия тәсілдері [ибдалат], т.б. Сол сияқты олардың арасында айтылуы мен естілуі жеңіл, жақын ұғымдар арқылы пайдаланатын метонимиялар да бар. Кейінгі сипаттар қолданылған сөздерде көзделген мақсатқа жету жылдам әрі оңай.

Кейбір кезде әуендерде, өлшемді поэтикалық сөздерде болатын жағдай кездеседі. Мысалы, кейбір бөлімдердің басқаларынан артықтау болуы. Егер жағдай осындай болып, анағұрлым артық дыбысты, өз жігерлендіруге шақырған нәрсе толықтырса, онда бұл әуенді "қанағаттандырарлық әуен" [әл-лахн әл-уафи] деп атайды. Егер бір нәрсеге жігерлендіретін дыбыстар, өздері бастап келген нәрсемен сүйемелденбейтін болса, ондай әуендерді "алдамшы әуен" [әл-лах әл-хатил] дейді. Кейде осындай жағдай әуендердің ақырында да көрініс табады. Мысалы, кейбір бөліктер (1183) композицияның кейінгі дамуына қатынасы жоқ нәрселерді естіртеді. Олардың арасында: әуеннің аяқталуын немесе оның үзілуінің жақын екенін білдіреді, бірақ әуен бітпейді әуеннің жалғасы бар деген өтірік ойға түсіріп, өзі үзіліп қалады. Осы үш әуеннің қандай жолмен жасалатыны құпия болмағандықтан, бұл - біздің әуендерді жасау жайындағы ақырғы түсіндірмеміз болмақ.

ӘУЕННІҢ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АДАМ [ҚЫЗМЕТІНДЕГІ] ОРНЫ Мұнан соң музыкалық пішіннің ықпал етуі, поэтикалық пішіннің ықпал етуінен кейін келетінін айтамыз. Поэтикалық өнерде, поэтикалық сөздердің заттары - адамның білімі тарайтын күллі нәрселердің жинағы екені көрсетілген. Олардың арасында үнемі бір жағдайда болатындары және бір қалыпта мүлдем бола алмайтындары да жоқ емес. Көп жағдайда әрекеті біздің тарапымыздан болатын нәрселер мен ісәрекеті бізге байланысты емес нәрселер осы екеуінің кейінгісіне жатады, бұларды -"қалау негізінде болатын нәрселер" [әл-ашиа' әл-ирадия] деп атайды. Бізге тәуелді емес нәрселердің көпшілігіне, іс-әрекеті бізден тарайтын нәрселер оларды әзірлеу, сақтау немесе соларға сілтеу арқылы жәрдем береді. Бұлардың барлығы іс-әрекеті бізге тәуелді нәрселерге жатады. "Қалау негізінде болатын нәрселерге" пішіндер, мінез-құлықтар мен әдеттер, (1184) іс-әрекеттер мен күйзелістер және рухани қасиеттер жатады, яғни адамның солар арқылы денелер мен басқа нәрселердің қалпын ажырата білетін қасиеттер жатады десек болады. Жалпы алғанда адам үшін тән немесе соған бағытталған қайырымдылық немесе жамандық деп дәл осы нәрселер жайында айтылады. Олардың арасында шығу тегі рухани және денелік немесе бұл екеуінің шеңберінен шығып кететін нәрселер бар. Шығу тегі руханилық пен денелік шеңберінен асып кететіндерді айтпағанда, барлық нәрселер поэтикалық сөздердегі тақырыптарға тән. Ал енді олардың қалайша тақырып болатыны және не нәрсе ретінде қолданылатыны жайында поэтикалық өнерде түсіндіріледі. Сонымен, негізінде әуендер осы заттарға арналған сөздермен үйлеседі. Мұндай сөздерді біздер "поэтикалық" деп белгілейміз, алайда адамдардың басым көпшілігі бұл атауды барлық өлшемді сөздерге жатқызады. Поэтикалық сөздердің арасында адамның еңбек үшін және ойын-сауық мақсатында пайдаланатындары бар. Еңбек [әл-'амал] - адамның кемел мақсатына, асқақ бақытына [әс-са'ада әл-қусуа] жетуі үшін жәрдем қылатын құрал. Мақсат және оған жетуі үшін қажетті нәрселер айтылған орында, адамның жоғарғы мақсаты ойын-сауық емес, ал әртүрлі ойындар деген уақытта адамды

қалыптастыратын (1185) және оны еңбекке жігерлендіретін демалыс екені жайында түсіндірілген болатын. Жоғарыда айтылғандай ойын-сауықтың мақсаты - адамды еңбекке жігерлендіру, демек оның талап қылатын нәрсесі адамды рахаттандыру емес, бәлкім оның [адамның] асқақ мақсатына жетуі үшін демеу көрсету. Осыны ескерсек, алуан түрлі ойын-сауықтың адам тіршілігінде белгілі бір қызметі бар. Расында ойын-сауық негізінде талап қылынған нәрсеге жету мүмкін, бірақ ол үшін ойын-сауықтың шамасы, адам жеткен мөлшермен сәйкес болуы қажет. Себебі, әрбір адам дүниеде өзінің жасаған амалдарына байланысты белгілі бір деңгейде тұрады. Адамның әрекеті әртүрлі болуы мүмкін. Кез келген адам қандай да бір істі белгілі шамада орындайтын мүмкіндікке ие және оның қасында жасаған амалына сәйкес шаршап-шалдығу қасиеті жүреді. Белгілі деңгейде жасалған әрекеттің шаршап-шалдығуы неғұрлым күшті немесе әлсіз болса, соғұрлым демалыс та күшті немесе әлсіз болуы тиіс. Жалпы демалыс, ойын-сауық және көңіл көтеру адамның жағдайына орай еңбекке жандандыруы қажет, Аристотель айтпақшы тамақтағы тұзға сәйкес болуы тиіс. (1186) Адамның кез келген тіршілігі асқақ бақытқа жетуге бағытталғандықтан, оның тіршілігі ойынсауық пен демалысқа тән болғаны сияқты оны шаршатпай, зорықтырмай оны барлық уақытта ләззатқа кенелтуі тиіс. Көптеген адамдар еңбекпен байланысты нәрселер адамға азап береді, ал демалыс ойын-сауық арқылы бақытқа жетеді деп түсініп келді. Өйткені, бұл екеуінің ықпалы, шынайы бақыт болып көрінеді. Сондықтан адамдардың барлық іс-әрекеті толық тыным мен рахатқа жетуге, оларды арттырып ұзарта түсу үшін бағытталды. Сөйтіп, олар өздерінің жағдайынан артық кетті. Бұл жағдай адам үшін қателік қана емес, пайдасыз әрі оларды шынайы бақытқа жетуден мүлдем алыстатып жіберді. Сол себепті олар ойын-сауық үшін қолданатын нәрселерді поэзияда пайдаланды. Сондай-ақ, олар музыкада да тек осындай сөздердің әшекейлерін, еліктеушілік пен іске асыру сөздерін іздеді. Композиторлық дарыны бар адам соған ұқсайтын әуендерді ғана шығаруға кірісті, күллі әуендердің мақсаты - осы мақсат деп түсінілді. Өйткені, әуен негізінде басқаша құралады деген ой беймәлім болды. Сондықтан олар [музыкадағы сөздердің мазмұнын] түсінуге ұмтылған адамдар тарапынан (1187) қысымшылыққа ұшырауға жақын қалды. Нәтижеде бұл өнерге тыйым салған заң қағидалары шықты. Қазіргі уақытта біздің елдерде тараған әуендер, көпшілік арасында етек алуына байланысты ізгі адамдардың ортасында сөгіске ұшырауға жақын тұр. Сол себепті әуеннің ерекше мазмұны мен оның адам [тіршілігінде] алатын орны жайында толық түсіндіру қажеттігі туды. Әуеннің сөздермен болған қатынасы жайында түсіндірілген нәрселер, біздің заманымызға сәйкес келмей сөз жүзінде қалады және көптеген тыңдармандар түсініктемелерді қабылдамайды немесе жеткіліксіз деңгейде қабылдайды. Осы жайтты ескере отырып, бұл мәселеде, яғни [әуеннің композицияларына қатысты] біз осы айтылғанмен шектелеміз. Егер адам бұл пішіннің ықпалы мен пайдасының шын мақсатымен танысуға ниет білдірсе, онда оның жоғарыда бірнеше мәрте айтылғандай бұл өнердің ықпалы, поэтикалық сөздермен байланысты екенін білгені жөн.

Адам іс-әрекетіндегі поэтикалық сөздердің пайда шамасын және оның қанша қатынаста дұрыстығын түсіндіру - бұл өнердің ықпал жасаудағы пайдалы қырларын да көрсетті. Осы жайт, поэтикалық сөздердің әртүрлі тектерін және олардың не нәрседен, қалай құралатынын, адам тіршілігіндегі белгілі сөз түрлерінің тигізер пайдасын тануды қажетті қылды. Мұның барлығын бұл өнерден [музыкадан] емес, бәлкім басқа өнерлерден сусындауға болады. Поэтикалық сөздердің тектеріне, олардың қалай және не нәрседен құралатынына келсек, бұлар логика өнерінің бөліміндегі "Поэтикалық өнер кітабында" [китаб әс-сина' а әш-ши 'рия] баяндалады. Ал әрбір тектің адам істеріндегі пайдалары жайында "Азаматтық саясат кітабы" [китаб әс-сина'а әл-мадания] айтып береді. Бұл мәселелерді білуді қалаған адам, назарын осы екі өнерге салсын. Олай болса бұл жағдай осы өнердің үшінші білімінде айтылған дүниелердің ақыры болсын. Кітаптың өзіміз бекіткен үш білімі, біздің басты ниетімізді, яғни музыканың практикалық өнер негізіне қатысты нәрселерді тәмамдауына байланысты, біз осы жерде кітабымызды аяқтаймыз. Ол өз ішінде [музыка] өнерінің элементтері, кең таралған аспаптар мен әуен композициялары жайындағы бөлімдерді қамтыды. Онда осы өнерде қалыптасқан ұстанымдар мен негіздерден келіп шығатын нәрселер жүйеленген және ертедегі кітаптарда айтылған [мәліметтер] келтіріледі. (1189) Бұл ғылыммен кітапта көрсетілген сияқты емес, қатынасы бар көптеген сыртқы нәрселердің және қалған негіздер мен ұстанымдардың түсіндірмесіне келер болсақ, олардың барлығын осы кітап кіріспесінде қамтыдық, әрі осы ғылымға басқа қырымен қатынасы бар [шығармаларда] баяндадық. * * * Бұл -[Әбу Жағфар Мұхаммед ибн әл-Қасим әл-Курхи] Аллаһ сенің даңқыңды артсын! -сенің танысқың келген өнердің тәмамдалуы. Сенің жәрдеміңнің арқасында мұнда жетіспеген нәрселер кемелденді. Сенің құптап, мақұл көруіңмен мұнда бұлыңғыр нәрселер ашықталды. Тіпті [бұл өнерден] көңілі қалған адамның мұны зерттеуге ынтасы артты, әлсіз болған адамның білімі нығайды. Бұл өнер сенің арқаңда мәшһүр болып, оның есімін сенімен байланыстырады және ізгі лебіздерін де саған айтады. Аллаһ дүние мен ақыретте сенің арманыңа жетуің үшін жәрдемшің болсын! * * * Үшінші білімдегі "Әуеннің бірлі-жарым композициялары жайындағы" екінші сөздің аяқталуымен музыка өнерінің екінші бөлімі тәмамдалды КІТАПТЫҢ СОҢЫ

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

1. Төртінші ішектің сұқ саусағы бірінші әл-мутлақ ішегіне жеңіл үйлеседі. Ол екеуінің арасындағы интервал - (4/3) қатынасындағы октава мен кварта. Бұл қатынас үйлесімдігі жеңіл қатынастардың қатарына жатады. 2. Жоғарыда айтылған алты үйлесімділер мыналар: бірінші әл-мутлақ әл-бамның дыбысынан оның сұқ саусағына дейінгі (8/9) қатынасы; бірінші әл-мутлақ әл-бамның дыбысынан екінші ашық ішегіне дейінгі (3/4) қатынасы; бірінші әл-мутлақ әл-бамның дыбысынан екінші ішектің сұқ саусағына дейінгі (2/3) қатынасы; бірінші л-мутлақ әл-бамның дыбысынан үшінші ішекгің сұқ саусағына дейінгі (1/2) қатынасы; бірінші әл-мутлақ әл-бамның дыбысынан төртінші ішектің сұқ саусағына дейінгі (3/8) қатынасы; бірінші әл-мутлақ әл-бамның дыбысынан төртінші ішек төртінші саусағының (1/3) қатынасы. 3. Ниғмату муджаннаб әс-саббаба филь-бамм - әл-бамм ішегіндегі сұқ саусақ қасындағы перне дыбысы бұл дыбыс осы пернеден (2048/2187) қатынас шамасында туады. Ал оның ашық дыбыспен болған транспозициясы бұл қатынаста диссоносты. Бұл - үйлесімдіге ең жақыны саналатын екі дыбыс арасындағы (12/13) қатынасы. 4. Есту қабілеті шынайы (2/3) интервалындағы квинтаның шеттері мен (2673/4096) қатынасының арасын ажырата алмайды. Ал енді бұл екі аралықтың айырмасы ашық ішек ұзындығымен алғанда (8019/8092). 5. Үшінші ішектегі ортаңғы зәлзәл интервалы мен бірінші бос ішектің арасында октава интервалының қашықтығына жақын естілетін (1/2) шамасы бар. Ал негізінде екі дыбыс арасындағы қашықтық (8019/12384). Бұл шынайы интервалдың көрсетікші болуы үшін оған әлі (8019/8193) шамасы жетіспейді. 6. Лиқурбиһи мин әл-ләзибиль-куль уәл-абаның - октава мен кварта интервалдарына жақын болғаны үшін төртінші ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысы да әл-бамм ішегіндегі муджанниб әссаббаба дыбысымен үйлесімді. 7. Нигмату усто зәлзәл филь-бамм - бірінші ішектің ортаңғы зәлзәл дыбысы, яғни оның пернесі төртінші мен ортаңғы әл-фурс пернелерінің ортасындағы ішектің (22/27) аралығында болса, онда бірінші ішек сұқ саусағы мен ортаңғы зәлзәл екеуі (11/12) шамасында үйлесімді болады. 8. Муләймату бинсар әз-зир лисаббабати әл-бамм - төртінші ішектің төртінші саусақ пернесінің әлбамм ішегіндегі саббаба пернесімен үйлесімділігі бұл дегеніміз - октава мен кварта интервалдарының (3/8) шектерінде үйлесуі. Мұны әл-Фараби мардымсыз үйлесімдіктердің қатарына жатқызады. Ал енді әл-бамм ішегіндегі саббабаның белгілі үйлесімділері мыналар: әл-бамм ішегінің сұқ саусағы мен бос дыбыстың арасындағы (3/8) қатынасы; әл-бамм ішегінің сұқ саусағы мен оның ортаңғы әл-фурс дыбысының арасындағы (17/18) қатынасы; әл-бамм ішегінің сұқ саусағы мен оның ортаңғы зәлзәл дыбысының арасындағы (11/12) қатынасы; әл-бамм ішегінің сұқ саусағы мен оның төртнші саусақ дыбысының арасындағы (8/9) қатынасы; әл-бамм ішегінің сұқ саусағы мен екінші ішек сұқ; саусақ дыбысының арасындағы (4/3) қатынасы; әл-бамм ішегінің сұқ саусағы мен екінші ішектің төртінші саусақ дыбысының арасындағы (2/3) қатынасы;

әл-бамм ішегінін сұқ саусағы мен үшінші ішектің төртінші саусақ дыбысының арасындағы (1/2) қатынасы; әл-бамм ішегінің сұқ саусағы мен төртінші ішектің төртінші саусақ дыбысының арасындағы (3/8) қатынасы. 9. Расында төртінші ішектің төртінші саусағы мен әл-бамм ішегіндегі ортаңғы әл-маджанниб екеуінің арасында (3/8) шектеріндегі октава мен кварта интервалының шамасы бар. Ал енді әлбамм ішегіндегі ортаңғы әл-муджанниб дыбысымен анағұрлым үйлесімді дыбыстар мыналар: әл-бамм ішегіндегі ортаңғы муджанниб дыбысынан оның төртінші саусақ дыбысына дейінгі (8/9) қатынасы. Бұл - екінші бос ішек; әл-бамм ішегіндегі ортаңғы муджанниб дыбысынан екінші ішектегі ортанғы муджанниб дыбысына дейінгі (3/4) қатынас шамасы; әл-бамм ішегіндегі ортаңғы муджанниб дыбысынан үшінші ашық ішек дыбысына дейінгі (2/3) қатынас шамасы; әл-бамм ішегіндегі ортаңғы муджанниб дыбысынан төртінші ашық ішек дыбысына дейінгі (1/2) қатынас шамасы. Ал енді айтылған басқа дыбыстардың онымен болатын үйлесімдігі әлсіз. 10. Ортаңғы зәлзәл дыбысы төртінші саусақ пернесінен есептегенде толық үн инетрвалының төрттен бір бөлік интервалы шамасында тұруы тиіс. Осы уақытта ғана ол, яғни ортаңғы зәлзәл дыбысы усто әл-фурс дыбысымен үйлесімді болады (1-суретке қараңыз). Негізінде әл-бамм ішетіндеті ортаңғы әл-фурспен үйлесімді дыбыстар мына қатынастар: әл-бамм ішегіндегі ортаңғы әл-фурс дыбысынан оның суд саусағына дейінгі (18/17) қатынас шамасы; әл-бамм ішегіндегі ортаңғы әл-фурс дыбысынан оның төртінші саусағына дейінгі (16/17) қатынас шамасы; әл-бамм ішегіндегі ортаңғы әл-фурс дыбысынан үшінші ішектегі ортаңғы әл-фурс дыбысына дейінгі (3/4) қатынас шамасы. 11. Төртінші саусақтан есептеген кезде ортаңғы әл-фурс пернесі (17/16) немесе сұқ саусақтан қатынасы (17/18) тең болады. Нәтижеде ортаңғы әл-фурс пернесі ішектің (68/81) ұзындығында пайда болады. 12. Нигмату муджанниб әс-саббаба алә әз-зир - төртінші ішектегі муджаннибу саббаба дыбыстары, яғни ол дегеніміз – әл - бамм ішегіндегі төртінші саусақ дыбысының жоғарысы. Ол екеуінің арасында (1/2) шектеріндегі октава интервалы тұрады. Ал енді әл-бамм ішегіндегі төртінші саусақ дыбысына анағұрлым үйлесімді дыбыстар мына қатынастар болмақ: әл-бамм ішегінің төртінші саусағынан ортаңғы әл-фурс дыбысына дейінгі (17/16) қатынас шамасы; әл-бамм ішегінің төртінші саусағынан оның сұқ саусақ дыбысына дейінгі (9/8) қатынас шамасы; әл-бамм ішегінің төртінші саусағынан екінші ішек сұқ саусағының қасындағы дыбысқа дейінгі (8/9) қатынас шамасы; әл-бамм ішегінің төртінші саусағынан екінші ішектің төртінші саусақ дыбысына дейінгі (3/4) қатынас шамасы; әл-бамм ішегінің төртінші саусағынан үшінші ішек сұқ саусағының қасындағы дыбысқа дейінгі (2/3) қатынас шамасы;

әл-бамм ішегінің төртінші саусағынан төртінші ішек сұқ саусағының қасындағы дыбысқа дейінгі (1/2) қатынас шамасы. 13. Әл-бамм ішегіндегі ортаңғы зәлзәл пернесі мен үшінші бос ішектің арасындағы интервалдьщ шамасы (81/88). 14. Төртінші ішектегі сұқ саусақтың дыбысы мутлақ әл-мисләс дыбысы мен октава интервалының екі тарапы бойынша үйлесімді. Ал енді мутлак әл-мисләс дыбысымен анағұрлым үйлесімді дыбыстар мына қатынаста тұрады: мутлак әл-мисләстан мутлақ әл-баммта дейін (4/3) шама қатынасы; мутлак әл-мисләстан бірінші ішектегі муджанниб әл-усто дыбысына дейінгі (9/8) шама қатынасы; мутлак әл-мисләстан екінші ішектің сұқ саусақ дыбысына дейінгі (8/9) шама қатынасы; мутлак әл-мисләстан мутлак әл-мәснә дыбысына дейінгі (3/4) шама қатынасы; мутлак әл-мисләстан үшінші ішек сұқ саусағының дыбысына дейінгі (2/3) шама қатынасы; мутлак л-мисләстан төртінші ішектің сұқ саусағына дейінгі (1/2) шама қатынасы. 15. Мисләс ішегіндегі муджанниб саббаба пернесімен анағұрлым үйлесімді дыбыстар: мисләс ішегіндегі муджанниб саббаба пернесінен бірінші ішектін төртінші саусағына дейінгі (9/8) шама қатынасы; мисләс ішегіндегі муджанниб саббаба пернесінен бірінші ішектегі сұқ саусақтың қасындағы дыбысқа дейінгі (4/3) шама қатынасы; мисләс ішегіндегі муджанниб саббаба пернесінен үшінші ішектегі сұқ саусағының қасьіндағы дыбысқа дейінгі (3/4) шама қатынасы. Осылардан басқа дыбыстар естілген уақытта үйлесімді сияқты болып көрінгенімен, ақиқатында олай болмайды. Бұл жайында айтып өткен болатынбыз. 16. Расында төртінші ішектің төртінші саусағы екінші ішектегі сұқ саусақ дыбысы мен толық потенциямен үйлесімді келеді. Екі дыбыстың арасы октава интервалының (1/2) шамасы. Есімдері аталған екінші ішектегі сұқ саусағымен үйлесімді дыбыстар мынадай шама қатынасында тұрады: екінші ішек сұқ саусағынан мутлақ мисласқа дейінгі (9/8) аралық қатынасы; екінші ішек сұқ саусағынан саббаба әл-баммға дейінгі (4/3) аралық қатынасы; екінші ішек сұқ саусағынан мутлақ әл-бамға дейінгі (3/2) аралық қатынасы; екінші ішек сұқ саусағынан екінші ішек ортаңғы әл-фурсқа дейінгі (17/18) аралық қатынасы; екінші ішек сұқ саусағынан екінші ішек ортаңғы зәлзәлға дейінгі (11/12) аралық қатынасы; екінші ішек сұқ саусағынан екінші ішектің төртінші саусағына дейінгі (8/9) аралық қатынасы; екінші ішек сұқ саусағынан үшінші шіектің сұқ саусағына дейінгі (3/4) аралық қатынасы; екінші ішек сұқ саусағынан үшінші ішектің төртінші саусағына дейінгі (2/3) аралық қатынасы; екінші ішек сұқ саусағынан төртінші ішектің төртінші саусағына дейінгі (1/2) аралық қатынасы.

