Ақын апологиясы
Әмірхан Балқыбек
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
1990 жылдардың басында қазақ әдебиетіне жасындай жарқылдап келген талантты ақын, сирек ұшырасатын интеллектуал, дарынды әдебиетші Әмірхан Балқыбектің бұл кітабына әр жылдары жарыққа шыққан аудармалары, тарихи эсселері мен әдеби мақалалары еніп отыр. Әмірхан Балқыбектің азаматтық болмысына, ақындық ерекшелігіне, күрделі дүниетанымына, тектілігі мен терең ойлылығына осы кітаптан қаныға түсеріңіз күмәнсіз.
Әмірхан БАЛҚЫБЕК ҚЫН ПОЛОГИЯСЫ
АЛМАТЫ «ДӘСТҮР» Тарихи эсселер, әдеби мақалалар, аудармалар А
УДК 821.512.122 ББК 84(5 Қаз) Б 22 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарлама сы бойынша жарық көрді Балқыбек Ә. Ақын апологиясы: Тарихи эсселер, әдеби мақалалар, аударма лар. – Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015.– 400б. ІSBN 978-601-7505-01-1 1990 жылдардың басында қазақ әдебиетіне жасындай жарқылдап келген талантты ақын, сирек ұшырасатын интеллектуал, дарынды әдебиетші Әмір хан Балқыбектің бұл кітабына әр жылдары жарыққа шыққан аудармалары, тарихи эсселері мен әдеби мақалалары еніп отыр. Әмірхан Балқыбектің азаматтық болмысына, ақындық ерекшелігіне, күр делі дүниетанымына, тектілігі мен терең ойлылығына осы кітаптан қаныға түсеріңіз күмәнсіз.
УДК 821.512.122
ББК 84(5 Қаз)
ІSBN 978-601-7505-01-1
© Балқыбек Ә., 2015.
© «Дәстүр», 2015.
© «Каратау КБ» ЖШС, 2015.
Б 22
«АҚЫН БОП ҒҰМЫР КЕШІРУ
ОҢАЙ ДЕЙМІСІҢ, ҚАРАҒЫМ»...
Өзіңнен жасы кіші інің жайлы естелік жазудан ауыр бұл
жалғанда ештеңе жоқ екен-ау. Әмірханмен қалай танысқаным
есімде қалмапты. Соған қарағанда, алғаш кездескен сәттен-ақ
бір-бірімізді бұрыннан білетін адамдардай бірден тіл табысып
кеткен болуымыз керек.
Мен онымен көп сапарлас болдым. Қарағандыдағы Қасымның
тойы, Шымкенттегі «Тау самалы» демалыс аймағындағы он күн,
Өскеменде өткен республикалық мүшәйра, Түркістан, Астана,
Шардара, Көкшетау сапарлары... Әңгіме санында емес, әрине.
Алматыда Әмірханмен бір есіктен кіретін көрші тұрған кезім
де болды. Бір үйде, бір подъезде тұрдық. Ол бесінші, мен екін
ші қабатта. Күнде кездесіп арқа-жарқа әңгімелесіп жүрдік. Бірде
есік алдында жолыққан Әмірхан:
–Қас-аға, ауылдан кеше әкем келді, кешке үйден кеп сол
кісімен бірге тамақ ішіңіз, әкемнің сізбен жақын танысқысы
келеді, ол кісінің сіздің өлеңдеріңізді жақсы көретінін өзіңізге
талай айтып едім ғой – деді. Кешкілік қызметтен оралысымен
жуынып, тез киім ауыстырып, бесінші қабаттағы Әмірханның
пәтеріне көтерілдім.
Сол кеште үшеуміз көп сөйлестік. Әмірханның әкесі Жұмабек
ағамыздың парасат-пайымы, білімі мені қайран қалдырған еді.
Жұмекең қамшы салдырмайды, қай салаға салсаңда ағып тұр.
Әмірханның сұңғылалығының сырын ұққандай болғанмын сон
да. Ол күндер де келмеске кеткелі қашан.
Ауыл демекші, менің жеке мұрағатымда сақталып қалған Әмір
ханға қатысы бар бір фото көзіме ерекше ыстық көрінді. Иә, бұл
ағам Назымхан дүниеден өткенде жаназаға қатысып, көңіл айтуға
Бабайқорғанға барған ақын інілерім Қазыбек Иса, Әмірхан Балқы
бек, Әлібек Шегебайлардың әкеммен түскен суреті. Әкем үш ақын
ның ортасында отыр. Әмірхан әкемді қапсыра құшақтап түсіпті...
Бүгін есіме Әмірхан Балқыбекке қатысты көп жайлар түсіп
отыр. Оның бәріне тоқтала беру қажет те емес шығар. Соның
бір-екеуін ғана сөз етсем деймін.
Сағатпен баратын қатал қызметтен жақында ғана біржолата
құтылған кезім. Таңғы сағат жетіден тұрып алып безектемейсің.
Рахат. «Қой ертең жұмысқа барам» деп, амалсыз ерте ұйықтауға
жатпайсың. Ерік өзіңде. Түн жарымы ауғанша жазу жазып, сүй
ікті кітаптарыңды оқисың. Қыстың бір суық түні болатын. Қал
та телефоным безектей жөнелді. Жүрегім зырқ ете түсті. Жүре
гімнің атқақтай жөнелетіндейі де бар. Жасы сексен жетіге келген
әкем елде, інілерім Садырхан мен Уәлиханның қолында тұра
ды. Соңғы жылдары қайда жүрсем де жасы келген әкеме үнемі
алаңдап жүретін болғам.
Сағатқа қарасам түнгі үштен өтіп барады екен. «Бұл кім бол
ды екен» деп, орнымнан тұрып телефонға қарасам, «Әмірхан
Балқыбек» деген жазуды көрсетіп, безілдеп тұр. «Не боп қалды
екен» деген әрі-сәрі оймен телефонның дауыс қабылдағыш түй
месін бастым.
– Қас-аға, қалайсыз? – дейді ар жақтағы дауыс.
– Ия, Әмірхан, түнгі үште не болды, тыныштық па? – деп сұра
маймын ба.
– Тыныштық қой, сізбен сөйлескім келген соң өзімсініп уақыт
тым кеш болса да, хабарласып тұрмын, аға. Ренжімесеңіз, Сай
ын мен Шаляпиннен сәл төмендеу жердегі кафеде отырмын, дәл
қазір келе аласыз ба? – дейді. Мен сәл ойланып:
– Қасыңда кім бар? – деп сұрадым. Ол:
– Ешкім жоқ, жалғыз өзім, қасымдағылардың бәрі кетіп қалып
ты, – деді күрсініп.
– Кетіп қалғаны қалай?
– Бүгін жалақы алған соң, бір достарымды кафеге шақырып
едім, – дегенді қосып қойды. Мен де бастапқы абдыраған халден
арылып, өзіме тез келгендей болдым.
– Жаныңда басқа кім бар, Әмірхан. Телефоныңды соған берші,
– дедім. Ол даяшы деп біреуді шақырып, трубканы берді. Мен
даяшыдан сол жердің адресін тәшпіштеп сұрап, анықтап жазып
алып, оған: – Бауырым, далада күн суық, мен келгенше мына кісі
далаға шығып кетпесін, сөйлесіп отыра тұршы, – деп өтіндім. Ол
сөзге келместен: – Алаңдамаңыз, аға, сіз келгенше ешқайда жі
бермеймін. Бірақ тезірек келіңізші, кафені жабатын уақытымыз
әлдеқашан өтіп кеткен, – деді.
Жылдам жиналып, көлігіме отырып, айналасы жарты сағатта
кафеге жеттім. Оңай таптым. Сайын көшесінің қапталындағы
шағын ғана кафе екен. Кіріп барсам, Әмірхан оң жақ бұрыштағы
столда жалғыз өзі отыр. Бір жас жігіт қалғып қарама-қарсы бет
тегі орындықта отыр. Оның даяшы екенін түсіндім. Әмірхан
мені көріп айыпты адамдай сәл ыңғайсызданған кейіппен ақсия
күліп, орнынан тұра берді. Екеуміз құшақтасып көрістік. Қалғып
отырған жігіт те орнынан тұрып қасымызға таяды.
– Ал, бауырым, мына столды тез есептей қойшы, қанша болды,
– дедім. Ол:
– Аға, бұл кісі өзі бағана толық есептесіп қойған, – деді. Мен
аң-таң болып Әмірханға қарадым. Кафеге қарыз боп, төлейтін
ақшасы болмай, кете алмай отыр ғой деп ойлағанмын. Жоқ,
мүлде олай емес екен. Ол ойымды сезгендей:
– Қас-аға, мен бүгін сізді әңгімелесуге, асықпай отырып сы
рласуға арнайы шақырдым, – деді. Сіз көшіп кеткен соң бір-
бірімізді көп көрмейтін болдық қой. Ал уақыт болса ағып өтіп
бара жатыр. Өмір өтіп барады аға,-деді көзін бір нүктеге қадала
қарап отырып.
– Түк бітірген жоқпын. Жұқа өлең кітап пен бес-алты мақала
ғана жаздым. Өз мүмкіндігімді толық көрсете алмадым. Жа
зылып шаба алмадым. Әдебиетте төңкеріс жасасам деген ар
мандарым қиял жүзінде ғана қалатын сияқты. Соңғы кездері
қатты құлази беретін болдым. Сырттай бәрі жап-жақсы, дұрыс
сияқты. Ал ішім тола шер, мұң-нала. Бір серпіле алмай-ақ қой
дым. Әсіресе, әкемнен айырылғалы бері бір ауыр ойлар қаусы
рып босатпайтын болды. Көшім хан туралы үлкен роман жазам
ба деп едім. Қайдааан. Күйбең тірліктен, мардымсыз жалақыға
жалданған күнделікті жүйкеңді жүндей түткен қызметтен босай
алмай жүрмін...
Сөйтті де қалтасынан ірілі-ұсақты теңгелерді шығарып столға
тастай салды. Даяшы да бізге кеңдік жасап:
– Аға, сіздер отырғыларыңыз келсе асықпай отыра беріңіз
дер, енді менің де ұйқым ашылып кетті, – деді күлімсірей. Мен
даяшыдан лимонмен бір шәйнек ыстық шәй әкелуін өтіндімде,
оның қасына отырдым.
– Ал сөйле, Әмірхан, мен бүгін сенің тыңдаушыңмын, – дедім
қалжың-шыны аралас. Әмірхан екеуміз сол түні ұзақ оты
рып сөйлестік. Артюр Ремо, Француа Вийон, Данте, Шекспир,
Бальзак, Блок, әкелі-балалы Гумилевтер, Велемир Хлебников,
Есенин, Маяковский, Марина Цветаева, Пушкин, Лев Толстой,
Лермонтов, Никколо Паганини, Достоевский, Эдгар Аллан По,
Хемингуэй, Джек Лондон, Актагава Рюноскэ, Юкио Мисимадан
соң, әңгіме Н.Рубцовқа кеп тірелгенде, ол сәл ғана өзімен-өзі
ойланып отырды...
Иә, сол түні ол ұзаққа сілтеді. Көсіле шапты. Арасында осыған
менің әңгімем қалай әсер етіп отыр дегендей бетіме барлай қа
рап қояды. Мен оны мұқият тыңдап отырғанымды жүзімнен
аңғартқан соң, алдындағы суый бастаған шәйін бір ұрттап қой
ды. Енді оның әңгімесі ұлы суретшілерге қарай ауысты. Павло
Пикассо мен Манеден басталған сөзі Ван Гог пен Пол Сезанның
туындыларына қарай ойысты. Ол осылай маған әлемнің ұлы
ақын-жазушылары мен суретшілерін жалықпай әңгімеледі. Ара
сында өзінің олардың шығармаларына деген көзқарастарын да
ашық білдіріп отырды. Не деген телегей теңіз білім...
Бір кезде шаршады ма, жоқ әлде жалықты ма екен:
–Қас-аға, бір-екі өлеңіңізді оқып беріңізші, – деді сәл серпіл
гендей болып. Мен онша зауқым соқпай тұрса да көңілін қал
дырғым келмегендіктен жатқа білетін екі-үш өлеңімді оқыдым.
Қыстың сол бір ұзақ түнінде екеуміз көп сырластық.
Таң біліне бастағанда Құлагер ықшам ауданындағы үйіне апа
рып салдым. Үйіне барған соң да бірден жібергісі келмеді. «Тым
болмаса, шай ішіп кетіңіз» деп тұрып алды. Зайыбы Мархабат
қабақ шытпай қарсы алып, дастарқан жайып, шай жасады. Ай
тпақшы, маған қазақшылыққа келгенде екеуінің де жақындығы
бірдей болатын. Сондықтан Мархабатқа «әрі келінім, әрі қарын
дасым боласың» дейтінмін. Әмірхан оған келіспей: «Жоқ, Қас-
аға, сіз маған жақындаусыз» – деп дауласа кететін. Онысына мен
де мәз болып қалатынмын.
Олар Қасиет есімді қызы үшеуі өте бақытты жанұя еді. Қиын
дықты көп көрсе де, тізе қосып жеңе білді. Олар өте тату тұрды.
2014 жылғы сәуір айының 8-күні алаңсыз жүрген маған ақын
досым Ғалым Жайлыбайдың: «Қасымхан, сен қазір қайдасың,
жаңа ғана Әмірхан Балқыбек інімізден айырылып қалдық. Ма
ралтай, Жанарбек үшеуміз қазір Одақтан шығамыз, сен тез Әмір
ханның үйіне келші!» – деген сөзі біреу төбеме суық су құйып
жібергендей әсер етті. Әмірханның үйіне қарай асықтым.
Жол жөнекей жазушы Дулат Исабековке, ақындар Темірхан
Медетбекке, Исраил Сапарбайға және Ислам Әбішевке осынау
суық хабарды жеткізге мәжбүр болдым. Әмірханды оқушы кезі
нен білетін, қазіргі белгілі ақын Қазыбек Исамен хабарласып
оған да қаралы хабарды жеткіздім. Ол Қырғызстанның кедені
нен енді бері өткелі тұр екен.
...Қазақстан Жазушылар Одағында өткен жыл қорытындысын
да он екі-он үшінші жылдары шыққан жыр кітаптарына жасаған
баяндамамда мен Әмірхан Балқыбектің де өлеңдеріне арнайы
тоқталып өттім. Иә, осы біздің қазақ өз ардақтыларын айырылып
қалғаннан кейін іздейтіні несі екен, а? Осы жайды айтудай-ақ
айтып, жазудай-ақ жазып келеміз. Бірақ осы бір жаман әдеттен
арыла алмай қойдық-ау. Үзеңгілестері қос-қостан алып жатқан
сыйлықтардың бірде-біреуін алмастан, қайран Әмірхан Балқы
бек дүниеден өтті. Өте өкінішті. Еңбегінің еленіп, ескерілмегенін
айтам да. Тым болмаса Жазушылар Одағының бір жылда қырық
бес ақын-жазушыға берілген «Алаш» әдеби сыйлығын алғандар
дың да ішінде оның есімі жоқтығы менің жанымды ауыртты.
Әмірхан Балқыбектің атақты жапон жазушысы Акутагава Рю
носкэнің ізімен жазған «Ақынның Апологиясы» атты шығарма
сы күндердің күнінде біздің театрларымыздың бірінде сахнаға
шығып жатса, мен оған әсте таңқалмаймын. Себебі, бұл сахнаға
өзі сұранып тұрған дап-дайын көркем дүние. Асқақ арман. Ұлт
әдебиетінің ертеңіне деген сенім мен күдік астасқан екі актер
ғана ойнайтын интелектуалды шағын ғана, жұп-жұмыр шығар
ма. Сенбесеңіз, өзіңіз оқып көріңіз. Көзіңіздің жетеріне менің
зәредей күмәнім жоқ. Әттең дейсің осындайда, біздің режиссер
леріміз неге ізденбейді екен. Бір сөзін де өзгертпей, режиссерлік
тың шешімдермен, осы екі адамдық ғана керемет дүниені сах
наға шығарса ғой деп армандап жүрмін.
2014 жылдың қыркүйек айында Қызылорда қаласында өткен
республикалық театр фестиваліне барып келген Әшірбек Сығай
ағамызбен Алматыда бір кездескенімде: «Көп театрларда мүлде
ізденіс жоқ. Сол баяғы ескі сарын», – деп Әшекеңнің мұң шағып,
құлазығаны есімде қалыпты.
Егер терең ізденсе қазақ театрының сахнасы құлпырып, жанда
нып шыға келер еді-ау. Халық та театрдан шықпас еді. Осы күні
шығып жатқан екі басылымның бірі «театрға халық бармайды»
деп жазады да жатады. Халық неге театрға бармасын. Барады.
Жоғарыда айтқанымдай, ізденіс аз, театрдың пиары жоқтың
қасы. Қазақ театрына жаңа драмалық шығармаларды, жас ав
торларды тартынбай тарту керек. Солардың бірегейі, басқасын
былай қойғанда – Әмірхан Балқыбектің дәл осы шығармасы дер
едім.
Біздің әдебиетіміздің тарихында сирек кездесетін Әмірхан
Балқыбектің «Дәстүр» баспасы шығарғалы отырған осы кітабы
ның атын ұзақ ойланып, өзі жазғандай «Ақын апологиясы» деп
атауды жөн көрдім.
... Біз жанұясы мен жақын достарын екі автобуска отырғызып,
Әмірхан Балқыбекті туған жері Шардараға, ең соңғы сапарына
Алматыдан шығарып салдық. Ақын табыты салынған көлік ақы
рын жылжып, бізден бірте-бірте алыстап елге қарай ұзай берді...
Ол енді маған ешқашан да хабарласпайды. Түн жарымында
беймезгіл уақытта ұйқыдан оятып ол мені енді іздемейді. Ерке
лемейді...
...«Алла Тағала саған жар болсын, бауырым», – дедім күбір
леп. Сол сәтте бұл сөздерді кімге айтқанымды өзім де түсінгенім
жоқ...
Содан бері де арада бір жыл уақыт өте шығыпты. Әдебиет пен
мәдениеттің үлкен жанашыры, белгілі мемлекет қайраткері Ис
лам Әбішевке хабарласып, Әмірханның жылдық асы елде өт
тетінін айттым. Исекеңнің қамқорлығымен Алматыдан арнайы
бөлінген микро автобуспен Әмірханның достары – Маралтай
Райымбекұлы, Жарас Сәрсек, Дәурен Қуат, Әлібек Шегебай, Сә
кен Сыбанбай тәрізді оншақты адам жолға жиналдық.
Жылдағыдай емес, биыл біртүрлі боп тұрған сәуірдің кешінде
Шымкенттегі «Астана» қонақ үйіне бір қонып, ертеңіне таң ала
кеуімде ақынның жылдық асы өтетін Шардараға Келес жағынан
емес, Арыс қаласы арқылы баратын жолға түстік. Әмірхан ақын
әрі-бері талай жүрген қара жол сайрап жатыр. Бұл жолмен соңғы
рет ол туған жеріне бір жыл бұрын табытта жатып өтті...
Әмірхан көп беймәлім әдеби-тарихи құбылыстарға батыл бол
жамдар жасады. Тың тұжырымдар жасап жол көрсетіп кетті. Бо
лашақта ақын-жазушы болғысы келетіндер түгілі, бірнеше кітап
тар шығарып қойғандардың өзіне кімді, нені оқу керектігі жайлы
ой тастап кетті.
Өнер адамдары бір-бірін қадірлеуге, бағалауға, аялауға үйре
нуі керек. Бір-бірін қадірлеп сыйласа білудің өзі үлкен мәдениет.
Әмірхан соның озық үлгісін көрсетіп кетті.
Талайды күрсіндірген Әмірхан ақынның жылдық асы да өтті.
Астанадан Қазыбек Иса, Ерлан Жүніс, Шымкенттен Бақытжан
Алдияр, Түркістаннан Батырхан Сәрсенхан, Алматыдан Шер
хан Талап, Әрібибек Дауыл, Бекзат Смадияр, Тұрғанбек Нұртас,
Тараздан Мәди Бекмағамбет сияқты ақындар Әмірхан Балқы
бектің Шардарада өткен асына арнайы барып қатысты. Аста
белгілі жазушы Гүлзат Шойбекова, аудан әкімі Хамит Айтөре
ев, Мақтаарал аудандық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің ба
стығы, ақын Пердеш Есенбековтер сөз сөйледі. Әсіресе ақынның
ардақты анасы мен аяулы жарының сөзі көңілімізді толқытты.
Асты Әмірханның досы Маралтай жүргізді.
Ауыр-ауыр ойларды арқалап біз Алматыға шаршап, қажып
оралдық.
...Шардара қаласына кіре берістегі зиратқа жерленген, Ал
матыға сыймай кеткен арда ақынның басына барып құран
бағыштадық. Кеше ғана арамызда жүрген арманшыл, асау ақын
ның мәңгілік мекені әркімді әр түрлі сезімдерге бөлегені анық.
Әмірханның ақыреттік үзеңгілес досы, жазушы Дәурен Қуат
тың бейіт басында топтан бөлініп қап қойғаны көңіліме мұңлы
ой салды. Бірі мына, екіншісі ана дүниедегі достардың оңаша
бетпе-бет қалуы... Алыстан арнайы ат сабылтып жеткен жазушы
аяулы досымен оңаша қоштасқысы келген болар, кім біледі.
Төңірек көкпеңбек. Көкорай жазира дала мен теңіздің арасын
ақын жатқан мұңлы бейіт бөліп тұр. Сонау етектегі көк теңіздің
толқындары ақын жатқан бейіттің бір қапталын тепкілеп жатыр.
Әмірхан Балқыбек жерленген сол биік көкпеңбек тепсең көпке
дейін көз алдымнан кетпей қойды.
Қасымхан БЕГМАНОВ
І-бөлім
ТАРИХИ ЭССЕЛЕР
БӨРІ-НАМА
Атам Балқыбектің
рухына арнаймын
ҚАСҚЫР ҚҰДАЙ БОЛҒАН КЕЗ
Тілім бертінге дейін, жасым төрт-беске келгенше шықпай
жүріпті. Секпіл бет немересіне пейілі ынты-шынтысымен құла
ған қасиетіңнен айналайын сары атам сонда ырымдап итаяқтан
су ішкізген көрінеді. Балалық шақтың осы бір әсерлі сәті кейін
өлеңге айналған:
Жұтаңдаумын, демен бірақ жарлымын,
Баба ырымы, әлегі емес жарғының.
Қызыл тілді сөзге иілту үшін де,
Итаяқтан суды да ішкен бар күнім.
Итаяқтан суды да ішкем, сөкпегін,
Айыптарға өзге күнәм көп менің.
Ырзығымды табам қазір еңбекпен,
Тілді бірақ иемдендім теп-тегін.
Итаяқтан суды да ішкен бар шағым,
Кез емес-ті ол көңіл күпті, арса мұң.
Сен шаршадың сәнді қуып, мен байғұс,
Баба-ырымға баға таппай шаршадым.
Итаяқтан суды да ішкем, Бабаның
ырымына мінезі жат қаланың
көшесінде көп – көрікті қызбен де,
Қызып кетсем ырылдасып қаламын.
Осы болды-ау замананың өлеңі,
Көп болған соң көр сезімі, көбеңі.
Исі тілге илікпеген жандарға,
Итаяқпен тамақ бергім келеді,
Құдай сақтасын.
Жырлауға өзге тақырып таппағандай, ақынның балалық ша
ғында итаяқтан су ішкендігін өлең қылып жатуы бүгінгі күн ой
сарасымен қарағанда күлкілі көрінуі мүмкін, бірақ жан-дүниесі,
жүріс-тұрысы ырым мен нанымнан тұратын бағзы көшпелі
үшін бұл ешқандай да бүйректен сирақ шығарар оғаш қылық
емес-ті. Маған, бүгінгі қалалыққа, тіл қадірі, сөз киесіне жарық
дүниеде дәл көшпелі түркілердей жауапкершілікпен қараған ха
лық арғы-бергі тарихта болмағандай сезіледі.
Жауымен бетпе-бет шайқастар-ға, қаһарлы ырылға тілі келген
жан, санасы ояу болса, оңаша отырып сөз қадірін де, таным бас
тауында жатқан таңба төркінін де зерделеп түсіне алмақ. ХХ ға
сырдың екінші жартысында сүйікті немересіне ырымдап итаяқ
тан су ішкізген сары шал осыдан үш жарым мың жылдай уақыт
бұрын пайда болған көшпелілер дүниетанымының жазылмаған,
қағаз бетіне түспеген қағидасы бойынша әрекет жасап жатқан
дығын түйсінді ме екен? Қайдам. Бірақ шал әрекетінің астарын
да кім-көрінгенге сырын алдыра бермейтін құпия далалық дана
лықтың ұшқыны жатқандығына ешкім де күмәндана алмайды.
Біздің міндет, міне, осы, ұрпақтар санасында сәулесінің өзі
емес, көлеңкесі ғана анда-санда елес беріп өтетіндей дәрежеге
дейін құлдыраған сол бағзы да жаңа текті далалық даналықтың
қайсыбір тұстарын қайта қалпына келтіруге әрекет жасауға тал
пынып көру болмақ.
Алғашқы әңгімемізді қазақта киелі жеті қазынаның қатарына
жататын, жоғарыда өзіміз өлеңге кейіпкер еткен ит мақұлығы
мен тамыры бір табиғаттың төл перзенті бөріден, дәлірек айт
қанда, бүкіл түркіге ортақ қасқыр мифі мен тотемінен бастасақ
деп отырмыз.
АЛЛЕГОРИЯ МА? АҚИҚАТ ПА?
Тосын пікір сынға ұшырайды. Тіпті жазаға тартылуы да
мүмкін. Бұл сөзімізге сіресіп қатып қалған дін догмаларына
қиғаш келетін жаңалықтары үшін түнекті орта ғасырларда отқа
өртелген, шіркеуден аласталған Джордано Бруно немесе Гали
лео Галилейлердің ащы тағдырлары әбден дәлел. Бірақ олар
араға бірнеше ғасырлар салып барып болса да жеңіп шықты.
Шіркеу, дін өздерінің жеңілгендігін мойындады. Жалпақ жұрт
тан кещеліктері үшін кешірім сұрады. Ал сол орта ғасырлар
да ақиқатты іздеп аласұрған ғалымдарын соңына шырақ алып
түсіп қудалаған Шығыс әлі күнге өз қателігінің кесірінен оңала
алмай келеді. Мұхаммед ғалайссаламның «Тіпті Қытайда болса
да білім алуға ұмтылыңдар, неге дегенде, білім алуға әрекетте
ну – әрбір мұсылманның парызы» деген әйгілі хадисін аяқ асты
еткен ислам әлемі болса Батыс өркениеті тепкісінің астында.
Міне, сенің айтпақ пікірің де осындай қалыпты түсініктің
«басын жарып, көзін шығарардай сипатта». Ол жаңалығың
«Түркілік қасқыр тотемі мен жебірей жалғыз құдайының түбі
бір» деген тұжырыммен түйінделеді. Иә, мұндай жаңалығыңа
сарабдал, салиқалы пікірлер естімек түгілі, өз жеке басың мен
есіңнің дұрыс-бұрыстығы нәгүман болары анық. Жұрт сені
бір ауыз сөзбен «ауыш» деп атайтын болады. Бәлкім, күлетін
де болар. Мейлі, күле берсін. Ал сен өз жаңалығыңның ақиқат
екендігіне кәміл сенесің. Сенбегенде!..
Түркі халқы өзін Қасқыр-анадан таратады. Бірақ ол оны еш
қашан, Құдай яки, Тәңірі дәрежесіне көтермеген-ді. Түркілер
өзінің қаншық қасқыр мен шалажансар баланың некесінен та
рағандығын, бар болғандығы, құдіреті шексіз Жаратқанның бір
кереметі деп қана түсінетін.
Көне Мысыр сенімдері мен кейінгі үнді-иран және семит
діндерінің бастауында тұрған әрі жер бетіндегі ең алғашқы мо
нотеистік дін саналуға тиіс тәңіршілдік неге қасқыр тотемінің
тасасында қалып қоймады? Түркіде неге алдымен Тәңірі, содан
кейін ғана барып қасқыр ауызға алынып келді? Бұл сауалдарға
тәңіршілдіктің тамыры тереңде жатқан сан мың жылдық терең
тарихы барлығымен ғана жауап беруге болады. Рас, арамыз
да Тәңірі мен тотемді өзара шатастырып, бағзы түркі біткенді
пұтқа табынушы қылып шығарғысы келетіндер де бар. Бабала
рын ақымақ санау, аңыз өзегінен ақиқат болмысын тани алмау
білімсіз ұрпақты осылай адастырады. Мәселе мұндай жалған
пірәдарлардың қасқыр мифі мен тотемі қай кез, қандай уақыт
тар аралығында пайда болғандығын білмейтіндіктерінде. Әри
не, білмеген у ішеді. Біздіңше, қасқыр мифі көшпелілер Тәңірісі
Қосөзен аралығы мен қасиетті Ніл жағалауында көне Мысыр
мен байырғы семит халықтарының көзін ашқаннан көп кейін,
жебірейдің жалғыз құдайымен (Иегова) бір мезгілде, иә-иә, дәл
бір мезгілде дүниеге келген-ді. Мұнымыз құр жалаң қызыл сөз
болмас үшін, осы арада енді түркі қасқыр мифінің өзін біршама
сөйлетіп алайық.
Көнеден жеткен аңыз бойынша көршілес жау тайпа бір ұлыс
елді тұтқиылдан шауып, қырып тастапты-мыс. Қырғынға ұшы
рап, қынадай қырылған елден еркек кіндіктіде жалғыз ғана
ұл қалған көрінеді. Құдайдың кереметімен, сол ұлды қаншық
қасқыр тауып алып, асырап, жетілдіреді. Кейінірек, бала ер
жеткенде, екеуінің өзара жақындасуынан сайдың тасындай он
бала дүниеге келеді. Сол балалардың бірі Ашина Түркі, яғни,
Қасқыр түркі атанып, бүгінгі түркі халықтарының негізін қа
лапты. Аңыз түбірінде қандай нақты тарихи оқиға жатқанды
ғын бүгінгі күні, арада жатқан ондаған ғасырлардан кейін тап
басып айту қиынның қиыны-ақ. Дегенмен әрекеттеніп көру
ге болады. Ол үшін өзімізге белгілі аңызды төрт тарау немесе
үзікке бөліп қарастырған қолайлы. Бірінші үзігі – қырғынға
ұшыраған халық. Екінші үзік – баланы асырап алған қаншық
қасқыр. Үшінші үзік – қаншық қасқыр мен кейін ержеткен ба
ланың некесінен дүниеге келген нәрестелер болса, төртіншісі –
сол нәрестелердің бірінен тараған ашина түркілері. Бүгінгі адам
ой-қиялы біз тараушаларға бөлген аңыздың алғашқы және соң
ғы үзіктерін ғана шындық ретінде қабылдай алады. Ал екінші,
үшінші үзіктер нақты ғылымдар тарапынан қатал сынға ұшы
рамақ. «Жарайды, жалғыз қалған баланы қаншық қасқыр асы
рап-ақ алсын, өмірде мұндай оқиғалар бар, бірақ адам баласы
мен ұрғашы қасқырдың жақындасуы, дүниеге ұрпақ әкелуі, бұл
дегенің енді...» дейді олар. Яғни, аңыздың тууына түрткі болған
тарихи оқиға (ал мұндай оқиғаның болғандығына шәк келтіруге
болмайды) келе-келе оны баяндаушы жандардың ақындық қия
лы құдіретімен адам танығысыздай метаморфозаға ұшыраған.
Яки, тұспалды немесе астарлы аллегорияға айналған. Бәлкім,
аңыздың өзі де бізге белгілі бүгінгі нұсқасында, негізінде жат
қан нақты оқиға жер бетінде көрініс беріп, дүбірлетіп өткен
мезгілдерден ондаған ғасырлардан кейін пайда болған болар?
Бұлай болуы да әбден мүмкін ғой. Мысалы, Күнге жетем деп
мерт болған Фаэтон апаты немесе Троя қырғынының бірі ға
рышта, енді бірі жер бетінде болған тарихи оқиғалардың ақын
дық қиялмен әспеттеліп, әрленген жаңғырықтары екендігін
бүгінгі ғылым нақпа-нақ дәлелдеп беріп отырған жоқ па? Бірақ
Фаэтон күннің қызуына шыдамай күл-талқаны шыққан немесе
тоғыз жыл беріспеген Троя бір түнде отқа оранған мезгілде за
ғип Гомер мен қияли Овидийлердің де ол оқиғалардың маңында
болмақ түгілі мына жарық дүниеге әлі келмегендіктері белгілі
емес пе! Олай болса, қиялмен көмкерілген қасқыр мифінің ас
тарында да мына өмірде расымен-ақ болған оқиға жатыр деп
болжам жасауға әбден қақымыз бар.
Иә, сыры тереңде жатқан аңыз құпиясын ашу үшін өзіміз
шындыққа жанасады деп тапқан бірінші және төртінші үзікке
баса салмақ салғанымыз жөн. Міне, түйсікке осы арада бірінші
үзіктегі шапқыншы жау орнында алғашқы, байырғы нұсқада
«дүлей табиғи апат болған болса ше?» деген ой келеді.
Анығын айту керек, уақыт өте келе табиғи апаттың зардабы
ұмытылып, жаугершілік рухта тәрбиеленген, өзі де найза-қал
қан асынып ат үстінде өмір өткізуі мүмкін дала ақыны қырғын
себебін бүгін болмаса, ертең қылыш түйістіретін көршілеріне
аударып жіберген болуы әбден-ақ қисынды жайт. Мұндай пат
риотизмі үшін дала ақынын ешкім де кінәлай алмайды. Миф ас
тарына үңіле қарасақ, міне, осындай да сарынның бар екендігін
аңғарар едік. Сосын көнеден жеткен қасқыр мифі нұсқалары
ның бірінде тұтқиылдан шабуыл жасаған көршілес тайпа ту
ралы бір ауыз сөз айтылмайтындығын да ұмытпаған жөн. Тек
жосадай қырылған халық қана бар. Бәлкім, бізді аңыз аясынан
шындықты тануға бастайтын жол осы болар?
ҚАСИЕТТІ СӨЗ БАЯНЫ
Сен бір мақалаңда («Ау-у-у». Қасқыр мифі мен тотемі құпия
сын шешуге талпыныс, «Парасат» журналы, 1997, №10) қас-қыр
мифінің негізінде өзімізге күнделікті тіршіліктен таныс бөрі
бейнесі емес, қасиетті «ау» сөзі жатқандығы туралы жазғансың-
ды. Уақыт өте келе осы киелі сөз кәдімгі қасқыр образымен ұш
тасып, тотемге айналды деген едің. Мифтің екінші үзігі бойына
жасырған құпияның шешімі осындай екендігіне дау жоқ. Киелі
сөздің символдық мәні бар затқа (бұл жерде жануарға) айналу
процесі ұрпақтар санасында сандаған ғасырлар бойы үздіксіз
жүріп жатты. Нәтижесінде ақындық қиялдың жемісіндей әдемі
де қаһарлы қасқыр мифі дүниеге келді. Өйткені, ендігі бұлың
ғыр тарих қойнауында қалған әлдебір кездері бағзы түркілердің
жан-дүниесін қозғап, қы-сылтаяң сәтте қорған бола білген Сөз
ге (иә, түркілерді қасқыр емес, киелі сөз қорғап қалған) Тәңірі
құдіретімен осы мақұлықтың да тілі келетін. Күлкілі болса да
айтайық, таңсәріде мұнараға шығып алып сарнайтын мұсыл
ман азаншысының байырғы бір кездердегі далалық прообразы
да сол серттен таймас жігіттің бейнесіндей көкжал Қасекең еді.
Мажарлармен шайқасқа кірер алдында қыпшақы елдің көсемі
Боняк ханның оңаша кетіп, қасқыр болып ұлитындығының
осындай құпиясы бар. Себебі, оның арғы тегі де басқа емес, осы
көкжал Бөрі болған!
Жазба тарихта ХІ-ХІІ ғасырларда қыпшақтарда Бөрітегі
лер Ордасының болғандығы туралы нақты деректер бар. Олар
да өздерін түркілердің арғы атасы – (дәлірек айтқанда анасы)
қасқырдан тарататын. Бөрітегілер Ордасының (Орда атауы да
қасқыр тотемімен байланысты) көсемі Боняк хан бір мезгілде
осы сенімнің бас абызы да еді. Орыс жылнамасында оның ма
жар-венгрлермен Вягреде 1097 жылы болатын шайқастың ал
дында Тәңірге қалай сиынғаны туралы жазылады: «и яко бысть
полунощи и встав Боняк отьеха от рати и поче выти волчьский
и отвыся ему волк и начаша волци выти» (С.А.Плетнева. «Хан
Боняк и его время» Проблемы археологии. Л. 1978. Выпуск 2.
стр. 179). Бұл жерде біздің назар аударуға тиісті тұсымыз Бо
няк ханның өз сарбаздарынан бөлек кетіп, қасқыр сияқты ұлуға
кіріскен сәті болса керек. Ау-у-у... Ау-у-у... Ау-у-у... Киелі сәт. Түркілерді қасқырға тағзым еткізген де осы сыры тереңде жат қан Ау-у-у еді. (Бүгінгі қайсыбір исламнан өзге діндерге көз алартып қарауға бейім бауырларымыз осы сәттің куәсі болса, «ойбай-ау, мына Боняк ханың нағыз буддашы ғой» деп шу шы ғарар еді. Сосын қосын арасында жалған үрей тудырғаны үшін басы қағылар-ды. Әрине, басы болса. Дегенмен мінеуге үйір бауырлардың үрейінің де жаны жоқ емес. Буддизм АУМ-ымен түркі Ау-у-у-ының түбірі бір деуге болады. Тек оны аңғара білу керек). Адамзат жады өзінің саналы ғұмырында басынан кешірген дүрбелеңдер мен табиғи апаттарды ешқашан ұмытпаған. Та рихи парақтарға тіркелуге уақытынан кешіккен деректер сөз, ырым, ғұрып-дәстүр, миф тасасында жасырулы. Тек оларды байқай білетін таным көзі керек. Піскен алма ешқашан өз аға шынан алысқа түспейді. Яғни, ақын қиялы да (миф тудырушы) қанша сұрапыл болғанымен, бастапқы нақтылықтан тым алшақ кетуі мүмкін емес. Шынында да, миф тудырушы Ақын оқиғаны баяндауда негізгі желіден тым алысқа кете қоймаған болып шықты. Ол бар бол ғаны, болған оқиғаны далалықтардың тарпаң дүниетанымына сай лайықтап, шеберлікпен көркемдей білген. Шамасы, оның бүгінгі ұрпақтарының миына сыймай жүргені де сол бағзы за манғы еркін дала поэзиясының көркемдік әдіс-тәсілдері болар?! Біздіңше, көркем қиял тасасына жасырынған шындық мы нау: баланы құтқарған қаншық қасқыр емес-ті. Сол себепті ол Ашина түркінің анасы да бола алмайтын. Яғни, баланың ана сы ұзын бұрымды, алтын құрсақты кәдімгі әйел затынан еді деп түсінген дұрыс. Миф пен нақты ғылым арасындағы өзара түсініспеушілікті осылай шешуге болады. Жөні де сол. Жер бетінде адам қиялынан жүйрік ештеңе де жоқ. Сен бірде амери калық үндістер жайлы фильм көріп отырып, олардың бір бітім ге келерде «хау» деп айқайласатынын байқап қалдың. Үндіс тегі «Хау» мен түркідегі «Ау»-дың арасы алшақ болмаса керек. Шығыс даналығы «Қас қағым сәтте қырық мың жылдың тари хы бар» дейді. Олай болса, жалғыз ауыз сөзде де бүкіл адам зат тарихына қатысты сыр жатуы мүмкін ғой. Болмаса, мына ғажайыпты қалай түсіндіруге болады? Әлемдік мифологиядан «Ау» сөзіне тікелей қатысы бар ондаған деректерді ұшырата аласыз. Солардың ең қызықтысы – үндістердің снохимиш тай пасынан жазылып алынған аңыз. Олар: «Көне бір замандарда аспан жерге төніп тұратын болған екен. Адамдар белін жазып еркін жүре алмайтын болғандықтан, тіршілік ету тым қиын еді. Уақыт өте келе адамдар бұлай ұзаққа бара алмаймыз, еңсені
көтертпей арқадан басқан аспанды қалайда көтеру керек деген
ойға келеді, бұл мұратты қалай жүзеге асыру керектігі жайлы
ақылдасады. Әр халық әр жақта ғой, олай болса бір тайпаның
күшімен алып аспанды қалай көтеру мүмкін? Адамдарды қатты
қамықтырғаны да – осы. Дегенмен «көп түкірсе көл» емес пе,
оның да амалы табылған. Данышпандардың кеңесінен соң, жан-
жаққа хабаршылар жіберіліп, жер бетінің әр нүктесіндегі өмір
сүретін адам баласына бір мезгілде «ау-у» деп айқайласын де
ген тапсырма беріледі. Шынында жер бетінің барлық бойлықта
ры мен ендіктерінен бір мезгілде «ау-у» деген айқай шыққанда,
қорғасын бұлттай болып жатып алған аспан сәл көтерілгендей
болған. Қуанған адамдар «ау-у-у-у» деп айқайла береді, айқай
лай береді. Алып аспан да бірінші адам, сосын терек бойын
дай, кейін құс ұшатындай биікке алыстайды. Көтеріле-көтеріле
бүгінгі қалпына келеді. Адамдар белін жазып, денесін тіктеп,
емін-еркін өмір сүре бастайды. Адамзат бірлігінің қуатын көр
сететін сол бір ғажайып кездерден естелік ретінде, біз әлі күнге
каноэ ескенде «ау-у» деп айқайлаймыз», – деп әңгімелейді (Им
мануил Великовский, «Столкновение миров», Ростов-на Дону,
«Феникс» баспасы, 210-бет).
Әрине, бұл аңыз. Кәдуілгі көп аңыздың бірі. Тек кейіпкері
қасқыр мифіне ұйытқы болған «Ау» сөзіне тел қозыдай ұқсас
де-месеңіз. Ал мұндай ұқсастық бекерден-бекер бола ма?! Де
мек, әлдебір кездері жер бетіндегі бүкіл адамзат баласына қа
тер болып төнген әлдеқандай табиғи апаттың болғандығы ғой.
Және жер бетінің екінші жарты шарындағы үндіс аңызы да,
түркі қасқыр мифіндегідей, бүкіл адамзат баласын апаттан алып
қалған «Ау» сөзі болғандығына мегзейді. Кездейсоқтық па?
Мүмкін емес. Бәлкім, христиан дінінің «Киелі хабарларының»
біріндегі «Басында Сөз болды, Сөз Тәңіріде еді, және сөз Тәңірі
болатын» деп келетін тәмсіл тасасында да осы «Ау» сөзіне қа
тысты құпия жатқан болар? Бірден айтайық, мұндай батылдық
ты өзгенің сеніміне арсыз қол сұғу емес, жеке адамның бір сөз
төңірегінде өрбіген ой тербелісі деп қана түсінген жөн.
ҚҰДАЙ МЕН ҚАСҚЫР ҰШТАСҚАН СӘТ
...Түйсік алдамапты. Христиандар «Тәурат» арқылы жебірей-
лерден алған иудаизм құдайының да бастапқы аты «Яу» немесе
«Ау» болып шықты. Атақты «Кітапхананың» авторы, тарихшы
Диодор Мұса ғалайссаламның Синай тауында негізгі он қағида
ны Яо немесе Яу (Яхья немесе Яхве сөздерінің түбірі) есімді құ
дайдан алғандығын жазады (Иммануил Великовский, «Столк
новение миров», Ростов-на Дону, «Феникс» баспасы, 113-бет).
Байқайсыз ба, түркілік қасқыр тотемі иудей бауырларда жалғыз
Құдай дәрежесіне көтеріліп кеткен. Осы жерде Тәңірісін таны
май қалып, түркілер қателесті ме, әлде қасқырды Құдай қылып
жіберіп жебірей ағайындар алжасты ма деген сауал өзінен-өзі
туындайды. Әрине, бұл, бар болғаны, ой ойыны ғана, мұндай
қатерлі сұрақтың туындауы да, болуы да мүмкін емес. Бәріне
тосқауыл білмес адам қиялы ғана кінәлі еді. Түркілер Тәңірісін
танымай қалған жоқ, оның мейірім-шапағатының көрінісі
ретінде небары қасқыр туралы мифті ойлап шығарумен ғана
шектелді. Ал жебірей халқы болса өзінің жалғыз Құдайға деген
ынтызарлығын байқатып алған болатын. Нәтижесінде бастапқы
дыбысталуындағы Ау, кейінгі нұсқаларындағы Яхве құдай дү
ниеге келді. Ал аты он түрлі, мейлі, жүз түрлі болсын, жалғыз
Құдайдың аты Ау-Яу немесе Яхведен бұрын Тәңірі болғанды
ғын зердемізден шығарып алмасақ болғаны.
Енді иудей Құдайының бастапқы есімі неліктен Ау бола
тындығына аз-маз тоқтала кетейік. Ол үшін жебірей халқының
Мұса ғалайссаламның басшылығымен Мысыр құлдығынан
қашқан кезде жер бетінде көрініс берген оқиғаларға, олардың
себептеріне үңілу керек. Бұл табиғи апаттар Жер-Ана бетінде
бірінен кейін бірі қайталанған қасіретті уақыттар еді (Қасқыр
мифіндегі қанды қырғынның «тәураттық», яки жебірейлік нұс
қасы деп түсінген жөн). Жерге төніп келіп қалғандай болған
аспанды әлдебір құдіреттің күшімен пайда болған дыбыстың
кері лақтырып жібергені де рас. Әлденеше тәулік бойы қарасын
көрсетпей қойғандай болған күн де содан кейін қайта жарқы
рап шыға келген. Табиғаттағы мұндай құбылысты бүгінгі ғы
лым тілімен былайша дәйектеп түсіндіруге болады: шамасы,
тым жақын келген әлдебір құйрықты жұлдыз кесірінен немесе
көрші планеталармен өріс күшін таластырудан соң, бәлкім, ға
рышта қаңғып жүрген шойын тастардың бірі құлағаннан кейін
орбитасынан шығып кете жаздаған Жер шары ыңыранып ба
рып, Күн жүйесіндегі бүгінгі орнына сәтімен түскен болса ке
рек. Апат зардабы бірнеше апта немесе айларға созылғандығы
да анық («Тәураттағы» осы кездері көрініс беретін оқиғаларды
еске алыңыз). Осы бірнеше ондаған тәулік ішінде адам сана
сына ұялап қалған үрей-қорқыныш жаңағы құтқарушыдай бо
лып естілген дыбысты Жаратқанның өзінің үні деп қабылдауға
молынан жетіп-артылатын. Екі жарты шардағы адамдар қиялын
тербеп, құдайлар мен құтқарушы қаһармандар жайлы әфсана
лар тудырған ол дыбыс бізге қасқыр мифінен белгілі «Ау-у-у»
немесе қысқаша «Ау» еді. (Иудаизм дінінің ауызекі әңгіме
лерінде бұл кездері Тәңірінің даусын жер бетінің ар жақ, бер
жағындағы жетпіс халық естіді деп әңгімеленеді. «Ау» сөзіне
байланысты әңгімелердің жер бетінің түкпір-түкпірінде кезде
сетіндігінің себебін осы көнекөз жетпіс халықтың ұрпақтарына
қалдырған мұрасы деп түсінген жөн). Дыбыс немесе сөз иесі
де белгілі. Кеңістікте тербеліп барып, бүгінгі белдеуіне қайта
түскен Жер-Ана болатын. Ол кезді ескі кітаптар «Өзендер арна
сынан ауытқып, тік көтерілген теңіздер құрлықты шайып кете
жаздаған заман еді» деп суреттейді.
Қасқыр мифінің екінші, үшінші үзіктерін өзге бөліктерімен
шынайы байланыстыратын ақиқат желі осындай. Күн жүйесін
де орын алуы әбден мүмкін болған кезекті алапат апаттан Жер-
Ана аман һәм жеңімпаз болып шықты. Одан естелік ретінде әр
құрлық, әр халықтарда өздеріне тән реңк-бояумен баяндалатын
аңыз әңгімелер қалды. Ежелгі элладалықтар анадан туған алып
ұлдары Геркулеске аспанды көтерткізсе, қытайлықтар сол кез
дегі әміршісіне Яо немесе Яу деген есім берді. Үнді буддашы
ларының бабалары «АУМ» деп дыбысталатын қасиетті мант
раны ұрпақтарына мұра етіп қалдырды. Жебірей қауымы болса
Жаратқан он негізгі қағиданы Мұса ғалайссаламға осы жолы
түсірді деп санады. Бағзы түркілер болса Жер-Ана мен Қасқыр-
Ананы астастыра ізет тұтты. Арада табиғи, бәлкім, ғарыштық
апат зардабы көмескіленіп не ұмытылатындай біраз уақыт өт
кесін, ақын қиялы көршілер тарапынан жасалынған аяушылық
білмес қанды қырғынды ойлап шығаратыны да сондықтан.
Оқиғаның шындыққа жақындайтын интерпретациясы да осы
еді. Түркі қауымы қолдан Құдай жасамады, қолынан келмес істі
мойындарына артып пенде баласын да мазалаған жоқ. Тек ша
быты сұрапыл ақындық қиялға ғана ерік берді.
Иә, солай, қасқыр мифі мен тотемінің кемі үш мың жылдан
асатын тарихы бар, ол адамзат баласында Ұлы Ана жалғыз-ақ
екендігінен, оның есімі Жер-Ана деп аталатындығынан сыр
шертеді.
Осымен қасқыр мифі жайлы әңгімеміз де тәмамдалып қалды.
Тәңірім Жер-Анамызға біздің бағымызға мыңдаған, миллион
даған жылдар ғұмыр бере көргей.
Тілегіміз қабыл болсын, Ау-м-ин.
АТЛАНТИДА ТҮРКІЛЕР
МЕКЕНІ БОЛҒАН БА?
Эх, Солон, Солон! Сендер,
эллиндер, ақыл тоқтатпаған
жас бала секілдісіңдер.
Асылы, эллиндер арасында
елге үлгі-өнеге көрсетер
дегдар қария қалмаған-ау.
Платон, «Тимей»
Көне Грекияның көрнекті мемлекет қайраткері әрі заң рефор
маторы, Элладаның әйгілі жеті данышпанының бірі Солон
(б.д.д.638-559 жж.) Мысырға жасаған саяхаты кезінде жергілікті
абыздардың бірінен бағзы уақытта өз төңірегіне үстемдік етуде
Афинымен бәсекелес болған арал-мемлекет Атлантида туралы
әңгіме естиді. Абыз күнәға батқан тұрғындары Тәңірінің қаһа
рына ұшырап, Атлантиданың дүркін-дүркін қайталанған сұра
пыл зілзаладан су түбіне шөгіп кеткендігін баяндайды. Еліне
оралған Солон осы естігендерін өлең етіп жырламақ болған.
Кім біледі, Атлантида жайлы әңгіме сол Солонмен бірге
мәңгілікке ұмытылып кетер ме еді, егер оның Платон (бд.д.428-
348 жж.) деген білімдар ұрпағы болмағанда. Платон өзінің «Ти
мей» және «Критий» атты пәлсафалық еңбектерінде Солоннан
бабалары естіп, одан өзіне жеткен әңгіме ретінде осы жайттарға
кеңінен тоқталады.
Бір қарағанда Платон әңгімесінің қиялдан шығарылғандай
көрінетіні бар. Бірақ өзі ақындарды қияли деп сынап-мінеуге
құмар Платонның аңыздан гөрі нақты деректерге ыждахат қоя
тын ғалым екендігін ескерсек, әңгіме негізінде ақиқат жатқан
дығы да байқалады. Бірақ қандай ақиқат?
Амал қанша, адамзат баласы екі жарым мың жылдан бері бұл
сауалға нақты жауап таба алмай келеді. Есесіне болжам-жо
рамалдар шаш етектен. Бірі Атлантиданы Атлант мұхитының
табанынан іздеуді ұсынса, келесісі оны алыстағы Американың
бағзы өркениеттерінің бірі санайды. Ішінара белгісіз арал-
мемлекетті әйгілі Бермуд үштағанымен байланыстыратындар
да ұшырасады. Ең көнекөз кітаптардың бірі саналатын «Тәу
ратта» осы бір мемлекет-арал туралы ешқандай тұспал-дерек
кездеспейтіндігі де кезінде бұл бағыттағы ізденістерді сан рет
тығырыққа тіреген. Бірақ жердің терең қатпарларынан ғылым
ға әлі белгісіз болып келген көне өркениет ошақтарының орны табылған сайын Атлантида жайлы әңгіменің де оқтын-оқтын қайта қаулай жөнелетіні бар. Бүгінгі тарих, археология, геоло гия, мұхиттану секілді ғылымдарда қарқындай дамығандары үшін белгілі бір деңгейде осы аңызбен ұштасқан немесе аңыз ға бергісіз Атлантидаға қарыздар. Ал, бұл тақырыптың әдебиет пен кинематографияға тигізген әсерін айтпай-ақ қойсақ та бо лады. Атлантида жайлы жазылған шығармалар мен түсірілген фильмдердің ержүрек саяхатшылар мен жаратылыс жұмбақта рын шешуге құмар ғалымдардың әлі талай жас буынын тәрбие лейтіндігіне күмән жоқ. Сонымен, Платон жазып қалдырған осы бір Атлантида деп аталатын ел тарихта расында да болды ма? Болса, орны қай жер, тұрғындары кімдер болған? Осы сауалға біз де хал-қадеріміз жеткенше жауап іздеуге тырысқанбыз. Аталмыш тақырыпқа қатысты әр түрлі бастаухаттарда ұшырасатын деректерді өза ра ұштастыру барысында атлантология саласында бұған дейін жасалып келген жорамалдардың қай-қайсысына да кереғар ке летін пікірге тоқтағанымызды да жасыра алмаймыз. Яғни, естір құлаққа тосын естілсе де айтайық, Платон, Абайша айтқанда Аплатон шалдың атақты Атлантидасының тұрғындары прото түркілер болған дегім келеді. Иә, иә, біздің байырғы бабалары мыз. Бұндай түйін жасауға қандай дәлел-дәйектеріміз бар? Енді соларға тоқталайық. Әңгімені сауалдан бастаған жөн секілді. Көне мысырлықтар мен бағзы гректерге белгілі болған жәйтті жағрапиялық тұр ғыдан екі елдің ортасында жатқан жебірейлер мен арабтардың білмеуі қалай? Мысалы, екі адамның әңгімесін тас керең бол маса ортада отырған үшінші кісінің естімеуі мүмкін бе? Әрине, мүмкін емес. Олай болса не жебірей, не араб көне жазбаларын да Атлантидағы қатысты қандай да бір деректер сақталуға тиіс қой. Рас, «Құранда» да, «Тәуратта» да Жаратқанның қаһарына ұшырап, тұрғындарымен бірге жермен-жексен болған қала лар мен шәрлар жайлы әңгімелер жетерлік. Нұх пайғамбар за манындағы топан су немесе кейініректегі Содом мен Гоморра хикаялары болсын, қай-қайсысы да Атлантида оқиғасымен тағ дырлас жайттардан сыр шертеді. Бірақ Атлантида еместіктері және анық. Сонда Атлантида қайда? Әлде Платон шалдың Ат лантидасы шынымен-ақ құрғақ қиялдың жемісі ғана болғаны ма? Жоқ, олай болмаса керек. Әйтпесе, «Құрандағы» «Оларға апат әміріміз келген сәтте, ол жердің үстін астына келтірдік. Сондай-ақ үстеріне ерекше әзірленіп қыздырылған тас жаудыр дық» (Һұд сүресі) секілді сөздерді қалай түсіндіруге болады.
Осы үзіндінің бірінші сөйлемі зілзала жөнінде-ақ болсын делік
,ал екінші сөйлемі қуатты жанартау атқылауынан сыр ашып
тұрған жоқ па! Ал төңірегіне от жаудырған мұндай жанартау
ларды «Құран» дүниеге келгенге дейін араб елдерінің террито
риясынан кездестіре аламыз ба? Әрине, жоқ. Сондай-ақ бүгінгі
араб мемлекеттерінен де зілзала, жермен-жексен етер немесе
жанартау тасты алауының астында қалу қаупі төніп тұрған елді
мекендерді таба қоюымыз неғайбыл. Демек, «Тәурат» пен «Құ
рандағы» қорқынышты әңгімелер тек араб немесе жебірей елді
мекендері ғана емес, олардан сыртқарырақта орналасқан қала
лар жайында да болуы мүмкін. Мысалы, Кіші Азияның баты
сында немесе Жерорта теңізі аралдарында орналасқан байырғы
кенттер турасында.
Сүрелерді зерделеп оқысақ, шынында да «Құранда» Нұх
пайғамбар қауымынан кейін апат болған Ғад әулеті жайлы жиі
айтылатыны байқалады. «Ғад қауымына туыстары Һұдты (ғ.с.)
жібердік» (Һұд сүресі). Біздіңше, Платон Атлантидасы мен
«Құрандағы» осы Ғад екеуінің түбірі бір. Ел атауы «Құранда»
байырғы бейнесінде сақталса, грек оқымыстысының еңбегінде
біршама өзгеріске түскен. Бірақ екеуінің негізінде де дыбыста
луы бір-бірінен онша алшақ кете қоймайтын Ғад пен Ад немесе
Ат сөздерінің жатқандығы анық. Ғад қауымына туыстары, яғни
бөтен қауым өкілі ретінде Һұд пайғамбардың жіберілуі де бұл
қауымның семит нәсілінен еместігін аңғарта түскендей.
Сондай-ақ, тек грек бастаухаттары емес, атланттықтардың
бойлы-сойлы, тұлғалы болғандықтарын «Құран» да жоққа шы
ғармайды. «Сол уақытта Алла сендерді Нұх қауымынан кейін
орынбасар қылып, әрі тұлға жаратылысында да артық қылды»
(«Ағраф сүресі). Бұл да Ғад пен Атлантиданың бір екендігіне
дәлел. (Ланд латын тілінде жер дегенді білдіреді, яғни Атлан
тида сөзін таратып оқитын болсақ, Ад немесе Ғад жері деген
сөз шығады – Ә.Б.). Расында да «Құранның» хақиқаттығына кім
шек келтіре алмақ!
Міне, дәл осы арада біз «Құраннан» тарихта болған оқиға
ның ізін іздеуге кірісеміз. Өйткені Ғад қауымы дегеніміз кімдер,
олардың трагедиясы қай уақыт аралығында бой көрсетті деген
сауалдарға жауап бере алсақ қана Атлантида құпиясына да бірша
ма жақындай түсеріміз хақ. Расында да «Құран» зілзала арқылы
қалаларын қиратып, жермен-жексен еттік деп куәлік ететін Ғад
қауымы дегеніміз кімдер өзі? Бізге беймәлім әлі ашылмай жатқан
көне өркениет ошақтарының бірі ме? Әлде тарих ғылымы ендігі
мойындап үлгерген шындық па?
Бағзы дүние дәуірінен сыр шертетін кітаптарды парақтасақ,
бұл сауалдың жауабын тез-ақ табуға болады. «Құрандағы» Ғад
тың кезінде Кіші Азияда дәуірлеп тұрған Хат немесе Хэт мем
лекеті (б.д.д ХҮІІІ-ХІІ ғ.ғ.) екендігіне кім таласа алмақ. Атауы
ның ұқсастығын былай қойғанда, үш мың жылдай уақыт ұмыт
қалып, ғылымға ХІХ ғасырдың сексенінші жылдарында ғана
қайта белгілі болған Хэт империясының тағдыры Платон Ат
лантидасы болуға егіздің сыңарындай сұранып тұрған жоқ па!
Осы маңнан, дәлірек айтқанда Кіші Азияның солтүстік-баты
сындағы төбелердің бірінен орыны табылған, кезінде Гомердің
атақты «Илиада» эпосына арқау болған Троя қаласының да жер
сілкінісінен опат болғаны археологиялық зерттеулерден белгілі.
«Троя патшасы Приамның қамалы саналатын Гиссарлықтағы
«алтыншы қаланың» жер асты дүмпулерінен кейін жермен-
жексен болғаны Цинциннати университетінің археологиялық
экспедициясы жүргізген қазба жұмыстары барысында толық
дәлелденген дерек» (Иммануил Великовский, «Столкновение
миров», Феникс. 1996). Ал Трояның әр мезгілде бірінің үстіне
бірі салынған он екі қабат қала-қорымнан тұратындығын ес
керсек, бұл қала-қабаттардың тағы қаншасы жер сілкінісінен
кейін өмір сүруін тоқтатқаны және белгісіз. Қалай дегенмен де
жер сілкінісінен қираған қала орындарын біз Палестина немесе
Қызыл теңіз маңайынан емес, осы Кіші Азиядан ғана ұшырата
аламыз. Бәлкім Платон Атлантидасының прототипі басқа емес,
Хэт империясының астанасы Хаттусастың өзі болар. Әлде Хат
тусастың мұрагері Хатти ма екен.
Платон Атлантиданың тек грек қала-мемлекеттеріне ғана
емес, перғауындар Мысырына да біршама қауіп төндіргендігін
жазады. Солонға Мысыр абызының «сендердің бабаларың бол
мағанда, біз атланттықтардың езгісіне түсер едік» деп рахмет
айтуы да (Платон, «Тимей») Атлантиданың жағрапия жағынан
ежелгі Мысыр мен байырғы Грекияның ортасында жатқан мем
лекет болғандығына бір дәлел. Ал бізге мәлім тарихтан мұндай
екі жағына да үрей төндіріп, қос мемлекетті де қорқынышта
ұстай алатын қуатты мемлекет тек Хэт империясы болғандығы
жақсы белгілі.
Біз «Қазығұрт, топан су және жебірей «Тәураты» деген ма
қаламызда («Жас Алаш», № 99, 2000) хэттер мен кезінде Қа
зақстанды мекендеген массагеттерді байланыстыра отырып,
хэттердің прототүркі, яғни бағзы түркілер екендігіне біраз
мысалдар келтіргенбіз. Осы арада сол бағыттағы әңгімені бір
шама тереңдете түсудің сәті түскен секілді. Хэттердің Каспий
мен Арал теңіздері маңынан біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мың
жылдықтың бас жағында негізгі екі бағытта, Үндістан мен Кіші
Азияға қарай қозғалған арий – прототүркілердің бір тармағы
екендігі анық. Олардың бірқатары жаулап барған жерлерінде,
яғни Кіші Азияның Батысына, Жерорта теңізінің жағалауына
орнығып қалса, енді біразы Сирия мен Палестинаны көктей
өтіп, Египетке жетеді. Шамасы, бұлар Лев Гумилев айта беретін
«ұзын арқан, кең тұсау» ендігі соғыссыз тұра алмайтын болып
қалған жаужүрек те еркіндік сүйгіш рухы азат жандар болса ке
рек. Мысыр тарихына гиксос деген үрейлі атпен енген бұлар
перғауындар елін жүз жылдай (б.д.д.1710-1560 ж.ж.) емін-еркін
билеп-төстейді. Антика жазба деректерінен бір емес, білдей
алты гиксос патшасының есімі жақсы белгілі. Олардың арасын
да тарихта ерекше із қалдырғаны – Хиан (б.д.д.ХҮІІ ғ.). Осы
патша «Тәуратта» де кірген. Онда «Гиксостар патшасы Хиан
ның есімі планетаның атауы. Күн... (тұп-тура осылай – Ә.Б.),
яғни табынатын құдайының жұлдызының аты» (Амос 5:26, Им
мануил Великовский, «Эдип и Эхнатон», Феникс, 1996) деген
жолдар бар. Осының өзі-ақ гиксостардың біздің байырғы баба
ларымыз секілді Күнге табынғандығын, олардың арасында Күн
атауының дәл бүгінгі қазақтардағыдай арада сандаған ғасырлар
жатса да еш өзгеріссіз дыбысталғандығын айқын аңғартып тұр
ған жоқ па! Тарихи жазбалар, сондай-ақ, гиксостар арасында
Ұмай деген сөздің де қатты қадірленгендігін тілге тиек етеді.
Мысырлықтарға арбаға мініп соғысуды алғаш үйреткен де – со
лар, яғни қашанда тарихтың доңғалағын қозғауға бар да, үлесті
бөлісуге келгенде абырой-атақтан жұрдай болып шыға келетін
көшпелі гиксостар болатын.
Біздіңше хэттер Египетке ғана атой сап қоймай, Крит, Кипр
секілді Кіші Азия жағалауына жақын жатқан аралдарға да құ
рық тастаған секілді. Кипрдің кезінде Алаш аталуы, Крит ара
лындағы Ида тауында Қарқара атты шыңның (Гомер «Илиада
сында» сөз болады) кездесетіндігі осындай ойларға бастайды.
Бұлардың сыртында, масса-хэт бабаларымыздың Кіші Азия
да б.д.д. ХҮІІІ-ХІІІ ғасырлар аралығында өз тәуелсіз мемле
кетін құрып, дәуірлеп тұрғандығы тарих мойындаған шындық.
Бәлкім төркінін әлі күнге дейін ұстатпай келе жатқан түркі сына
жазуының құпиясын да сол дәуірлерден іздеу керек болар. Әйт
песе оны финикей немесе арамей әліпбиінің көшірмесі қылып
шығара салудан ұтарымыз шамалы. Керісінше, осы мол қазына
байлығымызды біз олардан емес, олар бізден жұғыстырып ал
ған болса ше?
Енді Атлантидаға қайта оралайық. Платон Атлантидасының
табиғи апаттардың салдарынан суға шөгіп кеткендігі белгілі.
Мұндай себепті Хэт империясының күйреуіне байланысты айта
аламыз ба? Өйткені тарихтан оның б.д.д. ХІІ ғасырдың басын
да белгісіз «теңіз халықтарының» (ахейлік гректер болса керек)
шабуылынан кейін құлағаны белгілі. Осы тұста батыл жорамал
жасаудың қажеттігі туындамақ. Кім-кімге де Кіші Азияның сейс
мография жағынан тұрақсыз аймақ екендігі жақсы мәлім. Түр
кияда болған өткен жылғы қайғылы жер сілкіністері де соның
бір айғағы. Ал осындай жер сілкіністері бұл өңірде бұрындары
да болмады деп айта аламыз ба? Мысалы, «теңіз халықтары
ның» талауына түсерден бұрын Хэт империясын жоғарыдағы
дай табиғат апаттары сілкілеп алған болса ше? Немесе кезінде
біршама көлемді болған Кипр немесе Крит аралдарының біраз
бөлігі су асты дүмпулерінен кейін теңіз астына шөгіп кеткен деп
болжасақ? Басқа-басқа, дәл мұндай оқиғалардың болғандығын
бұл аймақтың геологиялық тарихы жоққа шығармайды. Тарих
шылар Криттегі атақты миной мәдениетінің жоғалуын басқа
емес, осындай табиғат-ана мінез көрсеткен оқиғаның салдары
нан болды деп түсіндіреді.
Біз ертеректе түркінің қасқыр (Көк Бөрі) мифі орасан зор кө
лемдегі табиғи апаттың жаңғырығы деген пікір айтқан болатын
быз. Ал мифке мұрындық болған апат себепшісі жерге соқты
ғысқан кезбе комета немесе қуатты жер сілкінісі болуы мүмкін
деп топшылағанбыз. Мифтегі бір тайпа халықтың түгел қыры
лып қалуы мотивін осылай түсіндіргенбіз. Асылы, «Құран» мен
«Тәураттағыдай» өз есерліктерінен немесе күнәһарлықтарынан
құрып кеткен халықтар жайлы діни желі байырғы түркілерге де
таныс болған секілді. Лев Гумилев «аңызға қарағанда, со руы
ның барша адамы өздерінің есерлігінен қаза табады (оның не
екені айтылмаған), тек қаншық қасқырдың төрт немересі ғана
тірі қалады» деп кезінде В.А.Аристов жазып алған аңыздан де
рек келтіреді (Лев Гумилев, «Көне түркілер», 1994 ж.) Бұл да
көне түркілер арасында белгілі болған қаншық қасқыр туралы
аңыздың бір нұсқасы. Мифтің көпшілікке мәлім нұсқасында
бір тайпа ел көрші дұшпандарының шапқыншылығы кезінде
түгел жер жастанатын болса, мұнда өз есерлігінен қаза болды
деп айтылады. Ол не есерлік еді, Тәңірі алдында күнәға бату ма,
әлде басқа ма, бұл жағы таратылып-талданып жатпайды. Де
генмен, аңыз астарынан осындай да терең, рухани салмағы бар
сарынды аңғаруға болатындай. Яғни прототүркілердің Ғад, яки
Атлантида қауымдары жайлы өз естелік-түсініктері болған деп
топшылауға хақымыз бар. Және аңыз сипатында сақталған бұл
естеліктер өзінің көркемдігі, болашақ ұрпақтарға берер тәлімі
жағынан Платон шалдың Атлантида жайлы әңгімесінен бір де
кем түспейтін сынды.
Аңыз қай уақыттарда дүниеге келуі мүмкін? Бұл, шамасы
адамзат баласы ғана емес, Жер-Ананың өзі де өмір үшін жан
салып арпалысқан сәт болса керек. Ғаламдық деңгейдегі сұра
пыл қақтығыс немесе ішкі сілкініс әсерінен естен тана жаздаған
Жер-Ана құрсағы күңіренген дыбыстар шығарады. Ол дыбыс
тар қасқыр «ау-у-уын», яғни бөрінің ұлығанын еске түсіретін.
Жаратқан Иенің Мұса пайғамбарға Синай тауында он өсиетті
түсіретіні де осы тұс-ты. Өйткені, мына дүние не болып кетті,
ақырзаман келіп қалды ма деп естері шыға үрейленген ол кез
дегі жұмыр басты пенде баласына Жер-Ана құрсағынан шығып
жатқан жаңағы дыбыстар Тәңірінің өз үні секілді сезілуі әбден
мүмкін жайт.
Осы бір сәт әр халықтың таным-түсінігінде әртүрлі көрініс
тапты. Түркілер кезекті табиғат немесе ғарыш апатынан аман
қалған ендігі адамзатты пенде баласы мен қаншық қасқырдың
жатырынан таратты. Өйткені қиялшыл қыр балалары жаңағы
апаттан кейін қасқырды Тәңірінің жердегі бір сипаты деп қабыл
даған-ды. Тек түркілер ғана емес, Латын Америкасының Вичоли
тайпасы да Еуразиядағы алыс туысқандарындай өздерін ит-ана
мен адамнан таратады. Асылы, бағзы түркілер мен жебірейлер
жүрегі аузына тығыла құлақ тіккен дыбыстарды Жер-Ананың
келесі бетіндегі олардың бабалары да естіген болса керек. Екі
құрлықтағы аңыздардың өзара тел қозыдай ұқсастығын осылай
түсіндіруден басқа амал жоқ. Салауатты қисын осылай дейді.
Естуімізше, Ирандағы өз адай қандастарымыздың арасында да
адамзатты итбалық пен адамның қосағынан тарататын аңыз бар
көрінеді. Мұндағы итбалық о баста балығы жоқ иттің өзі болған
деп жорамалдауға әбден болады.
Кезінде жер бетіндегі бүкіл адамзат баласы куә болған бұл
апат қай уақыт аралығында жүз берді, осы сауалға да жауап
бере кеткен жөн секілді. «Құранда» Ғад қауымын жалмаған
апат Нұх пайғамбар тұсындағы топан судан кейін делінеді. Егер
«Құрандағы» Ғад пен Кіші Азиядағы Хэт-Хат патшалығы бір
қауым еді деген ұйғарымға тоқтасақ, бұл апат біздің дәуірімізге
дейінгі ХІҮ-ХІІІ ғасырлар аралығында болған деп жорамалдау
ға мүмкіндік бар. Өйткені бұл уақыт «Тәураттың» хронология
лық реконструкциялануы бойынша Мұса пайғамбар жебірей
қауымын Мысыр құлдығынан алып шыққан кездермен тұстас
келеді. Ал одан Синай тауындағы Тәңірінің он өсиеті Мұса ға
лайссаламға түсетін айтулы оқиғаға қол созым ғана жер.
Бабаларымыз сиынған дегдар бөрі образы тасасына жасы
рынған тарихи құпия осындай. Ол адамзат баласының басына
түскен алапат апатты күндерден сыр шертеді. Тек түркі тектес
халықтардың ғана емес, бүкіл адамзат баласының бірігуіне үн
дейді. Өйткені адамзат баласында Жер-Ана біреу-ақ қой.
Біз Тәңіріден Атлантида сұрапылы секілді жайлар енді қай
таланбасын деп тілейміз. Себебі Жер-Ана аман болса, адамзат
баласы да өсіп-өркендей бермек. Ал осы бір аңызға бергісіз Ат
лантида оқиғасының кейіпкерлері болса есте жоқ ерте заман
дарда Сарыарқа мен Сахараның арасын емін-еркін жайлаған,
Атлант мұхитына есімін берген біздің бағзы бабаларымыздың
бір тармағы болатын.
ГОМЕР «ИЛИАДАСЫ»
ТҮРКІЛЕР ЖӘНЕ
МӘҢГІЛІК ҚАЛА
Батылдардың бағы артсын.
Еділ патша
Түркі қасқыр мифі мен тотемінің шығу төркінін зерттеу ба
рысында маған осы миф пен Римдегі Капитолий қаншық қас
қырының арасында қандай да бір байланыс болуы мүмкін бе
деген сауалға жауап іздеуге тура келген. Осылайша аз-маздап
бұл бағытта деректер жинала бастаған.
Деректерді өзара кіріктіру, яғин жалқыдан тұтасты тану ба-
рысында ақындар мәңгілік қала деп дәріптейтін бағзы да жаңа
салтанатты Римнің негізін бір кездері прототүркілер қалаған
деген пікірге келгенімді ашық айтқым келеді. Амал қанша, бұл
түркішілдікпен ауырған сананың сандырағы дейтіндердің табы
латындығын да сеземін. Бірақ ақиқаты – осы.
Кейбір тұстарда дерек көзі ретінде, әдеби шығарма болса да,
Гомердің «Илиадасына» да арқа сүйегенімді жасыра алмаймын.
Тіпті ол ол ма, прототүркілер тағдыр жазмышымен Аппенин
түбегіне осы «Илиадада» жырланатын Троя қырғынынан кейін
қоныс аударуға мәжбүр болған деген пікірді де қоса айтқым ке
леді.
ЕДІЛ ПАТША МЕН РИМДІКТЕР
Тарихи деректерден біз ғұндардың Рим қаласына Еділ (Атил
ла) басшылығымен біздің дәуіріміздің 451-жылы жеткендігін,
тіпті оны тізе бүктіргенін де жақсы білеміз. Бірақ бұл Батыс пен
Шығыстың көнеден байланысып келе жатқан ортақ тарихының
көгінде жарқ ете қалған жасындай қас-қағым сәт қана еді.
Құмық Мұрат Әжінің «Дешті-Қыпшақ даласының жусаны»
кітабында крест-айқыштың тәңіршілдіктің бас таңбасы екендігі,
оны Римге тәңіршіл ғұндар апарғандығы туралы баяндалады.
Иә, римдіктердің ымыраласу мен пәтуаласу белгісі ретінде
(шын мәнісінде жағымпаздық еді!) Еділ қосынының алдынан
айқыш-кресті алып шыққандығы рас.
Себебі – олар Еділдің қолында Марс қылышының бар
екендігін білетін-ді. Римдік жылнамашы Прииск Еділдің зор
абырой-атағын, алысқа кеткен даңқын, патшалар мен бай-ма
наптар арасындағы беделін оның Марс қылышын тауып алған
дығымен түсіндіреді. Аңыз бойынша, әлдебір бақташы өрістен
табынын қайтарып келе жатып, бір қашарының сирағынан қан
сорғалап жүргендігін байқайды. Тамған қан ізін қуалап барған
ол жерден жүзі шығып жатқан қылышты көреді. Қылышты алып
келіп, Еділге сыйға тартқан. Осы қылышты алғасын Еділдің
айы оңынан туып жүре береді. Себебі – бұл иесіне шексіз күш-
қуат пен билік сыйлайтын соғыс тәңірісі Марстың қылышы еді.
Аңыз осылай баяндайды.
Қалай дегенмен де римдіктердің Еділден қатты қорыққанды
ғы анық. Болмаса өз қаласының желеп-жебеушісі болып сана
латын Марстың қылышын ата жауы Еділге тегіннен тегін бере
салар ма еді. Аңыз аңыз ғой, дегенмен өз иесіне шексіз күш-
қуат пен билік сыйлайтын Марс қылышының тасасында қандай
құпия жатқандығын ешкімнің білгісі келмегендігі қызық.
Меніңше, Марс қылышы Еділдің қынабында болған жоқ,
оның туында бейнеленген-ді. Яғни, ғұн көсемі бас иетін то
темнің символдық кескіні болып табылатын. Ал сырт пішіні бұ
рыштары мен қырлары тең айқыш-крестен гөрі төменгі қыры
өзгелерінен ұзындау свастикаға көбірек ұқсайтын.
Жобалап сызғанда пішіні мынандай болуы мүмкін:
Киелі таңбаның мағыналық оқылуы қасқыр деген ұғымды
білдіретін-ді. Мұрат Әжі жазғандай, оның крест-айқышқа ұқсас
нұсқасы болуы да шындықтан алыс кетпейді. Өйткені теология
талаптары бойынша екеуі де тәңірлік мәнге ие таңбалар еді.
Рим түбінде Марс қылышы мен айқыш-крест осылай кездесті.
Кездесу себепшісі ғұндар патшасы Еділ болатын. Римдіктердің
бәрі болмаса да ішінара көзі ашық сауаттылары ғұн туындағы
таңбаның Марс қылышы емес, қасқыр тотеміне тиесілі екендігін
сезген шығар, бірақ оны ашық айту 451-жылғы ғана емес, арғы-
бергі Римді бүкіл тарихымен ғұндардың аяғына жығып беру бо
лып шығатын. Тарихтың бұлай бағыт алып кетуін римдіктердің
қаламағандығы анық. Нәтижесінде олар қасқыр тотемін жазба
ша болса да Марс қылышына тели салды. Ал Марс қылышы
туралы түсінікпен бұл кездегі ғұндар, олар ғана емес-ау, жалпы
түркілер әлдеқашан қош айтысқан-ды. Олар Римнің өткен тари
хына таласа алмайтын, өрелері жетпейтін. Ал римдіктер мұн
дай өресіздікті шебер пайдалана білді.
Марс қылышы неге Еділ патша туындағы қайқы қылыш бей
несіндегі свастика болуға тиіс дейтін сауал тастауы мүмкін
оқырманның. Тарих атасы саналатын Геродот (б.д.д. 495–425
жж.) скифтердің Марстың бейнесі емес, осы тәңірінікі болып
саналатын қайқы (байқайсыз ба, қайқы!) қылышқа табынатын
дығы туралы жазады. Олар соғыс тәңірісіне құрбандыққа адам
шалғанда оның қанымен қылыштың жүзін жуып отыратын бол
ған. Солин деген жылнамашы да осы деректі нақтылай түседі.
Иә, Геродот римдік емес, ол – көне грек оқымысты. Ол Еділ
дәуірінен сегіз ғасыр бұрын, яғни біздің дәуірімізге дейінші
төртінші ғасырда өмір сүрген жан. Оның жазбаларының түпнұс
қасында Марс қылышы емес, Арей, не Арес қылышы туралы
сөз болғандығы да күмән тудырмайды. Бізге Гомер «Илиадасы
на» жол ашатын да, міне, осы Арей не Арес, дәлірек айтқанда,
Рим Марсының көнегректік прототипі болмақ. Дегенмен, асы
ғуға болмас. Әр дерек өз орнымен сөйлеуге тиіс.
Қайқы қылышты бертінге дейін түркінің атты әскерлері ұс
тағандығына күмән жоқ. Яғни, Геродот әңгіме қылып отырған
сақ-скифтердің де түркілер екендігіне шүбәлануға болмайды.
Олар табынған қайқы қылыштың сыртқы бейнесі шамамен мы
нандай болғандығы да күдік тудырмаса керек:
Міне, гректер мен римдіктер Марс қылышы деп әспеттеп,
аңызға айналдырып жүрген түркінің қайқы қылышы осындай
еді. Оның бір қарағанда свастика не айқыш-крест сияқты болып
көрінетіндігі де анық. Қасқыр-қылышқа қарсы қарсы шыққан
қайран римдіктер! Олар осы қарсылығымен өз тарихын да жоқ
қа шығара жаздағандықтарын сезді ме екен?
ҚАСҚЫР – ҚҰДАЙ
Көзі қарақты қандай да бір этнограф не тарихшы болсын,
түркі қасқыр мифіне әлемдік үлгілерден ұқсастық іздегенде,
Римдегі Капитолий қаншық қасқырына бір соқпай өтуі мүмкін
емес. Рим аңызы бойынша, қала негізін қалаған ағайынды жігіт
тер Ромул мен Ремнің әкесі соғыс тәңірісі Марс болып санала
ды. Олардың Марсты өз қаласының желеп-жебеушісі ретін
де пір тұтатындығы да сондықтан. Әфсана бойынша әлдебір
бойжеткен (әрине, жар құшағын көріп, күнәға батпаған жан)
ғибадатханаға орналасады. Осында ол соғыс құдайы Марстың
нақсүйеріне айналып, одан егіз ұл табады. Бірақ бейшара қыз
дың соғыс тәңірісімен төсек рахатын бөліскендігіне кім сене
қойсын (Мұндағы желі Шыңғыс хан ататегі мен жорықтарынан
сыр шертетін «Моңғолдың құпия шежіресінде» де ұшырасады).
Балалар күнәдан туылған жандар ретінде далаға тасталынады.
Міне, осы жерде оларды қаншық қасқыр тауып алып, асырап
бағады. Аман-есен ержеткен балалар кейіннен жауларынан кек
алып, Тибр жағалауында әйгілі Рим қаласының негізін қалайды.
Иә, түркілік қасқыр мифі мен рим аңызының ұқсастығында
дау жоқ. Бірақ неге тағы да қаншық қасқыр? Неге өзге аң емес,
мысалы марал не аю? Олай болуы да әбден мүмкін еді ғой.
Көне Римдегі Марс сенімімен (культі) таныс жан бұл сауалға
тез-ақ жауап тапқан болар еді. Ежелгі Грециядағыдай Римде де
мүсін өнері жақсы дамығаны белгілі. Олар өздері табынған құ
дайлардың бәріне қаланың көрнекті жерлеріне, ғибадатханалар
мен құтханаларға қола не мәрмәрден мүсіндер орнататын. Ал
Марсқа келгенде, қала жебеушісі емес пе, ілтипаттары мен мыр
залықтары, тіпті, ерекше болатын. Олар Марс отырған тастұ
ғырдың төңірегіне бір үйір қасқырдың мүсіндерін тағы да орна
татын-ды. Шамасы, бағзы Римде соғыс тәңірісі осы бір қорқау
жыртқышпен астастырыла ұғынылған болса керек. Иә, Ромул
мен Рем туралы әфсананы тудырушы Рим ақын-абыздары (неге
екені белгісіз, оларды жергілікті халықтың сал деп атағандығы
қызық. Біздің сал-серілер солардың заңды жалғасы болмады ма
екен) өз замандастарының осы құдай туралы сенім-түсініктері
не қайшы келген жоқ. Олар аңызды белгілі бір дайын шеңбердің
ішінде ғана жасап шығарды. Өйткені, ырық бермес асау қиялдан
туындады дегенмен мифология да белгілі бір логикалық қисын
дарға сүйенетін. Аңыздың түпнұсқасында қасқыр тотемі жатты.
Бірақ қасқыр тотемімен Марс қылышын, мейлі ол қасқыр-
құдай қылышы болсын, тікелей байланыстыруға бұл дерек те
аздық етеді. Енді қасқыр тотемінің бағзы гректерге, одан көне
римдіктерге қалай жеткендігін, оны жеткізген халықтың кім
екендігін зерделеу керек. Әрине, олар прототүркілер еді.
«ИЛИАДА» МЕН «ЭНЕИДА»
Гомер «Илиадасы» он жылға созылған Троя қырғынының
соңғы екі айында болған оқиғаларды ғана жырлайды.
Екі армияның мұншалықты ұзақ уақыт табан тіресе соғысуын
одан бұрынғы да, одан кейінгі де тарих білген емес. Трояның
тарихта болған қала екендігін немістің әуесқой археологы Ген
рих Шлиман 1863-жылы қазба жұмыстарының нәтижесінде дә
лелдеп берді. Оның орны қазіргі Түркия территориясында, Же
рорта теңізінен бес шақырымдай қашықтықтағы төбеде жатыр.
Яғни, Троя қырғынының да тарихта болған оқиға екендігіне
дау жоқ. Ғалымдар әлі күнге он екі қабат қала-қорымның қай
қабаты «Илиададағы» Трояға тиесілі екендігін анықтай алмай
дал. Бірақ бүгінгі тарих соғыстың шығуына ақындар шабыты
нан туындаған алтын алманың ешқандай да кінәлі еместігін
нақты айта алады. Ахейліктер мен троялықтар арасында қанды
қырғынның тұтануына Иллионның (Трояның тағы бір атауы.
«Илиада» атауы осыдан шыққан) үлкен сауда орталығы ретін
де тиімді жағрапиялық нүктеге орналасуы себеп болған-ды. Үш
құрлық – Азия, Еуропа, Африканың теңіз және далалық керуен
жолдары осы жерде түйісетін. Қысқасы, ахейліктер Трояға ал
тын алманың кесірінен қашып кеткен аруды емес, шын мағына
сындағы алтын алманың – байлықтың өзін іздеп аттанған бола
тын. Қалғаны ақындардың шаруасы еді. Олар Платонның (б.д.д.
428–348 жж.) ақындарға қоятын талабын толық ақтап шықты.
«Ақын, ол егер шынымен ақын болса, бәдік ақыл айтып уақыт
алмай, мифтер тудыруға тиіс». Обалы кәне, көне грек ақында
ры тілдерін безеп-ақ бақты. Оларды түсінуге де болады. Өйт
кені грек қала-мемлекеттері өзара біріккенде ғана қуатты саяси
және әскери күшке айнала алатындығын байқатқан. Өз халқы
ның патриоттары ретінде грек ақындарының мұндай оқиғадан
тыс қалуы, оны жырламауы мүмкін емес-ті. Бірақ ақындар со
ғыстың шынайы себептерін мифологиялық реңктермен көм
керіп, әлдебір тұспал мағыналармен шебер астастырып жіберді.
Егер Троя қырғынының тарихи хронология бойынша біздің
дәуірімізге дейінгі 1200-ші жылдары болған оқиға екендігін
ескерсек, уақыттың ақындардың пайдасына жұмыс істегендігі
анық. Гомердің өзі осы оқиғадан кемі төрт ғасырдай кейін өмір
сүрген жан еді. Ұлы жәдігер екендігіне қарамай «Илиаданың»
тұтас туындының бір тарауы ғана сияқты болып сезілетіндігі
де сондықтан. Троя қырғыны, жалпы алғанда, ауыздан ауызға,
ұрпақтан ұрпаққа көшіп отыз ғасырдай уақыт бойы жырланып
келді. Бірақ бізді қызықтыратыны «Илиаданың» көркемдік құн
дылықтары немесе гекзометрлік өлең өлшемдері емес, ондағы
прототүркілер тарихына қатысты-ау деген деректер ғана.
Неге екені белгісіз, басқа құдайлардай емес, бағзы грек ақын
дары соғыс тәңірісі Арейге шүйлігіп-ақ бағады. Қолдарынан
келсе, оны әжуалап қалуға құмар. Ожар мінезді құдай жігіттің,
тіпті, кейбір тұстарда ажалды пендеден таяқ жеп мұрны қанап
қалатын кездері де бар. Мұны әдебиетшілердің Арейдің троя
лықтар жағында соғысатындығымен ұғындырғысы келетіндігін
жақсы түсінемін. Қарсыласының өзінен бір саты болса да жо
ғары тұрғандығын кім жақсы көре қойсын. Осылай деп тұжы
рымдай салуға да болар еді-ау, бірақ мәселенің астары одан
тереңіректе жатқан секілді. Кезекті ой үстінде маған соғыс
тәңірісі Арейдің прототипі Троя жағында одақтас болып соғыс
қан әлдебір белгісіз халықтың тотемі емес пе екен деген пікір
келген. Жебірей тіліндегі «arіs» сөзі «қасқырлар үйірі» деп ауда
рылатындығын білгенімде, бұл пікірімнің дұрыстығына көзім
тағы да жете түскендей болды. Иудеяны бір кездері гректердің
басып алғаны тарихтан жақсы белгілі. Екі халықтың арасында
ғы мәдени қарым-қатынастың да жоғары деңгейде болғандығы
на күмән жоқ. Мұндайда ірілі-ұсақты алыс-беріс бола беретін.
Яғни, гректердің соғыс тәңірісі есімінің жебірейлік нұсқасын
қабылдаған болуы да әбден мүмкін. Кім біледі, бәлкім, қазақ
тағы Бекарыс, Жанарыс, Ақарыс секілді кісі есімдерінің құра
мындағы арыс сөзі де қасқыр не бөрі деген мағынаны білдіретін
болар. Арыс сөзінің ер кісіге ғана қолданатындығын ескерсек,
бұл болжам негізсіз де емес сияқты. Қасқырға байланысты ар
лан атауында бірінші буынның ар болып келетіндігі де осындай
ойға бастайды. Яғни, Троя түбіндегі қырғынға қатысты тайпа
лардың бірінің туында қасқыр сұлбасы бейнеленген деп батыл
айтуға болады. Және олардың байырғы түркілер екендігіне де
күдік тумаса керек.
Алдыңғы және таяу Азия, берісі кіші Азия көне тарихында
көрнекті із қалдырған белгісіз халықтардың санатында қар ұлы
сы да аталады. Осы ұлыстың Троя түбіндегі шайқасқа қатыс
қандығында күмән жоқ. Гомер «Илиадасында», сегізінші жырда
мынандай жолдар бар:
«Теңіз жаққа қар жасақтары,
қисық садақты пеондар,
Және де тәңірі тектес лелег, кавкон,
пеласг қосындары беттеп келеді».
Осында аталған ұлыстардың бәрі – Трояның одақтастары.
Яғни, қарлар да Троя жағында соғысқан. Ал олардың Алтайдан
шыққан халық екендігі туралы екінші ғасыр тарихшысы Пто
ломей жазбаларында нақты дерек бар. Страбон да қарлар миг
рациясы туралы әңгіме қылғанда осы пікірді растайды. Яғни,
Алтайдың қашаннан баба түркі бесігі болғандығын еске алсақ,
қарлар түркі тектес халық болған. (Еш нәрсе ізсіз жоғалмақ
емес. Меніңше, «Илиаданың» көне түркілік нұсқасы болған
болуы да әбден мүмкін). Қарлардың Троя қырғынынан бертіні
ректе, яғни біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырға дейін Же
рорта теңізі мен оның жағалауларына үстемдік етіп келгендігі
көне дәуір тарихынан жақсы белгілі. Оларды Крит пен Кипр
аралдарынан біріккен грек флотилиясы ғана ығыстырып шыға
ра алды. Бағзы бір кездері Кипрдің Алаш деп аталғандығы да
мұнда түркілердің болғандығынан хабар беретіндей. Иә, біздің
бабаларымыз теңізде жүзуді жақсы білген. Олар мықты жауын
гер де еді. Жалпы қарлар ержүректілімен аты шыққан халық-ты.
Прототүркілердің (бәлкім, скифтер) керемет теңізші болғанды
ғына көнегректтердің «зәкірді» (якорь) скиф Анақарыс ойлап
тауып еді» деуі де тамаша айғақ.
Өкініштісі сол, біздің қолымызда қарлардың туында қасқыр
дың сұлбасы бейнеленгені туралы нақты дерек жоқ. Бірақ оны
іздеудің қажеті де шамалы сияқты. Өйткені Троя қырғынына бір
емес, бірнеше прототүркі тайпалары қатысқан деуге негіз бар.
Солардың бірі Троя патшасы Приамның туысы, атақты «Эней
да» поэмасының («Энейда» – рим ақыны Вергилийдің поэма
сы.Онда Энейдің Трояны қорғауда көрсеткен ерлік істері, Троя
құлағаннан кейінгі қайғы мен қасіретке толы өмірі сөз болады)
кейіпкері Энейдің соңына ерген ұлыс секілді. Түркілік қасқыр
мифі мен тотемінің көне түркілік нұсқасын Аппенин түбегіне
апарған да, сол төңіректегі тайпалармен бірігіп (этрускілер)
Римнің негізін қалағанда, Рим тарихына қаншық қасқыр бей
несін теліп берген де осы бір тайпаның жасампаздыққа толы
ерлік сапары болса керек. Әйтпесе гректерде әжуа болып жүр
ген соғыс тәңірісінің римдіктер ұғымында Юпитерден кейінгі
(Юпитер – Римнің құдайлар пантеонындағы бас құдай) екінші
орынға шыға келгендігін қалай түсіндіруге болады? Әрине, бір
ғана себеппен. Ол Римнің негізін қалаған халықтардың бірінің
сыйынатын кие-құдіреті болғанда ғана. Және осылай болғанды
ғы да ақиқат. Бұған қосымша мынандай болжамды да ұсынуға
болады. «Илиададағы» Энейдің троялық емес, Троя патшасы
ның басқа жақтан келген одақтас туысқан екендігін ескерсек,
осы бір қаһарманның ата-тегін сол кездері Қара теңіздің оң
түстігін мекендеген скифтерден (Геродот дерегіндегі) таратуға
әбден болатын секілді. Энейдің көшпелі болмаса да малшылар
қауымынан екендігін осы қаһарманның Ахилеспен жекпе-жек
ке шығарда өз ата-тегін таныстырып сөйлейтін сөзі де айғақтай
түсетіндей. Ол «бабам Эрихтонның (Бәлкім Еріктон шығар) үш
мың, иә, анау-мынау емес, үш мың жылқысы болған және жер
бетіндегі ажалды пенделер ішіндегі ең бай кісі еді» деп мақтана
ды. Ажалмен бетпе-бет келіп тұрғанда тек көпшелі ғана осылай
желпінуі мүмкін-ді. Оның үстіне Трояны қорғауға скиф тайпа
лары қатысып еді деген болжам да шындыққа толық жанасады.
Жалпы, Троя түбінде кімдер өлімге басын тікпеді. Балканнан
да, Африкадан да, арысы Скандинавиядан да белгісіз халықтар
дың осы жерге өз қосындарын аттандырғаны анық-ты. Асылы,
Гомер дастаны мен Геродот дерегін өзара байла-ныстыратын
түйін де осы болса керек. Осы жерде көне Грекияның екі ұлы
перзентіне өкпе-наз айта кеткен де орынды. Гомер қасқыр то
темін Ареймен байланыстырып жіберсе, Геродот осы тотемнің
таңбасын Марс қылышымен шатастырып алды.
Маған қасқыр мифі мен тотемінің шығу төркіні туралы бұдан
бұрын да жазуға тура келген (Тәңірі, Құдай ие және қасқыр ту
ралы, «Қазақ әдебиеті», 1997 ж, № 48). Онда аңыздың негізінде
Күн жүйесінде болған ғарыштық апат жатыр деген болжам айт
қан болатынмын. Жебірей құдай иесінің (Иегова) Синай тауын
да Мұса пайғамбарға негізгі он қағиданы түсіретін мезгілін де
осы апатпен байланыстырғанмын-ды. Иә, осы апат жер бетін
дегі барлық халықтың дүниетанымы мен мифологиясында өш
пес із қалдырды. Осындай із көне грек мифологиясында да бо
луы мүмкін. Өйткені Гомер соғыс құдайы Арейді «Илиадаға»
кейіпкер қылып енгізгенде, осы апат туралы аңызды негізге ал
ған іспетті. Арейдің Марс планетасының грекше атауы екенін
ескерсек, «Илиададан» Троя қырғынымен бір мезгілде жүріп
отыратын пленаталар аралық қақтығыс туралы желіні де аңға
руға болады.
Әрине, бұл желі дастанға оның көркемдік деңгейін арттыра
түсу үшін көп кейін енгізілді. Дастанға осы желіні енгізерде Го
мердің ғарыш апаты туралы түркілер арасында айтылып жүрген
аңыз әңгімені естіген болуы да әбден мүмкін. Түркі аңызының
бас кейіпкері жебірей құдайы Иегова да, гректің соғыс тәңірісі
Арей де емес, кәдімгі қасқыр еді. Яғни сұңғыла Гомердің со
ғыс құдайы Арейдің прототүркілік қасқыр тотемінің дәл өзі
екендігін аңғармауы мүмкін емес-ті. Сол себепті де Троя түбін
дегі қырғында соғыс тәңірісі туына қасқыр сұлбасы бедерлен
гендердің жағына шығып кетті. Оған ақын қиялы кінәлі еді. Өз
кезегінде прототүркілер де өздерінің қасқыр тотемімен тамыр
лас гректік Тәңіріден хабардар болған деуге болады. Әйтпесе,
Римнің негізін қалаған прототүркілер өз тотемін Марспен ас
тастырып жібермес еді ғой.
Иә, Ромул мен Рем туралы аңыз да, Марстың скульптуралық
пантеондарда қасқыр үйірінің ортасында бейнеленетіндігі де
халық жадының жасампаздығының жарқын мысалы болатын.
Сөз орайы келгенде айта кетейік, мені Эней баспаналаған Кар
фаген қаласы Қарлар қаласы болар-ау деген ой түртпектегелі де
біраз болды. Мысалы, Қаркент болуы да мүмкін ғой. «Кент»
сөзі парсы тілінде қала, шаһар деген мағынаны білдіреді. Бірақ
көне латын тілінде адам, адамдар, халық деген мағынаны білді
ретіндігін де ұмытпаған жөн. «Илиададағы» Троя төңірегінде
Қарқара атты шыңның кездесетіндігі де қызық. Дастанда:
«Кронұлы (Зевс) Идаға, аң-құстың
нулы-сулы анасына,
Тоғайы мен құрбандықханасы
орналасқан Қарқараға келіп, жүйрік
сәйгүліктерінің тізгінін тартты», – деген жолдар бар.
РИМ ПІР ТҰТА ЖАЗДАҒАН АДАМ
Еділ патша заманындағы білімді римдіктер Рим тарихының
бастауында прототүркілер тұрғандығын сезінген сияқты.
Олар Еділге Марстың қылышын ғана сыйлап қойған жоқ,
оны Марстың ұлы қылып та жібере жаздады. Бұл қасиетті қала
тарихында Ромул мен Реммен бір қатарда тұру деген сөз еді.
Христиан діні кедергі жасамағанда, кім біледі, біздің Римнің
ұлы перзенттерінің бірі Еділ туралы аңызға куә болуымыз да
әбден мүмкін еді-ау. Амал қанша. Кейінірек, Еділдің басынан
бақ тайғаннан кейін христиан діні, дәлірек айтқанда, шіркеу ғұн
көсемін ұлықтайтын аңыз әңгімелердің бәріне теріс мағына,
солақай сипат беріп жіберді. Нәтижесінде, Еділ Марс пен хан
шаның некесінен емес, ит (негізгі қасқыр болуы тиіс) пен хан
шаның көңілдестігінен дүниеге келген адам бейнелі, ит құлақ
ты құбыжық болып шықты. Дегенмен аңыздың түпнұсқасында
Ромул мен Ремнің дүниеге келуі туралы римдік әфсана желісі
жатқандығын сырт көзден жасыру мүмкін емес-ті.
Иә, Олжас Сүлейменов жазғандай Еуропаға Еділдің иттен ту
ғандығы туралы аңызды ғұндар әкелген жоқ, оның көне римдік,
бәлкім, этрускілік болып саналатын жергілікті көнекөз нұсқасы
да бар еді. Оны бағзы бір кездері Римнің негізін қалаған прото
түркілердің мұра қылып қалдырғандығы да анық. Бірақ, амал
қанша, бұл кездері Марстың орнын Исус Христос басып үлгер
ген болатын. Уақыт Христос туғаннан кейінгі 450-жылдарды
көрсетіп тұрды. Шаңырағы шайқала бастаған Рим болса хрис
тиан сенімінің орталығы болып қалуға тырысып жатты. Себебі,
алып империяның әлдебір отар елінде пайда болған адамзатты
құтқарушы жайлы ілім Рим когорталарын соғыссыз тізе бүктір
ген-ді.
Ал Христоспен жағаласуға Еділдің дайындығы да, ынтасы
да жоқ еді. Өйткені көшпелі түркілердегі секілді онда да пай
ғамбарлық жайлы түсініктің болмағандығы анық. Кім біледі,
Иса жайлы әңгімені естіген қайран Еділ қарқылдап күлген де
болар-ау. «Оң бетіңнен ұрса, сол бетіңді тос» деген қағиданы
жүрегі бар қандай жан қабылдай қойсын.
Міне, осылайша түбі бір Марсқа табынушылық пен қасқыр
тотемінің арасында өткел бермес асу болып христиан сенімі
жатты. Ал Еділ бастаған ғұндар бағзы бір заманда Рим тари
хында із қалдырған прототүркілердің жаңғырығы сияқтанып
өмір мен тарих сахнасынан зыр етіп өте шықты. Олар Римнің
негізін бір кездері өздері тектес халықтың қалағандығын білген
де, оны білсек деп бас ауыртқан да жоқ.
СӨЗ СОҢЫ
«Римдіктер алдымен латын тілінің шығу төркінін зерттеуге
кіріскенде, олардың әлемді жаулап алуға ешқандай да уақыты
қалмаған болар еді». Неміс ақыны Генрих Гейне осылай жаза
ды. Бір ғасырдан аса уақыттан кейін қазақ ақыны Олжас Сүлей
менов те осы ыңғайлас пікірді қайталайды. Ақын «Сөз төркіні»
еңбегінің «Бастапқы грамматика» атты тарауында байырғы
Алдыңғы Азия мен Жерорта теңізі жағалауларындағы елдерде,
яғни бүгінгі Рим орналасқан Аппенин түбегінде де түркілер мен
славяндардың ықпалы зор болғандығын айтады. Ал мұндай ық
палдың тарихта, жергілікті халықтардың сөздік қорында, аңыз
дар мен әфсаналарында із қалдырмауы мүмкін емес-ті.
Ақын, сондай-ақ, түбекте алғаш рет 12 қала-мемлекеттен
тұратын қуатты бірлестіктің (б.д.д. ҮІІ ғ.) негізін қалаған тай
палардың құрамында прототүркілік тайпалардың да болғанды
ғын жоққа шығармайды. Тіпті, олардың бірінің туында қасқыр
бейнесі болған деген пікірді де алға тартады. Иә, ақын аға айт
қандай, Римнің бір кездегі елтаңбасы «қаншық қасқыр мен егіз
ұл» деген мағынаны білдіретін мынандай таңбалардан тұрған
болуы ғажап емес:
Ол ол ма, ақын аға кейбір бағзы этрус жазбаларын тікелей
түркі тілінің көмегіне сүйеніп оқуды ұсынады. Иә, Аппенин
түбегінде бір кездері прототүркілер дәуірлеп тұрған. Оған
мәңгілік Римнің іргесіне қаланған тастар куә. Біздің ендігі мін
дет сол тастарды сөйлету болса керек.
1998 жыл
Қазақ ақыл-ойының жанашыры
Иманғали Тасмағамбетов ағаға
арнаймын.
ҚАРА БАЛА
ҰЛЫ ҚАҒАН БОЛҒАНДА
Алтын денем шаршаса, шаршасын –
Абзал елім даңқы артсын
Бүтін денем қиналса, қиналсын –
Бүкіл елім топтансын.
Шыңғысхан.
«Наполеон қылышпен бастаған істі мен қаламмен аяқтаймын»
депті ұлы Бальзак. Және бұл сөзді қағазға түсіріп, жұмыс бөл
месінің көзге түсер көрнекті жеріне іліп қойыпты. Бұл сөз өзара
итырқылжың қаңқасап болып қырқысып жатқан француз халқы
ның басын (Наполеон билік басына келген кез ел ішінде азамат
соғысы жүріп жатқан болатын – Ә.Б.) бас-аяғы бес-он жылда
жұмылған жұдырықтай тастүйін етіп біріктіре білген, біріктіріп
қана қоймай жауынгер халықтардың да қатарына қоса алған қа
рапайым корсикалық жігіттің ел алдындағы ерен еңбегіне тағзым
ретінде айтылған болар.
Рас, Наполеон жорықтары сәтсіз аяқталды. Бір армиясын Мы
сыр даласында тағдыр тәлкегіне тастап кетсе, екіншісімен Ре
сейдің қарлы өлкесінде масқара болып қош айтысты. Ватерлоо
түбінде ақыры тас-талқан болып жеңіліс тапты. Бірақ сарбазда
ры Наполеон сәтсіздікке ұшырады екен деп одан сырт айналып
кеткен жоқ, алыстағы Эльбадан айдаудан қашып келгенде туының
астына қайтадан тұра қалды. Императорға адалдығын байқатты.
Халқы тарапынан мұндай шексіз сүйіспеншілікке бөлену арғы-
бергі Франция тарихында қандай да бір жұмыр басты француздың
тағдыр-талайына жазыла қойды ма екен, әй, қайдам...
Наполеон рухына сол кездегі француз жазушылары ғана емес,
қатардағы жауынгерден көрнекті ғалымға дейін табына тәу ет
кендігі анық. Мысалы, Наполеонның экспедициялық әскери кор
пусы құрамында арнайы жасақталған ғалымдар мен мамандар
тобы болғандығы жақсы белгілі. Бұл топта тіпті, ақын да бар бо
ҚАҒАН-НАМА
латын. Ал кейін Египет иероглифтерін оқудың кілтін тапқан жас
ғалым Жан Франсуа Шампольонмен қолы қалт еткен бір тұста На
полеонның өзі арнайы барып әңгімелескені де бар.
Иә, әйгілі француз адамзат тарихына ұлы жаугер ғана емес, ғы
лымның жанашыры ретінде де кіре білді. Білетіндер оның өзінің
жеке басын талантты, бірақ бағы ашылмай қалған беллетрист
жазушы сипатында да дәріптейді. Қазақ болса мұндай адамды
бір сөзбен «сегіз қырлы, бір сырлы» дер-ді. Ал ондай адамның
ел құрметіне бөленбеуі мүмкін бе? Француздардың өздерінің осы
бір отандасына деген шексіз махаббатын басқашалай түсіндіру
мүмкін емес. Бұл махаббаттың қандай өлшеммен өлшенетіндігін
Стендальдің «Қызыл мен қарасын» оқыған жан бірден түсінер еді.
Ал, бізде ше?
Адамзат тарихында есімін мәңгілік қалдырған жаһангерлер көп
емес. Бірі жаңағы сөз болған Наполеон болса, бірегейі өзіміздің
қысық көз бабамыз Шыңғысхан екендігі шындық. Арғы-бергі
тарихты зерттеушілердің дарындылығы жағынан Шыңғысханды
Цезарь, Македонский, Ганнибал секілді әйгілі қолбасшылардың
бәрінен жоғары қоятыны бар. Тіпті, Атилла-Еділдің өзі оның кө
леңке тасасында қалып қоймақ. Ал енді Азиядан шыққан алып
тұлғаны біз қалай дәріптеп, оның тарихи мұрасын қалай зерделеп
жатырмыз, бағасына жете алдық па?
Сауалға жауап іздеп көрейік. Жақында қолыма көрнекті ақыны
мыз Мұхтар Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы» (Шың
ғысханның пенделік құпиясы) атты поэмалардан құралған романы
ның орыс тіліндегі нұсқасы түсті. Оқып шығып «талантты жазушы
сауатсыз оқырманды өз тұжырымына бәрібір иландырмақ» деген
қағиданың ақиқаттығына көзім тағы жете түскендей болды. Иә,
Шаханов талантты ақын. Миллиондаған қазақтың жүрегін жаула
ған санаулы қаламгерлеріміздің бірі. Ендігі жерде дарынын әлем
жұртшылығы мойындап жатыр. Шахановты мойындау – қазақты
мойындау. Шаханов шығармашылығы арқылы қазақтың мойын
далып жатқанына біз де қуанамыз. Бірақ сол мойындату қандай
құрбандықтармен (басқашалай айту мүмкін емес – Ә.Б.) келіп жат
қандығын білгенде аздап тіксініп қалған да жайымыз бар. Романды
оқып отырып бейнебір Шаханов Шыңғысхандай ұлы аруақтың со
ңына жарық күнде шырақ алып түскендей күйде қалдық.
Шыңғысхан, шынында да, Шаханов бейнелегендей рухани құ
быжық па? Жоқ, олай болмауы керек. Өз заманының аңыз-әңгіме
лерімен сусындап өскенін шежірешілер сан рет тәпсірлеп жазған
жоқ па! Далалық сара мәдениет тудырған батырлық эпостардың
ықпалында тәрбиеленіп өскен бала Теміршінді қалай ғана рухани
ергежейлі деуге аузымыз бармақ?
Осы тұста Шыңғысхан дүниеге келген кездері Ұлы Даланың
шығысында жүз берген оқиғаларға аз-маз тоқтала кеткен жөн
секілді. «Моңғолдың құпия шежіресінде» осы өңірдегі тайпа
лар арасында болып жатқан үздіксіз қақтығыстар, яғни далалық
азамат соғысы жайлы баяндалады. Тұтас моңғолдың билеушісі,
Шыңғысханның атасы Амбағай ханды қытайлықтардың алдап
қолға түсіріп, кергішке шегелеп қағып өлтіргеніне де жарты ға
сырдай ғана уақыт болған. Мұндай дүрбелең кезеңде кеше ғана
бір тудың астында болған, даңқты кездерін әлі ұмыта қоймаған
шашыранды тайпалардың арасында қандай әңгімелер айтылуы
мүмкін. Көнекөз жазбалар бұған «Ел арасында бүкіл елдің басын
біріктіретін, оларды жаңа ұлы жеңістерге бастайтын дана билеуші
келетіндігі жайлы әңгімелер жиі айтылатын еді» деп жауап береді.
Әрине, халық күткен бұл тарихи орынға бірден-бір лайық жан ке
шегі өмірі азаппен үзілген Амбағай ханның немересі, бөржіген
нен шыққан Есухей баһадүрдің үлкен баласы Теміршін болатын.
Бұл әңгімелердің Вифлеемнен шыққан адамзатты құтқарушы Иса
Мәсіх жайлы біздің жыл санауымыздың баз кезіндегі әңгімелер
мен ұқсастығы сондай, Ұлы Даланың осы өңірінде жаңа пай
ғамбарды күткен Алдыңғы Азиядағы сол бір көңіл-күйлер араға
мың жыл салып қайта қайталанып жатқандай әсер қалдыратын.
Бозбала Иса секілді бала Теміршіннің де өз миссиясына іштей
қатты дайындалғандығы анық. Бірақ алда оны адамгершілік пен
ар-намыс сынға түсетін тауқыметті тағдыр күтіп тұр еді.
Есухей баһадүр Теміршініне қоңырат Дай шешеннің қызы
Бөртені айттырып келе жатқан сапарында татарлардың қолынан
уланып өлгесін, кеше ғана ұйып отырғандай болған шаңырақ
тан бақ кеткен. Есухейдің жесірі Өелін күйеуінен мұраға қалған
билікті қолында ұстап қала алмады. Төңірегінде топтасып отыр
ған рулас ағайындары бұлардан алапес көргендей бір түнде безе
көшті. Өелін Есухейден қалған тағы бір әйел және төрт бала, бір
қызбен далада қалды. Иә, кеше ғана жарылқап тұрғандай болған
Тәңірі сырт айналам десе бір-ақ сәт. Ал сол сырт айналу жігерді
қайрайтын сындарлы сын болып шықса ше! Қалай дегенмен де
Теміршіннің өзінің жұлдызды тағдырына сенгендігі анық.
Теміршіннің өзімен әкесі бір, шешесі бөлек Бектер бауырын
өлтіретіні де осы тұс. Болашақ жаһангер мұндай қанқұйлы іске
неліктен барды, әрекет астарында не себеп жатты, осы арада бұ
ған да ой көзін жүгірте кеткен жөн секілді.
Осы арада біздің Лев Гумилевтің «Құпия патшалықты іздеу»
кітабына, дәлірек айтқанда, оның «Моңғолдың құпия шежіресі»
тасасына жасырған құпияларға бойлайтын тарауларына тоқтала
кеткеніміз орынды. Лев Гумилев шежіредегі осы оқиғаны баян
дайтын тұсқа әр түрлі қырынан мәтіндік, логикалық талдау жа
сай келіп, Бектер Теміршіннің сыртынан тыңшылық жүргізген
болса керек деген байламға келеді. Иә, айдалада жалғыз қалған
үйдегі болашақта бүкіл моңғолды билейтін болады деп ел ішін
дегі аңыз-әңгімелер дәріптеп жүрген баланың көңіл түкпірінде
қандай қозғалыстар болып жатқандығын біліп отыруға халық
бірлігінен гөрі өзінің «бөліп ал да билей бер» жеке билігін тәуір
көретін ақсүйектер мүдделі болатын. Ал Теміршін жайлы ондай
мәліметтерді беріп отыратын жалғыз пенде бауыры Бектер еді. Гу
милев Теміршін осы сұрқай шындықты біліп қалған болса керек
деп байлам жасайды. Қазірге дейін «Құпия шежіренің» мәтініне
талдау жұмысын жүргізген жалғыз ғалым Лев Гумилев екендігін
ескерсек, біздің де осы байламға тоқтағанымыз дұрыс. Бектердің
Теміршінді сатқандығы күмән тудырмайды. Ал сатқынға қашанда
өлім жазасы лайық. Өйткені бозбала Теміршіннің ой-санасында
бұл кездері кешегі Амбағай атасынан қалған елді қайта бірікті
ру жайлы арманның пісіп-жетіліп жатқандығы анық еді. Мұндай
ұлы мұрат жолында әлсіздік танытса бауырын да аяуға болмай
тын. (Гогольдің өз баласын атып өлтірген атақты Тарас Булба
сын еске түсірейік – Ә.Б.) Даланың мәрт жауынгерлік салты сон
дай ақадал қаталдықты талап ететін. Осы талдаудан кейін-ақ, біз
кешегі Кеңес өкіметі тұсындағы тарихшыларымыздың түсіндір
геніндей, Шыңғысханның балық үшін болған болымсыз ерегесте
бауырын да өлтіре салатын безбүйрек жан емес, керісінше, ұлы
мұрат жолында өзін де, өзгені де аямайтын жігерлі, бірбеткей жан
екендігін аңдар едік. Енді «Құпия шежіре» авторы оқиғаны неге
болған күйінде баяндамады деген сауалға келейік. Сауалға былай
жауап беруге болады: «Шежіреде» Бектер өлімінің себебі ашық
тәпсірленетін болса, бұл бір тудың астына қайта біріге бастаған
елдің ауыз бірлігіне сызат түсірер еді, бауыр бауырға жау болған
дығы анықталатын. «Құпия шежіре» авторының оқиға себебін
тұспалдап қана өтетіндігі де сондықтан. Бүгінгі ұрпаққа тоғыз
ғасыр бұрын жүз берген бұлыңғыр оқиға астарынан шындықты
шыжымдап шығаруға қырағы ой көзі керек. Иә, иә, бізге тарихты
қайта оқуға тура келмек. Бәлкім, біраз жайттарды жаңаша баға
лауымыз да керек шығар.
Кеше ғана дүниеден өткен Қалтай Мұхамеджанов ағамыз
«Шыңғысхан жайлы жазуға шама-шарқым жетпеді» деп өкінеді.
Болмаса ол жайлы деректерді ғұмыр бойы жинап-ақ баққан ғой.
Сондай-ақ, Бейбарыс бабамызды сомдаған хас талант Нұрмахан
Жантөриннің де сахнаға алып шықсам деп ғұмыр бойы аңсаған
образы Шыңғысхан болғаны белгілі. Кездейсоқтық па? Жоқ, олай
болмаса керек. Шыңғысханның жан дүниесі күрделі рухани зор
тұлға болғандығын аңлағандықтарынан болар.
Иә, Батыс оқырманын ойынан шығамын деп Ұлы даланың ұлы
тарихын құрбандыққа шалуға болмайды. Шаханов романын оқып
отырып еріксіз осындай ойға қаласың. Дегенмен, тарихты былай
қоя тұрып, жеке тұлға туралы сөйлеген жөн болатын шығар. Мы
салы, Шаханов өз романында жары Бөртені ой-мұраты жағынан
Шыңғысханға қарсы адам ретінде сипаттайды. Бірақ Шаханов
Бөрте анамызды ұлы қосағына қарсы қаншама арандатқысы кел
генімен, тарихи Теміршін-Шыңғысханның адамдық қасиеттері
жағынан Шахановтық әдеби псевдо – Шыңғысханнан бәрібір жо
ғары тұратындығын, Бөртемен арасында толық түсіністік болған
дығын да ұмытпаған жөн.
«Құпия шежіре» отау құрғандарының екінші жылы Теміршін
нен Бөртені меркіттердің тартып алып кететіндігі туралы баян
дайды. Бозбала Теміршіннің атқа қонып алғашқы нартәуекел іске
бел байлайтыны да осы тұс.
Өкіл әкесі керейт Тұғырыл хан мен андасы Жамухаға қолқа
салып, әскер жинап, қол бастап майданға кіріп жарын меркіттер
ден қайтарып алуы бозбала Теміршіннің атақты Шыңғысханға
айналуының алғашқы қадамы еді. Бұл оқиғаны Гумилев «Дала
лық шағын Троя соғысы» деп асқақтата бағалайтыны бар. «Құпия
шежіре» авторы осы бір тұстағы Шыңғысханның көңіл күйін мы
нандай сөздер арқылы жеткізеді.
Жау меркіттер әлек сап,
Жаралады жанымды.
Жапа етті жарымды,
Асыл тұтар арымды.
Меніңше, бағасы армен өлшенген Дала әйеліне (жалпы әйел за
тына – Ә.Б.) бұдан артық құрмет керек емес секілді.
Рас, «Құпия шежіре» авторы нәзік босаңсуларға қарсы.
Сөз саптасына сентиментальдық тіптен жат. Лев Гумилевтің
автор ақсүйек жауынгер болса керек деп топшылайтынындай-
ақ бар. Бірақ осы бір белгісіз Ақтамберді бәлкім Шалкиіздің өзі
Теміршіннің меркіт қолына түсіп қалған Бөртеге деген жан шыр
қыратар сезіміне келгенде әлсіздік танытып алады: «Меркіттер
үркіп, түні бойы Селеңгіні құлдай қашқанда, әскерлер артынан
қуа соғып, жайлайды. Теміршін қашқан елдердің ішінен «Бөрте,
Бөрте!» деп айқайлап іздегенде, үркіп бара жатқан елдің ішіндегі
Бөрте үжін Теміршінді даусынан танып, кейқуат кемпір екеуі күй
меден түсе жүгіріп, Теміршіннің шылбырына орала кетеді. Айдың
жарығымен таныған Теміршін оны құшақтап аймалайды» («Моң
ғолдың құпия шежіресі» – 110 б). Иә, Дала жырауы Теміршін мен
Бөртенің арасындағы сезім туралы бізден жақсы білген. Сезімді
жырлауға келгенде әлсіздік танытатыны да сондықтан. Кім біледі,
бәлкім, оның бағына Бөрте апамыздың қолынан бір кесе қымыз
ішу бақыты да бұйырған болар-ау.
Сөз сөз, бірақ біздің де артықбас қиялдануға қақымыз жоқ.
Бүгінгі адамзаттың амалсыз болса да өзгемен төсектес болған
әйел затына көзқарасы қандай болатынын қайдам, ал Теміршіннің
Бөрте анамызға солай болып қалған екен-ау деп бір мезет те көз
алартпағандығы анық. Қайта осы бір тұстың рухани-моральдық
бар ауыртпалығын өз мойнына алған секілді. Меркіттен дүниеге
келуі мүмкін Жошысына да қырын қараған жоқ. Бүкіл мұрасын
осы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлына мұра ететіндігін сол
ұлы махаббаттың жаңғырығы деп түсінсек жөн. Отбасы мен жар
ға адалдық қасиеті жағынан келгенде Шыңғысхан бабамыз араға
он ғасырдай уақыт салып барыпт та бізге үлгі болып қала бермек.
Бар айтарымыз, бүгінгі ұрпақтың Наполеон мен Жозефина, Це
зарь мен Клеопатраның махаббатын ғана емес, Шыңғысхан мен
Бөртенің сүйіспеншілігін де біліп өскені жөн.
Енді Шаханов әңгімелейтін тағы бір тарихи тұлғаға тоқтала
йық. Ол Отырардың билеушісі атақты Қайырхан. Марқұм тарих
шы Сержан Мұсатайұлы Ақынжанов «Қазақстанның орта ғасыр
лық тарихындағы қыпшақтар» кітабында шежіреші Жужанидан
мынандай мысал келтіреді: «615 (1216) жылы... Хорезм шахы
Мұхамед Иемектен шыққан Иакафтанның ұлы түркістандық Қа
дырханның елін ойрандауға аттанды». Иә, иә, Хорезм шахы бас
қа емес, Шаханов тамсана суреттейтін дәл Қадырхан-Иналшық
Қайырханның елін ойрандауға аттанып отыр. Бірақ неге екені
белгісіз, арада тағы бір-екі жыл өткенде осы Қайырхан өзіне кеше
ғана теперіш көрсеткен Хорезм шахына адалдығын таныту мақ
сатында түркі-моңғолдың керуенін тас-талқан етіп қырып сала
ды. Осылайша, Отырардың түркі-моңғолдың қайқы қылышының
астына түсуіне себепші болады. Кешегі дала жауынгері неліктен
бұлай жаза басты, оған дәл жауап жоқ, бірақ болжамдар жасауға
болады. Әйтсе де бізге дәл қазір ол болжамдардың қажеті қанша.
Бар болғаны қызылбас парсыға тәуелді Иналшық Қайырханның өз
бауырларына қылыш көтергендігін айтсақ та жеткілікті. Иә, иә, өз
бауырларына қылыш көтергендігін. Басқашалай баға беру мүмкін
емес. Бұлай дейтініміз, ресми тарих ХІ-ХІІ ғасырларда Сыр мен
Жетісуда азғантай мөлшерде болса да жартылай моңғол тілдес
ұлыстардың болғандығын жоққа шығармайды. Иә, иә, ол кездегі
моңғол мен қыпшақ аудармашысыз-ақ еркін түсінісе алған. Бізге
осы моңғол мен түркінің ғұннан барып қосылатындығын да ұмыт
паған жөн-ау. Ал бала Теміршіннің ол тарихтан да хабары бар
болса ше. Жалпы, Теміршіннің далалық ауыз әдебиеті тудырған
қандай эпостарды тыңдап өсуі мүмкін? Ол эпостардың мазмұны
қандай еді? Дәл сол кездері өткеннен сыр шертетін тарихы мың
жылдық «Манас» іспетті дастандар болмады ма екен? Амал қан
ша, біз бұл сауалдарға жауап бере алмаймыз. Бірақ Ақынжанов
әңгіме қылатын ұранқай тайпасы мен Теміршіннің арғы атасы Бо
даншар шауып алып бодан қылатын ұранқайлар арасында парал
лель ізденістер жүргізуге болатын секілді. Осы арада Х-ХІ ғасыр
лардағы Ұлы Дала тарихындағы күңгірттеу тұстарға сәуле түсіре
алсақ, Шыңғысханды жаулаушы емес, ата-баба мекенінің тұтас
тығын қайта қалпына келтіруші ретінде де насихаттау мүмкіндігі
бар екендігі аңғарылмақ.
Иә, Шыңғысхан жаугершілігі артына Ресей мен Қытай іспетті
екі ұлы мемлекетті мұра етіп қалдырды. Бүгінгі Қазақстан алып
жатқан территория да сол Шыңғысханнан қалған мирас. Немересі
Құбылай ханның тұсында Солтүстік пен Оңтүстік болып қырқы
сып жатқан Қытайдың басын біріктіру мүмкіндігі туды. Кейінгі
Ресей болса Теміршін құрған империяның тікелей мұрагері бо
лып қалды. Сондай-ақ, бүгінгі орыстың өзінің батыстағы славян
бауырларынан гөрі түркілерге жақындау екендігін ғылыми зерт
теулер де жоққа шығармайды. (Эренжен Хара-Даван. «Чингисхан
как полководец и его наследия», 1992, стр 252.) Жаулап барған
жеріндегі халықтың діни сеніміне қиянат жасамау да ұлы Шың
ғысханнан қалған өнеге. Тіпті, оның ұрпақтарының православие
шіркеулерін салықтан босатқандығы жайлы да деректер бар. Орыс
жылнамашылары Шыңғысхан ұрпақтарының бірі бір княздіктен
түскен салықты түгелімен дерлік шіркеу қорына аудартқаны тура
лы жазады. Түркі тілі орыс князьдерінің сарайында бертінге дейін
кең қолданыста болғандығын да ұмытпаған жөн. (Г.В.Вернадский
«Монголы и Русь», 1997, стр 390). Ал Пушкиннің өзі кейіпкері
не айналдырған Борис Годуновты таза түркі еді десек кім сенер.
Компас, қағаз, оптика секілді өркениет үлгілерінің Батысқа Шың
ғысхан жорығы арқылы жеткендігі де ел білетін шындық. Адамзат
тарихын жаңа биіктерге көтерген осындай ұлы істердің бастауын
да тұрған Шыңғысханның қолбасшылық қабілеті туралы әңгіме
өз алдына бір бөлек. Мемлекеттік қайраткер ретінде де ұзағынан
әңгімелеуге болады.
Біздің ең басты айтқымыз келгені, тарихи Шыңғысханның Ша
ханов романындағы әдеби кейіпкерден тіпті басқа екендігі. Шаха
нов Юний Ювеналдың «Ешбір қатыгез жан бақытты бола алмақ
емес» деген сөзін келтіре отырып, Шыңғысханды адами бақыт
тан құралақан озбыр ретінде суреттейді. Ал біз білетін Шыңғыс
хан туралы француз халқының ұлы перзенті Наполеонның «Мен
Шыңғысхандай бақытты бола алмадым» деген мойындау сөзі бар.
Шыңғысхандай ұлы тұлғаға бұдан артық қандай мойындау қажет!
2001 жыл.
КІСІ ЕСІМІНЕН
БАСТАЛҒАН СОҒЫС
Біз – адамзат баласы, ондаған, жүздеген жыл бұрын болып өт
кен оқиғаларға, оларға тікелей араласқан тірі пенделердің іс-қи
мылына, сол іс-қимылдарға себепші болған арман-мақсаттарына
адами әділ бағасын беруді үйрене алдық па?
Тырысатын шығармыз, бірақ әлі үйрене алмағанымыз анық.
Үйренбегенімізге адамзат баласының тарихы әзірге тек ақ пен
қара түстен ғана тұратындығы дәлел. Әйтпесе, бір халықтар үшін
ар мен намыстың бейнесі іспетті болған перзенттердің келесі бір
халықтар үшін қылмыс пен қарғыстың өлшеміндей болып шыға
келетіндігін қалай түсіндіреміз? Арыға бармай-ақ қояйық, Еу
ропаның қасапшысы атанған Наполеон Францияның ұлы мақ
танышы һәм Еуропаның дамуын сапалы жаңа бағытқа бұрушы
болса, ноғай халқын бір түнде қанжоса қылып қырған Суворов
орыс өнерінің даңқты беттерінің бір парағы болып саналады.
Мұндай дауы бар даңқты тұлғалар Әмір Темір, Бабыр, Атилла-
Еділ, Шыңғыс хан болып созылып кете барады. Сіз бірін ақтауға
тырыссаңыз, екінші біреулер сол ақтамақ тұлғаңызды күстаналап
қаралауға дайын. Адамзат баласының қолынан өткен тарихымыз
ға, оны жасаған ұлы тұлғаларға не адвокат, не үкім кесуші болу
ғана келетіндей. Кейбіріміз, тіпті, жендеттің жеккөрінішті рөлін
ойнаудан да қорықпайтын, қашпайтын секілдіміз. Өзге ғылымдар
қанша дамыса да, тарих ғылымы әлі күнге бейнебір ортағасырлық
түнек құшағында қалып қойғандай. Тарихи тұлғаны оның жан дү
ниесіне, адами бейнесіне әр түрлі қырынан баға беруге мүмкіндік
жасайтын бастаухаттар мен деректер арқылы тани отырып, ол ту
ралы салыстырмалы түрдегі болса да ақиқат түсінікке жақындай
түсудің орнына, «анау залым, мынау кемеңгер» деп топқа бөліп,
кежегеміздің кері тарта беретіндігі сол қараңғылығымыздан бо
лар-ау.
Мысалы, тұла бойынан қатыгездік пен қаталдықтың лебі есетін
мына бір үзік мәтінді ұрпақтарына кім жазып қалдыруы мүмкін:
«Ауғандықтар шайқаса алмайтын жағдайда аузына шөп қысты
рып, «Мен – сенің өгізіңмін» дегендей, құлшылық етіп, жауына
бас иеді. Бұл әдетті біз сол жерде байқадық. Қарсылық етер дәр
мені қалмаған ауғандықтар тісімен шөп тістеп келіп қолға түсті.
Мен тірідей алып келгендердің де басын алуға бұйырдым, олар
дың бас сүйегінен күмбез көтердік».
Кім мәтіннің авторы?
ХІХ ғасырдағы ағылшын офицері ме, әлде әлемді тітіреткен
Шыңғыс хан ба? Бәлкім, Әмір Темір болар? Яки «Галл соғысын»
өзі хаттап қалдырған әйгілі Юлий Цезарь шығар? Кім болса, ол
болсын, егер осы мәтінді жазып қалдырған адамның артында оның
басқа да жасаған жақсылы-жаманды іс-әрекеттері туралы дерек
қалмаса, мәтін авторының адамзат тарихына ең қанқұйлы, ең қа
тыгез жандардың бірі ретінде кіретіндігіне кәміл сене беруіңізге
болады. Қанша тырыссаңыз да ақтап ала алмайсыз. Алиби жоқ.
«Олардың бас сүйегінен күмбез тұрғыздық».
Арғы-бергі әдебиеттен, өнерден хабарыңыз бар жан болса, көз
алдыңызға ылғи да соғыс баталияларын салатын Верещагиннің
«Соғыстың шырқау шыңы» деп аталатын бір картинасы оралмақ.
Осы картинадағы бас сүйектерден тұрғызылған мұнараның қор
қынышты сұсы жүрегіңізді тағы да бір рет дір еткізетіні рас.
Сонымен мәтін авторы кім болуы мүмкін? Риторикалық сауалы
мызға жауап берместен бұрын, ендігі тарихтың еншісіне айналған
тағы бір үзік мәтінге көз тастайық. «Иә, жоғарыда Бабырдың жай
патша ғана емес, сонымен қатар әдебиет, музыка, заң салаларынан
да мол мағлұматы бар ғалым екенін айтқанбыз. Міне, осыдан 5
ғасыр бұрын Бабыр айтқан ғибратты сөздер!» (Мұртаза Бұлұтай,
«Зұлымдық формуласы» Шыңғыс ханды ақтап алуға асығудың
астарында не сыр бар? «Егемен Қазақстан», 2001 ж. № 242, 248,
249, 250).
Алдыңғы мәтін авторы басқа емес, Мұртаза Бұлұтай тамсана
дәріптеп отырған дәл осы өз заманының озық азаматтарының бірі
Бабыр Заһир ад-дин Мұхамед болатын (Бабыр Заһир ад-дин Мұ
хамед. «Бабырнама», «Ататек», 1993 ж. 172-бет).
«Олардың бас сүйегінен күмбез тұрғыздық» деген жолдарды
жазғанда ақын, музыкашы, заңгер Бабыр бабамыздың санасында
қандай ой тұрды екен? Көз алдына қандай көріністер елестеді?
Желкеден қиылып жатқан бас, тұқыл мойыннан атқақтап жатқан
қан болды ма? Әлде шарасыз мүміннің аяушылық тілеп жалба
рынған көз жанары ма? Бәлкім, көңілінде жеңімпаздың салтанат
ты сазы ойнаған болар? Жоқ, бәрін қойып, жолын әрдайым оңға
рып отыратын жаратқан Аллаға шүкіршілік еткен шығар?
Мұртаза Бұлұтай осы сауалдарға жауап беруге тырысса, «Зұлым
дық формуласын» табуға, оның формуласы Шыңғыс ханның тағды
ры, жасаған іс-әрекеті болып шығатындығын дәлелдеуге ұмтылма
ған болар еді. Өйткені тарих дегеніміз нақпа-нақ формулаға салына
салатын химия да, мыстан алтын алуға болады деп сендіргісі ке
летін алхимия да емес қой. Әруақтарға сіз бен біз нақты бағасын
бере алмаймыз, ондай құдірет тек Тәңірдің еншісінде ғана.
Енді ойланып көрейікші, өзі жазып қалдырған сөзіне сенсек,
Бұлұтай аспанға көтере мақтап отырған ақын Бабыр Шыңғыс хан
нан да өткен жауыз болып шықпай ма? Бір жауыздың артын аша
мын деп екінші бір жауызды жалған көтермелеудің не керегі болды
екен? Егер ақын Бабырды осылай мақтауға болатын болса, онда
қаған Шыңғысты да қалай болмасын ақтауға болатындығы ғой.
Мұртаза Бұлұтай рушыл, ырымшыл, таяқты әліп деп таны
майтын Шыңғыс хан өз шапқыншылығымен ислам өркениетінің
құлдырап кері кетуіне себепші болды деп дәлелдеуге тырысып
ты. Ал дәлелдеудің нақты дәйекті қажет ететіндігі анық. Шыңғыс
хан қоластындағы түркі-моңғол сарбаздарының алғаш қақтығыс
қан ислам мемлекеті Орта Азиялық Хорезм патшалығы болатын.
Мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатының баянды, тұғырлы болуына
мемлекет басшысының тікелей жауап беретіндігін ескерсек, осы
тұста Хорезм патшасы туралы өз замандасының пікіріне тоқтала
кеткеніміз де орынды-ау.
Бағдаттан шыққан әйгілі дәрігер Әбд әл-Латиф (1231-32 жыл
дары қайтыс болған) бұл билеуші туралы былай деп жазады: «Хо
резм-шах Мұхаммед ибн Тукуш ұры және зорлықшы болатын, ал
оның сарбаздары әумесерлер еді...
Көбісі түркілер – пұтшылдар немесе адамшылықтан кеткен
мұсылмандар... Ол ру-тайпалардың бір бөлігін қырып, қалғанын
қызметке алушы еді... Ал олардың көкірегінде бұған деген ыза-кек
қайнап жататын. Өз халқына келгенде де, жауларымен қарым-қа
тынаста да ол сауатты сақ саясат жүргізбейтін... Міне, енді оған
бәрі бір атаның балалары, тілі бір, жүрегі бір, көсемі бір моң
ғолдар төніп келеді» (Г.Э.Фон Гюрнебаум. «Классический ислам»,
Москва, «Наука», 1988, стр 186).
Хорезм халқының басына қара бұлт үйірілген Шыңғыс ханның
қанқұмар білімсіздігі емес, Орта Азиядағы исламның қорған қал
қаны іспетті саналатын осы билеушінің көрсоқыр саясаты мен
жеке басының ақымақтығы еді.
«Ұйғыр және қытайлықтармен сауда жасайтын Хорезм сауда
герлерінен Хорезм-шах Шыңғыс ханның Солтүстік Қытайды жау
лап алғанын білді (Цзинь империясымен түркі-моңғолдар ғана
емес, Шыңғыс ханның да тікелей өз жеке басының өштігі бар
болатын. Қытайлар Шыңғыс ханның атасы Амбағай ханды ал
дап қолға түсіріп, кергішке қағып өлтірген-ді – Ә.Б.) Моңғол би
леушісіне құттықтау салтымен елшілік жіберуді дұрыс деп тапты.
Шын мақсаты моңғолдардың әл-ауқатын білу болатын. Елшілер
мен саудагерлерді Шыңғыс хан зор құрметпен күтіп алды және
жауап ретінде өз өкілдері мен сауда керуенін қоса аттандырды.
Дипломаттар да, керуен де негізінен Қиыр Шығыспен сауда жасау
кеңістігін кеңейу үшін Шыңғыс ханның агенттері болуға келіскен
хорезмдіктер мен бұхаралықтардан – Мұхаммед ІІ-нің боданда
рынан тұратын. Керуен Хорезмнің шекарасына жетіп, Сырдария
өзенінің жағасындағы Отырар қаласына тоқтады. Бұл жерден Үр
генішке бет алмақ болатын. Шах олармен әңгімелесуге келісім
берді. Бірақ Отырар губернаторы (Иналшық Қайырхан – Ә.Б.) сау
дагерлерді өлтіріп, дүние-мүліктерін тартып алуға бұйрық жаса
ды (Шахтың құпия тапсырмасымен болса керек). Бұл хабар моң
ғол императорына жеткенде, ол өз өкілін Мұхаммедке жіберіп,
одан Отырар губернаторын ұстатып беруін өтінді. Мұхаммед
бұл өтінішті орындамақ түгілі, елшісінің өзін өлтіріп тастады.
Елшінің жол сілтеушісі сақалы күзелгеннен кейін ғана қайтуға
мүмкіндік алды. Бұл масқаралау болып табылатын. Ендігі жерде
Шыңғыс ханның соғысудан басқа амалы жоқ еді. Дереу құрылтай
шақыртып, Түркістан компаниясының (1218) жоспары жасалды»
(Г.В.Вернадский. «Монголы и Русы», 1997, стр 45).
Шыңғыс хан ғұмырының осы тұсына қарасаңыз, қай бастаухат
тан да жоғарыдағыдай әңгімені көресіз. Бұдан кейінгі оқиғалар
«Қылыш көтерген адам қылыштан өлетіндігін» дәлелдеп берді.
Жекелеген билеушілердің осындай ел алдындағы жауапсыздығы
себеп болмағанда, кім біледі, Шыңғыс ханның ұлы жорықтары
да болмас па еді. Өйткені бұл кездері ұлы қағанның жасы 50-ден
асқан болатын (Екінші дерек бойынша 64-те, бұл жаста алыс
шапқыншылық жорыққа шыға қоюы қисынсыздау, сондықтан
сенімсіз – Ә.Б.).
Иә, тарих ұлы тұлғаны зерттеушіден оның қарсыластары тура
лы деректерді де қоса зерттеуді талап етеді. Олай болса Шаханов
та, Мұртаза Бұлұтай да қызғыштай қоритын, бір сәтті әлсіздігімен
Отырардың күйреуіне себепші болған Иналшық Қайырхан тура
лы да әңгімелей кеткеніміз жөн болар.
Өткен мақаламызда (Ә.Балқыбек «Шыңғыс хан жайлы шындық неге
біржақты бейнеленуі тиіс?» «Қазақ әдебиеті», 2001, № 21) марқұм,
тарихшы Сержан Мұсатайұлы Ақынжановтың «Қазақстанның
ортағасырлық тарихындағы қыпшақтар» кітабынан шежіреші
Жужаниден алынған мына мысалды келтіргенбіз: «615 (1216)
жылы... Хорезм шахы Мұхаммед Иемектен шыққан Иакафтанның
ұлы түркістандық Қадырханның тайпасын ойрандауға аттанды»
(С.М.Ахинжанов, «Кипчаки в истории средневекового Казахстана»,
Алматы, 1999, стр 224).
Отырарда Шыңғыс ханның керуенін түгелімен қырдыртқызып
тастаған Иналшық Қайырхан осы Қадырхан болатын. Арада 2
жыл өткенде ол өзінің кешегі қарсыласы Мұхаммедшахқа нелік
тен жағымпаздана қалды, осы жағы түсініксіздеу. Әлде бүлік жа
саған бұны бір рет кешіріп, қолына Отырардың билігін ұстатқан
жиенінің алдында бір рет көрініп қалғысы келді ме екен? (Мұр
таза Бұлұтайдың мақаласында нағашы мен жиен мәселесі көп
көтеріледі – Ә.Б.).
Адам жанының құпия қалтарыстарынан хабар беретін осы бір
көлеңкелі тұсқа Әбілғазы Баһадүр-ханның «Түрік шежіресіндегі»
мына үзік жарық түсіретіндей: «Отырардың билеушісі Иналшық
Мұхаммед сұлтанның анасының туысқаны еді. Қайырхан есімін оған сұлтан берген-ді. Саудагерлер оған өздерін таныстырып өтті. Біреуі оны Иналшық ретінде білетін болғандықтан, Қайырхан де мей, бұрынғы есімімен атады. Бұл болса, бұған қатты ренжіп, сау дагерлерді қамауға бұйрық берді де, бірнеше адамның Отырарға тыңшылық етуге келгендігі туралы сұлтан Мұхаммедке хабар жі берді» (Абуль-Гази-Багадур-хан, «Родословное древо тюрков. МоскваТашкент-Бишкек, 1996, стр 61). Не деген шыжбыңдық! Бір ғана Қайырхан деген есім ешқашан мұсылмандықтың немесе өзгеден биіктіктің дәлелі бола алмаса керек. Басқа есімдер де солай. Адам есімін саясатқа дәл осылай масқарашылықпен араластыру бұрын-соңды тарихта басқашалай қашан жүз бергенін еске түсіре алмай дал боласың. Шамасы, бұл оқиға тарихта тіркелген жалғыз дерек болып қалатын болар. Де генмен, Отырарды Иналшықтың жиені берген жаңа есімінің құр баны болды деуге ауыз бармайды. Тым құнсыз баға. Қайырхан үшін де, Отырар үшін де. Мұртаза Бұлұтай «Оның қолы оңтүстік аймақтарымыздағы гүлденген 26 қаланы жермен жексен еткен. Бұл шапқыншылар Мажарстаннан Кореяға, Солтүстік Сібірден Арабстанға дейінгі аумақтағы 900 қаланы, яғни 900 өркениет ошағын құртқан» деп жазады. Және бұл пікірін бір емес, екі рет қайталайды. Шамасы, Мұртаза Хорезм шахы Мұхаммед әскерлерімен 1219 жылы бол ған соғыстың салдарын айтып отырған болар. Осы соғыстан кейін тас-талқан болып жеңілген Хорезм әскерлерінің қалдықтарын түре қуған моңғолдардың Үндістан, Кавказ және орыс даласы ның оңтүстік өңірлеріне көктей өтіп кеткендігі анық. Бірақ, бұлар негізінен ашық далада жүргізілген шағын шайқастар ғана бола тын. Моңғолдар Шыңғыс ханның көзі тірісінде Орта Азияда ғана біршама тұрақтап қала алды. Ал Ауған, Үндістан, Әзірбайжан мен Грузия, керісінше түркі-моңғолдардан емес, әкеден қалған билікті қалпына келтіргісі келген сұлтан Жәлеледдиннен, Хорезм шахы ның ұлынан көп теперіш көрді. Тарихта Шыңғыс хан айтты деп саналатын «Атта отырып елжұрттарды жаулап алу оңай да, аттан түсіп оны басқару қиын» деген сөз бар. Жаулап алған жерді басқарып, өз билігінде бекем ұстап тұру үшін қатқыл қол, жүйелі есеп керек. Ендігі жерде осы қатқыл қол мен жүйелі есеп түркі-моңғолдарды Батыс пен Шығыс тың арасындағы байланысшы қылып қойды. Иә, қарап отырсақ, түркі-моңғолдар үшін жаулап алынған Орта Азияның ауқымы да тарлық етпейтіндей. Тарлық етпейтіні рас та еді. Бірақ олар ислам әлемі мен христиан әлемінің ортасына сынадай болып қағылғанды. «Бұдан кейінгі соғыстарға Моңғолия өз еркімен емес, дүние жүзілік тарих пен саясат оқиғаларының қысымымен тартылды.
Бұл ел енді ол соғыстарға қатыспай бейтарап қала алмайтын еді»
(Л.Гумилев. «Қиял патшалығын іздеу». Алматы, 1992, 200 бет).
Мұртаза Бұлұтай Шыңғыс хан бабамыздан қалған Жасаға, яки
заңдар жинағына да оң қабақ танытпапты. Жасаның М.Бұлұтай ой
лағандай емес, ислам әлеміне біршама ықпал жасағандығын мына
сөздер дәлелдей түссе керек. «Араб жазушысы Ибн Тахрибердидің
жазуы бойынша Египет әмірі Арташ Жасаны толық зерттеп оқыған.
Эссюути сұлтан Бейбарыстың Жасаның заңдары мен қағидаларын
Египетте қолдануға ниет еткенін мәлімдейді. Расында да мәмлүк
тердің Ас-Сияса деп аталатын зайырлылық (светское) заңы Шыңғыс
хан кодекстерінің негізінде жасалған. Әрине, бұл ерекше жағдай.
Мәмлүк билеушілерінің шыққан тегі түркі екендігі, олардың бірша
ма уақыт Алтын Ордаға бағынышты (вассал) болып тұрғаны әсер
еткен болса керек» (Г.В.Вернадский. «Монголы и Русь», 1997, стр
115-116). Шыңғыс хан Жасасы туралы білгісі келетіндер ол туралы
жаңағы үзінді алынған кітап пен Эренжен Хара-Даванның «Чингис-
хан как полководец и его наследие» кітабынан толығырақ оқып та
ныса алады. Және Мұртаза Бұлұтай тұжырымынан басқа тұжырым
ға келетіндігіне де сенімдіміз.
Абылайдың ақ бурасын, Жамбылдың қызыл жолбарысын біл
мейтіндей, (олардың мұсылман екендігіне кім күдіктене алады –
Ә.Б.). Мұртаза Бұлұтайдың түркі-моңғолдарға ырымшыл, пұтшыл
деп бет алды тиісе беруінің де жөні жоқ. Мұртаза айтты екен деп
қазақ халқы бүкіл халық ауыз әдебиетін жоққа шығарып тастай
алмаса керек. Тарихын да керексіз қылып тастамасы анық. Ал сол
Шыңғыс ханның империясын құрғандар негізінен қазақ ру-тайпа
лары болатын. Шыңғыс ханның өзінің де түбі түркі екендігін Лев
Гумилевтің «Көне түріктерінің» бірінші бөлімі «Ұлы түркі қаға
натын» зерделей оқыған жай айқын аңғармақ. Бұл бағытта тереңі
рек білгісі келетін жандарға Өмірбек Панзарбеков пен Болаттемір
Алтаевтардың «ТУ-ГЮ-Түркүл» атты еңбегін оқуға кеңес етеміз.
Иә, Шыңғыс ханның психикалық ауру емес, керісінше сын
дарлы, сабырлы, досына адал, жауына мәрт кісі болғандығын ол
жүріп өткен жол, ол кешкен ғұмыр айқын аңғартып жатыр. Басып
өткен жорық жолында өзіне деген құрметке ол ілтипатпен жауап
берген қалалар сирек болмаған. Шыңғыс хан жайлы кітаптарды
зерделей оқысақ, мұндай деректердің аз емес екендігіне сан рет
көз жеткіземіз. Ұлы адамның сұңғыла кемеңгерлігіне тәнті бола
мыз. Сөз соңында бір мақалада Ұлы Адам – кемеңгер бабамыздың
ғұмырына жарық түсіретін деректерді жан-жақты баяндап беру
мүмкін емес екендігін айта отырып, ол туралы кемел туынды енді
дүниеге келетіндігіне сенетіндігімізді айтқымыз келеді.
2001 жыл.
НАҒАШЫҢ ЕВРЕЙ БОЛСА...
Мені «Шыңғыс хан біз секілді ХХ ғасырда дүниеге келсе не
месе бүгінгі ХХІ ғасырдың тумасы болса, төлқұжатына ұлтын
кім деп жаздыратын еді?» деген сауалдың жауабы қызықтыра
ды. Әрине, көптеген замандастарымның сауалдың бұлай қойы
луы дұрыс емес дейтінін жақсы білемін. Мейлі, десе дей берсін.
Мен өз қиялымда туған сауалдың жауабын тапсам деген талпы
ныста қала беремін.
Төмендегі әңгіме де, бар болғаны, сол сауалға жауап іздемек
көп талпыныстарымның бірі ғана. Және бұл әңгіме, қызық бол
ғанда, жазушы Борхестен басталмақ.
Иә, осы Борхесті бүгінгі әдебиетші қауымның білмейтіні жоқ.
Ең кемі, оның аргентин жазушысы екенін естіген. Қайсыбіреу
лері оның атақты зағип кітапханашы болғанын да айтып бере
алуы мүмкін. Тіпті, жазушы турасында одан да маңыздырақ,
одан да мәндірек жайттарды тілге тиек ететіндер арамыздан та
былып қалар. Біздің де бүгін осындай қаламгер жайлы маңызы
бар-ау деген деректі оқырманға жеткізсек деген ниетіміз болып
отыр.
Қалай ойлайсыз, «Гомер» Борхестің (зағиптығын меңзеп
отырмыз – Ә.Б.) ұлты кім болуы мүмкін?
Испан дейсіз бе? Мүмкін, әбден мүмкін.
Өйткені, оның испан тілді әдебиеттің белді өкілдерінің бірі
екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Арамызда оны тіпті Но
бель сыйлығына ие болған әйгілі «Жүз жылдық жалғыздық
тың» авторы, Латын Америкасы әдебиетінің бейресми ту ұс
таушысы Габриэль Гарсиа Маркестен мықты дейтіндер де бар.
Ұзын сөздің қысқасы, Борхес ойы да, бойы да алып Сервантес,
қағылез де сезімтал ақын Лоркалардың тілінде қалам тербеген
жан. Яғни, Борхесті айтып мақтанса, испан тілді жұртшылық
мақтануға тиіс. Және мақтануға толық құқықтары да бар. Бі
рақ біз айтпақ әңгіме бұл емес. Біз айтпақ әңгіме Борхестің өзін
испандық санамайтыны туралы. Бұл жайында жазушының өзі
былай дейді:
«Кім өмірінің қайсыбір сәттерінде бабаларын іздеумен әуес
тенбеді дейсіз? Туыстары мен жақындарының бағзы тарихын
қиялында танып білуге талпынбаған жан әсте жоқ шығар. Мен
мұндай ізденістермен бірқанша рет әуейілендім және өзімді ев
рей сезінуден әрқашан ләззат табатынмын. Әңгіме, бар болға
ны, бетегеден биік, жусаннан аласа, оңашада отырып алып құр
қиялға бататын жанның ойдан шығарған шытырман шырғалаң
дары туралы ғана. Мұның Израильдің беделіне ешқандай нұқ
сан келтірмесі анық. Өйткені, менің иудейлігім Мендельсонның
әуендеріндей, сөзі жоқ музыка іспетті болымсыз, бейкүнә ғана
нәрсе ғой. Әйтсе де «Тигель» журналы менің осы уақытқа дейін
көпшіліктен «өте зымиян, сұрқия» түрде жасырып келген еврейлік
тегім туралы әлемге жар салу арқылы, соңғы уақытқа дейін өткен
нен тырбанып іздеген үмітімнің сеніммен қауышып, нық негізін
табуына септігін тигізді.
Менің толық есімім – Борхес Асеведо болады. «Росас және оның
дәуірі» атты кітабының он бесінші тарауына жасаған түсіндірме
лерінің бірінде Рамос Мехия сол кездегі Буэнос-Айрес отбасыла
рының бәрін санап шығады және олардың бәрі «өз түп-тамырын
португал еврейлерінен алатынын» дәлелдейді. Тізімде Асеведо
атты фамилия да бар: менің семит тектестерге қандай да болмасын
қатысым бар екенін дәлелдейтін жалғыз дерек осы ғана...» (Хорхе
Луис Борхес, «Мен евреймін», шығармаларының 4 томдық жина
ғы, «Амфора» баспасы, Санкт-Петербург, 2005 жыл, 493-бет).
Иә, бұдан кейін, несі екенін, қиялыңда әрдайым еврей болуды
армандап келген Борхестің еврейліктен ат-тонын ала қашатыны
бар. Шамасы, бұл оның Карл Маркс, Зигмунд Фрейд, Освальд
Шпенглерлермен туысқысы келмейтінінен болар. Әлде басқа се
беп бар ма?
Бұл сауалдың жауабы «Мен евреймін» деп аталатын осы мақа
ланың соңында жатқан секілді:
«Біздің күстанаушылармыз жат тамырларды тек еврейлердің
арасынан ғана табанды түрде іздеуге бейім. Олар оны финикий
лердің, нумидийлердің, сақтардың, бабылдықтардың, парсылар
дың, мысырлықтардың, ғұндардың, вандалдардың, ос-трогот
тардың, эфиоптардың, иллирийлықтардың, пафлагон-дардың,
сарматтардың, мидиялықтардың, оттомандардың, берберлердің,
британдардың, ливиялықтардың, циклоптар мен лапифтердің ара
сынан тіпті де іздеп әуре болмайды. Себебі, Александрия, Бабыл,
Карфаген мен Мемфистің айлы түндері сізге ешқашан айтулы ба
баларыңызды тарту етпек емес: мұндай мүмкіндік шайырдың иісі
танауыңызды қытықтар Өлі теңіздің төңірегін мекендеген тайпа
лардың ғана еншісіне жазылған».
Бұл үзіндіден Борхестің қандай да бір толыққанды тарих тек ев
рейлерге ғана тән деп есептейтінін аңғаруға болады. Интеллектуал
Борхестің өзге халықтармен бірге сақтар мен ғұндардың ұрпақта
рын да (демек, бізді де – Ә.Б.) келемеждеп отырғанын түйсінесіз.
Борхестің қиялында өзін неге еврей ретінде көргісі келе бе
ретіндігінің де себебі осы бір сана түкпіріндегі бұғыныңқы, бейбіт кейіптегі мақтанышта жатқаны байқалады. Иә, Борхес – еврей. Әйтпесе мақаласының тақырыбын «Мен ев реймін» деп айқайлатып қоймас еді ғой. Бәлкім бұл оның «Бүкіл әлемнің еврейлері, бірігіңдер!» деген жасырын үндеуге қатқан құ пия емеурін – жауабы болар. «Израиль! Мен де өз балаңмын!» де гені шығар. Әйтпесе, өзінің еврей екенін бүкіләлем білетін Борхес түгілі, біздің кім екенін кешеге дейін білмей келген Машкевичіміз де жасырмай жайып салған жоқ па! Машкевич тіпті Израильге қар жы-лай көмектесетінін де ашық айтты. Әрине Қазақстанда жүріп тауып жатқан дүниесінің есебінен. Сосын миллиардер Машкевич қана емес, білімпаз Борхес те еврей болып жатса несі айып! Енді еврейді қойып өзімізге бір сәт оралайық. Шынымды айта йын, тек Борхес емес, менің де еврей болғым келген. Қиялымда Өлі теңіздің жағалауына қанша рет бардым екен, ендігі оған есеп те жоқ болар. Мұса ғалайс-саламның еврей жұртын Мысыр құлды ғынан алып шыққан уақыты, Сүлеймен пайғамбардың эротикалық айшықтарға толы махаббат жырлары, пайғамбар іспеттес израиль қойшы ақындарының үрей мен сенім, қорқыныш пен көріпкелдік қатар ұйысқан жүрек жарды сырлары, бұлардың бәрі тек мені емес, талайды тәнті еткен тарих беттері, сөз өнерінің үздік парақ тары. Еуропа, қос Америка мен Австралияны, бәлкім басқа құр лықтарды да ұстап тұрған мәдени-рухани тін, яки тамыр. Әйтеуір, адамзат тарихының өн бойында тереңге тартқан екі тамыр болса, соның бірі екені анық. Яғни, оған қызыға қарамау еш мүмкін емес. Иә, бала кезіңізден қызыға оқып өскен «Жүсіп-Зылиха» қисса дас таныңыздың өзі ең алдымен осы еврейдің топырағына дән болып түсіп, көктеп өнген хикая болса, қызықпасқа, тамсана қара-масқа не шара! Бірақ, амал қанша, қызыға қарағаннан, құмарта іңкәрланғаннан еврей болып кеткен біз жоқ. Ондағы көзі танадай ару Суламифьтер мұнда да бір қазақ баласының Сүлеймен болғысы келіп жүргені нен мүлдем бейхабар екені, бұл да енді ешкімнен қымтанып, қал қалап жасыра алмайтын шындығымыз. Дегенмен менің бәрібір еврей болғым келеді. Неге? Жауап берейік. Соңғы кездері қазақ баспасөзінде Шыңғыс ханның ұлты кім болғаны туралы әңгіме қайта өршіп тұр. Кейде дау-дамайлы бұл әңгіменің жолындағысының бәрін қопара, қо тара көшіріп келе жатқан даладағы жын секілді алып дар мойын құйынға ұқсап кететіні де бар. Әйтеуір қорқынышты. Іштей ұлы аруақты мазалап жатқанымыздың түбі жақсылықпен тезірек бітсе еді деп тілейсің. Амал қанша, даудың ұшығына шығар емеспіз. Міне осы Шыңғыс хан жайлы даудың оянуына еврей бауыр, егер Шыңғыс ханның шешесі еврей болса, бір мысқал да мүмкіндік
бермес-ті. Бірден шешесі еврей, демек өзі де еврей дер еді. Ием
деніп алып, бүкіл әлемге ұлықтар еді.
Ал бізде ше?
Байғұс басымыз Шыңғыс ханды шешесі қазақ қоңыраттың қызы
болғанына қарамай, қаншадан бері кеудесінен кері итеріп келеміз.
Қайсыбір білгіштердің тіпті Шыңғыс ханның бізге еш-қандай қа
тысы жоқ деп кесіп айтқысы да келеді. Ал Шыңғыс ханды әкесі
жағынан қазаққа, түркіге тартқысы келетін талпыныстарға еш
қандай назар аударғылары келмейтін қыңырлықтары және бар.
