TELEGEI

Home

Тіл біліміндегі ғылыми зерттеу негіздері

Н.М. Жанпеисова

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Тіл біліміндегі ғылыми зерттеу негіздері

Н.М. Жанпеисова - «Тіл біліміндегі ғылыми зерттеу негіздері» шығармасы.

1 ТАРАУ

Ғылым – қоғамдық іс-әрекеттің ерекше саласы

Ғылым дамуының негізгі кезеңдері

Ежелгі замандағы білімнің бастауы. Ғылым өзінің бастауын адамзат қауымдастығының танымдық және өндірістік тәжірибесінің бөлінбей тұрған өте ерте кезеңінен алатыны белгілі. Алғашында білім адам іс-әрекетінің нақты бір түріне әдістемелік басшылық жасау үшін тәжірибелік сипатта көрініс тапты. Ежелгі Шығыс елдерінде (Вавилон, Мысыр, Үндістан, Қытайда) осындай тәжірибелік білім көптеп жинақталып, болашақ ғылымның маңызды алғышарттарын қалыптастырды. Ғылымның ертеректегі ізашарының бірі ретінде адамды қоршаған болмыс туралы алғашқы толық, жан-жақты түсініктер жүйесін қалыптастыруға ұмтылыс жасаған мифологияны айтуға болады. Бірақ өзінің діни-антропоморфтық сипатына қарай бұл түсініктер ғылымнан алыс еді, онымен қоса оның қалыптасуы алдын ала шарт ретінде мифтік жүйені сынау мен күйретуді талап етті.

Ғылымның пайда болуы үшін төмендегідей әлеуметтік шарттар қажет болды:

– өндірістің дамуының жоғары деңгейі және қоғамдық қатынастар (ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне әкелетін және ғылыммен жүйелі түрде айналысатын мүмкіндіктің ашылуы);

– әр түрлі мәдениет пен халықтардың жетістіктерін еркін қабылдауға мүмкіндік беретін бай мәдени дәстүрдің болуы.

Біздің заманымызға дейін VІ ғасырда ежелгі Грецияда алғашқы теориялық жүйелер пайда бола бастады. Мифологиядан бөлініп шыққан теориялық натурфилософиялық білім алғашында ғылым мен философияның басын біріктіру арқылы әр түрлі нұсқада көрініс таба бастады (мысалы, Фалес, Демокриттердің шындық дүниенің жаратылыстық бастамасын мифологияға қарсы түсіндіруі). Осы білімдер теориялық білімді, яғни ең алдымен шындық пен логикалық нанымның алғы шепке шыққандығын көрсетті. Ежелгі грек ғылымы (Аристотель, Анаксимед, Гераклит) алғашқы болып табиғаттың, қоғамның және ойлаудың заңдылықтарын және олардың кемшіліктерін көрсетті, бірақ мәдениет тарихында маңызды рөл атқаратындығына назар аударды: олар ойлау іс-әрекеті тәжірибесіне бүтіндей дүниенің барлығына қатысты дерексіз ұғымдар жүйесін енгізді, дүниенің пайда болуының шынайы, жаратылыстық заңдарын іздеу дәстүрін қалыптастырды және материалды баяндаудың дәлелдемелік тәсілінің негізін салды, бұлардың барлығы ғылымның негізгі сипатын құрайтындығы анық. Осы дәуірде натурфилософиядан басқа ғылым салалары бөліне бастайды. Ежелгі грек ғылымының эллинизм кезеңі пішіндеме (геометрия) (Евклид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) салаларының теориялық жүйесін қалыптастыруымен белгілі. Орта ғасырдағы ғылым. Құлдық құрылыстың орнына феодалдық құрылыс келді. Осы уақытқа дейін Батыс Еуропада христиан діні кең тарай бастады. Діннің қажетіне бағынған схоластика негізінен христиан догматиктерінің еңбектеріне ерекше мән берді, бірақ осы кезең ойлау мәдениетінің дамуына, теориялық дау-дамайлар, пікірталастар өнерін жетілдіруге елеулі үлес қосты. Осы кезеңде ғылыми білімнің алғашқы бастамаларын шіркеу догматиктері өздерінің дәлелденбеген қағидалары арқылы басып тастағандықтан, танымдық іс-әрекеттің алхимия, астрология, магия, парапсихология сияқты ғылыми емес түрлері жоғары қарқынмен дами бастады. Бірақ мұндай дамудың өзіндік жетістіктері де болды: мәселен, алхимия табиғи заттар мен қоспаларды зерттеудің сынау тәжірибесінің негізін салды, сөйтіп химияның пайда болуына алғышарт жасады, астрология аспан денелерін жүйелі түрде бақылауға ұмтылып, астрономияның тәжірибелік базасының дамуына ықпал етті. Орта ғасырда ғылымның дамуына Араб елі мен Орта Азияның ғалымдары үлкен үлес қосты. Бұл кезеңде олар ғылыми білімнің дамуы жағынан Еуропаны басып озды деп айтуға болады. Араб ғалымдары ежелгі грек дәстүрін сақтай отырып, оларды кейбір ғылым салалары бойынша байыта түсті. ІX ғасырдың басында математика саласының белгілі ғалымы, алгебраны жасаушы Бируни өмір сүреді, ол астрономияға, география мен минералогияға көптеген жаңалықтар енгізеді. Дүние жүзіне танымал Самарқанд билеушісі Ұлықбек ірі ғалым-астроном, мемлекеттік қайраткер болған, Самарқандқа ғалымдарды шақыра отырып, ол олардың жұмыс жасауына керемет жағдайлар жасаған: XV ғасырдың басында сол кезеңге сәйкес құрал-жабдықтармен жарақталған үлкен обсерватория салғызады. Самарқанд ғалымдары осы жағдайларды пайдалана отырып, өздерінің бақылау-зерттеулерінде бір жарым ғасыр бойы ешкім қол жеткізе алмаған дәлдікке қол жеткізді. Олардың еңбектерінің ең құндысы «Жұлдызды кестелер» – аспандағы 1018 жұлдыздың дәл орналасуын көрсететін каталог. Орта Азия ғалымдары өздерінің ғылыми зерттеулерінде Ежелгі Грек ғалымдарының жетістіктерін ғана емес, ІV – VІІІ ғғ. математика, физика, астрономия ғылымдары жоғары дәрежеде дамыған Үндістан ғалымдарының жетістіктерін де пайдаланды. Үнді ойшылы Брахмагупта Жердің өзіне басқа денелерді тартатындығы туралы болжам айтқан. Ол осы болжамымен дүниежүзілік тартылыстың бар екендігі туралы пікірге жақындай түседі, бірақ ол мұны нақты дәлелдей алмайды, 1000 жылдан соң оны Ньютон дәлелдеп берді. Үнді ғалымы Ариабхата Жер – шар тәрізді, өз осін айналады деп жазды. Индияда астрономияның дамуы үнді математикасының жетістіктеріне ықпал етті. Осы кезде дүние жүзіне санның ондық жүйесі жасалып, таралды, тригонометрияның негізі қаланды. Үнді математикасы кейіннен Еуропа математикасының дамуына үлкен ықпал етті. Сөйтіп, орта ғасырдағы ғылымның дамуы жаңа замандағы ірі жаңалықтардың ашылуына ғылыми негіз қалыптастырды.

Жаңа заман ғылымы. Капитализм дамуының қажеттілігінен Жаңа заман кезеңінде ғылым да жаңаша сипатта таныла бастады. Ғылым дамуы тарихында жинақталған дәстүрлермен қоса, оған екі жағдай ықпал етті:

– біріншіден, Қайта Өрлеу дәуірінде діни көзқарастар әлсіреп, оған қарама-қарсы пікірлер ғылыми фактілерге сүйеніп тұжырымдалды, басқаша айтқанда, ғылым рухани өмірдің жеке факторына, дүниені танудың шынайы базасына айнала бастады;

– екіншіден, Жаңа заман ғылымы бақылаумен бірге тәжірибені дүниеге әкелді, тәжірибе жасау осы кезеңнің ең басты зерттеу әдісіне айналып, шынайы дүниені танудың өрісін кеңейтеді, табиғатты танудағы теориялық тұжырымдарды тәжірибелік сынақтардан өткізумен ұштастыра зерттейді.

XVІ – XVІІ ғасырларда ғылымның танымдық күші бірден арта түседі, ғылыми теориялар, ұғымдар, қағидаттар жүйесінің ескісін жойып, жаңасын қалыптастыру жедел қарқынмен жүзеге аса бастайды. Ғылыми білімнің осы бір өзгерісі Бірінші ғылыми төңкеріс деп аталды. Оның бастауы астрономиядағы іргелі жаңалықтар болды. XVІ ғасырда Коперник өзінің «Аспан денелерінің айналысы туралы» деп аталатын атақты кітабын аяқтады. Жиырма бес жылдан кейін Кеплер Күнді айналып жүретін орбиталардың эллипстерден тұратынын дәлелдеді. Осы кезде итальян ғалымы Джордано Бруно бүкіл әлемнің шексіз екендігі және онда жұлдыздар ретсіз орналасатындығы туралы пікір білдірді. XVІІ ғасырдың басында телескоптың пайда болуы астрономияда ірі жаңалықтың ашылуына әкелді, солардың алғашқысы Галилейге тиесілі. Ол физика және механика саласында көптеген жаңалықтар ашты, динамиканың негізін салушы, денелердің құлау заңын, математикалық маятниктің қозғалыс заңын ашты. Торричелли алғаш рет атмосфера қысымын дәлелдейтін сынақ жүргізді. Бойль және Мариотт газдың қатты қасиетін зерттеді. Осы кезеңде неміс ғалымы И. Кант жер сілкіну табиғатын зерттеді, желдің – пассаттар мен муссондардың пайда болуы туралы жазды. Өзінің Күн жүйесі туралы болжамдарында алғашқы болып табиғатты оның дамуы тұрғысынан зерттеуге ұмтылыс жасады. Исаак Ньютон өзінің жаңалықтарымен математиканы, физиканы және астрономияны толықтырды. Ол неміс ғалымы Лейбницпен бір мезгілде және бір-бірінен тәуелсіз «дифференциалды және интегралды есептеу» деп аталатын математиканың бөлімін ашты. Оған физика саласының аса ірі жетістіктері тиесілі: ол ақ түстің күрделі құрылымын анықтады, кейіннен ол спектральды талдаудың негізін қалады, бүкіл дүниежүзілік тартылыс заңын ашты, түс табиғатының корпускулярлық теориясын ұсынды, механиканың негізгі заңдарын қалыптастырды. Оның тағы бір жаңалығы шағылдырғыш телескопты (рефлектор) жасап шығаруы болып саналады. Сонымен жаңа заман зерттеулері заттар мен құбылыстардың сыртында біздің сезім мүшелеріміз арқылы сезілмейтін мән-мағына жатқандығын және оларды абстракт ойлау арқылы ғана тануға болатындығын анықтап берді. Сондықтан бұл дәуір ғылымының басты міндеті тіршілікті пайымдап қараудан абстракт ойлауға өтудің қажеттігімен сипатталды.

Дүниенің механикалық бейнесі. XVІІ ғасырдың аяғында жүйеленген механика саласының жетістіктері дүниенің механикалық бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып, дүниеге деген әмбебап мәнге ие болды. Оның аясында тек физикалық және химиялық құбылыстарды танып қана қоймай, сонымен бірге биологиялық, оның ішінде адамды бүтін ағза ретінде түсіндіруге де ұмтылыс жасалды. Механикалық жаратылыстану идеалдары таным теориясының негізіне айналады. Мемлекет және қоғам, адамның табиғаты туралы философиялық көзқарастар пайда болып, кейіннен олар XVІІ – XVІІІ ғасырларда бүкіл дүние туралы жалпы ілімнің бөлімдері ретінде қалыптасты.

Жаңа заманның тәжірибеге, механиканың дамуына арқа сүйеюі ғылымды өндіріспен байланыстырудың іргетасын қалады, десе де бұл байланыстың күшеюі мен жүйелі сипатқа ие болуы XІX ғасырдың соңына таман анық байқалды. XІX ғасырдың бас кезінде дүниенің механикалық бейнесінің негізінде шындық өмірдің арнаулы салаларына қатысты маңызды материалдар жүйеленді. Бірақ көптеген зерттеулердің нәтижелері табиғат пен қоғамды механикалық тұрғыдан түсіндіруге келгенде дәрменсіз болды. Әр түрлі ғылым саласының қол жеткізген жаңалықтарының қатарына төмендегілер жатады: - Майер, Джоуль, Гельмгольцтер ашқан қуатты сақтау және айналдыру заңы физика мен химияның барлық бөлімдерінің негізін салуға мүмкіндік берді; - Шванн мен Шлейден жасаған жасуша теориясы барлық тірі ағзалардың бірдей құрылымда болатынын дәлелдеп берді; - Дарвиннің биологиядағы даму туралы ілімі жаратылыстануға даму идеясын әкелді; - Менделеевтің периодты кестесі заттардың барлық белгілі түрлерінің арасында ішкі байланыстың болатынын дәлелдеп берді. XІX ғасырдың ортасында Маркс пен Энгельс жүзеге асырған қоғамдық дамудың ғылыми теориясын құру үшін әлеуметтік-экономикалық, философиялық және жалпы ғылыми алғышарттар жасалды. Сөйтіп, жаратылыстану ғылымдарындағы жаңалықтардың және саяси экономиядағы түбегейлі өзгерістің әсерінен XІX ғасырда ІІ ғылыми төңкеріс орын алды. XІX – XX ғасыр тоғысындағы қазіргі ғылымның сипаты. ХХІ ғасыр ғылымының міндеттері. Қазіргі кезде қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірінде ғылыми-техникалық төңкеріс үлкен рөл атқарады. Ол ғылым, техника және өндірістің басын біріктіретін күрделі жүйеден тұрады. Бұл жүйеде ғылым жаңа идеяларды тудырушы, техника оларды материалдық дүниеге айналдырып, өндіріс арқылы іс жүзіне асырады. Ғылымның дамуы техника мен технологияны түбірлі өзгерістерге жетелейді, осыған сәйкес өндірісте жаңа өзгерістермен толығып отырады. Қазіргі ғылымның ең басты және өзіне тән сипаты оның өндірістік күшке айналуында жатыр. Бұл техникалық прогрестің ғылымның дамуына тікелей тәуелді екенін көрсетеді. Тіпті техникалық жобалау ғылыми еңбектің саласына айналды (барлық жағдайда жобалау кезінде жаңа ғылыми мәселелер шешіледі). Әрине, барлық ғылым тек техникаға қызмет ете бермейді. Жалпы ғылым көлемінде ғылымның «жеке» мәселелерін шешуге арналған зерттеулер маңызды орынды иеленеді. Ғылымды индустриализациялау туралы айтқанда тек қана оны жабдықтау тұрғысынан емес, сонымен бірге оның өндіріспен байланысы туралы да айтқан дұрыс. Қазіргі ғылымға тән екінші сипат – ауқымдылық. Ғылыми тақырыпты таңдауда және зерттеу мерзімін анықтауда ешкімге тәуелсіз жалғызбасты ғалымдардың орнына ғылыми жұмыстары жоспарланатын және басқарылатын, күшті техникалық базаға сүйенген адамдар тобы ғылымға келді. Ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң қарқыны қазіргі ғылымға тән үшінші сипат болып табылады. Ол, біріншіден, ғылымның дамуын оның ішкі жіктелісіне әкеледі, ол өз кезегінде тар сала зерттеушілерін қажет етеді, екіншіден, жинақталған білім көлемінің ұлғаюына әкеледі, бұл ғылыми ақпаратты жеткізудің жаңа ауқымы мен түрлерін жүйелеуді қажет етеді. Қазіргі ғылымда осындай ішкі жіктеліс пен тар сала мамандарының көбеюімен қатар, қарама-қарсы үдеріс, яғни жақын ғылымдар ғана емес, бір бірінен алшақ ғылымдар да араласып, тоғысу орын алады, мысалы: математика мен экономика, көлікті пайдалану және математикалық логика. Бұл қазіргі ғылымға тән төртінші сипат, яғни ғылымдардың өзара тығыз байланысы деп атауға болады. Әсіресе мұның айқын көрінісі ретінде математикалық әдістердің тек нақты ғылымдарға ғана емес, гуманитарлық ғылымдарға да енуін айтуға болады. Соңғы жылдары ғылымда зерттеу нысандарын қарастырудың жүйелілік көзқарасы бесінші сипат ретінде танылып жүр. Бұл дегеніміз зерттеуші зерттеліп отырған нысанның тек құрылысы мен қасиеттерін ғана анықтап қоймай, олардың бөлшектерінің бір-бірімен байланысу тәсілдерін, әрбір бірліктің атқаратын қызметін түсіндіруге ұмтылады деген сөз. Жүйелілік көзқарас бойынша зерттелініп отырған нысан өзінің өмір сүруінің әр түрлі жағдайында төзімділік пен мықтылықты сақтай алатын бір бүтін ретінде қарастырылады.

Ғылымға тән жоғарыда аталған сипаттар оның басым бағыттарын анықтайды. Ғылыми ойлау негізіндегі ірі өзгерістер, сонымен бірге физикадағы бірқатар ірі жаңалықтардың ашылуы (Томсон және Де Бройль электронды; ал Беккерель, Резерфорд, ерлі-зайыпты Кюрилер – радиоактивтікті ашты) XІX – XX ғасырдың тоғысында дүниеге механикалық көзқарасты күл талқан етті. Бұл ең басты нысанға физиканы алған ІІІ ғылыми төңкеріске әкелді. Планк, Эйнштейн салыстырмалылық теориясының негізін салды. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында кванттық механика жасалды, 30-шы жылдарында бірқатар жаңа қарапайым бөлшектер ашылды: нейтрино, нейтрон, позитрон. ХХ ғасырдың ортасында жаратылыстану ғылымының дамуындағы жаңалықтардың бірі ғылыми төңкерістің техникалық төңкеріспен бір бүтінге айналуы болып табылады. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс – қоғамның материалдық негізін құрайтын сапасы жағынан жаңа үдеріс. Оның негізгі сипаты мыналар: 1) қуат көздерін және олардың жаңа түрлерін ашу және пайдалану; 2) өндірісті автоматтандыру және кибернизациялау; 3) ЭЕМ ғылымда, басқаруда, өндірісте қолдану; 4) табиғатта кездеспейтін материалдарды жасау тәсілдерін ашу; 5) микро- және макродүниеге назар аудару; 6) адам-табиғат қарым-қатынасын оңтайландыру; 7) үлкен жүйелерді басқару. Ғылыми-техникалық төңкерістің маңызды сипаты ғылым мен өндірістің байланысының кеңеюі, ғылымның тікелей өндірістік күшке айналуында жатыр. XXІ ғасыр ғылымының өркендеуінің басты «нүктесі» қазіргі қоғам талап етіп отырған қажеттіліктерге сәйкес дамуы болып табылады. Қазіргі кезде өткен ғасырлардағы негізгі ғылыми бағыттар дамуын жалғастыруда. Болашақ ғылыми зерттеулердің мақсаты – адамзат қоғамының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие болатын ақпараттық қоғамның технологияларымен байланысты ғылым мен техниканың жаңа салаларының пайда болуына көмектесу. Болашақ технологиялардың қатарында: денсаулық сақтау, химия, энергетика, оптика және тағы да басқа салаларда нанотехнологияны қолдану, көп қызметті материалдарды шығару және тасымалдау, өңдеу, жаңа үдерістерді және «ақылды» өндірістік жүйелерді жасау, сонымен бірге әр түрлі салаларда арзан және экологиялық жағынан тиімді пайдалану үшін өндірістік технологиялар мен жаңа материалдардың, нанотехнологиялардың басын біріктіру.

1.2. Қазақстандағы ғылымды ұйымдастыру құрылымы

ҚР ғылым саласындағы басқару. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуының міндеттеріне сәйкес ғылымның дамуы мен ҒТП басқаруға жаңа көзқарастар қалыптаса бастады. Елдің жеке ғылыми-техникалық саясаты мен ғылымын басқару жүйесін қалыптастырудың негізі ҚР 1992 жылы қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасының ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаты туралы» Заңында нақтыланды. Ақпан айында Ғылым мен жаңа технологиялар министрлігі құрылды. Мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асырушы республикалық органдардың бірнеше қайта құрылуы арқылы ҚР Білім және ғылым министрлігі құрылды. Соңғы жылдары Қазақстанда республиканың өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық әлеуеті мен ұлттық экономикалық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті өнім алуға бағытталған отандық ғылыми өндірістерді дамыту мен жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруге басымдық беріліп отыр. Осы жағдайда инновациялық үдерістер белсенді дами бастады, жаңа технологиялар енгізілді, өңдеу өнеркәсіптерінде жаңа межелерге қол жеткізілді, ұлттық ғылыми-техникалық әлеует дамыды, ғылым мен кәсіпорын арасындағы алшақтық жойыла бастады, алдыңғы қатарлы шетелдік технологиялардың шынайы трансфертімен қамтамасыз етілді және халықаралық стандарттар енгізілді. Еліміздің алдында тұрған ғылыми-техникалық дамудың міндеттерін шешуге арналған ғылыми-техникалық әлеует кадрлардың жиынтығынан, материалды-техникалық, қаржылық және қорларды ұйымдастырумен сипатталады. 2011 жылдың 18 ақпанында Қазақстан Республикасында ғылым саласындағы қоғамдық қатынастарды және ғылыми-техникалық іс-әрекетті реттейтін және Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым жүйесінің дамуы мен орындалуының негізгі қағидаттары мен механизмдерін анықтайтын «Ғылым туралы» заң (№ 407-ІV) қабылданды. Заң ҚР ғылыми қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің негізін айқындайтын баптардан, бірнеше тараулардан тұрады. (1-Тарау. Жалпы ережелер; 2-Тарау. Мемлекеттік органдардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық іс-әрекет саласындағы құзіреттілігі; 3-Тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық іс-әрекет субъектілері; 4-Тарау. Ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету; 5-Тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық іс-әрекетті басқару; 6-Тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық іс-әрекетті қаржыландыру; 7-Тарау. Ғылымның дамуы мен халықаралық ынтымақтастықты экономикалық ынталандыру). Ғылыми зерттеулердің мемлекеттік бағдарламалары. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді және орта мерзімді мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатының болашағы маңызды ұлттық міндеттерге қол жеткізуге бағытталған: елді азық-түлікпен, материалдармен, қуатпен қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздікке кепілдік беру, денсаулық сақтау сапасын арттыру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындарды жұмыспен қамту, көлік және байланысты дамыту, өнеркәсіптің жетекші салаларына жаңалықтар мен қарқынды технологияларды енгізу арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бірыңғай мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру мәселелері, ғылым мен техника саласындағы заңнаманы жетілдіру, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, ғылыми кадрларды дайындау және аттестаттау, ғылым-техника салаларын ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу Білім және ғылым министрлігіне жүктелген. «Қазақстан-2030» стратегиясы аясында әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіліктеріне сәйкес Білім және ғылым министрлігі іргелі зерттеулердің 20 басым бағыты бойынша байқаудан өткен 47 бағдарлама, 6 республикалық ғылыми-техникалық бағдарлама, жаңа ғылыми басым кәсіпорындарды игеруге дайындық үшін 200-ден астам қолданбалы және инновациялық жобаларды үйлестіру жұмыстарын атқарады. Білім және ғылым министрлігі басшылық ететін барынша ірі республикалық мақсатты бағдарламаларға мыналар жатады: Ресурстардың шектеулігіне байланысты мемлекет барлық ғылыми-техникалық бағыттар бойынша зерттеулер жүргізе алмайды, сондықтан Қазақстанда бәсекеге қабілетті нәтижелері бар салаларға бар күш шоғырландырылған. Қазақстанның тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыста еліміздің Президентінің сөйлеген сөзіне қарағанда, республикамыздың басқа мемлекеттер алдында басымдықтарға ие мұнай-газ және тау-кен-металлургия кешендері, ауыл шаруашылық сияқты салаларына назар аудару қажет. Сондықтан ғылыми-техникалық бағдарламалар ең алдымен аталған салалардың дамуын, оның ішінде мұнай химиясы, мұнай-газ және тау-кен-металлургиялық машина жасау бағдарламаларын дамытуды қамтамасыз ету керек. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасына сәйкес қолданбалы зерттеулер шынайы экономика секторының даму бағыттарымен, сонымен бірге оның даму бағыты мен болашақ даму үрдісімен тікелей байланыста жүргізілуі тиіс. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілігін және дүниежүзі ғылымының даму үрдісін ескере отырып Жоғары ғылыми-техникалық комиссия іргелі зерттеулердің бес басым бағытын анықтады: 1) ақпараттық технологиялар; 2) болашағы бар жаңа материалдар; 3) ауылшаруашылық секторы мен медицинаның өзекті мәселелерін шешуге арналған биоинженерия және генетика, молекулярлық биологияның теориялық негізін дамыту; 4) минералды ресурстар; 5) Қазіргі Қазақстанның тұрақты дамуының негізі болып саналатын жалпыұлттық идеяның теориясы мен практикасы. Жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстары жалпы алғанда ғылыми жұмыстардың маңызды құрамды бөлігі болып саналады. Жоғары оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметті зертханалық зерттеулермен ұштастыра қызмет атқаратын көптеген ғалымдар мен зерттеушілер жұмылдырылған, бұл өз кезегінде жас ғалымдарды тәрбиелеуге оң әсерін тигізері сөзсіз. ЖОО-дағы ғылыми жұмыс – жоғары оқу орны оқытушылары қызметінің негізгі бағыты. Жоғары оқу орындары қызметінің құрылымында ғылыми-педагогикалық үдерісті қамтамасыз ететін кафедра ең негізгі құрылым болып саналады. Арнайы лицензиялық талаптарда педагогикалық қызметпен бірге жеке ғылыми зерттеу жүргізетін докторанттардың, магистранттардың және студенттердің ғылыми зерттеулеріне жетекшілік жасайтын жоғары білікті мамандардың (ғылым докторлары, кандидаттары және солармен сәйкес келетін шығармашылық мамандықтардың мамандары; 2010 жылдан бастап философия докторлары (Ph.D) және бейіні бойынша докторлардың) пайыздық құрамы көрсетіледі. Ғылыми жұмыстар ғылыми-зерттеу зертханаларының, орталықтардың, факультеттердің, кафедралардың және тағы да басқа ЖОО-да ашылған бірлестіктер, ассоциациялар және құрылымдардың ұзақ мерзімге арналған стратегиялық жоспарларында, жылдық жоспарларында көрініс табады. Кафедра оқытушысы бола отырып, ғалым түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізеді, мәселен, зерттеу нәтижелерін монографиясында, ғылыми мақалаларында, конференцияларда баяндама жасау арқылы жария етеді, патент алады, сонымен бірге оларды шеберлік сабақтары, тренингтер, семинарлар, арнаулы курстар түрінде оқу үдерісіне енгізеді. Жоғары оқу орындарында әр түрлі деңгейдегі ғылыми конференциялар және басқа да ғылыми іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар оқытушы проблемалық топ, ғылыми үйірме, зертханалар шеңберінде студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасайды, нәтижелері ғылыми конференцияларда мерзімді түрде талқыланып отырады. Әдетте ЖОО-ның мерзімді басылымы болады («Хабаршы», «Еңбектер»), осы басылымдарда зерттеу нәтижелері жарияланып отырады. ЖОО-ның профессор-оқытушы құрамының барлық ғылыми жұмыстарын ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор басқарып отырады, оның қарамағында кафедрадан басқа әртүрлі құрылымдық бөлімшелері болады (ғылым бөлімі, зертханалар, ғылыми орталықтар және т.б.). Ғылыми зерттеулерді Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында (ҰҒТ АО/НЦ НТИ) тіркеу. Қажетті құжаттарды жалпы құжат көлемінен тауып алуды жеделдету және қызметкерлердің еңбек тиімділігін арттыру үшін ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында (ҰҒТ АО) жалпы мемлекеттік қызмет құрылған. Ақпаратты іздеу ақпараттық-іздеу тілінің (АІТ) көмегімен, яғни символдардың мағыналық жүйесі және олардың тіркестерінің ережелері арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық-іздеу жүйесінде АІТ әртүрлі нұсқалары қолданылады. Қазіргі кезде ақпараттық құжаттардың әмбебап ондық жіктелімі (ӘОЖ/УДК) барынша кең қолданыс тапқан. ҒТАМР және ӘОЖ ұғымдары туралы. Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік рубрикаторы (ҒТАМР/ГРНТИ) ғылыми-техникалық ақпараттардың барлық ағынын жүйелеуге арналған ғылым салаларының әмбебап иерархиялық жіктелесін білдіреді. Рубрикатор иерархиясының үш деңгейі болады. Рубрика коды нүкте арқылы ажыратылған араб сандарының жұбынан тұрады. Кодтың соңына нүкте қойылмайды. Рубрикаларға ақпараттық анықтағыш есебінде ӘОЖ индексі қосылады. Бұл екі жіктеліс жүйелерінің арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді. Бұның алдындағы рубрикатордың электронды нұсқасын Информрегистр ҒТО 2001 ж. «Библио-Норматив» компакт-дискісінің құрамында жасап шығарған. 1992 және 2000 жылдары шығарылған нұсқадан және ҒТАМТ басылымдарынан соңғы шығарылымның ҒТА рубрикаторы бойынша Әдістемелік кеңес аясында алдыңғы қатарлы ақпараттық органдардың өкілдерімен келісілген және ғылымның дамуы мен ақпараттық тәжірибені бейнелейтін сызбаға өзгерістер енгізілді. Әсіресе 06 Экономика, 14 Халықтық білім беру, 82 Ұйымдастыру және басқару бөлімдері ерекше өзгерістерге ұшырады. Жалпы барлық бөлімдеріне өзгерістер енгізілді. Әмбебап ондық жіктелім (ӘОЖ) — ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын, мерзімді басылымдар, әртүрлі құжаттар және картотекаларды ұйымдастыру жұмыстарын жүйелеу үшін дүние жүзінде кеңінен қолданылатын ақпараттық жіктелім жүйесі. Әмбебап ондық жіктелімді ХХ ғасырдың басында бельгиялық библиограф Поль Отле (Otlet) мен Анри Лафонтен (Lafontaіne) ойлап тапты. Ондық жіктелімді жасауға негіз ретінде 1876 жылы АҚШ кітапханасы үшін американдық библиограф Мелвил Дьюи (Dewey) жасаған ондық жіктелім алынған. М. Дьюи өзі жасаған ондық жіктелімді өзгертуге, пайдалануға және жарыққа шығып жатқан еңбектерді каталогқа тіркеу жүйесін жасау үшін П. Отле мен А. Лафонтенге рұқсат береді. Ұзақ жылдар бойы бұл жұмыс ақпарат және құжат бойынша Халықаралық федерация аясында жүргізіліп келді. ӘОЖ алғашқы толық сызбасы 1905 жылы француз тілінде жарық көрді. Уақыт өте келе ӘОЖ құрылымы М. Дьюи сызбасымен салыстырғанда өзгерістерге ұшырады, бірақ кейбір бөлімдеріндегі индекстер сақталған. Қазіргі кезде ӘОЖ әртүрлі тілдердегі негізгі басылымдардың басын біріктірген, арнайы ұйымдастырылған халықаралық ӘОЖ Консорциумының зияткерлік меншігі болып табылады. Орыс тіліндегі ӘОЖ сызбасының қайталанбас құқығын ғылыми және техникалық ақпараттың Жалпыресейлік институты иеленеді (ҒТАЖИ). Бұл институт жіктелім сызбаларының кітап және электронды нұсқасын шығарады және ақылы түрде таратады. (ҒТАЖИ/ВИНИТИ) ӘОЖ қолдану бойынша кеңес беру жүйесін жүргізетін udcc.ru сайтын ұйымдастырды. ӘОЖ орталық бөлігі барлық білім жиынтығын және жалпыдан жекеге қарай иерархиялық принцип бойынша ондық кодты пайдалануды қамтитын негізгі сызбалар болып табылады. ӘОЖ классификаторы барлық білім саласын он бөлімге бөледі, олардың әрқайсысы он тармаққа, ал тармақтар он бөлікке бөлінеді. Әрбір бөлік талап етілетін деңгейге дейін нақтыланады. ӘОЖ құрылымы негізгі индекстер тобы мен анықтағыштардан тұрады. Топтар жалпы және арнайы анықтағыш топшаларға бөлінеді. ӘОЖ баспахана және кітапхана қызметкерлері меңгеріп алады, ажыратуға қолайлы, тар салалы тақырыптарды жылдам табу үшін өте ыңғайлы. Соңғы жылдары ӘОЖ ауқымды жүйесіне қарағанда көп жағдайда механикаланған және автоматтанған іздеу жүйелері кеңінен қолданылады. ӘОЖ дүние жүзінде шығарма басылымдарды, әртүрлі құжат түрлерін және картотекаларды ұйымдастыру үшін кеңінен қолданылады. ӘОЖ-ге интернет-ресурстарында ашық түрде қол жеткізуге болады. Ғылыми журналдарды рецензиялау. Көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда ғылыми журналдар үкіметтік немесе қоғамдық ұйымдардан аттестациядан өтеді. Қазақстан Республикасында бұл қызметтерді ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті атқарады (ҚР БҒСБК). 2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған филология ғылымы бойынша негізгі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялауға арналған басылымдардың тізіміне төмендегі арнайы ғылыми журналдар мен басылымдар енген: 1. «Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы». 2. «М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Хабаршысы».

3.«С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Хабаршысы».
4.«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы».
5.«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Хабаршысы».

6. «Еуразия гуманитарлық институтының Хабаршысы». 7. «Қазақстанның ғылымы және өмірі». 8. «ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы». 9. «ҚазҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы». Рецензияланған ғылыми журнал  — журналға жіберілген мақалалар басылар алдында тақырыбына қатысты ғылым саласының тәуелсіз, яғни журналдың редакция алқасында тіркелмеген мамандардың сараптамасынан өтеді. Ғылыми журнал ғылыми әдебиеттердің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып саналады. Материалдарды сыннан өткізу оқырмандарды әдіснамалық қателерден немесе ғылымға тән емес жалған пікірлер мен академиялық әдепсіздіктен қорғауға бағытталады. Ғылыми журналда жарияланудың алдында мақала шағын басылыммен шығарылуы мүмкін. Алғашқы ғылыми журнал ретінде 1665 жылы Парижде шыға бастаған француздардың «Журналь де саван» (фр. Journal des savants) журналын айтуға болады. Ғылыми журналдар әдетте қағаз түрінде жарыққа шығады, бірақ соңғы кездері интернетке электронды түрде шығару үрдісі қалыптасып келеді. Журналдың редакторы мақаланың қолжазбасын алғаннан кейін оны бірден қайтару керек пе әлде сараптау үдерісін бастау керек пе деген мәселені анықтап алады. Соңғы жағдайда редактордың таңдауы бойынша қолжазба сыртқы сын-пікір берушілерге ұсынылады, олардың аты-жөні (кейбір жағдайларда) құпия болып қалады. Бұл сын-пікір берушілердің саны әрбір журналдың редакциялық тәжірибесіне байланысты болады. Редактор мақаланы жарыққа шығаруға бола ма, оны авторға (авторларға) толықтыру үшін қайтарып беру керек пе, немесе жариялаудан мүлдем бас тарту қажет пе деген мәселе бойынша шешім шығарар кезде сын-пікір берушілердің пікірлерін пайдаланады. Қабылданған мақалалар баспаға бармас бұрын оларды журналдың редакторлары түзетуі мүмкін. Қазіргі кезде ғылыми әлеуеттің қалыптасуы мен дамуына байланысты халықаралық және шетелдік ғылыми журналдарда жарыққа шыққан мақалалар барынша жоғары бағаланады. Ғалымдардың жұмыстарын тиімді бағалау үшін халықаралық ғылыми журналдардағы басылымдар және сілтеме индексі сияқты өлшемдер жиі қолданылып жүр. Басқаша айтқанда, ғылыми іс-әрекеттің нәтижесі болып саналатын осындай басылымдар ғылымның өмір сүруінің формасы болып табылады және ғалымның зерттеушілік белсенділігін көрсетеді. Өз кезегінде ғалымның мақаласына немесе журналға жасаған сілтемелердің жиілігі оның рейтингін анықтайды. Импакт-фактор (іmpact-factor /ІF/) – Ғылыми ақпарат Институты (Іnstіtute for Scіentіfіc Іnformatіon, ІSІ) жыл сайын санап шығаратын ғылыми журналдың маңыздылығының формальды сандық көрсеткіші және ол көрсеткіштер Journal Cіtatіon Report журналында жарияланады. Бұл көрсеткіш журналдың жарыққа шыққаннан кейінгі соңғы екі жылында басылған әрбір мақалаға орта есеппен қанша сілтеме жасалды дегенді анықтайды. Ғылыми зерттеулер нәтижелері жарыққа шыққан журналдардың импакт-факторы осы нәтижелерді бағалауға айтарлықтай ықпал етеді. ІSІ импакт-фактор есебі үш жылдық кезеңге негізделеді. Мысалы, 2008 жылғы журналдың импакт-факторы төмендегідей есептеледі: ИФ = A / B, мұндағы A – Ғылыми ақпарат Институты бақылауға алған журналдарда 2006-2007 жылдардағы басылған мақалаларға 2008 жыл бойы жасалған сілтемелердің саны, B – 2006-2007 жылдардағы аталған журналдағы жарияланған мақалалардың саны. «Ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық орталығы» АҚ қазақстандық ғалымдардың ғылыми-техникалық іс-әрекеттерін ынталандыру, олардың ғылыми зерттеулері мен жарияланымдарының сапасын арттыру мақсатында ғылыми жұмыстар/мақалалардың шетелдік басылымдарда жариялануын есепке алу жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми зерттеулерді мемлекеттік ынталандыру. Ғылыми байқаулар мен гранттар. Ғалымдардың ғылыми және инновациялық іс-әрекеттерін ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21-шілдеде № 700 қаулысымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым Комитеті құрылды. Комитет Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құзіреттілігі шеңберінде ғылым саласы бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, сонымен бірге ғылым салалары бойынша салааралық үйлестіру қызметтерін атқаратын мекеме болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері ғылым саласы бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып саналады. Комитет жыл сайын іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізуге, ғылыми-техникалық іс-әрекеттің әр түрлі салаларындағы мемлекеттік сыйлықтарды алуға арналған байқаулар, гранттар жариялайды. Елімізде ҚР бірінші Президентінің Қоры белсенді жұмыс жасайды, мұнда да ғылыми зерттеулерді, ең бірінші жас ғалымдарды ынталандыру бойынша көптеген жұмыстар жүргізіледі. Еліміздің ғылыми әлеуетінің сапасының артуы дарынды жастар мен мамандарды дүние жүзінің үздік ғылыми орталықтарында білім алу және біліктілігін арттыру үшін жасалған мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы аясында бөлініп жатқан жыл сайынғы стипендия арқылы да қамтамасыз етіледі. Ғылыми жұмыстарды ынталандыру байқау негізінде ұсынылатын гранттар арқылы да жүзеге асады. Республиканың жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің ҚР БжҒМ жариялайтын жыл сайынғы «ЖОО үздік оқытушысы» байқауына қатысуға мүмкіндіктері бар. Аталған байқау жоғары оқу орындары ғалымдарының ғылыми іс-әрекеттерін ынталандыруды мақсат етеді. Ғылым мен техниканың басым бағыттарындағы ғылыми зерттеулерге жарияланатын байқаулар, гранттар туралы ақпараттар барлық адамға қолжетімді болып табылады. Қазақстандағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жүйесі. Қазақстан Республикасындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау жүйесі соңғы жылдары үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұрын Қазақ КСР-ның ғылыми кадрлары ғылыми кадрларды дайындаудың Одақ көлеміне арналған бірыңғай формасына сәйкес аспирантура, оны кандидаттық диссертация қорғау арқылы аяқтап, содан кейін докторантура, оны докторлық диссертация қорғау арқылы аяқтайтын еді. Ғылыми кадрларды дайындаудың бұл формасында күндізгі және сырттай бөлімдер болатын, сонымен бірге ізденуші болып та (көбінесе қолданбалы салада) қорғауға шығатын еді. Кандидаттық диссертациялар қандай да бір жеке мәселені, аспектіні зерттеуге арналады. Докторлық диссертациялар іргелі мәселелерді теориялық-әдіснамалық тұрғыдан сипаттап, көлемі жағынан ауқымды материалдарға сүйене отырып жүргізіледі. Кандидаттық диссертациялар жеке ғылыми мәселені зерттеуді көздейді. Диссертациялар өзінің өзектілігі мен жаңалығы, теориялық және практикалық құндылығымен сипатталуы тиіс. Диссертациялық зерттеулердің нәтижелері ғылыми мақалалар, баяндамалар, монографиялар түрінде апробациядан өтіп, өндіріске немесе оқу үдерісіне енгізіледі. Кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау әртүрлі процедуралардан тұрады, олардың ішінде зертхана, кафедра, ғылыми-зерттеу орталықтарының және т.б. мәжілістерінде алдын ала қорғаудан өту, енгізу, сарапшылардың бағалауы және т.б. Сәтті қорғаудан соң ізденушінің ғылым кандидаты/докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациялық жұмысын диссертациялық кеңес мүшелерінің (олардың ішінде сәйкес ғылым саласының жоғары білікті ғалымдары болады) басым көпшілігі жасырын дауысқа салады. Ғылыми жұмысқа берілген жасырын дауыс нәтижесі оң болған жағдайда жұмыс Жоғары аттестациялық комиссияға (ЖАК) ғылыми дәрежені бекітуге жол тартады. Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің иегеріне белгілі бір уақыт ішінде талап етілген ғылыми және ғылыми-педагогикалық жұмыстарының саны сәйкес болған жағдайда ЖАК доцент ғылыми атағын береді, ал ғылым докторына профессор атағын береді. Бұл ғылыми атақтар кейбір жағдайларда қандай да бір ғылым саласындағы құрметті мамандарға, үлкен жетістіктерге жеткен, ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысатын, бірақ ғылыми дәрежесі жоқ тұлғаларға (көбінесе қолданбалы сипаттағы шығармашылық немесе техника мамандарының өкілдеріне) да беріледі. Жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің ғылыми кеңесінің шешімімен академиялық доцент/профессор атақтары да беріліп жүрді және ол атақтар тек сол мекемеде ғана жарамды болды. Қазақстан Республикасының Болон процесіне қосылғанынан (Қазақстанның Болон процесіне қосылу туралы шешімді 2010 жылы 11 наурызда 46 елдің Білім Министрлері Комитеті қабылдады) кейін және елімізде жоғары білім беру жүйесін қайта құрудан соң бакалавриат, магистратура және докторантура болып үш сатылы жүйеге көштік. Бакалавриаттың түлектері (4 жыл оқиды) және магистратура түлектері (1-2 жыл оқиды) бакалавр академиялық дәрежесін, ғылым магистрі академиялық дәрежесін алады. Докторантураны бітіруші үш жыл оқиды және диссертациясын сәтті қорғаса, философия докторы (Ph.D) ғылыми дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі беріледі. Философия докторына ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметін жалғастыратын болса, сонымен бірге жұмыстарының нәтижесі белгілі бір көлемде монографиялар, рецензияланған журналдарда жарияланған мақалалар т.б. түрінде болса ҚР БҒСБК қауымдастырылған профессор/ профессор ғылыми атағы беріледі.