17. Төртінші ішектегі төртінші саусақ дыбысы мисләс ішегіндегі муджанниб әл-усто пернесімен октава потенциясының (1/2) аралық қатынасында үйлесімді. Ал енді онымен жалпы үйлесімді дыбыстардың қатынасына келер болсақ, олар мыналар: мисләс ішегіндегі муджанниб әл-устодан әл-бамм ішегіндегі муджанниб устоға дейінгі (4/3) аралық қатынасы; мисләс ішегіндегі муджанниб әл-устодан екінші ішектегі төртінші саусаққа дейінгі (8/9) аралық қатынасы - бұл мутлақ әл-маснә; мисләс ішегіндегі муджанниб әл-устодан үшінші ішектегі муджанниб әл-маснәға дейінгі (3/4) аралық қатынасы; мисләс ішегіндегі муджанниб әл-устодан төртіншінің бос ішегіне дейінгі (2/3) аралық қатынасы; мисләс ішегіндегі муджанниб әл-устодан төртінші ішектің төртінші саусағына дейінгі (1/2) аралық қатынасы. 18. Мисләс ішегіндегі ортаңғы зәлзәл сол ішектегі ортаңғы әл-фурсқа (33/34) қатынасы шамасында үйлесімді келеді. Дегенмен мисләс ішегіндегі ортаңғы әл-фурспен үйлесімді дыбыстар мынадай қатынас аралығында келеді: мисләс ішегінің усто әл-фурс дыбысынан оның сұқ саусағына дейінгі (18/17) қатынас шамасы; мисләс ішегінің усто әл-фурс дыбысынан оның төртінші саусағына дейінгі (16/17) қатынасы шамасы; мисләс ішегінің усто әл-фурс дыбысынан әл-бамм ішегінің усто әл-фурс дыбысына дейінгі (4/3) қатынас шамасы; мисләс ішегінің усто әл-фурс дыбысынан үшінші ішек ортаңғы әл-фурс дыбысына дейінгі (3/4) қатынасы шамасы. 19. Әл-бамм ішегіндегі муджанниб әс-саббаба дыбысы масләс ішегінің ортаңғы зәлзәл дыбысы мен квинта интервалының аралығындай шамада үйлесімді. Шын мәнінде ол екеуінің арасындағы қатынас (2673/4096) болғанымен, құлаққа естілген уақытта (2/3) қатынасы аралығындағы үйлесімдік сияқты естіледі. Ал енді мисләс ішегіндегі усто зәлзәлмен үйлесімді дыбыстар мына қатынаста ұшырасады: мисләс ішегіндегі ортаңғы зәлзәл дыбысынан оның сұқ саусағына дейінгі (12/11) қатынас шамасы; мисләс ішегіндегі ортаңғы зәлзәл дыбысынан әл-бамм ішегіндегі ортаңғы зәлзәлдің (4/3) қатынасы шамасы; мисләс ішегіндегі ортаңғы зәлзәл дыбысынан үшінші ішектің ортаңғы зәлзәліне дейінгі (3/4) қатынас шамасы. 20. Егер төртінші ішектегі муджанниб әс-саббаба ішектің ұзындығы бойынша (2048/2187) қатынасында тұрса, онда ол әл-бамм ішегінің төртінші саусақ дыбысынан квинта интервалындай шамада болғаны. Мисләс ішегінің төртінші пернесіне үйлесімді дыбыстардың қатынасы мынадай: мисләс ішегінің төртінші саусақ дыбысынан оның ортаңғы әл-фурсына дейінгі (17/16) қатынас шамасы; мисләс ішегінің төртінші саусақ дыбысынан екінші ішектің сұқ саусағына дейінгі (9/8) қатынас шамасы;

мисләс ішегінің төртінші саусақ дыбысынан әл-бамм ішегінің төртінші саусағына дейінгі (4/3) қатынас шамасы; мисләс ішегінің төртінші саусақ дыбысынан әл-бам ішегінің сұқ саусағына дейінгі (3/2) қатынас шамасы; мисләс ішегінің төртінші саусақ дыбысынан үшінші ішектің сұқ саусағына дейінгі (8/9) қатынас шамасы; мисләс ішегінің төртінші саусақ дыбысынан үшінші ішектің төртінші саусағына дейінгі (3/4) қатынас шамасы; мисләс ішегінің төртінші саусақ дыбысынан төртінші ішек муджанниб саббабаға дейін (2/3) қатынас шамасы; 21. Төртінші ішектің сұқ саусағы квинта интервалының екі тарапынан үйлесімді. Мутлақ әл-мәснә ішегіне үйлесімді дыбыстардың қатынас шамасы мынадай: мутлак әл-мәснә дыбысынан әл-мисләс ішегінің муджанниб устосына дейін (9/8) қатынас шамасы; мутлак әл-мәснә дыбысынан мутлақ әл-мисләсқа дейін (4/3) қатынас шамасы; мутлак әл-мәснә дыбысынан әл-бам ішегіндегі муджанниб әл-устоға дейін (3/2) қатынас шамасы; мутлак әл-мәснә дыбысынан үшінші ішектің сұқ саусағына дейін (8/9) қатынас шамасы; мутлак әл-мәснә дыбысынан мутлақ әз-зир дыбысына дейін (3/4) қатынас шамасы; мутлак әл-мәснә дыбысынан әз-зир ішегінің саббабасына дейін (2/3) қатынас шамасы. 22. Төртінші ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысы мәснә ішегіндегі муджаннаб саббабату дыбысымен әлсіз үйлесімді. Себебі, ол екеуінің қатынасы (2673/4096). Бұл қатынас құлаққа естілген уақытта (2/3) шектеріндегі квинта интервалы сияқты болып көрінеді. Ал енді мәснә ішегіндегі муджаннибу саббаба дыбысына мынадай қатынастардағы дыбыстар үйлесімді келеді: мәснә ішегіндегі муджаннаб саббабату дыбысынан екініні ішектегі төртінші саусақ дыбысына дейінгі (9/8) қатынас шамасы; мәснә ішегіндегі муджаннаб саббабату дыбысынан екінші ішектің сұқ саусағының қасындағы дыбысқа дейін (4/3) қатынас шамасы; мәснә ішегіндегі муджаннаб саббабату дыбысынан әл-бамм ішегінің төртінші саусағына дейінгі (3/2) қатынас шамасы; мәснә ішегіндегі муджаннаб саббабату дыбысынан әл-бамм ішегіндегі төртінші саусақ дыбысына дейінгі (3/4) қатынас шамасы. 23. Төртінші ішектің төртінші саусақ дыбысы мәснә саббабаның дыбысымен квинта интервалының қатынасы шамасында үйлесімді. Бұл дыбыстардың мәснә саббабамен үйлесімділігі келесі қатынаста болмақ: мәснә саббаба дыбысынан мутлақ дыбысына дейінгі (9/8) қатынас шамасы; мәснә саббаба дыбысынан екінші ішектің сұқ саусағына дейінгі (4/3) қатынас шамасы; мәснә саббаба дыбысынан екінші ішек мутлақ дыбысына дейінгі (3/2) қатынасы шамасы; мәснә саббаба дыбысынан әл-бамм ішегіндегі мутлак дыбысына дейінгі (3/1) қатынас шамасы;

мәснә саббаба дыбысынан үшінші ішектегі төртінші саусақ дыбысына дейінгі (8/9) қатынас шамасы; мәснә саббаба дыбысынан төртінші ішектегі сұқ саусақ дыбысына дейінгі (4/3) қатынас шамасы; мәснә саббаба дыбысынан төртінші ішектегі төртінші саусақ дыбысына дейінгі (2/3) қатынас шамасы. 24. Төртінші ішектің шынашақ саусағы мәснә ішегінің муджанниб әл-усто дыбысымен (3/2) квинта интервалы қатынасында үйлесімді. Мәснә ішегінің муджанниб әл-усто дыбысымен үйлесімді дыбыстардың қатынасы келесі шамада болады: мәснә ішегінің муджанниб әл-усто дыбысынан мисләс ішегінің муджанниб усто дыбысына дейінгі (4/3) қатынас шамасы; мәснә ішегінің муджанниб әл-усто дыбысынан әл-мәснә ішегінің шынашақ саусақ дыбысына дейін (8/9) қатынас шамасы; мәснә ішегінің муджанниб әл-усто дыбысынан төртінші ішектегі ортаңғының қасындағы дыбысқа дейін (3/4) қатынас шамасы; мәснә ішегінің муджанниб әл-усто дыбысынан төртінші ішектің шынашақ саусақ дыбысына дейін (2/3) қатынас шамасы. 25. Үшінші ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысы мен ортаңғы әл-фурспен (33/34) қатынас шамасында үйлеседі. Алайда бұл интервал кіші әуен интервалдың қатарына жатпайды. Қалған дыбыстар мәснә ішегіндегі усто әл-фурс дыбысымен мынадай қатынаста ашық үйлеседі: мәснә ішегіндегі усто әл-фурс дыбысынан оның сұқ саусақ дыбысына дейін (18/17) қатынас шамасы; мәснә ішегіндегі усто әл-фурс дыбысынан екінші ішектегі ортаңғы әл-фурсқа дейін (4/3) қатынасы шамасы; мәснә ішегіндегі усто әл-фурс дыбысынан оның төртінші саусағына дейін (16/17) қатынасы шамасы; мәснә ішегіндегі усто әл-фурс дыбысынан төртінші ішектегі ортаңғы әл-фурс дыбысына дейін (3/4) қатынас шамасы; 26. Мәснә ішегіндегі ортаңғы зәлзәл дыбысы зәлзәл пернесіне жататын ішектің (22/28) ұзындығы бойынша орналасқан. 27. Мәснә ішегінің шынашақ саусағының дыбысы әлсіз үйлесімді, себебі ортаңғы зәлзәл дыбысынан шынашаққа дейінгі аралық қатынас (81/88). Бұл өз кезегінде үндестік интервалының (12/13) қатынасынан жақын көрінеді. Ал енді мәснә ішегіндегі ортаңғы зәлзәл пернесі үшін ашық үйлесімді қатынастарға келсек, олар мынадай аралықтарда: мәснә ішегіндегі ортаңғы зәлзәлдан оның сұқ саусақ дыбысына дейінгі (12/11) қатынас шамасы; мәснә ішегіндегі ортаңғы зәлзәлдан екінші ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысына дейінгі (4/3) қатынас шамасы; мәснә ішегіндегі ортаңғы зәлзәлдан төртінші ішектегі ортаңғы зәлзәл дыбысына дейінгі (3/4) қатынас шамасы;

Бұлардан басқа дыбыстардың мәснә ішегіндегі ортаңғы зәлзәлмен болған қатынастары әлсіз үйлесімді саналады. Себебі, олар кіші интервалдарға жатады немесе онымен болған қатынастың үндестігі болмайды. 28. Мәснә ішегінің бинсар пернесі - ішектің (64/81) ұзындығы шамасында орналасқан мәснә ішегіндегі бинсар пернесінің дыбысы. 29. Үшінші ішектеті ортаңғы зәлзәл дыбысы расында ол үшінші ішектегі төртінші саусақ дыбысымен үйлесімді болуы үшін одан толық үн интервалының төрттен бір бөлік шамасындай аралықта тұруы тиіс. Бұл (32/33) қатынасы шамасы. Үшінші ішектегі төртінші саусақ дыбысының пернелермен үйлесімдігі мына қатынас аралықтарында болмақ: үшінші ішектегі төртінші саусақ дыбысынан оның ортаңғы әл-фурсына дейінгі (18/16) қатынасы шамасы; үшінші ішектегі төртінші саусақ дыбысынан оның сұқ саусағының дыбысына дейінгі (9/8) қатынас шамасы; үшінші ішектегі төртінші саусақ дыбысынан екінші ішектің төртінші саусақ дыбысына дейінгі (4/3) қатынас шамасы; үшінші ішектегі төртінші саусақ дыбысынан екінші ішектің сұқ саусағына дейінгі (3/2) қатынас шамасы; үшінші ішектегі төртінші саусақ дыбысынан әл-бамм ішегінің сұқ саусақ дыбысына дейінгі (2/1) қатынасы шамасы; үшінші ішектегі төртінші саусақ дыбысынан төртінші ішектің сұқ саусағына дейінгі (8/9) қатынас шамасы; үшінші ішектегі төртінші саусақ дыбысынан төртінші ішектегі төртінші саусақ дыбысына дейінгі (3/4) қатынас шамасы. 30. Мутлақ әз-зирдің дыбысы - потенция жағынан әл-бамм ішегіндегі муджанниб әл-усто дыбысының жоғарғысы. 31. Мулә 'иматан иасиратан жеңіл үйлесімді немесе әлсіз үйлесімді. Себебі, ол үндестікке (12/13) қатынас шамасындай жақын. Мутлақ әз-зирдың пернелермен үйлесімдігі мынадай қатынастарды орындалады: төртінші ішектің бос дыбысынан үшінші ішектегі ортаңғы әл-устоның қасындағы дыбысқа дейінгі (9/8) қатынас шамасы; төртінші ішектің бос дыбысынан үшінші ішектің бос дыбысына дейінгі (4/3) қатынас шамасы; төртінші ішектің бос дыбысынан екінші ішектегі ортаңғының қасындағы дыбысқа дейінгі (3/2) қатынас шамасы; төртінші ішектің бос дыбысынан әл-бамм ішегіндегі ортаңғының қасындағы дыбысқа дейінгі (2/1) қатынас шамасы; төртінші ішектің бос дыбысынан төртінші ішек сұқ саусағының дыбысына дейінгі (8/9) қатынас шамасы;

төртінші ішектің бос дыбысынан төртінші ішек шынашақ саусақ дыбысына дейінгі (3/4) қатынас шамасы. 32. Зир ішегіндегі муджанниб саббаба - ішек ұзындығының (2048/2187) шамасында муджанниб саббаба пернесінен естілетін дыбыс. 33. Мулә'иматан солихатан - жақсы үйлесімді, яғни муджанниб саббаба мен усто зәлзәл арасындағы (891/1023) қатынасы, естілген уақытта (7/8) шектеріндегі қарапайым үндестікке жақын. Ал енді зир ішегіндегі муджанниб саббаба пернесіне ашық түрде үйлесімді дыбыстар мына қатынаста болады: төртінші ішектегі сұқ саусақтың қасындағы дыбыстан үшінші ішектің төртінші саусағына дейінгі (9/8) қатынас шамасы; төрінші ішектегі сұқ саусақтың қасындағы дыбыстан үшінші ішектегі сұқ саусақтың қасындағы дыбысқа дейін (4/3) қатынас шамасы; төртінші ішектегі сұқ саусақтың қасындағы дыбыстан екінші ішектің төртінші пернесінің дыбысына дейінгі (3/2) қатынас шамасы; төртінші ішектегі сұқ саусақтың қасындағы дыбыстан әл-бамм ішегінің төртінші саусақ дыбысына дейінгі (2/1) қатынас шамасы; 34. Мутлақ әл-бамм әлсіз үйлесімді, себебі, онымен төртінші ішектің сұқ саусақ пернесінің арасындағы қатынас - октава мен кварта интервалдары. Әйтсе де бұл қатынас күшті үйлесімділердің қатарына жатпайды. Төртінші ішектің сұқ саусақ пернесінің дыбысымен үйлесімді болған қатынастар мыналар: төртінші ішектің сұқ саусақ дыбысынан оның бос дыбысына немесе үшінші ішек шынашақ саусағына дейінгі (9/8) қатынас шамасы; төртінші ішектің сұқ саусақ дыбысынан үшінші ішектің сұқ саусақ дыбысына дейінгі (4/3) қатынас шамасы; төртінші ішектің сұқ саусақ дыбысынан үшінші ішектің бос дыбысына дейінгі (3/2) қатынас шамасы; төртінші ішектің сұқ саусақ дыбысынан мутлақ әл-мисләсға дейінгі (2/1) қатынас шамасы; төртінші ішектің сұқ саусақ дыбысынан мутлақ әл-баммға дейінгі (8/3) қатынас шамасы; төртінші ішектің сұқ саусақ дыбысынан оның ортаңғы әл-фурс дыбысына дейінгі (17/18) қатынас шамасы; төртінші ішектің сұқ саусақ дыбысынан оның ортаңғы зәлзәл дыбысына дейінгі (11/12) қатынас шамасы; төртінші ішектің сұқ саусақ дыбысынан төртінші ішектің төртінші саусақ дыбысына дейінгі (8/9) қатынас шамасы. 35. Себебі, төртінші ішектегі ортаңғы зәлзәл мен муджанниб әл-усто арасының интервалы толық үн интервалының төрттен бір бөлігінен жақын. Ал ол екеуінің арасындағы қатынас (704/769). Ал енді төртінші ішектегі муджанниб әл-усто пернесіне ашық үйлесімді дыбыстарға келсек, олар: төртінші ішектегі муджанниб әл-устодан үшінші ішектегі муджанниб устоға дейінгі (4/3) қатынас шамасы;

төртінші ішектегі муджанниб әл-устодан төртінші ішектегі шынашаққа дейінгі (8/9) қатынас шамасы. 36. Усто әл-фурс - (86/81) ішек ұзындығында төртінші ішектегі осы пернеден естілетін дыбыс. Ортаңты әл-фурс осы қатынасқа ие болған шағында муджанниб әл-усто дыбысына қатты ұқсап естіледі. Төртінші ішектегі ортаңғы әл-фурс дыбысына пернелердің арасынан ашық түрде шығатын үйлесімді дыбыстар мыналар: төртінші ішектегі ортаңғы әл-фурс дыбысынан осы ішектегі сұқ саусағына дейінгі (17/18) қатынас шамасы; төртінші ішектегі ортаңғы әл-фурс дыбысынан үшінші ішектегі ортаңғы әл-фурсқа дейінгі (4/3) қатынас шамасы; төртінші ішектегі ортаңғы әл-фурс дыбысынан осы ішектің төртінші саусақ дыбысына дейінгі (16/17) қатынас шамасы. 37. Төртінші ішектегі ортаңғының қасындағы дыбыстың үйлесімдігі расында да әлсіз, себебі, онымен ортаңғы зәлзәл дыбыстарының арасындағы интервал үндестіктен толық үн интервалының төрттен бір бөлік интервалындай жақын естіледі. Ал шын мәнінде ол екеуінің арасындағы қатынас (704/729). 38. Яғни, төртінші ішектің шынашақ саусағының ортаңғы зәлзәлмен үйлесімдігі әлсіз. Өйткені ол екеуінің арасындағы қатынас (81/88). Бұл шама құлаққа естілген уақытта екі тараптың үндестігі сияқты көрінеді. 39. Бинсар зир - зир ішегіндегі бинсар; зир ішегінің (64/81) ұзындығында төртінші саусақ пернесінен естілетін дыбыс. 40. Әл-бамм ішегіндегі сұқ саусақ дыбысы төртінші ішектегі төртінші саусақ дыбысымен (3/8) қатынас шамасында үйлесімді болмақ. Төртінші ішектің төртінші саусақ пернесіне ашық үйлесімді дыбыстар қатынасына келсек, олар мыналар: төртінші ішектің төртінші саусақ пернесінен оның ортаңғы әл-фурс дыбысына дейінгі (17/16) қатынас шамасы; төртінші ішектің төртінші саусақ пернесінен оның сұқ саусағының дыбысына дейінгі (9/8) қатынас шамасы; төртінші ішектің төртінші саусақ пернесінен үшінші ішектің төртінші саусақ дыбысына дейінгі (4/3) қатынас шамасы; төртінші ішектің төртінші саусақ пернесінен үшінші ішек сұқ саусақ дыбысына дейінгі (3/2) қатынас шамасы; төртінші ішектің төртінші саусақ пернесінен үшінші ішектің сұқ саусағына дейінгі (2/1) қатынас шамасы; төртінші ішектің төртінші саусақ пернесінен әл-бамм ішегінің сұқ саусағына дейінгі (8/3) қатынас шамасы. 41. Хинсар әз-зир - зир ішегіндегі шынашақ перне, зир ішегінің ұзындығы бойынша (3/4) қатынас шамасында пайда болған дыбыс. Бұл ескі төрт ішекті уд аспабының ең жоғарғы дыбысы.