«Япыр-ау,– дейсің іштей, егер қазақ еврейдің жолын ұстанғанда
(еврейде еврей анасының баласы еврей болып саналады, ал әкесі
еврей болғанымен шешесі еврей болмаса, ондай ұл-қыздың израиль
ұрпағы болып саналуға қақысы жоқ – Ә.Б.) Шыңғыс ханның қазақ
екеніне титтей де күмән-күдік болмас еді ғой, ал біз еврей емес,
қазақпыз деп осынша бұлқан-талқан болудың жөні бар ма? Әлде
қоңырат қазақтың тайпасы емес пе? Егер ғайыптан тайып осылай
бола қалса, онда керей, найман, жалайырлардың да қазақ бол-ма
ғаны да. Сонда қазақ боп Шыңғыс ханды жатсынып жатқан қа-
зақтарың кімдер?
Иә, айттым ғой, менің еврей болғым келеді. Өйткені, Шыңғыс
хан туралы даудан тек еврей болып қана құтыла алатынымызды
жақсы білемін.
Борхес дұрыс байқаған. Ол «Александрия, Бабыл, Карфаген мен
Мемфистің айлы түндері сізге ешқашан айтулы бабала-рыңызды
тарту етпек емес: мұндай мүмкіндік шайырдың иісі танауыңды
қытықтар Өлі теңіздің төңірегін мекендеген тайпалардың ғана
еншісіне жазылған» дейді. Ал менің ұлы бабаларыңнан жұрдай
қылатын халықтар мен тарихи өңірлердің тізіміне Борхестің со
ңын ала өзіміздің Ұлы Даланы да қосқым бар. Өйткені, ұлы ба
баларымен мақтана білу парасаты, баласының белі ғана емес, қы
зының да құрсағынан шыққан әрбір ұлын қадірлей білу даналығы
тек еврей бауырдың ғана талайына жазылған несібе. Олардың ұлы
халық болатыны да сондықтан.
Әлем білетін Борхес «Мен евреймін» дейді.
2006 жыл.
ШЫҢҒЫС ХАН ТЫҢДАҒАН
ЖЫРДЫҢ ШЫНДЫҒЫ
Көріпкел кітаптар. Кейде менің қиялымда мынандай ой
көрініс береді. Өзімді жиырмадан асар-аспас жасында әлемді
қалай жаулаймын деп алқынған Александр Македонскиймен
де, құйттай ғана Корсикасына тәуелсіздік алып беремін деп
жүріп, алып Еуропаның даму бағытын мүлдем жаңа арнаға қа
лай бұрып жібергенін аңғармай қалған Наполеон Бонапартпен
де емін-еркін тілдесіп, әңгімелесе алатындай сезініп кетемін.
Әрине, Ескендірмен (Александрдың қазақшасы) арамызда бір
неше мыңжыл, Наполеонмен ортамызда екі-үш ғасыр уақыт
жатқан болса да. Неліктен? Бәлкім, бұл олардың ғұмырбаянда
рына қатысты дүниелерді бала кезімнен жата-жастана, індете
оқығандығымнан болар? Өмірлерінің басты кезеңдерімен жақ
сы таныстығымнан шығар? Мүмкін. Бәрі мүмкін.
Дегенмен менің қиялым бұл сауалға басқашалау жауап бер
генді дұрыс көреді. Және бір қызығы, бұл жауаптың мазмұны
бүгінгі күні әлдекімдер татар дәмі түгесілер сәт ендігі тақалып
қалды деп шуласып жүрген ұлы мәртебелі кітапқа барып тіре
леді. Мен олардың, болашақ ұлы жаһангерлердің, балаң қиялы
на салмақ салып, балғын рухтарын қатайтуына себепші болған
көнекөз жәдігерлерді білетін болып шығамын. Иә, Ескендірдің
темірқазығы философтар атасы атанған Аристотельдің өзі
мәтінін қағазға түсіріп, кітап қып түптеп беріпті-міс делінетін
Гомердің «Илиадасы» болғаны белгілі. Александр бүкіл саналы
ғұмырында осы жырдың қаһармандарының бірі, пенде баласы
ның келер ұрпаққа белгісіз мимырт та мамыражай тіршілігінен
гөрі қысқа да болса ел есінде мәңгілік сақталып қалар даңқты
тағдырды қалаған Ахиллге еліктеп өтті. Наполеонның сүйікті
ақыны да осы Гомер, оның «Илиадасы» мен «Одиссеясы» бол
ды. Наполеон соғыста ерлік көрсеткен жауынгерлері мен қол
басшыларын «Илиаданың» ержүрек батырларымен шендестіре
отырып мадақтаса, қаһарман-дарының ізімен Кіші Азия жаға
лауына түсіп, Ахилл қабірінің басында оның рухына бағыштап
жарыс өткізген Александрдың сөзін тарихшы Плутарх былай
деп жеткізеді:
«... Ол Ахиллді бақытты адам санайтынын, көзі тірісінде қа
сында жан досы, өлгесін даңқын әлемнің төрт бұрышына түгел
жаяр ұлы жыршысы болғандығын айтты» (Плутарх, «Избран
ные жизнеописания», Москва, 1987, 2 том, 375-бет). Бүгінде
жиырманың о жақ, бер жағында Ахиллдің жасындай ғұмырына
тамсана толғанған осы Александрды да бүкіл әлем біледі. Тағ
дырына тек грек Плутарх қана тамсанып қойған жоқ, парсының
Жәмиі, қазақтың Абайы секілді ұлы ақындарда оның аңызға
ұласқан өмірінен алып жыр-дастандар жазды. Осылайша, ұлы
дастан ұлы тағдырды дүниеге алып келді. «Илиаданың» жол
дарында бала Александрдың болашағы болжанды, ұлы арма
нының айнымас бағдаршамы іспетті темірқазығы жоғарыға кө
терілді.
Иә, адамзат баласы тудырған ұлы рухани дүниелердің ішінде,
санаулы болса да көріпкел кітаптар да ұшырасып қалады. Олар
аз, бірақ бар. Бұл анық. Және олар сені әрдайым қиыс баспа, мен
болжаған, мен нұсқаған жолмен ғана жүр деп жетектеп отыра
ды. Жан қиналғанда еріксіз сол кітаптарға қолыңды созасың.
Дала дастанына мадақ. Тарих ұлы жаһангерлер ретінде
тек македондық Александр мен корсикалық Наполеонды ғана
білмейді, олардың қатарында біздің Ұлы Даланың перзенттері
де ұшырасып қалады. Және олардың ішіндегі бірегейі әлемге
аты жайылған айбарлы Шыңғыс хан екендігіне ешкім де шәк
келтіре қоймас. Демек, Шыңғыс хандай айтулы тұлғаны тарих
сахнасына алып шыққан, оның тағдырын болжап, болашағына
көріпкелдік жасаған Гомердің «Илиадасына» бергісіз ғажайып
дастанның тереңіне үңілмесең, сырын аша бермес біздің далада
да болғандығы ғой. Иә, болған. Болмауы мүмкін емес. Бірақ ол
дастанның қай дәуірдің оқиғаларын жырлап, алғаш рет қай ұлы
жыршының жүрегінен жарып шыққандығы беймәлім. Тек бол
жам жасауға ғана болады.
Құдайға шүкір, түркі, оның ішінде қазақ халқы батырлық
дастандарға кенде емес. Олардың арасында бүкіл түркіге ортақ
желілерге құрылған жырлар да ұшырасып қалады. Егер Шың
ғыс ханның тамыры ғұндардан барып қосылатын түркі мен
моңғолдың іргесі сөгіле қоймаған дәуірде өмір сүргенін ескер
сек, таңдаудың қатары таң атар алдындағы аспан жұлдыздарын
дай сирей түсетіні де анық. Және біз осы қадірлі аздың ішінен
біреуге ғана тоқталуымыз, онымен ұлы қағанның тағдырын
байланыстыруға тиістіміз. Сонымен ол дастан, бала Теміжүннің
болашағына сәулесін түсірген жұлдызды дастан қай дастан бо
луы мүмкін?
Түйсігіміз бізге бұл дастан жыр мен күйдің атасы саналатын,
түгел түркі төбесіне көтеріп ұлықтайтын абыз Қорқыт бірінші
болып жырлап еді дейтін «Алпамыс батыр» хикаясы болуы
керек дейді. Иә. сол, «Қорқыт ата кітабындағы» Бәмсі-Байрақ
немесе бізге Алпамыс есімімен белгілі батыр туралы тараулар
кезінде қаған Шыңғыс бала кезінен талай рет елітіп, еліге тың
даған жыр жауһары болған. Есукей баһадүрдің баласы мазмұны
на үңіліп ойын, екпініне қарап бойын түзеген дала дастанының
бұдан басқа жыр үлгісі болуы мүмкін де емес секілді. Өйткені,
қыңыр пайымды қиып түсетін қисын да, құр долбарды көтер
мейтін тарихи деректердің өзара үйлесіп қиюласуы да осыған
мегзейді.
Түйсік санамызға сәулесін түсірген болжамымызды дәлелдеу
үшін әңгімені алдымен қарапайым оқырғанға да ұғынықты тұс
тан бастайық. Дастан:
– Бұрынғы өткен заманда
... Жиделі Байсын жерінде
Қоңырат деген елінде,– деп басталатыны қай-қай сауатты
оқырманға да мәлім. Демек, дастанның бүгінде татар, башқұрт,
өзбек, қарақалпақпен бірге қазақ халқының да құрамына кіріп
отырған қоңырат тайпасының тарихына қатысты болғандығы.
Егер Шыңғыс ханның әжесі де, анасы да, сүйген жары Бөрте де
қоңырат тайпасынан екенін ескерсек, ұлы жаһангерлердің наға
шы жұртының өткеніне қатысты бұл дастаннан хабарсыз болуы
әсте мүмкін емес. Тарихи деректер Шыңғыстың анасы Уәлін
құймақұлақ, ауызекі әңгімеге шебер, жыр-дастанды көп білетін
шешен кісі еді деседі. Яғни, Шыңғыс хан бұл жырды анасының
аузынан немесе қайынжұртындағы жыршылардың бірінен естуі
шындыққа әбден саяды. Шыңғыс ханның талайды тәнді еткен
адами болмысының қалыптасып, айтулы тарихи тұлғаға айна
луына бұл дастанның сіңірген үлесі зор екені, түркі-моңғол
дың текті ұлының кейінгі тағдырынан да жақсы аңғарылады.
Македондық Ескендірге «Илиада» қаһарманы Ахилл қалай әсер
етсе, далалық Шыңғыс қағанға да Бәмсі-Байрақ немесе Алпа
мыс бейнесі еліктеуге лайық сондай жасампаз үлгі бола алды
деуімізге әбден қақымыз бар. Енді жыр кейіпкері мен қаған бол
маса арасындағы өзара ұқсастықтарға қысқаша ғана зер салып
кетейік.
Досқа адалдық, опасыздықты кешірмеу, қадірі сіңсе, қарадан
шықса да құрмет көрсетіп, ұлықтау – бұлардың бәрі Шыңғыс
ханның бойынан көрінетін дара қасиеттердің бір парасы ғана.
Міне, осы қасиеттердің бәрі дастандағы Алпамыстың да жақсы
қырлары ретінде ерекшеленіп тұрады. Оның өзін құтқарғаны,
қиын күнде көмек қолын созғаны үшін қойшы Кейқуатты өзі
шауып алған қалмақ еліне патша қылып сайлауы, ой-өрісі ла
йық болса, «қарадан да хан шығады» дегендік емес пе!
Жырда бұл сәт:
Патша болды Кейқуат,
Қалмақтың қалың еліне.
Әділдігін жүргізді
Ешкімнің көнбей ебіне.
Бақ қонарда жігітке
Азы не, сірә, көбі не?! – деп суреттеледі.
Осындай «қарадан шығып хан болған» жігіттер Шыңғыс хан
ның төңірегінде де жетерлік-ті.
Осы арада жырдағы батырға да, тарихтағы қағанға да ортақ
сүйген жарға адалдықты да айта кеткен жөн секілді. Теміжүн
атастырып алған жары Бөртенің жау қолында кеткеніне өзгені
емес өзін кінәлайды.
Жау меркіттер әлек сап,
Жаралады жанымды,
Жапа етті жарымды,
Асыл тұтар арымды,– деп толғанады («Моңғолдың құпия
шежіресі», «Өнер» баспасы, Алматы, 1998 жыл, 53-бет). Жа
рын «Асыл тұтар арым» деп қадірлейді. Біраз уақыт өткесін, әс
кер жинап барып, қайта тартып алғаннан кейін де сүйіктісінің
көңіліне кірбің, жанына жара түсіретін кесір сөзді отыз екі
тістің арасынан шығармай, өзін тыйып ұстайды. Осындай жар
сезіміне беріктік дастанда да бар. Әрине, бұлардың бәрі оқыр
манға мәлім жайттар болғасын тоқталмасақ та болады.
Ал опасыздықты кешірмеуге, уәдеге беріктікке келетін бол
сақ, «Қорқыт ата кітабында» Бәмсі-Байрақ өзін Қазан ханға
қарсы бүлікке қатысуға көндірмек болып алдап шақырып алған
сыртқы оғыздардың көсемі Аруздың қолынан қаза табады. Егер
өлімнен қорқып, өзара бүлік жасауға, оған Бәмсі-Байрақты да
тартуға уағдаласқан сырт оғыз бектерінің дегеніне көнсе, аман
қалуына болар еді, бірақ батыр «Жаным – арымның садағасы»
деп Қазан ханға адал екенін айтып тұрып алады. Ақыры, дегені
не көндіре алмағасын, Аруз денесіне қылышпен салған жарадан
қансырап мерт болады. Осындай антына адалдық, оны өзгелер
ден де барынша талап ету – Шыңғыс хан өмірінің де қай ке
зеңінде болмасын көрініс беретін игі қасиеттердің бірі.
Кім біледі, өмірінің қысылтаяң сәттерінде, ал мұндай бұралаң
шақтардың оның тағдырында аз болмағандығы анық, бозбала
Теміжүн, болашақ Шыңғыс қаған «Алпамыс батыр» жырының
қайсыбір тұстарын еске алып, өзін-өзі қайраған, өзін-өзі қам
шылаған болар-ау!
Қалай дегенмен де осы жырдың бізге беймәлім көнекөз нұс
қаларының бірімен Шыңғыс ханның таныс болғандығы ешқан
дай күмән тудырмайды. Неге?
Біз бұл сауалға да жауап беруге талпынамыз. Болжамымыз
дың растығына дауы болуы мүмкін қандай да бір білікті, білімді
оқырман назарына ұсынар қисынымыздың негізгі бөлігіне осы
сауалға жауап барысында тоқталамыз.
Күдік пен кілт. Сонымен көзі қарақты, бұл тақырыпта өзіндік
түйгені болуы мүмкін оқырманның біздің болжамымыздың ақи
қаттығына қандай кінәраттар тағуы мүмкін?
Біздіңше, бірінші тағылар айып мынандай болуға тиіс:
Қоңыраттар Орта Азия мен бүгінгі қазақ даласына тек моңғол
шапқыншылығынан емес, Шыңғыс хан әскерімен бірге ХІІІ ға
сырда ғана келіп, қоныстанды. Оған дейін олар Шыңғыс ханды
ақ киізге көтеріп, қаған сайлауға атсалысқан моңғол тектес тай
па ретінде белгілі болатын (Әбілғазы, «Түрік шежіресі», «Ана
тілі», 2006ж. 44-бет). Уақыт өте келе түркіленген моңғол нәсіл
тайпаның түгел түркіге ортақ деуге келетін дастанды иемденуге
қандай қақысы бар?
Екінші кінә былай сұлбалануы мүмкін:
«Қорқыт ата кітабындағы» Бәмсі-Байрақ туралы тараулар
оғыз-қимақ заманынан сыр шертеді. Бұл – ең бері дегенде ІХ-ХІ
ғасырлар. Демек, «Кітаптағы» Бәмсі-Байрақ туралы хикаялар
мен Алпамыс батыр жырын өзара байланыстырудың еш қисы
ны жоқ. Сырдың бойында алғаш Қорқыт ата жырлады деген
дастанды кезінде алыс Моңғолиядағы Шыңғыс хан бала кезі
нен естіп өсіп еді деген қисынға иә ақымақ, иә ана сүті аузынан
кеппеген сәби ғана иланады.
Бізге үшінші айыптың нобайы да мәлім:
Жырдағы Жиделі Байсын қазіргі Өзбекстанның иелігінде.
Ал Бәмсі-Байрақты жырлаған Қорқыт ата мен Бәмсі-Байрақтың
сүйікті жары Гүлбаршын немесе Баршын жатыр делінетін жер
лер бүгінгі Қазастанның Қызылорда облысына қарасты терри
торияда. Бұл өңірлерге моңғол шапқыншылығы тұсында келген
қоңыраттардың осы өңірде бұрыннан айтылып жүрген тарихи
хикая кейіпкерін өзінің тайпалық қаһарманына айналдырып,
иемденіп қалған болуы ғана мүмкін.
Иә, бұл айыптаулардың қайсысының болсын, анау-мынау
солқылдақ болжамның күлін көкке ұшыруға қауқары әбден же
терлік. Дегенмен біз өз болжамымыздың растығын дәлелдеуге
мүмкіндік беретін негізгі қисынымыздан ешқандай да бас тарт
паймыз.
Ең бірінші сүйенер дәйегіміз, біз қоңырат тайпасы немесе
оның құрамына кейіннен кірген қайсыбір жекелеген рулар Сыр
бойында ІХ-Х ғасырларда-ақ тіршілік еткен деген пікірді алға
тартамыз. Олардың мұнда Алтай асып, Ертіс жағалап жеткені де
тарих үшін жасырын жайттар емес. Міне, осы тайпалар немесе
жекелеген рулар кейін оғыз-қимақ ұлысының іргетасын қалауға
атсалысқан еді. Бір ғажабы, ортағасырлық деректер Бәмсі-Бай
рақ немесе Алпамыс батыр туралы жырды тек қоңырат тайпасы
емес, олармен қашаннан тағдыры еншілес, құрамына Шыңғыс
ханның бөржіген руы енетін қияттардың да батырлық жыры
ретінде тануға мүмкіндік береді.
Солай, деректерге сүйенсек, Шыңғыс ханның арғы ата-баба
лары да ІХ ғасырдың аяғы, Х ғасырдың басында қоңыраттармен
бірге берісі Қаратау, Қазығұрт, арысы Аралдың жағасына дейінгі
аралықты мекендеген болып шығады. Асылы, бұл екі тайпа да
ІХ ғасырдың орта тұсында, дәлірек айтқанда, 840 жылы Ени
сей қырғыздары тарапынан жасалған шапқыншылықтан кейін
ес жимастай болып есеңгіреген ұйғыр қағанатының құрамына
кірген әртекті тайпалардың қатарынан болса керек. Бір жағынан
жау, бір жағынан жұт қысып әбден жүдеген тайпалар алдымен
Ертіс өзенінің бойында, одан Қаратау, Қазығұрт өңіріне қарай
жылжиды. Әбілғазының «Түрік шежіресінде» осы оқиғалар
жаңғырығы моңғолдардың татарлар мен қырғыздардың бірлес
кен шабуылынан күйрей жеңіліп, Қиян мен Нүкүздің «Ергене
көнге» қашып тығылуын баяндайтын тұстаран аңғарылатын
секілді. Демек, әйгілі «Ергене-көнді» осы тайпалар алғаш бас
паналаған Алтай немесе кейін еркін көсіліп жайлаған Қаратау
мен Қазығұрт аралығынан іздеуге болады деген сөз.
Әрине, бұл тайпалардың таза түркі тілінде сөйлемегендігі де
анық. Ортағасырлық қыпшақтар тарихы туралы сүбелі еңбек
жазған марқұм Сержан Ақынжанов (1939–1991) оларды моңғол
мен түркі тілі аралығындағы өтпелі тілде сөйлеген деген пікірге
қосылатынын айтады. Бір жағы қидан және екінші жағы қырғыз
бен татарлардың бірлескен шапқыншылығынан кейін екі бағыт
тан келіп Ертістің бойында басы тоғысқан бұл босқын тайпалар
моңғолша қай немесе араб, парсы бастаухаттарындағыша қимақ
деген атаумен өзара тайпалар бірлестігін құрады. Кейін, жоғары
да айтқанымыздай, оғыз-қимақ немесе оғыз-қай ұлысының құ
рамына еніп, біршама уақыт мамыражай күй кешуге мүмкіндік
алады. Әуелбек Қоңыратбаевтың «Қорқыт ата кітабына» жазған
алғыс сөзін де осы қайларды қоңыраттар деп тұжыратын пікір
бар («Қорқыт ата кітабы», «Жазушы», 1986 ж., 6-бет). Бұ
лай болуы да әбден мүмкін. Өйткені, қай этнонимінің моңғол
тілінде жылан деген мағынаны білдіретінін Сержан Ақынжа
нов барынша жан-жақты талдап жазған («Кыпчаки в истории
средневекового Казахстана», Алматы, «Ғылым» баспасы, 1999
ж., 111-112-беттер) болатын. Қоңыраттардың жыланды кие
тұтқандығы «Алпамыс батыр» жырында да аңғарылып қалады.
Мысалы, Алпамыс батырдың Тайшық ханның артынан аттана
йын деп тұрған тұсында:
Тайшық алған жылқыңның
Ал артынан кетейін.
Шаһимардан жар болса,
Артынан қуып жетейін.
Жете алмасам, жан ата,
Жылап жүріп өтейін! – деп толғанатыны бар («Қазақ эпос
тары», «Көшпенділер» баспасы, Алматы, 2007 ж., 44-бет).
Осы үзіндідегі Шаһимардан араб, парсыдан келген жыландар
патшасы туралы ертегінің бас кейіпкері, яғни, жыландар патша
сының есімі болып табылады. Мұны байырғы моңғолдық киелі
жылан ұғымының жергілікті жердің түсінігінде қайта өңделген
көшірмелік нұсқасы деп түсінгеніміз жөн. Демек, моңғолға еш
қатысы жоқ деп айтылатын «Алпамыс батыр» жырынан да қо
ңыраттардың өздерінің байырғы тайпалық атауларын, оның ма
ғынасын әлі ұмыта қоймағанын аңғаруымызға болады. Ал Өз
бекстандағы бүгінгі қоңыраттар арасында жылантаңбалы деп
аталатын үлкен атаның бар екендігі бұл сөзімізге тіпті де жан
бітіре түсетіндей. Солай, қоңыраттар тайпасының құрамында
жыланды кие тұтқан рудың болғандығын ешкім жоққа шығара
алмайды.
Дегенмен «қай» этнонимі қоңыраттан гөрі қият тайпасының
атауына көбірек жанасатынын да ескерте кеткіміз бар. Бұл тай
палық атауды моңғолшадан қазақшаға аударғанда қайлар деп
оқуға болады. Мұндағы «қай» түбірі болса, «т» әрпі көптік жал
ғауы мағынасын білдіреді. Кім біледі. Ергене-көннен шықты
делінетін тайпалардың арасында қият пен қоңырат тайпалары
қатар аталатынын ескерсек, олардың о баста бір тайпаның белді
екі руы болуы да әбден мүмкін ғой.
Сонымен «Алпамыс батыр» жырына қайта оралайық. «Қор
қыт ата кітабында» оғыз-қимақ атауы түбірімен жоқ, мұндағы
ұлыстың қазығы болған тайпалар сыртқы оғыз және ішкі оғыз
дарды қимақ яки қай тайпалары бірлестігі деп түсінген жөн
секілді. Оғыз-қимақ ұлысынан бас батыры Бәмсі-Байрақ, яғни,
Алпамыс бүлікшілікті бастаған өз тайпаластарының қолынан
өледі де, бұдан кейінгі оқиғалар барысы оғыз-қимақ ұлысының
бүлінуіне әкеліп соғады. Осы бүліншіліктің ақыры қай-қоңы
рат немесе қай-қият тайпаларының өздерінің байырғы атаме
кендеріне қайта бет бұруына себепші болды ма, болмады ма,
ол жағын дөп басып айта алмаймыз. Дегенмен Шыңғыс хан
заманында, сонау Моңғолияда, осы екі тайпаның ең алдымен
тарих сахнасына шығуы оқиғалар барысының біз ойлағандай
бағытта дамығандығынан хабар беретіндей. Бірақ олар ендігі
моңғол нәсілді емес, жартылай, бәлкім, тұтасымен түркілен
ген еркіндік сүйер Ұлы Дала тайпалары еді. Олар Сыр бойына
кіріптарлықпен барған алғашқы сапарларынан естелік ретінде
өр де ер Бәмсі-Байрақ немесе Алпамыс батыр жайлы жырды
алып қайтқан-ды. Біздің бала Теміжүн, болашақ қаған Шыңғыс
бұл дастанды бала кезінен біліп өсті, оның мазмұнынан ойына
қуат алып, санасына нұр сіңірді дейтініміз сондықтан.
P.S.
Бізге анау бір жылдары Шыңғыс хан тақырыбы
тек қазақты ғана қызықтыратындай болып көрі
нетін-ді. Зиялыларымыздың екі жақ болып бөлініп
осы мәселеде ымырасыз айтысқа бой ұрғандары да
есімізден шыға қойған жоқ.
Сөйтсек, олай емес екен. Шыңғыс хан моңғол, қа
зақты былай қойғанда жапон, бурят пен тува, алыс
Америкадағы үлкен тарихтан хабары жоқ секілді
сезілетін коммерциялық кино өкілдері үшін де қа
жеттілігі бар тұлға болып шықты. Рас, қайбіреу
лерінікі сұранысқа ие өтімді тақырыптан кезегі өтіп
кетпей тұрғанда дүние тауып қалсақ деген шабы
лыс. Шаршаған, шалдыққан күні қала бермек. Бірақ
Шыңғыс хан мұрасына саяси тұрғыдан қарап, оны
болашақ геосаяси ұстанымдарының негізі бағыты
на айналдырсақ деген ниеттегілердің дар екендігі де
аңғарылып қалады. Әсіресе орыс пен ханзулар тара
пынан. Ресей ХХ ғасырдың басында күресінге тай
салғандай болған Еуропа идеясын қайта қолына ала
бастады. Бұл идея бойынша Шыңғыс хан империясы
ның тарихи мұрагері бүгін қайта күшіне ене баста
ған Ресей империясы болып табылады. Ол бір кездегі
Шыңғыс хан қағанатына қараған ұлыстарды қайта
құшағына алып, аға халықтың салиқалы рөлін атқар
мақ ниетте. Бүгінде кітап дүкендері орыс тарихшы
ларының бізді түркілер ешқашан ренжіткен емес,
қайта қысылтаң күнде қол ұшын созып отырды,
ендігі жерде біз де оларға ықыластарына ықыласпен
жауап беруіміз керек деген мазмұндағы кітаптарына
толы. Бір қарағанда жақсы-ақ құбылыс. Бірақ... Ыс
тық ықыласқа буыны босаған адамда әл қала ма?.. Ал
ол ықылас алдамшы, көзбайлау ықылас болып шықса
ше? ... Сосын түркіге біткен тектілік опырып жеп
үйренген орыстан табыла қояр ма екен?..
Шыңғыс ханға қатысты қытай сериялы екі те
леарнамызда жарыса көрсетілді. Бәрі дұрыс секілді.
Аждаһа елінің киногерлері қолда бар деректерді сар
қа пайдаланғаны байқалады. Бұра тарту және аңға
рылмайды... Бірақ... Олар Шыңғыс ханды өз мемле
кеттерінің тарихындағы қадаулы тұлғалардың бірі
ретінде танитындықтарын ашық аңғартты. Кітап
өртеп, Қытай қорғанын салдырумен аты шыққан
әйгілі Ши Ши хуанди патшаның қатарына апарып
қойды. Моңғолды қытайға қарайтын көп ұлттың
бірі ретінде ғана санайтындықтарын жасырмады.
Шыңғыс хан империясын құрған түркі-моңғолдық
тарихты өзіміздің өткеніміз деп отыр. Демек, жерін
де өзінікі санайды. Болашақта бұл емеуріннің аясына
Орта Азия мен Қазақстан Ресеймен қоса тұтас кіріп
кетуі мүмкін...
Иә, екі жағымыздағы қос алып ел Шыңғыс хан
мұрасын басты геосаяси һәм идеологиялық карта
ретінде ойнатуға бет алды. Біздің қолымызда не бар?
Зиялыларымыз сонау Мысырды қорғаған қыпшақ Бей
барыстың Ұлы Даланың аманатын арқалап барған
найман Кетбұғыны аппақ сақалын қанға бояп өлтір
геніне масаттанып жүре берер ме екен? Әлде біз
де бір жақтан орыс, екінші жақтан қытай ағайын
жарқын беттерін жырымдап көшіріп алып жатқан
төл тарихымызды түгендеуге кірісеміз бе?
Қазіргі тарихымыз төбесінен төңкеріліп тұр.
Қорқынышты.
Арда ағам
Ислам Әбішевке арнаймын.
БУДДА БІРДЕ ДҮНИЕГЕ
КЕЛГЕНДЕ
Дастанға детектив көзімен қарасақ
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын алғаш тудырған ақын, біз
ге жеткен кейінгі нұсқаларды жырлаған әріптестеріндей емес, өзі
пайдаланып отырған материалды мүлде басқаша түсінген. Екі ға
шықтың қайғы-қасіретке толы мұңлы хикаясы түбі сәтті, қуаныш
пен аяқталатындығына оның ешқандай күмәні болмаған десе де
болады.
Біздің мұндай «бүйректен сирақ шығару» іспетті батыл болжам
пікірге келуімізге не себеп? Мазмұны оғаштау осындай әңгіме ай
туымыздың өзімен-ақ біз Ұлы Дала даналығы тудырған ғажайып
махаббат дастанының құнын түсіруге тырысып отырған жоқпыз ба?
Олай болса, мұнымыз күпірлік болады ғой.
Жоқ,біздіңше, тіптен де олай емес. Ойымызды жеткізу үшін
болжамымызға тиянақ болар дәлел-дәйектерімізді ретімен ортаға
салуға тырысып көрейік. Жоғарыдағыдай жорамалға иек артуы
мызға не себеп болғандығы да сонда анықтала түсер.
Иә, бүгінгі той-домалақ, қуанышқа бас қосқан отырыс-жиын
дарда:
– Сейфіл-Мәлік, Жамалдай
Бейнетіңе көнсем-ай.
Қозы Көрпеш, Баяндай
Бір молада өлсем-ай! – деген жыр жолдарын (Әсеттің «Інжу-
маржан» әнінен) сіз де, біз де жиі-жиі естіп жүрміз.
Соңғы екі жол, тұтас алғандағы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
жыры ғана емес, оның кейіпкерлерінің есімдерінің өзі де асқақ
махаббат сезімінің халықтық асыл үлгілеріне айналып кеткендігін
айғақтап тұр. Іштей берік сүйіспеншіліктің байламы, дегеніне
жетпей тоқтамайтын ғашықтықтың асыл серті болса осындай-ақ
болар дейсің. Осындай махаббат дастанын тудырған халықтың ке
меңгерлігіне риза боласың. Ғасырлар қойнауында кемеліне келіп,
толысқан осындай дүниені өзіңнің басқа бағытта түсіндіргің ке
летіндігіңе бір сәт жүрексінесің де...
МӘҢГІЛІК
МАХАББАТ
ЖЫРЫ
Дегенмен сен бүгінгі ұрпақтары естіп жүргендей емес, дастан ды Ұлы Дала төсінде алғаш тыңдау бақытына ие болған ата-баба ларының жыр мазмұнын бұлардан мүлдем басқа қырынан таны ғанына сенімдісің. Рас, жырдың қай заманға, қай ғасырдың еншісіне тиесілі екендігі әлі күнге дәл анықталған жоқ. Жуық арада анықтала қоюы да екіталай. Бұл мәселемен анау жылдары абыз ғұламамыз Әлкей Марғұланның бас қатырғаны белгілі. Бүгінгі тарихымызды түгендесек деп маңдайларын тауға да, тасқа да ұрып жүргенСейіт Қасқабасов, Қойшығара Салғараұлы секілді ағаларымыздың да біраз еңбектенгендері мәлім. Ең бастысы, зерттеушілердің бәрі де жырдың дала төсіне ислам келгенге дейіннен көп бұрын пайда болғандығына күдік келтір мейді. Міне, осы арада біз жыр кейіпкерлері мен оларға махаббат дас таны арқылы мәңгілік ғұмыр сыйлаған алғашқы ақынның қандай сенімге бас игендігін анықтау қажеттігін алға тартамыз. Өйткені, дін дегеніміз – жеке адамның, халықтың дүниетанымын қалып тастыратын рухани күш. Олай болса, біз іздеп отырған дін қандай дін болуы мүмкін? Дала төсіндегі дәстүрлі Тәңіршілдік пе? Ма нихейшілдік пе? Бәлкім, өзі уақыт өте келе Ницшенің кейіпкеріне айналған ирандық Зәрдәшттің, яки Заратустраның ілімі болар? Жырдың кілтін табу үшін алғашқы ақынның ұстанған сенімін білу қалайда маңызды. Біздің пайымдауымызша, бұл дін адамның өзіне-өзі қол салуына аса қырын қарай қоймаған мамыражай мінез дін болған сыңайлы. Мұны қазақтың тағы бір ғажайып махаббат дастаны «Қыз Жібекте» жыр кейіпкері Қыз Жібектің сүйікті жары Төлеген Бекежанның қолынан мерт болғаннан кейін махаббатына адал жан ретінде өзіне-өзі қол салмай, Төлегеннің інісі Сансыз байға әмеңгерлік жолымен тиюге келіскенінен аңғаруға болады. Себебі, бұл кезде Қыз Жібектің өзіне-өзі қол жұмсауын дала ақы нының қиялы көтергенімен, дала төсіне емін-еркін еніп орныққан исламның шариғаты көтермейтін-ді. Біздіңше, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» секілді қайғылы аяқталғанда «Қыз Жібектің» халық арасында кеңінен тарала қоюы да неғайбыл болатын. Ал «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры Далаға ислам діні келген нен көп бұрын пайда болып, жергілікті халық санасына тамырын терең бойлатып үлгергенімен ғана исламның цензуралық құрығы нан аман қалды деп долбарлауға болады. Сонымен жырдың кейіпкерлері мен оны алғаш жырлаған ақын ның ұстанған сенімі қандай сенім болуы мүмкін? Біздіңше, бұл Үндістан топырағында біздің дәуірімізге дейінгі ҮІ-Ү ғасырларда пайда болған будда ілімі болуға тиіс. Тек Будда ілімінің ғана өзі не-өзі қол көтерушілерге кешіріммен қарайтыны мәлім. Тіпті бұл ілімнің жапондар ұстанатын дзэн-буддизм тармағында қандай да
бір мақсатты орындау жолында өзіне-өзі қол көтергендерді ұлық тұтатын дәстүрдің де бар екендігі жасырын емес. Еске жапон са мурайларының бастарына сын сағаты туғанда харакири (өзін-өзі жарып өлтіру) жасайтындығын түсірсек те жеткілікті. Қозыға деген махаббаты жолында өзін-өзі өлтіруге бел байлаған Баян сұлу күнәсін тек осы дін ғана кешіре алмақ. Тіпті, керісінше, жаңағы жапондардағы секілді бас июге тұрарлық ерлік, қаһар мандық іс деп дәріптеуі де ықтимал. Егер Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың үлкен құрметпен бір кесенеге жерленгенін, ол кесененің осы күнге дейін сақталғанын жадымызға түсірсек, кім біледі, бұ лай болуы да әбден мүмкін ғой. Міне, дәл осы буддизмнің Қытай аумағы мен ірілі-ұсақты Жа пон аралдарына аяқ басар алдында біздің даламызда біраз тұрақ тағанын бүгінгі ғылым жоққа шығармайды. Олай болса, біздің жыр кейіпкерлері мен оны алғашқы жырла ған ақын ұстанған сенімдері бойынша буддашылар болған деген пікіріміздің де әбден жаны бар болуы мүмкін. Ал буддашыл ақын ның жырды бүгінгі бізге мәлім нұсқаларындағыдан мүлдем басқа ша сарынмен аяқтайтындығы да еш жасырын емес. САНАСЫ НҰРЛАНҒАН АДАМ ТУРАЛЫ АҢЫЗ Бұл аңызды қазақ оқырманына алғаш ұлы Мұхтар Әуезовтің таныстырғаны белгілі. Аңыз Солтүстік Үндістанның шағын пат шалықтарының бірінде біздің дәуірімізге дейінгі 566-476 немесе 563-473 жылдар аралығында өмір сүрген Сиддхартха Гаутама де геннің патша отбасында дүниеге келгенінен басталады. Алаңкөңіл патша өз ұлының дүниенің қайғы-қасіретінен бөлектеніп, тек қуа ныш пен күлкіні ғана біліп өскенін қалаған. Патшазаданың біраз өмірі осылай қайғы-мұңсыз өткен де болатын. Жары Яшодхара да оған сарай сыртында мүлдем басқа өмірдің бар екендігі туралы тіс жарып айта қоймаған еді. Бірақ бірде сарай маңынан сәл жырақ тап шығып кеткен ол еті сүйегіне жабысып арыған қарияны, ой байлай ыңыранған, денесін дерт меңдеген сырқатты, жұрт азалап жерлеуге алып бара жатқан жансыз мүрдені көріп қалады. Міне, осыларды көргеннен кейін-ақ оның көңілі нілдей бұзылған. Өйт кені, жүрегі ояу патша ұлы өзінің де түбі осылардай болатынын ұғынған еді. Оны, егер бар пенде тіршілігін осылай аяқтайтын болса, онда өмірдің мәні неде деген сауал мазалай бастаған. Осы сауал оны ақыры патшаның салтанатты сарайынан да, жарының ыстық құшағынан да бездірген. Ел кезген, жер кезген тақуалар дың қатарына әкеліп қосқан. Біраз жылдардан кейін ол тақуалардың тіршілігі де құр өзін-өзі алдарқату екендігін түсінеді. Олардан жырақ кетіп, бодхи ағашы ның түбінде отырып алып ұзақ күндер бойы тәңірге жалғыз сыйы
нады. Міне, осы ағаштың түбінде 35 жасында, ібілістің арбауынан аман өткен 49 күнге созылған құлшылықтан кейін, Сиддхартха ның санасы оянып, көктен хабар түседі. Өзі «санасы нұрланған адам», яғни, Будда деген жаңа есім алады. Будданың тағдырын білетіндер оны арнайы құдайлардың өтінішімен жер бетіне түсіп, пейілі бұзыла бастаған адамзатты адалдықтың жолына қайта бұ руға тапсырма алған әулие жан екен деседі (Үнді діни нанымы бойынша адам бар күнәсінен тазарып біткенше жер бетіне әртүрлі денеде, өсімдік боп, жәндік боп, адам болып үздіксіз келе береді. Ал Будда бұл қайта туулардың бәрінен өткен, тек құдайлардың ғана өтінішімен жерге арнайы түскен жан ретінде аталады). Сол Будда сексен жыл қара жерді басып, дауысы жеткен жердің бәрі не ілімін таратып дүниеден өтеді. Ал осы ілімді кейін шәкірттері Орталық Азияға, Аспан астындағы Қытай мен аралдардағы Жапо нияға дейін жеткізеді. Бүгін бұл діннің тармақтарын Қытай, Тибет, Жапония мен Корея секілді байырғы отырықшы елдер ғана емес, моңғол, бурят, қалмақ секілді тағдыры өзімізбен еншілес болған байырғы көшпелі халықтар да ұстануда. Будданың дүниеге әртүрлі бейнеде келген туылуларынан сыр шертетін аңыздар мен мысалдар буддизм әдебиетінде жатақ деп аталады. Жатақтарда Будда маймыл, сиыр, марал, қоян, тасбақа, піл, әулие, тақуа, мейірімді патша, данагөй патшазада сипатта рында көрініс береді. Олардың бәрінде де ол даулы мәселелерден жеңімпаз болып шығып отырады. Маймылдар көсемі ретінде су иесі албастыны алдап жыққан да, сайрауық шымшықтардың бас шысы ретінде аңшының ауынан құтылудың амалын тапқан да, көршілесімен ақша тігіп бәс ойнаған аңғал иесіне екі мың рупий табыс тауып берген ақылды сиыр да, бәрі-бәрі осы Будданың өзі. Қарап отырсаңыз, қайсы болмасын жақсылықтың жеңісімен аяқ талатын ертегі-мысалдардың бәрін де «Будда бірде дүниеге кел генде» деген қайырма әлқиссамен бастай беруге болатын секілді. Енді «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырына қайта оралайық. Дәлірек айтқанда, жырдың алғашқы түпнұсқасының соңы қалай аяқталуы мүмкін деген мәселеге. Егер жырды алғаш жырлаған ақын шынымен буддашыл болған болса, ол жырды былай түйін деген болуы әбден мүмкін: Қозы өлген соң Баян сұлу да оның артында жалғыз қалуды жөн көр меді. Жаратқан иеден келесі өмірлерінде екеуін қайтадан бірге, тағы да ғашықтар ретінде дүниеге келтіруін сұрады да өзіне-өзі қол салды. Бұл жолы фәни жалғандағы тіршіліктері қасіретпен аяқталған екі мұңлық ғашықты халық ұзақ жоқтап жылаған. Ел ақсақалдары ақыры екеуін бір жерге жерлеуге ұйғарысты. Ендігі өмірлерінде олардың қосылып, барлық мұрат-мақсаттарына жететіндігіне үміт білдірісті.
Мына белқұда болып жатқан екі кісінің ұлы мен қызы, бәлкім
дүниеге қайта келген сол Қозы Көрпеш пен Баян сұлу болар. Олай
болса, олардың болашағы жарқын болуын тілейік».
Міне, біздің шамалауымызда шабытты шақырар той үстін
де жырланатын мәңгілік махаббат дастаны осылай түйінделген.
Оның осы тұрысында жапон әлде қытай ертегісін еске түсіретіні
де рас. Және бұлай болуына ол елдерге де жетіп, ұлттық дүниета
нымына айналып кеткен буддизм мен оның мифологиясы себепші
екендігі де жасырын емес.
Қалай дегенмен де ана дүниеге барғанда бірін-бірі тани алмай
қамығып жүрген Лермонтовтың христиан ғашықтарының хикая
сынан анағұрлым оптимистік әуенде аяқталатын мұндай туын
дыға әбден қол соғуға болатындай. Өйткені, қолдан келіп жатса,
келесі бір дүниеге келулерінде болса да, ғашықтардың өзара қо
сылуына мүмкіндік жасап бергеннен артық не бар дейсің. Мұны,
біздіңше, жырдың алғашқы авторы да өте жақсы білген.
Солай, түпнұсқа «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры өз кейіпкер
лері мен оны алғаш жырлаған ақынның діни сенімдеріне ешқан
дай қайшы келмейтін-ді.
Әрине, біздікі жорамал болжам ғана. Ол жорамалға сену, сенбеу
оқырманның өз еркінде. Ең бастысы, Ұлы Даланың еліміз мәңгі
мекен етер осы бұрышында бір кездері атақты төрт діннің бірі
ретінде саналатын буддизмнің де бір қонақтап кеткенін қисаптан
шығарып тастамасақ болғаны.
БУДДИЗМ ЖӘНЕ АҚЫНДАР
Буддизм, жалпы үнді діндері туралы алғаш орыстың әйгілі бард
ақыны Владимир Высоцкийдің ән табақшаларынан естігенім әлі
есімде. Ол ән «Әдемі дін ойлап тапқан үнділер...» деп басталады.
Әзіл ретінде жазылса да, осы әннің кезінде үлкен саяси-әлеуметтік
мәнге ие болғандығын сол заманды көзі көргендердің ешқайсысы
жоққа шығара алмас.
Мұндай буддизмнің элементтерін өлеңде еркін қолдану тәсіл
дері бүгінгі қазақ поэзиясында да ұшырасады. Осы арада солар
дың екеуін оқырман назарына толығымен ұсына кетсек еш артық
тық бола қоймас деп ойлаймыз. Олардың бірі талантты ақынымыз
Есенғали Раушановтың қаламына тиесілі «Еркін дүние-ай» деп
аталатын өлең:
– Еркін дүние-ай, ен далам, ерен далам,
Мына ғалам шынымен бөлек ғалам.
Бір ғұмыр аз мен үшін, екеуін бер,
Жоқ, екеу де аз.
Мәңгі өмір керек маған.
«Дүние – жалған» дейді жұрт.
О не деген,
Жерді өз басым мәңгіге егеленем.
Сессияға келетін депутаттай,
Қайта-қайта өмірге келе берем.
Бұрын да өмір сүргем мен.
Бұлақ болғам.
Бір көргеннен керемет ұнап қалған
Сол қыз қайтып соқпады. Ерегесіп
Қаңғып өлдім, кеттім де
жыраққа әрман.
Бұрын да өмір сүргемін, төбе болғам,
Асқар шыңдар тұратын менен әрман.
Мен ешқашан тау бола алмасымды
Түсінген соң ұзамай өле қалғам.
Аң патшасы болғанмын,
сауық ері,
Бақты мені орманның қауым елі.
(Бауырым, сен «бастығым»
мисыз дейсің,
Дұрыс. Бұрын себебі ол
тауық еді).
Қартайдым деп, жастықтан
жырақпын деп,
Ой, қайтесің біреуді сыбап күндеп...
Кетіп бара жатсың ба, оқасы жоқ,
Ертең қайтып келесің. Бірақ кім боп?
Осы өлеңді Сиддхартха Гаутаманың ізбасарларының бірі оқи
қалса, Будда дананың өз өлеңі ғой деп құлап түсеріне имандай
сене беруіңізге болады.
Ал мынау Алмас Темірбай деген жас перінің «Аруақ» деп ата
латын өлеңі:
Он ғасыр бұрын дүниеге мынау
келгенмін,
Оңтайын тауып, ойран сап
жауды жеңгенмін.
Бас уәзір жатқан он алты
қанат ордаға
Басымды имей, баса көктеп те
енгенмін.
Үш қырлы оқты заулатып
бұхар садақтан,
Қылыштың жүзін қып-қызыл
қанға жалатқам.
Дөнен қымыздың қуаты желік бітіріп,
Дұшпанның бетін құбыла жаққа
қаратқам.
Айғырдың тоқпақ жалындай
– түкті жүрегім,
Атанның шоқпар санындай
– мықты білегім.
Қырық жыл қырғын келсе де сынбас,
сөгілмес
Қазақтың қырық қабырғасының
бірі едім.
Қарыны жуан хандардың ішін
жарғанмын,
Үстінде тұрып есік пен төрдей
тарланның.
Қаңғыған оқтай қарғысы тиіп біреудің,
Ит-құсқа жем боп,
ит өлген жерде қалғанмын.
Бәріне куә – мына тау, өзен,
мына аңғар,
Сенбейтіндерің сұраңдар,
содан сұраңдар.
... Кәнизак еді ол кезде анау сары қыз,
Көзіне оның көрінбейінші... Күнәм бар.
Осы өлеңдерді оқи отырып, өткен мен бүгінді, бүгін мен ер
теңді, қас-қағым мен мәңгілікті, алып пен ұсақты, көк пен жерді,
теңіз бен тамшыны, қысқасы дүниеде бардың бәр-бәрін өзара бай
ланыстыра отырып, зерделегісі келетін буддизмнің құдіретін та
нығандай боласың.
Біздіңше, әлемдегі барлық дін атаулының үндейтіні тек жақ
сылық болып табылады. Олай болса, әдебиетшілеріміздің анау
теңізінен басқа түгі жоқ ұсақ аралдарда отырып-ақ мықты атан
ған Жапон елі мен мына іргедегі адам басы миллиардтан асса да
бірлігін шайқалтпай ұйып отырған Қытай мемлекетінің қалыпта
суына зор үлес қосқан осы буддизмге де бір сәт болсын зер салып
қойғандары дұрыс-ау дейміз.
Ал жырға байланысты жоғарыда айтқан болжамымызды қабыл
дау, қабылдамау, ол енді тағы да айтамыз, әр оқырманның өз жан
қалауы мен пайым-түсінігіндегі шаруа.
ТҮГЕЛ СӨЗДІҢ ТҮБІ БІР,
ТҮП АТАСЫ ТӘҢІРІ
Слово бродит в степи
Чтоб нечаянно встретить меня.
Олжас Сүлейменов.
Ақын сөз ойнатуды ғана емес, әрбір сөздің ішкі мәні мен та
рихи мазмұнын да білуге тиіс. Түйсігіңе тілтану ғылымының
тамыры тым әріде жатқан секілді сезіледі. Ескіден қалған Ба
был қышпарағында «Тәңірінің құпия төрт есімін ашқан адам
пайғамбар дәрежесіне көтеріледі» деген сөздер жазылыпты. Сөз
тану – Тәңірі тану, Ежелгі Бабылдың кезінде-ақ сөздің жасалу
жолдарына, транс-ценденталдық түпкі мәніне, ішкі энергиялық
қуатына назар аударыла басталғандығы байқалады. Сөз тасасы
нан Тәңірі сығалайды, соны көре білуің керек.
Бабыл қышпарағындағы тәмсіл Иоан «Ізгі хабарындағы»
«Басында сөз болды, Сөз Тәңірі де болды, сөз Тәңірі еді» деп
келетін анықтамадан анағұрлым көне. Шығыс даналығы «Ақыл
– ақылдан қуат алады» дейді, бәлкім Иоан сахабаның құлағына
Бабыл абыздарының рухы сыбырлаған болар. Генетика – ойға
да тән. Ойлардың генетикалық дамуы осыған меңзейді. Сен
«Жоқтан бар жасалмайды, бардан жоқ болмайды» деген пәлса
фалық категорияға мысал келтіре кеткің келеді.
Кешкі мезгіл. Аға бөлмесінде, қалың түтіннің құшағында
отырсыңдар. Ағаң екеуің арасында қазақ халқының тарихы,
әдебиеті, өнері жайлы пікірталас әңгіме жүріп жатыр.
Аға сөзі: «Шумер-нама» кімге керек? Ұмытылған түнек уа
қытты қазбалағанша, көз жетер жерді бағамдайық та». Аға
құмық Мұрат Әжінің «Дешті Қыпшақ даласының жусаны»
кітабын «Азия»-дан жоғары қояды. Өйткені ондағы деректер
жақын, таныс, түсінікті. Еуропаға кресті алып барған біздер
– көшпелі Тәңіршілдер екенбіз. Өйткені, крест+һаш таңбасы
Тәңірі дінінің бас атрибуты болған. Жасыратыны жоқ, кітаптың
өн бойы түркішілікпен суғарылған. Құнарлы топырақ. Бабала
рың үшін ұялмауға болады. Ал өзің үшін ше?..
Саған қызарақтауға тура келеді. Осы құнарлы топырақтың ас
тында шумер өркениеті жатқандығын түйсігің түйсінеді. Сөздер
мазалайды. Шамасы аға жан қиналғанда аузыңа алсаң, рухыңды
құдіреттендіріп жіберер аруақ сөзінің ішкі мазмұнын білмейтін
болар. Сезім сана құлағына шумер мен түркінің тамыры бір
деп сыбырлайды. Болмаса «Шумер-намадағы» мына сөздерді
қалай түсіндіруге болады: «Шумерлер қайтыс болған адамда
рын христиан рәсімі бойынша жерлеп, басына дін символы –
ашамай қойса, (тағы да еске түсірейік, Мұрат Әжідегі көшпелі
қыпшақтар сыйынған Көк Тәңірі сенімінің бас атрибуты да осы
ашамай – крест+һаш таңбасы) бұл да кездейсоқтық па?» (Олжас
Сүлейменов. «Азия». Алматы, 1992 ж. 184-б.) Түркі Көк Тәңірі
шумер топырағынан тағы да бой көтерді. Төрт қыры тең һаш
– крест туралы адам жады ұмытқанымен сөз тіркестері ұмыта
алмапты. Қазақ шалы оңашада «Төрт құбыласы түгел кім бар
дейсің?» деп күрсінеді. Оның трансцендентальдық түсінігінде
төрт құбыласы тең Тәңірі ғана. Һаш-ашамай қыры, бояуы қа
нық, метафораға бейім түркі тілінде құбылаға айналған. Мета
фора – Ақындар тілі.
«Дешті Қыпшақ даласының жусаны» да шумерге меңзеп тұр
са, Түркі Тәңірінің тамыры шынымен-ақ тереңде болғаны. Қа
лай дегенмен де «Шумер-намада» бір ғана абзацқа, оның өзінде
де сұраулы сөйлемге сығымдалған ой «Дешті Қыпшақ даласы
ның жусанын» да кітаптың бүкіл өн-бойына жайыла, жарық нұр
түсіріп жатқандығы анық. «Азия» – да сауалға неге тап сол ара
да жауап берілмеді? Бұл өз алдына бөлек әңгіме.
Киіз үй киесі, оның емдік қасиеті туралы медицина маман
дары да тамаша пікір айтады. Төрт бұрышты үйден гөрі, фор
масы дөңгелек, төбесі күмбез тәріздес үй адам психологиясы
на анағұрлым жайлы әсер ететін көрінеді. Медицинада мұндай
үйде ғарыштық энергия жақсы ұйысады, ішінде жатып тынығу
жүйке ауруларына бірден-бір ем деген де тұжырым бар.
Бәріне Тәңірі себепкер.
Қазығұрт құшағында көк Тәңірінің жер бетіндегі ең үлкен ен-
таңбасы жатса, ол осы өңірдің қасиеттілігінен болар.
Қазығұрт топонимінің бойындағы түркі қаз-тауы мен шумер
құр – тауы да бір қойдың егіз қозысындай көрші жатқандығы
туралы жазғансың-ды. («Қазығұрт – Таулардың тауы». «Пара
сат», № 3, 1996 ж.) Сонда сөз арасында Тәңірі әрекеті байқала
тын жерде әрдайым тау сұлбасы бой көтеретіндігі, «Даланың
даңқын шығару үшін таулардың құпиясын ашыу керектігі» ай
тылған болатын. Түйсігіңде Мысыр пирамидалары киіз үйдің
перғауындық үлкейтпе, әсіре көшірмесі емес пе екен деген ой
тағы да із тастайды. Далада алып пирамидалардың кездеспеуі,
бәлкім, әрбір көшпелінің өз киіз үйі – Тәңірі құтқанасы болған
дығынан шығар. Көшпелі Тәңірісі тірісінде шаңырақ – қыш таң
ба бейнесінде төбесінде болса, өлгенде өзімен бірге. Жер бетін
де Тәңіріге шумердей табынып, түркілердей құрмет көрсеткен
халық жоқ. Осы арада ежелгі санскрит тілінде «тау» сөзі Тәңірі
мағынасын білдіргендігін тағы да еске ала кеткеннің артықтығы
болмас. Тәңірішіл көшпелілер де шумерлік бабаларындай (Бұл
туралы шумер-аккадтың «Гильгамеш» эпосында жақсы баян
далған) қасиетті тауларға табынды, кие тұтты. Көшпелі түркі
лердің ұрпағы қазақтар ХХ ғасырдың соңында да Қазығұртты
су топаны, Нұх пайғамбардың есімімен байланыстыра әңгіме
лейтінін осылай түсіндіруге болады. Демек сол бір көнекөз бағ
зы кездердің өзінде-ақ топан су жайлы «Таураттағы» аңыз Қо
сөзен аралығындағы елдерде ғана емес, сен дүниеге келген күні
ыстық өңірде де белгілі болған деп топшылауға болады. Бәлкім
ол аңызды бұл өңірге түркілермен тілі, ділі тамырлас, мүмкін
діні де бір шумерлер әкелген болар. Сонда шумер бейітінің ба
сындағы қыш таңба-крест көшпелілерде тіршілік ұйытқысы ша
ңырақ төбесіне көтеріліп кеткендігін қалай түсіндіруге болады?
Бұл сауалға былай жауап беруге болатын сынды. Көшпелілер
әрдайым көшіп-қонып, қоныс жаңғыртып отыруға тиіс болды.
Тіршілік осыны талап ететін. Яғни, бағзы түркілердің оты
рықшыланып, баба қорым басында ұзақ қалып қоюы мүмкін
емес-ті. Сондықтан Тәңірі дінінің өлілерді қастерлеу іспетті
бір тармағын мықтап ұстанды да (өлі риза болмай тірі байы
майды деген қағида және аруақты кие тұту), Шаңырақ-Тәңірін
төбесіне көтеріп, көшіп кете бар-ды. Далалықтың психология
сын жақсы түсінетін адамға мәселенің осылай оп-оңай оңтайлы
шешілгендігі ап-анық.
Бабыл абыздарының сөзге деген жауапкершілігі түркілік
әріптестеріне де жат болмаған секілді. Оны мына бір сөздің жа
салу жолы растайды: Көшпелілер жер үшін емес, қорым үшін
әрдайым соғысуға, қырқысуға даяр. Мұны олардың тарихы та
лай рет дәлелдеп берді. Олар жауға аруақтап шабады. Көшпелі
түсінігінде аруаһ – өлілер киесі, қасиетті рух. Аруақты үнді
мантрасымен (Веда іліміндегі адамды Тәңірімен байланысты
рар киелі тіркес) салыстыруға болады. Әйтсе де көшпелілер
мантрасында тақуалықтан гөрі жауынгерлік рух басым. Ол ең
сесі түскен сарбазды әп-сәтте құдіреттендіріп жібере алады.
Қазақ аңыздарында аруақтап жауға шапқан батырдың бір өзі
қырық адамның қуатына парапар сұрапыл күш иесі болып кет
кендігі жайлы жиі айтылады.
Аңызға аңыз немесе абыздың көзімен қарау керек. Сонда ғана
ол құпиясын ашпақ. Тілтану мамандары тас сыналарда, қышпа
рақ беттерінде сақталынып қалған жазбаларды мағынасын ашу
үшін оңнан солға, солдан оңға қарата оқып әлек болып жатады.
«Аруаһ» сөзін оқуда да осын әуреленіп көру керек секілді. Осы
тұрысында ол екі түбірден, тең дәрежелі «Ар» және «рухтан»
тұрады. Ар-руһ. Ар да, рух та қазақ тілінде бар көнекөз сөздер.
Жеке тұрып та дербес мағынаға ие. Екеуі де адам болмысына қа
тысты. Қазақ арман-мұратына адал, өзгенің ала жібін аттамаған
адамды ары таза, тағдыр талқысына қанша түссе де қажымаған
қайсар жанды «рухы мықты» деп дәріптейді. Ар-Рух – сүйсініс
белгісі. Көшпелі түркілер бұл сөздерді қайдан алды?
Осы арада мынадай таңданысымызды жасыра алмаймыз. Көк
Тәңірі абыздары қиялы жүйрік тіл мамандары болған сынды.
Шамасы, олар сөз жасау өнерінің барлық құйтырқысын меңгер
ген сұңғыла жандар болған болса керек. Жасыратын несі бар,
бұл жағынан олар жасаған сөздер қылықты қыз секілді қырық
құбыла нұр шашады. Көнекөз шумер мен ежелгі түркі таңба жа
зуының (бұл жазулардың болғандығына күмән жоқ) ұқсастығы
да сөз жасау өнерінде аз роль ойнамағаны байқалады. Бәріне
оңнан солға немесе солдан оңға қарай оқу кінәлі. Біз сияқты
емес, түркі абызы шумер тілін жақсы меңгергені сезіліп тұр.
Қалай дегенмен де түркі әлемінде сөз жасау өнеріне қатты көңіл
бөлінгені анық. Оған, бәлкім, түркі тілінің оралымдылығы да
себепкер болар шығар. Болмаса мына қызықты қалай түсінді
руге болады. Ар-рухты оңнан солға қарай оқысаңыз, көш
пелілердің тағы да бір әскери ұраны «хурра» шықпақ. Бүгінгі
орыстар бізден алды деп даурығып жүрген қаһарлы ураның түп
атасы. Хурралап жүріп тағы да Қосөзен аралығын, Бабыл, Шу
мер-аккад, Мысыр өркениеттерін жаулап алғанымызды сезбей
қаламыз. Көшпелі жауынгерінің жүйрік сәйгүлігі Евфраттан су
ішіп, Ніл жағасында тағы да тұяқ тарпып тұр. Хурра – Ежелгі
мысыр Тәңірі. Олар оны көршілес мәдениеттердің әмеңгерлік
заңымен шумерлерден алған. Сол хур түркі тілінде теріс жа
зуды теріс оқудың нәтижесінде рухқа айналса керек. Хур-рух.
Сөз жасауда табиғи тепе-теңдік, ғылыми жүйе сақталынған.
Мұсылмандардың жұмақ бағында жүретін хор қыздарын осы
мысырлық Тәңірге қатысты әф-саналық кейіпкерлер деп топ
шылауға да болардай. Хур-Хор-Гор-Құр-Тау сөзі бастапқы шу
мер-аккадтық нұсқасында да Тәңірілік мән-сипатқа ие. Осы бір
сөз жасалымына зерделеп үңіле отырып, біз тарих үшін атам
заманда өліп қалған Тәңірінің түркі жан дүниесінде әлі күнге
тірі екендігін, ол оны өлілермен байланыстыра еске алып келе
жатқандығын байқаймыз. Құлаққа шолақ мылтықтың гүрсілін
дей қазақы «ұр» ұраны келеді. Қызық. Бұйрық райдағы егістік
бір кездері трансцендентальдық құдіреті бар зат есім болған.
Бүгінгі тіл мамандарына ұлттық тіліміздің сөздік қорын сөз
таптарына бөліп топтағанда тым абай болу керек сияқты. Көш
пелілер жауға шумер Тәңірінің есімін ұрандап шабатынын біл
мегені сияқты, тіл маманы да етістіктің тасасынан Тәңірінің өзі
сынай қарап тұрғанын байқамай қалуы әбден ықтимал дүние
ғой. Ал, сенің Бабыл абыздарының аманатына адал болғың ке
леді. Иә, көшпелі батырының аруақтап шапқанда неге арқала
нып кететіндігі енді құпия емес. Өйткені оның кеудесінде де,
тілінде де Хур – Тәңірі – Рух тұр. Енді бірінші яки екінші Ра-
Ар буынына көшейік. «Ра» ескі санскрит тілінде нұр деген ма
ғынан білдіреді. Көне мысырда Күн құдайының ретінде мәлім.
(Мысырлық нұсқалық да ұмытпаған жөн. Сөз жасау тарихын
зерделегенде құпияларды ашуға бұл нұсқаның мүмкіншіліктері
мол-ақ) сонымен бірге нұрлы сана, бастапқы нұр, Тәңірінің өзі
адам кеудесіне құйған сәуле деген сынды синонимдік қатарда
ғы мәндерге ие (Харе Кришна мантрасының аудармасына қара
ңыз), Көк Тәңірішіл түркілер «Ра» буынының мағынасын біліп
пайдаланды ма дегенде, «Ар»-ды куәге тартуға болатын секілді.
Жазылмаған түз заңы бойынша Далалықтарда ардан аттамау
– Тәңірі қағидасына қайшы келмеу ұғымын береді. Яғни, көне
Ра, һәм бүгінгі Ар мәні, мағынасы жағынан көршілес, тамыр
лас сөздер. Р-А-Р. Тағы да тепе-теңдік. Тәңіріге табынған түркі
лердің аруаһты да неге соншалық құрметтейтінін әр түрлі әліп
бидегі жазуды оқудағы қайшылық, сөз жасау өнеріне ғана тән
құйтырқы әдіс осылай шешеді.
Тәңірі таңбасы уақыт өте келе киіз үй төбесіндегі шаңырақ
қа айналған. Тәңірінің құпия бір есімі жауынгерлік ұран болып
жаһан жаңғыртады. Сен Тәңірінің құпия төрт есімін ашқан жан
пайғамбар дәрежесіне көтеріледі деген Бабыл абыз-жазбасы
ның ақиқаттығына сенесің. Сөз – Тәңірінің жанары. Жанар ал
дамақ емес.
Сөз соңында сөз жасау машығында Тәңірінің өзімен өнер та
ластыруға талпынған және ол талабы сәтсіз де болмаған Түркі
абыз-тілтанушыларына, әрбір киіз үйді Тәңірінің құтқанасына
айналдырған Түркі шеберлеріне бас иіп, тағзым етесің. Түркі
тілінің даңқы арта берсін!
1997 жыл, сәуір айы.
ҚАЗЫҒҰРТ, ТОПАН СУ ЖӘНЕ
ЖЕБІРЕЙ «ТӘУРАТЫ»
Мен Құдайдың барлығына күмәнданбаймын,
Құдайдың барлығына сендіргісі келетіндердің
дәлел-дәйектеріне күмәнданамын.
Цицерон.
Туған жер, сен деп қайғыра алмасам,
тағдыр да мені бай қылмас.
Т.Айбергенов.
КІРІСПЕ ОРНЫНА
Әзірге тұрақты қоныс таба қоймаған менің көшпелі шағын кі
тапханамда ішінде шырақшысы да, қарақшысы да кезігетін ар
ғы-бергі белгілі-белгісіз ақындардың жыр жинақтарымен бірге
көне Мысыр, Эллада, Рим, Кіші Азия мен Таяу Шығыстың бағ
зы тарихынан сыр шертетін кітаптар да баршылық. Олар әдетте
түркі тарихына қатысты кітаптармен қатар тұрады. Әртүрлі ха
лықтардың өткенінен хабардар ететін осы бір кітаптардың сө
редегі бейбіт көршілігі маған адамзат баласы қанша талпынса
да әзірге қолын жеткізе алмай келе жатқан татулықтың символы
секілді.
Бірде «Евангелиеден» мысал келтіргенім үшін, ауылдағы
ағамнан ескертпе алғаным бар. Шамасы, ағам мені Ғайса ілімі
мен әуестеніп жүр деп ұғынса керек. Аға ниетіне түсіністікпен
қараймын. Бірақ, амал қанша, қазақ әдебиеті тарихында «Тәу
рат» пен «Ізгі хабардан» алғаш мысал келтірген мен емес. Ме
нен бұрын да талайлар келтірген, менен кейін де келтіре бермек.
Мысалы, жебірей пайғамбарының қасіретті өмірі туралы, түпкі
желісі «биб-лиялық» «Жүсіп-Зылиха» қисса-дастанын иудаизмді
дәріптеді деп қазақ жазба әдебиетінің тарихынан сызып тастай
аламыз ба? Сүлеймен, Дәуіт, Мұса туралы әңгімелерді ше?..
Шындық қиқалауға көнбейді. Өз кезегінде мен бабаларымыз
«Тәураттан» жекелеген аңыздық желілерді алып қана қоймай,
реті келгенде оған өз туған топырағында дүниеге келген аңыз
дарды да еншілеп беріп отырғандығына сенімдімін. Солардың
бірі топан суға қатысты әфсана деп ойлаймын.
Расында да, жергілікті қазақ аңызы топан судың нөпір тол
қынында шайқалып келе жатқан Нұх пайғамбардың кемесін
аты дардай болғанмен, көрер көзге қораш Қазығұртқа қайыр
латуын қалай түсінуге болады? Пайғамбар біткенді түгел ием
деніп алған жебірей, араб туғандармен бәсеке дейміз бе? Әлде
орта ғасырлардағы ислам экспансиясы кезінен қалған жұрнақ
па? Керісінше, ұлы діндер мен пайғамбарлардың беделін былай
ысыра тұрып, топан су мен Нұх пайғамбар жайлы аңыз бабала
рымыздың төл тумасы еді деген батыл тұжырым жасасақ ше?
Сөйтіп, бабаларымыздың бітік тастарға ғана емес, «Тәурат» -
«Библияға» да авторлық құқығы барлығын қорғауға кіріссек.
Таяу Шығыс пен Кіші Азия, қашаннан түркі мекені болған Ұлы
Даланың бағзы тарихы мұндай болжамның негізсіз еместігін
мегзейді.
ЖАҒРАПИЯЛЫҚ ЖҰМБАҚ
Кім біледі, жер бетінде, әлдебір бойлықтар мен ендіктерде әлі
де ашылмай жатқан аралдар бар болар. Бар болса, оларды ашу жа
һанкез саяхатшылардың міндеті. Ал тарих елінің өткенін білгісі
келген адамға шешудің өзгешелеу тәсілдерін қажет ететін жағра
пиялық жұмбақтар ұсынбақ. Ол үшін навигацияны жетік білудің
немесе дауыл аласұртқан мұхитта вахтада түнгі кезекшілікте
тұрудың қажеті жоқ. Өзінің жұмыс үстелінде, әртүрлі бастаухат
тардағы деректерді өзара кіріктіріп, хал-қадері жеткенше олар
дан шындықтың сұлбасын тани білсе болғаны. Тарих ұсынған
сондай жұмбақтардың бірін мен де шешуге талпындым. Белгілі
тарихшы марқұм С.Ақынжанов «Орта ғасырлардағы Қазақстан
тарихындағы қыпшақтар» кітабында энциклопедист ғұлама әл-
Бируниден (973-1050 ж.ж) үзінді келтіреді: «Қимақтар елінде
(қазіргі Қазақстан территориясы) Манқұр деп аталатын тау кез
деседі. Алыстан қарағанда өзі төңкеріліп жатқан алып қалқанға
ұқсайды.Осы жерде тұщы судың сарқылмас бұлақ көзі бар. Тұ
тас әскери қосын су ішсе де ернеуі бір елі төмендемейді. Бұлақ
маңында Тәңірге сыйынып жүгінген адамның аяқ, қол, тізесінің
бедерлері, сәби ізі мен есек тұяғының таңбалары сақталған. Осы
арадан өткен түркі-оғыздар оларға сыйынып, тәуеп етеді» (С.М
.Ақынжанов, Кипчаки в истории средневекового Казахстана,
Алма-Ата, «Наука», 1989, стр 154).
Автор ғалымдар арасында деректегі таудың қазіргі қай тауға
сәйкес келетіндігі жайлы ортақ ұйғарымның жоқтығына тоқ
талады. Маркворттың пайымында Манқұр Мыңкөл атауының
бұрмаланған түрі болып шықса, Минорскийде Орталық Қазақс
тандағы Ұлытау жотасымен астастырылады дейді. Өйткені қи
мақтар мен оғыздардың жазғы жайлаулары осы өңір болған. Қа
лай дегенмен де, әңгімеден таудың нақты жағрапиялық орнын
анықтау жайлы сауалдың басы ашық қала бергені байқалады.
Мен жоғарыдағы қос пікірдің екеуімен де келіспеймін. Және
тау атауына, оның бүгінгі қай тау екендігіне қатысты өз жорама
лымды ұсынамын. Меніңше, әл-Бируни тау атауын хаттағанда
қателікке ұрынбаған. Манқұр бүгінгі Қазығұрттың тарихи көне
атауы.
ДӘЛЕЛДЕР:
а) Шымкенттен Алматы бағытына шыға берісте Манкент
елді мекені бар. Осындағы Ман түбірі Манқұр атауындағы
ман түбірімен тамырлас болуы мүмкін. Әрі Қазығұрт пен Ман
кенттің арасы оншалықты алыс та емес.
ә) Қазығұрт маңында Мансары деп аталатын тау бар. Жазушы
Қалаубек Тұрсынқұлов Қазығұрттың басына кеме тоқтарда, осы
өңірдегі үлкенді-кішілі таулар арасында болатын тартыс жайлы
жергілікті аңызды әңгімелей отырып, Мансары тауына ерекше
тоқталады. «... Мансары тауын жергілікті тұрғындар осы күнге
дейін Мансар әулие деп құрмет тұтады. Сол жердің бір қасиетті
сыры бар деп жаңбырлы-бұлтты күндері қасына көп жолай да
қоймайды. Тіптен, соңғы жылдары бір жаңбырлы күні сол тау
дың бауырына өрмелемек болған әскерилердің машинасының
таңғажайып оқиғаға ұшырағанын әлі айтып жүреді» (Қ.Тұр
сынқұлов. Қазығұрт: аңыз бен ақиқат. Алматы, «Тоғанай Т»,
1998, 23-бет). Деректегі Манқұр мен осы Мансары атаулары
ның арасында да тарихи байланыс болуы ықтимал. Өйткені
екеуінің негізінде де ман түбірі кездеседі.
б) Қазығұрт маңында киелі орындардың көптігі. Соның бірі
пайғамбар намазға жүгінгенде сол жердің тасы балқып кетіп,
сонда түскен екен дейтін тізе, аяқ, қол іздерінің бедеріне ұқсас
тастар. Жергілікті аңыз, тіпті пайғамбардың жайнамазына дейін
тасқа айналып сақталып қалған деп әңгімелейді. Бируни дерегі
нен тек бір айырмашылығы, пайғамбар бұл өңірге есек емес,
түйе мініп келген. Назар аударатын тағы бір жәйт, әңгіменің қай
пайғамбар туралы екендігінің беймәлімдігі.
МАНДАР МЕН АДАМДАР
Расында да әңгіме қай пайғамбар жайында болуы мүмкін?
Қарапайым қисынға алсақ, Нұхтан өзге жебірей немесе араб
пайғамбарының бұл өңірде із тастауы мүмкін емес. Әлде әңгіме
шынында да Нұх пайғамбардың өзі жөнінде ме? Олай болса,
Ман түбірінің тасасында қандай құпия жасырулы?
Ағылшын тілінің маманы осы да жұмбақ болып па, адам де
ген сөз ғой дер (man – адам). Бірақ манның құпиясын шешу
ге бұл тым аз. Қазіргі тіл ғылымына санскритте де адам деген
ұғымды білдіретін ману сөзінің бар екендігі мәлім. (Мифология,
Москва, «Большая Российская энциклопедия», 1998, стр 343).
Көне үнді мифологиясындағы Ману, сондай-ақ алғашқы адам,
яғни адамзаттың арғы атасының есімі ретінде де белгілі. (Бұл
арада дүниенің, адамзаттың дамуы туралы үнділік түсініктің
ерекшелігін ескерте кеткен жөн. Олардың түсінігінде адамзат
тіршілігі 71 махаюга, яғни әрбір 306720000 жыл сайын әртүрлі
апаттардың салдарынан опат болып, өлмей аман қалған Ману
дан қайта бастау алып отырады. Үнді мифологиясында 14 Ману
бар. Олардың жетеуі өткен дәуірлерде болған, жетеуі болашақта
өмірге келмек. Яғни, үнді түсінігінде адамзатты алда күтіп тұр
ған әлемдік деңгейдегі тағы да жеті апат бар). Үнді мифология
сындағы Нұғымыз осы Ману. Дүниені топан су қаптарда құдай
дың мейірімі осы Мануға түседі. Құдайдың балық сипатында
көрінетіні ғана болмаса, үнді аңызы оқиғасы жағынан «Тәурат
тық» нұсқаға жақын. «Тәуратта» бүгінгі адамзат Ной мен оның
әйелі Наамадан тарайды. Үнділік нұсқасында мұндай мәртебеге
Ману мен әйелі Ила (Ида) ие. Үнділердің атақты «Махабхара
та» эпосында дүниені топан су басқанда Манумен бірге тағы
жеті адамның тірі қалатындығы туралы да желі бар (бұл нұсқа
Өлген мен Ерлікхан туралы көнетүркілік мифті еске түсіреді).
Сондай-ақ, тек үнді емес, герман мифологиясындағы алғашқы
адам есімі де Манн. Меніңше, есімдердің дыбысталуында мұн
дай үндестіктің болуы кездейсоқтық емес. Ол үнді және герман
аңыздарының шығу төркіні бір екендігін, яғни екеуіне де ортақ
бағзы арийлер дәуірін еске түсірсе керек.
Қазығұрт-Манқұрды үнді аңызындағы осы Манумен байла
ныстыра қарастырған жөн. Өйткені, Манқұр да, Ману да топан
су жайлы аңыздың кейіпкерлері. Бірі жер атауы, бірі адам есімі.
Әрі түбірлері ұқсас. Яғни, Манқұрдың Ману немесе Адам тауы
болуы мүмкін деп жорамалдауға болады (Манқұр атауының
екінші буынындағы шумерлерде тау ұғымын білдіретін құр, кур
сөздерінің бұл жерде қаншалықты орнықты роль атқара алатын
дығын анықтай түсуі керек). Осы тұста мынадай сауал бой кө
термек: үнді діни-мифологиясындағы аңызбен көне түркілердің
таныс болуы мүмкін бе?
Тарих иә дейді. Деректер бойынша шартты түрде арий деп
аталатын үнді және иран халықтарының арғы бабалары (тек
олардың ғана болмаса керек, бұл туралы кейінірек әңгіме
лейміз) Каспий мен Арал теңізі маңындағы далаларды мекенде
гені белгілі. «Парсы мифологиясы бір кездері Арал-Каспий ма
ңындағы далалардан Үндістан мен Иранға, Еуропаға таралған
үндіеуропалық ортақ мифологиялық жүйенің тамырлас бөлшегі
болып табылады. Парсылардың қасиетті көне жазбаларындағы
(«Авесталар») құдайлар бағзы үнділердің діни мәтіндеріндегі
(«Ведалар») құдайлармен өте ұқсас. Әйтсе де, өздерінің жаңа
отандарында олар біршама өзгерістерге ұшырады. Веда дәстүрі
Үнді жерінде бертін келе жергілікті халық – дравидтердің қуат
ты ықпалына түссе, парсылық нұсқаларына шумер және бабыл
дық діни түсініктердің әсері мол болды» (Джозеф Кэмпелл. Ге
рой с тысячью лицами. «София», 1997, стр 328).
Осыдан кейін үнді ведаларындағы топан су және Ману жай
лы әфсана ұлы түркі даласында, бүгінгі Қазақстан территория
сында дүниеге келген еді деуге болады ма, жоқ па? Иә десек,
қисынға қайшы келмесіміз анық.
Рас, христиан жыл санауының ІІІ ғасырында да (216-277 ж.ж)
тарихта із қалдырған Мани есімді пайғамбар болған. Ол дәріп
теген манихейшілік ілімінің Орта Азия мен Қазақстан терри
ториясына да біршама таралғаны белгілі (Гумилевтің жазуын
ша ұйғыр империясының түбіне жетіп тынған дін). Әйтсе де
Манқұр-Қазығұрт төңірегінде айтылатын топан су жайлы аңыз
дың өмірін аянышты аяқтаған ирандық бұл жанкештіге ешқан
дай қатысы жоқ деуге болады.
БЕЛГІСІЗ ЭТРУСТЕР
Енді Үндістан мен Қазақстанды қоя тұрып, Кіші Азия мен
Еуропаға назар аударайық.
1882 жылы Америка Құрама Штаттарында Игнатиус Донел
ли дегеннің «Атлантида. Топанға дейінгі дүние» атты кітабы
жарық көрді. Кітапта мынандай қызықты дерек бар: «Қоладан
жасалған бұйымдарының өңделу, дайындалу мәнеріне қарап біз
түбі Атлантидадан шыққан деп есептеп жүрген, бір кездері Ита
лияны мекендеген этрус аталатын құпия халық тұран семьясы
ның бір бұтағы болып шықты».
«Англия тіл ғылымдары қоғамының жақында өткен мәжілісін
де пірадар Исаак Тэйлордың этрустердің сан атаулары жөнінде
жасаған хабарландыруы зор қызығушылық тудырды. Ол көп
тен құпия болып келген этрус тілінің сырын ашатын кілттің та
былғаны туралы мәлімдеді. Археологиялық қазба жұмыстары
кезінде бір қабірден алты жағына әдеттегідей нүкте ноқаттар
емес, сөздер кертілген екі ойын сүйегі табылған болатын. Пі
радар осы сөздердің тұран тіл семьясының (алтай-түркілік деп
түсінген жөн - Ә.Б.) алтай тармағына жататын тілдердің ал
ғашқы алты сан атауымен бірдей екендігін дәлелдеп берді. Осы
жаңалыққа сүйене отырып, жалпы саны 3 мыңдай болатын эт рус жазба ескерткіштерінің грамматикасы мен сөздік қорының да түбі алтайлық екендігін жеңіл дәлелдеуге болады-ау дейміз. Оның үстіне жазбалардағы тілдік ұқсастықтарды аңғартатын есімдік сөздер мен жіктеу, септеу тәсілдері де сібір халықтары ның тілдеріндегідей екендігі байқалады. Қазіргі уақытта этрус мифологиясы деп жүргеніміз фин халқының ұлы эпосы «Кале вала» екендігі де жан-жақты дәлелденуде» (Игнатиус Донелли. Атлантида. Мир до потопа, Самара, «Агни», 1998, стр 367). Өткен ғасырда пірадар Исаак Тэйлор оқып, жұртты таң қал дырған сөздер қандай сөздер еді? Шынымен түркі сан атаулары ма? Амал қанша, ол жағы бізге беймәлім. Тек тұжырым ғана белгілі. Дегенмен, осы тақырыптың жалғасы ретінде Олжас Сү лейменов талдаған тағы бір ойын сүйегіндегі сөздерді мысалға келтіруге болады. Олар: і-va-est-ortі-kaіus-volote. Этрустануда «отен сүйектастары» деген атпен мәлім ойын сүйектеріндегі осы сөздерді Олжас Сүлейменов жекелеген әріптерін ғана алға жылжытып і-va-es-tort-іkaіus-volote деп оқуды ұсынады. (О.Сү лейменов. Язык письма, Рим, San Paolo, 1998, стр 399-400). Ақын і-дің – бір, va-ның екі деген сан атауларының көне қытай лық немесе славяндық нұсқалары болуы мүмкіндігін (і – көне қытайдан мәлім бір санының цифрлық таңбасы, va – два деген славян сан есімінің ескіше аталуы) ескерте отырып, қалған сөз дерді түркі сөздік қорындағы сан атауларымен байланыстыра ды. Яғни, es – үш, tort – төрт, іkaіus – екі және үш сандарының қосындысынан тұратын бес, volote – алты деген сан атаулары болып шығады. Бұл жерде, әттең, Иссак Тэйлор оқыған этрустүркі сан атауларын да бір рет көз алдымыздан өткізіп алар ма едік демеске лаж жоқ! Олжас Сүлейменов Голлини сағанасынан табылған этрус тердің zate ad aіdas деген атақты сөз тіркесінде түркі тілінің кө мегіне сүйеніп оқуды ұсынады. Ақын ғалымның түсіндіруінде бұл сөздерді «жатыр ат айдаушы» немесе бүгінгі қазақ тілінің қалыбына салғанда «ат айдаушы жатыр» деп оқуға болады. (О.Сүлейменов. Язык письма. Стр 418-423). Бұдан кейін бізге түркі тілдес (нақты дәлелденбесе де) этрустер Апеннин түбегі не қайдан келді деген сауалға жауап іздеу ғана қалатындай. Шы нында да этрустер Италияға қайдан келуі мүмкін? «Аңыз бойынша ахейліктермен соғыста Троя құлағаннан кейін Дардан патшаның ұрпағы, троялық қаһарман Эней (Рим ақыны Вергилийдің (б.д.д. 70-19 ж.ж) атақты «Энейда» поэма сының бас кейіпкері) ұлы Аксаниймен бірге Италияға қоныс аударады. Жергілікті италиктер тайпасымен қақтығыста олар ды жеңіп, Латын патшаның қызы Лавинияға үйленеді. Әйелінің
есімімен аталатын қала салдырады. Өлгесін жергілікті халық
тар арасында құдай ретінде дәріптеледі. Ұрпақтары ағайынды
Ромул мен Рем Рим қаласы мен Рим империясының негізін қа
лаушылар ретінде белгілі. Рим бастаухаттары бойынша Юлий
лер әулеті (атақты Цезарь шыққан - Ә.Б.) осы Энейдің ұлы
Аксаний-Юлдан тарайды деп есептелінеді. Қазба жұмыстары
бір қарағанда ойдан шығарылғандай көрінетін осы аңыздың ра
сында да шындыққа жанасатындығын дәлелдеп отыр» (Древние
цивилизации. Москва, «Мысль», 1989, стр 387).
Яғни, этрустердің Апеннин түбегіне Кіші Азиядан қоныс
аударғаны бүгінгі тарих ғылымы күмән келтірмейтін шындық
деуге болады.
Енді Троя тұрғындары кімдер болған еді деген сұраққа аз-маз
тоқтала кетелік.
Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, «Гомер Троясының (атақ
ты «Илиададағы») тұрғындары хэттер мен лувиялықтар, фракия
мен фригия тайпалары болған секілді. Сонымен бірге Трояда
ішінара гректер де өмір сүрген болуы мүмкін. Троя патшалы
ғының гүлдену дәуірі б.д.д. 1800 жылдар мен 1300 жылдардың
аралығына тура келеді» (История древнего Востока. Москва.
«Высшая школа», 1979, стр 208).
Осы үзіндідегі хэттер Гомер «Илиадасында» кете деп ата
лады. Олардың Трояны қорғауға қатысқандығы анық. Бәлкім
біздің этрус деп жүрген жұмбақ халқымыз осы хэттер болар?
Тарих мұндай жорамалды да жоққа шығармайды. Өйткені «...
төркіні құпия этрус мәдениетін ликия мен лидияның (хэт им
периясының мұрагерлері - Ә.Б.) бай мәдени ғұрып-дәстүрімен
байланыстыратын да болжам бар» (Г.В.Синило. Древние лите
ратуры Ближнего Востока и мир Танаха, Минск, «Экономп
ресс», 1998, стр 154).
«БИБЛИЯ» ЖӘНЕ ТАРИХТАҒЫ ХЭТТЕР
«Библиядағы» «Хэттің балалары» тарихта шындығында да
болғандығы өткен ғасырдың соңында белгілі болды. ХХ ғасыр
дың басында, Түркияның астанасы Анкарадан жүз шақырымдай
жерде орналасқан Богезкей қаласынан белгісіз тілдегі сына жа
зулардың мол мұрасы табылды. Жазуларды бірінші боп оқыған
чехословак ғалымы Б.Грозный бұл жазулардың хэт империясы
патшаларының архиві екендігін дәлелдеді (қазір Богезкей орна
ласқан жерде ертеде хэттердің астанасы Хаттушас қаласы бол
ғандығы белгілі болып отыр).
Дегенмен, хэт империясының тарихта болғандығы жайлы
болжамдар, бұдан ертерек, 1829 жылы Ф.Шампольон Мысыр
перғауыны ІІ Рамзестің жазбаларын ашқанда, ХІХ ғасрдың
қырқыншы жылдары Р.Лепсиус «Кадештегі соғыс» деп атала
тын көне мысыр поэмасы мен египет-хэт патшалары арасын
дағы келіссөздердің мәтінін аударып жариялағанда-ақ айтыла
бастаған-ды. Бүгінгі күні б.д.д. ХҮІІІ-ХІІІ ғ.ғ.-да Кіші Азияда
Таяу Шығыспен Жерорта теңізі маңайындағы өзге мемлекет
терге үрей төндірген құдіретті хэт империясының салтанат құр
ғандығы ешқандай құпия емес. Бір құпия болса, ол Кіші Азияға
хэттердің қайдан келгендігі болса керек. Бұл турасында өзара
кереғар екі болжам бар. Бірі «хэттер Кіші Азияға Кавказ тау
ларын асып Солтүстік Шығыстан келді десе» (этрустердің де
осы жақтан кеткендігі белгілі болып отыр), екіншісі оларды
Батыстағы Балкан түбегінен шығарады. Біз осы хэттерді және
олармен тілі де, мәдениеті де ұқсас қарларды түркі тектес ха
лықтардың арғы бабалары, яғни прототүркілер деп санаймыз.
Мұндай пікірді бірінші болып біздің айтпағанымыз да кеудеге
сенім ұялата түседі: «...Керісінше, кейбір түрік зерттеушілері
хэттерді түркілер деп дәлелдеуге тырысты. Олардың пікірінше,
көне хэт ескерткіштері түркілік сипат-мазмұнға ие» (История
Древнего Востока. Москва, «Высшая школа», 1979, стр 173).
Олжас Сүлейменов хэт тілінің үндіеуропалық тілдер тобына
жатқызылуына күдікпен қарайды. «Жіктеу категориясы салыс
тырмалық-тарихи тілтануда (компаративистика) үлкен бедел
ге ие болды. Ғасыр басында етістіктерінің жалғаулары латын
және грек тіліндегі жіктік жалғауларымен ұқсас болғандығы
үшін ғана Кіші Азиядан табылған белгісіз көне тіл осы тілдер
мен туыстастырылып жіберілді. Хэт тілі үндіеуропалық тілдер
семьясына дәл осылай енгізілді. Әрі оның ең көне өкілі (б.д.д. ІІ
мыңжылдық) болып танылды.
Біздің талдауымыз грамматикалық схема мен форманттардың
жүйелі түрде дәл келуі «генетикалық» емес, тек мәдени байла
ныстардың нәтижесі ғана болуы мүмкіндігін аңғартады. Әйтпе
се, жіктеудің еуразиялық ең байырғы формасы сақталған түркі
тілі де үндіеуропалық тілдерге туысқан тіл ретінде қаралуға
тиіс» (О.Сүлейменов. Язык письма. стр 177).
Үзінді астарынан Олжас Сүлейменовтің хэт тілі мен түркі
тілін байланыстырғысы келетіндігі аңғарылады. Егер шынымен
солай болып жатса, бұл пікірге біз де қосыламыз.
Б.д.д. 1200 жылдары Хэт мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
Алып империяның орнында жекелеген ұсақ мемлекеттер пай
да болды. Ал хэттердің өмірде болғандығы, «Библияда» кімдер
екені беймәлім «Хэттің балалары» деген сөз тіркесі сақталға
ны ғана болмаса, тарих үшін өткен ғасырға дейін белгісіз бо
лып қала берді. Қазір хэт империясының ахейлік гректермен
соғыста жеңіліс тапқаны белгілі. Шамасы, Трояны қоршаумен
бір мезгілде («Илиа-дадағы» соғыс қимылдары он жылға созы
лады) гректер оның төңірегіндегі елдерге де шапқыншылықтар
ұйымдастырып отырса керек. Апполодор «Кітапханасында»
мұндай жорықтардың бірнешеуі аталады. Сонымен Кіші Азия
да бес ғасырдай салтанат құрған хэт империясы тарих сахнасы
нан көшті. Империялардың құлауы тарихи заңдылық делік, ал
халқы қайда кетуі мүмкін? Тұтастай жойылып кетті ме? Әйтпе
се хэт атауының тарихта сақталмауы қалай? Біздің ендігі мін
дет – осы жұмбақты шешу. Ол үшін алдын ала тұжырым жасап
алуымыз артықтық етпейтін секіл-ді.
ТҰЖЫРЫМ
Бағзы түркілер, дәлірек айтқанда бүгінгі түркі тектес халық
тардың генотипін, негізін қалауға қатысқан халықтардың бір
тармағы Кіші Азияда, қасиетті Анадолы жерінде оғыз-түркілер
Осман империясын (б.д. ХІ-ХІІ ғ.ғ) құрғаннан көп бұрын, дәлірек
айтқанда біздің дәуірімізге дейінгі ХҮ-ХІІ ғасырларда-ақ өмір
сүрген. Тіпті мемлекеті де болған. Олардың бір қауымы біздің
жыл санауымызға дейінгі ХІІІ ғасырда, яғни Гомер «Илиада
сында» жырланатын Троя соғысынан кейін (б.д.д. 1240 жылдар
шамасы) теңіз және құрлық жолдары арқылы Апеннин түбегіне
қоныс аударып, жергілікті тайпалармен бірге ақындар тамсанып
айта беретін мәңгілік қала Римнің іргетасын қалауға тырысса
(бұл туралы бұрын біршама әңгімелегенбіз. «Гомер «Илиада
сы», түркілер және мәңгілік қала, «Жас Алаш» газеті, 16.02.99)
енді бір бөлігі өздерінің байырғы ата-мекендері бүгінгі Каспий-
Арал теңізі маңайына, Сыр бойына, Жетісу өңіріне қайта көш
түзеп, жергілікті тайпалармен араласа келе бүгінгі мазмұндағы
түркі халықтарының қалыптасуына мұрындық болады. Олар
ендігі жерде тарихқа гет, массагет, юечжи деген атаулармен енді.
Яғни, өздерінің байырғы атауларын жоғалтқан жоқ. Осы атау
мен біздің дәуіріміздің І ғасырына дейін сайын далада даңқты
тіршілік кешті. Жебірейлерге, «Тәуратқа» топан су мен Нұх пай
ғамбар жайлы аңызды тарту еткен де осы халық болатын.
ТҰЖЫРЫМДЫ ТАРАТУ
Хэттер мен массагеттерді шынында да неге байланыстыр
масқа? Мысалы, массагет атауының көп хэт, қалың хэт деген
ұғымды білдіруі де мүмкін ғой. Егер массагет этнонимі тайпа
ның грекше атауы екендігін ескерсек, бұлай да пікір өрбітуге
болады. Сонымен бірге массагет атауының қытай жылнамала
рында аталатын тайпалармен салыстырылуына да мән берген
жөн секілді. «Қытайларға тюгу (дүлу), жужань, юечжи деген
атпен белгілі болған халықтар кімдер екен? Кейбір синологтар
дың пікірінше Шығыс Қара қытайы Қидан әулеті де, ал енді қы
тай алтын хандары Жочжо әулеті-міс. Иван Ильичтің айтуына
қарағанда олар юечжи атанып жүргенді геттер, массагеттер деп
білетін көрінеді» (Ш.Уәлиханов, 5 томдық шығармалар жина
ғы, І том, 398-бет).
Осы гет-хэттер жергілікті ортаазиялық тайпалық одақтарға
кіреді. Тұмар (Томирис) анамыздың қолбасшылығымен Кир
бастаған ирандық басқыншыларға тойтарыс берген қаһарман
далалықтар да Кіші Азиядан қайта ауып келген сол хэттер
екендігіне күмән жоқ. Апполодор кітабында Томирис есімімен
бірге Төлеп, Тархан секілді таза түркілік есімдер де ұшырасады.
«Илиада» заманындағы Кіші Азияда мұндай есімдердің жүруі
кездейсоқтық болмаса керек. Сондай-ақ қар және сақ-скиф ге
неологиялық аңыздарының желілік ұқсастықтары да тосын ой
ларға бастайды. Көне грек жылнамашылары олардың салт-дәс
түрі көшпелі түркілердікіндей екендігін әсерлі-ақ суреттеген.
Бертініректе Мүденің (Модэ) ғұндарынан жеңіліс табатын юеч
жиларымыз да осы масса-хэттердің бір атасы. Олар ғұндардың
батысқа жорығына тосқауыл болмай, оңтүстікке жылжып, кейін
Үндістан мен Шығыс Түркістан аралығын қамтыған атақты Ку
шан империясын құрады.
Рас, гет және хэт атауларының ұқсастығы кездейсоқтық бо
луы мүмкін дейтіндердің де табылатындығын жақсы білемін.
Оларға біздің дәуіріміздің оныншы ғасырына дейін бабалары
мыз пайдаланып келген тохар тілінің басқа емес, дәл осы Кіші
Азиялық хэт және қар тілдерімен туыстас тіл болып саналатын
дығын айтқым келеді.
Тохар тілінде сөйлейтіндердің Шығыс Түркістанда алғашқы
пайда болуы кезінен бастап-ақ, бұл тіл мен көне түркі тілінің
жан-жақты байланысқа түскендігін байқауға болады. Олардың
байланысы бұл өңірде жазу пайда болмай тұрып-ақ басталған
секілді. Тохар тілі Шығыс Түркістанда б.д.д. І мыңжылдықтан
ерте болмаса, кейін пайда болмағандығы анық. Бұған дейін бұл
тілде сөйлейтіндер Батыстан Шығысқа жылжыған (алдымен
Шығыстан Батысқа, кейін Батыстан Шығысқа қайта жылжыған
халықтың хэт-массагеттерден басқа кім болуы мүмкін?).
«...Үндіеуропалық лингвистикалық жағрапияның мәліметтері
бойынша оған дейін тохар тілінде сөйлейтіндердің кейінірек ана
долы тілдерінің қалыптасуына септігін тигізген диалектілерде,
яғни бертініректе үндіеуропа тілдерінің италян-кельт тобының
пайда болуына мұрындық болған тілде сөйлеушілермен байла
ныста болғандығы күмәнсіз» (Языкознание, Москва, «Большая
Российская энциклопедия», 1998, стр 517). Ақиқат осындай. То
хар тілін кейбір ғалымдарымыздай парсы-иран тілімен туыстас
тыра салудың еш жөні жоқ. Бұл тілде прототүркілердің бір тар
мағы, яғни Кіші Азияда, бүгінгі Түркия территориясында осыдан
үш жарым мың жылдай бұрын мемлекет құрып дәуірлеген хэт-
массагет бабаларымыз сөйлеген. Бүгінгі түркі тілдері ғана емес,
атақты латын тілі де осы баба тілдің мұрагері болып табылады.
ЖЫЛАУЫҚ ПАЙҒАМБАР
Ел арасында Нұх пайғамбардың шын есімі Яшкар еді, елдің
қамын көп ойлап жылай бергесін Жылауық (Нұх) пайғамбар
атанды деген сөз бар. Сөз астарында шындық жатқан секілді.
Егер Ной-Ноах есімінің жебірей тілінде «татуластырушы»,
«бітістіруші» деген ұғымдарды беретіндігін ескерсек (Г.В.Си
нило. Древние литературы Ближного Востока и мир Танаха.
Минск, «Экономпресс», 1998, стр 199), жылауық мағынасын
дағы тағы бір Нұх есімінің пайда болуы, расында да қызық, әрі
күдікті. Осы арада Жылауық пайғамбар жайлы әңгіме ислам
діни мифологиясында ескіден бар желі ме, әлде жергілікті түркі
тектес халықтардың қиялынан шыққан дүние ме деген сауалға
жауап іздеу қажеттілігі туындамақ.
Біздің қолымызда Нұх есіміне қатысты тағы бір болжам бар:
«Болмыс кітабындағы («Библияның» бір тарауы) Топан су –
финикей, әлде семит немесе жебірей аңызы. Бірақ кейіпкері
Нойдың есімі арийлердікі. Бұл есімнің еш өзгеріске ұшырамай
бастапқы арийлік мағынасын сақтап қалғандығы таңғалдыра
ды. Ол барлық арий тілдерінде «су, «ағын» деген мағыналарды
білдіреді. Түбірі «на» (Игнатиус Донелли. Атлантида. Мир до
потопа. стр 94).
Нұх есімінің «татуластырушы», «бітістіруші» мағынасында
ғы семиттік түсіндірмесінен гөрі «су», «ағын» деген ұғымдар
ды білдіретін осы арийлік нұсқасы Жылауық пайғамбар есіміне
жақынырақ келетін сияқты. Су мен көз жасының арасы онша
лықты алшақ болмаса керек. Яғни Жылауық пайғамбар туралы
әңгіме түркі тектес халықтардың өз туындысы деп санар бол
сақ, онда түркілер мен арийлер арасында қандай байланыс бар
лығына жауап іздеуге тура келмек.
Әзірге арийлерге қатысты ешкім таласа алмайтын бір ғана
шындық белгілі. Ол арийлердің кезінде (б.д.д. І-ІІ мыңжылдық
тар аралығы) Қазақстан территориясынан, Каспий, Арал маңы
нан кеткендігі. Егер топан су туралы аңыз арийлер арасында,
олар жаңа мекенге қоныс аудармай тұрып-ақ пайда болған де
ген пікірге сүйенетін болсақ, түркілер арасында Жылауық пай
ғамбар жайлы әңгіменің кездесуі оншалықты кездейсоқтық емес
екендігін байқаймыз. Өйткені, түркілерді арийлердің тікелей
мұрагері деп есептемеген күннің өзінде, олардың орнын басқан
халық ретінде түркілердің жергілікті жер-су атауларына қатыс
ты аңыз-әңгімелерден бейхабар қалуы мүмкін емес-ті. Егер бұ
дан да ары кетіп, түркілер арийлердің тікелей ізбасары, тіпті төл
ұрпағы еді деген пікірді дәлелдей алып жатсақ, аңыздың тікелей
түркілердің өз туындысы екендігіне күмән қалмас. Амал қанша,
ондай мүмкіндік бізде жоқ. Бірақ менің, мүмкіндігім жоқ бола
тұра, ақиқат шындықтың дәл осылай екендігіне сенгім келеді.
Және бұл үмітсіз де сенім емес секілді.
Л.Базен наурыз сөзінің түбірін «n, a» (нәр, ылғал, шырын)
формасындағы алтай прототипінен шығарады. Бұл сөздің басқа
тілдердегі қолдану аясы мынандай: тұнғысша - nіa – «ылғал
ды, жасыл», монғолша - іnі - «жас өсімдік», «жаңа туылған», nі/
buzum – «көз жасы», nі/bі – «түкіру», фин-угор, мажар тілдерін
де nya – «түкірік» (Л.Базен. Концепция возраста древних тюркс
ких народов. стр 363) «Көз жасын» былай қойғанда осындағы
ылғал, нәр, шырын сөздерінің өзі-ақ арийлік на – су сөзінің түбі
түркі-алтайлық болуы мүмкіндігін аңғартып тұрғандай.
Арийлер мен прототүркілерді байланыстыруға бұл да сеп.
Тарихта арий деген халықтың болмағандығы, тек ел бастаушы
ақсүйек көсемдерінің өздерін арья, яғни текті, ізгі атауынан та
рих ғылымында шартты түрде арий аталған халықтардың пай
да болғандығы белгілі. Асылы, осы тектілікті білдіретін арья
сөзі біздегі ар, арыс, арлы сөздерімен байланысты болса керек.
Біздегі арыс сөзі бағзы этрустерде арыстан мағынасын білдір
гендігі де тосын ойларға бастайды. Этрустер мен түркілердің
түбі бір деген тұжырымға тоқтар болсақ, сөздің өміршеңдігіне
бұл да мықты дәлел, Арыстан ұғымын білдіретін түркі-қазақ
сөзіне үш мың жыл деп мақтанышпен айтуға болады.
Бұдан бұрын арыс сөзінің қасқыр атауымен байланыс-тырға
нымыз бар-ды. Егер арыстан да, қасқыр да тотемдік сипатқа ие
жыртқыш аңдар екендігін ескерсек, бұл болжамның да өмір сү
руге хақысы бар секілді. Бәлкім, кім біледі, көнекөз замандарда
бұл атау екі жыртқыш аңға да тең телініп қолданылған болар.
МӘҢКҮР-НӘҢКҮР
Мені ислам мифологиясындағы өлген адамның о дүниеде
ақ-қарасын анықтайтын Мәңкүр, Нәңкүр есімді періштелердің
қызықтырғанына да көп болды. «Құранда» бұл періштелердің
есімі аталмайды. Есесіне, халықтық мифологияда жиі кездеседі.
Әдетте, әлемдік мифология үлгілерінде о дүниенің иесі, өлі лер патшалығының әміршісі ретінде алғашқы адамның атала тындығы белгілі. (Э.Б.Тайлор, Первобытная культура. Москва, 1989, стр 425-428). Үнді «Ведасындағы» Яма да (Манудың егізі), «Авестадағы» Има да, Алтай, моңғол халықтарындағы Ерлікномын хан да (Өлгеннің егізі), герман, фин мифологиясында ғы Манн мен Маналар да жергілікті халықтың діни түсініктері бойынша жер бетінде тәңірі жаратқан алғашқы адамдар болып табылады. Құдай дәрежесіне көтеріле дәріптелетін мұндай ал ғашқы адам жайлы аңыз-түсініктерді Оңтүстік пен Солтүстік Американың үндіс тайпаларынан да, мұхит халықтарынан да, Африканың жабайыларынан да, Камчатканың ендігі құрып біт кен байырғы халықтарынан да ұшыратуға болады. Иудаизм, христиан және ислам теологиясы әлемнің барлық халықтарында дерлік кездесетін осындай діни-мифологиялық түсініктен құлан-таза ада деуге бола ма? Біздіңше, болмайтын секілді. Құранда Алла-тағаланың періш телерден өзінің жердегі өкілі Адам атаға тағзым етуін өтінгені ту ралы әңгіменің бар екендігін былай қойғанда (Ібіліс қана тағзым етуден бас тартады), Мәңкүр-Нәңкүр есімді қос періштенің таса сында да монотеизм талабына орай дамытылып, өңделген алғашқы адам жайлы политеистік байырғы мифологиялық түсініктің жат қандығы аңғарылады. Исламға дейінгі байырғы халық түсінігінде Мәңкүр мен Нәңкүр періште емес, алғашқы адамдар еді. Құрандағы әңгімелердің «Тәуратпен» сабақтас екендігі, ал «Тәураттың» Таяу Шығыс, Кіші Азия халықтары мен үндіарий және прототүркілердің діни-мифологиялық түсініктерінің мол мұрасы негізінде қалыптасқандығын ескерсек, бұлай болуы заңды да. Біз прототүркілер арасында Нұх пайғамбар Нама есімімен белгілі болды деп санаймыз. Үнділердегі Ману да, Яма да, иран дықтардағы Има да, герман, фин мифологиясындағы Манн мен Мана да осы кісі. Яма мен Има Нама есімінің сәл ғана бұрмалан ған түрі. Ал Ман мен Ману есімдері Нама немесе Нам атауын оңнан солға қарай оқу, дыбыстау негізінде пайда болған деп бі леміз. Бір кезгі абыз-ақындар о дүние мен бұл дүниенің, ақ пен қараның, аспан мен жердің ара-қатынасын, байланысын түсінді руде осындай әдіс-тәсілдерге сүйеніп отырғаны құпия емес. Тек ман емес, нама, неме сөздері де көне түркілерде адам ма ғынасында ұғынылған секілді. Өйткені санскритте Нара, яғни адам, ер адам мағыналарын білдіретін сөздің барлығы, бізде де адам ұғымына қатысты нәресте, немере сөздерінің кездесетіні мұндай да топшылау жасауға мүмкіндік береді. Біздіңше, кезін де Алтай өңірі мен Қазақстан территориясынан Кіші Азияға
жылжып, одан әрі Апеннин түбегіне қоныс аударған хэттер өз
дерімен бірге топан су және ақ пен қарадай егіз ағайынды екі
жігіт – Ман мен Нам туралы әфсананы ала кеткен. Хаттушас,
әлде Троя, бәлкім Сардының берекелі базарлары мен атақты
керуен-сарайларында бұл әңгімелерді олардан Израильдің ойы
сергек, қиялы ұшқыр, ақынжанды ұлдары сан рет тұщынып
естігендігі ақиқат. Кім біледі, олар бұл әфсананы Өлең жырау
дың (тарихта аты сақталған кішіазиялық ең көне ақын) өз аузы
нан есту бақытына да ие болған болар. Асылы, бұл Авраам-Иб
рагим пайғамбар өлген әйеліне «Хэт балаларынан» табыт сатып
алатын уақытпен тұстас кездер.
Ағайынды Ман мен Намның жолы Кіші Азияда екіге бөлі
неді. Бірі германдықтарда алғашқы адам әрі өлілер патшалы
ғының әміршісіне айналса, екіншісі семиттерге сіңіп, топан су
жайлы әфсананың басты кейіпкері болып шығады. Байырғы
есімін әйелі Намаға қалдырып, Ной-Ноах ныспысымен «Тәу
ратқа» енеді.
Алтай, Жетісу, Каспий мен Арал бойынан хэттерден кейінірек
қозғалған үндіарийлер мифологиясында ағайындылардың есімі
қарама-қарсы бағытта көрініс тапты. Ман немесе Ману топан
су жайлы аңыздың кейіпкері болса, Нама-Яма-Има о дүние мен
өлілер әлемінің иесі ретінде дәріптеледі.
Бағзы бір кездері топан су туралы әфсананың дүниеге келуіне
себепші болған Каспий мен Арал бұл күнде томаға-тұйық. Арал
өлім аузында жатса, егізінің халіне ашынғандай қарт Каспий ан
да-санда ғана адуын мінез танытып ыңыранып қояды.
Бүгінгі ұрпақ бұл өңірден талай-талай халықтар көшкендігін,
олардың бірі тағдыр жазмышымен Ұлы далаға қайта оралып,
Ұлы далаға сай ерлік істер мен жасампаз бастамалардың ұйыт
қысы болғандығын, оған қос теңіз бен қария Қазығұрттың куә
екендігін білгісі де жоқ. «Библия» мен «Ведаларда» Ұлы далада
дүниеге келген аңыздар айтылатындығын, ендігі жерде олар
дың бүкіл адамзаттық рухани қазынаға қосылған қомақты үлес
екендігін пайымдағыларды да келмейді.
СӨЗ СОҢЫ
Хэт империясының елтаңбасында көк төсінде қалықтай ұш
қан қыран мен шапақты күн бейнесі бедерленіпті. Біздің бүгінгі
көк туымызда да осы символдар. Кездейсоқтық па? Олай бол
маса керек. Бұны бір кездері Таяу Шығыс, Кіші Азия мен Элла
даның рухани өрлеуіне себепші болған бабаларымыздың шал
қар шабыты бүгінгі ұрпақтарының бойынан да табылады деп
ырымдасақ жөн. Солай екендігіне сенгің келеді.
ПЕРҒАУЫН АҚЫННЫҢ
ҚҰПИЯСЫ
МҰСА ПАЙҒАМБАР МЫСЫРЛЫҚ ПА?
Тарих парақтары киелі кітапта «Тәңірінің таңдауы түскен ха
лық» ретінде аталатын еврей ұлтына жасалған талай-талай қысас
тықтарды біледі. «Тәураттан» белгілі Мысыр мен Бабыл құлдығы,
Рим шапқыншылығы, ХІХ ғасырдағы атышулы «Дрейфус ісі», Ре
сейдегі «қара жүзіктер», фашистік Германия және қанқұйлы Хо
локост, бұл тізім осылай созылып кете береді. Тіпті дүниелерінен
жылылықтың лебі есетін жүзі жайдары ақсақал Вальтер Скоттың
өзі де бұл тақырыпты айналып өте алмапты. Оның әйгілі «Айве
но» романында да орта ғасырларда Ангоияны отарлаған норман
серілерінің еврей көпесі мен оның қызына жасаған қиянаттары
туралы бірқыдыру әңгіме болатыны бар.
Иә, еврей тарихын тауқымет пен азап, қайғы-нала мен көз жа
сынан құралған деуге болады. Бірақ еврейлер тек өзгелердің тара
пынан ғана қиянат көрді ме екен/ Өз халқының ұлы тарихын тұт
қындардың ішінде еврей перзенттері де болмады деп айта аламыз
ба? Жоқ, айта алмайды екенбіз. Тарих беттері ондай оқиғаны да
білетін болып шықты. Және бұл оқиғаны еврей тарихы мен дү
ниетанымына жасалған ең ауыр соққы деуге болатындай.
«Тән жарасы жазылар, жан жарасы жазыла ма?» Бұл сөзді аң
сарына қолы жетпеген кез келген мәжнүн мұңлықтың айтатыны
мәлім. Бірақ мәселө тек махаббатта емес, сенің ұлтыңның тари
хында, сан ғасырлар ұрпақтан-ұрпаққа мұра қылып аялап ұстаған
баба дінінде, сол дінмен егіз қозыдай болып бірге біте қайнасып
кеткен ділінде болса ше? Және сол тарихыңның, дінің мен діліңнің
негізін әлдекім, әлдекім емес-ау, өз қандасың күйрете жоққа шы
ғарып жатса не болмақ? Және ол бауырың анау-мынау емес, бе
делін әлем мойындаған, қайсыбіреулер ХХ ғасырдың пайғамбары
деп ұлықтаудан да тайынбайтын ұлы ғалым болса?
Міне, Гитлер қырғынынан сәл бұрын, екінші дүниежүзілік со
ғыстың қарсаңында еврей ұлтына жасалған соққы деп дәл осын
дай мазмұнға ие еді. Сызат-жарақат алдымен тәнге емес, жанға,
бәлкім жүрекке түсті. Және бұл соққыны жасаған өзге емес, ев
рейдің өзі, адамтанудағы ең соңғы жетістік – психоанализдің ата
сы саналатын ұлы ғалым Зигмунд Фрейд болатын.
Сонда адам жанының қалтарыс-бұлтарыстарына үңілудің хас
шебері есептелетін Зигмунд Фрейд «не бүлдірді» дейсіз ғой?
Бәрін бүлдірді.
Ол ең алдымен «Біз Құдайдың қалауы түскен халықпыз» деген
сан ғасырлардан бері келе жатқан жаралы жанға шипа іспетті ев
рейлік түсініктің быт-шытын шығарды. Иә, иә, Мұса пайғамбар
ды «еврей қауымынан емес, перғауынның тәрбиесін көрген тегі
жат мысырлық» еді деді. Қазақтың біртуар ақыны Жұмекен Нәжі
меденовтің «Кейбір елдің Құдайы да көшірме» деп келетін жыр
жолдарының расымен де ақиқаттығын дәлелдеді. Әрине, адамзат
тарихындағы, ең алғашқы монотеистік (бірқұдайшылық) дін бо
лып саналатын еврей иудаизмінің абырой-атағына нұқсан келті
ре отырып, Фрейдтің түсіндіруінде еврей иудаизмі көне Мысыр
(Египет) перғауыны ұстанған, мемлекеттік дін ретінде ендірмек
болып талпынған сенімнің жаңаланған, еврей топырағында дамы
тылған плагиат нұсқасы ғана болып шықты.
Фрейдтің өсиеті іспетті ең соңғы «Мұса пайғамбар және бірқұ
дайшылық» атты еңбегі (1939 жылы жеке кітап болып шыққан)
осындай оқырманын естен тандырар мәлімдемелерге толы еді.
Бұл еңбегінде психоаналитик Фрейд ең алдымен тарихшы һәм
тіл маманы ретінде танылды. Дәлірегі, оны «өз ойынан ештеңе де
шығарған жоқ, өзіне дейін де әртүрлі ғалымдарды мазалап кел
ген Мұса пайғамбар өмірін қатысты күдікті жаттардың қараңғы
түкпірлеріне жарық түсіруге ғана талпынды» деген дұрыс болар.
Сонымен, Мұса пайғамбардың ешқандай да еврей емес, толық
қанды мысырлық екенін дәлелдеу үшін Фрейд қандай деректер
мен дәйектерге жүгінді дейсіз ғой? Бұл үшін Фрейдтің өз еңбегіне
үңілген жөн: «Ең алдымен бізді Мұса пайғамбардың тұлғасында
қызықтыратын нәрсе – оның иврит тілінде Моше деп дыбыстала
тын есімі. Енді «Бұл есім қайдан шыққан, не мағына білдіреді?»
деген сауалдар қояйық. Өзімізге белгілі болғанындай, бұл сауал
дарға Шығудың («Тәураттың» бөлімі) екінші тарауында жауап
беріледі. Онда Мысыр перғауынының қызы сәбиді Ніл өзенінің
суына тұншығып өлуден құтқарып тұрып, «Судан алынған», яғни,
есімі Моше болсын дегені туралы айтылады.
Дегенмен бұл түсіндірме жеткіліксіз. Өйткені, иудей сөздік
қорында бұл сөздің «тартқылаушы, деп түсінілетін басқалай да
нұсқасы бар. Өзара кірікпейтін бұл екі түсіндірмеге біз өз тара
пымыздан екі бірдей даулы пікір айта аламыз: алдымен, Мысыр
перғауынының қызы, әрине. Ніл екендігі күмәнді судан құтқарып
алған сәбиге өз ана тіліндегі аттарды былай қойып, иудей есімін
қоюы тіпті де қисынға келмейді.
Екіншіден, біраздан бері мамандар тарапынан «Мұса» есімінің
шығу төркіні мысырлық болуы мүмкін деген пікірлер айтылып
жүр. Осындай пікірлердің жиынтық нұсқасы ретінде «Египет та
рихы» (1906) деп аталатын классикалық еңбектің авторы Брис тедтің жақында ғана шыққан «Ұяттың оянуы» (1934) кітабынан мына үзіндіні келтіргім келеді: «Оның, Мұсаның есімі мысырлық екенін атап өткен ләзім. Бұл мысырдың «мос», яғни, «бала» деген сөзі. «Амен-мос», яғни, «Амонның баласы» немесе «Птах-мос», яғни, «Птахтың баласы» деген нұсқалардың түрі... Кейіннен Мос («бала») деген екінші түбірі ғана қалып, айтуға біршама жеңілдендірілген. Мұсаның әкесінің баласының есімінің алдына Амон немесе Птах секілді құдайлардың бірінің есімін қойғанына ешқандай күмәнім жоқ...» (Зигмунд Фрейд, «Моисей и монотеизм», интернеттік нұсқасы, 1-2 беттер). Осылайша, зерттеуін алдымен Мұса пайғамбардың есімін ежік теуден бастаған Фрейд мұнымен тоқталып қалмайды. Мұсаның өмірде шын болған тарихи тұлға екенін, оның Мысыр перғауы ны Аменхотеп ІҮ сарайында тәрбиеленген белгісіз Египет ақ сүйегінің баласы болуы мүмкіндігін тілге тиек етеді. Тіпті қара дүрсіндеу болса да алғашқы монотеистік діннің негізін қалаушы есептелетін осы перғауынның тікелей шәкірті, ізбасары еді деп те салады. Қысқасы, Фрейд өз еңбегінде еврей иудаизмінің аяғын аспан нан бір-ақ келтірген-ді. ЕВРЕЙДЕН ЕВРЕЙШЕ ҚОРҒАНУ Қазақта әзіл-шыны аралас «қожаға қожа ғана қожаңдайды» де ген сөз бар. Бұл сөзді осы арада өңін сәл өзгертіп, еврей ағайынға да байланыстырып айтуға болатын секілді. Әрине, әлем мойын даған Фрейдке тағы да әлем мойындаған еврей баласының ғана шамасы келмек. Солай болып шықты да. Енді еврей баласы еврей оспадарлығынан өз халқының намысын қалай қорғағандығына қысқаша тоқтала кетейік. Бірде қолыма жайма базардан америкалық еврей тарихшысы Иммануил Великовскийдің «Эдип және Эхнатон» һәм «Түнек қойнауындағы ғасырлар» атты екі еңбегі түсті. Кітап сатушы бұл кітаптарды «еврей халқының дертіне шипа болып келген бальза мы» деп түсіндірді. Тарихшы бірінші еңбегінде Эдип патша тура лы әфсананың (Фрейд психоанализмінің басты жаңалығы болып саналатын «Эдип комплексінің» басты кейіпкері) тарихи түпнегізін іздей отырып, аңыздың ақиқат сұлба-өзегін жасауға талпы нады. Тарихшы бірінші кезекте Эдип патшалық құрған қаланың Грекиядағы Фивы емес, Египет Фивысы екендігін дәлелдейді. Өйт кені, аңыздағы Эдипке жұмбақ жасыратын Сфинкс ескерткіші осы төңірекке орналасқан (қанаты сынып, мұрны мүжілген бұл тарихи жәдігерді Мысыр пирамидаларының маңынан әлі күнге тамашалау ға болады). Яғни, әфсана тудырушылардың қиялына қанат бітірген
құбыжықтың түпнұсқасы осы Сфинкс ескерткіші болуға тиіс. Де
мек, Эдип жолаушылап келе жатып кездестірген қаланың шын аты
да әфсанадағыдай жеті қақпалы Фивы емес, тарихтан белгілі Ніл
жағасындағы Но-Амон («Амонның резиденциясы») шаһары болып
шығады. Бұдан кейін ғалым «Эдиптің өзі де Мысыр перғауындары
ның бірі болуы керек» деген ойды негізге ала отырып, ізденіс жа
сайды. Тарихи деректерді әфсана желісімен сабақтастыра дамыту
арқылы Эдиптің прототипі Мысыр перғауыны Аменхотеп ІҮ (Эх
натон перғауын – Фрейдте Мұса пайғамбардың ұстазы санала
тын Мысыр билеушісі – Ә.Б.) болуы керек деген шешімге келеді.
И.Великовский әфсанадағы Эдип пен тарихтағы Эхнатонды ұқ
састыратын бірнеше деректер мен дәйектемелерді де алға тарта
ды. Ол ұқсастықтар мынадай: 1. Эхнатон (Аменхотеп ІҮ) туралы әкесі Аменхотеп ІІІ тұсын
дағы жазбаларда ешқандай дерек жоқ. Оның кескіні бұл кездегі
барельфтерде де кездеспейді. Ал бағзы Мысыр суретшілерінің,
бәлкім, сарайдың жазылмаған заңы бойынша, патша отбасы ба
рельфтерде әдетте толық кескінделетін болған. Яғни, Эхнатон
таққа отырғанға дейін сыртта болды, сарай суретшілерінің көзіне
түскен жоқ. Әкесі өліп, таққа мұрагер ретінде елге қайта оралған
да, шешесі Ти патшайым билік жүргізіп жатқан-ды.
Эдип туралы аңызда да осы желі. Бірақ нақты тарихтан гөрі
ақын баяндаушының көркем қиялын аңғаратын әфсаналық бояу
басымдау. Әкесі Лай көріпкелген болашақ ұлының (Эдип) өзін
өлтіретінін, туған шешесіне үйленіп, бала сүйетінін біледі. Өз
өміріне қауіптенген патша қолында жаңа туылған шарана нәрес
тені қызметкерлерінің біріне далаға апарып тастауға бұйырады.
Және бір қызығы, әлдебір сәттіліктермен сәби аман қалып, көрші
лес патшалардың бірінің қолында тәрбиеленіп, ер жетеді. Кейіні
рек тағдырдың айдауымен өз қаласына қайта оралғанда, иесіз тақ
тың үстінен түсетіні және бар. Сосын, баяғы көріпкел айтқандай,
таққа отырып, шешесімен некесін қидырады.
2. Таққа отырған Эхнатонның алғашқы жұмысы тарихи ес
керткіштер мен шежіре жазбалардан өз әкесінің есімін өшірту
болады. Ғалым мұны «әке мейірімін көрмеген, қайта оның тара
пынан қудалауға түскен баланың екінің біріне ұғынықты қарапа
йым ішкі реніші еді» деп түсіндіргісі келеді (Бұл еңбектің Фрейд
психоанализмінің негізгі тұжырымдарын жоққа шығару үшін
жазылғанын ұмытпаған жөн – Ә.Б.).
Әфсанадағы Эдип болса, әкесінің есімін тарихи жазбалардан
өшірткізумен әуестенбейді. Бар болғаны, оны әкесі екенін білмей
өлтіріп қояды. Бірақ ғалымның пікірінше, әфсанадағы әкені өлті
ру мен өмірдегі оның есімін тарихи дерек көздерінен өшірткізу
өзара мотивтері ұқсас әрекеттер болып табылмақ.
Әфсанадағы Эдип өз төсектесінің туған шешесі екенін кейіні
рек көріпкелден білген кезде, білмей жасаған күнәсі үшін өзін
отқа да, суға да лақтырады. Дала кезіп, қаңғырып кетеді. Әке ал
дындағы күнәдан өзін-өзі қарабет сезініп, жұрт бетіне қарай ал
майтындай халге түседі. Великовскийдің пікірінше, тарихтағы
Эхнатон да (ал ол әфсанадағы Эдиптің прототипі ғой – Ә.Б.) әке
есіміне, әке рухына, тіпті ол сенген дінге «қиянат» жасағаны үшін
жергілікті тұрғындар тарапынан моральдық тұрғыдан азғындаған
күнәһар жан ретінде жеккөрушілік сезімдерін тудырған болуы әб
ден мүмкін. Ал әфсана кейіпкерінің күнәсін сезініп, дала кетуін
кейініректе нақты тарихи оқиғадан ұрпаққа айтар тағылымы бар
аңыз тудырушы ақын қиялының жемісі деп тануға болады.
Великовский, сондай-ақ, аңыздағы Эдипке де, тарихтағы Эхна
тонға да тән дене кемістіктерін де алға тартады.
3. Эдип те, Эхнатон да өмірлерінің соңғы жағында сарай ма
ңындағылар мен дін өкілдері тарапынан қуғынға ұшырайды. Ве
ликовскийдің тұжырымдауынша, тарихи Эхнатон мен әфсаналық
Эдип арасындағы соңғы ұқсастық осы. Бірі әфсанада, бірі тарихта
із қалдырған олардың шын мәнінде бір адам екендігіне осы дәлел
дер де жетіп артылады.
Великовский әңгіме болған осы еңбегінің соңында «Фрейд Эх
натон іс-әрекетінен өзінің әйңігі жаңалығы «Эдип комплексіне»
негіз болған бейсана ішкі қозғаушы күштерді аңғармады, қай
та күнәһар Эхнатонды еврейлердің ел көсемі болған Мұса пай
ғамбардың ұстазы ретінде ұлықтаймын деп әбден алжасты» деп
кінәлайды. Иә, осылайша еврей Великовскийді еврейдің қорасына
тас атқысы келген тағы бір еврей баласы Фрейдтің ғалым ретін
дегі бедел-абыройын оны мақтап отырып-ақ тас-талқан етті деуге
әбден болатындай.
Бірақ олай болмаса ше? Мысалы, Фрейд өзінің қорытынды іс
петті соңғы еңбегінде тарихта шынымен болған оқиғаларға шын
дықтың сәулесін түсірген, одан талай ғасырлар бойы еврей халқы
аңғарғысы келмей келген ақиқаттың сұлбасын таныған болса ше?
Әрине, бұл жерде кімнің ақ, кімнің қара екендігін анықтау үшін
екі ғалымның да басты кейіпкерлері іспеттес перғауын Аменхотеп
ІҮ-нің өзінің өміріне үңіліп көруден басқа жол жоқ.
«ТӘУРАТТАҒЫ» КӨШІРМЕЛЕР. БҰЛ ҚАЛАЙ?
Иә, Аменхотеп ІҮ тарихта расымен де болған адам. Әке орнына
таққа отырған ол жаңа дінді дәріптеді. Есімін өзгертіп, өзін Эх
натон (Кунитон) деп атады. Перғауынның резиденциясын Нілдің
келесі бетіне, жаңа қала Ахмет-Атонға көшіртті. Міне, осы Эхна
тонның дәріптеген жаңа дінін көптеген ғалымдар монотеизмнің
(бір Құдайға сыйынушылық) алғашқы үлгісі деп есептейді. Эхна
тонның жалғыз Құдай ретінде Күнді дәріптегені және бұл діннің
басты символы шашақты Күн шеңбері болғаны белгілі. (Ал мұн
дай шашақты Күн шеңберлерін біздің Ұлы Даланың қай-қай бұры
шынан да кездестіре алатыныңызға еш күмән жоқ – Ә.Б.).
Эхнатонның жаңа діні қалың бұқарадан қолдау көрсе де, сарай
маңындағылар мен байырғы дін билік төңірегіндегілер ұйымдас
тырған бүлік нәтижесінде тақтан тайдырылып, дінбұзар ретінде
қуғын-сүргінге ұшырады.
Бізге Эхнатоннан қалған біршама Күн Тәңіріге мадақ ай-тыла
тын жырлардың мәтіндері белгілі. Олардың бірінде мынадай жыр
жолдары бар:
Жерді сенің нұрың орап жатыр...
Сен өз махаббатыңмен адамдарға өмір сыйлайсың.
Өзің тым алыстасың, бірақ нұрың жерде...
Сен жерге нұрыңды төккенде,
Ағаштар бүршік жарып,
Шөп көгереді.
Құстар саған мадақ айтып, қанатын қағады...
Әйел жатырында баланы,
Еркек белінде ұрықты жарататын да Сенсің,
О, Күндидарды Құдай...
Басқасына күмән болса да, Эхнатонның адамзат баласы білетін
ең алғашқы ұлы ақындардың бірі екеніне еш шәк келтіруге болмай
ды. Эхнатон жырлары мен «Тәураттағы» қайсыбір псаломдардың
мәтінін салыстыра келіп, байырғы әдебиет мамандары да осындай
пікірге ұйиды. Ең алдымен оларды таңқалдыратыны – перғауын
ақын қиялына тиесілі жыр жолдарының тікелей «Тәураттағы» ев
рей пайғамбарының аузынан шыққандай әсер қалдыратындығы.
Өзара ұқсастықтар менмұндалап, көзге ұрып тұрады. «Мұндай
сәйкестіктерді байқағанда, еріксіз екі туындының арасында қан
дай да бір тығыз байланыс болуы керек деген ойға қаласың. Эх
натон гимні мен иудей псаломының ортақ сириялық түпнұсқасы
болмады ма екен деген сауал бой көтереді. 103-псалом тікелей пер
ғауын өлеңінің әсерімен жазылған болуы мүмкін екендігін де жоқ
қа шығара алмай-сың. Әрине, екі пайымдаманы да есептен шы
ғарып тастауға болмайды. Бірақ Эхнатонның қайталанбас жоғары
ақындық қуатын ескерсек, дұрысы перғауын ақын өлеңінің мәтіні
псалом авторының қиялын қозғаушы үлгі болған деуге әбден бола
тындай» (Артур Вейгалл, «Эхнатон», Москва, «Центрополиграф»,
2004 ж., 148 б).
Ал енді осындай жекелеген өлең жолдары ұрланып болса да
«Тәурат» беттеріне кіріп кеткен перғауын ақынды діни рефор
матор болуға, Мұса секілді пайғамбардың ұстазы ретінде дәріп
телуге лайық емес еді деп айта аласыз ба? Әрине, айта алмай
сыз. Демек, Фрейдтің, еврей перзентінің, өз халқының тарихын
терістегендей, оның «Құдайдың қалауы түскен халық» екендігіне
күмәнданғандай болып отырып айтқан жорамалында да бір шын
дықтың ұшқыны жатқан болғандығы ғой.
Фрейд өз еңбегінде («Мұса пайғамбар және бір құдайшылық»)
«Мысыр перғауынының жаңа дінді қалыптастырудағы әрекеттері
сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, оның жолын қуушылардың біра
зы құлдықтан босанған еврейлермен бірге жаңа Отанға аттанды,
оларды да, еврейлерді де перғауынның шәкірті, түбі мысырлық
Мұса пайғамбар басқарды, монотеизмді еврейлердің арасында ал
ғаш жан-тәнімен дәріптеген перғауын ақынның осы ізбасары еді»
деген жорамал жасайды. Бұдан кейін «Өз елінде пайғамбарлар
болмайды» деген ұлы сөздің ақиқаттығына қалай иланбассыз!
Эхнатонның есімі өз Отанында қарғысқа ұшырады, есесіне ев
рейлердің бағы жанды, олар «Тәңірінің таңдауы түскен халық»
деген абырой-атаққа ие болды.
Міне, осы оқиғалардың көне мысырлық баяндалу нұсқасынан
хабардар болған көне грек ақындары перғауын ақынды әфсана
лық қаһарман деңгейіне көтеріп жіберді. Бірақ бұл әфсанада оның
жан-дүниесіне, іс-әрекеттеріне қозғау берген негізгі күш, яғни,
оқиғалардың діни астары ұмыт қалдырылды. Бұл үшін байырғы
элладалықтарды кінәлауға да болмас. Зевсі, Аполлоны мен Афи
насы бар халыққа Мысырдың перғауын ақыны табынғысы келген
Күн Тәңірі неге керек болмақ? Эллиндер түгілі мысырлықтардың
өзі де одан бас тартты емес пе! «Өз елінде пайғамбарлар бол
майды». Тағы да сол қанатты сөз алдан шығады. Тек Мұса емес,
Эхнатонның тағдырын да осы сөздің аясына сыйғызып жіберуге
болатындай. Бірақ адамзат баласы өзіңіз ұлы перзенттерінен бас
тартса да, тарихтан бас тарта алмайды. Жасанды емес, шынайы
тарихтан. Өз халқын сүйіп тұрып, оның шамына тиетін өзі түйсін
ген ақиқат тарихтан бүгінгі заманның ұлы перзенті Зигмунд
Фрейд те теріс айналып кете алмады. Өйткені рух тарихына бақай
есеп пен көңіл жықпастық жүрмейтінін еврей халқының осы бір
ұлы перзенті жақсы білетін.
ТҮЙІН
Эдип туралы грек әфсанасында да, Эхнатон жайлы көне Мы
сыр тарихи деректерінде де кейіпкердің жат елде, өзге патшалық
та тәрбиеленгені туралы айтылады. Егер «әфсанадағы Эдип пен
тарихтағы Эхнатон бір адам еді» деген Иммануил Великовскийдің
қисынына сенетін болсақ, онда грек әфсанасы мен Фрейдтің ең
бегіндегі басты қаһарманның балалық шағы өткен бұл елдің қай
ел екендігін анықтау да екі еврей оқымыстысы өзінше түсіндіріп
отырған оқиғалардың шындыққа ұмтылған шырайына қосымша
айқындаушы реңктер бере түсетіндей. Себебі, бала Эхнатонның
(Эдип деуге де болады) дүниетанымы, өмірге көзқарасы, ақындық
дарыны осы өзі тәрбиеленген елде қалыптасқанын кім жоққа шы
ғара алмай. Тіпті Эхнатонның кейін өзінің Мысырға алып барған
дінінің негізін осы елден, өсіп, ер-жеткен ортасынан қабылдаған
болуы да әбден мүмкін ғой. Тарих мұндай болжамды да жоққа
шығармайды.
Сонымен, болашақ перғауын ақынның балалық шағы өткен ел
бағзы заман картасында із қалдырған қай ел болуы мүмкін?
Великовский бұл елді Миттания (бүгінгі Иранның терри-тория
сында болған бағзы арийлер мемлекеті) еді дейді. Және Эхнатон
ның нағашы жұрты болған болуы керек деп топшылайды. Арий
лердің бағзы заманда бүгінгі қазақ даласынан кеткенін, олардың
расымен-ақ Күнге табынғанын ескерсек (тағы да айтамыз, қазақ
даласының қай бұрышынан да шашақты күн бейнесі бедерленген
бағзы заман суреттерін кездестіруге болады – Ә.Б.), онда бола
шақ перғауын ақынның арийлер арасында болып, олардан жаңа
дінді қабылдап, кейін өз еліне апаруы мүмкін деген жорамал әб
ден-ақ шындыққа жанасатындай. Оқиғалардың осылайша өріс
теуі растығына Фрейд те қосылады: «Біз Мұса уағыздаған ұлы
діни идея оның өзінікі болған жоқ, Эхнатоннан алынды» деп есеп
тейміз. Ал діннің негізін қалаушы ретінде ұлы-лығына ешқандай
да күмән жоқ Эхнатон оны Азияның алыс түкпірлері немесе жа
қын маңдарынан жеткен емеуріндерден анасының араласуы арқы
лы аңғарды (Эхнатонның анасы жат жерлік еді деген пікір бар.
Қазір жоққа шығарылды дегенмен біз осы болжамның растығына
қосыламыз) немесе басқа жолдар арқылы қабылдады» (З.Фрейд,
«Моисей и монотеизм», интернеттік нұсқасы).
Иә, осылай, Эхнатон байырғы қазақ даласынан барған нағашы
ларының дініне жиендік жасады. Оны қары қарата дамытып, ең
алғашқы монотеистік дін деңгейін көтерді. Бірақ өз елінде қолдау
таппады. Эхнатонның басынан бақ тайғасын адал шәкірті Мұса
және басқа да ізбасарлары бұл діннің еврейлер арасында тарап,
монотеизмнің сақталып қалуына еңбек сіңірді.
Монотеизмнің бізге беймәлім болып келген алғашқы сапары
осылайша қазақ даласынан басталып еді. Кім біледі, бәлкім Мағ
жан ақынның:
Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен – Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем
Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар,– деп келетін жыр жол
дарында перғауын Эхнатон ақынның алыс ғасырлардан бүгінге
жеткен ой-арманының жаңғырығы жатқан да болар-ау!
Иә, бір Құдайға сенушілікке бастайтын жол ең алғаш Қазақ да
ласынан бастау алған.
ТАНДЫР ЖАЙЛЫ ТОЛҒАУ Ең сирек кездесетін батылдық – ой батылдығы Анатоль Франс Олжас аға: «Ақын және ғалым ұғымдарының ара жігі кеше ғана ажыратылғанын неге ұмыта береміз» деген еді-ау. Бәлкім, «АЗиЯ» кітабымен қазақ рухын бүкіләлемдік тектілік деңгейіне көтеруге қаймықпай алғаш рет барған Аға ішкі қуатының, ой арнасының қайнары кеше ғана өзара енші бөліскен осы тел екі ұғымда жат қан болар. Ақын ғалым болуға тиіс. Астрономиялық зерттеулер мен математикалық формулалардан қолы қалт еткенде шып-шымыр рубайларды қолжазбасының жиегіне қиналмай жаза салатын орта ғасырлық ғалымдармен үзеңгі қағыстыруға жиырмасыншы ғасыр ақынының өресі жете қояр ма екен?! Латын пииті де, санскрит кавиі де толыққанды ақын ұғымының тылсымдық күш-қуатқа ие екендігіне айғақтама береді. Балалық шағыңда өзің де қой бағып жүріп, құдық басында қалғып кеткен де түсінде Қызыр баба аян беріп, таңдайына Алланың өзі түкір ген ақындар жайлы әңгімелерді сақалына дейін саналылық нұры тұнған қариялардан аз естімегенсің-ді. Сені өлеңге, өнерге құмар қылған да осы ақиқатқа бергісіз ақын жанды аңыздар болатын. Сен әдебиетте колумбиялық Габриэль Гарсиа Маркестің Макон дасы, американдық Фолкнердің Иокнапатфасы бар екендігін бі лесің. Әдебиет тарихының басы дегенде үндінің «Махабхаратасы», гректің «Илиадасы» бірінші ауызға алынатындығын байқайсың. Ру хани ой әлемінің бастауына үңілсең, яхуди пайғамбарларының ой маржандары жалтырап, көз қарықтырады. Сен әлемдегі рухани қоз ғалыстарды бақылай отырып, әдебиеттегі, ой әлеміндегі Бақтың тек адам ғана емес, елдерді де таңдап көшіп отыратындығын аңлайсың. Төртінші өлшем, алтыншы сезім, басқа бір кеңістік қиыр-ла рында қиялыңмен қаңғып жүріп, Сенің қазақ ойының басына да бақ қонған уақыт аралығын тапқың келеді. Сен әлдебір ғылыми кітаптан Отырарда жүргізілген қазба жұ мыстары кезінде екі тандырдың табылғандығы туралы дерек оқисың. Оның бірі, геральдикалық ою-өрнектермен безендіріл ген болып шығады. Орта ғасырлық ата-бабаларымыз тандырға неліктен осыншалықты табына қарады екен деген ой көңіліңде ұялаған сенің енді бірде «Мың бір түнді» ақтарыстырып отырып, әлдебір ертегіден тандырға байланысты тағы бір қызықты дерекке көзің түсіп кетеді. Шамасы, өздерінен өзге халықтарды тағы деп кемсітіп, көкірегін керген ежелгі римдіктердің дерті кезінде кербез
арабтарды да бір шарпып өткен болса керек. Түркі тайпаларымен жүргізілген жаугершілік жорықтары баяндалатын «Соғыс таққа та ласудан шығып еді» атты ертегіде тандырға, ұнға табынатын халық туралы айтылады. («Мың бір түн», 4-том, 354-бет). Ой: бәлкім осы тандырға табынған халықпен тегіміз, түбіміз бір шығар. Есіңе ауыл, ауыл шетіндегі қызыл шатырлы үй, үй ауласының бір бұрышында момақан ғана орын тепкен тандыр жиі-жиі орала ды. Сен келесі сәт өзің үшін таңқаларлық ашылымның куәсі бо ласың. Бұл ашылымға себепші әр жұмада жеті нан пісіріп, көрші лерге таратып жүретін анаң болады. «Бүгін түсіме атам кірді. Ол кісі төрге шығып, үнсіз ұзақ отырды. Сонсоң үндемеген қалпы иығына шапанын ілді де шығып кетті. Шамасы, әлденеге көңілі толмай жүрген сынды. Бұл бекер болмаса керек. Жеті нан құда йы таратқаным жөн болар». Анаң бұл секілді әңгімелерді жиі-жиі айтатын-ды. Содан соң, қамыр ашытылып, тандыр басында қозға лыс басталатын. Келесі бір сәтте ши борбай, қара сирақ сен бойы нан жылуы әлі тарқамаған тандыр нанды бауырыңа қысып, көрші үйге жүгіріп бара жататынсың. Мұсылман діні аруаққа табынуға, ырым-жоралғыларға тыйым салады. Сонда мынау аруақтардың көңілін аулап, медетін сұрай тын дінбұзар әрекет қай ықылым заманнан қалды екен? Сен аруақ сыйлап, Тәңірге табынған бабаларыңның осы бір жанқиярлық әрекетін талай түндер түсіне алмай бас қатырасың. Бәлкім, бар құпия тандырдың құрылымында жатқан болар? Өйткені, көшпелілер уақыт өлшемінде емес, кеңістік көк жай лауында өмір сүрген халық. Мұндай халық өз түйсінгенін, көңілі не тоқығанын, дүниетанымын көркемдеп, суреттеп беруге бейім. Ендігі жерде сенің санаңда тандыр сөзі қалықтайды. Сен осы сөзді ежіктеп, буын-буынға бөліп талай мәрте қайталайсың. Тан... тан... тан... Тан-Шань. Бұл өзің ауылдан келіп, етегінде арман қуып жүрген алып Алатаудың қытайша атауы. Зеңгір таулары, Аспан тау лары, Тәңір таулары. Сенің паң Алатауыңның қытайша атауы осын дай ұлы мағыналарды білдіреді. Тан-Зеңгір, Тан-Аспан, Тан-Тәңір. Сенің есіңе жолбарыстың жотасындай маңғаз жайылып жатқан тауыңның ең ұшар шыңы қазақша Хан Тәңірі деп аталатыны түседі. Хан Тәңірі һәм Тандыр. Әлдебір ішкі байланыс жатқандығы анық. Сен тандыр сөзінің бірінші буыны Көк, Зеңгір, Аспан мағына ларын білдіретіндігіне сенімдісің. Ал екінші – дыр буыны ше? Сенің қиялың бір мезгілде дамыл таппай дыр буынының сүрлеуі мен жүгіре жөнеледі. Сол жүгірген қалпы өзің Отан алдындағы әскери борышыңды өтеген Мажарстандағы Дьер шаһарына барып қайтады. Қиялың осылай дырылдап жүргенде, есіңе орыс халқы жердің жоғарғы шымды қабатын дьерн деп атайтыны оралған. Бұл енді Аспан емес, Жер. Сен дыр буынының құпия кілтін ендігі жер де қолыңа берік ұстағаныңды аңлайсың. Ашық мұхитта сал үстін де алты күн адасып, жетінші күні көз ұшындағы аралды көргенде «Жер, жер!» деп айқайлаған теңізшінің қуаныштан ақылынан ада
са жаздаған тылсым халі сенің басыңды да шарпып өтеді. Олжас ағаның Шумер-Түркі сөздігінде осы дыр сөзінің түпкі мағынасы жерді білдіретіндігін айғақтайтын жеті-сегіз баламасы бар екендігі ендігі жерде сенің ашық мұхит аранынан тіршілік аралына қайта қадам басқаныңды айғақтай түседі. Сен құтқарылдың. Жер! Жер! Тан-Дыр – Көк-Жер. Ақындық қиялың тандыр сөзінің түп төркіні жерден не топырақтан, бәлкім балшықтан жасалған Тәңірі, Жер Тәңірісі деген мағынаны білдіреді деп айқайлайды. Сен қуанышты сың. Әйтсе де қуанышың ұзаққа созылмайды. Сен тандыр тануда әлі де осал тұстың бар екендігін байқайсың. Бұл осал тұс тандыр неге Жер тәңірісі болуы керек деген сұраққа барып тіреледі. Бәлкім, бұл сұрақтың жауабы тандырдың құрылысында жатқан болар. Бұндай ойды сөз арасында сенің өзің де айтқан сияқты едің ғой. Келесі сәт көз алдыңа тандыр бейнесі оралады. Тұғыр үсті не орнатылған тандырдың көмейінен әлдебір үн «мен мұндамын, мұнда үңіл» дейді. Бәлкім, бұл тылсым сырды түйсікпен түйсіну ғаламаты болар. Сен тандыр көмейіне үңілесің. Ортада қып-қы зыл шоқ. Айнала күн кескінді нан дөңгелектері. Қып-қызыл шоқ сана құлағыңа «мен бастапқы тіршілік иесімін, мен Күнмін, мен абсолютпін, ал мына дөңгелек кескінді қамырлар мені айнала қоз ғалып бара жатқан жұлдыздар, жеті нан дегенің күн жүйесіндегі жеті планета, енді түсіндің бе құпиямды?» деп сыбырлайды. Марқұмды соңғы сапарына дайындау, жерлеу рәсімінің көшпелі лер өмірінде қаншалықты дүниетанымдық тағылымы, құндылығы болғандығы Олжас ағаның «АЗиЯ» кітабында керемет деректер мен өрнектеліп баяндалған. Онда да тіршілік иесі адам кеудесіне жұлдыз сипатындағы әшекейлер, асыл тастар шашылатындығы айтылатын-ды. Көшпелілер космогониялық дүниетанымның кіш кентай көрінісі, афоризмдік нақтылыққа ие тандырдың да осын дай құндылықтардың бірі екендігіне сен сенімдісің. Демек, жеті нан мен жеті планетаның, жеті планета мен Тәңірінің, Тәңірі мен анау бір заманда өмір сүрген ата-бабаларымыздың рухани жан дүниесінде, дүниетанымында қандай болмасын байланыс болған дығын тереңіне түйген тандыр да әлемнің жеті кереметінің қата рынан, қатарынан емес, қақ төрінен барып орын алатын мәңгілік өнер туындысы. Бүкіл ғаламның кескінін Жер тәңірісі тандырдың шағын образына сыйғызып, өзінің барша дүниетанымын болашақ ұрпақтарына құпиялап мұра қылған бабалар тағылымына үнсіз бас иесің. Ендігі жерде сенің қағбаң тандыр болады. Өйткені сен көкте Тәңірге, жерде тандырға табынған халықтың ұрпағысың. Өнердің осындай үздік үлгісін жасаған сонау бір белгісіз уақыт қазақтың немесе оның негізін қалаған бағзы халықтың талайына адамзат дамуында рухани көшбастаушының мәртебесі бұйырған кезең ретінде мәңгілік иірімде қала бермек. 1996 жыл.
«ТАУРАТТАҒЫ»
БАБА ТҮРКІ ІЗДЕРІ
Өресі биік, өркениеті жоғары басқа халықтардың жебірей
«Тәуратына» тарихи деректер көзі ретінде ден қойып, өз өт
кен-кеткенімен байланыстыра зерттей бастағанына да бірнеше
ғасыр уақыт болды. Тек түркі тектестер ғана үнсіз. Олар «Тәу
ратқа» бар болғаны, аңыздар мен әфсаналар жинағы санатында
ғана қарайтын секілді. Немесе діні бөлек кәпірдің сыйынатын
кітабы рауайында. Біздіңше, осы түсініктердің екеуі де дұрыс
емес. Егер үңіле қарай қалсақ, «Тәуратта» да түркі қауымының
көне дәуірлер тұңғиығын-дағы болмыс-тіршілігінен сыр шер
тетін парақтар жеткілікті. Біз бүгін хал-қадеріміз жеткенше со
лардың бірнешеуін сөз қылмақ ниеттеміз.
Бірінші парақ.
ҚЫЗЫЛ ТЕҢІЗ БЕН ҚАМЫСТЫ СУ
Кез келген діни кітаптар іспетті «Тәурат» та ғажайып жайт-
тарға толы. Адам Ата мен Хауа ананың жаратылуы жайлы әңгі
ме,кейін исламда дамытылған Жүсіп пен Зылиха секілді ғашық
тар хикаясы, топан су әфсанасы, адамның қиялын шартарапқа
қозғайтын оқиғалар легі осылай кете барады. Әсіресе, біздіңше
«Тәураттағы» ғажайыптар інжуі – жебірей жұрты Мұса пай
ғамбардың бастауымен Мысыр перғауынының езгісінен қашып,
Қызыл теңізден өткен кезде болған оқиға сияқты. Иә, дәл сол Құ
дайдың кереметімен өткел бермес алып теңіздің қақ айырылған
сәті туралы әйгілі баян. Бұл оқиға жайында «Тәуратта» былай
деп баяндалады: «Мұса болса қолдарын теңізге қарата жайып
жіберіп, Жаратқан ие болса шығыс желімен теңізді түні бойы
қуумен болды, теңізді құрғаққа айналдырды; су кері шегінді.
Израиль балалары болса құрғақ арқылы теңіз ортасынан өте
бастады; су болса олардың оң жағынан да, сол жағынан да биік
қабырға секілді болып төніп тұрды» («Тәурат». Шығу кітабы.
14:21) Міне, осы құрғақ жермен қашқындардың соңын ала қу
ғыншы перғауын әскерлері де ұмтыла бергенде, екі бөлініп тұр
ған теңіз қайта қосылып, оларды жермен-жексен қылған.
Шынында да адам сенгісіз ғажайып оқиға. Егер себебін біл
месеңіз, бір Тәңірдің кереметі деп мойындаудан басқа ел лажы
ңыз қалмайды. Рас, әлдекім бұл жолдарды жебірей балаларына тән асқақ ақындық шабыттың жемісі дей салары да анық. Бір-ақ ауыз сөз. Сосын ешқандай ғажайып болған жоқ деп нүкте қоюға да болады. Бірақ солай ма? Бүгінгі ғылым «Тәураттағы» осы оқиғаға жауап табуға жанжақты талпынуда. Ол жебірей қауымы және Мысыр әскерімен Қызыл теңізде болған оқиғаны оған және одан кейін болған оқи ғалар тізбегімен байланыстыра отырып зерделейді. Жауаптары да жоқ емес. Егер «Тәураттың» беттеріне үңілер болсақ, бұл кездері жер бетінде әр түрлі үрейлі оқиғалардың болғанын аңғарар едік. Яғни, Жер-Ана төсінде әлдебір ғаламат табиғи, бәлкім, бүкілә лемдік апат болды деуге болады. Және ол бірқанша уақытқа созылған. Қазіргі ғылым мұндай апат себебін әлдебір белгісіз кометаның Жерге тым жақын қашықтықтан өтуі, оның ЖерАна өрісіне қатты әсері, осы әсерден болған жер қойнауында және оның бетінде жүріп өткен табиғи бүліншіліктер арқылы түсіндіреді. Міне, осы табиғи бүлін-шіліктердің бірі босқын жебірей халқының Қызыл теңізден өтер тұсына тұспа-тұс келіп қалуы әбден мүмкін. Өйткені, Жер-Ана өз өрісінде байыз таба алмай теңселгенде теңіздердің де ары-бері лықси көшуі әбден кәдік қой. Демек, теңіздің табаны қандай да бір уақытқа бол масын құрғап қалады деген сөз. Осы құрғақтан жебірей қауы мы өте шығып, қайта құлаған теңіздің аранына Мысыр әскері жұтылуы, мұны енді тағдыр тәлкегінің ісі деуіміз кереук. Осы бір басқа халықтар үшін нағыз тажал трагедиясының өзі болған оқиға, керісінше, жебірей жұртының рухын көтеріп кетті. Олар дың санасында біз Тәңірінің өзінің таңдауы түскен халықпыз деген сенім қалыптасты. Кешегі құл халық әп-сәтте ұлы халық қа айналып шыға келді. Біреуге бақ, біреуге қасірет деген осы да. Дегенмен біздің «Тәураттағы» бұл оқиға туралы әңгіме қылу дағы мақсатымыз – жебірейдің шынайы шежіресін шеку емес, осы оқиғаның баба түркі тарихына қаншалықты қатысы барлы ғына зер салу. Жоғарыдағы оқиға болған кездері Қызыл теңіз қазіргідей емес, Ям-суф (Г.В.Синило. «Древние литературы Ближнего Востока и мир Танаха», Минск, 1998, 219-бет) деп аталатын. Бүгінгі қазақ тіліне бұл атауды қамысты су немесе қамысты теңіз деп аударуға болады. Егер қазақтардың әлі күнге теңіз не көлді үлкен су деп атай салатынын ескерсек, осы атаудан түркілік самалдың лебі есіп тұрғандай. «Ям» әлде «кам» сөзі нен қамыс атауын шығарып алу және қиын емес. Арада жатқан бірнеше мыңжылдықты ескерсек, қамыстың о баста бір буынды
сөз ретінде тек «қам» болып дыбысталған болуы шындықтан
тым алыс кете қоймайды. Ал «суф»-тың кәдуілгі су екендігіне
еш дау жоқ. Арыға бармай-ақ қояйық, көрші өзбек ағайында
«су»-ыңыз «сув» делінеді.
Иә, теңіз атауына байланысты байламымызды айтарына ай
тып алдық, енді оны қандай да бір деректермен болсын нақты
лай аламыз ба? Енді осы бағытта әрекеттеніп көрейік.
Көне Мысыр тарихында Египетті біздің дәуірімізге дейінгі
ІІ мыңжылдықтың ар жақ, бер жағында бірнеше ғасыр билеген
аму-гиксос деген белгісіз халық туралы айтылады. Біздіңше,
осы аму-гиксостар қайсыбір батыс тарихшылары жазып жүр
гендей араб не жебірейлердің арғы ата-бабалары емес, прото
түркі, яғни баба түркілер болуы керек.
«Гиксостар қайдан келді? Бұл сауалға ғалымдардың жауабы
әрқилы. Кейбіреулері гиксостарды Миттанияның арий тектес
халықтарына жатқызса, енді біреулері оларды скифтер (сақтар)
деп есептеді». (И.Великовский, «Эдип және Эхнатон», Донда
ғы Ростов, 1996, 78-бет). Міне, осы жолдардың өзі-ақ біздің өз
жорамалымызда жалғыз емес екенімізді аңғартады. Ал енді бұл
төңіректе «Тәурат» не дер екен, соған тоқталайық. Онда, бақта
шыларды төбесіне көтерген Амос пайғамбардың кітабында мы
нандай дерек бар: «Гиксостар патшасының есімі Киан планета
атауы: «Киюн... сіздің құдайыңыздың жұлдызы» (Амос 5;26).
Күн. Иә, кәдімгі баба түркілер Тәңірі деп табынған алаулы Күн.
Түркі перғауынының есімі де Күн, Тәңірінің жұлдызы да Күн.
Осының өзі-ақ сақ-түркілердің б.д.д. ІІ-І мыңжылдықтарда-ақ
Мысырға билік жүргізгенін аңғартпай ма?
Иә, атақты қыпшақ Бейбарыс Мысырды билеген алғашқы
түркі емес. Оның оған дейін де жүздеген жылдар бұрын Мы
сырды билеген Күн деген құдіретті бабасы дүниені дүрліктіріп
өткен.
Түркі жүрген жерде жер-су атауы да түркілік болмақ. Олай
болса, Қызыл теңіздің бір кезгі атауы «Қам-су», яки «Қамысты
су» немесе «Қамысты теңіз» аталған деген мұндай жорамалды
да назардан шығарып тастай салуға еш болмайтын шығар.
Екінші парақ.
БҮЛІКШІ ПЕРҒАУЫН МЕН МҰСА ПАЙҒАМБАР
Дін тарихы бір Құдайға сиынуды (монотеизм) алғаш мемле
кеттік деңгейде енгізбек болған жанкешті реформатор ретінде
Мысыр перғауыны ІҮ Аменхотепті атайды. Ол халықты Амон-
Юпитердің орнына Атон-Күнге табынуға шақырды, оған арнап
мадақ өлеңдер жазды.
Иммануил Великовский «Эдип және Эхнатон» кітабында осы
мысырлық перғауын мен грек мифологиясындағы Эдип туралы
әфсананы байланыстыруға тырысады. Автордың пікірінше, грек
аңызындағы Эдиптің прототипі – ешқандай да грек патшазадасы
емес, кейін Эхнатон есімін алған дәл осы Мысыр перғауынының
нақ өзі. Ғалым Эдип жұмбағын шешетін сфинкстің грек топы
рағына еш қатысы жоқтығын, керісінше, оның Мысыр пирами
даларымен тікелей байланысын айта келе, Мысыр жазбаларына
ой жүгірте отырып, Эдип пен Эхнатон тағдырының ұқсастығына
көптеген дәлел-дәйектер келтіреді. Қысқаша тоқтала кетсек, бұл
дәлел-дәйектер мынадай:
1. Әкесі ІІІ Амонхотеп отбасымен бедерленген суреттерде бала
Эхнатонның бейнесі бірде-бір рет кездеспейді. Демек, егер сарай
суретшілерінің тек нақты жайтты салатынын ескерсек, жас кезін
де болашақ перғауын сарайда болмаған болып шығады. Шамасы,
әкесінің кәріне ұшыраған ол жат жерде тәрбиеленсе керек. Ғалым
жат жер ретінде бүгінгі Иран территориясында болған арийлер
мемлекеті Миттанияны атайды. Осыған ұқсас халді грек аңызын
дағы Эдип те басынан кешіреді.
2. Егер бала әкесінің қаһарына ұшыраған болса, оның қандай да
бір себебі болуға тиіс. Мысалы, әке мен баланың арасын «Эдип
патша» мифіндегідей көріпкелдің болжамы ушықтыруы мүмкін.
Қысқасы, «Балаңыз өзіңізді өлтіріп, тағыңызды тартып алады,
кейін өз анасымен төсектес болып күнәға батады» деген сарын
дағы көріпкелдік баланың тағдырын қыршынынан қиып жіберуі
мүмкін-ді. Осындай көріпкелдік грек аңызында да бар. Көріпкел
ретінде абыз Тиресий сөз алады.
3. Әрине, перғауын әке құлақ асатын көріпкелдікті тек Амон
ғибадатханасының беделді абызы ғана жасай алады. Ал бұл ба
ланың жүрегінде Амон абызы ғана емес, Амон сезіміне деген де
қарсылықтың орын алуына себепші болмақ. Кейін таққа отыр
ған Эхнатонның Амон абыздарын қудалап, Атон-Күнге табыну
ды енгізбек болғанының психологиялық себебі осындай. Ал грек
аңызында көне культтің символы іспеттес сфинкс жасырған жұм
бағы шешілгеннен кейін биіктен құлап өледі. Эхнатон болса таққа
отырғасын Амон ғибадатханаларын қиратқан.
4. Әке мен бала арасындағы өкпелесу де аяқсыз қалған жоқ.
Таққа отыра салысымен Эхнатон әкесінің есімін барлық ес
керткіш жазбалардан өшірткізіп тастауға бұйрық береді. Ал бұл
көне мысырлықтың ұғымында марқұмның рухын қоса өлтіру бо
лып табылады. Осындай оқиға грек аңызында да бар. Қайта орал
ған Эдип өз әкесін аңсызда өлтіріп қояды.