1.3. Ғылыми кадрларды дайындау жүйесіндегі магистратура

Ғылыми кадрларды дайындау жүйесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 ж. 17 маусымында № 261 бұйрығымен бекітілген 5.04.033 – 2011 ж. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары білімнен кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелеріне» (ҚР МЖБС) сәйкес жүзеге асырылады. Стандартта магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұнына, магистранттарға білім беру траекториясына, білім берудің құрылымы мен мазмұнына, магистранттардың дайындық деңгейін бағалау мен академиялық дәрежесіне және жоғары білім беру саласындағы халықаралық құжаттармен үйлесімділігіне қойылатын талаптар анықталады. Құжатта магистр ғылыми дәрежесі мен білімі, біліктілігі, магистрлерді дайындаудың ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттарына, магистранттың оқу және ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне қойылатын талаптар жазылады. Бұлардың барлығы магистранттың жеке жұмыс жоспарында көрініс табады. Стандартта төмендегідей негізгі ұғымдарға анықтама берілген: магистрант – «магистратурада оқитын тұлға»; магистратура – ««магистр» академиялық дәрежесі берілетін ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған сәйкес саласына байланысты нормативті 1-2 жыл мерзімде білім алатын жоғары білімнен кейінгі білім берудің кәсіби білім беру бағдарламасы»;  магистрлік диссертация – «магистранттың белгілі бір ғылым саласына байланысты нақты бір өзекті мәселені өз бетімен зерттеудегі нәтижесін көрсететін ғылыми жұмыс». Магистратурада ғылыми, педагогикалық және басқару кадрларын дайындау екі бағыт бойынша жүргізіледі: ғылыми және педагогикалық, оқу мерзімі 2 жыл; бейінді сала бойынша дайындау мерзімі 1 жылдан кем емес, оның үстіне оқу мерзімі дайындау деңгейі мен пререквизиттердің болуына байланысты анықталады. Бейінді магистратура терең кәсіби дайындықты қажет ететін экономика, медицина, құқық, өнер, қызмет көрсету мен бизнес салалары үшін кадрларды (оның ішінде басқару да бар), топ-менеджерлерді дайындау бойынша жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Ғылыми және педагогикалық магистратура – терең ғылыми-педагогикалық дайындықты қажет ететін жоғары, жоғары білімнен кейінгі білім беру және ғылым салалары үшін ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау бойынша жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Магистратурада білім беру тек күндізгі бөлімде іске асады.

Магистратураның білім беру бағдарламасы базалық және бейінді пәндер циклдарынан тұратын теориялық курстардан; кәсіби тәжірибеден (педагогикалық, өндірістік, зерттеушілік); ғылыми және педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысынан (бейінді магистратура үшін магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын эксперименталды-зерттеу жұмысынан), аралық және қорытынды аттестациядан тұрады. Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқу жылының барлық мерзіміне жасалынады және төмендегідей бөлімдерден тұрады: МЖБС-на сәйкес, магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ғылыми-практикалық конференцияларда бірден кем емес жариялануы немесе баяндалуы тиіс. Ғылыми және педагогикалық магистратурада ғылыми-зерттеу жұмыс - магистрлік диссертация қорғалып отырған мамандықтың негізгі мәселесімен сәйкес келуі тиіс; өзекті болуы, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының болуы; ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі; қазіргі ғылыми зерттеудің әдістерін қолдана отырып орындалуы тиіс; қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдары бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы; сәйкес ғылым саласына қатысты алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделуі тиіс. Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және көпшілік алдында магистрлік диссертация қорғаған тұлғаға магистр академиялық дәрежесі беріледі. Магистрдің докторлық бағдарлама аясында ғылыми зерттеуін жалғастыруға құқы бар, егер докторлық бағдарламаны меңгеріп, докторлық диссертациясын сәтті қорғаса, оған философия докторы (Ph.D) ғылыми дәрежесі беріледі.

2 ТАРАУ

Ғылыми білім жүйесі және Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы
2.1. Ғылыми білім жүйесіндегі негізгі ұғымдар мен түсініктер

Ғылым – күрделі әлеуметтік құбылыс, адам іс-әрекетінің жаңа білімді алуға және меңгеруге және оларды практикалық міндеттерді шешу үшін пайдалануға негізделген мақсатты қызметінің ерекше саласы.

Ғылым екі негізгі қызмет атқарады: танымдық және тәжірибелік. Ғылымның басты мақсаты – объективті және субъективті дүние туралы білім алу, объективті шындыққа қол жеткізу.

Ғылымның міндеттері:

Егер ғылым таным нысаны (объектісі) мен субъектісін өзара байланыста қарастыратын болса, онда ол төмендегідей бірліктерден тұратыны анықталады: 1) объект – нақты ғылым зерттейтін, ғылыми таным бағытталған нәрсе. Мысалы, тіл білімінің нысаны тілдің дамуының негізгі заңдылықтары, мәні, қоғамдағы қызметі мен қолданысы т.б.; 2) субъект – нақты зерттеуші, ғылыми қызметкер, ғылыми ұйымның, мекеменің маманы; 3) субъектілердің ғылыми іс-әрекеті, шындық өмірдің заңдарын анықтау және объективті шындыққа қол жеткізу үшін қолданған нақты тәсілдері, операциялары, әдістері. Ғылыми білімдер жиынтығы теория мен идеяларда, эмпирикалық (тәжірибеге негізделген) ғылыми фактілерде, заңдарда, болжамдарда, ұғымдарда көрініс табады, кітаптарда, журналдарда және тағы да басқа басылым түрлерінде жарияланады. Алдыңғы ұрпақтардан бастап жүйеленген осы тәжірибе мен ғылыми білімнің бірқатар белгілері болады, олардың негізгілері мыналар: 1) жалпылық, яғни ғылыми іс-әрекеттің нәтижесі, ғылыми білімнің жиынтығы тек қана бір елге ғана емес, бүкіл адамзатқа ортақ жетістік болып саналады; 2) ғылыми фактілердің тексерілетіндігі; білім жүйесі әрбір фактінің шынайылық деңгейін тексере алған жағдайда ғана ғылыми деген атауға лайық бола алады; 3) құбылысты қайта жасау, қайталау мүмкіндігі, бұл тексерумен тығыз байланысты; табиғаттың белгілі бір заңының болуы, егер зерттеуші қандай да бір әдіс арқылы басқа ғалым ашқан құбылысты қайталай алса, дәлелденеді, ал ашылған жаңалық ғылыми білімдер жүйесіне енеді; 4) білімдер жүйесінің орнықтылығы; білімнің жылдам көнеруі жинақталған материалдың өз деңгейінде терең өңделмегенін немесе ұсынылған тұжырымның нақты емес екеніндігін көрсетеді. XVІІ ғасырда ағылшын философы Ф. Бэкон Д. Дидро, Ж. Даламбер, П. Гольбах, Ш. Монтескье, Ф. Вольтер, Ж. Руссо сияқты француз ағартушылары қабылдаған ғылымның алғашқы жіктемесін дайындады. Барлық бар және мүмкін болатын ғылымдарды Ф. Бэкон адамзат ақыл-ойының үш қабілетіне сәйкес бөлді: жадқа (ес) - тарих, қиялға – поэзия сәйкес келді, ақылға – адам мен табиғат туралы ғылым ретіндегі философияны жатқызды.

Қазіргі ғылымның жіктемесі әртүрлі белгілер бойынша жүргізіледі: - білім саласы бойынша: жаратылыстану ғылымдары (табиғат туралы), қоғамдық (қоғам туралы), техникалық (табиғи құбылыстар мен денелерді мақсатты түрде техникалық нысандарға айналдыру, қоғамның өндірістік жүйесінде механикалық нысандардың қолданысы туралы); - ғылыми пән бойынша: математика, физика, материалдар кедергісі, теориялық механика және т.б.; - ғылыми іс-әрекеттің нәтижесі бойынша: басылымдар (кітаптар, мақалалар), патенттер, конструкторлық әзірлемелер т.б. Ғылыми іс-әрекет, ғылыми жұмыс немесе ғылыми еңбек – бұл жаңа ғылыми білімді алуға, меңгеруге, өңдеуге және жүйелеуге бағытталған, нәтижелері төмендегідей негізгі белгілермен сипатталатын шығармашылық іс-әрекет: 1) жаңалығы мен сонылығы; 2) бірегейлігі мен қайталанбастығы (ғылыми іс-әрекеттің нәтижелері сериялық болуы мүмкін емес, қайталанған жұмыс өзінің жаңалығын жояды, сондықтан зерттеушіден зерттеу нысаны мен пәні туралы мәліметінің болуы міндетті талап болып табылады). 3) ықтималдық сипаты мен қауіп (ойлаған зерттеу жұмысың сәтті аяқтала ма және оның нәтижесі сен күткендей бола ма, оны алдын ала болжау өте қиын); 4) дәлелділік, яғни ғылыми жұмыстың нәтижелерінің сенімділігі және оларды қайталау мүмкіндігі.

Ғылымдардың классификациясы. Ғылыми іс-әрекет төмендегідей жіктеледі: - мақсатқа арналуы бойынша: теорияны дамыту, жаңа техниканы ойлап табу, технологияларды жетілдіру және т.б.; - ғылыми жұмыстардың түрлері бойынша: іргелі, қолданбалы зерттеулер, әзірлемелер; - зерттеу жұмыстарының ауқымы бойынша: ғылымдағы бағыт, ғылыми мәселе, ғылыми тақырып, ғылыми сұрақ;

- зерттеу әдісі бойынша: теориялық, эксперименталды, аралас.
Адам іс-әрекетінің саласына қатысты ғылыми ұйымдар төмендегідей жіктеледі:

- өндірістік емес салаға Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым Академиясына кіретін академиялық институттар, жалпы ғылыми және гуманитарлық бейіндегі ғылыми-зерттеу институттары, сонымен бірге өндірістік бейіні жоқ жоғары оқу орындары (медициналық, заңгерлік және т.б.); - өндірістік салаға барлық салалық институттар жатады – жобалау және конструкторлық бюролар, ғылыми-өндірістік кешендер және бірлестіктер, техникалық жоғары оқу орындары. Қозғалмалы материяның төменнен жоғарыға қарай дамуына байланысты Ф.Энгельс механика, физика, химия, биология, әлеуметтік ғылымдар деп бөлді. Осы материя қозғалысының формасының төменнен жоғарыға қарай принципіне Б.М.Кедровтың ғылымдарды жіктеуі негізделеді. Ол материяның қозғалыс формасының негізгі алты түрін ажыратты: субатомдық-физикалық, химиялық, молекулярлық-физикалық, геологиялық, биологиялық және әлеуметтік. Қазіргі кезде танымның саласы, пәні және әдісіне байланысты ғылымдар төмендегідей бөлінеді: Оқу-әдістемелік бөлімнің ғылыми-әдістемелік кеңесі жасаған Жоғары білімнен кейінгі білім берудің магистрлік бағдарламаларының (маманданудың) тізіміндегі мамандықтар мен бағыттардың классификаторында білім беру бағыты төмендегідей көрсетілген: 1) жаратылыстану ғылымы және математика (механика, физика, химия, биология, топырақтану, география, гидрометеорология, геология, экология және т.б.); 2) гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар (мәдениеттану, дінтану, филология, философия, лингвистика, журналистика, кітаптану, тарих, саясаттану, психология, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтану, аймақтану, менеджмент, экономика, өнер, дене тәрбиесі, сауда, агроэкономика, статистика, заңтану және т.б.); 3) техникалық ғылымдар (құрылыс, полиграфия, телекоммуникация, металлургия, тау-кен ісі, электроника және микроэлектроника, геодезия, радиотехника, сәулет және т.б.); 4) ауылшаруашылық ғылымдары (зоотехника, ветеринария, агроинженерия, орман ісі, балық аулау және т.б.). Бұл классификаторда техникалық және ауылшаруашылық ғылымдары бөлек топқа бөлінген, ал математика жаратылыстану ғылымдарына енгізілмеген. Ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатурасында төмендегі ғылым салалары көрсетілген: физика-математикалық, химиялық, биологиялық, геологиялық - минералогиялық, техникалық, ауылшаруашылық, тарих, жер туралы ғылымдар, экономикалық, философиялық, филологиялық, географиялық, заңтану, педагогикалық, медициналық, фармацевтикалық, ветеринарлық, өнертану, сәулет, психологиялық, әлеуметтік, саясаттану, мәдениеттану. Ғылым жіктелісінің басқа да түрлері бар. Мысалы, ғылымның тәжірибемен байланысына қарай іргелі (теориялық), яғни дүниенің объективті және субъективті негізгі заңдарын түсіндіретін және тәжірибеге тікелей бағытталмаған түрі, қолданбалы, яғни техникалық, өндірістік, әлеуметтік-техникалық мәселелерді шешуге бағытталған түрі ажыратылады. Статистикалық жинақтарда әдетте төмендегідей ғылым секторларын көрсетеді: академиялық, салалық, жоғары оқу орындары және зауыттық. Қаржыландыру көздері бойынша ғылыми зерттеулер бюджеттік, шаруашылық келісімді және қаржыландырылмайтын деп жіктеледі.

Бюджеттік зерттеулер ҚР бюджеттік қаражатынан қаржыландырылады. Шаруашылық келісімді зерттеулерді шаруашылық келісімшарт бойынша тапсырыс берген мекеме немесе ұйым қаржыландырады. Қаржыландырылмайтын зерттеулер ғалымның бастамасы бойынша, оқытушының жеке жоспары бойынша орындалуы мүмкін. Арналған мақсатына қарай зерттеулер іргелі, қолданбалы, бір пән аясында, пәнаралық, аналитикалық және кешенді болып бөлінеді. Іргелі ғылыми зерттеулер – қоршаған орта, адамның дамуы мен қызметі, қоғам құрылысының негізгі заңдылықтары туралы жаңа білімді алуға бағытталған эксперименталды немесе теориялық іс-әрекет. Мысалы, іргелі зерттеулер қатарына құқықтық мемлекеттің қызметі мен қалыптасу заңдылықтары туралы зерттеулерді немесе қылмыскерліктің дүниежүзілік, аймақтық ағымы туралы зерттеулерді жатқызуға болады. Іргелі зерттеулер табиғаттың жаңа заңдары мен құбылыстарын ашуға және зерттеуге, зерттеудің жаңа принциптерін жасауға бағытталады. Іргелі зерттеулердің мақсаты – жаңа заңдарды ашу, құбылыстардың арасындағы байланысты табу және жаңа теорияларды жасау. Іргелі зерттеулер нақты оң нәтиже алу жағынан келгенде қаупі аз және анық емес болып келеді, оның ықтималдығы 10 пайыздан аспайды. Мұндай зерттеулер белгілі мен белгісіздің шекарасында жүргізіледі. Осыған қарамастан, іргелі зерттеулер ғылымның дамуын және қоғамдық өндірістің негізін құрайды. Қолданбалы ғылыми зерттеулер – жаңа білімді практикалық мақсатқа жету және нақты міндеттерді шешу үшін қолдануға бағытталған зерттеулер. Басқаша айтқанда, олар іргелі зерттеулер нәтижесінде алынған ғылыми білімді адамдардың практикалық іс-әрекетінде қолдану мәселесін шешуге бағытталады. Қолданбалы зерттеулер өндіріс құралдарын, тұрмыстық заттарды және т.б. жаңадан жасау немесе бұрын барларын жетілдірумен айналысады. Қолданбалы зерттеулер, атап айтқанда, техникалық ғылым саласындағы зерттеулер іргелі зерттеу нәтижелерінде алынған білімді «заттандыруға» бағытталады. Техника саласындағы қолданбалы зерттеулер әдетте табиғатпен тікелей байланысты болмайды. Олардың зерттеу нысандары - машиналар, технологиялар немесе ұйымдастыру құрылымдары, демек, жасанды табиғат деген сөз. Қолданбалы зерттеулердің практикалық бағыты мен нақты мақсаты олардан күтілетін нәтиженің жоғары болатындығын, яғни 80 – 90 пайыздан кем емес нәтиже беретіндігімен сипатталады. Қолданбалы зерттеулер нәтижесіндегі негізгі ғылыми ұғымдардан техникалық ұғымдар жасалынады. Бір пән аясындағы зерттеулер жеке ғылымдар шеңберінде жүргізіледі. Пәнаралық зерттеулер әр түрлі ғылым саласының мамандарының қатысуын талап етеді және бірнеше ғылыми пәннің тоғысында жүргізіледі. Кешенді зерттеулер әдістер мен әдістеме жүйесінің көмегімен жүргізіледі, мұнда ғалымдар зерттелініп отырған нысанның маңызды өлшемдерінің барынша мүмкін болатын сандарын алуға ұмтылады. Бір факторлы, немесе аналитикалық зерттеулер зерттелініп отырған нысанның зерттеушінің көзқарасы бойынша, барынша маңызды бір аспектісін анықтауға бағытталады. Зерттеулерді оларды жүргізу мақсатына қарай бірнеше типтерге бөлуге болады. Бірінші типіне ізденушілік зерттеулер жатады. Бұларға ешкім көтермеген немесе ешкім мұндай әдіспен шешпеген мәселені шешуге ұмтылған зерттеулерді жатқызуға болады. Кейде осындай зерттеулерді «түрту әдісі» зерттеулері деп те атайды: «Былай көрейік, мүмкін бір нәрсе шығар». Мұндай ғылыми жұмыстар аз зерттелінген сала бойынша жаңа нәтижелерді алуға бағытталады. Екінші тип — сыни зерттеулер. Олар бұрынғы теорияларды, үлгілерді, болжамдарды, заңдарды және т.б. теріске шығару мақсатында немесе баламалы екі болжамның қайсысы шындықты дәлірек болжайтындығын тексеру үшін жүргізіледі. Сыни зерттеулер теориялық және эмпирикалық білімдер қоры мол жиналған салаларда және сынақ жүргізудің мақұлданған әдістемесі қалыптасқан салаларда жүргізіледі. Ғылымдағы зерттеулердің көпшілігі нақтылау мақсатында жүргізілетін зерттеулерге жатады. Олардың мақсаты - теория фактілер мен эмпирикалық заңдарды болжайтын шекараны анықтау. Әдетте, алғашқы сынақ үлгілерімен салыстырғанда зерттеу жүргізудің жағдайы, нысаны, әдістемесі өзгеріске ұшырайды. Міне осымен бұрын алынған теориялық білімнің қандай салаға қатыстылығы анықталады. Соңғы тип - қайталама (воспроизводящие) зерттеулері. Оның мақсаты — алдыңғы ғалымдардың сынақтарынан алынған нәтижелердің дұрыстығын, сенімділігін және шынайылығын анықтау үшін оны дәлме-дәл қайталап өткізу. Кез келген зерттеудің нәтижесі құзіреттілігі сәйкес болатын басқа ғылыми қызметкер тура сондай сынақ жүргізгенде қайталануы тиіс. Сондықтан да жаңа заңдылықты ашқаннан кейін, жаңа әдістемені жасағаннан кейін және т.б. бұрынғы бірінші жаңалық ашқан ғалымдардың нәтижесін тексеруге бағытталған қалпына келтіру қайталама зерттеулерінің саны көбейе түседі. Қалпына келтіру зерттеулері барлық ғылымның негізін құрайды. Ғылыми-техникалық ақпарат. Қазіргі заманғы ғылым зерттеулер нәтижесінде алынған жаңа ғылыми мәліметтер ағынының көптігімен сипатталады. Жыл сайын дүние жүзінде әр түрлі сұрақтар бойынша 500 мыңнан аса кітаптар жарыққа шығады. Журналдар одан да көп басылады. Бірақ, осыған қарамастан, ғылыми-техникалық ақпараттың үлкен бөлігі жарыққа шықпай жатады. Ақпаратқа көнеру қасиеті тән. Бұл жаңа басылған немесе басылмаған ақпараттың пайда болуымен немесе аталған ақпаратқа деген қажеттіліктің төмендеуімен түсіндіріледі. Кейбір мәліметтер бойынша ақпарат құндылығының жылдам төмендеуі (көнеруі) шамамен газет үшін күніне 10 пайыз, журнал үшін айына 10 пайыз, кітап үшін жылына 10 пайызды құрайды. Демек, белгілі бір тақырып бойынша жаңаны, алдыңғы қатарлы идеяны, ғылыми тұжырымды іздеп табу бір ғана ғылыми қызметкерге емес, бүтін бір үлкен ұжымға қиын міндет болып табылады. Дүниежүзілік ақпаратты аз пайдалану зерттеулердің қайталануына әкеліп соғады. Қайталанып алынған мәліметтер саны ғылыми-техникалық шығармашылықтың әртүрлі саласында 60 пайызды, кейде 80 пайызды құрайды. Ал бұл шығынды, мысалы, АҚШ жыл сайын көптеген миллиард долларға бағалайды. Соңғы төрт онжылдықта алынған жаңа ғылыми мәліметтер саны екі-үш есеге көбейіп дүние жүзінде басылған және қолжазба ақпараттардың көлемінің сегіз, он есеге өскенін және ғылыммен айналысатын адамдар санының он бес, жиырма есеге артқанын, ғылымға және оның нәтижелерін игеруге қаржының бөлінуі жүз еседен асқанын көрсетеді.

Ақпаратты тасымалдаушы әр түрлі құжаттар болуы мүмкін:
Бұл құжаттар үлкен ақпараттық ағын құрайды, олар жыл сайын көбейіп отырады.

Ақпарат ағынын жоғары (восходящий поток) және төмен (нисходящий поток) деп ажыратады. Жоғары — бұл ақпарат ағынының тұтынушыдан тіркейтін органдарға қарай жылжуы. Ғылыми-техникалық жұмысты орындаушы (ҒЗИ, ЖОО және т.б.) жұмыс жоспары бекітілген соң бір ай мерзімінде ҒТА ҰО-на ақпараттық картаны тапсыруы тиіс. Өрлеу ағынына сонымен бірге әр түрлі журналдарға берілген мақалалар да жатады. Төмен — бұл ақпарат ағынының библиографиялық, реферативті және тағы да басқа түрдегі шолулармен төменде тұрған ұйымдардың сұраныстары бойынша берілетін ақпарат түрі. Ақпаратты жинауды сақтауды және беруді ақпараттық-анықтамалық қор (ААҚ) жүзеге асырады. ААҚ-да ақпаратты сақтаудың белгіленген тәртібі қалыптасқан. Негізгі және анықтамалық қорлар бар. Негізгі қор (кітаптар, журналдар, аудармалар, есептер және т.б.) ақпарат түрі бойынша әліпбилік ретпен сөрелерге орналастырылады. Диссертациялар, есептер, жобалық материалдар және басқа көлемді құжаттар 200 және одан да кішірейтіліп микрофильмге түсіріледі. Көлемі 150 бет болатын есеп немесе диссертация диаметрі 35 мм болатын контейнерге орналастырылады. Микрокарталар да өте ыңғайлы (105x148 мм). Бір картаға 80 беттен астам мәтін орналастырылады. Ақпараттық қор — негізгі қордың қосымша ақпараттық құжаттары. Ол негізінен библиографиялық және реферативті карточкалардан тұрады (125x75 мм), жылжымалы жәшіктердегі каталогтарда сақталады. Ақпараттық қор негізгі картотекалардан (ААҚ мәліметінде сақталған барлық басылған және басылмаған құжаттардан тұрады), каталогтар және карточкалардан тұрады. Әліпбилік каталог бойынша ААҚ кез келген ақпаратты автордың, редактордың аты-жөнімен немесе түпдеректердің атауымен тауып алуға болады. Жүйелілік каталогынан әр түрлі ғылым саласы бойынша ақпараттарды алуға болады. Қажетті ақпаратты іздеуді жылдамдату үшін каталогқа әліпбилік пәндік көрсеткіш кілті тіркеледі. Мерзімді басылымдардың тіркеу картотекасында ААҚ мәліметінде сақталған журналдар, жинақтар, бюллетеньдер туралы ақпараттар болады (жылы және нөмірі бойынша). Патенттер мен авторлық куәліктерді өнертабыстар сипаттамасының картотекасынан табуға болады. Стандарттардың картотекаларында әр түрлі нормативті құжаттар - стандарттар, нормалар, ТШ, уақытша нұсқаулар және т.б. болады. Қажетті ақпаратты іздеу жыл сайын күрделеніп барады. Сондықтан барлық ғылыми қызметкерлер ақпараттық іздеумен байланысты негізгі ережелерді білуі тиіс. Ақпаратты іздеу — тақырыпты ашуға қажетті құжаттарды іздестіруге бағытталған операциялардың жиынтығы. Іздеу қолмен жүргізілуі мүмкін (әдеттегі библиографиялық карточкалар, картотекалар, басылған нұсқаулықтар бойынша жүргізіледі), механикалық іздеу (ақпаратты тасымалдаушы перфокарталар болып саналады), механикаландырылған іздеу (сандық-перфорациялық машиналарды қолдануға негізделген) және автоматтандырылған (ЭЕМ пайдалану).

Ғылымның өндіріспен байланысы. Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі мақсаты өндірістің тиімділігін арттыру және халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту болып табылады. Ғылыми-техникалық жаңалықтың материализациялануы мен өнімдерді сериялық шығару нәтижесі өндірістік күшке айналғанда аталған мақсатқа қол жеткізуге болады.

Іргелі зерттеулердің (ІЗ), қолданбалы зерттеулердің (ҚЗ) және қоғамдық «бастамалардың» алғашқы сатысы негізінен тек шығындар әкеледі. Жаңа үлгілерді енгізу (игеру) - бұл өте маңызды үдеріс. Бұл өндірістің кез келген өнімін шығарудың міндетті кезеңі, бірақ оның экономикалық құндылығынан гөрі, ақпараттық құндылығы басым болады. Жаңалықты өндіріске ішінара енгізу фактісі ғылыми идеяның сәттілігін көрсетеді және оны конструктивтік және технологиялық жағынан зерттей түсуді талап етеді. «Игеру» сатысында әдетте бірінші маңызды экономикалық тиімділікке қол жеткізіледі. Егер ғылыми зерттеулер осы сатыға дейін ғана жететін болса, онда ғылым қоғамға зиян әкелген болар еді. Жаңалық тек «тарату» сатысында ғана тиімділік әкеледі, және ол өзіне кеткен шығыннан барынша көп және өзінің қамтыған аумағымен ғылымды өндірістік күшке айналдыра отырып, ұлттық кірістің өсуіне ықпал етеді. Сондықтан да жаңалықты «алғашқы» енгізу мен оны жаппай тарату, оларды сериямен шығару ұғымдарының аражігін ажыратып алу керек. Техникалық прогресс ескіні жаңартып, жаңа материалдар мен технологияларды жасаумен қатар жүріп отырады. Техниканың дамуы, қоғамның қажеттілігінің өсуі өндіріс нысандарының моральдық ескіруіне және оның өнімдерінің қысқаруына әкеледі. Тақырыптардың экономикалық тиімділігін бағалау. Белгілі бір ғылыми-зерттеу ұйымы үшін ғылыми зерттеудің тақырыптарын талдау оның қажеттілігін анықтап, жан-жақты баға беруге мүмкіндік береді. Дегенмен тақырыптарды жоспарлау кезінде барынша болашағы бар, экономикалық жағынан тиімді тақырыптарды таңдау қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда әзірлеменің халық шаруашылығына қажеттілігін бағалау сандық өлшемдермен, оның ішінде ең қарапайымы - экономикалық тиімділік өлшемі арқылы анықталады. Экономикалық тиімділік ғылыми зерттеудің болашағының маңызды өлшемі болып табылады. Десе де халық шаруашылығына барынша маңызды тақырыптарды таңдау кезінде аталған өлшемдер жеткіліксіз болады, басқа көрсеткіштерді анықтайтын қосымша талдауды қажет етеді. Мұндай жағдайда жоғары білікті мамандардан (әдетте 7-ден 15 адамға дейін) арнайы құрылған топ сараптама жүргізеді. Олардың көмегімен тақырыптардың ерекшелігі, бағыты немесе кешенділігіне байланысты бағалау көрсеткіштері анықталады. Болашағы бар және басым тақырыптар ретінде сарапшылардың көп қолдауын тапқан тақырыптар есепке алынады. Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау. Халықаралық келісімдерде зияткерлік меншік деп адамның жеке немесе ұжымдық шығармашылық іс-әрекетінің барлық нәтижелеріне деген құқығын айтады. Мамандардың айтуынша, көптеген елдерде қорғалатын зияткерлік меншік ғылыми-техникалық, мәдени және тағы басқа қоғам дамуының барлық саласындағы прогрестің барынша мықты тірегі болып табылады. Кәсіпорын саласы үшін өндірісте қолданылатын ақыл-ой еңбегінің нәтижесі болып саналатын өндірістік меншік барынша маңызды болып келеді. Зияткерлік меншіктің белгілі бір формадағы әртүрлі түрлері дүние жүзінің көптеген елдерінде 100 жылдан астам уақыттан бері қорғалып келеді, бірақ зияткерлік меншіктің басты түрлерін қорғауға қатысты маңызды халықаралық келісімшарттар тек өткен ғасырдың соңына таман пайда болды. Өндірістік меншік нысандарын (өнертабыстар, өндірістік үлгілер, тауар белгілері т.б.) қорғауға арналған Париж конвенциясы 1883 жылы 20 наурызда Парижде құрылған және жалпы зияткерлік меншікті қорғау жүйесінде ең маңызды құжаттардың бірі болып саналады. Егер бұл Конвенцияның алғашқы қатысушылары тек 11 мемлекет болса, қазір дүние жүзінің 135 астам елі мойындап отыр. 1967 жылы 14 шілдеде Стокгольмде «Зияткерлік меншіктің дүниежүзілік ұйымын құру Конвенциясына» (ЗМДҰ/ВОИС) қол қойылды. 1974 жылы ЗМДҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемесі мәртебесін алды. Қазіргі кезде Конвенцияға 170 астам мемлекет қатысады (бұл дүние жүзі елдерінің 90 пайызын құрайды).

ЗМДҰ төмендегідей негізгі мақсаттарды көздейді:

– барлық дүние жүзіндегі мемлекеттер арасында ынтымақтастық жолымен зияткерлік меншікті қорғауға ықпал ету;

–зияткерлік меншікті қорғау саласы бойынша халықаралық одақтардың ынтымақтастығын қамтамасыз ету.

Зияткерлік меншік авторлық құқықты қорғауға және өндірістік меншікті қорғау туралы заңнамаға қатысты нысандарды қамтиды. Бұл ғылыми шығармаларға, әдебиеттерге және өнерге (қолжазбалар, электронды мәліметтер базасы, бағдарламалар, суреттер, фотокадрлар, мүсіндер, макеттер, ғимараттар, дыбыс және бейне жазбалар) сонымен бірге өндірістік меншікке (өнертабыс патенттері, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер, өсімдік сұрыптары, микросхемалардың интегралдық топологиясы және тауар белгілеріне куәліктер және т.б.) берілген авторлық құқық жатады. Өнертабыстар мен пайдалы үлгілерге патенттер. Көлік техникасы саласы үшін авторлық құқықты куәландыратын және оны пайдалануға айрықша құқық пен басымдық беретін маңызды құжаттарға өнертабыстар мен пайдалы үлгілердің патенттері жатады. Өнертабыстық деңгейі бар және өндірісте қолданылатын жаңа техникалық шешім өнертабыс деп танылады. Егер өнертабыс барлық мәліметтер бойынша басымдыққа ие техника деңгейіне белгісіз болса, онда ол жаңа деп танылады (яғни, өнертабысқа дүниежүзілік жаңалық талабы қойылады). Егер ол ғылыми-техникалық ақпарат көздеріне тікелей тәуелді болмаса және техниканың қазіргі даму деңгейіне сәйкес келсе, өнертабыстың өнертабыстық деңгейі болады. Егер өнертабыс өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және басқа да қызмет салаларында дайындалса немесе қолданылса, онда ол өнеркәсіптен қолданыс табады. Өнертабыс нысандарына құрылғылар, тәсілдер, заттар, микроағзалардың түрлері, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларын өсіру, бұрыннан белгілі құралдарды, тәсілдерді, заттарды, микроағзалардың түрлерін жаңаша сипатта қолдану жатады. «Құрылғы» өнертабыс нысанының ерекше белгісі ең алдымен, конструкциялық бірліктердің болуымен сипатталады. Мұндай өнертабыста нысанның қалай құрылғаны, оның бірліктерінің арасындағы байланыстар туралы ақпараттар, олардың өзара орналасуына, түріне, өлшемдеріне және т.б. сипаттама беріледі. «Тәсіл» өнертабыс нысанын сипаттау үшін материалдық нысанға әсер ететін белгілер қолданылады. «Зат» өнертабыс нысанының негізгі белгісі сапалық (ингредиенттік) құрамы болып табылады. Штамм – бұл бізді қоршаған орта (топырақ, су т.б.), сонымен бірге адам немесе жануарлар ағзасының микрожасушыларын өзінің табиғи ортасынан бөліп алып өсіруді айтады. Алынған штамм түрлері өздерінің қабілеттеріне қарай адамға пайдалы заттарды жасауға кеңінен қолданылады.

Өнертабыс нысандарына жатпайтындар:

Өнертабыс ұғымын техникалық және заңнамалық тұрғыдан түсіндіруге болады. Техникалық мағына өнертабыстың жай ғана айтылған идея емес, алға қойылған міндеттерді техникалық шешу жолымен нақты пайда әкелетін жетістіктің нәтижесі екендігімен түсіндіріледі. Бұл үшін нақты техникалық белгілердің болуы қажет, мысалы, «Құрылғы» үшін құрылғылық, «Тәсіл» үшін іс-әрекеттің белгісі және т.б. Заңгерлік мағына патент алуға қабілеттілік белгілерінің болуын білдіреді: жаңалығы, өнертабыстық деңгейі, өнеркәсіптік қолданысы. Пайдалы үлгілер нысанына өндірістік құралдар мен тұрмыстық заттарды, сонымен бірге олардың бөлшектерін құрастыру, жасау жатады. Осыған сәйкес, оған тән белгілерге құрылғылық бірліктердің болуы, демек, «Құрылғы» өнертабысына тән белгілердің болуын айтамыз. Пайдалы үлгілер ұғымының техникалық мәні дегеніміз осыдан көрінеді. Заңгерлік мағына жаңалық, өнертабыстық деңгей, өнеркәсіптік қолданысты қамтитын патент алуға қабілеттілік белгілерімен сипатталады. Демек, өнертабыспен салыстырғанда пайдалы үлгілерде өнертабыстық деңгей белгісі болмайды. Өнертабыстың, пайдалы үлгінің авторы тек қана шығармашылық еңбекпен айналысатын жеке тұлға (нақты адам) ғана бола алады, егер мұндай адамдар бірнешеу болса, олар қосавтор болып саналады. Патент алушы адам – өнертабысына, пайдалы үлгісіне патент берілген жеке немесе заңды тұлға. Олар: 1) авторлар; 2) өнертабыс, пайдалы үлгі тіркелмес бұрын өтініште көрсетілген кез келген жеке немесе заңды тұлға; 3) жоғары аталған тұлғалардың құқықтық мұрагері (мысалы, мұрагерлері). Өнертабыстар, пайдалы үлгілердің басымдығы әдетте патент беретін органдарға қалыптасқан үлгі бойынша жазылған өтініштің түскен күні бойынша тағайындалады. Осы күн өнертабыстың жаңалығын анықтау кезінде ескеріледі. Пайдалануға айрықша құқық патент алушы адамның келісімінсіз өнертабысты, пайдалы үлгіні ешкім қолдана алмайды дегенді білдіреді. Айрықша құқық патент алушы адамға төмендегідей мүмкіндіктер береді: Өнертабыс патенті 20 жылға жарамды болады, ал пайдалы үлгі патент беретін органдарға өтініштің түскен күнінен бастап 5 жылға дейін жарамды болады, онымен қоса пайдалы үлгіге патентті тағы да 3 жылға создыру мүмкіндігі қарастырылған. Осыған сәйкес, патенттің жарамдылық мерзімі шектелген. Сонымен бірге патент қай елде берілсе, сол ел аумағында ғана жарамды болады.

2.2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі ұғымдары

Ғылыми зерттеу – объективті шынайлықты, шындық дүние құбылыстарының арасындағы заңдылықтар мен байланыстарды тану үдерісі. Таным адам санасының, ойының білмеуден білуге, толық емес немесе нақты емес білімнен толық немесе нақты білімге қарай ұмтылу үдерісін білдіретін күрделі үдеріс. Бұл нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды, олардың құрылымы мен байланысын жан жақты зерттеуге бағытталған іс-әрекет, сонымен бірге адам үшін алынған пайдалы нәтижелерді алу және тәжірибеге енгізуді де қамтиды.

Ғылыми зерттеудің нормативті үдерісі төмендегідей сипатталады: Жаңа білім ғылыми болжам, жорамал ретінде туындайды, сол арқылы алынған мәліметтерге талдау жасалынып, түсіндіріледі. Болжамдарды ұсыну, шындықтың үлгісі мен теориясын құрастыру – бұл интуитивтік және шығармашылық үдерістер болып саналады. Олар теорияны ғылыми тәжірибеде сынақтан өткізудің сыртында тұрады. Осындай көзқарас тұрғысынан қарастырылатын эксперимент дәлелденбеген жорамалдарды жинау, бақылау, сұрыптау әдісі болып қана есептеледі. Жаңа білім басқа жолдармен алынады: эмпирикалық — бақылау, ал теориялық — интуитивтік жорамалдарды ұтымды өңдеу әдісі арқылы алынады. Әдістен басқа ғылыми зерттеудің тағы да міндетті құрамдас бөлігі бар - ол болжам, түсіндіру және әдістің өзін анықтайтын мәселе, тақырып «шеңбері».

Кез келген ғылыми зерттеудің өзінің пәні мен нысаны болады.

Ғылыми зерттеудің нысаны дегеніміз ол материалдық немесе идеалдық жүйесі. Пәні – бұл жүйе құрылымы, сол жүйе ішіндегі немесе одан тыс бірліктердің өзара байланысу заңдылықтары, даму, түрлі қасиеттерінің, сапаларының және т.б. заңдылықтары. Демек, мысалы, лингвистикалық зерттеулерде зерттеу нысаны белгілі бір тілдің паремиясы (мақалдары мен мәтелдері) болуы мүмкін, зерттеу пәні - паремиялардың семантикалық жүйесі, паремиялардың синтаксистік құрылысы, паремиялардың ішкі формасы, олардың шығу тарихы т.б. Ғылыми зерттеудің нысанын дұрыс таңдаудың маңызы зор. Зерттеу нысанын таңдау зерттеу тақырыбына, алға қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты болады. Зерттеу нысанын таңдауға қойылатын негізгі талаптардың бірі оларды сандық және сапалық мәліметтермен қамтамасыз етумен анықталады. Ғылыми зерттеудің тақырыбына қойылатын талаптар. Ғылыми зерттеудің тақырыбы зерттелетін мәселенің құрамдас бөлігі болып саналады.Тақырып бойынша зерттеу нәтижесінде зерттелінетін мәселені қамтитын бірқатар ғылыми сұрақтарға жауап алынады. Тақырып кешендері бойынша алынған жауап нәтижелерін қорытындылау ғылыми мәселені шешуі мүмкін. Ғылыми сұрақтар деп әдетте ғылыми зерттеудің нақты тақырыбына қатысты ұсақ міндеттерді атайды. Ғылыми зерттеудің тақырыбын, мәселесін, бағытын таңдау және ғылыми мәселені қоя білу аса жауапты міндеттердің бірі болып табылады. Зерттеудің бағыты зерттеуші жұмыс істейтін ғылым саласының, ғылыми мекеменің ерекшелігімен анықталады. Сондықтан да ғылыми бағытты таңдау көп жағдайда өзі жұмыс жасағысы келетін ғылым саласымен сәйкес келіп жатады. Зерттеу бағытын нақтылау қоғамдық қажеттілікке деген өндірістік сұраныстардың жағдайын зерттеу нәтижесі мен зерттеудің нақты бір бағытының сол кезеңдегі жағдайымен анықталады. Ғылыми зерттеудің тақырыбы мен қарастыратын мәселелерін таңдау кезінде ең алдымен зерттелінетін бағыттың қайшы тұстарын талдау негізінде мәселе және күтілетін нәтиже жалпы сипатта анықталады, содан кейін мәселенің құрылымы жасалады, тақырыптары, сұрақтары анықталады, олардың өзектілігі көрсетіледі.