42. "Ортаңғы зәлзәл дыбысы әлсіз үйлесімді.,.", себебі зир ішегіндегі хинсар дыбысы мен ортаңғы зәлзәл дыбысының арасындағы қатынас естілген уақытта (13/12) шектерінің үйлесімді үндестігі сияқты естіледі. 43. "Әл-бамм ішегіндегі ортаңғының қасындағы дыбыс та жақсы үйлесімді,..", өйткені әл-бамм ішегіндегі ортаңғының қасындағы дыбыс зир ішегіндегі хинсар пернесімен (3/8) қатынас шамасындағы октава мен кварта интервалында үйлеседі. Ал енді төртінші ішектегі хинсар немесе шынашақ пернесімен ашық үйлесімді дыбыстарына қатынастар жатады: төртінші ішектегі хинсардан оның муджанниб әл-усто дыбысына дейінгі (9/8) қатынас шамасы; төртінші ішектегі хинсардан үшінші ішектегі шынашаққа дейінгі (4/3) қатынас шамасы; төртінші ішектегі хинсардан үшінші ішектегі муджанниб әл-устоға дейінгі (3/2) қатынас шамасы; төртінші ішектегі хинсардан екінші ішектегі муджанниб әл-устоға дейінгі (2/1) қатынас шамасы; төртінші ішектегі хинсардан әл-бам ішегіндегі муджанниб әл-устоға дейінгі (8/3) қатынас шамасы. 44. "Ол екеуінің әрбірі келесісіне жақындаса ...", яғни ішектегі екі бөлек бұзылуының нәтижесінде қалдық интервалы кеміп, толық үн интервалының төрттен бір бөлігіне жақындайды, ал толық үннің төрттен бір бөлігі артып, ол қалдық интервалына жақындайды. Нәтижеде екеуінің қосындысы толық үн интервалының жартысына таяп, үндестігі құдіретті дыбыс шығарады. 45. Қоблә зәлика нитматуи әсқәл. Егер құлаққа тосыннан жоғары дауысты дыбыс естілетін болса, ол оны қабылдау қиынға соғады. Егер әуеліде бұл дыбыстан төмен дауыстар естіліп, құлақты ақырын-ақырын ең жоғарғы дыбысты қабылдауға үйрететін болса, әрине, құлақ бұл дыбыстардың арасындағы ең жоғарғы дауыстысын қабылдай алады. 46. Лә иатауатто'у лиқобул нигмати құлақ үндестігі өте әлсіз дыбыстарды ести алмайды. Ол үшін бұл дыбыстың алдында үндестігі бұдан жоғарырақ дыбыс келуі тиіс. Өйткені есту қабілеті оны естиді және үндестігі одан әлсіз дыбысты қабылдауға, оны ажыратуға әзірленеді. 47. Мұнда айтылып отырған аспаптар - шертіп ойнаған уақытта гуілі бар немесе дыбыстар бірбірімен араласып кететін аспап түрлері. Сол сияқты үндестіктің салыстырмалы дұрыс өлшем интервалдары естіген уақытта ауысып немесе араласып кететін аспаптар. Бұл аспаптарды әу бастан осыған есептеп жасайды. Мысалы, ауаның кіріп-шығып тұруы үшін ойықшалары бар аспаптар. Бұлар әдетте қысқа ішекті болып келеді. Мұнда қысқа интервалдарды айырып алу қиын, т.б. 48. Д'иф д'иф әл-лэзи бильарб'а - кварта интервалының төрт мысалы. 49. Тәмам д'иф әл-ләзи биль-куль - октава интервалының екі еселенуі, яғни екі октава интервалындағы толық дыбыстық қатардың тәмамдалуы. Бұл екі октаваның біріншісі (А мен И) дыбыстарын қамтиды, әл-бамм ішегіндегі мутлақтан бастап үшінші ішектің сұқ саусағына дейінгі аралық. Екінші октава өзінің ішіне (Й мен Ф) дыбыстарын алады, үшінші ішектегі сұқ саусақтан бесінші ішектің төртінші саусақ пернесіне дейінгі аралық. 50. Әд-дасатин әл-машһура әл-ләти лә июлғиһа ахад - белгілі және барлығы қолданатын пернелер, бұларды ешкім артық деп алып тастай алмайды, яғни уд аспабында орналасқан пернелер: әссаббаба, әл-бинсар және әл-хинеар.

51. Әт-тәлиан лиль инфиеоль әл-әсқоль әл-бам ішегінің сқ саусағынан басталады. Бұл жуан ажырағанның артынан келетін екі кварта интервалдары, олар: әл-бамм ішегінің сұқ саусағынан екінші ішектің сұқ саусағы (X - К) және екінші ішектің сұқ саусағынан бастап үшінші ішектің сұқ саусағына дейін (К - И). 52. Ән-на'у әс-сәни мин әәну'а әл-ләзи биль-арб'а - кварта интервалы түрлерінің екіншісі. Басқаша айтқанда екі маддалы тетрахорд түрлерінің екінші түрі. Мұнда қалдық интервалы екі толық үн интервалдарының ортасына орналасады. Осы аталған екі интервалдың әуелгісі мына дыбыстарды қамтиды: (X - М - У - П), яғни әл-бамм ішегінің сұқ саусағы, төртінші саусағы және екінші ішек мутлақ пен оның сұқ саусағы. Екінші интервал мына дыбыстарды қамтиды: (П - Н - Қ - Й), яғни екінші ішектің сұқ саусағы, оның төртінші саусағы және үшінші ішек мутлак пен оның сұқ саусағы. 53. Ән-на'у әс-сәлис мин әну'а әл-ләзи биль-арб'а - кварта интервалы түрлерінің үшінші түрі немесе екі маддалы тетрахорд түрлерінің үшінші түрі. Мұнда қалдық интервалы қатынастың жуан тарапына орналасады. Ал бұл дегеніміз - осы тетрахорд тегінің әуелгі қарама-қарсы түрі. Осы аталған екі интервалдың әуелгісі мына дыбыстарды қамтиды: (С-Р-К-Г) үшінші ішектің төртінші саусағы,оның сұқ саусағы, төртінші саусағы. Екінші интервал мына дыбыстарды қамтиды: (Г - Ш - Л - Ф ) төртінші ішектің төртінші саусағы, бесінші ішектегі мутлақ және оның сұқ саусағы мен төртінші саусақтары. 54. Муджаннибат әс-саббаба куллаһа - барлық муджаннибат әс-саббаба (сұқ саусақ қасындағы дыбыстардың) пернелері. Негізінде жиі қолданылатын сұқ саусақ қасындағы төртеу екі маддалының қарама-қарсылығы нәтижесінде болатын муджанниб ішек бойындағы (343/265) қатынас шамасында ортаңғы әл-фурс потенциясының салдарынан болатын муджанниб ішек бойындағы (17/18) қатынас шамасында ортаңғы зәлзәл, төртінші ішектің толық үн интервалының төрттен бір бөлігінде тұрған уақытта потенциясынан туатын муджанниб. Ішек бойындағы (2048/2187) қатынас шамасында; ортаңғы зәлзәлдің потенциясынан туатын муджанниб ішек бойындағы (11/12) қатынас шамасында. 55. Расында потенцияның саны жиырма алты. Олар мутлақ әл-баммнан басталып, әл-хаад, яғни бесінші ішектің төртінші саусағынан тәмамдалады (220-суретке қараңыз). 56. Лә тутраху асләк - мүлдем алынбайтын, яғни ішектердің саздалуына байланысты орындары өзгермейтін, тұрақты пернелер. Бұлар сұқ саусақ, төртінші саусақ және шынашақ саусақ пернелері. 57. Әл-уд әл-машһүр - ең тараған саздау екі ішектің арасында кварта интервалының қатынасы сакталуы керек. 58. Нисбату әл-ләзи биль хамсада әрбір ішектің арасы квинта интервалының (2/3) қатынасы болуы тиіс. 59. Сиях мутлақ әл-бамм - мутлақ әл-бамм дыбысынан октава интервалының жоғарғы дыбыс тарапы: 60. Инна қод уадагнаһу алә нисбатил-ләзи биль-хамсаны расында біз квинта интервалының қатынасымен жасадық, яғни аспаптың әрбірі ішектерінің арасы өзара квинта интервалының қатынасымен орнатылды. Осы саздаудың төрт ішегі теңестірілген шақта оның бос дыбысы геометриялық тізбектілікте (8/12/18/27) шектеріндегі (2/3) қатынасының негізінде сәйкес келеді, мысалы (221-суретке қараңыз).

61. Ішектерді белгілі пернелермен белгілеп, әл-бамм ішегінің шынашақ орнынан екінші ішектің сқ саусақ дыбысын шығарады. Кейін екінші ішекті әл-бамм ішегінде шыққан бос дыбыспен саздайды. Екеуінің арасында, яғни екінші ішектегі мутлақ дыбыс пен әл-бамм ішегіндегі мутлақ дыбыстың арасындағы қатынас квинта интервалына теңеледі. 62. Тартаф 'и фауқа әд-дистан әл-ләзи қанат тасм'а өзінен шыққан пернеден жоғары көтеріледі, яғни белгілі саздаудың арқасында өзінен шыққан пернеден жуан дауысты тарапқа ауысады. Себебі, әрбір ішектің, яғни екінші, үшінші және төртінші ішектердің бос дыбысының потенциялары толық үн интервалына көтерілген шақта әлгі пернеден естіліп тұрған дыбыстың әрбірі осы интервалдың шамасындай аралықта жуан дауыстылар тарапына ауысады. 63. Муджаннибу әл-усто - ішектің (27/32) қаынасында шығатын перне. 64. Муджанниб әс-саббаба егер ортаңғы зәлзәл пернесі ішектің ұзындығы бойынша (22/28) қатынасында болса, муджанниб әс-саббаба дыбысы одан (11/12) қатынас шамасында тұрады. 65. Шухаджан либинсар әл-мисләс екінші - ішектің төртінші саусағынан бастап октава интервалының төменгі дыбыс тарапы. 66. Егер шартты түрде мутлак әл-бамм дыбысын (81) шек санындағы "ми" аталатын дыбыспен белгілесек, онда екінші ішектегі бос дыбыс (128) сан шегіндегі "до" дыбысының потенциясы болады. Бұл екеуі белгілі саздауда "ля" дыбысының потенциясында болатын. Осылайша белгілі саздаудағы дыбыстар толық үн мен қалдық интервалдарының шамасында төменгі тарапқа қозгалады. Бұл жағдайда үшінші ішектегі муджанниб әл-усто дыбысы бос ішектен естіледі (7-суретке қараңыз). 67. Нисбату әл-ләзи биль-хамс уа зиядати б'уд тониний - квинта мен толық үн қосымшасы интервалының қатынасы: (16/27) қатынас шамасы. 68. Муджанниб устоһу - екінші ішектегі ортаңғы перненің қасындағы дыбыс. Ішек ұзындығы бойынша (27/32) қатынас шамасы. 69. Биб'удайн тонинайн, яғни (64/81) қатынас шамасы. Бл - белгілі саздауда болған әрбір ішек арасындағы кварта интервалының орнына келген осы саздаудың интервалы. Екінші және үшінші, төртінші ішектердегі дыбыстар өздерінің пернелердегі белгілі орындарынан осы көрсеткіш шамасында ауытқиды (8-суретке қараңыз). 70. Шухадж әл-муджанниб әс-саббаба сұқ саусақтың қасындағы дыбыстың "шухаджы", яғни октава интервалының жуан тарапы. 71. Нисбату әл-ләзи биль-хамса уа зиядати б'уд тонини уа бақия - квинта интервалы және толық үн интервалының қосымшасы мен қалдық бұл (2/3 х 27/32) тең келетін (9/16) қатынасы. Сондай-ақ екілік кварта интервалының қатынасымен тең түседі десек те болады. 72. Екінші ішекті оның сұқ саусағының дыбысы әл-бамм ішегінің бос дыбысына дейінгі октава интервалының жоғарғы шек дыбысымен теңестіріп саздау қажет. Сол сияқты үшінші ішектегі сұқ саусақты да осылай жасайды. Уд аспабының ішектері осы сазбен тәмамдалған уақытта оның бос дыбысы (9/16) қатынас негізіндегі геометриялық тізбектілік шегімен сәйкес келеді, мысалы (10-суретке қараңыз). 73. Әл-мисләс және әл-мәснә мен әз-зир ішектері.

74. Шухадж мутлақ әл-мисләс - үшінші ішектің бос дыбысынан әл-бамм ішегінің бос дыбасына дейінгі октава интервалы потенциясының жуан тарапы. 75. һәзиһи ән-нисбату, яғни (1/2) шектеріндегі октава интервалы. Төрт ішекті уд аспабындағы ішектер осылай саздалса, онда олардың мутлақ дыбыстары және әрбір пернедегі төрт дыбыс (1/2/4/8) шектеріндегі геометриялық реттілік санымен сәйкес келеді. Сонда әрбір ішектің арасы октава интервалының қатынасымен тең келеді (11-суретке қараңыз). 76. Фанаджалъ мутлақ әл-мисләс мусауиан лисаббабати әл-бамда - "екінші ішектің бос дыбысын әл-бамм ішегінің сұқ саусақ дыбысымен теңестіреміз". Бұл саздауда әрбір ішектің арасындағы қашықтық (9/8) қатынасы, яғни толық үн интервалының аралық шамасы. 77 Уд аспабының ішектері осы реттікпен саздалған кезде, белгілі саздауда үшінші ішектің сұқ саусағынан естілетін әл-бамм ішегінің мутлақ дыбысы үшінші ішектің төртінші саусақ дыбысының қасына жылжиды. Ол ішек ұзындығымен қарағанда (6561/8192) қатынасы (229-суретке қараңыз). 78. Әт-тасуйат дл-мураккаба - мұнда қарапайым саздаудағы сияқты тізбектелген әрбір ішектің арасындағы қашықтықтың шамасы тең болмайды. Керісінше бірінші ішек пен екінші ішектің арасы, үшінші мен төртінші ішек арасының қашық шамасы тең келмейді. 79. Тартиб әл-машһура - белгілі реттілік яғни белгілі саздаудағы әдеттік реттілік. Тізбекті келген әрбір мутлақ ішегінің арасы кварта интервалының көлемі болуы тиіс. 80. "Сумма надж'алу хинсар әл-мисләс сияха мутлақ, әл-бамм..." - яғни екінші ішектегі шынашақ дыбысын (немесе оны үшінші ішектің мутлақ дыбысы деп айтса да болады) мутлақ әл-бамм ішегіндегі октава интервалының жоғарғы тарапы етіп жасау. 81. "Наджалу хинсар әз-зир сойхата мутлақ әл-мәсн... - яғни әз-зир ішегінің шынашақ саусағының дыбысын мутлақ әл-мәснә ішегіндегі октава интервалының жоғарғы шегі етіп жасау. Бұл былай жасалады әз-зир ішегінің шынашақ саусағын, әл-мутлақ әл-мәснә ішегінің дыбысымен теңелгенше саздау керек. Сол кезде барып мутлак әз-зир ішегінің дыбысы, мутлак әл-мәснә ішегінен квинта интервалының шамасындай қашықтықта болады. Ол екеуінің арасындағы аралық қосындысы екілік октава интервалын құрайды (14-суретке қараңыз). 82. Б'уд әл-инфисәл әл-ахадд - "жоғарғы ажыраған интервал" толық ажыраған дыбыстық қатардағы бірінші жоғарғы октава реттілігінде тұратын толық үн интервалы. 83. Б'уд әл-инфисәл әл-әсцәл - "төменгі ажыраған интервал" толық ажыраған дыбыстық қатардағы бірінші жуан октава реттілігінде тұратын толық үн интервалы. 84. "Ән-на'у сәни мин әну'а әл-ләзи биль-арб'а" - кварта түрлерінің екінші түрі екі маддалы тетрахорд түрлерінің екіншісі. Мұнда қалдық интервалы екі толық үн интервалдарының ортасына түседі. Бұл түрдің дыбысы, осы саздауда әл-бамм ішегінің сұқ саусағынан бастап оның төртінші саусағына дейін, төртінші саусағынан шынашаққа дейін сосын шынашақтан мутлақ әл-мисләсқа дейін жалғасады. Дәл сол сияқты үшінші ішектің сұқ саусағынан мутлақ әз-зир ішегіне дейін осындай реттілікпен созылады (15-суретке қараңыз). Бұл екеуі белгілі саздауда "ля" дыбысының потенциясында болатын. Осылайша белгілі саздаудағы дыбыстар толық үн мен қалдық интервалдарының шамасында төменгі тарапқа қозғалады. Бұл жағдайда үшінші ішектегі муджанниб әл-усто дыбысы бос ішектен естіледі (7-суретке қараңыз).

85. "Ән-на'у әл-әууәл мин әну'а әл-ләзи биль-арб'а" - екі маддалы тетрахордтардың бірінші түрі мұнда қалдық интервалы жоғарғы тарапқа түседі. Бұл саздауда дыбыс, екінші ішектің бос дыбысынан және оның сұқ саусағы, төртінші мен шынашаққа өтеді. Сол сияқты төртінші ішектің бос дыбысынан оның шынашағына дейін жалғасады. 86. "Илә тасуйя әл-ләти билъ-ара әл-машһура" яғни реттілікпен тұрған әрбір екі ішектің аралық интервалы - кварта болған саздау айтылып отыр. 87. Яғни әл-бамм ішегі екінші ішектен әдеттегі сияқты кварта интервалына емес, екі толық үн интервал қашықтықта тұрады. 88. "тахлуфуһа филь-хинсар нигмату муджанниб әс-саббаба ..." яғни әл-бамм ішегіндегі шынашақ пернеден екінші ішектегі сқ саусақтың қасындағы, екі мадданың қарама-қарсылық нәтижесінен туындаған дыбыс естіледі. 89. "уа тасиру нигмату әл-бинсар илә усто зәлзәл" төртінші перненің дыбысы ортаңғы зәлзәл дыбысының тарапына қалдық интервалының мөлшеріндей жақындайды. 90. "гойрусто зәлзәл " яғни төртінші саусақ пернесінен қалдық интервалы аралығында туатын ортаңғы зәлзәл дыбысы. 91. "нанкусу һәзә би'айниһи" екінші ішектің үшінші ішекке болған қатынасынан қалдық интервалын алып тастаймыз, сонда ол екеуінің бос дыбыс араларының қатынасы - екі толық үн интервалын құрайды. 92. Егер мутлақ әл-бамм мен мутлақ әл-мислас арасындағы кварта интервалын, мутлақ әл-бамм мен мутлақ әл-мәснә арасындағы интервалдан алатын болсақ, онда мутлак әл-бамнан мутлак әлмәснаға дейін екі толық үн интервалы қалады. Бұл саздауда, белгілі сазда естілетін дыбыстардың барлығы өз орындарынан ауысады: мутлак әлмәснә дыбысынан мутлак әз-зир дыбысына дейін қалдық интервалы аралығына жоғарыға жылжиды. 93. "сорат нисбатуһу илә әл-мислләс нисбату буд тониний уа бация" яғни үшінші ішекті белгілі саздаудан босатып, оның төртінші саусағы мутлақ әл-баммның октава интервалының жоғарғы потенциясы болғанша саздап келтірсе, онда мутлак әл-мисләстың мутлак әл-мәснәға қатынасы (27/32) болған қатынасы сияқты. Бұл - толық үн мен қалдық интервалдарының қосындысына тең. 94. "м байна мутлақ әл-бамм уа хансариһи" яғни кварта интервалы. Егер осы аралық квинта және қалдық интервалының қосымшасынан алынатын болса, онда толық үн мен қалдық интервалы қалады. Бұл дегеніміз - мутлак әл-мисләстің мутлақ әл-мәснә ішегіне болған қатынасы. Мұндай саздауда үшінші ішекте тұрған барлық дыбыстар жоғарыға толық үн интервал шамасына жылжиды. Мысалы, мутлак әл-баммның дыбысын 81 санымен шектелетін "ми" аталған транспозициясымен шамалап көрейік (16-суретке қараңыз). 95. "кана әл-мәснә мин әл-мәсләс 'алә б'уд танини" яғни екінші ішектің дыбысы, үшінші ішек дыбысымен (8/9) қатынасында болмақ. 96. Мутлақ әл-бамм ішегінен мутлақ әз-зирге дейінгі октава интервалының жуан дауыстылар тарапы. 97. "әл-уатар әл-'улия " яғни тәртібі бойынша ең жоғарғы ішектер. 98. "джа'алнаһа ахзацу" ішекті қаттырақ тарта түсіп, транспозициясы ең жоғарыға айналады.

Ішекті тарту немесе босату әрекеттерінің барлығы ішектер арасындағы бір-біріне деген қатынасын өзгерту үшін жасалады. 99. '"ан тартибиһи әл-әууәл" белгілі, яғни халық арасында кең тараған саздау түрін өзгерту. 100. "бизиядати буд тониний " әл-бамм ішегінің үшінші ішекке болған қатынасы кварта интервалы емес, квинта болуы тиіс. 101. "шухаджан лихинсар әл-мисләс" мутлак әл-бамм ішегінен екінші ішектің төртінші саусағына дейінгі октава интервалының жуан тарапы. Бұл белгілі сауда да, екілік кварта болуы керек еді. Расында егер мутлақ әл-бамм "ля" дыбысының транспозизиясының алдында тұрған болса, онда ол екінші саздау барысында "соль" дыбысының транспозициясы болар еді. Бұл екеуінің арасы – толық үн интервалы (19-суретке қараңыз). 102. "изә нақаснаһу мин әл-ләзи биль-кулли ..." мутлақ мисләс пен оның шынашақ пернесінің арасындағы кварта интервалын мутлак әл-бамм мен екінші ішектің шынашақ саусағының арасындағы октава интервалынан алып тастайтын болса, мутлак әл-бамм мен мутлак әл-мисләс ішегіне дейін - квинта интервалы қалады. 103. "иза нақаснаминһума байна мутлақ әл-бамм ипәхинсариһи " яғни егер мутлак әл-бамм мен мутлак әл-мисләс арасындағы квинта интервалынан мутлак әл-бамм мен оның шынашағына дейінгі кварта интервалын алып тастасақ, әл-бамм ішегінің шынашағы мен мутлақ әл-мисләс арасында толық үн интервалы қалады. 104. Бұл толық үн интервалы, бірінші ішектің босауы арқасында онымен екінші ішектің қатынасында келді. Себебі, бірінші ішектің бос дыбысы, екінші ішектің шынашақ саусақ дауысы үшін октавадағы жоғарғы дыбысына айналды. Осы үшін өзгеру басталды. Октава интервалы ажыраған ортаңғыларды жинады мутлақ әлбаммнан оның шынашағы жэне мутлақ әл-мисләс пен мутлақ әл-мәснә. Бұл (6/8/9/12) тізбекті қатынас реттілігіндегі дыбыстық қатарды құрайды. Мысалы, әл-бамм ішегінде шартты түрде (96) сан шегіндегі, "соль" дыбысын алайық (20-суретке қараңыз). 105. "уаин араднаһәзә би 'айниһи..." яғни мутлак, әл-мисләстен мутлак әл-мәснәта дейін квинта қатынасының болуын қалаған жағдайда. 106. "уа изә нақасна минһу... " бұл жерде мутлак әл-бамм мен мутлак әл-мәснә арасындағы октава интервалы айтылып отыр. 107. "шухаджан линигмати бинсар әл-мисләс" мутлақ әл-бамм дыбысынан үшінші ішектің төртінші саусағына дейінгі октава интервалының жуан тарапы болуы тиіс. 108. "лә ту'ассир фис-сам'" ішек дыбысының төмендейтіні сонша, тіпті ауада тарқап кетуге жақын қалады. 109. "изә ист"амәләт махлутотан" саздаулар күрделі болып қолданылса, яғни жоғарғы ішектердегі дыбыстар кейбір ортаңғы немесе кіші интервалдармен аралас түрде пайдаланылса, онда мұны удаспабына қолдануға болады. 110. "хатта июсиру хинсаруһу шухадж мутлақ әл-мисләс" әл - бамм ішегінің шынашағы, үшінші ішек потенциясының жуан шегі болғанша саздаймыз. 111. "нисбату әл-ләзи бил куллиуа арба'" бұл (3/7) дейінгі шектер. Егер әл-бамм мен екінші ішектер осылай теңелсе, онда мутлак әл-мисләстің дыбысы "до" дыбысының транспозициясына, әл-бамм ішегінің шынашағы октава интервалы шамасында жуан потенцияға айналуы керек.