5. Эдип есімі грекшеден «ісінген аяқ» деп аударылады. Бүгінге жеткен Эхнатон суреттерінен де оның аяғы қалыптағыдай емес, біршама ісік екенін аңғарамыз. 6. Егер Эхнатонның қыздай алған қосағы Нефертити алғаш үй ленгенде жүкті болып, бала көтеруге тым балғын екенін ескерсек, суреттердегі Эхнатонның үлкен қызын оның өз шешесінен сүйген нәрестесі деуге болады. Өйткені, өзіне жасы жағынан жете қабыл сәбиді Нефертитидің дүниеге келтіруі еш мүмкін емес. Грек аңы зында да осындай оқиға, ана мен баланың жақындасуы етек ала ды. Қысқасы, Великовскийді өз болжамын, яғни Эдип пен Эхна тонның бір адам екенін қисынды дәлелдей алған дейміз. Әйтсе де, біздің назар аударғымыз келетіні – Эдип пен Эхнатон тағ дырындағы бұл ұқсастықтар емес, Эхнатонның Күнге табыну культін Египетке арийлер елі – Миттаниядан әкелуі. Арийледің Кіші Азия, Үндістан мен Еуропаға Қазақ даласынан ауғанын ес керсек, баба түркілер табынған Күн Тәңірі мен Мысыр перғауыны дәріптеген Атон – Күн Құдайы арасында қандай да бір байланыс бар екенін аңғарғандаймыз. Ал қайсыбір бастаухат көз-дері Мұса пайғамбарды осы Эхнатон патшаның сарайында тәрбиеленген таза мысырлық еді деген деректерді алға тартады. Тіпті жебі рейлерді туған жеріне қайта бастап шыққан Мұса пайғамбарды реформасы іске аспай тағынан тайдырылған, жергілікті абыздар тарапынан қудалауға ұшыраған Эхнатон перғауынның өзі еді де ген де әңгіме бар (Н.В.Синило, «Древние литературы Ближнего Востока и мир Танаха», Минск, 1998, 216-бет ). Егер Эхнатон перғауынның зираты әлі күнге табылмағанын ескерсек, бұл әңгі менің де әбден жаны бар болуы мүмкін. Сосын «Тәураттың» өзі де Мұсаның перғауын сарайында тәрбиеленгенін еш жоққа шы ғармайды ғой. Иә, сол Мысыр перғауыны күннен күнге көбейіп бара жатқан жебірей отбасында дүниеге келген еркек кіндік жас сәбилердің бәрі өлтірілсін деген бұйрық шығарып, Мұсаны бо санған анасының оны өлімнен қалайда алып қалу үшін себетке салып суға ағызып жіберуі, оны Мысыр ханшасының тауып алып, болашақ пайғамбардың перғауын сарайында тәрбиеленуі жайлы тәураттық хикаяны айтамыз. Қалай дегенмен де Эхнатон Күн құдайы мен Мұса моно теизмінің арасында қандай да бір болсын нәзік байланыс бар. Бәлкім, бұл байланыс баба түркінің Күн Тәңірі арқылы көрініс табатын болар. «Тәуратқа» Мысыр тарихы тарапынан зерде сәу лесін түсіріп көргенде баба түркі өткеніне қатысты осындай бір оқиғаның сұлбасын байқағандаймыз. Расында да Эхнатон табын ған шашақты күн дискісімен біздің Даладағы жартастарда кезде
сетін Киелі Күн символы бейнелерінің арасында қандай айырма
шылық болуы мүмкін?
Үшінші парақ.
ЖЕБІРЕЙ ҚҰДАЙЫ МЕН ҚАСҚЫР ТОТЕМІ
Жебірей қауымы Мұса пайғамбардың бастауымен Мысыр құл
дығынан қашып шыққаннан кейінгі ғажайыптер легі оларға Қы
зыл теңіздің қақ айырылып жол беруімен ғана аяқталған жоқ.
Жоғарыда айтқандай, бұл кездері үрейлі, қорқынышты оқиғалар
өте көп болды. Өз өрісінің шеңберінде белгісіз кометамен арба
сып қалған Жер-Ананың құрсағы тынымсыз ыңыранып жатты.
Жер сілкініп, таулар жалын атқылады, көктен метеориттер жау
ды. «Израиль халқы Египеттен шыққанда... Теңіз құрғап, кері
қашты... Таулар қойдай, төбелер қозыдай секірді... Жаратқанның
жанарында Жер теңселді...» («Тәурат», Псалтирь 113: 1-7). Иә,
мұндай орасан апатты жер бетіндегі басқа халықтардың да білмей
қалуы мүмкін емес. Осы кездердегі оқиғалар жайлы Египеттің
Ипувер папирусында: «О, жер күркіреуін тоқтатып, тыныштық
тезірек орнаса екен»,– делінеді. Бұл кездегі жайттар туралы өзге
халықтардың аңыз-әңгімелерінде де естеліктер жетерлік.
Міне, Жер-Анаға қатерлі қауіп төнген осындай қорқынышты
күндердің бірінде босқын жебірей қауымы Синай тауына таяп
қалған-ды. Дәл осы жерде оларға жаратқанның он өсиетін есту
бақыты бұйырған болатын. Жаратқанның дауысы естілді-міс
делінетін осы тұсты «Тәурат» былай деп суреттейді: «Жаратқан
от болып түскеннен кейін, бүкіл Синай тауы түтіндеп тұрды, төңі
ректе қазаннан шыққан түтін секілді қою түтін будақтады, бүкіл
тау қатты теңселді» («Тәурат», Шығу кітабі, 19:18). Иә, бұл су
реттеу Жаратқанның жерге түсуінен көрі, кәдуілгі табиғи апаттан
көбірек мағлұмат береді. Шамасы, Синай тауына басқа да ұсақ
метеориттермен бірге кометамен ілесе жүретін ірі метеориттердің
бірі құлаған болса керек. Мұндай жағдайда зілзала болып, Жер-
Ананың қойнауынан уілдеген қуатты дыбыстардың шығатыны да
ақиқат. Міне, «Тәураттың» баяндауында, осындай дыбыс үздік-
создық он рет қайталанған секілді. Қызыл теңізден өту хикаясын
жаратқанның шапағатымен болды деп ырымдаған халыққа дәл
осы он дыбыс Жаратқанның өздеріне беріп жатқан өсиетіндей
болып ұғынылуы да кәдік. Біздіңше, Синай тауында Мұса пай
ғамбар Жаратқаннан алды деп есептелінетін атақты он өсиеттің
ақиқи тарихы осындай. Басқалай болуы еш мүмкін емес.
Көне жебірей аңызында осы оқиға туралы мынандай жолдар
бар: «Тек Израиль емес, әлемнің барлық халықтары есітті.
Жаратқан дауысы барлығына түсінікті болатындай етіліп
адамзаттың жетпіс тілінде дыбысталды... Оны естігенде пұт
қа табынушылардың жандары қорыққандарынан кеуделері
нен шыбындай шырқырап ұшты». И.Великовский Гинзбургтің
«Аңыздар» кітабынан осындай дерек келтіреді (И.Великовский,
«Столкновение миров», Дондағы Ростов, 1996, 112-бет).
Жебірей аңызы осы бір кездері расында да әлемдік апаттың
орын алғанына мегзеп тұр. Әйтпесе, шыбындай қырылған өзге
халықтар жайлы әңгіме болмас еді ғой. Ал осы бір «адамзат
тың жетпіс тілінде дауысталған өсиеттер» жайлы оқиғаға куә
болған өзге халықтар, оның ішінде біздің баба түркілер не дейді
екен? Бабалар мұрасынан осы оқиғаға байланысты қандай да бір
қатпар-сілемді ұшырата аламыз ба? Біздіңше, бұл сауалдың жауа
бын табуға болатын секілді. Пайымымызда жауаптың кілті қас
қыр тотеміне қатысты мифте жазылуға тиіс.
Көне түркілер өздерін қаншық қасқыр мен баланың некесінен
таратады. Аңыз нұсқасы бірнешеу. Бірінде бір ұлыс елді қапия
да жау қолы шауып қанды қырғынға ұшыратса, енді бірінде баба
түркілердің басына нендей зұлмат төнгендігінің себебі ашық ай
тылмайды. Ойымызша, ақиқатқа жақыны осы екінші нұсқа. Ал
баба түркілерді қырғынға ұшыратқан оқиға жаңағы «он өсиет»
түсетін кездегі ғарыштан келген табиғи һәм әлемдік масштабтағы
апаттар еді. Жер-Ананың белгісіз кометамен арбасып, өз өрісінде
теңселе ыңыранғанын өзге «жетпіс халықпен» бірге баба түркілер
де естіді. Бірақ олар бұл ыңыранған дыбыстарды жаратқанның он
өсиеті деп қабылдаған жоқ, табиғаттың еркін ұлдарына тән бол
мыстарымен Жер қойнауынан шыққан күңіренген уілдерді қас
қырдың ұлуына ұқсатып жіберді. Иә, расында да басына қиын-
қыстау сын сағаты туғанда Жер-Ана шығарған дыбыстар осы
бір текті аңның ұлығанда шығаратын дыбыстарына тым жақын
болатын. Нәтижесінде прототүркілік ақындық шабыт қасқыр-
ана мен бала-бабаның некесінен тараған жаңа бір халық жайлы
әдемі әфсананы дүниеге келтірді. Қасқыр-ананың Тәңірі деңгейі
не көтерілмей, тотем сипатында ғана қалып қоюына, бәлкім, бұл
кездері баба түркілердің жебірейлер енді ғана қол жеткізген бір
Тәңірге (монотеизм) сыйынуы кедергі жасаған шығар. Қалай де
генмен де, Жердің ғаламдық қақтығыстан аман қалуына куә бол
ған прототүркілер осы бір ғаламдық ерлікке мәнді де мағыналы
рухани ескерткіш қоя білді. Бүгін қасқыр тотемінің тасасында
Жер-Ана, оның өз ұлдарына берері шексіз мейірбанды табиғаты
жасырулы деуімізге әбден болады. Өйткені, баба түркілер осы бір
алапат тұста тіршілігін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға тағы да
бір мүмкіндік алғаны үшін тікелей Жер-Анаға борыштар екендік
терін жақсы түйсінді.
Рас, әлдекімнің қасқыр мифін Синай тауындағы оқиғамен
қиыстырудың еш қисыны жоқ деуі мүмкін. Біз оларға «жетпіс
тілде адамзат баласын түскен өсиеттің» тағы бір түсіндірмесін,
үндістердің снохимиш тайпасынан жазылып алынған аңызды
жауап ретінде ұсынамыз. Онда: «Бағзы бір замандарда Аспан
Жерге төніп тұрған екен. Адамдардың бел жазып, тік жүруі қиын
болыпты. Ал бұлай ұзаққа бару мүмкін емес. Міне, осындай бір
қиын күндері бірқанша ақсақал бас қосып кеңес құрады. Олар
әлемнің бар түкпіріндегі халықтар бір мезгілде «ау-ау» деп ай
қайласын, сонда Аспан көтеріледі деген тоқтамға келеді. Осы
шешімді жеткізу үшін жан-жаққа хабаршылар аттандырылады.
Осылайша, бүкіл адамзат бір мезгілде «ау-ау» деп айқайлауының
нәтижесінде, Аспан бүгінгі биігіне көтеріліп, адамдар бой жа
зып, еркін жүре алатын болыпты. Бақытты өмір кеше бастаппыз.
Қазір адамзат бірлігінің қуатын көрсететін осы күндердің естелігі
ретінде, әлі күнге каноэ ескенде «ау-ау» деп айқайлаймыз»,– деп
баяндалады. Мұндағы «ау» сөзінің тарихы да қасқыр тотеміне қа
тысты мифті еске түсіретініне дау жоқ.
Сондай-ақ жебірей Құдайының бір кездердегі аталуы қазіргі
дей Яхве емес, Яо, Ио немесе Яу, бәлкім, Ау болғаны туралы да
деректер бар («Тәурат», Псалтирь:67). Бұған қоса Мұсаның он
өсиетті Яо, бәлкім, Яу-Ау деп аталатын Тәңірден алғанын көне
тарихшы Диодор да жазған көрінеді.
Иә, «Тәуратта» жұмбағын шешуді күтіп жатқан ғажайып оқи
ғалар көп. Олардың қайсыбірі тікелей не жанама түрде түркі та
рихымен де байланысып жатады. Біз бүгін солардың бірнешеуіне
ғана тоқтала алдық. Әйтсе де, осы азғантай әңгімеміздің өзі-ақ
«Тәураттың» бүкіл адамзатқа ортақ баға жетпес шын жауһар жәді
гер екеніне дәлел бола алады ғой деп ойлаймыз.
2005 жыл.
АЖАЛМЕН АЛЫСҚАН
АЛЫПТАР ӘФСАНАСЫ
ЕРЛІКТЕРДІ ТҮГЕНДЕУ
Көне грек аңызшылары қаһармандардың қаһарманы Гераклдің
маңдайына жазылғаны он екі ерлік еді деген әңгіме айтады. Біз
мұнымен келісе алмаймыз. Біздіңше, Гераклдың, тікелей Эврис
фей патшаның тапсырмасымен істеген он екі ерлігінен басқа,
тек өз жан қалауымен жасаған да ерліктері болған. Қазақ ақыны
Жұмекен Нәжімеденов Гераклдің осындай ерліктерінің қатары
на оның адамзатқа от сыйлаймын деп құдайлардың қарғысына
ұшыраған, осы күнәсі үшін найзағайлар тілгілеген Қап тауының
тап-тақыр құз-жартасына берік бұғауланған Прометейді құтқа
руын жатқызады. Иә, расында да бұл Гераклдің он үшінші ерлігі
деуге әбден болатын ұлы ерлік еді. Ақын Жұмекен мұны анық
байқаған. Бірақ Гераклдің санатқа кірмей қалған ерліктері тек
осымен ғана шектелмесе керек. Міне, бізді осы сауал һәм оның
жауабы қызықтырған. Жұмекендей ұлы ақыннан кейін Геракл
ерліктерінің қатарына тағы бір толықтыру жүргізу, әрине, кім
үшін болса да үлкен бақыт. Жұмекен ақын қаһарманның он
үшінші ерлігін айтса, бүгін біздің Гераклдің он төртінші ерлігі
туралы әңгіме шерткіміз келіп отыруыныңбір себебі осыдан.
Бір ғажабы, осы бір он төртінші ерліктің жаңғырығы қазақ ер
тегісінде, түркі әфсанасында да жүр. Бұл сөзімізге «Қорқыт ата
кітабы», ондағы Домрул жайлы хикая куә бола алмақ. Бірақ бәрі
де рет-ретімен...
Он төртінші ерлік.
КӨНЕ ГРЕК НҰСҚАСЫ
Геракл Диомед патшаның аттарын іздеп Фракияның жаға-
лауына жүзіп бара жатқанда, жолай Фер қаласының патшасы,
досы Адметке соға кетуді жөн көреді. Бұл Адметтің басына қиын
күндер түнегі орнаған мезгіл еді. Тағдыр құдайлары – мойралар
Адметке оған ажал сәті төнгенде, егер ол үшін басқа бір ажалды
пенде өлімге бас тігетін болса, Адметтің ғұмыры ұзаратындығы
туралы баян еткен-ді. Геракл қонаққа келетін мезгіл, осылайша,
Адметтің жер бетіндегі өлшеулі көрер күні тәмамдалып, оның
өз тағдырын қалайда ұзартқысы келіп аласұрып жатқан мезгілі
болатын. Ол өзі үшін жан берулерін көпті көрген ақсақалды
әкесінен де, кейуана шешесінен де сұраған. Бірақ екеуі де көн
бей қойды. Қанды қырғынға кірейін деп тұрған жауынгерлерге
салмақ салып еді, олар да келісім бермеді. Жер бетінен ажалына
арашашы болар тірі пенде баласын таппай, әбден сілікпесі шық
қан Адмет ақыры балаларының анасы сүйікті жары Алкестидаға
шағынған. Алкестида күйеуі үшін басын өлімге тігетінін бірден
айтты. Енді ол ажалды күтіп тастүнек көрханада жатыр. Геракл
келгенде Адметтің көңілсіз болуы осыдан еді. Бірақ ол қаһарман
досының жақсылап дем алуы үшін барлық жағдайды жасауды
қызметшілеріне шегелеп бұйырады. Досы мұның басына нен
дей зауал төнгенін еш сезбеуі керек. Өйткені, қаһарманның мұн
сыз да басқа машақаты жетіп артылып жатқан жоқ па! Геракл
досының жүзі неге жабырқау екендігін сұрағанда ол алыс бір
туысқанының қайтыс болғандығын тілге тиек еткен. Одан ары
қазбалауға қаһарманның да құлқы бола қоймады. Өзіне арнайы
бөлінген сарайда жатып емін-еркін дем алуға кірісті. Шарап су
дай болып ақты. Ара-тұра сұрап қойғаны болмаса, Геракл өзінің
Адметте қонақта екендігін де естен шығарып алды деуімізге
болады. Бірақ Адметтің қайғы-қасіреті оның қызметшілерінің
де жүзіне көшкен-ді. Сезімтал батыр оны байқамай қалған жоқ.
Себебін қайта-қайта сұрай бергесін қызметшілердің де ағынан
жарылмасқа шарасы қалмаған-ды. Адмет тарапынан ақиқатты
айтуға тыйым салынғанына қарамай, олар шындықты жайып
салды. Адметтің өлер күні таянғанда, ол үшін әйелі Алкестида
ның бақиға көшуге келіскені, енді ажалын күтіп тастүнек көрде
жатқаны, бәрі-бәрі мәлім болды. Өзінің уайым-қайғысыз, түк
тен бейхабар көңіл көтеріп жатқанына ұялған Гераклдің ойына
мынадай әңгімеден кейін тосын шешім келген. Ол жан алғыш
Танат құдайдың өзімен белдесіп, одан Алкестиданың жанын
тартып алуды, жанкешті аруды Адмет досына қайта тарту етуді
ойлады.
Міне, Геракл ешкімге көрінбей Алкестида табытының жанын
да бұғынып отыр. Әзірейіл Танат төбе көрсеткен замат онымен
алыса кетуге тас-түйін дайын. Жанға шөліркеген Танат та көп
күттірген жоқ. Қап-қара қанаттарының сусылы ауаны қақ жара
көздері жарқырап жетіп келді. Келе сала табытты ашып Алкес
тиданың төбесінен төне беріп еді, жон арқасынан Гераклдің
күжілдеген дауысы естілді. Құдай мен қаһарманның жан алып,
жан берісер апыр-топыр қанды айқасы басталды. Бірде ажалды,
бірде ажалсыз бел алады. Екеуі де жеңісті қолдан берер емес.
Ақыры батырдың күші басым түскен. Ол ажал құдайы Танат
ты шандып-матап байлап тастады. «Тек Алкестиданың жанын
өзіне қайтарсаң ғана босатамын» деген шарт қойды. Танаттың
көнбеске лажы жоқ еді. Осылайша ару Алкестида өмірге қайта
келді.
Алкестидасын тірі көрген Адметтің қуанышында шек жоқ
еді. Ол Гераклге тағы да біраз күн қонақта қалуын, оның тең
дессіз ерлігінің құрметіне жасалар ұлы тойдың куәсі болуын
өтінген. Бірақ ажал құдайымен айқаста жеңіп шыққан жүректі
ер қала алмайтындығын айтты. Өйткені, оны алда тағы басқа да
ерліктер күтулі еді.
Енді осы ерліктің түркілік нұсқасын да қысқаша мазмұндай
кетейік.
Он төртінші ерлік.
ТҮРКІ НҰСҚАСЫ
«Қорқыт ата кітабы» да – ерліктердің кітабы. Мұндағы оқиғалар
саны да он екі (кездейсоқтық па?). Бірақ осы қаһармандықтардың
ішіндегі ең бір тағылымдысы Тоқа баласы ержүрек Домрул туралы
жырда айтылады ғой деп ойлаймыз.
Бастапқыда Домрул да көп тентек батырдың бірі болады. Сусыз
өзенге көпір салып, содан өткен адамнан 33 теңге, өткісі келме
гендерден қорқытып 40 теңге алуының өзі әпербақан, ұрда-жық,
ақылы кемшін батырларды көзге елестетеді емес пе!
Бірде Домрулдың осы көпірінің басында көшпелі бір қауым
елдің бір азаматы қайтыс болып, жоқтап азалау басталады. Осын
дай жылап-сықтаудың үстінен түскен Домрул халықтан олардың
не себепті күңіреніп жатқандығын сұрайды. Олар бір жақсы жігіт
терінің жанын қызыл қанат Әзірейіл келіп алып кеткенін, енді оны
жерлеп болмай, көштің алға жылжымайтынын айтысады. Дом
рул болса «Адамның жанын алатын қызыл қанат Әзірейіл көзге
көрініп келетін тажал болса, онымен шайқасуға даярмын, менен
жеңілген ол адамның жанын алуға қайта келмейтін болар еді»
деп жібереді. Бұл сөз Құдайға ұнамай қалған. Ол енді Әзірейіл
ге тентек батырдың өзінің жанын алуды тапсырған. Домрул бір
топ жігітімен көңіл көтеріп отырғанда келген Әзірейіл батырдың
тарапынан қатты қарсылыққа ұшырайды. Қылышын қынабынан
суырған Домрул оған тап бергенде әп-сәтте кептерге айналып Әзі
рейіл үйдің терезесінен қашып шығады. Бұл Домрулды бұрын
ғыдан да қатты масайратқан. Ол жан алғыш Әзірейілдің өзінен
қорыққандығына сенімді еді. Енді сұңқарын алып, оның соңына
түскен. Ойы кептерге айналған Әзірейілді сұңқарына ілдіру бола
тын. Бірақ даладағы белдесуде Әзірейіл басым түседі. Жеңілгенін
мойындаған Домрул Әзірейілге «әлі жаспын ғой, жанымды ала
көрме» деп жалбарынады. Әзірейіл өзінің қолында тұрған түк те
жоқ екенін, бәрі бір Құдайдың тапсырмасымен болып жатқанын
айтқанда, Домрул тағы кергіп шыға келеді. Ол Әзірейілге беретін жанының жоқ екенін, жанын берсе тек бір Жаратқанның өзіне ғана беретіндігін ашық айтады. Бұл сөз Алла Тағаланың көкейіне қонған. Ол Әзірейілге «Батырға былай деп айт. Егер орнына жа нын беретін басқа бір екі аяқты пендені таба алатын болса, жанын өзіне қайта сыйлаймын. Таппаса жаны жаһаннамға кетеді» деген хабар береді. Бұл сөз Әзірейілдің аузынан Домрулға жетеді. Грек аңызындағы Адмет іспетті Домрул да енді өзі үшін жан берулерін өтініп әкесі мен шешесіне өтініш салады. Бірақ грек аңызында ғыдай олар да көнбей қояды. Домрулдың өміріндегі ең қайғылы күндер басталады. Ұзамай жанын алуға Әзірейіл тағы келген. Бұл жолы Домрул Әзірейілге жанын алар сәтті сәл кешіктіре тұруын, өйткені екі баласы және сол екі баласының шешесімен қоштасуы керектігін айтады. Күйеуінің басына түскен кепті түгел естіген әйелі оның орнына өзі жан беруге даяр екендігін айтқанда Домрул қуанғандай болған. Бірақ әп-сәтте бұл қуанышы қайтадан қайғықасіретке айналып шыға келді. Себебі, өзін жанынан артық жақсы көретін жарының артында қалып не істемек? Енді ол Құдайға «Ал саң әйеліміз екеуміздің жанымызды бірге ал, болмаса екеумізге де ғұмыр сыйла» деп жалбарынады. Бұл жалбарыну да Алла Таға ланың көңілінен шығып еді. Ол Әзірейілге батырға да, әйеліне де тиіспеуге бұйрық берді. «Әкесі мене шешесінің жанын ал, есесіне мыналардың әрқайсысының талайларына 140 жылдан ғұмыр жа зылсын» деді Алла Тағала. «Осылайша әйелінің күйеуіне деген адал сезімі, ақеділ көңілінің арқасында екеуі ұзақ жыл бақытты ғұмыр кешті. Немере, шөбере сүйді, одан кейінгілерін де көрді. Бі рақ көретін қызығы, тататын дәмі таусылған күні олар да өмірден өтті» дейді түркі аңызы. ҰҚСАСТЫҚТАРМ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚ Осы екі аңыздың өзара ұқсас екендігіне, сонымен бірге аз-маз айырмашылықтары барлығына ешкім де күмәнданбаса керек. Ең басты ұқсастық деп екі аңызда да күйеулері үшін құрбандыққа әйелдерінің бас тігетіндігін айтуға болады. Өкініштісі, егер грек нұсқасындағы әйелдің есімі Алкестида екендігі белгілі болса, түркі нұсқасындағы ұлы Ананың ныспысы мәлім емес. Дегенмен басты қаһармандардың бірінің есімі белгілі болмағанымен, әфса наны жалпы алғанда, түркі әйелдеріне қойылған ғажайып көркем ескерткіш деп бағалауға толық қақымыз бар. Тұмар ана, Зарина, Домалақ аналардың қатарында, мейлі, ол аңыздық болсын, осын дай да бір есімі белгісіз ұлы Ананың болуы біздің халықтық мақ танышымыз болуға тиіс.
Екінші бір ұқсастық – қос әфсанада да қаһармандар мен жан
алушылардың арасында өзара белдесудің болатындығы. Түркі
нұсқасында Домрул Әзірейілден жеңілгенімен аңыз астарында бұ
ның бәрі Жаратқанның жазуымен болып жатыр, әйтпесе Домрул
Әзірейілге бой бермес еді деген тұспал жақсы байқалады. Мұны
«жанымды берсем тек Тәңірінің өзіне беремін, Әзірейілге берер
жаным жоқ» деп Домрулдың өзі де айтып қалады. Қысқасы, екі әф
санадағы батырларды да жан алушы Танат не Әзірейілмен айқаста
жеңімпаз болуға әбден лайық деуге келеді. Бұл жерде Гераклдің
Танатты ашық айқаста жеңгендігін де ұмытпаған жөн. Екі әфсана
дағы үшінші ұқсастық батырлардың әке-шешелеріне байланысты.
Екі аңызда да ақсақал әке мен ақ жаулықты шеше балалары үшін
жандарын қиюдан бас тартады.
Екі әфсанадағы негізгі айырмашылық деп түркі нұсқасында
қаһарман Гераклдің прототипі не ізбасары жоқтығын, оның және
Адметтің іс-қимылы бір кейіпкер – Домрулдың жеке басына топ
тастырылғанын ғана айтуға болатын шығар. Дегенмен бұл айыр
машылық бұл екі нұсқаны бір әфсананың екі түрлі баяны деп ай
туымызға еш кедергі келтіре алмайды. Ал екі нұсқаның қайсысы
көне, яғни, бірінші деген сауалға жауап іздеу алдағы күндердің
еншісіндегі шаруа болмақ.
Өзге де салыстырулар
Грек мифтері мен түркі аңыздарындағы ұқсастықтарды бізден
бұрын да сөз қылғандар жетерлік. Олардың арасында Ә.Марғұлан,
В.Жирмунский секілді беделді түркітанушылар да бар. Белгілі
мәдениеттанушы Мұрат Әуезов өзінің «Өзара әрекеттесу» атты
мақаласында «Қорқыт ата кітабындағы» Бәмсі-Байрақ (қазақтың
«Алпамыс» жыры) оқиғасы мен Гомер «Одиссеясындағы» қаһар
манның өз еліне оралғаннан кейінгі іс-әрекеттерінде жекелеген
детальдерінде болмаса, негізінен бір баянның суреттелетіні көзге
ұрып тұрғандығын жазады. «Қорқыт ата кітабындағы» Бисат ба
тырдың Төбекөзді (циклоп) қалай өлтіретіндігін жырлайтын әфса
на мен Гомер эпосындағы Одиссейдің жалғыз көзді дәу Полифемді
қалай соқыр ететіндігі туралы тұсты өзара салыстырып, олардың
түбі бір әфсаналар екендігін тілге тиек еткен де осы Мұрат Әуе
зов болатын. Гректің зағип ақыны мұрасы мен түркінің «Қорқыт
ата кітабын» салғастырып оқыған адамның мұндай шендестірудің
дұрыстығына еш күмән келтірмейтіндігіне шәк жоқ. Ғалым осы
еңбегінде В.М.Жирмунскийдің: «Одиссеяның» көнелігіне һәм
көпшілікке мәшһүрлігіне қарамай, Гомер эпосын мұндай нұсқа
лардың негізгі бастапқы көзі деуге тіптен болмайды. Керісінше,
бұл және басқа да жерлерде көне грек эпопеясын өзінен де көнелеу
ертегілердің сюжеттерін пайдаланды деуіміз керек» деген сөзін
мысалға келтіреді. Иә, «Қорқыт ата кітабындағы» қайсыбір әфса
налар гректің Геракл немесе Одиссей туралы мифтерінен анағұр
лым бағзы, анағұрлым ескі болуы бек мүмкін.
Марқұм Серікбол Қондыбайдың соңғы зерттеулері де бізге
осындай пікірді батыл айтуға толық мүмкіндік береді.
«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ» ЖӘНЕ ТАРИХ
«Қорқыт ата кітабы» оғыз-қыпшақ ұлысының ұйыған кезеңін,
кейін олардың ішоғыз және тысоғыздар болып, өзара қырылыс
қанын суреттейтін жырлардан тұрады. Кітаптың ең соңғы тарауы,
міне, дәл осылай, «Сыртқы оғыздардың ішкі оғыздарға қарсы бас
көтеруі және Байрақтың қалай өлтірілгені туралы жыр» деп атала
ды. Ал осы оғыздар туралы тарихта қандай деректер бар?
Ақын, ғалым Олжас Сүлейменов «АЗиЯ» кітабының «Шумер-
наме» бөлігінде осы сауалға жауап беруге тырысады: «Ассирия
жылнамалары біздің дәуірімізге дейінгі ҮІІ ғасырда Солтүстік
Каспий даласынан Каспий теңізінің батыс жағалауы арқылы өткен
(Дербент соқпағы арқылы) көшпелілердің шабуылы басталғанын
жазады. Олардың көсемі Испақа, өздері ішғұз (басқа нұсқалары
ішқұза, ашгұза) деп аталды» («АЗиЯ», Алматы, 1989, 563-бет).
Ақын біздің дәуірімізге дейінгі ҮІІ ғасырда-ақ тарихи құжат
тарға тіркеліп қойған осы ішғұздарды «Қорқыт ата кітабындағы»
ішоғыздар деп түсінеді. Әрине, екі ұлыстың да көшпелі екендігін
ескерсек, мұндай ұқсату шындықтың ауылынан тым алыс кете
қоймайды. Тағы да ақын тұжырымына назар аударайық:
«... Түркі этнонимдерінің өміршеңдігі туралы мысалдар өте
көп. «Үйсін», «қаңлы», «дулат» тайпалары б.д. ІІІ ғасырындағы
беделді дерек көздерінде ұшырасады. Мекен-жайы да сол бағзы
деректерде баяндалғандай Жетісу өңірі. Ескерткіштер мыңдаған
жылдар бойы бұл тайпалар туралы ләм-мим демей келді. Хат-қа
ғазға түскен жоқ, бірақ өмір сүріп жатты. Атауы ауыздан ауызға
көшіп сақталды. Ал бұл үйсін, дулат, қаңлы тайпаларының осы ІІІ
ғасырға дейін де, ешқандай жылнамашыны толғандырмай-ақ тағы
қаншама ғасырлар бойы өмір сүріп келгенін кім біледі? Егер қы
тай саяхатшылары оларды кездейсоқ ІІІ ғасырда шежіреге тіркеп
өтпегенде, бұл атаулардың өмірбаяны анағұрлым қысқа болар еді.
Оғыздар болса ҮІІІ ғасырдағы енисей ескерткіштерінде ғана ата
лынады.
Ассархадон патша тұсындағы ассирия жылнамалары – қазірше
біздің дәуірімізге дейінгі ҮІІ ғасырда түркі этнонимі «іш-оғыз»,
«іс-пақ» (іс-пақан) титулды есімі және көсемді «ит» деп ұлықтай
тын дәстүрдің болғандығын дәлелдейтін бірден-бір ең көне тарихи
құжат...
Әрбір оғыз жыры мынадай жолдармен аяқталады: «Бұл жиынға
Қорқыт атам келіп, қуанышты өлең айтыпты. Дін үшін күрескен
сол батырлардың ерлігін жырға қосыпты. Жалған-ай, бар дүние
біздікі деп айқай-сүрең салған сол ерлер қазір қайда? Оларды ажал
ұрлап, жер жұтты. Дүние кімге опа қылған? Адам өмірі – өткінші,
өмірдің құрдымы – ажал, ажырасу, жердегі өмір баянсыз! Менің
сізге берер батам: «Құдай сені өлгеніңше дініңнен айырмасын! Ақ
сақалды әкеңнің барған жері жұмақ болсын! Ақ шашты анаңның
жүрер жері асқар ала тау болсын!» Иманды жүзіңді көрген соң,
бес ауыз сөзбен дұға оқыдық. Дұғам қабыл болып, түгел орындал
сын...»
Кім біледі, ішоғыздар жыршысының осы толғамдарын Ассирия
ның зәйтүнді шоқ тоғайларында жатып Испақан көсем де естіген
болар?, («АЗиЯ», Алматы, 1989, 566-567-беттер).
Иә, естуі әбден мүмкін. Өйткені, кітаптағы қайсыбір жырлар
секілді, Қорқыт атаның өзін де бағзыдан келе жатқан жиынтық әф
саналық тұлға деуге әбден болады. Қорқытқа ұқсас кейіпкер Иран
ның атақты Фирдоуси жырлаған «Шахнамасында» да ұшырасады.
Ал біз «Қорқыт ата Гераклдің ұстазы болған ба?» атты мақаламыз
да Персей, Ясон, ағайынды Диоскурлар және Геракл мен Ахил
лес секілді гректің ұлы қаһармандарының ұстазы болған кентавр
Хиронды (кентавр – көне гректердің көшпеліге берген символдық
атауы) осы Қорқыт атамен байланыстырған болатынбыз. Қазір де
сол ойымыздан қайтпайтындығымызды айтқым келеді.
«Қорқыт ата кітабы» туралы әр жерден оқып білген, өзге боп,
өзіміз боп жасаған ой түйіндердің бір шоғыры осындай. Бұл ба
ғыттағы ізденістердің алдағы уақыттарда да тоқталмайтынына бек
сенімдіміз.
Өйткені, өмір үшін Ажалдың өзімен алысқан алыптар жайлы
әфсаналар оқырманын, тыңдарманын тауып, ұрпақтардан ұрпақ
тарға жалғаса бермек. Өйткені, бұл күрес – мәңгілік күрес. Ажал
дың емін іздеп әлі талай ұрпақтар ауысар, бірақ адамзаттың арма
нын арқалаған әфсаналар өміршеңдігін ешқашан жоймақ емес.
2005 жыл.
ГОМЕР ЭПОСЫНЫҢ
ЖАҢҒЫРЫҚТАРЫ
СОҒЫСҚА СЕБЕП – СҰЛУЛАР БАЙҚАУЫ
Алапат трагедиялардың кейде болымсыз ғана себептен баста
лып жататыны бар. Әсерге бейім қайсыбір тарихшылар «ақиқаты
аңызбен астасқан бейресми алғашқы дүниежүзілік соғыс» деп әс
петтейтін Троя қырғыны да сондай оқиғалардың санатына жата
ды. Оның тұтануына, әрине, адам күлерлік жай ғой, кәдуілгі алма
түрткі болыпты-мыс. Көне грек аңыздарының баяндауында ол
оқиға былай өрбиді:
Бірде құдайлар мекені Олимпте той болып жатады. Ажалды
пенде Пелей мен бойында құдай қаны бар Фетиданың некелесу
рәсіміне барлық ажалсыздар жиналады. Тек ұрыс-керіс құдайы
Эрида ғана бұл салтанаттан шет қалып қояды. Өзінің тойға шақы
рылмағанына қатты ызаланған ол көзге көрінбей келіп, олимпші
лердің ортасына сыртында «ең сұлу аруға» деген жазуы бар геспе
рида алмасын тастай салады. Осылайша, күтпеген жерден олимп
аруларының арасында сұлулық байқауы басталып кетеді. Ең сұлу
әйел ретінде алманы алуға Гера да, Афина да, Афродита да ынта
лы, ешқайсысы өзін өзгеден әдемілік жағынан төмен санамайды.
Олар бұл дауды шешсін деп бас құдай Зевске жүгінген, бірақ ол
да басына бәле тілеп алғысы келмейді де, төрешіліктен бас тарта
ды. Ақыр соңында бәсекенің түйінді сөзін айтуға Троя патшасы
Приамның ұлы Парис ортаға алдырылады.
Гера оңашада «Егер алманы алуға мені лайықты деп тапсаң,
сені бүкіл Азияның әміршісі қылам» дейді. Өзі онсыз да патша
баласы Парис ондай құдіретті биліктен бас тартады.
Патшазада «Өзің қатысқан барлық соғыстардан жеңімпаз бо
лып шығасың, және ең дана адам боласың. Тек алманы маған
берсең болды» деген Афинаның сөзіне де құлақ аспайды. Тек «Ең
сұлу әйелдің құшағы сенікі болады» деген Афродитаның лебізі
не ғана жібиді. Алманы соған ұсынады. Өтеуіне жер бетіндегі ең
сұлу әйел Еленаны алатын болып келіседі.
Ал Елена бұл кезде Спарта патшасы Менелайдың әйелі еді.
Афродита, Париске айтқанындай, Еленаны қалайда оған қосудың
айла-шарғысын жасап бағады. Нәтижесінде Спартаға қонаққа
келген Парис, Менелай әкесі қайтыс болып Критке кеткенде, өзі
онсыз да көніп тұрған Еленаны ұрлап қашады.
Қайтып келгенде заңды қосағының орнын сипап қалған Менелай
ызадан жарыла жаздайды. Ағасы, Микены патшасы Агамемнонға
енді не істеуім керек деп кеңес салады. Ол бүкіл Элладаның пат шаларын, олардың жасақтарын жинап, Трояға соғысқа аттануды ұсынған. Және мұндай соғысқа қатысудан Элладаның қыз үшін бо латын үлкен жарыс қарсаңында әміршілері бас тарта алмайтын еді. Кезінде Еленаға өздері де ғашық болған, бірақ «Елена кімді таңдаса да ренішіміз жоқ, қайта оған басына қиын күн түскенде көмекке ке луге даярмыз» деп сөз байласқан олардың сол бәсеке-тартыста Еле наның таңдауы түскен Менелайға көмектеспеске шарасы жоқ-ты. Трояға соғысқа аттануға Элладаның түкпір-түкпірінен 1186 кеме, сан мыңдаған қосын жиналады. Грек аңызы Троя соғысы осылай басталып еді дейді. СОҚЫР АҚЫН Гомер «Илиадасы» осы Троя соғысының қысқа ғана үзігін жыр лайды. Егер ерінбей санамаласақ, екі айға жетер жетпес уақытты, тағы да нақтылай түссек, 51 күнін ғана мазмұндайды. Егер со ғыстың он жылға созығанын ойласақ, әрине, бұл көп уақыт емес. Әйтсе де, Гомер поэмасының құны бұдан әсте де кемімек емес. Қайта асқақтай түсетіндей. Ақынның жырға өзек болар оқиға тізбегін таңдауын осы поэманың ғажайып қаһармандарының бірі Ахиллдің жұлдыздай жарқ ете қалар жарқын да шалт тағдырды таңдауымен ғана салыстыруға болады. Ахиллдің Троя түбіндегі соғысқа аттанбауына болатын. Онда ол ұзақ ғұмыр кешер еді. Күш кернеген қайратты денесі әлжуаз, белі бүгілген қарттың құр сүлдесіне айналар еді. Ұлдары, неме релері болар еді. Бірақ ол есімі ғасырлардан ғасырларға көшетін әйгілі Ахиллге айналмас-ты. Өмірге келіп-кеткенін көзі жұмылға сын-ақ тарих түгілі ұрпағы да ұмытар көп ажалды пенденің бірі ғана болып қалатын. Ал соғысқа аттанса, Троя түбінде ұрпақтар дан ұрпақтарға әңгіме болып жалғасар ұлы ерліктер жасамақ. Бі рақ мәңгілік даңқтың өтеуіне ғұмыры қыршынынан қиылуға тиіс. Ахилл белгісіздікте өтетін ұзақ ғұмырды емес, жалындап жанып кетер осы қысқа тағдырды қалайды. Гомер жырға қосқан соғыс тың екі айы да осындай қысқа және осындай даңқты. Адамзат бар да «Илиада» да бірге жасай бермек. Тарих Гомердің қашан туып, қашан өлгенін дәл айтып бере ал майды. Білетініміз, ұлы жыршының көзі соқыр болғандығы. Әйт се де, ол тума зағип болмаған секілді. Өйткені, «Илиадада» көз жанары сап-сау адамның өзі де байқай бермейтін детальдар кезде седі. Сосын оның біздің дәуірімізге дейінгі 7-8 ғасырларда ғұмыр кешуі мүмкін деген жорамал бар. «Тарих атасы» Геродот Гомер әйгілі поэмаларын «менен 400 жылдан астам бұрын дүниеге әкел ген» деп жазады. Егер Геродоттың өзінің 484 жылы дүниеге кел генін еске алсақ, ақынның өмір кешкен мезгілі б.д.д. 884 жылдан әріге кетеді.
АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АРМАН Тарихшылар бертінге дейін Троя соғысын құр қиялдың жемісі санап келді. Олар Гомер «Илиадасында» нақты тарихи оқиғалар суреттелген деген пікір айтыла қалса, ол пікірдің иесіне күле қа райтын. Бірақ академик тарихшыларды өз ізденімпаздығымен тығы рыққа тіреп, тіпті екі қолын көтерткізетін әуесқойлар қашан да табылып отырған. Тарих ғылымы өзінің дамуында тек қасаң фактілерге ғана сүйенетін жоғарыдағы «кабинет ғұламаларынан» көрі осындай бірбеткей, өз жорамалдарына шүбәсіз сенетін, сол жорамалдарын дәлелдеуде көзсіз батылдықтарға да баратын әуес қойларға молынан қарыздар. Зерттеушілердің осындай тобына жататын әйгілі археологтар дың бірі Генрих Шлиман (1822-1890) болды. Ол Трояның тарихи орнын табуды бала кезінен армандады. Неміс қаласы Макленбург те, протестант пасторының отбасында дүниеге келген ол шешесінен ерте айырылды. Алты баламен қалған әкесі ішімдікке құмар, бірақ Гомер шығармашылығына жан-тәнімен берілген жан еді. Әкесімен әңгіме-дүкен үстінде Генрих Троя туралы көп сұрайтын, егер оның шынымен биік қорғандары болған болса, олардың жер қойнында жатқанын, оларды түбі өзінің іздеп табатынын жиі айтатын. Генрихтың жан-жақты білім алуына жоқшылық мүмкіндік бер меді. Ол он төрт жасында дүкенге жұмысқа тұрды, кейін теңізші болды, тіпті бірде кемелері апатқа ұшырап, өліп те қала жаздады. Тағдыр әркімге әрқилы қабілет-дарын береді. Генрихтың қабілеті тілдерді тез үйреніп алуымен ерекшеленетін. Оған бір тілді емін-еркін меңгеріп алуына алты апта молынан жететін-ді. Ағылшын, француз, голланд, испан, португал және итальян тілдерінде еркін сөйлейтін оның кейін саудаға араласқанда бағы жанып кетті деуге болады. Тіл білу және өзінің іскерлігінің арқасында миллионерге айнал ған ол дүниенің тасасында қалып қойған жоқ, қайта сол байлықты бала кезгі арманын іске асырудың көзі деп санады. Енді миллио нер алпауыт әуесқой археологқа айналды. Ол Гомер «Илиадасын» қаншама рет сүзіп оқыды. Басқа оқыр мандар, іштерінде ғалымдары да бар, назар аудармаған тұстары на зер сала үңілді. Осылайша, «Илиадаға» сүйене отырып, ойша Троя төңірегінің жағрапиялық картасын жасады. Енді кіші Азия ның жағалауларынан Гомер поэмасында суреттелген жерлерге ұқ сас орындарды іздеуге аттану ғана қалған болатын. 1870 жылдан 1873-ке дейін созылған қазба жұмыстары ақыры өз нәтижесін берді. Түркияға территориясына қарасты Гиссарлық төбесінен Гомер эпостарында жырланатын көне қала Илионның табылғандығы бүкіл әлемге жария етілді. Кеше ғана ақшасын қайда шашарын білмей жүрген әумесер ғой деп кекете күлген кәсіби тарихшылар енді Шлиманға ізетпен,
құрметпен қарайтын болды. Бала кезгі арман ақиқатқа айналды.
Алғашқы арманға ақырғы деміңді алғанша адал бола білу –бұл
да ерлік. Ал оны іске асыра білу ерліктердің ерлігі екендігіне еш
күмән жоқ.
ПЛАНЕТАЛАР ҚАҚТЫҒЫСЫ
Иә, кез келген миф секілді Гомердің «Илиадасы» да адам сенгісіз
ғажайып оқиғаларға толы. «Илиаданы» оқыған оқырманның мы
нау адамдар емес, құдайлардың соғысы ғой деуіне де болады.
Алтын алмадан қағылған Гера мен Афина грек жауынгерлеріне
қолғабыс жасап бақса, махаббат құдайы Афродита әрдайым өз
сүйіктісі Паристің жағында. Троялықтарға қол ұшын созатындар
дың арасында соғыс құдайы Арес пен «күміс садақты Аполлон
ның» да сұлбалары аракідік жүз беріп қалады.
Міне, Парис пен Менелай жекпе-жекке шығуда. Менелайдың
ауыр соққыларына Парис шыдас бере алар емес. Найзамен жасал
ған сұрапыл соққыдан оның қалқаны быт-шыт болды. Ал өзі бір
жағына жылдам ойысып қана аман қалған. Енді Менелай найза
орнына қылышын ала ұмтылған. Сілтенген қылыштың жүзі Па
ристің дулығасына сарт етіп тиді де төртке бөлінді. Қылышсыз
қалған Менелай әп-сәтте Париске жақындап келді де, онымен
ұстаса кетті. Қара күш жағынан да Менелайдың Паристен басым
екендігі анық байқалып тұр. Ол Паристі дулығасының белдігі
нен тартып қылқындырып, дем ала алмай босаң тартқан денесін
грек жауынгерлерінің тобына қарай сүйрей бастады. Осы сәтте өз
сүйіктісінің аянышты халіне қарап тұруға жаны шыдамаған Аф
родита белдікті үзіп жіберді. Жерге құлап түскен Паристі Менелай
найзамен шаншымақ еді, махаббат тәңіриясы бұлтқа айналды да,
былқ-сылқ денені қорғап тұмшалай қалды. Менелай болса жаңа
ғана тағдыры уысында тұрғандай болған ата жауының денесі қай
да екенін аңғара алмай абдырап қалған.
Қарап тұрсаңыз, расында да адам сенгісіз оқиға. Ал поэмада кез
десетін Афина мен Арестің өзара жекпе-жек қақтығысы қаншама!
Заты еркек соғыс құдайы ғой демесеңіз, нәзік жынысты Афинадан
әрдайым көкала қойдай болып таяқ жеп жүретін Ареске тіпті жа
ныңыз ашып кетеді. Сондай-ақ троялықтар жасағын жаусатып қы
рып келе жатқанда Ахиллдің өкшесіне батырдың өз сөзін тыңдамай
қойғанына ашулы Аполлонның Паристің жебесін туралап жіберуі
де поэмадағы ғажайып көркем тұстардың бірі деуге болады.
Бірақ осының бәрі де, құдайлар соғысын айтамыз, ақынның
қиялынан ғана туған ғажайыптар ма? Олай болмаса ше?.. Троя
ның тарихты расымен болғанын Шлиман дәлелдеп берген жоқ па?
Бәлкім, ендігі сөзді археологтан кейін астроном алуы керек болар.
Шлиманнан бір ғасырдай уақыттан кейін осындай сауалдар кө
неге көңіл көзі құмар тағы да бір адамды мазалай бастады. «Егер
Фаэтонның апатқа ұшырағанын (бұл да ескі грек аңызы) астро номия жоққа шығармаса, онда Гомер «Илиадасында» да осы құ ралпылас оқиғалар қосымша желі ретінде суреттелуі мүмкін ғой» деген ойға кетті ол. Осы бағытта ізденіс жұмыстарын жүргізген ол өз жорамалына үндес пікірлерді көне жазбалардан кездестірді: «Мен Лукианнан «Илиадада» ғарыштық драма баяндалады дейтін өз болжамыма тірек таптым. Біздің дәуіріміздің екінші ғасырында өмір сүрген бұл автор «Астрология туралы» атты еңбегінде (Астрология – астрономия ғы лымының атасы) Гомер эпосына өте бағалы түсіндірме жасайды: «Оның (Гомердің) Венера (Афина) мен Марсқа (Арес) қатыс ты бар ынта-шынтасымен жырлағандарының бәрі де өз негізін дәл осы ғылым – астрологиядан алған. Шынтуайтына келсек, Го мердің бүкіл поэзиясын тудырған Венера мен Марстың өзара қақ тығысы болып табылады». Жоғарыдағы жорамалдың және бұл жолдардың авторы Иман нуил Великовский еді. Великовский өз болжамына дәйекті бірінші ғасырдың беймәлімдеу авторы Гераклиттің «Аллергорияларынан» да ұшыратады. Бұл еңбегінде Гераклит «Илиададағы» құдайлар соғысы планеталар қақтығысын бейнелейді деп санайтын өзіне дейінгі ойшылдардың пікіріне қарсы болған екен. «Демек, антика философтарының өздері де Гомер «Илиадасының» құр ойдан шы ғарылмағанын, онда Күн жүйесінде болған әлдебір апаттың мифтік тілмен баяндалғанын білетін болғаны ғой» дейді Великовский. Несі бар, сонау алыстағы Күн көзінде болып жатқан жарылыс тардың мына Жердегі адамдардың да психологиясына, денсаулы ғына, тіпті заманауи озық технологияға дейін әсері тиіп жататын дығын ескерсек, Великовский болжамының да әбден жаны бар деуге болады. Грек құдайларының бәрі дерлік планета, не олардың серіктері болып табылатындықтан, Гомер поэмасында жердегі со ғыс пен ғарыштағы алып жұлдыздар, олардың өзара қақтығысы аллегориялық тілмен қатар суреттелінді деген тұжырымды қалай дегенмен де есептен шығарып тастай алмаймыз. Ал Великовский болжамы расында да шындыққа саятын болса, онда бұл дегеніңіз Гомер өз заманының данышпан ақыны ғана емес, ғұлама астро номы болған деген сөз ғой. Басқасы басқа, Гомерді дәл осынысы үшін де бүгінгі ақындарға үлгі етуге болады. ТРОЯ СҰРАПЫЛЫ ЖӘНЕ ТҮРКІЛЕР «Илиада» тек археологтар мен астрономдарға ғана емес, тіл ма мандарына да тың тақырыптар тауып берді. Шлиман жаңалығы нан кейін Кіші Азияға кімдердің көзі құмарта, сұқтана қарамады дейсіз! Ал олардың арасында қабілеті жағынан Шлиманнан артық болмаса, кем емес дарынды жандардың болғаны да анық.
Жаңа жаңалық, әрине, көп күттірген жоқ. 1880 жылдың күзін де оксфордтық профессор Арчибальд Сэйс Лондонның «Библия» қауымдастығы алдында өзінің «Кіші Азиядағы хэттер» атты лек циясын оқыды. Осылайша, Гомер Троясының ізін ала, тарих сах насына қала емес, тұтас бір халық қайта шықты. Оның бұдан 3,5 мың жыл бұрын өз жазуы, империясы болғандығы анықталды. Рас, бүгінгі күндері хэттер туралы әңгіме қылатындардың бар лығы дерлік Гомер дастандарын айналып өтіп, «Библияға» жүгі нуге құмар. Хэттер туралы олардың өркениеті қайта ашылғанға дейінгі бірден-бір дерек осы «Библияда» ғана сақталған еді дейді олар. Бұл кезде оқылғанына бірнеше ондаған жылдар болған көне Мысыр жазбалары мен Гомердің «Илиаданың» жалғасы іспетті «Одиссеясына» неге сүйенбейді екен, бұл жағы белгісіз. Троя қырғыны тарихшылар тарапынан «бейресми алғашқы дү ниежүзілік соғыс» деп бекерден-бекер аталмаса керек. Өйткені, Троя түбіндегі он жылдық текетіреске тек гректер мен троялықтар ғана емес, төңіректегі ұлыстардың барлығы дерлік қатысты. Олардың бірі грек жағында болса, енді бірі троялықтар үшін қынабынан қы лышын суырысып жатты. Міне, Троя жағында соғысқан осы ұлыс тардың ішінде хэттер де бар еді. Бұл халық туралы Одиссей жер астына түсіп, өлілердің рухымен әңгімелескенде сөз болады. Әрине, аршып ала білсеңіз, аңыз да ақиқаттың ауылынан алыс қонбайды. Бүгінгі тіл мамандары хэт тілін ең көне үндіеуропа тілдерінің қатарына жатқызып жүр. Және бұлай болуы, бір қарағанда, заңды да секілді. Дегенмен күмәндануға да болатындай. Хэттерді прототүркілер деген жорамал бұрын да айтылған-ды. Мұндай жорамалды негізінен Түркия ғалымдарының ұстанға ны белгілі. Бірақ оларға үндіеуропеистика тарапынан бұл пан түркішілдік сырқаты деген ыңғайда соққы берілді. Әйтсе де, хэт тер мен прототүркілерді туыстастыруға деген талпыныстар әлі күнге дейін сирек те болса бой көрсетіп қалады. Олардың соңғы сын қазақ ақыны Олжас Сүлейменов жасады. Ғалым ақын өзінің «Тарихқа дейінгі түркілер» еңбегінде кейінгі шумердің «естүк – құлақ», хэттің «істам-ана – құлақ», «істам-аз – есіту» сөздерін өзара байланыстыра келіп, бұл сөздерден бүгіні түркі халықта рындағы «есіту» сөзі шықты дейді. Расында да, шумер сөзінен де, үндіеуропа тілдерінің тарихқа мәлім ең байырғысы іспетті хэт сөзінен де түркі сөзінің дидары менмұндалап тұр. Ақын түркінің «есіту» етістігінің Байырғы Алдыңғы Азия мен Байырғы Кіші Азияда б.д.д. ІІІ мыңжылдықтың аяғы мен ІІ мың жылдықтың басында қалыптасқанын айта келіп, осы өңірде сол кездердің өзінде-ақ бүгінгі түркі халықтарының бабалары мекен етті деген батыл болжам жасайды. Ал бұл кезегінде Троя түбін дегі қанды қырғынға бойында бүгінгі қазақтың да қаны бар бағзы бабаларымыздың қатысуға мүмкіндігі мол болды деген тағы бір
болжамға ұласады. Ғалым ақын хэттермен немесе Гомер дастанын
да айтылатындай кетелермен ғана шектеліп қалмайды, тіл ғылымы
тарихындағы № 1 жұмбақ саналатын этрустердің мол жазба мұра
ларынан да түркі сөздерінің сілемдерін ұшырастыруға тырысады.
Иә, ақын «Сөз төркіні» еңбегінде қайсыбір этрус жазбаларын таза
түркі тілінде оқыды. Римнің негізін қалаған оншақты тайпаның
ішінде байырғы түркі тілінде сөйлеген тайпа болды деген болжам
да біздің қазақ ақынының еншісінде. Амал қанша, қазақ түркітану
шылары ақынның бұл батыл қимылдарына еш назар аударар емес.
Шамасы, оларға хэт немесе этрус атаулары ештеңе айтпайтын болса
керек. Бағзы түркіні Гомер дастандарының қаһармандарымен бай
ланыстыратын алтын көпірдің бірінші жүріп өтушісі қазақ ақыны
Олжас Сүлейменов болғандығын мақтанышпен айту, абыойы қалай
дегенмен де, бүгінгі емес, келер күндердің үлесіне қалып отыр.
Енді Гомер дастанына қайта оралайық, дастан қаһармандары
мен бағзы түркілер арасында расында да қандай байланыс бар де
ген сауалға жауап іздеп көрейік.
Он жылға созылған соғыстан кейін Троя жалын құшты. Ал оның
ажалдан аман қалған қорғаушылары жан-жаққа бытырап бас сауға
лаған. Олардың арасында Трояның Гектордан кейінгі батыры Эней
де бар еді. Эней және оның бір топ тайпаластары өздеріне қоныс
қылар мекен іздеп жүріп, Апеннин түбегінен жаңа Отан табады.
Осында олардың ұрпақтары Рим қаласының негізін қалайды, ал ол
кейін әйгілі Рим империясының астанасына айналады. Міне, Эней
мен бірге Троядан Аппенинге ауған осы халық этрустер еді. Этрус
тердің Апеннинге Кіші Азиядан қоныс аударғанын бүгінгі тарих
та жоққа шығармайды. Кім біледі, Римнің негізін қалаған он екі
тайпаның бағзы түркі тілінде сөйлеген тармағының өкілі, бәлкім,
осы Гомер поэмасындағы Эней – Інәй батырдың өзі болар?!
Егер Сүлейменов болжамы шындыққа айналып жатса, бұлай да
ой түйіндеу асылық емес-ау.
P.S.
Біз бұл мақалада Гомер «Илиадасының» өзі емес,
оның адам жандүниесіне, танымына, бүгінгі ғылым
ның дамуына әсері туралы сөз қылуға тырыстық.
Аманшылық болса, бұл поэма тек Македонскийларды
емес, әлі де талай Шлимандар мен Сүлейменовтерді
тәрбиелеп шығаратын болады. Сөз соңында тағы да
қайталап айтамыз, Илион мәңгілік болмауы мүмкін,
бірақ «Илиада» мәңгілік. Ол – адам қиялының құді
реттілігіне қойылған Жер бетіндегі ең баянды ес
керткіштердің бірі.
2005 жыл.
ҰЛЫ ДАЛАДАН
ҮНДІСТАНҒА ДЕЙІН...
ДАСТАН БА? ДАСТАНДАР МА?
Көне үндінің «Махабхарата» эпикалық дастанының төңірегін
де айтылатын әңгіме көп. 18 кітаптан құралған дастан 200 мың
жол өлеңнен тұрады. Өзіңіз шамалай беріңіз, оның ауқымы әйгілі
Гомер шалдың «Илиадасы» мен «Одиссеясынан» сегіз есе үлкен.
Бірақ көлемі осындай телегей теңіз екен деп, композициясы жа
ғынан абдырап жатқан «Махабхаратаны» және байқай алмайтын
дығымыз анық. Ғалымдар мұны «Махабхаратаның» алғашқы нұс
қалары біздің жыл санауымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың
басында пайда болып, бүгінгі түр-сипатына біздің дәуіріміздің
ІҮ-Ү ғасырларына ғана ие болғандығымен түсіндіреді. Яғни,
«Махабхаратаны» мың жарым жыл бойы талмай өңделіп-қырна
лып жазылған дастан деуімізге негіз бар. Ал мұндай ұзақ уақыт
жазылған дастанның, әрине, ұлы болмасқа қақысы жоқ.
Осыдан болар, үнділіктердің өзі «Махабхаратаны» жай ғана
дастан деп атауға көп келісе бермейді. Олардың ойынша бұл
«итихаса», яғни өткен күндердің жер бетінде шынымен болған
оқиғаларын суреттейтін тарих болып табылады. Иә, « Махабха
ратаның» Куру даласында болған ұлы шайқас туралы ғана баян
дап қоймай, өз құрамына «Наль мен Дамаянти», «Савитри туралы
баян», «Рамаяна» секілді көптеген эпостарды да енгізіп алғанын
ескерсек, үнділіктердің сөзіне бас изеуге болатын секілді. Қысқа
сы, сөзімізді нақтылай түссек, «Махабхарата» көне Үндістанның
бүкіл рухани-мәдени болмысын көрсететін энциклопедиялық жи
нақ іспетті құндылыққа ие толағай туынды болып табылады дей
аламыз.
Енді үнділердің өзі «Махабхаратаны» жырмен жазылған тарих
деп санайтын болса, ол тарихтың сол бір ғасырлар қойнауында ғұ
мыр кешкен біздің бабаларымызға да қатысы бар ма деген сауалға
келейік. Өйткені, біз үшін, неге екені белгісіз, «Махабхаратаның»
мазмұнын жалаң баяндап жатқаннан гөрі осы сауалға жауап ізде
ген анағұрлым қызықтылау болып көрінеді. Бәлкім, бұл ұлы Дала
ның тарихын түгендеуге деген құмарлықтан болар.
АҚЫН БҮЙРЕГІ КУРАЛАРҒА БҰРАДЫ
Ақын мен жыраудың бәрі Гомер шал сияқты ақиқатшыл емес.
Қайсыбір шығарма авторларының өзінің сүйікті кейіпкерінің сөзін
сөйлеп немесе өз ұлтының сойылын соғуға бейіл танытатыны ар
ғы-бергі әдебиет тарихында молынан ұшырасатын жайт. Әйтпесе,
«Игорь жасағы туралы жырдың» түпнұсқасы түркілік болғаны,
оны қайсыбір орыс тақуасының уақыт өте келе өз халқының идео
логиялық сұранысы тарапынан қайта өңдеп, славяндық жыр жау
һары жасағаны туралы дау-дамайлы әңгімелер шықпас еді ғой.
Фердоусидің бүкіл ғұмырын сарп еткен «Шахнамасын» түбі түркі
Махмұд Ғазнауи сұлтанның жоғары бағаламай қойғанының аста
рында да осындай сыр жатыр. Парсы ақыны өз дастанында Иран
ды, оның өткенін көкке көтеріп, бұл елдің батырларымен тірескен
түркі қаһармандарын жерге тұқыртқан-ды. Ал бұл ирандықтар
дың ішіне майдай жаққанымен, намысқой Махмұдтың шамына
тиді. Ата-бабасының аруағын қорлап жатса қай есі дұрыс ұрпақ
шамырқанбай, шамданбай тұра алмақ?
Иә, ақын біткеннің бәрі Гомер емес. Дені Фердоусидің ар жақ,
бер жағында. Гомер өз «Илиадасында» патша Агамемнонның
дүниеқоңыздығын, ержүрек Ахиллдің қаныпезерлігін ашық боя
масыз суреттеді. Бұрса ақынның бүйрегі осыларға, өз гректері
не бұруы керек-ті. Есесіне ол Троя батыры Гекторды, оның әкесі
Приамды нағыз адамгершілік қасиеттерге ие абзал жандар ретін
де бейнеледі. «Илиаданың» ақ пен қара бояудан ғана тұрмайтыны,
керісінше, түрлі-түсті реңктерге ие екені – бұл Гомердің ешкім
ге бұра тартпағандығының, оның рухани кемелділігінің айғағы.
«Илиаданың» өлшеусіз ұлы болатыны да сондықтан.
Ал «Махабхаратаның» алғашқы жырлаушысы ше? «Махабхара
таны» зерттеушілердің дәйектеріне жүгінсек, ол рухани кемелдігі
жағынан Гомер қарттың деңгейіне жете алмаған сияқты. Олай
деуімізге не себеп? Біздіңше, дастан алғашқы сұлбасында тек Куру
даласында өткен қанды шайқасты суреттеумен ғана шектелген
болуы керек. Қалған оқиға-желілер дастан мазмұнына көп кейін,
Куру даласында өткен шайқастың негізгі себебі ұмытыла бастаған
кезеңдерде кіріктірілген. Әйтпесе, Құдайлардың балалары сана
латын Пандавтардың шайқас басталғанға дейін жоғары ой-сана
ның иелері ретінде дәріптеліп, соғыс қимылдары басталған тұста
алаяқтық пен қулық-сұмдықтың қыр-сырын меңгерген кәдімгі ек
іаяқты пенделер ретінде кескінделуін қалай түсіндіруге болады?
Иә, бұл жерде дастан мазмұнын қысқаша баяндай кету керек.
Болмаса біздің не туралы әңгіме қылып отырғанымыз «Махабха
рата» мазмұнынан хабарсыз көп оқырман үшін түсініксіз болып
қалуы мүмкін.
Дастанда ұлы Бхаратаның (Үндістанның көне атауы) ұрпағы
саналатын ағайынды Кауравтар мен Пандавтардың өзара таққа
таласы, билік үшін жүргізген соғыстары баяндалады. Алғашқыда
қаншалықты қаһармандар болғанымен Пандавтар қуғынға ұшы
раған. Бірақ олар қуғында жүріп те біраз елді жаулап алады, жеке
патшалық құру мүмкіндігіне қол жеткізеді. Дегенмен осы пат
шалықты Пандавтардың үлкені Юдхиштхира құмар ойын ойнап
отырып, Кауравтардың алғашқысы Дурьодханаға ұттырып қояды.
Бұл жолы Дурьодхананың әкесі Дхитараштра ұттырған патша
лықтарын бауырының балаларына қайтарып бергізгенімен, келесі
бір ойын үстінде Юдхйштхира өткендегі қателігін тағы қайталап,
тек патшалық емес, әйелінің үстіндегі киіміне дейін қарсыласы
на шешкізіп беретіндей халге жетеді. Осылайша Пандавтар ойын
алдындағы келісім бойынша он үш жыл ел тіршілігіне араласпай
саяқ өмір сүруге мәжбүр болады. «Махабхарата» ағайынды Пан
давтардың Кауравтардан осы он үш жылдан кейін өздеріне тиесілі
биліктерін қайтарып алу үшін жүргізген соғыстарын зерлеген.
Егер дастанның соғыс басталған тұсына дейін Пандавтар қу
ғын-сүргінде жүрген ақжарқын, кеңпейіл жандар ретінде сурет
телсе, дәл осы жерден бастап жыршының немесе жыршылардың
оларға деген көзқарасы өзгергені байқалады. Жоғарыда айтқаны
мыздай, бұлай болуына не себеп?
Дастанды һәм Үндістан тарихын зерттеушілер эпостың мұн
дай кілт бұрылуын Куру даласында болған соғыстың себебі, эпос
айтатындай, ағайындылардың өзара қырғи-қабақ қарым-қатына
сында емес, тіпті басқа жақта жатқандығымен түсіндіреді. Ғалым
дардың айтуынша, Куру даласында болған алапат шайқас бұған
дейін Үндістанға біздің Каспий мен Орал тауы маңынан қоныс ау
дарған арийлердің (б.д.д. ІІ мыңжылдық ортасы) өздерінің соңын
ала жеткен түркі-моңғол нәсілдес халықтармен болған азаттық
жолындағы соғысын суреттейтін көрінеді. («Три великих сказаний
древней Индии», Москва, 1978 жыл, 9-бет). Міне, алғашқы нұс
қада соғыстың осы жағына көбірек назар аударылған сыңайлы.
Яғни, жергілікті жыршы басқыншылардың іс-қимылын барынша
мінеп-сынап баққан. Жаулап алушылардың қаһармандарын алаяқ,
сұм адамдар ретінде бейнелеуге тырысқан. Бірақ уақыт өз дегенін
істемей тұрмайды. Жаулап алушы Пандавтар да жергілікті халық
пен уақыт өте келе қоян-қолтық араласып, ақыр соңы көптің ішін
де ділімен һәм тілімен қоса құмға сіңген жауын тамшыларындай
жұтылып кетті. Арттарына жергілікті халық қойған «боз», «сары»
деген лақап аттарын ғана қалдыра алды («панду» сөзі санскриттен
«сары» деп аударылады).
Жоқ, біз қателескен секілдіміз. Олар « Махабхарата» секілді
ұлы дастанның бүгінгі толық мазмұнында дүниеге келуіне ықпал
ете алмағанымен, оның алғашқы нұсқасына, түпнұсқаға түрткі
бола білді.
Алғашқы нұсқаны жырлаған ақындай емес, кейінгі жыршы
лар «сарыларды» басқыншылар екен деп тіпті же жатсынған жоқ.
Түпнұсқаның аясын кеңейтіп, жаулап алушыларға, олардың жа
сампаздықтарына жаңа қырынан баға берді. Қарапайым пенде
емес, Құдайлардың балаларына айналдырды. Солар боп мұңайып,
солар болып қуанды.
Иә, түбі түркі ақын Захириддин Бабыр ұрпақтары Үндістанға
Тәж-Махалдай сәулет өнерінің қайталанбас ұлы дүниелерін тарту
етсе, олардың біздің жыл санауымызға дейінгі мыңжылдық ба
сында Үндістанға жолы түскен бағзы жауынгер бабалары ұрпаққа
«Махабхаратадай» ұлы дастанды өшпес мұра етіп қалдырды.
Солай. «Махабхаратаға» біздің бабаларымыз да маңдай терін
сіңірген. Тек тер емес, қанын да.
«МАХАБХАРАТА», МАНУ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА
«Махабхарата» тек Куру даласында болған шайқасты суреттеу
мен ғана шектелмейді. Ол – жергілікті халық тудырған көптеген
басқа аңыз-әңгімелердің де жиынтығы. Солардың бірі – әлемді
қаптаған топан суға қатысты аңыз. Үндінің топан суға қатысы
аңызы көне шумер-аккад, жебірей нұсқаларына тым ұқсас. Бірақ
айырмашылығы да жоқ емес. Үнді аңызының басты кейіпкері –
Ману атты ғұлама. Үнділер оны топан судан аман қалған, бүгінгі
адамзатты белінен өрбіткен алғашқы адам санайды. Тіпті «ману»
сөзінің өзі де санскриттен тәржімалағанда «адам» дегенді білді
реді. Біздіңше, осы үнді аңызының біздің Ұлы дала тарихына тіке
лей қатысы бар. Енді мұндай болжам жасауымызға не себеп, осы
төңіректе ой өрбітсек.
Халықтардың ұлы көші-қоны соңғы үш мың жылдықта шығыс
тан солтүстік-батыс һәм оңтүстік-батысқа бірнеше рет орын ал
ғаны тарихтан жақсы белгілі. Солардың бірі Орта Азиядан, Орал
тауының етегінен, Сарыарқадан, Әмудария мен Сырдарияның бо
йынан көшкен арийлер екені де мәлім. Олар алдымен кіші Азияға
қоныстанса, кейінірек сол жерден екі тарапқа – Үндістанға һәм
Еуропаға бағыт түзеді. Үндістанда жергілікті халық дравидтермен
шайқас жүргізе отырып, өздерінің жаңа отандарын тапты. Әри
не, олар бұл жерлерге тек жаңа қоныстанушылар санатында ғана
емес, тың сипаттағы мәдениеттің өкілдері ретінде де келген бола
тын. Олардың өз аңыз-жырлары, өткенінен сыр шертетін шежіре
лері болды. Міне, осы шежіреде айтылатын топан су туралы аңыз
ды олар өздерінің байырғы отанынан – бүгінгі кең-байтақ қазақ
даласынан алып кеткен-ді. Енді біз Ұлы дала үшін көзі жабылып
қалғандай сезілетін осы аңыз-бұлақтың қай өңірде, қай жерде ал
ғаш атқылағанына аздап зер салайық.
Ортағасырлық энциклопедист ғалым Бируниде (973-1050 ж.ж.)
мынандай дерек бар: «Қимақтар елінде (қазіргі Қазақстан терри
ториясы – ред.) Манқұр деп аталатын тау кездеседі. Алыстан қа
рағанда өзі төңкеріліп жатқан алып қалқанға ұқсайды. Осы жерде
тұщы судың сарқылмас бұлақ көзі бар. Тұтас әскери қосын су ішсе
де ернеуі бір елі төмендемейді. Бұлақ маңында Тәңірге сыйынып
жүгінген адамның аяқ, қол, тізесінің бедерлері, сәби ізі мен есек
тұяғының таңбалары сақталған. Осы арадан өткен түркі-оғыздар
оларға сыйынып, тәуеп етеді» (С.М.Ақынжанов, «Кипчаки в ис
тории средневекового Казахстана», Алматы, «Наука», 1989, 154-
бет).
Осы Манқұрдың қай тау екені туралы ғалымдар арасында пікір
талас көп. Марквортта Мыңкөлдің бұрмаланған атауы делінсе,
Минорский бұл тауды Орталық Қазақстанның Ұлытау жотасынан
іздеу керек дейді. Біздіңше, екі тұжырым да қате. Өз шамалауы
мызда, Бируни айтып отырған Манқұрыңыз:
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол керемет болмаса неге қалған.
Нұх пайғамбар кемеге тиеп алып,
Ойсылқара жануар содан қалған, – деп келетін жырдағы әйгілі
Қазығұрттың дәл өзі.
Иә, ұлы Даланың да топан су туралы өз аңыз-естелігі болған.
Қазығұрт туралы қазақы әфсанауи әңгіменің шумер-аккад эпосы
немесе «Тәурат» пен «Құрандағы» баяндарға ешқандай қатысы
жоқ. Қатысы болмайтын себебі, олардан көп бұрын, топан суға
қатысты аңыздардың алғашқысы болып дүниеге келген болатын.
Тіпті, керісінше, «Тәурат», «Құран», шумер-аккад эпостарында
ғы әңгімелерді осы ұлы Дала аңызының көшірмелері еді десек,
көңілге көбірек қонатын секілді сезіледі.
Бұл сөзімізді дәлелдеу үшін жаңағы «Манқұр» атауына линг
вистикалық талдау жүргізсек те жеткілікті.
Шамамызда «Манқұр» атауы «маң» және «құр» деген екі түбір
ден тұрады.
Бірінші түбірі үндіеуропеистика тіл ғылымы айта беретіндей
«адам» деген мағынаны білдірсе, екінші түбіріміз Олжас Сүлей
меновтің «АЗ и Я» кітабында қайта-қайта ауызға алынатын көне
шумердің «құр», яғни, «тау» деген сөзі. Яғни, «Маңқұрыңыз»
«Манудың тауы», яки «Адамның тауы» болып шығады. Егер Ма
нудың арий аңызындағыдай топан судың басты қаһарманы екенін
ескерсек, Маңқұрдың даңқына лайық қазақ даласында бір ғана
таудың бар екені анық. Ол, әрине, топан суға қатысы бар делінетін
Оңтүстік Қазақстандағы Қазығұрт тауы. Бұл ой парықтауларынан
шығатын қорытынды мынандай: алғаш осы өңірде, арийлер ара
сында пайда болған аңызды кейін олардың орнын басқан халық
тар да өз жадыларынан сызып тастамаған, ұрпақтан ұрпаққа мұра
етіп қалдырып отырған. Тіпті таудың байырғы арийлік атауын
бертінгі Бируни заманына дейін сақтап та келген. Ал қазіргі Қа
зығұрт атауы қазақ даласына ислам діні еркіндей еніп, далалық
ауызекі шежіре «Құран» негізінде қайта реформалана бастаған
кездің жемісі секілді. Көне арийлік Ману есімі де исламдық Нұх
есімінің сәлдесін осы кездері басына орауға мәжбүр болған.
Шығыстың софы ақыны Руми: «Бұл ғалам тау болса, біздің бар
іс-әрекетіміз айқай: таудағы өз айқайымыздың жаңғырығы әрда
йым өзімізге қайтып оралады»,– дейді. Біздіңше, топан су туралы
аңыз да дәл осы жаңғырықтың кебін құшқандай. Кіші Азия ар
қылы көне Үндістанға, байырғы шумер-аккадқа, семит тілдес ха
лықтарға сіңген ол ондаған ғасырлардан кейін өз төл топырағына
жаңғырып, жаңарып қайта оралды.
Әрине, оқиғаның бұлай өріс алуына біз де, біздің бабаларымыз
да кінәлі емес. Өйткені, шалқар теңізді құрғатып, алып тауларды
шөктіретін ұлы Уақыт өз дегенін бәрібір істетпей тұрмайды. Бірақ
мың сандаған жаңғырықтардың арасынан өз айқайың қайсысы
екенін ажыратып алуға құмарту да қажет секілді.
Бір осы жолы сондай талпыныстардың бірін жасап көрдік
қой деп ойлаймыз. Талпыныстан байқағанымыз – Ұлы дала мен
Үндістанның кіндігі бір екенін байқататын аңыздардың да бар
екені болды. Ал аңыз негізінде сырт көрінісі ғана көмескіленген
ақиқаттың жатқанын ұмытпаған және жөн. Ал ол ақиқат, түптеп
келгенде біздің, бүгінгі қазақтың да даңқын асқақтатар ақиқат бо
лып шықса ше!
ДАСТАН БАҒЗЫ ӨРКЕНИЕТТЕР
ТАҒДЫРЫНАН СЫР ШЕРТЕДІ
Кім-кім де «Махабхаратадан» өз іздегенін таба алатын секілді.
Тарихшы да, өнертапқыш та, физик те, математик те, астроном мен
астролог та дастанды оқып шығып, жаңалықтар ашып жатады.
Енді сондай «жаңалықтардың» бірнешеуіне тоқтала кеткеніміз
жөн-дей.
Дастандағы оқиғалардың бірінде Арджуна мен Кришна әлдебір
брахманға қайырымдылық көрсетіп, оны тамақтандыруға ниетте
неді. Бірақ брахман өзінің тойымсыз екенін ескерткен. Ол: «Мені
тойындыру үшін көп қиналуларыңа тура келеді»,– дейді. Әрине,
мұндай ескертуден қыңған батырлар жоқ. Олар брахманға: «Нені
қаласаң соны айт»,– деп салады. Ал бұл брахман кейпіне түсіп
келіп тұрған от Құдайы Агнидің өзі еді. Өз қалпына келген ол сөз
ден ұсталған батырларға Кхандава орманының бүкіл аңын жегісі
келетінін, бірақ найзағай атқыш Индраның оған жол бермей жүр
генін айтып шағымданады. «Егер ер болып, сөздеріңде тұратын
болсаңдар, маған Кхандава орманын өртеп, ішіндегі аң-құсын тү
гел үйітіп жеуге көмектесіңдер» деген. Амалы қалмаған батырлар
оның өтінішін қалай болсын қанағаттандыруға ниеттенеді. Бірақ
бұлардың қарапайым қаруының Индраның нөсер жаңбыр жаудыра
тын жай оттарын қайтаруға мүмкіндігі жоқ-ты. Мұндай шарасыз
дықтың жолын кесуге Агни Құдайдың көмегі тиді. Ол су Құдайы
Варуннан Арджунаға үздіксіз атылатын ғажайып қару, Кришнаға
дәл тиетін шоқпар мен мүлтіксіз кесіп түсетін семсер алып береді.
От Құдайы орманға өрт қойғанда, Индра оны өшіру үшін орман
үстіне бұлттарын қуғанмен, Арджуна өзінің үздіксіз атылатын
ғажайып қаруының күшімен олардың бірде-бірін орман үстінен
өткізбей қояды. Ал өрт шыққан алғашқы кезеңде орманнан са
ңылау тауып қашып шықпақ болған аңдарды бірде-бірін сау жі
бермей Арджуна мен Кришнаның қырғаны және бар. Осылайша,
батырлар от Құдайына аңсызда берген уәделерін толық орындап
шығады.
Енді ойланып көрейікші, осындағы бұлт қуатын «ғажайып
қару» дегеніміз қандай қару? Адамзат баласы ХХ ғасырда ғана
бұлтты зымыранмен атып ыдыратуға қол жеткізген жоқ па? Әлде
сонау ғасырларда-ақ адам ақыл-ойының осындай қару-жарақ жа
сауға қабілеті жеткені ме? Қалай десек те, ХХ ғасыр жаңалығы
ның біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдықтың басында пайда
болған дастанда жүргені ғажап-ақ.
Міне, дастандағы осындай ғажайып тұстар бүгінгі ғалымдарға
«Махабхарата» жер бетінен жойылып кеткен бағзы өркениеттер ту
ралы хабарлар жиынтығы деген пікірді де жиі-жиі айтқызып жүр.
Солардың тағы бірі – жойқын жою күші жағынан қазіргі атом
бомбасынан бірде кем түспейтін астравидья деп аталатын тылсым
қарулар жайлы әңгіме. Олардың ішіндегі ең құдіреттісі «брахма
ширас» деп аталады. Бұл қаруды Курадағы соғыс кезінде қолда
рынан келгенше екі жақ та пайдаланбауға тырысады. Өйткені,
«брахмаширасты» басқа бір зеңбірек қаруынан атып түсіруге
мүмкіндік бар, бірақ ол жарылып түскен жерге он екі жыл бойы
жаңбыр атаулы жаумақ емес. Ел қуаңшылықтың азабын тартады.
Ал қарудың өзі жарыла қалса, жарылыс тудыратын толқынның
жолында тұрған адам атаулының денесін жидітіп, жандырып жі
береді. Қысқасы, «Махабхаратаның» «брахмаширасын» бүгінгі
ядролық қару мен напалм бомбасының құдіретіне ие сұмдық қару
дей беруіңізге болады.
Енді ойланып көрейікші, бұл өткен заман өркениеттерінің тех
ника жетістіктерінен шағын мәліметтер ме, әлде ақын қиялынан
шыққан көріпкелдік пе?
Иә, қалай жауап берсеңіз де қисынға келетін сияқты.
Қысқасы, «Махабхарата» – өткенді жырлау арқылы бола-шақ
ты болжаған кемел дастандардың қас бірегейі. Ол соғысты, қан
төгісті айыптайды. Ол ХХІ ғасырда адамзат баласын ойландырып
отырған проблемаларды алға тартады. Яғни, адамзат баласы бар
да «Махабхарата» да бірге жасай бермек.
Ал осындай дастанның дүниеге келуіне өз бабаларымыздың
мұрындық болғаны – біз, қазақ баласы үшін үлкен мақтаныш бо
луы керек. «Махабхарата» жайлы қысқаша әңгіме барсында осы
ны айтқымыз келді.
2005 жыл.
ТӨРЕ МЕН ТӨЛЕҢГІТ Қанына тартпағанның қары сынсын. Қазақ мәтелі «Адам дегеніміз құпия. Бүкіл ғұмырыңды осы құпияны шешу ге сарп етер болсаң, уақытымды босқа өткізіп алдым деп өкінуші болма. Мен осы құпияны шешуге тырысамын, өйткені адам болғым келеді». Он сегіз жасар Достоевский осылай жазыпты. Ол үлкен әдебиет ке енді-енді қадам жасар бозбала шағында жасаған осы байламына ғұмыр бойы адал болып өтті. Жиырмадан енді асқанда жазған «Бей шара жандарынан» бастап соңғы дүниесіне дейін адам жанына, оның қалтарыс-бұлтарыс терең иірімдеріне үңілумен болды. Бәлкім «Қылмыс пен жаза», «Зәбірленгендер мен жапа шеккендер», «Нақұ рыс» пен «Албастылардың» авторын Гомер, Данте, Шекспир іспетті артына мыңжылдықтар мен жүзжылдықтарды тастап, бүгінге кел ген адамзат тарихындағы ой алыптарымен бір қатарда тұру құқына ие еткен адам жанының құпиясына үңілсем, білсем деген осы ынты зар бірбеткей жанкештілігі болар. Шын, бүкіл саналы ғұмырында адам жанының құпиясына үңілуді мұрат еткен Достоевскийдің өзі де жеке адам ретінде артына аз құ пия қалдырған жоқ. Бұған оның өмірі, шығармашылығы жайлы жа зылған, жазылып жатқан жүздеген зерттеу еңбектер, кітаптар куә. Ұлы жазушының жұрт көзінен таса ішкі өміріне жарық түсіру ге мүмкіндік беретін сондай құпиялардың біріне бүгін біздің де үңілгіміз келіп отыр. Әңгіме жазушы өміріне, шығармашылығына кезінде өзі айдауда болған қазақ даласы, Шоқан Уәлихановтай бір туар қазақ перзентімен достығы қаншалықты әсер еткендігі, ықпал жасағандығы туралы болмақ. Әрине, бәрі ретімен. 1845 жылдың әлдебір айының әлдебір күнінде арысы әлем, берісі орыс әдебиетінің тарихында жан тебірентер ғажайып оқиға болған. Есімін Ресей түгілі әлі Петербург те танып үлгермеген жазушының шығармасын жас Некрасов пен бозбала Григорович қолжазбасы нан жылап отырып оқиды. Шығарма кейіпкерінің тағдырына әбден көңілдері босап алған олар енді қолжазбаны алып, атақты сыншы Виссарион Белинскийге асыққан. Бөлмеге: – Жаңа Гоголь пайда болды! – деп даурыға кірген әдебиетші шәкірттерінің (екеуі де кейін орыс әдебиетінің тарихында өз орнын алған жандар) желікпе көңілін мінезі қатал, қаламы одан да қаһарлы сыншы:
– Сіздерге сенсек, Гогольдер жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптайтын болды ғой,– деген салмақты бір ауыз сөзбен басып тас таған. Бірақ бұл есімі көпшілікке әлі беймәлім талапкерге кесілген үкім емес-ті. Қолжазбамен танысып шыққан Белинский енді жас жазушыны өзі көруге ділгер болды. Сыншы жүрегі орыс әдебиетіне қаламы Гогольден де қарымды, тақырыбы одан да ауқымды жазушы келгендігін сезген-ді. Әдебиет табалдырығын жиырма төрт жасар Достоевский осылай, Виссарион Белинскийдің өзінің ақ батасымен аттады. Ал замандас тарына жүрегі темірден жаралғандай көрінетін, сол үшін де «Темір Виссарион» атанған сыншының көзіне жас алдырып, ризашылығын оятқан дүние «Бейшара жандар» деп аталатын шағын ғана роман еді. Бастау көзі осылай ашылды. Жазушы алдында ұзақ-сонар шы ғармашылық жол жатты. Осы бір азапты жолдың әлдебір тұсында Белинский де оған берген алғашқы бағасынан бас тартқаны бар. Сыншы нақтылыққа құрылған мына жері бас, ана жері аяқ деп та нуға болатын салауатты дені сау шығармаларды талап етті. Ізденіс үстінде жүрген Достоевский шығармалары мұндай тар шеңбердің аясына сия бермейтін. Достоевскийдің осы бір шығармашылық із деністері кейінірек әлемдік әдебиеттің бірегей көркемдік әдіс-тәсіл деріне айналатынын сезгенде, Белинский де өз сөзін кері қайтарып алған болар ма еді, кім білсін. Дегенмен, талантты дер шағында тани білу де аз ерлік емес қой. Достоевский тек әдебиетке ғана емес, адамтану іліміне де төң керіс іспетті үлкен жаңалықтар әкелгенін ұмытпаған жөн. Ол он то ғызыншы ғасырдың екінші жартысында-ақ өз әдеби шығармалары, сомдаған кейіпкерлері арқылы ХХ ғасырда әйгілі Зигмунд Фрейд негізін қалайтын психоанализ ілімінің алғы шарттарын жасап кетті. Сәті түссе орысты төмендеткісі келіп тұратын батыстың Дос тоевскийге келгенде оны асқақтата жөнелетіндігі де адам құпия сына үңілуде теңдессіз шеберлікке қол жеткізген жазушының сол бейнетқор ұлылығынан болса керек. Кім-кім де өз уақытының перзенті. Кемеңгер де, кері кеткен де. Достоевскийдің әдебиетке келген кезі патшалық Ресейде әлеуметтік мәселелердің ушығып тұрған кезі болатын. Билік басындағылар дың тоғышарлығы, кедей-кепшіктің қайғы-қасіреті, алғаш орыс әдебиетінде Пушкин прозасы мен Гоголь дүниелерінде көрініс тапқан мардымсыз жалақыға күні қараған ұсақ адамдардың бей шара тіршілігі, осының бәрі асқынған үстіне асқына түскен. Өзін Пушкин мен Гогольдің ізбасары санайтын Достоевскийдің мұндай әлеуметтік әділетсіздіктерге іштей болса да қарсы шықпауы мүмкін емес-ті. Жас жазушының алғашқы шығармалары-ақ оның кімдердің жағында екенін айқын аңғартқан. Оның үстіне Жан Поль Марат, Жорж Дантон, Максимилан Робеспьер есімдерінің халық аузында күркірегеніне де бар болғаны жарты ғасырдай-ақ уақыт болған. Пе тербургтің өзінде болған декабристер көтерілісі де әлі ұмытыла қой маған шақ. Міне, осындай тұста Сен-Симон, Шарль Фурье, Оуэн
дердің социализм жөніндегі қияли ілімдері де Еуропаны қалықтай өтіп Ресейге жетіп үлгерген еді. Ығай мен сығай жиналған аристок ратиялық басқосу, жиын, отырыстарда оларды талдау үрдісі де сәнге айнала бастаған. Әрине, бай-манаптың өз біліктілігін көрсету үшін. Рас, оларды шын мәнінде талдайтын, идеяларын халық игілігі үшін іске асырғысы келетін жасырын үйірмелер де болды. Сондай топтардың бірі петрашевшілер үйірмесіне жоғарыдағыдай көңілкүйден кейін Достоевский де келіп қосылады. Әрине, үйірме мү шелерінің өз араларында құпия полицияның жансызы бар екендігін білмегені анық. Көңілде күмән жоқ жерде көкейдегі айтылатыны және рас. Үйірме басқосуында осындай өз пікірін ашық білдірген дердің арасында Достоевский де бар еді. Көп ұзамай бүлікшіл үйірме мүшелері ұсталып, Петропавловск қамалының қамауханасына жабылғанда орталарында Достоевский де жүрген. Олар он сегіз ай тергеуде болды. Әскери сот отставкадағы инженер-поручникті тағы да бірнеше адаммен бірге өлім жазасына кесті. Сот шешімі 1849 жылдың 22 желтоқсанында таңғы сағат сегіз де Петербургтегі Семеновск алаңында орындалатын болды. Міне, олар Семеновск алаңында тұр. Жазушы рухының биіктігін дәл осы бір қаралы сәтте өзі сияқты тағдырласына «Кішкентай қа һарман» атты повесінің желісін жүрегі селт етпей әңгімелеп тұр ғандығы да дәлелдей түссе керек. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі, кебенек киген келеді» деген сөздің рас екендігін дәлелдегісі келгендей жаңада ғана өлім аузында тұрған жандарды «жарты құдай» ақ патша өмір сыйлап жарылқай салған. Патша ұйға рымы бойынша Достоевский төрт жыл каторга жұмысына айдалуға, кейін қатардағы жауынгер болып қызмет етуге тиіс деп шешіліпті. Достоевскийді аман қалғанына қуанбады деуге болмайды. Ұлы лар да ет пен сүйектен жаратылған жан емес пе, кейініректе екінші әйелі Анна Григорьевнаға Семеновск алаңында өлім жазасын қалай күткендіктерін, күтпеген жерден жасалған кешірімнен кейін қазе мат ішінде бар даусымен ән салып, балаша қуана билегенін айтқаны бар. Алда қазақ даласы, Омбы мен Семей қалалары жатты. Міне, осы арада біз өзіміз шешпек құпияға алғашқы барлауды жа сауға мүмкіндік аламыз. Неге екені белгісіз, өмірбаянын жазушылар осы жазушының ата-тегін таратып жатуға тым шорқақ. Яки құлықсыз. Шамасы ұлы жазушының түбі түркі екенін мойындаудап қоюдан қашқақтайтын болар. Жазушының түбі түркі екенін өмірбаяны, ойлау жүйесі, шы ғармашылығы, тіпті ең арысы фамилиясы да растап тұрған жоқ па! Иә, иә, Федор Достоевскийді қазақшалап жіберсек (Орыс тілінің дыбысталу ерекшелігіне орай екінші буындағы о әріпінің а болып дыбысталатынын ескерген жөн). Достайдың Федоры болып шығар еді. Немесе Достайлық Федор. Сонда Достай деген есім түркіде болмай славянда болмақ па! Достай, Қажытай, Маралтай, Нартай... Басқа басқа, дәл қазақтың өзінен осындай ондаған есімтайларды
тауып алуға болады. Таза түркілік есім. Жазушы шығармашылы ғымен, өмірімен тереңірек таныса бастаған алғашқы кездерімде кө кейіме осындай ойлар келген. Түйсігім алдамапты. Достоевскийдің түбі расында да түркі екен. Бірақ, әрине, бәрі өз ретімен... Топырақ тартпай тұрмайды. Тәңірі Достай шал ұрпағының талайына ата-баба мекеніне тағ зым етуді жазыпты. Гогольдің әдеби ықпалынан құтылған жазушы ның ұлы шығармалары да осы сапардан кейін жазылмақ. Бұл сапар ауыр сапар болды. Аяқта шынжыр, баста қиял, қазақ даласына айдалып бара жатып болашақ ұлы жазушының не ойлауы мүмкін? Есіне арғы аталарының Алтын Ордадан шыққандығына мақтанып отыратын әкесінің әңгімесі түскен болар (Марк Слоним, «Три люб ви Достоевского», Москва, «Советский писатель», стр 18). «Әкесі арғы аталарымыздың бірі князь Курбскойдың өзімен сен деп сөйле сетін кісі болған деп отырмаушы ма еді. Иә, арғы атасы бір кездері тастап кеткен далаға бұл қайтып келе жатыр. Өз еркімен емес, жер айдалып. Алғаш Руське жол тартқан (1389 жылы) арғы атасы Аслан Мырза Шелеби күндердің күнінде өз белінен тараған ұрпақтарының бірі туған жеріне осылай оралатынын сезді ме екен. Әй, қайдам. Әйт песе, анау айтулы ақсүйек саналатын Арсеньев, Сомов, Юсупов, Ар тищевтер де сол Аслан атаның ұрпағы емес пе. Солардың қайсысы бұл сияқты аяғына кісен түсіп сорлап қалды дейсің?» «Жеті атасын танымаған жетесіз» деген. Жасы енді ғана отыз ға тақаған Достоевскийдің қиялында осындай ойлар да жүз беруі мүмкін-ау. Қалай дегенмен де бір кездегі төлеңгіттің ұрпағы ата-ба ба мекенімен қауышуға дайындалғандығы анық. Омбыда төрт жыл каторгасын өткізген ол Семей қаласына сол даттыққа ауысқанда түркі ғалымы Шоқан Уәлихановпен танысты. Осы Шоқанның бір кезде өз ата-бабалары қызмет еткен төренің тұ қымынан екенін білгенде таңқалған да болар-ау. Басқасын қайдам, жазушының жас Шоқанды ғалым, білімдар жан ретінде ғана емес, түбі бір түркі ретінде де құрметтегені анық. Бұл арада жазушының жұбайы Анна Григорьевна Достоевскаяның күнделігінде баяндала тын мына бір оқиғаны да еске ала кеткен жөн сияқты. Жазушы өзі не стенографшы болып жүрген жиырма жасар қызға көрген түсін баяндайды. – Білесіз бе, мен өте құрметтейтін, қайда жүрсем де, қайда көш сем де әрдайым өзіммен бірге алып жүретін қастерлі бір зат бар. Ол Шыңғыс тұқымы (Чингизид) Шоқан Уәлиханов сыйлаған қобдиша. Түнде түсінде осы қобдиша ішінен бір асыл тас көрдім. Бұны жақын арада өмірімде бір оң өзгеріс болады екен деп жорыдым. Бұл – отбасылық бақытты өмір құруда талайдан жолы болмай келе жатқан жазушының өзі ұнатып қалған қызға алғаш жан дүниесін ашып, ағытылуы еді. Осы бір қобдишадағы асыл тасқа байланысты түс соңы 45-тегі жазушы мен жап-жас стенографшы қыздың үйле нуге уағдаласуымен бітетіні естеліктен белгілі. Достоевскийдің осы
некеден кейін ғана біршама еркін тыныстауға мүмкіндік алатын дығы да оның өмірбаянын білуге құмартушыларға аян. Қаны бір Шоқан досы Достоевскийдің отбасылық бақытын құруына осылай көмектеседі. Таза түркілік сыйластық. Бұны қанына тарту дейміз бе, қалай дейміз. Түбі түркі Достоевскийдің тілегін түркі Шоқандай ешбір славян тілемеген шығар. Екі арадағы сыйластық: «Мен сізді тіпті туған бауырымнан да артық жақсы көремін, сүйемін десем де болады» деген жүрекжарды лебізге дейін ұласқаны тарихтан жақсы мәлім. Әлем әдебиетінде Еуропаны дәл Достоевскийдей сынаған бірдебір жазушы жоқ. Ол «дүниенің болашағы Шығыста» деп санады. Ғұмыр бойы осы үшін күресті. Бүгінгі күн биігінен қарап отырып, жазушының мұндай шешімге келуіне жасандылыққа жаны қас дала табиғаты, түркі топырағы әсер етті деп айтуға әбден болады. Ол тіпті, орыс мақтанышы саналатын әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі – Петербургті де жоққа шығарды. Қолдан жасалған жасанды «Түс қала» деп атады. Қаланың адамзатқа дайындап отырған қандай зауалы барлығын ол кезде ділі далалық Достоевскийдей ешкім де түйсіне алған жоқ. Түйсінуі де мүмкін емес еді. Достоевский шы ғармалары табиғатпен байланыстырар сезімінен айырылып қалған жандардың ішкі айғайы, ізденіс, іркілістері туралы болатын. Қазақ даласында еріксіз айдауда болған кезі жазушы шығарма шылығында ізсіз қалған жоқ. Оның «Жасөспірім» романының бас ты кейіпкері Версиловтың прототипі Шоқан Уәлиханов болғандығы бүгінде жазушы күнделіктерінен жақсы мәлім. Әр түрлі уақыт үзіктерінде қазақ даласымен тағдыры байланыс қан орыс ақын-жазушыларының өмірі туралы тамаша повестердің авторы Павел Косенко Достоевский өз шығармаларының үш жерін де қазақ даласы туралы сағынышпен, оны биік идеалдық үлгіге ай налдыра отырып еске алатындығы туралы жазады. Олардың бірі «Өлі үйден жазылған жазбаларда» болса, екіншісі «Қылмыс пен жазада». Біз тек үшіншісін, «Құмарпаздан» («Игрок») ғана үзінді келтірмекпіз. «– Неміс пұтына табынғаннан гөрі ғұмыр бойы қырғыздың (қа зақтың – Ә.Б.) киіз үйінде көшіп-қонғанды қалар едім,– деп айқай салдым мен. – Қандай пұтқа? – Немістің байлық жинау тәсілі іспетті...». Достоевский Семейден жазылған хаттарының бәрінде Дала деген сөзді үлкен әріппен жазып отырған. Далаға бұдан артық қандай пер зенттік құрмет болмақ?! Ұлы жазушы үлкен қалаларда етек ала бастаған рухани тоқырау ды да Даладан ескен самал тоқтата алады деп түсінген сыңайлы. Бұған «Нақұрыс» романы куә бола алады. Роман князь Мышкин дегеннің Швейцариядан емделіп қайтып келе жатқан кезінен басталады. Өзі әулие шатыс қасиетті адам. Қа шаннан қасиетті адамдарға ғана тән деп саналатын ұстамалы ауруы
да (Достоевскийдің өзі) бар. Швейцарияда осы ауруынан емделгенді. Міне, ол генерал Епанчиннің өзіне алыс туысқан болып келетін әйелі мен қыздарына әңгіме айтып отыр. Әңгіме Мари атты бейшара қыз жөнінде. Сонау Швейцарияда көкірек ауруынан қайтыс болған бейшара жан. Аз ғана өмірінде көрмеген қорлығы жоқ. Деревняның қарғысына ұшыраған бейбақ. Сол бейбақты қиянаттан князь Мыш кин арашалап алады. Деревня балаларының көкірегінде Мариге де ген аяушылық сезімін оятады. Шағын болғанымен өте әсерлі әңгіме. Ал осы оқиғаны Швейцариядан қарама-қарсы бағытқа, қазақ да ласына көшіріңізші. Достоевскийдің өз сұлбасы, алғашқы әйелі Ма рия Исаевамен арасында болған оқиғалар тізбегі көрінер еді. Шын мәніндегі ділі, рухы таза адам (князь Мышкин) Швейцариядан емес, түркі даласынан келе жатқан. Рухани тазалықтың тек түркі даласында ғана сақталғанын ұлы жазушы осылай ишаралаған. Менің бүгінгі әріптестерімнің арасында Достоевский шовинист, әсіре ұлтшыл жазушы болды деген пікір қалыптасқан. Пікір аржа ғында Достоевский заманын, жазушыны мазалап, жанына тыншу таптырмаған ойлар тізбегін түсінбеу нышаны аңғарылады. Бірақ, әңгімені созып қажеті не, уақыттың өзі-ақ Достоевскийдің ой-тұжы рымдары шындыққа жақын болғандығын дәлелдеп берген жоқ па! Ұлы инквизитор бейнесі тарихта «мұртты қасапшы» ретінде көрініс берді. Кіндік атасы Маркс саналатын коммунизм идеясы билік ба сындағы аз ғана топтың бүкіл халықтың байлығын бөлісіп алуымен аяқталды. Маркстің Ресей сияқты аграрлық елде коммунизм идея сын жүзеге асыруға тіпті мүмкін емес деген ескертпесіне қарамай, қазан төңкерісін жасап жіберген Ленин бүгінде неміс алпауыттары ның жансызы болғаны ретінде белгілі. Достоевский рухани жаңаруды Еуропаның сәнқой ілімсымақта рынан емес, өзінің қарапайым орыс халқынан, бір кезде бабалары мекен еткен қазақ даласынан күтті. Оның үміті, қаншалықты ақтал ды, уақыт көрсетеді. Рас, жаңашыл боп көрінгісі келгендер, «семіздіктен сән қуала ғандар» қай кезде де болған. Өз төл топырағынан тамыр тартқан, сол тамырын тереңдете түскісі келетін қазақ әдебиетіне, сол әде биеттің үні іспетті бүгінгі мазмұнына ескішіл, уақыт ағымына ілесе алмай қалды деп сын таққысы келетіндер де сондай «жаңашылдар» Маркстік-лениндік философиядан кейін сырттан тағы бір «бағалы» философияны әкелгісі келетіндер де солар. Жоқ, біз кезінде ұлы Әуезовтің өзі социализм идеологиясының мансұқтауынан арашалап сөз сөйлеген, қалам тербеген Достоевс кий, Абайлармен бірге боламыз. Екеуі де халықтық төл әдебиет жа сады. Биіктіктері де, тереңдіктері де сонда. Ал биіктік пен тереңдік қай кезде де тағзым етуге лайық ұлылық өлшемдері. 2001 жыл.
ДОСТЫҚ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ Ұлы мұраттардың беймәлім күрескерлеріне арналады Балалардың сүйікті қаламгері Ханс Кристиан Андерсеннің «Үй ректің сүйкімсіз балапаны» деп аталатын әйгілі ертегісін оқырман ағайын үшін төменде баяндалмақ әңгімеміздің мазмұнына енуге мүмкіндік берер кілт деуімізге болатын секілді. Ертегінің нобай-сұлбасы жадыңызға оралған болар. Онда ана үй рек мәпелеп басып шығарған жұмыртқалардың ішінен біреуінің әл дебір жолдармен өзге тумаластарына ұқсамай қалатыны туралы сөз болатын еді ғой. Осы балапан өзгелерден болмыс-бітімі бөлектігі үшін маңайындағылардан әбден зәбір көретін-ді. Төңірегіндегілер ден тартатын теперіштің мұның өзінің үйректің балапаны емес, ақ қудың көгілдірі екендігін түсінетін сәтіне дейін үздіксіз жалғасаты ны бар-ды. Иә, ертегідегі «Сүйкімсіз балапанның» жүзі өзінің тегі сырбаз да сұлу аққулар санатынан екендігін сезінгенде жайнап сала беретін. Ал бұған дейінгі өмірі... Ол тек қара бояудан ғана тұратын. Енді осы ертегінің айтпағын, ол көтеріп отырған сауал-мәселені тарихта көрініс берген оқиғаларға, олардың адамзат баласы тала йына ендігі қарғыс таңбасын басып үлгерген қайсыбір кейіпкер леріне бағыттап бұрып көрейікші. Олардың арасында да тегі аққу, бірақ біз шын қадыр-қасиетін ұғына бермейтін, жұмбағын шешуге мүмкіндігіміз, яки құлқымыз жоқ жоғарыдағы «сүйкімсіз үйрек ба лапандары» секілділер ұшырасып қалмас па екен?.. Қисын бар нәрсенің бәрі де салғастырулар арқылы танылады дейді. Кім біледі, ертегіге арқау болған аянышты һәм ақыры сүйінішті бо лып аяқталатын ақындық қиялдан шығарылған осынау астарлы оқи ғаның түпнұсқасы атануға лайықты жайттар түйгені мың қатпар, жасырған құпиясы одан да қалың абыз-Тарих парақтарынан да жо лығысып қалуы бек мүмкін ғой. Біз ендігі бастай беруімізге де болатын достық туралы әңгімеміз де негізін ертегіден алатын осындай тұспалды сауалға өз хал-қа деріміз жеткенше жауап іздеуге талпынып көрмекшіміз. Ал назар аударылмақ оқиғаларына қарай бірнеше бөлімнен тұратын бұл із деністеріміздің қайсысы мазмұны жағынан «үйректің сүйкімсіз ба лапаны» ертегісіне жақындайтынын анықтау, әрине, оқырманның өз еркіндегі шаруа болмақ. Сонымен, кіріспе сөзді соза бермей, кілті кәдуілгі ертегі болып табылатын достық туралы бірнеше тараулы әңгімеміздің өзіне, оның алғашқы бөліміне кірісейік.
Пайғамбар һәм пенде. Жазушы Анатоль Франстың «Эпикур бағы» атты топтамасына кіретін шағын дүниелерінің бірінде Париж соборының бірінші викарийі (діни лауазым) аббат Эжже туралы әңгімеленеді. Автор «жандүниесі өзгелердің қайғы-қасіретіне бей ғам қарай алмайтын осы бір дін қызметшісінің санасына опасыз Иу даның мәңгілік тозақ отына күйіп жатқандығы туралы ой еш дамыл таптырмайтын. Әрдайым осы туралы ойлана беретіндіктен, оның мазасыздануы да күн өткен сайын күшейе түсті» дейді. Міне, осы аббат Эжже ақыр соңы барлық «Ізгі хабарлар» мазмұны мен қалыптасқан шіркеу дәстүрлеріне қарсы шыға отырып, «Иуда тозақ отына қақталмауға тиіс, ол құтқарылған, қазір Иса мәсіхтің жанында отыр» деген байламға келеді. Тәңірге кезекті құлшылықтарының бірінде ойын Иуданың тағды рына деген күмәннен сейілту үшін: «О, Жаратқан ием, шын шексіз мейірімді екенің рас болса, сенің Иуданы өзіңнің қасыңа алғаныңа титтей де күдігім жоқ. Он сегіз ғасыр бойы қарғыс арқалап келе жат қан ол расымен сенің жаныңда болса, төмен түсіп, маған бір белгісін білдірсін», – деп көз жасы көл бола тілек еткен аббаттың тілегін Құ дай да сол сәт қош көріпті дейді қаламгер. Анатоль Франстың жа зуынша, дәл осы сәтте Көктен түскен Иуданың екі алақаны аббат тың басынан сипап, оған ризашылығын білдіргендей болған. Франс осы оқиғадан кейін Иуданың Исаның жанында екендігі ту ралы ізгі хабарды таратуға ел аралап кеткен аббат Эжженің сведен боргшы болғанын және Мюнхенде жоқшылықта өлгенін хабарлайды. Әңгіме «Ол соңғы және ең момын қабылшы еді» деп (Қабылдың ақ тығына сенушілер) түйінделеді. Бұл баяндауымыздан оқырманның алғашқы әңгімеміз айқышқа керілген Иса мәсіх пен оны жауларына отыз сөлкебайға сатты делі нетін сахабаларының бірі Кариоттан шыққан Иуда туралы екендігін аңғарғанына еш күмәніміз жоқ. Шіркеу мойындайтын Ізгі хабарлардың бәрі де осы Иуданы Иса ғалайссалам сахабаларының ішіндегі ең сүйкімсізі, өзіміз аттаныс нүктесі етіп алған ертегіміздің тілімен айтқанда, «үйректің жексұ рын, сұмпайы балапаны болатын» деуден әсте танбайды. Ал біз христиан шіркеуі қарғыс таңбасын басқан осы «үйректің сүйкімсіз балапанын» өз тарапымыздан «асылтекті аққудың көгілдірі» етіп шығаруға талпынып көрсек ше? Жалпы, мұндай әрекет жасап кө руге мүмкіндігіміз бар ма? Егер солай етуге батылымыз жетіп жатса, Иуданы ақтап алмақ талпынысымызға қол ұшын беретін қандай да болсын көнекөз тарихи деректер мен дәйектерді таба аламыз ба? Иә, бізге, бұл сауалдарға жауап іздейтін болсақ, христиан әлемінде жиырма ғасыр уақыт бойы үздіксіз қалыптасқан қатып қалған догма деңгейіндегі түсініктерге қарсы шығуға тура келмек. Қорқынышты-ақ... Әйтсе де, бізге қолымызда бар бастаухаттармен тиянақты жұмыс істей алсақ, үрейленетін де ештеңе жоқ секілді. Мысалы, Кипрден
шыққан әулие Епифаний дегеннің бір еңбегінде Иуданы Иса мәсіх пен бір деңгейде құрмет тұтатын белгісіз қабылшылар сектасы тура лы әңгіме болады (Анатоль Франстың әңгімесіндегі аббат Эжженің соңғы қабылшы болғандығын еске түсіріңіз). Осы қабылшылар Иуда Иса мәсіхті Жаратқанның өзінің қалауымен жау қолына ұстап берді деп уағыздайтын болған көрінеді («Книга Иуды». Санкт-Петербор, 2006 ж., 94-бет). Аңғаруымызда олар бізге белгілі әңгімелердегідей Иуданың дүниеқұмарлығы адамзатты құтқарушының айқышқа қағы лып, азаппен өлуіне себепші болды дегенге тіпті де сенбейтін болған. Иә, біздің байқағанымыз, Иуданы ақтап алуға тырысу-шылардың христиан діні мен шіркеу енді-енді қалыптаса бастаған сонау ІІ-ІІІ ғасырларда да аз болмағандығы. Иса мәсіх пен Иуда заманынан аса алыстай қоймаған олардың бізге беймәлім әлдебір шындықтарды білетін болған болуы әбден мүмкін ғой. Ол шындықтар қандай еді? Бұл сауалымызға ІІІ және ІV ғасырлар аралығында Таяу Шығыс не месе Мысырдағы қайсыбір гностикалық секталардың бірінде жазы лып, бүгінге жеткен «Иудадан қалған ізгі хабар» атты жәдігер жауап бере алатындай («Книга Иуды». Санкт-Петербор, 112-125-бб.). Әрине, бұл жәдігерді Иса мәсіхпен бір күнде фәниден көшкен Иу даның өзі жазбағандығы анық. Ал жәдігердің біз білмейтін белгісіз авторы болса Иуданы Иса ғалайссаламның ең сүйікті шәкірті еді деуден әсте танбайды. «Он екі сахабаның ішіндегі Исаның жанын, оның мұрат-мақсатын ең жете сезінетін де, оған білімімен һәм білігі мен жақын келе алатыны да осы Кариоттан шыққан Иуда болатын». Жәдігердің белгісіз авторының бізге жеткізбекке талпынған басты ұс танымы осыған саяды. Иуда өзінің Иса мәсіхті сатуға тиісті болатынын, пайғамбардың өзге сахабалары тарапынан қуғынға ұшырайтынын білді ме? «Иуда дан қалған ізгі хабар» бұл сауалдарға да жауап береді. Иә, Иса мәсіх те, сахаба Иуда да өздерінің фәни жалғандағы тағ дырларының қалай аяқталатынын өте жақсы сезінген. Әйтпесе, жәдігер мәтінінен оқып білгеніміздей, Иса мәсіхпен оңашада бол ған әңгімеде Иуда қалған сахабалардың өзін таспен атқылап қуалап жүргенін аян түсінде көргенін, сол түсінде өзінің Иса мәсіхке ілесіп Тәңірінің үйіне көтерілгенін әңгімелемес еді ғой. Ал өз кезегінде Иса мәсіх оған мұны Иуданың опасыздық жасау арқылы құрбан дыққа шалуы керек екендігін, күндердің күнінде өзге сахабалардың үстінен Иуданың билігі жүретін болатынын жеткізеді. Бұл не? Екі сырлас достың өзара құпия келісімге келуі ме? Не дегенмен де «Иудадан қалған ізгі хабар» авторы пайғамбар мен оның пенде шәкіртінің арасында осындай жасырын ұғынысу болғанын біздің санамызға шегелеп, барынша ұғынықты етіп жеткізуге тырысады. Егер бізде ақиқаты солай еді деп жәдігер авторы ұстанатын осы ұйғарымға тоқтайтын болсақ, Иса мәсіх пен Иуда сахабаның өлімі нен кейінгі оқиғалардың даму барысы «көп қорқытады, терең баты
рады» дегеннің керіне саятындай. Бәрі де, пайғамбардың айқышқа керілуі де, оны Иуда сахабаның отыз сөлкебайға сатып жіберуі де Жаратқанның өзінің қалауымен, ұйғаруымен болған. Бірақ мұны, оқиғалардың шын даму барысын, көпшілік те, Иса мәсіхтің қалған сахабалары да аңғара алмай қалады. Нәтижесінде бізге «үйректің жексұрын балапаны» сипаттағы опасыз Иуда туралы әңгіме ғана же теді. Ал «Иудадан қалған ізгі хабардың» беймәлім авторы бізге Ка риоттан шыққан осы бір пенденің христиан діндарлары айта беретін дей ешқандай да «үйректің жексұрын балапаны» емес, керісінше, «асылтекті аққулар» санатынан екендігін аңғартып тұрған жоқ па? Иә, Иуда опасыздығы тек дін өкілдерінің ғана емес, ақын-жазушы лардың да сүйікті тақырыбы. Орыс Леонид Андреев, оның баласы Даниил Андреев, аргентиналық Хорхе Луис Борхес, неміс Клеменс Брентано, жапон Дадзай Осаму, бұл тізім осылай созыла бермек. Егер Леонид Андреевте ол өмірге бір табан жақын, батыл да парасатты, бәлкім, ақынжанды қарапайым адам ретінде суреттелсе, оның ұлы Даниил Андреев «Әлем раушаны» атты еңбегінде әкесі хикаят арна ған атышулы сахабаны тозақтан жұмақтың әлдебір қабатына апарып орналастырады. Ал Борхес... Борхес бәрінен де асып түсетіндей. Біз оқырманға осы жазушының «Иуда опасыздығы жайлы үш жорамал» атты шағын әңгімесін ерінбей оқып шығуды ұсынған болар едік. Дос мұратын іске асыру үшін дүшпанның табасына қалар опасыздық деп аталатын күнәлі әрекетке батыл барған ақжүрек адам баласы тура лы әңгімеміздің бір бөлімін осымен тәмамдауымызға да болатындай. Енді «үйректің жексұрын балапаны» қатарынан «асылтекті аққу лар» санатына өтуі мүмкін, біздіңше, расында да солай болуға тиіс тағы бір тарихи тұлға туралы бөлімімізге көшейік. Бұл бөлім де «до сымның тауы биіктесін деп, өзінің шығар шыңын аласартудан еш арланбаған» пенде баласы туралы. Қаған мен ноян. Бұл тарауша кезінде әлемді тітіреткен жаһангер Шыңғыс хан мен оның андасы Жамұха шешен жайлы болмақ. Бала Теміжүн немесе болашақ Шыңғыс хан дүниеге келген тұс әйгілі Істеми, Білге қағандар негізін қалаған түркі қағанатының құ лағанына бірнеше ғасыр болған, жеке-жеке ұлыстарға бөлініп кеткен түркі және моңғол ру-тайпаларының басынан бақ кеткен дәуір-ді. Халық өзара соғыстардан әбден қалжыраған болатын. Моңғолдың ханы Амбағайды Алтын патшалықтың (Қытай) шеріктері опасыз дықпен ұстап алып, айқышқа керіп өлтіргені де кеше ғана болғандай еді. Сондағы оның «Түбі кегім алынар» деп күркірей үн қатқаны да халық жадынан әлі ұмытыла қоймаған-ды. Осындай алмағайып заманда дүниеге келген алысты болжай алар жанның нендей мұраттарды мақсат тұтуы мүмкін? Әрине, ең алды мен елдің басын біріктіруді, сосын «қой үстіне бозторғай жұмырт қалаған» алтын дәуірді орнатуды (мұндай дәуірдің шынымен-ақ ор нағанына ортағасырлық жыраудың жыр үзбелері куә бола алады).
Бірақ алдыңа мақсат, биік мұрат қою бар да, оны іске асыру деп ата латын қиямет-қайым тағы бар. Бұл қиямет-қайымның барлық азап-то зағынан аман-есен жүріп өту екінің бірінің талайына және жазылмақ емес. Миллиондардың ішінен таңдап жүріп бірінің маңдайына ғана жазылмақ ерекше бақ. Тәңірім сенің ойың мен бойыңа өзгелерде жоқ ерекше қасиеттер дарытуға тиіс. Мазмұны бөлек тағдырдың иесі етуі шарт. Міне, осы тағдырды түркі-моңғол керегесі шайқалғандай бол ған сол замандарда талай ойлы жан армандағаны анық-ты. Біз, міне, осындай жүрегі шерлі жандардың қатарында Шыңғыс ханның андасы Жамұха шешен де бар еді деп есептейміз. Бірақ ол, амал қанша, тарих қа ұлы мұратты орындаушы емес, сол мұратқа бүкіл саналы ғұмырын арнаған арда досына опасыздық жасаушы қара бет санатында ғана кіре алды. Асқақ ойлы осы бір азаматтың тағдыры әп-сәтте астаң-кес тең болып кетуі, бізге, бүгінге сөзі бір қиыр, өзі бір қиыр, ісінің тияна ғы жоқ жігерсіз де жексұрын жан сипатында жетуіне не себеп болды? Ол да «асыл текті аққу» санатындағы жан емес пе еді? Неге біз оны «үйректің жексұрын, сүйкімсіз балапаны» ретінде танимыз? Салмағы ауыр бұл сауалға жауап беру үшін бізге «Моңғолдың құ пия шежіресіне» көз жүгірту керек болмақ. «Шежірені» зерделей оқы ған жан оқиғалардың жалпы даму барысын қызықтап кетпей, Жамұха жайлы тұстарына ой жүгірте оқитын болса, нені аңғаруы мүмкін? Ол шежіренің белгісіз авторының Жамұхаға бүйрегі бұратынды ғын, оның азаматтық кескін-келбетіне титтей де кіреуке түсіртпеуге талпынатынын түйсінер еді. Міне, Жамұха Шыңғыс ханның бәйбішесі Бөрте ханымды меркіт тердің тұтқынынан қайтару жорығына қатысты. Міне, ол бір жарым жылдай андасымен бірге көшіп-қонды. Сырт қараған адамға ешқан дай да опасыздықтың салқыны сезілмейді. Екі дос күндерін еменжарқын ашық әңгіме-дүкен құруға арнаған. Ал ол оңашада өткен әңгіме-дүкендердің тақырыбы не еді? Бұл сауалға екі сайыпқыранның достығына сына болып қағылды делінетін «Шежіредегі» Жамұханың аузынан шыққан мына жолдар жауап бере алатындай: «Теміжүн анда, Тауға таман қонайық, Ықтын болсын жылқышыға, Өзің қалай көресің? Өзенге жанай қонайық, Өлжал алсын тоғайып, Қозышы мен қойшы да. Айтқайсың өзің төресін» («Моңғолдың құпия шежіресі», Алматы, 1998 ж., 61-бет). Шыңғыс хан Жамұха бұл сөзімен нені тұспалдағанын түсіне ал мадым деп, апасы Уәлін мен жары Бөртеден ақыл сұрай барғанда,
анасынан бұрын Бөрте әңгімеге араласып: «Жамұха тез зерігеді дейтін. Тегі, бізден зеріккен шығар. Жамұханың жаңағы айтқан сөзі бізді бопсалағаны болар. Біз қонбайық. Түн бойы үдере тартып, Жамұхадан ат бойын аулақ салайық», – дейді. («М.Қ.Ш.», сол бет). Біздіңше, осы жолдарда бір-бірінен зеріге бастаған екі достың өзара кетісуінің себебі емес, олардың болашаққа ұстанатын ортақ бағдарламаларының, мұрат-мақсаттарының мазмұны жатыр. Ша малауымызша, бағдарламаны түзуші Шыңғыс хан емес, Жамұха шешеннің өзі болған сияқты. Ал бағдарламаның негізінде байырғы ата-баба салтанатын қайта қалпына келтіріп, түркі-моңғол әулетінің басын бір ортаға қосудың жатқандығы күмәнсіз. Қиялы зерек, сөз ге шешен Жамұха тарапынан Шыңғыс ханға осындай ұсыныс түс кендігін жоғарыдағы Жамұханың аузынан шықты делінетін сөздің ой ауаны да аңғарта түседі. Онда ел тоғайған мамыражай заман ды аңсайтын пейіл танылады. Ал екі достың арасындағы құпия келісімді үшінші бір адам – Шыңғыс ханның сүйікті жары Бөрте ха ным да білген. Ендігі жерде аялдатпай әрекетке кірісу керек екендігі де осы әйел затының аузымен тұспалданып айтылады. Біздіңше, құр жатудың, зерігудің осындай құпиясы бар. Иә, екі дос ендігі жерде ұлы мұратқа жету жолындағы өздері атқа руға тиіс іс-әрекеттерді де бөлісіп алған-ды. Бұдан кейінгі оқиғалар да Жамұханың әрдайым Шыңғыс ханның жауларын арандатып май дан алаңына шығаруына, оларды сын сәті туғанда алдап кетулеріне куә боламыз. Және осындай сәттердің бәрінде де ол өзінің андасы Шыңғыс ханға қол көтеруге жүрегі дауаламайтынын ешқандай бұл талақтамай-ақ ашық жеткізіп отырады. Сонда Шыңғыс ханның жау лары Жамұханың сөзіне қалай сеніп қала берді екен? Әрине, сенулеріне бір-ақ себеп бар-ды. Жамұха да Шыңғыс хан секілді ел бастай алар дара тұлғалы жан болатын-ды. Қол бастар серке керек болған Шыңғыс ханның жауларын Жамұханың бойын дағы өздерінде жоқ осы қасиет қызықтырды. Бірақ олар білмейтін Жамұха, өзін ұлы мұраттың құрбандығына шалған құпия Жамұха, Шыңғыс ханның бітіспес жауы емес, керісінше, андасы екеуінің ойы іске асу үшін қанын да, жанын да аямайтын, Шыңғыс ханға құ лай берілген арда досы еді. Егер бүгінде Шыңғыс ханның даңқы бүкіл әлемге жайылған болса, ойлаған мұратына жете алған болса, ол бұлардың бәрі үшін ең алдымен осы «үйректің сұмпайы балапаны» іспеттес Жамұха досына қарыздар. Ұлы Даланың бір-бірі үшін жанын ібіліске де беруге бар өр пер зенттерінің асқақ достығы туралы тарауымызды осымен тәмам деуімізге болады. Сөз арасында осы тараушада әңгіме болған оқиғалармен тереңі рек танысқысы келетін оқырмандар табылып жатса, олардың Лев Гумилевтің «Қиял патшалығын іздеу» атты еңбегіне зер салуларына болатындығын да айта кеткіміз келеді.
Иә, оқырман, егер ол көзі қарақты оқырман болса, уақыты, за маны, кейіпкерлері мен олардың мұрат-мақсаттары бөлек болғаны болмаса, жоғарыдағы екі оқиға да өзара ұқсайды дер еді. Біз де осы пікірге қосыламыз. Және жоғарыдағы екі тараушаға мазмұны жағы нан егіз қозыдай ұқсас бүгінгі күннен сыр шертетін тағы бір тарау шаны оқырманның назарына ұсынғанды жөн көреміз. Елбасы және ақын. Міне, біз ауруханада жатқан ақынға келіп тұрмыз. Ол өзінің халықтың төл мұрасы – батырлар жырын оқып жатқандығын айтты. Соңғы оқығаны «Ер Тарғын» екен. – Талапты туған жігітке, Тәңірім қайғы бермесін. Алтыннан соққан жүрегі Ат басындай шер табар! Ақын осы жолдарды оқып болып күрсінген. Бізге қарап: «Жырда осындай жолдар бар екен, бұдан артық айту мүмкін емес қой...», – деді. Біз де бір нәрсені түсінгендей, түйсінгендей басымызды шұл ғыдық. Нені түсіндік, нені түйсіндік, дәл осы арада оған есеп беріп жатпағанымыз да анық. Орыс ақыны Андрей Вознесенскийде тікелей аударғанда «Атқар мақ парызың ауладағы ауа райына қарай анықталады» деп келетін жыр жолдары кездеседі. Бірнеше рет өліп тірілген әйгілі Владимир Высоцкийге арналған өлеңінде. Осы жолдарды біздің ақынымызға да қаратып айтуға болатындай. Ол өр еді. Қырыққа келер-келмесінде әйгілі «АЗиЯ»-ны жазды. Қалың қазақтың, бүкіл түркінің махаббатына бөленді. Дүниеге жаңа келген сәбилердің арасында ақынмен есімдес ұлдар көбейді. Ақын ға бұдан артық не бақыт керек? Кейін ақынның Республика сарайында өткен кешіне қатыстық. Қасымдағы жігіттер ақынмен жүздесу аяқталғасын ендігі өмірімізде дәл мұндай мазмұнды кешке куә бола аламыз ба, бола алмаймыз ба десіп жатты. Бұл халық ақынын тапжылмай тыңдаған кеш еді. Кеште ақын өзінің билікке неге таласпайтынын айтқан. – Мен елдің басына ақын немесе ақынжанды адамдар келетін болса ақыры қандай қайғылы жайттарға апарып ұрындыруы мүмкін екендігін жақсы сезінемін. Грузиядағы Гамсахурдия, Әзербайжан дағы Елшібейлердің тағдыры сөзіме жақсы дәлел бола алады. Ақын дар – өте намысқой, шалт қимылдайтын халық. Кейде өз іс-әрекеті не есеп бере алмай қалатын кездері де бар. Ал асығыс шешімдердің ауыртпалығы қашанда халықтың иығына түспек. Сөз арасында ақын өзінің Елбасының саясатын кейбір қателік теріне қарамай қолдайтындығын да айтып өткен. Бүгінде осыбір саналы ғұмырын қазақтың ой кеңістігін кеңейтіп, түркі рухын асқақтатуға арнаған ақынға сын айтушылар көп. Ақын ға айып тағушылардың арасында оның жүрек тұсы түгілі белінен де келмейтін рухани ергежейлілердің де ұшырасып қалатыны бар. Ал
айып тағуға негізді көбінесе ақынның өзі тауып береді. «Айтылған сөз – атылған оқ» екендігін біле тұра, ақынымыздың кейде өзіне әбден мәлім бір тұстан, әдейі істейтіндей, қайта-қайта сүріне беретіндігіне таң қаласың. Кешегі қазақ намысының жоқтаушысы уақыт өте келе орыс тілінің қорғаушысына айналғандай аламан тасыр күй кешесің. Неліктен бұлай? Ақын шынымен өзіне әруақты ұлындай сенім ар татын халқына опасыздық жасай бастады ма? Біздіңше, бұлай болуы мүмкін емес. Түйсінуімізде, ақынның еліміздің сыртқы һәм ішкі саясатында ғы қандай да бір ұлттық мүдделерді қорғайтын жұмбақ, жай пенде білмеуге тиіс құпия бағдарламаларға қатысы бар секілді. Бұл саяси бағдарламалардың арасында, әрине, еліміздің орыстілді бөлігінің белсенділігін бәсеңдетіп отыруға тиіс әлдебір тылсым механизмнің де бар екендігі анық. Халық даналығы «Егер айтар сөзіңді біреу ай тып жатса, аузың қышып бара ма» дейді. Елімізде орыс тілінің мүддесін қазақ ақынының аузымен «қорғау да» да осындай астарлы, екі шоқып бір қарайтын сұңғыла саясат жатқан секілді. Ал мұндай, шахмат тілімен айтқанда, терең ойланып барып жаса латын саяси жүрістердің авторлары кімдер болуы мүмкін? Әрине, жауабы біреу-ақ. Ақын сөзін тағы да сәл бұрмалап айта тын болсақ, «Ақын дейміз, Елбасы деп түйсінеміз. Елбасы дейміз, Ақын деп қабылдаймыз». Олай болса, ел алдындағы парызына адал қазақ ақынының «үй ректің жексұрын балапаны» емес, «асылтекті аққулар» санатынан екендігіне күмән келтіру күнә болмақ. P.S Біздің Иса мәсіх пен Иуда, Шыңғыс хан һәм Жамұха, Ел басы және Ақын туралы осы әңгімемізде ұлы мұраттар жо лындағы күрестердің көпшілікке беймәлім, тіпті кейде қалың жұрт күнәһар, опасыз деп қабылдайтын қаһармандары да бола беретіндігін айтқымыз келген. Амал қанша, ұлы күрес тердің басты қозғаушы күші осы күнәһар, опасыз болып са налатын қаһармандардың өздері болып табылатын болса да. Халық мұндайда «бағынан соры қалың» дейді. Кім біледі, бәлкім, «Жүрегі алтыннан соғылған талапты ердің талайы на жазылар «ат басындай шер» дегеніңіз осы болар?!
ЖЫЛНАМАДАҒЫ
ЕКІ ЖОЛДАН ТУҒАН ЖЫР
АҚЫНҒА АРАШАШЫ КЕРЕК ПЕ?
Осы сауал мені соңғы кездері жиі ойлантады. Мен өзімнің Ма
хамбеттің басын алған, Абайды соққыға жыққан халықтың өкілі
екенімді жақсы білемін. Ақан серідей жаны сұлу перзентін ғұмы
рының соңында жалғыздықтың арқанымен байлап, Біржан салдай
саңлақ ұлын білегінен қыл бұраумен шандыған да менің халқым
болатын. Менің халқым... Тек менің халқым ба?..
Француздар Франсуа Вийонын дарға асып өлтірді. Поль Вер
ленін жанына сая таптыртпай бұрыштан-бұрышқа қаңғырт
ты. Виктор Гюгосын жер аударды. Ағылшындар да, орыстар да
жетісіп тұрған жоқ. Өзгелері де. Неліктен?
Мен кейде абыз Гомердің өз гректерінің ортасында соншалық
ұзақ өмір сүргеніне таң қаламын. «Япыр-ау,– деймін іштей, –
бүкіл гректің дүниетанымын, пайым-парасатын масқара қылған
ақынды отандастары қалай еркін тайраңдатып қойған. Зевстен
бастап, бүкіл грек Құдайларына әжуалай күлген сол Гомер ақын
емес пе еді?» Әңгүдік соғыс Құдайы Аресті екі аяқты пендеден
таяқ жегізіп, махаббат Құдайы Афродитаны менмен бойжеткен
етіп суреттеген ақынға замандастары неліктен кеңпейілдік таныт
ты екен? Егер Гомер біздің заманда туса...
Жыл санауымызға дейінгі Гомерді қоя тұрайық, біздің заманда
туса, итальян поэзиясының туын ұстаушы Данте Алигьеридің де
күні күн болмас еді-ау. Ғұмыр бойы Беатричесін ардақтап өткен
осы мәжнүн ақыныңызға бүкіл мұсылман әлемі жабылар-ды. Ал
оның атақты «Құдіретті комедиясы» оқуға қатаң тыйым салын
ған кітаптардың тізімінен табылатындығына дау жоқ. Неге дейсіз
бе? Неге екеніне «Құдіретті комедияны» бір шолып шықсаңыз-ақ
көзіңіз жетеді. Әсіресе, «Тамұқ» бөлімінің жиырма сегізінші жы
рына баса назар аударсаңыз. Өйткені, басқа емес, дәл осы жырда
бүкіл мұсылман қауымының ардақтысы Мұхаммед пайғамбары
ңыз бен әйгілі Әзірет Әлі шеріңіз тозақ отына күюлі екені баян
далған. Мұндай өрескелдігінен кейін Дантені ұлы ақын деуге қа
лай ғана аузыңыз барады? Ми енді не істеу қажет дейді? «Дантені
көрінде өкірту үшін Италияны шабуылдау керек пе? Бәлкім, ақын
ға қойған мүсіндерді қиратып салу үшін біраз бұзақыны Апеннин
түбегіне жібертіп алу керек болар. Әлде салауатты, салиқалы
жолға көшіп, Дантені жүз жылдықтары тойланатын ақындардың
санатынан сызып тастаңыздар деп ЮНЕСКО-ға хат жазсақ па?»
Қысқасы, «Құдіретті комедияның», сәл қозғаушы күш табылса,
ХХІ ғасырда да кезекті комедияны, «Әлемдік комедияны» дүниеге
келтіруіне әбден мүмкіндігі бар секілді. Сосын даудың басы қаза
қы тар қалыптағы Дайрабайдың көк сиыры емес, әлемдік деңгей
де, Дантенің «Құдіретті комедиясы» болып жатса ғажап емес пе?!
Меніңше, осы Дантенің кебін көрші орыстың мәшһүр ақыны
Сергей Есенинге де кигізуге болады. Ол ақыныңыз «Инония»
дейтін толғауында «Ажалдан да, жауын боп жауған найза, жебеден
де қорықпаймын. Менің уақытым келді. Мұны Тәуратқа сүйеніп
пайғамбар Сергей Есенин айтып тұр» деп жібереді. Дәл осындай
мәлімдемені бүгінгі күні қазақ ақыны жасасыншы, көрген күні не
болар екен?
Жоқ. Сергей Есенин жалғыз емес. Байқай білсеңіз, Есениннің
ізбасарлары қазақ поэзиясында да жетіп артылады. «Мен осынау
Аспани құдіретіммен, пайғамбарлық етемін Жерге түгел». Бұл –
Есенин жасында, отызында өмірден өткен ақиық ақынымыз Тө
леген Айбергенов. «Жо-жоқ, Құдай емеспін, пайғамбармын жай
ғана». Бұл жолдар тағы да бір ұлы ақынымыз Жұмекен Нәжімеде
новтың қаламсабына тиесілі. «Өлең жазып жатқанда Құдай да бір,
мен де бір». Тағы бір ақынымыз, қайсыбір білетіндердің айтуынша,
ізденістері Төлеген Айбергенов пен Мұқағали Мақатаев шығарма
шылығына баспалдақ болған Өмірзақ Қожамұратов осылай дейді.
Не істеу керек, Мұхаммед ғалайссаламнан кейін пайғамбар атаулы
дегеніңіз болмайды деп бұларды да Данте, Есениндердің артынан
жіберу керек пе? Әлде бұла шабыттың жетегінде отырғанда айтып
жіберген ғой деп кешірім жасаймыз ба? Сосын әңгімені созып ке
регі не, ендігі кешірім жасап та қойған жоқпыз па? Ол кешірімді,
кешірімді емес, қошеметті олар, ақындар, өз шығармашылықтары
мен, өз тағдырларымен баяғыда-ақ жеңіп алған жоқ па?
Жоқ, басқа ақындардың бұла шабыты үшін де, өзінің талант те
геуріні үшін де қалайда бір ақын жауап беруі керек болып шықты.
Және ең дарынды ақындарымыздың бірі. Кім дейсіз бе? Әрине,
Олжас Сүлейменов.
Қайсыбір бауырларымыз осы ақынға:
Бұйырса,
Шөлге көл боп түнегенмін,
Жел болып көк теңізде
түлегенмін.
Қара Жер,
Қария Жер,
Табын маған!
Тәңірінің,
Құдайың да – мына менмін! – деп келетін жыр жолдарын кеші
ре алмай әлек болуда («Адамға табын, Жер, енді» поэмасынан.
Қ.Мырза Әлі аудармасы).
Меніңше, бұл жолдарда дінаралық қақтығысқа себеп болуы
мүмкін дәл Дантенікіндей күпірлік жоқ екені анық. Сосын, поэ
маны түгел оқыған адам поэманың дәл осы жерінде дәл осы шу
мақтың басқашалай емес, дәл осылай айтылуы тиіс екенін түйсіне
алады. Өйткені поэма алғаш Жер-Ананың тартылыс күшін жеңіп,
адам баласының ашық кеңістікке шығуы туралы. Енді ешқашан
қайталанбас бақытты сәт, көңілді шаттық кернеген шақ. Ал мұн
дай сәтте ақын, егер ол шынымен ақын болса, өзін пайғамбар
түгілі Құ-дайдай сезінетіні анық.
Асылы, бізге ақынға деген көзқарасты көне гректерден үйрену
керек-ау. Олар Гомерді, оның қиялын ғана мойындап қойған жоқ,
кейіпкерлерін де мойындады. Көне грек ақындары он екі ерлік
жасап, тағдырдың талқысынан сүрінбей өткен Гераклдей ажалды
пендеге Құдайлардың санатынан ойып орын алып берді. Ешбір
грек өз ақындарына «бұларың қате ғой, бұларың күпіршілік қой»
деген жоқ. Ал бізде ше? Біз ақынның жандүниесін, онда болып
жатқан ізденіс-тербелістерін түйсіне, түсіне аламыз ба? «Әр
адам – бір әлем». Сыныққа сылтау іздей берсек, осы сөзіміз де
күпіршілік болып шықпай ма?
ЖЫЛНАМАНЫҢ ЕКІ ЖОЛЫ
Дантедей Антика мен орта ғасырдың тарихын, тек оны емес, та
рихқа дейінгі түнек дәуірлердің тыныс-демін де білсем дейтін бір
ақын бар. Ол – осы ақын, біздің Олжас Сүлейменов. Бағымызға
біткен біртуар ақынымыз. Таңдайына Тәңірдің өзі түкірген ақы
нымыз деуімізге болады.
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында археологияда ұлы жаңа
лықтар ашылды. Неміс Генрих Шлиман Гомер Троясының тарихта
расымен болған қала екенін дәлелдеді. Көне Мысыр иероглифтері,
шумер-аккад пен хэттің күйдірілген саз балшыққан шекілген сына
жазулары бүгінгі тілге аударылып, сөйлей бастады. Бұған дейінгі
ғұламалары Тәуратқа сүйеніп, бүкіл адамзатты Адам Ата мен
Хауа анадан тарататын, өз ұлтынан шыққан пайғамбарларды ғана
мойындайтын жебірей оқымыстылары де ендігі жерде жаңа шын
дықты мойындау керек екенін, рухани-мәдени тарихтың шумер
деген халықтан басталатынын айтуға көшті. Тәураттың алғашқы
нұсқалары шумер топырағында дүниеге келгені мәлім болды. Ал
бұл кездері біздің түркітану енді-енді ғана дүниеге келіп жатқан-
ды. Тіпті өзге халықтың оқымыстылары жаңадан табылған жазба
жәдігерлердегі деректермен бұған дейін белгілі тарих арасында
салыстырулар жүргізіп жатқанда, біздің халқымыз ұлы даланың шығысындағы ашық аспан астындағы күн қақты сына тастардың өз тарихынан сыр шертетініне әлі сене қоймаған болатын. Осы лайша хэтті үндіеуропеистика иемденіп, шумер-аккадты семит тер меншіктеп жатқанда біз Ұлы даланың шығысына ғана қарап қалдық. Көкейімізде мың жарым жылдық тарихымызды білсек пе, білмесек пе деген екіұдай ой жатты. Өйткені, біз өзге білімі, білігі биік халықтар тарапынан өткенімізге айтылған кемсітушіліктерге көндігіп қалғандай едік. Олар бізді «жабайы көшпелілердің ұр пақтары, бұлардан бүкіладамзатқа ортақ рухани қазынаға қандай үлес қосылуы мүмкін» десті. Жоқ, олай емес екен .Бүкіл Азия мен Еуропаны мызғып, қалың ұйқыға шомып бара жатқан сәтінен әредік-әредік дүр сілкіндіріп оятып отырған басқа емес, Ұлы даладан Азияның түкпір-түкпірі мен Еуропаға жиі-жиі жорық жасап отырған сол «жабайы көш пелілер» болып шықты. Бірақ мұны білуімізге дейін де біраз уа қыт бар еді. ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарының аяғы мен жетпісінші жылдарының басында бізге Еуропа пен Таяу Шығысқа, оның өт кеніне назар тіктеудің сәті түсті. Назарымызды аудартқан Олжас Сүлейменов болды. Ол көне шумер тілінен түркі сөздерінің сілем дерін тапты. Бағзы түркілер мен этрустерді туыстастырды. Нәти жеде дүниеге әйгілі «АЗ и Я» кітабы (1975 жыл) келді. Бірақ, неге екені белгісіз, көпшілік осы кітаптың бірінші бөліміне ғана баса назар аударып, екінші бөлімі тіпті болмағандай қалып танытты. Иә, бірінші бөлімде славян және түркі халықтарының бағзыдан көрші-қолаң болып келе жатқандығы, мұны орыс тіліне сыналай еніп кеткен түркі сөздері айғақтайтыны айтылатын. «Тауықтың түсіне тары кіреді» демекші, ішінде қазағы бар түркітектестердің дені бұл кездері Олжас арқылы отарлаушы кейпіндегі орыс аға йынды бір оқсаттық-ау деп желпінуден арыға бара алмады. Ал кі тап, «АЗ и Я»-ны айтамыз, шын мәнінде мыңжылдық емес, кемі үш-төрт мыңжылдық тарихты зерделеуді, одан түркі тектестердің жүріп өткен жолын пайымдауды мақсат тұтқан-ды. Кітаптың бірінші емес, шынтуайтында, екінші бөлімінің көтерген жүгі ауыр болатын. Осылайша, аяулы «АЗ и Я»-ның екінші бөлімі бүгінге жақын, көпшілікке түсінікті бірінші бөлімінің тасасында қалып қойса, ендігі бір өкініш, осы «АЗ и Я»-ның көлеңкесінде қалып қойған ақынның тағы бір ұлы шығармасы бар еді. Ол – ақынның шын мәніндегі ақындық талант тегеурінін байқататын «Қыш кі тап» поэмасы. Ассирия патшасы Асарходдонның (б.д.д. ҮІІ ғасыр) жылнамасына түскен екі жолдан ақындық ғаламат қиял құдіреті мен өрбіген бұл поэманы әлемдегі арғы-бергі ең үздік поэмалар дың қатарына қосуға әбден болады.
ТАРИХТАН МАҒЛҰМАТ Асарходдон жылнамасындағы жолдар не туралы сыр шертетін? Иә, онда біздің дәуірімізге дейінгі ҮІІ ғасырдың басында Каспий жағалауынан Қап тауы арқылы көшпелі тайпалардың Алдыңғы Азияға өтіп, Ассирияға бүйірден келіп соққы бергені баяндала тын. Бұл тайпалардың ортақ атауы ишкуздар еді. Ақын «АЗ и Я» кітабында осы атауға іш-оғыздар деп өзгерту енгізген-ді. Және оны «Қорқыт Ата кітабындағы» іш-оғыздармен байланыстырған болатын. «Қорқыт Ата кітабында» тыс-оғыздар мен іш-оғыздар арасында болатын бүліншілік туралы арнайы бір тарауда сөз еті летінін ескерсек, мұндай тайпалар бірлестігінің біздің дәуірімізге дейінгі ҮІІ ғасырда да болуы әбден мүмкін ғой» дейді ақын жо рамалы. Ақын Ассирияның төбесінен жай түсіргендей болған ішоғыздардың көсемінің есімінен де түркілік реңкті байқауға бейіл. Ол Ишпақай көсем есімін Іс-пақа, Із-бағар деп оқиды және оны түркілік қасқыр тотемімен байланыстырады. Осылайша славян және иран тілдеріне ит немесе қасқыр дегенді білдіретін түркі сөзі собака, спаа бейнесінде енді деген байлам жасайды. Міне, «Қыш кітап» поэмасы – осы Ішпақай немесе Ішбақа кө сем тағдыры туралы ақынның өз қиялынан тудырған әфсанасы. Онда ел тағдыры, оның болашағына ел бастаған көсемнің жауап кершілігі туралы сөз болады. Поэманы, үлкен ауқымнан алғанда, далалық көшпелілер мен отырықшы қалалықтар өркениетінің қақтығысы деп бағалауға да негіз бар. Ішбақа көсемнің ақын өзінше топшылап ашқан трагедиясы мы наған келіп саяды: – Бар әлемге әлек салып әулекі, Шайқалады Дүниенің дәулеті. Ол туралы Келешекте Оқулық, Шежіреден танып білмек әулеті. Ол тарихта, Ең болмаса өлеңде Ғашық болып қалмақ еді Ел-елде. Зорлықшы деп Жылнама мен тарихқа Өткіздім-ау Әрең-әрең дегенде.
Ассирия патшасының жылнама –
Тарихына кіргіздіріп бір ғана
Сөйлем баға
Скиф ханы жайында,
Сол пікірді айтып қазір жүр ғалам:
«Хан Ішбақа арғымаққа қонғанда,
Жан жетпейтін хан майданда ол ханға.
Нағыз ұры,
Қарақшы еді ол және».
Аямапты,
Рахмет оған да!
(«Қыш кітап», Қ.Мырза Әлі аудармасы).
Ақын Ішбақа көсем есімінің Ассирия жылнамасында осылай
ша, қарақшы бейнесінде болса да екі жолда сақталып қалғанына
тәубе дей отырып, одан Абыл мен Қабылдан басталатын бүкіла
дамзаттық трагедияның жаңа нұсқасын дамытып шығарады.
ӘФСАНАҒА ҮҢІЛСЕК
Поэма аруақтың әңгімесі есебінде баяндалады. Бұдан 2700 жыл
бұрын дүниеден өткен аруақ алдымен Ішбақай есімді қойшының,
сосын осы аттас студенттің мазасын алады. Ал шынында ол ал
дымен бұдан бірнеше жыл бұрын аспирант Ішбақайды айналдыр
ған болып шығады. Аспирант Ішбақай қалайда ғылыми жаңалық
ашпақ ниетімен таудағы жартасқа қалай оқылуын өзі ғана білетін
сына жазу үлгісімен, бәлкім, аруақтың сыбырлауымен, поэманың
мәтінін шекиді. Бірақ әр нәрсемен әуре-сарсаң боп жүргенде өзі
поэманы шекіген жерді де, оны таба қалған күнде де қалай оқы
луын ұмытып қалады. Бірақ күндердің күнінде бәрі сәтіне түсіп,
жайына келген. Ол өзі қашаған жазуларды тауып, әлем ғалымда
рының назарына ұсынған. Әрине, көне жазуларды оқу тарихынан
белгілі болатынындай, оны әр түрлі елдердің ғалымдары әрқилы
оқиды. Ішбақай өзі жасаған жаңалықтың кілті өз қолынан сусып
бара жатқанын сезеді. Осылай жан алқымға келіп, қиналып жүр
генде ақыры оқудың сәті түседі. Онда Ассирияға б.д.д. ҮІІ ға
сырда шабуылдаған іш-оғыздар, олардың көсемі Ішбақа туралы
баяндалатыны аян болады. Ғалым Ішбақайдың есімі бағзы адам
зат тарихына қатысты кезекті жаңалықты ашушы ретінде бүкіл
әлемге жайылады.
Дәл осы сәтте әлдебір көне аңыздарды жинаушы Ішбақа кө
сем туралы ел арасында осынша уақыт қалай сақталғаны белгісіз
аңыз-жырдың мәтінін де баспаға ұсына қойған. Ал бұл аңызда
Ішбақаның Ассирия жылнамасында баяндалатынындай ешқандай
ұры, қарақшы емес, қасіретті махаббаттың құрбаны екені тәпсір
ленетін-ді.
Иә, іш-оғыздар Ассирияны жаулап алды. Енді олардың шашпа-
төк байлықтың ен ортасында өмір сүруіне мүмкіндік туған. Ертіс
бойында ана жатырына түсіп, Донда дүниеге келген, тек соғысты,
алыс жорықтарды ғана білетін томырық мінез дала жауынгерлері
тойлы-думанды Ассирия қалаларының көшелерінде жынынан ай
рылған бақсыдай күн кешуге бейімделе бастаған. Мұндай өмір
салты сарбаздардың рухын түсіріп, жүнжітіп жіберетінін түсін
ген тайпа көсемдері Ішбақа көсемге келіп өздерін оятуды, жаңа
жерлерді жаулауға бастауын өтінеді. Бірақ оларды жаңа жорық
тарға бастауға Ішбақа ендігі қабілетсіз болып қалған еді. Оның
көзі Іштөре тәңірияның ғибадатханасында зинақорлық жасайтын
Шамхат есімді салдақыға түскен-ді. Бар ынта-шынтасы соған ау
ған болатын. А іш-оғыздардың Ұлы Жазуы, яқи далалықтардың
жазылмаған заңы көсем жасаған сегіз қылмысты елемеуі мүмкін,
бірақ тозығыншысына ешқашан кешірім болмайды.
Махаббат машақатына жолыққан Ішбақа осы қылмыстардың
бәрін де жасап қояды. Енді ол дала заңы бойынша өзі ұрыс да
ласында өліп, орнын басқа мұрагерге табыс етуі керек. Өйткені,
ол төмен етектінің етегіне байланып ездік танытты, өйткені, ол өз
Тәңірін өзгенің Құдайына айырбастап сатқындық жасады. Осы
ның бәрі бір махаббаттың әуресі, әлдебір Шамхат есімді салда
қының пейілін өзіне аудару үшін болды. Бұдан басқа да жасаған
қылмыстары жетерлік. Үнді мен иудейдің сеніміне мазақтап күл
генінің өзі неге тұрады?
Міне, араларынан жаңа көсем сайланды, іш-оғыз бірлестігі деп
аталған қос-оқ, екі-пышақ, тілік тайпалары туған жерлеріне – Ұлы
далаға қайтпақ. Бірақ олар мұның алдында Ішбақа өлуге тиіс соң
ғы майданға кіруі керек. Ішбақа өлгесін оны дала заңымен жер
леулері және шарт.
Ішбақа өліп, соғыс біткесін ұлы ханды арулап жерлеу бастала
ды. Ол кездегі дала заңы бойынша марқұмның қасында қамық
қанда көңілін көтерер қалыңдығы, о дүниеде баптап мінер сәй
гүліктері болуы керек. Кезегімен осы рәсімдердің бәрі жасалады.
Қалыңдығы ретінде жерленуге келіскен Шамхат көрге түсіп,
марқұмның жанында өзіне-өзі пышақ салады. Осы жерде ақын
оқыс шешім жасайды. Ішбақа көсемнің басын айналдырып келген
сұлу бойжеткен ешқандай да Шамхат емес, әйел киімін киген Ас
сирия патшасы Асарходдонның өзі болып шығады. Даланың рухы
өр, бірақ аңқаулау перзенті осылайша қауқары жоқ, бірақ айласы
мол отырықшы қала әміршісі қулығының құрбанына айналды.
Поэма құрылымынан ең алдымен көне шумердің Гілгәмеш ту
ралы дастанының, ондағы қалалық Гілгәмеш пен бұла табиғаттың
ұлы Энкидудің достығы, еркін дала перзенті Энкидудың қалаға келуіне себепші болған тағы бір Шамхат есімді ғибадатхана же зөкшесі туралы әфсананың әсерін байқаймыз. Ақын қаланың қы зылды-жасылды шулы, бірақ рухани мұратынан айырыла бастаған тіршілігіне даланың қатал, бірақ әділ де қарапайым дүниетаны мын қарсы қояды. Бірақ бұл тартыста дала ұлдарының әрдайым жеңіліс тауып отыратынын да ескертеді. Ақынның айтпағы: дала ұлдары қалаға өздерінің берік-сенімдерімен келуі керек, сонда ғана өзгенікіне алаңдамайды, сонда ғана рухы жеңіліс таппайды. Ақын поэмада түркі тектестердің Эллада мен Апеннин түбегін де жаулағанын, көшпелі рулардың Тосканияда өз таңбаларын ба ғаналарға шекіп қалдырғанын, бірақ мұны ешқандай тарихшы ның байқамай қалғанын да өкіне жазады. Біз бұдан «Сөз төркіні» кітабында, Этрурияға бастайтын ғажайып ізденістерге толы жол дың сонау жетпісінші жылдары, ақын тарапынан осы «Қыш кі тап» поэмасында алғаш салына бастағанын аңғарамыз. «Қыш кітапта» ақын тұспалдап айтқан өзге де жаңалықтар аз емес. Біз оларды табуды ендігі оқырмандардың өз еншісіне қал дырсақ па дейміз. Дұрысы да сол болар. АҚЫН ТУРАЛЫ АЗ ҒАНА СӨЗ Шын ақын туралы шын ақын ғана шынайы айта алмақ. Олжас Сүлейменов туралы талай лебіздерді естідік, бірақ біздің білуіміз ше, олардың ішіндегі ең толымдысы тағы бір талантты ақыны мыз, марқұм Жұматай Жақыпбаевтың қаламына тиесілі секілді. Ол «Аға» атты өлеңінде Олжас Сүлейменов туралы былай тол ғайды: – «Қалай, деп, – ағам?» қарадым аспанға кілең, Бағасын жұлдыз көрсетті бас бармағымен. Қасоққа әкеп береді балық пен суын, Іле өзені Қытайдан басталғанымен. Ағам да сондай. Алысты жақынға балап, Қақтырған біздің намыс пен ақылға қанат. Дешті-Қыпшақтан кеп,
Игорьге орысша сөйлеген
Тұрғандай болам сауытсыз батырға қарап...
Иә, Олжас Сүлейменов – біздің сауытсыз батырымыз. Бағасын
жұлдыз бас бармағымен көрсететін бас ақынымыз. Ол бізге тек
Іле емес, сонау Еуфрат пен Тигр, Африкадағы Ніл, Еуропадағы
Тибрден де олжа салып жүрген сирек дарын иесі.
2005 жыл.
ПАЙҒАМБАР КІМ?
АВТОР ШЕ?..
Қолым қалт еткенде әңгіме оқығанды ұнатамын.
Соңғы сүйсініп оқығаным өзіміздің тілі құнарлы, айтар ойы
тұмарлы жазушымыз Жаңабек Шағатайдың «Қаладан келген
қыз» әңгімесі болды. Қазақы, жылы әңгіме. Бірақ мені оқыған
сайын әрдайым таңқалдырудан танбай келе жатқан бір-ақ әңгіме
бар. Ол – аргентиндік Борхестің «Иуда опасыздығы жайлы үш
жорамал» атты шағын ғана дүниесі.
Әңгімеде бүкіл саналы ғұмырын Иуданы ақтауға сарп еткен
Нильс Рунеберг атты әлдекім, һәм оның еңбектері туралы сөз
болады. Әңгімеден алдымен білетініміз, Рунеберг 1904 жылы
«Христос және Иуда» атты бірінші кітабын жариялайды. Ол дү
ниесіне Де Куинси деген біреудің «Бұған дейін Иудаға таңылып
келген айыптардың бірі емес, бәрі де жала» деген сөзін эпиграф
қылып алады. Ал Де Куинсидің өзі осы тақырып төңірегіндегі
тағы бір немістің пікірін дамытушы болатын. Де Куинсидің тұ
жырымы «Иуда Исаны ол өзінің құдай тектес екендігін жария
лап, халықты Римнің бұғауына қарсы көтеріліске алып шығуы
үшін сатты» дегенге саяды. Яғни, Иуда еврей ұлт-азаттық кө
терілісінің жасырын идеологы болған. Міне, бұл – бірінші жо
рамал.
Рунеберг болса Иуда опасыздығының астарынан саяси-әлеу
меттік себеп іздеуден де әрі кетеді. Ол Иуда опасыздығының ме
тафизикалық тылсым жақтарына үңіледі. «Құдай адам келбетіне
еніп жерге түсті, барлық қайғы-қасіретті көрді, адамдар тарапы
нан да оның осы жанкештілігіне сай құрбандық шалынуы керек
еді. Құрбандық Иуда болды. Ол Құдайдың қадір-қасиетін арттыра
түсу үшін, ең ауыр қылмыс – опасыздыққа барды. Құдайды ұлық
тау жолында жаны тозақ отына күйсе де қаймықпайтынын, қай
та бұны өзіне бақыт санайтынын дәлелдеді. Отыз сөлкебай мен
әйгілі сүйістің осындай құпия сыры бар». Иуда опасыздығы жай
лы Нильс Рунеберг жасаған екінші жорамал осындай болатын.
Бірақ Нильс Рунеберг бұл жорамалмен де шектеліп қалған жоқ.
Ол 1909 жылы «Құпия құтқарушы» атты екінші еңбегін жазды.
Ал мұндағы жорамал өз қисынының бөлектігі жағынан алдың
ғы екеуден де асып түсетін. Рунеберг «Иса кергішке керіліпті,
бір күн азап шегіпті. Несі бар, бұндай ауыртпалық жазатайым
жаңылып кетсе кез келген адамның басына түсуі мүмкін. Олай
болса, дәл осынысы үшін ғана Исаны құдайтектес деп аспанда
та дәріптеуге бола ма? Жоқ. Ал Иуданың жөні бөлек. Ол бүкіл
адамзаттың бойындағы бар күнәні арқалап тозаққа кетті. Өзі
иеленуге тиіс даңқты Исаның еншісіне берді. Шын мәнісіндегі
құдайтектес құтқарушы Иса емес, осы Иуданың өзі болатын. Ол
адам болып жердегі бар қайғы-қасіреттің дәмін татып көрді. Қа
рапайым адамның қалпына түсті. Оның жандүниесіне жақсылық
та, жамандық та, пәктік те, күнаһарлық та жат емес. Оның бізді
құтқару үшін кез келген тағдырды, Зұлқарнайын немесе Пифа
гордың, Рюрик яки Исаның талайын таңдауына болар еді, бірақ
ол Иуда болуды қалады» дейді.
Міне, бұл – Рунеберг жасаған сұрапыл үшінші жорамал, оның
айналатын ой өрісі. Дегенмен тарих дәл осылай дамыды ма, әді
лет Иуда жағында болды ма, оны сіз де, біз де тап басып айта
алмаймыз. Тіпті Борхестің өзі де. Сосын бұл, бар болғаны, Бор
хестің қиялынан шыққан шағын әңгіме ғана емес пе? Бәлкім,
Борхес христиан діні тарихына деген өз көзқарасын жеткізу үшін
Нильс Рунеберг деген әлдекімді ойдан шығарып отырған болар?
Шығармашылық еркіндігіне салсақ, бұлай болуы да мүмкін ғой.