Зерттеу тақырыбының әрқайсысы төмендегідей талаптарға жауап беруі тиіс: 1) өзекті болу (өзектілік – мәселені жылдам шешудің қажеттілігін, маңыздылығын айқындайды); 2) ғылыми жаңалығы болу (яғни, ғылымға өз үлесін қосу); 3) практикалық құндылығы болу. Теориялық танымның құрылымдық компоненттері. Таным теориясында зерттеудің екі деңгейін бөліп көрсетеді: теориялық және эмпирикалық. Зерттеудің теориялық деңгейі танымның логикалық әдістерінің басымдығымен сипатталады. Бұл деңгейде алынған фактілер зерттеледі, логикалық ұғымдар, ой қорытындысы, заңдар мен басқа да ойлау формаларының көмегімен өңделеді. Мұнда зерттелінетін нысандар ойша талданады, қорытындыланады, олардың мәні, ішкі байланыстары, даму заңдары ашылады. Бұл деңгейде таным сезім мүшелерінің көмегімен де жүзеге асуы мүмкін, бірақ ол негізгі болып есептелмейді. Теориялық танымның құрылымдық компоненттеріне мәселе, болжам және теория жатады. Мәселе – бұл шешу жолдары белгісіз немесе толық белгілі емес күрделі теориялық немесе практикалық міндет. Мәселелерді дамыған және дамымаған (мәселе алды) деп ажыратады. Дамымаған мәселелер төмендегідей белгілермен сипатталады: 1) олар белгілі бір тұжырым, теория негізінде пайда болады; 2) бұл күрделі, қалыптан тыс міндеттер; 3) олардың шешімі таным кезінде туындаған қайшылықтарды жоюға бағытталады; 4) мәселені шешу жолдары белгісіз.

Дамыған мәселелерді шешу жолдары барынша нақты нұсқаулықтармен беріледі. Болжам – бұл белгілі бір салдарды туындататын себепті дәлелдеуді және тексеруді талап ететін, құрылымдық бірліктердің ішкі және сыртқы байланыстарының сипаты және зерттелініп отырған нысанның құрылымы туралы жорамал.

Ғылыми болжам төмендегідей талаптарға жауап беруі тиіс: 1) релеванттылық, яғни ғылыми болжам жасауға негіз болған фактілердің сәйкес келуі; 2) сынау жолымен тексеруге болатындығымен, бақылау мәліметтерін салыстыру немесе эксперимент жасау (тексеруге келмейтін болжамдар ғана алынбайды); 3) қалыптасқан ғылыми біліммен сәйкестігі; 4) түсіндіру күшінің болуы, яғни болжамдардан оны дәлелдейтін кейбір фактілер, салдарлар шығуы керек. Барынша көп фактілер шығатын болжамдардың түсіндіру күші көп болады. 5) қарапайымдылық, яғни болжам қандай да бір қиындық немесе субъективтіліктен аулақ болуы тиіс. Болжамдар сипаттамалы, түсіндірмелі және болжалды болып бөлінеді. Сипаттамалы болжам – зерттелініп отырған нысанның жеке элементтері арасындағы байланыстың сипаты, нысанның маңызды қасиеттері туралы жорамал. Түсіндірмелі болжам – себеп-салдарлы тәуелділік туралы жорамал. Болжалды болжам – зерттеу нысанының даму заңдылықтары мен ағымдары туралы жорамал. Теория – белгілі бір ғылым саласын толық және дәл бейнелейтін логикалық ұйымдасқан білім, білімдердің концептуалдық жүйесі.

Оған төмендегідей сипаттар тән: 1.      Теория рационалды ойлау іс-әрекетінің бір түрін білдіреді. 2.      Теория – шынайы білімнің бүтін жүйесін құрайды. 3.      Ол тек фактілердің жиынтығын сипаттап қоймай, оларды түсіндіреді, яғни құбылыстар мен үдерістердің пайда болуы мен дамуын, олардың ішкі және сыртқы байланыстарын, себептері мен басқа да тәуелділіктерін және т.б. анықтайды. 4.      Теориядағы барлық тұжырымдар мен қорытындылар негізделген және дәлелденген болады. Теориялар зерттеу пәні бойынша жіктеледі. Осының негізінде теорияны әлеуметтік, математикалық, физикалық, химиялық, психологиялық, этикалық және т.б. деп ажыратады. Теорияларды басқаша жіктеу де кездеседі. Қазіргі ғылымның әдіснамасында теорияның төмендегідей құрылымдық бірліктерін бөліп көрсетеді: 1) шығу негіздемесі (ұғымдар, заңдар, аксиомалар, принциптер т.б.); 2) идеалданған нысан, яғни шынайы құбылыстың қандай да бір бөлшегін үлгілеу, зерттелініп отырған құбылыс пен заттың маңызды қасиеттерін анықтау; 3) теорияның логикасы – дәлелдеу ережелері мен тәсілдерінің белгілі бір жиынтығы; 4) философиялық бағдар мен әлеуметтік құндылықтар; 5) аталған теориядан алынған заңдар мен ережелердің жиынтығы. Теорияның құрылымын ұғымдар, ой қорытындысы, заңдар, ғылыми ережелер, ілімдер, идеялар және басқа бірліктер құрайды. Ұғым – белгілі бір заттар мен құбылыстардың маңызды және қажетті белгілерін бейнелейтін ой. Категория – заттар мен құбылыстардың барынша маңызды қасиеттері мен қатынастарын бейнелейтін жалпы, іргелі ұғым. Категориялар философиялық, жалпы ғылыми және жекелеген ғылым салаларына қатысты болып бөлінеді. Ғылыми термин – ғылымда қолданылатын ұғымдарды белгілейтін сөздер немесе сөз тіркестері. Белгілі бір ғылым саласында қолданылатын ұғымдар (терминдер) жиынтығы сол ғылымның ұғымдық аппаратын құрайды.

Пайымдау – бір нәрсені құптайтын немесе жоққа шығаратын ой.

Принцип – теорияның негізгі шығу ұстанымдары, басты идея. Принциптер теориялық және әдіснамалық болып бөлінеді. Аксиома – бастапқы, дәлелденбейтін ұстаным және одан белгіленген ереже бойынша басқа ұстанымдар шығады. Заң – құбылыстардың, үдерістердің арасындағы тұрақты және қажетті, ішкі, маңызды, шынайы байланыс. Заңдар түрлі негізде жіктелуі мүмкін. Мәселен, шынайы дүниенің негізгі салалары бойынша табиғат, қоғам, ойлау және таным заңдары; іс-әрекет көлемі бойынша жалпыға бірдей, жалпы және жеке заңдар болып бөлінеді.

Заңдылық – бұл: 1) көптеген заңдар күшінің жиынтығы; 2) әрқайсысы жеке заңды құрайтын маңызды, қажетті жалпы байланыстардың жүйесі. Ілім – шынайы дүние құбылыстарының бір саласы бойынша теориялық ережелердің жиынтығы.

Идея – бұл: 1) оқиға немесе құбылысты жаңа интуитивті түсіндіру; 2) теорияның өзекті, анықтаушы ұстанымы. Тұжырым – ғылыми идеялардан құралған теориялық көзқарастар жүйесі. Теориялық тұжырымдар көптеген құқық нормалары мен институттарының мазмұны мен өмір сүруіне ықпал етеді. Зерттеудің эмпирикалық деңгейінің құрылымы. Зерттеудің эмпирикалық деңгейі сезімдік танымның (сыртқы дүниені сезім мүшелері арқылы тану) басымдығымен сипатталады.Теориялық таным түрлері бұл деңгейге тән, бірақ қосалқы мағынаға ие. Зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлерінің өзара байланысы мынадан көрінеді: 1) теорияның немесе болжамның практикалық негізін фактілердің жиынтығы құрайды; 2) фактілер теорияны бекітеді немесе оны жоққа шығарады; 3) ғылыми факт теорияның негізін құрайды, өйткені ол ұғымдар жүйесінсіз құрыла алмайды, теориялық ұсыныссыз түсіндірілмейді; 4) қазіргі ғылымда эмпирикалық зерттеу алдын ала анықталып, теория арқылы толықтырылып отырады. Зерттеудің эмпирикалық деңгейінің құрылымын фактілер, эмпирикалық жалпылаулар және заңдар (тәуелділік) құрайды.

«Факт» ұғымы бірнеше мағынада қолданылады: 1) шынайы дүниеге (шындық дүние фактісі) немесе таным мен санаға (сана фактісі) қатысты объективті құбылыс, нәтиже; 2) шынайылығы дәлелденген қандай да бір құбылыс, оқиға туралы білім (шындық, ақиқат); 3) бақылау мен эксперимент барысында алынған білімді тіркейтін сөйлем.

Эмпирикалық жалпылау – белгілі бір ғылыми фактілер жүйесі.

Эмпирикалық заңдар құбылыстардың бірізділігін, бақыланып отырған құбылыстардың арасындағы байланыстың тұрақтылығын бейнелейді. Бұл заңдар теориялық білім болмайды. Шынайы дүниенің маңызды байланыстарын бейнелейтін теориялық заңдарға қарағанда, эмпирикалық заңдар байланыстардың үстірт деңгейін бейнелейді. Ғылыми әдебиеттермен жұмысты ұйымдастыру. Ғылыми қолжазбаны дайындау кезінде ойды жеткізудің анықтығымен, материалды берудің жүйелілігі мен бірізділігімен қатар рәсімдеуге қойылатын белгілі бір талаптарды сақтау қажет. Қолжазба мәтінін азат жолдарға бөлу керек. Бұлай бөлудің өлшемі мағына болып табылады. Дұрыс бөлу қолжазбаны оқуды және мазмұнын қабылдауды жеңілдетеді. Қолжазбада қайталаулар болмауы тиіс, алғашқы ой аяқталмастан жаңа ойға көшіп кетуге жол берілмейді. Қолжазбадағы дәйексөздердің сілтемелері нақты берілуі тиіс. Барлық көмекші материалдарды қосымша ретінде берген дұрыс. Ғылыми жұмыстың нәтижелерін рәсімдеу. Кез келген ғылыми жұмыс бірқатар құрамдас бірліктерден тұрады. Оларға қойылатын негізгі талаптарды санамалап көрсетеміз. Жұмыстың атауы қысқа, нақты, зерттеудің мазмұнына жауап беретін болуы тиіс, өйткені сол бойынша ғылыми жұмыс кітапхана каталогында жіктелетін болады. Мазмұны негізгі тарауларды, бөлімдерді, тараушаларды және т.б. қолжазбаның құрылымдық бірліктерін белгілеу арқылы оқырмандарды жұмыстың қысқаша мазмұнымен таныстыруға арналады. Кейде ғылыми жұмысты рәсімдеуде алғысөз жазу қажеттігі туындайды. Онда ғылыми еңбекті жазуға деген сыртқы алғышарттар көрсетіледі: оның пайда болу себептері, жұмыс қашан және қайда орындалды, осы жұмысты орындауға ықпал еткен ұйымдар мен жеке тұлғалар атап өтіледі. Кіріспеде автор қарастырылатын мәселелерге шолу жасауы тиіс. Онда мәселенің маңызы, оның өзектілігі, автордын ғылыми жұмысты жазуда алдына қойған мақсаты мен міндеттері, сол кезеңдегі мәселенің жағдайы анықталады. Кіріспеден кейін қарастырылып отырған сұрақ бойынша әдебиеттерге қысқаша шолу жасалады, онда мәселенің зерттелу деңгейіне сипаттама беріледі және аталған тақырып бойынша ғылыми құжаттардың жалпы құрылымындағы ұсынылып отырған жұмыстың орны туралы жазылады. Жұмыстың негізгі мазмұнына материалдар, әдістер, эксперимент мәліметтері, зерттеудің қорытындысы мен тұжырымдары кіреді. Қабылдауды жеңілдету үшін мәтінде суреттер берілуі мүмкін. Атап айтқанда, сандық материалдарды сызбалар, диаграммалар, кестелер түрінде берген дұрыс. Тұжырымдар жұмыстың соңында қорытынды материал түрінде қысқаша жекелеген тезис түрінде берілуі тиіс. Онда мынадай принципті ұстану керек: жекеден жалпыға қарай және маңызды ережелерге назар аудару. Тұжырымдар жұмыста мазмұндалған материалға жауап беруі тиіс, басты назар автор қол жеткізген жаңа нәтижелерге аударылу керек. Қорытындыда ғылыми жұмыстың барынша маңызды ережелері беріледі. Аталған бағыт бойынша ғылыми зерттеулермен таныс адам қорытындыны оқи отырып, жұмыстың сапалық мәнін анық түсінуі тиіс (жұмыстың әдістемелік және нақты сандық аспектілерінсіз), болашақ зерттеулердің мүмкін бағыттары туралы белгілі бір қорытындылар жасай алуы тиіс. Жұмыс соңында мәтінде көрсетілген реттік нөмірі бойынша пайдаланылған әдебиеттердің дереккөздерінің тізімі беріледі. Нөмір әдебиеттердің мәтінде көрсетілген ретіне немесе авторлардың тегі бойынша әліпбилік ретке (егер авторлардың саны үштен көп болса, тізімге әдебиетті атауы бойынша орналастырады) сәйкес келуі тиіс. Әрбір әдеби дереккөзді жазуда (кітаптар, журналдар, мақалалар және т.б.) әдетте, авторлардың тегі, аты-жөні, еңбектің атауы, басылған орны және жылы, бет көлемі көрсетіледі. Қажет болған жағдайда жұмыс соңында қосымшалар беріледі, оған көмекші кестелер, сызбалар, қосымша мәтіндер және тағы да басқа материалдар енгізіледі. Әрбір материалға, кестеге, сызбаға өз алдына жеке реттік нөмір беріліп, мәтінде қосымша материалдарға сілтеме жасалғанда көрсетіледі. Көбінесе жұмыс мәтінінің негізінде аңдатпа немесе реферат дайындауға тура келеді. Аңдатпа – шығарманың түрі, негізгі тақырыбы, жұмыстың нысаны мен мақсаты және оның нәтижелері көрсетілген ғылыми жұмыстың қысқаша сипаттамасы. Аңдатпаның негізгі қызметі – таныстыру. Онда аталған шығармада қарастырылған сұрақтар беріліп, оның қандай оқырмандар категориясына арналғандығы жазылады. Аңдатпаны жазу кезінде ырықсыз етіс формасы («қарастырылды», «талқыланды», «зерттелді» немесе «қарастырылған», «зерттелген», «дәлелденген» және т.б.) қолданылады. Оның орташа көлемі - 500 баспа таңба. Аңдатпа кітаптарға, кітапшаларға, баспалардың тақырыптық жоспарларына және т.б. жазылады (кітаптарда аңдатпа әдетте титул беттен кейінгі бетке орналастырылады). Реферат ғылыми жұмыс мазмұнының негізгі мәліметтері мен тұжырымдарын қысқаша баяндаудан тұрады. Рефератта оның атауы (әдетте, негізгі құжаттың атауымен сәйкес келетін) және мәтіні болады. Рефераттың мәтіні тақырыпты, пәнді, жұмыстың сипаты мен мақсатын, жұмысты жүргізу әдістерін, оның нақты (теориялық, эксперименталдық, сипаттамалық) нәтижелерін, оның ішінде жаңа және тексерілген фактілерге, практикалық мәселелерді шешуге арналған маңызды, ұзақ мерзімді нәтижелерге, жаңалықтарға, сондай-ақ тұжырымдарға, жұмыстың қолданылу саласының сипатына назар аударылады. Рефераттың орташа көлемі жазылып отырған құжаттың көлеміне байланысты белгілер мен қысқа хабарламалар үшін - 500; көпшілік мақалалар мен патенттер үшін – 1000; үлкен көлемдегі құжаттар үшін – 2500 баспа таңбаларынан аспауы тиіс. Аңдатпамен салыстырғанда рефераттың негізгі қызметі танымдық болып табылады, сондықтан да онда кез келген грамматикалық формада берілген фразалар болуы мүмкін. Рефераттар реферативті журналдарда, ақпараттық карталарда және т.б. көрініс табады. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша рәсімделетін негізгі құжат ғылыми-техникалық есеп болып табылады. Ғылыми-техникалық есепте зерттеудің міндеттері мен алынған нәтижелері қысқаша баяндалған аңдатпа мен реферат, зерттелініп отырған мәселе бойынша отандық және шетелдік жетістіктердің сипаттамасы берілген кіріспе және есеп мәтіні берілуі тиіс. Есептің мәтіні мыналардан тұрады: міндеттерді анықтау, техникалық тапсырмаларды жасау, міндеттерді шешудің танымал тәсілдерін талдау, міндеттерді шешудің әдістерін таңдауды негіздеу, эксперимент есептері мен нәтижелері, зерттеу үдерісінде алынған теориялық және эксперименттік мәліметтерді талдап және салыстырып тұжырымдар жасау, нәтижелерді бағалап және олардың қолданылуына нұсқау бере отырып қорытынды жасау. Ғылыми құжаттар мен басылымдар. Ғылыми құжат – ғылыми-техникалық ақпараттан тұратын және оны қолдану мен сақтауға арналған материалдық нысан. Ақпараттың берілу тәсіліне қарай құжаттар былайша ажыратылады: 1) мәтіндік (кітаптар, журналдар, есептер және т.б.), 2) графикалық (сызулар, кестелер, диаграммалар), 3) аудиовизуалды (дыбыс жазбалар, кино- және бейнефильмдер, компакт-дискілер), 4) машина оқитын (мысалы, микросурет тасымалдаушылар немесе электронды –дискеталардағы немесе CD) және т.б. Барлық ғылыми құжаттар біріншілік (ғылыми зерттеулер мен зерттемелердің нәтижелері, жаңа ғылыми мәліметтер немесе белгілі идеялар мен фактілерді жаңаша түсіндіруден тұратын) және екіншілік (бір немесе бірнеше алғашқы құжаттарды немесе олар туралы мәліметтерді аналитикалық-синтетикалық және логикалық қайта өңдеу нәтижелерінен тұратын) болып бөлінеді. Біріншілік те (первичные), екіншілік те (вторичные) құжаттар жарыққа шыққан (басылған) және басылмайтын болып бөлінеді. Ақпараттық технологиялардың дамуымен бұл шектеу өз маңызын жойып отыр. Біріншілік жарыққа шыққан ғылыми құжаттардың қатарына кітаптар (көлемі 48 беттен асатын мерзімді емес мәтіндік басылымдар) және брошюралар (көлемі 4 беттен асатын, бірақ 48 бетке жетпейтін мерзімді емес мәтіндік басылымдар) жатады. Олар ғылыми, оқу, ресми-құжаттық, ғылыми-көпшілік болып және ғылым салалары, ғылыми пәндер бойынша ажыратылады. Кітаптар мен кітапшалардың (брошюралардың) арасында бір тақырыпты немесе бір мәселені жан-жақты зерттеген, бір немесе бірнеше авторларға тиесілі монографиялардың, сонымен бірге бір немесе бірқатар авторлардың шығармаларынан тұратын ғылыми еңбектер жинағы, рефераттар және әр түрлі ресми немесе ғылыми материалдардың маңызы орасан зор. Оқу мақсаты үшін оқулықтар мен оқу құралдары (оқу басылымдары) шығарылады. Бұл ғылыми және қолданбалы сипаттағы жүйеленген мәліметтерден тұратын, білім алуға және оқытуға ыңғайлы формада жазылған мерзімді емес басылым. Ғылыми-техникалық ақпараттың барынша жедел дереккөзіне белгілі бір уақыт аралығында жыл сайын нөмірмен үздіксіз жарыққа шығып тұратын мерзімді басылымдарды жатқызуға болады. Мерзімді басылымдардың дәстүрлі түрлеріне газеттер мен журналдарды жатқызуға болады. Сонымен бірге мерзімді басылымдар қатарына материалдардың жиналуына қарай жинақталатын институттардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми қауымдастықтың «Еңбектер», «Ғылыми хаттар», «Хабарлар» сияқты жалпы атаумен жарыққа шығатын еңбектерін де жатқызуға болады. Олар мерзімді емес басылымдар болып саналады, материалдардың жинақталуына орай шыға береді. Техникалық басылымдардың арнайы түріне ғылыми-техникалық деңгей мен шығарылған өнімнің сапасын анықтайтын нормативті-техникалық құжаттарды (стандарттар, нұсқаулықтар, типтік ережелер, әдістемелік нұсқаулар және т.б.) жатқызады. Стандарт – стандартталатын нысанға қойылатын нормалар, ережелер, талаптар кешенін белгілейтін және құзіретті органдар бекіткен нормативті-техникалық құжат. Мазмұнына байланысты стандарттарда техникалық шарттар мен талаптар, өлшемдер мен көлемдер, типтер, конструкциялар, маркалар, сұрыптар, қабылдау ережелері, бақылау әдістері, пайдалану және жөндеу ережелері, типтік технологиялық үдерістер және т.б. беріледі. Мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың, мекемелердің атынан жарыққа шыққан заңнамалық, нормативтік немесе директивтік сипаттағы материалдар ресми құжаттар деп аталады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда жаңалық, өнертабыс және басқа да өндірістік меншік, сонымен бірге өнертапқыштардың құқын қорғау туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар жиынтығынан тұратын патенттік құжаттардың маңызы зор. Патенттік құжаттардың анықтық, дұрыстық деңгейі жоғары болады, өйткені ол жаңалығы мен пайдалылығына жете сынақтан өтеді. Біріншілік жарияланбайтын ғылыми құжаттардың негізгі түрлеріне ғылыми-техникалық есептер, диссертациялар, депозиттелген қолжазбалар, ғылыми аудармалар, конструкторлық құжаттар, өткізілген ғылыми-техникалық конференциялар, симпозиумдар, семинарлар туралы ақпараттық хабарламалар жатады. Олар қажетті данада көбейтіліп, басылым ретінде пайдаланылады. Жарияланбайтын құжаттардағы ақпараттың құндылығы басылған құжаттардағыдан басым болғандығына байланысты ғылыми-техникалық ақпарат органдары және оларды жасаушылар жаңа ақпараттық құралдардың көмегімен бұл құжаттарды шұғыл түрде таратуға тырысады. Екіншілік басылған құжаттар мен басылымдар анықтамалық, шолу, реферативтік және библиографиялық болып бөлінеді. Анықтамалық басылымдарда (анықтамалықтар, сөздіктер) теориялық қорытындылардың, әр түрлі көлемдегі және олардың мағыналары, өндірістік сипаттағы материалдардың нәтижелері беріледі. Шолу басылымдары белгілі бір тақырып бойынша алғашқы дереккөздердің көпшілігінен белгілі бір уақыт аралығында алынған мәліметтерді логикалық қорытындылау және жүйелеу, таңдау нәтижесінде алынған маңызды ақпараттан тұрады. Шолулар аналитикалық (ақпаратқа дәйектелген баға беруден, оны қолдануға арналған нұсқаулықтан тұратын) және реферативтік (сипаттама түріндегі) шолулар деп ажыратылады. Реферативтік басылымдар (реферативтік журналдар, реферативтік жинақтар) біріншілік құжаттардың қысқаша мазмұнынан немесе олардың бөліктерінің негізгі шынайы мәліметтері мен тұжырымдарынан тұрады. Егер реферативтік журналдар басылған құжаттардың рефераттарынан тұратын болса, реферативтік жинаққа басылмаған құжаттар туралы мәліметтер және кейбір жағдайда шетелдік зерттеулер туралы мәліметтер енеді. Библиографиялық көрсеткіштер жарыққа шыққан басылымдарды библиографиялық сипаттайтын кітап немесе журнал түрінде болады. Библиографиялық сипаттаудың орналасу принципіне байланысты көрсеткіштер жүйелілік (сипаттама ғылым мен техника саласы бойынша белгілі бір жіктеу жүйесіне сәйкес орналасады) және пәндік (сипаттама әліпбилік ретпен орналасқан пәндік рубрикаға сәйкес маңызды пәндерді санамалап беру ретімен орналасады) болып ажыратылады. Екіншілік басылмаған құжаттарға тіркеу және ақпараттық карталар, диссертацияларды есепке алу карточкалары, депозиттелген қолжазбалар мен аудармалардың, картотекалардың көрсеткіштері (мысалы, «Стандартты емес құрал-жабдықтардың конструкторлық құжаттары»), ақпараттық хабарламалар жатады. Сонымен бірге бұлардың қатарына басылған, бірақ жазылу бойынша ғана таратылатын (мысалы, ғылыми-зерттеу жұмыстары рефераттарының жинақтары) екіншілік құжаттарды да жатқызуға болады. Ғылыми ақпараттың кумулятивтілігі. Ғылыми ақпаратқа кумулятивтілік сипат тән, яғни уақыт өте келе оның көлемінің қысқаруы, мысалы, зертханалық эксперименттің нәтижесі жазылған құжаттан ғылыми есепке, одан мақалаға, шолуға, монографияға, оқулыққа, анықтамалыққа ауысу кезіндегі ақпараттың барынша қысқартылып, ең негізгілерінің берілуін айтуға болады. Аталған әрбір құжатта берілетін ақпарат зерттеу кезіндегіге қарағанда барынша қысқа әрі нұсқа түрде, ең маңызды және өзекті деген тұжырымдары ғана беріліп отырады. Ғылыми ақпаратты осылай беру ақпаратты барынша қысқарту арқылы қол жеткізіледі. Мәтінді қысқарту үдерісінде оның белгілі бір бөлігі алынып қана тасталмайды, керісінше, онда сақталған тірек сөздер арқылы оны толық ашуға болатындай етіп өзгертеді. Сондықтан белгілі бір сұрақты барынша тыңғылықты қарастыру қажет болғанда, кітап, не мақала соңында берілген сілтемелердегі ең ертеректе шыққан ғылыми басылымдарға назар аударған дұрыс.

2.3. Магистрлік диссертация - магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі

Магистрлік диссертация ғылыми шығарма түрі ретінде. Магистрлік диссертация ғылыми мазмұндағы квалификациялық жұмыс болып табылады, онда таңдап алған тақырыпты зерттеу барысы мен нәтижесі бейнеленеді. Ол қазіргі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес болуы керек және оның тақырыбы өзекті болуы тиіс. Магистрлік диссертацияда берілген ережелер, тұжырымдар мен қорытындылар, олардың жаңалығы және маңыздылығы толық беріліп, негізделеді. Осындай жұмыс барысында алынған нәтижелердің жиынтығы оның авторында таңдаған саласы бойынша кәсіби іс-әрекетінде ғылыми жұмыстың алғашқы дағдыларының болуын қамтамасыз етеді. Магистрлік диссертацияда оның авторларының қандай ғылыми дәрежеден үміткерлігіне қарамастан жалпы диссертациялық жұмыстарға тән барлық белгілері болады. Сондықтан диссертацияны сипаттағанда диссертациялық жұмысты ғылыми шығармалардың ерекше түрі ретінде айрықшалап көрсететін белгілерін қарастырған дұрыс. Диссертация ғылыми шығарма ретінде ерекше болып келеді. Ең алдымен, басқа ғылыми шығармалардан айырмашылығы оның ғылымдар жүйесінде біліктілік қызметті атқаратындығымен түсіндіріледі, яғни ол көпшілік алдында қорғау және ғылыми дәреже алу үшін дайындалады. Осымен байланысты оның авторының негізгі міндеті - өзінің ғылыми біліктілік деңгейін көрсету, ең алдымен, ғылыми ізденісті өз бетімен жүргізе білуі және нақты ғылыми міндеттерді шеше білуі. Диссертация диссертанттың жинақталған ғылыми фактілер мен ғылыми құндылығын немесе белгілі бір ұстанымдардың практикалық маңызын дәстүрге немесе сенімге, беделге сүйеніп емес, ғылыми қауымдастық нормалары мен өлшемдері үшін маңыздылық негізінде олардың шынайылығына саналы түрде көз жеткізу жолымен алынған ақпаратты реттеп мәтін және суреттер түрінде бекітеді. Диссертация ғылыми танымның жалпы ғылыми және арнайы әдістерін дәл бейнелейді, олардың әрбір қолданысы жан-жақты негізделіп отырады. Диссертацияның мазмұны берілген мәліметтердің қайталанбайтындығымен, ерекшелігімен, бірегейлігімен сипатталады. Мұнда негізгі мазмұн ретінде жаңа факторларды, құбылыстар мен заңдылықтарды сипаттайтын жаңа материал болып табылады, немесе бұрынғы белгілі тұжырымдарды басқа ғылыми көзқарас немесе мүлдем жаңа аспектіде қарастыру болып табылады. Диссертацияның мазмұны барынша жүйленген түрде ғылыми зерттеудің шығу алғышарттарымен қатар оның барлық жүру барысын және алынған нәтижелерді де қамтиды. Бұл жерде ғылыми фактілерді сипаттап қана қоймай, оларды жан-жақты талдайды, олардың өмір сүруінің типтік жағдаяттарын қарастырады, бар баламалар талқыланады және олардың біреуін таңдау себебі түсіндіріледі. Басқа ғылыми еңбектер сияқты диссертация барысы зерттелініп отырған ғылыми фактілерге деген субъективті көзқарастарды болдырмауы тиіс, диссертация диссертанттың жеке шығармашылығының негізінде қалыптасатын субъективті кезеңдерді жоққа шығара алмайтыны да рас, немесе бұл жерде оның диссертациялық жұмысты дайындаудағы қоғамдық-тарихи жағдаймен байланысты қалыптасқан білімі мен жеке тәжірибесі, көзқарасы т.б. сияқты фактілер үнемі қатысып отырады. Бір ғылыми тұжырымды немесе белгілі бір көзқарасты бейнелейтін диссертация о бастан ғылыми полемикаға жатады, яғни ол сырттай ғылыми пікірталастың бір қатысушы болып есептеледі. Оның мазмұнында таңдап алған тұжырымына сәйкес салмақты және сенімді дәйектер келтіріледі, жан-жақты талданады және оған қарсы пікірлерді дәлелді сынға алады. Дәл осы жерде ғылыми танымның қалыптасқан көзқарасқа және пікірге қатысты сыни көзқарас айту сияқты қасиеті барынша толық көрініс табады. Ал бұл дегеніміз диссертацияның мазмұнында пікірталас тудыратын материалдардың бар екенін анықтайды. Диссертацияның мазмұны ғана ерекше емес, оны мазмұндау формасының да ерекше екенін көруге болады. Әсіресе математика ғылымдарында дерексіздіктің басымдығымен, жаратылыстану және техникалық ғылымдарда математикалық аппаратты, логикалық ойлау құралдарын, компьютерлік әдістеме мен математикалық статистиканы белсенді қолданылатындығымен сипатталады. Диссертация материалдарын мазмұндау ой қорытындысының дәйектілігі мен берілген мәліметтердің дәлдігімен сипатталады. Диссертация авторы біліктілігі жоғары дайындықтағы оқырманға арнай отырып, мәтінге таңбалық аппараттың барлығын (сызбалар, формулалар, таңбалар, диаграммалар, кестелер және т.б.) енгізеді, яғни тек маманға ғана түсінікті «ғылым тілін» жасайды. Диссертация авторы өзі жазып отырған материалдарына баға бермейді. Ғылыми қарым-қатынас нормалары жеке өз пікіріңді таза күйінде айтудан бас тартқыза отырып, ғылыми ақпаратты жеткізу сипатын қатал реттеп отырады. Бұл тұрғыдан келгенде диссертация авторлары «мен» жіктеу есімдігін қолданылмайтын тілдік тіркестерді пайдалануға ұмтылады. Қазір диссертация авторларының көпше түрде және «мен» жіктеу есімдігінің орнына «біз» есімдігін қолданып сөйлеуі жазылмаған ережеге айналғаны белгілі, бұл өз кезегінде авторға өз пікірін белгілі бір адамдар тобының, ғылыми мектептердің немесе ғылыми бағыттардың пікірі ретінде жеткізуіне мүмкіндік береді. Себебі қазіргі ғылым бірігу, ұжымдық шығармашылық, мәселені шешуге деген кешенді көзқарас сияқты ағымдармен сипатталады. «Біз» есімдігі және оның басқа формалары қазіргі ғылыми шығармашылықтың аталған ағымдарын ұтымды жеткізетіні рас. Жалпы алғанда, диссертацияның, жекелеп алғанда, магистрлік диссертацияның негізгі типологиялық сипаты осындай. Магистрлік дайындық бұл докторлық диссертацияға және оны қорғауға апаратын ғылыми-зерттеу жұмысы мен ғылыми-педагогикалық қызметтің алғашқы сатысы болып саналады. Қазіргі жоғары мектеп жүйесінде орындалған магистрлік диссертация толық мағынасында әлі де болса ғылыми шығарма болып есептелмейді, өйткені магистр дәрежесі ғылыми емес, ең алдымен, бастауыш ғылыми қызметкерге тән білік пен дағдының бар екенін және жоғары мектеп түлегінің білім деңгейін көрсететін академиялық дәреже. Салмақты ғылыми-зерттеу жұмыстарын беретін ғылым докторы (және бұрын: ғылым кандидаты) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияға қарағанда, магистрлік диссертация өз алдына жеке ғылыми зерттеу бола тұра, Ресей ғалымдарының пікірінше, бұрыннан белгілі шешімдерді үлгілеу негізінде жасалатын оқу-зерттеу жұмыстарының қатарына жатқызылу керек. Оның ғылыми деңгейі оқу бағдарламасына сәйкес болуы тиіс. Мұндай жұмысты орындау ғылыми мәселені шешуден гөрі, оның авторының өз бетімен ғылыми ізденіс жасап үйренуіне, кәсіби мәселелерді анықтау және оларды шешудің барынша тиімді тәсілдері мен әдістерін білуіне ықпал етуі тиіс. Докторлық диссертациямен салыстырғанда магистрлік диссертацияда оны орындау мен қорғау процедураларында айтарлықтай ерекшелік болады. Егер докторлық диссертацияны орындау барысында алынған негізгі нәтижелер ғылыми басылымдарда жариялануы тиіс болса, магистрлік диссертацияға қатысты бұл талаптар жеңілдетілген. Докторлық диссертацияны қорғауға ұсынған кезде міндетті түрде автореферат қолжазба құқығында басылуы тиіс. Магистрлік диссертацияны қорғауға ұсынғанда автореферат талап етілмейді. Ғылым докторы дәрежесінен үміткер мамандандырылған кеңеске қалыптасқан тізім бойынша қатаң түрде құжаттар тізімін ұсынады. Магистр дәрежесінен үміткер Мемлекеттік аттестациялық комиссияға диссертациялық жұмысты (өзінің ғылыми жетекшісінің пікірімен бірге) және магистрдің кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша жеке жоспарын орындағаны туралы анықтаманы ұсынумен шектеледі. Магистрлік диссертацияны жұрт алдында қорғау процедурасы да барынша жеңілдетілген, ресми оппонент тағайындау талап етілмейді. Мұндай диссертацияға міндетті түрде пікір беріледі. Диссертациялық жұмысты жоспарлау. Кез келген ғылыми жұмыс оны іске асырудың жоспарының болуын қажет етеді. Шығармашылық үдерістің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, мұндай жоспар барлық алдын ала орын алуы мүмкін жағдайлардың барлығын қарастыруы тиіс. Әсіресе магистранттың шығармашылығын жоспарлауға үлкен мән берілуі тиіс, өйткені ол магистрлік диссертация сияқты салмақты ғылыми жұмысты жазуға алғаш қадам басып отыр. Оның жұмысын жоспарлауы зерттеуге қолданатын ерекше көрнекі сызбадан тұратын жұмыс жоспарын құрудан басталады. Мұндай жоспар зерттелетін мәселені бірнеше нұсқада сызба түрінде көрсетуге мүмкіндік беретін жұмыстың алғашқы сатысында қолданылады, бұл ғылыми жетекшіге болашақ диссертацияның жалпы құрылысы мен тарауларына баға беруін жеңілдетеді. Жұмыс жоспары магистранттың ғылыми жетекшісінің тікелей қатысуымен жасалынады және тақырыпты таңдаудан, яғни болашақ ғылыми зерттеу туралы ойлардан басталады. Мұндай пікірдің негізіне болжам, яғни көкейкөз негізінде айтылған жорамал және алдын ала жасалған нұсқасы (яғни, алдын ала түсіндіру мақсатындағы бір нәрсе туралы хабарлама) да жатуы мүмкін. Мәселені осылай қоюдың өзі кейінгі барлық жұмысты жүйелеуге және реттеуге мүмкіндік береді. Жұмыс жоспары алғашында тек зерттеу пәніне жалпылама сипаттама береді, кейіннен мұндай жоспар нақтылануы тиіс, бірақ жұмыстың алдына қойған негізгі міндеттері өзгермеуі тиіс. Жұмыс жоспары еркін формада жасалады. Әдетте таңдап алған тақырыпты зерттеудің ішкі логикасымен байланысты және олардың маңыздылығы мен қажеттілігін анықтайтын бағанға жазылған бөлімдердің тізімінен тұрады. Жоспардың жекелеген бөлімдерін жеке карточкаларға (жолақ қағаздарға) жазған дұрыс. Бұл бірқатар механикалық орын ауыстырулар арқылы аталған зерттеу үшін барынша қисынды және тиімді орналасуын табуға мүмкіндік береді. Жұмыс жоспарының құрамына тақырыптардан басқа, тақырыпшалар, мәтін ішіндегі тақырыпшаларға (мәтін бөліктерінің атауын білдіретін сөздер мен сөз тіркестері) бөлген дұрыс. Бұл диссертациялық жұмыстың әр түрлі тараулары мен бөлімдеріндегі тақырыптардың дұрыс қолданылғандығын бағалауға мүмкіндік береді. Жұмыстың соңғы кезеңдерінде проспект-жоспар құрылады, яғни мұндай жоспар логикалық ретпен орналасқан сұрақтарды реферативті түрде жазуды білдіреді, кейіннен ол барлық жиналған материалды жүйелеуге көмектеседі. Магистранттың жүргізіп жатқан ғылыми зерттеуінің мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігін ғылыми жетекші проспект-жоспардың негізінде бағалайды. Осы жоспар бойынша болашақ диссертация мазмұнының негізгі тұжырымдары, тақырыпты ашу принциптері, оның кейбір бөліктерінің құрылымы мен арақатынасы туралы айтуға болады. Проспект-жоспар диссертацияның тараулары мен бөлімдерін және олардың мазмұнын реферативті түрде беретін жұмыс нұсқасы болып саналады. Проспект-жоспарды жасаудың тағы бір артықшылығы оған жүйелі түрде жаңа мәліметтерді қоса отырып, диссертациялық жұмыстың жұмыстың соңғы құрылымдық-фактологиялық түріне дейін жеткізуге болатындығында жатыр. Магистрант диссертациялық жұмыстың жоспарын құрғаннан кейін белгіленген жұмыстардың логикалық бірізділігі мен ретін анықтап алу қажет. Ұйымдастыру реті кезінде тапсырмалар мүмкіндікке қарай орындалады, ал оларды орындау реті өзгеруі мүмкін, дегенмен жұмыстың белгілі бір кезеңінде олардың барлығы орындалып болуы тиіс. Логикалық бірізділік тапсырмалардың мәнін ашуды талап етеді. Бірінші тарау қарастырылып болмай, екінші тарауға көшіп кетуге болмайды. Кез келген жұмыстан ең негізгісін, ең бастысын табуға үйрену керек, және сол мезетте дәл соған назар аудару қажет. Бұл жоспарланған тапсырмалардың тиімді шешімін табуға мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас ғылыми зерттеудің тактикасымен стратегиясын есепке алу қажеттігіне алып келеді. Бұл дегеніміз зерттеуші жұмысының негізгі идеясын анықтайды, негізгі міндеттерін құрастырады, ойлары мен пікірлерін жүзеге асыру үшін барлық қол жетімді резервтерді анықтайды, қажетті әдістер мен тәсілдерді таңдайды, әрбір іс-әрекеттті орындауға ыңғайлы уақытты белгілейді деген сөз. Бұдан қосымша тапсырмаларға мән бермеу керек деген ойда қалмауымыз керек. Керісінше, ғылыми зерттеудің стратегиясы мен тактикасы жоспардың негізгі тарауларына ерекше көңіл бөлінген кезде оның қосымша тұстары, басқаша айтқанда, «бөліктері» немесе «ұсақ-түйектері» назардан тыс қалып қоймауын талап етеді. Шығармашылық зерттеуде жоспар үнемі қозғалмалы сипатта болады және жұмыстың белгілі бір және нақты ғылыми бағытын сақтай отырып зерттеушінің ойы мен пікірлерінің дамуына кедергі келтірмеуі тиіс. Жоспар мәтінді дайындау үдерісінде табылған жаңа мүмкін болатын аспектілерді оған енгізуге ыңғайлы болуы керек. Жоспарды құрастыру кезінде төмендегідей сұрақтарды жіті ойластыру керек: қарастырып отырған тақырып бойынша не белгілі және нені білу қажет. Ғылыми жетекші болашақ диссертацияның жұмыс жоспарын құруға қатысып қана қоймай, оның авторымен бірге басқа да жұмыстарды атқарады, атап айтқанда: Демек, ғылыми жетекші ғылыми және әдістемелік көмек көрсетеді, жұмыстың орындалуын жүйелі түрде бақылап отырады, белгілі бір түзетулер енгізеді, белгілі бір шешімді қабылдаудың дұрыс/бұрыстығы туралы кеңес береді, сонымен бірге жұмыстың жалпы дайындығы туралы қорытынды береді. Зерттеу тақырыбы мен нысанын таңдау және негіздеу. Диссертацияның тақырыбын таңдаудың маңызы ерекше. Тақырыпты дұрыс таңдау онын жартылай сәтті орындаумен қамтамасыз ету екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Диссертацияның тақырыбы дегеніміз онда айтылатын мәселенің ең негізгісі. Бұл зерттеу міндеттеріне сәйкес ұйымдасқан және таңдап алынған материалдар. Сонымен бірге бұл белгілі бір аспектіде бейнеленген және диссертацияның мазмұнына айналған зерттеу пәні. Магистрлік диссертацияның тақырыптарын жоғары оқу орны анықтайды. Магистранттың диссертация тақырыбын таңдауға, тіпті зерттеудің қажеттілігін негіздеген жағдайда өз тақырыбын да ұсынуға құқығы бар. Диссертациялық жұмыстың тақырыбы магистрлік дайындықтың басында анықталып, бекітілуі тиіс. Ол аталған жоғары оқу орнының кәсіптендіру кафедрасының ұсынысына сәйкес тізімнен таңдалып алынады. Тақырыпты таңдау кезінде таңдап алған ғылым саласының жалпы даму деңгейін, ондағы қол жеткізілген жетістіктерді және ғылыми үйірмелердегі тәжірибе немесе мамандардың ғылыми хабарлама жасаған жиналыстары және т.б. ескерудің маңызы зор. Зерттеушінің психологиялық ұмтылысының маңызы да ерекше орын алады. Біреулері ғылыммен айналысу үлкен шығармашылық күш, бастама және қиялды, ұйымдастыру қабілеті мен кәсіби білімді қажет ететіндігін түсіне отырып, алда кездесетін қиындықтарға іштей дайындалады. Енді біреулері өз-өзіне сенбейді, табиғат пен қоғамда барлығы бұрыннан зерттеліп қойған, оларға қандай да бір аз зерттелген тақырыптар қалған деген сияқты пікірлерді жиі айтады. Ізденушіге диссертацияның тақырыбын таңдауда төмендегі тәсілдер көмектесуі мүмкін: Тақырыпты таңдау кезінде ғылымда аз зерттелген, маңызды сұрақтарды анықтауға көмектесетін арнайы басылымдардағы мақалалар мен аналитикалық шолулармен танысу, сонымен бірге тәжірибелі мамандармен әңгімелесу және кеңес алудың да маңызы зор. Тақырыпты таңдай отырып диссертант өзіне ғылыми жұмыстың мақсаты, нақты міндеттері мен оны жасаудың аспектілері қандай деген сұрақтарды анықтап алуы тиіс. Бұл үшін ұсынылып отырған идеяның, тақырыптың жаңалығы мен өзектілігінің, оның теориялық және практикалық құндылығы неде екенін анықтау қажет. Бұл аталған тақырыпты түпкілікті таңдау мен оған баға беруді барынша жеңілдетеді. Таңдалған тақырып (сонымен бірге диссертанттың ғылыми жетекшісі) оқу орнының ректоры бұйрығымен бекітіледі. Тақырып ғылыми жетекшілік өз дәрежесінде қамтамасыз етілген жағдайда ғана бекітіледі. Диссертанттың ғылыми жетекшісі ретінде әдетте, түлек шығаратын кафедраның профессоры немесе доценті тағайындалады (ғылыми бағыттар тоғысында орындалатын жұмыстар үшін бір немесе екі ғылыми кеңесші тағайындалуы мүмкін). Ғылыми жетекші диссертанттың жұмысына бағыт-бағдар береді, оған ғылыми мәселені шешудің мүмкін нұсқаларын бағалауға көмектеседі, бірақ шешімді қабылдау диссертанттың міндеті болып табылады. Ол орындалған жұмыстың авторы ретінде қабылданған шешімге, алынған нәтижелердің дұрыстығына және олардың дәлдігіне жауап береді. Зерттеудің метатілі. Тілдік фактілерді сипаттау және олардың арасындағы маңызды байланыстарды анықтау үшін зерттеудің тиімді әдістерін жасап қана қоймай, зерттеуге жататын бірліктерді анықтаудың ыңғайлы тәсілдерін табу, алынған нәтижелерді тиімді көрсету, оларды жіктеу және қорытындылау қажет. Өйткені кез келген білім сөзбен немесе басқа таңбалармен бейнеленуі тиіс, таным мен зияткерлік қарым-қатынас үдерістері тиісті метатілмен қамтамасыз етілген жағдайда осы міндеттердің барлығы орындалады. Метатіл дегеніміз басқа тілді сипаттауға арналған және сол үшін қолданылатын тіл, яғни басқа тілдің мазмұны мен формасы нысан болатын тіл. Бұған жекелеген ұлттық тілдер немесе кез келген семиотикалық жүйе жатады. Гректің мета- префиксі «басқа, содан кейін» дегенді білдіреді және ғылыми стильде жиі қолданылады (с-з. метатеория — басқа теорияның қасиетін зерттейтін теория, метаматематика — математикалық дәлелдеудің теориясы). Тіл білімінің метатіліне терминология, кез келген ғылым саласындағы ғылыми әдебиеттерге тән жалпы ғылыми лексика, әріптік таңбалар және жазу жатады. Тіл білімінде қолданылатын және нысанға алынған тілден шамалы ғана өзгешелігі бар ғылыми терминология метатілдің мысалы бола алады. Термин (лат. тіл. termіnus – шекара, шек) – арнайы ғылым немесе іс-әрекет саласындағы ұғымдарды бейнелейтін сөздер немесе сөз тіркестері. Демек, терминологиялық өлшемге ие болу үшін сөз арнайы ғылым саласында қолданылуы тиіс. Терминдер қолданыс аясы бойынша жалпы ғылыми және тарсалалы терминдер болып бөлінеді. Жалпы ғылыми терминдерге жалпы ғылыми ұғымдарды бейнелейтін және барлық ғылым саласында қолданылатын терминдерді жатқызады. Мысалы, оларға жүйе, құрылым, нысан, категория, үдеріс және т.б. терминдерді жатқызуға болады. Тар салалы терминдерге жекелеген ғылым саласында ғана қолданылатын терминдерді жатқызады. Мысалы, математикалық терминдерге қосу, дифференциал, логарифм, тіл білімі терминдеріне қосымша, етістік, баяндауыш және т.б. жатқызуға болады. Жалпы ғылыми және тарсалалы терминдер нақты бір ғылым саласының терминологиялық жүйесін құрайды. Терминге қойылатын негізгі талаптарға қысқалық және оңайлық, бір мағыналылық, жүйелілікті (яғни, терминдік жүйедегі басқа терминдермен үйлесімділік) жатқызуға болады. Тіл білімі терминологиялық жүйесінің кемшіліктерінің бірі терминдердің көптігі және көпмағыналылығы. Мұның басты себебін тіл білімі ғылымында «өзінің» терминологиясын қолданатын әр түрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың санының көптігімен түсіндіруге болады. Сондықтан да тіл білімінде бір емес, бірнеше терминдер жүйесі өмір сүреді деп айтуға болады. Графикалық метатіл кестелерді, сызбаларды, графикаларды, матрицаларды және т.б. қамтиды. Графикалық құралдар көмекші қызмет атқарады және вербалды құралдармен сәйкес келуі тиіс. Кез келген зерттеудің ғылыми деңгейі онда қолданылатын метатілге, оның нақтылығы мен дұрыстығына көп жағдайда тәуелді болады. Метатіл концептуалдық аппараттың анықтығына ғана емес, оның оқырманға түсініктілігіне ықпал етеді, және автордың өзіне де әсер етеді: тілді қиындату арқылы автор өзінің ойлануына кедергі жасайды. Кез келген ғылым ақпаратты өңдеу мен онымен алмасудан тұратын үдеріс болып есептеледі, сондықтан егер автор қолданған терминологияны және жалпы метатілді әріптестері түсінбесе, онда ақпарат алмасу тіптен де мүмкін болмайды, қатты қиындайды, нәтижесінде автордың ғылымға қосқан үлесі құнсызданады. Теориялық ақпаратты жинау. Таңдап алған әдебиеттерді оқу барысында оқылғандарды бағалау өлшемі аталған материалдарды жұмыста қолдану мүмкіндігі болып есептеледі. Дереккөздерді (кітаптар, мақалалар, есептер және т.б.) оқуды екі кезеңмен іске асыру ұсынылады: І кезең – танысу мақсатындағы оқу; ІІ кезең – негізгілерді жазу арқылы оқу. Бірінші кезең – бұл дереккөздермен алдын ала танысу (кітаптар, мақалалар, есептер және т.б.). Танысудың реті төмендегідей: І. Атауы, тақырыбы. ІІ. Авторы немесе авторлары кімдер. ІІІ. Аталған дереккөзді шығарған (құрастырған) мекеме, кәсіпорын немесе баспа. ІV. Басылған, дайындалған, жазылған уақыты. V. Аңдатпасы бар ма. VІ. Мазмұнын оқу. VІІ. Автор, авторлар, мекеме, ұйым тарапынан алғы сөз жазылған ба. VІІІ. Анықтамалық-библиографиялық аппараты (нұсқаулықтар, қосымшалар), кітапқа (мақалаға) қатысты библиография және т.б. Қызыл жолға қарындашпен белгілер жасағанның (егер ақпараттың дереккөзі оқырманның өзінікі болса) немесе қағаздардан қиып белгі салып отырудың (егер дереккөз кітапханадан, ақпараттық орталықтан, мекемеден, кәсіпорыннан уақытша пайдалануға алынған болса) пайдасы көп. Маңызды тезистер, ұғымдар, категориялар мен формулалар белгіленеді. Екінші кезең – негізгі дереккөзді және жазған жазбаларды оқу. Жазба – ақпаратты меңгерудің барынша тиімді жолы. Бұл дереккөз мазмұнын шығармашылық талдауды, ондағы ақпараттың барынша маңызды тұсын анықтауды, осы ақпаратты қысқа түрде жеткізу үшін ең маңыздысын таңдауды білдіреді. Ең бастысы дереккөз мазмұнын есте сақтау емес, оны меңгеру, яғни білімді жинау және кеңейту, толықтыру болып табылады. Осыған сәйкес негізгі тұжырымдарды негіздеу, осы тұжырымдардың арасындағы байланыстарды анықтау үшін пайдалануға болатын дереккөздің логикалық құрылымын түсінуге, ондағы негізгілерді анықтауға күш салу керек. Оқу барысында әр түрлі көңіл алаңдататын (ән, шу, әңгіме және т.б.) нәрселерден аулақ болу керек. Мұндай нәрселер ақпаратты меңгеруге кедергі болады. Әдебиеттерді (әсіресе жаңа мәтінді) өңдеу кезіндегі маңызды факторларға табандылық пен жүйелілік жатады. Мәтінді бір оқығаннан анық түсіну мүмкін емес, оны толық түсіну үшін қайта-қайта оқуға тура келеді. Бірізді, жүйелі, аналитикалық оқу өңделіп отырған материалды меңгеруді жеңілдетеді. Арнайы әдебиеттермен сәтті жұмыс істеуді анықтайтын фактор - өз бетімен жұмыс істеу болып табылады. Әрбір абзац тыңғылықты талданып, алға қойылған мақсатпен сәйкестігі ойластырылуы қажет. Оқығанды өз бетінше талдай білу ғана ой қорытындысының дұрыстығына көз жеткізуге, алынған білімді бекітуге, жаңа ұғымдар мен түсініктерді ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Мәтінді оқығанмен қатар, оны өңдеудің маңызды кезеңдеріне оқығанды есте сақтау да жатады. Есте сақтаудың үш тәсілі бар: мағыналық, механикалық, қайталау. Мағыналық тәсіл мәтін бірліктері жекелеген бөліктерінің арасындағы логикалық байланыстарды есте сақтауға негізделеді. Дегенмен оқу кезінде жекелеген бірліктерді ғана түсіну жеткіліксіз, сонымен бірге бүтін мәтінді, оның мағынасын, бағытын, мәнін есте сақтау қажет. Сондықтан логикалық байланыстарға ерекше назар аудару керек. Еске сақтаудың осындай тәсілінде мәтін есте белгілі бір уақыт бойы сақталады. Біртіндеп ол ұмытыла бастайды. Ақпаратты қабылдағаннан кейінгі сәтте ұмыту үдерісі ерекше жылдам орын алады, уақыт өте келе оның қарқыны баяулайды. Мәселен, орта есеппен жаттағанның 23-25 пайызға жуығы бір күннен соң жоғалады, ал 5 күннен соң 35 пайызы, 10 күннен соң 40 пайызы ұмытылады екен. Есте сақтаудың механикалық тәсілі көп рет қайталауды және оқығанды жаттап алуды қажет етеді. Бұл тәсілдің тиімділігі аз, өйткені мұндай есте сақтау кезінде жекелеген бірліктердің арасындағы байланыс жоғалады. Қайталау – есте сақтау тәсілдерінің ішінде барынша тиімді тәсілдерінің бірі – пассивті (бірнеше рет қайталап оқу) және белсенді (мазмұндай отырып қайталап оқу). Егер жайлап көз жүгірту нәтижесінде кітапты оқудың қажеті жоқ деп шешкен болсаңыз, өзіңіздің библиографиялық карточкаңызға қажетті белгілерді қойып отырған дұрыс (мысалы, «көнерген», «белгілі нәрсені қайталайды» және т.б.). Әдетте, кітапты түгелдей, басынан аяғына дейін оқиды, тек зерттеу тақырыбына қатысты бөліктерін оқу сирек кездеседі. Бірақ қай жағдайда да толықтай оқу талап етіледі. Библиографияны құрастырып алғаннан кейін әдебиеттерді оқу керек. Оны оқу кезінде төмендегідей ережелерді сақтау қажет: қарапайым материалдан күрделі материалға көшу; алдымен жалпы ғылыми әдебиеттермен, содан кейін арнайы, алдымен теориялық, сосын қолданбалы сипаттағы әдебиеттермен, кітаптармен, содан кейін мақалалармен, ең бірінші кезекте жаңа жұмыстармен, сосын ескілерімен, алдымен түпнұсқалармен, содан кейін барып түсіндірмелер мен сыни мақалалармен танысу қажет. Сонымен бірге шаршап тұрғанда кітапты оқуға кірісуге болмайды. Кітапты асықпай, баяу оқу қажет. Жас зерттеушіге таныс емес сөздердің мағынасын түсіну, оқу барысында туындаған сұрақтарды жазып алу, содан соң оларға жауап іздеу, қосалқы сұрақтардан негізгі сұрақтарды ажырата білу қажет. Тараудың (тараушаның) соңына жеткен соң, өзін тексеру мақсатында өзіне шамамен мынадай сұрақтар қоюға болады: тараудың негізгі ойы қандай, бұдан не шығады, жұмыс басқа дереккөздермен келіседі ме, авторға қандай қарсы пікір білдіруге болады? Оқудың алғашқы сатысында мәтінді түсіну мен меңгеруді жеңілдететін кейбір тәсілдерді қолданған дұрыс. Мұндай тәсілдерге мыналар жатады: 1. мәтіннің мазмұнын айту; 2. мәтінді тезис түрінде аудару; 3. материалды жеткізудің логикалық және графикалық сызбасын құрастыру; 4. Қызыл қаламмен сызу (белгілеу) (егер кітап өзінікі болса); 5. күрделі бөлімдерін бөлшектеу. Библиографияға енгізілген дереккөздердің барлығын бірдей оқудың пайдасының жоқтығын тәжірибе көрсетіп отыр. Іргелі зерттеулердің нәтижелерімен таныса отырып, зерттеу тақырыбына қатысты тараулары мен бөлімдерін ғана оқыған дұрыс. Әдебиеттермен жұмыс істеу ғылыми жұмыстың маңызды кезеңі болып саналады. Осы кезеңде зерттеуші көшірмелер жасап, конспектілейді, тезистер жасайды, өзіндік жеке ой толғамдар жасап, оны жазады және т.б. Жазбаларды типі мен формасына қарай ажыратады. Жазбалардың екі түрі болуы мүмкін: нақты және анықтамалық. Нақты ақпарат мыналардан тұрады: көшірмелер, конспект, аңдатпалар, сызбалар, кестелер, көрнекіліктер т.б. Анықтамалық жазбаларда ақпараттың орналасқан жері ғана көрсетіледі. Жазбалардың формасы әр түрлі. Олардың ішінде кең тарағандарына жоспар (қарапайым және кеңейтілген); тезистер (қарапайым және кеңейтілген); резюме (түйін), конспект жатады. Егер жұмысты компьютерлік техниканың көмегімен рәсімдеу қажет болса, онда конспектіні мәтін редакторының бірінде сілтемені көрсете отырып, жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптарға сай теріп жасаған дұрыс болып табылады. Егер мәтінді алғаш рет тергенде талап етілген формат сақталмаса, онда кестелерді, сызбаларды, суреттерді жасағанда қосымша редакциялау жұмыстары талап етіледі, бұл жұмысты дайындаудың еңбек өнімділігін кемітеді, уақытты алады. Ғылымдағы әдеп пен сабақтастық. Ғылым кумулятивті, әр түрлі уақытта және әр түрлі адамдар жасағанды біріктіретін адамзаттың ұжымдық жетістігі болып саналады. Оны бір ұрпақ жасамайды, ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып отыруды талап етеді. Алдыңғы өткен ғылым жетістіктерін құрметтеу қажет. Әрбір зерттеушінің міндеті үздіксіз толығып отыратын әдебиеттер ішінен өзінің қарастырып отырған мәселесіне қатыстысын бөліп алу, не жасалынды және не жасалынуы керек деген мәселені анықтап алу қажет. Соңғы теориялармен таныс екенін ғана көрсетіп қоймай, олардың түп-төркінінен де хабары болуы тиіс. Осындай жағдайда ғана жас зерттеуші өзі жасаған нәрсеге баға бере алады. Ал бұл үшін ғылымның дамуымен байланысты адамгершілік құндылықтар жүйесіне тоқталудың маңызы зор. Мәдениеттің өткенін, оның ішінде басқа көзқарастардағы адамдар мәдениетіне сыни тұрғыдан қарап, оны меңгергенде біздің мүмкіндіктеріміз кеңейіп, толыға түсері сөзсіз. ХХ ғасырдағы тіл білімі тарихында (тіл білімімен ғана шектелеміз, өйткені басқа ғылымдар тарихынан көптеген мысалдар баспасөзде жарияланған) өткеннен, сол уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктерден бас тарту ғылымды тоқырауға ұшыратып, оның дамуына кедергі болғаны туралы оқиғалар аз емес. Сонымен бірге ғылымда өз орныңды басатын болашақ ұрпақ туралы да ойланып, олардың алдында жауапкершілікті сезіну керекпіз. Ғалымның мамандығы мен қызметі оқытушылық қызметімен тікелей байланысты, яғни шындықты іздеу мен мәдениетті тану ғана емес, басқаларды сол мәдениетке баулу, демек болашақ ғылымды ұрпаққа үйретіп, мұра етіп қалдыру дегенді білдіреді. Ғылымды білмеу, соны білсем деген ұмтылыс және шығармашылық жеке тұлғаны қалыптастырады. Ғалымның мамандығы эстетикалық, зияткерлік, этикалық сияқты көптеген рухани құндылықтармен байланысты. Ғылыми үдерістің барлық қатысушыларынан адалдық талап етіледі. Гуманитарлық ғылымдар қоғамның және жеке тұлғалардың рухани дамуы мен денсаулығына жауапкершілікті өз мойнына алады. Жеке тұлғаның үйлесімді дамуы мәдени және материалдық қажеттіліктің өсу балансын анықтайды. Зерттелініп отырған сұрақтың тарихын қазіргі кезеңге дейін қарастыру қажет, бұрын жасалғанға кейінгі авторлар не қосқанын анықтап, белгілі бір идеяның, пікірдің, тұжырымның пайда болуы мен басымдық танытуын анықтауға ұмтылыс жасау керек. Авторларды хронологиялық ретпен қарастырған дұрыс. Ең жаңа, соңғы жарыққа шыққан еңбек міндетті түрде ең жақсы еңбек болады деген ұстаным жоқ. Зерттеуші ғалымдардың ғылымға қандай үлес қосқанын жетік білуі керек, қандай да бір ұғымды немесе идеяны кім бірінші болып ғылымға енгізді, мүмкін басқа атаумен енгізген болар деген мәселелерді білгені дұрыс. Сұрақтың тарихын тақырыпты біртіндеп және бірізділікпен аша отырып берген дұрыс, пікірлерді санамалап беруден аулақ болу керек, әрине ол жеңіл, бірақ ол мәселені толық аша алмайды. Өзінің алдындағы зерттеулердегі пікір алшақтығын қайталап көрсетіп, оны өз тақырыбының өзектілігі осы мәселені шешуге бағытталады және шешеді деп тұжырымдаудан аулақ болу қажет. Пікір алшақтығын туғызып тұрған мәселе неде екенін түсінгеннің маңызы зор. Жалпы алғанда мәселе тереңірек зерттелген сайын онда пікір алшақтығы көп болуы заңды нәрсе. Оның болмауы догматизмнің белгісі болып саналады. Сұрақтың тарихы библиография сияқты бір мақсатқа бағытталған болуы тиіс. Сұрақтың тарихын жазудың соңында автордың тұжырымына барынша жақын тұжырымды беру керек, және автордың тұжырымымен қандай мөлшерде келісетіндігін және не үшін онымен келіспейтінін немесе толықтырып, әрі қарай нақтылай түсетін тұстары мынау деп көрсетуі тиіс. Мәселенің тарихын қарастырғанда автордың қандай бағытқа немесе мектепке қатысты екенін, оның ғылым дамуына қосқан үлесін, орнын көрсеткен дұрыс. Басқа ғылымдардың концептуалдық аппаратын қолданған жағдайда (мысалы, математика, психология т.б.) лингвистердің ішінен алғашқы болып оларды қолданған кімдер және кімдердің еңбектерін пайдаланды дегенді айта кету керек. Сілтеме аппараты. Дәйексөз алу. Мәселе тарихын және әдебиеттерге шолу жасағанда өзімдікі және өзгенікі дегеннің аражігін анықтап алу қажет және сілтеме аппараты мен дәйексөз алуды дұрыс пайдалану керек. Мәселен, кейбір тәжірибесі аз авторлар ғылыми жетекшісінен ұсынылатын әдебиеттер тізімін алып, олардан өздерінің тақырыптарына қатысты барлық ақпаратты көшіріп алады, әдебиеттің атын да атамай бүтіндей беттерімен көшіреді, олар тек жазбасының кейбір байланыстарын ғана сақтауға тырысады. «Өзімдікі» және «өзгенікі» принципін бұзушылардың келесі бір типтерін «бөтен пікірдің пасьянсы» деп атайды, олар «анау мұндай деп жазған, ал мынау анадай деп жазыпты» деген принциппен жазады. Білімнің дамуын көрсететін мәселенің тарихына шолу жасаудың орнына, автордың қандай әдебиеттермен танысқандығын, қалай танысқандығын растайтын қарапайым көшірмелер жиынтығы пайда болады. Жас зерттеуші үлкен көлемдегі әдебиетпен танысқанда оқылғанды сыни тұрғыдан талдаудың орнына, ол әр түрлі авторларға орынсыз сілтеме жасап, олардан дәйексөздер ала береді, өзінің көзқарасын айтуға батылы жетпейді, кей жағдайда өз пікірі туралы ойланбауы да мүмкін. Мұндай көзқарас ғылымды дамытпайды. Мұны компиляция деп атайды. Магистранттар көбінесе өздерінің орынсыз сілтеме жасауын «одан артық айта алмаймыз» деген оймен түсіндіреді. Сілтемелердің көп болуы оқуды қиындатады, стилистикалық және терминологиялық алақұлалыққа әкеледі. Орынсыз сілтеме жасаудың тағы бір себебі адалдықты теріс түсінуден болады. Магистрант өзін плагиатқа айыптаудан қорқады, сілтемелердің көп болуы оның көп оқитындығын білдіреді деп есептейді. Бірақ, ғылыми әдеп зерттеушіден көп нәрсені талап етеді, әрбір жаңа зерттеуді ғылым дамуының жалпы ағынына дұрыс қосуды, әрбір жұмыстың ақпараттық пайдасын және ақпараттық жағынан пайдалы және құнды сілтемелерді, дәйексөздерді жұмысына енгізуді талап етеді. Дәйексөз орынды қолданылуы тиіс. Мысалы, анықтамаға сілтемені оған қосылып пікір білдіру үшін де, оған қарсы пікір айту үшін де берген дұрыс. Көпшілік жағдайда басқа біреудің ойын өз сөзіңмен жеткізу пайдалырақ және алынған дереккөзге сілтеме берілуі тиіс, бірақ ол әрине тырнақшаны алып тастау деген сөз емес. Кейбір ерекше жағдайларда қандай да бір ой сол әдебиетте дәл берілгендігі үшін сілтеме жасалуы мүмкін. Бірақ мұндай дәйексөздерді де шамадан тыс қолданған дұрыс емес. Дәйексөздің орынды қолданылуы оның мәтін ішіндегі орнына байланысты болады. Олар мәселенің тарихын қарастырғанда кеңінен қолданылады, бірақ негізгі бөлімде көп қолдану дұрыс емес, қорытындыда тіпті қолдануға болмайды. Біреудің пікірін өз сөзіңмен жеткізе отырып, ол пікірге өте ұқыптылықпен қараған дұрыс. Сілтеме беру тәртібі ақпарат алу кезінде оны алғашқы дереккөзден тексеру мүмкіндігінің болуын талап етеді. Сілтеме мен дәйексөздің мазмұны бойынша ізденуші міндетті түрде сол пікірмен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін, күдіктің бар екендігін және қарсы пікірді негіздеу қажет. «Мұндай көзқарас дұрыс емес» деген сияқты қарсы пікір білдіру жеткіліксіз, неге дұрыс емес екенін түсіндіру қажет. Ғылымда жалпыға белгілі шындыққа сілтеме жасап, дәйексөз берудің қажеті жоқ. Белгілі бір ойды кім бірінші айтты деген жағдайда ғана сілтеме беруге болады. Сілтемеге өзінің қатынасын білдіруді мынадай тіркестер арқылы беруге болады: «Е.Қапанов атап көрсеткендей,...» немесе «Е.М. Вольфтің пікірімен келіспеуге болмайды, ол былай деп жазады:...». Осындай жағдайда қолданылатын тіркестерді тәжірибелі авторлардан алуға болады. Жалпы нағыз ғалымнан тек ғылыми білімді ғана емес, тілдік білімді де алуға болатынын ұмытпағанымыз дұрыс. Аталған сұрақпен айналысатын көптеген авторлардың ішінен біреуіне ғана сілтеме жасағанда, былай жазады: Қ-з, мысалы,... Магистрлік диссертацияның қолжазбасымен жұмыс. Қолжазбаның жұмыс нұсқасын стандартты жазуға арналған қағаз беттерінде орындаған дұрыс. Мұндай парақтардың бір жақ бетіне ғана жазған дұрыс, мәтін ішіне қиып алып қосу, жабыстыру үшін қажет, қолжазбаны қайта көшіріп отырмайсың. Қолжазбаны парақ беттеріне бір қарағаннан қандай идея, ой негізгі екені түсінікті болатындай етіп орналастырған дұрыс. Мәтіннің негізгі бөліктерін айрықшалап көрсету үшін түсті қаламдар, маркерлер және тағы басқа тәсілдер қолдануға болады. Жазып отырған тақырыптан ауытқып кетпеуді үнемі назарда ұстау қажет. Қандай да бір-екі аспектіні қарастыру нәтижесінде бүтіндей негізгі мәселелер қарастырылмай қалған мәтіндер ғылыми жұмыстарда көп кездеседі. Кіріспеден бастаудың қажеті жоқ. Кіріспені кейінірек жазу керек. Жұмыс тақырыбы бойынша не белгілі, нені қарастыру керектігі туралы ойлану қажет. Осы кезеңде өзіңнің пікірлеріңді толық сөйлемдермен емес, түйін сөздермен жазып отырған дұрыс. Мәтін мазмұнының барынша логикалық бірізділігін анықтап алу қажет. Түрлі нұсқаларды қарастыра отырып, неден бастау керек, содан кейін нені жазу керек деген мәселені шешіп алу қажет. Жұмыстың негізгі бөлігін құрастыруға кіріспес бұрын негізгі бөлікке қандай тұжырымдарды енгізетіндігін анықтап алып, олардың әрқайсысын қысқа абзац ретінде жазып алу керек (жеке парақтарға немесе мәтін редакторында). Негізгі бөлімнің жұмыс нұсқасын ертерек дайындау қажет. Мәтіннің жұмыс нұсқасымен жұмыс ұзағырақ болса, оның деңгейін барынша жақсартуға мүмкіндік туады. Жұмыстың негізгі бөлігінің жартысынан көбін жұмыс нұсқада дайындап алған соң, оның қорытынды бөлімін жазуға кірісу керек. Қорытындыда жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндап шығуға болады. Содан кейін кіріспені жазуға болады, сонда ол мазмұнымен толық сәйкес келеді. Мәтінді өңдеу кезінде әрбір абзац өз алдына жеке ойды білдіретіндей болуға ұмтылу керек. Ең дұрысы абзацтың бірінші сөйлемін оқығанда не туралы айтылатыны түсінікті болу керек. Жұмысты біршама уақытқа жауып қою керек. Мұндай әдіс көлемді жазба жұмыстарын жазғанда өте пайдалы, себебі жазбаға бірнеше күннен кейін оралғанда өзіңнің жазғаныңа сыни көзқараспен қарайсың. Қолжазбаның жұмыс нұсқасын толық өңдеуге кіріспес бұрын ондағы негізгі тұжырымдарды ғылыми жетекшімен талқылап алған дұрыс. Қолжазбаны таза бетке көшіру барлық қажетті материалдар жиналып, қажетті қорытындылар жасалған соң, ғылыми жетекшінің мақұлдауынан кейін жүргізіледі. Содан кейін қолжазба мәтіні мұқият тексеріледі. Әрбір қорытынды және формула, кесте, әрбір сөйлем, жеке сөздер тексеріліп, сыни тұрғыдан бағаланады. Диссертант жұмыстың атауын, оның тарауларының, бөлімдерінің атауы мазмұнымен сәйкес келетіндігін, диссертациялық жұмыстың құрылымын, материалдардың орналасуын және олардың рубрикацияларын қайтадан тексеріп шығады. Өзінің қорғауға ұсынатын ғылыми тұжырымдарының дәйектілігін де қайта тексеріп шыққаны дұрыс. Диссертацияның тілі мен стилі. Диссертациялық жұмыстың тілі мен стилі ғылыми шындықты негіздеу мақсатындағы өзіндік және өзі ұстанатын көзқарасты түсіндіруден тұратын академиялық әдептің ықпалымен қалыптасқан жазбаша ғылыми сөйлеудің бөлігі болып табылады. Ғалымдар арасында жазбаша да, ауызша да қарым-қатынас жасаудың белгілі бір дәстүрі қалыптасқан. Десе де ғылыми сөйлеудің «жазылған заңы» бар екен деп ойлаудың қажеті жоқ. Ғылым тілінің қалыптасқан өзіне тән ерекшеліктері туралы айтуға болады. Жазбаша ғылыми сөйлеудің ерекше сипаты ретінде материалды жеткізудің формальды-логикалық тәсілін айтуға болады. Бұл сөйлеу құралдарының барлық жүйесінде көрініс табады. Ғылыми мазмұндау негізінен шындық болмыс фактілерін зерттеу нәтижесінде анықталған шындықты дәлелдеуді мақсат ететін ой толғамдардан тұрады. Ғылыми мәтінге мағыналық аяқталғандық, бүтіндік және байланыстылық тән. Логикалық байланыстарды білдірудің ең маңызды құралдарына ой дамуының бірізділігін білдіретін арнайы функционалды-синтаксистік құралдар (алдымен, бәрінен бұрын, содан соң, біріншіден, екіншіден, демек, яғни және т.б.), қарама-қарсы қатынасты білдіретін (дегенмен, соған қарамастан, десе де, алайда), себеп-салдар қатынасты білдіретін (сәйкесінше, сондықтан, соның арқасында, соған сәйкес, соның салдарынан, одан басқа, соның себебінен, оның үстіне), бір ойдан екіншісіне өту (.... көшпес бұрын,...назар аударайық, қарастырамыз, тоқталамыз, қарастыра отырып,...тоқталу қажет, қарастыру қажет), қорытынды (сонымен, былайша айтқанда, яғни, қорыта айтқанда, барлық айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады, қорыта келе, былай деп айтуға болады) т.б. жатады. Байланыс құралдары ретінде есімдіктер, сын есімдер және есімшелер (осылар, бұл, осындай, аталғандар, көрсетілгендер т.б.) қолданылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда жоғарыда аталған типтегі сөз тіркестері автордың ойының ауысуына көмектесіп қана қоймай, сонымен бірге мәтінді бөлімдерге сәтті бөлуге ықпал етеді. Мысалы, «....қарастыруға кірісеміз» деген тіркес бөлімнің атауын ауыстыруы мүмкін. Олар айрықшалап көрсетілмеген бөлімшелердің рөлін атқара отырып, шығарманың ішкі бірізділігін түсіндіреді, ол ішкі бірізділіктің ғылыми мәтін үшін маңызы зор. Бүтін мәтін деңгейіндегі ғылыми сөйлеу үшін мақсаттылық пен прагматикалық бағдар негізгі белгілер болып табылады. Осыдан барып диссертациялық жұмыстарда тілдің эмоционалды бірліктері ерекше рөл атқармайтындығы түсінікті болады. Ғылыми мәтін ұзақ уақыт бойы бақылаудың және ғылыми сынақтың нәтижесінде алынған нақты мәліметтер мен фактілерден тұратындығымен сипатталады. Бұл олардың нақты сөздермен берілуін, яғни арнайы терминологияны қолдануды талап етеді. Арнайы терминдер арқылы ғылыми фактілерге, ұғымдарға, үдерістерге, құбылыстарға толық анықтама мен сипаттаманы қысқа әрі нұсқа етіп беруге болады. Қазіргі ғылымда қолданылып жүрген терминдердің саны көркем әдеби шығармалар мен ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздердің жалпы санынан әлдеқайда басым екендігі анықталған. Ғылыми терминнің жәй сөз емес, белгілі бір құбылыстың, заттың мән-мағынасы екенін есте ұстаған дұрыс. Сәйкесінше, ғылыми термин мен оның анықтамасын үлкен ұқыптылықпен таңдау қажет. Бір мәтінде әр түрлі терминологияны араластыруға болмайды, әрбір ғылымның өзіне тән терминологиялық жүйесі болатынын есте ұстау керек. Белгілі бір ғылымда қалыптасқан терминнің орнына кәсіби сөздерді қолдануға болмайды. Кәсіби сөздер ғылыми ұғымның атауы емес, сала мамандары арасында қолданылатын және сол ортаға ғана түсінікті шындық өмірді бейнелейтін шартты таңбалар болып есептеледі. Бұларды сала мамандарының жаргоны деп те атауға болады. Мұндай жаргонның негізінде ғылыми ұғымды тұрмыстық деңгейде түсіну жатады. Ғылыми прозаның синтаксистік бірліктері де ерекше. Ол бір жағынан, мәтін бөліктерінің арасындағы логикалық байланысты білдірсе (мысалы, мыналар сияқты сөз тіркестері: "нәтижелерге қол жеткізу", "талдау көрсеткендей", "алынған мәліметтер негізінде", "айтылғанды талдай келе", "бұдан шығатын..." және т.б.), екінші жағынан, - белгілі бір ұғымды білдіретін терминдер (мысалы, мына фразеологиялық тіркестер мен күрделі терминдер сияқты "жоғары кернеулі ток", "мемлекеттік құқық", "берілістер қорабы" және т.б.) ретінде қолданылады. Ғылыми проза тілінің ерекшелігі экспрессияның болмауынан көрінеді. Осыдан шығып бағалаудың басым түрі анықталатын сөзге тән белгілерді атап өту болып табылады. Сондықтан сын есімдердің көпшілігі терминологиялық тіркестердің бір бөлшегі болып келеді. Ғылыми мәтінде салалас құрмалас сөйлемдерге қарағанда, сабақтас құрмалас сөйлемдер жиі кездеседі. Бұл бағыныңқы құрылымдардың себеп, салдар, мезгіл, мекен, шарттылық және т.б. қатынастарды білдіретіндігімен, сонымен бірге сабақтас құрмалас сөйлемдердің салаласқа қарағанда жекелеген бөліктері өзара тығыз байланыста болатындығымен түсіндіріледі. Салалас құрмалас сөйлемдердің бөліктері бір біріне тәуелсіз, тізбек құра байланысады, оларды қайтадан топтастыру жеңіл болады. Диссертациялық жұмыстың мәтінінде жақсыз, белгісіз жақты сөйлемдер фактілерді, құбылыстарды, үдерістерді сипаттау кезінде қолданылады. Атау сөйлемдер тараулардың, бөлімдердің, тараушалардың, суреттер, сызбалар, диаграммалардың жазбаларын жазғанда қолданылады. Жазбаша ғылыми сөйлеу тілінде келесідей стилистикалық ерекшеліктер болады. Мазмұндау шынайылығы — ғылыми шындықты ашуға ұмтылған ғылыми танымның ерекшелігінен шығатын мұндай сөйлеудің негізгі стилдік белгісі. Міне осыдан барып ғылыми жұмыс мәтінінде мәліметтің шынайылық деңгейін көрсететін қыстырма сөздер мен сөз тіркестері кездеседі. Осындай сөздердің арқасында қандай да бір фактіні шынайы етіп жеткізуге болады (әрине, сөз жоқ, шындығында), болжалдап айту (солай сияқты, солай деп жорамалдаймыз), мүмкін болатын (мүмкін, ықтимал). Материалды мазмұндаудағы шынайлықтың міндетті шарты мәліметтің дереккөзі қандай, аталған ойды, пікірді кім айтқан, осы тұжырым нақты кімге тиесілі дегендерді көрсету болып табылады. Мәтінде осы мәліметтерді келтіру үшін арнайы қыстырма сөздер мен сөз тіркестерін пайдалану керек (айтуы бойынша, берген мәліметі бойынша, берілген мәліметтер негізінде, біздің пікірімізше, біздің ойымызша және т.б.). Зерттелініп отырған құбылыстарды, фактілерді және үдерістерді өте нақты және іскери тұрғыдан сипаттау жеке адамның сөзін, эмоциясын және бейнелілігін толығымен жоққа шығарады. Қазіргі кезде ғылым тілінде материалды мазмұндаудың белгілі бір стандарттары нақты қалыптасты деп айтуға болады. Мәселен, экспериментті сипаттау қысқа ғана ырықсыз есімшенің көмегімен беріледі. Қазір диссертация авторының жекеше «мен» есімдігінің орнына «біз» есімдігінің көпше түрін қолдануы жазылмаған заңға айналып отыр, автордың пікірін формалды ұжым атынан беру ғылыми мазмұндамаға көбірек шынайылық береді деген түсінік қалыптасты. Ғылыми сөйлеу мәдениетінің сапасына дәлдік, анықтық және қысқалық жатады. Мағыналық дәлдік — диссертациялық жұмыстың мәтінінде берілетін ақпараттың ғылыми және практикалық құндылығын қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі. Шындығында, дұрыс таңдалмаған сөз жазылғанның мағынасын өзгертуі мүмкін, оны екіұшты түсінуге жол беруі мүмкін және ол мәтіннің өн бойындағы үндесімділікті жояды. Көп жағдайда дәлдік синоним терминдерді қолдану нәтижесінде бұзылуы мүмкін. Синоним терминдер бір айтылымда болмауы тиіс. Ізденушінің синоним терминдерді бір мәтін ішінде араластырып қолдануы дұрыс емес, мысалы біресе "токты ажырату", біресе "вакуум", немесе "су турбинасы" және "гидротурбина", немесе бір жерде "томаттар", бір жерде "қызанақтар". Диссертацияны тілдік-стилистикалық рәсімдеу үшін жиналған ғылыми ақпаратты байланысты мәтінге айналдыра білудің маңызы зор, сондықтан да оның тілдік құралдарының берілу ерекшелігін, қызметтерін жақсы білу керек. Ғылыми материалдарды баспаға дайындау. Басылған ғылыми жұмыстарға монографиялар, кітапшалар, мақалалар жатады. Зерттеу материалдарын баспаға дайындау үшін төмендегідей бірізділікті сақтау қажет: 1. Зерттеу материалы жүйеленеді және проспект-жоспар құрастырылады, бұл жерде бұрын басылған немесе қосымша материалдарды басылымға дайындап жатқан материалға енгізуге болмайтын ережені қатаң сақтау керек. 2. Өңделген материалдар бөлімдер мен параграфтарға бөлінеді. Материалды ғылыми стильде жазады, оған мазмұндаудың анықтығы, сөз қолданысының дәлдігі; ғылыми фактілерді, ұғымдарды, үдерістер мен құбылыстарды нақты сипаттау мен анықтауды қысқа әрі нұсқа түрде беруге мүмкіндік беретін ғылыми терминологияны пайдалану жатады. Ұстанған теориялық көзқарасты бірізділікпен баяндау, логикалылық, теориялық тұжырымдардың өзара терең байланысы, сөйлеудің мәнерлілігі - осылардың барлығы ғылыми стилге тән белгілер болып табылады. Барлық дәйексөздердің авторлары мен әдебиеттері сілтеме жасалына отырып беріледі. 3. Қолжазба дайын болған соң, оның мазмұны мен сауаттылығы тағы да тексеріледі. Осы кезеңде негізгі емес материалдар алынып, оның орнына қажетті материалдармен толықтырылады, қолжазбадағы сызбалар мен суреттердің орны анықталады. Әдеби өңдеу жасаған кезде шығарманың ғылыми стилін жетілдіру жұмыстары жүргізіледі; кейбір бөлімдері, сөйлемдер ойды дәл жеткізу мақсатында қайта өңделеді, орфографиясы мен пунктуациясы тексеріледі, архаизмдер, тілдік штамптар алынып тасталады. Бір сөздің жиі қайталануына жол берілмейді, оларды синонимдермен алмастырады. Қолжазбаны техникалық өңдеу кезінде абзацтар анықталады, арнайы шрифтпен айрықшалап жазылатын сөздер мен сөйлемдер белгіленеді, терминдердің, символдардың, белгілердің, шифрлардың, математикалық, химиялық және басқа да формулалардың дұрыс жазылуы тексеріледі. Осылармен бірге суреттер мен сызбалардың өлшемдері, олардың рәсімделуінің дұрыстығы анықталады. Барлық формулалардағы символдар үстіне жазылған мәтіндермен түсіндіріледі. Әр түрлі өлшем бірліктерін бірдей әріптермен жазуға жол берілмейді. Көрнекіліктер анық және дәл болуы керек. Сызбалар (суреттер) қара бояумен ақ қағазда немесе калькада салынуы тиіс. Олар мемлекеттік стандарт талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Типографиялық клишелерді сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшін фотосуреттер мен көшірмелерді барынша контрасты етіп шығару керек. Жазулар кішірейткен кезде жеңіл оқылуы тиіс. Суреттердің астындағы жазбаларға тізімдеме жасалып, ғылыми жұмысқа тігіледі. Сызбалар мәтінді оқығанға ыңғайлы болады. Оларды мәтінге сала отырып, автор олардың басылған кітапта қалай көрінетінін көз алдына елестетуі керек. Көп графалары бар сызбаларды жасаудан бас тартқан жөн, өйткені оларды мәтіннің ішіне енгізгенде қиындықтар туындауы мүмкін. 4. Мақала ғылыми журналдың немесе ғылыми-техникалық жинақтың редакция алқасына жіберіледі, монография — арнайы ғылыми баспаға жіберіледі. Диссертацияны қорғау. Диссертацияны көпшілік алдында қорғау процедурасы белгілі бір тәртіппен реттелген. Жалпы алғанда, қорғау процедурасын төмендегідей негізгі кезеңдерге бөлуге болады:

2.4. Ғылыми зерттеу әдіснамасы

Ғылыми зерттеу әдісі мен әдіснамасы ұғымдары. Ғылыми зерттеу әдісі – бұл объективті шындықты тану тәсілі. Ол тәсіл белгілі бір іс-әрекет, қабылдау, операциялардың жүйелілігі болып табылады. Зерттелетін нысандардың мазмұнына қарай жаратылыстанудағы ғылыми зерттеу әдісі мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылыми зерттеулердің әдісін бөліп көрсетеді. Зерттеу әдістерін ғылым салалары бойынша төмендегіше жіктейді: математикалық, биологиялық, медициналық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық т.б. Таным деңгейіне байланысты эмпирикалық, теориялық, метатеориялық деңгейлердің әдістері көрсетіледі. Эмпирикалық деңгейдің әдістеріне бақылау, сипаттама, салыстыру, санау, өлшеу, сауалнама, сұхбат, тестілеу, эксперимент, үлгілеу жатады. Теориялық деңгейдің әдістері ретінде аксиомалық, гипотетикалық, формалау, абстарктілеу, жалпы логикалық әдістер (талдау, синтез, индукция, дедукция, аналогия) және т.б. саналады. Метатеориялық деңгейдің әдістері диалектикалық, метафизикалық, герменевтикалық әдістер болып табылады. Кейбір ғалымдар бұл деңгейге жүйелік талдаудың әдістерін жатқызса, басқалары оны жалпы логикалық әдістің қатарына кіргізеді. Қолданылу аясы мен жалпылық деңгейіне байланысты әдістерді былайша бөліп қарастырады: Қарастырылып отырған әдіс ұғымынан ғылыми зерттеудің техникасын, процедурасын және әдістемесін бөліп қараған жөн. Зерттеу техникасы белгілі бір әдісті қолданудың арнайы тәсілдерінің жиынтығы болса, ал зерттеу процедурасы іс-әрекеттердің белгілі бір жүйелілігі мен зерттеуді ұйымдастырудың жолдары болып табылады.