Расында мутлақ әл-баммның дыбысы "соль" дыбысының транспозициясымен теңеседі. Сонымен мутлак әл-бамм мен оның шынашағының арасы - кварта интервалы, әл-баммның шынашағы мен мутлак мисләсқа дейін - октава мен кварта интервалын құрайды (22-суретке қараңыз). 112. "әл-джинс әл-қой әл-муттасил әл-әусат, 'ала истицомати": (8/9/10) шектеріндегі тізбектің жуаны болып табылатын үш дыбысты кварта интервалы. Асылында бұл жерде "соль" дыбысының транспозициясы алынуы керек. Сөйтіп төрт дыбыс (24, 27, 30, 32) тізбекті шектеріндегі реттікпен тұрады. Егер бұл тетрахордтың дыбыстары уд аспабында екі маддалымен араласатын болса, олардың шектері осы екеуіне де сілтеп көрсететін болады. Тек екі жерде ғана әртүрлі келеді (23-суретке қараңыз). 113. "бицисмати әл-әутар" дыбыстар бос ішектің бөліктерін пайдалану арқылы шығарылады, яғни ішектің бойында саусақтардың бір орыннан екінші орынға ауысып, қысым жасау нәтижесінде дыбыстар шығады. 114. "бәлдату әл-ләти катабна фиһа китабана һәзә" бұл жерде Бағдат шаһары көзделіп отыр. 396. "Әт-танбур әл-багдадий": Бағдаттық танбур кейбір кезде "әт-танбур әл-ирабий" араб танбуры деп те атайды. Қорасандық танбурға қарағанда мұның көлемі кіші. Қазіргі кезде танбурды кейбір адамдар "базруқ" деп атап жүр. Бәлкім бұл "базруқ" есім сөзінің бұзылған түрі болар. Өйткені "базруқ" қорасандық танбурдың бір түріне жатады. Ал қорасандық танбурға келсек, оның көлемі бұлардан үлкен. Бүгінде оны "шығыс танбуры" әт-танбур әш-шарқий деп атайды. Бағдаттық немесе араб танбурларының көлемі бұдан шағын болып келеді. Оны "ирақ танбуры" әт-танбур әл-ирақий деп атап жүр. 115. "шай'ун юба'иду байна һума" бөлшектің құрылымы да, қызметі де тек сияқты, яғни екі ішекті бір-бірінен ажыратып тұруы керек. Себебі, ішектерді босатқан уақытта немесе тартқан кезде, олар бір-бірімен тимеулері тиіс. 116. Архо әджнас әл-цоуйя - қатты тетрахорд тегіне қатысты жұмсақтар түрінің ішіндегі тек. Мұнда үш интервалдың ең үлкені (7/8) қатынасында немесе осыған жақын шамада болады. 117. Әл-буд әл-муқаддам - үш интервалдың арасындағы әуелгі интервалы бастапқы болып келетін интервалдың түрі. Бұл - кварта тетрахорды түрлерінің арасындағы бірінші түріне жатады. 118. "куллаһа муталә'има" мұнда айтылып отырылғын үйлесімдік - екі ішектің бір-бірімен және бөліктерімен болған қатынасы. Әйтпесе бұлардағы интервалдар - қатты тетрахорд құрылымы үшін үйлесімді емес саналатын кіші интервалдар. 119. Олар А - Дж ішегіндегі мына интервалдар: А - К мен Һ - К және Һ - С мен X - С. Сол сияқты оның өзіне ұқсас Б - Д ішегінде де осылай жалғасады (27-суретке қараңыз). 120. "июцоддиму уадуһә фи әуаил һәзәйни әл-уатарайни" жоғарыда мәлім болғаны сияқты бұл аспаптың ішегіндегі белгілі пернелерге байланысты жуандардың қатарына жататын "әлмуқаддима" интервалдарының бірі келуі ықтимал. Ол мына екі интервал: 8/7 қатынасындағы (А - С) интервалы және 10/9 қатынасындағы (А - М) интервалы. Бұл екеуінің ішектегі сыңары Б, Д (28суретке қараңыз). 121. "Июста'милә муташабиһайни": А - Дж интервалындағы А - С интервалын, Б - Д аралықтағы Б - Г интервалының қатынас шамасына келтіріп шығару. Бұл жағдай екінші ішекті бірінші ішекке келтіріп, саздау арқылы болады.

122. Мутауалия - "жүйелі" яғни бір немесе одан көп дыбыстар арқылы олардың шектері ортақ екенін көрсетеді. 123. Мутабаяна - "ажырағандар" ұқсас екі инервалдың арасы анық деңгейде ажыратылған. Расында бірінші білімнің бірінші сөзінде ұқсас интервалдар жайында айтылған болатын. 124. "...нисбату ахад әл-б'удайн илә әл-ахар ақаллу мин нисбати ихда нигматай ахади әл-б'удайн илә әл-ахар" егер екі интервал бір-бірімен бірнеше дыбыстары арқылы ортақ болса, онда біріне бірі ұқсайтың екі интервалдың біріне бірі ұқсаған транспозиция қатынасы - бір интервалдағы дыбыстың келесі интервалдағы дыбыспен арасындағы қатынастан кіші. Себебі ұқсас дыбыстар, екі ұқсас интервалдардың ортасында тұрған уақытта әрбірі интервалдың біріне-бірі деген қатынасы, бір интервалдағы дыбыстың келесі интервалдағы дыбыспен арасындағы қатынастан кіші екені білінеді. Мысалы, Б - Д ішегіндегі Б - дыбысы, А - Дж ішегіндегі X - дыбысына ұқсатылды делік. Онда А дыбысының, Б дыбысына деген қатынасы - (19/20) шамасы. Сондай-ақ С дыбысыньың Г дыбысына қатынасы да сол сияқты болмақ. Бұл бір-біріне ұқсайтын толық ішектің (7/8) қатынасынан кіші екені анық (30-суретке қараңыз). 125. 'Әлә табаиан - ұқсас екі ішекті бір-бірінен ажыратып қолдануды айтады. 126. "әт-тауали әл-муштарака биаксар мин нигмати уахи-датин" бұл, ұқсас бірнеше дыбыстары бар екі ішекті пайдалану. Ол үшін Б - Д бос ішегіндегі дыбыстарды А - Дж ішегінің А - С интервалының арасындағы ортаңғы дыбыстардың біреуінің транспозициясына саздау керек. 127. "... уа һәзиһи һия тасуйятуһа әл-маилһура" яғни Б - Д ішегінің бос дыбысы А - Дж ішегіндегі X дыбысымен теңелгенше ішекті тарту қажет. Сонда барып екі ішектің бос дыбыстары, қалдық интервалына жақын (19/20) қатынасында тұрмақ (31 (І)-суретіне қараңыз). Бұл айтылған сөзге қатысты басқа да пікірлер бар. Расында олар үшін танбурдың ішегін кіші интервалдардың бірімен саздау немесе танбур үшін кең тараған саздаулар осылар деп санау қызықты жағдай болып көрінеді. Кейде бұл аспаптың пернелері үшін ең дұрысы - аспаптың құлағынан төмен, өлшемді екі ішекті ұзына бойы тең бес бөлікке бөледі (31 (2)-суретіне қараңыз). Соған орай екінші бөліктің шетінде тұрған X - Т пернесі ішектің 1/3 шамасында тартылады. Егер бұл аспаптың белгілі саздаулары Б - Д ішегінің бос дыбысы, А - Дж ішегіндегі X дыбысына жақын саздалғаны сияқты орындалса, онда екі ішектің арасындағы интервал 4/3 ішектер арасындағы кварта интервалына ұқсайды. Бұл саздаудың түрі уд саздауына ұқсайды (31 (З)-суретіне қараңыз). Сондай-ақ әуелгі екі бөлікті тағы бес бөлікке бөлінсе, кварта интервалы толық әрі тең оңға бөлінген болады. Алайда бұл аспапта бес бөліктің жоғарыдан санағандағы беске бөлінген әуелгі бөлік қана шығады. Бұл бөлік жайында автор жоғарыда айтып өтті. 128. "Нисбата (әлиф) илә (Ха)" бұл 19/20 шектері, яғни екі бос ішектердің арасы. Жоғарыда айтылғаннан мақсат, А - Дж ішегіндегі А - С және Б - Д ішегіндегі Б - Г ұқсас интервалдардың әрбірінде болған кіші интервалдар орналасу тәртібі мен қатынасы жағынан да бір-біріне ұқсас. Олай болса Һ дыбысы 3 дыбысына және X дыбысы Т дыбысына, К дыбысы Л дыбысына, М мен Н дыбыстары да дәл сол қатынаста сәйкес келулері лазым (32-суретке қараңыз). 129. ифә изә қана кәзәлик ләм июмкин ан такуна нигмату 3 мусауйятан линигмати Куаля нигмату Т линигмати М..." яғни А - Дж ішегіндегі X дыбысынан К және М мен С дыбыстары аралықтарынан

құралған ара қатынас, өздерінің Б - Д ішегіндегі Б дыбысынан 3 және Т мен Л мысалдарының арақатынасымен тең келсе, демек олардың ішектегі өзара қатынастың әртүрлі болғаны. Әйтпесе 3 дыбысы К дыбысына, Т дыбысы да М дыбысына және Л дыбысы С дыбысына және Б дыбысының теңдігі, яғни екінші бос ішек дыбысы бірінші ішектегі X дыбысына тең келулері мүмкін емес (33-суретке қараңыз). 130. "уа нисбату Б илә Т һия нисбату А илә X" яғни екі ішекте де бұл екі қатынас (20/19) қатынасымен тең. Сондай-ақ X дыбысы Б дыбысымен тең болса, онда А - Дж ішегіндегі М дыбысы да Б - Д ішегіндегі Т дыбысымен тең келуі тиіс. 131. "уа цод қанат ситтата уа сәләсина сауа 'ан " яғни сонымен М дыбысы дұрыс 36 санды болды. 132. А дыбысының Һ қатынасы (40/39) шамасында болады. Бұл дегеніміз нақ Б - Д ішегіндегі Б дыбысының 3 қатынасы. Осы дыбыстар екі ішекте тең болуы тиіс болған кезде А - Дж ішегіндегі (X, К, М, С) дыбыс интервалдарының қатынасы, Б - Д ішегіндегі (Б, 3, Т, Л) дыбыс интервалдарының қатынасымен тең келулері қажет (35-суретке қараңыз). 133. Б - Д ішегінің бос дыбысы А - Дж ішегіндегі С дыбысымен теңескенше саздалса, екі ішектегі екі дыбыстың интервал қатынасы (7/8) қатынасындай болмақ. 134. Б дыбысын С дыбысымен теңестіріп, кейін А - Дж ішегіндегі С дыбысынан кейін Г дыбысын шығаруды талап қылсақ, А - С қатынасы С - Г қатынасымен 7/8 шамасында теңеседі. Бұл интервал А мен С арасындағы арақашықтықтан кіші (36-суретке қараңыз). 135. "рубг мә байна әл-әнф уа байна хамиләтилъ уатарайн" бұл кварта интервалы. Бос ішектің ұзындығы бойынша у қатынасы. 136. Бұл бес бөліктің бір-бірінен арақашықтығы тең болмақ. Әрбір бөліктің екі шетін у қатынас шамасына көбейтіледі, ал олар бесеу. Нәтижеде 15/20 саны шығады. Мұнан соң бұл екі санның арасынан тізбектелген ортаңғылар алынады. Оларды жуан тараптан бастаймыз яғни (20/19/18/17/16/15). Сөйтіп тең бес бөліктің біріншісі (19/20) ішек ұзындығында, екіншісі (18/19) қалдық шамасында. Осылайша тәмамдалғанша жалғаса береді (253-суретке қараңыз). 137. "тацсиим әл-буд зи әл-арба илә ашрати ақсам му-тасауияти әл-масафат.." жоғарыда баяндалған тәртіп бойынша тең бес бөліктің әрбірі екі бөлікке бөлу арқылы тең он бөлік шығарамыз. Сосын тізбектілік тәртіп бойынша екі шеттің ортаңғылары шығады: (40/39/38/37/36/35/34/33/32/31/30) (38-суретке қараңыз). 138. Б - Д ішегіндегі Т дыбысы, Б дыбысынан (19/20) қатынас шамасында болғаны айтылады. А - Дж ішегіндегі X дыбысына да Б дыбысы саздау арқасында тең болтан еді. Демек Т дыбысы да А - Дж ішегіндегі дл X дыбысының орнынан шығады, яғни сол қатынаспен тең келеді (39-суретке қараңыз). 139. А - Дж ішегіндегі X дыбысынан (35/38) қатынасының аралығында С дыбысы шығады. Негізінде саздауда X дыбысы Б дыбысымен теңескен болатын. Олай болса, С дыбысы Б - Д ішегіндегі Б дыбысынан дәл сол қатынасы шамасында шығады. Расында бұл 37 санының шамасындағы К - Т пернесінің орны (40-суретке қараңыз).

140. А - Дж ішегіндегі К дыбысы, X дыбысынан (36,84/38) қатынас шамасында шығады. Негізінде X дыбысы саздаудың арқасында Б дыбысымен теңескен болатын. Олай болса К дыбысы Б - Д ішегіндегі Б дыбысынан дәл осы қатынас шамасында шығады. Шынында да бұл 39 санымен белгіленген Һ - 3 пернесінің орны (41-суретке қараңыз). 141. "...джуз'ан мусауйан" А-Дж ішегіндегі - арақашықтығына шамалас. Сонда ішектің ортасына дейін осы шамадағы екі бөлік құрылады. Егер осы мысалда ішектің төрттен бір шамасындағы пернені. Ф - Ш және Б - Д ішегіндегі Б дыбысы А - Дж ішегіндегі Ф дыбысымен тең деп белгілейтін болсақ, онда Ш дыбысын А - Дж ішегінен естуді қалаған уақытта оның екінші төрттен бір бөліктің шетіндегіден ауыр екенін көреміз (42суретке қараңыз). 142. "уан-нигам әс-сәмания фи һазиһи әгп-тасуйять". Бұл саздаудағы сегіз дыбыс: А - Дж ішегіндегі А мен һ дыбыстары: Б - Д ішегіндегі Б, 3, Т және Л дыбыстары. А - Дж ішегіндегі X мен К және М мен С дыбыстары, сосын Б - Д ішегі үшін Н мен Г дыбыстары да саздалады (43-суретке қараңыз). 143. һ дыбысын арақашықтығы тең емес пернеде (38,78.1) шегінде немесе аспап ішегінің санын 40 деп шамалап, саздау бойынша Һ дыбысын (39) санымен шектесек те болады. Екі жағдайда да Б - Д ішегінің бос дыбысы Һ дыбысымен теңескен кезде екі ішектің бос дыбыстарының интервалы толық үн интервалының төрттен бір бөлік қатынас шамасында немесе одан да аз шамада тұрады (44-суретке қараңыз). 144. Бұл саздаудағы дыбыстардың саны - жетеу, олар: А дыбысы. Бұл - А - Дж ішегінің бос дыбысы, сондай-ақ барлық дыбыстан ауыр келеді. Кейін тізбектеліп Б дыбысынан Г дыбысына дейін келеді. Олар алтау, ең жоғарысында Г дыбысы. 145. А - Дж ішегіндегі К дыбысы пернелерінің арақашықтығы тең емес саздау түрі. Оның ішек ұзындығы бойынша қатынасы 35/38 болмақ. Егер Б - Д ішегінің бос дыбысы К дыбысымен теңелсе, екі ішектің бос дыбыстарының арасы - жарты толық үн интервалының шамасындай болады (45-суретке қараңыз). 146. ан-нигаму тис'aмy. A - Дж ішегіндегі А, һ және X дыбыстары. Бұлар Б - Д ішегінен шықпайды. Ал енді Б - Д ішегіндегі Б, З және Т дыбыстарының ұқсас дыбыстары А - Дж ішегіндегі К және М мен С дыбыстары. Мұнан кейін Б - Д ішегіндегі Л және Н мен Г дыбыстары. 147. А - Дж ішегіндегі М дыбысы, арақашықтығы тең емес пернелерді қолданған жағдайда Б - Д ішегінің мутлақ дыбысы мен ішек ұзындығының 36,1/40 қатынасы шамасында теңеседі. Екі жағдайда да М дыбысы Б - Д ішегінің бос дыбысымен теңесетін болса, онда екі ішектің бос дыбыстарының арасы толық үн интервалына жақын тұрады (46-суретке қараңыз). 148. ан-нигаму 'ашару; А - Дж ішегіндегі А және һ, X мен К дыбыстары. Бұлар Б - Д ішегінен шықпайды. Б - Д ішегіндегі дыбыстар мыналар: Б, 3, Т, Л, Н және Г. Расында осы дыбыстардың арасынан Б дыбысы М дыбысымен теңеседі де Б дыбысының З дыбысына қатынасы, М дыбысының С дыбысына болған қатынасындай болады. 149. С дыбысы А - Дж ішегінің 7/8 қатынасында тұрып, Б - Д ішегінің мутлақ дыбысымен теңескен шақта екі ішектің бос дыбыстарының арасы - дәл сол қатынасы шығады (47-суретке қараңыз). 150. "уа мунтасаф мә байна әнф әл-уд уа байна дистан әл-хинсар... " уд аспабының құлағы мен шынашақ пернесінің ортасы бос ішектің 8/7 ұзындық қатынасында болады (48-суретке қараңыз).

151. әл-ақсам әл-хамса әл-мутасауйя әл-хадисата. Мұндай айтылып отырылған тең бес бөлік - жоғарыда бағдаттық танбур аспабы үшін тең бес бөлікке бөлінген пернелер. 152. әд-дасатин әл-джаһилия - "жәһилиет дәуірінің пернелері" әл - Фарабидің пікірінше бағдаттық танбурды тең арақашықтық тәртібі бойынша жәһилият дәуірінде қолданған. 153. "ля иастиамилуна әд-дәсатин әл-джәһилия" яғни олардың да қолданатындары осы пернелер, бірақ оны басқаша пайдаланады, мысалы. 154. "дистан әс-саббаба" ішектің бос дыбысынан 7/8 шектеріндегі толық үн интервалының арақашықтығындағы сұқ саусақ пернесі. 155. "ағзам әл-абад әс-сигар фи әл-аджнас әл-ләхния". Бұл кіші интервалдардың арасындағы ең үлкен интервал түрі. Мұнда үш интервалдың арасындағы ең үлкен интервалының шамасы, қалған екі интервалдың қосындысынан да үлкен болып келеді. 156. "әл-муқаддим фи арха әл-аджнас әл-ләййн әл-арха" бос жұмсақ тетрахорд тектеріндегі үш интервалдың әуелгісі бөлігі кететін түрі. 157. Ч дыбысы А - Дж ішегінің бойындағы (4/5) қатынасында, ал Б дыбысы А дыбысынан 19/20 қатынас шамасында тұрған уақытта теңеседі. Демек Ч дыбысы Б - Д ішегіндегі Ф -Ш пернесінің шамасында шығады (50-суретке қараңыз). 158. Н дыбысы Б - Д ішегінің 9/10 қатынасында тұрған уақытта, ал Б дыбысы А дыбысынан 19/20 қатынасы шамасында болып теңеседі. 159. Бұл саздау түрінде Қ - Р пернесі ішектің 133/160 қатынас ұзындығында. 160. "дасатин әл-му 'аннас " қатты тетрахорд бөліктерінен алынған ортаңғы жұмсақ тек тетрахордтарының пайдаланылуын айтады. 161. "әт-тасуйяту әл-улә" яғни ішектің 4/5 қатынасындағы Ч - Т пернесі шынашақ болған саздау түрі. 162. "мислә адад әд-дасатин әл-жзһилия" яғни С - Г сұқ саусақ пернесі мен Ш - Т шынашақ пернелерінің арасында жәһилиет дәуіріндегі сияқты бес бөлікке бөліп, пернелерді белгілеу. 163. "мутауасситат" жұмсақ пен қатты тетрахордтардың ортасындағы тетрахорд түрлері. 164. "мустархият әл-аджнас әл-қоуия" қатты тетрахорд түрінің әлсіз тегі. Әдетте әлсіз тетрахорд бірінші тек болып келеді. Оның ішіндегі интервалдардың үлкені (7/8) немесе осы шамадағы қатынас. 165. "фи килә әл-уатарайн" яғни бағдаттық танбурдағы ортаңғы интервалдардың ең кенжесі - кварта интервалы. Мұндай болған уақытта екінші ішекті бос дыбысы, бірінші ауыр ішектің бос дыбысынан кварта интервалының шамасындай қашықтықта болуы мүмкін. 166. Г дыбысы, Б - Д ішегінің (8/7) қатынас шамасында болып, Б дыбысы А дыбысынан сол шамада теңелсе, онда Г дыбысы А - Дж ішегінің мынадай шамасында шығады: 7/8 х 7/8 Ү 49/64 Ү Г/А. Бұл қатынас шамасы - Қ мен Р пернесінің орны. 167. Ч дыбысы А - Дж ішегінің ү қатынас шамасында болып, Б дыбысы А дыбысынан 7/8 қатынас шамасында келсе, онда Ч дыбысы Б - Д ішегінің 34, 2/7 шамасында шығады (53-суретке қараңыз). 168. "архо аснаф әл-джинс әл-қоуй зи әт-тад'иф" екі еселенген екі интервалдың әрбірі 7/8 қатынас шамасында тұрады. Сондай - ақ қалдық интервалының себебінен оның дыбысы мүлдем үйлесімді емес.