Әйтсе де, қаншалықты әдеби туынды дегенмен, Борхес әңгі
месінде қандай да болсын ақиқаттың ұшқыны бар екендігіне
иланасың. Асылы, жазушы шеберлігі деген де осы шығар.
Меніңше, бүгінгі «балама тарих» деп аталып жүрген «бүй
ректен сирақ шығарар» зерттеу еңбектердің ең үздік үлгісі Бор
хестің осы көлемі шап-шағын, мазмұны шып-шымыр шедеврі.
Бірақ біз «балама тарихпен» бірге әлдекімнің әлдеқашан жығы
лып қалған туын көтергісі келетін жалған тарихтың да қатар өмір
сүретінін ұмытпауымыз керек. Оның да өз шеберлікке келгенде
алдына жан салмас «Борхестері» бар екендігін әрдайым жадымыз
да ұстауға тиіспіз. Әйтпесе, тарихта төмендегідей жәйттар болмас
еді ғой.
1857 жылы әлем ғалымдарын таң қалдырған оқиға болды.
Математик Мишель Шаль француз Ғылым Академиясына атақ
ты Паскальдың бұған дейін еш жерде жарияланбаған хаттарын
табыстады. Хаттардың мазмұнымен танысқан адам ғалымның
бүкіл әлемдік тартылыс заңын Ньютоннан әлдеқайда бұрын аш
қанын біле алатын еді. Осылайша, ғылыми ортада «басқа құла
ған алма туралы әфсанаға» күдікпен қарайтындар қауымы пайда
бола бастады. Бірақ бір ағылшын ғалымы ғана сабыр сақтаған
деседі. «Япыр-ау, Паскаль өзі өлгеннен кейін көп уақыттан соң
ашылған астрономиялық жаңалықтарды қайдан алып отыр?» Ол
таңданыстан басы айналған қайталаған ғылыми ортаға осындай
күмәнға толы сауал тастайды. «Иә, расында да,– десті оның сөзін
ғылыми орта, – бұл деректерді Паскаль қайдан алып отыр?».
Сауалына қарай жауабы дегендей, тағы біраз уақыттан кейін
Шаль тарапынан ғылыми ортаға Паскальдің әйгілі Галилеймен
жазысқан хаттары ұсынылды. Бұл хаттарға сүйенсек, ұлы жа
ңалықты ашу жолындағы түнгі аспанды астрономиялық бақы
лауларды Галилей, оның математикалық есептеулерін Паскаль
жүргізген болып шығатын еді. Кезекті таңданыстан тағы да басы
айналған ақсақал, қарасақал ғалымдар қауымы Галилей өлгенде
Паскальдің бар болғаны көкөрім он сегіз жаста ғана болғаны
на да назар аударған жоқ. Мұндай таңқалдырар тосындық ұлы
лардың өмірінде бола береді, «қабілет-қарымы ерте ашылған
кемеңгер ғой» десті. Оларды тіпті Галилейдің Паскальмен жа
зысқан хаттарының төменінде қойылған уақыт белгілерінен көп
бұрын зағип болып қалғандығы да ойландыра қоймады. Әлдебі
реу «осылай да осылай емес пе еді» деп еді, Шаль бұл уақытта
Галилейдің көзі қиналып болса да көретіндігі туралы тағы бір
хатты ортаға тастай салды. Галилейдің өзі көзі шырамытып бол
са да әлденелерді аңғара алатындығы туралы жазып отырса, кім
күмәндансын?
Дегенмен «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деген сөз өзінің
ақиқат екендігін бұл жолы да дәлелдейді. Істі тиянақты тексе
ру барысында, бірде Паскаль, бірде Галилео Галилей болып хат
жазып, Шальдің де, тек фактілерге ғана сенім артып үйренген
ғалым академиктердің де басын қатырып жүрген Верен-Люка
деген ұлылардың қолтаңбаларын қолдан жасағыш алаяқ екендігі
мәлім болды.
Мұндай пысықай алаяқтардан, Құдайға шүкір, шүкір
дейтініміз, оларсыз өмірдің өзі де қызық емес секілді көрінеді
емес пе – өткен ХХ ғасыр да кенде бола қоймаған секілді. Соң
ғы кезде көп дақпыртқа ие болған, дау-дамайдан басы арылмай
жүрген құмық Мұрат Әжінің «Дешті-Қыпшақ даласының жуса
ны» және басқа еңбектеріне үңілсек, осындай тарих фактілерді
өз дегеніне иіп көндіру қабілеті керемет дамыған жылпостық
тың куәсі болатындаймыз. Асылы, Мұрат Әжі христиан әлемі
мен Ұлы Даланы, оны мекен еткен халықтарды жақындастырғы
сы келетін сияқты. Мұндай тұмшалаулы ниеттің арғы жағында
әлдекімдердің (бәлкім, Ватикан болар) саяси сұранысы жатуы да
бек мүмкін. Мұрат Әжі далалықтар ұстанған Тәңірі дінін негізі
нен еуропалықтар ұстанатын христиан дінімен тонның ішкі
бауындай жарастырып жібереді. Әжіге сенсеңіз, Тәңірі дінінің
өз кітабы болған, бұл діндегі жөн-жоралғының барлығы дерлік
христиан дінінің рәсімдерімен егіз қозының сыңарындай ұқсас.
Тіпті, бәрін былай қойғанда, тәңіршілдер дәл осы христиандар
секілді ашамай-крестке табынған болып шығады. Әжінің әр
кітабы ашамай-крестің, христиан діндарларының киімін киген
тәңіршілердің Ұлы Даланың түкпір-түкпірінен табылған сурет
теріне толы. Ал еңбектерінің жазылу шеберлігіне келсеңіз, оқи
сала қалай «әжішіл» болып кеткеніңізді де сезбей қаласыз. Кез
келген деңгейдегі оқырманды баурап алар қарапайым да қағылез
стиль. Көңілде «әттең, біздің ғалымдар да ғылыми еңбекті осы
лай жазуды меңгерсе ғой» деген бір өкініш қалады. («Ғылыми
стиль» деп аталатын, сезімі семіп, быны қатып қалған сүреңсіз
стильді кімнің қашан не үшін ойлап тауып, қалыптастырғанын
бір құдай білсін).
Осы Әжі соңғы он жылдың ішінде біраз оқырманның басын
қатырды. Қазақ тарихшыларының тарапынан оның еңбектеріне
берілген сараптама бағаны көре алмағанымыз және шындық.
Әлде өрелері жетпеді, немесе аш құлақтан тыныш құлақ деп
үнсіз қалғанды дұрыс көрді. Бірақ тарихқа біреу тас атып жат
қанда үнсіз қалған тарихшының Құдайдың өзі санасына сәуле
түсірген шынайы тарихшы екендігіне илана қою қиын.
Әйтсе де, кәсіби тарихшылар үнсіз қалғанымен, Әжі еңбек
теріне соққы беретін дүние, бір қызығы, Әжі шығармалары дү
ниеге келерден көп бұрын жазылып қойған-ды. Ол Лев Гуми
левтің әйгілі «Қиял патшалығын іздеуі» еді. Бұл зерттеуде Ұлы
Даланың шығысында керей, найман секілді көшпелі тайпалар
ұстанған христиан дінінің несториан бағыты туралы жан-жақты
сөз болады. Иә, ол кездерде де, Шыңғыс хан кезеңін айтамыз,
Батыс христиан әлемі араб дүниесіне қарсы соғыста өзіне одақ
тас табу мақсатында Шығыстағы осы несториан бауырларына
елшілер жіберіп баққан. Ұлы Дала төсінде несториандардың он
даған, жүздеген ғибадатханалары болғаны және белгілі. Ал ол
ғибадатханалардың қабырғаларының суреттермен безендіріл
меуі мүмкін бе? Басқа басқа, ислам шариғатындағыдай емес,
христиан діні сурет салуға еш кедергі жасамайды ғой. Сосын
христиан-несториандардың табынатыны ашамай-крест болма
ғанда, мұсылманның жұлдызы мен айы болуы керек пе?
Мұрат Әжі христиан-несториандар салған осы суреттердің
бәрін Тәңіршілердің сызбалары дегеннен әсте танбайды. Барлық
деректері мен дәйектерін осы ойдың төңірегіне топтастырады.
Окладников әлдеқашан зерттеп, зерделеп, көшпелі несториан
дардың мұрасы деп баға берген тастағы жәдігерлер, осылайша,
Әжі қиялының көркемдеуші компоненттеріне айналып шыға
келеді. Бірақ тарихты осынша бұрмалағанына қарамай, Мұ
рат Әжіге де алғыс айтуымыз керек. Ол бізді өз тарихымызға,
Ұлы Даланың тарихына мақтанышпен қарауға үйретті. Өйткені,
Тәңіршілдік пен христианшылдықты өзара жарастырып, қабыс
тырып жібергісі келді демесеңіз, Әжі кітабынан тарихымызды
ұлықтайтын басқа да көптеген деректерді ұшыратуға болады.
Бірақ сол деректердің бәрі әлдебір жымысқы пиғылға қызмет
ететіндігі өкінішті.
Біздіңше, мұндай тарихи фактілерді өз дегеніне иіп көндіріп,
жалған тарихи еңбектерді тудыруға, егер еріншектігі ұстама
са, қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің де мүмкіндігі мол.
Тарихи фактілерден алдымен үлкен ғылыми ортада айналымға
түсе қой
мағандарын уақытына, жағрапиялық ортасына
байланысты сұрыптап жинап аласыз да, оларды өзіңіз ғана бі
летін, бәлкім, өзіңіз қиялдан тудырған белгілі бір кейіпкердің
өз көзімен көргендеріндей етіп әсерлі баяндап шығасыз. Егер
әлдекімдер жаңалығыңызға күдік-күмән келтіріп жатса, «Япы
рым-ау, пәленшенің пәлен деген кітабында, пәлен деген зерт
теуінің пәлен деген бетінде дәл осы дерек тайға таңба басқан
дай етіп баяндалған жоқ па, менің кейіпкерім де дәл осы деректі,
бірақ өзі куә болған жайт ретінде тарата баяндап отыр ғой, бі
реудің білгенін біреу, және сол оқиғалардың тікелей куәсі бол
ған жан білмей ме екен...» деген уәж айтасыз. Сосын сөзіңіздің
растығына кім шәк келтіре алады? Рас, Верен-Люка секілді күні
жетіп, қаусапо тырған зағип Галилео Галилейді тұңғиық ғарыш
тағы жұлдыздар қозғалысын еркін көріп, бақылау жұмыстарын
жүргізе алатын нағыз қырағының өзі қылып қоймасаңыз болды.
Олай жазым бастыңыз екен, алаяқтығыңыз сол сәтте-ақ әшкере
болады.
Осынша әңгімеден кейін қазақ әдебиетінде, қазақ тарихы ғы
лымында біраз дау-шарға түрткі болған Қазыбек бек Тауасарұ
лының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» еңбегіне соқпау, оны тілге
тиек етпеу мүмкін емес секілді. Мысалы, бұл еңбектің соңында
да Верен-Люка секілді қасқа маңдай ғұлама академиктеріңіздің
өзін сан соқтырар саусағы епті сайқымазақ біреулер тұрмағаны
на кім кепіл?
Галилейдің сөз саптасын, Паскальдің ой дамыту жүйесін еркін
меңгерген адам баласына мұндай еңбек жазып шығу аса қиын
бола қоймас. Әрине, біздікі жорамал ғана. Біраз өзіміз түсін
бейтін жерге келгенде, желкемізді бір қасуға қақымыз болар.
Иә, мен әрдайым таңырқап оқитын бір әңгіме бар...
2005 жыл.
БІР АҢЫЗДЫҢ ІЗІМЕН
Жылнамалардың жұлдызды парақтары. Дала жусаны тура
лы әңгіме есіңізде ме? Орыс ақыны Аполлон Майков тамсана жыр
лаған бір түп дала жусаны туралы әңгіме. Онда ел бүлінген аласа
пыран қым-қуыт заманда ағайын-бауырдан бөлек кетуге мәжбүр
болған інісі Артықты туған жеріне қайтаруға ниет еткен қыпшақ
ханы Сыржанның аузынан мынандай сөздер шығушы еді ғой:
Әнін сал туған даланың,
Қоймаса оған егіле,
Жусанын бір түп иіскет,
Тартады ол сонда еліне.
Бас иземеске амалыңыз жоқ, бұл өлең, егер әлем поэзиясынан
сағыныш сезімі жайлы өлең-жырлар антологиясы жасала қалса,
оның бірінші бетінде тұруға құқылы жүректі шымырлатар текті
сиректің қатарынан және Ұлы даланың ұлы перзенттеріне қойыл
ған алғашқы әдеби ескерткіштердің бірі болып табылады. Бәлкім,
бірегейі.
Осы өлеңді оқып отырғанда ділі басқа, діні бөлек орыс ақынын
туған бауырыңдай құшақтай алғың келеді. Неге? Өйткені, ол сенің
байырғы бабаларыңды, олардың тәкаппар да томырық жандүниесі
мен асқақ рухын жатсынбай жырлап отыр. Түркі тектілігін әспет
теуде. Орыс ақынының өзге елдің ұланын өзіндей көріп жырлаған
мәрттігіне шексіз риза боласың. Және түркі баласы алғыс айтуға
тиісті орыс перзенттері жалғыз еместігі де іштей жан қуантады.
Иә, солай, Майков бұл өлеңнің негізін аспаннан алған не ойдан
шығарған жоқ-ты. Ақын қиялына түрткі болған – ортағасырлық
орыс жылнамашысы жазбаларының бір ғана парағы һәм жұл
дызды парағы еді. Онда Сыржанның Артықты елге қайтаруға Ор
бәлкім Орақ есімді қобызшы-жыршысын жұмсағаны, Артықтың
қобыздың үніне де, жыршының жырына да жүрегі толқи қойма
ғаны айтылатын-ды. Тек арнайы алып келген бір түп дала жуса
нын иіскеткенде ғана жат жерде жүрген батырдың жанары жасқа
толып:
– Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық
екен-ау, – деген көрінеді. Орыс жылнамашысы осыдан кейін Ар
тық туған еліне қайтты, одан жаяулап жүріп Суланың арнасын құр
ғатқан әйгілі Қонжық хан дүниеге келіп еді деп баяндайды. («Расс
казы русских летописей. ХІІ-ХІV в.в.» Мәскеу, 1973 ж., 47-бет)
Міне, орыс тарихшылары осы бір оқиға жазылған парақты ар
ғы-бергі орыс жылнамаларының ішіндегі ең әдемі, ең әсерлі бет
терінің бірі деп есептейді. Тіпті орыс жылнамашысы түртіп қал дырған осы деректі кезінде Ұлы дала төсінде жырланған сұрапыл да сұлу сезімді толағай поэманың шағын үзіндісі болар деген жо рамалды да алға тартады. Мүмкін, әбден мүмкін. Бірақ бізге ол поэма жетпеді, жеткені – орыс жылнамасының жалқы һәм жұл дызды парағы ғана. Беймәлім орыс жылнамашысына осы деректі өзгенікі деп өзегінен кері теппей түртіп алғанына алғыс айта оты рып, бұған да шүкіршілік дейсің. Ал мұндай бізге рухымызды демдеп, шүкіршілік айтқызар жұл дызды парақтар тек орыс емес, өзге елдердің көнекөз шежіре лерінде де жетерлік. Біз ендігі әңгімемізде солардың біреуі туралы сыр шертуді жөн көріп отырмыз. Поэмалардан жасалған өткел. Жақында түркі тілдестер ден қазірге Нобель сыйлығын жалғыз өзі ғана иемденіп отырған (2006 жыл) түрік жазушысы Орхон Памуктің «Менің есімім Қы зыл» атты романымен танысып шығудың сәті түсті. Оқып шығып, қайсыбіреулер сөз қылып жүргендей емес, Памуктың ең жоғары әдеби сыйлыққа шынымен-ақ лайық қаламгер екендігіне көзімізді жеткіздік. Осындай жазушысы бар түрік ағайындарды, өздері оны біле ме, білмей ме, бақытты екен ғой дестік. Памук романы орта ғасырлық Ыстамбұл суретшілері жайлы әңгімелейді. Дәлірек айт қанда, бозбала суретші мен кітап безендіруге қатысы бар кісінің бойжеткен қызының басы қайғылы басталып, аяғы әдемі бітетін махаббат хикаясы турасында. Қаламгердің ортағасырлық Шығыс сурет өнері тарихымен, Гете мойындаған әйгілі жеті жұлдыздың бірі Низами Гәнжәуи шығармашылығымен өте жақсы таныс екені аңғарылады. Және бұл бағыттардағы орасан зор энциклопедиялық білімін жазушы романның өн-бойында молынан пайдалана білген. Әрине, орын-орынымен. Нағыз қаламгерге тән шеберлікпен. Бізді романға өзгеше көрік беріп тұрған осынша мол мәліметтің ішінен ерекше қызықтырғаны Низами ақынның «Қысырау-Шы рын» поэмасына қатысты тұсы, Шырынның бақ ішінде серуен деп жүргенде Қысыраудың суретін көріп ғашық болып қалатын тарауына байланысты әңгіме болатын бөлімі болды. Рас, мұн дай тегі, тұрағы беймәлім бозбала немесе бойжеткеннің көркем кескіндемесін көріп құлай ғашық болатын кейіпкерлер галерея сы Шығыс әдебиетінде ешқашан жұтаңдық көрген емес, молы нан ұшырасады. Тіпті олардың тікелей болмаса да біршама жа қын тарихи прототиптері де болған деуге болады. Солардың бірі Үрім (Византия) патшасының қызын суретінен көріп, көңілі құ лаған, болашақ қалыңдығының өтеуіне Византияға Грузияны тізе бүктіріп берген түркі қағаны туралы әңгіме. Осындай қиялға сал сақ сенгісіз оқиғаның кәдуілгі өмірде нақты болғандығы жайлы тарихи дерек ортағасырлық жылнамаларда сақталып қалған (Б.Б .Ирмуханов «Хазары и казахы», Алматы, 2003 ж. 89-бет)
Расында да ғажайып оқиға емес пе! Бұл арада Американың
атақты жазушысы Эдгар Аллан Поның «Кәдуілгі өмірдегі оқиға
лардың кейбірі ғажайыптығы жағынан кейде қиялдан шығарыл
ған сюжеттерден де асып кетіп жатады» деген сөзі еріксіз жадыңа
орала кететіндей.
Әрине, біз «Қысырау – Шырын» поэмасындағы суретке қатысты
тараудың негізінде түркі қағаны туралы осы әңгіме жатыр деуден
мүлдем аулақпыз. Бірақ сүйікті жары Аппақ есімді қыпшақ қызы
болған Низами ақынның бұл оқиғаны білуі ықтимал екендігін де
жоққа шығарғымыз жоқ. Кім біледі, түркі қағанын тәнті еткен Үрім
патшасы қызының суреті туралы тарихи әңгіме оның өз поэмасын
дағы осы бір тұсты шалқар шабытпен әсерлі де сенімді жырлауына
қосымша қуат берген болуы да әбден мүмкін ғой.
Осы тұрғыдан, яғни, тарихи негізін іздеу жағынан келгенде,
бізді Низами дастанымен бірге Мұхтар Шаханов ағамыздың «12-
3=?» деп аталатын поэмасы да қатты қызықтырады. Рас, біз бір
қарағанда тақырыбының өзі тосын көрінетін (алғаш оқығандағы
әсердің ұмытылмаған жаңғырығы деуге де болады – Ә.Б.) бұл
поэманың ақын ағаның өз қиялының жемісі екендігіне әсте де
шүбәланбаймыз. Бірақ ақын қиялына қозғау салған әлдебір бей
тарап күштің болғандығына да еш күмәніміз жоқ. Ол себепші күш
өмірде болған оқиға, немесе көнекөз кітаптардан оқылған әлдебір
тағылымды әңгіме болуы мүмкін, әйтәуір ақын қиялына қандай да
болмасын бейтарап жайттың әсері болғандығы анық.
Сәті келіп тұрғанда, ақын туындысының мазмұнымен оқырман
ды қысқаша таныстыра кетсек, поэма «Кемел ақыл қарттық шақ
та ғана деп, Жастың ісі (негізінен) шала деп» білетін ханның өз
төңірегіне тек шау тартқан қарияларды жинап алғаны туралы әңгі
мелейді. Жастар мемлекеттік істердің бәрінен де шеттетіледі. Биі
де, қазысы да, барлық әскербасылары да тек қарттардан жасақ
талған елде «Жас қауым тәрбиесі лезде ұмытылады». Нәтижесін
де «Жау дабылы естілсе, қора айналып қашатын жүн бастар бой
көрсетеді». «Жастық шаққа жасалған сенімсіздік елді танымастай
өзгертіп жібереді».
Осындай жағдайда ел ішін жайлаған көңілсіздіктен құтылу
үшін өз елінен үш-төрт есе кіші көрші елге соғыс ашқан хан быт-
шыт болып жеңіледі. Ханның өзі тұтқынға түседі. Жеңімпаз елдің
әкімі басынан бағы тайып, пұшайман хал кешіп отырған ханға:
– Бір жұмбағым бар, шеше алсаң азатсың, шеше алмасаң басың
өлімге байланады, ол жұмбағым мынау: он екіден үшті алса не қала
ды? – деген былай қарағанда қарапайым көрінетін сауал тастайды.
Хан қуанып кетіп:
– Тоғыз қалады, – дейді. Тұспал жұмбаққа тұщынар жауап бо
луы керек емес пе, әрине, ханның бұл жауабына жеңімпаз елдің
әкімі қанағаттанбайды.
Хан өлімге кесілейін деп тұрғанда арашаға онымен бірге тұт
қынға алынған жас жігіттердің бірі түседі. Қарсы жақ оған жұм
бақты шешуге рұқсат береді. Сондағы жас жігіттің айтқаны поэ
мада мынандай жолдармен өріледі:
– Иә, иә, балаусаға тас атқан жан оңбайды, –
Деді жігіт, – жұмбағыңыз күрделі-ақ,
Әйтсе де, оны жұмбақ деуге болмайды.
Заңдылық – ол. Заңды білмеу – зор қайғы.
Егер, егер он екіден үшті алсақ,
Ештеңе де қалмайды.
Айлар – жылдың ұланы,
Біздің әрбір жылымыз
Он екі айдан тұрады.
Он екі айда үш ай көктем бар екені белгілі.
Көктем деген табиғаттың таңғажайып ерлігі.
Ол ерліктің даңқын ешкім қаға алмайды шеткері,
Ал жастық шақ – адамзаттың көктемі.
Міне, осы көктем нәрлі болмаса,
Әр тіршілік өз қорегін қажетінше алмаса,
Айырылмай ма бар мағына – көріктен?
................................................................
Бұған қарсы табу қиын күш, айла,
Қараңызшы, тоғыз айдың тағдыры
Байлаулы тұр үш айға.
Оған тіпті жүрмек емес басқа заң.
Мұны және жұмбақ санау зор қайғы.
Сондықтан да он екіден ешқашан
Үшті алуға болмайды.
Алған адам мына біздің ханымыздай сорлайды!
Жігіт жеңімпаз жақ қойған жұмбақты осылай шешеді. Шағын
елдің дана әміршісі он екіден үшті алғанда не қалады дегенде,
өмірден жастық шақты шегеріп тастаса, хал не болмақ дегенді
меңзеген болып шығады. Иә, жастық шақ мазмұнды, мәнді бол
маса, өмірдің ендігі қалған бөліктерінің де ешқандай мағынасы
болмақ емес. Пәлсафалық терең астарлы ойға құрылған ақын поэ
масының оқырманға айтпақ тағылым түйіні осындай.
Ал енді ақын осы бір пошымы бөлек, айтар ойы сүйекті шығар
маға қалай келді деген сауалға қайта оралайық. Әрине, бұл сауал
ға жауап беру үшін біздің ақын қиялына қозғау болған жайтты
анықтауымыз керек. Қазірге жұмбақ ол жайтты немесе жайттар
шоғырын анықтауға бізге ақын поэмасы өткел бола ала ма, міне,
ендігі мәселе осында. Поэманы тудыру барысында ақын санасын
да жүріп өткен шығармашылық қиял қозғалысының бағыттарын
дөп басып тану әрине, еш мүмкін емес нәрсе, дегенмен біздің тал
пынып көргіміз келеді.
Жеңімпаз фильм жайында. 1983 жылы өткен Канн кинофес тивалінде жапон режиссері Сэхэй Имамураның «Нараяма тура лы аңыз» атты драмалық фильмі топ жарып, Гран-Приді жеңіп алды. Кинотуынды жазушы Ситиро Фукадзаваның 1956 жылы жазылған фильммен аттас әңгімесінің желісі бойынша түсірілгенді. Бұл әңгімемен оқырманның «Современная японская новелла. 1945-1978» жинағынан (Мәскеу, «Художественная литература», 1980 ж., 159-189-беттер) толығымен танысуына мүмкіндігі бар. Әйтсе де жапон әңгімесінен нені тұжырымдап айтпақ екендігіміз түсінікті болуы үшін бізге әңгіменің мазмұнын қысқаша болса да баяндай кеткеніміз жөн секілді. Жазушы шығармасы қыс түсіп, жолдарды қар басса сыртқы дү ниемен байланысы күрт үзіліп қалатын тау қойнауындағы шағын ауыл және ондағы ғасырлардан-ғасырларға жалғасып келе жатқан қатал да қатыгез дәстүр туралы. Бұл дәстүр бойынша ауыл тұр ғындары өздерінің қарттық жеңіп, қалжыраған қариялары мен ке йуаналарын құз-шыңдарын мәңгілік қар жапқан Нараяма тауына апарып тастап отырады. Міне, осы соңғы сапарға аттануға О-Рин кемпірге де көп уақыт қалмаған. Бірақ ол әйелі өліп, соңғы кездері халі мүшкілденіп жүрген жалғыз ұлын, әлі аяқтанып үлгермеген немерелерін ойлап қамығулы. Баласына көрші ауылдағы жақында ғана жесір қалған келіншекті алып берісімен-ақ өз еркімен баба лары кеткен сүрлеуге түсуге ынтық екенін көрші-қолаң мен олар дың сөзіне еріп, әжесін мазақтап ойнағысы келетін шәлкес неме ресіне түсіндіре алмай және әлек. Оның үстіне кескін-келбеті де қасиетті соңғы сапарға шығуға лайықты кейуананың жүзіне бір ұқсамай-ақ қойғаны. Жасы алпыс тоғызға келсе де тістері де әлі күнге сап-сау. Соларды оңашада шақпақ таспен соққылып, өзіненөзі әуре болып аузын қанатып жүргені. Япыр-ау, қырсыққанда тісі жоқ кемпірге ұқсау да арман болды-ау... Міне, осы О-Рин кемпірді жоқшылық жан-жағынан қаумалаған түкпірдегі торығыңқы ауылдан күндердің-күнінде баласы Тосу хэй Нараяма тауына апаратын жолға арқалап алып шығады. Қыс қасы, жазушының қаламынан шыққан туындыны ана мен бала ның арасындағы қимастық сезім және қатыгез дәстүр жайындағы аянышты әңгіме деуге болады. Жапон әдебиетші ғалымдары Фукадзава әңгімесі өзінің бас тауын көнекөз «Ямато – моногатари» (Х ғасыр) жинағынан ала тындығын бір ауыздан мойындайды. Себебі бұл жинақта «На раяма туралы аңыз» әңгімесімен төркіндес «Обасутэ тауы» атты шағын хикая бар («Ямато – моногатари», 156 үзік) Тек Фукадзава емес, жапонның тағы бір керемет жазушысы Ясуси Иноуэнің «Обасутэяма – кемпірлер қалдырылатын тау» атты әңгімесі де (Ясуси Иноуэ, «Сны о России», Мәскеу, 1987
ж., 358-372-беттер) «Ямато – моногатаридегі» осы жоғарыдағы
аңызбен тікелей өзектес.
Ал «Ямато – моногатаридегі» және одан дамытылып шыққан
халық аңызының («Легенды и сказки древней Японии», Екате
ринбург, 2005 ж., 82-бет) мазмұны қандай еді? Бұл жерде оларды
қайталап жатудың түкте қажеті жоқ сияқты. Есімізге өзімізге бала
күннен таныс түркілік аңызды түсірсек те жеткілікті болатындай.
Иә, сол, ақылынан алжасқан қатыгез ханның олардан ендігі жер
де еш қайыр жоқ, ақсақал біткеннің барлығы өлтірілуге тиіс де
ген жарлығына мойынсұнбай, өз әкесін аман сақтап қалған, кейін
көпті көрген сол әкесінің кеңесі арқылы қу мекиен тақыр далада
су таппай қиналған ханның қалың қолын тығырықтан аман алып
шығатын жігіт туралы аңызды. Бұл су астына көлеңкесі түсіп
жатқан асыл тасты тағы да сол әкесінің ақылы бойынша өзен
жағасындағы бәйтеректің бұтағына салынған ұядан іздеп тауып,
ханды таң-тамаша қылатын, ақырында ханның жарлығы қателік
екендігін мойындататын жігіт жайлы аңыз. Ясуси Иноуэ «Обасу
тэяма тауы туралы аңыз» буддизммен бірге Үндістаннан келген
болса керек деген болжам жасайды. Мүмкін. Бірақ ол аңыздың
жапон аралдарына аяқ баспай тұрып, алдымен қазақ даласында
аялдағаны да әбден шындық. Әйтпесе, біз «Ямато – моногатари
дегі» әңгіменің онымен егіз қозыдай ұқсас түркілік нұсқасына куә
болмас едік қой.
Жапон қиялы түркі даласында тыныстап, толысқан аңыз әңгі
меден әлемді мойындатқан фильм жасап шығарды. Түп-төркіні
алдымен түркіге телінуге тиіс әңгіме білдей екі жапон жазушы
сының көркем туындысына арқау болды. Әрине, бұл көне кітап
тағы жалғыз беттік хикая үшін аз абырой емес. Міне, біз жоғары
дағы Шаханов поэмасын жапондарда шырқау шыңына көтеріліп,
әлемдік дүниеге айналған осы аңыздың қарама-қарсы бағытта
қозғалып, пәлсафалық һәм көркемдік шешімін тапқан нұсқасы
деп білеміз. Және қазірге әлемде жоқ үздік нұсқасы деп танимыз.
Өйткені қарттық – адам ақыл-ойы пісіп жетілетін күз маусымымен
үндесетін болса, онда жастық шақ сол жемісті күздің негізі қала
натын адам өмірінің көктемі емес пе! Біздіңше, бағзыдан жеткен
түркі аңызы мен Шаханов поэмасын бір кесек шығарманың өзара
мазмұндас қос өрімі іспетті ширата отырып, көрерменге айтары
жапонның «Нараяма туралы аңыз» фильмінен де салмақты жаңа
туынды ұсынуға әбден болатын сияқты.
Сөз соңы. Біз бұл арада жапон фильмін бекер тілге тиек етіп
отырған жоқпыз. Өйткені оның негізінде алдымен біздің бабала
рымыздың қиялына қозғау салып, рухани әлеміне шым-шымдап
сіңген тағылымы мол бағзы заман аңызының сұлбасы жатыр.
Егер Памук романы Низами Гәнжәуидің «Қысырау-Шырын»
поэмасындағы суретке қатысты тараудан қуат алып серпілсе, қа
зақ ақыны Шахановтың біз сөз еткен поэмасы осы көнекөз түркі
аңызымен үндес болып табылады. Рас, қайсыбір оқырманның
көнекөз аңыз қарттыққа тән даналықты ұлықтаса, ақын поэмасы
жалынды жастықты жырламай ма, екеуінің бір арнадан бастау
алуы еш ойға сыймайды деуі мүмкін. Біздіңше, мұндай сауал тіпті
творчество иесінің өзі де түсіне бермейтін ғажайыбы, қалтарыс-
бұлтарысы мол шығармашылық процесті, оның сыр-жұмбағын
түсінбеушіліктен ғана туындамақ. Әйтпесе, қарттықтың баға
сын білген халықтың және оның өкілі, шын мәніндегі рухани үні
болып табылатын ақынның жастық шақ туралы да тығылымды
әңгіме тудыруға талпынбауы тіптен мүмкін емес. Міне, осы ба
қыт, жастық шақ туралы толымды да тартымды шығарма тудыру
мәртебесі ақын Шахановтың талайына бұйырып отыр. Және ол
шығарма байырғы бабалар аңызын еске түсіреді, онымен жатыр
лас туынды болып табылады. Өткеніне әрдайым үңіле қарайтын,
«Нараяма туралы аңыз» фильмін түсірген, бұл тақырыпқа екі бір
дей жазушысы қалам тербеген жапондардың Шаханов поэзиясы
на құмарта қараушылығының сыры да, бәлкім, осында, ақынның
бабалар мұрасын дамыта білу қасиетінде жатқан болар.
Әңгімеміздің әлқиссасына оралсақ, орыс жылнамашысы сүйсі
не отырып парақ бетіне түсірген, тағы бір орыс ақыны Аполлон
Майков тебірене өлеңге айналдырған жәдігер еврей жазушысы
Морис Симашко шығармашылығының ең биік белестерінің бірі
не айналды. Басты рөлде қайталанбас дара талант иесі Нұрмұ
хан Жантөрин ойнайтын «Бейбарыс» фильмі осы қаламгердің
«Жусан» атты хикаясының желісі бойынша түсірілген. Егер ға
сырлар қойнауында қалған асылдарымызды осылайша өзгелерге
үлестіріп бере берсек, жазушы Қойшығара Салғарин Қытай мұ
рағатында сақтаулы көнекөз шежіреден өз көзімен көргенін егіле
отырып жазған Мүде тәңірқұты туралы ғажайып әңгімелер де өз
гелердің қанжығасында кетуі ықтимал. Қытай киногерлері ертең
«Шыңғысханнан кейін ұлы рух иесі Мүде туралы фильм түсіруге
кірісіп жатырмыз» деп жарияласа еш таңдануға болмайды.
Міне, бір аңыздың ізімен жасаған сапарымыз бізді жан қын
жылтар осындай әңгіме айтуға мәжбүрлеп отыр. Сенің бабаларың
қалдырған мол рухани мұраның қадіріне өзгелердің жетіп жатқа
ны ғана көңілге сәл де болса жұбаныш болатын секілді.
ІІ-бөлім
ӘДЕБИ МАҚАЛАЛАР,
АУДАРМАЛАР
ӘТЕШ ҮШІНШІ РЕТ
ШАҚЫРҒАНДА...
Соңғы кездері бүгінгі қазақ кітап оқымайтын болды деген пікір
жиі айтылып жүр. Ара-тұра бұл ұлттық рухани құлдырауымыздың
басы деген де көріпкелдік ой бой көтеріп қалады.
Әдебиетшілеріміздің осылай бар кінәні халыққа арта салуы
«сезікті бұрын секірер», «беймаза жеңеді, бейшара көнедінің»
кері емес пе екен?
Бәлкім, оқырманның жоқтығына жазушымыздың өзі кінәлі бо
лар немесе оқырман бар да оның талабына жауап бере алар кітап
жоқ шығар?
Зиялы қауымның, оның ішінде әдебиетшілеріміздің ұлт бола
шағы алдындағы жауапсыздығына қарапайым халық қашанғы
кінәлі бола бермек?
Осындай сауалдарға жауап беру арқылы, біз төмендегі мақалада
мәселені керісінше қарастырдық. Бұл жерде жазушы оқырманға
емес, оқырман жазушыға сын айтады.
«Киелі хабардағы» жазуға қарағанда әлдебір кештегі жиында
Иса Мәсіх Петр сахабаға: «Таңға дейін әтеш үш рет шақырады,
оған дейін сен менен үш рет безініп үлгеретін боласың», депті-
мыс. Сонда сахаба: «Бұлай болуы еш мүмкін емес. Сізге Тәңір ха
бары түскен алғашқы күндеріңізден серікпін. Тәңірге, Тәңірінің
ұлы Сізге кәміл сенемін. Бұл сенімімнен ажал алдында тұрсам да
бас тарта алмаспын» деп жауап берген көрінеді. Одан кейінгі оқи
ғалар дамуы барысында Иса мәсіхтің айтқаны расқа шығып, пай
ғамбар басына зұлмат шақ туғанда, Петр сахабаның үш рет безініп
үлгеретіндігі де, тек әтеш үшінші рет шақырғаннан соң ғана сана
сы оянып, сенімі қалпына келетіндігі де, сонда Иса мәсіхтің айт
қан көріпкелдігі есіне түсетіндігі де сол әлде Лұқа, әлде Жоһан
жазған «Киелі хабарда» тағы да тәпсірленіп баяндалған-ды. Пай
ғамбар сөзіне күпірлік жасап, күнәға батқанына қорланған Петр
сахаба сол сәт шыдай алмай еңкілдеп жылап жіберіпті-міс. Кім бі
леді, рухы ібіліс тіліне еріп, осал тартқандығына іші қан жылаған
болар. Біздің ұлттық әдебиетіміздің қазіргі хал-күйі Петр сахаба
ның бас аяғы бір түнде басынан кешіретін осы сана сергелдеңіне
ұқсайтын сынды.
Құдайдың бір аты ар болса, әдебиет сол ардың ісі. «Өлеңге
әркімнің-ақ бар таласы» деп ұлы Абай айтқанымен, Құдайдың
жердегі шаруасымен екінің бірінің айналыса беруге құқысы жоқ.
Ішкі дайындығы, рухы да жетпейді. Мұхаммед пайғамбар әлдебір
поэзия туралы әңгімесінде «Ақын болмысы Алланың қазына сы» деген екен. Демек, ақынның бүкіл шығармашылығы, тыныстіршілігі көктегі сол тылсым жаратылыстың жетегінде жүрмек. Оның аузына «Хан емессің, қасқырсың, қас албасты басқырсың. Достарың келіп табалап, дұшпаның сені басқа ұрсын» деген бет қаратпас сөзді де, «Мен осынау Аспани құдіретіммен, пайғамбар лық етемін жерге түгел» деп айтқызып, рухын асқақтататын да осы құпия құдірет.Тіпті Құранның өзі керемет ақ өлең үлгісімен жазылғандығын неге ұмыта береміз. Мұхаммед пайғамбардың өзі де өмір бойына асылзада поэзияның шын жанкүйері болып өткен деседі. Әттең, бүгінгі мұсылман қауымы «Құранның» Мұхаммед арқылы көктен түсуіне поэзияға қаншалықты қарыздар екендік терін бір сәт сезінсе ғой. Олар Мұхаммед рухының биік, жанының таза болғандығын ғана біледі. Ал осы тазалыққа ол кісі қалай жетті, ол жағында шаруалары жоқ. Жан қысылғанда боқтық түрінде бол са да шындық айтылады дегендей, осы жағына назар аудара алар өресі болса, молдасы бар, басқасы бар бүкіл мұсылман әулеті на ғыз өлеңқұмарлар әулеті болып шыға келер еді-ау. Бұл жағынан Иса үмбеттері бізден көш ілгері. Олар поэзия қадірін білмесе де, сөз қадірін жақсы біледі. Өйткені, Иоаннан қалған «Киелі хабар» «Басында Сөз болды, Сөз Тәңіріде болды, Сөз Тәңірінің өзі еді»,– деп басталады. Демек, Құдайдың бір аты Ар болса, бір аты Сөз. Бір кездері «Сөзбен Күнді тоқтатып, қамал бұзған» құдірет иелері екі аяқты пенде біздің арамызда да болған дейді ескі аңыздар. Өзіміз кешегі күнге дейін мойындамай келген бақсылар поэзиясы осын дай тылсым күшке ие. Қалай дегенмен де, бақсылықтың практика сына үңілетін болсақ, бір кездері поэзия адамның жаны ғана емес, тәнін емдеуге де, тұрмыс-тіршілігіне қарасуға да қолынан келгенше ат салысқандығының куәсі боламыз. Ендігі жерде поэзияны транс цендентальдық деңгейде түсіндіруден оның жердегі нақты жағда йына қайта оралатын болсақ, осындай рухани мұраға ие ақындарды да соңғы уақыт ібіліс иектей бастағандығы аңғарылады. Сахаба Петрді бір түнде үш рет сүріндірген ібіліс ақындары мызды күніге отыз үш рет сүріндіретін сияқты. Осындайда есіңе ой алыбы Бальзактың «Идея фактыдан әрдайым жоғары тұрады» деген қанатты сөзі еріксіз оралады. Таза поэзияның, оны жасайтын шабыттың құдіретпен тікелей байланысы бар екендігі анық, оған мысал келтірдік. Поэзия болмысы трансцендентальдық қасиетінде пендеуи түсініктен қаншалықты жоғары тұрғанымен, төңірегін дегі күрес-тартыс, одан өрбитін нақты оқиғалар басқаға мегзейді. О бастағы көтерер туы Аспани болғанымен, поэзия және Ақын саясаттан, қоғамның өмірінен, ортаның әсерінен ешқашан бейта рап қала алмақ емес. «Ақын жаны кірпияз, жамандыққа төзе ал майды». Кешегі Кеңес өкіметі тұсында ар-намысы үшін жекпежекте атысып мерт болған екі ақын өмірбаянын орыс әдебиеті
оқулығынан жата-жастана оқып, жатқа айтып өстік. Екеуін де
құртқан Патша мен оның тоғышар шенеуніктері екен. Бейнебір
олардан кейінгі ақындардың бәрінің өмірі сәтті аяқтала берген
сынды. Сөйтсек, Кеңес өкіметі де тікелей ақын рухы мен сүйегінің
үстінде құрылған болып шықты...
Поэзияның жаратылыспен тікелей байланысы бар екенін құлақ
қа сіңірумен өткен Александр Блок суық бөлмеде аштықтан бұра
тылып жатып қайтыс болады. Ал, осыдан екі аптадай уақыт кейін
адамзаттың алтыншы сезімі оянар сәтті аңсаумен өткен Николай
Гумилев әлдебір түрменің ауласында атылған болатын. Обалы
не керек, куә болғандар қорқақ есінен танып, қайсардың буыны
қалтырайтын осы сәтте ақын өз жендетінің бетіне жымия қарап
тұрды деседі. Әттең, Достоевскийге берілген кешірім оған да жа
салса, біз бен сіз небір керемет рухани дүниелердің куәгері болар
ма едік. Бір ғажабы, осы екі ақын да өздерін бір кезгі қысық көз
ғұндардың ұрпағымыз деп есептеген. Осы арада Николай Гуми
левтің баласы Лев Гумилевтін түркі тарихын қалпына келтірудегі
ыждағатты, қаһармандық еңбегін бір сәт еске ала кетсек жетер.
Ал жиырмасыншы ғасырдың Дон Кихоты Велимир Хлебников
подвалда жан тапсырғанда, қасында мына қайыршы кезбеге не
болды деп әуестенген жас балалар ғана болған көрінеді. Өлеңді
есеп жүйесіне салу арқылы ғаламның құпиясын ашсам ба деген
осы ақын арманының қасында бәріміз аласа тартарымыз анық.
Ал Кеңес өкіметімен көңіл қосқысы келген В.Маяковский аты
лып қалса, Сергей Есенин мойнына қыл арқан салды. «Өзге елде
сұлтан болғанша, өз елімде ұлтан болғаным дұрыс» деп Отанына
оралған Марина Цветаева – бұрын-соңды жер бетінде өткен әйел
дердің рухы ең өрі, әлдебір ақсаусақтардың күнә мен қылмыс иісі
күңірсіген кір-қоңын жуып, тіршілік етеді. Ақыр соңында темекі
ге тиын-тебен таба алмай мұқтаждықтан қысылған ақын әйел өз
өмірін өзі үзуге мәжбүр болған. Шіркеу кешегі күндері ғана әйел
ақынның өр рухын азалап, жанын жайландыруға рұқсат берді.
Міне, сізге әйел образындағы Никколо Паганини...
Әттең, біздің қазақы түсінігімізге адамды, оның жан-дүниесін
зерттеудің психоанализдік әдістері әлі сіңісе қойған жоқ. Болма
са аты дардай талай әдебиетші ағаларымыздың сырты бүтін, іші
түтін жан дүниесін жалаңаштап беруге болар еді. Бірақ бұл жала
ңаштау «Кіл құдайлардың ішінде құдай емесі інісі» деп бір ақын
ағамыздың ауылдасының әдебиет пен әдебиетші жайлы қазақы
сәби түсінігін зілсіз ажуалағанындай болып шықпас еді. Оның
үстіне бізде шығармашылық адам өмірінің биографиясын психо
логиялық иірімдермен жазу іспетті әдебиеттің танымдық ең ке
лелі жанрларының бірі де әлі күнге өз дәрежесінде дамымай келе
жатқандығы қолбайлау...
Әңгімені орыс әдебиеті өмірінен мысал келтіруден бастауымыз дың әртүрлі объективті, субъективті себептері бар. Бұл үшін орыс шыл, батысшыл деп кінәлау дұрыс бола қоймас. Өйткені, оның тарихында Пушкин, Лермонтовтай ақыны, Толстой, Достоевский сынды ұлы жазушылары болған. Өйткені, бұл әдебиет орыс ұлтын әлем халқына қазан төңкерісіне дейін танытып үлгерген. Орыс ақыны айтқандай, «Поэт в России больше-чем поэт». Ал біздің әдебиет бұл кездері Абай поэзиясы қажет пе, қажет емес пе деген сәби сауал төңірегінде таласып жатқан-ды. Бұл айтыстың ақыры Мағжан, Сәкен, Ілияс, Бейімбет... есімдерін санап жату әбестік болар, жалпы әдебиет киесін, поэзия қасиетін ібіліс қаруының ұңғысына байлап берумен аяқталғаны белгілі. Петр сахабаны бір түнде үш рет сүріндіретін қанатты құс қазақ әдебиетінде осы кезде бірінші рет шақырған-ды. Біз оны байқамадық. М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтер жасырын рухани майданға кетті. Қазақ әдебиеті үшін Әуезов шығармашылығы қаншалықты бағалы екені белгілі, өмірінің соңында «Тазалауды Авгийдің ат қорасынан бастайық» деген Ғ.Мүсірепов өмірін Петр сахабаның өмірімен байланысты руға, рухани параллель жүргізуге бола ма? Әбден болады. Шіркеу және бай-манаптар Иса ілімінің қағидаларын өз қажеттіліктеріне қалай бұрмаласа, қазақ әдебиетіндегі «жаңа рухани патриархтар да» осы нәрсені жасағысы келді. Өйткені олар үшін әдебиет кие ден жұрдай күнделікті күнкөрістің құралы ғана-тын. Олар өз ізба сарларын да осындай рухта тәрбиеледі. Әдебиет ауылына тарихи философияға тісі батпайтын, Тәңірінің өзін көшеде тірі кездестіре қалса тепкілеп кететін ділі дүмбілез «дарындар» қаптай бастады. Өлең былай тұрсын, прозаның өзінің ой жүгіртер алаңы тым та рылып кетті. Бұл кезеңдегі қазақ прозасының оқиға өрбісі «бір ағаш, бір ай, екі адам, тағы біраз уақыт өткенсін бір ағаш, бір ай, бір адам» төңірегінде немесе парторг пен директор тартысы ауқы мында ғана болатын десек, қателеспейтін шығармыз. Шығарма шылық ізденіс күрт құлдырап кетті. Әрине, бұл шығармашылық интуициясына сүйеніп, әдебиет басқашалау болуы керек-ау де гендер табылмады деген сөз емес. Ондайларды аяқтан сын шалса, төбеден социалистік идеология тоқпақтады. Екі жақты майданға шыдай алмай бұлардың көбісі жүректен кеткені жасырын емес. Әдебиет тек өткенді жазу емес, белгілі бір дәрежеде болашақты болжаудың да құралы екендігі ұмытылып қала берді. Тарихи оқи ғаларға параллель жүргізу, жеке адам түсінігінің қатпарларына саяхат жасау, кеңістік пен уақытта еркін қозғалу сынды әлемдік әдебиеттің ең соңғы әдіс-тәсілдерінен мақұрым қалған қазақ тіл өнері ендігі жерде құр жалаң қызыл сөзділікке айналып бара жат қандай... Жазушылар одағына 600-ге тарта жазушының тіркелуі де қазақ үшін жазушылықтың науқандық кәсіпке айналғандығына айғақ болса керек. Ақыр соңы көш бастар әдеби сынымыз пла
гиат әдебиеттен шын шығармашының өзіндік ізденіс қолтаңбасы бар туындысын ажыратып алуға қабілетсіз болып қалды. Аруағы кешірсін, бүкіл өмірі қазағым деп шырылдап өткен әлдебір сын шы ағаның Олжас Сүлейменовтың «Қыш кітабын» мансұқтағаны әлі есімізде. Құдайым-ау, тарихқа, әдебиетке, дінге талдама жа сай білетін болсақ, біздің әдебиетімізге, қазақы түсінігімізде нақ ты пародия осы поэма емес пе?! Қазақ атының тұяғы қай жерді баспады, ауыздығымен алысып тұрып қай өзеннен су ішпеді? Ел басымыз Ишпақай, ақынымыз Көтен болса, бізге емес, екі аяқты дүмшені арқалаған атқа обал болғаны да! Қазақ жазушысы өзіне Кеңес үкіметі тұсындағы жетпіс жыл да салауатты оқырман дайындай алмады. Қазақ кітапқұмарлығы стихиялық ыңғайдағы баянсыз кітапқұмарлық болып шықты. Бәлкім, науқаншылық сипаттағы кітапқұмарлық еді десек те қа телеспейтін шығармыз. Олай болуының да әртүрлі әлеуметтік, психологиялық себептері бар. Өз алдына әңгіме етуді қажет ететін өзекті тақырып болғандықтан, бұл жерде оған тоқталып жатуды жөн көрмедік. Жалпы, қазақ әдебиетінде шу шығарып, оқырман сүйіс пеншілігіне бөленген шығармалардың дені желісін халқымыздың өткен тарихынан тартатын шығармалар. Өткенді жазған дұрыс шығар, бірақ сол өткеніміз бүгінгі күнмен жең ұшынан жалғасып тұруы тиістігін жазушыларымыз жадынан шығарып алды. Болма са, кешегі даланы жазып жүріп, бүгінгі қалада сол қазағына мола қазылып жатқандығын іштей сезбеді ме, сезді. Сонда әрекетсіз отырып қалғандықтарын қандай себептермен түсіндіруге болады? Жоқ, әдебиет болмады емес, болды. Бірақ, сол әдебиет социа листік реализм тонын жамылған романтикалық сарындағы әде биет еді. Мысалы Оралхан Бөкеев кейіпкерлеріне тұтасымен еліктей алатын бір жан тауып бере аламыз ба? Дау жоқ, мықты жазушы. Бірақ... оның туындылары ешкімді де психологиялық дайындықтан өткізе алмайды. Қала мен дала ортасында жүрген бүгінгі қазаққа басқа әдебиет керек. Сол әдебиет болмай қазақ кі тап оқымақ емес. Ақын ағам айтады: Алпысыншы жылдар. Ауылдағы кітапхана ға «Махаббат, қызық мол жылдардың» төрт данасы түсті. Бүкіл ауыл болып оқыдық. Кітап оқуға да халық кезекке тұратындығын осы кезде байқадым. Ақыр соңы өмірінде бір кітап оқымаған же ңешем де үйдің жұмысынан қолы қалт босай қалған сәтте құнттап жүріп оқып шыққаны әлі есімде. Тағы да сол ағам айтады: «Махаббат, қызық мол жылдар» сон шалықты керемет туынды емес. Алматыға келіп көргеніммен кі таптан оқығанымның арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Ауыл жастары қалаға әлі де сол «Махаббат, қызық мол жылдар» әсерімен аттанады. Бейнебір ауылда да, қалада да уақыт тоқтап
қалғандай. Жазушыларымыз әлі күнге 45-жылдардың рухани ат мосферасын алға жылжыта алмай жатқандығы жанға батады. Сексенінші жылдардың жастары жата жастанып жатып оқыған тағы бір шығарма М.Мағауиннің «Көк мұнары» еді. Дәл қазір осы эгоист Едігенің қашама аспиранттың көз жасына қалғандығын кім санап бере алады. Бұл жас қазақтың білімі болғанымен, бас тігер идеясы жоқ еді. Ақыры әлдеқайда қаңғып кететіні де сол идеясыз дықтан. Бәлкім, жазушы рухани бүлікші образын жасауға талпын ған болар. Солай болса да бұл талпыныс сәтсіз талпыныс. Сексенінші жылдардың өлеңге таласы бар жастары әдебиетке «Мұқағали арақ ішкен, біз де іше аламыз» деп келді. Сәби түсінік пе, сәби түсінік. Мұқағали тағдыры сонда қала қақпасының ұс тынына дарға асылған Франсуа Вийон өмірінен аянышты ма, әлде түрмеде өмірін өткізген Комоэнс тіршілігінен бейшара ма? Түсініксіз. Франсуа Вийон корольге тіл тигізген адам. Ал сана сын арақ улаған жаңағы перілер бас аяғы айналдырған он жыл ішінде рухани күреске қабілетсіз мүгедек болып қалды. Әттең, осыларға француз символисі Артюр Рембоның поэзияға адал дығын берсе, киелі әдебиет ауылының ауасы көңірсіген иістен сәл де болса арылған болар еді-ау. Өйткені, бұлар әдебиетті жа саған жоқ, әдебиетпен әуестенді. Құмарын басты. Тәндік ләззат алғанымен, рухани ләззат сезіну биігіне көтеріле алмады. Ендігі әдебиет үшін қысылтаяң сәтте олардың дені әдебиет майданын тастап кетіп жатыр. Әдебиет – рухани майдан алаңы. Рухың мық ты болмаса тәнің, жан-жүйкең таяқ жейді. Бұл жағынан алғанда әдебиетші де спортшы секілді, жақсы көрсеткіш байқатуға тыры сады. Бірақ, спортшыға жақсы көрсеткіш байқатамын деп тәнге есірткі егу қаншалықты зиян болса, әдебиетшіге де жалған еліктеу – солықтаудың тиімсіздігі соншалықты айқын. Бір Мұқағалидың аруағы риза болар, ал Данте, Шекспир, Лермонтов аруақтары ше? Жеке ақын шығармашылығына, ақын өміріне көз жұмып табыну қажет еместігін осы мысалдар-ақ дәлелдер. Шығармашылықтағы осы жеке басқа табынушылық дерті әдебиетіміз өресін әлі күнге өсірмей келе жатыр. Қазақ әдебиетінің бір адам шығармашылы ғына тән ойлау шеңберінде қалып қоя беруі, бүкіл адамзаттық ой кеңістігіне шыға алмауы – бұл да ғаламдық поэзия рухының, әде биет рухының алдындағы әлсіздік. Қысқасы, тоқсаныншы жылдар ұрпағы әтештің екінші шақырға нына, Петр сахабаның өз сенімінен екінші рет безінуіне куә болуда. Кешегі кемі жүз мың оқырманы бар жазушы бүгін халқына ренішті көрінеді. Солар ертеңгі оқырманның арасынан он оқыр ман таба алар ма екен, осыны неге ойламайды. Біз бұл арада про заны бекер тілге тиек етіп отырғанымыз жоқ. Ақын ерте көктемде табиғаттың тылсым күшімен ағаш бұтағын жарып шығатын бүртік
болатын болса, прозашы сол бүртікті жаңбырсыз алты ай күтіп, бағып, жемісін күз болғанда халыққа ұсынатын еңбекқор бағбан. Бұл сөзімізге дәлел ретінде арыға бармай-ақ, әлеуметтану, сая саттану, психоанализ сынды бүгінгі қоғамды, адамзатты зерттеу ілімдерінің бастауында Шекспир, Бальзак, Достоевский прозала ры тұрғандығын айтып өтсек те жетер... Әлем әдебиетіне үңілсек, Эдгар Аллан По жынданып өледі, Хэмингуэй атылып қалады. Джек Лондон, Акутагава Рюноскэ дәрі ішіп өлген. Мисима харакири жасаған. Достоевский жала ңаш жүйкесі қысымға шыдай алмай жарылып өлді. Толстой үйі нен қашқан. Егер жаратылыста қайта туылу заңы шынымен бар болатын болса, Будданы тағы да бір рет «Ясная Полянада» туылып, қайтыс болып еді деп айтуға болатын шығар. Бұлардың бәрі рухани жан дүниесі мазасыз ізденісінің құрбаны болғандар. Айтпақшы, Эд гар Аллан По бүгінгі ғылыми криминалистиканың негізін қалаушы. Олардың тіршілігін ұстап тұрған да осы адамзатқа керек-ау деген әлдебір ішкі жан-дүние ізденісінен туындаған идеялар еді. Олар өз дерін әдебиетке алып келген сол идеяға өмірлерінің соңына дейін адал болды, рухтары көкке кеткенше қызмет етті. Ал біздің кейбір жазушымыз, адамзатқа, қала берді өз халқына берер ешқандай идеясы болмаса да, әдебиет деген киенің жағасы на жармасуын әлі қояр емес. Әйтпесе, жандарынан идея шығара алмаса, өздері «сеніммен» қызмет еткен кешегі социализм күй регенде неге бір жазушымыз харакири жасамады?! Өйткені олар халыққа әдебиет арқылы қызмет жасамақ түгіл, сол халықтың бо лашағына да сенбейтін еді. Осы бір қорқыныш бейнесіндегі ібіліс олардың санасының бір қыртысында соңғы 50 жыл бойы маза бермей жатып алғандығы анық. Әйтпесе, ертеңгі күні ең бірінші оқырманы болатын туған баласын шала қазақ қып тәрбиелеуіне не себеп? Өз баласының бойына себе алмаған Рухты халқының бо йына еге алатындығына сонда, осы әдебиетшілеріміз қалай сенді екен? Маргинал қазағымыз «оригинал орыс» болып кете жаздаға нына да осы зиялы қауым кінәлі. Әттең, халқымызда «көпке топырақ шашпа, өзіңе тиеді» деген сөз бар. Қалай дегенмен, бүгінгі әдебиетшілеріміздің халыққа ренжитін жөні жоқ. Керісінше, халық әдебиетшілеріне ренжісе құба құп. Біз, тоқсаныншы жылдардың ұрпағы, әтеш екінші рет шақырған сәттің куәсі болдық. Қазір түн жарым. Ұзамай таң атарын хабар лап әтеш үшінші рет шақырмақ. Біз де сенімімізден безініп жүр мейік. Құдайдың екі аты – Ар мен Сөз бізден осыны талап етеді. «Киелі хабардағы» көріпкелдік енді қайталанбаса екен. Халық даналығы «екі рет алдансаң, кінә мынанікі, ананікі, ал үшінші рет алдауға мүмкіндік берсең, айыбы өзіңнен болмақ» дейді. 1996 жыл.
ҚАҒАНАТТЫ
КІТАП ҚҰЛАТТЫ...
ХҮІ ғасырдың басы. Төңірегіндегі тайпаларды уысында ұстап
тұрған, ашық майданда қай-қай жауына да 3 миллионнан артық
жауынгерді сақадай сай етіп қарсы қоя алатын қаһарлы ацтектер
айналасы бір-екі жылдың ішінде жалпы саны 800-дей ғана бо
латын испан конкистадорларынан быт-шыт болып жеңілді. Ұлы
ацтек империясының шаңырағы ортасына түсті. Ацтектердің пат
шасы Монтесума испандықтармен бітімге келуге тырысып бақты,
бірақ испандықтарға Монтесумамен мәміле емес, алтын керек еді,
ақырында өзі келіп қолға түскен патшаны да сол алтынның жолы
на құрбандыққа шалып жіберді.
Соншалықты күш басымдығы бола тұра ацтектердің мұндай абы
ройсыз жеңіліске ұшырауына не себеп? Ел бастаған көсемдерінің ар
сыздығы ма, әлде жауынгерлерінің Еуропа қару-жарағының алдын
дағы әлсіздігі ме? Бәлкім, жалқынына көзі түссе періште де жолдан
таяр алтынның қадірін дәл еуропалықтардай білмегендіктері болар?
Жоқ, жылнамалар басқа себеп айтады. Олар бір ауыздан ацтек
тердің жеңіліске ұшырауына кітап кінәлі еді дейді. Иә, көнекөзі
бар, жаңасы бар, кәдімгі кітап. Сол кітаптарда баяндалатын аңыз-
әфсана, бағзыдан сыр шертетін тарихи жазбалар. Соларды есту,
оқу арқылы қалыптасқан халықтық сенімнің осыншалықты сұра
пыл ішкі қиратушы күші болады деп кім ойлаған?
Таратып айтар болсақ, ол замандағы ацтектер басқа Тәңірлер
мен бірге ақ адам бейнесіндегі Тәңірге де (Кецалькоатль) сиына
тын. Аңыздар бағзы бір замандарда шалқар теңіздің арғы жағын
дағы белгісіз жақтан ацтектер еліне келіп, оларға жер жыртып,
егін егуді үйреткен сақалы белуарына түскен ақылды да мейірімді
ақ адам туралы әңгімелейтін. Тәңірі ретінде дәріптелетін сол ақ
адамның кеме сияқты әлденеге мініп түпсіз теңізбен келген жағы
на қайта кеткендігі жайлы да баяндайтын. Табиғатынан көсе, қы
зылтәнді ацтектер қаба сақал испандықтарды көргенде ескі аңыз
дардағы сол адам-Тәңірі өз балаларымен қайта оралған екен деп
қалған. Ал, үндістерде, жазмыштың көрсоқырлығы емес пе, ақ
адам бейнесіндегі Тәңірінің оралуы ақырзаманмен байланысты
рылатын. Испан кемелері, аңыз бойынша, сапарына адам-Тәңірі
осы жерден аттанып еді делінетін бұғазға зәкір тастағанын көр
генде, ақырзаман жайлы қорқынышты ойдың зәрелерін ұшыр
ғандықтары соншалық, ацтектер басбұзар осынау аз ғана тобырға
ешқандай соғыссыз-ақ берілуге бейіл болып қалған-ды. Испан
дықтардың тойымсыз дүниеқоңыздығы ғана оларды қолдарына қару алуға мәжбүр етті. Бірақ санадағы алғашқы сәттегі жеңіліс кейінгі қанды майдандағы желіктен анағұрлым күшті болып шық ты. Тұрғын халқы 200-300 мың болатын ацтек қалалары (ол кез дегі Еуропадағы ең ірі қалалардың бірі Лондонның 200-ақ мың тұрғыны болғандығын ескерсек, мұндай оп-оңай жеңілістерге таң қалмасқа шара жоқ) бірінен кейін бірі тізе бүгіп жатты. Осылайша, ауыздан ауызға, кітаптан кітапқа көшіп келе жатқан аңыз әңгімелер ацтектердің түбіне жетіп тынды... * * * Тарих түртіп алған факты осындай. Ащы да болса ақиқат. Енді ацтектерді атом бомбасымен де, ақырзаманмен де қорқыта алмай сыз. Олардан қорықсақ, сіз бен біз қорқамыз. Бірақ тарихтағы оқиғалар қайталанады дейді. Олай болса, сіз бен бізге атомнан да, ақырзаманнан да емес, ең бірінші, осы өзіміз оқып жүрген кітаптардан қорқу кезеңі келіп тұрған жоқ па екен?.. * * * Кітаптан теперіш көрген тек ацтектер ғана ма екен? Тарих мы нандай да деректерді мысалға келтіреді: ҮІІІ ғасырда Орталық Азияда алғашында біртұтас болса да кейін қаққа бөлініп, ақыры құлап тынған түркі қағанатының соңын ала ұйғыр қағанаты дүниеге келді. Дегенмен, өмірі ұзақ болмады. Бірақ ғасыр дәурендеуге мүмкіндігі жетті. Білуімізше, оның түбіне де кітап жеткен. Тарих мол байлыққа, шексіз билікке ие болған ұйғыр ақсүйектері бабалар діні Тәңіршілдікті ұмытып, Мани ілімімен әуестене бастады дейді. Олар осы ілімді қалың бұқараның арасына да таратуға тырысқан. Манихейшілік ІІІ ғасырда пайда болған дін-ді. Ол өзіне дейінгі ұлы діндердің – буддизм, христианшылдық және зорастризмнің синтезі іспеті еді. Оның талабы бойынша ет жеуге тыйым салынатын. Яғни, ма нихейшілікті ұстанған рухы асқақ көшпелі жауынгер ұйғырға ендігі жерде малдың керегі болмай қалды. Ол амалсыз аттан түсіп, егіншілікпен айналысуға мәжбүр болды. Кешегі жауынгер қарапа йым шаруаға айналды. Манихейшілік өзін ұстанған пендеге бұл дүниеге қызықпауды, үйленбей, қолдан келсе дүниеге сәби келтірмей салт басты өтуді де уағыз ететін. Сонымен бірге нәпсінің қажетін қанағаттандыру үшін пұтханада қызойнақ жасауға да рұқсат беретін. Бұның бәрі ұйғыр ақсүйектерін қарапайым халықтан алшақта тып жіберді. Олар азғындықтың жолына түсті. Сол кездердегі ұй ғыр ақсүйегінің сарайы жезөкшелердің притонына айналды десек те болады. Түпкі нәтиже ертең елге ие бола алар тәні-жаны сау ұл-
қыздың азаюына, яғни демографиялық апатқа әкеліп ұрындырды. Ал ел ағаларының өзі тәкаппар да өр бекзададан гөрі мәңгірген бәңгіні көбірек еске түсіретін. «Балық басынан шіриді». Ақсүйегі азса бұқара халық қайда бармақ? Айналасы бір ғасырдың ішінде кеше ғана болашағы зор іспетті көрінген ұйғыр қағанаты да тарих сахнасынан өшіп тын ды. Жұртында манихейшілікті дәріптейтін сырт көзге бейкүнә көрінер кітаптар ғана қалды. * * * О баста кітап жазу ғанибеті ғана емес, кітап оқу да (бүгінгі тіл мен айтқанда оқырман болу) санаулылардың, дәлірек айтқанда қа лаулылардың еншісіне жазылған бақ болған секілді. Көне кітаптар мынандай тәмсіл айтады. Ұлы ұстаз Пифагор өз ілімі қағаз бетіне түсірілуіне барынша қарсы болыпты. Шамасы, атақты гректі бұндай әрекетке итермелеген саф ілімді сауатты, бірақ ниеті бұзық адамдар өз бас пайдасына, жамандық жолына пайдала нып кетеді деген қорқыныш болса керек. Қалай дегенмен де ұлы ұс таз ілімін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырғаннан гөрі өзі білетін һәм сенетін санаулы шәкірттеріне оқытып-үйретуді жөн көрген, келер ұрпаққа да солар арқылы жеткізгісі келген. Бүгінгі ақшаның күші немесе жеңнің ұшымен жалғасу арқылы кандидаттық атақ алып жүрген кейбір ғалымсымақтарды көрген де, қайран Пифагор, жарық дүниеге тағы да бір келер ме едің де меске лаж жоқ. Және қазақ топырағында келсе. Онда ол ана бір ақбас академик ағаларымызға ғалым болудың, ұстаз болудың қан дай мәртебелі іс екендігін тағы да бір рет үйретіп кетер еді-ау! Қы рық кандидат төрт кандидатқа айналар еді, бірақ сапасы қандай! Ылғи сен тұр, мен атайын ғалым ұл-қыздар болар еді-ау! Рас, бұл – бізде арына, иманына, парызына адал ғалымдар жоқ де ген сөз емес. Әйтпесе, қазақ ғылымы алға жылжыр ма еді! * * * Итальян жазушысы Дино Буццотиде қысқаша мазмұны мынадай новелла бар. Кейіпкерлері екеу-ақ, даңқты физик Эйнштейн мен кәдімгі діни әңгімелерден белгілі жан алғыш Әзірейіл. Әлдебір ке зекті ғылыми жаңалығына толғатып жүрген Эйнштейнді Әзірейіл бұл дүниеден татар дәмің таусылды, о дүниеге жүрер кезің келді деп асықтыра бастайды. Бір емес, бірнеше рет келеді. Әр келген сайын ғалымнан еститін уәжі біреу-ақ. Ғалым өмірінің, бүкіл ғы лыми ізденісінің мәні іспетті жаңалығын ашуға тақау тұрғанды ғын, соны ашуға аз ғана уақыт болса да пұрсат беруін сұрайды. Бұл уәжге Әзірейіл де тоқтайды, ажал сәті де бірнеше рет ұзартылады. Әзірейіл соңғы келісінде жаңалығын ашып, мәз болып жүрген Эйнштейнді көреді. Қуанышының себебін сұрайды.
Себебін білгенде Әзірейілдің не дегенін білесіз бе? «Сіздің жаңалығыңыздың арқасында тозаққа баратындардың саны арта түсті. Қазір тозақта той болып жатыр. Той иесі Ібіліс. Сізді асықтыруымыздың себебі де сол еді, жаңалығын тезірек аш сын дегенбіз. Енді керегіңіз жоқ, аман-есен жүре беріңіз»,– дейді. Аңғал ғалым бармағын тістеп қала береді. Пифагор тағылымы мен ойдан шығарылған осы новелла ара сында жіңішке болса да сәулелі байланыс бар. * * * Тұрсынжан Шапай дұрыс жазады. «Табиғатынан малшы бо луға бейімделіп жаратылған адам» ғалым болып кетті. Өйткені жақсылы-жаманды кітап оқи алады, сауаты бар. Олай болса, шын қабілет-қарымы ауылдағы қатын-қалашқа тақпақ шығарудан әріге аспайтын сөзуар пенденің неге атақты ақын болмасына. Өзіне-өзі демеуші болып, екі-үш кітабын шығарса жетіп жатыр. Ондайларға экологтың көзімен қарағың келеді. «Кітап – қағаз, қағаз – ағаш, ағаш – ауа. Ауаны ұрламағаныңыз жөн» деп. * * * Соңғы кезде кітап оқырманы азайып кетті деген пікір жиі айты лады. Солай ма? Меніңше, оқырман азайған жоқ. Сүзгіден, дәлірек айтқанда ауытқымалы сандық көрсеткіштен тұрақты сапалық деңгейге өтіп жатыр. Кешегі кеңес дәуірінде кітап бір қабырғаны тұтас алып тұратын пұтқа айналып кете жаздап еді. Қазіргі оқырман ондай асырасілтеушіліктен ада, есесіне сұранысы да шынайы. Мына көрші Ресей әдебиеті орыс мұжығы сауатсыз болған кез де де әлсіз болған жоқ. Шамасы, әдебиеттің мықтылығы оқыр манның көптігімен анықталмайды ғой деймін. Атақты Достоевс кийдің романдары 80 миллион орысқа 3-ақ мың данамен таралған кездері болған. Бірақ, сол Достоевскийлердің тұсы басқа емес, орыс әдебиетінің дәл алтын дәуірі болып саналады. Кітабының саудасын жүргізіп, сол Достоевскийді жоқтықтың құрсауынан алып шыққан кісі әйелі болғандығын да ұмытпаған жөн. Бізде осы кітаппен сауда мәселесі, оқырманмен қарым-қатынас дұрыс жолға қойылмай жатыр десек болады. * * * Өз басым қазақ әдебиетінің бір тұрақты оқырманын, жанашыр оқырманын жақсы білемін. Сол оқырман ертеректе басылып шық қан «Ғибрат наме» деген кітапты бір қойдың құнына бағалайды. Кі тап грузин ақсүйектерінің өкілі, өз заманының білімді жандарының бірі Сулхансаба Орбелиани деген кісінікі болса керек. Қазақшаға тәржімалаған, шамалауымызша, Мұзағаң (Әлімбаев). Солай болып
жатса, осындай кітапты тәржімалағаны үшін де Мұзағаңа көп-көп рахмет айтуға болады. Тек аудармашы емес, кітаптың шынайы ба ғасын білетін зиялы оқырман ретінде де. Бірақ маған, шынымды айтсам, осы кісі аударған Сағдидің «Жәннаты» мен «Гүлстаны» аса ұнай қойған жоқ. Бәлкім, өзбекше нұсқасын ертеректе оқығандық тан болар. Әлде Жұмекен аудармасының салқыны тиді ме? Мұзағаңның тағы бір аударма дүниесі «Маржан сөз». Міне, бұл еңбек, үлкен еңбек. Бүгінгі маған мәңгіліктің баламасындай бо лып әдемі естілетін шумер атауын да алғаш осы кітаптан оқыған болармын-ау. Дәлірек айтқанда, олардың мақал-мәтелдерін. * * * Ацтектердің түбіне кітап жетіп тынды. Ұйғыр қағанатына да. Біздің түбімізге не жетуі мүмкін? Меніңше, қазақтың түбіне жетсе Абылай ханның түсі жетеді. Иә, иә, сол түс... Бұл да аңыз әңгіме. * * * Гетенің «Жас Вертердің қасіреті» романы шыққан кезде, шығар маны оқыған біраз жас атылып өліпті. Романның әсері күшті болған ғой. Роман біраз деңгейде автобиографиялық та болып табылады. Бірақ романның шын кейіпкері Гетенің өзі емес, өйткені кейінірек те романды бітіргесін өзі де атылып өле салмағанына өкінген. Меніңше, қазақта өлеңімен ғана емес, өмірімен де өзінен кейінгі лерді біраз еліктірген, тамсантқан, тіпті әурелеген ақын бар. Ол – Мұқағали. Оған еліктегендердің біразы «Ұлы бола алмай ішеміз» емес, «Мұқаң бола алмай ішеміз» деп жүріп сорлап қалды. Алып тардың кейде ергежейлілермен осылай да әзілдесіп ойнайтыны бар. * * * Екінің бірі ішкіш болған деп білетін Есенин табиғатында шы мыр денелі жігіт болған. Америкаға барғанда ондағылар оған спортшы болатын-ақ жан екенсіз деп тамсаныпты. Сол Есенин келбетті де жігіт екен. Бет әлпеті бір қарағанда бейкүнә періштедей көрінетін болған болса керек. Алғаш кездескендер анадай тентек өлеңдер мұның қай жерінен шықады екен деп те ойлайды екен. Сол Есенинді өлең оқып тұрған кезінде көрген біреу айтыпты: «Мынау тек мықты өлең ғана жазып қоймайды, қажет болса адамды да өлтіре алады». Бізге де сондай ақындар керек. Байрон, Лермонтов, Петефи сияқтылар. Жылауықтар емес! * * * Кітап өлген жоқ... Кітап өлмейді... Кітаптың ақырғы күні – адамзаттың ақырғы күні. Бұл – Жазмыш. 2000 жыл.
АҚЫНДАР МЕН СУРЕТШІЛЕР ОҚИҒАЛАР ҚАЙТАЛАНАДЫ Бұл сөздің ақиқаттығына бұрын да сенетін-тұғынмын. Бірақ осы жолы оның шын сөз екендігіне анық иландым десем болады. Ұзын-ырғасы он бес жылға созылған көшпелі өмірден кейін жа нашыр ағалардың арқасында тұңғыш пәтерге қолымыз жеткенде қатты қуаныстық. Келіншегім көңілінде аязды ақпанда көгілдір көктем орнағандай желпініп жүрді. Құдайы көршімнің суретші болып шыққаны бұл да бір несібе еді. Бала кезінде суретші болу ды армандаған адамға бұдан артық не керек? Міне, көршімнің пәтеріне кіріп келе жатырмын. Ол мені өзінің ше берханасына бастады. Шеберханасы – үш бөлмелі пәтердің ең шағын, балалар құжырасы деп аталатын бөлмесі болып шықты. Оңда да, сол да да сурет салынған кенептер. Ортада кәдуілгі көше қиылыстарында кездесе беретін афиша бағаны іспетті әлдене тұр. Әр-әр жерлеріне су реттер салыныпты. Олары сәбидің сызбалары іспетті көрінді. – Иә,– дедім ішімнен,– көршінің балалары да сурет салатын бо лып шықты ғой. Осылай ой түйгенімше болмады, мені аңсызда бірнәрсені бүлдіріп алудан сақтандырғысы келгендей көршім: _ Мына туындым Мюнхенде өткен көрмемнің темірқазығы бол ды,– деді. Темірқазығы деп қол сілтенген тұсқа көзімді тастай бергенім сол еді, жанарым жаңағы афиша бағаны іспетті «біртүрлі» дүние ге барып тірелді. Ішімнен күліп жібердім. Есіме, нақты жадымда жоқ, әлде Пикассо, әлде Манемен, әйтеуір ұлы суретшілердің бірі мен болған оқиға түсе кетті. Осы әйгілі екі суретшінің бірінің ше берханасына, әлде шынымен-ақ басқа суретші ме еді, онда да мен секілді біреу бас сұғып қалатын-тұғын. Бәлкім, Пикассо, бәлкім Маненің, бәлкім расында да тіпті басқа суретші болар, еденге ша шылып жатқан эскиз сызбаларын көргесін, жаңағы ақ жарқын қо нақ аузына ие бола алмай: – Мэтр, балаларыңыздың талабы да таудай екен, түбі сізден де өткен бек талантты суретшілер болып шығатынына еш күмәнім жоқ,– деп жібереді ғой. Сонда Пикассо немесе Мане, яки шынтуайтында да өнер тари хында аты қалған басқа қылқалам шеберлерінің бірі шығар: – Бұл суреттерге балаларымның еш қатысы жоқ, мұның бәрі менің өзімнің жұмыстарым,– деп жымиған екен. Осы оқиға дәл
осы сәтте көршімнің шеберханасында қайталанғанына менің еш
күмәнім жоқ еді. Бұл қайталануды көршім дәл сол кезде білді ме,
білмеді ме, түйсінді ме, түйсінбеді ме, мәселе онда емес. Мәсе
ле басқада. Сосын оқиғалардың ізбе-із, нақпа-нақ қайталануы да
шарт емес қой.
Ырымшыл қазақ емеспіз бе, осы оқиғадан кейін мен көршімнің
Пикассо мен Мане немесе басқа да ұлы суретшілер секілді қайта
ланбас талант иесі екеніне риясыз сенетін болдым.
Әкем жарықтық көз жұмарының алдында, өң мен түстің ара
сында жатып бір ес жиғанда:
Шырағым, жаз, көп жаз. Бірақ оқуды, әсіресе Абайды зерделеп
оқуды ұмытпа,– деген болатын. Бұл әкемнің ақырғы аманаты еді.
Ал әкем аманаттаған сол ұлы Абай жаңағы оқиға туралы былай
депті:
Түзу кел, қисық-қыңыр қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Иә, әлдекім бұл жолдар сурет өнері емес, өлең туралы ғой деуі
бек мүмкін. Дей берсін. Ал мен бұл жолдардың суретші мен оның
туындыларын тамашалаушыларға да қатысы бар екеніне әбден се
немін. Асылы, шамалауымда Абай да жаңағыдай жайсыз оқиғаны
бастан кешірген секілді ме, қалай? Әйтпесе, «Сыртын танып іс
бітпес, сырын көрмей» демес еді ғой. Сосын Абай шығармалары
ның тағдыры да Ван Гог һәм Поль Сезанн туындыларының тағды
рын еске түсіреді емес пе! Кейіннен Абай өлеңдерін, Сезанн мен
Ван Гогтың шашылып кеткен туындыларындай, әркімнің қолынан
өлеңсүйер, өлең түсінер Мүрсейіт мен Тұрағұлдар жинастырған
жоқ па?
Пабло Пикассо бұған дейінгі бояуын, бұған дейінгі машығын
күрт өзгертіп, 1907 жылы «Авиньон бикештерін» салғанда, көп
жұрт одан теріс айналған көрінеді. Осыған дейін оның суреттерін
сатып алып, көрмесін ұйымдастырып жүрген қалталы әлдекімдер
«Пабло, мынандай сурет салуыңды қой, әйтпесе бізден қол үзуіңе
тура келеді» деп үркіткен, қорқытқан да екен. Енді ойлаңызшы,
осы «Авиньон бикештері» салынбаса, болашақта Пикассодай ге
нийдің қылқаламынан ғана шығар «Герника» дүниеге келер ме
еді! Ал бүгін, ХХ ғасырдың сурет өнері десек, алдымен «Герника
ның» ауызға алынатыны өтірік емес қой...
БОЯУ МЕН СӨЗ
НЕМЕСЕ СЕЗАННА ЖӘНЕ ХЭМИНГУЭЙ
Сурет пен сөз өнерінің кіндігі тым ерте, адамзат баласы енді-
енді саналы ғұмыр кеше бастаған ту-у-у ерте замандарда-ақ бірге
байланған секілді. Алғашқы ақындардың өлеңдері бізге жеткен жоқ, бірақ белгісіз заман суретшілері тас жарқабақтарға, үңгір қа бырғаларына бедерлеген бейнелер бүгінге жетіп отыр. Біз олардан байырғы бабаларымыздың неден қорқып, неден үміттенгенін аң ғара аламыз. Кейде ол қорқыныш, ол үміттер біздің түйсік қапар ларымызда әлі күнге дейін бұғынып, тасаланып жатқандай болып көрініп кететін кездері де бар. Әрине, бұл біз емес, психоанализ шұғылданатын шаруа. Әйтсе де, біздің де өз тарапымыздан қан дай да бір болмасын сауал көтеруімізге болатын секілді. Мысалы, сфинкс мүсіні бұрын пайда болды ма, әлде Эдип патша туралы аңыз бұрын шықты ма деген іспетті. Әрине, көптеген басқа сауал дар сияқты бұл сауалдың да жауапсыз қалатындығы анық. Әйтсе де, жоғарыда айтқанымыздай, оқиғалар қайталанып оты рады. Демек, сауалдарға да жауап алудың мүмкіндіктері тумақ. ХХ ғасырдың ең атақты стилист жазушыларының бірі Эрнест Хемингуэй өзінің әйгілі телеграф стилін Поль Сезанның сурет туындыларынан алғанын жасырмайды. Уақыт өте келе Сезанның бояу қолдану машығы Хемингуэйде сөзбен жұмыс істеу тәсілі бо лып қайталанады. Иә, ешқандай артық бояуы жоқ, бір қарағанда салмақты да салқын көрінетін Сезанн полотнолары ұлы жазушы ны дүниеге алып келді. Демек, кезінде ешкім бағаламаған Сезанн туындыларында да әлдебір буырқанған тылсым сырдың болғаны, бұғынып жатқаны ғой. Ал ол тылсым сырды сол кездің өзінде-ақ небір өнер білетін, сурет тани алатын адамдардың түйсіне алмауы неліктен? Бұл сауалға да Абай жолдарымен жауап беруге болатын дай. Жүректе айна жоқ болса, Сөз болмайды өңгесі. Сезанн суретінің тылсым сырын ұғынатын сезім айнасы бертіні ректе, сурет өнері, сөз өнері Сезанн ашқан жаңалықтарды өз да муына керек құрал ретінде пайдалануға ала бастағанда ғана пай да болды. Рух эволюциясы өз дегенін істеп тынды. Ал бұл жүрек айнасы пайда болғанға дейін Сезанн суреттері де әр-әр жерлерде шашылып жатты. Көрмелерді емес, сыраханалар мен шарапхана ларды, жәлепханалар мен асханаларды безендірді. Сезанның әйгілі алмалары туралы мынандай бір күлкілі әңгіме де бар. Бірде сурет сатумен айналысатын бір дүкенге әлдебір сатып алушы кіріп қалады. Ол Сезанның алмалар салынған әйгілі на тюрморттарының бірін сұрайды. Сурет сатушы: – Қараңыз, натюрмортта бес алма бар, олардың әрқайсысы бес франкыдан, тұтас алғанда жиырма бес франк болмақ. Егер қалта ңыз көтермесе, бір немесе екі алмасын алсаңыз да болады,– дейді. Сатып алушы сол жерде бес франк төлеп, саудагер оған натюр морттағы алмалардың бірін қайшымен кесіп береді.
Осы сауданы бақылап тұрған тағы бір әйгілі суретші кейістігін білдіргенде, саудагер оған: – Сезанн мұндай алманың күніге жүзін сала алады. Одан оның түгі де кетпейді. Ал егер қаласаңыз, әрқайсысын жиырма бес франкыдан сіздің жалаңаш әйелдеріңізді де кесіп сатуға бармын,– деп жауап береді. Расында да езуге күлкі жиналғанмен, жүрек жылайтындай-ақ жағдай. Енді ойланып көрейікші, біз өзі кімбіз, сурет сатушымыз ба, әлде алмалары қайшының қиқалауына түскен белгісіз Сезаннбыз ба? Жауап айту қиын. Ең болмағанда Хемингуэй бола алсақ қой дейсің іштей. СУРЕТ ӨНЕРІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ Суретші мен әдебиетшінің миссиясы бір. Әлде Микеланджело, әлде да Винчи айтты дейтін «Сурет – көзбен көретін өлең, өлең – құлақпен еститін сурет» деген сөз бар. Осы сөз – ақиқат. Буыр қанған Пикассо, жаймашуақ Матисс, сырлы Модильяни, аласұр ған Сутин, сабырлы Сезанн – осы бағалауларды ұлы ақындарға қаратып та айтуға болады. Тек ақындарға емес, прозашыларға да. Стендальдің «Қызыл мен қарасында» Жюльен Сорель деген бас кейіпкер Наполеон Бонапартты пір тұтады. Оның бейнесін тұмарға сап сақтайды. Өзі зерек-ақ жігіт. «Тәуратты» қай бетінің қай сөйлемінен бастамаңыз, ары қарата жатқа зырылдатып ала жөнеледі. Бірақ Наполеонды қанша пір тұтқанмен ол бәрібір На полеон бола алмақ емес. Өйткені, Наполеонның өзі айтқан «Мен әртүрлі жағдайлар мен себептердің өзара сәйкестене тоғысуынан пайда болған адаммын. Сол жағдайлардың бірі болмай қалғанда мен ешқашан мен болып қалыптаса алмас едім» деп келетін ата лы сөзі бар. Қысқасы, Жюльен Сорель мықтағанда тек Жюльен Сорел ғана бола алады. Ал оның ашынасының Наполеонды таққа отырғызатын Жозефина ханым бола алмайтыны және рас. Еуропа үшін ХІХ ғасырдың алғашқы жартысы Наполеон бей несінің билігі астында өтті. Тіпті ұлы Байронның өзі де Бонапарт тұлғасы өзіне маза бермейтінін жасырмаған. Ақындық шабытпен дәл Бонапарттай адамдардың жүрегін жаулауға, сезімдеріне қанат бітіруге тырысқан. Ал Бальзак, «Адамзат комедиясының» авторы, «Мен Наполеон қылыштың жүзімен жауламақ болған әлемді қа ламның күшімен тізе бүктіремін» деп ашық мәлімдеген болатын. Наполеон образы орыс ақын-жазушыларының шығармаларында да аз көрініс тапқан жоқ. Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Толс той туындыларында әр қырынан бейнеленіп жатты. Тіпті Толстой бір хатында «Сіз біз дөңгелекте айналған тиін іспеттіміз дейсіз... Бірақ бұлай ойлауға және айтуға болмайды. Мен, мысалы, не іс
темейін, өзіме мына пирамидалардың биігінен қырық ғасырдың қарап тұрғандығына және мен тоқтап қалсам, бүкіл дүниенің күй рейтіндігіне әрдайым сенемін» деп те жіберді. Иә, ол «Пирами далардың биігінен қырық ғасырдың қарап тұрғандығына...» деп Наполеонның әйгілі қанатты сөзін қайталады. Бірақ біз қанша лықты ұлы жазушы болсын, Толстойдың Наполеон бола алмаған дығын және жақсы білеміз. Бірақ Наполеон образының Толстойға соңғы демін алғанша тыным таптырмағаны анық. Қаламгер жан дүниесінде Наполеонмен бәсеке болмаса, кім біледі, «Соғыс пен бейбітшілік», «Анна Карениналар» дүниеге келер ме еді, келмес пе еді? Оның бүкіл адамзат баласының ұстазы болуға тырыспасы және шындық-ты. Наполеон бейнесінен суретшілер де теріс айналған жоқ. Біздің ше, осылардың ішіндегі ең ғажайыбы ХХ ғасырға, Пикассоның қылқаламына тиесілі. Оның 1905 жылы салынған «Арлекин» атты туындысынан Наполеон бейнесінің сағым сұлбасын аңғару ға болады. Сайқымазақ ойыншының басында Наполеонның үш бұрышты қалпағы бейнеленген. Қалпақ астынан шығып тұрған кекіл де, неге екені белгісіз, Наполеонды еске түсіреді. Иә, ХХ ға сырдың сурет өнерінде Наполеон бейнесі сайқымазақ ойыншы іс петті бейнеленді. Бірақ бұл құр қиялдың ойыны, ақиқаттан ауытқу емес болатын. Адамзат тарихында жаңа тарихтың бетін француз революциясы, Наполеон бейнесі ашса, ақындар да, суретшілер де жаңа заманға сай өнер туындыларын тудыруға талпынып жат ты. Адамтануда кеше ашылған жаңалық бүгін бұлыңғыр тартты. Кеше қайталанбастай болып көрінген бояу бүгін көмескіленді. «Әр адам өз алдына бір-бір жұлдыз. Адам өлсе, құпиясын ашпай жұлдыз да бірге өледі» деген Гете сөзі ақиқатқа айналды. Ал адам жанының инженерлері – ақындар, жазушылар, суретшілер осы құпияның кілтін табуға тырысады. Ақындар суретшілердің лагеріне келіп, бұл бағыттағы олардың ізденістерімен танысса, суретшілер өз полотноларына керек ша бытты ақынның жолдарынан сүрістірді. Тарихта тіпті ақын су ретші, суретші ақын болып кеткен кездері де аз емес. Суретшілер Модильяни, Пикассо, Шагал, Сальвадор Далилер өлең жазса, қа ламгерлер Андрей Белый, Герман Гессе, Генрих Манндар сурет салды. Ал мұндай жағдайда, өнер қазаны буырқанып қайнаған уақытта, кез келген ақын не суретші түгілі қарапайым сайқыма зақтың да Наполеонға айналып кетуі әбден кәдікті. Арада аз ғана уақыт өткесін, Пикассо сайқымазағы расында да актер Чарли Чап лин бейнесінде әлемді жаулап алғаны бұл сөзімізге әбден дәлел бола алады. Пикассо «Арлекині», осылайша, көріпкел суретке ай налды. Қысқасы, Пикассо шығармашылығында пайғамбарлыққа тек ақындар емес, суретшілер де таласуға қақысы бар екені дәлел денді.
МОДИЛЬЯНИ ҺӘМ МАРАЛТАЙ
Анна Ахматованың Модильяни туралы естелігін оқығаным бар.
Ол онда Амедеоны француз поэзиясының білгірі ретінде сурет
тейді. Суретшінің Малларме, Верлен, Рембо, Бодлер поэзияларын
талмай жатқа оқитынына таң қалады. Данте және басқа да итальян
ақындарын оқымағанына, бәлкім, менің итальян тілім білмейтінім
себепші болған болар дейді. Ал осы Модильянидің әйгілі Виктор
Гюгоны, «Аласталғандардың» авторын, әрине, жазушы емес, ақын
Гюгоны не деп бағалағанын білесіз бе? Ахматованың жазуынша,
«Ал Гюгоңыз – тек тақпақ қана» деп салған. Модильяни Анатоль
Франсты да ұнатпаған. Қасаң академиялық әдіс-тәсілдермен жұ
мыс істейді, онысы адам сезімін оятпайды деп санаған. Модиль
янинің аталмыш қаламгер ту-ралы осы пікірін оның көптеген за
мандастары да құптағаны белгілі.
Енді осы Модильяни жатқа білген француз ақындары туралы
тағы бір әңгіме.
90-жылдардың орта тұсында «Жазушы» баспасынан шыққан
жеті жас ақынның алғашқы жыр жинақтарына талантты ақыны
мыз Мейірхан Ақдәулетұлы жеке-жеке пікір жазды. Бұл пікір
лер көп ұзамай «Жалын» журналында басылды. Сонда Мейірхан
Ақдәулетұлы осы жеті ақынның бірі Маралтай туралы «Ол арғы-
бергі поэзиядағы ізденістердің бәрін біледі. Қарақшы Франсуа
Вийон да, меланхолик Поль Верлен де, символист Артюр Рембо
да, бәрі-бәрі Маралтай түгесіп оқыған, жілік майын шағып ішкен
ақындар» деп лебіз білдірген еді. Әрине, тамаша пікір. Бірақ бұл
пікірдің парадокс жағы да бар болатын. Өйткені, Мейірхан Ақд
әулетұлы «білмей» таныған, ал біз өзімізше ғана «білетін» Марал
тайдың көпке дейін «бұл Вийон, Верлен, Рембо дегендеріңді тіпті
оқыған емеспін, өздері қандай ақындар?» деп жүргені әлі күнге
есімізде. Іштей Мейірхан ағамыз да айта береді екен ғой дегенбіз.
Басқаларды қайдам, өз басым Мейірхан ағамның еш қателеспе
генін, Маралтайды дөп басып танығанын жақында ғана білдім.
Осы таяуда орталық телеарнаның бірінен «Модильяни» атты
фильм көрсетілді. Басты рольде Энди Гарсия ойнайтын бұл
фильм көңілімді аламан-тасыр етті. Есіме 90-жылдардың басы,
студент жатақханасындағы тіршілік, темекі түтіні мен ішімдік
исіне булыққан шағын мүшәйралар, Жамбылдан, бүгінгі Тараздан
Алматыға ат басын жаңадан тіреген жап-жас Маралтай оралды.
Ол өзінің Жамбыл пединститутының суретшілер факультетінде
оқығанын, оны түгесе алмай шығып кеткенін бейнебір академия
не университеттің екі факультетін қатар түгескендей тамсана ай
татын. Осы Маралтай әп-сәтте Алматыдағы жырсүйер қауымның
сүйіктісіне айналды. Суретші Маралтай ұмытылып, ақын Марал
тай болып танылды. Арада төрт-бес жыл өткенде Мейірхан аға
мыздан жоғарыдағыдай пікір естіді.
Жарайды, енді осы фильмнің, Модильянидің Маралтайға не
қатысы бар дейсіз ғой. Қатысы сол – фильмдегі Модильянидің
жүріс-тұрысы осы кездердегі Маралтайдың жүріс-тұрысынан бір
аумайтындығы еді. Сол еркін жүріс-тұрыс, сол еркін қимыл-әре
кет. Әлдебір артистизм. Әлде сайқымазақ («Гамлет» пен «Король
Лирдегідей» классикалық үлгідегі), әлде аристократ, ара жігін дәл
анықтап байқау мүмкін емес. Кештеу болса да айтайын, иә, бұл
кездердегі Маралтай қазақ Модильяниі болатын.
Міне, онымен суретшілер туралы әңгіме қозғап отырмыз. «Па
риж мектебінің суретшілері» деп сөз бастай бергенім сол еді, ол,
неге екенін білмеймін:
– Модильянидің бояуы ғажап қой,– деп қалды. Ал менің есіме
Модильянидің суреттері орала кеткен. Олардың көбінде жалаңаш
әйелдердің бейнесі көрініс тапқан-ды. Бірақ бұл суреттер порног
рафия түгілі эротиканың ауылынан да алысты. Олардан, осы бір
қыз-келіншектердің жүздерінен әлдебір қорғансыз сұлулықтың,
тек түйсікпен ғана түйсінуге болар жылылықтың лебі есетін-ді.
Жүрек көзін жарқын бояулар үндестігі қытықтар еді.
Иә, Мейірхан ағам еш қателеспепті. Вийон, Верлен, Бодлер,
Рембо поэзиялары Париж мектебінің суретшілерінде, ішінде,
әрине, Модильяни де бар, бояу арқылы жаңа қалыпқа, живопись
туындыларына трансформацияланса, осы трансформация Марал
тай өлеңдері арқылы қайта түп-тамырын тауыпты. Қазақы өлең,
жаңа өлең болып бүршік жарыпты.
Сау қанатым қалмаған соң
күймеген,
Рухымды қан мен сүтке илеп ем.
(Саған жаным ашитыны тағы рас
Емшегіне еркек ерні тимеген).
Бұл Маралтайдың «Әдилә» атты өлеңінің бір шумағы. Он екіде
бір гүлі ашылмаған, «Қара түсті қалампырды құшақтап, құлпы
тастан күліп қарап тұрған қыздың» рухын шақырады ақын біздің
мүлгіп кеткен санамызды оятуға.
«Рухымды қан мен сүтке илеп ем».
Бұл – Маралтай-Модильянидің ақындық бояу палитрасы. Бас
қалай болуы еш мүмкін емес.
Саған жаным ашитыны тағы рас,
Емшегіне еркек ерні тимеген.
Ғұмыр қысқалығы, оның мазмұнындағы олқы тұстар туралы бұ
дан артық қалай айтуға болатынын өз басым білмеймін. Жоқ, бұл
жерде ешқандай қомағай нәпсі немесе біздің жадағай түсінігіміз
дегі эротика туралы әңгіме болуы еш мүмкін емес. Бұл – реквием.
Бұл – қыршын кеткен, бола алмай кеткен ананы жоқтау. Дүниеге
келуі мүмкін болған сұлулықтың анасын азалау. Тепе-теңдігі ерте
бұзылған гармонияны іздеп аласұру. Модильяни немесе Пикассо
ның қылқаламына бергісіз сурет, Амедео нюлары, әйтпесе «Гер
никаның» қазақ тіліндегі кішкентай нұсқасы. Бірақ шедеврдің үл
кен не кішісі болмайтыны және рас.
Кім біледі, Пикассоның сөзін сәл бұрып айтсақ, Модильяни му
засы Маралтай жандүниесінің көптеген қырының бірі ғана болар.
Бірақ осы бір ғана қырға Мейірхан ағам айтқан француз поэзиясы
алыптарының барлығы өз шығармашылықтарымен түгел сыйып
кете алатыны анық. Егер бір қыры аздық етіп жатса, Маралтай
дың тек Модильяниді емес, Матисстер мен Пабло Пикассоларды,
олардан арыдағы Ван Гогтар мен Поль Сезанндарды да білетінін
ұмытпағанымыз жөн. Ал бұл – оның артында тек әйгілі суретші
лер ғана емес, әлем әдебиеті, оның ізденістері мен іркілістері де
тұр деген сөз. Өйткені, бүгінгі заман иірімдері әдебиетті сурет
өнерінен бөлек қарастыру мүмкін болмай бара жатқанын дәлел
деп отыр.
Кім біледі, ХХІ ғасырдағы Алматының өз ақын Аполлинерлері
мен суретші Пикассолары ендігі дүниеге келіп те үлгерген бо
лар. Егер ендігі жер басып жүрсе, олардың бір-бірінен бөлектен
бейтініне, қайта рухани күрес даласында бір-бірлерін іздеп тауып,
қоян-қолтықтаса жүріп шайқасатындықтарына еш күмән жоқ.
Музалар достастығы – бұдан өткен ғажайып бар ма?
2005 жыл.
БІЗДЕ ГЕНИЙ ДЕ, ТАЛАНТ ТА ЖОҚ... БІЗДЕ БӘРІ ПЕРІШТЕЛЕР... ПУШКИН ЖӘНЕ БІР ӨЛЕҢНІҢ ТАРИХЫ Пушкин шығармашылығы десе, кім-кімнің де алдымен есіне түсі ретіні нәсілі зәңгі, ұлты орыс ақынның «Я помню чудное мгновенье» деп басталатын өлеңі болатын болар. Бәлкім, басқа өлеңі болуы да мүмкін. Бірақ екінің бірі осы өлеңді білетіндігі анық. Бұл өлеңді қа зақ жазба ақындарының барлық буыны аударуға тырысты, қайсыбір буындарда екі-үштен талпыныс жасалған кездері де бар. Ең соңғы сы, шамасы, Батырболат Айтболатұлынікі шығар. Әйтеуір, соңында 1994 жыл деп көрсетіліп тұр. Дау жоқ, сәтті аударма: Жадымда жауһар жалқы сәт: Жанымды тербеп, жолықтың, Жарқ ете қалып, жалтқа ұсап, Жан теңеспесі көріктің.
Көңілге түскен қаяу-мұң, У-шулы күндер көшінде Әлдилеп жанды аяулы үн, Үр бейнең қалды есімде. Жүйткіді жылдар. Бәз үнін Жұтты да тұрмыс арманның, Үзілді талып нәзік үн, Сүреңсіз күнге алдандым. Жылжиды жалқау жырақта ай, Сырғиды күндер көңілсіз. Табынтпай, тәтті мұңайтпай, Құштарсыз, іңкәр сезімсіз. ... Жаныма жайды бақ құшақ: Тосыннан қайта жолықтың, Жарқ ете қалып, жалтқа ұсап, Періштесі боп көріктің. Жүрек тұр рәт жыр айтып, Елтітіп тағы ерке үнге, Табынтып, тербеп, мұңайтып, Талпынып, нұрлы ертеңге. Пушкин қаламынан туған әлемдік поэзияның жауһары бұдан кейін де қазақ тіліне аударыла беретіндігіне сенімдіміз. Бірі сәтті, бір
сәтсіз болар, бірақ мәселе онда емес, басқада. Ол басқамыз – бұл өлеңнің әр толқынның көңіл түкпірінде қайтадан түлеп жаңғыра бе ретіндігінде, бәлкім, мәңгілік жастығында. Жастық барда, құштар лық сезім барда бұл өлең де қатар жүріп өмір сүре бермек, әр тол қынның көкейіндегісін дөп басып айта бермек. Бірақ біздің бүгінгі айтпағымыз осы өлеңнің өзі емес, оның жа зылу кезеңі, бұл кезеңнің, ондағы оқиғалардың Пушкин өміріндегі орыны туралы болмақ. Иә, өлең кейіпкері Пушкин биографтары нақты жазатынындай, Анна Петровна Керн деп аталатын ханым екені белгілі. Оы бір әйелге Пушкин 20 жасында әлдебір отырыста алғаш кездестіріп қалған сәттен бастап құлай ғашық болған. Алып ұшпа ақынның өзіне деген ынтықтық сезімін «қулығы қырық есек ке жүк» сұлу бикеш те жиі-жиі қоздырып отырған секілді. Әйтеуір, Пушкиннің хаттарынан білетініміз, ақынның өзі жоқ жерде бұл әйел оның поэзиясы туралы жылы-жылы пікірлер білдіріп отырған. Ал бұл лебіздердің Пушкин достарының хаттары арқылы оған жетпей қалуы мүмкін емес-ті. Өз генийі мен сылқым сұлу талғамының ара сында қандай да бір байланыс бар екендігін сезіну – ақын үшін мұ ның да аз бақыт болмағандығы анық. Қысқасы, осы бір жылдардағы Пушкиннің Керн төңірегінде жүрген өз достарынан ол туралы қайтақайта сұрастыра бергендігін аңғаруға болады. Мұның ақыры екеуінің кездесулеріне, өзара хат жазысуларына ұласқан. Міне, Пушкин жаз ған сол хаттардың бірінің үзіндісі мынандай: «... Қош болыңыз! Қазір түн, мені сіздің мұңлы да ынтызарлыққа толы бейнеңіз мазалауда. Сіздің жанарыңызды, сәл-пәл түрік әдемі еріндеріңізді көріп тұрған дай бола беремін. Қош болыңыз. Мен сіздің аяғыңыздың жанында, сіздің қос тізеңізді құшақтап отырғандай сезінемін – мен дәл осын дай қиялымның ең болмаса бір минуты нақты шындыққа айналса, оған бар ғұмырымды сарп етуге даярмын. Қош болыңыз және менің сандырағыма сеніңіз; ол біртүрлілеу көрінер, бірақ онда шындық бар». Міне, Пушкиннің Кернге жазғаны осы сарындас хаттар. Ал А.П.Керннің өзі Пушкиннің жоғарыдағы өлеңді өзіне сыйлаған сәтін былай жазады: «Біздің әңгімеміздің не туралы болғаны нақты есімде жоқ; ол біздің Олениндердің үйіндегі алғашқы кездесуімізді еске алды, ол туралы әсерлене әңгімеледі... Ол ертесіне таңертең келді. Қо лында «Онегиннің» екінші тарауы бар. Қоштасар сәтіміздің белгісі ретінде оны маған тарту етті. Осы кесілмеген беттердің бірінен төрт бүктелген параққа жазылған «Жадымда жауһар жалқы сәт» және басқа да өлеңдерді тауып алдым. Мен бұл жыр-тартуларды қоб дишама жасырғым келген. Ол менің қимылымды жіті қадағалап тұр ды, сосын өлеңдерді қолымнан жұлып алғаны. Ол оларды көпке дейін бермеуге тырысты. Мен оларды зорға дегенде қайта сұрап алдым. Дәл осы сәтте оның басына қандай қиял келгенін біле алмай-ақ қойдым...» Иә, Пушкин әйгілі өлеңін осы өлең өзіне арналған әйелге бергісі келмеген. Бірақ қайтарып алуға шамасы келмегендігі және рас. Бұл жерде не құпия жатуы мүмкін?
Пушкин өз ғашығының жүргіш әйел екенін жақсы білетін-ді. Бұл кездердегі астаналық ақсүйек қауымның ортасында А.П.Керн Бабыл сайқалы деген лақап атпен де мәлім-ді. Әлдебір шалға зорлап тұр мысқа берілген өзі сұлу, өзі ақылды әйелдің қызықты өзге жақтан іздеуін, әрине, түсінуге болады. Бірақ Пушкиннің Бабыл сайқалымен байланысуын түсіне алатын адам бар ма? Тек байланысып қоймай, ұлы ақыныңыз оған ең үздік өлеңдерінің бірін арнап отырса ше? Шамасы, Пушкин жоғарыдағы қоштасу сәтінде өзінің болашағының алдында бір сәтке болса да есеп беруге тырысқан секілді. Пушкинге барлық пендешілігін кешірген ұрпақтың оның салдақымен байланы суын кешірмей қоюы мүмкін ғой. Иә, әбден мүмкін. Мұны кемеңгер басымен Пушкиннің түсінбеуі мүмкін емес-ті. Оның Кернге өлең жазылған қағаздарын беріп алып, артынша-ақ оларды қайтарып алу ға тырысуында осындай сыр жатқандай. Дегенмен Кернмен өткізілмек бір түн үшін Пушкиннің 8 жылын сарп еткені рас. 1828 жылы ол замандасы С.А.Соболевскийге былай деп жазады: «... Сен мен өзіңе қарыз 2100 туралы ештеңе жазбай сың, керісінше, мен жақында ғана Құдайдың шапағатымен... Керн туралы жазасың» деп наз білдіреді. Әрине, көп нүктенің орнында ненің тұрғандығы белгілі. Ал енді өзіне «Жадымда жауһар жалқы сәт» секілді жампоз жыр жаздыртқан, сол жырды жаздыртар телегей теңіз сезім сыйлаған аруды «қалағанын» алғасын ақынның көп төмен етектінің бірі қылып мұқата салуы адам қиялына сиятын нәрсе ме? «Әрине, «жоқ» дер еді біздің біраз оқырман. «Ақындікі дұрыс» дер еді және біразы. Қысқасы, егер Пушкин қазақ болса, оның Керні қазақтың келіншегі болса, Пушкин мен оның «жүргіш» махаббаты төңірегінде үлкен айтыс-тартыс баста лып кетер еді. «Пушкин – періште» дер еді көпшілік. «Періште болған, періщте болып қала беруге тиіс» дер еді сосын нығарлап. Әйтеуір, бұл қазақтың «қазақ» Пушкинге шаң жуытпауға тырысатындығы анық. Сосын «ақты ақ, қараны қара» деп айтуға тырысатын жаңағы бірқан ша аздың жүйкесіне ши жүгіртіп рахаттанар еді бұл қазақ. Ал мұндай дертті психология тілінде не деп атайтынын білесіздер ме?.. «ИІРІМ» МЕН «ЖАЗМЫШ» Соңғы кездері қазақ әдебиетінде көп шу шығарып жүрген, әде би ортада әңгіме болмай қалмайтын дүниелердің қатарына Қадыр Мырза Әли ағамыздың осы екі кітабын жатқызуға болады. Біз екі кітапты де кемшіліктен құр алақан дей алмаймыз. Жоғарыда айттық, Пушкин – ұлы ақын. Бірақ періште емес екендігі және рас. Періш телігінен пендешілігі басым түспесе, жаңағы Соболевскийге жазған дай хатын жазбаған болар еді. Жазған екен, демек, екі аяқты пен деге тән кемшіліктер оны да сырт айналып өтпегендігі. Пушкиннің өзі туралы осындай пікір түюімізге оның артында қалған мұралары (мұра тек өлең ғана емес қой) себепші болып отыр, ал қазіргі көзі тірі классик ақынымыз Қадыр Мырза Әлиді періште дей алмайтынымыз
өзінен-өзі-ақ белгілі, басы ашық нәрсе емес пе! Төменнен түптесек – шындық, жоғарыдан көктесек – ақиқат. Пушкинде бар кемшілік Қадыр Мырза Әлиде де бар. Дәл Пушкиндікіндей болмаса да, басқа ша сарындағы кемшіліктер. Бұған Қадыр Мырза Әли ағамыз келіседі ғой деп ойлаймын. Бірақ Мырза Әли дүниелерінен тек кемшіліктерді ғана көруге тырысу және дұрыс емес. Менің бір сыйлас інім «Қазақ өлісінің артынан ғайбат сөз айтпа ған» дейді. Осылай деп алып бір топ ақындардың өлеңдерін мысалға келтіреді. Ішінде, әрине, Абай да бар. Дәлірек айтсақ, ақынның інісі Оспан қайтыс болғанда жазған жоқтау жырларынан үзінділер. Мені қинайтыны, інімнің өзінің уәжін Абайдың сөзімен және қиратуға бо латынын аңғармайтындығы. Ал оның шамырқанып шүйлігіп отыр ған авторы болса, ол әрине, осы Қадыр Мырза Әли, оның атышулы «Иірімі». Ініме қарсы айтар уәжді осы «Иірімнің» өзінен, оның ұлы ақынымыз Жұмекен туралы беттерінен тапқым келеді: «... – Біз өзі о бастан оңып тұрған жоқ екенбіз ғой! – Абай атамыздың өзін ал! Айтысатын тірі ақын қалмағандай кейін сүйектері қурап қалған Бұқар жырау мен Шортанбайға тиіседі! – Біз өздеріміз ше? – деді Жұмекен. – Оңып тұрмыз ба? – Оңып тұрған жоқпыз, әрине! Жалпы пендешіліктен биіктеу тұрған жазушы таба қояр ма екенбіз...» (Қадыр Мырза Әли, «Иірім», Алматы, «Атамұра» баспа сы, 2004, 154-бет). Ал енді ақиқатын айтайық, Абай тиісті екен деп, Бұқар жырау мен Шортанбайлардың намысын жыртып жатқан қазақ қайда бар? Әлде кемеңгер Абайды жүндей алмайтын қазақтың шамасы шымыр сақа дай шап-шағын Қадыр Мырза Әлиге ғана жете ме?.. Егер «Иірім» болмаса, менің Жұмекен мен Мұқағали секілді екі ұлы ақынның Талдықорған жақта кәдімгідей «шекісіп» қалғанын өмір бойы білмей кетуім мүмкін-ді. «Япыр-ау,– деймін ішімнен, – егер екі ұлы талант «мен мықтымын, мен мықтымын» деп тіресіп қалған болса, онда тұрған не кінарат бар екен? Қайта бұл олардың ақындық темпераменттерін, өздеріне деген, өздерінің шығармашылығына деген ішкі сенімдерін аңғартатын арғы-бергі әдебиетте бола бермейтін сирек оқиға емес пе!» Иә, кәдуілгі Есенин мен Маяков сийдің текетіресі секілді. Әлде тек орыс ақындарының біріншілікке таласуына болады да, қазақ ақындары олардан сорлы ма? Ақын төбе лесе білуі керек. Қажет жерде өз шығармашылығын жұдырықпен де қорғай алатын болуға тиіс. Бұл – ақындық өнердің жазылмаған заң дылықтарының бірі. Біздің Махамбет, орыстың Пушкині, венгердің Петефиі... сөзімізге дәлелді ондап, жүздеп кел-тіруге болады. Жасық адамнан ақын шықпақ емес. Ал жалынды адамда шалт басқан қи мылдардың да болатыны анық. Адам жанының білгірі атанған Дос тоевскийдің өзі: «Менің творчеством өзімді күнәһар сезінген сәттен бастау алған» деген. Ал біз бұл қаламгер қауымының бәрін діни, ада ми уағыз айтатын шіркеу не мешіт төңірегіндегілерге айналдырғы
мыз келеді. Одан қалса періште жасамақ, тас тұлғасына тамсанып отырмақ ниетіміз және бар. Шамасы, қателесіп жүрген ақындарымыз емес, біз болармыз. Әйтпесе, Франсуа Вийонның әйгілі тентектеу бір шумағына тамсанып алып, өзіміздің ұлы ақындардан тек періштенің елесін көре бергіміз келетіндігіне не себеп?.. ЗЫМИЯН ДА ОСЫЛАР... ЗИЯЛЫ ДА Ақын жайлы өлең көп. Төлеген Айбергеновтың өлеңі бар, жаңа ғы Қадыр Мырза Әли ағамыздың да қанатты бір шумағы өлең сүйер кім-кімнің де есінде болса керек. Дегенмен ақын жайлы ақиқатты тап басып айтатын өлең Мұқағали Мақатаевтікі секілді: Ақын жайлы айтады қызықты аңыз, Бірақ сен қызықпа, қыз! Рас-ақ, біздер – патша! Мұжық та біз... Түзік те – біз, түнерген бұзық та біз! Ақындарға қызықпа, Қызықпа, қыз! Шынымен ақын жанын қалайсың ба? Шыдайсың ба, шынымен талай сынға? Ақын деген бірде қарт, бірде сәби, Қартты сыйлап, сәбиге қарайсың ба? Ілікпе қыз, Ақынның тұяғына. Зымиян да осылар... Зиялы да.
(«Қызықпа қыз!») Меніңше, осы өлеңнің әр жолын тарқатып айтар болсақ, Қадыр Мырза Әлидің «Иірімі» болмаса да, сол «Иірімнің» төңірегіндегі дү ние келіп шығар еді. Олай болса, ақын туралы ақынның өзі айтып тұр ған ақиқаттан біз неге қашқақтаймыз?! Әлде қорқақ болғанымыз ба? Әйгілі «Улисстің» авторы Джеймс Джойс туралы әйелінің, төсекті бірге бөліскен, тіршілік мехнатын бірге шеккен жарының мынандай сарында жазған естелігі бар: «Рас, мен оның жазғандарын кәдуілгі оқырмандары секілді тамсанып оқимын. Дау жоқ, үлкен талант. Ал оның өзі адам ретінде өте бұзылған жан. Кейбір қылықтарын көрген де тіпті жүрегім айнитын...» Бұл Джеймс Джойсқа, әдебиеттегі үлкен бір бағыттың көшбастаушысы болған Джойсқа қойылған диагноз. Мұндай диагноз, ақындар жайлы аңыздардан ақиқаттың жұмырт қасын аршып ала білуді үйренсек, біздің де талай айтулы қаламгер лерімізге қойылатын диагноз болатындығына күмәнім жоқ. Бұл «екі жердегі екі төрт болатындығы» секілді шындық. Шығармашылық адамы адам жан-дүниесінің қалтарыс-бұлтарыс тарын өзі танып-біле алған деңгейде ғана жаза алады. Мысалы, Толс тойдың әлдебір кейіпкерінің мұндай сәтте қандай көңіл-күйді бас
тан кешіретінін түйсініп білу үшін өзін-өзі өлтірмекке ниеттенгені секілді деңгейде. Ал адам баласының басында бар басқа кемшілік тер, жүйкеден келіп шығатын өзге де сырқат-дерттер ше? Оларды шығармашылық адамы қалай танып-білмек? Біреулерден есту арқы лы ғана ма? Өйтсе, онысы құр жалаң дүние болып шықпай ма? Жал ған дүниеге оқырманды қалай сендіре, иландыра алмақ? Міне, осы жерде шығармашылық адамы есепті, есепсіз халда нар-тәуекелге ба сын тігетін сәт туады. Ұлы адамды дүниеге келтіретін де осындай сәттер. Біз Жаратқаннан осындай сәттер көп болсын деп тілейік. Рас, ақын мына өмірге өз өмірінің тек нұрлы жағын ғана қалды рып, қара жағын өзімен бірге көрге алып кетуге тырысады. Қай-қай ұлы суретшінің де асыл мұраты осы. Бірақ суретші мұраты осы екен деп, біздің оларды түсінбеуге тырысуымыз біздің қателігіміз болып шықпай ма? Өйтер болсақ, медальдің екінші беті қайда қалады? Со сын, екінші беті жоқ медаль бола ма? Естелік, естелік... тағы да естелік... Меніңше, Қадыр Мырза Әлидің «Иірімі», Мұхтар Мағауиннің «Мені» төңірегінде айтылып жүрген әңгімелердің бәрі бізде өзге озық әдебиеттердегідей емес, есті естелік жазу үрдісіне қарағанда оны оқу мәдениетінің кемшін түсіп жатқанынан секілді. Әрине, естелікті әр адам өз танымы, парасаты биігінен қарап жа зады. Әйтпесе, Лермонтовты ақын түгілі, адамның қатарынан шығарып тастайтын естеліктер жазылмас еді ғой. Әйтпесе, Иван Бунин тек Маяковский емес, орыс поэзиясының символы іспетті Есениннің де екі аяғын бір етікке тықпас еді ғой. Әйтпесе... Әйтпесе... Бірақ осы әйтпеселерден орыс әдебиеті ұтылып отыр ма? Әрине, жоқ. Мұқағали ақын айтқандай «зымияныңыз да, зиялыңыз да – ақын дар». Олар да жұмыр басты адам. Бәлкім, есімдері тарих парағына бас әріппен жазылуға тиіс адамдар. Олардан періште жасауға талпыну дың еш қажеті жоқ. Бұл адам емес, Алланың қолындағы шаруа бо лар. Ал періште жасауға талпына берсек, бұл ақынның қиялилығы емес, біздің қиялилығымыз болып шығады. Қияли болып отырып, ақын жырындағы ақиқат қисынын тап басамын деу – бос әурешілік. Шамасы, бос әуре болмас үшін не істеу керек, ендігі жерде осыған бас қатыруымыз керек-ау. Қазіргі әңгімемізге қарасақ, бізде генийлер де, таланттар да жоқ секілді. Бізде бәрі періштелер іспетті. Солай ма?
ЖАЗЫЛАР ЕСТЕЛІКТЕР МЕН ТУРАЛЫ... АҚЫН АНТИПОДЫМЕН ӘҢГІМЕ Қалтама тиын-тебен түскенде, қолым қалт еткенде кітап дүкені не кіремін. Басқалары да бар ғой, бірақ өмірбаяндық кітаптарға көбірек үңілем. Бұл жағынан орыс ағайындардың көш ілгері кетіп қалғанын байқап, түңілетін кездерім де аз емес. Міне, Огюст Ре нуар, Поль Гоген, Пабло Пикассо, Модильянилер. Мұның бәрі –ащылы-тұщылы тағдыр-талайымен бір дүкеннен ұшырасар әлемге әйгілі суретшілер. Орыстың өз Крамскойы, Репині, Сури ковтары мен Левитандары – оларды да осы дүкеннен кездестіре аласыз. Пушкин, Толстой, Чехов, Шукшин – орыс ақын-жазушы ларының ұзын-ырғасы да осылай кете барады. Бір бұрыштағы «ЖЗЛ» сериясымен шыққан кітаптарға көзіңіз түскенде жүрегіңіз тоқтап қала жаздайтыны және бар. Жалпы, білетін жұрт «кітаппен қауышу – қуанышпен қауышу» деп жатады. Өз басым бұл пікір мен толық келісе бермеймін. Меніңше, кітаппен қауышудың да көңілге кірбің ұялататын кездері аз емес. Әсіресе, өзіңде, өзіңнің халқыңда жоқты сезіндіруге келгенде ұлтты, ұлысты талғамайтын кітап жарықтық тым қатал, тым қатыгез болып кетеді. Оның бір көрінісін жаңағы кітаптарының мұқабалары жаймашуақ «ЖЗЛ»- дан-ақ аңғаруға болады. Сенбесеңіз, бір сәт «ЖЗЛ» сериясының соңғы кітаптарына зер салып көріңіз. Әне, анау – Николай Рубцов. Кеше 75 жылдығы тойланған біздің Мұқағали ақыннан бес жас кіші бауыры. 1936 жылдың тү легі. Орыстар оны Есениннен кейінгі мықты ақынымыз деп шу ласып жүр. Биыл 70 жылдығын Ресей бойынша тойлау басталды. Мәскеуде ескерткіші орнатылмақ. Ал мынау – кәдуілгі Владимир Высоцкий. Бір дәуірдің символына айналған тұлға. Ақын, актер һәм сазгер-орындаушы. Бұл да біздің Мұқаңның поэзиядағы 7 жас кіші інісі болып келеді. Бірі Мұқаңнан 5 жыл бұрын, бірі 4 жыл кейін о дүниелік болған. Енді әйгілі «ЖЗЛ»-дың бір-бір томына айналулы. Бұйыртса, Данте, Шекспир, Гетелермен сөрелес бола ды. Пушкин, Лермонтов, Есениндердің ортасында жүреді. Кім бі леді, бәлкім, Рубцов өзі пір тұтатын Федор Тютчевпен, Высоцкий Франсуа Вийонмен ендігі тіл табысып та үлгерген болар. Әйтеуір, мен зер салып кеткелі әлдебір ыждаһатты оқырманның кітапха насынан құтты орындарын тауып үлгергендеріне еш күмәнім жоқ. Сосын, осы «ЖЗЛ»-ға анау-мынау өмірбаяндық кітаптар дың кіре бермейтіні және бар. Олай дейтінің, бір дүкеннің өзінде
Есениннің тағдыры мен шығармашылығына қатысты төрт бірдей
кітапты парақтап тұрып, ақынжанды орыс ағайынның өз шайыр
ларына деген ілтипат-құрметіне таң қаласың. Бірі Есениннің жеке
болмысын, оның шығармашылығын психоанализ ғылымының
қол жеткізген жетістіктері негізінде талдаса, енді бірінікі ақын
ажалына, оның жұмбақ өліміне қатысты зерттеулерге ұласады. Бі
рақ бұл да, ол да емес, «ЖЗЛ» сериясынан басылып шығуға әкелі-
балалы Куняевтардің кітабы лайық деп танылған. Демек, Рубцов
пен Высоцкий жайлы мына кітаптар да әбден сүзгіден өткен, екі
ақын жайлы жазылған еңбектердің нағыз дарабоздары саналатын
дүниелер болғаны. Орыста таңдауға мүмкіндік көп. Осыны сезін
генде ішің қыз-қыз қайнайды. Мұқағали таланты, Мұқағали тағ
дыры Рубцов яки Высоцкийдікінен кем, әлде қызықсыз ба еді де
ген ойлар мазалайды. «ЖЗЛ»-ға кірген екі ақыннан да жасы үлкен
Мұқағали туралы толыққанды кітап қашан біздің оқырман қолына
тимек деп күйінесің.
Иә, тек кітап емес, басқа да күйіндіретін жайттар жетерлік.
Мәне, редакцияға, саған, өзіңмен түйдей құрдас талапкер келіп
отыр. «Өлеңдерімді оқы, пікіріңді айт, ұнағандарын газетке бас
тыруға алып қал» дейді. Өлең деп отырғаны өлең емес, жай ши
май-шатпақтар ғана. Сөз өлтіру, қағаз өлтіру өнері. Құрдасыңның
талайына жазылғаны басқа емес, дәл осы екенін әбден-ақ сезініп
отырсың.
Бірақ оның өзі бұлай деп ойламайды, ақыры ренжісіп тарқасуға
тура келеді.
Тағы біраз күннен соң сен кештетіңкіреп кіріп келген кафеде
сол ескі танысың отырады. Жалғыз емес. Қасында өзі қатарлы бі
реу, орталарында жартылықтары бар. Сені өздерімен дастархан
дас болуға шақырады. Ниеттері – сыйлап жібермек. Бәлкім, «сый
лау» арқылы «сындырмақ».
Сен қазір достарыңның келетінін айтып оңаша тұрған орынға
жайғасасың. Ескі танысың серігіне, саған естірте Мұқағали ақын
туралы әңгіме бастайды.
– Мұқағалиды да тірі кезінде көп адам түсінбеген. Мені де түсін
бейді. Бірақ менде Мұқағали көкем сияқты жаза беремін. Мейлі,
тартпамда жата берсін. Өлгесін, жылап-сықтап жүріп өздері кітап
қып басып шығарады. Естеліктер айтатын болады...
Әсілі, біреуден білгіш деп естіген болуы керек, сосын маған қа
рата сауал тастайды.
– Қазір ғалымдардың Мұқағали Мақатаев өлеңдерін зерттеп
жатқаны рас па?
– Рас, – деймін мен, – төрт докторлық, тоғыз кандидаттық жұ
мыс қорғалды. Қорғалатындары және бар.
Әрине, жауабым «Тисе терекке, тимесе бұтаққаның» кері. Әйт
песе докторлық немесе кандидаттық жұмыстардың тізімін түген
деп жүрген жайым жоқ. Әйтеуір, ақын шығармашылығы туралы
зерттеулердің бар екенін естігем.
Жартылықтарын тауысып, орнынан тұрған бауырым әлі доста
ры келмеген маған кетерде бәрібір сес көрсетіп кетеді.
– Бұл халық Мұқағалиды түсінбей құртқан, қасындағы талантсыз
ақындар қызғаныштан ішкізіп өлтірген. Тағы бір Мұқағали келсе,
тағы да сөйтеді. Сол үшін де абай болу керек.
Ол қатырдым деп бара жатады. Ішің жылап сен қаласың.
Жыламағанда қайтесің, сенің қазақ бауырың Есенин, Рубцовтар
түгілі өзінің сүйікті Мұқағалиының да шынайы тарихын білмейді.
Оның ойындағы Мұқағали күйіктен ішіп келген де, жаза берген.
Солай ма?..
МҰҚАҒАЛИДЫҢ ҮШ ЖҮЗІ. ОЛАР КІМДЕР?
Әйгілі жапон жазушысы Акутагава Рюноскэнің бір әдебиетші
кейіпкері «Менің арғы-бергі халықтар мен арғы-бергі уақыттар
дан үш жүз қаралы сайдың тасындай таңдаулы сайыпқыран дос
тарым бар» дейді. Әрине, мұны кейіпкерінің аузымен айтып отыр
ған Акутагаваның өзі. Егер Акутагаваның осы достарының тізімін
жасасаңыз, олардың қатарынан кімдерді ұшыратуыңыз мүмкін?
Бәлкім, бұл тізім Гомер мен Вергилийлерден басталар. Әлде шу
мердің Гілгәмешті жырға қосқан белгісіз ақынынан бастау алар
ма екен? Әйтеуір, бұл тізімнің ылғи ығай-сығайдан тұратынына
күмән жоқ. Өйткені, достары мықты болмаса, Акутагава да мық
ты болмас еді ғой.
Ал біздің Мұқағали ақынның үш жүзінің ішінде кімдер бар?
Жалпы Мұқағали ақында арғы-бергі әдебиет ұлыларынан үш жүз
дос болды ма? Әлде ол ешкімді оқымай-ақ, ешкімді білмей-ақ ай
тулы ақын болып кетті ме? Жоқ, олай болуы мүмкін емес. Мұқа
ғалидың әлем әдебиетін оқуды бала кезден бастағанын ақынның
балғын шағына куә болғандардың бәрі айтады. Демек, шынайы
достарды жинауды, олармен сырлас болуды Мұқағали ақын ерте
кезден-ақ әдет еткен. Дәстүрге айналдырған. Өлеңінде «Білімім
орта, бірақ өзім жоғарыға санаймын» дейтіні сондықтан. Ақынның
«Мәскеуліктердің білетіні де өзім білетін дүниелер екен. Сондық
тан көп аялдамай қайтып кеттім» дейтін әңгімесінде де осындай
шындықтың ұшқыны жатыр. Яғни, аудармалары мен өлеңдерінен
таныс Вергилий, Данте, Шекспир, Пушкин мен Лермонтов, Есе
ниндер мен Маяковскийлер осылардың, Мұқағали үш жүзінің бір
парасы ғана. Бар болғаны, алып мұзтаудың көзге көрінер жоғарғы
қабаты деуіміз керек. Ал оның судың астында енді қанша көлемі
көрінбей бұғынып жатқанын бір Құдайым ғана біледі.
Иә, біле білсеңіз, сол үш жүз ұлымен астасып, тұтасып кеткен
Мұқағалидың өзі – алып Мұзтау. Бір ұлы организм. Бізге оның
көзі бардың бәріне байқалар жоғары жағын ғана қызықтауды до
ғарар кез жетті. Енді Мұқағалидың тереңнің тасасында бұғынып
жатқан тылсым құпиясын үңілуге тырысуға тиіспіз. Өмірі мен
өлеңін қатар өре отырып, оқырманды ақынның шын тағдырымен
таныстыру міндет.
Иә, Мұқағали туралы естеліктер аз жазылған жоқ. Тіпті жеке
жинақ болып та шықты. Бағыда бір оқып ек, енді тағы да бір сүзіп
шықтық. Мұнда топтастырылғандардың дені ақын туралы еш ай
тары жоқ ортаңқол ғана дүниелер екенін аңғардық. Айтулы Мұқа
ғали кагортасының исі де шықпайды. Мұқағали көп қазақ ақын
дарының бірі ғана болып қалыпты. Иә, тағдырына жауапсыздау
қараған, көп уақыт баспанасыз жүрген, әдебиет шенеуніктерінен
жапа шеккен жаны жайсаң көп мұңлықтың бірі. Қысқасы, Мұқа
ғалидың есімін алып тастап, сол кездегі мықты ақындардың тала
йына тели салуға болатын қатардағы естеліктер жинағы.
Мысалы, менің бұл жинақтан Мұқағали ақынның Дантенің
«Құдіретті комедиясын» аударуға қалай келгенін, оған қалай да
йындалғанын білгім келген. Ақынның сырқатының тарихы ту
ралы деректермен танысуды жөн көргем. Ақын тағдырындағы
әйелдер рөлі, қатарлас әріптестерінің ақын шығармашылығына
әсері, бұлар да мені қызықтырған жайттар еді. Жинақта бұлардың
бірде-біріне жауап жоқ. Әлдебір тұспалдаулар ғана ұшырасады.
Қысқасы, «ішің білсін, әлуайдың» кері.
Ақынның Қызылқұмға сапары, Қарақалпақстанға барып Төле
ген ақынды жерлеуге қатысуы, Мәскеуде өткен күндері – бұлар
дың бәрі жадыдан өшіріліп кеткен жайттар секілді.
Орыстар Есениннің Тәшкенге қалай келгенін, Бакуде күн
дерді қалай ұзатқанын, Тифлисте нендей жағдаяттарды басынан
кешіргенін, бәр-бәрін жасырмай жазады. Тіпті жезөкшелермен
қалай дәм-тұздас болғанына дейін ақтарып салады. Деректің
молдығы соншалық, «Есенин және жезөкшелер», «Есенин және
еврей бойжеткендері» деген тақырыптарда мақала жазуыңызға
әбден жетіп-артылады. Бұл тақырыптарды қомсынсаңыз, «Есе
нин және атаққұмарлық», «Есенин және жоғары мансаптылар»,
«Есенин және қала мен дала» секілді тақырыптарды қаузауыңыз
ға мүмкіндік бар. Және бұлардың бәрі Есенинің тағдырына, сол
арқылы шығармашылығына ықпал еткен күнделікті пендешілік
өмірдің көлеңкелі жақтары. Иә, ақын тағдыры оның жайма-шуақ
шақтарын емес, осы күңгірт, қалтарыста жататын сәттерін көрсет
кенде ғана өзінің шын сырын ашпақ.
Сосын, Вийон қарақшы, Аллан По апиыншы, Есенин жүргіш
ретінде мәлім болып жатқанда, біздің Мақатаевты періште еді де
генге кім нанады? Шынын айту керек, өткен ХХ ғасырдан, енді
мынау тәй-тәй басқан ХХІ ғасырдан да періштелерді іздеу тек қа
зақ ағайынның ғана қиялына келетін шаруа. Шындығында, өзін-
өзі алдау, жоқ нәрсеге емексу. Шіркін, ұлы ақыннан гермофродит
жасауға талпыну – табиғаттың заңына қайшы келу екенін сезіне
алсақ қой...
Мұқағали періште емес. Оны ақынның өзі мойындаған. Егер
«бар өмірім – өлеңдерімде» деген ақынның сөзіне сенетін болсақ,
бір ғана «Сол түні» атты өлеңінен-ақ көп жайтты аңғарар едік:
Ауады да тұрады аңсарым-ай!
Әлі сен есімдесің, Аршалы сай.
Сол түні неге мені өлтірмедің?
Сол түні риза едім алса Құдай.
Сен куә, Аршалы сай,
Сол түні мен,
Аққуға тұзақ салып, өлтіріп ем.
Сол түні неге мені аяп қалдың?
Жаңадан ауызданған бөлтірік ем.
(Бөлтірік ем, арлан боп аяқтандым).
Шырылдап сонда сені оятқан кім?
Есіңде ме?
Көз жасы...
Жалынышты үн?..
Сол түні неге мені аяп қалдың?!
Қара түннің ішінде, қара бақтың,
Атар таң, келер күнге қарамаппын.
Тағдырдың өзі берген махаббатты,
Тәрк етіп, мәңгілікке жаралаппын...
Аршалы сай!
Неғылған көркем едің!
Сол түні неге мені өртемедің?
Сол түннің қияметін есіме алсам,
Сенен де, өзімнен де жиіркенемін.
Ақын сіз бен біз сияқты бұғынып, қашқақтамайды. Ақиқатты
айтады. Күнәға батқан көңілдің тазалыққа іңкәрлігін, ынтықты
ғын жырлайды. Өлеңге бар жан-сырын жайып салады. Жүрегінің
бір жақпарында бозбала кезде түсіріп алған жарақат сызат бар
екенін ескертеді. Ал біз болсақ, ақынның қаншалықты қарсылас
қанына қарамай, одан пұт жасамақ боп әлекпіз. Мұқағалидан пұт
жасауға қалған үш жүз досы келісе қоя ма, оған бас қатырғымыз
да келмейді.
МҰҚАҒАЛИ ЖӘНЕ МУЗЫКА
Біздің білуімізде, Мұқағали үш жүзінің ішінде әйгілі Бетховен
де бар. Ақын неміс композиторының тағдыры һәм шығармасымен
жақсы, жан-жақты таныс болған. Бұл сөзімізде «Ильич» поэма
сындағы «Аппассионата» тарауы және «Бетховен» өлеңі куә.
Соңғы өлеңді нағыз жыр жауһары деп бағалауға болады:
Сәнімен емес,
Әнімен оған қымбатты,
Қырық мың ғалам,
Қырық мың түрлі үн қатты.
Көзімен көрмей, әлемнің мына бояуын,
Көңілімен ғана керемет сазын тыңдатты.
Жетімек бұлттар жер ауып, қайда көшеді,
Өшеді қашан бүгінгі және кешегі?
Дауылдың соғар,
Жауынның жауар шақтарын,
Бетховен ғана дыбыстан сезген деседі.
Сыйқырлы үнмен сыбырлап оған тұр ғалам,
Ғалам да оны,
Ғаламды ол да тыңдаған.
Сынымен емес, сырымен Айдың сәулесі,
Сорғалап соның саусақтарымен жырлаған.
Қия алмай оны,
Қиылып айлы түн кетті.
Жалауын алып, жеңімпаз жаңа күн жетті.
Жым-жылас, жым-жырт, таскерең етіп Тәңірі,
Табиғат та оны күндеген екен, білмепті.
Сыңғырлап үні,
Күмбірлеп күйі бұрқанбай,
Дүние тынды...
Тілі кесілген мылқаудай.
Айлы кештерден сорғалап сазды үн тамбай,
Құлазып қалды қу тірлік өлі вулкандай.
Не дерсің мынау таскерең мылқау шақтарға!
Дыбыссыз бәрі – орман да, тау да, бақтар да.
Тек қана аспан азан сап оған естіртті,
Керең тірлікті қалдырып бара жатқанда.
Күркіреп аспан,
Ойнатты-ау дейсің жасынды,
Сайратты-ау дейсің мелшиген тау мен тасыңды.
Мылқаудың үні, кереңнің құлағы ашылды,
Кешірім сұрап,
Бәрі де оған бас ұрды.
Міне, бұл өлеңде Бетховеннің тағдыры да, шығармашылығы да
бар. Бейнелеп айтқанда, бұл ақынның Бетховен рухының стихия
сына өлеңмен арнап жазылған симфониясы іспетті.
Жақында телеарналардың бірінде «Мәңгілік ғашық жар» атты
фильм көрсетілді. Фильм арқауына осы Бетховеннің өмірі алын
ған. Негізгі өзегі – композитордың «Мәңгілік ғашығым» деп бас
талатын кімге жазылғаны белгісіз хатының құпиясын шешуге тал
пыныс. Ғажап фильм.
Ал біз Мұқағалидың махаббат өлеңдерінің кімге арналғанын
шешуге тырысып көрдік пе?
Анықтап қарасаңыз, осы өлендерден де Бетховен стихиясының,
Бетховен сөз саптасының әсері байқалатындай.
Мінеки, екі өлеңнен алынған екі шумақ:
Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сенімді шашып болып,
Өтермін сірә де мен бұл өмірден,
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.
Немесе:
Қайтсем екен сені ұстап қалу үшін?!
Сен маған шексіз дала сағымысың.
Мен өтермін, өтермін, өтермін мен,
Мәңгілік сен қаласың, сағынышым!!!
Бетховен хатымен үндесіп, қауқылдасып жататын бұл үздіксіз
сағыныш пен мәңгілік махаббаттың кейіпкері кім?
Бәлкім, Бетховен жайлы фильмдегі тосын шешім секілді, бұл
өлеңде ақынның Лашын апамызға деген махаббаты жатқан бо
лар?! Әлде адрес иесі басқа ма?
Біздіңше, ақынның Бетховен тағдырын жете зерттеп, оның шы
ғармасына ден қоюы бекер емес. Яғни, бірі Азия, бірі Еуропада
дүниеге келген екі тұлға табиғатында біз байқай бермейтін әлдебір
өзара ұқсастықтың болғаны. Жіті үңіле қарасақ, бұл ұқсастықты
тіпті ақын мен композитордың сыртқы бейнелерінен де аңғаруға
болатындай.
Иә, бізді мазалайтын бұл сауалдарға бүгінгі көзі тірі ақын за
мандастарының қайсыбіреулері жауап бере алуы мүмкін. Олар ер
теңгі ұрпаққа ақиқатты естелік қылып жазып қалдырар ма екен,
әлде өздерімен бірге қараңғы көрдің түнегіне ала ала кете ме, мә
селе сонда.
Естуімізше, ақын дүниеден өткен күні Алматыдағы қарт терек
тердің біріне жай түскен деседі. Ал Бетховен дүниеден өткенде ас
пан толассыз шатырлапты. Осының өзі-ақ болмысы тарпаң ақын
өмірін адуын мінезді композитор тағдырымен жақындастыра түс
пей ме?
АҚЫННЫҢ АПОЛОГИЯСЫ (Акутагава Рюноскэнің ізімен) І Дауыс: «Асқақ ұшсаң, абайлап қон» деген сөзді білесің бе? Мен: Иә. Бұл көне шумердің сөзі. Мен оны әрбір жазуға отырар сәтімде іштей қайталаумен келемін. Дауыс: Онда неге дандайсып, тоқмейілсіп кеттің? Мен: Қарапайым журналист-әдебиетшіні бұлай кінәлай қою дың жөні болар ма екен? Мен тіршілік нәпәқамды тек мақала жазумен тауып келе жатқанымды ешқашан ұмытқан емеспін. Ал айына әдеби тақырыпқа екі-үш мақала жазып, дайындауға тиіс адамның дандайсуға, біле білсеңіз, уақыты да жоқ қой. Мақала жазу, бұл енді, қара жұмыс. Ит сілікпең шығады. Дауыс: Сол мақаласымақтарыңның бірі «Сюрреализм сары нындағы сандырақ» деп аталатын емес пе еді? Мен: Иә. Жастау кезімде осындай мақала жазғаным есімде. Дауыс: Сен сонда Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғызды ғы» қазақ топырағында дүниеге келуі керек еді деп көкімеп пе ең? Мен: Рас. Ондайым болған. Сосын «Жүз жылдық жалғыздықты» не месе сол ыңғайдағы романды қазақ қаламгері жазып жатса несі айып? Дауыс: Міне, дәл осының дандайсу болатын. Сенің өзіңнің «Жүз жылдық жалғыздыққа» қандай баға бергенің жадыңда ма? Мен: Неге болмасын. Мен оны «Тәураттың» бүгінгі заманның бейнесіне түсірілген көшірмесі дегемін. Дауыс: Ха-ха-ха-ха! Баламашылым... Сондағы шал Буэндиа мен кейуана Урсуланы жұмақтан қуылған Адам Ата мен Хауа Ананың колумбиялықтың қиялында дамытылған әдебиеттегі ізбасарлары деген пікіріңнен әлі де қайтпайсың ғой? Мен: Неге қайтуға тиіспін? Дауыс: Ал сен Гарсиа Маркестің сол романды жазуға жиырма жылдай уақытын сарп еткенін, миында пісіріп, ұзағынан толғап пішкенін білемісің? Мен: Оқығанымды ұмыта қоятындай халге әлі жете қойғаным жоқ. Дауыс: Гарсиа Маркес біраз уақыт өркениеттен бейтарап қа лып қойған байырғы тайпалардың арасында болды. «Жүз жылдық жалғыздықтың» жазылуына сол түрткі болған-ды. Мен: Онда мұндай романды ең алдымен Христофор Колумб жазуы керек еді ғой.
Дауыс: Олай болса, маған мынаны айтшы. Сен Маркестің Ко лумбиясы туралы не білесің? Мен: Жарытып ештеңе білмейтінімді жасыра алмаймын. Бұл жерде енді күмілжуге тура келеді. Дауыс: Егер сенің Колумбияны білгің келмесе, сенің Қазақста ныңды қайдағы бір колумбиялық неге білуі тиіс? Мен: Түсінбедім. Мен мұндай сөзді қашан айтыппын? Дауыс: Миғұла неме! ХХІ ғасыр қазақ әдебиетінің дәуірі бо лады деп жар салғандардың бірі сен емес пе едің? Әлде ұмытып қалдың ба? Мен: Иә, екі-үш жерде айтқаным рас. Бірақ ол сөздің сонау мұ хиттың арғы жағындағы Колумбияға не қатысы бар? Дауыс: Миыңды есек теуіп кетпесе, түсінуге тиісті едің ғой, бейбағым. Жоғарыдағы мәлімдемең, ішінде Колумбия да бар, бізді бүкіл әлем тануға тиіс дегенге саяды емес пе? Мен: Бұлталақтай алмаймын. Солай екені рас. Дауыс: Ендеше өзіңнің қолыңнан келмейтінді өзгеден талап етуге қандай хақың бар? Мен: Ал сол колумбиялығың «Жүз жылдық жалғыздықты» Қа зақстанды білмей-ақ жазып шыққан жоқ па еді? Дауыс: Бірақ ол басқаларды білді ғой. Кафканы, Камюді, Кьер когерді, Хемингуэй мен Фолкнерді. Өзінің қанша ғасырлық тари хы бар испан әдебиетін. Сен бұл тарапқа көз жүгіртіп көрдің бе? Мен: Тыңғылықты танысуға мүмкіндігім болған жоқ. Бірақ бір шама білемін деп есептеймін. Дауыс: Екінің бірі біршама білемін деп айта алады. Нақты жауап бер! Мен: Білмеймін деп құтылғаным жөн болар. Дауыс: Енді жөнге келдің. Демек, ХХІ ғасыр қазақ әдебиетінің ғасыры болады дегеніңнің де жалаңаш ұран екенін сезінесің ғой? Мен: Ғасыр бітуге әлі алтысы кем жүз жыл бар емес пе? Бәлкім, біздің әдебиеттің де осы уақыттің ішінде айы оңынан туып қалар? Дауыс: Әдебиет жасағысы келетін қазақ талапкерлерінің бәрінің деңгейі дәл сенікіндей болса, ешқашан тумақ емес. Ха-хаха-ха! Мен: Мен дайындығы менен анағұрлым мықты жастардың әде биетке келетініне сенемін. Дауыс: Сен өзіңді-өзің алдарқатуға қазірден шебер болып ал ған секілдісің. Әсілі, «Ауруын жасырған өледі» деген сөзді де біл мейтін болғаның ғой? Мен: Қазір бізде өлең, проза жазатын жастар қарасы қайтадан көбейіп келеді. Түбі сан сапаға айналуға тиісті емес пе? Дауыс: Иә, оларыңды мен де байқап жүрмін. Құр қиялдар секілді.
Мен: Жоқ. Үш-төртеуінен әбден үміт күтуге болады. Оған сенімім кәміл. Дауыс: Ха-ха-ха-ха! «Көп қорқытады, терең батырады», сенің халқың айтқан аталы сөздердің бірі осы емес пе! Үш-төрт шыбық дауылға қарсы не істей алмақ? Мен: Өзім де білмеймін... Дауыс: Ха-ха-ха-ха! Ал сен «Асқақ ұшсаң, абайлап қон» деген сөзді тегі кім екені белгісіз шумердікі дейсің-ә. ІІ Дауыс: Бүкіл әлемнің қайғысын бір өзің арқалағандай неге тұн жырап отырсың? Мен: Өзіме деген сенімім семіп бара жатқан секілді. Соңғы кез де шарасыз хал кешіп жүрмін. Дауыс: Газеттің жұмысы шаршатты дегің келеді ғой? Мен: Жоқ, олай айта алмаспын. Бірақ ішімде себебі белгісіз әл дебір құлазу жүріп жатыр. Себебін біле алмай далмын. Дауыс: Сен білмесең мен білемін. Мен: Тағы да жанымды жаралағың келе ме? Дауыс: Жоқ. Сен бітеу жарасың. Ал бітеу жараның аузы ашыл са ғана жазылмақ. Мен: Емші болғаныңа... Қайдағы бір бітеу жараны айтып. Дауыс: Көшім хан туралы роман жазамын деп алты алашқа жар салған сен емес пе едің? Мен: Иә, мақаланың шырайын келтіру үшін бірде сондай бір ойды сөз арасына қыстырып жібергенім бар-ды. Дауыс: Әне, сол сөз ыңғайы үшін айтыла салған жар салмаң сенің жаныңды мазалап жүр. Енді ол өмір бойы мазалайтын болады. Мен: Япырау, роман жазуға ешқандай уақытым жоғын өзім жақсы білемін ғой. Демек, ауруымның себебі бұл болуы еш мүмкін емес. Дауыс: Ендеше, былай ойланып көрші. Осы күнге дейін ауыз тол тырып айта алатындай не іс тындыра алдың? Жеке шығармашылы ғым бар, оның темірқазығы мынау деп бір дүниені айта аласың ба? Мен: Мен бұл туралы әрдайым ойланамын. Дауыс: Жауабың қандай болды? Мен: Рас. Қазірге ауыз толтырып айтар ештеңе таппадым. Дауыс: Бейбағым, осыдан кейін сен ауырмағанда кім ауырмақ? Мен: Сен мені жұбатып отырып та жұлқылап алуға құмар сың. Айттым ғой, үлкен дүние жазамын деген ниет менің қаперім түгілі, түсіме де кірген емес. Дауыс: Роман болмаса, хикаят жаз. Хикаятқа да тынысың жетпесе, әңгіменің ауайын байқап бақ. Әйтеуір бірнәрсе жазуға тиістісің. Және оның көркем дүние болуы шарт. Мен: Айттым ғой, көркем дүние жазуға құлқым да, күш-қажы рым да жоқ деп.
Дауыс: Сонда Көшім хан туралы деректерді жинап жүрген де мен емеспін дегің келе ме? Мен: Жоқ, олай айта алмаспын. Бірақ маған Көшім хан зеңбі рек пен мылтыққа қарсы жалаң қылышпен шапқан байырғы үндіс тердің көсемі секілді көрінеді. Мұхиттың арғы жағындағы құрлық тан, бес-алты ғасырдың тереңінен сұлбасын әрең-әрең аңғарамын. Дауыс: Міне, мұның дұрыс емес. Сен өз тақырыбыңнан өзің бас тартып отырсың. Дертіңнен емделгің келмейді. Өзің айтқан сөздің жаңғырығы өзіңді қайта айналып соғып жатыр. Түбі бір та бан тіреп отырмасаң өмір бойы соға береді. Мен: Бірақ менде ондай дүниеге отыруға мүмкіндік жоқ қой. Дауыс: «Менің достарым Ван Гог, Сезанн, анау жапон Акутага валар» деп әңгіме айтатын сен емес пе едің? Солар шығармашы лыққа қалай уақыт тапты, қалай жүріп-тұрды, сен де солай істе. Мен: Мен қазақпын ғой, жазылмаған міндеттерім көп. Дауыс: Акутагаваның «Тозақ азабын» есіңе түсір. Әйтпесе, кеш болады. Көрген күнің тозақ болып қала бермек. Ал қазақпын де генің құр бас сауғалау ғана. Мен: Иә, айтуға оңай... Дауыс: Сен өнер адамысың. Өнер адамына моральшы болу шарт емес. Ал періштемін деп өзің де айта алмассың. Мен: Иә, шеңберден шығуға тырысуым керек екенін өзім де бі лемін. Бірақ оған шамам келе ме? Дауыс: Тырысып көр... Әйтпесе мазалағаным мазалаған. Ха-хаха-ха! Тек ғұмыр бойы қағаз кеміріп көзі суалған көп бейбақтың бірі болып қалып жүрмесең болғаны... Ха-ха-ха-ха! ІІІ Дауыс: Сендер ештеңе істемей жатып мәлімдеме жасауды үй реніп алғансыңдар. Бұл – әдебиетті ойын қылу деген сөз. Дәл аты – қылмыс. Мен: Қылмысым үшін жауап беруге әзірмін. Дауыс: Мұның да мәлімдеме. Мәлімдеменің ең бір сұмпайы, сұрқия түрі. Мен: Енді не істеуім керек? Дауыс: Үнсіз еңбектенуің шарт. Мен: Мен де шыбықпын ғой. Сен айтқан дауылға қарсы тұра алар ма екенмін? Дауыс: Ха-ха-ха-ха!.. Акутагаваның үш жүз досындай дос мен де де болады деп бәлсінген сен емес пе едің? Әлде тәспіңнен жа ңылдың ба? Әрқайсысыңды үш жүз бәйтерек жебеп, демесе, сен дердің де ерен терек болып кетпестеріңе кім кепіл? Мен: Арғы-бергі замандардан үш жүз дос табу – бұл енді қия меттің қияметі ғой...
Дауыс: Айттым ғой сендердікі құр күпіну деп. Дегенмен айта
йын, дос досты табатынын да ұмытпағандарың жөн. Мұны хакім
Абай жақсы білген. Лермонтов арқылы Гетені тапқан шалдың та
ғылымнан тәлім алыңдар.
Мен: Біз де дос табуға аз тырысып жатқанымыз жоқ.
Дауыс: Араларыңда достықты саудаға салып жүргендер де бар.
Мен: Өз басым ондайларды білмейді екенмін.
Дауыс: Хлебниковтың құлағын шулатқан ақын ағайындарың-
ның әңгімесін ұмытып қалдың ба? Кім екенін білмесе де, Хлеб
никовты аударамыз деп үшеуі бірдей ентелей ұмтылған жоқ па?
Мен: Жоқ. Менің білуімде екі ақын үшінші бір ақынға Велимир
Хлебниковтың жолма-жол аудармасын жасап беруге уағдаласқан.
Үшіншісі оны өлең тіліне түсіріп сөйлетіп шығуға тапсырма ал
ған көрінеді.
Дауыс: Сөзден сөз тудырған жасампаз Хлебниковты бард ақын
дармен шатастырып жүрген бейбақтардың қандай жолма-жол ау
дарма жасауы мүмкін? Ал Хлебниковты өмірі түпнұсқасынан оқы
маған ақын оны қалай қазақша өз деңгейінде сөйлете алмақ? Бұл
ақындық өнердің киесімен ойнау емес пе? Бұдан кейін Хлебников
олармен қалай дос болмақ? Өзіңді менсінбейтін, көрмей жатып
қалпақпен соғып аламын дейтін астамшыл пиғылдағы жанмен
сен өзің дос бола алар ма едің? Олар дос бола алар ма еді?
Мен: Әрине, жоқ.
Дауыс: Ал сенің кейбір замандастарың осындай әрекеттерге
барып жүр. Олар осы райынан қайтпаса, ешқашан жетпіс жеті ата
сынан барып қосылатын Вергилий дұрыс бағыт сілтеп, о дүниені
емін-еркін шарлаған Данте секілді ақын бола алмайды.
Мен: Мұны біз де білеміз.
Дауыс: Ешкімді оқымай-ақ ақын боламыз деп жүргендер де
сенің замандастарың.
Мен: Иә, бәрін кітап оқу, білім жию емес, түйсік шешеді деген
бір досым болған. Ол екеуміздің жатақхана бөлмелерінде талай
айқысқанымыз әлі есімде.
Дауыс: Қазір қалайсыңдар?
Мен: Арамыз суып кетті.
Дауыс: Әлі де талай достарыңнан айырылатын боласың. Бірақ
бұған сен мұңаймауға тиістісің.
Мен: Шынымды айтсам, мені тірі замандастарым емес, рухқа
айналған достарымның маған деген көзқарасы көбірек алаңдатады.
Дауыс: Демек, сен олардың өзіңе жіті зер сала бастағанын, се
нен қандай да бір құлшыныстарды талап ететінін сезіне бастаған
сың ғой. Бұл өте қуанышты жайт.
Мен: Қуанатын несі бар дейсің. Мен олардың арасында өзімді
ылғи ергежейлі секілді сезінемін.
Дауыс: Бұлай болуы заңдылық.
Мен: Олар мен жазуға тиіс нәрсенің бәрін жазып кеткен секілді. Маған түк қалдырмағандай Дауыс: Сен «баласы әкесінен қанша жас кіші болса, соншама жас үлкен» деген қытай нақылын жақсы көрмеуші ме ең? Мен: Иә. Бір кездері әкем жарықтықпен әртүрлі тақырыптарда айтысқанда осы сөзді жиі-жиі қайталайтынмын-ды. Дауыс: Осы сөз дұрыс сөз. Сен бір ғана адамнан оқып-үйрен сең, оған еліктеуші болып қана шығасың. Естіген сөзін дәл қайта лап айтып беретін тотықұстан айырмашылығың болмай қалады. Ал көптен аз-маздан алып, өзіңдікін түзуге талпынсаң, кімді қай талап жатқаныңды ешкім тап басып айта алмақ емес. Бәрі жазғансызғаныңның әлдекімге еліктеу емес, өзіңнің төл дүниең екеніне келіседі. Міне, осылай істесең ғана сен алыптармен өзіңнің бо йыңды һәм ойыңды теңестіре аласың. Әрқашан осылай болған және бола береді. Міне, осыны, мол мұрадан таңдап, талғап оқу қажеттігін сенің замандастарың ұқпай жүр. Олардың әдебиеттің ауласына кірмей жатып, кері кетіп жатқанына да осы білместік тері себеп. Олар қашанда әлем мойындаған классиктен, мейлі, ол он ғасыр бұрын өмір сүрсін, мейлі, ол замандас ағасы болсын, талаптанса әрдайым асырып жазуға болатынын білмейді. Ал сен классиктен қанша жас кіші болсаң, сонша жас үлкен екеніңді, де мек, мүмкіндігіңнің де мол екенін ұмытпа. Мен: Бұл есте жүретін кеңес екен. Дауыс: Сенде ой ойлаудан той тойлау көп. Әкең күнделігіңе жа зып берген белгісіз ақынның бір шумақ өлеңі есіңде ме? Мен: Қайсысы? Дауыс: Мазаласа, мазаласын ой ғажап, Кейбір ойлар бола бермес бойға шақ. Ертедегі эллиндіктер ұлының Жақсы ойы үшін береді екен той жасап. Әкең осы бір шумақты, оның салмағын сан рет санаңа құюға тырыспап па еді? Мен: Иә, есіме түсті. Дауыс: Міне, элладалықтардың осы дәстүрі ел боламыз деген қайсы халыққа да мәңгілік өнеге. Қазірге мен сенен елің той жасау ға лайық ешқандай жақсы ойдың нышанын көре алмай отырмын. Мен: Мұны өзім де мойындаймын. Дегенмен сен мынаны айт шы, шын талпынса қазақ баласының Акутагава мен Гарсиа Мар кестерден де артық жазуға мүмкіндігі бар ғой? Дауыс: Бағанадан бергі әңгіменің нені діттеп айтылғанын әлі аңғармаған екенсің-ау. Мұндай әдебиетші болғаныңа... Ха-ха-ха-ха!.. 2006 жыл.