Әдістеме – таным тәсілдері мен жолдарының жиынтығы.

Кез келген ғылыми зерттеу белгілі бір тәсіл және жолдармен белгілі бір ережелер арқылы жүргізіледі. Осы тәсілдер, жолдар және ережелер жүйесі туралы ілімді әдіснама деп атайды.

Әдіснама ұғымы әдебиетте екі түрлі мағынада қолданылады: 1) белгілі бір салада (ғылымда, саясатта) қолданылатын әдістердің жиынтығы; 2) танымның ғылыми әдісі туралы ілім. Әрбір ғылым саласының өзіндік әдіснамасы болады. Қорытындылай айтқанда, әдіснама деп танымның әдістері туралы, яғни танымдық мәселелерді сәтті шешуге арналған принциптер, ережелер, жолдар мен тәсілдердің жүйесі туралы ілімді айтамыз.

Әдіснаманың төмендегідей деңгейлері болады:

Сонымен, ғылыми зерттеуде әдіснама, әдіс және әдістемені ажырата білу керек. Әдістеме деп жаңа мәліметтерді табудың жолы, яғни бақылау, эксперимент және сипаттау тәсілдерінің жиынтығы түсініледі. Әдіс, бұл – зерттелетін мәліметке жол таба білу, оны жүйелеу және теориялық түсіну (= теория). Әдіснама – дүниетаным принциптерін таным процесіне қолдану, яғни алынған деректерді басқа да іргелі ғылым салаларымен, бірінші кезекте, философиямен сәйкестендіру. Әдіс пен онда қалыптасқан әдістемелер арасындағы қатаң байланыстың жоқтығын дәлелдеу үшін мысал ретінде структурализмді келтіруге болады. Ол біздің елімізде әдіс ретінде өмір сүруін тоқтатты, бірақ онда қалыптасқан көптеген әдістемелер жүйелі объективті сипаттаманы қамтамасыз етіп, сандық реттеуге ыңғайлы мәліметтер беретіндіктен сақталып қалды. Осылайша дистрибутивті талдау рәсімі, яғни зерттелетін элементтің үйлесімділігін орнату лексикологиялық, фонетикалық, морфологиялық талдау мамандарының еңбектерінде өз орнын алды. Тіл қарастырылатын әдіс пен аспектінің байланысы зерттеудің бағытын анықтайды. Ғылыми зерттеудің философиялық және жалпы ғылыми әдістері. Жалпы ғылыми (философиялық) әдістердің ішінде ең танымалы диалектикалық және метафизикалық болып табылады. Бұл әдістер әртүрлі философиялық жүйелермен байланысты болуы мүмкін. Мәселен, К.Маркстың диалектикалық әдісі материализммен, ал Г.В.Ф.Гегельдің әдісі идеализммен байланысты болды. Заттар мен құбылыстарды зерттеу барысында диалектика төмендегі принциптерді ескеруді ұсынады: Барлық жалпы ғылыми әдістер үш топқа бөлінеді: жалпы логикалық, теориялық, эмпирикалық. Жалпы логикалық әдістер анализ (талдау), синтез, индукция, дедукция, аналогия болып табылады. Анализ (талдау) – зерттеу нысанын құрамдас бөліктерге бөлу, бөлшектеу. Ол зерттеудің аналитикалық әдісінің негізінде жатыр. Анализдің түрлері классификация (топтастыру) мен периодизация (кезеңге бөлу) болып табылады. Синтез, бұл – зерттелетін нысанның жеке бөліктері мен бөлшектерін бір бүтінге біріктіру. Индукция – жеке пайымдаулардан жалпы қағидаларға қарай бағытталған ой, таным. Индуктивті ойды түю жалпыға әкеледі. Дедукция – жекелік, даралықты жалпы жайдан шығару, жалпы тұжырымдардан жеке заттар мен құбылыстар туралы тұжырымдарға қарай бағытталған ойдың, танымның қозғалысы. Аналогия – олар басқаларымен ұқсас деген ойдың негізінде заттар мен құбылыстар туралы білім алу жолы, кейбір белгілердің ұқсастығынан сол нәрселердің басқа белгілеріндегі ұқсастық туралы қорытынды жасау. Теориялық деңгейдің әдістеріне аксиомалық, гипотетикалық (гипотетикалық-дедуктивті), формалдау, абстрактілеу, жалпылау, жалпыдан нақтыға өту, тарихи, жүйелік талдау әдісі жатқызылады. Аксиомалық әдіс – кейбір тұжырымдар (аксиомалар, постулаттар) дәлелсіз қабылданып, солардан белгілі бір логикалық ережелер арқылы қалған білімнің шығарылуы түрінде жүзеге асатын зерттеу әдісі. Гипотетикалық әдіс – ғылыми гипотеза, яғни іс-әрекеттің басталуына әсер ететін себеп туралы немесе кейбір құбылыстар мен заттардың бар болуы (өмір сүруі) туралы болжамдар арқылы жүргізілетін зерттеу. Гипотетикалық әдіс жаңашылдық және даралық, ерекшелік элементтерінен тұратын ғылыми болжамдар, гипотезаларды қалыптастыру негізінде пайда болды. Гипотеза құбылыстар мен процестерді толығырақ, анығырақ түсіндіруі керек, практикалық тұрғыдан бекітіліп, диалектика мен жаратылыстанудың жалпы заңдылықтарына сәйкес келуі тиіс. Зерттеу әдісінің бұл түрі қолданбалы ғылым салаларында негізгі және кеңінен таралған әдіс болып табылады. Гипотеза теориялық зерттеулердің бастапқы мәнін, әдіснамалық негізін, өзегін құрайды. Зерттеудің бастапқы идеясы бола отырып ол теориялық жұмыстардың бағыты мен көлемін анықтайды. Нақты әрі толыққанды жұмыс атқаратын гипотеза жасау оңай нәрсе емес. Теориялық жасалымдардың жүйелілігі мен жарамдылығы болып табылатын соңғы теориялық шешімге жақындау деңгейі де гипотезаның қалай қалыптасқандығына байланысты. Сәтті шығуы жиналған ақпараттың толықтығына, оның шығармашылық талдауының тереңдігіне, әдістемелік қорытындылардың талдау нәтижелері бойынша жүйелі, бағытты болуына, ғылыми зерттеудің нақты қалыпқа қойылған мақсаты мен міндетіне, ғылыми жұмыскердің тәжірибесі мен көрегенділігіне байланысты. Гипотезаны қалыптастыру кезеңінде теориялық бөлімді арнайы сұрақтарға бөлшектеу оның жасалымын жеңілдетеді. Әрбір сұрақтың жасалуының негізі әртүрлі авторлар және ұйымдармен орындалған теориялық зерттеулер болып табылады. Ғылыми қызметкер терең мәнді жасалым, сыни талдау және (қажет болған жағдайда) өз ұсыныстарын формалау негізінде бар теориялық болжамдарды дамытады немесе тақырыптың бұрынғыдан да ұтымды теориялық жаңа шешімін ұсынады. Бұл әдістің бір түрі гипотетикалық-дедуктивті зерттеу тәсілі болып табылады, оның мәні эмпирикалық фактілер туралы тұжырымдар жасайтын өзара дедуктивті байланысқан болжамдар жүйесін қалыптастыру.

Гипотетикалық-дедуктивті әдіс құрылымына төмендегілер кіреді: Формалдау – белгілі бір жасанды тілдің (мәселен, логика, математика, химия) таңбалы формасында құбылыстар мен заттардың көрініс табуы және сол құбылыс я затты сәйкес келетін таңбалармен операция жүргізу арқылы зерттеу, меңгеру. Ғылыми зерттеуде жасанды формалы тілдің қолданылуы табиғи тілдің көпмағыналылық, анық, нақты еместік сияқты кемшіліктерін жоюға көмектеседі. Формалдауда зерттеудің нысаны туралы талдаулардың орнына таңбалармен (формулалармен) операциялар жасалады. Жасанды тілдердің формулаларымен операцияларды жүзеге асыру арқылы жаңа формулалар алып, белгілі бір жайдың шынайылығын дәлелдеуге болады. Формалдау – білім мен зерттеу процесін компьютерлендіруден бөлек қарастыру мүмкін емес алгортимдеу мен бағдарламалаудың негізі болып табылады. Абстрактілеу – зерттелетін заттың кейбір белгілері мен қарым-қатынастарынан ойша бас тартып, зерттеушіні қызықтырушы белгілер мен қарым-қатынастарға назар аудару. Абстрактілеудің тағы бір түрі - даралау кезінде зерттелетін нысанның қосалқы белгілері мен қарым-қатынастары бұрыннан бар белгілер мен қарым-қатынастардан ажыратылады. Жалпылау – заттар мен құбылыстардың ортақ белгілерін орнату; берілген топтағы заттар мен құбылыстардың нақты, негізгі белгілері көрініс табатын жалпы ұғымды анықтау. Сонымен қатар, жалпылау заттар мен құбылыстардың нақты белгілері арқылы емес, кез келген белгілер арқылы анықталуы мүмкін. Ғылыми зерттеудің бұл әдісі жалпы, дара және жеке философиялық категорияларына иек артады. Тарихи әдіс - тарихи фактілерді табу және соның негізінде ой қозғаласының логикасы ашылатын тарихи процесс құру. Ол зерттеу нысанының пайда болуы мен дамуын хронологиялық бірізділікте қарастыруды көздейді. Ғылыми танымның әдісі ретінде абстрактылықтан нақтылыққа өту дегеніміз – ең бірінші кезекте зерттеушінің зерттелетін заттың (құбылыс) басты байланысын табуы, оның әр түрлі жағдайларда қалай өзгеретінін бақылай отырып, толықтай мәнін түсіндіруі. Жүйелік әдіс – жүйені, оның компоненттерінің байланысын және олардың ішкі ортамен қарым-қатынасын зерттеу. Мұнда өзара байланыстар мен қарым-қатынастар жүйені құрайтын бөліктерде жоқ жүйенің жаңа қасиеттерінің пайда болуына әкелетіні анықталады. Эмпирикалық деңгейдің әдістеріне бақылау, сипаттау, санау, өлшеу, салыстыру, эксперимент (тәжірибе), модельдеу (үлгілеу) жатады. Бақылау – заттар мен құбылыстар белгілерінің сезім мүшелері арқылы қабылдануына сүйенетін таным тәсілі. Бақылау барысында зерттеуші заттар мен құбылыстардың ішкі қасиеттері мен байланыстары туралы білім алады. Зерттеушінің зерттелетін нысанға қатысына қарай жай және кіріктірілген бақылау түрлері ажыратылады. Біріншісі – сырттай бақылау, яғни зерттеуші зерттелетін нысанға жат, оның әрекеттеріне қатысушы емес. Екіншісінде зерттеуші ашық не құпия түрде нысанның әрекетіне қатысушы, зерттеуші топтың әрекетіне қатысушы болады. Мәселен, бірінші жағдайда зерттеуші көшені кесіп өтудегі жаяу жүргіншілердің жол ережелерін сақтауын сырттай бақылайды, ал екінші жағдайда ол өзі де сынаққа қатысушылардың қатарында болады. Егер бақылау табиғи жағдайда өтетін болса, ол далалық бақылау деп аталады, ал сыртқы орта жағдайлары зерттеушімен арнайы жасалатын болса, ол зертханалық бақылау деп аталады. Бақылау қорытындысы хаттамаларда, күнделіктерде, карточкалар мен кинопленкаларда т.б. жолдармен тіркеледі. Сипаттау – бақылау немес өлшеу, т.б. арқылы анықталған зерттеу нысаны белгілерінің жазылуы. Сипаттаудың мынадай түрлері бар: 1) тікелей сипаттауда зерттеуші нысанның белгілерін тікелей қабылдап, көрсетеді; 2) жанама сипаттауда зерттеуші нысанның басқа адамдармен қабылданған белгілерін көрсетеді Санау – зерттеу нысандары немесе оның белгілерін сипаттайтын өлшемдердің сандық сәйкестігін анықтау. Сандық әдіс лексикографиялық, статистикалық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Өлшеу – белгілі бір нәрсені эталонымен салыстыра отырып, сандық мәнін анықтау. Салыстыру - екі немесе одан да көп объектілеріне тән ерекшеліктерін салыстыру, олардың арасындағы айырмашылықтарды белгілеу және оның ортақ тұстарын табу. Бұл әдіс ұқсастықтар мен олардың ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау, зерттеу бойынша ұқсас объектілерді салыстыруға негізделген. Эксперимент – ұсынылған гипотеза тексерілетін жасанды құбылыс тудыру. Экспериментті түрлі негіздер бойынша жіктеуге болады: ғылыми зерттеу бойынша – физикалық, биологиялық, химиялық, әлеуметтік; ғылыми-зерттеу құралдарының объектісімен өзара іс-қимыл сипатына қарай – қарапайым (тәжірибелік құралдар тікелей зерттелетін объектімен өзара әрекеттеседі) және модельді (модель/үлгі зерттеу нысанын алмастырады). Соңғысы ойша (психикалық) және материалды (нақты) болып бөлінеді. Әлеуметтік эксперименттер кейде тіл білімі саласында да жүргізіледі. Модельдеу (үлгілеу) – аналог, үлгі-алмастырғыштарды пайдалану арқылы ғылыми-зерттеу нысаны туралы білім алу болып табылады. Модель (үлгі) - ойша елестетілетін немесе материалды түрде бар нысанның аналогы. Модель мен мен модельденуші нысанның ұқсатықтары негізінде жасалған қорытынды аналогия арқылы сол нысанға аударылады.

Модельдеу (үлгілеу) теориясында мыналарды бөліп қарайды:

Ғылыми зерттеудің жеке және арнайы әдістері. Ғылымда жалпы ғылыми әдістерден басқа құбылыстарды зерттеудің жеке әдістері де қолданылады. Оларды туыс ғылымдарда қолданылып, нысан мен таным жағдайларына тәуелді спецификалық ерекшеліктерге ие болғандықтан жеке әдістер деп атайды.

Әлеуметтануда мынадай әдістерді бөліп көрсетеді:

Құжаттарды зерттеу (құжаттамалық әдіс). Құжат – белгілердің жүйесін пайдалана отырып, кез келген тасымалдаушы құралда (қағаз, магнитті лента, диск т.б.) ақпаратты қамтитын зерттеу нысаны болып табылады. Сұхбат әдістері. Сұхбат сырттай тарату, жинау және сауалнаманы өңдеу (сауалнама) жолдарымен немесе іштей түрде жауап берушімен әңгімелесу (сұхбат) формасында жүргізілуі мүмкін. Сұхбаттың бірінші әдісі сауалнаманың дамуын талап етеді. Әдетте, ол келесідей бөліктерден тұрады: Бұған қоса, сауалнамаға тексеру сұрақтары мен сүзгі-сұрақтар енгізілуі мүмкін. Біріншісі жауаптардың растығын тексеру үшін, сондай-ақ негізгі сұрақтарға жауап ретінде алынған ақпаратты нақтылау және толықтыру үшін қолданылады. Соңғысы респондент сұхбат алуға болатын құзіретті адамдардың тобына жататындығын тексеруге арналған. Сұрақтардың орын тәртібінің де мәні бар. Оларды қисынды ретпен орналастыру керек. Әлеуметтанушылар қарапайым сұрақтарды басында, күрделі, қиын, шетін мәселеге байланысты сұрақтарды ортасында қолдануға кеңес береді. Содан кейін жеңіл сұрақтар қойылады. Сауалнамада қажетсіз немесе жетелеуші сұрақтар болмауы тиіс. Сұрақтардың мазмұны, нысаны мен тәртібін ғана емес, жауаптардың да мазмұн, нысан және тәртібін қарастыру керек. Жауаптың формасына қарай сұрақтарды жабық, жартылай жабық және ашық деп бөледі.

Жабық сұрақтарға төмендегідей сипат тән: 1)  «иә - жоқ» деген сияқты альтернативті жауап берілетін сұрақтар (кейде «білмеймін» қосылады); 2) белгілі бір құбылыстың қарқындылығын бағалауға арналған шкалалық сұрақтар; 3) бір немесе бірнеше жауапты таңдап алуға болатын жауап-мәзірлер тізімі. Ашық сұрақтарда жауаптар болмайды, сол себептен респондент өзі қалаған кез келген жауапты бере алады. Жартылай жабық сұрақтарда жауаптардың толық тізімі берілмейді және респондент «басқа» деген жолда өз жауабын бере алады. Сұрақ дұрыстығын тексеру үшін сынақ сауалнама (пилотаж) жүргізіледі. Ол аз мөлшерде шығарылып, арнайы таңдалған типтік респонденттерге таратылады. Егер, мысалы, респонденттердің көбісі сауалнама сұрақтарына жауап беруден бас тартса, не үлкен үлесі «білмеймін (жауап беру қиын)» деп жауап берсе немесе сұраққа жауап мүлде берілмесе, онда сол сұрақтардың немесе жауаптардың формасын қайта қарауға, оларды алып тастауға тура келеді. Пилотаждан кейін кең ауқымды сұхбатқа көшуге болады. Сауалнамадар поштамен жіберілуі мүмкін (қайта келген сауалнамалардың саны 30 пайыз шамасында) немесе респонденттерге беріле салуы мүмкін (90 пайыз қайтады). Сұхбат жалпылама немесе таңдамалы болуы мүмкін. Таңдамалы әдісті тексерілетін адамдар тобы 500-ден асқан жағдайда қолданады. Мұнда жалпы халықтың (жалпы жиынтық/генеральная совокупность) белгілі бір ережелермен таңдалып алынған бір бөлігін ғана тексереді. Алынған қорытындыларды жалпы жиынтыққа таратады. Таңдау үлгілерінің ықтималдық және мақсатты түрі болады. Ықтималдық таңдауда жалпы жиынтықтың әрбір элементінің таңдамалы жиынтыққа (выборочная совокупность) түсу ықтималдығы бірдей болуы тиіс. Мұндай таңдау қарапайым кездейсоқ, механикалық, сериялық және ұялық болады. Қарапайым кездейсоқ таңдаманың мысалдары жеребе, лотерея әдісі болып табылады. Механикалық таңдауда жалпы жиынтықтың барлық элементін бір ортақ тізімге енгізеді де, сол тізімнен тең интервалдар арқылы респонденттердің керек санын бөліп алады. Сериялық таңдауда жалпы жиынтық белгілі бір сипаты бойынша біртекті топтарға бөлінеді. Әрбір топтағы элементтердің жалпы санына пропорционалды түрде олардан элементтер алынады. Ұялық таңдаудың ерекшелігі кейінгі сұхбаттармен бірге жауап берушілердің тобы таңдалады. Мақсатты таңдауда ықтималдық теориясының ережелері қолданылмайды. Оның келесідей түрлері бар: стихиялық (мәселен, пошталық сұхбат), негізгі жиынтық (жалпы халықтан 60-70 пайызынан алынады), квоталық (квота ретінде жалпы жиынтықтың элементтерінің белгілері туралы деректер қызмет атқарады, мысалы, респонденттердің білімі, жасы, жынысы т.б.). Таңдау репрезентативті болуы керек, яғни таңдамалы жиынтық (выборочная совокупность) жалпы жиынтықтың (генеральная совокупность) сипаттамасын шығаруы керек, зерттеліп жатқан құбылыстың мән-мазмұны мен заңдылықтарын дәл беруі тиіс. Жалпы жиынтық пен таңдамалы жиынтықтың арасындағы әртүрлілік таңдаудың қатесі деп аталады. Әлеуметтанушылардың ойынша, зерттеудегі өте жоғары сенімділік таңдауда 3 пайызға дейін қателер жібереді, қарапайым – 3-тен 10 пайызға дейін, шамаланған – 10-нан 20 пайызға дейін, болжалды – 20-дан 40 пайызға дейін. Сұхбат (интервью) – сұхбат алушының респондентпен белгілі бір жоспармен іске асатын әңгімесі. Сұхбатты зерттеушінің өзі немесе оның көмекшілері жүргізуі мүмкін. Сұхбат алушы сұраулық, жоспар, бланк немесе карточкаларды пайдалана отырып, сұрақтар қояды, жауап берушілердің жауабын түзете отырып, әңгімені бағыттайды. Сұхбат алу стандартталған немесе еркін болуы мүмкін. Стандартталған (формальды) сұхбат жабық сұрақтармен жүзеге асады, сұхбат алушы жауапты тек сызықпен, белгімен ғана түртіп қоя алады я болмаса ұпайлық жүйеде жазып қоя алады (1, 2, 3 т.б.). Еркін сұхбат – респондетке жауап еркіндігі берілетін сұрақтар шеңберінде жүзеге асатын әңгіме.

Жүзеге асуына байланысты сұхбатты төмендегіше бөліп қарайды: Эксперттік баға әдісінің мәні белгілі бір салада терең білімі және практикалық тәжірибесі бар мамандардың пікірін зерттеу болып табылады. Сарапшы (эксперт) ретінде ғылыми қызметкерлермен қатар практикалық жұмысшылар да (20-30 адамнан көп емес) таңдалады. Олардың құзіреттілігін анықтау үшін мынадай жолдар қолданылады: Сарапшылардан сұхбат алу жеке немесе топтық, сырттай немесе көзбе-көз болуы мүмкін. Жеке сұхбат анкета алу немесе интервью алу жолдары арқылы жүргізіледі. Топтық сұхбат мамандар арасында пікір алмасу мүмкін болатын дөңгелек үстел формасында өтеді. Қарастырылған жолдар арқылы алынған эмпирикалық мәліметтерді қорытындылап, талдау керек. Бұл үшін топтастырудың, біріктірудің және статистикалық талдаудың әртүрлі әдістері қолданылады. Статистикалық біріктіруде анкетадағы, карточкадағы және т.б. мәліметтердегі ақпараттар жүйелендіріледі, статистикалық жиынтыққа біріктіріледі де, жалпыламалық көрсеткіштермен көрсетіледі (абсолютті сандармен, пайыздармен т.б.) Ғылымдағы интеграция мен дифференциация. Ғылымдардың дифференциациясы білімнің жылдам өсуі мен күрделенуінің заңды, табиғи салдары болып табылады. Ол ғылыми еңбектің мамандандырылуы мен бөлінуіне алып келеді. Соңғылары жағымды жақтарымен (құбылыстарды терең зерттеу мүмкіндігі, зерттеушілердің еңбек өнімділігінің артуы) қатар, теріс әсерлерге де ие (әсіресе, жалпылық тұтастықты жоғалту, ой-өрістің кәсіби меңіреулікке дейін тарылуы). Мәселенің осы жағын ескере отырып, А.Эйнштейн ғылымның дамуында әрбір зерттеушінің қызметі жалпы білімнен неғұрлым шектеулі ауданға кішірейетінін ескертіп өтеді. Бұл ғылымды түсінудегі жалпылықты жойып, ғылым дамуын шектеуге әкеледі. Мұның салдарынан зерттеушінің кең перспективасы жоқ болып, қолөнерші деңгейіне түседі. Дифференциациямен бірге интеграция процесі де жүреді. Интеграция – ғылым мен ғылыми ережелердің арасындағы шекара жойылып, бірігіуі, қосылуы. Бұл ғылыми білімнің кибернетика, синергетика, т.б. сияқты синтетикалық, жалпы ғылыми салалары дамып жатқан және әлемнің жаратылыстану, жалпы ғылыми, философиялық сияқты интегративті бейнелері құрылып жатқан қазіргі заманғы ғылымға тән. Теориялық зерттеулердің әдіснамасы. Теория – практикалық тәжірибені қорытындылайтын және табиғаттың, қоғамның, ойлаудың заңдылықтарын көрсететін ғылыми принциптер мен идеялардың жүйесі, ілім. Сонымен қатар, ғылымды немесе ғылымның қандай да бір саласын қорытындылайтын жалпы ұстанымдардың жиынтығы. Теориялық зерттеулердің мақсаты - білім синтезі процесіндегі зерттеліп жатқан нысан мен қоршаған орта арасындағы маңызды байланыстарды белгілеу, эмпирикалық зерттеудің нәтижелерін қорытындылау және түсіндіру, жалпы заңдылықтарды шығару және формалдау болып табылады. Теория өзінің дамуында әр түрлі деңгейден өтеді (үдерістерді сапалы түсіндіру және сандық өлшеу деңгейінен бастап оларды формалдауға дейін) және сол деңгейлерге байланысты сапалы ережелер немесе математикалық теңдеулер түрінде көрсетілуі мүмкін. Бірақ теорияның қалыптасуы оның математикалық аппаратының құрылуымен байланысты бола бермейді.

Теориялық зерттеудің міндеттері мынадай: - зерттеудің нәтижелерін қорытындалау, қайта өңдеу және мәліметтерді интерпретациялау (түсіндіру) жолдары арқылы ортақ заңдылықтарды табу; - зерттеудің бүкіл көлемін қайталамастан, оның нәтижелерін басқа да сол сияқты нысандарға кеңейту;

- тікелей зерттеуге қол жетімсіз нысандарды зерттеу; - эксперименталдық зерттеудің сенімділігін арттыру (бақылау параметрлері мен шарттарын, өлшеу дәлдігін негіздеу). Теориялық зерттеуге процестер мен құбылыстардың физикалық сипатын талдау, зерттеу гипотезасын анықтау, физикалық үлгі құру, математикалық зерттеу өткізу, теориялық шешімдерді талдау, соңғы қорытындыны тұжырымдау жатады. Егер математикалық зерттеу жасау мүмкін болмай жатса, жұмыс гипотезасы тілдік формада графиктер мен кестелердің қолданылуы арқылы анықталады.

Теориялық зерттеу жүргізу үдерісі әдетте, бірнеше кезеңнен тұрады. Оперативтік кезеңде техникалық қайшылықтарды жою мүмкіндігін тексеру, нысанды қоршаған ортада болуы мүмкін өзерістерді бағалау, мәселені шешудің жолдарын басқа білім салаларынан алу мүмкіндігі, кері шешімдерді пайдалау немесе табиғат протиптерін қолдану жатады. Зерттеудің екінші (синтетикалық) кезеңінде нысан бір бөлігі өзгеруінің басқа бөліктер құрылымына әсер етуі анықталады, берілген нысанмен бірге қызмет атқарушы нысандарды өзгерту қажеттілігі белгіленеді, өзгертілген нысан немесе басқа мәселелерді шешу барысында табылған техникалық идеяларды қолдану мүмкіндігі бағаланады. Келесі - мәселені қою кезеңінде мәселені шешудің түпкі мақсаты анықталады, дәл сол мақсатқа неғұрлым қарапайым құралдармен жету мүмкіндігі тексеріледі, шешудің ең тиімді жолы анықталады және қажетті сандық өлшемдер анықталады. Аналитикалық кезеңде қажетті ақырғы нәтиже және идеалға жетудегі кедергі, оның себептері, мінсіз нәтиже алуды қамтамасыз ететін шарттар анықталады. Теориялық зерттеу жүргізу барысында зерттелетін жүйе элементтерін бөлшектеу және біріктіру әдістері кеңінен қолданылады. Бөлшектеу әдісін француз философы және табиғаттанушысы Р.Декарт ұсынды. Өзінің «Ақылға басшылық ету ережелері» атты еңбегінде былай дейді: «Мәселені артық елестерден босатып, оны қарапайым элементтерге дейін қысқарту керек». Бөлшектеу процесінде маңызды және қажетсіз параметрлер, басты эелементтер мен олардың арасындағы байланыс анықталады. Дегенмен, әрбір нысанды әртүрлі жолдармен бөлшектеу болатынын айта кету керек. Бұл жайт теориялық зерттеуге әсерін тигізеді, себебі бөлшектеу жолдарына қарай нысанды зерттеу процесі қарапайымдануы немесе қате бөлшектеу салдарынан күрделенуі мүмкін. Нысанды бөлшектегеннен кейін элементтердің өзара байланыс түрлері меңгеріледі және әрбір құрылымдық элемент үлгісі жасалынады. Зерттеудің қорытынды деңгейінде элементтер нысанның күрделі үлгіге біріктіріледі. Нысан үлгісін құрудың барлық деңгейлерінде енгізілетін жеңілдіктер дәлелді, дәйекті болуы тиіс. Үлгі құрудағы қателіктер теориялық қорытындыларды шығаруда елеулі кемшіліктерге әкелуі мүмкін. Біріктіру әдісі бөлшектеу әдісіне қарама-қайшы, нысанды зерттеудегі кешенді жолмен тығыз байланысты. Олардың бірігуін «жүйенің ортақ теориясы» немесе «жүйелілік» деп атайды. Жүйенің ортақ теориясын (ЖОТ) кейбір биологиялық нысандар мен құбылыстырды зерттеу барысында ғылымға алғаш рет Л.Берталанфи енгізді. Уақыт өте келе оның құрылымында екі бағыт бөлініп шықты. Бірінішісінің мақсаты – ЖОТ-ты құрамына жүйелілік принципі, жүйелік жол, жүйелік талдау сияқты ұғымдар кіретін философиялық концепция ретінде дамыту. Екінші бағытта ЖОТ деп кез келген жүйенің қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарының нақты сипаттамасына үміт ететін белгілі бір математикалық аппарат түсініледі. ЖОТ үш түрлі қағидаға негізделеді. Бұл қағидалар қоршаған ортамен байланыс сипаттамасына негізделе отырып, жүйені ұйымдастыруды анықтау мүмкіндігін береді. Бірінші қағида бойынша, кез келген жүйенің қызметі сол жүйенің жеке элементтері арасындағы құрылымдық-функционалдық байланысты қарастыру негізінде сипатталуы мүмкін. Екінші қағида бойынша, жүйені ұйымдастыру жүйенің ішінде жүргізілген элементтерді бақылаудың негізінде құрылуы мүмкін. Үшінші қағида жүйені ұйымдастыру оның қызметін және қоршаған ортамен байланысын толығымен анықтайды деп көрсетеді. Жоғарыда аталған әдістермен бірге теория қалыптастыруда нормативті сипаттағы логикалық әдістер мен ережелер қолданылады. Олардың қатарына қарапайым ұғымдардан күрделілерін шығару, күрделі пікірлердің шынайылығын орнату ережелері жатады. Теория қалыптастыру үшін аксиоматикалық теорияларды қалыптастыру принципі, аксиомалар мен гипотезалардың үйлесімдік, толықтық, тәуелсіздік өлшемдері де қолданылады. Теориялық зерттеулер табиғи құбылыстардың табиғатына терең еніп, үнемі даму үстіндегі әлемнің ғылыми бейнесін құруға мүмкіндік беретіндіктен, объективті шындықты тану процесінде үлкен рөл атқарады. Экспериментті зерттеулердің әдіснамасы. Ғылыми зерттеулердің басты құрамдас бөлігі – нақты есептелген және басқарылатын жағдайлары бар ғылыми эксперимент. Эксперимент сөзінің өзі латын тілінің experіmentum – сынақ, тәжірибе деген сөзінен шыққан. Ғылым тілінде және зерттеу еңбектерінде эксперимент термині «сынақ», «мақсатты бақылау», «таным нысанының қосылуы, оның өмір сүруінің басты шарттарын ұйымдастыру, болжамды тексеру» секілді қосалқы ұғымдардың бәріне ортақ мағынада қолданылады. Бұл ұғымға тәжірибенің ғылыми қойылымы және нақты есептелген жағдайларда зерттелетін құбылысты бақылау да кіреді. Жеке алғанда, эксперимент ұғымы сол не басқа құбылысты жүзеге асыру шарттарын тудыруға бағытталған іс-әрекет деген мағынаны білдіреді. Эксперимент қарапайым, пассив бақылаудан зерттеушінің зерттелетін құбылысқа тигізер белсенді әсерімен ерекшеленеді. Эксперименттің басты мақсаты теориялық болжамдарды тексеру, ғылыми зерттеудің тақырыбын терең әрі кең меңгеру болып табылады. Эксперименттің әдіснамасы – эсперименттің құрылысы, яғни экспериментті зерттеулердің құрылуы мен жүзеге асу жүйелілігі. Эксперименттің әдіснамасы мынадай кезеңдерден тұрады: 1) эксперименттің жоспар-бағдарламасын құру; 2) өлшеуді бағалау және экспериментті жүргізі үшін құралдар таңдау; 3) экспериментті жүргізу; 4) эксперимент мәліметтерін тексеру және талдау. Бұл келтірілген кезеңдер дәстүрлі эксперимент үшін дұрыс болып табылады. Соңғы уақыттарда дәлдікті нақтыландырып, экспериментті зерттеулердің көлемін азайтатын эксперименттің математикалық теориясы қолданылып жүр. Мұндай жағдайда эксперимент мынадай кезеңдерден тұрады: эксперименттің жоспар-бағдарламасын құру; өлшеуді тексеру және экспериментті өткізу үшін құралдар таңдау, экспериментті зерттеуді жүргізумен, алынған мәліметтерді тексеру, талдаумен қатар жүзеге асатын математикалық жоспарлау. Эксперимент қысқа уақытта, аз қаражатпен және өте жоғары сапалы қорытындымен жүргізілуі тиіс. Экспериментті зерттеулердің түрлері мен міндеттері, жіктемесі. Әр түрлі ғылым салаларында жүргізілетін экспериментті зерттеулерді бірнеше белгілері бойынша жіктейді: Түрлендіруші экспериментке ұсынылған гипотезамен сәйкестікте зерттелетін нысанның құрылымы мен функциясын белсенді өзгерту, нысанның компоненттері арасында немесе зерттелетін нысан мен қоршаған орта арасында жаңа байланыстар мен қарым-қатынастарды тудыру жатады. Онда мақсатты түрде нысанның жаңа қасиеттері мен сапасының пайда болуы үшін жағдай жасалынады. Мәлімдеуші эксперимент белгілі бір болжамдарды тексеру үшін қолданылады. Мұнда зерттеу нысанына тиетін әсер мен қорытынды тексеріліп, фактілер шығарылады. Бақылаушы эксперимент сол кезгі жағдайы, әсер ету сипаты, күтілетін нәтижелерді ескергендегі зерттеу нысанына ішкі әсерлердің ықпал етуін бақылауға келіп тіреледі. Іздеуші эксперимент мәліметтердің жеткіліксіздігінен құбылысқа әсер етуші факторларды жіктеуде қиындықтар туған жағдайда қолданылады. Оның қорытындысы бойынша өлшемдердің мәнділігі нақтыланып, маңызды еместерін қысқарту жүзеге асады. Шешуші эксперимент екі немесе одан да көп гипотезалар көптеген құбылыстармен бірдей үндесіп, келісіп тұрған жағдайда, фундаменталды теориялардың басты жайларының шынайылығын тексеру үшін қолданылады. Оның мақсаты – шындыққа жақын гипотезаны шығару. Табиғи эксперимент табиғи жағдайда және шынайы нысанда жүргізіледі. Ол дайын болған жүйелерді тексеру процесінде көп қолданылады. Сынақтың жүргізілу орнына қарай табиғи эксперимент өндірістік, далалаық, полигондық, жартылай табиғи болып бөлінеді. Табиғи эксперимент әрқашан мұқият ойлау мен жоспарды, зерттеу әдістерін рационалды таңдауды талап етеді. Табиғи эксперименттің басты міндеттері – зерттелетін нысанға қоршаған ортаның тигізер әсерін тексеру, нысанның статистикалық және динамикалық сипаттамасын идентификациялау, функционалданудың тиімділігін бағалау және оның берілген талаптарға сәйкестігін тексеру. Қарапайым эксперимент қарапайым қызмет атқаратын және тарамдалған құрылыс жоқ өзара байланыстағы элементтері бар нысанды тексеруде пайдаланылады. Күрделі экспериментте күрделі функциялар атқаратын өзара байланысқан көптеген элементтерден тұратын құбылыстар мен нысандар тексеріледі. Олар иерархиялық деңгейлерді бөліп көрсетуге болатын тарамдалған құрылысқа ие. Элементтердің жоғары деңгейдегі байланысы бір ғана элементтің жағдайының өзгерісінен қалған көптеген элементтердің өзгерісін туғызады. Эксперименталды зерттеулердің көрсетілген классификациясы ғылыми білім кеңейген сайын кеңейеді. Сонымен қатар, олар эксперименттің міндеттеріне байланысты бірігіп, кешенді, аралас эксперимент түрлерін құрауы мүмкін. Соңғы уақытта компьютерлік технологияның қарқынды дамуына байланысты есептеу эксперименті үлкен мәнге ие болуда. Ол – математикалық модельдерді қолдануда ЭЕМ мен қолданбалы математиканы техникалық база ретінде қолдануға негізделген зерттеу. Есептеу эксперименті математикалық модельмен қоса, бірнеше бөлімнен тұратын, есептеу техникасының дамуымен бірге дамып отырған есептеу математикасының тәсілдеріне де сүйенеді. Математикалық модельдеу және есептеу математикасы әдістерінің негізінде есептеу экспериментінің теориясы мен практикасы жасалып шығарылды. Оның технологиялық циклін бірнеше кезеңге бөліп қарастырады: Әдістеменің маңызды бөлігі - эксперимент материалдарын тексеру мен талдау әдісін таңдау болып табылады. Тексеру барлық мәндерді жүйелеу, классификациялауға, талдауға келіп тіреледі. Эксперимент қорытындылары оларды жылдам салыстырып, талдауға мүмкіндік беретін ыңғайлы жазба формаларында, яғни кесте, графика, формула түрінде жазылуы керек. Графика, диаграммалар түріндегі суреттерді, т.б. Mіcrosoft Word, Mіcrosoft Excel, Corel Draw сияқты компьютерлік бағдарламалар арқылы жасауға болады. Цифрлік материалдың көп мөлшерін тексеру кезінде математикалық статистика әдістерін қолдану керек. Теориялық және экспериментті зерттеулерді аяқтағаннан кейін алынған мәліметтердің жалпы анализі келтіріледі, гипотеза эксперимент қорытындысымен салыстырылады. Қорытындыдағы айырмашылықтар негізінде теориялық үлгілер нақтыланады. Қажет болған жағдайда қосымша эксперименттер жүргізіледі.

3 ТАРАУ

Лингвистикалық білімнің ғылыми парадигмалары.

ТІЛ БІЛІМНІҢ ӘДІСНАМАСЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

3.1. Тіл білімінің әдіснамасы

Лингвистикалық білімнің ғылыми парадигмалары. Кез келген ғылымның дамуында, бұл қатарда тіл білімінде де, ғылыми парадигмалардың кезеңдік ауысуы болады. «Ғылыми білім парадигмасы» термині Т.Кунның «Ғылыми революция құрылымы» еңбегінен енгізілді. Парадигма – бұл «мойындалған ғылым жетістігі, яғни белгілі бір уақыт аралығында ғылыми қауымдастыққа мәселені анықтау мен оларды шешудің үлгісін ұсынады. Тіл білімі тарихында ғылыми парадигмалар үшке бөлінеді: салыстырмалы-тарихи, жүйелі-құрылымдық және антропоөзектік. Салыстырмалы-тарихи парадигма тілді зерттеудегі салыстырмалы-тарихи әдістің үстемділігімен байланысты. Ғылым салыстырмалы-тарихи грамматика мен сөздіктердің құрылуы, туыс тілдер арасындағы қатынастың орнатылуы және олардың эволюциясын сипаттау, ататілдің қайта жаңғыруы, тілдің пайда болуы туралы сұрақтармен айналысты. Жүйелі-құрылымдық парадигма тілдің құрылымын және оның ұйымдастырылуын танумен сипатталады. Ф. де Соссюрдің тіл білімінің нысаны «өзіңе және өзің үшін» деген тезисі негізге алынады. Тіл білімінің дамуына елеулі үлес әкелетін, оның шеңберінде зерттеулер жүргізілетін парадигма өзінің өмір сүруін жалғастырады. Антропоөзектік парадигма «тілді адам жасаған, оны негізін қалаушылар мен қолданушылардан тыс түсіндіру мүмкін емес» (Кравченко) деген таным нәтижесінде пайда болады. Парадигмалардың бастауы В. фон Гумбольдт пен Э. Бенвенистің ойларынан шығады. Парадигмалардың ауысы – бұл барлығынан бұрын презумпциялардың ауысуы. Европа тіл білімінің тарихында бұл жаңа лингвистика парадигмасына негіз етіп алынған және тіл білімінде 19 ғасырда үстемдік еткен презумпция беделіне нұқсан келтіруге бағытталып, ақырында құрылымдық лингвистика ретінде бекітілген, Ф.де Соссюрдің революциялық әрекетімен айқынырақ дәйектелген. Құрылымдық лингвистика презумпцияларына тілдің жүйелі түрде ұйымдастырылуы, тілдік бірліктерді реляциялық анықтау (әр бірліктің басқа бірліктермен қатынасы арқылы анықталуы), тіл бірлігі еркіндігі т.б. жатады. Кейін «хомскийдің революциясы», өз кезегінде, туындаушы грамматика презумпциясын дәлелдеп, 20 ғасырдың ортасында негізгі құрылымдық бағыттардың бірі ретіндегі америкалық дескриптивизм презупциясын теріске шығарды. Олардың қатарына дұрыс (грамматикалық) және қате (грамматикалық емес) айтылымдардың табиғи айырмасы, тереңдетілген синтаксистік ережелердің әмбебаптылығы, терең және үстіңгі қабатты синтаксистің болуы, синтаксистің дербестігі, тілдің туа бітуі туралы тезистер жатады. 1980-жылдары когнитивті лингвистика онымен өткір таласқа түсіп, жаңа постулаттарды (ашық айтылған презумпцияларды) ұсынып туындаушы грамматика презумпциясын жоятын сыншылдыққа әкелді. Алайда, тұтастай алынған тіл білімінде, бұдан бұрынғы кезең презумпциясынан жаппай бас тарту әдетте жүзеге аспайды. Мысалы, салыстырмалы-тарихи тіл білімінде және тілді оқытуда қолданылған лингвистикалық сипаттамаларда 19 ғасыр тіл білімінде қаланған әдіснамалық қағидалар жұмыс жасауын жалғастыруда, сол себепті тіл білімі кейде көппарадигмалы пәндер қатарында қарастырылады. Дәстүрлі лингвистикадағы тілді сипаттау – бұл оны құрайтын барлық бірліктерді топтастыруға мүмкіндік беру (таксономиялық мақсат). Зерттеушінің негізгі құралы оның тілдік интуициясы болып табылады (интроспекция әдісі). Құрылымдық лингвистика үшін тілді сипаттау - тек классификация ғана емес, сонымен бірге барлық мүмкін болатын сәйкестенген және сәйкеспейтін тілдік параметрлерді де көрсету. Құрылымдық лингвистика, оның нақты және біржақты нәтижеге алып келетініне сеніп, зерттеудің қатал формалды процедурасын құруға талпынды және оның субьективтілігі үшін білім алу әдісі ретіндегі интроспекцияны мүлдем мойындамады. Генеративті грамматика алғаш тілдің сипаттамасы барлық қателіктерді жойып, барлық мүмкін дұрыс тілдік айтылымдарды туындататын (математикалық мағынада, яғни, санауға келетін) формалды процедура екенін жариялады. Тіл біліміндегі жалпы ғылыми әдістер. Лингвистистикалық әдістер тілдің мәнін сипаттау мен зерттеу әдістерін және қағидалардың бірегей жүйесін қамтымайды. Бұл нақты лингвистикалық зерттеулердегі және жеке лингвистикадағы әртүрлі қиыстырулар мені әртүрлі мөлшерде қолданылатын, өзара толықтырушы немесе өзара теріске шығарушы «мәзір». Сонымен қатар, бұл жиынтық тұрақты болып табылмайды. Оның үздіксіз баюы жүзеге асып, сол және басқа да әдістерге деген қатынастар өзгереді: әртүрлі ғылыми мектептердегі әртүрлі тарихи кезеңдер бір және сол әдістер лингвистикалық тәжірибеде үстем болуы немесе, керісінше, ғылыми беделін түсіруі мүмкін. Әрбір ғылыми мектеп өз репертуарындағы нәтижелі әдістерді, негізгі мақсаттарын сипаттайды. Сонымен қатар, нақты зерттеу әдістері ғылыми мектептерден өміршең болып келеді: мектептер ауысқан кезде көптеген әдістер жаңа парадигмаларға еніп отырады. Жоғарыда айтылғандардан көріп отырғанымыздай, барлық «жеке тіл біліміне», барлық ғылыми парадигмаларға арналған лингвистикалық әдістерді санамалап шығу мүмкін бола бермейді. Өйткені олар бірін-бірі толықтырып, ғылыми мектептер ауысқан сайын жаңаша сипат алып отырады. Лингвистикалық зерттеулердегі индукция және дедукция. Индукциялық және дедукциялық зерттеу әдістерінің логикалық қайшылығы белгілі. Эмпирикалық ғылымдарда (оларға лингвистика да жатқызылады) бұл қайшылық зерттеуші қолындағы эмпирикалық материалдар (деректер) және зерттелу нысанының табиғаты (мәнділік) арасындағы қарама-қайшылықпен байланысты. Тіл білімінің нысаны – тіл – зерттеушіге үздіксіз бақылаумен берілмеген. Зерттеуші бақылайтын эмпирикалық материалдар тіл туралы жанама куәліктер, нақты айтқанда - тілдік әрекеттің жемісі (тілдік айтылымдар) болып табылады. Бірегей тілдік деректердің саны шексіз, сондықтан барлық деректерді жинақтау мүмкін емес және ол зерттеудің мақсаты бола алмайды. Ғылыми зерттеу процесі бұл жағдайда екібағытты болуы мүмкін: деректен мәнге немесе мәннен дерекке. Ғылыми процесті ұйымдастырудың индуктивті әдісі тұтастай алғанда, оларды ақырында талдап қорыту және деректен олардың негізгі мәніне ауысатын нақты құбылыстарды құжаттандыру мен жинақтаудан тұрады. Дедуктивті әдіс, керісінше, бұл мәндердің шынайылығын тексеруде бақыланған деректердің сәйкестігі (немесе сәйкессіздігі) немесе мәнді негіз етіп алудағы белгілі жорамалдарға негізделген бөліктерді қамтиды. Шынайы лингвистикалық тәжірибеде индуктивті немесе дедуктивті әдістерді қолдану таза түрінде кездеспейді. Өнімдірегі нысан туралы жүйелі анықтау мен индуктивті және дедуктивті әдістерді циклді қолдану болып табылады. Анығында, тілдің мәні туралы кейбір болжамдар алғашқы кезеңде дедуктивті ұсынылады да, индуктивті талдау мен тілдік материалдарды бақылаудан кейін эмпирикалық жұмыс барысында индуктивті тексеріледі. Көбінесе индуктивті алынған талдаулар мен негіз етіп алынған мәндерде белгілі сәйкессіздіктер анықталады. Бұл жаңа дедуктивті құрастырулардағы кезекті циклдер мен олардың келесі индуктивті тексерулерін талап етеді. Тіл біліміндегі эвристикалық әдістер. Эвристикалық әдістер деректердің құжаттандырылуы және жинақталуымен байланысты. Деректерді алу процесінің өзі пассивті немесе активті болуы мүмкін. Пассивті бақылау (регистрациялық) әдісі тілдік мәліметтерді ажырату барысында, зерттеушінің еркінен тәуелсіз, барынша дәл, сенімді тілдік материалдар алу қажет болғанда ғана ескеріледі. Мұндай материал болып табиғи коммуникативтік жағдаяттардағы тіл тасымалдаушыларының спонтанды тілі есептеледі. Зерттеуші тек бұл тілді тіркеуші немесе бұрын жазылып қойылған тілді (мысалы, жазбаша мәтіндер) қолданушы болып табылады. Тілдік әрекеттің алғашқы формасының іске асуы спонтанды және диалогтық тіл болып табылады. Соңғы онжылдықта ауызша тілдің автоматты тіркелуінің техникалық құралдары мұндай деректерге зерттеушінің шексіз енуіне жағдай туғызды; әсіресе олардың елеулі көлемі «тілдік өмір сүру мектебіне» жататын жапон зерттеушілерімен жинақталған. Мұнымен қоса, жаңа компьютерлік технологиялар мәтіннің үлкен сілемін тексеруге және олардан қажетті деректерді алуға мүмкіндік беретін, пассивті әдісті күшейтетін инструменталды құрал - корпустық лингвистиканың пайда болуы үшін жағдай жасады. Белсенді (эксперименталды) әдіс зерттеушіге қажетті деректерді алу мақсатында, сөйлеушінің тілдік әрекетін басқаратын, барлық мүмкін болатын тәсілдерді қолданудан тұрады. Мысалы, сөз өзгерімдерді немесе сөз тіркестерін зерттеуде, стимулды тілден зерттелуші тілге ауысуда, кейбір контекстегі сөйлемдерді жалғастыруды ұсынғанда және олардың грамматикалық дұрыстығын немесе грамматикалық зерделенуін тексеру үшін арнайы құрастырылған немесе белгілі үлгіде модификацияланған сөйлемдерді шығаруда парадигмалық сауал жүргізілуі мүмкін. Стимул ретінде тілдік әрекет үшін шындық әлемнің әртүрлі нысаны мен жағдаяты ұсынылуы мүмкін; заттың пәні мен комбинациясы, затпен әрекет, суреттер, сыналушы стимулды вербальды сипаттау мақсатындағы компьютерлік немесе бейнефильмдерден үзінді. Эксперименталды әдіс психолингвистикада, когнитивтік лингвистикада, лингвомәдениеттануда т.б. жетекші болып табылады. Интроспекция әдісі. Интроспективті әдіс зерттеуші тілдік деректерді тіркемей, оларды өзі тіл тасушысы ретінде жасағанда қолданылады. Соңғы онжылдықта тіл білімінде барлығынан бұрын әртүрлі инструменталды әдістер белсенді қолданылады. Оларды қолданудың классикалық аймағы (19 ғасырдың соңынан бастап) бірізді дыбыстардың артикуляциялық және акустикалық параметрлерін әртүрлі құралдардың көмегімен зерттейтін эксперименталды фонетика болып табылады. Психолингвистикадағы инструменталды технология да алуан түрлі. Қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар тіл білімінің эмпирикалық базасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Үлгілеу әдісі тілге дедуктивті жақындаудың маңызды бөлігі болып табылады. Үлгілеу үздіксіз бақылауда берілмеген, тіл сияқты нысанды зерттеудің ерекше әсерлі құралы болып табылады. Үлгі ойлауда зерттелген нысанның қасиеті мен мәндерін суреттейтін теоретикалық құрылым болып табылады. Үлгінің нысанға сәйкестілігін тексеру эксперименталды жүзеге асады; үлгі ұқсас жағдайда өзін түпнұсқа сияқты көрсетуі керек. 1960–1980 ж.ж. «қара жәшіктің» кибернетикалық әдісі сияқты белгілі, үлгілеудің редукционистік нұсқасының әдісі барынша танымал болды. «Қара жәшік» деп ішкі құралы мүлдем зерттеуге келмейтін нысанды атайды. Алайда «Қара жәшік» әдісі қарапайым нысандарды сипаттау үшін қолданылады. Тіл ондайларға жатпайды, сондықтан тіл білімінде үлгілеу табиғи тілдің жеке табиғатын ескеруі қажет. Сипаттамалы әдістер. Тіл білімінде тілдік мәндер мен деректерді көрсететін әртүрлі әдістер қолданылады. Дәстүрлі (бұл қатарда құрылымдық та) тіл білімі белгілі ереже бойынша бақыланған деректердің шексіз көптігіне қатысты, ерекше топты бейнелейтін және әрқайсысы өте сирек белгілер жиынтығына ие болатын, иерархиялық реттелген дискретті мәндерден (тілдік бірліктер) тілдің құралатындығы туралы презумпциялардан шығады. Мысалы, тілде сөз деңгейінде лексикалық топтар, сөз таптарының атауы - зат есім, етістік, сын есім т.б. бөлінеді. Әрбір сөз табы өз кезегінде мәндерінің көптігімен сипатталатын (сан үшін жеке және көптік, атау, ілік, барыс т.б. септіктер) грамматикалық категориялардың (мысалы, зат есім үшін сан мен септік) көптігімен сипатталады. Грамматикалық категориялардың мағынасы мағыналардың көптігі (мысалы, бастауыштың атауы, баяндауыштың атауыштығы т.б.) болып табылады. Таксономиялық деп аталатын тілдің мұндай сипаттамасы белгілі талаптар қойылатын топтастырудың ерекше түрі болып табылады. Таксономиялық сипаттау тілдік бірліктер топтарын және олардың арасындағы байланыстарды айқындауды болжайды. Тілдік бірліктер жеткілікті және қажетті белгілер жүйесімен анықталады. Белгілердің бұл жүйесі берілген топқа кірмейтін барлық нысанды теріске шығаратын барынша тар, сонымен қатар барлық нысанды қамтитын барынша толық болуы керек. Құрылымдық парадигма шеңберінде тілдік бірлікті толық сипаттау талабы қойылады, яғни тілге немесе оның бөлігіне ие барлық мәндер көрсетілуі тиіс. Мысалы, септік деңгейінде – жіктелетін етістіктердің барлық сөзформалары немесе жіктеу есімдер жүйесіне кіретін барлық септіктерді анықтау. Егер топтар бірнеше негізде анықталатын болса, оларды табу санау әдісіне негізделеді. Мысалы, орыс тіліндегі етістік үш уақыт пен екі түр бойынша ажыратылады, сондықтан осы негізде ажыратылған топтардың максималды саны алтыға тең. Алайда, топтардың бірі орыс тілінде болмайды (болымды түрдің осы шағы). Етістіктің көп категорияларын ажырататын тілде санамалау әдісі міндетті түрде қолдануы тиіс, себебі сирек ұшырасатын сөзформалары зерттеу мәтінінде болмауы мүмкін. Динамикалық сипаттама деп аталатын таксономиялық қатарға тек солардағы туындаушы тілдік айтылымдар мен барлық ережелерді сипаттау талабы қойылады. Сипаттаудың мұндай түрі туындаушы грамматикада немесе «мағына ⇔ мәтін» үлгісінде көрсетілген. Ол тіл - қарапайым тілдік бірліктердің жинағы емес, сонымен қатар бақыланған тілдік айтылымдарға сәйкес келетін, сол бірліктердің жалғасуын қалыптастыратын белгілі механизм деген мағынадан шығады. Тілдік бірліктерді топтастырумен қатар мұндай сипаттамада дұрыс тілдік айтылымдарды қорытындылау барысы баяндалады. Динамикалық сипаттамада тілдік ережелерге ерекше назар аударылады. Барлық сипаттамалар үшін нысанды сипаттаудағы сәйкестілік мәселесі тұр. Сипаттама кейбір соңғы іріктеп алынған мәліметтерді қорытындылайды. Сәйкестілікті тексеру қосымша бақылау іріктеуінде жүзеге асады. Егер сипаттама еркін бақылау іріктеуін қанағаттандырса, сипаттама сәйкес деген анық болжам жасауға болады. Керісінше жағдайда сипаттаудың модификациясын және жаңа іріктеуді тексеру қажет. Түсіндірмелі сипаттау. Таксономиялық және динамикалық сипаттама тілдің қалай құрылғаны туралы сұраққа жауап береді. Соңғы уақытта сипаттамаға тіл неге басқаша емес, дәл осы үлгіде құрылғанын түсіндіру талабы қосылды. Мұндай сипаттама түсіндірмелі деп аталады. Түсініктеме ішкітілдік (тілдік байланыс процесі арқылы, аналогия арқылы түсіндіру, тарихи немесе жүйелі дерекке; зерттелетін тілдің ареалдық немесе генетикалық байланысына; типологиялық заңдылыққа жүгіну) және сыртқытілдік (мысалы, когнитивтік құрылым мен механизмді; сыртқы тілдік құралының шынайылығын; әлеуметтік, психикалық, мәдени факторларды сипаттау). Түсіндірмелі әдістің әлеуеті әлі де толық зерттелмеген, қазіргі уақытта осы бағытта белсенді жұмыстар жүргізілуде. Қайта құру (реконструкция) әдісі. Тарихи тіл білімінде бұрынғы тілдік жағдайларды қайта құру әдісі маңызды болып табылады. Бұл әдіс тілдік айтылымдардың фонетикалық жағына байланысты барынша жақсы зерттелген. Ол тілдің барлық лексиконында таралған фонетикалық өзгерістердің қатаң заңдылығына сүйенеді. Сыртқы қайта құруда (внешняя реконструкция) генетикалық туыс тілдер мәліметтері қолданылып, ішкі қайта құруда (внутренняя реконструкция) бақылаудың нысаны бір тілдің мәліметтері болып табылады. Лингвистикалық сипаттамаларды формалдау. Тіл білімінде тіл туралы ақпаратты формалдаудың барлық мүмкін әдістері жасалған. Таксономиялық тіл біліміндегі формалдаудың классикалық көрінісі - грамматикалық парадигма түріндегі тілдік бірліктердің жүйелі қарама-қарсы қойылуы, яғни жүйелі байланысқан формалардың жиынтығы болып табылады (мысалы, зат есім мен етістіктің жекеше түрінің сандық және септік формасы). Тілдік бірліктердегі иерархиялық және синтагматикалық қатынастарды көрсету үшін, бағанның әр түрі, мысалы, тәуелділік бұтағы және құраушы бұтақ қолданылады. Семантикалық қатынасты формалды көрсету үшін семантикалық желі, семантикалық карта, фреймдер қолданылады. Синтаксистік құрам мен иерархиялық қатынас аралығы жақшалы жазба арқылы көрсетіледі. Тілдің бірлік топтарының әртүрлі қасиеттері иерархияны білдіреді. Иерахия топтардағы бірліктердің жалғасуының реттілігі. Алгоритм мен өнім тілдік ережелерді көрсету әдісі ретінде. Динамикалық сипаттамада тілдік ережелерді берудің әртүрлі әдістері бар, мысалы, алгоритм және өнімдер деп аталатын әдістер. Алгоритм кірісте кейбір негізгі ұғымдар енгізілетін, шығуда нәтижелі түсінік алатын қадамдық процедураны көрсетеді. Алгоритм түпкі, негізгі және нәтижелі ұғымдар арасындағы өзара бірдей мәнді сәйкестілікті есептеп шығарады. Алгоритмнің математикалық түсінігі машиналық аударма бойынша қайта өңдеуде кең қолданыс тапты. Алгоритм енуші тілдегі мәтінді қайта шығарушы тілдегі мәтінге жаңғыртушы ретінде түсіндіріледі. Тіл біліміндегі анықтау, дәлелдеу мен дәйектеу. Анықтау мәселесі тілдік факторларды бекіту (фиксациялау) кезеңіне жатады. Мұны жүргізу оңай жұмыс болып табыла бермейді. Мысалы, өрістік лингвистикада зерттеуші оған белгісіз тілдегі деректерді белгілейді және оны тіл біліміне негізделген интроспекция көмегімен анықтай алмайды. Тіркелген деректерді анықтауда (мысалы, әртүрлі респонденттерден алынған тәуелсіз сауалнама, парадигмалық қатынастардың басқа деректермен тұрақтылығы, грамматикалық болжамдармен сәйкестілік, туыстас тілдердің зерттеушіге белгілі мәліметтермен сәйкестілігі т.б.) әртүрлі технологиялар кажет. Тіл тасушысының диалектіден әдеби тілге ауысуын болдырмауға қажет ерекше әдістер диалектологиялық зерттеулерде қолданылады. Сонымен қатар анықтауға алынған деректердің грамматикалық дұрыстығын дәлелдеу үшін зерттеушінің ана тілін зерттеуде қолданылатын белсенді әдісі қажет. Зерттеушінің интроспекциялық бағасы жеткіліксіз болып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда тілдің әртүрлі тасушылары арасынан сауалнама жүргізіліп, олардың жауаптары статистикалық бағаланады, себебі зерттеушінің өзіндік бағасы мен олардың бағалары сәйкес келе бермеуі мүмкін Дәйектеу мен дәлелдеу сипаттамалық жұмыстың маңызды бөлігін құрайды және олардың дұрыстығын дәлелдейтін құрал болып табылады. Дәлелдеу математикадағы қабылданған дәйектеу тәсілі екені белгілі. Алайда математикалық дәлел техникасын тіл біліміне ауыстыру әрекеті елеулі нәтиже бермеді. Дәлелдерді лингвистикалық пайымдаулардың шынайылығын анықтау үшін қолданатын жалғыз сала - бұл формалдық үлгілеу. Формалдық үлгілеу шеңберінде үлгіленген нысандар құрылымын шектейтін белгілі ережелер бойынша анықталмаған негізгі түсініктер мен өндірістік нысан құрылымының орынды жүзеге асқандығын анықтайтын, дәлелдеу әдісін қолдану мүмкіндігі бойынша барлық басқа түсініктер мен пайымдаулар шығарылады. Алайда, тіл үлгіден тыс болғанда, табиғи тілдегі үлгінің сәйкестілігін формалды логикалық жолмен дәлелдеу мүмкін емес. Сондықтан тіл білімінде теорияның шынайылығын дәлелдеуде әлсіздеу әдістер қолданылады, нақты айтқанда, айғақтау технологиялары. Айғақтау - лингвистикалық бірлестік мойындаған импликациялар жүйесі: «егер X шындық болса, онда Y та шындық». Әдетте мұнда импликация абсолютті емес, ықтимал болып табылады. Айғақтардың ортақ әдістерінен келесіні көрсетуге болады. Ұсынылған шешімді дәйектеу және олардың арасындағы қайшылыққа ие сарындар мен себептерді шығару, қарастырылған нысанға алдыңғылардың көзқарасымен жалпыфилологиялық дәлелдеу әдісін логикалық қатар қою кең қабылданған. Ұсынылған сипаттауда статистикалық дәйектеме жиі қолданылады. Типологияда жинақталған білім нақты сипаттау пайдасындағы айғақ сияқты типологиялық шындыққа сәйкестілікке жүгінуге мүмкіндік береді. Тарихи мәліметтерді синхронды сипаттау салмақты дәлел болып табылады. Тіл білімінің әртүрлі бағыттарында нақты жағдайларға байланысты дәлелдеулердің көптеген жеке әдістері шығарылған (мыс., сөйлемдегі сөздердің арасындағы синтаксистік байланысты анықтау үшін сұрақ қою әдісі). Тіл білімінде қолданылатын іргелес ғылымдардың әдістері. Тіл білімі психология, әлеуметтану, антропология, мәдениеттану, тарих, акустикалық физика, математика сияқты ғылымдардан алынған әдістерді кеңінен қолданады. Математикаға қатысты келетін болсақ, оның әдістері мен тәсілдерінің ықпалы соңғы онжылдықта үздіксіз өсуде. Әсіресе, тіл біліміндегі зерттеуге ой мен математикалық логика әдісі, статистика, ықтималдық теориясы, ақпараттар теориясы ерекше енген. Сонымен қатар, лингвистикалық білімді математика арқылы дамыту «жан туралы ғылым» мен «табиғат туралы ғылым» әдістемелеріне сәйкес келе бермейді. Онымен қоса лингвистикада қолданылған кейбір математикалық әдістергі бастапқыда салмақты үміт артылды (Л.Заде теориясы, Р.Томның апат теориясы, Монтегю грамматикасы) және тіл туралы тез теріске шығарылған ғылым да болды. Тіл білімі әдіснамасында кибернетика (жоғарыда көрсетілген «қара жәшік» әдісі), сонымен қатар когнитивті ғылым мен жасанды интеллект аймағындағы зерттеу де ізін қалдырды. Тіл біліміндегі сипаттау метатілі. Лингвистикалық сипаттаудың формалды құралы әртүрлі негізде топтастырылуы мүмкін. Формалдау (сипаттау метатілдері) дұрыс тілдік айтылымдарды құрастыру үшін және дұрыс дәлелдеуді қамтамасыз ету үшін, тілдік мәліметтерді көрсету үшін қолданылады: Метатіл – қазіргі заманғы теориялық тіл біліміндегі негізгі түсініктердің бірі. Жоғарыда аталып өткендей, метатіл дегеніміз басқа тілді (мысалы, бұл жағдайда нысан - тіл деп аталатын табиғи тілді) сипаттау үшін қолданылған тіл. Тіл білімінде нысан-тілден ажыратылатын метатіл және нысан - тіл сияқты табиғи тіл бола алатын метатіл қолданылады. Тілдік емес құралдар арқылы лингвистикалық ақпараттың берілуі. Лингвистикалық ақпарат алу немесе жіберу үшін ғылыми лингвистикалық мәтінде қолданылатын шартты таңбалар мен формулалар, кестелерді білдіретін мағыналар және басқа да тілдік емес құралдар нысан - тілден ажыратылатын метатілдің үлгісі болып табылады. Тіл білімінгеі ғылыми ақпараттарды көрсетудің бір құралы ретінде геометриялық фигуралар (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) мен графикалық белгілер (тіл, нүкте, әртүрлі модификация сызықтары) негізін құрайтын, шартты белгілер мен олардың мағынасы, кестелер, тірек сызбалар мен олардың модификациясы, суреттерге жататын кеңістікті-графикалық формалар қолданылады. Кестелер лингвистикалық сипаттама мәтініндегі олардың үздіксіз қатысуын түсіндіретін, ғылыми таным нәтижесіндегі байытылған айтылымдардың әсерлі құралы болып табылады. Кестенің лайықтылығына келесідей қасиеттерді жатқызуға болады : - кестелер күрделі ғылыми ақпараттарды тиянақты көрсетуге қабілетті, мысалы, ұқсастық пен айырмашылық туралы, әртүрлі белгелілердің қатысуы мен болуы туралы, сәйкестілік пен өзара сәйкестілік туралы т.б. ; - кестелер өзіне мәтін кеңістігінде көп орын алмай-ақ, көлемі жағынан үлкен мазмұнды қамтуға қабілетті;

- кестелер материалдарды жүйелеуге мүмкіндік береді;
- кестелер ғылыми ақпаратты қабылдауды жеңілдетеді.
Кесте құрастыру негізіне келесідей ойластырылған әрекеттер жатады:

1) материалдарды бөлу; 2) оның зерделенуі (салыстыру, жинақтау, қорыту); 3) ұйымдастыру (мағлұматты реттеу, жүйелеу); 4) материалдың алдын ала ойластырылып өңдеу нәтижесін кестеге енгізу.

Кестелерді келесідей үлгіде топтастыруға болады: - жұмыс кестесі қабылдауға ыңғайлы үлгіде мәліметтерді хабарлау мақсатына ие (мәліметтер кестесі); - аналитикалық кестелер қорытындылар алуға болатын құбылыстар мен үдерістерді талдау мақсатына ие. Кестелер лингвистикалық сипаттауда әртүрлі мақсатта, мысалы, түсіндірудің жинақтық формасы ретінде, алынған нәтижелерді жинақтау үшін, белгілі теориялық қағидаларды дәлелдеу үшін, сонымен қатар жүргізілген зерттеу нәтижесі мен қорытындыларды қалыптастыру үшін т.б. қолданылады.

Сондықтан ғылыми мәтінде кесте келесі түрде болуы мүмкін: - материал мазмұнының басында (мұнда кестелер алдағы хабарламалар жазылып шығатын, негізгі түйінді сызбамен жинақтау үшін қолданылуы мүмкін); - материал мазмұнының ортасында (аралық қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін, зерттеу нәтижесін алдын ала білу үшін); - мазмұн соңында, кестелердің көмегімен лингвистикалық зерттеудің шешуші нәтижесі қорытындыланып шығады. Осыған байланысты кестелерге кіріспе мәтінде әртүрлі берілуі мүмкін: кестелерге кіріспе «мұны кестеде көрсетеміз...», «талдау нәтижесі келесі кестеде талқыланған...», «негізгі жағдайлар келесі кестеде көрсетілген...», «мұны келесі кестеден көруге болады» және т.б. тілдік қалып түрінде көрінуі мүмкін;- мәтінде сол немесе басқа кестеге сілтеме берілуі мүмкін («кестені қараңыз...» түрінде);

- кестеден кейін оның мазмұнын ашатын «берілген кестеден көріп тұрғанымыздай, …», «кестеде көрсетілген ақпараттың негізінде, келесідей қорытынды жасауға болады …», «кестені талдау негізінде келесідей тұжырым айтуға болады …» түріндегі мәтін болуы мүмкін.

Кесте келесідей талаптарға жауап беруі керек: - кесте мазмұны мен оның қабылдану бағдарын қалыптастыратын тақырып атының болуы; - кестенің көлденең және тік бағандары (жолдары) туралы мәліметтерді қамтитын тақырыптың болуы;

- кесте мазмұнында орналасқан элементтердің сәйкестілігі мен бірегейлігі;
- оларды топтастыру негізінде жатқан белгілердің болуы;
- барлық екіншілік, қажетсіз мәліметтерден босату;

Сызбаның графикалық элементтері бір-біріне қатысы бойынша тік-көлденең иерархияда «тарамдалып», белгілі үлгіде қатаң ұйымдастырылып орналасады. Сызбаның ең басты артықшылығы - үлкен көлемдегі ақпаратты оның мағынасына нұқсан келтірмей сыйғызуы болып табылады. Сызбада бөліктердің өзара орналасуы және олардың арасындағы қашықтық шынайы нысанда болатын иерархиялық байланыс пен қатынасты көрсетеді. Сондықтан сызбаның әрбір элементі мағыналы, ол басқаларына қатысты жүйенің әрбір элементінің мағынасын көрсетеді. Сызбаны құрастыруда келесілерді ескеру қажет:

- жүйенің теңмәнді элементтері бір көлденең деңгейде орналасуы керек, - жүйенің бағыну қатынасында орналасқан элементтері кестеде тік бөлікте орналасуы керек (мұнда «басты» элемент жоғары орналасу керек, ал бағынушы немесе тәуелді элемент төмен орналасады). Кестеде байланыс пен қатынас тәуелділіктің орналасуын көрсететін, сызық немесе тілшемен белгіленеді.

Сызбаны дұрыс «оқу» үшін, ол келесідей талаптарды қанағаттандыруы керек: - құрастыру тұтасында үйлесімнің қағидасын қанағаттандыруы және симметриялы болуы керек;

- оған сирек қиылысатын сызықтар мен барынша қысқалық тән болуы керек;

- сызбаның графикалық элементтермен толығуы тең және орнықты болуы керек. Егер сызба бұл талаптарды қанағаттандырмаса, сызбадағы ақпараттың мазмұнды бөлігі жоғалуы мүмкін.

3.2. Зерттеудің дәстүрлі лингвистикалық әдістері

Салыстырмалы-тарихи әдіс — белгілі бір тілдердің туыстығын дәлелдеуге мүмкіндік беретін және олардың тарихындағы көне деректерді қалпына келтіретін тәсілдердің жиынтығы. Әдіс XІX ғасырда қаланған, оның негізін салушылар — Расмус Раск (Дания), Франц Бопп (Германия), Якоб Гримм (Германия) және Александр Востоков (Ресей). Бірнеше тілдердегі сөздер ұқсас болуы мүмкін, себебі бір тіл басқа тілдермен қарым-қатынас барысында сөз алмасулар болып тұратын құбылыс. Бірақ бір тілден екінші тілге сирек енетін сөздер де бар: қарапайым сан есімдер, ең қарапайым белгілерді білдіретін сын есімдер, дене бөлігінің атауы, туыстықтың жақындық дәрежесі т.б. Тіл тарихын қайта құру үшін зерттеушілер келесідей негізгі тәсілдерді қамтитын салыстырмалы-тарихи әдісті қолданады: 1) сыртқы қайта құру; 2) ішкі қайта құру; 3) кірме сөздерді талдаудан ақпараттар алу; 4) топонимикалық мәліметтерден ақпараттар алу. Аталған әдіс нәтижесінде алынған деректер тілдің барлық жақтарын: фонология, морфонология, морфология, лексика және синтаксис бөлімдерін қамтиды. Алайда, бұл қайта құруларды тарихта болған нақты ататілмен теңестіру мүмкін емес, олар тек жаңадан пайда болған ұрпақ-тілдерде жоқ ататіл түбір, фонемалары туралы мәліметтерді береді.

Құрылымдық лингвистика әдістері.

Құрылымдық лингвистика – тілдің және оны құрайтын компоненттердің формалдық құрылымы мен жалпы ұйымдастырылуын мазмұны мен берілу формасы тұрғысынан зерттейтін тіл білімінің пәні. Тіл білімінде құрылымдық бағыт ең алдымен тілді таңбалар жүйесі ретінде қарастырады, оны зерттеуге тілдің барлық мүмкін нұсқаларында, оның барлық жеке дамуында өзінің ұқсастығын сақтайтын және берілген жүйедегі барлық элементтерден өзін ерекшелеп тұратын, оларды талдауда әрбір элементтің таңба жүйесі мен белгілерін ескеруді талап ететін семиологиялық/семиотикалық қағидалар басшылыққа алынады. Тіл өзара келісілген дискретті элементтер мен көптеген өзара байланысты қамтитын, күрделі көпдеңгейлі жүйе ретінде көрсетіледі. Бұл бағыт өкілдері тілдік элементтердің түп негізіне емес, элементтердің қатынасаралық сипаттамасына елеулі назар аударады. Тіл құрылымда, оның элементтерінің арасындағы қатыстық байланыс желісінде қалыптасады. Тіл элементінің тұтас жүйеден, оның басқа элементтерге қатынасынан, жалпы тілдік тұтастықтан тәуелділігі жарияланады. Элементтердің сараланған мазмұны (әртүрлі белгілердің жиынтығы) синтагматикалық жалғасу немесе парадигмалық топтағы элементтердің басқа элементтермен (оппозиция мен карама-қарсылық) қайшы қойылуы арқылы пайда болады. Мәтінді/айтылымды бастапқы материалдар ретінде талдау келесі мақсатта жүргізіледі: а) нақты сөйлеу сегменттеріне қатысты жинақталған инвариантты бірліктерді бөліп көрсету (фонема, морфема, сөйлем сызбасы); б) оларда өзара ұқсас шарттарды сақтауда тілдік бірліктерді түрлендіретін шекараны анықтау; в) тілдік жүйеден (терең түсініктен) сөйленім іс-әрекетіне (үстірт құрылымдарға) ауысу ережелерін орнату. Статистикалық құрылымдық лингвистика динамикалық генеративті лингвистиканың (Н.Хомскийдің трансформациялық грамматикасының), тілдің құрылымдық типологиясының пайда болуы, қолданбалы лингвистикадағы жаңа аймақтардың дамуы және машиналық аударма аймағында тапсырмаларды шешу мен алғашқы өңдеу үшін қалыптастырудың базасы болды. Құрылымдық тіл білімінде тілді синхронды сипаттауға арналған қатал әдістер қатары қалыптасты. Тіл білімі қайтадан логицизм қағидасына жүгініп, логикалық семантика, кейін логикалық синтаксис сияқты пәндер мен жаңа (реляциялық/ қатысымдылық) логика жетістіктерін қолдана бастады. Құрылымның арқасында тіл біліміне математикалық әдістер (математикалық логика, көптік теориясы, топология, алгоритм теориясы, бағандар теориясы, ықтималдық теориясы, ақпараттар теориясы, математикалық статистика және т.б.) ене бастады. Компоненттік талдау әдісі — мағыналы тіл бірліктерінің мазмұндық жағын зерттеу әдісі. Оның мақсаты мағынасынан кіші семантикалық бөлшектерін ажырату. Компоненттік талдау әдісі алғашында (20 ғ. 50 жылдары) лексиканы зерттеуде әр түрлі тілдердегі лексикалық бірліктердің шағын тобын (туыстык терминдерді) сипаттау үшін пайдаланылған. Ол — әрбір тіл бірлігінің мағынасы семантикалық белгілерден (семалардан) тұратыны, тілдің сөздік құрамы шағын семантикалық белгілердің көмегімен анықталуы мүмкін деген ғылыми болжамға негізделген. Компоненттік талдау әдісі тіл туралы жүйелі-парадигмалық түсініктермен, мәселен, өріс теориясымен, тығыз байланысты. Болжам бойынша, жалпы категориялық семантикалык белгілер универсалдық сипатта болып, көптеген тілдерде кездесуі мүмкін. Лексикалык мағынанын компоненттік құрамы ұғымның деректі — дерексіздігіне байланысты. Нақты заттық ұғымы бар сөздерді (піл, қарағай) компоненттік талдауда, олардың осы сөзді сипаттайтын жеке белгілеріне мән беріледі (пілдің тұмсығы). Сөйтіп, сөздің семантикалық белгісінің мазмұны мен оны білдіретін зат белгісінің сәйкес келу мүмкіндігі артады. Сөздердің сөйлеу кезіндегі қызметіне байланысты компоненттік талдау әдісін синтагматикада қолдануда бірқатар зандылық бар. Мысалы, олар сөздердің сұрыпталу шегін анықтау (Дж. Каи, Дж. Фодор), лексикалық мағыналарды білдіру (Ю. Д. Апресян), семантикалық келістіру (В. Г. Гак) т.б. Осылардың негізінде сөз тіркесінде сөздерді дұрыс қолдану ережелері қалыптасады. 20 ғасырдың 70—80 жылдары компоненттік талдау әдісі грамматикада, әсіресе морфологияда қолданыла бастады. Компонентті талдау әдісін фонемаларға қатысты Н.С.Трубецкой дамытты және өзінің тиімділігі мен әмбебаптығы арқасында грамматикалық зерттеулерде, кейінірек лексикалық мағыналарды зерттеуде қолданылды. Р.О.Якобсон орыс тіліндегі зат есімдердің септік категориясының грамматикалық мағыналарын сипаттау үшін компоненттік талдау әдісін алғаш қолданды. Компонентті талдау талдау бірліктері тіл бірліктерінің (құрылымдық немесе номинативті-коммуникативтік) бөліктері (элементтері) болып табылатын қағидаға негізделген. Компонентті талдау әдісі Қазан және Мәскеу лингвистикалық мектептерінде құрылған. Компоненттік талдау мысалдары: 1) сөздерді морфемалық және морфологиялық құрамына қарай талдау; 2) сөйлемді құрамы бойынша талдау (логика-грамматикалық және оның мүшелерінің мағынасы); 3) нормативті сөздікте сөзді түсіндіру. Кейбір зерттеулерде құрылымдық талдау төмендегідей әрекеттерден тұратын дискретті талдау ретінде қарастырылады: 1) лексикалық мағынаны семаларға бөлу; 2) оларды матрица негізінде сипаттау; 3) семантикалық деңгейді лексикалық деңгейге қарама-қарсы қою; 4) әдістемелік сипаттауды әдістемелік талдаумен ауыстыру; 5) талдау орталығында тақырыптық қатар - дискреттік компонентті талдау әдісінің негізін құрайтын контрастық моносемалардың (= семалардың) жиынтығы, оларды матрица негізінде сипаттап контекстік дәлелдеу. Компонентті талдауды контекстік талдау және нормативтік талдаумен толықтыру қажет. Негізінде, компонентті талдау әдісі үшін «сөйлем мәні оған кіретін сөздер мағынасының жиынтығы» деген тезиспен белгіленеді. Компоненттік талдау әдісі шетелдерде қарқынды дамуда. Композициялық семантиканың әртүрлі теориялары бар (Катц пен Фодор, Барбара Патти, Анна Вежбицкая және т.б.). Мысалы, А. Вежбицкая барлық сөздердің мағынасы барлық тілдерде белгілі бір бірліктермен шектелуі мүмкін, физикадағы атом сияқты ажыратылмаған, яғни семантикалық тұрғыдан қарапайым болуы мүмкін деп тұжырымдайды: көптеген есімдіктер, сан есімдер, етістіктер (істеу, жасай алу, ойлау, айту, білу, иелену), өлшемдер (үлкен, кіші), үстеулер (қайда, жанында) және т.б. Семантикалық септік әдісі. Мағыналық формалар мен құрылымдарды жазу үшін тілдің дамуына Чарльз Филлмор үлкен үлес қосты. Ол мағыналардың компонентті құрылымдық болжамын және сөз мағынасының барынша қарапайым компоненттерге (мағыналық атомдарға немесе «семантикалық жұпынылыққа» дейін) бөліну идеясын қабылдады. Предикаттың аргументтік құрылымына деген жалпы қабылданған көзқарастарды қолдап, берілген предикаттағы дәлелдердің (аргументтердің) санын ғана емес, сонымен қатар олардың семантикалық мазмұндағы рөлін де көрсету керек деген қорытындыға келеді. Ол келесідей рөлдерді белгілейді: Сонымен қатар, ол лексикалық мағынаның толық тұжырымын ұсынды. Лексикалық мағынаның жалпы қабылданған тұжырымында мағына элементтерінің экспрессивті - эмоционалды және стилистикалық мағыналық реңкін қамтып, көпқабаттылық туралы түсініктен шығады. Филлмордың зерттеуінің негізгі нәтижесі түсіндірмелі сөздіктегі сөздік мақаласының (анықтамасының) әдеттегі қалпын, сызбасын қайта қарау болып табылады. Ол сөздікті семантикалық рөлдегі құрылымдарды берудің негізгі құралы, олардың жоғарғы құрылымға ауысуының ережесі деп санайды. Семантикалық сөздік пен семантикалық септіктің теориясы қазіргі заманғы орыс тілінде комбинаторлық түсіндірме сөздік пен «мәтін – мән-мәтін» үлгісін құрған Мәскеу семантика мектебінде дамыды. Мұндай сөздік үшін Филлмордың семантикалық септік аппаратына мағынасы бойынша жақын лексикалық қызмет аппараты қалыптасты. 1984 жылы «Орыс тілі синонимдерінің жаңа түсіндірме сөздігі» сөздігінің нұсқасы басылды. Дистрибутивтік талдау тілді зерттеудің ерекше әдісі ретінде америкалық дескриптивті лингвистикада құрылды. ХХ ғасырдың 40-60 - жылдары тілдің синтаксис, морфология, фонетика сияқты салаларының әр түрлі қырларын зерттеуге арналған көптеген жұмыстар пайда болды. Дескриптивистердің жұмысынан шыққан маңызды нәтижелердің бірі лингвистикалық зерттеуді үлгілеу туралы сұрақтың қойылуы. Ю.Д. Апресян келесі тәсілдерді белгілейді: 1) Берілген формаға элементтерді қосу. 2) Берілген формадан элементтерді түсіріп тастау. Мысалы, тура толықтауышқа қарағанда, етістікпен байланыс тығыздылығы әлсіздеу жанама толықтауышты түсіріп тастауға болады; тура толықтауышты түсіріп тастауға болмайды: «Бала су әкелді», бірақ «Бала маған әкелді» емес. 3) Берілген форма элементтерін алмастыру. Күрделінің құрамындағы екі жай сөйлемді алмастыру мүмкіндігі олардың арасындағы құрмаластық байланыстың бар екендігін көрсетеді, ал мұндай алмастыруға мүмкіндіктің болмауы бұл байланыстың бағыныштылық сипатын білдіреді.

Оларға болады, ал Сізге болмайды; Сізге болмайды, ал оларға болады.
Бірақ: Ол ит қашып кетті деп ойлады; Ит ол қашып кетті деп ойлады.

4) Элементтің басқа элементпен субституциясы (ауысымы).

Топтарды құру үшін (сөз таптары, сөзқалпы) субституция қағидасы қолданылады: егер олар берілген фразаның дұрыстығын бұзбай, бірдей ортада бір бірін ауыстыра алса, екі элемент бір топқа кіреді. Егер A1x1A2 түріндегі кез келген дұрыс фраза үшін A1x2A2, түріндегі дұрыс фраза өмір сүрсе немесе керісінше болса, екі элемент (x1 және ) эквивалент болып саналады. Мысалы, Мен кітап оқимын фразасын алайық. Мұнда біз ашамын, аламын (x2) сөздерімен алмастыра алатын x1 оқимын сөзі болып табылады: мен кітап аламын; мен кітап ашамын.

Тура құрау әдісі (ТҚ).

ТҚ әдісі синтаксистік ақпарат алу үшін қолданылады. ТҚ әдісі келесідей мазмұнға негізделеді: 1) сөйлемнің синтаксистік құрылымындағы маңызды рөлді бір ғана қатынас атқарады – бағыну қатынасы; 2) сөйлем сөз қалыптардан (словоформалардан) тікелей жинақталмайды, бірақ реттілікпен иерархиялы құрылады: элемент, оның бөліктері қарапайым бірігеді, «құраушы» блоктар, барлық сөйлемдер біріккен блок түрінде көрінгенше, бұл блоктардан ірі блоктар құрылады; 3) иерархияның жоғарысы бастауыш немесе бастауыш пен баяндауыш топтары болып табылады.

ТҚ бойынша қысқартудың бірнеше ережесі бар: 1) бір уақытта бір жаңа символға екіден көп символды қысқартуға болмайды; 2) символдарды алмастыруға тыйым салынады; 3) ережелерді қолдану реті тұрақталған. Сөйлем талдаудың барлық барысы (ТҚ бойынша қысқарту) үш тәсілмен бейнеленуі мүмкін: ережелерді қою түрінде, жақшадағы жазба түрінде және ТҚ бұтағы түрінде. Ю.Н. Карауловтың алты қадам әдісі. Ю.Н. Караулов өзінің “Жалпы және орыс идеографиясы” (1976) атты кітабында, ”семантикадағы тезаурус әдісі” атауына ие болған, тілдің мағыналық жағын оқытуға жақындайтын жаңа қағиданы қалыптастырды. Автордың қалыптастырған идеография теориясы лексикалық жүйе ұйымының барлық деңгейінде – семантикалық өріс құрылымы мен сөздің микроқұрылымынан тілде бейнеленген әлемнің тұтас суретіне дейінгі бірдей заңдылықтарды ашты. Дәл осы кітапта Ю.Н. Караулов сөздіктің семантикалық үздіксіздік қасиетін бейнелейтін “алты қадам ережесін” қалыптастырды. Семантикалық үлгі ретіндегі тезаурус туралы көзқарас тезаурус-сөздік құрастыру міндетімен байланысты семантикадағы заңдылық пен ауқымды байланыстарды анықтайтын тезаурус әдісі туралы айтуға негіз болды. Бұдан лексиканың «өрістік» (парадигматикалық) жүйелілігі барынша толық анықталады. Фонологиялық деңгейде тілді талдау әдістері. Фонологиялық деңгейдегі тілді талдау әдістері, бүтіндей лингвистикалық талдау тәжірибесіндегі ең жоғары дамыған, нәтижелі әдістердің қатарына кіреді деп әбден айтуға болады. Өте қысқа тарихи мерзімде қалыптасқан фонологиялық зерттеу әдістері, әрбір белгілі фонологиялық мектептердің тәжірибелік бағдары мен ғылыми теоретиялық қағидаларымен келісілген идеялардың байлығымен, сан алуандығымен анықталады. Сондықтан фонемаларды тіл бірлігі ретінде сипаттауды әдістерін оларды ғылыми айналымға енгізген фонологиялық мектептер шеңберінде берген дұрыс. Оқшаулау әдісі (Ленинград мектебі). Ленинградтық фонология мектебі немесе Л.В. Щербаның академиялық мектебі, - оның негізін салушылардан басқа Е.Д. Поливанов, Л.П. Якубинский, С.И. Бернштейн (30-жылдарға дейін), М.И. Матусевич, Л.Р. Зиндер, А.Н. Гвоздев, Л.В. Бондарко және т.б. жататын Ресейдегі бірінші фонология мектебі. Оның теориялық базасын ұсақ фонетикалық (фонологиялық) тілдік бірлікті білдіретін, ғылыми айналымға жаңа – акусма терминін енгізген және фонема түсінігін морфема түсінігімен байланыстырмай қарайтын, 1890-1900 жж. А.И. Бодуэн де Куртенэнің фонологиялық ойлары құрады. Тілдік лектен фонемаларды бөлуде оларды теңестіріп, Л.В. Щерба өзі оқшаулау әдісі деп атаған, ерекше өңделген арнайы әдісті қолданады. Л.В. Щерба көрсеткендей, бұл әдісті қолдану мүмкіндігі барынша кең немесе оның көмегімен сөйлемнен бастап, алайда оны барлығынан бұрын фонемаларды бөлуге қолдану, тілдің ең әртүрлі бірліктерін жариялауға мүмкіндік береді. Фонемаларды анықтау үдерісіндегі оқшаулау әдісінің мәні мен тұжырымдары төмендегідей: Л.В. Щербаның тұжырымы бойынша, дыбыстық (фонетикалық) бірліктер тәуелсіз, дербес болып келеді. Оларды анықтау үшін тілдің барынша үлкен бірліктеріне назар аудару міндетті емес. Берілген фонетикалық бірліктерді оқшаулау әдісі арқылы терең және ойланып талдау жеткілікті. Жеткілікті тереңдетілген және ойластырылған талдауға оқшаулау әдісіндегі фонетикалық бірліктер тән. «Біздің санамыздағы рақаттану, рақаттанбау, таңғалу т.б. сезімдер тілімізде интоннация арқылы көрініс табады. Бір ғана сөз, мысалы, «қараңғылану» жарықтың азаюы бір нәрсеге кедергі болып тұрғанда, рақаттанбау интоннациясы арқылы айтылуы мүмкін, немесе кештің түсуіне рақаттану, қуану сезімі кезінде аталған сөз жағымды интоннациямен айтылуы мүмкін. Әрине, бұл интоннациялар сөздерде ғана өмір сүреді, сөздерсіз ондай дауыс ырғағы туралы айту мүмкін емес, қабырғасыз терезелерді көз алдыңа елестеткенмен бірдей болады», - деп жазады Л.В. Щерба. Оппозиция әдісі. Оппозиция әдісін арнайы әдіс ретінде және фонологиялық талдау барысында Прага функционалдық тіл білімі шеңберінде Н.С. Трубецкой қалыптастырды. Н.С. Трубецкой фонетиканы адам тілінің материалдық жағы (дыбыстар) туралы ғылым ретінде, фонологияға ("берілген тілде мағыналық айырмашылықтармен байланысты қандай дыбыстық айырмашылықтардың, айырушы элементтердің (немесе "таңба") бар екенін, сөзде олар қандай қағида бойынша бір бірімен үйлеседі (сөйлемге сәйкес)" дегенді зерттейтін ғылым ретінде) қарсы қояды. Фонологиялық элементтер үш түрлі қызмет атқаруы мүмкін: а) сөйлемдегі бірліктер санын көрсететін (мысалы, неміс тілі сөзіндегі басты екпін), жоғарғы сатыны бейнелеуші, немесе кульминативті; б) айтылымда кез келген екі бірлік арасындағы шекараны көрсететін (мысалы, неміс тіліндегі бастапқы дауыстылардағы күшті ұстама), белгілеуші, немесе шекаралық; в) мағыналық бірліктерді ажырататын, дистинктивті, немесе ойды ажыратушы.

Мағына ажыратушы күші бойынша оппозициялар төмендегідей топтарға бөлінеді: 1) тұрақты - екі фонема барлық жағдайда ажыратылатын оппозициялар; 2) бейтараптанған - фонологиялық қайшылық бейтараптанатын, алынып тасталатын оппозиция; бейтараптану позициясында «екі фонемаға ортақ, әртүрлі белгілердің жиынтығын» көрсететін архифонема көрініс табады. Архифонема оппозицияның бір мүшесімен сәйкес келуі мүмкін немесе олардың арасында белгілі уақыт аралығында болады. С-з. орыс тіліндегі том – дом, рот – род сөздеріндегі [т], [д]. Оппозиция әдісі, кейбір кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі заманғы фонологиялық талдау әдістерінің арасынан елеулі орын алды. Семасиология мен морфология аймағында, фонологиялық материалдарда өңделген, талдау әдістемесі мен түсінік жүйесінің ауысуында қалыптасқан, грамматикалық сипаттаманың негізгі теориясы да осымен байланысты. Лексика-семантикалық деңгейде тілді зерттеу әдістері. Лексикографиялық әдіс. Лексикографиялау көмегімен тіл бірлігін түгендеу жоспарында қамтылатын, лингвистикалық талдаудың өнімді әдістерінің бірі болып табылады. Лексикографиялық сипаттау әдісі лексикографиялану мен зерделену, картографиялау (картотека құрастыру), жүйелену мен топтастыру, лексикалық берліктерді таңдау әдістерін қамтиды. Лексикографиялық әдіс, еңбекті көп қажетсінетін ерекше жұмыс болып табылады, төмендегідей бірқатар артықшылықтарымен сипатталады: 1) тілдік материалды барынша толық меңгеру; 2) оның жүйеленуі таңдалған критерий негізінде іске асады; 3)оның көпаспектілі зерделенуі; 4) теориямен өзара байланыс; 5) ақпараттылықтың жоғарғы деңгейі. Тілді зерттеу әдістерінің лексико-семантикалық деңгейі. Тілді семантикалық талдау идеялары мен принциптері (кейіннен семантикалық өріс әдісі деп аталды) біртіндеп дамып, XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қалыптасты. Бұл ойлар мен қағидалардың қалыптасуына А.А. Потебня, М.М. Покровский, Р. Мейер, Г. Шпербер, Г. Ипсен және т.б. ықпал етті. Тілдің мазмұнды ұйымдастырылуындағы жүйелі бастаманы табуға талпынған академик М.М. Покровский 1895 жылы "Көне тілдер аймағындағы семасиологиялық зерттеу" атты өз еңбегінде былай деп жазды: «Сөз бен олардың мағынасы бір-бірінен бөлек өмір сүрмейді, олар біздің санамызға тәуелсіз жанымызда, негізгі мағына бойынша тура қайшылық немесе ұқсастық арқылы топтастыру негізінде әр түрлі топтарға бірігеді». Рихард Мейер 1910 ж. жұмысында семантикалық жүйенің (топтардың) үш түрін береді: 1) табиғи (ағаш, жануарлар атауы, дене бөлігі т.б.), 2) жасанды (әскери шен атаулары, механизмдердің құрылымдық бөліктері және т.б.), 3) жартылай жасанды (балықшылар мен аңшылар терминологиясы, этикалық түсінік атаулары және т.б.). Семантикалық өріс әдісінің қағидалары XX ғ. 30-жылдары қалыптасты және оның негізін салушы неміс ғалымы Йост Трир болып саналады. Трирдің семантикалық өріс әдісінің негізінде жатқан кейбір маңызды постулаттары келесідей кезеңдерді қамтиды: И. Трир В. фон Гумбольдттың ізімен тіл обьективті болмыстың бейнесі ретінде емес, сол болмысты өз бетімен бөлуші және өзінің құндылығымен сипатталатын әлемдік көзқарас ретінде түсіндіреді. Лексика-семантикалық топтар бойынша сипаттау әдісі. Әр түрлі тілдер материалдары бойынша тілді сипаттауға байланысты лексика-семантикалық топтар (ЛСТ) туралы көп зерттелді. Алайда олар қарапайым жұмыс тәсілі ретінде қолданылып, дербес әдіс ретінде бағаланбады. Оған әдіс дәрежесі XX ғасырдың 50-жылдары Ф.П. Филин еңбектерінде берілді. Йост Трирдің семантикалық өріс теориясын "шынайы тілдік негізден" алшақтаған, өте абстрактылы, семантикалық структурализмнің бір түрі ретінде бағалап, оны теріске шығарып, Ф.П. Филин оған лексика-семантикалық топ теориясын қарсы қояды. Лексика-семантикалық топ дегеніміз не және олар қалай бөлінеді? Тақырыптық топтар тым шектелген жағдайда лексика-семантикалық топтармен сәйкес келуі мүмкін, бұл олардың арасындағы принципиалды айырмашылықтың жойылуына әкеледі. Ф.П. Филин тақырыптық топтағы сөздерге қарағанда лексика-семантикалық топтағы сөздер аралығы тектік-түрлік қатынастың болуымен сипатталады деп санайды. мыс.: қол-аяқ (-дене мүшелері). Алайда ЛСТ және ТТ негізгі айырмасы келесіде: "Тақырыптық топтардағы сөздер арасындағы қатынас түсініктер арасындағы сыртқы қатынастарға негізделеді <...> Ал лексика-семантикалық топтар дегеніміз тілдің тарихи дамуының негізінде пайда болған ішкі, арнайы тілдік құбылыс болып табылады. Лексика-семантикалық топтардағы компоненттердің тілдік құбылыс екенін, Ф.П. Филинше, синонимдер және антонимдер дәлелдейді. Лексика-семантикалық топтар бойынша сипаттау әдісі қазіргі заманғы аналитикалық зерттеу тәжірибесінде кең қолданылады. Тілді морфологиялық деңгейде зерттеу әдістері. Морфология грамматикалық категориялардың жиынтығын, олардың бір-біріне қайшы қойылғандығын, сонымен қатар оларды білдіру тәсілдерін зерттеумен айналысатын грамматиканың бөлігі ретінде арнайы әдістер қатарын қолданады. Бұл әдістердің көмегімен, нақты тілдің морфологиялық қатарындағы әр түрлі құбылыстардың бағалануы мен анықталуында үлкен жетістіктерге қол жеткізілген. Олардың ішіндегі келесілеріне тоқталайық: Дәстүрлі-кешенді әдіс. Тіл білімінің қандай саласы (қандай бөлім) барлығынан бұрын пайда болған деген сұраққа біржақты жауап беру оңай болмас еді. Тіл туралы ғылымның даму жолында, алдағы елеулі қадамды білдіретін, оларды жеткілікті қатаң түрде жүйелеуге мүмкіндік беретін, тілдік факторлардың көптүрлілігі мен нақты сәйкестілігін білдіретін сөз таптары туралы грамматикалық ілім еді. Жасалған қорытындылар және ілімнің өзі де тілдік факторларды бақылау қағидалары мен барынша түсінікті тәсілдерді қолдану негізінде қалыптасты. Оларды қолданудағы бірізділік, кездейсоқ жиынтықты емес, ішкі логика мен тұтастықты қамтитын әдісті құрайтынына дәлел болды. Шартты түрде оны дәстүрлі-кешенді деп атауға болады.

Оппозиция (қайшы қою) әдісі.

Морфологиялық деңгейдегі тілдің негізгі бірлігі, Прага мектебіне сәйкес, қарапайым морфологиялық оппозиция (мысалы, сан, жақ, түр, септік т.б.) шоғыры ретінде бағаланған морфема болып табылады. Әртүрлі оппозиция шартында ол қарапайым мағынаға (семаларға) бөлінеді. Мысалы, орысша бегут етістік формасы сан, жақ, шақ семаларын қамтиды (көпше түрі, үшініші жақ, осы шақ). Морфологиялық оппозиция әрқашан бинарлық (екімүшелік) болып қарастырылады. Сөйлем деңгейіндегі тілді талдау әдістері. Логика-синтаксистік әдіс. Тілді синтаксистік талдау әдістері мен тәсілдері ұзақ уақыт аралығында қалыптасып, логика-грамматикалық деп аталатын бағыт шеңберінде анықталды. Синтаксис ғылымның тұтастай логикаға сүйенері анық. Синтаксистік талдаудың алғашқы тәжірибесі, логика түсінігін грамматика мен синтаксиске ауыстыру қадамынан тұрады. Логикалық түсінікке қатарласқан пікір, нысан, предикат және оларға бағытталған синтаксистік түсінік сөйлем, бастауыш, баяндауыш осылай пайда болды. Бұған көз жеткізу үшін бұл ұғымдардың қалай анықталғанына назар аударған дұрыс: 1) "Біз сөз ететін зат, ол - бастауыш..."; 2) "Зат (бастауыш туралы) туралы біздің ойымыз немесе айтқанымыз, ол баяндауыш деп аталады..."; 3) "Баяндауыштың бастауышқа қосылуы пайым деп аталады"; 4) "Сөз арқылы бейнеленген пайым сөйлем болып табылады. Кейінірек логика-синтаксистік деп аталған бұл әдістің принциптері мен мазмұны Ресейде XІX ғасырдың ортасында қалыптасты. Орыс тіл біліміндегі логика-семантикалық әдістің қалыптасуына профессор Н.И. Греч, академик И.И. Давыдов, академик Ф.И. Буслаев үлкен үлес қосты. Батыс еуропалық ғалымдардан, тілді оқытуда логика-грамматикалық бағыттың негізін салушы болып саналатын профессор К. Беккердің ықпалы зор болды.

Логика-семантикалық әдістің мағынасы мен мазмұны келесідей болады: 1) сөйлем жеке бөліктерден қалыптасады және тұрады деп жобаланады; 2) сөйлем мүшелері құрылымы мен семантикалық салмағы бойынша бірыңғай емес; 3) сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тану қағидалары түсініксіз болды; 4) сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерінің құрылымдық мүмкіндіктері соңына дейін анықталмады. Осындай елеулі кемшіліктерге қарамастан, логика-семантикалық әдіс тіл білімі тарихында маңызды орын алды және өзінің өміршеңдігін байқатуда. Формалды-грамматикалық әдіс. Орыс тіл біліміндегі синтаксистік (тұтастай алғанда – грамматикалық) құбылыстарды талдау академик Ф.Ф. Фортунатовтың мектебімен байланысты. Бұл лингвистикалық мектепті таза формалды деп жіктеуге болмайды, өйткені мұнда өздерінің қайталанбас синтаксистік тұжырымдары бар әр түрлі ғалымдар болды. А.А.Шахматов, А.М.Пешковский, М.Н.Петерсон сияқты ғалымдардың атын атау жеткілікті, аталған ғалымдардың үшеуі де Ф.Ф.Фортунатовтың шәкірттері болып, оның идеяларын белгілі бір деңгейде дамытқанына қарамастан, олардың синтаксистік тұжырымдарында ұқсастық өте аз. Формалды-синтаксистік әдісті М.Н. Петерсон барынша дамытып, Ф.Ф. Фортунатовтың синтаксистің пәні сөз тіркесі болады деген пікірін қолдады. Жеке тілдегі синтаксистің міндеті, М.Н. Петерсон бойынша, біріншіден, сипатталған затты құрайтын сөз тіркесінің барлық түрлері мен қызметін сипаттау; екіншіден, тіл тарихында "олардың негізгі қызметін анықтау, сөз тіркестерінің бірігуі мен сөз тіркесі түрлерінің шығуын анықтау ". М.Н. Петерсон бойынша, сипаттамалы синтаксистің нақты мазмұны екі бағытта қалыптасты: 1) сөздердің бірігуін сипаттау (сөз тіркесінде) және 2) сөз тіркестерінің бірігуін сипаттау. Сөйлемді синтагматикалық талдау. Сөйлеуді синтагматикалық зерттеу сөйлемді синтагматикалық талдаудың жеке түрі ретінде негізінен алғанда XX ғасырда қалыптаса бастады, тілді зерттеудің стилистикалық тәсілі ретінде көне замандардан бастау алатыны да белгілі. Синтагматикалық талдаудың негізгі бірлігі, грек тілінен аударғанда бірге құрылған дегенді білдіретін синтагма болып табылады. В.В. Виноградовтың пайымдауынша, синтагма синтаксистік термин ретінде орыс және Батыс Еуропа тіл білімінде бір уақытта, И.А. Бодуэн де Куртенэ мен Ф. де Соссюр еңбектерінен бастап пайда болды. Синтагматикалық талдаудың екі түрі ажыратылады: 1) И.А. Бодуэн де Куртенэ және Л.В. Щербалардың ойларына негізделген және 2) Ф. де Соссюрдің идеяларынан шыққан синтагматикалық талдау. Мәнмәтіндік (контекстік) талдау – талдау бірлігі ретінде бірліктің өзіне қарағанда кеңірек сөйленім бірліктері (кейде - тілдік бірліктер) болып табылатын, бөлшекті тұтастық арқылы талдау. Тілдік бірлік мәнмәтін құрамында талданатын мұндай әдіс жиі қолданылады. Мәнмәтіндік талдау сөзді семантикалық талдауда жиі қолданылады. Мәнмәтіндік талдаудың белгілі тәсілдері: 1) Потебняның семантика-синтаксистік тәсілі; 2) Ферс-Холидей мектебінің стратификациялық тәсілі; 3) Колшанский ұсынған әрекеттік мәнмәтін тәсілі (прием операционного контекста). Мәнмәтіндік талдау әдістемесі басқаша түсіндірілуі мүмкін: 1) мәнмәтіннен фонемалар мен морфемалар бөлінеді; 2) мағына қызметпен ауыстырылады; 3) мәнмәтін талданған бірліктер аумағындағы кез келген мәтін ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда мәтмәтіндік талдаудың парадигмалық қатынасты зерттейтін компоненттік әдістен айырмашылығы, кез келген синтагматикалық қатынасты зерттеуге бағытталған дистрибутивті әдіс ретінде көрінеуінде жатыр. Сонымен қатар, ол әлеуметтік тәсілдерге жақындайды: 1) сөйленім (речь) жағдайын зерттеу; 2) мәдениет мәнмәтінін зерттеу.

3.3. Қазіргі заманғы тіл біліміндегі әдістер

Қазіргі заманғы тіл білімі әдістер мен тәсілдердің үлкен арсеналын қамтиды, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану, дискурстың лингвистикалық теориясы т.б. жаңа лингвистикалық бағыттардың интегративті сипаттамасына себепші болған олардың көбісін жеке тіл білімі деп атау қиын. Әлеуметтік лингвистика әдістері лингвистикалық және әлеуметтік процедуралардың синтезін қамтиды. Олар өрістік зерттеу әдісі және тілдік материалдарды әлеуметтік лингвистикалық талдау әдісі деп бөлінеді. Өрістік зерттеу әдістері сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, үздіксіз бақылаудан тұрады. Сырттай таңдалған сауалнамада (заочное выборочное анкетирование) қолданылған сұрақтар әлеуметтік сауалнамадан сипаты және сұрақ сандары жағынан елеулі айырмашылыққа ие, өйткені саулнама стратегиясы ақпарат берушінің тілі туралы мәліметтер алу міндетімен анықталады. Сұхбат техникасының өңделуіне және бағдарламаның құрылуына баса назар аударылады. Ақпарат берушілердің тіліне жағдаяттық өлшемдердің әсер етуі туралы сенімді мәліметтер алу үшін жоғары үлгідегі танымдық бағыттарды немесе табиғи-еркін тілді ынталандырып, тілдік жағдаяттарды мұқият бақылайды. Ақпарат берушінің тілдік әрекетін бақылауға бақылаушының ықпалын барынша жою немесе азайту үлгісінде құрылады. Кейде бақылаушы сұхбат алушы рөлінде емес, коммуникативтік акт қатысушысының бірі ретінде бақылау жүргізеді. Өрістік бақылау мәліметтерін өңдеу үшін корреляциялық талдаудың түрлері қолданылады. Әлеуметтік лингвистика үшін тәуелсіз компоненттер ретінде стратификациялық немесе ситуациялық сипаттағы әлеуметтік өлшемдер, тәуелді компонеттер ретінде - тілдік құбылыстар алынады. Корреляттар аралығында толық, сонымен қатар жартылай функционалдық тәуелділік байқалады. Тәуелділік мазмұндық жағынан (әлеуметтік лингвистикалық) түсіндіріліп, әрбір әлеуметтік топтар бойынша жеке сипатталады. Бұл үшін кестелік мәліметтер, тәуелділік кестесі, математикалық-статистикалық әдістер қолданылады. Тіл варианттылығының әлеуметтік шарттылығын үлгілеу әдісі кең қолданылады. Сөйлеу әрекеттерін статистикалық талдау негізінде тіл варианттылығының ережелерін анықтауға болады. Тілдік жағдаяттағы әлеуметтік варианттылықты талдау үшін тіл варианттарының әлеуметтік иерархиясын анықтап, олардың синхронды талдауын диахронды талдаумен байланыстыруға мүмкіндік беретін импликациялық үлгі қолданылады. Бұл үлгінің негізінде кеңістік пен әлеуметтік өлшемдердегі тілдік варианттылықтың таралуы туралы болжам жатыр. Психолингвистика әдістері. Қазіргі заманғы эксперименталды психология үлгі болып саналатын психолингвистикада тәжірибе басты әдіс болып есептеледі. Алайда, зерттеу пәні ретінде табиғи тілдің ерекше қиындығының салдарынан, қандай процедураларды тәжірибе, қандайын - бақылау деп санауға болатыны бұлыңғыр болып отыр. Бұл лингвист пен психолингвистке зерттелетін мәселені нақты анықтап алуға бағытталған жалпыға бірдей ортақ тәсілдің жоқ екенін көрсетеді. Еркін ассоциациялық тәжірибе. Ассоциациялық тәжірибе – бұл тұлғаның бұрынғы тәжірибесінде қалыптасқан ассоциацияларды білуге бағытталған тәсіл. Сынаққа түсуші берілген стимул-сөздер туралы ойына бірінші келген барлық сөздерді айтып, барынша тез жауап беруі керек. Пайда болған ассоциация түрі, бір типті ассоциациялардың жиілігі, ассоциацияны айту уақыты т.б. (стимул-сөз бен сынаққа түсушінің жауабы аралығындағы уақыт) тіркеледі. Әдетте ассоциациялық тәжірибенің үш түрі ажыратылады: - еркін, сынаққа түсушіге стимул (S) – сөз ұсынылады, ол ойына бірінші келген реакция (R) - сөзімен жауап беру керек. R-сөзінінің мағынасы мен формасына ешқандай шектеу қойылмайды; - бағытталған, тәжірибе жүргізуші ұсынылған R-сөзінің таңдауын белгілі бір деңгейде шектейді (мысалы, тек зат есімдермен жауап беру т.б); - тізбекті, сынаққа түсушіге R-сөздің семантикалық және формалдық ерекшелігін шектемей, S–сөзін естігенде ойына келген барлық сөзді беру. Кейбір авторлар, мысалы А.А. Леонтьев, тізбекті ассоциациялық тәжірибені еркін тәжірибенің түріне жатқызады, ал бағытталған ассоциациялық тәжірибені бақыланған ассоциациялық тәжірибе деп атайды. Кейде ассоциациялық тізбекті тәжірибелер жалғасатын реакция тәжірибелері деп аталады (Е.И.Горошко). Еркін ассоциациялық тәжірибе барлық ассоциациялық тәжірибелердің ішіндегі қарапайымы және барынша әсерлі зерттеу құралы болып табылады. Ассоциациялық тәжірибе жүргізуде реакция түрі, бір типті ассоциация жиілігі, , ассоциацияны айту уақыты т.б. (стимул-сөз бен сынаққа түсушінің жауабы аралығындағы уақыт, мінез-құлық және физиологиялық реакциясы т.б.) тіркеледі. Әдетте, жаппай тәжірибе 10 – 20 сынаққа қатысушымен өткізіледі және ұсынылған тізімнің көлемі 25-30 сөзден аспауы керек. Сонымен қатар, бұл үлгінің екі түрі қолданылады: ауызша және жазбаша. Егер тәжірибе жазбаша түрінде жүргізілсе, онда алдын ала стимулды сөз тізімі және сынаққа түсушінің өмірбаяндық мәліметтері бар бланк дайындалады. Бір сеанс ішінде жүз стимулға дейін беру ұсынылады. Алайда Е.И. Горошко ақпарат берушілер шамамен 30 бірліктен тұратын тізіммен барынша әсерлі жұмыс жасайды деп есептейді. Ауызша үлгідегі тәжірибе былайша жүргізіледі: тәжірибе басталмас бұрын сынаққа түсушілерден беттің сол жақ бөлігіне сан қоюды, мысалы болашақ жауаптың реттік нөмірін білдіретін 1 ден 30-ға дейін сандарын қоюды, ал жоғары жағына тізім нөмірлерін қоюды өтінеді. Содан кейін сынаққа түсушілерге айтылады: “Қазір мен сіздерге сөзді дауыстап оқимын. Әрбір кезекті сөзді естіп, ойыңызға бірінші болып келген сөзбен жауап берулеріңіз керек. Ол сөздерді алдарыңызда жатқан қағаз бетіне кезекті реттік нөмір тұсына жазып отырасыз. Тек бір сөз жазу керек, егер ойыңызға ешқандай сөз келмесе, сызықпен белгілеңіз”. Тәжірибе жүргізуші сөзді біріншісінен бастап арасына 5-7 секунд салып реті бойынша оқып отырады. Әрбір 20 сөзден кейін сынаққа қатысушылар нөмірлеуден қателеспегенін қадағалауы және демалуы үшін бірнеше минутқа үзіліс жасалады. Тізімнің соңында сынаққа қатысушылардан жеке өздеріне қатысты мәліметтер жазуы сұралады; тегі, аты, әкесінің аты (мұны толтыру міндетті емес); жылы мен туған жері; ана тілі; білімі; мамандығы т.б. Материалдар жинақталған соң, ақпарат берушілердің реакциялары бойынша жиынтық мәліметтер дайындалады. Бұл үшін әрбір сөзге барлық жауаптар бір жалпы бетке шығарылады. Басында тәжірибеге қатысқан қатысушылардың жалпы саны мен стимул-сөзі жазылады. Содан кейін ұқсас үлгідегі жауаптар саны белгіленіп, тәжірибедегі көрсетілген жауаптардың барлық нәтижелері саналады. Рекциялар жиілік және алфавиттік белгілері бойынша реттеледі және соңғы уақытта бірден компьютерге енгізіледі (Е.И. Горошко). Семантикалық жіктелім (дифференциал) әдісі (Ч. Осгуд). Семантикалық жіктелім әдісі психолингвистика және эксперименталды психосемантика әдістеріне жатады. Бұл субъективті семантикалық кеңістік құрастыру әдістерінің бірі; оны 1952 ж. американдық психолог Ч. Осгуд ұсынған. Аталған әдіс эстетика, жарнама және жалпы коммуникация теориясында, психология мен әлеуметтануда, тұлғалық мағына мен әлеуметтік бағдар талдауында, адамның мінез-құлқы мен қабылдауына байланысты зерттеулерде қолданылады. Семантикалық жіктелім әдісі межелік процедура және бақыланған ассоциациялар әдісінің қосындысы болып табылады; мұнымен өлшенген нысан (түсінік, сурет, кейіпкер т.б.) әдетте ауызша сұралатын полюс пен биполярлы градуалды қатары (үш-, бес-, жеті балдық) шкаласы бойынша бағаланады. Вербалды (сөз арқылы берілетін) семантикалық дифференциалдармен қатар, шкала полюсі ретінде графикалық оппозиция, көркем суреттер, фотопортреттер қолданылатын бейвербалды семантикалық дифференциалдар да бар. Ықтималды болжам - өткен тәжірибенің ықтималды құрылымына және жағдаят туралы ақпаратқа негізделген болашақ болжам. Өткен тәжірибе мен жағдаят алдағы болашаққа болжам жасауға мүмкіндік береді, әрбір болжамда белгілі бір ықтималдық көрініс табады. Ықтималды болжамға сәйкес жеке тұлғаның тиісті іс-әрекетіне дайындығы жүзеге асады. Тірі жанның болжамдары оның іс-әрекетінің нәтижелерін оңтайландыруға бағытталады. Сондықтан олар өздерінің іс-әрекеттерінің сәтті болуына ықпал ететін қоршаған орта өзгерістерін оң қабылдайды. Ықтималды болжам әдісін оқу үдерісінде жиі қолданады. Оқу үдерісінде мәтінді қабылдауда ықтималды болжам әдісінің мәні тыңдалатын фонетикалық, грамматикалық және лексикалық бірліктерді алдын ала түсінуге ұмтылудан көрінеді. Жалпы алғанда, мәтіннің мағыналық құрылымын болжай білу тыңдалым үдерісіндегі ең негізгі біліктердің бірі болып саналады және мағыналық құрылымдарды болжау негізінде тыңдалымға үйрету тек тыңдалым дағдыларын ғана емес, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін дамытуға ықпал етеді. Когнитивті тіл білімі әдістері әр түрлі болып келеді. Олар білімді жеткізудегі когнитивтік құрылымдарды үлгілеуді және аналитикалық процедуралар арқылы тілдік және тілдік емес білімді көрсетуде концептінің когнитивтік белгілерін анықтауды қамтиды. Бұл әдістер когнитивті лингвистика курсында толық баяндалады. Лингвомәдениеттану әдістері. Лингвомәдениеттану тілді мәдениет феномені ретінде зерттейді. Бұл белгілі бір деңгейде дүниені ұлттық тіл арқылы тану дегенге саяды, тіл ұлттық ділді бейнелеуші ерекше құрал ретінде көрінеді. Лингвомәдениеттану нысаны мәдени ақпаратты тасымалдаушы ретіндегі тілдің, мәдениеттің және сол тілді қолданып мәдениетті жасаушы адамның өзара байланысын зерттеу болып табылады. Лингвмәдениеттану пәні таңбалар мен паремияларда (мақалдар мен мәтелдерде), метафора мен тұрақты сөз тіркестерінде, прозалық және поэзиялық көркем мәтіндерде, фольклорлық және діни дискурста, дәстүрлерде, рәсімдерде, аңыздарда, мифтерде тіркелген прототиптік және архетипті – жеке адам танымының нәтижесінде талданатын, мәдениеттегі бейнелі-метафоралық, үлгілік, таңбалық мағынаға ие тіл бірліктері болып табылады (В.А. Маслова). Сондықтан лингвомәдениеттану тіл білімінің, мәдениеттану және әлеуметтанудың әдістерін қатар қолданады. Контрастивті лингвистика интегралды ғылым болып табылады. Соңғы онжылдықта өз пәні, нысаны, міндеттері, жеке әдістерін анықтап, жеке бағыт болып қалыптасты. Контрастивті мақсатта қолданылмаған бірде бір лингвистикалық әдісті, бірде бір қазіргі тілдік теорияны кездестіру мүмкін емес (Гак, Сулейменова).

Контрастивті талдаудың келесідей түрлері ажыратылады:

Зерттеушілер В.Г. Гактың ізімен әртүрлі тілдердің лексикалық жүйелерін салғастырудың келесідей деңгейлерін көрсетеді: жеке сөз деңгейі, сөздің лексика-семантикалық және жалпы лексика-семантикалық категория топтары; семема деңгейі, сөз деңгейі, семантикалық топтар деңгейі, мәнділік деңгейі; «бүтіндей лексикалық жүйе деңгейі; мағыналары жақын сөздерден тұратын, жүйелі-ұйымдастырылған бірлікті қамтитын, әртүрлі лексика-семантикалық бірігулер деңгейі; көпмағыналы сөздер деңгейі. Ю.Н. Карауловтың пікірі бойынша, тілдер арасындағы алшақтық топтық деңгейде сөз деңгейіне қарағанда әлдеқайда аз және одан жоғары деңгейде кездеспейді. Контрастивті лингвистика салғастырылатын тілдердің қандай да бір фактілерін анықтауға ықпал ететін тіл білімінің барлық теориялары мен әдістерін кеңінен қолданады. Мәселен, әртүрлі тілдердегі сөздердің «ішкі механизмдері мен өзара байланыс динамикасының» мағыналарын компонентті талдау арқылы ашып береді (А.М. Кузнецов). Лексика-семантикалық өрісті контрастивті талдау лексикалық мағынаны екіжақты талдауға мүмкіндік береді: ойлау жағынан және тілдік форма жағынан. Дискурстық талдау функционалдық әдістің түрі ретінде. Тіл білімінің қазіргі заманғы парадигмасында экстралингвистикалық факторларды ескеретін дискурстық талдау барынша кең таралып отырғаны белгілі. Дискурстық талдау деп зерттеу нысаны дискурс болып табылатын пәнаралық бағытты атайды. Дискурс талдау әдісінің шығу көздері тілдік қолданыстарды зерттеулерден (П. Хартман, П. Вундерлих бастаған неміс мектептері), қарым-қатынасты әлеуметтік-лингвистикалық талдаулардан (Э. Щеглов, Г. Сакс және т.б. америкалық мектеп), әртүрлі мәтіндерді логико-семиотикалық сипаттаудан (француз постструктурализмі: А. Греймас, Е. Ландовский), когнитивтік психологиядағы сөйлеу әрекетінен, этнографиялық зерттеулерден және т.б. бастау алады. Қазіргі дискурс талдау теориясындағы танымал бағыттарға тұрмыстық дискурсты сипаттау (В.И. Карасик [2000]), ақпараттық ағынды зерттеу (У. Чейф [1976]), дискурс пен грамматика байланысындағы когнитивтік теория (Т. Гивон [1979]), «дискурс грамматикасы» (Р. Лонгейкр [1983]), «құрылымды құрудың психолингвистикалық үлгісі» (М. Гернсбакер [1990]) және тағы басқалар жатады. Қазіргі отандық зерттеушілердің еңбектерінде мәтін лингвистикасы мен дискурс талдауды біріктіретін көзқарастар қажеттілігі туралы көп айтылып жүр. Дискурс лингвистика нысаны ретінде әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Атап айтқанда, дискурсқа қатысты екі лингвистикалық көзқарасты айтуға болады: когнитивтік-дискурстық және коммуникативтік-дискурстық (функционалды-прагматикалық). Бірінші көзқарасқа сәйкес когнитивті шартты мақсаттар, есептер, бағдарлар, рөлдер, прототиптік нұсқа, жанрлық ерекшелік, тоналдылық анықталып, сипатталады. Коммуникативтік-дискурстық көзқараста дискурста білімді беру, әлем бейнесін үлгілеу, интенцияның көріну ерекшеліктеріне ерекше назар аударылады. Дискурсты дәстүрлі талдау оның синтаксистік, семантикалық және стилистикалық қасиеттерін сипаттауды көздейді. Синтаксис шеңберінде мәтіндегі сөйлемді ұйымдастырудың синтаксистік заңдылықтары, оның фукционалдық ерекшелігі, когезиялардың әртүрлі формасы, сөздердің орын тәртібі және т.б. зерттеледі; екіншісі дискурстың пропозициясын зерттеуге бағытталады; үшіншісі - мәтінді риторикалық және стилистикалық сипаттарын анықтауды көздейді. Дискурсты зерттеудің аталған бағыты дискурсты коммуникативтік қарым-қатынастың өнімі ретінде түсінуге және оны зерттеудің лингвистикалық әдісіне негізделеді. Дискурсты әлеуметтік шартты өзара байланыс үдерісі ретінде қарастыру дискурсты прагматикалық талдау негізінде жатыр. Тілдің прагматикалық аспектісі экстралингвистикалық факторларды қарастыруды қамтиды: сөйлеу жағдаяты, сөйлеу актісіне қатысушылар жәе олардың мақсаты, әлеуметтік мәртебесі, қарым-қатынас түрткілері. Прагматика тұрғысынан алғанда дискурс сөйлеу актісіне қатысушылардың өзара байланыс ортасы болып табылады. Дискурсты прагмалингвистикалық зерттеуде мәтінге автор қатыстылығының ерекшелігін ескеру қажет (автордың шындыққа, хабар мазмұнына, тыңдаушыға (адресатқа) қатысы) т.с.с. Компьютерлік лингвистика әдісі. Компьютерлік лингвистика – қолданбалы лингвистиканың бір бағыты, компьютерлік құралдарды – бағдарламаларды, деректерді өңдеу және ұйымдастырудың компьютерлік технологиялары, тілдің қызметін әртүрлі жағдайда, жағдатта, күрделі салаларда т.б. үлгілеу үшін, сонымен қатар, компьютерлік үлгілерді іргелес пәндер мен тіл білімінің барлық аясында қолдануға арналған бағыт. Нақты тәжірибеде компьютерлік лингвистикаға тіл біліміндегі компьютерді қолданумен байланыстының барлығын жатқызады. Компьютерлік лингвистика арнайы қолданбалы ғылым ретінде ең алдымен құралдары бойынша – яғни, тілдік мәліметтерді өңдеуде компьютерлік құралдарды қолдануы бойынша ерекшеленеді. Ойлауды компьютерлік үлгілеуде басқа кез келген компьютерлік үлгіде жүзеге асатын жалпы қағидалар болады. Олардың негізінде алғаш жасанды интеллект шеңберінде пайда болған, соңынан когнитивті ғылымның бір бөлігіне айналған білім теориясы жатады. Компьютерлік лексикография шеңберінде сөздіктерді құру және пайдаланудың компьютерлік технологиялары жасалынады. Арнайы бағдарламалар – мәліметтер базасы, компьютерлік картотекалар, мәтінді өңдеу бағдарламасы – автоматты режимде сөздік мақалалар қалыптастыруға, сөздік ақпаратты сақтау мен оны өңдеуге мүмкіндік береді. Көптеген компьютерлік лексикографиялық бағдарламалар екі үлкен топқа бөлінеді: лексикографиялық жұмыстарды қолдау бағдарламалары және лексикографиялық мәліметтер базасын қамтитын, алуан түрлі автоматты сөздіктер.

Компьютерлік лингвистикаға машиналық аударма да жатады.

Магистранттардың өзіндік жұмыстарын орындаУҒА АРНАЛҒАН әдістемелік нұсқау

Магистранттың өзіндік жұмысы (МӨЖ) білім және білікті, дағдыны, танымдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруды және шығармашылық жұмысқа қызығушылықты қамтамасыз етуді анықтайтын оқу үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Дұрыс жоспарланған және ұйымдастырылған магистранттың өзіндік жұмысы төмендегілерге мүмкіндік береді:

- оқу үдерісін барынша сапалы және жылдам ұйымдастыруға; - тандалған мамандыққа қызығушылықты оятуға және оның ерекшеліктерін игеруге;

- магистрантты шығармашылық қызметке тартуға;
- білімді саралап, қажетіне қарай алуға.

Магистранттардың өзіндік жұмыстарының мақсаты іргелі білімді меңгеру, мамандық бойынша практикалық іс-әрекет тәжірибелерін жинақтау болып табылады. Өзіндік жұмыс жауапкершілік пен ұйымдастырушылықтың дамуына, дәстүрлі емес тапсырмалар шешіміне шығармашылықпен келуге мүмкіндік беруі керек.

Магистранттардың өзіндік жұмыстарының түрлері

Магистранттың өзіндік жұмысы арнайы белгіленген аудиторияда және аудиториядан тыс жағдайда оқытушының басшылығымен жүзеге асатын, бірақ оқытушының жұмысты орындауға ешқандай қатысы болмайтын жеке және ұжымдық іс-әрекеттің әр алуан түрлерін қамтиды. Өзіндік жұмыс - оқытушы тапсырмасы бойынша өз бетімен білім алуға икемділік пен шығармашылықпен келуді талап ететін оқытудың ерекше түрі. Өзіндік жұмысты орындау барысында магистрант оқытушыдан кеңес ала алатын және түсінбегенін анықтап оқытушының тікелей басшылығымен белгіленген уақыт кестесі бойынша өтетін өзіндік жұмысы (ОМӨЖ) және магистранттың өзіндік жұмысы (МӨЖ) деп ажыратылады.

МӨЖ және ОМӨЖ аясында орындалатын өзіндік жұмыстың формалары 10. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді терең талдау. 11.Дәріс материалдарымен жұмыс жасау: дәріс конспектісін толықтыру, терминдерді конспектілеу бойынша жұмыс, ұсынылған әдебиеттердегі материалдармен конспектіні толықтыру. 12.Семинар жұмыстарына қатысу: тапсырмалар, баяндамалар, хабарламалар дайындау.

13.Жазбаша түрдегі бақылау жұмысы.
14.Топтық немесе жеке жобалар бойынша презентациялар дайындау.
15.Power Poіnt бағдарламасы бойынша слайдттар көрсету т.б.
Өзіндік жұмыс түрлері:

- негізгі аудиторлық сабақтар уақытындағы танымдық іс-әрекет; - жоспарлы кеңес беру үлгісінде оқытушының бақылауымен компьютер сыныптарындағы өзіндік жұмыс; - оқу және шығармашылық сипаттағы (электрондық қорларды пайдалана отырып) үй тапсырмасын орындау бойынша магистранттардың аудиториядан тыс өзіндік жұмысы; - өз бетімен оқуға ұсынылған нақты оқу модульдерін студенттің өз бетімен игеруі; - курстық жұмыстар мен мәнжазба жазу, диссертация жазу үшін қолданылатын материалдарды іздеу бойынша магистранттың өзіндік жұмысы.

Ескерту: *Конспектілеу түпдерек (бірінші бетінде барлық жарияланған мәліметтер) нұсқауымен жүргізіледі. Қызыл жолда түпнұсқаның беттері белгіленіп, таңбалар, ескертулер қойылады. **Глоссарий – ақпарат көздерінің нұсқауымен тақырып бойынша түсініктер мен терминдердің қысқаша түсініктемесі. *** Мәнжазба әртүрлі ғылыми еңбектерден жинақталған, берілген мәліметтер немесе монографиялар мен оқулық кіріспелерін мазмұндайтын мазмұндамаға айналмауы керек. Ол барлығынан бұрын дереккөздерді талдауға негізделуі керек. Мәнжазба әдетте кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыста қолданылған әдебиеттер тізімі мен жоспардың болуы міндетті болып табылады. Кіріспе тақырыптың қойылуын, қолданылған әдебиеттер мен дереккөздердің сипаттамасын, мәнжазбаның мақсаты мен тапсырмасын қамтиды. Мәнжазбаның негізгі бөлімінде зерттеудің жеке тапсырмалары шешіледі, ал қорытындысында тұтастай жұмысқа қатысты тұжырымдар беріледі. Мазмұны дереккөздерге сүйенген, дәлелденген, ойластырылған және түсінікті болуы керек. Мәнжазбаның библиографиясы 5 дереккөзден кем болмауы керек. Онда авторлар әліпбилік үлгідегі ретпен орналасады: Мәнжазба көлеміне шек қойылмайды. Жұмыс көлемін қажетсіз мәліметтер есебінен жасанды түрде көбейтуге болмайды. Тақырыпты 15-20 беттік мәнжазбада ашуға болады. Жұмыс барлық бөліктері тиісті тақырыптармен жабдықталған және барлық беттері нөмірленген, титулды бетке ие болған кезде ғана толық біткен болып саналады. Титулдық бет келесідей мәліметтерді қамтиды: 1. Оқу орны, факультет, кафедра. 2.Жұмыстың толық атауы. 3. Аты-жөні, курсы, тобы, бөлімі. 3. Ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, аты-жөні. 4. Жылы мен қала атауы. ****Аңдатпа басылымның шығу мәліметтерін, сонымен қатар басылымның титулдық бақылау бетінде берілген ақпарат туралы еңбектің қысқаша мазмұнын білдіреді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

Өзін-өзі бақылауға арналған тест тапсырмалары

1. Артық пунктті көрсетіңіз: Әр түрлі ғылымдардан алынған нәтижелерді жинақтауға мүмкіндік беретін жаңалықтар қатары:

2. Бұл белгі соңғы жылдардағы заманауи ғылымды сипаттайды:

3.Заманауи ғылыми-техникалық өрлеудегі негізгі белгілер:

4. Қазақстан Республикасында «Ғылым туралы» Заңы қабылданды

5.Ғылыми зерттеулерді тіркеуді жүзеге асырады:

6. Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік рубрикаторы (ҒТАМР) – бұл 7. Әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ/УДК) негізін жасаған:

8.Импакт-фактор (іmpact-factor /ІF/) – бұл

9. ӘОЖ негізіне....... салған ондық жіктеу алынған 10. Орыс тілінде ӘОЖ кестесін пайдалануға ерекше құқы бар 11. Қазақстанда ғылыми журналды аттестаттайды

12.Рецензияланған ғылыми журнал  - бұл

13. Алғашқы ғылыми журнал:

14. Ғалымдардың ғылыми және инновациялық қызметтерін ынталандыру мақсатында Қазақстан Респубикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысымен құрылды 15. Ғылыми дәреженің атауын көрсетіңіз: 16. Ғылыми атақ атауын көрсетіңіз:

17.Академиялық дәрежені көрсетіңіз: 18. Қазақстан Болон жүйесіне енді: 19. Болон жүйесіне қосылғаннан кейін ҚР-дағы жоғары білім беру жүйесінің қайта құрылуы нәтижесінде енгізілді: 20. Докторантура түлектері үшжылдық оқуды бітіріп, диссертацияны сәтті қорғағаннан кейін жаңа жүйеге сәйкес иеленеді:

21. Философия докторы (PhD) ғылыми және ғылыми-педагогикалық жұмысын жалғастырып, сонымен қатар сол жұмыстарының нәтижелері рецензияланған журналдарда мақалаларда, белгілі көлемдегі монографияларда т.б. жарияланғанда иеленетін ғылыми атақ:

22. 5.04.033 – 2011 ҚР-ның Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына (МЖБС) сәйкес, магистратура – бұл

23. Дұрыс жауабын көрсетіңіз:

24. Дұрыс жауапты таңдаңыз:

Магистранттың жеке жұмыс жоспары келесідей бөлімдерді қамтиды: 25.Көпшілік алдында магистрлік диссертация қорғаған, магистратураның білім бағдарламасын толық менгерген тұлғаларға беріледі: 26. Ғылым – бұл 27. Танымның субьектісі мен нысанының өзара байланысын қарастыратын ғылым келесідей элементтерді қамтиды: 28. XVІІ ғасырда барлық тіршілік ететін, мүмкін болатын құбылыстарды үш қабілетке сәйкес бөлген («жад тарихпен сәйкестенеді, елес – поэзия, ақыл –табиғат пен адам туралы философиялық ғылым »): 29. Артығын көрсетіңіз: Ғылыми іс-әрекет, ғылыми жұмыс немесе ғылыми еңбек - жаңа ғылыми білімді алуға, меңгеруге, өңдеуге және жүйелеуге бағытталған шығармашылық іс-әрекет, оның нәтижелері төмендегі негізгі белгілермен сипатталады: 30. Артығын көрсетіңіз: Ғылыми қызмет жіктеледі: 31. Бұл бағыт Жоғары кәсіби білім берудің бағыттары мен мамандықтарының классификаторында білім беру бағыты бойынша магистрлік бағдарламаның тізімінде көрсетілмеген: 32. «Жаратылыстану ғылымдары және математика» бағытына Классификатор бойынша сәйкес келеді 33. Арналған мақсатына қарай зерттеулер келесідей болып жіктеледі: 34. Ізденушілік зерттеу – бұл

35. Сыни зерттеу – бұл

36. Нақтылау мақсатындағы зерттеу – бұл 37. Қайталама зерттеу - бұл 38. Іргелі ғылыми зерттеулер – бұл 39. Қолданбалы ғылыми зерттеулер – бұл 40. Жеке ғылым саласында жүргізіледі: 41. Ақпараттың жоғарғы ағыны — бұл

42.Халықаралық келісімдер бойынша зияткерлік меншік дегеніміз -
a . адамның барлық жеке шығармашылық қызмет нәтижесіне құқығы
b . адамның барлық ұжымдық шығармашылық қызмет нәтижесіне құқығы
c . жоғарыда көрсетілгеннің барлығы

d . жоғарыда көрсетілгеннің ешқайсысы
e . адамның өндірістік қызмет нәтижесіне құқығы

43.Өндірістік меншік (өнертабыстар, өндірістік үлгілер, сауда белгілері және т.б.) нысанын қорғау туралы Париж конвенциясы бекітілді:

44. «Зияткерлік меншіктің дүниежүзілік ұйымын құру Конвенциясына» (ЗМДҰ / ВОИС) қол қойылды: 45. «Зияткерлік меншіктің дүниежүзілік ұйымын құру Конвенциясы» (ЗМДҰ / ВОИС) келесідей мақсатты көздейді: 46. Өнертабыс нысаны бола алады: 47. Өнертабыс нысанына жатады: 48. Пайдалы үлгі өнертабасының авторы бола алады: 49. Артығын көрсетіңіз:

Патент алушы – бұл: 50. Пайдалы үлгі өнертабысының басымдылығы ереже бойынша анықталады:

51.Әдіс – бұл

52. Айрықша құқық патент алушы адамға төмендегідей мүмкіндіктер береді

53.Өнертабыс патенті жарамды болады: 54. Дұрыс жауабын таңдаңыз. Ғылыми зерттеудің нормативті үдерісі төмендегідей жасалады: 1. Болжамдардың ұсынылуы (болжам). 2.Зерттеуді жоспарлау. 3. Зерттеуді жүргізу. 4. Алынған мәліметтерді талдау. 5. Болжамдарды теріске шығару немесе мақұлдау. 6. Ескі болжамды теріске шығарған жағдайда — жаңа болжамды ұсыну. 55. Ғылыми зерттеу нысаны 56. Зерттеудің әрбір тақырыбы келесідей талаптарға сай болуы керек:

57.Теориялық танымның құрылымдық компоненттері: 58. Мәселе – бұл 59. Бұл белгілер мәселенің дамуын сипаттайды: 60. Болжам – бұл 61. Артығын көрсетіңіз. Ғылыми болжам төмендегідей талаптарға сай болуы қажет:

62. Сипаттамалы болжам – бұл 63. Теория – бұл 64. Дұрыс жауабын көрсетіңіз: Библиографиялық сипаттамалардың таралу қағидаларына байланысты библиографиялық көрсеткіштер бөлінеді: 65. Теория құрылымын бейнелейді 66. Түсінік – бұл

67. Категория – бұл 68. Ғылыми термин – бұл 69. Пайымдау – бұл 70. Ұғымдық аппарат – бұл

71.Қағидат – бұл 72. Аксиома – бұл 73. Заң - бұл

74.Заңдылық – бұл
75.Оқу – бұл

76. Идея – бұл 77. Тұжырым– бұл 78. Зерттеудің эмпирикалық деңгейінің құрылымы... тұрады 79. Аңдатпа – бұл 80. Реферат – бұл 81. Ғылыми құжат – бұл 82. Артық бөлігін көрсетіңіз. Ақпаратты жеткізу тәсілдеріне байланысты құжаттар ажыратылады: 83. Кітап – бұл 84. Брошюра –бұл 85. Кітаптар мен оқу құралдары (оқулық басылымдар) 86. Стандарт – бұл 87. Артық бөлігін көрсетіңіз. Жарияланбаған біріншілік ғылыми құжаттардың негізгі түрлеріне жатады: 88. Артық бөлігін көрсетіңіз. Екінші рет жарияланған құжаттар мен басылымдар бөлінеді:

89.Шолу басылымдарда қамтылады: 90.Рефераттық басылымдар (рефераттық журналдар, рефераттық жинақтар) қамтиды:

91.Библиографиялық көрсеткіштер қамтиды:
92.Ғылыми ақпараттың кумулятивтілігі – бұл

93. Метатіл дегеніміз:

94.Тар салалы термин – бұл 95. Ғылыми білімнің нақты бір саласындағы терминологиялық жүйе сипаттайды: 96. Терминге қойылатын басты талаптар:

97. Дұрыс жауабын көрсетіңіз. Графикалық метатіл қамтиды: 98. Есте сақтаудың үш әдісі қолданылады: 99. Мәтінді түсінуді және игеруді жеңілдету тәсілдеріне жатады; 100. Нақты ақпаратты құрайды: 101. Артығын көрсетіңіз. Жазбаның кең таралған үлгісі болып табылады; 102. Тізімдегі авторлардың дұрыс орналасқанын көрсетіңіз: 103. Компиляция дегеніміз 104. Дәйексөз орынды: 105. Ғылыми мәтіндерге тән сипаттама 106. Ғылыми проза тілінің ерекшелігі болып табылады: 107. Хабарламаның растық деңгейін көрсететін(әрине, әлбетте, шынымен, қарағанда, болжау қажет, мүмкін, бәлкім т.б.) сөз немесе сөз тіркесінің ғылыми жұмыс мәтінінде болуы ғылым тілінің қандай стилдік сипатымен түсіндіріледі: 108. Ғылым тілінің мәдениетін анықтайтын сапаларға 109. Артық бөлігін көрсетіңіз. Эмпирикалық деңгей әдісіне жатады: 110. Метатеориялық деңгей әдісіне жатады: 111.      Артығын көрсетіңіз: Әдістер қолданылу саласына және жалпылық дәрежесіне байланысты ажыратылады:

a. жалпылама (философиялық)
b. жалпы ғылымдық
c.жекеменшік
d.арнаулы

e.дедуктивті 112. Зерттеу техникасы дегеніміз: 113. Әдістеменің келесідей деңгейлері қолданылады: 114.       Әдісте түсіндіріледі: 115. Мақсатқа сәйкес талдауға арналған барлық жалпығылыми әдіс үш топқа бөлінеді:

жалпылогикалық, болжалдық және эмпирикалық 116. Жалпы логикалық әдістер: 117. Сараптама – бұл 118. Синтез – бұл

119.Өрістік зерттеу әдісі қамтиды 120. Индукция – бұл 121. Дедукция – бұл 122. Аналогия – бұл 123. Теориялық деңгей әдісіне жатады: 124. Аксиомалық әдіс – 125. Болжамдық әдіс – 126. Абстракциялау – 127. Жалпылау – 128. Тарихи әдіс 129. Жүйелік әдіс 130. Эмпирикалық деңгей әдісіне жатады: 131. Бақылау – 132. Сипаттама –

133.Есеп – 134. Өлшем –

135. Салыстыру – 136. Тәжірибе – бұл 137. Үлгілеу – бұл 138. Үлгі 139. Зерттеудің өрісі аталады; 140. Сұрақ таңдау әдісі қолданылады; 141. Сұхбат 142. Стандартталған (формальды) сұхбат -

143.Еркін сұхбат-
144.Панелді сұхбат-

145. Клиникалық сұхбат146. Фокустық сұхбат 147. Артық бөлікті көрсетіңіз. Тәжірибенің әдіснамасы келесідей негізгі кезеңдерді қамтиды:

148.Шарттардың қалыптасу тәсіліне қарай тәжірибе бөлінеді: 149. Зерттеу мақсатына қарай тәжірибе бөлінеді: 150. Ұйымның өткізуіне қарай тәжірибе: 151. Оқытылған нысан мен құбылыстың құрылымына қарай тәжірибе бөлінеді:

152. Зерттеу нысанындағы ішкі әсер ету сипатына қарай тәжірибе бөлінеді:

153. Тәжірибе көлемін бақылау бөлінеді: 154. Құбылмалы факторлар қатарындағы тәжірибелер болады:

155. Интроспекция әдісі-

156. Салыстырмалы-тарихи әдіс — бұл

157. Компоненттік талдау әдісі 158. Лексикографиялық әдіс -

159. Таксономиялық сипаттама 160. Түсініктемлік сипаттама 161. Артығын көрсетіңіз. Кесте келесідей талаптарға сай болуы керек: 162. Семантикалық өріс әдісінің тұжырымын құрастырды 163. Сөздердің лексика-семантикалық тобы қамтиды 164. Әдіснама – бұл 165.       Мәнмәтінді талдау – 166. Әлеуметтік тіл білімі әдісі 167. Таксономиялық тәжірибе 168. Семантикалық дифференция әдісі 169. Дербес таксономиялық тәжірибе – 170. Классификаторға сәйкес гуманитарлық ғылымдар және әлеуметтік-экономикалық бағытқа жатады 171. Қаржыландыру көздеріне қарай ғылыми зерттеу ажыратылады 172. Бюджеттік зерттеу қаржыландырылады

Жауаптар коды

1

D

31

B

61

C

91

E

121

D

151

D

2

E

32

A

62

A

92

E

122

E

152

E

3

D

33

B

63

B

93

D

123

E

153

A

4

A

34

A

64

A

94

B

124

A

154

E

5

A

35

B

65

D

95

B

125

B

155

B

6

A

36

D

66

A

96

E

126

B

156

C

7

B

37

D

67

B

97

D

127

E

157

E

8

A

38

D

68

C

98

D

128

B

158

D

9

B

39

B

69

E

99

D

129

C

159

A

10

A

40

C

70

D

100

E

130

C

160

B

11

C

41

A

71

D

101

C

131

C

161

B

12

B

42

C

72

B

102

D

132

A

162

C

13

A

43

C

73

C

103

A

133

C

163

C

14

E

44

B

74

E

104

B

134

D

164

D

15

A

45

C

75

A

105

E

135

A

165

B

16

C

46

D

76

A

106

A

136

E

166

C

17

C

47

C

77

B

107

C

137

E

167

A

18

B

48

A

78

C

108

D

138

B

168

D

19

B

49

D

79

B

109

C

139

A

169

A

20

B

50

C

80

C

110

E

140

E

170

B

21

A

51

C

81

A

111

E

141

B

171

A

22

B

52

D

82

D

112

A

142

A

172

A

23

D

53

D

83

E

113

A

143

C

24

Е

54

A

84

C

114

B

144

D

25

А

55

C

85

B

115

B

145

E

26

D

56

D

86

D

116

D

146

A

27

E

57

D

87

E

117

A

147

D

28

E

58

C

88

C

118

C

148

C

29

C

59

B

89

C

119

D

149

A

30

E

60

B

90

A

120

B

150

B

ГлоссариЙ

Ақпарат:
шолу а. — ғылыми құжаттардағы шолуды мазмұндайтын екіншілік ақпарат;

релевантты а. — ғылыми тапсырма түптұлғасының сипаттамасында қорытындыланған ақпарат; мәнжазбалық а. — біріншілік ғылыми құжаттарда мазмұндалған екіншілік ақпарат; дабылдық а. — алғашқы хабарлау қызметін атқаратын, қысқартудың әртүрлі дәрежесіндегі екіншілік ақпарат; анықтамалық а. —білімнің қандай да бір аймағындағы қысқаша жүйеленген мәліметтерді қамтитын екіншілік ақпарат.

Аналогия — екі нысанның ұқсастығының кейбір белгілері, олардың ұқсастығы және басқа да белгілері бойынша қорытынды жасалған пайымдау.

Анықтама (дефиниция) — зерттеу мен дау-дамайдағы, қарым-қатынастағы түсініспеушіліктерден сақтайтын, ең сенімді тәсілдердің бірі. Анықтаманың мақсаты- қолданыстағы ұғымдар мазмұнын анықтау.

Аспект — зерттеу нысаны (заты) қарастырылатын көзқарас.

Болжам — қандай да бір құбылысты түсіндіру үшін ұсынылған ғылыми болжам.

Ғылым — қызметі шындық туралы объективі білімнің теориялық жүйесі мен өнімі болып табылатын, адам әрекетінің аясы. Қоғамдық сананың бір түрі.

Ғылыми баяндама — аудиторияда оқылған немесе басылымдарда жарияланған, тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың немесе ғылыми зерттеулердің мазмұнын қамтитын ғылыми құжат.

Ғылыми дерек — дәлелдеме немесе қорытынды жасауға негіз болып табылатын оқиға мен құбылыс. Ғылыми білімнің негізін құрайтын элемент болып табылады.

Ғылыми есеп — зерттеу барысын (әзірлеме), әдістемесін, нәтижелерін тәппіштеп сипаттайтын, сонымен бірге тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың немесе ғылыми-зерттеулердің нәтижесінде алынған тұжырымдарды қамтитын ғылыми құжат. Бұл құжат белгілі бір уақыт аралығында немесе орындалған жұмыстың аяқталуын көрсетуге арналады.

Ғылыми зерттеу — жаңа ғылыми білімнен өнім алу процесі, танымдық әрекеттің бір түрі. Нәтижелері теориялар мен заңдар, ұғымдар жүйесінде көрінетін мақсатқа бағытталған таным.

Ғылыми-зерттеу жұмысының ғылыми-техникалық бағыты — мәселелердің алдағы шешілуін қамтамасыз ететін, дербес техникалық міндет.

Ғылыми пән — дәл қазіргі уақытта жоғары мектеп бағдарламасына енген және игерілген, дәл қазіргі деңгейдегі дамыған ғылымның саласы.

Ғылыми тақырып — ғылыми зерттеудің өткізілуін талап ететін ғылыми сипаттағы міндет. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі, жоспарлы-есеп көрсеткіші болып табылады.

Ғылыми таным — ең бастысы - жаңа білімді алу және тексеру әдістерімен, өзінің ерекше мақсаттарымен сипатталатын зерттеу.

Ғылыми таным әдістемесі — ғылыми-зерттеу әрекетінің тәсілдері мен үлгісі, қағидалары туралы ілім.

Ғылыми теория — шындықтың тікелей емес, идеалды бейнесін бейнелейтін тұжырымдар мен дерексіз ұғымдар жүйесі.

Дедукция — көптеген жеке жағдаяттардан, оқиғалардың барлық жиынтықтары туралы талдау қорытындысы жасалып, жалпыдан жекеге ауысқан ойша қорытудың түрі.

Диссертация — монографиялар мен оқулықтарда жарияланған, ғылыми баяндама, қолжазба түрінде жазылған ғылыми туынды. Ғылыми дәреже алу үшін ұсынылған, зерттеушінің ғылыми-зерттеу деңгейін көрсететін біліктілік жұмысы ретінде танылады.

Диссертацияның авторефераты — автордың ғылыми дәреже алу үшін жазылған зерттеуі бойынша мәнжазба етіп құрастырған брошюра түріндегі ғылыми басылымы.

Жаңалық ашу формуласы — бекітілген үлгіде жасалған және оның мәнінің барлық мазмұнын қамтитын жаңалықтың сипаттамасы.

Зерттеу әдісі — ғылыми деректер алудың құралы.

Зерттеу міндеті — орындалу деңгейі нақтылықтың жеткілікті дәрежесінде орындалатын зерттеушілік әрекеттің қарапайым ұйымдастырылған кешені. Зерттеу міндеті тек белгілі зерттеу тақырыбының шекарасында ғана мәнге ие.

Зерттеу нысаны — зерделеу үшін таңдалған немесе мәселелерден туындаған құбылыс немесе үдеріс.

Зерттеу пәні — белгілі бір аспектідегі зерттеу нысанының аясында қарастырылатынның барлығы.

Идея — теориялар, көзқарастар т.б. жүйелерін анықтайтын қағида.

Индукция — жеке деректерден ортақ тұжырымдарға ауысқан ойша қорытудың түрі.

Историография — тарих ғылымдарының тарихын зерттейтін ғылыми пән.

Категория — зерттелген заттың қатынасы мен ішкі мәнді жақтары ашылатын логикалық ойлау формасы.

Конъюнктура — қандай да бір қоғамдық өмірдің аймағында құрылған жағдай.

Түйін сөз — ғылыми құжат немесе оның бөліктерін өзгеше және толығырақ сипаттайтын сөз немесе сөз тіркесі.

Қағида — ғылымның, ілімнің, қандай да бір теорияның бастапқы, негізгі жағдайы.

Мәселе — болашақ зерттеу аймағын қамтитын көптеген қалыптасқан ғылыми сұрақтардың жиынтығы. Мәселелердің келесідей түрлері ажыратылады:

Мәселені көтеру зерттеудің логикалық әдісінде, біріншіден, талдау мен қорытындылау қажеттілігін туындататын деректерді анықтауды, екіншіден, ғылымда шешілмеген мәселелерді табуды қамтиды. Барлық зерттеулер ғылымда түсіндірілмеген, жүйеленбеген деректерді анықтауға ұмтылады, яғни өзінің назарынан тыс қалған деректерге жүгінеді. Оларды қорытындылау мәселе мазмұнының дұрыс көтерілуін қамтиды. Нақты деректен мәселеге қарай – мәселені көтерудің логикасы осындай.

Ой қорытындысы — алдыңғыларымен белгілі бір деңгейде байланысқан, кейбір берілген пайымдаулардан басқа пікірлер шығатын ойлау операциясы.

Өнертабыс формуласы — бекітілген үлгіде жасалған және оның мәнінің қысқаша мазмұнын қамтитын өнертабыс сипаттамасы.

Пайымдау — қандай да бір нәрсе көмегімен теріске шығарылатын немесе дәлелденетін ой. Сөйлемде қорытындыланған мұндай ой үш элементті қамтиды: субъект, предикат және байланысты білдіретін "бар" немесе "бар емес" сөздері (байланысты білдіретін сөз қазақ және орыс тілдерінде әдетте қолданылмайды).

Тақырыптың өзектілігі — берілген мәселені (тапсырмалар, сұрақтарды) шешу үшін нақты жағдайда, нақты уақыттағы оның маңыздылық деңгейі.

Теория — ілім, қағидалар немесе идеялар жүйесі. Ғылым немесе оның бөліктерін құрайтын қорытындыланған қағидалардың жиынтығы. Ол жекелеген ұғымдар, болжамдар мен заңдар өздерінің бұрынғы дербестігін жоғалтқан синтаксистік білім формасы ретінде көрініс табады және тұтас жүйе элементіне айналады.

Термин (лат. тіл. termіnus – шекара, шек) – арнайы ғылым немесе іс-әрекет саласындағы ұғымдарды бейнелейтін сөздер немесе сөз тіркестері.

Тұжырым — зерттеудің мақсаты мен міндеті айқындалып, оның жүргізілу жолы көрсетілгендегі негізгі ой, қандай да бір көзқарастар жүйесі.

Ұғым — заттардың ерекше қасиеттерін және олардың арасындағы қарым-қатынасты бейнелейтін ой.

Фактографиялық құжат — ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде жинақталған немесе зерттеу пәнінің жағдайын бейнелейтін, иллюстративті, сандық, мәтінді және басқа да ақпараттарды қамтитын ғылыми құжат.

Шолу — түпдереккөздерді талдау нәтижесінен алынған, қандай да бір тақырып бойынша жүйеленген ғылыми мәліметтерді қамтитын ғылыми құжат. Қазіргі ғылыми мәселердің жағдайымен және оның болашақтағы дамуымен таныстырады.

«ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ» пәнінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

КІРІСПЕ

Жоғары мектептегі ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің деңгейі, өзіндік шығармашылық ойлау дағдысының дамуы зияткерлік ғылыми әлеуетті және елдің рухани өсуінің шыңы, оның мамандарының құзіреттелігін анықтайтын және өз бетімен білімін үнемі жаңарту қажеттілігін, ғылымдағы жаңалықтардың дамуы мен алдағы өзгеретін жағдайларға тез бейімделу мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады. Жас мамандар осы жаңаша ойлаудың құзіретті жалғастырушылары болуы тиіс.. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес магистратура түлектері іргелі ғылыми және кәсіби дайындыққа ие болуы, заманға сай ақпаратты меңгеруі, оны алу әдістерін қамтып, ғылыми ақпаратты өңдеу мен сақтауы, қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдап шешуі, таңдалған мамандық бойынша ғылыми-зерттеу/ эксперименталды-зерттеуді жоспарлап жүргізуі, ЖОО-да дәріс беріп, басқарушылық және зерттеушілік әрекетті сәтті жүзеге асыруы қажет. Осыған сәйкес, курстың ңақты мақсаты магистранттарға қазіргі тіл біліміндегі зерттеулердің маңызды процедураларын меңгерту, материалды жинау және өңдеудің мүмкін жолдарымен таныстыру және ғылымда қол жеткен жетістіктерді пайдалану. Сонымен бірге магистранттарды ғылыми ойды жеткізу мен дәлелділікке қойылатын талаптармен таныстыру және ғылыми әдеп пен ғалым парызы туралы ойлануға үйретеді.

ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Курстың мақсаты магистранттарды магистратурадағы ғылыми әрекеттің негізгі аспектілерімен, ғылыми зерттеудің әдіснамасымен, лингвистикалық зерттеудің жеке және жалпы заңдылықтарымен, магистрлік диссертацияны көпшілік алдында қорғау мен техникалық жағынан рәсімдеу процедураларымен таныстыру.

«Тіл біліміндегі ғылыми зерттеу негіздері» пәнін оқытудың міндеттері:

Магистрант курсты аяқтағанда білуі тиіс:

істей білуі тиіс:

Аталған курстың пререквизиттері: тіл біліміне кіріспе, жалпы тіл білімі, философия, әлеуметтану, мәдениеттану, психология және т.б.

КУРС МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

«Тіл біліміндегі ғылыми зерттеу негіздері» курсының пәні мен міндеттері. Кәсіби білім беру бағдарламасы мен оқу жоспарында филология бағытындағы магистрлерді дайындау, оның мақсаты мен міндеті, курстың мәні мен орны.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ғылым - қоғамдық іс-әрекеттің ерекше саласы

Ғылым дамуының негізгі кезеңдері. Ежелгі замандағы білімнің бастауы. Орта ғасырдағы ғылым. Жаңа заман ғылымы. Дүниенің механикалық бейнесі. XІX – XX ғасыр тоғысындағы қазіргі ғылымның сипаты. ХХІ ғасыр ғылымының міндеттері.

Қазақстандағы ғылымды ұйымдастыру құрылымы ҚР ғылым саласындағы басқару. ҚР «Ғылым туралы» заңы. Ғылыми зерттеулердің мемлекеттік бағдарламалары. Жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Халықаралық ынтымақтастық. Болон процесі. Ғылыми зерттеулерді Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында (ҰҒТ АО/НЦ НТИ) тіркеу. ҒТАМР/ГРНТИ және ӘОЖ/УДК ұғымдары туралы. Рецензияланған ғылыми журналдар. Импакт-фактор (іmpact-factor /ІF) туралы түсінік.

Ғылыми зерттеулерді мемлекеттік ынталандыру. Ғылыми байқаулар мен гранттар. Қазақстандағы ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлау жүйесі. Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар. Академиялық дәрежелер.

ҚР ғылыми кадрларды дайындау жүйесіндегі магистратура «Магистр» біліктілігі, оның білімі мен ғылыми мәртебесі. Магистрлерді даярлауды анықтайтын құжаттардың сипаттамасы. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары білімнен кейінгі білім беру. Магистратура». ҚР көпдеңгейлі жоғары білім беру жүйесінде (магистратурада) магистрлерді даярлаудың бейінді және ғылыми-педагогикалық бағыттарына қойылатын талаптар. Кәсіби білім беру бағдарламасы мен филология магистрлерін дайындаудағы оқу жоспары. Магистранттың оқу және ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеті мен оның дайындығының жеке оқу жоспарындағы көрінісі.

Ғылыми білім жүйесі және магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы Ғылыми білім жүйесіндегі негізгі ұғымдар мен түсініктер. Ғылымдардың классификациясы. Ғылыми зерттеулердің негізгі түрлері. Ғылыми-техникалық ақпарат. Ғылымның өндіріспен байланысы. Тақырыптың экономикалық тиімділігін бағалау. Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау. Өнертабыстар мен пайдалы үлгілерге патенттер.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі ұғымдары. Ғылыми зерттеу: мақсаты мен міндеті, ғылыми зерттеудің пәні мен нысаны. Ғылыми зерттеудің құрылымы. Ғылыми зерттеу тақырыбына қойылатын талаптар. Теориялық танымның құрылымдық компоненттері. Зерттеудің эмпирикалық деңгейінің құрылымы. Ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері.

Ғылыми әдебиетпен жұмысты ұйымдастыру. Ғылыми жұмыс нәтижелерін ресімдеу. Ғылыми құжаттар мен басылымдар. Біріншілік ғылыми құжаттар. Екіншілік ғылыми құжаттар мен басылымдар. Ғылыми ақпараттың кумулятивтілігі.

Магистрлік диссертация - магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі Магистрлік диссертация ғылыми шығарма түрі ретінде. Диссертациялық жұмысты жоспарлау. Зерттеу тақырыбы мен нысанын таңдау және негіздеу. Зерттеудің метатілі. Терминология. Графикалық метатіл. Теориялық ақпаратты жинау. Ғылымдағы әдеп пен сабақтастық. Сілтеме аппараты. Дәйексөз алу. Магистрлік диссертация қолжазбасымен жұмыс. Диссертацияның тілі мен стилі. Диссертациялық жұмысты ресімдеу. Ғылыми материалдарды баспаға дайындау. Диссертацияны қорғау.

Ғылыми зерттеу әдіснамасы. Ғылыми зерттеу әдісі мен әдіснамасы ұғымдары.. Әдіснама, әдіс, әдістеме. Ғылыми зерттеудің философиялық және жалпығылыми әдістері. Ғылыми зерттеудің жеке және арнайы әдістері. Ғылымдағы интеграция мен дифференциация. Теориялық зерттеу. Теориялық зерттеулердің әдіснамасы. Теориялық зерттеудің міндеттері мен әдістері. Эксперименталды зерттеу. Эксперименталды зерттеу әдістемесі. Эксперименталды зерттеудің түрі мен міндеті, олардың топтастырылуы. Үлгілеудің негізгі ұғымдары.

Лингвистикалық білімнің ғылыми парадигмалары Ғылыми білімдегі парадигма түсінігі. Салыстырмалы-тарихи парадигма. Құрылымдық-жүйелік парадигма. Антропоөзектік парадигма. Жаңа лингвистикалық парадигманың негізгі қағидалары (антропоөзектік, экспансионизм, функционализм, экспланаторлық, семантикоцентризм және текстоцентризм).

Тіл білімінің әдіснамасы мен әдістері Тіл білімінің әдіснамасы. Тіл біліміндегі жалпығылыми әдістер. Лингвистикалық зерттеулердегі индукция және дедукция. Тіл біліміндегі эвристикалық әдістер. Пассивті бақылау (регистрациялық) әдісі. Белсенді (эксперименталды) әдіс. Интроспекция әдісі. Инструменталды әдістер. Үлгілеу әдісі. «Қара жәшік» әдісі. Сипаттамалы әдістер. Таксономиялық сипаттама. Динамикалық сипаттама. Түсіндірмелі сипаттама. Қайта құру (реконструкция) әдісі. Лингвистикалық сипаттамаларды формалдау. Алгоритм мен өнімдер тілдік ережелерді көрсету әдісі ретінде. Тіл білімінде қолданылатын іргелес ғылымдардың әдістері. Тіл біліміндегі анықтау, дәлелдеу мен дәйектеу. Тіл біліміндегі сипаттау метатілдері. Тілдік емес құралдардың лингвистикалық ақпаратты қамтуы. Кестелер. Сызбалар.Үлгілер.

Зерттеудің дәстүрлі-лингвистикалық әдістері Салыстырмалы-тарихи әдіс және оның түрлері. Салыстырмалы-тарихи әдісінің тәсілдері. Сыртқы қайта құру, ішкі қайта құру, кірме сөздер талдауынан ақпараттарды ажырату, топонимикалық мәліметтерден ақпаратты ажырату. Құрылымдық лингвистика әдістері. Компонентті талдау әдісі. Дискретті талдау құрылымдық әдістің түрі ретінде (лексикалық мағыналардың семаларға ажыратылуы мен олардың матрицалық сипаты). Семантикалық септік әдісі. Үздіксіз құраушылық әдіс. Ю.Н. Карауловтың алты қадам әдісі.

Фонологиялық деңгейдегі тілді талдау әдістері. Оқшаулау әдісі (Ленинград мектебі). Оппозиция әдісі.

Лексика-семантикалық деңгейде тілді зерттеу әдістері. Лексикографиялық әдіс. Семантикалық өріс әдісі. Лексика-семантикалық топтар бойынша сипаттау әдісі (ЛСТ). Дәстүрлі-кешенді әдіс. Морфологиялық деңгейдегі тілдік талдау әдісі. Оппозиция (қайшы қою) әдісі.). Сөйлем деңгейіндегі тілді талдау әдісі. Логика-синтаксистік әдіс. Формалды-грамматикалық әдіс. Сөйлемнің синтагматикалық талдауы. Мәнмәтіндік (контекстік) талдау.

Қазіргі заманғы тіл біліміндегі әдістер

Әлеуметтік лингвистика әдістері. Далалық зерттеу әдістері. Әлеуметтік жағдайларға негізделген тілдік нұсқаларды үлгілеу әдісі. Психолингвистика әдістері. Бақылау, тәжірибе, еркін ассоциациялық тәжірибе, «семантикалық жіктелім (дифференциал)» әдісі (Ч. Осгуд), ықтималдылық болжау әдісі. Когнитивті тіл білімі әдістері. Концептілерді семантикалық-когнитивтік талдау (З. Д. Попова, И. А. Стернин). Номинативті өрісті құру. Концепті үлгілеу.

Лингвомәдениеттану әдістері. Контрастивті лигвистика әдістері. Функционалдық лингвистика әдісі. Дискурстық талдау функционалдық әдістің түрі ретінде. Компьютерлік лингвистика әдістері.

СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ҮЛГІ ТІЗІМІ

(З. Д. Попова, И. А. Стернин)

МӨЖ-ге АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ТІЗІМІ

Хабарламалар мен мәнжазба тақырыптары

ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ ПІКІРІ МЕН СЫРТҚЫ РЕЦЕНЗИЯНЫ РӘСІМДЕУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР

Магистрлік диссертацияға сыртқы рецензия мен жетекшінің пікірі беріледі. Ғылыми жетекшінің пікірі мен сыртқы рецензияда жұмысқа қатысты бірқатар сұрақтардың қамтылуы қажет.

Ғылыми жетекші пікірінің мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:

Сыртқы рецензия мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:

Рецензияда жұмыстың жетістіктері мен қатар, кемшіліктері де көрсетіледі. Әдетте рецензия көлемі екіден бастап бес бетке дейінгі компьютерлік мәтіннен тұрады. Диссертацияның жетістігі мен кемшілігін сыни тұрғыдан дәйектеген бұл құжат жұмыстың қорғау нәтижесін талдау барысында Мемлекеттік аттестациялық қомиссия отырысында таныстырылады.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