169. Ф дыбысы А дыбысынан 6/7 қатынасы шамасында тұрған кезде Б - Д ішегінің бос дыбысын А - Дж ішегіндегі Ф дыбысымен теңесетіндей етіп саздауға келеді. Осы уақытта екі ішектегі екі дыбыстың арақашықтығы да дәл сол аралықты сақтанады. 170. Қ дыбысы А - Дж ішегінің 49/64 қатынас шамасының ұзындығында тұрып, Б дыбысы А дыбысынан 6/7 қатынасы аралығында тұрса, саздауға келеді. Бұл уақытта Қ дыбысы: 49/67 / 6/7 Ү 49/64 х 7/6 Ү 343/384 Ү 17/19 шамамен Ү Б/Қ. Бұл қатынас осы саздаудағы М - Н пернесінің орны (54-суретке қараңыз). 171. "нигмату муджанниб саббаба" "сұқ саусақ пернесінің қасындағы перненің дыбысы". А - Дж ішегіндегі муджанниб саббабаның дыбысы - М. 172. Г дыбысы Б - Д ішегінің 7/8 қатынас шамасында тұрып, Б дыбысы М дыбысымен теңеліп, араларында 343/384 шамасы болса, онда Г дыбысы А - Дж ішегінің мына шамасында шығады: 343/384 х 7/8 Ү 23,01/30,72 Ү 18/23 шамамен Ү А/Г (55-суретке қараңыз). 173. "... иақуму фи әт-танбур мақома усто зәлзәл филь 'уд" мұнда автор бұл перненің орналасу реттілігі мен тәртібін уд аспабындағы ортаңғы зәлзәл пернесінің жағдайымен жалпы ұқсатып отыр. Уд аспабындағы төртінші перненің орнына бұл аспапта Қ - Р дыбыстары келді. 174. Мұнда айтылып отырған қалдық интервалы - төртінші мен ортаңғы саусақ пернелерінің арасында. Оның төртінші саусақ пен шынашақ арасындағы қатынасы 48/49. Осы жағдай уд аспабындағы ортаңғы зәлзәл пернесіне ұқсайды. 175. "мақома усто әл-фурс фи әл-цоуй зи әл-маддатайни" ортаңғы әл-фурс пернесі сұқ саусақ пен төртінші саусақ ортасынан шығарылады. Ал енді екі еселенген қатты тетрахордта қолданылатын ортаңғы перне болса - муджанниб әл-усто немесе әл-усто әл-қадима деп аталып, шынашақ саусағынан толық үн интервалының шамасында шығады. 176. "'аләмунтасифмәбайна(С)илә(Қ)... "яғни уд аспабындағы ортаңғы әл-фурс дыбысы орналасатын жерде, сұқ саусақ пернесінің С дыбысы мен төртінші саусақ пернесінің Қ дыбыстарының ортасынан перне шығару керек. 177. "әл-аджнас әл-мустархия " құрамындағы үш интервалдың үлкені, қалған екі ннтервалдың қосындысынан да үлкен болған жұмсақ тетрахордтар. 178. "мусауйян линигмати С"\ А - Дж ішегінің бос дыбысы мен Б - Д ішегінің босы дыбыстарының арасы 7/8 қатынасы шамасы болуы тиіс. 179. "мусауйятун линигмати һәзә әд-дистан фиуатар (Б -Д) ": А - Дж ішегіндегі Ш дыбысы Б - Д ішегіндегі Ч дыбысына тең. 180. "ақуа әл-аджнанс гойр мутаталия" екі еселенген қатты тетрахордтардың үшінші тегі. Оның ішінде 9/10 интервалы екі еселенеді. 181. "зу әт-тадиф әс-сәлис" екі еселенген қатты тетрахордтардың үшінші тегі. 182. "нисбату нигмати А илә нигмати М" бұл арақашықтығы тең пернелердің арасындағы 40 санының 36 болған қатынасымен тең, яғни 10/9. Б - Д ішегіндегі бос дыбыс А - Дж ішегіндегі М дыбысымен теңескен шақта, екі ішектің бос дыбыстарының арасындағы қатынас дәл сол шамаға айналады.

183. Н дыбысы Б дыбысынан 9/10 шамасында тұрып, Б дыбысы М дыбысымен теңескен болса, онда Н дыбысы А - Дж ішегінде сол қатынастың екі еселенген шамасынан шығады. 184. "фи һәзайни әл-джинсайни" яғни екі еселенген үшінші тетрахорд пен күшті тізбекті емес тетрахорд түрлері. 185. "ану'а һазайн әл-джинсайн" осы екі түрлі тетрахордқа катысты түрлі тектер. Мысалы, екі еселенген тетрахордтың түрі үшеу болса, күшті тізбекті емес тетрахорд түрі, алтау. 186. "әл-джинс әл-аусат мин әл-аджнас әл-мустархия" дауа жоқ, бұл түр тетрахордтардың жұмсақ тегіне жатады. Оның ішіндегі үш интервалдың үлкені 5/6 қатынасында болмақ немесе осы шаманың орнына келген қатынасқа ие болады. Бұл дыбыстары консонантты емес тетрахордтардың қатарына жатады. Ал енді басқа тетрахорд түрімен араласпаған уақытта бұл қатты тетрахорд болып табылады. 187. "... уа байна нигмати (М)"\ Б - Д ішегінің бос дыбысын А - Дж ішегіндегі М дыбысымен теңестіру қажет. Бұл уақытта екі ішектің бос дыбыстарының арасы (9/10) қатынасы шамасы. 188. Ш дыбысы А дыбысынан ү шамасында болып, ал Б дыбысы М дыбысына тең келген уақытта, М дыбысы А дыбысынан 9/10 қатынасында тұрады. 189. Сол перне мен Ш-Т пернелерінің ортасы ішек ұзындығының мына шамасында: 5/6 х 19/20 Ү (19/24) яғни Қ - Р пернесінің орны осы болады (64-суретке қараңыз). 190. "архо әл-аджнас әл-мустархия" құрамындағы үш интервалдың ең үлкені 4/5 немесе осыған жақын қатынаста болатын жұмсақ тетрахорд. Бұл тетрахорд басқалармен араласатын болса да немесе жалғыз естілсе де үйлесімді дыбысы аз жұмсақ тетрахордтың түріне жатады. 191. "ақсам ма байна (С) илә (111) мусауйятан ..." С мен Ш пернелерінің арасындағы, яғни сұқ саусақ пен шынашақ пернелерінің арасындағы бөліктердің арақашықтығын тең етіп жасау. 192. "әл-қисм әс-самин мин джаниб әл-мулауи" кварта интервалы бөлінген арақашықтығы тең он бөліктің 32 санымен шектесетін сегізіншісі. Бұл ішек ұзындығының 4/5 шамасына түседі. 193. Қ - Р пернесі ішектің 31 /40 ұзындығының шамасында болады, басқаша айтқанда осы көрсетілген он бөліктің тоғызыншысының ақырына түсері анық. 194. "алә сулусай ма байнаһума, синә ақраб әл-ақсам илә (Ш-Т)".Ф мен Ч және Ш мен Т пернелерінің арасындағы аралықты тағы бір бөлікке бөледі. Тізбекті емес үш тетрахордтардың әрбірінде арақашықтығы тең үш бөлік болады. Сонан соң әрбір тетрахордтағы Ф - Ч пернесі тұрған екінші бөліктің ақырына Қ - Р пернесі тартылады (67-суретке қараңыз). 195. "гойра анна әл-буд әл-агзам қод руттиба филь-уасат". Екі интервалдың ортасына үшінші толық үш интервалы орналасқан жағдай. Бұл ортаңғы қосылған тетрахорд түріне жатып, жүйесіз реттік деп аталады. 196. "... әл-қоуй зәл маддатайни" яғни дитон мен қалдық интервалдарынан құралған екі еселенген ортаңғы тетрахорд. 197. "... әл-ләзи фит-тараф" яғни Қ мен Р пернесі. 198. "айна тахрудж нигмату һәзә ад-дистан әл-ләти фиуатар (Б-Д) ": кейін Б - Д ішегіндегі Р дыбысының А - Дж ішегінің қандай орнынан шығатынын көреміз. Негізінде Р дыбысы Б дыбысынан 8/9 қатынасында болып, ал Б дыбысы А дыбысынан 8/9 шамасында тұрған кезде ол Қ дыбысымен тең келеді (71-суретке қараңыз).

199. "... әл-қоуй әл-мунфасил әл-әууаль" бұл жерде қате болса керек, себебі сөйлемнің мағынасы, қатты қосылған әлсіз тетрахорд интервалдарының реттілігін білдіреді. Бұл тетрахордтың шамасы мынадай: 7/8, 8/9 және 27/28. Ал енді әлсіз қосылған тетрахордтың үш интервалы мынадай қатынаста болады: 7/8, 9/10 және 20/21. 200. "нигмату (Г)" негізінде бұл жерде танбур аспабындағы С - Г пернесі айтылып отыр. Жәһилият дәуіріндегі бұл перненің ішектің бос дыбыспен қатынасы - (7/8). Г дыбысы Б дыбысынан (7/8) қатынас шамасында болып, ал Б дыбысы А дыбысынан (8/9) шамасында тұрған уақытта олар теңеседі. Демек Г дыбысы А - Дж ішегінен мына қатынаста шығады: 8/9 х 7/8 Ү 7/9 Ү Г/А (72-суретке қараңыз). 201. "сумма нанзур айна тахружу нигмату дистан әл-ләзи биль-хомса" өткен саздауда пайда болған квинта пернесінің бұл ішектегі мекенін байқаймыз. Ол Б - Д ішегінің бос дыбысынан 2/3 шамасында тұрады. Б дыбысы А дыбысынан у шамасында тұрған кезде Б - Д ішегіндегі квинта пернесінің дыбысы, А - Дж ішегіндегі мына қатынасына тең болады (77-суретке қараңыз). 202. "нахлуту байна һәзиһи әл-аджнас" яғни танбурда қолданылуы мүмкін пернелері бар түрлі тетрахордтарды жинау. 203. "Әт-танбур әл-хурасаний" бағдаттық танбурдан үлкен танбур түрі. Үлкен танбурлардың қатарына базрак танбуры, түркі танбуры (әт-танбур әт-туркий) және балғар танбуры (әт-танбур әлбалгарий) мен шығыс танбурлары (әт-танбур әш-шарқий) жатады. Осы түрлердің арасынан біз екі ішектік шығыстық немесе қорасандық танбурымен шектелеміз (79суретке қараңыз). 204. "әд-дасатин әр-ротибату" қорасандық танбур қолданылатын елді мекендердегі музыканттар арасында тұрақты пайдаланылатын пернелер. 205. '"алә тис'а ма байна әл-әнф уа байна әл-хамилә" бос ішектің 8/9 шамасында орналасқан. Бұл перненің дыбысы мен ішектің бос дыбысының арасы - 8/9 қатынасы, яғни бұл интервалды уд аспабында салыстырсақ, онда оның бос ішегі мен сұқ саусағының арақашықтығына ұқсайды. 206. '"алә руб ма байнаһума" ішек ұзындығының төрттен бір бөлігінде орналасқан. Бұл перненің дыбысы мен ішектің бос дыбысының арасы у қатынас шамасы, яғни бұл интервалды уд аспабында салыстырсақ, онда оның бос ішегі мен шынашық арақашықтығындай. 207. "алә сулус ма байнаһума" ішек ұзындығының үштен бір бөлігінде. Бұл перненің дыбысы мен ішектің бос дыбысының арасы 2/3 интервалымен қарағанда квинта аралығы болмақ, яғни бұл интервалды уд аспабында қарастырар болсақ, онда мутлақ әл-бамм мен екінші ішектің сұқ саусағының арақашықтығы сияқты. 208. "алә нисф ма байнаһума" аспаптың мойны мен тиектің ортасы. Бұл перненің дыбысы мен ішектің бос дыбысының арақашықтығы у шамасымен қарағанда октава интервалы болмақ. Осы интервалды уд аспабында қарастырар болсақ, онда мутлақ әл-бамм мен үшінші ішектің сұқ саусақ пернесінің аралығы сияқты. 209. '"алә таси' байна әл-мунтасиф уа байна әл-хамилә" 1/2 х 8/9 Ү 4/9. Бұл перненің дыбысын уд аспабында көретін болсақ, мутлақ әл-бамм мен төртінші ішектің төртінші саусақ пернесінің аралығымен салыстыруға болады.

210. Қорасандық танбурдағы тұрақты пернелердің реттілігі осындай тізбекте тұрады (80-суретке қараңыз). 211. "лианнаһу фазлу әл-ләзи биль-хамса' алә әл-ләзи бил-арб 'а". А - И интервалы 3/2 шамасындағы квинта интервалы болса, А - X аралығы 4/3 шамасындағы квартаны құрайды. Демек X - И арасындағы айырмашылық - толық үн интервалы. 212. "лианнаһу фазлу әл-ләзи биль-куль алә әл-ләзи биль-хомса". А - Л интервалы 2/1 шамасындағы октава интервалы, ал А - И аралығы болса 3/2 шамасындағы квинта. Олай болса, ол екеуінің арасындағы И - Л аралығы - кварта интервалы саналмақ. 213. "лианнаһу фазлу әл-ләзи биль-куль 'алә әл-ләзи биль-арба'". А - Л аралығы 2/1 шамадағы октава интервалы. А - X аралығы болса 4/3 қатынастағы кварта интервалы. Ендеше екі интервалдың айырмашылығы X - Л аралығы болып отыр, яғни квинта интервалы. 214. "(И-Н) һуа айзон әл-ләзи биль-хомса". А - Н аралығы 9/4 шамасында октава мен толық үн қосымшасын құраған болатын. Бұл аралықты басқаша айтқанда екілік квинта деуге болады. Себебі, ол аралықтан А - И интервалын шығарып тастаса, И - Н интервалы қалады. Ал бұл интервал да - квинтаны құрайды. 215. Бұл екі түрдің біріншісі екі шеті А - Дж ішегіндегі А мен Л қамтыған октава интервалы немесе екі шеті Б - Д ішегіндегі Б мен М аралығын қамтыған октава. Екінші түрі екі шеті А - Дж ішегіндегі һ - Н аралығын қамтыған октава, яки болмаса екі шеті Б - Д ішегіндегі З мен С дыбыстар аралығын қамтыған октава. 216. М дыбысы Б - Д ішегінің арасында тұрған соң, ол А - Дж ішегінің ортасында тұрған Л дыбысының "сияхы". Сондықтан М дыбысын А - Дж ішегінен есту үшін ауыстырған шақта Л дыбысы мен Тиектің ортасынан ұсталады. Ал бұл аралық болса бос ішектің 4/1 бөлігімен тең екені анық. Сол сияқты оның сыңары А - Л дыбыстарының арасынан шығарылатын болса, онда X - Т пернесінің орны да бос ішектің 4/1 шамасында болмақ. Бұл дегеніміз - кварта интервалы (71-суретке қараңыз). 217. Л дыбысы А ішегінің 2/1 қатынаста болып, Б дыбысы X дыбысына тең келіп тұрса, онда ол екеуінің арасы ү қатынас шамасы болғаны (301-суретке қараңыз). 218. "хатта июсауй мутлақуһу нигмата һ". Б - Д ішегінің бос дыбысы А - Дж ішегіндегі Һ дыбысымен теңесуі үшін босатып саздаймыз. Нәтижеде екі ішектің бос дыбыстарының арақашықтығы 9/8 қатынасындағы толық үн интервалына айналады. 219. "фанусауй байна нигмати мутлак, (Б-Д)....". Б - Д ішегінің бос дыбысын А - Дж ішегіндегі Һ дыбысымен теңестіру керек. Сонда екі ішектің бос дыбыстарының арасы 9/8 шамасындағы толық үн интервалы шығады. 220. З дыбысы Б дыбысынан 8/9 қатынас шамасында болса, Б дыбысы да А дыбысынан 8/9 шамасында теңеседі. Демек З дыбысы А - Дж ішегінің мына шамасынан шығады: 8/9 х 8/9 Ү 64/81 Ү 3/А . Бұл орын ауыспалы пернелердің арасындағы Р пернесінің мекені (88-суретке қараңыз). 221. X дыбысы А дыбысынан ү шамасында тұрғанда, Б дыбысы А дыбысымен 8/9 шамасында теңеседі. Ендеше X дыбысы Б - Д ішегінің мына қатынас шамасында шығады (89-суретке назар салыңыз). 222. Ч дыбысы А дыбысынан 27/32 қатынас шамасында болған кезде, Б дыбысы А дыбысынан 8/9 шамасында теңеседі. Олай болса А - Дж ішегіндегі Ч дыбысы, Б-Д ішегінің бос дыбысынан қалдық

интервалының шамасындай қашықтықтан шығады. Бұл ауыспалы пернелердің арасындағы Г пернесінің орны (90-суретке назар салыңыз). 223. Р дыбысы Б дыбысынан 64/81 қатынасы аралығында тұрып, Б дыбысы Һ дыбысымен теңескен шақта, ол яғни Б дыбысы А дыбысынан 8/9 шамасында тұрады. Демек Б-Д ішегіндегі Р дыбысы, А - Дж ішегінің мына шамасында естіледі: 64/81 х 8/9 Ү 512/729 Ү (Б - Д) ішегіндегі Р/А (91суретке қараңыз). 224. К дыбысы Б дыбысынан 2/3 қатынас шамасында тұрғанда, Б дыбысы А дыбысымен 8/9 қатынасында теңеседі. Бұл жағдайда К дыбысы А - Дж ішегінің мына шамасында естіледі: 2/3 х 8/9 Ү 16/28 Ү К/А (92-суретке қараңыз). 225. Б-Д ішегіндегі У дыбысы, Б дыбысынан 729/512 қатынас шамасында тұрады. Б дыбысын А дыбысымен 8/9 қатынасында теңестірген шақта Б-Д ішегіндегі У дыбысы А -Дж ішегінің мына қатынасы шамасында естіледі: 512/729 х 8/9 Ү 4092/6561 Ү (Б - Д) ішегіндегі У/А (93-суретке қараңыз). 226. Е дыбысы Б дыбысынан 16/27 қатынас шамасында тұрып, Б дыбысы А дыбысымен 8/9 шамасында теңессе, онда Б-Д ішегіндегі Е дыбысы, А - Дж ішегінің мына шамасында естіледі: 16/27 х 8/9 Ү 128/243 Ү (Б - Д) ішегіндегі Е/А (94-суретке қараңыз). 227. Щ дыбысы Б дыбысынан 128/243 қатынас шамасында тұрып, ал Б дыбысы А дыбысымен 8/9 шамасында теңесетін болса, онда Б-Д ішегіндегі Щ дыбысы А - Дж ішегіне өткен жағдайда ол мына шамада естіледі: 128/243 х 8/9 Ү 1024/2187 Ү (Б-Д) ішегіндегі Щ/А (95-суретке қараңыз). 228. Л. дыбысы А дыбысынан у қатынас шамасында тұрып. Б дыбысы А дыбысымен 8/9 шамасында тең болса, онда Л дыбысы Б - Д ішегінің мына шамасында естіледі: у / 8/9 Ү у х 8/9 Ү 9/16 Ү Л/Б (96-суретке қараңыз). 229. В дыбысы А дыбысынан 9/16 шамасында тұрып, Б дыбысы А дыбысынан 8/9 қатынасында теңескен уақытта, А - Дж ішегіндегі В дыбысы Б-Д ішегінің мына шамасында естіледі: 9/16 / 8/9 Ү 9/16 х 8/9 Ү 81/128 Ү (А - Дж) ішегіндегі В/Б (97-суретке қараңыз). 230. О дыбысы А дыбысынан 81/128 қатынасы шамасында тұрып, Б дыбысы А дыбысынан 8/9 шамасында теңеседі. Олай болса А - Дж ішегіндегі О дыбысы Б-Д ішегінің мынадай шамасында естіледі: 81/128 / 8/9 Ү 81/128 х 8/9 Ү729/1024 Ү (А-Дж) ішегіндегі О/Б (98-суретке қараңыз). 231. Ш дыбысы А дыбысынан 829/1024 шамасында тұрып, Б дыбысы А дыбысымен 8/9 қатынасы бойынша теңескен шақта, А - Дж ішегіндегі Ш дыбысы Б-Д ішегінің мына шамасында естіледі: 829/1024 / 8/9 Ү 829/1024 х 8/9 Ү 6561/8192 Ү (А - Дж) ішегіндегі Ш/Б (99-суретке қараңыз). 232. Қ дыбысы А дыбысынан 656/8192 қатынаста тұрып, Б дыбысы А дыбысымен 8/9 шамасында теңеседі. Бұл уақытта А - Дж ішегіндегі Қ дыбысы Б-Д ішегінің мынадай шамасында естілмек: 6561/8192 / 8/9 Ү 6561/8192 х 8/9 Ү 59049/65536 Ү (А-Дж) ішегіндегі Қ/Б (100-суретке қараңыз). 233. Ц дыбысы Б-Д ішегінің 4096/6561 қатынас шамасында тұрса және Б дыбысы А дыбысымен 8/9 қатынасы шамасында теңелген болса, онда Б-Д ішегіндегі Ц дыбысы А -Дж ішегінің бойынан мына шамада естіледі: 4066/6561 х 8/9 Ү 32768/59049 Ү (Б -Д) ішегіндегі Ц/А (100-суретке қараңыз). 234. "за'ид 'алә сәләсата ашар" яғни тұрақты пернелер жайында айтылған тақырыптағы он үш ауыспалы пернелердің құрамына кірмейтін он төртінші перне. 235. "нигмату дистан (0)".Б дыбысынан (0) - санының дыбысына дейін 32768/59049 қатынасы шамасында болып, Б дыбысы А дыбысынан 8/9 шамасымен теңескен шақта, Б-Д ішегіндегі (0)

санының дыбысы А - Дж ішегінің мынадай шамасында шығады: 32768/59049 х 8/9 Ү 362144/531441 Ү (Б - Д) ішегіндегі (0)/А (102-суретке қараңыз). 236. "... ләһә иттифақ ма иасир" кейбір аспаптарда қалдық интервалы біршама консонантты болып естіледі. Себебі, 18/19/20/21/22/23/24 сияқты тізбекті шағын қатынастарда солай естіледі. 237. "ау буд тонини 'алә бақиатайни" себебі қалдық интервалы біршама консонантты болып есептеледі. 238. "сәләсу бақият" яғни 243/256 қатынас шамасын қамтыған интервалдар диссонантты болып саналады. Алайда кейбір аспаптарда бұл аралық 6/7 қатынас шамасында консонантты болып естіледі. 239. "б'уд тонини уа бақия" 27/23 қатынасы шамасын қамтыған интервал. Бұл аралық диссонантты тек екі дыбыстың арасына екі жаққа да консонантты дыбыс келген жағдайда ғана бұл аралық үйлесімді болуға қабілетті. 240. Тасуйяту әл-музауадж - екі ішектің дыбыстардың ең ауыр транспозиция шамасында бірбірімен теңестіру. Сосын дыбыстарды шығару үшін төменгі ішекті шертіп, ал екінші ішек оны сүйемелдеу үшін қажет (104-суретке қараңыз). 241. "сақита" көп жағдайда уд аспабында бола бермейтін дыбыс. 242. "саббабату әл-бамм" танбур аспабындағы Һ - З дыбысы. 243. "муджанниб әл-усто филь-бамм" ауыспалы пернелердің арасындағы Ч дыбысы. 244. Алайда Қ дыбысы танбурдың 6561/8192 қатынас шамасында тұрған уақытта ортаңғы зәлзәл дыбысына жақын келеді. Ал ортаңғы әл-фурс болса ішектің 68/81 шамасында тұрады. 245. "бинсар әл-бамм" уд аспабында ішектің 64/81 шамасында келген бұл дыбыс танбурдағы ауыспалы Р пернесінің дыбысына ұқсайды. 246. "хинсар әл-бамм уа мутлақ әл-мисләс" танбур ішегінің у қатынасындағы X - Т пернесі. 247. "(Ш) нигматун сақитатун филь-мисләс" уд аспабында жиі қолданылмайтын дыбыс, бірақ кейбір кезде екінші ішектегі мужан-нибат пернесінде қолданыс табады. 248. "саббабату әл-мисләс танбурдағы И - К пернесінің дыбысы, бұл ішек бойындағы 2/3 қатынас шамасы. 249. "муджанни бәл-усто филь-мисләс" бос ішектің 27/32 шамасына түседі. Бұған танбурдағы ауыспалы дыбыстардың арасындағы О дыбысы сәйкес келеді. 250. "уа нигмату (У) усто зәлзәл фи әл-мисләс" төртінші саусақ пернесінен қалдық интервал шамасында орналасқан жағдайда бұл дыбыс танбурда 4096/6561 шамасында тұрған У дыбысымен сәйкес келеді. 251. "бинсар әл-мисләс" уд аспабындағы екінші ішектің төртінші саусақ дыбысы, танбурдағы Е дыбысына сәйкес келеді, Ол ішектің бойындағы 16/26 қатынас шамасында. 252. "хинсар әл-мисләс уа мутлақ әл-мәснә" уд аспабындағы екінші ішектің шынашағы мен үшінші ішектің бос дыбыстары танбур аспабындағы В дыбысына ұқсайды. Оның ішектің бойындағы қатынасы 9/16. 253. "муджанниб әс-саббаба филь-мәснә"' уд аспабындағы үшінші ішектің сұқ саусақ пернесінің қасындағы дыбыс, танбурдағы ауыспалы Щ пернесінің дыбысымен сәйкес келеді.