ҮШ ОҚИҒА (әртүрлі тақырыпқа еркін вариациялар) Мені қызықтыратын оқиғалар саны үшеу-ақ. Бірақ әр дәуірге, ор таға байланысты олар жаңаша қайталанып отырады. Және осы үш оқиғадан шексіз оқиғалар тізбегін шығаруға болатын сияқты. Олар дың БІРІНШІСІ тарихшыға, мемлекет қайраткеріне, әдебиетшіге, пәлсапашыға, жауынгерге, психологқа, бәрімізге айтары бар оқиға. Неміс мәдениеттанушысы О.Шпенглер «Еуропа ымырты» кі табында Антоний мен Клеопатра махаббатына жаңаша қарауды ұсы нады. Әйгілі мәдениеттанушы ойынының түйіні – Антоний Римді Мысырға жығып бергісі келген жоқ, керісінше, бар арман-мұраты азып-тозудың сәл-ақ алдындағы Рим орталығын Мысырға көшіру ар қылы оны сақтап қалу еді дегенге саяды. Біз бұл арада атақты Шекс пир қаламынан шыққан трагедияның мазмұнын жоққа шығармаймыз. Дегенмен өз көзқарасын дәлелдеу үшін қолданылатын Шпенглер деректері мен дәлелдері көкейге қонымды-ақ. Дәл осы тұста «Клео патра өз елінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін Антонийдің құшағына амалсыз құламады ма екен» деген сауал көтерсек ше? Әңгіме бұл арада үш мәселе – ер адамның әйелге махаббаты, мем лекет қайраткерінің Отан алдындағы борышына жауапкершілігі, жауынгердің семсеріне адалдығы туралы болып отыр. Ақын-жа зушылар өз шығармаларына махаббатты өзек қып, өзге екі мәселе тасада қалса, жаужүрек жауынгерлер Антонийдің қолбасшылы ғынан үлгі алып, алғашқы екі жағдай тағы да ұмыт қалмақ. Ал, үшінші мәселе өз кезегінде міндетті түрде мемлекет қайраткер лерінің еншісіне тиеді. Әйтсе де олар Антонийді Отан алдындағы борышына адал ақынжанды жауынгер ретінде ақтап ала алар ма екен?! «Болашақ өткеннен бастау алады. Нақты өмірдегі болмаса да өткен өмір, тарихтағы шындықты қалпына келтіруге тырысу керек-ақ. Ол үшін ақын-жазушы жауынгердің, жауынгер ақын-жа зушының, ал мемлекет қайраткері сатқын ретінде ұрпақтар қарғы сына қалмас үшін осы екеуінің де жандүниесіне үңіліп отырсын». Оқиға осы ойды емеурінмен айтады. Белгілі бір уақыттан кейін ішінде зиялы қауым өкілі бар осы ОҚИҒА басқа табиғи ортада өзгешелеу дамытылады. Ол осы оқиғада жоғарыдағы үш қасиет – еркектің әйелге сүйіспеншілігі, жауынгердің семсеріне адалдығы, мемлекет қайраткерінің халық алдындағы жауапкершілігі – бір ғана адам – зиялы қауым өкілінің басында тоғысуы мүмкіндігін толық дәлелдеп бермек. Төменде тәпсірленбек оқиға бағзы ғұндар және Қытай шекарасында өтеді...
Қылышы қайқы, қаны қызба ғұндармен шекарада уақытша бол са да бейбіт, мамыражай өмір орнатқысы келген Қытай императо ры жаугер көршісіне қызын ұзатады. ... Қыз жасауының ішінде әтек ғалым да бар болатын. Ол Отанын сүйетін. Бар жиған-терген білімін соның жолына арнамақ еді. Кім біледі, ол сарайға кіріп-шығып жүргенде балғын ханшаға көзі түсіп, ғашық та болған шығар. Енді, міне, бөтен елге аттанып барады... Шекарадағы бейбіт өмір қайта бұзылып, оқтын-оқтын ғұн жауынгерінің қылышы Қытай деревняларының үстінде жарқыл дай бастады. Қытай императоры құдасының бұл әрекетін түсін бекке ғұн ордасына елші жіберген... Ғұн ордасы. Таңертең келген елшілер түске дейін қабылдауға кіре алмай шыжыған күн астында қаңтарылып тұрып қалды. Түс ауа кіргендей болып еді, беттерін баса сыртқа қайта шықты. Бұлар тарту-таралғыға алып келен жібек шапанды жыртып, күріш палау ды төңкеріп тастаған әлгі бір өздеріне ұқсас әтек ғалым ғұндар дың жаңа патшасының оң қолы болып алыпты. Сөз түсінер түрі жоқ. Қолынан келсе бұларды тірідей жерге көмбек ниеті бар... Орда маңы толған ғұндар екен. Шамасы, сарайда не болып жат қанын білмек болса керек. Сыртқа елшілер соңын ала шыққан әтек ғалым қытай мен ғұннан бір-бірден жігіт алдыртты. Жас қа һан үнсіз бақылап тұр. – Жегенің не? – Бағланның еті,– деп ғұн жігіті гүр ете қалды. – Сенің жегенің не? – Күріш палау. Қытай жігіт лыпып тұр. Жүзі де, дене бітімі де жұқалтау. – Жүріңдер. Әтек қытай екеуін тау етегінен бұрқылдап шығып жатқан бұлақ суына байлауға бұйрық берді... Сосын екі жақтан тағы да бір-бір жігіт алдыртты. – Ана шеңгелдің арғы жағында жалғыз ағаш бар. Түбінде екі жебе жатыр. Бұрын жеткенің қызыл жебені, кейін жеткенің сұр жебені алып келесіңдер. Ал, жүгіріңдер. Екі жігіт жүгіре жөнелді. Қытайлық алғашқы ұмтылыста-ақ ғұн жігітін артқа тастай берген... Нәтижеде қытай жігіті бірінші келді. Өзі мәз. Үстіндегі жібек шапанының дал-дұл болғанына қарайтын түрі жоқ. – Ғұндар, қараңдар, кімнің киімі мықты? Әтек қытайдың даусы саңқ ете қалды. – Ғұндардікі! Өзінің бекер мәз болғанын қытай жігіті енді сезген сияқты. Қар сыласының үстіне қарап еді, тері күртесі сап-сау. Қалып қойғаны на өкініп тұрған іспетті еді, әтек қытайдың нені мақсат қылғанын енді түсінгендей ғұн жігіті жылы жымиды...
Бұдан кейін бұлақтағы екеу ортаға алдырған. Қытайлықта беті не адам қарар түр жоқ. Тісі тісіне тимей сақылдайды. Ғұн жігіті болса тістеніп алған. – Ғұндар, кімнің тамағы мықты? Әтек қытай тағы да саңқ ете қалды. Бейнебір көсемі тастаған ұран ға қосылғандай ғұндар дауысы жазық даланы тағы жаңғырықтырды. – Ғұндардікі! Жас қаһан кеңесші қытайға жымия қарады. Түрінен кесімді сөзіңді айт деген сыңайы байқалады. – Ғұндар, қытай бізді жібек шапан, күріш палауымен алдамақ. Басымызды боза боп айналдырып, құрт болып буынымызға түс пек. Бізсіз күндерің қараң дегенді айтпақ. Жібек шапанға етіміз, па лауға асқазанымыз үйренбей тұрғанда біз қайсар ек, қаһарлы едік. Өзімізде бардың бағасын білсек, өзгенікі таңсық емес екендігін енді байқаған шығарсыңдар. Рухтарыңды көтеріңдер, ғұндар! Қы тайға Тәңірісін тағы бір есіне түсірер шақ жетті. Ендігі тартысты қылыштың жүзі, білектің күші, жүректің түктілігі шешсін. Хур-ә!.. Жас қаһан қынабынан қылышын суырған... Қытай жылнамалары осы оқиғадан кейін шекарада қанды шай қастар қайта басталғандығын жазады... Зиялының білігі мен парасатын аяққа таптаған Қытай мен импе раторы осылайша өз қателіктерінің құрбаны болып еді... Кім біледі, ғұндарды айдап салу арқылы қытай ғалымы өз елінің ойсыз, санасыз әкімдерін жазалағысы келді ме екен? Оқиғаның осындай бағыт алуына, бәлкім, әтек еркек пен сұлу ханша ара сындағы жауапсыз махаббат та өз әсерін тигізген болар... Әйтсе де әтек қытайдың сатқындығы отансүйгіштік қасиеттен бастал ғандығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Азияның алаулы түндері бұндай оқиғаның қаншасын бастан кешті екен, ол жағы тек тілсіз тарихқа ғана белгілі. Жауынгер, ел басы, зиялы қауым өкілі жайлы сыр шертетін мазмұны өзара ұқсас екі оқиға, міне, осындай. Бұлардың түпнұсқасы қайсысы екенін тап басып айту қиын. ЕКІНШІ ОҚИҒА өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Америка Құрама Штаттарында өтеді... Әдебиетке ынта-шынтысымен ден қойған жас жігіт кітапхана дан келе жатыр. Бар ойы сүйген қызына өзінің қаламақымен де күн көре алатындығын, тіпті, жолы болса байып кетуі де мүмкін екендігін дәлелдеу. Кітапханадан Елена Блаватскаяның «Құпия доктринасы» мен Герберт Сперсердің пәлсафа кітабын алған. Кереуетіне қисайып жатып Блаватскаяға үңіліп еді, түсінбеді. Быжыған термин сөздер. Білімге ынтық жігіт, әзірге бұл маған қол емес деп шешті. Спен серді парақтап еді, ұғынықты екен, соны оқуға кірісті... Бұл жігіт уақыт өте келе әлемдегі ең мәшһүр жазушылардың біріне айналады. Осы аралықта сүйген сұлуымен аралары да суы
сып үлгерген. Сүйгенінен айрылғанымен армандаған байлығына қолы жетіп еді, бірақ материалдық байлық анау айтқан жан раха тын сыйламады. Ақыр соңы өз ортамнан суырылып, тектілер қауымына мүше болам деген ой да жай нәрсе болып шықты. Үлкен сарай, көрікті бөлмелерде тұрғанымен рухани деңгейі жағынан сол ақсүйексы мақтарың да мұның ар жақ бер жағы екен. Жігіт өзін өзі өлтіреді. Оқиға Джек Лондонның «Мартин Иден» романы және Ирвинг Стоунның осы жазушы жайлы «Толқын жа лына жармасқан жазушы» атты кітабында баяндалады. Осыған ұқсас оқиға ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанда да көрініс береді. Оқиға бастауы жоғарыдағыдай. Дегенмен, жігіт Спен сер емес, керісінше Блаватскаяның кітабына ден қояды. Ол әзір де арамызда. Әдебиет майданында еңбектеніп жүр. Болашақтан үмітін үзген жоқ, сүйген аруымен аралары да суыса қоймаған. Қоғамнан да түңілмеген. Ол Блаватскаяның кітабы өзін түңілуден аман алып қалады деп ойлайды. Оған және шексіз сенеді де. Жігіт өмірі қалай сабақталатынын уақыт көрсете жатар, бұл жағы бізге белгісіз. Бұл арада сөз оқиға ұқсастығы емес, кітап жөнінде болып отыр. Бәлкім, ұлы мұраттарға ішкі дайындық жөнінде... Біз баяндайтын ҮШІНШІ ОҚИҒА адам мен адам қарым-қа тынасы жайлы. Бұл оқиғаның бір нұсқасы «Ізгі хабарда» әңгіме болады. Иса мәсіх сахабаларына «Іш теріңнен бір адам мені са тады» деген сөзді жиі-жиі айтатын болса керек. Сөзді айтқанда жанары әрдайым кариоттық Иудаға қадалады екен. Шынында да солай болып шығады. Тарихта Иуда Исаны қанша сөлкебайға сатқандығы жайлы нақты дерек жоқ, әйтеуір, фарисейлерге ұстап бергені анық. Мәселе бұл ара да Исаның көріпкелдігі емес, өзін сатқан адамды біле отырып, пай ғамбар басымен сол адамды күнәлі әрекеттен аман алып қалмағанды ғы хақында. Мәселеге осы қырынан келген аргентин жазушысы Хорхе Луис Борхес «Шын мәніндегі пайғамбар Иуда болса керек. Өйткені бүкіл адамзат күнәсін арқалап тозаққа түскен сол» деген пікір түйеді. Әдебиетте осы оқиға желісімен жазылған әңгіме көп. Орыс жа зушысы Леонид Андреевте өзі жасаған күнә ауыртпалығына шы дай алмаған Иуда жардан құлап өледі. Ал бала кезімде дуалы ауыз қариялардан естіген әңгімеде айқышқа керілген Иса емес, Иуда болып шығатын. Ол кісілер бұл кезде Иса мәсіх Құдай-әкесінің қасында, жұмақта жүр еді деп баяндар-ды. Христианның құдай деп табынып жүргені сайтан тіліне ерген күнәһар, сондықтан діні дін емес дегенді қоса айтатын. Әйтсе де, бұл жерде мәселе христиан дінінің дұрыс-бұрыстығыда емес, таза адами мінез-құлық, әлдекім дердің (тіпті рухани бай адамдардың) өз ойлаған мақсатына жету үшін ең жақын жандарын да аямайтындығы жайлы болып отыр. Иуда сатқындығы үшін тозаққа түсті, әлде Исаның азабын көтеріп алғандығы үшін жұмаққа кетті, бұл жағын анықтау теологтардың жұ мысы. Сөз Исаның Иуда жан-дүниесін өз дегеніне көндіре білгендігін
де. Бәлкім, ол шынымен-ақ дарынды көзбояушы болған болар. Енді
Иуданы жайына қалдырып, осы ыңғайлас тағы бір оқиғаға тоқталайық.
Орыс ақыны Анна Ахматова күйеуі Николай Гумилев жайлы
естелігінде мынадай жайтты баяндайды: «Жас кезімде қорқы
нышты түс көрдім. Иесі кім екені белгісіз әлдебір дауыс: «Фауст
болған емес. Бәрі Маргаританың ойдан шығарғаны, Мефистофель
(Ібіліс) ғана бар..» деп сыбырлады. Осы түсті кейін Николай Сте
пановичке айтып бердім. Ол түс әсерімен әйел кінәсінен қаза та
батын еркек жайлы керемет баллада жазды...»
Былай қарағанда қарапайым оқиға. Бойжеткен түс көреді. Түсті
күндердің күнінде күйеуіне айтады. Ол болса түсті өлеңге айнал
дырады. Шынында осылай ма?
Ерлі-зайыпты екі ақынның кейінгі өміріне үңілсек, осы түс
олардың тағдырына қаншалықты трагедиялық бетбұрыс жасаған
дығын аңғаруға болатын сияқты. Бұл жерде тағы да жеке адам,
шығармашылық адамының өз МЕНІ, бәлкім, тәкаппар менмендігі
бой көтереді. «Ешқандай кінәң жоқ. Керісінше, маған құдайға
сеніп, Россияны сүюді үйреттің». Бұл кейінірек, Анна Ахматова
кешірім сұрағанда берген Николай Гумилевтің жауабы.
Бұл жерде біз адам өміріне жасырын әсер ететін мистикалық ас
тар туралы сөз қылып отырмыз. Өйткені Маргарита іспетті Анна
Ахматова да өзінің ғажайып қиял әлемін жасағысы келген. Өмір
дегі шын Фауст оған керек емес-ті. Бұған Ахматова әлемімен та
нысу үшін бір кездері кітап кезегіне тұрған мыңдаған оқырман куә
бола алады. Өз кезегінде Фауст-Гумилев те шығармашылық қуаты
жағынан Маргарита-Ахматовадан әлсіз болмай шықты. Сенбесеңіз
кітап дүкеніне көз салыңыз. Тіпті, Николай Гумилевтің өзінің қан
ша жаста қайтыс болғандығын болжағаны да қызық. Төңкеріліп
түскен тылсым цифрлар тарихын ақын тағдырына үңілген әрбір
жан оның өмірі жайлы кітаптардан танысып біле алады.
Анна Ахматова түс жайлы әңгімені бар болғаны Гумилев шы
ғармашылығының психологиясын түсіндіру үшін ғана айтатын
секілді. Дегенмен Гумилев тағдырының аянышты аяқталуына
өзінің де себепкер болғандығын ақын әйел ешқашан жасырған
емес. Ол түс жоғарыдағы «Еш кінәң жоқ. Керісінше, сен маған
Құдайға сеніп, Россияны сүюді үйреттің» деген тәкаппар жауап
пенен аяқталады. Бұл Ахматова түйсігіндегі бұған қарсы бағыт
талған Мефистофель-сайтанға берілген жауап еді.
Біз тарихта әртүрлі нұсқалары бар үш оқиғаны баяндадық. Оның
біріншісі әрқилы жағдайдағы жеке адамның азаматтық позициясы,
екіншісі ішкі рухани дайындық, үшіншісі жеке адамдар қарым-қа
тынасында, олардың тағдырына байланысты рухани, шығармашы
лық МЕН-нің атқаратын ролі туралы. Үшінші оқиғаға қоса кетер
тағы бір анықтама, түс те шығармашылықтың әлі біз жұмбағына
үңіле қоймаған (бәлкім мистикалық) түрі болып табылатындығы.
* * *
Енді осы үш оқиғаны неге таңдап алдық деген мәселеге келейік.
Бірден айтайық, ұсынып отырған дүние әдеби шығарма жазудың
жаңа үлгісі немесе тарихи эссе емес.
Шүкір, қазақ халқының тарихы бай, жазба әдебиеті де қалып
тасқан. Жазушы мен тарих, Кеше мен бүгінгі ұрпақ арасында жақ
сы байланыс бар. Бүгінгі қазақ әлем тарихынан хабары бар сауат
ты білікті оқырман. Ол тарихи шығармадағы жазушы қиялымен
бұрмаланған сәтті тап басып айта алады. Бес қаруы сай мұндай
оқырманмен жұмбақ ойын ойнау кім-кімге де қауіпті болар еді.
Сондықтан біз жоғарыда байқалатын оқиғаларды саралаған
да тарихқа, жеке адам тағдырына барынша объективті қарауға,
оқиғаның психологиялық өрбу жолын зерделеу арқылы тәуелсіз
еліміздің бүгінгі ішкі проблемаларымен үндесетін, ұқсас жерлері
не оқырман назары ауардай қою реңк беруге тырыстық.
Астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруде Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев қандай негіздерге сүйенді, зиялы қауымымыздың халі
бүгінгідей жыларман халде қала берсе, соңы қандай зардаптарға
соқтыруы мүкін, жалпы отансүйгіштік қасиет дегеніміз не, жеке
адамнан ол талап ететін құрбандық – осының бәрі бізді де, оқыр
манды да толғандырып жүрген мәселелер болса керек.
Кино, өнер, әдебиет туындысының, жалпы шығармашылықтың
жеке адам психологиясына әсерін анықтау, Батыс мәдениеті мен
өркениетінің басқыншылық әрекетінен қорғану тетіктерін табу да
бүгінгі күні ұлтымыздың алдында тұрған өзекті проблема. Нені
оқып, нені оқымауымыз керек? Басты сұрақ осы. Ұлттық идеоло
гиямызды қалыптастырар тұста қазақ халқының тұтастығына кері
әсер етер жолдардан барынша сақтануға тиіспіз.
Қазақ оқырманы адамзат тарихында әр кездері көш бастаған
грек-рим, француз, орыс, Латын Америкасы әдебиеттерін жақсы
біледі. Ал осындай алдыңғы қатарлы әдебиет дәрежесіне көтері
луі үшін әдебиетімізге қажетті шеберлік әдіс-тәсілдері қандай,
ғажайып шығармашылық тағдырлар қалай жасалады? Бұлар да
оқырман көкейінде жүрген сауалдар екендігіне біз сенімдіміз.
Біз еліміздің ертеңін анықтайтын осы сауалдарға тарихта болған
оқиғалардың көзімен қарап, жауап беруге талпындық. Ары-бері
ден соң шынайы тарихты жазуға тырысудың өзі де сауабы бар әре
кет қой. Ең бастысы, тарихта болған қателіктерге ұрынбасақ екен.
Оқиғалар бізге осыны ескертеді.
1998 жыл.
«МЫҢ БІР ТҮННІҢ» ҚОС ТҮНІ, ЕКІ ЖАЗУШЫ ЖӘНЕ БІЗ Жора-жолдастарымның үйіне бас сұққанда, егер бар болса, алды мен сөредегі кітаптарына көз салуға тырысамын. Араларында бұрын нан білетіндерім кездесіп қалса, кәдімгідей қуанып қалатыным бар. Олар кейде кездеседі, кейде кездеспейді. Көбінесе ұшыраспайды де сем де болады. Ал өзім іштей ондай үйлерге бір бөтендігім, жаттығым барлығын аңғарамын. Бұл менде біраздан бері қалыптасқан дағды. Қысқасы, өзімді өзім «кітабына қарап кісісін таны» деген ұғыммен өмір сүретін секілді сезінемін. Әрине, бұл мен оқығанды басқалар да оқуы керек деген өзімшілдіктен болмауы тиіс. Шамасы, ортақтасты рар көңіл-күйді іздеуден туындайтын болар. Дегенмен бір байқаға нымды айтуым қажет қой деймін. Ол – менің құрбы-құрдастарымның ертегі оқымайтындығы. Сөзіме дәлел ретінде Қалмақан Әбдіқадыров немесе Қалтай Мұхамеджанов аудармасындағы «Мың бір түнді» Ал матыдағы талапкер ақын-жазушы замандастарымның бірде-бірінің үйінен ұшыратпағанымды айтсам да жеткілікті шығар. Рас, қазір ер тегі оқып ой көркейтетін заман ба? Дегенмен... Былтыр Қазақстанға португал жазушысы Пауло Коэльо келді. Бір байқағаным, бізде де оқырманы көп екен. Алматының әлдебір зәулім сарайларының бірінде осы қаламгермен кездесу өтті. Кездесу деген аты болмаса, көпшілік сүйікті жазушысының қолтаңбасын алуға екіүш көш жер кезекке тұрған ұлылықты дәріптеу рәсімі болды. Мы надай қошеметті қазақтың анау-мынау жазушысы көрсе, шаттанудан жүрегі жарылып кетер еді. Шын айтамын. Ал Коэльо мұндайға бой үйретіп алған секілді. Өйткені, ол үшін Қазақстан дарынын мойын датқан ендігі көп мемлекеттердің бірі ғана емес пе?! Иә, осы Коэльо жайлы, оның кәлласында Қазақстанға келу туралы қиял оянудан көп-көп бұрын, біз де естігеміз-ді. Өзімнің белгілі һәм әбден мойындайтын ағаларымның бірінен «әлем жазушыларынан кім дерді оқу керек?» деп кеңес сұрағанымда осы Коэльоны атаған. Ағам «әлемдегі соңғы ең модный жазушы осы» деді. «Модный» екендігіне жаңағы қолтаңба үлестірілген кездесуде көзім тағы анық жетті. Бі рақ ол кездесуге дейін Коэльоның біраз кітабын мен де ақтарысты рып үлгерген болатынмын. Танысуды «Ақ сарбаздың кітабы» дейтін туындысынан бастаудың сәті түскен. Ақиқатымды айтайын, көңілім нен шықпады. Өйткені, шамамен осы аттас бір бестселлерді 90-жыл дардың басында қайсыбір қазақ ағамның жазғанын жақсы білетінмін. Ол дүниенің көлемі осы дүниеге шамалас болғанымен қамтитын ауқымы кең-ді. Кітап адамның әркім болып өмірге қайта-қайта келе беретіндігі туралы еді. (Қысқасы – буддизм). Ал жаңағы қазақ ағам өмірге ылғи да тарихт ан есімі белгілі айтулы тұлға болып келіп отыр
ған. Олардың қатарында эллиндік Грекиядан бастап бүгінгі Ресейге дейінгі көптеген даңқтыларды атауға болады. Ағамның өзі болса осы туылысында адамзат баласын ақырзаманның алапатынан арашалау шы ақ сарбаздың нақ өзі болып дүниеге келген. Қысқасынан қайырсақ қазақ терминаторы. Анығын айтсам, ол кезде бұл кітапқа да көп таң қала қоймағам. Өйткені, алдында Будданың тіршілікке қайта-қайта келгіштей бергендігінің себептері туралы (рух әлде сана эволюциясы дейміз бе) «житақ» деп аталатын кітапшамен танысқаным бар-ды. Он дағы Будданың құлаш сілтесінің өзі менің қазақ ағамдікінің қасында сәбидің тарихқа емес, тәттіге құмартқанындай ғана еді. Коэльоны оқу ға кеңес берген ағама осыны айтқам. Ағам да саспады, «ең мықты дү ниесі «Алхимик» көрінеді, соны оқы» деді. Роман деген аты болмаса, заты кішкентай ғана кітапша екен, мұқабасы жұқалтаң арзан біреуін алып бір түнде оны да сүзіп шықтым. Бірақ оқыған сайын есіме өзіме бұрыннан таныс бағзы бір сюжет түсе бергендей болды. Иә, таныс. Бірақ жобасы жадымда біршама бұлыңғыр тарта бастаған. Тіпті қай та ақтаруға шамам жетпей қалса, санамның бір бұрышында мәңгіге қалып қоятындай кейіпте. Әйтеуір алдымен түйсінгенім – Коэльоның мына дүниесі ұрлықы дүние екендігін аңғарғаным болды. Кейде ойлаймын, әдебиетші болмағанда детектив болар едім деп (әкемнің айтқанын істемедім ғой). Әйтеуір бір күдіктенген жеріме қатты шүйілетінім бар. Кейде ондай шүйілуім ай, жылдарға созылып кетеді. «Жүргенге жөргем ілінеді» дегендей, оларым кейде нәтиже де беріп жатады. Бұл жолы да солай болды. Күмәнімнің айдай ақиқат екеніне алдымен көзімді жеткізген айналайын Борхестің өзі еді. Осы автордың «Жалған жәйттардың жалпы тарихы» (Хорхе Луис Борхес, «Всеобщая история подлогов», Санкт-Петербург, 2004) жинағын ақ тарыстырып отырғанда «Екі түс көрушінің тарихы» атты әңгімесіне көзім түсе кеткені. Көлемі шап-шағын, бір беттен асар-аспас қана. Бі рақ Коэльоның романының қаңқасы осы бір бетте жатыр еді. «Араб тарихшысы әл-Исхаки баяндайды» деп басталатын әңгіменің жалпы желісі мынадай: Бағзы бір заманда әлдебір каирлік тұт ағашы түбінде ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде аузынан алтын төгілген бір адам: «Сенің бақытың парсылар елінде, Исфағанда, бақытыңды іздеп сол елге сапар шек»,– дейді. Осы түске кәдімгідей ұйыған араб бар жи ған-тергенін сатып, дүние қылып, біршама қаржымен көп кешікпей Исфағанға жүріп кетеді. Арып-ашып ақыры мұнда да жетеді-ау. Бір мешіттің ауласына түнемелге тоқтағаны сол еді, мешітке көрші үйге дәл осы кезде ұрылар түсіп, айқай-шу көтерілгенде тәртіп сақшыла рының қолына түскен жалғыз бейбақ біздің түске сенгіш арабымыз болып қалады. Аяусыз қатты ұрып-соққаннан екі күн есінен танған байғұсты үшінші күні қарауыл бастығының алдына әкеліп, сұрақжауап басталғанда бұл шынын айтады. Кінәсіздігін, барлығына се бепші түсі екендігін айтып жылайды. Сонда қарауыл бастығы қар қылдап күледі. «Дәл осындай түсті мен бір емес, үш рет көрдім. Онда маған әлдекім, керісінше, Каирге бар, онда ортасында субұрқағы бар бақтан сәл шеткеріректе тұт ағашы тұр. Соның түбін қазсаң мол бай
лық табасың деген-ді. Мен бармай қойдым. «Түс түлкінің боғы» де ген. Сенің таяқ жеп отырысың мынау. Мә, аз-маз ақша. Аман-сау тұр ғаныңда еліңе қайқай»,– дейді. Араб аман қалғанына шүкіршілік етіп кері зытып берген. Келе сала баяғы өзі саясында жатып түс көрген тұт ағашының түбін қазған. Өйткені қарауыл бастығының түсінде көргені дәл осы ағашқа сай келеді. Белден қазып қалып еді – о, ғаламат, бір сандық алтынның шыға келгені! Осылайша, түске сенгіш араб бай лыққа, бақытқа кенеледі. Ұзын-ырғасы осындай. Ал осы оқиға, айттық қой, Коэльода роман ға айналып кеткен. Мұнда қой бағып жүрген испан баласы түсінің жол көрсетуімен Мысырға аттанады. Жолсапар жазбаларын қоспасаңыз, қалғаны тұп-тура жаңағы әңгімедегідей. Яғни, Коэльо бұл сюжетті Борхестен жымқырған, бірақ өңдегенде ол ұрлығының жымы білін бей кеткен. Менің түйсігім осы жерде «жоқ, Борхестің өзі де бұл сю жетті басқа біреуден ұрлаған болса ше?» деген сауал тастаған. Сосын Борхестің өзі де әңгімені айтушы өмірде болған-болмағаны белгісіз әл-Исхаки деген біреу деп отырған жоқ па? Бірақ Борхестің оқырман дары бұл жазушының әркімде бар сюжеттерді өз керегіне қарай еркін пайдаланатындығын жақсы біледі. Ол тіпті ойдан авторлар ойлап шы ғаруға да бейім. Борхес мұраларында тіпті ешқашан жазылмаған кі таптар да дерек көзі ретінде пайдаланылды деген сілтемелер кездесіп қалады. Әлем оқырмандарының Борхесті әдебиет таңғажайыпшысы дейтіндігі оның осындай айтып болмайтын тәсілдерге құмарлығынан болуы бек мүмкін. Қысқасы, бір жұмбақты шешу үшін тағы да бір жұмбақ қолдан тудырылады. Айтып айтпай не керек, Борхестің бұл әңгімесінің жұмбағы араб тың атақты «Мың бір түні», Шаһаризаданың 351-352 түндері айтатын әңгімесінде жатыр екен. Борхес мұрасын зерттеушілер шаршамай, талмай мұны да анықтаған ғой. Сосын кітаптың соңына қосымша ретінде берген. Міне, «Мың бір түннен» Борхес, Борхестен Коэльо алып дамытып (әлде «Мың бір түннің» өзінен алды ма?), атақты «Алхимикке» ай налдырған екі түннің әңгімесі осындай. Екі түннің әңгімесі Коэльоны әлемге әйгілі етті. Ол қазір әлемдегі ең бай жазушылардың да бірі. Біреудің түсін сатып алып бақытын тапқан кәдуілгі ертегі кейіпкері. «Қайран Шығыс,– деймін ішімнен. – Өзіңнен алғанды өзіңе қайта дан өңін айналдырып әкеп сатып, қаншама еуропалық, америкалық байиды. Ал сен өзің алтынның үстінде отырып олардың құмнан жа салған жасанды алтынына құмарта көз қадайсың. Ерігіңнен айырыл саң, артынан еріп кетуге даярсың. Мұндай халде тағы да қанша жыл, «ғасыр өткізер екенсің?».. Сосын өзіме кездейсоқ қойып алған сауа лыма өзім жауап таппай қиналамын. Ал менің құрбы-құрдастарымның ертегі оқығысы келмейді. Әлде Борхес пен Коэльо ақымақ та, біз ақылдымыз ба? Ақылды болсақ, Коэль оның қолтаңбасын алуға ұзақтан-ұзақ шұбырма кезекке тұрмас едік қой. Бұл туралы «Мың бір түнде» не бар екен, қарап көрейінші... 2005 жыл.
ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫСЫ НОБЕЛЬ
СЫЙЛЫҒЫН ҚАШАН АЛАДЫ?
Бірде Францияның ұлы әдебиетінің тарихында адам күлерлік
һәм қынжынарлықтай оқиға болыпты. Поштаға маңдайшасында
«Au plus grand poete de France» – «Францияның ең ұлы ақынына»
деген жазуы бар хат келіп түспей ме? Поштадағылар хатты атақ
ты «Аласталғандардың» авторы Виктор Гюгоға жөнелтеді. Қай
ран тектілік, Гюго хатты ашпастан Альфред де Мюссеге, Мюссе
өз кезегінде сырбаздық танытып Ламартиннің үйіне жіберткізеді.
Ламартин де өзін ұлы ақын санамаған ба, хат ақыры айналып
Гюгоның өзін тапқанда, конвертті амалсыз ашуға мәжбүр болған
әйгілі романтиктің таңқалғанын көрсеңіз. Сөйтсе хат бір белгілі
газеттің жексенбілік нөміріне ұйқаспен жазылған фельетондары
жарияланып жүретін өлеңшіге арналған екен. Талғамға талас жоқ
деген рас болса керек. Уақытында париждік әдеби ортада біраз
күлкі тудырған оқиға осындай.
Біз бұл мысалды не үшін келтіріп отырмыз? Әрине, көпшілік
дауысқа салсақ, Нобель сыйлығын алуға лайық қазақ жазушы
ларының тізімі кемі жиырмадан асып жығылатындығын аңғар
ту үшін. Олардың қатарында қызық-шыжық газеттердің ортақол
жазғыштарының есімдері кездесіп қалып жатса және күлмеңіз.
Көпшілік Бальзак пен Гюголардан гөрі соларды жақсы біледі.
Жоғарыдағы оқиға поляк жазушысы Ян Парандовскийдің «Сөз
алхимиясы» атты кітабынан алынғанын айта отырып, осы кітап
тан тақы бір дерек келтіре кетсек. Біздің әдетте жүз жылдық, он
жылдық әдебиетті қорытындылап жататынымыз бар емес пе. Бұл
үрдіс әдебиеті дамыған барлық елдерге жат емес көрінеді. Сондай
сауалнаманың бірін, әдебиеттің жиырма ғасырын қорытындылау
ды «Brіtan Today» – «Бүгінгі Ұлыбритания» журналы да өткізіпті.
Сонда оқырмандарға біздің дәуіріміздің басынан бергі қырық
үздік әдеби туындыны атаңыз деген өтініші бар анкетаға әлемнің
төрт тарапынан келген жауаптар нәтижесі төмендегідей болып
шыққан: бірінші орынды «Дон Кихот», екінші орынды «Соғыс
және бейбітшілік» иемденсе, «Гулливердің саяхаты» мен «Алас
талғандар» өзара жетінші орынды бөліскен. «Бовари ханым» он
бір, «Кандид» он жетінші боп орын тепсе, үздік қырықтықты Дю
маның «Үш нояны» түйіндеген. Ал Бальзак пен Стендальға бұл
төрт ондықтың соңынан болса да орын тимеген.
Әдебиеттің Прометейі атанған Бальзактың тағдыры осы
лай шешіліп жатқанда, басқаға не жорық дегің келгенмен, сөз
өнерінің Олимпін жаулағысы келетіндердің адамзат барда бәрібір
бола беретіндігі және аян. Қазақ жазушысы Нобель сыйлығын
қашан алады деп сауал тастайтынымыз да сондықтан. Тура бір
Нобель сыйлығын алғандардың барлығын оқып тастағандай ші
ренетініміз және бар. Жер бетінде бес миллиардтай халық, жүз
деген мемлекет, мыңдаған тіл бар екендігі, олардың барлығының
жақсылы-жаманды өз әдебиеті барлығы есімізге де кіріп шықпай
ды. Бір сәтке он миллион қазақтың он бес миллион тұрғыны бар
Қытайдың Шанхай секілді қаласын да толтыра алмайтындығын
ұмытамыз. Қарап отырсақ, бір ғана Шанхайдың өзі Нобель сый
лығын бізбен бірдей армандауға қақылы екен-ау деген ой басы
мызға да келмейді. Көбіміздің Батыс әдебиетін аз-маз білгенмен,
Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік-Шығыс Азия мен арал мемлекет
терінің әдебиетінен түк хабарымыз жоқ екендігі де рас қой. Сөйте
тұра көзжұмбайлыққа барамыз. Бәлкім, үлкен әдебиеттің соңғы
ошағы сонда қайнап жатқан шығар? Әлде Африкада ма?
Иә, қолына қалам ұстаған пенденің көбіне бақ-атақ көзі тірісін
де-ақ жоламаса, біразы одан өлгесін айырылмақ. Бірінің ныспысы
өлген заматта-ақ ұмытылса, бірінің есімі ұрпақ жадында он, жиыр
ма, арысы отыз жыл, енді бірі бір-екі ғасыр сақталмақ. Он ғасыр
ға қалатындары некен-саяқ. Ал Гомер, Овидий, Фирдоуси секілді
араға мыңжылдықтарды салып та ұрпағымен табыса беретіндері
– миллиардтардан біреу ғана. Галактиканың алыс түкпірінде жаңа
жұлдыз пайда болғанындай сирек оқиға. Қорқынышты болғаны
мен ақиқат осындай.
Қазақ жазушысы Нобель сыйлығын қашан алады деген сауал
ды естігенде басыңа осындай ойлар келеді. Бүгін еленбей жат
қан еңбегіңді ертең ешкім елемесе тыраштанып не керек дейсің.
Қолыңнан келер қайран болса, бәрін тастап безіп кеткің бар. Бі
рақ қайда? Бала-шағаңды қандай күйде тастамақшысың? Әлі де
жанарың үмітпен қарайтын ана қолжазбаларың кімге мұра бол
мақ? Кім бар сені көзің тірісінде ашып беретін? Шөліңді басатын.
Саусақпен санарлықтай ғана сыншылар ма? Том-том кітаптардың
арасынан олардың саған жете қоюы қиын-ау. Жеткенде де сен діт
теген мақсатты сезбей айдалада лағып кетсе ше? Ғабеңнің, Ғабит
Мүсіреповтің өзінің өлеңдерін талдап, мақтағанына риза болмай,
«Шал түсінбеді, түсінбей талдады» демеп пе еді Тоқаш Бердия
ров. Мұндай сөзді Гарсиа Маркес те айтқан. «Сыншылар сенің
ойыңда болмаған нәрсені бөсе береді екен» деген. Ғабеңнің тал
дауына Тоқаштың көңілін толтырмаған не нәрсе сонда? Жоқ, сен
Нобель сыйлығы туралы ойлап отырған жоқсың, шығармашылы
ғыңның болашағы жайлы толғанудасың. Осылай отырғанда осы
мен не бітірдім деген ой санаңды найзағайдай тіліп өтсе жаманы
сол. Соңы күйзеліске, тоқырауға, аяғы аурухананың төсегіне алып
жықпақ. Құдай сақтасын!
Осы тақылеттес ойлар қолына қалам ұстаған қай жұмыр басты
пенденің басында болмады дейсіз. Болған, бірақ болдырта алмаған.
Әрине, мықтыларын. Әлсіздері сынып кеткен. Сол бәріміз тамса
нып айта беретін Гарсиа Маркес Парижде дүкенге шиша өткізіп
жан сақтапты. Сонда да мұқалмаған. Он жеті жыл санасында пісір
ген романның толғағы келген сәтте он алты ай бойы тапжылмай
жұмыс үстеліне отыруға күш-жігер тапқан. Бәрін ұмытқан. Бәрін
ұмыттырған әйелі болған. Тек романын ойлаттырған. Тек рома
нымен жұмыс істеттірген. Қазір Маркес шиша жинаған күндерін
сағынышпен еске алады. Атақ-даңқтан (Еске Жұмекен Нәжімеде
новтің романы түседі) жалыққан. Нобель сыйлығын алып берген
сол «Жүз жылдық жалғыздығынан» гөрі «Ел ағасының еңкейген
шағындағысын» жоғары қояды. Асылы, артықтау болып кетсе атақ-
даңқ та адамды шаршататын болса керек. Бүкіл тіршілігің, жүрген-
тұрғаның жұрттың көз алдында болғанның несі жақсы дейсіз.
Тағы да со Парандовскийден оқыдым, кезінде Франция газет
терінде «Аптаның кітабы» іспетті рубрикалар болыпты. Біздердегі
«Аптаның айтулы оқиғасы» деген айдар секілді болса керек. Ғасыр
дың емес, жылдың емес, аптаның. Бір-ақ апта «билік» құрады, со
сын орнын басқа кітапқа бермек. Газет бетінде осындай айдардың
ашылуына қарсы болмаған қаламгерлерді аяйсың. Шамасы, солары
қаламгер емес, демеуші тауып, не өз ақшасына кітабын бұрқылда
тып бастырып шығара беретін біздегі халтурашылар сияқты болар-
ау. Ешкімге керегі жоқ, тоғышарлықтан тырсиған, түртіп қалсаң,
жарылып кете жаздайтын осындай кітаптарды көргенде газеттің
мардымсыз жалақысына күнің түскен өзіңді де аяйсың. Түкке ке
регі жоқ ағымдағы мақалаларды жазуға кеткен есіл уақытыңа қын
жылатының бар. Есіңе Бальзактың «Үзілген үміттері», талапкер
ақын Льюсеннің тағдыры түседі. Иә, өлеңін шыңдаудың орнына
бар талантын газеттің интриган (Еске тағы да Жұмекеннің өлеңі тү
седі) мақалаларына ысырап қып, ақыры тақырға отыратын Льюсен.
Атаққұмар Льюсен. Дў Артез болуға шамасы жоқ Льюсен. Аннан-
мұннан қосымша жұмыс тауып жан бағамын деу бүгінгі шығарма
шылық адамына қайыршылықтың қамытын мойынға өз еркімен
ілуге келіскенмен бірдей. Басқа түк те емес. Бүгінгі талант торы
ғуда емес, зорығуда деп ұғынсақ жөн-ау, асылы. Білсеңіз, кешегі
бес адам отырған бөлімде бүгін бір-ақ адам. Бірақ жалақыны кеңес
кезіндегіден кем болмаса, артық алмайды. Қаламақысы ол кездің
қаламақысының қолына су құюға жарамайтыны және рас.
Анда-санда есіңе Көшім хан туралы роман жазғың келетіні түс
песе, басқа рақат сезім жоқ. Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран»
романының Алматы-Көктөбел-Касимов-Алматы деп аяқталатын
жеріне сондай тұста бір қарап қоятының бар. Көктөбел өзі де
ақын-визионер Максимиллиан Волошиннің ақындарды қонақ қы
лып күтетін жері. Касимов – Рязаньның маңы. Айтпақшы, Сергей
Есенин осы «Аласапырандағы» Есенейдің ұрпағы емес пе екен.
Олай болмағы да мүмкін-ау. Осылай, санаңда ой сәулелерін шағы
лыстырып отырып, өзіңнің роман жазу үшін Ібір-Сібірді аралауың
керек екені есіңе түседі. Анау Жайықтан бастап. Өйткені Көшім
хан тағдырын Ермактың жүріп өткен жолынсыз көзге елестету
қиын. Бірақ қаладағы жағдайың сенің тау-тас пен дала кезуіңе
мүмкіндік бере қояр ма екен. Әлі мардымды ештеңе жазбағаның
да мұндайда көңілге жұбаныш-ау. Ешкім саған үміт артпайды.
Яғни, мойныңа жүктелген жауапкершілік те жоқ.
Бір білетінім, Нобель сыйлығы қазақ жазушыларынан алыс
тап барады. Алпысыншы жылғылардың бірқатары лайық деуге
болар еді, ендігі олардан да қайран қалмағандай. Ауруын жасыр
ған өледі демекші, ендігі тұста ұлы Гюгомен атақ-даңқ таластыр
ған қарапайым газет фельетоншысының күні туып келе жатқан
секілді. Солай болуы заңды да шығар. Өйткені кейінгі толқын қа
зақ жазушыларының барлығы дерлік редакциялар мен баспалар
дан нәпақасын тауып жеп жүр. Бұл жағдай еске ОўГенридің әңгі
месін түсіреді. Иә, иә,газеттен бақытын тауып масайраған әзілкеш
туралы әңгімені. Ақырында апта сайын жазылуға тиіс әңгімесіне
өзек табу үшін анау не айтады, мынау не айтады, балам не ай
тып жатыр, қызым не деп жүр деп әрқайсысының аузына құла
ғын тосумен жүріп, туған-туысын түгелімен жалықтырып бітетін
сықақшы жайлы әңгімесін. Ал бізге қаламгердің өзі де жалығып
отырып жазған, өзгені де зеріктіріп бітіретін бұндай шығармала
ры қажет емес.
Әрине, бұл қазақ әдебиеті тоқтап тұр деген сөз емес. Әлем әде
биеті тоқтап тұр деген сөз емес. Соңғы жаңалық. Биылғы жылдың
қорытындысы бойынша, әдебиет саласында Нобель сыйлығын
ағылшындық еуропашыл үнді Видьядхару Найпол иемденіпті.
Академиктер оның «нәзік баяндау мәнерін, туындыларындағы
шыншылдығын, езгідегі мәдениеттердің хал-жағдайын суреттеу
арқылы оқырмандарын ойландыратын пәлсафасын» алға тартып
ты. Білетіндер бұл жерде саяси да астар бар деген әңгіме айтады.
Өйткені Найполдың соңғы «Сенімнен де биік» атты кітабы ислам
фундаменталимзіне арналған көрінеді. Бұл тұста біздің айтпағы
мыз, қазақ әдебиетіне саясатпен берілетін Нобель сыйлығы керек
пе деген сөз ғана.
Сонымен төтелеп болса да, тұспалдап болса да біраз әңгіме айт
тық қой деймін. Айтылған әңгімемен біреу келісер, біреу келіс
пес. Біреу пікірін білдірер, біреу ойын қағазға түсіріп үн қатар,
сөз соңына жүйелі сөзге ден қоюға біз қашанда құлдық екенімізді
айтқым келеді...
Сосын, әдебиет, үлкен әдебиет ешқашан Нобель сыйлығымен
өлшенбейді ғой.
2001 жыл.
ҚАЛАМДЫ ҚАРУ ЕТКЕН «ДЖИУ-ДЖИТСУ» Жапон әдебиеті туралы жазбалар РОМАН ЖӘНЕ ЕРТЕГІ Әдебиетке келмек жас талапкер кімдерді, олардың нендей дү ниелерін оқымақ керек деген сауал көтерілгенде, (ал бұл сауал жиі көтеріледі), алдымен еске түсетіні – Андре Моруаның тізімі. Ға йыптан тайып осындай тізім жасау құқығы бізге де берілсе, онда қандай қаламгерлердің есімі аталар еді? Басқаны қайдам, өз басым Моруаның тізімін дөңгелектеп, тек Бальзакты, онда да оның тек «Үзілген үміттер» романын ғана қал дырар едім. Тағы кімдерді ұсынар едіңіз, мынауыңыз аз ғой десе, алтын уақытыңызды алғым келмейді, қаласаңыз мына бір шағын ғана жапон ертегісін сүзіп шығуыңызға болады деген болар ем. Қалғаны өз ықтиярыңыздағы дүние. Иә, 90-жылдардың басында біз бір топ болдық. Аға ақын-жазу шылар әдебиетке жаңа бір толқын келді десіп қуанысып жатты. Сүйінші сұрасты. Біз де сенімді едік. Әдебиетте өз айтарымыз, өз орнымыз бардай көрдік. Енді... Бүгінде сол толқын жағалауға жетпей жуасып қалған секілді сезіледі. Тіпті жоқ деуге де болады. Неліктен? Рас, бұл көңіл сол кездерде-ақ мына жас толқынның біразы да лақтап босқа жүргендер екенін жақсы түйсінетін. Дегенмен үміт күттіретіндері де бар еді. Өкініштісі, олардың да біразы қазір сол босқа жүргендердің қатарын толықтырып үлгерді. Ортанқол жур налистке айналды немесе нәпақасын тауып жеу үшін басқа тарап қа ойысты. Амал қанша?! Бәлкім, бұл да жазылған ережесі жоқ өмір заңдылығы шығар... Өз басым Бальзактың «Үзілген үміттерін» ауылда оқыдым. Неге екенін қайдам, үлкен қаладағы өмір, мейлі, ол студенттік болсын, маған Әзілхан ағамның «Махаббат, қызық мол жылдарындағы дай» емес, керісінше, дәл осы «Үзілген үміттердегідей» болып түйілетін. Қазір сол бала түйсігімнің алдамағанын, кейін, мына бір жын-сайтаны мен періштесі аралас улы, дулы қалаға келгенде, көзге көрінбес қорғаныма, қорғаушыма айналғанын байқаймын. Өйткені, көз алдымда, Көктөбенің бауырындағы Алматыда Баль зактың «Үзілген үміттері» қойылым болып жүріп жатты. Әлі де жүріп жатыр. Әнеу бір редактор, мынау бір журналист, мына бұ ратылған актриса... олардың бәрі-бәрі мен бала кезімде танысқан
«Үзілген үміттердің» ішінде де бар еді. Қысқасы, мен әр тасы, әр
бұтасы таныс жерге түстім. Ол үшін Бальзакқа рахмет.
Қайсыбір бауырым бүгінгі Францияда Бальзак оқылмайтын жа
зушылардың қатарында дейді. Мұнысы Бальзакты оқығысы кел
мейтінін аңғартқаны. Ішімнен күлемін де қоямын. Ал роман оқы
ғысы келмейтін адамға ертегі оқышы деп қалай айтарсың. Оның
үстіне, қазақ емес, жапонның ертігісін. Оны оның өзімшіл көкі
регі көтере алар ма?
Дау жоқ, бүгінгі жапон әдебиеті – бүкіл әлем көзін сүзіп отыр
ған ең үздік әдебиеттердің бірі. ХІХ ғасырдың басында француз,
орта тұсы мен соңында орыс әдебиетіне қонған бақ бүгінде Латын
Америкасы мен ірілі-ұсақты аралдарға қоныс тепкен осы жапон
әдебиетіне қонақтаулы. Себебі неде? Бұл сауалға талай адам жауап
іздеген болар. Оны тапқысы келгендер біздің қазақ әдебиетінде
де жетерлік. Күмәндансаңыз, Мұхтар Мағауиннің қайсыбір дү
ниелеріне көз тастауыңызға болады. Сауалға жауап іздемесеңіз де
классиктің қалай қалыптасатынын аңғару үшін.
Осы бір себебі неде деген сауалға ой-шамам, қабілет-қарымым
жеткенше мен де жауап іздегем. Жауабын, күлкілі болса да айта
йын, ертегіден, қарапайым ғана жапон ертегісінен тапқандай бол
дым. Ертегіден байқағаным, бұл жапон халқы Бальзактың «Үзіл
ген үміттерімен», ХІХ ғасырда жазылған романмен сонау орта
ғасырларда-ақ танысып үлгерген екен. Нақтылап айтсақ, жапон
ның өз «Үзілген үміттері» бар болып шықты. Дәл осы жерде, реті
келіп тұрғанда, ертегіні де баяндай кетсем, ешкім ренжи қоймас
деймін.
Жапон ертегісі астанадан алыс әлдебір елді мекенде бір жас
ақын болыпты деп басталады. Өте аңғарымпаз, сезімтал балдыр
ғанның жыр моншақтары оның талантына бас июшілердің қол
жазбалары арқылы астанаға да жетіп жатқан. Олармен танысқан
мұндағы ақсақал, қарасақал жыр сүлейлері де өмірге ұлы ақын
келді деп бас изескен. Бала ақынның ауылына бірнеше рет хат
та жазысқан. Онда «Сенің орның астанада, әдеби-ғылыми орта
да, дарыныңды жетілдірем десең тез жет» деген сөздер бар еді.
Мұндай хаттар жас дарынның мерейін тасытты. Ол енді астанаға
сапарға шығуға асығатын болды. Тек жергілікті ғибадатханада
ғы ұстазы ғана бұл ғажайып сәтті кешеуілдете берген. «Буының
бекіп, бұғанаң қатқан жоқ, тағы да екі-үш жыл шыда, сосын да
астананың төріне үлгересің ғой» деген тоқтам сөз айтқан. Ұстаз
сөзінен аса алмаған бала у-шулы астананы қиялында кезіп, түсін
де көріп жүрді. Ақыры шыдай алмаған, бір түні қашып шыққан.
Әне, ол белден-бел, қырдан-қыр асты, небір өзендерден өтті.
Көкіректе туған қаншама жыр ақ қағазға түсті. Бала бұл кездері
шын бақытты еді. Санасында өз жұлдызына, оның биіктігіне деген
сенімі де беки түскен. Міне, ол жаяу-жалпылап Миямино жазығы
на да ілікті. Мұндағы әсем табиғат бұған дейін көргендерінің бәрінен де артық, бәрінен де әсем еді. Бала бір күн осында қалып, Миямино жазығының сұлулығына арналған жыр жазуға бел байлады. Күн батты, түн болды, зеңгір аспан көгінде жұлдыздар жымың дасты. Көп кешікпей бір бүйірден Ай да көрінді. Бірақ өлең ке лер емес. Бала қатты қиналды. Ал оның есіл-дерті бір ғана қиялға, Миямино алқабының әдемі көркін паш етер жыр жазуға мықтап ауған еді. Шық түсе бастағанда ғана жырдың алғашқы жолдары жазылғандай болған: – О, Миямино алқабы! Не деген қалың шық?! Бірақ бала қанша күбірлесе де, қиялын қанша қозғаса да ендігі жыр жолы туар емес. Баланың көңіліне енді күдік кіре бастады. «Япыр-ау, – деді ол ішінен, – мынадай сұлулықпен шендесе алар бір өлең жаза алмасам, астанаға бару, онда ақынмын деп жүру не керек? Өйтсем өзімді-өзім алдағаным болмай ма? Жоқ, қалай да алдымен өлеңді жазып алуым керек. Астанаға сапарды содан кейін жалғастырамын». Дегенмен бала қиялы алға бір баспай қойды. Тағы да таң атты, Күн шықты, сосын тағы да Күн батты, түн болды, осылай жалғаса берді. Бала күбірлеп Миямино алқабын кезеді де жүреді: – О, Миямино алқабы! Не деген қалың шық?! – деп қайталай береді, қайталай береді. Бірақ өлеңді ары жалғастыруға шамасы келер емес. Енді баланың көңілінде торығу басталды. Астанаға сапарын жалғастыруға на мысы, кейін қайтуға ұяты жібермейді, жан-дүниесінде өлеңнің соңғы жолын жазып қалармын деген жалғыз ғана үміт. Ақыры күбірлей-күбірлей әбден сүлдесі қалған бала қалың гүлдің орта сына шаршап-шалдығып құлаған. Күбірлеп жатып көз жұмған. Кейін осы маңның адамдары оның мүрдесін тауып алып, жолдың бойына жерлейді. Бірақ, бір ғажабы, баланың мазасыз рухы түнде де Миямино алқабын күбірлеп кезіп жүретін боп алады. – О, Миямино алқабы! Не деген қалың шық? – дейді бұл күбір. Сосын осы бір күбір қайталана береді, қайталана береді. Осы маңнан өткендердің естімегені жоқ бұл азалы рух туралы әңгіме ауыздан ауызға көшіп жүріп, ақыры баланың ауылына да жеткен-ді. Ұстаз әңгіменің өзінің балауса шәкірті туралы екенін бірден түйсінген. Сосын аяулы шәкіртінің рухын тыныштандыру үшін сол күні-ақ жолға шығып кетті. Міне, ол да Миямино жазығында. Түн қойнында азалы рух тың пайда болуын күтіп отыр. Көп кешікпей бала ақынның күбірі естілді. Артынша елесі де көрінді. Елес: – О, Миямино алқабы! Не деген қалың шық?! – деп енді бір қайталай бергенде, ұстаз:
– О, Миямино алқабы!
Не деген қалың шық?!
Жұлдыз біткен жерге көшіп алғандай! – деп жалғастырып жі
береді. Сосын осы өлеңді бала шәкірт те қайталады. Дауысында
риза болған жанның сезім толқынысы байқалады. Бірақ ол ұста
зына еш назар аударған жоқ. Шамасы, байқамаған секілді. Өлеңді,
күбірлеген қалпы, аяңдап барып моласына сіңіп кетті.
Жапон ертегісі осыдан кейін азалы рух Миямино алқабын ке
зуін тоқтатыпты деген түйін жасап барып аяқталады.
Міне, осы ертегі Бальзактың «Үзілген үміттерінің» жапондық
нұсқасы болып табылады. Және Бальзак романынан көп бұрын
дүниеге келген. Хронологиялық дәлдікке ұмтылатын болсақ, кемі
бес-алты ғасырлық тарихы бар ертегі деуге болады.
Бұл нені аңғартады? Иә, иә, дұрыс айтасыз, француз әдебиетінің
ХІХ ғасырдың басында ғана жеткен қайсыбір шындықтары жа
пон әдебиетіне орта ғасырларда-ақ мәлім болғанын байқатады. Ал
мұндай тамыры тереңде жатқан, ұлы Бальзактың өзін бала шәкірт
ретінде қабылдайтын әдебиеттің мұрагерлері ХХ ғасырда әде
биет көшбастаушылары болуға әбден лайық еді. Себебі, рухани
ой көшінің алдына шығуға қажеттінің бәрі де оларда бар болатын.
ЕРТЕГІДЕН ТАРАЙТЫН ШЫНДЫҚ
Жапонияның ең алғашқы жазба ескерткіштері біздің дәуіріміздің
ҮІІІ ғасырына жатады. Мысалы, «Кодзики» («Көне заманда бол
ған жайттар жазбалары») 712 жылы жазылса, «Нахон секи» («Жа
пония шежірелері») 720 жылы дүниеге келген. Қысқасы, жапон
жазба әдебиетінің он үш ғасырлық тарихы бар деуге болады. Ал
ең бірінші жапон жыр жинағы «Манъесюдің» («Мың жапырақ
топтамасы») тағы да осы ҮІІІ ғасырдың еншісінде екенін ескер
сек, жапон әдебиетінің тамыры тым тереңде екеніне еріксіз бас
шұлғисыз. Кейінгі Хэйан дәуірі (Х ғасырлар) әдебиеттің гүлден
ген дәуірі болды десек, және қателеспейміз. Бұл кездегі жапон ақ
сүйектері өз жанынан бір шумақ жыр шығара алмайтын әріптес
терін үлкен мәдениеттен жұрдай, кісілігі жоқ жан санауға дейін
жеткен-ді. Адамзат тарихында «Өмір мен өлең егіз» деген сөзге
лайық бірден-бір кезең болатын болса, дау жоқ, ол жапон шежі
ресіндегі осы бір мамыражай уақыттар болып табылады. Әлем
әдебиетіндегі алғашқы роман да жапон топырағында осы кездері
дүниеге келген болатын. Иә, алғашқы роман.
Бұл кездері императорлардың өзі поэзияға қатты назар аударды.
Жергілікті жерлердегі есімі жаңа шыға бастаған ақындардың бәрі
де астанаға, әміршінің құзырына шақырылатын. Мұнда олардың
жыр мүшәйралары ұйымдастырылатын еді. Жыр сайысында озып
шыққан ақындарға мол тарту-таралғылар берілетін. Ал олардың
қайсыбір, патшаның сарайында қалып, үздік өлеңдердің жинағын
түзуші ретінде арнайы бекітілген жалақы алып тұратын кездері де
кездесетін. Жапон тарихы осындай ақындардың қатарында Ки-но
Цураюкидің есімін атайды. Ол әзірлеген «Кокин-сю» («Көне және
жаңа жапон жырларының жинағы») антологиясы қазірге дейін
«Манъесюдан» кейінгі үздік жыр топтамасы болып есептеледі.
Міне, жоғарыдағы ертегіде осы дәуірдің сұлбасы менмұнда
лайды. Мұнда да алыс ауылдағы ақын, мұнда да астанаға шақыру
қағазын жіберетін әлдебір беделді адамдар. Мұнда да жыр құмар
зиялы қауым. Егер ол кездері анау-мынау адамның астанаға са
пар шеге бермейтінін ескерсек, балғын ақынның жыр жолдарын
қолжазба арқылы астанаға жеткізген тағы да сол ақсүйектер қауы
мына жататын ауқатты адамдар болып шығады. Ал мұндай аста
на секілді ақын-жазушының көп жиналар жерінде өнер адамда
рының өз бастарында болған трагедиялар туралы сөз қозғамауы,
өмірде расымен-ақ болған олардың қайсыбірі қағазға түспей қа
луы мүмкін емес. Демек, жаңағы баян етілген жапон ертегісінде
де ақиқат өмірдің шынайы суреттері қиялмен астастырыла өріліп
көрініс тапқан деуімізге әбден болады. Заты ертегі демесеңіз,
және де бұл Бальзактың атақты «Үзілген үміттерінен» рухани кө
теретін жүгі жағынан бірде кем емес шынайы шап-шағын шедевр.
Иә, ХІХ ғасырдағы Париж Х ғасырлардағы жапон астанасының
тыныс-тіршілігін айна-қатесіз қайталайды. Асылы, мұндай әде
биет бәсекесінде де Азияның Еуропаға мұрын шүйіре, менмен
си қарауына әбден болатын болар. Әлде ұлы Бальзак Х ғасырда
Азияның тү-у шығысында, жапон аралдарының бірінде өмір сүрді
ме екен? Жапондар ұстанатын дзен-буддизмге сенсек, бұлай бо
луы да бек мүмкін-ау...
ӘРІПТЕСПЕН ӘҢГІМЕ
«Жас қазақ» газетінің алғашқы тырнақалды санында жапон жа
зушысы Акутагаваның шағын сұхбаты және ой үзіктері жариялан
ған болатын. Әрине, Акутагаваға таңдауымыз түскенде біздің де
өз көздегеніміз болды. Бірақ не айтпағымызды оқырманның өзі
ұғып алсын деген пікірді ұстанған едік. Енді ойласақ, онымыз дұ
рыс болмаған секілді.
Міне, «әл-Тайрда» (бұрынғы атақты «Қаламгер») отырмыз, қа
тарлас әріптестерім «Жас қазақтың» алғашқы санын қызу талқы
лап жатыр. Талқылау барысында әдебиет беті туралы да сөз бол
май қалған жоқ. Ең үлкен ескертпе «Акутагаваны неге бердіңдер,
өзіміздікі де жетпей қалды ма?» деген ой ауанына тірелді.
Мен бұл ескертпешілердің Акутагаваның ой үзіктеріне назар
аудармағанына таң қалдым. Онда бар болғаны 24-ақ жасар Аку
тагаваның ұстазы Нацумо Сосэкиге жазған хатынан (1916 жыл,
28 тамыз) үзінді бар-ды. Үзінді ауқымы шағын ғана, мәтіні төмен
дегідей:
«... Бүгін Чехов әңгімелерін ағылшын тілінде жаңа басылған
аудармасынан оқыдым... Дәл бұлай жазуды үйрену үшін бүкіл ғұ
мырың жетпеуі мүмкін. Кумэ сізге менің Сологубты ұнатпағаным
ды жазған болар. Жоқ, мен Сологубты тұтас ұнатпайды емеспін.
Оның туындыларында да мен басымды иетін тұстар жетерлік. Ал
мен тек Уэльстің әңгімелерінің ғана жер-жебіріне жетіп жатыр
мын. Егер осындай деңгейдегі жазушының өзі мықты қаламгер
ретінде мойындалып жатса, бұл жапон жазушылары ағылшын жа
зушыларын басып озды деген сөз ғой...»
Міне, осындай сөздерді менің маңайымдағы қатарластарым
түгілі, үлкен ақын-жазушы ағаларымның да бірде-бірі әлі күн
ге айта алған жоқ. Ал жаңағы әдебиетте енді таныла бастаған,
қайсыбірінің жұлдызы танылмай жатып ендігі өшіп те үлгерген
бауырларымның қай-қайсысының да Уэльс пен Сологуб түгілі,
Чеховты да оқымағандарына бәс тіге алатыным анық-ты. Тіпті
олардың, шынтуайтына келгенде, Акутагавамен таныстығы да
жоқ болатын. Әйтсе де, олар 24 жасар Акутагаваға өздері келіп
қалған отыздың желкесінде тұрып пікір айтудан еш тайсақтаған
жоқ. Ағылшын Уэльске, орыс Чехов пен Сологубқа, әрине, әлем
мойындаған Акутагаваға олардың жақын арада салиқалы пікір
айта алатынына және күмәндімін. Және олардың арғы-бергіні та
нымай жатып толыққанды әдебиет жасай алатынына да күмәнім
бар. Өйткені, олар Акутагаваның 25 жасында игергенін елуге
келіп те еңсере алмайтын секілді. Шамасы, әдебиеттегі өмірін сол
баяғы шәкірт қалыптарында аяқтайтын болар.
ШЕКСПИР МЕН КУРОСАВА
Неміс Эрнст фон Гессе-Вартег сонау 1904 жылы, «Жапония
және жапондар» атты еңбегінде былай деп жазыпты: «Жапонның
«джиу-джитсу» деген сөзі азғантай ғана адамға мәлім болар. Бірақ
осы сөзде жапондардың басқа халықтарға деген көзқарасы, олар
мен қарым-қатынаста ұстанатын мінезі жатыр, Еуропаның мың
даған миль алыста жатқан аралдар мемлекетінің табыс құпиясы
да осы сөздің астарында бұғулы.
Джиу-джитсу – әлсіздің әлдіге қарсы қолданатын әдіс-тәсіл
дерінің жиынтығы. Тұтас бір ғылым. Ол күшке қарсы күш қол
дануды емес, қарсыластың күшін өз игілігіне қалай пайдалануды
үйретеді. Тек самурай ғана емес, кез келген жапон басына қиын-
қыстау күн түскенде осы әдіс-тәсілдерге жүгінеді.
Жапония Еуропада бар барлық жаңалық біткенді игерді, бірақ
оны сол қалпында пайдаланған жоқ, тек өзіне тиесілі мөлшерде,
өз күш-қуатын арттыратын дәрежеде ғана қолданысқа алды. Еу
ропа Жапония үшін, бар болғаны, биікке шығаратын саты ғана
болған секілді».
Өткен ғасырдың басында айтылған осы сөз бүгінгі Жапонияның
да шындығы. Грек милиардері Онассис су сыйымдылығы 100 мың
тонналық танкерлерді жасай бастағанда, ағылшынның «Таймс»
газеті бұған болашағы жоқ шаруа ретінде күле баға берген бола
тын. Жапондар болса әп-сәтте Онассистің бастамасын іліп әкетіп,
лезде су сыйымдылығы 500 мың тонна танкерлерді мұхит айдын
дарына жібере бастады. Бұл күнде олар осындай кемелер жасау
дан әлемде бірінші орында тұр. Транзистор, бейнемагнитофон,
телевизор туралы де осыны айтуға болады. Ал бұл джиу-джитсу
әдісі жапон әдебиеті мен өнеріне де жат емес. Егер Акутавага өз
новеллаларының көбінің желісін орта ғасырлық хроникалардан,
Қытай «Көне әңгімелерінен» алса, (мысалы, жазушының атақты
«Расемон қақпасы» шедеврі осындағы жарты-ақ беттік әңгіменің
дамытылған нұсқасы болып табылады) әйгілі режиссер Акиро
Куросава Шекспирдің өзін жапон қылып жіберді. Шекспирдің
«Макбеті» мен «Король Лирін» оқымаған адамның осы жапон ре
жиссерінің «Қанға былғанған тақ» және «Ран» фильмдерін көне
жапон материалдарының негізінде түсірілген екен деп ойлап қа
луы әбден мүмкін нәрсе. Біз өз білетіндеріміз туралы ғана айтып
отырмыз. Ал білмейтіндеріміз қаншама.
Иә, жапондар да өзгелерден үйренеді. Бірақ үйренген нәрсесін
сол қалпында қайталамайды, жапон рухы мен жан-дүниесіне,
оның ішкі сұранысына сай етіп дамытады, жетілдіреді. Бізге жа
пондардың осы жағынан үйрену керек.
Егер жапондардың ауыр кемелерді сыртқы жаудың басқыншы
лығынан сескеніп, 1860 жылдары ғана жасай бастағанын ескер
сек, арада қырық жыл өтер-өтпесте жапон флотының екі жүз жыл
дық тарихы бар орыс флотын тізе бүктіргені де қызық. Еуропалық
өркениет пен мәдениетке назары Мэйдзи реформаларынан (1867
жыл) кейін ғана бұрыла бастағанын ойласақ, арада елу-алпыс
жыл өтпей-ақ Акутагава, Сосэки секілді Еуропа түгілі, әлем мо
йындайтын қаламгерлерді дайындап үлгергені және таңқаларлық.
Және олардың бәрі де еуропашыл жазушылар емес. Шығармала
рынан жапон табиғатының исі аңқитын қаламгерлер.
Ал бізде орыс әдебиеті арқылы Еуропа, әлем әдебиетіне көз
салғалы қанша уақыт өткенімен, бәрібір Акутагавалар байқалар
емес. Бәлкім, дертіміздің дауасы неде екенін білмек үшін Жапо
ния жаққа жітілеу қарау керек болар.
«ГАМЛЕТ»: АҚЫЛДЫ АДАМНЫҢ АЗАБЫ ТРАГЕДИЯ ТАРИХЫНА ШАҒЫН БАРЛАУ Шекспирдің (1567-1616) атақты «Гамлет» трагедиясы 16001601 жылдар аралығында, драматург ақынның шығармашылық дарын-қабілеті әбден пісіп-толысқан кезінде жазылды. Бұл кезде Шекспир 37-де, тағы бір кемеңгер ақын Пушкин фәниден бақиға келмес сапарға аттанатын жаста болатын. Бұдан кейін де Шекспир 16 жылдай өмір сүрді, бірақ жер ортасы жасқа келгенде, жігіт аға сы болғанда жазған осы шығармасы оның мол мұрасының ішін дегі ең үздігі, арғы-бергі адамзат баласы дүниеге әкелген драма лық туындылардың ішіндегі ең әйгілісі болып қала бермек. «Гамлет» трагедиясының төңірегіндегі пікірталас, міне, төрт ғасыр уақыт болды, әлі күнге толастамай келеді. Тіпті «Гам леттің» авторлығын Шекспирге қиғысы келмейтіндердің де ұшы расып қалатыны бар. Олар мұндай мазмұны өте терең, көтеретін салмағы мол трагедияны ХҮІІ ғасырдың қарапайым көше театры драматургінің жазуы мүмкін емес деген уәжді алға тартады. «Ша масы, бұл трагедияны патшалық сарайдың өмірінен хабары бар, жан-жақты білім алған ақсүйектердің бірі жазып, оны өз атынан жариялауға сол кездегі қалыптасқан бекзаттық этикасы жіберме гендіктен, қаңғыбас драматургтің атынан ұсынған болар» дейді «қарағайға қарсы біткен мұндай бұтақтар». Дегенмен соңғы кездері жүргізілген лингвистикалық және бас қа да зерттеулер мәшһүр трагедияның Уильям Шекспир қаламына тиесілі екеніне ешқандай да шүбә келтірмейді. Иә, рас, басқа да шығармаларынікі секілді, драматург бұл дү ниесінің де негізгі желісін өзіне дейінгі әдебиет нұсқаларынан алды. Мысалы, 1200 жылдары жазылған Саксон Грамматикус дегеннің «Даттар тарихы» атты еңбегінде Амлет атты патшазада туралы баяндалатын. Бұл тарихи-әдеби жәдігерде туысқан ағайы Амлеттің әкесін өлтіріп, мұра жолымен бұған тиесілі тақты тар тып алады, бірақ патшазада өтірік есі ауысқан болып жүреді де, қандықол ағайының қырағылығы әлсірей берген тұста, ұрымтал сәтін дәл тауып, әділетті қайта қалпына келтіреді. Әділет әке үшін кек алу жолымен орындалады. Сондай-ақ Шекспирдің аға за мандасы Кид дегеннің де «Гамлет» атты пьесасы болғаны мәлім. Әдебиет тарихында бұлардан басқа да «Гамлеттер» жеткілікті. Ең ақыры, орыс жазба поэзиясының негізін қалаушылардың бірі
Сумороковтың да осы аттас драмалық шығармасы болғанын ес керсек, есуас патшазада туралы көне оқиғаның талайларға маза бермегенін анық аңғарамыз. Әйтсе де, осылардың бәрі көркемдігі жағынан да, көтеретін жүгі жағынан да Шекспир трагедиясының қасында жіп есе алмайтыны және рас. НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП – КЕК АЛУ Біз бүгін Шекспир трагедиясынан адамзат баласына, оның са налы ғұмырына қатысты көптеген сауалдарды ұшырата аламыз. Ал осы сауалдарды трагедияны жазу барысында Шекспирдің де өзіне-өзі қоюы мүмкін бе? Ішкі даусымыз «Әй, қайдам» деп жауап береді. Әйтсе де, Шекспирдің көркем дүние жазғандығын, адам зат психологиясына байланысты теориялық мәселелермен шұғыл данбағанын да естен шығармаған жөн. Сосын, кім біледі, бәлкім, трагедияны жазып отырып Шекспир өз туындысы келер ұрпақ алдына тастайтын сауалдарды ақындық түйсік деңгейінде бол сын сезінген болар. Қазір бәріміз жазықсыз жадымыздан сызып тастауға тырысып жатқан ойшыл Карл Маркстің «Ақыл-ой қашан да өмір сүрген, бірақ әрдайым ақыл-ойға лайықты қалыпта емес» деген аталы сөзін ескерсек, бұлай болуы да әбден мүмкін ғой. Шекспир трагедиясы, негізінен, кек алу төңірегінде өрбиді. Кек алуға тиіс бір адам, норвег патшазадасы Фортинбрас бұл ниет тен ә дегеннен бас тартып (оның әкесін шайқас үстінде Гамлеттің әкесі өлтірген-ді), өмірін мемлекеттік һәм әскери істерге арнаса, кек алуға тиіс жандардың тағы бірі Лаэрт (оның әкесі Полонийді Гамлет өлтіреді) бұл әрекетке бар ынта-шынтасымен еш тоқтау сыз кіріседі. Туысқан ағайы әкесін өлтіріп, таққа қанды жолмен келгенін біле тұра, мұндай жауап қимылға батыл бел байлауға тай сақтайтын – патшазада Гамлет қана. Ол не бас тартпайды, не бір ден іске кіріспейді. Өйткені, Гамлет – алдымен қимылдың адамы емес, ойдың адамы. Ол өз әрекетінің ақыры неге соқтыратынына есеп беруге тырысатын жан. Иә, Гамлет заманына тән болған кек алу мәселесінен бүгінгі ХХІ ғасыр да кенде емес. Оған жауапты алыстан іздемей-ақ, азат тық үшін күресіп жүрген шешен бауырлардың «қанға – қан» атты қатал заңды әлі берік ұстанатынын есімізге алсақ та жеткілікті. Ал осы «қанға – қан» ұстанымының қаншама игі бастамалардың аяғына тұсау болып, нешеме жазықсыз құрбандардың обалына қа лып жатқаны бір Аллаға ғана аян жайт. Бұл жағынан алғанда, ше шен бауырлар, амал қанша, Гамлеттен гөрі, байыбына бармай-ақ өтірік сөзге елпілдей жөнелетін тағы бір трагедия кейіпкері Лаэрт ке көбірек ұқсап кетеді. Әрине, біз бұл жерде шешен бауырлар ды кінәлап отырған жоқпыз. Оларды әңгіме орайы осылай болып қалғасын ғана тілге тиек етіп отырмыз. Дегенмен өлімі үшін кек
алуға болатын жан барда, қайта өлгені үшін қуануға болатын пен делер де бар екенін естен шығармау керек секілді. Әйтпесе, көше төбелесінде мұрны қанап қалған баласы түгілі, ит пен мысығы үшін де қырқысып қалатын «қызуқандыларды» күнделікті өмірде аз көріп жүрген жоқпыз ғой. Бұл да бізге бұдан төрт ғасыр бұрын Шекспир тастап кеткен сауалдардың бірі. «Кім үшін, кімдер үшін кек алуға болады?» деген сауал. Шекспир трагедиясы ә дегеннен-ақ үрейлі басталады. Әлдебір түнгі сақшылардың көзіне бірнеше рет жақында қайтыс болған Дания королінің аруағы елес болып көрінеді. Демек, «дат мем лекетінде әлдененің іріп-шірігені». Өйткені, трагедиядағы бұдан кейінгі әңгімелерден байқағанымыздай, мұндай оқиғалар сонау бағзы кезде, Цезарь ең жақын досы Брут пен қаскөй жауларының қолынан пышақталып, қаза табатын уақыттарда жиі болып тұр ған. Ол кездерде де «Қабір біткен қаңырап иесіз қалып, күллі өлік өріп жүрген көшеде...» Ақыры Римнің шаңырағы шайқалып, орта сына құлауға ұрындыра жаздаған оқиғаларға жалғасқаны белгілі. Бұл оқиғаларды Рим тарихынан хабары бар оқырман жақсы бі луге тиіс. Демек, драматург бағзы Рим мен Гамлет Даниясының арасында жайдан-жай параллель жүргізіп отырған жоқ. Бізге, оқырманға, әлдебір трагедияның кіріспесі мемлекеттік деңгейде басталып жатқанын тұспалдағысы келеді. Міне, әкесінің елесі туралы осы әңгіме патшазада Гамлеттің құ лағына жетеді. Жаңағы жерде жолдастарымен түнделетіп келген Гамлетке әкесінің елесімен әңгімелесудің де сәті түскен. Әкесі бұ ған өз ажалы туралы ақиқаттың бар жай-жапсарын жайып салған. Кек алуын өтінген. Өйткені, патша өз ажалынан өлген жоқ. Оны бауыры Клавдий улап өлтірген, енді мұның әйелі, Гамлеттің ана сы Гертруданы құшағына басып, алтын тақта сайран құрып отыр. Ал корольдің рухы, баласы мұның кегін алмай, тозақ отына күюлі. Рас, Гамлеттің көңілінде өгей әкесіне деген сенімсіздік елеспен әңгімеге дейін-ақ пайда болған. Ол әкесінің жылы өтпей жатып-ақ шешесінің түрі қораш біреуге асығыс тигеніне өкпелі. Бұған көңіл айтуға келген досы Горациоға: – Досым, мені мазақтама. «Шешеңнің бай тапқанын көрдім» дегің келе ме? – дейді. Патша сарайында болып жатқан шашпа-төк той-думанның даң ғырасын естіп отырып: Сорымызға салт солай. Осы салтты сақтағанша құртқанымыз жөн еді. Бұл даңғаза мағлұм батыс, шығысқа, жат жұрттарға күлкі болдық осы үшін,– деп кейитін жері және бар. Өйткені, «ішіп жа тыр таң атқанша көпіртіп». Осы наразылық әке елесімен әңгіме үстінде беки түседі. Міне, ол әкесінің елесін көріп тұр. «Демек о дүние дегеннің болғаны ғой» деген қиял өтеді кейіпкер санасында. Кейіпкер санасында
мұндай қиялдың болғанын оның аузымен айтылатын «... тәнім өліп, жаным тірі қалар болса, ақыры, оның несі қауіпті» деген сөз дерден аңғарамыз. Кейіпкер санасында жарқ ете қалған осы бір о дүние туралы сауал жауабы оның түйсігінде басқа да қазірге жауабы жоқ сауал дар тізбегін тудырады. «Япыр-ау, бұл елес шынымен әкемнің мазасызданып жүрген аруа ғы ма, әлде ібілістің менімен жасамақ айла-шарғысы ма?». «Әкемнің аруағы деп айтқанын істер болсам, ібілістің тіліне еріп жаза басып, ақыретте тозақ отына күймеймін бе?» «Кінәсіз адамның обалына қалмаймын ба?» Сауалдар легі осылай жалғаса береді. Әдебиет тарихында алғаш рет Шекспир көтерген осы сауалдар дың қайсыбіріне жауап беруге тырысқан қаламгерлер кейін де көп болды. ДЕТЕКТИВ ПАТШАЗАДА ЖӘНЕ ҒАЛЫМ ҚАТЕЛІГІ Осы әдеби жауаптардың ішінде өзіміз білетіннен ең қызықты сы – итальян жазушысы Дино Буццатидің (1906-1972) қаламына тиесілі новелла. Осы бір «Эйнштейнмен жүздесу» деп аталатын шағын новелланың ұзын-ырғасы мынадай: Бірде күн ұзаққа созылған ғылыми ізденіс жұмыстарынан кейін таза ауаға тынығуға шыққан әйгілі ғалымға әлдебіреу ұшырасады. – Мен Әзірейілмін. Сенің жаныңды алуға келдім,– дейді әлгі көшеде кездескен бейтаныс. Эйнштейннің жаны алқымына келеді. – Үйбай-ау, бүкіл өмірімнің мәні іспетті ғылыми жаңалығымды енді-енді ашудың аз-ақ алдында тұр едім. Жанымды алар сәтті сәл кейінге қалдыра тұрмайсыздар ма? – деп жік-жапар болады. – Жарайды,– дейді бейтаныс бейнесіндегі Әзірейіл, – тағы бір қанша күннен кейін келермін. Оған дейін жаңалығыңды ашып қоюға тырыс. Осы сөзді айтады да әп-сәтте көзден ғайып болады. Енді Эйнштейн жаңалығын ашуға бар күш-қажырын салған. Бі рақ Әзірейіл келісілген уақытта келген кезде де жаңалық әлі ашы лып болмаған-ды. Эйнштейн Әзірейілден айналып-толғанып, жаңалығын ашуға тағы бір ай уақыт беруін өтінеді. Паң Әзірейіл бұл жолы да келісімін берген. Міне, кездесу орнына енді Эйнштейннің өзі келіп тұр. Жүзі бал-бұл жанады. – Жаңалығымды аштым, енді алатын жаныңды ала бер,– дейді ол Әзірейілге еркінси күліп. – Шыныменен аштың ба?
– Иә.
– Жарайды, енді сенің жаныңның бізге керегі жоқ. Осы тойған
қалпыңда емін-еркін жүре бер,– дейді Әзірейіл.
Эйнштейн таң-тамаша.
– Мені жаныңды аламыз, жаңалығыңды тезірек аш деп асық
тырғандарың қайда? – дейді Әзірейілге айтатын дауы бардай төне
қарап.
Сонда Әзірейіл:
– Мен Ібіліспін, төменде басқа ібілістер сенің жаңалығыңды
тезірек ашқаныңа риза болысып жатыр. Енді тозаққа баратын
адамдар көбірек болатын болды деп мәз болуда. Бізге осы да же
теді,– деп қарқ-қарқ күлген көрінеді. – Ал өз жаның өзіңе олжа.
– Япыр-ау, менікі бар болғаны формулалар ғана ғой. Ол фор
мулалардың тозаққа баратындарға не қатысы бар? – дейді аң-таң
Эйнштейн.
– Қатысы болғанда тікелей қатысы бар,– дейді тағы да қарқ-
қарқ күлген Әзірейіл бейнесіндегі Ібіліс. Сөйтеді де лезде көзден
ғайып болады.
Әрине, бұл ғалымдар трагедиясы туралы аллегориялық әңгіме.
Дегенмен Эйнштейн, Нильс Бор, Сахаров секілді әйгілі ғалымдар
дың өздері ғылыми жаңалықтарына өмірден өкініп өткендеріне
тарихтан куә болғанымыз кеше ғана.
Жасап жатқан іс-әрекетің, оған түрткі болған ой-толғамың жақ
сылыққа бастай ма, әлде жамандықтың ауылының төбесінен дәл
түсіре ме, осы жағын да бір сәт пайымдап ал дейді шағын әңгі
менің айтатын пәлсапасы.
ХХ ғасырдың ұлысы Эйнштейн сауалға жауап іздеуде қателессе
(оның ғылыми ізденістер кезінде өзіне мұндай сауалды қоймағаны
да анық. Өйткені, Шекспир Гамлетін, сондай-ақ автордың өзін де
мазалаған діни-пәлсапалық сауалдар атеизм жан-жақты белең алған
ХХ ғасырда тым күңгірт тартқан-ды), ортағасырлық патшазада Гам
лет қаншалықты жас екендігіне, өмірлік тәжірибесі аздығына қара
май бұл сауалдарға жауап іздеуде барынша қателеспеуге тырысады.
Осы арада Гамлеттің өзін мазалаған сауалға жауап іздеуін кәнігі
детективтің өз күмәнін айғақтауға табанды түрде дерек іздеуімен
салыстыруға ғана болады. Иә, Шекспир дүниеге келтірген патша
зада Гамлеттің бойында кейін, көп кейін Артур Конан Дойл тудыр
ған әйгілі ізкесуші Шерлок Холмстың ерен қабілет-қарымы да бар.
Енді ол уақытша болса да есуастың бетсірісін жандүниесіне
шақтап көруге бел байлайды. Өзіне жаңа рөлді таңдап алады. Гам
леттің жоспары бойынша қалаға келіп қалған қаңғыбас актерлер
труппасы өгей әке мен ақжүрек әке махаббатына адал бола алма
ған шеше алдында қандықол патшаның қылмысын еске түсіретін
шағын қойылымды ойнамақ. Сонда бұл корольдің әрбір қимылын,
сахнада болып жатқан көріністерге байланысты бетіне жылт етіп
шыққан көңіл-күй бояуын зер салып байқап отырмақ:
Тфу! Лағнет! Оян миым! Естігем:
Қылмыстылар, спектакль ішінен,
Өзіне ұқсас ұсқын көрсе қанқұйлы,
Үн қатпай-ақ тыпыршиды,
Қырғын ойын қызуына түскенде.
Сезікті сұм секіреді деуші еді.
Өз әкемнің өлімінен аумаған
Бір сұмдықты ойна деймін актерге
Көз алдында ағайдың.
Сосын оның қымс еткенін бағамын,
Сезсем болды – өзім білем ар жағын,
Мүмкін анау аруақ емес, жын шығар,
Жын да көзге қымбатың боп
Көрінеді деуші еді. Мүмкін, залым
Әбден біліп әлсіреген шағымды,
Өлтіргелі жүрген шығар мен сорды.
Дерек керек одан гөрі дәлірек,
Сол деректі ұстатар деп осы ойын,
Ақ-қарасын анықтар деп корольдің,–
Қаптырам деп, салдым суға қармақты
(Гамлет. 2.2.)
Гамлет-Холмстың қылмысты істі ашуға септесер өз доктор Ват
соны да бар. Ол – адал досы Горацио. Екеуінің актерлермен біріге
әрекет жасауының арқасында король ағайдың қанқұйлы ісі ашы
лады. Гамлетке аян берген шынымен-ақ азалы әкенің аруағы екені
дәлелденеді. Бірақ әке өліміне себепкер қаныпезерден кек алуға
Гамлет әлі де асықпайды. Ыңғайлы сәтті күтеді. Рас, өгей әкей
Құдайға жалбарынып тұрғанда өлтірудің сәті түскендей болған,
бірақ ол жолы Гамлет Құдайға сенетін иманды жанның салтымен
асығыстықтан бас тартады:
Бұл жексұрын боқтығынан арылып,
Алсаң құдай ала бер деп тұрғанда –
Өлтіргенім өш алғаным болар ма?
Жоқ.
(Гамлет. 3.4.)
Осы оқиға қазақ оқырманына жақсы таныс намазын бұзбай дү
ниеден өткен Жанғожа батыр туралы әңгімені еске түсіреді. Рас,
бұл жерде Клавдий емес, керісінше, Гамлет қазақ батырына рухы,
түсінігі жағынан жақындау.
Гамлеттің ендігі бар арманы қылмыскер Клавдийді тозақ оты
на күйдіру. Ол осы жолда өзіне шын беріле сүйген жаны пәк ару
Офелияның да махаббатынан бас тартады. Тіпті өгей әкесімен
ымдас Офелияның әкесі Полонийдің жанын жаһаннамға аттанды
ру арқылы оның жынданып өлуіне себепші болған. Иә, рас, Гам
леттің жауларыммен ымыралас екен деп Офелиядан да күдіктеніп
қалатын кезі бар. Міне, бұл кек алуға белін бекем байлаған патша
заданың әділеттілікті орнату жолындағы бірінші қателігі болатын.
Және бұл жерде қателеспеу мүмкін де емес-ті. Өйткені, бұл кез
дері Гамлетке қарсы бүкіл сарай, ішкі-сыртқы саясат, Гамлеттің
бір кездері бірге тәлім алған жора-жолдастары, бәрі-бәрі әрекет
жасап жатқан-ды.
МАКИАВЕЛЛИ МЕН МОНТЕНЬ ПӘЛСАФАЛАРЫ ЖӘНЕ
АБАЙ
Шекспирді табиғат мол дарынды сараңданбай сыйлай салған,
ешқандай ізденбей-ақ драмалық шығармаларды тоғыта берген
шынымен-ақ шашпа-төк талант иесі деуге әсте болмайды. Егер
туындыларын зерделеп оқысаңыз, Шекспир заманындағы және
оған дейінгі әдебиет үлгілерінен хабардар болсаңыз, «Гамлет» ав
торының өз шығармаларының желісін ғана өзгелерден алып қой
май (әрине, дамытылған нұсқада), кейіпкерлерінің ауызына да сол
кезгі әйгілі ақын-жазушылардың сөздерін, пәлсафалық ой-түйін
дерін салып жіберетінін аңғарар едіңіз.
Ақыл-ой адам үшін сәттілікті іздеуде, билікке қол жеткізуде
таптырмас қару болуы мүмкін. Сондай-ақ өмірдің трагедиялық
жақтарына зер салдыру арқылы ақыл-ойдың адамды қоғамдық
өмірдің сүреңдігінен азап шектіруі де әбден рас. Бұл бағытты Абай
«Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда» деп нақтылаған болатын.
Бұлардың алғашқысы Макиавелли еңбектерінде көбірек дәріптел
се, екіншісі Монтень «Тәжірибелерінде» кеңірек сөз болды. Шір
кеудің диктатурасы құлап, Батыс Қайта өрлеу дәуіріне еркін енген
Шекспир заманында, дін догматтарының бұғауынан азаттыққа
шыққандай болған ақыл-ойдың осы екі жолдың бірін өзіне өмір
сүру тәсілі етіп қабылдағаны анық. Өз заманының түлегі ретінде
Шекспирдің де рухани өмірде болып жатқан адам, сана, тіршілік,
жаратылыс туралы осы екі бағыттың айтыс-тартысына куә бол
мауы мүмкін емес. Ал ол пікірталастардың драматург шығармала
рында көрініс таппай қалуы және мүмкін болмайтын жайт.
Мысалы, «Гамлет» трагедиясындағы Клавдий, Полоний, Лаэрт,
Гильденстерн мен Розенкранц секілді өз алдарына қойған мақсат
қа жету үшін (билікке талас) ақыл-ойды қару етіп пайдаланатын
дарды макиавеллистер десек, бүкіл қоғамның дертін өз жан-дү
ниесінен өткізуге мәжбүр болған Гамлет секілді сақа жалғызды
Монтень жолын ұстанушы деуге болады. Оның батыл іс-әрекет
терге бара алмайтынында да осындай себеп жатыр. «Ғасырдың
буыны тайқып кетті. Сайтан алғыр, неге ғасырдың тайқыған буы
нын дәл мен салуға тиістімін!» деп зар қағады ойлы Гамлет.
Өйткені, Абай айтқандай: Ішім өлген, сыртым сау, Көрінгенге деймін-ау: Бүгін дос – ертең жау, Мен не қылдым, япырмау-дың кері. Өйткені, Гамлет те Абай айтқан сөздің шындығына құлайды: Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! Иә, Гамлет ана дүниенің бар екеніне сенеді. Мына өмірде әке тағын қайта тартып алу, сол үшін де қантөгістерге бару – ол үшін мүлдем жат нәрселер. Ол тіпті Құдайға жалбарынып тұрған сәті болғандықтан, өлтіруге мүмкіндік болып тұрса да, өгей әкесін де өлтірген жоқ емес пе! Бірақ мұның бәрі ол айқасқа түсуге тиіс пен делерге жат түсініктер. Олар Гамлеттің түйсінгенін түйсіне алған жоқ, ақылмен барлап білгенінің ширегіне де жете алмады. Гамлет сол үшін де олармен ашық айқасқа шығудан бас тартты. Өйткені, бұл шайқас көптеген күнәсіз адамдардың қаны нақақтан төгілуіне апарып соқтыруы мүмкін. Мұны Шекспир де, Шекспирдің кейіп кері Гамлет те жақсы біліп отыр. Әйтпесе, бабалар жолымен өзі ме тиесілі байлықты қайтарып аламын, мен үшін айқас даласына шығыңдар десе, Гамлеттің артына билік пен таққа таласы жоқ, бірақ әділетке бүйрегі бұратын қарапайым қалың бұқара ермеуі мүмкін бе? Гамлет қолда бар мүмкіндіктің ешқайсысын пайда ланбайды. Тек өз ақыл-ойы мен күш-қажырының жететін жеріне шейін кек алады. Ең бастысы, ол қандықол корольді өлтірді. Ойлы адамға бұл да аз жеңіс емес. Бірақ Гамлет мыңды жеңген жоқ, бірді ғана жеңді. Клавдий мен полонийлер дүниеден өткенімен Розенкранц пен Гильденстерндер қалды. Олардың қалғанын біз біліп отырмыз. Шекспирдің «Гамлеті» арқылы біліп отырмыз. Де мек Гамлеттің, «мыңмен жалғыз алысқан» Гамлеттің де әлі күнге тірі болғаны ғой, әлі күнге мыңды біртіндеп жеңіп келе жатқаны ғой. Осыған сенгің келеді. Ғажап, «Гамлетті» оқып отырып, ұлы Абай да осы дүниемен та ныс болған-ау деген ойға қаласың. Әйтпесе Абайдың «Ескендір» поэмасының ой қозғаушысы іспеттес сөздердің «Гамлетте», қа лың қорым ішінде болатын әңгімелер арасында жүруі неліктен? Бірақ, кім біледі, олай болмауы да мүмкін ғой. Ұлылардың ой лары өзара ұқсас бола береді деген сөз бар емес пе? Қорыта айтар болсақ, «Гамлет», мейлі, басты кейіпкері хрис тиан дініндегі адам болсын, Құдай жолында жүрген жанның жан дүние азабы туралы қайталанбас трагедия. Оны адамзат баласы ның рухани асыл қорына кіретін туынды деп бағалауымыздың себебі де сондықтан.
АПИЫНШЫ АҚЫН ТАҒДЫРЫ ЗЕЙІНДІ ШӘКІРТ Эдгар Аллан По (1809-1849) ғажайып талант пен ащы тағдырдың иесі болды. Бір жасында әке, үш жасында анадан айырылса, болашақ классиктің сана-сезімі күнәдан пәк сәби кезінде-ақ өмірдің аяусыз, қатал сілікпесіне түскендігі емей немене?! Жетім баланы дәулетті саудагер Джон Аллан асырап алды. Эд гардың балалық шағы баршылықта өтті деуге болады. Болашақ қа ламгер өгей шешесі мен оның сіңлісінің мейіріміне бөленіп өсті. Өзінің жеке серуенге мінетін аты, атқосшысы, иті болды. Дегенмен, әйелі мен балдызына қарағанда Джон Аллан сараңдау, тоңқ етпесі көп кісі еді. Тәкәппар, кірпияз Эдгарға өзінің есебінен күн көріп жат қанын сәті түссе ескертіп отыратын әдеті де бар-ды. Осыдан бо-лар, Эдгардың өкіл әкесіне өмір бойы жүрегі жылымай өтті. Бұл үйде Эдгардың білім алуына да кең мүмкіндік жасалды. 1815 жылы Алландар отбасы Англияға көшкенде, біздің кейіпкеріміз Лон донның беделді пансионаттарының бірінен дәріс алды. 1820 жылы Отандарына оралып, Ричмондқа қоныстанғанда, Джозеф Кларк же текшілік ететін «Ағылшын классикалық мектебінен» дәріс алды. Мектеп пәндерін игеру бала Эдгарға қиындыққа түскен жоқ. Әде биетті, әсіресе, ағылшын әдебиетін құныға оқыды. Математика, та рих пен биология, табиғаттану, физика мен астрономия да Эдгар қабі летінің жүйріктігін көрсететін сабақтар болатын. Оның ғылымның әрқилы салаларына деген қызығушылығы ғұмыр бойы саябырсыған жоқ. Нәтижесі әңгіме, новеллаларында жиі көрініс тауып отырды. Табиғат шәкірт балаға зеректік ғана емес, денсаулықтан да сараңдық танытпапты. Бала Эдгар сыныптас достарының тәлімділіктен гөрі тентектіктігі басым іс-әрекеттеріне жиі қатысатын. Мектепте ағылшын әдебиетін оқытудың жақсы жолға қойылған дығы Эдгардың шығармашылық дарынының ерте ашылуына септігін тигізді (10-11 жасында өлең жаза бастаған). 13-14 жасында-ақ оның ақындық ізденістері біршама кемелденіп қалған-ды. Бұл кездердегі оның өлең кейіпкерлері, негізінен, Ричмондтың белгілі сұлулары болды. Поэзиямен қатты әуестенуі Эдгардың өз қатарластарынан біршама бөлектенуіне әкеліп соққан. Құрбыларының бұның мінезі мен іс-әрекетінен «қызық, тосын» жайттарды аңғара бастағаны да осы тұстар. Бала ақынның басы қиял-ғажайып жоспарлардан да кен де емес-ті. Ол өзіне және өзгелерге психологиялық эксперименттер жүргізуге құмар еді және бұл бағыттағы ізденістері де сәтсіз бол
мағандығы анық. Қысқасы, қас жазушыға тән қасиеттер Эдгардың бойында бала кезден-ақ қалыптаса бастады десек жаңылыспаймыз. По Джозеф Кларктың мектебінен басқа мектепке ауысып, онда екі жыл оқыған соң, Шарлотсвилльдегі Виргиния университетіне түсті. Бірақ, онда көп тұрақтай алмай, Ричмондқа қайта оралуға мәжбүр болды. Оның жедел оралуының себептері белгісіз, дегенмен 1827 жылғы ақпан айының түндерінің бірінде өкіл әкесі екеуінің арасын да жайсыз әңгіме болғандығы анық. Шамасы, университетте Эдгар карта ойнаумен қатты әуестеніп, қайтара алмайтындай болып қарыз ға белшесінен батса керек. Өкіл әкесі әңгіме үстінде жеңілтек бозба ланың бар борышын өтейтіндігін, бірақ бұл үшін ендігі жерде Эдгар бұның талаптарына сөзсіз бағынуы тиістігін айтады. Бұндай шартқа көне алмайтындығын аңғартқан тәкәппар ақын өзі тәрбиеленген бай үйді тастап кетуге мәжбүр болады. КЕЗБЕНІҢ КҮРЕҢ КҮНДЕРІ Енді оның тағдырының кезбелік тұсы басталады. Бостонға келген ол мұнда өз қаржысына «Темірлан және өзге де өлеңдер» жыр жи нағын шығарған. Талапкердің сорына, жинақ ешқандай сұранысқа ие болмады. Қалтасы бос қалған жігіт енді әке-шешесінің жолын қуып, (марқұм әке-шешесі актерлар болатын) театрға қызметке тұ руға құлшынады. Бұл қадамы да сәтсіз аяқталған соң, жас шамасын, аты-жөнін өзгертіп, армияға ерікті болып сұранған. Мұнда, ол бей небір әскери өмірге жаратылғандай, аз уақыт ішінде сатылап өсіп, кіші командир дәрежесіне дейін көтеріледі. Әйтсе де үш жылдық әс кери қызмет босқа уақыт өткізу екендігі есіне түскенде жүрегі жылап қоя беретін жігіт өкіл әкесіне ақталу, бір жағы кешірім сұрау хатын жазады. «Өмірімнің ең әдемі жылдары текке өтуде» деп шағынады. Ол бұл жерде әскери қызметтің әдебиетпен тікелей шұғылдануға ке дергі келтіретінін меңзеген болатын. Джон Алланнан хатына жауап келмегесін мүсәпірлік мазмұндағы екінші хатты және жазуға мәжбүр болды. Бірақ бұл хат та өкіл әкесінің тас жүрегіне әсер ете қоймай ды. Кенет оған қайғылы оқиға «көмекке» келген-ді. Аллан ханым қайтыс болады да, Эдгар оның жерлеуіне Ричмондқа асығады. Қам қоршысы көз жасы көл-көсір бірбеткей жігіттің армиядан босануына қол ұшын беріп, орнына басқа еріктіні жалдауға кететін шығынның бәрін көтеріп алады. Бостандық алған, поэзияға қайта оралған Эдгар 1828 жылдың желтоқсанында «Әл Аараф. Темірлан және ұсақ өлең дер» атты екінші жыр жинағын шығарады. Бұл кездері Эдгар өзінің ақын екендігін, бұл бағыттағы ізденіс-мұ раттың иығына қаншалықты ауыр жүк артатындығын жақсы сезін ген. Ол өлең жазу машығын жетілдіру мақсатында үздіксіз жұмыс істейді және жан-жақты жүйелі білім алуда кеткен олқылықтардың орнын толтыру үшін тарих, пәлсафа, эстетика және табиғаттану са
лалары бойынша арнаулы кітаптарды оқуға кіріседі. Оның Вирги нияның белгілі әдебиетшілері һәм журналистерімен танысатыны да осы кез. Бірақ өкіл әке ақын жігіттің қалайда жоғары білім алуын талап етті. Амалсыз Вест-Лойнт әскери академиясына оқуға түскен ақын жігіт, мәжбүрлеуге көне алмай, бұл оқу орнын да «әскери тәртіпті бұзу» арқылы тастап кетеді. Өйткені әдебиет пен қатаң уставқа телініп қойған әскери өмір еш сиыспайтын. Енді ақын жігіт Нью-Йоркте төбе көрсетеді. Мұнда «Өлеңдер» жыр жинағы дүниеге келеді. Бірақ күнкөріске қаражаты жоқ жігіт Балтиморға қайтуға мәжбүр болған. Бұл қалада анасы жағынан тә тесі болып келетін Марии Клемм тұратын. Ақыры соның үйіне келіп баспаналаған. Кедейшіліктің құрсауына түскен По семьясының өзге өкілдері де осында жиналған болып шықты. Эдгардың ағасы Виль ям көкірек ауруынан осы үйде қайтыс болды. Дегенмен, Балтиморда өткен төрт жылды По шығармашылығындағы сәтті белес деп айтуға әбден болады. Жазған дүнелері қомақты болмаса да, шығармашылық ізденістегі қол жеткізген табыстары ауыз толтырарлық. Сол кездің белгілі жазушысы Джон Кеннеди Эдгардың талантын тап басып та нып, оған қамқорлық қол ұшын созса, 1832 жылы жергілікті жур нал өткізген бәйгеде Поның «Шиша ішіндегі қолжазба» әңгімесі бас жүлдені жеңіп алуы оның өзіне деген сенімін арттырып, әдебиетші боламын деген талабын нықтай түсті. КЕДЕЙЛІК ПЕН ҚЫЗҒАНЫШТЫҢ ҚҰРБАНЫ 1835 жылдың жазында Балтимордан Ричмондқа қоныс аударған По редакторы Томас Уайт болып табылатын «Оңтүстік әдебиет жар шысы» журналына редактордың көмекшісі болып жұмысқа тұрады. Поның қабілет-қарымын байқаған Уайт көп ұзамай редакцияның бүкіл жұмысын оның иығына артқан. Хат өңдеу, қолжазбалармен жұмыс істеу, рецензиялар жазу... журналдың көлемді бөлігін алатын осы міндеттердің бәрі Поның беделін көтергенімен, бірақ мардым сыз қаламақыға істелінетін шаруалар еді. Ұзамай журнал таралымы да көбейді. Ал Поның пікіріне белгілі қаламгерлердің өзі құлақ аса тын болған. Дегенмен, мазасыз журнал жұмысы әдебиетпен алаңсыз шұғылдануға уақыт қалдыра бермейтін. Әйте де 30-жылдардың орта тұсында Поның материалдық жағдайы біршама бірқалыпты ырғаққа түседі де, ал әдеби шығармашылығы жоспарлы, мақсатты кейіп ала бастайды. Асылы, Поға алдымен бедел алып келген әдебиетшілігі емес, журналистігі еді деп айтқан дұрысырақ болар. По кейініректе журналистикаға бірнеше рет оралды. Ол барған басылымдардың бәрі гүлденіп қоя беретін. «Жентельмен журналы», «Грим журналы» (соңғысының таралымы ол редакторлық еткен жылдары 40 мыңға жетті), «Ақшам айнасы» газеті... әйгілі «Алтын
қоңыз» кітабының авторы жұмыс істеген басылымдардың бірқата ры осылар. Рас, журналистік қызметтің де өз игі жақтары болды. Төл шығармаларын бастыруға, аз-маз болса да қаламақы табуға мүмкіндік туатын. Дегенмен, «екі майданда» бірдей күресу Поны ру хани жүнжітіп, денсаулығын біршама ойсыратып кетіпті. Сондықтан болар, оның қомақты қаржы ұсынып отырса да кезекті газет-жур нал шақыртуларынан бас тартатын кездері жиі ұшырасатын. Эдгар 1836 жылы өзінің алыс туысы болып келетін Вирджиния Клеммге үйленіп, отбасын құрды. Бұл ару Поның ғажайып новеллаларының кейіпкерлерін еске түсіретін. Ақын өзінің жарын есі кете сүйсе де, олардың ортақ тағдыры алғашқы күнінен-ақ қайғы-қасіретке толы болды. Мұқтаждық жас отбасының соңдарынан қалмай қойған. По біршама белгілі болып қалғанына қарамай, тіршілік ету үшін күресу ге мәжбүр еді. Замандасы, сыншы Н.Уиллис былай деп жазады: «По кірпияз еді және өте қиналып жазатын. Стилі көпшіліктің талғам деңгейінен тым жоғары болғандықтан алатын қаламақысы да мар дымсыз еді. Ол әрдайым ақшадан мұқтаждық көріп отырды. Ауру әйелі екеуі қарапайым өмір сүруге қажет заттардан да құралақан бо латын». Қастары болса Поның кейбір іс-әрекеттерін мазақ етуге тырысты. Шарапқұмарлығын өсек қылды. Ал оның оңашада өз шығармалары ның мәтінімен тынымсыз, барынша ыждағаттылықпен, бүкіл жандүниесі сымдай тартылып жұмыс істейтіндігін аңғара бермейтін. Аңғаруға тырыспайтын да. Алкоголь мен апиын ақынға осындай шы ғармашылық жұмыс үстінде ой-санасын баурайтын құлазу сезімінен арылуға қажет болатын. Кейде Поның қыстың күні үй жылытуға отын сатып алуға да ақ шасы болмаушы еді. Мұндайда, денсаулығы онсыз да әлсізі әйел сал қындап қалмас үшін, оның омырауына мысық салып жылытатын. Бі рақ жоқшылық қоя ма, күйеуінің жанұшыра аласұрғанына қарамай, 1874 жылдың қаңтарында Вирджиния дүниеден қайтты. Әйелінің өлімі Поны қатты күйзелтті. Әдебиеттегі, тұрмыстағы жағдайым енді оңала ма дегенде, бұл оқиға ақынды тұралатып кет кені анық. Осы қырқыншы жылдары оның төрт жинағы жарық көр ген-ді. 1845 жылдың қаңтарында «Ақшам айнасы» журналында бұл күндері әлемдік поэзияның үздік жауһарларының бірінен саналатын «Құзғын» өлеңі басылған. Ол кезде ол... 10 долларға бағаланған-ды (кейінірек, өлгеннен кейін, Поға кешеуілдетіп болса да атақ-даңқ келгенде, аукционда осы өлеңнің қолжазбасы 225 долларға, ал тағы бір «Қоңырау» өлеңінің қолжазбасы 2100 долларға сатылған). 40 жылдардың орта тұсында Эдгар По Американың белді ақын дарының қатарынан санала бастады. Оған «үлкен үйлердің» де есігі ашылған. Дегенмен, По көп ретте көре алмаушылық пен күн дестіктің, кейде түсінбестіктің құрбаны болып кетіп жататын. Бұған өзінің тік мінезі де біршама кінәлі еді. Әдебиет мәселесіне келгенде
ол ешқандай бітімгершілікке бармайтын. Ойын тура, батыл айтатын. Әрине, бұнысы кімге жаға қойсын. Поның ажалы әлі күнге құпия. 1849 жылдың қыркүйегінде Рич мондта «Поэтикалық принцип» деген тақырыпта тыңдармандардың тарапынан жақсы бағаланған лекция оқыған ол әлгі жерден, қал тасында 1500 доллары бар, аттанып кетеді. Одан кейін не болғаны белгісіз. Әлде көп мөлшерде пайдаланған есірткінің елтуіне түсіп қалды ма, әлде бұның ақшасына қызыққан қарақшылар уландырды ма, бір ішімдікханадан ессіз жатқан халде табылған. Ол Балтимор дың емханасына жеткізіліп, сонда қайтыс болады. Қалай дегенмен де, Поның өмірден ерте кетуіне апиын мен алко голь емес, үмітсіз жоқшылық пен тынымсыз творчестволық жұмыс себепші болды деген жөн сияқты. По шығармашылығының өзінен кейінгі әдебиеттің дамуына әсері орасан зор. Осылай екендігіне орыс ақыны В.Я.Брюсовтың «амери кан ақыны біздің Достоевскийдің жол көрсетушісі және көп мәсе леде ұстазы еді» деген бір ғана пікірі жан-жақты дәлел бола алады. Бүгінгі психология, психоаналитика, криминалистика ғылымдары да По шығармашылығына молынан қарыздар. Өмірі өксікпен өткен ақынның мұрасы әлі талай ұрпақтың қажеті не жарап, шығармашылықтағы ізденістеріне бағдаршам болып қала бермек.
ТОЛҚЫН ЖАЛЫНА ЖАРМАСҚАН ЖАЗУШЫ Оның өмірі өзінің кітаптары секілді қызық та, тартымды болды. Сырттай қарағанға кедей ортадан шыққан білімқұмар жігіттің табан дылықтың, ізденгіштік пен еңбекқұмарлықтың арқасында, ертегінің кейіпкерлеріндей, атақ пен даңққа қол жеткізуі, дәлірек айтқанда «америкалық бақыттың» өлшемі секілді көрінсе де, бұл тағдырдың өзіндік драматизмі мен трагедиясы да бар еді. Жазушы ғұмырбаяны ның әдебиеттанушылар мен мемуаршыларды оның қаламынан туған дүниелерден бір де кем қызықтырмайтындығы сондықтан. Ол 1876 жылы Сан-Францискода дүниеге келді. Анасы қиялилау кісі болыпты. Спиритуализм (рухтармен сөйлесу) мен астрологияның хас табынушысы болатын. Әкесі болса, әр түрлі тақырыптарға дәріс оқи беретін профессор еді. Бірақ екеуі Джек (жазушының шын есімі Джон) дүниеге келмей жатып ажырасып кеткен-ді. Болашақ жазу шының жетім қалуына, негізінен атаққұмар, қызуқанды, ойға алған мақсатын іске асыруға келгенде ештеңеден қаймықпайтын тәуекелшіл анасының кінәсі көбірек болған секілді. Зерттеушілер Джек өмірінің кейінгі бір тұсында әкесін іздеп тапқан дығын, бірақ әкесінің ұлына жылы қабақ танытпағандығын жазады. Қарт профессор өзінің ұлы жазушының әкесі екендігін мойындамай қойса керек. Мұнысы ғажап-ақ. Дегенмен, ұлының шешесінен әбден зәрезап болған әкенің бұлай ететіндей де жөні бар. Себебін білуге де болады. Мысалы, жазушының биографтары оқымысты профессор екі қабат әйелін қызғаныштан туындаған ұрыс-керіс үстінде пистолетпен атып жібергендігі туралы дерек келтіреді. Бұл жайт туралы сол кездің газеттерінде көп жазылыпты. Міне, осы оқиғадан кейін профессор әкенің тағдыры «таздың кепешін кигендігі» анық. Әйелі «ішкенін ірің, жегенін желім» қылса ренжімесіне не шара. Осы өкпесі баласына да ұласса керек. Әлде, бақытсыз әке өмірінің сол бір көңілсіз, сұрқайлау тұсын қалай болмасын ұмытуға тырысты ма екен? Ал шын мәнісінде ызақор шеше күйеуіне ашуланып өзін-өзі атқан көрінеді. Профессор әкесінен жұққан қасиет пе, Джек сегіз жасында-ақ кі тапқұмар болады. Бұл – қолына түскенді жай оқи беру емес, тыңғы лықты түрде білім жинау еді. Жазушы осы әдетіне өмірінің соңына шейін адал болып өтті. Оклендтің көпшілікке арналған кітапханасы да әсершіл баланың ой-қиялының дамуына көп септігін тигізгендігі анық. Кітапхана басшысы, өзі де ақын Айна Кулбрит ханым Джектің кітаптарды таңдап, саралап оқуына жетекшілік етіп отырғандығын ес керсек, болашақ жазушының сол кезге дейінгі әдебиеттің бетке шығар қаймағымен жан-жақты танысқандығына күмән жоқ.
Дегенмен, Джек «кітапшыл» емес еді. Қиял-ғажайыпқа толы шы тырман оқиғалы кітаптарды оқи отырып, ол осының бәрін өз басы нан өткізіп көруді мақсат тұтты. 13 жасында орта мектепті бітірген Джек өз қатарынан көп ерекшелене қойған жоқ. Бірақ оған жас кезі нен-ақ күнделікті күнкөрістің қамымен әртүрлі жұмыстарға жегілуге тура келеді. Газет сатты, түнгі күзетші болды. Тер төгіп тапқан ал ғашқы екі долларына ескі қайық жалдап, ашық теңізге шығатыны да осы кез. Бірақ тағдыр тәуекелшіл жігітті еркелете қойған жоқ. Өгей әкесі пойыздың астына түсіп мүгедек болып қалғаннан кейін отбасы жағдайы тіпті қиындап кетті. Жоқшылық жағадан алған. Ысырапшыл шеше мен мүгедек әкені асырау үшін болашақ жазушы балалық арма нымен қоштасып, консерві фабрикасына жұмысқа тұрды. Мұнда са ғатына 10 цент төленетін, ал жұмыс уақыты тәулігіне 10 сағаттан аса тын. Мұндай жұмыс бозбаланы балағынан сүрінтіп, сүрліктіріп қана қойған жоқ, оның кітап оқуына да мүмкіндік қалдырмады. Ал Джек табиғатында еркіндікке құмар еді. Қатыгез қара жұмысқа қолын бір сілтеп, қарызға алынған 300 долларға кішігірім кеме сатып алып, өзі сияқты жалаңаяқтармен «Шаян аулау қарақшылығымен» айналысты. Тапқан қаржысының біразын анасына беріп отырса, қомақты бөлігін теңіз жағалауындағы барларға шашты. Спиртті ішімдікке әуестенді. Бірақ ол алкоголизмнің түбі қандай қатерге ұрындыратындығын ерте аңғарды. Бірде мас халде дауылды теңізге шығып кетсе, ал енді бір де ұшынып өліп қала жаздаса, аңғармай қайтсін. Оның үстіне теңіз жағалауындағы арзанқол сауықханаларда әртүрлі адамдар кездесетін. Әлдебір қаныпезердің пышағынан қаза табуы да кәдік еді. Яғни, өмір сүру тәсілін өзгертпей болмайтын. Оң-солын пайымдай білген кешегі қарақшы Джек ұзамай балықшы патруліне жұмысқа тұрады. Бұл жұ мыс жүректілікті, батылдықты қажет ететін. Лондонның өр де ер мі незі осы кездері қалыптасты деуге әбден болады. Осы бір жылдары, болашақ жазушы қандай жұмыспен шұғылданбасын, оның теңізге де ген махаббаты бәрінен асып түсіп жататын. 17 жастағы Джек 1893 жылы үш мачталы шапшаң «Софи Сазер ленд» шхунасына матрос болып жалданды. Бұл кеме теңіз мысықта рын аулаумен айналысатын-ды Тәжірибелі теңіз көкжалдарының ор тасына топ ете қалған Лондон мұхитпен, оның құбылмалы мінезімен танысты. Ел көрді, жер көрді. Жапония жағалауы, Алеут аралдары, Аляска мен Чукотка... жас теңізші болған жерлердің ұзын-ырғасы осындай. Бірақ бұл құр саяхат емес еді. Аңшылықтың шырқау сәт терінде өлі мысықтардың майы мен қанына сүрленген палубада та йып жығылып жүріп тер төкті. Бұл ауыр да аяусыз жұмыс еді. Шхунада өткізген сегіз айдан кейін үйіне оралғанда оның отбасы қарызға белшесінен батқан халде болатын. Енді бозбала жігітке ро мантикамен қоштасып, кендір фабрикасына жұмысқа орналасуға тура келді. Ал алда жұмыссыздардың саны күрт өскен 1893 жылдың дағда рысы жақындап келе жатты. Станоктың қасында өткізген он сағаттық ауыр жұмысына Джек, бар болғаны, жалғыз-ақ доллар алатын. Оның
«Сан-Франциско колл» газетінен әдеби конкурс туралы хабарламаны оқып қалатыны осы тұс. Мектеп журналына қатысқаны болмаса, ол бұған дейін шығармашылықта күш сынап көрмеген-ді. Бірақ анасы оны қолына қалам алуға үгіттеп көндірді. Талапкер жазушы жүзіп жүргенде көрген бір эпизодын дәл де нанымды етіп суреттеп шықты. Осы «Жапон жағалауындағы тайфун» очеркі бас жүлде – 25 долларды жеңіп алды. Джек он долларды костюм сатып алуға, әрі ломбардқа өткізген сағатын қайтарып алуға жұмсады. Екінші, үшінші жүлде лерді Калифорния мен Тэнфорд университеттерінің студенттері ием денді. Лондонның осы бір тырнақалды очеркін оқып отырып, бүгінде алып толқын мен буырқанған дауылдың қақпақылында қалған ша ғын кеменің бортында тұрғандай хал кешесің. Сұрапыл әсер күшін сезінесің. Бірақ бұл бір сәттік қана жеңіс еді. Бәлкім алғашқы. Джек кендір фабрикасын тастап, электростанцияға от жағушы болып кіреді. Алғашында жанын салып құмарлана істегенімен, ауыр жұмыс бозба ланы езіп тастайды. Ақырында бұл жерден де босауға тура келген. Бұдан кейін Лондон жұмыссыздар армиясына қосылып ел кезеді. Тіпті, қаңғыбастарға қосылып кеткен кезі де бар. Бұл да ештеңе емес екен, қайыршылықтың да дәмін аз-мұз татып көруге тура келген. Басынан өткен жайттар Лондонның көзін бір нәрсеге анық жеткізді. Тек қара жұмыс істеп жүріп, қоғамның лас «етегінен» көтеріле алмай ды екенсің. Көтерілу үшін бір ғана жол бар. Ол – білім алу. Бұл үшін алдымен мектептің жоғары сыныптарын бітіру керек. Джек күніге он екі сағаттан шұғылдана отырып, екі жылдық бағдарламашы үш айда игереді. Сосын Калифорния университетіне емтихан тапсырады. Бі рақ бір семестрдей ғана студент болудың сәті түсті. Жоқшылық тағы да қол байлаған. Кейінгі білімнің бәрін Джек Лондон тек өзін-өзі қам шылау, өзін-өзі жетілдіру арқылы меңгерді. Осы кездері ол, бойында жазуға деген құштарлықтың бар екендігін аңғарды. Әйтсе де, оның алғашқы әдеби талпыныстары сәтсіз болады. Әңгімелері дайын штамптан шыққандай әрі қызылсөзділіктен құрала қан емес-ті. Бұның бәрін ол кейінірек өзінің «Мартин Иден» романын да шынайы суреттеп жазды. 1896 жылы, Аляскадан бай алтын кеніші табылғаны туралы хабар бұрқ ете қалғанда, оңай олжа іздеп қарлы өлкеге аттанғандардың ішін де Джек Лондон да бар еді. Дегенмен, тағдыр Лондонның талайына бұл жолы да кеш қалуды жазыпты. Алайда, бұны сәтсіздік деуге бола қояр ма екен. Өйткені, Джек Аляскадан алтын болмаса да, алтынға бергісіз әсерлер мен болашақ әңгімелеріне қажет материалдар алып қайтады. Жазушы болам деген жанға бұдан артық не керек? Лондон шығармашылығында Аляска, алтын іздеушілер тақырыбы үлкен орын алатындығы да әлгі сөзіміздің растығын дәлелдей түсетіндей. Аляскадан оралғаннан кейін өзінің бай өмірлік тәжірибесінен жа зылған әңгімелер салынған топ-толық конверттерді ол журнал, газет редакцияларына жөнелтумен болды. Бірақ, неге екені белгісіз, әңгіме лері ардайым кері қайтатын. Бейнебір бұның әңгімелеріне көз тиген
секілді еді. Әйтеуір, 1899 жылдың қаңтарында «Құрлықаралық әде биет» журналында «Сапардағылар үшін» әңгімесі басылғанда, бұған құдайдың оң қабағы түскендей болды-ау. Ай өтпей осы журналда «Аппақ меңіреу дала» әңгімесі тағы басылады. Лондон танымал жазу шыға айнала бастады. Бұл қырсықты қойсаңызшы, әңгімелері белді, беделді басылымдарда шығып жатқанымен, жас жазушының қалама қысы мардымсыз еді. Тіпті, кейде сараң редакторлармен ақша үшін жұдырықтасып қалуға да тура келетін. Ендігі жерде Лондон тәулігіне бес-ақ сағат ұйықтайтын болды. Аптасына алты күн жұмыс істеуді, тәулік сайын мың сөзден жазуды (бес беттей) қағидаға айналдырды. 1900 жылы «Көкжалдың баласы» әңгімелер жинағы шығады. Араға жыл салмай «Оның әкесінің құдайы» (1901) әңгімелер жинағы, «Қар қызы» (1902) романы басылады. Бұлармен бірге материалдық байлық, атақ-даңқ келеді. Кезбелік ғұмыр аяқталып кәсіби жазушының өмірі басталады. Ол Элизабет Маддеринге үйленеді. Ұзамай бірінші қызы, сосын тағы бір қызы Бэсси дүниеге келеді. Лондон қыздарын қанша жанын салып сүйсе де, оны мұгагерінің, ұлының жоқтығы өмір бойы мазалап, азаптап өтті. Жазушы шығармашылығында Солтүстіктің сұсты табиғаты, онда ғы адамдардың тұрмыс-тіршілігі ғана емес, спорт тақырыбы да бірша ма орын алады. Бокс, қылыштасу, жүзу, ат жарысымен әуестенген жа зушыға бұл тақырып етене жақын еді. Бұлардың арасында «Бір үзім ет» әңгімесі өте ерекшеленеді. Сондай-ақ «Мексика ұлы» әңгімесі өте де әлем оқырманына кеңінен танымал. Дегенмен, жазушының ең үздік шығармасы деп «Мартин Иден» (1909) романын айтуға болатын шығар. Көп тұсы автобиографиялық бұл романның өн бойында жазушының тұлғасы, оның дүниені қабыл дауы, шығармашылық туралы ойлары, жазушы еңбегін түсінуі әдемі де әсерлі әрі жарқын көрініс тапты. Роман, шын мәнісінде, жазушы үшін «өмір кітабы» болып шықты. Романға көріпкелдік те жат емес еді. Әрине, Лондон ерен еңбектің арқасында жазушылық даңқтың шырқау шыңына көтерілген қарапайым теңізшінің тарихына өз өмірінің көп сәттерін енгізгені анық. Роман көше төбелесінде бай әулет – Морзда рың ұлы Артурды құтқарып қалған Мартин Иденнің осы отбасының ортасына келуімен басталады. Қаратабан оған мұндағылардың бәрі нәзіктік пен сезімталдықтың, жоғары мәдениеттіліктің үлгісіндей бо лып көрінеді. Жаңа ортада өзін-өзі ұстай алмай әлек болады. Ал осы үйде танысқан Артурдың қарындасы Руфьті сұлулықтың, мына күнә һар дүниенің пешенесіне лайық емес таза, ғажайып әлемнің бейнесін дей сезінген. Осы сезімнің жетегінде кеткен ол қалайда Руфьке лайық болуды мақсат тұтады. Өзін мынандай текті ортада ұстаудың қыр-сы рын үйренуге тырысады. Әрине, ол үшін білімділік, біліктілік керек. Мартин енді әдебиетке ден қояды, поэзиямен әуестенеді. Спенсер, Дарвин, Маркстің ілімдерімен танысады. Руфьтің ақыл-кеңесіне ден қоя отырып, өзін-өзі рухани жетілдіруге ұмтылады. Қыздың бойында да Мартинге деген құмарлық оянған. Руфьті оның өзі жүрген ортаның
бозбалаларына ұқсамайтын мінезі, еркін жүріс-тұрысы қызықтырады. Екі иығына екі кісі мінгендей алып жігіттің күш-қуаты да оны өзіне баурап, тарта түскен. Рас, дөрекі тән күші. Бірақ Мартин жан дүниесі рухани және интеллектуальдық жағы нан өскен сайын, оған Морздардың таяздығы, эгоизмі, жалған мә дениеттіліктің тасасына жасырынған арсыздығы да ұғынықты бола түскен. Мартин Руфьтің де осы ортаның жемісі екенін, бұл ортаның кемшіліктері оған да жат еместігін аңғарады. Оның өмір туралы түсінігі тар да таяз екендігін сезінеді. Бірақ оған деген сезімі суымайды. Ол үлкен Морздардан қызының қолын сұрайды. Ерлі-зайыпты Морздар Руфьке кедей жігітті лайық көрмейді. Екеуінің некеге тұруына кедергі келтірумен болады. Әрине, қоятын мақсаттары біреу-ақ – болашақ кү йеу қалыңдығын да, өзін де асырай алатын табысты жігіт болуға тиіс. Конторға немесе фирмаға тұрып жұмыс істеуі шарт. Бірақ, Мартин Морздар отбасының талабына келісе қоймайды. Ендігі жерде оның алдында жалғыз ғана мақсат бар, ол – жазушы болу. Ол соңғы қаражатына шағын бөлме жалдап алып, өмірден көргенін, түйгенін әңгіме, очерктерге айналдыруға кіріседі. Өзінің шығарма шылық туралы ой-пікірлерін Руфьпен бөлісіп отырады. Әйтсе де одан рухани қолдау таппайды. Руфь Мартин әңгімелерінің әсер-қуатын мо йындай отырып, ондағы шын өмірдің кескін-келбетін қабылдай ал майды. Бай отбасында өскен шолжаң қыздың бұлай етуі заңды да еді. Өйткені ол, қарапайым адамдардың қалай өмір сүретінін тегін келіп жатқан байлық пен сән-салтанатқа көміліп жүріп қалай аңғара алсын? Қалыңдығы ғана емес, газет-журналдардың да бұның әңгімелерін қабылдамайтындығы Мартинге қатты батады. Бірақ талапкер алған бетінен қайтпайды. Өйткені, бұл кездері ол өзінің жазушы болу үшін туылғанын сезінген. Міне, ол жазушы ретінде мойындалудың аз-ақ алдында тұр. Дәл осы сәтте Руфь одан бас тартады. Жазу-сызумен әу реленуді қоймасаң әйелің болмаймын деген шарт қояды. Бұл да Мар тинге тиген кезекті ауыр соққы еді. Бірақ ол ендігі жерде жазушылық ты қоя алмайтындығын аңғарған. Мартин Иденнің талабы дұрыс екендігін аңдаған аз адамның бірі ақын Бриссенден. Ол оған түбі атақты болатындығын, бірақ сол атақдаңқтың бұның жан-дүниесін аяздай қаритын қатерлі болатындығын айтумен өтеді. Бриссенден қайтыс болғасын біраз мезгілден кейін Мартиннің фәлсафалық эссесі жарық көреді. Бұл эссе, оқырмандар арасында қызу айтыс-тартыс туғызады. Ал эссе авторы бірден әйгілі болып шыға келді. Кеше ғана жас жазушының қолжазбаларын тәлкек ке салып, кері қайтарып жүрген баспагерлер енді сол қолжазбалардың соңына шырақ алып өздері түседі. Өйткені, талантты жазушының шы ғармаларынан өтімді қандай дүние болмақ? Бір ай бұрын бес долларға да өтпей жатқан әңгімелері енді мың, екі мың долларларға бағалана бастайды. Мартин бай адамдардың біріне айналады. Енді оны «ұлы жазушы» ретінде үлкен басқосулар мен отырыстарға шақыра бастайды. Бұрын мұны менсінбей шекесінен кекірейе қарай
тын бай-манаптар алдында құрақ ұшып, құрдай жорғалайды. Газетжурналдарда жазушымен жақсы таныс, тіпті, дос екендіктерін айтып мақтанысады. Бірақ Мартин мұндай арзанқол дақпыртқа алдана қой майды. Өйткені, ол бұл пысықай байсымақтарға өз дүниелерінің бұ рынғыдай жат, бөтен екендігін, оларға бұның тек атақ-даңқы, ақшасы қажеттігін сезінген. Бриссенденнің айтқаны айна-қатесіз ақиқатқа ай налды. Мартиннің жан дүниесінде құлазу басталады. Қоршаған орта сынан көңілі қалады. Кеше ғана қарамастай болып кеткен Руфьтің өзі іздеп келіп кешірім сұрауы да суынған сезімді қайта жылыта алмай ды. Екеуінің жан дүниесін өзара жақындастыратын ештеңе жоқтығын енді Мартин айтады. Байшыкештерден көңілі қалған жазушы өзінің шыққан ортасының қарапайым еңбек адамдарымен де қайта тіл табыса алмайды. Өйткені, олармен бұның арасы ендігі жер мен көктей алшақтап кетіпті. Кедей, әлі мойындалмаған кезінде жазылған әңгіме, әлі іске аспаған идея лары өмір сүруге, әрекет етуге құлшынысын оятатын, байлыққа қол жеткізіп еді, сол құлшыныстан түк те қалмағандай. Алға қойылған мақсатына жетудің шығармашылық адамына қандай залалы барын ол енді аңғарған! Джек Лондон жазушы психологиясының қыр-сы рын керемет суреттеді. Осы романын жаза отырып ол өз өмірінің түбі қалай аяқталарына да көріпкелдік жасағандай еді. Расында Лондон өмірінің соңғы жағы өз кейіпкерінің өміріне қатты ұқсайтын. Роман кейіпкері секілді ол да өз шығармаларының бай-манаптарға керек еместігін, оларды әдебиеттегі айтулы есім ретінде ғана қызықтыра тындығын ұқты. Бірақ оның туындылары бар мақсаты күнкөрістің қам-қарекетінен арыға аса алмайтын пролетарларға да қажет емес. Ауыр жұмыстың езгісінде қалған олардың әдеби кітап оқуға, ішкі мә дениетін жетілдіруге уақыты қайдан болсын? Өзін тойдырып біткен қоғамның лас атмосферасынан бір сәт сергу үшін роман кейіпкері «Марипоза» параходына отырып ұзақ мерзімдік саяхатқа шығады. Бірақ саяхат үстінде жан дүниесін жаулап алған ша расыздық сезіміне қарсыласар күш таба алмай, өзін кеменің илюмина торынан ашық мұхитқа тастап жібереді. Рас, Лондон бұл романнан кейін де біраз өмір сүрді. Бірақ ол жазу шының шығармашылық ізденістегі тоқыраулар мен кері кетулер ке зеңі еді. Лондонның бұл тұстағы туындыларының дені ақша табу үшін жазылған арзанқол, дүмбілез дүниелер болатын. 1916 жылдың 22 қарашасында өлім аузындағы Джек Лондон өзінің жұмыс бөлмесінен табылды. Сырқатын жеңілдету үшін ішкен мор фийдің дозасы шамадан тыс көп болып шықты. Кім біледі, ол расында да жанына батқан ауруын бір сәтке болса да ұмытқысы келді ме екен? Қайткенмен бұл жайт жазушының өзіне-өзі қол салуына ұқсайды. Оның өлімінің құпиясы әлі күнге дейін ашылған жоқ.
ТАҒДЫРЫ ТАРПАҢ
ТӘКАППАР ЖЫРЛАР ИЕСІ
АҚЫН БА, АҚЫН ЕМЕС ПЕ?
Бұл сауалға провинциядан келген Парижге он алты жасар Ар
тюр Рембоны алғаш көргенде Поль Верленнің, Мәскеуден Петер
борға асыға жеткен бозбала Есенинмен жүздескенде Александр
Блоктың іштей жауап табуға тырысқандары анық. Алғашқы жыр
жазбаларын оқысымен-ақ Верлен Рембоны өзінен де өрелі та
лантты ақын ретінде мойындап, оның Парижді өз үйіндей көруіне
мүмкіндік жасауға ұмтылса, Блок Есенинге жыр әлеміне кіруге
әбден қақыңыз бар деп сәт-сапар тіледі. Бірақ кез келген талант
ты жас талаптың аға буыннан бата сұрауы дәл мұндай ақжарқын
қауышулармен бастала бермейді. Кексе қыранның әлі қанаты қата
қоймаған мұзбалақты кеудесінен кері итеретін кездері де болады.
Иә, талантты тап басып бірден тани қою – өте қиын шаруа. Тек
текті талғам иелерінің ғана қолынан келетін іс.
... 1907 жылдың қаңтарының басында Дмитрий Мережовский
мен Зинаида Гиппиустардың отбасына жасы жиырмалардағы
жігіт қонаққа келді. Оның қолында сол кездегі беделді ақындар
дың бірі Валерий Брюсовтан алған кепілдеме хаты бар еді. Хатта
Мережковскийлер отбасынан жас ақынға қамқорлық қолын со
зып, шығармаларын жариялатуға көмектесу сұралған болатын.
(Тұп-тура Есенин жүріп өткен жол дерсіз. Брюсов бейнесіндегі
Блоктан кейін ол да тіп-тіке осы Мережковскийлердің отбасына
келетін-ді. Бірақ тек кейінірек, тағы да 7-8 жылдан кейін).
Үйде, үй иелерінен бөлек, еңбектері танылып қалған пәласафа
шы Философов және есімі осы кездері Блокпен қатар атала баста
ған ақын Андрей Белый бар болып шықты. Оларға жас ақынның
сықпыты, сөз саптасы еш ұнамағаны анық. Гиппиус әлі белгісіз
ізбасарын кекетіп-мұқата бастаса, өзгелері де оған қосылып біраз
күліп алады. Дастарқан басындағы жалпы әңгіме ауанының қалай
өрбігенін дәл қазір тап басып айта қою қиын, дегенмен бұл үйден
жас талапкердің көңілі орта, жарымжан күйде шыққаны анық-ты.
Егер сеніп келген Мережковскийіңіз: «Сіз, көгершінім, адасып
кетіпсіз! Сізге мұнда орын жоқ»,– десе, ал ақын әйелі есікке сіл
тесе, одан кейінгі көңіл-күйіңіз қандай болмақ! Әрине, мұндай
кепті басқа түсіре көрмесін деңіз. Кейін Андрей Белый осы кеш
туралы былай деп жазды: «Ақымақтау көрініс болды. Байғұсты
әжуалап-ақ бақты... Ал ол оларға ақындар ғой деп шын жүрегімен
қуана келген жоқ па еді». Бірақ Белыйдың өзі де күнәсіз қалмаған
секілді. Өйткені, Брюсовпен Гиппиустың сол тұста өзара жазыс
қан хаттары осыны айғақтайды.
Брюсовтың «сіздерге мен жол сілтеген жас ақын барды ма, қалай
қабылдадыңыздар?» деген сауалына Зинаида Гиппиус былай деп
жауап қатады: «Қайран Валерий Яковлевич! Қай албасты онымен
сізді байланыстырып жүрген? Сіз өзі оны көрдіңіз бе? Біз күлкі
ден құлап қалдық. Боряның (Андрей Белый – Ә.Б.) оны біраз ке
кетіп-мұқатуға күші жетті, ал менің ештеңеге икемім келмей қал
ғаны. Жасы жиырмаларда, беті іріңді жара қаптағандай боп-боз.
Сөз саптасы алқам-салқам. Бейнебір Драгомилов базарына бара
жатқан жесір қатынның кір-қожалақ орамалы секілді. Өзі әтір
ден иіскеп қояды. Сосын бүкіл әлемді мен ғана өзгерте аламын
дейді: «Маған дейін де талпыныстар болған... Будда, Христос...
Бірақ бәрі сәтсіз». Ол телпегін алып шығып кеткесін мен қолыма
бірден оның өлеңдері жарияланған «Весы» журналын алдым. Ке
меңгерлігіне араша түсетін ең болмаса бір жолын тапсам ба деп
армандадым. Бірақ түк те таппадым. Бәрі далбаса. Қазіргі таланты
жоқ, бірақ төселген машығы бар екінің бірі одан тәуір жазады. На
ғыз далбаса. Ол сізді несімен, ойпыр-ай, несімен баурады екен?»
Бірақ Зинаида Гиппиус осылай деді екен деп Брюсов жас та
лапкерден теріс айналған жоқ. Қайта оны ендігі әдебиет майда
нында Мережковскийлер мен Гиппиустардың шабуылдарынан
қорғап жүрді. Ал Гиппиус жоғарыдағыдай жағымсыз пікір айт
қан жас пері – ХХ ғасырдағы орыс поэзиясының белді өкілдерінің
бірі, әрине, Есенин емес, жауынгер, саяхатшы, сері ақын Николай
Гумилев еді. Оның әдебиетте алатын ұлы орнына бүгінгі күні он
Мережковский мен жүз Гиппиусыңыздың жабылып таласа алмай
тыны да шындық.
ОЛ КІМ ЕДІ?
Бүгінгі қазақ оқырманына Николай Гумилевтің есімі көп еште
ңе айта қоймауы да мүмкін. Әрине, өкінішті-ақ. Сосын тіпті орыс
оқырманының өзі де ақын шығармашылығымен тек бертінде,
қайта құру кезінде ғана кеңінен таныса бастағанын ескерсек, амал
қанша, бұлай болуы заңды да. Өйткені, есімі Блок, Анна Ахмато
ва, Есенин есімдерімен қатар аталуға тиіс ақын шығармашылығы
жетпіс жылдай уақыт бойы оқырман назарынан қалтарыста қалып
келді. Тоталитарлық жүйе оның шығармашылығын дәріптеуге қа
таң тыйым салды.
Есенинге 50-жылдары жасалған «кешірім» оған 80-жылдардың
орта тұсында әрең ілбіп жетті. Неге кештеу?
Бұл сауалға ақын тағдыры жауап беретін секілді.
Николай Степанович Гумилев 1886 жылдың 3 сәуірінде Кронш тадта дүниеге келді. Әкесі Степан Яковлевич теңізші дәрігер бола тын және бірнеше рет мұхиттар арқылы дүние жүзін аралау сапа рына қатысқан-ды. Оның осы сапарларда көрген-білгенін баяндап отыратын әңгімелері болашақ ақынның бала қиялына қатты әсер еткені анық. Ал анасы Анна Ивановна болса діндар адам еді. Ба лаларына әр түрлі хикая-әңгімелерді оқып беруді ұнататын. Олар дың көбісі дін тақырыбына қатысты болып жататын. Николай Гу милевтің «Бала тәрбиесіне өте абай болу керек! Бала кезде алған әсер-күй өте керемет және өшпестей берік болмақ! Құтқарушы Иса мәсіх туралы әңгімені алғаш естігенде бүкіл жандүнием тебіреніп, толқығаным әлі күнге дейін есімде» деп келетін естелігі осы анасы на, оның қасында өткізген күндеріне қатысты екеніне еш күмән жоқ. Егер ақынның балалық шағы тек шуақты, ашық көгілдір түсті болды десек, қатты қателесеміз. Ақын өзінің анау айтқандай көрік ке ие емес екенін бала кезінен түйсінетін. Бұл туралы, ақынның өз келбетінің көріксіздігіне қысылатыны жайлы, замандастарының естеліктерінде өте көп айтылады. Құдайдың оны керемет денсау лықпен жарылқай қоймағаны да шындық-ты. Қысқасы, болашақ ұлы ақынның өзінің «көп қара қарғаның ішінде жалғыз ала қарға екенін сезінуі» сол сәби кезінен бастау алады десек те болады. Ал мұндай сезіну-түйсінулер сәбидің психологиясында өзгеше қа лыптасу процестері басталуына түрткі болуы әбден мүмкін. Иә, Гумилев өзгелер әдемі көзімен оп-оңай ала салатын нәрсені тек мінезімен, тек іс-әрекетімен ғана иемдене алатынын ерте сезін ген. Осы жолда, күрес майданында жеңіске бастар жол тек қажырқайрат пен ерік-жігер болса, оны өз бойымнан молынан табылуы керек деп шешкен. Өзін-өзі үзбей, үнемі тәрбиелеп отырған, темір тәртіпте ұстауға тырысқан. Өзін-өзі талай сын тезіне салған. Он дай кедергі-сындарды жоқ болса өзі іздеп тауып отырған. Біз Гумилевті тек ақын емес, шаршамас саяхатшы және жаужүрек жауынгер ретінде де жақсы білеміз. Оның қиыншылығы көп, қатері мол алыс сапарларға құмар болуында, соғыс стихиясын өз стихиясын дай сезінуінде – міне, осы өзін-өзі іштей тәрбиелеудің, өзін-өзі темір дей тәртіпке бағындыруға тырысудың әсер-ықпалы жатқаны анық. Николай Гумилев бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда өзі сұранып алдыңғы майдан шебіне кетеді. Екі рет қаһармандығы үшін ІҮ және ІІІ дәрежелі Георгий крестерімен марапатталады. Соғыста бірге болған майдандас жолдастарының оның көзсіз ба тырлығы туралы естеліктері де сақталған. Ол бірде тіпті жау пу леметінің жауып тұрған оғына қарамай, окоптан дұшпан беттегі ашық алаңқайға шығып біршама уақыт темекінің түтінін сорапта ған да көрінеді. Иә, көзсіз батырлық. Бәлкім, ақымақтық. Деген мен, мұндай көзсіз батырлық, бәлкім, фатализмнің арғы жағында өзін-өзі, тағдырын сынап көру іспетті ішкі сұраныстың жатқаны
да жасырын емес. «Өзіңді өзің жеңсең ғана өзгені жеңе аласың».
Қысқасы, ақын Гумилевтің, жауынгер Гумилевтің рухан ұстаны
мы осыған келіп саятындай.
«Өзіңді-өзің тәрбиелей алсаң, тыңғылықты дайындай алсаң,
алынбайтын қамал жоқ». Ақынның осы тіршілік философиясы
оның шығармашылығынан да көрініс тапты. Ол кейінірек, белгілі
ақындар санатына қосылғанда «қолынан еш өлең жазу келмейтін
адамнан да, тынбай ізденістер жасаса, ақын шығаруға болады»
деп мәлімдеді. Өзінің ақындар шеберханасын ашты. Онда ақын
болғысы келетін кез келгенге дәріс оқыды. Әрине, мұндай бірбет
кейлікке сол кездегі шығармашылық ортаның күле қарағаны да
рас. Олар «Гумилев те ақымақ екен, есектен ақын, қарғадан әнші
жасау мүмкін бе?» деп мәз болысатын.
Біздіңше, бұлай болуы мүмкін емес екенін Гумилевтің өзі де
жақсы түйсінген. Ал мұндай шәлкестеу мәлімдеме жасауына өз
шығармашылық жандүниесінен бастау алып жатқан күдік пен
күмән, ымырасыз арпалыс себеп болған сыңайлы. Жоғарыдағы
Мережковский һәм Зинаида Гиппиус секілді ақынның таланты
на сенімсіздік білдірушілер бұл кездері де жетіп артылатын. Олар
«Блок өлеңді табиғи тудырады, Гумилев кірпіштерден қалап жа
сайды» десетін. Гумилев өлеңдері олардың тарапынан жасанды
дүниелер ретінде ғана бағаланатын-ды. Бұл кездері ақынның шы
найы дарын иесі екенін сезінетін Брюсов секілділер, амал қанша,
өте сирек болатын.
Иә, Гумилев бұл кездері Блок отырған поэзия тағына өзінің
де отыруға қақылы екенін іштей жақсы білетін-ді. Бірақ тақ бос
емес-ті. Тақ бос емес кезде, шын ақын ойнауға лайық рөл тек сай
қымазақтың рөлі болмақ. Міне, Николай Гумилев еш тайсалмай
осы сайқымазақтың рөлін өзіне таңдап алды деуімізге болады.
Поэзиядағы Гумилев пен Блок бәсекесі өз алдына бөлек әңгіме
қылуға әбден лайық. Егер жауынгер Гумилев интеллигент Блок
поэзиясын жоғары бағаласа, Блоктың Гумилев өлеңдеріне «тек
екі өлшеммен ғана жазылған өлеңдер» деп тыжырына қарағаны
белгілі. Бұл, әрине, Гумилев ешқандай ақын емес деген сөз еді.
Блоктың өзіне осындай көзқараста екенін біле тұра Гумилевтің
оның жеке басы мен шығармашылығына тіл тигізуге ешқашан ты
рыспағаны да мәлім.
Бірде Блокпен болған екеуара пікірталастан кейін оңаша қалған
Гумилевке замандастарының бірі:
– Сіз мерген офицерсіз ғой, неге жекпе-жекке шақырып Блок
тың сазайын тартқызбайсыз? – деп қалады.
Сонда Гумилев:
– Менің не істей алуым мүмкін? Тірі Лермонтовпен әңгімелесіп
тұрғаныңызды көз алдыңызға елестетіңізші, оған қандай сын айта
аласыз, не төңірегінде дауласа аласыз?– деп жауап береді.
Байқайсыз ба, Гумилев бітіспес жауы Блокты Лермонтовқа теңейді. Ғажап. Ал бүгінгі поэзия білгірлері, керісінше, Лермонтовқа жандү ниесі, шығармашылығы жағынан Блоктан гөрі Гумилев анағұрлым жақын деп бағалайды. Байқайсыз ба, нағыз поэзия парадоксы. Тоталитарлық жүйенің Гумилевке кештеу кешірім жасауында, міне, ақынның мінезінен өрбитін осындай себептер жатыр ғой деп ойлаймыз. Бүкіл елдің сүт бетіне шығар қаймағын қуғын-сүргін, ажал оғымен қорқытып келген жүйеге өлімнен қорықпайтын, өз ішкі менін, түйсінген ақиқатын дәлелдеу үшін қандай да бір ерлік ке бара алатын, бара алатын ғана емес, барған ақынды қайта тіріл ту өте қорқынышты еді. Олар, жүйе басында отырғандар, ендігі ақын-жазушыларға, міне, осындай Гумилев тағдырын, Гумилев шығармашылығын сәл де болса ертерек сабақ қылудан қашты. ҚАБІРІ БЕЛГІСІЗ КӨРІПКЕЛ ЖЫРШЫ Заманында Гумилевті «батысшыл, төл топырағына тамыр байла маған ақын» деп сынағандардың өте көп болғаны белгілі. Мұндай әңгімелердің тууына, әрине, ақынның алғашқы жыр жинақтары ның себепші болғаны анық. 1905 жылы шыққан «Конкистадорлар жолы» және одан кейінгі «Романтикалық гүлдер» жинақтары эк зотикалық көріністер мен бояу-өрнектерге толы еді. Оларда алыс тағы Африка, көне заман аңыздарына көбірек орын берілген бо латын. Мұндай өлеңдердің бұл кездері ақын шығармашылығында көптеу болуына оның сол тұстары алыс елдерге жасаған саяхатта ры әсер еткен болуы әбден мүмкін. 1910 жылы шыққан «Інжулер» және 1912 жылы басылған «Жат аспан» жыр жинақтары да осы бағыттағы ізденістерімен ерекшеленетін-ді. 1915 жылы шыққан «Қорамсақ» жыр жинағынан бастап біз шын мәнісіндегі ұлы ақын Николай Гумилевтің өз қолтаңбасы қалыптасты деп айта аламыз. Ал бұдан кейінгі «Алау», «Шатыр», «Отты бағана» жыр жинақта ры, дау жоқ, тек ірі ақынның ғана шығармашылық ізденістерінен туындайтын үздік жыр жинақтары саналады. Бұл жинақтардың қай-қайсысында да орыс мінезінің, орыс жандүниесінің табиғаты нан сыр шертетін жауһар дүниелер жеткілікті. Олардың қайсыбірі бүгінде Николай Гумилевтің шын мәніндегі келер уақытты бол жай алатын көріпкел ақын екеніне де дәлелші бола алады. Иә, бүгінгі оқырманның Лермонтов пен Гумилев шығармала ры және тағдырлары арасында балама жүргізуі жайдан-жай емес. Мысалы, Гумилев соғыс даласынан Петерборға жазған хаттары ның бірінде «өзінің бұл соғыста өлмейтінін, ажалы алда, әлдебір қараңғылау жерде болатынын» жазады. Бәлкім, ақынның себеле ген жау оғына қарамай ашық майдан даласында емін-еркін алшаң басып жүруіне осындай сенімі себепші болған болар. Оның тағы бір көріпкелдігі туралы жары, орыстың ұлы ақындарының бірі
Анна Ахматова былай деп сыр шертеді: «Бірде Коля маған түс
көргенін, түсінде 5 және 3 сандары көз алдынан өткенін, мұны
өзінің 53 жаста қайтыс болам-ау деп болжағанын әңгімеледі. Амал
қанша, ол сандардың орны ауысып кеткен болып шықты. Тәңірім
Коляға қысқа ғана ғұмыр берді. Ол 35 жасында қаза тапты».
Ақын өзінің аурудан емес, оқтан қазақ табатынын да дәл айт
қан. Әлдебір жұмысшы құйып жатқан оқтан. Ал ол жұмысшы бұл
оқтың ақын ажалы болатынынан еш хабарсыз. Оқ құю ол үшін,
бар болғаны, күнкөрістің қамы ғана («Жұмысшы» өлеңі).
Өзінің Кавказда өлетінін болжаған Лермонтов мистикасынан
бұл көріпкелдіктердің несі кем?
Николай Гумилев 1921 жылы тамыздың басында контррево
люциялық бүлік жасамақшы болды деген жала айыппен тұтқын
далып, сол айдың соңында басқа да тұтқындармен бірге атылды.
Ақынның соңғы сәтіне куә болғандардың оны ажалды байсалды,
жымиып тұрып қарсы алды деп әңгіме таратқандары мәлім. Амал
қанша, бүгінге дейін ақынның мәйіті қай жерде жатқаны белгісіз.
Бір таңғаларлығы, дәл осы жылы осы айда оның поэзияда бітіспес
бәсекелесі болған Александр Блок та жынданып жатып дүниеден
өтті. Бәлкім, екі ақын ана дүниеге де бірге баруды қалаған болар.
Рас, сөз арасында айттық, бізге Гумилев поэзиясы әлі жете қой
ған жоқ. Бірақ түбі Гумилев поэзиясының қазақ оқырманымен де
молынан қауышатындығына еш күмәнданбаймыз. Өйткені, ол –
Байрон, Пушкин, Лермонтов поэзияларының дәстүрлі заңды жал
ғастырушысы бола алған санаулы ғана ақындардың бірі. Сөзімізге
дәлел ретінде Байронда поэма, Пушкинде драма кейіпкері болған
Дон Гуанның тағдыры Гумилевте өлең көлемінде қаншалықты
сығымдалғанын мысал ретінде келтіре кетсек дейміз.
Дон Жуан
Қарапайым, асқақ әрі арманым,
Ат үстінде өтсе деп ем өмірім.
Сәлем жырды қанша аруға арнадым,
Қанша арудың таптым екен көңілін.
Қартайғанда еске ап Иса ілімін,
Күн кешермін қоңырқайлау, бірқалып.
Балын сорып сұлулардың тілінің
Ал әзірге қалу керек жырғалып.
Ойсыз басым тойсыз күнді жек көрер,
Қылыштаймын менсінбейтін қынабын.
Көмейіме бір кекті айқай кептелер,
Хәм зарыңды естімейді құлағым.
Осы ғана қалған белгі көп күннен,
Кетер күнім, кеудемдегі сөнгенде от.,
Бар айтарым пенделерге көрден кеп:
Жер бетінде үнсіз азап шектім мен,
Еш әйелден бала сүйіп көргем жоқ,
Еш еркекті бауыр деген жоқпын мен.
Қысық көз ғұнның ұрпағы
Ақын тағы бір өлеңінде:
Алжастым ба,
Адастым ба білмеймін,
Қызық емес әңгіме де, ән кеш те...
Түсіме енер патшалардың байлығы
Және де бір қанға бөккен наркескен.
Елестейді қысық көзді жан бабам –
Қаһарлы ғұн...
(Шындығы осы шынында)
Және де бір салтанатты қалың қол,
Күн бесінде бет түзеген Рұмға... – деп жырлаған еді.
Иә, ол өзін қаһарлы ғұндардың ұрпағы санады. Ал өткен заман
дардан осы бір түйсік арқылы жеткен сәулелі ой ұшқыны бүгінде
қазақ даласынан да көрініс табулы. Астанадағы Еуразия универ
ситеті атақты ақынның ұлы Лев Гумилевтің есімімен аталады. Ал
Лев Гумилев – ғұндардың түркі екенін ашық мәлімдеген, өзінің
де түбі түркімен туыстасатынын еш жасырмаған ғалым. Ғұмырын
ғұндар мен түркілердің тарихын зерделеуге сарп еткен ерен ұл.
Бәлкім, бұл оның бойында Николай Гумилев секілді қайсар ақын
ның қаны тулап жатқанынан болар.
Иә, баласының ізденістері секілді Николай Гумилев поэзиясы
да қазақ баласына жат болмауы керек.
Ғажап. Іштей Николай Гумилевпен қай атадан барып туысар
екенмін деген қиялға берілесің.
НИКОЛАЙ РУБЦОВ.
АЖАЛЫН БОЛЖАҒАН АҚЫН
ЕСЕНИННІҢ ІЗІМЕН
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс поэзиясы туралы әңгі
ме болғанда Николай Рубцовтың есімін айналып өтуге ешкімнің
де қақысы жоқ. Ал Рубцов поэзиясын білмейтін жырқұмар оқыр
манның орыс поэзиясын да біліп жарытпайтыны анық. Нағыз
орыс поэзиясы өз табиғи дамуының жаңа бір кезеңін Рубцов шы
ғармашылығында жан-жақты көрсеткені бүгінде әдебиет тарихы,
орыс рухының тарихы мойындап отырған шындық. Тіпті осы бір
ақын поэзиясын орыс жандүниесінің жалауы десек те болады.
Жиырмасыншы ғасырдың басы, Кеңестік дәуірдің алғашқы
жылдары орыс поэзиясында екі ақынның – Есенин мен Маяковс
кийдің текетіресінен басталды. Есенин Маяковскийді «орыс поэ
зиясының жолына кес-кестеп жатып алған жансыз бөренеге» теңе
се, Маяковский Есенинге «соншалықты жақсы көретін Отаныңды
нанға май қылып жағып же» деді. Сөзсайыс ерегес үстінде айтыла
салғандай көрінгенімен, бұл өзара қыжыртпалардан екі ақынның
ақындық болмысы да, рухани ұстанымдары да мен мұндалайды.
Иә, екі ақын да шексіз атаққұмар болды. Ол дерттерін (асы
лы, бұл дертті ақындарға тән қасиет деген дұрыс шығар) екеуі де
жасырған жоқ. Бірақ Маяковский өз атағын ескіні түгелімен қи
ратып-қопару арқылы жасағысы келсе, Есенин өз даңқын ескіні
бұзып-жармай, дәстүрмен сабақтастыра сомдауға ұмтылды. Оның
Пушкин ескерткішіне жыр арнауының, өз өлеңдерін халық ән
деріндей сазды қылып жазуының осындай астары бар-ды. Иә,
Есенин өз өлеңдерінің қайсыбір сарындарын Пушкиннен алған
дығын ешкімнен жасырмаған, қайта мақтаныш көрген. Өзін Коль
цовқа теңегенде бақыттан басы айналған кездері де болған. Бірақ
ол Кольцов та, Пушкин де, Блок та емес, тек Есенин – тамырын
тереңнен, төл тілінің сан ғасырлық әуезді де әуенді даму тарихы
нан тартқан орыс поэзиясының жаңа белесі болатын. Бұл отызда
қыршынынан қиылған белес еді. Ал осы белестен жаңа белестер
бастау алатындығына күмән жоқ-ты. Ол белестердің бірі, бірегейі
Николай Рубцов болды.
Біздің бүгінгі әңгімеміз осы ақын туралы болмақ.
Ақын туралы замандастарының бірі Глеб Горбовский былай деп
жазады: «Николай Рубцов – көптен күткен ақынымыз. Блок пен
Есенин жыр сүйер қауымды табиғи, шынайы поэзиясымен там
сандырған соңғы ақындар болды. Олардан кейін әртүрлі формалық қалыптарды және де ақиқатты іздеумен жарты ғасырдай уақыт өтті. Орыс поэзиясында бұл жылдары табылды деген жаңалықтардың көбі кейін түкке жарамсыз болып қалды. Енді біреулері оны қою ландыра, салмақтандыра түсті. Түбіне тұнған, интеллектуалдық шөгінді болғандары да аз емес. Ара-тұра кеңес поэзиясының алып хорында қайталанбас жарқын дауыстар естіліп қалатын. Дегенмен Рубцовтың келуі керек еді. Уақыт соны талап етті. Оның өлең дерінсіз рухани ашаршылықтың жақындап келе жатқаны аңғарыла тын... Көп күттірген ақын. Сонымен бірге күтпеген де ақынымыз. Мен оны алғаш көрген күннің ертесіне-ақ есімнен шығарып алдым. Оның сырт бейнесінен ешқандай да «ақындықтың ерекше таң басы» сезілмейтін. Осындай бір «мұжықты» өлең жазады деуге, тіпті, кейін нақтыланғанындай, орыстың тамаша ақыны болады деуге сенудің өзі тым қиын еді...» Міне, бұл өзі де ақын замандасының пікірі. Көп күттірген ақын. Күтпеген ақын. Николай Рубцовтың күтпеген жерден жарқ ете қалған ақын болғандығын бір замандасы, орыс поэзиясы мен та рихының білгірі Вадим Кожиновтың мына бір естелігі де айғақ тай түсетіндей. Кожинов 1965 жылдың жаңа жылын достарымен бірге өз үйінде қарсы алмақ болғандығын жазады. Әрине, ол дос тарының ішінде Коля Рубцов та бар еді. Бірақ Кожинов әлдебір шаруалармен сыртта кешігіп қалады да, Рубцов Кожиновтың әкесінің үйіне қараңғы түсе өзі келеді. Әлде сырт киімі, әлде өңі, әлде жүріс-тұрысы ұнамайды ма, Кожиновтың әкесі Рубцовты ішке кіргізбей, есіктің табалдырығынан аттатпай кері қайтарып жібереді. Шамасы, арғы аталары орыстың тағы бір ұлы ақыны – Тютчевтің өзімен аралас-құралас болған қарияға Николай Рубцов деген есім ешнәрсені аңғартса керек. Кешігіп келген Кожиновтың аулада жүрген Рубцовты көргенде шәт-шәлекейі шығады. Үйіне анасын құттықтауға кіреді де қайта ытырылады. Сосын бірге кел ген орыстың тағы бір мықты ақыны Анатолий Передреев үшеуі Әдебиет институтының жатақханасына тартып кетеді. Жаңа жыл ды сонда қарсы алады. «Ертесіне таңертең біз Анатолий Перед реев екеуміз жатақхананың төменіне түсіп, әкемнен қалайда «өш алу» үшін оған автоматтан телефон соқтық. Әкемнің көңіл-күйі де кешегідей емес, қайта келуімізді, т.т. өтінді. – Сен өз үйіңнің табалдырығынан кімді аттатпағаныңды білесің бе,– деп жауап бердім мен. – Тірі Есениннің өзін... Ол кезде, 1965 жылдың 1 қаңтарында бұл ақиқат шындық еді...» 60-ШЫ ЖЫЛДАР. ЭСТРАДАЛЫҚ ПОЭЗИЯ Жоқ, Кожинов әкесін кінәламайды. Оның білместігін кінәлайды. Ал бұл кездері қарапайым интеллигент қандай жас ақындарды білуі мүмкін еді? Дау жоқ, Евгений Евтушенконы. Сосын Андрей
Вознесенскийді, Булат Окуджава немесе Роберт Рождественс
кийді. Әйел ақын десе Белла Ахмадуллинаның есімі аталатыны
анық. Өйткені, бұл эстрадалық поэзияның дүркіреп тұрған кезі
болатын. Поэзия стадиондарды жаулап жатқан-ды. Әлде шына
йы поэзияның стадион толы халықтың шапалақ даусы астына
көміліп жатқан кезі ме? Бәлкім, екеуі де болуы. Жоқ, шындығын
айтуымыз керек, Кеңес поэзиясында Маяковскийдің ізбасарлары
салтанат құрып жатқан кез еді бұл кез. Есенин тағы да тасада қал
ған. Оның оқырмандары алыстағы түрмелерден енді-енді қайтып
келіп жатқан немесе сау басыма сақина тілеп алармын деп үнде
мей қалуды дұрыс көретін. Бірақ олар Есенин мен Маяковскийдің
тайталасында түбі Есениннің жеңетінін анық сезетін. Себебі, Есе
нин поэзиясы халықтық рухпен астасып кеткенін әлдеқашан дә
лелдеген-ді. Ал Кожиновтың әкесі қабылдамай жіберген Рубцов
Есенин поэзиясының бұтағынан бүр жарып шыққан жаңа өскін
еді. Ондай жаңа өскінді танымай қалу, әрине, Кожиновтай қарт
тың кінәсі емес.
Бүкіл бұқаралық ақпарат құралдары бұл кездері эстрадалық поэ
зияның өкілдерін жарнамалап жатты. Бабий Ярдағы еврей қырғы
нын ашына жырлаған, Сталинді алдымен мақтап, кейін даттаған
Евтушенко бұл кездері «Известия» мен «Правданың» бірінші беті
нен түспеуге айналса, ал оның өлеңдері бас мақалалардың орны
на жүрсе (Шын өлең ешқашан мақала деңгейінде бола алмайды),
Вознесенский де түрлі жыр формаларын табуға әуестігімен жыр
сүйер қауымды арбап алған-ды.
Ал Белла Ахмадуллинаны «көркіне қылығы сай» көп қыз ақын
ның бірі деуге ғана болады. Ол туралы орыстың ұлы жазушысы
Шукшиннің: «Белла асфальтті тесіп шыққан гүл. Одан арыға
оның шамасы жетпейді» дегені бар. Міне, Ахмадуллинаға берілер
кесімді баға осы болуы керек.
Дегенмен «эстрадашыл» ақындарды таланттан жұрдай жандар
деуге әсте болмас. Олар күнделікті күйбең тірліктің байқампаз
жыршылары бола білді. Өз уақытының алдында жүрді. Тек өз уа
қытының ғана.
Маяковский «Бар даусымен» «Ленинді» жырласа, бұлар да одан,
оның «темір сауытты» төлеңгіттерінен кем түскен жоқ. Бүгінде
Маяковскийді «өз поэзиясының кеңірдегіне өзі аяғымен басқан
нан қаза тапты» дейді. Асылы, «эстрадашылар» туралы да осы
ны айтуға болатын болар. Ақын әлеуметтік яки саяси проблеманы
емес, рухани проблеманы шешкенде немесе шешуге талпынғанда
ғана ақын. Бұл тұрғыда біздің бәріміз, ақынымыз бар, жазушымыз
бар, оқырманымыз бар, ұлы Гомерден үлгі алуымыз керек. Оның
Ахиллдей қаһарманды мадақтай отырып, оның Гектордың өлі
тәніне жасаған озбырлығын, ақыр-аяғы Гектордың әкесі Приам
ның алдында жас баладай өксіп жылағанын ешқандай бұлталақ
боямасыз жырлағанын ұмытпауға тиістіміз. Өмір «эстрадалық»
поэзия түсіндіргісі келетіндей тек ақ пен қара бояудан ғана тұр
майды. Біз осы қағидаттың жетегімен ғана шынайы поэзия әлемі
не, Рубцов поэзиясына дендеп ене аламыз. Әрине, бұл Рубцовты
пұтқа айналдыру керек деген сөз емес.
Есенин секілді оның да өз кемшіліктері болды. Өйткені, ол да ет
пен сүйектен жаратылған тағдырлы адам болатын.
ӨМІРІ ТУРАЛЫ ШАҒЫН МӘЛІМЕТ
Николай Михаилович Рубцов 1936 жылдың 3 қаңтарында Ар
хангельск облысының Емецк селосында дүниеге келді.
Ол 1935 жылы Вологдадан Емецкке қоныс аударған отбасы
дағы төртінші бала еді. Кейін тағы екі бала дүниеге келеді. 1941
жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда ақынның үй-іші Вологдаға
қайтып оралады. 1942 жылы анасы қайтыс болғанда, әкесінің бұ
ларға қарауға шамасы болмағандықтан, Николай, тағы бір бауы
ры екеуі, жетім балалар үйіне тапсырылады. Қалған бауырларын
туған-туыстары бөліп алып кетеді. Осылайша, жетім балалар үйі
орналасқан Никола селосы оның, кейін өзі айтқанындай, «кіші
Отанына» айналады.
Бұл жердегі өмірді соғыс кезінде де, соғыстан кейінгі мезгілде
де жеңіл болды деуге болмайды. Жетім балалар үйінде әр кереует
ке екі баладан жатқызылатын. Ал қыстың суығы еркін сабақ өткі
зуге мүмкіндік бермейтін. Мектеп бөлмесінде балалар қолдарын
уқалап, ысқылап жылытып отыруға мәжбүр еді.
Кейін жаңа отбасы құрған әкесі бұлардан хабар алуды қояды.
Николадағы жеті жылдық мектепті жақсы тәмамдаған болашақ
ақын 1950 жылы Ригаға, сондағы теңізшілер училищесіне түсуге
асыққан. Бірақ онда тек он бес жасқа толғаннан кейін қабылдай
тын болғандықтан, Тотьмадағы орман шаруашылығы техникумы
на түсуге мәжбүр болады. Ақыры теңізге деген махаббаты оны
тағы бір қалаға, Архангельскіге 1952 жылы алып келеді. Мұнда
балық аулайтын кемеде көміршінің көмекшісі болып жұмыс іс
тейді. Ал 1955 жыл Солтүстік флотта әскери борышын өтеуге ша
қырылады. Әскери кемеде өткен осы төрт жылды, шамасы, оның
өміріндегі ең бақытты кезеңдер деуге болатын шығар. Осындағы
әдебиет үйірмесінде араласқан әскери қызметтестерінің бірі, кейін
өзі де қаламгер болған Валентин Сафонов ақынның: «Төрт жыл
бойы мені қалай тамақтандырып, киіндіруге старшина бас қатыр
ды. Енді өзімнің бас қатыруыма тура келеді...» деп мұңайғанын
еске алады. Өлерінің алдындағы бір жарым жылы болмаса, жеті
жасынан бастап өмірі жатақханаларда өткен ақынның расында да
қайғыратындай жөні бар-ды. Ақын әскерге дейін де өлең жазға
нымен, әдебиетпен шындап айналысуды осы әскери теңізшілердің
әдебиет үйірмесінде бастайды. Бұл жылдарды Рубцовтың Есе нинмен «ауырған» кезі деуге де болатындай. 1959 жылы, әскери қызметінің соңғы жылында Николай Рубцов: «Арнасынан асыптасып төгіліп жатқан сезім толқыны – өлеңнің ең басты қасиеті осы... Өлеңде, Блок айтқандай, «он еселенген өмірге құштарлық сезімі» жатуға тиіс... Біздің көптеген флот ақындарының өлеңдерінде (тек біздің ғана емес ең алдымен, міне, осы қасиет жетіспейді. Біртүрлі құрғақ, қолдан жасалған өлеңдер. Оларды тіпті өмір сүрмейді деп айтудың керегі жоқ: олар өлі туған»,– деп жазады. Міне, өлең тура лы, оның табиғаты туралы осы ұстанымына ақынның өзі өмір бойы адал болып өтті. Ақын армиядан соң Ленинградтағы Киров зауытына (бұрынғы Путилов) жұмысқа тұрды. Осындағы әдебиет үйірмесіне аралас ты. Ал 1962 жылы Мәскеудегі әдебиет институтына оқуға түсті. Ақынның поэзиядағы өз бағытын анықтауына осындағы ақындар дың шағын үйірмесінің ықпалы мол болғандығы анық. Бұл арада кейін орыс поэзиясында «Тұнық лирика» («Тихая лирика») деп аталған поэзиялық бағыттың осы үйірме мүшелері ізденістерінің негізінде қалыптасқанын да айта кеткен жөн. Поэзиядағы бұл бағыт «эстрадалық поэзияға» бәсекелес бағыт ретінде кейін өзін-өзі толықтай дәлелдей алды. Оның жарқын көрінісі ретінде Рубцов поэзиясын тілге тиек етсек те жеткілікті болатын шығар. Бірақ ақынның Әдебиет институтын іштей оқып бітіруіне мүмкіндігі болмады. Оған мінезі кедергі келтірді деуге болады. Әдебиет институтының тарихында Рубцовтың студент кезінен сыр шертетін мынандай бір өтірік-шыны аралас әңгіме де бар: «Сту дент жатақханасының, оның ішінде кілең болашақ ұлы ақын-жа зушылар жататын жатақхананың түннің бір уағына дейін тынши қоюы мүмкін емес нәрсе. Әйтеуір бір тыншыды-ау деген уақытта кіре беріс вахтада отыратын кемпір анық жатақхананың ұйқыға кеткеніне көзін толық жеткізу үшін жоғары көтеріледі. Кезекті қа баттағы фойеге көз тастаса қабырғадағы ұлы классиктердің бір қаншасының суреттері жоқ. Таң-тамаша болады. Есікке өзі қарап отыр, сыртқа алып шығып кеткен ешкім болған жоқ. Қайтсе де осындағы бөлмелердің бірінде болуға тиіс. Осындай ойға кел ген кемпір дәлізді бойлап сәл жүреді. Кенет қайсыбір бөлмеден күбір-күбір еткен дауыс шығады. Әлдекім сөйлеп отыр. «Алек сандр Сергеевич Пушкин, келіңіз, қағыстырып ішіп қояйық». «Сергей Александрович, ғафу өтінемін, келіңіз, қағыстырып ішіп қояйық»дейді. Өзінің есігі сәл ашық тұр. Кемпір саңылаудан көз тастаса Николай Рубцов кіл классиктердің портретін төңірегіне жинап алып, майхана ұйымдастырып отыр екен».
Әрине, мұндай мінезбен жоғары оқу орнын іштей бітіру қиын
нәрсе. 1965 жылы сырттай бөлімге қайта тіркелгенімен, ендігі
жерде ақынның «әр бұрышта бір қонған» кезбе өмірі басталады.
Мұндай өмір әбден жалықтырған ол ақыры туған жеріне қайтқан.
Осында ол 1969 жылы ғана өз баспанасына, бір бөлмелі пәтерге
қол жеткізді. Ал бір жарым жылдан кейін осы үйінде әйел қолы
нан қаза тапты.
АЛДЫН АЛА БОЛЖАҒАН ӨЛІМ
Орыс әдебиетінің тарихында өз өлімінің қалай келетіндігін
алдын ала сезінген ақындар аз емес. «Біздің заманның қаһарма
нындағы» Грушницкий мен Печориннің жекпе-жегі Лермонтов
тың ажалынан хабар берсе (оның өз өлімін суреттейтін өлеңі де
бар), Николай Гумилев түсінде 5 және 3 сандарын көріп өзінің 53
немесе 35 жасында өлетіндігін болжаған. Әйтсе де 53-ке көбірек
ден қойған. Есенинде де ерте өлетіндігі туралы жолдар жеткілікті.
Ақыры солай болып тынды. Біз әңгіме етіп отырған Николай Руб
цов та осындай көріпкел ақындардың қатарына жатады.
Қаңтарда қарлы көз жұмам,
Қайыңдар қақ-қақ айырылған.
(Я умру в крещенские морозы,
Я умру, когда трещат березы)
Ақынның жер бетіндегі тағдыры дәл осылай, өлеңінде өзі жаз
ғандай, қыстың қатты аязды күндерінің бірінде, 1971 жылдың 19
қаңтарында адам қолынан үзілді.
Иә, ақын бұл қайғылы оқиғадан бір жарым жыл бұрын ғана бас
паналы болып еді. Өзінің ала-құла тұрмыс-тіршілігін бірізділікке,
сабырлы тұрақтылыққа түсірудің сәті енді туғандай болған. Ал
оның жолы, әрине, отыз беске келген салтбасты, сабау қамшылы
еркек үшін шаңырақ көтеру болып табылмақ. Жар сүю, сәби сүю
– одан артық бақыт бола ма, сір-ә!
Егер біз Рубцовты өмір бойы етегіне намаз оқыған тақуа еді де
сек, онымыз күнә болар еді. Бірге тұрмады демесек, бұл кездері
оның әйелі және қызы бар-ды.
Міне, заңды некеге тұрмаған осы әйелі Генриетта Михаиловна
және қызы Ленамен оның жаңа 1971 жылды бір шаңырақ астында
қарсы алғысы келген. Бірақ қарлы боран басталып, алыс деревня
да тұратын әйелі мен қызы жаңа жылға үлгеріп келе алмай қала
ды. Қызымен бірге сәндемек болған шыршасы жасаусыз қалады.
Ал бесінші қаңтар күні ақын үйіне ескі мәскеулік танысы, өзі де
өлең жазатын Людмила Дербина кіріп келеді. Бір кездері екеуінің
арасында махаббат машақаты болғандығын ескерсек, әрине, бұл
келістің сырын түсінуге де болатындай. Ақынды бір кезде жоғалт
қан музасы өзі іздеп тапты. Қандай әдемі! Дегенмен бұл ешқан дайда қуаныш емес, болашақ трагедияның басы еді. 18 қаңтар күні Рубцов Дербина екеуі тұрғын үй конторына, Людмиланы тіркеттіруге барады. Бірақ ондағылар Людмиланың Рубцовтың бір пәтерлі баспанасына тіркелуіне үзілді-кесілді қар сылық білдіреді. Дербинаның баласына тиісті пәтер алаңы жетіс пейтіндігін айтады. Ал Рубцовтың қалайда шаңырақ құрғысы келген. Мұндағылармен болған біраз айғай-шудан кейін онсыз да алдында жүрегі сыр беріп жүрген ақын жора-жолдастарына ке теді. Жора-жолдас іздеудің соңы үйде ішкілік ішуге ұласады. Кеш ке Дербина оралғанда мұндағылардың бәрі де удай мас болатын. Дербинаны көріп Рубцов ұрыс шығарады. Бір тықырдың таянға нын сезген жора-жолдас жан-жаққа қашып тынған. Арғы жағы бо лашақ ерлі-зайыптылардың кикілжіңіне ұласқан кеш ақыры ұлы ақынның ажалымен аяқталған. Кейін, сотта мәлім болғанындай, Дербина ыза үстінде Рубцовты жаялықпен қалай қылғындырып өлтіргенін сезбей қалған. Міне, осылайша ақынның өз өлеңіндегі болжамы шындыққа айналды. Ақын ажалының себебі туралы алып-қашпа әңгіме көп. Ақын ның қайсыбір көзсіз берілген оқырмандары Дербинаны Рубцов тың көзін құрту үшін «қаһарлы үш әріптің» өзі жіберген деген де сөз қозғайды. Әйтпесе, адам өлтірген адам, құр адам емес, ұлы ақынды өлтірген қылмыскер түрмеде жазасын түгел өтемей жа тып қалай жылдам босанып шығады дейді олар. Тіпті бұл өлімді «эстрадашылар» мен «тұнықшылардың» өзара бәсекесімен бай ланыстыратындар да кездесіп қалады. Олар ақынның ажалы се бебін тағы сол баяғы Есенин мен Маяковскийлердің текетіресі нен іздейді. Мәскеулік, ленинградтық поэзия еркетотайларының орыс провинциясының саф алтын таланттарына жасаған құпия қастандығы деп қисындайды. Әйтпесе, алпысыншы жылдардағы эстрадашылардың шашбауын көтерушілігімен мәлім Дербинаның алыс түкпірге, Вологдаға, Ресей түгілі әлі өзінің өңірі де түгел та нып мойындап үлгермеген ақынға іздеп келіп қосылмақ болуына не себеп? Ал Рубцовтың өлеңдерін баланың шимайы көретіндігін оның өзі де кейін ашу үстінде ағынан жарылып айтып қойды емес пе! Жоқ, Дербина ақынды мойындамаған. Демек, келуінде басқа бір гәп бар. Иә, оқырмандарына ақын ажалының шынайы себебі не күдікпен қарауға жосын көп. Әрине, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс, оны бір Жаратқан ғана біледі. Дегенмен біздің де өз пайымымызды айтқанымыз жөн болар. Дербинаны Вологдаға әкелген Рубцовқа деген махаббаты емес, өз тұрмыс халін біршама уақыт болса да жөндеп алсам деген кәдуілгі әйелге тән бақай есеп қана секілді. Есеп нобайы «Бір оқпен екі қоян атып алмақ» – бай да бар, баспана да барға саяды. Ал осы
есептің соңғы нәтижесі өзі ойлағандай болмауы Дербинаны адам
өліміне, мұнда ақын ажалына соқтырған әрекетке апарған секілді.
Әрине, біздікі тек болжам ғана.
P.S. Рубцов дүниеден өткелі 30 жылдан астам уа
қыт болды. Осы уақыт ішінде оның оқырмандары кө
беймесе азайған жоқ. Туған жерінде ескерткіш орна
тылды, атынан ашылған арнайы мұражайы да бар.
Вадим Кожинов айтқандай, оның шынайы поэзиясы
ешқандай бұқаралық ақпарат құралдарының атса
лысуынсыз-ақ жаңа орталарды, жырқұмар жүрек
терді бағындыруда. Қазақ оқырмандары Рубцов поэ
зиясымен Ұлықбек Есдәулетов, Ибрагим Исаев секілді
ақындарымыздың аудармалары арқылы таныс. Бола
шақта да жаңа аудармалар жасала беретіндігіне бек
сенімдіміз.
Бір таң қалатынымыз, Рубцов поэзиясын айналып
өте алмаған Есенин – Маяковский текетіресінің қазақ
поэзиясында да өзінше көрініс беретіндігі. Жазушы,
сыншы Бекділдә Алдамжаров бұл текетірестің ауқы
мын бір ғана Мұқағали Мақатаев поэзиясы арқылы
жақсы көрсетіп берді. Бізде де Есенин – Маяковский
текетіресі жүріп жатыр, мұны енді ашық айтуымыз
керек. Бұл дала мен қала, топырақ пен тас көшенің
тайталасы. Қайсысы басым түспек, поэзиямыздың
болашағы, оның халқымыздың рухани қазынасына қо
сатын үлесі де сонымен анықталмақ. Көзге көрініп
тұрған ештеңе жоқ демесеңіз, ақиқат осы. Рубцов
тағдыры мен творчествосынан өрбитін әңгіменің бір
парасы осындай.
2005 жыл.
САМУРАЙ СЕРТІНДЕГІ
ҚАЛАМГЕР
АТАҚТЫ ҒИБАДАТХАНА ӨРТЕУШІЛЕР
Көне грек тарихында мынандай бір оқиға бар: Бағзыда Ге
рострат деген біреу болыпты. Әрине, көптің бірі. Ақылымен де,
ерлігімен де ешкімнен ерекшеленбеген. Тіпті Атымтай жомарттай
шектен тыс қайырымдылық іс жасап та көптің көзіне түсе қойма
ған. Құдай «апырым-ай, мынау не деген көрікті жан» деп көрген
пенденің бәрі тамсанар анау айтқан сұлу өң де, алып тұлға да бер
меген осы байғұстың бір-ақ арманы бар еді. Онысы қалайда адам
заттың бәрін таңқалдырып, тарихтың бетінен мәңгілікке ойып
орын алып берер бір тосын әрекет іс жасауға саятын. Иә, біздің
Герострат нақыз қызылкөз атаққұмардың өзі еді. Ол ары ойланды,
бері ойланды, бірақ ми қауашағы жұртты елең еткізер ешқандай
нәрсені ойлап таба алмады. Ал өмір болса өтіп бара жатыр. Міне,
осылай, басын тауға да, тасқа да ұрып жүрген көп күндеріндің
бірінде әйтеуір ұлы арманын іске асырудың жолын тапқандай бол
ды-ау. Бірақ бұл ойлап тапқан амалы сұмдық еді. Ол осы өңірдің
атағын бүкіл Элладаға, Шын мен Мысырға дейін әйгілеген атақты
Артемида ғибадатханасын өртеуге бел байлаған болатын.
Біздің қазақ, шамасы, осы «Атың шықпаса, жер өрте» деге сөзді
сол Геростраттың тарихын біліп барып айтқан секілді. Әлде қа
зақтың да жаңағыдай сөздің дүниеге келуіне себепші болған өз
Геростраттары болды ма екен? Иә, Геростраттар қазақта да бол
ған, әлі де бар.
Қысқасы, Герострат әр бұрышына шөп-шалам үйіп жүріп,
әйгілі Артемида ғибадатханасын бір түнде өртеп жібереді. Бағзы
гректің сұлу архитектурасы, осылайша, әлемнің жеті әлде отыз
жеті кереметінің бірінен саналатын өзінің ұлы өнер туындысынан
айырылады. Осы бір сорақы ісінен кейін грек абыз ақсақалдары
Геростраттың есімі бұл оқиға әңгімеленетін жерлердің ешбірінде
ауызға алынып, қағазға түсірілмесін деген шешім қабылдапты де
ген сөз де бар.
Амал қанша, дуалы ауыз ақсақалдарды тыңдайтын тарих бар
ма, әлі күнге дейін шектен тыс атаққұмарлық туралы әңгіме қоз
ғала қалса, алдымен тілге осы Геростраттың есімі орала кетеді.
Яғни, адамзат барда Геростратты да бірге жасай береді демеске
лаж жоқ. Асылы, ол туралы, ол туралы емес, ол секілділер жайлы
талай-талай көркем шығармалардың сирек те болса дүниеге келіп
жатуы – геростратшылықтың адамзат жаратылысының, адам бол мысының мәңгі өлмес, тірі пенде барда бірге жүре берер бір бөл шегі екенін дәлелдейтіндей. Сөзімізге дәлел ретінде Герострат пен Гитлерді алайық. Мыса лы, осы екеуінің жан дүниесінде қандай да болсын айырмашы лық бар ма? Егер терең психологиялық талдау жасап көрсеңіз, екеуі де екі дәуірдің ұлы болғанымен, өзара ұқсастықтары өте көп екендігін аңғарар едіңіз, тіпті осы екеуін әр кезде дүниеге келген бір адам деуге де болатындай. Иә, Гитлер де көптің бірі еді. Бірінші дүниежүзілік соғысты қа тардағы көп ефрейтордың бірі болып аяқтады. Егер ерекше қолба сылық қабілеті бар болса, соғысты жоғарылау шенде тәмамдауы на болатын. Сондай-ақ оның қатардағы көп суретшінің бірі болғандығы да белгілі. Білетіндер Адольф шимай-шатпақтарын сурет саудасымен шұғылданатындарға тиын-тебенге сатып, күнделікті өзек жалғар нәпақасын зорға табатын еді деген әңгіме айтады. Гитлердің су ретшілігіне қатысты, оның суретін қара бақырға сатып алып, ел ден ерек талантын мойындамағандардың дені жебірей қауымынан еді, Гитлердің кейін қолына билік тигенде, бұл халыққа әзірейіл дей шүйлігуінің себебі осында деген сөзді де естігенбіз. Қысқасы, Гитлерді де қатардағы көптің бірі болып қалмай, қалайда даңққа қолымды жеткіземін деген арман кейін Еуропаның «қанқұмар қа сапшысына» айналдырды деуімізге болады. Геростраттардың бірі Артемида ғибадатханасын күлге айналдырса, енді бірі бүкіл Еуро паны от-жалынға орады. Енді сәл ойланып көрейікші. Осы біз геростратшылықтың қа лай пайда болатындығының сырын түсіне алдық па? Оның фе номенін шешуге талпынып көрдік пе? Бәлкім, біз ойлағандай Ге рострат дегендерің тек дауасыз атаққұмар адамдар емес шығар. Әйтпесе, тарихтағы Геростраттың немен шұғылданғанын кім біл ген, суретші Гитлердің, ақынжанды, өнерге жақын Адольфтің сон шалықты қанқұйлы тарихи тұлғаға айналуына не себеп? Атақты ақынымыз жазғандай емес, суретшілер Ван Гог, Сезанн, Гоген мен Анри Руссо тағдырларын өте жақсы білетін бозбала Адольфтің Гете поэзиясында өте тамаша оқығандығына күмән келтіре алмай сыз. Ал бастапқыда осы өнерді өмірімнің өзегі деп білген жанның уақыт өте келе нағыз ібілістің өзіне айналуы, бұл енді кез келген адам санасы зерделеуге шамасы келе бермейтін күрделі метамор фоза, тосын құбылу. Дегенмен арамызда аракідік болса да осы ме таморфозаның құпиясын шешуге талпынған ержүрек жандар да кездесіп қалады. Солардың бірі һәм бірегейі, ХХ ғасырдағы жа пон әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі Юкио Мисима десек еш қателеспейтіндейміз. Біз осыған дейін әңгіме еткен Герострат та (жапон бозбаласы Мидзогути, «Алтын ғибадатхана» романы),
Гитлер де («Менің досым Гитлер» драмасы) оның шығармалары
ның басты кейіпкерлеріне айналды.
ЖАПОН ГЕРОСТРАТЫ ЖӘНЕ ШЫҢҒЫС ХАН
Достоевскийдің, өзінің атақты «Залал мен зауал» романының
идеясын газеттегі көп қылмыстық хроникалардың бірінен алғаны
белгілі. Міне, осындай әдеби тәсілге «Алтын ғибадатхана» рома
нын жазуға кіріскенде жапон қаламгері Юкио Мисима да жүгі
неді.
1950 жылы будда ілімін үйренуші шәкірттердің бірі ақыл-есін
жоғалтқан қос-үрейлі сәтінде жапонның көне астанасы Киотоның
ең мәшһүр сәулет жәдігерлерінің бірі Кинкокудзи ғибадатханасын
өртеп жіберген болатын. Осы қылмыстық оқиға жазушының жан
дүниесіне керемет әсер етті. Ол қылмыскер шәкірттің болмысын
тереңдеп зерделеу арқылы геростратшылықтың құпиясын ашуға
талпынды. Егер біз, қатардағы пенде, осындай бір оқиғаны есті
сек, «е-е, не болыпты, жындымен жынды боламыз ба, өртеген
екен, ол нақұрыстан не жауап сұрай аламыз?» деп жабулы қазан
жабулы күйінде қоя салар едік, бірақ Юкио Мисима мәселені бұ
лай тұйықтай салмады, бар ынта-шынтасымен жаңа романына
отырды. 1956 жылы жазылған қаламгердің осы «Алтын ғибадат
хана» романын бүгінде оның шығармашылығындағы ғана емес,
ХХ ғасырдағы ең үздік романдардың қатарына жатқызуға болады.
Былай қарағанда роман желісі оншалықты күрделі емес секілді.
Қарапайым бозбала екінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан күн
дердің бірінде Кинкокудзи ғибадатханасына көп сабақ тыңдаушы
лардың бірі болып орналасады. Алғашқыда оның оқу үлгерімі де
анау айтқандай аса жаман бола қоймаған. Бірақ уақыт өте келе
оның осы Кинкокудзи ғибадатханасына, оның әсем архитектура
сына деген шексіз махаббаты оянады. Бала ғибадатхананы жаң
бырлы күзде де, қарлы қыста да, төңірек гүл атып құлпырған
көктемде де бақылайды. Бұл ғибадатхананың ғажайып сұлулыққа
ие екенін түйсінеді. Баланың ғибадатханамен бірге өлгісі келеді,
«американ ұшақтарының бомбасы мен осы ғибадатхананың ішін
де отырғанда төбемізге түсіп, екеуміз бірге күл-тозаңға айналсақ»
деп қиялдайды. Баланың мұндай адам сенгісіз арманға берілуіне
не себеп болғанын жазушы шәкірттің басынан өткізген оқиғалары
арқылы сұлбалайды.
Иә, бала қарапайым бала, бірақ ол басқа құрбы-құрдаста-рын
дай емес, тілі кекеш әрі, өзі тыриған арық. Денесіндегі мұндай
кемшіліктердің бәрі оның көпшіліктен бөлектенуіне, оңашаға
үйірсек болуына әкеліп соқтырған. Көңіл түкпірінде нәзік жы
нысқа деген құмар оянатын жасқа келіп қалғанымен, ол өзін, осы
кембағал бейшара халінде олардың құрметіне, қайсыбірінің ын
тызарлығына бөленуге лайық емеспін деп санайды. Сосын әйел
жынысынан, осы бір нәзік әйел сұлулығы дегеннен көңілі қалған
кездері де аз емес. Тіпті оны әйел сұлулығын мойындамайды деу
ге де болады.
Бала кезінен есінде қалған еміс-еміс елестердің бірі – анасы
әкесінің көзіне шөп салып, үйге келген қонақпен төсектес болуы.
Осы оқиғаға кездейсоқ куә болып қалған бала, бұл күнәлі түннің
бар жай-жапсарын тек бұл емес, әкесі де білетінін аңғарады. Көк
жөтелден әбден арып, қажыған әкесінің әлсіздігіне, жар төсегін
былғаған шешесіне үндей алмағанына іштей қыжылы келеді. Неге
шешеме дауыс көтермеді, неге шықпыртып сабамады деп рен
жиді. Осы сәттен баланың әйел қауымына деген жауығуы бастала
ды. Тіпті шешесіне қырсығып сабақ оқымай қоятын оны әкесінің
кегін алушы деуге де болатындай. Ал бұл ғашық қыздың басқа
біреумен жүріп, одан екіқабат болып қалуы, кейінірек соғыстан
қашқан жаңағы босқын көңілдесін жандармдарға ұстап беріп,
оның ажалына себеп болуы да бала көкейінде әйел табиғатына де
ген күдікті ойдың тұманын қоюлата түседі. Ол үшін мына әлемде
бар адамдардың бәрі де күнәһар, күнәһар емес тек Кинкокудзи ғи
бадатханасы, оның ғасырлардан ғасырларға мұра болып келе жат
қан әсем сұлулығы. Табиғатпен тылсым байланысқа түсіп, жараса
білген, өзінің пәк қалпын сақтаған осы ғибадатхана ғана. Тіпті
осы ғибадатханада дін жолында жүргендердің өздері де күнәға
белшесінен батқандар. Ғибадатхана басшысы қолы бос күндері
жезөкшелермен көңіл көтеруге қалаға асықса, мұндағылар он
сыз да қарны аш, соғыс әбден титықтатқан қарапайым халықтың
есебінен күн көріп жатқан, жатып ішер жалқау масылдар екенін
бала жақсы біледі. Міне, осындай күнә торлаған әлемнен сұлулық
символы Кинкокудзиді құтқару – баланың талайына жазылған іс.
Бала Кинкокудзиді құтқарудың бір-ақ жолы бар, бұл оны өртеп
жіберу деп шешеді.
Романнан Гете «Фаустымен» параллель желіні аңғару қиын
емес. Баланың періштесі рөлін өмірден қыршын кеткен шәкірт
досы Цурукава атқарса, оның жандүниесіне еніп, онсызда қалт-
құлт етіп тұрған сенімін бүлдіруші сайтан бейнесі тағы да бір
ғибадатхана шәкірті Касиваги образында көрініс табады. Бұл қа
мыт аяқ әзәзілдің әйел жан дүниесі, оның әлсіз тұстары жайлы
білмейтіні жоқ. Ең бір көрікті, ең бір ақылды деген қыздардың
өздерін де шырмауына еш қиналмай түсіре алады. Өмірден осы
ған дейін жинаған мол тәжірибесін Мидзогутидің алдында түгін
қалдырмай жайып салған оның нағыз ібілістің өзі екендігіне ша
расыз сенесің.
«Кекештігің мен денеңнің қораштығы, керісінше, сенің әйел
қауымын жаулайтын ең басты қаруың, осы қаруларыңды тиімді
пайдалан» дейді бұл сайтан еш қысылмастан.
Жоқ, Фауст-Мидзогути ібіліспен шайқаста жеңіп шығады. Бі рақ оны соңғы сәтінде өмірдің өзі, оның сұрапыл шындығы сын дырып жіберген. Оның әлдебір жерден, әлдебір шатыр биігінен соғысқа кетіп бара жатқан ғашығына өшпес махаббатының белгісі ретінде өзінің омырауын сауып, сүтін ішкізген бойжеткеннің ана рын көріп қалғаны бар-ды. Осы бір анар ол үшін Кинкокудзимен пара-пар сұлулық символы еді. Ол әлі де махаббатқа адал, қырық жыл қырғын болса да жарын күте алатын нәзік жыныстының бар лығына сенетін. Міне, американ офицерімен ғибадатхананы та машалауға келген жезөкше жапон қызы, жо, жоқ, мұның қамыт аяқ досы азғырған, тәнін былғаған жесір әйел, тән ләззатына аң сары ауған әйел осы қос анардың, бұл қиялында Құдайдың жер дегі бейнесіндей табынып жүрген сұлулықтың иесі болып шықты. Мұның Тәңіриясы – жезөкше, тәнін ақшаға сататын салдақы екен. Бозбаланың соңғы үміті қирап, ақырғы қорғаны құлап түсті. Ол енді Кинкокудзиді тезірек өртеу керек екенін, оны мына әлемнің опасыз ортасынан құтқару керек екенін түйсінген. Әйтпесе ол да кездейсоқ күнәға батуы мүмкін. Роман финалында лаулап жанып жатқан ғибадатханаға қарап тұрған Мидзогути өзінің әлдебір еңсесін басып, санасын тұмша лаған тылсым күштен құтылып, жеңілденіп қалғанын түйсінеді. Ішкі жандүниесі сені күнәһар жолдан қорғап келген әдемілік енді жоқ, не істеймін десең де өз еркіңде дейтіндей. Кім біледі, осы бір сәтте дүниеге, бәлкім, ештеңені қадір тұтпайтын, сұлулықтың өзі нен сайтанның сұлбасын аңғарған жан, болашақ Гитлер дүниеге келген болар. Бәрі мүмкін. Ең бастысы, кейіпкер тірі қалды. Ол өзінің мына тым қатал өмірмен күрестегі ең алғашқы сөзін айта алды. Оны іспен дәлелдеді. Роман «Ол тағы бір Гитлер бола ма, әлде адамзаттың рухани тазалығы үшін күрескерге айнала ма, бұл жағы енді болашақтың, сіз бен біздің оған деген қарым-қатынасы мызға байланысты, бұған дейін де біз оның жан-жүрегін аз жара лаған жоқпыз, енді абай болайық» деген сауалды пәлсафамен аяқ талады. Жазушы сауалды бұлай ашық тастамаса да, кейіпкердің ең соңғы «Өмір жалғасады» деген сөзінің астарынан осындай ой ұшқынын аңғарамыз. Мисиманың осы кейіпкерімен оның тағы бір кейіпкері – Гит лердің, тіпті тарихи Гитлердің арасында жіпсіз байланыс бар. Бәлкім, бұл түйсінген, суретін салған сұлулықты жебірей сауда герлері қара бақырға бағалап жатқанда, бозбала Адольф те шәкірт Мидзогутидің жандүниесіндегі қопарылыстарды басынан кешір ген болар. Ал бірінші дүниежүзілік соғыстан ол ынта-шынтасы мен сүйетін Германияның жеңіліс тапқан мемлекет ретінде шығуы ефрейторды қаншалықты есеңгіретті екен, бұл жағы тағы құпия. Біздіңше, әйгілі жаһангер бабамыз Шыңғыс хан жайлы оның тағдырымен тоқайлас, терезесі тең романды қаны жапон болса да
осы Мисима жаза алар еді. Қалай дегенменде, әкесі өліп жетім қалған, бір шаңырақтың тіршілігі түгел өзіне қараған, туған-туы сы алапестей көріп айдалаға тастап кеткен, әлі жеткендер нәпа қасын тартып алуға дейін барған бала Темужіннің жандүниесін дегі жүріп өткен дүрбелең оның ХХ ғасырдағы жапон әріптесінің басынан кешкендері мен олардан өрген ой сораптарынан артық болмаса, бірде кем емес екені анық. Ал біз, өресіз ұрпағы, ұлы бабамызды қанмен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар әлдебір бар-жоғы белгісіз жауыздық генінің құрбаны қылып жүрміз. Мисима болса ешқандай геннің жоқтығын, бәріне сіз бен біз кінәлі екенімізді жа зар еді-ау. Осындайда, әттең, бізге де бір Мисима керек-ау дейсің. ЮКИО МИСИМА. ШАҒЫН ӨМІРБАЯН Жапонияда 1925 жылы 25 қазанда дүниеге келген болашақ әйгілі жазушының шын есімі Кимитакэ Хираока. Әлжуаз, аурушаң болып өскен ол он бес жасында-ақ әдебиетке қабілеті зор екенін аңғартады. Еуропа мен Азияның арғы-бергі әдебиетін пістедей шағатын, сөз өнерінің өзіне дейінгі барлық ағымдарынан жақсы хабардар Мисима өз білім-білігін кейін, әдеби шығармаларында да жақсы пайдаланды. Хираоканың жігіттік шағы Жапонияның екінші дүниежүзілік соғысқа араласқан мезгілімен тұспа-тұс кел ген. Елінің патриоты ретінде ол да жауынгерлік сапта, алдыңғы шепте майданға кіруді сұранды. Бірақ мұның денсаулығын тек серген әскери дәрігерлік комиссия соғысқа жіберуге жарамсыз деп шешкесін, ел алдындағы әскери борышын еңбек батальонын да тылда өтеуіне тура келді. Мұның бәрі тәні әлжуаз болса да, рухы өр Хираокаға тікендей қадалған. Оның өмірін ғұмыр бойы аласұрумен, өзін-өзі тәрбиелеумен, әртүрлі сынақтарға салумен өткізуінің бір себебі осындай. Он алты жасында Мисима өзінің алғашқы қомақты дүниесін, романтикалық «Гүлденген орман» хикаятын дүниеге келтірді. Бұл повесте Сұлулық, Шабыт және Өлім өзара парапар, деңгей лес ұғымдар ретінде суреттелді. Соғыстың да бозбаланың жандү ниесіне әсері аз болған жоқ. Кейінірек Мисима былай деп жазды: «Бозбаладан жігіттікке өтер шаққа тән нарциссизм (өзін-өзі ұлық санау) өзіне қай нәрсені болсын сіңіріп алуға бейім. Тіпті бүкіл әлемнің күйреуін де. Жиырма жасымда мені өзімді кімнің орнына қойып қиялдамады дейсіз. Өмірі қыршынан қиылар кемеңгеріңіз де мен болдым. Дәстүрлі жапон мәдениетінің ең соңғы өкілі де мен едім. Декаденттер ғасырының императоры, декаденттердің декаденті де мен едім. Тіпті Сұлулық эскадрильясының ұшқышкамикадзесі де мен болдым!» Иә, мұндай ғажайып мол қиялмен үлкен әдебиетке келмеу, ғажа йып туындылар жазбай қалу мүмкін емес. Солай болды да.
Әлжуаз бала өзін батыр бейнесінде көргісі келетін. Мұндай қия лында әртүрлі қанды қырғындарға кіріп, олардан жеңімпаз болып шығуды ғана ойлайтын баланың психикасы бұзылмай қалмай тындығы анық. 1948 жылы Мисиманың былай деп жазғаны бар: «Менің әлдекімді өлтіргім, адамның алқызыл қанын көргім келеді де тұрады. Әлдекім әйелдерден жолы болмағандықтан махаббат туралы жазады, ал мен болсам өзіме кесілетін ажал үкімін бір сәт ке болса да алыстата түсу үшін ғана романдар жазумен әлекпін». Өзінің қырық бес жылдық ғұмырында ол қырық роман, он сегіз пьеса, ондаған әңгімелер мен эсселер жинағын жазды. Он бес романы бойынша көзі тірісінде кинофильмдер түсірілсе, пье салары жапон, америка және еуропаның сахналарында қойылып жатты. Оның есімі үш рет Нобель сыйлығына лайықты делінген қаламгерлердің қатарында аталды. Мисиманың қайғылы қазасы нан кейін бұл сыйлықты жапон жазушыларынан ең алғашқы боп Ясунари Кавабатаның алғаны белгілі. Мисимадай ажалды емес, ғұмыр бойы өмірді жырлап өткен Кавабата да сыйлықты иемден гесін көп ұзамай әйгілі жерлесі секілді өзіне-өзі қол салып, газға уланып өлді. Кавабатаның бұл қадамын жазушының соңғы күн деріне куәгер кейбіреулер «Кавабата өз дарынының Мисимадан төмен екенін білетін, бұған дейін Нобель сыйлығына тек Мисима лайық деп келген ол өз ары мен ұятының құрбаны болды» деп түсіндіреді. Кім біледі, бұлай болуы да әбден мүмкін. Дегенмен ұяттан өлген адамның моласын көрмегеніміз және рас. Ал соншалықты таланттылығына қарамай Мисимаға Нобель сыйлығының берілмеуіне себептер жеткілікті еді. Ол өзін ең ал ғаш әлемге әйгілеген «Бетсірінің ағынан жарылуы» романында гомосексуализмге бейім жасөспірім туралы жазған болатын. Тіпті Мисиманың өзінің де гомосексуализмнен кетары емес екені тура лы әңгімелер жиі айтылатын. (Мисима гомосексуал емес, бисек суал болған тәрізді. Өйткені, жар құшып екі бала сүйген. Ал го мосексуалдыққа икемделуіне самурай дәстүріне беріктігі себепші болғандай. Өйткені, самурайлық ортада махабаттың осындай түрі дәріптелетін). Мұндай адамға Нобель сыйлығын беру адамзаттың ұстазы ретінде ібілісті марапаттаумен бірдей емес пе! Қай-қай шығармасында болсын, оқырманды есінен тандыруға құмар Мисиманың тағдыры расында да өте қызық тағдырлардың бірі. Аз ғана ғұмырында ол тек жазушы, драматург емес, ұшақтың штурвалына отырып ұшқыш та болды, әлемді бірнеше рет арала ған саяхатшы атағын да иемденді, актер, кинорежиссер, спортшы ретінде де танылды. Кешегі әлжуаз бала кэндо («қылыш жолы» – жапонның ұлттық қылыштасу өнері), каратэ, ауыр атлетикадан жо ғары табыстарға қол жеткізді. Өмір сүру тәсілі ретінде жапонның ортағасырларда әскери әлеуметтік тобы болған самурайлардың жолын ұстанды. Гомосексуализмге енді әскери ғұрып-дәстүрді
дәріптеу келіп қосылса, мұндай жазушының қаншалықты кемең
гер болғанымен Нобель сыйлығының төбесін көре алмайтындығы
белгілі. Қысқасы, Нобель сыйлығын уысына түсіп тұрған жерден
кері ысырған Мисиманың өзі, оның күрделі тағдыры еді. Егер
спортпен шұғылдануға ол 1952 жылы, Грекияға сапары кезінде
осындағы антикалық мүсіндерді көріп тамашалғаннан кейін ден
қойса, жазушы жандүниесіндегі самурайлықтың рухы тереңде
жатқан болатын. Ол екінші дүниежүзілік соғысты жеңілген дер
жавалар қатарында аяқтаған Жапонияны қайтадан гүлдендірудің
бірден бір жолы бабалар дәстүріне, самурайлардың жауынгерлік
кодексіне қайта оралу деп пайымдады. Дамудың ендігі Жапония
ұстанған америкалық нұсқасына бүкіл жан-тәнімен қарсы болды.
Жазушының самурайлыққа берілгені соншалық, өзімен ниеттес
жандардың отрядын құрып, оларды 1970 жылдың 25 қазанында
көтеріліске бастап шықты. Ең сенімді төрт жолдасымен астанада
ғы Итигая әскери базасының штабына басып кірген ол тұтқынға
түскен генералдан өзіне жауынгерлер алдында сөз сөйлеуге рұқсат
беруін сұрады. Бұларды жуасытып, қамауға алмақ болған әскери
лердің шабуылы каратэ және кэндомен нағыз шеберлік деңгейіне
дейін айналысқан жазушының батыл қимылынан кейін сәтсіз аяқ
талды. Суреті культуризм журналының мұқабасына басылған бір
кездегі әлжуаз бозбала өзінің бұл кездері қаһарлы жауынгерге ай
налғанын дәлелдей алды. Әйтсе де, генерал жазушының жауын
герлер алдында сөз сөйлеуіне рұқсат бергенімен, бұл талпыныс
сәтсіздікке ұшырады. Алаңға жиналған жауынгерлер жазушыдан
өз генералдарын босатуды, ал өзінің табанын жалтыратуын сұра
ған. Осы бір тұста ең соңғы үмітінің үзілгенін аңғарған жазушы
бұдан кейін өзінің ең ақырғы шешімін қабылдап, самурай дәстүрі
мен өз қарнын ақтаруға, яғни, харакири жасауға бел байлайды.
Ақыры солай болды да. Алдымен өзіне-өзі харакири жасаған, со
сын әріптестерінің бірі қансырап жатқан жерінде басын қылыш
пен кескен ұлы жазушы осылайша дүниеден өтті.
Ол өзінің «Патриотизм» әңгімесінің желісімен түсірілген ки
нофильмде келіншегімен бірге өзіне-өзі харакири жасайтын отыз
жасар жапон офицерінің ролін сомдаған болатын. Өзінің тағдыры
да түпкі нәтижесінде сол шығармасындағыдай болып шықты.
ДЕТЕКТИВ ЖАНРЫ
НЕГЕ КЕНЖЕ ҚАЛЫП ОТЫР?
Детектив қазақ әдебиетіндегі кенже қалған жанрлардың бірінен
саналады. Бұған әрқалай себептер бар. Солардың бірі әдебиетші
лер тарапынан детективті жанр ретінде менсінбеушілік болса ке
рек. Жағдайдың бұлай қалыптасуына арзанқол детективтік шы
ғармалардың көбейіп кетуі де аз әсер етпей жатқан жоқ. Амал
қанша, осылай жүргенде детективті газеттік жанр санайтындай
жағдайға да жетіп қалдық. Детективке келгенде жағдайдың осы
лай қалыптасуы керек пе еді, бізді ойландыратыны, міне, осы.
Көпшілік детективті Батыстық әдебиеттің жемісі деп түсінеді.
Қазақ әдебиетіне әлі сіңісе алмай жатқандығын да осы пайым
нан шығарып түсіндіруге құмар. Оның үстіне детективті жеңіл
жанр көретініміз де жасырын емес. Бұл бағыттағы туындылар қол
боста, сапар үстінде уақыт өткізу үшін ғана керек сияқты болып
сезіліп жатады. Қысқасы, детективке байланысты әдебиетшілер
арасында қалыптасып отырған ой-пікір жақын арада оның көсе
гесі көгере қоймайтындығын аңғартатындай.
Ал, біздіңше, осы детектив керемет жанр. Рас, жанрдың ерек
шеліктерін түгел ескере отырып жазылатын дүниелерді оқуға
мүмкіндік туып жатса. Оның үстіне детективті Батыстық әде
биеттің еншісіндегі дүние көру қате тұжырым. Соңғы кезде орыс
детективтерінің «жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай» қаптауы
да бұл сөзімізге жақсы дәлел бола алса керек. Шынын айтсақ, де
тективтің айы осылай оңынан тууына КСРО сияқты алып империя
құлағаннан кейінгі кезеңде қылмыс әлемінің күрт күш алып кетуі
де аз әсер етіп отырған жоқ. Қысқасы, детективке материал же
терлік. Әйтсе де, орыс әдебиетіндегі осы жанрдағы сілкініс қазақ
әдебиетінде байқалмауы неліктен? Бізді осы жағы ойландырады.
Егер, тамыры терең Шығыс әдебиетіне үңілсек, детективтің
бастау элементтері сонау ерте кезден бұл әдебиетте де жетерлік
екендігін аңғарар едік. Қытай және жапон әдебиеттерінде бұл ба
ғыт орта ғасырларда-ақ жеке жанр ретінде қалыптасып қойған
дығы да нақты факты. Бір мысал келтіре кетелік, орта ғасырлық
Әбу-л-Фарадж есімді қаламгердің «Ғажайып әңгімелер» атты
жинағында шағын әңгіме бар. Мазмұны төмендегідей. Энцик
лопедист ғұлама Әбу әли ибн Сина жергілікті әміршінің қуғын
дауынан бас сауғалап Сирия асады. Дамаск (Дамшық) шаһарының
көшелерін аралап келе жатып, ем-дом жасап отырған бір дәрігерді
ұшыратып қалады. Әлдебір келіншектің тамырын ұстап, дертін
анықтап отырған дәрігер ара-тұра келіншекті әңгімеге тартып жатса керек. – Қожайыныңыз жебірей ме? Келіншек: – Иә,– деп жауап қатады. – Шаһардың түстік жағындағы маһаллада тұрасыз ғой? – Оныңыз да рас. – Кеше таңертең қожайыныңыз айран ішіп пе еді? – Бұл жолы да дәл айттыңыз. Емші келіншекке дәрісін беріп қайтарып жібереді. Мұндай сұң ғылалықты көрмеген Әбу Әли ибн Сина аң-таң. Дәрігерден: – Сіз келіншектің жебірей екендігін, қаланың түстік жағында тұратындығын, кеше таңертең қожайынының айран ішкендігін қалай дәл білдіңіз? – деп сұрайды. – Оп-оңай. Келіншек жебірей екен. Ал жебірейлер өз ұлтының адамы болмаса, өзге ұлттың адамдарына қызмет етпейді. Демек, қожайыны да жебірей. Ал жібейлер тұратын квартал қаланың түстік жағында. Қожайынның кеше айран ішкенін білгенім, келін шектің көйлегінде айранның дағы бар екен. Бір күндей болғаны сезіліп тұр. Кеше таңертеңгілік жұққан болса керек деп жорамал дадым. Байқайсыз ғой, таң қалатындай түк те жоқ. Ал сіздің Әбу Әли ибн Синаның дәл өзі екендігіңізді айтсам және таң қалмаңыз. Өйткені мұндай жайтқа қызығушылық білдіру тек Әбу Әли ибн Синаға ғана тән нәрсе болса керек. Әңгіме осы ғана. Бірақ әңгіме кейіпкерінің жекелеген деталь дардан жасаған тұжырымдарынан Конан Дойльдың атақты Шер лох Холмсының ойлау жүйесі, қисынға құрылған байқампаздығы мен мұндалап тұрған жоқ па! Шығыс Шерлок Холмстары жайлы мұндай деректерді көптеп келтіруге болады. Қазақтың жоғалған түйенің бір көзінің соқырлығын, құйрығының шолақтығын айта мын деп ұры бола жаздаған байқампаз жолаушы туралы әңгімесі де – детектив жанрының халық шығармашылығындағы озық үлгі лерінің бірі. Сондай-ақ, осы әңгімелерден детектив жанрына қо йылатын басты талаптардың бірін аңғармау да мүмкін емес. Яғни детектив кейіпкері байқампаз болуы шарт. Логиканың индукция және дедукция іспетті басты ойлау тәсілдері із кесушінің негізгі қа руына айналуы керек. Оқырманның алар ләззаты – детектив қаһар манының қиыннан жол табар осындай ойлау машықтарынан құмар қандыру болатындығын ұмытпаған жөн. Дәлірек айтқанда, детек тив жанрына қалам тербегісі келетін талапкер логика ғылымының білгірі болуға тиіс. Эдгар Аллан По, Артур Конан Дойль, Агата Кристи шығармаларының детектив жанрының, жапы әдебиеттің классикалық үлгілеріне айналуына мұрындық болған, міне, осы математикалық дәлдіктегі ойлау жүйесіне құрылғандықтары. Осы ретте ақындығымен де мәшһүр Аллан Поның мына сөзі ойланды
ратындай-ақ: «Қарғаны» жазу барысында мен ешқандай кездейсоқ
оралымдар мен әсершіл шалықтауларға ұрынған жоқпын. О баста
ойластырылғандай, ақырына дейін логикаға сүйене отырып мате
матикалық есепті шешкен секілді салқынқанды болдым».
Детектив әлдекімдер ойлайтындай оңай жанр емес екендігін
әдебиет тарихына зер салсақ айқын аңғарар едік. Мысалы, шы
ғармашылық ғұмырында бес мыңдай кейіпкерді сомдаған Оноре
Бальзактың өз замандасы, Париждің атақты із кесушісі Видокпен
жақсы таныс болғандығы, одан материалдар алып отырғандығы
жазушының шығармашылығына қаншалықты әсер еткендігін
бүгінде дәл тап басып айту қиын. Бірақ бұл таныстықтың жеміссіз
болмағандығы анық. Оның бір дәлелі жазушының шығармасынан
шығармасына көшіп отыратын Вотрен образы.
Сондай-ақ, Достоевскийдің романдарында да детектив эде
менттері аз ұшыраспайтындығын ешкім жоққа шығара алмайды.
Газеттегі «қылмысты істер хроникасы» айдарымен берілген кіш
кентай ғана хабарды «Қылмыс пен жаза» секілді ғажайып психо
логиялық романға айналдыру – хас шеберліктің үлгісі болса керек.
Біздіңше, дәл осы шеберлікті детектив басқа жанрлардан артық
болмаса кем қажет етпейді. Мәселе – автордың материалды қалай
игеруінде, оған қай қырынан келуінде. Сөзіміз дәлелсіз болмасын,
аргентин жазушысы Хорхе Луис Борхесте «Иуда сатқындығының
үш версиясы» атты әңгіме бар. Сол версиялардың бірінде автор
Иуда емес, Иса мәсіхтің өзі сатқын еді дейді. Автордың пайым
дауына сүйенсек, расында да солай сияқты. Борхес Иуданы күнә
һарлық жолға Иса мәсіхтің өзі итермеледі, өйткені осылай болуы
оның өзіне қажет еді деп санайды. Ізбасарларымен бірге отырған
да, «Сендердің біреулерің мені сатасыңдар» деп жиі айтуы және
бұл сөзді айтқанда содан күдіктенгендей әрдайым Иудаға қарай
тындығы Иуданың жан дүниесінде Исаға деген реніштің тууына
әкеліп соқтыруы әбден заңды еді деп санайды автор. Әйтпесе, Иса
мәсіхтің өзін кімнің сататындығын біліп отырып, оны ағат жол
дан аман алып қалуға тырыспауы қалай? Борхес әңгімесін оқып
отырып, автордың батыл жорамалдарына таңқалмасқа шараң жоқ.
Еріксіз Иуда опасыздығының мұндай да бір версиясы өмір сүруге
қақылы екен-ау деген ойға қаласыз. Міне, бұл – шеберлік.
Өркениеттің дамуымен бірге, қылмыстың да күрделе түсетіндігі,
оның жаңа түрлері пайда болатындығы заңдылық. Сонымен бір
ге онымен күрестің де жаңа тәсілдері дүниеге келетіндігі ақиқат.
Криминалистика тарихына қарасақ, бұл дамудың қандай қиын
өткелектерден өткендігін аңғарар едік. Иденфикация, дактилос
копия, баллистика, токсикология секілді криминалистика тараула
рының әрқайсысы өз алдына бір-бір күрделі сала екендігін, ғы
лымның соңғы ізденістерінің жетістіктерін молынан пайдаланып
отыратындығын сезінген адамға детектив жанрының үлкен әде
биеттің қолбаласы бола алмайтындығы айқын аңғарылар еді. Мы
салы, біз ХІХ ғасырдағы Францияда қауіпті қылмыскерлерді есеп
ке алудың бой өлшеу, аяқ киім мөлшерін тіркеу секілді қарапайым
тәсілдері қолданылғандығын біле бермейміз.Ал осы тәсілдермен
бүгінгі күні қандай қылмысты аша алар едіңіз. Ешқандай да. Бір
ғана алып қалада бойы 180 см. келетін, аяқ киімі 42 размерлі қан
шама қылмыскер бар. Өзіңіз қолға алып отырған қылмысты істің
осылардың қайсысының қолынан болғандығын қалай анықтай
мын десеңіз де шарасыздыққа ұрынарыңыз анық. Ал адам сауса
ғының таңбасы секілді бұлтартпас айғақпен кіріссеңіз дәл қыл
мыскерді табуыңыз анағұрлым жеңілдейтіндігі дәлелдеуді қажет
етпейді. Бірақ бедері әр адамда міндетті түрде әртүрлі болатын
сол саусақ құпиясына криминалистика бір күнде ендеген жоқ қой.
Сол секілді арғы-бергі тапанша мен мылтық түрлерінің барлығын
бір ортаға жинап, олардың оғының, атылу ерекшеліктерінің мінез
демелерін жасау да адам миына бір күнде келе қоймағандығы жа
сырын емес. Қазір ғой қылмыс жасалған жерде қалған оқтың мыл
тықтың қандай түрінен атылғандығын баллистикалық экспертиза
әп-сәтте-ақ анықтап бере алады. Сырт қарағанда оп-оңай секілді.
Міне, детектив жазатын адамның криминалистиканың осындай
жаңалық, ерекшеліктерімен жан-жақты жақсы таныс болуы шарт.
Ал, бұл детектившіден үлкен ғылыми дайындықты қажет етеді.
Біздіңше, осындай ұшқыр логика мен ғылыми негізге құрылған
және психологиямен өрілген детектив қана шын мәнісіндегі де
тектив бола алса керек.
Әдетте, ұлттық менталитет, ұлттық дүниетаным деп жатамыз.
Қазақтың қанында анау бар, мынау жоқ дегенді қосып қоямыз.
Жоқтың қатарында кейде осы детектив те кетіп қалып жата
ды. Өкінішті-ақ. Біздіңше, ұлттық менталитеттің жарқын көрі
не алар бір тұсы – осы детектив жанры. Мысалы, қылмыс адам
таңдамайды. Бірақ ұлтты таңдайтын қылмыстар бар. Яғни сирек
те болса жекелеген ұлттарға ғана тән қылмыс түрлері бар деген
сөз. Ғылым осылай дейді. Мұнысы негізсіз де емес. Қылмыспен
күрес саласында ұзақ жыл қызмет еткен мамандардың айтатыны
да осы. Анау бір жылдары милиция қызметкерлерінің тынымсыз
тіршілігіне айналған бір кітаптан мынандай әңгіме оқығаным бар.
Қарақшылар түн құшағында әлдебір қойманың құлпын бұзып то
нап кетеді. Қылмыс орнына келген оперативтік топ жетекшісінің
бірден көңіліне түйгені бұл ұрлықты цыган ұлтының өкілдері жа
саған болса керек деген ой болады. Қылмыскерлерді іздестіру жұ
мыстары да осы бағытта жүргізіледі. Және сәтті аяқталады. Сонда
жаңағы із кесуші қандай дәйекке сүйенді дейсіз ғой. Бар болғаны,
құлыптың қандай тәсілмен бұзылғандығына назар аударады. Ал
құлыпты бұл жолғыдай көбінесе цыган ұлтының өкілдері бұзады
екен. Жорамал дұрыс болып шығады. Міне, қылмыс және ұлттық
менталитет дегеніміздің өзара тоғысып жататын осындай тұстары
бар. Осындай жолмен Достоевскийдің «Қылмыс пен жазасында
ғы» өсімқор кемпірдің ұлтының қандай екендігін анықтауға болар
ма еді, ойланып көруіңізге болады.
Қазақ детективінің кенже қалуын ұлтымыздың қалаға бертіні
ректе келуімен, ал далалық тұрмыста қылмыстың барымта мен
қыз ұрлаудан өзге түрлері болмағандығымен түсіндіргісі келетін
дер де бар. Және бұл сөздің жаны да жоқ емес. Өйткені өзіне өзі
қол көтеру, түбі маньяктыққа әкеліп соғатын психиканың бұзылуы
іспетті дерттер негізінен үлкен қалалардың тудырған кесапаттары
екендігі құпия емес. Дәлірек айтқанда, өркениеттің тудырған құ
быжықтары деуіміз орынды. Қазақ детективінің әлі балаңдау бо
лып жатқандығының бір сырын осындай себептермен де түсінді
руге, ұғындыруға болады. Бірақ бұл қазақ детективі дамымауға,
өспеуге тиіс деген сөз емес. Оның мықты болашағы бар екендігі
не күмәніміз жоқ. Детектив жанрының әлемдік әдебиеттегі озық
үлгілерінен үйрене отырып, өзіндік дауысын танытатын кезі де
алдағы күндердің үлесінде екендігіне сенімдіміз. Бұл мақаламен
біздің айтқымыз келгені, детектив әдебиеттің өгей баласы емес,
өз баласы екендігін, оның белді жанрларының қатарына жататын
дығын аңғарту еді. Қоғамның кеселі, көлеңке жақтары қылмысты
істер арқылы көрініс табатындығын ескерсек, сол дертті анықтап
беретін тамыршы жанр осы детектив болса керек. Олай болса,
оны менсінбеуіміз орынсыз.
Енді қазақ детективінің бүгінгі халі жайлы аз-маз көңілге түй
генімізді айта кетелік. Айтсақ, жағдайы көңіл жұбатарлықтай
емес. Авторларының атын атап, түсін түстеп жатпай-ақ қоялық,
бұл жанрдағы қазақ тіліндегі оқырманға ұсынылып жатқан дү
ниелердің барлығы дерлік негізінен ортанқол ғана туындылар.
Қылмыс тақырыбына жазылатын күнделікті газет мақалаларына
ұқсап кетіп жататындары да аз емес. Кейбірінің тасасынан әде
биетті «сауынды сиырындай» көретіні де аңғарылып қалады. Бұл
заңды құбылыс болар, бірақ қауіпті нышан. Сондай-ақ шығарма
лардан буыны қатып қалған стеоротип ойлау жүйесінің салқыны
еседі. Мысалы, көбінесе «Түнгі сағат екілер шамасында аудандық
қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы капитан Садыхановтың
үйіндегі телефон тыныштықты қақ тіліп безектеп қоя берді» деген
ыңғайда басталатын дүниелердің детектив жанрына қаншалықты
қатысы барлығын біз біле алмадық. Қазақ детективінің жарқын
күндері алда дейтініміз де сондықтан. Тек талап дұрыс болсын.
АУДАРМА НЕ ҮШІН КЕРЕК?
Әдебиет тарихында аударма жайлы әңгіме көп. Соның бірі
Үндінің сан ғасырлық ғұмыры бар атақты «Панчатантрасы» тура
лы. Ел есінде қалған әңгіме бойынша бірде парсының атақты пат
шасы, ортағасырлық жазба әдебиет үлгілерінің талайына кейіпкер
болған ғұлама Наушаруан патша уәзірлерін жинап алып, мазмұны
шамамен мынандай алқақотан кеңес құрған деседі:
– Естуімше, Үнді елінде оқыған адамның көңілі жай тауып,
жандүниесі баһра алар кітап бар көрінеді. Өзі жер астындағы құ
пия кітапханада сақталынады екен. Патшаларға қалай билік құ
рып, әділ саясат жүргізуді үйрететін осы кітапты қолыма түсіріп
оқымай сабама түсе алар емеспін. Ғибраты мол осы кітапты біздің
патшалықтың да игілігіне айналдырар қандай амал бар?
Талайды көрген ақсақал, көксақал уәзірлер тығырықтан шығар
жол таба алмай сасқан. Патша көңілі құлаған дүниені табылмай
ды, таптырмайды деуге және болмайды.
Ақыры, ойласа келе Үнді еліне Барзуя деген сан тілді игерген
білімдар дәрігерді жіберуге шешім қабылдайды. Міндеті – он жыл
өтсін, жиырма жыл өтсін, жаңағы кітапты әйтеуір қолға түсіру,
парсы еліне алып келу.
Кітап соңына түскен Барзуя осы мақсатқа қанша жыл ғұмырын
сарп еткені белгісіз. Біреулер жиырма, біреулер отыз жыл дейді,
біреулер одан да көп уақыт кетті деседі. Кітапты қолға түсірудің
амалын әріден ойластырған дәрігер әуелі сарай маңындағылар
дың, сосын Үнді елінің патшасының өзінің сеніміне кіреді. Патша
дан жер астындағы кітапханаға түсіп, ондағы білім жауһарлары
мен танысуға рұқсат алады. Кітапхана меңгерушісінің жасырын
келісімімен жоғарыдағы құпия кітаты да қолға түсіріп, жер астын
да, сығырайған шамның жарығында отырып аударып шығады.
Күніге бірді-екілі парақ болып жоғарыға тасылған кітап аударма
сын Барзуяың өз еліне қалай жеткізгені беймәлім. Әйтеуір, жеткіз
гені рас. Кітапты осы нұсқадан 750 жылы Ибн әл Мукаффа араб
тіліне «Кәлила мен Димнә» деген атаумен аударады. Бүгінгі күні
әлем халықтарының екі жүздей тіліне аударылған Үндінің атақты
«Бес кітап» – «Панчатантрасының» қызғылықты тарихы осындай.
Шығыс даналығы «Ақыл ақылдан қуат алады» дейді. Жоғары
дағы «Панчатантра» әңгімесі соның жарқын бір мысалы іспетті.
Осы мысал Шығыс халықтарында аудармашылық өнерінің тари
хы тым тереңнен бастау алатындығын да бір байқатса керек. Озық
ақыл-ой үлгілерін Шығыс ешқашан жатсынбаған. Осы тұста та
рихқа шолу жасай кеткен жөн секілді.
Бүгінгі Еуропа көне екі үлкен мәдениет – Грек және Рим ақыл-
ой мұрасының заңды жалғасы екендігі жасырын емес. Бірақ сол
ақыл-ойдың Еуропаға негізінен араб, парсы, түркі аудармашы
лары арқылы жеткендігі де ақиқат. Ортағасырлық Еуропа жым-
жырт ұйқыда жатқан кезде Орта Азия ғұламасы Әбу Райхан Беру
нидің Гомердің (Әбу Райхан Берунийде Гомер Өмір деген есіммен
аталады – авт.) «Илиадасын» түпнұсқадан оқып, одан мысалдар
келтіргені Шығыстың озық ойлылығын көрсетпей ме! Беруни Го
мер «Илиадасын» әдебиет туындысы ретінде ғана оқып қоймай,
ондағы оқиғаларға астрономия ғылымы тарапынан талдаулар,
түсініктемелер жасауға да тырысады.
Рас, бұл мақаладағы біздің міндетіміз аудармашылық тарихына
үңілу емес. Аудармашылықтың мәдениеттер мен мәдениеттерді
(мейлі, ол, кешегі топырақ қатпарында қалып қойған өлі мәдениет
болсын, бүгінгі жасалынып, қалыптасып жатқан мәдениет бол
сын) байланыстыратын алтын көпір екендігін айта отырып,оның
жеке шығармашылық адамының шеберлігінің шыңдалуына, кәсі
би деңгейінің көтерілуіне әсері туралы әңгіме өрбіту.
Бүгінде Федор Достоевский – бір кезде нәпақа іздеп Алтын Ор
дадан Ресей асқан түркі Арсылан мырза Челебидің ұрпағы, әлем
мойындаған жазушы. Өзінен кейінгі буындардан жазушының
«Қылмыс пен жазасы», «Нақұрысы», «Албастылары», «Ағайын
ды Карамазовтары» әсер етпеген қаламгер кездестіре қою қиын.
Қазіргі уақытта Еуропа таңданып, төңірегіне үлгі қылып отыра
тын Сартр да, Камю де, Кафка да осы кісінің ішігінен шыққан із
басарлары.
Бірақ, сол Достоевский де тақыр жерден пайда болмаған. Оқу,
іздену арқылы қалыптасқан. Жазушылық машығын меңгеру үшін
Бальзактың «Егвения Грандесін» аударып, оны 50 шақты рет қайта
көшіріп шыққан. Француз әдебиетшісінен тынысы кең романның
желісін өруді, мазмұнын қордалауды үйренген. Біздіңше кейінгі
лерге ұлы жазушының бұл да бір ұлы тағылымы.
Аудармашылық қазақ әдебиетіне де жат емес. Абай негізін қа
лап, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезовтер дамытқан аударма
мектебі қазақ жазба әдебиетінің қабырғалы құрамына айналға
лы қашан. Әуезов аудармасындағы Тургенев романдары, Мағжан
Жұмабаев тәржімасындағы орыс жазушыларының шағын әңгіме
лері әлі де талай ұрпақтар тамсана оқыр аударманың озық үлгілері
болып қала бермек. Джек Лондонның әңгімелері мен «Мартин
Иден» романы, Бальзактың «Шегірен былғарысы» мен «Үзілген
үміттері», Шекспир, Лермонтовтардың қос томдығы, Бернс, Бай
рон, Петефилердің таңдамалылары, А.Чехов, И.Бунин әңгімелері,
Гетенің «Фаусты», қазақ оқырманына таныс аударма кітаптар
тізімі осылай кете барады. Жоғарыда әңгімеге тиек еткен «Панча
тантра» – «Кәлила мен Димнә» да қазақ тілінде сөйлегелі қырық
жылдай уақыт болып қалыпты.
Иә, қазақ әдебиеті аудармадан кенде емес, «Қазақ әдебиеті» га
зетінің өткен санында Габриэль Гарсиа Маркестің Нобель сыйлығын
иемденген «Жүз жылдық жалғыздығын» қазақша сөйлеткен Кеңес
Юсуптың мақаласы мен Колумбия жазушысының «Бақұлдасу хаты
ның» осы қаламгер жасаған тәржімасы жарияланды. Материалдық
ынталандыру болса, қолдау көрсетілсе аудармашы әлемдік деңгейде
бағаланған жаңа дүниелерді аударып отыруға дайын екендігін ай
тады. Яғни, бәрі қаржыға барып тіреледі деген сөз. Кезінде Кеңес
Юсуп аудармасын орыс тіліндегі нұсқасымен салыстыра отырып,
«Жүз жылдық жалғыздықтың» қазақ тілінде сөйлетілуін үздік деп
тапқаным бар. Әзір де сол ойдамын. Рас, «Жүз жылдық жалғыздық»
тағы да басылайын деп жатыр екен. Бірақ бұл Габриэль Маркестің
тағы бір үздік шығармасы, автордың өз айтуынша, ең үздік романы
«Ел ағасының еңкейген шағындағыны» («Осень патриарха») қазақ
оқырманына таныстыру емес қой. Ол аударманы кім жасамақ, басқа
аудармаларды кім жасамақ, мәселе осында.
Бүгінгі қазақ аудармашылық мектебінің жағдайы сын көте
рерлік халде емес. Тоқыраудың боқырауы көзге ұрып тұр. Кәсіби
мүмкіндігі биік деңгейдегі аудармашылар әдебиетімізге келіп жат
қан соңғы лек толқындардың қатарында тіптен жоқ деуге болады.
Тоқсаныншы жылдардың басында тәуелсіз еліміздің жаңа сапа
дағы аудармашылары ретінде танылған Ботакөз Қожабекова, Ға
лымжан Мұқанов, Ақас Тәжуітовтердің де бүгінгі күні салы суға
кеткендей күйі бар.
Қысқасы, қазақ аударма мектебі күйреудің алдында. Өз басым
кітап дүкендерінен Шандор Петефи (Қ.Мырзалиевтің аудармасы)
мен Байронның (Ғ.Қайырбековтің аудармасы) бір томдықтары
нан басқа аударма дүниелерді көре алмадым. Олардың өздері де
екінші әлде үшінші қайтара басылымдары. Бізге аударма танысу,
үйрену үшін ғана емес, қорғану үшін де қажет. Ұлттық тіліміз бен
діліміздің сақталуына төл әдебиетіміз ғана емес, аударманың да
сіңірер еңбегі зор. Қазір қазақ жастары кришнашыл, иеговашыл
болып кетті деп жатамыз. Ал егер осы діни аңыз-әңгімелермен
жастарымыз мектеп қабырғасында жүріп танысса ше! Мысалы,
«әлем халықтарының әдебиетінен» деген үлгіде қарапайымдатыл
ған аудармалар жасауға болады ғой.
Көрші өзбек халқында Үндінің атақты «Махабхарата» эпосының
осындай аудармасы бар. Аударманы оқыған адамның кришнашыл
болып кетуі (кришнашылдардың «Бхагавад-гита» кітабы осы эпос
тың бір тарауы болып табылады) тіпті мүмкін емес. Есесіне жас
оқырманның көне үнді эпосының мазмұнымен танысуына, көне
мәдениеттер туралы көзқарас аясын кеңейтуіне мүмкіндігі бар.
Осындайда Жұмекен ақынның «Кейбір елдің құдайы да көшірме» деген өлең жолы еске түседі. Құдайымыз көшірме болсын демесек, аудармаға жіті назар аударуымыз керектігі осындайдан байқалса керек. Тағы бір аударма дегеннен шығады, осы Жұмекен ақынның «Греция – жыр сегіз» деген өлең топтамасы бар. Топтамада көне грек аңыздары еркін пайдаланылған. Өзегі ескі болғанымен, айта ры жаңа осы өлеңдерді алғаш оқығанда таңқалғаным бар. Н.Кун ның аудармасындағы «Ежелгі Грецияның мифтері мен аңызда рын» мен де бірнеше қайтара шолып шыққанмын. Бірақ дәл бұлай қазақыландыруға болады деп ойламаппын. Бұл де ретімен пайда лана білсек, аударманың әдебиетіміздің мазмұнын өрістетуге, ке ңейтуге ықпалы зор екендігіне бір мысал. Сөз түйіні: әдебиетіміз байысын, дүниетанымымыз кеңейсін десек – аударма қажет; тіліміз аман, діліміз сау болсын десек – аударма қажет; өзіміздің кім екендігімізді білу үшін өзімізді өзге лермен салғастыра білу шарт. Бұл арада да басты таразы болатын құрал – аударма болмақ. Сөз басында Наушаруан патшаның бір кітапты алдыртуға сонау Үнді еліне барлаушы-аудармашы жібергендігін де бекер мысал ет кен жоқпыз. Қабырғалы қазақ аудармашылық мектебі қайта түлеуі үшін үкі мет тарапынан қамқорлық керек. Бұл мәселе зиялы қауымымызды да бейтарап қалдырмайтындығына сенімдіміз. 2001 жыл.
КЕСЕ ТҮБІНДЕ ТӨҢКЕРІЛГЕН ФУДЗИЯМА ШЫНАЙЫ ҚЫЗҒАНЫШ Соңғы кездері қазақ суретшілерінің шығармаларына көбірек зер салуға тырысатын әдет шығарып жүрмін. Себебі, қазақ әдебиеті айта алмай жүрген үлкен шындықты осы қылқалам шеберлері соны мәнердегі бояу тілімен бірінші болып айтып қоятын секілді болады да тұрады. Олардан саф алтындай бағалы әлденені қызғанатындай мын. Санамның терең бір түкпірінде суретшілер қауымымен жақсы мағынасындағы шығармашылық бәсекеге түссем, жеңімпаз болып шықсам деген құлшыныс жатқан сияқты сезіледі. Бәрі неден басталып еді? Иә, иә, Борхестің әңгімесінен. ХХ ғасырдың шын мағынасында ғы Гомері атанған ұлы жазушының жапон қаламгері Акутагава жай лы бір ауыз пікірінен. Дәлірек айтқанда, Борхестің пікірі Акутагава ның бір ғана әңгімесі туралы болатын. Әрине, бұған қарап Борхесті Акутагаваны терең оқымаған деп айтуға болмайды. Оқымаса мо йындамас, бір әңгімесін өз жинағына кіргізбес еді ғой. Борхес Аку тагаваны керемет жақсы білген, талантын мойындаған, тіпті қыз ғанған десе де болады. Бірақ Толстойдың Шекспирді түкке алғысыз етіп, быт-шыт қылғанындай ат құйрығын шарт кесісті әрекеттерге бармағаны және анық. Дегенмен бәрібір Борхестің Акутагаваның осал тұсын іздеп табуға әбден-ақ ынталы болғаны аңғарылады. Та лант иесі, өзінің әріптесі ретінде бір тұқыртып алғанды жөн көрген. «Ұлы Акутагава! Сенің де қайдан, қалай тамыр байлап шыққаның ды, кімдерден үйренгеніңді біз бес саусағымыздай жақсы білеміз» деген әңгімені айтқысы келген. Және айтқан да. Абыз Борхестің ұлы Акутагаваның ешқандай да аспаннан түспе ген, үйренгені, ізденгені бар кәдімді жұмырбасты қарапайым талант иесі екендігін айғақтауына нендей жайт себепші болды дейсіз ғой? Бар болғаны, бір әңгіменің мазмұны ғана. Акиро Куросаваның «Расемон» деп аталатын атақты фильмі есіңізде ме? Міне, осы фильмнің негізінде Акутагава Рюноскэнің «Расемон қақпасы» және «Орманда» деп аталатын атақты әңгіме лерінің желісі жатқаны белгілі. Егер есіңізге түспесе айта кетейік, бұл екінші шығарма орман ішінде болған бір қылмысты істі оған куә болған кейіпкерлердің өз дүниетанымы, адами болмысы тұрғы сынан әрқилы етіп суреттейтіні жайлы шытырман оқиғалы психо логиялық әңгіме.
Міне, Куросава ғажайып кинотуындыға айналдырған осы класси калық әңгімені Борхес Акутагаваның өз қиялынан тудырмағанын, небары Американың ХІХ ғасырда өмір сүрген ортанқол бір жазу шысының шығармасының мазмұнынан ары қарата дамытып алып кеткенін айтады. Акутагава жауһарының негізінде Америка руха ни-әдеби ізденісінің қол жеткізген табысы жатыр деген тұжырымды алға тартады. Ғажап! Қайда да Америка бірінші болуы керек! Тіпті гуманист Хорхе Луис Борхес үшін де! Не деген менмендік?! Егер отыз бес жасында өліп қалмағанда, көзі тірі болса Акутагава Рюноскэ Борхестің осы айыптауларына (Борхес Акутагаваны мә дени түрде плагиатшылығы үшін айыптап отыр ғой) нендей жауап қайтарар еді? Қайтарса, ол жауап қандай болуы мүмкін-ді? Әрине, Акутагаваның өз жауабы жоқ. Болмайды да. Дегенмен Акутагава үшін ол қайтаруы мүмкін жауаптың бірнеше нұсқасын біздің жасап көруімізге болады. Әңгімені көп созбас үшін, қазір ге сол жауаптардың біреуінің ғана нобайын мысалға келтірсек те жеткілікті ғой деп ойлаймыз. Біздіңше, Акутагава Рюноскэ Эрнест Хемингуэйдің «Менің өзімнің жазу мәнерімді қалыптастыруыма Поль Сезанн сурет терінің, оның бояуды пайдаланудағы ыждаһатты ізденістерінің ті келей әсері болды» деген пікірін жапонша дамытқан болар еді. Ол Борхеске «Бауырым Хорхе, рас, мен әлем әдебиетінің көпте ген ұлы туындыларымен жақсы таныспын. Маған Гомер де, Бальзак та, Достоевский де жат емес. Бірақ сенің мені интеллектуал ретінде мақтай отырып, мақтамен бауыздамақ әрекетіңнің еш қисыны жоқ. Иә, мен әңгімемнің қалыбын біреуден алдым. Бірақ, ол америка лықтікі емес-ті. Иесі өзіміздің қайталанбас бірегей суретшіміз Кацусика Хокусай болатын. Сенбесең, оның «Фудзидің 36 көрінісі» және «Фудзидің 100 көрінісі» атты суреттер топтамаларына қарағын. Егер Хоку сай қасиетті тауымыз Фудзияманы әртүрлі тараптардан әрқилы көріністе бейнелеуге тырысса, мен, бар болғаны, бір оқиғаны бір неше кейіпкердің аузымен әңгімелеп беруге ұмтылдым. Әсілі, сен менің тек жазушы, ақын, эссеші ғана емес, сурет өнерінің де білгірі екенімді ұмытпағаның жөн. Иә, Акутагава қажет болып жатса, су ретшілерден де үйренеді» дер-ді. Сосын Борхестің алдына Хокусайдың бұлттар арасындағы Фуд зиінің, теңіз бетінде толқынмен тербелген Фудзиінің, ақыр соңы маскүнемнің кесесінің ішінде қонақтаған Фудзиінің көріністерін тастай салар еді. Акутагаваның осал жерін табуға дәмеленген Борхес, осылайша, оның ең мықты шығармашылық қасиетімен танысар-ды. Иә, мен соңғы кездері қазақ суретшілерінің туындыларына көп үңілем. Себебі, өзімнің Хокусайымды тапқым келеді. Қазақ Хокуса йын. Өйткені, ақын-жазушыға қарағанда суретші қауымның білімді екенін, суретші ағайынның ізденгіш келетіндігін жақсы білемін.
Олар ешқандай уақытты, ешқандай құрлықты, ешқандай «изм дерді» жатырқамайды. Тағы да «измдер» Амал қанша, бұл тарауша да суретшілер жайлы болмақ, олардың адам баласының рухани-мәдени ізденістерінің көшбасында жү ретіндігін дәлелдеуге арналмақ. Бәлкім, дәлелдеу арқылы бейнелеу өнерін ұлықтауға. Бұл бағыттағы ой ағысы неден басталып еді, өзі? Иә, Оразбек Сәрсенбаев ағамыздың «Қазақ әдебиеті» газетінің сауалнамасына берген жауабынан. Ол кісі «ешқандай «изміңіз» әдебиеттің анықтауышы бола алмай ды, символист, футурулист, имажинист дегендеріңіздің бәрі де бос сөз, әдебиетті тек дарындылар ғана жасайды» деген-ді. Дәл болмаса да, айтпағының ұзын-ырғасы осындай. Біз бұл жерде қаламгер ағамыз кез келген «изм» уақыт өте келе тоқырауға ұшырайды, өнерде тек таланттылар ғана қалады деген пікірді жалау қылып көтергісі келген болса, ол ұстанымымен еш қарсылықсыз келісеміз. Ал егер «изм» атаулының өнердің, әде биеттің дамуына қосар үлесі барлығын мүлдем жоққа шығарғысы келген болса, ондай тұжырымына айтар дауымыз бар. Әңгімеміздің басын ашып алайық, жалпы өнердегі, әдебиеттегі «изм» дегеніміз не? Оның табиғаты қандай? Біздіңше әдебиет пен өнерге келіп-кетіп жатқан «измдерді» қара пайым мысалмен айтқанда, уақыт өте келе қайта жаңғырып, толы са дамып отыратын адам баласының киім киюдегі сән үлгілерімен салыстыруға болады. Мұндай жаңаша түлеуге деген ынтызарлық ты ХІХ ғасырдың басындағы Еуропа өнері мен әдебиетінен жақсы байқай аламыз. Сөзімізге дәлел ретінде бір ғана оқиғаны айтайық, әбден тозығы жеткен классицизмді жақтаушылар мен Гюго баста ған романтиктердің арасында Парижде кәдімгідей төбелес болғаны белгілі, төбелеске романтиктердің сапында қатысып, денсаулығына біршама нұқсан алғандардың арасында ұлы Бальзак та бар болатын. Мұндай жаңашылдыққа, өмірді бұған дейін белгісіз болып кел ген тараптан суреттеуге, ұмтылыстар тек әдебиет емес, бейнелеу өнерінде де қатар, бәлкім бірінші болып жүріп жатты. Егер сурет өнерінде романтизм белең алмаса, классицизм барлық ізденістерді өзінің темір құрсауында мықтап ұстап отырса, мысалы Эжен Де лакруаның әйгілі жалау ұстаған омырауы ашық әйелі дүниеге келер ме еді? Ал «Барикададағы бостандық» деп аталатын осы сурет көне грек пен римнің бейнелеу өнері һәм скульптурасында қалытасқан үрдіс тердің жаңғыра, осы заманғы өмірге барынша жақындата дамыған жаңа көрінісі еді. Бейнелеу өнерін де, бар болғаны, ортағасырлық дәстүрлі әйел құдайдың бейнесінің орнына кәдуілгі ет пен сүйектен жаратылған әйел келді, адам болмысының қырлары боямасыз ашық көрініс тапты. Бірақ бұл қазір айтқанға жеңіл болғанмен, ол кездері
үлкен құрбандықты қажет ететін әрекет-ті. Жиырма жыл бойы су ретшінің шеберханасында ешкімге керегі болмай шаң басып жатқан осы дүние бүгінде бүкіл Францияның мақтанышы, ал ондағы ашық омыраулы әйел француз демократиясы мен дүниетанымының сим волы болып саналады. Жалпы, біздің білуімізше, әдебиет пен өнердегі осы «изм» деген деріңіздің қазекем басын ала қашатындай ешқанай құбыжықтығы жоқ, аудара қалсаңыз кәдуілгі қарапайым ғана сөздер болып шыға ды. Осы ретте «импрессионизм» атауының дүниеге қалай келгенін тілге тиек етіп өтсек те болады. 1874 жылы Парижде бағыттас, мұраттас бір топ суретшінің көр месі ашылды. Осы көрмені тамашалаушылардың арасында сыншы Луи Леруа деген де бар еді. Оған көрмеге қойылған суреттер ұна мады. Әсіресе Клод Моненің «Әсер. Күннің шығуы» атты картина сы қытығына тиді. Кейін, газеттегі мақаласында, осы сурет туралы «Мұндағы теңіз пейзажынан гөрі суреттің астарындағы дайындық жұмыстары анағұрлым сәтті көрінеді» деп кекете жазды. Ал суретші лер тобына «әсершілдер», яғни, «импрессионистер» деген атты та ңып жіберді. Енді айтыңызшы, табиғат көрінісі немесе адам бей несінен аңғарған алғашқы әсеріңізді жоғалтып алмай, кенеп бетіне түсіруге ұмтылғанның несі айып? Қазекемнің өзі де «алғашқы әсер алдамайды» деп ой түйеді емес пе! Ал модернизм деген сөздің ас тарында «жаңашылдар» деген мағына жатыр. Фовизм деген сөзіңіз «асау, жабайы» дегенді білдіреді. Бейнелеу өнеріндегі осы ағымның негізін қалаған француз Анри Матисстің өзінің мәнерін Шығыстың орта ғасырлық миниатюраларынан алғанын әңгімелегені бар. Тіпті өз мәнерін қалыптастыруда парсы мен түркінің кілемдерін зерт теуге дейін барғанын да жасырмаған. Амедео Модильянидің ұзын мойын арулары болса байырғы Африка мүсіндерінің дамытылған нұсқасы болып табылады. Иә, әдебиет пен өнердегі ешқандай «изм» тақыр жерден пайда болмайды. Қай-қайсысынң да тарихы тереңде, қайсыбіреулерінің әлі тас үңгірлерде жүрген бағзы бабаларымыздың сұлулыққа ынты ғып, оны бейнелеуге ұмтылған алғашқы талпыныстарынан да бас тау алуы мүмкін. Ал сіз сол бабаларыңызды өзіңізден Құдай берген дарыны жағынан кем еді деп айта алмайсыз ғой. Солай, «измдер» туралы сөз қозғайтын болсақ, айтылатын әңгі ме көп. Ақын Сергей Есенин Низами Ганжауи поэмасымен таныс қаннан кейін, «әттең, бұл ақынды кеш біліп қалдым, әйтпесе біздің бағыт имажинизм емес, низамизм деп аталатын болар еді» депті. Поэзиясы орыс рухының қастерлі туына айналған Сергей ақынның осы сөзіне біз де қосыламыз. Өйткені, көргені көп көнені, қасиетті, киелі бағзыны қайта жаңғыртып, адамзат игілігіне жаратудың еш қандай сөкеттігі жоқ. Шынайы, табиғи өнердің даму жолы да осы. Тек пейіл, ниет дұрыс болса болғаны.
МЕН ӨЛГЕНДЕ БІР АҚЫН ҚУАНСА ҒОЙ... Ой парақшалары БАЛЬЗАК ПЕН АНАСЫ ЖӘНЕ ӘКЕМ ТУРАЛЫ Самсаған мың сан жұлдызы тылсым да тұңғиық шексіз дүниенің деміндей тұла бойыңды шымырлата өзіне тартатын түнгі тұнық аспанға көз тіксем болды, көңілімді біртүрлі тәтті мұң басады... Онда мезгіл жаз-ды. Мен он екі-он үште едім. Жан әкем қасым да болатын. Жұлдыздар жайында басталған әңгімеміз ақырындап сөз өнеріне ойысқан. – Балам,– деді әкем,– мен осыншама қыруар дүниені бекерденбекер жинап жатқан жоқпын. Бір арманым бар. Саған анасының Оноре Бальзагына жасаған жағдайынан да артық жағдай жасасам, (Анасы Бальзакқа бірнеше жыл демеуші болған) әдебиетпен еркін айналысуына мүмкіндік берсем деймін. Жиырма бес пен отыз бестің арасында, он жыл бойы ешнәрседен таршылық көрмейтін боласың, ал осы уақытта ешнәрсе шығара алмасаң, өзіңнен көр. Иә, сол кездегі әкемнің маған тек он жыл емес, жиырма жылға болса да демеуші болуға қаржылық мүмкіндігі бар еді. Рас, ғұмыр бойы жиған дүниесі Кеңес Одағы ыдыраған алмағайып тұста мар дымсыз ғана тиын-тебенге айналып қалғаны болмаса. Әкем екеуміз Бальзак пен анасы туралы сол бір әңгімеге содан кейін, мен жиырма беске толғанда да, екі он бесті түгендегенде де қайта айналып соққан жоқпыз. Бірақ мен үшін әкемнің сондай арманының болғанының өзі де зор демеу, үлкен мақтаныш еді. Ең бастысы, мен әкемнің өзге әкелерге ұқсамайтынын білетінмін-ді. Маған сол да жететін. Өкінсем тек бірақ нәрсеге, әкемнің Бальзак тан да мықты, Бальзактан да қарымды қаламгерді тәрбиелеп шы ғарамын деген арман-мұратының іске аспағанына ғана өкінемін. Әкемнің сол түнгі әңгімесі менің Баьзакқа көбірек үңілуіме се бепші болған. Содан болар, Пушкин жасынан асқан бүгінгі мен өзімнің Бальзак емес, Бальзактың «Үзілген үміттер» романының бір кейіпкері сыңайында ғана екенімді жақсы сезінемін. Тіршілігі, күнделікті күн көрісі әдебиетке ара-тұра ғана болмаса қатысы бола бермейтін мардымсыз қаламақы мен редактордың қас-қабағына тәуелді сол бір арманшыл жігіттің Парижінен өзімнің Алматыма ұқ састықтарды байқаған сайын жағамды ұстайтын кездерім де болып тұрады. Ондайда Адамзатқа бүгінін ғана емес, болашақты да бол жай білетін бір Бальзак та жеткілікті екен-ау деп шүкіршілік етемін.
Дегенмен менің Бальзакты, қазақтың Бальзагын, алты алаштың
атын әлемге әйгілейтін, дүниеге түркінің тарпаң көзімен қарай
тын Бальзакты көргім келеді. Бүгінгі өміріміздің тамырын тап ба
сатын, сол арқылы болашаққа ескерту жасайтын Бальзакты. Кім
біледі, болашақ Бальзак Қазақстанның әлдебір түкпірінде, тарих
қа әлі енбеген жұлдызды түннің құшағында әкесімен сырласып
отырған болар.
... Жұлдызды түнгі аспанға қарасам болды көңілімді мұң баса
тыны бар. Жаныма жай таптырмайтын мұң...
АУДАРМА, АҒА БУЫН ЖӘНЕ ЖАСТАР ЖАЙЫНДА
Жылдар жылжып барады... Евгений Евтушенко айтқандай, әу
дегенше-ақ өзіміз де аңғармай «Есенин түгілі Пушкин ақынның
жасынан да өтіп кетіппіз». Бірақ бәрі кешегідей көз алдымда.
«Парасат» журналына Жұмабай ағамның (Шаштайұлы) кепілде
ме іспетті жанашырлық жол сілтеуімен барғаным, әр жолың түгілі
ой әуенінен оқшау шығып кеткен әр сөзіңе назар аударып, жазған
дүниеңнің бүге-шігесіне дейін тиянақты болуын қадағалап отыра
тын Баққожа ағаның (Мұқаи) алдында бірде қызара, бірде бозара
отырып емтихан тапсырған кездерім, Қалихан ағаның, керемет
стилист жазушының мәтінмен қалай жұмыс істейтініне куә бол
ған сәттерім, бәрі-бәрі көз алдымда.
Солардың ішінде, әсіресе мына бір сәт мен үшін өте ыстық,
Қалихан ағамның Иван Бунин туралы әңгіме қылған сәті. Сонда
Қалихан ағам «Бунинді, Бунин прозасының жаратылысын түсіну
үшін тамыршы секілді болуың керек. Бунин прозасының құпия
сы оның ырғағында, оның көзге көрінбей бүкіл бойыңды бойлай
бүлкілдеп ағып жататын қан тамыры секілділігінде» деп еді-ау.
Жақында сол Қалихан ағаммен тағы да жүздесіп қалдым. Бу
ниннің әйгілі «Арсеньевтің өмірі» жартылай биографиялық шы
ғармасын аударып біткенін айтты. Басқа да дүниелерін аударып
ты. Енді жеке кітап болып шығуы тиіс. Міне, мен содан бері осы
жинақты, Қалихан ағам қазақша сөйлеткен Иван Буниннің Ар
сеньевін асыға күтулімін. Көңіл түкпірімде ендігі келмеске кет
кен әкемді күткендей сағыныш бар секілді. Бәлкім, бұл әкеге ғана
емес, балалық, бозбалалық шаққан деген де сағыныш болар.
Рас, менің бұл жерде сентименталь әуендегі жылауық әңгіме
айтқым жоқ. Бар білетінімді ғана, Бунинді алдағы уақытта дәл
Қалихан ағамның ұғынуындағыдай ешкімнің де аудара алмасын
ғана айтқым бар. Мен мұны ендігі жерде, ендігі әдебиетке келетін
буындарда дәл Қалихан ағамдай тіл білетін, тіл түгілі ділі бөлек
орыс Буниннің дүниетанымына өз жандүниесіндей үңіле алатын
талапкердің болмайтындығын сезінгендіктен де айтқым келеді.
Және Қалихан ағаға рахмет айта отырып.
Бірақ менің рахмет айтқым келетін ағаларым тек Қалихан ағамен
ғана шектелмейтінін де айтқым бар. Және олар өте көп.
Петефиді, Сергей Есенин мен Олжасты өз деңгейлерінде қазақ
ша сөйлеткен Қадыр ағам, Рабиндранат Тагор мен Муин Бсисуді
қазақша қалыпқа түсірген Жарасқан Әбдірашев... олардың тізімі
осылай созылып кете береді. Мысалы, бір ғана Ғафекең (Ғафу Қа
йырбеков) аударма мектебінің өзі неге тұрады!
Өткенде кітап дүкеніне кіргенде аңғардым, Сервантес, Эмиль
Золя, Кнут Гамсун, Набоков, Кобо Абэ мен Киндзабуро Оэлер де
біршама қазақша сөйлеп қалыпты. Дүкен сөрелерінде Федор Дос
тоевскийдің «Ағайынды Карамазовтары» қазақша тіл қатып, мен
мұндалап тұр екен. Тамаша!
Бірақ, несін жасырайын, авторларды қазақша сөйлеткен ау
дармашылардың аты-жөндеріне үңілгенде, жүрек тұсым сыздап
кеткендей болды. Бәрі әдебиетіміздегі ендігі алды бақилық бол
ған, арты алпыстың асқарына іліккен аға буынның өкілдері. Нияз
Сыздықов, Әубәкір Нілібаев, Сарбас Ақтаев, Оразбек Сәрсенбаев,
Темірхан Медетбек, Құрманғазы Қараманұлы, тағысын тағы есімі
елге белгілі ағаларымыз. Біздің буыннан, біздің алдағы буыннан
ешкім жоқ. Бейнебір аудармаға келгенде, біз өкшесін басып келе
жатқан буын, біздің буын жұлдызы жоқ түнгі аспан секілді әсерде
қаласың.
Иә, жұлдызы жоқ түнгі Аспан...
Арсеньевті қазақша сөйлетіп берген Қалихан ағаға рахмет.
Француз бен норвег, испан мен жапонға көпір салған өзге ағала
рымызға рахмет.
Енді сәл ойланып көрейікші, осындай рахметті күндердің күнін
де біздің естуіміз мүмкін бе? Әдебиетке ендігі келер жас талап,
бұл жайлы сенің де ойлана жүргенің дұрыс-ау.
Қазірге көрер көзге жұлдызы жоқ меңіреу түнгі Аспан секілді
болып тұрғанымызды несіне жасырайық...
ХАЛІҢ ҚАЛАЙ, ӘЛЕМНІҢ АҚЫНДАРЫ?
Ана жылы Алматыдағы Француз елшілігі ұйымдастырған жыр
кешінің куәсі болғанымыз бар. Кештің арнайы қонағы болып
отырған танымал француз ақыны: «Қазақ ақындарының рухы өр
екен, өлеңдерінде не жайлы сөз болып жатқанын түсінбесем де
оқу ырғақтарынан, екпінінен осыны аңғардым» деген.
Басқасын қайдам, француз әріптесіміз дәл осы ойды дұрыс ай
тып отыр. Қазақ ақынының сағы әлі сына қойған жоқ. Ол өзін
тыңдайтын, тыңдағысы келетін құлақ әлі бар екенін жақсы біледі.
Түгел болмаса да халықтың белгілі бір тобына поэзия керек екенін
жақсы түйсінеді. Және бұл топтың саны басқа халықтарға шақ
қанда көп-ақ. Тоқетерін айтсақ, ең нашар деген қазақ ақынының
өзінің де оқырманым жоқ деп қайғыруына әзірше негіз жоқ.
«Ең таңдаулы американ ақынының кітабы 500-ақ дана таралым
мен тарайды». Кемі миллион қазақ тілді оқырманы бар ақынымыз
Мұхтар Шахановтың қайсыбір өлеңінде осы тақылеттес жолдар
бар-ды. Бұл дегеніміз, қарапайым арифметикаға шақсақ, бір Шаха
новтың оқырманы бүкіл Америка мен Еуропаның ең таңдаулы деген
ақындарының оқырманынан көп деген сөз болып шықпайды ма?!
Иә, қазақ ақындары бақытты. Ал осы бақыттың негізінде не жа
тыр? Сол туралы бәр сәт ойланып көрдік пе? Бір пәске болса да
жауап беруге тырыстық па? Қайдам?!
Міне, редакциямызда американ қызы қонақта отыр. Оны қа
зақтың айтыс өнері қызықтырады. Ал, бізді американдықтардың
өз ақындары туралы не ойлайтындары ынтықтырған. «Шыным
ды айтсам,– дейді антрополог қыз, американдықтардың ақындар
жайлы пікірлері өте төмен. Олар өлең жазатын қай-қай жанды
да мінезсіз, өмірден өз орнын таппаған, жолы болмаған, жүйкесі
жұқа, қияли жандар санайды. Жапы, Америкада поэзия оқылмай
ды десем де болады».
Мәне, бұл жас американ зиялысының сөзі. Америкада поэзияға
орын жоқтығын ашық мойындап отыр. Аңласақ, баяғыда Есенин
барып түңіліп қайтқан, гүл түгілі тезектің иісі шықпайтын «Темір
қала» екен деп түкіріп қайтқан Америка әлі сол баяғы қалпын
да екен. Ал бұл екі ортада біздің қанша ақынымыз Есенинмен
дерттеніп, Есенинге еліктеймін деп есіріктенбеді дейсіз. Есенин
ше шайқаламыз деп өз басын өздері жұтып қойғандары қанша
ма. Шынымды айтсам, алтын басты Есенин түңіліп қайтқан, есе
ниншіл болып көрінгісі келетін Евтушенко болса доллары үшін
ғана баратын сол Америкаға менің барғым да келмейді. Сіздің ше?
Енді сауал туады. Сол Американың сол мықты ақындары сол
Америкада неге оқылмайды?
Жауап біреу-ақ болуға тиіс, өйткені онда шынайы поэзияға
орын қалмаған. Ал ақынмын деп жүргендері, жаңағы қыз айтқан
дай, шынында да кілең маңдай соры бес елі бейбақтар болуы бек
мүмкін. Ал егер ағылшын тілі мықты болып отырса, бұл жаңағы
ақындар емес, сол баяғы саудагерлері мен саясатшылары ғана қа
лыптастырып отырған жасанды көрініс екендігі еш құпия емес.
Әйтсе де саясатшы мен саудагер рухтың ұлылығына ешқашан да
балама бола алған емес және ешқашан бола алмайды да.
Қысқасы, өз елінде оқылмайтын Америка мен Батыстың поэ
зиясы бізге үлгі болуы мүмкін емес. Оларға еліктеп-солықтасақ
өзімізде бардан айырылатын күніміздің де алыс қалмағандығы.
... Ойла, бала,
Ойлан, бала,
Ойлан деп,
Уақыт тұр қарнын сипап, тойған боп.
Ертпей кетті жаңа ағындар жаныққан,
Ерейін деп мен елпілдей қойғам жоқ.
Кетті солай ілескендер дүбірге,
Жанап өтті –
Елемедім бірін де.
Қарап өтті –
Қарағандай кей бірі
Қайтып келер қазығындай түбінде...
(Есенғали Раушанов, «Сыр»).
Міне, осы сөз рас сөз. Осы сөзді айтып отырған ақынның да, қа
зақ поэзиясының да қуат-қайраты осы байламда. Ал оларды қуатсыз
деп айта алмайсыз. Бұл – қазақ оқырманын әлі талай қуандыратын,
талай бәйгеден озып келетін жүйрік талғам, сергек сезім серпіні.
Жиырмасыншы ғасырдағы ұлы қазақ ақыны (Жұмекен Нәжіме
денов) жыр жинағын «Менің топырағым» деп атады. Өмірден то
пырағының тілеуін тілеп өтті. Еш күмән жоқ, топырағымыз аман
болса, топырағының тілеуін тілеп, тынысын жырлап өтетін әлі та
лай-талай талантты табиғи ақындарды дүниеге келтіреді.
Ал, қазақ поэзиясы, басты мұраты Абай айтқан:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы,– болып, әлі талай ғасырлар
дың есігін именбей аша бермек.
Қазақстанның Америка болғысы келмейді, ал Америка қанша
тырысса да Қазақстан бола ала ма?
Сөз соңында тағы да бір сауал, қызық сауал:
– Есенин барғанда бүйрегі бүлк етпеген Америка Есенғали Рау
шанов барса қалай қарсы алар екен?
ТҮРКІГЕ ОРТАҚ ТОЙ БАР МА?
Анау жылы өзбек ағайынның «Алпамыс батыр» жырының пә
ленбай жүз жылдығын дүркіретіп атап өткені жадымызда. Жасы
ратын несі бар, көрші бауырларымыз досы сүйсініп, жауы күйі
нердей-ақ сән-салтанаты қырық көштік, әңгімесі қырық кештік
толағай толғамды той жасады. Әлішер Науаи, Абдулла Қады
рилердің елі бір шалқып, жасап қалды. Ендігі ол да тарихтың
еншісіндегі шаруа. Бірақ ағайынның тойының аяғы пыш-пышқа
толы қауесет әңгімесіз болушы ма еді? Ондай эпилогтан өзбек
ағайынның бұл тойы да құр қалғаны жоқ. Иә, өзбек ағайын ала
топшысын аспанға ата қуанған осы тойдан тағы бір есімізде қал
ғаны, қайсыбір қазекемдердің реніші болғандығы да әлі күнге көз
алдымызда. Сондағы қазекемнің намысына тиіп, қанын қыздыр ған не нәрсе дейсіздер ғой? Ол қазаққа тиесілі делінетін батырды өзбектердің иемденіп кеткендігі еді. Біз мұны біраз бауырымыз дың «Өзбектер бабамызды өзімізге қайтарып берсін» деген әңгі месін өз құлағымызбен естігеннен кейін айтып отырмыз. Бірақ өзбек тойына ренішін айтқан тек қазақ қана болды ма? Біздіңше, Таулы Алтайдан Жерорта теңізі жағалауындағы Ана долыға дейінгі бүкіл түркі тектес шуылдаған болуы керек. Шуыл дамағанда ше! Мысалы, әзірбайжан ағайын орта ғасырларда-ақ өз тілінде хатқа түскен «Қорқыт атаның кітабындағы» Бамсы-Бей рек – Алпамысын өзгеге қалай қия қойсын?! Оның арғы жағын дағы түріктің де бұл жырға өзіміздікі деп таңба тағуына әбден қақысы барлығы анық. Татар да, башқұрт та осындай әңгіме ай туға құқылы екендігін тағы ешкім жоққа шығара алмайды. Ақыр соңы Таулы Алтайдағы азғантай түркі тектестерде де «Алпамыс батыр» жырының өзіндік жергілікті нұсқалары бары мәлім. Осы той үстінде олардың да тісін қышырлата бір қайрап алуы әбден қисынды әрекет. Дегенмен өзбектікін бұрыс болды деп айтуға және болмайды. Даукес ағайынға айтар уәж бұларда да жеткілікті. Өзбек тілінде ХХ ғасырдың 50-жылдары кітап болып шыққан жырдың нұсқасын алдыңызға көлденең тарта қояды. Одан қалса жырдың әлқиссасы басталатын Жиделі-Байсыныңыз да осы елдің аумағындағы тарихи мекен болып табылады. Айтып, айтпай не керек, «Алпамыс батыр» жырының тойы өзбек ағайыннан басқа түркі тектестердің бәрі дерлік өкпе-назын білдірген тарихтағы сирек кездесетін басқосулардың бірі болып есімізде қалды. Ал осы тойды түркі тектестің ешқайсысы ренжімейтіндей той қылып өткізуге тарихи мүмкіндік бар ма еді? Біздің қисын бар бо латын дейді. Ол үшін бүкіл түркінің алдымен той емес, ой қуған зиялысы жиналып мәмілелі әңгіме жасаса жетіп жатқан-ды. Той дың өзі болса бүкіл түркіге тиісті батырдың тойы болып аталып өтуі керек-ті. Бүкіл түркі бірінен кейін бірі дүркірете жалғасты рып тойлауы қажет-ті. Міне, той осындай бағытта өткенде, оның ұрпақ алдында көтеретін жүгі жүз еселеп, мың еселеп артатын еді. Бүкіл түркінің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруына ықпал ететін игі мақсаттағы той болар-ды. Біз осындай Ұлы тойдан құр қалдық. Ойланбасақ әлі де құр қала беретін секілдіміз. Қауашағыңызды сәл қозғап көріңізші, жа қын арада бүкіл түркіге ортақ деп айтуға болатын той бар ма өзі? ПИФАГОР ДАНАЛЫҒЫ НЕМЕСЕ ИНТЕРНЕТТЕ «ИТТЕР» ҚАЙДАН ЖҮР?.. Аргентин Хорхе Луис Борхесте әйгілі Пифагор өмірінен алын ған мынандай бір қызықты дерек бар. Жазушының айтуынша,
дана Пифагор бірде-бір еңбегін қағаз бетіне түсіруге тырыспапты. Білген-түйгенін шәкірттеріне тек ауызша ғана жеткізіп отырған. Шәкірттерінің: – Ұстаз, сіздің парасат-пайымыңыз ашқан жаңалықтар қағаз бетіне түсіп, кітапқа айналғанда ғана ғасырлардан ғасырларға сақталады ғой,– деген кеңес сипатындағы ұсыныстарына ғұлама: – Егер қағаз бетіне түссе, ол ғылым-білімді әліппені білетін кез келген адам оқи алмақ. Ал, олардың арасында бұл қазынаны өзінің қарақан басының пайдасына немесе қарау пиғылдарына пайдала нуы ықтимал адам деген атқа лайық еместері де болуы мүмкін ғой. Мен еңбегімді кітапқа айналдырып түптетуге сондайлардан қорқамын. Ілім мен білім тек ізгі ниеттілердің ғана құзырында болуға тиіс. Білгенімді сендерге тек ауызша айтуымның сыры да осында. Себебі, мен сендердің, шәкірттерімнің қандай адам екенін жақсы білемін ғой. Жандүниесі таза сендерге аманаттап табыстаған жиған-тергеніме орта жолдан өзім білмейтін қайсыбір аярлар мен арамзалардың ортақтасуына, оны былғауына тіптен де құлқым жоқ, – деп жауап берген екен. Біздіңше, Пифагор айтты дейтін осы ғибраттың біздің бүгінгі «көзі ашық, әліппенің бар әрпін білетін» қайсыбір қазақ «ағайын ға» да қатысы бар. Әсіресе, интернет деген ұлы жетістіктің тілін білетін «сауатты», «сұңғыла бауырларға». Өйткені, интернеттің қайсыбір қазақ тіліндегі сайтын ашып қалып, ондағы қазақ бала сы өзінің бауыры туралы білдірген күлдібадам пікірсымақтарға көз жүгіртсеңіз, қазақтың «білімділігіне» бас шайқап, түк кінәсі жоқ білім байғұстың осы бір «қарау пиғылдардың» қорқау ниетіне қызмет жасап жатқанын аңғарар едіңіз. Аты-жөні белгісіз аноним біреулер тағы біреулердің үстіне аямай қара май жағып, күстана лап жатқаны. Қара есекке теріс мінгізгісі келіп, алаөкпе болып ты раштанатындары-ай... ... Жағаңды ұстайсың. Жағаңды ұстайсың да, осы біздің қазақ рухани кембағал емес пе екен деген ойға қаласың. Әйтпесе, ин тернеттің тілін білуге дейін ми клеткаларының қабілеті жеткен қазекең мұншалық төмендемес еді ғой дейсің. Иә, қайсыбір қазақтың сөйлем құрай алар «сауаты» барлығы қазаққа сор болып тұр. Абай жиіркеніп, Пушкин лағнет айтатын «сауаттылық» (Пушкиннің түбіне де аноним хаттар жеткен-ді). Бүркеніп алып, жүзін көрсетпей тас ататын қорқау «сауаттылық». Егер біздің арамызда тірі Пушкин жүрсе, отыз жеті жасына жеткіз бей-ақ желкесін үзетін, Мағжан аман болса тірідей көрге көмуден тартынбайтын аноним «сауаттылық»... Қайран Пифагор қартым-ау, екі жарым мың жылдай уақыттан соң сенің даналығыңа тағы бір қазақ баласы таң қалуда. Таң қал масқа не шара? Өйткені, адам парасатының ұшар шыңы іспеттес интернет деп аталатын Жер шарын тұтас қаусырып алған алып ор
ганизмнің денесіне иесі жоқ «иттердің» де үйшік сап, «биттердің» де сіркелейтінін, «сауатты», «білікті» әңгіме қозғауға тырысатын дығын сен сол кезде-ақ түйсінген екенсің-ау. Солай, ақынның сөзін өңін сәл өзгертіп айтар болсақ, интернет те «қазақты қазақ өлтіру ойыны» жүріп жатыр. Бұл «ойын» енді қазақты қазақ түгел тауысып бітпей, тоқтамайтын секілді. Қорқы ныштысы да осы... МАҚТАНА БІЛЕМІЗ БЕ? Мақтаудың түбін түсіретінімізге күмәнім жоқ. Күнде көріпбіліп, естіп жүрміз. Ал осы біз мақтана білеміз бе? Басқа-басқа, дәл осы мақтана білетіндігімізге өз басымның күмәнім бар. Балықшының баласы Михаило Ломоносов өзі құрастырған «Ресей грамматикасының» кіріспесінде орыс тілі туралы оның бойына «испан тілінің әсемдігі, француз тілінің қызбалығы, неміс тілінің салмақтылығы, итальян тілінің назды нәзіктігі, сондай-ақ, грек пен латын тілдерінің байлығы мен бейнелеп айтудағы қысқа да нұсқа нақтылығы жинақталған» деп шалқыпты. Біз болсақ, әлі сол «қазақтар даланың француздары» деп әл декім ойланып, әлде ойланбай айтып қалған сөзге мәзбіз. Балықшының баласы орыс тілінің құшағына испан, француз, неміс, итальянды, грек, латынымен қосып әлдеқашан қаусырып алғанына назар да аударғымыз келмейді. Айттым ғой, біз мақтана білмейміз. Осы қыста ауылға барғанда үйдегі қалың кітаптардың арасы нан Чеховтың қазақша үш томдық таңдамалы шығармалар жина ғының бірінші томын тауып алдым. Еріксіз бірінші бетіне көзім түсті, баспадан 1955 жылы шығыпты. Міне, тағы бір жыл сынап тай сырғып өте шықса, Чехов қазақша сөйлегелі, көлемі кәдуілгі нән кірпіштей үш том болып, қандастарымыз кітапханасының сө релеріне қаланғалы жарты ғасыр уақыт болады екен. Кеудемді мақтаныш кернеді. Әлемнің ең үздік, ең саңлақ деген жазушыларының өздері ұстазы мыз, жол көрсетушіміз деп еш ұялмай айтатын, талант жарыстырғы сы келетін, нашар жазып қойса аруағынан ұялатынын мойындайтын осы Чеховтың елу жылда қазақ болып кетпегенде несі қалды дейсіз? Ал, ол жай Чехов емес, испан, неміс, француз, итальянды, грек һәм латынымен қоса жұтып жіберетін орыс тілінің айтулы сөз зергері. Ре сей әдебиетінің ғана емес, әлем әебиетінің пірлерінің бірі ғой. Қандай бір заман болып, орыс жойылып кетсе де Чехов қала беретіні анық. Сонда, сонша тілдің мінезі, бояуы бір бойынан табылатын орыс тілін жарты ғасыр бұрын-ақ жәукемдеп тастаған қазақ тілі қандай тіл болмақ?
Сөз жоқ, анау тілдермен бірге орыс тілінің ормандай ойлылығы да бір басынан табылатын, әр сөзі сегіз қырлы, бір сырлы, бәлкім, сексен сегіз қырлы, дүр сырлы тіл болады. Басыма осындай ойлар келгенде, кеудемді мақтаныш тербетті... сосын ұялдым. Бүгінді, сізді, бізді, кеше ғана мемлекеттік тілге қарсы шығып, мемлекеттік тілді, қоғамды менсінбей «абыройынан айырылған» халық қалаулыларын... есіме алып ұялдым. Ағаларымыз жарты ғасыр бұрын алып қойған биіктіктен аса ал май жатқанымызға қысылдым. Чеховқа әлі бір жыл бар ғой, биыл Гогольдің көп томдығы қа зақ тілінің қалыбына түсіп, кең далаға жол тартқанына анық аттай елу жыл болады. Бұны аңдаусызда біліп қалғанымда, маңдайдан тіпті бұршақ-бұршақ тер кетті. Санамда «Өлі жандар» авторының «Таңдамалы хаттарын» тәржімалаған Зейнолла Қабдолов ағамыз ды осы бір берекелі шаруаға араласқанымен құттықтап қоюды да ұмытып кетеміз біз жазған деген ой зырқ ете түсті. Бірақ бұл қазақ тілінің әлемдегі ұлы тілдердің бірі екендігін ұмытып кетіп жат қандығымыздың қасында шыбынның шаққанындай ғана болым сыз нәрсе ғой деп өзімді өзім жұбатқаным да рас. Айтпақшы, Тұрмағамбеттің «Рүстем Дастаны» мен Қалмақан Әбдіқадыровтың «Мың бір түнін» де арнайы мерекелеп өткенді ұмытпағанымыз жөн-ау. (Олардың қазақшаланғанына қанша жыл болды екен өзі?!) Себебі, біздің тілде парсы тілінің періште әуезі мен араб тілінің ақ еділ емін-жарқындығы да бар. Құдайға шүкір, бір сөзбен айтқанда, біздің тіл – қай қиырды да жаулап үйренген жауынгер тіл емес пе еді! Ал «байдың аузы сасық баласы» не десе де өзі білсін... Қысыл ғанда нені айтып, нені қойғанымды өзім де білмей қалдым ғой деймін. Әйтеуір, ағайын, мақтауды ғана емес, мақтануды да үйре нейікші... «ШАХНАМА», ШАРАСЫЗ ФИРДОУСИ ЖӘНЕ БІЗ Бала кезімде ұлы ақынның осындай әрекетке неліктен барған дығын түсіне алмай дал болатынмын. Осынша ойлы басымен қайдағы бір әміршіге жарамсақтанғаны несі деп ұлы ақынды жек көріп кеткен кездерім де болды. Басқа-басқа, құдіретті «Шахна маны», әлдебіреулердің айтуынша, көлемі бір сандыққа әзер сия тын «Шахнаманы», бар болғаны, сұлтан Махмұдқа тарту ету үшін жазылған деу, мен үшін ұлы ақынның аруағы алдында күпіршілік жасау секілді сезілетін. Ақын кім, әмірші кім, арасы жер мен көк тей деп түсінемін ғой сол баяғы бала қиялымда. Сосын көктен жерге түскендей болған, пендешіліктің былығына белшеден бат қан ақынды аяп кетемін тағы да.
Кейін түсіндім, Фирдоусидікі дұрыс екен. Ақында да құрсақ бар, отбасы бар, ішіп-жем, еркін жүріп-тұрыс керек. Бұл жағы қаржыға барып тіреледі. Рас, «Шахнама» ұлы шығарма, бірақ ол қолжазба күйінде құр қолжазба ғана, қолға су құюға да жарамайды. Ал, керісін ше, ыңғайы келген тірлік боп, әміршінің көңілінен шығып, талға мын тәнті етіп жатса, бұл төккен тер, ыждаһатты, тынымсыз қанша ма жылдық шығармашылық еңбектің ақталғаны. Бүгінгі түсінікке түсіргенде, рухани дүниенің материалдық игілікке айналуы. Сосын, Махмұд сұлтанның өзі де кеңес кезінде санаға сіңіре бергендей қал талы да құзырлы көп топастың бірі болмай шықса не дейсіз? Енді өзгені, өзге заманды қойып, өзімізге, бүгінге оралайық. Міне, «тіліне тікен шыққыр» тележурналист бауырым танымал ақын ағамызға сауал қойып отыр. Сауал ауаны мынадай: – Бүгінгі әдебиетке келіп жатқан жастар, әлі бітірген түктері болмаса да, мемлекеттен баспана сұрап жатыр, осылары – бере бер, ала береміз деген астамшыл тоғышарлық емес пе? – Біз де кезінде пәтерден пәтерге қаңғырып жүрдік. Қаңғырып жүріп те бір нәрсе бітіретінбіз. Ал бүгінгі жастардың сұраншақ, жылауық болып кеткендерін өз басым түсінбеймін. Сауал дұрыс қойылса, жауап та дұрыс болмақ керек-ті. Ағамның орнында Әбілқасым Фирдоуси отырса қалай жауап берер еді, ағам ның жауабына көңілім толмаған мен еріксіз осындай ойға батамын. «Ағам әдебиетке келген тұста мемлекет қайырымды еді, өмір ертегі еді, бұл да бір қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болатын. Таланттысың ба, талантсызсың ба демей, саралап бөліп жатпай бәріне түбі бір төбелеріне шатыр тігіп беретін. Ол кездің талантсызы да бақытты еді ғой, шіркін...» Бір ойым осы ауанда қаңғиды. «Шахнамасын» отыз жыл жазып, сол отыз жылдық азабының өтеуіне отыз теңге де ала алмай кеткен Фирдоуси, мен, асылы, көзі тірі ағаммен емес, он ғасыр бұрын сүйегі қурап кеткен сенімен заман дас болармын-ау» дейді санама сыналап еніп кеткен тағы бір ой легі. «Қайран Махмұд, жарамсақтардың желбуаз сөзіне ермей, қол жазбаны өзің бір парақтап шыққанда, әдебиеттің назасына, Фир доусидің қазасына себепкер болмас едің-ау» дейді қай нәрсеге де түсіністікпен қарағысы келетін тағы бір ойым. Жұмекен мен Шәмшіге мәңгә риза атақты «Менің Қазақ-ста ным». Қанша шумақ еді өзі? Бүгінгі қазақ парсының «Шахнамасынан» хабарсыз болса да «Менің Қазақстанымды» жақсы біледі. Меніңше, бұның көлемі де бала кезімде қиялымды сан тербеткен «Шахнама» секілді бір сандық болады. Кем сандық емес, тең сандық. Мұндай сандықтар жастар түгілі төбесінде шатыры бар ағалары мызда да некен-саяқ. Бізге осы, бір ойланып көрейікші, шын ойла нып көрейікші, өнер керек пе, көлем керек пе?
Өнер керек болса, онда өнерге енді келіп жатқан жас өрен дерімізге, іні-қарындастарымызға жанашырлықпен қарамайтын дығымыз неліктен? Сөз соңында ретсіз жерде есімін атап, құлағын шуылдатқаны мыз үшін Фирдоуси, ұлы Фирдоусидің аруағынан кешірім сұ рауды жөн көрдік. Ғайыптан тайып, құдайдың құдіретімен қайта туып, кездейсоқ бүгінгі күні әдебиетке, қазақ әдебиетіне араласа қалса ол кісі де бір Фирдоусиді іздеп кетер еді деген ой ғана аш құрсақ көңілімізге медеу... Нақтылап айтсақ, өзгелер жайлының бәрі де өзіміз туралы әңгі ме болып шығады емес пе! «АРАЙ» ЖУРНАЛЫ, 1200 АҚЫН ЖӘНЕ АРИФМЕТИКА Әлі есімде, 1989 жылдың күзінде армиядан оралғасын ауылда көп аялдамай Алматыға тартқам. Үлкен қалада алдымен бас сұқ қаным «Жалын» журналының поэзия бөлімі болды. Бөлім мең герушісі белгілі жазушы Рақымжан Отарбаев сырттай танысты ғымыз (хат арқылы) әлде әкеме пейіл қарыз болғандықтан ба (өз алдына бөлек әңгіме), жақсы қарсы алды. Ертесіне бір топ өлеңімді дайындап әкелетін болып келіскеннен кейін, жазушы ағам: – «Арай» журналында Мейірхан дейтін азамат бар. Ол кісіге де бір топ өлеңдеріңді тастап кет,– деп кеңес берген. Міне, «Арай» журналы орналасқан үйдің дәлізінде тұрмын. Тиесілі кабинетке де ендім. Аз-мұз танысудан кейін «Жалындағы дай» емес, Мейірхан ағам өлең оқы демеді. – Қазақстанда кемі 1200 ақын бар. Бәрін жариялау «Арай» жур налының міндеті емес,– деген бір ғана ауыз сөз айтты. Неге екенін білмеймін, көңілім алып-ұшып тұрған албырт жаста болсам да осы сөзге дәл сол сәтте ренжіген жоқпын. Ертесіне, «Жа лынға» да өлең тастамай, ауылға көңілді қайтқаным әлі күн жадымда. Кейін студент болдық. Оң-солды тани бастадық. «Қазақ әде биеті» газетіне алғашқы мақаламды сол сапар Рақымжан ағаның қасында отырған (есінде жоқ шығар), әрдайым жастардың жана шыры болып жүретін жазушымыз Жұмабай Шаштайұлы бастыр ды. Осы газетте жарық көрген тұңғыш өлеңіме Мейірхан ағаның ықыласты қолы тигенін де ризалықпен айта аламын. Қазір ойлансам, сол кездер «Арайдың» дүркіреп тұрған уақыты екен. Тыныштықбек Әбдікәкімов, Сабыр Адай, Гүлнәр Салықбае ва, құрдасым, марқұм Әділ Ботпанов, міне, осы есімдердін өздеріақ өлең қадірін білетін адамға «Арай» журналында ол тұстары өлеңге деген талаптың қаншалық кірпияз болғандығын аңғартса керек. Мысалы, 1200 ақыннан журналдың бір жылдық 12 санына сен тұр, мен атайын 12 ақынды таңдап, іріктеп басу, шығармашы
лық мүмкіндігін тап басып жариялау қиынның қиыны екендігіне кім күмәндана алады. Енді негізгі әңгімеге оралайық. «Қазақ әдебиеті» газетінің бір жылда оқырман қолына 52 нөмірі тиеді екен. Яғни, орта мөлшер мен 50-60 ақынның өлеңі жарияланады деген сөз. Есепке салып пайымдасақ, бұдан бір жылда бүкіл Қазақстандағы қолына қалам алып жыр жазатын қауымның 20-дан бірі – 5 пайызының ғана шығармашылығы «Қазақ әдебиетінде» көріне алатындығын аңға рамыз. Бір қарағанның өзінде-ақ аз, тым аз екендігіне шек жоқ. Демек, азды саз қылып пайдалануымыз керек емес пе?! Жоқ, бізде олай емес. Көктемде жарияланған ағамыз не тә теміздің күзде тағы шыққысы келіп тұратыны бар. Және бір жыл дың ішінде. Бейнебір жыл құстары секілді. Кезек күту деген жоқ. Өйткені кезек күтуге көкірегі жібермей жататын жайы бар. Рас, 1200-дің бәрі аузымен құс тістеген ақындар емес. Әйтсе де кем 300-інің өлеңге таза таласы бар, мықтысы 50-60-ы ғана. Ал, ұлысы қанша, оны біз де өткеннен қалған үлгімен тарихтың таразысына қалдырамыз. Бірақ сол ұлылар осы 50-60 емес, анау 300-дің ішінде жүргеніне сіз де, біз де дау айта аламыз ба? Айта алмаспыз. Демек, азы 300 ақынның өлеңі «Қазақ әдебиетінде» жариялануға құқылы болып шығады. Осы ретпен кезекке салсақ, өлең жазған кім-кімнің де жариялануға реті берісі 2-3, арысы 4-5 жылда ғана келеді екен. Осыны редакция жағалағыш аға-апайлар ға қалай түсіндіруге болады, біз білмедік. Редакциямызға қызметке келгеніме үш көктемдей уақыт болып ты. Бірақ Ертай Ашықбаев, Тыныштықбек Әбдікәкім, Светқали Нұржан, Сабыр Адайлардың бірде бір топтамасы назарыма түспе геніне таңмын. Шамасы, кезегін күтуді білетін мәрт жігіттер осы лар болса керек. Болмаса, таланттары кімнен кем! Осы пайымнан зерделегенде Қуандық Шолақ, Әбен Дәуренбековтер де қатардан қалыс қалатындай ақындар ма еді? Жоқ. Жоқ. Жоқ. Амал жоқ, өлеңін газет бетінен көруге құмар кейбір «ұшқалақ» аға-апаларымыздың «құлағына алтын сырға» болсын деп біздің де осындай арифметикалық қарапайым тәсілдерге сүйенуімізге тура келіп отыр. Шын поэзияға алу, қосу, азайту, жүрмейтінін білсек те. Өйткені, көкке ұша бермей, қарапайым пенде ретінде кейде осын дай жайттарды да ойлана жүрген дұрыс қой. СЕРЖАНТ ПЕН СОЛДАТ, ЖАС ӘДЕБИЕТШІ ЖӘНЕ МАДАҚНАМА Әңгіме әдебиетке жаңа келіп жатқан жастар туралы. Ана жылдары, Кеңес Одағы әлі тарқамай тұрғанда Отан алдын дағы әскери борышымды Венгрияда өтеуге тура келген.
Жауынгер формасын киген алғашқы күндер. Сержанттар бір топ «жастарды», он шақты ұлттан құралған бізді таң демейді, кеш демейді, күннің көзі қырауда турникке асылдырып қояды. Мұздай темір алақаныңды қарып бара жатса да түсуге қақың жоқ. Әскери дайындықта күн сайын сәл де болса алға жылжуға тиістісің. Сон дай азапты сәтте қасымыздан рота командирі Прокофьев жай ба сып өтіп бара жатады. Біз жалынышты көзбен «мыналары жауыз дық қой, бізді арашалап алсаңызшы» дегендей ойды жеткізуге тырысамыз. Бірақ капитанымыз түкті байқамағандай асықпай өте шығады. «Ит екен ғой» деп ішімізден сыбап, жыларман боп біз қаламыз. Бір күні батальонда сол кісіге Ауған соғысында көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденін тапсыру рәсімі болды. Орден тап сырушы жоғары шенді офицерлер группа штабынан арнайы келді. Соңы кездесуге ұласты. «Ит» командиріміз бір өзі ескі «Т-34» танкі мен жүзден астам кеңестік жауынгердің дұшпандардың қоршауы нан шығуына мұрындық болған қаһарман екенін білдік. Сонда ко мандиріміз өз басынан кешкен мынандай бір оқиғаны айтып берді: Мен жас жауынгерлерді жақсы түсінемін. Олар мені қатыгез деп ойлайды. Бірақ бұлай болмасқа менің де қақым жоқ. Ауғанда барлаушылар взводын басқарып жүргенімде бір топ «жастар» қарамағыма түсті. Бірі мәскеулік, зиялы отбасында өс кен ақсаусақ бала екендігі көрініп тұр. Оны бір сержантқа шыңда, қолыңа ал деп арнайы табыстадым. Сержант жанын қинап жіберсе керек, бір күні жас жауынгер оның үстінен шағым айтып келді. Мен сержанттан әлгі ақ саусақты бұдан әрі қинай бермеуін өтіндім. Барлау командир барлауға барарда отрядын өзі кәміл сенім ар татын жауынгерлерден жасақтауға құқылы. Бөлімшелеріміз қан шама рет әскери барлау тапсырмаларына шығып жатты, бірақ со ның біріне де жаңағы жас жауынгер тартылмады. Өйткені, оған ешкім сенбейтін. Әрдайым казармада, өзімен-өзі жүреді де қояды. Қазасыз соғыс, ерліксіз шайқас жоқ, от пен оқтың ортасында жүрген құрдастарының көзіне түрткі болғысы келмеді ме, әлде, намысы оянды ма, жаңағы солдат бір күні жаттығуды өзі бастады. Келесі бар тапсырма үстінде бұл жорыққа өзі де барғысы келетінін айтып сұранды. Мен шешімді тек сержант қана қабылдайтынын білдірдім. Сержант оны өз отрядына алды. Кейін білдік, сол отряд тауда дұшпандардың тосқауылына ұшырап қалып, сержант қатты жараланыпты. Төңірек түгел тау-тас, алып кетуге тікұшақ қона тындай жер жоқ, жаралы сержантты етекке түсіруге тура келген. Сонда жаңағы солдат сол баяғы өзі үстінен шағым айтатын сер жантын өзі арқалап жүгіріпті. Қансырап қалған сержант жауын гері қуат көрсетпегенде ажалдың тырнағына шырмалғандай екен. Міне, менің сендерге қатал болғым келетіні де осындай себептен. Егер мен аяушылық танытсам, әлсіздік көрсетсем, сіздер де әлсіз
болып шығасыздар. Ал нағыз соғыс жағдайында өзге түгіл өзін
алып жүре алмайтын жауынгердің барынан жоғы жақсы. Бүгін
қиналсаңыздар, қинала отырып шыңдаласыздар. Сонда ғана сын
сәтте өздерің үшін де, өзгелер үшін де жауап бере алатын бола
сыңдар.
Біз командир қаталдығының құпиясын осы әңгімеден кейін
түсіндік. Түсінгенімізден болар, Құдайға шүкір, қатарымызда на
шар жауынгер болған жоқ.
Бұл әңгіменің жас әдебиетшілерге не қатысы бар?
Қатысы мынада. Біз әдебиетке енді-енді келіп жатқан жастар
ды мақтауға,тіпті мадақтауға дағдыланып бара жатқандаймыз.
Бүгінгі поэзия өсіп кетті деп ауыз толтыра айтамыз, бірақ қалай
өскенін таратып айтып жатқанымыз және шамалы. Есесіне әде
биетті ен жайлау қылуға ынтық боркемік жастар қаптаулы. Асы
лы, оңды-солды үлестіре беретіндей емес, жастарға «аванс» бе
рудің де белгілі бір шегі болса керек-ті.
Міне, кезекті бір жас талапкер. Білетіні тек Мұқағали ғана.
Онда да дақпырты. Мұқағали аударған Дантенің «Құдіретті коме
диясын» (Антика мен орта ғасырлардың рухани энциклопедиясы
іспетті) білгісі де келмейді. Санасының бір бұрышында Құдай
берген талант болса, ешкімді оқымай-ақ айтулы ақын боламын
ғой деген сенім де жоқ емес. Айтыса кетсе, «Есенин де ешкімді
оқымаған» дейді ол. «Библия» мен «Өлі жандарды» парақтап жат
қа білетін, қайсыбір ғылым кандидаттарымыз да жаза алмайтын
«Мариам бастауларын» дүниеге әкелген Есенинді ойланбай-ақ өз
деңгейіне түсіре салады. Ойпыр-ай дейсің. Әне, сол талапкерді
ендігі бір әдеби жиында қайсыбір белгілі ақын-жазушы көпірте
мақтап тұрады. Сосын «Бүгінгі поэзиямыз өсіп кеткен» деп ке
летін әбден жаттауырын жегі болған түйінді тағы да қайталайды.
Бұны жаңағы талапкерге қаратып айтады.
Ғажап! Осы біз жастарымызды орынсыз мақтау арқылы поэзия
мыздың болашаққа тартар тамырына балта шауып жатқан жоқпыз
ба? Мұқағалидан бастау ап, Жұмекеннен тұшынбаған, Төлегеннен
шөл басып, Қадырмен қуаттанбаған сосын Тұманбайдың тұмасы
на ынтықпаған, Жұматаймен уанып, Кеңшілікпен ойға батпаған
талапкердің түбі жарып шығуы неғайбыл-ау! Неғайбыл емес, жа
рып шықпайды ол. Ал біз мақтаймыз келіп.
Әдебиет те майдан. Шашы да, сақалы да бурыл командир қа
ламгер әкейлер, Сіздер әдебиеттің әскери тапсырмасын орындауға
өздеріңізбен бірге жастардан кімдерді сенім артып қатарларыңыз
ға алар едіңіздер? Сіз ғұмырыңызды тіккен қазақ әдебиетін, сіздің
өзіңізді де жаныңыз алқымға келгенде аман алып шыға алатын
жастар бар ма?
Осы жағына да бір сәт назар аударсаңыздар екен.
«Дайындық қалай, талапкер?» дейтін қатал сауалды ортаға тас тайтын уақыт жеткен секілді. Рас емес пе?.. ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖАЙЫНДА Әкем кітапқұмар адам. Содан болар, біздің үйдің кітапханасын ауылдық жердегі бір отбасы үшін үп-үлкен, қоры мол кітапхана деп айтуға әбден болатын секілді. Әрине, салыстырмалы түрде ал ғанда. Әйтпесе төрт бөлмесінің қабырғасы түгел кітаппен өрілген шаңырақтар да баршылық қой. Әкемнің жинағаны, негізінен қазақша, өзбекше кітаптар. Өз бекше дегенде, «Мешіттен шыққан шаян», «Әмірдің қылышы», «Шырын мен Шекер», «Кек», «Қалқан мен қылыш» болып кете барады. Омар Хайям рубаиларының үш тілдегі жинағы да осы кі тапхананың сөресінен орын тепкен. Тіпті, ара-тұра кім әкелгені белгісіз урду, хинди тілдеріндегі кітаптар да кездесіп қалатыны бар. Кейде, қарапайым диханға осының бәрі неге керек болды екен де ген де ойға қаласың. Асылы, бізден, балаларынан үміт күткен болса керек. Әйтпесе, «Орыс-араб сөздігінің» қос томдығы әкеме қажет болмағандығы анық. Ал, «Аттағұл фатиз лұғати ат-түрік» деген кі таптың мұнда қалай келгендігіне таңмын. Соңына таман орта ға сырлардағы қыпшақ сөздігі берілген осы кітапты қазақ жазды десе де сенердейсің. Өйткені сөздік қазақша сайрап тұр. Бірақ осы кітапханада кітаптардан бөлек тағы бір дүние бар. Кітап емес, әрине. Әкемнің мектеп жасында қолмен көшірген қолжазбасы. «Әмір-Әмзе» атты қисса-дастан. Кәдімгі Мұхаммед пайғамбарымызды таспен шөкелеуден арашалап алып қалған на ғашысы батыр Хамза-Әмзе туралы. Авторы кім екендігін әкем де білмейді. Парағы сарғыш тартқан қалың дәптерге көшірілген осы бір қисса мен үшін тым ыстық. Ол маған әкемнің көңіл-күйі, жан дүниесі, өмір сүрген ортасы туралы хабар беретіндей. Атам діндарлау кісі еді, сол кісінің де әсері байқалатындай. Содан болар, ауылға барып, кітапха наны ашқан сайын осы қолжазбаны бір сәт болса да қолыммен ұстап көремін. Осы қолжазба бейнебір өткенім мен бүгінімді, бүгінім мен ертеңімді жалғастырып жатқандай көрінеді. Адамзат тәжірибесі қолжазбалар өртенбейді дейді. Рас болса расақ шығар. Болмаса сонау көнекөз шумер-аккад, мысыр, бабыл, хэт жазбаларын оқи алмас едік қой. Адамзаттың өзі болған-болмағанын ұмытып кеткен осы халықтар араға 3-4 мың жыл уақыт салып барып, сына тастар мен қыш кірпіштерде қалған жазбалар арқылы қайта сөйлеген жоқ па! Пендеуи тірлікпен жүріп өзінен басқаны ұмытып кете беретін адамзат жадын жаңғыртқан сол қолжазбаларға рахмет!
Қолжазбалар жайлы әңгіме көп. Солардың бірі татар ақыны Мұса Жәлелдің «Моабит дәптері» жайлы. Түрмеде жатып, өлім алдында жазылған өлеңдері көшірілген дәптерлерді камералас досы Отанына әкетіп тапсырмағанда біз тарпаң мінезді ақын Мұса туралы бір нәрсе білер ме едік. Қайдам? Кім біледі, бәлкім оны Отанын сатқан азғын, фашистермен қоян-қолтық жұмыс істескен жауыз ретінде тануымыз да мүмкін еді-ау. Ақынға арашаға түскен, асқақ арманынан хабардар еткен жыр қолжазбаларына алғыс! Орыстар Есениннің қанмен жазылған соңғы қоштасу өлеңіне дейін экспертизалық лабораториядан өткізіп, тұжырым пікір орнықтырып алды. Өлең расында да қанмен жазылған болып шықты. Жүйкесі әбден тозып, ауруға шалдыққан ақынның аяулы соңғы сәттерінен хабар бе ретін өлең қолжазбасына жанашырлық, асылы, осындай-ақ болса керек. Ал, бізде ше? «Рауа бану», «Лұқпан хакім» секілді жыр жәдігерлерін жазған Тұрмағамбет Ізтілеуов «Шахнамені» де түгелдей дерлік аударғаны бүгін белгілі болып отыр. Өзімізге таныс 24 мың жолдық қап-қалың көк тысты «Рүстем дастаны» толағай аударманың жартысынан аста мы ғана екен. Әлі 14 мың жолы жарық көрмепті. Бүгін белгілі болып отыр дейміз-ау, бұл туралы кезінде-ақ біраз адамдар хабардар болған көрінеді. Марқұм Мардан Байділдаев ағамыз көзінің қарашығындай сақтаған жәдігерлердің жалғасы қазір қызылордалық жыршы Ал мас Алматовтың қолында болуы керек деген сөзді де естіп жатыр мыз. Егер осы қолжазба қолдауын тауып, жарық көріп жатса, қазақ аударма өнерінің жұлдызы жоғары екендігіне көзіміз тағы да жете түскендей болар еді-ау! Тек аударма емес, асыл мұраларымызға да жанашырлықпен, ел болып, халық болып байсалды, басалқалы қа рай алатындығымыздың айғағы болмас па еді! Жоқ, біз шашылған несібемізді, төгілген ырысымызды жинауға келгенде әлі де мимырт тап жүрген секілдіміз. Әйтпесе, бүгінгі сирек қолжазбалар қорын да Шәді төре, Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары, басқалардан қалған көзқимас дүниелер жоқ дегенге кім иланар? Дегенмен, қолжазбалар өртенбейді деген сөзге сенгің келеді. Жо ғалса, қолжазба қадірін білетін біреулердің қолында жүруі әбден мүмкін. Олай болса, «Шахнаме» жалғасын бір кезде ауылға алып кет кен Алмас Алматов аға да үн қатып қалар. Осындай үн қолжазбалар қорынан да естіліп жатса құба-құп болар еді. Ең бастысы, ақын-жазушы қолжазбалары халық мұрасы екендігін ұмытпайық. ДУЭЛЬ, ДУАЛЫ АУЫЗ АҚЫНҒА АРАША ЖӘНЕ ДОСТОЕВСКИЙ Дюманың «Үш ноянын» немесе Лермонтовтың «Біздің заманның қаһарманын» оқып өскен адамға дуэльдің не екені, неден шығатыны,
түбі неге апарып соқтыратыны жап-жақсы-ақ белгілі болса керек. Жекпе-жекте атысушы екі адамның бірі көз жұмып, құрығанда, жа ралы болуы мүмкін. Оқ айдалаға қаңғырса, онда екеуі де сау... Қайсыбір оқырманның мынадай заманда дуэльді сөз қылып жату іші пысқан адамның әурешілігінен туған дертті һәлдің көрінісі деп ойлауы кәдік. Олай болуы да ықтимал. Кім біледі, арамызда обло мовтар да, обломовшылдық та ендігі пайда бола бастаған болар. Со ның бірі – біз болып жатсақ, өзімізге де обал жоқ. Бірақ заң-закон қорғай алмайтын, қорғауға құлықсыз ар-намысты қайда қоямыз? Әдебиетшілер қауымы дуэльшілерге қашан да бай болған. Лер монтов, Пушкин, Гумилев... бұл тізім созылып кете барады. Біз оқыр манға есімі бірнәрсе айта алатындарын ғана екшеп алып отырмыз. Ал, осы ақындарды көзі тірісінде ақымақ болған деп ешкім айта алмасы және шындық. Дуэль дегеннен шығады, қазіргі қазақ әдебиеті әр түрлі жөндіжөнсіз пікірталас, бітпейтін дау-дамайдың ошағына айналып тұр. Демократия екен деп, белден басып, тізеге салып жатқандар да баршылық. Кейбір тұста жеке бастың есебін түгендеп алсам деген пендешілік пиғыл да қылаң беріп қалады. Қайсыбір ақын-жазушы ларымыздың тарапына айтылып жатқан жеке басқа, азаматтық арнамысқа тиетін сөздерден ол түгілі, ол кісімен үш қайнаса сорпаңыз қосылмайтын сіздің де жүрегіңіз бірге шаншып кетеді кейде. Міне, бір топ ақын отыр. Арасындағы біреуі, тізгін ұстар жасқа жеткені тура бір өзі бүкіл әдебиеттің шаруасын «тындырып» тас тағандай, ақсақал ақынды жерден алып, жерге салып сыбап жатыр. Анау-мынау ақсақалшылдықтың пұт-құдайшығына айналған ақынды емес, азаматтығы да, ақындығы да халықтың көңілінен шығып, қоше метіне ие болған ақынды, және көзінше емес, сыртынан. Осы ортада сен құрмет тұтатын, қазақ әдебиеті барда шығармашылығы да бір ге жасай беретін ақынды қорғауға ниет танытып жатқан және ешкім жоқ. Бәрі сыбаушымен бірауыздан келісіп алғандай. Іштей, сырттай болса да өзара сыйластық жоқ жерде, әдебиет қалай өркендемек деген ойға кетесің. «Сен тимесең – мен тимен бадырақ көз» болып және қала бергің келмейді. Намысы қыз-қыз қайнаған бағзы дуэлянттар секілді «Аға, өзі жоқ, көзі жоқ жерде, ол кісіні былай балағаттай бер меңіз, қажет болса, ол кісі үшін оқырманы ретінде сайысу алаңына баруға мен даярмын» дегің келіп кетеді. Қазіргі ақындар істің емес, құр сөздің ақындары болып бара жат қан секілді. Білеміз ғой Расул айтатын тәмсілдегідей, имам Шәміл секілді біреу шығып, бір сығып алса, көбісінің өлеңді қойып ке тетіндігі де анық. Сілкілеп алатын адам жоқ, сөз тегін болғасын осы лай жөн-жосықсыз сайрайды-ақ келіп. Онысы құр бөспелікке айна лып бара жатқанымен де ісі болмай сайрайды. Отызға жетер-жетпес жастағы Есенин «Ресей сенікі емес, менікі болады» деп, жолын кес-кестеп еңіреп жылағанда, «Оныңды бетіне
май жаққан нан ғып же» деп, теріс айналып жүре берген Маяковс кийлер ер екен ғой дейсің осындайда. Жұдырығы дәу, мас болып ма замды ала берме деп көсеп жіберсе де болады ғой. Жоқ, өйтпейді. Түбі Ресейдің өзінікі емес, осы бір аңқылдақ ақындікі болатынын сезінген ғой, асылы. Осы күндегі әдебиетіміздің ішкі өміріндегі ахуалға қарап отырып, қазақ ақын-жазушыларының арасында дуэль дәстүрін енгізу керек пе деп ойлайсың. Сонда көп өлеңші бүгінгі «айбарынан» айырылар еді. Баспасөз беттері жеке бастың қадыр-қасиетін күстаналайтын былапыт мақалаларға толмас еді. Өзара ар-намыс үшін атысқаннан қазақ баласы қырылып қалмайды, есесіне сөзі мен ісіне жауап бере алатын саналы да өр мінез ұрпақ қалыптасады. Дуэльдің қажеттігі туралы біз ғана емес, кезінде адам жанының білгірлерінің бірі ұлы Достоевский де толғаныпты. Жазушының 1875 жылы, 30-шы желтоқсанда күнделігіне түсірген ой-пікірлері арасында дуэль туралы мынандай жолдар бар: «Сондай-ақ, ар-намысты немен қорғап, дуэльді немен алмастыр мақ екенбіз? Дұрысы, 30-ыншы, 40-ыншы жылдардағы басшылық тың үйреткеніндей ар-намыстың болмағандығы жөн. Бірақ шпаганы әкелуіміз Еуропаны да әкелуіміз ғой. Ал дуэль дегеніміз, тіпті де топастық емес: оны жоққа шығаратындар келте ойлайтындар, дуэль болса ғасыр басынан қалыптасқан ақиқат. Шпага Отанды қорғау үшін ғана қажет екендігін айта беретін генералдар оны өзінің арнамысын қорғау үшін жалаңаштағандар жаумен шайқаста да нағыз ержүректілік танытып, қаһармандық көрсете білгендерін білмейді немесе білгісі келмейді, ал салқынқандылар... интенданттар мен «скептиктер» ғана болып шықты!» Иә, интенданттар мен «скептиктер» бізге де керек емес. Ал, ақын ның жазушының жеке басының ар-намысын қалай да қорғалуы тиіс. МЕН ӨЛГЕНДЕ БІР АҚЫН ҚУАНСА ҒОЙ... Уақытында әйгілі «Айбынды сері Айвенгоның» авторы, тарихи романның бейресми атасы саналатын Вальтер Скотт та ақын бо лыпты. Бізге жеткен дерек көздеріне қарағанда, шотланд елі талай уақыт ұлы ақынының шабытына тамсана қол соғып, таңданумен жүріпті. Сол Скотт әдебиет әлеміне Байрон деген жас пері кел генде өлең жазуын сап тыйған. Бас ақын атану бәсекелесінде жас ақынға қарсылас бола алмайтынын сезінсе керек, содан есімін құ пиялап алған да, жасырын атпен тарихи романдар циклын жазу ға кірісіп кеткен. Бүгінгі күннің биігінен бағалап оны қарапайым ғана жасөспірімдер жазушысы десек те, осы Скотт уақытында тек үлкендер оқитын әлемнің ең танымал жазушысы деңгейіне көтерілген. Тіпті, аға әріптесін өлеңнен керіссіз-ақ кетірген Бай ронның өзі де оның талантын мойындайтындығын тілге тиек етіп,
көпшілікке сан рет мәлімдеген. Бүлікшіл ақынның Скоттай ро ман жаза алмайтындығына өкініш білдірген тұстары да аз емес. Өкінішке қарай, бір ақынның екінші ақынға бұлайша бейбіт халде орынын беруі әдебиет тарихында тым сирек. Керісінше, олардың бірін-бірі мойындамай егесіп өтетіні бар. Табиғи заңдылық деп түсінуге болатын талант пен талантсыздың тәжікелесуін былай қойғанда, заманы бір ұлы ақындардың да ит пен мысықтай қырғи қабақ болып, қырқысатынын қайтерсіз? Міне, арақты іше-іше екі көзі қанталап кеткен, ебіл-дебіл Есе нин: – Маяковский орыс поэзиясының жүрер жолына көлденең жа тып алған дөңбек бөрене,– дейді. Ал, сол Есенинді Маяковскийден аз-маз болса да үйренбеді деп айта аласыз ба? Блокты сырттай «көзі тірі Лермонтов қой» деп бағалағанымен, көзі тірісінде Гумилев те Александр Александровичке, әдеби оты рыстарда, анадай жерден қыр көрсетіп кекірейе қарайтын болған. Бір-бірінің мықтылықтарын білсе де өзара мойындамайтын сыңай танытысқан. Бүгінгі күннің ендігі сол екеуіне еншілеп бергені де – ұлылық. Ал енді жер басып жүрген қаламгерлердің өзара араз болуын не себептен деп түсінесіз? Қазақшалап, «екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» дейсіз бе, әлде әдебиетке, өлең табиғатына деген көзқарастары қайшылығынан деп айтасыз ба, өзіңіз біліңіз. Екеуінің адами болмыс-бітімінен іздесеңіз де еркіңіз. Бірі – қатаң тәртіпті сүйетін, ерлік пен ақындықты егіз деп түсінетін жауын гер офицер, қажырлы саяхатшы, екіншісі – бағзы замандағы галл друидтеріндей, тылсым түс пен асқақ қиялдың аяндығына сенетін арманшыл жан, романтик тұлға. Шынын айтсақ, романтика екеуі не де тән. Жалпы, ақындар деген қызық халық. Әйтпесе, Пушкиннің Бай рон өліміне қуанатындай не жөні бар еді? Орыстың ұлы шайы ры ағылшынның атақты ақыны қаза болғанын ести сала, досы П.А.Вяземскийге былай деп хат жазады: «... Сен Байронды ойлап мұңаятын секілдісің, ал мен оның өліміне, поэзияның үздік үлгісі ретінде, керісінше өте қуанулымын. Байрон кемеңгерлігі жасы ұлғайған сайын солғын тартты. Ішінде «Қабыл» да бар, ендігі трагедияларынан, оның «Гәуір» және «Чайльд Гарольдті» дүние ге келтірген баяғы аласұрған жалынды шабыт иесі емес екендігі байқалады...» (1824 жыл, 24-25 маусым). Ақын ақынның өліміне қуанулы. Бұған не дейсіз? Грекияда кездейсоқ суық жүрісті алаяқтардың алдауына түсіп қалып, ажал құшпағанда және ғайыптан тайып Александр Сергеевичтің өзі ту ралы пікірін ести қалса, қызба Байронның асау Пушкинді дуэльге шақыруы бек мүмкін еді-ақ. Бәлкім, Байрон Пушкинді, әлде Пуш
кин Байронды... ана жақта... Енді бұл жағын бір ғана Жаратқан біледі. Есесіне біз келімсек Дантесті, даңғой Дантесті танымас та едік. Патша Александр Сергеевичтің де құлағы тыныш болар еді. Рас, бұл жерде біздікі ой ойыны ғана. Ал, шынтуайтына кел генде, Пушкиннің жаңағы сөздерді Байронның тағдырын, бүкіл шығармашылығын ой елегінен, таным таразысынан өткізіп барып жазғандығы анық. Өйткені, Пушкин замандасы болған ұлылар дың ішінен осы Байронды ғана өзінің бәсекелесі іспетті санаған. Пушкиндікі асылық десек, мұндай ойды Пушкинмен бір тұста неміс топырағы туғызған данышпан Гетенің де айтқаны бар. Се бебі, Пушкин секілді Гете де Байрон болмысын, шығармашылы ғын жіті қадағалап отырған. Қадағалау барысында жас әріптесінің жеке творчество иесі ретінде таусыла бастағанын түйсінген. Осы реттен келгенде, Есенин мен Маяковскийдікін поэзияда бола бе ретін, болуға тиісті де ақындық бәсеке, Гумилев пен Блоктікін те резесі тең таланттарға тән тәкаппарлық көрінісі десек, Гете мен Пушкиндікін кемеңгерлік хикметі деп бағалауымызға болады. Айттық қой, ақындар, жалпы, қызық халық. Бұған күмән жоқ. Енді мына қызыққа қараңызшы, неге екенін қайдам, көзі тірісін де бір-бірімен бәсекелес, дүрдараз болған ақындардың барлығы дерлік өмір жолдарын құдайдың кереметімен өзара ұқсас аяқтай тындай. Бірі асылып, бірі атылып дегендей. Әлде тарихтың өзге лерін санаттан сызып тастап, жатырлас егіздердей етіп ұлыларды ғана жұп-жұптан таңдап алатын әдеті бар ма? Әр кәллада бір қиял деген. Мен өлгенде бір ақын қуанса ғой... ҚАРСЫЛАСЫМДЫ ЖЕҢЕМІН ДЕСЕҢІЗ... Шығыс даналығы «Қарсыласының ми қауашағының ішіне кіріп алып, онда болып жатқан ой тербелістерін тап басып тани білетін адам ғана жекпе-жекте жеңіске жете алады» дейді. Осы сөз бүгінгі жапон әдебиеті мен өнері, бизнесі мен саясаты өз тактикасы мен стратегиясы ретінде кеңінен жемісті пайдаланып жүрген жапон ның атақты жекпе-жек шебері, екі қылыш сайысының сайыпқы раны атанған Миямото Мусасидің әйгілі трактатында да бар. Иә, жауымды қалайда жеңемін десеңіз, алдымен оның ой әлеміне үңі луіңіз керек. Негізгі майдан, басты текетірес сол жерде басталады. Сол жерде аяқталады. Әйтпесе, бәрі бекер. Жақында Қытайдың «36 стратагема» атты көне жәдігері қолыма түсті. Онда да қарсыласты жеңудің әртүрлі айла-тәсілдері әңгіме болады. Сондағы стратагемалардың бірі «Әлсіздің әлдіні жеңуі» деп нұсқаланыпты. Әдеби тілде «Қанжарды көз майына суғару» деп аталатын бұл стратагеманың маған біздің ұлтымызға, бүгінгі қазақ халқына беретіні көп секілді болып көрінеді.
Өз басым әдебиетке, өнерге келіп жатқан жастармен жиі әңгі
мелесіп тұрамын. Олардың дені өз бойларында, ой әлемдерінде
орыс тіліне деген қарсылықтың берік орын алғандығын, қолдары
нан келсе ол тілді айналып өткісі келіп тұратындықтарын айтады.
Бірақ орыс тілін білмегендіктен көп дүниеден құр қалып жатқан
дықтарын да жасырмайды. Мен жұбатқан, өзімше орыс тілін үй
ренудің оңай жолын үйреткенсіген боламын. Бірақ басымда бір
ой қалады. Ол ой «Бауырым, саған ұғлы Абайдың когортасына
қосылуға мүмкіндік болмай қалайын деп тұр-ау» деп түйінделеді.
Өзімнің шамалауымда біз орыс әдебиетін бір-ақ рет жеңе алдық.
Оның өзінде де орыс тілін білу арқылы. Және қайталанбас дара
Абайдың білуінің арқасында. Бүгінде Абайдың Гетенің «Қараңғы
түнде тау қалғыбын» Лермонтовтан асырып аударғандығын орыс
түгілі неміс Герағаңның (Бельгер) өзі де мойындайды. Бұл жекпе-
жек өнерінің тілімен айтқанда, Абайдың Лермонтовты, жанкүйер
халықтың жалпақ ұғымымен түсіндіргенде, қазақтың орысты тізе
бүктіруі еді. Абай Лермонтов қауашағының ішіне кіріп кетті. Он
дағы орыс қана емес, немістің де ой ағысы, жүрек қағысын дөп
басып таныды. Нәтижесінде дүниеге шедевр келді. Біздіңше, қы
тай стратагемасындағы «Әлсіздің әлдіні жеңуінің» бір көрінісі қа
зақ әдебиетінің, қазақ ой әлемінің тарихындағы осы оқиға болып
табылады. Ал біз өз тарапымыздан мұндай жеңістердің көп бол
ғандығын қалар едік. Және тек әдебиетте ғана емес, бауырлары
мыздың жапон мен қытай секілді саясат пен экономикада да жеңіс
тұғырынан табыла бергендерін тілер едік.
Солай, аз қазақ көп орысты жеңемін десе, оның тіліне үңілуі,
тілі арқылы ділінде болып жатқан ой ағыстарын алақандағыдай
біліп отыруға қол жеткізуі тиіс. Төмендегі алып Қытаймен де осы
амалды ұстануы шарт. Бұл ой қабаттарында жүріп жатқан бүгінгі
майдан, қазірге аңдыспақ ойнап жатқан үнсіз майданның басты
талабы.
Мен ендігі тарихтың еншісіндегі орыс отаршылдығына қар
сылығы орыс тілін жеккөрушілікке ұласқан бауырларымды еш
түсіне алмаймын. Маған олар қанжары қынында тот басып жат
қан бойкүйез, бейшара жандарға ұқсайды. Ал кез-келген ойында
оты, бойында қуаты бар қазақтың қанжары «көз майына», яғни
ілім мен білімге суғарылуға тиіс. Бұл ілім-білімнің бір парасы
көршіңді тану, оның жандүниесіне көз жүгірте білу деп аталады.
Көршіңді танымасаң, оның тілін, ділін білмесең, күндердің күнін
де тағы да құлдық қамытын қайта кимесіңе кім кепіл?
ҚАЛАМГЕР НАМЫСЫ ҚАНША ТҰРАДЫ?
Орыс әдебиетінде арғы-бергі оқырманның бәрі дерлік Пастер
накқа, ұлы ақынға кешіре алмайтын бір оқиға бар. Бұл ақынның
Сталинмен телефон арқылы болған әңгімесі. Тағы бір тарихта
өзіндік орны бар ақын – Осип Мандельштамның тағдырын шеш
кен әңгіме. Ол әңгіме ақын жайлы әртүрлі естеліктерде әрқилы ай
тылады. Жалпы нобайы мынадай:
Сталин: – Мандельштамның ақындығына қалай қарайсыз?