254. "усто зәлзәл" уд аспабының үшінші ішегіндегі төртінші саусақ пернесінен қалдық интервалының шамасында тұрған ортаңғы зәлзә дыбысы, танбурдағы Ғ дыбысымен тең. 255. "бинсар әл-мәснә" уд аспабындағы үшінші ішектің төртінші саусақ дыбысы танбурдағы Н - С пернесіне ұқсайды. 256. әд-дистанайн әз-заидатайн - яғни барлық пернелердің санынан қосылған О және (0) пернелері. 257. '"алә буд әл-бақия" яғни екі ішектің бос дыбыстарының тараптары - қалдық интервалы шамасында болуы керек. Сонда Б-Д ішегінің бос дыбысы А - Дж ішегіндегі Г дыбысымен теңеседі (105-суретке қараңыз). 258. "ау лә нигмату (С)" яғни А - Дж ішегіндегі пернелерде болмайды. 259. "ән-нагам әл-мудоафа" екі ішекте де кездесетін дыбыстар. Сондықтан олар екі мәрте қайталанатын болғандықтан, оларды екі еселенген деп атайды. 260. "ән-нигам әл-муфродат" бір ішекте бар, бірақ екінші ішекте қайталанбайтын дыбыстар, сол себепті оларды жалғыз басты дыбыстар дейді. Олар А - Дж ішегіндегі мына дыбыстар: А - Һ - Р - У - Ц - (0) - П және Б-Д ішегіндегі: Ф-Қ-Ш-О-В-М-С. 261. "ay изә сауайаһа алә буд биятайн" танбур аспабының Б - Д ішегінің бос дыбысы, А -Дж ішегіндегі Ф дыбысымен теңесетіндей етіп саздайтын болсақ, екі ішектің арақашықтығы 59049/60536 қатынасы шамасында болады. 262. Расында бұл саздаудағы жалғыз басты дыбыстардың саны жиырма алты емес, жиырма сегіз. Себебі, олардың қатарына (0) мен О пернелерінің дыбыстары да қосылады. Олар А - Дж ішегіндегі мына дыбыстар: А-Г-Һ-Ч-Р-ХУ-И - Ц-Е-(0) - Щ және F; Б-Д ішегіндегі дыбыстар: Г-Ф-4-Қ-Т-Ш-К-О-Е-В - Ч - М - F және С. Ал енді екі еселенген дыбыстарға келер болсақ, оларды осы көрсетілген екі ішекте қайталанып келген дыбыстарды санап алу жеңіл. Сөйтіп бұл саздаудағы дыбыстардың жалпы саны - отыз бесті құрады. 263. әт-тасуйяту әл-джумлия - "қосынды саздау" немесе әт-тасуйяту әл-джалилә "үлкен саздау" деп атайды. 264. "мусауйян линигмати (Һ)". Б-Д ішегінің бос дыбысы А - Дж ішегіндегі Һ дыбысымен теңескенше саздау қажет. Сонда екі ішек бос дыбыстарының арасы 8/9 шамасындағы толық үн интервалын құрайды (323-суретке қараңыз). 265. "уа байна нигматай (А) у а (Т) әл-б'уд әл-ләзи биль-арб'а". Себебі, А дыбысынан Ч дыбысына қарай кварта интервалы болғандықтан, егер оған 8/9 шамасындағы толық үн интервалы қосылатын болса, Б - Д ішегіндегі Ч мен Т дыбыстарының арасының қосындысы, яғни А мен Т дыбыстарының арақашықтығы квинта интервалын құрайды. 266. А - Дж ішегіндегі Һ мен И дыбыстары, Б-Д ішегіндегі Б мен Т дыбыстарымен теңеседі. Ол екеуінің арақашықтығы ү қатынас шамасындағы кварта интервалы. 267. Е дыбысы А дыбысынан 16/27 шамасында тұрып, Һ дыбысы А дыбысынан 8/9 шамасында болса: 16/27 / 8/9 Ү 16/27 х 9/8 Ү (2/3) Ү Е/һ болары анық. Сөйтіп Һ дыбысы мен Е дыбысы кеңінен танымал саздауда Б мен К дыбыстарымен теңеседі.

268. Екі еселенген дыбыстар дегеніміз - А - Дж ішегіндегі Һ дыбысынан Н дыбысына дейінгі аралықтағы дыбыстар және Б-Д ішегіндегі Б дыбысынан М дыбысына дейінгі арадағы олардың сыңарлары. 269. Бұл саздаудағы жалғыз басты алты дыбыс мыналар: А - Дж ішегінде - А мен Г және Ф; Б-Д ішегінде - П мен Ғ және С дыбыстары. 270. "һия муджанниб усто әл-бамм". А дыбысынан 27/32 қатынасы шамасында тұрған Ч дыбысы, уд аспабындағы әл-бамм ішегінің ортаңғы перненің қасындағы дыбыспен сәйкес келеді. 271. "малумату әл-амакин" жұпты саздау тақырыбында айтылғандай танбур аспабындағы дыбыстардың, уд аспабындағы орындары белгілі болды. 272. А - Дж ішегіндегі Ч дыбысы А дыбысынан 27/32 қатынас шамасында тұрып, уд аспабының әлбамм ішегіндегі муджанниб әл-усто дыбысымен тең келеді. 273. "ән-нагам әл-ләти мин (А) илә (X) ": А - Дж ішегіндегі ол дыбыстар мыналар: А-Г-Ф-Ф-Һ-Ч-Қ-Р. 274. "ән-нигам әл-ләти мин (С) илә (В)" - .Б - Д ішегіндегі ол дыбыстар мыналар: В-(0)-Щ-М-П-Ғ-С. 275. А - Дж ішегінде теңдесі жоқ Б-Д ішегінің төрт дыбысы: Ф - Қ - Ш және О. 276. Б-Д ішегінде теңдесі жоқ А - Дж ішегінің төрт дыбысы: У - Ц - (0) және П. 277. А - Дж ішегіндегі У дыбысы X дыбысынан 2048/2187 қатынас арақашықтығында тұрады. Олай болса, егер ол Б - Д ішегіне өтсе, онда оның Б дыбысынан арақашықтығы да дәл осы шамада болады. Демек, Б дыбысы уд аспабында екінші ішектің бос дыбысымен, ал У сұқ саусақтың қасындағы дыбыспен теңеседі. 278. А - Дж ішегіндегі И дыбысы, Б-Д ішегіндегі З дыбысымен тең. Енді З дыбысы Б дыбысынан толық үн шамасындай қашықта тұрса, онда ол уд аспабындағы екінші ішектің сұқ саусағымен тең. 279. Б - Д ішегіндегі Р дыбысы А - Дж ішегіндегі Е дыбысымен тең. Б дыбысы уд аспабындағы екінші ішектің бос дыбысымен тең болып, Р дыбысы одан 64/81 арақашықтықта болса, онда ол екінші ішектің төртінші саусағымен тең келеді. 280. Б - Д ішегіндегі Қ дыбысы, Б дыбысынан 6561/8192 шамасында тұрады және екінші ішектегі муджанниб әл-устоның шамасымен тең Ч дыбысынан қалдық интервалы шамасында тұрады (112суретке қараңыз). 281. Б - Д ішегіндегі Т дыбысы, А - Дж ішегіндегі В дыбысымен тең. Ол үшін А мен В дыбыстарының аралығы 9/16 шек шамасында екілік кварта болуы керек. Демек, А дыбысынан сол аралықта тұрған Т дыбысы, уд аспабындағы екінші ішектегі шынашағы және үшінші ішектің бос дыбысымен тең. 282. Б-Д ішегіндегі Ц дыбысы, А - Дж ішегіндегі Ғ дыбысымен теңеседі. Ц дыбысы уд аспабындағы үшінші ішектің төртінші пернесіне сәйкес келетін Е дыбысынан қалдық интервалының қашықтығында тұрады. 283. А - Дж ішегіндегі П дыбысы Л дыбысынан, толық үн қосымшасының қалдық интервалымен теңесетін аралықта тұрады. Л дыбысы Б - Д ішегінде К дыбысымен теңескен шақта ол екеулері уд аспабындағы екінші ішектің сұқ саусағымен сәйкес келеді.

284. Б-Д ішегіндегі М дыбысы, уд аспабындағы төртінші ішектің бос дыбысымен тең В дыбысынан толық үн интервал қашықтықта тұрғандықтан, М дыбысы төртінші перненің сұқ саусағына тең келеді. 285. Б-Д ішегіндегі Ғ дыбысы, төртінші ішектегі төртінші саусақ шамасында тұрған С дыбысынан қалдық интервал арақашықтықта тұрады. Демек, F дыбысы төртінші саусақ дыбысынан қалдық интервал шамасында болған уақытта ортаңғы зәлзәл дыбысына ұқсайды. 286. Бұл саздаудағы екі еселенген сегіз дыбыс мыналар: А - Дж ішегінде: И-О-Е-В-Щ-Л-Ғ және Н; 287. Б-Д ішегіндегі дыбыстар: Б-Г-З-Ч-Р-Т-У және К. Жиырма алты жалғызбас дыбыстар мыналар: А - Дж ішегіндегі А дыбысынан У дыбысының аралығындағы он дыбыс және Б-Д ішегіндегі О дыбысынан С дыбысына дейінгі аралық он дыбыс. Мұнан соң алты дыбыс, оның үшеуі Б-Д ішегінен болса, қалған үшеуі А - Дж ішегінен. 288. Б-Д ішегіндегі Ф дыбысы Г дыбысынан қалдық интервалы қашықтығында тұрады. Г дыбысы екінші ішектегі ортаңғы перненің қасындағы дыбыс шамасында болса, онда Ф дыбысы ортаңғы зәлзәл дыбысына жақын. Алайда автор ортаңғы әл-фурс пернесін ортаңғы перненің қасындағы дыбыстан қалдық интервалының қашықтығында тұрғандықтан осылай айтып отырса керек. 289. А - Дж ішегіндегі Е дыбысы, Б-Д ішегіндегі З дыбысымен тең. З дыбысы уд аспабындағы екінші ішектің бос дыбысының шамасында тұрған Б дыбысынан толық үн интервал шамасында тұрады. Олай болса, ол екінші ішектегі төртінші саусақ орнымен тең келеді (332-суретке қараңыз). 290. Б - Д ішегіндегі Р дыбысы, А - Дж ішегіндегі Щ дыбысымен теңеседі. Т дыбысы үшінші ішектегі сұқ саусағының арақашықтығында тұрып, ал Р дыбысы Т дыбысынан қалдық интервалының шамасындай ауыр болса, онда Р дыбысы уд аспабындағы үшінші ішек сұқ саусағының қасындағы дыбысқа ұқсайды. 291. Егер А - Дж ішегіндегі П дыбысы Б - Д ішегіне ауысатын болса, Т дыбысынан екі еселенген қалдық интервалынан артық толық үн интервалының шамасындай арақашықтықта түседі. Расында бұл дыбыс ортаңғы перненің қасындағы дыбысқа жақынырақ. 292. Б - Д ішегіндегі У дыбысы Б-Д ішегіндегі У дыбысымен теңеседі. У дыбысы, уд дыбысының үшінші ішектегі төртінші саусақ сияқты К дыбысымен қалдық интервал шамасындай ауыр болып келген уақытта У дыбысы ортаңғы зәлзәл дыбысының шамасымен тең болады. 293. Б - Д ішегіндегі О дыбысы К дыбысынан қалдық интервалының шамасындай биік болып, ал К дыбысы уд аспабындағы үшінші ішектің сұқ саусақ шамасында тұрса, онда О дыбысы үшінші ішектегі шынашақ пен төртінші ішектегі бос дыбысқа тең келеді (117-суретке қараңыз). 294. Б - Д ішегіндегі В дыбысы төртінші ішектің бос дыбысының шамасындай О дыбысынан толық үн интервалындай жоғары түседі. Сондықтан да В уд аспабындағы төртінші ішектің сұқ саусағының шамасына келеді. 295. Б-Д ішегіндегі (0) пернесінің дыбысы уд аспабындағы төртінші ішектің сұқ саусақ шамасындай аралықта тұрған В дыбысынан екі еселенген қалдық интервалынан толық үн артық аралығында тұратын болса, бұл төртінші ішектегі ортаңғы әл-фурс дыбысына жақын емес. Расында ол бұған қарағанда ортаңғы пернесінің қасындағы дыбысқа жақынырақ тұрады.

296. М дыбысы төртінші ішектің төртінші саусағына ұқсайды. Себебі, М дыбысы мен төртінші ішектің сұқ саусақ шамасындай В дыбыстарының арасы, толық үн интервалын құрайды. Сондықтан да М дыбысы, уд аспабында төртінші ішектің төртінші саусақ дыбысына лайық. 297. А - Дж ішегіндегі В дыбысы, ішектің бос дыбысы А 9/16 қатынасы арақашықтығында түседі. Егер ол Б-Д ішегінің бос дыбысымен теңесетін болса, демек екі ішектің бос дыбыстарының арасы екілік квартаны құрайды (119-суретке қараңыз). 298. "канат нигмата (А) уа (С) һума әл-ләзи биль-кулли мар - ротайн" яғни А - Дж ішегінің бос дыбысы А мен Б-Д ішегіндегі ақырғы С пернесінің арақашықтығы - бірден төртке қарай бағытталған қатынастағы екілік октава интервалы. 299. "канат нигмата (А)уа(С) һумаәл-ләзи билькуллимарротайни" яғни А - Дж ішегінің бос дыбысы А мен Б-Д ішегіндегі ақырғы С пернесінің арасындағы аралық - екілік октаваны құрайды. 300. А - Дж ішегіндегі Е дыбысы, екінші ішектің сұқ саусақ аралығында тұрған И дыбысынан толық үн интервалында тұрады. Сондықтан Е дыбысы, екінші ішектің төртінші саусақ дыбысымен тең келеді. 301. А-Дж ішегіндегі В дыбысы, екінші ішектегі төртінші саусақ дыбысының қашықтығындағы Е дыбысынан қалдық интервалының шамасында тұрады. Сол себепті В дыбысы, уд аспабындағы үшінші ішектің бос дыбысы мен екінші ішектің шынашақ дауыстарымен теңеседі (118-суретке қараңыз). 302. Б - Д ішегіндегі З дыбысы, А - Дж ішегіндегі Л дыбысына тең. Енді Б дыбысы, В дыбысымен саздауда тең болған шақта ол екеуі де уд аспабындағы үшінші ішектің бос дыбыстары сияқты болады. Демек, З мен Л дыбыстары үшінші ішектің сұқ саусағымен сәйкес келеді, өйткені Б мен З дыбыстарының арасы - толық үн интервалы. 303. А - Дж ішегіндегі Щ дыбысы, уд аспабының сұқ саусақ шамасының қашықтығында тұрған З дыбысынан қалдық интервалындай аралықта тұрады. Сол себепті де Щ дыбысы оның сұқ саусақ пернесінің қасындағы дыбыспен тең саналады. 304. "уа (сод) мин (ба - дәл)муджанниб устоһу". Ч дыбысы үшінші ішектегі сұқ саусақ пернесінің шамасындай З дыбысынан қалдық интервалының аралығындай қашықтықта тұрып, оның бос дыбысынан (27/32) қатынас шамасына түседі. 305. Б-Д ішегіндегі Р дыбысы және А - Дж ішегінің Н дыбысы бір-бірімен тең. Бұл екеуі де уд аспабының үшінші ішегіндегі төртінші саусақ дыбысына ұқсайды. Себебі, Р дыбысы, үшінші ішек сұқ саусағының шамасындай жерде тұрған З дыбысынан толық үн аралығындай жерде орналасады. 306. "уа (то) хинсаруһу" яғни Т дыбысы үшінші ішектің шынашағы мен төртінші ішектің бос дыбысына ұқсайды. Өйткені Т дыбысы, Р дыбысының жоғарысына қалдық интервалындай жерге түседі. Онымен үшінші ішектің бос дыбысындай қашықтықта тұрған Б дыбысының арасы - кварта интервалын құрайды. 307. Б-Д ішегіндегі К дыбысы, төртінші ішек бос дыбысының шамасындай Т дыбысынан толық үн интервалының аралығында тұрады. Сондықтан К дыбысы уд аспабының төртінші ішегіндегі сұқ саусағымен тең. 308. "уа (зәл)мин (ба-дәл) нигматухмәнса". Б-Д ішегіндегі В дыбысы, төртінші ішектің төртінші саусағының шамасында Е дыбысынан қалдық интервалына жоғары тұрады. Сол себепті де В

дыбысы уд аспабындағы төртінші ішектің шынашағы мен бесінші ішектің бос дыбысына ұқсайды (120-суретке қараңыз). 309."изә джа'ална нигмата (ба) мусауйятан (Л)" егер Б-Д ішегінің бос дыбысын, А - Дж ішегіндегі Л дыбысымен тең етіп саздайтын болсақ, онда екі ішек дыбысының арасындағы аралық - ү қатынас шамасындағы октаваны құрайды. Сонда Б мен Л дыбыстары уд аспабының сұқ саусақ пернесінде ұшырасады. 310. А - Дж ішегіндегі Н дыбысы, Б-Д ішегіндегі З дыбысымен тең етіп саздалады. З дыбысы, уд аспабының үшінші ішегіндегі сұқ саусағымен тең Б дыбысынан толық үн интервалының шамасындай жоғары болады. Сондықтан да ол үшінші ішектің төртінші саусақ дыбысымен тең. 311. А - Дж ішегіндегі F дыбысы, H дыбысының жуан жағына қарай қалдық интервалының шамасында қозғалады. Н дыбысы мен З дыбысы теңестірілген саздауда, екеуі де уд аспабының төртінші саусағымен тең келеді. Сондықтан да А - Дж ішегіндегі Ғ дыбысы, төртінші саусақ пернесінен қалдық интервалы шамасында тұрған ортаңғы зәлзәл дыбысымен тең. 312. А - Дж ішегінің П дыбысы, Л дыбысынан екілік қалдықтан толық үн артық интервалындай шамада тұрады. 313. Т дыбысы, төртінші ішектің бос дыбысының шамасындағы Б-Д ішегіндегі Ч дыбысынан қалдық интервалының шамасына жоғары. Сондықтан бұл дыбыс уд аспабындағы төртінші ішектің сұқ саусақ пернесіндегі дыбысқа ұқсайды. 314. Б - Д ішегіндегі Р дыбысы, Т дыбысынан қалдық интервалының шамасында төмен түседі. Т дыбысы төртінші ішектің сұқ саусақ мөлшерімен теңеседі. Сол себепті Р дыбысы, оның сұқ саусақ дыбысының қасындағы дыбысқа ұқсайды. 315. "уа (ка) бинсаруһу". Өйткені Т дыбысы төртінші ішектің сұқ саусағына ұқсайды, ал К дыбысы одан қалдық интервалына жоғары тұрады. Сондықтан ол төртінші ішектің төртінші саусақ дыбысы сияқты. 316. О дыбысы, уд аспабындағы төртінші ішектің төртінші саусағымен шамалас К дыбысынан жоғары болған уақытта ол төртінші ішектің төртінші саусақ дыбысымен әрі бесінші ішектің бос дыбысымен тең келеді. 317. М дыбысы Б - Д ішегіндегі В дыбысынан толық үн шамасында жоғары болса, В дыбысы бесінші ішектің сұқ саусағымен тең келеді. Осылай болуы себепті М дыбысы, оның төртінші саусағымен тең тұрады. 318. "... бисәләсәти ақсамин мутасауйяти" саздаудағы күллі толық үн интервалын тең үш бөлікке бөліп, олардың әрбіріне ауыспалы перне тартады. Мысалы, А - һ интервалын мына бөліктерге бөлгеніміз сияқты (110-суретке қараңыз). Мұндағы жарамды интервалдар кварта интервалының реттілігімен тұрғандары олар: 27/25 қатынасындағы А - Ф, 13/12 шамасындағы Г - һ. Кейін 9/8 қатынасындағы А - һ толық үн интервалы. Ал енді тізбекті, кіші үш интервал болса кіші дыбыстарды құраған уақытта үйлесімсіз болмақ. 319. "кана һәзә әд-дистан 'алә ниһаяти кулли уа тисги кулли" яғни А - Дж ішегінің X дыбысы, Б-Д ішегінен 9/10 қатынасының шамасында тұрады.

320. З дыбысы Б дыбысынан толық үн интервалының шамасындай орында тұрып, А - Дж ішегі, Б - Д дыбысынан 9/10 қатынас шамасында жуан келетін болса, онда З дыбысы А -Дж ішегінің мынадай қатынас шамасында шығады: 9/10 х 8/9 Ү 4/5 ҮЗ/А. Нәтижеде А - Дж ішегіндегі З мен Һ дыбыстарының арасындағы интервал 9/10 шамасында болады. (128-суретке қараңыз). 321. '"алә мунтасиф мә байна (әлиф) уа (X)". А мен X дыбыстарының арасындағы кварта интервалының ортасынан алған уақытта тізбектелінген (8/7/6) шамасы болмақ. 322. "июсиру мутлақуһу мусауйян нигмата һәзә әд-дистан". Б-Д ішегінің бос дыбысын, А -Дж ішегінің 7/8 шамасында орналасқан пернесінің дыбысымен теңестіру керек. Сонда барып екі ішектің арасындағы дыбыстардың аралығы дәл осы қашықтықта болады. 323. "... бихомсати ақсаммутасауйяти". Бағдаттық танбурдағы сияқты тізбектілікпен келген тең бес бөлікке бөлу қажет. Олар: (30/35/36/37/38/39/40) шамасындағы аралықтар. 324. "алә мунтасиф ма байна (алиф) уа дистан кулли уа хомси ...". Бос дыбыс пен 5/6 шамасындағы перненің дәл ортасынан перне тартамыз (138-суретке қараңыз). 325. Мизмар - қазақ тіліндегі сыбызғы, сырнай, яки болмаса осыларға ұқсайтын шағын үрмелі аспаптардың басқа да түрлерін жатқызуға болады. 326. "мата сурифа иләйһи әл-haya'y әл-мун'атиф илә сәқоб (ба')" яғни Б ойықшасы жабылып, ауаның барлығы тура А ойықшасына бағытталған уақыт. 327. "изә ләм иасудду му'тиф (ба') куллаһу". Б ойықшасының бір бөлігі ғана жабылып, үрленген ауа оның қалған бөлігінен және А ойықшасынан шығуы тиіс. 328. Әс-сирнай - мизмар аспабының түріне жататын аспаптың атауы. Қазіргі кездегі "әл-баләдий" немесе "әт-туркий" мизмарларына ұқсайды. Сол сияқты сырнайдың келесі бір түрі "әс-сибз" (сыбыз) аспабы. "Әс-сиирнай" атауы, имам Кәмал әд-Дин ибн Сугләб ибн Жагфар ибн Али әл-Әдфуй әш-Шафигидің "Әл-амта би ахкам әс-сима". (758 хижра жылы. "Мысыр кітаптары" атты кітапхана қорында 368 қолжазба) кітабында белгілі аспаптардың қатарында аталады. 329. Әш-ша 'ира - ауызға алып, сырнайға ауа үрлегіш құрал. 330. "(Джим) филь-қууати саббабату әл-масна" үшінші ішектің сұқ саусақ дыбысының жоғарғысы. Олай болса, ол уд аспабындағы бесінші ішектің төртінші саусақ потенциясымен теңеседі. 331. "уа фи касир минһа наджид (ба) усто әл-масна" мизмарлардың басым бөлігінде Б ойықшасының дыбысы, потенция жағынан үшінші ішектің ортаңғы дыбысымен сәйкес. 332. "уафибагдиһана джидуһабинса рәл-масна" бір қатарында Б ойықшасының дыбысы, потенциясы бойынша уд аспабының үшінші ішегіндегі төртінші саусақпен тең. Ал алтыншы ішектің сұқ саусақ пернесінің қасындағы дыбыстың транспозициясы, М ойықшасындағы дыбысының жоғарысымен тең. 333. "уа (за) саббабату әл-мисләс" З ойықшасының дыбысы, потенция жағынан уд аспабындағы екінші ішектің сұқ саусақ дыбысымен тең. Ал транспозициясы бойынша төртінші ішектің төртінші саусақ дыбысының жоғарысына сәйкес келеді. 334. "уа (мим) саббабату әл-бамм" уд аспабындағы әл-бамм ішегінің сұқ саусақ потенциясымен тең, сондықтан үшінші ішектің төртінші саусақ транспозициясына дұрыс келеді.

335. "талабна ләһа сияхан" уд аспабында потенция жағынан И ойықшасының дыбысы үшін жоғарғы дауыс болатын дыбыс іздейтін болсақ, онда ол үшін уд аспабындағы әл-бамм ішегінің бос дыбысынан бастап үшінші ішектің сұқ саусағына дейінгі дыбыстардың барлығын қолдануыңызға рұқсат. 336. "әсфәл мин хинсар әз-зир бибуд танинй уа бақия". И ойықшасының жоғарғы дыбысын, төртінші ішек шынашақ дыбысының (28/32) қатынас шамасында табамыз. Расында да бұл дыбыс бесінші ішек ортаңғы саусақтың қасындағы дыбыстан естіледі. 337. "... биһәзәлмдар" төртінші ішектің шынашағының 27/32 шамасында жоғарылаған қатынасы. 338. "сияхан лисиях ән-нигмата әл-ләти һия асқолу мин нигмати мутлақ әл-бамм" төртінші ішектің шынашағы өтетін орыннан естілетін дыбыс, толық үн мен қалдық интервал шамасына жылжиды. Сондықтан да бұл дыбыс әл-бамм ішегінің бос дыбысы үшін, потенция жағынан екінші жоғарғы дыбыс. 339. "фализәлик маудиг нигмати (иай)" уд аспабындағы бұл дыбыс, сырнайдың И ойықшасының дыбысымен тең, бірақ, мұнда ол жуандау келеді. 340. "уа (ка)усто әл-фурс фәл-мисләс". К дыбысы, уд аспабындағы екінші ішектің ортаңғы дыбысына тең. Негізінде ортаңғы әл-фурс пен сұқ саусақ пернелерінің арасы - екі қалдық немесе жарты үн интервалын құрайды. Сондықтан да К дыбысы транспозиция жағынан уд аспабындағы қазіргі таңда "зирклаһ" аталатын дыбыспен тең. 341. "уа (ha) усто әл-фурс фи әл-масна" Һ дыбысы, уд аспабындағы үшінші ішектің ортаңғы дыбысына сәйкес келеді. Бұл дыбыс пен К дыбысының арақашықтығы - кварта интервалы. 342. "буд (А - Дж) әл-ләзи биль-хомса". Себебі А дыбысы, әл-бамм ішегіндегі ортаңғы саусақтың қасындағы дыбыс. Ал Дж дыбысы, үшінші ішектің бос дыбысы. Сонда бұл екеуінің арақашықтығы 2/3 қатынас шамасындағы квинта интервалы болады. 343. Рабаб - Қазіргі кезде сирек қолданылатын бұрыннан танымал, ішекті аспап. Рабаб түрлерінің арасындағы ең ескі түрі "мысырлық рабаб" "мисрий". Алайда бұл аспап көп жағдайда екі ішекті болып келеді. Дыбысы адамның даусына ұқсап келуі үшін мал терісімен қапталады. Уақыт өте бұл аспап жетіле келіп, бірнеше түрге бөлініп кетті. Олардың арасында: шайыр рабабы (рабаб әш-ша'ир), магрибтік рабаб (рабаб әл-мағрибий), кейін түркі рабабы (рабаб әт-туркий). Кейінгі рабабтардың пішіні әуелідегі рабабқа ұқсамайды. Бұл аспап Еуропаға Андалусия арқылы кірді. Заман өткен сайын аспап одан әрі жетіле түсіп, XV г. "әл-каман" немесе "әл-сиюлә" деген атпен танылды. 344. "алә таси ма байна әл-анф шә әл-хамилә" шартты түрде алғанда аспаптың мұрны мен тиектің арасы, яғни 8/9 қатынас шамасы. 345. "алә судус ма байна әл-әнф уа байна әл-хамилә" бос ішектің 5/6 қатынас шамасында. 346. "таси ма байна макан әс-саббаба уа байна әл-хамилә" рабабтағы төртінші саусақ орны, уд аспабындағы төртінші саусақтың мекені болады. 347. "буд (Ха - Ка)" 1 8/128 шамасында, яғни 128/135. Себебі, Һ - К/Х - һ Ү 8/9 /15/16 Ү 8/9 х 16/15 Ү 128/135 Ү К/X. 348. X - М интервалы, X - К және К - М интервалдарының қосындысы демек: 128/135 х 9/10 Ү 1153/1320 Y1 198/1152. Бұл шаманы қысқартатын болсақ, мына көрсеткіш шығады: 64/75 Ү К/Х.

349. Әлсіз жұмсақ тетрахорд түріндегі "муқаддим" интервалы, 4/5 шектері арасындағы кварта интервалынан алынған ең үлкен бөлік. Бұл аспаптағы осы бөлік - Һ - М интервалы. 350. "аусат әл-аджнас әл-ләййна" яғни осы тектің екінші түрі. Бұл 5/6 қатынасындағы үш бөліктің ең үлкен бөлігі. Бұл аспаптағы осы бөлік - А - X интервалы. 351. "... қариб мин мунтасиф ма байна (Ка) уа байна (мим)" жуан тараптан кварта интервалы шығарылған жағдайда, оның жоғарғы тарапы К мен М арасында қалады. Дәлірек айтқанда, К мен М ортасына жақын маңда тұрады, бұл дегеніміз - 9/10 қатынас шамасы (154-суретке қараңыз). 352. "бұл (ha - Ха)" 15/16 қатынас шамасында тұрған қатты ортаңғы қосылған тетрахорд түрінің ең кіші интервалына жатады. 353. "алә әл-усто әл-машһура" 5/6 шамасындағы X -Т пернесі. Себебі, Дж - Д ішегінің бос дыбысы, А - Б ішегіндегі X дыбысымен теңеседі (156-суретке қараңыз). 354. Дж - Д ішегіндегі Дж - Д аралығы, А - Б ішегіндегі К - Р аралығына жақын болғандықтан осылай естіледі. 355. "нигмату (айн) сиях нигмати (алиф)" себебі, А мен Ф дыбыстарының арақашықтығы ү қатынасындағы кварта интервалын құрайды. Ф дыбысы, Дж дыбысымен саздау арқылы теңеседі. Ал енді Дж дыбысынан Г дыбысына дейін 2/3 қатынасындағы квинта интервалы. Бұл екеуінің жиынтығы - октава интервалын құрайды. 356. "аләрубг ма байна (ha) уа байна (ка)" Һ мен К арасындағы толық үн интервалының төрттен бір бөлігі. Бос ішектің ұзындығы бойынша алғанда 22/27 қатынасы шамасы болмақ. 357. "... иахрудж фауқа (то) бимиқдар иасир". Т дыбысынан 80/81 шамасында ғана төмен. Себебі, А - Т аралығы 5/9 шамасымен теңесетін интервал. Ал үшінші ішектің шынашағы мен төртінші ішектің бос дыбыстары 9/16 қатынасында. Бұл дегеніміз - А дыбысынан басталған екі еселі кварта. 358. Мизаф (ма'зииф) бос ішекті аспаптардың ортақ атауы, яғни әрбір дыбыс үшін жеке ішегі бар қанун, сандж сияқты (цимбал, арфаға) ұқсас, т.б. ішекті аспаптардың түрлері. 359. "әл-иттифақат әл-агзам" отктава интервалындағы әрбір екі дыбыс арасындағы интервал транспозициясының сәйкестігі. 360. "китаб әл-истисқат" - Осы кітаптың бөлігін құрайтын "музыка өнерінің негізгі элементтері" атты бөлімі. 361. "джам' инфисоль" ажыраған дыбыстық қатар. Мұнда ажыраған интервал "муқаддим" болады. 362. "джам' иттисолъ" толық қосылған дыбыстық қатар. 363. Кітабымыздың бастапқы бөлімдерінде "шухадж" созіне анықтама берген болатынбыз. Егер қысқаша айтатын болсақ, онда "шухадж" дегеніміз - көлемі жағынан және құрамы жағынан төмен дауыс. Ал "әс-сиах" дегеніміз - шухаш даусынан барынша жоғары дауысты айтады. 364. "фанаджалу (алиф) шухаджа (Б) әл-агзама, уа (Б) шухаджа (Джим) әл-агзама..." яғни А ішегі мен Дж ішектерін теңестіреміз. Ол екеуінің бос дыбыстарының арасы - келісімді октава интервалын құрайды.

365. "әл-инфисоль әл-асқоль". А - З ішектері жуан ажыратылған интервалы. Себебі, А - Б ішектері октава интервалын құрайтын болса, онда З - Һ аралығы да октава. Демек бұл екеуі бір-біріне ұқсайды. Б - һ ішектері толық үн интервалындағы жоғары ажырағанды құраушы. Олай болса А - З ішектері де соған толық үн интервалында ұқсаушы. Бұл - төменгі ажыраған (163-суретке қараңыз). 366. "уа иабқо (З-Д) әл-ләзи биль арба"'.З - Д ішектері - кварта болып қалады. Себебі, А -Д ішектері, кварта және А - З толық үн интервалы. Қалатыны З - Д ішектерінің аралығы. Бұл - кварта. 367. "(МД) буд әл-бақия" себебі З - М кварта интервалының қосымшасы (З - И) және (И -М) екі толық үн интервалдарының қосымшасы. 368. "акс ториц әл-әууәл" ішектерді орналастыру үшін ажыраған дыбыстық қатарда қолданған әдістің терісін жасаймыз. Дж ішегінің бастамасын, оның жоғарғы тарапынан бастаймыз. 369. "ау нузиду фима байна уатарай (Иа) у а (мим) уатар (цоф)...". Қ ішегін қосып, сосын М ішегін түсіріп, оны Б дыбысының кіші шухаджы ету. Кейін Л ішегіне оралып, оның дыбысына Қ дыбысының үлкен сияхы жасалынады. Осылайша И мен Қ арасы қалдық интервал жасалады. Т мен Л ішектерінің арасы да осы сияқты болмақ. 370. "әл-ләзизакарнаһуәууалан" яғни ішектерді толық ажыраған дыбыстық қатардағы екі маддалы тетрахорд дыбыстарының реттілігі бойынша орналастыру. 371. "гиухадж (зо) әл-агзам"әл-бамм ішегінің сұқ саусақ пернесінің қасындағы дыбыс. П дыбысы уд аспабында екінші ішектің сұқ саусағынан қалдық интервалында тұрған ортаңғы зәлзәл дыбысымен тең. 372. "хариджананиль-аутарәл-мафруза" бастапқы ішектердің санынан кірмейтін бөлек ішек. Сондықтан бұл дыбыс реттік дыбыстық қатардағы дыбыстардан түсіп қалады. Ішектердің сыртында тұрған ішектің дыбысы, уд аспабындағы әл-бамм ішегінің сұқ саусақ пернесінің қасындағы дыбыспен тең. 373. "агзам мин нисбати куллин уа саманин" екі маддалы тетрахордта толық үн интервалынан 8/9 шамасында жоғары. 374. "зу әт-тазгиф әл-әууәл" 7/8 қатынасында екі еселеніп орналасатын тетрахорд. Бұл тетрахорд әлсіздердің арасындағы ең төменгі түрі әрі үйлесімсіз болып саналады. 375. "әл-иан әл-мунфасил әл-әууәл" ажыраған тетрахордтағы бірінші түрдің арасында ең әлсіз түрі. Ондағы үш интервалдың ең үлкені мен ортаңғысы мына тізбекті қатынаста орналасады: 7/8 және 9/10. 376. "әл-хан әл-джузия" толыққанды әуенді шығаратын бірлі - жарым толықтауыштар. 377. Әл-муттасиль әл-уасат қатты қосылған тетрахордтардың екінші тегі. Бұл дыбыстары үйлесімді кеңінен қолданылатын тетрахорд. Мұнда үш реттікте келетін төрт түрлі үйлесімділік бар. Бұлардың біріншісі, жүйелі тізбекті. Ол "соль" дыбысының транспозиция негізіндегі 24/27/30/32 шамалар шектерінде шығады; Екіншісі, жүйелі тізбекті емес. Ол "лә" дыбысының транспозиция негізіндегі 27/30/32/36 шамалар шектерінде болады; Үшіншісі, жүйелі емес. Ол "ро" дыбысының негізіндегі 36/40/45/48 шамалар шектерінде;

Төртіншісі де жүйелі емес. "си" дыбысының транспозиция негізіндегі 30/2/36/40 шектерінде немесе "фа" қосымша дыбысының негізіндегі 40/48/54/60 шектерінде болады. 378. зу әт-тадгиф әл-уасат сондай-ақ "екі маддалы" деп аталады. Ескіде қолданылған ең бірінші әуен тетрахорды. 379. Муттасил әл-әуәл бұл қосылған тетрахордтардың арасындағы ең әлсізі және үйлесімдігі жағынан ең төмен түрі. Оның тізбектелген транспозициясының реттілігі 21/24/27/28 шамасында. 380. әл-муттасил әс-сәлис: қосылған тетрахордтардың арасындағы ең күшті әрі үйлесімділігі жағынан жоғарғысы. Қолданылуы кең тараған тетрахорд. 381. әл-мунфасил әл-әуәл. Бұл бірінші ажыраған әлсіз тетрахорд түрі. Мұнда үш интервалдың ең үлкені 7/8 қатынасы шамасында орналасады. Ортаңғы интервалы 9/10 шамасында болса, кішісі 20/21 келеді. Бұл жүйелі тізбекті тетрахордтың бірінші түрі. Оның дыбыстарының үйлесімдігі аз болғандықтан көп қолданылмайды. 382. "ақуа әл-мулаууанат" жұмсақ тетрахордтардың арасындағы ең күшті түрі -"хроматикалық" тетрахордтардың ең күштісі. Мұны тағы араб тілінде "әл-муаллиф әл-мулаууана уан-назима" деп те атайды. әл-мутутали әл-ашадд жұмсақ тетрахордтың түрі. Мұның үлкен интервалы 6/7 қатынасында, кейін ең кішісі 20/21 қатынас шамасында тұрады. Бұл тетрахордтың бірінші жүйелі тізбекті түріндегі дыбысының транспозициясы (66/77/84/88) шектерін қамтығандықтан үйлесімді болып саналмайды. 384. "әл-мутауасситат әл-мулаууана" ортаңғы жұмсақ тетрахорд тегіне жататын түр. Мұнда үш интервалдың ең үлкені 5/6 шамасында тұрады. Ал ең кіші интервалы 27/28 қатынасы болмақ. Бұл тетрахордтың тегіне жататын барлық түр - үйлесімді емес. Себебі, жоғарыда айтылғандай мұндағы ең кіші интервалдың шамасы 27/28, ал үлкені 5/6 қатынасында болады. Сондықтан да бұл тетрахорды осы қалпында мүлдем қолданылмайды. Осы текке қатысты тетрахордтардың арасынан үшінші жүйелі емес түрі пайдаланылады. Өйткені ондағы интервалдардың ең үлкені қалған екі кіші интервалдың ортасында тұрады. 385. "аусат ан-назима әс-сәләсату" энармоникалық (жұмсақ) тетрахордтың әуелгісі, яғни жұмсақ тізбекті тетрахорд. Мұндағы үш интервалдың ең үлкені 4/5 шамасында тұрса, бұл үшеудің ең кіші интервалы 45/46 қатынас шамасында болады. Сөйтіп оның интервалдары ішек ұзындығының мынадай қатынасында болады (178суретке қараңыз). 386. "әл-мулаууан әл-коуй" тізбекті емес ең күшті хроматикалық тетрахорд. Мұндағы ең үлкен интервал 6/7 қатынасында тұрады. Мұнан кейінгі қалған кварта интервалы тең екі бөлікке бөлінеді. Нәтижеде ең кіші интервалы 15/16 шамасында тұратын болады (179-суретке қараңыз). 387. "Әл-мулаууан әлиан" хроматикалық (жұмсақ) ортаңғы тізбекті емес тетрахорд. Мұндағы интервалдардың үлкені 5/6 қатынасында. Қалған екеуі тең бөлікке бөлінеді де, олардың ең кішісі 19/20 шамасында қалады. Бұл тетрахордтың транспозициясы жүйелі түрде құрылатын болса, онда ол мынадай тізбектелген шекте сақталады: 15/18/19/20 (193-суретке қараңыз). 388. "әл-иан ән-назима" энермоникалық әлсіз тізбекті емес тетрахорд. Оның үлкен интервалы 4/5 қатынасында тұрады. Қалған бөлігі тең екі бөлікке бөлінеді. Нәтижеде үш интервалдың арасындағы ең кішісі, 31/32 қатынасында болады (181-суретке қараңыз). Бұл тетрахордтың бірінші түрдегі транспозициясы жүйелі әрі тізбекті: 24/30/31/32.

389. мабади'у әл-интиқалат саналатын дыбыстық қатардағы бастапқы дыбыс. Себебі, әуен өзінің бастауын осы дыбыстан алады. 390. ән-нуқләту алә - әл-истиқомати "түзу өту" - дыбыстық қатарлардың дыбысына өту үшін бастапқы орынға немесе әуелгі дыбысқа қайта оралмастан тура өтіп кету. 391. мустақима алә әл-иттисаль. Дыбыстық қатардың шеттерінде орналасқан ортаңғы дыбыстарға қайта оралмай, қосылу арқылы өту. Мысалы: қатты қосылған күшті тетрахорд дыбыстарында X бастамасынан жоғары көтерілу немесе С бастамасынан төмен түсу арқылы өтудің түрі сияқты (197суретке қараңыз). 392. интицалъ әт-тофир немесе битахаттый аухидатан аухидатан дыбыстық қатарда ретпен орналасқан дыбыстардьщ әрбір екіншісінен секіріп өту, ятни бір дыбыстан екіншіге секірген уақытта ортада бір дыбысты қалдырып кету. Мысалы: бастапқы дыбыстан үшіншіге, үшіншідене бесіншіге, бесіншіден жетіншіге өту сияқты. Мұндай секіріс жуан X бастауынан жоғары көтерілу немесе жоғарғы С бастауынан төмен түсу сияқты ретпен болады (199-суретке қараңыз). 393. "битахаттый иснайн иснайни" дыбыстық қатарда тізбектілікпен орналасқан дыбыстардың бірінен келесіге өткен уақытта арада екі дыбысты қалдырып өту, яғни бастапқы дыбыстан екі мен үшті тастап төртінші дыбысқа өту сияқты. Мысалы, мұндай секіріс жуан X бастауынан жоғары көтерілу немесе жоғарғы С бастауынан төмен түсу сияқты ретпен болады (201-суретке қараңыз). 394. "битахаттый сәләсин сәләсин" дыбыстық қатарда тізбектілікпен орналасқан дыбыстардың бірінен келесіге өткен уақытта арада үш дыбысты қалдырып өту, яғни бастапқы дыбыстан екі мен үшті және төртті тастап бесінші дыбысқа өту. Мысалы, мұндай секіріс жуан X бастауынан жоғары көтерілу немесе жоғарғы С бастауынан төмен түсу сияқты реттікпен де болады (202-суретке қараңыз). 395. "битахаттый арбатн арбагин" дыбыстық қатарда тізбектілікпен орналасқан дыбыстардың бірінен келесіге өткен уақытта арада төрт дыбысты қалдырып өту, яғни бастапқы дыбыстан екі мен үшті және төрт пен бесті тастап алтыншы дыбысқа өту. Мұндай секіріс жуан X бастауынан жоғары көтерілу немесе жоғарғы С бастауынан төмен түсу сияқты ретпен де болады (202-суретке қараңыз). 396. "буд арба арба" бастапқы дыбыстан жалғасқан халде бес дыбысқа өтіп, кейін олардың ешбіріне ұшырамастан, әуелгі дыбысқа қайта оралу. 397. Кестедегі әуелгі үш мысалы бастапқы дыбыстан үш дыбыс арқылы өтіп, кейін үшіншіден екінші дыбысқа оралу жолы. 398. Бұл үш мысалдың екіншісі бастапқы дыбыстан төрт дыбыс арқылы өту, кейін осы төртінші дыбыстан қайта оралу. 399. Үшінші мысал, бастапқы дыбыстан бес дыбысқа өту. Сосын бесінші дыбыстан қайта оралу. 400. Битауассит мә ләм иантайилъ алайһа бастапқы дыбысқа, өзі қатынас қылмаған дыбыстар арқылы оралу. 401. Бастапқы дыбыстан төртінші дыбысқа өту, сосын үшінші мен екіншіден ауытқып оралу. 402. әт-тануйн. Араб тілінің грамматикасындағы әріптің жоғарысына қойылатын белгі. Ол әлгі әріптің екі мәрте қайталанатынын білдіреді, яғни әріптің екілік белгісі. 403. харакат негізінде араб тіліндегі әріптің асты-үстіне қойылатын қысқа дауыстыларды білдіреді, бірақ мұнда "сабаб хафифті" білдіреді, яғни мардымсыз тоқтау деген мағынаны білдіреді. 404. ишмам араб тілінің грамматикасында әріптің қысқа дауысты дыбысын созбай шығару ғана.

405. реум әріпті ерінмен айтып көрсету, бірақ дыбыс шығармау. 406. саманияға асбабин хафифатин сегіз жеңіл ритмикалық себеп. Бұл жағдайдағы ритмикалық себепті" абсолютты жеңіл" әл-хафифи әл-мутлақ деп атайды. Ол 1/8 тең келеді. Сол сияқты ритмикалық бірінші жеңіл себеп те бар әл-хафиф әл-әууәл. Ол ө тең, осы екеуінің әуелгісі, уақыты жағынан жеңіл ырғақта қысқасы болса, екіншісі уақыты жағынан ауыр ырғақта қысқасы болады (228-суретке қараңыз). 407. әл-мунтазам осы уақыттың екі ритмикалық соққының ортасындағыға жақын, жеңіл туындылардың ең кіші уақытына дейінгі ырғақ. Ал енді ғойр мунтазим бастауыш уақытынан бір ритмикалық соққыдан үлкен нәрседен туындаған ырғақ. Бұдан қосылушылар мен ажыраушылар туындайды. 408. әл-що әл-мусилат тізбекті әрбір ритмдік екі соққының арасындағы тең уақыт. Бұл алты жалғасушы ырғақтар екі топқа бөлінеді. Олардың бірінің мезгілі екіншісіне қарағанда басым келеді. Себебі, ырғақтардың бір тобы жеңіл ырғақ уақытымен болса, екінші тобына ауыр ырғақтарының уақыттары тән. Алты жалғасушының әуелгісі абсолютты жеңіл сегіз музыкалық себептерді қамтиды және "әуелгі ауыр жалғасушылар" (әл-муассал әс-сақил әл-әууәл) деп аталады. Минутына орташа он сегіз ритмдік соққыны қамтиды (230-суретке қараңыз). Алты жалғасушының келесі түрі "жеңіл бірінші ауыр" (хафифи әс-сақил әл-әууәл) деп аталады. Оның ритмдік соққының уақыты, алты жеңіл музыкалық себептен тұрады (231-суретке қараңыз). Осы музыкалық алты жалғасушылардың үшінші түрі, жеңіл төрт музыкалық себептен тұрады және оны "екінші ауыр жалғасушы" әл-муассал әс-сақил әс-саний деп атайды (232-суретке қараңыз). Музыкалық алты жалғасушының төртінші түрі "жеңіл екінші ауыр" (хафифи әс-сақил әс-саний) деп аталады. Мұның уақыты, үш музыкалық себептердің қосындысымен тең (233-суретке қараңыз). Музыкалық алты жалғасушы бесінші түрінің уақыты, абсолютты жеңілдің екі жеңіл музыкалық себебіне тең. Бұл түрді "бірінші жеңіл" (әл-хафифи әл-әууәл) деп атайды (234-суретке қараңыз). Ал енді алтыншы түріне келсек, бұл уақыты жагынан өзінен бұрынғы бес музыкалық жалғасушының арасындағы ең кішісі. Бұл "абсолютты жеңіл" (әл-хафиф әл-мутлақ) деп аталады (235-суретке қараңыз). 409. Бұл ырғақтың түрі "жеңіл бірінші қосылған" хафиф әл-муфассал әл-әууәл тетрахорд түріне жатады. Мұндағы музыкалық айналымының уақыты, бірінші жеңілдегі (4 тен 3), яғни үш ритмдік ырғақтың қосындысымен тең. Ескідегілер мұны "хафифи әр-ромаль" деп атаған (238-суретке қараңыз). 410. Бұл ажыраған қарапайым екінші ырғақ түріне жатады әрі "жеңіл тең үштік ауыр" хафиф сақил әл-мутасауй әс-суләсий тетрахордына қатысты. Оның музыкалық айналым уақытының қосындысы он екі ритмдік ырғақпен тең келеді (8 ден 12). Ескідегі арабтар ажыраған қарапайым екіншіден өздері "бірінші ауыр" әс-сақил әл-әууәл деп атаған ырғақ түрін шығаратын болған. Сондай-ақ олар (8 ден 12) уақытымен тең келетінді "бірінші ауырдан алынған ортаңғының шамасы" деп те атайтын еді. Қазіргі күні осыған жақын ырғақты "чифти юрик самаги" деп атайды (239-суретке қараңыз). 411. Осы жолмен пайда болған ырғақтың бұл түрі, "жеңіл төрттік тең" хафиф әл-мутасауй әррубаги тетрахорд түріне жатады. Оның айналым уақытының қосындысы жеңіл әуелгі қосылғанның бес ритмдік ырғағымен тең (4 тен 5).

Бұған ең жақын ырғақты қазіргі күнде "ақсақ фаһте" және "ағыр ақсақ турки" деп атайды (242суретке қараңыз). 412. Бұл ырғақ осы тұрған бойында "тең емес үштік" тетрахордына жатады. Бұл - бірінші күрделі. Оның музыкалық айналым уақытының қосындысы, абсолютті жеңілдің алты ритмдік соққысымен тең (8 ден 6). Ескідегі арабтар мұны "жеңіл махури" және "жеңіл екінші ауыр" хафифи әс-сақил әссаний деп атаған (244-суретке қараңыз). 413. Бұл ырғақ "жылдам тең емес үштік" екінші тетрахордқа жатады. Мұнда екі уақыттың ең үлкені бірінші келеді. Ескідегі арабтар мұны "жылдам ромал" деп атаған Бұл "махуриге" қарамақарсы айналым (246-суретке қараңыз). 414. Мабни әл-иқа ырғақтың шыққан тетрахордтағы өзгермейтін түпкі негізі. Оған уақыт пен ритмдік соққылар сияқты қосымшалар қосылмаған. 415. Таусил әл-муфассоль - ажыраған ырғақты қосу ажыраған ырғақтардағы айналымдардың бір айналымда бір-біріне қосылуы. Бұл жағдайда оларға сырттан еш нәрсе қосылмайды. Мысалы, екі айналымның ортасындағы үлкен ажыратушының екі шағын ажыратушыларға бөлінгені сияқты (252-суретке қараңыз). 416. Бұл мысалда бірінші ажыраған ырғақтағы үш музыкалық айналымды қосып, бір айналым қылған. Бұл айналымдарды мына суреттен көрулеріңізге болады (253-суретке қараңыз). 417. Бұл түрдің жасалу әдісі мынадай: жеңіл бірінші ажыраған түрдің ақырғы бөлігін алып, ырғақтағы әрбір музыкалық айналымдардың бірінші бөлігіне қосылады. Егер жеңіл бірінші ажыраған түрдегі (4тен 3) ойша алынған үш айналымның әрбірінің әуелгі бөлігіне екінші бөлігінің мысалындай бөлік қосылса, онда музыкалық ырғақта пайда болған айналымдардың қосындысы (4тен 15) болмақ (259-суретке қараңыз). 418. Маджазат әл-адуар ажырау уақытындағы қосымша ритмикалық соққылардың кіруі және музыкалық композиция бөлімдерінің бірінен екіншісіне өтуді білдіреді. 419. әл-идраж ауыр ырғақ айналымдарындағы кейбір ұзақ уақыттарда қосымша ритмдік соққылардың арқасында әрекеттің пайда болуы. 420. әл-хасса баяу ритмнің жылдамдата түсуі, яғни жылдам қарқынды білдіреді. 421. Шынында бұл мысалы негізінде түсінікті. Біз мұны уақыты жағынан (4тен 2) болған "ауыр екінші" етіп жасадық. Бұл уақыты жағынан жеңіл қосылғандар мен ауырлар арасындағы ортаңғы түрге жатады (261-суретке қараңыз). 422. Бұл мысалда әрбір екінің арасында (4тен 2) деп шамаладық. Мұнда уақытының қосындысы (4тен 6) ұқсаған ажыраған айналымға ұқсайды. 423. арб'ан арб'ан мұндай әрбір айналым уақытының қосындысы, қосылған екінші ауырдағы (4тен 2) төрт ритмдік соққыдан тұрады. Мұнда екінші ритмдік соққыға бір көркемдеуші қосымша қосылған. Сөйтіп оның ырғағы (4тен 4) қамтыған екі уақытқа бөлінгенге ұқсап қалды (265-суретке қараңыз). 424. Бұл айналым (4тен 8) уақыты бар бірінші айналымның өзі. Бұған жеңіл ритмдік дыбыс қосымшалары кіргендіктен мұны (8 ден 16) өлшеміне жібереді (267-суретке қараңыз). 425. Әрбір айналым, қосылған екінші ауыр ырғақтың (4тен 2) алты ритмдік соққысынан құралады. Енді оның негізіндегі екіншіге бір қосымша қосылғанда ол екі айналымға ұқсайды (269-суретке қараңыз).

426. Араб ырғақтарының бір түрі. Мұның негізі ажыраған қарапайым бірінші тетрахордтан шығады. Мұнда бір уақыт. Кейбір кезде жылдам тетрахордтан да алынады. Оны "хасис әр-рамал" деп атайды. Бұл ырғақтың асылы - тізбектелген екі жеңіл ритмдік соққыдан тұрады. Олардың біреуі айналымды ажыратушы. Бұл ырғақтың ауыры, жеңіл бірінші ажыраған тетрахордынан шығады. Бастапқы үлкен соққылардың арасындағы бір соққының уақытында (4тен 5) тізбектелген екі ритмдік соққы болады (271-суретке қараңыз). Негізінде бұл көргеніңіз оның ең үлкен айналымы, ал енді кіші айналымына қарасаңыз, онда ол да жеңіл бірінші қосылған тетрахордтан шығады (272-суретке қараңыз). 427. Расында да екі жартының құрамындағы әр айналымның арасына кіші ажыратушыларды орнатқан соң екі жартының өз айналымдары болады. Бірінші үлкен айналымның уақыт қосындысы (4тен 8), ал екінші үлкен айналымның уақыт қосындысы (4тен 10), (275-суретке қараңыз). 428. рамал. Араб ырғақтарының негізі, жеңіл тең емес үштік және екілік тетрахорд түрлерінен алынады. Мұнда екі уақыттың үлкені кішісінен бұрын келеді. Сондай-ақ, жылдам тең емес үштік тетрахордынан да шығарылады.

Алайда көп жағдайда бұл ырғақтың негізі, жеңіл тең емес үштік тетрахордынан алынады. Мұның айналымы (4тен 3) қосылған жеңіл, бірінші ауыр ритмдік ырғақтарынан алынады. Ескілердің "рамал" деп атаған ырғағы осы (277-суретке қараңыз). Сол сияқты рамал ырғағы кейде (8 ден 6) мезгіл шамасында алынып, оны "жылдам рамал" деп атайды. Бұл жылдам тең емес үштік тетрахордына жатады. Сөйтіп мұндағы екі айналым "рамал" айналымдарындағы бір мезгілде қосылған болады (278-суретке қараңыз). Арабтардың ортаңғы бағытты ұстанатындары, жылдам рамалдың айналымы мен жеңіл рамалдың айналымдарын ажыратпай "хафиф рамал" (жеңіл рамал) ырғағы деп атаған. 429. "мин тадиф ән-нақрати әс-сәнияти ин нақарат әл-мабда". Бастапқы бірінші қалпында қалдырып, айналымды қайталаған уақытта екіншіге жеңіл, біріншіге жақын ритмдік ырғақ арқылы екі еселеуді көздеп отыр. Кейін ырғаққа екіншінің басынан кіру мынадай болады (280-суретке қараңыз). Осыдан "рамал" аталатын ырғақтың ең ауыр айналымдары туады. 430. Бұл рамал ырғағындағы айналымдардың үлкені. Мұны кейде "еселенген рамал" [мудоаф әррамал] деп те атайды. Бұл негізгі төрт айналымның қосындысынан туылған айналым (282-суретке қараңыз). 431. Жылдам қарқынның артынан негізгі айналымның біреуі қосылса, онда үлкен айналым негізгі үш айналымның қосындысымен теңесіп оның заманы (8 ден 36) болмақ (284-суретке қараңыз). 432. сәкиль әс-сәни араб ырғақтарына жатады. Бұл ырғақтың түрі негізінде ауыр тең емес үштіктің бірінші тек тетрахордынан алынады. Мұнда екі уақыттың кішісі, өзінен үлкен уақыттың алдына шығады (285-суретке қараңыз). Сондай-ақ бұл ырғақты жеңіл тең емес үштіктің ауыр тетрахорд түрінен де алуға болады. Оның айналымы, қосылған бірінші ауырдың ритмдік ырғақтарындағы екеуінің заманымен теңеседі. Сөйтіп, оның уақытының қосындысы (8 ден 16) болады (286-суретке қараңыз). Арабтардың кейбірі бұл түрді "екінші ауырдың ырғағы" [иқат әс-сәқиль әс-сәни] деп атаған. Олар мұны қосымша ритмдік соққылармен араластырып қолданған. Мысалы, оның екінші уақытында

бір ритмдік соққыны және үлкен ажырату уақытына бір ритмдік соққыны қосып, сосын оны екі айналымға бөледі. Бұлардың әрқайсысы (8 ден 8) болады (273-суретке қараңыз). 433. әл-махурий немесе хафифи әсақиль әс-сәни (8 ден 6) жылдам тең емес үштік тетрахордынан алынған. Негізгі айналымдағы ырғағының түрі - жеңіл ритмдік екі соққы кейін, сол айналымның ажыратушысы болатын ауыр ритмдік соққы келеді. Осының жылдамын "әл-махурий әл-хафиф" деп атайды (290-суретке қараңыз). Хафиф әс-сақиль әс-сәний түріне келсек, онда бұл (8 ден 9) жеңіл тең емес үштік тетрахордынан алынғанына қарамастан махури ырғағының нақ өзі десек болады (292-суретке қараңыз). 434. Айналымның ажыратушысына, яғни екінші бөлікке бір ритмдік соққыны қосып, ол келесімен жалғасады. Нәтижеде мына суреттегі сияқты болады (293-суретке қараңыз). 435. әс-сақиль әл-әууәл. Бұл араб ырғағының негізі ауыр тең үштік тетрахордынан алынады. Сол сияқты жеңіл ауыр тең үштік тетрахордынан да алынады. Алайда бұлардың арасында жиі қолданылатын "бірінші ауыр" деп аталатын мына ырғақтың өзі (298-суретке қараңыз). 436. Расында бұл ырғақтың негізі белгілі. Бұл қазіргі күнде музыканттардың "араб бестігі" [мұхаммас араби] деп атап жүрген ырғағына ұқсайды (300-суретке қараңыз). 437. ЬІрғақтың бұл түрінде екінші мен үшінші артып, бірінші соққы өз қалпында қалған (302суретке қараңыз). 438. Бұл әс-сақиль әл-әууәл ырғағындағы ең үлкен айналым. Себебі, ол өз ішіне үш айналымды қамтиды. Мұнда екінші мен үшінші ритмдік соққылар еселеніп айналымды құраған соң, бірінші мен қосымша бір ритмдік соққылар құрайтын екі айналым келеді. Сосын үлкен ажыратушымен тәмамдалады (303-суретке қараңыз). 439. Хафиф әс-ақиль әл-әууәл жеңіл тең үштік тетрахордынан алынатын араб ырғақтарының түрі, кейде бұл ырғақ оның жеңіл тең үштік ауыр тетрахордынан да алынады. Мұндағы ритмдік соққылардың орналасу реттілігі, бірінші ауырдың тәртібіне ұқсайды. Жеңіл тең үштік ауыр тетрахордындағы ырғақтың ең ауыры, тең екі ритмдік соққы. Олардың әрбірі (8 ден 3) жеңіл ауыр екіншінің уақытымен қосылған. Мұнан кейін жалғыз ауыр ритмдік соққы. Ол (4тен 3) жеңіл бірінші ауырдың уақытымен қосылған. Ескіде бұл ырғақты "ауыр біріншідегі ортаңғы шама" әл-қадар әл-аусат мин әс-сақиль әл-әууәл деп атаған (305-суретке қараңыз). Көп жағдайда бұл ырғақтың негізі өзгертіліп пайдаланылады. Арабтардың ортаңғылары бұл тетрахордтың негізгі айналымындағы ажыратушыға (4тен 2) уақытындағы бір ритмдік ырғақты қосып, бірінші уақытын толықтырып, оны осылай атайтын болған. Ал енді оның жеңіл ырғақтысын "жеңіл бірінші ауыр" деп атайды. Ондағы айналымның уақыты, бірінші ауыр ырғақ айналымының жартысын алады. 440. "уа тардуфу бинақротин лайнатин" яғни айналымның ақырында оны екінші айналыммен жалғастыруы үшін қосылатын жұмсақ соққы келеді (310-суретке қараңыз). 441. Ырғақтың бұл түрі, бірінші ауырдың ритмдік ырғақтарының жеңіл түрінен. Оның айналымына қосымша соққылар қосылады немесе сол сияқты жеңілден екі айналым жалғасады. Ескідегілер мұны да "жеңіл бірінші ауыр" хафиф әс-сақиль әл-әууәл деп атаған. Ал енді қазірге кездегілер бұл ырғақ түрін "садаһу дуайк" негізі деп атап қолданып жүр (311-суретке қараңыз). 442. әл-харф әл-мутахаррик қысқа дауысты фонема. Ол өзіне қосылған дыбысқа еріп созылыңқы болмайды.

443. әл-харф әс-сакин өзінен бұрын харакатты дыбыс келіп, бірақ өзі харакатты емес фонема. 444. әл-мақтаг әт-тауйль созылыңқы үш атырабын бірімен қосылып, созылыңқыға айналған фонема. Әдетте созылыңқы фонеманың алдында дауыссыз фонема немесе қысқа дауысты фонема келеді. 445. сабаб хафиф харакатты дыбыстан кейін харакатсыз дыбыстың келіп тәмамдалуы. Мысалы; "маф", "зу", "лән" т.б. буларды "сабаб хафиф" деп атайды. "Сабаб хафиф" созылыңқы дауыстылардан саналады. Оның алдында харакатсыз фонема келеді. 446. сабаб әс-сәқил: араб тілінде екі харакатты дыбыстың тізбектеліп келуін осылай атайды. Сондай-ақ бұл екеуінен соң харакатсыз дыбыстың болуы тиіс. 447. әл-уатад әл-мажмуг екі харакатты дыбыстан кейін сукунды фонеманың келуі. Мысалы; "фағу", "мафа", т.б. Мұндағы екі дауыстының біріншісі, қысқа бөлік, ал екіншісі ұзын бөлік. 448. әл-уатад әл-мафруқ екі харакатты дыбыстың ортасында сукунды әріптің, яғни харакатсыз дыбыстың келуін айтады. 449. зихаф өлең өлшемдеріндегі сабаб хафифті қысқарту әдісі. 450. әл-ақауил масруда ырғақты өлшем бөліктерінде реттікке келмейтін сөздер. 451. әл-хан әл-масруда - "масруда әуендері" ырғақ айналымындағы өлшемді уақытта ажырамайтын абсолютты музыкалық композиция. 452. хафиф әр-ромал негізінде бұл ырғақ араб ырғақтарының әуелгісіне жатады. Бұл ырғақ жеңіл бірінші қосылған тетрахордтан алынады. 453. әл-истиһләл "музыкаға кіріспе" (вокалды прелюдия). Белгілі бір әуенді бастамас бұрын өлең сөз айтылатын кіріспе. Ол сөздің бастамасынан алынған кіші бөлік. Әдетте оны әуендетіп айтады. 454. ән-нащид "өлең". Бұл да увертюраға жатады, бірақ мұнда бірінші сөзден үлкен бөлік қолданылады. Ол үшін сөзді әуелгі өлшеммен оқиды немесе әуелгі байтты толық оқиды.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