Пастернак: – Мандельштам мен мойындайтын ақындардың
тізіміне кірмейді. Бірақ әдебиетте өз орны бар ғой деп ойлаймын.
Сталин: – Сіз оны қорғап бірнәрсе айта аласыз ба?
Пастернак: – Жоқ.
Сталин: – Ақындар әріптесін қорғай алмайды. Ал мен партия
ласым біреуден зәбір көріп жатса, жанымды қисам да әрекет жа
сар ем.
Пастернак: – Білесіз бе? Менің сізбен көптен бері басқа тақы
рыптарда әңгімелескім келіп жүрген.
Сталин: – Не жайында?
Пастернак: – Мәңгілік тақырыптар. Өмір жайлы, арман-мұрат
жайлы...
Сталин: – Ондай бос әңгімеге менің уақытым жоқ. Ұлы дикта
тор осы сөзден кейін трубканы тастай салады. Әңгіме соңы осы
ның алдында ғана «күн көсем» жайлы ащы өлең жазып түрмеге
түскен Мандельштамның темір тордың арғы жағында із-түзсіз
жоғалуымен аяқталады.
Иә, бүгінгі күн биігінен қарағанда қайсыбір мойындамайтын
дар табылып жатқанымен, Пастернак та, Мандельштам да ұлы
ақындар. Ал Сталинмен сөйлескен кездегі қалып Борис Пастер
нактың көзімен қарасақ...
Ақын шығармашылығына тәу ететіндердің барлығы дерлік
оның дәл осы сәтте ақынға лайық қимыл жасамағанын, пен
дешілігін танытып қойғандығын әңгіме етеді. Ақындық намыс,
рух намысы аяққа тапталды дейді. Ақын өмірі, мейлі ол сен мо
йындамайтын, сенімен пікірлес ақын емес-ақ болсын, қыл үстінде
тұрғанда, оның қорғауына бір ауыз сөз айтуға қауқарыңның жет
пеуі кінә емес, Құдай кешірмейтін күнә деп тұжырым жасайды.
Білетіндер Пастернак ғұмыр бойы осы бір сәттік осалдығының
жазасын тартумен өтті деседі. Әрине, басқа емес, Пастернак, Ал
ланың мейірі түскен қайталанбас ақын болғасын. Әйтпесе одан да
артық күнә жасағанмен арланбай өткендер қаншама.
Біз бұл әңгімені неге айтып отырмыз? Дәл Пастернактың ба
сындағыдай болмаса да, соған жете қабыл оқиғалардың әдебиет
тарихында әлі де болса қайталанып қалып жататындығын көріп-
біліп жүргеннен кейін. Және анау-мынау бөтен емес, өзіміздің қа
зақ әдебиетінің өңірінде. Мысалы таланты тәмам жұртқа танылған
бір мықты ақынымыз қалың жұрттың ортасында қазаққа еңбегі сі
ңудей-ақ сіңген тағы бір ұлы ақынымызды «бөдене», «жартыкеш»
ақын деп салыпты. Егер ғайыптан тайып Сталин тіріліп келіп те
лефон соға қалса, ол ақынымыз жаңағы әріптесінің қорғауына бір
ауыз сөз айтар ма еді, айтпас па еді деп ойлайсың. Ішкі ойың «әй,
айтпас еді-ау» дейді. Мұндайдың бетін аулақ қылсын, бірақ солай
болып жатса, аяққа тапталатын тағы да ақындық намыс, рухтың
намысы болмақ қой.
Анада бір топ белсенділер Мұхтар Мағауинді, бүкіл саналы ғұ
мырын қазақтың рухын көтеруге арнаған қаламгерімізді тізелетіп,
тоқпақтың астына алуға тырысты. Әдеби орта, болашақ Мағжан
мен Бейімбетті, Пастернагы мен Мандельштамы бар қауым тағы
да үнсіз қалды. Өйткені, бәрінің де «өмір, биік мұрат-мақсаттар
жайлы әңгіме қылғысы» келетін болып шықты. Ал ақындық на
мыс, қаламгерлік ар, әріптестің абыройы, қазақтың рухы тапта
лып жатқанда мұндай «әңгімеге» орын табыла қояр ма екен?
Жалпы, қаламгер намысы дегеніміз қалай бағаланады?
Бұл төңіректе де бір сәтке ойланып көрсек-ау...
ҚАЗАҚЫ ҚАЛА ҚАЙДА БАР?
Замандасының:
– Естігенімді айтайын ба, көргенімді айтайын ба? – деген сауа
лына, біздің бір данышпан атамыз:
– Естігенің өтірік болуы мүмкін, көргеніңді айт, – депті ғой.
Осы сөздің жаны бар.
Біз де әңгімені көргенімізден бастайық.
Бала кезімізде қалтасына аз-маз тиын-тебен түскен апаларымыз
бен әпшелеріміз сенбі-жексенді күндері Ташкент асып бара жа
тып, алдымен «Таһир-Зухраға» кірейікші деп жатушы еді. Таһир
мен Зухраның махаббат хикаясын «Ғашықнаме»-ден білетін біз
ол кездері Ташкентте ғашықтар аттас нән дүкеннің бар екенін біл
месек те, бір елең ете қалушы едік. Танауымызды райхан гүлінің
хош иісі қытықтап, маңдайымызды Шығыстың майда қоңыр са
малы сипағандай таңғажайып көңіл-күй кешетінбіз. Ол да бір за
ман екен-ау.Кейін, ес жия келе, ол «Таһир-Зухраны» да көрдік. Дү
кеніміз шынында да ұятқа қалдырған жоқ, атына заты сай дүкен
болып шықты.
Қазіргі көшесіндегі бұралқы итіне дейін таныс Алматының ол
кездері қандай болғанын қайдам, сол кездегі Ташкент ақиқатында
да Азияның арда қаласы, Шығыстың шырайлы шаһары болатын-ды.
Солай екеніне метросына түсіп жүйткігеніңде көзің әбден жететін.
Бұрылыс сайын палауының буы бұрқырап, көк шай, қара шай боп
жататын шайханасына кіре қалсаң үстіне шапан жамылып, басына
ала топпы киген, қарасақал өзбек ағайындар иланбасыңа қоймайтын.
Әлі есімде, сол кездегі өзбек ағайындар арасында «қазақы бала
бала емес» деген сөз жиі айтылушы еді-ау. Бәлкім әлі де айтыла
тын болар. Өйткені айтылуға тиіс сөз болып тұр емес пе! Өзбек
айтпаса да өзімізге қарата өзіміз айтуға тиіс сөз. Айтпақшы, осы
сөзді ең алғаш қай ала топпылы ағайын айтты екен өзі? Кейде ой
лаймын, осы сөздің түпнұсқасы «қазақы қала қала емес» пе екен
деп. Кім біледі, сол кездері ала қоржынын асынып, артынып-тар
тынып Алматыға кеп қалған өзбек ағайынның бірі осылай деп
жіберуі де мүмкін ғой. Алаштың баласы жайлы емес, Алматы
туралы. Егер түпнұсқа осылай болып жатса, өз басым осы сөзге
бүгінде екі қолымды көтеріп қосылар едім.
Міне, Жазушылар одағының вахтасында тұрмын. Әңгімеле
сушім мүйізі қарағайдай ақын-жазушы ағаларымның бірі емес, жа
лақысы жеті-ақ мың теңге осындағы кезекші орыс апай. Тақырып
та әдебиеттің төңірегінен аулақ, кәдуілгі тұрмыс-тіршілік туралы.
– Қаланы не қылып жібердік, шығыстың шырайы деп айтатын
дай бір ғимаратты айта аласыз ба? – дейді өзге жайттардың да
басын бір-бір шалып шыққан ренжулі орыс апайым. «Япыр-ау,
деймін ішімнен, жасы алпысты алқымдаған орыс апам да Алма
тыдан азиялық өрнек іздейді екен-ау. Егер орыс екеш орыс осылай
деп жатса, бізге, қазаққа, осы жердің қаракөздеріне Алматымыз
туралы не айтуымызға болады? Алматы Азия емес, Американың
қаласы ғой деуіміз керек пе?».
Есіме Тұмағаң, ақын Тұманбай Молдағалиев түседі. Ол кісі де
ару Алматысының леди Алматыға айналғанын қаламайтынын
анық сезінемін. Сосын, Сіздің де. Мейлі ақын емес, атышулы сәу
летші болсаңыз да.
Иә, бізде қала көп. Бәрі Астана мен Алматыға қарап бой түзейді.
Қай-қай тұрғын да өз қаласының әсем болғанын қалайды. Мақ
танғанда мынандай жай Алматы түгілі Астанаңызда да жоқ-ау деп
отырады.
Ал, сол Алматыңыз бен Астанаңызда, басқасын былай қойған
да, азиялық бет-бейне жоқ болса не дей аласыз?
Тұрғынының дүниетанымы, талғамы мен таңдауы алдымен қа
ласының көшесінен, үйлері мен ғимараттарының бет-әлпетінен
көрініс таппақ. Бұл өзі бір өзара сымсыз байланысып жатқан ға
жайып тылсым дүние. «Еуропа ымыртында» Шпенглер шешуге
талпынған құпиялардың бірі.
Әйтсе де пәлсафаны қоя тұрайық.
Егер өзімізді былай қойып, орыс апайымыздың өзі қаламыз ту
ралы осылай деп жатса, бізге өзіміздің талғамымыз, дүниетаны
мымыз туралы не деуге болады?
Біз өзі қазақпыз ба?
Қазақ болсақ, «қазақы қала қайда бар?».
Сәулетші ағайындар, Виктор Гюгоның «Париж Тәңіріанасының
соборын» бір сәт қолға алыңызшы. Архитектура туралы алғашқы
тарауларын оқысаңыздар да жеткілікті.
Міне, дәл осы мазмұндас беттер біздің Алматымыз туралы жуық арада жазылмайтын секілді. Өйткені, Алматыда, осы бағы тында дами берсе, Виктор Гюго сияқты жазушыға Құдайдың ке реметімен жан бітіп, жер бетіне қазақ болып қайта туылып келсе де орын жоқ. Себебі, Алматы қазақы түсінікке жат, қазақы болмыс Алматыға өгей іспетті. Ал біз болашақ туралы сөз қыламыз... АЗИЯ «ОДИССЕЯСЫН» ТАНЫСТЫРСАҚ... Әуелі әңгімені тұздықтап алайық. Өзінің айтуынша, әйгілі «Жүз жылдық жалғыздықтың» авторы, қарағайдай мүйізді Нобель сый лығының иегері Гарсиа Маркес Франц Кафканың «Құбылуын» («Превращение») алғаш оқығанда «Бұлай да жазуға болады екен ғой» деп таң қалыпты. Әрине, қаламы қатая қоймаған жастау кезінде. Ал өзінің сол Нобель сыйлығын алып берген, сонымен бірге қаржы мұқтаждығынан құтқарған «Жүз жылдық жалғызды ғынан» гөрі «Ел ағасының еңкейген шағында» романын жоғары қоятыны және бар. Неліктен? Әдебиетке енді араласа бастаған ана бір жылдары осы сауалға мен де біршама бас ауыртқан едім. Біраз түртінектеп жүріп, шешімін тапқандай да болғам. Не нәрсенің де шын бағасы салғастыру, теңестіру, шендестіру лер арқылы танылмақ. Бұл амалдар дүкен сөрелеріндегі күнделікті тұтыну заттарынан бастап, ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырлардан-ғасыр ларға көшіп келе жатқан ұлы рухани жәдігерлерге де жүрешік. Сол пайымнан қарағанда, біздің аңғарғанымыз, Маркестің «Жүз жылдық жалғыздығы» «Библияның» жаңаланған, бүгінгі күннің тілімен жазылған модерн нұсқасы болып шықты. Адам ата мен Хауа ананың жұмақтан қуылуы романда Буэндианың қораз төбе лесі үстіндегі ерегесте адам өлтіріп қойып, күнәһар жан ретінде көз көріп құлақ естімеген жаққа үй-ішімен қоныс аударуы арқылы көрініс тапса, кітаптың соңғы беттерін қай-қай дінде де айтыла бе ретін ақыр заманмен байланыстыруға болады. Содом мен Гомор раның белгісі – «құйымшақты ұл» екендігіне де дау жоқ. Асқан жа зушылық шеберлікпен қапысыз қиюласқан «Библиямен» мұндай параллельдер романда өте көп. Демек, Гарсиа Маркестің өзінің атышулы «Жүз жылдық жалғыздығын» жоғары бағаламайтындай жөні бар. Өйткені ол қайталанған дүние болатын. Бұны өзінің те рең түйсік қатпарында жазушының сезімтал нейрон талшықтары да аңғара білген болса керек. Әйтпесе, жаңағыдай пікірді айтпас еді ғой. Бірақ біз сол жас талап Маркес таң қалған «Құбылуға» да бұлай да жазуға болады екен ғой деп бөркімізді аспанға атып қуана қой мадық. Шамасы, Шығыста қадым заманнан бері бар әдеби тәсіл
мен жазылғандығынан болар. Көлем қыспағанда, бұл сөзімізге де мысалды көптеп келтіруге болар еді. Шығыс пен Батыс... Екеуі бір-біріне қарсы тұрғалы қай заман. Әдебиетке келіп жатқан бүгінгі жастардың өзара әңгімелесе қал са Кафка, Джойс, Камюлерді тілге тиек ете жөнелетін әдеті бар. Шығыс десе қазіргі авангард жапон әдебиетінен өзгесінен хаба ры жоғы және айқын. Неміс, француз, испан, швед, аяғы фин әде биетіне дейін мағлұматы бар әдебиетшілердің жапон асып, қытай, корей, тай, үнді әдебиетіне неге назар аудармайтындығына таң қаласың. Бейнебір Шығыстың шұғыла рухын Батыстың жымыс қы мысқыл аралас күлкісінің мысы басып тұрғандай күй кешесің. Осындайда, Жұмекеншелеп, «Жақсымызды бетімізге күйе қылып жақпасақ, біздерде де талай мықты болыпты» дегің келіп кетеді. Иә, біздерде де талай мықты дүниелер болған. Пайдалану әдістәсілін таба алсақ «Жүз жылдық жалғыздықтардың» жүзін, мыңын ұрып алуға болады. Бұның бір үлгісі жапон Акутагава Рюноскэ. Әңгіме, новеллаларының дені дерлік қытайдың «Көнекөз әңгіме лерінің» (әлде Сун, әлде Тан дәуірінде пайда болған кітап) желілері не құрылған Акутагаваны ешкім осал жазушы дей алмаса керек. Батыс Қайта өрлеу дәуірінің ұлы туындыларының бірі, Дантенің «Құдіретті комедиясының» композициялық құрылымы байырғы Шығыс үлгілерінен алынғандығы туралы бұрын да сөз еткенбіз. Мұндай әдіс қазіргі Батыс әдебиетінде де бар. Ал оның ХХ ғасыр дағы бірегей көрінісі Джойстың «Улиссы» болып табылса керек. Сол баяғы Гомер шалдан қалған аяғына сандал киген «Одиссея ның» иығына фрак не френч ілген еуропалық дамытылған нұсқа сы. Баспа жүзін көргелі бір ғасырдай уақыт өтсе де даңқы бір то ластамай әлі күнге жер жарып тұр. Ойланып қарасаң, Шығыстың ешбір шаңқанбоз шығармасы шаңына ілесе алмайтындай әсер қалдырады. Солайы солай-ақ болсыншы, ал мына Азияның бір бұрышын дағы кәріс бауырларда (анық-қанығын қайдам, қайсыбіреулер осы кәрісті өзіміздің керей, не керейттермен бір туған деседі) «Бұлттың тоғызыншы түсі» атты жәдігер барын біріміз білсек, біріміздің білмейтіндігіміз шындық. Оқиғасы ғажап. Қысқаша қа йырсақ, иман жолына түскен діндар жас жігіттің тағдыры туралы. Ұстазы сенім артып отырған жігіт бір іссапарда кездейсоқ күнәлі іс істеп қояды да, о дүниеде тозаққа түсетін болады. Ажалы жетіп Мәңкүр-Нәңкүрдің алдына барғанда (әрине, кәрістерде атаулары басқашалау) жалғыз ғана күнәсіне кешірім жасалып, бұл дүниеде қайта туу, сөйтіп өзін-өзі иман жолында тазарту, жетілдіру құқы на ие болған жігіттің бұл дүниеге кері келе жатқандағы көңіл-күй суреті анау-мынау дүниелердің көбісінен көш ілгері. Өйткені, періштесі жігітті бұл мына дүниеде қайта күнәға батпасы үшін, ескерту ретінде, о дүниедегі тоғыз қабат тозақтың ара-арасынан
алып ұшады ғой. Сосын бір тесікке әкеліп, басын тығады да құй
рығынан бір теуіп бұл дүниеге ытқытып жібереді. Өзін қабылдап,
кіндігін кесіп жатқан жандарға «мен пәленшемін ғой» деп айт
қысы-ақ келеді, бірақ сәби емес пе, тілі «іңгәлағаннан» басқаға
келмейді. Ал анау періштенің табаны тиген жер жамбасында дақ
болып қалып қояды (Моңғол нәсілді адам баласын өзге нәсілден
айыратын ең таңбаны жаңа туған қай-қай сәбидің де құйрығынан
көруге болады). Осы дақты періштенің алақаны деп түсіндіретін
ұғым біздің қазақта да кездеседі.
Яғни, осы кәріс жәдігері сәл қиялға беріліп, сюжетін заманауи
талап деңгейінде дамыта алатын қабілетіңіз бар болса қазақы
әңгіме не хикаят болып шығуға сұранып-ақ тұрған әдеби мұра.
Егер Данте не Джойстың дарынындай қабілет қарымыңыз болса,
«Құдіретті комедия» немесе «Улисстің» Азиялық нұсқасын жазып
шығуыңызға да жетеді. Соғысқа барғысы келмейтін Одиссейдің
(cебепсіз қан төгу де күнә ғой) осы жолда жасаған қулығының
іске аспай қалуы (кәріс шығармасында жас жігіттің әлдебір бо
лымсыз себеппен имандылық жолынан шығып кетуі), ақыры ұзақ
сапардан кейін туған жеріне құдайлардың құдіретімен ақсақалды
шал болып келгенде ешкімнің, тіпті, әйелі мен туған баласының
танымауы (кәріс жәдігерінде жігіттің сәби боп қайта туылып,
ышқынып айтқан жүрекжарды «іңгәсына» төңірегіндегілердің
түсінбеуі, о дүниеде көрген азапты сапары), осылардың бәрін ко
рейдің осыбір орта ғасырлық прозасынан да табуға болады. Егер
Дантенің «Құдіретті комедиясында» батыстың арғы-бергі ұлыла
ры сөз болса, сіздің өз кезегіңізде, шығыстың тарихи тұлғаларын
кейіпкер қылуға мүмкіндігіңіз бар.
Иә, асырып айтқанымыз емес, жаңаша қорытып, ашылмаған
қырынан пайымдай білсек, Азияның топырағында, рухани қой
науларында Батыстың әдебиетімен иық теңестіре алатын, тіпті
бірқыдыру биік те бола алатын жәдігерлер әлі де жетерлік. Осы
орайдан алғанда, Батыстың өзімізден алып, өңдеп қайта ұсынған
шедеврлеріне құр тамсана бермей, өз табанымызда жатқан, түртіп
жіберсек жарқырап шыға келетін асылдарымызға да бір сәт зер
салсақ, ұтпасақ ұтылмайтынымыз ақиқат.
Жас талапкерлерге бұл бағытта да ойлана жүрген дұрыс болар.
Өйткені біздер азиялықтармыз ғой, Батыстың көшірмесі бізге
жүрмейді. Мейлі, қандай «...изм» үлгісі болсын.
ФРАНЦУЗДАР, ОРЫСТАР ЖӘНЕ БІЗ
... ХІХ ғасыр. Дәл уақытын айтсақ, 1830 жылдың 25 ақпаны.
Әйгілі Париж. Жаңашылдығымен мәлім Комеди-Франсез теат
рының маңы. Қара суыққа, кезекті қойылымның басталуына төрт
сағаттай уақыт барлығына қарамай, театр төңірегіне қарақұрым
халық жиналып қалған. Түрлеріне, киінген киімі, өздерін ұстау
мәнерлеріне қарап, әртүрлі топтың өкілдері екендігін аңғаруға бо
лады. Жасы да, кәрісі де бар. Бәрі әлденеге тастүйін дайын болып
келген секілді. Бұлардың сұсты жүздерінен қаймыққандай кездей
соқ көше жүргіншілері оларды айналып өтіп жатыр. Тезірек бұл
арадан жылыстап кеткісі келетіндей.
Кенет айқай-шу шыққан. Әлдебір үйіріліп тұрған топ тағы бір
ұйысқан ортаға қолдарындағы жеміс-жидек қалдықтарын лақтыра
бастаған. «Бомбалау» эпицентрінде қалған топ қорғануға көшкен.
Бұл француз әдебиетіндегі байырғы классицизм өкілдері мен
жаңа қанат жайып келе жатқан романтиктер арасындағы қақты
ғыс еді. Ал осы күні театрда романтиктер көшбасшысы Виктор
Гюгоның «Эрнани» драмасының тұсаукесер қойылымы ойнала
тын-ды. Өз бағыттарына берік классицизм жақтаушылары ро
мантиктерді қалайда сүріндіруге тырысқан. Ол үшін актерлерге
ойнауға мүмкіндік бермеу, ысқыру, қаралау, қажет болса сахнаны
күл-қоқыспен көміп тастау, романтиктерді төбелеске арандату,
міне, осындай әдіс-амалдардың бәрі жан-жақты қарастырылған-
ды. Осы таласта романтиктер жағында жазушы Бальзак пен ком
позитор Берлиоз, студенттер Теофиль Готье мен Жерар Нерваль
дар қажыр-қайрат көрсетісті. Тіпті Бальзактың басына ап-ауыр
капуста түйнегі тиіп, біршама жарақат та алды. Ал бұлардың бәрі
кейін ұлы француз мәдениетіне үлестерін қосқан көрнекті тұлға
лар болатын.
Енді тағы бір ғасырға кейін шегінейік. Бүкіл орыс әдебиетінің
(әртүрлі ағымдардың) өкілдері жиналып алып поэзиядағы «има
жинистер» деп аталатын топтың ұстанымдарын «соттауда». Бас
айыптаушы символизмнің айтулы өкілі Брюсов. Жауап берушілер
бүлікшіл Сергей Есенин, Мариенгоф және т.б. Бір қызығы, ара
ға біраз уақыт өткесін осындай «әдеби соттың» алдында Брюсов
және басқа символистер де жауап береді.
Францияда бүлік сипатында көрініс берген әдебиеттегі түсіні
су шаралары мұнда бейбіт халде өтуде. Әрине, айтыс-тартыссыз
емес. Осындай айтыс-тартыстан ұтатын кім деген сауалға, бүгінгі
күннің биігінен қарап тұрып, тек қана әдебиет деп жауап беруге
әбден болатындай. Оған әдебиет тарихы дәлел. Ал, бізде ше?..
Алда Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен
өтетін әдеби жыл қорытындысы (наурыз айының орта тұсы деп
жоспарлануда) жақындап келеді. Басқосуға әртүрлі әдеби бағыт,
көзқарас, ұстанымдардың қаламгерлері жиналатыны белгілі. Мін
берден әрқилы пікірлер де айтылатындығы анық. Әйтеуір, әдет
тегідей, ысқырусыз, еден тепкілеусіз өтпейтіндігі мәлім. Ешкімді
менсінбей жүрген модернист, посмодернистер де бір шеттен тула
рын көтеріп келіп, қатысып жатса тіпті ғажап бола түспек. Өйт
кені, ендігі олардың да біршама қарасы бар топ екендігі белгілі.
Есесіне, романтиктер, реалистер, символистер, сюрреалистер
де табылып қалар. Тіпті, қу шөппен аузымызды сүрте бермесек,
француз, орыс, мына жапонда да жоқ әдебиеттегі қазақы жаңа ба
ғыттың шаңырағы көтеріліп қалуы да әбден мүмкін. Ең бастысы,
қаламгерлер өзара айтысып, тартысып, бүгінгі қазақ әдебиетінің
қандай деңгейде екендігін, ендігі қанша көтерілерін бағамдап
берсін. Осы басқосуда қайсы бағыттың әдебиеттегі негізгі салмақ
ты көтеретіндігі анықталып жатса тіптен құба-құп.
Рас, біздікі дәме ғана. Француздар мен орыстарға жету қайда
дейміз іштей. Әйтсе де жыл қорытындысында әдебиеттің әртүрлі
жанрлары бойынша жасалатын баяндамалардың мазмұнды, қа
ламгерлердің өз бағыттарын қорғауда табанды болатындығына
сенгің келеді. Әйтпесе, артында бір түйір сөз қалмайтын алқалы
жиындар қайда өтпей жатыр дейсіз. Ең болмаса «төбелесіп» тар
қасу керек қой.
ЛЕОНИД ПАТШАНЫҢ ТҮСІ,
БІЛІМНІҢ КҮШІ ЖӘНЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Өнеге ала білер жан болса өткеннің айтары көп. Азамат рухы
мен ел рухының астасуы, бір жағадан бас шығаруы дегенде жа
дыма тарихтың терең қойнауынан Леонид патшаның түсі, үш жүз
спартандықтың ерлігі, сосын Жұмекен ақыннан мына бір үзінді
орала береді:
Қалың жауды қысып берген
қыссыз-ақ,
Спартандар жігіт еді үш жүз-ақ
Өз ісінің ақындары болды олар,
Қасапшылар, наубайшылар,
молдалар.
Иә, үш жүз жігіт он мың жауға төтеп берді. Тек төтеп берген
жоқ, жеңді де.
Бәрі Леонид патшаның түсінен басталған. Түс жорушылар әс
кербасының жорық алдындағы түнде көрген түсін былай болжа
ған: «Леонид патша шайқас үстінде қаза табатын болса, жеңіс бұ
лар жақта болмақ. Аман қалса – жеңіліс».
Леонидке жан сауғалап, жорыққа шықпай қалуға болар еді.
Бірақ азамат қолбасы өлімге басын тікті. Бұл шешім үш жүздің
де шешімі болды. Көсем рухынан қуаттанған тастүйін шағын
топ толқын-толқын боп төгілген түмен де түмен қалың қолдың
тас-талқанын шығарды. Жігіттер туған жерге қалқанның үстін
де қайтты. Әрине, жеңіспен. (Спартандық ата-ана ұлы соғысқа
аттанғанда «Қалқаныңмен не қалқаныңның үстінде қайт» деп
бата беретін болған. Мұнысы «жүзің жарқын боп жеңіспен орал
немесе мазақ болмай қан майданда қаза тап» дегені. Спартада шейіт жауынгерлерді қалқанның үстіне салып алып қайтатын болған – Ә.Б.). Бұл деректі неге әңгіме қылып отырмыз? Рас, қазір қылышпен кескілесер спартандықтардың заманы емес. Қаншалықты рухың өр, дәтің берік болса да заманауи озық әскери техниканың төпелеуіне шыдас беруің қиын. Әйтсе де қол басы парасатты, жауынгерлер білікті болса бүгін де үш жүз қол мен он мың жауды жеңуге болатыны анық. Леонид патшаның түсі, үш жүз спартандықтың ерлігі басқаша кейіпте, басқа оралымдар да, тарихта әлі де сан мәрте қайталана беретіндігі ақиқат. Спарта заманы білек пен рухтың заманы болса, біздің кезең білім мен рухтың жеңімпаз атанар тұсы. Сандаған ғасырлар эпос тан эпос тудырып келген қазақ «Білекті бірді, білімді мыңды жы ғады» деп те әлдеқашан айтып қойған. ХХ ғасыр басындағы алаштың ойлы азаматтары елді білімді қылуды армандады. Орыс отаршыларының қайсыбір оқу орында рына қазақ жастарын қабылдауға шектеу қоюы да сол арманды іске асырмауға тырысқандықтан еді. Орысшасы мардымсыз қан шама талантты ауыл жасы жоғары білімнен қағылғаны бұл күнде бір Аллаға ғана аян (Кеңес кезінде оқуға талапкерлер орыс тілінен шығарма не мазмұндама жазуға міндетті түрде тиісті болатын). Мұндай саясат қазақ жастарын сол кездері элиталық әскери бөлім дерге көп алмаудан да аңғарылады. Біздің әскерге барғандардың дені құрылыс батальондарының қайла-күрегін ұстағандар. Қайлакүрекке көп білім қажет бола қоймаса керек. Лев Гумилев ағылшындар отарлап алған кездегі Үндістан та рихынан мынандай мысал келтіреді. Ғалымның айтуынша, бас қыншы ағылшындарға жергілікті жердегі кедергі, ең бірінші, үйге қызметкер, жалшы ұстаудан басталыпты. Ал, өз ағылшындары нан арзан жұмыс қолы күшін тартайын десе (бәрібір ақ адам), бұл жергілікті халықтың түсінігінде масқараның масқарасы болып шығады екен. Өйткені, жергілікті халықтың ұғымында, мұндай жалшылық жұмыстарға қоғамның әлеуметтік бөлінісінің ең тө менгі тобында тұрған адамдар ғана тартылуға тиіс. Яғни, билік жүргізіп отырған ағылшын өз үйін өзі тазалап, ауласын өзі сы пыра бастаса ол да сол қаратабан плебейлердің қатарынан болып саналмақ. Демек билік жүргізуге де қақысы жоқ. (Үндістанда ха лық брахминдер – діндарлар, кшатрийлер – жауынгерлер іспетті касталарға бөлінеді. Сондай-ақ, біздегі бомждар секілді шудралар деп аталатын да каста бар. Әрине, біздегіден бөлектеу). Жергілікті халықтың алдында беделдерін түсіріп алмау үшін ағылшындар ға енді сол қаратабандарды жалдаудан өзге жол қалмайды. Қожа йынның шарасыздығын сезінген олар енді, өз кезегінде, паң ағыл шындардан қалаған көлемдегі жалақыны талап ету пұрсатына ие
болады. Бірақ бұлар дүниелерін шашып-төкпейді, өзара ұйымда
сып, балаларын жергілікті мектепте, сосын Еуропа, Американың
ең үздік оқу орындарында оқытуға ұмтылады. Ал өзі кеше ғана
сол ортадан шыққан жігіттің ата-ана, туыс-бауырын әділетсіздік
пен қиянаттың қыспағына қалдырып, қызық қуып кетуі, тіпті,
мүмкін емес. Кешегі қаратабандардың балалары енді білікті ма
мандарға айналып шыға келгенде, ағылшындар көресінің көкесін
сонда көре бастапты. Себебі екі жақтың кез-келген айтыс-тар
тыс, дау-дамай, сот процестерінде ағылшын емес, кешегі «қара
табан» білікті мамандар жеңіп отыратын сәт туған. Өйткені олар
жергілікті халықтың діл ділгірін де, дүниенің бітімін де жақсы
біледі. Ақыры, ұрыссыз-соғыссыз Үндістанға тәуелсіздік алып
берген де қаратабандардан шыққан осы оқымыстылар болған
көрінеді. Оны көп емес (үміт артар халқы көп), бірақ білетіні мол
жастардың тарихшы айтқан бір жеңісі осындай.
Бізде де «Болашақ» бағдарламасымен бел емес, бес теңіз, мұ
хит асып жатқан жастар аз емес. Дені ауылдың мұң-мұқтажын
біле бермейтін қала жастары. Біразы бай-байшыкештің, енді бір
парасы тас дуалдардың шала қазақ еркетотай бозбала-бойжеткен
дері. Ауылдың жасөспіріміндей емес, ана тілінен тіл сындырмаса
да ағылшын, француз, неміс тілдеріне жүйрік-ақ. Ауылдың алты
ауызын білмегенмен, «Роллинг Стоунз», «Пинк Флоид»-тармен
таныс. Солардан ауылға қолғабыс-көмек болады дегенге сену
тым қиын. Кейбірі мемлекеттің қаржысын текке рәсуа етіп кері
қайтпай қалып жатқан да көрінеді. Ал, ауылдың үш жүз жігіті осы
бағдарламамен білім алып келсе ше! Бәрі басқаша болатындығы
шындық. Қазақстанның Үндістандағыдай «қаратабан» оқымыс
тылары да солардың арасынан шығар еді-ау. Себебі туған жерге
кіндігінен байлаулы азаматтың ғана әу бастан арманы асқақ бол
ған. Әйткенмен азат Қазақстанның ауылының да айын оңынан ту
дыратын білімді жастарға мұқтаж болмайтын күн алыс емес бо
лар. Солай екендігіне сенгің келеді. Леонид патшаның түсін, үш
жүз спартандықтың ерлігін еске алып, әңгімеге өзек қылғанымыз
да сондықтан.
Біз де қайталаймыз: «Білекті бірді, білімді мыңды жығады».
Бүгінгі ауылға сондай мыңды, миллионды жығатын жастар керек.
2003-2004 жылдар.
АҚЫНДАРДЫҢ
СЕЗІМІ АЛДАМАЙДЫ
Өлең туралы ешкім өлеңнен артық айта алмайды. Әйтсе де,
оқырманмен жақсы жыр кітабының қауышуы – той, осы той
да әркім өз құттықтауын, пікірін айтуға құқылы. Біз де оқырман
ретінде осы құқығымызды пайдалансақ деген ниеттеміз. Той иесі
– жас ақын Қазыбек Исаұлы, себепшісі – оның жеке жыр кітабы
«Керімсал». Кітап болғанда, жай ғана жыр жинағы емес, айтары
мол, мынна кетеуі кетіп тұрған заманда көтерер саламағы бар то
лыққанды кітап.
Жүректе қалмай қаяу мұң,
Тұндырып тұнжыр көзге арай.
Аялағандай аяулың
Керімсал ескен кездер-ай.
Жыр кітабының увертюрасы осы. Әлдебір мұң, әлдебір арман,
әлдебір сағыныш. Қазыбек поэзиясының ішкі иірімі өз мінезін
шынында да осы осы көңіл жадыратар Керімсалдан алған сынды.
Оны ақынның өзі де айтады:
Елітіп сезім жетегі,
Қалқанын ойлап жайын көп...
Кездерде мұндай кетеді,
Бозбала біткен шайыр боп.
Осы жолдар соңғы уақыттары жоғалып кеткендей болған поэ
зияның ең басты қасиеттерінің бірі іспетті нәзіктік қазақ өлеңіне
Қазыбек шығармашылығымен қайта оралғандай әсер қалдырады.
Тіпті Қазыбекте қаһарлы қыстың өзі де нәзік бояумен өрілген
Жастыққа бар ма не дерің,
Естілді қыздың күлкісі.
Аяздың аздап беделі,
Күлкіден осы тұр түсіп.
Өйткені:
Күлкісі қыздың құдай-ау...
Қайдағыны кеп қозғаған.
Жарық қып түнді ол жүр ояу,
Болмаса екен боз боран...
Алыстан күткен ізгі үміт,
Ауылдың аппақ реңі,
Қысты да жатыр қыздырып,
Тірліктің титтей жүрегі...
Қазыбек мамандығы суретші болса, ал жүрек шақыруы бойын
ша ақын. Сондықтан болар, "Тағдырынан жылылық сезбеген соң,
бар қызуды бояуына жинаған" Винсент Ван Гог, "Бүкіл Париж
түгілі күллі әлемді жалғыз алмамен дүр сілкінткен" Поль Сезанн
тағдыры оны да ойландырады. Тіпті, Ван Гогтың "Доктор Гаше"
портреті Нью-Иоркте 82,5 миллион долларға сатылғаны туралы
газет хабары да назардан тыс қалмаған:
Жер қойнынан шыға келсең сен енді,
Жинап алып миллиондарды көлемді,
Отқа жағып отырар ең қызықтап,
Жылытып бір мұздап қалған денеңді...
Осы бір қатқыл шумақтың өзінде де Қазыбек әлемді ақ пен қа
раның бояуына бөліп тастамайды. Өйткені сағыныштың сары
бояуы шығармашылық қызығының көгілдір түсі, алдамшы дү
ниенің қызыл түлкідей түсі, арман мен мұраттың бойына қайсар
лық тән қоңыр реңі – бәрі-бәрі ақын палитрасынан табылатын
бояулар. Тіпті, ащы сарказмнің сұр түсі де аракідік бой көрсетіп
қалады.
Ұшырып қиял бөлмеден мені,
Оңаша күйде ой кештім...
Әлемдік талай көрмелердегі,
Әлемге еніп сөйлестім, – деп басталатын "Жыр жұмбақ не
месе әлемдік әлеміне саяхат" өлеңі әлемдік көрмелердің ең үздік
туындыларын бойына жинай білген ең үздік өлең- көрме іспетті.
"Түсімен және иісімен тартқан бояулар сыры" керемет.
Әйелдің сырын ғасырлар бұрын,
Әйгілеп бердің, ай өңдім...
Моно Лизаның жасырған сыры
Монологы барлық әйелдің...
Бұл Леонардо да Винчидің "Джакондасы" туралы. Ал мынау
шумақ Рафаэль Санти шығармашылығының бояу тасасына жасы
рынған жан сыры:
Рафаэль, сені аңсатушы жан,
Қиялдың шыңы мен білсем,
Құлай сүйгенің – нан сатушыдан
Құдай ананы көрдің сен...
Осы шумақты оқыған соң бір сәт болса да, суретші болуды
армандамас оқырман табылар ма? Шын шығармашылықтың ең
басты артықшылығы қарапайым шындықты өзің қиял елегінен
өткізіп , жаңа қырынан таныта білуінде, Қазыбекте осы ұтымды
лық бар. Ал, өз алдына бір ғалам суретші шығармашылығына
ақын шығармашылығының биігінен ой тастау, қазақ поэзиясын
да, жекелеген ұшқыны болмаса, әлі кең қанат жая қоймаған құ
былыс. Осындайда есіңе Жұмекен Нәжімеденовтың "Күй кітабы"
түседі. Сурет өнері мен поэзия аралығында да елшілік жүргізіліп
жатса құба-құп болар еді. Бұл қуаныш үстінде Қазыбекке айтар
құлаққағысымыз.
Егер кітапты тірі организм десек, оның жүрегі болуы шарт.
– "Керімсалдың" жүрегі – "Мұңлық-Зарлық" мұқамы "Хамсая
ты" . Есенғали Раушановтың "Ғайша Бибісінен" кейін де (әттең,
бұл поэма атаусыз қалды) өткен күн жәдігеріне жаңаша ой жүгір
ту талпынысы жалғасын тауып жатқандығы қуантады.
Қысқасы, эпос ортамызға қайта оралып жатыр. Ол кешегі күн
уақытша қалғып кеткендей. Сан ғасырлар бойына жинаған тәлімін,
тағылымын, балаға тән тазалығы мен қарияға тән даналығын
ендігі бүгінгі ұрпаққа бермек, табыстамақ. Эпос -атом электронға,
нейтронға бөлшектенуде. Бүкіл жан-жүйкесін ұстап тұрған биоэ
лементтер де назардан тыс қалып жатқаны жоқ. Оны бөлшектеуші
XX ғасырдың ақын ғалымы. Осындай талап биігінен қарасақ,
«Мұңлық-Зарлық» хиссасының Қазыбек жасаған интерпретация
сы өткеннен қалған мұраны зерделеу, салмақтауда жасалған сәтті
қадам. Кешегі күннің әдебиет оқулығында батырлық жырлары
не лиро эпостық жырлар ғана сөз болушы еді. Ал, "Мұңлық -
Зарлық" мұқамы қазақта отбасылық эпостың да болғандығын
аңғартқандай. Әке мен шеше және ұл арасында қарым-қатынас
әлеуметтік, экономикалық, мемлекеттік, саяси, тіпті экологиялық
мәселеге барып тіреліп жатады екен. Адам жан-дүниесі оның те
рең қабаты ішкі монологта ашылады. Қазыбек те осы монологты
пайдалану арқылы ханға да, қараға да ортақ жалпы адами арман
мен үміт, қуаныш пен қайғы сезімдерін психологиялық тұрғыда
дамыта білген. "Мұңлық-Зарлық" мұқамы бүгінгі қоғамымыздың
шағын көрінісі десек қателеспейтін шығармыз.
Махаббат лирикасында:
Сынаған жандай свйлап бір күндер
аздаған,
Жыраққа кеттің құлазып қалды мәз ғалам...
Эпостағы атпен сүйгенін іздер ерлікті,
Экспресс заманда маған жазбаған, – деп күйзелетін ақын
бүкіл ғаламды толғандыратын проблемаларды тағы да сол эпос
тан тауып жатса, бұл қанға сіңген қазақы дүниетанымының біз әлі
мазмұнына үңілмеген беттері деп жоруымыз керек сияқты.
Азған мынау заманда
Адамның құны алпыс динар болыпты.
Әулиеден бүгін әулиекі көп пе қоғамда,
Түсімде ғана түсі игі Қызыр жолықты...
Бұл Зарлық жырынан.
Ал мынау Мұңлық мұңы –
Жаулық салған жандар да,
Жаулық жасар деп ойлап па ек
қарадай...
Халқын баққан хандар да
Аңғал екен баладай,
Ашық екен даладай...
немесе,
Табанымнан өткен сыз,
Жүрегіме батқан сыздан жылы еді.
Ал Шаншар хан шері: "Шел қаптаса ханның көзін, Шер қап
тайды қара халық жүрегін" деген байламға тіреледі. Мұның соңы:
Бір қателік біраз шерді қозғасын,
Көре алдым ба көнбіс елдің көз жасын?...
Алмас қылыш алқынады қолында,
Ақылменен ұстамасаң –
Алынады өз басың... – деген тұжырым.
Ойлайтұғын ертеңі емес, етегін
Опасызды толғандырмас тоғыз ай мен
толғағы...
Дарияға тастағанда Мұңлық - Зарлық екеуін,
Мыстанның да қалтыраған қолдары...
Бұл да қиссаның біз зер салмаған, тек ақын қиялы байқаған
тұсы. Қысқасы, эпос ортамызға қайта оралды. Мұның бүгінгі
көлемі шағындалғанмен, көтеретін психологиялық жүгі ауыр.
Жердің тартылыс күшін жеңіп, көк аспанға кезенген ой-омыртқа
тек адамға тән болса, эпосты жаңаша саралау ақынға ғана емес,
халқымызға, суретшіге, композиторға, режиссерге тән құбылысқа
айналуы керек сынды.
Ардагерің зарлап ішсе бір шәйін,
Саудагерің парлап мінді көлігіңнің
жаңасын,
Жезөкшелер құнын білсе күн сайын,
Ақын өлді ала алмай, бір бағасын...
Осы шумақты оқығанда еске Александр Блок пен Николай Гу
милев арасында болған оқиға түседі. Әлдебір әдеби жиында екі
ұлы ақын бір мәселе төңірегінде ортақ тоқтамға келе алмай қалған
болса керек. Осыны естіген дауқұмар бейсәубеттер жауынгерлік
тәжірибесі бар Гумилевқа: "Николай Степанович, Блокты жекпе-
жекке шақырып, сазайын тартқызуыңыз керек еді", деп азғырып
ты. Сонда тәкәппар Гумилев: "Ол мені тылсым күшпен қарусыз
дандырып тастайды. Қарсы алдымда тірі Лермонтов тұрғандай
әсерде қаламын. Лермонтовты дуэлге шақырмақ түгілі, дауыс кө
терудің өзі мүмкін емес қой" деген екен.
Біз бұл арада Қазыбекті әлдебір ұлы ақынға теңеп бағасын
асырғымыз келіп отырған жоқ. Тек оның өзінің сөзімен "Ақын
дардың сезімі алдамайды, Ақмаңдай күн алдыңан ашылсын" де
мекпіз.
«Жас Алаш» №23, 10 сәуір 1996 жыл
А.СТРУГАЦКИЙ АКУТАГАВАНЫҢ ҮШ ЖАҢАЛЫҒЫ Әдебиет тарихында тағдыр жазуымен өзіне берілген аз ғана ғұмыр ішінде соңына талай ұрпақ жата жастанып оқыр мол мұра қалдыр ған жазушылар аз емес. Солардың бірі – жапон жазушысы Акутагава Рюноскэ (1892-1927). Әдебиет білгірлері оны новелла жазудың тең дессіз шеберлерінің бірі санайды. Әдебиетте өзіндік дүниетанымы, көркемдік әдіс-тәсілдері, эстети калық тұғырнамасы, төл тақырыбы болмаған жазушылар із қалдыра алмақ емес. Ал Акутагавада осылардың бәрі де бар болып шықты. Қазір Акутагава ашқан тәсілдер әлем әдебиетінде кең қолданыс тапқан. Бұл тәсілдер әдебиет қана емес, кинематографияның да үлесіне айналғалы біраз болып қалды. Жапон киносы патриархта рының бірі Акиро Куросаваның «Қанға былғанған тақ» атты фильмі соның бір айғағы. Бір қарағанда, фильм орта ғасырлардағы жапон өмірінен сыр шертетін секілді. Фильмнің негізінде кімнің, қай ха лықтың туындысы жатқандығын білмейтіндердің бұған сенетіндері де анық. Ал әлем әдебиетінен хабары бар жан фильм өзегінде Шекс пирдің атақты «Макбеті» және осы пьесаға мұрындық болған байыр ғы шотланд ертегісі жатқандығын бірден аңғарған болар еді. Жапон өмірі туралы сыр шертетін шотланд ертегісі. Ал мұндай метаморфо залар Акутагава шығармашылығында жетіп артылады. Рас, Акутага ва шығармашылығының бастауында сан ғасырлық тарихы бар жапон жазба әдебиеті жатқандығы жасырын емес. Ал бұл әдебиеттің орны ерекше. Аңғарып қарасаңыз аузымыздың суы құрып тамсана беретін Кафканың атақты «Құбылуының» («Превращение») өзі де көне жа пон ертегілері мен әфсаналарының жадағай көшірмесіндей болып көрініп қалатыны бар. Осындай құнарлы топырақта пайда болған әдебиеттің осал болмасы да белгілі. Оған бүгінгі жапон әдебиеті куә. Төменде сол әдебиеттің белді өкілдерінің бірі – Акутагава Рюнос кэ шығармашылығына байланысты жазылған орыс сыншысы А.Ст ругацкийдің «Акутагава Рюноскэнің үш жаңалығы» атты мақаласын біршама ықшамдап жариялап отырмыз. АУДАРМАЛАР
І «Бүгінді байырғының көзімен зер салып тануға болады». Уэди Акинари. «Кондзяку моногатариде» («Бағзы кездер хикаялары»), он бірінші ғасырдың аяғында хатқа түсірілген әдеби ескерткіште баю мақса тында ауылын тастап астанаға келіп, Расемон қақпасының қарауыл – мұнарасында шарасыздықтан қайыршы кемпірді тонайтын ұры жайлы қысқа ғана әңгіме бар. Акутагаваның арқасында (жапон кине матографиясының да үлесі бар) бүгінгі күні осы Расемон атауы жер шарындағы әрбір мәдениетті адамға белгілі. Ал бәрі де жиырма төрт жасар студенттің әдебиеттегі өз тақырыбы жайлы ұзақ ойланулары нан кейін басталған еді. Асылы, ол ойлана келе мынадай ұйғарымға келген болса керек: «Менің тақырыбым адам рухының, адам психо логиясының шексіз әлемі болуға тиіс. Әдебиет өнер болуға тиісті. Олай болса, мен де әдебиетті қарабайырлық, ақиқат өмірді жалаңаш тап көрсету деп түсінетіндерге қарсымын. Олардың даңғыраларын қағып ұлы мәртебелі өнердің мазасын алуына жол бермеуім керек. Бұл күресте шеберлік қана көмектесе алмақ. Ондай болса, менің ұс танар әдіс-тәсілдерім қандай болмақ?» Міне, осы арада Акутагава бірінші жаңалығын ашады. Циобути «Романның табиғаты» еңбегінде «Бастысы сезімді суреттеп беру. Со дан кейін ғана мінез-құлық пен дәстүр. Сезім – шығарманың миы» деп жазғанда, ақиқаттың ауылынан алшақ кете қоймағандығы анық. Иә, әдебиет обьектісі адам психологиясы болуға тиіс. Бірақ Акута гаваға бұл аздық еткен. Ол әдебиет сезімді суреттеумен ғана емес, психологияны зерттеумен, саралап-талдаумен шұғылдануға тиіс деп шешті. Ал саралау үшін құрал-сайман керек еді. Психика әлемін әде би тұрғыдан талдаудың құрал-сайманы қандай болуы мүмкін? Әрине, оқиға. Тек қана оқиға. Оқиға ғана адам жан-дүниесін сапырылысты ра алады. Қалыпты жағдайда ұйқылы-ояу жүрген адам психикасын қозғалысқа түсіреді. Қажет болса арандатады, көрінбей жатқан мүмкіндіктерін, қасиеттерін ашады. Ішкі жан-дүниенің мазмұны на айналады. Бүкіләлемдік апат та, жеке бастағы бақытсыздық та, шинель сатып алу секілді өмірдің ұсақ-түйегі де – оқиға. Оқиғаны таңдау – автордың құқы. Таңдау автордың өз алдына қойып отырған мақсатына байланысты жасалады. Шығарма кейіпкерінің жеке басы, әрқилы факторлар да таңдау барысында аз роль атқармақ емес. Осы ның бәрі жиылып келіп әдеби шеберлікті құрайды. Акутагава Рю носкэ шамамен осылай ойлаған болар. Қалай десек те, осы сияқты ойлардың жазушының жан-дүниесіне маза бермегендігі анық. Ол бүкіл болмысымен жауыздықты жек көретін, қылмыстық жол ға түскеннен гөрі аштан өлгенді дұрыс санайтын адам жайлы әңгіме жазады. Бірақ сол жанның өзі қайыршы кемпір жасаған қатыгездікті
көргенде, шыдай алмай оған қарсы қылмыстық іске барады. Жауыз
дыққа жаны қас кейіпкердің қайыршы кемпірді тонауы қисынды-ақ.
Табиғи һәм шынайы. Расемон қақпасында қайыршы кемпірді тона
ған ұры жайлы байырғы күлдіргі әңгіме осылайша қарапайым кейіп
кердің психикасынан жарқын, психологиялық этюд жасайтын асыл
өзекке айналады.
Акутагаваның адам психикасының күрт бұрылыстары мен па
радокстарын суреттейтін новеллаларының тамыры орта ғасырлық
жауынгерлік-феодалдық эпостардың қайбір эпизодтары және халық
арасында кеңінен тараған көнекөз күлдіргі әңгімелерде жатты. Жа
зушы қанша уақыт өтсе де адам психологиясы өзгерген жоқ деп са
нады. Өмір сүру тәсілдері мен мінез-құлықтың, оқиға уақыты мен
сыртқы жағдайдың өз талдау-сараптауларына ешқандай әсері жоқ
екендігін баса көрсетуге тырысты. Ең бастысы, оқиға адам жан-дү
ниесінің терең қатпарларын аша алса болғаны. Амал қанша, әріптес
тері Акутагаваның әдеби әдісінің байыбына бара алған жоқ. Олар
оны бүгінгі нақты өмірдің шындығынан қашады, көнеге құмар деп
айыптай бастады. Алғашында жазушы үнсіз қалғанды дұрыс көрген.
Ақыры Акутагава да ағынан жарылды.
«Мен , – деп жазды ол ,– тақырыпты аламын да оны әңгімеге ай
налдыруға тырысымын . Тақырып барынша көркем, барынша шына
йы ашылуы үшін маған қандай да бір ортақ қалыпқа сия бермейтін
оқиға қажет . Ал мұндай тосын оқиғаны мен бүгінгі Жапонияда өтіп
жатқандай етіп суреттей алмаймын . Олай жасауға әрекеттенген күні
- ақ сәтсіздікке ұшырар едім . Оқиғалар табиғилығынан айырылған
болар еді. Мұндай тығырықтан құтылудың бірден-бір жолы – оқи
ғаларды өткенге апару, оны бағзы заманда өткендей етіп суреттеу.
Материалдары ескі хроникалардан алынған менің әңгімелерімде іс-
қимылдың көбіне көне заманда өтетіндігі осындай қажеттіліктен.
Қысқасы, көне дүние туралы жазсам да, менде оған деген анау айт
қандай құмарлық жоқ».
Акутагаваның ескі хроникалардың материалдарын пайдалануына
Анатоль Франстың квазитарихи әңгімелерінің ықпалы болғандығы
анық. Бірақ мұндай ізденістер оның өз отаны Жапонияға да таңсық
емес-ті. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген атақты жа
зушы Уэди Акинари өзінің «Тұманда қылаңытқан Ай» новеллалар
циклының кіріспе сөзінде: «Олардың шығармаларын (Қытай және
жапон әдебиеті байырғы классиктерінің туындыларын) оқып оты
рып, бұл дүниелердің ғажайып образдарға толы екендігін байқайсың.
Оқиғалары жеңіл, бір-бірімен байланыспай жатқандай сезілсе де,
шынайы көрінеді. Артық сөзі жоқ. Нақты тіркестер оқырман қиялын
жетелеп, еліктіріп, қызықтырып отырады. Бүгінге бағзы заманның
көзімен зер салып танығандай боласың» деп жазған-ды. Осылайша
ертеде жазылған «адам сенгісіз таңғажайып оқиғалар» Акутагава
шығармаларында адам психологиясының механизмін зерттеуде тап тырмайтын сенімді құралға айналды. ІІ «Адам өмірі Бодлер жазған өлеңнің бір жолына да татымайды» Акутагава Рюнескэ. Акутагава өмір сүрген уақыт оқиғаларға аса бай болды. Бұл Сол түстік-Батыстағы алып елде «коммунистер император мен жеті ге нералды атып өлтірсе», Жапонияның өзінде «күрішшілер көтеріліс тері» лапылдап тұрған дәуір еді. Жапонияның қай-қай қаласында да өртенген дүкендер мен қоймалардың, алыпсатарлардың алып үйлерінің күлге айналған үйінділерін ұшыратуға болатын. Токиода теміржолшылар, баспаханашылар, әскери қару-жарақ қоймалары ның жұмысшылары, мұғалімдер, пошта қызметкерлері бас көтеріп жатты. Кореяда император армиясы халық көтерілісін аяусыз ба сып-жаншыса, Приморье мен Шығыс Сібірде жапон және америка солдаттары ақ гвардияшылардың көмегімен жергілікті кеңес халқын қырып-жоюда болатын. Акутагава бұлардың бәрінен алыс еді. Соғыс, революция, таби ғи апаттар оған өтпелі, суретшінің назар аударғанын қажет етпейтін жәйттердей көрінді. Бұлардың қай-қайсысы да арысы адам жанының жасырын механизмдерін қозғалысқа түсіре алатын оқиғалар ғана бола алуы мүмкін. Ал, жалғыз, қайталанбас, бағалануға лайық өмір шындығы – өнер ғана. Ол осы тұстарда «Адам өмірі Бодлер жазған өлеңнің бір жолына да татымайды» деп жазды. Нақтылай айтсақ, Аку тагава бұл жерде өнерге қызмет етуге арналмаған өмірді айтып отыр. 1918 жылдың шілдесінде «Осока майнити» газетінде Акутагава ның ең ғажайып новеллаларының бірі «Тозақ азабы» жарияланды. Есихиде есімді сарай суретшісі мынау жарық әлемде өзінің жас қызы мен өз өмірін арнаған өнерді ғана жақсы көретін. Сұлулық пен кеспірсіздіктің құпиясын танып білген, қандай да бір қуаныш пен қайғы болмасын, оны сан түрлі бояудың көмегімен бейнелеп бере алатын осы бір хас шебер ызақор, беймаза еді. Тағы бір кемшілігі, салатын дүниесін ең болмаса түсінде бір рет көрмесе кенепке түсіре алмайтын. Бірде әміршісі осы Есихидеге сарай қабырғасына тозақ азабының көріністерін бейнелейтін суреттер салуды тапсырады. Ал ғашқыда Есихиденің қолы жап-жақсы-ақ жүрген. Тозақ отын қалада болған үлкен өрт кезінде көрген-ді. Ал азаптан шыңғырып жатқан күнәһарлардың бейнесін ол өз шәкірттерін қинау арқылы біліп-тауып отырды. Сондай-ақ, қытай киімін киген бұқа немесе ат басты тозақ қызметкерлері де түсіне сан рет кірген. Бірақ суретшінің жобасы бо йынша картинаның ортасында отқа оранған атарба мен оның ішінде тіл жеткізгісіз азаптан түсі бұзылып кеткен жас әйел бейнеленуі ке
рек-ті. Басқа-басқа, дәл мұндайды суретшінің әлі көрмегендігі анық. Сондықтан ол қожайынына өтініш жасауға бел байлайды... Әмірші қайдағы бір суретке бола күнәсіз әйелді өлімге қиюға даяр бірбеткей суретшіге сабақ болуы үшін, Есихиденің көзінше ішіне су ретшінің жалғыз сүйікті қызы отырғызылған арбаны өртеуге бұйрық береді. Бәрі бұйрық бойынша істеледі. Адам тозақтың отты жалыны на оранады, ал оны өлімге байлап берген суретші мәз-мәйрам. Өзінің осы туындысын аяқтаған соң Есихиде асылып өледі. «Адам өмірі Бодлер жазған өлеңнің бір жолына да татымайды». Хас туындының қасында адам өмірі дегеніміз не тәйірі? Тек өнер ғана суретшіге шынайы ләззат сыйлайды. Өнердің жолына шалынған кез-келген құрбандықты ақтауға болады. Өмірдің мақсаты өнер ғана бола алады. Түптеп келгенде, адамзат әулетінің мына жарық жалғанда тіршілікке келуінің басты мақсаты да сол өнерге қызмет ету емес пе! Ал қалғаны – мінездер шарпысы, әлеуметтік катаклизмдер, шаруаның азапты тұрмысы, саясатшының қулық-сұмдығы, технология, ғылым – үздік өнер туындысын дүниеге келтіруге қаншалықты кедергі келтір гені немесе қарайласқанымен ғана ерекшелене, бағалана алады. Бұл Акутагава Рюноскэнің екінші жаңалығы еді. ІІІ «Мен ақынмын. Жазушымын. Сонымен бірге қоғамның да мүшесімін». Акутагава Рюноскэ. Ол көп жазды. Әрқилы жазды. Үлкен табысқа ие болды. Әңгіме лер жинағы бірінен кейін бірі шығып жатты. 1925 жылдың сәуірінде «Бүгінгі шығармалардың жинағы» атты көптомдық серия Акутагава ның таңдамалысымен ашылды. Рас, оны сынап, оған ақыл айтып, жала жауып жататын. Дарынды шығармашылық иелерінің жағдайы қай кезде де осылай болған, осы лай бола да береді. Бірақ мұның бәрі оны азаптаған, жанын жегідей жеген ойлардың қасында ештеңе емес еді. Өйткені, көркемдік прин ципті тауып, формулаға салып беру оны практикада қолданудың қан шалықты тиімді екендігін дәлелдеп берудің қасында түк емес екен. Соңғысы ауыр болып шықты. Рас, Акутагаваның мол әдеби тәжіри бесі бұл қайшылықты байқамай-ақ өтіп кетуге мүмкіндік берер еді. Бірақ жеке адамның, Акутагаваның дүниетанымы тұрғысынан кел генде «өнер өмірге үстемдік етеді, өмір өнер үшін» принципі жазу шының жан-дүниесінде жүздеген «неге», «неліктен» деген секілді азапты сауалдарды оятып, тынымсыз мазалап жатты. Рас, өнер кә дуілгі өмірді көркем образдар арқылы бейнелеу процесі, бірақ ол ай надағы жалаң бейне ғана болып қалмауға тиіс. «Нақтылық» түсінігі суретшінің алдына қойған мақсатына орай, оның өзінің ішкі жан-дү ниесін де қамтитын, көрсете алатын болуы шарт. Ал «бейне» түсінігі
жаңағы өнер түрінің спецификасына тәуелді. Барлық уақыттар мен барлық халықтардың мәдениеті тәжірибесінен шыққан қорытынды осы еді. Акутагаваның тәжірибесі де осыған келіп саятын. Бірақ бұл да жазушы жан-дүниесінің сұраныс-ізденісін қанағаттандыруға жа рамады. Акутагава үлкен суреткер болатын. Оның ішкі түйсік деңгейінде болса да, диалектик болмауға қақысы жоқ-ты. «Басқасын былай қо йып, әдеби шығармашылықтағы «Өнер бәрінен жоғары» принципі,– деп мәлімдеді ол ақыр соңында, – адам санасын тек марғау ғана есінетеді». Осыған жалғастыра «Өнер бәрінен жоғары» принципін қашанда өнер төңірегінде жүрген дарынсыз «әтектер» дәріптеп отырған» деп жазды. Пәлсафа тасы Акутагава соншалық қажыр-қай рат жұмсап іздеген жерде болмай шықты. Өнер оның тұтынушысы бар уақытта ғана толыққанды өнер бола алатындығы мәлім болды. Өнер мен оның тұтынушысы арасында екі жақты берік қарым-қаты нас болуы шарт екен. Ол байланыс «жазушы жазады, оқырман оқи ды» деген жадағай түсініктің тар аясында ғана қалмауға тиіс. Осы жерде өнерді тұтыну оның төңірегінде жүрген шала сауаттылар мен білімді, қалай көңіл көтеремін десе де еркі бар аз ғана ақсүйек шо ғырдың үлесіндегі игілік деп келетін даңғазалау, тоғышар түсінікті алып тастап, өнердің тұтынушысы халық деген ұғымды қалыптас тырсақ, көптеген «неге» мен «неліктендер» өзінен өзі жоғалмақ. Түнек орнында салиқалы жүйе пайда болмақ: халық өз құрсағынан өнерді жаратпақ, ал өнер өз кезегінде, халықтың құрсағын ұрықтан дырмақ. Акутагава шамамен осылай пайымдады. Осылайша өзінің үшінші жаңалығын ашты. Бірақ кеш еді. Жазушының тынымсыз творчестволық ізденістегі азапты өмірі оның жүйкесін жеп бітірген-ді. Ямагутилік дүкенші мен аурушаң әйелдің перзенті, жазушы Акутагава Рюноскэ 1927 жылдың 4 шіл десінде, 36 жасында, вероналдың шамадан тыс мол мөлшерін қабыл дап, өзін өзі улап өлтірді. Кім біледі, жазушы өмірінің ерте қиылуына ол ашқан жаңалықтар дың рет саны ауысып кетуі себепші болды ма екен?
Ясунари КАВАБАТА
ЖАПОН СҰЛУЛЫҒЫНАН
НҰРЛАНҒАН ЖЫРЛАР
Көктемде – гүл,
Жазда – құс.
Күзде – Ай.
Қыс күндерінде
Кіршіксіз аппақ қар.
Дзэн тақуасы Догэн (1200-1253) өзі жазған осы өлеңді «Бастапқы
бейне» деп атапты.
Қыстың күнгі Ай,
Сен бұлттар арасынан
Мені жымиып шығарып салып тұрсың.
Қарлы аяздан жаураған жоқсың ба?
Беймаза жел мазаңды алмаған болар?
Бұл данышпан Меэнің (1173-1232) өлеңі.
Маған естелікке қолтаңба беруді сұрағанда әрдайым осы өлендерді
жазамын. Меэ өлеңінің алдында өлеңнің жазылу тарихын түсінді
ретін алғысөз іспетті мәтін де бар.
«1224 жылдың 12 желтоқсаны. Түн. Аспан бұлтты. Ай көрінбейді.
Мен сарайға кірдім де малдас құрып отырып, жанарым жұмулы
күйімде терең ойға берілдім. Түн ортасы болғанда ұйқыдан сергу
үшін жоғарғы павильоннан төменгі павильонға түскемін. Бұлт ара
сынан шыққан Ай сәулелері қар бетінде жамырай шағылысып жатыр
екен. Мұндай серігі бар маған қасқыр ұлыған түн қойнында ашық
далада жалғыз қалу да қорқынышты емес еді. Біраз бақылағасын
орнымнан тұрып кеттім. Ай да көрінбей кеткен секілді болды. Түн
ортасы ауғанын білдіретін қоңырау соғылғанда жоғарғы павильонға
тағы да көтерілгем. Бұлт арасынан шыққан Ай бұл жолы да жарқы
рап тұр екен. Мен залға қарай аяңдадым. Ал, Ай болса бұлттармен
бірге еріп барып, көрші таудың шыңдары арасына жасырынғысы
келетін әлпет танытты. Шамасы, екеуміздің түнгі серуенімізді жан
түкпірінде құпия сақтағысы келген секілді».
Сосын жоғарыдағы өлең жазылады. Мәтіннің жалғасы мынандай:
«Айдың тау шыңына қалай иек артқанын көргесін, мен залға кірдім.
Мен баратын сол шыңға,
Кешікпей, Ай,
Сен де кел.
Осы және келер барлық кештерде
Өтінем, Ай, меніменен бірге бол». Меэ түннің қалған бөлігін залда өткізді ме, әлде таң алдында қайта оралды ма, белгісіз. Жазба ол жайлы жақ ашпайды. «Көзімді ашқанда таңалакеуімдегі Айды көрдім. Бірқауым мезгіл күңгірт бөлмеде отырған мен осы бір жайлап төңірегіме жүгіре бас таған жарықтың менің нұрланған жан-дүниемнен шығып жатқанын, әлде Айдікі екенін аңғара алмай дал болғам. Төгіп жатыр Жаным жарық сәулесін Ал, Ай болса, мұны өзінің Бейнесі деп санайды». Егер Сайге сакура ағашының ақыны болса, Меэ – Айдың жыршы сы. Ох, қандай нұрлы, Ох, қандай нұрлы, нұрлы. Ох, қандай нұрлы Ох, қанда нұрлы, нұрлы, нұрлы, Жарық Ай! Өлең тебіренген, толқыған дауыстың дірілін еске түсіреді. Түн ор тасынан таң әлетіне дейін Меэ жазған «Қысқы Ай туралы» үш өлең осындай. Өлең астарында Сайгенің «Өлең жазып отырғанда оны жазып отырғаның туралы ойланба» деп келетін өсиеті жатқаны да айқын. Отыз бір буынды сөйлемнің (жапонның ұйқассыз жазылатын танка деп аталатын өлең түрінің өлшемі – ауд.) көмегімен Аймен таныс адамындай, тіпті жақын сырласындай әңгімелескен ақын ше берлігіне таң қалмасқа шара жоқ. «Айға көз қадап қарап отырып мен Айға айналамын. Ай маған ай налмақ. Мен табиғатқа сіңісіп кетемін». Боттичелли мұрасын зерттеуші, арғы мен бергінің, Шығыс пен Батыс өнерінің есімі әлемге белгілі білгірі, профессор Ясиро Юкио бірде жапон өнерінің ерекшелігін өлең іспетті бір ғана жолмен бы лай түсіндіруге болады дегені бар: «Достарың жайлы аппақ қарға, нұрлы Айға, әдемі гүлдерге қарап отырғандағыдан артық ешқашан терең ойлана алмайсың». Расында да, Айдың немесе қардың сұ лулығына сүйсініс, жылдың төрт мезгілінің тамаша көріністеріне таңданыс сәтінде, осы бір әдемілікті алыста жүрген достарыңмен бөліскің келіп, жаныңның маза таппай шарқ ұратыны бар емес пе! Сұлулықты сезіну адам жанында әлдебір сағынышты оятпақ, өмір мәніне үңілдірмек. Сана түкпірінде үлкен ұғымдар мен түсініктердің тамыр жаюына ықпал жасамақ, қарапайым ғана «дос» сөзін қасиетті «адам» деңгейіне көтермек. Бірін-бірі ауыстырып отыратын жылдың төрт мезгілінің сұлу лығын сипаттайтын «қар, Ай, гүл» сөздері жапон дәстүрінде жал пы сұлулық жайлы түсініктің де баламалары болып табылады. Тау,
өзен, шөп, ағаш, табиғат құбылыстары, сонымен бірге адам сезімі де осы сөздердің аясында суреттеледі. Догэн өлеңіндегі жылдың төрт мезгілін бізге баяғыдан таныс, көнерген, ескірген бейнелер деп шеш сеңіз, ойланыңыз! Тіпті өлең емес деп айтуға да қақыңыз бар! Деген мен, осы өлең қария Реканның (1758-1831) өлер алдындағы өлеңіне қандай ұқсас: Мен кеткесін Не қалады артымда? Көктемгі гүл, Таудағы құс, Үйеңкінің жапырағы күздегі. Мұнда да Догэн өлеңіндегідей қарапайым образдар, қарапайым сөздер. Бір қарағанда мағынасы да жоқ секілді. Бірақ олар өзара жымдаса, үндесе келіп, Жапонияның жан-дүниесін, мәнін ашып тұр. Сонымен бірге, бұл – ақынның соңғы өлеңі екенін де ұмытпаған жөн. Рекан лашықта тұрды. Тау-тасты кезді. Балалармен ойнады. Ша руалармен әңгімелесті. Әдебиет, дін төңірегіндегі дау-дамай, айтыстартыстарға барған жоқ. Ғұмыр бойы «жүзіңде күлкі, сөзіңде ма хаббат болсын» деген қағиданы ұстанып тіршілік кешті. Бірақ басқа емес, дәл осы Рекан өз өлеңдері мен каллиграфиялық өнері арқылы кейігі Эдо дәуіріндегі өз замандастарының тоғышар талғамдарына қарсы бітіспес күрес ашты. Көненің мұрасына адал болып қалды. Өзінің өлер алдындағы өлеңдерінде ол артына ештеңе қалдырмай тынын жазды. Шамасы, ол осы өлеңдерімен өзі өмірден өткеннен кейін де табиғат әдемі қалпында қала беретіндігін жеткізгісі келген болар. Бұл өлеңдерден Реканның рухани-діни жан-дүниесі, бабалар мұраты көрініс береді. Рекан Этиго (қазіргі Ниигата) провинциясында, мен «Қарлы ел» романында суреттейтін өңірде дүниеге келді. Бұл Жапон теңізі ар қылы Сібірдің суық желдері жетіп жығылып жататын еліміздің сол түстік қиыр шеті. Бүкіл өмірі осында өтті. Жетпіс төрт жыл ғұмыр кешті. Әбден қартайған шағында, ажал алдында жатқанда санасы нұрланды. Маған өлім құшағында жатқан ақынның сөніп бара жат қан жанарында бүкіл солтүстік табиғаты өзінің қайталанбас сұлулы ғымен қайта бір көрініс беріп өткендей сезіледі. Менің: «Соңғы көз тігу» деп аталатын эссем бар. Осы эсседе Аку тагава Рюноскэнің (1892-1927) маған қатты әсер еткен өлер алдын дағы хатынан үзінді келтірген: «Мен, асылы өмір сүру инстинктінен өзім байқамай жүріп айырылып қалсам керек,– деп жазады Акутага ва. – Жүйкем суықтаған. Мұп-мұздай әлемде тіршілік кешіп жатыр мын. Өзімді өлтіру туралы ой миымнан шығар емес. Бірақ табиғат маған бұрын дәл мұндай әдемі болып көрінбеген-ді! Рас, сіздерге табиғатқа тамсанып отырған адамның өзін-өзі өлтіру туралы ойлауы қисынсыз, күлкілі болып көрінетін шығар. Бірақ табиғат мен соңғы рет жанарымды тігіп жатқандықтан ғана әдемі».
Акутагава 1927 жылы, отыз бес жасында өзін-өзі өлтірді. Сонда мен «Соңғы көз тігуімде»: «Бұл өмір қаншалықты ауыр болсын, өзінөзі өлтіру сананың нұрлануына алып бармайды. Менде Акутагаваға да, соғыстан кейін өзін-өзі өлтірген Дадзай Осамуға (1909-1948) да не аяушылық, не жанашырлық сезімі жоқ. Менің авангардист-су ретші досым болды. Ол да жас кетті және өзін-өзі өлтіру туралы көп ойлайтын. «Соңғы көз тігуді» жазғанымда ұдайы ойымда сол досым болды» деп жазғанмын. Өзін-өзі өлтіру рух мықтылығының белгісі емес. Оған тақуа Ик кюдің (1394-1481) өмірі дәлел. Иккю де екі рет өзін-өзі өлтіруге ты рысқан, бірақ аман қалған. Бірінде суға кетіп бара жатқан жерінен балықшылар құтқарып қалса, екінші жолы сезімқұмар ақынды өлім құрсауынан махаббат алып шығады. Киотодағы Мурасакинода орналасқан Дайтокудзи храмына ба рушылар көп. Мен де жиі барып тұрамын. Осындағы шәй ішетін бөлменің қабырғаларында Иккюдің каллиграфиялық қолтаңбалары сақталған. Солардың арасында екі жазба маған тым ыстық. Бірінде «Будданың әлеміне кіру оңай, Ібілістің әлеміне кіру қиын» деп жа зылған. Осы сөздер санамда жатталып қалған. Оқырмандарыма да қолтаңба ретінде беріп тұрамын. Рас, бұл сөздерді әр түрлі түсінуге болады. Мағынасы шексіз. «Будда әлеміне кіру оңай» деген сөзден кейін, «Ібіліс әлеміне кіру қиын» деген сөзді оқығанда Иккюдің өзі бүкіл ғұлама болмысымен менің жан-дүниеме кіріп келе жатқандай сезіледі. Бүкіл саналы тіршілігінде ақиқатты, мейірімді, сұлулықты іздеп өтетін өнер адамының «Ібілістің әлеміне кіру қиын» деген ас тарлы сөздің тасасында жатып өзіне арбап шақыратын қорқынышты әлемге де бір рет кіріп көру құмарлығы оянатындығы анық. Өнердің мұраты да көрсем, білсем емес пе! Ол сол үшін де өнер адамы. Бірақ кейін қайтар жол қандай болмақ? Міне, мәселе осында. Оған рухы әлсіздердің шамасы келмек емес. Будда секталарының екіге бөлінетіндігі белгілі. Бірі адам жандү ниесіне көмекті сырттан күтсе, екіншісі, адамның өз рухының тал пынысы арқылы жол табуға, хақиқатқа жетуге болады деп санайды. Жапондар ұстанатын дзэн-буддизм осы екінші жолды дәріптейді. Жапон мықтылығының бір құпия сыры осында. Оның өз қолынан шыққан әрбір дүниеге барынша әдемілік беруге тырысуы да өмірдің әрбір қас-қағым сәтін бағалауға үйреткен осы тәрбиеде жатыр. Жа пон қолынан шыққан әрбір дүние – жапон рухының көрінісі. Меэ мен Сайге бір-бірімен жүздесіп, пікір алысып тұрған. «Тақуа Сайге келгенде, ұстаз өлең туралы ой толғайтын. Менің өлеңге де ген көзқарасым өзгелердікінен бөлектеу дейтін. Гүлді, құсты, Айды жырлайын, мына әлемнің барлық көріністерін суреттейін, бірақ мұ ның бәрі шындап келгенде, құлақ құрышын қандырып, көзді алдар бос елес қана. Біз жазған өлең қалай ақиқат бола алмақ? Өйткені, гүл туралы жазғанда гүлді ойламайсың ғой. Ай туралы жазғанда Айды
ойламайтының тағы рас. Расында, біз, өзіміз құмартқан, өзімізге ұна ған нәрсенің бейнесін ғана жасаймыз. Кемпірқосақ шықса түссіз ас пан боялғандай көрінеді. Күн шықса жарқырағандай сезіледі. Бірақ аспан өздігінен боялып, өздігінен жарқырамайды ғой. Міне, біз де осы аспан секілді, өз жан-дүниеміздің шексіз кеңістігінде әр қилы заттарды бояу ізін қалдырмай өзімізге ұнайтын әр түрлі түстерге бояймыз. Және осындай поэзия ғана Будда ақиқатын бейнелеп бере алмақ деп түйіндейтін» (шәкірті Тэнси Кикайдың «Меэ өмірбаяны нан»). Бұл сөздерден жапондық, дәлірек айтқанда, Шығыстық «бос сана, «болмыссыздық» идеялары аңғарылады. Менің әңгімелерімнен де «болмыссыздықты» тауып жататыны бар. Бірақ бұл Батыстық түсініктегі нигилизммен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын бағыт тар. Меніңше, еуропалықтармен біздің жан-дүниелеріміздің негізін де әр түрлі бастаулар жатыр. Жылдың төрт мезгілінің әдемілігін, суреттеуге арналған Догэннің «Бастапқы бейне» деп аталатын маусымдық өлеңдері – терең ойға шомған сананың жаратылыс құпиясын шешуге талпынысы.
Хорхе Луис БОРХЕС:
«МЕН ТҮСІМДЕ СӨЙЛЕМДЕРДІ
КӨРЕ АЛАМЫН»
Аргентина жазушысы Хорхе Луис Борхес (1899-1986) – ең мәш
һүр қаламгерлердің бірі. Тіпті әдебиетші қауым ортасында оны
ХХ ғасыр әдебиетінің символы санайтын да пікірлер кездесіп қа
лады. Ғұмырының екінші жартысында көр соқыр болып қалған
ол өз кітаптарын көрмей жазды. Бәлкім, осы зағиптығының игі
әсері болды ма, оның әңгімелері адам жанының кез келген шығар
машылық иесі бойлай бермейтін, бойлауға қорқатын тереңдік
теріне үңілуімен қатты ерекшеленеді. Оның шығармалары – эру
дицияға бай, шын мәнісіндегі интеллектуалдық дүнелер. Бірнеше
тілді тамаша меңгерген оның керемет зейіні оған қай кезде де
көмекке келуге даяр болатын. Бүгін көзі тірісінде «Жанды Бабыл
кітапханасы» атанған қаламгердің Буэнос-Айрес радиосының
журналистеріне берген сұхбатын назарларыңызға бірнеше қыс
қарған нұсқада ұсынып отырмыз.
Каррисо: Борхес, сіз өзіңізді қандай мәдениеттердің мұрагері
санайсыз?
Борхес: Мен бе? Барлық. Әрине, ақыл-ойым, өре, танымым
жеткен жерге дейін. Әйтсе де, негізгілері екеу ғой деп ойлаймын.
Бұларым – Грекия мен Израиль. Бірақ... басқа елдерді мансұқтау
дың қажеті қанша? Қытай, Жапониядан бас тартып не керек? Сон
дай-ақ исламды бөлектеудің де қажеті жоқ қой деймін. Мұның
үстіне ислам өзінің шығу тегі жағынан Израильге қарыздар.
Каррисо: Бұлардың қатарында Римді еске алмауыңызға не себеп?
Борхес: Себебі, Грекиясыз Рим болмаған болар еді. Кезінде
«Мен – Рим азаматымын» деп ауыз толтырыла айтылатын, ал сол
Риміңіз Грекияның жалғаы емей не? Мысалдап сөйлесек, грек фи
лософтарынсыз Лукрецийді, «Илиада» мен «Одиссеясыз» «Эней
даны» көзіңізге елестете алмайтыныңыз анық. Түп тамырын қау
зап келгенде батыс адамдарының бәрі ақыр соңы грек не еврей
болып шығады деп мен бұған дейін де бірнеше рет айтқанмын.
«Библия» бізге қаншалықты жақын болса, Платон мен дисократик
тер де соншалықты ыстық. Осыларсыз біз бүгінгі біз болмас едік.
Бұл жерде басқа халықтарды назарға алмай-ақ қоюға да болады.
Сөз реті осылай болғасын айтар болсам, менің бойымда баскінің
қаны бар. Енді сол баскілеріңіз несімен мақтана алады? Олар сиыр
сауады, сыр қайнатады... адам шошыр әдеп-ғұрыпқа ие – осымен
тәмам. Ал Грекия, Израильсіз біз кімсіз? Сол Киплингтің өзі Бри
тан империясын Рим империясының жалғасы санады. Және оныкі
шындық еді. Бұл сол империя болатын... Немесе жақын уақыттар
ға шейін болды... Ал біз латын диалектілерінің бірінде сөйлейміз.
Осы латыныңыз бен латын әдебиетін грек мәдениетінің ықпалына
ұшырамаған саф таза қалпында еш жерден ұшырата алмайсыз.
Каррисо: Әрине, сіз үшін бар болғаны бірнеше классикалық кіта,
«Библия» мен тағы да екі-үш грек жәдігерлері ғана бағалы саналса.
Борхес: Рас. Бірақ менің жадымда «Мың бір түнге» де орын
бар. Әрине, «Мың бір түн» ислам әлеміне тиесілі, ал ислам өз бас
тауын тағы да сол Израильден алады. Демек, «Мың бір түнді»
қандай да бір амалмен «Библияны» жалғастырушы деуге әбден
болады. Солай дей тұрсақ та, қазір «Библия» біз үшін «Мың бір
түннен» анағұрлым қызығырақ болуы мүмкін.
Бартоломью: Үндістан, Иран, Қытай ше?
Борхес: Олар да солай болуы ғажап емес. Сосын Ираныңыз да
ислам мемлекеті болып табылады ғой.
Бартоломью: Өз басым адамзат мәдениетіне, ислам халық
тарының мәдениетіне қосылған ең үлкен, таңғажайып үлес деп
«Мың бір түнді» санаймын.
Борхес: Асылы, бұған Құранның онымен еш салғастыруға кел
мейтіндігі себеп шығар. Осылай ғой?
... Аллада Шахрезаданың шалқар шабытындай шабыт тағы жоқ.
Рас па? (Күледі). Оның үстіне онда Шахрезаданың шытырман
оқиғаларындай оқиғалар және болмады.
Бартоломью: Немесе оныншы ғасырдағы Каир алыпсатарлары
ның бастарынан өткергендей оқиғалар (әңгімелесуші бұл жерде
ортағасырлық еврей саудагерлері немесе Борхестің өзінің жазу
стилін тұспалдаған секілді - Ә.Б.)
Борхес: Бойымда еврей қаны бар ма, жоқ па анық білмеймін.
Дегенмен анамның фамилиясы Асеведо, ал бабаларымның бірінің
фамилиясы Пинедо болғандығын ескерсек, бар секілді. Өйткені,
бұлар португалдарға сіңісті болып кеткен еврей фамилялары бо
лып табылады. Мұндай фамилиялардың тізімі Рамос Мехияның
кітабында біршама санамаланған. Олардың ішінде Буйнэс-Ай
рестің ең көне фамилиялары да ұшырасады. Бұлардың біріншісі
Окампо, бұларды толығымен еврей деуге де болады, сосын Саэнс
Вальенте, сосын кітап авторы Рамос Мехияның фамилиясы, олар
дан кейін Пинедо, Перейра және Асеведолар кетеді.
Каррисо: Борхес, осы фамилиялардың бәрінің сіздің тегіңізге
қатысы бар ма?
Борхес: Жоқ. Тезіме қатыстысы Асеведо мен Пинедо ғана,
менің Окамполармен де, Перейралармен де ешқандай қандық
туыстығым жоқ.
Каррисо: Бойыңызда тағы да қандай фамилиялар мен ұлттар
дың қаны бар?
Борхес: Не шара, ең алдымен баск қаны. Бұл жақтан Дон Хуан Гарай-и Ирала деген фамилияға иемін. (Күледі). Сосын андалуз қаны. Кордова қаласының негізін қалашуы, тегі севильялық Каб реро деген бабам болған. Бұдан кейін өзім мақтаныш тұтатын ағылшын қаны кезек алды. Ал осы «ағылшын қаны» дегеніміздің өзі не мағына береді? Теннисон: «Біздер, ағылшындар – саксон быз, кельтпіз һәм датпыз» деген болатын. Яғни, кез келген ағыл шын кельт, германдық және скандинав болғаны ғой... Менің бо йымда негізінен үшеуі: испан, португал және ағылшын қандары аралас. Бұлардан бөлек, алыстау болса да, тағы да бір нормандық бабам бар. Иә, расында да тым алыс. Бартоломью: Демек, бойыңызда Римнен кейін бірін-бірі ал мастырған үш империяның да қаны болғаны ғой. Борхес: Дұрыс айтасыз. Бірақ дәл мұндай ой менің басыма кел мепті. Бартоломью: Сіз португалдармен бірге Үндістанға аттанды ңыз, мұхит арқылы Африканың оңтүстік жағалауын айналдыңыз... Борхес: Дұрыс. Магеллан бұғазын аштым. Каррисо: Американың жағалауына келдіңіздер. Бартоломью: Қалалар тұрғыздыңыздар... Борхес: Солай болған болуы керек. Бірақ бұлай кімге болса да қатыстырып айтуға болады. Каррисо: Испандықтармен соғыстыңыздар. Борхес: Иә, испандықтармен шайқастық. Менің әжем оларды «готтар» атайтын. Каррисо: Үш қанның әрқайсысы Борхеске не бергенін білуге тырыссақ. Оның бойында ағылшыннан, португалдан және испан нан не бар екен? Борхес: Ең бастысы ағылшын қаны ғой деп ойлаймын. Өйт кені, менің оқығанымның барлығы дерлік ағылшын тілінде бол ды. Ал бұл өте маңызды. Енді... Испанияға келер болсақ, ол маған қаншалықты жақын немесе алыс, бұл жағын анық айта алмаймын. Бәлкім, екеуі де болар. Каррисо: Біз өзара испан тілінде ұғынысып отырмыз. Борхес: Солайы солай. Яғни, біз латын арқылы түсінісудеміз, дұрыс па? (Күледі.) Каррисо: Және бір-бірімізді жақсы түсініп отырмыз. Борхес: Иә. Мен қай тілде өлетінім туралы жиі ойландым. Сосын испан тілінде болатын шығар деп шештім. Дегенмен кім біледі... Бартоломью: Адам тілмен бірге өледі, бірақ тумайды. Борхес: Тілмен бірге өлетіні рас. Бірақ маған былай көрінеді: Ажалға ұқсас түс деп аталатын тағы бір нәрсе бар. Мен түсті ағылшын тілінде өте сирек көремін. Көбінесе түстерім испан тілінде болып келеді. Ал тәтейіме француз тілінде түс көрудің сәті жиі түсетін-ді. Бұл ол француз тілін біршама жақсы немесе өте тамаша білді деген сөз. Мен болсам бұл тілде ешқашан түс көрген
емеспін. Сондай-ақ, неміс тілінде де, итальян тілінде де солай. Тек кейде түсімде Ариосто немесе «Құдіретті комедиядан» үзінділер оқығаным болмаса... Бартоломью: Бұларыңыз шынымен-ақ испандық түстер ме.. жоқ әлде қытаймен кездессең де сөйлесіп, түсінісіп кете беретін «түстердің бесаспап тілі» ме? Біз қазір испан тілінде сөйлесіп отырған секілдіміз, ал өзіміз осымыз расында да испан тілі деген ге илана аламыз ба? Түсіңіздегі сөздерді жеке-жеке ажыратасыз ба, әлде тек жалпылама мағыналары ғана есіңізде қала ма? Борхес: Иә, ажырата аламын... Кейде тұтастай сөйлемдерді жа дымда ұстап қаламын. Мысалы... Бартоломью: Мысалы, оны сіз алдымен түсіңізде көресіз, со сын ертесіне азанда отыра қаласыз да, қағазға түсіре бастайсыз. Борхес: Иә. Мысалы, жақында «Шекспирдің жады» деп ата латын әңгіме жазып бітірдім... Мичиганда көрген түсімде «Мен сені Шекспирдің жадына ие етемін» деген сөйлемді естігеннен екі жылдан кейін аяқтадым. Әңгіме осы бір ауыз сөйлемнен өрбіді. Біраз еңбектенуіме тура келді... Мария Кодамға ішінде осындай сөйлемі бар түс көргенімді, оны әңгімеге айналдыруға болатынын айтып едім, ол бірден жазуға кеңес берді... Бартоломью: Сөйлемді дауыстаған кім? Борхес: Жүзі көрінбеді. Бірақ сөйлем испанша айтылды. Каррисо: Сіз түсіңізде көресіз бе? Борхес: Әрине. Мен түсімде өте тамаша көремін. Каррисо: Бұл әрі ғажап... әрі жан шыдатпас қатыгездік. Борхес: Мен қаншама рет алдандым десеңізші. Түсімде кітап оқып жатамын да, «көзім қайтадан көретін болған екен ғой» деп қуанып кетемін. Сосын ұйқым толық ашылмай жатып, «қазір ғана оқыған мәтінімді алдымен қиялымда пісіріп жазып алған екенмін ғой» деген ой келеді. (Күледі). Мен мәтіндерді қиялдан шығара мын. Бірақ олардың көзге қалай көрінетінін білмеймін. Сосын ұй қымды жалғастырамын, ал бұл көңіл-күй маған өте жақсы таныс... Каррисо: Борхес үшін әдебиеттің міндеті не? Борхес: Әдебиеттің міндеттері тылсым құпиялармен тұмшалау лы. Егер басқаша болса, әдебиет құр сөз ойыны ғана болып қалар еді. Ал біз... шамалап айтқанда, Грасианға айналар едік. Бұл өте жаман. Ал егер әдебиеттің міндеттері тылсым сырлы екенін сезі не алсақ, қасиетті Рухтың санаңа сыбырлағанын аракідік болса да қағазға түсіретінімізге сене алсақ, онда тек өзіңе ғана байланысты емес көптеген дүниелерден үміттенуіңе болар еді. Сен, бар бол ғаны, Әлдекім немесе Әлдененің дауыстап айтқан бұйрықтарын ғана мүлтіксіз орындаушысың. Мен бұл дауыстаушы Әлдекім не Әлденені әрдайым үлкен әріптермен жазамын.
Джон ФАУЛЗ (1926-2005)
ағылшын жазушысы
КАФКА ЖАЙЛЫ
ЕСІМДЕ ҚАЛҒАНДАР
Бұл мақаланы жазуға мен өзімді біршама жақсы дайындалдым
ғой деп есептеймін. Өйткені, бұдан жиырма жылдай уақыт бұрын,
Оксфордта студент болып жүрген кезімде, оның қаламынан шық
қан дүниелердің барлығын дерлік түгел оқыған болатынмын. Рас,
содан бергі уақытта оның шығармалары түгілі бірде-бір жолын
қайталап оқыған емеспін. Яғни, дәл қазіргі сәтте оның шығарма
шылығы жайлы қарапайым мектеп сынағының өзін сәтті тапсы
рып шыға алмасыма сенімім кәміл. Әрине, сіз тек ақымақтың ғана
ұйықтың не екенін білмей тұрып, суға түсуі мүмкін деп ойлайсыз.
Әйтсе де, мен сәл төменіректе үлкен жазушылардың қарапайым
алаңғасарлығы жайлы әлденені өз оқырмандарыма айтып бере
аламын ғой деп үміттенемін. Иә, менің Кафкаға қатысты қандай
да бір жаңа, тың көзқарасты ұсынуға еш қауқарым да, оған ынтам
да жоқ. Менікі, бар болғаны, ашық табиғат аясында жұмыс істеп
жүрге натуралистің стилінде оның менің рухани-мәдени әлемімде
расымен барын суреттеп беруге талпыну ғана болмақ. Сондай-ақ
мен осы талпынысыма кез келген қазіргі жазып жүрген романшыға
қатысты дилемма төңірегіндегі өз ой-топшылауларымды да енгіз
сем деймін. Бұл дилемма бізді бүгін ыңғайсыз жағдайға жиі-жиі
қалдырып жүр және оған Кафканыі, әлдеқашан о дүниелік болған
Кафканың, оның «бедел атағы» әсерінің тікелей қатысы бар.
Тақырыпқа бұлай келуім мені тек мынандай жағдайда ғана ақтай
алуы мүмкін: бұл мақаланы университет әдебиеттанушысы емес,
кәдуілгі көзі тірі жазушы жазып отырғанын нақтылап көрсеткенде
ғана. Сондай-ақ мақаланы әдебиет жайлы дәріс берушілер мен
кәсіпқой қаламгерлердің арасындағы бүгінгі қалыптасып отырған
қарым-қатынас қанағаттандырмайтын қаламгердің жазып отыр
ғанын басып айтқанда. Мен кез келген қаламгер, мейлі ол ақын
не прозашы болсын, университет аясы тарапынан болатын бас
шылықта жұмыс істеуге тиіс дегенге еш сенбеймін. Ешкім өмір
абызы болуға толық табиғи мүмкіндігі бар жанды жөн-жоралғы
ларды оқытатын мектепті, мейлі бұл оқу орны өз міндетімен тама
ша-ақ айналыссын, түгесуге жібермесі анық. Ал жіберетін болса
ше? Онда болашақ абызыңыздан түк қалмады дей беріңіз. Әңгіме
жеке тұлғаларды, көзқарас кеңдігі мен тәуелсіздігін қажет ететін
өнер туралы болғанда, жас жазушының өткеннің «жөн-жоралғы
ларымен» әбігерленіп, әдеби шығармашылықтың мұраттары мен
әдіс-тәсілдеріне айдаршалар таңумен ғана шұғылданатын ортаға
енерде қауіп-қатерге дәл осы секілді кезігетіні және рас.
Әдебиет мұғалімдеріне биология ғылымынан көп нәрсені үйре
нулеріне болар еді. Мұнда соңғы жиырма жылда тар лаборатория
ларда өтетін зерттеу жұмыстарының сапасына деген қанағаттан
баушылық күрт күшейді. Өйткені, мұндай тар бөлмедегі зерттеулер
«торға» түскен аң-құстардың өз табиғи қалыптарынан ауытқиты
нын дәлелдеп отыр. Тордағы құс пен табиғи еркіндіктегі құстың
бір мезгілдегі сайрауы бір-біріне мүлдем ұқсамайтын көрінеді. Ал
мұндай ауытқудың себебі неде деген сауалға келер болсақ, био
логтардың айтуынша, тар қапастағы тұтқынның міскін халі құс
екеш құсты да тұқыртып, оның жүйкесін жұқартатын дертке шал
дықтырады екен. Меніңше, әдебиеттанушылар мен сыншылар
да қаламгерлердің осындай дертке шалдығуына мүдделі секілді.
Әйтпесе, олар бүгінгі қаламгерлерге өздері әлдеқашан дүниеден
өтіп кеткен қаламгерлердің шығармашылығы мен олардың өмірі
нен түйген шала-жансар топшылауларын әкеліп таңуға тырыспас
еді ғой. Сосын бізді, біздің шығармашылығымызды сол дүмбілез
топшылауларының төбесінен дүрбі сап зерделеуге тырыспас еді.
Мен төменде әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан кетіп жатқан
осындай қателіктерге қатысты ой толғамақпын. Әңгіме біздің қа
ламгер әріптесіміз туралы болады. Және оның нақты үлгісі ретін
де мен Кафка өмірі туралы білетіндерімнің есте қалғаны мен оның
шығармашылығы жайлы түйгендерімді алдарыңызға жайып сал
мақпын (әрине, ол туралы ешқандай анықтамалар мен бұған дейін
жазылған дүниелерге иек артпай-ақ)...
Бір кездері мен романдарымның алғашқы тарауларын еш қи
налмай-ақ тез жазып тастайтынмын. Менде баяндауға деген
икемділік біршама бар екенін жақсы білемін, тау биігіне ұмтыл
ған адамның оған апаратын алғашқы қырқа-белестерді еш қи
налмай-ақ жүріп өтетіні секілді, тұңғыш тарауларды өзімді-өзім
таң-тамаша етіп опыр-топыр тез жазып тастағанды жаным жақсы
көретін. Ал қазір маған алғашқы тараулар нағыз азаптың өзіне
айналды. Мен белгілі бір роман барысын «қадағалауға», «көрініс
терді түсіруді» бақылауға мүмкіндік беретін бұрышты тауып ал
май жұмыс істей алмайды екенмін. Ең бастысы, ең күрделісі өз
жан-дүниеңнен жазбақ тақырыбыңның үніне, дауыс ырғағына сай
келетін көңіл-күйді табу болып шықты. Бір ғажабы, керісінше,
кейіпкерлердің көңіл-күйін табу аса қиынға соға қоймайды. Тіпті
оңайдың оңайы десе де болады. Бірақ бұл құмыра мен саз бал
шықтың арасындағы мәселені түбегейлі шешуге жеткіліксіз. Өйт
кені, балшыққа өз пәрменін жүргізуге рұқсат беруден өткен оңай
жол жоқ. Құмыраны қандай қалыппен соғамын десе де ендігі бас
пен жүрек сыйладыңыз екен-ақ, олардың бәрін «өзім білеміндік
ке» салынатыны секілді қарапайым нәрсе. Олар сіз үшін кітапты
жазып шығаруға өздері-ақ қуана кіріседі. Есесіне, сіздің бастапқы
ойға алған мұрат-мақсатыңыз бағытынан ауытқып, кітаптың құ
рылысы ақсап шыға келмек. Мұндай сипаттағы кемшіліктерді біз
Диккенстің романдарынан көптеп ұшырастырамыз. Жалпы мұн
дай кемшілік Диккенстің шығармашылық қолтаңбасына тұтастай
тән болып келеді.
Көрдіңіз ғой, сізді өз дегеніне көндіріп, еліктіріп, алып кететін
кейіпкерлер әлемі аз емес. Міне, дәл осы жерден біздің Кафка ту
ралы әңгімені бастауымызға мүмкіндік бар. Себебі, дәл осы жазу
шыдай өзінің сиқырлы әлемін, оған тән арбаушы дауысын жасаған
қаламгер өте сирек. Біз мұны күнделікті қарым-қатынаста, өзара
әңгімеде, төңірегіміздегі өмір ақиқаты Кафка әлемінің образдарын
еске түсіруге мәжбүрлейтін сәттерде жиі аңғарып жүрміз. Маған
осы жерде өзім жақында байқаған бірнеше мысалды келтіре кету
ге рұқсат етсеңіздер екен.
«Мұндай тек Кафкада ғана болуы мүмкін!» «Бейнебір жын
дысүрейлер үйі секілді. Тап-таза Кафканың өзі!» «Білесіз бе, бұл
қандай адамға ұнауы мүмкін? Тек Кафкаға ғана!» «Льюис Кэр
ролл мен Кафканың аралығындағы бірнәрсе» (Чикагодағы про
цестер туралы баяндамадан).
«Кафка тірі!» (Университет бюрократиясына қарсы демонстра
цияға шыққан студенттердің жазба ұрандарынан).
«Сұйылған Кафка» (жаңа фильмге жазылған пікірден).
Кафканы болып жатқан жайтты суреттеу құралы іспетті пай
далануға тырысатын мұндай әрекеттер жайлы не айтуға болады?
Рас, бұл сөздердің нендей ойларды жеткізбек екенін аңғару қиын
емес: «Қан-сөліңді сығып алатын бюрократия», «түсіндіріп бере
алмастай сұмдықтың өзі», «ұғынып болмастай оралымсыздық»
болып кете барады. Бірақ бұлар Кафка шығармашылығының
өзегін түсінуден шығып жатқан пайдаланыстар екен. Бар болғаны,
әлдекімдердің шенеуніктік ортадан, қонақ үй қожайыны немесе
үлкен фирмалардың иесінен зәбір көргенін, қарапайым жауап ала
алмағанын аңғартатын сөз тіркестері ғана. Шын мәнісіне келсек,
Кафканы бұлай пайдалану үшін оны терең талдап оқып-түсініп
жатудың түкке қажеті жоқ.
Сосын, жазушы шығармашылығын бұлай пайдалану (өрескел
пайдалану деуге де болады) жиі кездесе бермейді. Мұндай жайт
бұған дейін Кафка деңгейлес немесе одан да ұлы жазушыларда
болмаған. Жазушы есімі қосарлана айтылатын қайсыбір тұрақ
ты сөз тіркестерін құлақпен естуіңіз де тым сирек, олар көбіне
әдебиетке қатысты мәтіндерде ғана ұшырасады. Онда да тарихи
ыңғайда, өткен шақ райында ғана кездесіп, жазба мәтіннен тыс
жағдайда ұшырасуға құлықсыз екенін аңғартады. Мұндай шекс
пирлік, вольтерлік, диккенстік деген сөздердің әдебиеттен тыс жерде сізге бірнәрсе айта қоюы тым қиын. Рас, «диккенстік» де ген сөз бір кездері көпшілік ортасында айналымда жүрген болуы да мүмкін. Бірақ оның өзінде де «өткен күндерге ізет» сипатында, Диккенс суреттеген пиквик заманына байланысты айтылуы ық тимал. Сосын есімі өз шығармашылығына ғана қатысты айтылуы мүмкін қаламгерлер бар... Қысқасы, «кафкалыққа» байланысты «сын есімдер» тек өте си рек категорияларға ғана жататын іспетті. Бұл бағыттағы алғаш қы ауызға алынатындардың бірі, шамасы, «раблелік» болса, тағы бірін, ең болмағанда осында, Британияда ауызға алынатындардың қатарынан – чеховтық дегенді де еске түсіре кетуге болады. Осы ларды өзара байланыстыруға мүмкіндік беретін қандай да бір ор тақ қозғаушы күшті нақтылап айтуға бола ма? Қалай дегенмен де, бір мәселенің басы ашық. Олардың шығармашылықтары адамзат баласына тән көңіл-күйдің қамтуға талпыныс жасаған. Бұл Раб леде – тән тояттауынан барып оянатын рахаттану сезімі; Чеховта - өмірдің бостандығын, мағынасыздығын сезіну, Кафкада болса – түңілу, мазақ болу, қуғыншылық көру сезімі. Ал мұндай сезінулер қай кезде де, қай жерде де болған және болып келеді. Әйтсе де, оларөздерін шырқау шыңдарына шығара суреттейтін кемеңгерлер пайда болғанша өздеріне тұрақты атау ала алмай келген секілді. Енді, міне, өздерін қыбын таба суреттеген қаламгерлердің есім дерімен байланыса анда да, мұнда да себепті-себепсіз шапқылауға мүмкіндік алған сыңайлы... Автордың есімін бұлай пайдалану бәрінен бұрын ғылымда Га лилей, Ньютон, Дарвин, Фрейд немесе Эйнштейндердің есімін пайдалануңа келіңкіремейді: галилейлік, ньютондық және т.с.с Меніңше, қаламгерлерге бұлбағыттағы жол (Кафкаға мұның сон дай жеңіл және қарапайым жұғыса кеткені әжуа десеңізші!) әде биеттегі ғалымдардың көмегі арқылы салынды. Таза қаламгер лердің кемеңшерлігінің бұған ешқандай қатысы жоқ. Мен еске алған жазушылардың үшеуі де – адамзаттың өмірлік тәжірибесінің «күңгірт» жақтарын саралап, зерделеуге тырысқан дар. Бұл жағынан алғанда Рабле – не нәрсенің бәріне беті ашық қоғамның этикасын; Чехов – жолы болмаған жанның психология сын; Кафка – экзистенциальді социологияны, болмыс пен жара тылысты алғашқы зерттеушілер. Бірақ олардың зерттеу тәсілдері негізінен тек өздеріне ғана тән болады. Яғни, өздеріне, өз санала рына ғана тән болған шындықты суреттеуге талпынады. Өз әлем дерінің иірімінде қалып қойған оларды өзге де шындықты жазуға талпынған қаламгерлерден өз бағыттарында тымарыға кетіп қалды деуге болады. Мұндай парадокс осы үштікті толықтыруға толық мүмкіндігі бар тағы бір жазушының шығармашылығынан жақсы байқалады. Мен Льюис Кэрролды айтып тұрмын. Өзге үш әріп
тесінікі секілді оның есімі сын есімдерге жиі қосақталмағанымен,
белгілі бір ситуацияларға байланысты аракідік болса да, ауызға
алынып тұрады. Біз Алиса туралы кітапта, оның терең қатпарла
рында болса да, барынша тұмшаланған математикалық қисынның
бар екенін жақы білеміз; ал Джодсон бейнесінен юмор немесе
психология төңірегін алғашқы боп зерттеушілердің бірін аңғара
аламыз, Әрине, оның көңіліне бүгінгі физиктер айта беретін айна
лық ғалам немесе антизат секілді ұғымдар анағұрлым майдай жа
ғатыны да күмәнсіз. Дегенмен «кэрролдық» немесе «алисалық»
деген секілді сын есімді тіркестерінің біздің күнделікті сөздік
қорымызға еніп кетуі үшін Кэрролдың символикалық тым ша
шыраңқы, тым қиялилау болған секілді. Қандай аянышты! Мен,
мысалы, Америка Құрама Штаттарының соңғы жылдары жүргізіп
отырған сыртқы саясатына дәл баға беруге мүмкіндік беретін бас
қа сөзді әлемді үш айналсам, таба алмас едім.
Дегенмен маған университет бұқасын буырқандыру үшін қызыл
мата іліп кеткен алғашқы сөйлемдеріме қайта оралуға мүмкіндік
беріңіздер. Әрине, әдебиет мұғалімнің өзі тарқатып отырған тақы
рыбын жақсы білетіні күмәнсіз. Сондықтан оның бұл тақырыпта
түк білмейтінін айтып мақтанған мен секілді әлдекім туралы есті
генде ашуланатын шындық. Мейлі, ашулана берсін. Өйткені, мұн
дай ситуацияның көптеген қаламгерлерге айтып беретін өзіндік
ащы шындығы бар. Қаламгерлердің тудырған дүниелерінің бәрі
жаңағы менің Кафкаға байланысты айтқан әңгімемнің сүрлеуі
мен жүріп өтуге тиіс дейді бұл қатыгез шындық: сіздің шығарма
ңыздың мазмұны оқырманның есінде уақыт өте келе болар-бол
мас қана қалады немесе мүлдем ұмытылмақ. Қысқартып айтсақ,
біздің өзіміз де шығармаларымызды «лабораториялық» қатал
зерттеулерге түсу үшін жазбаймыз ғой. Жазсақ, белгілі бір сәтте
оқып, ләззат алатын, сосын ұмытуы мүмкін көптеген қарапайым
оқырмандар игілігі үшін жазамыз, солар үшін шығармашылық
тың толғағына түсіп азаптанамыз. Оқырман санасында жасындай
жарқ ете қалар осы бір аяулы сәт үшін еңбектенеміз.
Әрине, бұл біздің оқырманның жадында қалуға еш ынтамыз
жоқ деген сөз емес. Дегенмен ең басты интеллектуалдық қылмыс
кердеңдік деп саналатын ғасырда қаламгерлердің мәңгілікке ын
тызарлығы туралы баяғыдағыдай әңгімелер көп айтыла бермейді.
Және мұндай сұрқия мен-мен ойды ешбір өзін толыққанды қа
ламгер санайтын жанның өзінің жазу мәшіңкесінің жанына жо
латпауға тырысатыны анық. Қалай десек те, қазір жақсы жазушы
ның кітабы нашар өтетіні аксиомаға айналып қалды деуге болады.
Меніңше, жазушының өз табысына деген көзқарасы – шұғыл түр
де арнайы зерттеуді қажет ететін тақырып. Жазып отырғанда, қай
сыбір ортаңқол коммерциялық жазушысымақтар болмаса, өзінің
бедел-абыройы туралы ойланбайтын қаламгер жоқтың қасы деп
санаймын. Қаржы мәселесі қайсыбір жазушыға белгілі бір уа қытқа дейін басты мәселе болып көрінуі мүмкін. Ол оның жазуға деген ынтасын оятады, қаламгердің басты міндеті қомақты қала мақы табу дегенге де біраз уақытқа дейін сендіруі мүмкін. Бірақ тек біраз уақытқа дейін ғана... Ал тез келген табыс қаламгердің басын есірткі секілді айналдырады және өзін жиі-жиі қайталау ға асықтырады: өйткені, табыс – бұл сенің шынайы өмірде тап қан жеңілістеріңнің бірден-бір өтемақысы секілді. Дегенмен мен бойжеткеннің өзін осындай тығырық қапастан біржолата құтқару үшін тәнін бірнеше рет түсіне аламын, ал мәңгілік жезөкше болып қалу үшін сатуы тіптен миыма кіріп шықпайды. Өз есіміңді мәңгіліктің еншісінде қалдыруға мұрсат беретін шығармашылықтың түрі ретінде көпшілікке емес, мамандардың шағын бір тобына ғана арнап қалам тербеуді айтуға болады. Егер жазуға тек осындай мақсатпен отыратын болсаңыз, онда сіздің жонарқаңыздан жазған дүниеңізге зер салып, қадағалап отыратын қасқа маңдай журнал сыншысы мен университет профессоры - әдебиет мұғалімі табыла кетеді. Егер мен олардың талғамы мен сұранысын қанағаттандыра алатын болсам, онда маған универси тет қабырғасынан алыстау жүрген, жадыда шығармаларыңыз бен есіміңізді есте сақтап қалуға сараңдау белгісіз оқырмандар үшін бас қатырып жатудың қажеті қанша? Бірақ бәрібір алаңдауға тура келеді. Алаңдауға мәжбүр ететін, әрине, университеттің сұрқылтайдай сақ сауатты профессорлар қауымы емес. Олар әр дәуірдің әдебиет әлеміне сән үлгісі ретін де әкеліп ендіретін интеллектуалдық жазушылар емес екені және шындық. Осы бір жалған құдайшылықтар мен оларды көз жұма дәріптеушілердің маңына жуықтап кетудің өзі өте қауіпті. Өйт кені, олар сізді қолдарынан келсе, түтіп жеуге әзір. Әйтсе де, мен қаламгердің осындай шешімге тұрақтап, тек талғамы кербез әл декімдер үшін ғана қолына қалам алуын құптай алмаймын. Се бебі, бұл бір кездердегі ақсүйектердің мені жауапқа тартса, тек өзім деңгейлес адам ғана тарта алады деп әділеттің ақ сотынан жалтара қашуы секілді болып шығады. Сосын қайсыбір өнердің болсын басты міндеті қоғамды бөлшек-бөлшек етіп емес, тұтас жақсартуңа мұрындық болу болып табылмай ма? Мен Парнас тан Академия бағына дейінгі өте қысқа жолға өте үлкен күдікпен қараймын: рас, академия, университет қайсыбір орынсыз ұмы тылған авторлардың шын мәнісіндегі әділ бағасын беріп, олар ды алғаш ашушылар болған болуы да бек мүмкін. Бірақ бұл қа ламгерлерді ең алдымен көпшіліктің талқысына түсуден құтқара алмайды. Бізге тек солардың талқысынан бастап, тек солардың талқысымен аяқтауымыз керек. Біздің маңдайымызға жазылғаны осы: өзге шынайы тағдырды Тәңірім бізге бермеген...
Әйтсе де, мен алдымен Кафкадан есімде не қалғандары тура
лы жазайын. Оның шығармаларын соңғы жиырма жыл бойы неге
оқымағанымның себебі ұят та болса, осы жолы түсінікті болады
ғой деп сенемін. Менің ұмытшақ оқырманның жадында, дәлірек
айтқанда, онда не қалатыны туралы жеткізгім бар.
Кафкадан ұйықтап жатқан адамның тарақан болып оянатыны
туралы эпизодтан басқа ештеңе есіме түсер емес. Шамасы, бұл
«Метаморфоза» деп аталатын әңгімесі болуы керек. Кафканың
бұл әңгімемен не айтқысы келді, ол жағын ол кезде де түсінгем
жоқ, қазір де түсіне алатын емеспін. Сосын «Қорғанында» әлдебі
реудің қорған ішіндегі әлдебіреумен әңгімелескісі келетініне бек
сенімдімін. Өзі жақын маңдағы қонақ үйге аялдаған ба? Дәл осы
лай екеніне сенімім дүдәмалдау. Ол қорған ішіне кіре алды ма,
жалпы, кіргенде не туралы сұрағысы келіп еді, бұл жағы тағы да
тарс есімнен шығып кетіпті. Оқиғаның дамуы да, түйіні де жа
дымда жоқ. «Процесінің» бастан-аяқ өзі не үшін қамауға алын
ғанын ұғына алмаған, соны ұғынуға тырысқан адамның әңгімесі
екенін білемін. Бірақ бірде-бір деталі есімде жоқ. Ал «Амери
касын» оқудың ешқандай сәті түспеді. Қайсыбір шағын дүние
лерінде оқып едім, олар жайлы тіпті есімде қалмапты. Әйтсе де,
Оксфордта жүргенде Макс Брод жазған Кафканыі өмірбаянын
оқығаным жадымда өте жақсы сақталыпты. Оқуын оқыдым-ау,
бірақ Кафка өмірбаянын жақсы білемін деп және айта алмаймын.
Шамалауымда, Кафка 1870 бен 1930 жылдардың арасында өмір
сүрген болуы керек. Әрине, не ары, не беріге он жыл шамасын
қателесуім мүмкін. Үйленген бе, үйленбеген бе, тіршілікке қара
жатты қай жерде және қалай тапты, ол жағын және еске түсіре
алар емеспін... Маған, неліктен екені белгісіз, оның тағдыры Ве
намен байланысты сияқты болып сезіледі, бірақ менің оны Фрейд
не Шуберт немесе тағы да басқа біреумен шатастырып отыруым
да мүмкін.
Міне, көрдіңіз бе – өз әдепсіздігін мойындаудың нағыз сұмпайы
түрі. Бірақ солай екеніне қарамай, менің Кафканы жақсы білемін
деп осы жолдарды оқып отырған адамды таң қалдырғым келеді.
Кафканы жақсы білетіндігім сондай, маған оны қайталап оқып жа
тудың түкке қажеті жоқ деймін. Оның шығармашылығында маған
ең басты белгілісі – бұл оның рухы, оның дауыс ырғағы, бояула
ры, тенденциясы мен оның еңбектерінің мағынасы, оның тұтас та
бірегей ғажайып метафорасы. Мен Кафканы оқу өзім үшін қызғы
лықты шаруа болды деп ойламаймын. Бәлкім, бұл оның Орталық
Еуропадан, ал менің тегім британ аралдарынан екендігінен болар.
Әйтеуір ол маған Чеховтай әсер етпеді. Бірақ мен шығармашылы
ғыма Кафканың ықпалы болғанын еш жасырмаймын. Бірақ мен
өз шығармаларымда Кафканың бояуын пайдаланып, Кафканың
даусымен сөйлеуге тырысқаным жоқ. Ал ол дауыстың бір еліксең
сені тұзағынан құтқара қоюы тым қиын. Міне, осы жерден пла
гиат басталады...
... Меніңше, бір тақырыпты әртүрлі жазуға болады. Мысалы,
сіз Кафка көтерген тақырыпқа басқа қырынан келуіңіз мүмкін.
Және оны одан асыра жазуыңыз және сол секілділерді жадыңызда
тізгіндеп ұстаудың не қажеті болмақ? Түкке қажеті жоқ, лақтырып
тастаңыз.
Менің бұл жерде ең басты діттегенім – таңдау құқығы тәуелсіз
болса дегенді айту. Әйтпесе, әдебиетке енді келіп жатқан жас қа
ламгерлердің дайын әдеби процеске (еліктеу сипатындағы) бірден
кірісіп кетіп, өзіне лайық кішкентай бір кеңістікті аршып алғасын
соны күзетуге ғана шамасы келіп жатқанын аз байқап жүрген жоқ
пыз ғой. Адамзат тәуелсіздігі адамзат өнерінде өмір сүруге тиіс
және біздің әлдекімдердің әдістер мен мұрат-мақсаттарды сырт
тан таңуына жол бермеуіміз керек. Бәлкім, түпкі есепте, біздің
жадымызға бәрібір маза таптырмас кафкалық түнекке шақ келетін
терең де тосын мораль оыс болып табылар.
Нәжімеден КӘМІЛОВ,
Шығыстанушы
«ҚҰДІРЕТТІ КОМЕДИЯДАҒЫ»
ШЫҒЫСТЫҚ
КӨНЕ ҚАЙЫРЫМДАР
Ұлы шығармашылық иелерінің қай-қайсысы да өзіне дейін
адамзат балаы жасаған әдеби-мәдени мұралардан жан-жақты су
сындап, нәр алып қана қоймай, оларды өз дәуірінің ой елегінен
өткізіп, таным биігінен қорытып, қолынан келгенше дәріптеп, да
мытып отырған. Итальян ақыны Данте Алигьери (1265-1321) де
сондай алыптардың бірі. Батыстың тағы бір біртуар перзенті Гете
ол жайында «Данте біз үшін ұлы, өйткені оның артында қаншама
ғасырлардың мәдениеті тұр» деп тектен тек жазбаса керек.
Ақынның артына қалдырған мол мұрасынан «Құдіретті коме
дия» дастанының алатын орны ерекше. Бұл дастанды Батыстың
атақты Қайта өрлеу дәуірінің (Ренессанс) бағдаршам іспетті бол
ды десек те қателеспеспіз. Бүгінгі әңгіме ақынның осы және басқа
да туындыларының дүниеге келуіне Шығыс ақыл-ойының қанша
лықты әсері болғандығы туралы болмақ.
Сөз басында ақынның жеке басына аз-кем тоқтала кетейік. Дан
те Алигьери - өз заманының жан-жақты білім алған адамдарының
бірі. Көне грек, Рим және Шығыстың ғылым-білімімен жан-жақ
ты таныс болған жан. Өз шығармашылығына оқып-білгенін еркін
пайдаланып отырған.
Ақын өмірі мен шығармашылығын зерттеушілердің анықтауын
ша, Данте грек тілін білмеген. Антика ойшылдарының туынды
ларын арабшадан жасалған аудармалары арқылы оқып-үйренген.
Кейінірек Аристотель Платон шығармалары Еуропа тілдеріне
түпнұсқадан тікелей аударыла бастағанда, ұлы ақынның бұл ау
дармаларды арабшадан жасалған үлгілермен салыстыра келіп,
арабшадан аудармалардың сапасы анағұрлым жақы деп баға бе
ретіні бар. Себебі, Шығыс ғалымдары Аристотель, Платон еңбек
терін аударып қана қоймай, оларға қосымша жан-жақты ғылыми
түсініктеме-коментарийлерде беріп отыратын.
Уақыт өте келе Батыс мәдениеті Шығыстың ақыл-ой үлгілерін
өзінің тума төл дүниесіндей етіп бойына сіңіре бастады. Батыс
ойшылдары арасында осы тұстарда пәлсафалық пікірі немесе ғы
лыми тұжырымы тілге тиек етіп отырылған Шығыс ғалымының
аты-жөнін көрсетпей, өтірік ұмытып кету әдеті кең етек алды.
Мұндай «менмендіктен» Данте ақын да құралақан емес еді деу
ге болады. Мысалы... ақынның «Базм» шығармасындағы ғылым
дарды классификациялау талпынысы Әбу Насыр әл-Фарабидің
«Эхсолул-улум» трактатының мазмұнына дәлме-дәл келеді. Бұл
трактат сол замандарда-ақ («Либер де Зайнтис» деген атаумен)
латыншаға аударылған-ды. Ақынның табиғаттану, астрономияға
қатысты мәліметтерді Ахмад ибн Мұхаммед ибн Касир әл-Ферға
ний еңбектерінен алғаны да мәлім. Батыста Ал-Фрагени есімімен
белгілі болған бұл ғалымның «Китаб ал-хара кит аса-самовий ва
жабо ме или аннужум» атты шығармасы өз дәуірінде астрономия
ғылымы бойынша Еуропадағы ең көрнекті һәм беделді кітаптар
дың бірі саналатын. Сондай-ақ, ғалымның «Негізгі астрономия
лық пайымдаулар» атты трактаты да сол дәуірдегі Батыс ғалым
дары арасында кеңінен мәлім болған. Бұл туындылар Дантенің
ғалам жаратылысы туралы түсінігін кеңейтті. «Құдіретті комедия
дағы» аспан қабаттары, әңгімелердің бәрі де әл-Ферғанийдың осы
еңбектерінен алынған.
Рас, бұл Данте Шығыс ғұламаларынан оқып-үйрненін байқат
пауға немесе жоққа шығаруға тырысты деген сөз емес. Дінаралық
келіспеушілік ушығып, өршіп тұрған сол дәуірдің өзінде-ақ ақын
шығыстық ұстаздарына хал-қадерінде басын иіп, тағзым ете білді.
Ақын шығармашылығында Шығыс перзенттерінің есімдерінің
Гомер, Эсхил, Софокл ныспыларымен қатар аталуының өзі де
шәкірт адалдығының айқын бір сипаты болса керек. Осы арада
еркін аударма үлгісінде болса да поэамның өзінен үзінді келтіре
кеткен жөн секілді.
Жанарымды жүгіртіп
е алысқа,
Ой көгінде бір-бірімен
жрысқан
Эвклид, Гален, Гиппократ,
Ибн Сино, Ибн Рушдтар
Өзара атыр екен қауқылдасып,
табысып.
(«Тозақ» бөлімі, ІҮ, 142)
Енді «Құдіретті комедияның» іші мазмұны мен композициялық
құрылымына тікелей әсер еткен Шығыс ойшылдарының дүние
леріне келейік. Бұл жерде ең бірінші Әбу Әли ибн Синаның «Хаий
ибн Якзон» дастаны ауызға ілінбек.
«Хаий ибн Якзондағы» аспан қабаттарына саяхат, олардың
ерекшеліктерін баян ету әдіс-амалдары Дантенің эпикалық поэ
масындағы ақындық шешімдерімен өте ұқсас, тіпті төркіндес деу
ге де болады. Ибн Сина жұлдыздарға көтерілген рухтар арасында
өзара түсінушілік, татулық керемет деңгейде екендігін суреттейді.
Юпитерде ғалымдар, өнер адамдары қоныс тепсе, Зухрада (Вене
ра) қошпейіл, жан-дүниесі сұлу адамдар тіршілік етеді. Дантеде
де осылай. Ай – кемелденген рухтар мекені. Меркурий – ақкөңіл
дердің, Венера – ғашықтардың бас қосу жайы. Ибн Синада Мир
рих жұлдызы қан төгуді, соғысты жақсы көретіндердің мекені
болса, Дантеде Марс планетасы дін үшін соғысатындардың, қор
қау пиғылдылардың қонысы.
Шығыста Ибн Синаға дейін де, одан кейін де ана дүниеге және
басқа әлемдерге қиялда саяхат жасау желісіне шығарма жазушы
лық үрдісі кең етек алған. Ирантанушы Э.Блошэ «Құдіретті коме
диядағы» шығыстық сипаттар» атты мақаласында «Дантенің ана
дүниеге саяхаты зароастризм дініндегі Вираф тақуаның көретін
түсімен де ұқсас. Шамасы, ақын бұл әпсанамен ислам әлемінің
ғалымдары арқылы танысқан болса керек» деп жазады. Шығыс
халықтары арасында араб, парсы және түркі тілдерінде кең та
ралған «Мерърожнома» дастаны да осындай туындылардың қа
тарынан. Онда Мұхаммед пайғамбарымыздың аспанға көтеріліп,
тозақ пен жәннатты аралап шыққаны, күнәһарлардың тозақтағы
қасіреті мен ақ адал рухтардың пейіштегі бақытты, шат-шады
ман өмірі суреттеледі. Дінді насихаттау мақсатында жазылған бұл
дастан да әдебиеттің үздік жауһарлары қатарына қосылуға әбден
лайық. Х ғасырда өмір сүрген ақын Шаих Авхадин Кирмонийдің
«Мисбохул аруах» шығармасында да қиялда саяхат жасау арқылы
аллегориялық мән-мағыналарға ие туынды жасауға ұмтылыс жа
салған. Академик А.Веселовскийдің пікірінше, «Мұндай туын
дылар орат ғасырлық христиан әдебиетінде де, Шығыс халықта
рында да мол болған. Өйткені, сәби кезінде аруақтар ана дүниеге
алып кеткен бала жайлы осетин ертегісі, өлтірілген ағасын іздеп
тозаққа сапар шегетін Кубайка есімді қыз турасындағы татар ха
лық ертегісі және бағзы үнді әпсаналары «Құдіретті комедиямен»
параллельдер болып табылады».
Ибн Синаның «Хаий ибн Якзон» қиссасы - өзінен кейінгі әде
биетке өте қатты ықпал еткен туындылардың бірі. Сол ықпал-
әсердің негізінде жазылған туындылардың бірі Әбілмәжід Са
ноийдің «Сайрул ибод идал маод» («Пенделердің саяхат-серуен
жасап, өз мекендеріне қайтуы») дастаны. Мазмұны, образдары,
композициясы жағынан бұл жастан «Құдіретті комедияға» өте
жақын келеді. Бұл ұқсастықты кезінде Н.Никольсен, Е.Бертельс
секілді атақты шығыстанушылар да атап өткен-ді.
Пәлсафалық дастандарымен атағы шыққан Саноий Балхийдың
(ХІ-ХІІ ғасырлар) бұл туындысы 23 тараудан тұрады. Оларда Дан
тенің «Құдіретті комедиясының» «Тозақ» бөліміндегідей күнә
һарлардың азапқа түсетін жайлары суреттеледі. Өсімдік әлемі
(«нафая нумуя»), жануарлар әлемі («рухи хаивоний») жіне адами
рух жайында пікір қозғалады. Адами рух әлемі әпсаналық қала
сипатында бейнеленген. Бұл қаланың халқы өз жеке бастары мен
туған-туыстарының қамынан басқаны ойламайды. Әрдайым өзара
ұрыс-керісте, айтыс-тартыс, жанжалда өмір сүреді. Сырттай қара
ғанда әдемі көрінетін аланың ішкі тіршілігі үңіле қарасаңыз тым
жиіркенішті. Қала халқын нұр, алау және қараңғылық сипатын
дағы үш әкім билеп-төстейді. Үшеуі де тек өз пайдаларын ғана
ойлауға бейім. Бұл сатыда адам өмірі хайуани өмірге ұқсас. Олар
ды хайуандық деңгейге төмендеуден тек рух салауаттылығы ғана
құтқара алады.
Ақын қараңғылық әлемінде жүзінен нұр тамған бейнені ұшы
ратып қалады. Бұл ақылдың бейнесі. Бейне ақынды мемлекеттің
иелігін аралатуға сапарға алып шығады. Жолда адам жегіш мақұ
лықтар, улы жыландар ұшырасады. Олардың барлығын қабан бас
қарады. Кейінгі тарауда жолаушылар бір басты, жеті бейнелі, төрт
кеуделі қорқынышты жылан кейпіндегі мақұлыққа кездеседі. Бұл
ашкөздік, жауыздықтың бейнесі. Осы құбыжықты көріп қатты қо
рыққан Саноийді Ақыл бейнесі әлдебір ишара қимыл жасап қайта
сабасына түсіреді. Бұдан кейінгі тарауда олар тілі жүрек тұсына,
көзі мойнына біткен диюлар еліне келіп жетеді. Және бір тарау
да бүркітке отырып ауа еліне көтеріледі. Мұнда бсы түйенікіндей
кеспірсіз, аяғы құмырсқанікіндей жіңішке мақұлықты көріп таң
қалады. Бұл мақұлық алтын мен күміске құдайға сыйынғандай
сыйынады екен. Бұдан кейінгі от елінде қолында отты найзасы
бар дию мен жәдігер сиқыршылар бейнеленеді. Жолда өртеніп
жатқан тау бөгет болғанда Саноий тағы да үмітсіздікке бой ұрады.
Қамқоршысы бұл тау ашудың бейнесі, ашуыңды бас, сонда тау
дың саған зияны тимейді деп кеңес береді. Ақын осылайша адам
бойында бар жаман қасиеттердің әрқайсысының тозақтағы орын
дарына тоқталып өтеді...
Ақыр соңында ақын ақыл мен білім мемлекетіне қадам басады.
Мұндағы ғылым, білімге құмар жандар жүздерінен нұр тамған
бақытты адамдар сипатында бейнеленеді. Осы арада ендігі жер
де менің керегім жоқ, өзің де жол таба аласың деп Ақыл бейнесі
ақынды тастап, кері қайтады. Бұдан кейін ақын Ұлы махаббат елі
не сапар шегеді. Соңғы тарау пайғамбарды дәріптеуге арналған.
Е.Бертельс дастан мазмұнын қысқаша баяндай келіп «Бұл дас
тан «Құдіретті комедияның» сыңарындай сезіледі. Кейбір тұста
рында Дантенің «Тозағын» оқып отырғандай күй кешесің» деп
жазады. Расында да Данте поэмасы эпизодтары, мотиві, пафосы
және айтпақ, жеткізбек ойлары жағынан «Сайрул ибодқа» өте ұқ
сас. «Құдіретті комедияға» жете назар аударсақ, «Сайрул ибодта»
Саноий басынан кешірген, көзімен көрген жайлардың, оқиғалар
дың куәсі болар едік.
Осы арада «Құдіретті комедияға» да азын-аулақ шолу жасай ке
тейік. Бірінші жылда Дантенің қалың орман ішінде адасып қала
ды. Оқырманның әлдебір белгісіз қатерлерге толып екендігі тұс
палданады. Ақын жан дүниесін өлім уайымы торлап алады. Кейін
қайтайын десе жол жоқ, өйткені ақын өзінің бұл орманға өңі емес,
түсінде келіп қалғандығын жақсы біледі. Кенет қорқынышты қа
былан, ашыққан жолбарыс пен шибөрі өкіріп шығып, ақынның
жолын бөгейді. Жаны мұрнының ұшына келген ақынды осы тұс
те Вергилий (біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырда өмір сүрген рим
ақыны) келіп құтқарып алады, оны алға бастап жүреді. Мұндағы
ның бәрі шартты, тұспалды образдар. Орман, қараңғылық, түн –
рух кедейлігінің белгісі болса, үш жыртқыш – адам бойындағы ха
йуани жаман қасиеттердің (ашкөздік, ашушаңдық, қанқұмарлық
секілді) бейнесі. Олар ар-намыс, сүйіспеншілік және ақыл-ойдың
дұшпандары.
«Сайрул ибодта» Саноий да осындай әдеби тәсілдерді пайдала
натынын көреміз. Ондағы қорқынышты жайттар Данте «Тозағын
да» өз ортасы, заманына сай кеңейтіліп, жан-жақты дамытылып
тәпсірленеді. «Тозақтағы» жаза орындары, жиіркенішті мақұлық
тар суреттері «Сайрул ибодтағы» осы құралпылас образдарға өте
ұқсайды. Саноийдың Ақыл бейнесімен сапарлағаны секілді Данте
де өз ұстазы Вергилиймен бірге «Тозақты» аралап шығады. «Сай
рул ибодта» оқиғалар алғашқыда қараңғылық әлемінде басталып,
бірте-бірте жарық нұр әлеміне ауысса, «Құдіретті комедиядан»
да осындай дамуды байқайыз. «Тозақ» түнек әлемі және ондағы
азаптанушылар жайлы болса, «Тазаруда» қараңғылықтан жарық
қа талпыныс байқалады. Ал «Жәннатта» бақытты, шат-шадыман
адамдар жайлы жырланады. Ұқсастық көзге ұрып тұрған жоқ па?!
Сондай-ақ «Сайрул ибодтағы» Ақыл бейнесі де, «Құдіретті ко
медиядағы» Вергилий де орта жолдан кері қайтады. Демек, ақын
шығармашылығын зерттеушілердің айтатындарындай «Құдіретті
комедия» идеясы ғана емес, ішкі құрылымы жағынан да Шығыс
әдебиеті үлгілеріне қарыз болғаны ғой. Бұл «Сайрул ибодтың» сол
замандарда қандай да бір сәттілікпен Данте Отанына жол тауып,
ақын қолына түскендігін байқатады. Итальян шығыстанушысы
Александр Баузани орта ғасырларда араб және парсы тілдерінен
латынға жетпістен аса кітап және трактаттар аударылғанын баян
дай келіп, «Данте өз «Құдіретті комедиясының» сыртқы қалыбын
жасауда ислам мәдениетінің үлгілерінен пайдаланғаны күмәнсіз.
«Құдіретті комедияның» ішкі мазмұны мәселесінде де Данте Шы
ғыс мәдениетінің ықпалынан құтыла алмады» деп жазды.
Иә, Данте Шығыстан үйренген. Испан арабтанушысы Асин
Паласиос «Құдіретті комедия» және ислам эсхатологиясы» атты
қомақты зерттеуінде «Меърожнома», «Рисолатул ғуфрон» секілді
жәдігерлерді талдайды. Данте бұл жауһарлармен міндетті түрде
таныс болды деген пікірді алға тартады. Расында да А.Паласиос
пікірі шындыққа айналды. «Меърожнома» Либер Скала» («Көт
те көтерілу кітабы») деген атаумен алғашқыда кастиль тілінде,
кейінірек латын және француз тілдеріне аударылған. Бұл кітап
ХІІІ ғасырда бүкіл Еуропаға мәлім еді. «Дантенің бұл аудармалар
ды білмеуі мүмкін емес, - дейді Энрико Черулли, - өйткені ақын
ның (Дантенің) шәкірті Фарни Уберти шығармаларында бұл кітап
бірнеше рет аталынады. Олай болса, Дантенің де бұл шығармамен
таныс болғандығы анық». Міне, осындай дәлелдеулерден кейін
ислам эсхатологиялық әдебиетінің Дантеге елеулі әсер-ықпалы
болғандығына күмән қалмады.
Сөзімізді қысқаша түйіндер болсақ, Шығыс пәлсафасы мен әде
биетінен оқып-үйренбей тұрып, Дантедей ұлы ақын «Құдіретті
комедиядай» кең тынысты, мазмұны терең, тәлімдік-пәлсафалық
туындыны дүниеге әкеле алмаған болар еді.
БОККАЧО «ДЕМАМЕРОНЫНДАҒЫ»
ШЫҒЫСТЫҚ
ЖЕЛІЛЕР МЕН БЕЙНЕЛЕР
Әлем әдебиеті тарихында бірнеше халықтың әдеби көркем және
рухани елек сүзгісінен өтіп, дәуірлерден дәуірлерге көшіп келе
жатқан дүниелер баршылық. Олар әр кезеңде жаңа мазмұн, соны
заманауи реңктермен байытылып отырады. Италян әдебиетшісі
Джованни Боккачоның «Декамероны» да тарихы сан ғасырлық
осындай «Кәмилә мен Димнә», «Мың бір түн» секілді жәдігер
лерінің ойып орын алған туындылардың бірі...
Еуропаның Қайта өрлеу дәуірі әдебиетінің негізін қалаушы Дан
те Алигерьидің адамсүйгіштік идеяларын жалғастырушы, өзі де
италян әдебиетінің ұлы тұлғаларының қатарынан саналатын Д.Бок
качо 1313-1375 жылдар аралығында өмір сүріп, шығармашылық
пен айналысты. Шығармаларына негізінен реалистік тон тән болып
келетін Боккачоның ең үздік туындысы ретінде жоғарыдағы «Дека
мерон» туындысы аталады. Бір қызығы, Батыстың алғашқы жазба
әдебиет үлгілерінің бірінен саналатын оыс «Декамерон» Шығыс
халықтарының арасында, оның ішінде Орта Азияда да кеңінен та
ралған хикая және әфсаналардың негізінде жазылған. Зерттеуші
лердің пікіріне сүйенсек, Боккачо кітабындағы жүз хикаяның сек
сен жетісінің сюжеті Шығыс әдебиеті үлгілері мен фольклорынан
алынған көрінеді (КЛЭ, том 1, 671). Сондай-ақ, «Декамеронның»
фабуласы мен композициялық түзілісі де шығыстық. Онда да «Мың
бір түн», «Кәмилә мен Димнә», «Тотынамалардағы» секілді қалып
таушы сюжет (хикая ішінде хикая айту) тәсілі пайдаланылған.
Қалыптаушы хикаяда алдымен бас қаһарманның қауіп-қатерге
ұшырағандығы айтылып, бірінен кейін бірі баяндалатын ішкі хи
каялар сол қауіптің алдын алуға қызмет етеді. Мысалы, «Мың
бір түнде» Шаһаризаданы өлімнен құтқару, «Тотынамада» күйеуі
сапарға шығып кеткен әйелді жаман жолдан қайтару, кейінірек
те, Науаидың қаламынан туған «Сабъай сайерда» Дилоромның
құрығына түсіп қалған Баһрам Түрді азаптан құтқару мақсатын
да әрқилы хикаялар мен қиссалар тәпсірленетінін жақсы білеміз.
«Декамеронның» қалыптаушы сюжеті де осындай: Флоренцияда
оба ауруы тарап, халық қырыла бастайды. Жандарын аман алып
қалу үшін әркім әржаққа бас сауғалап қашады. Солар секілді жеті
әйел мен үш еркек те өзара ақылдаса келіп, оба жойылғанша шеткі
ауылдардың бірінде, өзара әңгіме-дүкен, қызықшылық жасап оңа
шалана тұруға келіседі. Олар он күннің көлемінде өзара әртүрлі
хикаялар айтысады. Кітаптың «Декамерон» атауының өзі де грек
шеден аударғанда он күн деген мағынаны білдіреді. Жазушы осы
амал арқылы түрлі тақырыптарда баяндалатын жүз хикаядан тұ
ратын шығарманы дүниеге келтірген.
Шығыс әдебиеті үлгілері, әсіресе фольклорлық дүниелердің ХІІ-
ХІҮ ғасырларда латын, испан, француз тілдерінде Еуропаға кеңінен
таралғаны мәлім. Ал, Толедо мен Болонья секілді қалаларда араб
тілдеріндегі әдебиет нұсқаларын аударумен айналысатын арнайы
топтар құрылды. «Сандыбаднама», «Қырық уәзір» (негізінен, оның
түркілік нұсқасы), «Кәлила мен Димнә», «Мың бір түн» хикаялары
араб халифатының қоластында болған Кордова корольдігі арқылы
ауыздан ауызға өтіп, Испания мен Италияға таралды.
Дегенмен, бұл дүниелер, яғни Шығыс әдебиеті үлгілері Бокка
чоға жеткенше көптеген өзгерістерге ұшырағандығы анық. Олар
дың Италияға келу жолдары да әртүлі болды. Мысалы арабтың
«Антардың өмірі» эпостық дастаны «Араб күндері» атауымен
кеңінен белгілі болып испан тілінде жауынгерлік, қаһармандық
дастандардың пайда болуына әсер етті. Ал, ХІ-ХІІ ғасырларда ис
пан әдебиетшілерінің өздері де Шығыс әдебиеті үлгілерінен қа
наттанып, латын тілінде кітап жазуға кірісті.
А.Грибановтың пікірінше, шығыстық хикая айту тәсілі осы
кездердегі испан қалаларында кең қолданыс тапқан (А.Грибанов.
«Восточный жанр «обрамленной повести» в средневековой Испа
ний», изд. «Наука», М., стр 417).
Міне, осындай аударма нұсқалары Испания және кейініректегі
Батыс Еуропаға жаңа әдеби ағым – дидактиканы, жаңа жанр – но
велланы, жаңа баяндау тәсілі – хикая ішінде хикая айту (қалыптау
шы) амалдарын алып келді. Сондай кітаптардың бірі Испанияда
ХІҮ ғасырдың басында жазылған «Жомарт Сифар туралы кітап»
романы. Бұл кітап, сондай-ақ испан тілінде жазылған ең алғашқы
роман болып саналады. Шығарма бастан-аяқ «қалыптаушы қис
са» үлгісінде жазылған. Қарт рыцарь әртүрлі мысалдар мен хи
каяттарды пайдалана отырып, өз ұлдарына насихат әңгіме айтады.
Сондай-ақ, романда әзіл-әжуа сипатында айтылатын әңгімелер де
аз емес. Мұндай әңгімелер Сифардың қарару жарақшысы Рибаль
до тарапынан баяндалып отырады. Рибальдо ақ көңіл, тапқыр,
әңгімесіне мақал-мәтелдерді қосып отырып сөйлегенді ұнататын
жан. Яғни, қарапайым халық арасынан алынған образ деуге ке
леді. Пидаль осы Рибальдоны Сервантестің «Дон-Кихотындағы»
Санчо Пансоның әдебиеттегі бірден-бір прототипі» деген пікір
айтады. Сервантестің өзінің атақты романынан сәл бұрынырақ
та жазған «Насихат хикаялар» атты шығармасында жоғарыдағы
тәсілді қолданғанын ескерсек, бұлай болуы заңды да секілді.
Иә, Шығыс әдебиеті Батыс Еуропа жазба әдебиетінің қалыпта
суына аз әсер еткен жоқ. Батыс топырағында жаңаша мазмұнда,
тың ою-өрнектерді қамти отырып дамыған шығыс әдебиеті үлгі
лері әуелі Испания, кейінірек Италия, Франция, Англияда көпте
ген әдеби туындылардың дүниеге келуіне мұрындық болды. Міне, осындай әдеби шығармалардың арасында Боккачо «Декамероны ның» алар орыны ерекше. Сюжеті жағынан Шығыс хикаяларымен ұқсас келетін новелла лар «Декамеронда» біршаа. А.Веселовский, В.Шкловский, Н.Г ринцер және басқа да шығыстанушы ғалымдар өз зерттеулерінде осындай пікір айтады. «Декамеронның» он тараудан тұратыны мәлім. Әр тараудағы хи каялар мазмұны және айтпақ тәмсілі жағынан және жекелеген та раушаларға бөлінген. Мысалы, жиналғандар бірінші күні «әркімнің өзі үшін көбірек әсер-ықпалы болған жайттары» жайлы әңгімелесе, екініші күні «әртүрлі кіріптар жайттарға душар болғандар жайлы», үшінші күні «мақсатына қулық-сұмдық, айла-шарғымен жетуге тырысатындар турасындағы» хикаялар баяндалады. Төртінші күні «бейопа жіне бейдауа махаббат жайындағы хикаялар» келтіріледі. Сондай-ақ, ақыры мұрат-мақсатына жеткен ғашықтардың басынан кешкендері, сәтін күтіп жүрген жауларынан өш алған әлдекімдердің іс-әрекеттері, парасатты еркек пен ақылды әйелдердің тапқырлық тары жайлы әңгімеленетін күндері де бар. Ішкі хикаялардың бұлай тараушаларға бөлінуі – «1001 түнге» де тән. Онда әуелі еріне қиянат қылып жазаланған әйелдер, сиқыршылар, дию-албастылар, одан кейін саудагерлер мен зергер-ұсталардың істері, теңіз саяхатшы лары, ақылды және адал әйелдер, махаббат әлегіне түсіп, басынан сан түрлі оқиғаларды өткізген адамдар жайлы хикаялар келтіріл ген. Шаһаризада өзара мазмұндас, сарындас хикая мен қиссаларды бір-бірімен байланыстыра, астастыра отырып баяндап, оқырман ның оқиға барысына қызығушылығына бір сәтте селкеу түсірмейді. Осындай тәсілді «Декамероннан» де байқаймыз. «1001 түн» хикаялары көлемі жағынан әртүрлі. Бір-екі парақ болатын кішкентай хикаялардан бастап көлемді қиссаларға дейін ұшырасады. Хикаялардың көлемі әртүрлі болуы «Декамеронның» да айрықша белгілерінің бірі. Шығыс әдебиетінің осындай әсер лерін Боккачо туындысының барлық тарауларынан ұшыратуға болады. Осынысының өзі-ақ «Декамерон» хикаяларының басқа бастаухаттардан, дәлірек айтқанда Шығыс әдебиеті үлгілерінен алынғандығын аңғартатындай. Осы реттен алғанда, Боккачо туын дысының бірінші тарауындағы 3, 4, 6; екінші тарауындағы 2, 4, 7, 9; үшінші тарауындағы 2, 7, 10; төртінші тарауындағы 2, 3, 4, 5, 9, 10; бесінші тарауындағы 9; алтыншы тарауындаңы 3, 4, 7; жетінші тарауындағы 1, 4, 6, 8, 9; сегізінші тарауындағы 6, 8, 10; тоғызын шы тарауындағы 1, 6, 9, 10 және оныншы тараудың 4 хикаяларын таза шығыстық рухтағы шығармалардан алынып пайдаланылған деуге әбден болады. Олар оқыған адамға «Мың бір түн», «Кәлилә мен Димнә» іспетті жәдігерлерде кездесетін хикаялардың сәл ғана өңделген көшірмесіндей болып әсер етеді. Сөзіміз дәйекті болуы үшін мысал келтіре кетелік. Бір хикаяда Монферрат есімді маркиз
христиандардың бір рәсіміне қатысу үшін сапарға шығады. Бұл
кездері Филипп патша маркиздің көрікті әйелі бар екендігі туралы
әңгімені естіп, оған сырттай ғашық болып жүрген екен, маркиздің
өзі үйінде жоқтығын пайдаланып, әйелімен көңіл қосқысы келеді.
Осы мақсатына жету үшін Монферраттың үйіне қонақ болып ба
рады. Әйелі корольді атақ-мәртебесіне сай жақсылап күтіп алады.
Бірақ, алдына тамақ тартқанда тек тауықтың етінен жасалған та
ғамдарды қояды. Бұны сезген король әйелге тиісіп: «Бегайым! Сіз
дер жақта бәрі тауық сияқты, не, қораздар жоқ па?» деген әңгіме
айтады. Сонда маркиза: «Неге олай дейсіз, хазірет, бізде қораздар
бар. Тауықтарымыз сондықтан да өзгенің қоразына мұқтаж емес»
деп жауап қайтарады. Әйелдің нені меңзеп отырғанын сезінген ко
роль ұяттан өртене жаздап кері қайтыпты («Декамерон», 1, 5).
Тез жауап қайтарғыштыққа құрылған мұндай тәмсіл хикая
«Мың бір түннің» «Шаһзада және жеті уәзір» тарауында (және
бір атауы «Қырық уәзір») мынандай мазмұнда кездеседі. Патша
сарайын айналып серуендеп жүргенде, бір тамның төбесіне шы
ғып тұрған әйелге көзі түсіп кетеді де оған ғашық болып қалады.
Сұрастырып жүріп бұлүй уәзірлерінің біріне тиесілі екендігін бі
леді. Патша ол уәзірін алыстағы уәлаяттардың біріне іссапармен
жұмсап жібереді де оның үйіне қонаққа келеді. Уәзірдің әйелі пат
шаны жақсы күтіп алады. Өзі тамақ істеп жүріп, патшаға бір ғақ
лия кітапты уақыт өткізуге ермек қыла тұрыңыз деп оқуға беріп
қояды. Ас дайын боп, патша алдына тоқсан түрлі тағам тартады.
Тағамдардың көрінісі әртүрлі болғанымен, бәрінің дәмі бірдей
екен. Патша мұның мағынасын сұрағанда, әйел: «Сізді бұдан ғиб
рат алсын деп отырмын. Сарайыңызда тоқсан кәнизагыңыз бар.
Олардың рең-көркі, бой-тұлғасы әртүрлі болғанымен дәмі бірдей
емес пе» дейді. Сөз астарын аңғарған патша уәзірдің үйінде көп
отыра алмай шығып кетеді...
Детальдардың қолданысы, кейіпкерлердің есімдері әртүрлі бол
ғанымен мазмұн және одан келіп шығатын тәмсіл бір. Әйтсе де
«Мың бір түндегі» ойды жеткізу тәсілі «Декамерондағыдан» бір
шама басымырақ түсіп жатқандай. Әрі көркемдік бояуы да қалың.
Шығыстық сюжеттер мен «Декамерон» хикаяларының арасын
дағы мұндай ұқсастықтар өте көп. Мысалдарды ондап, жиырмалап
келтіруге болады. Осы орайдан келгенде, итальян әдебиетшісі шы
ғыстық әдебиет үлгілерін қалағанынша емін-еркін, қажет жерінде
өңдеп, өз айтпақ ойын иіп отырып пайдаланған деуге болады.
Шығыс әдебиеті озық үлгілерінің Батыс жазба әдебиетінің қа
лыптасуына ықпал-әсері барынша мол болғандығын байқататын
мұндай мысалдар әлем әдебиеті тарихында өтемол. Сөз соңында
бұл бағыттағы түбегейлі зерттеу жұмыстары болашақтың еншісін
де екендігін айтқымыз келеді.
«МЫҢ БІР ТҮН»
КӨШЕЛЕРІНДЕ
ХІ-ХІҮ ғасырларда Еуропаны Шығыс әдебиеті жаулап алды. Ал
Испанияда араб тілі зиялы қауымның ресми тілі болды десек те
артық емес. Мұндай феноменді кейінгі кездерден тек орыс интел
лигенциясының ХІХ ғасырда француз тіліне жаппай ден қоюымен
ғана салыстыруға болатын шығар. Әрине, тіл білген жерде мә
дени-рухани алмасулар да қатар жүреді. Олай болса, осы кездегі
Испанияның әдебиет әлемін шығыстық мазмұндағы аңыз-әфса
налар мен қиял-ертегілердің көмкеріп алуына көп таңдана қою
дың жөні жоқ. Кезбе актерлер мен қаңғыбас жыршылар қаладан
қалаға, ауылдан ауылға қыдырып жүріп, той-томалақ, басқосу
ларда нәшін келтіре баяндап, хикаялап беретін мұндай желілер
Еуропа әдебиетінің қайта гүлденуіне, оның орта ғасырлық Ре
нессансына түрткі болды. Данте «Құдіретті комедиясының»,
Боккачо «Декамеронның», басқа да батыстық жәдігерлердің
аттаныс нүктесінде шығыстың әдебиет үлгілері жатқандығы
бүгінде рухани-мәдени әлем мойындаған шындықтардың бірі.
Ал Шығыс пен Батыс рухани қарым-қатынасы дегенде атақты
«Мың бір түн» туралы сөз болмай қалуы әсте мүмкін емес.
Еуропа тілдеріне аударылған шығармалар арасына, әрине,
«Мың бір түн» ертегілері де бар еді. Бұл ғажайып шығарманың
тылсым хикаялары әлем оқырмандарының жүрегін бағзы заман
дарда-ақ жаулап алғаны мәлім. «Мың бір түн» ХІІ-ХІҮ ғасырларда
латын тіліне тұтас аударылмағанымен, оның жекелеген тұстары,
қайсыбір тараулары роман халықтарының арасына кең таралды.
Орта ғасырлардағы Еуропа әдебиетінде «Алифлайло» (««Мың бір
түннің» арабша атауы) ертегілерінен көшкен сюжеттер араында,
әсіресе, «Синдбоднома» (латыншаға «Сендебар» деп аударылған)
және «Қырық уәзір» хикаялары өте мәшһүр. Асылы, көне Үндіс
танда пайда болып, кейін парсы және араб тілдеріне аударылған
«Мың бір түндегі» бұл бітімі бөлек хикаялар осы кездердегі Пед
ро Альфонс, Хуан Мануэль және басқа да Еуропа қаламгерлерінің
шығармашылығына қатты әсер етті. Бұл хикаялар ХҮІІІ ғасырға
дейін француз, испан және итальян тілдерінде жиі-жиі қайта ба
сылып тұрғаны да көп жайтты аңғартады.
Осылайша, Андалузияда (бүгінгі Испания) Шығыс әдебиеті
ықпалында қалыптасқан жаңа әдебиет дүниеге келді. Мұндағы
кейінгі мәдениетті де мұсылмандар мен христиандар бірігіп оты
рып жасады. Бұл мәдениетте екі жақтың да рухани жандүниесі
жан-жақты көрініс тапты. Жаңа әдебиет тек Испания ауқымымен
ғана шектеліп қалған жоқ, оның төңірегіне, көршілес мемлекет
терге де алып мұхит секілді жайылды. ХХ ғасырдағы испан тілі
әлемнің ең атақты жазушыларының бірі, «Жүз жылдық жалғыз
дықтың» авторы, Нобель сыйлығының иегері Габриэль Гарсиа
Маркес те өз стилін қалыптастыруда араб поэзиясынан көп оқып-
үйренгендігін айтқан-ды. Ал біз әңгіме етіп отырған ортағасыр
ларда тек Испания емес, бүкіл Еуропа араб тілінің құдіретіне тұ
тас бас қойды деуге болады.
Әрине, бұлардың арасында әйгілі «Декамеронның» авторы Джо
ванни Боккачо да бар болатын. Оның Отаны Флоренция (бүгінгі
Италия территориясы) Андалузиямен жақсы мәдени қарым-қаты
наста еді. Бірақ бұл кездегі Италияның Шығыспен байланысы тек
Испания арқылы жүзеге асты десек, қатты қателесеміз, Жерорта
теңізінің жағалауында жатқан ел болғандықтан оның өзі де Шы
ғыс мемлекеттерімен байланыс орнатуға зор мүмкіндікке ие еді.
Тіпті Италияда испан зиялы қауымына беймәлім шығыс әдебиеті
жәдігерлер де молынан ұшырасатын. ХІІ-ХІҮ ғасырларда Испа
нияда дидактикалық сарындағы дүниелерге сұраныс көптеу болса,
Италияда, керісінше, шытырман оқиғалы хикаяларға, романтика
лық әуездегі махаббат дүниелерінде құмартушылық аңғарылатын.
Яғни, Джованни Боккачо бірнеше бағыттағы әдеби арналардан
еркін сусындай алатын. Оның ықтиярында арабшадан аударылған
шығармалар, Шығыс әңгімелері желілерінің негізінде тудырыл
ған испан және итальян қаламгерлерінің кітаптары, фольклорда
ғы шығыс-батыс ертегілері мен әфсаналары, көне рим және грек
жәдігерлері («Римдіктердің еңбектері» секілді), замандастарының
жолжазбалары, кезбелер һәм саудагерлердің естеліктері болды.
Итальян жазушысы бұл дүниелердің бәрінен өз шығармашылы
ғына керектерін сүзіп алды, жазбақ кітабының мазмұнына, ру
хына келетіндерін қата өңдеп, жаңа қалыпқа салды. Оларды өз
дүниетанымы, эстетикалық идеяларына бағындырды. Әсіресе
Шығыс хикаяшылығындағы қалыптау тәсілі оң жамбасына өте
жақы келетіндіктен, оны ірілі-ұсақты шығармаларының компози
циясында жан-жақты пайдаланды.
Қайсыбір әдебиеттанушылар «қалыптасу тәсілі көне Грек және
Рим әдебиетінде де бар. Рас, Овидийдің «Метаморфоза» кітабы
ның ІҮ тарауында Миней қыздарының сейілге шықпай, үйде
ұршық иіріп отырып әңгіме айтатыны бар. Гомердің «Одиссея
сында» да бас қаһарман Алкиной патшаның құзырында отырып,
өзінің басынан кешкендерін, Калипсо, Цирцей жайындағы оқиға
ларды, Сирен, Сцилла, Харибда аралдары, лотофагтар мемлекеті
туралы хикаяларды баяндайды. Мұндай амал Апулейдің «Алтын
есегінде» дежүз беріп қалады. Әйтсе де, әйгілі шығыстанушы
ғалым П.Гринцердің жазғанындай, топтастыру тәсілі рим және
грек жазушыларының шығармашылығында жоғары әдеби тәсіл
деңгейіне көтеріле алған жоқ. Тек негізгі желіге көмекші құрал
ретінде ғана кірістіріліп отырды. Бұл шығармаларда «ішкі» хи
каяларды ұйытып, бір арнаға бағыттап отыратын бас қалыптаушы
хикая жоқтың қаыс. Мысалы, «Метаморфозада» қыздар әңгіме
лейтін хикаялар Овидий шығармасының, бар болғаны, бір эпизо
ды ғана. Олар негізгі оқиғалардың дамуына еш әсер етпейді, яғни,
жәрдемші сюжеттер сипатында ғана кіргізілген. Ал Боккачо «Де
камеронында» ұйытқы хикая да, одан тарайтын әңгімелер де бар.
Осының өзі-ақ «Декамеронның» жазылу үлгісінде шығыстың
хикаягерлік әдіс-тәсілінің жатқандығын айқын да анық аңғарта
ды. Бұл әдеби тәсіл біздің жыл санауымыздың алғашқы ғасырла
рында алдымен көне Үндістанда пайда болған-ды. Оның бірінші
жарқын нұсқаы ретінде әйгілі «Панчатантраны» («Кәлила мен
Димнәнің» үнділік түпнұсқасы) айтуға болады. Кейінірек бұл
тәсіл бүкіл Шығысқа таралып, Орта Азия, араб, моңғол, жапон,
Африка халықтары арасында кең қолданысқа түсті.
Иә, қалыптау жолымен өте көп ірілі-ұсақты әдеби шығарма
ларды бір ортаға жинау, жүйелеу мүмкіндігі туды. Бұл реттен ай
тар болсақ, бір ғана «Мың бір түнде» үш жүзден аса ертегі мен
қиссалар топтастырылған. Бұл – халық шығармашылығының дүр
жауһарларынан жиналған өте үлкен қазына-байлық. Ондағы аңыз,
ертегілер қалыптау, топтастыру тәсілімен бір ортаға жиналмаған
да, бәлкім, бұл хикаялардың оннан бірі де бізге жетпеген болар
еді, адамзаттың ортақ рухани қазынасына айналмас еді. «Мың бір
түннің» нақты авторы болмағанымен, оны осы қалыпқа келтіруде
бір емес, бірнеше бағыттағы шығармашылық адамдары (кітапқа
келтірілетін ғажайып өлең үзінділерін еске түсіріңіз!) ұжымының
жұмыла жұмыс істегендігі күмәнсіз. Бұл кітапта орта ғасырдағы
шығыс адамдарының тұрмыс-тіршілігі, арман-үміттері суретте
леді, өмірден түйген тағылымдары баяндалады. Міне, осындай
мақсат-мұрат «Декамеронға» да жат емес. Онда ІҮ ғасырдағы
Италия тіршілігі жан-жақты көрініс тапқан. Боккачо жүздей хи
каяны өзара жымдастырып, оларды он күнде әңгімеленетін («Де
камерон» - он күннің оқиғалары деген сөз) он бапқа топтастыра
ды. Кітаптың діттегені – пенде баласының басына қаншалықты
қиын күн түссін, ол оны жеңіп шыға алады деген оптимистік ойды
айтуд. Және бұл ойды Боккачо туындысы жетер жеріне жеткізіп
айта білген. Егер кітаптың қалыптаушы хикаясында елге індет
ауруы таралып, жұрттың бойын үрей жайлағандығы, жұқпалы
жерттен аман қалу үшін бір топ адамның оңаша жиналып, әртүрлі
хикаяларды айтуға кіріскендігі туралы әңгімеленсе, ал олар баян
дайтын әңгімелерде әртүрлі адамдардың әрқилы тығырық жағ
дайлардан қандай аман шыққандары туралы сөз болады. Қорқы
нышпен басталған әңгіме жайлап-жайлап адамды үміт өлкесіне
жақындата түседі. Міне, осы тәсіл «Декамероннан» көп ғасырлар
бұрын, алдымен «Мың бір түнде» көрініс тапқан-ды.
Шаһаризада опасыз әйелдер жайлы хикаялар мен жұбайы
на адал, жар парызына берік нәзік жыныстылар жайлы әңгме
лерді кезектестіре баяндай отырып, ақыры өз қосағының жандү
ниесінде әйел атаулыға деген мейірбан сезімнің қайта оянуына
түрткі болады. Және бұл бәрін ол кез келген таңда басы алынуы
мүмкін екендігіне қарамай, баысн өлімге тіге отырып хикаялай
ды. Біздің әрқилы ертегілер мен қиссаларды бір арнаға тоғытып,
топтастырған бұл ұлы шығарманы ғажайып, драмалық сюжетке
ие дейтініміздің себебі де осыдан. «Мың бір түнді» оқып, қатты
тебіреніске түскен атақты Стефан Цвейг оған арнап мақала жаз
ғанда, міне, ұлы туындының осы ішкі қуатты драматизміне назар
аударған болатын (Стефан Цвейг. Собрание сочинений, том 7, изд.
«Правда», М. 1963, стр 361-370). Цвейг бұл шығарманы арғы-
бергі ең үздік туындылардың қатарына қояды. «Мың бір түнді» өз
тілінде оқыған еуропалықтардың Шығыс әлемін, Шығыс тарихын
білмекке деген құмарлығы артты дейді ол. Иә, Цвейг айтқандай,
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басы Еуропа ғылымның Шығысқа
жіті назар аударған уақыты болды. Қалың топырақ астынан қайта
сілкініп, көне Мысыр, Шумер мен Ассирия, Хэт патшалығы мен
Миттания, т.б. тарих бетіне қайтып оралды. Археология мен көне
тілдерді зерттеу жұмыстарында ең ұлы жаңалықтар ашылды. Ал
осындай ұлы бастаулардың негізінде «Мың бір түн» секілді ұлы
жәдігерлердің тұрғандығы еш жасырын емес. Оның сиқырлы
әлемі әлі талай адамзат ұрпағын елітетініне, жаңа жаңалықтар
ға мұрындық болатынына, алты құрлықтағы адамзат баласының
жанашырын Шығысқа аудара беретініне күмән жоқ. «Жүздеген
жылдар бұрын жасаған, есімі белгісіз бұл шығармашы («Мың бір
түннің» авторы) нағыз ақын, ірі сөз шебері. Оның екі кісі – шаһ
және Шаһаризада ортасындағы оқиғаның төңірегіне топтасты
рылған хикаялары өз сценарийшісін күтіп жатқан даяр драмалар»
(Стефан Цвейг). Міне, бұл сөз де бүгін айдай ақиқатқа айналып
отыр. Өйткені, жер бетінен «Мың бір түннің» желілеріне құрыл
ған спектакльдер мен фильмдерді тамашаламаған бір де бір адам
ды кездестіре алмайтыныңыз анық.
«Мың бір түннің» Еуропа әдебиетінде кіші бауырлары сондай-
ақ «Декамеронмен» ғана аяқталмайды. Себебі, «Декамеронның»
өзінен кейінгі Еуропа әдебиетінде тигізген әсері өте зор болды.
Мұнда дүниеге келген бірқанша новелла кітаптарында Боккачо
қолданған шығыстық әдеби әдіс-тәсілдердің кең көрініс табуы
бұл сөзімізге жақсы дәлел бола алады. Шығыс әдебиеті сюжет
терін алып, оларды қайта өңдеу кейінгі авторлар шығармашылы
ғында қалай жалғасын тапты деген сауалға жауап іздеп көретін
болсақ, бұл тұста Еуропа әдебиетінде із қалдырған бірнеше қа
дау-қадау шығармаларды айта аламыз. Мысалы, Сер Жованнидің
(ХІҮ ғасырдың аяғы) «Тентек» атты туындысында өзара ғашық
қыз бен жігіт жиырма бес күннің ауқымында бір-біріне әртүрлі
хикаяларды әңгімелеп берсе, Серкамби (ХҮ ғасыр) түзген хикаят
тар кітабында бір топ адам, тура «Декамерондағы» секілді, оба
дертінен қашып, Лука деп аталатын қыстақта әртүлі қиссаларды
өзара баяндау арқылы уақыт өткізеді. Қалыптау тәсілі Жиралада
(ХҮ ғасыр), Грациани (ХҮ ғасырдың аяғы), Страпола (ХҮ-ХҮІ
ғасырлар) секілді новеллашылар тарапынан да кең қолданыс тап
қан. Ал Сакетти, Пожо Банделло (ХҮ-ХҮІ ғасырлар) секілді атақ
ты жазушылар қалыптау тәсіліне ыңғай білдірмегенімен, Шығыс
сюжеттерін өз туындыларында пайдаланудан кенде болмаңан.
Ағылшынның атақты жазушысы Ж.Чосер (ХҮ ғасыр) «Кентербер
хикаяларын» жазуда өзіне «Декамеронның» әсері өте зор болған
дығын ағынан жарыла айтады. Әйтсе де, Чосер шығармасы өзінің
ішкі құрылымы жағынан «Декамероннан» кері Әлішер Науаидың
«Сабъай сайер», Хиромийдің «Төрт дәруішіне» көбірек ұқсайды.
Дегенмен мұнда да «Мың бір түн», «Тотынама», «Кәлила мен
Димнә» іспетті Шығыс әдеби жәдігерлерінен алынған бізге таныс
әңгіме-хикаялар жетерлік.
Әдебиеттанушы Б.Рифтиннің мәліметіне қарағанда, Еуропа қа
ламгерлерінен Хуан Руис де Аларкон (ХҮІІ ғасыр), Франсуа Блан
ше (ХҮІІІ ғасыр), Хуан Валера, Х.Андерсен (ХІХ ғасыр) және бас
қаларда орта ғасырлық үнді және араб әдебиетінде кең таралған
хикаят желілерін өз роман және повестері, драмалары мен коме
дияларында еш қысылмай, еркін пайдалана отырып, шығыстық
мотивтердің негізінде ғажайып характерлер галереясын сомдаған.
Біз бұл арада Еуропаның «Декамерон» және басқа да әдеби
жауһарларында ұшырасатын тікелей «Мың бір түннен» алынған
хикаяларға тоқталуға, оларды мазмұндап беруге тырыспадық.
Өйткені, бұл шаруа көп уақытты және біршама көлемді алар еді.
Сондықтан да бұл шаруаны істеу, істемеуді оқырмандардың өз
ықтиярына қалдырыпотырмыз. Дегенмен қайсыбір оқырмандары
мыз «Мың бір түн» мен «Декамеронды» салыстырып оқып шығу
ға мүмкіндік таба қалса, оның біздің сөзімізге екі қолын көтеріп
қосылатындығына еш күмәніміз жоқ.
Иә, «Мың бір түннен» таралған көшелерді бұл күнде тек арғы-
бергі Еуропа әдебиетінен ғана емес, әлемнің қай-қай әдебиетінен
де ұшырастыруға болады. «Мың бір түн» де бұл күнде өз алдына
бір шаһар. Бәлкім, бүкіл әлемді алып жатқан алып шаһар. Оған
күмәніңіз болмасын.
Максим ГОРЬКИЙ ПОЛЬ ВЕРЛЕН ЖӘНЕ ДЕКАДЕНТТЕР Максим Горькийдің оқырман назарына ұсынылып отырған мақа ласы ешкімді бей-жай қалдырмайды ғой деген пікірдеміз. Рас, мақаланың жазылғанына бір ғасырдан аса уақыт өткен. Мазмұны да орыс не қазақ емес, сол кезгі француз әдебиеті туралы. Бірақ солай ғана ма? Ойы зерек, көзі қарақты оқырманға осы мақалада бүгінгі қазақ әдебиеті, оның хал-жағдайы туралы да сөз болып жатқандай сезі леді-ау деп ойлаймыз. Иә, бізде де өлеңін өзінен, төңірегінде жүргендерден өзге ешкім түсінбейтін ақындар қарасы көбейіп келеді. Біздің Алматы да әр қилы діндердің илеуіне айналулы. Бізде де өнер адамдары арасында торығушылық белең алулы. Осының бәрінің түбі, модернизм мен постмодернизмді кейін ысырып тұрып, өнер адамдарын декадентшілдікке апарып ұрындырмай ма? Сосын, Горький айтып отырған буржуазиялық сұранысын қана ғаттандыратын әдебиет, кино, музыка дегеніміз не? Олардың бізде ұшқындары бар ма? Қысқасы, ойлы адамның бұл мақаладан көптеген сауалдарды ұшыратуына болатын секілді. Өткен жылдың желтоқсан айында Парижде ақын Поль Верлен қай тыс болды. Ол декадентшілер деп аталатын әбден арып-азғындаған әдеби мектептің негізін қалаушы болатын. Көзі тірісінде әдебиеттегі төбелтоптың (богема) өкілі саналған, ендігі «ұлы ақындардың» сана тынан аталатын осы ақынның қабірінің басында мүмкін болған әрқи лы әдеби мектептер мен фракциялардың өкілдері тоқайласты. Бірінбірі мойындамайтын, тіпті бітіспес жау көретін түрлі элементтердің бұлайша бір адамның табытының соңынан иық тірестіре қатар жүруі әдебиет әлемінде сирек кездесетін, үлгі тұтар көрініс. Өзінің әдебиеттегі алғашқы қадамын Теодор Банвиль мен Леконт де Лильге еліктеуден бастаған Верлен хас «парнасшылардың» бірі еді. Ұстаздары секілді ол да жансыз объективизм мен тастай суық әдемілікке көзсіз ден қойған, өзге дүниені мойындау ойларына да кіріп шықпайтын өзінің салқын мектебінің ұстанған бағыты мен аманаттарына адал болды.
Әйтсе де, Верлен көп уақыт өтпей-ақ, болмысы табиғатында та банынан нық тұрар топырақ іздегіш жан болғандықтан, «парнасшы лардан» декаденттерге» ауып кетті де 1880 жылдың өзінде-ақ осы мектептің көш басшысы болып шыға келді. Қатаң формаларды ғана мойындайтын «парнасшыларға» мұрын шүйіре қарау, өздері де қан дай болуы керектігін жете түсіне бермейтін поэзиядағы әлдебір ұлы жаңалықтарға ұмтылу, өздерінен өзге жан ұғына бермейтін емеурін дерге толы өлең жазу бұл мектептің өзгелерден бөлектеп тұратын белгілері іспетті болды. Осы мектепке бет бұрып, кейінірек оның көсеміне айналса да Вер лен өз шәкірттеріне қарағанда ұғынықты да қарапайым болып қала білді. Оның жүректі шымырлатар мұңға толы жырларының әуенінен сезімтал да нәзік жанды, жарыққа ұмтылған, тазалықты аңсаған, құ дайды іздеген, бірақ таппаған, адамзатты сүйгісі келген, бірақ сүйе алмаған адамның өксігі мен түңілісі айқын естілетін. Өмірі шарапханада абсент ішу және госпитальдарда сол молынан қотарылған абсенттің зардабынан емделумен өткен осы адам туралы Жюль Леметр былай деп жазады: «Жаны соншалықты таза да адал осы бір сәбиге жер бетінен жандүниесі байыз табар жай табылмас еді». Өзі де «парнасшыл» біздің А.Майков Верленді Батыс ақында рының ішінен христианшылықты барынша жете түсінген жан деп бағаласа, Катулл Мендес декадентшілер бағытының әкесін бақытсыз адам және ұлы ақын деп әспеттеді. Дегенмен, Верленге ақын ретіндегі шын бағасын беру болашақ тың үлесіндегі шаруа және біздің шағын очеркіміздің мақсатына жатпайды. Бізге Верлен адам ретінде, мәдени тип және бір сүрініп, бір құлап жатқан, жұртты қалайда таң қалдыру үшін сайқымазақтық қа салынудан да қашпайтын, былайғы жұрттың көзімен қарағанда әумесер, күлкілі көрінетін, бірақ әлі де даму үстіндегі декадентшіл дер деп аталатын адамдар тобының өкілі ретінде маңызды. Өмірден де, өнерден де ойып орын алғысы келетін бұл адамдар шынында да аурулар. Дәрігер-психиатрдың көзімен қарағанда жүйке дертіне шал дыққан жан болса, әлеуметтанушының зейініне салғанда тек өнерде емес, моральда да анархистер болып табылады. Үш тарапынан қара ғанда да декадентшілдік және декаденттер зиянды, қоғамға қарсы, өзімен күресуді қажет ететін құбылыс. Бұл құбылыстың дамуындағы мына бір жәйтті ашып айтқан жөн. Қоғам оларға барынша назар аударып отыр, декадентшілерді зер са лып оқуға тұрады деп санайды, олардың ішіндегі қайсыбір дарын дылары мен алғырларының шығармаларын жата-жастана жатып оқуға бейім. Ендігі ұлы ақын саналатын Верленді былай қоя тұрып, осы жерде драмалары идеяларының бұлыңғырлығына қарамай бүкіл Еуропаның театр сахналарында қойылған Морис Метерлинк, романдары баспа бетін көре сала Еуропаның барлық тілдеріне аударылатын итальян
Аннунцио, «Ганнел» атты драмасы біраз дақпырт шуға себепші бол ған неміс Гауптман және басқаларға көз салсақ та жеткілікті. Бұлар пайда болған құбылысты күшейтетін, оның әлеуметтік маңызы ар тып келе жатқанын аңғартатын жәйттар. Және бұл процесс аталмыш құбылыстың бір ауыздан зиянды болып саналатындығына қарамай жүріп жатыр. Оқырманның есіне алғашқы декаденттердің Францияның толық жеңіске жеткені және оның өзіндік дүниепайымы қалыптасқаны анық белгілі болған тұста пайда болғанын сала кеткіміз келеді. Бұл 89 жылды және жолында көп қан төгілген, солк езде ұран боп көтеріл ген, бүгінде ұмытылған үш сөзді көпшіліктің әлі жадынан шығара қоймаған кезі еді. (Бостандық, теңдік, бауырластық сөздері - Ә.Б). Буржуазия жеңіске жетісімен-ақ өз өмірін өзіне ыңғайлы етіп жасау ға кірісті. Оған арнап Пальерон мен Сарду театры ашты, оған бағыш тап Коппе және дөрекі де скептик материалист досы Ришпендер ұсақ сезімдер мен күнделікті күйбең тіршілікті күйттейтін өлеңдер жазды. Онэ романдар тудырса, жеке жігерді түбірімен жоққа шығарып, бәрін өзара тығыз байланысты себептермен шегелеп тастаған, соған тәуелді еткен қатаң материалист Золя оның детерменизм топырағында аяғы нан нық тұрып кетуніе, өз дүниетанымы қалыптасуына барынша мұ рындық болды. Өзін-өзі мәдениетті санау құқына ие болуы үшін бур жуазияға арнап музыкалар тудырылды, суреттер салынды. Бұның бәрі тез келді. Қарқындап дамып бара жатқан тап болған дықтан тәбетті буржуазия оларды тез арада-ақ қылғытып қорытып жіберді. Енді оларға тақыр жерге ай құйрығымен отырып қалмас үшін жедел түрде қор жасау қажеттігі туды. Себебі, есті ескінің көзі іспетті Гюго және өзге де идеологтар әлі тірі еді. Сұлулықтың сы нына сына қағылып, ақиқаттың бұрмалануына олар төзе алмайтын. Кез келген уақытта олар тарапынан дүмпу болуы мүмкін-ді. Сол үшін де буржуазия өмір жайлы жадағай түсініктер мен қарабайыр пайым дардың қалыптасуына ықпал ететін, адамның ар-намысын мазалап, жанына түртпек жасамайтын, құдайды еске сап тынышын алмайтын дүниетанымның қалыптасуына мүдделі болды. Ол бұлар сүріп жат қан өмірдің өалыпқа түсуіне, заңдастырылуына қызмет етуі керек еді. Буржуазияны ақтайтын философияға сұраныс туды жіне қажеттілік тез қанағаттандырылды. Ренанның оптимистік жайбасарлығы жаңа қоғамның талабы үшін оның өзімен-өзі қарама-қайшылыққа баруы на жол ашты. Тэн де буржуазияны ның өзінің ар-намысы ұйқысынан оятып, мазаламасы үшін қалқа болар бұл қабырғаға бірнеше кірпішті еш шімірікпей қалап жіберді. Бұдан кейін де бірнеше талпыныстар жасалды, бірқанша штрихтар жүргізілді де буржуазияның жағдайы бекем-берік болып шыға келді. Өмір, осылайша, әп-сәтте сұп-сұрғылт түске боялды. Нақты тіршілік пен көз көрген фактіге ғана табыну басталды. Пәлсафада күнәға бату бостандығын дәріптеу қанат жайса, адамгершілік ұстын
дары бұрынғыдан да қатты шайқалып, адам санасында тоқырау бе лең алды. Рух жүнжіп, ақыл-ой түнекке түсті. Жоғары лауазымдылар арасында мемлекеттің мүддесін шетелдерге сатып, саяси алаяқтыққа бару күнделікті көз, құлақ үйреніскен жағ дайларға айналды. Ал бұлар бұдан ширек ғасыр уақыт бұрын ғана тіптен мүмкін емес жайттардың қатарына жататын. Міне, біреулер еркін демалып, балықтай жүзген осындай ортада өмірден алғысы ке летіні көп, кеңістікке талпынған, талпынған да алқынған, жандүниесі таза, сезімі сергек жандар да жүрді. Олар буржуазияның ауасы тар, материализм, меркантилизм және моральдық қарабайырлану белең алған, тек күштінің ғана құқығы қорғалған, өмір сүру инстинктінен өзге ешбір заң мойындалмайтын осы бір ортасынан құтылғысы келді. Жүйкесі нәзік, жандүниесі кең бұл жандар буржуазияның лас ау лаларынан өздеріне таза жай іздеп адасты. Өздеріне-өздерін қарсы шықты. Күресті. Қайтыс болды. Ештеңеге қанағаттанбаған, жапа шеккен жандарымен бақиға кетіп жатты. Бір кезгі серілердің Фран циясы өздерін әбден өз орындарында сезінетін, өмірдің қожаыс кө ретін, шылқи семіріп алған көпестердің көңілдесі іспетті Францияға айналып бара жатты. Ғажайып талант иесі, буржуазиялық мадақтың түтініне уланған, жүйкені қытықтайтын, сезімді оятатын, байлар түскі тамақтан кейін ғана оқитын шағын новеллаларға ғұмырын сарып қылған Мопассан дүниеден өтті. Бурже... Бодлер... Францияның бүгінгі өмірімен уланған, түнектен Тәңірін іздеген өзге де көптеген ақындар мен жазушылар қаза болды. Қоғам сыртқа тепкен, бірақ тағдырына өмірдің алдында жүру таңдауы түскен, адал да ақжүрек, күйбең тірліктің жалған пұттарына табынудан бас тарт қан, жүрегінің түкпірінде мәңгілік идеалдарды берік сақтаған көпте ген адамдар өмірмен қош айтысты. Олар бірінен кейін бірі қорымнан тыныштық тауып жатқанда, өзінің азғындаған мәдениетінен тойына бастаған қоғам жайлап бол са да жаңаның керек екенін сезіне бастады. Ол оны көне діндерден, Изида мен Осирис, Будда мен Зәрдәшттерден, Орта ғасылдық си қыршылықты қайта дәріптеуден тапты. Изида альтарының алында ағынан жарылып алғасын, «Ажал шарапханасына» асығатын болды. Мұнда, орындықтардың орынна табыттар қойылған жйда, бас сүйек тен жасалған бокалдардан шарап сіміріп отырып, ең ұлы құпияны, ажалдың құпиясын мансұқ етуге көшті. Бұл «Ажал шарапханасы» сананың барынша топастануымен, адамдардың бұған дейін киелі саналған құндылықтардың бәрін жоқ қа шығаруымен ерекшеленеді. Өмір күл-қоқыс қана. Адамзат баласы сан ғасырлар елеп-екшеп жасаған рухани құндылықтардың бәрі де сенің қара күшіңе төтеп бере алмайды. Бәрін қиратуға, бәрін жоқақ
шығаруға мүмкіндігің бар. Осылайша, тойынған буржуа әп-сәтте ғи бадатханалардың бәрін бірінен кейін бірін күн сайын өртеп отыруға дайын Геростасттарға айналып шыға келді. Бірақ тағдыр әділ. Тағдыр әділ, сондықтан да Францияның бүгінгі қоғамының үстін де бомба жарылды. Біз адамды бірден өлтіретін Равошаль мен оның сыбаластарының жаратын бомбасы жайлы айтып отырған жоқпыз, қоғамға «көгілдір фея» - абсенттің құлы Поль Верлен бастаған Ма терлинк, Пеладан, Фезансак, Рене Гиль, Малларме, Ролин, де Буа, Мореас, Ноэль Гумолардың лақтырған бомбаын сөз қылып отырмыз. Сексенінші жылдары Латын карталындағы шарапханалардың бірінде кілең алабажақ киінген, не нәрсе болмасын сынға алатын, тү бегейлі жоққа шығаратын, жаңа дүние жасау керектігі туралы көпіре сөйлейтін, бірақ өздері де сол жаңаның қандай болмақ керек екенін анық пайымдай бермейтін бір топ жастардың үйірмесі пайда болды. Өздеріне, өздерінің шығармашылық қабілеттеріне көзсіз сенетін бұ лар дүниеде бардың бәрін тәрк етіп, қай тақырыпқа болмасын көсіле, қызылкеңірдек болып айтысып жататын. Олардың не жасағысы келді? Не жасағысы келетіндерін ешқайсы сы да көз алдына анық елестете алмаған болар, бірақолардың сырқат, дерттенген қиялдарынан адам сенгісіз, ойға симайтын идеялар жия туындаушы еді. Жаңашыл осы топтың белді және бейпілауыз, тосын ойға тым құ мар мүшелерінің бірі, есімін көне мысыршалап сиқыршы деп алған (Sare – маг) Сар Пеладан, көшеде ұзын қызыл плащ киіп қыдырыс тауды ұнататын осы Пеладан, бірде Неронды келекелеп тұрып: Егер бүкіл әлем бір ғана бас болатын болса, мен оның миы орна ласқан қауашағына ессіздіктің уын құйып жіберуге даярмын, – деп те салды. Достары есуастың бұл қылығын дұрыс деп тапты, дүркірете қол соқты. Олар, жалпы, естіліктен есуастықты жоғары қойды, қалып тыдан гөрі қалыптан тысты жақсы көрді. Олар өнердің адам сенгісіз теориясын жасауға талпынды. «Парнасшыларды» жерден алып, жер ге салды, Бодлерді, Монтеськю Фезансак жазғандай, «моральдан бас тарта алмағандығы үшін» сынады. Сол кездері өзінің «эготизм» және «барлығы алдыңда тізесін бүгу ге тиіс» күш-энергияны дәріптеумен белгілі Морис Баррес декадент тердің тарапынан қатқыл сынға ұшырады, Малларме Баррестің теория сын қарсы мақаласында, декадентшілердің атынан былай деп жазды: Бізге арнап ешқандай заңдарды жазбаңыз, гипотеза, теориялар мен доктриналарды тудырмаңыз. Егер қаласақ, біз бәрін өзіміз жасап ала мыз. Ал қазірге бізге ешқандай логикаңыздың керегі жоқ. Өйткені бұның бәрі адам жасаған, адамның миы тудырған дүмбілез дүние лер. Баррес мырза, біз де адамбыз, біз де кітап жаза аламыз. Бірақ біз бірізділікті қаламаймыз. Бүгін діндар болсақ, ертең скептикке айнала
мыз. Арғы күні, қаласақ, монархист не революционер бола саламыз. Иә, біз нені қаласақ солай жасаймыз. Ешкім бізді басқалай жасауға көндіре алмайды. Олар осындай құтырынған мәнсіз мәлімдемелерді еш қысылмай, шын жүректен айтысып жатты. Толық әділетсіздік орнаған қоғамда, олар өздерін осындай ессіздіктерге баруға толық құқылымыз деп са найтын. Олардың жүйкесі әбден жұқарған, өте әсершіл адамдар бол ғандығы анық. Егер сексенінші жылдары Парижде жұрт баррикада ларға шығып шайқасқанда тоқсаныншы жылдары мұндай адамдар пайда болмас еді. Мен оларды өзіме былай елестетемін: Алдында бұлар жүрегі таза сәбилер болды. Бірақ, бәріміз бі летініміз секілді, сәбиліктің ғұмыры тым қысқа. Олар әр түрлі жағ дайларға байланысты өте ашушаң, жүйкесі шырт етпе, сыртқы әсер лерді тез қабылдағыш жандар болып ер жетті, есейді. Бүгінгі еуропалық қалалардың қайсысының мәдени өмірін алма ңыз бозбаланың көңіл-күйін лезде тепе-теңдіктен шығарып жібе ретін әрқилы әлеуметтік контрастарға, көріністерге толы. Ал бұлар дың ішінде жүйкені жидітіп, миды ашыту жағынан, әрине, бірінші орын Париждің еншісінде болмақ. Декаденттер болса түрлі әсерлер ден әбден арыған, өздерінің бойынан ақындықтың алғышарттарын тани білген, бірақ белгілі бір идеяны алып шығуға жандүниелері да йын емес, өмірге құштарлығы мол, бірақ қуаттары туылмай жатып сарып болған бозбалалар. Міне, осы рухы да, тәні де әлжуаз, әсіре әсершіл және қиялдауға бейім жандар латын кварталындағы шарапханада бәрін қирата, бәрін жоқақ шығара жүріп, есуастыққа, даңғазалыққа салынып, әлденені күтті... Және ақыры күтіп алды.. Самара газеті, 1896, № 81, 85
Франц КАФКА (1883-1924) Австрия жазушысы КӨЛЕҢКЕ КҮНДІ ЕШҚАШАН ӨШІРЕ АЛМАЙДЫ Франц Кафка – ХХ ғасыр әдебиетінің тарихын жасаған ең атақ ты қаламгерердің бірі. Одан кейінгі буындарда оы бір жұмбақ жанды жазушыдан оқып үйренбедім, шығармашылығынан тәлім алмадым деген қара сөз шеберлерін өте сирек кездестіресіз. Фолк нер, Хорхе Луис Борхес, Габриэль Гарсиа Маркес, Милорад Павич – Кафка прозасы әсер еткен қаламгерлер тізбегі осылай созылып кете береді. Төмендегі күнделік ретінде жазылған диалогтар шын мәніндегі интервью жанрының талаптарына сай келмес, бірақ осы бір ша ғын диалогтардан Кафка әлемінің бұлыңғыр сұлбасы, оны мазала ған ойлардың легін аңғаруға болатын секілді. Бәлкім, осы бір шағын пікірлесулерде Кафка прозасы құпиясының кілті жатқан болар деп, назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. (Франц Кафканың Густав Яноухпен әңгімелерінен) Кафка. Сіздің өлеңдеріңізде қазірге шу көп. Бұл жастыққа тән құ былыс. Ол сіздің тұла бойыңызда әлі тепсініп жатқан бұла күштің көп екенін аңғартады. Әрине, былай қарағанда бұл шу әдемі-ақ, бі рақ оның шын, шынайы өнерге ешқандай қатысы жоқ. Керісінше! Шу мәнерлілікке кедергі келтіреді. Әйтсе де, мен сыншы емеспін. Алдымен өзгенің ішіне кіріп кетіп, одан лезде өзіме орала алмаймын. Яғни, екі ортадағы арақашықтықты дәл басып айта алмайтындығым анық. Қайтадан айтайын, мен сыншы емеспін. Бар болғаны, жазаға кесілген һәм көрермен жанмын. Яноух. Сонда төреші кім? Кафка. Мен, рас, сондай-ақ сот қызметкерімін де, бірақ жоғары соттарды танымаймын. Шамасы, мен соттағы кішкентай ғана уа қытша қызметкер болармын. Маған тіреліп тұрған ештеңе де жоқ. Тиесілі тек қасірет қана. Сіз қай уақытта жазасыз? Яноух. Кешке. Түнде. Күндіз – өте сирек. Тіпті жаза алмаймын десем де болады. Кафка. Түн – ұлы сиқыршы. Яноух. Маған жарық, фабрика, үйлер, қарсыдағы терезе, бәрі ке дергі келтіреді. Әсіресе – жарық. Жарық зейініңді алаңдата береді. Кафка. Бәлкім, оның ішкі әлемнің түнегіне зейініңді салдыртқысы келмейтін боалр. Адамға жарықтың үстемдігі жүріп тұрса ғана жақ
сы. Егер осы бір басымнан өткен, өтіп жатқан қорқынышты, ұйқысыз түндер болмаса мен ешқашан қолыма қалам алып жазуға отырмаған болар едім. Былайша мен әрдайым өзімнің жалғыздықтың түнеріңкі шырмау торына қамаулы екенімді түйсінем де тұрамын. *** Кафка. Сіз ақынды табаны жерде тұрғанмен, баы бұлттардан ары асып кеткен ғажайып алып ретінде суреттейсіз. Әрине, тоғышарлық көзқарастың деңгейінен алсақ, бұл әбден таптаурын болған таныс образ, жаттанды бейне. Шындықпен ешқандай байлынысы жоқ құр ғақ бос қиялдың тілегі, арманы. Ал шынтуайтына келсек, ақын де геніңіз орташа деген адамнан анағұрлым ұсақ және әлсіздеу келеді. Оның мына жер беті тіршілігінің ауыртпалығын өзгелерден анағұр лым артық, анағұрлым ащылау сезінетіндігінің себебі де осыдан. Ол үшін оның өзі салатын ән – зар ғана. Суреткер үшін шығармашылық дегеніңіз оны жаңа қасіреттерге дайындайтын қасірет. Ол алып емес, бар болғаны жалғыз тіршілік кешу үшін торға қамалған ала қанат құс қана. Яноух. Сіз де ме? Кафка. Мен тіпті ұсқынсыз құспын. Мен – Кафкамын (чех тілінде ұзақ қарға дегенді білдіреді). Тайнхофтағы көміршінің сондай құсы бар. Сіз оны көре алдыңыз ба? Яноух. Иә, дүкеннің маңында секеңдеп жүреді. Кафка. Бұл туысқанымның жағдайы менікіне қарағанда бірқан ша, тіпті анағұрлым жақсы. Рас, оның қанаты қырқылған. Мені бол са бұлай азаптаудың тіпті де қажеті жоқ. Өйткені, менің қанаттарым әлдеқашан солып, қурап қалған. Мен үшін қашықтық дегеніңіз де, биіктік дегеніңіз де жоқ. Бар болғаны, адамдардың арасында үркек теп секеңдей беремін, секеңдей беремін. Олар болса маған сенімсіз көзқараспен, жақтырмай қарайды. Өйткені, мен қауіпті құспын ғой. Ұры қарғамын, ұзақ қарғамын Әйтсе де, бұл былай алғанда ғана. Шы нына келсек, менің әдемі, жылтырақ заттарға еш құмарлығым жоқ. Менде түндей қара жып-жылтыр қанаттың болайтыны сондықтан. Мен күл секілді сұп-сұрмын. Яғни, тастардың арасында жасырынып қалғысы келетін ұзақ қарға деуіңізге болады. Әрине, бұл әзіл... Бүгін көңіл-күйімнің пәс екенін аңғарыңыз деп жатқаным ғой. *** «Көмір салушы» хикаятының чех тілінде Милена Есенская ның аудармаымен шығуына байланысты Яноух. Хикаятта жарық пен көтеріңкі көңіл-күй басым. Ол туралы тікелей айтылмағанымен махаббатқа да көп орын берілген. Кафка. Бұл хикаятқа емес, хикаяттың объектісіне, жастыққа ғана тән. Ол күн сәулесі мен махаббатқа толы. Жастық әдемілікті көре
алатын қасиетке ие екендігімен бақытты. Бұл қасиет жоғалған күні қартаю, солу, бақытсыздық басталады. Яноух. Демек, қарттыққа ешқандай бақыт, қуаныш сезімі деген тән болмағаны ғой? Қарттық бақыт атаулыны сызып тастайды? Кафка. Жоқ. Керісінше, бақыт қарттықты сызып тастайды. Әдемілікті көре білу қасиетін жоғалтпаған жан қартаю дегенді де білмек емес. Яноух. Демек, «Көмір салушы да» сізді жап-жақсы һәм өте бақыт тысыз деуімізге болады ғой? Кафка. Бір кезде басыңнан өткен, ендігі алыс дүниелер жайлы жақсы айтылады. Мұнда да солай. «Көмір салушы» - әлдебір кез де көрген түсім туралы естелік. Ал ол түс болды ма, ол жағы тағы белгісіз. Асылы ешқашан болмаған болар. Өйткені, Карл Россман (хикаят кейіпкері) еврей емес секілді. Біздер, еврейлер болсақ, ту ғаннан ақалы қудай қария болып дүниеге келеміз ғой. *** Яноух оқуға сатып алған бір бума кітапты көргенде болған әңгіме Кафка. Сіз бір күндік дүниелерге көп уақыт бөлесіз. Бұл жара майды. Бұл кітаптардың көпшілігі – бүгінгі күннің болар-болмас жылтыраған ұшқындары ғана. Олар тез өшеді. Сізге, керісінше, ескі кітаптарды көп оқыған жөн. Классиканы, Гетені оқыңыз. Мәңгілікке таласа алатын қасиет – көне дүниелерден аңғарылады. Ал жаңа де геніңіз өтпелі, сырғымалы ғой. Бүгін әдемі, сұлу көрінгенмен, ертең бар кем-кетігі менмұндалап шыға келеді. Әдебиеттің жолы осындай. Яноух. Поэзия ше? Кафка. Поэзия өмірді жаңғыртады. Кейбір ретте бұл бұдан, про задан да сорақы. *** Үндінің «Бхавадгита» діни кітабы жайында Кафка. Үнді дініне қатысты кітаптар мен бір жағы қызықтырады, бір жағы үрейлендіреді. Олар есірткі секілді. Таң-тамаша етіп басың ды айналдыруы да, есіңнен тандыра қорқытуы да мүмкін. Осы бір йог дегендеріңіздің бәрі өмірді оған деген шынайы сүйіспеншілігі мен бағындырған жандар емес, керісінше үнсіз, салқын жеккөрініші мен оны талақ ету арқылы мойынсындырғандай. Үнді діни жаттығу ларының негізінен терең, өткел бермес пессимизм жатын. Яноух. Шопенгауэр үнді діни философиясымен шұғылданды емес пе? Кафка. Шопенгауэр – тілдің шебері. Оның ойлау жүйесі де осы шеберлігіне тәуелді. Шопенгауэрді оқу керек болатын болса, тек тілі үшін ғана оқыған жөн.
*** Экспрессионист ақындардың жыр жинағына байланысты Кафка. Кітап мені мұңға орады. Бір қарасақ, ақындар адамдар ға достық құшағын айқара ашып жатқан секілді. Бірақ адамдардың көретіні ашық құшақ емес, жүректі, көзді нысанаға алған тас-түйін жұмылған жұдырықтар ғана. *** Жас жазушы хақында Кафка. Мен жастарға қызыға, қызғана қараймын. Яноух. Өзіңіздің де қартайып тұрғанығыз шамалы ғой. Кафка. Мен Ажалсыз жөйт секілді кәрімін... Осы жерде сізді қор қытып алдым-ау деймін. Ал менің тек әзілдегім ғана келген болатын. Бірақ мен расында да жастарға қызғанышпен қарайтынымды жасыра алмаймын. Адамның жасы ұлғайған сайын оның білетіні де көбейе бермек. Ал мүмкіндігі сарқылған үстіне сарқыла түседі. Ақыр соңы соңғы көз салыс, соңғы дем қалады. Шамасы, осы сәтте адам бүкіл өмірін тұтасымен қайта көз алдынан өткізетін шығар. Алғашқы және соңғы рет. *** Яноухтың портфелінен детектив романды көріп қалғанда болған әңгіме Кафка. Сізге мұндай кітапты оқығаныңыз үшін ештеңеден қысы лудың жөні жоқ. Достоевскийдің «Қылмыс пен жазасы» да, шын туайтына келсек, детектив роман. Ал Шекспирдің «Гамлеті» ше? Бұл детектив пьеса. Қимылы жайлап-жайлап барып ашылатын құпияға құрылған. Бірақ ақиқаттан артық құпия бола ма? Өнер дегеніміз әр дайым ақиқатты ашуға жіберіліп жатқан экспедиция ғана. Яноух. Ал ақиқат дегеніміз ше? Кафка. Сіз мені сөзден ұстап алған секілдісіз. Әйтсе де, бұл бы лай емес. Ақиқат – бұл әрбір адамға өмір сүру үшін керек, бірақ ол ешкімнен сұрап не сатып ала алмайтын дүние. Әр адам оны үздіксіз өзінен тудырып отыруы тиіс. Әйтпесе ол қаза табады. Ақиқатсыз өмір мүмкін емес. Бәлкім, ақиқат дегеніңіз өмірдің өзі болар. *** Ішінде Пикассоның кубистік натюрморты және аяқтары үл кен қызғылт әйелдер бейнеленген картиналары бар француз су рет өнерінің көрмесінде боғлан әңгіме. Яноух Пикассоны «қиялын желік билеген қалып бұзғыш» атайды. Кафка. Мен бұлай ойламаймын. Ол, бар болғаны, біздің санамыз әлі дәл танып білмеген жарымжандықты көрсетіп отыр. Көркемөнер
– айна, кейде оның да сағат секілді «уақыттан алға озып» кететіні бар. *** Соғыстан кейінгі уақытта жиі өткізіліп кеткен халықаралық конференциялар жөнінде Кафка. Бұл үлкен саяси басқосулардың деңгейі кафедегі кәдуілгі кездесулердің ар жақ-бер жағында. Адамдар барынша аз айту үшін қолынан келгенше барылдап айқайлауға тырысады. Бұл өте шулы үнсіздік. Шын мәнісінде бағаға біз ештеңе біле бермейтін сахна сыр тындағы келісімдер ғана ие. Яноух. Сіздіңше, баспасөз ақиқатқа қызмет етпейтін болғаны ма? Кафка. Ақиқат ешқандай сатып алуға болмайтын шын мәнісін дегі ұлы ап-азғантай өмірдің құндылықтарға ғана қатысты. Адамдар оларды махаббат пен әдемілік секілді сыйлыққа алады. Газет де геніңіз болса сатуға, сатып алуға болатын тауар ғана ғой. Яноух. Демек баспасөз адамзатты топастандыруға қызмет етеді ғой. Кафка. Жоқ, жоқ! Бәрі, оның ішінде өтірік те бар, ақиқатқа қызмет етеді. Көлеңке ешқашан күнді өшіре алмайды. *** Г.Яноух Кафкаға Винсент Ван Гог картиналарының көшірме лерін көрсеткенде болған пікір алысу Кафка. Күлгін түсті түн құшағында кафенің маңындағы мына бақ қандай әдемі. Басқа картианалар да тамаша. Бірақ мына бақтың мені таң қалдыруы ерекше. Сіз оның суреттерін білесіз бе? Яноух. Жоқ. Білмейді екенмін. Кафка. Өкінішті. Олар «Жындыханадан жазылған хаттар» кіта бында келтірілген. Сізге күндердің күнінде бұл кітапты парақтаудың сәті түсер. Менің дәл осылай сурет салғым келген. Мен қазірде әрда йым сурет салуға тырысамын. Бірақ жөн-жосықсыз бірнәрселер шы ғады. Оларым иероглифтерге ұқсап кетеді де, кейін өзім де не дегім, не салғым келгенімді есіме түсіре алмай дал боламын. *** Бір газетте Еуропадағы бейбітшіліктің болашағы түнеріңкі екені туралы айтылады Яноух. Бейбітшілік келісіміне қол жеткізілді емес пе? Кафка. Түпкілікті шешілген ештеңе жоқ. Авраам Линкольн айт қандай, бәрі әділетті реттелмейінше, ештеңе де түпкілікті реттелмек емес. Яноух. Бұл қашан болады? Кафка. Кім біледі? Адамдар Құдай емес. Тарих кез келген бол машы сәттің қателігі мен қаһармандығы арқылы жасалады. Өзенге
тас лақтырсаңыз, су бетінде шеңберлер пайда болмақ. Бірақ адам біткеннің көбісі болашақ үшін өз жеке басына артылған жүктің сал мағын сезіне бермейді. Меніңше, барлық қасірет-қайғының түп-та мыры осында. Яноух. Макс Хельц турасында не айтар едіңіз (1920 жылы орталық Германияда болған жұмысшылар қарулы көтерілісінің басшысы)? Кафка. Жақсылыққа зұлымдықпен қол жеткізу деген мүмкін нәр се ме өзі? Шынтуайтында, тағдырға қарсы тұрғысы келетін күштің өзі әлсіздік. Өзіңде бардың бәрін беріп, тағдырдың барлық соққысын қабылдауға дайын жан одан анағұрлым қуатты. Бірақ мұны Маркиз де Сад түсіне алмайды. Яноух. Маркиз де Сад дейсіз бе? Кафка. Иә, Маркиз де Сад, маған сіз өмірбаянын оқуға берген, шын мәнісіндегі бүгінгі күннің жарылқаушысы... Ол өзгелерді қасі ретке бөктіру арқылы ғана өзін бақытты сезіне алады. Бұл – байлар дың мерекесі кедейлердің көз жасымен өткізілетіні секілді қасіретті шындық. *** Қолдарына ту, плакаттар ұстап жиналысқа кетіп бара жат қан бір топ жұмысшыларды көргенде болған пікірлесу. Кафка. Мына адамдар өздеріне-өздері нық сенімді, батыл да кө теріңкі көңілде. Көшені ғана басып алған олар әлемді басып алдық деп ойлайды. Бірақ олар қателеседі. Қазірдің өзінде олардың артын да хатшылар, шенеуніктер, кәсіпқой саясатшылар – бұлар билікке баратын жолды жасап беретін бүгінгі күннің сұлтекештері тұр. Яноух. Сіз көптің күшіне сенбейсіз бе? Кафка. Мен қалыпқа түспеген, икемге келмейтін адуын күшті ғана көріп тұрмын. Ал ол күш біреудің игенін, қалыпқа салып ауыз дықтағанын қалайды. Кез келген шынайы революциялық процесстің соңын ала қандай да бір болмасын қожайын Наполеон Бонапарт шыға келеді. Яноух. Сіз орыс революциясының ендігі жердегі дамуына да сен бейсіз бе? Кафка. Тасқын нөпір алысқа жайылған сайын суы саяздап, лай лана береді. Революция бу болып ұшып кетеді де, соңында жаңа бю рократияның сасық иісі мұрын жаратын батпағы ғана қалады. Азапқа бөккен адамзаттың бұғауы канцелярияның қағаздарынан жасалған. *** Бодлер жайлы Кафка. Поэзия – дерт. Сосын, ыстықты түсіру дегеніңіз сауығу дегенді білдірмейді. Керісінше! Ыстық тәнді тазалап, сананы сәуле лендіреді.
*** Яноух Кафкаға Лейпциг баспагері Курт Вольфтың таңертеңгі сағат сегізде Рабиндранат Тагор шығармаларының аудармасын кері қайтарғандығы, екі сағаттан кейін Тагорға Нобель сыйлығы берілгенін естіп, қолжазбадан айырылып қалмас үшін баспа ре дакторын жүгірткізгені туралы әңгімелейді. Кафка. Оның қолжазбаны кері қайтарғаны қызық екен. Өйткені, Тагор Курт Вольфтен онша алыс емес қой. Үндістан – Лейпциг, бұл тек былай қарағанда ғана біраз қашықтық болып көрінуі мүмкін. Ал шындығына келсек, Тагор дегеніңіз үндіше киініп алған неміс қана. Яноух. Бәлкім, ұстаз болар? Кафка. Ұстаз? Жоқ, бұл емес, бірақ ол Рихард Вагнер секілді сак сондық бола алар еді. Яноух. Яғни, ешқашан су болмайтын пальто киген атышулы мис тик дейсіз ғой. Кафка. Иә, осы шамада.
ФРАНЦУЗ ПОЭЗИЯСЫ – ТЫНЫШ КЕЗЕҢДЕРДІҢ ПОЭЗИЯСЫ Бүгін назарларыңызға орыс ақыны Евгений Евтушенконың француз ақыны Ален Боскемен ертеректе жасаған сұхбатын бір шама қысқарған нұсқада ұсынып отырмыз. Сұхбат алынғаннан бері он шақты жылдар өткенімен ол бүгінгі француз, сондай-ақ, батыс поэзиясының хал-ахуалы қандай деген сауалдарға бірқы дыру жауап бере алатын секілді. Тіпті, сұхбатты оқу барысын да қазіргі қазақ және француз поэзияларының проблемалары өза ра ортақ па дегендей де ойға қалатындайсың. Е.Евтушенко: – Менде француздар жыр кітаптарын сатып алмақ түгілі, өз поэзияларын мүлде білмейді-ау деген пікір қалыптасты. Бәлкім, мен қателесетін болармын? Егер қателеспесем, бұның се бебі неде? Мүмкін, француз поэзиясы тоқырау үстінде болар, әлде поэзияға деген ықылас, суынулы ма? Мысалға Артюр Рембо, Поль Верлен, Элюарлардың жыр жинақтарының көзі тірісіндегі таралымы мен бүгінгі ақындардың өлең кітаптарының тарылымы ара салмағын айырып бере аласыз ба? А.Боско: – Сіздің түйген пікіріңіз шындыққа әбден жанасады. Бүгінгі Францияның оқырман қауымы өлең оқуға өте тұрақты зер са лып отыратын екі жүздей және әбден мойындалған ақындарды ғана оқитын шамамен екі мыңдай оқырманы бар демесеңіз, бұл қауым ның қарақұрым болып тұрғаны шамалы. Әйтсе де бұл жаңа құбылыс емес. Ауызша поэзия үстемдік жасаған орта ғасырларды қоспағанда, даму тарихы әріден басталатын біздің поэзиямыз бен ақындарымыз тек екі дәуірде ғана халық тарапынан үлкен сұранысқа ие болды. Бірі Виктор Гюго, Альфонс де Ламартин және Альфред де Виньилер өз замандастарының жандүниелерін қа рапайым да әсерлі суреттей білген романтизм, яғни, 1810 мен 1830 жылдар арасында болса, екіншісі неміс окупациясы кезеңінде, 1940 және 1944 жылдар аралығына тура келеді. Элюар, Арагон және Пьер Эмманюэльдер жасаған Қарсыласу поэзиясы жау қолында қалған тұтас бір халықтың қасіреті мен үмітін өз деңгейінде жырлай білді. Бұл, бәлкім, неміс цензурасының поэзиядан гөрі прозаға көбірек шұқшиғандығынан да болар. Ал басқа дәуірлердің бәрінде, біздің поэзиямызды өлеңге шын жан-тәнімен берілген аз ғана топ қадаға лап отырған. Бұл орайда Артюр Рембоның көзі тірісінде өз баспагерін таппағандығын айтсам да жеткілікті болар. Ал өзімнің Поль Элюар
дың 1922 жылы 500 дана ғана болып шыққан жыр жинағының бір данасын, арада 16 жыл өткесін, 1938 жылы кітап дүкенінен сатып ал ғаным әлі есімде. Бұл Элюардың сол кездерде басылған жалғыз жыр жинағы болатын. Біздің аз оқылатын, біраіқ атақты есімдерге бай поэзиямыздың жағдайы, өкінішті болса да, міне, осындай. Бұлай болуының ертеден келе жатқан бірнеше себебі бар. Француз поэзиясы, әсіресе, Бодлер мен Миллармелерден кейін, әрдайым эксперименттердің поэзиясы болып келеді. Оған авангардтық бағыттағы ізденістер де жат емес. Осы ыңғайдан оның тілі өте күрделі, түсіну үшін оқырман тарапы нан үлкен дайындығы болуын қажет етеді. Бұндай дайындықты жасауға халық та, орташа топтар да құлықты емес. Поэзия рациональді және әлеуметтік болудан қалды, сол себепті өмірлік маңыздылығынан айы рылды. Бүгінгі он ақынның тоғызын әсіре интеллектуализм мен солғын кітабилығы үшін айыптауға болады. Бір жағынан, батыстық «тұтынушы» поэзияны қызықты емес деп санайтыны және бар. Бұған ауқымы кеңдеу болатын тағы екі жағ дайды қосыңыз. Біріншісі – түйсіктік деңгейде болса да, Франция бірқалыпты, мамыражай халде күн кешуде деген түсініктің қалып тасуы. Рас, бізде де жұмыссыздық, басқа да әлеуметтік проблемалар жеткілікті. Бірақ жалпыға шаққанда, бәрібір халықтың көңілі тоқ деуге болады. Осындай самарқаулық белең алған тұста көпшілік поэзияның өзіне жаңа құндылықтар ашып бергеніне оншалықты құ марта бермейді. Біз барлық бағытта, оның ішінде өнер де бар, өте салғыртпыз. Екінші жағдай түсінбеушілікке байланысты. Бұқара лық ақпарат құралдары көп жағдайда ән мәтіндерін ғана поэзия деп сендіруге, соларды насихаттауға бейім. Бүгінгі таңда поэзия тек ән мәтіні ретінде ғана өмір сүріп жатырдеген секілді пікір қалыптасты руға тырысады. Менің пікірімше, Жак Брель, Жорж Брассанс, Шарль Азнавурларды (шаньсон үлгісінде ән айтатындар) шын мәнісіндегі ақындар санау жаңсақ, қате түсінік. Халық болса, керісінше, амал қанша, тек соларды ғана ақын санайды. Менің сіздің сауалыңызға жауапқа мынаны да қоса кеткім келеді: Біздің көптеген жас ақындарымыз көпшілікке бәрібір түсініксіз болатындықтарын сезінетіндіктен, классикалық қалыптан алыс өз тілдерін қалыптастыруға күш салады. Ал бұл болса өзара түсініс пестіктің тамырын тереңдеген үстіне тағы да тереңдете түседі. Е.Е: – Сен – Жон Перс, Т.С.Элиот, Оден, Пастернак, Пабло Неру да секілді әйгілі ақындар көз жұмғасын, көпшілік әлем поэзиясында жастардың арасында олардың орнын басуға мүмкіндігі бар ақындар жоқ десіп жатады. Сіздіңше, поэзияда жекелеген ірі тұлғалардың пайда болуы немен байланысты? Тарихпен бе? Тілдің дамуымен бе? Халықтың, адамзаттың психологиялық көңіл-күйімен бе? А.Б: – Ұлы ақынның қазасынан кейін адамдардың енді ұлы ақын дүниеге келмейтіндей көретіні рас. Бірақ уақыт өте келе басқа ұлы
ақын бәрібір пайда болады. Сондай-ақ, ірі ақындардың пайда болуы үлкен тарихи оқиғаларға тікелей байланысты деп санайтындар да бар. Басқа елдерді қайдам, бірақ дәл осы пікір Францияға жүрмейді. Біздің еліміздің тарихындағы бірден-бір айтулы оқиға өзімен тікелей байла нысты әйгілі өнер туындысын дүниеге келтірген емес. 1789 жылдың революциясы да, Париж Коммунасы да, Верден түбіндегі әйгілі жеңіс те өз тұсындағы қайсыбір атақты шығармада көрініс таба алмады. Біздің, тіпті, уақыт өте келе, Қарсыласу кезінде жазылған өлеңдеріміз Югославиядағы гитлершілдікпен күрес және Ленинград блокадасы тудырған поэзиядан көш төмен екендігін де мойындауымызға тура келіп отыр. Француз поэзиясы ел іші тыныш, оқиғаларға сараң тұстар да ғана біршама жетістіктерге қол жеткізе алған. Әсілі, бұл ақынның осындай кезеңдерде ғана өз мүмкіндігін пайымдауға мүмкіндігі мол болатындығынан болар. Қараңыз, Артюр Рембоның ең тамаша өлең дері жазылуы жағынан Пруссиямен соғыстағы масқара жеңілістің әсері ұмытылған 1873 пен 1875 жылдар аралығына тура келеді. СенЖон Перстің қаламынан туған ең тамаша жыр нұсқалары болса арсыз колониализм гүденген 1907-1910 жылдардың еншісінде. Бізде Людо вик ХІҮ, Наполеон, Жорес немесе де Гольге көзі тірісінде арналған бірде-бір атақты өлеңді ұшырастыра алмайсыз. Е.Е: – Адамзатты жақсылыққа, сұлулыққа үндейтін кітаптар жазы лу үстіне жазылуда. Бірақ бәрібір жауыздық, қатыгездік, соғыс қаупі жойылған жоқ. Бұлай болуының сыры неде? Өнер адам бойында бұ ғынып жатқан қарау, зұлым күштердің алдында әлсіз бе? Әлде ұлы кі таптар аз жазылды ма? Бәлкім, олар бүгінгіден он есе көп жазылғаны мен де зұлымдықпен күресте бәрібір көмектесе алмайтын болар? Біз әдебиеттің құдіретін босқа дабырайтып жүрген боламыз? Адамзаттың моральдық кескін-келбеті тек әдебиетке ғана байланысты емес шы ғар? Бірақ, біз жазушылар, алдымызға қандай да бір моральдық проб лемаларды шешу мақсатын қоймасақ, онда жазудың кімге қажеті бар? А.Б: – Әдебиет пен моральді байланыстыру өте қауіпті. Жеке адам ретінде Данте, Шекспир, Достоевский, Свивфттердің мінез-құлықта рынан сабақ ала қоямын деу бос әурешілік. Әдебиет болса адам жа нының тереңде бұғынып жатқан қатпарларын зерттеуге тырысады. Ол үміт не торығушылық, жалғыздық не ынтымақтастық, қиял не күнделікті шындық өмір болуы мүмкін... Дәлірек айтсақ, сұлулыққа, жасампаздыққа ұмтылудың өзі де моральдің ерекше бір түрі ғой... Е.Е: – Кезінде үлкен пікірталас тудырған «антироман» деп атала тын бағыттың қазіргі хал-жағдайы қалай? Бүгінгі романшылардың алдыңғы ондығын атаңыз десе, сіздің аузыңыздан кімдердің есімін ести алар едік? А.Б: – «Жаңа роман» немесе «антироман» Бальзак пен Толстойдың шығармаларына тән болып келген психологиялық қисынының аяқта луымен әспеттеледі. Қаншама уақыт бойы қалыпты болып келген бұл түсініктің орынына психосараптау мен кейіпкер және оның іс-әрекеті
арасындағы байланысқа әрдайым күдікпен қараудың элементтері келді. Кейіпкер әрекетті өз еркімен жасады ма, әлде еріксіз барды ма деген сауалдарға жауап іздеу басталды. Қаламгердің өзі де кейде өз кейіп керінің белгілі бір іс-әрекетке неліктен барғаны, оны қозғаған себеп терді түбіне шейін түсіне бермеуі мүмкін. «Жаңа роман» тек адам емес, сондай-ақ, оны қоршаған орта, жағдай, заттардың да адам жасаған ісәрекеттерге арақатынасын ашуға күш салып жатыр. Мен бұл бағыт тың ұстанымын қысқаша ғана мынандай қызықты сауалмен түсіндірер едім: «Адам есікті өзі ашты ма әлде тылсым күштің құдіретімен есіктің өзі адамға оны ашуға ықпал етті ме?». Мен тек тірілерді ғана айтайын. Прозада бұл бірінші кезекте аме рикалық Теннесси Уильямс пн түрік Яшар Кемел. Сосын Габриэль Гарсиа Маркес пен аргентин Хорхе Луис Борхес. Романдардың ав торы және драматург ретінде Семюэль Беккет. Ақындардан швед Артур Лундвикст, болгар Елисавета Багряна және грек Яннис Рицос үшеуі. Мақтану болар деп француздарды атағам жоқ. Әйтсе де Жан Поль Сартрдің есімін де бір естіп кетпеуге болмайды. Сосын, маған өзім сүйетін орыс жазушыларының есімін сыпайылық сақтап ата мауыма рұқсат беріңіз. Е.Е: – Орыс әдебиетіне қалай қарайсыз? А.Б: – Пушкин поэзиясын француз тіліне аудару тіптен мүмкін еместігі және Гогольдің өзінің бүкіл қайғы-қасіретімен бізге еш түсініксіз болып қалуы себепті, алдыңғысы да, соңғысы да біздің әдбеиетімізге оншалықты әсер ете қойған жоқ. Керісінше, біз әлем әдебиетінің ең айтулы тұлғаларының бірі ретінде Достоевскийге көбірек үңілеміз. Шынын айтар болсақ, қадым замандардан адам бо йында бірге жасап келе жатқан күнәні сезіне алатын жазушыларға әсері жағынан, Достоевский, Шекспир, Сервантес немесе Гетелердің бәрінен де көш бойы озық тұр. Бұл жағынан алғанда ол және Франц Кафка жаңашыл, теңдессіз жазушылар. Отызыншы жылдары Мая ковскийдің Арагон секілді бірқанша ізбасарлары болды. Қырқыншы, елуінші жылдары интимдік жанрда жазатын драматургтерге Чехов тың әсері болғаны да жасырын емес.
Жан Кокто (1889-1963) Франция МЕН ОҚИ ДА, ЖАЗА ДА БІЛМЕЙМІН... ФРАНЦИЯ ЖАЙЫНДА Франция – әрдайым өзін-өзі төмен тұқыртып ұстайтын ел. Әрине, мұнысы тек жақсылыққа бастап отырады. Өйтпегенде, ол әлемдегі ең астамшыл мемлекеттердің біріне айналып кетер-ді. Ең бастысы, ол өз бойынан, жаратылысынан ештеңені көріп біле алмайды. Ал көре алға нына және ешқашан жіті зейін салып қараған емес. Өзімнің «Мазасыз балалар» атты романымда мен бас қаһарманым, оның бауырлары мен қарындастары өз бойларынан елден ерек ештеңе таба алмағандықта рын еш қысылмай-ақ жаздым. Егер олар өз бойларындағы сұрапыл ақындық қуатты сезіне қалса, бұл оларды әп-сәтте эстетке айналдырар еді де, олар белсенділіктен бірден әрекетсіздікке көшер еді. Бірақ бәрі керісінше болды. Олар өздерін-өздері жек көрді. Өздері тұратын бөлме ге дейін алакөзбен қарады. Басқаша өмірді аңсады. Мен бұларға елік тейтіндердің де өмірі бақытсыздыққа ұрынатындығына еш күмәндан баймын. Өйткені, шын өмір тек басқа жақта, шынайылық та сол белгісіз өңірден табылады деп өмір сүрудің өзі өмірді алға сүйрегенімен, осы өмірді сүрушінің өзін маңдайынан сипай бермейтін қатыгездеу түсінік. Жақында Альфред Мюсенің кемеңгерлер мен керемет жандарға өте бай болған заманда жазылған хатын оқыдым. Ол бірде-бір ойы нын риза болар актердің, бірде-бір тұшынып оқып кітаптың, бірде-бір бояуы қанық суретшінің, бірде-бір жұрт жаппай тамашалар пьесаның жоқтығын айтып шағынады. Ол «Комеди Франсез» құлдырап бітті, ал Малибран ханым Париж операсын алаяқтар иемденіп алғандықтан, амалсыздан Лондонда ән айтып жүр деп жазады. Францияда барлық дәуірлерде осылай болған: ол иегінің астында жатқан мол қазына – байлықты көре алмайды, өзіне де беймәлім әлденелерді алыс қырла дың арғы жағында жатқан сағым қыраттардан іздеп әлек болады. Франциядан ұлы сөз өнерін талап етудің өзі ақымақшылық. «Ұлы лық, тазалық, құрылымы қырық қатпар күрделі туынды». Міне, бұл бүгінде екінің бірі жағы талғанша қайталай беретін талап сөз. Бірақ сол ұлы да таза, құрылымы қырық қатпар астарлы туындылардың бұ лар байқай алмайтын, байқай қалса, елді, Отанды масқаралады деп шу ете қалар қалыпта өмір сүріп жатқанын олар аңғара да алмайды. Сын шы шіркіндер шығармаларды, сол шығармалар өздерін сынап жатқа нын еш сезінбей-ақ, талқыға салып шыр-пыр болуда. Францияны ұлы
қылған кімдер? Әрине, Вийон, Рембо, Верлен, Бодлерлер. Осы ғажа йып топтың ішінде түрмеге отырмағаны жоқ. Оларды Франциядан аластап жіберуге тырысты. Емханаларда түкірігіне шашалып, есінен танып жатып өлулеріне мүмкіндік берді. Менің бұл арада Жанна д`Арк туралы айтқым да келмейді. Бір ған аоны соттау процесінің өзі неге тұрады. Өлгеннен кейін ақтап алуымыздың өзі тым аянышты. Байқұс Пеги! (Француз ақыны һәм патриоты). Өлгеннен кейін өз есімінің төңірегінде өрбитін әңгімелерді естісе, ол не айтар еді? Азат етілгеннен кейін Францияның ұстнымы қарапайым болды. Ол оны таңдаған да жоқ. Өзі әскерилердің қанжығасына байланып отыр ғанда, таңдау жасауға құқының өзі бар ма десеңізші? Не істеу керек еді? Бүкіл әлемге былай деуі керек еді: «Менің соғысқым келген жоқ. Мен соғысқанды жек көремін. Менде қару болмады. Және болмайды да. Бірақ мен құпия қаруға иелік етемін. Қандай? Егер қандай қару екенін айтып қойсам, ол құпия қару болудан қалмайды емес пе? Әйтсе де, білгіңіз келіп тықақтай берсеңіз, амал жоқ айтайын: Менің құпия, жасырын қаруым – бұл анархиялық ғұрып-дәстүр». Таң-тамаша қылар жауап. Нағыз тылсым. Бірақ төңіректегі бізге тарпа бас салғысы келіп отырған күшті мемлекеттерді арандата бе рудің қажеті қанша? «Басып кіріңіз», жаулап алыңыз. Түпкі нәтижеде бірден мен сіздерге иелік ететін боламын». Біздің Қытайдың бұл тактикасынан әуелде-ақ бас тартқанымыз белгілі. Сонда өзімізді-өзіміз қаһарман іспетті ұстанғаннан не ұтпақ пыз. Одан не қайыр? Лао-цзы армандағандай, деревняға айналу үшін бе? Көрсін-көрмесін, жұрттың бәрі аңсап, армандап жүруі үшін ғана ма? Бұл тоққарын тоғышарлықты мұрат тұту емес пе? Лао-цзы кемел патшалықты: «Қоразының шақырғаны бір қиырдан бір қиырына естіледі» деп сипаттайды. Мен сізден Франция дегеніміз не деп сұраймын? Ол қи мен тезекке қонақтаған әтеш. Қи мен тезекті алып тастасақ әтеш аштан өліп қа лады. Және мұндай жайт біздің кембағал, қортық ой-санамыз қи мен тезекті күл-қоқыс үйіндісімен шатастырған кезде ғана болады. ОҚУ ТУРАЛЫ Мен оқи да, жаза да білмеймін. Халықты тізімдеу сауал қағазынан осы сұрақты кездестіргенде, неге екенін білмеймін, әйтеуір бар ынтаықыласыммен «жоқ» деп жауап бергім келіп кетеді. Жалпы, жаза білетін адам бар ма? Жазу дегеніңіз - бұл енді өзіңді өзгелерден естуі үшін сия сауытпен аяусыз, армансыз шайқасу деген сөз ғой. Әлдекім барын салып, тыраштана жазады. Ал енді біреу болса ән шейін сүйкектете береді. Ал нағыз тамыршыдай тап басып жаза ала тындары өте сирек. Бұлжазудың қасында оқу дегеніңіз тіпті басқа шаруа. Иә, мен де оқимын. Дұрысы, оқимын деп ойлаймын. Бірақ әл дебір дүниелерді қайталап оқығанда, мұны бұрын соңды оқымағандай
көңіл-күй кеше беретінім бар. Хаттармен де осы жағдай. Әсілі, хат тардан өзің оқығың келетін нәрселерді ғана оқи аласың. Сосын шетке ысырасың. Ал уақыт өте келе осы хатқа және көз жүгіртсең, бұл хат тіпті басқа хаттай құлпырып шыға келеді, оны енді ғана оқып жатқан дай әсерге бөленесің. Кітаптарда бізге осындай айла-шарғылар құрып тастаған. Егер кітап көңіл-күйімізбен үндесе қоймаса, біз оны жағымсыз, жадағай туын ды санай саламыз. Көңіл-күйімізді бұзып, ойлануымызға түрткі болса, сынай жөнелетініміз және бар. Қысқасы, бізде кітапты кітап ретінде еш алғаусыз оқи алар мүмкіндік жоқ. Оқырман бір-ақ нәрсені, өзін-өзі оқуды ғана қалайды. Оқып жатқан дүниесі көңіліне майдай жақты ма, мұндай дүниені өзім де жаза алар едім деп қиялдайды. Тіпті оқырманның кітапқа бұл айта алмай жүрген нәрсені айтып қойғаны үшін ренжитін кездері де ұшырасады. Сосын, мұны айтқанда мен әлдеқайда әдемі, әлдеқайда әсерлірек айтар едім деп өзін-өзі жұ батуға мәжбүр. Кітап біз үшін қаншалықты маңызға ие болса, біздің оны оқуымыз да соғұрлым нашарлай береді. Біздің болмысымыздың кітап мазмұнына дендеп енетіні соншалықты, біз енді оны өз дегенімізбен қайта жасауға көшеміз. Менің оқуға кітап таңдағанда өзіме еш қатысы жоқ кітаптарға ілтипат көрсететіндігімнің себебі осындайдан. Айлап жатуға мәжбүр болған ауруханаларымда мен медбикелер әкелген немесе қолыма кез дейсоқ түскен кітаптарды ғана оқыдым. Оларым оқырманымда бейбіт те кең пейілді ететін Поль Феваль, Морис Леблан, Лерулер жазған шы тырман оқиғалы яки детектив романдар еді. Рокамбль де, Лекок мырза да, Оравальдегі қылмыс та, Фонтомас та, Шерк-Биби де, мені «Сен оқи аласың» деп сендіргенімен, маған түсініксіз, тым жат тілде сөйлейтіні соншалық, мен олардың бірде-бірін өз ыңғайыма бейімдеп, өңдеуге әсте тырысқам жоқ. Әйтпесе, Томас Манның «Тылсым тауын» оқыған қайсыбір өкпесі тесік бейбақтың «Бұл кітапты тек өкпе құртымен ауыр ған жан ғана түсіне алады» деп лепіргенін күндердің күнінде әйтеуір бір естімей қалуыңыз мүмкін емес. Міне, осы кітапты өзі туберкулез бен ешқашан сырқаттанбаған Томас Манн туберкулезбен ауырмағандар бұл сырқаттың қандай сырқат екенін біле жүруі үшін жазған-ды. Біздің бәріміз сырқатпыз және өз ауруларымызды суреттейтін кітап тарды ғана оқимыз. Махаббат жайлы кітаптардың оқырман ортасында мол сұранысқа ие болатыны басқа емес, дәл осы себептен. Ғашықтың сезімін кешкен оқырман мұндай хәлді түйсінген тек өзіндей: «бұл кі тап мен үшін жазылған, өзгелер оны қайдан түсінеді?» деп ойлайды. Сосын бұл кітапты өщі ғашық болған жанға ұстата салады. Ал «Не деген ғажайып кітап» деп аһ ұрған оның көңілінде бұл емес, өз ғашы ғының сұлбасы көлбеңдейді. Осы жерде өзімізге мынандай сауал қою керек секілді: бәлкім, кі таптың рөлі біздің оны тыңдауымызбен, онымен келісуімізбен анық талатын болар? Бальзактың оқырман өз ортасын табады: «Иә, мынау
менің ағам, – деп ойлайды ол іштей, – ал мынау әпкем, мынау болса атам, мынау болса Х. ханым, ал мынау мен туылған қала». Ал ол Дос тоевский туралы не дейді? «Мынау менің қызбалығым, мынау менің ашуланғаным, ал жақындарым бұлардың бәрінен бейхабар». Міне, бұл – Достоевский романдарын оқыр отырған оқырманның басына келетін қиялдар. Оқырман, осылайша оқыр отырмын деп ойлайды. Ол кітаптан ке мел, керемет айна тауып алғанға мәз. Енді айнаның аржағында нендей көрініс ойналып жатқанынан да хабардар. Ойпыр-ау, көрініс мұның кәлласына келген көрініспен қандай ұқсас! Тап бір мұның ойларын бейнелеп жатқандай-ау! Мұнымен кітап егіз қозыдай ұқсас болып шыққанын қарашы! Бұл кітаптың, кітап мұның дәл бейнесі емес пе! Мұражайларда аңызбен астасқан суреттердің болатыны секілді, кітап тардың арасында да өз аңыздары барлары ұшырасады. Және мұндай аңы зы бар жүз есе нашар жазылған болсын, бәрібір жоғары сұранысқа ие... СЫРҚАТ ТУРАСЫНДА Жас кезде ауру әлі уақыт көп, болашақта әбден құлан-таза сауығып кетем қой деген үміт болатындықтан жеңілірек мазалауы қисындырақ болар еді. Бірақ мені жас кезімде ауру азаптағаннан көрі, көбінесе ашу ландыратын. Бәлкім, бұл маған берілген ғұмыр тым қысқа, яғни, сыр қаттан айықпай қалуым мүмкін деген ойдың санада берік тұрақтап қа луынан болар. Қазіргі жасым жас кезімдегіге қарағанда анағұрлым дана, содан ба екен, бүгіндері анау-мынау сырқаттан онша қыңа бермеймін. Мен енді ғұмырымның шынында да аяқына тақап келе жатқанын жақ сы білемін, сондықтан да оны жеңіл-желпі ауру-сырқаудың дегеніне құрбан қыла салғым келмейді. Сондықтан ауру дегеніңізді елемеуге тырысамын. Тіпті, назар салғым да келмейді. Бұлай болуы, бәлкім, тән сыртқаты емес, жан, рух мәселелерімен көбірек шұғылданудан да болар. Соңғы жарты жылда мен сәт сайын бойымдағы ауру-сырқаудың әр түрлі қалыптарға еніп, дәрігерлермен тығылыспақ ойнап жүргенін аңғарып, бақылап отырамын. Осы жолдарды жазу маған сәл де болса жеңілдік әкеледі. Тіпті кейде өткен күндердің әсерлерін жадымда қайта жаңар тып, көріністерін көңіл көзімнен көшіргенде ауру-сырқауымды да ұмы тып кетемін. Бейнебір қонақ үйдің жалға алған бөлмесінде емес, сол бір аяулы кезеңдерде өмір сүріп жүргендей таңғажайып хал кешемін. Маған мынадай ой келеді. Жұмыс өз дегенін жасап, бізді бар бол мыс-бітімімізбен өз соңынан ерте кететіндіктен, бәлкім, осы кітапты жазудың өзі сырқаттан қорғану үшін керек болған жоқ па екен? Маған жастық шағы қартаң шағынан хабар беріп тұратын адамдар ұнайды. Өмір оларды мүсін сияқты ұзақ соғады және жетілген үстіне жетілдіре түседі. Олар алғашңы да жай үлгі ретінде сызылғанымен, келе-келе үлкен мазмұнға ие болады, нағыз дүр дүниеге айналады. Бұл жағынан келгенде мен жолы болмаған адаммын. Жастық шағым бей небір ауа жайылып кеткен секілді. Мен бейнебір қарт болып көрінісі келетін жас бала секілдімін немесе қарттықтың ауылына адасып кіріп
кеткен бозбала секілді көрінемін. Осы сөздерімнен кейін әлдекімдер мені жастықтан айырғысы келмейтін қырмасақалдың дәл өзі екен деп ойлап қалуы мүмкін. Бірақ бұлай емес екенін өзім жақсы білемін. Жас тың жас болуы қандай әдемі болса, қарттың қарт көрінуі сондай тама ша. Бұдан бөлек, жастық шақ сөзде, жалын атқан көзде көрініп жатуы тиіс. Маған жалған жастық ұнамайды. Жастық шынайы болуға керек. Рас, бар шынымды айтқым келгенімен, менің де менің жасыма лайық емес қателерді жіберіп жататыным бар. Мен өмірден мүлдем хабар сызбын. Ешқандай ғылымды да түпкілікті игеруге тырысқан емеспін. Егер әріптестерім әлдебір конференцияларға қатысуға шақырып жат са, бетімнің оты шыға ұялатынымды неге жасырайын. Өйткені, мен мұнда не жайлы әңгіме болатынынан мүлдем беймағлұммын ғой. Көзін жұмып, басын әлсін-әлсін изеп отырған ақымақ қария сырттай әрбір сөзді елеп-екшеп ақыл таразысына салып отырған ғұлама секілді көрінгенімен, шын мәнісінде оның өзін-өзі: «Топас, сауатсыз» деп түтіп жеп отырғаны анық. Мен әлденені қойын кітапшама түртіп алып отырғандай боламын. Ал, шындығында, мек түк те істеп отырғаным жоқ. Бірақ аурудың да маған тигізер шарапаты бар: ол мені әрдайым тиянақты, жинақы болуға мәжбүрлейді. Ауру-сырқаусыз кезімде мен «орындық», «шам», «есік» секілді дүниелерге тіпті де назар аударма сам, қазір олардың бәрі де маған өте жақын, өте таныс дүниелердің қа тарынан болып саналады. Мен аурудың азабынан құтылу үшін үздіксіз ойлануға мәжбүрмін. Бейнебір Декарттың «мен тірімін, демек, мен ой лаймын» деген қағидасына қарама-қарсы бағытта жүріп бара жатқан даймын. Егер ауру-сырқау болмаса, бәрі де басқаша болар еді... Дәрігерлер маған тау мен қар пайдалы дейді. Бірден-бір ем осы екендігін талай мәрте айтты. Микробтардан әп-сәтте құтыласыз десті. Бұл микроб дегенін, олар жануарлар әлде өсімдіктер әлеміне жата ма, менен бейнебір жұлдыздар секілді тым алысты. Мен оларды тек сезіне ғана аламын. Олар мені білмейді. Мен де оларды білмеймін. Телескоп тың жұлдыздарды көрсеткені секілді микроскоп та кейде-кейде олар ды менің жанарымның алдынан өткізіп қояды. Бірақ екеуі де мен үшін түсініксіз ғалам. Асылы, микробтарға тау мен қар өте ұнайтын болуы керек. Меніңше, осылай. Оларға менің дем алғаным, ұйықтағаным, та мақ жегенім, қыдырғаным, толысқаным жағады. Олар менімен бірге өмір сүреді. Мен олардың жиі-жиі мазалап тұратын Құдайымын. Бұл жағынан келгенде, Марсель Жуандоның адамдар Құдайға жапа шекті реді дегені әділ пікір. Кейде мен өзіме-өзім: «Құдай бізді ойлап тап қан. Әйтсе де, біз туралы ойламайды» деймін. Ал менің микробтарым қызғын тіршіліктің бел ортасында жүр. Мен болсам азап шегулімін. Және бұл жайлы ойланып-толғанамын. Және өзіме-өзім Құдай өзі ой лап тапқан дүниелердің бәрінен қасірет табады деп санаймын. Олай болса, оның шегер азабының ақыры бола көрмесін.
Лев ШЕСТОВ (1866-1938) орыс ойшылы «ТИЯНАҚСЫЗДЫҚҚА МАДАҚ» ЕҢБЕГІНЕН ҮЗІНДІЛЕР Құбылулар. Ақылдылық яки ақымақтық, әсілі, адам бойына туа бі тетін қасиеттер емес. Басына нағыз сын сағаты туғанда ақымақтың да көрегендік көрсетіп жататын кездері болады. Алысқа бармай-ақ, мы салға өзіміздің Достоевскийді алып көрейік. Оның «Бейшара жанда рын» еске алып әуреленіп жатудың да қажеті жоқ, ал «Жәбірленген дер мен жапа шеккендерін» де осы Достоевскийіңіз нағыз ашық ауыз, шәлкем шатыстың өзінен еш аумайды-ау, аумайды. Ал «Астыртын жаз балары» мен тағы басқа дүниелерінде жер бетінде одан өткен ақылды, одан өткен сұңғыла адам жоқтай сезіледі. Ницше, Толстой, Шекспир лер туралы да дәл осылай атуға болады. Ницше «Трагедияның дүниеге келуінде» көз алдыңызға күнәдан пәк, көгілдір көзді қарапайым про винциялық студент сипатында елестейді, ал «Заратустурада» оның әл декімдердің жадында Макиавеллидің дәл өзін түсіріп зәрелерін алғаны анық. Шекспир де Бруты үшін ойлы оқырманнан аз зәбір шеккен жоқ. Бірақ оның Гамлетін ақылдан ада адам деп ешкімнің айта алмайтыны және ақиқат. Керісінше, ұлы ақыл-ойдың иесі деп таниды. Әйтсе де, мұндай құбылуларға ең әдемі мысал ретінде граф Толстойды келтіруге болар: ол әлі күнге дейін өзі қалаған сәтте даналардың данасына айна лып шыға келеді, бірақ кейде түктен хабары жоқ шәкірттің сықпытына еніп, бетегеден биік, жусаннан аласа бола қалатыны да бар. Бұл – оның бойындағы адам қызығы һәм қызғана қарайтын қасиет. *** Шығармашылық ләззаты! Бұл өмірі өз басынан шынайы шығарма шылықтың бұрқасын алапат құйынын өткізіп көрмегендердің ойлап шығарған бос былшылы. Жәй құрғақ сөз. Ал енді ойланып көрейікші: біздің өзіміз оқырман ретінде осыншалық рахаттанады екенбіз, шы ғарма иесі оны тудыру үстінде нендей таңғажайыптарды сезінбеді дейсіз! Бірақ шынына келгенде, автордың талайына жазылғаны ащы азап қана. Кез келген туынды жоқтан бар жасау болып табылады. Ең берісі, өңдеуге оңай көне қоймайтын, ажарсыз, өңсіз, балталасаң бал та өтпес, тілгілесең пышақтың жүзі майысар дөңайбат, темір құрсау материалдың бірде мына жағынан, бірде ана жағынан шығып митың дап жатқаның. Бірақ икемге келе қояр ол жоқ. Міне, басына күтпеген тосын шешім келгендей еді, келесі сәтте оған да тосырқай қарайсың. Түкке керегі жоқ дүние сипатында қоқыс жәшікке лақтыра саласың.
Шығармашылық дегеніміз үздіксіз бір сәтсіздіктен келесі сәтсіздікке өту ғана болып табылады. Шығармашылық иесінің көңіл-күйі әрда йым сенімсіздіктің, алағызу мен аңтарылудың құшағында. Адамның өз бойына артқан жауапкершілігі қаншалықты салмақты, қаншалықты дара болған сайын оның өзін-өзі сезінуі де соншалықты кері кете бер мек. Көпшіліктің, тіпті кемеңгер адамдардың да денінің шығармашы лықтың дәргейінде көп жүре беруге құлықсыздық танытатыны сон дықтан. Шығармашылық иесінің жазу машығын игергені сол, ол енді өзін-өзі қайталауға, бұрынғы дүниелерінің көшірмелерін жасауға кірі седі. Оқырман да оның осылай істегенін құптайды. Тіпті оны, осы қай таланулары, шығармашылық иесінің басты ерекшелігіне балайтындар да бар. Кез келген өнер бағалаушысы шығармашылық иесінің жаңа туындысынан оның өз «қолтаңбасын» айнытпай танығанына мәз. Ал оcы «қолтаңбаның» арғы жағында шығармашылықтағы кері ке тудің басталатыны ешкімнің қаперіне де кіріп шықпайды. Суретшілер мұны жақсы біледі және сол «қолтаңба» деп аталатын қатып қалған қара қалыптан шығуға бәрін берер еді. Бірақ, амал қанша, бұл тағы да жүйкеге салмақ салар үлкен күшті, тағы да жаңа азаптарды, күдік пен күмәнді, басыңнан кім екенің белгісіз күндер өткізуді талап етеді – ал бұған «шығармашылық қуанышының» дәмін бір рет татып көрген, «аузы күйген үрлеп ішедінің» халіне түскен ешкімнің де өз еркімен қайта арандай қойғысы келмейтіні анық. Қайта сол баяғы бірқалыпқа түскен дағдысымен аяңдап болса да «тырбаңдай» беруге пейіл. Есесі не еңбегінің түбі нәтижесіз болмайтынын жақсы біледі. Ертеңгі күніне де сенімді. Сосын мұның шын өнердің ауылынан баяғыда кетіп қал ғандығын, ендігі өлі дарын иесі екендігін өзінен басқа ешкімнің біл мейтіні де жанына жұбаныш. Мына жарық дүниеде құпия дегеніңіз қаншалықты көп және ол құпияларды сырт көзден жасырып ұстау қан шалықты оңай десеңіз-ші! *** Жазушы, әсіресе жас, тәжірибесіз жазушы оқырманға мүмкін бол ған сауалдардың бәріне толық жауап беруім керек деп ойлайды. Бұдан кейін аузын ашса жүрегі көрінетін байғұс, ал жазушы, әдетте, әрине, осындай болып келеді, дүниеде бардың бәріне, «алғашқысынан соңғы сына дейін» өз түсіндірмесін беруге талпынады. Өйткені, оның әлі са насы жете қоймайтын сауалдардың жанынан көзіг жұмып байқамаған болып өтіп кетуге қазірге ояна қоймаған, ал қалғу дегенді білмейтін ар-насысы қалшылдап шыға келеді. Әрине, бұл тақырыптарға оның жөндемді бір нәрселер айта қоюы және қиын – пәлсафалық даулар ға кірігу негізінен жастардың шаруасы емес, - сосын ол қызбалануға, кеңірдек жыртысуға, дауысы қарлыққанша айқайлауға кіріседі. Ай қайлап-айқайлап әбден сілікпесі шыққасын, арып-ашып бұйығы хал ге түскен бір мезетте, жаңағы айқайының көпшілікке ұнай қалғанын аңғара қалса, япыр-ау, мен леп-лезде қалай жеп-жеңіл пайғамбар бола қалдым деп таңырқайтыны және бар. Мұндай жағдайда жалпы деңгейі
орташа адамның көңілінде ғұмырымның соңына дейін көпшілікке ық палымды тигізіп отыру қабілетінен айырылып қалмасам деген тілек қалыптасады. Ал біршама сезімтал да дарынды болмыс иелері болса айқайшыдан пайғамбарды ажырата алмайтын тобырды да, биік идея ларды жарапазан салып айқайлап айтар масқарапаздың рөліне алда нып келісіп қалғаны үшін өзін-өзі жек көре бастайды. *** Граф Толстойдың неміс биографы Тургенев пен Толстойдың ара сында әрдайым болып тұрған ұрыс-керіс пен түсініспеушіліктерге өкінетінін жазады. Оның есіне Шиллер мен Гетенің қарым-қатынасы түседі, орыстың ғажайып екі қаламгері өзара мамыражай пікірлесулер өткізгенде, хаттар жазысқанда, ол пікірлесулер, ол хат жазысулар пәл сафа мен әдебиет тақырыптарында ұрпаққа тәлім-тәрбие берер үлкен томға айналар еді, кейінгі буындарға ғажайып мұра болып қалар еді деп ойлайды. Әрине , бұлай болып жатса тамаша болар еді, бірақ мен ұзақ уақыттар бойы биік, асқақ тақырыптарға өзара ың-шыңсыз хат жазысып ғұмыр кешкен Толстой мен Тургеневті көз алдыма елесте туден мүлдем бас тартамын. Тургеневтің әрбір ойы Толстойды қатты мазалайтын-ды, тіпті жындандыра жаздайтын. Қызық дерек: Толстой секілді Достоевский де Тургеневті ұнатқан жоқ және оған арнап, оның шамына тиер, карикатура іспетті, тіпті карикатурадан да улы, паск вильге келер бір нәрсе жазды. Әсілі, Достоевский де, Толстой секілді, өзінің атақты замандасының бойынан байқалар «еуропашылдықты» жек көрген болар. Адам жанының ғажайып психологы бола тұра оның бұл мәселеде біршама жаза басқаны да рас. Бірақ Достоевскийге Тур геневтің еуропаша киінгенін, батыс адамына ұқсағысы келетінін көр гені жеткілікті еді. Достоевскийдің өзі болса керісінше істеді: ол өз жанынан еуропашылдыққа тән тамырдың бәрін сылып алып тастауға тырысты, әрине, сөз арасында айта кетер болсақ, бұлай істеуге оның толық мүмкіндігі болмады. Өйткені, ол Еуропаның күші неде екендігі не және оның әсерінің қауіптілігі қандай деңгейде болатынына нақты есеп бере алмайтын. Бірақ қалай дегенмен де Михайловский оны қазы на іздеуші деп бекерден-бекер айтқан жоқ. Шынында да, Достоевский қаламгерлік тағдырының екінші жартысында пендеуи өмірдің бүкіл игіліктері мен рахатынан бас тартқан еді. Оның бойында ғажайып құ лай сенетін стихиялық адам, табиғи орыс адамы оянды. Оған қажетті лермен салыстырғанда еуропа өркениеті тарту ететін дүниелердің бәрі де, мейлі, ол қандай ишілік болмасын, түкке тұрғысыз, жәй, жұтаң нәр селер ғана болып шықты. Біздің мәдени көршілердің көптеген жыл дық тәжірибесі оған ғажайыптың ешқашан болағанын және ешқашан болмайтынын айтты, бірақ өркениеттің талқысына түсіп, ноқтасына үйретілмеген оның асау жан-дүниесі ұлылыққа, құдіреттілікке, жұм бақ белгісіздікке ұмтылды. Ештеңеге асықпайтын сыңай танытатын прогресшіл Тургенев оның ашу-ызасын, жеккөрінішін тудырды. Толс той бірде Тургенев туралы: «Мен оның демократиялық салпыншақ
тарын жек көремін» деген болатын. Достоевскийдің де осы сөздерді қайталауы әбден мүмкін-ді.. Неміс сыншысының дегеніне жүріп, орыс қаламгерлерін татуластыруға, оларды жоғары, биік тақырыптарға өза ра пікірлесуге көндіруге тырысып көріңіз! Өлерінен сәл ғана бұрын «Анна Каренина» төңірегінде пікірталас бастаған Достоевский Толс тоймен де кетісудің аз-ақ алдында тұрды. Тіпті Толстойдың өзі оған келіскіш және жол бергіш жолбике секілді болып көрінді... *** Ұлы азғыру. Достоевскийдің «Ұлы инквизиторында» сұмдық қор қынышты ой тұмшаланулы. «Кім бек сенімді дейсіз, – дейді ол, ойын астарлай отырып, - бәлкім, кергішке қағылған Христостың аузынан «Тәңірім-ау, сен мені неге тастап кеттің» деген жалбарынышты сөз дер шыққанда, мүмкін, оның есіне ібілістің «егер менің алдымда ті зеңді бір-ақ рет бүксең, саған бүкіл әлемнің билігін сыйлаймын» деген сөздері түскен болар, ібілістің ұсынысын қабыл алмағанына өкінді ме екен осы сәт?..» Мұндай азғырулар туралы оқырманға айтпай-ақ қойса да болар еді...
Иван БУНИН
МАЯКОВСКИЙ
Орыстың атақты жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты
Иван Буниннің бұл мақаласы оның «Окаянные дни» (Мәскеу, «Со
ветский писатель», 1990) кітабынан алынды.
Жазушының Кеңес дәуірінде әулиедей ұлықталған Маяковский
шығармашылығына, оның ақындық болмысына көзқарасы тым бө
лек. Тіпті дәстүрлі түсінікке кереғар десек те болатындай. Әйтсе
де жазушыны аққа қара жағып отыр деп кінәлай алмайтындай
мыз. Біздің де әдебиетімізге, әдебиетшілерімізге керек осындай
көзқарастағы материалдармен оқырмандарымыз таныс бола
берсін деген оймен, мақаланы ықшамдап аударып назарларыңызға
ұсынып отырмыз.
Өзімнің жазушылық естеліктерімді аяқтай келе больше
виктік жылдар әдебиетінің тарихында Маяковский кеңестік адам
жегіштікті әдеби мадақтаудың, сол арқылы кеңестік тобырға ықпал
етудің ең төмен, барынша арсыз және зиянкес дәріптеушісі ретінде
қалады ғой деп ойлаймын. Бұл арада өзінің әлемдік мәшһүрлігімен,
тобырдың талғамына үйлесе кететін құлашты да қарабайыр әдеби
қарымдылығымен, орасан зор актерлік шеберлігімен, гомерлік ау
қымдағы суайттығы және «планетарлық мастшабта» большевизм
ге болысуда шаршау дегенді білмейтін қылмысты белсенділігімен
бөлекше дараланатын Горький ғана одан асып түсе алар. Өз ке
зегінде, кеңестік Мәскеуде Маяковскийге кеңес адамдары талғамын
төмендетуде сіңірген өлшеусіз еңбегі, өздерін мақтауда көрсеткен
даңғаза жарапазандығы үшін қайтарым шапағат тигізіп отырды.
Маяковский Мәскеуде ұлы ақын ретінде ұлықталды. Жуырда оның
өзін-өзі өлтіруіне жиырма жыл толуына орай, мәскеулік «Литера
турная газета» «Маяковский есімі параходтар, мектептер, танкілер,
көшелер, театрлар және басқа да баянды істерге айналды. Ол «Вла
димир Маяковский» параходы теңіздер мен өзендерде жүзіп жүр.
«Владимир Маяковский» есімі үш танкінің болат сауытына жазыл
ды. Олардың бірі Берлинге, Рейхстагқа дейін жетті. «Владимир
Маяковский» сүңгуір кемесі жау кемелерін Балтикада суға батыр
ды. Мәскеу орталығындағы алаң, метро станциясы, шағын көше
лер, кітапхана, мұражай, Грузиядағы аудан, Армениядағы село, Ка
луга облысындағы поселок, Памир тауындағы шың, Ленинградтағы
әдебиетшілер клубы, үш қалалық парк, мектептер, колхоздарға...
ақынның есімі берілді» деп жазды. (Карл Либкнехтің жолы аса бола
қоймаған сыңайлы: бүкіл кеңестік Ресейде бір ғана Карл Либкнехт атындағы қаздар кеңшары» бар болып шықты). Маяковскийге, тіпті, оның өзін-өзі атып өлтіргені де жаққандай. Бұл тағы да совет ақыны Пастернактың оның әруағына арнап әлдебір асқақтыққа тұспал жа сайтын астарлы жыр жолдарын жазуына түрткі болды. Қорқақтардың ұшыратын үрейін, Сен атқан оқ Этнаға ұқсайды. Асылы, атылған оқ тауға емес, оның әлдебір қимыл-қозғалысы на – атқылауына не жартастарынан мүжіліп құлауына ұқсатылса керек-ті... Пастернак кеңестік Ресейде және эмграциялардағылар дың да көпшілігі тарапынан ұлы ақын болып есептелетіндіктен, сол бүгінгі ұлы ақындарға тән жазу машығынан әсте танбайды, оның тағы бір жарқын мысалы мынадай... (...) Маяковский белгілі бір деңгейде Ленинге дейін де атақты бола тын. Өздерін футуристер деп атайтын алаяқтар мен бұзақылардың арасында әрдайым ерекшеленіп тұратын. Ол кездегі оның шатақты қитұрқы әрекеттері өте жылтыр, өте арзанқол, Бурлюк, Крученых және солар секілділердікіне ұқсас болып келетін. Бірақ ол дөрекілігі және даңғазашылдығы жағынан олардың бәрінен де асып түсіп жа татын. Міне, оның әйгілі сары кофтасы және тағыларша боялған бет-ауызы, ал осы бет-ауызы қаншалықты түнеріңкі, қаншалықты жауыз десеңізші! Міне, ол, сол кездегі таныстарыныі бірі еске алға нындай, мұны тыңдап айызын қандырғысы келетін аламан топтың алдына өз жырсымақтарын оқуға шығып тұр: қолдары шалбары ның жан қалталарына салулы, мысқыл үйірілген езуінің бір бұры шына папирос қыстырған. Сұңғақ бойлы, сымбатты, бір қарағанда сұмдық қара күштің иесі болып сезіледі, бет бейнесінің бедерлері анық та ірі, ол бірде гүжілдеп, енді бірде тұмсығының астынан арыға естілер-естілмес қылып қана өлең оқуда; оқуын аяқтаған ол көпшілікке енді қара сөзбен былай дейді: Тұмсығын қанатқысы келіп жүргендердің кезекке тұруларына бо лады... Міне, жаңа шыққан кітабының атын аңсызда олжа тапқан дай «Дамбалды бұлт» деп атапты. Мәне, көрмедегі картиналардың бірі – ол суретші де еді ғой: полотноға балдыр-батпақ әлдене жағы ла салған, сосын кәдуілгі ағаш қасық желімделген, астында «Шаш тараз моншаға кетті» деген жазуы бар... Егер осы секілді картина алыс түкпірдегі орыс қалашықтарының біріндегі у-шулы базарда ілінсе, оған көзі түскен кез-келген өткінші мещан басын бір шайқап, әлдебір ақымақ не есуас жанның шатпағы ғой деп жүре берер еді. Ал, бұл суретсымақ шатпырақ Мәскеу мен Петербордың көңілін көтерді, ол онда «футуристік» болып санал ды. Егер әлдебір базарда әлдебір сайқымазақ көпшілікке тұмсықта рыңнан жұдырық алуға кезекке тұрыңдар деп жар сала қалса, нара зы топ ол байғұсты тап сол жерде не оңашаға шығарып алып, әбден есінен танғанша өкірте сабар еді. Астаналық орыс интеллигенция
сы болса, Маяковскийді қызықтап бақты, оның әрекеттері футуризм аталатындығымен үнсіз ымыраға келді. Немістермен бірінші соғыс жарияланған күні Маяковский Мәс кеудегі Скобелев ескерткішінің тұғырына шығып алып, патриоттық бағыттағы өлеңсымақтарын гүжілдеп оқи жөнелді. Ал, арада аз ғана уақыт өткесін, ол басына цилиндр, үстіне қара пальто, қолына қара биялай киіп, қара ағаштан өрілген сәнбалдақ ұстап, салтанатты да паң болып шыға келді. Бұл қалпында оны соғысқа алуға болмай тындығы анық-ты. Ақыр соңында, енді міне, қолдан өлерінің аз ғана алдында Горький: «Біз Лениннің даналығымен нұрланған елдеміз, Иосиф Сталиннің еш мұқалуды білмейтін темірдей тегеурінді жі гері ғажайыптар тудырып жатқан елдеміз» деп барқ-барқ ете қалған дәуір, қыли, кекеш, қасқабас сифилитик Лениннің таққа отырған уақыты келді... (...) Еш ойланбай-ақ, РКП-ның (Ресей Коммунистік Партиясы) адал жарнамашы болып шыға келген Маяковский баяғы футурист кезін дегі сайқымазақ сүргін салуынан енді де әсте танбайды, «Адам Ата мен Хауа Ананыі шариғатымен өмір сүргеніміз жетеді» деп айғай лайды. «Заман кемесімен Пушкинді лақтырып тастауымыз керек» дейді, әлдебір жиында көпшіліктің алдында мені де қосарлап жі береді. (Е.Д.Кускованың өткен жылы «Жаңа Орыс Сөзінде» менің «Автобиографиялық жазбаларыма» қатысты басылған «Дейін және кейін» атты мақаласында куәлік еткеніндей). «Пролетариат үшін Өнер жай ғана ойыншық емес, нағыз қару. «Буниншілдік жойылсын!» және алдыңғы қатарлы жұмысшы үйір мелері жасай берсін!» Ал, бұл үйірмелерге, анықтаңқырап айтар болсақ, «партиялық ұйымдардың» бәрін ізім-ғайым жоқ қылып, өздері ғана қалған Ленин мен оның РКП-сына «қару» жасаушы ретінде кімдер керек болды? «Ойлау жүйесі материалистік, сезімі материалистік адамдарды көлге қой тоғытқандай жылдам дайындау» қажет еді. Бұл үшін Ле нинге, оның жандайшаптарына, ізбасарларына бұған дейінгі жер бетінде болғанның бәрін, оның әдемі, жақсы жақтарын да қоса жоқ қа шығару, төңірегін қураған шөптей етіп жалмайтын жалын шаш қан құдайсыздықты тудыру керек еді. Ленин дінді өте-мөте жек көретін. Жеккөрушілігі асқынған жағдайда болатын. Бұл жеккө рушілік таптық деңгейге көтерілуі шарт-ты. РКП-ның осы бағытта ғы істерін, оның көсемдерін, жалдаптарынғ жендеттерін мадақтай отыруға, ұлықтап отыруға ақын қажет екендігін ескерсек, бұндай «ақынның» орнына бірден-бір үміткер Маяковский еді. Ол өзінің арсыз да қатыгез, түрме көрген жандардай дөрекі бол мысы, күркіреген өңеші, мәстек аттың аяңындай ғана ақындығы және дамыл таппас дарынсыздығымен де, жаңа өлеңнің үлгісі деп жар салып жарнамалап жүрген өлеңсымақтарымен-ақ бұл талаптар ды орындауда, РКП мен оның көсемдерін, олардың істерін көлгірси өтірік мақтауға жанын салып дәріптеуге қабілетті болатын. Нағыз
коммунист болғансыған ол бұдан кейінде футурист кезінде арзан атақ, жалған дақпыртқа қол жеткізуге қолғабысы тиген әдіс-тәсіл дерін ұмыт қалдырған жоқ. Қайта, дамыта түсті. Оқырман қауымды өзінің дөрекілігі, анайы қылықтарға бейімділігімен таңқалдырып отырды. Ол жұлдыздарды «түкіріктерге» теңеді. Кавказ барған са парын жыр қылған құлаштай-құлаштай жырсымақтарында алды мен Терек, сосын Арагваға бір-бір шырт түкіргенін мәлім етті. Ол түкіріктен де әрі бейпіл сөздерді жақсы көретін... (...) ... Ақын болмай кетейін, Жырламасам Бес құйрықты жұлдыздар Жыпырлаған РКП-ның Зеңгір, түпсіз аспанын. Осы жырсымақтар жазылып жатқан тұста, осы аспанның астын да не болып жатыр? Бұл туралы кеңестік газеттерден де оқып-білу ге болатын: «3-інші маусым күні Одесса көшелерінде аштан өлген 142 адам ның мәйіті жиналып алынды, 5-інші мауым күні – 187. Азаматтар! Мәйіттерді жинастыру артельдеріне жазылыңыздар!». «Самара түбінде бұрынғы Мемлекеттік даму мүшесі, дәрігер Крылов адамжегіштің құрбаны болды. Деревняға сырқаттың ша қыртуымен бара жатқан ол жолай өлтіріліп, сосын желінген». Осы кездері Ресейдің оңтүстігінде болған «Бүкілресейлік старос та» ретінде белгілі Калинин де көрген-білгенінен ештеңені бүгіпжасырмайды: «Мұнда біреулер аштан өлуде, жерлеушілер болса өлгендердің мәйітінің жұмсақ мүшелерін тамаққа пайдалануға алып қарауға тырысады». Бірақ «ауыз толтырып май асап жатқан», үлде мен бүлдеге оран ған, Мәскеу мен Мәскеу түбіндегі бұрынғы миллионерлердің әйгілі хан сарайындай зәулім ақшаңқан үйлерінде шашпа-төп өмір сүріп жатқан Маяковскийлерге, Демьяндарға, тағы да сол сияқты талай ларға бұлардың не қатысы бар дейсіз! Жалпы, РКП-ның аспаны ас тында не болып жатқаны Маяковский ге неге қажет? Сосын, Мая ковский осы аспаннан басқа қандай аспанды көре алмақ өзі? Асылы, «доңыз мың жыл танауын тіктесе де төбесін көре алмайды» деп бая ғыда-ақ жазылған емес пе еді! РКП-ның аспаны астында Ленин тақ қа отырған алғашқы жылдары «революцияшыл халық» тізеден қан кешіп жүрді, сосын қантөгіспен Феликс Эдмундович Дзержинский және оның сыбайластары айналысты. Владимир Маяковский бол са, сол жылдардағы жауыздар мен қанішерлердің бәрінен де асып түсті. Ол былай деп жазды: Өз өмірін қалай сүру қажетін Ойланатын бозбалаға айтарым: Дзержинский жолдасша Бой түзе деп айтар едім
ойланбай,
Үлгі ал дер ем, Сөзінен де, ісінен! Ол орыс жастарын жендет болуға үндей отырып, олардың жа дына мыңдаған, мың-мыңдаған адамдардың тағдырын бір тал шаш құрлы көрмей үзіп жіберген қанішер Дзержинскийдің аузынан шықты-мыс. «Кім өмірді мендей беріле сүйетін болса, ол өмірін мен іспетті басқалар үшін де қиюға даяр» деген секілді сандырақ сөздерді сіңі румен болды... (...) Міне, оны ұлы ақын деген даңқы күннен-күнге қаулап өсіп келеді. Өлең туындылары «тікелей Кремльдік тапсырыспен орасан зор адам сенгісіз таралымдармен» басылып шығарылуда. Журналдар болса, оның бас-аяғы бір сөзден тұратын өлең жолдарының өзіне де көз көріп, құлақ естімеген қаламақылар төлеп әлек. Өзі болса «жексұ рын» капиталистік елдерге сапар шегіп шәт-шәлекей. Америкада болды, Парижге бірнеше рет жолы түсті, бұнда әр келген сайын ұзақ аялдап қалып жүрді, Париждің ең мықты деген сән үйлеріне киім-кешек пен костюмдерге тапсырыс жасатты, мейрамханаларды таңдауда да арзанына жүгірген жоқ, нағыз капиталистік мейрамха наларды жөн санады. Бірақ Парижге де шырт «түкіріп» кетті... (...) «Маяковскийді орыс және әлем әдебиетінің тарихынан өшіріп тастағысы келетіндердің үні уақыт өткен сайын бәсеңсіп барады. Ендігі мүлдем өшті деуге де болатындай». Бұл белгілі славист, «Игорь жасағы туралы жырды» зерттеу ең бектерімен бірқыдыру мәлім Роман Якобсон мырзаның «Новол селье»-де жарияланған шағын мақаласының кіріспесі. Автордың шығу тегі орыс, өзі кезінде Мәскеуде Маяковскиймен бір гимназия да оқыған, алғашқыда Прага, сосын Нью-Йоркте профессор болса, қазір Америкадағы ең үздік Харвард университетінің кафедрасын алды. Маяковскийді жоққа шығаруға кімнің «тырысқандығы» беймәлім, шындығында ешкім тырыспаған да болса керек. Рас, әлемдік әде биетке қатысты айтып жібергені сәл артықтау болса да, жалпы, Ро ман Якобсон мырза бекер мазасызданады. «Игорь жасағы туралы жыр» мен Маяковский туындылары қатар тұра қоюы неғайбыл, бі рақ болашақ азат орыс әдебиетінің тарихында Маяковскийдің өзіне лайық бағасын алатындығына күмән жоқ.
Сомерсет МОЭМ (1874-1965) Ағылшын жазушысы ӨЗІҢНІҢ БІЛЕТІНІҢ ТУРАЛЫ ҒАНА ЖАЗ Маған қазір мақала емес, хат жазуға отырған дұрыс болар еді. Әйт се де, мен хат жазуды онша ұната бермеймін. Әсіресе, ол хатта, бұған дейін жүз рет қайталаған дүниеңді қайта мылжыңдап шығуың қажет болып жататын болса. Жиырмадағы жас жігіт мені өз әңгімелерін оқып шығуға көндірді және оларын тұрақ-жайыма поштамен салып жіберіпті. Өзінің айты сынша, ол менен өз жазбалары туралы қоспасы жоқ нағыз шындық ты, боямасыз пікірімді білгісі келеді. Дегенмен мен оның өз жанының терең түкпірінде менен нендей лебіз күтулі екенін өте жақсы білемін. Ол менің өз әңгімелерін мақтағанымды қалайды. Міне, дәл осы мақ тауға лайық қасиеттер оның әңгімесінде жоқтың қасы болса да. Рас, оның әңгімелерін тәп-тәуір-ақ жазылған: ері бар, нәзік жыныстысы бар басқа жас жазушыларға қарағанда, оқығаны байқалады. Кейіпкерлері де анау айтқандай қайталанбас тұлғалар болмағанымен, өзгелердікіне ұқсай бермейді. Бірақ жас қаламгердің қасіреті оның өзі ештеңе сезіпбілмейтін тақырыптарды игеруге тырысқандығында. Ал маған мұндай қателік енді бастап жүрген жас қаламгерлердің барлығына дерлік ортақ болғандықтан, мазмұны бір хатты қайта-қайта жаза беруіме тура келеді. Бір қарағанда мұның қызық жайт болып көрінуі де мүмкін. Өйт кені, өзің білетін нәрсені әңгімелеу өзің білмейтін тақырыпты қамту ға тырысудан анағұрлым жеңіл болып сезіледі. Бірақ, өкінішке орай, менің түсінуімше, екінің біріне белгілі кәдуілгі жайттарды жазу жас жазушыларға күлкілі болып көрінеді. Олар тек ерекше, қайталанбас жайттарды ғана әңгімеге айналдыруға тұрады деп санайды. Олардың суретші, актер, әншілер мен скрипкашыларды бейнелеуге тырысатын дығы да сондықтан. Менің хат жолдаушымныі әңгімелерінің бірінде дарынды пиани ношы ретінде суреттелген кексе тартқан фермер әйел күтпеген жер ден ғажайып соната жазып тастап, атақты дирижер оны оркестрдің орындауында ойнатуға тырысады. Әйтсе де, музыкадан анау айтқан хабары жоқ адамның өзіне, мейлі, тіпті ғұлама кемеңгер болсып, егер гармония мен композициядан хабары болмаса, ешкімнің соната жазып қарқ қыла қоймайтыны белгілі. Сосын, егер соната шынымен-ақ әдемі болса, дирижердің оны симфонияға айналдырып әуреленіп жатуының не қажеті бар? Ендігі бір әңгімеде париждік суретшілер туралы сөз бо лады. Автордың Парижде ешқашан болағандығына, оның суретші ше
берханасының есігін ашпақ түгілі, маңынан жүріп өткендігіне сенімім кәміл. Ол жазып отырған дүниелер менің жадымда жақсы сақтаулы. Олар бұдан жарты ғасыр бұрын салынған туындылар, қазір көбісі про винциялық мұражайларда шаң қабулы. Рас, олар кемпір-сампырларға әлі күнге ұнайды. Бұдан аңғаратынымыз, жазушының өзі білмейтін тақырыпты жа зуға отырғанда өте көп қателіктерге бой алдыратындығы. Әрине, жа зушының жарық дүниеде бардың бәрінен хабары бола бермейтіндігі табиғи нәрсе. Ал бұл олқылықтың орнын ол жазуға кіріспек тақыры бына зерттеулер жүргізу арқылы толтыруға тиіс. Жазушы қозғамақ та қырыбы туралы барынша көп білуге тырысса, соғұрлым жақсы. Кейде жазушыға әлденені ойлап шығаруға тура келіп жатады. Ал осы «әл дененің» шындықтың ауылынан алыс кетпеуі үшін оған тәжірибе мен шеберлік қажет. Әйтсе де, жасанды терінің оған төгілген терді көбіне ақтай бермейтіні бар. Өйткені, оқырман оған бәрібір сене қоймайды. Ал оқырманын сендіре алмайтын қаламгердің тез арада өз кәсібін ауыстырғаны жөн. Өз тәжірибемнен білетінім, табысқа жетудің бір ғана жолы бар. Ол – тек өзің жақсы білетін жайттарды ғана жазу. Әрине, ол жайттарды өзіңнің «қалай түсінетіндігінің тұрғысынан». Жаңа тақырыптар мен сюжеттер жоқтың қасы (бұлардың ішінде ұлы әнші, суретші немесе музыкашы туралы тақырыптарды әбден қолдан-қолға өтіп, сілікпесі шыққан, сәні де, әрі де кеткендері деуге болады); бірақ автор өз айтары бар адам болса, ол әбден сүрленген тақырыптың өзінен әлі өзіне дейін ешкім байқай қоймаған ерекшеліктерді таба алады, оны оқырманға қызықты қылып жеткізе алады. Туындысынан өз жан-дүниесі, дүние танымы «менмұндалап» тұрады. Мысал келтіре кетейін. Джеймс Фаррелл «Стада Лонингэнінде» чи каголық ұсақ буржуазиялардың өмірінің шынайы картинасын жасауға талпынды, кейіпкерлерін нағыз өмірдің өзінен алынғандай етіп сурет теуге қол жеткізді. Оның суреттеулері фотографияның туындылары секілді, ал, өзіңіз білесіз, фотоаппарат ешқашан өтірік айта алмайды. Бірақ мен болмысы одан бөлектеу қаламгердің, егер ол да осы тақы рып пен кейіпкерлерді суреттеуге отырса, тіпті басқа дүние жазып шы ғаратынына сенімдімін. Бұдан келіп шығатын түйін – қарапайым ғана: көркем шығарманың маңыздылығы түпкі есепте оны тудырушының жеке басына тікелей тәуелді. Егер автордың жеке басы қызықты болса, оның туындысы да оқырманды бәрден ұйытып алып кетеді. Әрине, жас жазушыны көпшілік алдында бірден терең де күрделі болмыс иесі ретінде жарқ ете қалады дей қою қиын; бұл араға уақыттар салып тәжірибемен ке летін игілік. Бірақ жас жазушының күмәнсіз бір артықшылығы бар: ол төңірегіне қайталанбас, батыл көзқараспен қарай алатындығы. Ол төңірегіндегі туған-туыстары жайлы көптеген нәрселерді жетік біледі. Оны есейе келе өзге адамдарды дәл осылай жан-жақты танып, біле алды дей алмайсыз. Ал мұның бәрі, өзінің балалық шағы да, қоршаған
ортасы да, аралас-құралас болып жүрген ет бауыр жақындары да ол үшін қызықсыз болса, қаламгеріміздің ортаңқол ғана қабілет иесі бол ғандығы. Ол шығармашылық адамы емес және уақытын құрдан-құр ысырап қылушы. Мұның бәрі мені қиялдың рөлін жоққа шығарады екен деген сөз емес. Қиял қаламгерге көптеген деректердің ішінен жұртшылыққа айтуға болар ең ғажайып өрнек жасауға көмектеседі. Ол жалқыдан жалпыны тануға ықпал жасайды. Қой етінің дәмін білу үшін бір қойдың етін тұтасымен қарпудың ешқандай да қажеттілігі жоқ, бір үзімін жесеңіз де жеткілікті. Бірақ қаламгер заттардың мән-мағынасына жете көз жүгірткізе алмайтын болса, қиял оның қателіктерін бұрынғыдан да ушықтырып, асқындырып жібермек. Ал қаламгер өз жеке басының тәжірибесінен білетін нәрселерді ғана анық көріп, оның мағынасына қателіксіз ой жүгірте алады. Амал қанша, жас әріптесім оқып шығып мына кәрі қақпас жазушы лық өнері туралы ештеңе де білмейді екен деген тұжырымға келетін қарғыс атқыр хатты жазуға отыратын сәт те жеткен секілді. ӘДЕБИЕТ, ӘДЕБИЕТШІ ТУРАЛЫ ОЙ ҮЗІКТЕРІ Жазушы – толығымен өз көңіл күйі қалауының қожалығында. Таң даған тақырыбы да, ойдан шығарған кейіпкерлері де, өзінің оларға қа рым-қатынасы да, бәрі-бәрі осы көңіл күйінің әуенімен анықталады. Не жазбасын, бәрі оның өзінің жеке басын суретеу, оның туа бітті инс тинкттерін, сезімдері мен тәжірибесін көрсету болып шығады. Ол қан шалықты шыншыл болғысы келгенімен, бәрібір өз ерекшеліктерінің құлы болып қала бермек. Ешкімге болыспаймын, таразының басын тең ұстаймын дегенімен бәрібір біреудің жағына шығатындығы да анық. Қысқасы, алаяқтың өзі деуге болады. *** Жазушының мақсаты – тәлім беру емес, көңілден шығуға тырысу. *** Жазушының ісі – аяу немесе ашулану емес, түсінуге ұмтылу. *** Егер кейіпкерлерінің басынан кешкендерін ғана баяндап қоймай, оларға мінездеме де беруге талпына бастаса Шахерезаданың басын бірден қағып тастар еді. *** Егер автордың қандай адам екенін білсеңіз, бұл сізге шығарманы түсініп, бағалауыңызға көмектеседі.
*** Француз әдебиетшілерінің өзара ырылдасып, қызылкеңірдек бо лып жататынының тағы бір себебі бар: онда жазушы көп, оқырман аз болғандықтан, тек әдебиеттен нәпақаңды тауып жей алмайсыз. Ағылшынтілді жазушының екі жүз миллиондық аудиториясы болса, француз жазушысының оқырман ауқымы анағұрлым аз. Ағылшын жазушысы әдебиетте ешқашан өзін қолайсыз сезінген емес. Сіз олар дыі қайсыбірін өмір бойы білмей кетуіңіз мүмкін, бірақ бұл оның тіршілігіне қажет қаламақыны тұрақты түрде тауып отыруына ешқан дай да кедергі келтіре алмайды. Әрине, өзі графоман болмаса... Уақыт өте келе оның өз оқырмандарының ортасы қалыптасады, ал мерзімді басылымдар әрдайым баспалардың жарнамасын жасап, олар шығар ған кітаптарға рецензиялар жариялап отыруға мүдделі болғандықтан, азды-көпті мұны да насихаттайтын болады. Қысқасы, Англияда жазу шының өзгенің бағына қызғанышпен көз тастамауына мүмкіндігі мол. Ал Францияда болса, керісінше, романшының тек әдеби еңбектерін күн көре қоюы өте қиын. Егер жазушы бай немесе ішіп-жемін тауып берер басқа кәсіптің иесі болмаса, оның журналист болудан басқа мүмкіндігі жоқ. Кітапқа сұраныс аз болғандықтан, бір автордың басы на қонған бақ екінші біреуінің соры болуы мүмкін. Міне, осыдан келіп көпшіліктің құрметі, мойындауы үшін тынымсыз, бітіспес күрескер басталады. Жазушы бар ынта-шынтасымен сыншыны өз тарапына ау дарып алуға бейілді болады. Мұнда сыншы құдіреттілігі соншалық, тіпті мойындалған жазушылардың өзі де баспасөз бетіндегі өзі туралы пікірлерге өте үлкен маңыз береді. Өйткені, сыншы бар десе бар, жоқ десе жоқ болуың мүмкін. Францияда сынның беделі Англияға қараған да анағұрлым жоғары, анағұрлым беделді екендігі күмәнсіз. Қайсыбір сыншылардың үлкен күшке ие екендігі соншалық, кітап тағдыры ті келей солардың қолында деуге болады. Даңққа бөлеймін десе де, әде биеттің ауласына лақтырып тастаймын десе де олардың өз еріктерін де. Әлемдегі көзі ашық, сауатты адамдардың дені французша оқып, француз әдебиетімен сусындайды, француз әдебиетін Парижден алыс жерлерде де жақсы біледі дегенімізбен, мұның бәрі француз қаламгері үшін ешқандай да жеңілдік бере алмайды. Француз жазушысын тек париждік әдебиетші, париждік сыншы, жергілікті талғамды оқырман ның пікірі ғана қызықтырады. Өйткені, жазушы Парижге әсер етуден қалған күні бәрінен де қалмақ. Парижді жаулап ала алмаған француз жазушысы болып саналмақ емес. Олардың, француз қаламгерлерінің өзара қызылкеңірдек болып айтысып, тартысып жататындығы осыдан. Мұнда Париж үшін шайқас бір сәтке де толастамақ емес. *** Айқын ойлауға қабілеті жоқ қайсыбір жазушылар өз ойларына, ол анау айтқандай ғаламат ой болмаса да жоғары баға беруге құмар. Ойым күрделі екен, демек оны екінің бірінің түсіне алмауы заңдылық деп пайымдайды мұндай қаламгерлер. Сосын ойын әртүрлі қажетті, қа
жетсіз сөздермен көмкеріп бұрыңғыр қылып қоюға тырысады. Сөздің де көз байлар сиқыры барын ескерсек, кейбір оқырманның мұндай бос былшылдан мән-мағына тауып жататыны да жасырын емес. Өйткені, қайда да ақымақтар табылады ғой. Ал жазушының өзінің басына анық ойлауға қабілетсіздігі басты қасіреті екендігі кіріп те шықпайды. Ол өзін бұрын-соңды ешкім айтпаған ойларды айтушы ғұлама да нышпан санатында сезіне бастайды. Әрине, оның ешқандай да ой алыбы емес екендігін жұртшылық анық сезінгенше біраз уақыт өтіп кетпек. Мұндай айтар ойын жасанды бұлыңғырлыққа айналдырудың тағы бір жолы бар. Ол – тұманды ойыңды паңдықпен, тектілікпен тұмшалау. Саған, сенің ой әлеміңе екінің бірі кіре алмауы шарт. Ал қара тобырға бұл әлемге кіруге тіпті де жол жқ. Тек қалаулылар ғана сенің әлеміңмен сырласып, ой бөлісуге мүмкіндік алады. Ол үшін ол бірнеше қауіпті кедергілерден өтуге тиіс. Мұндай түсініксіздіктің түбі тек құрдым ғана болмақ. Өйткені, Уақыт бәрібір, оны, жасанды күрделілікті тәлкек қылмай қоймайды. Егер шығармада мән-мағына шамалы ғана болса, Уақыт оны күндердің күнінде ешкім оқымайтын бос сөздердің жиынтығына ғана айналдырады. Гийом Аполлинер қа ламының арбауына түсіп қалған көптеген француз жазушыларының жасанды құйтырқылықтары ақырында келіп осы кепті құшты. Кейде былай болуы да мүмкін. Уақыт сабырға толы салқын, айқын көруге мүмкіндік берер жарығын түсіргенде, кеше ғана терең, қатпарлы ой сілемдерін орап жатқан секілді болып көрінетін күрделі сөз тіркес терінің тасасында кәдуілгі қарабайыр ойлар жатқан болып шығады. Некен-саяқ болмаса бұл күнде Малларме өлеңдерінің барлығы дерлік түсінікті. Тіпті олардың қайсыбірінің түкке тұрғысыз ойларға құрыл ған құр сөз ойыны екендігі де аңғарылып қалады. Иә, онда әдемі жол дар бар; бірақ оның өлеңдерінің негізі өз уақытының сөз құбылтуға құмар көзбояушылықтарына ғана құрылған.
ҚАРАҚШЫ АҚЫН ҒҰМЫРБАЯНЫ
“Қарғыс атқыр ағылшындар” Францияның тұтастығы үшін ба
сын ажалға тігіп, майдан даласына ту ұстап шыққан орлеандық
ару Жанна Д–Аркті “қапыда” қолға түсіріп, дінбұзар ретінде отқа
өртеген, француз королі мен ақсүйектері өздерін құтқарушы батыр
қызды “масқарашылық” өлімнің тырнағынан аман алып қалу үшін
саусақтарын да қозғалтпаған 1431 жылы, яғни “жүз жылдық соғыс”
аяқталуға жақындаған тұста дүниеге Франция мен туған қаласы
Парижді әлемге әйгілейтін, бірақ тағдыры, аяныштылығы жағынан,
жауынгер қыздың тағдырынан бір де кем емес тағы бір ұлы фран
цуз дүниеге келді.
Тарихқа Франсуа Вийон деген есіммен енген бұл дарабоздың шын
ныспысы Франсуа де Монкорьбе еді. Әрине, де деген жалғау оның ақ
сүйектер отбасынан шыққандығын аңғартпайды. (Әсілі, Монкорьбе
болашақ ақын дүниеге келген қаланың бір ауданы немесе кварталдың
атауы болса керек). Әйтпесе, жеті жасында әкесінен айырылған ба
лақай Гийом де Вийон есімді тақуа пірадардың қызметіне жалданып,
ақыр соңы соның фамилиясымен әлемге танылмаған болар еді ғой.
Діндар Гийомның көңілі алаң Франсуаға өз баласындай өбектеп
қарағандығында титтей де күмән жоқ. Жетім бала ендігі қамқор
шысы Гийом діни қызмет атқаратын шіркеуде хорда ән салады, пі
радардың анау-мынау тапсырмасына қолбала болып алып ұшады,
тіпті хатшылық та қызмет атқарады. Осында жүріп сауатын ашпа
са, латын мен арифметикадан тіл сындырмаса, хатшылық қызмет
жетім баланың еншісіне қайдан бұйыра қойсын.
Шіркеудегі аз-кем дәрісі 12 жасар баланың кейін сөз ғылымдары
факультетінің мектебінде оқуын жалғастыруына, 1452 жылы өнер
магистрі дәрежесін алуға себепші болды. Бұл ортағасырлық сту
дентке заң факультетінде білімін ары қарай ұштап, дін құқықтары
ның докторы атағын иемденуге мүмкіндік беретін.
Бірақ Париж қашанда Париж болған. Өткен ғасырдың алпысын
шы жылдарында әлемді дүрліктірген Париж студенттерінің бүлікшіл
қозғалыстары ол кезде де қайта-қайта көрініс беріп қалып жататын.
Міне, аттай бесғасырлық тарихы бар студенттердің осындай бас кө
терулерінің алғашқыларының басы-қасында болашақ ұлы ақын һәм
атышулы қарақшы Франсуа Вийонның да жиі-жиі болғаны белгілі.
Бір ғажабы, ол кездегі студенттердің саяси сауаты дәл бүгінгідей
жоғары деңгейде бола қоймаған секілді. Бас көтерулер негізінен
ішімдікханалар мен қараңғы көше бұрыштарындағы тұрғындары
мен болып қалатын шағын қақтығыс, төбелестерден кейін өршіп
отырған сыңайлы. Мысалы, ішінде Франсуа Вийон да бар осындай
бас көтерулердің бірі қала тұрғыны Катрин де Брюйе деген ханым
мен бір топ студенттің алаңда тұрған тасқа таласуынан басталып кеткені күлкілі-ақ. Даңғой ханым тасқа өзінің қожайын екендігін алға тартса, студенттер ол тасқа өздерінің де иелік етуге құқықта ры бар екендіктерін тілге тиек еткен. Ақыр соңы тас студенттердің түнгі әрекетімен университеттің ауласынан барып бір-ақ шыққан. Бірбеткей ханымның дәл сол жерге дәл сондай етіп орнатқан екінші тасы да Сорбонна университетінің ауласына барып орын тебуді жөн санаған. Ұрлықшы студенттер мен байбаламшыл ханымның айтыстартысында заңға жетік университет шәкірттерінің өздерінің дұ рыстығын артығымен дәлелдегені соншалық, ханымның намысын жыртамын деген бір қала шенеунігі қолынан да айырылған көрінеді. Әрине, заң орындары студенттерге қысым көрсеткені үшін байғұс әкімқараны қолын шауып жазалағанды жөн санаған. Мұндайды бүгінгі күні өңіңіз түгілі түсіңізде де көре алмайтындығыңыз анық. Міне, осындай айтыс-тартыстарда жеңістің “дәмін” татып үлгер ген Франсуаның жиырманың ар жақ, бер жағында төбелескіш, қы дырымпаз және алаяқ ретінде де атағы шығады. Ал ештеңеден беті қайтып көрмеген тыз етпе бозбаланың түбі бір таяқ жейтін сәті бо латыны белгілі емес пе, міне, осындай оқиға Вийонның тағдырында 1455 жылдың 5 маусымында орын алады. Өз үйінің алдында пірадар Жюль және Изабелла есімді бойжеткенмен әзілдесіп тұрған Фран суаға тағы бір пірадар Филипп Сермуаз бен Жан Ле Марди есімді ма гистр жолыға кетеді. Әңгіме-дүкен барысында ұрынарға қара таппай тұрған Сермуаз тілі ащы Франсуаны шапалақпен екі-үш рет тартып жібереді де, есесін жібергісі келмеген Франсуа оған пышақ салып алады. Сосын қанға бөккен Сермуаздың халы не болғанына қарамай оқиға орнынан белгісіз жаққа тайып тұрады. Ал жарақатынан оңала алмаған Сермуаз ертесіне төсек тартып жатып көз жұмады. Әрине, ажалына себепші болған адамды екі дүниеде де кешіретіндігін айтып барып. Бірақ заң орындарының қуғындауынан қорыққан Франсуа бірнеше ай бойы Парижден қарасын батырып, кешірім заң жүзінде нақтыланғаннан кейін ғана астанаға қайта оралады. Білетіндер Ви йонның түрмеге жабылуынан аман қалуына оның осы кездері ша рықтай көтерілген ақындық даңқы себепші болып еді деседі. Иә, даңқтың кейде көзді тұмшалап, төңіректі танудан қалдыра тыны да бар. осы кеп Парижге оралған Франсуаның да басына түс кенін ақынның бұдан кейінгі өмір жолы толығымен айғақтай түседі. Ақындығын сыйлайтындардың есебінен ішімдікханалар мен жә лепханалардан шықпауға айналған қайталанбас дара талант иесі ә демей-ақ тағы бір қылмысты істің қатысушысы болып шыға келеді. Ақын бұл жолы үш серіктесімен Наварра колледжінің қазына сақ таулы сейфін ұрлаған-ды. Әрине, ақын өзіне бұл қаржы Рене Ан жуйский билік құрып тұрған Анжер қаласына жетіп алуым үшін керек болды деп ақталғанымен, қылмыстың аты қылмыс (Франсуа осы герцогтың сарай ақыны болуды мақсат етті, бірақ оны герцог жаман аты шығуына байланысты қабылдамай, қуып жіберген деген әңгіме бар). Қылмыскердің жазадан тек қашып құтылуына ғана бо
лады. Осылайша, әр қадамын санап басудан мүлдем аулақ ақынның бес жылға созылған қаңғыбастық кезеңі басталады. Қаңқығанда құр қаңғымайды, кәдуілгі баскесер қарақшылармен бас қосып, әртүрлі қылмыстық істерге барып жүреді. Бұдан кейінгі өмірінде оның бірнеше рет заң орындарының қолы на түсіп, бірқыдыру уақыттарға қамауда болғаны белгілі. Олардың бірі герцог Орлеанскийдің сарайында өткен ақындар сайысында, шарап ішіп қызған топтың көзін ала бере, ақсүйектің қызметшілері нен рецепті құпия сақтаулы шараптың дайындалу тәсілін айласын асырып біліп алғанына байланысты болса, енді бірі Парижге қайтып оралғасын баяғы колледж қазынасы ісінің қайта көтерілуіне қатысты. Әрине, ақын екеуінде де жеңіл жазамен құтылады. Париждік заң орындарының ақынға кеңдікпен қарағаны соншалық, өзі үптеп кеткен қазынаны қайта қалпына келтіру үшін оған, бар болғаны, колддежге жыл сайын белгілі мөлшерде ақша қайтарып отыру ғана бұйырылады. Дегенмен, ақынның бұзақылық жолы мұнымен шек телмейді. Тәртіпке келудің орнына, қайта, бұрынғыдан да адуында на түседі. Әсілі жасы отыздан асқан ақынның өз өмірін бірізділікке түсіруіне оның жеке басындағы келеңсіз жайттар себепші болды деуге негізіміз бар. Мысалы, Франсуаның өзі бес жыл ел кезіп ке туіме ғашығым Катрина де Воссельдің менің сезіміме лайықты үн қатпауы себепші болды деп жырлаған сүйікті аруы өзгені, қаңғыбас ақыннан гөрі байшыкеш Итье Маршан дегенмен отбасын құрғанды жөн көреді. Ал мұндай намыстың жерге тапталған, өмірің үйлесім таппай тұрған тұста, өлеңде, өнерде жолың болмағанынан не қайыр? 1462 жылдың желтоқсан айының бір кешінде Вийон Робен Дожи де ген мектептес досының үйіне барады. Шарап ішіп шалқыған бұларға Роже Пижар деген біреуі басбұзарлығымен белгілі тағы екеу қосыла ды. Әбден ішіп, көңілдерін көтерген төртеу сол күні кешкісін Франсуа Ферребук деген сексендегі қарияның үйіне ұрлыққа түсіп, оны өлімші етіп жаралайды. Зәбір тартушы төртеуінің үстінен сотқа шағым түсі реді. Қылмыскерлердің қалған үшеуі дарға асу жазасына кесіліп, Фран суа Вийон бұл жолы да ажалдың тырнағынан аман құтылып кетеді. 1463 жылдың 5 қаңтарында Парламент Франсуа Вийон “... ендігі он жылда Париждің өзі түгілі, маңайынан жүрмейтін болсын” деген үкім шығарады. Бұдан кейінгі ақынның тағдыры белгісіз. Ел ішіне тараған қауе сеттердің бірінде ол өзара болған әлдебір ұрыс-керіс үстінде қарақ шылардың қолынан қаза тауыпты делінсе, енді бірінде қарақшы лармен бірге кезекті қылмысты жасауға шыққанда оққа ұшыпты деген әңгіме айтылады. Әйтеуір, Францияны әлемге әйгілеген қарақшы ақынның өзінің атақты өлеңіндегідей дарға асылып өлмегені анық. Міне, кейін, бес ғасыр өткесін Поль Верлен мен Артюр Рембо секілді “бұзық” ақындардың әдебиет әлеміне қысылмай емін-еркін енуіне себепкер болған, оларға алғашқы сүрлеу жолды салып бер ген қарақшы ақынның қысқаша ғұмырбаяны осындай.
Эрнест Хемингуэй (АҚШ)
Нобель сыйлығының лауреаты
АДАМ ҰСТАНЫМЫ
Ешкім мені әлемге менің өзімнен артық таныта алмайды.
Бауырларынан өзі туралы әлденені қымтап, жасырып қалу
ешкімнің де қолынан келмейді, өйткені, әрбір іс-қимыл,шығар
машылықтың әрбір сәті оның авторы туралы әңгімелейді. Мен
өз кітаптарымда адамдарға өзім туралы бәрі-бәрін айтамын.
Жазушының жұмысы туралы
Мен өзімнің ендігі тағдырым қандай болатынын алғашқы ро
манымнан-ақ білген секілдімін. Өзімнің жаңа дәуірдің қарлы
ғашы екендігіме мен ешқашан күмәнданған емеспін және әрбір
жасалған қадамымның көпшіліктің тарапынан қызығушылық
оятатынын жақы түсіндім. Келер ұрпаққа өз ойларым мен іс-
әрекеттерім туралы шынайы ақиқатты жеткізуге тырысуымның
себебі де осыдан.
Мен оқиғалардың сыртына ғана емес, ішкі өзегіне, олардың
уақыттың ағымымен бірге жоғалып кетпейтін жақтарына үңілу
ге тырыстым. Менің мақсатым – адам өмірін кәдуілгі қалпында,
бояуын қалыңдатпай, еш әлеміштемей көрсету. Мен өзімді ұлы
ойшылдардың қатарына жатқызбаймын және адамзатқа сенса
циялық ештеңе хабарламаймын. Әйтсе де, мен бұл әлемді өте
жақсы білемін және оны мыңдаған әртүрлі нүктелерден көрсе
темін.
Мен қаһармандарды іздеуге ешқашан мәжбүр болған адам
емеспін, керісінше, қаһармандар мені іздеп тауып жатты. Ме
нен бұрынғы көптеген қаламгерлер секілді мен де жағдайды,
төңіректі өз дегеніне бағындыра алатын қайратты адамдарға
тамсана қарадым. Бұл тақырыптың менің жан-жүрегімді жау
лап алғаны сондай, өзге тақырыптарға бұрылуға тіптен ықылас-
ынтам болмай қалды. Иә, қайсыбір тақырыптың дәл махаббат
тай сұрапыл тарту күшіне ие болуы әбден мүмкін.
Менің романдарымның мазмұны өз жан-дүниемнен, өз жеке
басымнан өткізген жайттардан алынған. Бірақ мен оларды
көпшіліктің талқысына дәл сол қалпында тастай салған жоқ
пын. Менің жазушылық дағдыларым өте қарапайым: ұзағынан
толғату кезеңдерінен кейін жазуға отырудың қысқа кезеңдері
басталады. Мен жұмыстың көп бөлігін ойша жасаймын. Ойла
рым бір қалыпқа түспей, мен ешқашан жазуға отырған емеспін.
Жазу үстінде диалогтарды ауызша жиі-жиі қайталаймын: бұл
жағынан келгенде құлақ өте байқампаз талғамға ие. Мен сөй
лемдерім әркімге түсінікті екендігіне әбден көзім жетіп алмай,
оларды қағазға сеніп тапсыра алмаймын. Әйтсе де, мен өз баян
дауларым тіке айтқаннан көрі тұспалдап, астарлап жеткізуге
бейім деп ойлаймын. Оқырман ойдың бірден байқала бермейтін
бояуларын аңғара білуі үшін өз қиялына салмақ артуы тиіс.
Мен үздіксіз қысқартулар, қайта жасаулар арқылы өте қина
лып жазамын. Мен үшін туындыларымның сәтті шығуы өте
үлкен маңызға ие. Сондықтан да оларды жауһарға айналғанша
түзей беремін, күзей беремін. Қайсыбір авторлар қомақты кө
лемде қысылмай бере салатын тұстар менде шағын ғана болып
шығады. Менде өз туындыларыма өзгенің дүниесіндей сыни
көзбен қарай алатын өте сирек кездесетін қабілет бар. Қайсыбір
ортаңқол жазушы еш күдіктенбей-ақ қалдыра салатын дүние
лерімді мен талай рет еш толқымай-ақ кері ысырып тастадым.
Жазуға жазу қуаныш әкелетін кезде ғана отыру керек. Жазу
жазып отырғанда мен өзімді өте бақытты сезінемін, дегенмен
жазғандарымның бәріне көңілім тола бермейді. Кітаптарым
күндердің күнінде маған ескерткіш болады дегенге өз басым
сенбеймін – мен өзімді өзім алып бағалауға тырысамын. Маған
талантым емес, табандылығымның арқасында жазушы болудың
сәті түсті; мен - әдебиетте тек өзіне-өзі ғана қарыздар адамның
өте жарқын мысалымын. Өз басым менде бар табыс пен даңққа
өзімді еш лайықты емеспін деп білемін. Менің бірде-бір кіта
бымды оқымай-ақ көз жұма бас иетін табынушыларым өте көп
болды. Қысқасы, қоғамдық пікір менің дәл бағамды білмей-ақ
құнымды көтермелеуге бейіл танытып келеді.
Кітапқа ажал әмір жүргізе алмайды. Бұл – адам еңбегінің ең
баянды өнімі. Ғибадатханалар күлге айналады, суреттер мен
мүсіндер бүлінеді, ал кітаптар тіршілігін жалғастыра береді.
Бір кездері, осыдан талай ғасырлар бұрын авторларының са
насында алғаш жарқ ете қалғанда қалай жап-жаңа болса, ұлы
ойлар әлі сол жасампаз қалпында көрінеді, оларға уақыттың
үкімі жүрмек емес. Сол кездері ойланып, айтылған пікір бүгін
де кітап беттерінен сол қалпында әсер етеді. Жылдар ағымы тек
нашар, жарамсыздарды ғана шая алады, өйткені, әдебиетте тек
шын мәнісіндегі жақсы дүниелер ғана сақталып, ұзақ өмір сүру
құқына ие.
Бүгінгі романшы табанды, ыждаһатты еңбектене білу қа
сиетінен бөлек, тағы да бірқатар қабілеттерге ие болуы керек.
Ауқымы өте үлкен материалдан ең қажеттілерін тауып, олады
өзара кіріктіре, бір-біріне бағындыра дамыта білуі үшін жазу
шыда салқынқанды пайым мен салиқалы талғам болуға тиіс.
Ойша бүгінге де, кешегіге де көше білуі үшін, өзі жазып отыр
ған жайттардың дәл қайнаған ортасында жүре білуі үшін оның
қиялы жұмыс істеуі шарт. Оқиғалар мен адамдарға дәл баға
беріп, себептер мен салдарларды дәл бағамдай білуі үшін сын
дарлы түйсік иесі болуы қажет. Адам іс-әрекетінің арқауларын
түсіне білгенде ғана жазушы жақсы жазуды бастайтын болатын.
Ішінде күрес те, қуғын-сүргін де, жауыздық та, махаббат та,
қуатты мінез де бар, оқиғасы бронды танк дивизиясының ша
буылындай шапшаң өрістейтін, өз қаһармандарына, ақиқатқа
құрметпен қарайтын романдарды өте аз кездестіресіз.
Соңғы кезде жазылып жатқан дүниелердің көбісі бұрынғы
дүниелердің сәл-пәл өңделген көшірмелері болып табылады.
Айырмашылығы – бұларда талғам төмен, оқырманды күйдіріп-
жандырар қуат та, от та кемшін.
Бүгінгі романдардың дені тағылымнан жұрдай, ешқандай
арман-мұратқа қызмет етпейді, тек сана-сезімінде хайуандық
үрейді ғана оятуға қауқарлы. Егер белгісіз автордың романын
оқу үстінде мен оның тек күйініштен тұрмайтынын, қайырым
ды, жомарт және ақылды кітап екенін аңғара алсам, өзімді ба
қытты сезінемін.
Жақсы кітаптың құндылығы, тартымдылығы оның барын
ша шынайы қарапайымдылығында, мінездер мен іс-қимыл
арқауын ешкім күтпеген жерден жалаңаштап көрсете білуін
де. Бұл – тіл мен ойдың қарапайымдылығы. Ол барынша та
биғи және кез келген әдеби жасандылықтан ада. Бірақ есептік
күрделіліктен гөрі болмысы шынайы қарапайым үлгіде жазу
анағұрлым қиын. Жазушының стилі жадағай болмауы және тек
өзіне ғана тән болуы қажет. Оның бейнелері бай және толық
қанды болуы, сөздері қарапайым және елгезек келуі шарт. Ұлы
жазушылар ғажайып қысқа жазу қабілетіне ие, бұлар табанды
еңбекқорлар, тынымсыз ғалымдар және шебер стилистер болып
табылады. Иә, бәріміз көріп, байқап жүргеніміздей, шебер жазу
шы болымсыз дүниенің өзін де жандүниеңді баурап алатын та
маша әңгімеге айналдыра алады. Бүгінгі жазушылардың көбіне
тән ең басты әдеби дерт – олардың әлеміш боямаға бейімділігі,
тек сыртқы жылтыраққа қана маңыз беретіндігі. Мен кітаптары
кәсіби деңгейі жоғары шебер машықпен жазылған әдебиетші
лерге күдікпен қараймын.
Бүгінгі жарияланып жатқанның басым бөлігі – піспеген,
дүмбілез, көркемдігі төмен дүниелер. Көптеген авторлар тез,
еш түзетусіз жазуға бейім. Нәтижесінде мұндай қаламгерлердің
стилі ала-құла, кәніратқа толы болып шығады. Кейінгілерінің
диалогтары табиғи емес, сөздер дұрыс таңдалынбаған, тілі ба
рынша сөлекет. Олардың кітаптарының басым бөлігі ортақ
желіден де жұрдай болып жатады. Ұзақ-сонар баяндаулары уа
қытыңды құр босқа ұрлайтын қызыл сөз жалаң шешендікті еске
түсіреді. Кейде жазушының өз романының келесі тарауында не
туралы әңгіме болатынынан өзінің хабары мардымсыз-ау деген
де әсерде қалатын кездерің аз болмайды. Ара-тұра олар романға
еш себепсіз оның мазмұнына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын
көріністерді кіргізіп жатады, романның аяғында ешқандай ма
ңызы жоқ кейіпкерлерді үстін-үстін тоғытатын шалылықтары
және бар. Мұндай жазушылардың кейіпкерлері барынша әспет
теліп суреттелінген, иә құбыжық, не періште болып шығады.
Олардың іс-әрекеттері сенімсіз, кейіпкерлердің өздері болса
өлі, жансыз болып келеді. Бұл тіршіліктің ешкімге белгісіз, еш
қиялға сыймайтын проблемаларын шешуге таңдалынған қара
байыр символдар ғана. Бұған ақиқатқа еш жанаспайтын шың
ғырма желілерді және қосыңыз. Мұндай кітаптарды кәдуілгі,
тірі әлеммен байланысты түк те жоқ деуге болады.
ЕҢБЕК ПЕН УАҚЫТ ТУРАСЫНДА
Теңізде мамыражай тыныштық орнаған сәтте – екінің бірі
лоцман. Бірақ бұлтсыз күн мен қайғысыз қуаныш – бұл әсте де
өмір емес. Мысалға, ең бір жолы болғыштардың тағдырының
өзі – өте күрделі, оңай шешіле қоймайтын күрмеулерге толы.
Бірін бірі алмастырып отыратын жоғалтқандарымыз бен тап
қандарымыз бізді кезек-кезек қайғыртып, қуандырады. Тіпті
ажалдың өзі де өмірді бұрынғыдан қаттырақ сүйе түсуіне се
бепші.
Өз өмірінің қиын сәттерінде, қайғы мен қасіретте ғана адам
дар өз болмысымен бетпе-бет қала алады.
Өмірден байқап жүргеніміздей, қандай бір ұлы бастамаға
кіріссін, адамның оны қиыншылықтарсыз іске асыруы мүмкін
емес. Адамға дәл осынысы үшін де өз тағдырына риза болуы
керек шығар. Сәтсіздіктер біздің оларға деген қарсылығымызды
шыңдап, жетілдіреді. Мінез үміттер қирап, бүлінген жерде пай
да болады. Тек осындай қиын жағдайда ғана біз өзіміздің шына
йы мүмкіндіктеріміздің қаншалықты деңгейде екенін анықтай
аламыз, қайсы тұстарда өзімізді асыра бағалағанымызды аңға
рамыз, тәжірибе бізді өзіміздің әлді, әлсіз тұстарымызды дәл
танып білуге үйретеді.
Өз қателіктеріңе ендігі жерде оларды ешқашан қайталамай
тындай өкіну – бұл шын мәнісіндегі өкіну деген сөз. Әлдекім
нен сәл де болса биік екеніңді сезінуден артық бақыт жоқ. Шын
парасаттылық өзіңнің бұрынғы «меніңнен» сәл де болса жоғары
бола алғаныңда ғана көрініс береді.
Өмір мен еңбекте қабілеттен гөрі мінез, ақылдан гөрі сезім,
дарындылықтан гөрі өзіңді өзің ұстай білу, салиқалы пайымға
бағынған төзім мен тәртіп анағұрлым маңызды. Даналық – тағ
дырдың пісіп-жетілген ой-санаға жасайтын ең соңғы тартуы. Өз
өмірінде көпті көроген жан уақытқа көмекшісіндей сүйенеді.
Уақыт туралы ол өткеннің тігісін жатқызып, көңілді жұбатады
деп жатады, бірақ уақыт сонымен бірге тәлімгер ұстаз да. Уа
қыт – даналыққа ұласатын тәжірие мен топырақтың өзегін жал
ғайтын қорек. Ол жастықтың досы не дұшпаны болуы мүмкін.
Уақыт өмірді қалай сүргендігіне байланысты қарттықтың жұ
банышы не жендетіне айналады. Оның не дүние екендігін біз
пайымдап, танып-білгенше өмірдің дені өтіп кететіні бар. Бірақ
өмірді тек ұзақтығымен бағалауға болмайды. Емен ажалдылар
дың бірнеше ұрпағы алмасып үлгеретін жүздеген жылдар өмір
сүреді. Әйтсе де, осы ағаштың бір ғасырлық ғұмырына ойлы,
толыққанды, мақсат пен мұратқа толы адам өмірінің бір күнін
айырбастауға пейілді пендені таба аласыз ба?
Біздің төңірегімізде жандүниемізді баурап, тебірентер әдемі
дүниелер өте көп. Олардың көбін уақытында бағалай алмаға
ным, қадіріне жетпегенім үшін мен өзімді-өзім ұяттылау сезі
немін. Дегенмен өткеніме көз тастай отырып, мен өзім туралы
төрт ауыз сөзбен былай деп айта аламын: мен бақытты өмір
сүрдім.
АЖАЛ МЕН ҮРЕЙГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
«Шал мен теңіз» – менің еңбекке толы бүкіл өмірімнің қоры
тындысы іспетті кітап. Оны жазу маған өте ауырға түсті. Қарт
тық алқымымнан алып тұрды. Әйтсе де, қарттықтан өлетіндер
санаулы ғана. Адамдардың барлығы дерлік түңілістен, шектен
тыс ой немесе дене жұмысынан, уайым-қайғыдан, кездейсоқ
апаттардан қайтыс болады. Адам – барлық тіршілік иелерінің
ішіндегі еңбекке ең қабілеттісі. Ұзақ өмір адамды оптимизм
нен айырады. Қысқа ғұмыр жақы. Өз өмірінде ажал уысында
жатқан адам шегетін азаптан анағұрлым ауыр қайғы-қасірет,
жүректі тіксіндірер дертті бір рет болса да басынан кешірмеген
пендені жер бетінен ұшырастыра қоюыңыз тым қиын. Белгілі
дәрігердің маған ажал азабын дегеніңіз тіс ауруының қасында
болымсыз ңана нәрсе дегені бар. Әркімге де пешенесіне жауын
гер болу, әркімге де ақыры өлу жазылған, бірақ тек қорқақтар
ғана босқа өледі. Мен әрдайым ер азаматтың ең бірінші міндеті
қорқынышты ауыздықтау деп санадым. Өйткені, қорқақтық пен
үрейшілдіктен артық адамның санасын сансыратар ештеңе жоқ.
Олар жеп-жеңіл жолды қиындатып, қиынды өткел бермес асау
арнаға айналдырады. Ешнәрсені түбіріне дейін танып-білгісі
келмейтін жерде орынсыз қорқыныш бастау алады. Осы үрей
ден де сойқан дерекке ұшырасып қаламыз ба деген оймен адам
дар бір мысқал да алға баспай қояды. Ал осының өзі олар кез
дестіруі мүмкін деректен анағұрлым қорқынышты. Олар елесті
көрдік деген оймен өмір сүреді, осы ой болса олардың бүкіл
өмірін улайды. Әр күніңді жамандық кеп қалады деген қорқы
нышта өткізуден гөрі, дұрысы – сол жамандықты көріп алу.
МАҚСАТТЫ ӨМІР ТӨҢІРЕГІНДЕ
Тал бесіктен жер бесікке дейін, қайғы мен қуанышта төңірегі
мен өзін тану арқылы бүгінгі адам әртүрлі күрделі, ит тұмсығы
батпайтын ну ормандардан өтуге мәжбүр: ой да, әрекет те, ләз
зат та, ең аяғы ажал да бүгінгі күні жай ғана нәрсе емес.
Мен рухани толыққанды өмір сүре бастаған адамның сырт
қы өмірі де қарапайым бола бастайтынына әрдайым сенумен
келемін. Миға сыймайтын ессіздіктер мен шашпатөктіктің ға
сырында менің әлемге біздің шын мәнісіндегі қажеттіліктеріміз
тым жұпыны, қарапайым ғана екендігін дәлелдегім келеді.
Мен өзімде бар, бірақ бағасын өзім білмейтін нәрселерден
гөрі, өзімдежоқ, әйтсе де, мен бағасын бере алатын нәрселерге
құмарттым.
Мені біздің көп уақытымыз өз әлсіздігіміздің ыңғайында
кетіп, жеңіл-желпі қызықтарға, бос әңгімелерге, ырду-дырду
күдікті той-томалақта мен басқосуларға рәсуа болатыны таң
қалдырады. Тереңіне үңілмей, өзің қызығатын дүниелердің құр
ауқымын ғана кеңейте беру – бұл өзіңді өзің ұрлаудан басқа
ешнірсе де емес. Қимылдау керек. Құр тамсану – сананың өте
қауіпті жағдайы. Өмірді бос қиялдарға ысырап етуге болмайды.
Бәске құмарлар мен ойыншылар әдетте жоқшылықта қайтыс
болады. Мейлі, қайсыбіреуінің жас кезінде жолы бола қоймасын,
бірақ түпкі нәтиже бәрібір аянышты болмақ. Мұндай адамдар
табанды еңбектің қажеттілігін жоққа шығарады, жалпыға ортақ
тәжірибені тәлкек қылады. Олар үшін жұмыс өз сүйкімділігінен
айырылмақ, өмірлері әрдайым күтумен өтетін, бірақ ендігі еш
қашан болмайтын сәттілікті сарғая тосу үстінде быт-шыт боп,
бүлінбек. Адамдар әрдайым бақытқа бастайтын қысқа жолды
іздейді. Мұндай жол болған емес.
Адам бірнәрсеге құмарту мен оған қол жеткізудің әртүрлі
нәрселер екендігін аңғарғанда дегдарлана түседі. Үлкен қа
ламгердің басты ерекшелігі – еңбекке деген байсалды көзқа
расы. Олардың өмірі көбіне қиын да қызықсыз болып келеді,
әйтсе де, олар ешқашан іс-әрекетсіз отырмайды. Мейлі, олар
дінмен, саясатпен немесе біліммен шұғылдансын, немесе бір
үзім нан үшін ғана жұмыс істесін, олар нені болсын бар ынта-
шынтасымен істейді.
ЖАЛҒЫЗДЫҚ ЖАЙЫНДА
Кейде мен жападан жалғыз болғандықтан күні бойы жаза
мын. Әйтсе де, ержүрек адамдар зорлап таңылған жалғыздықты
да өзінің ең басты шаруасын жемісті бітіруге пайдалана білген.
Оңаша қалғанда ғана жетілуге, толысуға деген құштарлық оян
бақ. Жалғыздықта адам жаны өзімен-өзі сұхбат құрады, оның
қуаты баянды іске жұмылдырылады. Міне, сондықтан да, егер
адам бақытты болғысы келсе, өзіне уақыт қалдырып отыруы ке
рек.
Дегенмен жалғыздық пайда әкеле ме, әлде зиян шектіре ме,
бұл жағы адамның темпераментіне, білігі мен жеке қасиеттері
не тәуелді. Егер кеңпейіл жандардың жүрегі оңашада тазарған
үстіне тазара түссе, ұсақ адамдардың қатыгез жүрегі шорланған
үстіне шорлана түседі. Өйткені, жалғыздық рухы мықтыларды
тәрбиелесе, әлсіз жандар үшін ол азаптың азабы болып қала
бермек.
Әйтсе де, жазушы жазудан қол боста өмірдің қайнаған орта
сынан бой тасаламауы керек.
Мен әрдайым жалаң идеяларға емес, ең бірінші кезекте тірі
адамдарға, еркектер мен әйелдерге құмарттым. Ауызекі әңгіме
айтуға шебер жандардан нашар жазушы шығатындығына қара
май, мен әлдекіммен әңгімелескенді не әлдекімді тыңдағанды
дұрыс көремін.
Ойыңыз бен бойыңызға беретініңіз барда сізде дос көп. Ал
олардан сізге әлдене қажет болған күні олардың саны күр азай
мақ; міне, осы сыннан өтіп қасыңызда қалғандары нағыз доста
рыңыз болып табылады.
МАХАББАТ ХАҚЫНДА
Махаббат – адам мен әлемнің жалғыз жаратушысы. Махаб
бат – бұл баршаға ортай түйсік. Ол ғашықтарды ойлы қалыпқа
түсіреді, олардың санасын шиыршық аттырып, сезімін жандан
дырады, көңіл-күйіне қанат бітіреді. Махаббат тек беру арқылы
ғана өмір сүреді, бекиді. Оның болмысы өзіңде бардың бәрін
өзгелермен бөлісу болып табылады. Махаббат дегеніңіз өзара
түсінісу. Өзгені түсіну – бақыттың бақыты болуы мүмкін, ал
енді сені біреудің толық түсінуі – бұл махаббат тарту ететін
ең ғажап, ең тамаша сыйлардың бірі. Махаббат өтеуіне еште
ме сұрамай-ақ, өзіңде бардың бәрін тарту етеді. Махаббат тіпті
қатыгездік, өтірік пен арсыздықтың ортасында да төзімді һәм
адал. Ол уақытты да, кеңістікті де, ғашықтардың арасын бөліп
жатқан басқа кедергілерді де мойындамайды. Махаббат тек
сыртынан қарап пікір айтпайды, қуаныш сыйлайды, керісу мен
қажасудың орнына келісім, жарасымдылық алып келеді. Ма
хаббат – тіршіліктің басты мақсаты, бауырластықтың көрініс
табуы, жоғары адами ұстанымдардың өзегі, достықтың негізі.
Махаббат қандай жағдайда болсын, қандай жерде болсын тек
жақсыны іздейді және сол жақсыны таба да біледі. Махаббат
бір қарағаннан-ақ бүкіл әлемнің жаратылысы мен адам мінезін
дөп басып тани қояды. Ал дін дегеніңіз – бұл әрекет үстіндегі
махаббат.
БҮГІН МЕН БОЛАШАҚ ТУРАЛЫ
Бүгінгі күн – тарихтың тып-тыныш ағысы емес, келер күн
ге бұғалық бермес асау күшпен ұмтылған жал-жал толқындар.
Ұлы кезеңдер өткенде емес, ұлы кезеңдер – бұл біздің бүгініміз,
ал бұдан да ұлы кезеңдер – олар болашақтың үстінде.
Бүгінгі күн туристердің планетамызды арлы-берлі шарлауы
на мол мүмкіндік береді. Әркім қалаған жағына бара алады,
бәлкім, ол кері қайтқанда сапарға шыққандағыдан мүлде бас
қа адам болып оралар. Өзінің бауырларына ілтипат сезімімен
қарайтын болар. Мына дүниеде бәрі де, оның жеке басының
игілігі де, ананың қасіреті де, мынаның қуанышы да, бәрі-бәрі
бір-бірімен тығыз байланысып жатқанын түйсініп оралатын бо
лар. Міне, осылайша, мейлі әлсіздеу болсын, адамзат жүрегі бір
жүрек болып соға бастайды.
МАЗМҰНЫ "Ақын боп ғұмыр кешіру оңай деймісің, қарағым".........................3 І-Бөлім Тарихи эсселер Бөрі-нама Қасқыр құдай болған кез..............................................................10 Атлантида түркілер мекені болған ба? ......................................19 Гомер «Илиадасы» түркілер және мәңгілік қала......................26 Қаған-нама Қара бала ұлы қаған болғанда ...................................................36 Кісі есімінен басталған соғыс......................................................43 Нағашың еврей болса.....................................................................49 Шыңғыс хан тыңдаған жырдың шындығы................................53 Мәңгілік махаббат жыры Будда бірде дүниеге келгенде.......................................................62 Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Тәңірі.....................................69 Қазығұрт, топан су және жебірей «Тәураты».............................74 Перғауын ақынның құпиясы.........................................................88 Тандыр жайлы толғау.....................................................................96 "Таураттағы" баба түркі іздері......................................................99 Ажалмен алысқан алыптар әфсанасы........................................107 Гомер эпосының жаңғырықтары.................................................114 Ұлы даладан Үндістанға дейін....................................................121 Төре мен Төлеңгіт.........................................................................128 Достық туралы әңгіме...................................................................134 Жылнамадағы екі жолдан туған жыр.......................................142 Пайғамбар кім? Автор ше?.........................................................150 Бір аңыздың ізімен........................................................................155 ІІ-Бөлім Әдеби мақалалар, аудармалар Әтеш үшінші рет шақырғанда....................................................163 Қағанатты кітап құлатты..............................................................170 Ақындар мен суретшілер..............................................................175
Бізде гений де, талант та жоқ...................................................183 Жазылар естеліктер мен туралы.................................................189 Ақынның апологиясы....................................................................196 Үш оқиға.........................................................................................202 «Мың бір түннің» қос түні, екі жазушы және біз................208 Қазақ жазушысы Нобель сыйлығын қашан алады?...............211 Қаламды қару еткен «джиу-джитсу».........................................215 Гамлет: Ақылды адамның азабы................................................222 Апиыншы ақын тағдыры..............................................................230 Толқын жалына жармасқан жазушы..........................................235 Тағдыры тарпаң тәкаппар жырлар иесі....................................241 Ажалын болжаған ақын...............................................................248 Самурай сертіндегі қаламгер......................................................256 Детектив жанры неге кенже қалып отыр?...............................264 Аударма не үшін керек?...............................................................269 Кесе түбіндегі төңкерілген Фудзияма........................................273 Мен өлгенде бір ақын қуанса ғой............................................277 Ақындардың сезімі алдамайды......................................................308
Аудармалар А.Стругацкий. Акутагаваның үш жаңалығы............................312 Ясунари Кавабата. Жапон сұлулығынан нұрланған жырлар..........................................................................318 Х.Л.Борхес. «Мен түсімде сөйлемдерді көре аламын»...........323 Дж.Фаулз. Кафка жайлы есімде қалғандар...............................327 Н.Кәмілов. «Құдіретті комедиядағы шығыстық көне қайырымдар»...................................................................................335 Бокаччо «Декамеронындағы» шығыстық желілер мен бейнелер..................................................................341 «Мың бір түн» көшелерінде.......................................................345 М.Горький. Поль Верлен және декаденттер..............................350 Ф.Кафка. Көлеңке күнді ешқашан өшіре алмайды.................356 Француз поэзиясы – тыныш кезеңдердің поэзиясы.................263 Ж.Кокто. Мен оқи да, жаза да білмеймін...............................367 Л.Шестов.«Тиянақсыздыққа мадақ» еңбегінен үзінділер...........................................................................................372 И.Бунин. Маяковский....................................................................376 С.Моэм. Өзіңнің білетініңді туралы ғана жаз..........................381 Қарақшы ақын ғұмырбаяны...........................................................386 Э.Хемингуэй. Адам ұстанымы....................................................389
Әмірхан БАЛҚЫБЕК
Тарихи эсселер, әдеби мақалалар, аудармалар
(Қазақ тілінде)
«Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр» баспасының директоры
Қасымхан БЕГМАНОВ
Кітапты баспаға дайындаған:
Мархабат Шойбекова
Редакторы: Асан Қарамырза
Техникалық редакторы: Талғат Әлімжанұлы
Безендірген: Мейрамбек Еңсепбай
Бөлімдерге:
Шәкен Бөкетайдың туындылары пайдаланылды.
Басуға 06.04.2015ж.қол қойылды
Қаріп түрі «Tіmes New Roman». Офсетті басылым.
Пішімі 60х90 1\16. Шартты баспа табағы 25
Таралымы 2000+150дана.
Тапсырыс №
«Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр» баспасы
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
Абай даңғылы, 143. офис 400
Тел.: +7(727)3944293, Ұялы тел.: 87772119934.
Эл.пошта: dastur_09@maіl.ru
Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру