TELEGEI

Home

Ақиреттік аманат

Қорғанбек Аманжолов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ақиреттік аманат

Белгілі қаламгер, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Қорғанбек Аманжолдың «Ақиреттік аманат» атты осынау прозалық кітабына әдеби эссе-толғамдары, көркем очерктері, жолжазба сапарнамалары және белгілі тұлғалармен сұхбаттары топтастырылған. Олар бүгінгі биік өрелі оқырман талғамына сай, танымдық тұрғыдан қызғылықты, сүбелі дүниелер дей аламыз. Замана сарынына үн қосқан шығармалардан ешкімді бейжай қалдырма

Қорғанбек Аманжол
Ақиреттік
аманат

АЛМАТЫ

«ҚАЗАҚСТАН»

УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) 7-4 А 52 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды АМАНЖОЛ Қорғанбек. А 52 АҚИРЕТТІК АМАНАТ – Алматы: ЖШС “Қазақ­- стан” баспа үйі”, 2012. – 384 б. ІSBN 9965-10-105-1 Белгілі қаламгер, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Қорғанбек Аманжолдың «Ақиреттік аманат» атты осынау прозалық кітабына әдеби эссе-толғамдары, көркем очерктері, жол­ жазба сапарнамалары және белгілі тұлғалармен сұхбаттары топ­тас­ тырыл­ған. Олар бүгінгі биік өрелі оқырман талғамына сай, таным­ дық тұр­ғыдан қызғылықты, сүбелі дүниелер дей аламыз. Замана са­ры­нына үн қосқан шығармалардан ешкімді бейжай қалдырмас шы­найы шабыт толғанысын, зерделі пайым сарабын, өзіндік ой бұр­қа­нысын, тілдің көркем кестесін көреміз. Автор тағлымы мол, та­қы­рыбы біртұтас етіп жүйеленген тартымды кітап жасап шыққ ан. Мұнда өткен тарих та, бүгінгі заман келбеті де, мәдениет пен өнер, елдік пен ерлік, ғибрат пен зұлмат, жарқын бейнелер мен жасын мі­ нез­дер – бәрі бар. Кітапты тұтас оқып шыққ анда әлемге танылған Қа­зақ­станның, тәу етер Тәуелсіздігіміздің сұлбасы қатар өрнектеліп отыр­ғандай әсерге бөленеміз. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

УДК 821.512.122

ББК 84 (5 Қаз) 7-4

© “Қазақстан” 2012

ІSBN 9965-10-105-1

© Аманжол Қ., 2012 

Бірінші бөлім Ақиреттік аманат Сапархан ақсақалдың әңгімесін тыңдап отырмын. Өткен күн­дердің көңіл толқытар суреттері көз алдынан тізіліп өтіп жат­қандай. Сапекең де әңгіме тиегін арыдан қозғап ағытады. Туып өскен жері кішкентай ғана Бұғыбай ауылы екен. Қа­ зіргі атағы зор Бақты кеденінен алыс емес, Қытайдың Шә­уе­ шегінен 18 шақырым жерде. Бақты ауылдық кеңесінің құ­зы­ рын­да болған. Әуелден Семейге тән, бірақ сонау отызыншы жыл­дарда Лепсінің құрамында Алматы облысына де қарап тұр­ ған кездері болыпты. Бұрынырақта Мақаншы ауданына телін­ се, кейін Үржарға қосылған. «Жайлауымыз Тарбағатай еді» деді Сапакең бір әредікте. Жүзінен масаттану болмаса да, мақтаныштың лебі ескендей. Әрине, жайлауының Тарбағатай болғандығына. Иә, Аягөзден жүлгелене басталып, Ақсуат, Таскескен, Үржар, Мақаншыны басып, Алакөл мен Зайсанды бауырына алып, Бақтылатып Қы­ тай жағына құлаш асырған, терістігі Сауыр-Сайқан, Алтай-Са­ ян тауларына ұласа созылған жарықтық «Тарбиған Тарбағатай жердің құты» деп қазақ жырының қайыру бермес Құлагері Ілияс Жансүгіров айтса, айтқандай екен-ау. Тарбағатайдың ең биігі Сауытқойған Мақаншының тұсында бұлдыраса, Ақсуат жағынан арғы бетке асып түсетін талай-талай асулар да болған дей­ді. Ұлт ұясының тыныштығы бұзылған, ауыр қасіреттер ар­ қа­латқан ана бір үркіншілік жылдарда айналып кетейін сол асулар үміт жібіндей шудаланып, босқын жұрттың бас аман­ ды­ғының баспалдағына да айналғанын кәрі құлақ, көне көздер жырдай қылып айтады емес пе. Сол Ақсуаттың тумасы, айкөл ақын Әбубәкір Қайран: «Тарбағатай қара нар, бір жағында – Сү­й­ретіліп қазақтың соры кеткен» – деп тебіренсе, ол да рас. Ақи­қатшыл ақын өзек өртер өкінішті мөлдір мұңына орап айт­ қандай, әсіресе, осы етек-жеңі далиған толағай тау­дың қос қап­ 

 талында «іні ағасынан адасқан, піспек сабасынан ай­рыл­ған» тауқыметті жайлар көп болған. Қазақтың сол қа­сі­ретінің бәрін Тарбағатай қара нардай көтеріп тұр. Ішіне бүк­кен сыры да мол, сыртына шыққ ан шыны да жетерлік. Біз баян­дай­тын хи­ кая Тарбағатайдың ұшан-теңіз тарихының бір мысқалы ғана. Осы Тарбағатайдың бір жақ бетінде, Бұғыбай өзенінің бойын­да дүниеге 1862 жылы келген, Тіленнің Ақылбайы деген қа­зақ­тың қиын да қилы тағдырлы қара шалы өткен. Жасында түйе балуан атанған, өзі кедейлеу адам екен. Кедейліктің кебі­ нен бе, көпке дейін үйлене алмай жүріпті. Содан қырыққ а та­ ман қырқылжыңданып келгенде төртуылдан Алтынай деген қыз­ды айттырады. Күйеу жігіттің мініп жүрген жалғыз атына қыз әкесі қызығып, қалыңның орнына сол атты сұрайды. Ат­ ты бір балаға мінгізіп, ары-бері жүргізіп, сынап көреді әуелі. Сонда құдалар тобының ішінде барған Қожабай деген бір тіл­ мар тыныш отырмай тілі қышып: – Жә, құда, ат ұнады ма өзіңізге? – деп сұрайды. – Ұнады. – Ендеше, бүгін түнде сіздің қызыңыздың бас-аяғын си­ пап көреміз де, біз де таңертең жауабын береміз, – деп сақ ет­ кізеді. Сол-ақ екен, төбелес шығып кетеді. Бұлар ертеңінде жігіт жи­нап келіп, қызды тартып әкетеді. Қарғап-сілеп, шашын жұ­ лып шешесі қалады. Қарғыс оңай ма, он жыл отасқанда нә­рес­ те көрмей, сол Алтынай әжеміз іштен жеген құсамен дүние са­ лыпты. Ақылбай одан соң керейден бір қыз алып, он шақты жыл өмір сүріп, одан да ұрпақ көрмейді. «1928 жылы кәмпеске басталып, алағай-бұлағай заман ор­ нағанда ел үркіп, біразы Қытайға ауа қашқан кез, – деп жал­ ғастырды әңгімесін Сапархан ақсақал. – Сонда Қытайға өтіп бара жатқан қасқа деген ру біздің ауылдың тұсындағы Бұғыбай өзенінің бойында түнегенде, түнде қалың қар жауып, ары қа­ рай жүре алмай, осы арада бір айдай бөгеліп жатып қалады. Сол уақытта осы қасқалардың ішінде Ақсуаттағы мұрын тай­ пасынан ұзатылып келген біздің болашақ шешеміз Зағипа Мұ­ сабекқызы да болады. Күйеуін жылан шағып өлтірген, өзі екі­ қабат, үйсіз-күйсіз, панасыз жас келіншекке әлгі жерде біз­дің әкейдің көзі түседі. Үйіне кіргізіп, ақыры соған үйленеді. Ал­ пысты молынан орталаған кезі. Анамыз айы-күні толғанда бір қыз бала туыпты. Әкеміз: «Менің шаңырағымда шыр еткен да­уысты бірінші естігенім» деп қуанып, жалғыз атын жайра­

тып салып, ауыл-аймағына той жасап береді. Атын Жамал деп
қойған сол нәресте көп тұрмай шетінеп кетеді. Зағипа анамыз
одан соң алты құрсақ көтерген, содан қазір ұрпақ өрбітіп, жер
басып жүргеніміз Сақыш деген қарындасым екеуміз».

Сапекеңнің айтуынша, ұрпақ өмірін үзбей жалғастыруға
ша­рапатын тигізген естен кетпес бір оқиға мынадай. 1932 жыл­
дың көктемі. Ел ішіне ашаршылық кірген. Себебі, мұның ал­дын­
дағы жылдарда тігерге тұяқ қалдырмай, малды тартып алған.

Нәу­беттің ұсқыны жаман, сүйретілген аш-арық, шұбаған бос­
қын­дар. Әркім өз жанын бағып әуре. Ақылбай да аштан өл­
меу­дің әрекетін жасайды. Бұғыбайдың 15 шақырымдай жо­ға­
ры­сында, Тарбағатай етегіндегі Қарабұта деген жерге 1910

жылдары көшіп келген переселен орыстар егін салады. Ал­
да­ғы күннің сұлба-сұрын ақыл безбенімен болжаған Ақыл­
бай отағасы өткен күздікүні сондағы тамыр орыстарға барып,
егін жинауға, масақ баулауға көмектескен. Әрине, еңбегінің

кесімді ақысын алады. Сонымен бірге бидайдың ұсағын, ар­
па­ның соғылмаған масағын ара-тұра бір жерге білдіртпей
кө­міп тастап отырады екен. Енді, міне, аштық алқымнан ал­
ғанда, жазғытұрым сонысы ойына түсіп, біреудің ат-арбасын

сұрап алып, өзінің дән тыққ ан көмбесіне барады. Сол арада
әйе­лімен екеулеп бір апта желге ұшырып, өлдім-талдым де­
генде жинаған екі қап шамасында дәнді арбаға тиеп үйге қай­
тады. Сөйтіп, Қарабұтадан Бұғыбайға қарай ыңыршағы шық­

қан арық атпен ілбіп бес шақырым шыққ анда бұларға қара
жолда шұбыра жаяулап келе жатқан 20 шақты босқын адам­
дар қарсы ұшырасады. Тобырдың ұсқынынан шошып кеткен
жас әйел: «Ойбай, аналар өлтіреді, айда атты!» деп шыр-шыр

етеді. Әйткенмен, сабыр шақырып, көз тоқтатса, топтың ал­
дында басына сәлде ораған бір ақсақал келе жатыр екен. Ат­
ты қанша айдаса да, онымен құтыла алмайтын болған соң әрі
сәлде ораған кісіні құдай деген мұсылман ғой деп медет тұ­

тып тоқтайды. Сәлделімен екеуі сәлемдеседі. Қытай асып ба­
ра жатқан Шұбартау керейлері екен, сәлделі ақсақал жөн­де­
рін айтып: «Біз ашпыз. Бізге бір-бір уыс дән бер. Құдай жет­
кізсе, Қытай жеріне жақындап қалдық. Бізді шекарада күтіп

отыр» – дейді. Солай деуі мұң екен, жақ сүйектері арсиып,
көз­дері шүңірейе қарауытқан аш адамдар қаптарды айналды­
ра тесіп, қолға түскен дәнді апыл-құпыл асай бастайды. Сол
кез­де өңмеңдегендердің бір-екеуін Ақылбай қамшымен тар­

тып жіберіп: «Естерің шығып, топырламаңдар түге! Мен­

 де ұзын сапты бақыр бар, соған қуырып, бір-бір уыстан ғана жең­дер. Көп жесеңдер аш өзектеріңе түсіп өліп қаласыңдар» – деп, сұсты дауыспен беттерін қайтарып, тыныштандырады. Содан соң дәнді өзі қуырып, әлгілерге шамалап үлестіріп, же­ гізіп, әлдендіреді. Сәлделі шал рахметін айтып: «Алда 20 ша­ қы­рым­дай жолымыз қалды, соған дорбамыздың түбіне тағы бір-бір уыс бидай салып бер» деп сұрайды. Ләм демес­тен сұ­ рағанын береді. Ақсақал енді бұған шын риза болып бейіл­ дене: «Сен бізге құдай кездестірген қыдыр екенсің. Өзің­нің де жасың келіп қалыпты. Бірақ қасыңдағы қосағың жас кө­ рінеді. Ұрпақты бол, өркенді бол! Сенің арқаңда мен де ен­ ді өлмеймін, өле жемей, бөле жеп татырған талқаның қуат беріп, шекарада күтіп отырған туысқандарыма жететін бол­ дым. Менің өмірімді сақтап қалған сенің өмірің де ұзақ бол­ сын деп аманат етіп берейін, мына ақирет кебінді сен ал!» – деп, арқасындағы түйіншегін қолына ұстатып, бетіне жамы­ латын өзбекшелеп тіккен шапаны бар екен, соны қоса береді. «Алмаймын» десе, еркіне қоймайды. Ақылбай отағасы артынан сыры беймәлім сәлделі ақсақал бастаған топтың аман-есен Қытайға өткен хабарын естиді. Кейін Шәуешекке барған кездерінде бірді-екілі кездескен де кө­­рі­не­ді. Ал, жаңағы аманат ақиреті сол 1932 жылдың көк­те­мі­нен 1957 жылдың 19 ақпанына дейін, 25 жыл сақталып, ақы­ры 95 жыл жа­ сап бақиға көшкен, құдай тілегін берген қара шал Ақыл­байдың өзіне бұйырыпты. «Әкей қайтқанда мен 20 жас­тамын. Баяғы ама­ нат ақирет жайында құлағымызға құйып қой­ған ғой, сарғайып кеткен екен, мәйітті әуелі соған орадық. Сыр­тын ақ бәтеспен көмкердік. Жарықтықтың өзінің өсиеті солай еді» деп Сапекең өткен күндерді көзге елестеткендей бір күр­сініп қойды. Әкесінің ұзақ жасауын да сонау ашаршылық жылы ұшы­ рас­қан сәлделі шалдың батасы тиген себебінен деп санайды. Сол кез­де балалары тұрмай, көзге көрінгені қайта-қайта ше­ті­ неп ке­тіп жүргенде, ұрпағын жалғастырар төлбасы перзентін де содан кейін сүйген. Тіпті, әуелде осы Сапарханның атын Жет­пісбай қоймақшы да болған екен. Енді қарасаңыз, «Ба­та­ лы құл арымас» деп ата нақылымыз айтқандай, 70-тен ас­қан­ ша бір перзентке зар болған Ақылбайдың үшінші буын әу­ле­ тінің өзі бір рулы ел болыпты. Жиен тарапын айтпағанда, ұлы Сапарханның өзі 20 немере, екі шөберенің ардақты атасы бо­ лып отыр. Мұны да баяғы әулие шалдың ақиреттік аманатының септескен шапағаты деп біледі.

 Сол бір қысас заманның басқа түскен нешеме қиыншылық­ та­рын да Ақылбай қарт өзінің қажыр-қайратымен жеңіп шы­ ғыпты. Отыз жетінші жылы қазақтың санасыз шолақ белсен­ ділері «жау жағадан алғанда бөрі етектеннің» керін келтіріп, момын елді бір жағынан өздері қосыла талап, қан қақсатып, бүйі тигендей қылды емес пе. Осындай құқайды жетпістің бе­ сеуіндегі біздің қара шал да көреді. Бұл кезде 50-60 қой, 10 шақты қара бітіп, соны Сембай Иісбаев деген жиеніне кейкейде баққ ызады екен. Осыны желеу еткен Ахметжан деген бір мисыз милиция «сен малай ұстадың» деп басына әңгіртаяқ ойнатып, әбден мазасын алады. Содан бір күні үйіне кел­ се, әлгі милиция қақ төрде қылыш-мылтығын жастанып, шал­ жиып ұйқтап жатыр дейді. Зығырданы қайнап: «Сен-ақ осы қыр соңымнан қалмай қойдың ғой» – деп, аяғынан теуіп жібе­ реді. Содан енді әлгі сұмырай соңына шындап түсіп, Бақтының абақтысына қаматады. Тегінде, намысқой шал боқтаған болу керек, пистолетпен жасқап, ши арасындағы адам нәжісіне ау­ натып қорлайды. Сөздің қысқасы, ақырында Семей жаққ а жер аудартып жібереді. Біраз бейнет-машақат шегіп, алты айдан кейін ақталып оралады. Кеудесіне милицияға деген кек тұнған. Кеткен намысы ке­ шусіз. «Өлтіру керек!» деп шешеді. Бұл ойын інісі Мақұлбайға айтып: «Анау атпен ары-бері жүргенде сусын ішуге шақырып, үйіңе алдап кіргіз де, маған хабарын жеткіз» – дейді. Бұл айт­ қанын өзінің де қаны қатып жүрген Мақұлбай мүлтіксіз орын­ дайды. Көп ұзамай күткен хабарды сақ еткізеді. Іле-шала Ақылбай кіріп келсе, әлгі есер милиция қаруын керегеге іліп қойған, көсіліп сусын ішіп отыр дейді. Қайраты қайтпаған қайсар қартың есіктен кіре шау бүркіттей бүре, тар­ па бас салып, ұмар-жұмар бүктеп, аяқ-қолын шандып байлап тастайды. Мақұлбайға Бұғыбайдың түбіндегі шилі өзектен көр қаз­дыр­тып, енді қараңғы түсуін күтеді. Әйелдерін басқа жақ­ қа жі­беріп қойған. Қас қарайған соң-ақ аузына шүберек ты­ ғып, аяқ­тан шалған арқанмен көрге қарай тірідей дырылда­ тып сүйрей жөнеледі. Межелі жерге ашумен екпіндеп келіп қал­­ғанда байғұс милицияның аузына тыққ ан шүберек ұшып ке­тіп, ол аңырап қоя береді: «Жаздым-жаңылдым, бұдан соң ауы­лыңа жоламайын, бала-шағам бар еді, құран ұстайын, нан ұс­тайын, тірі қалдыра гөр, ағатайым!» – деп ант-су ішіп, өлер­ де­гі сөзін айтып, кешу сұрап жалынады. Содан Ақылбай ақ­са­ қал да қанша қатуланып, қаһарына мінсе де, кісі өлтіріп қан ар­

 қа­лауға бармайды. Райынан қайтып, жынын алдырған бақ­сы­ дай сөмпеңдеген милицияны үйге қайтадан ертіп әкеліп, үстібасының қанын жуып, жараларын апиын мен түйе­жа­пы­рақ са­лып таң атқанша емдеп, жөніне қоя береді. Обалы не керек, ми­лиция сөзінде тұрады. «Бұл ауыл жақсы, боль­шевиктер ауы­ лы» – деп Бұғыбай жағына аттап баспайтын болады. Бұ­рын­ғы басбұзарлықтан тыйылып, басқа елге де ты­ныштық береді. Жаңа апиын деп айтып қалдық, Ақылбай ақсақалдың ба­ сынан апиынға байланысты да небір хикаялар өткен көрінеді. Әсіресе соғыс кезінде Бұғыбайдағы «Дзержинский» колхозы­ на кеңес өкіметі гектарлап көкнәр еккізіп, өнімін милиция­ мен келіп, қатаң күзетпен жинап алып кетеді екен. Не мақсатта пай­даланатыны құпия. Сірә, дәрі-дәрмек жасайтын болуы ке­ рек. «Біздің бала күнімізде әкей көкнәр өсірушілердің брига­ дирі болғаны есімде» деп Сапархан аға әңгіме желісін тағы бір тарауға бұра берген. Ертеректе осы маңайда, шекара беки қоймаған 20-30-шы жыл­дарға дейін қытайлар келіп, үкіметтен рұқсатсыз, ел адам­ дарымен ке­лісіп жер сұрап алып көкнәр егеді екен. Содан алы­ натын апиын­ның бидай түйіріндейін шайнап, ыстық шайды со­ рап­та­ғанда бой-бойынан тер бұрқырап, бусанып, әбден рахатта­ нады дейді. Кіндікке тарыдайын езіп жағып жіберсе, жұқпалы ау­ру­лар жоламайды, суық тигеннің бетін тез қайтарады. Осыны бі­ле­тін жергілікті қазақтар бірді-екілі қытайлар апиынын жи­нап, күзде нәпақалы дорбасын арқалап қайтқан кезде аңдып жү­ріп әлгілердің апиындарын тартып алады екен кей-кейде. Сол заманның суретін елестетер мына әңгімені айта кетсек артық болмас. Жаңағыдай төбелес болған жерлердің бірінде Ақылбай жазғытұрым қой жайып жүрсе, қалың шидің түбінде жатқан бір буманы көреді. Жалма-жан ашып жіберіп қараса – апиын. Енді байитын болдым деп қуанып, буманы біресе қол­ ты­ғына қысып, біресе бауырына басып, дегбірсіз жылдамда­ тып үйіне жөнеледі. Бұл жайдан ә дегенше бүкіл ауыл да ха­ барланып қалады. Бұлардың ауылында қыстап қалған, апиын­ мен айналысатын Чан Чун деген саудагер бай қытай құстай ұшып делеңдеген мұның дәу де болса бір олжаға кенелгенін се­зіп қа­лып, шақырып алып айтады: – Әй, Ақылбай, сенікі ауыз жаман, жүрек жақсы. Сен мы­ на апиынды маған береді, өзіне не керегін алады, – дейді. Содан екеуі саудаласады. Қытайдың қоймасында көз қы­ зық­тырар дүние көп. Сол уақытта ауылда бір үлкен есек бар

 екен, Ақылбай тұрып: «Сол есек қанша көтерсе, сонша аламын» дейді. Есекті жетектеп, інісі Мақұлбайды ертіп келеді. Ол да өзі сияқты еңгезердей. Екеулеп есекке дүниені арта бастайды. Бұрын бермей жүрген мыс шәугімнен бастап, шай-қант, мата, толып жатқан ұсақ-түйек, қазаққ а қат заттар. Әлден уақытта есектің белі қайысады. Сонда да болса көзі тоймай, тоқтай ал­ май, бір центнер жүкті шопақ құрлы көрмейтін Мақұлбайға есекті сүйетіп қояды. Содан не керек, аузы-мұрнынан шығара тиеп, ақыры артуға мүлдем болмай қалғанда есекті ағайынды екеуі екі жағынан қақпайлай көтермелеп, қақпадан да аманесен шығады-ау. Бір шарты сол, қақпадан шыққ анша құламай өтуі керек екен. «Немене алып қарық қылдым дейсің!» – деген сияқты Чан Чун қытай миығынан күліп мардамсып тұр дей­ ді. Ақылбай сыртқа әупірімдеп әйтеуір шығып алғасын енді қоштасайын деп артына бұрылса, әрең сүйретіліп әлі құрыған есек сол арада гүрс етіп құлайды. Қытай одан әрмен шек-сі­ лесі қа­тып күліпті. Оны елең қылған Ақылбай жоқ. Ағайын, ту­ма­лары түгел бүтін киім киіп, кедей ауыл сол жолы қарқ боп қал­ғанға ұқсайды. Содан алты-жеті жыл өтіп, шекарадағы Шәуешекке бір бар­ ғанында әлгі қытайдан: «Сол жолы менен қандай пайда көр­ дің?» деп жай қызық үшін сұраса керек. «Үштің бірін алдың ғой, Ақылбай» деп Чан Чун сонда тағы миығынан күліпті. Ақылбай Шәуешекке жасырақ кезінде жиі барып тұрыпты. Ол уақытта шекара ашық-шашық, онша күзетілмейді. Соны пай­даланып еті тірі қазақтар бір ауық тоқты-торым, тері-тер­ сек, анау-мынаумен Шәуешек базарында сауда жасап қайтып жүріпті. Шәуешекте неше түрлі ұлт сапырылысқан. Қытай, қал­ мақ, сібе, солаң, дүнген, орыс, татар, тараншы – бәрі сонда. Қа­ ра-құра қазақтар да бар. Ақылбайдың түйе үстінен бақанмен секіріп жүрген қайратты шағы. Аракідік орайын тауып дулы ба­ зардағы ойын көрсетушілердің де ішіне кіріп кетеді дейді. Бір жолы барғанында шекара бұздың деп ұстап алып, Шәуешекте жамбылдың (қорғанның) ішіндегі абақтыға қамап тастайды. Қы­рық шақты адам жатыр екен. Бір мезгіл дәретханаға айдап апа­рады. Сонда ауладағы аспалы қауға орнатылған құдыққ а кө­ зі түсіп жүреді. Бір күні қараңғы түсе дәретхананың ішінде қалып қойып, күзетшілер әбден ұйқтады-ау деген кезде ды­ бысын шығармай барып қауғадағы сырықты алып, аруақ-құ­ дайға сыйынып қорған дуалының үстіне қарғып секіреді. Әй­ теуір, жандәрмен шетіне ілініп, тырнағының жырылғанына қа­

рамай, мысықша өрмелеп қабырғаның үстіне тырмысып шы­ ғып, ары қарай аунайды. Дуалдың биіктігі ішкі жағынан үш метр болса, сырты айнала қазылған терең ор екен. Алты метр биіктен аунап ордың ішіне құлап түскенде есі ауып, таң ат­қан­ ша талып жатады. Таң атып, торғай шырылдағанда Ақыл­бай азырақ есін жиып, ордан өлдім-талдым дегенде әрең шы­ғып, өлесі халде сүйретіліп бір таныс қазақтың үйіне барады. Ол қытай тәуібін шақырып, тамыры үзіліп, сіңірі созылып, саутамтығы қалмай жараланған мұны бір апта емдетеді. Жү­руге жарағасын-ақ алды-артына қарамай елге тартады. Сөй­тіп қы­ тай қақпанынан Ақылбай осылай құтылған екен. Соңынан екі тұяқ – ұл мен қыз ерген Ақылбай 85 жасында, 1947 жылы арықты бұрып, картоп, жүгері, асқабақ, т.с.с. егетін бақшасын суарып жатса, 40 жастағы бригадир Баймолда ай­ қайды салып әкіреңдеп қамшы үйіреді. Сонда ақсақал әлгіні ат үстінен жұлып алып, арыққ а атып жіберіпті. Ол енді бай­ баламдап тұра сала, атына қарғып мініп шауып ала жөнеледі де, әлден уақытта колхоз басқармасы Жағыпар Сағынбаев пен тексерком бастығы Иса Тергемесовті ертіп келеді. Бұл кі­сі­ лер келіп асықпай аттарынан түседі. Баймолдадай байбаламы жоқ, байсалды. 10 жастағы бала Сапархан «бұлар енді әкемді жа­былып ұрады» екен деп қорқып, болыспақшы болып, екі қолына екі тас ұстап анадай жерде тұр. Бірақ бұл келген кі­сі­лер­ дің әкесін ұратын түрі көрінбейді. Әуелі ақсақалмен қол алы­ сып сәлемдесті. Сосын шағым айтушы бригадирді: «Әй, Бай­ молда, сен ана қатындарға бар. Солар жөнді суғармай жатыр. Бұл шалды бізге қалдыр, әуселесін біз көрейік» деп қоя бе­реді. Содан соң бәрі жерге малдас құрып алқақотан отыра кетіп, ақ­ сақалдың әңгімесін тыңдайды. Бір уақта селкілдеп қарқ-қарқ күледі. Неге күледі десе, Баймолданың әумесер ақы­мақ­ты­ғын, шалдан таяқ жеген құнсыздығын мазақтап күледі екен. Ақыл­ бай ақсақал бұларға қосыла күледі. Бала Сапарханның қор­ қынышы басылып, қолындағы екі тасты лақтырып жібе­ріп, бұл да күлімдеп, үлкендердің қасына келеді. Тағдырдың сан талқысын көрсе де қайыспаған қазақтың қара шалы Ақылбайға жүктелген ақиреттік аманатты ақырына дейін жеткізіп атқарған да, ошақтың отын өшірмей лаула­ та жан­дырып, сол аманатты алғы болашақтарға асырып сал­ ған да осы бала Сапархан, қазіргі Сапекең ақсақал. Ол ке­ зін­де тамам орыстың ішінде жалғыз қазақ баласы болып Се­ мей­дің құрылыс техникумын, одан соң 1964 жылы сырттай

Жам­былдың гидромелиорация-құрылыс институтын бі­ті­ріп,
құ­рылыс инженері деген мамандық алып, зейнеткерлік­ке шық­­
қанға дейін ұзақ жылдар бойы Мақаншы ауданының ұжым­
шар-кеңшарларында абыройлы еңбек етті. Салмаған құ­ры­

лысы жоқ. Мәскеудің бас көрмесіне қатысып, талай меда­лін
де алған әйгілі прораб Сапархан Тіленовтің атағы сол кез­де
бүкіл Семей өңіріне жайылған еді. Мақаншыда Қабанбай ата­
сына арналған саябақты да салған. Қазір Алатаудың бауырын­

да, Талғарда тұрады. Әлі тың. Тың болмайтын несі бар. Өз
әкесі бұл кісінің жасында әлі бір перзентке зар боп жүрсе, бұл
кі­сіңіз жиырма немеренің аймаңдай атасы. Жоғарыдағы ғиб­
ратты әңгімені бізге айтып берген де осы кісі. Лайым аталар

аманаты орындала беруге жазсын, қазақтың қара шалдары­нан
тамыр тартқан өмір арқауы үзілмесін.
2010 ж

ЕЛІМ ДЕП ЕҢІРЕГЕН МАРАЛ ИШАН

Білмей келіппіз, халқымыздың сан ғасырлық азаттық күре­
сінің тарихына алтын әріптермен таңбалануға тиісті толағай
тұлғалардың бірі Марал ишан Құрманұлы екен. Әуелде – біл­
мегенбіз, кейін – білсек те, лайығымен ескеріп, елемегенбіз.

Мұндайдағы зарымыздың обалын жетпіс жыл бойы еңсені ба­
сып тұқыртқан заманның мойнына арта беру де жараспас. Өз
құлағымыздың түріктігі мен көңіліміздің сергектігі қайда? Де­
сек те, оқулықтарға кірмеген, тарихымызға енбеген қасиетті

бабаның ел алдындағы ерен еңбегін кейінгі ұрпақ қайдан біл­
сін? Тіпті, екі ғасырдан асқан уақыт пердесі көлегейлеп, ол
жайын­дағы аңыздың өзі ұмытылуға айналып өшіңкіреп ба­
ра жат­қан. Бағымызға қарай, жадымыздың қоламтасы сөнуге

шақ қалғанда Тәуелсіздік келіп жетті. Осындайда көп тарих­
ты Оқжетпестің тасындай текшелеп орынды-орнына қойып
бе­ретін қазағымның шежірешілдігіне мың рақмет. Сол шежі­
ре әңгімелерге жүгінсек, жазба деректерге ден қойсақ, әлі

де болса жалпақ елге жайылмаған, тарихшы ғалымдарымыз
тереңірек танып, зерделей қоймаған, сондықтан да қоғамдық
пікір мойындап үлгермеген ақиқат сол: жалпы қазақтың ұлт-
азаттық қозғалыстарының бастауында тұрған, алғашқы ту кө­те­

рушілерінің бірі болған көрнекті қайраткері, басына бодандық
ноқтасы кигізіле бастаған жұртының бостандығы жолында
арыс­тандай арпалысқан, елім деп еңіреген ерлердің өзгеше

тұрпатты бір сойы осы Марал баба Құрманұлы демеске лажы­
мыз жоқ.
Ойлап байқасам, өз басым Марал бабаның есімін емес,
тек ол жайындағы емеурін ишараны ғана алғаш рет Кеңес за­

манында, 1981 жылдың желтоқсанында ән атасы Біржан сал­
дың келіні, кіші ұлы Қалкеннің әйелі Рақия әжеміздің аузы­
нан, сол кісімен Көкшетау қаласындағы үйінде Ілия Жақанов
ағамыз екеуміз әңгімелесіп отырып естіген екенмін. Сонда Бір­

жанның ұлы атасы – Ақсары Керей ішіндегі алпыс үйлі Бер­
тіс әулетінің Қызылжар жағынан Көкшетау төңірегіне қоныс
аударуының жай-жапсарын Рақия әжеміз бізге былайша баян­
дапты: «Бертіс атамыздың өзі де бес-алты ағайынды болып­

ты... Аға-інілерінің біреуі би, енді бірі дін жолын ұстаған со­
пы, бір-екеуі елге тиышсыз, қамшыгер, сотқар, бүлікші екен.
Бертіс бауырларының ел арасына іріткі салған теріс қылығына
ренжіп, сол себептен Көкшетауға көшіп келген екен»... Ол кез­

де мән бермеппін, енді байыптасам, әжеміз атын атамай, «ен­
ді бірі дін жолын ұстаған сопы» дегені нақ осы әңгіме етіп
отырған Марал ишан екен ғой. «Сотқар, бүлікші» дегені де
Маралдың айналасына, соның іс-әрекетіне тікелей қатысты.

Тек ол кім үшін сотқар, кім үшін бүлікші? Мәселе сонда.
Керейдің Нұрымбет атасынан тарайтын Марал ишан ата­
қо­ныстан ығыстырып, тіршілік тынысын тарылтқан ақ пат­ша­
ның отаршылдығына қарсы шығып, елді ғазауат күресіне кө­

тереді. Қазақстанның солтүстік өңірлерін, Батыс Сібірді ден­дей
қамтыған, башқұрт пен татарды да қоса қыздырып, қол­тық­та­
рына су бүріккен бұл ұлт-азаттық күресі талай жылдарға со­
зылады. Ақыры, көтерілісті аяусыз жаныштап басқан жазалау­

шы жасақтар Марал ишанға аталас ауылдарды да шауып, күн
көрсетпейді. Ендеше, Нұрымбет Керейдің ең жақын аталасы
Нұралы табына жататын Бертістердің қазіргі Солтүстік Қа­зақ­
стан облысы Жамбыл ауданының жеріндегі атақоныстан ауа

кө­шуі, Рақия әжеміз айтқандай, тіпті де ағайын арасындағы
дүр­да­раздықтан емес екен. Оның себебі – отаршылдардың оз­
быр­лығы. Тек бұл арада бір таң қалатынымыз, Марал ишан
есі­міне патшалы Ресей тұсында салынған тыйымның бертін­

гі Кеңес кезіне дейін мұрты бұзылмай, тоңы жібімей келген­
дігі. Ақ патшаға қарсы шыққ андарды қызыл Ресейдің де жақ­
сы көріп оңдыртқаны шамалы. Олай болмаған жағдайда Бер­
тіс әулетінің 1826 жылы ата жұрты Қайранкөлден ірге кө­те­руі­

нің шын себебін де, соған себепкер бабаларының бірі Марал

ишанның есімін де Рақия әжеміз білсе керек еді, Біржан сал
жөнінде әңгіме сұраған Ілекең екеумізге анықтап айтса керек
еді. Қайткенде де Ресей отаршылдығына қарсы шығу орысқа
қарсы шығу деп ұғылған кезде ол жайында үндемей қойғанның

өзі дұрыс деп шешті ме екен, әлде, әжеміз.
Дегенмен де алмас кездік қап түбінде қашаңғы жатсын?
Сан­даған жылдар бойы саналарында аңызбен аяланып, дұға дә­
мет­кен асыл аруақты өз қолы өз аузына жеткен бүгінгі көкірегі

ояу зерделі ұрпағы ұмыта алмады. Заманында үш жүздің ба­
ла­сының пірі атанған, әйгілі дін ғұламасы, туған халқының
азат­тық күресінің Абылай ханнан кейінгі кезеңдегі алғашқы
дер­лік ұраншысы Марал Құрманұлының 225 жылдығы 2005

жыл­дың қарашасында Қызылорда облысының Қармақшы ау­
да­нында кеңінен аталып өтілген. Баба рухын еске алуға ар­
нал­ған іс-шаралар аясында ғылыми-практикалық конферен­
ция өткізіліпті. Осылайша аруақ тербеп ас берілуі, Жосалы­

дан жиырма шақырымдай жердегі жалпақ төбенің басында
жер­ленген зиратының «Марал баба қорымы» деп аталып ке­
туі, бейі­тіне күмбезді кесене орнатылып, атына аталып мешіт
са­лы­нуы Марал ишанның есімі әсіресе Сыр елінде әйгілі бо­

лып, ерекше қастерленгенін көрсетсе керек. Өйткені, оның өмі­
рі­нің соң­ғы ауқымды кезеңі осында өтті, ол ақ патшаның отар­
ла­ғыш құ­рығы әлі жете қоймаған осы өңірде орнығып, әу­лие­
лік ке­ремет қасиеттері осында көбірек танылды, ұрпағы осы

Қар­мақ­шы жерінде өрбіп өркен жайды.
Марал ишан Құрманұлы Солтүстік Қазақстанның Қос­та­
най-Қызылжар өңіріндегі Троицк қаласына жақын Қайранкөл
маңында 1780 жылы дүниеге келген. Ұлттық энциклопедия­

да қайтыс болған уақыты 1841 жыл деп көрсетіледі. Ал кей­
бір деректерде 1852 жылы әлі тірі екендігі айтылады да, 1853
жылдың жазында дүние салған деп шамаланады. Жағасында
туған перзенттің тіршіліктегі қасиеттеріне орай жаңағы Қай­

ранкөлді халық кейін Әулиекөл деп атап кетеді. Осыған орай­
лас тағы бір ғажабы, өзі қайтыс болғаннан кейін 50-60 жыл
өткенде, яғни 1899 жылы «Петербургские ведомости» газеті­
не Ресей империясы Сыртқы істер министрлігінің архивінен

алынып Марал Құрманұлы туралы мағлұмат-мақала жария­ла­
нады. Мұны Омбы қаласында қазақ және орыс тілдерінде шы­
ғып тұрған «Дала уалаятының газеті» және «Киргизская степ­
ная газета» көшіріп басады. Мақаланың қазақшасы «Сә­уе­гей

қазақ Марал Құрманұғлы», орысшасы «Вдохновен­ный кир­

гиз Марал Курманов» деп аталады. Әлбетте, ғұмырбаянына
империяның Сыртқы істер министрлігінің қызығушылық та­
нытуы, көз жұмғанына жарты ғасырдан асса да аруағы жұрт­
ты мазалап, жарияға шығуы оның мүлдем де тегін адам бол­ма­

ғанын аңғартады. Қайткенде де патша өкіметін өзі­мен са­нас­
тырған, олар үшін қауіптің бұрқылдаған көзі, бір «қы­зыл­көз
пәле» болғаны анық.
Шыққ ан тегіне келсек, әкесі Құрман Кенжебайұлы Абылай

ханның емші тәуібі болған көрінеді. Әрине, ханның емшісі бо­
лу ордада үлкен дәрежеге жету деген сөз. Сол заманның тілін­
де арқалы, қасиетті, қадірлі адам. Сонымен бірге Маралдың
шеше жағынан Кенесары, Наурызбайлармен бөле болып келе­

тін туыстығы жөнінде де болжамдар айтылады. Әлі де тексе­ріп
анықтай түсуді қажет етсе де, таңданарлық жәйт емес. Керісін­
ше, мұны Марал ишанның Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық
қозғалысына діни жағынан дем берген қолдаушы болғандығы

туралы әңгімелер толықтырып қуаттайды.
Марал әкесінен тоғыз жасында жетім қалады. «Дала уа­
лая­тының газеті» айтуынша, «Әкесі тәуіп екен. Ол өл­ген
соң ағайын­дары Маралды бір сартқа сатып, сарт оны Бұ­хар­

ға апа­рады. Марал Бұхарда көп оқыпты». Қалай барса да, Ма­
ралдың жас кезінде Бұхара маңындағы Жам тауының үң­гі­ріне
орналасқан мешіт-медреседе атақты әулие Жалаңаяқ ишан­
ның қарауында шамамен 13-14 жасынан бастап шәкірт-қалпе

бо­лып он жыл бойы үзіліссіз оқығаны, сөйтіп шариғатты те­
рең меңгеріп, діни дәрежеге жеткені анық. Мұның сыртын­
да ұс­тазынан емшілік, тәуіптік құпияларын да үйренеді. Осы­
ған қа­рағанда, Марал ишанды өз уақытының мұсылманша бі­

лімді, замана ағысын бағдарлауға қабілетті, көзі ашық адам­
дар қа­та­рына қосуға әбден боларлықтай.
Ендігі бірер сөз Маралдың «ишан» деген атақ-дәрежесіне
байланысты. Барша айғақ-деректерге, халық арасындағы әң­

гіме­лерге қарағанда оның ірі дін ғұламасы, исламның көрнекті
қайраткері болғандығы талас тудырмайды. Ишан дегеніміз
осын­дай үлкен дін ілімінің оқымыстысына берілетін жоғары
дә­режелі атақ. Марал бабамыз, міне, осындай сирек атаққ а қа­

та­рынан озып лайықты болған, кейінгі ұрпақ жадында һәм та­
рихта «Марал ишан» намымен сақталып қалған. Сонымен қа­
тар сопылық, көріпкелдік, сәуегейлік, тәуіптік, басқа да адам
та­би­ғатынан өзгеше керемет қасиеттері арқасында халық оның

әулиелігін де мойындаған. Адам болмысына мұндай та­би­ғат­

тан тыс құбылыстардың, сирек те болса, жат еместігі қа­зір
ғылымда да дәлелденген жайлар. Соған қарамастан патша­
лы Ресей өкіметінің ресми газеті «Петербургские ведомости»
оны «нанғыш көпті еліктірген алдаушы, өтірік әулие, қазақтар

айт­қанына илікпеді, көнбеді» деп кекей жазды.
Ал, ақиқатына келсек, қазақ халқы Марал ишанды қай кез­
де де ардақ тұтып, сыйлаған, соңынан ерген, айтқан уағызын
үнемі ұйып тыңдаған. Соның бір көрінісі – Марал ишанның

Батыс Сібір мұсылмандарының – яғни қазақ, татар, башқұртқа
ортақ дін орталығының басшы имамы, бас мүфтиі болып сай­
лануы. Бұл, біздің шамалауымызша, 1810 жылдың ары-берісі
болуы керек. Себебі, ол Бұхара маңындағы дін оқуын 1803-

1804 жылдардың жобасында бітіреді. Діни қызметте тәжірибе
жинап, халыққ а танылып, абырой-бедел алуына төрт-бес жыл
кетті делік. Осы сөзімізді тірілтетін тағы бір айғақты жа­зу­
шы Нәбиден Әбутәлиевтің «Есеней кім болған?» деген ма­қа­

ласынан табамыз. Онда Есенейдің 1815 жылы Үргеніш мед­
ресесін бітіріп келіп, әке ақылымен сол кездегі атақты Ма­
рал ишан Құрманұлына сәлем бере барып, мүрид болып қал­
ғандығы айтылады. Марал ишан сол кезде құрамына қазақ,

татар, башқұрттар кіретін Батыс Сібір мұсылмандарының өз
беттерінше сайлап қойған бас имамы екен. Сол уақытта Ма­
рал ишанның жер-су, қоныс үшін Ресей отаршыларына қарсы
ғазауаты әлі тоқталмаған көрінеді.

Осы тұстарда патшаның әскер жасақтарымен бірнеше қақ­
тығыс, шайқастар болады. Ұрыстарда найза, қылыш, са­дақ, се­
лебе қолданылады. 1816 жылдың қазан айында қазіргі Қор­ған
облысының терістігіндегі Тобыл өзенінің бойында билер мен бек­

тердің, дінбасылар мен батырлардың құрылтайы өтеді. Бас сар­
дар Баһрам Шақшақұлы, Сүйін, Маңдай, Есеней сынды батырлар
Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы шыққ ан Марал ишанның
қасынан табылады. Дін үшін, елдің бостандығы үшін ұйымдасқан

азаттық қозғалысына сол кездегі көзі ашық игі жақсылар да бей­
жай қарай алмайды. Уәли ханнан басқа төре тұқымдары, бүкіл
байлар мен билер осы күрес жолын қолдайды. Сөйтіп, терістік
Арқадағы Атығай-Қарауыл, Керей-Уақ елдері түгелдей Марал

ишанның ықпалында болады. Ресейдің жергілікті өкімет орында­
ры, Батыс Сібір генерал-губернаторлығы, бер жақта Уәли хан да
елді, жерді, дінді қорғаған Марал ишан билікті алып кетеді деп
қауіп қылады. Кө­терілісті қолдаушы Маңдай батырды Уәли хан

нақ осы себептен қапыда басып, дарға астырып өлтіріп жібереді.

Түп тамырына үңілсек, Марал ишан бастаған ұлт-азаттық
қозғалысының бірталай тарихи заңдылықтарын, толғағы жет­
кен қажеттілігін аңғарғандаймыз. Абылай хан дүниеден өт­
кен­нен кейінгі 30-40 жылдың өресінде қазақ елі басиесіз, бұ­

лыңғыр да бұлғақ жағдайда қалып, Ресей отаршылдарының
құдайы берді, қазақ сақарасына бодандық ноқтасы аса бір ос­
падарлықпен кигізіле бастады. Қазақ даласын жыландай шыр­
мап орап, тынысын тарылта, алқымнан сығымдай қысқан «қа­

сірет белдеуі» нақ сол бодандық ноқтасының өзі болатын. Әт­
тең, бұл кезде Абылайдай айбары, Қабанбайдай қорғаны жоқ
еді алаштың. Кешегі кеудесі биік қазақ именшіктеп, хан­дық­
тарға, одан округтерге бөлшектелген елдің береке-бірлігі ке­

тіңкіреп қалып еді. Осыны пайдаланып еркінсіген отаршылар
қанды шеңгелін барған сайын батыра түсті. Орта жүзде хан­
дық биліктің жойылуы қазақты жат елге кіріптар етудің ту­
ра жолы еді. Одан әрі ислам дінінің өрісі тарылып, байырғы

қазақ қоныстары әскер күшімен басып алына бастады, оның
үстіне халыққ а салынған алым-салықтың албаты көптігі де
наразылықты күшейтті.
Осындай ел тұйыққ а тірелгенде бір тұяқ серпер ғаламат

қар­сылық әрекетті бастайтын, елім деп еңіреген ерді күтті
күй­зелген сақара. Осы кезде шымбайына батқан, қорлығы өт­
кен, шын бет-жүзін енді ашқан отаршылдыққ а халық қар­сы­
лы­ғының ызасы мен рухы Марал ишан болып күрес туын

жел­біретті. Халық арасында атаққ а шыққ ан аты ғазауат бол­
ғанымен, ол шын мәнінде шынайы ұлт-азаттық қозғалыс еді.
Дін халықты тұтастырушы, біріктіруші идеологиялық жар­
шы бола тұрса да, қозғалыс басшысы патша өкіметіне бұқара

жұрт­тың мұң-мүддесімен мейлінше астасқан аса зайырлы та­
лаптар қойды. Күштің тең еместігін түсінген Марал ишан қа­
зақтардың Ресейден бөлінуі жөнінде орыс өкіметімен бейбіт
ке­ліссөз жүргізуге әрекет жасады. 1821 жылы Орынбор әс­ке­ри

генерал-губернаторы П.Г. Эссенге және Сібір әскери бө­лі­мі­нің
бастығы генерал П.М. Капцевичке хат жолдады. Ха­тында ол
әуелі бұған дейін әруақыт екі елдің шекарасында бей­бітшілік
пен тыныштық болғандығын айта келіп, одан әрі қа­зақ­тарды

зорлап шоқындыруға, құнарлы жерлерді тартып алуға на­ра­
зылығын білдірді, орыстардың қазақ жеріне рұқ­сат­сыз кіру­
ге қандай хақысы бар?.. деп сұрақ қойды. Өзін патша ағзам им­
ператорға жолықтыруды қатты өтініп сұ­рады. Ал, өз халқын

бастарын қосып бірігуге, Ресейге бодан болмауға, ешкімге кү­

нін түсірмейтін дербес тіршілікке, егін салумен айналысуға
ша­қырды. «Сендерді егін байлыққ а жеткізеді» деді. Осының
өзі сол заман үшін өте прогресшіл ой-мақсаттар еді.
Керей болысының старшыны Байсал Аткелтіров пен Мұса

батыр Омбыға жеткізген Марал ишанның хатын патша өкіметі
елеусіз қалдыра алмайды. «Тәңірмен тілдесетін сәуегей әулие
Марал Құрмановтың Петербургке келіп, императорға жолығу
жөніндегі тілегі» дереу Азия департаментіне хабарланды. Ви­

це-канцлер граф Нессельроде Сібір генерал-губернаторы Спе­
ранскийдің осыған байланысты өз пікірін айтуын сұрайды.
Сол кезде Петербургте жүрген, көп ұзамай бас министр болған
атақ­ты Сперанский 1822 жылдың 24 қаңтарында жолдаған ха­

тында: «Өзін сәуегей санап жүрген қырғыз Маралдың мұнда
келуіне мұрсат бергеніміз пайдалы болар еді және тіпті кор­
пус командиріне оны ыңғайлы сылтаумен шақырып алып,
осында жөнелтуге тырысуы жөнінде нұсқау беру қажет деп бі­

лемін» – деп тәптіштей жазды. 12 қаңтарда патша ағзам Марал
Құрмановты Петербургке шақыруға құзырлы рұқсатын берді.
Бірақ бұл рұқсатты Марал пайдаланбады, ол күтпеген жерден
қайда кеткені белгісіз, ізі-қайым жоғалды деп жазады «Дала

уалаятының газеті».
Патша ағзамның осынау сыпайы шақыруын, кез-келгенге
көрсетіле бермес құрметін Марал ишанның неге қабыл ал­ма­
ғанын ішіміз сезеді. Он жыл бойы отаршыл Ресейдің оң бүйі­

рінен қадалған шаншудай тынышын кетірген ұлт-азаттық кү­
рес басшысын, Сперанский айтқандай, «ыңғайлы сылтау­мен»
қолға түсіргеннен кейінгі жердегі болар сұмдықтарды бол­
жап білу сәуегей бабамызға соншалықты қиындық келтірме­

ген шығар деп пайымдаймыз. Ал, ақ патшаның жансыздары­
на Марал ишанның Қоқан және Хиуа хандықтарының жау­лау­
шы­ларына қарсы күресті бастап Сыр өңіріне ат басын бұр­
ғаны тек 1824 жылы мағлұм болыпты. Бұл да ақиқат дерек.

Кі­ші жүз шежіресінде «Керейде Орта жүзде Марал шықты

– Аруағы қайратындай жолбарыстың» деп жырлануы осыны

аңғартқандай.
«Бір нәрсе күмәнсіз, – деп қорытады «Дала уалаятының
газеті», – ол өз халқына шын жүректен, бар болмысымен жақ­
сылық тіледі». Тағы бір күмәнсіз шындық сол, Марал ишан­

ның ғазауаты атамекен жерді қорғауға, елдікті сақтауға қа­
зақ халқының қауқар-қабілеті бар екендігін танытты, ел ер­
ле­рінің бойына сенім бітірді, өзінен кейінгі Есенкелді-Сар­

жан, Исатай-Махамбет, Кенесары-Наурызбайлардың азаттық
күрестеріне алғашқы ізашар шамшырақтай жол нұсқап, үлгі
көрсетіп тұрды.
2008 ж.

ШӘКӘРІМнің НЕМЕРЕСІ
Қай халық болсын өзінің заңғар тұлғаларынан тараған ұр­
паққ а, олардың тағдыр-талайына бейжай қарай алмауы әлдебір
заңдылық болса керек. Ұлыларымыздан ұрпақ қалса екен,

асылдан көз, алтыннан сынық арамызда болса екен деген рия­
сыз арманды тілек те әркез көкейде тұрады. Әйткенмен, қилы
заманалар құйындарының, кесапат қысастарының ең алдымен
сол заңғарлардың үрім-бұтағын көктей солдырудағы кенеусіз­

дігі – ұлт тарихындағы ол да бір ащы ақиқатымыз. Осы шерлі
шеңберден сонау зұлматты жылдарда диірмен тасының асты­
на түскен жалпы Құнанбай әулетінің ішінде, ағасы Абайдың
ұрпақ-жұрағатымен бірге, Шақпақ шермендесі Шәкәрімнің өзі

де, бейкүнә балалары да шет шығып кете алмады.
Заманның сұрымен бетпе-бет дидарласқан ұлы ақын ту­
ралап келе жатқан ажалын да әулиедей анық көреді. «...Ғаріп
басымыз, қаласың қай сайда?» деп алпыстан аса бере жасаған

болжам сағаты таяғанын да сезеді. «Өмірге жоқ қой құмарым
да, Жетпіс үш жасқа шығарымда, Айналды-ау өмір арбадай»,
«Қош: арманым жоқ, жұртым, Жасарсың. Мен сапар шегем
енді!!!» деп елден кешу сұрайды, жұртына қош-қошын ай­

тады. Өйткені, «... таяу тұр ажал алдында». Бірақ Шәкәрімді
ажал қорқытпайды. Ол – ақ қағаздың бетінде жер қайыстырған
«ажалсыз әскері – өлеңі мен сөздері» мәңгіліктің мұрасы бо­
лып қалған «шын уайымсыз патша». Елу жыл жабық жатқан

сол мұрасы қайтадан жарқырап шыққ ан күндей ашылып, әде­
биетіміз бен мәдениетіміздің аса шоң патшаларының бірі Шә­
кәрім өз тағына қайтадан отырды.
Өмірден өтердегі ұлы жүректің уайымы тек балалары бола­

тын. 1931. Ақын тіршілігінің ақырғы жылы. Қуғын-қудалаудың
асқынған шағы. Абайдың баласы Тұрағұл, Ақылбайдың Әу­
бәкірі Шымкентке жер аударылған. Шәкәрімнің екінші әйе­лі
Айғаншадан туған үлкен ұлы Ғафур Семей түрмесінде қор­лық­

қа шыдамай, өзін-өзі бауыздап өлтіреді. Қажының «Қа­пыр­дан
қалған көп жетім» деп зарланатыны да осы қайғылы қазаға
байланысты. Сол Қапырдың баласы Баязит түрмеден бо­сап,
елге келсе, туыс-туғаннан ешкім жоқ, қаңырап жатқан жұр­

тын көріп, барар жер, басар тауы қалмағасын, сол арада ол да
өзіне-өзі қол салып, жан қияды. Шәкәрімнің Қабыш деген ұлы
талма аурулы болғандықтан, сағалайтын еш жаққ а кете ал­
май, Абай атасының қабірінің басына барып, қасиетті моланы

айқара құшақтап жатқан қалпында аштан өледі. Бала-шағасы
да аштан қырылады.
Қажының тағы бір ұлы Ахат бұл кезде бидай салығын
төлемедің деген өтірік жаламен сотталып кеткен болатын. 1931

жылдың 2 қазанында әкесі атылып, аруланбаған аруақ отыз
жыл булыға жапа шегіп, дұға дәметіп жату үшін құр құдыққ а
тасталған кезде ол Семей түрмесінде отырған-ды. Шәкәрім
сүйегінің құр құдық қапасынан шығарылып жер қойнына тап­

сырылуы да, мұрасының сақталып, жарияға шығып халқына
жетуі де тоқсан тоғыз тозақтан құдай сақтап аман қалған осы
Ахат харекетімен байланысты екенін зерделі қауым білсе ке­
рек-ті.

Өзі қазаға ұшырар алдында, қыркүйек айында Шәкәрім
кенже ұлы Зиятты Идаят деген ауыл адамына қосып, шекара­
дан өтетіндермен бірге Қытай асырып жіберіп үлгереді. Қош­
тасқандағы ақырғы лепесі: « Менің өлігімді сен көрме, се­нің

өлігіңді мен көрмейін» деген сөздер болады. Ахаттан үш жас
кіші Зияттың сонда 28-дегі кезі екен. Біз осы Зияттың ұлы,
Алматының тап іргесіндегі Бесағаш ауылында тұратын асыл­
дың көзі, алтынның сынығындай Мереке ақсақалмен қуа­на

кездесіп, шешіле сөйлесіп отырмыз.

– Сонан, әкеңіздің Қытайға барғаннан кейінгі хал-жағдайы

қалай болыпты?

– Қажы атамның Қапыр, Қабыш, Ахат, Зият деген төрт

ұлы­ның анасы Айғанша әжем жылап-еңіреп, жол бойы толған
өлік­терден шошына, жүрегі ұшып, жадап-жүдеп Семейге же­
теді де, сонда жан тәсілім еткен болулы. Түрмеде жатқан Ахат
аға­мызды да көре алмай кетіпті, жарықтық, – деп Мереке аға

Шәкәрім ұрпақтарының тағдыр-талайы жайлы әңгімесін одан
әрі өрбітті. – Ал енді менің әкем Зият Қытайға асқаннан кейін
сондағы Алтай аймағының Сарсүмбе қаласына келеді. Сол
қалада орысша, арабша, парсы мен шағатайша төрт түрлі тіл

білетін Сейітқазы Нұртаев деген оқымысты кісі бар екен. Ол
өзі Көкшетау-Айыртау жағының қазағы, Қытайға бір молда
ертіп 1902 жылы алып келген көрінеді. Сонда жолшыбай Абай
мен Шәкәрімді жолықтырып, әңгімелесіп, дәм-тұзын татқан.

Шыңжаңның Дәлелхан, Шәріпхан сынды атақты адамдары­

на ұстаздық еткен. Халық Сейітқазы мұғалім деп атап кеткен.
Қазір Сарсүмбе Алтай деп аталады ғой, осы қалада Сейітқазы
атындағы көше бар.
Мұны бажайлап айтып отырған себебім, Сейітқазы менің

туған нағашы атам болады. Ол Шәкәрімнің баласы Зияттың
шекарадан өтіп келгенін естіп, шақыртып алып, өзінің үлкен
қызы Мүнираны оған қалыңсыз қосады. Ол заманда, ол жақта
қалың малсыз үйлену қиын. Бұл, енді, нағашы атамыздың

Абай мен Шәкәрімнің аруақтарына деген ерекше ілтифат-құр­
меті болса керек.
Әкем Зият әуелгі кезде сол Сарсүмбеде баспахана бастығы
болып тұрады. Елден келгендерден әке өлімін естігенде та­

лып қалыпты дейді. Атасы оған Үрімжіден театр режиссерінің
оқуын оқытады. Бір-ер жылдан соң әкем отбасымен Үрімжіге
біржола орнығып, сондағы театрда қызмет атқарады. Сөйтіп,
Қытай бетінің қазақтарына ертеден мәшһүр болған әкесі Шә­

кәрімнің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларын пье­
са қылып сахналап, халыққ а көрсетеді. Ал әйелі, менің шешем
Мүнира мұғалім болады. Ол ұйғыр, орыс тілдерін жақсы біл­
ген. Сарсүмбеде кезінде атаман Дутовпен барып қалған орыс­тар

көп болған ғой.
Менен бұрын бір ұл туып шетінеп кетіпті. 1938 жылы
мені қырқымнан шығарған күні түнде Үрімжіде әкемді ұстап
алып кетеді. Әкем Зият сол кеткеннен жоқ. Еш хабары болма­

ды. Не болып, не қойғанын ешкім білмейді.

– Тағдыр сізге де шеңгелін сәби кезіңізден бастап салған

екен ғой.

– Иә. Нағашы атам Сейітқазы 1944 жылы ауырып, Улан-

Баторға доқтырға көріне барғанында дүние салды. Шешем Мү­
нира барып, жерлеп келді. Сарсүмбеде нағашылардың панасын­
да, екі класты анамның өз қолынан оқыдым. 1946 жылы, тоғыз
жасымда сөйткен анам да сүзек ауруынан қайтыс болды. Мен

жетім қалып, нағашыларымның қамқорлығына көштім. Олар
да жағдайсыз емес, нағашы аға, нағашы әпкелерім бар. Бетіме
ешкім келмейді. Бірақ 1949 жылы нағашы әжем о дүниелік бол­
ды да, өзімнің аталас туысым, қажы бабамыздың Тәкежанынан

туған, «Абай жолы» романында кеңінен әйгіленетін Әзімбай
бар емес пе, сол Әзімбайдың Бердеші «Шәкәрімнің немере­
сі, Зияттың баласын өз қолыма алып тәрбиелеймін» деп мені
сұрады. Нағашыларым бере қоймағасын, ол кісі сотқа жүгінді.

Содан сотта Бердеш аға жеңіп, мені өз қолына алды.

– Ахат ағатайыңызбен қалай табыстыңыз?

– Е-е, ол да бір хикая. Әуелі Бердеш ағаның тәрбиесінде

1955 жылға дейін болдым. 17-ден 18-ге қараған бозбаламын.
Сол жылдың 10 мамыры күні қытай мен кеңес жағының ке­
лісіміне орай Зайсан тұсынан көп халық Қазақстанға өттік.
Құнанбай тұқымынан 10 шақты үй бармыз. Содан Зайсанның

қасында «Молотов» деген колхозға орналасып, жұмысқа кір­
генбіз. Жоғарыда айтқан Әзімбай атамыздың төрт әйелінен 12
ұлы болған. Сол 12-нің бірі Мәжиттің ұлы Хамит, әйелі Фа­
тима екеуі, Алматы маңындағы Ұзынағашта мектеп директо­

ры болып жүрген жерінен Зайсандағы Бердеш ағаға сәлем
бе­руге келді. Зияттан қалған бір тұяқ елге келді деп естіген
Ахат аға сол кісіге мені ала кел деп тапсырып айтып жіберіпті.
Содан Ахат ағаның қолына келдім. Алматының ішіндегі Тас­

тақта тұрады екен. Үй сатып алыпты. Өзі мектепте қазақ тілі
мен әдебиетінен сабақ беретін көрінеді. Адасып кетіп, ене­сіне
қайта қосылған құлындай, шұрқырасып табыстық. Мен Таш­
кент көшесінің бойындағы механикалық-құю зауытына жұ­

мысқа орналастым.

– Енді осы Ахат Шәкәрімұлы жайлы білетіндеріңізді ай­

та отырсаңыз?

– Ахат аға жоғарыда айтқан Семей түрмесінен 1933 жылда­

ры босаған болуы керек. Әкесінің қазасын түрмеге түскен біреу­
ден сол түрмеде жатып естіген. Бір айтары, Ахат ағаның да, ме­
нің әкемнің де қажының қазасына арнаған өлеңдері бар. Содан
1935 жылы Алматыға келіп, Тастақта тұрып, мектепте сабақ бе­

реді. Отыз жетінің науқанында Ахат ағаны біреу сыртынан «Зи­
ят» деп көрсетіпті. «Зиятты іздесеңдер ол Қытайда, ал мен Ахат­
пын, және Ахат екенімді жасырып та жүрген жоқпын» дейді бұл
кісі. Содан, тергеп-тексере келе «халық жауы» деп 10 жыл ке­сіп

Колымаға айдап жібереді. Ахат аға техникум бітірген, оқыған
кісі, заңды біледі, Калинин ақсақалға арызданып жүріп, ақыры
біржарым жылдасын ақталып қайтып келеді. Әуелі Алматының
түбіндегі Калинин колхозына жіберіп, одан соғыс жылдарында

Қызылту-4 ауылында Ленинградтан көшіріп әкелінген балалар
үйінде орысша сабақ береді. Сондағы еңбегі бағаланып, 1945
жылы Еңбек Қызыл Ту орденін алады. Кейін, қырық жылдан ас­
там ұстаздық еткені үшін нақ осы орденмен екінші мәрте мара­

патталып еді ағамыз.
Шәкәрім атамыздың мұрасын сақтап қалуда ең үлкен ең­
бекті жасаған кісі де осы Ахат аға. Ол кісі болмағанда қажы

атамның қазіргідей кітаптары шықпай да қалар ма еді деп ой­
лаймын. Әйтеуір, небір қысталаңдарда құдай сақтап, періште­
лер қаққ анына мың рахмет.

– Мереке аға, осы сөзіңізді тірілте түссем деймін. Әдебиет

саласындағы құрметті ақсақалдарымыздың бірі, Абай­дың Се­
мейдегі мемлекеттік қорық-мұражайының директоры Төкен
Иб­рагимов ағаны білесіз ғой.

– Е-е, білгенде қандай!

– Білсеңіз, сол кісі осы жазда Алматыдағы бір жиында

Шәкәрім мұрасының жиналып, сақталып, ғылыми айналымға
енгізілуіне өлшеусіз үлес қосқан, шәкәрімтануды бастап беріп,
негізін салған үш адамның: ғалым Қайым Мұхаметхановтың,
Шәкәрімнің ұлы Ахат Құдайбердиевтің және жазушы Мұхтар

Мағауиннің сіңірген еңбектерін айрықша атап айтып еді.

– Ендеше, Төкеңнің сол айтқан сөзі сөз-ақ! Соған алып-

қосарым жоқ. Қайым аға марқұмның еңбегі өз алдына, Мұх­
тар ініме атамның «Жолсыз жаза» деген атпен кітабын құ­
растырып шығарып, керемет кіріспе мақаласын жазған 1989
жылы «Жұлдыз» журналын басқарып тұрғанында әдейі барып

танысып, әңгімелесіп, алғыс-рахметімді айтқан болатынмын.
Сіреу мұз сөгілмей тұрған 1978 жылы-ақ осы Мұхтар Ленин­
градта шыққ ан «Поэты Казахстана» деген кітапта Шәкәрім
атамның өлеңдерін алғаш орысша да жариялатып, сол кездегі

күллі Одақ оқырманына паш еткенін де қалай ұмытармын.
Енді өз жайыма оралсам, 1961 жылы Краснояр өлкесінде
әскерде жүргенімде бір күні Ахат ағамнан хат алдым: «Құр
құ­дықтан атаңның сүйегін қазып алып, Абай атаңның қасына

апарып қойдым. Жерлегенде жаңа мәйіт келгендей болып,
жұрт көп жиналды» дей келіп, бірқанша сөздер жазыпты және
хат­тың ішіне қажының қазасына арнаған өлеңін қоса салып жі­
бе­ріпті. Сонда бірден жаттап алғам, айтып берейін:

Тау мен Шақпақ арасы,
Керегетас саласы.
Жер күңіреніп, жылады
Сарыарқаның даласы.

Бұлар неге жылады?
Нені уайым қылады?
Сарыарқаның сарбазы
Дәл сол күні құлады.

Ағарып таң атқанда,
Күн шығып келе жатқанда,
Мінген аттан құлады
Мылтықпенен атқанда.

Оқ кеп тиді жаралап,
Ішін өтті аралап.
Жүзге бөлді жүрегін
Тілім-тілім паралап.

Өкпе зорға жыбырлап,
Қозғалды ерін қыбырлап.
Нұрлы көзін төңкеріп,
Бірдеңе айтты сыбырлап.

Өтсіз өмір сүр деді,
Өлім туыс жүр деді.
Кейінгіге келетін
Менің өмірім сыр деді.

Осы сөзін жерге айтты,
Қасындағы белге айтты.
Табиғаттың жаршысы,
Соғып тұрған желге айтты.

Мұны бекер демеңдер,
Сендер уайым жемеңдер.
Сөйтіп өткен жалғаннан
Терең ойлы кемеңгер.

Осы хат-хабарды алғанда елжіреп, көзіме жас үйірілді.
Өлең­ді қайта-қайта оқи беріппін. Қуанышым ішіме сыймай,
Семейден жүрген кейбір сенімді балаларға айтып, бірақ өз­де­
рің ғана біліңдер, тістеріңнен шығармаңдар деп қойдым.

Әскерден оралғасын 1965 жылы Клара Мұқанқызы Мәд­
жанова деген қызға үйлендім. Ахат ағам тойымызды жасап, ен­
ші берді. Қазірде ержеткен Нұрлан, Гаухар, Меруерт, Сәуле де­
ген ұл-қыздарымыз, Раушан, Мәдина, Абылайхан есімді үш не­

мереміз бар. Өзім өмір-бақи қарапайым колхозшы болдым.

– Өз бойыңызда қажы атаңыздан дарыған өнер ұшқындары

бар ма?

– Әкем Зият өлең жазған екен, солар өртеніп кетіпті дейді.

Жалғыз суреті бар еді, үлкейтіп, Семейдің өлкетану мұражайы
іліп қойды. Соңғы кезде өлеңдерін бір кісілер жинап, Қытайда
баспаға дайындап жатыр деп естідім. Ахат ағамның өлең мұ­
расы көп қой.

Енді, өз басыма өнер қона қойған жоқ. Аздап домбыра
тартам. Басыма жастап та жаттым, әуелі. Қонбай қойды. Ел­ге
келгеннен кейін Ахат ағамнан қажының біраз әндерін үй­рен­
дім. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Сұраған жанға сәлем

айт», тағы басқалары. «Ләйлі-Мәжнүн», «Қалқаман-Мамыр»,
«Еңлік-Кебек», «Дубровский» поэмаларын, бірсыпыра өлең­
дерін жатқа білемін. Атам әлі ақталмай тұрғанда да той-то­ма­
лақ, бас қосқан жиындарда айтып жүретінмін.

Биыл 14 мамырда Семейдегі Шәкәрім атам туралы кон­фе­
ренцияға құрметті қонақ болып ұлым Нұрлан, келінім Қар­лы­
ғаш үшеуіміз барып қайттық. Мен үрім-бұтақ шежіресін та­
ратып әңгіме айттым. 20 шілдеде өзім тұратын Бесағаш ауы­

лында атама ас беріп, аруаққ а дұға бағыштап, құран-қатым
түсірттім.

– Өздеріңізден басқа, Шәкәрім ұрпақтарынан тағы кімдер

бар?

– Қажының үлкен бәйбішесі Мәуеннен Сұпиян деген тұң­

ғыш ұлы болған. Сол кісінің Талғатбек деген ұлының бала­
сы Берік осы Алматының қасында Панфилов ауылында тұ­
рады. Алпыстан асты. Қанат, Гаухар атты ұл-қызы бар. Ахат
ағамның жалғыз ұлы Физули атом саласының инженері бо­лып

істеп, Ресейде 41 жасында дүниеден өткен. Оның ұлы Дәу­лет
Құ­дай­бердиев қазір Алматыда тұрады. Үйлі-баранды. Қажы­
ның кенже қызы Гүлнәрдан тараған жиен ұрпақтары Фатих
пен Фа­тиха да өрбіген әулетімен Алматы іргесіндегі Покровка

ауы­лында тұрып жатыр.

– Атаңыздың күллі ел болып атап өтіп жатқан 150 жылдық

тойы туралы не айтасыз?

– Семейдегі бұл тойға Шәкәрім ұрпақтары Алматыдан

15 адам болып барғалы жатырмыз. Абай атам әулетінен бес
кі­сі. Иә, өшкен жанды, өлген тірілді деген осы ғой, қарағым.
Атамыздың рухының осыншама асқақтағаны үшін осы той
үстінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына бүкіл Шәкәрім ұр­

пақтарының атынан басымды иіп, мың да бір рахмет-ал­ғы­сы­
мызды айтамын. Мың жасасын. Қажының аруағы барша қа­зақ­
ты қолдай берсін.

...Иә, Шәкәрім ұрпақтары қажы атасының тойына қуанып
аттанып барады. Мереке ағаның бұл риясыз тілегіне біз де:
«Әу­мин, айтқаныңыз келсін» деп басымызды изей бердік.
2008 ж.

БАУКЕҢНІҢ УНИВЕРСИТЕТІ

«Я приговорен к славе».
Б. Момышұлы
Ғажайып жазмыштың құдіретті үкімімен мәңгілік даңқ тұ­
ғырына қондырылған Алаш елінің жиырмасыншы ғасырдағы

бас батыры, біртуар ардағы Бауыржан Момышұлының қа­ра
шаңы­рағына сәлем бере барудың сәті түсіп еді. «Қара шаңы­
рақ» деген қазақтың киелі ұғымын Баукеңнің өзі де керемет
қадір тұтып, «Ұшқан ұя» деп қастерлеп, перзенттік парыз ма­

хаббатымен аялаған ғой. Әр қазақ үшін қасиетті осы қара
шаңы­рақта батыр Бауыржанның, дана Бауыржанның, қамқор
ата һәм қатал әке Бауыржанның рухы қалықтап жүргендей, бөл­
менің ішін өзінің айбын-айбарына толтырып жібергендей се­

зім­ге бөлендім. Бір ғажап, таза, асқақ рухпен тыныстадым. Бау­
кең университетінің толық курсынан өткен, бүгін таңдағы Мо­
мыш­ұл­дары әулетінің отағасы мен отанасы, Баукеңнің бел ба­
ласы Бақытжан аға мен Алланың рахымы түсіп сүйікті келіні

бо­лу бақытын иемденген Зейнеп апайдың сырлы әңгімесіне су­
сын­дадым.
Сұрапыл соғыс кезінде және одан кейінгі ондаған жыл­
дарда бар қазақтың намыс қайрағындай мақтанышы бо­

лып, дүниені «Бауыржан Момышұлы!» деген бір күркіреген
зор үнмен кернеп, батыр-шуақ күйіне балқытқан, елі мәңгі
сүйсініп айта жүрер Ерліктің ерен жырын жасындай ойнатып,
да­уылдай сапырған Бауыржан батырдың жұлдызы туған елі­

нің көгінде мәңгі жарқырап тұра бермек. «Мой Бауырджан»
деп Алаштың тағы бір ардақты азаматы Олжас Сүлейменов
айт­қандай, көкбайрақты қазақ жұртында әркімнің кеудесін
күм­бірлеткен өз Бауыржаны бар. Себебі, көзі тірісінде, орда

бұ­зар отыздан асар-аспасында-ақ ерлігі мен өрлігі, ерендігі
мен өрендігі аңызға айналып үлгерген Баукең – жалпыұлттық
дә­режедегі қаһарман. Ол тұтас халықтың бөліп-жармайтын ор­
тақ әрі әрбір қазақтың жүрегіндегі кіршік түсірмейтін аяулы

се­зімі сияқты меншіктеген өз Бауыржаны болуға лайықты ұлы­

лық тұғырына көтерілген тұлға. Уақыттың мәңгілік, бақилық
кеңістігінде оған пендешілік шаңы жұқпайды. Қала берді, Ба­
уыржан бүкіләлемдік, күлліғаламдық күрделі де сирек құбы­
лыстардың санатына қосылады.

Құдайға мың қайтара шүкір-тәубә деп айтайық, осындай
асылдан қалған тұяқ, батырдан тараған ұрпақ барына. Бұл да
болса халқымыздың бір көз қуанышы, көңілдегі жұбанышы
болар. Тәңірдің қазаққ а ырымдап тартқан бұл да бір сыйы

шығар. Тек осы сыйдың қадіріне жете білсек болғаны. Бау­кең­
нің өз сөзімен айтқанда, нөмір екінші Момышұлы, Бақытжан
аға қазақтың қабырғалы қаламгері, ойы – дана, жаны та­
за жақұт жан. Бүгінге дейін әке рухына арнап үш кітап жаз­

ды. Мейірі қана сүйген немересі Ержанды да Баукең еркеле­
те нөмір үшінші Момышұлы деп атайтын. Қазір ол бір инс­
титуттың дыңдай оқытушысы. Баукеңнің шөберелері, нөмір төр­
тінші және бесінші Момышұлдары – Нұрсұлтан мен Мадияр

өз әулеттерін, атақты батыр аталарын мақтан тұтып, Зейнеп
әже­сінің әдемі тәрбиесімен өсіп келеді.
Өзі шексіз қарапайым болса да, Бақытжан ағадан әке
тағлымын мол байқар едіңіз. Сырттай емес, ішкі мәде­ние­ті­

нен, ой-өресінен, дүниені қабылдап тануынан, жан қат­пар­ла­
рының тереңіндегі көзге шалына бермес сұсынан. Ал, Бау­кең­
нің келіні Зейнеп Ахметова, қазақтың келіні қандай болуы
керектігінің үлгісіне айналған Зейнеп апай кезінде бетіне жан

қаратпаған айбынды атасы туралы «Шуақты күндер» атты та­
маша кітап жазып, айды аспанға бір шығарғанын ел біледі.
Әлемге әйгілі әзиз әке рухын ардақтай білген, арыстан атаның
аруағын асыра түскен, перзенттік парызға адалдықты сақтай

білген бір әулет болса, осы Момышұлдарындай болсын. Хал­
қымыз үшін тәу етер әулие орнындай қастерлі қара шаңы­рақ­
тың шырақшыларындай, асылдың тұяғы, тектінің жұр­нағы,
алтынның сынығындай Бақытжан аға мен Зейнеп апай­дың біз

тыңдаған әңгімесі көкірегі зерек көпшілік қауым­ды да бейжай
қалдырмас.
Б. Момышұлы: Әкеммен бір әңгімелесіп отырғанда айтып
еді: «Я приговорен к славе, а ты обречен быть сыном» деп.

Осы сөздің мәнісін кейін түсіндім. Қазір алпыстың жетеуіне
аяқ бастым. Өзім де әкемін, атамын. Бірақ мен ең алдымен Ба­
уыржан Момышұлының баласымын. 90-ға, 100-ге келсем де,
бәрібір Бауыржанның баласы болып қала беремін. Жұрт осы

үйге Бақытжан деп емес, Баукеңнің баласы, Баукеңнің қара

шаңырағы деп келеді. Міне, осы маған үлкен бақыт. «Үй-ор­
ман Бауыржан Момышұлыныкі, мен пәтерақысын төлеуші ға­
намын» дейтінім әзіл де болса, шындыққ а жақын болатыны да
сондықтан.

59-шы, әлде, 60-шы жыл ма екен, әкем Совминнің таудағы
демалыс үйінде Үндістанның кемеңгер жазушысы Рабиндра­
нат Тагордың мерейтойына арнап баяндама жазып жатты. Үй­
де баяндамаға қажетті бір қағаздары қалып қойған екен, мен

соларды апарып бердім. Барсам, бөлменің іші көк түтін, бар­
лық жер толған кітап. «20 минуттық баяндамаға бола осын­
шама кітап жинағаныңыз не?» деп мен күлдім. «Дурак! – де­
ді әкем сонда маған. – Осы баяндаманы көп қиналмай жа­

за салуыма да болар еді. Бірақ өйтсем мені Тагордың аруағы
кешірер ме еді? Мен Тагордың терең ойын, даналық әлемін,
жалпы тынысын кеңірек біле түссем деймін. Болмаса, Тагор­
мен жаңа танысып отырған жоқпын. Оның философиясы көп

реттерде біздің қазақтың даналығымен үйлеседі». Әкемнің бұл
айтқандары дәл сол арада зердеме жетті ме, жетпеді ме, біл­
меймін, әйтеуір, келесі сәтте ол менің қалайда сытылып кетуге
асығып отырғанымды байқап қалды. «Сен менен қашқақтама,

– деді сосын, – қашып көр! Бірақ, қандай жолмен, қалай қашсаң

да менен құтыла алмайсың, мен алдыңнан шыға беремін». Бұл
сөздің де мәнісін кейін, өте кеш түсіндім. Ақтөбеге барсақ
та, Қарағандыға, Павлодарға, Шымкентке барсақ та – қайда
барсақ та әкеміз алдымыздан шығады. Мәскеуге барсақ та сол.

Не портреті, не кітабы, не сыйлас жолдастары, әкеміздің ру­
хы, шапағаты – әйтеуір аруағы жебеп алдымыздан шығады да
тұрады. Бір ғажап нәрсе.
Көзі тірісінде, 70 жылдығының қарсаңында тәуекелге бел

байлап, әкем туралы бес-алты мақала жаздым да, оларды «Ог­
ни Алатау», «Лениншіл жас», «Жетісу», «Вечерняя Алма-Ата»
сияқты газеттерде жариялаттым. Неге десеңіз, өзі туралы жан
сырымды, пікірімді көзі тірісінде білсін деп ойладым. Ішін­

де өкініш кетпесін, мені бала кездегі анау-мынауды кешірмеді
деп ойламасын дедім. Көзі жұмылған соң 100 кітап жазсам да

– әкеме не пайда. Біреулер «Тірі әкесіне ода жазып мұнысы

несі? Не скромно. Самореклама» деп ұнатпады. Әкем болса,
«Мүмкін, жазғаны дұрыс та болар, өзінің бір ойы бар шығар»
депті де қойыпты.
Бір жолы: «Бір кіндіктен жалғызбын. Осы жалғыздықтың

қинайтын түрі бар» деп мұң шаққ аным есімде. Әкем сонда:

«Балам, халықпен бірге болсаң, жалғыздық көрмейсің. Ха­лық­
тың жолымен жүрсең адаспайсың» деген еді. Осы айтқаны да
әулиедей келді де тұрды.
Әкем қайтыс болған соң ішімнен күйзеле жабырқап, са­ғы­

нып, қатты қиналып, қолға қалам ұстай алмай бірсыпыра уа­
қыт жүрдім. Сосын өзіме-өзім келіп «Восхождение к отцу» де­
ген кітап жазып шықтым. Жақсылықты қалай ұмытайын, ту­
ра әкемнің туған күні, 1986 жылдың 24 желтоқсанында ақиық

азамат, марқұм Сейдахмет Бердіқұлов «Жалын» баспасынан
«Сүйінші данасын алып кет» деп телефон соғып еді. Әрине,
ол кі­тапты «восхождение» деп есептемеймін. Бәлкім, әке тану­
да­ғы бірінші баспалдақ болар.

Мұның алдында, кітап өндірісте жатқанда әкемнің майдан­
дас досы Дмитрий Федорович Снегин телефон соққ ан. «Бақыт­
жан, мен саған өкпелімін!». «Дядя Митя, неге ренжідіңіз, не
боп қалды?». «Өкпелегенім, бұл қолжазбаны мен баспадан

емес, сенің өз қолыңнан алуым керек еді, – сосын сәл үндемей
қал­ды да, – Ал, қуанғаным... Балам, әке туралы осылай жазу
керек» деді. Сонда мен жылап жібердім. Мен үшін өте бір үл­
кен баға осы болды. Әкеге арнаған екінші кітабым «Во имя от­

ца», үшіншісі «Сыновья великого волка» деп аталды.
Халық пен қоғамға әкеміз туралы кішкентай болса да
жаңа ой қосу мақсатымен жазып едім бұл кітаптарды. Өзімше
тап­қан соқпағым: философиялық арна, рухани жағынан кел­

дім, көзбен көргендерімді жүрек сүзгісінен өткіздім. Бірақ әлі
қо­ры­тындыға жеткен жоқпын. Өйткені, оның сүрген өмірі мен
қал­дыр­ған мұрасы – сарқылмас тақырып. Әке туралы, жал­
пы, жақын адам туралы жазу өте қиын. Әрі әкем ту сыртым­

нан, иығымның үстінен бақылап, бағып тұрғандай, бағыттап,
жү­рек­тің құбыланамасын түртетіндей. Құдды қатал редак­
тор сияқ­ты, әй, мына жерің дұрыс емес, мына жерде кішкене
тө­мен­деп кеттің, мынаны түзе, өтірік айтпа, өзіңнің ойыңды

жазу­ға правоң бар, бірақ өтірік айтуға сенің ешқандай хақың
жоқ деп талап ететіндей. Міне, бұл жастайдан санаға сіңген
әке тағлымы болар.
Тағлым демекші, бала кезімде әрбір каникул сайын әкем

плацкарт вагонға салып Жуалыға жіберетін, барғым келмей
жы­лағаныма қарамайтын. Барғасын бәрін ұмытып, балалар­
мен ойнап кетемін. Қошқар, тана, қозы, лақ. Ауылдың тыныс-
тіршілігі. Қазір соны кәрі жеңгелерім қоймай айтып: «Қо­зы­лар­

дың арасында рахаттанып ұйықтап қалатынсың» деп күледі.

Кейін сол үшін әкеме алғыс айтқаным бар. Әкем сонда: «Сені
Қара теңізге де, Қырымға да жіберуге шамам жететін. Бірақ
та тамырың үзілмесін, туған ата-бабаңның кіндік қаны тамған
топырағына аунасын, Жуалының желіне кеудесін тосып, жан

сарайың ашылсын, ана тіліңнің қадір-қасиеті құлағыңа сіңсін
деп, туған-туысқаныңнан алыстап кетпесін, қаланың тасбауыр
мінезі бойыңа сіңбесін деп мен сені ауылға жіберетінмін» де­
ген еді. Әкем мақсатына жетті. Қазіргі қазақы қалпым, қазақша

психологиям, ұлттық рухым үшін де әкеме қарыздармын.
З. Ахметова: Онысы рас. Кейін Ержанымызды қазақша
оқыт­тық. Совет өкіметінің кезі ғой, талай жолдастарымыз:
«Ой­бай, бұларың не? Кейін оқуға түсе алмай қалады ғой, дұ­

рыс қызмет істемейді» деп жік-жаппар болды. Сонда Бә­кең­нің
айт­қаны ғой: Қызмет істемесе істемесін, қазақ болсын деп.
Бұл да Атаның бір аманаты сияқты.
Ал енді, Ата көзінің тірісінде-ақ аңыз болып, бүкіл әлемге

атағы жайылған, алты алаштың ардағына айналған ұлы тұлға.
Сондықтан, әрдайым халық назары қалт еткізбей бағатын
бұл шаңырақты ұстаудың өзі өте қиын. Қиын дегенде, жауап­
кершілік. Қай заманда да атақты адамдардың қайғысы мен

бақыты қатар жүреді емес пе. Ата – алды қатты кісі болатын.
Ол түсінікті. Атаның мінезі жібектей есіліп тұратын еді десек,
ел өзі де күлетін шығар. Қандай қыз болмасын тағдыр жазуы­
мен басқа босағаны аттап, бір үйге келін болатынын біледі.

Сөйткен қыздың біреуі едім мен де. Бірақ енді дәл Ата сын­
ды арыстанның апанына түсіп кетем деп ойлаған жоқпын ғой.
Ата-анамның рухына бас ием. Осы арыстан Атаның бүкіл ой­
лы-қырлы, қалыпқа сыймайтын мінезіне төзе білгендігім сол

өз ата-анамнан алған қазақы тәрбиенің нәтижесі деп ойлаймын.
Туған енем бір жыл бұрын қайтыс болыпты. Мен Бәкеңнің
туған анасының әпкесінің, былайша айтқанда, нағашы апасы­
ның қолына келін болып түстім. Сондай бір асыл адам еді.

Енем­нің де, анамның да орнын сол кісі жоқтатпады. Қайын­
би­кесі ғой Атаның. Бақытжанды да кішкентай кезінде баққ ан
сол кісі.
Ол кезде Атаның бөлек отбасы бар, бөлек тұрады екен.

Кейін атамызбен отасқан апай қайтыс болғанда өзінің өтіні­
ші­­мен біз Атаның қолына көшіп келетін болдық. Бақытжан:
«Кішкене кезімде болмаса, кейін әкеммен бірге тұрып көрген
жоқпын. Енді, жасым отызға келгенде басым онымен бір жер­

ге сыймайды» деп әуелде біраз шалқайды. Сонан кейін мен

айттым: «Айналып кетейін, бармасаң бармай-ақ қой, мына Ер­
жанды алам да, атам үйіне өзім барамын. Осы кезге дейінгі
әкеңмен араларыңдағы қарым-қатынаста шаруам жоқ. Бірақ
ендігі жерде сын маған қалады, ұяты маған келеді. Мен атам­

ды күтуім керек». Енді, біз кетеміз деп тұрған соң Бәкең қайда
барады?
Бұл 1972 жыл. Сонымен, әкеміздің, атамыздың қолына кө­
шіп келдік. Алғашқы жыл, бір жағынан, өте ауыр, қиын жыл,

екінші жағынан, әке мен баланың, немеренің бір шаңырақтың
астында, бір дастарқанның басында бастары біріккен жыл бол­
ды. Соншалықты бір бақытты жылдар, өкініші, тез өте шыққ ан
қанатты жылдар болды.

Атаға келін болу Жаратқан иемнің, тағдырымның маған
тартқан ғажайып сыйы әрі зілбатпан жауапкершілік еді. Сон­
да бар-жоғы 25 жаста болатынмын. Әрине, Тәңірім ерекше
жа­ратқан алып тұлға, табиғаты айрықша жанның бабын та­

бу маған оңайға түскен жоқ. Бірақ сол қиындығына қарамай
Ата­ның алдында мен өте үлкен университеттен өттім. Әрбір
сө­зінің, әрбір қимылының астарын ұғуға тырыстым. Атаның
мінез қырларын ұғуға, түсінуге, өзімше ой қорытуға тыры­

сып отырдым. Кішкене кезімнен күнделік жазуға әуестенген
адам, соның өзін күнделікке ақырын түртпектеп түсіре жүріп,
ол кейін Ата жайындағы «Шуақты күндер» кітабына айнал­
ды. Амандық болса, осы кітап, бір кезде қалып қойған бөлігі

қосылып, шыққ алы жатыр.
Кейін Атаның айқайына да зар боп қалдық қой. Атаның ай­
қайын да сағынатын халге жеттік. Кейде енді Атаға іштей рен­
жіген жерім де, ішімдегі запыранды күнделікке төгіп тастаған

жерлерім де жоқ емес. Оны жасырып қайтейін. Бірақ соның
өзінен де Атаның талай ұлылығын, кемеңгерлігін білдік. Мы­
салы, Ата кенет үстелді тарс еткізіп ұрып: «Көзіме тура қара!
Көзіме тура қарап сөйле! Мен кісінің көзіне тура қарамасам,

ойын оқи алмаймын, көзін жасыратын адаммен сөйлескім кел­
мейді!» – деп айқайлайтын. Құдай сақтай көр, Атаның көзіне
тура қарау деген, енді, лаулаған өртке түсіп кетумен бірдей ғой.
Бірақ сол Ата: ойыңды ашық айт, алдыңда қазулы көр тұрса да

ақиқатын сөйле, жалтақтап бас име! – дейтін. Мінеки, өстіп
жүріп айтатұғын жерде айтып тастау, әлгі, айтпаса сөздің атасы
өледі дегенді ұстану маған сол Атадан жұқты. Бәкеңнің кейде
әзілдеп күлетіні бар: «Қазақ келінге «Енесінің топырағынан»

дейді. Осы сен «Атаның топырағынан» емессің бе?» деп.

Ата шежіре еді. Әлі күнге дейін Атаның айтқандары, үй­
реткендері Темірқазықтай алға сүйреп келеді. Қарапайым ға­
на нәрседен әңгіме басталып, сөз өрбіп кетеді де, ары қарай
тереңдей береді, дами береді. Телефонда сөйлесу мәдениетін

біл­мейтін бейтаныс біреудің қоңырауынан кейін Ата әуелі қат­
ты ашуланып, содан кейін маған қазақ халқындағы сәлемдесу
дәстүрі, сәлемнің сан алуан түрі жайында қанша күн бойы әң­
гімелеп беріп еді. Сол әңгіме «Шуақты күндерде» «Сөз анасы

– сәлем» деген үлкен тарау болып кетіп бара жатыр. Арасын­да

аяқ астынан сұрау қойып, сенің ойыңды білетіні болу­шы еді.
Арасында бір нәрселерге көңілі толмай қалады. Қуа­нып қа­ла­
ды, ренжіп қалады дегендей... «Бар жоғал!» деп қуып шық­қан
кездері де болды. Бір керемет ұлылығы, Ата өзі кінәлі болғанда

бала-екеш баладан да кешірім сұрауға еш арланбайтын.
Айтылуы тиіс бір жағдай бар. Келін болып келген ал­
ғаш­қы кезде әкесі мен баласының арақатынасына ешбір тү­
сін­бейтінмін. Таң қалатынмын. Бұл қалай? Әке мен бала. Бі­

рін бірі көрмесе айлап, жылдап жүре береді. Анда-санда кө­ре
қалған кезде бірде олай, бірде былай. Шекісіп қалады, қай­та­
дан ілезде татуласады. Өзім куә болған, маған қатты әсер еткен
бір оқиға мынадай. Бұрынырақта Бақытжан бірінші операци­

ядан өтіп, ауруханадан шығар уақытта Ата аяғына салмақ тү­
сірмей сүйеніп шықсын деп таяқ әкеліп беріпті. Содан бірне­
ше жылдан кейін жасалған операция өте ауыр болды. Бұл жо­
лы Ата балдақ әкелді. Сонда Бақытжан айтты: «Біріншіде таяқ

әкелдің. Екінші ретте балдақ әкелдің. Енді үшінші ретінде та­
быт әкелетін шығарсың» деді. Ата қап-қара боп түтігіп, теріс
айналып шығып кетті. Шығып бара жатқанда иығы селкіл­
деді. Жыламайтын адам болса да көзінен жас шыққ анын біл­

дім. Атаның отбасы бөлек болатын. Содан кейін сен әкеңе не­
ге сондай қатты сөз айттың деп Бәкеңе ренжідім.
Бақытжан көбінесе нағашыларының қолында өскен. На­
ға­шылары сонау Қаз дауысты Қазыбектен бермен тарайтын

Қарқаралы, Егіндібұлақтың қаракесектері. Ата сыртта жүр­
ді. Атаның өміріне серік болған біраз апалар болды. Бұл –
ол кісінің тағдыры. Бақытжанның осы әке алақанын, мейі­рін
көп көрмегені білініп тұрды. Қазір құдайға тәубә қылып, іш­

тей мақтаныш та етемін. Алла-ай, сол алты-жеті жылда үш Мо­
мышұлының басын біріктіріп, қиындыққ а қарамай тү­сініс­тік
табуына менің де кішкене септігім тиді-ау деп тебіренемін.
Анам марқұм айтушы еді: он еркек толтыра алмаған үйді бір

әйел толтырады деп. Сол сөз рас екен. Енді қазір қарап тұр­
сақ, мына Бәкең әкесі туралы үш кітап жазды. Өзгелер айт­
паған, өзгелер байқамаған қырынан келді. Соның біреуі Мәс­
кеуде жылдың таңдаулы кітабы деп танылды. Құдайдың құ­

ді­реті, бұл Бақытжан текті атаның баласы екенін білгізді. Он
жылға кетті, күнде таң азаннан тұрып, әкесіне, ата-баба аруақ­
тарына бағыштап құран оқиды. Күнделік жазады, соны күнде
«Бисмиллә ир-раһман ир-рахим» деп бастайды. Осының өзі де

Ата рухының әмірі сияқты.
Жоғарыда айтқанға орайлас тағы бір оқиға. Біз бірге тұр­
ған алғашқы жылы аяғындағы соғыста алған жара ашылып,
Ата жүре алмай, төсекте жатып қалды. «Титімдей жараға бо­

ла үкі­меттің тегін тамағын ішетін жайым жоқ» деп ауруханаға
жа­туға көнбеді. Дәрігерлер амалсыз ем-домын күнара үйге
ке­ліп жасайтын болды. Үнемі шалқасынан жатып шаршай­
ды, кітап оқи беруге көз жарамайды, бірдеңе жазайын десе,

тағы жаза алмайды. Одан бұрын Бақытжан ағаң жамбас сүйе­
гіне бес рет операция жасатқан ғой. Бәкең гипсте жатқан кез­
де жиһаз фабрикасында істейтін інім бір қызық үстел жасап
бер­ген. Алдыңғы сирақтары қысқа, артқылары ұзындау, тө­

сек­тің үстінен кигізіп кеп қалғанда, тура парта сияқты, жат­
қан адамның кеудесіне келе кетеді. «Сондайды қайтадан Ата­
ға неге жасатпасқа?» деп ойладым да, осы ойымды дереу іні­
ме айттым. Інім Атаның дәл туған күні, 1972 жылғы 24 жел­

тоқ­санда үстелді әйбәттәп жасап, жалтыратып алып келді.
Ата ал­ғашында оның не екенін түсінбеді. Менің інім Камал,
Ата жақсы көріп «Камал паша» деп атайтын. «Ау, Камал па­
ша, мы­науың не?» дейді. «Ата, қазір көресіз» деп інім үстелді

тө­сегіне кигізе қойды. Сосын мен басындағы жастығын сәл
биік­тетіп едім, ой, тура балаша қуанды. Керемет! Тұратын
кез­де алға қарай сырғыта салады. Арыстандай ақыратын Мо­
мышұлы балаша қуанды дегенге біреу сеніп, біреу сенбес. Еш­

теңеге шағынбайтын, қабырғасы қайысып, жамбасы тесілсе
де қи­налғанын білдірмей жатқан қайсар адам осы бір болма­
шы нәрсеге риясыз қуанғанын көрсеңіз. Ал енді тынбай жаз­
сын келіп, ал енді қағаздарын ақтарсын! Ой, енді, сөйтіп бір

ра­хат­танғаны-ай! Атаның осылай қуанып мәз болып жатқан
үс­тіне Бәкең келіп: «Пах, пах! Журналистер мынаны көрсе,
Мо­мышұлы орнынан тұра алмай жатып та жұмыс істейді деп,
тағы бір ерлігіңе куә болып мақала жазар еді. Мен ғой бір жыл

жаттым гипсте тасқа бөленіп. Сонда мына бишараға қиын бол­

ды-ау деп тым құрса халімді сұраған біреуі болмады ғой» деп
күлді. Ата осыған аяқ астынан қатты ашуланып, баласын «По­
шел вон, дурак!» деп қуып шықты. «Пожалуйста» деп шығып
бара жатыр еді: «Тоқта, балбес!» деп айғай салып қайырып ал­

ды да: «Сен қашаннан бері өзіңе садақа тілейтін бұралқы ит­
ке айналғансың?! Елге еткен қай бір еңбегіңді бағаламады деп
міндет қылып тұрсың сен!» деп ақырды.
Ата осы ауыр сөздерді айтып тастады. Осы кезде Бақыт­

жан­ның көзіне жас толып кетті. Қатты қиналды. Сәлден соң
айтты: «Папа, кешір! Ойланбай сөйлеп, жаныңды жаралап, сы­
за түсірсем, кешір! – деді, – мен бөтен емеспін, өзің айт­қан­
дай, сенің черновигіңмін ғой. Жығылып-сүрінсем де, жер­дің

қаттылығын сезіп, өмір сүруді өзіңнен үйреніп келе жа­тыр­
мын ғой. Кешір, папа, егер артық айтсам».
Ақыр соңында әке мен бала көңілдегі кірді жуып, татула­
сып кеткен. Өйткені, Атаның жүрегі қатты да, жұмсақ та емес,

ұлы жүрек болатын.
Б. Момышұлы: Үкімет батыр атағын бермесе де, халық әке­
мізді батырым, қаһарманым деп ардақ тұтқаны белгілі. Кеңес
Одағының Батыры атағына үш рет, генералдыққ а төрт рет ұсы­

нылған екен. Бірақ соның бәрінде шовинистік саясаттың ке­
сірінен өтпей қалған. Димекең де екі рет қатты кіріскенде Қор­
ғаныс министрі Гречко «Через мой труп» депті дейді. Ал екін­
ші жолы тікелей Брежневке өтініш жасағанда: «Димаш, тарих­

ты қайта қарамай-ақ қояйық» деген жауап алыпты.
Қ. Аманжол: Бақытжан аға, рұқсат болса осы арада ерте­
ректе өз аузыңыздан естіген бір жайтты еске салғым келеді.
Дін­мұхамед Қонаевтың Баукең орнына құран оқыта келген­

де айтқан мына бір әңгімесі сіздің жаңағы пікіріңізді қуаттай
түскендей.
Димекең кезекті Бюро өткізіп, серіктерімен шығып келе
жатса, дәлізде Баукең жолығады. Сонда Бюро мүшелерін тоқ­

татып, Баукең: «Димаш, – дейді Орта Азия әскери округінің
қол­басшысы генерал-полковник Лященконы нұсқап, – вот с
ним я вместе учился в военной академии. Тогда он был троеч­
ником, я был отличником. Сейчас я полковник, а он – генерал-

пол­ковник. Честь имею!». Осылай депті де Баукең бұрылып
жү­ре беріпті.
Баукең академияда сабақ беріп жүрген кезінде кейін мар­шал,
Қорғаныс министрі болған А.А. Гречко «Бауыржан Мо­мышұлы

лекцияны жақсы оқиды, бәрі жақсы-ау, тек акценті бар» деп

сы­нап соқтыға беріпті. Бір рет тиісіпті. Екі рет. Үш рет. Сонда
Баукең Гречконы орыстың тұздықты сөзімен әде­мілеп сыбап са­
лады. «Қанеки, осы сөздерімде акцент бар ма?» деп сұрады дейді
сосын Баукең. Болашақ министр қып-қызыл боп кетіпті. Осыған

қарағанда Баукеңе Батыр атағын беру туралы ұсыныстардың Мәс­
кеуден неге өтпегендігіне таңдануға да болмайды-ау.
Б. Момышұлы: Міне, осы тас қамалды бұзған адам – Ел­
басымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ол кісі біздің әулет үшін, әке­

міздің әруағы алдында үлкен екі ерлік жасады. Әуелі Нұрекең
жарты ғасыр бойы сонау Кремльдің қоршауында жатқан әке­міз­
дің жұлдызын жұлып алды деуге болады. Сонда 1990 жылдың
желтоқсанында әкемізге Кеңес Одағының Батыры атағы бе­рі­

луімен құттықтаған жеделхатында Нұрсұлтан Әбішұлы сондай
бір жақсы тілек, жылы лебізін айтып, «Баукең жұлдыз алған күн

– халықтың жұлдызы жанған күн» деген әдемі қанатты сөзбен

мәтелдей түйіндеген екен. Расында да содан көп ұза­май еліміз
тәуелсіздік алып, халқымыздың жұлдызы жанды ғой. Сол Жұлдыз
Азаттығымыздың жолбасшысындай болды. Не деген ғажап! Әке­
міз «Әділеттілік жеңеді, бірақ кешігіп жү­реді» деп өзінің және

туған халқының тағдырларын қатар мең­зеп айтқандай.
Келесі жылға қалдырмай, 31 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес­
те Әкемнің Алтын Жұлдызын маған тапсырғанда: «Нұреке, ті­
лек халықтыкі еді, еңбек сіздікі болды» деп Нұрсұлтан Әбіш­

ұлына риясыз алғысымды білдірген болатынмын.
Нұрекеңнің екінші ерлігі – Ресейдің қақ төрінде, сонау
Мәс­кеу түбіндегі Волоколамск қаласында, генерал Панфилов­
пен қатар әкеміздің ескерткіш-бюстін орнатуы. Жеңістің 60

жыл­дығымен орайласқан ашылу салтанатына Зейнеп тәтең
екеуі­міз қатыстық. Ескерткішті Елбасы өзі ашты, ғажап сөз
сөй­леді. Сол жолғы тебіреністі қуаныш үстінде Нұрекеңнің қа­
сы­ма келіп қолымды алып: «Бақытжан, мені де, сені де, ел­

ді де Баукеңнің аруағы қолдай жүрсін» дегені де естен кетпес
өне­ге емес пе. Иншалла, Алла жар болсын Нұрекеңе!
Сонда Волоколамскіден Мәскеуге қайтып келе жатқан жол­
да орманға бұрылып, бір қалташаға толтырып топырақ сал­ғы­

зып алдым. Бұл, енді, мамыр айы. Алматыға келген соң, әке­міз­
дің қайтыс болған күні 10 маусым, сол күні күллі отбасы­мыз­
бен Кеңсайға барып, әуелі өзім құран оқып, тәтең ақ байлап,
«Әке, бір кездегі ортақ Отан болған, өзің кеудеңді тосып жау­

дан қорғаған жерден топырақ әкелдім. Ол да қазақтың талай
боздағының қаны төгілген, шейіт болған, майдандас достарың,

жауынгерлерің жатқан жер. Ол жер де бізге бөтен емес. Риза
бол» деп жаңағы топырақты қабіріне қостым.
З. Ахметова: Атаның өзінің бір сөзі бар: «Сексен мен жүз­
дігімді ұрпақ атар, – Тарихтың түкпірінен сөз келгенде» дей­

ді. Құдайдың құдіреті, 90-ды айтпаған ол кісі. 80 мен 100-ді
айтқан. 80-нінде мемлекеттік дәрежеде үлкен той болды. Ата­
ның Жұлдызы келді. Бүкіл халық тойлады. 90 жылдығы облыс­
та, ол да жақсы өтті. 95 жылдығында біз өзіміз Жамбыл об­

лысы әкімінің қолдауымен үлкен ас бердік. Ал енді, міне, Ата­
ның 100 жылдығы келе жатыр. 100 жыл – бір ғасыр ол. Үл­кен
бір белес. Ендеше, бұл бір толайым қорытынды болуы керек.
Осы арада Атаның архивіне, мұрасына қатысты бірер сөз.

Бізбен біраз жыл бірге тұрып, содан қайтадан үйленіп, бөлек
кетер кезінде Ата бүкіл архивінің кілтін маған беріп еді. «Ба­
лам, құдайға аманат, саған аманат» деп еді. Бес-алты жылда
архивін бір рет те сұратқан жоқ, сол маған сенім артқан күйі

Ата өмірден өтті. Ата қайтыс болғаннан кейін көзімнің жасын
көл етіп жылап отырып, шелпек салып, құран оқытып, Ата­
ның архивін: «бисмиллә» деп ашып сонда көріп едім бірінші
рет. Қазір кейбір баспалардың, заңды мұрагері Бақытжан Мо­

мышұлы бар бола тұра, рұқсат алып алдынан өтпестен Ата­ның
кі­таптарын шығара салуына, кейбір газеттердің бір жайлар­
ды анық-танығына жетпей жүрдім-бардым жаза салуына қа­
рағанда, біз бір Атаның архивіне, мұрасына қатысы жоқ, шет­

те жүрген қаймана қазақ сияқты болып бара жатқандаймыз.
Әри­не, шындығында олай емес.
Атаның аманат-архивін, барлық мұрасын, хатқа түскен тү­
гел қазына-дүниесін бір жерге жинақтап, көп томдық етіп шы­

ғару көптен бергі арман еді. Бақытжан екеуміздің тілек-қалауы­
мыз бойынша осы игі іске мұрындық болған танымал үлкен ға­
лым, Атаның жанашыры әрі жақын інісі Мекең аға (Мұхамед
Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің

ка­федра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, про­
фес­­сор, сондағы Бауыржантану орталығының жетекшісі Ме­
кем­тас Мырзахметовты айтады – Қ.А.). Рахмет, Мекең аға ар­
қылы айтылған өтініш-ұсынысты Жамбыл облысының бұ­рын­

ғы әкімі Серік Үмбетов азаматтықпен қолдап, қаржы бөл­гізіп,
қазіргі әкім Бөрібай Жексембин ары қарай дамыта жал­ғас­ты­
рып, қазірде Тараздағы ғылыми орталықта Атаның 30 том­
дығын әзірлеу жөніндегі жұмыс бірыңғайланып қалды. Мұн­

дағы материалдың 70-80 пайызын Атаның үйдегі аманат-архи­

вінен өзім рет-ретімен жүйелеп дайындап беріп отырдым.
Жа­қында Республика Парламентінде Атаның 100 жылдығын
ЮНЕСКО шеңберіндегі халықаралық деңгейде өткізу және
мы­на 30 томдық мұрасын мемлекеттік тапсырыс есебінен шы­

ғару жөнінде депутаттық сауал жолданғанын естіп қуанып қал­
дық. Енді Ата мұрасын бір жерге жинақтау жөніндегі ар­ма­ны­
мыз­дың орындаларына сеніміміз мол.
Ата сияқты ел ардақтысын құрметтеу орайындағы көңілге

кірбің түсіретін ұсақ-түйек түйткілдердің бәрін тізбелей бер­
мей-ақ қояйық. Бәрі орнына келер. Әйткенмен, 100 жылдық
мерейтой ұлы тұлғаға сай лайығымен өткені дұрыс. Жоспарлы
шаралардың ішінде, Алматыда бола ма, туған жері Жуалыда

бола ма, республикалық мәртебедегі мұражай бой көтерсе, өзі
өмірден өткен 26 жылдан бері көзімнің қарашығындай сақтап
отырған Атаға қатысты дүниелердің бәрін табыс етіп, әр­қай­
сысының тарихын жеке-жеке жазып, бәрін әдемілеп орын­ды-

орнына қойып берер едім. Алматыда Атаның ескерткіші ор­
натылса, Атаның атында офицерлерге арналған орден белгі­
ленсе, жаңағы Атаның 30 томдығының ішінен ойып, келген
қонақтарға тартатын сыйкәделік даналар шығарылса, хал­қы­

мыз үшін, жас ұрпақ үшін Ата тойының ғибрат-тағылымдары
молырақ болса деген осындай-осындай тілектеріміз бар.
Иә, Баукеңнің өмірі – қаһармандық үлгісі, ұлттық намыстың
қайрағы. Баукең мұрасы – ұлт рухының ұлы оқулығы. Баукең

университетінен өткен әрбір адам халқына, ұлтына неғұрлым
жақындай түседі, еліне деген перзенттік махаббаты арта түседі.
Сөнген жұлдыздардың жарығы миллиондаған жылдарға же­
теді екен. Туған халқы үшін, кейінгі толқын-толқын ұрпақтар

үшін қазақтың бас батыры Бауыржан өнегесі таусылмақ емес,
қасиет шашар жарығы өшпек емес. Ендеше, Баукеңнің алдағы
жүз жылдық асуы да Алаш айбынын, мәртебесін асыра түсері
сөзсіз. Сонымен, Жер планетасына 2010 жыл – Бауыржан Мо­

мышұлының жұлдызды жылы таяп келеді. Қапы қалмайық,
ағайын. Баукең биігінен табыла білейік.
2008 ж.

ҚАЗАҚТЫҢ БАС БАТЫРЫ

Уақыт өткен сайын Бауыржан Момышұлының өшпес өне­
гесі оның бүкіл дерлік өмірбаянынан, артына қалдырған ұшан­-
теңіз жазба мұрасынан, соғыстағы ерлігі мен әскери ілім­ді

дамытуға қосқан үлесінен анығырақ бедерленіп бай­қа­ла түс­
кен­дей. Халқының мақтанышына, батырлықтың балама­сына
ай­налған Баукең болмысы неше сан қасиеттерді жинақ­тап қо­
рытып әкеліп мүсіндеп құя салған балқымадай болып та кө­рі­

нетіні рас осындайда. Бір ғажабы, өз бойына тәңірім сон­ша­­
лықты жомарттықпен жарылқай сыйлаған сан алуан қазы­наны
қормалдап жиып алған Баукеңнің қарымы мен құлашы еш­қа­
шан бір саланың ауқымына сыйған емес. Ол бұрын да, бүгін

де, болашақта да жалпыұлттық сеңгір биіктен табылатын, та­
рихи санаттағы ересен ірі қайраткер тұлға. Шынында да, бір ба­
сында ерлік те, жүрек жұтқандық та, сардардың сарапшыл да­
рыны мен жазушының маздаған жалыны, ойшыл ұстаздың та­

лапшыл тағлымы қалай тоғысқан десеңізші. Таза әскери адам
ретінде де Бауыржанның батырлығы мен даналығы бірдей бір­
туар тұлға, тіптен, бұл орайда қазақтың маңдайына бас­қан бір­
ден-бір шамшырақ екендігін өз заманында-ақ небір заңғарлар

мойындаған. Соның айғағындай, Бауыржантану ат­ты ғылым
саласының біртіндеп туып, арнасын барған сайын кеңейте
бастағанына да біраз жылдардың жүзі болды дей ал­сақ керек.
Иә, Бауыржантану. Артық-кемі жоқ, Абайтану, Әуезов­та­ну

сияқты. Момышұлының қаһармандық хас тұлғасына әр­та­рап­
ты әмбебап қызығушылық, асыл перзентіне деген ха­лық сүйіс­
пен­­шілігі от-жалынға оранған сонау 1941 жыл­дың қараша-
жел­тоқсан айларында лап етіп басталып, содан бері әсте то­

лас­таған емес, қызуы басылған емес. Өзі де май­дангер Қа­сым
ақын айтпақшы, ел аспанына айбарлы «Бауыр­жан Момышұлы
деген бір үн» шырқап көтерілген шапағат­ты шақ еді ол.
«Сүйейін­ші балқып тұрған бетіңнен!» деп жас пері Қуандық

ақын­ның інілік махаббатын лапылдата шарықтайтыны да сол
кез­дер. Бауыржанды тануға, білуге, ер келбетін тым құрса бір
рет көруге деген құштарлық та сол кезде батырдың атақ-даң­
қы­мен жалғаса туған-ды. «Волокалам тас жолымен» әскери

жа­зушы Александр Бек бастап берген Бауыржантану одан бе­
ріде ондаған томдармен, зерттеулермен, әңгіме-хикаяттармен,
жүз­деген өлең-жырлармен, қисапсыз көп мақалалармен то­лы­
ғып та, молығып та келеді. Жинақтаса, бәлкім, кішігірім бір кі­

тапхана болар. Әлбетте, көзі тірісінде-ақ «Я приговорен к сла­
ве» деп Баукеңдей марғасқа ғана айта алар. Оған даңқ-атақ та,
мақ­тау-мадақ та таңсық емес-тін, қажет емес-тін. Ендеше, заң­
ғарға құр таңданғанмен, жай тамсанғанмен іс өнбес, әңгіме

бітпес. Момышұлы феноменінің қалтарыстарына, ерекшелік­

теріне, жеке-жеке қырларына нақтылай тереңдеп бойлаған дұ­
рыс шығар. Қазіргі қазақ Бауыржантануында осының жақсы
үлгілері жоқ деп те айта алмаймыз. Әрине, Нұршайықов, Сне­
гин, Бақытжан Момышұлы, Зейнеп Ахметова, Мамытбек Қал­

ды­байдың тебіреністі де шуақты баяндарындай, сондай жақ­сы­
лар көбейе түссе, құба-құп.
Бүгінде Бауыржантанудың көш-керуенін бастаушылардың
бірі емес, бірегейі отставкадағы полковник, әскери ғылым­дар­

дың кандидаты, профессор Ким Серікбаев екендігінен құлағы
түрік жамағат хабардар. Жалпы, Баукеңнің ер тұрпатының өне­
гесі Ким ағаның бүкіл өміріне өзек болып тартылғандай екен.
Ол кісінің «Бауыржан Момышулы в моей жизни», «Батырдың

шапағаты» атты қос кітабы, өз ғұмырбаянының ғибраттары
со­ны аңғартқандай. Ойшыл сардардың әскери-теориялық мұ­
расының қажымас қайсар насихатшысы да болып келеді. Ба­
тыр есімін есте қалдыру ретінде де жарғақ құлағы жастыққ а

тиген күні жоқ. Өзі мүдірлік еткен Алматыдағы әскери мек­
тепке айтысып-тартысып жүріп Кеңес Одағының Батыры Ба­
уыржан Момышұлының атын алып берудегі еңбегі және бір
төбе. Бала қыранын алапаттарды сапырған дүлей соғыстың әле­

міне қанат қақтырған ұясындай Алматыға Баукең ескерт­кішін
орнатқызу орайындағы тынымсыз харекет-күресіне де жиыр­
ма жылдың жүзі болып қалды-ау. Қазірде қауым-жұрттың кө­
кейіне Баукең рухының шырақшысындай болып ұялаған Ким

Серікбайұлымен сыр тарта сұхбаттасуға біз де біраздан бері
құлықты болып жүр едік.

– Ким аға, әуелі өзіңіз жайында, оның ішінде әскери қыз­

мет­ке қалай келгеніңізді, әскери ғылым саласына неліктен бет
бұрғаныңызды таратыңқырап айтсаңыз?

– Мен соғыстың алдында туған ұрпақтың өкілімін. Соғыс

басталған жылы бірінші сыныпқа бардым. Соғыс бізді ерте
есейтіп, сана-сезімімізді ерте толыстырды. Бала болсақ та, сол
кез­дің жағдайының бәрін үлкендердің қас-қабағынан бағып,
бі­ліп, түсініп отыратынбыз. Азамат етікпен су кешкен заман­

да осынау жойқын соғысқа тым құрса бір кісісі, жақын-жуығы
қа­тыспаған қазақ отбасы болмаған-ақ шығар. Еркек кіндік­
тіні айтпағанда, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданындағы біздің
Көп­тоғай ауылының бір өзінен 8 қыз кетті соғысқа. Соның

үшеуі қаза тапты. Сол қыршыннан қиылғандардың бірі менің
1923 жылы туған, баяғы Паша Ангелинаның бастамасымен
тракторға отырып, одан екі айлық танкішілер курсынан өтіп

майданға аттанған әпкем Ақзипа Жанқылышбаева. Анамыз 14 құрсақ көтерген екен. Ақзипаның қайғылы қазасынан кейін тағы бір әпкем Мүтәш екеуміз ғана қалдық. Тез өссек, соғысқа біз де барып, жаудан кек алсақ деп арман­ дайтынбыз. Күйеуі фин соғысынан оралмаған Ғалия деген жеңгеміз сабақ берді. Күнде әуел бастап айтатыны соғыстың жайы. Соғыста ерлік жасаған батыр ағалар жайындағы әң­гіме­лерді құмартып тыңдаймыз. Сонда ең бірінші естіге­ні­міз – Баукеңнің есімі. 1942 жылдың қаңтар, ақпан айлары бо­лар деймін. Ол кісінің ерліктері туралы «Красная звезда» га­зетінде Александр Бектің шағын жаз­ балары шыға бастады. Мұ­ғалимамыз соларды оқып беретін. Одан соң Баубек Бұл­қышев, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллиндерді естідік. Сол ағалардың ерлігімен рухтанып, жауға деген жалын атқан ке­гімізді қайрап салар екпінді сөздерді құлағымызға құйып, са­на­­мызға сіңіріп өстік. Қара қағаз алып жылаған шал-кемпір, әйел­дер­дің қайғысын көргенде «тезірек ер жетіп, елді енді біз қор­ ға­масақ болмайды» деп ой түйіп, бел буатынбыз. Балалық қой, «Қап, біз ержеткенше соғыс бітіп қалады-ау» деген аңғал өкініш те қылаң беретін кейде. Кейін Москва түбіндегі арпалыс майдандарда көтерілген тұңғыш қазақ командирі, әскербасы ретінде Бауыржан аты ба­ сымырақ болып кетті. Әлі есімде, 23-ақпандағы қызыләскер мерекесі алдында әр балаға жаттауға тақпақ үлестірді. Ғалия апайым маған «Кім болам?» деген жақсы тақпақты беріп, «Әкең келіп тыңдайды, жақсылап жатта!» деп демеп қойды. Оқу­шылардың концертінде ерекше жігермен екпіндеп соқ­ тырт­тым жаттауымды: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты Қызыл әскер мен болам! Бұдан соң да тоқтай алмай: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты Қызыл әскер командир Бауыржандай мен болам! – деп ары қарай өз жанымнан қосып саңқылдадым. Осы өлеңді сол уақыттың өзінде 60-тың үстіне шыққ ан әкем естіп, елжіреп

көзіне жас алғанын көрдім. Сөйткен әкем менің 12 жасым­
да, шешем 14 жасымда ауырып қайтыс болып, жетім қалдым.
Соғыс кезіндегі көп жетімдермен бірге мені өсіріп жеткізген
өкімет.

Біз мектеп бітірген 1952 жылдарда Бауыржан аты тіпті
дәуірлеп тұрды. Көптеген кітаптарда шықты. Қазақтың ішін­
де бірден-бір жалғыз батыр дегенге дейін келтірілді. Ерлігін
іздеп жүріп оқыдық, еліктедік, сондай болсақ деп арман еттік.

Батырлығын, шыншылдығын, өрлігін, тура сөйлейтінін үлгі
қылдық өзімізге. Осылайша әсіресе Бауыржан Момышұлы,
одан соң Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллиндердің әсер-се­
бе­­бімен әскер қатарына кіріп едім. Тура 20 жыл Қазақстанда

бол­мадым. 1953 жылы әскерге кеткеннен 1973 жылы бір-ақ
ора­лып келдім. Шетте жүргенде ел ыстық қой. Сонда қайда
жүр­сем де Баукеңді ойлаумен болдым.

– Олай болса, өзіңізді Баукең аруағы қолдаған екен ғой.

Әскери қызметіңізде осынау өзіңіз үлгі тұтқан ұлы тұлғаның
тигізген әсер-ықпалы нелерден көрінді?

– Взвод командирінен бастап әуелі Башқұртстанда, Чу­

котка, Украинада полктың штаб бастығына дейін өстім. Ук­
раи­наның Славута деген қаласында көбірек қызмет еттім.
Осын­дағы ең үлкен мәдениет ордасы – Офицерлер үйі. Ал­
дында әскери қызмет озаттарының аллеясы бар. Екі жағында

сегіз-сегізден үздік офицерлердің портреттері тұрады. Он жыл
бойы, лейтенанттан майорға дейінгі аралықта осы аллеядан
менің портретім түскен жоқ. Кейде мен ұзағырақ іссапарларға
кеткен кезде әйелім әкесін сағынған екі қызымды сол аллеяға

алып келіп, портретімнің алдында тұратын көрінеді. Осы күні
балалар: «Папа, помнишь?» деп еске алып күледі. Мұны неге
айтып отырмын? Сол уақыттарда ішіме аялап түйген бір құпия
сырым мынадай. 3 мыңға жуық офицердің арасында жалғыз

қазақпын. Осы жағдайда құлағымда, сана-сезімімде әркез:
«Адамда ұлттық намыс болу керек, ұлттық мақтаныш болу
ке­рек» деген Баукең сөздері тұратын. Міне, сол сөздер маған
әсер етіп, жігерімді қайрайтын. Баукең талабының үдесінен та­

бы­луға бар ынтамды салып, жылма-жыл үздік атанып, Аллея­
да тұру мақсатыма айналды.
Жасым 32-ден асқанда әскери академияға оқуға түстім.
Бұл арада да Баукеңнің аруағы қолдады. Соғыс уақытындағы

Момышұлының ерлігін, айла-тәсілін айтып бес алып, жолым
ашылды. Күндізгі бөлімге 32-ге дейін ғана қабылдайды екен.

Бұдан жасымыз сәл ғана асқан бірнеше жігіт өтініш жазып
едік, содан орыстарды ғана күндізгі бөлімге ауыстырып, 300
адам ішіндегі жалғыз қазақ мені өгейсітіп, сыртқы бөлімде
қалдырып қойды. «Әй, қазақ, енді мықты бол!» деп ойладым.

Содан төрт жыл бойы көз алдымда Бауыржан тұрды. Сырт­
тай бітірген 220 тыңдаушының ішінен үздік оқыған 14 адамды
аспирантураға қалдырды. Соның ішіндегі жалғыз қазақ тағы
да мен едім.

Негізінде іштей ойлап жүретінмін: менің келешегім әс­
ке­ри командир, одан кейін Бас штабқа түсемін деп. Сол кез­
де Бау­кеңнің академияда сабақ бергенін естідім де, Бауыр­
жан ағамның да ізін қууым керек қой деп ойладым. Сөйтіп,

әс­кери қызметім Москваға ауысқан. Уақытша екі бөлмелі пә­
терде тұрып жатқам, төрт бөлмелісін аламын деп жүргем. Ас­
пи­рантураны бітіргенде подполковникпін. Үшінші жылы
оқып жүр­генімде маған оқу тобын бекітіп, Монғолия мен Ку­

ба офи­церлеріне тактикадан сабақ бердім. Тақырыбым Батыс
жа­ғын­дағы шабуыл туралы еді, кандидаттық диссертациямды
елдің алдымен жазып, тапсырып қойғам. Академияда қаламын
деп жүрген адаммын. Бірақ тағдыр және Қорғаныс минист­

рі Гречконың бітірушілердің 60 пайызын әскери училище­
лерге жіберу туралы бұйрығы басқаша шешті. Сонымен бір­
ге бұғып жатқан қазақи діліме, қалыпқа сыймас бауыржандық
мінезге салып дәу генералдармен пікір таластырып айтысып

қалуым да Фрунзе атындағы академияда сабақ беріп жүр­ген
менің Мәскеуден шеттетіліп, Алматыға, 70-ші бекеттегі Ко­
нев атындағы әскери училищеге тактика кафедрасының мең­ге­
рушісі болып келуімді тездетіңкіреп жіберген сыңайлы. Ал­ма­

тыға келгеннен кейінгі арманым Баукеңді бір көру болды.

– Иә, соны айтыңызшы? Баукеңді алғаш рет қашан, қандай

жағдайда көрдіңіз? Алған әсеріңіз қандай болды?

– Соғыста полк, дивизия басқарған, атағы жер жарған аға­

мыз қайда екен, қалай екен? Генерал болды ма екен? Омы­
рауына Жұлдыз тағылды ма екен?.. деген сұрауларға кеудем
шүпілдеп толған. Бұл сұрақтардың жауабы солғындау шықты.
Кейбір әңгімелердің шет жағасын естідім. Неге олай? Оны­

сы несі? Мүмкін емес нәрсе ғой деймін. Ақыры, аңсап, іздеп
жүрген Баукеңді көрдім. Мәңгі есімнен кетпейтін бұл күн –
1975 жылдың 20 қаңтары. Бұл кезде округ газетіне Баукең,
оның отаншылдығы туралы мақалаларым да шыға бастаған.

Власов деген армян, училище директорымыз бар еді, бір күні

сол кісі маған: «Ертең бұқаралық-қорғаныс айлығының ашы­
луына арналған үлкен салтанатты жиынға бір взводты бастап
апар» деп бұйырды да, сосын қуақы жымиып, «Онда сенің
Бауыржаның да болады» деген сөздерді қосты.

Жарты сағатта Бауыржан Момышұлы барша болмысы­
мен жар­қырап көрінді. Ол жиынға кешігіп келді. Әуелде біз
оң қо­лына асатаяқ ұстаған жартылай әскери жасыл формадағы
адам­ның залға қалай кіргенін байқамаппыз. Ақырын басып

келіп бірінші қатардағы бос орынға отыра берген оны жи­
налысты жүргізуші Дмитрий Снегин ыммен төралқаға ша­
қырды. Кірген кісіге біз енді ғана назар аудардық. Сыбыр-
күбірмен қозғалақтаған зал бірте-бірте гуілдеп кетті. Кенет,

осыны байқаған, Снегиннің қасына жайғасқан адам орнынан
асықпай тұрып, саусақтары тарбиған оң қолын алға ұмсына,
өктем дауыспен: «Тоқта, генерал! Жақсы оқып тұрсыз. Сіздің
баяндамаңыз маған ұнайды, бірақ зал сізді нашар тыңдап тұр»

деді. Генерал абдырап қалды. Көзілдірігін шешкенде оның бет-
әлпетінен абыржу аңғарылды. Сірә, оны бұрын ешкім бұлай
тоқтатпаған болар. Есі шығып кеткен ол қырындай бұрылып,
ары қарай не болатынын тосқан сыңайлы.

– Мен Бауыржан Момышұлымын, – деді кешігіп келген

кісі дауысын көтере, сабырлы қалпынан жазбай. – Сыбыр-кү­
бірдің көбейгеніне қарағанда көпшілігің мені білмейтіндерің
көрініп тұр. Мына шал өзі кешігіп келіп, онымен қоймай төр­
алқадан орын алды деп те ойлап отырған боларсыңдар. Мені

шақырған!
Баукең отырды. Зал тарс жарылып, ұзақ қол шапалақтады.
Осы кезде генерал мінберден түсіп, Баукеңді қасына келіп құ­
шақ­тады. Біз бәріміз орнымыздан тұрдық. Қолшапалақ дү­ріл­

деген ұлан шу, ұлы сарынға ұласты. Бір нәрсе анық еді: жи­
налған жұрт келген адамға үлкен сүйіспеншілікпен ізет-құр­ме­
тін көрсетіп жатты. Зал орысша-қазақша «Ба-уыр-жан!», «Бау-
ке!» деп тоқтаусыз ұрандады. Менің көзіме жас үйірілді. Өзім

өмір бойы табынып, тағдырыма таңбасын салған піріме алғаш
осылай жолығып едім.
Генерал мінберге қайтып барды, бірақ зал қол шапалақ­
тауын жалғастыра берді. Мұны байқаған Баукең орнынан

қайта тұрып, оң қолының тарбиған саусақтарын алға қа­рай
қай­тадан созды. Зал сол мезетте тым-тырыс боп тына қал­
ды. Баукең толқулы болса да, нық дауыспен: «Рахмет, спаси­
бо! Енді отыруларыңызды сұраймын, ал сізден, генерал, баян­

дамаңызды жалғастыруыңызды өтінемін» деді. Дегенмен, мен
жаңағы қатты тебіреністен кейін баяндаманың қалған бөлігін
тыңдауға ынта-зейінімді үйіре алмадым. Басқалардың да ба­
сым көпшілігі менің күйімді кешті ғой деймін.

– Осы жиында Баукең сөйлеген жоқ па?

– Сөйледі! Сөйлегенде қандай! Бұған дейін Жұлдыз

бұйыр­маған Баукеңнің бұл да бір жұлдызды сәті боп көрінеді
ма­­ған. Халықтың, қатардағы қалың әскердің мойындауының
бір көрінісіндей. Оған қысқа үзілістен кейін сөз берілгенде
зал тағы да дүр сілкініп орнынан тұрып, қаһарманды қол ша­

па­лақтап қошаметтеді. Баукең тынышталуды өтініп, белгі бер­
генде ғана зал тыншып, біз орындарымызға отырдық. Әр сөзін
шегелеп, айқындап айтқан шешенге құлақ түрдік.

– Мен орыс және қазақ тілдерінде бірдей сөйлеймін әрі

жазамын. Бүгін орыс тілінде сөйлеймін, - деп бастады. Баукең

– Ұлы философ айтқандай, қозғалыс дегеніміз – өмір. Жетпіс­

ке жақындап қалсам да, жаяу жүргенді ұнатамын. Тауда дем
алып жатқан маған бүгін мәшине жіберген екен, бірақ мен оған
отырмадым. Сіздермен кездесу үшін жеті шақырымдай жүріп
өттім. Дәл есептемедім бе, азырақ кешіктім. Дегенмен, сіз­

дермен кездесу үшін кеткен уақытыма бола ешбір өкінбеймін.
Керісінше, өзімді қайтадан сергек сезініп тұрмын. Жасарып
кеткендеймін.
Зал тағы да оның сөзін нөсердей екпіндеп шатырлаған

қолшапалақпен бөліп жіберді. Өз сөзін осылай бастаған Баукең
өмір негізі – қозғалыс деген қағиданы таратып айта отырып,
ұлағатты әңгіме тиегін ағытты. Ұрыстар мен шайқастарда
жеңіс­ке жеткізетін басты шарттардың бірі қозғалыс, икемділік

пен ептілік, ұрымтал қимыл екендігін соншалықты ұғынықты
әрі қарапайым түсіндіріп бергені таңқаларлық еді. Баукең со­
ғыс­тың алғашқы кезіндегі ауыр жеңілістерге жол берген бір
себеп жайбасарлық, командованиенің әскердің қимыл ши­рақ­

тығына, шапшаңдыққ а көңіл бөлмеуі екендігін де үлкен қын­
жылыспен айтты. Біздің арамызда да қозғалысқа мән бермей­
тін қолбаңбайлардың көбірек отырғанын байқап қалыпты. «Мұ­
ның да емі – қозғалыс. Қарт солдатқа сеніңіздер» деді Баукең.

Содан соң ол дауысын қатайтып, жүзіне сұс ұялап, әрбір ег­
де қазақ жолда кездескен қандай да қабір қасынан бетін сипа­
май, білген дұғасын оқымай өтпейді дей келе, соғыста құрбан
болған боздақтарды, олардың зираттарын қастерлеу жайы­

на ойысты. Сол алғашқы кездесуді еске алған сайын ойлай­

мын: жаңағыдай, бір-бірінен алшақ екі түсініктің басын бірік­
тіріп ғаламат тартымдылықпен айтып беру және аудиторияны
ғажайып әсерге бөлеп, бейне бір сиқырмен арбағандай сілті­
дей тындырып ұстау ұлы жүректі жауынгер қолбасының, аса

дарынды әскери ұстаздың ғана қолынан келмек.

– Ким аға, осы, өзіңіз айтып отырғандай, алғашқы көр­

геніңізде-ақ куәгері болған, Баукеңе деген халықтың, қатар­
дағы жауынгерлердің ізет-құрметінің, шексіз дерлік сүйіс­пен­
шілігінің сыр-себебі неде деп ойлайсыз?

– Халық қашанда өз қаһарманын қапысыз таниды. Халық

сүйіспеншілігі қарызға берілмейді. Халық сүйіспеншілігіне
халыққ а бергені бар, берері бар ерлер ғана бөленеді. Бау­кең
адамзат тарихындағы сондай ерлердің сойынан. Ол сүйіс­пен­
шілікке Баукең қанын, жанын халық жолына садақа етіп бө­лен­

ген. Айталық, 316-шы атқыштар дивизиясының жас комбатын
өзінен 10-15 жас үлкен солдаттар ерекше мейірмен құрметтеп
Бауке деп атады. Солдаттар өз комбатын ержүректігі мен ұс­
там-сабыры, қандай болмасын тығырықтан алып шығар тап­

қырлығы үшін жақсы көрді. Ұрыста жеңіске жеткізгені үшін,
батальонын саны көп самсаған жауға жайпатқызбай, әр жолы
ондаған, жүздеген өмірлерді аман сақтап отырғаны үшін жақсы
көрді. Мысалы, 316-шы дивизияның командирі командармға

былай деп баяндайды: «1073-ші атқыштар полкінің бірінші ба­
тальонының командирі аға лейтенант Бауыржан Момышұлы
дивизияның негізгі күштерінің ұрыстан сытылып шығуы
үшін қорғанысты шебер ұйымдастырып, олардың одан әрі

ұрым­тал шепке орнығуын қамтамасыз етті. Дұшпанның ба­
сым күштерінің көптеген шабуылдарын тойтарып, өз бетімен
әрекет жасаған батальон қоршауды бұзып-жарып шықты. Бата­
льон командирі шегінген кездерде тұтқиыл қарсы шабуыл­дар

ұйымдастырып, сол арқылы дұшпанның алға жылжуын бө­
геді. Батальоннның жеке құрамы қаһармандық пен тас-түйін
топтасқандық танытып, батыл әрі өжет қимылдады. Шы­ғын
шамалы ғана, батальон – ұрысқа қабілетті». Міне, бұл Бау­

кеңді халықтың қалтқысыз сүйіспеншілігіне бөлеген ерлік­те­
рінің мыңнан бір мысалы ғана. Оның өз заманына сай анық
батырлығы да осында. Өз өмірін сақтап қалған командирін жа­
уынгер қалай пір тұтпасын.

– Олай болса, соғыс өнеріне, әскери ғылымға Б. Момышұлы

қосқан үлес-жаңалықтар қандай? Іліми мұра ретіндегі олардың
өміршеңдігі неде?

– Бауыржан Момышұлының ұрыс қимылдарындағы бір

ғана әскери айла-тәсілін айтып берейін. Оның батальоны әр­
кез сылбыр-самарқау шегінбеді, немесе жаудан әсте үрейі
ұшып қаш­қан емес. Керісінше, жолдардың өн бойында шиыр­
шық ат­қан серіппелі бұрмалармен шегіне отырып, дұш­пан

ко­лон­наларына тұтқиылдан соққ ы жасады, оның техникасы
мен адам күшін шығынға ұшыратты, сөйтіп, диви­зияның не­
гізгі күш­терінің қорғаныс шебіне шыққ анша жау­ды әбден ти­
тық­татып сілесін қатыратын. Әсіресе, елді ме­кенде ты­нығуға

жайғас­қан дұшпанды түнде оқыстан соғу тиім­ді болды. Оқты
төпелей жаудырып алып, елді мекеннің тұс-тұсынан шағын топ­
тармен жасалған шабуыл дұшпанның үрейін ұшырып, асып-
сасып тым-тырақай қашқандарын қап­тал­дағы һәм қарсыдағы

пулеметшілер баудай түсіретін. Өт­кен ғасыр­дың жетпісінші
жылдарында әскери аспирантурада оқып жүр­ген кезімде-ақ
біздің Баукеңнің командирлік дарынын ай­ғақтайтын бірқатар
жауынгерлік құжаттар мен ұрыс қи­мыл­дарының карталарына

кездейсоқтан тап болып, шұқшия зерт­тегенім бар еді. Баталь­
он әрекетінің бұл түрін мен Бауыржан серіппесі деп атадым.
Б. Момышұлының басқа ұрыс түрлерін жүргізу тактика­
сына қосқан үлесі де айтарлықтай. Оның өресі жоғары әскери

маман, сарапшыл сардар, терең толғамды, кең құлашты қол­ба­
сылық дарыны полкті, одан соң дивизияны басқарған соғыстың
кейінгі жылдарында ашыла түсті. Нақ осы қасиеттері акаде­
мияда оқып және жұмыс істеп жүрген кездерінде оның жал­

пы жұртшылыққ а кеңінен танылып, құрметке бөленуіне мүм­
кіндік берді. Б. Момышұлы жаңа үлгідегі командир ретінде
ша­буылдың жайбасарлық баяу қимылға негізделген бұрынғы
тәсілін батыл түрде ысырып тастады. Ол шабуылдың мұндай

тәсілі әскери техника мен қару-жарақтың жетілген түрлерінің
оқ жаудырудағы және маневрлік мүмкіндіктері барынша то­
лық пайдаланылуын қамтамасыз етпейді, ұрыстағы шабуыл
қар­қынын үдетуге бөгет жасайды деп дұрыс пайымдады. Ұрыс

қимылдарын жүргізудің қарқынды тәсілдеріне бейімдел­ген
әс­керді өмірге әкелудің белсенді жақтаушысы болған Б. Мо­
мышұлы тереңдеп ену ұрысы ілімін қолдап қана қоймай, оны
да­мытуға да пайдасын тигізіп, жәрдемдесті. Куба, Израиль, та­

ғы бас­қа елдерде Баукеңнің ұрыс тәсілдері басшылыққ а алын­
са, бұл оның әскери ілімінің өміршеңдігін көрсетпей ме.

– Баукеңнің әскери академияда ұстаздық еткен кезінің де аңыз­

ға бергісіз ғажаптарын естіп жүрміз. Бұл жөнінде не айтасыз?

– Сондағы Баукеңнің шәкірттерінің бірі генерал-полков­

ник Голушко өзінің «Тыл солдаттары» деген кітабында бы­
лай деп жазады: «Таңдаулы оқытушылардың игі әсері жай­
лы айтқанда, ең алдымен, біздің көзімізде жартылай аңызға
айналған бір адамды еске алмай тұра алмаймын. Әңгіме жал­

пы тактика курсын оқыған полковник Бауыржан Момышұлы
туралы. Біз әруақыт оның лекцияларын асыға күтіп отыратын­
быз. Ол көбінесе конспектілерге емес, схемаларға жүгініп, кез
келген материалды ұғынықты әрі қызғылықты баяндайтын. Әр­

бір қағидасына жауынгерлік тәжірибеден тағлымды мысал­
дар келтіретін. Тактиканың күрделі мәселелерін зерделеу үс­
тінде бізді дербес ойлауға үйретуші еді». Міне, осыған менің
алып-қосарым жоқ. Тек сонда Баукеңнің болған оқиғаларды

ауызша жосылта айтып, мысалдың неше атасын келтіріп, қыз­
ғылықты мазмұндаған ғажайып лекцияларын ауыздарын аң­
қитып қызыға тыңдап отыратындардың көпшілігі генералдар
болған ғой.

– Нақ осындай Баукең, оның тегеурінді ерлігі, тұтастай

тұл­ғалық тұрпаты кезінде өз дәрежесінде бағаланды ма?

– Жоқ, әрине. Қазақтан шыққ ан мұндай ересен тұлғаны

көтеруге ұлы орыстық шамшылдық қайдан жол берсін? Тіптен,
Курляндиядағы Калининград майданында, бұрынғы ком­диві
ауырды ма, жаралы болды ма, әйтеуір төрт ай 9-гвардиялық
ди­ви­зияға командир болғанда, сол лауазымын бекітпеген. Әйт­

песе, жұмыс картасының Москва таңбаланған бөлігін жа­уын­
герлердің көз алдында жыртып тастап: «Біз Москваға дейін
ғана шайқасуға тиіспіз, оның ар жағында бізге орын жоқ» деп
айтқан, отаншылдықтың ерен үлгісін дәл осылайша көрсеткен

кім бар еді?! Менің айтатыным: егер батырлығы, командирлік
дарыны сол уақытта әскери элита тарапынан әділ бағаланса,
мі­нез ерекшеліктері дұрыс түсінілсе, ол шын сөй­леп тұрғанда
шындығын қостайтын адамдар болса, бәлкім, Бау­кең сол соғыс

жылдарында-ақ Батыр жұлдызын омырауын­да жарқыратып, иы­
ғында дәу генералдардың погонын оқа­ла­тып, қазақ халқы Одақ
көлемінде ресми мойындалған ірі әскербасыға ие болар еді.
Десе де, қазақтың бас батырын ішқұса еткен мұндай шеттету­

лер Баукеңнің туған халқы ал­дындағы әскери ойшыл, қаһарман
қолбасы ретіндегі зор ба­ғасы мен қадір-қасиетін бір мысқал да
төмендете алмағаны белгілі.

– Ресей Баукеңнің әскери-ғылыми мұрасын өзінің мем­

лекеттік меншігі деп санайтын көрінеді. Қайсыбір еңбектерін

мемлекеттік құпияға жатқызған. Баукең мұрасының тікелей
мұрагері Қазақ елі, қала берді, баласы Бақытжан Момышұлы
емес пе? Осы жайдың түйінін қалай шешуге болар екен?

– Москва түбіндегі Подольск қаласында бұрынғы Кеңес Ода­

ғы Қорғаныс министрлігінің үлкен архиві бар. Мо­мыш­ұлының
әскери мұрасына, 316-шы атқыштар дивизиясының материалда­
рына мен алғаш рет 1972 жылы сонда жолыққ ам. Бауыржан ағам
мұнда жүр екен ғой деп қуанғам. Одақ ыды­рағаннан кейін ол

архивтің Баукеңнің жазғандарын ғана емес, Қазақстанға қатысты
басқа да материалдарды тегін бермейтіні рас. Қазақстаннан қан­
шама құрамалар, дивизия, полктар аттанды майданға. Бау­кең­
мен бірге соларды да қайтадан қопара зерттеу мәселесі ұмы­ты­

лыңқырап бара жатыр. Осыны біздің Қорғаныс министрлігіміз
көтеріп, арнайы келісім-шартпен ізденушілерді жіберуі, қаржы
бөлуі керек. Қанша жылдан бері құлаққ ағыс қылып қақсап ай­
тып жүрсек те, әскери ғылымға көңіл бөлмеудің зардабын ен­

ді тартып отырмыз. Осы салада қазір бірде-бір ғылым докторы
жоғының өзі жетіскендіктің белгісі емес.
Ал енді Баукеңнің қолда бар мұрасын зерттеп насихат­
тау жайына келсек, шүкір, диссертациялар жазылуда. Оларға

пі­­кір айтып, қолдан келген көмегімді жасап тұрамын. Он шақ­
ты жыл бұрын Гүлнәр Айтқазина деген қарындасымыз пат­
риоттық тағлымы бойынша кандидаттық диссертация қор­ға­ды.
Қазір Қайролла Мұқамбетқалиев деген полковник азаматымыз

Баукеңнің әскери өнерінен докторлық диссертация жазып жа­
тыр. Бірақ Момышұлының сан-салалы қыруар мұ­ра­сын зерттеу
орайындағы жұмыс әлі ұшан-теңіз екенін айтқан абзал.

– Бауыржан мұрасының бостан еліміздің жастарына әс­ке­ри-

патриоттық тәрбие берудегі мән-маңызы жөнінде не айтасыз?

– Бұл – ауқымы аса зор мәселе. Мен өзім басы-қасында

болған бір жағдайын ғана айтайын. Баукең атындағы әскери
мектепке директор болған кезімде тындырған бір ісім оқу бағ­
дарламасына «Бауыржан оқылымдарын» ендіріп кетуім деп
білемін. Оның мәнісі: Баукеңнің жазғандарын, Баукең туралы

жазылғандарды түгел оқу керек, кино, спектакльдерді көру ке­
рек. Жыл аяғында осының қорытындысы шығарылады. Сон­
да әрбір оқушы ұлан «Мен Бауыржаншымын!» деп мақтаныш
етерлік деңгейге жетсе, мақсаттың орындалғаны. Осы «Бауыр­

жан оқылымдарын» тек әскери оқу бөлімдерінде ғана емес,
барлық білім жүйесінде кеңінен таратса, еліміздегі әскери-пат­
риоттық, отаншылдық тәрбиесінің өрге басары күмәнсіз.

– Баукең есімін есте қалдыру орайында нелер жасалды?

Әлі не нәрселерге көңіл бөлу керек деп ойлайсыз?

– Бауыржан Момышұлы туған халқының жү­ре­гінде мәң­

гілік. Оған көзі тірісінде-ақ орнаған ең зор ескерткіш те сол
шығар. Баукеңнің еңселі ескерткіштері Жуалыда, Таразда,
Астанада бой көтерді. Ендігі жол Алматынікі. Бұл жол ауыр­
лау болғанын айтуымыз керек. Үкімет қаулысы 18 жыл бұ­

рын қабылданса да, Баукең ескерткіші Алматыда әлі жоқ. Де­
ген­мен, қала әкімдігі Панфилов саябағында ескерткішті ор­
натуға соңғы уақытта шұғыл кіріскен сыңайлы. Біз қазақ Мо­
мыш­ұлының ескерткіші өзі құрмет тұтқан орыс генералымен

Достық даңғылының басында қатар тұрып, бір жағынан, Рес­
пуб­ликадағы ең үлкен екі этностың достығын бейнелесе деп
едік. Амал нешік, қаражат кемдігінен көңілдегі көрікті ойдың
сәні кетіңкірейін деп тұрған сияқты.

1990 жылдың қарашасында Баукеңнің 80 жылдығына орай
үлкен конференция болып, соны өзім басқарып едім. Со­дан бері
жаңағы ескерткіштің жайымен бірге Момышұлы атын­да орден
белгілеу мәселесі де күн тәртібіне қойылып келеді. Қазақстан

әскерінің рухын асқақтату үшін мұндай ор­ден­нің қажеттігі кү­
мән тудырмайды. Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл
өз қаражатына Баукең атындағы медаль мен ерекше белгі жа­
сатып, соның нөмір біріншісін Елбасына табыс етті, он шақты

соғыс ардагерін марапаттады. Бұл да болса сүйініш.
Амандық болса, келешекте Баукең атында орден де болар.
Туған елі біртуар батырын ресми түрде Халық қаһарманы деп
білетін күн де алыс емес шығар.

– Әңгімеңізге рахмет, аға! Лайым, тілегіңіз періштенің құ­

лағына шалынсын.
2009 ж.

ҚАЗАҚТЫҢ ТЕКТІ ҚЫРАНЫ

«Елестеп өтті алдымнан
Жаралы жылдар бейнесі»
Қасым Аманжолов.
Ол тағдыр – қазақтың текті қыранының тағдыры. Қыран

бүркіт қашан да мәрт келеді. Қыран мекені қияда. Қыран
аңсары – күн астындағы шексіз, шетсіз кеңістік. Қыран сам­
ғауы зеңгір көктің төрінде. Қыранның шырқау биікті көк­се­

мейтін күні жоқ. Мұзбалақ қыран тұғыры – мәңгілік мұзарт­
тар. Қазақтың текті қыраны, жеті қат көкте жаумен қисапсыз
жағаласқанда жүрегі әсте шайлығып көрмеген, ел бағына ту­
ған қаһарман ұланы Талғат Бигелдинов даңқының, соны сүйін­

шілеп қуанған халық мерейінің биігі екі дүркін Кеңес Одағы
Батыры жұлдыздарының сөнбес жарығымен сараланады.
Қарт қыран бүгінде сексеннің жетеуінде. Әлі де сол мұ­зарт­
тағы тұғырында. Мәшинесін өзі айдайды. Көптен бергі сүйік­

ті хоббиі – бал арасын бабымен ұстап, омартасын Алатау аң­ғар­
ларында мұқияттап сайлайды. Жетпістен асқанда күр­кіреп жау­
ға шапқан баяғы Бөгенбай бабасындай, «Бетін ау­лақ қылсын,
бірақ күн туа қалса ұшаққ а отырып қайтадан сам­ғауға әзірмін!»

деп ширығуынан-ақ қайтпаған батыр сұсы бі­лінгендей. Соған
қа­рамастан батыр көңілі баладай риясыз. Күр­кірей аңқылдап кү­
лімсіреген батыр ағаның бала мінезінен қилы-қияпат жыл­дар­
ға мойынсұнбаған жан тазалығын та­ны­ғандай жадырай тү­се­

міз. Осынау қыран қазақпен аз-кем де болса әңгімелескен адам
оның сөзінен, мінезінен ертегі ба­тыр­ларының ерекшелігін бай­
қамай тұра алмас еді. Өзіміз байқадық.
Осы, Кеңес Одағының Батыры атағын бір емес, екі рет

ал­ған қазақ аз ба, көп пе? Мүлдем қисынға келмейтін сұрақ.
Екеудің бірі де емес, Бірдің өзі, нағыз дүрдің өзі Бигелди­
нов Талғат. Мұны айтып елдің есіне салғанда Американы қай­
тадан ашқалы отырған жоқпыз. Тек сонау қаһарлы соғыс жыл­

дарында Сталиннің жарлығы бойынша 80 жауынгерлік ұшу­
ды табысты орындаған ұшқышқа Батыр атағы берілетін бо­
лып белгіленген екен. Ал, біздің Талғат ағамыз болса, 305
мәр­те жауынгерлік тапсырмамен ұшып шығып, жауға сонша­

ма рет ойран салып шайқасқан, соншама рет өліммен бет­
тесіп, арпалысып айқасқан. Қарапайым арифметикаға салсақ
та, төрт немесе, кем дегенде, үш мәрте Кеңес Одағының Ба­
тыры болғандай екен! Әрине, екі Жұлдыз да тақиямызға тар

келмес. Күпірлік болмасын, бірақ көңілде күмән барын қай­
тіп жасырайық. Қазаққ а одан артықты қимаған, осы да же­
тер деген кердең пиғыл да болмай қалмаған-ау деп шамалай­
мыз. Ал мына екі мәрте Батыр атағын бермеске де Талғаттай

өреннің бірінен бірі асқан, толастамай үдемелеген ерен ер­
лігі ерікке қоймаған. Шабытты шағындағы болат топшы­
лы қы­зылшыл қыран қайтпас қайсарлығымен Жұлдызды жұ­
лып ал­ған, іліп түскен. Қиян-кескі сол күндердің өзінде не­

міс-кеңес майдан шебінің екі жағында да қысық көзді азиат

Би­гелдиновтің жаужүрек жалыны мен ұшқыш ретіндегі ше­
берлік шалымы аңызға айналғанын көзкөрген куәлар хатқа тү­
сірген, құжаттарда таңбаланып қалған. Шабуылдағы қазақ сұң­
қарының айла-тәсілі, қабілет-қарымы, ұшақты қапысыз мең­

геруі, ұрыстағы ұрымталдығы, өжеттігі өзгелерден оқ бойы
озық болып дараланғанын да сарғайған құжаттар, ескір­мес
естеліктер жырдай қып жеткізген. Осылайша жердегі жаяу
әскердің жортуыл-жорықтарында ғана емес, қазақ аты ас­пан­

дағы айқастарда да бірден-бір Бигелдиновтің арқасында айдай
әлемге әйгілене танылып, туған халқына мерей-мақтаныштың
кенен олжасын асқан бір дарқандықпен молынан салғанына
алғыс-рахметіміз де әрқашан айтыла беруі керек-ақ.

Сол бір отты күндерден бері де алпыстан астам жыл өтіп,
соғыс жаңғырығы алыстап барады. Бір майданда, бір елдің
қосыны болып тізе қоса соғысқан Ресейден де ірге ажыра­
тып, дербес байрақ көтергенімізге де жиырма жылға таяп ке­

леді. Ендеше, осынау, дүниені тітіреткен сұрапыл соғыстың
сол кездегі бас қаһармандарының бірі, қазіргі қарт қыраны,
ардагер жауынгері Талғат Бигелдинов хақында жаңа пайым­
ды жүрекжарды сөзді еліміздің бас газетінің бетінде айтқан

жөн сияқты. Алға озған уақыт, өркендеп өрлеген заман Батыр
орайындағы көзқарас-бағаны бір қағып-сілкіп, шаң-тозаңнан
тазартып, өмір жолын көз алдымызға елестете, оған деген ілти­
фат-құрметіміздің деңгейін сыни тұрғыдан тағы бір бағамдап

өтуге ишара ететіндей.
Жә, олай болса, аспан шайқастары ақиығының тәңірім жа­
рылқап тарту еткен талайлы тағдыры қалай, қай жерде, қашан
басталып еді?

Бұрынғы Ақмола-Қараөткел төңірегіндегі атақоныс, қа­зір­
гі Астана әуежайының орнындағы ескі Майбалық ауылында,
Бигелді қарттың әулетінде қазақтың болашақ даңқты ұшқышы
Талғат Бигелдинов дүниеге келеді. Сол бір аумалы-төкпелі за­

манда Майбалықтан басталған хикая Қордайдан асып, қырғыз
жеріне қарай бет алады. Ғали деген татар байының көп ма­
лын айдаған Бигелді балалары Жүсіпбек пен Жақыпбек Піш­
пек қаласының маңына жетеді. Ғали байдың өзі жоқ, қашып

кеткен. Малшылардың бастығы ағайынды жігіттер сол ара­
да қызыл әскербасы Михаил Фрунзенің корпусына тап келіп,
өзіне жолығады. «Ғали байдың малын айдап келдік, өзі жоқ,
малды не істерге білмей тұрмыз» дейді. «Сендер кімсіңдер?»

десе, «Бигелді балаларымыз» дейді. Фрунзе: «Ғали бай Қы­

тайға қашып кетті, малды бізге тапсырыңдар» дейді. «Олай
болса, мейлі, алыңыздар, – дейді Жүсіпбек, – тек, әй, русский
нәшәндік, бізді мал берді деп пиши бумага, пиши бумага!».
Фрунзе сөзге келместен дереу: «Я, главнокомандующий Тур­

кестанским военным округом М.В.Фрунзе, принимаю скота
Гали бая от чабанов Бегельдиновых Жусупбека и Жакупбе­
ка и других, в составе: 20 тыс. овец, 500 крупного скота» де­
ген мағынадағы қолхат жазып, мөрін басып береді. Малшы­

ларды да қанатының астына алып қолдарына бір-бір мылтық
ұстатады, етік, шинель, буденовкамен жарылқап әскерше киін­
діріп қойып, малды одан әрі қаратады. Сойыс-мұқтажға мал
сұраса беріп тұрыңдар деп тапсырады. Ал мұның нағыз әусе­

лесі басқада. Тағдыр жазуының ғажабына қараңызшы, қызыл
сардар Фрунзенің нақ осы қолхаты он сегіз жыл өткенде
жасөспірім Талғаттың ұшқыштар мектебіне оқуға қабыл­да­
нуына бірден-бір шарапат-септігін тигізген ақжолтай құжат

болды.
Батырдың балалық шағы қалай өтті дегенде, соншалықты
бір тауқымет, қиыншылық көрді деуге келмес. Ел қатарлы күн
кешті. Бәлкім, басқа құралпастарынан бақуаттырақ та болған

шығар. Атасы Жүсіпбек «Кожа-Синдикат» мекемесінде жұ­
мысшы боп, кейін мал базарында істеді, әкесі Жақыпбек арба­
кеш болды. Екі отбасы Пішпектің шет жағында, бөлектенбей,
бір қорада тұрды. Асып кетпегенмен, ашқұрсақ емес. Бере­

ке-бірлікте, тату-тәтті. Мейір де жеткілікті. Төрт-бес бала. Ең
кішкентайы Талғат. Райхан, Рахима, Кәрім деген бауырлары­
мен ойнайды. Сол кезде Пішпекте орыс, ұйғыр, татар мектеп­
тері болып, қырғызша және қазақша мектептер болмаған екен.

Сөйтіп, Талғат татар мектебіне барып тіл сындырады. Осы
жағдай қазақшасына ара-тұра қырғыз және татар мәнерін ара­
ластыра сөйлейтін Талғат ағамыздың лексиконынан әлі күнге
байқалады. Әрі сонысы, батырдың тағы бір ерекшелігіндей,

құлаққ а әуезді де жағымды естіледі.
Бигелді атасының 101 жасап қайтқан қарындасы – Қадиша
әжесі кішкентай Талғатты керемет жақсы көрді, бар мейірімін
төге тәрбиеледі. Әкелері 1931-1932 жылдардағы ашаршылық

қысыңқыраған уақыттарда еттірілік танытып, колхоздан жалға
жер алып, тау жақтағы ай далада пияз, жүгері екті. Үй іші ал­
ты ай жаз бойы тайлы-тұяғымен түгелдей егістік басында бо­
лады. Сонда әжесімен бірге қалып үйді қарайтын, бие мен

сиырды бағып, сауатын да Талғат еді. Өстіп еңбекке, елге­

зектікке баулынды. Қара жұмысқа қаршадайдан қатып-пісіп
шынықты.
Осындай шыныққ ан шымыр жасөспірімнің Фрунзе аэро­
клубында үздіктер қатарында болуы таңданарлық та жайт

емес-тұғын. Тек аэроклубтың ұшу даярлығы жөніндегі бас­ты­
ғы Цурановтың: «Тамаша ұшады. Нағыз жас қыран! Барлау
авиациясы мектебіне жіберсе, тіптен жақсы» деп қолдап мақ­
тағанына қарамастан, ұшқыштар мектебіне іріктеу үшін кел­

ген комиссияны басқарушы капитан шалбары жамау, көзге қо­
раштау бұған қарап: «Ей, ты, байский сын, тебя не возмём!»
дейді. «Какой я байский сын!» деп жылап жіберердей тұра жү­
гірген бойы құстай ұшып үйіне келеді. «Әке, сен бай болған

екенсің ғой! Мені алмай жатыр анда!». «Айналайын, балам-ау,
ана күзгінің артында қағаз бар, соны апарып көрсетші» дейді
әкесі Жақыпбек. Сол арада Талғат Фрунзе берген қолхатты та­
уып алып, аэроклубқа қайтадан жүгіреді. Екі лейтенантымен

бірге әлгі капитан отыр екен, алқынысы басылмай: «Никакой
я байский сын! Вот! Скот сдавал Советской власти. На-те!»
деп дауысы қаттырақ шығып, қолхатты алдарына атып ұрады.
Аналардың көздері адырайып кетті дейді. Қолхатты бірінен

соң бірі алып оқып, бір-біріне қарап, ұзақтау үнсіздіктен кейін
капитан айтады:

– Бигельдинов, ты принят в лётную школу!

Қыран самғауының алғашқы ақ жолы атақты Фрунзе бер­
ген бір жапырақ қағаздың арқасында осылай ашылып еді. Ол
кездерде қазақ баласына тым сирек бұйырған бақыт болатын
бұл. Әуелі Саратовтың арнайы барлаушылық ұшқыштар авиа­

мектебіне оқуға жіберілді. Оны бітірген соң Чкаловтағы 3-ші
бомбалаушы және 1-ші жойғыш авиациялық ұшқыштар мек­
тептерінде аспан қыраны мамандығының қыры мен сырын
тәп­тіштеп меңгерді. Одан соң ИЛ-2 шабылдаушы ұшағында

ұшу­ға үйренуден өтті. Осының бәріне ұзын-ырғасы екі жа­
рым жыл шамасында уақыт кетті. Тек содан кейін ғана, 1942
жыл­ғы желтоқсан айында Талғат Бигелдинов кейіннен 144-
ші гвардиялық деп аталған алғы шептегі 800-ші шабылдаушы

авиаполкке келіп қосылып, соның құрамында соғыстың соңғы
күндеріне дейінгі бүкіл от-жалынды бастан өткере кешіп өтті.
Осы арада Талғаттай қыранның пырағы – ИЛ-2 ұшағына
сипаттама берудің кезі келген сияқты. Жалпы авиация шабуыл­

даушы, қырып-жойғыш, бомбалаушы, барлаушылық деп бір­
не­ше түрге бөлінеді ғой. Соның ішінде шабуылдаушы авиа­

цияның негізгі міндеті жер бетіндегі жаудың адам күші мен
техникасын құрту болып табылады. Осы міндетті атқарушы
ИЛ-2 ұшағы екі зеңбірек, екі пулеметпен жабдықталған. Жет­
кілікті мөлшерде «Катюша» атымен реактивті снарядтары мен

бомбалары бар. Зеңбірек гашеткаларын басып оқ атқан кезде
сырт-сырт еткен фотоқондырғылар қоса жұмыс істейді. Сөй­
тіп ол кездегі ИЛ-2 дегендеріңіз алапат күш-қару саналып, олар­
ды көргенде жаудың үрейі ұшатын.

Атап көрсететін бір жағдай сол, болашақ батырдың ұшу-
техникалық даярлығының ғаламат тиянақтылығы мен тың­ғы­
лықтылығы. Бигелдиновке берілген сипаттама-мінездемелер­
ден оның қырандық қасиетінің қалыптасқан нышандары бай­

қал­ғандай. «ИЛ-2 ұшағын меңгеруі тамаша. Ұшуды жақсы
кө­реді, ұшқан кезде шаршамайды. Еңбексүйгіш. Үйренудегі
ұғым­талдығы ғажап. Әуеде сабырлы, сеніммен ұшады» деген
бағаларға лайықтылығын ол соғысқа кірген алғашқы күн­дер­

де-ақ дәлелдейді.
Бір ғажабы, Бигелдинов үшін соғыста үйрену кезеңі, бір­
тіндеп бейімделу мерзімі болған жоқ. Алғашқы шайқастан-ақ
сөздің шын мәнінде жауға жасындай тиді. 292-ші шабылдау­

шы авиадивизияның бұрынғы командирі, авиация генерал-пол­
ковнигі, Кеңес Одағының Батыры Н. Каманиннің куәлігіне жү­
гінсек, тұңғыш жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде-ақ
оның салған беттен нысанаға сәтті шүйілгендігі сонша, бом­

балар бензин қоймасына қолмен қойғандай дәлдікпен түсіп, ал
екінші мәрте шүйілгенде қару-жарақ қоймасының күлін көкке
ұшырып өртеп жібереді. Кәнігі ұшқыштардың өздерінде де
мұндай тас-түйін шалымдылық сирек кездеседі екен. Ал, Би­

гелдинов болса бірден-ақ кемел шеберлікке жеткен. Сорғалап
құйылғанда түлкінің ғана емес, арлан қасқырдың да белін үзіп
жіберетін қазақ қыранының алғырлық қасиеті осындай бол­
са керек-ті.

Майдандағы қазақ қыраны тынымсыз ұшты. Ол шабуыл
соққ ыларының қапысыз шеберіне, мүлтіксіз мергеніне, өткір
жанары қиядағыны шалатын аспан барлаушысына айнал­
ды. Көк тәңірісі қыран бүркіт десек, сол қанқасап соғыстың

ас­пан­да­ғы ай­қас­тарының құдіретті қыран бүркіті осы Талғат
еді. Келе-келе оны ұрыстарға топтың сардар серкесі етіп сала­
тын бол­ды. Нақ 1943 жылы майдангер ақын Қасым: «Білмей­
мін, қай­­да жо­ғалттым, Сескену, қорқу дегенді!» деп тура дәл

осы шақ­та жау аспанында нажағайдай жарқылдап, жасын ой­

ната шаңқылдаған жас қыран інісі Талғатқа арнап айтқандай
екен. Жаңағы жарқын тұлға Каманин: «Қазақ халқының осы­
нау даңқты ұлы күрес пен жеңістердің тамаша жолынан өтті.
Мен үшін оның марапатқа, офицерлік атаққ а ұсынылған қағаз­

дарына қол қою да бір ғанибет болатын еді» дейді. Бұдан біздің
қайсар батырдың от кешкен ортасындағы сыйлы-сүйкімділігі
де аңғарылғандай.
Үш жүз бес рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып ұрыс са­

лып, майдандасты деп айтуға ғана оңай. Басты гәп жан алып,
жан берісе жағаласқан сол жанталастарда жеңіп шығу болса,
Талғат соғыста 305 рет жеңіске жетті, жауынан мерейін 305
рет үстем етті. Ерліктің мақсаты әрдайым жеңіске жетіп оты­

ру болса, сол қасиетті мақсат биігіне Бигелдинов мәрттікпен
көтеріле білді. Ол жер жастандырған жау саны, талқандаған
техника мен жабдық-жарақ, дұшпанды ойрандатқан шығын
молая берді. Бір өзі алғашқы он ұшу жорығында-ақ дұшпанның

Демьян тобындағы 10 автомәшинесін, 2 зеңбірек, 4 дзотын,
100 шақты гитлершіл мен бір жойғыш-қырғиын құртып жі­
берген. Сол ерлігі үшін ең алғаш рет Екінші дәрежелі Отан
соғысы орденін алды.

Харьковтағы жау аэродромын шабуылдау кезінде жағ­дай­
дың аса күрделі қиындығына қарамастан, Талғат Бигелди­
нов зе­нит­калардан жауған қалың оқтың арасынан аман өте
біліп, жеке өзі фашистік екі истребительді жойып, бірнеше

бомбалағышын зақымдап қатардан шығарды. Осы Харь­ков­
тың түбінде өз ұшағы құлатып түсірілгенде тіршілік тай­та­
ласындағы қыңбас қайсарлығы тағы танылды. Жау тылында
адаса жүріп, азапқа төзген жаралы сайыпқыран өзін әлдеқашан

өлдіге санаған үйіріне қайта қосылып, сауыққ ан соң шайқас
көгінде, сайыс төрінде қайтадан қиқулап самғады, жау көзіне
әзірейілдей көрініп, ажал төндірді. «Мені атып түсірген ер
кім, соны көрсетіңдерші?» дейтін неміс майталманының сол

кездерде Талғаттың өнеріне табынды демесек те, таң қалғаны
шындық. Бигелдинов бара-бара ұрыстарға штурмовиктердің
үлкен топтарын бастап шығатын болды. Қиян-кескі қатал ұрыс­
тардың от-жалынында шыныға түсті, шайқастағы шеберлі­

гін шарболаттай шыңдай түсті, шабуыл соққ ысының нағыз
сой­қан көкдауыл перісіне айналды. «Ұшатын танк» атанды­
рып, ИЛ-2 ұшағына да дем салып, даңқын шығарушылар осы
Тал­ғаттар. Ал неміс солдаттары ИЛ-2-ге «Қара тажал» деп ат

қойған екен.

Соғыста ерлік көрсеткіші жауға келтірілген шығынмен
есеп­теледі. Тек Днепрдің оң жағалауынан плацдарм алу жолын­
дағы ұрыстарда ғана Т. Бигелдинов 10 танкті, 32 автомәшинені,
18 ат-арбаны, 8 зеңбіректі жоқ қылып, 180 неміс солдатын

жер жастандырды, әскери қоймаларда жойқын өрт шығарды.
1943 жылдың желтоқсанында Талғаттың звеносы Шевчен­
ко қаласы маңында 16 истребитель қорғаған, әскер, техника
мен қару-жарақ әкеле жатқан үш эшелонды талқандап, жау

ұшақтарының үшеуін құлатты. Жол істен шығарылып, пойыз­
дар қозғалысы тоқтап, соның нәтижесінде дұшпанның белгі­
леген қарсы шабуылын болдырмай тастады.
Айта берсе, мұндай мысалдар көптен де көп. Жермен-жек­

сен етілген танк колонналары, автомәшинелер керуені, қару-
жарақ пен бензин қоймаларында қисап жоқ. Бұл ғажап ерлік­
тердің барлығы Талғат аға штурмовигі фотоаппаратының су­
рет­терінде паш етілген, Ұлы Отан соғысының жәдігерлі ше­

жі­ресіндегі өлмес, өшпес жырдай қатталып сақталған. Күллі
адамзаттың жан-жүрегіне алапат жара түсірген сол қанды қыр­
ғын, қияпат соғыста неше неміс өлтіріліп, қанша паровоз бен
қару-жарақ қоймасы қиратылып, неше «мессершмит» атып тү­

сірілгенінің дәл есебіне бәрібір жете алмаспыз. Оны тізбелей
бергенмен ерлік киесін солдаттың ғашық жары жолдаған кес­
телі орамалдың шетіне сусардай түйе де алмаспыз. Бізге де
Бигелдиновтің қанша жауды өлтіргені қызық емес, сол арқылы

қанша отандас бауырларының өмірін сақтағаны қымбатырақ.
Қыран ерлігінің ұрпақ жатқа айтар өмір жырына айналуы да
сондықтан болар.
Сол жырдан бір мысал келтірсек, 144-ші гвардия авиа­пол­

кының ардагері Я. Шапочка Талғат ағамыз жөнінде былай те­
біренеді: «Біздің әуе армиясында Бигелдинов ең сайыпқыран
ұшқыш-штурмовиктердің бірі деп саналды. Ол полкымыз үшін
ғана емес, сонымен бірге дивизия, корпус және бүкіл әуе ар­

миясы үшін және тіпті, жаяу әскер бөлімдері үшін де барлау
жүргізді. Мен нақ осы Талғат Бигелдинов басқарған барлау
эс­кадрильясының ұшақтарын ұшуға дайындағанымды мақ­та­
ныш етемін».

Иә, алып-қосары жоқ риясыз сезім, батырға деген ізгі іл­
тифат осылай ақтарылған. Айлар өте берді. Сұңқар Тал­ғат Ка­
линин, Воронеж, Далалық, 2-ші және 1-ші Украин май­дан­да­
рын­дағы шайқастарға қатынасты. Ерлік қимылдары ұлғая

бер­ді, батырлығы мен батылдығына ешкім талас тудырмады.

Со­ғыс жылдарында ІІ дәрежелі Отан соғысы, екі мәрте І дә­
ре­желі Отан соғысы, екі рет Қызыл Ту, Александр Невский,
ІІІ дәрежелі Даңқ, «Қызыл Жұлдыз», «Жеңіс» ордендерімен,
Поляк Әскерінің «Алтын Кресімен» марапатталып үлгерді.

Абайша толғасақ, сүйінерге жарар ұлды елі де сүйді. 1944
жылдың 26-қазанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының
Жарлығымен Талғат Бигелдиновке Кеңес Одағының Баты­
ры атағы берілді, ал 1945 жылдың 27-маусымындағы Жарлық

оның төсіне екінші Батыр Жұлдызын жарқырата тақты. Бү­
кіл соғыстың өн бойында жау жайлаған жерлердің аспанын­
да жалпы жиыны 500 сағаттан астам ұшқанда бір де бір рет
бағытынан жаңылып көрмеген бағдаршыл болжампаз да біз­

дің Бигелдинов болып шықты. Бірінші Украин майданында
420 жауынгерлік ұшуды шығынсыз атқарған оның эскадрилья­
сы полкта бірінші орынды ұстап тұрды. Оның жауынгерлік
іс-қимылының асқан тиімділігі мен пәрменділігін 158-ші ис­

требительдер авиаполкының командирі Кеңес Одағының Ба­
тыры гвардия майоры Н. Лощак, 152-ші гвардиялық истреби­
тельдер авиаполкының командирі екі дүркін Кеңес Одағының
Батыры гвардия майоры С. Луганский растап айғақтады, фото­

бақылаулар куәландырды. Оған Батыр атағы берілуін даңқты
қолбасшылар армия генералы Р. Малиновский мен маршал
И. Ко­нев және басқа әскер сардарлары қызу қуаттап қолдады.
Алғашқы Батыр атағына ұсынылған құжатта Талғат аға­

мыздың ұрыстағы қаһармандығы неғұрлым дәлірек сипат­тал­
ған деп ойлаймыз. Онда былай деп көрсетілген: «Бірінші гвар­
диялық шабуылдаушы авиакорпустың 800-ші полкының құ­
рамында Калинин, Воронеж, Далалық және 2-ші Украин май­

дан­дарындағы ұрыстарға қатыса отырып, 155 жауынгерлік
ұшу жасады. Өзі басқаратын эскадрильясымен 1670 жауын­
герлік ұшуды орындап, бірде-бір рет бағдардан жаңылмады,
өз әскерлеріне жаңсақтан соққ ы жасау оқиғасын болдырма­

ды. «Круг» ұрыс тәртібімен жауға соққ ы жасау жөніндегі так­
тикалық тәсілді тамаша меңгеріп, неғұрлым тиімді әрі шы­
ғынсыз шабуылды қамтамасыз ету үшін өз ұшқыштарын осы
тәсілге күнделікті үйретіп отырды.

Сәтті орындалған 155 жауынгерлік ұшуда көрсеткен ер­
лігі мен жаужүректігі, жаудың бес ұшағын атып түсіргені үшін,
Александрия, Знаменск, Кировоград қалаларын азат ету жо­
лындағы шайқастарда қаһармандық танытқаны үшін, біздің

әскерлердің мемлекеттік шекараға шығуы кезіндегі ұрыстарға

қатысқаны үшін, дұшпанның адам күші мен техникасына ой­
сыратқан үлкен шығын келтіргені үшін – Кеңес Одағының Ба­
тыры атағына лайық».
Соғыс жылдарының сарғайған парақтары осындай ерлік

сырларын шертеді. Екінші Жұлдызға ұсынылған сипаттама­
да да жеке өзінің қаншама ұрыс техникасы мен жау әскерін
жойғандығы жөнінде бұлтартпас деректер келтірілген. Бұл жо­
лы да Львов-Сандомир операциялары кезінде жеке өзі және

топ бойынша 420 сәтті жауынгерлік ұшуларда көрсеткен ер­
лігі мен өжеттігі және Висла, Шпрее, Нейс өзендерінен өтуді
қам­тамасыз еткендігі, осынау сайыпқырандықтың батыр ата­
ғына әбден лайықтылығы атап көрсетілген.

Талғат Бигелдинов аспан шайқастарының саясат-сырла­
рын, ұңғыл-шұңғылын жете меңгерген саңлақ болды. Польшаға
кірген уақыт. Бір батальон Висла өзенінің ар жағына өтіп, Сан­
домир қаласы тұсынан шағын плацдарм алып бекініпті. Не­

містер қайткен күнде де осы плацдармды құртуды ойлайды.
Талғаттың бір әдеті, барлауға түнгі уақытта шығатын. Бір жо­
лы таң атып қалған кезде алыстан бұрқылдаған шаңды көреді.
Анықтап қараса, 40 шамалы танк соқтыртып келе жатыр. Біздің

плацдармдағы батальонға 50 шақырымдай қалған. Жетсе бол­
ды, таптап тып-типыл қылып өтпек. Талғат дереу жерге хабар­
лайды: Резеда! Резеда! Мен – Бигелдинов! Осындай да осын­
дай. Жақын маңдағы кез келген аэродромға қонып, ұшақтар

то­бын алып шабуылдауға рұқсат етіңіз... Сол арада Талғат аэ­
родромға қонып, жанармай құйғызып алады да, әзір тұрған
24 ұшақты бастап барып әлгі мұздай құрсанған танктардың
тас-талқанын шығарады. Сонда танктар плацдармға 10 ша­

қырымдай жақындап келіп қалыпты. Енді 10 минут кешік­
кенде батальонды құртады екен... Маршал Коневтің айрықша
алғысын алып, ықыласына бөленгені осы жолы еді.
Дәл Жеңіс күні, 9 мамырда соғыстың соңғы нүктесін

қою құрметі де қазақ қыранының пешенесіне жазылыпты.
Сол күні ертемен Талғат комдив Дольченкодан: «Бүкіл эска­
дри­льяң­мен Праганың күнгей шетінен жер бауырлап ұшып
өт!» деген шұғыл жауынгерлік тапсырма алады. Сөйтсе, қа­ла­

ның оңтүстік жағына орнығып алған бір эсэс дивизиясы «сөз­
сіз тізе бүгуді» мойындамай, қарсыласып жатқан көрінеді.
Үс­терінен қара бұлттай төніп Талғат эскадрильясының бо­
лат беренді сұңқарлары шүйіле қаптап ұшқанда жау жүйкесі

бырт-бырт үзіліп, солдаттар үрейлері ұшқаннан тоңқалаңдап

жата қалып, қолдарын көтеріп беріле бастады. Оқ жұмсамаған
психологиялық әуе шабуылы діттеген мақсатына осылайша
жетті. Сонда құлақтағы радиоқондырмадан: «Молодец Бе­гель­
динов! Задание выполнен! Возвращайся домой!» деген ко­ман­

дирінің саңқылдаған шат дауысын естіген Талғат сұң­қар­ла­рын
соңынан ертіп, соғыстың соңғы нүктесін қойып, Дрезден тү­
біндегі тұрақтарына жеңіс жалауын желбіретіп оралып еді-ау.
Соғыс біткеннен кейін Талғат Жақыпбекұлы Әскери-Әуе

академиясында оқып, Кеңес Армиясындағы бөлімдер мен құ­
рамалар командирі, штаб бастығы мәртебесін еншілеткен дип­
лом алып шықты. Әскер қызметінде реактивті ұшақтарды иге­
румен шұғылданды. Бір жолғы сынақ ұшуы кезінде апатқа

ұшы­рады, алты ай бойы ажалмен арпалысты. Асыл тек бұл рет­
те де арымады. Екінші топтағы соғыс мүгедегі болса да бей­
біт өмірден өз орнын табуға құлшынды. Фрунзеден лайықты
жұмыс бере қоймағасын, онсыз да туған ел, туған жерге бүйрегі

бүлкілдей бұрып аңсап жүрген Талғат ағамыз ордалы отбасы­
мен қотарыла көшіп Алматыға келген. Бейбіт өмірдің де ой-
шұқыры соғыстағыдан көп болмаса аз емес қой. Ақыры, Кеңес
Одағының Азаматтық авиация бас басқармасына жағдайын

ай­тып хат жазуға мәжбүр болған. Сөйтіп, Қазақстанның Аза­
маттық авиация басқармасы бастығының орынбасары болуға
Талғат Жақыпбекұлының келісімін сұраған сәлемхат та көп
ұзатпай келіп қалды. Иә, әрине, келіседі! Бұл 1956 жыл бола­

тын. Сөз басында айтқанымыздай, Бигелдиновтің маңдайына
бұйырған ерекше тағдырдың екінші бір арналы тарауы, аса
маңызды саласы осы тұста, туған елінің төрінде бастау алды.
Ол нендей тарау десеңіз, азаматтық авиацияның Қа­зақ­стан­

дағы жай-күйі мүлдем нашар еді. Тіптен, Республика басшы­
лары Москваға бару үшін сағатына 200 шақырымдық ЛИ-12
ұшағымен әуелі Ташкентке жетеді. Ондағы әуежайда сағаттап
сарыла күтіп, билет алып, содан кейін ғана ИЛ-18 ұшағымен

Москваға ұшады. Қайтарда тағы солай. Себебі, Алматыда ИЛ-
18 ұшып-қонатын асфальтты, бетонды берік алаң жоқ. Бұл
жағ­дайға намыстанбаса Бигелдинов Бигелдинов болар ма! Ба­
тырлығына баспай тұра алмады. Басшыларға тынымсыз талап

қойды. «Мынау сұмдық қой!» деді Жұмабек Тәшеновке. Рес­
публиканың басқа басшыларына да мән-жайды баяндап, тиіс­
ті ұсыныспен шықты. Сөйтіп көп ұзамай батырдың қам­шы­
лауымен, белсенді бастамасымен Үкімет республикада аза­мат­

тық авиацияны өркендетудің, оның негізін құрудың жоспарын

әзірледі. Құдіреттің бұйрығымен осы тағдыршешті жоспарды
жүзеге асырушы да еліміздің бас ұшқышы, бас қыраны Талғат
Бигелдинов болғандығына қайран қалудың өзі де қисынға
кел­мес. Оның басшылығымен һәм тікелей қатысуымен ауыр

ұшақтарға арналған Алматы аэродромының, ондағы ұшатын
және қонатын жолтабанның құрылысы қолға алынды. Жұмыс
жо­ғары сапада, жедел қарқынмен жүргізілді. Жолтабан са­
лу жөніндегі үкімет тапсырмасын мерзімінен бұрын табысты

орындағаны үшін 1958 жылдың 18 қазанында Талғат Жа­қып­
бекұлы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен
марапатталды. Батыр ағамызға Тәшенов сынды атпал тұл­ға­
ның қолынан алған осы бір Грамота тым ыстық, Батыр Жұл­ды­

зынан кем санамайды. Осылайша Алматыдан Москваға тіке­
лей әуе жолын тартудың да бастауында Бигелдиновтің тұрғаны
тегін емес, жазмышты нышан демеске лажымыз қайсы.
Осыдан соң-ақ аэродромдар мен ұшып-қонатын жолта­бан­

дар салу бүкіл Қазақстан бойынша кең қанат жайды. Талғат
Жа­қыпбекұлы бұл іске асқан жігер-құлшыныспен, жанкеш­ті­
лікпен кіріскені сонша, осы орайда өзіне республика тас жол­
дар бас басқармасы бастығының орынбасары Леонид Гонча­

ров сынды пікірлестер, қолдас әріптестер іздеп тапты, облыс­
тар мен қалалардың басшыларын осызамандық әуежайлар
мен ұшақтарды қондырып-ұшыратын алаңдар салуға үгіттеді.
Өзі жаңа мамандығын жете меңгеру үшін Москваның инже­

нерлік-құрылыс институтына сырттай түсіп бітіріп алды. Ұш­
қыштығына қоса енді құрылысшы да болды. Аэродром­дар
құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларын жа­сау­дағы,
басқадай шаруаларын реттестірудегі Бигелдинов – Гон­чаров

тандемі азаматтық авиациямызды дамытуда таңдай қа­ғар­лық
толымды нәтижелерге қол жеткізді дей аламыз.
Алматыдан соң Балқаштың әуежайын қолға алған. Одан соң
Бигелдиновтің басшылығымен Ақмолада, Павлодар­да жә­не Гу­

рьев пен Оралдан басқа барлық облыс орталықтарында сол уа­
қыттардың талабына әбден сәйкесетін ұшу-қону алаң­дары бар
аэродромдар салынды. Қазақстан үшін бұл жағ­дай­дың әрі эко­
номикалық та, әрі әлеуметтік әрі моральдық-пси­хологиялық та

маңызы зорлығын айтып жатудың өзі ар­тық. Сондықтан да Талғат
Жақыпбекұлын 1963 жылдың 9 ақ­па­нында марапаттаған өз Құрмет
Грамотасында Қазақ КСР Жо­ғарғы Кеңесінің Төралқасы «рес­
публикада азаматтық аваицияны өркендетуге белсенді қатысқаны

үшін» деп айрықша атап көрсеткені де сол болатын.

Осы арада Талғат Бигелдиновке тәңір тарапынан ерек­ше
бақыт бұйырғанын тағы бір қайталап айтпай кете алмаймыз.
Ақмола төңірегін зерттеп тексеріп қарай келгенде әуежай құ­
рылысын салуға барлық параметрлері бойынша Талғат аға­ның

туған ауылы Майбалықтың маңайы сәйкес боп шық­ты. Сон­
дай тамаша! Құдай әдейі аэродром салуға арнап жа­рат­қандай!
Құрылысын да қыран перзентінің өзі жүргізді. Мос­квадан ал­
ғаш ИЛ-18 ұшағы келіп қонғанда Майбалық ауы­лының кем­

пір-шалдарын, келіншектері мен балаларын ұшақ­қа отырғызып
Ақмола аспанында серуендеткен сондағы сері күндер-ай десей­
ші! Еліміздің бас қаласы Астананың әуе­жайы халқымыздың бас
ұшқышы, батыр қыранының ауылына осылай орнаған. Мұны

қалай тәңірдің бұйрығы, тағ­дыр­дың сыйы демессің.
Бұдан соң құрылысқа құсы түскен Бигелдинов тағы да
Үкімет тапсырмасымен Лисаков кен-байыту комбинатының
құрылысына кірісті, одан соң Жамбыл суперфосфат комбина­

тын, Алматыдағы Республика сарайын, республикалық кітап­
хана ғимаратын салды. Осы жылдарда өзінің құрылысшылар
ұжы­мымен барлық облыстарда автодромды автомектептер
тұр­­ғыз­ды. Осынау адамның осындай таусылмас қажыр-қай­

ратына кім де болсын тәнті болғандай. Сөйтіп, 1972 жылы
шар­­уа­­­шы­лық ор­гандардағы белсенді жұмысы үшін берілген
Қа­­зақ­стан Жо­ғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы да көп күт­тір­
меді. Осы­лайша Талғат Бигелдинов ағамыздың республикаға

сіңірген ерен еңбегі, еңбектегі ерлігі майдандағы қыран қа­һар­
мандығымен парапар болды деп айта алсақ керек. Өнеге, ғиб­
рат осындай-ақ болар.
Бүгінде Талғат Жақыпбекұлы тәуелсіз елінің өркендеріне

қуанулы. Халық құрметіне бөленген. Елбасы да ілтипатынан
әсте қалдырмайды. Егемен елінің де марапаттарынан кенде
емес. «Отан», І дәрежелі Даңқ ордендерімен мерейленуі соның
айғағы. Ақтөбе Жоғары азаматтық авиация ұшқыштар инсти­

туты мен Қарағанды республикалық авиациялық училищесіне
екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің есімі
берілген. Бірнеше қалалардың құрметті азаматы. Ел өмірін қа­
дағалап, үн қосып отырады. Кейбір өкпе-назы болса ішінде

шығар, сыртқа шығармайды.
Ерекше тағдыр еншілеген қазақтың осындай текті қыраны
болғанға мың шүкір. Қарт қыранға қарап бой түзейтін ұлан-
ұрпақтарымыз мол болғай...

2009 ж.

ҚАЙСАР ҚАЗАҚ

Әңгімені өз кейіпкерімізге деген Елбасы ілтифатынан бас­
тап таратайықшы. Академик Серік Қирабаевтың куәлігіне жү­
гінсек, Тың игерудің 40 жылдығы атап өтілетін 1994 жылдың
ерте көктемінде Нұрсұлтан Әбішұлының мынадай сәлемі же­

теді. «Республикада тың көтерудің негізгі жұмысын атқарған

– жастар. Соларды осы іске бастаған сол кездегі комсомолдың

белгілі қайраткері Сағындық Кенжебаев еді. Сол кісі салтанатқа
қатыссын» депті Президент. Әлбетте, мұндай ғанибетті сәлем
зор алғысты сезіммен қабыл алынғанына сөз бар ма.
Сөйтсек, Президенттің Сағындық ағасына жасаған құрметі

жалғыз бұл емес екен. 1988 жылы Министрлер Кеңесінің төр­
ағасы мәртебесімен комсомол ардагерін арнайы қабылдап, сон­
да елуінші жылдары Теміртаудағы металлургия өндірісіне ком­
сомолдық жолдамамен барғанын еске ала отырып: «Сол кезде

комсомолды сіз басқаратын едіңіз» деп ізет білдіргені де әлі
ұмытылмаған, көңілді тербеп қоятын сүйініш.
Осы орайда бір куәлікті алға тартсақ, қазіргі журналист
қауымының көбінің қадірменді ұстазы Әбілфайыз Ыдыры­

сов 1963 жылдың жазында өзінің Никита Хрущев патшаның
күйеу баласы, «Комсомольская правданың» бас редакторы, әй­
гілі Аджубейдің қабылдауында болғанында естіген бір сөзін
реті келгенде жырдай қылып айтудан жалыққ ан емес. «Мен де

Қазақстанның казак-орысымын, сондықтан сізге жерлеспін»
дей келе, Аджубей Әбекеңе екі сұрақ қойыпты. Оның біріншісі:
«Жерлес, Идрисов жолдас, сіздің ең сүйікті жазушыңыз кім?».
Екіншісі: «Бұрынғы хатшыларың Кенжебаев жолдас қандай

адам еді?». Әбекең бірінші сұраққ а мүдірмей де кідірмей: «Ең
сүйікті жазушым Мұхтар Әуезов!» деп бірден жауап береді
де, екінші сұраққ а қапелімде не дерін білмей күмілжіңкіреп
қалады. Сонда Аджубей: «Ай, қазақтарым-ай, жерлестерім-

ай, өздеріңнің мықты адамдарыңды білмейсіңдер. Кенжебаев

– мықты қазақ!» деп аса бір сенімділікпен айтқан екен. Қырық

жыл өткенде Елбасы есіне алған қадір-қасиеттің сыры неде?
Заманында азуын айға білеген Аджубейлерге мойындаттырған
мық­тылықтың құпиясы қандай? Халқымыздың заңғар тұл­ға­
лары: Жұмабай Шаяхметовтен бастап Дінмұхамед Қонаев­қа

дейінгі аралықтағы П.К. Пономаренко, Л.И. Брежнев, Д. Яков­
лев, Н.И. Беляевтердің бәрімен қызметтес болып, айрықша қа­
білет-дарынымен өзін сыйлата білген адам осал болуы мүм­кін

де емес-ау. М. Горбачев, Э. Шеварднадзе, А. Шелепин, В. Се­
мичастный сынды дүйім дүниеге танымал саясаткерлермен ке­
зінде қатар жүріп, қатар тұрған, айтқанын тыңдаттырған, ай­
бынымен санастырған азаматтың парасат-өресі төмен болушы

ма еді. Ұлтымыздың ұлық жазушысы Әуезов ризашылықпен
маңдайынан сүйген, дана Димекең: «Сәке, сен қазақ жастары­
нан бірінші рет БЛКЖО Орталық Комитетінің Бюро мүшесі
болып, басқаларға жол аштың» деп табысына риясыз қуанған

жігіт аймаңдай бекзат болмай қайтеді. Осы аймаңдай азамат
1951 жылдың қарашасынан 1960 жылдың ақпанына дейін –
аттай 10 жыл бойы Қазақстан комсомолының басшылығында
болып келіп, ақырында, арандағанда да – ақиқат үшін аран­

дап, күйгенде де – халқы үшін, қазағы үшін күйіп еді. Және
онысы үшін ешбір өкінген де жоқ еді. Қалай болғанда да ел
тарихының сол бір талайлы да талмау кезеңіндегі Кенжебаев
феномені қызығарлық та, тағлым аларлық та жағдай.

– Сағындық аға, сіздің пешенеңізге ылғи қатарыңыздан озып,

үздік болу жазылған сықылды. 18 жасыңызда Қарқа­ра­лының
Абай атындағы педагогикалық училищесін үздік бі­тіріп­сіз.
Одан 1942 жылдың жазында соғысқа аттанып, оқ пен оттың ара­
сынан аман келген соң небары екі жылда екі бірдей жоғары оқу

орнын – Мәскеудегі Жоғары комсомол мектебі мен Ло­моносов
атындағы мемлекеттік университетін тағы да үз­дік тә­мамдапсыз.
Әйтеуір, бойыңыздағы қасиет-қабілеттің осы ерек­шелігі сізді
комсомолдың биік тұғырлы қызметтеріне бастағандай

– Солай да болар. Оған қоса ғаламат соғыста шыңдап шы­

нықтырған өмір мектебі. Бір жағынан, тағдыр. Кенигсберг­ті алуға
бі­рінші шабуыл кезінде командирім Ярцев Михаил екеу­міз сна­
ряд тиіп лапылдаған танктың ішінде жанып та ке­те жаз­дағанбыз.
Күйік, контузия. Қырық бестің ақпаны. Бір кү­ні полк команди­

рі Захарченко шақырып алып: «Сендер жас­сыңдар, жастарды
сақтауымыз керек. Соғыс бітуге таяп қалды. Сондықтан, сен
Горький қаласындағы әскери-саяси учи­лищеге оқуға барасың»
деп жарлық берді. Мен оған: «Оқуға бармаймын. Кенигсбергтің

шабуылына қатысуым керек» деген жауап қайтардым. Сол кез­
де командирім орыстың тұздықты боқтауымен сыпырта бір сы­
бап салды да: «Бар кет! Екі сағатта жиналып жүріп кететін бол!»
деп бұйырды. Тағдыр деп отырғаным сол.

Жаңағы, оқыту деңгейі өте жоғары, Горькийдегі учили­ще­
ні бір жылда бітіріп, одан ілгеріде Чарджоудағы жаяу әскер
училищесінде оқығаным бар, 1946-ның ақпанында Қар­қа­ра­

лыдағы ауылыма оралдым. Байырғы қайлашы шахтер, кейін 102 жас жасап қайтыс болған әкем Жүніс арық боз биесімен Қарағандыдан қарсы алған. Сонда ескі Спасск зауыты арқылы туған ауыл Бесобаға келе жатып, туған жердің әрбір бұта, сайсала, кезеңдеріне сағынышпен көз салып, соғыста өртенген жас­тық шағымды жоқтап, өзім жоқта дүниеден өткен қайран асыл анам Әзиза мен әжем Ырсайды ойлап, көңілім босап, жан-жүрегім бордай езіле, егіле жылап, көзімнен ағыл-тегіл жас аққ аны әлі күнге есімнен кетпейді. Өз үйіңе қонақ болудың қасиеті жоқ. Шайымды іше салып, тозығы жеткен шым үйдің төбесінің қарын күреп, жұмысқа кірістім. Ауыл тірлігінің осындай күнделікті шаруалары сон­ да маған ұжмақтың төріндей боп көрінген еді. Бойды бейбіт еңбекті, үлкен істерді аңсаған бір ынтызар құлшыныс керней­ тіндей. Сол екі арада құдай иіп, ескі тонды, елтірі тымақты пошташы Дәулетбай атамыз мен іштей күткен бір жақсылық хабар әкелген-ді. Шабан атының үстінен түспестен: «Әй, Са­ ғындық, мен ауданнан үш күн жүріп, өз үйіме соқпаған бетім­ де саған келіп тұрмын. Сені райком Рақымжан шақырып жа­ тыр, соның хабарын әкелдім» деді дауыстай сөйлеп. Сол күн­ нің ертеңінде, әкемнің ақсап қалған боз биесіне мінуді ар­тық көріп, өгізші арбашыларға ілесіп, 90 шақырымдық Қар­қа­ра­ лыға жол тарттым. Аупарткомдағы қызметім де, екі жыл аудан­ дық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болуым да, Мәс­ кеудегі үлкен оқуға сапар шегуім де, өмірімдегі күрт өз­ге­рістер, тіпті, мына алпыс жылдан аса отасқан Нағима апаңдай асыл жар тауып, отбасы құруым да – бәрі сол райком Рақымжанның шақыруынан басталып еді. – Орталық комсомол мектебіне қоса Мәскеу универ­си­те­ тінің философия факультетін үздік бітіргеніңіз, яғни көрініп қалуға артық «тыраштанғаныңыз» үшін жазаға тартылған екен­сіз ғой. – Иә, ондай оқиға болған. Орныққ ан дәстүр бойынша дип­ ломды ректор, КСРО Ғылым Академиясының президенті, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, академик Н.А. Несмеянов тап­ сырды. Университетке комсомол мектебінің 70-тен аса тың­дау­ шылары қалың тобымызбен түскен едік. Содан мәреге жет­ кеніміз төртеу ғана. Солардың ішінде үздік диплом алған тек мен. Міне, осы «айыбым» үшін сондағы дос жолдастар: кейін «Правда» газетінің бас редакторы болған Илья Шатуновский, Мәскеу обпарткомының екінші хатшысы болған Василий Бори­

сенков, Белоруссиялық болашақ академик Владимир Цакунов­
тармен бірге Мәскеудің қазіргі «Балалар әлемінің» орнындағы
сыра барында дипломды жуған кезде мен шығынды екі есе тө­
леп, достық рәуішті «жазаны» солай өтегенім бар.

Сонда емтихансыз Мәскеу университетінің аспи­ран­­ту­
расына қалдырып тұрғанына қарамастан, БЛКЖО Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы, СОКП Орталық Комитетінің
ұйымдастыру бюросының мүшесі Н.А. Михайлов пен екінші

хатшы, кейіннен КГБ төрағасы болған А.Н. Шелепиннің тала­
бымен мені сырттай Қарағанды обкомының бірінші хатшы­
сы етіп сайлады. Сонымен қатар қалпартком жанындағы мар­
ксизм-ленинизм университетіне бекітіліп, таңертең КГБ мен

ішкі істер қызметкерлеріне, кешке көмір өндірісінің маманда­
рына философиядан лекция оқып тұрдым.

– Одақтың болашақ көмір өнеркәсібі министрі Братченкоға

сабақ беріп жүрген сол кездерде небары 26 жаста екенсіз-ау,
Сағындық аға.

– Иә, министр Братченко кейін Мәскеуде кездескен сайын

«Менің ұстазым» деп ілтипат білдіріп, сол шақты еске алатын.
Сөйтіп жүргенде, 1951 жылдың қазанында Алматыға, респуб­
лика комсомолының Орталық Комитетіне шақырылдым. Хат­
шылар Хиуаз Доспанова, Николай Дыхновтар мені Қазақстан

Компартиясы Орталық Комитетінің бі­рінші хатшысы Жұмабай
Шаяхметов қабылдайтынын айтты.
Әрине, оң-солымды енді ғана тани бастаған мендей боз­
бала үшін бұл үлкен құрмет һәм толқулы оқиға еді. Бір таң­

қа­ларлығы, көмекшісі Филиппов арқылы жалғасқан мені ол
кісі түнгі сағат 12 жарымда қабылдады. Айтылған уақытта
Жұ­мекеңнің кабинетінде болдым. Кірген бойда төрдегі күң­
гірт жарықты үстел шамына көзім түсті. Басқа ештеңені бай­

қамай, алакөлеңкеде аңырып тұрып қалып едім, жарық жақ­
тан: «Келіңіз» деген жұмсақ дауыс естілді. Азырақ батылда­
нып, жарыққ а таянғанымда жарқыраған басты көріп, апыл-
құ­пыл қазақшалап сәлем бердім. Әлгі бастан «Отырыңыз»

де­ген ле­біз естілді. Көне орындыққ а отырғаннан кейін ғана
Жұ­ме­кеңнің түрін жақыннан көрдім. Ағаның жылы шырай­
лы, қоңырқайлау мейірімді жүзі салған жерден өзіне баурап
тар­та беріп еді. Ғибрат та, ақыл-кеңес те айтылды. Отбасы жағ­

дайымды алға тартып, Қарағандыда қала берем деген қар­сы­
лығымды қатаң раймен тыйып тастаған атақты Шаяхметов
бұл ұсыныстың Мәскеуден, БЛКЖО
Орталық Коми­те­ті­нен

шығып жатқанын айтты. Сөйтіп, Қазақстан комсомолы Ор­та­
лық Комитетінің хатшысы қызметіне кірістім.

– Сағындық аға, іс жүзінде қазақ ұлтынан Қазақстанды

басқарған бірінші адам, Сталин сынды әлемдік диктатормен
нешеме жыл әріптес санатында болған Шаяхметов хақында
әділ сөз тәуелсіздік алған жылдардан бері ғана айтыла баста­
ды. Тіпті, кейінгі буын жастар бұл есімнен хабарсыз десе де

болғандай. Осы орайда сіз не айтар едіңіз?

– Әрине, Жұмекең сықылды дана да дара, халқы көрген те­

періш жеке басының трагедиясына ұласқан қайраткерге мінез­
деме, баға беруден ауыр ештеңе болмас. Дегенмен, өзіме Ала­
тау аясына аталық жолдама берген ұлы адамның кісілік кел­
беті, өмірде өрнектеген ісі мен ізі көкіректен өле-өлгенше өше

де қоймас. Ең алдымен, ол кісінің нағыз қазақы қалыптағы ха­
лықшыл қарапайымдылығы, қамқоршылдығы, шапшаң бай­қа­
ғыш­тығы, сөзінің созылмай қысқа қайтарылуы, ашулы сөзінен
де ізгілік сезілетіні, әділетпен бірге туған бауырластығы ес­

те қалыпты. Ол кісі орнатқан бір ғажап тәртіп: біздей жастар
Жұмекең бастаған партия-кеңес басшы қызметкерлерімен бір­
ге әрбір демалыс сайын таңғы сағат 10-нан түскі 2-ге дейін
Алма-Арасан жағындағы тау бөктерінде серуен жасап, шаңғы

тебетінбіз. Ақылман абыз ақсақалдай көрінетін, неше жылдан
бері республиканы билеп тұрған Жұмекең сонда небары 39-40
жаста ғана екен-ау. Серуен аяқталғасын бәрімізді бір жерге жи­
нап, көмекшісіне: «Ал, мына шаңғышыларға алма таратыңдар»

деуші еді. Көмекшісі Жұмекеңнің «Победа» мәшинесінің жүк
салғышын ашып, иісі мұрын жаратын ірі қызыл алмаларды бір-
бірлеп үлестіре бастайды. Бұл да ешқашан бұзылып көрмеген
тәртіп. Бусанған серуеншілер сондағы Жұмекең сыйлайтын

алмадан артық ештеңе жеген емеспіз деуші еді. Көлікке оты­
рарда ол кісі: «Кешке театрда кездесейік, ал кеттік» дейді. Өзі

– алда, соңынан біз жөңкіле жөнелетінбіз қалаға. Жұмекең

ком­сомол жастардың қай деңгейдегі де жиындарынан қалмай
қатысып, ауырып жүрген кездерінде де аяғына пима, жылы
киім киіп келіп, қысқа сөз сөйлеуді ұнататын және қажет деп
та­батын. Орталық Комитеттің Бюро мәжілісіне комсомол бас­

пасөзінің де басшылары қатысуын міндетті деп санайтын. Бю­
ро жүргізгенде қандай пікір бар деп сұрап отыратын. Жұмекең
басқарған сондай мәжілістерге сол кездегі жастар газеттерінің
өкілдері Жұбан Молдағалиев, Кемел Тоқаев, Серік Қирабаев,

Әбілфайыз Ыдырысовтар үнемі қатысатын.

Комсомол жиылыстарында Жұмекеңнің қолынан ескір­ ген қойын дәптерін жиі көретінбіз. Сонда ол кісінің мейірле­ не айтатыны: «Мұның ішінде үміт ететін қазақ қыздары мен ұл­­дарының есімдері бар. Олар – ұлтымыздың асыл қоры ғой, жас­тайынан баулып жоғарыға тарту керек» – дейтін. Міне, осы­ лайша мен үш жылдан аса Жұмекеңдей асылдың тікелей тәр­ биесін көрдім. Әз аға Оңтүстік Қазақстан обкомының бірінші хатшысы болып ауысқан соң да бірнеше рет Шымкентке ісса­ пармен барып, ақылына сусындап қайтушы едім. – Республика басшылығының 1954 жылғы ақпандағы жә­ не 1986 жылғы желтоқсандағы ауыстырылуында әлдебір ұқ­ сас­тық бардай көрінеді. Осыған не айтасыз? – Ол ұқсастықтың мәнісі: екеуінде де қазақ халқына сорақы сенімсіздік көрсетілді. Ақпанның орта тұсында Хрущевтың тө­ тенше өкілдері – Пантелеймон Пономаренко мен Леонид Бреж­ нев Қазақстан басшылығына десантпен түсірілгендей топ ете түс­ ті. Жұмекеңе сұрқия жаланың неше түрі жабылып, со­ған байла­ ныстыра 13 бірдей министрдің бір сәтте орны­нан алынуы жаңағы сенімсіздіктің аса бір дөкір де тұрпайы кө­рі­нісі еді. Халық пен зиялы қауым іштен тынып қапаланды. Министрлердің басым көпшілігі басқа ұлт өкілдерімен ауыстырылды. Солардың көбі проходимец­ тер, жолбике қуаяқтар болатын. Онымен де қоймай, бастан ұрып тұрмастай қылуды көздеген жалалау мен қаралау қадам басқан сайын жалғаса берді. Ж. Шаяхметов бастаған жергілікті басшы­ лар ұлттық шектелу шеңберінде қалып, Қазақстанның табиғи бай­ лығын Одақ пен Отан қажетіне пайдалануда дәрменсіздік таныт­ ты деген тұрғыда сұмдық айыптар тағылды. Тіпті, тұтас қазақ халқы тың игеруге қабілетсіз, жаңалықты, жаңаны қабылдауға қарсы дегенге келтіріп, сол пасық ойларын дәлелдейтін жалған хаттар ұйымдастыруға дейін ұсақтады. Орталықтың екі комиссары да мұндай қулық-сұмдыққ а әбден машықтанып алып, қит етсе, ойбай, қарсы болып жа­ тыр қазақтар, міне, хаттар түсіп жатыр деп желпілдеп өре тү­ ре­гелетін. Сондықтан, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін горбачевтік Саяси бюро қаулысына айналған қазақ ұлт­ шыл­дығы жөніндегі белгілі сандырақ сонау 50-ші жылдардағы хру­щевтік астамшылық саясатпен астасып жатқанына еш таң қа­луға болмас. Сол қапалы күндерде ақпан оқиғасының да бұрқ ете түсуінің нышандары болды дей аламыз. Бірақ ол кез­ де 37-нің сойқаны әлі де елдің жадында, жазалау әдістері қазқал­пында, соғыста басылған еңсе көтеріле қоймаған. Іш қа­

зан­дай қайнаса да, қаймығу сезімі басымырақ түскен шығар.
Ал, Жұмекеңе келсек, ол жалалауға қиятын адам емес-тін; кө­
рінеу-көзге қиянат құрбаны болды. Еңбек жолында көрген бей­
неті, соғыс жылдарында өзін аямай, күн-түн демей жұ­мысқа

жегілуі, қара басына бір тиындық пайда ойламай, Құр­манғазы
көшесінің бойындағы баяғы губернатор Колпаков­ский тұрған
қазынаның үйінен Шымкентке қызметке ауыс­қанда екі ғана
тақтай шабаданмен көшкені кейінгі ұрпақ біле жүрер жайлар.

Сонда екінші хатшы Брежнев Шымкентке бар­ған әр сапарын­
да Жұмекеңді мұқатып, кемсітуді өзінің ең бас­ты парыз-мін­
деті санағандығы да әлі де болса елдің есінде.
Ауыр сырқатқа шалдыққ ан Жұмекең сондай қорлықтарды

көтеруге мәжбүр етілді. Дәрігерлерге жақын болу үшін Мәс­
кеуге көшті. Әлбетте, сықаған дүние-мүкәммалы жоқ, қос ша­
баданмен көшу жеңіл ол кісіге. Трубников шолақ көшесіндегі
Қазақстан елшілігінің ауласында, бір бөлмелі жер үйде тұ­

руы­­на тура келді. Қазақстан сияқты үлкен республиканың бұ­
рын­ғы басшысына Мәскеуден жөні түзу баспананы да қи­май
қаңғыртып тастау осы емес пе. Міне, осы жер үйдегі Жұ­ме­
кеңе комсомол қызметіндегі Н. Дыхнов, А.Шалов, Ажар Ибра­

ева және басқаларымыз Мәскеуге барған сайын сәлем беру­
ден жаңылмадық. Қазір ойлап отырсам, сондағы үлкен бір
кем­шілігіміз: Жұмекеңе ақша көмегін жасау қаперімізде бол­
ма­ғанына осы күнге дейін өкінемін. Өйтсек, ұрсады деп қай­

мы­ғамыз ғой, сірә. Сол тұстарда Жұмекеңнің жағдайын же­
те біліп, жан-жақты қамқорлығын аямаған аяулы атақты аға­
ла­рымыз Жұмабек Тәшенов, Мәжікен Бутин, Шырақбек Қа­
был­баев, сондай-ақ Григорий Мельник, т.б. біз білмейтін ізгі

жандарға мың рахмет, жақсылықтары құдайдан қайтсын. Қа­
зақ халқының игілігі үшін, ұрпақтың келешегі үшін бар пейілі­
мен ат салысып, аянбай еңбек сіңірген ардақтымыз Жұмабай
Шаяхметов есімінің кейінгі 40-50 жылда ескерілмей қалуы елі­

міздің элитасына сын демекпін. Құдай қаласа, алда 100 жыл­
дығы келе жатыр, бұл кемшіліктің де орны толар.

– Қайткенде де өз заманының ірі тұлғалары Пономаренко

мен Брежнев жайында да есте қалғандарды ел құлағына жет­
кізсек, ол да бір тағлым ғой, аға.

– Әрине. Қазақстанға үлкен өкілеттіктермен келген бұл

екі басшы тізе қосып жұмыс істеді. Бір-бірінің аузына түкіріп
қой­ғандай, сөздері ылғи бір жерден шығатын. Әсіресе әуелгі
кезде қырып жіберердей қатаңдық танытты. Әйткенмен, По­

но­маренконың білімі мен тәжірибесі, кісілігі де молырақ, те­
реңірек сықылды. Кетер шағында халқымыз жөніндегі пі­кі­
рі түбірінен өзгерді. Бұған үлкен қайраткер азаматтарымыз
Жақыпбек Жанғозин мен Әди Шәріповтер турасындағы әді­

лет­тілікті қалпына келтіруі де айғақ болғандай. Белоруссия­
да партизан болған Әдекеңмен кейін де достық қатынасын үз­
беген сыңайлы. Бірақ қандай дана тұлға болмасын өз дәуірінің
әлеуметтік-саяси траекториясынан асып кете алмайды ғой.

Сон­дайда адам-пәндәнің жағымсыз мінездері де білінбей тұр­
майды. Пономаренко мен Брежнев бізді, комсомол хатшыла­
рын апта сайын, кешке қарай өз кабинетіне жинап еркін әңгіме
құратын. Мұнда қойылмайтын мәселе, айтылмайтын әңгіме

болмаушы еді. Бір жолы Пономаренко Сталинді ұзақ мақтады.
Ал Хрущев пен Маленковты Берияның аузына қарап, Берия
беттеріне түкірсе, түк болмағандай орамалмен сүртіп, үндемей
отыра береді деп мысқылдады. Осы сөздерді естіген Брежнев

тағат таппай, орнынан тұрып кетіп, бір қолында стақан, екінші
қолында боржом бөтелкесі, Пономаренко отырған орындықты
шыр айнала: «Пантелеймон Кондратьевич, су ішіңізші, су ішіңіз­
ші, мінекей» деп қалбақтап қалды.

Советтік жүйедегі сайқал саясатта серіктес сұр қасқырлар
бірін-бірі жұлып жеуден тайынған емес. Қанша мықты бол­
ғанымен, осы торға Пономаренко да түсіп, торғайдай тыпыр­
лады. Хрущевты мазақтағанынан ба, әлде, басқа себептен бе,

содан көп ұзамай, Польшаға елші етіп жіберілді. Шығарып
салуға әуежайға Дыхнов екеумізден басқа ешкім келмеді.
Трапқа қадам басарда: «Сендерге рахмет. Мен алғашқы кез­
де қазақ халқы жөнінде қателестім. Қазақтар қарапайым, ақ­

пейіл, бала мінезді халық екен. Мұнда ұзақ қызмет істеймін
деп ойлап едім. Өкінішке қарай, шешім осылай болды» деп
көзі жасаурай, қолымызды қайта-қайта қыса берді. Кейін зей­
нетке шыққ анында, Мәскеудегі үйінде Әди Шәріповті қонақ

қылып отырып, осы айтқандарын қайталапты. Бұл бір ұяты
бар, арлы орыс адамы еді.

– Содан билікке Брежнев келді ме?

– Иә. Леонид Ильич республика активін жинап, жалт-жұлт

етіп, лыпылдай шапшаң басып, мінбеге шықты да, бисмилләсін
былай бастады: «Мен әдемі киінгенді жақсы көремін. Жақсы
тігілген кәстөм еркекке өте қажет. Ал сендердің көпшілігің киім
кие білмейсіңдер. Себебі, Алматыдағы жалғыз тігін шеберха­

насында Майер деген киім пішушіден басқа ешкім жоқ. Сол

мақтаулы Майерлерің пенжактың жеңін де жөндеп қондыра
алмайды. Сондықтан, мен Прибалтикадан 3-4 тігін шеберін
шақырттырдым. Қалатком төрағасы соларға жағдай жасап,
жақ­сы пәтер беруі керек» деп шаруашылық мәселелеріне со­

сын көшті. Таңқаларлық нәрсе, сөзін: «Жасасын Никита Сер­
геевич Хрущев!» – деп аяқтады. Әр жерден бес-алты ғана
қолшапалақтау естіліп, зал негізінен үнсіз отырып қалды. Өз
кеңсемізге келген соң, комсомолдың біріншісі Дыхнов Леонид

Ильичті жалпақ орысшамен жалпита қонжитып сыбап салды.
Мен үндеместен, таң қала өз кабинетіме кеттім.
Бір күні кешке Брежнев шақырды. Сондағы маған айтқаны:
«Мен Н.С. Хрущев пен Н.А. Булганинді Үндістаннан қайту са­

парынан Ташкентте қарсы алуым керек. Сізден сұрайтыным

– Қазақстан комсомолының алдағы съезінде менің сөйлейтін

сөзімді жазсаңыз екен, – деді де, қандай мәселелерге тоқталу
керектігі жөнінде кеңес берді. – Сіз екі-үш апта қызметке бар­
май, осы Орталық Комитет үйінде керекті құжаттармен жұмыс
істейсіз. Не керекпен көмекшім Голиков пен сектор меңгерушісі

Төлекеев қамтамасыз етеді». Тың өлкесіне қызметке жібере­
тін шығар деген болжаусымағым орындалмағанына қуанған
ме­нің «құп» деуден басқа шарам да жоқ-тын.
1957 жылғы жазғытұрымғы уақыт. Брежневтің СОКП

Ор­талық Комитетінің хатшылығына сайланғанына көп бола
қоймаған. Мен Кремльдің Үлкен Сарайындағы БЛКЖО XІІІ
съезінде бір мәжіліс бойы төрағалық етіп, әрі Орталық Ко­ми­
теттің Бюро мүшелігіне сайланып, кешінде Лужники ста­дио­

нындағы футбол матчына, үкіметтік ложаға ерекше рұқсатнама
алғам. Қоғамдық ғылымдар академиясында оқитын, қазіргі
ірі ғалым Шәку Әміровті ертіп, футболға барсақ, үкімет ло­
жасында бір қолы жоқ, баяғы Голиковпен ұшырасып қалдық.

Ол да бізді танып, жалғыз қолымен қапсыра құшақтап жа­
тыр. «Ой, қырандарым, келіңдер, кофе, коньяк ішейік» дейді.
Айтқандарын даяшылар қолма-қол алып келді. Әңгіме үстінде
өзі маған былай деді: «Сағындық, комсомолдың осы съезі ал­

дында секретариатта кадр мәселесі туралы әңгіме болғанда
Леонид Ильич сенің кандидатураңды БЛКЖО Орталық Ко­ми­
тетінің хатшылығына ұсынды. Бірақ ол кісінің ұсынысын Мұ­
хит­динов (Орталық Комитет хатшысы, Президиум мүшесі):

қазір Қазақстанда тың көтеру өте маңызды, мықты комсомол
кадрлары республиканың өзіне керек, сондықтан қозғамаған
жөн деп өткіздірмей тастады». Менің білетінім, осыдан үш ай

өткенде сол орынға Өзбекстан комсомолының бірінші хатшы­
сы Каюм Мұртазаев сайланып еді.

– Сағындық аға, жаңағыдай жақсы атақпен жүріп, ұлтшыл

деген атқа қалай қалдыңыз?

– Алматыдан арнайы шақыртып, күні бойы тергей-тексере

сөйлескенде БЛКЖО Орталық Комитетінің құдіретті бірінші
хатшысы Н.А. Михайловқа М. Әуезовтің «Абай жолы» романы
туралы бүкпесіз шындықты айтып, оң пікір қалыптастырғаным
үшін артынан бұл жайды А.Фадеевтен естіген ұлы Мұхаңның

ризашылық ілтипатына бөленіп едім. Ал, 1959 жылдың кү­
зін­де БЛКЖО Орталық Комитетінің пленумында Қазақстан
тыңын игерудегі шындықты ашық айтқаным үшін арандап
қал­дым. Сонда өзім көзбен көріп, жанымды жегідей жеп жүр­

ген жайлар: қазақ жеріне тың игеру желеуімен жүздеген мың
соғылған сұм, бұзақы топтар тоғытылып, қазақ халқының
салт-дәстүрі, мәдениеті мен тілі ескерілмей, прагматикалық,
бір сәттік мақсат жолына құрбандыққ а шалынып, ел мен жерге

өлшеусіз зиян келтіріп жатқанын ашына баяндап едім. Айтқан
ақиқатыма қолдау табармын деп ойлағанмын. Олай болмады.
Никита Хрущевтің «Біздің Сергей дүние жүзі жастарының кө­
се­мі» деп желпілдеткен сүйіктісі, сол кездегі Бірінші хатшы

С. Павлов бастап сыбайласа қалған сөйлеушілер менің шын­ды­
ғымды сұмдық көріп, ұлтшылдығымды әшкерелеп дүрсе қоя
берді. Қатысып отырған СОКП Орталық Комитеті бөлім мең­
герушілерінің қолақпандай орынбасарлары сөзге кірісіп, сая­

си тұрғыдан айыптауға дейін барып, қысқасы, маған ке­ші­рім
жоғын аңғартты.
Ертеңіне менің бүлдіргі-бүлікшіл сөзімді арнайы қараған
жеке мәжіліс болды. Лық толы залдың ортасынан өзім Ста­

лин­нің аруағы үшін Бюро мүшелігіне алу керек деп қазақтың
қайран ақкөңіл аңқылдақтығымен қамқорласып жүрген, қазір
бүгіле басылып, басын салбырата төмен қарап қалған Гру­
зия комсомолының бірінші хатшысы Э. Шеварднадзеге, жан-

жағына жалтақтай қарағыштап, біресе бет алды жымиып да­
мыл таппаған, жылтыраған жас жігіт, Ставрополь өлкелік ком­
сомол комитетінің бірінші хатшысы М.Горбачевке көзім түсті.
Павловтың мені сұстана сөккен сөздерінен кейін сол Шевард­

надзе бірінші шығып, шалағай орысшасымен қолын маған қа­
рай қайта-қайта шошаңдатуы, өзбек әріптесім Мұртазаевтың
әтештене әкірең-әкірең етуі жанға батты. Адам мінезінің құ­
бы­лып ауытқуында шек жоқ екендігіне сонда көзім жеткен­

дей болды. Десе де, өз пікірімде ақырына дейін тұра алдым,
іс­теген ісіме өкініш білдірмедім, тыңдағы істің анық ақиқаты
со­лай, комсомолдық шақырумен апарған содыр-сотқарларың
қа­зақ халқының тарихы мен мәдениетіне түкіріп жатыр, бұл

бас­қа бір саясаттың көрінісі дегенді қайталап айттым. Сол ара­
да Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші басшысы Қо­
наев жолдасқа хат жазуға, онда мені қызметтен босатуды сұ­
рау­ға бірауыздан қаулы қабылданды.

Алматыға оралған соң Димекеңде болған бірнеше ашық
әңгімеде ол кісі болған жайға түсіністікпен қарады. Қыз­мет­
тен алуға да асыға қоймады. Дегенмен, Мәскеу дігірлеп ма­
залай берген соң, 1960 жылдың ақпандағы пленумында көп

мү­шелердің мені кетіруге келіспей, қарсылық білдіргеніне қа­
ра­мастан, өзім сұрана отырып, қызметтен босадым. Пленум
көп жылдық жемісті басшылық еңбегім үшін есімімді Қа­зақ­
стан комсомолының Құрмет кітабына ерекше енгізу тура­

лы қаулы қабылдады. Тез арада тағы да Димекең шақырды.
Жұ­бат­қандай жылы жүзбен, аяғандай жанашыр сезіммен:
«Сә­ке, барлық жағдай өзіңе белгілі ғой, саған түсіндіріп ай­
ту қажет емес, нахақ күйіп кеттің. Сенің енді мына жаңа құ­

ры­лып жатқан Тың өлкесін басқаратын жаңа партиялық ор­
ган – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің терістік
об­лыстар жөніндегі бюросы төрағасының орынбасары болып
ба­ра тұрғаныңды мақұл көріп отырмыз» деді. «Құп» деп ке­лі­

сімімді бердім.
Иә, «күйіп кеттің» деп Димекең айтса айтқандай, Са­ғын­
дық Кенжебаевтың халқы үшін, қазағының намысын жыр­
тып отқа түспеген жері жоқ еді. Сондағы ақпанның ақырған

ая­зын­да Ақмолаға аттанған оның үш ай бойы Тың өлкесінің
әмір­шісі шовинист Тихон Соколовпен шайқасуына тура келді.
Дөкір Соколовтың Қазақстан басшылары мен қазақ халқының
атына айтқан нешетүрлі балағат сөздеріне шыдамай, үнемі жүз

шайысып, тойтарыс берумен болды. Бірақ арсыз Соколов өш­
пен­ділігін үдете берді, Қазақстан басшылығын мойындамай,
Солтүстік облыстарды Ресей құрамына беру жөніндегі арам
пи­ғылдың қоламтасын көсеп, бар мәселені Мәскеу арқылы ше­

шу­ге, тек Мәскеуге ғана бағынуға ұмтылды, тыңдағы об­лыс­
тардың басшылығына қазақ кадрларын жолатпай, тек ор­та­лық­
тан шақырып отырды. «Қазақтар ет жеуден басқаны білмей­
ді, көп ұйықтайды, бұлардың тың игеруге икемі шамалы» де­

ген намысқа тиетін қитұрқы әңгімелерді қасақана қоздатқанда

алдына жан салмады. Осыған наразылық білдірген орынбаса­
ры Кенжебаевқа Мәскеудегі Павловтың қолдауымен тағы да
ұлтшылдық айыбын таға бастады, қудалауын қоймай, ақыры
Ақтөбе облыстық партия комитетінің хатшылығына жіберт­

кізіп тынды.
Ер қазақ Сағындық Жүнісұлы 1962 жылы ғылым жолы­
на, ұстаздық жолына түсуге шешім қабылдады да, басқа қы­
зы­ғарлық ұсыныстарға қарамастан, Мәскеудегі Қоғамдық ғы­

лымдар академиясына тартып отырған. Содан бері де қырық
бес жыл уақыт өтіпті. Қайсарлығы сол емес пе, бұл салада
да үлкен биіктерді бағындырды. Тап бүгін тәуелсіз еліндегі
жас қауымның философия ғылымының докторы, Абылай хан

атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері
университетінің кафедра меңгерушісі, профессор Сағындық
Кенжебаев ағадан алар тағлымы мен ғибраты аз деп те ешкім
айта алмас.

Екінші бөлім

ТҮРІК ТАҒЛЫМЫ

(Түркия сапарынан түйген ойлар)
Аңсарым ауып, құмартып жүрген ілкі барыс болған соң
ба, әлде көзге көрінгеннің бәрін ыстықтай қауып, тұнықтай
сіміргеннен бе екен, әлде осы бір туыс елге деген ынтызарлы

бейіліміз әуелден солай қанға тартып бұрылып тұратынынан
ба, әйтеуір жеті күндік Түркия сапарының қызық-тамашала­
ры өзіміз үшін Синдбадтың жеті сапарынан кем болмағаны
да рас еді. Күн өткен сайын ұзап қалып бара жатса да, әсері

тарқамай, ұйқтасақ – түсімізге кіреді, оянсақ – ойымызда
жүреді. Әлбетте, түрік елінің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мә­
дени һәм діни тыныс-тіршілігімен жақынырақ таныстыру мақ­
сатында Қазақстан баспасөзі мен теледидарының бір топ өкіл­

дері үшін осынау ғанибет сапарды ұйымдастырып берген ха­
лықаралық «Диалог Ауразия» қорына да мың да бір рах­мет.
Жеті күн бойы өзімізге әрі жолбасшы жолдас, сапарда сыр­
лас әрі тәржіман-тілмәш болған, Алматыда шығатын «ДА

Қазақстан» журналы мен «Заман-Қазақстан» газетінің бас­
шы­­лары Али Челикбаш және Ахмет Аляз сынды ел мен ел­
дің арасындағы дәнекерші бауырларымызға да ілтифат-ыр­за­
шы­лығымыздың мол екендігін айтпай және тұра алмаспыз.

Жал­ғыз мен емес. Сапарлас болып, түрік тағлымының мар­
жандарын бірге сүзіскен жазушы-журналист атпал азаматта­
ры­мыз, «Қазақ әдебиеті», «Әдебиет айдыны», «Ана тілі»,
«Түр­кістан» сияқты салиқалы басылымдарымыздың бас редак­

тор­лары Жұмабай Шаштайұлы, Талаптан Ахметжан, Мақ­сат
Тәж-Мұрат, Шәмшиддин Паттеев және «Казахстанская прав­
дадан» – әріптесіміз Дулат Молдыбаев, «Жас қазақ» газеті
бас ре­дакторының бірінші орынбасары Сәкен Сыбанбай, «Ай­

қын» газетінен – Кәмшат Тасболатова, «Жас Алаш» га­зе­тінен

– Ержан Әбдіраман, «Хабар» телеарнасынан – Ринат Кер­таев,

«Қазақстан» телеарнасынан – Жаңыл Асылбекова, бар­лы­ғы­
мыз бірдей осы пікірге ұйып, ағымыздан жарылып едік.

«Арғы атам Ер Түрік, Біз – Қазақ Еліміз». Алаш Орданың
гимні осылай басталмаушы ма еді. Иә, түп негіздегі сол Тү­
рік атаның бір баласы – қазіргі қазақ та, тағы бір баласы Ана­
долыдағы түрік. Шытырман тарих, шиырлы тағдыр. Әйт­песе,

алтын ана Алтайдың ақ сүтін бірге емген бір бауырымыз со­
лар-тұғын. Қазаққ а қара шаңырақты қалдырып, Шыңғыс хан
заманынан да арыда жиһангерлікпен жер шалып, Қара теңіз­
дің ар жағы, Ақ теңіздің бер жағына орда қондырып кетіп

қалған осы түрік бауырларымыздың бабалары болатын. Одан
кейінгі тарих белгілі. Салжұқтар Кіші Азиядағы сайын өлкені
сыбағалады. Османлы түріктері Еуропаны тітірете, әлемде ең
ұзақ жасаған айбынды империяны құрды.

Бірақ біздің айтпағымыз ол емес. Біздің тілге икемдісі –
туыстығымыздың жайы, түбі бірге түркілігіміздің ортақ сыр-
сипаттары. Бүгінде түрік кәрдаштар Қазақстанды – ата­жұр­ты­
мыз, Анадолыны – анажұртымыз дейді. Міне, сонау ХІ ға­сыр­

да осы атажұрттан тартқан ұлы көш қара шаңырақтан ажы­
ра­ға­нымен, туыстық пен бауырластық тамырын үзбегендігі
аң­ғарылады. Оғыз ұрпақтары, қаңлы бұтақтары, салжұқ ханда­
ры Византиямен қантөгіс қырқыстарда құқықтанып орныққ ан

жаңа мекендеріне ата жұрттың атауларын ала келеді. Сол
атау­лар қазірге дейін сақталған. Түркияның оңтүстігіндегі
қос бұрымдай екі өзен Жейхұн және Сейхұн деп аталаты­
нын білуші едік. Бұған қоса ежіктеп анықтағанымыз, Ал­

тай, Алатау мен Қаратау, тіпті, Бурабай да осында. Ақсу мен
Көк­су өзендері де шырғасын бұзбай көшіп кеп қона салып­
ты. Олардың да егіздің сыңарындай адастары осында жатыр.
Мың жылдан бері Қазақстанның жарты жағрафиясын жаңа

Отан­дарында өрнектеп сақтаған түріктердің қазақпен бауыр­
ластығына, түбі бірге туыстығына осыдан соң қалай шәк кел­
ті­рерсіз! Туған жердің орман-тауын, өзен-көлін тік көтере кө­
ші­ріп әкелген бауырмалдық сезімге, қимастық көңілге, атаме­

кенді аңсай берер мәңгілік махаббатқа қалайша таңдай қа­ғып
таңданбассыз!
«Су үзілсе де, сүйек үзілмес» дегендей, қос қиянда жат­
қан туыс халықтар ғасырлар бедерінде бір-бірінен хабарын

үзбейді. ХҮІ ғасырдың басында жасаған Доспамбет жырау
«Азау, Азау дегенің Әл-Ғұсман-паша жұрты екен, Дін іс­ләм­нің
кірті екен» деп бір кетеді, «Айнала бұлақ басы тең, Азау­лының
Стамбұлдан несі кем» деп тағы бір сатыға қиялап өр­летеді.

Осындағы «Әл-Ғұсман-паша» деп отырғаны 1299 жылы Бур­

са қаласын басып алып, 6 ғасырдан аса өмір сүрген Осман
империясының негізін салған Осман бейден басқа кім дейсіз.
Ал, дін исламның құрлықаралық қақпасына айналған Ыс­там­
бұл­да Доспамбеттің болғандығы туралы болжам бұрыннан ай­

ты­лып жүр.
Қазақтың ұлы ханы Абылайдан қалмақ қоңтажысы Қалдан
Серен әлемдегі ең күшті әмірші кім деп сұрапты дейді. Сонда
Абылай: «Дүниедегі ең құдіретті әмірші-түріктің қондыгері,

одан соң орыстың ақ патшасы» деген екен. Түрік туыстың құ­
діретін Абылай хан да білген әрі бел санаған. Бұдан ары, та­
рихтан белгілі бір жай, ХІХ-ХХ ғасырлар шегінде патшалы Ре­
сей тарапынан қазақтарды шоқындыру саясаты бел алғанда

Көкшетаудағы Науан қазірет көмек сұрап Түркияға хат жаза­
ды. Бодан халықтың Түркия сынды айбарлы елді арқа тұтуы,
дін қарындастық пен түбі бір туыстықты қалқан етуі өз жемісін
береді. Ресей тарапынан қазақты зорлап шоқындыру саясаты

сап тыйылады.
Шәкәрімнің де өз шежіресінде Стамболдағы Османлы
тү­рік һәм сұлтандары жайынан мол мағлұмат-деректер кел­
тіруі тегін емес. Ал, ұлы ақынымыз Мағжан Түркия 1920 жыл­

дары анталаған жау қыспағында қалып, ауыр азап шеккенде
«Алыстағы бауырыма» атты зар-запыранды жырын төгеді.
Қасірет теңізін жалдаған Босфордағы бауыры үшін қай­ғы­ла­
нып қан жұтады. Қандас, тамырлас бауыр дегенде ет жүрегі

езіліп, жан қиюға әзір Мағжанның әзиз жүрегіне, ұлы қол­дас­
тығына, шыбын жанын шырқыратқан ғаламат түрік­шіл­ді­гіне
таң қаласыз.
Бауырым! Сен о жақта, мен бұ жақта,

Қайғыдан қан жұтамыз. Біздің атқа
Лайық па құл боп тұру? Жүр, кетелік
Алтайға, ата мирас алтын таққа.
Мағжан әулие екен. Жолбарыс жүректі түрік ұлы құл бол­

мады. Көктен Тәңір қолдады. Түрік әулеті ата жұртта да, Ана­
долыда да ата мирас алтын тағын тапты, алыстағы бауыр­
лар құшақ айқастыра, көзайым боп көрісіп, табысып, еркін қа­
уышатын бостан, азат күндерге жетті. Сөйтіп, қазірде баяғы

Доспамбет заманындағыша, желдей есіп, Ыстамбұлға ай, ап­
та аралатып барып келе беретін болдық. Түрік жұртын қияпат
күрес жолымен осы еркіндікке бастаған Ататүрік атты арыс­

тан ұл туды. Біз Түркиядағы күндерімізді Анкарадағы Ататүрік кесенесіне тәуеп етуден бастадық. Ол кісі: «Түрік болу қандай бақыт!» деген екен. Бүгінгі түрік ұлы нақ осындай өр кеуделі, биік рухпен өмір сүруде. Әрине, ұлтымыз, жұртымыз дегенде біздің де емешеміз осыдан кем үзілмейді. Біз үшін қазақ болу – бақыт. Бірақ осы сөздерді біз дәл сол түрік бауырларымыз­ ша жаһанға жар салып, бар даусымызбен, баршамыз бірдей мүдірмей айта аламыз ба? Айта алсақ, шын-ақ бақыттымыз. Қалай дегенмен де, түрік отаншылдығының қызықтырар та­ғ­ лымы бір сәт ойландырмай қоймайды. Сосынғы бір жәйт, Мұстафа Кемал Ататүрік: «Мен жас­тар­ ға сенемін!» деп, арттағы қаулаған көкке, өндір өскінге үлкен үміт артыпты. Құдай-ау, неткен ұқсастық! Мағжан да тура осы­ лай деген ғой. Сөзбе-сөз солай. Түркістанды сүйген, Тұранды ұлықтаған, түрік жолына жанпидалыққ а дейін барған әулие Мағ­жан мен Түрік республикасының тұңғыш президенті абыз Ататүрік бір көмекейден тіл қатып, жүректері бірге дүрсілдеп соққ андай. Ақыры, айтқандары келді. Қазақтың да, түріктің де рухын жастары көтерді, лайым, көтере де бермек. Ататүріктің аузына құдай салып тағы бір айтқанының орайы он­даған жылдар өткенде келді. 1933 жылы Ұлттық Мә­жі­­лісте мына бір жайды қаперге салған екен: «Мәңгілік жасайтын им­ перия болмайды. Мына коммунистік қызыл империя – Кеңес Одағы да күндердің күнінде шылпара ыдырайды. Оның құ­ рамында бодан боп отырған қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен сияқ­ ты туыс халықтар бар. Әнеки, күні туып, кезі кел­генде біз сол ха­лықтарды бауырымызға тартуға, араласып-құраласуға, Түркі дүниесі шаңырағының астына құшақ жайып қарсы алуға осы бастан қамданып, дайын болуға тиіспіз». Жай-жапсарын бізге Қазақстанның Түркиядағы консулы Асхат Дәуітов айтып берген бұл сөздерді де ең ұлы түріктің көрегендігі емей, не дейміз. Әнеки, түркілік бауырмалшылдық салтының бір қайнары, түркілер бір­ лігі идеясының бір тамыры қайда жатыр. Өздерінің бауырлық миссиясын түрік бауырлар барынша адалдықпен атқарды, ат­қа­ рып та келеді. Бұланайдан асып, Пәкстан мен Үндістанды басып, арып-ашып, азап шегіп келген қазақ босқындарының көшін 1953 жылы Мендерес үкіметі қабыл алып, жерлестіріп, енші беріп ел­ дестіргені қалай ұмытылар. Сондағы 2000 қаралы адамнан өсіпөнген ұр­пақ қазір Еуропа елдері мен Түркияда 20 мыңдай ір­ гелі, алымды да шалымды қазақ диаспорасын құрап отырғаны да көзқуаныштарымыздың бірі десек, қатесі жоқ.

Ататүрік айтып кеткен сол бауырмалшылдық салтты бү­
гін­гі түрік саясаткерлері де сәтімен жалғастыруда. Түркі дү­
ние­сі бірлігі идеясын бүгінгі Түркия мемлекетінің саяса­ты да
ту етіп көтерген. Бауыр халықтар байланысының жаңа да жар­

қын тарихының басы – Қазақстан тәуелсіздік алған сағат. Бай­
қайсыз ба, күн емес, сағат. Дербес көкбайрақ көтергені хақында
жаһанға жар салып жария етілген соң 20 минуттан кейін Қазақ
елінің тәуелсіздігін әлемде бірінші болып Түркия таныды.

Алаш үшін ақ түйенің қарны жарылған ең асқақ, ақжарылқап
қуанышымызды жүрегі жарыла бірінші сүйіншілеген ер пре­
зидент Тұрғыт Өзал еді. Марқұмның биік дүрбелі қабірінің ба­
сында тұрып кемел елдің атақты Ататүріктен кейінгі кемеңгер

көсемі саналатын Өзал есімінің қазақ үшін де ерекше қымбат,
қастерлі, аяулылығын тағы бір мәрте сезінгендей болдық. Қа­
зақ-түрік қатынастарының бүгінгі биік өресі, Түркістандағы
екі елге ортақ Яссауи университеті, ондаған қазақ-түрік ли­

цейлері сол кісі бастаған игі істердің мәуелеген жемісі екені
де анық.
Ал, осынау ерен тұлға туған Түркиясының шын мәніндегі
ғайып ерен, қырық шілтені десек, сол лазым. Себебі, өткен ға­

сырдың 80-ші жылдарына дейін Түркия томаға-тұйық, жабық
ел болып келді. Сіреу мұзды бұзып-жарып, сеңді жүргізген,
өркениетке есікті ашқан, шын мәніндегі осызамандық түрік ре­
нессансын бастап, білім-ғылымды ел дамуындағы алдыңғы

орынға шығарған да осы Тұрғыт Өзал реформалары болғанын
көзіқарақты жұрттың көбі біледі де. «Көресіңдер әлі, мен сен­
дерге түтінсіз фабрикалар жасап беремін» деген еді отандас­
тарына Тұрғыт Өзал. Және, сабаз ер сол сертіне жетіп те кетті.

Ол түтінсіз фабрикалар туризм болатын. Шебер жолға қойыл­
ған туризмнен қазір ұлт қазынасына жылма-жыл 22 миллиард
доллар құйылып тұрады. Салыстыру үшін айтсақ, мұқым елдің
жылдық бюджеті – 170 миллиард. Бюджет те өсе берер-ау, ал

ондағы туризмнен түсер пайданың үлесі одан сайын көл-көсір
болмағы тағы да айдан анық.
Әр қадам сайын ұлы елде жүргенімізді және сол елдің
өзімізге бөтен емес, бауыр, жат емес, жақын екенін жаны­мыз­

бен сезініп, ұғынып отырдық десем, артық айтпаспын. Түбірі
«аңғар», «кең жер» деген сөзден шыққ ан Анкара ға­жайып­
тарының бірі – Алтын бақта сейілдегенде де, мектеп оқу­шы­
ларының сондағы таң-тамашалы білім-тәрбие орта­лы­ғымен

танысқанымызда да, біз келер алдында ғана маңқиған маңғаз

мама сиыры бұзаулап, соны жақсы ырымға балап мәре-сәре қуа­
нышпен қарсылаған тыңғылықты фермер Ахмет Ай­деңіздің
не­шеме жүз гектар бау-бақшалы, шиелі, ғылыми жүйелі егіс­
тігі мен алуан сипатты шаруашылығын көріп келіп, мұ­на­ралы

қонақжай шаңырағының айтөс биігінде қожайынның пікір­
лестерімен сыр шертіскен бейілді қонақасыда да; күніге бір
жарым миллион бөлке шығаратын, түрікше Екмек дейді, алып
Нан зауытында болғанымызда да; Анкараны айналмалы мұ­

нара-мейрамхананың ұшар биігінен тамашалағанымызда және
басқа көп-көп жерлер мен кездесулерде де сол жылышуақ
сәулелі сезіммен, күйбең тірлікке жоғарыдан қарар көтеріңкі
көңіл күймен жүрдік.

Бауырластық салты қазақ жазушылары мен журналис­
терін ел президенті Абдуллаһ Гүл қабылдап әңгіме-дүкен
құрған кезде аса жоғары дәрежедегі әдемі жалғастығын тап­
ты. Президенттің кішіпейілділігі мен кеңдігіне сол арада бә­рі­

міз тәнті болдық. Әңгіме де жаймашуақ: Хош келдіңіздер! Қа­
зақ­стан бізге үлкен дос, кәрдаш, бауыр. Барлық түркілердің
ата жұрты. Алла жазса, бауырым Нұрсұлтан Назарбаевтан
ша­қырту алып, Астананың тойына барғалы отырмын деп бас­

тал­ған ақжолтай лебіз, мейір-ықылас, дос рәуіш ағытыла бер­
ді. Абдуллаһ Гүлше айтқанда, Қазақстан, тәуелсіздік ал­ған­
нан кейін, Нұрсұлтан Назарбаевтың лидерлігімен әлем на­
зарына іліккен. Ол – Азия көгіне жарқырап көтеріліп келе

жат­қан шолпан жұлдыз. Дінаралық диалогқа жол ашып, ел
тұ­рақтылығының жан-жақты қамтамасыз етілуі – үлкен кө­ре­
гендік. Экономикалық жағынан әлемге танымал қазақ­стан­дық
фирмалар көріне бастағаны қуантады. Бақы, Тбилиси арқылы

Қазақстан мұнайын Жайханға жеткізетін жоба да екі жақтың
мүдделестігін жақындастыра түскен. Оқу-мәдени тұрғыдағы
ілкімді істермен қатар Қазақстанда түріктің үлкен фирмала­
ры көптеген инвестициялық жобаларға қатысуда. Әмбе бұған

жол ашқан Елбасыға тағы да рахмет. Түркияда қазақ фирма­
лары да жұмыс жасауы керек. Қазір банк, туризм саласын­
да оның алғашқы қарлығаштары да бар. Сондай-ақ Абдуллаһ
Гүл өткен жылы президенттікке сайланғанда да алғашқы бо­

лып құттықтаған Нұрсұлтан Назарбаев екен. Бұл ілтифат үшін
алғысын-рахметін түрік президенті арнайы сапар кезінде ай­
тыпты.
Түркия алдағы уақытта Еуроодаққ а кірмекші. Мұны мем­

лекет мүддесі, алға озған уақыт талап етеді. Қырық жыл­

дық көші-қонның бүгінгі жемісі, 4 миллион түрік Еуропада
тұрады. Сонда азаматтық алған. Араларынан біраз депутат­
тар да шыққ ан. Көптеген фирмалары, компаниялары бар. Осы
реттен алғанда да Еуроодаққ а мүше болу Түркия үшін пай­

далы. Қазірде меморандумға қол қойылып, соның талап, шарт­
тарын орындау орайындағы жұмыстар атқарылып жат­қан кө­
рінеді. Егер Еуроодаққ а қабылданса, Түркия ондағы ал­ғаш­қы
мұсылман елі болмақ.

Осы арада Абдуллаһ Гүл мырза Түркияның Еуроодаққ а
кіруі оның түркі елдерімен байланысын ешбір үзбейтінін тағы
бір шегелеп айтты. Түрік президентінің, жалпы, түркі елдерінің
бір­лігі, Орта Азия мемлекеттерінің ынтымақтастығы, саяси жә­

не экономикалық одақтастық мәселелерінде туыс елдер ара­
сында ешқандай кедергілерді тудырмау да болдырмау қа­жет­
тігі жөніндегі салиқалы ойлары біздің де көкейімізге қона
кет­кендей. Түркі халықтарының арасындағы тілдік бірлікті

ны­ғайту орайындағы пікірінің де көкейкестілігімен келіспей
тұра алмадық.
Түркі бірлігін ту еткен ойлар бұдан кейінгі кездесулердің
де алтын арқау, құнарлы өзегі болды дер едік. Осы орайда әр

кездесуден бір-бір тағылым алғандаймыз. Әсіресе, қазақ пен
түрік, Қазақстан мен Түркия туралы билік басындағы қай­рат­
керлер де, қарапайым адамдар да бірінің аузына бірі тү­кі­ріп
қойғандай: «Бір миллет, екі дәулет» – «Бір халық, екі мем­

лекет» деп жүздеріне жарқын нұр ұялата, риясыз айтула­
ры қандай десеңізші. Бұл ақжолтай бейілді сөзден ғана емес,
нақты істен де аңғарғандаймыз. Мысалы, «Түріксой» ұйымы
түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастықты қол­

дап, кітап, журналдар шығарып, аударма арқылы әдебиет туын­
дыларының алмасуы басталды. Түркі әлемі муниципалитет­
тері одағының атқарып отырған қызметтері өз алдына бір са­
ла. Түркияның Түркі әлемімен қарым-қатынасы дербес зерт­

теу тақырыбына айналыпты. «Бауырлас елдер күндері»
бағ­дар­ламасы аясындағы іс-шаралар Қырғызстан, Гүржістан,
Та­тар­стан, Әзербайжан, Балқан елдерімен қатар Қазақстанда
да өт­кізіліпті. Ал, мемлекеттік министрге бағынатын «Тика»

ұйы­мы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жаңғыртуға 17 милли­
он дол­лар жұмсап, көмек қолын ұсыныпты. Мемлекеттік ми­
нистр Мұстафа Сағит Языжоғлы егер өтініш-тілек түсіп жат­
са, Қазақстандағы қыпшақ мәдениеті ескерткіштерінің бі­рін

жаң­ғыртуды мойындарына алуға ықыластылығын білдіріп,

тіпті, осы орайда Мақсат Тәж-Мұрат айтқан ұсынысты «Ти­
каға» тапсырып қою үшін дереу қағазға түртіп алғанына бір
мезет марқайып қалдық. «Тика» түркі дүниесі елдеріне қыз­
мет ететін ұйым екен. Жылына 100 миллион доллардың жұ­

мысын атқарады. Осы «Тиканың» арқасында Түркия көмек
алатын емес, қайта туыстарға көмек беретін елге айналып­
ты. Түркия тарапы жыл сайын «Түрік дүниесі» құрылтайын
өткізуге мұрындық болуда. Өткен жылы осындай құрылтай

Бақыда өткен. Сондай-ақ мемлекеттік министр Қазақстанның
спорт және туризм министрі Т.Досмағанбетовпен Ыстамбұлда
кездесіп, өзара хаттамаға қол қойғандарын тілге тиек етті.
«Мә­дениеттер түсіністігі» деген ұйым бар. Шын мәнінде мә­де­

ниеттер түсіністігін өркениеттер арасындағы түсіністік деп бі­
лу керек. Осы мәселеге Қазақстанның атсалысуы бұл ұйымды
күшейте түседі деп ойлаймын. Ал, түркі халықтарының кө­
семдері ресми шақыруды күтпей, бейресми барыс-келіске,

ет­жақын етене аралас-құраластыққ а жол ашқандары мақұл.
Қа­зақстан Президентінің нақ сондай көпшілдік ойда екенін
біз білеміз. Басқа түркі елдерінің басшылары да солай бол­
са, түбі қайырлы болады. Сіздер мұнда өз үйлеріңіздегідей

болыңыздар, Қазақстанда жүргенде біз де өзімізді солай сезі­
неміз» деп бір қайырған Мұстафа бейді күлімсірей түсіп құп­
тағаннан басқа әддіміз қалмап еді.
Түркияның діни істер бас басқармасының төрағасы профес­

сор Али Бардақоғлымен кездесуіміз де үлкен әсер қалдырып,
беймаза ойларға жетелей берген. Бұл кісі де есендіктен соң
Қа­зақстандағы әріптесі Әбсаттар қажының есімін атап, алты
ай бұрын сыйлас достың мерейтойында болып қайтқанын, екі

ел арасындағы діни қарым-қатынастардың жақсы дамып келе
жатқанын айтты. Қазақстанда дін жүйесінің дұрыс қалыптасып
келе жатқанына көздері кәміл жетеді. Ал, Түркияның өзінде
80 мың мешіт бар.Елдегі халықтың 99 пайызы мұсылман дінін

ұстанады. Мешіттерді қорлардың, қоғамдық бірлестіктердің
көмегімен халық өзі жасақтайды. Зайырлы ел болғандықтан,
мұнда дін мемлекет ісіне, мемлекет дінге араласпайды. Бірақ
дін басқармасы тағайындайтын имамдар мен мүфтилердің

жалақысын үкімет береді. Әйткенмен, үкіметке бағынбайды.
Елде 23 діни жоғары оқу орны, университеттерде 24 теоло­
гия факультеті бар. Мұнымен қатар университеттер мен басқа
да оқу орындарында дін жөнінде сабақ жүргізіледі. Барлық

мектептерде төртінші сыныптан бастап «Дін мәдениеті және

тәлім-тәрбие» пәні өтіледі. Осының бәрі исламға қатысты ай­
тылып жатқан нәрсе. Негізінен ислам насихатталады. Дін бас­
қармасы мұсылман дін істеріне ғана басшылық жасап, хрис­
тиан, иудей дінбасыларымен кездесіп пікір алысып қана тұ­

рады. Түркияда, ең бастысы, дін бостандығы мен миссионер­
лік шатастырылмайтын көрінеді. Миссионерлік басқа елдің
мүддесін көздеу, саясат һәм мемлекеттік қауіпсіздікке нұқсан
келтіру деп есептеледі. Демек, ондай, мақсаты арыда жатқан

арам пиғылды миссионерлік заңнан тыс. Десе де миссионер­
лікке қарсы күрескенде өз дінін күшейтуге, халықтың осы тұр­
ғыдағы діни сауатын ашуға көбірек көңіл бөлінеді. Өйткені,
ешкім мен миссионермін деп айтып келмейді. Бір жақсысы,

Түркияда діни наным-сенім мықты, мұсылмандық тұтқасы
берік болғандықтан, миссионерлер өз уағызын жүргізе ал­
майды, оларға халықтың өзі-ақ бірден қарсы шығады. Дін қа­
рындасымыздың бұл жағдайын қазақ еліне қажет-ақ тағлым

екен деп ойладық.
Сөздің бір ыңғайында: «Керемет көркейгені сондай, соңғы
барғанда Астананы тани алмай қалдым. Мәдениет министрі
Мұх­тар Құл-Мұхаммед жақсы досым» деген білім министрі

Ху­сейн Челик қуақы, әзілге жүйрік кісі екен. Қазақстанды тә­
уір бі­ле­тінін де аңғартып: «Сіздерде білім-ғылым министрі жиі
ауы­сады. Сондай дәстүр ме өзі? Танысып та үлгере ал­май қа­
ламыз. Бізде де жиі ауысады. Статистикалық орташа көрсеткіш

– 13 ай. Мен премьер-министрімізге айтам ыл­ғи: егер сіз бір

адамды өлтіргіңіз келсе, білім министрі етіп қойыңыз дей­
мін. Ал, өзіме келсек, міне, алтыншы жыл, әлі тірі­мін. Демек,
жұмыс жүріп жатыр» деп бәрімізді бір күлдіріп алды.
Түркияда 60 мың мектеп, 147 университет бар екен. Соның

51-і Хусейн бейдің тұсында ашылыпты. Салада 1 миллион
адам жұмыс істейді, соның 650 мыңы мектеп мұғалімдері. 20
мил­лион бала оқиды. Білім саласына ел бюджетінің 10 пайы­
зы, 20 миллиард доллар бөлініп тұрады. Шетелдерде 70 мың

студент оқиды. Жаңа кірген мұғалімнің айлығы 1000 доллар.
Ем­делуі тегін. 25 жылдан соң зейнетке шығуға құқылы. «Мұ­ға­
лімдерге арналған, арзан 840 қонақүйім бар» – дейді министр.
Біз назар аударған бір-ер жағдай мынадай. Көркем әде­

биет оқуға теледидар мен компьютер кедергі жасайды. Сон­
дықтан, Түркияда орта мектеп оқушыларын түрік және әлем
әдебиетінің 100 үлкен романын оқуға міндеттейді. 9-10 сынып­
та сол міндеттілікке тағы 100 кітап қосылады. Сөйтіп, түрік

мектебінің түлегі ең үздік екі жүз шығарманы біліп шығады.
Тіпті, кітапқұмарларға ынталандыру сыйлықтары да белгіле­
нетін көрінеді.
Пікірлесу барысында министр: «Бізде ортақ түркі әде­

бие­ті туралы еңбек жазылып шыққ ан. Оны мектептерде оқи­
ды. Қазақстанда сондай еңбек бар ма?» деп қарсы сауал қой­ға­
нында өз министріміз Мұхтар Құл-Мұхаммедтің досына не жа­
уап берерімізді білмей, мүдіріп те қалғанымыз рас еді. Ху­сейн

бейдің соны сезгендей бастырмалатып: «Түріктер қа­зақ­тың
Абайын, қазақтар түріктің жаңа әдебиетінің негізін қа­лаушы
Намыт Кемалды білмесе, не болмақ? Білу керек» деген орын­
ды уәжін де бірауыздан құптадық. Ортақ рухани құн­ды­лық­

тарға деген мұндай құрмет түбі бір туыстан ғана шығар-ау...
Түркияда ұлты мен ұлысын ұлықтайтын ұлағатты ұрпақ
өсіруге, бала тәрбиесіне үлкен мән берілетініне «Саман йолы»,
яғни «Құс жолы» мектептер жүйесіне кіретін Ахмет Ұлысой

дарынды балалар лицейінде де көзіміз жете түскендей. Са­
ты-саты білім алу мен кемелдену үшін керек жағдайдың бәрі
жасалған. Теория мен рухани жағы, дене тәрбиесі ұш­тас­
тырыла қатар жүреді. Түріктің қазіргі ғұлама ойшылы Фетхул­

лах Гүлен айтқандай, бұл мектепте де бар білім мен тәрбие
«Ба­тыстан керектісін алайық, бірақ өз мәдениетімізді алға шы­
ғарайық» деген қағидаға сай үйлестірілген. Мектеп дирек­торы
Илхан Брли айтқан бір қызық ой ұштығы мынадай: «Қазіргі

заманда шекара жауып отыра алмайсың. Сондықтан, өскелең
ұрпақ басқа ел, басқа халық, басқа мәдениеттермен диалог
өнерін меңгеруі керек. Сол кезде өз елінің салт-дәстүрі мен
ұлттық құндылықтары оның табан тірейтін тиянағы бола­

ды. Мұның мәнісі, циркуль сияқты, түрік ұрпағының, тү­рік­
тік тұрпатты рухтың бір аяғы өзінің елінде нық басып тұруы,
ал екіншісі әлемнің түкпір-түкпірінде жүруі тиіс деген сөз.
Мықты ғалым, техника мен технология сатып та алынады. Бі­

рақ бұл амал адамға жүрмейді. Жүрегі елім, жұртым деп со­
ға­тын болашақтың азаматын өзіміз тәрбиелеуіміз керек». Тү­
ріктің қарапайым ғана лицей директорының ұлттық идеяны
осыншалық ұғынықты да айқын айтып аңыратып тұрғанына

кәдімгідей қызығады екенсің. Іштей біздің қазаққ а да нағыз
керек нәрсе осы-ау деп бір ширығып қойдық.
Қазақстанға деген іштарту мен ықылас биліктегі «Ақ»
пар­тиясының жетекшілерінің бірі, Мәжіліс депутаты, елде­гі

көрнекті қайраткер Бүленд Арынчпен әңгіме кезінде де бай­

қал­ды. Ол кісі 2002 жылы өзіне Түркістанда жұма намазын
оқу­ды Алла нәсіп еткенін бақыт санайды екен. Біздің біраз
қай­раткерлерді тәуір білетін болып шықты. «Қазақстанмен
қарым-қатынасымыз басқа елдерге ұқсамайды. Сіздердің орын­

дарыңыз бөлек. Өйткені, атажұртымыздан келдіңіздер. Бауыр­
ды көргендей қуанамыз. Екі Парламент арасында достық бай­
ланыс біраз жылдардан бері өрістеп келеді. Қыркүйекте сапар
жоспарланып отыр, соған орай арнайы жұмыс тобы құрылғалы

жатыр. Әлбетте, түркі тілдес елдер саммитінде негізгі жетек­
шілік рөл Түркия мен Қазақстанға тиесілі» деп Бүленд бей де
түрік-қазақ бауырластығы жайында тайпалта әңгімелегенде
ме­рейленіп отырдық.

Бір әредікте әлемнің 120 еліне хабар тарататын Түркия мем­
лекеттік ұлттық радио және теледидар мекемесіне бас сұғудың
сәті түсті. Осы ТРТ компаниясын өздері «Түркияның әлемге,
әлемнің Түркияға ашылған терезесі» деп айтса, айтқандай екен.

Бұған біздің ризашылықпен қосар бір жайтымыз сол, мұнда 10
жылдан бері қазақша бағдарлама жүргізілуде. Оны жүргізуші
журналистер өзіміздің маңғыстаулық Торғын Сұлтанқызы ха­
ным және Зейнеш Исмайл деген азамат. Әйтеуір, әлемдік ала­

манда қазақ үнін де қалдырмаған түрік бауырларға қалай ри­
за болмассың.
Анкара астана болса, Конья кие дарыған, имандылық қа­
ласы. Олай дейтін себебіміз, біріншіден, оның 9400 жылдық

тарихы бар. Мұнда хеттер, финикиялықтар, лидиялықтар, ви­
зантиялықтар, селжұқтар мен османлылар мәдениетінің іздері
сақталған. Екіншіден, бұл қала бүкіл әлемге ірі дін ғұламасы,
ислам мәдениетінің ірі өкілі Мәулана есімімен танымал. Біз­

дің Қожа Ахмет Яссауи сынды, Мәулананы да халық пір тұ­тып
қастерлеген, әулие дәрежесіне көтерген. Мәулана дүние жүзіне
шығыстың жарық жұлдыздары қатарындағы ұлы философ ақын
Жәлелетдин Руми атымен мәшһүр. Румидің 800 жылдығы жа­

қында аталып өткен. Коньяға 150 шақырым жер­дегі Ақшаһар
қаласының тумасы атақты Қожанасыр осы Мәу­лананың заман­
дасы. Қожанасыр атамыздың да 800 жыл­ды­ғы тойланыпты.
Мәулана 14 тілге аударылыпты. Оның құдайға құл­шы­лық­

ты, Аллаға деген шексіз махаббатты бейнелейтін сопылық си­
паттағы «Дәруіштер биі» әр сенбі сайын қойылым ретінде көр­
сетіледі. Мәулана есімі қаладағы діни туризмді дамытуға да
үлкен шарапатын тигізуде. Мәулана мәдени орталығы халық

мүддесіне орай қызмет ететін имандылық пен ізгіліктің орда­

сындай боп көрінді бізге. Себебі, осы орталықта жылына 15
мың адам әртүрлі кәсіби мамандықтарға үйретіліп шығарылады
екен. Осындағы кезекті курсты бітірушілер мерекесінде Ко­
нья мэрі Тахир Ақжүрекпен де кездесіп сәлемдесудің сәті түс­

ті. Мәулана орталығына Әзірет Сұлтан дүрбесі макетінің қойы­
луы Яссауи бабамызға деген құрметті көрсетсе керек. Мәулана
мен Яссауи ислам шамшырақтары болса, олардың ғұмыр кеш­
кен қалалары Конья мен Түркістан неге бауырлас қалалар бол­

масқа?.. деген сұрақ та осы арада туындап еді. Түрік бауыр­
лармен, Мәулана мәдени орталығының бас мүдірі (дирек­
торы) Еркан Услумен пікірлесіп көрсек, әбден болады екен.
Тек мәселеге қозғау салу керек. БҰҰ-ның «Әлемнің тарихи

қа­лалары» конференциясы өткізіліп тұрады. Өткен жылы Ко­
ньяда өтіпті. Осы конференцияға бірде бір түркі елі мүше емес
екен. Басқа түркіні былай қойғанда, 2500 жылдық тарихы бар
өзіміздің қасиетті Түркістанымызды мәртебеден шет қал­дыр­

ғанымыз обал-ақ.
Конья қазақ даласынан қоныс аударған селжұқ хандарының
ас­танасы болған. Қазір мұнда 86 мың студент оқитын ең үл­кен
Селжұқ университеті бар. Мәулана зерттеу орталығы жұмыс

істейді. 1220 жылы салынған Алаятдин Кейқуат мешіті сы­нын
бұзбастан, сұсты иман нұрына шомылдырып аялайтындай.
Кешке Мәулананың сүйегі жатқан кесене-мұражай мен
мед­ресеге бардық. Қасиет-киеге жанасқандай, кеудеміз шү­піл­

деп нұрға толды. Мәулананың киген киімдері, қалпағы. Хиж­ра­
ның VІІ ғасырындағы Құран. Мұхаммед Пайғамбар ғалайисса­
лам­ның шапаны, сақалы сақталған қобдиша. Киеміздің, ие­міз­
дің жанында үнсіз толғанып тұрып қалып едік.

Содан соң сапар беті Ыстамбұлға түзелген-ді. Раббының
дидарын көрген Хазіреті Мұстафа пайғамбарымыз өз хадис­
терінде: «Константинопольді алған патша қандай бақытты
еді! Константинопольді алуға қатылған әскер қандай бақытты

еді!» деп өсиет айтқан екен. Пайғамбардың сол өсиетін дін
мұ­сылманға жол ашқан айбынды Фатих Сұлтан Мехмет 1453
жы­лы орындап, шапағатты қаланы алды. Ыстамбұлдың сол ға­
сырларда Исламбол деген өзгеше мағыналы атауы да болған.

Біз осы Ыстамбұлда Түркі дүниесі паркіндегі Қазақстан Рес­
пуб­ликасының Мәдениет үйінде, соған көршілес қазақ және
тү­рік тілдерінің дәрісханасында болғанымызда, сол арадан
«Қа­зақстан – Орта Азияның жарқыраған жұлдызы» деген көр­

некті үлкен сөздерді оқығанымызда, қасымызда профессор

Әб­діуақап Қара бар, Зәйтүнбұрұн ауданының қазағы Омар­жі­­
гіт Құ­марұлының шаңырағынан дәм татқанда да кеудемізді өз­
геше те­біреніс сезімі кернеді. Осылардың да бастауында жаңа­
ғы пай­ғамбар өсиеті тұрғандай боп көрінді. Ойыма өрнек сал­

ған тағы бір түрік тағлымы осы болатын.
2008 ж.

ПАРИЖДЕГІ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

Қазақтар мен француздардын ұқсастықтары туралы әре­
дікте әңгімелер айтылып жататыны рас. Қазақтан болған құ­
да­ларын француздар тай-құлын сойып құрметтейтінін естіп
жүрміз. Байланыс тамыры да тереңірек тартылса керек. Осы

ретте әйгілі Александр Дюманың біздің Кенесары хан жайын­
да роман жазуының өзі де бір айта жүретін ғибрат қой. Мұс­
тафа Шоқай бабамыздың жалындаған күрескерлік жылда­
ры өткен жер де Париж. Сонау Кеңес заманынан бері ондаған

жылдар бойы ұлы әншіміз Әміренің 1925 жылы Парижде­
гі этнографиялық концертте 11 мәрте ән шырқағанын мақтан
етіп келдік. 80-ші жылдары Франция қаласы Нансиде болған
мәртебелі өнер фестивалінда Әуезов атындағы Әкемтеатрдың

мәңгілік махаббат дастанындай «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуды»
табысты қойғанын да білуші едік. Екі ұлт арасындағы алтын
арқаудай дәнекер ұқсастық – француздардың да, қазақтардың
да ақын жанды, сері халықтар екендігі деп ойлаймыз. Ақынын

дәріптеген, ақындық өнерді әспеттеген ел қазақ пен француз­
дай болсын. «Ақындар провинцияда туады, Парижде өледі»
дейтін дүниежүзіне мәлім мәтел қазақ топырағында «Ақындар
ауылда туады, Алматыда тұрады» деп түрленгенінің өзі құ­ла­

ғымызға төлтумадай тамаша тартымдылықпен сіңді емес пе.
Мінеки, осы ұқсастықтардың тағы бір айғағындай болып,
қазақтың ақындық өнері, алдаспан өнері – айтыс дәл бүгін Па­
рижге жетіп, атақты Елисей алқабы, Ош даңғылындағы «Salon

Hauche» концерттік залына ат басын тіреді. Хош салонының ата­
уы тап бір қазақтың «хош» деген сөзінен шыққ андай жүрекке
жылы тиіп, топжарған айтыскер ақындарымыз бен әнші-күйші
өнерпаздарымызды қуанышпен құшақ жая қарсы алды. Осыдан

алпыс жылдың арысында Қасым ақын «Еуропаның аспанын­
да тұрдық біз, Кеудемізді қасиетті кек кернеп!» деген болса,
күні кешелер Парижге арнайы чартерлік рейспен ұшып келген
шақтан бері біздің бәріміздің жүрегімізді қазақтың киелі әні

мен жыры кернеуде. Сонымен бірге халқымыздың асқақ өнері
үшін, соны Еуропаның қақ төріне жеткізген елдігіміз үшін,
осы игі мұратқа мұрындық болушы атпал азаматтарымыздың
ерлігі үшін мақтаныш сезіміне бөленудеміз.

Көктемнің шуақ нұрға бөленген алғашқы күні – 1 наурыз­
да Париждің қақ ортасындағы «Хош» салонында қошуақ
көңіл­мен өтіп жатқан осынау қазақ өнері мерекесінің басты
ұйымдастырушысы, игілікті жобаның авторы – ақындар ай­ты­

сының екі тізгін, бір шылбырын қолына бекем ұстаған қа­шан­
нан бергі ұйтқы жанашыры, Қазақ радиосының бас директо­
ры, белгілі ақын Жүрсін Ерман. Айтыс «Отаныңды ойлай жүр!»
де­ген мағыналы ортақ атаумен көмкеріліп, оны тамашалауға

күллі Еуропадағы қандастарымыз, Германияда, Түркияда, Ан­
глияда, Белгияда, Голландияда, Швецияда тұратын қазақтар
елге деген сағыныш сезімдерін лүпілдете күн бұрыннан жи­
налып қойған-ды.

Халықаралық дәрежедегі мұндай айтыс 2004 жылы Мәс­
кеуде өткізілген болатын. Өзбекстан мен Қырғызстанда бо­
са-болмасын рет-ретімен өтіп жатыр. Ал енді мына алыстағы,
Атлантикаға жалғасқан Париждің жөні бөлек, жауапкерші­лі­гі

де күшті. Мұнда өтетін ақындар айтысы шеттегі қазақ диас­
порасына ата жұрттың ыстық сәлемін, ықылас мейірін жет­кі­
зеді, туған елдің мейірімді жылы құшағын сезіндіреді. Қа­зақ­
станның соңғы жылдардағы бүкіл әлем таныған зор жеңіс­тері

мен жетістіктерін паш етеді. Сонымен қатар осы өнер жиы­
ны 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалығына сайланған елі­міз­дің Еу­
ропадағы абырой-беделін де көтере түсуге қызмет етері кәміл.
Париждегі жыр додасына елдегі 60-70 белсенді айтыскердің

ішінен ең танымалдары таңдаудан өтіп келді. Бұлар – Балғынбек
Имашев (Талдықорған), Бекарыс Шойбеков (Түркістан), Ринат
Зайытов (Семей), Нұрмат Мансұров (Қызылорда), Аян Сейі­
тов (Ақтөбе), Жандарбек Бұлғақов (Алматы облысы), Айнұр

Тұрсынбаева (Астана), Сара Тоқтамысова (Шығыс Қазақстан
облысы) сынды семсер жырдың сыннан өткен саңлақтары. Төрт
жұп болып айтысады.
Елдің рухына шөлдеп-сусап отырған бауырларға дәстүрлі

ән-күйімізді де молырақ сыйлау жағы ескерілген екен. Бұл са­
ладағы таңдаулы өкілдеріміз, Мемлекеттік сыйлықтың лау­
реаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мәжіліс депута­
ты Бекболат Тілеуханов бастаған әншілеріміз Ардақ Исатае­

ва, Айгүл Елшібаева, Еркін Шүкіманов, Рамазан Стамғазиев,

термеші Елмұра Жаңабергенова, Американы таңырқатқан жас
дарын-феномен Мөлдір Бақытжанқызы және басқалары бүгін
қазақ әнін Париж аспанында атақты Эйфель мұнарасынан асы­
ра әуелетпек.

Екі жұп күй тартыс болады. Шертпе күй мен төкпе күй
кезектесе жосылып-төгілмек. Күйсайыста Айгүл Батырқайырова
мен Рүстем Күлшебаев, Мейіржан Ермегияев пен Сәбира Би­
батырова сынды дәулескер балбармақтар өнер көрсетуде. Қан­

дастарымыз сондай-ақ Қазбек Әдікеев пен Талғат Мұқышев
ызыл­тып-сызылтқан қобыз бен сыбызғының да әсем әуен, тәт­
ті күйін тыңдамақ.
Осы арада Жүрсін мұрындық болған игі істің басы-қасынан

Өмірзақ Сәрсенов, Амангелді Ермегияев, Дәулет Тұрлыханов,
Ерлан Атамқұлов сияқты елім деген белгілі меценат азаматтар
табылып, демеушілік жасағанын сүйінішпен айтамыз. Ел абы­
ройын асырар халықаралық жиын-шарадан «Мәдени мұра»

бағдарламасының ту ұстар серкелері, Алматы қаласы мен Қы­
зылорда облысының әкімдері Иманғали Тасмағамбетов пен Мұх­
тар Құл-Мұхамед те шет қалмай, қомақты қолдау көмек көр­
сетті. Еуропада жүргізілген ұйымдастыру жұмыстары кезін­

де Сыртқы істер министрі Марат Тәжин және Дүниежүзі қазақ­
тары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Тал­ғат
Мамашев тарапынан да пәрменді қамқорлық сезіліп тұр­ды.
* * *

Бағзы замандарда Күннен туған ғұн бабаларымыз аттарын
суарған Сена. Таңғажайып тарихқа толы, әлемге әйгілі Париж.
Алаштың ардақтысы Мұстафа Шоқайдың ізі қалған Париж.
Күш атасы Қажымұқанның бағы жанған Париж. Әміренің әні

жаң­ғырықтырған Париж. Сұлулық пен сымбаттың дүрбісіндей,
үйлесім мен үндестіктің үлгісіндей Париж. Әсемдік пен әде­
міліктің әуезіндей, талғам мен талаптың дәл өзіндей Париж.
Құдай-ау, тіпті орыстың бір ақыны «Парижді көру керек те

өлу керек» дейтін Париж. Өстіп түбін түсіріп айтпаса несі­
не ақын! Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының орта тұ­
сында осы арман шыңындай әлемдік қалада Евтушенко, Воз­
несенский, Рождественский сынды өңшең саңлақ орыс совет

ақындарының қатарында біздің Олжекең – Олжас Сүлейменов
те мәртебелі поэзия кешінде өлең оқығанын құлағымыз ша­
лып, іштей сүйініш етіп жүретінбіз. Енді, міне, бұдан бұрын
құс­қанатты сәлеммен сүйіншілеп хабарлағанымыздай, Па­риж­

дің қақ төрінде Әміре мен Олжекеңдер салған сол бір қас­тер­лі
жәдігердей сүрлеу- соқпақты кеңейте жалғастырудың һәм жа­
сын жырды алдаспанша жарқылдатудың құрметті ба­қыты қа­
зақтың қазіргі айтыскер ақындарының пешенесіне бұйыр­ған

екен. Тәуелсіз қазақ елінің өнерлі ұл-қыздары өз­де­ріне жүк­
телген осынау жауапты міндет үдесінен табыла білді.
Бірден айтайық, наурыздың бірінші жұлдызында Париж­
дегі «Salon Hayche» концерт залында өткен ақындар айты­

сы өскен елдің өркенді өнерін, кемел өресін қалтқысыз таны­
тып, ұлттық мәдениетімізге үлкен олжа салды деуіміз керек.
Топтан суырылып озған ең үздік айтыс ақындармен қатар ән­
шілер, термешілер, күйшілер, қобызшылар Еуропа елдерін­

дегі қандастарымызды атамекен, туған жердегі қара орман қа­
зағының дәстүрлі өнерімен қауыштырып, қуанышқа бөледі.
Тарихта тұңғыш рет осындай үлкен деңгейде, кең ауқыммен
өткен бұл думан халқымыздың фольклорлық музыка концер­

ті ретінде де осында жиналған талғампаз әрі бекзат қауымның
көңілінен шығып, ұлттық рухты ұлықтаған шынайы өнер ме­
рекесіне айналды.
Бекзат қауым дегеннен шығады, үлкен дәрежеде жан-жақ­

ты ойластырған бұл айтыс елдік мерей-мәртебемізді де асы­
ра түскені анық. Осы орайда Франциядағы Қазақстан ел­ші­
лі­гінің ортақ іске мүдделі жанашырлық таныта атқарған жұ­
мыс­тарының нәтижесі ойдағыдай болды. Көрік-сымбаты ке­

ліс­кен «Хош» салонындағы айтысты тамашалауға Франция
үкіметінің өкілдері, көптеген елдердің дипломатиялық өкіл­
діктерінің жетекшілері, ірі компаниялардың басшылары, қа­
зақ елінің тілектес достары келді. Осылардың ішіндегі бір

ерек­ше адам – әйгілі Романовтар әулетінің жұрағаты, ресейлік
отан­дас­тардың халықаралық кеңесі президиумының төрағасы
граф Петр Петрович Шереметев. Бұл кісі Қазақстанның үлкен
досы, біздің елшілікпен тығыз байланыс жасап тұрады екен,

қол­дан келген көмегін де аямайтын көрінеді. Осындай құр­
метті қонақтар арасында бәйбішесімен келген бір қарт фран­
цузбен жолығып қалдық. Ол тарих профессоры, француз-қа­
зақ мәдени байланыстар қоғамының мүшесі екен. Аз-кем орыс­

шасымен: «Первый раз вижу айтыс, очень рад» деген сөз­дерді
риясыз көңілмен айтып жеткізді.
Айтыс әне-міне басталар сәтте бізді әрі таңырқатып, әрі
қуандырған бір жағдай, орта толтырып Әбдіжәміл Нұрпейісов

ақсақалдың келуі болды. Былайша айтқанда, сценарийде қа­

рас­тырылмаған жағдай. Сөйтсек, жазушы ағамыз әлдебір шы­
ғармашылық шаруамен Мюнхенге келген екен, содан Париж­
де болатын айтысты естігесін байыз таппай бері қарай тартып
кетіпті. Осылайша Әбекең бәрімізге бір әдемі «сюрприз» жаса­

ды. «Алматыда айтысқа арнап шақырып келтіре алмайтын ұлы
жазушы Нұрпейісов, мінеки, Париждегі айтысқа өз аяғымен
келіп қалды, тегінде Әбекеңді келтіру үшін айтысты Париж­
де өткізіп тұру керек екен» деп Жүрсін де қуанышын жасыра

алмады. Жазба әдебиетіміздің мэтрі айтыскер ұл-қыздарының
жыр мәйегіне көңілі толғандай түр танытты. Айтысты рахат­
тана тыңдап, толқып отырды. Онымен де қоймай, сол кеште
Мәскеуге ұшатын сапарын кейінге қалдырып, Алматыға ай­

тыс ақындарымен жұп жазбай бірге оралды.
«Елдестірмек – елшіден» дегендей, Париждегі осынау өнер
са­парының табысты өтуіне басынан аяғына дейін қамқоршы
болып жан салған Қазақстанның Франциядағы елшісі Аман­

жол Жанқұлиев мырза айтыс-концерт басталар алдында шағын
кіріспе сөз сөйледі. Қазақ диаспорасының жай-күйін айта келе,
мұнда 2005 жылдың маусымында кіші Құрылтай өткізілгеніне,
Ел­басының соңғы Жолдауында шеттегі қандастарды тари­

хи Отанға көшіру квотасының көбейтілгеніне, осы орайда Дү­
ниежүзі қазақтарының қауымдастығы атқарып отырған жұ­
мыс­тарға тоқталып, көпшілікті бүгінгі сәті түскен, туған елдің
ыстық сәлеміндей мереке думанмен бір құттықтап өтті де, тіз­

гінді айтыстың иесі Жүрсін Ерманға берді.
Осы арада ескеретін жәйт, бұл айтыстың Қазақстан ұлт­
тық телеарнасының 50 жылдығына арналғандығын бұрын
да айт­қанбыз. Ұлттық телеарна айтыстың қайта жандануына

кезінде көп септігін тигізді, айтыстың жанашыр насихатшы­
сына айналды. Жүрсін Ерманның бастауымен айтыстың те­
ле­дидарға шыққ анына да алдағы қарашада ширек ғасыр – 25
жыл толады екен. Осы жайларды ескергенде «Хош» залы то­

лы қауымға «Қазақстан» РТРК АҚ басқармасының төрағасы
Дәурен Әбдіхамитовтың бір-екі ауыз құттықтау сөз арнауы да
өте орынды болды деп білеміз.
Ұлт мәдениетінің белгілі жанашыры, қазақжанды меценат

кәсіпкер Амангелді Ермегияев шеттегі қандастарға: «Сіздер
осы жақта жүргенде өздеріңіздің тарихи Отандарыңыздың ел­
шісісіздер. Сондықтан, әрқашан туған халықтарыңыздың ділін,
тілін, мәдениетін насихаттай жүріңіздер. Әрі бастарыңыз ауы­

рып, балтырларыңыз сыздайтындай болса, тірек болатын ел

мен мемлекет бар екенін, сіздерді далаға тастамайтын бауыр бар екенін сезініп біле жүріңіздер» деп бірқанша тебіреністі сөздер айтып, талай қара көздерден ыстық жас домалатып, та­ лай көңілдерді елжірете толқытып тастады. Сахнаға алғашқы болып аса дарынды жас әнші Мөлдір Ба­қытжанқызы шықты. Таңғы шықтай мөлдіреген мақпал да­ уыспен шырқалған «Көктем вальсі» мен Латиф Хамидидің «Бұл­бұлы» ә дегеннен-ақ шырқау биікке самғатып әкетті. Ту­ ған жердің ән-күйіне шөлдеген қандастар Мөлдір уыздай үл­ біреген әсем даусымен мың құйқылжытып, тәтті әуезді тол­ қындатып әуелете жөнелгеннен-ақ қазақтың табиғи төл өне­ рінің балбұлағына бас қойғандай болды. Ақындар сайысының бісмілләсін Айнұр Тұрсынбаева (Ас­тана) мен Балғынбек Имашев (Талдықорған) бастап бер­ ді. Иә, біртуар әнші, бірегей азаматымыз Бекболат Тілеухан айт­қандай, айтыс – суырыпсалмалық дарынмен орайласқан синкретті өнер. Әні, сөзі, орындаушылығы, сахнадағы қимылқоз­ғалысы, бәрі бір тұлғаның бойында өріле астасқан мұндай ғажайып өнер қазақтан басқа ешбір халықта жоқ. Айтыс – біздің мақтанышымыз. Күй мен жырдың кіндігі айтыспен бір­ ге байланған. Айтыс – біздің ұлттық сипатымыз. Міне, нақ осы тұрғыдан келгенде, тамашалы жұрт Париждегі айтысқа ерек­ ше тәнті болды, таңырқады, сөйтіп Еуропа төрінде қазақтың алдаспан өнерінің мерейі өсті. Еңістен шапса төсте озған, ертеден шапса кешке озған жүй­ ріктеріміз бабында екен. Бірақ Париждің тө­рін­де түй­дек­тете жыр толғап, жұрттың көңілінен шыққ ан ақын­да­ры­мыздың өздерінің айыздары қана қойды ма екен? Себебі, бұл жолғы айтыстың алға қойған миссиясы өзгешелеу еді. Біріншіден, уақыт шектеу­ лі болса, екіншіден, бөтен елде әдеп пен сыпайылық барынша сақталды. Ақындар бірін-бірі қайткенде де алып жеуді, жеңуді мұрат тұтпады, есесіне, ақындық өнердің еңсесі биіктен көрінуін, қазақ жырының жұлдызы жарқырауын қалады. Сөйтіп, бір көр­ мелік, қазақтың айтысы осындай болады екен-ау дейтіндей, бар­ ша қадір-қасиеті көрініс тапқан үлгілі айтыс өткізді. Дегенмен де, кей реттерде, ақындық шабыттары шыдатпай, шарпысып, шай­ насып, тістесіп қалып отырған қызулы, шиеленісті сәттер де мо­ лынан ұшырасты. Әсіресе, айтыс ақындары тез әсерленгіш қой. Еуропа, Франция, Парижге қатысты небір ұшқыр ой, бейнелі теңеу, күлдіргі шумақтардың тиегі ал кеп ағытылды дейсіз. Бөле-жара­ тыны жоқ, төрт жұптың төртеуі де әдемі өнер көрсетті.

Сағыныш сазын әкелдім
Туған жердегі құстардың.
Өлеңге орап әкелдім
Жусанын Қазақстанның! –

деп сырлы мақаммен сыңғырлата толғаған Айнұр жырлары
қандастар жүректерін толқытқаны сезіліп-ақ тұрды. Орайлы
жерінде әдемі әзілмен шымшылап, Балғынбекке де есесін жі­
берер түрі көрінбейді:

Наполеон дер ем мен сені,
Қай елді бірақ жаулайсың?
Д’Артаньян дер ем мен сені,
Семсерді белге салмайсың.

Депардье дер ем мен сені,
Киноға бірақ бармайсың,
Француздардың елінде
Қазақтың даңқын көтерген

Қажымұқаннан аумайсың!–
десе, зал ду күлді. Сөйтсек Балғынбектің сырт пошымы шы­
нында да Қажекеңе ұқсайды екен. Ал, Балғынбектің бір тауып
кеткен жері:

Еуропа рыцаріндей
Айнұрға да
Мен қазір айтып берем серенада,–
деп «Ақ бантик», «Арыс жағасында» сияқты белгілі әндердің

әуенімен жосылта жөнеліп, езу тарттырды. Арасына астарлы
ойларын да сыналап қосып қояды.
Қайдасың ағайын?
Отанға келем деумен,

Қазақ жүр елеңдеумен.
Бекарыс Шойбеков (Түркістан) пен Ринат Зайытов (Се­
мей) арасындағы айтыс көркем де келісті шумақтарға, отты
жырларға толы болды. Бұл екі жігітіміз тартысты неғұрлым

шиеленістіріп, айтысты салмақтандыра түсті. Табан астында

туған импровизация, орынды уәж, жырдың еркін де толассыз
құйылған ағысы жұртты баурап алғандай. Бекарыс:
Жерім жоқ жұрттан өнер тасалайтын,
Ақын ба жырдан мүсін қашамайтын.

Армысың, Еуропаның адамдары,
Жоспарламай ештеңе жасамайтын.
Азаннан кешке дейін еңбек етіп,
Оңайлықпен қолдары босамайтын.

Байтақ Қазақстаннан сәлем саған,
Бүкіл Францияңды бес орайтын!–
деп шабыт шалқытса, Ринат:
Бісміллә, жырдың оты жансын анық,

Көрейік қызыл тілден бал шығарып.
Ассалаумағаләйкүм, қандастарым,
Әуелде өздеріңнен хал сұралық.
Ата жұрттан кеп тұрған өнер көші,

Жақсы хабар әкелген жаршың анық.
Жалынды сағыныштың жырларынан,
Жандарыңыз бір ләззәт қалсын алып.
Ер қазақ ежелден-ақ ақын, батыр,

Күйші һәм жыршы халық, әнші халық,
Сол қазақтың кім екенін көрсетпекке,
Шабыттың Шалқұйрығын қамшыладық.
Париждің тастан салған көшесімен,

Ақындар шауып өтсін шаң шығарып!–
деп аруақ шақыра, күллі сыр-сыпатымызды бірер шумаққ а
сый­ғыза толғап бір өтті.
Бұдан кейінгі жұп Жандарбек Бұлғақов (Алматы облысы)

пен Аян Сейітов (Ақтөбе) те ата жұрттың төл өнерін асыға
күткендерге әдемі де өрнекті айтыс сыйлады. Жандарбек:
Францияның елінде,
Париждің мына төрінде

Даусымыз қалсын жаңғырып,–
деп арманды жыр алаулатса, Аян:

Француздың қызын алып қашуға емес,
Қандастарды сағынып келдім бүгін,–
деп ширығып алып, одан әрі:
Қандастар шақырып та жатса егер,

Айтысқа тағы-дағы оралак ек.
Ай, бірақ келер жылы келеміз ғой,
Еуропа Одағына төраға боп! –
деп орынды мақтаныш сезіміне бой алдырды.

Ақындардың ақырғы жұбы Сара Тоқтамысова (Шығыс
Қа­зақстан облысы) мен Нұрмат Мансұров (Қызылорда) әуелгі
қыз бен жігіт айтысын одан әрі өткірлеп, тереңдеткендей әсер
қалдырды. Әдемі қалжың, өр мінез, сөздің сайыпқыран қақ­

тығысы жыр буымен буындарға түсіп жатқандай. Әсіресе,
Са­раның шабыт буған шақтары сондай керемет. Бұл кезде ол
бет қаратпайтын алау отпен тең. «Француздар алып қалса қай­
тесің?» деген Нұрматқа:

Қазақтың туы тұрғанда желбіреген,
Өзгенің көзін қайтем мөлдіреген?!–
деп келістіре жауап қайырып, жұртты бір риза ғып тастады.
Оған айылын жияр Нұрмат па?! Басқа жақтан төпелеп ша­

буылдай жөнеледі. Жыр сарынын құбылта, Парижге толғау
арнайды. Қандастарымызға қарата:
Сіздерді көріп тұрып қуанамын,
Белі шыққан бесікті ұмытпаған,–

деп сүйінішін бір айтса:
Тарыдай шашыраған қазақтарым,
Бәрі де бір қалтаға құйылса екен,–
деген асыл арманын екі айтады.

Жүрсін концерттік бағдарламасын қашанғы табиғи қал­
пы­мен, сараң сөзбен серпіле, желпіне , емін-еркін жүргізіп
отыр­ды. Айтыстардың арасын дәстүрлі ән, күй, термелер ажар­
ландырды. Термешілер Айгүл Елшібаева мен Елмұра Жаңа­бер­

геновалар биік дауыс, серпінді жігермен қазақи өнер ру­хын
шалқытса, күйтартысқа шыққ ан екі жұп Рүстем Күл­ше­баев
пен Айгүл Батырқайырова, Мейіржан Ермегияев пен Сә­бира
Бибатыровалар өздерінің орындау шеберліктеріне тамсанды­

румен қатар, тыңдарман қауымды қазақтың ұлттық саз әле­
міне сая­хат жасатып, шертпе күй мен төкпе күйдің небір си­
қыр ға­жайыптарын танытып өтті, ұлы күйші бабалар шығар­
ма­ларының күй керуенін әлемдік Париж жәрмеңкесіне алып

шық­қандай болды. Қазыбек Әбікеевтің қобызға қосып айт­қан
«Ағажай,Алтай», «Шилі өзен қамысы-ай» әндеріне зал­дағы
қандастар көздеріне жас тола, елжірей қосылып отырды. Қо­
быздың қасиеті ме, әлде, айтушы ұнады ма, әйтеуір Қазы­бекті

қоймай қолқалап шақыртып, тағы бір ән салғызды. «Бис­ке»
шырқалған халық әні «Гүлдариға» да түбі Алтайдан шық­қан
қандастарымызды қатты әсерлендіріп, одан сайын елжіретті.
Сәуле Жанпейісова, Рамазан Стамғазиев. Ардақ Исатае­

ва сынды белгілі дәстүрлі әншілеріміз әнқұмар қауымды одан
әрі шаттандырды. «Хош» салонындағы қазақ ән-жырының ба­
зарлы мерекесін Бекболат Тілеухан түйіндеді. Соңғы жылда­
ры саясатқа көбірек бет бұрғанымен де, Бекболат баяғы ба­

бында екен. Дүлдүл әнші «Сарыарқа» әнінен бастап, түркінің
түп тамыры жатқан Алтайдан тартып, Жетісу, Қаратаулатып,
Батыстағы «Тәңірі берген Молдабайға» дейін зор дауысқа қам­
шы баса, құлпырта попурилетіп өткенде қандастардың айы­

зы бір қанғандай болды. Көпшіліктің сұрауымен Бекболаттың
тағы бір ән айтпасқа лажы қалмағандай. Әрине, ол ән – сөзін
Нұрсұлтан Әбішұлы жазған, әуенін өзі шығарған атақты «Елім
менің» еді. Ән аяқталғанда зал толы қауым тебіреніп кетті.

Еуропа қазақтары үйлестіру кеңесінің төрағасы Мәмет Зен­
гин, Әбдірахман Шетин мен Яшар Дініш ақсақалдар, алаштың
бір абызы Халифа Алтайдың ұлы Әбдісәмет Алтай, Байрам Ке­
сар, Абат Бесату, Бесқажы Көксал, Қабден Қалыпшы, Хабиб

Ерол сияқты қандастарымыз айтыс үшін алғыстарын мың қай­
тара жаудырып, бұл күнге жеткізген құдайға шүкір десіп, өздерін
ұмытпаған атажұртқа, елге рахмет-сәлемдерін айтып-ақ жатыр.
Айтысты тамашалаған барша қауымға осы «Хош» салонының

тағы бір кең залында елдің ас та төк дәмі тартылды.
Сонымен, «Отаныңды ойлай жүр» деген атпен Парижде
тұңғыш рет өткізілген қазақ ақындарының думанды айтысы
діттеген мақсатына жетті деп айта аламыз. Парижден алған

әсер де көп, әңгіме де жетерлік. Несін айтасыз, Луврды, Ели­

сей алқабын, Эйфель мұнарасын, Монмартрды, Жеңіс Арка­
сын аралап та көрдік. Париждің қызығына батып жүргенде
өзіміздің Әмірбектің Көпенін жоғалтып та ала жаздадық. Сөйт­
сек, жігіттердің бірі: «Көпен келе жатыр» дейді. Қарасақ, шы­

нында да келе жатыр. «Сендер қызық көріп жүргенде, мен мұ­
сыл­мандардың бас мешіті мен Мұстафа Шоқай бабам тұрған
жерге барып келдім» дейді.
Қазақтың ақындар айтысының осылайша әлемдік айдынға

шыққ анына Мырзатай Жолдасбеков ағамыз ерекше қуанулы.
Ұлтым деген, жұртым деген азаматтар аман болса, Жүрсіннің
жүйріктері, қазағымның айтысы әлі Еуропаның талай елінде
маңдайы жарқырап топ жарар, жұлдызы жанар, лайым.

2008 ж.

АСҚАР ТАУЛАР БӨЛСЕ ДЕ,

АЛҒАУЫ БОЛМАС АҒАЙЫН

(Ұлан-Батырда өткен Моңғолия қазақтарының
құрыл­тайынан түйген ойлар)
Профессор Ислам Қабышұлы сөзінің бір ретінде: “Моң­ғо­
лия қазақтарының құрылтайын Моңғол мемлекетінің астанасы

Улаанбаатар қаласында өткізуге зор мүмкіндік жасағаны үшін
Қазақстан Республикасының Президенті, Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба­
ев мырзаға шын жүректен алғыс айтамыз. Қазақстанның еге­

мендігін жариялаған алғашқы жылдардан бастап әлемнің әр
түкпіріне шашыраған ағайындарға аса зор қамқорлық жасап,
оларды тарихи Отанына оралту жолындағы ұлы бағдарламаны
жүзеге асырғаны үшін Нұрекеңе біз, әлем қазақтары, өзімізді

әрқашан қарыздар санаймыз. Осының айқын айғағындай, әлем
қазақтарының көсемі, Қазақстанның Елбасысы осынау тарихи
қысқа мерзім ішінде Моңғолия мемлекетіне үш дүркін келіп,
бауырластарының көптеген көкейкесті мәселелерін шешіп, ға­

сырға татырлық ұлы іс тындырды” деген аталы, абыздық ұла­
ғат лепесін айтқанына жиналған қауым дүр сілкініп, қошемет
білдірісті. Риясыз көңілден айтылып, шын жүректен шыққ ан
осынау шынайы сөздер осы Құрылтайға жиылған қауымның

ғана емес, жалпы моңғолдық қазақ диаспорасының ғана емес,
дүние жүзіне тарыдай шашылған барлық әлем қазақтарының
жуырда туған күнін бүкіл республикамыз Астана күнімен

қоса зор қуанышпен тойлап жатқан Қазақстан Президенті Нұр­
сұлтан Назарбаевқа деген ақ тілекке толы алғыскер ықы­ласын
қалтқысыз білдіріп тұрғандай болды.
Түркілік тегіміз тамыр тартқан Моңғолия жерінде ондаған

ғасырлардан кейін осынау Қазақ құрылтайының өтуі жақсы
нышанды аңғартып, тебіреністі ойларға жетелейді. Бұл жай­
дан түптамырымыздың қазыналы да қасиетті қормалдарына,
Күлтегіндей алдаспан асыл бабаға, Тоныкөктей данаға ора­

луымыз тағы бір көрініс тапқандай. Енді мына ғажапқа қарай
қалыңыз. Алматыдан күміс қанат ұшақпен самғай ұшып шық­
қан біз Бейжіндетіп келіп, моңғол астанасының бас кө­ше­ле­
рінің біріне кірген кезде, үлкен етіп жазылып алдымыз­дан

желбіреген: “Моңғолия қазақтарының құрылтайына қа­ты­су­
шыларға сәлем!” деген құттықтау лебізін көріп, бір мерей­
леніп қалғанбыз. Одан әрі Ұлан-Батырдан әудем жерде біз түс­
кен, құрылтай өтер қонақ үй де баяғы керейдің Уан ханы орда

тіккен ата қонысына орналасқан боп шықты. Иә, айтары жоқ,
салқын сабатты, сарқыраған Толы өзенінің жағалау төңірегі,
теңкиген биік төбелері қарағайлы орманға сіңе аспанмен аста­
сып кеткен Зайсан тауының тап етегі. Бұл бабамыздың атақты

Шыңғыс ханның қамқоршы өкіл әкесі болғандығы тарих­
тан белгілі. Ал Абай хакім жазып қалдырған тағы бір мәлім
жағ­дай, сол Шыңғысты хан көтерген 12 бидің бірі қазақтың
түгел сөзінің түп атасы Майқы би болғандығы. Одан соң

моң­ғолдың қазіргі зиялы азаматтары айтып жүрген бір ата­
лы сөз бар. “Қытайға кеткен Төленің үрім-бұтақ ұрпағы Моң­
ғолиядағы ата жұртына қайтып оралды. Дешті Қыпшаққ а
аттанған Жошы ханның жұраты қазақ ішіне тастай батып,

судай сіңді. Қазақ мұңғұлға жат болса сөйтер ме еді?!” дей­
ді олар. Иә, қазақ-моңғолдың да түбі бірге туыстығын, та­
мыры бір ұйықтан нәрленгенін айғақтайтын әфсаналы мы­
сал жалғыз бұл емес. Олай болса, қазір Моңғол мемлекетінің

құрамында үлкен бір ұлысты құрап отырған қазақ қауымы да
өздерін барқадар, бақуатты сезінбеуіне ешқандай негіз де жоқ
сияқты боп көрінеді.
Тарих қайталанады. Тарихтың керуен көшінде сабақтастық

деген ұғым бар. Бағзы замандарда түркі жұртының басын бі­
рік­тіру жолында Білге қағандай бабаларымыз күш-қайрат жұм­
саса, қазіргі ғасырымызда тарихты тірілткен ерен тұлға Нұр­
сұлтан Назарбаев екендігі бұл күндерде айғақты қажет ет­пес

аксиомадай даусыз ақиқат. Жаңа замандағы қазақтың үдер­

ген көшінің ұлан асулардан өтіп, ұлы мақсаттарға бет тү­зеуі
әлем­ге танылған тәуелсіз Қазақстанның Елбасысының есі­мі­
мен етене байланысты. Ежелгі түріктің бүгінгі мұрагер ұр­па­
ғы – дүние жүзі қазақтарының басын қосуға, береке-бірлігіне

ұйтқы болған тұңғыш Президентіміз де Алаштың қара қазан,
сары баласы үшін “түнде алаңсыз ұйықтамағаны, күндіз
байыз­дап отырмағаны” күмәнсіз. Біздің Нұрсұлтан ағамыз да
хал­қы үшін баяғының баһадүрлерінше “қызыл қанын төкпеді,

қара терін ағызбады, күш-қуатын сарқып бермеді” деп кім ай­
тар?! Моңғолиядағы 150 мыңдық қазақ диаспорасының құ­рыл­
тайы өтіп жатқан күндерде осынау көршілес елдің сайын са­қа­
ра­сындағы көне Күлтегін ескерткішінің жанында тұрған әрбір

қазақтың осындай шұғылалы ойларға шомары анық екен. Біз
соны білдік, осы жайды жан-жүрегімізбен сезіндік. Сонымен
бірге бұл құрылтайдың Елбасының туған күні қарсаңында өтуі
де жақсылық нышаны ретінде 27 маусымдағы алқалы жиында

сан мәрте қайталанып та айтылды.
Әлбетте, атажұрттан алыстағы ағайынға, қандас бауыр­
лар­ға деген ізгілікті ілтипат, шынайы құрмет, жанашыр қам­
қорлық Моңғолия қазақтарының Екінші құрылтайына қаты­су­

шыларға жолдаған Елбасы құттықтауынан да айқын танылып
тұрғандай. Онда былай делінген:
“Сіздерді кең-байтақ Моңғолия елінің астанасы Ұлан-Ба­
тыр қаласында өтетін ІІ құрылтайдың ашылуымен шын жү­

ректен құттықтаймын! Атажұрттарыңыз – Қазақстанның хал­
қы атынан ыстық ықыласты сәлемімді жолдаймын!
Моңғолия қазақтарының мұндай бас қосуы алғаш рет
1997 жылы Баян-Өлгий қаласында табысты өтіп еді. Бүгінгі

жиын сол кезде бастау алған игі істерді одан әрі жалғастыруға
жаңа серпін береді деп сенемін.
Моңғол халқы өз елінде тұратын қазақтарға әрдайым шы­
найы жанашырлық танытып, ерекше қамқорлық жасап ке­

леді. Моңғолия қазақтарының ана тілінде білім алып, ұлттық
мәдениеті мен салт-дәстүрлерін ұстанып, дамытуына барлық
жағдайлардың жасалып отыруы – осының айқын дәлелі. Біз
мұндай шынайы бауырластық қамқорлықты ұмытпаймыз. Ол

үшін моңғол халқына әрқашан ризамыз.
Қазіргі кезде Қазақстан мен Моңғолия мемлекеттері ара­
сындағы түрлі байланыстар барынша дамып, жоғары деңгейге
көтеріліп келеді. Моңғолия қазақтарының бүгінгі құрылтайы

осы достық және бауырластық байланыстардың одан әрі да­
мып, нығая түсуіне өз ықпалын тигізері сөзсіз.
Қазақстанның құшағы сіздерге қашанда ашық! Екі ел
ара­сындағы барыс-келісіміз ұлғайып, дами берсін! Барлық­та­

рыңыздың отбасыларыңызға бақыт пен жақсылықтар тілей­
мін!
Құрылтайдың жұмысы мазмұнды да табысты болсын!”.
Осы құттықтауды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

төр­аға­сының орынбасары, белгілі жазушы-драматург Сұлтан­
әлі Балғабаев оқып берген кезде құрылтайға қатысушы ағайын
алақандарын аямай шапалақтап, риясыз қуаныштарын біл­
ді­рісті. Шіркін, осындай самалалы сәттерде сүйенетін Елің

де, сүйінуге жарар Ерің де болғаны қандай жақсы. Ең­сең кө­
теріледі. Елдігің білінеді. Рухың биіктейді. Елбасы құт­тық­
тауы құрылтайдың әу бастан-ақ осылайша мерейін ас­қақ­
татып, мәртебесін өсіріп, біртүрлі рухтандырып, ар­қа­лан­ды­

рып, жиынды кең толғамды кенен арнаға салып жібергендей
болды.
Моңғолиядағы Қазақстан елшілігі мен Қазақстан Рес­пуб­
ликасының мәдениет орталығы ұйымдастырған қандас бауыр­

ларымыздың Ұлан-Батырдағы бұл Құрылтайы өзекті мә­се­
лелерді қозғап, сан түрлі ашық пікір алмасылып, аса бір мүд­
де­лілікпен, жоғары дәрежеде өтті десек, еш қателеспейміз.
Се­бебі, басқа елдерде өтіп жатқан осындай құрылтайлардан

бір ерекшелігі, мұнда “Нұр Отан” партиясының салиқалы фо­
румды салауатты қолдаушылар қатарынан табылғанын атап
айтуымыз керек. Қазақ диаспорасының тіл мен діл, рухани
һәм мәдени мәселелерін, тұрмыс-тіршілігіндегі әралуан түйт­

кілдер жайын сөз еткен жиынның салтанатты ашылуында
“Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы төрағасының
бі­рінші орынбасары Дархан Кәлетаев сөз алып, жиылған қауым­
ға ол да өз тарапынан партия төрағасы Нұрсұлтан Назар­баев­

тың және бір ыстық ықыласты сәлемін, Қазақ елінің үшбу
құснихатын жеткізді.

– Құрметті бауырлар, ағайындар! Сіздерді Отанымыздың

жетекші партиясы, билік партиясы “Нұр Отанның” атынан
Моң­ғолия жерінде өтіп жатқан бүгінгі салтанатпен, Моңғолия
қазақтары Құрылтайының ашылуымен шын жүректен құт­
тық­таймын. Моңғолия жері ежелден келе жатқан түркі тек­

тес көр­шілес халықтардың керегесін кеңге жайған қасиетті
ме­кені. Мұнда ата-бабаларымыздың асыл мұра жәдігерлері

сақ­талған. Сонымен бірге Моңғолия жері сақ, ғұндардан та­
мыр тарт­қан халқымыздың бір шоғырын бауырына басуы­
мен де қымбат бізге. Сондықтан, біз бұл елге әрдайым тілек­
тес болып, жарқын үмітпен қараймыз. Бүгін осы қасиетті то­

пы­рақты басып тұрып, Күлтегін ескерткішінен бастап, Еура­
зия апайтөсінің кіндігінде орналасқан Астана төріндегі
Бәй­терек кешеніне дейінгі тағылымды тарихымызды тағы бір
те­бірене еске аламыз. Тарлан бабаларымыздың тасқа қашап

жазған, ел болуды көксеген армандары адыра қалған жоқ.
Ол арманға бүгінгі ұрпақ қол жеткізіп, бостан елдің көк бай­
ра­ғын көтерді, тәуелсіз Қазақстан өркениеттің тура жолына
түскен еркін мемлекетке айналды. Біз Тәуелсіз Мемлекеттер

Дос­тастығы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, ШЫҰ
сияқты іргелі ұйымдардың белді мүшесіміз. Келер жылы Қа­
зақ­стан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйы­мы­
на төрағалық етеді. Міне, осының бәріне Елбасымыз Нұр­сұл­

тан Назарбаевтың көреген саясатының, ерен еңбегінің ар­қа­
сында қол жеткізгенімізді мақтанышпен айтуға болады, – де­
ді Д.Кәлетаев.
Сондай-ақ партия төрағасының бірінші орынбасары Ел­

басымыздың шетелдегі қандастарымыздың тағдырын әр­дайым
на­зарда ұс­тайтындығын, шетелдегі қазақтарды елге тарту үшін
бө­лінетін квота санының жыл сайын артып отыр­ған­­ды­ғын,
Мем­­лекет басшысының тапсырмасы бойынша “Нұр­лы көш” бағ­

дарламасы іске асырыла бастағандығын, шетел­дік қа­зақ жаста­
рына жыл сайын мемлекеттік білім грантынан ар­­найы орын
бөлінетіндігін, “Мәдени мұра” бағдарламасы бойын­­ша да то­
лымды жұмыс атқарылып жатқандығын ерекше атап өтті.

Шынында да, Дархан Аманұлы айтса айтқандай, тәуел­
сіз­діктің елең-алаңында Елбасымыздың бастауымен шетел­
дегі қандас бауырларымыз атажұртқа шақырылды. Алматыда,
Түркістанда дүниежүзі қазақтарының ағыл-тегіл сағыныш се­

зім­дері селдеп ақтарылған алғашқы құрылтайлары өткізілгенін
қазір сол ұлы жиындарға қатысушылар жыр қылып айтудан
әсте жалықпайды. Сол кездерден бері қандастарымыздың та­
рихи Отанға көшіп келу квотасы біртін-біртін еселеп өсіп,

2000 жылғы 500 отбасыдан қазірде 20 мың отбасыға жетіп,
яғни 40 есеге ұлғайған екен. Елбасының сол шақыруына алғаш
үн қатып, атажұртқа ат басын алдымен бұрған, ұлы көшке
ұран салып бірінші қосылған да осы Моңғолия қазақтары бо­

латын.

Осынау елжандылық, атажұртты аңсау құлшынысының
қуаты бүгінгі күні де сарқылмағанын бес жүзден астам адам
қатысқан осы Құрылтай белсенділігі де паш етіп тұрғандай.
Оның үстіне жиынды ашып берген Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­

сының Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ор­
ман Нұрбаевтың сөзінен аңғарғанымыз әрі өз көзімізбен бай­
қауымыз бойынша, елшілік тарапынан мұндағы қазақ диас­
порасы арасында жүргізіліп жатқан игі жұмыстар бар­шы­лық

көрінеді. Осы арада екі күн бойы зыр жүгіріп, түрлі ұйым­дас­
тырушылық шаруаларды асқан елгезектікпен үнсіз тынды­
рып жүрген елшіліктің жауапты қызметкерлері Данияр Қа­ды­
ров пен Сәкен Тәуекелдің де ілтипатты сергектіктеріне ра­зы­

лығымызды айтпай тұра алмаймыз.
Қазақ диаспорасына деген құрмет Моңғолияның мемлекет­
тік билігі тарапынан да көрініс тауып, ол Құрылтай мінберінен
жария етілді. Атап айтқанда, Моңғолияның Ұлы мемлекеттік

хұралының спикері жолдаған құттықтауды осы Ұлы мемлекет­
тік хұрал депутаты, бригада генералы Жекей Халилдолдаұлы,
ал Моңғолияның Премьер-Министрінің атынан келген құт­тық­
тауды Моңғолияның ауыл шаруашылық министрінің орынба­

сары Сәуле Жанымханқызы оқып берді. Жекей ағамыз бен
Сәуле қарындасымыз моңғол билігінде абыройлы қызмет ат­
қарып жүрген тұғыры биік, тұлғалы жандар екен. Билік демек­
ші, осының алдында ғана елде Қазақ Құрылтайымен тұспа-

тұс келген үлкен оқиға болып, Моңғолияның жаңа Президен­
ті сайланып, салтанатты жағдайда ұлықтау рәсімі өткізілгені
хақында құлағы түрік көпшілік хабардар болар. Құрылтай өт­
кен қонақ үйдің қарсысында Нұрсұлтан Әбішұлы түскен рези­

денция, одан төменірек Моңғолия Президенті тұратын үй ор­
наласыпты. Жексенбі күні қонақ үйдегі залға бильярд ойнауға
келген жаңа президентті өз көзімізбен көре алдық. Біздің “Нұр
Отан” партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Дархан

Кә­летаев Құрылтайға орайласқан өз сапарының барысында
Моңғолияның билік басындағы жетекші партияларының бас­
шыларымен кездесіп әңгімелесті. Әлбетте, бұл әңгімелердің,
екі жақты партиялық байланыстардың жақсара түсуінің шара­

паты мұндағы қандастарымыздың хал-ахуалына да игі әсерін
тигізбейді деп айта алмаспыз.
Бір ғанибет жағдай, осынау мәртебесі жоғары алқалы
жиында негізгі баяндамаларды жасаған екі адамды ерекше атап

өтер едік. Білімдарлығын. Ұлтжанды­лығын. Салиқалы салауа­

тын. Олардың бірі “Улаанбаатар-Эрдэм судлал” институтының
Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, доктор, про­
фессор, жазушы, Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қай­
рат­кері Сұлтан Тәукейұлы да, екіншісі Қазақ ұлттық мәдени

орталығының директоры, Халықаралық Түркі-моңғол зерт­
теу орталығының президенті, академик, доктор һәм профес­
сор Ислам Қабышұлы. Сұлтан ағамыз кезінде Моңғолия елі­
нің Венгриядағы елшісі болған білікті әрі беделді азамат бо­

лып шықты. Ал Ислам Қабышұлы Қазақстанның тарихшы,
әдебиетші ғалымдары мен жазушылар ортасында жақсы та­
ныс. Ара-тұра “Егемен Қазақстанның” беттерінде де маз­мұн­
ды мақала-сұхбаттарымен көрініп тұрады. Осы кісілер Моң­

ғолиядағы қазақ диаспорасының жалпы тарихы, қазіргі хал-
ахуалы, кө­кейкесті проблемалары хақында кеңінен толғап ай­
тып, қан­дастарымыздың экономикалық, әлеуметтік тұрпаты мен
жа­һандану дәуіріндегі қазақтықты жоғалтпаудың толғақ­ты мә­

селелерін алға рет-ретімен байыптай тартып, жайып салды.
Алғашқы жылдардағы елжіреуік көңіл, сел сағыныш қазір
сабасына түсіп, мінберден мүдделі, нақты мәселе көтерген іс­
керлік әңгімелер көбірек айтылғанын біз де құп алғандаймыз.

Сондай салиқалы сөздердің бір парасын Қазақстанның Сырт­
қы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті ди­
рек­торының орынбасары Теміртай Ізбастин, Баян-Өлгий ай­
мағы әкімшілігі Іс басқару орнының басшысы Зарқұм Бай­

мер­генұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бас сарап­
шысы Роза Баттал ханым, Қазақстан Республикасының
Моң­ғолиядағы Мәдениет орталығының атқарушы директоры
Ал­даныш Досымбек, Моңғолия мұсылмандар қоғамының ат­

қа­рушы директоры, имам Батырбек Хадисұлы, Дүниежүзі қа­
зақ­тары қауымдастығының Моңғолиядағы бөлімшесінің төр­
ағасы доктор, профессор Асай Рәмішұлы, Сәрсен Аманжолов
атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Түр­

кітану орталығының директоры Ораз Сапашев және бас­қа­лар
ілкімді түрде орынды-орнымен ортаға салды.
Пленарлық мәжіліс тәмамдалған соң Құрылтайға қа­ты­су­
шылар өз жұмысын Өнер, тіл, мәдениет және салт-дәстүр, Ден­

саулық сақтау, білім және ғылым, Сауда және экономика һәм
Жастар көзқарасы деп аталатын төрт секцияда жалғастырды.
Бұларда да әркім өзін толғандырып жүрген, баршасына ортақ
жайларға назарды баса аударды. Бұл екі ортада Дүниежүзі қа­

зақтары қауымдастығы Астана филиалының бастығы Мұ­

рат Түсіпбаев пен казправдалық әріптесім Дулат Молдаба­
ев үшеу­міз ұлт­тық қолөнер бұйымдарының және фотосурет
көр­ме­сін та­ма­шалап, Налайх ауданынан келген ісмер Сайлау
Түл­кі­бай­қызымен таныстық. Ол қолөнермен қырық жылдан

бе­рі ай­налысады екен. Ұлы Ғұн ұлысынан бастап Қазақ мем­
ле­кет­ті­лігінің, хандары мен батырларының туларын жасап
шы­ғыпты. Киіз үйде ұлттық музей ашыпты. “Шеберлік ше­
жі­ресі”, “Ою-өрнектер” атты екі кітап шығарыпты. Өзі Моң­

ғо­лия­дағы қазақ әйелдерінің “Арулар” одағының тігіннен дә­
ріс бе­ретін ор­талығының мұғалімі. Жыл сайын 15 шә­кіртті
үй­­ретіп, өнерге баулиды. Бұл “Арулар” одағының төр­айымы
Ұлан-Батыр қа­лалық әкімшілігінің қызметкері Ай­нагүл Са­рай­

қызы. Ол со­нымен бірге “Арулар” одағының еркін ба­сылы­мы
“Ару жұлдыздар” журналына редакторлық етіп, мұнда Моң­
ғолиядағы қазақ әйелдерінің тыныс-тіршілігі кеңі­нен жазы­
лып тұ­ратын көрінеді. Ал одақтың өзі әйел­дерді әлеу­меттік

бел­сенді істерге тартып, көптеген игілікті жұ­мыстар жүр­гі­зе­
тініне көз жеткіздік.
Осы арада қазақ диаспорасының мүдде-мақсаттарына орай­
ласа Қазақстанның Моңғолиядағы Мәдениет орталығының

бір­сыпыра игі істерге мұрындық болып отырғанын атап айту
лазым. Орталық өткен жылдың қазан айында Қазақстанның
Ұлан-Батырдағы мәдени күндерінің жоғары деңгейде өтуіне
ат­салысты. Сондай-ақ моңғол жұртшылығына Қазақ елінің

сан-са­лалы жаңалықтарын жеткізу мақсатында моңғол тілінде
“Ал­тай” журналын жүйелі шығарып тұруды қолға алды. Ұлт­
тық көне аспаптардың негізінде 18 адамдық “Бәйтерек” ансам­
блі құрылды. Кешкілік мерекелік концертте бұл ансамбльдің

өнерін өзіміз де сүйсіне бағалай алғанымызға қуаныштымыз.
Қандастарымыз Мәдениет орталығының қоры 1500-ден астам
кітабы бар кітапханасынан ана тіліндегі рухани қажеттерін,
керекті ақпараттарын табады. Сонымен бірге 12 орынды ком­

пьютер сыныбы жабдықталыпты. Жыл басынан бері қа­зақ
тілінің алғашқы сатылы курстары жұмыс істеп келеді. Ор­та­
лық­та домбыра тарту да үйретіледі. Моңғолия жерінде Нау­
рыз мейрамын атап өту дәстүрге кірді. Орталықтың жаны­

нан қазақ ұлттық қолөнерінің “Шұғыла” ұйымы құрылыпты.
Қазақ әйелдерінің несібесі көзделіп, тігін цехы ашылыпты.
Ке­лешекте қазақ кәсіпкерлерін қолдау, екі ел арасындағы эко­
номикалық қатынасты нығайту мақсатында Ұлан-Батыр қа­ла­

сында Қазақстан Республикасының Бизнес орталығын ашу

жос­пары бар көрінеді. Басқа да игі мақсат-міндеттері көп.
Олар­дың жү­зеге асатынына атқарушы директор Досымбек Ал­
даныш се­німді. Өйткені, Қазақстанның Моңғолиядағы осы­нау
Мәдениет ор­талығын ашуға ақ батаны Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­

ның өзі бер­ген ғой.
Бұл әңгімені хош деп бір қайырып, азырақ арғы-бергі та­
рихқа үңілсек, XVІІІ ғасырда Шыңжаңдағы толассыз жал­ғас­
қан сол бір сұм заман, сұрапыл соғыстан зардап шеккен ба­

баларымыз тағы да “Алтай аттағанымен тозады, Қобдадағы
қазақтар тоқтығымен озады” деп, 1865 жылдары бүгінгі ме­
кені – Алтайдың теріскейі Бай-Өлкеге қоныстанғалы да, мі­
не, 150 жылдай болып қапты. Содан бері мұндағы қазақтар

1930 жылғы сталиндік нәубеттен өзге зұлматқа ұшырамай, не­
сібесін еңбегімен теріп, моңғол жұртымен терезесі тең өмір
кешіп келеді. Тілі, діні, ділі, ұлттық мәдениет, салт-дәстүрінің
қаймағы бұзылмай бүгінге жеткеніне мың шүкіршілік айтады

өздері. 1940 жылы дербес Баян-Өлгий аймағы орнағанының
70 жылдығы алдағы жылы салтанатпен мерекеленбекші. Сол
кезеңде театр, мәдени орда, музейлер ашылып, барлық аудан­
дар мен елді мекендерде орта мектептердің қазақ тілінде білім

беруі жолға қойылды. Бұған бір жағынан Моңғолия үкіметінің
салиқалы саясаты, моңғол халқының кең пейілі себептессе,
екінші жағынан Қазақстан да сырттағы туысқандарға бауыр­
малшыл қол ұшын бермей тұра алмағаны анық.

Соңғы бір ғасырға жуық мерзімде Моңғолияда қазақтың
ұлттық зиялы қауымы өсіп жетілді. Неше мыңдаған жоғары бі­
лімді мамандар даярланған. 1921 жылдан бүгінге дейін қазақ
зиялылары Моңғолияның тұрақты Парламенті – Ұлы және Кі­

ші Хұрал төрағасының орынбасары, хатшысы, тұрақты коми­
тет бастығы, Парламент мүшесі, Премьер-Министрдің орын­
басары, кеңесшісіне дейін көтерілсе, қазақтан 6 азамат мем­
лекеттік комитет төрағасы немесе министр лауазымына, 13-і

министрдің орынбасарлығына, екеуі елшілікке тағайындалып,
көптеген қазақ азаматтары департаменттерді басқарып, ай­мақ­
тық, қалалық, аудандық дәрежеде жоғары лауазымды қыз­мет­
тер атқарып келеді.

Моңғолия қазақтары осы елдің әр дәуір құрылысының ірге­
тасын қаласып, жасампаздық істерге ірі үлес қосып, Моңғолия
мемлекеті мен халқының құрметіне бөленіп отырғандығы бір
ғанибет. Олар қазақтарды еңбекқорлығы, жаңаға жақын­дығы,

техникаға бейімдігі үшін сыйлап жақсы көреді. Бұл жағынан

Моңғолия қазақтарын Қазақстанның немістеріне ұқсатса да
бол­ғандай екен-ау. Айталық, қазір Моңғолия қазақтарынан
тек ғылым докторы 30, ғылым кандидаттары 200-ге жуық, Ең­
бек ерлері 27, халық ардагері атағын алғандар 7, мемлекет­

тік сыйлық иегерлері 5, еңбек сіңірген қайраткерлер 77 және
де көптеген талантты өнер мен әдебиет қайраткерлері шық­
қан екен. Бұл жағдай олардың тек өздерінің ғана емес, күллі
Қа­зақ елінің, қазақ ұлтының да мақтаныш, мерейі емес пе.

Шет­тегі қазағың жақсы десе, Қазақстан да жадырай түседі.
Олай болса, Моңғолия қазақтары тарихи Отанынан шалғайда
жүрсе де, қандай да бір қақпайсыз-ақ топты жарып, өз ұлты
алдындағы борышын адал өтеді, ұлттық намысты қорғай ал­

ды, жалпықазақтық үлкен мәдениетке толымды үлес қосты
демекпіз. Олар енді көк байрақты тәуелсіз Қазақстанды, оның
тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты мақтан тұтып, ата­
жұрттың шет елдердегі қазақ диаспораларына көмек қолын со­

зып, қамқоршы болып отырғандығына арқаланады.
Құрылтай барысында осындай мерейлі жетістіктер айты­
луымен қатар кейбір көлеңкелі жайлар да тілге тиек етілді.
Мысалы, Баян-Өлгий аймағы жұмыссыздық жөнінен елде бі­

рінші орында тұрған көрінеді. Бұл жайдың, әрине, халықтың
тұрмыс-тіршілігіне жақсы әсер жасамайтыны белгілі. Енде­
ше, Баян-Өлгийде дәстүрлі мал шаруашылығымен қатар ши­
кізат өңдейтін шағын өндірістерді өркендету, түсті металл кен

орындарын игеруді жеделдету, оған инвестиция тарту бүгінгі
уақыт талабынан туған шұғыл міндеттер екендігіне дау жоқ.
Тағы бір өкініш сол, кейінгі жас ұрпақтың тілден айрылу дерті
дейміз бе, қаупі дейміз бе, мұнда да жетіпті. Жиын отырмаған

жерлерде, 21 аймақ, 45 сұмын, 64 ауданға оннан, жиырмадан
бытырап тарап кеткен 60 мың қазақ бір шара қолданбаса, ас­
симиляцияға түсіп, моңғолданып кетейін деп тұр. Бұған ур­
банизацияны қосыңыз. Ендеше, ендігі жерде квотаны соларға

бөліп, атажұртқа сол шашырап жүрген қазақтарды көшіріп әкел­
ген жөн сияқты.
Тағы бір өткір түйткіл Ресейдің Қосағаш ауданы арқылы,
Жазатыр жазығындағы 67 шақырымдық дәлізде Бай-Өлкеден

Қазақстанға тікелей тас жол тартудың жайы. Тура қатынас бол­
са атажұртпен сауда, экономикалық алыс-беріс, мәдени байла­
ныстар жаңа арнаға түсіп, жақсы жолға қойылар еді. Байөлкеден
Қазақстанға арзан әрі экологиялық таза ет өнімдері мен мал

терісі келмес пе еді? Қайсыбірін айтарсыз, бұдан кімге бол­
сын түсер пайда шаш-етектен. Бұдан Қазақстан да, Моңғолия
да, Ресей де ұтпаса, ұтылмайтыны сөзсіз. Алдағы уақытта бұл
мәселенің де аса жоғары дәрежеде шешіліп қалатындығына,

әйтеуір, үміт жоқ емес. Одан соң, шіркін-ай, Алматы – Өскемен

– Баян-Өлгий – Ұлан-Батыр бағытында әуе жолы ашылса де­

ген арманды тілек көкейге өзіміз осы Құрылтайға Алматыдан
Бейжіңдетіп барып-қайтқанда азырақ қиындық көргендіктен
емес, ол да жалпы халыққ а, ортақ мүддеге керек болғандықтан
туындап еді. Шынында да, мұндағы қандас қауым Қазақстан

Үкіметі мен басшылары, кәсіпкерлері Баян-Өлгий жеріндегі
кен орындарын игеру, еларалық тас жол салу, әуе қатынасын
жақсарту, бірлескен жеңіл өндірістер ашу сияқты ауқымды
іс­терге білек сыбана кірісер деп қатты үміт етіп отырғанын

аңғардық.
Құрылтай үстінде диаспора ақсақалдары екі жақтан топ­
тасқан кейбір алаяқтардың оралмандар квотасын “бизнеске”
айналдырып, жалған құжат жасауды кәсіп еткен келеңсіздікті

үлкен қынжылыспен айтып, бұған үзілді-кесілді тыйым салы­
нуын талап етуі де біраз жайдың бетпердесін сыпырып бер­
ді. Ал біздің білім министрлігінен барған сарапшы қазақ мек­
тептеріндегі сабақ моңғол тіліндегі оқулықтармен жүргізіліп

жатқан жолсыздықты ашып, тиісті талабын қойды әрі бұл про­
блеманы өзінің де қойын дәптеріне түртіп алды.
Атап айтарлық бір жай, Баян-Өлгийде Шығыс Қазақстан
университетінің филиалы ашылып, жұмыс істей бастады. Ен­

дігі жерде 3 мың қазақ студенттері білім алатын Ұлан-Ба­тыр­
дағы Моңғолия университетінде қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі
және тарихи-мәдени орталық ашылатын болып келісіліпті.
Қан­дастардың қамын ойлаған құптарлық іске біз де қуандық.

Арамызды асқар таулар бөлсе де, әзәзіл жаулар бөле көр­
месінші деп, көңілінде алғауы жоқ ағайынның береке-бірлігі
мен амандығын тілеп аттанып едік Алматыға. Ұзақ жол бойы
“Жастар көзқарасы” секциясында Моңғолия қазақ жастары

ода­ғының төра­ғасы Айдос ініміз айтқан: “Өткен замандарда
Алаштың басын Абылай қосып еді, жиырмасыншы ғасырдың
соңында әлем қазақтарының басын Нұрсұлтан ағамыз біріктір­
ді” деген әдемі сөз көкірегіме жып-жылы боп ұялап қалыпты.

2009 ж.

Қырғызстан: Бір үміт, бір күдік...

Қырғызстанға осымен екінші рет жолымыз түскен. Бірін­
шісінде Шыңғыс Айтматов қайтыс болғанда қырғыз бауыр­
лар­дың қайғысын бөлісуге барып едік. Сонда төскейде малы,
төсекте басы қосылған көрші жұрттың, түркінің бір бұтағының

тастүйін бекемдігін, ұлы қайғы үстіндегі ұйымшылдығын бай­
қағандай болып едік. Қаза ауыр болса да, «орнында бар оңа­лар­
дың» жөнімен, шырқау биікте Аққ ұла тұлпарымен ағындаған
айкөл Манастың қасына қапталдан шоң Шыңғыс аруағы қо­сы­

лып, қырғыз мақтанышының мәңгілік рухтары арсыда қа­тар­
ласа заулағанын көзімізбен көргендей, жан-жүрегімізбен се­зін­
гендей болып, соны көңілімізге тоқ санап оралғанбыз.
Манас демекші, «Манас» жырымен бала жасымыздан та­

ныс едік, қайта-қайта оқуға құмар едік. Қазақтың Ер Көк­ше­
сі батыр Манастың досы болатын сонда. Ертегіміздегі Ер
Төс­тіктің жер астынан шыққ анына жеті күн болған Шал­құй­
ры­ғы Көкетайдың асында аламан бәйгеге шаппаушы ма еді.

Ақбалтаның Шуағы, Алмамбет пен Сырғақтар көз алдыма ке­
леді. Қасиет дарыған Қосай алып, дана қария Бақай...
Қордайдан Бішкекке дейінгі қысқа қайырым жол үстінде
осы асыл аруақтарды миымның архивінде бір-бір аунатып өт­

тім. Бұл жолғы келісіміз де Қырғыз елінде бұған дейін болған,
үдемелей қайталанған, өршу қаупі басылмаған қайғылы оқи­ға­
лардың салдарымен байланысты. Бірақ соған қарамастан адам­
заттың Айтматовынан айрылған қайғы үстіндегі бірлік пен

топ­тасқандық байқала қоймайтын сияқты. Ел тағдыры сынға
түс­кен алмағайып күндерде халықты бір мақсат, бір мұрат жо­
лына ұйытып біріктіретін батыр Манастың білегі мен жүрегі,
дана Бақайдың тілегі жетіңкіремей тұрғандай. Әлде, соңғы бес

жылда екі бірдей төңкеріс жасап, «атың шықпаса жер өрте»
дегендей-ақ, дүйім дүниені дүрліктіре шулатып, революция­
шылданып алған ұрпақтарына ұлы аруақтар ренжіп, әзірге
сырт айналыңқырап, сұстана қапаланып жүр ме екен?

Бұл күндерде Бішкек бейбіт. Күндіз де, кешке де емін-ер­
кін жүре беруге болады. Таң ертемен жұмысқа асыққ ан жұрт.
Кішкентай балаларын жетелеп, балабақшаларға апара жатқан
жас келіншектер. Аялдамаларда көше автобустарына отырып

жатқан ел. Газет сатқан киоскілер. Сауда-саттық. Әр тұста ақ­
ша айырбастайтын орындар да аз емес сияқты. Орталық кө­ше­
лердің кей тұстарында аяқ алып жүруге болмайтындай. Қай­

наған қызу тіршілік. Бейне ештеңе болмағандай, текетірес пен
қақ­тығыс орын алмағандай, қан төгілмегендей. Бүліншілік
ізі білінбейтіндей. Тек сәуір айындағы жаппай тәртіпсіздікке,
зорлық-зомбылыққ а ұласқан толқулардан кейін президент ре­

зи­денциясы жөнделіп жатқан көрінеді. Ал, елдің өтпелі кезең­
дегі президенті өзі таратып жіберген бұрынғы парламент ғи­ма­
ра­тында отыр екен.
Халықтың көңілінен шықпаған Құрманбек Бакиевті тақ­

тан тайдырған сондағы 6-7 сәуір оқиғаларына әртүрлі баға бе­
рілуде. Біреу ұнатады, біреу ұнатпайды, біреу қыжыртады. Осы­
ның астарынан әртүрлі саясат шығарады. Қырғызстанға не­
ше түрлі пәле төндіріп, сәуегейсушілер де аз емес. Біздің ойы­

мызша, бұл, қалай болғанда да, қырғыз халқының өз тағдыры.
Болған оқиғаны ол енді өз тағдырынан, тіршілік-тынысынан,
жұлын-жүйкесінен жұлып тастай алмайды. Қайткенде де бо­
лар іс болды. Енді ел болашағының қамын ойлап, қазақ ата­

мыз айтқандай, болғанға болаттай болу ғана қалды. Мұны
қыр­ғыз ағайындар да түсінеді. Ал, болғанға болаттай болу бү­
гін таңда қиынның қиыны болып тұрғаны және анық. Тек сол
қиын­дыққ а шыдайтынына, бүкіл әлем көз тігіп отырғанда сын­

нан сүрінбей өтеріне атасы шоң Манас, бұғы киелі, негізі қай­
сар халық қой деп сенгіміз келеді.
2005 жылдың наурызында Ақаевтың билігі ел сенімінен
алабөтен айрылып анадай болғаннан кейін сенген серкем деп

үміт артқан Бакиевтің мынадай абыройсыздыққ а ұшырауы үш
ұйықтасақ түске кірмеген жағдай болатын. Орыстар айтпақшы,
ол өзінен бұрынғы ізашарының маңдайына сарт етіп оңдырмай
соққ ан сол баяғы тырнауышты тағы да басып кетті. Сол бір

ақиқат пен әділдіктен айнымас қырсық «тырнауышты» бас­
пай, айналып өтуге, билік басында адал жүріп, ақ тұруға болар
еді-ау дейді ішпікіріміз, саясат жықпылдарына бойлай бермей­
тін жазған аңқау басымыз. Бірақ астамшылық пен ашкөздік

ондай періште тазалыққ а жібермепті. Көпшіліктің ар-намы­
сы мен демократия құндылықтары аяққ а тағы басылыпты,
көп­шілік мүддесі қиянат жасалып тапталыпты, халықтың зар-
мұңы­мен, жоқ-жітігімен санасқан ешкім болмапты. Қазір Ба­

киев айналасындағылар мен отбасылық билігінің, баласы Мак­
сим мен інілері Жаныш және Әділ Бакиевтердің істеген сұм­
дықтарының кең айтылып жатқан жай-жапсарларын естіген­
де адамның төбе шашы тік тұрғандай. Есіргендері сонша, тіп­ті

есірткі былығына да кіріп кететіндей сонша не көрінді екен,

не жетпеді екен шіркіндерге дейміз-ау. Ел билігі, халық тағ­
дыры кімдердің қолында болған деп бармақ тістейтін жер де
осы. Ұлттық байлықты ат төбеліндей азшылық пайдаланып,
халықтың тұрмысы әбден төмендеп, экономика өрге баспай,

жан басына шаққ андағы табыс жақын көршілерден 10 есе кем
болған қайыршылық жағдайда электр энергиясы мен басқа да
коммуналдық қызметтер тарифін қымбаттатып, тауқымет сал­
мағының одан әрі ауырлатып жіберілуі төзім-сабырдың соңғы

тамшысын сарықты деп жазады сарапшылар.
Бұдан әрі төзбеген, астамсыған билікке ашу-ызасы селдей
ақтарылған халық наразылығы сөйтіп бір-ақ күнде бұрқ ете
түсіп, елдегі оңақай-солақай барлық күштер режимге қарсы

көтерілді. Осының бәрі 2010 жылдың 6-7 сәуіріндегі қан тө­гіл­
ген қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтырды. «Қырық жыл қырғын
болса да қырттар семіреді» дегендей, опалаң-топалаңды алаяқ­
тар, әртүрлі арандатушылар, азғын элементтер де пайдалан­

бай қал­ған жоқ, сол күндерде түрлі тәртіпсіздіктерге, зор­
лық-зом­былық пен тонаушылыққ а жол ашылды. Мекемелер
мен дү­кендер, үйлер тоналып, өртеліп, қиратылып жатты.
Мем­лекеттің билік институттары күйреді. Президент қуыл­

ды, пар­ламент таратылды. Дүрбелең шақта құрылған Уа­қыт­
ша ха­лықтық үкімет Қырғызстан Республикасының бар­лық
аума­ғында, әсіресе өңірлерде бақылау орната алмады, тұ­рақ­
ты­лықты қамтамасыз етуге шамасы келмей жатты. Кикілжің-

қақтығыстар қайталанып, азамат соғысының тұтану қаупі төн­
ді. Қырғыз елі саяси дағдарыс аранында қалды, қиын жағдайға
душар болды.
Көршісінің үйінен өрт шығып, от-жалын өрши қаулап ба­

ра жатса, кім тыныш қарап отыра алмақ? Қырғыз елімен ға­
сырлар бойы қоян-қолтық араласып келе жатқан Қазақстан тағ­
дырлас та бауырлас халықтың басына түскен тауқыметтің одан
әрі асқынбауы орайындағы өз жауапкершілігін жедел әрі жете

сезінді. Осы алмағайып жауапты күндерде Қазақстан ЕҚЫҰ-
ның Іс басындағы төрағасы әрі сонымен қатар Қырғызстандағы
аса ірі (АҚШ-ты, Қытай мен Ресейді артта қалдырған) инвес­
тор ретінде көрші мемлекеттің қайтадан қаз тұруына көмектесу

үшін өзінің һәм халықаралық қоғамдастықтың мүмкіндіктерін
орайластырудың ұтымды тәсілдерін талмай іздеп, табуға тал­
пынды.
Жосықсыз оқиғаларға деген Қазақстанның, бүкіл қазақ

хал­қының жан күйзелісін толғаған Елбасы Нұрсұлтан Назар­

баев алғашқы күні-ақ етене жақын бауырлас қырғыз халқын
қиын­дық-тауқыметте жалғыз қалдырмайтынын, көмек қолын
со­за­тынын жалпақ жұртқа риясыз көңілден бірден үзілді-кес­
ілді жария етті. Көрші мемлекетте қайталап орын алған тұ­

рақ­сыздық пен жай азаматтардың қаны төгілуіне зор өкі­ні­
шін білдіре келе, Нұрсұлтан Әбішұлы мұндағы зорлық-зом­бы­
лық көріністері мен бүлінгеннен бүлдіргі алған ашкөз то­нау­
шы­лықты айыптап, нағыз бауыр-туыс қана айта алар, үлкен

жүректі, шынайы жанашырлық сөздерін айтты. Банктер жа­
былып, бизнес пен капитал Бішкектен, бүкіл Қырғызстаннан
тым-тырақай кетіп жатты. Шынында да, тұрақтылық болмаса,
ештеңе болмайды ғой. Бей-берекетсіздіктен тұрақсыздық пен

жұмыссыздық туады. Бұл барып кикілжің, жанжалға ұласады.
Демек, елдегі ахуалды тез арада тұрақтандыру керек еді.
Осы орайда Қырғызстандағы саяси дағдарыстың шиеле­
ніс­кен шағында Қазақстан Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пре­

зиденттер Барак Обамамен және Дмитрий Медведевпен бір­
ге президент Қ. Бакиевтің елден бейбіт жолмен кетуін ұйым­
дас­тырып, осы арқылы азамат соғысын болдырмауға барын­
ша шешімталдықпен септігін тигізгенін атап айтуымыз керек.

Сонымен бірге Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде БҰҰ-мен
және Еуродақпен, сондай-ақ Құрама Штаттар, Ресей, Қытай
және Түркиямен жедел түрде консультациялар ұйымдастырып,
ушыққ ан мәселеге дүниежүзілік қоғамдастықтың назарын ау­

дар­ды, осы реттегі күш-жігерді үйлестіру тізгінін өз қолына ал­
ды. Нақ осы күндерде ЕҚЫҰ-ның қазақстандық төрағалығы
еш кідірместен де мүдірместен Мәжіліс төрағасының орынба­
сары әрі ынтымақтастық жөніндегі қазақ-қырғыз парламент­

тік тобының жетекшісі, елші Жәнібек Кәрібжановты өзінің
Бішкектегі арнайы өкілі етіп тағайындады. Мұның өте дұрыс
шешім болғандығын, осынау арнайы өкілдің Қырғызстандағы
БҰҰ және Еуродақ елші-өкілдерімен бірлесе көптеген игілікті

де ізгілікті істер тындырып, ілкімді саяси диалогты жолға қоюда
және елдегі шиеленісті бәсеңдетуде маңызды рөл атқарғанын
уақыт тамаша айғақтап көрсетіп берді. Жалғыз бұл ғана емес,
одан кейін тағайындалған Елбасының Қырғыз Республикасы­

мен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Болат
Өтемұратов, ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының арнайы өкілі
Әділ Ахметовтер де Қырғызстанға тұрақты саяси қолдауды
қамтамасыз етуге, экономикалық және гуманитарлық көмек

қызметін назарда ұстауға өз үлестерін қосып келеді.

Бір айтарлығы, Қазақстан осындай бірлескен күш-жігер­
мен сәуірде бұрқ еткен саяси дағдарыс жалынын өршітпей те­
жеуге болатындығына әуел бастан сенді. Алайда, мамыр айын­
да оңтүстіктегі Жалалабад облысында, маусымның ортасына

қарай Ош қаласында болған тәртіпсіздіктер мен қақтығыстар,
көптеген адам құрбандығына жол берген қайғылы оқиғалар,
осыдан барып қырғыз-өзбек арасындағы ұлтаралық кикіл­жің­
нің өршу қаупі кей реттерде халықаралық ықпал тұтқасының

дәрменсіз боп қалатын тұстарын қатал ескерткендей болды.
Сол себептен де Қазақстанның Уақытша үкімет пен ха­лық­ара­
лық қоғамдастыққ а ең алдымен Қырғызстанның әлеуметтік
мұқтаждар мен экономикалық дамудың төмен деңгейіне бай­

ланысты өзекті проблемаларын шешу бағдарын әзірлеуді ұсы­
нуын ешкім теріс дей алмас еді.
Дағдарыстың басынан-ақ біздің еліміздің басшылығы өңір­
де тұратын халықтың жан-жақты қауіпсіздігін арыдан ой­лап,

нақты практикалық іс-қимылдар, пайдалы қадамдар жа­сау­
ға ұмтылды. Сол алаңдаушылықтың бір көрінісіндей, елдегі
көктемгі егіс науқанын өткізе алмай қапыда қалмасын деп көр­
шіге кідірместен құны шамамен 2 млн. долларға жуық 3700 тон­

на дизель отыны мен қаншама тұқым жөнелтті. Орақ науқаны
кезінде және сондай қолдау жасап, сонымен қатар елдің одан
да ауқымды іскерлік және экономикалық секторын қалпына
келтіруге көмек қолын созумен келеді. Өйткені, мұндағы саяси

және этносаралық келіспеушіліктердің басты себептерінің бірі
ішкі жалпы өнімнің төмен деңгейі, әл-ауқаттың нашарлығы,
елді жайлаған кедейлік екені анық. Сөйтіп, Қазақстан бауыр­
лас елдің экономикасын сақтау мақсатында өз күш-жігерін

гуманитарлық және экономикалық көмек көрсетуге шо­ғыр­
лан­дырды. Әлбетте, мұндай қолдауға ие болып, іс-қимылын
өрістете нығайтқан іскер топтардың әлеуметтік һәм саяси тұ­
рақ­тандыру үдерісінде негізгі қозғаушы күш болып саналаты­

ны да рас. Олай болса, бұл игі істің үйлестірушілік тізгінін
Қа­зақстан тарапынан жоғарыда аталған Б.Өтемұратов ұстады.
Ал­ғашқы айларда-ақ Қырғызстанға көрсетілген гуманитарлық
әр­тарапты көмектің жалпы көлемі 7 млн. доллардан асып

жығылды.
Осынау негізгі бағыт одан әрі аса дәйектілікпен жалғасын
тапты. Елбасы маусымның басында Астанадағы кездесу кезін­
де Қырғызстанның өтпелі кезеңдегі президенті Роза Отун­бае­ва­

ға елді экономикалық қайта өркендету мен қалпына келтірудің

көп миллиондық ауқымды бағдарламасын іске асыра бастауды
ұсынды. Сонда Қырғызстан экономикасының ең көкейтесті
мұқ­таждарына және іскерлік белсенділікті қалпына келті­ру­ге
қатысты мақсатты әрі нақты бағдарлама әзірлеу үшін тә­жі­ри­

белі сарапшылардан тұратын жоғары деңгейдегі жұмыс тобын
құру келісілген-ді. Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің
бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бастаған жұмыс тобының
құрамы да мәлім етілген-ді. Қайткенде де «Игіліктің ерте-кеші

жоқ» деген аталы сөз дәтке қуат.
Бұдан әрі Қазақстан 2010 жылдың 27 маусымына белгі­
ленген бүкілқырғызстандық референдумның табысты өтуін қа­
нағат сезіммен құптады. Бұл құқықтық өріске қайтып оралу,

қазіргі билік тармақтарын заңдастыру һәм елдің бейбіт да­
муы бағытындағы маңызды қадам болғандығын ешкім жоққ а
шығара алмайды. Референдум қорытындылары елдің барлық
саяси күштерін ортақ мақсат жолына жұмылуға, күш бірік­

тіруге шақырды.
Әлбетте, қоғамдық тәртіпті сақтап, жалпыұлттық тату­
лық­ты ілгері бастыру үшін Қырғызстанның қазіргі билігіне ха­
лықаралық қоғамдастық қолдауының өмірлік маңызы зор. Өз

тарапынан ЕҚЫҰ-ның осынау ізгілікті миссияны орындауға
құлшыныс білдіргеніне таңдануға болмас. Сондықтан да Қа­
зақ­стан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде ұйымның осы орайдағы әл­
уетін мүмкіндігінше барынша толық пайдалануға күш салып

келе жатқаны да рас. Оның орнында басқа Төраға болса, дәл
мұндай ықылас танытар ма еді деп те ойлаймын. Осы ретте
Бішкектегі ЕҚЫҰ орталығы біршама нығайтылып, ол Қыр­
ғызстанның барлық өңірлерінде әрекет етуге көшкенін, Ош

пен Жалалабадта консультациялық-полиция тобын орналас­
тыру туралы уағдаластыққ а қол жеткізгенін тілге тиек етеміз.
Осындай ізгі ниетті елдегі кейбір топтар кейде теріс түсінетіні
өкінішті. Қалай болғанда да, ұлы жолдағы ұбақ-шұбақ ұлан

керуен өз көшін тоқтатпайтыны анық. Бұл күндерде ЕҚЫҰ-
ға мүше 56 мемлекеттің саяси ерік-жігері Қырғызстанның
зә­ру проблемаларына бет бұрса, ол іс басындағы Қазақстан
төр­ағалығының арқасы деп білуіміз керек. Бұл жайды халық­

аралық қоғамдастық, әлемнің жетекші мемлекеттері мен көр­
некті саясаткерлер оң бағалап та отыр.
Әлбетте, осындай жағдайдағы ең елеулі еңбек біздің Ел­ба­
сымызға еншілі. Нұрсұлтан Әбішұлы сонау дүрбелең-дүбірлі

сәуірден бастап күні бүгінге дейін Қырғызстандағы ахуалдың

дамуын бір де рет назарынан шығарған емес. Ондағы жағдайды
жедел тұрақтандырудың барлық жолдары мен шараларын үне­
мі қарастырып отыруды, бауырлас халықтың басына түскен
қай­ғы-қасірет пен ауыртпашылыққ а жаны ауырды. ЕҚЫҰ-ға

төрағалық етуші Мемлекеттің Басшысы ретінде гуманитарлық
және басқа көмекті жұмылдыру үшін қолдан келгеннің бәрін
істеді. Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты ұйымы тарапынан қыр­
ғыз еліне Қазақстанмен бірге Ресей мен Өзбекстанның да кө­

мек­тесуіне ықпал етті. Бір күнде 100 мыңға жуық қырғыз бос­
қындарын қабылдап, жағдайын жасаған Өзбекстан мен прези­
дент Ислам Каримовтың сабыр-төзім мен парасатын ілтипатқа
іліп, алғыс айтуды да ұмытпады. Мәмілегерлік деп осыны ай­

тыңыз.
Елбасының тынымсыз қамшылауымен Іс басындағы ЕҚЫҰ
төрағасы ретінде де, екіжақты деңгейде де Астана мен Біш­
кек арасындағы елшілердің, арнайы өкілдердің, Үкімет деле­

га­ция­ларының барыс-келіс сапарлары әсте саябырлаған емес.
Осы сапарлар кезінде әрбір туындаған мәселе нақты ше­шімін
тауып отырды. Мысалы, Елбасы тапсырмасымен Қыр­ғыз­
станға барған Ө. Шөкеев бастаған жоғары деңгейдегі жұмыс

тобы қырғыз тарапымен бірлесе отырып Ош пен Жалалабад
қалаларын қалпына келтіру және жалпы елдегі қайғылы оқи­ға­
лардың зардаптарын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жою
жөніндегі шұғыл көмек шараларын анықтап айқындады. Сөй­

тіп, қираған үйлерге қажет құрылыс материалдары, жылу-энер­
гетикалық орталықтарына арналған отын түріндегі шұғыл кө­
мек Қазақстан тарапынан 10 миллион доллар көлемінде жет­
кізіліп, іле-шала игеріліп те жатыр. Бауырға бауырдың жана­

шыр нақты қамқорлығы осындай болса керек.
Халықаралық ықпалдастық тұрғысындағы барлық жұ­мыс­
тарды оңтайлы ұйымдастырып үйлестірудегі ЕҚЫҰ-ның Іс ба­
сындағы төрағасы, еліміздің Сыртқы істер министрі-Мемле­

кеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың қырғыз дағдарысының
басынан бергі байсалды да парасатты белсенділігін айтпай
тұ­ра алмаймыз. Қанат Бекмырзаұлы 20 сәуірде-ақ Бішкекке
бар­ған сапарының аясында уақытша үкіметпен, саясат серке­

лерімен және үкіметтік емес ұйымдармен кездесіп, ау-жайды
анықтай зерделеп білді. Елдегі жағдай әлі де күрделі болып
тұрған бұл шақта Уақытша үкімет мүшелерінің өздерінде де
бірауыздылық жоқтығы жасырын емес еді. Оппозициясы бар,

басқасы бар: «Қырғыздың мәселесін қырғыздар өздері ше­

шеді, ЕҚЫҰ да, ешкім де араласпасын» деген сияқты қыңыр,
қи­сық үн­дер де естілмей қалған жоқ-ты. Осындай ағайын­дар­­
мен тіл табысу әуелден-ақ байыптылықты, біліктілікті, сындар­
лы көзқарасты қажет етті. Әлі де солай екенін Жәнібек Кә­ріб­

жановпен бірге Бішкекке барғанымызда өзіміз де көріп келдік.
Қ. Саудабаев ертеңіне-ақ атап көрсеткеніндей, 27-мау­
сымдағы референдум қорытындылары елдің саяси тұ­рақ­ты­
лық­қа, конституциялық тәртіп пен іс басындағы билік орган­

да­рының заңдылығын қалпына келтіруге қарай жасаған батыл
қадамын бейнеледі. Өтпелі кезеңдегі ел президенті болып бекі­
ген Роза Отунбаева ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы ретін­
де де, екі жақты негізде де өздерін дәйектілікпен қолдаған

Қазақстанға, Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын біл­
діруі де тегін емес-тін. Ендігі жерде биліктің неғұрлым зәру
әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге шұғыл кі­
рісуіне болатын еді. Бұл үшін халықаралық қоғамдастықтың

қолдауымен Қырғызстанның Уақытша үкіметі тез арада тиісті
іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуі керек еді. Осыны ЕҚЫҰ-ның
Іс басындағы төрағасы да, АҚШ басшылығы да мақұл көрді.
Елдің толеранттылық пен сенім ауанын қалпына келті­

ру қажеттігі де күн тәртібінен еш түспеді. Бұл орайда ЕҚЫҰ-
ның Аз ұлттар жөніндегі Жоғарғы комиссары К. Воллебектің,
Жанжалдардың алдын алу орталығының директоры Г. Заль­бер­
дің Қырғызстан мен Өзбекстанда сан мәрте болып жүрген игі

талпыныстарын атап айтуға болады.
Қырғыз үкіметі саябыр тыныштықты сәтімен пайдаланып,
27-шілдеде Дүниежүзілік банкпен және басқа халықаралық қар­
жы ұйымдарымен бірлесе отырып Қырғызстан экономикасын

сауықтыру жөніндегі донорлық конференция өткізді. Жиын қо­
рытындысында оған қатысушы елдер мен халықаралық ұйым­
дар Қыр­ғызстанға 1,1 млрд. АҚШ доллары шамасында қар­жы
бө­луге келісті. Ал енді осы конференцияға қатысқан біз­дің елі­

міз бауырлас халыққ а азық-түлік, құрылыс мате­риал­дары мен
егін орағы кезіндегі жағар-жанар маймен сеп­те­суін үз­бей жал­
ғастыра отырып, бұған дейін берілген гу­ма­ни­тарлық көмектің
жалпы жиынын 11,6 млн. доллардан асы­рып үлгерді. Басқалар

ойланып-толғанғанша, ырғалып-жыр­ғалганша, Қазақстан бе­
рер көмегін дабыралатпай беріп тас­тады. Соған қоса қырғыз
еліне қол ұшын созар жаңағыдай та­ғы бір донорлық конферен­
цияны ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төр­ағасы ретінде қазан айын­

да Алматыда өткізуді ұйғарып отыр. Әлбетте, бұл жиынның

мәртебесі де, нәтижесі де Бішкек­те­гіден гөрі қомақтырақ бо­
лары күмәнсіз.
Иә, қиындықта қалған елге көмек болып жатыр, иншалла,
бола да берсін. Бірақ осы арада біз өз Елбасымыз айтқан бір сөзді

тереңірек зерделеп пайымдағымыз келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы:
«Басқа мемлекеттердің бір де бір гуманитарлық кө­мегі елді
ешқашан көтермейді. Бірінші мәселе сол, мемлекет экономиканы
көтеретін, адамдарды жұмыспен қамтитын, өз халқын асырай­

тын әлеуетті өзі ішінен табуы керек. Сонда ғана ол тұрақтылыққ а
қол жеткізбек. Сол үшін де мен Қыр­ғыз­станның қайта өркендеу
және экономиканы өрлету орайын­дағы стра­тегиялық саясаты бо­
луына өте-мөте тілектеспін» – деп ба­рынша қадап атап көрсетті.

Қырғыз билігі мен қай­рат­кер­лері, саясаткерлері мен санаткер­
лері осы нұсқалы сөзге құлақ асса қане.
Шынында да, Қырғызстан кедей ел, ол тасын өрге до­ма­
латқан өркенді мемлекет бола алмайды деген пікір бар. Біздің

Елбасы олай есептемейді. Себебі, қырғыз жерінің қойнауы ал­
тын, темір, күміс, мыс сияқты қазба байлықтары мен басқа
да ресурстарға бай. Арнасындағы қорының өзі 51,2 млрд.
тек­ше ша­қырым, мұздықтары 650 млн.текше шақырым деп

есеп­теліп отырған тау өзендерінің әлуеті аса зор. Қазірдің
өзінде 15 су-электр стансасы жұмыс істейді. Әйткенмен, амал
қанша, жаңа­ғы барланған кен орындарының байлығын қа­
зып алып, игілігін көру іске аспай жатыр. Игерілуі тым на­

шар. Ма­ман­дардың есептеулеріне қарағанда, қазіргі уақытта
Қыр­ғыз­станның гидроэнергетикалық әлуеті бар болғаны 8-9
пайызға ғана пайдаланылуда. Сөйтіп қырғыз экспортының,
бюд­жет қорын молықтырып толықтырудың ең бір үлкен са­

ласы «қолда бар алтынның қадірі жоқтың» күйін кешуде.
Мүм­кіндігі орасан зор әрі өте бірегей саналатын туризм, са­
на­торлық-курорттық сауықтыру саласы да нақ осындай хал­
де. Өзді-өзі атысып-шабысып, күнара жанжалдасып жатқан,

ең бастысы, аман барып, сау қайтарына кепілдік бере алмай
отыр­ған елде демалуға кім құштар дейсіз. Түріктің, әмбе түр­
кінің асыл перзенттерінің бірі Тұрғыт Өзал айтқандай, нағыз
түкірігі түйме алтын, қақырығы құйма алтын дейтіндей, «тү­

тін­сіз фабрикалар» оңтайын тапса, осылар емес пе! Тіпті біз­
дің добал есебімізше алғанның өзінде, жаңағы пайдала­ныл­
май жатқан мүмкіндіктерді он еселегенде түсетін пайда мил­
лиардтың (әрине, дол­лар!) үстіне шығып кетеді екен. Осының

бәрі ниет болса, Нұр­сұлтан Әбішұлы айтқандай, жан-жақты

ой­ластырылған, ха­лықтың қамын, елдің болашағын көздеген
стра­тегиялық сая­сат болса, түзетуге, түгендеуге болатын-ақ
түйт­кілдер деп ой­лаймыз. Ағайын елге «екі жерде екі төрт»
деп да­нышпансып ақыл айтудан аулақпыз. Дегенмен, «есті­

ген құ­лақта, көр­ген көзде жазық жоқ», жанашырлық риясыз
пайым­даулардан ешкім зиян шеге қоймас.
Қалай десек те, референдум өткеннен кейінгі айларда Қыр­
ғызстандағы саяси ахуал сырт қарағанда біршама оңа­лып келе

жатқандай әсер қалдырады. Бұрқ-сарқ қайнаған, тау өзеніндей
ағындаған беймаза, келесі сәтте не болары неғай­был тіршілік,
өрекпіген өмір қалыпты сабасына түсуге бет бұр­ғандай. Тәубе
дейміз. Бұған да шүкіршілік. Ел назары ал­дағы 10 қазанға бел­

гіленген Жогорку Кенештің сайлауы ал­дын­дағы науқанға, осы
саясат аламанындағы партиялардың күресіне ауған. Парламент­
тегі орын бұрынғыдай 90 емес, 120. Аламан бәйгеге заңды
түрде тіркеліп, мүшелері жазылған тізімдегі алғашқы «бестік­

тегі» көшбасшыларын көрсетіп қосылған партиялардың саны 29. Олар газеттерде тұғырнамаларын жариялап, мақсаттары

мен ой-пікірлерін бөлісіп, Бішкек кө­ше­лерін, басқа да қалалар
мен ауыл-аймақтарды, күре жол­дар­дың бойларын өз жарна­
малары мен бильборд-плакат­та­рына тол­тырып тастаған. Бұл
жайында біз «Егеменнің» өткен 17-қыр­­күйектегі санында «Біш­

кектегі кездесулер» деген ма­қа­ла­мызда таратыңқырап жаз­ған­
дықтан, оған көп тоқ­тамайық.
Пікірталасқа, керек болса, дау-дамайға да тамызық жетіп
артылуда. Осы партиялар туралы да, сайлау кезіндегі биліктің

ықтимал әрекеті жөнінде де әртүрлі, көбіне-көп кереғар әң­
гімелер айтылып та жатыр, жазылып та жатыр. Кімнің аузы­
на кім қақпақ? Айтсын. Айтылғандардың ішінде ақиқаты да
бар шығар. Билік ана партияға іш тартады, мына партияға

кө­мектесуі мүмкін. Ана партияның көсемімен ымы бір, мы­
на партияны кеше ғана құрушымен жымы бір. Ертең дауыс­
ты соған алып беріп жүрмей ме? Тағы бір партиялар бұрынғы
президенттер Ақаевтың, Бакиевтің астыртын ықпалында, тү­бі

солардың сойылын соғып жүреді-ау. Осындай-осындай пайым-
болжамдар, неше түрлі қисындар қаптап жүр. Сайлауал­ды кү­
ресі қыза-қыза кикілжің, қақтығысқа ұласу қаупін де алға тар­
тушылар жоқ емес. Ал сайлаудан соң жеңіліп қалған партия­

лар есе қайыру үшін жаңа революция жасауға ұмтылуы да бек
мүмкін деген болжамдарды айтушылар да өзіндік дәлел-негіз­
ге сүйенбеген деп біз кесіп айта алмаймыз.

Қырғызстандағы жағдайдың әлі де болса, сайлауға санау­
лы күндер қалған нақ осы шақта да күрделі екендігіне күмән
келтірушілер некен-саяқ. Ош оқиғаларының себеп-салдарын
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Орталық Азия бойын­

ша арнайы өкілі Киммо Кильюнен бастаған Халықаралық ко­
миссия мен Ұлттық комиссияның бірлесе зерттеу жайы әлі де
алаң тудырып, әртүрлі қауесеттерге жол ашқандай. Ресей пре­
зиденті Дмитрий Медведев болса, Қырғызстандағы парламент­

тік демократияның қаз басып кетеріне сенбейтіндей сыңай та­
нытады. Енді біреулер елде діни экстремизмнің таралуынан
сақтандырады. Ұлтшылдар парламент сайлауын болдырмауға
әрекет жасайды деп сәуегейлік айтушылар да табылып қалуда.

Елге халықаралық діни фанатиктер мен банда жасақтарынан
Ауғанстан мен тәжік шекарасы арқылы басбұзар лаңкестер
өтіп кетіп, террорлық бүлік ұйымдастырады деген болжам­
дардан жан түршіккендей. Есірткі есірігінің де тұрақтылыққ а

қатысты түйткілдері толып жатқан сияқты. Негізгі ұлт қырғыз
бен өзбек диаспорасы арасындағы қарым-қатынас та әңгіме
өзегіне айналуда. Бірақ кейбір жікшіл топтар болмаса, екі жақ­
тан да қарапайым халықтың ұлтшылдығы байқалмайды деген

парасатқа үндеген әңгімелерге біз де көбірек ден қойдық.
Ал, бүгінгі нақты өмір шындығына келер болсақ, Қыр­
ғыз­станда қиын шақта ел бастар парасатты күштер жоқ де­
уге кім-кімнің де дәті бармас. Сан тараптан құбыжықтай ан­да­

ғай­лаған қорқыныш-қатерлердің алдын алып, әйтпесе, барын­
ша бәсеңсітіп, әділ де адал, ең бастысы бейбіт те тыныш сай­
лау өткізуге қазіргі биліктің байыбы мен білігі, дәрмені мен
пәрмені жеткілікті десек, қателесе қоймаспыз. Ел басшылығы

да, саяси партиялар да парламент сайлауы сияқты саяси үде­
рісті тым саясиландырмайтын, сан түрлі мүдделер текетіресі­
не, келеңсіз оқиғалардың сылтау-себебіне айналдырмайтын
саяси ерік-жігерді өз бойларынан таба білсе, құба-құп. «Қыр­

ғызстан қазаннан кейін қандай болады?» деген жұмбақ сұ­рақ­
тың шешімді жауабы алтаудың алалығымен емес, төртеудің
түгелдігімен ғана табыларын партиялар басындағы мүйізі қа­
рағайдай серке азаматтар біліп те отыр-ау. Олай болмаса, «Ар-

Намыс» партиясының көшбасшысы Феликс Кулов бүкіл ел­
ді ұлттық бірлікке шақырып, «Отанымызды қиын жағдайдан
бірге құтқарайық!» деп ұран тастамас еді-ау.
ЕҚЫҰ-ның қазақстандық төрағалығы сайлау қарсаңында

қырғыз елінің тағдыры мен болашағы жолындағы жауапкер­

шілік биігінен көрінді дей аламыз. Осынау мәртебелі Ұйымның
тиісті институттары Бішкектегі және өңірлердегі жұмыстарын
жаңа сатыға көтеріп, жандандыра түсуде. Ұйымдық-тех­ни­ка­
лық көмек, демократияландыру тағлымдары деймісіз, төзім

мен сабырға үндеу. Халық тағдыры, ел болашағы үшін жауап­
кершілікті сезіну. Тәртіп пен адалдық, ашықтық пен әділдік.
Бәрі керек. БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Мирослав Ен­
ча, Еуродақтың арнайы өкілі Пьер Морель, ЕҚЫҰ-ның Біш­

кектегі орталығының басшысы Эндрю Тесарьер, ЕҚЫҰ-ның
жанжалдардың алдын алу орталығының директоры Герберт
Зальбер, Ресей президентінің арнайы өкілі Владимир Рушай­
ло, Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Бейбіт Исабаев, Іс

басындағы төрағаның арнайы өкілі, Бішкек кездесулерінің
бас үйлестірушісі Жәнібек Кәрібжанов... Осы адамдардың бә­
рінің қырғыз мәселесі үшін байыпты да ізгі жауапкершілікпен
толғанғанын көрдім.

Қордайлатып қайтар жол бойы толғаныста болдым. Айкөл
Манастың арыстан жүрегі, дана Бақайдың абыз аталық тіле­
гі тағдырын тағы да таңдағалы тұрған, қиын да қилы асулы
күндерде бір үміт, бір күдікпен толғанысқа түскен ұрпағына –

менің қырғыз бауырларыма медет бере көр, жауапты сыннан
сүрінбей өтер парасат пен қуат бере көр деп тіледім.
2010 ж.

Үшінші бөлім

ҚҰБЫЛЫС...

Қазақ әдебиетінің киелі әлемінде кәзірде әрбір қазақ үшін
қадірменді Қадыр ақын есімінің орнығып, жасап келе жат­қа­
нына жарты ғасыр бедерінен асып барады. Ендігі жерде әрі
көптен бері-ақ ұлттық поэзиямызды осынау ғажайып ақынның

тұтас дәуір көшіне батпандаған жүк боларлық қазыналы дү­
ние-мүкәмәлінсіз көзге елестету қиын болса бір сәрі ғой, мүл­
дем мүмкін емес дер едік. Осы сирек феноменнің сыры не­
де?.. деген сұраққ а кезінде «Егемен Қазақстан» газетінің бе­

тінде «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты авторлық ан­
тология аясында жарық көрген ақын жырларына кіріспе
ма­қалада барынша ұтқыр жауап берілді деп ойлаймыз. Соған
жүгінсек, шын мәнінде де «...жиырмасыншы жүзжылдықтың

қазақ поэзиясына бергені не деген сауалға басқалардан да, тап
осы Қадыр жырлары жақсы жауап қайтара алады. Ғарасат ға­
сырдың ғаламат катаклизмдері – отызыншы жылдар ойра­
ны, сұрапыл соғыс, жеңістен кейінгі желпініс, тоқырау тұсы,

жел­тоқсан желі мен тәуелсіздік тәуекелі ақын жүрегін бірде
жырлатып, бірде жырып жатты, осының бәріне оның туабіт­
ті шешендігі мен көсемдігі, айтқыштығы мен алғырлығы, аса
қуатты интеллекті, ұлан-ғайыр білімі, ең бастысы – азаматтығы

қосылғанда біздің көз алдымызға Қадыр атты құбылыс ке­
леді. Қадыр тұрпаттас таланттар, қанша жерден кең десеңіз
де, әдебиет әлеміне сыйып кете алмайды. Қадыр – ұлттық са­
на-сезімге сіңген суреткерлер санатынан. Халық сөзі Қадыр сө­

зімен астасып кеткеніне де көп болды».
Айтары жоқ, әділ баға. Сонымен бірге осындағы «Қа­
зақ­тың қадірін білу үшін қазақтың Қадырын білу керек. Хал­
қымыздың қадыр-қасиетін дәл Қадыр Мырза Әлідей жеткі­

зе жырлаған ақын сирек» деген уәжді тұжырымға келіспес
әддіміз жоқ. Расында да қазақ пен Қадыр жырларының жан­

дары егіз екендігіне екінің бірі қол қояды. Туған халқының
мінезімен табиғи тұтасып кеткен ақын шығармашылығы біз­
ге сол үшін де қымбат әрі құнды. Әсіресе, қазақтың жиыр­
масыншы ғасырдағы жаңа ділі, заманға сай жаңғырған жан

дүниесі өткен тарихымен, бүгінгі тыныс-тіршілігімен жым­
дастырыла өріліп, Қадыр кітаптарында айшықты бейнелен­
ді. Нақ осы тұрғыдан келгенде, прозада қазақ деген халықты
әлемге алғаш Әуезов танытса, поэзияда қазақтың паспорты

боларлық жауһар үлгілерді біртұтас болмыс-бітімімен, бүтін
түзілімімен мақсатты түрде өрнектеп Қадыр Мырза-Әлі жаса­
ды деп айтсақ, сірә, қателесе қоймаспыз.
Ұлы ұстаздан жазмыш сыйындай аманат арқалаған Қадыр

ақын қазірде өзі де ұлт ұстазы боларлық ұлан асуды алды,
ұлт мұратына сай рухани әлем, тағлымды мектеп қалыптаған
оның дара мінезді кітаптары нешеме буын ұрпақты ана әл­диі­
не қосыла, тал бесіктен бастап тәрбиелеп келеді. Кез келген

ба­лалар әдебиетінің көшін бастауға, атасы болуға лайықты ең­
бекті елден ерек ерте қамдап үлгерген Қадыр үлкендер поэ­
зиясына кешігіңкіреп келсе де салған жерден жарқ етіп көзге
түсіп, өзінің қамал бұзар қабырғалы дүниелерін алпысыншы

жылдардың ортасы ауа бір деммен жазып тастап еді. Кешегі
кермедегі кеңес кезінде оның шырқыратып айтпаса да, орайын
тауып, қапысыз қазақы айтқыштықпен шым-шымдап айтқан
шындығы қаталаған халық жүрегіне шөл далада сылдыраған

шипалы бұлақтай жол тауып отырды. Қадыр өлеңдерінің ой
орманы өміршең әуезбен толғады, тарихы кенен арғы-бергі
дала дидарын көз алдымызға келтірді, замандастарының кеу­
десінде туған елдің бұлбұл бағын орнатты, шабытының дом­

бырасын құйқылжыта күмбірлетті, ұлан-байтақ қазақ жерінің
жерұйыққ а парапар поэтикалық картасын жасады. Көркем су­
реткерліктің көкжиегін кеңіткен Қадыр ақын тұтас толағай та­
қырыптарды бірегей шабытпен жырлап, оқырманға құранды

өлең жинағын емес, бір деммен балқытып құйылған бүтін туын­
ды – өлең кітабын ұсынды. Соның бәрінде қазақ деген ха­
лықтың жан дүниесі жарқырап ашылды.
Өзін әлі күнге жалқаумын, ұйқышылмын деп санайтын

Қадыр ақынның барлық жылдардағы ғаламат өніктілігіне қай­
ран қалғандайсыз. Азамат ретінде қайраткерлік көрсетіп, ел
алдындағы перзенттік парызын өтеуді де ұмытпаған ол бү­гін­
де қырықтан астам жыр кітаптарының, әдеби-сын және ба­ла­

ларға арналған басылымдардың авторы. Қазір жиыны қалың-

қалың 20 том болды. Бұл да әлем демесек те, қазақта бір де бір
ақынның қолы жетпеген биік.
Кезінде Қадыр аға 50 жасқа келгенде «Кең тыныс, кемел
кезең» атты мақала жазыппыз. Бүгін желкенін жетпістің бесе­

уінде желбіреткен қазақтың ақсақал ақыны Қадыр Мырза Әлі,
артық-кемі жоқ, баяғы дала данышпандарынша толғайды. Ке­
мелдіктен өтіп, кемеңгерлікке жеткен абыз суреткер елді­гін
бір­леген, еңсесін тіктеген халқымен бірге Алашының ала­қа­

нында.

– Қадыр аға, әуелгі сөзді алғашқы қадам, алғашқы өлеңнен

бастасақ қайтеді?

– Алғашқы қадам дегенде есіме туған жерім, алыстағы

ауылым Жымпиты түседі. Алашорда алғаш осында ту тіккен.
Өлеңті, Шідерті деген қос өрім өзені бар. Мұрат жырлайтын
баяғы Үш Қияндармен жалғас жатқан жерлер. Біздің зиялы­
лар Алашорданы осы қалың қазақтың ішіне әкелген ғой. Ол

кезде орыс қаласы деп Оралға да тоқтамаған. Олардың бүйтіп
жүргені, Сырым Датов осы жерде көтеріліс жасап, патшаға 25
жыл қыр көрсеткен. Алаш арыстары сол атамыздың аруағы
қолдасын деген болу керек.

Соғыстың ауыр жылдары. Қайран шешем! Шешемізді ап­
тасына бір рет көріп, көрмесек көрмейтінбіз. Ол мен ұйқтап
жатқанда жұмысқа кетеді, мен ұйқтап жатқанда келеді. Де­
малыс болмайды. Осыған орай бір сөз, біз шекаралық аудан­

дармыз ғой, сол кезде соғыстың өрті көрініп тұратын. Сонда
көшкен елмен бірге бір ат келді. Рысак. Дон жылқысы. Біздің
Жымпитының қазақтарымен салыстырғанда анау демокра­
тияны көп көрген жылқы. Неге дейсің ғой? Сенбі күні кеш­

ке келгенде атты доғарасың. Содан өріске кетеді де, жексенбі
күні ұстатпай қояды. Себебі, жексенбі – заңды демалыс. Бұл
күні әке десең де жұмыс істемейді. Сосын дүйсенбіде жүгенге
мойынсұнып, кәдімгідей шұлғып келіп тұрады.

Ал енді біздің шешелерімізде демалыс жоқ. Тек қана жа­
уынды-шашынды күндері келіп, біздің кір-қоңымызды жуып,
бірдеңе істеп кетеді. Міне, осындай өте ауыр жылдар болды.
Жаңағы жылқы екеш жылқы құрлы қарсылық көрсете алмай­

ды. Жылқының правосы бар дем алуға. Ал әбден көнбіс бо­
лып басылып қалған қазақтың правосы жоқ. Соны көріп өстік.
Мен мектепке соғыс басталған жылы барғам. Латын жазуы
алынып тасталып, біз орыс әліпбиінен бастап оқыдық. Бірден

кириллицаға көштік. Ешбір дайындықсыз. Бұл да зорлықпен

келген дүние. Өйткені, біріншіден, соғыс басталып кетті. Сон­
ша асықтыратындай не әкетіп барады? Екіншіден, жаңа жазуға
көшер алдында тым құрыса оқулықтары шығу керек қой. Ол
жоқ әлі.

Сонымен соғыс бітті. Бір күні бес жыл бойы жабық тұрған
клуб ашылды. Бес жыл той-томалақ, ойын-сауық көрмеген
жұрт клубқа ағылды. Ақтөбе жақтан бір топ өнерпаздар келіп
концерт қойды. Сонда концерт деген сөздің өзін біреу біл­

се, біреу білмейді. Бір жігіт шығып «16 қыз» деген ән сал­
ды. Ғарифолла айтатын «16 қыз» емес. Одан басқа, 16 шумақ
өлең. 16 қыз туралы. Бірінші қыз мынандай, екінші қыз анан­
дай. Бәрін сипаттап шығады. Әуесқойдың шығарған нәрсесі

болуы керек. Сол өлең маған қатты ұнады. Түнгі 11-лерде үйге
келе сала, екпетімнен жатып, әлгінің әсерімен өзімше 16 жігіт
туралы өлең жазбақшы болдым. Шамам алты шумаққ а жет­
ті. Келесі күні өлеңімді барлық балалар оқыды. Мұғалімдер

көшіріп алды. Құдай салмасын, әлгі жерде бір-ақ күнде ақын
атанып кеттім. Алғашқы өлең осы. Алтыншы сыныпта оқи­
мын. 1946 жыл. Алты шумақ өлең.

– Содан жазып кеттіңіз бе?

– Жазғанда, пәлендей жаза қойған жоқпын, әрине. Жас ба­

ла не жазады? Бірақ бір ғажап нәрсе, әсіресе, сонан кейін мен
кітап оқуға қатты мән бердім, қолға түскен барлық өлең кітап­
тарын түк қоймай оқыдым. Жымпитының сондағы кітапхана­
сы үлкен еді. Әлде, кітапқа құныққ ан маған солай көрінді ме

екен? Алайда, оқыған өлеңдердің көбі маған ұнамайды. Ар­
тынан түсіндім. Ол өзі бір өлеңнің азған жылдары екен ғой.
Жамбыл атамызға да көсемдерді жырлатып қояды. Кейін біл­
сем, ол кісінің де мықты өлеңдерін кітабына мүлдем кіргізбеп­

ті ғой. Басқалардікін тіпті ұнатпаймын. Бірінші майға, жетін­
ші ноябрьге арналған, сондай саяси өлеңдер. Сосын барлығы
партия жасасын, Сталин жасасынмен аяқталады. Енді, ол
өлең емес қой, шынын айтқанда. Содан кейін менің өлеңге қы­

зығуым азайыңқырады.
Бірақ мен кішкентай кезімде эпостарды, батырлар жырын
жақсы оқыдым. Құдай-ау, ана Қыз Жібектің көштері, көз ал­
дыңнан ағылып өтіп жатқан керемет бір сурет. Ер Тарғынның

белі опырылып: «Бұлғыр, Бұлғыр, Бұлғыр тау, Бұлдырап тұрған
құрғыр тау...» деп күңіренуі. Сосын ана «Қобыландыдағы»
Тай­буырылдың шабысы: «Көлденең жатқан көк тасты Тік­
теп тиген тұяғы Саз балшықтай иледі» деп келетін. Фольклор

ғой бізді тәрбиелеген. Сөйтіп жүріп мен прозаны жақсы кө­ріп
кеттім. Өйткені әлем және орыс әдебиетінен аудармалар шық­
ты. Бірте-бірте өзіміздің жазушылар көрінді. Бердібек Соқ­
пақбаевтың «16 жасар чемпионы», Мұқан Иманжановтың «Ал­­

ғашқы айлар» деген кітабы. Солар мені еліктірді. Содан мен
өңшең повесть жазатын өнер шығардым. Өзім мектепте оқи­
мын, интернатта жатамын. Осы Алматыға келгенде кә­дім­гідей
3-4 повесім болды.

– Сол повестеріңіз қайда қазір?

– Өртеп жібердім. Гогольдің «Өлі жандардың» екінші кі­

табын өртегеніндей. Ұлы жазушының сонысына өкініш біл­
діретіндер де бар. Ал мен өртегені дұрыс болған деп ойлай­
мын. Мастер ғой ол! Қаламынан не туғанын өзі білмеді дей­
місің? Біздің қазақтың да ұлыларының кейбір бітпей қал­

ған, редакцияланбаған, елге етене танымал шедеврлерінен
деңгейі төмен, осалдау дүниелерін шығарып жатыр. Ау, ана
аруағыңнан айналып кетейін адамды қорлаудың бір түрі ғой
бұл. Е, мақтап жүргені мынау ма дейді ғой. Өзі тірі болса, бәл­

кім, бұл қалпында ұсынбас та еді. Осында дұшпандық та бо­
луы мүмкін. Сосын мен ойладым: ертең классик болып, өліп
кетсем, мынаны да басып жіберер. Тәжірибесіз баланың жаз­
ған олақ шығармасы кімге керек? Сөйтіп әлгі повестерімді ал­

дым да өртеп жібердім.

– Ал енді алғашқы қадамдар Алматыға келгесін, студент­

тік шақта қалай жалғасты?

– Оқуға 1953 жылы түстім. Бір бөлмеде 20 бала жатамыз.

Әңгіме жазбақ түгілі, басыңмен әлексің. Бірақ өмірдің сцена­
рийі бөлек қой. Бізбен бірге бір Абдрахманов Махмұт деген
ұйғыр жігіті оқыды. Старостамыз. Сол жігіт айтты: «Қадыр,
жағдайыңды түсініп жүрмін. Жазғың келеді, жаза алмайсың.

Жатақхананы тастап, пәтерге шықсақ қайтеді? Бала-шағалы
бір ұйғыр әйелін білемін. Алған стипендиямызды беріп тұрсақ
болды. Тамағын береді, жататын жері дайын». Осында екі жыл
тұрдық. Ол да біраз көмек болды жазуыма. Жатақхананың у-

шуынан құтылдым. Оқимын, жазамын. Оқимын, тағы жаза­
мын. Сабақты да жібермейміз. Бастаған кездегі жақсы жағы
осы болды. Екі жыл уақытымды еркін пайдаланғаным.
Білім болмай жақсы жазушы, жақсы ақын шығатыны бе­

кер. Мұқағалидан естіген әңгімем еске түседі, соғыстың аш-
құрсақ жылдарында биені еметінбіз дейді. Сұмдық сурет қой!
Сол айтқандай, білімге шөлдеген біздер де кітапхананы кә­

дімгідей саудық. Кітапты тоқылған торқалтамен толтырып әке­
ліп, оқып болған соң қайта апарып тапсырамыз. Сөйтіп жүріп
оқыдық.
Екінші курста өлеңдерімді «Пионер» журналына алып

бар­дым. Онда Мұзафар Әлімбаев деген ағамыз. Өлең­де­рім­ді
оқы­ды. Сол балаларға арналған өлеңдердің ішінде «Өлеңті»
дейтін өлең бар болатын. Соны оқыды да: «Сен не, Пав­ло­дар­
дансың ба?» деп сұрады. «Жоқ, Өлеңті дейтін өзен сіздің елде

де, біздің елде де бар» дедім. Содан ол кісі әуелі солардың іші­
нен таңдап бір өлеңімді басып жіберді, сосын үлкен бір топ­
тамамды дайындады. Соның қаламақысына кәстөм-шалбар
алып кигенмін. 1954 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының

ІІІ съезіне шақыру билетімен қатыстым. Осы съезге Шоло­
хов келді, оны да көрдік. Мұзафар Әлімбаев съезде сөйлеген
сөзінде «Түлкінің сыны» деген мысалымды келтіріп мақтады.
Еш­кімге беймәлім Қадыр Мырзалиев деген жиырма жастағы

жымпитылық студенттің аты әдебиет әлемінде алғаш осылай
аталып еді.

– Мұзағаң кескен екен ғой поэзиядағы тұсауыңызды?

– Жас кезімде көп адамдардың жақсылығын көрдім. Ер­

кеш Ибраһим. Жақан Смақов. Әрине, Мұзафар ағамыздың ор­
ны бөлек. Өзінен кейінгілерге қамқоршы, жақсы кісі. Қазір
кіш­кене ауырыңқырайды. Бесінші курста оқып жүрген мені
жаңа­дан ашылған «Балдырған» журналына алғаш жұмысқа

алған да осы кісі. «Жетісу» газеті мен «Үгітші блокнотының»
редакторлары оралдық болғандықтан, менің жерлестігімнен
қорқып жұмысқа алмай, сабылып жүрсем, Мұзағаң бір жер­
ден тауып алып телефон соқты: «Қадыр-ау, сен қайда жүрсің,

мен саған приказ беріп қойдым ғой» дейді. Осындай да жағдай
болған.
«Балдырған» журналының поэзия бөлімі – алғашқы
бас­пал­дақтардың ол да бірі. Мәскеуден оқып келген Берді­

бек Соқ­пақ­баевпен бірге істедім. 57-58-ші жылдар. Сол бір
қы­­зық дәурен еді. Бір айлық стипендияма группама той жа­
сап үй­лендім. Журналистика факультетінің мәшинке бюро­
сы бар, сонда қолжазбамды өзім басып, Жазушылар одағына

тап­сырып қойғам ғой, сол алғашқы өлең жинағым 1959 жылы
«Көктем» деген атпен шықты. Содан сара жолға түстік. Заман­
да кішкене өзгерістер бола бастады. Сол кездерде Джавахар­
лау Неру келді Алматыға. Мәртебелі мейманды көреміз деп

көшеде қазақтар қаптап кетті. Нағыз демократтар ғой, сол Не­

ру сөйлеген сөзінде: «Бұл республика емес, ең мықтағанда до­
минион. Мен мұнда ешқандай ұлт республикасын көрген жоқ­
пын» депті. Қазақтарға осы сөздердің шарапатты дүмпуі жет­
пей қалмады. Жан-жақтан халықаралық қысым болған шы­ғар.

Жүре-бара республика басшылығы қазақтанды.

– Мұхтар Әуезовтен ақжолтай бата алуыңыз да осыларға

жалғас жақсылық емес пе?

– Мен ҚазМУ-де оқып жүргенде Еркеш Ибраһим уни­вер­

ситеттің әдебиет үйірмесінің жетекшісі қылып маған өзінің ор­
нын беріп кеткен. Менен жетекшілікті Әбіш Кекілбаев қабылдап
алды. Соның алдында «Жас қанат» және «Жырға сапар» де­
ген жас ақындардың екі кітабы шықты. Мен «Жас қанатқа» кі­

ре алмай қалдым. Сосын Ғафу Қайырбеков айтыпты, Қадырға
өткенде обал болды, ендігісін соның өзінен бастайық депті.
Ғафаң керемет ақын, сондай бір жаны таза қазақ болатын. Сол
екі кітапты, бір жағы бізбен де ақылдасып, Әуезовпен кезде­

су өткізуді ізерлеп жүрген Әбіштер үлкен жазушының пікірін
тыңдайық деп апарып береді. Ұлы Мұхаңмен кездесу күні де
жетті. 1960 жылдың 26 желтоқсаны. Ол кезде «Балдырғанда»
істеймін. Сенсең, жүрегім дауаламай, қорқа-қорқа бардым. Тө­

решің Мұхтар Әуезов болса, онша-мұнша әспеттеп жазып жүр­
гендерің оған ұнамай қалса, мына ақын мынадай екен деп бір
сынап жіберсе, өмірлік қара таңбаның басылғаны ғой.
Мұхаң әуелі «Жас қанатқа» көбірек тоқталып, содан бір­

сыпыра авторларды атады. Тұманбайдан бастап Тілеген Шо­па­
шевқа дейін. Ал «Жырға сапар» кітабынан екі-үш жас ақынды
ғана ауызға алып, мені мақтап өтті. Және менен мысал кел­
тірді. Өзі бір шумақ қана жақсы өлең еді. Басқа ешкімнен мы­

сал алған жоқ. Артынан «Лениншіл жас» осы кештің стеног­
раммасын жариялады. Өлеңімді Әуезовтің мақтағанын айта­
ды. Бірақ мысалға келтірген шумақты алып тастапты. Мұны
іздеген адам енді Әуезовтің шығармалар жинағының 25-ші то­

мынан табады.
Ұлы ұстаз бізге сабақ берген. Ол өте ұқыпты адам еді. Сон­
дықтан, мына ұмытылмас кездесуде менің атымды атай тұрып,
маған байланысты бір-екі жағдай есіне түспеді деп айта ал­

маймын. Мені бұған дейін де біледі деп ойлайтын себебім,
Әуе­зовтің 60 жылдығы тойланған тұста «Жетісу» газетінде жа­
зу­шы жайлы пікірім шыққ ан. Студент оқырман ретінде. Ар­
тынан өзімізге сабақ берді. Бірақ Абай тақырыбында емес.

Абай­тану курсын бұл кезде қысқартып тастаған. Абайдың үс­

ті­нен арыз болған ғой. Бұл қазақты қойсаңшы! Әуезов бізге
туысқан халықтар әдебиетінен лекция оқыды. Мұның өзі ап­
тасына бір-ақ рет. Академиялық екі-ақ сағат. Мұхаң келді. Ке­
луі де бөлекше, тұрпаты да ерекше. Сондай шымыр, сондай

зиялы, көңілді, ақжарқын. Сиреңкіреген бұйра шашы саздау­
ыт жерден көтерілген будай көпіршіп тұрғанына дейін әлі көз
алдымда.
Бала кезде сурет салатын әдетім бар еді. Ең артында отыр­

ғам. Өз-өзімнен Мұхаңның суретін сала бастадым. Кішкентай
ғана сурет. Таба алмай жүрмін. Бір кітаптың ішінде жатқан
бо­лар. Көріп қойды. Әңгіме бастады. «Кейбір студенттер мұ­
ға­лімнің лекциясын дұрыс тыңдамайды. Беретін сабағын ол

да бір жерден алады, ондаған томдарды оқиды. Содан елеп-
екшеп ит зықысы шығатынында жұрттың шаруасы жоқ...».
...Сөй­тіп жайлап маған қарай келе жатты. Мен бұл кезде ол кі­
сі­нің портретін бітіріп, өзінің айқара ашулы кітабының беті­

не қойғам. Маған қарап: «Фамилияң кім?» деді. «Мырзалиев».
«Атың кім?». «Қадыр». «Кім қойды бұл атты?». «Әкем қой­
ған». «Молдалығы жоқ па еді әкеңнің?». «Аздап болатын еді»
дедім. Осы арада Мұхаңның жүзі жылып: «Ә, бәсе, атың­ды

Қадыр деп қойғанына қарағанда сен қадыр түні туған бо­луың
керек» деді. Сосын салған суретіме қарады да, жайлап жүріп
бара жатып жаңағы үзілген әңгімені жалғастырды: «...Ен­
ді бір студенттер болады. Бұл балалар сегіз ағайынды өнерді

бір-бірінен бөлмейді. Бұлар әдебиетін зерделейді. Музыкаға
да көңіл бөледі. Суретін де ұмытпайды» деп өзінің дағдылы
мәнеріне басты.

– Ұнатқан ғой сіз салған суретті...

– Әрине, ұнатқан. Артынан барып менің ана «Жетісуда»

шыққ ан өзі туралы мақалам да есіне түсті деп ойлаймын. Әуе­
зовпен, енді, бұдан артық араластым, сөйттім-бүйттім деп ай­
та алмаймын. Тек сол кісіге қатысы бар бір жағдайды қаперге
салсам болатын шығар.

– Ол нендей жағдай?

– Алпысқа толғанымда ҚазМУ-ге кездесуге шақырды.

Жиын­ды академик Қабдолов өткізді. Өзіме сабақ берген ұста­
зым. Жақсы өткізді. Қабдоловтың аты Қабдолов қой. Өте ще­
петильный адам еді. Қарсы келуге болмайды. Былай жақсы
көрген адамын жақсы көре береді. Бірақ абайламасаң, кілт ете

түседі. Сөйлеп отырып, өзі де мен туралы айтып жатыр ғой,
маған қиғаштай қадала қарады да: «Сен ұлы ақынсың» деді.

Бұл менің мүлдем күтпеген әңгімем, түсіме кірмеген нәрсе.
Енді, ұлы ақын деген тым үлкен сөз ғой. Әрі-беріден соң «Қа­
дырдың дәмесін қара!» деп елге күлкі болуың мүмкін ғой.
Бірақ айтылар сөз айтылып қалды. Қабдоловқа қате айт­

тың деп және қарсы келе алмайсың. Бір ғана ілгешек таптым.
Жаңағы сөзінің ішінде: «Мен бұл сөзді өмірімде екінші рет
айтып тұрмын. Бірінші рет Әуезовке айтқанмын. Ол кісінің
Лениндік сыйлық алған кезі, бір күні түнде сол төңіректе қы­

дырыстап жүрсем, үйінің терезесінен жарық көрінді. Өзім ас­
пирантымын Мұхаңның. Не болса да кіріп шығайыншы деп
көңілім шауып кетті де, есікті қағып едім, өзі қарсы алды.
Үй толы қонақ. Сонда құшақтап тұрып: «Мұха, сіз ұлы адам­

сыз» деп айтқанмын. Сол уақытта түнгі сағат 3 болатын. Со­
дан кейін сізге айтып тұрмын» – дейді Зейнағаң. «Сізге» дей­
ді, «саған» демейді. «Қап әттеген-ай!» деп шынымен қысылып
қалдым. Мұндай сөзді дұрыс түсінбей де қалатын адамдар бар

ғой. Бір мезгілдерде маған да сөз келген кезде: «Айналайын,
балақайларым, достарым, іні-қарындастарым, заман өзгерді
ғой» дедім. Қатты өзгерді. Қазір жұрт бұрын түнгі сағат 3-те
ай­татынын күндізгі 3-те де айта беретін болды ғой» дедім.

Осы кезде Зейнағаң күліп жіберді. Отырған ел де жады­
рап мәз болысып жатыр. Сөйтіп, енді, артық, асыра мақтауды
жуып-шайғаным ғой. Әйтпесе, Әуезовпен қатар аталғанды
кімнің іші жек көреді дейсің. Әлгі сендердің «Қадырдың айт­

қыш­тығы» деп жүрген нәрселерің де осындай қысылтаяң сәт­
терде туатын болар.

– Өзіңіз әдебиетке ендеп келген алпысыншы жылдардың

әдеби ауанын азырақ көзге елестетіп өтсеңіз?

– Сол жылдарда әдеби айтыс-тартыстар көп болатын. Ал­

ды­мыздағы аға буын сондай күрестерде шыныққ ан ғой. Ал­
пысыншы жылдардың басы ғой деймін. «Жұлдыз» журналын­
да жауапты хатшы, одан соң орынбасар болып жүрген кезім.
Сәбит Мұқановтың «Есею жылдары» деген мемуарлық рома­

ны төңірегінде көп дау-дамай болды. Менің білуімде бұл өте
құнды кітап, өз заманының көптеген шындықтарын ашып айт­
қан осында. Голощекинді шын мәнінде әшкерелеп әкесін та­
нытып ең бірінші сойған да Сәбит Мұқанов. Осы кітапты мар­

ксизм-ленинизм институтына рецензиялатып, Жазушылар ода­
ғы бір айға жуық талқылады. Үлкен аға буынға бірдеңе деу
қиын. Екі дайға бөлінген айтыста бет жыртысқан қатты сөздер
де болып қалғанын несін жасырайық. Ол заманның өлшемінде

біз әлі бала едік. Шеттерінен мықты қазақтар. Одақ төрағасы
Ғабиден Мұстафин, Жұмағали Саин. Өте өткір, әділ адам. Пар­
торг болды. «Жұлдыз» бен «Қазақ әдебиетінің» бас редактор­
лары Нұрпейісов пен Нұршайықов. Айтыстың ақыры ЦК-ға

жетіп, көпшілігі орындарынан алынды. Барлығын ауыстырды.
Солардың арасында түк жазығы жоқ мен жұмыссыз қалдым.

– Бұл әлі балаларға жазып жүрген кезіңіз бе еді?

– Алты ай жұмыссыз отырғанда қаламақымен жан бақ­

тық. Үйдің ішіне жұмыссыз қалғанымды да білдірмедім.
Таңер­тең жұ­мысқа кеттім деп шығып кетемін де, кітапханаға
ба­рып оқи­мын, өлең жазамын. Қаламақы жақсы ғой ол кез­
де, соны жа­лақым сияқты жеңгеңе уақтылы беріп тұрамын.

Ал өлең жайына келсек, лирикам жарияланбайды. Лирикам
тү­сі­ніс­тікпен қабылданбаған соң балаларға арнап жаза бер­
дім. Үл­кендер түсінбесе де, айналайын балалар жақсы, ме­нің
өлең­дерімді күтіп ауыздарын ашып отырады. Жақында шық­

қалы жатқан 20 томдығымның алғашқы екі кітабы балалар
поэ­зиясы: «Күміс қоңырау», «Алтын омырау». Балаларға әлі
де жаз­ғым келеді. Тұманбай да ренжиді «Балдырғаныма» өлең
бер­мей кеттің деп. Мен жақсы төлеймін деп те қыздырып қоя­

ды. Ақша керек екенін біледі ғой.

– Сөйтіп, кәдімгі үлкендер поэзиясына қалай ауыстыңыз?

– Бастапқыда лирикамды жұрттың неге түсінбегенін мен

қазір түсінетін болдым. Өйткені, шамадан тыс көп оқып қойғам,
көп біліп қойғам. Басқа әдебиет үлгілері, басқа көзқарас совет­
тік қазақтың идеологиясына келіңкіремеген. Ділі мен дәстүріне
келсе де, озып кетіп жазылған дүниелер деп сен дәл айтып

отырсың. Үлкен лириканы қоя тұрғаным сол еді. Бір кітап апа­
рып тапсырып едім, оны бастыра алмадым. Тұманбай ол кезде
менен бұрын «Студент дәптерімен» танылған. Жұмекеннің екі
кітабы шықты, «Балауса», одан кейін «Сыбызғы сыры» деген.

Әлгіні оқысам өзімнің өлеңдерім сияқты. Рухы бір, көзқарас-
пайымы бір. Екеуіне де рецензия жаздым. Өзін әлі танымай­
мын. Осыдан соң ескі жындарым қайтадан оянды. Табандап
отырып «Ой орманын» жаздым. Соны «Жазушы» баспасына

апарып тапсырсам, Құланбай Көпішев деген ақсақалымыз бар
еді, сол кісі 200-300 жолдайы кәдеге асады, қалғаны жарамай­
ды деп рецензия жазып беріпті. Содан қолжазбаны Жазушы­
лар одағында кәдімгідей талқылауға салдық. Әбу Сәрсенбаев,

Ғали Орманов, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, жастар­
дан Тұманбай мен Жұмекен, бәрі қатысты.Жариялау керек де­

ген шешім қабылдады. Сол қағазы менде әлі күнге дейін сақ­
таулы. Үлкен лирикаға қайтып оралуымның мән-жайы осын­
дай.

– Одан соң «Дала дидарын» жаздыңыз ғой...

– Осы «Дала дидарына» Ілияс Омаровтың ықыласы ау­

ды. Ондай зиялылар сирек. Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке­­
сі» туралы «Қазақ әдебиетінде» қос беттің подвалында көл­
дей мақала бастырған. Партия қызметкері жазды деп еш­кім
ой­ламайды. Сол кісі жаңа шыққ ан «Дала дидарын» сұ­ра­тып

Жайсаңбек Молдағалиевтан сәлем айтыпты. Беріп жібер­дім.
Екі-үш күн өткенде Ілекең телефон соқты. Ол кезде Гос­план­
ның төрағасы. «Қадыр, айналайын, Ілияс деген ағаң ғой, сен
бүгін кешке біздің үйге келсең қайтеді?» деп адресін айтты.

Төлебаев көшесінде тұрады екен. Бардым. Қыс іші. Екеу­міз
отырып әңгімелестік. Алдымызға үйеме табақ ет келді. Бір кез­
де «Қазақ осылай сұрайды ғой. Ренжіме. Осы сен қай жердің
баласысың?» деп сұрады. Айттым: «Жымпиты де­ген жерден­

мін» дедім. «Е-е, Алашорда орнаған елден екен­сің ғой. Әй,
бәсе, мына кітаптағы өлеңдердің тамыры қайда жатыр деп ой­
лап едім. Ал енді мен саған айтайын. Мен пайғамбар емеспін,
әулие емеспін, бірақ осы Алашорда тү­бінде ақталады» деді.

Алпысыншы жылдардың ортасында айт­қан сөзі. Өзін Алматы
киностудиясына басшы қылып жібер­генде сол мекемені бара
сала «Қазақфильм» деп өзгертіп жіберген Ілекең ғой. Ұлтқа
жанашырлық сол емес пе. Кітабымды оқығанда пікірлерін

қағазға жазып отырыпты. 15 бетті толтырыпты. Үйге келіп
оқысам, кереметтей пікір. Мені тірі классик қылып қойған.
Мәшинкеге басып едім, он шақты бет мақала болып шықты.
Содан әлгіні қолтығыма қысып «Лениншіл жастағы» жігіттер­

ге бармаймын ба. Бәрі оқып, әй, мынаны біз басайық дейді.
Ілекең де жариялап жатса, берейік деді. Сол мақала «Қадырға
хат» деген атпен жарқ ете түскенде мен 31 жаста едім. Дүрілдеп
шыға келдік. Үлкен кісілердің қасы мен қабағының арасында,

есебінде жүрдік.

– Алыптардың алақаны алғаусыз аялапты. Қандай ба­қыт­

тысыз, Қадыр аға! Қос Ғабаңмен қалай болдыңыз?

– Ғабит пен Ғабиден ақсақалдардың орны мен үшін ерек­

ше. Екеуіне арнаған «Екі шал» деген өлеңім де бар. Қара шал.
Сары шал. Екеуі де әкеммен құрдас. Әсіресе, Ғабиден. Ғаба,
көке, әке деп қалатынмын. Ең аз оқығаны болса да, сондай да­
нышпан адам еді. Және таза. Қаланың сыртында, Қарғалыда

тұрды. Бірде Сүлеев деген жігіт екеуміз Жазушылар одағының
ертең болатын президиумына шақыра барсақ, Ғабаң ауласын­
да қой жетелеп жүр. Бір қолында таяғы. Мені көріп қуанып
кетті. Ақыры сол қойын сойысып, қуырдағын жеп, мәре-сәре

болып қайтқанбыз. Содан жыл жарымдай уақыт өткенде бір
күні Одақтың алдына барсам, жазушылар топталып тұр екен.
Ғабиден аға маған сол арада: «Біздің қазіргі жастар үлкендерді
сағынбайтын болып барады» дегендей базына айтты. Әке-ба­

ла болып жүрген адамдармыз, сөз аңғарын түсіне қойдым да:
«Ға­бе, не деп тұрсыз? Сіз адамды айтасыз. Адам тұрмақ мен
кей­де қойды да сағынамын» дедім. Сондай бір тауып қал­жың­
дайтыным бар менің баз-базында. Ғабаң да нені меңзеп тұр­ға­

нымды біліп, әй, бір мәз болып рахаттанып күлді. Сосын айт­
ты: «Әй, Қадыр, шынымды айтайын ба, тап сол қойды қазір
мен өзім де сағынып жүрмін» деді. Ағалармен әзілімізді де,
көңілімізді де жарастырған шуақты дәурен екен ол да.

Ғабит ақсақал ұстамдырақ болды, көп сыр аша бермей­
тін. Алты ай жұмыссыз отырғанымда Одаққ а қызметке ал­
ған. Сырбаз, киімге бап. Бір байқағаным, күн сайын кәс­төм
өзгертеді. Дүйсенбіде бір бөлек, сейсенбіде басқаша, әр күн­

нің өз кәстөмі бар. Соған көзім үйренгені соншалық, Ғабең­
нің үстіндегі кәстөміне қарап қай күн екенін білетін болдым.
Кейінірек Ғазиза апайға үйленді. Ол біздің ауылдың қызы, ма­
ған апай. Соны білетін Ғабең маған қуақы мейіріммен қа­рап,

қалжың айтып қойып жүрді. Балдыз қатарына қосқан сыңай­
лы. Үлкен кісімен әзілдесіп ойнау оңай шаруа емес енді. Және
кіммен? Марқасқа Мүсіреповтің өзімен! Дегенмен, бірте-бір­
те менің де етім үйрене бастады. Содан келе-келе Ғабең ма­

ған «сволыш» дейтінді шығарды. Кәдімгідей. Тамсап, бап­
тап айтады. Кейде орысша дикциясымен. Бұл енді өзі онша
жақ­сы сөз емес қой. Ренжиін десем, тағы ренжи алмаймын.
Қа­зақ сүйгенін «шұнағым» дейді емес пе. Ғабең де сөйтеді

екен. Менің бір өлеңімді оқыған немесе тыңдаған кездерде.
Бас­тап­қысында, Батыс Қазақстанды аралағанда Ақтөбеде бол­
ған­быз. Сондағы кеште мен алғаш рет «Бір жаманы, бір жақ­
сысы» дейтін өлеңімді оқыдым. Банкетке бара жатсақ, Ғабең

маған қарата нәштей созып: «Сво-о-лочь!» дегені. Бірақ бұл
жолы «сволыштың» сырын түсінбей қалдым. Бірте-бірте аң­
дап байқасам, ол маған сүйсінгенде, риза болған кезінде ай­
татын сөзі екен. Осының тобықтай түйіні мынадай. Алыптар

тобының осы ақырғы тұяғы қайтыс болды ғой. Сонда мен біраз
жылдарға шейін Ғабеңнің осы «сволышын» сағынып жүрдім.
Мүсірепов ақсақал сыртқа паң көрінгенімен, менің шығар­ма­
шылығымды да қадағалап жүріпті-ау. Мемлекеттік сыйлыққ а

ұсынылған «Жерұйық» деген кітабымды қолтаңбаммен бергем.
Соның ішінде балалық, жігіттік, кәрілік туралы лирикалық ше­
гініс болды. Осы өлеңдерді жатқа оқиды екен. «Боз дала» дей­
тін өлеңімді жақсы көріп, жазушылардың тілге арналған пле­

нумында жасаған баяндамасында бастан-аяқ мысалға келтірді.
Жалпы, Ғабең сөздің қолданысына өте қатты мән беретін. Ар­
тынан қарасам, сыйлаған кітаптарымның бәрін қарындашпен
сызып тұрып оқыған. «Таймановым Иманов боп тірілді» де­

ген өлең жолына леп белгісін қойыпты. Кейін осы өлеңдердің
әрқайсысы үшін Ғабеңнің бір-бір «сволышын» естігенімді ес­
ке түсірдім.

– «Біздің тарих ол да бір қалың тарих,

Оқулығы жұп-жұқа бірақ тағы...»

– Қадыр ақын өз заманының осы тектес ащы шындығын

астарлап айта білуімен де халқына, қазағына қадірі артты де­
сек, біз де шындықтан алыс кетпеспіз.

– Шындық деген де киелі ұғым ғой. Әсіресе әдебиеттегі

шындық. Біздің қазақ әдебиеті кеңес өкіметінің табанында ең
қатты зардап шеккен әдебиет деп есептеймін. Және ба­ға­лан­баған
әдебиет. Әуезовтің жөні бөлек. Замана шындығын айтқызбады.
Әйтпесе ана Мағжандар шыңғыртқан шындықтар сұ­рапыл емес

пе. Жансүгіровтің прозасындағы ащы ақиқаттар. Саба­зың шыны­
мен-ақ соттауға болатын шындықтарды жазған екен. Табиғатынан
мықты ақын Жароковтар саналы түрде 1917 жылдан арыға барма­
ды, бергісінің де бетінен қалқыды. Шын­дықты айта алмағанына

күйінген Қасымның ақындық құ­ді­ретпен шырқырап жазған
жырлары бәрібір мәңгілік боп қал­ды. Бірдеңені айта білудің өзі
интеллектуалдық өреге байланысты ғой.
Жақсы жазушының бірі Бердібек Соқпақбаев еді. Сыр­

ластығымыз бар. Кейде кездескенде: «Беке, не жазып жүрсіз?»
деп сұраймын. Сонда айтады: «Әй, Қадыр, сен қызықсың. Не
жазасың? Үкіметке тек қана өтірік керек, ал маған тек қана
шындық керек. Менің шындығымды ол жаздырмайды, оның

өтірігін мен жазғым келмейді» дейтін.
Солай бола тұрса да: «Шындық та жөтел сияқты Жыбыр­
лап тұрар тамақта» деп жүріп біраз нәрселерді айтқан сияқ­ты­
мыз. Өлеңдерімнің афоризмге жақындығы да сол ақиқатты

айт­қыштықтан болса керек. Менің сол шындығымды сол кез­
дерде-ақ қалтқысыз ұққ ан халқыма рақмет. Құрдасым Ораз­ақын
Асқар: «Қазақта «Халық айтса, қалт айтпайды» деген сөз бар.
Одан кейін «Абай айтса, қате айтпайды» деген сөз болды. Ен­

ді «Қадыр айтса, қате айтпайды» дегенге келіппіз» деп жазды.
Әлеумет осылай бағалап жатса не істейміз? Көнеміз. Әдеби
кредо деген болады. Менің шындықты айтуым сол шығар.

– Ақыным, абызым деп өзіңізді ардақ тұтқан, алақанға сал­

ған халқыңыз үшін әдебиетте ғана емес, өмірде де қайраткерлік
етіп күрескен кезіңіз болды ма?

– Алғашқы Конституциямыздың жобасы талқыланғанда

тіл жөніндегі тармақты өткізу өте қиынға түсті. Мен онда Жо­
ғарғы Кеңестің депутатымын. Сұрапыл пікірталас. Ең әуе­лін­де
Заманбек бастады, Нұрқаділов. Сосын бір орыс, одан кейін бір
қазақ. Осылай алма-кезек айтысу. Қазақтың айтатыны: Мем­

лекеттік тіл біреу болсын, ол қазақ тілі болсын. Орыс тілділер
бұған қарсы. Әбден қысылған кезде Нұрсұлтан Әбішұлы: «Қа­
деке, сіз сөйлейсіз бе? Сөйлеңізші!» деді. «Сөйлеймін» дедім.
Екі нәрсені айттым. Бір орыс әйелі «Комсомолец Украи­

ны» деген газетке жазыпты: Менің балам орыс. Өйткені әке-ше­
шесі біз орыспыз. Орыс класында оқиды. Барлық пәннен бес.
Украин тілінен төрт. Сол үшін балам алтын медаль ала алмайды.
Неге менің балам украинша оқуы керек?.. дей келіп: «Кому ну­

жен этот никому не нужный украинский язык?» деп аяқтайды...
Американың әскери атташесі Украинаға 3 жылға қызметке келіп­
ті. Екі жылда украин тілін үйреніпті. Енді бір жылдан кейін ке­
теді. Соған қарамастан үйреніп отыр. Осыны алдыңғы мысалмен

салыстыра келе, «Оказывается кому-то нужен украинский язык»
дедім. Мен онша батыр адам емеспін, бірақ логикаң мықты бол­
са, қарсыласыңды кәдімгідей қы­жыртып, тізе бүктіруге бола­
ды. Сөзім депутаттарға қатты әсер етті. Енді, украин, басқа ұлт­

тардан да депутаттар отыр ғой. Солардың іштерінде бұғып жат­
қан қыжылдарын оятып, қа­заққ а одақтас етіп шығардым.
Канаданың бір жазушысы бар. Томсон деген. Өңшең хай­
уанаттар жайлы жазады. Сонда бір киіктің лағы иттен қашып

аңшының бұтының арасына келіп тығылады. Байқайсың ба?
Сөйтіп аман қалады. Мұны орыс депутаттарға қаратып айт­
тым. «Ау, осы сендердің баяғы Добролюбовтарың, Чер­ны­
шев­скийлерің қайда кеткен? Мына қазақтың тілі еліктің лағы

сияқты араша сұрап тұр ғой сендерден» дедім.

– Оңдырмай айтқан екенсіз.

– Сонымен, дауысқа салып жібергенде, сонда 93% ал­ғанбыз.

– Бұл енді ақындықтан гөрі ақылмандыққ а көбірек кел­

гендей екен.

– Қалай болғанда да, мұнымды халқымның, қазағымның

алдындағы перзенттік парызды мысқалдай болса да ақтап
өтеуім ғой деп ойлаймын. Елбасымыздың да әркез «Қадеке!»
деп құрметтеп, ұмытпай, елеп-ескеріп жүретіні де осындай
жай­лардан болар.

– Әңгімеңізге рақмет, Қадыр аға. Жетпіс бесіңіз құтты бо­

лып, еліңізбен бірге жасай беріңіз!
2010 ж.

КЛАССИК

немесе Мұхтар Мағауиннің мәңгілік күйі
Әдебиеттің «Сегіз қиыр шартарап» ғаламында өзінің сәр­
уар сәулелі әлемін жасайтын қаламгерлер сирек. Бұл шапа­
ғат­ты бақыт кез келгеннің маңдайына бұйыра бермесе керек.

Айталық, «Абай әлемі», «Әуезов әлемі» дейміз. Заманалар зар­
лығы, қазақтың Махамбеттен кейінгі қызғыш құсындай, Бұқар
жыраудан кейінгі ұлт ұраншысындай Мағжанның мұздай құр­
санған қайсар да мұңлық байтағы бір бөлек. Осы аталған жә­

не аталмаған Алаш руханиятының алыптарымен арқаулас,
ал­қаулас һәм рухтас та бауырлас Мұхтар Мағауин әлемінің
де ілкіде сонау ел анасы «Еділден аққ ан сызашықтай» бір­
те-бірте жылғалана арна тартып, ұлттық рух кеңістігін мың

жылдық қобыз үніндей әуелете кернеп, бұрқанған бұлтты
аспанда қаракөктене мұнартып келіп, ақтығында Алаш ба­
ласының тоқсан толғаулы жан күйін толғаған аласапыран
ұлы сарынға ұласқаны да күн сайын атар таңдай ақиқатқа ай­

налғалы қашан. Ата-баба аруақтарынан аманат арқалаған ал­
даспан жазушының мәңгілік күйі де осы Мағауин әлемінің ай­
на­сындағы Алаш рухты аласапыран сарын екендігін зиялы
қауым­ның құйма құлақ, зерен көкіректері қапысыз аңғарып ұқ­

қанына және күмәніміз жоқ.
Жә, менің Мұхтар Мағауинім қашан басталды? Кезін­
де Мұхаңмен астыртын-ашық, еркінсіп еркелей білім жа­рыс­
тыруға дәт-батылы жеткен жүрегі түкті Жұртбаев Тұр­сын­

ның кейіпкерге айналу кебін кимесек те, жастайымыз­дан үл­
гі тұтып келе жатқан ардақты ағамен ішкі бір үн­дес­тігіміз,

әрдәйім толқулы жүрер көңілдегі ортақ иірімде­ріміз, сірә, бар
болар деп шамалаймыз.
Ағаны алғаш көруім 1970 жылдың шілдесі. Толық 17-ге
де толмаған қауырсын қанат қара баламын. Алматыға оқуға

тү­суге келгем, бірақ басқа ешқайда бұрылмастан әуелі Жазу­
шылар одағына кіргем. Бірінші қабаттың сол қанатындағы
«Жа­лын» журналының редакциясының табалдырығынан имен­
бесем де, ұяң аттағаным күні бүгінгідей көз алдымда. Кө­

зі қуа­қы нұрмен күлімдеген қияқ мұртты жігіт ағасы жы­лы­
шуақ сұ­рақтарды бастырмалата төгіп тастады. Қай­дан­сың?
Қай оқуға келдің? Бұдан бұрын бір жерге бар­дың ба? Өлең
әкел­дің бе?... Көкшетауда қазақ қалып па еді өзі?... (Мұ­хаң­

ның қандай сападағы қазақты айтып тұрғанын кейін біл­дік
қой!) Көк­шетауыма сөз келгенге намыстандым ба: «Көк­ше­
тау­да қа­зақ бар болғасын келіп тұрмын ғой!» деп салыппын.
Осы сәтте қияқ мұрттың көзіндегі қуақы күлкі жалт-жұлт қай­

шыласа ойнады да, сол жақта отырған қағылез қар­­шыға бой­
лыға қарата: «Әй, Жарасқан, мына баланың Алма­тыда бірінші
аттаған табалдырығы біз екенбіз. Талабы қайт­па­сын. Тауаны
шағылмасын. Ана дәптерінің ішінде жарай­тын бір өлең бол­

мауы мүмкін емес. Ішінен біреуін таңдап ал да, осы қазір кетіп
бара жатқан нөмірге салып жібер» дегені. Болғаны сол. Үш
ай өткенде курстастарым «Жалын» жур­на­лына Қорғанбектің
өлеңі шығыпты деп сүйіншілеген кез­де сол өлеңді шығарған

кісінің Мұхтар Мағауин екендігін мен толық түйсініп, түсініп,
саналы түрде зерделей алып едім деп әлі күнге дейін айта ал­
маймын. Жарасқан ақынға ат ізін са­лып жүр­сем де, рес­пуб­
ликалық әдеби журналда бозөкпе баланы ал­ғаш жарияға шы­

ғарған Мұхаңа бір ауыз рахмет айту миы­мызға кірмепті.
Бірақ Мұхтар ағамен жолымды қиылыстыра берген тәңір­
дің жазуы шығар демеске де лажым жоқ. 1984 жылы алыс Көк­
шетауда жүріп, бір жағынан ол жақта да «қазақтың бар екенін»

білдіріп, «Аласапыран» романы туралы мақала жазып басты­
рыппын. Бұл туындының қазақ тарихи романдарының үздік
үл­гілерін еске түсіретінін, өзінің Ораз-Мұхамедін М. Мағауин
ыстық сүйіспеншілігімен аялай жырлап, парасатты парыз ар­қа­

латып, тарихи биікке көтере білгенін атап айтыппын. Алайда,
автор менің бұл інілік ізетімнен бейхабар қалғанына күмәнім
жоқ. Дегенмен де, қарап жүрмей, кейінірек «Жұлдыз» журна­
лына «Ерте оянған бұлақтар» атты бір әңгімемді жолдамаймын

ба. Сонда тағы да жаңағы көп жасағыр Тұрсын Жұртбайдың

жалғасқан ақкөйлек дәнекершілігімен Мұхтар аға журналға
әңгімені шығарудан бұрын, әуелі қияндағы Көкшетаудан мені
«Жұлдызға» жұмысқа шақыртып алдыртып еді. Бұл, енді,
1989 жылдың қаңтар-ақпаны, советшіл емес, қара тырнағына

дейін қазақшыл жазушы М. Мағауиннің Көкшетау қазағының
да қа­зақ­шылдығын мойындаған жылы еді.
Сонан бергі жиырма жылда негізінен ағаның айналасы­
нан табылдық. Біраз шығармаларын, мақала толғамдарын қол­

жазба, терімдегі күйінде алғаш оқу, тіпті, өзіне пікір айту ба­
қытына да ие болдық. Мінез-құлық, мәнер-машықтарына қа­
нық­тық. Қасындағы жігіттердің қай-қайсын да жақсы көріп,
қам­қор болды. Басқа газетте істеп жүрген кезімнің өзінде анам

қайтқанда таңертеңнен кешке дейін менің Талғардағы үйім­
де болып, жалғызсыратпай, үлкен басымен қайғымды көте­
ріскенін қалай ұмытармын. Баз біреулер діні қатты деп сана­
са да, әр сағаты санаулы қаламгердің ізгі жүректі, кісілік мейі­

рімі еді бұл. Өз басым Мұхаңнан асқан алды кең, жұмсақ бас­
тықты көрген емеспін. Не нәрсені болсын кісінің өз ар-ұятына
салады. Осындай азды-көпті жағдайларды ескере келгенде,
бір заманда қарт Шыңғыстың Сыртындағы Саят қорада сая

тап­қан ғұлама Шәкәрім атасындай, бүгінде қазақ рухының пы­
ра­ғындай болып Прагада туған халқы алдындағы қалам сер­
тін қапысыз атқарып жатқан жазушы, әдебиеттанушы әй­гі­лі
ғалым, танымал тарихшы Мұхтар Мұқанұлы Мағауин ха­қын­

да бір ауыз сөз айтуға біздің де хақымыз бар шығар деп ой­
лап едік.
Жоғарыда алғаш көруім шілде айы дедім ғой. Иә, дәл осы
уақыт М. Мағауиннің де әуелгі қадамдардың қияпатты бол­

са да аса нәтижелі бел-белестерінен өтіп, алғашқы заңды асу-
қамалдарды алып, енді өзінің «көкорай шалғын бәйшешегі»
қаулап та қаптай өсер, ұзарып толысар кемел шілдесіне аяқ
басқан, шалқар айдынға кеме салған шапағатты шағы екен-ау.

Жазушы шығармашылығының қуанышы мол жазиралы жазы
жаңа басталған. Өмірінің һәм қаламгерлігінің қызуы қайтпас
тамызына дейін, қазақ елінің екі жүз нешеме жылғы құлдықтан
құтылуына жол ашқан Тамыз бүлігіне дейін әлі жиырма жыл­

дан астам уақыт бар болатын.
Бірақ жас Мағауин осынау кемел шілдесіне дейін-ақ әде­
биет­тану ғылымында өзінің алғашқы романы «Көк мұнардағы»
еркін ойлы, биік кеуделі, өр мұратты кейіпкері Едіге аңсайтын,

елдікті бірлеген ерліктерді жасап-ақ тастап еді. Әулие шал,

ұлт­шыл ұстазы Бейсенбай Кенжебаевтың ширек ғасыр бойы
жіп­тіктей сәулеленген асыл үмітін ақтап, советтік солақай сая­
сат пен өзіміздегі жандайшап сананың тасқамалын бұзып, әде­
биетіміздің тарихын ит мұрыны батпас үш ғасырдан көктей

өткізе, арғы замандарға шегіндіру тек Мұхтар Мағауин сынды
жанкештіміздің ғана қолынан келді. Ғылымның машақатты
қия жолдарында соның зарын да тартып, қуанышына да бөлене
жү­ріп, ауыр еңбектің миға шектірген мехнатына шыдап, үміт

пен сенімнен айрылмаған жас ғалым, Қазақ университетінің
аспиранты «XV-XVІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын, жырау­
лары» деген тақырыптағы іргелі де батыл монографиялық
зерттеу еңбегін қорғап паш ету арқылы қазақ әдебиетінің қа­

лыптасқан тарихына қаншама жаңалық, түбегейлі де түбірлі
өзгеріс әкелумен бірге төл әдебиетіміздің бастау тұмасын
XV ғасырға, қазақ мемлекеттілігі мен Қазақ хандығының бағ­
зы­дағы ілкі дәуіріне алып барып еді. Осының өзі мен деген

дырау ғалымның өмір-бақи мақтаныш етіп, нәпақа қыларға
тақиясына тар келмес толағай тарихи еңбек-тін. Бірақ соны­
мен тоқмейілсіп тоқтап қалу мағауиндік мәрт мәнер, мәнді мі­
незбен еш сыйыспайтын.

Оның әуел-бастағы аңсар-зары: жан-жүрегіне үзілмес
кін­діктей байланған жазушылықтың мәңгілік шемен күйі бір
сәтке де тоқтау, толас таппағанын көреміз. Ең бір ғажап нәрсе,
ол әуел бастан-ақ қазақ жазушысы, туған жұртының тұлғасы

болуды артық бақыт санады, әдебиетті – киелі іс, қаламгерді

– ұлттың ұлы мұратын жүзеге асырушы, ықылымнан бергі

ата-бабалар арманын алға апарушы және аруақтар аманатын
арқалаушы деп білді. Қасиетті қалам ұшында айнымас серт
ұстанды. Әдебиетте ұстанар алтын қазығын дұрыс айқындап
алды. Ол – Алаш мұраты еді. Әдебиетке тәңір бұйрығымен,

тағдырдың пешенелі жазуымен осылайша саналы түрде кел­
ген екі жазушы болса бірі, біреу болса дәл өзі Мұхтар Мағауин
деп айтуға оның жарты ғасырлық қат-қабат қаламгерлік жолы,
Абылай аспастай әдеби асулары кәміл сенімділік беретіндей.

Заманының тірі классигі саналған Ғабит Мүсірепов ақ­са­
қал М. Мағауинді кезінде «Әйел махаббаты» және басқа да
ал­ғашқы әңгімелерінің өзімен қазақ әдебиетінің алдыңғы қа­
тарына шығыпты деп бағалауы тегін емес. «Әйел махабба­

ты» деген осы бір жұмбақ сипатты әңгіме. Оқыған кезде адам­
ды магниттей баурап тартады. Әдемі мұңға бөлейді. 1961 жы­
лы бір-ақ күнде жазылған, сегіз жыл бойы ешбір баспа ор­

ны қабылдамай қойған осы әңгімесінде автор шын мәнісінде
еуропалық биік әдеби мәдениет өресіне жеткен дер едік. Осы
орайда және өзінің соған дейінгі қазақ әдебиетіне тосын, өз­ге­
ше мінезімен бұл шығарма Мұхтар Әуезовтің алғашқы әң­гіме­

лері мен Мағжанның «Шолпанның күнәсін» еске тү­сір­гендей,
солармен тағдырласа үндесіп тұрғандай әсер қалдырады. Сол
әңгімеде махаббат шері де, заман тынысы да, әлеуметтік сал­
мақ та бар. Киноға кереметтей сұранып тұр. Бір ғана бұл емес.

Мұхаңның басқа да талай-талай шығармалары. Өзіне керегін
аңдамайтын қазақ киногерлеріне осындайда қайран қаласың.
«Әйел махаббатындағы» биік әдебиет мәдениеті студент­
тік бастау кезеңінде жазылған, екі-үш жыл бойы газет-жур­нал­

дардағы белгілі ағалары «бәрекелді!» деудің орнына өзін күс­
тәналап сөккен «Кешқұрым» әңгімесінде де бар. Бұл әңгімені
1964 жылы алғаш «Жұлдыз» журналына бастырып бағын аш­
қан Қадыр Мырзалиев екендігін Мұхаң қашанда алғыспен ес­

ке алады. Бір қызығы, өз мықтыларымыздан сөгіс естіген сол
әңгіме көп ұзамай орыс тілінде өткелексіз жарияланып, бү­кіл­
одақтық «Огонек» журналының сыйлығын еншілегеніне не ай­
тар­сыз. Өкінішке орай, болмай қалмаған мұндай-мұндай қы­

сас­тықтар талант жолының ауыр кешулерін танытса керек.
Сол шытырман жолдағы жазушының тартқан жан азабы
рухани еркіндікке ұмтылдырып, тәуелді заманда тәуелсіз сөз
айтуға жетелейді. Алпысыншы жылдардың аяғында «Қара қыз»

бен «Тазының өлімі» хикаяттарындағы ұлттық мәселеге пейіл
мен бейіл берген кейбір жағдаяттар соншалық батылдықпен,
шығармаға табиғи кіріктіріліп қалай жазылғандығына қазірдің
өзінде жағаңды ұстағандайсың. Байқап отырсаңыз, содан бергі

уақытта М. Мағауин шығармашылығында аз да болса ұлттық
идеямен тұздықталмаған немесе тұтастай соған құрылмаған
туынды кездестіруіңіз қиын. Социалистік қоғамның іштен ірі­
тіп, аздырып-тоздырған, жегідей жеген жұлынқұрт дерттері

әр шығармасынан дерлік көрініс тауып отырды. Бір қарағанда
бейкүнә көрінетін «Тұлымханның бақыты» әңгімесінде әйелі үй
кеңейту есебімен, бәлкім, басқадай да бір тойымсыздықтарын
қанағаттандыру үшін Алматыда алшаңдаған армян бастығымен

ашына болып, өзі командировкадан артылған бес-он тиынды
олжа санаумен көңілсіз де күйбең тірлік кешкен тоғышар да
маубас, ынжық қазақ интеллигентінің бақытының сиқын ба­
жайлағанда адамның іші күңіреніп ұлып қоя бермеуші ме еді.

Иә, нақ осы тұрғыдан келгенде, жетпісінші жылдардың ба­

сында Мағауин жазушының жете меңгерген бір дара қасиет-
сапасы тап сол күндердегі өмір шындығын санаға сіңіріп, ой
қазанында қорытуға ұзақ-сонар уақыт өткізбей, бірден наным­
ды да сенімді, шынайы қалпындағы көркем шындыққ а айнал­

дыра білуі болатын.
Қалай десек те, шығармашылық шілдесіне қадам басар
алдындағы, әуелгі кезеңнің соңындағы ең биік туынды – «Та­
зының өлімі» хикаяты қырық жыл бойы әдебиетшілер қа­уы­

мының әрбір толқынын айрықша шабытпен балқыта құйыл­
ған мәнерлі мінсіздігімен таң қалдырудан жазбай келеді. Сұ­
лу мүсінделген, шынайы түзілген, күрделі сомдалған, те­рең
шымырлаған осынау тартымды хикаят қаламгердің клас­си­ка­

лық өреге көтерілгенін айғақтады. Одан кейінгі уақытта, ұлы
Әуезов: «Е, бәлі, аты да, фамилиясы да жақсы екен» деп сүй­
сініс білдіретін Мұхтар Мағауин есімді жазушының сол дең­
гейден төмендегенін талғампаз жұртшылық білген де, көр­ген

де емес. Керісінше, сол деңгейден әлдеқайда биік шыр­қап ша­
рықтағанына, Ақан серінің Құлагерінің кейінгі кө­зін­дей Ма­
ғауия атасының Нарқызылынша көсіле шауып, өнер бәй­ге­сін­
де озғанына бәріміз куә-дүрміз.

Жетпісінші жылдардағы Мағауин қазақи болмыс-бітімді
көркем кейіптеп таңбалауды саналы түрде мақсұт тұтқан ұлт­
тық діл­дің ұраншысына айнала бастайды. Өмірді табиғи на­
нымды түрде шынайы әрі шыншыл суреттеудің шеберлік ма­

шық­тарын жан-жақты игереді. Әуелгі әңгіме-хикаяттарда сыз­
дықтап басталып, шым-шымдап шыжымдалған ұлт­тық идея­
ның шерлі шамырқанысы тұңғыш роман «Көк мұ­нар­да»,
әсі­ресе осындағы жас кейіпкер жазып жатқан роман үзік­те­

рін­де, яғни роман ішіндегі романда түркілердің кең са­қа­ра­
сын­дағы ұлы сарын, жойқын дүбірге ұласады. «Менің бойым­
да Елтеріс, Естемилер, Күлтегіндер заманындағы көш­пен­ді­
лердің қаны бар!» деп кеңестік кер заманда «Көк мұнардың»

бет­терінен өр дауыспен жігерлене де тебірене жар салған
Еді­ге деген өр мінезді жас қазақ, шынына келсек, тірі су­
реті кейіптеліп кітапқа түскен Мұхтар Мағауиннің өзі бола­
тын. Қазақтың жас ғалымының басына түскен тауқыметті ар­

ман-зарын, алғашқы талайсыз махаббатын мөлдірете, таңғы
тұнық ауаның сарқыраған ағынындай жан сарайын аша төгіл­
дір­ген «Көк мұнар» 70-ші жылдардың басында оқырман қа­
уым­ның, әсіресе сол кездердегі алабөтен кітапқұмар студент

жұртшылығының көзайымына айналғанын білеміз. Сөй­те тұ­

ра, әдебиет сыншыларынан сөгіс естіген, түсіністік тап­па­ған.
Бұған таңдануға да болмас. Себебі, өз уақытынан, өз келесі­
нен мойны озық жүйріктердің маңдайына жазылған тиесілі
сыбаға екен-ау бұл дегеніңіз. Десе де, Мұхаңның өзі бар тұ­ны­

ғының бастауында тұрған, сол тұстағы қоғамдық ой мен ұлт­
тық сананың айғақты үлгісі болған «Көк мұнарды» күні бү­
гінге дейін мақтан тұтуы орынды һәм заңды деп білсек керек.
Жазушының суреткерлік дара қолтаңбасын айқындай

тү­сер бір ерекшелік сол, тұтастай алғанда, оның туындыла­
ры кеңес­тік кезеңдегі қазақ қоғамының жалпы кескін-кел­
бетін, ішкі иірім-ағыстарын, сондағы дала қазағының да, қа­
ла қа­за­ғының да заман ырқымен өзгеріп жатқан мінез-құл­қы

мен пси­хологиясын көз алдымызға айнытпай келтіреді. Жә­не
осынысында бір мақсатты жүйе бардай көрінеді бізге. Осы­
ған қарағанда жазушының бағзыдан келе жатқан қазақ өнері
мен ұлттық діл-дәстүрдің әрбір саласына бір-бір сүйекті шы­

ғар­масын арнауы тегін емес. Ит жүгірту мен аңшылық жайы
көркем баяндала отырып «Тазының өлімі» хикаятында кеңестік
қыспақ пен қуғын-сүргіннің сұры, тіпті, астарлап та емес,
ашық мәтінмен көрсетіледі. Үлкен әкесі Мағауия баптаған

Нар­қызыл деген ерекше бітісті, өзгеше мінезді күліктің бәйге
жо­лын­дағы ғаламаттары мен ақырындағы қайғылы тағдыры,
қа­зақ­тың атбегілік өнері өрнектелген «Жүйрік» атты хикая­
ты да ұлттық сипаттағы ғажап дүние болғандығын ешкім жоқ­

қа шығара алмас. Тұлпар тағдырын ғана емес, жалпы адам
за­тындағы дарын-талант иелерінің жазмышты пешенесін
ны­шандап мегзейтін осы «Жүйрік» шығармасындағы Нар­
қы­­зыл­дың азапты қасіреті Ақан сері Құлагерінің трагедия­

сына парапар құдіретпен жан ауыртатыны да анық. Бұл рет­
те М. Мағауин хикаятын Ілияс Жансүгіровтің қазақ қанына
құйыл­ған «Құлагерімен» біраз орайларда теңдес те шен­
дес шығарма екендігін мойындағанымыз лазым. Ойымызды

одан әрі жүлгелей түссек, қазақтың ғасырлар бойы жасап ке­
ле жатқан қазыналы күй өнерінің кеудеден итерген кеңес за­
ма­­нындағы тағдыр-талайы, талапайға түсуі, небір қиын-қыс­
та­лаң­дарда болашаққ а жол табуы маған қазақ күйінің мереке­

сіндей болып көрінетін «Көкбалақ» романында айрықша зор
шабытпен, терең толғаныспен баян етілді. Тағы да қазақ жы­
рының Құлагері Ілиястың «Күйшісінен» кейін күйдегі сырлы
сезімдерді қилы тағдырлармен тоғыстыра, нақ мұндай шебер

толғаған шығарма некен-саяқ екендігі және күмәнсіз.

Жазушы шыққ ан кемел биікке ешкім шәк келтірмейтін
шү­бәсіз шақта жазылған «Шақан-Шері» романы, әлбетте,
М. Ма­ғауиннің ең шоқтығы биік, ғажайып туындыларының
ішін­де де өзгеше бітімімен оқшау тұратын серек шың. Іле-Бал­

қаш өңі­рінің шерлі табиғаты, жазмышы кеудесіне кек тол­тыр­
ғаннан сол өңірдің жолбарыс атаулысын жоюға серт ұстаған
налалы батыр, орыс отаршылығындағы ел трагедиясы осы­
нау тұрпатты туындыда кемел көркемдікпен, қайран қалдырар

әдеби тәсілдермен айшықтала көрінгенін еске алайықшы,
ағайын. Көп жұрт М. Мағауиннің «Шақан-Шерісінің» көр­
кем­дігі оның Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты иелен­
ген «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясынан да асып түс­

ті деген алып-қашпа сөзді әлі күнге айтып қалып жүреді. Бі­
рақ мұндай сөздерге жазушының өзі баспа жүзінде тоқтау сал­
ғанын да білеміз.
Осы арада айтайық, М. Мағауиннің Алаш мұраты атты ұлт­

тық идеяны алтын қазық еткен атаулы шығармаларының ішін­
дегі ең толағайы, ауқымы кеңі, көлемі де зоры, кемеңгерлігі де
молы ұлт тарихына терең бойлап, ғасырлар тұңғиығынан інжу-
маржанды сыр тартқан, халқымыздың рухани мәдениетіндегі

айтулы оқиға болған «Аласапыран» романы екендігі даусыз.
Мұхтар Әуезовке бүкіл өмірін сарп еткен «Абай жолы» қандай
аяулы болса, Мұхтар Мағауинге баба жыраулардың баһадүр поэ­
зиясынан елес берген, бозбала шағынан арман еткен «Аласапы­

раны» да сондай қымбат. «Өмірімнің басты шығармасы «Ала­
сапыран» – деп автордың өзі айтып тұрса, дұрысы да сол. Со­
нымен бірге Мұхтар ағаның: «Аласапыранға» менің өмір бойы
қастерлеп жинаған табиғат эскиздерім, таңдаулы слайд­тарым

мен ең жақсы күнге сақтаған түрлі-түсті, деректі тас­паларым
түгел кетсе керек. Жанды сурет қана емес, көңіл түкпіріндегі
сырлы, мұңды сезімдер, мыйдың барлық қат­па­рындағы ой-тол­
ғам, парасат-пайым – табиғат берген, тағ­дыр сыйлаған ең асыл,

ең қымбат қазынамызды осы кі­тап­тың бетіне төктік» – деп
«Мен» атты мемуарлық романында елжірей ақтарылуында да
көп мән бар сияқты. «Сонау Алтын Орда, Ноғайлы дәуірінен
бергі қазақ хандығының тарихын терең зерттеген Мұхтардың

мол білімі мен суреткерлік ше­берлігі «Аласапыранда» жақсы
үйлесім тапқан» дей келе, қас шебердің қолынан шыққ ан осы­
нау жауһар дүниені ХХ ға­сырдың ұлы романы деп орнымен
бағалаған дарабоз жазушымыз Қабдеш Жұмаділовтің әділ пі­

кіріне біздің басқадай алып қосарымыз жоқ. Тек айта­ры­мыз:

ке­нен тарих та, ұлт мұраты да, ой шұраты да, шілде көк­орайын­
дай тіл мәйегі де осында. Бұдан 26 жыл бұрын жазған жо­ға­
рыда айтқан мақаламызда біз осы роман-дилогияда көне жә­
дігер сөздердің көптігіне на­зар аударған екенбіз. Ол кезде «Ала­

сапыраннан» жазушы Нұр­қасым Қазыбектің 600-дей соны сөз
тіркегенін, ана тілін бір кісідей танитын Тұрсын Жұртбай өзіне
беймәлім 800 сөз жазып алғанын, ал айтулы ғалым Ақселеу Сей­
дімбек 200 шамасында ескі сөз аңдағанын білген жоқ едім. Ал

енді қазіргі таңда Мұхтар Мағауин тілінің түсіндірме сөздігін
жасаудың қажет­тігіне, оның ұлт мәдениеті үшін игілікті іс бо­
ларына кө­зім әбден жетеді.
Қазақ тілінің шалқар айдынында еркін жүзген, рухани ер­

кін­діктің зеңгір көгінде шарықтай самғаған самала туынды
1991 жылғы тамыз бүлігінен үш күн бұрын «Жұлдыз» журна­
лында басылып шыққ ан «Сары қазақ» романы болды. Қазаққ а
қара жерден де ауыр қасірет-қайғы әкелген зұлмат заманға, тас­

бауыр қоғамға атаукересін ішкізер, керез сөзін айтқызар қар­
ғыспен аяқталған, коммунистік жүйенің халқымыздың басына
түсірген бақытсыздығының бір парасын аяусыз әшкере түрде
паш еткен ең бір шамырқанысты, таңдаулы шығармасының

бірі де осы «Сары қазақ». Қазақ әдебиетінің советтік кезеңінің
соңғы шығармасы. Уақыттық тұрғыдан алғанда да, басқадай
жөнімен келгенде де. Қайран қаларлық нәрсе сол, қарғыс ай­
тылып, тасқа басылып шыққ ан кезде Совет өкіметі әлі құ­ла­

ма­ған, «сүйікті» Компартия әлі орнында тұрған болатын. Сөй­
тіп «Сары қазақ» шынымен-ақ қапас қабырға құлар ал­дын­­
дағы қатал үкімдей, кеңестік құрылыстың жаназасындай ес­
тіліп еді. Соның өзі-ақ көркемдік қуаты зор бұл романды

Ма­­ғауиннің әдеби һәм азаматтық ерліктерінің қатарына қо­су­
ға хақылы ететіндей.
Ерлік демекші, қазақ баспасөзінің белгілі қайраткері Са­
быржан Шүкірұлы Мұхтар Мағауиннің ерекше үш ерлігін атап

көрсетеді. Бірінші ерлігі, әрине, біз жоғарыда айтқан, ежелгі
жыраулар поэзиясын жаңғырта тірілткен, әдебиетіміздің тари­
хын үш ғасыр әріге алып барып тереңдеткен «Қобыз сарыны».
Екінші ерлігіне қазақ көркем әдебиетінің бірегейіне айналған,

Мұхаңның өз сөзімен айтқанда, Мемлекеттік сыйлықтың сахи­
бы атандырған «Аласапыран» романын жатқызады. Сәкеңнің
айтуынша, тағы бір ерлігі – «Поэты Казахстана» кітабы, бағзы
заман жыраулары мен Мағжан Жұмабаевтардай әлі «халық

жауы» деген аттан арылмағандардың советтік саясатқа еш

сыйыспайтын ұлтшыл, өр дауысты сөздерін Ленинград қа­ла­
сынан орыс тілінде шығаруы болған. Иә дұрыс айтады. Со­
нау сіреу мұзды 1978 жылы бұл кітап М.Мағауиннің жанкеш­
тілікпен машақаттануы арқасында ортағасырлық ұлы поэ­

зиямызды әлемдік айналымға шығарды. Кертартпа Шортан­
бай мен Мұрат, алашордашыл Ғұмар мен Нарманбет, діндар
Ақ­молла мен Мәшһүр Жүсіп... атын атаудың өзіне тыйым са­
лынған Шәкәрім! Бәрі сол кітаптың ішінде еді.

Бәрі дұрыс. Бірақ бізге Мұхтар ағамыздың ерлігі үштен
әлдеқайда көп сияқты көрінеді. Антикалық заманның аңыз­
дағы алыбы Геракл жасаған ерліктердің саны 12 болатын. Ме­
ніңше, М. Мағауиннің бүкіл өмірі әдеби, ғылыми һәм азамат­

тық ерліктерден түзілгендей, қайтпас ұлтшылдықпен, қайыс­
пас күрескерлікпен айшықталғандай. Әрбір қадамы, әрбір
қай­рат-қарымы бір-бір ерлік. Халқының кәделі игілігіне жа­ра­
мағаны жоқ. Ұлты мен жұртының көсегесін көгертті. «Қобыз

са­рынына» ілесе, жүйкеге тиген қиғылық күрес үстінде шық­
қан М. Мағауиннің өзіне ғана тиесілі төл перзенті – ежел­
гі қазақ поэзиясының антологиясы «Алдаспан» шын мәнінде
де қазақ рухының алдаспанындай жарқылдады емес пе. Сол

шақтарда жалындаған жас Мұхтардың өзі де Алаштың аруақ
қолдаған Алдаспанына айнала бастағаны анық болатын. Одан
кейінгі «Көк мұнардың» шырқыраған шындығы. Одан бұ­рын
алпысыншы жылдары қаулаған «Жаңа Алашшылдар» қоз­ға­

лысының рух қайсарлығын өмірлік мұратына айналдыруы.
Сол мұраттан айнымаған «Көк балағы», «Шақан-Шерісі», «Са­
ры қазағы», советтер езгісіндегі қазақ халқының руханиятын­
да ғаламат серпіліс жасаған «Бес ғасыр жырлайды» және «Ай

заман-ай, заман-ай» атты антологиялық ұлы кітаптары – бәрі
бір-бір ерлік еді.
М. Мағауиннің барлық ерліктерін ежіктей санамалап шығу
мақсат та емес және біздің бұл мақаламыздың ауқымына да

сыймас. Тек тәуелсіздік жылдарында, өзінің байсал тамызында
ағамыз арғы тарихты қопара қазып түгендегенін, бүгінгі күннің
бар болмысын талмай талдап тексергенін айтсақ дейміз. Бұл
орайдағы бір елеулі дүниесі – «Қазақ тарихының әліппесіне»

қоғамдық сұраныстың керемет болғандығын көзімізбен көр­
дік. Ұлтын ұлықтаған жазушы қажет болса тарихшыға да ай­
налады екен! Министр Алтынбек Сәрсенбаев сол кітапты 40
мың дана таралыммен екінші мәрте шығартқызғаны есімізде.

Тоқсаныншы жылдардың орта тұсы үшін, қазіргі кезіміз үшін

де мұндай таралым қиял-ғажайыппен бірдей-ау. Сол қиял-ға­ жайып Мұхаңдай мықтының қолынан келді. Құнды тарихи еңбекті өздері тіленіп орысшаға аударушылар да кешікпеген. Ол да оқырманға 5 мың данамен жеткен. Сусаулы жұртқа қазақ тарихының сауат ашу сабағын тарихшылардың егініне түскен жазушы М.Мағауин осылай жүргізіп еді. Кейін «Ұлт­тың күре тамыры» кітабына топтастырылған мақалалары, «Жұл­дыз» жур­налында жарияланып, басқа бірсыпыра басылым­дар­да кө­ шіріп басылған «Ұлтсыздану ұраны» атты зарлы тол­ғау жаңа­ ғы тарих сабағының сілкіністі сенсациясын одан әрі жал­ғас­ тырды. Қоғамның түрлі салаларындағы кеселдерді әш­ке­ре­ леген, бүкіл ұлтымыздың сан қилы өмірлік мүдделерін зер­ делеген пайымды көсемсөздер мен толғау-эсседе көтерілген мәселелер мен ұстынды тұжырымдар жалпы жұртшылықтың көкейінен ғана шығып қойған жоқ, ұлттық мұрат тұрғысындағы бұл толғамдарды сол тұста Президент аппаратының басшы­ сы болып істейтін елжанды азамат Иманғали Тасмағамбетов толығымен мақұлдап, қостап қолдады. Сыртқы істер минист­ рі Қасымжомарт Тоқаевтай абзал інісі авторға арнайы хат жол­ дап, ұлттық рухты қайта жаңғырту, қазақ халқының құн­ды­ лықтарын (оның ішінде қазақ тілі де бар) құрметтеу орайын­ дағы пікірлері мен сын-ескертпелерін өз ведомствосында бас­ шылыққ а алатынын мәлімдей келе, жазушының өзі айт­қан­дай, «ешқашан ескірмейтін, мәңгілік категорияға» жататын хал­қы­ мыздың қажетіне жарайтын қайталанбас туындыларды жаза беруіне игі тілектестігін білдірген ізеттілігін біз де куә­лан­ды­ ра аламыз. Өзі де текті жазушының ұлы – Қасымжомарт інісі айтса айт­ қандай, қайталанбас туындыларды жазуда Мұхтар ағасы еліжұрты еркін тыныс алған кезеңде тың серпін, өзгеше қуат та­ ныт­ты. Құдайдың құдіреті, қазіргі көркем әдебиетімізде тәуел­ сіздік талаптарына сай бүгінгі күн тақырыбын іздегіш зар­жақ­ тар қаламгердің «Подонок», «Күмбез», «Оңғақ», «Қи­сық ағаш», «Ұлтаралық жанжал» сынды туындыларын неге көрмейтініне таңым бар. Нарқызыл тұлпардай қарыштай шапқан қарқынды жаңа үдеріс жазушының әлі таусылмағанын һәм қиял әлемінің әлемет кеңдігін айғақтаған, әдемі астарлы, ұлт бірлігін аң­сай­ тын «Құмырсқа-қырғын» әңгімесінен бастау алып еді. Бұ­ дан соң көркемдік әдістердің, әдеби тәсілдердің, суреткерлік шеберліктің шынайылық пен шыншылдықтан ауытқымас мүл­

дем жаңа қиялары бой көрсетті. Тәжірибе кемелденіп, ма­шық­
ты қолтаңба ширығып шымырлана түсті. Сөйтіп қазақ әде­бие­
тіне жаңа заманға сай тыңнан қалыптанған, тосын мінезді,
ұлттық сыр-сипатқа мейлінше бай, әлемдік өредегі әсем үл­гі­

лер қосылды. Осы тұрғыдан келгенде, «Қыпшақ аруы», «Кес­
ік бас – тірі тұлұп», «Жармақ» сынды жаңа тұрпатты хика­
ят-романдары Мұхтар Мағауиннің айрықша жамалды, бірегей
бітімді, жаһани шығармашылыққ а бет бұрғанын, бұрынғыдан

да биігірек көркем суреткерлік өріске шыққ анын әйгіледі. Әсі­
ресе бүгінгі күндер суретін сұлбалаған, ұлттық діліміздің қақ
жарылған қасіретін таңбалаған «Жармақ» романы ұлттық про­
замыз ұмтылар замани межені меңзейтіндей.

Осы ойымызды академик Сейіт Қасқабасовтың өткен жыл­
дың ақпанында бізге берген сұхбатында: «Тәуелсіздік тұ­сын­
дағы әдебиетіміздің аяқ алысы жаман емес. Жаңа леп, жаңа­
шыл көзқарастар баршылық. Постмодернизм нышандары бай­

қалуда. Мысалы, жаңа әдебиеттің үлгісі деп Мұхтар Ма­ғауин­
нің «Жармақ» романын айтар едім» – деген сөздері айқындай
құптамай ма. «Басқалар сәл-пәл тоқырап тосаңсып қалған өт­
пелі уақытта ХХІ ғасырдағы жаңа прозаның үлгісін жасап

жүр­ген бірден-бір жазушы Мұхтар Мағауин. Мұндай жаңа си­
патты озық дүниелер әлем тәжірибесінде де соншалықты көп
болмаса керек» деп алдыңғыға орайлас пікірді осы мақаланы
жазуға тапсырма беріп тұрып, «Егемен Қазақстан» газетінің

басшысы, белгілі әдебиеттанушы Сауытбек Абдрахманов та
айтты. Бұл айтқандарды қаламгердің студенттік шақтан бер­
гі қанаттас досы, әдебиетіміздің тағы бір асқар алыбы Әбіш
Кекілбаевтың сөзімен бір түйіп қойсақ, «Мұхтар Мағауин сая­

си озбырлық, рухани әрі-сәрілік, кәсіби балаңдық жабыла қи­
нап, дағдарыс тығырығына қамалған әдебиетіміздің одан әрі
дамуына жаңа қарқын бітіруге тырысқан алпысыншы жыл­дар­
дағы серпілісте айрықша көзге түсіп, сол қарқынын әлі күнге

үдетпесе, бәсеңдетпей, жанқиярлық танытып келе жатқан ке­
сек тұлғамыз» болып шығады.
Осылай дей тұрсақ та, ақбас Алатаудың аңғарларына ке­
шігіп жететін қыс сияқты, асқар Алтайдың қияларына зарық­

тырып жетер көктем сияқты, нағыз Мағауинтану кешеуілдеп
жатыр. Өзінің ескілікті досы, жазушы Валерий Буренковтың
куәландыруына жүгінсек, Мұхаң жас кезінде айтады екен:
«Мен ғылымда жаңалық ашам, бірақ академик болмаймын;

классикалық шығармалар жазам, бірақ Жазушылар одағының
басшысы болмаймын; мен «Жұлдыз» журналына редактор бо­
ламын» деп... Біздіңше, осы үш арман-мақсат та орнына кел­
ді. Ғылымда жаңалық ашылды. Туған халқы хан көтерген клас­

сикалық шығармалар жазылды. Еліміздің бас әдеби журналы
«Жұлдызды» табаны күректей жиырма жыл бойы бас редак­
тор болып басқарды. Журналды жаңартып, жаңғыртып, жұл­
дызды шақтарына, қаншама жас толқынға жол ашты. Сол тұс­

та ақталған арыстардың көптеген шығармалары алғаш осы ба­­
сылымда жарияланды. Ашаршылық ақиқаттарын, басқа да
ақ­­таң­дақтардың жайын 1989 жылдан бастап алғаш айтып,
үз­­бей жүйелі жазып тұрған да «Жұлдыз». Мұрат, Шортан­

бай, Нар­манбет, Ғұмар Қараш, Нысанбай ақындар жырлады
«Жұл­дыздың» беттерінен. Ахмет Байтұрсыновтың «Әде­биет
танытқышы», Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілегі», Мағ­жан­
ның «Батыр Баяны» мен «Оқжетпестің қиясындасы», «Ер Еді­

ге» жыры, Жамбылдың Кенесарының ұлы Сыздық сұл­тан­ға
толғаған өлеңі... Қайсыбірін айтарсың. Қайткенде де «Жұл­
дыз» М. Мағауиннің басшылығымен қысталаң жылдардан
аман өтіп қана қоймай, бүкіл қазақ әдебиетінің, яғни Алаш ру­

хының мерейлі көрінісіне айналып, болашағына қадам басты.
Өткелектерден алып шығып, аяулы «Жұлдызын» алғы ғасырға
Мұхаң асырды. Амал қанша, осы жиырма жылдық ересен ең­
бекке жарым минөттік рахмет-ілтипат білдірілмегенін де кө­

зіміз көрді. Бірақ ол бүгінгі сөзге қатысы жоқ, мүлдем басқа
тараптағы әңгіме.
Тағы бір ой сорабына түссек, жаңағы айтқан классикалық
өредегі шығармаларды жазу, әрине, тек классик жазушының

ғана қолынан келмек. Жазушылыққ а біржола бет қойған Мұ­
хаңа 1963 жылы «Олимпиа» жазу мәшіңкесін таңдап әпе­ріс­кен,
маған жуырда берген сұхбатында: «Әдебиетке мықты дайын­
дықпен келіп, әуелдегі темірқазық нысанасынан бұрылып бұл­

тақтамай, өз позициясын ұстап қалған жазушы – Мұхтар» деп
ерекше бағалаған қазақтың Қадыр ақыны: «Мәшіңкең бар, ен­
ді классик болу ғана қалды» дейді. Салтанат жеңгей де құтты
болсын айтып, «Енді үйлену ғана қалды» дейді. Осы арада

жеңге лепесін ізерлей кетсек, Мұхтар аға бұл жағынан да ба­
қытты. Суретін көріп ғашық болып, сонау Семейден іздеп та­
уып қосылған жар қосағы Бақыт жеңгей отбасы берекесінің
ұйыт­қысы, жанына медет, қаламына қайрақ. Ұлдарының ат­

тары Едіге, Мағжан, Мадияр, немерелерінің есімдері Бату, Ай­
шешек болып келеді. Төрт атадан бері жалғыздық зарын тарт­
қан Мұхтар Мұқанұлының жапырағы жайқалып, үрім-бұтағы
көктей қаулап келеді. Тіл-көзден сақтай гөр, құдайым.

Классик әңгімесінің жай-жапсарына қайтадан оралсақ,
бір жағдай еске түседі. Қазақтың үлкен жазушысы Сәкен Жү­
ні­сов ағамыз Мәскеудегі жазушылар съезінен келе жатып,
Көк­ше­тауға соқты. Қолында съезден тәбәрік – «Классик» де­

ген бе­дерлі жазулы әдемі дипломаты бар. «Енді, классиктер­
ге берілетін сый дипломаттың аты «Классик» болмағанда қай­
теді!» деп көтеріле сөйлеу Сәкен серіге жарасып та тұратын.
Бірақ Сәкең бір мезгілде байсалдана қалып: «Өзін классик са­

намайтын жазушы жоқ қой. Әйтсе де мен осы жолы Мәскеудегі
жазушы достарыма айттым. Мақтауды жек көрмейтін қазақ жа­
зушыларының арасында, мысалы, Мұхтар Мағауин шын мә­нін­
дегі классик дедім» дегені күні бүгіндей құлағымда. Анау-мы­

науды менсіне бермес Сәкен серінің өзі мойындаған қаламгер,
сірә, классик болса болар.
Тағы да осы Сәкен сері бірде Жазушылар одағында тари­
хи романдар жөніндегі жиылыста сөз сөйлеп тұрып, бір уақыт­

та сұқ саусағын алға қарай шошайта: «Әне, ана отырған еке­
уі...» дегені. Жұрт жапырлай мойындарын артқа бұрып, зал­
дың ортасында жаймашуақ қатар отырған Әбіш Кекілбаев
пен Мұх­тар Мағауинді көрді. Сөзін ары қарай жалғаған Сәкен

сері: «... Әбіш пен Мұхтар бар ғой, мен бұл екеуінің білімі­
не та­лас­паймын. Бірақ мен көркемдікпен ұрамын ғой» деп ал­
қы­на тоқтады. Жұрт ду күлісіп, дүркірете қол соғып жібер­
ді. Әбіш пен Мұхтар ағалар орындарынан күлімдей көтеріліп,

ала­қан­дарын жайлап соғып қолпаш жасады. «Ақан серіні»
жаз­ған адамның «көркемдікпен ұрамын» деп еркелей еркінде­
генін ешкім ерсі де көрмеді. Қазақ әдебиетінің үш бірдей арыс
азаматының мәз-мейрам жарасқан жадыра көңілдерінің мере­

келі сәтіне көппен бірге мен де қуанып отырдым.
Ал енді Мұхтар Мағауинмен Сәкен сері ғана емес, басқа
да көптен-көп кісілер білім таластыра алмайтыны көпшілік
мойын­даған ақиқат. Тегінде, Мұхаңның: «Менің білмейтінім

жер астында» дейтіні рас болар. Бұл күнде жалпы үлкен-кіші
қы­зығып оқыған, әсіресе жас әдеби қауымның оқулығына ай­
налған «Мен» атты мемуарлық қос кітабының өзі де ұшан-
теңіз білім мен жазушылық тәжірибенің қоймасы сияқты. Өзі

қазақ прозасының атасы санайтын Мұхтар Әуезов даналығын
бажайлаған сөздерін өзіне қарата айсақ, М.Мағауиннің Батыс
пен Шығысты, Көне мен Жаңаны – төрт тарапты бірдей та­
ныған терең эрудициясына, қазақша айтқанда, өзін асқаралы

биікке көтерген ғұламалығына ден қоймау мүмкін емес. «Кей­
біреулер менің мәдениеттілігімді жуастығым екен деп ойлай­
ды. Жоқ, мен жуас емеспін, мәдениеттімін» деп отыратын ма­
ғауиндік ішкі зор мәдениеттің де негізі осы білімдарлықта жа­

тыр. «Сен тимесең мен тимен бадырақ көз» дейтін сыңайдағы
тымырсық тыныштықты қаламайтын күрескер Мағауин прин­
ципті тұрғыдағы пікірталас, полемика, айтыстан жалтармай­
ды, тайсақтамайды. Өйткені, ол да абыз Әлкей Марғұланша,

білген соң айтпай тұра алмайды.
Бірақ кімнің кім екенін елі емеуріннен біледі ғой, халық
қалт еткізбей қапысыз таниды ғой. Осы жөннен келгенде:
«Мұх­тар Мағауин дарындылардың арасынан алға қадам бас­

қан әрі тегіне тартқан текшіл жазушы. Жалған дүниенің оқыс
тұм­шалануынан шет елге қоныс аударса да, жүрегі туған же­
рім деп соғады. Оның тамаша туындыларының екпінін Хан
Тәңірі шыңынан құлап келе жатқан тасқын судың екпініндей

сезінесің. Арнасы сарқылмайтын не деген ғажап дүние!» деп
жазған тоқсаннан асқан ардагер журналист, абыз қарт Саламат
Хайдарұлы Мұхаңа деген барша оқырмандарының ілтипатын
білдіріп тұрғандай болып көрінеді.

Осы бекзат болмыстың нәр мен құнар алған тамырлары
қайда десек, көз алдымызға Абай рухы тұнып тұрған Шың­ғыс­
тау өңірі, Бақанас пен Көпбейіт келеді. Абай рухына, Алаш мұ­
ратына адалдығынан жазбаған Халық жазушысы, Мемлекет­

тік сыйлықтың және «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығының
лауреаты Мұхтар Мағауин шығармаларының мәңгілік күйі
ту­ған халқына қызмет етпек, қазақ руханиятының көсегесін
көгертпек. Ол дегеніңіз – қалың-қалың 13, содан кейін төрт

кітаппен үстемеленген, жалпы жиыны 17 том. Бәрі де алғы
болашаққ а күмәнсіз өткен мәйекті асыл қазына. Идеологиялық
күресінде қалғаны жоқ.
Шалғай Прагада болса да ұлтын сүйер үлкен жүрекпен

үде­ре жазылып жатқан адамзат тарихының ірі тұлғасы, қазақ
мемлекеттілігінің бір бастау көзіндей Шыңғыс хан туралы ро­
ман қолымызға тиер қуанышты көзайым күнге тез жетсек екен
деген ақ тілектен мұндағы елің де жазбас, жаңылмас, ар­дақты

аға. Кұңфудзы ғақлияларын ретіне келтірдіңіз ғой, енді ежел­
гі түрік бабаларымыздың Орхон ескерткіштерін бүгінгі қазақ
үлгісіне икемдеу, қасиетті Құран Кәрімді қазақшалау орайын­
дағы арман-мұраттарыңыз орындалуына Алла жар болғай.

Олай болса, толғанысты мақаламызды өзіңізге арналған мына
өлең шумақтарымен түйіндейік.
Мен!.. дегенде алыс жатыр қаншама.
Мен!.. дегенде жақын жатыр қаншама.

Мен-жүректің қияметін кешуге –
Жету – дозақ...
Қанша жақын болса да.
Мен!.. болмаса – болмайды Ердің қарымы,

Алауламас «Мен!»-сіз жүрек жалыны.
Мен!.. болмаса, естілмейді мың жылдық
Қазағымның қобызының сарыны.
Болар оғлан «Мен!»-мен ғана қаржасқан,

Мен!-құдірет қара нардай алға асқан.
Мен!.. болмаса жасалмайды ғажайып,
«Мен!»-сіз, сірә, суырылмас алдаспан.
Қу дүниенің алданыш қып тезегін,

«Мен!»-і жоқтар шірітеді өзегін.
Мен!.. – тектілік,
Мен!.. – даналық,
Мен!.. – намыс,

Мен!-Мұхтарлар көгертеді өз елін.
Арқасына ауырларды теңдеген,
Құм Нарында шөлдегенде өлмеген,
Өлмегенді былай қойып...

Ерлеген...
Қайсарлықтың өзегінде Мен!.. деген.
«Мен!»-сіз, сірә, өркен жаймас Ел деген.
«Мен!»-сіз қаны қыза ма екен Ер деген?!

Менің Мұхтар ағатайым, Мәңгілік
Өзіңізге жарасады Мен!.. деген.
2010 ж.

ЖЫР ТҰМАСЫ ТҰМАҒАҢ...

1957 жылы «Студент дәптері» деген қатардағы қарапайым
ғана атпен тұңғыш кітабы шыққ ан өрімдей жас Тұманбай Мол­
дағалиевты ілгерідегі Мағжан мен Қасым саңылауын ашып,
сәулесін себездетіп, сүрлеу-соқпағын салып кеткен қазақ поэ­

зия­сының жаңашыл жарқын беттерінің бастаушысы, қазақ
өлеңін­­дегі жаймашуақ алтын дәуірдің ту көтерушісі болады деп
дәл сол кездері ешкім ойламағанмен, әдебиетіміздің абыз сәуе­
гейлері таң самалындай жаңа лепті, тосын құбылысты аңғар­

май қала алмапты. Мұндай көреген көріпкелдіктің алғашқы
нышандарын 1960 жылдың 26 желтоқсанында Қазақ мемле­
кеттік университетінде болған атақты кездесуде ұлы жазушы
Мұхтар Әуезовтің бір топ жас дарындарды: «Әдебиетке сұлу

мінез әкелуші, үлкен мәдениетті қасиет әкелуші, нұрлы, жақсы,
жарқыраған, өрісі бар», деп биік бағалауынан байқаймыз. Сол
шақта өмірдің өзіндей шынайы сырлы өлеңдеріндегі «біртүрлі
еліктіретін, сүйсіндіретін, оқушыға бас игізетін осыншалық

шын­дығымен, бетке ыстық демі сезіліп кеткендей көрінетін
шын­шылдығымен» Әуезов сынды кемеңгердің өзінің ілти­
патына ілін­ген, кәдімгі, жыл келгендей жаңалық сезіндір­
ген тау­дай талапты жастардың бірі – ағалары үшін сол кез­

дегі Тұ­маш, қазіргі біздің жыр ағамыз – Тұмағамыз бола­
тын. Уни­верситеттің әдебиет үйірмесінің жетекшісі ретін­
де осы есте қалған ерекше кештің негізгі ұйымдастырушысы
болған һәм сонда баяндама жасаған, болашақ заңғар жазушы

Әбіш Кекілбаевтың кейінірек, тырнақалды болғандықтан да
ақынның өзге қазыналы кітаптарынан гөрі атаққ а көбірек ілі­
ніп, кө­бірек айтылатын жаңағы «Студент дәптерін» «біздің
жыр өлке­сіне тұңғыш рет қанат қаққ ан жақсылық қарлығашы

сияқ­ты еді» деп сипаттауы да жоғарыдағы ойымызды одан әрі
ай­ғақ­тай түс­кендей. Ал енді сол алпысыншы жылдардың ба­
сында-ақ қазақ әдебиетінің тағы бір алып ақсақалы Сәбит Мұ­
қа­новтың Тұманбай ақынды: «Кейінгі жылдары қазақ поэ­зия­

сының аспанында жарқырай шыққ ан жұлдыздардың бірі», деп
көтере әйгілеуін тағы да тегін айтылған көтерме сөз дей ал­
масақ керек.
Италия сапарының елді жалт қарата сүйіндірген сұлу әуез­

ді, тылсым мәнерлі топтама жырлары, одан кейінгі «Зулайды
күндер», «Жаңа дәптер», «Шақырады жаз мені», «Қош, көк­
тем», «Жүрек ояу қашанда», «Жүректегі жазулар» атты жә­

не басқа жауһар сезімді жыр жинақтары мен кең тараған ән­
дерге жазған бірінен бірі өткен тамаша сазды өлеңдері, іш­
кі түйсік иірімдерімен нәрленген туабітті биік ақындық мә­
де­ниеті Тұманбай атын халыққ а, қазағына кеңінен таныт­ты.

Өзінен кейінгі жастарға қадірі артып Тұмағаң атанды. Ха­
лық Тұманбайды жалынды жастық шақтың, жаңа бүр жар­
ған жауқазын махаббаттың, нәзік сезімдердің ақыны ретін­
де ардақтап сүйді. Сөз жоқ, ол көңіл күйі лирикасының қа­

ра шалдырмас қапысыз жүйрігі, қас қағым сәттік жүрек бұл­
қынысынан жыр бұрымын өрудің хас шебері. Бір қарағанда
қарапайым жайларды жырлайтындай боп көрінгенімен, біз со­
лардан үнемі жастық шағын, махаббатының көгілдір көктемін

елжірей сағынған, өзі айтатын «ертекшіл қарттай» ақжүрек
ақын­ның даналық ойын, кәміл парасатын, нұрлы ақылын,
азамат­тық толғамының тереңдігін аңғарамыз. Айталық, туыс­
тық сезімдердің жалауын өлең өлкесінде дәл Тұмағаңша жел­

біреткен кім бар екен? Нені жазса да, нені жырласа да ерке­
ленген шабытының алауына балқытып, жүрегінің ыстық мей­
іріміне бөлеп әлдилей отырып, жан-тәнімен жақсы көріп жа­
затын Тұманбай поэзиясының алтын арқауы Абай атасы

мең­зеген адам­сүйгіштік, адам жанының өзі алпыс жыл бойы
ай­тып тауыса алмай келе жатқан ізгілігі, одан соң, әрине, ту­
ған еліне, жеріне деген перзенттік махаббаты. Айта берсек,
Тұ­мағаң жырларындағы өзіндік өзгеше қоңыр сағыныш пен

маздақ махаббаттың өзі жатқан бір сұлу да сырлы ғажайып
әлем. Еркін ойға керме қойған кеңес кезінде де қазағым деп,
ұлтының тілін, ділін, жақсы қасиеттерін көбірек ауызға алып
толғанатын да Тұмағаң еді. «Жұтамайды ой әлемі, Жыл кетеді,

жыл келеді. Көбейеді, көбейеді Тұманбайдың туған елі», деп
жырлау Тұмағаңа ғана жарасқан. Қалтқысы жоқ, қылаусыз шы­
найы сыр. «Саясатқа жоқпын», дейтін Тұмағаңның тәуелсіз
елін, жұртын, жаңа Астанасын, өзінің Елбасысы Нұрсұлтан

інісін риясыз адами сүйінішпен, аса бір ыстық лебізді тілек­
тестікпен жырлауынан да азамат ақынның ақ ниетті жүрегін
танимыз. Иә, бүгін Тұманбайдың туған елі де жетпістің бесе­
уіне жігіт жігерімен жеткен ақын тойына шексіз қуанышта де­

сек, қателеспейміз.
Өйткені, ақ ниетті, адал пейілді, адамның жан көктемін
Алатау бұлағындай сылдырай ақтарылып, ағынан жарыла ал­
пыс жыл бойы жырлап келе жатқан Тұманбай поэзиясы да

адамдарға, достарына, туыстарына, халқына тек қана қуаныш
сыйлайды. Ақынның алақайлаған шаттығының, мөлдіреген
мұңы­ның адамдар үшін шапағатқа айналған ғажабын біз ай­рық­
ша Т. Молдағалиев шығармашылығынан көбірек аңдаймыз.

Поэзияның негізгі миссиясы да адамға қуаныш сыйлау болса,
көктем мен махаббаттың жарқын жыршысы бұл ретте де ал­
дына ақын салмай, әманда бірінші орында тұрады. Оның осы
адамға қуаныш сыйлағыштық қасиетіне қызыққ ан ұлы ақын

Әбділда Тәжібаев Тұманбай інісін өз ұстаздарының қатарына
қосуы да қандай ұлағаттылық десеңізші. Алдындағы сол аға­
ла­рының ұлылығы Тұманбай ақынға да жұғысты болса, ол,
әл­бетте, туған әдебиетіміздің ырысы. Жанына аса жақын аға­

ларының бірі Мұзафар Әлімбаев: «Елі-жұрты ұлы талант деп
таныған Тұманбай», деп жазса, ақын шығармашылығына ег­
жей-тегжейлі талдау жасаған академик Серік Қирабаев: «Ақын­
дық рух, өлеңдегі сезім байлығы жағынан Мағжанға ең жа­қын

адам – Тұманбай», деп ұлыларға жақындата келе: «Бұл күнде
Тұманбай жігіт ағасына, өлеңі көрікті ой мен бай сезімнің
көрмесіне айналды... Ең бастысы – ол адамшылықтың жыр­
шысы, адамның қамқоры, адамды сүю арқылы оның бойын­

дағы ұлылықты танушы. Ол өзі де ұлы таланттардың қатарына
кіреді», деп тұжырымдайды. Аузы дуалы осынау ағалардың
айтқандарына аңғарлас пайымды ойды осыдан біраз жыл бұ­
рын «Егемен Қазақстанның» беттерінде «Жиырмасыншы ға­

сыр жырлайды» атты қазақ поэзиясының антологиясын жүр­
гізген басылым басшысы, белгілі әдебиеттанушы Сауыт­бек
Абдрахманов былайша түйіндеген екен: «Оның жауһар жыр­
лары халықтың сезімін сұлуландырды, жанын нұр­лан­дыр­ды,

ата-ананы ардақтауға, сүйген жарды аялауға, қарын­дас­ты қас­
терлеуге үйретті. Бұл тұрғыдан қарағанда, Тұманбай Мол­да­
ғалиев шын мәнінде ұлт ұстаздарының қатарына жатады».
Иә... Ұлы ақын. Ұлт ұстазы. Әманда жанында көктем шуа­

ғы ойнап, жазғы аспанның жасыны жарқылдап жүрер, бір өзі­
нің кеудесінде мың ғашықтың жүрегі дүрсілдеп соққ ан, өлең-
жырының өмір бойғы мүкәммалы қалың-қалың жиырма томға
жеткен айкөл ақынына халқының берген бағасы, елі-жұртының

құрмет-сүйіспеншілігі осындай. Сезім тәрбиешісіне айналған
сұлу жырдың сарқылмас тұма бұлағындай Тұмағаң – берісі
бар қазақтың, арысы алты алаштың ардақ тұтқан Тұманбайы
өзінің туған елімен бірге жасай бермек.

– Осы күнде үш күн өлең жазбасаңыз ауырып қалатын

құдіреттің киелі дертіндей, әрі бар өміріңіздің шаттығы болған
ақындық өнер өзіңізге қалай қонғаны есіңізде болар, Тұмаға?

– Төрт жасымда ғой деймін, колхоздың кеңсесінің алдын­

да өлең айтқанымды білемін. Әрине, айтылып жүрген өлең бо­
лу керек. Бір топ ағалар мәз болып қалтама ақша салып жатты.
«Енді балаңа той жасайсың!» деді әкеме. Өлең дегенде осы
жағдай есімде қалыпты. Тағы бірде Қылыш дейтін атамның

үйінде қой сойылып, ет пісіріліп жатты. Қолыма жілік ұстатты.
Сонда бір шырылдап өлең айттым. Мектепке барғанға дейінгі
осы бір-екі сәт жадымда қалыпты.
Жалпы өлең жазуды алтыншы сыныптан бастадым. Көрші

Қайрат ауылынан бесінші сыныпқа оқуға келген Жолмұхан
Түрікпенов деген бала (қазір ҚазҰУ профессоры, психолог)
өлең жазады екен. Соған мен таң қалып: «Ойпырмай, өзіміз
сияқты жай адамдар да өлең жазады екен-ау, мен де көрейінші»,

деп талпынып бір-екі шумақ жазған болдым. Әрине, ол өлең
емес еді. Сонда да болса осылай елеусіз бастап, мерекелер­
ге анда-санда тиіп-қашып жазған өлеңдер қабырға газеттеріне
шығып жүрді. Бірақ ақын боламын, өнер қуамын деп ол кезде

ойлаған емеспін.

– Ондай ойдың шеті қашан қылтиды?

– Оныншыны бітіріп қанат қағып ұшар кезде Есік қа­ла­

сындағы мектебіміздің директоры, қазіргі филология ғы­лы­
мының докторы, профессор Төлеутай Ақшолақов деген аға­
мыз әрқайсымызбен әңгіме өткізді. Кезек маған келгенде:
«Тұ­манбай, оқуға қайда барасың?» деген сұрағына: «Ле­нин­

град­қа, Шығыс факультетіне барамын», деп кеуделеп со­ғып
жі­бе­ріппін. Сосын ол кісі туыс-туғанымнан кім бар еке­нін
сұ­рады. «Жалғыз шешем бар», деп едім: «Ол талабың да дұ­
рыс. Бірақ сен мына КазГУ-ге барсаң қайтеді. Онда Әуезов

са­бақ береді», деді. Әуезов сабақ беретінін естігеннен кейін
Ле­нин­градқа бармақ ойымнан бірден айныдым. Әрі, бай­қай­
мын, орысшам да онша күшті емес, менікі тек түссем оқып
кетем деген талап қой. Сонымен, Әуезовтің әсер-шарапаты­

мен оқуға ҚазГУ-ге түстім. Жақсы оқыдым. Өлеңімді де жа­
зып жүрдім. Бірінші курста үш күндік қазан мерекесінде үйге
бара жатып Есіктегі «Үлгілі колхоз» дейтін аудандық газетке
алғаш рет өлеңдерімді апардым. Үш күннен кейін газетке бір

өлеңім жарқ ете түсті. Сонда 16 жастамын. Енді бойыма аз­
дап батылдық кіріп, аудандық газетке ақырындап өлеңдерімді

жіберіп тұратын болдым. Басып қояды. Бір күні редактор
Үсенбай Тастанбеков ағаймен кеңірек сөйлесіп таныстым. Ол
кісі өлең жайлы біраз әңгіме, ақыл-кеңес айтып, жалпы тала­
бымды құптағандай болды.

1954 жылы хатпен қазіргі «Жетісу», сол кездегі Алматы
облыстық «Коммунизм таңы» деп аталатын газетке бір өлең
жібергем. Әлгі өлең басылыпты. Өзім білмеймін: «Әй, сенің
өлеңің шығыпты» деп Едіге деген досым жүгіріп кепті. «Укра­

ин қызына» дейтін шағын ғана өлең.
Есімде менің, есімде,
Бірге оқыған кездерім.
Есімде менің, есімде

Сенің мөлдір көздерің.
Бірге оқып өзіңмен,
Бірге ойнаған кездерім.
Соғыс бітіп, мамаңмен

Қайта кеттің Киевке.
Тым болмаса сонда мен,
Қалмадым бір сүйіп те, –
деп келетін.

– Әдемі өлең екен, аға.

– ...Жә, сол кездерде КазГУ-де әдеби кештер жиі болып

тұ­ратын. Үлкен ақындар келеді. Жас ақындар да көрініп өз
өлең­дерін оқиды. Сондай бір кеште доцент Бейсенбай Кенже­
баев аға өлең туралы үлкен баяндама жасады. Бір уақта сту­
денттер өлең оқи бастады. Тұрап Айдаров, Нұрғожа Оразов,

бізден бір курс жоғары оқитын Еркеш Ибраһим мен Жәрдем
Тоғашев. Еркеш ол кезде кәдімгідей үлкен ақын санатында.
Мен қатыссам да өлең оқуға батпаймын. Сөйтіп, жиын та­
рар кезде қасымда отырған досым Нұрғожа қол көтеріп: «Мы­

нау Тұманбай Молдағалиев деген жігіт те өлең жазады және
өлеңдері жақсы, оқысыншы», деді. «Оқысын, оқысын», де­
ді. Енді жалтаратын жол қалмады. Содан шығып бір-екі өлең
оқыдым. «Өлеңімде өмірдің өзі берген екпін бар», дейтін жер­

лері бар. Орныма келіп отырғасын жұрт пікір айтты. Солардың
ішінен әсіресе республикаға танылып қалған Еркеш суырылып
қатты сөйледі. Мына жігіттен ақын шығады, бізге ақын келді
деп қуана, көтере сөйлегені әлі күнге көз алдымда. Басқалар

да осы сөзді құптады. Мен өзім мақтау естігеніме қара тер­

ге түсіп біртүрлі қатты қысылдым, әрі әйтеуір ұрыспағанына,
өлеңде сенің не ақың бар демегеніне қуандым.
Ертесінде, фәмилиесін ұмытып тұрмын, журфактың Мәт­
жан деген жігіті: «Әй, Тұманбай, кеше өлеңдеріңді мақтады

ғой, мен сені «Қазақстан әйелдері» журналына апарайын, өлең­
деріңді ұсынсаңшы», деді. Мәтжан айтқаннан кейін еріп бар­
дым. «Украин қызына» деген өлеңімді алдым. Бір-ақ өлең.
«Анау есікке барып кір», деді. Кірдім. Екі әйел отыр екен. Төр­

дегісі біраз жасқа келген, есік жақтағы жас келіншек. «Неге
келдің, әке?» деді. «Апай, бір өлең әкеліп едім», деп қысылып
айттым. Өлеңімді оқып жымың етті де, төрдегі әйелге берді.
Ол кісі оқып шықты да, бұл көкек айы еді, «Бесінші нөмірге

басамыз, келіп тұр, өлеңің әйбәт екен», деді. Кейін білдім ғой,
өлеңімді алғаш оқығаны Тұрсынхан Әбдірахманова, төрде отыр­
ғаны «Қазақстан әйелдерінің» редакторы Әтина Жәкетова екен.
Апай қазір сау-саламат қой деймін.

– Бар, Тұмаға, қазір ол кісі 95-ке келді.

– Ендеше, жүзге жетуіне тілектеспін. Менің үлкен әде­биет­

тегі тұсауымды кескен осы екі кісі. Қазақтың талантты, ақпейіл
екі әйелі. Көңілімді ашып, өлеңімді басып, бүкіл республикаға
алғаш таратып, қанаттандырды. Әжептәуір ақша қойыпты.

– Басқа газет-журналдарға да барған шығарсыз?

– Иә, содан өлеңдерімді басқа газеттерге апара баста­

дым. Енді жолды өзім таптым. «Лениншіл жаста» Нығмет
Ғаб­дуллин аға отыр екен, екі-үш өлеңімді басамыз деп ол кісі
алып қал­ды. «Қазақстан пионерінде» Сансызбай Сарғасбаев
аға да өлеңіңді жариялаймын деді. Әйтеуір редакцияларға ба­

рып тұ­рам. Барған сайын өлеңімді алып қалады, бетімнен қақ­
пай­ды. Менің өлеңімді күтіп отыратын сияқты. Қазіргі көз­бен
қарасам, өлеңді жаза салып қайта-қайта апара беру ың­ғай­сыз-
ақ. Сөйтсем, құдай мені әу бастан-ақ жақсы адам­дарға жо­лық­

тыр­ған екен, олар он тоғыздағы жас баланың көңі­лін қай­тар­
мады. Рахмет, сол ағаларым өмірде біреуі бетімнен қаққ ан
емес. Бәрі де маған болсын деді. «Пионер» журналында ол кез­
де Мұзафар Әлімбаев ағамыз отырады.

Әр газет-журналдағы алғашқы қаламақыма біраз ақша ал­
дым. Не істеймін? Мұндай көп ақшаны ұстап көрген емен өмі­
рімде. Әкем соғыста қаза тапқан. Шешем ауылда колхоздың
сиырын сауады. Әкемнің аға-жеңгесі – шал-кемпір бар ауылда.

Ойлап-ойлап, мұны не қылам, кәстөм-шалбарым, бәтеңкем әлі
киюге жарайды, қой, не де болса апам мен атамды қуантайын

деп бекіндім. Әпкем де бар. Сөйдедім де салып ұрып көк ба­
зардың қасындағы «Қызыл таң» дүкеніне келіп, сол жерден бі­
раз кездеме алдым. Шешеме көйлек, әжеме көйлек, атама ша­
пан, әпкеме көйлек деп әрқайсының ыңғайына қарай таң­дап

жүрмін. Бір қоржын қант-шай, кәмпит, өрік-мейізді де ұмыт­
падым. Сөйтіп артынып-тартынып ауылға тарттым. Бұл менің
19-дағы кезім. Үйге келіп базарлығымды төгіп тастадым. Апам
да қуанған. Атамның қабағы түсіп кетті. «Өлең жазып, соған

гонорар алдым, ата» дедім. Атам гонорарды қайдан білсін:
«Ол не пәле тағы?» деп сұрады. «Газетке шыққ ан өлеңге бе­
ретін сондай ақша екен», деп түсіндірдім. Газетке шыққ ан ал­
ты-жеті өлеңімді ала барғам, соларды көрсетіп, дауыстап оқып

бердім. Тыңдап отырып: «Пәтшағар, әкеңе тартқан екенсің-ау,
жә, базарлығын ала беріңдер», деді. Өлеңнің арқасында сөйтіп
үйдегілерді бір қуантып едім.

– Осы атаңыздың тәрбиесін көп көрген сияқтысыз. Сол

жайында айтыңызшы?

– Бұл өзі әкемнің туған ағасы, Шәбден деген кісі. Ол кісінің

қолында балалық шағымда көп жүрдім. Жаз бойы Асыдағы
жайлауларға алып кетеді. Қызыққ а кенелем. Сұлу табиғат. Бе­
луардан келіп ұйысқан көкмайса. Сарқыраған бұлақтар. Аспан­
мен таласқан құзар шыңдар. Бірінші сыныпты бітіргенімде

бірге алып кетті атам мен апам. Тау деген жақсы ғой. Айран,
сүт ішемін. Тамақ мол. Қой бағып атама көмектесемін. Бір қой,
бір қозы жоғалтпаймын. Бір күні ұйқтап қалыппын. Оянсам
қойларым жоқ. Қозыны бөлек бағады. Өйткені, қойды сауа­

ды ғой. Ылғи жайылған отардың алдына барып ұйқтаймын.
Қойлар маған жетіп аяғымды басқанда оянатын едім. Мені
ұйқтай берсін деген болуы керек, бұл жолы қойларым мені ай­
налып өтіпті. 500 қой ұшты-күйлі жоқ. Зәрем қалмады. Зыр-

зыр етіп, өрге қарай заулап жүгіріп қараймын. Бір кезде сонау
жақтан біреу: «Ей, бала, бері кел, бері кел», деп қолын бұлғап
айқайлады. Барсам, Алматыдан көшіп келген Мырзабай де­
ген туысқанымыз екен. «Қойларың әне жатыр. Бұрын оянушы

едің, бұл жолы ұйқтап қалдың ғой. Мен иіріп бөлек бағып
отырмын», деп торсығынан айран құйып берді. Құдайдың құ­
діреті, қойым табылған сол қуаныш күйім есімнен, сол ай­ран­
ның дәмі таңдайымнан әлі күнге дейін кетпейді.

– «Сонау бір жазда жайлауда, Соғыстың кезі, қой баққ ам»,

деп Мұқағали айтпақшы, бала шағыңыздағы жайлау суреттері
сіздің де кеудеңізге бір-бір өлең болып құйылған екен ғой?..

– Соның бәрі алғашқы сезім, жазылмаса да жанымда жарқ

еткен алғашқы өлеңдер сияқты. Жүрегімдегі тұма бұлақтың
көзін ашқандай. Ақындық маған сол кездерде дарып қонды
ма екен, кім білсін... Сонымен, тағы бір жаз аяқтала таудан
асықпай түсіп келсем, жақсы көретін Әбен деген досым бар

еді, сол ауылда үшінші сыныпты қайтадан оқып жатыр. Мә­ні­
сін сұрасам, біздің ауылдың мектебінде төртінші сынып жоқ,
ал Әбеннің соғыстан атасы, яғни әкесінің ағасы келіп, ол кісі
қасымда болшы, көріп жүрейін, сені сағындым дегесін ауыл­

дағы үшінші сыныпқа қайтадан барыпты. Үшіншіні қай­тадан
оқитын Әбен досымдай әпенделік менде жоқ. Апам екеуміз 12-
13 шақырым жердегі Ақши ауылы, сол кездегі Каганович кол­
хозына тарттық. Тура мектеп директорының үйіне алып бар­

ды. Апамды әпкелеп қарсы алып жатыр. Бірақ төртінші сынып
мұнда да жоқ болып шықты. Сосын апам айтты: «Менің ба­
лам зерек. Сен мұны бірден бесіншіге ал. Егер оқудың аяғына
дейін барлық балаларыңнан озбаса, мен мұрнымды кесіп бе­

рейін», деді. Директор біртүрлі болып кетті. Әйткенмен, әп­ке­
сінің айтқанына көнді. Мен қатты қысылдым.
Ертеңіне бірінші сабақта орыс тілінен диктант жаздырды.
Орыс тілімен бірінші рет бетпе-бет келуім. Галина Федоров­

на Коробова деген мұғаліміміз келіп: «Молдағалиев кім?» деп
сұрады орысшалап. Сөйтсем, бір сөзін дұрыс жазбаппын. Бір
бала қарғып тұрып: «Бұл төртінші класты оқымаған бала. Біз­
ге үшіншіден келіп отыр», деп айтып салды. Содан мұғалім

«Мұндай баланы қайтіп оқытамын» деп директорға барып
айтыпты. Апамнан алып қалған директордың өзі: «Әпкемнің
көңі­лін қимап едім, қап. Әй, жарайды, әзер болса класыңда қа­
лар­сың, әпкеме айтып қойғасын болмайды, оқи берші», деді.

Ішім­нен: «Мен ешқашан класымда екінші жылға қалмаймын,
биыл бәрібір оқуымды жақсы бітірем», деп бекіндім. Ақыры
апам айтқандай болып шықты. Анамның сол ақ тілегін, арма­
нын, маған деген сенімін, көңілін ақтап шығуға тырыстым, ақ­

тап та шықтым. Жақсы оқыдым. Жылдың соңына қарай өзім
қатарлы оқушылардың алды болдым.

– Іште бір от боп тұр ғой, енді...

– Кім білсін, әйтеуір көкейімде өмірі апамның айтқанын

екі етпейінші, апамды жерге қаратпайыншы деген бір тілек
тұрғаны анық. Шама-шарқымша орысшаны да үйрендім. Бір
сыныпты аттап кеткен осы секіріспен орта мектепті де бір
жыл ерте, 16 жасымда бітірдім. Сөйтіп университетке де өз

қатарымнан бір жыл бұрын түстім. Сол кезде сельсоветтен
асығыс анықтама алып жүргенде «көкек айында тудым» де­
генімді Қабылда Байболов деген ағамыз «көктем» деп естіп,
жыл сайын туған күнімді де бір ай бұрын, 20 наурызда той­

лайтын етіп заңдастырып тастаған-ды. Сірә, сәл озыңқылау
жүруді маған тәңірім өзі бұйырса керек.

– Есеюдің келесі сатылары, еңбекке араласуыңыздың жай-

жапсарын біле отырсақ?

– Бесінші курста оқып жүргенімде бір-екі өлең берейін

деп бір күні тағы «Лениншіл жасқа» келдім. Өлеңімді қа­рай­
тын Нығмет аға жоқ, орнында басқа жігіт отыр. «Кел, кел, Тұ­
манбай», деді ол кісі де жылы жүзбен. Сөйтсем бұл Сапар
Бай­жанов деген азамат екен. Өлеңім көбірек шығып, әдеби

жұртшылыққ а әжептәуір танылып қалған кезім. «Көңіліме көк­
тем керек, жаз керек, Көңіліме күлкі керек, наз керек», деп ер­
кіндеп, еркелей бастағанмын. Сапар аға да өлеңдерімді оқып
шығып, жақсы екен, басамыз деді. Сосын отырып: «Осында

жұмысқа алсақ, келер ме едің?» деп сұрады. «Әрине, әбден ке­
лемін», деп жатырмын мен. «Олай болса, сен маған екі жетіден
кейін келші», деді. Екі жетіден кейін келсем, жаңағы орында
Сапар ағам жоқ, басқа біреу отыр. «Сіз Сапарға келдіңіз-ау. Ол

ағаң қазір бастық болды. Бас редактордың орынбасары, келесі
бөлмеде отырады», деді күлімсіреп. Жетіп бардым. Сапекең
уә­десін ұмытпапты. «Тұманбай, кел, кел, енді өтініш жаза­
мыз» деді. Екеулеп Абай Бейсенбаевқа кіріп, 1956 жылдың 9

қаңтарында «Лениншіл жастың» әдебиет бөлімінің сынақ мер­
зімімен алынған дыңдай қызметкері болып шыға келдік. Хат
қорытуға қырым келмей қиналыңқырап жүргенімде Сейдах­
мет Бердіқұловтың: «... Шыда, әлі-ақ қалыпқа түсіп кетесің»,

деп жанашырлық кеңес бергенін де ұмытпаймын. Бірде Мос­
квадан Шманов деген кісінің Генрих Гейне туралы 18 бет ма­
қа­ласын аударуға бастығым маған берді. Сол материалымды
жі­гіттер әуелде кім аударғанын білмей: «Мынау ғажап қой,

қалай аударған, не деген әдемі тіл!» деп басқа біреуге теліп­
ті. Мақаланы тәржімалаған мен екенімді білгеннен кейінгі Кә­
кімжан Қазыбаевтың кереметін айтайын. «Әй, Сапар, мына­
дай перевод жасаған адамға қандай сынақ керек? Тап бүгін ба­

сы бүтін жұмысқа алмасақ құдай бізді кешірмейді», деп сал­
ды қызуланып. Сөйтіп екеуі қол қойып, сынақ мерзімін алып
тастап, жастар газетінің толық құқылы әдеби қызметкері ет­

кен. Шәміл Мұхамеджанов, Ескермес Ескендіров, тағы басқа
жас ақындар келіп тұрады. Өлеңдерін қараймын.

– Содан өзіңіз де әдеби ортаға қарай ойыса бастаған шы­

ғарсыз?

– Ойысқанда қандай! Жуан ортасына тура күмп ете түстім.

Жаңа айттым, шын мәнінде «Лениншіл жасқа» мені жұмысқа
алдыртқан Генрих Гейне мен Шманов. Өлеңдерін де аудар­
дым ғой енді. Осы ретте маған ерекше ағалық жасаған адам –
Еркеш Ибраһим. Аударма жасауға үйретті. Түпнұсқадан тым

алшақтап кетуге болмайды деп ақыл-кеңесін айтты. Сөйтіп
жүргенде көрші отырған «Пионер» журналының редакторы
Рахметолла Ыдырысов маған «құда түсті». Мұзафар Әлімбаев
«Қазақ әдебиетіне» кетіп жатыр, соның орнына поэзия бөліміне

келсеңші деп. «Лениншіл жасты» аса қарық қылып та жүрген
жоқ едім. Ал мынау іздегенге – сұраған, аңсағанға – сусаған,
қолайыма дөп келді. «Мен бәрібір сіздерге бала болмаймын,
мен ақын боламын, арманым сол», деп қоймастан Кәкімжан

ағаны араға сала жүріп бас редактор Абай Бейсенбаевты көн­
діріп, екі ай екі күн жұмыс істеген «Лениншіл жастан» «Пио­
нерге» ауыстым. Қайран ағаларым-ай. Кетіп қалғанымды кек
тұтпады, көңілдеріне алмады. Қайта «Лениншіл жасқа» өлең­

дерімді бұрынғыдан да көбірек басып, қамқор бола берді. Жас
ақын­дардың бір жиналысы тұсында Абайдың өзі топтама өлең­
дерді Тұманбайдан бастап берейік депті. Кетерде де: «Әй, ба­
ла, сен бізді ұмытып кетпе», деген. Кетіп қалғаныма ұялып,

Абай ағаны көрсем қашқақтап жүрем. Ол кісі қызық көреді,
әй Тұманбай, қашпа деп күліп өтіп кетеді. Сосын сондай ақ
жүрек ағаларыма мен де жақын жүрдім. Кейін алпысқа кел­
ген юбилейімде жігіттер паркке әкеліп суретке түсіріп жатқан.

Қарасам анадай жерде Абай ағам отыр. «Әй, жігіттер, әне ме­
нің ұстазым, алғаш көзімді ашып жұмысқа алған ағам отыр, су­
ретке бірге түсіріңдер», деп бірге суретке түскеніміз бар еді.
Сонымен, қысқасы, «Пионер» журналына орнығып, үй­ре­

ніп, мақалалар жазып, Мұқан Иманжановтың қолына түстім.
Үлкен жүректі керемет адам еді. Алғаш «Мұрап» деген очерк
жазып әкелдім. Бір күні соны оқып, жарықтық Мұқаң: «Әй,
Тұманбай, сен проза жазсаң, бізге нан жегізбейтін шығарсың»,

деді. Жақсы сөз жанға сеп. Көтеріліп қалдым. Ол кісі «Пио­
нерде» прозаны басқарады. «Тұманбай түбінде мықты ақын
бо­лады», деп маған сенген адамның бірі осы Мұқан Иманжа­
нов болатын. 1958 жылы 11 наурызда, 42 жасында сұм ажал

арамыздан тым ерте алып кетті оны. Сонда «Ұстазға» деген
өлең жаздым.
Оркестр, күңірен, күңірен.
Қоштасты асыл жан көктемнің гүлімен, күнімен.

Оркестр, күңірен.
Жылап өлең жазуды білмеуші ем.
Оқушы ең оны күнде сен.
Оркестр, күңірен, күңірен.

Осы өлең «Қазақ әдебиетіне» шықты. Иманжанов мені
аса жақсы көрді, ол кісіні мен де жақсы көретін едім. Өзімнің
Тұрлықыз деген жалғыз әпкем болды. «Тұмашым» деп ел­жі­
реп, соңғы тиынын қалтама салатын. Кейін ол да, дәл осы

Мұқан ағамдай, 42 жасында өкпе ауруынан қайтты. Жақын
адамдардың жастай кетіп жатқаны қиын тиеді екен.

– Алғашқы өлең кітабыңыз қалай шықты, Тұмаға?

– Алғашқы жинағым өздерің білетін «Студент дәптері»

ғой. 1956 жылдың қыркүйек айында соның қолжазбасының
тал­қылауы болды. Талқылауды ұйымдастырушы Хамит Ер­ға­
лиев. Бұрын көрмеген ақыным. Ғали Орманов баяндамашы
екен. Жазушылар одағының үлкен залында Жұбан, Сырбай,

Жұ­мағали Саин, Мұхаметжан Қаратаев, ығай мен сығай бәрі
келіп отыр. Содан Ғали ағам, құдай салмасын, баяндаманы
жасады дейсің. Есімде қалғаны: Біздің ауылда тай жарыс бо­
лады, деді. Ол тайды сәндейді, тайға мініп шабатын бала бола­

ды, оған үкілеп жақсы киім кигізеді. Маған осы жігіт сол тайға
мініп бәйгеге шапқалы тұрған бала сияқты боп көрініп тұр.
Өзін бұрын көрмесем де, өлеңдерін оқып жүргем...
Ғали ағам осылай мақтап көсіле сөйледі. Саин: «Мынау

болашақ офицер болайын деп тұрған поэзияның солдаты», деп
қайырды. Жұбан Молдағалиев ағам: «Мынау Тұманбай Мол­
дағалиев келгеннен бері маған тықыр таянды», деп жұртты
бір күлдіріп алды. Сырағаң, тағы басқалар сөйлеп, аяғында

өзіме өлең оқытты. Қаратаев «жинағыңды маған әкеп бер» де­
ді, ол кісі баспаның редакция меңгерушісі екен. Содан алдағы
1957 жылы Ғафу Қайырбековтің редакторлығымен «Студент
дәптері» жарық көрді. Кітапты оқырман өте жылы қабылдады.

Келесі жылы Омаров Сейітжан ағам Жазушылар одағына өт­
кізді. Төраға Мүсірепов жоқ, бір жаққ а командировкаға кет­
кен екен, комиссия жиылысын Сейітжан аға басқарып, пре­

зидиумда Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин отыр, Қуандық
Шаңғытбаев, өзіме ежелгі орыс әдебиетінен сабақ берген Алек­
сандр Жовтис, бәрі сөйлеп, сондай салтанатты жағдайда СССР
Жазушылар одағының мүшелігіне өтті ғой мына жаман ағаңыз

жиырма үш жасында.

– Жаман ағаның бәрі сіздей болса, жақсы аға да керек

емес, Тұмаға. Өзіңіз ата жасында болсаңыз да, алдыңыздағы
ағаларға құрақ ұшқан сый-құрметіңіз бөлек. Аузыңыздан тас­
тамайсыз?

– Ағаларды әрқашан шапағатпен еске аламын. Жасым­

да жетімдік тағдыр кешкен мен сол ағалардан көп жақсылық
көрген адаммын. Ақындық қанатымды әу бастан қолдап кө­тер­
ген, абырой-атаққ а, барлық шыққ ан биіктеріме жеткізген со­
лар, солардың ақ тілегі мен риясыз көңілдері. Бірі емес, бәрі.

Бәрі де мені қолпаштап қолдап отырды. Алғашқы бас­пал­дақ­
тарда кездескен ағаларды алғыс сезіммен жаңа айтып өттім.
Аруақтары риза болсын деймін. Сонау Хамаңнан бастап Қа­
ли­жан Бекхожин ағам – бәрі менің ұстаздарым еді. Қалағаң

Мемлекеттік сыйлық бәйгесін аларымда мені қорғап мақала
жазды. Мұзафар ағамның әлі күнге дейін алдынан қия басып
өткен емеспін. Шериаздан Елеукенов, Сапар Байжанов, Сат­
тар Имашев ағаларымның қолдауымен «Жалын» журналына

бас редактор, Әнуар Әлімжанов, Кәкімжан Қазыбаевтардың
се­німімен Жазушылар одағына хатшы болдым. 1968 жылы ком­
сомол сыйлығын «Жаңа дәптер» кітабына Өзбекәлі Жә­ні­бе­
ковтің қолынан алғанымды да ұмытпай айта жүремін.

Алдымдағы ағалардан өзім қандай қамқорлық көрсем,
өзімнен кейінгі жастардың бетін шамам келгенше мен де қаққ ан
емеспін. Қай елдің, қай жердің баласысың деп сұрау атымен
дағдымда жоқ. Мен ондай аурудан тазамын. Керекудің жігіті

Қабдыкәрім Ыдырысов қандай аға болды маған! Фәмилиеміз
бір Жұбанмен өмірде де ағалы-інілі туған бауырдай болдық.
Басқаларды білмеймін, өз басым Ғафу Қайырбековті қазақтың
қайыру бермес қара тіл ұлы ақындарының бірі деп есептеймін.

Осы Ғафаң мені өмір бойы Тұмашым деп еркелетіп өтті. Өзі
де еркелей білетін, өзімсініп өктемдеп те сөйлейтін. Елуінде
де, алпысында да баяндаманы маған жасатты. «Аға, елуіңізде
жасадым ғой, енді ыңғайсыз болмай ма?» десем, «Миымды

ашытпа, оттама, сен жасамағанда кім жасайды?» дейтін жа­
рықтық. Ғафекеңе еріп екі рет бардым Торғайға. Өзі жоқта

сексен жылдығын Қостанайда өткізісіп, сөзімді сөйлеп, ағаға
арнаған өлеңімді оқып қайттым.
Абыз ақынымыз Әбділда мені туған баласындай көрді.
Мен туралы мақалалар жазды, мен де жаздым ол кісі туралы.

Сексенінде Абай атындағы опера театрында өткен тойында ба­
яндаманы мен жасадым. Тоқсанына бір-екі ай қалғанда Сочи­
ге дем алуға жүретін болдым да, ағамен қоштасуға барып едім:
«Тұманбай, мен тоқсанға келейін деп жатырмын ғой. Баянда­

машыны қайдан іздеп жүремін? Сексенімде жасадың ғой, енді
тоқсанымда да өзің жасамайсың ба?» деді. Қуана келістім. «Ал,
онда менің докладчигім бар. Жолың болсын!» де­ді аға. Маған
айтқан ақырғы сөзі осы екен. Сочиден келіп, кел­генімді ертең

кіріп айтамын ағаға деп отырғанда естідім қа­заның хабарын.
Қара теңізде көп бірге болдық Әбекеңмен. Өмірді сүюі,
өмір­ге құштарлығы керемет еді. Жас біздер қызығатынбыз.
Суда сұмдық жүзетін. Ту сонау корабльдер жүрген ашық ай­

дын­ға дейін құлаштап жүзіп, барып қайтатын. Теңіз туралы
тебіреніп өлең жазды. «Ау, аға, суға кетіп қалсаңыз қайтесіз»,
деймін қорқып. «Е, суға кетсем, семізбін ғой, балықтар жеп
бір жетісіп қалар. Қызылордаға рухымды жеткізсеңдер бола­

ды», деп сақ-сақ күледі. Тағдырымның бір сыйы, Әбекеңмен
көп жыл көрші болып та тұрдым. Мұның бір қызығы бар.
Комсомолдың жолдамасымен Италияға бірінші рет сапар шек­
тім. Қайтып келсем, үйімді басқа біреулер сыпырып жинап

жүр. Аң-таңмын. «Әй, үйлеріңді жөндеп қарамапсыңдар ғой»,
деп ар жақтан қушыкештеніп Бәкір Тәжібаевтің келіншегі
шы­ғып келеді. Сөйтсем, олар біздің үйге кіріпті де, бізге Ди­
хан Әбілевтің үйін беріпті. Адресін айтты. Айдап отырып кел­

сем: «Бұл кім?» дейді бәйбішем. «Бұйырса, күйеуіңіз бо­­лар­
мын» деймін мен. Бәйбішем сонда амандықтан соң-ақ Әб­­діл­
да Тәжібаевпен көрші болғанымызды айтқан. Ертесіне сә­лем
бердім. Ақындығымызға қоса көршілігіміз бен фут­бол­шы­лы­

ғымыз екеумізді одан әрі табыстырып, туыстырып жіберіп еді.
«Қайрат» ұтқан күні Әбекең үйіне барсаң коньяк та ішесің,
жақсы сөз де естисің. Ғажап болатын.

– Футболмен қазір қалайсыз?

– Футболды бұрын да жақсы көргем, қазір де жақсы кө­

рем. Қол боста тек футболды қараймын. Таласа бермесін деп
бәйбішеме балалар жеке телевизор әперген. Стадионға сирек
барамын. Көз көріңкіремейді. Бірақ біздің футболшылар жақ­
сы ойнап жеңіп жатса, мені де соның бір жерінде қуанып отыр

деп ойлаңдар. Футболшыларымыз әлі сенімді ақтайды, кере­
мет жақсы командалар шығады әлі бізде.

– Футболдан басқа, ән мәтіндерін ерекше сүйіп жазатын

хоббиіңіз де бар ғой, Тұмаға?

– Негізінде мен өзі әнші адаммын. Әңгімемнің басында

айттым ғой шырылдап ән салғанымды. Бірақ мен әнші бола
алмадым. Оның есесіне әнге мәтін, ән өлеңін жаза бастадым.
«Куә бол», «Бақыт құшағында», «Екі жұлдыз», «Әнім сен едің»,
көп қой жазғандарым. Жеке кітап болып та шықты. Айтайын

дегенім, жақсы әнге жақсы өлең керек. Әнмен бірге сөз де ой­
ландырсын, толғандырсын, тебірентсін тыңдаушыны. Тапсы­
рыспен жаздырғанда Нұрғиса ағамның да талабы осындай бо­
латын. Өзім де сөзіме сезім сіңіруге тырысып бағатынмын.

Әнді мәтіннің басыңқырап тұрғаны жақсы қашанда. Бір күні
Нұрғиса ағам телефон соқты. Ол кісінің сенің уақытың бар
ма, жоқ па, жұмыста отырсың ба – онымен ісі болмайды. «Тез­
де­тіп мәшинеге мініп, дереу келші маған. Дариға екеуміз көк­

темді көргіміз келеді», дейді. Таң қалдым. Көктемді көргісі
келеді! Жазушылар одағында істейтін кезім. «Қайда барамыз,
Нұреке?» деймін. Алматыдан былай, күншығысқа қарай», деп
қояды. Жүріп келеміз. Айналамызға еліте қараймыз. Көктемді

әрқайсымыз өзімізше сезінетін сияқтымыз, көктем лебіне елі­
гетін сияқтымыз. Бір уақта: «Әй, осы біз құстарды ұшырып
жібергенбіз, соларды қайтадан келтірдік пе? Енді соларды кел­
тіретін уақыт жеткен жоқ па?» деді. «Келтірейік, аға» деймін.

«Қысқасы, қазір үйге жүр, әннің жобасын алып кетесің, бү­
гін дайындайсың» деді. Нұрекем қызық болатын. Бірден но­
тасына көшіре бастайды. «Ой, аға, әуелі оқымайсыз ба, жа­
рай ма өзі, айтпайсыз ба?» десем, «Әй, мен өзім өлең жаза ала­

тын болсам, сені шақырып не әкемнің құны бар? Сөзі жаман
болса, сен жауап бересің. Сен Тұманбай Молдағалиев деген
дардай ақынсың. Ал музыкаға өзім жауап беремін», дер еді.
«Құстар қайтып келедінің» жобасын өзі айтып берді. «Көк­

тем­ді қондырып қанатына» деп ыңылдап қоямыз. Үйге ба­
рып, кешке қарай жазып әкелдім. Ағам риза болды. Нұрғали
Нү­сіп­жановты шақырып алдық. «Құстар қайтып келеді» осы­
лай туған еді. Нұрғали көп айтады. Қытайда да шырқалды. Ән­

нің өлеңі әдемі шығуына көп мән беремін. Ол ән қанатымен
бірігіп өте алысқа кетеді ғой. Әннің арқасында менің де біраз
шарықтаған жылдарым бар. Жеке концерт те беріп жүрміз.
Алдыңғы жылы бергенбіз. Биыл да сондай бір ойым бар.

– Аға, біртуар Нұрғисаның мақтауына ие болған қан­дай

бақытты адамсыз. Оған қоса Әуезовтің өзі мақтаған сирек­тер­
дің бірісіз...

– Ол кезде жаспыз ғой. КазГУ-де болған кеште ол кісі

жастар жөнінде сөйледі. «Жас қанат» және «Жырға сапар» ат­
ты жас ақындардың екі жыр жинағы шыққ ан. Солардың ішінен
мені, Қадырды, Сағиды, Тілеген Шопашевті – осы төртеумізді
ерекше атап кетті. Сонда жап-жас, жауқазындай Әбіш Кекіл­

баев жиналысты басқарды. Кеше Әбіш інім үлкен атақ алып,
абыройға бөленді, бүкіл әдебиетіміздің мерейін көтерді. Со­
ған мен қуанып, телеграмма жіберіп құттықтадым... Шыны­
мен де ол үлкен жазушы. Ал енді Әуезов мені таниды деп ой­

ламайтынмын, бірақ студент кезімде аспирантурасына ша­
қы­рып еді. «Кейін Әнуар Әлімжанов «Ленинская смена» га­
зетіндегі мақаласында жазды: екеуі Душанбеге ұшып бара
жат­қанда ұшақ үстіндегі әңгімеде Мұхаң: «Тұманбайдың ақын­

дық бо­лашағы зор, үлкен үміт күттіреді. Бұл жігітке зер са­ла
жүріңдер», деп айтқаны бар екен. Біздің жас күнімізде айт­қан
ұлы Әуезовтің бұл батагөй тілегі құлағымызға жігіт аға­сы ша­
ғы­мызда тиді. Әрине, кемеңгердің тілегі одан әрі қа­нат­тан­дыр­

ды, жігерді жаныды.

– Аға, жоғарыда басқа газеттердің бәрін айттыңыз. Ал ен­

ді өзіңізді ардақ тұтатын «Егемен Қазақстаныңыз» жайлы ес­
те қалған не бар?

– «Егемен Қазақстанды» мен шын мәнінде жақсы көремін.

Ол да мені әрқашан елеп, ескеріп жүреді. Өлең жаздырта­
ды. Өлеңімді басып отырады. Ақын боламын деген сенімге
кір­ген ке­зімде жазған «Бізде той бар» деген бір бас-аяғы жұ­
мыр өлеңім болатын. Осыны «Социалистік Қазақстан» бас­

ты. Өлеңнің туу жайы былай. Студент кезім. Бір екіқабат орыс
қызын көрдім. Сосын егер мұның күйеуі қазақ болса, бұл қыз
қазақтың анасы болар еді-ау деп қиялға берілдім. Сөйтіп, «со­
лай да солай, жас қазақтың анасымын» деп әлгі өлеңімді жаз­

дым. Оны «Социалистік Қазақстанда» әдебиет бөлімінде іс­
тейтін Мағауия Машақов дейтін кісіге әкеліп көрсеттім. Өлең
бәріне ұнап, жариялап жіберді. Осының өзі елді селт еткізіп,
менің ақындығыма сенім туғызған жағдай болды. Бұл – 1955

жыл еді. Содан бергі 55 жылда «Егемен Қазақстанымнан» қол
үзген емеспін. Қазір де елдің бас газетіне ет жақын етене­лі­гім­
ді өздерің білесіңдер.

– Қазіргі күн кестеңіз қалай, аға? Уақытыңыз қалай өтеді?

– 23 жылдан бері қазақтың балаларының тілін шығаратын

балбұлақ – «Балдырған» журналын басқарып келемін. Әлім­
баевқа орынбасар болған кезімді қоссам, барлығы 26 жыл.
Осын­да бауыр басып кеттім. Шүкір, шығарып жатырмыз,
жаман емес сияқтымыз. Күнде жұмысқа келемін, жігіттер­

мен сөйлесіп мәз боп қаламын. Мен үшін ең ауыры – ана
жұмыссыз екі күн. Жасыратыны жоқ, мұң көп, қатар жүрген
көп досым кетіп қалды, әкем. Анау Сағи қайда, Шәміл қайда?
Ға­фу, Қабдыкәрім ағаларым қайда? Әкемдей болған Әбділда

ағам, өзімнің Сабырхан Асановым қайда? Шақырып алып кин­
гі соғатын кездер қайда? Сағынамын.
Содан, Күлтай жеңгеңмен шүйіркелесіп-шүңкілдескеннен
басқа барлық бос уақытта, жалпы қай уақытта да серігім – өлең.

Сырымды өлеңіме айтамын. Өлеңмен мұңдасамын. Көңілім
көтерілсе, көңілім құлазыса өлең жазамын. Жайшылықта жыр
тумайды. Ана бір жылдары айлап жазбай кеткен де уақытым
болды. Таусылған шығармын деп ойлап күңіреніп кетті ішім

алай-дүлей боп. Содан сонау бір қиырдан бір от жылтырап,
бірдеме келді. Соңғы он жылда тоқтаусыз жазып келемін. Екі
жылда қалың-қалың екі кітап шығардым. Құдайға шүкір, ар­
тымызда қазақ өлеңінің туын көтеретін жақсы ақын інілеріміз

бар. Бәрін жақсы көремін. Тілектеспін.

– Тұмаға, жетпіс бестің мерейлі биігінен елі-жұртыңызға,

халқыңызға не айтасыз?

– Бүгінде қазақтың ғасырлар бойы аңсаған заманына кел­

дік қой. Алла тағаланың өзі берді ғой халықтың пейіліне.
Мен соған аса қуанамын. Мемлекетіміз болғанын, сол мем­ле­
кетіміздің бір азаматы екенімді, еліме қызмет етіп жүргенімді
мақтаныш етемін. Нұрсұлтан Әбішұлы сияқты биік тұлғалы

кемеңгер Президентімді, қоғамға еңбек етіп жүрген азамат­
тарды да ақ тілекті жырымнан әманда қалдырмаймын. Туған
елім ұзақ ғасырлар бойы жасай берсе екен деген тілектемін.
Жақсылық қазір басымызда тұр. Кемшілік іздей бермей,

бақытты басқа тепкендей болмай, сол жақсылықты жақсы жү­
рекпен көре білейік. Мен ең алдымен халқыма бақыт тілей­
мін. «Адамдықты айт, елдікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін
сақтаған ақындықты айт», деген Жамбыл бабамның, «Адам­

заттың бәрін сүй бауырым деп», дейтін Абай атамның арман-
мұратын алға апарушымын. Халықты жақсы көремін. Жалпы
адамды жақсы көремін. Менің ең жақсы көретін, мектепте орыс
тілінен сабақ берген ұстазым Германияда тұрады. Фрида Рейн­

гольдовна Янке деген кісі. Фрида апайға көп өлеңдер де арна­
дым. Екі рет барып қайттым. Хат арқылы хабарды үзбейміз.
Орысша кітаптарымды қастерлеп оқиды. Туғанындай көреді.
Германияда футболдан әлем чемпионаты болғанда айналайын

Дәуренім бір алып барды. Шалының аты Виктор Фердинандо­
вич. Дастарқанын қайыстырып қазақы молшылықпен сыйла­
ды. «Коньяка жалко, в Ганновере жарко!» дедім. «Тұманбай-
ау, өлеңді енді орысша жазатын болғансың ба?» деп Фрида

апай күліп жатыр. Алла жазса, 75 жылдық тойыма өз есебім­
нен келіп қайтыңыз деп шақырып отырмын. Биыл соған Фри­
да апай келсе өте жақсы болар еді. Тойыма барлық халқымды
шақырамын.

– Тойыңыз құтты болсын. Ұзақ жасай беріңіз, ақын аға!

2010 ж.

ОЛЖА САЛҒАН 10 ТОМДЫҚ!

Халайыққа қазақ әдебиетінің 2500 жылдық
тарихын паш етті
Әдебиетімізді сүйетін барша зерделі қауымға сүйіншілей
хабарлауға лайықты сүйінішті жаңалық сол: осы таяуда ғана

Мұх­тар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты он
томдық «Қазақ әдебиетінің тарихын» жазып бітіріп, жарыққ а
шығарды. Осыған орай, ұлт мәдениетіндегі әрбір елеулі оқи­
ғаға үн қосуды парыз санайтын ел газеті «Егеменнің» алғаш­

қы «құтты болсынын» аталмыш институттың директоры, фи­
лология ғылымдарының докторы, академик Сейіт ҚАС­ҚА­БА­
СОВҚА арнайы барып айтып, атқарылып біткен осынау игілік­
ті істің жай-жапсарын кеңірек баяндап беруін өтінген едік.

– Қуанышты бөлісіп жатқандарыңызға рахмет,– деп баста­

ды әңгімесін Сейіт Асқарұлы. – Бұл ауқымды еңбектің бағы бар
екен. Олай дейтінім, әуелгі ойластырылып жоспарлануының
өзі мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасымен тұспа-тұс
кел­ді. Елбасының 2003 жылғы Жолдауында да қазақ әде­бие­

ті­нің тарихын жасау, фольклорын жинақтап, зерттеу мә­се­
ле­леріне ерекше мән беріле айтылды. Сөйтіп, осының ар­қа­
сын­да, осынау ұлтжанды Бағдарлама аясында, бас-аяғы төрт
жылдың ішінде әдебиетіміздің 10 томдық ұзақ-сонар, соқталы

да салиқалы тарихын 2008 жылдың соңына дейін түгелдей
жарыққ а шығарып үлгердік.

– Мұндай іргелі тақырыпқа іркілмей барған батыл қадам

қажеттілігі неден туды, оған серпін берген себеп қандай?

– Қазақ әдебиеті тарихының кеңестік кезде де кең көлемде

зерттеліп, 1960-1967 жылдарда алты кітаптан тұратын кетпек­
тей-кетпектей үш том болып жарыққ а шыққ анын көпшілік бі­
леді. Сол кітаптар шыққ алы, міне, қырық жылдан асып ба­
рады. Бұл уақыттарда бүкіл әлемде, біздің елімізде ғаламат

өзгерістер болып өтті. Соған орай эстетикалық ой-сана, көр­
кемдік мұраттар, осы реттегі талғам мен талап жаңа са­ты­ларға
көтеріліп биіктеді. Әлбетте, алғашқы әдебиет тарихы өз мін­
детін атқарды. Бірақ ол қанша құнды, жақсы болғанымен, кеңес

кезіндегі идеологиялық қыспақтың, партиялық цензураның сал­
қыны тимей қоймады, көптеген нәрселер одан өтіп ашық ай­
тыл­мады. Оның үстіне Алашордашыларымыз ол кезде тү­гел­
дей таскерең тыйымның астында тұншықтырылды. Ең бас­

ты гәп – біз бодан ел едік. Сол себептен бүкіл тарихымыз дер­
лік жабық жатты, өз рухымыз өзімізге жау саналды. Мұндай
жағдайда жаңа тұрғылы тұжырымдама ұсынуға мүмкіншілік
болмады.

Әдебиет тарихын, ең мықтағанда, ХҮІІІ ғасырдан, Бұқар
жыраудан бастап жүрдік. Оны ары қарай тереңдетуге саясат
жібермеді. Сондай тасқамалды бұзып әдебиетіміздің тарихын
арғы замандарға қарай шегіндіру тек Мұхтар Мағауин сынды

жекелеген жанкештілердің ғана қолынан келді. Бір жағынан,
осылай болуы заңдылық еді. Өйткені, халықтың өскелең сана­
сы мен уақыт осындай ұрт қимылдарды талап етті, жаңа мате­
риалдар мен деректер пайда болды.

– Сейіт аға, әдебиетімізідің ілкі межесін ғылыми тұрғыдан

тиянақтап белгілеудің бастауында ұлағатты ұстаз Бейсенбай
Кенжебаев тұрған жоқ па еді?

– Иә, мұндағы Бейсекеңнің рөлі шынында да ерекше. Хру­

щев «жылымығының» тұсында саясаттың сәл-пәл жұм­сар­
ған кезі болды ғой, сол 60-шы жылдардың басында әде­биет­
тану ғылымына еркін ойлайтын, ел деп толғайтын, жаңа көз­
қа­растағы жас толқын келіп қосылды. Солардың бірі Мұх­

тар Мағауин де, тағы біреуі Мырзатай Жолдасбеков болатын.
Сөйтіп сол дарынды шәкірттеріне бағыт-бағдар беріп, та­қы­
рып таңдатып, жөн сілтеген Б. Кенжебаевтың жетекшілі­гі­мен
қазақ әдебиетінің тарихын елесі ғана қалған ескі за­ман­дар­ға

жыл­жытуға мүмкіндік туды. Айталық, М. Мағауин төл әде­
бие­тіміздің бастау тұмасын ХV ғасырға алып барды. М. Жол­­

дасбеков Орхон-Енисей тас жазбалары арқылы жеткен көне
түркі әдебиеті мен біздің әдебиетіміздің байланысын зерт­теп,
тікелей жалғастығын анықтады. Одан соң Алма Қы­рау­баева,
кейінірек Немат Келімбетовтер ежелгі дәуір мен орта ғасырлар

әдебиетін едәуір тереңдете зерделеп барлады.
Бірақ жекелеген адамдар ілкімді жазғанымен, біртұтас ке­
шенді жүйе құрыла алмады. Тек Б. Кенжебаевтың әдебиетті дә­
уір­леуіне сәйкес жұмыс істеген Қазақ университетінде ғана бір­

ыңғай жүйе жасауға жақындаған жақсы талпыныстар болды.

– Пікірталастар да болмай қалмаған шығар?

– Әрбір жаңаның өмірге еніп орнығуы солай ғой енді. Әрі

сол кезде осы мәселедегі ұстаным да екі түрлі болды. Акаде­
мик Қажым Жұмалиев бастаған бір топ ғалым қазақ әде­бие­
тінің тарихы ХҮІІІ ғасырдан басталады деген қағиданы ұс­
тан­ды. Екінші бағытты жақтаушылар – Б.Кенжебаевтың пі­кір­

лестері, шәкірттері. Сайып келгенде, дәл сол кезде бұл екеуі­
нің де сөздерінің жаны бар еді. Сонау 1920 жылдардың өзінде
Мұхтар Әуезов әдебиетіміздің тарихын тап қазір бірден, бас-
көз жоқ ала салып, көнеден бастай алмайтынымыз жөнінде

жазған болатын. Ол үшін жаңа дерек-дәлелдер табылуы ке­
рек. Замана ыңғайына орайласа сірескен сірі ұғымдар сеңін
жібітіп бұзуға уақыт керек. Сөйтіп біз әдебиетіміздің тарихын
әуелі даусыз белгілі дәуірден бастап, арғы замандарға бірте-

бірте барамыз деген байыпты ой айтқан екен ұлы жазушымыз.
Осы өсиетнамасымен ол уақыт толғағын сабырмен күтуді мең­
зеген.

– Әдебиетіміздің шынайы тарихының түптің түбінде та­

былатынын да, жазылатынын да болжаған-ау Мұхаң сонда?!.

– Иә, шындап келгенде, кемеңгердің сол айтқаны айдай

келді. Мына қолымыздағы 10 томдық тарих ғалымдарымыздың
сол үлкен мұрат жолындағы көз майын тауысқан, үміт-күдігі
арбаса сарылып атқарған қажырлы еңбектерінің нәтижесі.
Осы­лайша Әуезов армандаған қазақ әдебиетінің тарихын жа­

сау орайындағы көп жылдық сан-салалы, қатпар-қыртысы мол
ізденістерді бүгінде сол Әуезовтің өз атындағы институт сә­
тімен қорытындылады деп айта аламыз. Сонымен бірге бұл
әде­биет тарихы ғана емес, фольклордың да тарихы.

– Фольклордың өзі де әдебиет емес пе?..

– Әрине, ол да әдебиет үлгісі, халықтық ауыз әдебиеті,

бірақ солай бола тұра, фольклор әдебиеттен өзгеше, өзінше бір
көркемдік жүйе. Оның өзіне тән даму жолдары, ерекшеліктері

бар. Біз фольклорды әдебиеттің бір саласы деп қарап жүрдік.
Шынтуайтында, фольклор әдебиеттен бұрын туған дүние, әде­
биет­тің атасы, түп төркіні, әдебиеттің тірегі. Алайда, ол со­
ған дейін де талай ғасырлық өмірді, дамуды бастан кешірген,

әдебиеттен бөлек құбылыс болған. Біріншіден, бұл – көне за­
ман­ның дүниетанымы әрі оның мәдениеті. Екіншіден, бұл –
халық тұрмысының бір бөлшегі, салт-санасы. Үшіншіден, ол

– сөз өнері. Мінеки, фольклордың осындай үш түрлі сипаты

бар екен.
Сондықтан, біз осы тұжырымдаманы ұстандық та, бүкіл
қазақ сөз өнерінің түрлері мен ерекшеліктерін, бағзыдан бері
жүріп өткен жолын ажыратпай, тұтас көрсету мақсатында қазақ

әдебиеті тарихының бірінші томын «Қазақ фольклорының та­
рихы» деп атадық. Яғни, бұл – қазақ әдебиетінің фольклорлық
кезеңі. Мұнда фольклорымыздың мыңдаған жылдар бойғы да­
муы көрсетіледі. Миф деген көне жанрдан бастап өте ерте

заманға тән аңшылық, мергеншілік, терімшілік, егіншілікке
бай­ланысты ескі нанымдар мен ұғымдар, байырғы ғұрып-салт­
тар – бәрі де осы фольклорға кіреді. Біз осыны жаңа тұрғыдан
пайымдадық, кеңес кезінде тыйым салынған дүниелердің бә­

рін қайтадан жарыққ а шығаруға тырыстық.
Өйткені, бұл жолғы еңбектің бұрын шыққ ан тарихтағыдан
тұжырымдамасы мүлдем бөлек. Бұрынғы бодан ел емес, бостан
ел әдебиетінің тарихын жазғанда жалтақтамай, әдебиеттану

әдістемесінің әлемдік тәжірибесіне молынан жүгіндік. Кеңес
уақытында фольклор деп негізінен ауызша шыққ ан әдеби шы­
ғармаларды айтатынбыз. Ал, әлемдік үрдісте халықтың музы­
касын, әнін, күйін, биін, қолөнерін, діни нанымдары мен әдет-

ғұрпын түгелдей фольклорға жатқызады. Фольклорды біздің де
жеке бөліп алып, кешенді түрде қарастырғанымыз сондықтан.
«Ер Төстігім бір төбе» деп Ерназар шалыңыз айтқандай, тоғыз
том әдебиет тарихын сараласа, бір том тұтасымен фольклорға

арналды.

– Олай болса, Ер Төстікке теңеп отырған осы бірінші том­

ды тәптіштей парақтасақ қайтеді?

– Ең алдымен, бүкіл фольклор тарихы «Ежелгі замандағы

рухани мәдениет», «Орта ғасырлардағы фольклор» және «Жаңа
дәуірдегі фольклор» атты үш бөлімге бөлініп бажайланды. Әуе­
лі мұнда тайпалық, ұлттық фольклорға жататын арбау, жалба­
рыну, алғыс, қарғыс, бәдік, бақсы сарындары, сыңсу, жоқтау,

т.б. жеке жанрлар бойынша сараланып, жаңадан тексеріліп,

жақ­сы зерттелді. Жалпы, фольклорымыздың әр саласының
байып­тай зерттелуі өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бас­
тап біршама тыңғылықтап қолға алынған-ды. Әрине, олар он­
да партиялық, таптық тұрғыдан да қарастырылды. Дегенмен

де, жекелеген жанрлар: эпосымыз, ертегілеріміз, дастандары­
мыз, тарихи һәм ғашықтық жырларымыз әр деңгейден жаңаша
байыпталды. Өйткені, сол кездерде Москвадан, Ленинградтан
білім алған жас ғалымдар келіп, әлемдік фольклор қалай, біз­

де қалай дегендей, жаңаша тұрғыдағы өз сөздерін айтты. Мі­
не, біздің тарихта осылар түгелдей ескеріліп, көрініс тапты.
Сонымен бірге осы томда тұңғыш рет «Қазақ фоль­кло­
ры­ның статусы және оның теориялық негіздері» деген тарау­

ша беріп отырмыз. Байырғы фольклорға жеке тарау арналды.
Ертегінің өзі бес түрге бөлінсе, соның этиологиялық (себеп-
сал­дарлық) және батырлық ертегілер деп аталатын екі түрі
осын­да. Көне эпос. Бұлар да жаңадан зерттелді.

Екінші бөлімдегі орта ғасырлар фольклорына ежелгі түр­
кі жазбаларындағы фольклорлық мәтіндер, Оғыз-Қыпшақ дәуі­
ріндегі, Алтын Орда тұсындағы фольклорлық үлгілер жат­қы­
зыл­ды. Бұл да бұрын қаузалмаған тақырып, Қазақ хандығы ке­

зін­дегі фольклор жеке қарастырылды. Осылай кезең-кезеңмен
бөліп алдық. Осында тұңғыш рет батырлық ертегімен бірге
кейінгі зерттеулерде қарастырылған әпсана, хикая сынды жан­
рлар енгізілді.

Ал, жаңа дәуірдегі фольклор ХVІІІ, ХІХ, ХХ ғасырларды
қамтиды. Мұнда новеллалық ертегі, сатиралық ертегі, күй аңы­
зы, тарихи жыр, тарихи өлең, дастан дегендер ілтифатқа ал­
ғаш рет алынды. Хикаялық дастан, діни дастан, ғашықтық дас­

тан, әлеуметтік-діни дастандар осы жаңа дәуірде дамыған. Жаңа­
дан кіргізілген балладалық жыр жанрына «Айман-Шолпан»,
«Ханшайым-Наурызбайлар» жатады.
ХХ ғасырдың фольклоры дегенде 1916 жылғы ақ патша

жарлығына қарсы көтеріліс, соғыстың қара жұмысына алын­
ған қазақ жұмысшылары туралы аңыздар мен өлеңдер, сон­
да жаңадан туған мақалдар мен мәтелдер алдымен айтылады.
Сосын мына Қарағандыда, Екібастұзда, Балқашта, Нілдіде со­

ғысқа дейін кенші, кетпенші болып негізінен қазақтар істеген.
Ал, қазақ өзі жүрген жерде мұңын шағып, өмірін сипаттап
өлең айтпай тұра ма? Міне, солардың шығарған өлеңдері бар.
Аңыздары өз алдына. Олар да назардан тыс қалмады. Сөйтіп

біз сонау есте жоқ ескі замандардан бастап қазірге дейінгі, яғ­

ни 5-6 мың жылдық зор уақыт кеңістігі ауқымындағы фоль­
клорымыздың тарихын зерделеп шықтық.

– Сейіт аға, жаңа батырлық ертегі деп қалдыңыз. Осы сияқ­

ты, халық ауыз әдебиетінің кейбір жаңадан енген жанрлары­на
түсінік бере кетіңізші?

– Ғылым бір жерде тұрмайды ғой. Бір кезде М. Әуезов хай­

уанаттар, қиял-ғажайып, тұрмыс-салт деп ертегілерімізді үш
топқа бөлген еді. Ал қазір ғылым қисынды дәлелдерін алға
тарта дәлелдеп келеді де, жоқ, оған қоса этиологиялық ертегі,
батырлық ертегі бар деп, ертегінің жанрын бесеуге жеткізеді.

Осылай тұжырғанда, батырлық ертегі де өзінше бөлек жанр.
Бұл әлгі өзің білетін «Ер Төстік», «Кер құла атты Кендебай»,
«Әлібек батыр», «Жерден шыққ ан Желім батыр» сияқтылар.
Бұлар батырлық ертегі деп жеке жанрға бөлініп алынды. Осы

ретпен тарихи жыр да тұңғыш рет қарастырылып отыр. Ғы­
лым ілгері кетті. Жалпы, қазақтың сөз өнерін фольклор деп бір
бөліп аламыз да, авторлық ауыз әдебиеті деп үлкен екі салаға
айырып жібереміз. Жазба әдебиет өз алдына. Авторлық ауыз

әдебиеті дегеніміз – баяғы Сыпыра жыраулардан бастап ке­
шегі Жамбыл, Нұрпейістерге дейінгі, өлең-жырларын ауызша
шығарып айтқан, ауызша таратқан ақын-жыраулардың шы­ғар­
машылығы. Авторлық ауыз әдебиеті деп аталады. Бұл – жаңа

ұстаным. Осы жайында алғаш өткен ғасырдың 70-ші жылда­
рында Мырзабек Дүйсенов жазған болатын. Бірақ ол кезде
қабылданбады да, сол ұстанымды біз мына әдебиет тарихы­
на ресми тұжырым ретінде кіргіздік. Әсіресе, Қазақ хандығы

тұсындағы әдебиетті айтқан кезде пайдаланылды.

– Ал енді әдебиетіміздің тарихын нақты қай кезден бастап

отырмыз?

– Төл әдебиетіміздің тарихын біз сонау сақ, ғұн, үйсіндер

дәуірлерінен туындата суыртпақтап тарттық. Негізгі ұстанған
бағытымыз – ешқандай саясатқа, идеологияға бұрмай, қазақ
халқының бұрынғы өткен ата-бабаларының, қазақтың өзінің
көркем ойы, сөз өнері қалай дамығанын, қандай жолдармен

жүргенін таза эстетикалық тұрғыдан шынайы шолып көрсетуге
тырыстық. Әрине, бірінші томда анық әдебиет үлгілері бірден
көзге түспейді. Ал енді екінші томымыз «Ежелгі дәуір мен
орта ғасыр әдебиеті» деп аталады. Мұнда жаңағы сақ, ғұн,

үйсін дәуірлерінен келіп жеткен әңгіме, жырлар мен аңыздар,
солардың сюжеттері зерттелген. Бұларды алғаш рет «Түркі дә­
уі­ріне дейінгі әдебиет жәдігерлері» деп бөліп алып отырмыз.

Бұл орайда, мысалы, «Алып Ер Тоңға» атты, Шу батыр ту­ралы
сақтардың, Аттила, Көк бөрі жайындағы ғұндардың қа­һар­ман­
дық, батырлық дастандары ежіктеле талданып көрсетілген. Бұ­
лар­ды зерделеген – профессор Н.Келімбетов.

Ал, Түркі дәуіріндегі әдебиет жамағатқа біршама таны­
мал. Бұл дегеніңіз – түрік қағандары. Күлтегін. Тоныкөк. Одан
кейін оғыз-қыпшақ заманындағы әдебиет келеді. «Оғызнама».
Сосын «Қорқыт ата». Әл-Фарабидің мұрасы. Сонан соң қара­

хан­дықтар тұсындағы әдебиет. Жеке тұлғалардың бәріне тоқ­та­
лып өтеміз. Жүсіп Баласағұн. Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет
Ясауи, Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Жүгінеки. Жеке оқу­лық­
тарда там-тұмдап айтылып жүргенімен, бұлардың бәрі осы­лай,

дәл осы тарихтағыдай ғылыми жүйеленіп зерттелген жоқ еді.
Үшінші томда дәуірі жағынан жақын Алтын Орда мен
Қа­зақ хан­дығы тұсындағы әдебиет біріктіріле беріліп отыр.
Мұн­да әрі біздің Қазақ хандығы Алтын Орданың тікелей мұра­

гері, мәдениетінің мұрагері деп қарайтын өзіміздің идеямыз
кө­рініс тапқан. Өлмей, өшпей болашаққ а жол тартқан рух
пен діл жалғастығы, рухани сабақтастық өнегесін де осыдан
та­ни­­мыз. Осы арадағы бір ерекше сипатты айта кетсек, Ал­

тын Орда тұсында негізінен жазба әдебиеттің өркен жайғаны
бай­қа­лады. Хорезми, Сайф Сараи, Мысырдағы қыпшақ әде­
бие­­тінің ірі өкілі Құтб, Дүрбек, Әли, Мұхаммед Хайдар Дула­
ти, Әбілғазы Бахадүр хан, Қадырғали Жалайыр, т.б. – мінеки,

шығармаларын оғыз-қыпшақ, парсы тілдерінде жазған бұ­лар­
дың бәрі де әдебиет тарихымыздың төрінен тұңғыш рет орын
алды. Бұлардан соң ізін суытпай жаңағы айтқан авторлық ауыз
әдебиетін аса биік деңгейге көтерген Қазақ хандығы тұсындағы

сөз өнеріміз алдаспандай жарқылдап, әдеби тарихымыздың
сах­на­сына Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз,
Дос­пам­бет, Жиембет, Марғасқа, Бұқар жырау, Ақтамберді, Үм­
бетей, Тәтіқаралар шықты. Осыған жалғаса тұңғыш рет би­

лер мен шешендер шығармашылығы әдебиет нұсқалары ре­
тінде қарастырылып, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым
шешен, Ақтайлақ би, Бөлтірік шешендердің бізге жеткен мұ­
ра­лары байыпталды. Бұл бұрын әдебиетке қатысты тарихта

дәйек­теп айтылмаған жайлар.
Мұның бәрі авторлық ауыз әдебиеті. Тасқа бедерленіп Күл­
тегіннен басталған жазба әдебиетіміз бар тағы. Сонда үшінші
томымыз Х-ХІІІ ғасырдан бастап ХІХ ғасырға дейінгі алтын

қордалы алты ғасырды қамтып отыр.

– Көзіміз үйренген бергі заманға жақындап қалған екенбіз

олай болса…

– Иә, өздеріңе неғұрлым мәлім бұрынғы қалыптасқан жүйені

не­гізге ала отырып, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әде­
биетке бір том арнадық. Байқайсың ба, алдыңғы том алты ға­
сырды қамтыса, мына төртінші том 50 жылды баяндайды. Мұ­
ның өзі әдебиетіміздің уақыт өткен сайын өскен өресі мен өл­

шемін аңдатады. Дегенмен де бұл кезде үлкен жазба әде­бие­
тіміз жаңа бүршік жарып келе жатқандықтан, мұнда да әсіресе
ақындар поэзиясы, авторлық ауыз әдебиеті басым. Мы­салы,
Шал мен Көтеш ақыннан бастап айтсақ, Қобылан, Жанақ,

Абыл, Түбек, Сабырбай, Махамбет, Шернияз, Шөже, Орын­
бай, Сүйінбай. Бұл топқа Дулат Бабатайұлы, Шортанбай, Ұл­
би­ке, Нұрым тұңғыш кіріп отыр. Мінеки, Сыпыра жыраудан
басталған авторлық ауыз әдебиетіміздің ұлы көш-керуені осы­

лай жалғасқан.
Бесінші томымыз – ХІХ ғасырдың тең-таза екінші жарты­
сы. Бұл нағыз жаңа жазба әдебиетіміз басталған кезең. Абай,
Шоқан, Ыбырай. Үш алып бастаған ұлы шоғыр. Ақмолла, Ба­

зар Оңдасынұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Шәді Жәңгірұлы,
Ақан сері, Мұсабек Байзақұлы, Ақтан Керейұлы, Әріп Тәңір­
бер­генұлы, Әсет Найманбайұлы. Кезінде тарихтан сызылып
тасталған Шәңгерей Бөкейұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Майлықожа,

Ырым Мұсабайұлдары әділ бағаларын алды.
ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылы алтыншы томда
зерделенді. Бұл енді қазақ рухы мен санасының нағыз дүр сіл­
кінген уақыты. Әдебиеттің өте қатты серпін алып, «Оян, қа­

зақ!» деп шырқырап шыққ ан кезі. Біз бұған дейін көбіне-көп
Алаш ақын-жазушыларын саяси, әлеуметтік жағынан қаузап
келдік те, осы жолы көркем сөзімізге, әдебиетімізге қосқан
үлесіне, эстетикамызды дамытудағы рөліне көбірек көңіл бөл­

дік. Осы томға Алаштың барлық арыс зиялылары тұңғыш рет
еніп, Әлихан Бөкейханов, Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынұлы,
Міржақып Дулатұлы, Ғұмар Қараш, Мәшһүр Жүсіп, Бернияз
Күлеев, Нармамбет Ормамбетұлдары әдебиет тарихындағы ал­

тын тақтарына отырғызылды. Әлбетте, бұрыннан келе жатқан
Сұлтанмахмұт, Сәбит Дөнентаевтар да өз үйірінің бел ортасы­
нан табылды.
Бір айтатын нәрсе, 50-ші жылдары Абай төңірегіндегі ай­

тыстар өрши келе Абайдың ақындық мектебі болды-болма­
ды деген талас шыққ ан. Біз болсақ, томның ортасынан ойып,

бір жаңалығы ретінде қабылданар «Абайдың әдеби мектебі»
деген үлкен тарау бердік. Жалпы, мұнда көп нәрселер жаңа.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне, жекелеген майда ақын­
дардың шығармашылығына шолу жасаймыз.

– Майда ақындардың өзі де ірі ақындар боп шықпасын?

– Әрине, өз келесінде олардың да ірі ақындар екеніне сөз

жоқ. Көлемі шектеулі әдебиет тарихында бәріне бірдей жеке
портрет бере алмайсың ғой. Айталық, Иманжүсіп Құтпанұлы,
Мүрсәлім Бектенұлы, Жүсіпбек Шайһисламұлы. Ішінде Ақыл­
бай мен Мағауия да бар. Бұлардың ана Шәкәрім, Мәшһүр Жү­

сіп, Ғұмар Қараштарға қарағанда шығармашылық көлемі де
ша­ғынырақ. Олар титандар ғой. Сондықтан, әрқайсына арнайы
зерттеулер жазылды.
Тұтас бір томмен паш етілген XX ғасырдың алғашқы

жиыр­ма жылы әдебиетіміз дамуындағы айрықша кезең, кере­
мет жаң­ғырып өрлеген, сілкінген, ширыққ ан уақыты. Біле біл­
сек, осы күнгі қойып жүрген проблемаларымыздың көпшілігі
сол кез­де-ақ сөз болып айтылған.

Ал енді, мінеки, 7-ші, 8-ші, 9-шы үш том бірдей әде­бие­
тіміздің кеңес дәуіріне арналған. Өйткені, шынын айту ке­
рек, қанша қыспаққ а салғанымен, қалт еткізбей қарауылдап қа­
ра­ғанмен, кеңес уақыты әдебиетіміздің аса шарықтап өс­кен,

ке­меліне келген кезеңі болды. Әрине, егер Алаштың мар­ғас­
қалары наһақтан науытқа ұшырамағанда, бұдан да мық­ты,
өресі биігірек әдебиет болар еді. Барын, нәрін түгел бере ал­
май, үлгере алмай арманда кетті ғой Жүсіпбектер, Мағ­жан­

дар. Әйтпесе, Аймауытов бір ғана «Ақбілек» романымен әде­
бие­тімізді қаншалықты көркейтті десеңізші! 1917-1940 жыл­
дар аралығын қамтыған қазақ кеңес әдебиеті тарихының өзі
тұтас бір томды кернеп тұр. 23 қана жыл. Бір том. Мұнда әуелі

проза, поэзия, драматургия, әдеби сын деп салалап алып, 20-
30-шы жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу берілді. Одан соң
портреттер: Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен
Сей­фуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Жамбыл Жа­

баев, Нұрпейіс Байғанин, Иса Байзақов. Көрдіңіз бе? Бір жа­­
ғынан жазба әдебиетіміздің классиктері болса, екінші жағы­
нан авторлық ауыз әдебиетінің пырақтары.
Содан соң, 1941 мен 1956 жылдар аралығы келесі, сегізін­

ші томда баян етілді. Себебі, 41-де алапат соғыс басталды. Дү­
ние келбетін өзгерткен ғаламат оқиғалар болды. Оның үстіне
СОКП-ның XX съезі жеке басқа табынушылықты күйрете әш­

керелеп, өмірді сәл-пәл жаймашуақтандырды. Осы кезең же­
ке бөлініп алып қаралды. Сын және әдеби зерттеуді қоса бар­
лық жанрлар бойынша арнайы тарауларда егжей-тегжейлі шо­
лынып айтылды. Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мү­сі­

репов, Ғабиден Мұстафин, Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев,
Ғали Орманов, Қасым Аманжолов, Қалижан Бекқожин сынды
көрнекті тұлғаларға жеке-жеке тоқталдық. Осы томда тұңғыш
рет әдеби байланыстар сөз етіліп, Қытай мен Монғолия қа­зақ­

тары әдебиетінің жай-күйі сипатталды.
Тоғызыншы том кеңес дәуіріндегі 1956-дан 1990 жылға
дейін­гі кезеңді қамтиды. Дарынды жаңа буын шыққ ан, әде­
бие­тіміздің өте-мөте шырқау биіктерге шарықтаған өнімді де

өнікті, өнегелі кезеңі осы. Әдебиет өркендері әдеттегіше жанр­
лар бойынша жеке-жеке сараланып алынды. Шығармашылығы
арнайы портретте талданған заңғарлар кім десеңіз, олар: Ілияс
Есенберлин, Хамит Ерғалиев, Жұбан Молдағалиев, Сырбай

Мәуленов, Тахауи Ахтанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қалтай Мұ­
хаметжанов, Ғафу Қайырбеков, Сәкен Жүнісов, Мұқағали Ма­
қа­таев, Шерхан Мұртаза, Қадыр Мырза Әли, Тұманбай Мол­да­
ғалиев, Қалихан Ысқақов, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Ма­ғауин...

– Олжас қайда?!

– Осы томда орыс тілді қазақ әдебиеті деген тарау бар. Ол­

жас Сүлейменов соның ішінде. Әнуар Әлімжанов пен Сәтімжан
Санбаев, орыс тілінде жазатын тағы біраз жігіттеріміз сон­
да. Шығармашылықтары кеңінен баяндалды. Сондықтан да
оларға тағы жеке портрет беруге онсыз да қалың кітаптың

көлемі көтермейтін болды.

– Сейіт аға, атам қазақ «Соңғы түйенің жүгі ауыр» деуші

еді? Әдебиет тарихының түйіндеуші 10-шы томы да салмақты
әрі салиқалы болар деп ойлаймыз.

– Бұл сөздің растығына қазір көзің жетеді. 10-шы том

1991-2001 жылдар аралығын, яғни Тәуелсіздік тұсындағы бос­
тан әдебиетіміз дамуының әуелгі 10 жылын қамтиды. Кейінгі
кезді алғанымыз жоқ. Өйткені, ол өзінше. Мен сізге айтайын,
біз қазақ әдебиеті тарихының, оның ішінде жазба әдебиеті та­

рихының екі жарым мың жылдық жүріп өткен жолын көрсетіп
шықтық. 25 ғасырда тындырғанымызды толайым пайымдадық.
Сөйтіп, 2000-шы жылмен тоқтайық, ал ХХІ ғасырдағы әдебиет
тарихын жаңадан бастайық деп ұйғардық.

Сонымен, тәуелсіздіктің алғашқы 10 жылындағы әдеби
жеміс-мәуелеріміз қандай? Бұл кезеңді көрсетуде біз жеке порт­

рет­терге барған жоқпыз. Өйткені, бұл дәл осы қазіргі күн­де­рі­
мізде жүріп жатқан үдеріс қой. Сондықтан, «Қазақ әдебиеті
тәуелсіздік кезеңінде» деген атаулы жалпақ шолуымызда әр­
бір жанрдың жетістіктерін тарауларға бөліп жеке-жеке ежік­

тедік. Бұларда 1991 және 2001 жылдар аралығында шыққ ан
шығармалар талданды. Ең үлкен тарау прозаның өзі томның
150 бетін алып жатыр. Мысалы, осында Ә. Нұрпейісовтің «Соң­
ғы парыз», Қ. Жұмаділовтің «Дарабоз», Ә. Сарайдың «Еділ-

Жайық», Б. Мұқаидің «Өмірзая», Б. Тілегеновтің «Қара жел»
және «Сексен алтыншы жыл», Х. Әдібаевтың «Отырар ойра­
ны» романдарын, М. Мағауин, Д. Досжан, С. Сматаев, Ж. Ах­
мади, т.б. туындылары тиісті бағаларын алды. Сонымен бір­

ге Қазақстан халықтарының әдебиетіне, халықаралық әдеби
байланыстарға да жеткілікті көңіл бөлінді.

– Бұл кездегі әдебиет несімен ерекшеленеді екен?

– Басты ерекшелігі сол, бұларда тәуелсіздік идеясы баса

айтылған. Сонан соң қаламгерлеріміз тарихи тақырыптарға
қор­қақсоқтамай барды, еркін сілтеді. Өйткені, бұрынғыдай қыс­
паққ а салу, жалтақтау жоқ. Бостан елдің жазушысы болудың
бір ғанибеті осы ғой. Қаламгерлеріміз осыны кәдімгідей сезін­

ді. 10 жылда шыққ ан күрделі шығармалардың бірсыпырасы
сипатталып, ерекшелік-қасиеттері, жетістік-кемшіліктері тү­
ген­деліп, түйінделіп айтылды. Сосынғы бір жағдай, әрбір том­
ға қысқаша мазмұны айтылған ағылшын және орыс тілдерін­

дегі түйіндеме беріліп отырды. Әдеби шежіре мен библиогра­
фияны да ұмыт қалдырмадық.

– Сейіт аға, осынау қырық жылда бір көрінген қазынамыз

дерлік, қазірдің өзінде кезеңдік еңбек деп бағаланып жатқан
ақжолтай 10 томдықты ойластырып жазып шығарудың жауап­
кер­шілігі де оңай жүк емес-ау. Ұйымдастырудағы, үйлес­ті­ру­
дегі қиындықтар да болмай қалмаған шығар?

– Жоғарыда айттық, ондай қиындықтарды жеңуге «Мә­

де­ни мұра» бағдарламасы жәрдемдесті. Жалпы жұмысты бас­
қаруға барлық томдарға ортақ бас редакция құрылған болатын.
Алқа төрағасы – әдебиеттанушылардың ақсақалы, академик
Серік Қирабаев. Алқа мүшелерінің ішінде тағы бір абы­зымыз

марқұм Зейнеқаң – Зейнолла Қабдолов, атақты ға­лым­дарымыз
Рахманқұл Бердібаев, Шерияздан Елеукенов, Рым­ға­ли Нұр­ға­
лиевтардың болуы жұмыстың жеделірек, дау-да­майсыз ал­ға
басуына көп септігін тигізді. Төрағаның орынбасары – мен.

Сонан кейін әр томның өзінің жеке-жеке редакция ал­қа­лары,
жауапты редакторлары, жауапты шығарушылары бол­ды. Мы­
салы, атап айтар болсақ, бірінші томның жауапты редакторы

– мен, екінші томда – Н. Келімбетов, үшінші томда – Н. Келім­

бетов пен С. Қасқабасов. 4-5-ші томдарды дарынды әдебиетші
марқұм Асқар Егеубаев басқарып, жеріне жеткізіп кетті. 6-шы
томға Ж. Ысмағұлов, 7-8-9-шы томдарға С. Қи­ра­баев, 10-шы
томға Ш. Елеукенов жауапты редактор болды. Бар­лық жұ­мы­

сы­на институттың жетекші ғалымдары тү­гел­дей атсалысып,
үй­лестіріп, майлық-сулық орнына жүрдік десек те болады.
Ауырды атан нардай көтеріскен авторларымыз да аз бол­
ған жоқ. Авторларға рахмет. Әл-Фараби атындағы Ұлттық уни­

верситеттің, Абай атындағы Қазақ педагогикалық, Еуразия
Ұлттық, Түркістан университеттерінің, басқа да білім орда­ла­
рының әдебиетші ғалымдары руханиятымыздың ортақ ісі­не
бір кісідей жұмылып, жүгімізді жеңілдетті. Солардың ішін­де

Тұрсынбек Кәкішев, Ақселеу Сейдімбек, Шәкір Ыбыраев, Ба­
қытжан Майтанов, Қансейіт Әбдезұлы, Балтабай Әб­ді­ғазиев,
Кенжехан Матыжанов, Шәмшиден Керім және бас­қа­ла­рын іл­
типатпен атаймыз.

Міне, осы, жаңа өзің айтқандай, 40-50 жылда бір-ақ рет
шығатын, 25 ғасырлық әдебиет тарихымызды, фольклорды қос­
қанда, шынтуайтында, 40-50 ғасырлық әдебиетіміздің ұзақ-со­
нар жолын шолып бағамдайтын осынау 10 томдық соқталы

ең­бекті «Қазақпарат» баспасы шығарды. Басшысы Қонысбек
Бот­бай деген әдебиет жанашыры, елгезек жігіт. Жылдам әрі са­
палы шығаруға барын салды.

– Бірінші рет басы қайырылған үлкен еңбекке құтты бол­

сын, ұзағынан сүйіндірсіннен басқа айтар да жоқ. Дегенмен,
мұндайда көңілдегі алаң да таусылмайды ғой, аға?

– Бұл жайды дұрыс аңғарыпсың. Шынын айтсақ, үлкен іс

тындырдық деп батыл айта аламыз. ТМД елдерінде мұндай ең­
бек жазылған жоқ. Мұның нақ осындай баламасын өз басым
әлемдік тәжірибеден де кездестірмедім. Көп жылдардан бері
көлеңкеде жүрген осы ғаламат жобаны жүзеге асыру біздің

маңдайымызға бұйырғаны үшін де бақытты санаймыз өзімізді.
Бұл енді қырық жылда шыққ ан шын мәніндегі толыққ анды, то­
лайым әдебиет тарихымыз. Әрине, біткен іске сыншы көп де­
гендей, қазбалап, қытымырланып іздеген адамға кемшілік де

табылмай қалмас. Үлкен еңбек мінсіз болуы мүмкін де емес.

Кемшіліксіз деп өзіміз де айтпаймыз. Бірақ еңбектің маңыз­ды­
лығы, құндылығы ондай майда-шүйделерге бола бір мыс­қал
да кемімейтіні ақиқат. Сонымен бірге ниетіміздің таза­лы­ғы­на
да бәс тіге аламыз.

Бұл әдебиет тарихы ғана емес, сонымен қатар халқымыздың
ғасырлар бойғы мәдениетінің, көркемдік мұратының, эсте­ти­
касының, жалпы ой-өрісінің де даму тарихы деп білгеніміз аб­
зал. Тағы бір айтатын мәселе, 10 томдық әдебиет тарихы оқулық

емес, ғылыми еңбек. Қайталап айтсақ, мұнда бүкіл көркем сөз
өнеріміздің ежелгі фольклорлық кезеңінен бастап осы за­ман­
ғы 2000-шы жылға дейінгі даму жолдарын қа­рас­тырғанда көп­
теген жаңа ойлар, тың пікірлер айтылды, соны идеялар мен

тұ­жырымдамалар ұсынылды. Оның кейбіреуі талас туғызуы
мүм­кін. Ол заңды нәрсе. Бұл сияқты соқталы ғылыми еңбекте
жалпы тұжырымдамалармен орайлас жеке­ле­ген ғалымдардың
пі­кірлері айтылмай қалмайды. Оларға тү­сіністікпен қараған жөн.

Қалай десек те, әдебиетіміздің түгел тарихы осында тұр.

– Ал енді жаңа ғасырдағы жаңа әдебиетімізді зерделеудің

жайы қалай?

– Қазір біз бүгінгі тәуелсіз еліміздегі әдебиет пен өнердің

дамуын зерттеуді қолға алғанбыз. 2010 жылға дейінгі 20 жыл­
дық кезеңді қамтыған кітаптары дайындалып жатыр. Бостан
елдің жаңа әдебиетінің кескін-келбеті қалыптасып келеді. Бұл
реттегі жүрдек те сергек жанрымыз поэзия болып отыр. Дра­

матургияда да серпін бар. Шағын жанрлар сөйтіп шапшаңдық
танытуда. Алғашқы кезде тоқырауға ұшырағандай аңтарылған
әдебиетіміз заман тынысын, тамыр соғысын байқастап та үл­
герді. Әсіресе ауыр артиллерия сынды прозада үлкен эпикалық

туындылар өмірге келуі үшін уақыт, тәжірибе, байсалды қо­
ры­тындылар қажет. Осы тұрғыдан келгенде тәуелсіздік тұ­
сын­дағы әдебиетіміздің аяқ алысы жаман емес. Жаңа леп,
жаңашыл көзқарастар баршылық. Постмодернизм нышанда­

ры байқалуда. Мысалы, жаңа әдебиеттің үлгісі деп Мұхтар Ма­
ғауиннің «Жармақ» романын айтар едім. Ақын-жазушыла­ры­
мыз тәуелсіздігімізді жырлаған жауһар туындыларымен қуан­
та берсе, әдебиеттану ғылымы да өзінің әділ сарабын жасау­

дан, әдебиет тарихын түгендеуден жалықпақ емес.

– Әңгімеңізге рахмет!

2009 ж.

ІЗДЕМПАЗДЫҚ ПЕН ІЖДАҒАТ

Н. Веселовскийдің өте дәл айқындап айтқанындай, ғы­лым
көгінен құйрықты жұлдыздай ағып өте шыққ ан Шоқан Уә­
лихановтың жасын тағдыры, жарқын ғұмыры өз замандастарын,
әсіресе, өзінің зиялы орыс достарын қалай ғажаптандырып,

қайран қалдыра қызықтырса, кейінгі замандардың да неше­
ме толқын ұрпағын нақ сондай тағлымды һәм тылсым нұрлы
тартымдылықпен баураудан жазбай келеді дер едік. Дәл осы
орайда өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының бел ортасы

еске түседі. 1975 жылғы жаз айларында ғой деймін, сол кезде­
гі «Лениншіл жас» газетінің беттерінде журналист Жарылқап
Бейсенбаевтың топтама түрінде жарияланған «Шоқан сапары
ізімен» атты мәйекті мақалалар шоғыры бірінен соң бірі шыға

бастады. Сонда Шоқан есімін өзімізге бір табан болса да жақын
санап, айрықша қадір тұтатын көкшетаулық жас журналис­
тер сол жазбаларды керемет қызығушылықпен қабылдап, жа­
па-тармағай жарыса оқығанбыз. Солардың жазылу үлгісіндегі

әлдебір жаңашылдық, қазақтың тұңғыш ғалымы жүріп өткен
қияпатты жолдарды жүз нешеме жылдан кейін жолқапшығын
арқалай шиырлаған құштар іздемпаздық көңілімізді тол­қыт­
қан­дай, әріптес аға сынды жорналшы қаламгердің шалым­ды

ше­берлігіне қызыға қарап қалғандай болғанбыз. Бір ғажабы,
мұн­дағы дәлдік-деректердің қолмен қойғандай нанымды бе­рі­
летіндігі сонша, бір сәт аяулы Шоқанның асыл бейнесін дәл
қасынан көргендей, ғасырларды көктей өтіп тіл қа­тыс­қан­дай

әсерге бөленетінбіз. Ыстықкөл сапарының ізін қай­талаған
осынау мақалалар содан екі жыл өткенде «Шоқан ізімен» атты
кітапқа айналуын қуана сүйіншілегенбіз.
Он жылдан кейін ғылымдағы ерлігі қазақтардың Еуро­

па терезесін алғаш ашуына баланған ұлы ғалымның 150 жыл­
дығы бүкіл Қазақстан бойынша, оның ішінде алтын бесік ата
жұрты Көкшетау-Сырымбетте кеңінен атап өтілген болатын.
Сол кезде «Шұғылалы таңның шолпаны» атты көлемді ма­

қала, Достоевский досына сыйға тартқан палисандр сан­дық­
шасын жырлаған баллада жазып, осы оқиғаға хадари-халіміз­
ше өзіміздің де үн қосқанымыз бар еді. Нақ осы 1985 жылы
тағы да жаңағы «Лениншіл жас» бетіндегі аталмыш автордың

Шоқан ғұмыр кешкен, сапарлаған, ат шалдырып аялдаған ме­
кендерді кезек-кезегімен жыл бойы аралап өтуінен туындаған
мақалалар топтамасы Көкше елі жұртшылығын тағы бір елең

еткізгеніне куәгермін. Кеңестік кезеңнің көбінесе көңіл­сіз
де ми­мырт ақпарат кеңістігінде тақырып игерудегі то­сын­ды­
ғы­мен тосылдырған ол жазбалар да көп ұзамай «Жа­сын-тағ­
дыр жар­қылы» деген атпен келісті кітап болып шы­ғып, кі­тап­

ха­намыздың төрінде тұратын қалаулы туындыға ай­нал­ған-
ды. Сол бір шақтарда Көкшетаудан телефон шалып Шо­қан
тарабындағы шалымды ізденістеріне інілік ілтифатымыз­ды
білдірген, сәл кейінірек «Лениншіл жасқа» шыққ ан біз­дің

бір мораль тақырыбындағы мақаламызға орай 200-ге тар­
та оқырман хаты түскенде Жарылқап ағамыз «Зауал» атты
мақаламен түйінді тарқатқан, одан соң арамызда ешкімге айт­
пайтын, екеуара өзіміз ғана сезіп-білетін бір ішкі үнсіз сый­

ластық орнаған жағдайымыз да бар еді.
Содан бері арада біраз уақыт өтті. Тәуелсіздік заманының
да талай жылы парақталып кетті. Жаңа заманда Шоқан жайын­
да да жаңа сөздің ділгірлігі аракідік байқалып қалғанда баяғы

көзтаныс авторымызды өзімсінген қалыппен өз тақырыбына
қайта оралмады-ау деп өкініш етіп те жүрдік. Алайда, Жарылқап
Бейсенбайұлының ұлт мүддесіне септескен шығармашылығы,
азаматтық қайраткерлігі терең ағыспен толассыз шымырлап

өрістеу үстінде екенінен бәріміз хабардар едік. Бәлкім, қай­
раткерлігінің ең мәнді мәуесі, азаматтық тұрғыдағы ең жү­
рекжарды толғамы болып табылған, қазақ баспасөзінің әле­
міне өзіндік тосын әрі табиғи ділімен, соныдан тартқан жор­

налшылық мәнер-машықтарымен қосылған «Ана тілі» газетін
өмірге әкелуімен елді сүйіндірді. Қазақ тілінің қызғыш құсы –
алдағы Наурыз мейрамы күні дүние есігін ашқанына 20 жыл
толатын осы басылымның тұңғыш бас сарашысы болған біз­

дің авторымыз бен оның қаламдас серіктерінің бәйгеге баптап
салған «Ана тілі» атты сәйгүлігінің жер тарпыған шабысы әлі
күнге дейін жадымызда. Алғашқы кезеңдегі сол «Ана тілін»
көз жазып қалған қимас асылымыздай ара-тұра сағынып та

қоя­тынымызды несін жасырайық. Авторымыздың игі істе­рін
ары қарай тарқатып айта түссек, осыдан үш жыл бұрын бар­ша
түркі этносы мен тілі тарихының 40-50 мың жылдық көмес­
кіленген сорабын қаузап, жалынан сүйреп шығарған жаңа­лық­

тарын қисынды дәлелдермен дәйектеген «Арғы түрктер ақи­
қатының ізімен» атты құнды һәм құнарлы еңбегі жарық көрді.
Өзіміздің ғана емес, түркиялық зерттеушілердің де назарына
ілігіп, түбі бірге туыстас елдегі тарих ғылымына ар­налған бе­

делді басылымда құптау лебізінің білдірілуі де бұл кітаптың

салмағын арттырмағы сөзсіз. Соның алдындағы «Қа­зақ ше­жі­
ресі» қазақтың ауызша тарихының қилы-қилы қор­далы тари­
хына бойлатқаны және бар-тұғын.
Мінеки, енді келіп Ш. Уәлихановтың 175 жылдық мерей­

тойы қарсаңында қолымызға Жарылқап Бейсенбайұлының
«Шо­қан» атты жаңа деректі ғұмырнамалық хикаяты тиді.
Бүк­песіз шынына келсек, Мәдениет және ақпарат министр­лі­
гінің әлеуметтік маңызды әдебиет тізіміне енгізіле отырып,

«Ғиб­ратты ғұмыр» сериясы бойынша «Қазақстан» баспасы­
нан 39 баспа табақ көлеміндегі осынау кітаптың шығуы зер­
делі қауымды тағы да елең еткізген айтулы жаңалық болып
отырғандығы анық. Осы ретте бір жарым ғасыр бұрын ұлы

ғалым арман еткен, азаттыққ а жеткен жаңа заманның Шоқан
хақындағы бірінші жаңа сөзін Жарылқап Бейсенбайұлы айтқан
екен деген пайым-пікірге тоқтағанымыз да рас.
Жанрын «деректі хикаят» дегеннен гөрі «ғұмырнамалық

ро­ман-эссе» деп анықтаса, шығарманың көлемі де, мазмұн-көр­
кемдігі де бұл жұғымды жүкті әбден көтергендей екен. Қа­лай
болғанда да, әу бастан кілті табылған кітап алғашқы беттерінен-
ақ салған жерден үйіріп әкетеді. Туындының композициялық

тұр­ғыдан әдемі мүсінделіп, арқауы әсте босамай, бірден-бір­
ге ширыққ ан шұрайлы баяндау желісі өз әсерін ақырына дейін
бәсеңдетпейді. Бабалар рухымен тыныстап, «айбалтасын ал­
тынменен булатқан» алғашқы бұрамдардағы әлқиссасы һәм

одан кейінгі бөлімдер Шоқанның ұлық бабасы Абылайхан, ата­
сы Уәли, әжесі Айғаным, Абылайдан тараған Кенесары хан,
әкесі Шыңғыстың туған ағасы Абайділда (Ғұбайдолла) Уә­ли­
ұлы сияқты сом тұлғалар тағдырын бір-бірімен қисынын кел­

тіре, қию­ластыра сабақтастырып, қазақты сан тараптан қу­сыр­
ған сол зобалаң замандар жағдаятынан жан-жақты хабар­дар
етеді. Шоқан дүниеге келген ортаның арғы-бергісін тілге ти­
ек ете отырып, ұлы ғалым өміріне қатысты бірқатар дәйекті

жаңалықтарды ортаға тартады. Оның сүбелілерінің бірі деп -
автордың ана жылдары Шоқанның туған жерін Күн­тимес ор­
дасы деп пысықтаған болжамының, кейінгі кезде «Мәдени мұ­
ра» бағдарламасымен жарық көрген мұрағат деректері ар­қылы

одан әрі айғақталғанын айтар едік. Оларда Аман­қа­рағай (кейін­
нен Құсмұрын) округінің аға сұлтаны Шың­ғыс Уәлихановқа
қатысты 1842 және 1851 жылдары тол­ты­рылған құжаттарда
оның қыстауы Күнтимес деп тайға таңба басқандай жазылып

қалыпты.

Шоқанның әжесі Айғаным, Омбыдағы әскери мектеп тәлі­
мін көрген әкесі Шыңғыс, қобызшы ағасы Қанғожадан ал­ған
тәрбиесі, аға сұлтан ордасына ат басын тіреп жатар ел аға­ла­
рынан, әйгілі ақындар мен жыраулардан, әншілер мен күй­ші­

лер­ден, жезтаңдай шешендерден қабылдаған ғибрат-өнегесі
ту­ралы да көптеген мағлұматтарға қанық боламыз. Шық­қан
тегі қазақтың Тәукеден кейінгі аға ханы болған Қайып­тан та­
райтын – Орынбор қазақтары Шығыс бөлігінің білімді әкім-

сұлтаны Ахмет Жантөриннің дуандары қоңсы қонған Шың­
ғыспен аралас-құраластығы, тіпті, оның кішкентай қызы Ға­
зизаны Шоқанға атастырып, бесік құда болып ба­талас­қан­
дары, әйгілі Зілғара, Жазы билер, Сартай, Тортай тө­релер,

Шың­ғыстан кейін Құсмұрынға аға сұлтан болған Есеней Ес­
темес­ұлы, туған нағашысы, Баянауылдың аға сұлтаны Мұ­са
Шор­манұлы, олардан басқа да сол дәуірдің көптеген белгі­лі
тұлғаларының өмірлеріне қатысты тарихи деректер қызық­ты­

ра тартады.
Шоқан кадет корпусын тәмамдаған соң генерал-губерна­
тор Гасфорттың ерекше тапсырмалар жөніндегі адьютанты
боп жүр­ген кез­дерінде де қазақтың сол замандағы талай ел

ұйыт­қы­­ларымен жүз­десті. Ақмола дуанының аға сұлтаны Ыбы­­
рай Жайық­байұлымен, Бегалы төре Қоңырқұлжаұлымен, әйгі­
лі күй­ші Тәт­тімбетпен, өзінің құрдасы жас әнші-композитор
Мұ­са Байжанұлымен, Жетісуда бабасы Абылайдың Әділ деген

ба­ла­сынан тарайтын, албан мен дулатты билеп отырған Тезек,
Ха­кім, Мамытбек, Әлі төрелермен, Диқанбай, Байзақ би, Сұ­
ран­шы, Сыпатай, Байсейіт сияқты батырлармен кездесіп, тағ­
дыр­лары тоқайласты. Осының бәріне автор өзінің байып­ты ой

топ­шы­лауларын қосып, Шоқан ғұмырнамасының қа­лың қат­
пар­ларына құ­нарлы қаламын батыра-батыра сілтеген.
Отыз бес жылға таяу зерттеушілік еңбектің жемісі болған
бі­тімді шығармадағы біздің назарымызды аударған бір тұсы

сол, Шоқан Қоқан хандығына қатысты мағлұматтарға ден қоя­
ды. Сөйтсе, Қазақ даласынан кейін Ресей шабуылының өтіне
ілік­кен Қоқан хандығы, алаш жұрты үшін соншама бөтен
жұрт емес екен. Көшпелі түркілердің мың тайпасының көсемі

Шақ­рұқ би 1710 жылы құрған Қоқан хандығының тағында сол
Шақ­рұқ әулетінен тарағандар отырғанымен, негізгі билік бұл
өңірге ақтабан-шұбырынды сүргіні кезінде қазақ даласынан
келген құлан қыпшақтардың көсемі Мұсылманқұлдың төңі­ре­

гіне ұйысқан қыпшақтардың қолында көрінеді. Сол себепті де

оларды орыстың қоластына қараған қазақ жұрты қыпшақтар
деп атайды. Қоқанға қарайтын Ташкент – Дешті Қыпшақ деп
аталатын уәлаяттың әскері негізінен қазақтың шанышқылы,
қаңлы, құрама руларынан тұрады. Қазақтарды Қоқан хан­ды­ғы­

ның езгісінен азат етеміз деп, жалған қамқорсынған орыс отар­
шылдығының қитұрқы пиғылының аржағында жатқан шын­
дықты бажайлаған кезде «Кім-кімді азат етпек» деген ой­дың
Шоқан басына да келмеуі мүмкін емес.

Ресейдің Ортаазиялық хандықтарды жаулап алуды тезде­
туге ұмтылуының бір себебі – Ұлыбританияның Үндістанды
толық жаулап алғаннан кейін Ауған жері арқылы Бұхар, Қоқан,
Хиуа хандықтарына, Шығыс Түркістанға да көз тіге бастаған

әрекетіне байланысты еді. Жаңа жерлерді отарлауға құныға
кіріскен Ресей өзіне тиесілі деп есептейтін құйқалы үлесінен
айырылғысы келмей, күнгейдегі түркі халықтарының иелік­
терін басып алуға бағытталған қанды жорықтарын бастап кет­

ті... Шоқан тағдырының ең бір торығулы кезеңіне тоқайласқан,
қа­нішер полковник Черняевпен келіспеушілігін асқындыра түс­
кен осынау бір тарихи жайды Ж. Бейсенбайұлының тәптіштей
суреттеп, зерделей баяндауы қолымыздағы кітап тағлымын

арт­тыра түскен.
Шоқанның ғибратты өмір тарауларынан бірден-бір толық
дерлік мағлұмат беретін осынау соқталы-сонарлы кітапты оқи
отырып, бір сәт еріксіз автордың кейіп-келбетіне қызыға зер

салғандайсыз. Ж. Бейсенбайұлының киелі тақырыпты зерттеу
мен игерудегі іздемпаздығы мен іждаһаттылығы таңдандырады.
Шоқан бабасының өмір сапарының негізгі бағыт-бағдарларын
қуалай қамтып жүріп өткен журналист-қаламгерді біз бір­

де ұлы ғалым «Сұлу Баянның аруағын қия алмай» толқитын
Қо­зы Көрпеш – Баян сұлу мазарының қасынан көрсек, біресе
Шо­қан аялдаған, бүгінде құм басқан Лепсі бекетінің маңында
ұшыратамыз. Келесіде саяхатшы-ғалымның өз қолымен сал­

ған «Отрядтың Меркі өзенінде түнеуі» атты суретінде бейне­
ленген жердің тап үстінен түскен қуанышын бөлісеміз. Енді
бірде Шоқан ізін қайталай жүріп өткен жолқапшықты жалғыз
жаяу Жарылқап қырғыз-қазақ қойшыларының қостарында әң­

гі­ме-дүкен құра жүріп, қиын Саты асуынан түнделете өрлеп,
Ыстықкөл жағынан Алатау асқанының куәсі боламыз. Қызық
болғанда, «Санташ» кеңшарында жазушыға Шоқан жайы­
нан мәлімет берген қырғыздың аты Қазақ, Саты асуының қыр­

ғыз жағындағы қазақ шопанының есімі Қырғызбай болып шы­

ғады. Авторды Шоқанның кіндік қаны тамған Қостанай та­ра­
бындағы Күнтиместен, Шеңгелдідегі Таңбалытастың қасы­
нан, Омбының кадет корпусынан, Ертістің жағасынан, Шо­қан
бір жарым жылдай тұрып, жұлдызды шағын өткерген Не­

ва жағалауындағы қаладан жолықтырамыз. Тағы бір сәт Шо­
қанды тынымсыз тебіреністі күйде Жөукі асуы арқылы аты­
шулы Қашғар сапарына аттандырып салғандай болып қыр­ғыз­
дың Жөукі шатқалының аузында ой құшағында тұрған ав­тор

жанкештілігіне таңдана қарап қалғандаймыз. Әлеумет ар­тық
айттыға санамас, осының өзінен қияпат тағдырлы тарихи тұл­
ғаға деген үлкен махаббат, ұлы жүрекпен үндестік аң­ға­рыл­
ғандай.

Кең ауқымды шығармада Ж.Бейсенбайұлы мейлінше алу­
ан қырынан танылған. Журналистік сергек байқампаздық, су­
реттеудегі жазушылық түйсіктің көркем кестелері, әрбір жайды
зерттеушілік зердемен жеріне жеткізе жан-жақты тәптіштеуі,

Шоқанға тікелей және жанама қатысты жағдаяттардың, бел­
гілі-белгісіз адамдардың бәрін мұрнынан тізіп мағлұмат бере­
тін ізерлі дерекшілдігі, ұлы ғалымның өмірі мен оның заманы­
на қатысты бұрын беймәлім болып келген көптеген жайт­тарға

жаңаша барлау жасап, ғылыми тұрғыдан тиянақты байып­тау­
ларға баруы, соларға тарихшы көзімен жіті үңілуі – осы­ның
бәрі кітаптың бағалылығын бағамдатады.
Жауапты тақырыпты тереңдей зерттеген қаламгердің жазу­

шылық биік мәдениеті де көзге шалынбай қалмайды. Осы орай­
да ол қазақтың Абылай ханнан бергі бір ғасырға жуық тарихын
өз пайымына сай, үлкен өреде елестетіп өтеді. Шоқан өмірінен
саңлау, ақтаңдақ қалдырмағандай сыңайлы. Ж. Бейсенбайұлы

келтірген: әйгілі жиһанкез-ғалым Александр Гумбольдты 1829
жылы Омбы әскери училищесінде қазақ тілінде құттықтау, он­
дағы казак-орыс балаларына қазақ тілі сабағының жүруі, Ба­
тыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың қазақтарға жаңа

дін ойлап таппаққ а әуейіленіп, ол әумесерлігіне І Николай пат­
шаның «Дін ойдан құрастырылмайды, халықтың мыңдаған
жыл­дар бойғы сенімінің негізінде жасалады» деп қайтарған
ке­ке­сінді жауабы, Шоқанның Жаяу Мұсаға қамқорлығы, Сөк

тө­­ренің қонағы болған ағылшын сәулетшісі Аткинсонның са­
қарада туған баласына Алатау-Тамшыбұлақ деп қазақша ат
қоюы, Шоқанның Қашғар сапарындағы Әлімбай аталуының
қайдан шыққ андығының жай-жапсары, әуелде майор А. Пере­

мышльскийдің Верный бекінісін «Алматы» деп қазақша айты­

лу қалпын бұзбастан дұрыс жазып көрсетуі сияқты екінің бірі
біле бермейтін танымдық сипаттағы қызғылықты да құнды
мағлұмат-деректер жүздеп саналады. Солардың ішінде 1859
жылы Шоқан өзі суретін салған қашғарлық келіншек оның

Қашғар сапарында уақытша үйленген әйелі болуы мүмкін де­
ген Бейсенбайұлының болжамы да қаперге аларлық.
Шоқанның Қашғар сапары, сол ауыр сапардан сырқат жап­
сырған, одан соң қиянат көрген, қорлықта қалған құсалық ке­

зеңі, Петербургте болған уақыты, өмірінің соңғы айлары тура­
лы тарауларды толқымай, тебіренбей оқу мүмкін емес. Қа­зақ­
тың Еуропа терезесін ашқан арда азаматының орыстың ұлы
жазушысы Ф. Достоевскиймен, саяхатшы-ғалымдар П.П. Се­

менов-Тянь-Шаньскиймен, Г. Потанинмен, С. Дуровпен, К. Гут­
ковскиймен, Капустиндер отбасымен, Мұхамед Хайдар Ду­
ла­тидің «Та­рихи-Рашиди» шығармасының тұңғыш зерттеу­
шісі бо­луға септескен Мұхаммедәлі Қазымбек және Хұсайын

Файыз­хан сияқты түркішіл ғалымдармен һәм басқалармен дос­
тық рәуішіне де патетикадан тыс, көптеген қарапайым әрі жар­
қын беттер арналған. Ж. Бейсенбайұлының осы деректі хика­
яты болашақта Шоқан жайында жазылар көркем шығар­ма­лар­

дың, дастандар мен романдардың, түсірілер кинолардың да
не­гізіне алынбай қалмас. Кітапты орысшаға аударып, Ш. Уә­ли­
хановтың 175 жылдығын атап өту аясында Мәскеуден «ЖЗЛ»
сериясымен шығаруды да ойластырған абзал ма дейміз.

Шоқанның Парижге барып қайтуды ойға алып жос­пар­
ла­ғанын, құпия саяхатшының Қашғар сапарында Жаркентте
анық болғандығын, суретші М.Знаменский күнделігінен ай­
қын­далатынындай, Әулиеатаны асқан қаталдықпен шабуыл­

даған Черняев экспедициясы кезінде қазақ халқының озық ой­
лы адал перзентінің отаршыл рухтағы өркөкірек орыс офицер­
лерімен шамырқана пікір таластырып айтысқан жайларын да
Жарылқап жазбаларынан тереңдей түйсінеміз. Сондай-ақ кі­

тапты оқу барысында Шоқан мұрасын сақтап қалуда қалтқысыз
ең­бек сіңірген аяулы орыс қызы Катерина Гутковскаяға де­
ген алғыс сезіміміз оянары да кәміл. «Жарылқаптың мы­
на кітабының қолжазбасын рахаттана оқып шықтым. Компо­

зи­циясы ғұмырнамалық әдебиетке қойылатын талаптарға сай
ке­летінін былай қойғанда, баяндау логикасымен, тіл жа­тық­
тығымен, деректерінің ұшан-теңіздігімен сүйсінтті. Жал­
пы, Шоқантануға қосылған ең сүбелі үлестердің бірі Жа­рыл­

қаптың осы еңбегі десем, қателеспеспін» дейді белгілі бас­

пагер, қарымды қаламгер Нұрмахан Оразбек. Аузы дуалы
ағамыз айтса айтқандай, Шоқантану саласында олжа салар
шоқтығы биік еңбек дүниеге келгендігі жайлы пайымды пі­
кірге біз де қол қоямыз. Осыдан бір ай шамасы бұрын Аста­

на­дан телефон шалып: «Қорғанбек, Шоқан туралы жаңа кіта­
бым шығып еді, көзіңе түспеді ме?» деп қуанышының хаба­
рын салған Жарылқап ағамыздың да сүйіншісі осы мақала бол­
сын демекпін.

2010 ж.

АТЫ ЖОҚ МАҚАЛА

Дүниеде не қиын деп жүрсем, өзін көрместен-ақ, жай «Кө­
пен келе жатыр» десе болды, елдің езуіне күлкі жиыла бастай­
тын әйгілі сықақшымыз Әмірбектің Көпені туралы мақалаға ат
қою қиын екен. «Күлкі» мен «Көпеннің» қыл өткізбейтін ара­

сынан қиялап қалай амалдасам да болар емес. Қия бастырмай­
ды. Ақыры амалым құрып Көпеннің өзін шақырдым көмекке.
Өзін болғанда, басынан өткен қызық-қызық хикматтарын. Құ­
дай бергенде, солардың бірі сарт етіп есіме түсе қалсын. Ол

былай. Әуелі мына біз әулиедей көріп отырған Көпеннің өзі де
сары уыз балапан кезінде атышулы «Ара» журналының қуық­
тай кабинетінде алғашқы кітабына ат таба алмай қиналған.
Содан кәлләсі қаңғырып, мишығы мәңгіріп отырса, қызметтес

ағасы, сатираның сардар патшасы Оспанхан Әубәкіров келіп
бір жаққ а ілестіріп әкетпекші болыпты. «Аға, мен кітабымды
бүгін тапсырмасам, келесі жылдың жоспарынан қалып қоям.
Соған ат таба алмай қиналып отырмын» дейді Көпен көзі тұз­

дай, жүрегі мұздай боп қалтырап. Жарықтық Осекең сол ара­
да: «Е, сол да сөз боп па? Ат таба алмасаң «Аты жоқ кітап» деп
қоя салмайсың ба?!» деп қапияда жол тауып кетіпті. Көпеннің
де көктен іздегені жерден табылып жетісіп қалады. Сөйтсе,

бас­паның жоспарын үлкен үйде бекітіп қол қоятын дөй ағасы:
«Книга без названия» дегенді баттита сызып тастап: «Әй, мы­
наның атын неге қоймаған? Атын қойсын» депті. Содан тұң­
ғыш кітабы бәрібір бір жыл кешігіп шықты. Бірақ «Аты жоқ

кітап» болса да, аты бар кітаптардың талайынан мойны озық
тұрды. Сол жағдай есіме түсіп, мен де Көпен досқа арнаған
әуеземе тақырыпты «Аты жоқ мақала» деп қойдым. Алпысын­
да арқырап тұрған Көпеннің келешегі әлі алда. Бұйыртса жа­

сына жас қосылып, ақылы толығып, миы молыға түскен кез­

дерінде аты бар мақала да жазыла жатар.Өзі де алғашқы кі­
табын атсыз шығарды ғой. Атаққ а жеткізген де атсыз кітабы.
Ендеше, әзірге осы үшбу атсыз әуезені місе тұта тұрсын.
Әлқисса, Көпен күлкімен егіз туған, қалжыңмен құрдас,

әзілмен әмпәй, сатирамен сырлас. Көпен деген атының өзі күл­
кінің қан базарына шақырып тұрғандай естіледі. Ал енді «Кө­
пен­нің көзі неге шегір?» деген сұрақтың өзі диссертацияға
қазық, ғалымдарға азық болғандай. Сол Көпеннің әдебиеттің

маңынан, сықақтың саясынан табылғанына рахмет. Өйткені,
іштен оқып туған, тұла бойы тұнған талант Көпен басқа бір
сүбелі салаға жалт бұрылып кеткенінде қайтер едік. Әсіресе
кішкентай кезінде ондай ықтималдықтар болған. Ым-бап. Ішіңіз

білсін. Сол жайларды суыртпақтайық.
Бала кездегі бір арманы суретші болу еді. Жата қалып су­
рет салады да жатады. Оларын «Балдырған» журналы мен
«Қа­зақстан пионері» газетіне жолдайды. «Суретіңнің көр­кем­

дігі төмен екен» деген кеудеден итерген хаттарға тоқтай қояр
Көпен бе. Суретті одан сайын құлшынып салып төпелейді. Бір
күні «Құрама велосипед» деген сурет салады да, шықсын де­
ген қулықпен қасына екі шумақ түсіндірме өлең жазады.

Спортшымыз Арнабек
Велосипед құрап жүр.
«Сенде рама бар ма?» деп
Көрінгеннен сұрап жүр.

Жинай-жинай әр тұстан
Велосипед құрады.
Шықса бірақ жарысқа
Орта жолда тұрады.

Сегізінші сыныпта осы өлең «Балдырғанда» жариялан­
ды. Сурет жоқ. Соған қарағанда салған суретінен жазған өлеңі
өтімдірек боп шыққ анын аңғарған Көпен сол күннен бастап не­
гізгі күшті өлеңге бұрды. Егер сол жолы өлеңі басылмай, суреті

шығып кеткенде, бәлкім, суретші болып кетуі де кәдік-тін. Олай
болса, сайдың тасындай сықақшымызды бесіктен белі шықпай
жатып өрем қаптырмай сақтап қалған «Балдырғанға» рахмет.
Суретшілігіне қоса Көпен жасында ағаш ұстасы болуды

және армандады. Жасаған кебеже, тағы басқа заттары ауылда
әлі тұр. Қазіргі нарықтың қитұрқысын сол кезде меңгерген ол
қазанның қақпағын жасап, базарда сатты. Мұның мәнісі сол:

арақтың жәшігі 30 тиын тұрады, бір жәшіктен екі қазан қақпағы
шығады, ал әр қақпақ 1 сом 50 тиыннан сатылады. Таза пай­
да 2 сом 70 тиын. Көпен сөйтіп Компартия кекірік атқан кеңес
заманында қып-қызыл капиталист болып шыға келеді. Ұстазы

Әбу деген көрші шал. Шегесін жиде ағашынан жасап қағады,
бетін білдіртпей тегістеп жібереді. Бұл әдістерін шалдың ақы­
лымен ешкімге айтпай, бәсекенің жолын алдын-ала кесіп құ­
пия ұстайды. Сөйтіп жүргенде Көпен аты ұмытылып, бүкіл

Шәуілдірде «Қазанның қақпағын жасайтын бала» атанып ке­
теді. Шәуілдір үлкен. Халық көп. Келе-келе базарға да бармай,
қақпақты жұрт үйден әкетіп, әлі толық Көпен емес, көпенше
кезінде-ақ тасы өрге домалап тұрды. Бір жағы соның буымен

бе, көңілге желік кіріп, махаббат сезімі еліктіріп өзі 10-шы сы­
ныпта жүргенде бір сынып төмен оқитын қызға ғашықтық ха­
тын жазды. Әлгі қыз да жай өле ме: «Бұл Көпен деген кім?»
деп құрбыларынан сұрастырып біліпті. Білгесін, «Әй, ана

қазан қақпағын жасайтын бала ма, қойшы соны» деп қолын
бір-ақ сермепті. Шоңқитқан сол сәлем жеткен күннен бастап
Көпен ұсталықты тастап, таза өлеңімен қалды.
1999 жылы Мәжіліс депутаттығына үміткер боп Арыс қа­

ласында сайлаушылармен кездесіп жүрсе, баяғы қол серме­
ген кесір қыз алдынан шықты. Жылы ұшырап, іші-бауыры­
на кіріп барады. 5-6 баланың анасы екен. Жастық шақты еске
алып: «Сенің осындай атақты адам болатыныңды білгенде мен

сондағы хатыңа басқаша жауап беретін едім ғой» деп күліп
жатыр. Көпен де іле-шала: «Жо-жоқ, қайта мақұл демегеніңе
мың рахмет. Мені осындай дәрежеге жеткізген әуелі құдай, со­
сын сенің «отказың» болды. Саған үйленсем осы күнге дейін

қазанның қақпақшысы болып жүрер едім ғой» деп ағынан жа­
рылды. Иә, сөйтіп қазақ қалжыңының бағына Көпенді құдай
тағы сақтаған екен. «Көпенге дуа жүрмес» деген сөз содан
қалған.

Қайтсін, Көпен де пенде ғой. Сол жолы сатираға сыртын
беріңкіреп, депутаттың жайлы орынтағына қызыққ аны рас еді.
Қазақтың ырымын құйттайынан құлағына құйып өскендіктен
ұстазы Шерхан Мұртазадан бата сұраған. Ол кісі мұрты өрге

шаншыла алақанын жайып: «Ен далада екі түлкі еменжарқын
шүйіркелесіп тұрса, екі-үш аңшы қиқулап кеп қапты. Түлкілер
қашып бара жатып бір-бірінен: «Енді қашан көрісеміз?» деп
сұрапты, дейді. Бір түлкі сонда: «Мына аңшылардың қи­қуы

жа­ман, шамасы біз енді тымақ базарында кездесетін шы­ғар­

мыз деген екен. Көпен мырза, сол айтқандай, енді біз екеуміз
Парламенттің қан базарында қауышайық.
Жортқанда жолың болсын жолбарыстай,
Жүре бер жолбарыстай, жолды бастай! Әумин!» деп шу­

мақты аяғына жеткізбей, жарты бата бергесін бе, әйтеуір Кө­
пен сонда депутаттыққ а өтпей, жарым жолда қалған. Жолы
болғанда саясатпен айналысып кетіп, сатирасы жетімсіреп қа­
лар ма еді? Періштелері бұл жолы да қағып, сатираның сара

жолынан айнытпай алып келе жатқанына шүкіршілік. Әй, бі­
рақ мектеп бітірерде жазған шығармасында «Маркс» деген сөз­
ді тасымалдап екі жолға жазған сабаздан қай бір жөндем сая­
саткер шықсын.

Мектеп бітірген жылы оқуға түсе алмай қалды да, соған
бола салын суға кетірер Көпен бе, ауылға қайтып келіп, Оты­
рардағы халық театрында әртіс болып алшаң басты. Бейімбет
Майлиннің «Жалбыр» драмасында Сайым болыстың, Қалтай

Мұхамеджановтың «Қуырдақ дайын» комедиясындағы бас
кейіп­кер Ережептің, Қанабек Байсейітов пен Қуандық Шаң­
ғытбаевтың «Беу, қыздар-ай» сазды комедиясындағы Әубәкір
ақынның рөлдерінде оттай жанып ойнады. Онымен қоймай,

атқа жеңіл телпекпайдың керімен, гастрольге шыққ анда кон­
церт жүргізуші конференсьенің қызметін де қоса атқарды.
Сайып келгенде, бұл да Көпеннің пайдасына шықты. Сол кез­
дегі азулы сықақшы ағалары Асқар Тоқмағамбетов, Шона Сма­

ханұлы, Оспанхан Әубәкіровтердің езу жиғызбас сықақ­та­
рын сах­нада орындап жүріп өзі де асығын ылғи алшысынан
тү­сірер әзілкешке айнала бастады. Бір күні көрші Шаян ауы­
лының театрында Асекеңнің «Маймұрынға майшелпек» де­ген

сықағын өзінше нәшіне келтіріп айтып тұрса, ешкім күл­мейді.
Бір сұмдықты сезгендей, жүрегі су ете түсті. Ал­дың­ғы қатарда
отырған бір әже: «Әй, әдірем қалғыр, осыдан басқа сықақ жоқ
па? Өткен жолғы әртістер де осыны айтып кетіп еді» деп сам­

бырлап айқай салды. Бұл бір Көпеннің кө­зін аш­қан айна­
лайын айқай болды. Самбырдан сандалып қал­ған са­насында:
«Осы мен ешкім естімеген сықақты неге өзім жазып, өзім неге
орындамаймын!» деген леп белгілі жалаң­төс ой сап ете қалды.

Әмірбектің Көпенін әзілге алып кел­ген жағ­дайлардың ішін­
де Шаяндағы со бір әулие әженің әдірем­қал­ғырының да ор­
ны бөлек.
Хош делік. Өзі Көпен болса, оның бір басының қызығы

бә­рімізге жетеді. ҚазМУ-де бізден екі саты ілгері, төртінші

курста оқып жүргеннің көктемінде «Қазақ әдебиеті» газетінің
ұжымы студенттермен кездесті. Жас ақындар мінбеге бірінен
соң бірі көтеріліп лирикаларын оқып жатыр. Көпеннің де деле­
бесі қозып, тілдей қағазға «Сартаян Сунақин өлең оқығысы ке­

леді» деп жазып жіберді. Поэзия кешін басқарушы Сұлтанғали
Садырбаев ағамыз қағазға бір, залға бір қарап: «Мынаның
аты қайсы, фамилиясы қайсы? Өзі армян ба, немене? Кім де
болсаң шық мінбеге» деп хабарлады. Мінбеге шығуының өзін

әзілге соқтырып, өтірік аты-жөнмен шақырылған Көпен өлең
оқымай жатып жұрт ду күлді. «Көпенге дауа жоқ» деген сөз
осыдан қалған.
Көпен содан баяғы халық театрында орындаған Қалтай

аға­ның комедиясынан үзінді, сосын өзінің екі сықағын оқып
бер­ді. Ақындардың арасында оқылған сатираның дәмі кіріп тұ­
рады-ау, шіркін. Сол арада Қалтай ағасы: «Осы оқыған сы­қақ­
тарыңды ертең маған әкеп бере қойшы, айналайын. Пошымыңа

қарасам біртүрлі жылы ұшырайсың, өзі қожа емессің бе?» деді.
«Жоқ, аға, қожамен тек «қо» деген жеріне дейін ғана туыспын.
Қоңырат боламын» деді Көпен. «Көпенбісің деген!» дейтін сөз
содан қалған. Жә, келесі аптада «Қазақ әдебиетінің» сатиралық

«Бүйенбай пұшпағында» Көпеннің бір топ сары уыз сықақтары
жарқ ете қалсын. Сөйтіп оның сатирасының кіндігін бұдан сәл
бұрынырақ «Лениншіл жастың» «Сүзеген сөзіне» шығарып
Ос­панхан ағасы кессе, енді тұсауын Қалекеңнің өзі кесті. Бұл

1972 жыл болатын.
Көпеннің Алматы мен әдебиетті «жаулауы» осылай бас­
талды. Оспанханның өзі бата беріп, аузына түкірді. Тіпті, ос­
пақ­тың құдайы Осекең «Көпенді Оспанханнан бөтен» дегенің

оңбайсың деп салды. Міне құрмет Көпенге! Қатарларына ше­
гір көз Көпен қосылғанына басқа сықақшылар да мәз-дүр. Жас
қыранды Жарасқан, Шөмішбай ақындар да мойындауға мәж­
бүр. Өйткені, Көпеннің көзі шегір болса да, құдай салмасын,

жүрген жері ду-ду күлкі, гүл-гүл өмір.
Сатираны әркім жазады-ау. Бірақ Көпен әсіресе пародия­
мен ерекшеленді, қан шығармай бауыздайтын бипаз эпиграм­
маларымен бөлекшеленді. Қазақ сатирасына жаңа тыныс, өз­

ге­ше өрнекті мінез келді, сатираның сыңғырлаған сұлу да сы­
пайы, астары қат-қабат нәрлі мәдениеті келді. Сықақты Кө­
пен­ше жазудың төтенше артықшылықтарын оқырман қауым
да бірден байқады. Жас емес пе, жігері де мол. Келе «Са­тира

стадионындағы» жағдайға сараптама жасады, «Сатира» ко­

ман­дасының негізгі құрамын анықтады. Сатира фе­де­рация­
сы­ның төрағалығына Асқар Тоқмағамбетовті қойды. Аға жат­
тық­тырушы Темірбек Қожакеев. Қақпашы Садықбек Адам­
беков. Қорғаушылар: Балғабек Қыдырбекұлы, Сақтапберген

Әл­жіков, Жүсіп Алтайбаев (капитан), Сейіт Кенжеахметов,
жар­тылай қорғаушылар: Ғаббас Қабышев, Есенжол Домба­
ев, Ос­панәлі Иманәлиев, орталық шабуылшылар: Шона Сма­
ханұлы, Үмбетбай Уайдин, Оспанхан Әубәкіров. Үлгі-пі­ші­

мі оң­тайлы табылған осы эпиграммасы фамилиядан тұр­ға­ны­
мен, қазақ әдебиетіндегі сатира-сықақ саласының жай-күйін
са­рап­тап бергендей әсерде қалдыратын. Ойпырмай дей­мін,
сол кезде Көпеннің өзі бұл майталман команданың «за­пас­та­

ғы» ойыншылар сапына да кірмепті. Ал қазір сатира «фе­де­ра­
ция­сының төрағалығына да, капитандыққ а да, сұрмер­ген ор­
талық шабуылшылығына да – қайсына қойсаңыз да қара­ғай­
дай қасқайып жарап-ақ тұр.

Көпеннің 1977 жылы «Жұлдыз» журналына шыққ ан, ақын
Мұзафар Әлімбаевқа арнаған эпиграммасы әлі күнге есіміз­
де. «Минерал су құрамы мыналардан тұрады. Мұзағаңның құ­
рамы мыналардан тұрады» Осындағы Көпен күлкісінің құ­ді­

реті сонда, натрий, кальций, хлор, грамм, процент деген сөз­
дер­ді де шуақты әзілге, әдеби жанрдың әбзелді сөз, әдемі
бұйы­мына айналдырып жібереді. Көпеннің болмаса, адам­ның
миына келмейтін нәрсе. Мұзағаңды бұтарлап, жіліктеп, шы­ғар­

ма­шылығындағы лирика, мақал-мәтел, жұмбақ пен жаңылт­
паш мөлшерін пайызға шағып саудыратып алдыңызға жайып
тастайды. Сондағы ең бір ғажабы, Мұзағаңның образы, әде­
биет­тегі бітім-болмысы көз алдыңызда қолмен қойғандай қаз­

диып тұра қалады. Өңшең ығай мен сығай Көпеннің пародия-
эпи­граммаларының азығына, арқауына, кейіпкеріне айналды.
Қал­тай Мұхамеджанов, Шерхан Мұртаза, Тұманбай Мол­да­
ға­лиев, Ғафу Қайырбеков, Қадыр Мырзалиев, Мұқағали Ма­

қа­таев, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов. Айтып тауы­
са алмаймыз. Пародиядан соң пародия, эпиграммадан соң
эпи­грамма, сықақтан сықақ, кітаптан кітап туындап жатты.
«Аты жоқ кітап», «Алып», «Тілім қышып барады», «Қысыр

әң­гіме», «Ауызбастырық», «Мың бір мысал», «Неменеңе же­
ті­сіп күлесің?», «Өзіңді танисың ба?», «Із», «Көкемнің көзі»,
«Көпен келе жатыр!..», «Па, шіркін, пародия!..», т.б. са­ти­ралық
жинақтары қазақтың күлкі сүйгіш қауымымен, Абай атамыз

айт­пақшы, қытықсыз араласып кетті.

Ал енді бұ жалғанда қытықсыз араласудың һас шебері
Кө­пен екен. Олай дейтініміз, баяғыда «Қазақстан» телеарна­
сын­да «Қымызхана» әзіл-сықақ бағдарламасы шыққ анда, одан
соң «Тамаша» ойын-сауық отауы бой көтергенде солар­мен

Кө­пен бір үйдің баласындай біте қайнасып, бір бү­тін­дей бір­
лесе қалыптасты. Авторларының ішіндегі белдісі де, бел­гі­
лісі де өзі болды. Жас сатириктердің Москвада өткен бү­кіл­
одақтық кеңесінде жүлделі болған тағы біздің Көпен. 1980

жылы «Ара» журналында Қазақстанда 1929 жылы 1 милли­
он 600 мың болған түйе түлігінің мұңын мұңдап «Түйенің
қай жері түзу?» деп жазған мақаласы үшін министр Мото­
рикодан алғыс естіп, журналистика саласынан тағы лауре­

ат атанған да Көпен еді. «Егеменде» де біраз екпіндеген. Ой­
пырмай, таза журналистикамен кетсе, бізге нан жегізбейтіннің
нағыз өзі екен. Әйтеуір, «Қазақ әдебиеті» газетіндегі сырлы
сұхбаттары, тұшымды толғаныстары, «Ара» журналын қайта

жандандырған қайраткерлігі үшін Президент грантын алған
соң саябырлап тоқтады ғой қайта...
Бұл Көпеннің 50-ге толып еліне барғаны да бір қызық. Сол
кезде еш жерде жұмыс істемейтін еркетотай-тын. «Көпен келе

жатыр!..» деген өзінің театрға бергісіз әзіл-сықақ тобын құрып,
республиканың о шеті мен бұ шетін шиырлап жүрген шағы бо­
латын. Тобыңыз не, бұрынғы Біржан салдар мен Ақан серілер­
ге ғана айтылар «Бір өзі – бір театр» деген орайлы бағаны мар­

ха­матты министр Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Көпеннің қара
ба­­сына құндыз бөріктей кигізіп беріп салған шағы болатын.
Бі­рақ бұл атақ ресми болмағандықтан, визиткаға жазуға жара­
майды. Қайран Көпен бұл тығырықтан да жол тапты-ау. Сон­

да Шымкент, Шардара, Сарыағаш, Отырар, Бәйдібек, Түр­кіс­
танда сүрініп-қабынған қалың елге таратқан визиткасына «Кө­
пен Әмірбеков атындағы сыйлықтың лауреаты Көпен Әмір­
беков» деп жазды. «Көпеннің таппайтыны жоқ» деген сөз со­дан

қалған. Тапқаны рас. Е, бұл пақырда өзі атақты сатирик бола
тұра өз атындағы сыйлықтан басқа дәнеңе жоқ екен ғой деп,
көп ұзамай Көпен-әкәнің төсіне «Парасат» орденін қа­дады, ха­
лықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды.

Шынымен де, қазіргі тапқырбектер мен айтқышбектердің
атасы Қадыр болса, ендігі әкесі Көпен боп бара жатқаны ол
да рас. Әбдіраштың Жарасқаны 50 жылдық мерейтойын Рес­
публика Сарайында өткізіп жатқан. Әттегене, өзімнің сати­рик

екенімді ұмытып кетіппін-ау деп, құттықтаушылар ті­зі­міне аяқ

астынан Көпен досын кіргізді. Ол болса көп кө­рер­менің бірі
ғана боп дайындықсыз келген. Той жақсы басталып өтіп жа­
тыр. Жарасқан ақынның сөзіне жазылған әйгілі әндер, теңіздей
толқыған поэзиясы. Біреу телевизор, біреу кар­тина, біреу кілем

сыйлап, шапан жабылуда. Халық әртісі Асанәлі Әшімов «Қыз
Жібек» фильмінде қолданылған қас­терлі жәдігер – Бекежанның
садағын сыйлады. Соларды көріп жү­регі шайлыққ ан Көпен:
«Аяулы досқа менің тартуым не бол­мақ?» деп қобалжыды. Ақы­

ры, тапты! Сол арада, бас-ая­ғы он-он бес минут ішінде әдемі
әзіл өлең туды. Жан дос Жа­расқаннан аяр түгім жоқ. Бірақ үй
сыйлайын десем, үйің бар. «Волга», «Жигули», «Москвич»,
«Запорожец», «Иномарка» да сыйлар едім... Бірақ...

Жарасқан-ау, сен ертерек шошынба,
Мұндай сыйлық сыйлай алмас досың да.
Автомобиль тез тозады,
Тозбайтын

«Авторучка» әкеп тұрмын осында! –
деп жол тауып кеткен Көпенге де Республика Сарайындағы
мыңдаған көрермен сонда қошеметті көп көрсеткені есімізде.
«Ең үлкен сыйлық сенікі болды, Көпен, қаламгерге қаламнан

артық не керек!» деген разылық сөзі басқа емес, нақ сол кеште
жыр тұмасы Тұманбай Молдағалиевтің аузынан шығып еді.
1991 жылғы тамыз бүлігінің қаһарманы Нұрмахан Ораз­
бек ағамыздың мерейтойында: «Ерлік жасап, ел аузында ба­

тыр атанғаныңыз үшін әуелі Ленинге, Коммунистік партия мен
Совет өкіметіне, ГКЧП-ға рахмет айтыңыз. Солар болмаса сіз
кімдерге қарсы күресер едіңіз, ерлікті қайтіп жасар едіңіз?»
деп жиылған жұртты қыран-топан күлдірген де Көпен бола­

тын. Осы биыл журналистердің ұстазы Әбілфайыз Ыдыры­
сов ақсақалдың 80 жылдық салтанатында Қазақстан Жазушы­
лар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин: «Мен туған жы­
лы Әбілфайыз аға КазГУ-ге оқуға түскен екен» десе, ҚазҰУ

ректоры Бақытжан Жұмағұлов: «Мен туған жылы Әбілфайыз
аға КазГУ-ді бітірген екен» деп жалғастырды. Сөйтсе Көпен
шығып: «Ал мен туған жылы Әбекең ұстазым не істеді десем,
мен туған жылы ол кісі Заря тәтеме ғашық болып жүрген екен

ғой» деп жиылған жұртты мәз қылып, басталған әңгіменің
бәденді леп белгімен нүктесін қойды. Міне, Көпен осылай.
Қай жерде де тауып кетеді, алмас кездіктей асыл сөзімен жа­

рып шығады. Ғабең – Ғабит Мүсірепов Ғафу Қайырбековтің
дес бермес қара тіліне сүйсініп: «Ғафудың тамадалығының
өзіне Госпремия беруге болады ғой» дейді екен. Сол айтқанға
орайласақ, Көпеннің де асабалығы – бір вагонға жүк, әртістігі

– бір театрдың мүкәммалы, айтып тастайтын әрбір сөзі – бір

қаралық.
Көпеннің бір жақсы жері, өзіме ғана болсын демейді, ұс­
таздарын да ескере жүреді. Оспанханның 60 жылдығын Рес­
публика Сарайында, 70 жылдығын Алматы облысының әкімі

Серік Үмбетовтің ықыласымен туған жері Ұзынағашта дү­ріл­
детіп өткізуге мұрындық болды. Үмбетбай ағасы жөнінде сыр-
сұхбат кітабын жазып шықты. Мерейтойлары тұсында Асқар
Тоқмағамбетовтің, Шона Смаханұлының бір-бір томдық кітап­

тарын шығаруға ат салысты. Ал өзі болса «АраKZ» саяси-қо­
ғамдық сатиралық журналын шығарумен бірге Қазақ радио­
сы басшыларының бірі болып жемісті еңбек етіп жүр. Жай
жүрген жоқ, «Жұма сәлем» деген өлең мен қара сөз аралас, қо­

ғам түйткілдерін толғайтын кітап жазып жүр.
Атын Көпен деп әжесі қойыпты. «Осы не мағына береді?»
деп «Қазақ есімдері» деген кітапты парақтаса, көпен деп жал-
жал боп шабылған шөпті айтады екен. Он шақты көпен жиы­

лып көпене болады. Он шақты көпене – шөмеле. Сонша шө­ме­
леден мая құралады. Үйдің тұңғышы болғасын алғашқы орым
шөп деп ырымдап әжесі атын Көпен қойған екен-ау. Қазір 82-
ге келіп, тұңғышының алпысын тойлағалы отырған шешесі

Жұлқар 10 құрсақ көтерген ардақты ана, бір әулеттен тараған
мая-мая ұрпақтың саялы әжесі. Көпен соның алғашқы дестесі
және ең көркем кестесі. Сонымен бірге Көпеннің елге етіп
жүрген еңбегі де, шұрайлы шығармалары да, жұртына шаттық

сыйлаған әзіл-күлкісі де мая-мая. Көпеннің өзі, Шерағаңның
сөзімен айтқанда, қазақ халқына керек тұлға.
2010 ж.
Айсберг астындағы ағыстар

Жазушы Тұрысбек Сәукетайдың ар ісіне
адалдығы хақында

Әлі есімде, 1989 жылдың соңына таман «Жұлдыз» жур­на­
лының проза бөлімінде жаңа қызметкер, ақын Рафаэль Нияз­
беков екі-үш жылдан бері көбесі сөгілмей шаң қауып жат­

қан көп қолжазбаның ішінен жөргем іліктіргендей іліп тү­сіп
«Құзғын тойған қыс» атты хикаятты оқып шықты да, ұна­тып,
кезекті нөмірге ұсынды. Журналға әп деген албеттен-ақ жөн­
дем дүние ұсыну Рафқаңның өзіне де абырой. Әрі бас ре­дактор

болып келгеніне әлі бір жыл тола қоймаған Мұх­тар Ма­ғауин­
нің талабы «Жұлдызды» жақсарту, жаңарту, арыстарымыздың
ақталуына орай ұлттық рухпен жаңғырту ыңғайынан табылып
тұр еді. Әсіресе жас, жаңа есімдерден үміт күтетін, таңның та­

за самалындай жамалды жаңалық іздейтін. Сол іздегені жаңа­
ғы хикаяттан табылып, оның авторы Тұрысбек Сәукетай шы­
ғар­масы журналға шықпастан бұрын әуелі өзі «Жұлдызға» қыз­
метке шақырылған болатын. Хикаятты қолжазба күйінде оқып

көңілі толған бас редактордың орынбасары, марқұм Рама­
зан Тоқ­таровтың сонда лапылдап балаша қуанғаны да жады­
мыз­да. «Ай, Мұхтар, бұл жігітті дереу «Жұлдызға» алу ке­
рек» деп кеу-кеулеп ай-шайға қаратар емес. «Жұлдызда» жұ­

мыс істеу бақыт деп санайтын, ашаршылық туралы бір по­
весть жазу өзінің де қиялында жүрген жауапты хатшы Ахат
Жақ­сыбаев та Рамазан ағаның ұсынысын құптайтын сыңайлы.
Тек «Жұлдызға» шықпақ оңай ма, сол қуанышты Тұрысбек

сүйін­ші­летіп келіп өзімізге «жуып» кеткен Рафқаң екеуміз ға­
на «қап, әттеген-ай, келмей тұра тұрса болар еді, повесі ен­
ді кейін ысырылып, кешігіп шығатын болды-ау» деп өкінетін
сияқтымыз. Өйткені, тәртіп солай-тын. Десек те, қатарымызға

Тұрысбек қосылғасын ортамыз бұрынғыдан толып, берекеле­
не түсті. Тұрсын Жұртбаев басқаратын проза бөлімі нығайды.
Келер жылы журналға повесі де шықты. Тұрсын М.Әуезов
музей-үйінің директоры болып кеткен кезде елдің бас әдеби

журналының проза бөлімінің тізгінін ұстауға Тұрысбек лайық
деп танылды. Оның пайымды пікірін сол кездерде «Жұлдызға»
шы­ғармалары шығып жататын Шерхан Мұртаза, Қабдеш Жұ­ма­
ділов, Қалихан Ысқақ, Бекежан Тілегенов, басқа да біраз үлкен

жазушылар ілтипатқа алып тұрды. Кейін жауапты хатшының
да қызметін атқарды. Рамазан аға зейнетке шыққ анда М. Ма­
ғауин еш ойланбастан редактордың орынбасарлығына қалам
қуаты жағынан да, азаматтығы тұрғысынан ең сенімді серік

іні­лерінің біріне айналған Тұрысбек Сәукетайды жылжытты.
Бара-бара журналды жоспарлау, жасау, автор тарту, редакция
ішілік жұмыстың бар билігін беріп қойды. Бұған дейін 16 жыл
табан аудармастан «Қазақфильмде» аударма бөлімін бас­қар­

ған Тұрысбектің еңбек кітапшасындағы екінші жазу әлі күн­

ге өзгермеген. Біздің досты Жазушылар одағының сол бая­ғы
үшінші қабатындағы «Жұлдыз» журналының редакциясынан,
есігінің сыртына «Бас редактордың орынбасары» деп жа­зыл­
ған бөлмеден табасыз.

Бұл дегеніңіз Тұрысбектің өмірдегі тұрақтылығының, кә­
сіп пен мұратқа адалдығының бір көрінісі болар. Ал енді жо­
ғарыда тілге тиек еткен, оның «Жұлдыз» журналына аттай
қаланып шақырылуына себепші болған «Құзғын тойған қыс»

хикаятына айналып келер болсақ, бұл жалпы әдебиетіміздегі
сонау 32-ші жылғы сойқан ашаршылық туралы ащы шындықты
ашып айтқан алғашқы соқталы туындылардың бірі болуы­
мен қатар, автордың жазушы ретінде жан-жақты толысып қа­

лыптасқанын аңдатты. «Сүйек» деп аталатын бір тарауы «Еге­
мен Қазақстанда» да жарияланған. Ауыр салмақ, қазақтың зіл­
мауыр қасіретін арқалаған осынау хикаяттың басынан аяғына
дейін мұңға бөленген сыршыл суретті сұлулығын бір сәтке де

жоғалтпай алып шыққ андығына қайран қалғандайсың. Ашар­
шылық нәубетіндегі адам тағдыры, бір отбасының ошақ оты­
ның аянышты азаппен сөнуі арқылы бүкіл халықтың басы­
на түскен қасіретті шебер өріп, нанымды бейнелеп, тереңдей

ашып көрсете білген. Асыл білезігін жарты шелек талқанға
айырбастаған бір кездегі байдың сылқылдаған сұлу қызы,
адам етін жемек болғанда қақпанға түскен... адам, шөмеледен
тыш­қан аулаған бір кездегі жігіттің сұлтаны, сал-сері, саятшы

Нұр­бек. Уәкіл Николай Исакович: «Демек, бұл «Социализм»
колхозының жеріндегі жүз жетпіс үшінші өлік де. Ұмытпай
жазып қой» дейтін бір ғана штрихтан аждаһа алапаттың ау­қы­
мы анық аңғарылады. Осындай сұмдық трагедиялық сурет­

терге толы повесті Тұрысбек роман қылуға да ниет еткен-ді,
бірақ осы алғашқы аса бір шынайылықпен мұңды мүсін бо­
лып құйылған, көз бен көңілге бірдей ыстық қалпын бұзғысы
келмепті. Біз де сол шешімін құптадық.

«Құзғын тойған қысқа» дейінгі әңгіме-хикаяттары да өзін
сыйлайтын кез-келген қаламгердің тақиясына тарлық етпей­
тін Тұрысбектің студенттік шағын көзге елестетемін. Орынды
жерінде тауып айтар әзіл-қалжыңға да ұста, сабырдан да жаз­

байды, бірақ көбіне-көп саяқ жүреді. Елдің бәрі шетінен ақын.
Бір жігітіміз: «Мен прозаикпін!» деп салды. Сол досымыздың
қырық жылда бір әңгімесі көзіме түспей кетіп барады. Тағы
бір сақалау жігітіміз: «Жазбайын демейсің. Бірақ тоқсан том

жазған Толстой не болды? Әне, соның бәрін ойлайсың да жаз­

байсың. Әйтпесе, талай кітапты біз де шығарып тастар едік»
деп жазушылықтан баз кешті. Тұрысбекті ғалым болар деп ой­
лайтынбыз. Ұстазымыз профессор Хайыржан Бекхожиннің
же­текшілігімен Шоқан шығармаларында патшалы Ресейдің

ас­тарлы мысқылмен сыналуын ізерлеген ғылыми жұмысымен
Қа­зан қаласында өткен студенттердің бүкілодақтық ғылыми
кон­ференциясына да қатысып келіп еді. Дегенмен ғылымға
одан әрі тереңдемеді, Қазаннан кері қайтты. Бірер жыл бұрын

кур­сы­мыздың бір серкесі: «Шіркін-ай, Тұрысбек ғылыммен
сол бетінде айналыса бергенде ендігі академик болып отырар
еді» деген сыңайда өкініш білдірді. Өз басым осы пікірді қа­
был­дай қоймадым. Себебі, жазушылық өнерді Тұрысбектің

та­би­ғатына тәңірім өзі тарту етіп дарытқан сияқты болып кө­
рінеді маған.
Еліміздің шығысынан, Алтай өңірінен шыққ ан талантты
жазушылар үлкен бір шоғыр. Солардың бел ортасынан ойып

орын алған Тұрысбектің бала қиялын ең әуелі Күршімнің сұ­
лу табиғаты әлдилеген болар. Ақсуат деген алтын бесік ауы­
лы Зайсан көлінің теріскей жағасында, сонау Марқадан маңып
аққ ан Қалжыр өзенінің сағасында, тылсым сырлы то­раң­ғы то­

ғайларының арасында жатар еді. Бұқтырмада бөгет са­лын­
ған­да Зайсанның суы көтеріліпті. Әйтпесе, бұрын тая­зы­рақ
екен. Баяғы қалмақ-қазақ жаугершілігінің заманында көл ас­
тындағы жүлгелерді білетін бабаларымыз Зайсанның бір бе­

тінен екінші бетіне жалдап өтіп, жауды адастырып кететін кө­
рінеді. Көл жағасы құрақ қамыс, мия, жусан, ақ құм. Ба­лық­
шы ауылдың балалары рахат кешіп, ұзақты күн шомылады.
Қайық, катерлердің үстінде ақ шағалалар шаңқылдап қа­лық­

тайды. Осынау ғажап суреттер бала қиялына қанат бітіреді.
Ауылдың жаз жайлауы – Барлыбай тауында. Әкесі Рахме­
толла бақташы, момын адам. Өз бетімен мұсылманша оқыған,
арғы аталарынан бері намазын қаза қылмаған діндар. Әкеге

ерген бала Тұрысбек Барлыбайдың барлық қоныш-қойнауы,
қолат-қолтықтарында бұзау бағып, біте қайнасып өседі. Ондағы
Алабие, Жіңішке, Кесік, Қайрақты, Қабақ деген жерлердің әрбір
бұта, әр тасымен сырласып күн кешеді. Бұраңдаған Бұқтырма,

мұнарланған тау шатқалдары, одан әрі Қатонқарағай. Барлы­
бай биігінен бақташы балаға осы ғажаптың бәрі көрініп тұ­
рады. Өркештене сатылай биіктеген Алтай таулары осынау
ұлы көшімен аспан жаққ а сапар шегіп бара жатқандай. Биігін­

де мәңгі қар. Етегінде самырсын, қарағай, қайың. Сай-сала то­

лы таспен тармасып ұйысқан үшқат, қарақат, таңқурай, жарға
жармасқан тұшала. Осы бұла табиғат, туған жердің қасиет-
киесі мен толайым тамашалары Алтайдың Қалихан Ысқақ,
Оралхан Бөкей, Әлібек Асқаров сияқты жүйрік жыршылары­

мен қатар Тұрысбек Сәукетайдың да әсіресе хикаяттар топта­
масында бірінен екіншісіне ауыса отырып, әсем эскиз-сурет­
термен, жадында жәдігердей сақталған көрікті слайдтармен,
мәйекті тілмен әдемі жырланған дер едік.

Сөйтіп Күршімде ес білгеннен жан дүниесі табиғатпен
жарасым тапқан ойын баласы бірте-бірте басқа бір қызықтың
сорабына түседі. Ауылға келген автодүкен алған заттың қалған
ақшасын қайтармай, орнына кітап бере салатын көрінеді. Кей­

біреулер бұған келіспей дауласып жатса да, дәл осынысы Тұ­
рысбектің қолайына қона кетті. Кітап көп, үйіліп жатады. Әде­
биет жаңа серпінмен дамыған алпысыншы жылдардың орта­
сы. Батырлар жырын тауысқан бақташы бала енді Ғафу, Ізтай,

Шәміл, Әділбек, Сағи, Тұманбай, Қадыр сияқты аузымен құс
тіс­теген арқалы ақындарға ауысты. Бір әрпін қалдырмастан құ­
нығып оқиды, үсті-үстіне қызығып оқиды. Өстіп жүріп өлеңнің
құдіретімен біздің Тұрысбегіміз сөз сиқырына арбалған екен-

ау. Арбалғаны сол, өлең оның жүрегіне дерт болып байланды.
Өзі де өлең жаза бастады. Жаны шуақ, көңілі шат, сезімі бұла.
Кеудесі тұнған романтика. Жүрек әлдебір құштарлықпен ла­
пылдап жанады. Жотаның басына шығып алып көкірегін керіп,

көзі буланып, айнала төңірекке ұзақ-ұзақ қарап тұрар еді. Ауыл­
ды айнала қоршаған табиғат өлеңіне өрнегін салатындай. Со­
нымен бірге еліктеуі де, солықтауы да бар сияқты. Не керек,
алғашқы өлең Күршімнің «Коммунистік еңбек» аудандық га­

зетінде тасқа басылып шыққ ан күн де жеткен. Одан шалдарға
Алпамыс пен Қобыландыны заулатып оқуы қосылып ақын ба­
ла атанды. Келе-келе ақын балаңыздың өлеңдері Алматыдағы
«Қазақстан пионері» Өскемен облыстық «Коммунизм туы» га­

зеттерінің беттерінен жиілетіп көрінуге айналды. Осы тұста
облыстық газетте Марат Қабанбаев, Асқар Егеубаевтар жары­
са, қатар көріне бастады. Газетте құлаш-құлаш өлеңі шы­ғатын
оқушыны мектеп алақанында ұстады. 1967 жылы «Советтік

менің Отаным» атты республикалық конкурсқа бір дәп­тер по­
эма жазып, айды аспанға шығарғаны және бар. Құ­дай салма­
сын, қыздар хат жазып, көп достар тапқан.
Ақын бала әдебиетті ғана емес, математика, физика, химия

пәндерін де ұнатып жақсы оқыды. Оқушылық олимпиадалар­

да тәуір нәтижелерге жетіп, мектеп бітірерде Ленинградтың
ки­ноинженерлер институтына шақыру қағаз алған. Арман­
шыл жас алабұртқан көңіл толқуымен құжаттарын әуелі по­ли­
тех­никалық институтқа тапсырса да, одан қайтып алып «нар­

хозға» түскен. Бір жыл кілең беске оқыған студентті Мос­ква­
ның Плеханов атындағы қаржы институтына жіберген. «Ба­лалық
қой, бармай қалдым» дейді өзі. Ал, шындығында, көңіл­ден
ақын болсам деген арман кетпей қойған. Сол арман ақы­ры ма­

тематика, физикалардан, «нархоздан» да ат құйрығын кес­тіріп,
1970 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетіне алып кел­
ді. Қазақтың қазіргі қабырғалы қаламгері Тұрысбек Сәу­ке­
тайдың айсберг астындағы ағыстардай жұрт біле бермей­тін өмір

бетінің бір айшығы осындай.
«Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?» деп ұлы ақын айт­қан­
дай, өз армандастарының арасына қосылғаннан кейін де көңіл
тыныштық бермеді. Айсберг астында басқа ағыстар пайда

бол­ды. Өзінің өлеңнен гөрі прозаға бейімділігін сезіне бер­
ді. Ал­ғашқы бір-екі әңгімесінің біз де дәмін алып көргенбіз.
Сол кезде «эйфория», «экстаз» деген әңгімеде қолданылған
сөз­дердің астарлы мағыналары жайында пікір алысқанымыз

да есімде қалыпты. «Дос жүрегі» деген әңгімесінде жан сы­
рын өлеңдегідей ақтарғаны бар еді. Өлеңнен кете алмай жүр­
гені болар деп ойлаймын. Кейінгі шығармаларының бар­лы­
ғын­дағы көп жазушыларда кездесе бермес тұнып тұрған по­

эзия, ішкі сыршыл үндестік, нәзік лиризм лүпілі тоқтамаған
сол ақындығының себебінен болар деп шамалаймын. Қалай
бол­ғанда да, өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ортасына та­
ман Тұрысбектің мөлдіреген, тұма тұнықты тырнақалды әң­

гі­ме­лерінің жарияға шығуына жол ашылмай қалмады. «Жа­
лын» журналында «Өзектегі өрт», «Жұлдызда» «Тасбақаның
қабығы» іспеттес әңгімелері жарияланды. Сол жылдарда жаз­
ған шолу мақаласында қазіргі көшбасшы қаламгеріміздің бі­

рі Мұхтар Мағауин болашағынан үміт күттірер жас жазу­шы
ретінде Тұрысбек Сәукетайды бөле-жара атаған болатын. Бұ­
дан соң осы жас жазушының қолайына дөп келер қой асы­ғын­
дай алшы түсіріп отырар жанры повесть болғаны да көз ал­

дымызда. Сырлы-мұңды «Жанартаудың жалыны», «Айлы түн
еді», «Шаңырақтан түскен күн» хикаяттары бірінен соң бірі
жазылды. Осы таңғы шықтай таза сезімге, ізгілікті ардақтауға
құрылған хикаяттар үш мәрте – бір рет бірінші, екі рет екін­

ші «Жалын» сыйлығын еншілегенде алыс Көкшетауда жатып

Тұрысбектің табысына, қазақ прозасындағы сәтті қадамдарына
қуанып едік-ау.
Одан бері де отыз жылдай уақыт зымырап өтіпті. Сол ал­
ғашқы повестердегі ұстанымы мен ұсталығынан жазбаған Тұ­

рысбек Сәукетай бұл күндерде өнегесі мол, өрісі кең, қа­лам­
герлік парыз үдесінен шыққ ан, шынайы суреткер жазушы.
1998 жылы «Жазушы» баспасынан шыққ ан, халықаралық
«Алаш» сыйлығын иеленген «Көлеңкелер патшалығы» кі­та­

бын­­дағы жоғарыда айтқан «Құзғын тойған қыс» хикаяты бас­
татқан серек-серек салиқалы повестер топтамасы, Желтоқсан
оқиғасынан кейінгі қазақ қоғамының қатпарларына үңілген, ал­
ма­ғайып шақтың қараңғысында қарманып жол іздеген халық

рухының жаңғырықтарын аулаған «Айқараңғысы» және «Жел­
қайық» сияқты кең тынысты, биік өрелі, соны сипатты күрделі
романдары жазушының қазіргі әдебиетіміздегі орнын осылай­
ша биік бағамдауға негіз береді.

Бәрі бәйгелі болған алғашқы кездегі шағын повестерін
бы­лай қойғанда, Тұрысбектің «Көлеңкелер патшалығы» жи­
на­ғына енген таңдаулы хикаяттарының тартымдылығы қан­
дай десеңізші! Әдемі жырдай оқылады. Тілінен Алтай бау­рай­

ла­рындағы көкорай шалғынның сыбдыры естіледі, жұпарлы
лебі еседі. Кейде бір ерке бұлақтай сылдырап, қыз шолпы­
сындай сыңғырлағанына еріксіз сүйсінесің. Сезім суреттері,
ауылдағы өмір суреттері, бал мінездер, балдәурен балалық

елес­тері ғажап. Өзіңіз де «Мұң перделеген терезеден» қа­ра­
ған­дай боласыз. Әйәш қонжық аю сіздің де бір аяулыңыз бо­
лып, көңіліңіздің төрінен орын алады. (Мен, тіпті, сол қонжық
тағдырын өлең-балладаға айналдыруға Тұрысбектің рұқсатын

да алып қойып едім). Соның бәрін бастан өткерген, өзгермеген
дүниеге өзгерген көзбен қарап тұрған Тұрысбектің бала кейіп­
кері Том Сойер, Геклберри Фин, Қожа, Чук және Гектермен қа­
тар өмір сүруге хақылы, сол атақтылармен тең праволы сияқ­

ты көрінеді маған. «Бесінші «Б»-дағы Бетховен» де солай. Әр
хикаяты қандай да бір салиқалы әңгімеге, тиянақты талдауға
өзек болғандай.
Тұрысбектің біз ұнатар бір ғажабы сол, жан дүниесінде де,

шығармашылығында да жүрекке жылы тиетін адамсүйгіштік,
әлдебір шапағатты мейірім шуағы бар. Барлық бітім-болмысы­
мен, парасаттан таймас парықтылығымен құйылып үндескен
осы ізгі махаббатшылдығын оның аялай білетінін, табан тіреп

қорғай білетінін көріп те жүрміз. Жүрегінің тұңғиық түбінде

әділеттілік орын тепкен. Сөз өнеріндегі де, өмірдегі де айны­
мас кредосының тиянағы осында жатыр дер едім. Арына кір­
шік шалдырмас жазушының жан тазалығы, әдебиет киесіне
адалдығы, әрқашан да түптен тартар, әділетке жүгінер байып­

тылығы біз барлап өткен қасиеттерден бастау алатын сияқты.
Нақ осыларды қаламгердің шынайы суреткерлігін түзілдірген
айсберг астындағы және бір ағыстары деп білгеніміз де құба-
құп.

Бір-біріне ұқсамайтын бірталай кейіпкерлер галереясын,
әде­биетте өзіне тән әлемін жасаған жазушы бойынан әлі де
«ұқ­сата алмай келемін-ау» деп шамырқана өкінетін Қасым
ақын­ның қанағатсыз тойымсыздығын байқайтындаймыз. Ол

жа­зушы нені жазатынын, қай тұрғыда жазатынын айқындап,
анық білуі керек деп есептейді. Сондықтан, әу бастан ұлт тағ­
дырын, Алаш мұратын қаузаған, кеңестік кезеңде де сол те­мір­
қазықтан таймаған Мағжан, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Ма­

ғауиндер ұстанымын тұтынды. Өзін халықтың, қоғамның бір
бөлшегі, иненің жасуынан да кіші жасушасы деп сезінді. Абай
айтқандай, таңдаулы жазушылар да замана зарын шертіп, өз
қоғамына кірпіш болып қаланғаны мақұл. Соған қоса та­лант­

тың тағы бір жалғыз өлшемі сол, оқылатын шығарма жазу
керек. Жазғанынан жан дірілі, өмір тынысы мен алуан боя­
уы көрініп тұрмаса, ол шығарма емес. Олай болса, Тұрысбек
Сәукетай өз шығармаларында шынайы өмірді көрсетуге, қайт­

кенде де өмірге барынша жақындауға тырысып баққ анын және
сол мұратқа жеткенін көреміз.
Осы тұрғыдан келгенде қазақ өміріндегі үлкен бір соқ­та­
лы кезең – Желтоқсан оқиғасы мен одан кейінгі жылдарды ай­

қын көр­кемдік тұжырыммен, тарихи мән-маңызына һәм пси­хо­
ло­гиялық ас­тарлы иірімдеріне терең үңіле, талқандалған адам
тағ­дыр­лары арқылы, солардың жан-дүниесі мен сана-се­зі­мін­
дегі қа­сіретті өзгерістер арқылы көрсететін ірі көркем по­лот­

ноға тәуекел етуін Т. Сәукетайдың суреткерлік батылдығы деуі­
міз керек. Алғашқы романы – «Айқараңғысы». Мұнда ай­қа­раң­
ғысындай өтпелі уақыт, бұл да өтер, мәңгі қасірет жоқ деген
астарлы тұспал жатыр. Уыз махаббаттарының қуанышына у

құйылған Әзиз-Сұлтан мен Сәбираның күйреген бақыты. Қо­наев,
Ол­жас Сүлейменов, Горбачев, Лигачев ақиқат аясында өте на­
нымды бейнеленіп, романның әсерлілігін арттыра түс­кен. Мой­
нына бұғалық түспеген бұла жастықтың алаңға селдей ақ­та­

рылып шығуы керемет-ақ. Бұрынғы дәстүрлі роман тү­сі­ні­гінен

фор­масы да, мазмұны да бөлек, композициялық тү­зілімі, пси­
хологиялық шегіністері, кейіпкерлердің жан-жақтан жо­сылып
ақ­қан бұлақтардай ақырында бір арнада тоғысуы не­ғұр­лым ер­
кін қа­лып­талған романда баяндау жоқ, бәрі суретпен, оқи­ға­

мен өрі­ліп беріледі. Мінезге бай, бейнелі сырбаз тіл дәмі таң­
дайыңызда қал­ғандай. Ағыны байсал, шым-шымдаған шы­мыр
те­геу­рін­ді, тол­қындаған иірімі мол қазағымның қаптал тілі.
«Айқараңғысы» – азат та бостан Қазақстанның жаңа та­ри­

хындағы соқталы кезеңдерді кең тыныспен қамтитын, эпо­пея­
лық мақсат көздеген романдар циклының тырнақалды туын­
дысы десек, екінші роман «Желқайық» Желтоқсаннан бастап
тәуелсіздік алғанға дейінгі қазақ қоғамының әлеуметтік-пси­хо­

логиялық тұрмыс пен тіршілік күйін, ой-санасының аума-төкпе
ағындарын зерделейді. Бұл екі роман да кезінде «Жұлдыз»
журналында жарияланған, оқырман қауымнан жоғары бағасын
алған. Тек сыншылар мен жазушы ағайындар «Көрмес түйені

де көрместің» кебімен жұмған ауыздарын ашар емес. Оқта-тек­
те көзіміз шалып қалады, жақсы нәрсені көрмеуге шеберленіп
алыппыз. «Тәуелсіздік жылдарын көрсететін дәнеңе жоқ» деп
ауызды қу шөппен сүртіп, қара аспанды жаудырамыз. Марқұм

Бекежан Тілегеновтің көп шындықтарды алғаш шырылдатып
айт­қан «Қара жел», «Сексен алтыншы жыл» сияқты кесек те
кемел романдарына Мұхтар Мағауиннен басқа ешкім жы­лы
сөз айт­пады. Рамазан Тоқтаровтың аққ у әніндей «Бітеу жара­

сы» жайлы ешкім жұмған аузын ашпайды. Дәл осы Ра­ма­зан
ағамыз осыдан он жыл бұрын, қайтыс боларынан он күн бұ­
рын Тұрысбектің 50 жылдығында өзі жақсы көретін қаламдас
інісінің қоғам мен заманның толғақты мәселелерін толғап жүр­

гені жайында тебірене сөйлегені көкейімнен кетпейді. Сол
тебіреністі тірілтсек, ұлы мәртебелі Тәуелсіздігімізді те­рең
қат­парларымен қопара, мейлінше кең ауқыммен паш ете жыр­
ғай зерделеп жатқан үлкен дүниелеріміздің бірегейі Тұрысбек

Сәу­кетайдың нақ жаңағы «Айқараңғысы» және «Жел­қайық­
пен» әдебиетімізге мол олжа салып басталған «Қилы тағдыр»
романдар циклы екені сөзсіз.
Біз байқаған тағы бір ерекшелігі, жазушы Тұрысбек Сәу­

кетай өз шы­ғар­маларында көрген, естіген, білген шын­ды­ғы­
мен, жал­пыға мәлім аксиома шындықпен ғана шектелмейді.
Көр­мегенін де көруге, білмегенін де білуге ұм­ты­лады. Сезім-
түйсігімен осы шындық-ау деген шексіздікке қия­лын ша­рық­

татады. Шын суреткерліктің қол жете бермес әу­селесі де осы

емес пе. Олай болса, стильдік жағынан, көр­кемдік тұрғыдан,
қилы тағдырларды бір арнада то­ғыс­ты­рудың қисынын табу мен
жалпы жазушылық шеберлік орайында «Желқайықтың» бір
сүйем болса да алға кеткендігі көңілге қонымды. Жақсы үлгісі

жан-жақты талдауды қа­жет етер, көкейкесті тың тақырыпты
қаузаған, тарихта қалар өмірлі туындының жөні осы. Демек,
100 сериялы шым-шы­тырық фильм түсіруге боларлықтай қа­
лың қатпарлы «Қилы тағдыр» циклының үшінші романы, қа­

зір, Ғафу ақын айт­пақшы, жүремелете жазылып жатқан «Қы­
ран қазасының» дең­гейі алдыңғылардан жоғары болады деп
үміттенуге негіз бар сияқты.
Түптеп келгенде, «ақырын жүріп, анық басарымыз» да Тұ­

рысбек болып шықты. Баяғыда Бальзак үлкен дүниелерінің
ара-арасында бір ауық тыныстап сергу үшін махаббат та­қы­
рыбындағы көл-көсір новеллаларды үйіп-төгіп жазып тас­тай­
ды екен. Сол үрдістен табылған біздің Тұрсекең де бағзы дәуір­

лерде ғұмыр кешіп, адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан
ақыл-ой алыптары хақында еркін баяндаған әпсана-эсселер­
ден тұратын «Көне дүние кемеңгерлері» атты қызғылықты
та­нымдық кітабын шығарды. Тіршілік туралы пәлсапалық

мән­ді мөлтек түйіндерін «Шытыра» деген атпен топтасты­
руда. Әлі күнге кинодан да қол үзбей, 200-ден астам көркем
фильм сценарийлерін қазақшалауының өзі атан түйеге жүк
бо­лар­лық, өз алдына бір төбе еңбек. Міне, осыларға әдебиет

төңі­регіндегі қилы істердегі әділетшілдігі, Жазушылар ода­
ғын­дағы ұйымдастыру шаруаларындағы ықтияттылығы, про­
за секциясының жұмысын жүргізу сергектігі, «Жұлдыз» жур­
на­лының негізгі бір ұстынындай жиырма жылдық жанкеш­

тілігі, «Барды бағалайық, тұғырларды тұлпарлармен жа­рыс­
тырмайық!» деп, академик Қабдолов айтқан ар ісінде адалдық
танытуы, т.б. қосылғанда біз Тұрысбек Сәукетайды алтын бас­
ты азаматтық, сәулелі суреткерлік биіктерге көтерген айсберг

астындағы ағыстардың қаншалықты шарапаттылығын сезіне
түсер едік. Ал оны түгел түгендеп шығу бұл мақаланың да, бір
мақаланың да шеңберіне сыймаса керек.
2010 ж.

Төр тінші бөлім

САХНА СЕРКЕСІ – СЕРАҒА

Әңгіме басында бір қызық фактыны алға тартқымыз келеді.
Қазақ театрының толағай тұлғасы Серәлі Қожамқұлов сонау
Қос­танайдың Қарабалығында, Қарабалықтың Қараадырында
өт­кен ғасырдың бас кезіндегі алты-жеті жасында қозы-лақ

қайы­рып жүрген қамсыз-мұңсыз бала күнінде-ақ «Серке» ата­
лып кеткен екен. Сонда «Балалар мазақтайды» деп мұң шақ­қан
ұлына анасы Айкүн: «Құлыным-ау, кейін топ алдында жү­ре­тін
жігіттің Серкесі болсаң, арман бар ма?» деп жұбатқан кө­рі­неді.

Әулие жүректі әзиз ананың айтқаны келді. «Сүйгенін шұнағым
дер» дегендей, ұлағатты өмірінің өн бойында Серағаң хал­
қының, қауымының, қатарластарының сүйікті Серкесі болды.
Сонымен бірге ауыспалы-астарлы мағынасында да қазақтың

сахна өнерінің шын мәніндегі топ бастаған серкесіне айнал­
ды. Кезінде Қызылордада қазақтың тұңғыш кәсіби театры
шаңы­рақ көтеруінің басы-қасында болған белгілі жазушы Ни­
колай Анов ізін суытпай «Серкенің оралуы» атты пъеса жа­

зып, оны Москвада шығып тұрған «Красная новь» журналында
бас­тырады. Кейіпкеріне прототип етіп алуына қарағанда,тың
көз орыс жазушысына Серке ағамыздың аты да, заты да ұнап
қал­ға­ны күмәнсіз. Сондай-ақ Парижге барып, Америкаға аса­

тын ақын һәм артист Серкенің бейнесінен атақты әнші Әміре
Қашаубаев тағдырының жұлдызды сәттері де қылаң берген­
дей. Бұл арада біз зер салып отырған нәрсе – осы пьесаға,
мұндағы Серкеге Максим Горькийдің назар аударып, Ановқа

хат жазуы. Сөйтіп, өнердегі өмірінде, театр мен киноны қоса
алғанда, 200-ден астам рөлде ойнап, соншалықты кейіпкер
сомдаған Серағаң жастық шағында-ақ бір мезгіл өзі де кейіп­
керге айналып, сол тұста-ақ дүркіреп тұрған Серке аты аузы

дуалы әлемдік жазушы Горький қаламына іліккен екен. Ал ен­
ді елуінші жылдары түсірілген «Біздің сүйікті дәрігер» филь­
міндегі Серкенің рөлін Серке ойнауы, ол рөлдің сценарийде-

ақ қазақ көрерменін күлкімен қырған Қожамқұлов Серкеге ар­
нап лайықталуы әбден заңды табиғи қисын болатын. Әу бас­
тан-ақ жақсылыққ а ырымдалып, жарым ырысқа емес, жалпақ
жұртының жүрегін өнер құдіретімен жаулаған баянды да бүтін

бақытқа бастаған бар қазаққ а сүйікті Серке есімінің бір азырақ
сердебесі осындай.
Әркез айтылып келген, айтыла да берер бір ақиқат, 1925 жы­
лы қазақтың елдік тұрғыдан жаңа сатыға көтерілуінің, әлемдік

өркениетке тырнақалды қадам жасауының тарихи толғағымен,
Ғабит Мүсіреповше айтқанда, «тулаған толқындарда» туған
тұңғыш Қазақ театрының қара шаңырағын көтеріп, кереге­
сін керіп, уықтарын шаншып құруға арнайы қалап үкімет ал­

дырт­қан, құдайым осынау ұлы істің көшін бастауға әдейілеп
жаратқандай Қалыбек Қуанышбаев пен Елубай Өмірзақов,
Иса Байзақов пен Әміре Қашаубаев, Құрманбек Жандарбе­
ков пен Қапан Бадыров сынды кіл тайпалған жорға, жел жет­

пес пырақтай ерен тұлғалардың бел ортасынан табылған Сер­
ке тағы да бәз баяғы серкелігінен жаңылмап еді. Сахнаның
сан қырлы шебері Қаллекидің, әртістік екпін-перілігі мен се­
рі­лігі үй құлатқандай Елағаңның, теңдессіз әнші Әміренің, им­

про­визациялық төкпе жырдың толассыз топанындай Исаның
тасасында қалмай, Мұхтар Әуезовтей ұлы замандасынан сол
алғашқы қадамдарда-ақ: «Тәжірибесі күшті, сахна техника­
сын меңгерген...бірінші қатардағы еңбек Серкенікі сияқты»

деген бүкіл ғұмырға жетерлік зор бағаны алған да Серағаң.
Әмбе Қазақ театрының бірінші режиссері де Серағаң. «Біз
сөзді, тілді Серағаң секілді ағалардан үйреніп өстік» депті ака­
де­мик жазушы Ғабит Мүсірепов. Өзі театрға қолынан жете­

леп әкелген бұлбұл әнші Күләш бір жолы қамқор ұстаздың сах­
налық сәуегейлігіне таңырқап: «Неткен әулие едіңіз, Сер­аға!»
деген екен.
«Әулиенің» жасы сол кездерде отыздың үстінде ғана бо­

ла­тын. Қазақ театрының бір-бір ұстындары Сәбира Май­қа­
нова, Шолпан Жандарбекова, Хадиша Бөкеева, Камал Қар­мы­
сов, кейінгі толқын Рахметбай Телеубаев, Тұңғышбай Жа­ман­
құловтар Серағаңды артық-кемі жоқ «Өнердегі әкеміз» деп

ардақ тұтты. Осынау жас өнеріміздің ілкі қадамынан бастап ат­
тай алпыс жыл бойы әрбір өркендеп-өрлеу сатыларында театр
тәңірісіндей Серағаңның бедерлі ізі сайрап жатпаған, нақпа-нақ
үні саңқылдап естілмеген кезі болған емес. Сөйтіп Троицкіде­

гі «Уәзипа» медресесінде, Әліби Жангелдиннің «Қызыл керу­

енінде», алғашқы астана Орынборда, бәлкім, одан бұрынырақ
Семейде, Абай ауылында там-тұмдап бастау алып, бірте-бірте
биік шыңдарға өрлеген қазақ театр өнерінің бүткіл өрелі өсу
жолын көзбен өткеріп, ащы-тұщысын бірдей татып, ұлттық

театрдың бетін біздің бүгінгі XXІ ғасырымызға қарай бейім­
дей түзеп, жаңа толқынды нағыз серкелік қасиетпен баули ақ
жолға салып болашақтың белестеріне асырып жіберу бақыты
да өзге емес, нақ осы Серағаңның маңдайына бұйыруы да тап

бір Тәңірінің бұйрығындай ғаламат болып көрінеді бізге.
Серағаң қандай еді дегенде, Қазақ театрының бүгінгі ке­
мел кел­бетіне қарауымыз керек сияқты. Қазақ театры бол­
са арт­тағы Серағаңдарға, Қаллеки мен Елағаңдарға қарап

бой тү­зеп келеді. Қайран Серағаңның сырбаз шеберлікпен
сом­дал­ған Еспембеті, Қоңқайы, Көбіктісі, Қарашешені, Қа­
ра­байы, Талтаңбайы, Мырқымбайы, Қыдышы, Қыдырбайы,
Тор­сық­байы, Борсықбайы, Яичницасы мен Земляникасы,

Слайы мен Педанты, Ягосы мен Дон Жуаны әлі күнге дейін
ара­мызда жүрген жоқ, рухымызға сіңген жоқ деп кім айтар.
Олай болса, Серағаң да арамызда, елімен бірге. Өнегесі тірі.
Де­сек те, қазақ театрының отымен кіріп, күлімен шыққ ан,

өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген, өзіміз көрген екі ғасырда
да ұлттық мәдениетіміздің даңқын асырудан жазбаған ұлы
ак­тер жайындағы жадымызды орайы келгенде қағып-сілкіп,
жаң­ғыртып қойған да жөн болар деп есептегенбіз. Біздің бұл

ойымызды Серағаңның қызы, филология ғылымдарының кан­
дидаты, Қазақ ұлттық университетінің доценті Рената Сер­әлі­
қызы ҚОЖАМҚҰЛОВА апай мен күйеу баласы, филология
ғы­лым­дарының кандидаты Ахмет Оспанұлы МҰСА ағамыз

қуа­на құптады.
Рената Серәліқызы: – Әкеміз бүкіл өмірін театрға арна­
ды. Театр ол үшін қашан да бірінші орында тұратын. Осынау
өнер ордасы оның барлық өмірінің мәні болды десем артық

емес. Тіпті, анамыз Хадиша екеуінің қосылып отау тігуіне де
тікелей әсер еткен театр екен. Себебі, 1925 жылдың күзінде
Қазақстанның сол кездегі астанасы Қызылордада театр ашы­
латын болып, әкем сонда әртістік қызметке шақырылып, ен­

ді жолға шығайын десе, әжеміз Айкүн «Жоқ, салт басты, са­
бау қамшылы жалғыз жібермеймін» деп өздері бұрыннан бі­
ліп сөйлесіп жүрген жекжат жерден анамызды алып беріп, үй­
лендіріпті. Содан бас қосып үйленген соң қарашаның ортасы

ауа қол ұстасып Қызылордаға аттанады. Бұл әке-шешеміздің

тура елу төрт жыл, екі ай, бес күнге созылған жұбайластық ұзақ
өмір сапары, үлкен өнер сапары еді. Қызылордада ат басын
тіреген жерлері Бейімбет Майлиннің үйі болыпты. Бір ғажап
нәрсе, алғашқы театр директорының ең бірінші берген бұй­

рығында Серәлі Қожамқұлов театрдың бас режиссері болып
тағайындалсын делініпті. Бұл – 1925 жылдың 25 желтоқсаны.
Сол күннен тура 54 жыл өткенде, яғни 1979 жылдың 25 жел­
тоқсанында 83-тен асып, 84-ке қараған шағында әкеміз «Ана –

Жер-Ана» спектаклінде Ақсақал рөлін ақырғы рет ойнап, алты
күннен кейін, 31 желтоқсанда таң елең-алаңда мәңгілік ұйқы
құшағына енді. Менің білетінім, әкем мен анам өмірге сегіз
бала әкеліп, аса бір тату-тәтті ауызбіршіліқ пен сыйластықта

өмір сүрді. Театрдағы қыруар шаруасына қарамастан әкем от­
басы тіршілігі мен бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлді. Сондай
мейірбан, мінезі жұмсақ, қуақы әрі қарапайым жан болатын.
Бізді ізеттілікке, еңбекшілдікке, көпшілдікке үйретті. Мы­

салы, Елубай аға 1899 жылғы да, Қалыбек ата 1893 жылғы.
Сонда бізге, балаларға берген тәрбиесіне қараңыз. Қалыбекті
Қаллеки демеңдер, аға демеңдер, ата деңдер, ол менен үш жас
үлкен деп отыратын. Ал Елубай ағаларың ол сендерге Елу­

бай аға болады, балалар, себебі, оның менен үш жас кішілігі
бар дейтін. Үш жас дегенді қараңызшы, соған қалай мән бе­
реді, балаларға қандай тәрбие! Тұрғыластарының бәрімен сый­
лас­тықта болды. Әріптестердің ішінде әке-шешем әсіресе осы

Елубай ағаның үй-ішімен көп араласты.
Әкеміз қандай да бір шаруаны шешемізбен келісіп жа­
сайтын. Әйел артистер жетіспей жатқан шақта, әкеміздің ық­
палымен мамам театрда он екі жылдай, яғни 1939 жылға дейін

актрисалық қызмет те атқарған. Сонымен бірге барлық ба­
лаларын қосымша музыка мектептеріне беріп, бәріміздің де
маман музыкант болып шығуымызды қатты қалады. Әпкем
Балдырған, інім Сырым, сіңлім Салиқа және мен төртеуміз

пианино бойынша мамандандық. Әсіресе әке арманын Балым
және Мәриям деген сіңлілерім абыроймен орындап шықты. Ба­
лым Москвадағы ағайынды Гнесиндер институтының скрипка
бөлімін оқып тауысты. Қазірге дейін Құрманғазы консервато­

риясында скрипка кафедрасының меңгерушісі, профессор. Ал
Мәриям болса осы консерваторияны скрипка сыныбы бойын­
ша үздік бітіріп, бүгінде Чайковский атындағы музыка коллед­
жінде ұстаздық етуде. Кезінде олардың табыстарына әкеміз

қалай қуанды десеңізші!

Бала кезімізде жаз шыға демалыс алып, бәрімізді «Елге ба­
рамыз» деп Қостанай, Троицк жағына ертіп апаратын. Өзінің
балалық, жастық дәурені өткен жерлерді, қыстау, қоныстарды,
ауыл-аймақ, өзен-суларды аралатып көрсететін.

Әкем өнердегі алғашқы қадамын Троицк қаласындағы мед­
реседе оқып жүргенде, онда өтетін ойын-сауық кештерінде
Б. Май­линнің «Мұсылмандық белгісі» өлеңін оқудан бастаған
ғой. Кейін Биағаңның «Мырқымбайын» жалпақ елге жария

қылды. Әліби Жангелдин жасағының өнерпаздары қатарында
болған. Орынборда оқыған. Қазақ өнері мен әдебиетінің 1936
жылы Москвада өткен алғашқы онкүндігіне қатысып, Жам­
был мен Сәкен Сейфуллин бастаған 15 адамның қатарында

орден алады.
Есімізде ерекше өшпестей із қалдырған тамаша сәт – әке­
міз бен анамыздың отасқандарына 50 жыл толған алтын той­
лары еді. Ол – 1975 жылдың қазан айы болатын. Той рәсімі

Әуезов театры жанындағы орталық Неке сарайында өтті. Әкем
кеу­десіне бүкіл орден-медальдарын тағып, анамыз да бір жа­
сап, өзінше сән-салтанатымен өткен мерейлі мереке болды.
Әріптес, құрдастары бәрі қатысып, бірге қуанды. Бұл қуа­ныш­

тың театрдың да 50 жылдығымен тұспа-тұс келуі баршаның
мерейін тасыта түскен.

– Ал енді осы арада бір сұрақтың реті келіп тұрған сияқты.

Сіздердің өздеріңіз қалай үйлендіңіздер? Серағаң сияқты ата­
сы болу бақытына ие болатын адамдар сирек қой, Аха?

– Енді, тағдырдың бұйрығы осылай болған шығар. «Аха,

сіз бақытты адамсыз. Серағаң секілді саңлақ кісіден қыз алуға
жүрексінбей қалай батылдық етіп барғансыз?» деп сіздердің
жазушы ағаларыңыз Ахат Жақсыбаев та ылғи айтып отыра­
ды. Атамыздың ақжүректігі сол ғой, жағдайдың ретімен қа­сы­

ма еретін кісі болмай, 1958 жылы сонау Омбыдан жалғыз кел­
генімде жатырқамай, жатсынбай, кеудемнен итермей, жай-
күйім­ді түсініп, баласындай бауырына тартты. Әрине, бұ­ған
дейін тәтең екеуміздің арамызда көңіл жарастырып, сөз бай­

лас­қан достық болған. Туып-өскен Омбыдан мектеп бітіріп,
Алматыда ҚазПИ-де білім алдым. Болашақ жарым Ренатамен
жақын танысып қалуыма да театрға құмарлығым себепші бол­
ды. 1957 жылы оқуымды тәмамдап, тәтеңе айттым: кетейік

деп. Бұл кісі оқуды келер жылы бітіретін. Сырттайға ауысасың
де­генім ғой. Мұны шешесіне айтады, шешесі әкесіне айтады.
Әкесі отырып «заочный-маочный» дегенді білмеймін, дип­

ло­мыңды аласың, сосын қайда барсаң да рұқсат, дейді. Айт­
қандай-ақ, 1958 жылдың 3 шілдесінде бұл кісі дипломын ал­
ды. 4-і күні ана жақтан артынып-тартынып, жол-жора, қазы-
қарта, әке-шешемнің сәлем-сауқатын алып мен келдім. Соны­

мен, сол күні таңертең, біздің сөз байласқан достығымызды
білетін папам (мен атамды «папа» деуші едім): «Ал, бала, келіп
қалған екенсің, енді той қашан?» деп қарап отыр. Қазақтың бас­қа
ырым-жырымын сөз де қылмады. Маған да керегі сол-ау. Мұн­

дай қайын атаға тап қылған құдайға рахмет деймін. Сол күні
кешкіге қонақтарын дереу өзі шақырды. Сөйтіп 3-і күні тәтең
дипломын алса, 4-і күні біздің үйлену тойымыз болды.Аяқ ас­
тынан дүркіретіп той жасауға да ретін келтіріп, сәтін салғанда,

осының алдында ғана екі бөлмелі үйден төрт бөлмеліге көшкен
ғой.
Рената Серәліқызы: – Атағы таудай әкеміз 62 жасына дейін
тоғыз жанмен екі бөлмелі коммуналкада тұрып келді. Ақыры,

1958 жылы ішкі істер министрі Шырақбек Қабылбаевтың үйі
босап, соған көштік. Оны Қонаевтың өзі бергізген.
Ахмет Оспанұлы: – Иә, сөйтіп, мен келгенде үй алудың
қуа­нышы да әлі басыла қоймаған. Көңіл ырғын. Қымыз сапы­

рылды, шампан атылды. Сәбит Мұқанов тамада. Тойымызға
ығай мен сыңайдың бәрі келген. Ғабит Мүсірепов, Қалыбек
Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Шә­
кен Ай­манов, атақты өнер адамдарының бәрі болды. Төрт бөл­

менің бә­рінде мәре-сәре той, қызық-қуаныш, ән-күй, шат күл­
кі. Әртіс қауымын білесіз ғой. Шампанскийді Сәбең ашып оты­
рып төбеге атып жібергеннен қалған таңба әлі күнге дейін сақ­
талған. Ол үйде қазір Мәриям деген балдызым тұрады. Бір

ға­жабы, сол таңба қанша өшірсе де кетпей қойды. Соны көр­
ген сайын өзіміздің үйлену тойымыз, сүйікті жазушымыз Сә­
бит Мұқанов еске түседі.
Рената Серәліқызы: – Үйді алу тарихын айтсам, біз жеті

бала, әке-шешемізбен тоғыз жан Фурманов көшесі, 117-үй, 19-
пәтерде 1937 жылдан бері тұрып келдік. Димекең, Дінмұхамед
Ахметұлы Қонаев осы үйдің 22-пәтерінде, есігі түйіскен көрші
болып тұрды. Барлық балалар сол кісінің көз алдында өстік.

Жақсы, құдайы көрші болдық. Әкемізбен керемет сыйлас­
ты. 1952 жылы ол кісі Академияның президенті болып ауыс­
ты да, басқа үйге көшті. Әкем жоғарғы жаққ а үйдің тарлығын
біл­діртіп жүрді, бірақ өзі үш сайлау бойы Сталин аудандық

Кеңе­сінің депутаты болғандықтан: «Мен подвалда тұратын кі­

сі­лер­ді кө­ремін, біздің жағдайымыз қайта шүкіршілік. Міне­
ки, ен­ді үй­дің ке­зегіне де тұрдым» деп жұбатып қоятын. Ме­
рекелерде Ди­маш Ахметұлын кабинетіне барып құттықтап шы­
ға­тын. Кейі­нірек Димекеңнің әкесі Меңліахмет ата үлкен қы­зы­­

ның қо­лында қайтыс болғанда әкемнің көңіл айтуға бар­ғаны
есім­де. Әуелде күзетшілер жібермепті. Сонда: «Мен әртіс
Қожамқұлов емес, құдайы көршімін. Әкесіне көрші бол­ған­
мын. Сондықтан, көңіл айтпағаным жөн болмайды» деп көңіл

айтып шығыпты. Ал, үй алуымыз одан бұрынырақ. Димекеңе
горсовет кезекте тұрғандардың тізімін береді. Ол кісі бірде те­
лефон соғып: «Шырақбек Қабылбаевтың үйі босайын деп жа­
тыр, Сераға. Соған кіріңіз» дейді. Қазіргі тұрған көшесі ты­

нышсыз болғандықтан, Қабылбаев бір особнякты Төлебаев кө­
шесінен алып, сонда көшіпті. Бізге сол кісінің тұрған пәтерін
берді. Қуанғанымыз-ай сондағы. Әлі есімде, 1958 жылдың 19
мамыры күні Фурманов көшесі, 118-ге көштік. Көшенің бір

бұрышынан екінші бұрышына. «Пионер» деген дүкен бола­
тын. Соның үстінде. Бұл несібе менің тұрмысқа шығуыма сәй­
кес келді. Әйтпесе, әкем екі бөлмелі үйге кімді шақырар еді.
Құдай өзі берген ғой. Үлкен апамды көршілерін ғана шақырып,

сол екі бөлмелі үйден ұзатқан.

– Апырмай, Ахаң сонда Серағаңның үйіне құтты күйеу

бала болып келген екен ғой.
Рената Серәліқызы: – Құттылығы сол, әкем 1959 жылы
Жо­ғарғы Кеңестің депутаты болып сайланды. Тұңғыш немере­
сі Мұхтар дүниеге келді. 1961 жылы сол үйден СОКП ХХІІ

съе­зінің делегаты болып Москваға барды. Шынында да, әрі
құт­ты үй, әрі құтты күйеу бала болғаны рас.
Ахмет Оспанұлы: – Тұңғыш ұлымыз туғанда атамыз Мұ­
хаңа звандайды ғой. Сол күндерде ол кісі Лениндік сыйлық

алып жатқан. Біріншіден, Мұхаңды құттықтамақшы, екінші­
ден, немересіне Мұхтар есімін беруге рұқсат сұрамақшы. Теле­
фонды Валентина Николаевна алыпты. «Мұхаң бар ма екен?»
дейді сыпайы ғана. «Бар, бар, келіңіз!» дейді. Содан бұл кісі де­

реу Мұхаңның үйіне барып, үлкен сыйлық алуымен құттықтап,
сонымен бірге: «Сіз сыйлық алған күні менің тұңғыш немерем
де дүние есігін ашты, соған сіздің атыңызды қойсам мүмкін
бе?» деп рұқсат сұрайды. «Атымды қой, құрдас, бәлі, сенен

мен немді аяймын?!» деп Мұхаң да мейірлене жауап береді.
Өз атын сөйтіп біздің үлкен баламызға қоюға рұқсатын бер­
ген екен ұлы жазушы Әуезов. Сол Мұхтарымыз өнер жолын

қуған скрипкашы, қазір Сеул қаласында симфониялық оркес­
трде келісімшартпен жұмыс істеп жатыр.

– Мұхаң сонда Серағаңды құрдас деп атаған ба?

Рената Серәліқызы: – Әкем мен Әуезов өмір бойы ере­
кше сыйластықта болды. Мұхаңды алғаш 1920 жылы Орын­
борда Қазақстан кеңестерінің бірінші съезінде көрдім деп ыл­
ғи айтып отырушы еді. Ол кісі бұл съезге Семейден делегат

боп келген екен. Кейін Орынборда Әуезовтің «Еңлік-Кебегі­
нен» үзінді қойылып, Еспембетті – әкем, Көбейді Сәбит Мұ­қа­
нов ойнайды. Әкемнің театрдағы бірінші қадамы осы болуға
керек. Әу бастан Еспембетті еншілеген әкемнің осы рөлі

өнердегі паспорты екенін екінің бірі білетіні де рас. 1928 жы­
лы Ленинградта оқып жүрген Мұхаң Қызылордадағы қазақ те­
атрына арнайы келіп, «Еңлік-Кебекті» көреді. Ал 1931 жылы
Алматыда театрдың әдеби бөлімін басқаруға келгесін мүлдем

театрдың өз адамы болып кетеді. Барлық актерлер білімі те­
легей-теңіз Мұхаңды ақылшы, ұстаз санайды. Әкем сонда:
«Әуе­зов жас театрдың әкесіндей болды, рухани қамқоршысы
еді» дегенді жиі айтатын. Оған алғаш театр тарихын оқытқан

да Әуезов екен. Әкемнің Еспембетті ойнауына да өмір-бақи
ризашылығын жасырмады. Әуел бастан-ақ: «Серке, бір жас
айырмашылықты қайтеміз, екеуміз құрдас болайық» деп те­
атрда жұмыс істеген кезінде айтқан екен. Осындай сөзді әке­

мізге Қаныш Сәтбаев та айтқан. Әкемізді Мұхаңның керемет
жақсы көргенін айғақтайтын басқа да мысалдар көп. Жақын
жолдас боп, жақсы араласқан. 1959 жылы Москвада әкем Ле­
нин орденін алған күні жеделхат келеді: «Дорогой құрдас,

поз­дравляю с высокой правительственной наградой. Мұхтар
Әуезов». Театрға Әуезов аты берілуін бар ықыласымен құл­
шына қолдаушылардың бірі әкем болды. Біздің екінші ұлымыз
Ленинградқа шығыстану факультетіне оқуға баратын болғанда

әкем: «Біздің Асқар Мұхаң бітірген Ленинград универститеті­
не бара жатыр. Араб тілін оқиды екен. Қандай жақсы. Енді
Құранды да біледі ғой!» деп қуанып еді. Сөйткен Асқарымыз
көптен бері дипломатиялық қызметте, қазір Біріккен Араб

Әмірлігінде елші.

– Жазушылардың ішінде тағы кімдермен сыйласты?

Рената Серәліқызы: – Ғабит ағаны өте қатты сыйлайтын
еді, үзбей араласатын еді. Ғабеңнің ағасы қайтыс болған екен,
бір күні шешейге: «Бүгін Ғабитті көңіл шайға шақырамыз» деп
айтты. Ғабең Ғазиза апай екеуі келді. Біз іштей өте тебірендік.

Өйткені, папам бұлай көңіл шайды жұрттың бәріне бірдей бе­
ре бермейтін. Ғабит ағаны ерекше қадірлейтінін осылай біл­
діргенін сездік. Әкем қайтыс болатын 1979 жылы Ғабеңнің кі­
табы шықты. Соны папам сатып алып Ғабеңе барып: «Мына

кітапқа маған қолтаңба жазып берші» деп өтініпті. Сол кітап
қазір үлкен үйде, үлкен шаңырақта сақтаулы тұр. Мен сондағы
өзім көшіріп алған, Ғабеңнің әкеме берген қолтаңбасын оқып
шығайын: «Ардақты аға! Аса дарынды сахна қайраткері! Бар­

лық тіршілігімен, өнер өнегесімен, бұйымы ортақ ұстаз, періш­
те­дей таза, Сүлеймендей әділ, достыққ а, қадірлестікке таптыр­
майтын аға Серекеңе барлық адал жан-жүрегіммен ұсынушы
Ғабит Мүсірепов. 22 май 1979 жыл». Иә, әкем өмірінің жар­

ты жылы қалғанда қазақ сахнасының інжу-маржандарын ту­
дырған, өзі Қарабайы мен Қоңқайын сомдаған Ғабеңнен осын­
дай қымбатты қолтаңбалы кітап алған еді.

– Серағаңнан қалған тәмсілді әңгімелер, ұлағатты жайлар,

күлдіргі оқиғалар да аз емес-ау. Тапқырлығын, қуақылығын,
жаңа­ғы Ғабең айтқандай, періштедей тазалығын білдіретін ес­
те­ліктерді де айта отырсақ, оқырманға салған олжамыз сол бо­
лар.

Рената Серәліқызы: – Әкеміз жаңа туған балаларға ат қоюда
тап­қырлық танытып, бір жағдайға қисынымен орайластыруға
шебер еді. 1929 жылы егіз ұлы туғанда сол кезде «Баян ба­
тыр» пьесасын сахналап жүрген екен, аттарын Баян, Ноян

деп қояды. Сірә, бұл Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэ­
масы бойынша қойылған спектакль болар. «Амангелді» филь­
мі түсіріліп жатқанда дүниеге келген сіңліме Амангелді ба­
тырдың сүйікті жары Балым есімі беріледі. Рената деген менің

ныспымды Кеңес заманының идеяларына адал әкем «Револю­
ция, народ, труд» деген сөздердің бас әріптерінен ерінбей құ­
растырып алыпты. Біздің қызымызға, папасы қырғыз-қазақ
әде­биетінің байланыстарын зерттеп жүргендіктен, қырғыздың

«бал» деген мағынаны білдіретін Әсел атын таңдады. Сол Әсе­
ліміз биші-балерина әрі кандидаттық дәреже қорғаған фило­
лог-журналист болып, алғашқы мақалаларын атасының шы­
ғар­машылығы жайында жазып жариялаған еді. Тұңғыш ұлы­

мыз­ға ұлы жазушы Мұхтар есімін қалай аттай қалап қойғанын
жо­ғарыда айттық.
Ал Шахмет Құсайынов пен Бикен Римова апайдың тұңғыш
ұлдары дүниеге келгенде Абай, Абылай, Ақан, Шоқан аттарын

ұсынған Әуезов, Қаллеки ата, Елағаң, Шәкен Аймановтардың

арасынан топ жарып біздің әкеміз ұсынған ат қабылданыпты.
Ол ең соңынан тұрып: «Шахметтің тұңғышы «Еңлік-Кебек­
тегі» Көбейдей ақылды, шешен азамат болсын, үрім-бұтағы
көбейсін деген ниетпен Көбей деген атты ұсынамын» – дегенде

жұрт бір ауыздан қолдапты. Осы сирек есімнің иесі Көбейдің
қазір қандай үлкен ғалым азамат екендігі елге мәлім.
Ахмет Оспанұлы: – Әріптестеріне де еркелете ұнамды ат­
тар қоюға шебер болатын. Мысалы, әнші Шабал Бейсекованы

өзі сияқты кішкентай көзді болғандықтан «көз құрдас» дей­
тін. Бір кездері Жұмат Шанинді – Мәтаға, Қалыбекті – Қал­
ле­ки, Елубайды – Еллеки деп, кейін Бикенді – Бикман, Сә­би­
раны – Сапсұби, Шаханды – Шаханский, Тұңғышбайды – Тұң­

ғышбаевский деп еркелете қалжыңдағаны қазір тарихқа кірді.
Атамыздың аса мұрынды кісі болғаны мәлім. Өзі «Мұ­ры­
ным мешайт етпесе, бірер рюмка коньяк алып қоямын» деп
күлдіріп отыратын. Осыған орай бірде бір мұрын оқиғасына тап

болғанын айта кетейін. 1969 жылы М. Әуезовтің «Қара қыпшақ
Қобыланды» спектаклі Москвада Орталық телевизияның тас­
па­сына жазылып алынатын болады. Соған дайындықты тек­
се­ріп жүрген телеэкранға шығарушы мәскеулік жауапты ре­

жиссер Көбікті рөліндегі атамыздың үлкен мұрынын бай­қап
қалып: «О-о, жолдас, мынандай мұрын жарамайды. Қай­та грим­
деліңіз. Бұлай болмайды»,– деп, бұл кісі қозғала қой­­мағасын
тағы бірқатар сөздер айтып, дауысын көтере бастайды. Бұған

шыдамаған атамыз режиссердің алдын кес-кестеп: «Эй, доро­
гой, что вы говорите?! Этот нос – мой собственный, так что
вы с ним ничего не сможете сделать!», – деп түтіге ашуланып,
мұрнын жұдырығымен бір періпті. Бұл кісінің қолағаштай

мұрынын қолдан жапсырған грим деп ойлаған режиссер қатты
сасып, иіліп кешірім сұрап, қолын алыпты. Ойланарлық мұрын
оқиғасының бірі осы.
Ал енді өмірде мұндай таза жүректі, бала пейілді адам си­

рек-тін. Күйеу баласы маған өле-өлгенше «Аха» деп өтті. Әрі
сыйлығы, әрі ішкі зор мәдениеттілігі болса керек. Бірде маған
айтты: «Аха, «Театр» журналы маған мақала жазуға тапсыр­
ма берді. Мен театр тарихын қазақша айтып берейін, сен со­

ны орысша жақсылап жазып шық» деді. Мақала да жазыл­
ды. Журналға шықты. Енді, ең қызығы гонорарының жайы.
Бір күні папам келіп тұр: «Келіп қапты» дейді. Немене келіп
қапты? Гонорар, қаламақы келіп қапты. Не істейміз? Жарты­

сын сен алшы, екеуміз бірдей жаздық қой, дейді. Қаламақы

көлемі де әжептәуір көрінді. Және ол кезде мен кіші ғылыми
қызметкермін. Ақша керек емес дей алмаймын. Сондай қызық
мінездері бар еді.
Рената Серәліқызы: – Ақшаға байланысты менің де бір ес­

телігім бар. 1967 жылы Әзірбайжан Мәмбетов «Қара қыпшақ
Қобыландыны» қайта сахналап,соның премьерасы болды. Мен
диссертация қорғауымның көп шаруасымен жүріп бара ал­ма­
дым. Қорғап болып, көңіл жайланған соң қарасам «Қара қып­

шақ Қобыланды» сәуірдің 15-інде қайталап жүрейін деп жа­
тыр екен. Сосын, ойымда ештеңе жоқ, телефон шалып, папа­
ма: «Папа, маған бүгін кешке пропуск жаздырыңызшы. Мен
театрға барамын» дедім баяғыша. Сөйтсем, папам: «Айна­

лайын, диссертация қорғадың, ақшаң көбейді, кассаға барып,
өзің билет сатып ал» деп қарап тұр. Әзілі емес, шыны. Содан
бастап театрға өзіміз билет алып баратын болдық. Әкеміз сон­
дай кісі еді.

– Біздің ойымызша Серағаң өзінің өнер құдіретіне сай өз ке­

лесіндегі ең бақытты актер. Көзі тірісінде мүмкін болған атақ-
абыройдың бәрін лайығымен иеленді, халқының құрметіне бө­
ленді. Ал енді екінші өміріндегі ел есінде сақталуы жайында
не айтар едіңіздер?

Ахмет Оспанұлы: – Серағаң қайтыс болғанда Үкіметтің
қау­лысы шығып, ол кісінің есімін есте қалдыру жөнінде ал­
ты бір­дей шара көрсетілген болатын. Соның бәрі орындал­
ды. Атап айтқанда, тұрған үйінде ескерткіш-тақта орнатыл­

ды, қа­бірінің басы бекітіліп, ескерткіші тұрғызылды. Алма­
тыдан көрнекті көше берілді, естеліктер кітабы шығарылды.
Кейі­нірек, 1993 жылы қазіргі Мәдениет және ақпарат минис­
тріміз Мұх­тар Құл-Мұхамед екеуміздің құрастыруымызбен

Сер­ағаң­ның өзінің жазған-сызғандары «Өнер» баспасынан
«Ше­берлік мектебі» деген атпен тағы да жарық көрді. Одан
өнер инс­титутында Қожамқұлов атындағы стипендия та­ғайын­
далды. Әуелде Арқалықтағы театрға аты берілген, кейін ол

Жез­қаз­ғанға көшті. Білуімізше, қазір осы театрдың жайы мәз
емес. Биыл ұлы актердің қайтыс болғанына 30 жыл. Алдағы
2011 жылы 115 жылдығы келе жатыр. Серағаң туралы матери­
алдар әлі де ұшан-теңіз. Қолқамызға көңіл бөлініп жатса, ол

кісі туралы үшінші кітапты шығаруға мұрындық болсам деген
де ойым жоқ емес.
Рената Серәліқызы: – Сексенінші жылдардың басында бір
күні шешемнің қасында шай ішіп отырсақ, Алматы қаласының

мәдениет басқармасынан телефон соқты: Қожамқұлов атын
көшеге бергелі жатырмыз, әкеңізге Алматының қай көшесін
таңдайсыз?..дейді. Міне, білгендік! Содан айттық: әкеміз тірі
кезінде жаңа театрдың шымылдығын ашып ойнай алмай кетті.

Ол театр Қастек көшесінде тұр. Егер сіздер шынымен бізбен
ақылдасқыларыңыз келсе, сол театрға барып тірелетін көше
әкем­нің атында болса екен деп мамам екеуміз тілек қылып сұ­
радық. Бұл өзі өте дұрыс болды. Жанында Сәбит Мұқанов кө­

шесі, Иса Байзақов көшесі, Ғани Мұратбаев. Бәрі көсіліп қатар
жатыр. Бәрі өзінің замандастары. Сондай тамаша көшені бер­
ді. Алматыға ризамыз.
Таяуда арнайы шақырумен Ахаң екеуміз әкемнің туған

елі Қостанай, Қарабалыққ а барып келдік. Кіндік қаны тамған
Жам­был ауылындағы бес таңбалы Қыпшақтың бір тарауы
Тоқ­беріштің ата қорымынан бір уыс топырақ алып әке қа­бі­
ріне әкеліп қостық. Қарабалықтағы аудандық өлкетану мұра­

жайында әкемізге арналған бұрыш бар. Үш жыл бұрын біршама
материалдарын жиыстырып бергенбіз, осы жолы да 30 шақты
құжат, суреттер апарып толықтыра түстік. Қарабалықтың өз
ба­сынан әкеме көше беру, сондағы өнер мектебіне атын бе­

ру жөнінде ұйғарым жасалыпты. 100 жылдығы тұсында мұнда
әкемізге арналып айтыс өткізілген. Ал, 115 жылдығын 15 киіз
үй тігіп, жақсылап атап өтеміз дейді. Жамбыл ауылындағы жер­
гілікті мектеп оқушылары «По местам Серке Қожамкулова»

деген тақырыпта саяхат жасап, әңгіме жүргізіп, концерт қойып
тұрады екен. Туған ауданында, әйтеуір, кеш те болса бір сер­
піліс болып жатқанына қуандық.
Ахмет Оспанұлы: – Ал енді Қостанайдың өз басы, об­

лыс орталығы осы өңірден Серәлі Қожамқұлов деген бірту­
ар азамат шыққ андығынан мүлдем бейхабар сияқты. Олай дей­
тінім, Ыбырай Алтынсарин мұражайынан бұрын берген зат­
та­рымыздың өзін де байқай алмадық. Атамызды елеусіз бір

тізімнің ішінен ғана көрдік. Қостанайда Серағаңның атын атап,
түсін түстейтін басқа ештеңе жоқ. Кеңес заманындағы бас­
шылары 1977 жылы «Қостанай қаласының құрметті азаматы»
атағын берген екен. Ал қазір өз қолымыз өз аузымызға жеткен

заманда құрметті азаматқа деген еш құрметті аңғармадық. Не
көше, не мектеп аты, не ескерткіш.
Дәнеңе жоқ. Оны қойып, осы жайларды қаперлеріне салып
айтайық десек, әуелі облыстық мәдениет басқармасының бастығы

өзімізді қабылдамай, пұшайман қылып аттандырды Алматыға.

Рената Серәліқызы: – Ал былайғы жұрттың, жалпы жер­лес­
терінің әкеме деген ықыласы ерен. Мақтанады. Мерей тұтады.
Аманшылық болса, Қостанайдағы қамсыздық та қалпына ке­
лер деп үміттенемін. Өзі өмірден өткен 30 жылда асыл перзен­

тін туған халқы да бір сәт естен шығармағаны, есімін ескерусіз
қалдырмағаны аян. Мерейтойлары өтті. Газет-журнал, радио,
теледидарда үзбей айтылады. Құлпытасына: «Ел үмітін Ер
ақтар, Ер есімін Ел сақтар» деп жазғызып едім. Үмітін ақтаған

Ерін есінде мәңгілік сақтайтын шырайды елі де танытқанына
Серәлі Қожамқұлов ұрпақтарының алғысы шексіз.
Авторлық ой түйіні. Сөз соңында бір-екі жайды ғана атап
айтсақ дейміз. Ол Серке Қожамқұловтың актерлік ұлылығы мен

адами абзал қасиеттерінің соншалық үйлесім тауып тұтасқан
ажырамас бірлігіне саяды. 1976 жылы Семейде гастрольде
жүр­генде Серағаңның Социалистік Еңбек Ері атағын алғаны
туралы сүйіншілеген хабарды таңғы жетіде радиодан естіген

Тұң­ғышбай Жаманқұлов та жүрегі жарыла қуанып абыз аға
жатқан бөлмеге ұмтылады. Серағаң мұнтаздай киініп, таяғына
сүйеніп стол басында отыр екен. «Рахмет, балам. Таңғы бесте
Алматыдан телефон соққ ан. Естідім. Содан бері ояумын. Елу­

бай, Әміре, Құрманбек, Иса, Жұмат, Қалыбектерді ойлап отыр­
мын» дейді. Нағыз толағай тұлғалар ғана осылай тебіренсе ке­
рек. Алған зор атағына өз қатарын түгел ортақтастыру, осын­
дай мұңды-қуанышты ойға бату Серағаң сынды алыптардың

ғана қолынан келер серектік екені де күмәнсіз-ау.
Тағы бірде енді Алтын жұлдызды Серағаң Мәскеуде Ғабит
Мүсіреповті ерікке қоймай Одақтық Госплан төрағасының ал­
дына алып барады. Сөйтсе, Алматыдағы жаңа театр құрылысы

алдағы жылдың тізімінен шығарылып тасталған екен. Ғабеңді
тілмаш қылған Серағаң, айтып-айтпай не керек, үлкен бастыққ а
сөзін өткізіп, Қазақ театрын тізімге қайта қостырып шығады.
Бұл жайдың да ғибрат-өнегесін түсіндіріп жату артық. Енді

бірде, абыз ұстаз қайтқаннан кейін «Қарагөз» қайта қойылған
бір тұста бір жас актер қиналып: «Шіркін, Серағаңның өте ке­
рек боп тұрғанын қарашы» депті. Иә, Қазақ театрына, қазақ өне­
ріне, ұлттық мәдениетімізге Серке Қожамқұловтай сахна саң­

лағы өнегесінің, рухының керек емес күні болмас, ылайым...
Сірә, біз осыған шүкіршілік етсек лазым.
2010 ж.

ҚАЗАҚТА БІР ДӘРКЕМБАЙ...

Қай Дәркембай дейтін емес. Қазақта Дәркембай біреу ға­
на. Алатаудың етегіндегі Ақшидегі атақты Шоқпар ұстаның
кө­рік басумен көзін ашқан қарадомалағы, бұл күндегі кәдімгі
өзіміздің Шоқпарұлы Дәркембай. Қазақ қолөнерінің белгілі

шебері. Ұста Дәркембай. Өнерге де, өлеңге де, тілге де, діл­
ге де ұста. Тілі мір, көңілі гүл. Жаңа ғана сөзімізден жаңылып
“белгілі” деп жатырмыз, бірақ Дәркембайдың жан-жүрегімен,
жұлын-жүйкесімен тұтасқан, халқымыздың мыңдаған жылдық

тарихының терең қойнауларымен тамырласқан ұлық өнерінің
киесі, сол жолда еткен еңбегінің өлшем-бағасы осы “белгі­
лі” деген бедерсіз анықтауышқа сыяр ма екен, көне қояр ма
екен? Ай, көнбес! Себебі бұл тарапта Дәркембай қайта тірілт­

кен қазақ қолөнерінен тәлім, дәріс алған, еліміздегі белгілі ше­
бер, мәшһүр ұста атағына жеткен шәкірттерінің өзі бірнеше
жүздеп саналады. Сол шәкірт ұсталардың өздері де қазірде қа­
ра­сақалданып, ұзын-ырғасы мыңдардың арғы жағына шығып

кеткен. Ал Дәркембай ұлттық қолөнер мәдениетімізде біреу
һәм бірегей.
Байыптасақ, қолөнерге келу жолының өзі бір ғибратты әң­
гіме. Дәркембайдың ұста, зергер болмасқа әддісі де қалмағандай

екен. Құдай о бастан бәрін осылай лайықтап, сайлап, кесіп-пі­
шіп қойғандай. Дәркембай деген атының да көнедегі түбірі,
киіз туырлықтың астында жаңғырыққ ан күмбірі “дарқан” кө­
рінеді. Дарқанның бабалар санасындағы мағынасы – ұста. Яғ­

ни, дарқан – дәркен – дәркем – Дәркембай – Дарқанбай. Дәркең
аға енді тағы бір әңгіменің шетін суыртпақтап шығарады. Қы­
зылбөрік Албан ішінде ертеректе Дәркембай деген болыс бо­
лыпты. Жұр­тының қамын жеген, еліне қамқор болған. Осы

дана бо­лыс Дәркембайдың атына Албанды аралап, әңгіме
жи­на­ған кездерінде қаныққ ан Мұхтар Әуезов “Абай жо­лын­
дағы” белді кейіпкерлерінің бірін Дәркембай деп атаған. Ке­
нен Әзірбаевтың түйдей құрдасы Шоқпар ұста алпыстан ас­

қан шағында көрген шиеттейіне халыққ а қадірлі сол болыс­
ты кө­зіне елестете ырымдап, Дәркембай деп ат қойған. Сол
бір аты аңызда ғана қалған қасиетті кісінің қыдыры қонды ма
екен, әйтеуір, қазірде Әуезовтің Дәркембайы да, Шоқпардың

Дәр­кем­байы да қазақ еліне, бір-бірінен қалыспай, бірдей та­
нымал. Иә, ізгілік пен ірілік параллельдері осылай тартылса
керек-ті.

Әкесі Шоқпардың да аты мен затында бір тылсым бар-
ды. Ол тылсым – ағаштан түйін түйген, талыс пен тарамыстың
күйін білген, тері мен былғарының иін білген, алтын-күміс,
асыл тастың сәнін, темірдің пісіретін бабын білген халықтың қа­

заққ а ғана тән, әуезді де мәнерлі қолөнері, сайын сахара төсінде
өзімен ықылымнан бері бірге жасасқан төл өнері еді. Әрі бұл
әулетте әкеден балаға, атадан немереге үзбей жалғасып келе
жатқан да осы өнер. Шоқпардың әкесі Ерғожа “Абайылданың

алты қасқыры” атанған алты ағайынды, өңшең ұста, ағашшы,
темірші, өрімші кісілер болған екен. Солардың өнері жұғысты
боп, алдымен қара ұсталықты меңгерген Шоқпар келе-келе ақ
ұсталыққ а ауысып, осы елге сіңген Қаракерей Жанабай деген

кісіден, одан соң өзінің немере ағасы Қожамбердіден сұлу-
сәнді, көркем де бекзат дүниеліктер жасайтын зергерлікті үй­
ренеді. Өстіп бірте-бірте күллі Жетісу өңіріне атағы жайы­
лады. Інілері Алдамберді мен Ахметті де өз өнеріне баули­

ды. Жалғыз бұлар емес, Бұлантай, Құстүтін, Сыдық, Ержұма,
Омарбек, Темірбай, Жұматай деген теміршілер, Ақали, Кен­
жебек деген ағашшылар, Атығай, Қайыр деген етікшілер, Қыз­
даркүл, Байтұлым деген ісмер апалар болған бұл ауыл ұсталар

ауылы атанып кетеді. Ол замандағы қазақ ауылының ұстасыз
күні жоқ. Күнделікті тұрмысқа қажетті барлық заттарды, ыдыс-
аяқты, үй жиһаздарын, бәрін ұсталар жасайды. Бейім-та­ла­
бы бар­лар ұсталыққ а көрік басып, қолбала шәкірт болып жү­

ріп үйренеді. Сонда кейбір зерек жасөспірімдер төрт-бес
жыл­да үйреніп шығып, ұстазынан бата сұрап, сосын өз бе­
тін­ше жеке кәсіпшілікке көшеді екен. Сахара тіршілігінде
әр­дайым ұсталардың қадірі артық, мерейі үстем. Салтанат­

ты байлар алты ай жазда ауылдарында ұста жайлатады. Ал­
дын-ала уағдаласып, ұлдарына әбзел-қару, ер-тұрман, бесік­
тегі қыздарына шейін жасау жасатады, жүзік, сырға, сақина,
шол­пы, шашбау сияқты әшекейлі асыл заттар соқтырады, ке­

рек-жарақ бұйымдарын түгендейді. Бұған не қажеттің бәрін,
те­мірін, был­ғарысын, алтын-күмісін және басқасын түгел бай
сай­лап бе­реді. Содан: “Тамақ – байдан, ажал – құдайдан”,
деп зергер-ұста жазғытұрым келіскен байдың ауылына кеп

ор­найды. Ең­бегінің ақысына айғырымен үйірлі жылқы, кей­
де қос үйір – ке­лісуіне қарай, байдың мырзалық-мәрттігіне,
ұс­таның даң­қына орай. Шоқпар ұста Жетісудың атақты байы
Қа­ли Ор­дабаевтың үш қызына жасау жасаған жазда үш ай­ғыр

үйір­лі жылқы айдап қайтыпты. Сол үш қыздың бірі өнер-мә­де­

ниеттің белгілі қайраткері Гүлжиһан Ғалиева болып шы­ғады.
Сондағы Шоқпар ұстаның қолынан шыққ ан күміс­тет­кен ке­
мер белбеу осы Гүлжиһан апайдың сандығынан та­бы­лып,
кейін тағдырдың жазуымен Дәркембайдың қолына тиеді де,

әке­ден қалған көнекөз асыл жәдігер ұлы жасақтаған қол­өнер
мұ­ражайының қымбатты мүлкіне айналады.
Мінекей, Мұхтар Мағауинша айтсақ, бұл Шоқпар да құ­
дай­дың тегін жаратқан пендесі емес еді. Қайдан тегін бола­

ды, өздерінің ата жұртына іргелес Киікбай деген жерде Са­
ры Қаңлыдан тарайтын Шоқпар аталы рулы елдің арасында
туғандықтан, аты Шоқпар қойылыпты. Кейін ұлт рухын таң­ба­
лаған өнер жолына түсіп, онысын ұрпағына дарытыпты. Дәр­

кембайдың қаны мен жанына құйылған Шоқпар әкенің тыл­
сым қасиеті осындай-ды.
Дәркембай өзінің туған ауылы Ақши мен өскен ауылы
Қаз­аткомның телқозысы. Қай нәрсенің де түптамыр тари­

хын зерделегіш Дәркең сонау жиырмасыншы жылдарда ас­
тана Қызылордадан Алматыға көшкен кезде кейбір кісілер
Ал­ма­тының тұрған жерін онша ұната қоймай, осы ауылдың
қон­ған мекенін қолай көріп, Сәкен Сейфуллин қазық қаққ ан

екен деген әңгімені де айта жүреді. Сонда ауылдың атын “Қаз­
атком” деп атапты – Қазақ атқару комитеті. Енді осы тарихи
ауылдан шыққ ан мықты ағасы Тұманбай Молдағалиев. Қаз­
атком кімнің ауылы дегенде, жұрт қазірде Тұманбайдың ауы­

лы, Дәркембайдың ауылы дейді. Әлбетте, мақтанышпен ай­
тады. Тұмағаңның аты аталғасын айтпай кетуге болмас, Дәр­
кембай інісінің ұсталық-зергерлік санқырлы өнеріне жал­ға­
са көкірегінен ақындықтың тұма бұлағының көзі сылдырап

ашылған кезде айкөл ақын аға қатты қуанып, батасын беріп:
“Әттең-ай, қолыма бұдан бір жиырма жыл бұрын түс­пеген
екенсің!..” – деп өкінгені де бар еді. Мұндайда қарап қа­латын
Дәркембай ма, ағасына еркелей: “Қолыңызға түс­пе­генім де

дұрыс болған екен, аға, қандай ақын боларымды кім білген,
онда мына ата-бабамның кәсібі қайда қалатын еді?” – деп жау­
ап қатқан-ды. Осы сөзге Тұмағасы да қолын қой­ған.
Ал ата кәсібі қиялын баурап, аңсарын жаулап, көзінің

ұшын­да сағымдай бұлдырай мұнартып, түн баласында сағын­
дыра мазалап тынышын алып, арқасын аруақтай буып, жан-
жұлынына бу боп кіріп, Дәркембайдың буынына түскелі қа­
шан. Қартайған шағында колхоз ұстасы болып, соқа, тырма,

арба, шана жөндеген, доңғалақ шендеген, табантемірін салған,

тіркеме-тірәктіріңіздің сынып қалған уақ-түйек бөлшектеріне
дейін белін таянып жүріп жасай беретін Шоқпар әкесінің, одан
қала берді, әкесінің інісі Ахмет көкесінің көріктерін басып тұ­
рып көзінен от ұшқындатып, беті алаулай жанған кездер­де ме

екен? Ұстаханада қызыл жалын шалқиды, ауылдың шалдары
осында жиылып, жұмыспен бірге әңгіме-дүкен де қызады. Кө­
шенің ойынына аса құмар емес Дәркембай балаға бәрі таң, бәрі
таңсық (бірақ, дейді өзі өлсе де сөз атасын өлтірмейтін Дәркең

қашанғы қанға сіңген әдетімен осы арада да қарап тұрмай,
кейін халықтың басқа ұлттық ойындарынан есемізді жібер­
ген жоқпыз ғой). Ананы әперіп жібер, мынаны беріп жібер.
Кү­рілдеген көрік, гуілдеген әңгіме, мақал-мәтел мен қалжың

сөз­дің көрік үрлеп, қып-қызыл шоқтың шалқыған жалынына
суа­рылған мәйегі, шыжылдаған темір. Балалық шағының ға­
жайып ертегісі осы.
Сөйткен қайран әке мұның он үш жасында дүниеден озған.

Әкенің аяқтай алмай кеткен дәрісін өмір мектебі жалғастырды,
тіпті, соқталдай жігіт, қазақтың қолөнер музейінің бас рестав­
раторы шағында сол дәрісті Дәркембайдың Алматы түбіндегі
Калинин ауылындағы үйінде Ахмет көкесі үш ай жатып, ар­

найылап үйретіп аяқтап еді-ау. Әкесі арманда кетпеген, ар­
манын қаршадай ұлдың кеудесіне құйып кеткен. Мектепте­
гі арманы – суретшілік оқуға түскісі келеді де жүреді. Әттең,
қол қысқа, мүмкіндік жоқ. Кәрі әже, аурушаң шеше. Алдын­

да әпкесі, артында қарындасы. Үйдегі еркеккіндік жалғыз өзі.
Қоздаған арман шоғын сабырының саясына жасырып, сов­
хоздың жұмысына көзді жұмып, бел шешіп кіріскен-ді. Одан
мектеп директоры Мәтжан Ибрагимовтің қалауымен, әже­сі

Жанымжанның “шаң қаппай, таза жұмысқа барсаңшы, құ­лы­
ным” деген ақылымен Қазаткомның орталау мектебінде су­
рет, сызу пәндерінен сабақ бергенінде де сол арман оты өш­
пей, маздай түскен. Екі жыл өтіп, табыс тауып, қоң жинап, ел

қа­тарлы қоңторғай күйге кіргенде мейірімді әжесі: “Дәр­кен­
жан, бізге қарама, Алматыға оқуға бар, біз ел ішінде ел­бесіп-
селбесіп күнімізді көре берерміз, тақа баяғыдай емес, тү­зел­дік
қой”, деп тағы да қозғау салды.

Сөйтіп, Дәркембай 1965 жылы сүйегі сәл қатыңқырап ке­
ліп Алматыдағы Гоголь атындағы көркемсурет училищесіне
оқуға түсті. Бір жыл оқыған соң, өзі айтатындай, Пермь де­
ген керім қалаға әскерге алып кетті. Суретшілігінің арқасында

онда да жағдайы жаман болған жоқ. Өмір көрді, ел көрді, жер

көрді. Тек анасын қайтып көруді тағдыр жазбапты. Шұғыл же­
делхаттан соң жетісіне ғана жетіп үлгерді. Әйтеуір, командир­
лері мейірлері түсіп, міндетті мерзімінің қалған жарты жылын
қысқартып, біржолата оралған. Жұмакүлдей анасының қай­

ғысын ішке түйіп, тағы да әзиз әжесінің ақылымен оқуын жал­
ғас­тырды. Толғанып, томсаруы көп. Дегенмен де енді оқуға
алаң­сыз кірісті.
Жалғыз алаңы ауылда тай-құлындай тебісіп өскен, Ал­

матыда сатушы болып істейтін Балжан қыз. Сүйіскен жастар
қате етпес, өмірлік серіктесуге ыңғайлана берген. Жан-жар
жұ­мыста. Жалдамалы пәтер. Жалғыз Дәркембай. Оңашада ой
бас­пай ма, ойлана береді. Марқұм анасының бірде шошалаға

алып кіріп, әкесінің қызыл сандыққ а толы құрал-саймандарын
өзіне мұңлы жүзбен, “Әкеңнен саған қалған мұра, ие бол, айна­
лайын” деген бір-ақ ауыз сырлы сөзбен аманаттап тапсырғанын
еске алады. Сол қызыл сандық, міне, Алматыға өзімен бірге

ере келіп, кереуетінің астында тұр. Әкесінің ұсталық құрал-
жаб­дықтары, көрігі, төс темірі, балға, шоты, қысқашы һәм
басқасы. Осыларды қолданып өзі де бірдеңе істегісі келеді.
Бірақ оқып жүрген училищесінде бұл өнерге ешкім үйретпейді.

Үйретпегені былай тұрсын, қазақтың қолөнері туралы әңгіме
ол кезде мүлдем жабық. Дәркембайдың жүген-құрық тиме­
ген шу асаудай бұлқынған ойы бұған көнбейді. Кең ауқымда
толғанады. “Киноның оқуы, театрдың оқуы, музыканың оқуы

бар, басқа да түрлі мамандықтардың оқулары бар, ал қазақтың
қолөнерінің оқуы неге жоқ?..” дейді. Сондай бір оқу болса,
түсіп оқыр еді. Осындай толғаныстар жегідей жеп қайраған
сайын әкеден қалған өнер ыстық тартып баурай түседі. Бала

кезде көріп, есінде сақтаған бірдеңелерді долбарлап жасаған
болады. Апыр-ау, сонда қазақтың қолөнері өлмек пе?.. Басқа
өнерлердің көбі кірме, қазақтың нағыз өзіне тән төл өнері –
осы қолөнер емес пе! Мықты болсаң, қазақтың демі бітіп, ты­

нысы тарылып, үзіліп өліп бара жатқан өз өнерін жарыққ а
шығар! Жоқ! Ахмет көкесі бар, сирек те болса, қазақтың әлі
де қалған басқа қара шалдары бар, үлгі-жәдігерлері бар, өзі
бар, өлмейді, өлтірмейді қазақтың ұсталығы мен зергерлігін!

Сол жерде отырып Дәркембай қабырғасымен де кеңеспестен,
қазақтың қолөнерін қолға алмаққ а, осы жолда басын бәйгеге
тікпекке тас-түйін бекінді. Аяқ астынан көркемсурет учили­
щесінде дипломдық жұмысын қазақтың ұлттық қолөнерінен

қорғауға шешім қабылдады.

Бір сәт маған Дәркембай Шоқпарұлының ғұмырбаяны бей­ біт өмірдің толассыз тайталас күресіндегі тынымсыз толағай ер­ ліктерден түзілгендей болып көрінеді. Ежелгі грек мифіндегі ас­ қан алып күш иесі Гераклдың жасаған ерліктерінің саны он екі болса, біздің қолтоқпақтай ғана Дәркең ағамыздың ерліктері одан әлдеқайда көп. Алғашқы ерлігі бұдан тура отыз бес жыл бұ­рын диплом жұмысын қазақ қолөнері тақырыбынан қорғауы еді. Жұбановтардың бір тұяғы, училище директоры Ақырап ағасы: “Біздің тәжірибеде бұрын мұндай болған жоқ еді, де­ генмен, эксперимент ретінде байқап көрсең, көр”, – деп, ойла­ на түсіп, тақырыпқа келісімін беріп, жетекші болуды да өз мой­ нына алған. Сондағы қолданбалы қазақ қолөнерінде жылт ет­ кен сәуледей кемер белбеу мен күміс зерлі, сылдырмақ ожау­лы қымыз құятын ыдыстар Дәркембай тағдырын бұлтартпай шешіп кетті. Ерлік, ерлік дейміз-ау, тұсауы кесілген алғашқы сәттілікпен қанаттанған ізденісті, азабы мен ғажабы бірдей, ерін­бестің еңбегі жалғаса берді. Алғашқы қолтумалар осы жет­пісінші жылдардың бірінші жартысында-ақ Мәскеудегі, Венгрия, Чехословакия, Ру­ мыния, Үндістан, Бирмадағы, Сібір қа­ла­лары Кемерово, Новоси­ бирск, Омбыдағы, Қазақстанның өзін­де­гі көрмелерге қойылып, тамашаланған “Балуан”, “Түйе”, “На­тюрморт”, “Киіз үйдің екі моделі”, “Зергерлік бұйымдар” сияқты ұлттық әдемі нақыш-си­ пат­тағы туындыларға ұласты. Қай жерде де шын шебердің ке­ реметіне таңдай қақты. Сөйткен Дәркембай қазақ қолөнерін құр­ дымнан алып шығып, дүниеге таныта бастады. Өзі қайта жаңғыртып жасаған көненің көзіндей дүние­лік­ терге Дәркембай шебер әрдайым өз жанының бір бөлшегін да­ рытып отырды. Ата кәсіпті тірілтіп қатарға қосу жолында отыз бес жыл бойы жарғақ құлағы жастыққ а тимей, жаны шырқырап еңбектеніп келді. Иә, Дәркембай өнернамасының отыз бес жылы. Сан салалы, сан қырлы. Қолөнердің өзі бірнеше салаға бөлінеді емес пе. Зергерлік. Теріден, былғарыдан жасалатын бұйымдар. Терінің иі, былғарының бабы. Ағаш, металды көр­кемдеп өңдеу. Халықтық музыка аспаптарын жасаудың өзі жат­қан бір ғылым. Дәркембайдың мойынға жүктеген миссиясы осының бәрімен ай­налысуды, әмбебаптықты, қажымауды, тал­мауды талап етті. Шоқпардың шойынсақа ұлы сол үдеден шықты да. Бір ғажабы, Дәркембайдың атқарған жұмыстары да ұлт мүд­ десіне қызмет етуіне септесті. Алғашында жергілікті өнеркәсіп министрлігінің жәдігерлік-сыйлық бөлімінде бас маман, одан соң қолөнер мұражайында бас реставратор, “Қазреставрация”

мекемесінде бас суретші болған жылдарда облыстарға жиі-
жиі сапар шегіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінде халық ше­
берлерімен кездесіп, сұхбаттасып сырласуға мүмкіндік алды.
Солардан үйренді, ел аралап, мағлұмат жинап, тірнектеп із­

деніп, ұмытылып бара жатқан технологияға жан бітірді, кір­
пігі ғана қимылдап, сал боп жатқан жерінен су тамызып та­
лай-талай өлген әдіс-тәсілдерді тірілтіп алды. Сонымен бір­
ге осы экспедицияларда қолөнер мұражайына экспонаттар

жи­нады, көз жұмған ұсталардың саймандары мен жасаған
бұйым­дарын мұрагерлерінен тәберік ретінде сұрап алып отыр­
ды. Дәркембай бас болып жинаған бес мыңнан астам зергер­
лік-ұсталық бұйымдар қазір халықтық қолөнер мұражайында

елдің мәдени-рухани игілігіне айналған.
1982 жылы ашылған Дәркембайдың дербес көрмесі ел­
ді дүр сілкіндірген ғажап оқиға болды, ұлттық рухты паш ет­
ті, жалпы халыққ а ұйытқылық ойлар тастады. Жетпіс бесінші

жылдан бастап ұстаның қасына үйірілген шәкірттер де халық
қолөнерінің енді өлмейтіндігінің белгісіндей қау­лап өсіп, қанат
жая берді. Дүрк етіп Шоқпарұлының аты шы­ғуы­мен бірге
қолөнер насихатталды, жария болды. Ұлт мә­де­ние­тінің қамқоры

Өзбекәлі Жәнібеков Ықылас атындағы ха­лық­тық саз аспапта­
ры мұражайын ашу мәселесін шешіп, енді соған қоятын экспо­
нат таппай қиналғанда тығырықтан жол тауып, шәкірттерімен
бірге жүзден астам әртүрлі көне му­зы­калық аспаптарды құ­рас­

тырып жасап, құтқарып кеткен де осы Дәркембай еді. “Сонда
жарықтық Өзекеңдер де жанын шү­­бе­рекке түйіп жүреді екен-
ау”, деп толғанады. Өзі де көп құ­қай­ды көргенде қол ұшын бер­
ген сиректің бірі сол Өзбекәлі ағасы болатын.

Дәркембай қазақ қолөнерінің шебер ұстасы, қайта тіріл­
тіп, қатарға қайта қосушы ғана емес, сонымен қатар өзі нағыз
шынайы өнер өресіне жеткізген халықтық қолөнердің наси­
хаттаушысы, зерттеушісі, осы бабаның көзіндей сирек өнер

саласының практикалық жағымен қоса, теориялық тұрғыдағы
ілімін жасаушы. Өнерді өлтірмеудің ең мықты кепілі де осы
емес пе? Бұл шаққ а дейін ұсталықты үйренем деген жастарға
арнап екі жүзден астам мақала жазып жариялапты. Отыз ал­

ты кітапқа автор болыпты, соның алтауы жеке өзінікі. Ол кі­
таптар – “Өрім өру”, “Домбыра жасау”, “Теріден жасалатын
бұйымдарды құрастыру технологиясы”, тағы басқалары іс жү­
зіндегі маңызы зор, үлкен сұранысқа ие еңбектер. Ақын ре­

тінде көрінген “Ай-алқа” атты қолөнерге байланысты эт­но­

графиялық өлеңдер жинағын жұртшылық ерекше сүйі­ніш­ті
ризашылықпен қабыл алды. Әсіресе “Өнер” баспасынан өткен
жылы шыққ ан, көркем безендірілген “Қазақтың қолөнері” кі­
табы ұлт мәдениетінің айшығын, биік рухын танытар, қандай

да болмасын марапатқа лайықты, аса елеулі де тамаша ғылыми-
танымдық туынды дер едік. Ал, “Қазақтың ұлттық саз аспап­
тары”, “Ою-өрнек теориясы”, “Этнографиялық этюдтер” сын­
ды жарыққ а шығуын күткен қолжазбалар, әлбетте, ғалым ұс­

таның еңбекқор жанкештілігін танытса керек.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кезіндегі Қа­зақ­
стан комсомолы сыйлығының лауреаты, Еуропадағы қып­шақ­тар
қауымдастығының басқарма мүшесі, Қырғыз Республикасы Ди­

зайн академиясының толық мүшесі, Т. Жүргенов атын­дағы Қазақ
ұлттық Өнер академиясының “Сәндік өнер” кафедрасының про­
фессоры Дәркембай Шоқпарұлы ал­пыс­тың асқарына шыққ ан
осы шағында ел-жұртының алдында жүзі жарқын, “Қазақтың

қолөнерін аламан додадан өл­тір­мей өрге сүйреп алып шықтым,
арғымаққ а мінгізіп өмір бәй­ге­сіне қайтадан қостым!” деп ар­
мансыз айта алады. Біздің бұл әңгімеміз ұсталықтан ұстаздыққ а
жеткен ғибратты өнер ие­сінің сан тарау еңбегінің бір парасы

ғана. Әлі айтып жетпе­геніміз қаншама! Бір ғана білеріміз, Дәр­
кембайдың туған хал­қына, қазағына сіңірген еңбегіне бе­рі­лер
әділ әрі лайықты баға да келешектің үлесінде.
Алматы жақтан Ақшиге ағындап кіретін күре жолға ұласқан

көше Дәркембай даңғылы деп аталады. Ауылдастарының көр­
сеткен өзгеше ілтипат, құрметі ғой. Осы көшенің басындағы
қа­рапайым үйге Дәркембайдың өнер әлемі, жан дүниесі ор­
на­ғандай. Әрі мұражай, әрі шеберхана іспеттес бұл үйде Дәр­

кембайдың үлкен ұлы Дәулет әке жолын жалғап жатыр. Бұл
үйден қазақ қолөнерінің хас шебері, біздің заманымыздың
заң­­ғар ұстасы Дәркембай маздатқан от ешқашан өшпек емес.
Бүгін болмаса, ертең, келешек ұрпақ Дәркембай Шоқпарұлын

қазақ қолөнерінің атасы деп үлгі етеріне де күмәніміз жоқ.
2006 ж.

ТҰҢҒЫШБАЙДЫҢ ҚАҒБАСЫ

Тұң­ғышбай Әл-Тарази. Қаншама жылдардан бері елі­
не ете­не таныс осынау есімнің алдына атақ-лауазымдарының
сөл­ке­бай­ларын саудыратып анықтауыш қоюдың қажеті бар

ма? Белгілі қағидаға жүгінсек, қайта, керісінше, кезінде Тұң­
ғыш­бай Жаманқұловтай топ жарып шыққ ан дара дарын иес­
іне бе­рілгендігі қазір сол атақтардың өзін көркейтіп, беделін
кө­теріп тұрған жоқ па. Шалдың баласы, Жаманқұлдың «жа­

маны» қазақ өнерінің халқы хан көтеріп қадірлеген, жұрты
жыр­тыла айрылып ардақ тұтқан, мемлекеті мойындаған, үкі­
меті үкілеген жақсысына айналды. Әке-шешесінің тұла бойы
тұңғышы, әттең, атасының сүйіктісі болғасын амал бар ма,

туған анасы, яғни «жеңешесі» үшін өмір-бақи «Әйбала» атан­
ған Тұңғышбай. Қазақи ділдің, ағыл-тегіл өлең-жыр мен суы­
рылған шешен тілдің уызына жарыған Мойынты-Шу, Қа­
ра­тау-Жаңатас өңіріндегі 27-ші разъездің жүгірмегі Тек­тұр­­

мас әулие тербетіп тұрған Тараз топырағынан түлеп шы­ғып,
қазақ өнері мен мәдениетінің ендігі әлетте балталаса бұ­зыл­
мас тарихына кірді. Ұлттық театр мен киномыздың ай­маң­
дай саңлағы дерлік абырой биігіне көтерілді, тұлғалық дә­ре­

жеге жетті. Сегіз қырлы, бір сырлы бекзат болмысымен өнер
киесін елжіреп сүйе білу сыйын тәңірім Тұңғышбайға мейір­­
леніп тартқан екен. Мұны да біз жай ділмәрсіп айтып отыр­­
ған жоқпыз. Тұңғышбай өнернамасы, өнерінен ажыратып бол­

мас өміртарихы айтқызады бұл риясыз пайымдарды. Осынау
әмбебап сырбаз өнерпазда өзінің суреткерлік миссиясын сон­
шалықты нәзік түсінер сезімтал жүрек барлығы да қазақ кө­
рерменінің талай жылдардан бергі көз қуанышы, көңілінің

сүйініші дер едік. Өміріңнен ажыратсаң адыра қалатын, жан
та­за­лығының кәусар бұлағынан сусындамаған күні қу меди­
ен шөлге айналар, шындықтан көз жазған шақтарда көрсоқыр
керең­нен бетер шошындыратын өнердің киесі мен құдіреті

жайында қазақ театры қарашаңырағының тұлғалы ұс­ты­нын­
дай Тұқаң, Тұңғышбай Әл-Таразидың ұстамды да ұста тол­ға­
ныс­тарын тыңдаудың өзі бір ғанибет-ау.

– Әуел бастан әлқиссалап айтарым, айтып та жүргенім

сол, өнер бөліп-жаруға келмейтін біртұтас ғажайып әлем.
Оның сала-сала алуан қырлары бір-бірімен жұлын-жүйкедей
бай­­ланысып жатыр, тарам-тармақтары қантамырларындай тар­­
тылады, оның ешбірін білместікпен үзіп алуға болмайды. Сах­

наның сыртында да өмір бар. Екеуі қақ жарылған сәттен бас­
тап шынайы суреткерлік өлшем өледі. Сахнада тоғы­шар­лық
пи­ғылға орын жоқ. Сахна – адамзаттың кіршік түсір­мей ая­
лайтын ең сұлу да сырбаз сезімдерінің көрінісі. Ол арзан ойын­

ның емес, күрсініс аралас көктем көңілдің, қымбат күл­кі­нің

барқадар тал бесігі. Түсіне білгенге табалдырығынан ат­та­
ғанда-ақ таңғажайып әлем басталатын театр – киелі, кепиет­
ті, қасиетті Қағба. Мен нақ осындай өнер әлеміне өлердей ға­
шықпын. Шамамның келгенінше, өремнің жеткенінше мен

осы Қағбаның ішінде «ойнауға» емес, өмір сүруге тырыса­
мын. Шығармашылық жолымда бітірген бірдеңелерім бар бол­
са, осының арқасы шығар.
Мұндай жанкештілік неге керек десеңіз, біреуге жағыну

үшін, не болмаса көпке танылу үшін емес. Азаматтық сынын­
да арылу үшін керек. Және де биіктік деген асқарды сағыну
үшін! Тереңдік деген тұныққ а табыну үшін! Шындық деген
жоққ а сарылу үшін! Тазалық деген тәпсірге бағыну үшін! Мен

осы күйікке айналған арман-аңсарларға жетпекші болып шарқ
ұрған, сол жолда кей шақта от-жалынға да шарпылған шер­
мендемін.

– Тұқа, бұл айтқандарыңызды сіздің өнердегі қағидатыңыз

деп білсек, әрбір адам өз кәсібін дәл сіздей құрметтесеші де­
ген ой ұшқыны да бір тасадан қылаң беретіні анық-ау.

– Таңдағаным кәсіп емес, құдайдың бұйыртқан нәсібі де­

сек, жөн болар. Өстіп жаңылыс басқан қаламгер ағайындарға
ылғи осындай түзету жасаймын. Актер, режиссер, суреткер,
жалпы, өнер атаулы мамандыққ а жатпайды. Бұл дегеніңіз өмір­
лік ұстаным. Бүкіл болмысыңды түгелдей, тұтастай билеп,

бау­рап алатын қасиет, саналы сезім, сезімтал сана. Кісілік те,
парық та, парасат та осының ішінде. Осы критерийлер тұл­ға­
лық деген толағай ұғымға алып барады. Осылардың бәрі мен­
де бар деп күпірлік етуден аулақпын, бірақ Алла-Тағала сана­

ма тап осыны түсінетіндей аз-мұз сәуле себелегеніне мың да
бір шүкір.

– Тұқа, өзіңіз айтқандай, өнердің киелі әлеміне қолыңыздан

жетелеп кіргізіп жіберген қамқор ұстаздардың ішінде кім­
дерді атар едіңіз? Қазақ театрының алыптарынан, могиканның
соңғы тұяқтарынан қандай тағлым ала алдыңыз, жаныңызға
кімдерді жақынырақ тұттыңыз?

– Бұл арада бір ескертіп қоятыным, «өк деген өгізге де

ауыр» демекші, әуелі кім де болса жетекке көнетінді, сана­
сында саңлауы барды, болайын деп тұрған баланы жетелей­
тінін ұмытпайық. Әйткенмен, өлең жазатын, ән салатын, он­
ша-мұнша пьесаларда ойнайтын өнерім мектеп қабырғасында

жүргенде-ақ белгілі болғанымен, мен басқа мамандықты қа­ла­
ғанмын. Сөйтіп, Алланың назары ауған шақта мендей күнәһар

пенде табиғат дарытқан бұлан-бұлқынысын басып, Жамбыл
гид­ро­мелиоративтік құрылыс институтында озат студенттердің
бірі болып оқып жүргем. Сол бетімде «бөтелкеден жынымды
шығарып алмай» оқи бергенде бүгінде сол саланың біркөрме

беделінен де құралақан қалмаған белгілі бір қайраткері бо­
лып жүретініме де күмән келтірмеймін. Өйткені, қолға алған
қай істі де жеріне жеткізер тынғылықтылығым мен жауапкер­
шілігім өзіме аян.

Өнер әлемінің есігінен сығалап, қасиетті табалдырығынан
аттағаным үшін екі адамның есімін өмір бойы қастерлеп ке­
лемін. Есіктен сығалаған қазақтың әне-міне дегенше төрден
табылатынына да тірі мысалдың бірі менмін. Инженер болам

деп жанығып жүрген менің азап арқалайтын бағыма болар,
Жам­былдың облыстық театрына Абайды қою үшін Асекең

– Ас­қар Тоқпановтай өнер пайғамбарымыздың келе қалғаны

тағ­дыр-талайымды күрт өзгертіп, мүлдем басқа қиянға бас­
тады. Атақ­ты боксшымыз Серік Қонақбаевтың әкесінің туған
ағасы, мектеп директоры, әдебиет пәнінің мұғалімі Ерімбет
Қо­нақ­баев ағай Асекең: «Өнерлі балалар театрға келмей жүр.

Әртісті ойыншық деп есептейді» деп қынжылса, «Ойбай, Асе­
ке, осындай бір бала бар, өзі әнші, өзі өлең жазады» деп мені
көк­ке көтере мақтайды. Мұндайда қарап тұратын Асекең бе:
«Ма­ған дереу келтір сол баланы!» деп әмір етеді.

Тараздың «Атшабар» деп аталатын алаңы бар. Қақ төрінде
Лениннің ескерткіші болатын, қазір Бәйдібек бабамыз тұр.
Сол арада екінші курстың емтихандарына дайындалып жүріп,
жаңа­ғы екі ағаға ұшыраса кеткенім. Сәлемімді алар-алмастан:

«Міне, мана айтқан бала осы!» деді Ерімбет аға қуанышын жа­
сы­ра алмай. Асекең сол арада менімен шұқшия танысып, ба­
сын бір жағына қисайтып отырып ұзақ қадалды.

– Ы, инженер боламын де! Омай шіркін, итырғын инженер

сенсіз де аз еді! Сен маған кел. Мен сені адам қыламын. Адам!
Сен герой болатын немесің. Соны білемісің, ей, тасмаңдай!
Осы сөздер ішімде ұйқтап қалған сайтанды теуіп оят­ты.
Асекең «Абайдың» репетициясына қатыстырып, Айдар­дың рө­

лін берді. Театрдың гастролімен біраз жерді шарлап та қайт­
тым. Алты ай бойы Асекеңнің аллажар дәрістерін тың­дап, 69-
дың күзінде Алматы консерваториясының актерлік бөлімінің
білдей бір студенті боп шыға келдім. Ұлы актриса Хадиша

Бөкееваның класы бойынша! Хадиша апай мен үшін ұлы ұстаз
да бола білді. Сахна сиқырларын меңгеруге кө­мек­те­сумен бір­

ге аналық айнымас жанашырлығын да танытты. Екінші курста
қолымнан жетектеп әкемтеатрға әкеліп, Әзір­байжан Мәмбетовті
көндіріп, ілеспе аудармаға отыр­ғы­зып кет­кен де осы кісі. Көп
жылдар өткеннен кейін сол әкем­театр сах­насындағы мерейлі

сал­танатымның үстінде өз анам Гүл­ха­рамен бірге өнердегі анам
Хадиша Бөкееваның қолдарынан ұстап, екеуінің ортасында мей­
ірлеріне бөленіп, қос анамның құ­шағында аяланған сәттерімдегі
бақытымды қазір ауызбен ай­тып қалай жеткізермін.

Содан сүйікті театрымның майлық-сулығы бола жүріп,
әуе­лінде майда рөлдер мен массовкаларға қатыса жүріп қа­та­
ры­мыздан қара үзетін қисынға келгенбіз. Асекеңнің қам­шы­
лау­лары қор­қыныштан арылтқан. Хадиша апай сахна мә­де­ние­

тіне тәрбиеледі. Там-тұмдап өнер мұратын санамызға сіңіре
бастадық. Осы ретте Абай мен Әуезовтен асқан бағдар-ме­
же жоғына көзіміз жетті. Қалыптасып-шыңдалу жолдарымда
«Тұң­ғышбаевский» деп еркелетер Серағаң – Серәлі Қожам­құ­

лов, мені ылғи да «пірсиян» деп атайтын Сәбира Майқанова,
баяғының батырындай Ыдырыс Ноғайбаев, Нұрмұхан Жан­тө­
рин, Кененбай Қожабеков, Әнуар Молдабеков сынды аға ұр­
пақ асылдарының өнері мен өнегесі, кесек мінездері мен таза

табиғаттары бұрын табындырса, қазір сағындырады-ақ.

– Өнердегі өз ұстанымыңыз хақында не айтар едіңіз?

– Жалпы, менің өмірім мен өнерім қамшының таспасын­

дай қатар өріліп, біте қайнасып, сабақтаса дамыды. Өнерге
шынайы, ілтифатты көзқарасқа жетудің жөні бөлектігін де ке­
ле-келе аңғардық. Ізденіс, оқу-тоқу барысында Товстоногов,
Ульяновтардың, басқа да ғұламалардың кітаптарын тауып алып

оқып, зерделедік. Наполеон айтқандай: «Әуелі ұрысқа кірісіп
кет, содан соң көре жатасың» деген қағида театр табиғатына
да жат еместігін сезіндік. Халық театрдан не көргісі келеді,
сол жоқты сен іздеуің керек. Ол үшін тек сахнада емес, өмірде

де ойланып- толғана жүру қажеттігін түйсіндік. Шынайы әртіс
сахналық өмірін өз өмірінен алшақтатпайды. Ол өзі бейнелей­
тін замана құбылыстарын, сомдайтын кейіпкерінің сезім-сыр­
ларын өз жүрегінен өткізуі керек. Ұнамды, ұнамсыз кейіп­

кер деген ескірген ұғыммен мен келіспеймін. Кімді ойнасаң,
соның күйін кешуің керек. Жауыздың да өз шындығы, өзінің
әділеті болады. Соның шындығы үшін сен де шырылдай біл.
Сонда шынайысың, сонда суреткерсің.

Мен өзімнің шығармашылық жолымда осы ұстанымды
айнымас темірқазық етіп келемін. Осы бағдардан жаңылмай,

алғашқы асуларда Луиджи Пиранделлоның «Өгей қызындағы»
директор, М. Әуезов «Айман-Шолпанындағы» Көтібар, «Таңғы
жаңғырықтағы» Бақтығұл рөлдерін алып шыққ ан соң біраз
жерге шаптық... Хлестаковты да ойнадық. Рөлдің төресі Эдип

патша да бұйырды. Цезарьға «Сенбісің, Брут!» деп аһ ұрғызып,
аз да болса армансыз ойнаған Бруттың жан сырына бойла­
дым. Қайран «Қарагөздегі» Сырым арқылы Сексен алтының
Желтоқсанында отаршы озбырлығына қарсы наразы-назым­

ды ақтарғам. Серке Қожамқұлов, Әнуар Молдабеков, Фарида
Шәріпова сынды сахнамыздың сырбаз саңлақтарымен қатар
ойнап, өнерде әріптес ретінде бәсекелесу бақытын да иелен­
дік. Сөйтіп, келе-келе театрдағы толғаныстарымды Людовик

ХІV күн королінің, Абылай ханның, Кир патшаның, Жәнібек
ханның бейнелері тұғырландырып, тұлғаландыра түсті.

– Тұқа, қыран қабақ, құс тұмсық, қия маңдай поры­мыңыз­

дың өзі де патша көңілмен патшаларды мүсіндеу үшін жара­
тылған сияқты-ау, тегі?

– Бастапқыда мұндай порымның маған қырсығы да ти­

ген. Біраз уақытқа дейін режиссерлер фактурасы қазаққ а кел­
мейді деп киноға түсірмей жүрді. Біреулер мені өзбек, қарашай,
түрікпен де шатыстырды. Ал, мені «пірсиян» деп атайтын Сә­
бира апай өмірбаянымдағы құпиямды жақсы білетін. Бұл құ­

пияның мәнісі сол, шешем Гүлхара шахсауен деген рудан шық­
қан иран қызы. Бірақ шахсауен дегені парсы да емес, басқа да
емес, қыпшақтардан жасақтаған шаһ гвардиясы екен. Есейгенде
мен осы нағашы тегімді мақтан тұтатын болдым. Егер ұл атаулы

нағашыға тартатыны рас болса, менің қанымда да, жанымда да
ирандық қыпшақтардың табиғаты жоқ деп айта алмаймын.
Дегенмен, «фактурасы қазаққ а келмейдісі» де айна­
лып кел­генде алдамшы әсер болып шықты. Әбдіжәміл Нұр­

пейі­совтің «Қан мен тері» экрандалғанда режиссер Әзір­бай­
жан Мәмбетовке «Мосфильмнен» көмекшілікке келген мәс­
кеулік қосалқы қоюшы Юрий Мастюгин бас кейіпкер Тәңір­
бер­геннің рөліне мені таңдады. Қалай болғанда да, шынайы

қазақтығымды, қазақи жан-дүниемді сырт көз сұңғыла сын­
шылдығымен жақсы аңғарса керек. Отыз жасымда алғаш ки­
ноға түсіп, таланымды ашқан Тәңірберген бейнесі өзім үшін
аса қымбат. Кинода мен мүсіндеген бұдан соңғы бір қымбат

бейне – Кейкі батыр. Марқұм Ақан Нұрмановтың «Құланның
ажалы» романы көпшіліктің есінде болар. Кейкінің руы Құлан
Қыпшақ дейді Қалихан Ысқақов көкем. Олжас Сүлейменов

пен Амангелді Тәжібаевтың арманда кеткен арыстан арыс ту­
ралы фильмі ақырында «Ақырғы аманат» аталып, атышулы
Кейкі Ораз мерген боп өзгерген-ді. Әрине, кер заманға сый­
май кеткен трагедиялық тұлға экран мен сахнаға күні бүгінге

барша ашынған ащы шындығымен жете алған жоқ. Осы рөл­
ден бастап тарихи тұлғаларға басқаша қарап, оларды ұлт тағ­
дырынан бөліп емес, ұлт тағдырының тебіренісіне бөлеп тү­
сі­нуге тырыстым. Кейкі мені келешекте сәтімен бейнеленген,

жеті ғасырдың астынан жанайқайы естілген «Отырардың күй­
реуі» фильміндегі қыпшақ Қайырханға, одан Маман Байсер­
кенов пен Әбіш Кекілбаев пьесаларында: «Сыртта ылаң, іш­
те жылан, шытырман мен шырғалаң!» , «Білекке емес, білік­

ке сенер күн туды!» деп толғайтын Абылай ханға, одан Ардақ
Әмірқұловтың «Жас Абай» фильміндегі Құнанбайға жеткізіп
салды. Мені осы ұлы аруақтар қолдады деп білсем, күпірлігім
емес. Қазағымның тілі мен діліне деген осы махаббатым, ұлт­

жандылық қасиетім маған «Шешендік өнердің актер шебер­
лігіне ықпалы» тақырыбында диссертация да қорғатты. Сах­
нада Абылай хан боп салтанат құрған, Абылай хан кейпін­
де Нұрсұлтан Әбішұлының құттықтауын қабылдаған сәулелі

сәттер сірә да ұмытылар ма! Одан бұрында, 1992 жылдың 16
желтоқсанында, осыдан аттай 16 жыл бұрын, Тәуелсіздігіміздің
бір жылдық тойы үстінде Елбасымыз бір күнгі жарлығымен
кеу­деме екі бірдей белгіні қатар қадап, Қазақстанның Халық

ар­тисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атақтарын да өз қо­
лы­мен табыс етіп еді-ау. Бұрынғы хандарымызды өнерде қас­
тер­леп тірілткеніміз үшін бүгінгі Президентіміз марапаттап
жат­са, елдігіміздің бір көрінісі осы емес пе деп толғанамын

іштей.

– Баяғыда «Тамашаны» бастап дүрілдеткен, көңілсіздеу

күң­гірт шақта халыққ а күміс күлкі сыйлаған қайталанбас ға­
жаптар осынау толағай табыстарыңыздың тасасында қалып
қой­ды деп өкінбейсіз бе, Тұқа?

– Оған не үшін өкінбекпін? Қайта «Тамашаға» байланып

қалмай, атақ-абыройымыз аспандап тұрғанда содан кетуге
ерік-жігер тапқаныма мың шүкір. «Тамашаны» ұнатпағаннан,
менсінбегеннен емес. «Іштен шыққ ан шұбар жыланды» кім
жек көрсін. Сол кезде көп келеңсіздіктерді астарлы әзілмен,

уытты күлкімен айттық. Күлкінің астында ушыққ ан үлкен
мә­се­лелер жатқанын ел білді. Бұл өзі халқымыздың қалғып
кет­кен бір алуан өнері болатын. Кезінде Қаллеки мен Сер­

ке ағалар театрмен бірге осы эстрадалық жанрды қатар алып жүрген. Құдайберген екеуміз соны тірілткенбіз. Өзгеше өңпішін бердік. Онымыз халық жүрегіне тез жол тауып, бір-ақ жылда адам айтқысыз танымалдыққ а жеттік. «Тамашадан» ке­терде көп қиналдым. Бірақ кетпеске болмады. Себебі, те­ атр мен кинодағы үлкен рөлдер көмескіленіп бара жатты. Со­ дан ішімнен батылдық тауып, шорт кестім. Өйтпегенде, Абы­ лай, Әбілхайыр, Қайырхандарға қолым жетпей қалуы да кәдік еді. «Біз өз миссиямызды орындадық, жас толқынға орын бо­ сатайық, бізді басқа ұлы істер күтіп тұр» деп Құдайберген до­ сыма да айтқам. Өз басым «Тамашаға» да тәнтімін, арзанға малданғандай болмай, одан кетуге бойымнан күш тауып, үл­ кен өнер өрісіне шыққ аныма да ешбір өкінбеймін. – Өзіңіз айтқандай, өнер жолы Алматы мен Қапшағайдың арасындағы тақтайдай тегіс трасса емес. Желтоқсанда да соқ­ қы жеп күйзелгеніңізді білеміз. Оған бола кейбіреулерше дека­ брист атана қояйын деген сіз де жоқ. Әйтпесе, «Сахнада Ерлер­ ді ойнап жүріп, Айналыпсың, Тұңғышжан, өзің де Ерге» деген ақын ағамыз Рафаэль Ниязбековтің сөзі сөз-ақ. Әйткенмен, өнер­дегі ең қиын, тауқыметі молырақ болған шағыңыздан бірер ғибратты тәмсіл айта кетсеңіз? – Маған батқаны Желтоқсанда соққ ы жегенім де, үш әріптің қанымды ішіп тергегені де емес, кейбір сеніп жүрген ағалардың «Әй, декабрист, өй, ішіңді!...» деп кекеткені еді. Уақыт – ұлы ем­ ші, тыртығы қалғанмен, ол жаралар да жазылды дейікші. Өйткені, өнер адамының тағдыры бәрібір азапқа толы. Бірақ ол ізгі мақсат көздегендіктен де қайырлы азап. Өз басым М. Әуезов атындағы театрдың директоры, көркемдік кеңестің жетекшісі болған 19932001 жылдарды өз өмірімдегі ең ауыр кезең деп есептеймін. Осы кезде өзім азамат ретінде, өнерпаз ретінде, суреткер ретінде қа­ лыптасқан сүйікті театрымды, қазақ өнерінің қарашаңырақ орда­ сын сақтап қалуға бар күш-жігерім мен ыждаһатымды салдым. Жиған-терген аз-мұз абырой-беделді соның жолына құрбандыққ а шалдым. Театрдың ішкі-сыртқы жағдайы күйреудің, құрдымға кетудің аз-ақ алдында тұрды. Моральдық та, материалдық та аху­ алы өте ауыр болды. Тұс-тұстан шабуыл көбейді. Осындай шақта жұрттың бәріне жақсы көрінумен, жалпақ шешей болумен жағ­ дайды түзеу мүмкін емес еді. Мемлекетіміз әлі нығаймай тұр­ ғанда ол екіжүзділікпен парапар-ды. Елбасымыздан бастап қатаң шешімдер қабылдап, қайраттанғанда, сондықтан, мен де белді бекем буғыздым. Бұрынғы атақ-даңқтың буына ма­лы­нып мін­

детсінуді тыйдым, тәртіпке шақырдым, баяғы ер­ке­тотайлықтан
арылта бастадым. Мұны біреу түсінсе, бі­реу түсінбеді. Бірақ
мен босаңсымай, дегеніме жеттім. Театр ғи­маратын жөндеп көр­
кейттік, шығармашылық жұмыс бөлек өреге көтерілді. Отызға

тарта отбасы үй алды. Үкімет бір тиын бере алмаған кезде демеу­
шілер тауып, 10-11 спектакль қойып, Театр атты ұлы кемеміз­
ді нарықтың топан суына тұн­шық­тырмай, аман алып шықтық.
Көрерменіміздің тартылыс күшін әлсіретпедік, халықты өз те­

атрынан көз жаз­дыр­мадық. Ақсақалдыққ а жетпей қалған кейбір
ағалар бұл ең­бе­гімізді де мансұқтап, пұшайман еткенімен, төккен
тер, жұм­саған жігер ақталмай қалған жоқ. Мен соған қуанамын.

– Тұқа, көрерменді, әсіресе қазақ көрерменін толғандырып

жүрген тағы бір сұрақ. Көп әңгіме болған «Көшпенділер» филь­
міне көңіліңіз тола ма?

– Шынымды айтайын ба?

– Әрине!

– Олай болса, айтайын. Көңілім толмайды. «Көшпенділер»

фильмінің трагедиясына соның төңірегінде жүрген жігіттердің
ұлттық намысының кемдігінен жол берілді деп есептеймін. Осы
орайда Елбасы артқан үміт-сенімді ақтай алмай қалғанымызға
солардың санатында жүріп Әбілқайыр ханның рөлін ойнаған

мен де налимын. Меніңше, бөлінген ақша абайламай жүріп
ар­тығырақ шашылып алынған. Ақырында қаражат жетпей,
фильмнің үштен бірі игерілмей, уақиғаның көпшілігі сцена­
рий бойынша түсірілмей қалды. Жұртқа ұсынған мына фильм

Сергей Бодровтың қолда бар материалдан құрап-сұрап жасаған
күлдібадам бірдеңесі. Әйтпесе бұл да жоқ еді. «Қазақфильмге»
келіп жатқан жаңа басшылық келешекте қазақ тарихын экран­
дауда ұлт әдебиетіндегі жақсы үлгілерге иек артса құба-құп.

Манадан бері ащы сынды да, өнердің азапты жолын да ая­
май түйреп айтып жатырмын. Соны жақсы көргеннен айтамын.
Театрды, өнерді, әріптес қауымды жақсы көргеннен. Ендеше,
мен әңгімемді қазақ жырының Құлагері Ілияс Жансүгіровтің

мына бір шумағымен түйіндейін:
Халқыңның сырын өзің білесің де,
Ісіне күйесің де, күлесің де.
Қаласың кейде кейіп, кейде мәз боп,

Әйтеуір сол халықты сүйесің де!
2008 ж.

ҰЛЖАН

Осы бір қанға біткен қайсарлығы, үнемі соншалықты та­
биғи жалт-жұлт етіп жан қасиетін байқатқан өжет мінезді да­
ралығы болмаса, Қазалыдан келген қарғадай қыздың қазақ ки­
носының қара шаңырақ ордасына өз үй, өлең төсегіндей еркін

жайлап кіріп, соған тастай батып, судай сіңуі де мүмкін емес­
тей көрінеді. Неде болса әке-шешеден ерте айрылған балғын
бойжеткен түбінде бір жерден жарып шығатын болашағына
өнер заңғарларын үйіре сендіріпті, үміттерінің құсын өзіне тү­

сіріпті. «Талант тағдыры – тәңірден» десек, Ұлжанды алғаш
өнер жолына салған басқа емес, қазақ киносының бірден-бір
абызы Шәкен Айманов болғандығын да тегін нышанға бала­
маймыз. Әмина апай Өмірзақова өз үйіне «прописка» жасата­

ды. Шәкен аға жетелеп әкелген актерлік бөлімге түсерде емти­
хан алушылар Олжас Сүлейменов, Мәжит Бегалин, Абдолла
Қарсақбаев, Рая Мүсірепова сынды мықтылар болады. Олар
да мұның бойында бұғып жатқан дарынды аңдап, ұнатады.

Бірақ қаршадай қыз қараптан қарап тұрып: «Әртіс болғым кел­
мейді!» деп төбеден ұрғандай топ еткізеді. «Е, неге, неге бол­­
майсың?». «Ауылда әртістерді жаман деп айтады». Аңғал ба­
лалығына ақылды ағалары мен апайлары күліп, олай еместігін

байыппен түсіндіреді.
Солардың ақыл-кеңесі зердесіне жеткені болар, өзі оқып
жүрген ҚазМУ-дың журналистика факультетінің сырттай бө­
ліміне ауысады. Әрі актерлікке оқи жүріп, артынан қарай­ла­

сары аздау, өз тірлігін өзі жасау керек болғандықтан, «Қазақ­
фильмнің» аударма бөліміне режиссердің ассистенті болып жұ­
мысқа тұрады. Бұл да бір үлкен шаңырақтың отау үйі. Ал, ас­
систент дегеніңіз кәдімгі көмекші. Міне, Ұлжан осы арада кино

өнерінің дыбыстандыру, дубляж жасау, фильмдерді бір тілден
екіншісіне аудару сияқты салаларының қыр-сырына қанығады.
Өзінің де әдебиетке бейімдігі, қазақтың құнарлы тіл мәйегін
еміп өсуі кино аудармасындағы қадамының сәттілігіне сеп­

теседі. Қазақ киносына жыл құсындай жылы көктем, шуақты
жаңалықтарды молынан әкелген «Тақиялы періште» фильмін
дыбыстандырған кезде зыр жүгіріп көмектесу бақытына ие
болды. Үлкен-үлкен актерларды алғаш сонда көрді: құдай-ау,

Нұрмахан аға Жантөрин, Ыдырыс Ноғайбаев, Әнуар Молда­
беков, Асаналі Әшімов, Мұхтар Бақтыгереев, Алтынбек Кен­
жеков, Фарида Шәріпова, Зәмзәгүл Шәріпова. Ойлап отырса,

ұлы кісілер екен-ау. Аузын ашып таңырқап қарайды да отыра­ ды. Қызығады. Жұмсаған жердің бәріне қолды-аяққ а тұрмай құстай ұшып жүреді. Сондай елгезек, тілалғыш та қағылез. Ки­ но өнеріне құштарлығы осылайша Ұлжанның әрбір қимылқозғалысынан, барша бітім-болмысынан байқалып тұратын. Сөй­тіп, «Ленфильм» киностудиясына стажировкадан өтуге кімді жібереміз деген кезде Қолдауованы өзінің бірден-бір сен­ ген де сыйынған тәңірі – еңбекқорлығы мен елгезектігі қол­ дап тұрған-ды. Ленинградта жұмыс істеген, сол алыста қал­ ған бір жылдан аса уақыттың із-түзсіз кетпегені қазіргі қа­зақ киносының белді режиссерлері санатындағы Ұлжан Қол­дау­ қызының бүкіл шығармашылық өнернамасынан айқын таңба, анық бедермен және де бұлтартпай білінеді. Дегенмен де әлі күнге дейін өзіне тырнақалды туындысы ыс­тық та қымбат. Айғаным деген мылқау қыз туралы бір әңгіме жазған. Мылқау қыздың махаббаты, мұңлық өмірі, тілсіздің тіл­ ді адамдар ортасынан орын таппауы. Соны бір режиссер кино қы­ ламын деп қолға алып еді, түсінбеді ме, түсіре алмады ма, әй­теуір, көңілден шықпады. Содан Сатыбалды Нарымбетовтың «Әңгімең де тым жақсы. Өзің де әлі жассың. Болашағың алда. Өзің түсір. Неге өзің түсірмейсің?! Сынап байқа бағыңды!» деп қайраған бір ауыз сөзі қамшы болып, тәуекелге белін бұған. Бәсе десейші, расында да өзі неге түсірмейді! Жан дүниесі әлемтапырық боп тақырыппен мидай араласып кетті. Көзді жұмып кірісті. Әңгіме өзінікі, әуелі сценарийін жазды. Не керек, талай өткелектерден өтіп жүріп «Айғаным» атты қысқа метражды тұңғыш фильмін жасап шықты. Алғаш рет кинорежиссер ретінде осы фильммен фестивальдатып Францияға барып келді. Бұдан соң келесі қадамды жасамасқа бұйығып жүріп-жү­ ріп оқыстан оянған киногерлік іңкәрлігі ерікке қоймады. Мек­ тепте жүргенде Дулат Исабеков ағамыздың «Тіршілік» атты хикаятын оқып жақсылап тұрып жылағаны бар-ды. Сондағы қыздың жазықсыз жапа шеккені мұның да жанын жаралаған. Ойда жоқта сол есіне түссін. Бір нәрсе ұнап қызықтырса, өл­ ген-тірілгенге қарамай барын салатын әдетіне бағып кітапты қайыра оқып шықты да, жазушыға барды: «Дулат көке, мен мына хикаятыңызды киноға түсіремін». Көкесі қолын қақпады. Бірақ та Одақ ыдырап, шаруа ошарылған уақыт. Киностудияға келсе, жарытымды көмек болатын түрі көрінбеді. Ол да қайт­ сін, өтпелі заман. Сосын «шешінген судан тайынбас» деген­ дей, азғантай ақшамен түсіруге кірісіп кетті.

Отағасы продюсер болып қаржы қиындығын көтерді. Ду­
лат көкесі де қолдан келгенше көмектесіп, аузы жеткенше бе­
делін салды. Фильмді «Тауқымет» деп атады. «Тауқыметті»
түсірудің тауқыметінде Ұлжанның өнер жолына бас тіккен жан­

кешті қайсарлығы мен режиссерлік қабілет-қарым өресі бірдей
танылып, көп адам күте қоймаған биік деңгейден көріне алды
деуіміз керек. Ең алдымен, ол фильмнің сыр-сипатына орай ак­
терлік, шығармашылық ұжымды дұрыс таңдап, жасақтай білді.

Режиссерлік тізгінін бекем ұстап, жан-жақтан жинаған актер­
лерін ортақ мақсатқа топтастырып жұмылдыра білді.
Кілең бір мықты әртістерді жинапты. «Қош, Гүлсарыда»
түскен қырғыз киносының майталмандары Гүлсара Әжібекова

мен Доқтырбек Қыдырәлиев, Қытайдан келген дарынды ак­
тер Баян Әлімақын, өзіміздің Бақыт Жанғалиева. Қыз жең­
гесін ойнаған Гүлжан Қалабаева қандай! Ұлттық бояуы қанық
фильмнің музыкасын сырбаз күйші-сазгер Секен Тұрысбековке

жаздырды. Барлығымен тіл табысты. Бәрін айт та бірін айт,
«Айтқаныңнан шықпаймын, айдауыңа жүремін, Ұлжан!» деп
әке рөліне барлық атақ-лауазымын талақ қылып Тұңғышбай
Әл-Тарази келді. Онымен қоймай бас кейіпкер қыздың рөліне

«Бір ойнаса осы ойнайды!» деп жаны кәусар, жанары тұнық
Шынар Асқарованы жетелеп әкеп таныстырды. Өзі бір сәт бор­
кеміктеніп әйелдік осалдық танытқанда қашанда қазақ өне­
рінің рухын асқақтатып жүрген асыл азамат Тұңғышбай за­

мандасының қайрат бергенін қалай ұмытар.
Бірде мәшине бұзылып, оператордың камерасы бүлініп,
ки­нотоптың түскі асын иттер жеп кетіп, айдалада, сексеуілдің
түбінде, шұбарала құмның үстінде еңкілдеп жыласын-ай кеп.

Мұ­ны көріп жұрттың да жігері құм болып қалсын. Сон­да Тұң­
ғышбай ту сыртынан келіп, ақырмаса да арыстан даусымен:
«Тұр орныңнан! Қанша адам күтіп тұр, әне. Саған қарап тұр.
Жылайтын болсаң, қиындық-мехнатына төзбесең кино түсіріп

нең бар еді?!» деді. Ұлжан сонда іштей қатайып, үндемей ор­
нынан тұрып еді. Үсті- басы өрім-өрім. Жалаңаяқ. Бәрі топырақ
кешіп жүр. Қыз ағасының саз-балшыққ а аунатып, су ішінде
қуалап, шашынан сүйреп әйелін сабайтын сұмдық көріністер

түсіріліп жатқан кез. Ұлжан саз кешіп, әмір-пәрмендерін ай­
қайлай айтып операторлар Сапар Қойшыманов, Талғат Тойша­
новтармен қабаттаса кадр сыртында бірге жүгіріп жүр. Кино
түсірудің қияметіне осылайша қайсарлықпен төзетін қайрат

тауып еді бойынан.

Осы жолда қайран қазақтың кеңқолтық жақсы адамда­
рымен де жолықты. Солардың бірі киношылар көрші қонған
Жетіген ауылының елағасы Мырзабай Дүйсетайұлы еді. Ол
кісі өз тарапынан жәрдемін аямады. Ұлжан да ауыл қарт­та­

рын құрметтеп, көпшілік көріністерге шамасы келгенше қа­
тыстырып мәз қылды. Қапшағай төңірегіндегі Жетіген ауы­
лының маңайы бұла табиғат, көркем қойнау, қол тимеген құ­рақ
қамыс. Қазақтың ескі өмірінен кино түсіруге таптырмай­тын

жер екен. Ұлжан мұны да бір ай бойы сабылып іздеп жү­ріп
әрең тапқан. Енді, мінеки, киностудияның отыздан астам киіз
үйін тігіп тастап, дүрілдетіп кино түсіріп жатыр.
Киноны бітіруге тақағанда Мырзакең ауылға құрметті қо­

нақ болып қазақтың біртуар алыбы Дінмұхамед Қонаев ақсақал­
дың келетінін құлаққ ағыс етті. Сол жолы киношылардың қым-
қуыт азапты жұмысымен жақынырақ танысқан абыз Димекең
байыппен «Мұның режиссері кім?» деп сұраған. Тұңғышбай

қарап тұра ма: «Димаш аға, бәріміздің аяғымызды бір етік­
ке тығып қырып жатқан мына қыз» деді. «Әйел балаға қиын
жұмыс екен, қиналасың-ау, қарағым» деді сонда абыз ақсақал.
«Аға, деді Ұлжан толқып, сіз қиын да болса халқыңыз үшін

өмір сүрдіңіз. Қалауыңыз сол болды. Ал менің өмірім осы ки­
нода. Маған осы керек. Тек сізге соны қалай түсіндірерімді
білмеймін». Димекең құптағандай басын изеп, үнсіз шашынан
сипап, маңдайынан сүйді де, көпшіліктің көзінше батасын бер­

ді. Бұл да бір ұмытылмас, қимас дәурен екен-ау. Димекеңмен
дәмдес болуы, батасын алуы. Сонда түсірілген суреттер мен
бейнетаспаларды артынан түгелдей асыл ағаның мұражайына
апарып тапсырған.

Одан соң «қазақ киносын көрем» деп киношылар ауылы­
на ағылшын ханшайымы Анна келген. Өзі де ат спортымен ай­
налысатын мәртебелі мейманға атқа байланысты ұлттық ойын­
дардың неше түрін көрсетті. Ұлжанның ақылымен Доқтырбек

жеңілдеу бір актрисаны ат үстіне өңгеріп ала қашып, одан қыз
қууды тамашалатты, ұлттық қамзол-көйлек түріндегі кәде-
сый­дың жолынан да жаңылмаған. Сосын ханшайым Ұл­жан­
мен үстел құрылған киіз үйде тәржімеші арқылы оңаша әң­гі­

ме­лесіп, біраз сұрақтар қойды. Қоштасарда саусақтарын ай­
қастырып бір белгі жасап еді, тәржімешісі Ұлжанға айтты:
«Она вам желает фортуну, удачу как женщина женщине. Она
очень редко делает этого. Но вам желает добра. Вы понрави­

лись ей» деді. Ұлыбританиядай ұлағатты елдің ханшайымы­

нан екінің бірі ілтипат көріп жатыр ма, Ұлжан да халқымыздың
салтына бағып, жақсы сөзді жарым ырысқа балап еді.
Ақыры, киноны да аяқтаған. Соңғы кадрлар қалай болу
керек деген талас туғанда қайғылы Тұңғышбай-әкенің көзінен

жас шығу керектігіне Тұңғышбай-актердің көзін жеткізге­ні де
ре­жиссер Ұлжанның бір жеңісі әрі сол фильмдегі бір же­тіс­тігі
болып шығып еді. Сазгер Секен досымен де ұстасты өз пі­кірін
дәлелдеп. Ақыры фильмнің өн бойындағы ұлттық на­қыш­та­

ғы жүрек сыздатар мұңды музыка туындының траги-халдік
тұтастығын айқындай түсті. «Мынау кең дүниеге сыятын емес­
пін кірсем де жерге» деген күңіреніске толы әнді өмірі ән айт­
паған Секеннің өзіне айтқызып еді сонда.

«Тауқыметтің» тұсаукесері Кино үйінде өтті. Фильм ма­
мандар тарапынан жақсы бағаланды, қазақтың ескі өмірінің
бір шындығы шынайы бейнеленгенін көрген жұрт кәдімгідей
әсерленді. Ал, қырғыздар болса, фильмді мүлде хан көтеріп

әкетті, Бішкектің «Қазақстан» деген кинотеатрында екі мәрте
көрсетуге тура келді. Ұлжанның бөлек қолтаңбалы, айшықты
суреттерге толы, әр кейіпкер мінезі өзінше дараланған бұл
туын­дысы қазақ өнерінің абыройын асырып жатқанына Қыр­

ғыз­станда сол кезде елші боп жүрген Мұхтар Шахановтай мар­
қас­қамыз да сүйініп, ризашылығын білдірді. Қырғыз бауыр­
лар фильм оқиғасындағы ащы шындықты өз қасіреттеріндей
қа­был­дап, мұндай сұмдық қазақта да, қырғызда да бірдей бол­

ған­дығын алға тарта сөйлеген. Сөйтіп, біздің өнер сыншыла­
рымыз жазғандай, бұл фильм шын мәнінде қазақ-қырғыз ки­
носы арасындағы алтын көпірге айналып еді.
Бұдан соң Теһрандағы, Прагадағы фестивальдар. Қай-қай­

сынан да абыроймен оралды. Себебі, Ұлжанның «Тауқыметі»
расында да мынау қазақ киносы деп ұялмай көрсетуге боларлық
дүние боп шықты. Иранда Мырзатай Жолдасбеков ағаның ел­
ші боп тұрған кезі. Ақжолтай ағаның арқасында елдің жоғары

басшылығы да бұл фильмге ықылас білдіріп, арнайы алдыртып
көрулері режиссер мерейін арттыра түскен-ді.
Жалпы, әуел бастан Ұлжан ұстанған темірқазық нысана
сол, ол аспаннан жұлдыз қағып әуреге түспейді, әлемге таны­

лам деп айды аспанға шығармайды. Кредосы тым қарапайым-
ақ: өз фильмін көрермен үшін, қазақ көрермені үшін жасай­
ды. Шын мәніндегі қазақ киносын жасаса, қазақ көрермені
қол соқса, қазақ газеттері жылы сөзін айтса – Ұлжанның Гран

Приі де, олжа-байлығы мен марапаты да сол, атақ-лауазымы

да сол болмақ. Түсірген кином ең алдымен өзімнің қазағыма ұнасын дейді, мықты болса басқаларды содан соң қырып ал­ сын. Демек, сонда жақсы болғаны. Ал, өз халқының көңілінен шықпаса, ол кино болып та жарытпайды. Иә, кинодағы Ұлжанның ұраны осындай ұлтжандылық болды. «Тауқыметтің» зор тауқыметті еңбекпен келген жақсы абыройы одан кейінгі «Сағынышта» жалғасты. Сценарийін өзі жазды. Қазақ әйелдері ала қап арқалаған ана бір жылдарда ше­ карашы күйеуі хабарсыз кетіп, бөбегімен бірге біржарым жыл бейнет көріп зарыққ ан мұғалім келіншек туралы хикая. Рау­ шан Дәулетшина, Гүлжан Қалабаева, Шынар Асқарова, Болат Әбділмановтар мұнда да ойнайды. Асылы, режиссер Ұлжан Қолдауова актер тарапында аса адал. Актерді құрметтейді. Ак­ тер еңбегін бағалай біледі. Себебі, ол киноның ұжымдық еңбек екеніне ден қояды. Актерден аларын алып болмай босатуға да құлықты емес. Фильмді өзім жасадым деп кеуде қағудан аулақ. Құдай актерге табиғатынан дарытпаса, қандай режиссер болса да одан түк шығара алмайтынына көзі жетеді. Әрдайым «Ре­ жиссерін таппаған актер бақытсыз, актерін таппаған режиссер бақытсыз» деп отыратыны да сондықтан. Актерлері келіскен «Сағыныш» фильмі де көңілден шы­ғып, әрі осы заманның жарасын тырнады. Тұсаукесерде Дулат Исабе­ ков көкесінің: «Ұлжан мына киносында жалпы адам жанының ізгілігін, қазақ әйелінің жан тазалығын, жан дү­ние­сінің экологи­ ясын көрсеткен. Міне, менің оған бас иетінім осы» деп үлкен ба­ сын кішірейтіп айтқан өнегесі де өзінше та­ғ­лым еді. Әйел тағдыры тақырыбынан Ұлжан классик жазушы­ мыз Ғабит Мүсіреповтің «Ашынған ана» әңгімесі бойынша түсірген келесі фильмінде де ауытқымайды. Ұлжанның мұн­да­ ғы тапқан олжасы басты рөлде атақты опералық әншіміз Нұр­ жамал Үсенбаеваны ойнатуы болды. Фильм аяқталғанда Нұр­ жамалдың актерлігіне де, азаматтығына да еш күмән қалмаған еді. Әрине, ол өзінше бір бөлек әңгіме. Режиссер Ұлжан Қолдауованың қазақ киносына сіңірген бір еңбегі жаңа есімдерді ашуы екенін келешек айта жатар. Жас­тарға үйрете отырып, үйренерің де көп, дейді ол. Жазу­шы Жұмагүл Солтиеваның әңгімесі бойынша түсірілген, тақырыбы тың «Алаяқтардағы» Бақыт Қанатта, мысалы, табиғилық пен тазалық басым. Оның тағы бір алаяқ досын бейнелеген белгілі әнші Жұбаныш Жексен де кинода бұған дейін беймәлім бола­ тын. Ұлжанның Бақыт Қанатты «ашқаны» да қызық. Өзінен

сұхбат алуға келген жас тележурналисті көре сала: «Таптым,
таптым! Сен менің фильмімде ойнайсың!» деп қуана дауыс­
тап жіберген ғой. Бұл да болса Ұлжанның кино өнеріне құлай
берілген жанкештілігі болар.

Сол Бақыт Қанат бұдан соң да Ұлжанның екі жобасы­
на қатысты. Оның бірі «Өмір құны» фильміндегі екі аяқтан
айрылған талайсыз жігіт. Режиссердің пайымдауынша, мүнда
Бақыт өз рөлін қапысыз, яғни 100 пайызға алып шыққ ан. Мұн­

дағы арман-аңсардың өкінішті жағдайда өшуі көрерменді ен­
жар қалдырады деп әсте ойламаймыз. Айтқандай, бас кейіп­
кердің інісінің рөлінде Жұбаныш Жексеннің ұлы – Әбілқайыр.
Ол да болашақта атақты әртіс болса, жолын ашқан ақжолтай

тағы да Ұлжан деп біле беріңіз.
Ұлжанның бұған дейін түсірген алты фильміне ортақ бір
алтын өзек бар. Олар шынайы ұлттық киноға қойылар талап­
тар үдесінен шыққ ан, олар бүкіл жетістік-кемшілігімен қоса

алғанда тұтастай қазақ киносының рухы қандай болу керек
деген сұрақтарға жауап береді. Режиссер осы жолдағы ізденіс
үстінде, шеберлікті жетілдіру үстінде деп кәміл айта аламыз.
Кино өнерінде түйткілді жайлардың аз еместігі әркімге

аян. Соның бір парасы – сабылып демеуші іздеу, сарылып мем­
лекет қамқорлығын күту. Көп жылдарын кино аудармасына
сарп еткен, осы орайдағы білікті маман саналатын Ұлжекең
кейінгі кезде «Қазақфильм» киностудиясында аударма бө­лі­

мі­нің жұмысы қайта жанданғанына да қуанышты. Ұлттық ки­
нодағы бірден-бір әйел режиссер қазақ киносына қолдау бол­
са, талай биіктер алынар еді деп үміттенеді. Бір жақсысы, он­
дай қолдауды «Қазақфильмге» жаңа басшылық келгелі сезіне

бастағанын да сүйінішпен айтады. Әлбетте, қазақтың әде­биетін,
тілі мен ділін, рухын терең игерген Ермек Аманшаев сынды
азаматтар қазақ киносының көсегесін көгертетіне көп­ші­лік
қауым да, киногерлер де сеніп отыр. Олай болса, қазақ ки­но­

сының қайсар тұлғаларының бірі Ұлжан Қолдауованы құ­дайым
қолдай беруден жазбас деп білеміз.
2009 ж.

ШАҢҚАЙ ТҮС

Шаһимардан әнші әмбеге аян Кереку өңірінің Арбаи­
ген ауылында дүниеге келіпті, балалық шағы дүйім қазаққ а
мәшһүр Қанжығалы Бөгенбай елі Ерейментауда өтіпті. Естай

әні­мен ауызданып, Ақан сері «бай-байлап» аңыратқан Құ­ла­гер­
дей пырақтың құсалы аңызымен аяланыпты. Біржан сал әні­
нің көз жетпес бұрмаларына бойлапты. Иманжүсіптің жол­дас­
қа сұлу қыздан олжа салған қызықтарына қаныпты. Бір жағы

Қарқаралы, бір жағы Баян таудың күміскөмей қайырмалы лү­
пілін тыңдапты. Күмбірлеген Көкшетаудың дабысы қыр асты­
нан ынтықтыра естіліп тұрыпты. Осы жайлардың заңды жал­
ғасындай, ұлтымызға қатысты қалт еткен жақсы жаңалықты

іліп әкететін сол күндердегі «Лениншіл жаста»: «Мектеп оқу­
шы­ларының таяуда өткен республикалық байқауының қо­ры­
тындысы бойынша Ақмола облысы Ерейментау орта мек­те­
бінің оныншы класс оқушысы Ш. Әбілов Құрманғазы атын­

дағы консерваторияға емтихансыз қабылданды» деген қысқа
хабар жарияланған.
Әйткенмен, тағдыр ұйғарымы олай болмапты. Өнердегі
жеңіл жолды, арзан атақты, лап етіп тез тұтанып жанып ке­

туді Шаһи жас өзі әуелден қаламапты. Әлбетте, тап сол кез­
де ол ұлы әнші Энрике Карузоның «Кім ерте бастаса, сол ер­
те аяқтайды» деген тәмсілін естімеген де шығар. Бірақ қа­
лай болғанда да, консерваторияға түсу табандатқан төрт жыл­

ға шегеріліп, төрт жылдық тағат пен толғаныстан кейін, төрт
жылдық сарылыс пен сағыныштан кейін, Тайбурылдың қы­
рық үш күн кемдігіндей, Шаһимарданның шабыт музасы да
төрт жыл кешігіп жеткен еді. Содан бері ұзын ырғасы қырық

жыл уақыт өткен екен. Атам қазақ «Жолаушының кешіккені­
не сүйін» дейді ғой. Сол айтқандай, бүгінде оның есімі ән
сүйетін, өнер сүйетін қауымға, ойлы тыңдаушыға өз елімізден
шет жерлерде де кеңінен мәлім. Қазақстан Республикасының

еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Абай
атындағы опера және балет театрының әншісі, Құрманғазы
атындағы Ұлттық консерваторияның профессоры, Мәскеу ха­
лықаралық шығармашылық академиясының академигі Ша­һи­­

мардан Әбілов қазақтың музыка мәдениетіндегі біртуар тұл­
ға, бетке ұстар бірегей беделдерінің бірі деген салиқалы тұ­
жырымға қауым тоқтағалы қашан.
Олай болса, әйгілі әнші жайындағы әлқиссамыздың бірін­

ші шегінісін осы тұста жасауымыз керек тәрізді.
Сонау жетпісінші-сексенінші жылдарда атақты, атақсыз
әншілеріміз көбінеки салтанатты жиындарда, әсіресе ресми
концерттерде Еуропа, орыс романстарын орындаушы еді. Ал

қазақ романстары мен әндеріне классика ретінде ден қоймайтын.
Қазақта романс жоқтай, романс мектебі, классикалық өредегі
ән мектебі қалыптаспағандай көретін, әлемге мәшһүр ария­лар­
мен парапар, бір мысқал кем емес, теңдессіз, інжу-маржан ха­

лық әндеріміз бен Сегіз Сері, Сал Біржан, Ақан сері бас­татқан
ха­лық композиторларының терең сезімді керемет туынды­ла­
рын, талай-талай тамаша төл романстарымызды классика ре­
тін­де ұсынуға ұялшақтап, тіл қазаққ а қорланып, қара басып,

мас­­қара болатынбыз. Баяғы намыссыздық! Әрі, неге десеңіз,
им­­перия заманы, орысшылдықтың дәурені жүріп тұрған еді.
Әрбір ретте орындалатын бес-алты ән болса, соның төртеуі
орысша, тек біреуі ғана қазақша болып белгіленетін. Сөйтіп,

қай­ран қазақ әні сүйкімді көп қарғаның ішіндегі сүйкімсіз «ақ
қар­ға» бо­лып төменшіктей беретін. Әнші де сол жазылмаған
заң­ға икем­деліп бейімделетін. Сөйтіп, сондай бір жиренішті
жа­ғым­паздық, жарамсақ ғадеттер тұтас құбылысқа айналып, өнер­

дегі, жалпы мәдениеттегі ұлттық рухты тұншықтырып келді.
Бұл жағдаятты Шаһимардан сезінбей қалған жоқ. Сол се­
бептен өзінің қанат қаққ ан, енді еңбек етіп жүрген салуалы ор­
дасы – Құрманғазы консерваториясында берген алғашқы клас­

сикалық, ұстаздық, профессионалдық жеке концертіне дайын­
дық барысында көп ізденді, тың да батыл қадамдар жасады.
Ермек, Бибігүл, Роза Жамановалардың шетелге барғанда рә­
сім үшін айтатын қазақ әндерінің классика деп емес, фольклор

деп қабылданып жүргенін де бір сәт күйіне еске алып, жү­регі
ауырып, мұңайды. Солардың бәрін ескере келгенде өзі­нің осы
ілкі концертін Қазақстан композиторларының романс­тары мен
қазақтың халық әндерінен моншақтап тізіп, әнсүйер қауымға

ән классикасы ретінде ұсынды. Концерттік бағдарламасының
тәжіне Біржан, Ақан сері, Мұхит, Абай, Естай әндерін бір-бір
гәуһар тастай жарқырата қадап, әсемдей айшықтады. Мұндағы
ойы – біздің қазақта да керемет ән классикасы бар екендігін

көрсету, соны бір жүйеге салып, өзіндік төлтума мектеп жасау
еді. Неткен ізгілікті мақсат десеңізші!
Шаһимарданның пайымдауынша, қазақтың ән мектебінің
атасы – ең бірінші, Біржан, яғни ән өнеріндегі Абайымыз –

Бір­жан. Осы ән мектебінен ең бірінші үлгі алған, тағлымын
таныған – Абай. Абай – ғұлама, даналық хакімі, ал ән тарабына
келгенде, Біржанның шәкірті. Біржан дәстүрінен үйреніп, оны
өзіндік сыршыл да ойлы сазбен ілгері дамытқан Абай келе-ке­

ле өзінің өзгеше ән мектебін жасады. Абайдың ән мектебінің
мәдениеті биік, даналық шалқарынан нәрленген, ой мен сезімді
ұштастыра ғажайып үйлесімділікке жеткен, әлемдік рухани қа­
зы­налармен үндестік, жарасым тапқан. Ақыл-парасаты теле­

гей-теңіз Абай қазақта бірінші болып романс жанрының не­
гізін қалады. Гете, Пушкин, Лермонтовтардың рухани өрісіне
шыққ ан Абай қазақтың ән мәдениетін жаңа үнмен, жаңа сәу­
лелі сазбен, «сылдыраған келісіммен» байытты.

«Абайдың ән мектебі» демекші, әлемде талай-талай та­
маша ән мек­тептері бар. Итальян ән мектебі, орыстардың, не­
міс­тердің ән мектебі... Он тоғызыншы ғасырдың өзінде-ақ ке­
мел про­фес­сионализмге жеткен қазақ ән мектебі осылардан

кем бе екен? Қазақ әнінің тамылжытып айтар тарихының өзі
қан­дай?! Тек айдай әлемге әлі таныта алмай, көрсете алмай
жүр­геніміз болмаса?! Шаһимардан ылғи осыңдай бір түйт­кіл­
ді ойларға қалып, беймаза күй кешетін. Ойпырмай дейміз-ау,

кейде, қай жерде жүрсе де, Мәскеуде, әйтпесе, басқа бір ше­
телде ән айтқанда, «Сұрша қызды» немесе «Сырымбетті» үзіл­
ді­ріп шыр­қағанда, білгір профессорлар келіп: «Мынау не де­
ген ғаламат ария! Мұны шығарған композитор кім? Мынау

керемет классика ғой!» деп қайран қалысатын. Жүректе бір
сәуле болды ма, жүрек, шіркін, империяның құлайтынын сез­
ді ме, әйтеуір, бірінші концертін табысты өткізгеннен кейін
бір ерекше толғанысқа бөленді, бойында бір жігер, серпіліс,

сенім пайда болып, жаңадан соны ізденістерге жетелейтіңдей.
Ойының қазығы – қазақтың классикалық ән мектебін қалай,
қай сипатта көрсету керек? Шаһимардан соңда, осы сұрақтың
жауабын іздеп сарсылғанда, ұлы Абайға келіп тіреліп еді.

Иә, Абай ұлы ақын, философ қана емес, ол сонымен қатар
ұлы композитор. Жиырма шақты ән, романстар шығарған. Ша­
һимардан соларды түгендеп іздеп, жиып-теруге кірісті. Сон­
дай-ақ сонау Сыдық Мұхамеджановтан бастап Қазақстанның

күллі композиторлары Абай өлеңдеріне әндер мен романстар
жазған. Абай сөзіне ән жазу да оңай емес. Ол үшін үлкен та­
лант, білімділік керек, Абай әлеміне үңіліп, бойламақ керек.
Бүкіл әлемде солай. Ұлы ақындардың мұраларына ұлы компо­

зиторлар музыка шығарады. Пушкин өлеңдеріне Глинка, Чай­
ковский, Мусоргскийлер әуен-саз жазған. Қазақ композиторла­
ры да Абай тақырыбына, Абай өлендеріне ноталы музыканың
сиқырлы соқпағын тартқанда осы биік мұрат, үлкен жауапкер­

шілік тұрғысынан қарады, өз музыкалары арқылы өздері де
Абайдың деңгейіне, өресіне жетуге талпынды. Міне, осындай
шығармаларды тірнектеп, ыждаһаттап іздестіріп қараса, Абай
өлеңдеріне арналып жазылған жүзден аса әндер мен романс­

тар бар екен.
Демек, бұдан шығатын қорытынды, Қазақстанда, қазақ­тың
ұлттық топырағында романс және классикалық ән мекте­бі құ­
рылып, қалыптасып болған. Қазақтың ән мектебі, оның мә­де­

ниеті ешкімнен кем емес, деңгейі бір, мақтан етуге тұ­рар­лық,
тіптен, артықшылықтары да көп. Шаһимарданның ендігі алдына
қойған мақсаты – осы ғажайыпты, асыл қазынаны Қазақстанға
ғана емес, дүйім дүниеге, күллі әлемге паш етіп көрсету еді.

Осылайша, ұлттық ән классикасымен қатар, Абайдың ән
әлеміне бойлау басталды. Абайдың өлендегі арманы мен Ша­
һи­марданның өнердегі мақсаты осылайша жарасып тоғысты.
Әуелден-ақ арманы ұлы ақынға деген махаббатпен бүр жарып,

Абайды өнердегі пірі санаған Шаһимарданның консерватория
бітіргендегі диплом жұмысының өзі Ахмет Жұбанов пен Ла­
тиф Хамидидің «Абай» операсындағы Абай партиясы бола­
тын. Бүгіндері Шәкең: «Алла-ау, өзім сол кезде қаңдай наглый

болғанмын?!» деп таңдана, миығынан күліп қояды. Ал, сол
1977 жылы Абайды аңыратып ерен жүрекпен шырқаған сыр­
баз студентке мемлекеттік емтихан комиссиясының мүшесі Ла­
тиф аға: «Бұл бала бик матур, обсуждению не подлежит» деп

бес қойғызып еді-ау. Қазіргі шақта Бибігүл-бұлбұл Төлегенова
болса, Шаһимарданның Абай партиясындағы жан дүниесінен,
бітім-болмысынан, байсал қалпынан, тіпті, гримделген кезде­
гі келбет-ажарынан да Абайға деген мол-мол ұқсастықтар та­

уып, сүйсіне қайран қалып отырады. Латиф аға да «бесті» бе­
кер емес, біліп-ақ қойған екен!
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы әр қазақ азаматына ой
салғаны белгілі. Шаһимардан сол уақыттарда Абай өлеңдеріне

жа­зылған романстардан концерт дайындап жүрген. Түр­ті­нек­
теп, қарап жүріп, бас композиторымыз Еркеғали Рах­ма­диев­
тің «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» романсына ұшы­
расты. Сүйінішті олжаға жолыққ андай кенеліп, көңілі бір­түр­

лі бірленіп те бүрленіп қалды. Бірқыдыру уақыттан кейін Қа­
зақ­стан композиторлары Одағының пленумы болды. Сонда
Ша­­һи­мардан әдейі осы романсты таңдап, сахнаға шығып шыр­
қады, көпшіліктің ішіндегі қатпарлы буырқаныс, қалың шер­

ді қозғады. Романсты орындап болғаннан кейін қараса, екі-үш
апайының көздеріне жас шыланғанын байқады.
Бір қызығы, бұл романсты Рахмадиев ертеректе, отыз жас­
тар шамасында жазған екен. Содан әу баста ешкім қызығу­

шы­лық танытып, ынта білдіріп орындай қоймағасын, елеусіз
қалып, ұмытылып кеткен шығарма көрінеді. Әуелі, сондай бір
шы­ғарма жазғаны композитордың өзінің де есінен шығып кет­­
кен. Бұл жәйт оған да оқыс жаңалық, тосын сыйлық болды.

Енді, сахнада шырқалғаннан кейін бүкіл композиторлар Ере­
кеңді жаңа шығармасымен құттықтап жатыр. Романс ұлт­тық
қа­сіретті, қазақ мұратын күңірентіп тұр. Компартия сұр­жы­лан­
дай ысқырған Желтоқсан оқиғасынан кейін мұн­дай шы­ғар­ма­

ны орындауға да ерлік керек еді. Әу дегенде саз­гер аға­ның да
жүрегі «Осы қалай болар екен?» дегендей, лү­піл­деге­німен, па­
фосы керемет, әлемдік деңгейдегі, әлеуеті күш­ті ро­мансының
жария болып, жарыққ а шыққ анына кеу­десін қуа­ныш кернеді.

Сол қуанышпен тынысы ашылып, осы­ның бай­ғазысына деп,
Шаһимардандай ізетті інісіне арнап Абай сөз­деріне тағы да
алты романс жазып берді. Төлеген Мұ­ха­мед­жанов ізін суыт­
пай төрт романс шығарып сыйлады. Сөй­тіп, репертуар молая

берді. Абай концерттерінің төрт құ­бы­ласы теңеліп, маңдайы
жарқырап, жолы ашылып, Абай­дың ән дариясының тиегі осы­
лай ағытылды.
Дана хакімнің өз әндері мен өлеңдеріне жазылған романс­

тардан құралған алғашқы Абай концерттерін көппен бір­
ге ақиық әнші, елдің сүйіктісі, Жүсіпбек Елебековтің шәкірті
Жәнібек Кәрменов те тыңдаған болатын. Өзі де Шың­ғыс­тау­
дың бел баласы, Абай әулетінен дерлік Жәнібек Абай әлемін

те­рең түйсініп түсінетін, әсіресе ұлы атасының ән-музыка мұ­
расының білгірі, қамқор жанашыры, насихатшысы еді. Жә­ні­
бектің талғамынан табылып ұнай қою да қиынның қиыны.
Шаһимарданның Абай әндерін классикалық мәнерде ай­туы

Жәнібекке ұнады. Жарқылдай күліп келіп қолын алып: «Шәке,
құтты болсын, енді Абайдың келесі концерттерін екеу­міз бірге
өткізіп, мен жүргізушісі болайын» деп ұсыныс жасады. Қара
тілдің сұңғыла шешені еді ғой аяулы Жәнібек, әрі Абай әнін,

философиясын ұғып, біліп тұрған соң несін аянсын, екі дос
алғашқысын Жамбыл филармониясында «Әнді сүйсең, мен­
ше сүй» және екіншісін «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
деп атап, көпшіліктің көңілінен шыға бір серпілтіп, екі лек­

ция-концертті беріп те тастады. Жұрт сілтідей тынып ұйып
тың­дап отырды. Жәнібектің әңгімесі, Шаһимардан әні дом­
бы­раның қос ішегіндей үйлесіп, тыңдаған жұртты тәнті ет­
ті. Абай­дың ұлы жүрегінің мұңлық махаббатын, күрсініс-күңі­

ренісін, мұң-шерін, ой-толғанысын, Абай армандарын тө­­гіл­­
діре жырлап, шырқап түсіндіріп бақты. Абай даналығы ха­­лық­
қа осылайша алғаш рет саналы түрде ән арқылы бір жүйе­ге
тү­сіріліп жеткізіле бастады. Шаһимардан трак­тов­ка­сын­дағы

Абай әндері мүлдем басқаша түрленіп сала бер­ген. Байсал да
мұңды, сұлу да сымбатты, күйлі де ойлы. Хас шебер ызған
гәуһар тастай мінсіз... Екі достың Абайға бай­ла­нысты арман-
жоспарлары көп еді. Жәнібектен қапыда көз жазып қалғаннан

кейін Шаһимардан бір жылдай ән айта ал­май жүрді. Содан
соң Абай атасы мен Жәнібек досының рухына ар­нап «Өлең

– сөздің патшасы, сөз сарасы» атты концертін іш­тей мұңая

жүріп, тереңнен тебірене жүріп жалғыз беріп еді.
Ұлы ақынның 150 жылдығы қарсаңында Шаһимардан ән­
ші байтақ Қазақстанды аралап, елуден астам концерт қойды.
Абай әндерін әлем жұртшылығына тыңдатып, мойындатты.

Бар жан-жүрегін салып, ғұмырын сарп еткен өнерінің ең биік
шыңы Абай концерттері, Абай әндері мен романстары болған
Ша­һимардан Әбілов көп қырлы, ерекше мәнерлі, диапазоны
кең дарын иесі. Абай әндері оның өнернамасының үлкен бір

арнасы ғана.
Музыка мәдениетіміздегі орнын ойып тұрып алған Ша­һи­
мардан Қайдарұлы шебер орындаушылығы арқылы дү­ние­жү­
зілік классиканы жетік меңгерген, әрбір концерті тыңдарман

жүрегіне жол тауып жатады. Оның репертуарынан Чайковс­
кий, Рахманинов, Шуберт, Брамс, Верди, Моцарт сияқты ком­
позиторлардың әндері мен романстары кең орын алған. Сон­
дай-ақ Абай атындағы опера және балет театрының солисі ре­

тінде әлемдік айтулы опералардың бас қаһармаңдарының бей­
нелерін де сәтті сомдап келеді. Партияларының атына қа­рап-ақ
аңғарсақ: Абай, Риголетта, Жермон, Амонасро, Эскамильо,
Грязной, Томский, Жанбота, Скарпия. Кейін бұл тізімге Мем­

лекеттік сыйлықтың лауреаты атандырған ұлт ұраншысы Бұ­
қар жырау партиясы кірді.
Консерватория ұстазы, профессор Әбілов қырықтан ас­
там әнші тәрбиеледі, олардың арасында халықаралық және рес­

публикалық конкурстардың лауреаттары А. Ибраев, Д. Уашев,

М. Тойкенов, Т. Мұсабаев, Д. Хамзина, Ж. Ғабдуллина сияқ­ты
дарыңдар бар. Әнші сонымен қатар қоғамдық қызметке және
Қазақстан мен шетелдегі түрлі дәстүрлі конкурстардың жю­
ри мүшесі ретіндегі парызды жұмысқа да көп мән береді. Ай­

тар болсақ, олардың ішінде Финляндия, Италия, Австрия мен
Швециядағы «ХХІ ғасыр өнері», Мәскеудегі «Халықаралық
орыс романсиадасы», Қазандағы Р. Яхин атындағы, Уфа мен
Киевтегі әншілер конкурстары бар.

Шетелдің әнсүйер қауымы Шаһимарданды соңғы он жыл
көлемінде бек танып, қатты қадірлейді. Ол Лондонның әйгілі
Барбикан орталығында Ұлыбританияның камералық оркестрі­
мен, Париждің ең мықты Плейель залында, Мәскеудегі Ком­

позиторлар одағының залында, Чайковский атындағы кон­сер­
ва­торияның кіші залында ән шырқады. Бауырлас мемлекет –
Түркия Президенті С. Демирелдің қамқорлығымен қойылған
«Арарат туралы аңыз» операсындағы Ахмет рөлін түрікше

орын­даған тұңғыш қазақ. Шәкеңнің гастрольде сапарлап жүрер
қа­лалары: Лондон, Париж, Тель-Авив, Хельсинки, Стокгольм,
Бер­лин, Москва, Ыстамбұл, Анкара, Киев, Вильнюс, Таллин,
Таш­кент, Уфа, Баку, Қазан боп ары қарай жалғасып жатса, ол

да қа­за­ғының мерейі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының «Бейбітшілік күрескері» сый­
лы­ғының лауреаты, атақты ақын Осман Туркай Шаһимардан
өнерін: «Бұл – Қазақстанның ұлттық және интернационалдық

құндылықтарын шексіз сүйе, риясыз уағыздау» деп бағалады.
Ал енді белгілі итальян журналисі Сильвио Ипполити: «Егер
Шаһимардан Абай партиясын, Вердидің Риголеттасын Ми­лан­
дағы «Ла-Скала» театрында орындайтын болса, мен оны күн­

де келіп тыңдаудан жалықпас едім» деп ерекше ілтипат біл­
діруі біздің қолымыздағы алтынның қадірін одан сайын арт­
тыра түскендей.
Осы айтылғандардан Шәкеңнің ел мен ел арасындағы дос­

тық дәнекері, ақ ниетті өнер қарлығашы екенін аңғарар едік.
Соған орай қайраткер әншінің әр күні айшықты оқиға, айтулы
жәйттермен өрнектелген. Мысалы, өткен наурыз айының 10-
шы жұлдызында оған Москва қаласында халықаралық шы­ғар­

машылық академиясының академигі атағын осынау мәр­те­белі
ұйымның президенті, академик, Социалистік Еңбек Ері Г. Гла­
дышев өз қолынан табыс етті. Мұндай құрметке ие болғандар

ішінде Ирина Архипова, Шыңғыс Айтматовтар болғандығын
ескерсек, Шаһимардан тұлғасы да шыңдағы шынардай биік­
тей түспек.
19 наурызда Шаһимардан Елбасының арнайы шақыртуы­

мен Астананың жаңадан бой көтерген «Қазақстан» Орталық
концерт залында Ермек, Ескендір ағаларымен, Бибігүл апайы­
мен бірге ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік концертте
мерейлене ән шырқады. Шай үстінде Нұрсұлтан Әбішұлы өнер

жайында, әншілердің мемлекет мерейін көтерудегі орны тура­
лы өрелі әңгіме толғады. Осы рәуішті әңгімеден, Президенттің
қазақ әндерін құлпырта айтуынан ақ бата алғандай әсерленген
Шаһимардан сәуірдің басында әнші шәкірттерін ертіп, Еу­ро­

падағы өнер сапарына аттанып кеткен болатын. Венада да,
Италияның Винчесса қаласында да Елбасы ашып берген өнер
жолы олжалы болды. 15 мемлекеттің ішінен оза шапты. Сту­
денттер арасында Эмиль Сақауов қазақтың халық әні «Ақ қу­

рай» мен Абай өлеңі – «Есіңде бар ма жас күнің» романсын
айтып бірінші жүлдені иемденсе, кәсіби әншілер арасында Қос­
танай филарманиясының әншісі Гүлмира Үмбетова Гран-При­
ді жеңіп алды. Он бес күндік сапардан Шаһимардан ұстаз бұ­

ған аса қуанышты боп оралды елге.
Иә, ән қуанышы жанға мият, ән мағынасының айтары көп.
«Абылай хан» операсында партиясын өзі орындаған Бұқар жы­
рау бабаның былай деп толғайтыны бар еді:

Жау тыйылса, дау тыйылса болмай ма?
Шайқастан шалдығатын кез келді.
Абылайға қазір өкпе жүрмейді.
Оқпен сынаған батырды,

Бақпен сынап көрейік!
Қазақ елінің қайраткер әншісі Шаһимардан Әбілов осы­
лай әрі тебірене, әрі шаттана шырқайды. Осылай шырқағанда
арқаланып, аруақтанып кетеді, көз алдына кемел елі, кемеңгер

Елбасысы келеді. Ел де, ер де шабыттың тап осындай шаңқай
түсінде, бақ-берекесінің шалқар айдынында шарықтағанға не
жетсін!..
2011 ж.

САУСАҒЫНА КҮЙ ҰЯЛАҒАН

Қашан болсын қазақтың қара домбырасы мен күйі тура­
лы тебіренбей айту мүмкін бе. Қазақ жырының Құлагері Ілияс
Жансүгіров домбыра шанағынан күмбірлеген күйді «әлемнің
әуеніне бермес едім» деп шалқыса, шалқығандай емес пе.

Жер бетінің жеті кереметінің қатарына қара тасты балқытқан,
тас емшекті иіткен қазақтың домбырасы мен күйі неғып кір­
мегеніне таңқаласың осындайда. Мінеки, халқымыздың осы
қазыналы күй өнерінің құдіреті мен киесін сақтап, дамытып,

дүйім дүниеге таныту жолында жанкешті еңбек сіңіріп ке­ле
жат­қандардың бірі һәм бірегейі тума талант, бүгінгі өрі мен ыл­
диы бірдей кемел дарын, дәулескер күйші Тұяқберді Шә­ме­лов
десек, шындықтан алыстамаймыз. Он сегіз балғын жасында

қара шаңырақ Құрманғазы оркестріне қабылданып, жай дом­
бырашыдан бас домбырашы, концертмейстерге дейін сатылап
өсіп, одан көркемдік жетекшілікке тағайындалып, қазақтың
күй өнеріне адал қызмет етіп келе жатқанына да аттай 39 жыл

болыпты-ау. Бір адамның саналы ғұмырымен тетелес бұл тұ­
рақтылықтан да көп сыр аңғарғандаймыз.
Күй – киелі де кірпияз өнер. Күй әсіресе өзінің туған то­
пырағына адал. Ал, туған топырақ өз төсіне кіндік байлаған

өнерді ешқашан өгейсітпейді. Осы екіжақты адалдық, күй­дің
киесі Тұяқбердінің де дарқан күйшілігіне дарыған, бар тағ­ды­
рына өзек тартып өрілген. Әуелі, айтар болсақ, арғы атала­
ры Беріштің ішінде алдаспан Махамбет ақынмен ағайындас.

Нарын құмы. Бөкей ордасы. Арғыда Шора батыр қалмақпен
соғысып, «қырық обалы Құрманкөл» атанған жер. Шерлі де
шежірелі тарихымыз қатталған жер. Күй атасы Құрманғазы,
ғажайып күйшілер Мәмен, Дина, Сейтек, Түркеш, Дәулеткерей,

Аман­ғалилар, Құрекеңнің көп күйлерін бүгінге жеткізуші ұлық
ұс­таз күйші Қали Жантілеуовтер туған топырақ. Сол текті ба­
ба­лардың өнерін жалғаған тұяғындай болып Тұяқберді де осы
құт қонып, кие дарыған құнарлы топырақта дүниеге ке­ліп еді.

Киелі өнер мен қасиетті өңірдің ажырамас бірлігі осы емес пе.
Күй атасының көзін көрген Меңдіғали Сүлейменов кезінде:
«Құрекеңнің қолында домбыра ағаш емес, иі түскен қайыстай
былбырап кететін еді» дейді екен. Ал, Ахмет Жұбанов Қали

Жантілеуовті Құрманғазының көптеген бағалы күйлерімен бір­
ге оның домбыра тарту машығын да алып келген, «Адай» мен

«Терісқақпай» сияқты күйлерді орындауда алдына жан сал­
маған сирек дарын ретінде бағалайды. Тұяқберді болса, ұзақ
жыл­дар бойы Құрманғазы оркестрінің концертмейстері бол­
ған осы Қалекеңнің күйшілік мәнерін қапысыз қабылдаған бір­

ден-бір шәкірті. Сонымен, «Нарын топырағынан шыққ ан Құр­
манғазының шәкірті – Мәмен, Мәменнің тікелей шәкірті – да­
рабоз күйші Қали Жантілеуов, ал Қалидың қос шәкірті – Қар­
шы­ға мен Тұяқ» деген халық берген баға қалтқысыз шындыққ а

айналғалы қашан.
Саусағына самал мен сәуле ұялаған Тұяқбердінің күй­ші­
лі­гіне сүйсініп оң лепес білдірушілердің де атақтарынан ат
үр­кетіндей. Өзі рухани аға тұтқан халық жазушысы Қадыр

Мыр­за Әлі: «Бүкіл дала тарихын Өзі-ақ жазып таусады. Мың
тұяқтың дүбірі, Бір Тұяқтың саусағы». Өнер-мәдениетіміздің
ардагері, атақты композитор Еркеғали Рахмадиев: «Тұяқ күй
тартқан кезде аяулы ұстазымыз Қалесті (Қали Жантілеуовті –

Қ.А) еріксіз еске түсіреді». Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев:
«Тұяқта Құрманғазының адуынды күйлерін лирикаға айнал­
дырып жіберетін құдірет бар».
Иә, Тұяқбердінің күйшілігі өз алдына бөлек, ғажайып бір

әлем десек, оның күй өнерін насихаттап дәріптеудегі, ұйым­дас­
тырудағы қайраткерлігі де, осы орайдағы аузы дуалы аза­мат­
тығы да өзінше бір өнеге. Сол себептен де біз қазақтың бүгінгі
күй өнерінің озық өкілі Тұяқберді Шәмеловті әңгімеге тарт­

қанда жалпы ұлт мәдениетіне, халқымыздың қазына мұрасына
қатысты ордалы ойларын да қоса білгіміз келген болатын.

– Тұқа, әңгімені туған топырақтан, домбыраның әліппесін

үйреткен алғашқы мектептен бастап таратсаңыз қайтеді?

– Иә, домбыра киесі дарыған топырақта дүниеге келгенім,

ол да болса, тағдырымның маған тартқан сыйы шығар. Рас,
тағдыр бүтін бақытты ешкімге бұйыртпайды ғой. Әкемнен ана
құрсағында жатып айрылыппын. Әкем Қажыгерей жүйрік дом­
бырашы, әрі әнші, сырнай мен скрипкада ойнаған, өте өнерпаз

кісі болған екен. Бойыма азды-көпті өнер дарыса, осы әкемнен
жұққ ан жұқана болар. Ал енді күйшілік өнерде қандай да бір
биіктерге көтерілсем, сол үшін, ең алдымен, бар ғұмырын,
бүкіл жастық шағын мен сияқты жалғызының жолына арнаған

аяулы анам Рәш Сүгірәліқызына өтеусіз қарыздармын деп бі­
лемін. Анам да ауыл клубын ұстаған әнші еді.
Домбыраның алғашқы дәрісін ауылда алдым. Аманғали
ақсақалдың, Шамұрат, Шәңгерей, Зариф, Мұрат деген ауыл

дом­бырашыларының тәлім-тәрбиесін көріп, әуелгі шеберлік
мек­тебінен өттім. 1970 жылы Құрманғазы оркестріне жас да­
рын ретінде қабылданғанда Құрманғазының, Мәменнің, Ди­
на­ның, Дәулеткерейдің күйлерін тартып келдім. Осы оркес­

трде жүріп ноталық сауатымды аштым. Одан әрі рет-ретімен
Чайковский атындағы музыка училищесін, консерваторияны
бітіріп, білім-өремді кеңейттім.

– Алматы ауылдан шапқылап жеткен ақ бұлақтың көзін

аш­қан болар?

– Әлбетте. Әуелі оркестрде де, консерватория қабырғасында

да Қали Жантілеуов ақсақалдан дәріс алғанымды басымдағы
зор бақытым санаймын. Көп нәрсені үйретті, шеберлік сырла­
рына қанықтырды. Отбасының бір мүшесіндей үйіне барып
ара­ласып тұрдым. Кісілігі мол, күй дәстүріне мейлінше адал

еді. Бауырына тартты, мұрагерім деп батасын берді. Тоқсаннан
асып қайтыс болғанында туып-өскен еліндегі Жаңақала дей­
тін жерге апарып өз қолымыздан жерледік. Құрманғазының
тіке­лей шәкірті Мәменнің домбырасын ұстап қалып, жолын

жал­ғас­тырған осы Қалекең болатын.
Нұрғиса Тілендиев ағамызбен де көп араласып, жақсы
сый­ластым, алған өнегем де аз болған жоқ. Нұрағаң өнер десе
өзегін жұлып беретін, жүрегі таза болды, таланттарды алала­

майтын. «Екеуміздің әкеміз біреу, ол Қали Жантілеуов. Осыны
әркез есіңде сақта, Тұяқ» деп отырушы еді жарықтық. «Нұр­
ғиса ағаға сағыныш» деген әнім оркестрдің репертуарына кі­
ріп, қазірде халқымызға белгілі әншілер орындап жүргеніне

ақжайлау аға алдындағы мысқалдай болса да бір парызым өтел­
гендей жұбаныш етемін.
Рүстембек Омаров, Әзидолла Есқалиев, Айса, Қаршыға,
Шәміл, Ермек Қазиев сынды үлкен күйшілердің алдын көрдім.

Бұл да мен үшін тамаша тағлым мектебі болды. Әркезде жан­
ашырлық қамқор көңілдерінен жазбаған Қадыр Мырза Әлі,
Еркеғали Рахмадиев, Базарбай Жұманиязовтарды асқар тау­
дай рухани ағаларым дер едім. Тілектестік деген адамды қа­

наттандыратын керемет нәрсе ғой. Кезіндегі Қаршыға аға­мыз­
дың: «Қали атасының топырағында туған көшірмесі, ба­тасын
алған шәкірті Тұяқтың енді келіп сол Қалекең тұңғыш кон­
церт­мейстері болған Құрманғазы оркестрінің бас концертмей­

стері болуы заңдылық па деп ойлаймын» деп ағынан жары­
лып айтқан аталы сөздері әлі күнге дейін жанымды жылытып

тұрады. Кез келген өнер адамы осындай ізгілікті тілектестік­
ке, шуақ сәулеге зәру. Осы бір жайды ескеріп жүрсек екен қай-
қай­сымыз болсақ та.

– Он сегіз жасынан бастап Құрманғазы оркестріне бар

ғұмырын арнаған кісінің, әрине, күй өнеріміздің осынау құтты
ұйығы, құтханасына қатысты өзекжарды ойларын білгіміз ке­
леді, Тұқа?

– Мен үшін барым да, нарым да, өмірімнің мәні де, сәні де –

күй атасы атындағы оркестр. Осы Оркестрмен адам болып атқа
міндік, азамат атандық. Осымен ел көрдік, жер көрдік, дастар­
хан мен дәстүр таныдық. Өзіміздің ұлттық және классикалық
музыка кәусарынан сусындадық. Құрманғазы оркестрінің қа­

зақ ұлтының мерей-мәртебесін асырған жұлдызды шақтары
қан­шама. Сондықтан да менің өмірдегі идеалым, мұратымның
биігі, аңсарымның асқар шыңы – Құрманғазы оркестрі деймін.
Әлбетте, дүниежүзілік даңққ а бөлене білген бұл оркестрді

құрған, ұлттық саз өнерінің идеалын жасаған Ахмет Жұбанов.
Ендеше, оркестрдің сол кездердегі, тұтас бір дәуірдегі Ахаң қа­
лыптаған тәжірибесі, дәстүрі, репертуары негізгі ұйтқы ре­тін­
де сақтала отырып дамытылуы керек. Біз ұжым директоры Ер­

кебұлан Мүсіреп, дарынды бас дирижеріміз Дүйсен Үкі­баймен
бірлесе отырып осы мақсатты темірқазық нысана етудеміз.
Халқымыз ардақ тұтып күй өнеріміздің қара шаңырағы
атандырған оркестрге жүктелер жауапкершілік те мол. Жет­

кен биіктен төмендеуге әсте болмайды, керісінше, өрлеуді ой­
ластырған абзал. Келешекте жүргізілер жұмыстардың сан-са­
ласы осы тұрғыға орайлас келуі керек. Айталық, мұның соңы­
нан, ізін баса қаншама оркестрлер дүниеге келді. Игілікті

әсерімен, шарапатымен облыстарда пайда болған ол ұжымдар
ата оркестріміздің төл перзенттері десек те жарасымды. Осы
тұрғыдан келгенде, Құрманғазы оркестрі өз тарапынан ата­
лық қамқорлық та жасамай тұра алмайды. Ол жаңағы перзент­

терін аса бай репертуарынан сусындатып отырған үлкен ака­
демиялық лабораторияға айналған. Күй атасының құдіреті
мен мейіріміне лайықты өнеге емес пе бұл.
Қазіргі қазақ мәдениетінің көптеген корифейлері, кон­сер­

ваториядағы профессорларымыз, үлкен ағалар мен апалардың
бірауыздан: «Біздің академиямыз – Құрманғазы оркестрі, біз
осы оркестрдің шекпенінен шыққ анбыз, біз осында тәлім-
тәрбие алып, музыкалық сауатымызды осында ашқанбыз» деп

қара шаңырақ өнер ордасына бас иіп, құрмет көрсетуден жаз­
байтынына тәнті болып қызығамын мен. Бұдан туатын бір
өзекжарды ой мынадай. Бүгін таңда әрбір облыста халық ас­
паптары оркестрі бар, «академиялық» деген атағы барларының

өзі үшеу-төртеу. Олай болса, Құрманғазы оркестріне «ұлттық»
деген атақ, мәртебе берілуін қазіргі қалыптасқан жағдайдың
өзі талап етіп отырғандай. Келер жылғы 75 жылдық мерей­
той мерекесіне дейін оркестріміз халық баяғыда беріп қойған

«ұлттық» атағын алса, нұр үстіне нұр болар еді. Нешеме толқын
өнерпаздар буыны нешеме заманалар бойы қазақ ұлтының
мерейін асырумен келе жатқан осынау ұлық ұжымның ол
мәртебеге лайықтылығы еш күмән келтірместей уақыт сыны­

нан өткен деп риясыз айта аламыз.

– Еліміздің бас оркестрінің репертуары да сондай статусқа

сай болар?

– Репертуарымыз шынында да телегей-теңіз бір дүние.

Ұзын саны 3 мыңнан астам шығарма. Әлбетте, оның қайнар
бұлағы қазақтың күйлері, таза ұлттық рухтағы туындылар.
Құр­манғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Сүгір, Тоқа, Дайрабай,
Бай­серке, Боранқұл, Түркеш, Сейтек, Дина, Мәмен, Қазанғап,

Абыл, Есір, Өскенбай. Теңіз өз түбіндегі сылдырай құйылған
мың сан бұлақтармен өздігінен тазаланып, толығып тұрады
дейді ғой. Бір құдіреті, Құрманғазы оркестрі де солай. Мыса­
лы, соң­ғы он жылда репертуарға Қорқыттың, Асан Қайғының,

Абы­лай ханның, Ықыластың, Жамбыл мен Кененнің күйлері
қосылды.
Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Мұқан Төлебаев, Бақытжан
Байқадамов, Нұрғиса Тілендиев, Сыдық Мұхамеджанов, Кен­

жебек Күмісбеков сияқты сырбаз саңлақтардан бастап Қазақ­
станның кеңес дәуіріндегі және қазіргі белгілі композиторлары
негізінен түгел қамтылған десе де болады. Моцарт, Чайковский,
Глинка, Хачатурян сынды әлемдік музыка майталмандары өз

алдына бір сала. Бір ауық Достастық елдерінің халықтық музы­
касы мен сазгерлерін де ұмыт қалдырмаймыз. Репертуарға жаңа
туындылар қосылып жоталанып тұруы та­биғи нәрсе. Кейінгі
жылдарда Жоламан Тұрсынбаев, Бекболат Тілеухан, Ермұрат

Үсенов шығармаларымен байи түстік. Қаршыға Ахмедьяров,
Айтқали Жайымов ағалар оркестрге арнап күй шығарып жүр.
Жақында өткен Композиторлар ода­ғы­ның пленумы тұсында да
қазақ оркестрлеріне арналып жа­зыл­ған бірталай шығармалар

келді. Айта берсе, оркестрдің ұлан-ғайыр репертуарынан туын­
дайтын тағлым да, түйткіл де аз емес.

– Тұқа, түйткілге кейінірек оралайық. Ал енді сөздің реті

келіп қалғанда өз репертуарыңыз, күйшілік мәнеріңіз, жеке
өнернамаңыз хақында бір азырақ айтсаңыз?

– Енді, репертуар дегенде, күйдің санына емес, сапасына

қараған абзал. Он шақты ғана күйді толықсытып, ажар-көркін
ашып, өзіндік өрнегін сақтап тартса, бір күйшінің даңқын шы­
ғаруға, халықтың сый-құрметіне бөленуге сол жетіп жатыр.
Мен тартатын күйлер жүзден асып жығылса керек. Жас кезде

ал­дырмайтын күйлер болады. Мысалы, Дәулеткерейдің өзім
шек­сіз жақсы көретін шоқтығы биік, философиялық тол­ға­ныс­
қа толы, күрмеуі бөлек күрделі күйі «Жігерді» 40-50 жастан
бастап тартқан жөн бе деймін.

Ұзақ жылдар бойы ешкімге ұқсамайтын өз мәнер-машы­
ғымды қалыптастырдым деп айта аламын. Ұстазым Қали Жан­
тілеуовтен тәберік еткен тартыс, ол күй атасының өзінен та­
мыр тартады. Қалекең күйді қуаламай, бабымен солқылдатып,

әр дыбысына мән беріп, сазды үн, күмбір толқынмен, өзіндік
трактовкамен тартатын. Әр күйге тіл бітіріп, адамша сөйлетіп
беретін. Мен осы Қалекең мәнерін сақтап дамытып келе­мін
деп ойлаймын. Сонымен лауреат та болдық. Тәуелсіз елім­нің

ор­денін де алдым. Бірақ болдым-толдым деуден аулақ­пын. Қа­
ра домбыраға адалмын. Дайындықты үзбеймін. Қо­лы­ма күн­
де домбыра ұстаймын, сағаттап толассыз тартудан жа­лық­қан
емеспін. Өзін сыйлайтын, өнерін сыйлайтын му­зыкант әр­қа­

шан ізденіс жағдайында болуы керек дейтін қа­ғи­даны ұс­та­
намын. Қазірде бала кездегі, жастық шақтағы күй­лер­ді шың­
дап жүрмін. Тартқан күйлерім шағын дискі, үн­тас­па­лар­мен де
таралуда, Қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы.

Өз жанымнан шығарған, өнер киесін әспеттеген «Ақ же­
лең», «Қали, Мәмен, күмбір күй» атты екі күйім бар. Оңаша
бейуақтарда ән де шығарып қоямын. «Тырналар», «Ауылым­
ды сағындым», «Асқаралы азамат» деген әндерімді көпшілік

қауым айтып жүр.

– Тұқа, қалай ойлайсыз, қазірде әсіресе осы ән-күй өнері

саласында нәрсіз топан қаптап, асылды жасықтан айыра ал­
майтын бір заманға тап болған жоқпыз ба?

– Сұрағың орынды. Біз бір нәрсені шатыстырып жүрміз.

Тиянақты білім алған сауатты домбырашылар көп те, дом­бы­

ра­ның табиғи үнін сақтайтын тума талантты күйшілер аз. Мі­­
не, осындай домбырашы мен күйшінің ара-жігін ажырату
қиын-ақ, бірақ ажырату – керек. Қағыс-тартыстың техника­
сын мүлтіксіз игеріп машықтанып алған қабілетті домбырашы­

лар жетіп артылады. Күйді дарылдатып, дуылдатып, құйын
соқ­қандай қуалап әкетеді. Күй дәстүрін сақтамайды. Бұдан да
сорақысы, электронды бұраулар, күйді компьютермен ойнау де­
ген шықты. Мен осы, домбыраны компьютермен алмастыруға

қарсымын. Мұны сұрыптап жатқан радио мен телехабар және
жоқ. Осыдан ұлттық өнерге, көпшілік талғамына үлкен нұқсан
келіп жатыр. Бұл дегеніңіз рухани дүниемізге жасалған ди­
версиямен тең. Содан шанақ сабалағанның бәрі домбырашы.

Әнде де сондай тенденция бел алып барады. Компьютердің,
ды­быс зорайтқыштың, фонограмманың арқасында екінің бірі
ком­позитор, екінің бірі әнші. Табиғи үнге, табиғи дауысқа не
жетсін. Ал, клип жасаушылардың Еуропаға еліктегенде тап­қан

жақ­сылығы – анайылық. Осындай келеңсіздіктерге бір тос­
қауыл керек-ақ.

– Кейде осы дәстүрлі ұлттық өнерімізді менсінбей, мұ­рын­

дарын шүйіре қарайтындар, қазақтың күйі мен халық ән­де­рінің
күні өтіп барады деп жамандық шақырушылар бой көр­сетіп
қалады. Бұған не айтасыз?

– «Қара басқан, қаңғыған, Қас надан нені ұға алсын?!» –

деген ғой хакім Абай. Әлгіндейлерге менің де айтар жауабым
осы. Қазақтың күйімен, Құрманғазы оркестрімен мен де талай
ел мен жерді араладым. Италия, Франция, Пәкстан, Ауғанстан,
Корея, Қытай, Америка, тағысын тағы. Қазақ күйінің құдіреті,

әнінің кереметі сол елдерді, музыканы түсінетін сондағы бек­
зат қауымды таңғалдырғанын көрдім. Ал, қағынан жеріген құ­
ландай өзіміздің иісалмастардыкі әншейін бос сөз. Тіпті, мен
Қытайда, Пекин мен Шанхайда, бергі Шыңжаңда ана жылда­

ры хансу, сібе, ұйғыр, тараншы, қазақ жастарына күй мен дом­
бырадан жарты жыл бойы дәріс бергем. Құлжада қазақ халық
аспаптарын құруға жәрдемдесіп, жетекшілік жасағам. Күй мен
домбыра келешексіз, керексіз болса, сол шет мемлекет мені

шақырар ма еді, қазақтың күй өнеріне бастарын иер ме еді?!
Тағы бір мысал. 2005 жылы біздің Құрманғазы атындағы
және Астананың камералық симфониялық оркестрі АҚШ-тың
Вашингтон, Нью-Йорк қалаларындағы Карнеги холл, Кенне­

ди орталығы сияқты дүние жүзінің өнер иелері армандайтын

залдарда концерт қойды. Сонда симфониялық оркестріміздің
өнерін селқостау тамашалаған американдықтар Құрманғазы
бабамыздың оркестріне түрегеліп тұрып қол соқты. Оның бір
себебі, Нью-Йорктің өзінде ғана 120 симфониялық оркестр

бар екен. Италияны операмен, скрипкамен таңғалдыру қандай
қиын болса, американдықтарды да симфониямен таңғалдыра
қою қиын. Ал сол американдықтарды таңғалдырып, қайта-қай­
та қол соқтырған қазағымыздың күйі, қасиетіңнен айналайын

қазақтың қара домбырасы мен қобызы еді.

– Тұқа, енді еліміздің бас оркестрінің алдында тұрған ке­

лелі мақсаттар, келешек жоспарлар мен мұрат-мүдделерді тұ­
жыра айтып, әңгімемізді сонымен түйіндесек?

– Жақсы. Қазір оркестр ұжымы Құрманғазы бабамыздың 180

жылдығына арналған салтанатты тойға дайындық үстінде. Биыл
амандық болса, қыркүйек-қазан айларында Астрахан қа­ла­сының
450 жылдығына орай Құрманғазы бабамыздың ескерткішін ашу
салтанатына қатысуға шақыру қағазы келіп отыр. Міне, мұның

өзі ұжым үшін де, жалпы қазақ өнері үшін де аса зор мақтаныш
және Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық
байланыстардың дамуына қосар үлесі зор екенін айтар едік.
Мұның бәрі, әрине, қуанышты. Әйткенмен, алаңдатар

жай­лар да жоқ емес. Заман ағымы, өмір тынысы күн өткен
сайын жаңаша бір талпынысты, әсіресе халқымыздың асыл
қа­зынасын жаңа қырынан саралауды, репертуарында үш мың­
нан астам шығармасы бар ұлттық оркестрдің мол мұрасын сақ­

тауды қажет етсе керек. Басқасын былай қойғанда, бүгінгі ор­
кестр құрамында сол асыл мұрамызды шын мәнінде түпнұсқа
дәрежесіне жеткізе орындай алатын хас домбырашылар қатары
да сиреп бара жатқаны қынжылтады.

Тағы бір өзекті мәселе – оркестр ұжымының әлі күнге
дейін шығармашылықпен алаңсыз жұмыс атқарарлық, заман
талабына сай ғимаратының болмай отырғаны. Бөгенбай кө­ше­
сіндегі ғимаратта жөндеу жүргізіліп жатқанына жылдан асып

барады. Оркестрдің мерейлі мерекесіне дейін ондағы жөндеу
жұмыстарының бітер-бітпесі де неғайбыл. Ал қазір көрер көз­
ге, естір құлаққ а ұят – христиан діни орталығының бір клу­
бында уақытша «паналап» жатқан жайымыз бар.

Ендігі бір арман-тілегіміз сол, алдағы уақытта қара шаңы­
рақ өнер ордасы Астана төріне көшіп барып қоныс тебуін
қа­лаймыз. Бас оркестрдің орны – бас қала. Елордада ака­де­

миялық оркестр ұжымының бағы жанып, халқына адал қызмет
етіп, асыл қазынамызды жаңғырта беруге мүм­кін­дігі молырақ
боларына сеніміміз мол. Бұл Астана үшін де, ел үшін де игілік­
ті іс болары даусыз. Сол жағдайда біздің ұжым әуелден-ақ

халқымыздың бұрыннан беріп қойған шын мә­ніндегі қазақтың
ұлттық аспаптар оркестрі статусына лайық­ты болады да, сол
мәртебені ресми түрде алады да деп үміттенеміз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1998 жылы Ас­

тра­хандағы «Алтынжарда» өткен салтанатты жиында «Құр­
ман­ғазы атындағы қазақтың халық аспаптар оркестрі – бұл
біздің ұлттық мақтанышымыз, халқымыздың інжу-маржаны!»
деп зор баға берген болатын. Ендеше, жоғарыда айтылған кө­

кей­тесті мәселелер тиісті орындар тарапынан қолдау тауып,
оңы­нан шешіліп жатса, бұл жағдай Мемлекет басшысы бер­ген
жаңағы әділ бағаға әбден орайлас келіп, мұның өзі хал­қы­мыз­
дың да, елдік салтымыздың да мерейін асырып, күй өне­рінің

салтанатына ұласар еді демекпін.

Бесінші бөлім

ШОҚАННАН ШОРАҒА ДЕЙІН...

Ебепке – себеп. Осы сұхбат-әңгімеге сыздықтатып жол са­
луға «Қайрат» түрткі болды. Кәдімгі Алматының футбол ко­
ман­дасы «Қайрат». Кезінде күллі Қазақстан бойынша сүйіс­
пеншілікке бөленіп, биресми тұрғыда халықтық команда ата­

ғына жеткен «Қайрат». Заманында дәурені жүріп талай да
та­лай абырой тұғырына көтерілген «Қайрат». Әрбір қазақ
«Қай­рат» десе қанаттанып, намысқа қайрақ болған «Қайрат».
Осы «Қайратымыз» «Қайрат» болғалы да алпыс жылдан асып

жы­ғыл­ған екен. Содан бері сүйдірмеген де, күйдірмеген де ке­
зі болған емес. Ұлы Мұхаң – Мұхтар Әуезов «Қайраттың» жақ­
сы ойындарына қуанса, жаман ойнағанда күйіне: «Пәлі, өздері
борсалаңдап, жүгіре де алмайды ғой» деп ренжитін көрінеді.

«Қайрат» деп біз жүрміз, жеңіліп сен жүрсің» деп Әбділда
ақын бір жағынан қамшылап қайраса, «Қайрат» десе жанын
үз­ген тағы бір жанкүйер, жас Тұманбай сол шақтарда:
«Қайратқа» қарап қайғыны азайттық,

Барлық жерде «Қайрат» жайлы сөз айттық.
Барлық жерде «Қайратты» біз жырладық,
Жанкүйердің жүрегі боп туладық. –
деп лапылдай шалқыпты.

Бәрі дұрыс-ақ. Бірақ күйдіргеннің көкесін «Қайратымыз»
биыл көрсетіп тұр. 2 қазанда «31-арнадан» жаттықтырушы Ва­
хид Масудов: «Басты міндетіміз – жоғарғы лигадан қайткенде
түсіп қалмау» деп ұнжырғасы түсе сөйледі. Жеңеміз, медаль

аламыз, күресеміз демейді, әйтеуір төменге түсіп қалмасақ екен
дейді. Ойпырмай, бір кездерде үкілі үмітіміздей көрген сүйікті
«Қайратымыздың» айдың-күннің аманында, тәуелсіздік зама­

нында жеткен жері осы ма еді деп, мүшкіл халіне қынжылдық.
Сөйттік те академик Шора Сарыбаев ағамызды еске түсірдік.
Осы кісі сонау елуінші жылдардағы балаң жігіт шағынан бе­
рі «Қайратпен» бірге жасасып келе жатқан нөмір бірінші жан­

күйері, жүз альбомды толтыра «Қайраттың» шежіре тари­
хын жинаған жанкешті фанаты деп сырттай естуші едік. Енді
«Қай­раттың» жай-күйі мынандай боп тұйыққ а тірелген кезде
қа­зақ фут­болының шежіре ақсақалының ой-пікірін біліп сыр

тарт­пақ­қа жолымыздың түсу себебі сол еді. Сөйтсек, кәдімгі
қазақы қазына әңгіменің қайнар бұлағына тап келіппіз. Үлкен
де биік кабинеттің қабырғалары еденнен төбеге дейін иін ті­
рескен шкафтар, қайсысын ашсаң да қайысып тұр: кітаптар,

бума-бума альбом, папкілер. Қайсысына көз салсаң да, әйтеуір
бір қызық кептің шеті қылтияды. Бір күн қайда, айлап, жыл­
дап, рахаттана, шетінен кертіп игеретін, тақырыптарына орай
он шақты мұражайды негіздеуге еркін жетерлік мол қазына!

– Осының бәрі неден басталып еді, аға?

– Әуелі ай тарым – біз әулетімізбен коллекционерлерміз,

қарағым. Әулеттегі алғашқы коллекционер әкем Шамғали Ха­
ресұлы Сарыбаев десем де болады. Ол кісі филолог ғалым,
қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің негізін қалаушылардың
бірі. Керек-ау деген жақсы нәрселерді жинай жүруге сол кез­

ден бастап құлшыныс танытқан. Коллекционердің бір қыры
осы. Жиырмасыншы-отызыншы жылдарда Қарақалпақстан
мен Сыр бойында қазақ фольклорының үлгілерін жинаған,
Тәш­кент­тегі Орта Азия университетінде ұстаздық еткен ке­

зін­­де экс­педицияда Ә. Диваевпен бірге жүрген. 1925 жылы
Тәш­­кент­те шығатын «Терме» журналына Жамбыл туралы
ал­ғашқы мәлімет берген. Екеуінің бірге түскен, әлі еш жер­
де басылмаған суреті бар. Әзір менде сақтаулы. Үйде әкей жи­

наған «Айқап» журналының барлық нөмірі бар болатын. Со­
ны соғыс жылдарында таршылықтан ҚазГУ-ге сатқанбыз. Қа­
зір бар-жоғынан хабарсызбын.
Әкей көп жылдар ҚазПИ-де, Қазақ журналистика инсти­

тутында сабақ берді. ҚазПИ-дің негізін қалаушылардың бірі
десек керек еді. Тек соның тағы кейбір құжаттарын іздеңкіреу
қажет болып тұр. Менің 12 жасымда есімде қалған бір жай,
1937 жылы әкей туралы «Қазақ әдебиеті» газетінде «Ұлтшыл

фашистердің асырандысы» деген бір подвал мақала шықты.
Жаз­ған – өзі­нің студенті. Лекцияларында халық жаулары А. Бай­

тұр­сынұлынан, М. Жұмабайұлынан мысалдар келтіреді, І. Жан­
сү­гіровтің досы деп жазған. Бұлары рас еді. Содан ба­сымызға
қара түнек орнады. Мақала шыққ асын бізді түн­де келіп үйден
айдап шықты. Әкейді жұмыстан қуды. Кө­ше­де тен­ті­реп қалдық.

Әйтеуір, құдай қақты ма, Мирзоянға хат жа­зып, ізденіп жүріп,
ақыры ҚазГУ-дің ректоры Лукьянец жұ­мысқа алды, қайтадан
пәтер бергізді. Сүргіннен аман өтіп, кейінірек кандидаттық
дис­сертация қорғады. М.Әуезов, Қ. Жұ­ма­лиев­термен әріптес

болды. Тіл білімінің дамуына айта қаларлық еңбек сіңірді. Мі­
не, бізге, інім Болат екеуімізге жина­ғыш­тық, коллекционерлік
қасиет осы әкейден дарыған.

– Жалпы қазақ топырағында бұрын коллекция жинау үр­

дісі болған ба?

– Болғанда қандай! Қазақтың тұңғыш коллекционері деп

ұлы ғалымымыз Шоқан Уәлихановты айта аламыз. Менің бір
папкім Шоқанның коллекционерлігіне арналған. Өзінің және
замандастарының жазбаларына қарағанда, біріншіден, оның
бай кітапханасы болған, екіншіден, геологиялық (тастар), ор­

ни­тологиялық (құстар), этнографиялық, сондай-ақ ескі алтын
ақшалардан нумизматикалық коллекциялар жинаған. Соның
бәрі баға жетпес жәдігерлер. Қайда қазір сол қазына?

– Орыстың ұлы жазушысы Федор Достоевскийдің әйелі

А.Г. Достоевскаяның күнделіктерінен менің де бір оқығаным
бар еді. Сонда: «Мына зерлі көне сандықты көрдіңіз бе? – деп
сұрады Достоевский. – Бұл менің сібірлік досым Шоқан Уә­
лихановтың сыйлығы, мен үшін өте қымбатты мүлік. Мен он­

да өз қолжазбаларымды, хаттарды және жақсы көретін затта­
рымды сақтаймын» – деп жазылған.

– Әнеки, бұл сыйлық Шоқанның этнографиялық коллек­

циясынан болса керек. Шоқан өз коллекцияларын реті келген­
де достарына сыйлап отырған. Бір коллекциясын Ресейдің бір
ака­демигіне, аты-жөнін ұмытыңқырап тұрмын, Васильев бол­
са керек, сыйға тартқан. Ол Шоқан коллекциясы бойынша ма­

қала жазып жариялаған. Осының бәрі біздің тарихымыз емес
пе. Енді бір коллекциясын Дрезден музейіне табыстаған дей­
ді. Германияда болғанымда іздеп барайын деп ниеттенгем, бі­
рақ ауырып қалып, сәті түспеді. Шоқан музейлерге домбы­ра

сыйлаған. Шоқанның досы болған бір орыс ақынының өлең­
дерінде шығыс әуендері өте көп. Бұл қайдан келген? Меніңше,
Шоқанның әсері. Зерттеу керек, айдай әлемге дәлелдеп айту

керек. Шоқанның өзі жазады: Қытайға бара жатқан жолын­да
көне дүниеліктерді көп жияды, соларды шекарадан асарда бір
ағаш­тың түбіне көміп кетеді. Сол сапарда жарты жыл жү­ріп
қайтқанда көмбені қайта қазып алды ма, алмады ма – міне,

сұ­рақ қайда?! Марқұм Сәуірбек Бақбергенов Шоқан та­қы­ры­
бын көбірек ізерлеуші еді. Маған айтып жүрді: Ал­ма­ты­дағы
ана Пугасов көпірінің маңындағы бір орыстың үйінің шаты­
рында Шоқаннан қалған бір жәшіктер бар екен, соған бір күні

бірге барайықшы деп. Тағдыр жазбады.
Мен өзім Шоқан жайындағы материалдардан ғана 50 шақ­
ты альбом мен папкі жүйелеп жинақтадым. Бұл не үшін ке­
рек, неге сонша әуреленесіз дейсің ғой. Болашақ ұрпақ үшін,

музей жасақтау үшін, халқымыздың мәдениеті үшін, жас­тар
тәрбиесі үшін керек. Жаңағы Шоқан жайындағы кол­лек­циям­
ның біразын өзім оқыған, Киров атынан құтылып, Уәлиханов
есі­мін алып жатқан Алматыдағы №12 қазақ орта мектебіне

сый­ладым. Бә­рін беріп жіберуге қимадым. Осы арада бір ай­
тар­лық жай, қазақтың үлкен мүсіншісі Хакімжан Наурызба­
ев екеу­міз интернатта бірге жатып оқыған достармыз. Ол ма­
ған жас кезімізде Абайдың кішірек мүсінін сыйлаған бола­

тын. Содан қырық жыл өткеннен кейін келіп тұр: өзімде Абай­
дың сол мүсіні қалмапты, баяғы сыйлағанды қайтаршы, дейді.
«Қайтармаймын, – деймін мен қырсығып. Сосын кішкене жі­
біп: Қайтарайын, бірақ ол үшін маған кабинетіңде тұрған Шо­­

қанның үлкен мүсінін беруің керек» дедім. Осыған келістік.
Жүк мәшинесіне артып зілдей ауыр, ақ гипстен жасалған әде­
мі мү­сінді маған әкеліп берді. Содан №12 мектептің директо­
ры Ша­нинаға (Жұмат Шаниннің қызы) телефон соғайын: Шо­

қанның мүсінін алып кетіңіздер. «Қазір, оқушыларды жібе­ре
қояйын» дейді. «Болмайды, деймін, екі тонналық мүсінді оқу­
шылар әкете алмайды. Жүк мәшинесімен үлкен кісілер кел­
сін»... Сонымен, менің коллекцияларымның негізінде біраз

жыл бұ­рын сол мектепте Шоқан музейін ашқанбыз. Лентасын
осы мек­тептің бұрынғы директоры, Социалистік Еңбек Ері Ра­
фиқа Нұртазина екеуміз қиып едік. Жуырда сол мектептің қа­­
зіргі директорын кездестірсем, музейді қайтадан аштық дей­

ді. Ұқ­пай қалдым. Бір рет ашқан нәрсені қайтадан ашқаны не­
сі? Ал енді Ы.Алтынсарин атындағы №159 қазақ орта мек­те­
бінің директорына ұлы ағартушының музейін ашыңдар, мен
ма­териал беріп көмектесейін дедім. Әлі үнсіз. Көмектесем де­

сең де көнбейді. Құдай-ау, мен де ерігіп жүргенім жоқ. Бірақ
му­зей балаларға керек қой.
Бұл жәйтке шүйілуімнің себебі былай. Жаңағы музейлеріміз
уақытша сипатта, нақты иесі жоқ. Басшы ықыласты болғанда

ашылады, сосын жабылады, ақыры біздей пақырыңыздың тір­
нектеп, тырбанып жинаған құнды жәдігерлері жоғалып, су ая­
ғы құрдымға кетеді. Музей жекеменшік болғанда мәңгілік.
Алыс­қа ұзамай-ақ Ресей тәжірибесіне зер салайықшы. Орыс

ға­лым­дарының, музыканттары мен өнертанушыларының көп­
те­ген жеке коллекциялары кейіннен әйгілі музейлердің негізін
қалады емес пе. Третьяков галереясының негізін құраған атақ­
ты Третьяковтар коллекциясының өзі неге тұрады? Немесе

театр музейінің негізіне алынған А. Бахрушев коллекциясын
алайық. Мұндай мысалдар толып жатыр.

– Осындай игі өнегелер ұшқыны Қазақстаннан, қазақ зия­

лылары арасынан табыла ма?

– Көптің ішінен неге табылмасын. Әркімнің хоббиі, кол­

лекционерлік қызығушылық деген болады. Бірақ ол кез-келген
адамға бұйырмайтын тәңірдің сыйы іспеттес. Сол тәңір сыйын
бағаламағандықтан қанша асыл мұрадан, тарихымыздың ға­
жайып сәттерінен көз жазып қалдық. Атақты палуанымыз Қа­

жы­мұқан әлем біріншіліктерінде 48 медаль жеңіп алған екен.
Қайда сол медальдар? «Қайдалап» сан соқтырар осындай өкі­
ніш­терге ұрындыратын да сол баяғы құнтсыздығымыз, коллек­
ция жинауға бейімсіздігіміз дер едім. Ана бір жылы Алматы

қа­ласының 150 жылдығын тойламақшы болған. Ал Алтын
адам, Ал­малы қаласының орнынан табылған көне теңгеліктер
Ал­ма­тының тарихын 2000 жыл арыға асырып тастаған жоқ
па. Коллекционерлік тарихтың, халық мұрасының жоғалмай

сақталуына қызмет етеді. Осы орайда белгілі ұйғыр коллек­
ционері Азат Әкімбектің ұйғырлардың заттық мәдениеті мен
халықтың қолданбалы өнерінен 300-ден астам жәдігер жина­
уы аса игілікті іс. Марқұм Дәркембай Шоқпарұлы кезінде ха­

лық шеберлері жасаған көне бұйымдарды жинап, өзінің же­
ке этнографиялық музейін ашқан еді. Онысы сол заманда ер­
лікпен барабар еңбек-тін. Менің ақылыммен өткен ғасырдың
елуінші жылдарынан бастап інім Болат қазақтың халық аспап­

тарын жинаумен отыз жыл бойы айналысты. Ондаған аспап­
тар қайта тірілді. Ол солар бойынша докторлық диссертация
қорғады, өзінің үйінде халық аспаптары музейін жасақтады.

Совет заманында Мәдениет министрлігі одан осы керемет кол­ лек­цияны сатып алмаққ а да әрекеттенген. Әйткенмен, Болат­ тың жекеменшігінде қалғаны жақсы болды деп ойлаймын. Сол кезде мемлекетке беріп жібергенде қазір ол коллекция­дан түк қалмас еді. Айтпағым: міне осындай, хоббиіне құлай бе­ріл­ ген жансебіл жандар өз халқына үлкен пайда келтіреді, ұлттың мәдени құндылықтарын сақтайды. – Енді әңгімені тікелей өз коллекционерлігіңізге ойыс­тыр­ сақ қайтеді, аға? – Жалпы, коллекционерлік адамның өз кәсібімен, өмірлік мамандығымен үйлесе өріліп жатса құба-құп. Жоғарыдағы Дәр­кем­бай мен Бо­лат­тың коллекция жинаушылығы дәл солай. Ма­ған ке­летін бол­сақ, менің де бір нәрсені коллекциялауға құ­ мар­лық-үйір­лігім өзім айналысатын тіл біліміне қатысты әде­ биет­ті жи­нау­дан басталды. Мақаласы бар, кітабы бар, қа­зақ ті­ лі­не бай­ланысты соңғы жарты ғасырда тасқа басылып не шық­ ты, бірін қалдырмай, көзінен көгендеп жиып-тердім. Ондаған жылдарда барлық осы әдебиетті жинақтап, жүйелей келе, нә­ ти­жесінде «Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиографиялық көр­ сет­кіші» деп аталатын алты томдық басылым жарық көрді. Же­ тінші томы қазір баспаға дайын тұр. Байыптай қа­ра­саңыз, бұл да өзінше бір коллекция. Жай емес, ғылыми коллекция. Мені ака­демик атағына жеткізген еңбектерімнің ішін­дегі ең елеу­лі­ сі, қа­жет­тісі, бәлкім, осы болар. Сонымен қатар 1989 жылы «Түркітану әдебиетінің библиографиялық көр­сет­кі­шін», 2003 жылы қазақ тіл білімі саласында қорғалған мың кандидаттық және докторлық диссертациялардың да биб­лио­гра­фия­лық көр­ сет­кішін басып шығардым. Бұл үшін тілмен шұ­ғыл­данушы ға­лым­дардан естігенім тек алғыс. Шыға сала ай­налыс-қол­да­ ныс­қа кіріп кеткен бұл еңбектердің ғылыми қыз­мет­кер­лерге, әсіресе аспиранттар мен студенттерге, мұғалімдерге күн­де­лік­ ті қолдан түспейтін кітаптарға айналғаны маған да ме­рей. Ғы­ лымдағы коллекционерліктің бір кереметі осы ғой. Әңгімені әйтеуір бастаған соң айтпай кеткенім жарамас, ғы­лым­дағы осы тырнақалды жинаушылық қадамым шу де­ген­ де сая­сат сал­қы­нына ұшы­рап еді. 1960 жылы шық­қан «Биб­лио­ графиялық көр­сет­кіштің» алғашқы томы ішіне А. Бай­тұр­сынұлы, М. Жұмабайұлы, М. Дулатұлы, Х. Дос­мұ­ха­медұлы, Т. Шо­нанұлы, т.б. арыс­тардың 140 еңбегі енгізілгені үшін пы­шақ­тың ас­тына тү­ сіп туралып кетіп еді.

Туралғанның жайы былай. Кітаптың редакторы Ісмет Кеңес­
баев, рецензенттері Мәулен Балақаев пен Ғали Бегалиев бо­ла­
тын. Кітап шығып, бір данасы қолыма тиіп, қуанып, І. Кеңес­
баевқа алып бардым. Ол парақтап қарап, ішіндегі сол кез­де

«ха­лық жауы» деген айдар тағылған Байтұрсынұлы мен бас­
қа­ларын көр­ді де түрі бұзылып кетті. Алдында қолжазбаны
оқы­маған. «Құ­ры­дық!» деді салған жерден. Сол арада бірден
Орталық комитеттің ғылым бөліміне телефон соқты. «Мына

бір кітап шыққ ан екен, ішінде халық жауларының аттары ата­
лып, жүзден астам еңбектері кіріп кетіпті, соны не істей­міз?
Қалай болады?» деді. Ертеңіне бізді ЦК-ға шақырып, Кеңес­
баев, Балақаев үшеуіміз бардық. Бөлім меңгерушісі Бейсемба­

ев деген аса биязы адам. Есесіне бір философ жер-жебірімізге
жетіп айқайлап ұрсып жатыр. Әуелі Кеңесбаевқа: «Сіз редак­
торсыз, неге қарамағансыз?» деп әкіреңдеді. «Мен қарап, алып
таста деп айтып едім, айтқанымды орындамапты ғой» деді

Кеңесбаев. «Сәкеңнің бір білгені бар шығар» деп, ұнжырғам
түсіп, үндемей, тілімді тістеп мен тұрмын. Кабинетті билеп-
төстеп басына көтерген философ енді Балақаевқа төкті қа­һа­
рын: «Сіз рецензент. Неғып көрмегенсіз?». Мәкең сасқан жоқ:

«Қайдан білейін, фәмилиеміз тұр екен, сосын қолымды қоя сал­
дым ғой» деп қалжыңға сүйеді. Сосын салмақты кейіпке көшіп:
«Мына Шораны жалғыз өзін шырқыратып айыптай бермей­
ік, кі­нә бәрімізге ортақ» деді. Сонымен тарқадық. Бейсемба­

ев еш­теңе демеді. Ертеңіне Тіл білімі институтының директо­
ры Кеңесбаев шақырып алып: «Саған сөгіс беріп, қызметіңді
тө­мен­детеміз. Ренжіме, басқа амал жоқ» деді. Басқа амалдың
жоғы да рас. Бір тәуір жері, мен партияда жоқ едім. Сөйтіп,

қа­паланып жүргенде баспаханадан бір тілектес адам телефон
соқты. «Сенің кітабыңды турап жатыр, бір-екі жартылық алып
тез жет» дейді. Құстай ұштым. Жұмысшы орыс жігіттерінен
үш­ке бөлініп туралған және бүтін біреуін жандәрмен алып қал­

дым. Солар міне. Осы туралған томдағы жалалы болған арыс­
тардың еңбектері 1994 жылы шыққ ан «Библиографиялық көр­
сет­кіштің» алтыншы томына қосылды.

– Сіз Тәшкентте туылып, балалық шағыңыз Алматыда өтіп­ті.

Қала баласының қазақ тіл ғылымын таңдауына не себеп болды?

– Оның рас. Әкейдің ықпалы болмағанда басқа мамандықты

таңдауым да әбден мүмкін еді. Ана тіліне ыңғайлап баулыған
әкем. Қазақ мектебіне берді. Қазақша кітапты жонарқадан шы­

бық­пен соғып тұрып оқытты. Қатал демейін, қатаң ұстады.
На­ғыз спартандық өмір салтымен тәрбиелендік. Соның үшін
әкемнің аруағына мың рахмет.

– Әкеңіз болмағанда қазір қазақ тіл ғылымының бір ака­

демигі кем болады екен-ау?

– Және қазақтың бір коллекционері. Коллекционерлігімнің

өзі де тіл білімінен бастау алды ғой. Мысалы, халық ме­ди­ци­на­
сының терминологиясынан әуелі бір аспирантқа тақырып бер­
гем. Содан соның қызығына өзім түсіп, ізерлеп жүріп, дүние
жүзінің халық медицинасы бойынша 1000 альбом материал жи­

надым. Сөзтізбесі – А-дан бастап Я-ға дейін. Айталық, каб­
лук, кальций, каша – солардың денсаулыққ а әсері; галстук,
камни – денсаулыққ а зияны. Ұялы телефон һәм денсаулық.
Аурулардың аттары – 200 альбом. Емдік өсімдіктер – 200 аль­

бом. Медицина және хайуанаттар – 100 альбом. Бал ара, сүлік,
жылқы, аюдың өті боп кете барады. Естімеген елде көп: Вьет­
намда емдік мақсатта жаңа туған тышқанның баласын жұтады
екен. Күйген денеге бақаны тірідей жапсырып басады. Өзім,

кеше тізем сырқырап ауырған соң, базардан жаңа сойылған
иттің терісін сатып әкеліп, сонымен емдеп жатырмын. Мықты
емшілердің бірі мысық.
Қазақстандағы халық емшілерінің есімнамасын, мекен-жай­

ларын, олар жайлы мәліметтерді пәленбай папкіге жи­нақ­тап
қойдым. Ха­лық емшілігі тақырыбында 200-ден астам кітабым
бар. Мұ­ның сыртында 10 томдық медицина энциклопедиясы
жә­не тұр. Осындай тақырыптарға материал жинау үшін Қа­зақ­

стандыкінен басқа, әрқайсын екі данадан, Ресейде шы­ғатын 10
газет-журналды талай жылдардан бері үзбей жаз­ды­рып алып
тұрамын. Айталық, «Здоровый образ жизни», «Ле­чеб­ные пись­
ма» газеттері, «Здоровье» журналы, тағы сол сияқты.

Келушілер осыларды көріп қызығады. Біреулер менде бір
ауру бар еді, бір томыңызды бере тұрыңызшы деп сұрайды.
Мен бермеймін. Өкпелейді. Осы арада оқып ал деймін. Се­
бебі, берілген нәрсенің кері қайтпайтынын білемін, басыма

тиген. Егер өмірім жетсе, халық медицинасының музейін аш­
сам деген арманым бар. Коллекциям сонда көптің игілігіне ай­
налар еді. Мен музей деймін, «мұражай» деген ұнамайды. Ел­
басы айтса, айтқандай, бүйректен сирақ шығарып, осындай

қалыптасқан терминдерді бекер қазақшалайды. Жә, музей –
келешектің ісі, әзірге үлкен жиындарда, халықаралық конфе­

ренцияларда көрме жасап жүрмін. Жуырда қобызшы-бақсылар
конференциясы өтті. Бізде халық емшілерінің қауымдастығы
бар ғой, мен соның құрметті мүшесімін. Төрт медальмен ма­
рапатталғам.

– «Жақсыны көрмек үшін», коллекциядан тағы нелеріңіз

бар, аға?

– Нумизматикадан біраз байлығым бар. Махамбет, Жам­

был, Сәтбаев, Мүсірепов, т.б. бейнеленген 50 теңгеліктер. Иран­­
ның, Түркияның өзіме сыйлаған көптеген қағаз ақшалары сақ­­
тау­лы. Коллекцияларымның айрықша бір бөлігін значоктар құ­
рай­ды. Санаған емеспін, өте көп. Оларды жинауға балаларым

да көмектескен. Айталық, Қазақстанда 1500-ден астам зна­
чок шыққ ан болса, соның 800-і менің қолымда. Футбол та­қы­
рыбындағы значоктарым 1000-нан асады, соның 100-і Қазақ­
стан­дыкі. Мына значоктар Мексиканыкі, мыналар – значок

тү­ріндегі әлем елдерінің жалаулары. Баспасөз жөніндегі зна­
чоктар бір төбе. Міне «Социалистік Қазақстанның» 5 значогі.
Жалғыз Медеу жөніндегі значоктар 50-ге жетеқабыл.
Конверт те өзінше бір тарих. Қазақстанда шыққ ан кон­верт­

тердің көпшілігі, 1000-нан астамы бар менде. Маркалар. Мы­
нау Н. Назарбаевтың маркасы. Мөрі бар. Маркалар өте көп. Бә­
рі тақырып бойынша бөлінген.

– Әулетте сіздің хоббиіңізді ілгері жалғастырып жүр­ген­

дері бар ма?

– Ұлым Қайрат, қызым Майра да жас кездерінде коллек­

ция жиюмен әуестенген. Египетте оқып жүрген жиенім Диас
қазақтың 100 батыры бойынша материал жинап, әрқайсына
жеке папкі арнады. Әл-Фараби туралы материал жинауға ақыл
қосып едім, соған құлшына кіріскен сыңайлы.

– Енді «Қайратқа деген хоббиіңіздің хикаясын айтып бе­

ріңізші?

– Менің хоббиім әкейден қалған қасиет қой. Еріксіз тар­

тып әкетеді екен. Елуінші жылдардан бастап жанкүйер ретінде
футболға барып жүрдім. Азын-аулақ материал да жиыстырып,
бір альбом толтырып қойғам. Оны кейін «01»-ші дәптер деп
бел­гіледім. Сөйтіп, жай қызығушылықпен жүргенде бір күні

«Со­ветский спорт» газетінде «Необычная коллекция об «Спар­
таке» деген мақала шықты. 1957 жылдың 16 қыркүйегінде.
Мұнда Мәскеудің «Спартак» футбол клубының тарихын тү­ген­
деген В. Дубровицкий деген кісінің өзгеше коллекциясы ту­ра­

лы жазылыпты. Маған сол арада «Қайраттың» тарихын ше­жі­
релеп баяндайтын материалдар жинау жөнінде ой келді. Бұл
ойымды клуб басшылығына айттым, олар да құптады. «Қай­
раттың» атағы жер жарып, дүркіреп тұрған шағы. Сол жыл­

дар­дағы жаттықтырушылар Зенкин, Хохман, атақты фут­бол­
шымыз Тимур Сегізбаев, Черданцев және басқалары ме­ні са­
пар­дағы ойындарының материалдарымен жабдықтап, кө­мек­
тесіп тұрды. Кейде Тәшкентке, Москваға футболшылармен

бір­ге ере баратынмын. 1964 жылдың тамызында «Қай­рат­пен»
жол­дастық кездесу өткізген Иран командасының жат­тық­ты­­
ру­шысы Мобашер мырза маған арнайы хат жазып, көп қы­
зық­ты фотосуреттер салып жіберді. Сол жылы «Қайрат» өз

алаңында Бразилияның мықты командаларының бірі «Пира­
си­кабоны» 3:1 есебімен ұтып, керемет қуантып еді. Оның ал­
дындағы жылдарда да Финляндия, Корея, Қытай, Лаос, Индо­
незия, Югославия сияқты елдердің командаларын 4:0, 5:0,

6:0 есептерімен ойсырата ұтып, бөркімізді талай аспанға ат­
тырып еді. Жапонияның ресми емес құрамасын осы Алма­
тыда 3:1 қылып жеңгені бүгін де көз алдымда. Қайсы бірін
айтарсың. Иран сапарынан Сегізбаевқа күнделік жаздырып,

«Лениншіл жастың» бірнеше санында жариялаттым. Тимур
Корея сапарынан көп фотосуреттер, «Қайрат» туралы корей
газеттерінде шыққ ан мақалаларды әкеліп, халықаралық аль­
бомымды толықтыра түскен-ді. Өстіп «Қайрат» туралы 35

жыл бойы үзбей жиналған материалдар, фотосуреттер, жарна­
малар, буклеттер және басқалары, яғни футбол жөніндегі кол­
лекциямның ұзын-ырғасы 100 альбом болды. Мұның сыртын­
да спорт журналисі Сұлтанғали Қаратаев екеуіміз, «Толчинс­

кий ылғи шығарып жатады, одан біз кембіз бе?» деп 1967-73
жылдар аралығында қазақ тіліндегі алғашқы төрт бірдей фут­
бол анықтамалығы кітаптарын шығарған едік. Қазақша фут­
бол сөзжұмбағын да алғаш құрастырып жарияладым. Осының

бәрі – «Қайраттың» жеңістері, жеңілістері, шарықтауы һәм
құл­дырауы, боямасыз, бүкпесіз шынайы тарихы. Бізге жалпы,
бү­тін­дей Қазақстан спорты тарихының музейі керек. Осындай
музей құрыла қалса, жаңағы жәдігер-коллекциямды түгел со­

ған берер едім.

– Коллекцияңыз, мұқабасына «Қайрат» деп араб әрпімен

жазылып, №1 альбомнан басталған екен-ау...

– Иә. Міне, осы альбомның алғашқы бетіне орысшалап: «Кол­

лекция посвящается памяти одного из первых казахских футбо­

листов Мухтара Омархановича Ауэзова» деп үлкен әріптермен жа­
зып қойыппын. 1962 жылдың 20 қыркүйегінде «Спорт» газетінде
Б. Бисопановтың мақаласы мен «Ярыш» фут­бол командасының
1914 жылдың наурызында түскен суреті жарияланды. Онда М. Әуе­

зов үшінші қатарда оң жақтан екін­ші. Әліппенің авторы Мирша­
нов екінші қатарда он жақтан үшінші. Сыдықов Әміржан деген
қазақ бозбаласы екінші қа­тар­да сол жақтан екінші. Осы кісі сон­
да филолог-методист, Ал­матыда тұрады екен, іздеп тауып, барып

сөйлестім. Бірақ ол жас кездегі футболшылықтары жайлы әңгіме
айтуға онша ықыласты болмады.
Елуінші жылдарда Алматыда футболды «Спартак» стади­
онында ойнайтын. Ол М.Горький атындағы демалыс паркінде,

қазіргі жазғы театрдың орнында болатын. Табло жоқ. Алаңы
нашар. Трибунаңыз он отырғыш. Стадион деген аты ғана. Әде­
биетші Ысқақ Дүйсенбаевты ертіп, Әуезов ылғи осында келіп
футбол көретін. Өзі жас кезінде жарыста ойнаған футболшы,

сол дәуренін сағынатын болуы керек. Ал Орталық стадион­да
Мұхаңды көп ұшырата қоймадық. Онда жазушылардан үзбей
келетін жанкүйерлер Әбділда Тәжібаев, Тұманбай Мол­да­ға­
лиев, Сейдахмет Бердіқұловтар еді.

– Орталық стадион кейін салынған екен ғой?

– Иә. Айтқандай, «Қайраттың» бұл Орталық стадионын

сал­дыруға мен себепкер болдым ғой. Елу жетінші жылы ғой
деймін, «Советский спорт» газетіне хат жаздым. «Алматыда
стадион жоқ. Қанша айтылса да салынбай келеді. Бір жақсы
стадион керек-ақ» деп. Бұл хатты бүкілодақтық мемлекеттік

спорт комитеті қарайды. «Ваше письмо рассмотрено» деп ма­
ған жауап келді, қаулысы Алматы қалалық атқару комитеті
мен спорт комитетіне жіберіліпті. Бұлар да мәселені арнайы
қа­рап, 3-4 беттік қаулы алыпты. Сол қаулыны маған жіберді.

Ақыры не керек, бір жылдан асырмай осы күнгі Орталық ста­
дионды салып, пайдалануға берді ғой.

– «Қайрат» командасымен содан былайғы қарым-қаты­на­

сыңыз қалай өрбіді?

– Қалай өрбісін? Жеңісіне қуандық. Жеңілсе ренжідік.

«Жан­күйерлер клубында» әр ойынды талқылап, ой-пікір, сын-
ес­керт­пелерімізді ортаға салып жүрдік. Обалы не керек, Квоч­­
кин, Сте­панов, Остроушко сынды мықты футболшы­лар да
сө­­зі­мізге құлақ асып тұратын. 1966 жылы ұлым ту­ған­­да Ор­

та­лық стадионның директоры Сайлаубек Есімбеков, Т. Се­гіз­

баев бастаған 6-7 футболшы жігіттер келіп, атын Қай­рат деп
өздері қойып еді. Қызыңқыраған кейбір жігіттер «Қай­рат»
командасының аты бұрын «Локомотив» болған, ендеше ба­­
ланың атын неге Локомотив қоймаймыз деп таласты. Олар­

ға: орыстар баланың атын Спартак деп қояды, бірақ Динамо
деп қойғанын естіген емеспіз деген уәж айтылды. Сол Қай­ра­
тым қазір бес тілді меңгерген, еліне еңбек етіп жүрген бел­гілі
азамат болды. Жетпіс жылдығымда да Сайлаубек пен Ти­мур

келіп құттықтап, «Қайраттың» футболшылары түгел қол­да­рын
қойған доп сыйлады. Сексен жылдық мерей тойымда да ұмыт
қалдырмады. Рахмет.

– Енді «Қайраттың» қазіргі ойыны жайлы ойыңызды айт­

саңыз?

– Ойынына рахмет дей алмаймын. 60-70-ші жылдары ста­

дион то­лып оты­рушы еді. «Қайраттың» абыройы жоғары еді.
Жі­гіт­тер жа­нын салып ойнайтын. Намысқа тыртысатын. Тәр­
тіп күш­ті, фут­болшылар тегіс қазақстандықтар еді. Ыл­ғи да
жа­рыс кестесінің бел ортасында не жоғарғы жағында жү­ре­

тін­біз. Осы күнгідей көш соңында қайраңдап, дәрменсіз хал­
де тұйыққ а тірелгенді «Қайрат» өз тарихында көрген де емес,
білген де емес. Соған күйініп, әрі басқа жұмыстарым көбейіп,
футболға суыңқырадым. Жақсы ойын көрсете алмаған соң, қо­

лымды бір сілтеп, «Қайратыма» көңілім қалды. Оларды қам­
шылау керек. Клуб басшылығы, федерациясы бар, басқасы бар,
ой­лануы ке­рек, ойласуы керек. «Қатты жерге қақ тұрар, қай­
рат­ты ер­ге бақ тұ­рар» дегендей, «Қайраттың» басына бақ қай­

та­дан қо­натын күн­дерден әлде де үмітімді үзбеймін.
Қазақ футболының тарихына байланысты ғажайып коллек­
ция жинаған, футбол десе жанын үзген жанкүйер академик аға
осы­лай толғайды, осындай қилы-қилы қызық сырлар шертеді.

«Қай­раттың» қазіргі қиын жағдайынан біз де хабардар едік. «Қа­
зақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясының қолдауынан айы­
рылғаннан кейін клуб белді ойыншыларынан да түгел көз жа­
зып, әрі-сәрі күй кешкен. Қазір жаңа басшылық жағдайды тү­

зетуге жан салып жатыр. Шора Шамғалиұлы ақсақал айт­қан­дай,
біз де халықтық команда «Қайраттан» үмітімізді үз­бей­міз. «Қай­
раттың» жанынан Шора аға бас болып, баяғы «Жан­күйерлер клу­
бы» құрылса дейміз. Ал ақсақалдың өзі бізге ал­тын сан­дықтың,

қазыналы көмбенің үстінде отырғандай көрінді. Шір­кін, Шоқан
жайындағы, халықтық медицина жайын­дағы аль­бомдарын алдыға

жайып салып, халықтық академик­пен тағы бір рет, бәлкім, бірне­
ше рет сырласар ма едік! «Іздемпаздық менің де бар өнерім» деп
Мұқағали айтпақшы, өзгеше өнері жиымпаздық боп келе жатқан,
жақсы нәрсенің жиымпазы, қа­зақтың өнеге қыларлық кемеңгер

коллекционері, әр жүрген ізі­нен даналық терген абыздан алып
қаларымыз көп-ау. Шора аға Сарыағаштан қайтып келген соң бұл
ойымыздың да сәті тү­сіп қалар, құдай қаласа...
2007 ж.

ҚАЗАҚТЫҢ САЯНЫ

Осы біздің қазақтың көгінде халқымыздың бағына туған,
маңдайына біткен жарық жұлдыздары аз ба, көп пе? Жолдас-
жаранға сыйлы, туыс-туғанға мейірімді, ауылына қадірлі нар­
қасқа жақсы жігіттер, жалпы, ел мақтаған, қыз жақтаған атпал

азаматтар әр-әр жерде де, әлбетте жыртылып айрылатын да бо­
лар, бірақ біздің айтпағымыз олар емес. Біз елге тұл­ға болған,
туған халқының аты мен атағын айдай әлемге жар­қы­ратып таны­
тушы шамшырақтарды, өз келесі мен ортасынан суырылып оза

шапқан ерен жүйріктерді айтамыз. Дәл осы арада қас жүйрікке
қиын тағдыр бұйыратынын да ескермеске лаж жоқ. Ұлт мерейін
тасытушы өзгеше мұрат-парыз, қа­сиетті міндет арқалаушы оғ­
ландардың ешқайсысы да ондай налалы тағдырдан айналып өте

алмаған. Жә, жаңағы сұраққ а оралайық, біздің қазақтың осын­
дай ұлт рухын ұлықтаған жа­рық жұлдыздары аз ба, әлде, көп
пе? Міне, дәл осы арада қа­зақи қанағатшылдығымызға немесе
арықтығын білдірмес бәз-баяғы бөрі мінезімізге бағып, аузы­

мызды қу шөппен сүртуге ежелгі намысшылдығымыз жібермей,
“шүкір құдайға!” десек те, шынның жүзіне тура қарасақ, әлемді
мойындатқан, дүйім дүниеге танымал тұлғаларымыз, жер-жа­
һанға түгел кө­рі­ніп жарқыраған жарық жұлдыздарымыз сирек,

әр салада қа­дау-қадау ғана екендігін өзіміз де мойындауымызға
тура келеді. Әр салада біреуден, екеуден, араға ондаған жылдар
салып, қара-құра бой көрсетеді. Әлем жұрты қалт еткізбей ая­
лай бағып, әспеттеп көтеріп, қошеметін аямай отырған пади­

ша спорт жанжал-соғыссыз жаһаңды жаулаудың, ондаған елдер­
де­гі мың-миллион жүректерді жаулаудың бірден-бір жолы бол­
са да, қазақ ұланы сол қияға сирек самғайды, аяқты сирек баса­
ды. Топтала дүркіреп, “сен тұр, мен атайындап” атой сала қаулап

өсу жоқ. Сол баяғы Әмин мен Ғұсмандардың, Әбдісалан мен

Әбілсейіттердің кезіндегі бірді-екілі, жалғыз-жарым. Падиша
спортта одан беріде аз дегенде төрт-бес ұрпақ ауысып үлгерді.
Әйтеуір, құдайдың мұнысына да рахмет, әйтпесе, бокс болмаса,
қалған спорт түрлерінен, жеңіл атлетикадан, футболдан, волей­

болдан, тағы басқаларынан қазір сол баяғы сиректің өзі, сирек
Тұяқов, Сегізбаев, Сауранбаевтардың өзі шықпай жатыр. Ал,
қанша айтқанмен, жалғыз ағаштың орман еместігі, жалғыздың
үні қанша шырқырағанмен шыға бермейтіні спортта ересен қат­

ты байқалып, жанға тиетін, өкінішке қалдырып опындыратын
жағдайлары мол болады екен.
Осы айтқандай, қазақ спортының маңдайға басқан, топ­
жарған сирек саңлақтарының бірі күні кеше жарқылдап күліп

арамызда жүрген Саян Шәймерденов болатын. Атақты жазу­
шы Сафуан ағаның жалғыз ұлы, Саяны. Сафуанның Саяны.
Енді Сафуанның ғана емес, қазақ спортының, исі қазақтың Са­
яны болды. Өмірде ақжарма дарқан мінезіне орай достары көп

болғанымен, сырттай қарағанда жалғыздық көрмегенімен, өзі
жан-жүрегімен қалап, таңдап келген әуелгі допты хоккей, со­
дан кейінгі күллі ғұмырын арнаған көгалдағы хоккейде Са­
ян спорттағы ұлттық сипат, қазақ рухы тұрғысынан алғанда

жалғыз еді. Біздің ойымызша, дүркіреп жүрген, он сан биік­
терді бағындырып, әлбетте, қазақ спортына олжа салып, атақ-
атының өзімен-ақ туған халқын сан мәрте мерейлендірген
жас­тық дәуренінде білінбегенімен, өмірінің соңғы жылда­

рында сол жалғыздығы жүрегіне жүк түсіріп, жапа шектір­
ген сияқты. Себебі, көгалдағы хоккейдің бүгінгі қазақ спор­
тындағы, Қазақстан дейтін жалпақ елдің спортындағы дертесін
бірге тар­тысатын, қиындығын мойымай бірге көтерісетін пі­

кір­лес, ежеттес, етене де ер достар табылмап еді Саянға. Со­
дан қажып, іштей күйзеліп, жалғыздығына жабығып жүретін.
Өмірінің кенеттен ерте үзілуіне басты себеп, бәлкім, осы бо­
лар. Іштен жеп жүрекке салмақ салған сол дерт қырық тоғызға

қараған мүшелінде ақыры алып тынды.
Ортамызда елеусіз, дәйім кеуде қақпай, қашанғы қа­ра­
пайым да сыпа, әдепті де әдемі қалпымен жүрген Саянның кім
екеніне біз сонда ғана бір сәт зер салып, ой жүгірттік. Ардақты

асылымызды қатыгез ажал қапияда қақшып кеткенде ғана біз
оның шын асылдығын түсіндік, тек сонда ғана талай салтанат­
ты жеңістердің алтын алқаларына малына жарқыраған сым­
батты Саянның жарқын бейнесіне жалт қарадық. “Ойпырмай,

сен шынымен осындай ма едің, бауырым, рас, осындай екен­
сің-ау, қандай асылымыздан айрылып қалғанбыз?!” деп өкін­
дік. Әттең, ол енді жарқын болғанымен, тек бейне ғана, рух
қана еді. Аһ ұрғаннан, өзекті өртеген өкініш сөздерін қамыға,

қайғыра айтқаннан келер пайда болса, кәні! Тіршіліктің то­
лайым табиғи заңы осы. Өмірден өткен әрбір жақсының соңы­
нан айтылар дағдылы, дәстүрлі өкініштердің басы да, соңы да
бұл емес. Қайғыдан қапылып шөккен баяғы самырсындай Са­

фуан аға көзіндегі құрғаған жасы мөлтілдеп: “Шіркін-ай, Сая­
ным-ай, алтын бала еді ғой, алтын бала еді ғой!” деуге ғана
шамасы келеді. Бұдан артық та айта алмайды, кем де айта ал­
майды. Артық айтса, көкіректі күйдірген шер-жалын онсыз да

қарс айрылған жүректі жасындай соғып қақыратып жібере­
тіндей. Кем айтуға қайғы арқалаған әкелік қайсар жүрек тағы
көнбейді. “Алтын бала еді ғой!” деген әке сөзінде бауыр еті­
нен үзілген ет жүректің қайғы-күйігі ғана емес, перзентінің

ел мен халық алдындағы шын бағасын, қадыр-қасиетін биік
өреден парықтап-пайымдау жатқан сияқты. Өзі морт қаламгер,
ұлты ұлықтаған қазақтың сырбаз Сафуаны болса, сөйтпегенде
қайтеді?

Қызылжарлық немерелес ақын бауыры Зейнолла Әкім­жа­
нов Саян қабірінің құлпытасына бедерленген бір шумақ бәйі­
тінде “Атағы Алатаудай асқақтаған – Жан еді ғой Саянжан
әлемге аян” деп толғанады. Менің пайымдауымша, “әлемге аян”

әрбір адам әуелі тек өзінің әлемге аяндығымен-ақ ел-жұртының
атын шығарады, сонысымен-ақ, сол мәшһүрлігімен-ақ туған
халқына, Отанына қызмет көрсетеді. Бұл арада Саянның “әлем­
ге аяндығының” мәнісі сонда, қазақ спортының мерейін кө­те­

руінде, бұрынғы Кеңес Одағы мен әлемнің әр қиырында жиі-
жиі жеңіс тұғырына көтерілген сайын туған халқының атын
шығаруында; басқа жұрттарға қазақтан да осындай саң­лақ
сұң­қарлар туады екен-ау дегізіп, тамсандырып, таңдай қақ­

ты­руында. Орыс-орманға немесе әлдебір қабырғалы елдерге
мұндай мақтанышты жәйттер аса таңсық емес, ал өткен ғасыр­
дың жетпісінші жылдарында, әлем тұрмақ СССР чемпио­
ны болған қазақ спортшыларының саны бес саусаққ а да жет­

пейтін шақта қазақ ұлты үшін әрбір перзентінің әрбір жеңісі
қасқалдақтың қанындай қымбат еді, спортта болсын, қай са­
лада болсын, абырой-бедел жинау ұлт мәртебесі үшін ауа­
дай қажет еді. Осы сындарлы шақта көгалдағы хоккей сияқты

көк­темдей құлпырған көрікті спорт түрімен бірге Саян өзі
де аң­ғармастан ұлт мұратының үдесінен шыққ ан-ды. Эдуард
Айрихтің білікті бұланай бапкерлігімен көгалдағы хоккейде
төске өрлеген Алматының “Динамо” командасының сапында

шабуыл шебінде ойқастап өнер көрсетіп, он бір дүркін СССР
чемпиондығының тұғырына көтерілген Саян сол жылдарда-
ақ ұлт мақтанышына, туған халқының ардақтысына айналып
үлгеріп еді.

Ал енді ой жүгіртіп қарайықшы. Көгалдағы хоккейден он
бір дүркін Совет Одағы чемпионы, Еуропаның бірнеше дүркін
чемпионы, Әлем кубогының қола жүлдегері, Халықаралық дә­
режедегі спорт шебері атанған тұңғыш қазақ. Қазақстанның

еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Өз командасы “Динамоның”
алты жыл әрі бес жыл КСРО құрамасының капитаны болған
бірден-бір бірегей қазақ. Отандық көгалдағы хоккейдің дамуы­
на орасан зор үлес қосып, өзі тәрбиелеген қыздар команда­

сы мен республиканың ұлттық құрамасын биіктерге жете­
леп, Азия кубогының иегері еткен жампоз бапкер... Шіркін-
ай, енді осындай он қаракөз жігіт болғанда, қазақ спортының
коммунизмі сол болар еді ғой деп ойлайсың. Расында да тап

осындай бұдан басқа кімің бар? Қазақты әлемге таныту үшін
бұдан артық тағы қандай еңбек сіңіру керек, тағы қандай атақ,
мәртебеге жетуі керек еді?
Әлбетте, Саянның ресми мәртебелері бұдан да биігірек,

бұдан да ауқымдырақ болар еді. Егер оның қазақ болғандығы
үшін ғана алдынан зымиян бөгет қойылып, әккі айла-шар­ғы­
лар жасалмағанда. Бұған дейін көгалдағы хоккейде бірауыз­
дан елдің ең үздік шабуылшыларының бірі деп танылып та

бағаланып келген, жеті дүркін СССР чемпионы болып үлгерген,
құрамада бұрыннан бар әмбе осы жолғы олимпиадалық құ­ра­
маға алынғандығы тіпті аңдаусыз асығыстықпен жария етіліп
те қойылған, нағыз бабындағы кемелді кезінде медициналық

тексерісте денсаулығында кінәрат, бауырында қатерлі ісік бар
деген ойдан шығарылған өтірік желеумен ең соңғы сәтте Саян
Шәймерденовті 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасына қа­тыс­
тырмады. Шағынған арызын мәскеулік бас бапкер Михаил

Осинцев құлағына да ілмеген. Ақ көңіл Саян да мұндай қатал
шешімнің қатпары қайда жатқанын, іштен білдіртпей шалған
астарлы арамдықты алғашында аңғармаған. Бірақ көптен арман
еткен, тағатсыз күткен аңсарлы үміті кесілгеніне қатты рен­

жіп қапаланған. Алғашында дейтініміз, Олимпиаданың абы­
ройын бұратанаға қимаған орыстық астамшылдықтың сұмдық
сырын, қаражүрек қызғанышын кейін білген де, сезген де бо­
лар. Әйт­кенмен де мұндай қиянатқа Саянның сылдырап аққ ан

судай таза жүрегі шым-шымдап ауырып, тағы да қынжылып,
іштей күйзелгеннен басқа не істесін?! Сөйтіп оның көгалдағы
хоккейден дүниежүзілік Олимпиадаға тұңғыш қатысқан қазақ
мен боламын, доп соғамын, Олимпиада чемпионы боламын

деп жүрген аңқылдаған албырт көңілі су сепкендей басыл­
ды, лапылдаған арман алауы өшірілді. Кім білсін, Сафуан аға­
ның алтын баласын, әлемге аян Саянды, исі қазақтың Сая­
нын 2002 жылдың он бесінші ақпан жұлдызында алып тынған

жүректің сыздықтаған ұры дерті де маңдайы тасқа соғылған,
қысастықпен жаншылып қансыраған, түн баласы жастығын
умаждап үнсіз зар төккен дәл сол қаяулы күндерде басталды
ма екен? Әбден мүмкін...

Қалай десек те, Саян бақиға бұл дүниеде қарыз қал­дыр­
май аттанды. Тек жалғыз ғана анасына болмаса. Бірақ жал­
ған­да жан дегенде жалғызына ақ сүтін кешпейтін ана бола
ма. Саянның туған елі алдындағы перзенттік парызын өте­ге­

ніне сол бір қабырғаны қайыстырған қаралы күндерде Елба­
сы Нұрсұлтан Назарбаевтан, премьер-министр Иманғали Тас­
мағамбетовтен жеделдете келіп түскен көңіл айту лебіздері де
айғақтайтындай. Бұл үшін Бағдат апа көз жасына шылап елжі­

реген аналық рахметін әлі күнге дейін қоймай айтып та оты­
рады. Саянның ащы қазасының қайғысына ортақтасқан Гер­
мания, Италия, Ресей, Франция, Үндістандағы, басқа да ел­
дердегі жолдастары қаншама. Қабірінің басында папалап, жү­

ректері езіле жылаған, өзі жаттықтырған Алму командасы
мен көгалдағы хоккейден бас бапкері болған Қазақстан құ­ра­
масының қыздарын қайда қоясыз. Саян қазасына ел-жұрт, қа­
ра­пайым халық, іс басындағы игі жақсы азаматтар түгел егіл­

ді. Осыдан көп ұзамай әлдебір қара жүректің қанды қақпанына
түскен қазақ боксының қара нары Әбдісалан ағасы: “Айна­
лайын, Саяным-ай, сен өлгенше, мен өлсемші!” деп күңіреніп
еді. Солардың бәрі қазақтың көгалдағы хоккей өнерінің көгінде

қалған жалғыз жұлдыздың ағып түскеніне қайғырысқан. Сол
өнерді өрге сүйреу жолында жалғыз өзі арыстанша арпалысқан
Саянның қасиетті ісі діттеген жеріне жетпей, жолда қалады-ау
енді деп қамығысқан.

Ал енді Саянның қырық тоғыз жылдық қызық-қуанышының
да, одан кейінгі қайғысының да сарқылмас қайнар бұлағы ана
жүрегінде қалды. Әсіресе, ана мен баланың бір-біріне де­
ген махаббаттары ерекше ыстық та сәулелі болды. Бір жақсы

әке Сафуан ағадай-ақ болсын дей тұра, Саян тәрбиесінің не­
гізгі тізгіні отыз жыл бойы Алматының орыс мектептерінде
қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген ұстаз ана Бағдат апа­
ның қолында болғанын айтқан ләзім. Саян бойындағы ізет-

іл­тифаттылық, кішіпейілділік, бауырмалшылдық, дегдарлық,
шын­шылдық, тазалық, жинақы ұқыптылық, талғампаздық, сән­
ділік қасиеттердің бәрі оған ана сүтімен, ана әлдиімен, ананың
күн сайын тәптіштеп ежіктеуімен, ана махаббатымен, ана тәр­

биесімен дарыған-ды. Мұны Саянның өзі де мақтанышпен ай­
та жүретін. Бір жолы Жапонияға барып, көп достар тауып,
қуанышты оралғанында анасын құшағына алып: “Мама, сен
маған тәрбиені дұрыс берген екенсің” деп шаттана айтқаны

бар.
Ана баласын қайткенде де елжіреп сүйеді. Мұны айтып
еш­кімді таңдандыра алмаймыз. Ал енді баланың өз анасын
шексіз сүюі оның жүрегіндегі ерекше бір ізгілік сезімге бай­

ланысты болса керек. Анаға деген сондай шуақты махаббат
Саянның тұла бойында тұнып тұрды десек, қателеспес едік.
Әрбір сапарынан, шет елдерден анасына арнап әйтеуір бір ес­
керткіш сыйлық, әсемдік өнер заттарын, барған қаланың су­

рет-ашықхаттарын ала келеді. Бағдат апай бұларды мектепте
сабақ бергенде көрнекілік ретінде пайдаланады. Саян деген­
дегі ана сезімін білетін кейбір қу балалар кейде “екілік” баға
қоймақшы болғанда: “Багдат Кользаковна, а где сейчас Саян,

что делает?” деп сұрай қояды. Бұдан кейін, әрине, Бағдат апай
екілік қоя алмайды.
Саян қайда барып келсе де, қай елде болса да: “бәрібір
ме­нің мамамның пісірген тамағына жетпейді, әсіресе, сенің

бес­бармағың, шәйің мен сорпаң бесподобный” деп қайталай
береді. Сол кездерде генсек Брежнев те өз шешесін мақтап,
менің мамамның үйдегі кеспесінен артық кеспе болмайтын
деп теледидарда ма, әйтеуір бір жерде айтып қалған көрінеді.

Содан Сафуан аға, басқалары бар, Саянға: “Оу, Саян, сен де
бір Брежнев болдың ғой, өзіңнің шешеңнің тамағын мақтап!”
десе, Саян: “Менің мамамның тамағы бәрінен де тәтті” деп
бәрібір қоймай қойыпты. “Мұндай бала мен мұндай шеше бол­

майды” деп Сафуан ағаның мәтелдейтіні де содан. Міне, нақ
осыны Саянның мына бір жүрекжарды лебізі растап береді.
Ол 1979 жылдың сегізінші наурызында Ферғанадан сүйікті
анасына Омар Хайямның рубаяттар кітабын ала келіп сый­

лайды. Саянның кітап мұқабасына сондағы жазған құттықтау
сөзі: “Читая старого Хайяма, помни, мама, ты навечно в серд­
це у Саяна”. Қазақшаласақ, былай болып шығады:
Оқығанда жырын

қария Хайямның,Ұмытпағын, мама,
өзің мәңгілік Жүрегінде екеніңді Саянның.
Анасына әркім перзенттік махаббатын мұндай тап­қыр­лық­
пен орайын тауып айта алмаса керек. Ал Саян сол сиқырлы

ғажайып сөздерді тапқан да айтқан. Шын мәнісіндегі үлкен жү­
рек, ізгі жүрек, мейірімді де дарқан жүрек!
Бағдат апаның аналық жүрегі былай деп толғайды: “Сая­
нымның балалық шағы жазушы әкесі мен мұғалім анасының

тәрбиесінде өтті. Барлық балалар тәрізді ойын ойнап, мектепке
барып, оқу оқып, ержетті. Отбасында берекесіз болып, тәртіп
бұзған, тыңдамаған кезі болған жоқ. Үш қыздың арасындағы
жалғыз ұл болғандықтан ба, мінезі биязы, жатық болып өсті.

Осы Алматыдағы 40-ыншы мектепте Валентина Владимиров­
на Байғарина деген, күйеуі қазақ орыс әйелі, екінші анасын­
дай дерлік болған жақсы мұғалимадан бастауыш сыныптар­
ды бастап оқып, уақыт шапшаң ғой, ілезде-ақ он жылдықты

оқу озаты болып бітіріп шықты. Енді, өз қалауымен он бес жа­
сынан спортпен айналысып жүрген соң Дене шынықтыру ин­
ститутына түсіп, төрт жылда оны да тәмам етті. Бұл екі орта­
да спортқа біржола басы бүтін беріліп, көгалдағы хоккейден

жастар командасында ойнады. Бұл бір қазақта жоқ спорттың
жаңа түрі екен. Соның көшін бастап, кейін бапкерлікке ауыс­
қасын қыздар командасын құрды. 1981 жылы халықаралық дә­
режедегі спорт шебері атағын алды. Республикаға еңбегі сің­

ген жаттықтырушы. Өмір жолы даңғыл еместігін, табысқа тек
тынымсыз енбек арқылы жететінін құлыным жастайынан, ер­
те зерделеді.
Кісілік қасиеттеріне келсем, еңбексүйгіш, досқа қадірлі,

ата-анаға, туысқа мейірімді, жарына адал, қыз балаларына сүйік­
ті әке бола білді. “Отызында орда бұзады” деген мақалды ме­
нің жал­ғызым, жарығым, жақсы түсінді. “Жазғы қайғы, күзгі

мұң” деп (Иран Ғайып) ақын айтпақшы, біздің отбасымыздың
қай­ғысы өмірлік. “Атадан жақсы ұл туса, жалғыз да болса он­
мен тең” деп Балпық би әрі батыр айтқан екен. Шүкіршілік.
До­сы көп, мінезі қазақы, әдепті, кішіпейіл; сөзіне, түріне сай

бек­заттылығы басым еді.
Бала болып мезі етуді, көршілерден сөгіс алуды, киімге
қызығу дегенді білмеді – бекер айтсам, көрші-қолаң, достары
куә. Кейін келе қораның балалары бәрі Саянмен мақтанатын.

Қазір ойласам, мұның себебі спортпен айналысуынан, мәнсіз
бос уақыты болмауынан екен.
Енді отыз жыл бойы осынша еңбек еткен адамға жылма-
жыл турнир өткізіп тұрса, Саянымның атына шәкіртақы теле­

се, я командаға атын берсе, жас ұрпақты Отаншылдыққ а баулу
деген сол болар еді деп ойлаймын.
Өзі жаттықтырып тәрбиелеп, әкелеріндей болған спорт­
шы қыздар “папа” дейді. “Саяным жаратылған сағыныштан”

деп, дала кезіп, балапанымды іздеймін де жүремін, бірақ ол
кездеспейді!... Саянның артында үш қызы қалды. Құранда: “Үш
қы­зы бар адам бейіштен орын алады”, – деп жазылыпты. Сол
рас шығар!..”

Жүрегі қайғымен езіліп пәре-пәре болған Бағдат ананың
зарлы күй төккен толғанысы осылай деп барып үзіліпті. Ана сө­
зіне ден қойсақ, Саяндай ізгі жүректі адамның жұ­мақ тө­рінен
орын алмауы да мүмкін емес-ау. “Жұмақ – адам­дар­дың жү­

регінде” десек, біздің аңғаруымызша, Саян өзін біл­ген, өмір­де
араласқан әрбір адамның жүрегінде берік ор­ны­ғып, сақ­талып
қалған сияқты. Жаңағы ізгілігімен. Сырбаз сүйкім­ділігімен.
Мінез-құлқымен. Жан-жағына жақсылық нұ­рын та­ратуымен.

Шапағатшыл шуағымен. Жан жылуымен. Оның адамдарды
маг­ниттей тартып баурайтын ғажайыбын жан досы Фарид
Зи­ган­гиров құдай берген, құдай дарытқан қа­сиет­ке балайды.
Байы­бына барып бажайласақ, бұл сөздің де жаны бар.

Әуелінен айтсақ, баталы жердің баласы. Қазақтың сөзін
ұстаған Сафуандай текті әкенің перзенті. Кішкентайынан Сә­
бит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Әбділдә Тәжібаев сынды абыз
аталарының баталарын алып өсті. Сол балалық шақтан бел­

гі боп қалған “Сәбеңнің қамшысы тиді” деген әдемі әңгіме
де бар. Бірде Саян төрде ілулі тұрған атақты жазушы Сәбит
Мұқановқа сыйға тартылмақ күміс сапты кәделі қамшының
өрімін тарқатып, конькиінің бәтеңкесіне бау қып тағып ой­

нап кеткен екен дейді. Кәделі сый қамшының бүлінгеніне Са­
фекең едәуір ашу да шақырып, амал жоқ, әрең басылған кө­
рінеді. Содан арада жылдар өткеннен соң барып допты және
көгалдағы хоккей десе сабырынан айрылатын, спорттың дү­бі­

ріне елеңдеп, қас тұлпардай тықыршып тұратын Саянына “Е-
е, бұл баланың дегбірін алған Сәбеңнің қамшысы ғой. Аруақ­
ты Сәбеңнің қамшысы тигесін қойсын ба?” деп іштей сүйі­не,
шүкіршілік ете ырым қылатын дегдар әке. Әке ырымы бекер

болмады, “Сәбеңнің қамшысы тиіп”, періштесі жебеген Саян
топжарған тұлпарға айналды, спорттың биік шыңдарына шы­
ғып, Құлагердей даңққ а бөленді, тек алдынан оны Құлагер тағ­
дыры да тосып тұр еді.

Жә, “Сәбеңнің қамшысын” былай қойғанда, қазақтың
игі жақсыларының ішінде Саян-баланы, Саян-өспірімді, Са­
ян-жі­гіт­ті сүйсініп жақсы көрмегені кем де кем. Солардың
ішін­де Мүсілім Базарбаев, Бердібек Соқпақбаев, көрген сай­

ын жақсы көріп, арқасынан қағып еркелететін Олжас Сүлей­
менов және басқалары бар. Әсіресе Нұрғиса Тілендиев ағасы
емі­реніп айналып-толғанып “Саянжан, Саянчик” деп тұ­ру­
шы еді. Бұл ағаларынан Саян да жанын аямайтын, сол Нұр­

ағаң­дардың талай рет ертелі-кеш қыңқ етпей ойға-қырға та­
сыған шопыры да болған. Шопыр демекші, ішкі істер минис­
трі Қайырбек Сүлейменовтің Саянға барлық жерге жасыл кө­
ше ашқан рұқсатнама беріп қойғаны да бар. Жақсы көріп,

көңілі құлағандықтан. Әйтпесе, ала таяқты ГАИ жігіттері тоқ­
татпайтын бедел Саянда жетіп артылады, онсыз да бәрі тани­
ды, сыйлайды. Әмсе ГАИ-дың тоқтатуға құзыры жүрмеген бір
қазақ бұрынғыда Шәкен Айманов болса керек. Қазіргіде Саян

еді. Әттең дүние, екі жақсы да көзден бұлбұл ұшып, ғайыпқа
ерте аттанып кетті-ау.
Қазақтың біртуар жазушысы Ілияс аға Есенберлиннің ұлы
Қозыкөрпешпен бір сыныпта оқыды. Жұптары жазылмайтын

достар еді, екеуі суретке ылғи бірге түсетін. Әйгілі әлемдік ән­
шіміз Әлібек Дінішевпен бір аулада кішкене күндерінен құ­
лын-тайдай жарасып, көрші-көлемнің көзін қызықтырып, бір­
ге ойнап өсті. Кейін де бір-бірімен сондай қатты сыйласты.

Әлібектін анасы Кәмилә апай Бағдат апаға: “Біздің ауладан
дүниеге Саян мен Әлібек шықты ғой, айналайындар!” деп әр­
дәйім мақтаныш етіп айтып отырады екен жарықтық. Әлібек
Саян қазасын естігенде көзіне жас үйіріліп, қамығып келіп

көңіл айтты. Сол бір шақта өзі де дүниеден өткен әкесінің жы­
лы мен әзиз анасының қырқын өткізу қамымен көңілі пәс бо­
лып, жабырқап жүрген-ді. Осы Әлібектің осыдан он жылдай
бұрын, тоқсаныншы жылдардың ішінде бір ғажап жасағаны

бар. Саян Швецияда жарыста жүрген. Әйелі Наталья балалар­
ды алып театрға, бір үлкен концертке бармай ма. Сонда ша­
бытты күйдегі ақсұңқар құстай шарықтап ән салып тұрған Әлі­
бек алдыңғы қатардағы бұларды көріп, кішкентай Әлияны ша­

қырып алады да, оны құшағына алып, көтеріп тұрып, зал то­
лы халыққ а: “Бұл – Әлия, еліміздің атақты үздік спортшысы,
менің досым Саян Шәймерденовтің қызы. Папасы Швеция­
да жарыста жүр. Ал өзі менің концертімді тамашалауға кел­

ген. Қандай әйбәт Әлия!” деп жар салып, өзіне арналған гүл
шоқтарының бірін Әлияға ұстатады. Кейін мұны естіген Са­
ян төбесі көкке жетіп, “Жарайсың, Әлібек!” деп риза болып,
балаша қуанған. Халқымыздың ән және спорт өнеріндегі қос

жұлдызы Әлібек пен Саянның өмірдегі сыйластығы, өнердегі
қимастығы, бір-біріне деген әдемі ілтипаты осындай еді. Өсер
елдің оғландарына жарасатын, басқа да жұлдыздарымыз үлгі
алатын өнеге осы емес пе.

Саян бойындағы дарқандық, кеңпейілділік, мінез бай­лы­
ғы отбасы тәрбиесінен бастау алды. Әдептің әліппесін әке-
шешеден үйренді. Сафуан аға өзі де балаларын жақсы көрді,
қолынан келгенше тәрбиесін берді, еркелетті, бірақ шол­жаң­

датқан жоқ, тым қатты да болған жоқ, өте жұмсақ та болған
жоқ, жақсы-жаманның парқын білдіріп өсірді. Бала Саянды
тамырын, шыққ ан тегін, ата-баба жұртын білсін деп өзінің
туған же­ріне, сонау Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ау­

да­­нындағы Аманкелді ауылына жиі апарып тұрды. Он-он бір
жас­тағы Саян әкесінің қасына еріп алпыс төртінші жылы мә­
шинемен барған Ілияс Жансүгіровтің тойынан ерекше әсер­ле­
ніп қайтқан. Ұлттық рухқа, салт-дәстүрге жанастырған осын­

дай сапарлар Саян мінезіндегі қазақылықты, биязылықты, жа­
нының тереңінде мөлдіреген мәдениетті, ұлтжандылықты ай­
қындағаны анық. Оның үстіне, Сафуан ағаның досы, әйгілі
“Менін атым Қожаның” авторы Бердібек Соқпақбаевпен бірге

табиғат аясында, аңшылықта болған әдемі балдәурен күндер
де із-түзсіз кетпегені және ақиқат. Сафекең ұлының кітапты
да таң­дап, талғап оқуына көңіл бөліп, мән беретін. Айта бер­
сек, үлкен жазушының үйіндегі: “Әкең жазу жазып отыр... дем

алып жатыр... шуламаңдар, тыныш, ақырын” деген тыйым­ның өзі сезімтал да есті бала үшін ересен тәрбие еді. Әрине, бұл ба­ ғыттағы тәрбиені тереңдете түсуге спортқа біржола бет бұ­руы мүмкіндік берген жоқ. Келеді, кетеді. Уақыт тар. Әйт­­кенмен де, ақылды Саян әулетте жалғыз ұл екенін, жауапты еке­нін біл­ ді. Ал кейінірек ол көгалдағы қазақ хоккейінде қал­ған жалғыз қазақ ретіндегі өзінің миссиясын, сол үшін ар­қа­лайтын парызжауапкершілігін де жан-тәнімен қапысыз ұғынып еді. Жоғарыдағы әңгімені өрбітсек, Саян орыс мектебінде оқы­­ са да, ара­ласқан қауымы негізінен орыс тілділер болса да, еу­ро­ палық діл мен мәдениетте өзін судағы балықтай еркін се­зінсе де, қа­зақ тілі мен салт-дәстүрін жетік білді. Әрі мұ­ны сүйіп қо­ сылған әйелі Наталья мен қыздары Кәмила, Дина, Әлия­ларға үйретіп бақты. Еркелетіп жақсы көргенде де тек “жа­ным, жұл­ дызым, құлыным, айналайын” деген қазақ сөз­дерін қолданып, соның мағынасын білгізіп, оларға да сол сөз­дерді айтқызады. Кешкіліктерде балаларын қасына отыр­ғызып қойып: “Қане, қыздар, келіңдер, қазақ тілін үй­ре­неміз” деп ерінбей-жалықпай өзі дәріс өткізеді екен. Тіпті, балалар бірдеңе сұраса да, “ба­ уымды байлап берші” дегендей өтініштер жасаса да, “қане, осыны әуелі қазақша айт” деп талап қойып үйрететін болған. Және мұндай жанкешті дәрістері текке кетпеген. Натальяның айтуынша, Саян әсіресе еліміз тә­уел­сіздік алған жылдарда қа­ зақ тілін барынша еркін игеруге ты­рысып, өне бойы өз бе­тін­ ше жанын сала шұғылданған, ка­зақша сөйлейтін сөздерін өзі дайындап, құрастырып, тілін ұс­тартып, оңашада мәтінді үс­ тіне-үстіне қазақша оқып сөй­леп, бейімделіп, жаттыққ ан кө­рі­ неді. Әрине, бұл да кейбір болған-толған орыс тілді азаматта­ рымызша қазақ тіліне мұ­рын шүйірмей, ұлтын, ана тілін сүйіп құрметтеудің бір белгісі емес пе. Сонымен, Саянның адамдарға деген бауырмалдығының, із­ гілік-кішіпейілдігінің өзі осы қазақи жан-жүрегінен шы­ғып жа­ тар еді. “Әдеп – сәлемнен басталады” десек, Саян мә­ши­немен келіп түсе қалса, әуелі үй алдында отырған қарттарға жағалай сәлемдесуді қате етпейді. Кей жамандар кекірейіп сәлемін де бұл­дайтын бұл заманда Саяндай сүйікті саңлақтың жайдарман сәлемі қарияларды бір жасатып, көңілдерін шуақ-сәулеге шү­ пілдете толтырып, куаныш сыйлап, мәз-мейрам етер еді. Әрбір жолы солай. Жетпісінші-сексенінші жылдарда көрші үйде бір мүгедек сал ауру Саша деген орыс бала тұрыпты. Әлгіні Са­

ян көрген сайын анадайдан әдейілеп барып құшақтап аманда­
сып, хал-жайын сұрап, әңгімелеседі, со­ған Саша қуанып мәз бо­
лады. Бұлардың үйі Мәуленов – Құр­манғазы көшелерінің қиы­
лысында, ал “Динамоның” стадионы Наурызбай батыр – Шев­

ченкода, арасы жап-жақын, Саша көгалдағы хоккейдің бір де
бір ойынынан қалмай барып отырады. Өзі керемет жанкүйер.
Саянға арнап өлең шығарады. Онысын айқайлап оқиды. Ста­
дионға бара жатып та, барғасын да: “Саян сегодня выиграет!

Саян бүгін жеңеді! Саян! Саян!” деп қоймай айқайлап, Саян­
ды жақсы көргені сондай, жа­ны шығып, ершеленіп өле жаздай­
ды. Ата-анасы: “Біздің Са­шаны серпілтіп, жанын жадыратқан
дәрігері Саян” деп мың да бір алғыстарын айтып отырады екен.

“Адамдардан жақ­сы­лықтарыңды аямаңдар, жандарым” дейтін
ана ақылын кө­кі­регіне құйған Саян кім-кімге де жәрдемдесуге,
жақсылық жасауға құлшынып әзір тұратын.
Мәскеу Саянның өз үйіндей болып кеткен, жылына екі-

үш мәрте барады. Ондағы сыйлас дос-жарандары да көп. Әуе­
жайдан түсе қалса, бес-алты мәшинемен келіп қарсы алатын
әдеттері. Мұндай риясыз құрмет исі қазақта, Саяннан басқа,
Олжасқа ғана жасалған болуы керек. Сөйтіп, бірде Саян тағы

да Мәскеуге жолы түссе, әуежайдың алдында абыржыңқырап
Сафуан ағамен сыйлас Әбдікәрім Оңалбаев деген қарт ақын­
ның күйеу баласы, өзіміздің Садыхан деген тәп-тәуір тамаша
таныс жігітіміз тұр дейді. Қолында қолапайсыздау, зілдей екі

шабадан. Химиядан докторлығын қорғауға ұшып келген беті
екен. Содан, бұрын көрмеген жердің ой-шұңқыры көп деген­
дей, әрі түн іші, батыл қимылдауға Мәскеудің қу таксистері­
нен қорғалақтап, баратын жеріне сенімді көлік таба алмай қи­

налыңқырап тұрған көрінеді. Мән-жайға қаныққ асын Саян:
“Ой, Садыхан, сол да сөз боп па, давайте, садитесь мына мә­
шинеге, айтқан жеріңізге жеткізіп салады. Ал, жолыңыз бол­
сын!” деп тегін мәшинеге демде отырғызып қоя беріпті. Зә­

ру­лікте жасалған жақсылық қандай қымбат! Саян сөйтіп ап­
пақ қылып жолын ашқасын көңілі өсіп, кеудесі көтерілген
Са­декең де докторлықты қалпақпен ұрып алмай койсын ба. Са­
рыарқаның самалындай саф көңілді Саян басқа жұрттың адам­

дарына да қол ұшын беруден тартынбаған. Әне бір жылдары
Пәкстаннан екі жігітті алып келіп, қамқорлығына алды, жата­
тын үйлеріне дейін тауып беріп, өзі тәрбиеледі, екі жыл бойы
көгалдағы хоккейден тәлім берді.

1982 жылы алпыс жасқа толуына орай Сафуан аға казақ
теледидарындағы сұхбатында қазақ спортына байланысты са­
уалға мынандай жауап берген екен: “Қазақ әу бастан-ақ спорт­
ты жақсы көрген халық. Атжарыс, бәйге, қыз қуу, сайыс, көк­

пар, тағы басқа. Шындап келгенде, аң аулау, қасқыр қуу, бүр­
кіт, қаршыға салып, саятшылық құру спорттың рахат-ләз­за­ты
мол түрі, – дей келе жазушы ойын былай сабақтайды. – Қа­зір­
гі спортта Серік Қонақбаевты, Жақсылық Үшкемпіровті ұна­

тамын. Олар халқымыздың мерейін өсіріп, даңқын көтеріп жүр­
ген жігіттер. Солардың қатарында менің балам Саянымның да
жүргенін мақтаныш етемін. Жүнкүйерлер білуге тиіс, бұл бала
кезінде КСРО чемпоны атағын тоғыз рет жеңіп алды ғой. 1981

жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері деген құрметті
атаққ а ие болды. “Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйінерге жарар
ол” – деп данышпан Абай айтқандай, Саяным жүріс-тұрыс, мі­
нез-құлық жағынан өзі қатарлы, өзінен кейінгі қазақ жастары­

на үлгі бола алатын сүйсінерлік бала екенін айтсам, осындай
бала тәрбиелеп өсіргенін ата-анасы мақтан етсе артық болмай­
тын шығар деп ойлаймын”.
Осыдан жиырма жылдың мол әрісінде Сафуан аға мақтан

етсе еткендей, қандай мақтауға да сыйғандай, сайыпқыран
спорт­шылығы, қазақ спортындағы сирек дарабоздығы бір бө­
лек, бұған қоса, қауым-жұртты сүйсіндіріп баурайтыны – Са­
ян бол­мысындағы айрықша бекзаттылығы, көп спортшылар­

да кез­десе бермейтін білімдарлығы мен зиялылығы, ой өрі­сі­
нің кеңдігі еді. Балаң жігіт кезінде-ақ мектеп пен институт­
та оқығанын одан әрі дамытып неміс және ағылшын тілдерін
жетік те еркін біліп алды. Осы қасиеттері үшін де оны күллі

спорт әлемінде, әсіресе, көгалдағы хоккей дамыған елдерде
жақ­сы біліп, қадірледі. 1978 жылы Англияға барғанда, деп ес­
ке алады досы, көгалдағы хоккейден Қазақстанның әйелдер
ұлт­тық құрама командасының бас бапкері Фарид Зигангиров,

тілмаш-тәржімеші жөнінен түйткіл боп қалды. Ойпырмай,
ағыл­шынша ешқайсымыз қақпайды екенбіз. Абырой болғанда,
сон­да бәрімізді Саян құтқарды. Арамызда ағылшыншаны үн­
де­мей жүріп еркін білетін жалғыз адам Саян болып шықты.

Оның ағылшыншаны мұндайлық биік дәрежеде білетіндігі­
не өмір­дегі ғажаптарға көп таңдана қоймайтын бас бапкеріміз
Эдуард Фердинандович Айрихтің өзі де сол жолы таң-тама­
ша қалған еді дейді. Кейіннен Саян көгалдағы хоккей феде­ра­

циясынын президенті кезінде халықаралық хат алмасу, іс қа­
ғаздарын жүргізуді еш қиналмай ағылшын тілінде өзі атқарып
отырды. Бетпе-бет жүздесулерде тілмаш керексінбейді. Әрине,
мұндай әмбебап спорт қайраткерінің халықаралық беделі жо­

ға­ры болғанына тағы да таңырқауға болмас. Әлемдік футбол
жұлдызы Мишель Платини Саянмен Мәскеуде кездесіп та­ныс­
қан екен. Сонда шүйіркелесіп сөйлесе келе, қазақ деген бұ­
рын өзі оншалықты жете біле бермейтін, көп көзге түспеген

халықта мұндай да жігіттер болады екен-ау деп, Саянды хан
көтеріп, қатты ұнатып, достасып, жақсы көріп қалыпты, қол­
таңбасын жазып беріпті. Тегінде, Платини сияқты атағы зор
спорт қайраткерінің жақында Қазақстанға келіп қайтқан сүйі­

нішті сапарының алғашқы соқпағын туған еліне қарай Саян
салып кетсе керек. Малайзияның королі Саянға деген достық
рәуішін, іш тартуын жасырмаған, әркез көгалдағы хоккейдің
Азиялық федерациясының кеңесінде қолдап, шарапатын ти­

гізіп отырған. Көгалдағы хоккей оларда ұлттық ойын ретін­
де әспеттеледі. Осы саладағы әлемдік деңгейдегі ірі маман
саналатын Саянды корольдің айрықша құрметтеп, Малайзия­
да тұрып жұмыс істеуге шақыруы да көп жайды аңғартса ке­

рек. Ал, Германияның Қазақстандағы елшісі Иорг Медгер Са­
янды федерация арқылы өзі іздеп тауып алып, кейіннен отба­
сыларымен бірге араласатын достарға айналады. Саян неміс
елшісімен немісше әңгіме-дүкен құрады, қазақ өмірінен сурет

сыйлайды. Елші көгалдағы хоккейдің жанкүйері екен, қызмет
бабын пайдаланып бірталай көмек жасады.
Реті келгенде айтайық, Саян үлкен адамдармен достығын,
өзінің беделі мен танымалдығын Қазақстанда көгалдағы хок­

кейді көтеруге пайдаланды. Көгалдағы хоккей оның өмірі еді.
Өйткені он бес жасынан бастап соған бауыр басты, бар қызық-
қуанышы мен күйініші соған байланысты болды, бар ғұмырын
соның жолына сарп етті. Өрімдейінен капитан боп он жыл

бойы “Динамо” командасын алаңға бастап шығып отырды.
Сон­да он дүркін чемпион. Совет Одағының чемпионы. Екі
мәрте күміс жүлдегер. Үш рет КСРО халықтарының спарта­
киадасында топ жарды. 1982-83 жылдары ең үздік клубқа ти­

есілі Еуропа чемпиондарының кубогын қатарынан екі рет Ал­
матыға әкелді. Алып мемлекеттің құрама командасының сапын­
да 50 матч өткізді. Спортта бұған дейін қазақ баласы жет­пеген
жетістік. Ойынды қойған соң да Саян көгалдағы хоккейден

кетпеді, жайлы тірлікті аңсамады, барлық мүмкіндігі мен бес
қаруы сайма-сай бар бола тұра байлық қумады, “жаңа қа­зақ­
тардың” қатарына қосылмады. 1983 жылдан “Связист” қыз­дар
командасының тізгінін ұстап, қарындастарына дегдар өнерді

жалықпай үйретті. Осы “Связисті” КСРО біріншілігінің қола
медаліне жеткізіп, ақыры тәуелсіздік жылдары Алматы мем­
лекеттік университетінің командасы етіп құрды, сөйтіп оны
Ресейдің ашық біріншілігінің аламан бәйгесіне апарып қосты.

Мұнымен бірге, 1978 жылы допты хоккейден іргесін бөлектеп
енші алып шыққ ан көгалдағы хоккей федерациясының прези­
денттігін 14 жыл бойы қоса арқалады. Тек 1999 жылы ғана
сол кездегі кеден комитетінің төрағасы Маратқали Нүкеновке

тізгінді біржола ұстатып, өзі бас хатшылыққ а бекітілген. Бас
иелікті мықтыларға берудің өзі мұқтаждықтан туған, қиын
шақ­та қайткеңде қаражат тауып жан сақтаудың, көгалдағы хок­
кейдің туын жықпаудың амалы еді.

Саян осы бекзада спортты Қазақстанда сақтап қалуға ты­
рысып, өзінің ұлы ұстазы, атақты бапкер Айрихтің ісін жан­
дәрмен жалғастырып бақты. “Алмумен” қоса көгалдағы хок­
кейден республиканың штаттағы ұлттық әйелдер құрама ко­

ман­дасын құрып ұстап тұруға қол жеткізді. Бұл екі орта­да
ай­та кетерлік, орны толмас бір өкініш – Айрихтің қол­бас­шы­
лығымен Қазақстанның даңқын әлемге дүркіретіп шы­ғар­ған,
құрамында киелі жетінші нөмірлі шабуылшы Саянмен қап­

талдас Мұрат Жексенбеков, Фарид Зигангиров, Евгений Агу­
реев, Михаил Ничепуренко, Александр Гончаров, Миннеулла
Азизов, Александр Ионкин сынды майталман шеберлер атой
салған, 22 рет жалау желбіреткен, әлемнің кіші чемпионаты

са­налатын КСРО біріншілігінің 18 алтыны мен төрт күмісін
ол­жалаған Алматының атақты “Динамосы” мүлдем тарап,
1999 жылы елімізде ерлердің көгалдағы хоккейі жабылып тын­
ды. Сұғанақ суық қол қолқа-жүрегін суырып алғандай, бұ­ған

да Саянның жаны ауырды. Өзі бел ортасында жүрген, күл­лі
жастық шағын, жігер-қуатын, бар өмірін арнаған айдай әлем­
нің аспанына жарқыратып шығарған ісінің бір қанаты үзіліп
түскеніне, тамаша тарихы бар дәстүрдің шорт кесілгеніне қат­

ты қапаланды. Әйтеуір, өзі басқарып жүрген әйелдер хоккейін
сақтап қалған. Саянның қыздары бірде Тайланд Королінің ку­
богында тұғырдың төрінен қол бұлғаса, бірде Пәкстанда ту
кө­терген Ислам ойындарында екінші биіктікті бағындырған.

Сөйтіп, шеберліктерін шыңдай берген. Ал, қос қанатты қатар
қақтырып, қияға самғатуға жалғыз Саянның шамасы келме­
ген. Бар нәрсе қиратылып, бардың өзінен, уыстан сусытып
шығарып, айрылып қалып жатқанда, жоққ а жүйрік жетер ме.

Әйтсе де үмітті келешектен күткен.
Өмірінің соңғы жылдарында өмірлік ісінің түйткілдері кө­
беймесе азайған жоқ, күрмеуі қиын сан алуан сұрақтар, мұқ­
таж мәселелер көп мазалады. Бюджеттің мардымсыз ақ­ша­сы­

на қарап отырмай, коммерциялык бейімі болмаса да, ко­ман­
да ойын­шыларын шет жұрттардан ұялмайтындай етіп лайық­
ты киін­діру, жа­рақтау үшін намысқа тырысып, қара­жат
та­­буға ты­рысты. Оның үстіне, хоккей құралдары өте қым­

бат. Бә­­рін шет­тен та­суға тура келеді. Бір қақпашының жаб­
ды­ғы­ның өзі – екі жарым мың доллар. Халықаралық турнир­
лерге, Ре­сей­дегі әрбір ойынға барып қайтудың қаржылық ма­
ша­қат­тары бір қиямет-қайым. Саян құдай беретін адам ғой,

сол ты­ғы­рық­тардың бәрінен қиналса да, жүйкесін тоздырса
да, амал­­дап, сары алтын сабырын сарықпай, жол тауып шы­
ғып жүр­ді. Әйт­кенмен, Саянның ой-санасын билеген ең бас­
ты аң­сар­лы арманы – өзінің аяулы Алматысының ортасынан

ойып тұ­рып кө­гал­дағы хоккейдің жасанды алаңын жасату еді.
Осы мақсатқа жан­кештілігінің арқасында, беделін салып, ха­
лық­аралық көгалдағы хоккей федерациясынан 100 мың дол­
лар грант бөл­дірткен де болатын. Бірақ бұл әрі азырақ бол­

ды, әрі алаңды салатын орын әлде жер дейміз бе, берілмей,
сөзбұйда созбақ көбейіп кеткендіктен, құрылысты бастаудың
сәті түспей, грант бір жылдан соң тәртібі бойынша кейін қай­
тарылған-ды. Әйтеуір ел азаматтарының ақшалысының да, ат

үстіндегісінің де Саянның игілікті ниетін жүзеге асырысуға,
со­ған жұмыла кетіп жәрдем етпекке мойындары жар бермей
қойған. Тек гранттан айрылып қалған соң, түстен кейін маңы­
рағанның кебін келтіріп, Алматының бұрынғы әкімі Храпу­

нов Саянға телефон шалған: “Егер келесі жылы тағы осын­
дай грантқа қол жеткізсеңіз, мен сізге көмек жасаймын”, деп
уағда еткен. Бұл 2002 жылдың 8 каңтары болатын. Осыдан ту­
ра бір аптадан кейін, қаңтардың 15-ші жұлдызында рақымсыз

ажал Саянды алды да жүре берді. Ол алдағы наурыз айында
Малайзияның Куалампуре қаласында өтетін Азиялық көгал­
дағы хоккей федерациясының Кеңесіне үміт артқан-ды. Тірі
бол­ғанда грантты қайтадан алар да еді-ау, армандаған жасан­

ды жасыл алаңын Алматының көркі етіп салар да еді-ау. Әт­
тең, Саяндай азаматтың өзі арманда кетті. Саян кеткесін спор­
тымыз үшін, желкілдеген жас құрақ жастарымыз үшін аса зә­
ру жасанды алаңның жайын ойлаған да ешкім болған жоқ.

Ал, бұл, сайып келгенде, күллі Қазақстанның көгалдағы хок­
кей спортының келешегі үшін керек еді-ау. Қазір дүние жүзі
жасанды алаңдарда ойнайды, табиғи алаңдардын күні өткен,
төмен деңгейдің көрінісі. Тіпті, тұралап жатқан Африка ел­

дерінде де жасанды алаңдардың болуы әдепкі жағдай санала­
ды. Міне, Саян күйінішінің сырын енді біле беріңіз.
Өмірде күйіне де, сүйіне де білген, ұлт спортының мұрат-
мүддесін ұлықтаған Саянның жұлдызы қазақ елінің көгінде

жар­қырап жанып тұра бермек. Ол мәңгілікке қазақтың Сая­
ны болып қалды.
2004 ж.

ДАНАЛЫҚТЫ СҮЙГЕН

Осы бір әсте салқын сабырынан айнымайтын, қараторы
келген, орта бойлы, қашан көрсең де мұнтаздай жинақты, жү­
ріс-тұ­рысы мен пішінінде, қадалыңқырай қарайтын ойлы көз­
дерінде сыпайылықтан гөрі сұлық-самарқаулық басым жігіт

ағасы ұстазымыз Қазақ университетінің жетпісінші жыл­дар­
дың бас кезіндегі студенттері, біздің есімізде сақталып қа­лып­
ты. Өзі оқытатын философия пәніне тісіміздің батуы қалай
қиын болса, оның өзімен де жай тіл қатып сөйлесуге көп бата

алмайтынбыз, соншалықты бір байсалдылығының мысы ба­
са беретін. Сол байсалдылығынан бір бекзаттық болмыс бай­
қа­латын. Сабақты сауыққ а айналдыруға бейім тұратын кей­
бір қалжыңбас оқытушыларша орынсыз ділмәрланбайтын, әсі­

ре­се бөстекі бос сөзге жаны қас еді. Лекция оқуының, әрбір
тақырыпты әңгімелеп жеткізуінің мәдениеті өте жоғары бола­
тын. Төгілген шешен болмаса да, әңгіменің бірқалыпты бай­
сал ағысынан танбай, нақты мазмұнмен, дәлелді пікір, қи­сын­

ды ой, сабырлы мақам-сазымен баурайтын. Талай-талай ғұ­ла­
маларға көш құлаш сілтеме жасайды, толып жатқан мысалдар
келтіреді, қағазға қарамайды. Кідірмейді де мүдірмейді. Әрі
орыс­ша-қазақша бірдей еркін көсілетінін де аңғарғанбыз.

Әлбетте, сол кездегі жас доцент Сонарбай Таңқаев дә­ріс­
терінің даралығы мен дегдарлығында біз ұлы ұстаз Мұхтар Әуе­

зовтен алған тәлім іздері жатқанын білген жоқ едік. Болашақ
философ ол кездерде қазақтың тағы бір болашақ белгілі жа­
зушылары Мұхтар Мағауин, Әбіш Кекілбаевтармен бірге Қа­
зақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің қа­

зақ тілі мен әдебиеті бөлімінде бір курс, бір топта студент бо­
латын. Иә, Әуезов ұлағатын тыңдау бақытына ие болып үл­гер­
ген соңғы ұрпақ өкілдері осылар. Сол дәуренді Сонарбай аға
қимас сағынышпен еске алады.

...Мұхаң сол кездерде шәкірттеріне Абай шығар­ма­шы­лы­
ғына байланысты тақырыптар беріп, баяндама жасаттыра­
ды екен. Бірде Сонарбайға “Абай поэмала­рының көркемдік
ерек­шеліктері” деген тақырыпта баяндама жазуды тапсыра­

ды. Осы баяндаманы бір жолғы сабақ үстінде оқытқызып, жол­
дас­тарының талқысына салғызады. Сонда пікірсайысқа шық­
қан­дардың бірі студент Мұхтар Мағауин баяндама туралы ай­
та келе: “Мұндағы “Әзім” поэмасының бізге жеткен нұсқасы

толық емес, толық нұсқа бізге жетпей қалған...” – деп тағы
бір түйткілдің шетін қылтитады. Бұған шамданып қалған Со­
нарбай жауап ретінде: “Мына Мұхтардың айтып отырғаны дұ­
рыс емес. Себебі, менің міндетім – Абай поэмаларының көр­

кемдік сипаттарын ашып көрсету. Ал қай поэманың бізге то­
лық не толық емес түрде жеткенін зерттеу маған берілген та­қы­
рып ауқымынан тыс нәрсе,– деп қарсы уәждерін айта бастаса,
қыз-жігіті аралас аудитория ду күліп жібереді. Сөйтсе, ай­тыс­

тың қызды-қыздысымен Сонарбай ұстаз бен өзінің студент
жол­дасының адас, екеуінің де есімдерінің Мұхтар екенін қа­
пе­лімде есінен шығарып алып, үлкен адамның атын көзінше,
тө­бе­ден қойып қалғандай бадырайтып, байқамай айтып сал­

ған көрінеді. Аңғармай от басқан жазған басы ұялғаннан кі­
рерге тесік таппай қиналады. Мұқаң ізеттен жаңылмас сүйік­
ті шәкіртінің аңдаусыз аңқаулығына сол жолы өзі де мәз көңіл­
мен көздері күлімдей отырып, жай жымиып қана қойған екен.

Тағы бір орайы келген күні орысша-қазақша шыққ ан “Әр жыл­
дар ойлары. Мысли разных лет” деген кітабына: “Інішек Со­
нарбайға, игі тілекпен” деп автограф жазып беріпті.
Ұлы Мұхаңның игі тілегі қолдаған Сонарбай одан кейін

ұла­ғаты мол ұстаз Бейсенбай Кенжебаевтың жетекшілігімен
“Абайдың эстетикалық ой-пікірлері” деген тақырыпта диплом
жұмысын қорғайды. Бұл жұмысын ерекше ұнатқан қамқор

Бей­секең оны университеттің аспирантурасында қалдыруға
ұсы­ныс жасайды. Ол уақытта философия кафедрасындағы та­
ғы бір ұстазы доцент Алмабай Сұрапбергенов Сонарбайды
фи­лософия аспирантурасында қалдыруға екінші жақтан ұсы­

нып жатқан болатын. Филология факультетінен философия ас­
пи­ран­турасында қалу, тіл-әдебиетін оқып – философ ғалым бо­
лып шығу бұрын да, кейін де болмаған жағдай еді. Осы бол­мас­
ты Меккеге екі мәрте барып мұсылмандық парызын өтеген,

ке­зінде Көкшетау дуанының биі болған, Айыртау атырабы,
Сы­рымбет саласына әйгілі Таңқай қажының немересі бол­
дырды. Таңқай қажыны Көкшетау өңірі ғана білсе, бүгінгі қа­
зақ­тың көрнекті философ ғалымы Сонарбай Таңқаевты күллі

Қазақстан біледі.
Дей тұрсақ та, қажының немересі дүние-тіршіліктегі, жер
бетіндегі алғашқы қадамдарынан-ақ қиыншылық-сындарға қа­
тар ұшырасты. Егіз туған Қонарбай мен Сонар­бай әке-шеше­

ден үш жаста қалды. Совет өкіметі қажылығының да қадірін
қалдырмаған Таңқай аталары бұлардың алты жастарында қай­
тыс болды. Сол кезде қабағын түйіп шын жетімдік тағдыр жетті.
Соғыс жылдары. Әйтеуір, туған ауыл Егіндіағаштағы ағайын

арасын паналады. Жетімдік пен жетімсіздіктен мектепке де
уақтылы бара алмады. 1947 жылдан бастап, сол уақыттарда
Казгородок аталатын Сырымбет ауылындағы балалар үйінде,
сосын интернатта тәрбиеленді. Осы Сырымбет қазақ орта мек­

тебі республикаға аты шыққ ан мақтаулы білім ордасы болған.
Еркін Әуелбеков, Аманолла Рамазанов, Кәкімбек Салықов,
Шота Уәлиханов сияқты атақты қайраткер азаматтар осы мек­
тептен тәлім алған. Сонда мектептің қабырғаларына тұтастай

үлкен полотно қылып талапты жеткіншек Шота салған Алек­
сандр Матросовтың пулеметті кеудесімен жапқан ерлігі, басқа
да Кеңес Одағының Батырлары бейнеленген суреттер әлдебір
ғажайыптай ой-қиялымызды тербеуші еді деп еске алады Со­

нарбай аға. Үшінші сыныптан бастап ылғи беске оқығаны да,
бұған Ұлжан деген мейірімді мұғалима апайының әсер ет­кені
де есінде. Математикадан Қойшы Биболлаев, тарихтан Ха­
мит Нұрманов деген керемет ұстаздар сабақ берген. Осы Ха­

мит ақ­сақалға ана бір жылы Айыртау ауданына әкім бол­ған
тағы бір шәкірті Армия Әбілқайыров Сырымбеттен саң­ғы­ра­
ған кең сарай үй бергізді деп естігенде Сонарбай аға балаша

мәз боп қуанып еді. Бұлайша тек ізгі жүрек қана қуана ала­
ды. Қуанудың жөні де бар. Елбасымыздан бастап қазақтың қа­
зіргі барлық академиктері мен профессорларын, ғылым док­
торларын түгел алдарынан өткерген қырқыншы-елуінші жыл­

дардағы ауыл мұғалімдеріне арнап қандай ескерткіш орнатса
да артық емес-ау.
Сол тұстағы оқу қиын, оқытушылардың талабы қатал. Бұ­
ған дәлел, 1962 жылы филология факультетінің қазақ бөлімін

бастапқы түскен 50 адамның 33-і ғана бітіріп шыққ ан екен.
Ал бұлар кілең сайдың тасындай, сен тұр, мен атайындар, әрі-
беріден соң, әдептен аспаса да, өз ұстаздарымен білім талас­
тыратындар. Тапсырғанды түгел, кейде одан асырып артық та

оқып жібереді. Артығымен оқығыштардың бірегей біреуі де
Сонарбай. Бірде қазақ және орыс бөлімдерін қосып жалпы тіл
білімінен лекция оқыған Николай Александрович Кока деген
оқытушы ХХ ғасырдың басындағы тіл білімінің теориялары

ту­ралы айта келе, “Таңба және мән” деген тақырып аясында
Батыс Еуропа ғалымдарының пікірлерін сынайды. Әлбетте,
маркс­тік-лениндік қағидалар тұрғысынан. Звягинцев деген
ғалымның да осы тақырыпты тереңірек талдаған кітапшасы

бар, Сонарбай дайындық барысында, Коканың оқыңдар деп
тапсырған тізімінде болмаса да, соны үстемелеп оқиды. Емти­
ханда сол кітапшадан түйгендерін кеңірек баяндап, сілтеме жа­
сайды. Сонда оқытушысы тұрып: “Мен бұл кітапшаны оқыған

жоқ едім”, деп студентінен сыпайы ғана кешірім өтініпті. Көр­
генділік деймісіз, кішіпейілділік деймісіз – әйтеуір, ұстаз тұл­
ғасын биіктетпесе, төмендететін мезірет емес.
Сонарбай аға Демокрит, Гераклит сынды ерте заман фи­

лософтарына студент шағында-ақ ауыз салған. Философия та­
рихынан сол көне дүние кемеңгерлерінің бірінің Мәскеуден
шыққ ан сондай бір жұқалтаң кітабын оқып едім дегенде, Ораз
Сегізбаев деген ұстазы мұндай талабына ризашылық білдіріп,

қанаттандыратын тағлымды сөздер айтып еді. Сонымен бір­
ге өзін бірте-бірте филологиядан философияға аудыра берген
ұлағатты ұстаздарының ішінде, әлбетте профессор Жандар Тө­
ле­новтің орны бөлек. Жандардың өзі де жаңағы алпысыншы

жыл­дарда қазақ философия ғылымындағы екі доктордың бірі
екен. Шымкентте туып-өскен, ұлты өзбек, рухы қазақ, қа­зақ­
ша мектептен оқыған. Осы Төленов қырық-елу қазаққ а фи­

лософиядан кандидаттық қорғатады, Қазақстанда философия
ғылымының дамуына, салада ғылыми кадрлар даярлауға үл­
кен еңбек сіңіреді. Ақырында, Алматыда академияның кор­
респендент-мүшелігіне өткізбей тастағасын, өкпеледі ме, кім

білсін, Ташкентке кетіп қалып, ұзынқұлақтың айтуынша, сол
жақта академик болып арманына жетіпті дейді.
Философия – көне грек тілінде “даналықты сүйемін” де­
ген сөз. Сонымен осы даналықты сүюге ден қойып, философия

ғылымына табан тіреген Сонарбай Таңқаев өткен ғасырдың ал­
пысыншы жылдарында, орыс тілінде болса да, Қазақстандағы
кәсіби философияны қалыптастырып дамытқан бір топ дарын­
ды жас ғалымдардың бел ортасынан табылды. Өзінің ғы­лы­ми-

зерттеу жұмыстарын негізінен әлеуметтік философия мә­се­ле­
леріне арнаған ол 1965 жылы диссертациясын сәтті қор­ғап,
фи­лософия ғылымының кандидаты атанды. Сол жылы уни­
верситет аспирантурасын бітірген жүз адамның ішінен үш-ақ

кі­сі диссертациялық еңбектерін белгіленген уақытта қор­ғай ал­
ғандығын ескерсек, бұл жас ғалымның сөзсіз үлкен же­тіс­тігі
болатын.
Ғылыми дәреже алуымен қатар басталған ұстаздық жо­

лын шолсақ, С. Таңқаев әуелі Қазақ мемлекеттік университе­
тінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, Алматы жоғары пар­
тия мек­тебінде доцент, Қыздар педагогикалық институтында
ка­федра меңгерушісі әрі декан, республикалық мәдениет қыз­

мет­керлері мамандығын жетілдіру институтында кафедра мең­
герушісі қызметтерін атқарды. Ал 1989 жылы баламалы не­гіз­
де қазақтың Т.Рысқұлов атындағы экономикалық уни­вер­си­те­
тінің философия кафедрасының меңгерушісі болып сайланды.

Көп ұзамай көзайым боп келген тәуелсіздік талаптары, өз­
герістер дәуірі философия дәрістерін дағдыдан жаңыл­ды­рып,
кішкене дағдарғандай күй кештірді. Бұл өзі бір жағынан үлкен
сын болды. Таптық-партиялық, коммунистік идеологияға не­

гізделген қасаң қағидалардан арылу қажеттігі туды. Советтік
дәуірде Совет Одағын құрайтын халықтардың философиялық
көзқарас-танымдары көбінесе ескерілмейтін. Ендігі жерде фи­
лософияны оқыту бағдарламасында қазақ халқының фи­ло­со­

фиялық ойы мен мәдениетіне ерекше көңіл бөлінді. Қазақтың
ұлттық философиясының тарихына бет бұру тәуелсіздік жағ­
дайында рухани жаңғырудың басты бағытына айналды. Міне,

осы абыройлы да жауапты жұмысты атқаруға кафедра оқы­ту­
шы­ларын жұмылдырып ұйымдастыру Сонарбай Таң­қаев­тың
үле­сіне тиді.
Кеңестік кезеңде Қазақстандағы әлеуметтік философияның

дамуы қатал қыспаққ а алынып, тар шеңберге салынды. Ұлттық
республика философтарына жаттанды, мәнсіз тақырыптар бе­
рілді. Ғылым кадрларының өсуіне жасанды түрде кедергі­лер
жасалды. Орталық белгілеген шектен аттап өту мүлдем мүм­

кін емес-ті. Мысалы философиядан докторлық диссертация
қорғау үшін жасың кемінде 46-48 шамасында болуға тиісті
еді. Ұлт тілдерінде диссертация қорғауға тыйым салынды. Қа­
зақстандағы философияның дамуы орыс тілінде жүзеге асты.

Күрделі теориялық зерттеулердің майшелпегін Мәскеу әкетіп,
маңдайына майда-шүйде ғана жазылған ұлт зиялыларының
жа­рық көрген еңбектеріне қатты шүйлігіп, сынап, орталық бас­
пасөзде орынды-орынсыз тәлкек қылатын. Әрине, бұл сияқты

көзқарас ұлттық ғылым мен мәдениеттің өркендеуіне өлшеусіз
зиян келтіргені күмәнсіз. Орталықтың бұл қыспағына қандас
бауырлардың қызғаныш пен көре алмастықтан туған іліп-шал­
маларын қоссақ, диссертация қорғау тар жол, тайғақ кешумен

тең еді. Осынау қиындықтардың қиямет-қайымынан өткен ұлт
зиялыларының бірен-саран өкілдері мақсатқа жетіп, ғылыми
атақ-дәрежелерге ие болатын. Солардың қатарында Сонарбай
Таңқаев та 1983 жылы В.И.Ленин атындағы Мәскеу мемлекет­

тік педагогикалық институтында философия ғылымының док­
торы дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
Сонарбай Дүйсенбайұлы әлеуметтік философия мәсе­ле­
лерін кеңінен талдап пайымдаған, ғылыми ортада әркез жо­

ға­ры бағаға ие болып отырған жүзден аса ғылыми еңбектің
авторы. Он кітабы мен кітапшасы жарық көрген. Әрі азуын
айға білеген басқа философтардан бір өзгешелігі, Сәкең ең­
бек­терінің тең жартысы қазақ тілінде жазылуымен құнды.

Со­нымен бір­ге ол студент кезінен бастап әдеби өмірге бел­
сенді ара­ласып, әдебиет сыны және эстетика мәселелерімен
жан-жақ­ты ай­налысады, қазақтың көркем әдебиет сынының
тео­рия­лық дең­гейін көтеруге ықпал етуді ойлайды. Философ

әде­биет­шінің бұл еңбегі де зая кеткен жоқ. 1974 жылы “Жа­
зушы” баспасынан “Өмір айнасы” атты толымды монография­
сы басылып шығады.

Философ Таңқаев пен жазушы Есенберлиннің шығар­ма­
шы­лық жолдарының қиысуы, ұлттық мұрат-мүдделерінің ұш­
тасуы әсте кездейсоқтық емес, тәңірі жебеген заңдылық болар.
Әуелі оның жазушы өнернамасына арналған “Суреткер белсен­

ділігі” атты көлемді мақаласы 1970 жылы “Лениншіл жас” га­
зетінде жарияланды. Содан кейін әдебиет сүйгіш қауымды дүр
сілкіндіріп, халқымыздың ұлттық санасын күндей күркіреп
оят­қан атышулы “Қаһар” романының орысшасы “Хан Кене”

де­ген атпен “Простор” журналына басылғанда, жігерлі жас
фи­лософ ғалым тағы да үнсіз қала алмады. Бұл жолғы ма­қа­
ласын үл­кен тебіреніс толғаныспен орысша жазып, “Казах­
стан­ская правда” газетіне ұсынды. Ондағылар мақаланы жақ­

сы екен деп жаймашуақ қабыл алса да, көпке дейін баспай
жүр­ді. Сөйт­се, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
идео­ло­гия­лық бөлімі ұлтшылдық бағыттағы шығарманы ма­
дақ­таған ма­қа­ланы жария етуге қарсы екен. Себебі, бұл ро­

манда Ре­сей им­периясының Қазақстанды отарлауына қарсы
Ке­не­сары Қа­сымов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі өзінің көр­
кемдік шешімін тапқан еді. Осы кезде газет редакторы Ф. Ми­
хайлов тәуекелге бел буған батылдық танытып, 1971 жылдың

8 қаңтары күні көлдей мақала “Казправдада” жарқ ете қалады.
Жұрт сүйсіне дуылдасып көтеріп әкетеді. Мақала әдеби жұрт­
шылықтың назарына ілініп, қауымды елең еткізіп, “сен өзің
сондай ма едің!” дегендей таңданыспен Сонарбайға жалт қа­

ратады. Ресми орындар ұнатпаған романды жақтап мақала жа­
зып шығару ол заманда ерлік еді. Сонымен бірге ұлттық са­
наны дүр сілкіндірген туындының авторын қолдап қорғауды
азаматтық парыз-міндет деп білгені де анық.

Сонарбай аға қазір де сол баяғы ақиқатшылдығынан айны­
маған арлы қалпында. Ардагер ғалым эстетика мәселелеріне
арналған жаңа тұрпатты кітап жазуды қолға алған. Жетпісінде
де тұғырдан таймай жастық жігер-сергектігін сақтаған профес­

сор Таңқаев Т.Рысқұлов атындағы экономикалық университет­
те аспиранттармен сабақ өткізеді, ғылыми жетекшілік ете­ді.
Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық универ­ситеті
диссертациялық кеңесінің мүшесі ретінде ғылым кандидатта­

ры мен докторларын даярлауға белсенді түрде атсалысуда.
2007 ж.

МАҚАШТЫҢ МЫЛТЫҚСЫЗ МАЙДАНЫ

1. Демографиялық пайым мен болжам

Бүгінде демограф ғалым Мақаш Тәтімовтің елдегі та­ны­мал­
дығына кез-келген саясаткер немесе өнер иесі, шығармашыл
дарындар қызығарлықтай десек, ақиқаттан әсте алшақ кетпей­
міз. Мұның мәнісі ол өмір бойы таңғаларлық жанкештілікпен

айналысып келе жатқан ғалым табиғатының халықтығында,
халықшылдығында болса керек. Себебі, демография – халық
туралы ілім, шын мәніндегі халықтық мүддені көздейтін ғылым.
Нақ осыны демография мен демократия сөздерінің түбір бір­

лігінен де аңғара аламыз. Ал, қазіргі саясаттану докторы, Ор­
талық Азия университетінің ректоры Мақаш Байғалиұлы Тә­ті­
мов Қазақстанда осы демография ғылымының бірден-бір не­
гізін салған азамат. Алғашқыда азшылыққ а айналған туған

хал­қының де­мографиялық майданының үгітшісі, жаршы­
сы бо­лып, ке­ле-келе ту ұстаушысы, қолбасшысына айнал­
ды. Қа­зақтың де­мография ғылымын жөргегінен бастап тербе­
тіп, әлем­дік дең­гейге көтерді. Әсіресе, тәуелсіздік тұсында Қа­

зақ мем­лекеті жүргізетін демографиялық, көші-қон саясатта­
рын қалыптастыруда өлшеусіз еңбек сіңіріп келеді. Елжанды
Мақаңның талайлы да талқылы шақта «Дербестігіміз – демо­
графияда!» деп тастаған ұранының да дәйектілігі мен дұ­рыс­

ты­ғын өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Демография сардарының ілкі қадамдары неден басталды
десек, менің алдымда компьютерде басылған бір парақ хат жа­
тыр. Дәлірек айтқанда, көшірмесі. Бұл хат 1964 жылдың 23

ақ­панында жазылып, СОКП Орталық Комитетінің бірінші
хат­шысы Н.С. Хрущевке жолданған екен. Енді кейбір беттері
жоғалған осы хат мәтініне көз жүгіртелік.
«Аса құрметті Никита Сергеевич! Мен В.И. Ленин атын­

дағы Москва мемлекеттік педагогикалық институтының бар
болғаны 2-курс студентімін. Сонымен қатар Экономика және
статистика институтында өз бетіммен демографиялық статис­
тиканы (тұрғын халықтың есеп-қисабы) оқып жатырмын.

Сіздің партиялық өжеттігіңіздің арқасында кеңес жастары­
на жеке басқа табыну кезіндегі қателіктер, соның салдарынан
тек жекелеген мемлекет қайраткерлері әділетсіз жазаға ұшырап
атылып қана қоймай, сонымен бірге тұтас халықтардың, атап

айтқанда, әсіресе, біздің кеңестік Шығыстағы көшпелі және
жартылай көшпелі аудандарда жаппай ұжымдастыруды дұрыс
жүргізбеудің кесірінен малшы қазақтар зардап шеккені мағ­лұм
болды.

Жаппай (зорлықпен) ұжымдастыру мен жедел отырық­
шы­ландырудағы тым асыра сілтеуден әсіресе менің туған хал­
қым қа­зақтар қатты зардап шегіп, өз санының жартысына жуы­
ғынан айрылып қалды, ал үштен бірі Қазақ АКСР-ымен шек­

тес ау­мақтарға, әсіресе, көршілес Қытайға, атап айтқанда,
ҚХР-дың Синьцзян ауданына біржола ауа көшіп кетті. Сіздің
қол­дауыңыздың арқасында 1959-1962 жылдары ол жақтан 150
мың қазақ, орыс, ұйғыр, татарлар мен дүнгендер қайтып ора­

лып, Тың эпопеясына қосылды. Алайда, біздің өкінішімізге
орай, маолық басшылықтың кінәсінен жерлестеріміздің бұ­лай­
ша жаппай оралуы қазір тыйылып қалды...
Санақ дұрыс жүргізілмеуінің және халық санын қасақана

жасырудың салдарынан республикада осындай «құлдырауға»
жол берілді-міс деген желеумен көрнекті партия және кеңес
қызметкерлері қудалана бастады. Бұл жағдайдың мен үшін
ерек­ше қайғылы жағы бар: Халық шаруашылығы есеп-қисабы

Орталық басқармасының бастығы Мұхтар Саматовпен бір­
ге бір күнде, дәлірек айтқанда, 1938 жылдың 28 ақпанында
әкемнің туған інісі Мұхаметқали Тәтімов республикалық пар­
тия­лық бақылаудың төрағасы қызметінде жүрген жерінен ұс­

талып атылды...
... Қазақстан шегінен тысқары көршілес аумақтарда, со­
ның ішінде шекара сыртында қалған қазақтардың санын (1959
жылы 1.451 мың) қайтып оралмас ауа көшу (27 жыл өт­ті) есе­

біне жатқызған жөн. Л.И. Мирзоян жолдас бастаған Рес­пуб­
ликаның жаңа басшылығы 1937 жылы босқындарды өздерінің
атамекеніне қайтару жөніндегі науқанды тоқтатуға мәжбүр
болды.

Қымбатты Никита Сергеевич! Партияның сара жолы­
нан осындай ауытқушылықтар бүкіл Кеңес Одағы бойынша
бай­қалды. Алайда, аса қасіретті ауқымдағы мұндай орасан
зор адам шығыны көшпелі шаруашылықтағы неғұрлым арт­

та қал­ған шет аймақ ретінде нақ Қазақстанда ғана орын алды.
Осының бәрі ел тарихында және партия тарихында тиісті ба­
ғасын алып, көрсетілуі тиіс. Бұл аштық қырғыны қиынға түс­
кен ұжымдастыру мен жаппай отырықшылдандыру ба­ры­сын­

дағы жай ғана «асыра сілтеу» емес, қасақана жасалған гено­
цид салдары ретінде нағыз халықтық трагедия болды!
Өзіңізге деген құрметпен – Ленин атындағы ММПИ сту­
денті М. Тәтімов; Москва қаласы, ВДНХ ауданы, Кибальчиш

көшесі, 7. Алексеев студқалашығы, 3-жатақхана».
Бұл хатқа түсіндірме беріп жату артық. Кеңестік қо­ғам­
ның қоясын ақтарған, туған халқының демографиялық сер­гел­
деңдеріне жанайқайын қосқан шыншыл да батыл хаттың ав­

торы сол кезде небары 24 жаста болатын. Иә, зерделі де зият
студенттің бұл да бір өзіндік астарлы саясаты бола тұрса да,
Мақаш Тәтімов, саясатта демей-ақ қояйын, бірақ қазақ халқы
сол жылдарда-ақ серпіліс дүмпуді бастан кешіп жатқан ұлттық

демография майданын осылайша бастап еді. Сол кезде атын
атауға тыйым салынған 1937 жылғы халық санағының қайғылы
салдарлары мен жабық мағлұмат-деректерін де нақ осы қайсар
қазақ студентінің ауызға алуы таңданарлық тағдырлы нышан

болғандығын да қазір айтпасқа әддіміз қайсы.

– Мақа, «Сталинге хатты» білуші едік. Ал енді «Хрущев­

ке хатты» естіп-көріп отырғанымыз осы. Бұл хатқа байланыс­
ты өзіңізді сүйреген жоқ па әйтеуір?

– Жастықтың албырттығынан ба, жылымық кезеңнің сәл-

пәл еркінсітуінен бе, жазылар хат жазылып, «Старая пло­щадь­
тағы» СОКП Орталық Комитетінің арнайы жәшігіне апарып
салдым. Себебі, жәй поштаға салсам, КГБ-ның қолына түсер
еді! Хат жөнінде өзімнің «Жас тұлпардағы» жолдастарыма да

айтқан жоқпын да. Түсіне қоймас, күлер деп ойласам керек.
Жауап жарты жылдан соң келді. Сөйтсем оны Қазақстанға
жіберген екен. Қонаевтың өзі алдымен оқып шығып: мы­
на бала шындықты жазып отыр, бұдан бір нәрсе шығады.

Оның өз оқуын бітіргенше зияны тимейтіндей етіп, қысқаша
ғана жауап беріңдер, десе керек. Әлгі атылып кеткен нарком
Татимовтың баласы ғой деймін, обал болар, қорғап, көмек бер­
сін. Постпредствоға жазыңдар деп ағалық ақылын айтыпты.

Сол кезде ЦК-ның үгіт-насихат бөлімінде істейтін Тоқ­та­ға­
ли Жанділдин, Шманов, қазіргі көзі тірі Оразай Батырбеков
ағалар хатты білетінін кейін маған ризашылықпен айтып бер­
ген болатын.

1964 жылдың соңына қарай СОКП Орталық Комитетіне ша­
қырды. Қорықпасам да, біраз қобалжыдым. «Жас тұлпар» әлі
қудалана қоймаған. Фәмилиесі есімде, ЦК-ның Мерзляков деген
қызметкері мені қабылдап, бір жапырақ жауапты оқытты. Он­

да: «О падеже скота можно писать, но нельзя считать и говорить
о гибели людей» деп жазылып, астына «секретарь ЦК КП Ка­
захстана Н.Джандильдин» деп қол қойылыпты. Қайтеміз, кейбір
партократ көкелеріміздің жеткен деңгейі осы болғаны ғой.

Жаңағы Мерзляков менімен әңгіме үстінде «А вот в Севе­
ре-Казахстанской области сейчас казахов-то всего 13 процен­
тов. Ну, скажи ты, такой если пытливый парень, какой-же это
ваш Казахстан!» деп күлді. Көлгір күлкінің аржағынан бір зіл­

ді сезе қойдым, ол – Тың өлкесін Ресейге қосу.
Осы кезде Хрущев те тақтан тайдырылды. Менің «Білім
және еңбек» журналындағы «лито» цензурасы өткізбей тұрған
«Цифрлар шежіресі» деген мақалам (№10, 11, 12) қатты қыс­

қар­са да, Талап Сұлтанбековтің қолдауымен көрнекті болып
шықты. Содан бір жыл бұрын «Лениншіл жас» газетінде «Қа­
зақстанның демографиялық болашағы» атты ауқымды болжам­
дарым бастау алды. Қазақстандағы демография ғылымының

алғашқы үн қатуы, ілкі қадамдары осылай басталып еді. Оған
да 45 жылдан асып барады.
Хаттың арқасында түбінде олжалы болған мен. Постпред­
ство ай сайын аз да болса ақшалай көмек беріп, ал мен оқыған

Москва пединститутының деканы Х.С.Замский «свободное по­
се­щениеге» рұқсат етіп, әрбір керекті институттарымда де­мо­
графиядан тиісті дәріс алып, сүйікті ғылымыма ден қойдым.
Ал «Хрущевке хаттың» жөніне қайта оралсақ, ол кезде

«Ста­линге хаттың» да болғанын мен білмеймін. Бұл да болса
нәубет пен зұлматтан соң жаңғырған жаңа ұрпақтың жарыққ а
талпынысы шығар. Алпысыншы жылдар «жылымығының» қат­
қан тоңды жарып шыққ ан алғашқы бәйшешектері бүгінгі Ел­

басымен бір жылы туған төлдер, – қатар-құралпастары – біз­дер
едік деп айтуға хақымыз бары бір ғанибет жағдай.

– Елбасы демекші, мына «Әділеттің ақ жолы» деген кі­та­

бының Мәскеуден шыққ ан алғашқы орысша басылымын Нұр­
сұлтан Әбішұлы өзіңізге сонау 1991 жылдың маусымында:
«Құрметті Мақаш! Жас кезімізде өмір жолын бірге бастап, ме­
таллург мамандығын бірге игерген тәтті күндердің ескерткі­ші»

деген қастерлі де қымбатты қолтаңбамен ұсынған екен. Бұл да
кез келгеннің маңдайына бұйыра бермес сирек бақыт-ау...

– Сол бақытқа болашақ тұңғыш Президентімізбен Ук­раи­

наның Днепродзержинск қаласындағы техникалық училище­
де бірге оқыған 72 қазақ баласы ие болған едік. 1958 жыл ғой.

Нұрекеңді әлі староста болмаған кезінде де жақынырақ та­
ни түскен едім. Бір жатақханада тұрдық. Спортқа өте бейім­ді,
ыждағатты, еңбекқорлығын бірден байқағанбыз. Ай­на­ла­сын­
дағы жігіттердің бәріне сыйлы болды. Бірінші рет кезде­сіп

қалғаным әлі есімде. Мен өзім кішкене жалқаулаумын. Соған
қарамастан бір күні ертерек тұрып, дәлізден өтіп бара жатсам,
залда бір ақсары, кең иықты, кең маңдайлы жігіт жанын жеп
таңғы жаттығу жасап жүр. Бір-бірімізді көрдік те, үн қатысып

сәлемдестік. Нұрланған жігерлі жүзін көрдім де: «Ай мы­
на жігіттің бет пішіні толымды екен, түбінде тегін адам бол­
мас» деп ойладым. Сол кездерде мұғалімдеріміздің аузынан
да Нұрсұлтан туралы талай тамаша лебіздерді естіп жүрдік.

Сырт­тан келгендіктен бе, үйретуші тәлімгер шеберлер бізді
жақсы көретін. «О, среди вас учиться хороший парень, Назар­
баев его фамилия. Вот с него получиться толковый человек.
Он будет председателем Казахстана!» деп отыратын олар. Ол

уақытта буржуазиялық қоғамның атрибуты саналатын прези­
дент, премьер-министр деген сөздер ауызға алынбайды. Пред­
седатель дегені төраға, яғни Қазақстанның басшысы болады
дегені ғой. Құдды көріпкелі бардай, сол айтқаны айдай ке­ліп

отыр. Бұрынғы бірге оқыған жолдасымыз ел Президенті! Іл­
тифат, көңілі болса бәз баяғыдай. Бізге әрі мақтаныш, әрі адам­
гершіліктің үлгісіндей. Нұрекең маған кітабын сыйласа, мен
де қарыздар боп қалмай, Президентіміз туралы еліміздің де­

мографиясымен сабақтастыра «Ұлт перзенті – ұлыс президен­
ті» атты кітап жазып бітіріп, ол қазірде «Арыс» баспасынан
шығып жатыр.
Құдайдың бір бергені, осы Президентіміз демография мә­

се­лелерін өте нәзік те әрі терең түсінеді, демографиялық үр­
ді­сіміздің өркендеуіне аса игі ықпалын тигізіп жатыр. Ылғи
да демографиялық деректердің астарлы мәніне үңіліп, нақты
цифрларға дейін жадына сақтап, жатқа айтатынына тәнті бо­

ламын. Елбасымыздың қолдауымен демографиялық ғылымды
да, білімді де, демографиялық саясатты да алға шығарудамыз.
Әсіресе демографиялық қиыншылықтарымызды ұлттық қауіп­
сіздікке қосып, бірінші басымдылыққ а ие еткеніне де мың да

бір рақмет. Нұрекең әр кездескен сайын әзіл-шынын ара­лас­
тыра: «Қазақты қашан көбейтеміз, Мақаш?» деп айтып қоя­
тын. «Қазір 48 пайыз ғой» десем, «Мақаш, тезірек, те­зірек 50
пайызға жеткіз!» деді дәл бір бұйрық бергендей. Сөйт­сем, Ел­

басының бұлай асықтыруында үлкен сыр, мемлекеттік мән жа­
тыр екен. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне берік тиянақ,
негіз жасау үшін қазақтың саны кем дегенде 50 пайыздан асуы
керек екен. Шынында да Елбасының нені көксеп тұрғанын

мен кейін түсіне қойдым да, 49 пайызға тақап келіп қалғанда
«Қазақ 50 пайыз!» деп жариялап жібердім. Өйткені, бұл ме­
жеге ұлтымыз бір жылдың ары-берісінде бәрібір жететінін
бес сау­сақтай біліп отырмын ғой. Күннің шеті қылтиып шы­

ғып келе жатқанын көре тұрып, ол біраздан соң арқан бойы
көтерілмейді деп қалай айтасың? Ендеше, Қазақстанда қа­
зақ­тардың үлес салмағының үздіксіз арта беруі ендігі жерде
қарқын алған, толастамайтын, тоқтамайтын үдеріс. Тү­бін­де

қазақ 75-80 пайызға жетеді, тарихи атамекенінде сөзсіз мойын­
далған негізгі халық, қаймағы қатпарлана тұнып отырған қалың
қазақ болады деп айтам. Пайымдап байқасақ, Елбасының ми­
ятты мақсаты да осыған саяды. Бұдан шығатын қорытынды,

ел саясаты, мемлекет құраудың, басқа ұлттарды өз маңына
топтастырудың жауапкершілігін арқалаған ұйтқы ұлт есебін­
де, қазаққ а арналып, қазақтың айналасында, қазақтың мұраты
мен мүддесі көзделіп жасалуы керек, қазаққ а қызмет етіп, не­

гізгі халықтың күйтін күйттеуі керек. Міне! Және сол сая­
сат қапысыз жүзеге асқаны абзал. Қазіргі мүйізі қарағайдай
мемлекеттердің қайсысын алып қарасаңыз да негізгі ұлт тара­
бында осындай саясатты ұстанып отыр.

– Мақа, осындай ақкөкірек ойларыңызды іркілмей ашық

айтып отырғаныңыз да Тәуелсіздігіміздің арқасы-ау. Әйтпесе,
кешегі Кеңес кезі болса...

– Әлбетте, кеңестік идеология ұлттардың санына, өсу

үде­рісіне қатысты демографиялық ақпараттарды көпшіліктен
құ­­пия­лап ұстауға тырысты. 1986 жылдың 12 желтоқсан жұл­
ды­зын­да шыққ ан бір мақаламда республикадағы қазақ ұл­
ты­ның жылдан-жылға өсіп, үлес салмағы артып, керісінше

орыс­тардың кемуге бет алған үрдісі нақты деректер келтірі­
ле сөз бол­ған-ды. Осы ғылыми пайымдауларда көп ұзамай қа­
зақ­тардың саны орыстармен 6,2 миллион деңгейінде, немесе
39,5 пайызға жуық шамада теңесетінін алдын-ала қуана ха­

барлаппыз. Онымен де қоймай, 2000 жылдардың басында-ақ
қа­зақтар 50 пайыздан асады деп тұжырымдаппыз. Тағысын та­
ғылар. Осының бәрі шовинистік қызғаныш туғызып, «Прав­
да» газеті мұндай мақалалар «интернационалдық тәрибеге жат­

пайды» деп кінәлап, ұлтшылдық қалпағын кигізе, қатал сын­
мен төмпештеді. Кейін «Еуропа дауысы» мұны «Правданың»
орашолақ пікірі» деп мысқылдаған-ды.
Жә, өткен іс өтті ғой, менің айтайын дегенім, адамдар қай

кезде де өз дамуының ақиқат жағдайларын білуі тиіс. Әлем­
дегі ешбір елде мұндай құпияларға құлып салынбайды. Ке­рі­
сінше, демографтар қоғам мен мемлекет өмірінің белгілі бір
кезеңдерін талдап, келешекке байыпты болжамдар айтып, үкі­

меттің дұрыс шешімді іс-әрекет жасауына көмектесіп отыра­
ды емес пе.

– Жалпы, демографиялық саясат дегеніміз не өзі, соның

мән-жайын зерделей түссек қайтеді?

– Демографиялық саясат біздің жағдайымызда, тоқетерін

айт­қанда, егеменді елдің халқын өсіру деген сөз. Шеттегі қан­
дастар мен отандастарды қайтарып алу, қазақтың пайызын
көтеру, халқымыздың береке-бірлігін баянды ету – бәрі осы­
ған кіреді. Соның ішінде көп балалы отбасыларды дә­ріп­теу­

дің жайын алайықшы. Міне, мысалы, қазір «беби-бум» жүріп
жатыр. «Беби» ағылшынша бала деген сөз ғой, яғни бала туу
көбеюде. Мен осы «беби-бумның» атасымын. Бұл дегеніңіз
үміт отын жаққ ан үлкен үдеріс. Себебі, көңілге селкеу түсірген

олқылықтардан кейін туу деңгейі көтеріліп келеді. Қазақстанда
бала туу 1987 жылдан 1999 жылға дейінгі 12 жыл ішінде 417
мыңнан 220 мыңға дейін төмен түскен болатын. Сол көрсеткіш
өткен жылы 360 мыңға көтерілді. Демографияның қайнар бұ­

лағы табиғи өсім десек, бұл өте қуанарлық жағдай. Келешекте
бұрынғы деңгейімізді де аламыз. Ал, 2015 жылға қарай «беби-
бум» өзінің шыңына жетпек.

– Мақа, мына қаржылық дағдарыс бала туудағы серпіліс­

ке, яғни сіздің «беби-бумыңызға» әсер етпей ме?

– Әрине, әсер етеді. Бірақ та демографиялық үрдіс еш­уа­

қытта экономикалық қиыншылықтарға, әсіресе құжаттық дағ­
дарысқа бағынбайды. Дағдарыс «беби-бумның» өрлеп бара
жат­қан шыңының ұшар басын сәл-пәл тежеп кесіп тастауы
мүм­кін. Әйткенмен, біздің жаңағы көздеп отырған 400 мыңнан

асып қана қоймай, тіптен, 450 мыңға дейін көтеріліп кету­
ге әлеуетіміз жеткілікті. Өйткені, бала туу мәселесі тек қана
тұрмыс пен қаржыға тірелмейді. Ол, ең алдымен, халықтың
пиғыл-пейіліне байланысты. Шүкір, пиғыл қазір түзелген.

Ха­лық имандылыққ а бет түзеді, дінге сенетін болды. Былай­

ша айтқанда, ұлтжандылық, ұлттық діл қалпына келуде. Осы
арада менің бір жаңа демографиялық ұраным бар: «Сен ұлт­
жанды болмасаң да балажанды болуға тиіссің!» деп айтамын
әрбір қазаққ а. Сөз қадірін білетін адам бұған құлақ қоюы ке­

рек. Дүниеде қазақтан асқан балажанды халық жоқ еді ғой.
Балажандылық ұлттық ерекшелік, ұлттық қасиеттеріміздің бі­
рі еді ғой. Балажанды адам түбінде көп балалы болуды мақ­
сат етеді. Ендеше, тіпті, көшеге шығып ұлтшыл болмай-ақ

қойшы, балажанды болсаң болды, сонда қаласаң да, қа­ла­ма­
саң да, ұлтқа пайдаңды тигізесің. Балажанды болғаның – ұлт­
жанды болғаның.

– Мақа, бір кезде «Дербестігіміз – демографияда!» де­

ген аталы сөзді өзіңіз айтып едіңіз. Осы жағдай қазіргі қоғам
өмірінен көрініс тауып жатыр ма?

– Айналайын-ау, қалайша көрініс таппайды, егер пайы­

зымыз 1956 жылғы 27-ден осы санақта табаны күректей 62-
ге жететін болса, Мен алғаш келген 1952 жылы Алматыдағы
қазақтың үлес салмағы 7-ақ пайыз болса, қазір 57 пайызға
тақап отыр. Осындай жер мен көктей айырмашылықтар бар­

лық өңір, барша саладан байқалады.

– Өмірдің цифрдан басқа да сипаттары бар емес пе?

– Мен бір ғана сипатын айтайын. Урбанизация мен ми­

гра­цияның арқасында, сонымен ілесе келіп ауылдың әлеу­
мет­тік-экономикалық проблемаларының бірсыпырасы, қа­
зақ­тың проблемасы қазір даладан қалаға ауысты. Ол – жұ­
мыс­сыздық, тұрмыс қиыншылығы, үйсіздік пен күйсіздік.

Қа­ла­да­ғы бақуатты қазақтар да жетіп артылады. Дегенмен де Ал­
ма­ты­мыздан бастап еліміздің барша қалалары кәдімгідей қа­
за­қиланып қалды. Ең бастысы, қала қазақшаланды. Оны қыл
аяғы өзіміз 27 жылдан бері тұратын пәленбай жүз пәтерлі үйі­

міз­ден де көрудеміз.

– Өмірімізге «Қазақстан халқы» деген ұғым кірді. Осы

Қазақстан халқы мен қазақ халқының біртұтас ағзаға мү­сін­
деліп, бір шаңырақтың астында, бір Отанның перзенттері бо­
лып азаматтануы демография ғылымы тұрғысынан қалай са­
раланады?

– «Қазақстан халқы» деген ұғымнан қашып, баз біреу­

лерше осыған байбалам салып аттандап үрке қараудың жөні
жоқ. Қайта одан елімізге, халқымызға, жұртымызға пайда та­
ба білуіміз керек. Өзгелерді өзектен теппей, өзімізге бейімдей

алсақ. Президентіміздің сұңғыла саясатының осы бір қы­ры­
ның өзі-ақ құлашымызды кеңейтуге, қазақтың санын көбей­ту­
ге септесері анық.
Бұл жағдайды Ресеймен салыстырсақ, кезінде Кеңес Ода­

ғының «совет халқы» дегенінен кім ұтты? Әрине, орыс ұт­
ты. Орыстың қазір орман болып отырған бір себебі содан. Не­
ғып біз осыдан үлгі алмаймыз? Орыс 150 миллионға дейін
көтерілді. Соның 50 миллионы басқа халықтарды жұтып, өзі­

не сіңіріп қосып алғанның жемісі. Анығында Совет халқы де­
гені – орыс бол деген сөз еді. Ендеше, түптен сайып келгенде,
Ата заңы­мызда көрініс тапқан «Қазақстан халқы» деген сөз
қазақ бо­лайық деген астарлы ақылмандық, ұтқыр амал емес

пе. Бұ­ған қарсы шығу орынсыз. Себебі, мемлекет құраушы
мәр­тебелі ұлт өкілі болудың тартымдылығы қазірдің өзінде
аң­ға­рылуда. Бізге аса жақын түркітілдес халықтар қазақшаны
ана ті­ліндей меңгеріп, ұлтын да қазақ деп жазғызамыз десе,

олар­ды кеудесінен неге итереміз? Менің бір шәкіртім, белгілі
демограф Әзімбай Ғали айтады. Мына Қырғызстаннан кел­
ген гас­тарбайтерлердің көпшілігі құжаттарында қазақпыз деп
жаз­дырып алыпты. Біздің полиция болса «құжаттарың өтірік»

деп оларды қудалайды, сотқа сүйрейді. Әй, нең бар? Қайта
қуан­байсың ба? Қазағыңның қоржынына, ұлтыңның ұйығына
бір түйір дән болса да кірейін деп тұр ғой. Ол біздің қазаққ а
сіңетін, демографиялық әлеуетіңді арттыратын материал ғой.

Өзбек, қарақалпақ, татар, ұйғыр, тағы басқалар орайындағы
әң­гіме де солай. Еліміздегі көпұлттылықты біз түбінде қазаққ а
қосылатын көп халықтар бар деген мағынада ұғуымыз керек.
Ендеше, ешкімге қалпақсың, сартсың, бұртсың, бұхарсың

деме. Жатырқама, тосырқама, қосыныңа қосып ал. Бұқар жы­
рау атамыз айтқан жоқ па:
Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан,

Қосының болсын қазақтан.
Әрине, Бұқар-екең бабаңыз да демографияның атын біл­
месе де, затын түстеп таныған. Сол айтпақшы, Қазақстан хал­
қы дегеніміз, сайып келгенде, қазақ қосыны. Әрідегі тарихтан

қаузасақ, жер бетіндегі қазіргі 15 миллион қазақтың 2 милли­
оны бір замандарда қалмақ қыздарынан туған ұрпақ. Жарты

миллионымыз татар қыздарынан туғандармыз. Тағы бір ойым­
ды ашық айтсам, қан жағынан өзімізге жақын ұлттың бірі кә­
рістер. Солар қазір Орта Азиядан қашып, орыс тілді ор­таға,
Қазақстанға келіп орнығуда. Қазақтармен аралас некесі де аз

емес. Осыдан да қазаққ а сіңетін олжа сала алсақ жаман бол­
майды. Біз онсыз да тарих аласапырандарында ақ пен сары
нә­сілдің буданынан шыққ ан мулат халықпыз. Еуразия хал­қы­
ның нағыз көзге көрінетін айнасындай портреті қазақтан алы­

нуы керек. Құдай осындай мулаттығымыздан айырмай, бере­
ке берсін деп тілейік.

– Олай болса, баяғы жауырыншы Жүгіней бабаңыз сияқ­

ты, таяу болашақтағы демографиялық дамуымызға ой жүгіртіп
болжалдап байқаңызшы?

– Ендігі жерде өкініштері мен күйзелістері айтудай ай­

тыл­ған өткенге көп қарайлай бермей, болашақтың болжамын
көбірек жасаған абзал. Қазақстан халқы, бұйыртса, 2010 жы­
лы шамамен 16 миллиондық межеден аспақ. Әлбетте, соның
10 миллионнан астамы қазақ болмақ. Заңдылық тұрғысынан

алғанда ешқандай халық шексіз өсе алмайды. Өсім қарқыны
төмендеген күннің өзінде қазақ өз жерінде 25, әлем бойынша
30 миллионға жетеді деп жобалаймын. Бұл, енді осы ғасырдың
2080-2090 жылдарына қарай қол жететін меже.

Мына бір жағдайды да қайталап айтудан ешбір шаршамай­
мын. Қазақ өз елінде, өз жерінде 70 пайызға жетпейінше бір­
тұтас унитарлы мемлекетін толық мәнінде еркін билеп отыра
алмайды. Өзінің мемлекеттік тілін, ана тілін іс жүзінде мем­

лекеттік тұғырға қондыра алмайды, рухани-мәдени кеңістікте
қазақи ділдің қанатын неғұрлым кең жайғыза алмайды деймін.
Бұл арада да бәрін шешетін мылтықсыз майдан – демография.
Бар гәп демографиялық детерминизмдерде, халық өсімі құ­

бы­лысының өзіндік заңдылықтарында жатыр. Дегенмен, 70
пайыз­дың да төбесі көрініп тұр. Осы санақта құдай қаласа өз
же­рімізде 62 пайыз боламыз. Сосын 10 немесе 15 жылда шу
қаракөк деп 70-іңе де жетіп барамыз. Бір айтарлық жай, қазақ

тілін білетін, қазақ тілді деп айтуға болатын түркі тілдес халық­
тар­мен бірге алғанда қазірдің өзінде де 70 пайызбыз. 62 пайы­
зы қазақ болса, 8 пайызы түркі тілдес бауырларымыз.

– Ал, бұған Бельгер ағамызды қоссақ ше?

– Бельгерді, Асылы Османова апайыңды қоссаң, одан да

асып түседі, сөйтіп көбейе береміз.

– Түркияда қанша қазақ бар?.. деген сұраққ а сол елдің бұ­ рынғы президенті Тұрғыт Өзал «Мені қосқанда 65 миллион қа­ зақ бармыз» деп жауап бергенін естігенде мерейленіп тө­бе­міз көкке жеткендей болған. – Әнеки, Тұрғыт Өзал ағамыздың патриоттығы, түрік­шіл­ дігі қандай күшті! Осы сөзі арқылы ол қазақ халқына деген сүйеуін, ықылас-пейілін, керек болса қазақ та боламыз деген адал ниетін, қазаққ а деген құрметін білдіріп отыр. Әрі де­мо­гра­ фиялық сыр-сипатты да қандай әдемі тұспалдап жеткізген! – Ал енді, Мақа, ауылдағы қазақ, қаладағы қазақ дейміз. Қазіргі урбанизация үрдісі қандай және ол демографиялық ахуал­ ға қалай әсер етуде? – Бұл орайдағы бұрынғы мүшкіл халін түзетуге бет бұрған қазақ қазіргі кезде урбанизация жағынан орта деңгейге кел­ ді. Осы санақта 10 миллионға жететін қазақтың менің алдынала есебім бойынша жартысынан артығы, яғни 5,1 миллионы қалада, 4,9 миллионы ауылда тұрады. Үрдіске үңілсек, қалаға ауысу көтеріліп келеді. Меніңше, бұрынғы ауылды көксеудің де, қайтаруға ұмтылудың да қажеті жоқ. Қалыптасқан жағдайда біз әуелі қаламызды өркендетпесек, өркениеттен кенжелеп қа­ лып қоямыз. Осыны дұрыс түсінген Елбасы Астананы бекер сал­дырып жатқан жоқ. Жаңа астана-байтағымыздың бой кө­ теруі қазақтың урбанизациялануына, қалалық ұлтқа айналуы­ на көптен-көп игі әсерін тигізуде. Шаһар – өркениет бесігі. Сон­дықтан да біз біржарым миллиондық Алматыға халқы 1 мил­лионнан асқан Астананы қосуымыз керек. Сол межеге Шым­кентті жақындатып, Қарағандыны қазақтандырғанымыз ма­құл. Орыстанып кеткен ең үлкен қаламыз Өскемен. Соны­ мен бірге Павлодар, Петропавл, Қостанай мен Оралдағы қа­зақ­ тың үлес салмағын өсіріп, демографиялық тұрғыдан ұлт­тан­ды­ рып «жаулап алу» міндеті тұр. Бірте-бірте соған келе жа­тыр­ мыз. Бүгінде менің есептеуім бойынша қазақтар ауыл тұр­ғын­ дарының 77 пайызын құрайды. Ал қала халқының 55 пайызы қазақ. Сөйтіп, екеуінде де басымдыққ а иеміз. Ал енді ауылдың жайын тым жаман деуге де келмес. Реті келсе, қаймағы бұзылмаған таза қазақ ауылдарын да сақтап, де­ мографиялық кәусар бұлақ көзі ретінде пайдаланған абзал. Қа­ зақ­тың 41 пайызы ауылда қалып, ондағы жамағаттың 77 пайы­ зын құрауы да жаман көрсеткіш емес. Бірақ Қазақстандағы қа­ зақ әйелдерінде бұрын-соңды болмаған бір түйткілді жағ­дай

алаң­датады. Соңғы уақыттарда ауылда тұратын қазақ әйел­де­ рінің бала туу көрсеткіші, 15 пен 49 жас арасындағы әйел­дер­ дің ілік­тілігі қаладағы қандас құрбыларына қарағанда төмен тү­ сіп кеткен. Мысалы, қалада тұратын қазақ әйелі 2,6 бала тапса, ауылдағы құрбылары 2,4 бала табуда. Мұның себебі, урбанизация нә­тижесінде ауылда әлсіз, сырқат, күйеуге тимеген қыздар мен әйелдер қалып қояды, денсаулығы мықты, жігерлілері қалаға ке­ тіп қояды. Сөйтіп, миграцияның өзі сұрыптау жасайды. Ендеше, де­мографиялық, көші-қон саясатының, «Нұр­лы көш» бағ­дар­ла­ма­ сының біраз тармақтарын ауылға пәр­мен­ді түрде бұру қажет. – Көші-қон деп қалдыңыз, тоқсаныншы жылдары орыс тіл­ді біраз ағайын тарихи Отандарына тарап-тарқады. Осы миг­ рацияның бізге пайда-зияны қай дәрежеде болды екен? – Бір ғана жайтқа назар аударайын. Меніңше, бұл ойды айтудың еш әбестігі жоқ. Егер егемендік алған еліміздің эко­ номикасы тұралап жатқан кезінде өз Отандарына қайтпаған болса, 2 миллион орыс тәуелсіздігімізге шүбә келтіріп жан­ жал тудырып та жіберуі мүмкін еді. Соғыс ашпаса да, Ресей­ ге солтүстік облыстарды бөліп алып кетуге әрекеттеніп, біраз дүмпу-дүрбелең, қиқу-қиястық салар еді. Сондықтан, олардың есі барда елін табуы біз үшін пайдаға шықты демекпіз. Мұнда қалғандары пейілдері түзу, Қазақстаннан артық жер, артық Отан таппайтынын білетінін бейбіт орыстар. – Мақаш аға, санаулы күндерден кейін басталатын халық санағы туралы еліміздің бас демографының пікір-пайымда­ рын естісек деп едік. – Днепродзержинскіде Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге тех­ никалық училищеде оқып жүргенде 1959 жылғы Бү­кіл­одақ­тық халық санағына атсалысып қатысқан болатынмын. Содан бер­ гі халық санақтарының бір де біріне менің қатысым болмай қалған емес. Осы санақта да Алматы қаласы бойынша тәуелсіз сарапшы ретінде көмегімді тигізудемін. Тәуелсіз еліміздегі ұлттық санақтар бұрынғы Бүкілодақтық санақтардың жалғасы десек те болар еді. Бізде халық санағын жүр­гізу мәдениеті қалыптасқан деп айта аламыз. Етек-жеңіміз жиылған бақуатты кездегі бұл санақтың бағдарламасы өткен са­ нақ­тағыдан екі есе бай. Онда 20 сұрақ болса, осы санақтағы сауал­ намаға 45 сұрақ енгізіліп отыр. Сөйтіп, халықтың әлеу­меттік-тұр­ мыс жағдайларын жан-жақты саралап шығуға мүм­кін­дік туады. Санақ жүргізушілер жауапкершілікті әсте төмендетпеген­ де­рі, есептен ешкімді қалдырып қоймағаны жөн. Санақ өт­кен­

нен соң он күндей бақылау аралауы өткізілмек. Осынау маңыз­
ды науқан тұсында мен «санақтан өтіп, санатта қалайық» де­
ген ұран тастап отырмын.

– «Санатта қалайық» деген сөзіңіздің мәнісін түсіндіре

кет­сеңіз?

– Санатта қалу үшін біздің қазаққ а сан да, сапа да қажет.

Өткен жылы Елбасымыздың «Егемен Қазақстанның» бетінде
«Шира, қазақ!» деп ширықтыруы да осыған саяды. Осы екеуі­
не қоса, сапа тіптен қажет. Мұны талдар болсақ, әуелі белгілік­
ті деңгейге көтерілген сан болмайынша, сапа қалыптаспайды.

Ал сапа болмаса, саның өспейді. Байқасаңыз, бір-бірімен ты­
ғыз байланысты. Нәубеттен есеңгіреп, ұлтымыздың кішкене
са­насыз қалғаны 1937 жылы сапамызды құртып кетті ғой. Са­
па­мыздың нашарлағаны санымызды ойсыратты.

Осы арада тағы да өзімнің демографиялық нақылдарымды
алға тартамын. Қазақ «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» деп,
саннан сапа шығатынын әдемі бейнелеп айтқан. Санға бай­ла­
нысты зерттеу жүргізетін мен осыны былайша байыптай дамы­

тамын: «Түменнен тарпаң шығады» деймін. Түменіңіз – он мың.
«Тарпаң» деп жабайы жылқының ең күштісін айтады. Қазақтың
төзімді жылқысы осы тарпаңнан тараған. Одан соң «Сансыздан
саңлақ шығады» деймін. Сансыз деп қазақ санына жетіп болмай­

тын жүз мыңды айтқан. Ал енді, миллионнан дүлдүл шығады!
Саннан сапаның шығуы осылайша сараланады. Ендеше, бүгін
таңдағы әлемдегі 15 миллион қазақ деген халқымыздан 15 дүлдүл,
150 саңлақ, оң мыңнан бөлгенде де, 1500 тарпаң шығып, тұлпар-

жүйріктеріміз одан да көп болып өрісіміз кеңейіп, көсегеміз кө­
геріп жатса, құба-құп қой. Халықтың демографиялық әлеуеті,
өркендейтін күш-қуаты міне, осында. Әсіресе, осы санақта са­
наттан қалмайтын қазаққ а құдайым санды да, сапаны да, сананы

да молынан дарытқай деп тілеуімнің мәнісі осы. 2. Санақтан соңғы сараптама

– Құрметті Мақаш Байғалиұлы, елімізде үстіміздегі жыл­

дың 25 ақпан – 6 наурыз аралығында Екінші халық санағы бо­
лып өткені белгілі. Ең әуелі мына жайды айтыңызшы. Осы
санақтың өткізілу деңгейіне көңіліңіз толды ма? Санақ таң-
тамаша етіліп жарнамаланған дәрежесінде жүзеге асты ма?

Қо­рытындылар осындай маңызды ұлттық науқандарға қойы­
латын талаптардың барлық параметрлеріне сай келе ме?

– Бұл санақ осының алдыңғысына қарағанда едәуір жақсы

дәрежеде өткізілді. Әрине, үлкен ауқымдағы науқан болған соң
бірен-саран кемшіліктер де болмай қалмаған шығар. Санаққ а
ілінбегендердің саны өте аз. Бұдан он жыл бұрынғы Бірін­
ші ұлттық санақта есепке ілінбей қалғандар 1,3-1,5 пайыз бол­

са, осы жолғы санақтан сырт қалғандардың саны менің болжа­
мым бойынша 0,3-0,4 пайызды құрайды. Сонда мыңның үшеуі,
төртеуі ғана санаққ а ілінбей қалды деп айтуға болады.
Әуелгі кезде бірден қамтылмай қалғандар болады, әрине.

Өткен санақта 300 мыңдай адам қамтылмай қалған-ды. Бұл өзі
бүтін бір қала дерлік. Ресей азаматтары тұрады деген желеу­
мен Байқоңыр қаласы да санақтан өтпей қалған-ды. Ресей­
лік болса болсын, бірақ олар Қазақстан жерінде тұрады емес

пе. Сондықтан, осы санаққ а іліктірілді. Санақтың өзі жиыр­
ма күн жүрді ғой, тұтас аудандар, ауыл-кенттер назар­дан тыс
қалуы мүмкін емес. Қарбалас жұмыс барысында әр­түр­лі әң­гі­
ме­лер де шыққ анын білеміз. Дегенмен, дәл қазіргі күн­дер­де

санақшылар бізге келмей қалды деп айтатындар санау­лы ғана.
Республикалық статистика мекемесіне 300-дей хат тү­­сіпті. Со­
лардың бәріне жауап беріліп, санаққ а іліктірілген. 300 деген
Қазақстан ауқымында теңіздегі тамшы. Ендеше, «санақтан өт­

пей қалдық» деп өкпелейтіндер де жоқтың қа­сы болса керек.
Мұндайлар өткен санаққ а қарағанда 5-6 есе азай­ғандығы со­
ны аңғартады. Жалпы алғанда, елдегі бұл жол­ғы халық санағы
қай жағынан алғанда да айтарлықтай жо­ғары дәрежеде өтті.

– Мақа, қалың жұртшылық білмесе де санақтың алғашқы

нәтижелері өзіңіздей демография десе ішкен асын жерге қоя­
тын маманға жақсы мәлім болғанын сезіп отырмыз. Елба­сы­
мыз да санақ қорытындысына байланысты деректерді өз сөз­
дерінде келтіріп жүр. Сонымен, халқымызды немен қуан­та­

сыз? Қазақстандықтардың барлық саны қанша болды, оның ішін­
де қазақтың үлесі өзіңіз болжағандай алты қырдан асты ма?

– Әлбетте, бұл санақтың алғашқы деректері бізді қуан­

тады. Мен алдын-ала деректер бойынша ғана сөйлеймін. Се­
бебі, санақтың жиған-терген қисапсыз қазына мәліметтері әлі
толық екшеліп, есептеліп, түгел сараланып болған жоқ.

– Ол қашан есептеліп болады екен?

– Алдағы қыркүйек айына дейін егжей-тегжейлі сарала­

нып, сұрыпталып болады деп отырмыз. Санақтың сауалнама
парақшалары түгелдей электронды есептеу мәшинелерінен өт­

кізіледі. Сол сүзгіден өткеннен кейін барып халықтың толық
саны шығады. Ол сол кезде ресми түрде жария етіледі. Негі­
зінде бәріміз сол ресми ақпаратқа сүйенуіміз керек. Сол себеп­
тен де әбден сараланып болмаған алғашқы мәліметтер бойын­

ша айтылып жатқан сөздерге, өзімнің айтатын сөзіме де мен
өте абайлап қараймын.
Сонда да болса алғашқы нәтижелер ақжарылқап қуанышқа
бөлейді. Өзімнің алдын-ала айтқан болжамдарымда Қазақстан

халқы 16,5 миллион болады дегем. Алғашқы қорытындылар
да сол болжамның үдесінен шықты. Санақтан нақты өткен
адамдардың саны 16 миллион 405 мың. Сүзіп тексеру арқылы
ары барғанда тағы бір 95 мыңдай, әйтпесе кемінде 55 мыңдай

адам қосылады. Ол пәлендей көп те емес.

– Бірақ соның өзі жаңағы сіз айтқан он алты жарым мил­

лионға жеткізіп тұр ғой?

– Иә, 16,5 миллионға жетіп тұр. Бұл, былайша айтқанда,

тәуелсіз сарапшының болжамы. Шетелдің ғылымында ресми
де­ректерден гөрі сарапшылардың сөздеріне көбірек сенеді. Өйт­
кені, сарапшылар ресми деректердің өзін де сын көзбен қарап
талдайды. Сонан соң өздерінің ғылыми тұжырым-пайымда­

рын айтады. Сондықтан, сарапшылардың деректері неғұрлым
дәлірек келеді деген пікір де жоқ емес. Мен де тәуелсіз са­
рапшы ретінде ағымнан жарылсам, санақтың толымды санда­
ры саясатымыз үшін де керек. Жақсы хабарларды журналис­

теріміз де сүйіншілеп жазып жатқаны содан. Көңілге де ме­
дет әрі халқымыздың да мерейін өсіреді. Әсіресе тіл мәселесі
жөнінде қоғамдық пікірдің қыртыстарын қалыңырақ етіп қа­
лыптастырады. Республикада қазақ халқы 67 пайызға тақады

деп айтылып жатыр. Бұл – барлық халықтың үштен екісі де­
ген сөз. Тіл мен діл, елдің тұтастығы, мемлекет мәселесі бол­
сын, мұның өзі тиянақ-тұғырымыздың беріктігін көрсететін
жағдай. Кейде байбаламдай ұрандап, қызыл сөздер айтып ке­

тетін әлгі бір оппозиция немесе басқа да үкіметтік емес, бей­
ресми ұйымдардың қыжылды сөздерінен гөрі осынау бір ғана
деректің өзі-ақ әлдеқайда тұшымды.
Мен Алаштың абызы Ахмет Байтұрсыновтың бұдан бір

ғасырдай бұрынғы сөзімен «Әлһамділдә, енді біздер аз емес­
піз, 66 пайыз қазақ бармыз!» деп айтамын. Бұл жайға түсінік
бере кетсем, мәселе былай. Біріншіден, алғашқы 67 пайыз де­
генді журналистер қағыс естуі де мүмкін. Екіншіден, 67 пайыз

жал­пы қазақ тілін білетіндер болып шығуы да ғажап емес. Ме­
нің өз есеп-болжамым бойынша қазақтың пайызы 62-ге та­
қауы керек болатын. 62-нің өзі де жаман пайыз емес, ай­на­
лайын. Өткен санақта 53 пайыздан сәл артықтау болған үле­

сіміз. Оған қарағанда 62 дегеніміз тіптен ауыз толтырып айтар­
лық­тай үлкен пайыз.

– Сөйтіп, қазақтың үлес салмағы қанша дегенде, қазір 67

пайыз деп айтылуда. Одан соң 66 және 62 деген сандарға тап
болып тұрғандаймыз ба?

– Иә, солай. Бірақ соның қайсысы болсын көңілге тоқ. Де­

сек те, нақты қорытынды шықпайынша, соңғы екеуі пікір-та­
лас ретінде қалады. Өйткені, санақтың қорытындысын, істел­
ген істі, мемлекеттік игі шараны құрметтеу керек. Бұлардың
анығы алдағы уақытта белгілі болмақ. Қалай болғанда да қазақ

жұртының өсімі мықты. Егемендік алған тұстарда, мысалы, 40
пайызға жаңа жеткенбіз. 1999 жылғы санақта 53 пайыз болдық.
Енді 62, 63-тен аттап, 66-67 болсақ, бұл өте биік көрсеткіш.
Орынсыз сыпайылықты қоя тұрып, жақсы нәрсені жақсы деп

жанымызды сүйіндіріп айтуымыз керек-ақ.
Бұған тағы бір қосарым, мейлі, 67 пайыз қазақ тілділер
болып есептелсін-ақ. Ал елдегі түркі тілдестер 8 пайыз. Олар­
мен қосқанда 75 пайыз болады екенбіз. Сонан соң мұсылман

үмбетті дін қарындастар бар. Чешен мен ингуш, дұнған мен
күрд, тәжік пен парсы. Соларды қосқанда 76 пайызбыз. Оның
үстіне басымызды қарайтып жүрген шығыс тектестер бар.
Олар негізінен кәрістер, буряттар мен қалмақтар. Оларды қос­

сақ қазақы қойдың құйрығындай дөңгеленіп 77 пайызыңыз
шы­ғады. Осы тұрғыдан келгенде біздің Қазақстан өзінің бағ­
зы-баяғыдағы еуразиялық келбетін қайтарып келе жатыр.
Қазақтың өз атамекеніндегі 67 немесе 62 пайыздық үлес

салмағының өзі де 1932 жылғы ашаршылық алдындағы дең­
гейі. Біз соны енді ғана қалпына келтірдік. Ал болашақта, асық­
пасақ әлі елдегі пайызымызды 70-тен асыратын боламыз. Аман­
шылық болса, 75-ке де жетеміз. Ол – бүтін халықтың төрт­тен

үші. Керек десеңіз, 80 пайызға да тақайтын күндер келер.

– Қазақтың қазіргі санын айтыңызшы?

– Мен санын айтудан саналы түрде іркіле тұрар едім. Өйт­

кені, ол сан әуелі ресми деректе жариялануы керек. Пайызбен
сөйлеп жатқанымыз да содан. Дегенмен, санға шақсақ, елде­
гі негізгі ұлттың саны 10,5 немесе 10,8 миллион қарайлас бо­
лып қалар.

– БҰҰ сарапшылары қазақстандықтардың саны осы са­нақта

14,5 миллион адамнан аспайды деп болжаған екен. Біз, өзіңіз
айтқандай, 16,5 миллионға жетіп қалыппыз. Осының сыры не­
де? БҰҰ мамандары қай жерден қателесіп тұр деп ойлайсыз?

– Осы жайға көп журналистер көңіл аударады. Сенсация

іздегендей, соны қайта-қайта қопара береді. Мамандар оған
бірден-ақ күдікпен қарап, езу тартып күліп қана қойған. Се­
бебі, БҰҰ-ның сарапшылары әлі күнге дейін Қазақстанның
жағдайын, өзіндік ерекшеліктерін жөнді білмейді.

– Олар Еуропа мемлекеттерінің стандарттарымен безбен­

дейтін болар?

– Дәп солай. Еуропа болғанда да Ресей мен Украинаның

стандартынан шығып отыр. Ол кезде бұл елдерде депопуля­
ция құрдымға кетіп, өсіп-өну азайып бара жатқан. Оның үс­
тіне біздің Қазақстаннан 90-шы жылдарда көшіп кетушілер
де көбейді. Халықтың саны азая түсті. Олар жаңағы жайды

бүкіл ғасырға жайып жіберіп, осы үрдіс сақтала береді деп
ой­лады. Содан соң, шетел мамандарының ішінде біздің жас
мем­лекетімізге мысық тілеулестер де аз емес екенін ашып ай­
тайық. Кезінде өзім сынаған Михаил Бернштам деген бар. Ол

орыстың соңынан қазақтың да өсіп-өнуі құрдымға бет ала­ды
дегенді аузы-мұрны қисаймай айтады. Себебі, қазақ әб­ден
орыс­танып кеткен, қазақтың демографиялық мінез-құл­қы мұ­
сыл­мандардан гөрі христиан халықтарына жақын, сон­дық­тан

да, сайып келгенде, өсімі төмендейді деп болжамдайды.
БҰҰ сарапшылары қай жерден қателесті дегенде, олар
Қа­зақстанда миграция ары қарай жалғаса береді деп ойла­
ды. Бұл – бір қателігі. Миграция тоқталды ғой. Екіншіден,туу

төмен құлдырай береді, қазақ та орыстың соңынан құрдымға
бет алады деп жобалады. Бұл қателік кейбіреулерге жағатын
да шығар. Бірақ ол болмайтын іс. Қазақтың құрдымға кетпей,
қайта шыңға өрлейтінін БҰҰ айтқан 14,5 миллионның орнына,

16,5 миллион болып өскеніміз де тағы бір айғақтап дәлелдейді.
Елбасымыз 2030 жылы 25 миллионға жетеміз деген. БҰҰ са­
рап­шыларының сәуегейлігі біздің ел Президентінің айтуымен
де қабыспайды. Біреуі жер бауырлап жатыр, екіншісінің бол­

жамы көкке самғаған қыран құстай өрлеп, ұшып барады. Әл­
бетте, Президентімізге еркөңілділік, оптимизм әбден жараса­
ды. Маман ретіндегі өз болжамым бойынша Қазақстан халқы
2015 жылы 18,5 миллионға жетсе де жаман емес. Ал, 2030 жы­

лы 22-23 миллионнан асатынымыз анық.

Қорғанбек, сен өлең жазасың, эмоцияға берілесің. Ал, ғы­
лым тілінде эмоцияға берілуге болмайды.

– Эмоцияны мен өлеңде ғана пайдаланамын. Мақа­ла­ла­рым­

да эмоция жоқ.

– Сөйткенің дұрыс. Ғылымда эмоция қажетсіз. Міне, мен

демографиялық диаграмма-кестеме «Жол айрығындамыз!?»
деп «леп» және «сұрақ» белгілерін қатар қойып отырмын. Тіп­
тен, бол­жамдарымыздың жоғарғы нұсқасымен келе жатқанның
өзінде де жағдай күрт өзгеруі мүмкін. Жаһандану түптің тү­

бінде барлық халықтардың өсімін тежеп тоқтатады, адамзат
ба­ласы шексіз өсе алмайды. Әйтпесе, жер бетіне сыймай кет­
кен болар еді. Сондықтан, әлем халқының өсімі 7-8 миллиард
деңгейінде тоқталса да жаман болмас.

– Қандай факторлардың есебінен тоқтайды ол сонда?

– Демографияның өзінің факторы. Туғандардың саны азая­

ды. Халықтың құрамы қартайып, өлгендердің саны көбейеді.
Мен малтузиандықты, халықтар өсімін қасақана шектеп қы­рып-
жоя­тын жауыздықты, қырғын соғысты мегзеп тұрған жоқ­пын.
Ха­­лық өсімінің өз заңдылығын, табиғи ағымын айтамын. Қа­зір­

де бү­кіл Еуропа, Америка өсімді тоқтатты. Ресей төмен құл­ды­
рап барады. Қытай да саябырсыды. Дәл осындай жағдай бүкіл
адамзат баласын қамтымай қоймайды. Үлкен эпидемия­лар келуі
мүмкін. СПИД-тің өзі адамзаттың өсуіне тежеу жа­сайды. Мы­

на келе жатқан доңыз тұмауы да қорқыныш ту­ғы­зады. Құдайым
бұлардың бетін аулақ қылсын. Дегенмен де, жа­һандану бүкіл
адам­зат баласының демографиялық мінез-құл­қын түбірімен өз­
гертпей қоймайды. Сен жаңа қандай фактор деп сұрап отыр­сың,

тағы да айтамын, халық өсіміне әсер етуші негізінен де­мо­гра­
фияның өзінің ішкі факторы, өз дамуының заңдылығы болмақ.
Бұл үшін бір әйел бір-екі баламен шектелсе жетіп жатыр. Мұның
демографияға келтіретін зиян-зардабы анау айтқан қырғын со­ғыс­

тардан әлдеқайда артық болмаса кем емес.
Халық қартайған жағдайда, тіптен, өсімге екі баланың өзі
де аздық етеді. Ол кезде өлімнің жалпы деңгейі күрт көтеріледі
де, екі бала халықтың санын сақтап тұра алмайды. 2,4-2,5 ба­

ла қажет болады бұл жағдайда. Мысалы, қазір орыстың санын
көтеру үшін Қазақстанда екі бала жеткілікті болса, Ресей үшін
екі жарым бала қажет. Өйткені, онда өлім күшті, халықтың
қартаюы үдеп барады. Демографияның мұндай нәзік перне­

лерін ескермеске болмайды.

– Мақа, дегенмен де, өз келемізге оралсақ, еліміздің Ор­

талық, Солтүстік және Шығыс өңірлеріндегі қазақтардың жал­
пы халықпен салыстырғандағы үлесі қанша? Осы үлестің жа­
қын болашақтағы өсу келешегі қандай?

– Қазақтың өсімі, әрине, барлық жерде бірдей емес. Үлес

пайызы да әр жерде әртүрлі. Мысалы, Батыс Қазақстанда, сол
өңірдегі төрт облыста қазақ 80 пайыздан асып отыр. Шымкент,
Қызылорда мен Жамбыл облыстарын қосып алғандағы Оңтүстік
Қазақстанда 70 пайыздан артық. Қазақтың үлес пайызы әлі де

төмен жерлер бар. Ол негізінен солтүстік өңір. Мұнда, тіпті,
тың игерген уақытта 1959 жылғы санақ мәліметтері бойынша,
19-ақ пайыз болатынбыз. Қазір, құдайға шүкір, бұрынғы Тың
өлкесінің Ресеймен даулы бес облысындағы қазақтың үлесі 40

пайызға тақалды. Салыстырмалы түрде аз болмаса да, көңілді
онша көншітетін пайыз емес, төменгі деңгей саналмақ.

– Республика бойынша 36 пайызды құраған кезіміз де бол­

ды ғой. Соған қарағанда...

– Иә, болды. Егемендік алған кездегі орташа халімізге те­

рістік өңірімізде енді ғана жетіп отырмыз. Шығыстағы үле­
сіміз 60 пайыздай. Бірақ онда Бородулиха, Шемонаиха, Глу­
бо­ковское деген сияқты таза орыс аудандары бар. Олар­дағы
қа­зақтың пайызы мүлдем аз. Өскеменнің өзіндегі қазақ та 30

пайыздың маңында қалып отыр. Кезінде мұндағы қан­дас­та­ры­
мыз 2-3 пайыз ғана болғанына не дерсіз.

– Бұл ахуалды қалай түзетуге болады?

– Ол үшін ішкі көші-қонды реттеуіміз керек. Ол реттелсе,

солтүстік облыстардағы қаракөздердің өсу перспективасы да
молырақ болары сөзсіз. Ішкі миграция сол мақсатқа сай икем­
деліп те жатыр. Оралмандарды Түркістан мен Шымкенттің,
Алматының айналасына иіре бермей, терістік облыстарға жі­

берген жөн. Артық жұмыс қолдарын күнгейден теріскейге кө­
шіру керек. Міне, ішкі көші-қонды осылай реттеу арқылы сол­
түстіктегі қазақтың үлесін біршама көтере алмақпыз.

– Бұл орайда Астананың да игі әсері болып жатыр-ау.

– Әрине, Астана да тартудай-ақ тартып жатыр қан­дас­тар­

ды Сарыарқаға. Айталық, Қарағанды облысында қазақтың
пайы­зы бір кезде 28-29 болса, қазір қаланың өзінде 40-қа жа­
қындады. Өткен жылы Теміртаудың 50 жылдығында бол­дық.
Сол Теміртауға алғаш келгенде онда қазақты мүлде көр­мей­

тінбіз. Қазір осы қаладағы қазақтар 17 пайыз деп маған Те­

мір­таудың әкімі мақтанышпен айтты. Әрине, әлі де аздау. Бі­
рақ 17 пайыздың өзі де Теміртау қазақтарын біраз белестерге
асыратын сияқты болып көрінеді маған. Жас кезімізде шеру­
ге шығып жүргенде осы Теміртауда бір орыстардың: «Отку­

да их собрали?» деп менсінбей шекесінен қараған сөздерін
естіп қалғаным бар. Ал енді 250 мың халыққ а 17 пайыз де­
геніміз – 37-38 мың қазақ. Бірнеше мектептері, тілдік ортасы
бар, әжептәуір қазақиланып қалыпты.

Сол сияқты, қазақтың пайызы Қостанай, Петропавл, Пав­
лодар қалаларында да азырақ. Астана 60 пайызға тақап, бұ­лар­
дан кішкене алда тұр. Көкшетау қазағының да пайызы 50-ден
асты. Демек, біз Орталық, Шығыс өңірлерді әлі де игере түсіп,

этнодемографиялық жағынан біркелкілікке жеткеніміз абзал.
Ортақ көрсеткіш болашақта 70 пайыз болғаны дұрыс. Менің
ылғи қазақ 70 пайызға жетпей өзінің мемлекеттігін де, тілін
де, ділін де, елдігін де ұстап тұра алмайды деп қайта-қайта

қақсап айтып жүргенім бекер емес. Қазақтың 70 пайыздық
үлес салмағын біртіндеп барлық өңірлерге жаю керек.

– Бәлкім, қай өңірдегі де ең төменгі пайыз 70 болуы ке­

рек шығар?

– Енді, кейбір жерлерде қазақтың үлесі 95 пайызға кетіп

қалуы мүмкін. Ал кейбір жерлерде 50-60 пайыздан аспақ. Ал­
дағы 10-15 жылда солтүстік облыстар бұл межеге де жетіп
қалар.

– Өзіңіз айтып жатқандай, еліміздің барлық өңірлерінде

негізгі халықтың үлесі бір деңгейге түсу үшін Үкімет тарапы­
нан қандай шаралар қарастырылғаны жөн?

– Оның бірқатарын жаңа айтып өттім. Әсіресе солтүстік

өңірлерде бейімделу орталықтарын ашыңдар деп құлаққ ағыс
етудеміз. Көші-қон табиғи, жаймашуақ, стихиялы түрде жүр­
гені мақұл. Солтүстік өңірдің экологиясы жақсы, табиғаты та­
за. Бос жатқан жерлері де баршылық. Шаруашылыққ а, егін­

шілікке және мал өсіруге қолайлы жерлер де жетіп артыла­
ды. Осылармен қатар демографияның өзінің төл тетік-тегер­
шіктері де жұмыс істейді. Мысалы, Алматы мен Шымкенттің
айналасына халық сыймай бара жатқанда олар атбасын қай

жаққ а бұруға мәжбүр? Жұмыссыз жүрмейді ғой. Соларды сол­
түстікке бағыттаған жөн. Осындай тетіктерді пайдаланып, іш­
кі көші-қонды реттеу керек.
Сырттан келген миграцияны да солай қарай икемдеген­

нен ұтылмаймыз. Бұл арада мынандай нәзік жайттарды да ес­

керген орынды болмақ. Орта Азиядан көшіп келушілер бірден
солтүстікке бара алмайды. Демек, оларды оңтүстікке қалдыру
керек те, күнгейдің тұрғылықты халықтарын теріскейге кө­ші­
ру­ге ыңғайлаған абзал. Мысалы, Өзбекстаннан келген қазақтар

Шымкенттің айналасында қалып қойып, ол жердің тұрғындары
Қызылжар мен Көкшетауға барып орнығуға бейілі де, бейімі
де,тілі мен ділі де әбден орайласады дер едік.

– Мақа, қала халқы мен ауыл халқының санына байланыс­

ты болжамдарыңыз дұрыс шықты ма? Нақты айтсақ, қазір қа­
зақтың қанша пайызы ауылда, қаншасы қалада тұрады?

– Қала мен ауыл, дала мен қала жөнінде әңгіме қозғар бол­

сақ, қазір қазақ әлемдік урбанизацияның ортан беліне келді. Бү­
гін таңда қазақтардың 50 пайыздан астамы қалада, 50 пайыз­
ға жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Бұл ілгері баса бере­
тін үдеріс. Сөйтіп, енді бір 10-15 жылдан кейін қазақтың се­

лода үштен бірі қалады да, үштен екісі қаладан табылады.
Осы­лайша біздің қазақ та басқа халықтар сияқты урбаниза­
ция төріне еркіндеп енеді дей аламыз. Олай енбесек, кенже
қалып қоя бе­реміз, сыбағамыздан қағыламыз. Өйткені, өркениет

игі­лік­терінің бәрі қалада. Қазір қазақтың көп мәселесі, түйт­
кілдері қалада жинақталып, қордалана түсуде. Сон­дық­тан, қа­
ладағы қазақтың мәселесіне көбірек мән беруді, жітірек үңі­
луді Үкіметтің есіне саламыз.

– Ауылдағы ағайынға беретін кеңесіңіз қандай?

– Қазақ ауылы сақталады. Егер ауылдың агротехника­

сы орташа еуропалық деңгейге жеткізілсе, қазақтың үштен бі­­
рі­­нің ауыл­да тұрғаны әбден жеткілікті, азық-түлік мұқтаж­ды­­
ғын қам­тамасыз ете алмақ. Дәл Даниядағыдай болмаса да,
Ита­лияның оңтүстігіндегі Сицилиядағыдай агротехникамыз

бол­са, жалпы Қазақстан 25 пайыздық селолық халықпен-ақ
өзін-өзі аузы-мұрнынан шығара асырай алады. Бар гәп аг­ро­
тех­никаның деңгейі мен мәдениетіне байланысты. Әрине, Еу­
ропада бір сиырдан алынатын сүтті біз бес сиырдан әрең ал­

сақ, онда береке болмайтыны белгілі. Америкада 5 пайыз фер­
мер бүкіл елін асырайды. Ол неліктен? Себебі, агротехника­
сы күшті. Жетіліп жарақтанған, жұмысты жолға қойған. Біз де
соған жетуге ұмтылуымыз керек.

Екінші бір мәселе, «ауылым-ай» деп аңырай бергенше,
қазақ қалада қалай өмір сүреді, қала тұрмысына қалай кірі­
геді, қаланы қайтсек қазақтандырамыз, қалалық қазақтар қай

тілде сөйлейді дегендей сансыз сауалдарға жауап іздестір­
ген дұрыс. Қазақтың проблемасы ауылда да, қалада да жет­
кілікті. Бірақ негізгі салмақ қалаға түсіп келеді. Ендігі жерде
қазақ ел боламын десе, қалада көркеюі керек. Үйдің мәселесі

қайда? Қалада. Оқу қайда? Қалада. Жұмыстың мәселесі қай­
да? Қалада. Денсаулық сақтау да қалада. Демек, қазақ қала
өмірін, қала тіршілігін батыл игеріп, соған кірігуі керек, Абай­
ша айтсақ, содан кетігін тауып, кірпіш болып қалануы керек.

– Осы санақтың алдын-ала қорытындыларына қарап тұ­

рып біз сапалық тұрғыдан ауыз толтырып айтарлықтай қандай
жағдайлар бар дей аламыз? Жалпы қазақ тұрғысынан алғанда
да, Қазақстан халқы тұрғысынан алғанда да?

– Біріншіден, қалада тұратын қазақ жұртының эко­но­ми­

калық белсенділігі артып отыр. Жұмыссыздық байқалса да,
қазір жұмысшы болуға тырысып, жаңа мамандықтарды мең­ге­
руге құлшыныс көбейді. Не істерге білмей сасқалақтап қалған
ешкім жоқ. Тіпті, мен айтар едім, Орта Азия халықтарының

ішінде қазақтар мына өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен бауыр­лар­
ға қарағанда әлдеқайда пысық, ілгері тұр. Компьютерді мең­
геру, шет тілдерді білу жағынан болсын, мал табу, ғылым іздеу,
қазіргі өмірге бейімделу жағынан болсын көп жағдайда қазақ

әлдеқайда жоғары тұр, алда келеді. Мысалы, Өзбекстанның
өзінде қазір, «аграрный перенаселенность» дейді, халық қыш­
лақ­тарға жиналып қалып, жұмыссыздық белең алған. Білім
деңгейі төмен, еңбек өнімділігі нашар жағдайда қалып отыр.

Бұл жақсылық емес. Өзбектер көп өсіп келеді деп ылғи ай­
тып жүрміз. Түбінде осылай тез өсуі өзбекті де, басқаларын
да бірсыпыра қиыншылықтарға душар етеді. Өйткені, бұл
жайт жұмыссыздықты көбейтеді, халықтың тұрмысын нашар­

латады. Оларда бұл түйткілдердің тиянағын табатын нақ Қа­
зақ­стандағыдай кең мүмкіндіктер жоқ.

– Осы санаққ а байланысты өзіңіздің тағы қандай айт­пақ

пікірлеріңіз бар? Келесі санақта халқымыздың саны қан­ша­ға
жетеді деп ойлайсыз және оның ішінде қазақ қанша бол­мақ?
Жалпы елдегі демографиялық саясаттың қай арнада жүр­гі­зіл­
гені мақұл?

– Қазақтың нағыз өсетін кезеңі алдағы 10 жыл. Өйткені

демографиялық «Беби-бумның» шыңы да алда. Бірақ та мы­
на қаржы тапшылығы оның кішкене түзетіп, ұшар басын кесіп
тастауы мүмкін. Әйтсе де бұдан үлкен кесел келе қоймайды.

Сондықтан, алдағы кезеңде әсіресе мына «Нұрлы көш» бағ­дар­
ламасы жүзеге асатын болса, қазақтың өз тарихындағы ең бір
мықты өсімі осы кезеңге сәйкес келмек. Орта дәрежеде да­мы­
ғанның өзінде біздің алдымызда үлкен де қарқынды өсім то­

сып тұр. Бұл уақыт ыңғайына қарай күрделі үдеріс те бола­
тын сыңайы бар. Оның толық сипатын алдағы өмір көрсете жа­
тар. Десек те, келесі санақта, яғни 2020 жылы біздің болжам­
дарымыз бойынша Қазақстан халқы 22-23 миллиондық ме­жені

еңсермек. Сол кезде оның 75 пайызы қазақ болады. Бұл де­
геніңіз 15 миллион, бар халықтың төрттен үші. Алла жаз­са,
сол жағдайға жетеміз, атажұртымызда, тарихи Отанымызда
байырланамыз.

Сонымен бірге түркі тілдес халықтармен қосып алғанда 80,
мұсылман діндестермен бірге 82, ал шығыс тектес халықтарды
қосқанда 83-84 пайыздық үлес салмағына жетуге тиіспіз. Бұл
да жақсы нышан. Былайша айтқанда, халқымыздың ділін байы­

тады, тілін сүйемелдеп қолдайды. Одан арғы жерде ұлттық сая­
сатымыз дұрыс жүргізілген жағдайда бұл халықтар келешекте
үлес салмағы көбейген қазақтың айналасына ұйи бермек, топ­
таса түспек. Өткен сұхбатымызда Бұқар жырау атамыздың:

Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан –
деп келтірген сөздерін мен былайша дамытып айтар едім:

Қосының болсын қалпақтан,
Туысың болсын жан-жақтан!
Ақ қалпақ ағайындарды астарлап айтқаным ғой. Басқа ха­
лықтарды әсте бөтенсітіп, өгейсітіп, өзектен тебуге болмайды.

Ал өзіміз өте талантты, өте жігерлі, өте тегеурінді ұлт саяса­
тын ұстана білуіміз керек. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
осы орайда бәрімізге үлгі көрсетіп отырғанын да ұмытпайық.
Біздің қазақтың ұлт саясаты жібектей мамық, жас шыбықтай

икемді, темірдей тегеурінді болсын. Сабырлы да сарабдал сон­
дай саясат қазақтың көсегесін көгертеді, елімізді өркендетеді,
халқымыздың санын арттырады, сапасын жақсартады, сана­
сын нұрлы биіктерге көтереді.

– Иә, сөйтіп Ұлт ұраншысы атанған жырау бабамыз айт­

пақшы, «сегіз қиыр шартарапты шынтақтап жатып сал­мақ­та­
найық» дейсіз ғой. Лайым айтқаныңыз келсін.

3. Демографиямыздың талғары

Бүгінде әлем таныған атақты ғалым Мақаш Тәтімов де­
мо­графияға қалай келді, қалай демограф болды? Мәселеге
байып­пен тереңірек үңілсек, мұның әсте кездейсоқ емес, зан­
ды құбылыс екенінін байқаймыз. Себебі, демография – ха­

лық туралы ілім. Ал, алпысыншы жылдарда атамекенінде аз­
шылыққ а айналған қазақтар қатты қағажу көре бастады. Тілі
де, ділі де, мәдениетте де, мектепте де, ғылым-білімде, кадр
мә­селесінде, ұлттық байлық пен әлеуметтік игіліктердің бө­лі­

ні­сінде де жергілікті халық шетке қағылып өгейсітілді. Мұның
өзі үлкен ауқымдағы ұлттық кемсіту мен қорлауға айналып ба­
ра жатты. Ұлт мұратына қауіп төнді.
Осындай қиын жағдай, өліара мезгілде қазақты қорлық

пен құрып кетуден құтқаратын, ұлтсызданудан сақтайтын бір­
ден-бір жол – халықтың санын көбейту, оның атамекендегі
үлес салмағын өсіру, ұлттық демографиялық тінін жақсарту
екенін тереңнен түйсініп, саналы түрде сезінген адамдардың

бі­рі – арманшыл жас жігіт Мақаш Тәтімов еді. Қазақ ұлтының
де­мографиялық ахуалы өзінің төменгі шегіне жете құлдыраған
осы шақта өз халқын сүйген, сол бір кезеңнің нақты жағдайын
терең түйсіне зерделеген Мақаш сияқты зерделі де пайым­

ды жас азамат демография ғылымына бетті бұрмауы мүмкін
емес еді. Бұл кезде Мәскеу отаршылдығынан шынжыр үзіп,
тәуелсіздік алу түске де кірмейтін. Тығырықтан шығаратын
ең дұрыс, ең парасатты жол – тыныштықта, бақуаттылықта,

дамудың табиғи ағысында дау-дамайсыз, дабырасыз жүзеге
асырылатын Демография майданы болатын. Осыны дәстүрлі
даналығымен, ішкі түйсігімен ұғынған қазақ халқы алпысын­
шы жылдардың басында Демография майданына шықты, қазақ

шаңырақтарыңда жетеуден, оннан қарадомалақтар жүгірді, қа­
зақ ауылдарында «демографиялық дүмпу» белең алды. Ұл­ты­
ның перзенті, болмысынан дегдар Мақаштың да демография
ғылымындағы мылтықсыз майданы нақ осы тұста басталды.

Біздің ойымызша, өз атамекеніңде 28-29 пайыз азшылықта тұ­
рып бастаған қазақ халқының осы демографиялық майданын

үнді халқының ағылшындарға қарсы Махатма Ганди бастаған
атақты «азаматтық мойынсұнбауымен» салыстыруға болады.
Ал, Мақаш алғашында сол майданның үгітшісі, жаршысы бо­
лып, келе-келе ту көтеруші, қолбасшысына айналды. Қазақтың

демография ғылымын жөргегінен бастап тербетіп, әлемдік
дең­гейге кө­терді. Қазақ мемлекеті жүргізетін демографиялық,
кө­ші-қон сая­саттарын қалыптастыруда мінеки, жарты ғасыр
бойы жан­кештілік танытып, әлі күнге дейін өлшеусіз еңбек

сіңі­ріп келеді.
Мәкең кезінде металлург та болып кете жаздаған. Онда қазақ
халқы өзінің бірден-бір демографынан, қоғам қайраткерінен,
біздің қазіргі тәуелсіз мемлекетіміздің демографиялық саяса­

тын жасап-ұсынушы саңлақ саясаткерінен көз жазып қалған
болар еді. Бақытымызға қарай, бұл жолы құдайдың көзі түзу
болған екен. Соған қарағанда, бір халықтың бірден-бір демог­
рафы болу маңдайына жазылған Мақаш та тегін емес. Жетінші

атасы дүйім қазаққ а аты шығъш, сүйегі қасиетті Түркістанға
қойылған Қалыбай батыр... Тоғызыншы атасы жауырыншы
Жү­гіней сүйек қарап болжам айтып, қарауындағы халықты
көл­денең қауіп-қатерден талай аман сақтап қалған дейді. Қаз

дауыс­ты Қазыбек бидің жауырыншысы болған. Ендеше, Ма­
қаң­ның демографияны таңдап, халқымыздың өткенін шолып,
бү­гінін байырқалап, келешегін болжауға құзырлы демограф
бо­луының өзі, сірә, сол әулиеден ауысқан қасиет шығар!

Қалай болғанда да Алматының іргесіндегі Талғарда он ба­
ланың кенжесі болып туып, әке-шешеден он үш жасында қалған
жас Мақаш орта мектепті бітіре сала арман қуып Қазақстан
Магниткасын көтеру үшін Теміртауға барады. Болашақ Пре­

зидентіміз Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Украинаның Днеп­
родзержинск қаласындағы техникалық училищеде екі жыл
оқи­­ды. Осында 1959 жылы Бүкілодақтық халық санағын жүр­
гізуге атсалысады. 1962 жылы Мәскеуге оқуға аттанады. Он­

да Мемлекеттік педагогикалық институтының арнаулы пси­
хо­логия факультетінің студенті болады. Талапты жас оны да
місе тұтпай, өз бетімен Мәскеудің экономика және статисти­
ка институтында атағы әлемге әйгілі ғалым, профессор Б.Ц.

Ур­ла­нистен дәріс алып, ғұламаның ізін басады, 1967 жылы
осы институттың аспирантурасыңда қалдырылып, жабық та­
қы­рыпқа мезгілінен бұрын кандидаттық диссертацияны сәтті
қорғап шығады.

Мәскеу кезеңінен айтпауға болмайтын бір-екі әңгіме бар.
Ма­қаш 1964 жылы екінші курстың студенті кезінде СОКП Ор­
талық Комитетінің түкірігі жерге түспей тұрған бірінші хат­
шысы Никита Хрущевқа жаппай ұжымдастыру мен отырық­

шы­ландырудағы асыра сілтеуден қазақ халқының қатты зардап
шеккені туралы хат жазып, мұның «қасақана жасалған гено­
цид, нағыз халықтық трагедия» болғандығын атап көрсетеді.
Кеңестік қоғамның қоясын ақтарған, туған халқының де­мо­гра­

фиялық сергелдеңдеріне жан айқайын қосқан осынау шыншыл
да батыл хаттың авторы сол кезде небәрі 24 жаста болатын.
Алпысыншы жылдары қазақ мектептері бірінен соң бірі
жабылып жатты. Қазақ ауылдары болашағы жоқ, «перспекти­

васыз» деп жарияланды. Қазақ тілінің тұнығы лайланып, ая­
сы тарылып, тұншықты. Домбыраны «мыңқылдатпай», мә­де­
ниетімізден аластап, сахна маңына мүлде жолатпауға ұсыныс
жасалды. Қазақтар өз атамекенінде түрлі жағдайда, түрлі дең­

гейде, басы Димаш Ахметұлы Қонаев болып, кем­сі­ту­ші­лік­
тің небір көкесін көреді. Ұлттық мүддеміз Орталық тарапы­
нан аяққ а басылды. Осы бір ауыр кезенде Мұрат Әуезов, Ма­
қаш Тәтімов және басқалары бастаған мәскеулік қазақ сту­

дент-жастары қазірде аңызға айналған атақты «Жас тұлпар»
ұйымын құрды.
Мақаш ұйым қатарыңда жүріп қазақ халқының Кеңес өкі­
меті жылдарындағы демографиялық тарихын һәм сол кездегі

демографиялық ахуалы мен болашағын зерделеген лекциялар
оқыды. Қазақ ұлты демографиялық даму барысыңда көрген
қия­наттар мен әділетсіздіктерді суыртпақтап айтып отырды.
Сол кездегі саяси жағдайда бұл көзсіз ерлік еді. Бұл уақытта

ХХ съездің «жылымығы» ұмытылып, саясаттағы ауа райы қай­
та­дан ызғарланып, тоталитарлық тоңы қатая бастаған-тын. Мі­
не, бүгінгі халықнамамыздың темірқазығына айналған мәш­
һүр ғалым Мақаш Тәтімов қазақ демографиясындағы ал­ғаш­

қы қадамдарын осылай жасаған болатын. Студенттік кездің
өзінде-ақ ғылыми ортада «Қазақстанның Урланисі» атанған
Ма­қаш қазақ халқының саны мен құрамы және орналасуы жө­
ніндегі тырнақалды монографиялық ғылыми еңбегі – «Цифр­

лар шежіресін» (1965 жылы) жазып бітірген-ді.
Мақаң жетпісінші жылы елге, Алматыға оралғасын Ы. Ал­
тын­сарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институ­
тында, 23 жыл бойы Ғылым академиясында өзінің жаны сүй­

ген, соның халық зарын айта білетін ащы шындығынан өзегі
күйген ғылыммен дендеп шұғылданды. Қазақстан мен қазақ
халқының демографиялық даму сатыларының өткенін, бүгінін
талдап-сараптады, болашағын пайымдап, болжады. Қазақ және

орыс тілдерінде жиырмаға жуық кітап, іргелі монографиялар
жазды. Солардың әрқайсысы алыс-жақын жұртшылықты елең
еткізіп, ғылыми-мәдени өмірде бір-бір толымды оқиға болып
отырды.

«Демография – халықтану», «Развитие народонаселения
и демографическая политика», «Өркені өскен өлке», «Со­циаль­
ная обусловленность демографических процессов», «Ауыл­­да­
ғы демографиялық ахуал», «Халықнама немесе Сан мен Са­

на», «Қазақ әлемі», «Дербестігіміз – демографияда», бас­қа
да кі­таптары халықтың демографиялық сауатын ашты. Қан­
ша­ма ғылыми мақалалар жариялады, сұхбаттар берілді. Мә­
кеңнің 1989 жылдың басыңда «Жұлдыз» журналында шық­қан

«Мешін жылғы апат» атты мақаласы әлі есімізде. Жұрт­ты дүр
сілкіндіріп еді. Ақиқатымен. Алмастай өт­кір­лі­гі­мен.
Әрине, Кеңес кезінде көптеген архив жадығаттары мен
құ­жаттары жабық болды. 16-жылдың ақиқатын, 21-22 жыл­

дар­дағы ашаршылық жайын, 32-жылғы сталиндік-голощекин­
дік геноцидтің сұмдығын, қазақтың қаймағы сыпырылған 29
және 37-жылдардың қызыл қырғынын, тың игеру кезінде Қа­
зақстанда орын алған миграциялық қиғаштықтарды ашық ай­

ту мүмкін емес-тін. Қысқасы, қазағым қиянат көріп еді деп
айтуға болмайтын. Бұлар, көбінесе тұспалдап жеткізілді. Ал,
іште тынған сол шеменді ақтарып, ақиқатты ашық айтатын за­
ман келгенде, Мақаш ағамыз қапастан шыққ ан бұлбұлдай ер­

кін тыныс алды, барша шындықтарды үлкен парасатпен кеңі­
нен толғады.
Одан бұрын да үндемей тұра алмаған-ды. Кеңес Одағын­
дағы әр ұлтқа әртүрлі қолданылған, түркі тектестердің табиғи

өсімін шектеуге, славяндарды артықшылық жағдай жасап кө­
бейтуге бағытталған екіжүзді демографиялық саясатқа қарсы
шықты. Әр халықтың демографиялық өсімі өз еркімен табиғи
түрде, бірдей жағдайда шешілсін. Үкіметтің отбасы, яғни ерлі-

зайыптылардың нәзік мәселесіне, киелі құпиясына араласуға,
бейнелеп айтқанда, олардың «көк көрпесін» ашып қарауға
ха­қысы жоқ, «көк көрпе» өз еркімен бүлкілдесін – дейді Ма­
қаш, – Бұл ретте біреуге қысымшылық жасап, тағы біреуге

артықшылық беруге болмайды. «Шын мәнісінде бұл кемсі­
тушілік саясат», деп жазды қазақ демографы. Сондай «шәлкес»
мінездерін жақтырмай қалған өктемшіл Мәскеу орыс тілін­
дегі екі монографиясы, қазақша бес-алты кітабы бола тұра,

докторлық қорғаудың жолдарын тарс бекітіп жауып тастаса
да, Мақаш Байғалиұлы тәуелсіздігіміздің төрінде 1995 жылы
«Жас мемлекет – Қазақстан Республикасының жеке өзіндік
демографиялық саясатын қалыптастыру мәселелері» деген та­

қы­рыпқа докторлық диссертация қорғады. Сонда, академик
Дос­мұхамед Кішібеков, белгілі заңгер, профессор Сұлтан Сар­
таев және басқалар еңбектің әділ сарабын жасай келе: «Мақаш
шын мәнісінде баяғыдан бері доктор еді. Бүгінгі қорғау со­

ны тек қағаз жүзінде ресми заңдастырып бекітудің рәсімі
ғана. Тәтімовті демография саласында әлемдік деңгейдегі ірі
ғалымдардың қатарына батыл қоюға болады» деп айтқандары
құлағымызда қалыпты.

Шынында, батыстың ғалымдары Мақашты әу бастан-ақ
ба­ғалады да, мойындады да. Сонау 1979 жылдан бастап оған
үзбей сілтеме жасап отырды. Тәтімовке жүгінсек, – дейді аме­
рикандық саясаттану докторы Роман Солжанук, – 2000 жылы

Кеңес Одағындағы орыстардың үлес салмағы 43-45 пайызға
дейін кемиді. Қазақтардың саны қазірдің өзінде 7 миллионға
жақындап қалған. Бұлай ашық айту – Кеңес ғылымындағы
бірінші һәм өте батыл қадам.

1985 жылы ағылшынның демография профессоры Шиху
Энна мен немістің саясаттану докторы Бэсс Браун былай деп
жазды: «Тәтімов қазақтар 1970 жылы ғана 5-6 миллионға жетіп,
өзінің бұрынғы санын қалпына келтіре алғандығын растайды.

Бұл арада ол КСРО-дағы идеология мен саясат тұрғысынан тыс,
шетін тұсқа аяқ басқан... Тәтімов адал ғалым ретінде қазақтар
бұрынғы санын қалпына келтіріп отыр дегенде, ұжымдастыру
кезінде күштеп көшіру мен отырықшылаңдырудың салдары­

нан қазақтардың орасан зор құрбандықтарға ұшырағанын ай­
тып отыр».
Мақаштың өзі де демографиялық ақпараттарды ашық ай­
тамын деп 1986-87 жылдары «Правда» газетінің қаһарына

ілініп, «Желтоқсанның» демократиялық дүрбелеңінде басты
ұйым­дастырушылардың бірі деп танылып, құрбандыққ а ұшы­
рай жаздағаны бар. «Правда» газетінің сондағы Мақашты төм­
пеш­теп сынағанын «Еуропа дауысы» «Правданың» орашолақ

пікірі деп мысқылдаған-ды.

Демография қоғам мен халық өмірінің барлық саласына
ара­ласады. Әсіресе тәуелсіздік жылдарында демограф Ма­қаш
Тәтімовтің күрескерлік, қайраткерлік, саясаткерлік, аза­мат­тық
тұлғасы одан әрі тұғырланып, айқындала түсті. Өз ұл­ты­ның

адал перзенті әлдекімдер ұнатпай қалар деп үрікпей-ақ, «Жел­
тоқсан», «Азат», «Алаш» сынды отаншыл қозғалыс, пар­тия­
лар­дың жұмысына белсене қатысты. Тікелей және қоғамдық
қызметімен «үлкен ресми саясатқа» да игі ықпалын тигізе біл­

ді. Тәуелсіз Қазақстаңда ұлтаралық татулық пен азаматтық ке­
лісімді сақтау, саяси тұрақтылықты нығайту, демографиялық
және миграциялық саясатты қалыптастыру жолында да күш-жі­
гер мен ғылыми зердесін, талант-қабілетін аянбай жұмсап ке­

леді. Бұл орайда, әсіресе, ел Президенті аппараты мен Министр­
лер кабинетінің ақпараттық-талдау орталығында аға сарапшы,
Стратегиялық зерттеулер институтында бас ғылыми қыз­меткер
болып істеген жылдарыңда толымды жұмыстар атқарды.

Мақаң жүрген жеріңде әрі күлдіріп, әрі байыпты түрде
«Көк көрпе бүлкілдей берсін» деп насихат айтса, ол керауыздық
немесе бейпілдік емес. Ол Қазақстан халқын сан және сапа
жағынан өсіруге шақырған азамат ғалымның жаң дауысы, өмір­

лік мұраты деп білуіміз керек.
Мақаш Байғалиұлы мен Елбасы арасында жаймашуақ дос­
тық қатынас орнаған. Бір кезде бірге оқыған досымен 31 жыл­
дан кейін, 1991 жылдың маусымында кездескенде «Әділеттің

ақ жолы» деген кітабына: «Құрметті Мақаш! Жас кезімізде
өмір жолын бірге бастап, металлург мамандығын бірге игер­
ген тәтті күндердің ескерткіші» деген қымбатты қолтаңба жа­
зып беріп еді. Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір кездескен сайын:

«Қа­зақты қашан көбейтеміз, Мақаш?» деп әзіл-шыны ара­
лас сұрап жүреді. 2008 жылы Днепродзержинскіде бірге оқы­
ған­дардың Теміртауда болған бейресми кездесуінде Нұ­ре­кең:
«Әй Мақаш, сен бұл жерде қыдырып жүргеніңде өзің көп ай­

татын көк көрпені басқа біреу бүлкілдетіп кетіп жүрмесін» деп
демографиялық астарлы қалжың айтып жұртты ду күлдірген.
Президентіміздің демография мәселелерін өте нәзік әрі терең
түсінетіндігіне Мақаш та тәнті. Сол себептен де өткен жылы

еліміздің демографиясымен сабақтастыра «Елбасы және ел са­
ны» атты кітап жазып шығарды. Осы еңбекпен қатар өзінің
ауы­рыңқырап жүргеніне қарамастан ашаршылық зоба­лаңы

жайын­да «Зұлмат пен зардап», одан соң орыс тілінде әлем хал­
қы­ның өсуі мен дамуының әлеуметтік-саяси проблемаларын
зерделейтін «Глобализация демографии» атты толымды ең­
бе­гін жақында ғана бітірді. Құдай бұйыртса, бас де­мо­гра­фы­

мыздың басты еңбегі осы кітап болмақ.
Менің Мақаш ағаны білгеніме де жиырма жылдан мол
асып барады екен. Осы жылдарда Талғарда орнығып, етене бо­
лып кеттім. Мақаш ағаның да туған жері Талғар. Ол белгілі

жур­налист қаламгер Бекболат Әдетовпен, партия қызметкері
Жұмаділ Сатыбалдиевпен Талғар түбіндегі Ақдала ауылының
фермасында балалық шақтарын бірге өткерген. Үш аға дос әр­
бір кездескен сайын: «МТФ-дан шыққ ан үшеуміз» деп мақ­

таныш етіп отырады. Мен бірде: «Талғардан шыққ ан төр­теу­
міз» десек қайтеді деп інілік базына айтқам. Олар үндей қой­
мады. «Әй, бала-ай!» дегендері болар. Шынында да Талғардан
шық­қан, бұл күндерде демографиямыздың Талғар сынды биік

шыңына айналған Мақаңдардың қатарына қосылу кім-кімге
де оңай болмас.
Қазір, 2010 жылдың ортасына қарай, Қазақ елінің тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның Днепродзержин­

скіде бірге оқыған досы, қазақтан шыққ ан тұңғыш демограф
Мақаш Тәтімов бірінен соң бірі 70-ке толатын мерейлі жылы өз
атамекеніңдегі қазақ ұлтының мерейі биік, мұраты асқақ. Бұл
күндерде Қазақстаңдағы қазақтар 10 миллионан еркін асты,

үлес салмағы 64 пайызға жетті. Әлемдегі алаш жұрты он бес
миллионды еңсеріп барады. Ал, бұл жайт өзінің шешуші ұлттық
майданында қазақ халқының жеңіп шыққ анын көрсетеді. Бұл
туған халқын бақытты болашаққ а сарабдалдықпен бастаған

Елбасымыздың да жеңісі. Біз мұны сонымен бірге Елбасыға
дұрыс демографиялық саясат жүргізуге қанаттаса септесіп,
«Дер­бестігіміз – демографияда!» деп ұран көтеріп шыққ ан,
де­мо­графияны ғашық жарындай сүйетін (Майра жеңгеміздің

құ­ла­ғына алтын сырға) Мақаш Тәтімов ағамыздың да басты
жеңісі, ақжарылқап қуанышы деп білеміз. Және сол қуанышқа
шын жүректен сүйініп, оған мына төмендегідей мадақ жырын
арнаймыз.

Академиксің, ардақтысың, доктырсың, аға,
Жан-жүрегің жұмсақ, рухыңмен өткірсің,аға.

Жауырыншы Жүгіней бабаңнан дарыған кие –
Қоржыныңды қомақты қылып, тоқ тұрсың, аға.
Көк көрпе, шіркін, бүлкілдей берсін деп зыр қаққан аға,
Селдіреген қазақ көбейсінші деп елден

бір ерек үн қатқан аға.
Жалпақ жұртыңның жауырыншысы енді өзің боп,
Санатымызды дүйім дүниеге тыңдатқан аға.
Ұлттың демографиясына үлес қостың сөзбен де

және іспен де,
Не жетсін бүгін Сіздің дастарқанда қуанып,

шалқып ішкенге.
Қазақтың ырыс дастарқанын ең ұлы Парламент деп,
Парасатпен бұлай, махаббатпен бұлай

айтқан жоқ еді бұрын еш пенде.
Кеше мен бүгін, ертеңімізді зерделеген аға,
Қазақтың әрбір миллиондық сатысына

статист болып өрмелеген аға.
Әлемде қазақ әлемет миллион болды деп,
Қалпағын көкке атып,
Қаламын газеттерде сермелеген аға.

Елбасымен бірге еліңді болашаққа жетелеп,
Тайбурылдай құйғыдың өрден өрге, аға.
Айтушы ең өзің: Демография халық туралы ілім деп,
Халқыңа арнап,

сол халқың үшін шырқырап сөз айтқан күнің көп!
Кеңес кезінде шаба алмасаң да кең көсіліп,
Еуропа төсінде арман-мұратың

естіліп тұрыпты-ау дүбірлеп.
Оянған қазақты ойландыру ұлы мұратың,
Саннан – санаға көшіру керек дейсің ұлттың қуатын.
Демографиялық майданда жеңген халқыңды

Қара қазан,

сары баласымен қоса сүйетін және ұғатын...
Ғажап-ақсың! Азаматсың. Алдаспансың. Өткірсің, аға.
Алаштың даңқы асады әлі деп тұрсың, аға.
Демография – мәңгілік жар боп өзіңе,

Ұзағынан сүйіндіріп, мұратыңа жеткерсін, аға!
Ал, Мақаш аға, әрдәйім елменен бірге,
Бажа мен бауыр, жора мен жолдас,

бірге өскен төлменен бірге,

Туыс пен туған, үрім-бұтақпен бірге,
Қосағыңмен қоса ағарып Майра жеңгеммен бірге,
Қазақтың қара шаңырағындағы

үбірлі-шүбірлі төрменен гүлде!..
2009–2010 жж.

МАРҒҰЛАННЫҢ МҰРАГЕРІ

1970 жылдың қоңыр күзінде Алматыға археологиямен шұ­
ғылданамын, аспирантураға түсемін деп бір асықтай ға­на, ба­
ла өңді аққ ұбаша жас жігіт келді. Өскеменнің Алтайынан екен.
Сондағы педагогика инстиутының тарих факуль­тетін бітіріпті.

Енді тарих және археология институтында бір кісіге жағдайын
айтып сөйлесіп отырған әлгі жігітке күтпеген жерден бөлмеге
жайлап кірген Әлкей Марғұлан көзін қадап, назар аудара қалды.
«Мынау бір мүлдем жас бала ғой. Қайдан жүрсің? Кімсің, шы­

рағым?» деп таңырқай сұрады. Мән-жайын білген соң: «Е-е,
айналайын-ай, әлгі, менің Өскемендегі шәкіртім Арысланова
бір талапты бала бар деп еді. Сен сол екенсің ғой. Талабыңа
нұр жаусын. Біздің жаздағы экспедицияларымызға қатысып

тұр. Кейінгісін уақыт көрсете жатар» деп аса ықыласты шы­
раймен, мейіріне бөлегендей, батасын бергендей, соншалықты
жылы сөздерін айтты.
Ырымға көп сенбесек те, айтуға тура келеді. 1946 жылы

Академия құрамында осы институт құрылған кезде соның ер­
те дәуір археологиясы бөлімін Әлкей Хақанұлы өзі басқарған-
ды. Жүре келе «Көне өнер және ежелгі темір дәуірінің ес­
керткіштері» деп аталған бұл бөлім тізгінін кейінірек Алтын

адамның атасы Кемел Ақышев ұстаған. Енді мына ғажапқа
қараңыз. Соңғы жиырма шақты жыл көлемінде осы бөлімді
Әлекең өзі ақ батасын берген баяғы балаң жігіт, қазіргі қазақ
археология ғылымының бетке ұстар беделдерінің бірі Зейнол­

ла Самашев басқарып, Әлекең мен Кемекеңдей абыздардың
ісін бейне бір солардың мұрагеріндей тікелей жалғастырып ке­
леді. Тәуелсіз қазақ елі археологиясының соңғы уақыттардағы
та­быс­тары да «Берел» эпопеясының бас сардары болған осы

аза­маттың есімімен байланысты.

– Зейнолла Самашұлы, археологияға деген аңсарлы ынты­

зар қызығушылығыңыз қалай оянды?

– Бірінші курста, бір күні археология сабағының лекция­

сында отыр едік, Петров деген деканымыз шүберекке оралған
бір уыс заттарды алып келді. Пышақ, жебенің оқтары, тағы
сон­дайлар. Мұғаліміміз мынау мынандай ғасырға жатады, мы­
нау біздің дәуірімізге дейінгі пәленбайыншы жыл деп бізге тү­

сіндіріп, соған байланысты тарихтың қызық әңгімелерін тара­
тып айтқаны әлі күнге дейін есімде қалыпты. Сонда ішімнен
айран-асыр боп, қола, металл заттардың қашан жасалғанын қай­
дан айырып біледі деп аң-таң қалып ойлаймын. Осы жай ар­

хеология мамандығын таңдап алуыма себепші болды.
Алдағы жазда экспедицияға бардық. Өскеменнен жүз ша­
қы­рым Макино деген жердегі бір үлкен археологиялық ке­
шен. Студенттердің ең кішкентайы маған ең кішкентай тас

мо­ланы таңдап берді. Сол жерден адамның сүйегі мен бір құ­
мыра шықты. Не керек, сол құмыра мен қаңқа сүйек мені ал­
ғаш­қы ғылыми еңбегімді жазуға құлшындырды. Курстан курс­
қа тереңдеп, институт, республикадан өтіп, БАСК дейді – Мәс­

кеудегі Бүкілодақтық археологиялық студенттік конференция­
лар, қиын да болса соған ілігіп қатыса бастадым.

– Институтты бітірген соң 7-8 жыл ауыл мектебінде мұ­ға­

лім болған екенсіз, сондай қарайыңқырап қалған жоқсыз ба?

– Жоқ, қараймадым. Ертістің жағасы. Алтайдың сілемдері.

Туған ауылым Бестерек. Кәдімгі Ұлан ауданы. Алтай деген қа­
сиетті ғажап өңір ғой. Сонау ықылым замандардан бастап алу­
ан-алуан этномәдени үрдістердің бәрі дерлік осы өлкеде то­
ғы­сып, із қалдырған. Сақтар. Ғұндар. Көне түріктер. Жазғы

ка­никулда ауылдың айналасындағы тау-тасты кезіп жар­тас­
та­ғы суреттерді өзімше зерттей бердім. Бүкіл об­лыс­та­ғы тас
бетіндегі таңба суреттерді жаяулап жүріп зерттеп, көшірмесін
алып, фотоға түсіріп, сипаттамаларын беріп, ма­қа­лалар жазып

бастырып, солай жүріп-ақ Новосибирск, Мәс­кеу­дегі, басқа да
қалалардағы үлкен конференцияларға қаты­сып отырдым.
Оның үстіне, алғаш көргенде өзінің ықылас танытып ша­
қырғаны бар, 1974 жылдан бастап академик Әлкей Мар­ғұ­лан­

ның атақты ғалым Мір Қасымұлы Қадырбаев басқаратын эк­
спедицияларына әрбір жазда үзбей қатыстым. Әлі есімде, өзі­
нің туған ауданы Баянауылдың Жосалы деген жеріндегі қола
дәуірінің қонысын қазып жатқан шақта Әлекең жетпіске то­

лып, ығай мын сығай қаптап келіп құттықтап еді. Өзі бізден
жағдайымызды сұрап қояды. Басына сұр беретін бастыра киіп
жүгіріп жүреді, 70-ке келді деп ойламайсың. Одан соң, ке­
лесі жылы Орталық Қазақстандағы Атасу деген жердегі қола

дәуірге жататын металлургиялық үлкен бір археологиялық ке­
шенді қазуға бардық. Сонда Әлекеңмен тағы жүздестік. Жетпіс
алтыншы жылы тағы келдім экспедицияға. Соған арқаланып,
жылдан-жылға батылданып, ақыры, 1979 жылы бәрін тастап,

Алматыға келдім. Қазір өзім басқаратын осы бөлімге уақытша
лаборант қылып алды. Сөйтіп кіргізіп едік басымызды үлкен
ғылымға. Одан қилы-қилы кезеңдер өтті. Тарихи ескерткіш­
терді қаздық. Кіші ғылыми қызметкер дәрежесіне жету үшін

төрт-бес жыл жүрдік. Диссертация қорғап, кішісінен ағасына
жеттік. Академиялық ғылымға үйреніп мақала, монография,
кітаптардың шығуы жиіледі. Бір қызығы, бүкіл ғұмырыма же­
терлік, кертіп пайдаланатын материалды сол кезге дейін жи­

нап алған екенмін. Соның түбіне әлі жеткем жоқ. Содан 1989
жылы, қазақ археологиясының негізін қалаушылар, мектебін
қа­лыптастырушылар – Әлекең мен Кемекең сынды кемең­гер­
лердің көзіндей осы қазіргі бөлімді басқаруды тапсырды маған.

– Зеке, еліміз тәуелсіздік алған тұстағы қазақ ар­хео­ло­гия­

сының қадамдары, даму бағдары жайында не айтар едіңіз?

– 1991 жылы Ә.Марғұлан атындағы археология және эт­

нография институты құрылып, өз алдына бөлек шаңырақ кө­
тер­ді. Біздің бөлімнің таңдаған тақырыбы: «Көне өнер және
ежел­гі көшпенділер дәуірінің мәдениеті»; бөлімнің аты да осы­
лай аталады. Археологияға саясат жүрмесе де, салқынын ти­

гі­зе­тінін бастан талай өткергенбіз ғой. Тәуелсіздік ұлттық ар­
хеология ғылымының еркін дамуына жол ашты. Енді еш жал­
тақсыз өз тарихымызды тануға, түбіміз бен тегімізді түгендеп
тексеруге көштік. Сақтар мен скифтер мәдениеті жөніндегі

жүз­деген мақалалар, ондаған кітаптар жазылып шығарылды.
Одан беріде өзімнің жеке тобым пайда болды. Тәрбиелеген шә­
кірттерімнің біразы кандидаттық диссертация қорғады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жан-жақты жаңа сапаға кө­те­

ріп, 1993-1996 жылдары үлкен халықаралық экспедиция ұйым­
дастырдық. Өс­тіп Орталық Азия шеңберінде Қазақстан ау­ма­
ғындағы жар­тастар суреттерін зерттеудің жаңа кезеңі бастал­
ды. Бұған француздар, итальяндықтар, немістер қатысты. Ары

қа­рай осы­нау халықаралық ғылыми интеграцияны өрістете бер­

дік. Өйт­кені, тап сол кезде еуропалық әріптестерден алары­
мыз, үй­ренеріміз көп еді. Берелді бірге қазайық деп келісе
жүрдік. Се­бебі, Қытай Алтайының көп жерлерінде мумиелен­
ген адамдар жерленген орындар табылған-ды.

Содан 1997 жылы Қазақстанның археология ғылымындағы
ерекше құбылыс, елеулі оқиғаға айналған «Берел» эпопеясы бас­
талды. Әлгі жерде жетпіс шақты оба, нысандар бар. Әуелі біре­
уін таңдап алып қаздық. Тоң басқан мұздақ оба. Бақытымызға

қарай соның ішінен үлкен құндылықтар шықты. Мумиелен­
ген патша. Патшаның жанында бір әйел. Бітеу балқарағайдан
ойып шабылған табыт-астаудың теріскей жағында екі деңгейде
қос қабаттап жатқызылған 13 ат. Барлығы алтынмен апталып,

әлеміштеп безендірілген. Өте бай. Қарағай мен самырсыннан
жасалған ою-өрнектер. Аттардың басына таутеке, бұғы, арқар,
таң­ғажайып жыртқыш құстар бейнесіндегі маскалар кигізіл­
ген. Қабір ішіндегі температура минус бір градус шамасында.

Осының арқасында ежелгі Алтай көшпенділері тіршілігінің
сирек айғақ-куәліктері біздің күндерімізге дейін бүлінбей жет­
кен. Тіпті аттардың түгі, ішек-қарны, жеген шөптеріне дейін,
адам­дардың ет-терісі, кристалданған қаны, шаш, сақал-мұрт,

тыр­нақтарына дейін сақталған. Томсарған қорымнан тіл қат­
қан ақпарат өте мол болып шықты.
Міне, осы мәдениетті осыдан үш мың жыл бұрын кім жа­
сады деген мәселеге келгенде шетелдік ғалымдармен арамыз­

да алшақтық туды. Шіркіндер солар сендердің аталарың,
түп­та­мырларың деген бір ауыз сөзді бізге қимайды. Парсы­
дан кел­ген, Қытайдан әкелген деп лағады, олардың сендерге
қатысы жоқ дегісі келеді. Әрине, біз олардың қисынына көн­

ген жоқпыз, тарихи, заттық сабақтастық негізінде Берел құн­
ды­лықтары мен қазіргі қазақтар арасындағы бұлтартпас ұқ­
сас­тықтарды дәлелдеп бердік. Сонымен бірге поли­ге­не­ти­ка­
лық, биологиялық тұрғыдан дәлелдеуді мақсат етіп, патша

мен патша әйел мәйіттерінен екі үлгі алынып, қа­зір­гі Алтай
қа­зақтарымен ДНК-сы салыстырылып тексе­ріліп жатыр. Бе­
рел бойынша қазірдің өзінде көркемделген 7 мо­но­графиялық
зерттеу жарық көрді. Келешекте 400 гектарды алып жатқан

Берел қорым-обалары ашық аспан астындағы му­зей-қорыққ а
айналар күн де алыс емес.

– Берелден басқа да бағыттар бар болар?

– Әрине. Күзге салым, ыстық қайта, ат басын Батысқа қа­

рай бұрамыз. Арал мен Каспий аралығындағы Үстіртте ежел­

гі сарматтардың ғибадатханалары, қорымдары көп сақталып
қал­ған. Бірнеше жылдан бері соларды зерттеп жатырмыз. Бір-
екі үлкен храмдары аршылып ашылды. Архитектурасы ерек­
ше. Мысалы, қазақтардың архитектуралық негізгі пайымдары

сол сарматтар тұсында қалыптасқан секілді... Таяу күндерде
ғана Түркиядан сүйінші данасы келіп жеткен «Үстірт пен Маң­
ғыс­тау қазыналары» деген келісті көркемделген кітабымыз сол
жұ­мыстардың бір нәтижесі.

Одан басқа, 10-15 жыл төңірегінде Атырау облысындағы
көне Сарайшық қаласының орнында қазба жұмысын жүр­гі­
зу­деміз. Сарайшық қаласының тағдыры әрі қасиетті әрі қа­
сіретті. Ол Алтын Орда мемлекетінің астана байтақтарының

бірі, идеологиялық орталығы еді. Берке ханның бұйрығымен
салынған. Ислам діні Өзбек хан тұсында осы Сарайшықта қа­был­
дан­ған. Қазақтың Қасым ханы да астана қылып жайлаған. Ма­зар­
лап соққ ан күмбезді зираттары болған. Сарайшықты Ер­мак бас­та­

ған қарақшы казактар 1581 жылы шауып, қаланы қиратып өртеп,
халқын қырып, хандар молаларын тонап, тып-типыл етіп кеткен.
Иманғали Тасмағамбетов кезінде қол ұшын беріп, осын­
да біраз қомақты жұмыстар атқарғанбыз. Қазір «Мәдени мұ­

ра» бағдарламасы аясында қазбаны жалғастырудамыз. Көп­
те­ген заттық олжалар табылды. Ақша жасайтын сарай бол­ға­
нын айғақтаған көптеген теңгелер шықты. Үлкен-үлкен са­рай­
лардың орындары айқындалды. Осы жайында бірнеше кітап

шығарылды. «Сарайшық» деген, түрлі-түсті суретпен бе­зен­ді­
рілген бірінші кітапты И. Тасмағамбетовпен бірігіп жаздық. Бір
ғажабы, мемориалдық кешен ашылып, сол жерден табылған
жәдігерлерді қоятын музей, мешіт салынды. Осының бәріне біз­

дің археологиялық қазба жұмыстарымыз ұйытқы болды.
«Мәдени мұра» бағдарламасы археология саласындағы
бұ­рын шамамыз келіңкіремей жүрген көптеген түйіндерді ше­
шіп беруге көмектесуде. Айталық, Жем өзенінің бойынан па­

леолит дәуіріне жататын Қазақстан жеріндегі ең көне жартас су­
реттерін тауып зерттеудемін. Бұрынғы материалдарымды қоса
жинақтап «Петрогрифы Казахстана» деген кітап жаздым.
Тағы бір үлкен бағыт мынадай. Біз көне тарихымызды зер­

делеп, түп тамырымызды білуге ұмтылудамыз. Бұл ретте Қа­
зақстанның қазіргі аумағымен шектеліп қалуға болмайды. Кө­
не түрік мемлекеттерінің ту тіккен жері Моңғолияда. Міне, қа­
зір сондағы археологиялық кешендерді зерттеуді бастадық. Кө­

не түрік мемлекеттерінің, кейініректе ұйғырлардың аста­на­сы
болған 25-30 шақырымды алып жатқан Ордабалық қа­ла­сы­ның
орнында үлкен жұмыстар жүргізудеміз. Бұл да біздің ха­лық­
аралық деңгейге көтерілгенімізді одан әрі айғақтай түседі.

Санкт-Петербургте, Омбы мен Томскіде, Ресейдің басқа
да қа­лаларында ақ патшаның чиновниктері мен орыс саяхат­шы­
лары әкеткен мың сан жәдігерлеріміз жатыр. Олар заң шы­ғарып
қой­ған, қайтарып бермейді. Томскіге арнайы барып ақ­шасын тө­

леп, рұқсатын алып, қаншама құндылықтардың суреттерін тү­
сіріп әкелдім. Жоспарға кірді. Амандық болса ол да сипаттама­
ларымен қоса үлкен кітап-альбом болып шығып айналымға
қосылады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табуы керек.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Астанада скиф-сақ дәуі­
рін­дегі этномәдени үрдістерге арналған үлкен халықаралық
жиын өтті. Соның аясында Абылай ханның қамқа шапаны
ұлық­талды. Негізгі баяндамашылардың бірі, әрі осы Прези­

денттік мәдени орталықтың «Берел» залын жасақтап жатқан
жетекші ғылыми қызметкері Зейнолла Самашев үндемей ты­
ныш отырған. Сөйтсе, жігіттер біліп қалыпты. Алпыс жасқа
толып жатқанын. Мәулен, Әлібек сынды азаматтар. Одан Мыр­

зекең естиді. Алпыс жас та үлкен белес. Шүкір құдайға, ол­
жа­сыз емес. Тәуелсіз Қазақстан археологиясының негізгі жү­
гін қара нардай алға сүйреп тартысып келеді. Осы салада ең­
бек еткеніне қырық жыл. 300-ден астам еңбек жазыпты. 20-

дан астам көлемді монография, кітап шығарыпты. Содан,
Зе­кеңді конференцияға жиналған жұрт жабыла құттықтап,
Мыр­затай ағасы, Жансейіт пен Ермұхаметтей министр інілері
иығына шапан жауып жіберді. Бәрекелді! Алтайдан шыққ ан

ар­маншыл еді. Қазақ даласындағы күллі жартастардың, тау-
тас­тар­дың суреттерімен сырласты. Берел бесігін тербетті. Маң­
ғыс­таудың мият қазынасын терді. Сарайшықтың сырын ашты.
Марғұланның мұрагері атанды. Азаматтың арманы не!

2011 ж.

ҚАЗАҚ БОКСЫНЫҢ ҚАРАНАРЫ

Шын мәнінде де, өткен ғасырда қаз тұрып, қанат қаққ ан
қазақ боксын осынау батыр тұлғалы баһадүрсіз көзге елес­
тету мүмкін емес-тін. Бәлкім, қазір айтуға ғана оңай. Ауыл­

дан Алматыға арман қуып келген қарапайым жігіт аз жыл­
дарда бағындырған биіктер тұтас ұлттың абырой-намысымен
астасқан алапалы деңгейге көтерілді. Сол жетістіктерді бір сәт
жіпке тізіп көрейікші. Өз Қазақстанының 11 дүркін чемпио­

ны, КСРО чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері, КСРО ха­
лықтары спартакиадасының 2 мәрте қола жүлдегері, Бірінші
Азия-Африка ойындарының (ГАНЕФО) жеңімпазы. «Буревест­
ник» Орталық Кеңесінің 7 дүркін, «Еңбек резервтері» Орталық

Кеңе­сінің 6 дүркін чемпионы. Қазақтан шыққ ан алғашқы ең­
бек сіңірген спорт шебері. Республиканың еңбек сіңірген жат­
тық­тырушысы. Спортты ғылыммен ұштастырып биология ғы­
лымының кандидаты атанған, болашақ спортшыларға ұла­

ғат­ты ұстаздық етіп, дәріс оқып профессор болған алғашқы
қа­за­ғыңыз осы кісі. Бұл дегеніңіз толайым еңбек, тынымсыз із­
де­ніске толы жанкешті өмір ғой. Одан қала берді, тәуелсіз Қазақ
елінің боксшыларын Атлантадағы тұңғыш Олимпиадасына

бас­тап барып, әлемнің 197 елінің ішінен мерейлі 3-ші орын­
ды бөк­теріп қайтқан, сөйтіп, айды аспанға шығарған ұлттық
құ­ра­маның алғашқы қаһарман бас бапкері де осы ағамыз. Бұл
жәйт те Олимпия тарихында көк байрақты тұңғыш көтерген

қа­зақ боксы үшін зор табыс, болашаққ а ақ жол салған қыдыр
нышанды ересен ерлікпен парапар-тын.
Иә, қазақ боксының қара нары, ұлт спорты үшін осын­
дай ұлы істер тындырған аймаңдай ардақтымыз Әбдісалан

Нұр­махановтың өкінішті қазаға ұшырап, қайтпас сапарға асы­
ғыс аттанып кеткелі де тоғыз жыл өтіпті. Кезінде қазақ бок­
сын Нұрмахановтай саңлақсыз көзге елестете алмасақ, ен­
дігі жерде Әбекеңнің аруақ-рухын қастерлемейінше қазақ

бок­сының әлемдік додаларда қорғалақтамай һәм қорланбай
атой салуы қиынға соғарын елеңдеулі қоғам да, есті азамат­
тар да түсінетін сияқты. Ал, аруақты риза қылу сол аруақтан
гөрі, бок­сымыздың бүгіні мен болашағына көбірек керек екені

және анық. Ол кісі тірі болғанда биылғы сәуірдің 19-ы күні
75-ке толады екен. Сол күні Алматыдағы Спорт және туризм
ака­демиясында даңқты боксшыны еске алу жиыны өткені есі­
мізде. Оған зайыбы Күлпәш Ғалымжанқызы шақырылып, рек­

тор Қайрат Зәкіриянов, сондай-ақ академик Мұрат Жұ­ры­нов,
Алматы қалалық бокс федерациясының президенті, Қа­жы­
мұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт мектебінің директо­
ры Амалбек Тшан, Қазақстанның ардагер боксшылары фе­де­

рациясының төрағасы Мүсілім Дайырбеков, экономика ғы­лым­
дарының докторы Оразалы Сәбден сияқты азаматтар та­ра­пынан
Ә. Нұрмаханов есімін есте қалдыру орайындағы көп­теген па­
расатты пайымдар ортаға салынуы осы ретте алда ат­қа­рылар

біраз игі істерге түрткі болғандай жайы бар.
Әлбетте, көк байрағымыздың әлемдік додаларда биік желбі­
реуіне жол ашқан біртуардың есімі бұған дейін де мүлдем еске­
русіз қалды деуге болмас. Туған жері Түркістанда көше беріл­

ген, Әбдісалан атындағы бокс мектебі мен бокс клубы жұмыс
істейді. Былтырға дейін Ә.Нұрмаханов турнирі өткізіліп келді.
Елеусіздеу демесек, бокс сайыпқыраны атындағы көше Алма­
тыда да бар. Тұрған үйінде және өзі оқып, жұмыс істеген ин­

ститут ордасында ескерткіш-тақта орнатылған. Сонымен бір­
ге білікті ұстаз-ғалымның есімі осы Қазақ спорт және туризм
академиясының Бокс және ауыр атлетика кафедрасы мен ең
жақсы жаттығу залына беріліпті. Жыл сайын үздік студент­

ке даңқты боксшы атындағы арнайы стипендия тағайындалып
тұрады екен. Әзірге істелген істердің ұзын ырғасы осы. Бы­
лай қарағанда, бір адам үшін аз да құрмет емес. Ал, бірақ бокс
спортындағы бірегейіміз үшін ше? Ойланып қаламыз. Қазақ

спортының тарихында біртуар бірегейлер саусақпен санарлық.
Тіпті, солардың ішінде де Әбдісаланның жөні бөлек, жолы
бөлек, тұлғасы толағай.
Елуінші жылдардың аяғы мен алпысыншы жылдардың ба­

сында қазақ спорты ұлттық сипат-белгілерін молайтып, өзіндік
ренессансын бастан кешірді десе де болады. Отыз екінің ме­
шінінде қисапсыз адам шығынына ұшырағанына, әрі Герма­
ниямен соғыста үш жүз елу мың тепсе темір үзетін қыршын

ер-азаматынан айрылғанына қарамастан, өртенген орнындағы
күлінен қайта тіріліп бас көтерген феникс құсы сияқты, тір­ші­
ліктің барша саласында қарекет жасаған қазақтардың спор­
ты да, жайнаған жасыл көктеміне жолыққ андай, алғашқы қар­

лы­ғаштарын әуелетіп ұшыра бастады. Және олар қандай қар­
лығаштар еді десеңізші! Елдің ел екенін, халықтың халық еке­
нін танытатын, кеудеде ұлттық мақтаныш сезімін маздататын
қарлығаштар еді. Олар – күресте Әбілсейіт Айханов, футбол­

да – Тимур Сегізбаев, жүгіруде – Ғұсман Қосанов пен Әмин
Тұяқов, волейболда – Октябрь Жарылғапов пен Жәнібек Сау­
ранбаев, нысана көздеуден – Гүлшат Майлыбаева, шахмат­
тан – Аида Мүсілімова, ал бокстан – Мақсұт Омаров және...

Әб­дісалан Нұрмаханов болатын. Сол кездегі спортшы болсам
деп армаңдаған тұтас бір балғын буынның жүректеріне осынау
саңлақ ағалары алаулатып от тастады, биік мақсатқа жетеледі,
албырт қиялдарын оятып, спорт шыңдарына құлшындырды.

Әбдісалан аға халқымыздың батырлық эпостарының ішін­
де, әсіресе «Қобыланды батыр» жырын жақсы көреді екен.
«Шіркін ай, Қобыланды батыр жайында фильм түсіріліп, ба­
тыр­дың рөлін ойнауға мені шақырса, ойланбай барар едім» –

деп армандаған сәттері де аз болмапты. Бұның мәнісі де бар
сияқты. Өйткені, оның ата-бабалары Қостанай – Торғай өңірін
мекендеген қыпшақтар. Сөзді жүйелеп түбінен тартқанда, бас­
қа қыпшақты білмеймін, дәл Әбдісалан ағаны Қобыланды ба­

тырдың ұрпағы демеудің қисыны келмейді. Сегіз қиыр шар­
тарапқа туған халқының атын шығарып, мерейін үстем еткен,
жеңіс байрағын сан мәрте көтерткен Әбекең ертедегі жаужүрек
батырларымыздан кем бе екен? Ал, беріге келсек, «Арғы ата­

сы қажы еді» деп данышпан Абай айтқандай, гүрзі жұдырық
алыбымыздың бір емес, екі бірдей атасы – өз атасы Әмір де,
нағашы атасы Сыздық та Меккеге барып, мұсылмандықтың
ең үлкен имандылық парызын өтеп, ғибадат етіп қайтқан қа­

жылар. Осыларға қарағанда, қазақ боксының қара нары сана­
латын Әбдісалан Нұрмаханұлының бойындағы тектілік, та­бан­
ды­лық, намыскерлік, қайраттылық қайнарларының да тегін жер­
ден шығып жатпағандығын аңғарып пайымдасақ керек-ті.

Өз әкесі Нұрмахан. Отыз екінің апатында атамекені Тор­
ғайдан үрім-бұтақ, зәузәтін ашаршылық аранынан ала­қа­шып,
Өзбекстанға келіп жансауғалапты. Сонда Әму­да­рия­ның бойын­
да балықшылықты кәсіп қылып, нәубет құрығынан бала-ша­

ғасын аман сақтап қалған көрінеді. Нұрмахан алып денелі,
бойы екі метрден асатын, зор күш иесі екен. Кезінде атақ­
ты палуан Қажымұқанға серік болып бірге жүрген. Көп сөй­
ле­мейді. Маңғаз. Ұры-қарылар ауылдың малын барымталап

ұрлағанда, жас кезінде өзеннің өткелінде жалғыз өзі тұрып,
әлгілерді түгел аттан түсіріп, жылқыны аман алып қалатын
болған. Өзі өмірбақи малшы болып, жылқы, сиыр, қой бағып,
адал еңбекпен күнелткен. Сондай-ақ, Әбдісаланның ағасы

Әбу­лақап та қара күштің кені болған, ешкімнен қорқып имену­
ді білмеген.
«Алып – анадан» дейді ғой. Анасының есімі Шолпан. Өте
сұлу, ақжарқын, көпшіл, мінезге бай, қайырымы мол адам бо­

лыпты. Содан да шығар, тұрмыстың ауырлығына қарамастан,
өзінің тоғыз баласына қоса, ағайын-жұрағаттардың жетімек­
те­рін де асырап, бағып жеткізіпті. Кейін солардың ішінде
Ар­зықұл Нұрмышев дәрігерлік институтын, Өсербай по­ли­

тех­никалық институтты бітіріп, айтулы азаматтар қатарына
қосылған. Ашаршылық кезінде панасыз қалған Анар деген
қыз ба­ланы да қолына алып асыраған. Қайран, қазақ әйелінің,
ана жүрегінің кеңдігі емес пе! Кім-кімге қарасқандай, кім-кім­

ге аузынан жырып тамағын бөліскендей заман еді ол. Мұн­
дай жандарға «құдай береді» деп қазақ тегін айтпаған ғой.
«Анар туған әпкеміз сияқты болды, үлкен жарыстардан кел­
генде тәтті-дәмдісін маған сақтап отырушы еді, әттең...» деп

Әб­дісалан аға өзі алпысқа толар қарсаңда біздей журналист іні­
сіне сыр ашқаны бар еді.
Әбдісалан Нұрмаханның кіндігінен тараған тоғыз пер­зент­
тің, Ерназардың Ертөстігі сықылды кенжесі бол­ма­ға­ны­мен,

сегізіншісі екен. Бірақ оны Ертөстікке ұқсатып тұ­ра­тын бір
жағдай, басқа бауырларының бәрінің фамилиялары ұлы ата­
ларының атымен Әміров болып жазылса, жалғыз бұл ғана Нұр­
маханов аталып, ел намысын қорғаған былғары қолғап додала­

рында әке атын әлемнің талай жеріне әйгіледі, «Нұрмаханов»
десе қазақ боксының баламасы айтылатындай дәрежеге жет­
кізді. Сұңғыла әке бойшаң, кесек те шымыр, отты да өршіл
боп өсіп келе жатқан сегізінші перзентінен сол кезде-ақ сон­

дай үлкен үміт күтті ме екен, қазақ спортының тарихына ал­
тын әріптермен жазылатын баласының бақытты болашағын
жүрек, шіркін, сезіп, болжап білді ме екен?
Бала Салан еркетотай болған жоқ, шолжаңдап өскен жоқ.

Соғыс уақыты, тұрмыс тауқыметі ондайды көтермейтін еді.
Он жасына дейін әкесімен бірге қой бақты. Бірде қауғамен бір­
ге күмпілдеп тереңдігі 20 метр құдыққ а түсіп кеткені де бар
қой суғарып жүргенде. Алда көретін жарығы бар екен. Бөрібас

деген итін құшақтап жүреді, дейді. Сонда жалғыз қалғанында
отарға қасқыр да шауыпты. Бір ғажабы, қойдың шыжғырған
майын кесені толтыра сіміріп ішіп қояды екен. Бұл да алыптарға
тән, батырларға тән даралық белгі болар. Содан 1946 жылы

үлкен ағасы Әбдіжәлел майданнан оралып, кішкентай Салан­
ды мектепке бергізеді. Сөйтіп, болашақ даңқты боксшы мек­
теп табалдырығын он жасында аттап, бірінші-екінші кластар­
ды тәжікше, үшінші-төртінші кластарды өзбекше оқиды. 1950

жылы Нұрмахан ақсақал бүкіл қара орманымен елге қарай жа­
қындап, Түркістанға көшіп келеді.
Жалпы, спортқа, боксқа деген саналы құштарлық та осы
қасиетті Түркістан қаласында ояна бастайды. Алғашында кө­

ше-көше болып бөлініп төбелес жасайтын балалар келе-келе
ондай балалық «пендешілікті» қойып, неғұрлым мән­ді­рек, маз­
мұн­дырақ қарекеттерге бет бұрады. Шындығы керек. Түр­кіс­
тан қаласындағы Саттар Ерубаев атындағы мектепте сол кезде

денешынықтыру пәні бірсыдырғы тәуір жүргізілетін, баскет­
бол, волейболды бұл мектептің оқушылары жақсы меңгеріп
шығатын. Ал бокс... Боксқа Әбдісалан өзінен бір-ер жас үл­
кен көше тентегі, яғни «атаманы» Молдабек Құралбаевтың

ық­па­лымен ынта қойды. «Ер шекіспей, бекіспейді» деген
рас. Екеуі танысқан бетте жекпе-жек шекісіп, кейін ше­кі­су­
дің мәнсіздігін ұғып достасты. Молдабекте былғары қол­ғап
та, құм толтырылған қапшық та бар екен. Кейінірек көп­те­ген

былғары қолғап шеберлеріне ұстаздық еткен Константин Гра­
до­по­ловтың «Бокс» деп аталатын оқулығын да қолға түсіреді.
Осы арада алдын ала айтайық, қазақтың боксқұмар жас­өс­пі­рім­
деріне арнап «Боксшы болғың келе ме?» атты оқу­лық кітапты

кейінірек Әбекең өзі де жазып, бастырып шығарды. Көптен
бергі іштей ширықтырып жүрген арманының сәтін келтіріп
орындаған. Ал, сонау 1950-51 жылдары, он төрт – он бес жа­
сар арманшыл, албырт шақтарында К.Градополовтың «Бок­

сы» көп көмегін тигізген-ді. Бұлар осы кітап бойынша бірлесіп
алғашқы жаттығуларын жасап, бокс әлемнің шым-шытырық,
еліктіргіш құпияларын меңгеруге кіріскенін кәдімгідей көз ал­
дыма елестетемін.

Үлкен бокс, нағыз бокс алда, Алматыда күтіп тұрған-
ды. Әб­дісалан жеті жылдықты бітірген соң астанаға келіп, те­
мір жол техникумына оқуға түсті. Осында баскетболдан тех­
никум құрамасының сапында ойнады, жеңіл атлетикамен шұ­

ғылданды. Бойындағы бұла күш бұлқыңдырып, аң­сар­лы шөл­
мен келген балғын жас спорттың барша түрін ыс­тық­тай қаба
бергісі келді. Тіпті, ядро серпуден Алматы қала­сы­ның чемпи­
оны да болды. Атақты волейболшы Октябрь Жа­рыл­ғапов Са­

ланды волейболға тартты. «Алақаның жалпақ, қолдарың ұзын,
бойың биік, қайратың мығым, шапшаңсың, сенен мынау деген
волейболшы шығады!» Шынында да Әбдісаланның сол кезде
қай спорт түрімен айналысса да жоғары нәтижелерге жететін

мүм­кіндіктері бар-тын. Бойы метр де тоқсан, салмағы сек­сен
килоға таяу. Борқы емес, күш-қайраты, Қобыланды ба­ба­сына
тарт­қан, тасқын. Бірақ қазақ спортының бағына қарай Әб­ді­
саланның өзі боксты қалады. Осы бокс үшін үш жыл оқы­ған те­

міржол техникумын тастап, дене тәрбиесі тех­ни­кумының екін­
ші курсына ауысты. Оны 1957 жылы тә­мәм­дап, іле физкуль­
тура институтына түсті. Бұл кезде Нұр­ма­ханов республикаға
әйгілі, Одақта топ жарып көріне бас­таған, болашағынан үлкен

үміт күттірген танымал боксшы бо­латын. Енді бұл дәрежеге
қалай жеткенін баяндау үшін сәл ше­гініс жасауға тура келеді.
Жаңа Салан өзі әр кеменің құйрығын бір ұстамай, түп­кі­
лікті бокспен шұғылдануға бекінді дедік. Оған аға жолдасы,

атақты волейболшы, «Буревестник» командасының негізін қа­
лап, талай тамаша жеңістерге жеткізген аяулы Октябрь Жа­рыл­
ғапов та түсіністікпен қарап, бокстан білікті жат­тық­ты­рушы
Дәулеткерей Муллаевка өзі ертіп әкеліп табыс еткен-ді. Бір

ғажабы, Саланның бокспен шұғылдануына үй-іші үзілді-кес­
ілді қарсы болады. Олардың ұғымынша, бокс деген – төбелес.
«Миы шайқалады, көзі көгереді, бет-аузы бұзылады, ден­сау­
лық­тан айрылады, алла-ау, бұл төбелескен қораздар сияқты жұ­

дырықтасқаннан басқа кәсіп, басқа ойын құрып қалып па?!».
Содан 1955 жылы бабындағы Әбдісалан КСРО-ның жастар
арасындағы біріншілігіне қатысып жатқанда соңынан «бала­
ны алып кел, бокс-соксына түспесін» деп үлкен әпкесі Бибішті

жібереді. Кіші інісін жанындай жақсы көретін, өзі адуынды,
ірі денелі Би-апаң Ленинградтың «Астория» мейманханасын­
да жатқан Саланын, салып жетіп барып, жандәрмен дегенде та­
уып алады ғой. Ұйқыдағы Әбдісаланды «солай да солай» деп

кезекші келіп оятады. Шықса, өзінің Би-апасы, боздап жылап
тұр. Әпкесін сабасына түсіріп, көңілін орнықтырып, ертеңіне
ақтық айқасқа ертіп апарады. Әрине, бокс бикештердің ермек
үшін алақан соғатын ойыны емес. Сарт та сұрт. Бірінші рет

көрген ауыл адамының ұғымынша, тіптен қиян-кескі, нағыз
«холигандардың» төбелесі. Сонда Бибіш әпкесі шыдай ал­
май шырқырап, рингке қарай ұмтылып, төрешіге «тоқтат, тоқ­
тат, мына безобразияны!» деп айқайлап жіберіпті. Сол жолы

Одақтық жарыста алғаш рет алтыннан алқа тағып, жастар ара­
сында КСРО чемпионы атанып, елге үлкен абыроймен, қуа­
нышпен оралған Әбекең осы бір оқиғаны жымия күліп, өмір­
ден ертерек өткен сүйікті әпкесін сағына отырып еске алушы

еді. Сөйткен Әбекеңнің өзі де бақилық болғанына не дерсіз.

Осы арада бір айта кетерлік жағдай, жалпы Нұрмахан ақ­
сақалдың әулетінде имандылық, сыйластық, бауырмалдылық,
үлкеннің бетіне келмеу сияқты қасиеттер ежелден ата тәр­бие­
сімен, ана сүтімен берік дәстүр болып қалыптасыпты. Мыса­

лы, Әбекеңнің үлкен спортшы, халқының қадірменді азама­
ты болып өсуінде жаңағы айтқан әпкесі Бибіштің, үлкен ағасы
Әб­діжәлелдің сіңірген еңбектері ұшан-теңіз. Нұрмаханнан та­
ра­ған тоғыз ағайынды ағалы-қарындастылар жақсы-жаман уа­

қыттарда әрқашан бірін-бірі демеп, үлкені кішісіне қамқоршы
болып, кішісі үлкенінің айтқанын екі еткізбей тыңдап орын­
дайтын ізеттілік, парасаттылық рухында ғұмыр кешкен. Әпке-
қарындастары дегенде Әбекеңнің өзі де ішкен асын жерге қоя­

тын сондай кішік, соңдай қамқоршы болып өткенін жан жары
Күлпәш апай елжірей айтады.
Сонымен... Әбдісаланды Октябрь Жарылғапов кәнігі жат­
тықтырушы Дәулеткерей Муллаевқа ертіп келді дедік. Нағыз

жаттығу, бокс өнерінің қыр-сырларын шындап игеру, оның әр­
бір тармағын жіліншіктеп үйрену, нағыз тер төгу сол кезден
басталған-ды. Осында республиканың ең таңдаулы, ең мықты
былғары қолғап шеберлері, ауыр салмақта өнер көрсететін

Лео­нид Гильдинмен, Семен Либерманмен және басқалармен
жүз­десті, додалы тартыстарда бәсекелесті, өзінің мойымас жі­
ге­рін, қайсарлығын таныта білді, боксты тек басқа-көзге тө­
пе­леп жұдырықтасу деп ұқпай, ойлап ойнауға ұмтылды, ал­

дамшы қимылдар арқылы қарсыласын қапы соқтыратын бол­
ды. Міне, соның арқасында он тоғыз жасар Әбдісалан, әсіресе
республиканың қазақ қауымын ерекше қуантып, 1955 жы­
лы Қа­зақстан чемпионатында озып шығып, мерейі биік бол­

ды, тұң­ғыш Кеңес Одағының біріншілігіне қатысатын респуб­
лика құ­рама командасының құрамына кіргізілді. Спортта да
бар­мақ басты, көз қысты бұра тартулар, өзімдікі дегенге бүй­
рек бұрулар, көріне көзге қиянаттар болып тұрады екен. Бокс

өнерінің жілігін шағып, майын ішкен, оның қиын асулы, тай­
ғақ кешулі бұралаң жолдарының бәрінен өткен, ал өзі кейін
әді­летті төреші, жанашыр жаттықтырушы, тәуелсіз Қазақстан
құрамасының бас бапкері болған Әбдісалан Нұрмаханұлы өзі­

нің спорттық тағдыр-талайында ондай әділетсіздіктердің не­
ше санын көрген болатын. Қайсыбір спорт төңірегіндегі биші­
кештер 1956 жылы Мәскеуде өтетін КСРО халықтарының бі­
рінші спартакиадасына С. Либерманды қалай да тықпалап өт­

кізіп жібермекші болып, ұтылып тұрса да, жеңісті соған алып
берген ғой. Ақыры бұл іске Кеңес Одағының он дүркін чем­
пионы болған Сергей Щербаков араласып, Либерман мен Әб­
дісалан ақ шаршылы алаңда қайтадан тоқайласып, тайталаса­

ды. Сол жолы Әбекең намысқа шауып, Қобыланды бабасының
аруағына сыйынып, әккі қарсыласын екі мәрте сұлатып сала­
ды. Осы жеңіс Қазақстан ауқымында кімнің кім екендігін дә­
лелдеп қана қоймай, Одақта болып жататын дүбірлі жо­рық­тар­

ға даңғыл жол ашып еді.
Келесі, яғни 1957 жылы тұңғыш рет КСРО бірінші­лі­гі­
не қатысты. Ақтық айқасқа дейін жетіп, соңғы сында бокс
әлеміңде «орыс танкісі» атанған әйгілі Андрей Абрамов­пен

қол­ғап түйістірудің сәті түсті. Бұған дейін аса мықты шебер­
лер Геннадий Попов пен Сергей Яковенконы қақыратқан жой­
қын шабуыл иесі жас қазақ жігіті, шындығы керек, Мәскеу
жан­күйерлеріне де ұнай бастаған. Боксшылық қысқа жолын­

да Әб­дісалан бірталай күрделі, шиеленіскен түйіндерді ше­
шіп үл­герген болатын. Бірақ дәл мынадай тосын жағдай оған
бі­­рінші рет ұшырасып тұр еді: қарсыласы бұдан жиырма
бес ке­ліге ауыр. Әрине, дәл мұндай алшақ салмақ айыр­ма­­

шы­лығымен майталман боксшыны әлі тәжірибесі аз жас жі­
гіт­тің ұтуы неғайбыл-тын. Сонда да болса, жиырма бір жа­
сар Әб­дісаланның елдің ең беделді осынау жарысынан Ал­ма­
тыға күміс медальмен оралуы аса үлкен жетістік болды, бү­кіл­

халықтық қуанышқа айналды, рухани теперіш көріп жатқан
қазақтың ұлттық рухын көтерді.
Бірақ Абрамов пен Әбдісаланның тайталасы мұнымен аяқ­
талған жоқ, тағы талай жылдарға созылды. Жоғарыда айтқан

әділетсіздіктің де көкесін қазақтың бірінші боксшысы, шыны­
на келгенде, қазақ боксының Қажымұқаны, міне, осы тұста
анық көрді. Андрейдің жылдамдығы шабандау. Тек қара күш­
ке салып, бойына сенген түйе сияқты, қарсыластарын зілма­

уыр, ауыр соққ ыларымен жапыра беретін. Салан оны ұпай са­
нымен ұтып тұрса да, жеңісті соған бере салатын. Осы арада
бодандағы бұратана ұлт өкілін жеңіс тұғырына шығаруды на­
мыс көрген ұлы орыстық шовинизм де ықпалын тигізбей қал­

маған болуы керек деп ойлаймыз. Сондықтан, қайткен күн­де
де одан айқын басым түсуі керек-тін. Оның да сәті түскендей
еді. Бірақ төрешілердің көріне-көзге арсыз қиянаты ондай әді­
леттің орнауына мүмкіндік бермеді. 1962 жылы Киевте соңғы

сында, яғни финалда тағы да Абрамов пен Әбдісалан екеуі кез­
десті. Қазақ боксшысы үшінші раундтың аяғына таман шалт
қимылдар жасап, Андрейді ауыр соққ ылардың астына алды.
Бір кезде ол құлап түсті. Төреші тоғызға дейін санағанда да

тұра алмады. Сол кезде гонг соғылып, жеңіс тағы да Абрамовқа
берілді. Әбдісалан тағы да КСРО біріншілігінің күміс медалін
қанағат тұтты. Әйткенмен, оның алтынға бергісіз екенін елдің
бәрі түсінді. Кейін кездескенде Абрамов: «Әбдісалан, сол жо­

лы жекпе-жегіміз тағы бір минутқа созылғанда, сен ұрмай-
ақ өзім-ақ құлайтын едім» деп қалжындап жүрді. Ал «Совет­
ский спорт» газеті осы чемпионат жайлы есебінде: «Ақыры
Абрамовқа ізбасар табылды...» деп жазды. Шындығында, ізба­

сар емес, терезесі тең боксшы, кей реттерде одан гөрі мық­
ты­рақ боксшы шығып еді. Қалай болғанда да, осыдан кейін
Әбдісалан ауыр салмақта Абрамовтан кейінгі бірден-бір бокс­
шы саналды. Сөйтіп, халықаралық жарыстарға, екінші кезек­

тегі мәртебелі жиындарға жіберіліп жүрді.
Әбдісалан да осы кездерде өзінің дүниежүзілік деңгейдегі
ірі былғары қолғап шебері екенін дәлелдей білді. Мысалы, 1963
жылы Индонезияның астанасы Джакартада өткен Азия, Аф­

рика, Латын Америкасы, Еуропа елдерінің спорт ойындарына
(ГАНЕФО) қатысты. Сол жолы Гвинеядан келген жүз жиырма
килограмдық негр боксшысы Мамиді қырық секундта нокаутқа
түсіріп, сонау қияндағы елден Қазақстанға бас жүлдемен орал­

ды. Сол жекпе-жекті дәл жанында тұрып тамашалаған Ермек
Серкебаевтың және сол кездегі республика спорт комитетінің
төрағасы Кәркен Ахметовтің сондағы қуаныштарын тілмен ай­
тып жеткізу қиын еді. Араға екі жыл салып сала кәсіподақтары

спар­такиадасында еліміздің чемпионы И.Чепулисті тізе бүк­ті­
ріп, жеңімпаз атанды. Әбдісаланның осындай сандаған ірі-
ірі жеңістеріне бүкіл Қазақстан халқы мерейленіп, шаттанып
оты­­рушы еді. Айтқандай, жаңағы ГАНЕФО ойындары ұйым­

дастыру комитетінің төрағасы Индонезияның президенті Су­
карно болса, төрағаның орынбасары өзіміздің Кәркен Ахме­
тов. Бұл да Қазақстан спортына, қазақ халқына көрсетілген
өзіндік құрмет-тұғын. Әбдісалан Нұрмаханұлы рингтің ақ шар­

шы алаңын­да үзбестен он үш жылдан астам уақыт өнер көр­
сетті. Сол уақытта он бір рет Қазақстан чемпионы атанды,
төрт дүркін КСРО біріншілігінің жүлдегері болды, жоғарыда
айт­қан Бі­рін­ші Азия ойындарының бас жүлдесін жеңіп алды,

ең­бек сіңір­ген спорт шебері атағын иемденді. Барлығы 239 жекпе-жек өткізіп, соның 222-сінде жеңіске жетті. Былғары қолғапты шешкеннен кейін де сүйікті боксы­ мен қош айтыса алған жоқ. Ендігі өмірін жас жеткіншектерді тәрбиелеп жаттықтыруға арнады, дене тәрбиесі институтын­ да бокс кафедрасын меңгерді, бұған қоса ғылыми жұмыспен шұғылданып, 1972 жылы «Денеге түсетін ауыр күштің салмақ қуу мен оны қайтадан қалпына келтіруге әсері» тақырыбы бойын­ша диссертация қорғап, биология ғылымының кандида­ ты ата­ғын алды. Көп жылдар бойы Қазақ мемлекеттік универ­ ситетінде дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі болып іс­ теді. Доцент. Профессор. Міне, осы ұлағатты істер бір адам үшін аз ба, әлде, көп пе?! Бәлкім, бәз біреулер үшін тоқмейілсуге осылардың өзі жеткілікті болар еді. Тек Әбдісалан аға үшін емес. Әбекең өзінің тынымсыздығын, қайсарлығын, табанды еңбекқорлығын боксты қойғаннан кейін бірнеше еселеп та­ нытты. Ұстаздық, жаттықтырушылық және басқа қоғамдық қызметтерін атқара жүре, сантүрлі халықаралық турнирлерде және Москва олимпиадасында төрешілік етті. Әбекеңнің әділ, әрі білгір төрешілігіне боксшылар қауымы аса тәнті болатын. Осыларға қоса өз өмір жолынан «Жекпе-жек» деректі хикаятын екі рет жариялапты. Соңғысы толықтырылып жазылды. 1988 жылы «Бокс» атты оқулық кітабын шығарды. Онда бокстың дамуы, техникасы мен тактикасы, оларды үйреніп, толық иге­ ру жолдары, оқу-жаттығу үдерістері мен оның әдістемелік не­ гіздері төңірегінде кеңінен әңгіме қозғалады. Әбекеңсіз өткен тоғыз жыл сол кітаптың керектілігіне, құндылығына көзді жет­ кізе түсіп отыр. Ел құрамасындағы бас бапкерлік, Атланта олимпиадасы Ә. Нұрмахановтың екінші тынысын ашқан, тағы да бір жұл­ дызды жылдары болған еді. Додаға қосқан сайыпқырандары бір алтын, бір күміс, екі қола медальді іліп түсті. Сөйтіп, жо­ға­ рыда айтқанымыздай, әлемдік бокс керуені шеруінің құрметті үшінші сатысынан орын алды. Мақсаты бұдан да биік еді. Әт­ тең, Сидней Олимпиадасына қонақ ретінде барды. Иә, тағы да арман-ай, дүние жалған-ай, әттең-ай дейміз. Біақ қазақ спор­ тының Қажымұқаны тектес батыр алыбы – Әбдісаланның осы­лайша жасындай жарқырап өмірі өткенімен, дәурені біт­ кен жоқ. 75 жылдығы да атаусыз қалатындай емес. Өзі кетсе де, көзі қалған. Ел орнында. Алдағы қараша айының басында

ұлы боксшының рухына бағышталып ас берілмекші. Өмір жо­
лы мен спорттық жетістіктерінің тағлымдары кеңінен сөз бо­
латын келелі ғылыми-тәжірибелік конференция өтпекші. Әл­
бетте, бұған мұрындық болып отырған өзінің мешітті ғалам

үйіндей ордасы – Қазақ спорт және туризм академиясы. Одан
соң іле-шала академияның спорт залында негізінен Алматы
қалалық бокс федерациясының ұйымдастыруымен Әбдісалан
Нұрмахановқа арналған халықаралық турнир додасы баста­

лып кетпек. 74, 81, 91 және 91 килодан жоғары төрт салмақ са­
натында. Жүлде қоры да қомақты. Бірінші орынға – 3000 дол­
лар, екінші орынға – 2 мың, үшінші орынға – 1 мың. Ал, ен­
ді ауыр, Әбекеңнің өз салмағындағы абсолюттік жеңімпаз 10

мың доллар жүлделі сыйлық олжалайды. Осыған ұйтқы аза­
мат Амалбек Тшанның ойынша, ауыр салмақтағы атпал боксқа
жастарды көбірек тартып, қазіргі қазақ боксының мәртебесін
арттыруға септігі тиетін халықаралық турнирді дәстүрлі етіп,

әр өңірде жылма-жыл өткізіп тұрған лазым.
Кәдімгі өмірде қарапайым кішіпейілділіктен жазбаған, еш­
қашан кеуде қақпаған Әбдісаландай нарқасқаның есімін қас­
терлеу, құрметтеу жайы бұл айтқандармен шектелмесе керек.

Қайраткер азаматтардың ой-пікірі осы ретте бір арнада то­ғыс­
қандай. Әуелі, бокстағы баһадүр батырымыздың нар тұл­ға­сына
сай еңселі ескерткіш тұрғызылуы керек, дейді. Өзі жанындай
сүй­ген, 1500 жылдығына 1500 өрімтал еккен туған шаһары

Түркістанда. Одан соң Алматыда, Астанада, Шымкентте бокс
жасөспірімдер спорт мектебі, бір спорт мекемесі, спорт са­
райы осынау ардақты есіммен аталса, көшелерге аты берілсе
құба-құп. Даңқты боксшы туралы замандастар естеліктерінің,

мақалалар, әңгіме, өлең-жырлардың, сирек фотосуреттердің
ба­сын қосқан бір айтулы кітап шықса... Ұлы боксшымызды
ұлық­таудың, қастерлеудің, есімін елге насихаттап, есте қал­
ды­рудың тағы басқа қандай әдіс-амалдары, нұсқа жолдары

бар? Тәуелсіз елінің боксын ұшпаққ а шығара жүріп өз үкі­ме­
тінен омырауға тағар бір сөлкебай да алмай кеткен сабаз ер­
ге тағы қандай құрмет, марапат лайықты болар екен? Спорт
және туризм министрлігіндегі азаматтар бұл орайда ойланып,

толғанып, орынды ұсыныстарын жоғарыға жолдап жатса, құп­
тамасқа әддіміз жоқ. Өйткені «Болар елдің баласы бірін бірі
батыр дейді» деген сөзге ден қойған дұрыс-ау. «Өз ұлын, өз ер­
лерін ескермесе, Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді?!» деп арда­

гер ақын жырлағандай, халық әрқашан қазақ боксының қара
нары әмбе Қажымұқаны – Әбдісалан Нұрмаханұлын өзінің қа­
һарман перзенті деп тануынан әсте танбақ емес. Даңқты бокс­
шының рухына деген мұндай ілтипат, құрмет қазақ боксын

болашақ қия шыңдарға өрлету үшін керек.
2011 ж.
Қазақ футболының аңызы
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары. Осы бір алтын

ға­сырдай қы­дырлы кезең қазақ топырағына қайта айналып
соқ­са деп арман етесің. Апайтөс Әбдісаландар ринг шаршы
алаңын­да мына бостан заманымызға жарасты өрлікпен ой­қас­
тап, боз кі­лемнің үстінде түйе балуан Әбілсейіттеріміз еркін

елдің ерлерінше оқсата белдесіп, құстай ұшқан желаяқ Ғұс­ман
мен Әмин­деріміз жарыс жолында аққ ан жұлдыздай жарқырап,
ғажайып волейболшыларымыз Октябрь, Заңғар, Жә­ні­бектер
керме тордың үстіне белден көтеріле жалпақ ала­қан­да­рымен

қақырата соққ ан доптарының шатыр-шұтыры жер жаң­ғы­рық­
тырып, қазақ спортының даңқын дүйім дүниеге жаңа же­тіс­
тіктермен күн аралатпай жайып жатса... деп бір сәт қиял­да­ған­
ның несі айып. Әдебиетімізге жарқылдап жас Олжастар, Мұ­

қағалилар, Мұхтар мен Әбіштер келсе...
Осы аталған және аталмаған ардақты есімдер қатарына
қазақ футболының аңызы, Қазақстан футболының тұтас бір
дәуірін жасаған, бір кездегі советтік футбол аламанындағы

атақ­ты сайыпқыран Тимур Сегізбаевты қоссақ, әсіресе спорт
пен әдебиеттегі алтын ғасырымызды қайта оралту орайындағы
бейкүнә арманымызға бола бізді ешкім асыра сөкпес деп үміт­
тенеміз.

Ал, осы қазақ футболының аңызы Сегізбаев сұрапыл со­
ғыс басталардан бес апта бұрын сегіз баланың ішінде ұл­дар­
дың үлкені болып Семейде дүниеге келгенін қазір біреу білер,
біреу білмес. Әкесі Санжар сол кездегі Қырғыз автономиялы

республикасы Жоғарғы сотын басқарған білікті заңгер, адал
азамат. Соған қарамастан 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшырап,
түрмеге қамалып, кейінірек ақталған. Осыдан-ақ Тимурдың
балалық шағының аспаны бұлтсыз болмағанын, тұрмыс қиын­

дықтарымен қаршадайынан-ақ бетпе-бет келгенін, әл­де­бір бю­

ро­краттың бәлденген бұла еркесі болып өспегенін аң­ғар­ған­
даймыз. Футболдың болашақ жұлдызының буыны қатып, бұ­ға­
насы бекіген жері Есік болса, есейіп ержетуге бет алған шақта
отбасы отағасының қызмет бабымен Алматыға қоныс ауда­

рады. Сегізбаевтар тұрған үйдің ту сыртында – физкультура
институты. Қол созым жерде – 28 гвардияшы панфиловшы­
лар саябағы. Сол кезде бұл саябақтың ішінде нешетүрлі спорт
алаңдары болады екен. Бір жағында баскетбол, бір жағында во­

лейбол, одан әрі теннис алаңы. Осы арадағы ойындарды елмен
бірге есті бала да құмарта тамашалайды. Бойы 2 метр 33 сан­
тиметр феномен баскетболшы Уәйіс Ақтаевты, бабындағы во­
лейболшы Октябрь Жарылғаповты, жас жүрегіне от тастаған

басқа да майталман спортшыларды алғаш осында көреді. Сөй­
тіп кейін елдің волейбол құрамасының белді ойыншысы бол­
ған Жәнібек Сауранбаевпен бірге алаңнан қияс кеткен допты
заулай жүгіріп әкеліп беретін Тимурдың кеудесіне спортшы

бол­сам деген асыл арман ұя салады.
Жеңіл атлетика тұрғысындағы қай спорттың түрінен де
жаман емес еді. Жүгіруге де, жүзуге де. Мектептегі де­не­шы­
нық­тыру мұғалімі Сыздықов икемін көріп гим­нас­ти­ка­ға тарт­

ты. Кейін гимнастикадан КСРО спорт шебері, Қазақстанның
бірнеше дүркін чемпионы болған досы Олег Тен де мұның
балғын денесіндегі табиғи талантқа тәнтілікпен таң қалып,
гимнастикамен айналысуын соншалықты қалап еді. Тимур бол­

са, бала кезінде геолог болуды армандады. Айтқандай, сол жыл­
дарда бұлар тұрған үйге 8-март пен Комсомол көшелерінің
қиы­лысындағы «Қазақфильм» киностудиясы да тиіп тұрған-
ды. Со­ның себебімен қазақ киносының негізін қалаушы бір­

туар Шә­кен Айманов ағаның көзіне бір, қолына екі түсіп, кез­
дей­соқта актер да болып кете жаздағаны бар. Кейінірек Ти­
мур­дың атағы шыққ ан кезде Шәкен аға да: «Сонда футболды
таңдағаның дұрыс болды. Құдайға шүкір, актерлеріміз бар­шы­

лық. Сондықтан, қазір қазаққ а өзің сияқты жақсы футболшы­
лар көбірек керек» – деп риясыз қуанышын жасырмап еді.
Иә, қазақ футболының бағына қарай елуінші жылдардың
елең-алаң ортасында балғын өрімталдай күншуақ сүйген жас­өс­

пірім Тимур халықтық ойын футболды қалады. Оның спорттық
өмірінің өрелі жолы, қанат қаққ ан қия шыңдары, ойын өрнегі,
шеберлік деңгейі футбол қазақтың қанына дарымаған деп әлі
күнге көкитіндердің көкезуін осыдан жарты ғасыр бұрын-ақ

жоққ а шығарып қойған-ды. Отандық футболдың бүгінгі жай-
күйі мүшкіл болса, ұлттық құрама халықаралық жарыстарда
құлап-сүрінуден жазбаса, оған кінәлі қазақтың қаны мен жаны
емес. Оған кінәлі осынау бар халыққ а сүйікті спорт түрін да­

мыта алмай, қаулап өскен қаншама жас түлектердің арасынан
кезіндегі Тимурдай таланттарды таба алмай, соларды дұрыс
бау­ли алмай отырған футбол төңірегіндегі дарынсыз функцио­
нерлер деп білеміз. Әйтпесе, қазақ футболды ешқашан жа­тыр­

қап жатсынбаған. Көкпары, жамбы атуы, жаяу бәйгесі, арқан
тартыспағы, асық атыспағы, ат үстінен күміс ілуі, ау­да­рыс­
пағы, басқа да қызу қанды спорттық ойындарының неше ата­
сы болған халқымыздың футболды да әу бастан-ақ жанындай

сүйгендігіне дәлелдер көп. Таратып айтар болсақ, әңгіме ұзап
кетпек. Ал, дәлелдің ең үлкені сол, футбол қазақ өрені Тимур
Сегізбаевтың бүкіл тағдырына, ал Сегізбаев қазақ футболының
басты тұлғасына айналғандығы.

Жаңағы айтқан Панфиловшылар саябағы футбол десе
іш­кен асын жерге қоятын оқушы балалардың сүйікті мекені
бол­ды. Ал­маты төңірегінде, Алатау баурайларында не көп?
Пио­нер ла­гері көп. Соның бәрінде балалардың жеңсік ойы­

ны – ең бі­рінші, футбол. Одан Горький атындағы саябақтағы
«Спар­так» стадионында мектеп оқушылары арасында жиі-
жиі ұйым­дастырылатын матчтар. Міне, нақ осы додаларда Ти­
мурды кә­сіпқой футбол маманы Георгий Алексеевич Козель­

ко бай­қайды. Маңдайына жазылған пешенесі болар, сол жыл­
дарда Алматыда жер аударылып жүрген кеңес футболының
сайып­қыраны Николай Петрович Старостинмен де кездесіп,
әңгімесін тыңдап, ғажап әсерге бөленудің сәті түседі. Мұны

да кездейсоқ деудің реті келмес. 1957 жылы Тимур Қазақстан
құрамасының сапында КСРО мектеп оқушыларының спарта­
киадасына қатысу үшін Ригаға аттанды. Сонда Москвада бір-
ер күн аялдағанда футболға құлай беріліп, бетін біржола бұр­

ғызған бір оқиға болды. 16 жасар бозбала өткен жылы ғана
салынған ғажайып «Лужники» стадионында жүз мың жан­
күйердің жаныққ ан айқай-атойымен бұрқ-сарқ қайнаған фут­
бол аламанын таңданып тебірене тамашалады, футбол құ­

ді­ре­тіндей елестеген атышулы Эдуард Стрельцовтың жой­
қын шабуылдары мен өзгеше ойынын көрді. Сірә, Валентин
Ива­новтың «Огонек» журналында: «Стрельцов сотталып ке­
тіп бір­неше алтын жылды зая жіберіп алмағанда футбол ко­

ролі кім болатыны екіталай еді» деп жазуы тегін де емес шы­
ғар. «Үлкен футбол осы екен ғой» деп ойлады Тимур. Жан дү­
ниесінде жаңа бір жанартау оянғандай толқыды. Сөйтіп үл­кен
футболда өзінің де бағын сынауға бекінді.

Бақ сынағаны сол, бұл кезде ол Қазақстанның жасөс­пі­
рім­дер құрамасының белді ойыншыларының қатарында-тын.
Жақында ғана Фрунзе қаласында Қырғызстан астана­сы­ның құ­
рамасын алматылық өрендер 5:0 етіп ойсырата жең­ген­дерінде

2 голды өзі соққ анына іштей мерейленіп жүр­ген жайы бар
еді. Ал енді Стрельцовтың тау құлатардай ек­пінін көр­геннен
кейін Ригадағы оқушылар спартакиадасында Ти­мурдың ша­
буыл ұйымдастыру таланты мен доп соқ­қыш мергендік қа­

сиеті жарқырап ашылды. Осы жолы ол армян құрамасымен
болған ойында болмасты болдырған керемет жасап, жұртты
таң қалдырды. Футбол мамандарына еріксіз бас шайқатқан ол
не ғаламат десеңіз, айтайық. Бірінші таймнан кейін қа­зақ­стан­

дықтар қарсыластарына 0:5 болып ұтылып, салдары суға кетіп
тұрған. Ал, екінші таймның 45 минуты өткенде таб­лодағы есеп
5:5 болып өзгерді. Бес допты да Сегізбаев соқ­қан болатын.
Әлбетте бұл жай қазақ футболының бола­ша­ғына немқұрайды

қарай алмайтын адамдардың назарына ілін­бей қалмады.
Тимур Санжарұлының жадында жатталып қалған тағы
бір ұмытылмас жағдай мынадай. Қазақ физкультура инс­ти­ту­
тының екінші курсында оқып жүрген кезі. Бірде оны институт

ректоры Хамза Мұхамеджанов шақырды кабинетіне. Қасында
«Қайрат» командасының бапкерлері отыр екен.

– Сені «Қайрат» командасы өз құрамына алғылары ке­

леді, – деді ректор. – Бірақ сен күндізгі бөлімнің студентісің.
Сондықтан, саған сабақтарға еркін қатысып, емтихандарды ың­
ғайлы уақытта тапсыруға рұқсат етемін. Осылай етуді респуб­
лика спорт комитетінің төрағасы Кәркен Ахметов те қолқалап

сұрап отыр. Тек сен жаман оқитын болсаң, ешқандай да фут­
бол болмайды. Елдің бас командасына бекер алынбағаныңды
дәлелдеуге тиіссің. Мүмкіндік беріп тұрғанда, аянбай, барыңды
сал, айналайын. Намысты қолдан берме!

Үлкен жүректі азамат Хамзакең Тимурға осылайша ақ жол
ті­леп, батасын беріп аттандырып салып еді. Шәкірті сол жақ­
сы­лықты ешқашан ұмытқан емес. (Жақында Тимур Сан­жар­
ұлы Қазақ туризм және спорт академиясына осы оқу орда­сы­

ның негізін қалап, ұзақ жылдар ректор болған қайраткер Хам­

за Мұхамеджановтың есімі берілгелі жатқан хабарын естіп,
қатты қуанулы екен). Түрлі сылтау айтып қасарысқан коман­
да басшылығын тізеге салып «Қайратқа» алғызған бас қамқор­
шысы Кәркен аға екенін кейін естіп білген. Қалай бол­ған­да

да, футболда қазақ өрендерінің өркен жайып, өрісі кеңеюін
қалаған осынау асыл ағалар үмітін Тимур артығымен ақтап
шығып еді.
Нышандап айтар тағы бір жағдай сол, оның командаға алы­

нуы «Қайраттың» одақтық чемпионаттың жоғарғы тобында
алғаш рет өнер көрсетер уақытымен тұспа-тұс келді. Осылай­
ша «Қайрат» пен оның барлық уақыттағы бас қаһарманының
тағдырлары мәңгілік ажырамас бір арнада тоғысты. Бұл – 1960

жыл­дың көктемі. Тимур жалындаған 19 жаста болатын. Су­
хуми маңындағы Қара теңіз жағалауында жаттығып жатқан
команданың соңынан арманына асыға алабұртып жалғыз жол
тартқаны есінде.

Бапкер Н. Глебов Минскіде болатын маңызды матч алдын­
да жолшыбай Гомельде жолдастық кездесу өткізіп, үміткер үш
ойыншының екеуін таңдап алуға тиіс болды. Олар Ангарскі­
ден келген Вадим Степанов, Тимур және тағы бір жігіт еді.

Әрқайсысына өз орнында ойнауға 30 минуттан берілді. Бірін­
ші Степанов ойнап, оған «өте жақсы» деген баға қойылды.
Содан кейін шыққ ан Тимур жай ғана жақсы болмай, жарты
сағатта екі гол соғып үлгерді. Үшінші жігіттің ойынын бап­

кер ұнатпады.
Осыдан көп ұзамай әлемнің алтыдан бірін алып жатқан
Кеңес Одағы көлемінде жұлдызы жарқыраған алғашқы көз­
айым күн де келіп жетті. Иә, 1960 жылдың 12 мамыры Ти­

мур Сегізбаев өміріндегі шын мәніндегі ерекше күн. Осы бір
ғажайып футболшы жайында айтылар әңгіменің ешқайсы да
бұл күнді аттап өте алмайды. Себебі, ол талайлы жас жігіттің
жай 19-ға толған кезекті ғана туған күні емес-тін. Бұл күні

ол алғаш рет «Қайраттың» негізгі құрамында алаңға шығып,
тұңғыш ойында өз туған күніне талайды тамсандырған та­
маша сыйлық тартты. Тимурдың нақ осы матчта Минск «Бе­
ларусінің» қақпасына салған егіз қозыдай қос добы алматы­

лық­тардың жоғарғы лигадағы алғашқы жеңісіне жол ашып, бү­
кіл команданы абырой төріне шығарды.
«Қайраттың» осы жеңісі туралы бірінші болып сол күні
Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінде біліпті.

Одан соң қуа­нышты хабар филармонияға жетіпті дейді. Кон­
церт жүр­­гізуші көпшіліктің алдына арнайы шығып: «Жолдас­
тар, Минс­кіде «Қайрат» 2:0 есебімен өзінің алғашқы жеңісіне
жетті!» деп бүкіл республика жұртшылығы айрықша мән беріп

отырған жақсы лепесті сүйіншілеп жария етеді. Ертеңіне Се­
гізбаев есімін күллі Қазақстан мен Беларуссия, одан соң бір­
тіндеп ұлан-байтақ Кеңес Одағы білді десе де болады. Өйт­
кені, ол кезде елдің құлағы футбол десе, соншалық елеңдеп

тұратын.
Осылайша алғашқы ойыннан-ақ әлі жиырмаға толмаған
жас жігіт «Қайраттың» арқа сүйер, сенім артар негізгі шабуыл­
шысына айналады. Ырғалып-жырғалуға, «көш жүре түзеледі»

деп арқаны кеңге салуға уақыт жоқ-тын. Өйткені, команда
Кеңес Одағының маңдайалды клубтарымен тайталасып жат­
ты. Оларды жеңу үшін гол соғу керек. Бұл тұрғыда Тимур
әдеп­­кі гол соққ ыш емес еді. Ол қарсыластар қақпасына допты

тым жиі соқпайтын. Бірақ іс жүзінде оның соққ ан голдары ко­
мандаға үнемі ауадай қажет аса маңызды ұпайларды әкелетін.
Негізгі құрамдағы орынды ұстап тұру да оңай емес-тін.
Әріптестері Остроушко, Степанов, Скулкин, Квочкин, Камин­

скийлер өңкей сайдың тасындай шыңдалған шеберлер. Қар­сы­
ластары болса, Яшин, Воронин, Стрельцов, Иванов, Нетто,
Парамонов, Красницкий, Месхи, Понедельник сынды, елді бы­
лай қойғанда, әлемдік ауқымдағы жұлдыздар. Осылардың ара­

сында Тимур тасада қалмай, өз орынын таба білді, жасыл алаң­
да танымал клубтар мен атақты футболшыларға қарсы лайық­
ты ойын өрнегін көрсете білді.
1964 жылдың 26 тамызында Москвада «Спартакпен» бол­

ған матч Қазақстан футболының тарихына алтын әріп­тер­мен
жазылары сөзсіз. Тимур осы жолы өзінің естен кетпес ерек­ше
екі голын соқты. «Қайрат» 2:0 есебімен қаһарлы қар­сыласты
ұтып, басқа алаңда мерейлі жеңіске жетті. Осы қос гол оған

бүкілодақтық атақ-абырой әперді. Алып елдің ор­та­лық газеттері
келесі күні «Тимур және оның командасы» деген тақырыппен
шықты. Бұл сөз советтік футболдың абызы Николай Петрович
Старостиннің дуалы аузынан шыққ ан еді. Алпысыншы жыл­

дардың өн бойында «Қайратты» осылай деп атайтын. Тимур
Санжарұлы сол күнгі жеңістің белгісі ретінде ГАНЕФО жиыны­
на қатысып, шетелден ала келіп Кәркен Ахметов ағасы тартқан
сыйды ерекше қастерлеп, әлі күнге сақтап келеді.

Әсіресе 63-ші жылы «Қайрат» өз алаңында ешкімге дес
бермеді, барлық мықты командаларды ұтып ықтырып таста­
ды. Оның мықты қорғаныс шебін «Қайраттың» бетоны» деп
атайтын да нақ осы кез. Бір қызығы, сөйте тұра, әлсіз коман­

далардан жеңіліп қалатын. «Қайратты» халық жақсы көрді,
ақындар осы халықтық командаға жауһар жырларын арна­
ды. Сейдахмет Бердіқұлов ағасы Тимурдың Африка турнесі­
нен жазған жолжазбасын «Лениншіл жаста» көлдей қылып

екі нөмірге шығарды. Белгілі кинорежиссер Шәкен Айманов
өзінің «Тақиялы періште» фильміне «Қайраттың» ойынынан
қалайда бір көрініс қосу керек деп тапты. Сол көріністі түсіру
үшін қайраттықтар Алматының Орталық стадионында күні

бойы өздерін өздері ойнады.
Алпысыншы жылдардағы «Қайратты» Тимурсыз көзге
елестету мүмкін емес-тін. Кеше ғана қатарға қосылған ұяңдау
бозбала командадағы беделді ойыншылардың біріне айналды,

жігіттерді жеңіске бастап отырды. Жанкүйерлер оны пір тұтты.
Барша халықтың сүйіктісі болды. Жанкүйерлердің Тимурды
жақсы көретіндігі сонша, Орталық стадионда диктор коман­
да құрамын жария еткенде «Тимур» есімі аталған сәтте стади­

он қолшапалақ, дабыспен дүркіреп кетеді де, «Сегізбаев» де­
ген фамилиясы әруақыт естілмей қалар еді. Командалар сапқа
тұрған дәстүрлі рәсімдерде гүл шоқтарының көбі Тимурға
берілетін. Бірақ ол атаққ а астамсып, даңққ а дандайсып кет­

педі, талантына бас июшілердің көптігі оның басын айнал­
дырмады. Ол әрқашан қарапайымдылығы мен сыпайылығын,
өзіне тән зифа да зият мәдениетін сақтады. Дәл осы рет­
те Тимурды ұлы Пелемен салыстыруға болар еді. Әредікте

«Қайраттың» капитаны өз әріптестеріне барлық жағдайда, бы­
лайша айтқанда, үйде де, түзде де, ойын алаңында және оның
сыртында да үлгі бола білді.
Футболшы Сегізбаевтың ойын өрнегінің мықты жағы аса

қуатты соққ ысы және ысылған шебер машығы болатын. Ол до­
пты тепкенде қақпашыны ұшырып жібереді екен, оң аяғымен
тебуге тыйым салыныпты деген аңыздар да пайда болған. Ал,
ақиқаты сол, Тимур 50 метр қашықтықтан соншалықты әдемі

әрі дәл пастар беріп, 30 метр жерден керемет голдар соғып
отырған. Өзімен бірге ойнаған ардагер куәгерлердің айтуын­
ша, сондай ғажап голдардың бірін атақты Анзор Кавазашвили
қорғап тұрған Мәскеу «Торпедасының» қақпасына біздің Ти­

мур 1963 жылы енгізген екен. 40 метр жерден жойқын күшпен
соғылған доп атылған оқтай зырқырап келіп торды бүлк еткіз­
генде, стадион шаттықтан теңселіп кетті дейді. Сегізбаевтың
жасыл алаңдағы хас шеберлігі, жойқын соққ ысы, дегдар әрі

әдемі ойыны кез-келген футбол симфониясының фрагменті
бол­ғандай. Футбол беделдерінің пікірлері осындай ойға жете­
лейді.
Гол салуға құштар шабуылшы ешқашан дөрекілікке жол

бермеген екен. Ол Кеңес Одағының ең сырдесте һәм сырбаз
ойын­шысы, футбол зиялысы саналған. Десе де бір жолы алаң­
нан қуы­лыпты. Ал, оның өзіндік сыры бар. 1967 жылдың қыр­
күйегі. Киев. Жергілікті «Динамо» сайыпқырандары «Қай­рат­

тың» қақпасына қайтарусыз үш гол салып, одан әрі өң­мең­дей
түскен. Допқа таласқан бір сәтте Йозеф Сабо қолын арт­қа
тастаған болып қасақана Леонид Остроушконың бетінен са­
лып жіберіп, сақинасымен жаралап тастайды. Тимур шы­дай

ал­май: «Йозеф, мұның не? Ұят қайда?» десе, анау өр­кө­кі­рек­
те­ніп дөрекі жауап қайырады. Сәлден кейін Тимурмен доп та­
ласында қақтығысып қалғанда, енді өзінің бет-аузына темір
жұдырық сарт етті. Ызаға булыққ ан жігіттердің ұстасқан жері

осы екен. Төреші Бочорадзе өз көзіне өзі сенбейді. «Тимур,
сенбісің? Неге?» дей береді. Тимур қолын бір сілтеп, алаң
сыр­тына бет алғанда, төреші қызыл карточканы әрең суыра­
ды. Өз қателігін түсінген Сабо артынан қуып жетіп, құшақтап

кешірім сұрайды. Екеуі де ойыннан шеттетіледі. Иә, сыпайы
Тимур қажет болғанда қиянатқа төзбей, өзінің де, өзгенің де
ар-намысын қорғай алатын еді. Нағыз капитан солай болуы
керек қой.

Алпысыншы жылдардың аяғына қарай «Қайраттың» капи­
таны ойын үстіндегі толассыз жарақаттардан азап шегіп, бел­
дегі құяңы да бастыртпай сыр бере бастады. Ол әлі де ойнай
алатын еді. Бірақ Сегізбаевтың намысы өзгеге ғана емес, өзіне

де қатал: нашар ойнауға қақысы жоқ-тын. 29 жасқа толардан
үш күн бұрын, 1970 жылдың 9 мамырында қазақтың ұлы фут­
болшысы жасыл алаңға ойыншы ретінде соңғы рет шықты.
Артында қызығы мен қиындығы мол, өмірінің мағынасына

айналған 168 матч қалды. Тимур көзі булана қысқа қайырым
қол бұлғап, Орталық стадионның мінбер астындағы орынжай­
ларына кіріп кеткенде стадионның дүркірей қол соққ ан қо­
шеметі әлі толастаған жоқ еді. Бакудің «Нефтчиімен» «Қай­

раттың» ойыны Тимурсыз жалғасып жатты. Өмір заңына әмір
жүрмейтіні осы-ау.
Әйткенмен, футбол әлемінен оны ешқандай құдірет кеті­
ре алмас еді. Бұл уақытта ол футболмен жаны егіз жаратылған

бірден-бір қазақ болатын. Жетпісінші жылдардың басында Ти­
мур Санжарұлы Қызылорданың «Автомобилист» командасын
жаттықтырды. Одан соң Днепропетровскінің «Днепрі» мен до­
нецкілік клубтастарын ұтқан Қарағанды «Шахтерінің» тізгі­

нін ұстады. Ал, 1973 жылы өзінің «Қайратына» бапкер ретін­
де қайтып оралды. Бұл кезде Қазақстанның бас командасының
жағдайы мәз емес-тін. Артем Фальян басқарған ол келер жы­
лы, тіпті, бірінші топқа түсіп қалды. «Қайратты» жоғарғы ли­

гаға қайтару жөніндегі партиялық жауапты іс клубтың бұ­рын­
ғы ойыншылары Тимур Сегізбаев пен Станислав Каминский­
ге тапсырылды. Екі дос бұл міндетті тастай қып орындап,
1977 жылы қайраттықтар олардың басшылығымен КСРО чем­

пио­­натының жоғарғы лига мықтыларының алғашқы сегіздігі­
не кірді.
Тимур Санжарұлы шеттетуді де көрді. Бірақ ұнжырғасын
түсірмеді. Сол кездерде Оқу министрлігінің саясына кетіп, ба­

лаларды футболға баулыды. Одан соң өзі Йемен елінің құ­ра­
масын жаттықтырған үш жылын әрдайым мерейлене еске ала­
ды. Онда ол жергілікті футболды көтеріп қана қоймай, Аденде
табиғи жасыл шөп өскен футбол алаңын жасап беріп кетті. Ра­

фик Тимурды, яғни жолдас Тимурды йемендіктер жібергілері
келмей, қимай қоштасқан-ды.
Елге оралған Тимур Санжарұлы тағы да мүшкіл халдегі
туған командасын өз қолына алады. Сөйтіп қайраттықтардың

жаңа буыны: Евстафий Пехлеваниди, Вахид Масудов, Құр­бан
Бердыев, Евгений Яровенко, Фанас Салимовтармен бірге Қа­
зақстан футболының жаңа тарихын жақсылап жасауға кіріседі.
Соның арқасында команда 1987 жылы КСРО бірін­ші­лі­гінің

жо­ғарғы тобында 7-ші орынды еншілейді. Бұл «Қайраттың»
бүкіл тарихындағы ең жоғары жетістік екенін айтсақ, бапкер
Се­гізбаев бағындырған биіктер зорая түсері сөзсіз. Шәкірт фут­
болшылардың жай ғана «Санжарыч» дегенінде ұстазға, фут­бол­

дағы үл­кен тұлғаға деген айрықша құрмет, шынайы сүйіс­пен­
шілік жататын.
Тәуелсіз Қазақстанның Футбол ассоциациясының прези­
денті болған кезінде Тимур Сегізбаев футболдың барлық бас­

палдақ-сатыларынан өткен салиқалы қайраткер болатын. ФИ­
ФА Қазақстанды өзінің толыққ ұқықты мүшесі етіп қабылдаған
кезде осынау мәртебелі халықаралық ұйымның президенті
Жоа Авеланжға Отанымыздың туын тапсыру құрметі өзгеге

емес, нақ Тимур Сегізбаевқа тиюінің өзі де үлкен нышанды аң­­
ғарт­са керек. 1994 жылдың маусымында Дүниежүзілік фут­бол
фе­­де­рациясының Чикагодағы 51-ші конгресінде бол­ған осы те­
біреністі оқиға сәтінде Тимур Санжарұлының көң­лі бо­сап, кө­

зіне жас келіп қалған еді. Иә, бұл да тегін емес еді. Тәуелсіз
ту­ған елін әлемдік футбол қоғамдастығына Қа­зақ­стан фут­бо­
лы­ның бейнесі дерлік тағдыршешті тұлға, қазақ фут­бо­лының
аңы­зы алып кірді. Қазақ футболының мерейі. Тимур Сегізбаев.

2011 ж.
Ісі ұлық, өзі кішік Қалағаң
немесе жазушы Қалмұқан Исабайдың бейбіт
күндегі бес ерлігі хақында

Кездесіп қалған сайын Қалағаңның сөз бисмілләсін: «Мен
саған бір қызық айтайын» деп бастайтын әдеті бар. Алда-жал­
да ол «қызығын» тыңдауға құлқың аздау, асығыстығыңды аң­
ғарса, дереу «Әй осы сен өзің бір жақсы жігітсің» деп көп­

шік тастайды. «Жақсы жігіт екенімді қайдан білесіз?» деп қы­
жыртсаң, «Е-е, оны білетінім сол, Зерендідей жерде туған
адам­ның жаман болуы мүмкін емес» деп әжімдері жазыла, қуа­
қы­лана күледі. Жалтаруға жол қалдырмас осындай табанды да

тап­қыр дипломатия 18-дегі қыршын жасынан сонау соғысты
да өт­керген, одан қаншама жыл неміс қаласының коменданты
бол­ған ағаның бейбіт уақыттағы бесаспап қаруы боп келе жат­
қанын білсемші. Және бұл қаруды ол әрдайым өзінің ел мүд­

десіне орайласқан ізгілікті ойларын іске асыру үшін пайдала­
нады екен-ау.
Тапқырлық демекші, Әнуар Әлімжановтың 50 жылдығы
Мәс­кеуде, Орталық әдебиетшілер үйі ЦДЛ-де атап өтіледі.

Сахна сыртында үлкен үстелде дастарқан жайылған екен, Әне­
кеңнің ымдап шақыруымен сол жерге жай басып асықпай Қа­
ла­ғаң да жетеді. Үстел басында орыстың өңшең үлкен жа­
зушылары, КСРО Жазушылар одағының басшылары. Осы кез­

де Ол­жас Сүлейменов келе қалып, жолында тұрған Қалағаңмен
аман­дасады да, оны сол бойында қаусыра құшақтап: «Дру­
зья-то­варищи, скажите, на что похожи сейчас мы с моим бра­
том Кал­муханом?» деп сұрайды, Әнекең дереу іліп әкетіп:

«Вы по­­хожи на диаграмму роста казахской советской литера­
туры за 50 лет» дейді. Жұрт ду күледі. Өйткені, Олжас ұзын
бойлы, Қалағаң тапал. Сонда Қалағаң сұқ саусағын шошай­
тып жо­ғары көтереді. Күлкі тыйылады. Енді сол сұқ саусақпен

өзін көрсетеді де: «Качество!» деп бір қояды, ізінше Олжасты
нұс­қап: «Количество!» дейді. Ендігі күлкі әуелгіден де ба­сы­
мырақ шығады.
Қалағаңның айтатын қызықтарын білмек болсаңыз, «Бұл

дүниенің бір ғажабы архив қой» деп бастайды ол кісі. Ол­же­
кеңді нұқыған әлгі сұқ саусақ баяғыша тынымсыз жұмыс іс­
теп тұрады. «Мен шовинистерге қазақтың бұрынғы біраз жағ­
дайын дә­лелдемекші боп архивтерде көп отырған адаммын.

«Шоң би» деген үлкен романымды білесің ғой. Соған не­
гіз бол­ған материалдарға архивте ұшырастым. Қарадан хан
шығып, қазақтан алғаш аға сұлтан сайланған Шоң осы. Шоң­
ның күзет-қызметінде казак-орыс жасағы болады. Бұлар бір

жағынан бидің өзін де бақылайтын жансыз қызыл көздер. Со­
лар Шоңның не істеп, не қойғанын, күнделікті тіршілігін жіп­
ке тізіп донос есебінде баяндап жазып, генерал-губернаторла­
рына жібере берген. Сол кездегі біздің тарих, қазақ өмірінің

шежіресі! Мына бір қызықты қараңыз. Сол заманда Баянауыл-
Қарқаралы өңірінде бір қожа молда шыққ ан дейді. Ол өзін рах­
ман шапағатына бөленген ерекше жан, асыл ұрықтың жұрағаты
деп жариялапты. Енді бұдан қазақ ішінде жаңа пайғамбар ту­

ады-мыс. Ол үшін жұрт үйге түсер келіннің, оң жақта отырған
қыздың алғашқы түнін әлгі аруақ қонған қожа-молдаға сый­
лауы керек. Алланың түсірген әмірі осылай. Бұл әмірден қия
басқандардың барар жері – жаһаннам. Ел дүрбелеңге түседі.

Аңқау жұрттың бірсыпырасы арамза молданың торына шыр­
малып та қалады. Ақыры бұл жағдай аға сұлтан Шоңның құ­
лағына тиеді. Қара халықты бұлай қорлағанға қатты намыста­
нып қаһарланғаны сонша, Шоң алаяқ молданы ат қылып тарт­

қыздырып, елден масқаралап қуады. Осы жайлардың бәрі жаңа­
ғы казак-орыстардың тыңшылық баяндарында жазылып, пат­ша
өкі­метінің архивінде сақталған. Міне, архивтің ғажабы. Шоң
би­дің за­манында сенің Көкшетауың жағында да талай атақ­

ты адам­дар шыққ ан. Анау Зілғара Байтоқин, Кенесары кө­те­
рі­лісіне қо­сылған батагөй Бөгенбай би, Бала Баубек батыр.
Ар­хив­тен іздеп қарап, сол тарихтарды сен жазуың керек» деп
Қалағаң енді маған міндет жүктейді.

Тегінде, архивке құмарттырған осындай құштар ізденгі­ш­
тік Қалағаңның қанында. 1954 жылы әскер қызметінен бо­
сай сала Алматыға келіп, әдеби-журналистік қызметке құлай
беріліп кіріседі. Осы кездерде алты-жеті жыл «Социалистік Қа­

зақстан» га­зе­тінде қа­ламгерлікке төселеді. Қазақтың жазу­шы-
журналист қа­уы­мында бұрын-соңды болмаған жағдай сол, 1961
жылы Қал­мұ­қан Исабаев болашақ Ертіс-Қарағанды ка­на­лы жү­
ретін жер­лермен 500 шақырым жаяу сапар шегіп, «Ар­ман ар­

насымен» ат­ты күнделік кітабын шығарады. 12 жыл бойы та­
бан ау­дармастан осы құрылыстың басы-қасында болады. «По
рус­лу мечты», «Подвиг в степи», «На стыке судеб», «Сұң­қар
сам­ғауы» атты кітаптар, жүзден астам проблемалық очерктер

мен мақалалар жазылады. Бір тақырыпты игерудегі осын­ша­
лықты ізерлі табандылықты қазақ журналистикасы әлі күнге
дейін білмесе керек.
Жайшылықта қарапайым Қалағаңның жаны романтик, ар­

ман-қиялы жер-жиһанды шарлап жүреді. Осы айтқанымызды
айғақтап көрейік. Берлиннің Трептов паркінде бір қолымен кіш­
кентай қыз баланы кеудесіне баса көтеріп, екінші қолындағы
семсермен табанының астына тапталған фашизм свастикасын

қа­қырата шапқан совет солдаты ерлігінің бейнелі мүсіні біз­
дің ұр­паққ а мектеп оқулығынан таныс. Ескерткіштің елге кеңі­
нен әйгілі авторы мүсінші Е. Вучетич. Біздің білмекке құш­тар
тынымсыз Қалағаңды 60-шы жылдардың басын­да атал­мыш

ескерткіштің прототипі кім, қаһармандық бейненің негізіне не­
ндей оқиға алынды деген сұрақ мазалайды. Ақы­ры қоймастан із­
деп жүріп анықтайды. Ескерткіш негізіне бол­ған оқиға алынған.
Прототипі 1945 жылдың сәуірінде Рейхстаг үшін болған қиян-

кескі ұрыстар кезінде кішкентай неміс қызын ажал аранынан
алып шыққ ан 220-шы Запорожец пол­кінің сержанты Николай
Масалов екен. Берлин көше­сін­дегі шайқастарда батальон ко­
мандирі болған мүсінші Е. Вучетич бұл оқиғаны жақсы біл­

ген де, кейіннен ерлік пен ізгілікті сом­даған өз туындысының
арқауы етіп алған. Міне, өзі зерттеп анық­таған осы жайларды
айтып Қалмұқан Исабаев «Социалистік Қазақстан» газетінің
1964 жылғы 22 қараша күнгі санына «Мүсінге айналған ер­

лік» ат­ты шағын мақала, соған қоса ескерткіш пен сержант
Н. Ма­саловтың суреттерін жариялайды. Бір қызығы, мү­сін­
дегі бейне мен Масаловтың ұқсастығы бір қарағаннан-ақ бай­
қалады. Ең ғажабы, нақ осы күні «Правда» газетінде де сер­

жант Ма­саловтың мүсінге айналған ерлігі жайлы деректер­
ді ал­ғаш жарияға шығарған материал бе­рі­леді. Қайткенде де
біздің Қалағаңның журналистік зерттеу жүргізудегі жеделдігі
мәскеулік әріптестерінен озық болмаса, кем түспепті.

Қолтоқпақтай ғана Қалағаңның шовинистермен дабырасыз
күресі басталған уақыт та осы алпысыншы жылдар. Бұл кезде
Баянауыл өңіріне де тың игерушілер келген. Бұрынғы 16 колхоз
іріленіп, олардың орнына төрт совхоз орнаған. Атауларының

бәрі орысша. Қазақтың аса үлкен ақыны Сұлтанмахмұттың ту­
ған жерінде орнаған совхозға сайда саны, құмда ізі жоқ, осы­
нау қасиетті өңірге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Алек­
сандров деген әлдекімнің аты беріледі. Бұған наразы болған

Дихан Әбілев пен Қалижан Бекхожин Павлодардың облыстық
партия комитетіне: «Бұл дұрыс емес, совхоз Сұлтанмахмұт То­
райғыров атында болу керек» деп хат жазады. Бірақ ол хатқа
обкомның айыл жиятын түрі көрінбейді. Енді бұл іске өзі қол­

тоқпақтай ғана болса да, бойына қарға бойлы Қазтуғанның
қай­сарлығы дарыған Қалмұқан кіріседі. Қанша айтқанмен 10
жыл Еуропа тәлімін көрген ол Қалижаншылаған намыс­шыл
ай­қайдан, Диханшылаған дәлелсіз доқ көрсетуден түк өн­бей­

тінін біледі. Сөйтеді де архивке, заңға жүгінеді, солардан сө­
зін өт­кізерлік саңылау табады. Обкомда отырған әріп­шіл шо­
ви­нистерді өзі ұсынған идеяға көндіру үшін әуелі сол Алек­
сандровтың атын совхозға беруге лайықсыз, ондай құрметке

татымайтын адам екенін дәлелдеу керек еді. Қысылшаңда кө­
мекке келген, ешкімнің бет-жүзіне қарамайтын айналайын ақи­
қатшыл архив әлгі Александровтың қандай сұмырай алаяқ бол­
ғандығын жарқыратып жайды да салды. Ол жұртты алдап, 4

миллион рубль қарызға батып қарабет атанып, ақыры мас­қа­
рашылықпен атылып өлген сабаз болып шықты. Осы ай­ғақ­
тарды бұлтартпастан қолға ұстаған сол тұстағы «Социалистік
Қазақстан» газетінің қызметкері, жас талап жазушы Исаба­

ев обкомның шовинист хатшысына: «Совет совхозына кімнің
атын беріп отырсыз?» деп сұрақты төтесінен қойды. Қисыны
келіскен осындайлық Қалмұқан тегеурінінен кейін туған же­
рі­не орнаған совхозға Сұлтанмахмұт ақынның атын бермес­

ке шо­винистердің шаралары да қалмап еді-ау. Бұл – 1962 жыл.
Осы жағдайды біздің қызметкеріміз сөйткен деп қазіргі тәуел­
сіз еліміздің аға газеті «Егемен Қазақстанның» да мақтан ету­
ге хақысы бар деп ойлаймыз. Иә, бейбіт күннің бір ерлігіне ба­

рабар бұл ісі үшін, Қабдоловшалап айтқанда, «егемендіктер»
Қалағаңмен мақтанады.
Баянауылдың тумасы Қалағаң Екібастұздың көмірін аш­
қан адам Қосым Пішенбаев деген кісі деп ел аузындағы әңгіме­

лерден бала күнінде-ақ естіп жүретін. Енді осы ен байлықты
алғаш ашушы ретінде қайдан сап ете түскені беймәлім Бородин
деген белгісіз біреудің әспеттеліп, соның атына көше беріліп
жатқанына таң қалды. Екібастұздың көмірін тапқан ол емес,

Пішенбаев деп обком хатшысы Бариковқа барса, тіпті жолатар
емес. «Көмірді Пішенбаев тапты деген қағаз әкел» дейді беті
бүлк етпей. Жарты Ресей, жарты Сібірге жылу беріп отырған
Екібастұзды ашу құрметін қазаққ а қимайды. Ондай байлықты

табуға тек орыс қана лайықты! Содан шовинистердің есіргені
сонша, көмірді ашты деп дүниеде болмаған Бородинді атай
салған.
Қалағаң тағы архивке жүгінді. Сәтін салғанда, керек қағаз

Киевтің архивінен табылды. Себебі, Екібастұздан алғаш Ар­
тем Дерев деген көпес көмір ала бастайды. Сібір қалаларына
сатады. Бірақ кәсіпшілікті кеңейтуге ақшасы жетпей, Киевтің
бір көпесін көмекке шақырады. Ол жақтан көмірдің көлемі

мен сапасын білуге өкіл келеді. Осы жайларды айтқан қағазбен
бірге көмірді Пішенбаев тапты деген қағаз да кеткен болар деп
ойлайды біздің Қалағаң. Сөйтіп жүргенде Мәскеуде Сугоня­
ко деген украин журналисімен жолығып қалады. Оның арма­

ны Қазақстандағы Тарас Шевченко болған жерлерді көру екен.
«Жарайды. Көмектесейін. Тек сен де бір шаруаға қол ұшын
бер. Көпес Лазаревтің Екібастұзға байланысты құжаттары
Киев­тің архивінде болуы мүмкін. Маған сол керек» деді. Үміті

ал­да­мады. Сол қағазды Сугоняко тауып, фотокөшірмесін са­
лып жіберді. Қызық болғанда, Қосым Пішенбаев та соның
ішін­де жүр. Қа­рабидайық деген жерден көмір табылғандығы,
төрт қа­зақ­тың шурп қаз­ғандығы, бәрі тайға таңба басқандай

ай­тыл­ған. Төр­теудің маң­дай алдында Қосым Пішенбаев тұр!
«Уа, жаса архив!» деді Қалағаң. «Мынадай айғақ тұрғанда Пі­
шен­баевты жо­латпай, дүниеде болмаған Бородинге көмір аш­
ты деп атақ берген өтірігіңді «Крокодилге» жазып берсем не

боласыз?» деп обком хатшысы Бариковқа қиғылық салып, ен­
ді Қалағаң күшейді. Екібастұзды алғаш табушы құрметінің
ақ-адал иесі Қосым Пішенбаев бабамыз тарихтан ресми түр­де
өзіне тиесілі орынды сөйтіп алды. Атына көше берілді. Кейін,

1994 жылы, туғанына 150 жыл толуына орай Екібастұз қа­ла­
сында ескерткіші орнатылды. Қалмұқан Исабаевтың және ...
архивтің арқасында.
Басқыншы атаман Ермак атын қазақ жерінен аластау жө­

ніндегі айтыс-тартыстар кезінде де Қалағаң қазақ үшін кө­кей­
тесті бұл мәселеден сырт қала алмады. Бірақ бос дауры­ғу­шы­
лардың, құрдан-құр өңеш жыртушылардың қатарына қо­сыл­
мады. Ол өнбейтін бос айтысты қоя тұрып, мәселені ше­шудің

нақты кілтін тапты, әр қадамын байыппен жасады. Ше­ка­ра­
ға жа­қын Ресей қалаларының басшыларымен мәмілеге кел­
ді. «Ер­мактың аяғы қазіргі Қазақстан аумағын мүлдем бас­па­
ған екен. Атаман Омбының, Томбы мен Түменнің тарихынан

орын алса, әділі де сол. Біз атаманның ескерткішін сіздерге
тегін берейік» деп дипломатияға жүгінді. Мұнысы та­был­ған
ақыл болды. Ресейліктерді айтқанына көндірді. Айтыс-тар­
тыс­тың қызуын басып, шиеленісті бәсеңсітті. Сөйтіп, ақы­рын

жүріп, анық басқан, мен сөйттім деп кейбіреулерше кеу­десін
де қақпаған Қалағаң Ермак қаласына қойылған бас­қын­шы ата­
манның ескерткішін алуға, қала атын Ақсу деп өз­гер­туге ат­
салысты. Сәтбек батыр бабамыз жайратқан Ермакты ақы­ры

түпкілікті жеңіп шыққ ан қазақ жазушысы Қалмұқан Иса­баев
болды.
Біздің заманда қазақ атының шет жұрттарда танылуы­
на, қа­зақ рухының әлемдік кеңістікте асқақтауына әуел бас­

тан мұ­рындық болушылардың алдыңғы қатарында тағы да
Қа­ла­ғаң тұрады екен. Ұлттың кеудесінен басқан кеңестік сая­
сат бел алып тұрған сонау 1979 жылы Абайдың Гетеден ау­дар­
ған «Қа­раңғы түнде тау қалғып» өлеңін мәрмәр тасқа қа­ша­

тып, оны сол өлеңнің немісше нұсқасы туған, өзі комендант
болған Ильменау қаласының Гете музейіне қойғызу және осы
сөзге жазылған Абай әнінің магнитофон таспасын табыс ету
Қалағаңдай қарапайым қайсардың ғана қолынан келер ізгілікті

іс болатын. Сол кездерде ГДР газеттері Тюрингияда шырқалған
Абай әнін жыл сайын 60 мыңдай адам тыңдайтынын жазды.
Бұл да Қалағаңның арқасында.
Ал енді осы Қалағаң Берлинде Абай атына көше бергі­

зу үшін не істеді деңіз? Ол әуелі өзіміздің шенеуніктермен ар­

па­лысып жүріп Астана, Алматы, Семей және Қарағанды қа­ла­
ларының бір-бір көшесіне немістің ұлы ақыны Гетенің атын
қойғызды. Сосын сол туралы қала әкімдері шешімдерінің кө­
шірмесін алып барып, Берлиннің мэріне көрсетті. Қазақ айт­

пай ма: «Алмақтың да салмағы бар» деп. Осы кәміл қағиданы
ұстанған, қылдан таймас немістік дәлдікке сүйенген қазақтың
қарт жазушысы Қалмұқан Исабаев сөйтіп 2000 жылы бүкіл
халқымызға Берлинде Абай көшесінің ашылу қуанышын сый­

лап еді.
Биылғы сәуірдің 25 жұлдызында Италияның Триест қа­
ласында 1943-1945 жылдары осы қаланы және Гориция облы­
сын азат ету кезінде қаза тапқан 104 кеңестік жауынгердің ру­

хына арналған ескерткіш ашылды. Оның төменгі жағына мы­
надай сөздер итальян, орыс және қазақ тілдерінде бедерлеп
жа­зылған: «Ескерткіш Қазақстан Республикасының Үкіметі
жә­не Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігімен,

со­ғыс ардагері Қалмұқан Исабаевтың бастамасымен, Триест
қа­ласының жұртшылығы және мэриясының қолдауымен ор­на­
тылған. 2010 жыл 9 мамыр».
Осылайша алыс Италияда Қалағаң есімі тағы да алды­мыз­

дан шықты. Оның сыры мынадай. Өзі де от кешкен, соғыстан
кейін Германияда көп жыл әскери қызмет атқарған ағамызды
Еуропаны фашизмнен азат етуге қатысқан қазақ жауынгерлері
жайлы ой жиі мазалайтын. Соларды іздеп тапсам, Еуропаны

азат етуде қазақтың да қаны төгілгенін, үлесі барын әлемге жар
салып айтып танытсам дейтін. Сөйтіп, Қалағаң отыз жылдық
ізденістің арқасында Югославия халық-азаттық армиясының
құрамында 1943 жылдың күзінде фашистік концлагерлерден

қашып барып қосылған кеңес жауынгерлерінен ерекше бата­
льон жасақталғанын, батальон командирі болып 23 жасар қа­
зақ жігіті сержант Бейсен Райысовтың тағайындалғанын анық­
тайды. Бұл құраманы «орыс батальоны» деп те атаған. Жет­

пісінші жылдары Бейсенмен кездесіп, Випава көпірі үшін тең
емес шайқаста 150 фашисті жер жастандырған, өздері де шәйіт
болған 10 қазақ партизанының есімдерін жазып алады. Қалағаң
Жеңістің 60 жылдығы тұсында: «Егер республика Үкіметі ма­

ған жол ашса, Италиядағы өзіміздің елшілікке барып, өзен мен
көпірді және осы маңға жерленген жерлестеріміздің зира­тын
тауып, олардың аты-жөндері жазылған кесене тұрғызу дайын­
дығын бастар едік» деген тілек-өтінішін айтып, сол кездегі

Мемлекеттік хатшы Оралбай Әбдікәрімовке хат тапсырған бо­
латын.
Қазақы ұғымға салып айтқанда, ақкөйлек ақсақалдың осы­
нау ақ тілегі періштенің құлағына шалынды. Қалағаңның Три­

ест маңында құрбан болған 10 қазақ жауынгерінің мәңгілік
жай тапқан жерлерін тауып, кесене орнатуға көмектесуді сұ­
ра­ған өтініші біздің Сыртқы істер министрлігінде де, Ита­лия­
дағы Алмаз Хамзаев басқарып отырған Елшілігімізде де оң

қабақпен қабыл алынды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде сол
төңіректе 104 кеңес жауынгері құрбан болғандығы анықталды.
Оның 36-сы қазақ болып шықты. Енді, міне, Қалағаң көтерген
бастама, діттеген іс жеріне жетіп, алыс Италияда адамзаттың

азаттығы үшін қыршын кеткен боздақтарымыздың рухын ас­
қақ­татқан кесене тұрғызылды. Қазақ елі, қазақ жері өз ұлдарын
ұмытпады. Аруақтарын риза етті. Қазақтың ақсақал жазушы­
сы Қалмұқан Исабайдың арқасында.

Сөз соңына қарай Қалағаңның тағы бір қызығын ай­тайық­
шы. Бұл кісіңіз академик Ебіней Бөкетовпен досжар болған
ғой. Бірде Ебекеңнің үйінде отырып Қалағаң келер жылы 50
жасқа толатынын айтыпты. Сөйтсе келер жылы Ебекең де 50-

ге толады екен.

– Япырау, сен де елуге келіп қалдың ба? – депті Қалағаң.

Сонда оның батыр тұлғалы құрдасы:

– Кіп-кішкентай Қалмұқан елуге келгенде, үп-үлкен менің

елуге келмегенім ұят емес пе?– деп кеңк-кеңк күлген екен.
Сол айтпақшы, қаршығадай Қалағаң елу, алпыстарыңызды
алыс жылдарда шаң қаптырып қалдырып, міне, сексен бестің
сеңгіріне шықты. Қазақ мүддесі тұрғысынан келгенде бір өзі

атағы дардай пәленбай дейтін институт, ұйым, партиялардың
жүгін көтеріп, солар атқаруға тиісті жұмыстарды айқай-шу­
сыз бір өзі тындырып жүр. Онысын және міндет етпейді. Ісі
ұлық, өзі кішік Қалағаңның бұл да бір ғибраты болар.

2010 ж.

ҚОС ТАҒАН

1. «Асыл жарым, азаматым – Жұбақаң!..»

Еркін ойды қапасқа қамаған кеңес кезеңінде Махамбет ру­
хын­дағы азаматтық-ұлттық бірегей тұлғасымен халық құр­ме­тін

іл­ген аса ірі ақынымыз Жұбан Молдағалиев болғаны белгілі. Жұ­
бан ақынның кеудені басқан кеудемсоқтыққ а наразы өр­лік­пен:
«Мен – қазақпын!» деп жалпақ дүниеге жар салуы не­шеме ұр­
пақтың намысына қайрақ болмады де­сеңіз­ші. Мың­да­ған ауыл-

мектеп, аудан сахналарынан: «Мен – қа­зақ­пын мың өліп, мың
тірілген!..» деп тебірене оқылған отты жыр шумақтары қаншама
қазақтың қанын қыздырып, қан­шама жастың жүрегіне шоқ сал­
мады десеңізші. Ал, атақты «Хат­шыға хат» өлеңі тоталитарлық

жымысқы тәртіппен шеген­делген өк­тем қоғамның бетпердесін
сыпыруға талпынған бір­ден-бір ал­ғаш­қы қадамдарының бірі
болғаны да рас. Әл­бетте, ақын аза­мат­тығының шырқау шыңы
1986 жылдың жел­тоқ­са­нында Жа­зу­шылар одағында қаһар хат­

шы Колбинмен кез­де­суде қазақ ұл­ты­ның жоғын жоқтап, қазақ
жастарының ар-на­мысын қорғап, ашына, шамырқана, ызалы-
назалы сөз сөй­леуі болатын.
Осындай батыр мінезді, ержүрек ақынның енді бірде: «Мен

қазақ әйеліне қайран қалам!» деп соншалықты нәзік те мейірбан
сыршылдықпен, айрықша аяулы махаббатпен жырлай алғанына
өзіңіз де қайран қалғандайсыз. Иә, сүйе білмес жүректен ер­
лік те шықпайды. Қазақ әйелін осыншалықты қадір тұтып, қас­

терлейтін парасатқа жетелеген, бәлкім, анасы Зеріп, сонымен
бірге қырық бір жыл отасқан жан жары Софья апай болар. Қы­
ран қазақтың Ақжайықтан тартып, Орал өңірін адақтап, Ала­
таумен астасып, дабысы «Байқоңыр баспалдақтарымен» өрлеп,

жойқын «Сел» екпінмен үдемелеп, «Кісен ашқан» күйіндей те­
бірене шалқып, дабысы қазақтың «Қыран даласына» түгел жет­
кен 90 жылдық тойы күндерінде біз Софья Мәлікқызымен сұх­
баттасуды өзімізге парыз санап едік.

– Софья апай, жұрт Жұбақаң екеуіңізді нағыз құдай қосқан

қосақтар еді деп аңыз қылады. Ағамен алғаш қалай кездесіп,
көңілдеріңіз қалай жарасты?

– Расында да Жұбан екеумізді қосқан әуелі құдай, сосын

иманды болғыр енем Зеріп деген кісі. Өмір-бақи жарықтық
енем­нің атын атамай, бетіне бір келмей, сыйлап өттім. «Ма­
ма» деуші едім. Енді өзім 80-нен асқанда, өзім де 8 немере, 4
шө­бе­ренің әжесі болғанымда, ел білсін деп, атын атағанымды

аруа­ғы кешірер.
1947 жылы әлі де әскери қызметтегі Жұбан Ташкенттен
Алматыға ауысып келіп, қазіргі Панфиловшылар паркіндегі
Офицерлер үйінің коменданты болып істеп жүреді. Майдан га­

зетінде мә­шіңкеші болған Айша апайдың үйіне тоқтап, бір бөл­
месіне кіреді. Тайпақтан шешесін алып келеді. Ол кісі өзі ком­
мунист, сельсовет төрағасы болған, еліне қадірлі адам. Сол кез­
де сырқаты бар екен. Емдетеді. Анасы енді: «Келін әпер!» деп

дігерлейді. Жұбан бір адамды әкеп көрсетсе, оны ұнатпапты.
Сосын Айша апайдың көршісі, мамаммен, нағашы шешеммен
жақын таныс Гүлсім деген апайға: «Маған бір жақсы қыз та­
уып әкелші, мен көрейін» - дейді.

Ол кездегі менің жағдайым былай. Нағашы атам Сейітқали
Меңдешев 1937 жылы «халық жауы» деп ұсталып, атылып
кет­­кен. Өз әкем 1942 жылы соғыста қаза тапқан. Нағашы ше­
шем Рә­­зия, анам Жұпар (паспорты бойынша Тамара) бес бала­

ны ба­­ғып, бірге тұрамыз. Мен Москваның соғыс жылдарында
Ал­ма­тыға көшірілген мақта-жіп иіру фабрикасында жұ­мыс іс­
теймін. 1947 жылы Москвадағы Бүкілодақтық физкуль­тура па­
радына қатысқам. Сонда түскен фото үйде үстел үстінде тұ­ру­

шы еді, Гүлсім апай соны білдірмей алып кетіп, Жұбанның ана­
сына көрсетеді. «Жарайды, осы қызды алып кел» дейді ол кісі.

– Қыз, ұната ма, жоқ па, онда шаруа жоқ қой?

– Ол кездің үлкен кісілері солай еді ғой. Онда мен қазақша

білмеймін. Түсінемін, бірақ сөйлей алмаймын. Жаңағы жай­
лардан бейхабармын. Гүлсім апай әлденені сылтауратып Айша
апайдың үйіне алып барып, Жұбандар тұратын бөлмеге кіргіз­
ді. Кереуетте – Жұбан, жердегі төсек үстінде аяқ жағын беліне

дейін көрпемен қымтанып анасы отыр екен. Жұбанды алғаш
көруім осы. Әскери форма, кительмен отыр. Капитан. Сымдай
тартылған сымбатты да тұлғалы жігіт. Не жағдай екенін ішім
сезді. Үндеместен есік алдындағы орындыққ а отыра қал­дым.

Гүлсім апай: «Шай қайната қояйын» деп самауырды алып шы­
ғып кетіп, қайта кірді. Жұбан сол арада: «Сіз мына кісіні кір­
гізіп, өзіңіз ештеңе деместен шығып кеттіңіз. Бұл кісі ұялып
отыр білем» деді. Гүлсім апай: «Ә, бұл Тамараның қызы ғой,

танысып отырыңдар» деп күлімсіреді. Жұбан маған қолын берді:

– Жұбан!

– Софья!

Сосын төсек үстінде отырған болашақ енеме қол беріп
амандастым да, қайтадан орныма келіп отырдым. Шай ішеміз
деген кезде рахмет айтып, шығып кеттім.
Ертеңіне Гүлсім апай біздің үйге келіп: «Ұнатты!» деген

хабарын жеткізді. Шешесі: «Осы қызды алсаң да аласың, ал­

масаң да аласың. Басқаның маған керегі жоқ» деп қиғылықты
салып отыр, дейді.

– Сіз ше? Алғаш көргенде сіз ұнаттыңыз ба Жұбақаңды?

– Шынымды айтсам, жігітті мен де ұнаттым. Әрі жағ­дай­

дың өзі осыған бейімдеп тұрды. Нағашы шешем: «Қазіргі уа­
қыт қиын, тұрмысқа шық, сөйтіп бізге де қарайлас» деп айтып
отыратын. Ал мен айттырған кісіге барғым келмей жүрген.
Әри­не, ол сұңғақ бойлы, сымбатты капитан Жұбанмен са­лыс­

ты­руға келмейтін.
Біз ол кезде қазіргі Сейфуллин мен Гоголь көшелерінің
қиы­лысында, №15 мектептің қасында тұрамыз. Жолдасы Са­
ғынғали Сейітовті ертіп Жұбан келе бастады. Мені шақыртып

сыртқа шығарып алады. Киноға не театрға, ешқайда бармай­
мыз. Үшеуміз Сейфуллин, Гоголь, Аманкелді көшелерін не­
ше қайтара айналып жүреміз де қоямыз. Сағынғали: «Жұбан
соғыста болған, өзі ақын, келешегі зор» дейді. Ол күндерде ол

қандай келешек екенін мен түсіне қоймаймын. «Жалғыз ше­
шесі бар, сол кісіні күту керек, сол кісінің айтқанын істеу ке­
рек. Сонда бәрі дұрыс болады» дейді. Үлкен кісі өз үйімде
де бар, өз ойымша, қарт адамды бағуды білетін сияқтымын.

Киім-кешегін таза ұстасам, тамағын уақтылы берсем, басқа да
дегенін істесем... Бұл айтқандар да қолымнан келетін сияқты.
Сөйтіп келін болып ақ босағаны аттарда: «Анамды сыйлауға
тиіссің» деген Жұбанның тілегін 18-дегі өрімдей шағымда заң

ретінде қабылдап едім. Осылайша екі-үш қайтара кездескен­
нен кейін бір-бірімізге кәдімгідей үйренісіп, айналасы бір ап­
таның ішінде үйге келіп айттырды. Қырық жетінші жылдың
22 қарашасында үйде жұпыны ғана ұзату тойымды жасады.

– «Сүйдім-күйдім» деген, жалындаған махаббат болған

жоқ екен ғой? Бірақ Жұбақаң кейінірек: «Не ғалым, не қай­рат­
кер болмасаң да, Әйелдің даналығын сенен ұқтым» деп өзіңіз­
ге бас ұрыпты-ау.

– Әуел бастан-ақ арамызда «күйдім-сүйдім» деген, ал­

дау­сыратқан арзан сөз болған жоқ. Шынайы сыйластық пен
сенімге жүгіндік. Мұндайда махаббат өзі артынан келеді екен.
Екеуміздің өмірлік сырымызды Жұбан кейін былай жырласа,
сол рас:

Таныстық, таныстық та үйлендік біз,
Үйі де, күйі де жоқ күйде едік біз.

Жұпыны сен ұяң қыз, мен майдангер,
Тұрмысты кімнен, қашан үйреніппіз?
Бар түгіл жоққа разы, тұра бердік,
Болмады сынық ожау мұра дерлік.

Сенгенбіз «сүйеміз» деп ант-су ішпей,
Бұл тіпті болмаса да сірә да ерлік.
Жұбанның: «Мен сені сүйеді екем» деген сөзін алғаш рет
18 жылдан кейін Моңғолияда сапарда жүріп жазған хатынан

оқы­ғанымда толқып, көзіме жас алғаным бар еді. Түйіп айт­
сам, Жұбандай үлкен жүректі, саналы азаматқа жар болған,
онымен өмірдің ыстық-суығын қатар бөліскен қырық бір жы­
лым – ең бақытты жылдарым, мағыналы дәурен, үлкен тарих.

– Сол ғажайып бақытқа жеткеніңіз үшін енеңізге қарыздар

сияқтысыз ба, қалай?

– Әлбетте, құдайдың қалауы енем арқылы жүзеге асқаны

рас. Қай ана баласына бақыт тілемейді дейсіз. Жұбанының ба­
қыты мен екенімді құдай білдірген шығар жарықтыққ а. Үй­лен­
ген соң бірден елге, Тайпаққ а апарып, ауылда той жасады, абы­
сын-ажын мен үлкендерге сәлем бергізді. Басыма орамал са­

лып, сол елдің келіні боп түстім. Сонда әлі ЗАГС-қа да отырған
жоқ едік. Ауылға барғанда барлық тамақты бір қазанға қалай
пісіреді деп таңқалатынмын.
Алматыға келгесін Жұбан «Лениншіл жас» газетіне жұ­мыс­

қа тұрды. Пәтер жалдаймыз. Жазушылардың көбі солай. Тұр­
мыстың тар кезі, жетпей жататын нәрсе көп. Жұбан көбінесе
түнде отырып жазатын. Шам сөніп қалса, шыны құтыға керо­
син құйып, қолдан пілтелі шам жасайды.

Жұбанның айрықша бір қасиеті, анасын керемет жақсы кө­
ріп, құрметтеді. Совминнің ауруханасына жатқызып, емдетіп
жүрді. Мен мамамның ауылдық киімдерін тастатқызып, ате­
льеде қала үлгісіне лайықтап бір сыдырғы киім тіктіртіп бер­

дім. Енем аппақ, аққ удай келбетті кісі. Айтарын да айтып са­
лып отырады.

– Мына Жұбаным әкесінен алты айлығында қалған. Өзім

өсіріп, өзім жеткіздім. Билікті енді өзім ұстаймын, – дейді.
Ол кісі солай сөйлеп отырғанда «биліктің» не нәрсе еке­нін
тағы түсінбей дал болып мен отырамын. Кейін білдім ғой. Сол
билік те маған тегі керегі жоқ нәрсе екен. Біртіндеп балалар

келіп жатты өмірге. Бәрінің аттарын өзі қойды, Қуа­ныш, Гүл­
мира, Қуандық. Тек төртінші баламыз Азаматтың атын Жұ­бан
қойды. Азамат туғанда Құрманғазы-Фурманов кө­ше­ле­рінің бұ­
ры­шынан пәтер алып, Сәбит Мұқановқа көрші болдық.

Балаларды құшақтап сүюге маған рұқсат жоқ. «Үйіңнен
туып әкелген бала жоқ, баланың бәрі менікі» дейтін мамам. Қай­
тем, енемнің бетіне келуге болмайды, бәріне көнем, бәрін үнсіз
көтердім. Сол күндерді қазір сағынышпен еске аламын. От­басы

сыйластығын, қазақы дәстүрді қалыптастырған ене тәр­биесінен
ешбір зиян көрген жоқпын. «Дастарқаны таза әйел­дің тағамы да
дәмді», «Күйеуінің жағасы мен қол орама­лы­нан әйелінің қандай
екенін біледі» деп мамам айтатын сөз­дер әлі есімде.

Қартайғанда бір бала ғой. Қызық мінездері көп еді жа­рық­
тықтың, бірақ тілегі дәйім ақ болатын. Кейде балаларды дә­
рігерге апарғанда оңашада сүйіп-сүйіп аламын. Үйге келгенде:
«Әй, немене, мына Софья сүйіп қойғаннан сау ма? Иісі шығып

кетіпті ғой» деп отырады. Балалар: «Жоқ, сүйген жоқ» деп
шу ете түседі. Мамам соған мәз болады. Жұбан да миығынан
күліп қояды. Балалар тентек боп, бұзықтық істесе, жазалай­
тын да мамам, жақсы көріп еркелетіп, еміренетін де бір өзі.

Менің балаларға ұрсуыма рұқсат жоқ. Ал, Жұбанға рұқсат
бар. Әже­лерін балалар «мама» дейді. Менің атымды атайды.
Сон­да ғой мек­тептегі оқушылардың біздің балалардан «Поче­
му у вас мама старая, а папа молодой?» деп сұрап жүргені. Аза­

матты өзімізге берген. Өсе келе тәтті қылықтары көбейген кез­
де: «Әй, осы баланы да өзім алып қоям ба, қайтем?» деп біз­ді
ара-тұра «қорқытып» қоятын. Мамамыз ауырып әлде бір жа­
быр­қаған кездерінде домбыра шертіп, шер тарқатып, ойға ба­

тып отыратыны да болушы еді. Соған қарағанда Жұбан ақын­
дығының бір бастауы анасында жатыр-ау деп ойлаймын.

– Жазушылардың ішінде кімдермен көбірек аралас-құра­

ластықта болдыңыздар?

– Сол кездегі өмір, адамдық қарым-қатынас та басқашарақ

еді ғой. Үлкен кісілер кейінгі толқын жастарды бауырына тар­
татын. Көбіне-көп сондай жақсы ағалармен араластық. Мамам
қайтқанда Сәбит Мұқанов: «Жеңгейдің қолынан талай дәм та­
тып едік, енді келіннің қолына қарайтын болдық» дегені бар.

Үлкен кісілерді қонақ етіп күту бұдан былай маған үлкен сын
болатынын сонда түсіндім. Содан дастарқаным мен көңілімді
мамамнан асырмасам, кем қылмауым керек деп бекініп, сол үл­

кен кісілер алдындағы келіндік міндетімді атқардым деп ойлай­
мын. Жұбан сол кездерде Мұхтар Әуезов, Ғабиден Мұстафин,
Ғабит Мүсірепов, Әлжаппар Әбішев, Әбділда Тәжібаев, Ди­
хан Әбілев, Әбу Сәрсенбаев, Әди Шәріпов, Қалижан Бекхо­

жин және басқалармен жақсы қарым-қатынаста болып, сол
сияқты көптеген ағалардың бәрі қолымнан дәм татты. Таха­
уи, Қуандық, Әбдіжәміл, Садықбектей қатар-құралпастармен,
Қалтай мен Зейнолла өкшелестермен әзіл-қалжыңы бір болды.

Жұбанның өзі қалжыңға да, келістіре жауап беруге де жақсы
еді ғой. Зекеңнің анасы мен біздің мамамыздың қабірлері қа­
тар жатыр. Фәмилиесі бір Тұманбай туған інісіндей еркеледі,
әлі күнге дейін ізеті сол қалпында. Ізтай Мәмбетов, кейінгі жас­

тардан Зейнолла Серікқалиев туыстай араласты. Жұбан күш­ті
ақындығын бағалап Мұқағалиды да қолдап жүрді.
Ол кезде Қазақстан Жазушылар одағына одақтас респуб­
ликалардан қонақтар жиі келетін. Түрлі симпозиумдар, конфе­

ренциялар ұйымдастырушы еді ғой. Сондағы кәделі қонақтар
әсіресе Сәбит, Ғабит ағалардың, Әнуардың отбасыларында жә­
не біздің үйде жиі болатын. Басқаларды былай қойғанда, Шың­
ғыс Айтматов, Ғафур Ғұлам, Мырза Тұрсын Заде, Давид Ку­

гультинов, Расул Ғамзатов, Мұстай Кәрім, Берды Кербебаев­
тай алыптарды, атақты орыс ақындары Андрей Вознесенский,
Роберт Рождественский, Евгений Евтушенколарды ақ дастар­
ханымда қонақ қып күткенімді мақтан етемін. Бұл да болса

Жұ­бандай асыл жарым, азаматымның арқасы. Бұлардың бәрі
Жұбанға деген ыстық сезімін, оның ақындық биік дарынын
айтып мәре-сәре болатын.

– Ағаның шығармашылық машықтары мен мінез ерекше­

ліктерін де айта отырсаңыз?

– Жұбақаң қашанда әділдік жақта болатын. Тікелей өзіме,

балаларына, немерелеріне, туыс-туғандарына мейірім-параса­
тымен танылса, халқына ақиық ақын ретінде белгілі болды.
Қоғамдық жұмыстары басынан асып жататын. Ымырашыл­
дарды, жағымпаздарды жаны жек көретін. Әрине, қызмет ба­

бында сөзге келіп қалатын қаламдастарын өзіне жау санамай­
тын. Қайта олармен араға күн салып ақжарқын сөйлесіп ке­
тетінін білемін.
70-ші жылы осы күнге дейін отырған жайлы кең үйімізге

кірдік. Жазумен түске шейін айналысып жүрді. Мәскеудегі
Се­рафимович атындағы шығармашылық үйіне барған кездер­

де үнемі қауырт жұмыс істейтін. Бір әдеті – ойлап жүрген та­
қы­рыбын қағазға бірден түсіре салмайтын, көп ойланып, тол­
ғанатын. Поэма-дастандарын жазып болғасын міндетті түрде
қағазға қайтадан көшіріп шығатын. Мәшінкеге басуға тек со­

дан кейін ғана беруші еді.
Мен кереметпін деп ешқашан кеудесін қақпады, қандай
биік­те жүрсе де қарапайымдылығынан жазбады. Жазушылар
ода­ғына басшы болғанда кім-кімнен де қолынан келген кө­мегін

аямады. Ал, қолынан келмесе, бірден айтатын, ешкімге екіұшты
жауап беріп, өтірік уәдемен алдарқатқан емес. Үйде жұмысының
жайын айтпайтын. Қабағы түйіліп келе ме, жадырап келе ме –
өзім сезіп-байқап, соған қарай жағдайын ойластырушы едім.

– Үй тіршілігінде қалай болды?

– Осыған орай бір оқиғаны айтып берейін. Іле ауданы­

нан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты боп тұрғанда бір­
де шофері үйге 20-30 қарбыз әкелді. Мен оларды төмендегі
подвалға түсіріп алдым да:

– Балам, мынаған қанша төлеймін, – деп сұрадым.

– Апа, мен ақша төлеп алғам жоқ, сізден ақша алмаймын,

– деді.

– Бұдан былай ақшасыз ешнәрсе әкелуші болма, – дедім

сосын.
Кешке осыны Жұбанға айтып берсем, ол мені құптады.
Құдағиымыз сауда орнында істеп тұрды. Сонда Жұбан: «Әй,
Софья, ақшаң болса, көкбазардан бар да керегіңді ал. Ақшаң

болмаса, аш отырсаң да ештеңе сұраушы болма» дейтін.
Үлкен балалар бөлек отау шығып, үйде кенже ұл Азамат­
пен қалдық, келініміз бар. Жұбан сол кезде сырқаттаныңқырап,
сұлы, гречка жегізіп жүрдім. Кейде үйде қонақ болады, одан

ыдыс-аяқ жуып, жарма тазалап, түнгі 2-ге дейін жүріп қап жүр­
дім. Сонда Жұбанның айтқаны ғой:

– Азамат, сенің әйелің неге сағат 11-де жатып қалады, ал

менің әйелім неге түнгі 2-ге дейін ұйқтай алмай жүреді? – деп.
Ертеңіне келінім шыр-шыр етеді:

– Ой, апашка, сіз ертерек жатыңызшы. Мен бәрін өзім іс­

теймін. Әйтпесе, папа тағы ренжиді, – дейді.
Жұбан балаларды осылай тәрбиелеуші еді. Сол кіші келі­
нім­мен 25 жыл тұрып жатырмын. Құдайға шүкір. Сыйлығында
кемдік жоқ. Үлкен қызын тұрмысқа беріп, өзі де әже болды.

– Жұбан ақынның қуанған, күйініп ренжіген сәттерін ес­

ке түсіріңізші?

– Әрбір ірі шығармасын аяқтаған күндерде қуанышқа бө­

ле­нетінбіз. Республиканың және Одақтың Мемлекеттік сый­
лық­тарын алуы, басқа да үлкен мәртебелерге жетуі, Москвада
абы­ройлы болуы – бәрі де көңілімізді өсірді. Москваға съез­
дер мен Госпремияның жиналыстарына барған сайын мені қал­

дырмай ертіп барып жүрді.
Жазушылар одағын басқарып жүргенінде бір жолы Дін­мұ­
хаммед Қонаев қабылдауына шақырып, жазушылардың ын­ты­
мақтасып, бригада-бригада болып әр облысқа баруларын, әде­

биет күндерін өткізуді тапсырды. Осы тапсырмаға байланыс­
ты іс-шараларды Жұбанның аса белсенді, жақсы көңіл күйде
атқарып шыққ аны есімде.
Көп достармен бірге бірен-саран көңілге кірбің түсірер кө­

ре алмаушылар да болмай қалған жоқ. Халық керемет қа­был­
даған ең танымал поэмасы «Мен қазақпын» шыққ анда Жұ­бан­
ның соңына түсіп, бұл шығарма ұлтшылдықты уағыздайды де­
гендер де табылды. «Хатшыға хат» өлеңін сан саққ а жү­гір­тіп,

баз біреулер Жұбан мен басшылықтағы адамдар арасына от
салуға ұмтылды. Өлең шыққ ан «Жұлдыз» журналын Қо­наев­
тан бастап Орталық Комитет бюро мүшелері үйлерінің пош­
та жәшігіне салып кеткен. Ішінде: «Жұбанның өлеңіне көңіл

ау­дарсаңыз» деген бір жапырақ қағаз бар. Әрине, мұндай жы­
мыс­қылықтар жүрекке жүк түсірмей қойған жоқ.
Жұбақаңның Желтоқсан оқиғасы кезіндегі атақты айып­
тау сөзі әмбе халайыққ а белгілі. Сол бір ауыр күндер еді. Бір

ұлымыз ішкі істер министрлігінде істейтін. Халық жаса­ғын­
дағы балалар келгенше алаңдап, байыз таппай, түнгі 12-ге дейін
балконнан қайта-қайта қарайтын. «Бөлек-бөлек жүрмеңдер.
Еш­кімді ұрып қол жұмсамаңдар» дейді. Олжас Сүлейменов

те­лефон соғып: «Одаққ а Колбин келеді. Сіз сөйлеңізші, Жұ­
ба­қа!» деді. Түнімен отырып, сөйлейтін сөзін дайындап жаз­
ды. «Қыздарымыздың арын таптап, ұлдарымызды мұз­ға отыр­
ғызғаны несі!» деп ашуланды Жұбақаң. Барша на­ра­зы­лы­ғын

Колбиннің бетіне айтты да. Сол айтқандары бойынша кей­
бір жа­заларды жұмсартқан көрінеді. Колбин Жазушылар ода­
ғына екінші рет келгенде Жұбанның қолын алып: «Ну что
Жұбан, ты доволен?» деп сұрапты. Бетпе-бет келгенде солай

тайсақтағанмен, әуелгі сөйлеген сөзден кейін Жұбақаңа деген
ниет өзгеріп сала берген. 1988 жылы өмірден тез өтіп кетуіне
осы Желтоқсан оқиғасы әсер етті деп ойлаймын.

– Бірақ Жұбан ақынға деген туған халқының құрмет-сүйіс­

пеншілігі ешқашан суымайды емес пе?

– Ол рас. Елге рақмет. 2000 жылы 80 жылдығын дүрілдетіп

өткізді. Кіндік қаны тамған жері – Жайық өңірінде туған ауы­
лы Сайқұдыққ а аты беріліп, ескерткішін қойды. Облыстық
ғы­лыми-әмбебап кітапхана да Жұбан атын алды. Жас кезін­
де Орал қаласында оқыған ғимаратқа ескерткіш-тақта орна­

тыл­ды. Басқа да толып жатқан іс-шаралар атқарылды. Батыс
Қа­­зақстан облысының сол кездегі әкімі Қабиболла Жа­қы­пов
бас болып Орал қаласының қақ төріне еңселі Жұбан ес­керт­
кі­шінің орнауы көңілді қуанышқа бөледі. Мың да бір рақмет

азаматтарға. Ағасының 90 жылдық тойы тұсында да ты­ным тап­
пай жүрген азаматқа бергісіз Ақұштап сіңліме де ал­ғысым мол.
Сол ескерткіш орнайын деп жатқанда теледидардан бір
ха­бар көрдім. Бір депутат сөйлеп тұр: «Почему Чапаевтың ес­

керт­кішін алып тастап, оның орнына Молдағалиевтің ескерт­
кішін қояды?» дейді. Содан мен Оралға, әкімдікке телефон
соғып: «Телевизорда осылай айтып жатыр. Ұят болып жүр­
мей ме? Жұбан ескерткішіне басқа орын табылмады ма?» деп

алаңымды білдірдім. Казактар көтеріліп, тойдың шырқын бұ­
зып жүрмесін деймін ғой баяғы. «Ой, апай, сіз уайым ет­пеңіз,
бәрі дұрыс болады, мұнда Чапаевқа 60 жерде ескерткіш бар.
Жұбан ағамызға бұйырған бір ескерткішті дұрыс жерден ор­

натайық та» десті. Сол биік ескерткіштей, халқының, елінің
алдындағы Жұбанның мәртебесі биіктеп, оған деген сый-құр­
мет, сүйіспеншіліктің арта түсіп отырғанына көңілім тол­қып,
мен де қуаныштымын.

– Әңгімеңізге рақмет!

2. Қазақ күлкісінің қыдыры

Қалағаңның бүкіл бітім-болмысын қазақтың ұлттық ді­лі­
нің үлгісі ретінде ұсынса болар еді деп ойлаймын. Сірә, дәл
мұндай мінезге бай, қиялға кенен адам сирек. Осынау асыл
ағаның әзиз көкірегіне намыс пен парасат, кісілік пен кі­ші­

лік, дегдарлық пен қарапайымдылық, сабыр мен салиқа, то­
лып жатқан басқа да қасиет атаулы топталып ұя салғандай
көрінеді. Сол қасиеттердің ішінде ең құдіреттісі – күлкі, әзіл.
«Көктөбедегі кездесуі» қазақ драматургиясын әлемдік сах­

наға алып шыққ аны өз алдына. Сонымен қатар, комедия жан­

рын­дағы классикалық шығармалары ғана емес, Қалекең айт­ қан қалжыңдар да халқымыздың рухани қазынасына ай­нал­ ған. Бұл да екінің біріне бұйыра бермес бақыт, тәңір сыйын­ дай сырлы феномен дер едік. Сөйткен Қалтай аға, зерделей қарасақ, шын мәнінде өмірде де, жазушылық өнерде де бір­ дей қа­зақ күлкісінің қыдыры болған екен-ау. Өмірінің ғиб­рат­ та­рына жүгінсек, Қалекеңнің ислам әлемінде де, түркі дү­ние­ сінде де қадірменді болғанын байқаймыз. Мәскеуге бар­са да басқаның беделін салмаған. Димекеңнен бастап қа­зақ­тың да не­бір марғасқаларын әдемі әзіл, тапқыр күлкі құ­ді­ре­тімен сөз­ ден тоқтата білген. Күңгірт көңілді, кермек өмір­ді күл­кі­мен шуақтандырып өткен қазақтың Қалтайын хал­қы са­ғынады, әр­ дайым есте тұтады. Олай болса, асыл бейнемен әлі күнге сыр­ ласудан жазбаған ағаның өмірсерік қо­са­ғы, қа­ра ­шаңы­­ра­­ғының шы­рақшысы Фатима Бекжанқызы апайы­мыз­дың әң­­гі­ме­­сінен де әдебиетіміздің осынау үлкен тұл­ға­сы­ның ұла­ғатын түй­сін­ гендейміз. – Фатима апай, Қалағаңмен алғаш қалай танысқаныңыз есіңізде шығар? – Қарағым-ай, оны қалай ұмытайын. 1952 жыл ғой. Мен өзім бала кезімнен кілең ақын-жазушылардың арасында өс­тім. Өйткені, нағашым Жұмағали Саин, жездем Әбділдә Тә­жі­баев. Шешемнің немере сіңлісі сол Әбекеңде. Орыс мекте­бінде оқы­ сам да әр жазда Көкшетаудағы ауылға апарып, ағайын-туыс­ тың арасында, атамның қасында болатындықтан, қа­зақ­ша да жақсы сөйледім. Әкем Бекжан Бектиев лауазымды шар­уа­шы­ лық қызметінде болды. Бірақ соғыс жылдарында көрген қиын­ шы­лықтан денсаулығы жұқарып, 52-ге толмай, 50-ші жы­ лы көз жұмды. Сонда үйде біз өзіміз төрт ұл, төрт қыз, сосын әкем­нің соғыста қаза тапқан інісінің ұлы, нағашымның қызы бар, мамамды қосқанда 11 кісі қалдық. Менің институттың 3ші курсына ғана көшкен кезім. Қиналдық. Нағашыларымыз, әкемнің жора-жолдастары көмектесіп жүрді. Балаларға мен өзім бас болдым. Қиыншылықты көре жүріп, солардың бәрін жет­кіздім. Бәрі жоғары білім алды. Ал, Қалекеңмен бірінші кездесуім былай. Нағашым ақын, жездем драматург болғасын ба, өнер, театр жағына бейімдеу­ мін. Опера театрында бір қойылым болып, қасымда жолдас қызым бар, соған бардық. Бірінші қатардан орын тиді. Ол кез­ де менің шашым екі өрім, жерге түсетін еді. Жақындау жерде

отырған екі-үш жігіт өзара сыбыр-сыбыр, біз жаққ а қарай бе­
реді. Сосын біреуі тұрып: «Мына шашқа тұншығып өлсе, ар­
ман жоқ шығар!» деді. Бәріміз мәз болып күлдік. Сөйтсем, бұл
сөзді айтқан Қалтай екен. Өмірде маған айтқан алғашқы сөзі.

– Сізге арнаған алғашқы сөзін де әзіл, күлкімен бастаған

екен-ау Қалағаң?

– Иә. Содан әңгімелесіп кеттік. Қасындағы жігіттер таныс­

тырып жатыр. Мынау Москвадан ГИТИС-ті бітіріп келген, өзі
қожа дейді. Ол кезде қожаның кім екенін мен білмеймін. «Әй,
қожаң не?» деп сұраймын. «Ойбай, сен енді, қазақша жақсы
біледі екенсің, қожаны неғып білмейсің?» дейді. Жә, қожаның

да кім екенін білдік қой. Сөйтсем, Қалтайдың әкесі үлкен мол­
да, оқымысты кісі болған екен. Атын ешкім атамай, қара то­
ры кісі болғандықтан, Қарамолда деп кеткен. Әйгілі 1937 жы­
лы, ішінде осы кісі де бар, 19 кісіні апарып, көрлерін өздеріне

қаздырып, атыпты. Кейін Қалтай екеуміз әкесінің осы атылған
жерін іздеп, неше жыл бойы табан тоздырдық. Жай елден де
сұрадық, КГБ-ға да арыздандық. Жөнін ешкім білмейді. Содан
ол кісінің сүйегі қай жерде қалғанын таппадық.

– Қалай үйленгендеріңізді айтпадыңыз ғой?

– Танысқаннан кейін төрт-бес ай өткенде үйлендік қой. Қал­

тай Минкультурада репертуар бөлімінің бас редакторы болып
істейді екен. Ал, біз онда 8-ші Март көшесі, Гоголь мен Горь­
кийдің арасында, баяғы Верный көпестерінің особ­няк үйінде
тұратынбыз. Мәдениет министрлігі бұрышта, жап-жақын. Жиі

кездесіп, көңіліміз жарасты. Одан көп ұзамай келіп мамам­
мен танысты. Ол кісінің де тілін тапты, ұнады. Ақырында құ­
да түсті. Сөйтіп жұбайлық өмірімізді бастағанбыз. Тұңғыш
ұлымыз Алтай 1953 жылы туды. Одан кейінгі – Жәмилә.

– Алғашқы пьесаларының қойылуын еске түсіріңізші,

апай?

– «Бөлтірік бөрік астында» деген бірінші драмасының пре­

мьерасы 1959 жылы болды. Халық қаптап кетті. Аншлаг. Билет
ала алмай сабылған жұрт. Кассада кезек. Залда ине шаншар жер
жоқ, лықа толып отырды. Жұрт спектакльді жақсы ұнатып, ке­
ремет қабыл алды. Бірақ сахна пердесі жабыла сала, өмірі те­

атр тарихында болмаған, алдын-ала қасақана ойластырылған
көрермендер конференциясы ұйымдастырылды. Ойламаған жер­
ден тосын болғаны сондай, алғашында не істерге білмей қат­
ты абыр­жып қалдық. Ерте бастан әдейі дайындап қойған өзі­

міздің қа­зақ ағайындар бірінен соң бірі шығып сөйлеп жа­
тыр. Дау салып, бұл советтік өмірге жабылған жала, жағылған
күйе, мұндай кейіпкерлер, мұндай жастар шын өмірде жоқ де­
сіп, пьесаны іске алғысыз етті. Сонда Мұхаң, Мұхтар Әуезов

болмағанда пьесаны осы зрительский конференциямен сілей­
те соғып жауып тастаймыз деген ғой.

– Әуезов араласқан екен ғой бұл іске?

– Иә, сол кісі араша түсті. Енді, мен өзім де нағашым, ақын

Жұмағали Саин арқылы Мұхтар ағаны бала кезімнен танып
білетінмін. Мұхтар Омарханович Қалекеңнің біліміне, сөзіне
риза болып жүретін. Сосын, әкесінің де тарихын естіген болуы
керек. Өйткені, 1956 жылғы ХХ съезден кейін «жылымық» ор­

наған. Әкесінің кім болғанын, 37-де кім ұсталып, кім ай­дал­
ғанын ешкім де жасырмайтын кез. Қалекеңнің сол қайғысын
біліп, қанша қиыншылық көріп оқығанын, мына жағдайға қа­
лай жеткенін біліп Мұхаң өзін жас та болса керемет жақсы

көріп сыйлады. Тіпті, бізді үйіне де шақырып, дәм татырғаны
өмір бойы жадымда. Жаңағы премьераға Қалтай арнайы ша­
қы­рып, Мұхтар аға келген болатын, спектакльді бастан-аяқ ра­
хаттанып көрген болатын. Көрінеу-көзге жасалып жатқан қия­

наттан «Бөлтірікті» дуалы ауыз сол кісі бірінші болып қорғады.
Сол күпті көңіл күндерде Әуезовтің «Бұл күлкіге дән ризамыз»
деген мақаласы шығып, содан кейін барып шуылдақтардың
ауыздары жабылды ғой әйтеуір. Жалпы, Қалекеңнің қай пье­

сасы болса да оңай өткен жоқ. Солақай сыншылар, тиісті ба­
ғып-бақылағыш орындар ылғи да қоймай түртпектеп, ана-мы­
на жерінен тартпақтап мін тауып отырмаса, ішкен астары бой­
ларына тарамайтын. Сөйтсе де халық барлық шығармасын жақ­

сы қарсы алды.

– Жаңағы тиісті орындар «Жат елдені» де жақтыра қой­ма­

ған болар?

– Бұл жолғы қысым-қудалау тіпті сұмдық болып, барлық

қоқайдан асып түсті. «Жат елде» пьесасы Мұстафа Шоқай ту­
ралы ғой. Ол кезде білмейтін жұрт мүлде білмейді де, білетін­
дері Шоқайдың атын атауға қорқады. Соңында шылдырлаған
қоңырауы бола тұра, сол тақырыпқа Қалекеңнің баруының өзі

ерлік еді. Спектакль дайындығы жүріп жатқан кезде КГБ-дан
екі кісі келіп: «Мұстафа Шоқай деп алуға болмайды, сіз оған
басқа бір ат беріңіз» деді. Сөйткесін бас кейіпкерді Таңа­таров
деп алды. «Таң шығыстан, сол жақтан атады деп әдейі таңдап

алып тұрсыз ғой» деп онысына да тиісті. Содан не керек, театрда
актерлердің бәрі ұнатып, керемет жандарын салып, құлшынып
дайын­дады. Халық хабарланып, билеттің бә­рі кү­нібұрын саты­
лып кетті. Премьера болатын күні кешке Қа­лекең екеу­міз театр­

ға жайбарақат келе жатсақ, кассаның ал­ды то­пыр­лаған адам.
Соған таң қалып: «Әй, ағайын-ау, билет түгел сатылып кет­
ті деп едің ғой. Мына кассаның алдында мұн­ша халық неғып
тұр?» дегенімше, Қалтайдың қабағы сал­бырап сала берді. Бір

жамандық болғанын жүрегі құрғыр бір­ден сезді. Вахтер бізді
дереу апарып директордың кабине­тіне кіргізді. Оның айтқаны:
«Қалеке, премьера болмайтын бол­ды. Жұрт билеттерін қайта
тапсырып жатыр». Тәуелсіздік ал­ған­нан кейін Мұстафа Шоқай

жайында жапа-тармағай жазу­шылар көбейді. Ол дұрыс та шы­
ғар, бірақ Қалекеңнің ол жай­лы атын айтқызбай, тыйым са­
лып қойған кезде батылдық етіп жазған пьесасын, бірінші пре­
мьерасын сөйтіп бастан ұр­ған­дай тарс еткізіп жауып тастаған,

қарағым. Сахнаға кейін зордың күшімен шықты.

– Ойпырмай, апай, сондай жағдайда Қалағаңның жаны күй­

зеліп, қалай күңіренді екен десеңізші?

– Айтпа деймін. Менің де қан қысымым көтерілді. Ал, Қа­

лекең болса, жүрегі ауырып, я отыра алмайды, я жата алмай­
ды. Бөлмені кезіп жүрді де қойды. Түнімен көз ілмеді. Менен
сырын бүкпеуші еді: «Бүкіл халық іздейтін, қандай оқымысты
кісі болған әкемді моласыз қалдырды. Енді менің ізімнен де

қалмайтын болды бұлар. Бұл халықтың намысы қай уақытта
оянар екен?» деп налып, назаланды. Мен қайтейін, «Қалеке,
налыма, намыс оянады әлі. Өзің сияқты көзі ашық білімді жі­
гіттер бар ғой» деп жұбатқан боламын.

– Ар жағында наланы түрткілеп жатқан да осы тәуел­сіз­

дігімізді аңсауы шығар-ау?

– Сол кеңестік кездің өзінде Қалекеңнің әр сөзінің астары­

нан азаттыққ а, еркіндікке деген аңсар көңіл атойлап тұратын.
Тәуелсіздікті күнде түсінде көретіндей сөйлейтін. «Қашан өзі­
міз өз тілімізге, өз дінімізге, өз мәдениетімізге ие боламыз?»
деп, ылғи бір еңселі елдікті аңсайтын. Жазған пьесаларының

өзегінде де сол сарын, сол рух қой. «Жат елде», «Өзіме де сол
керек», «Қуырдақ дайын»... «Бөлтіріктен...» бастап жастар тәр­
биесі, өз тіліне қалай көңіл бөлу керектігі, соның бәрі бар ғой
жаңағы пьесаларда.

– «Көктөбедегі кездесуі» қандай! Жалпыадамзаттық мә­се­ле

көтерген, адамның арын тазалау тұрғысындағы пьеса емес пе?

– Әрине, өзі Қалтай болса, оның үстіне адамзаттың Айт­

матовымен бірлесіп жазса, шығарма сондай болмай қайтеді.
Шың­ғыспен екеуі елу жылдай дос болды. Туыстай болып кет­
ті десем артық емес. Шыңғыстың повестерінен Қалтай біраз
пьеса жасады, шығармаларын қазақшаға аударды. Ал енді «Көк­

төбедегі кездесудің» жазылу жайы былай. Біздің үйге бір ке­ліп
қонақ болып отырғанында Шыңғыс айтты:

– Бірталай жаңа деректерді оқып жатырмын. Біздің ағайын­

дардың арасында соғыста пленге түсіп қалғандары бар. Со­
ның ішінде немістерге берілмей, өз намысын жыртып, біра­
зы тұтқыннан құтылып келді де. Бірақ келгеннен кейін мұнда
олардың көбінің басы құрып кетті. Осы жағдайлар ой салып,

бір повесть жазайын деп отырмын, Қалеке. Қиын шақта адам­
дар бір-бірін сатуға, опасыздыққ а қалай барады? Арды, адам­
гершілікті қалай сақтап қалады? Осыны бір ойластырып жаз­
сам ба деймін – деп еді, Қалтай іліп әкетті:

– Шықа, мынау дайын драма ғой. Мен осыдан пьеса жа­

зам! – деді.
Сол арада екі дос отырып болашақ шығарманың маз­мұ­
нын, жалпы желісін, негізгі идеясын ақылдасты. Сөйтіп барып
көп ұзатпай пьесаны жазды. «Көктөбедегі кездесу» осылай

туып еді. Шыңғыс пен Қалтайдың елу жылдан астам дос­тық­
тарының үлкен бір белгісі осы пьеса. Отбасымызбен де ке­ремет
сыйласып, жақсы араластық. Үлкен баласы Санжар мек­теп бі­
тіргесін осында, Алматыға келіп, мына ҚазМУ-ге түс­ті, ме­нің

қолымда бір жыл тұрып оқыды. Сосын Москваға ауысты. Сон­
шалықты туыс болып кеттік. Шыңғыстың әйелі Ке­рес те мен
сияқты дәрігер. Санжар мен Асқар – екі ұлы баламыз­дай бол­
ды. Шыңғыс Алматыға келсе-ақ, алдымен біздің үйге түседі.

«Шыңғыс келді» деген хабарды естіген жолдас-жора қаптап,
үйі­міздің есігі жабылмайтын. Жылы-жұмсақ, тәтті-дәмдімді дас­
тарқаныма төгіп қоятынмын. Сондай қызық дәурен болатын.

– Қалағаңның әр елде басқа да үлкен достары болды ғой?

– Солардың бәрінің Қалекеңе деген ықыласы керемет еді.

Түріктің атақты сатирик жазушысы Әзиз Несинмен әңгіме-
әзіл­дері жарасып отырушы еді. Түркияға барғанда көр­сеткен
сый-құрметін айтып: «О-ой, апармаған жері жоқ, таныс­тыр­
ма­ған кісісі жоқ Әзиз досымның. Сондай керемет, рахатта­

нып келдім, Факе» деп мерейі өсіп келді. Мені көңіл ауанына
қарай бірде «Факе», бірде «бәйбіше» дейтін. Жолдас-жораға,

танысқан кісілеріне өзінің де көңілі ашық болды, сонысына
қарай басқалар да қатты сыйлайтын. Мәскеудегі бірге оқыған
достары да әрдайым құрмет тұтатын. Галина Волчек «Сов­
ременник» теат­рында «Восхождение в Фудзиямуды» тама­

ша етіп қойды. Мәскеуге соның премьерасына бардық. Сон­
да спек­такльде ойнаған Олег Табаков: «О-о, Калтай... нет, как
по ка­захский должен я вас назвать? Да, Калеке, я в этой пьесе
по­чувс­твовал себя совсем по другому!» деп, одан әрі риясыз

әңгіме жалғасушы еді.
Қазақ жазушыларынан Асқар Сүлейменов, Әбіш Кекілба­
ев, Мұхтар Шаханов інілерімен жалықпай әдемі әңгімелесуші
еді. Басында Асқар інісі таныстырған Герольд Бельгермен ақы­

рына дейін шығармашылық байланысын, досжар сыйлас­ты­
ғын үзбеді.
Өзі қайтыс болғасын біраз пьесалары тоқтап қалды. 80
жыл­дығы тұсында театрлар Қалекең шығармаларына бет бұр­

ды. Жаңағы «Восхождение в Фудзиямуды» Алматының Лер­
монтов атындағы орыс театры, соның бас режиссері Рубен
Ан­дриасян жақсылап қойды. Астанада жүріп, одан ауырып,
ал­ғаш­қы қойылымдарына бара алмағам. Содан осы жылғы

нау­рыздың 25-інде көрдім. Театр залында отырып аяулы Қал­
тайымның сахнадағы аруағымен сырласқандай болдым. Ру­бен­
нің режиссерлік трактовкасы да жаңаша екен. Түгелдей Көк­
тө­бедегі көріністер. Айша апай, оның алдынан оқыған дос­

тар. Солардың арасынан арыз айтқан кім? Сатқындық қайдан
шықты? Сол мәселелер бүгінгі заманмен де үндесіп тұр. Со­
ны тебірене тамашалап көріп, Рубенге рақметімді айттым, зал­
дағы халыққ а рақмет айттым. «Қазақтың кең байтақ жеріне

ие болып отырмыз. Бізге қазір ең керегі – ауызбіршілік, бір-
бірімізге деген адалдық. Спектакльдің сол тағылымын ұғын­
саңыздар, Қалекеңнің аруағы риза» дедім залға. Зал ду қол
шапалақтады.

– Қалекеңнің ел басшыларының алдында да сыйлы бо­

лып, реті келгенде базына-еркелігін көтерте жүргеніне де мы­
салдар жетерлік-ау.

– Сыйлы болғаны да мінезінің қасиетінен, сөзді тауып

сөй­лейтінінен ғой. Кеңес уақытында Димекең де Қалтайға
жақ­сы қарады. Мен ол кісінің Сара деген қарындасымен бірге
оқығам. Димаш аға менің әкемді біледі екен. Анда-санда Са­
рамен барып қаламын. Сонда «бұл осындай кісінің қызы» де­

генде Димекең жадырай түсіп, жақсы қарсы алатын. Қалекеңді
бағалады. Пьесаларын көріп, мақалаларын оқып тұрды. Бірде
үстінен арыз түскен бе, Димекең: «Қалтай, сені туыстарыңның
бәрін қызметке орналастырып, үй әпереді дейді ғой» десе, Қа­

лекең: «Димеке-ау, менің Алматыда Морис Симашкодан басқа
ешкімім жоқ қой» деп сөз тауып кетіпті. Өмір бойы сондай
әдемі әзілдері қалмайтын.
Тәуелсіздігімізді алғанда елден ерекше қуанды, қазақтың

ұлан-ғайыр жеріне енді өзіміз ие боламыз деп қуанды. Тарихтың
қатпарларын көтеріп, талай шындықты енді жалтақтамай айта
алатын күн туды деп еңсесін тіктеп алды. Енді мына жастарды
дұрыс оқытып, дұрыс тәрбиелеу керек дейтін. Өзі «Түркістан»

газетін ашып, көп мәселелерді сонда айтып отырды. Сонда
жақсы мақалалар шыққ ан кезде өзіне Нұрсұлтан Әбішұлы те­
лефон соғып, ілтифат-ризашылығын білдіргені бар. Қалекең
осы мемлекетіміздің өсіп-өнгенін, өрлеп-өркендегенін өз көзім­

мен көрсем деуші еді. Әттең, дүние, соған жете алмады.

– Өмірден өтерде өсиет айта алды ма?

– Жедел жүріп кетемін деп ойлаған жоқ, үміт етті. Маң­

дайыма солай жазылған ба, әкемнің сүйегін Ленинградтан әке­
ліп едім, Қал­тайды Москвадан әкелдім. Соңғы күндерінде:
«Өмір­дің бү­кіл қиыншылығы енді сенің мойныңа түсетін бол­
ды ғой. Не­мерелер оқуын бітіріп қандай азамат болуы керек,

қа­зақ­тың аза­маттары қандай болуы керек деген менің арма­
нымды осы­лардың құлағына құя бер» деп жиірек айтты. Өзі
көре ал­маған екі шөбересі бар қазір. Ескендір мен Ләтифа. Ата­
сының өсиетін соларға айтудамын.

Қызымыз Жәмилә Астанада, «Қазмұнайгазда» қызмет іс­
тейді. Алтай ұлымыз Алматыда. Заңгер еді ғой. Сексен алтын­
шы жылы Желтоқсанда алаңға барып, жігіттерге: «Әй, ағайын­
дар, арандап қалмайық, басқа жолын табайық, әйтпесе бәлеге

ұшырайсыңдар, тарқаңдар» деп тұрғанда ұстап әкетіп, КГБ-
ның суық подвалдарында қамап қойып, тергеп-тепкілеумен ан­
да-мында апарып үш жыл айналдырды. Үлкен кісілердің ал­
дына барып жүріп, әрең шығардық. Қазір денсаулығы жоқ,

жүйкесі тозған. Қалекеңе де осы жағдай әсер етті. 73-ке өтті
де, содан шыға алмай қалды ғой.

– Ағаның артында үлкен әдеби мұрасы, бай кітапхана

қалды. Архиві де біршама деп отырсыз. Бұған да іздеуші, қам­
қор жанашыр керек шығар?

– Ең бастысы, Қалтайдың есімі халқының жады мен жү­

регінен өшпеуге бет алғанына шүкіршілік етемін. Өткен жылы
Қызылордадағы өзі оқыған №2 мектепке аты берілді. Өзінің
шығармалары 5 томға жинақталды. Ғабит Мүсіреповтің «бұл
сенің ғана қолыңнан келеді» деп міндет артып қамшылауымен

20 жыл өмірін сарп етіп аударған «Мың бір түн» ертегісінің 8
томы шығып, қолға тиді. Әлбетте, шырылдап біраз жүгіруіме
де тура келді. Осыған септескен Мұхтар Құл-Мұхаммед пен
Иманғали Тасмағамбетовке рақмет. Енді архивін ақтарып қа­

рап, жарияланбаған дүниелерін жарыққ а шығаруым керек. Же­
ке кітапханасының қоры 10 мыңнан асады. Ұлттық кітапхана­
дан да табылмайтын сирек кітаптары бірталай. Әуелі карто­
текасын жасатып алсам деймін. Сосын Алматыда Қалекеңнің

кітапханасын ашуға бола ма екен, әлде, Ұлттық кітапханадан
көрнекті орын тауып орналастырамыз ба? – оның да жайын
Астанаға барып, азаматтармен ақылдасайын деп отырмын.
Өзім Қалекем туралы естелік жаза бастап ем, инфарк алғалы ол

да тоқтап қалды. Бірақ кейінгіге өлмес сөз қалдырған Қалтай
Мұ­хамеджанов деген қазақтың атақты жазушысының, үлкен
қайраткер тұлғасының екінші өмірі тоқтамайтынына халқы бар­
да, қалың қазағы барда көңілім сенімді.

– Әңгімеңізге рахмет!

2010–2011 жж.
Жамбылға шәкірт, Кененнен сарқыт
Мәшһүрбек
Қолыма Мәшһүрбек Аманжолұлы деген кісінің артын­

да қалған балалары шығарған «Өсиет» атты өлең кітабы тиді.
Өзінің дүние салғанына отыз жылдан аса уақыт өткен кө­рі­
неді, ал бүгінде көзі тірі болса, жүз жасаған жандардың қа­
тарын толтырғандай екен. Бірақ пәнидегі дәм-тұзы ертерек

тау­сылғанмен, өмірдегі өнегесі мен өлең сөзінің ғұмыры ұзақ
болатынына ол кісінің азды-көпті мұрасымен танысып, шаңы­
ра­ғының туын жықпай ұстап отырған Гүлжиһан апамен һәм
ұрпағымен әңгімелесе келе, көңіліміз сенгендей, көзіміз жет­

кендей, әдемі әсерге бөлендік. Кітаптың ашылар бетінде аруақ
аунатып айтылған бір-екі жылы лебіз де біздің Мәшекеңе де­
ген қызығушылығымызды арттыра түсті десек, артық емес.

Қазақтың қазыналы сөзінің қара сабасындай Мәшһүр Жү­сіп
бабамызға қаратып айтылар қастерлі Мәшекең есімін лайы­
ғымен иемденген, әкеммен құрдас сойласым қырық жыл­
дай мұғалім, соның ішінде жиырма жылдай мектеп директо­

ры болып, талай ұрпақты тәрбие тезінен өткізген ұлағатты
ұстаздықпен тіршілігін толымды етіпті. Сонымен бірге тумыс-
табиғатынан дарыған өлең-жырды кәсіп пен нәсіп қылмаса
да, өмір бойы сыр ашар жан серігіне, мұңдасар жұбанышына

айналдырғанын аңғарамыз, қайда жүрсе де домбырасын қол­
дан тастамағанын, бұл кісі бір-ер ауыз ән шырқамай, жанынан
жұптап суырып салып өлең айтпай мәжіліс сәні келмегенін
байқаймыз. Осы қасиеттеріне орай әрі тағдырдың жазуымен

жыр алыбы Жамбыл Жабаев пен замана бұлбұлы Кенен Әзір­
баевтың жақын тұтқан, жақсы көрген шәкірті болады.
Майданға аттанып бара жатып: «Қош енді, Отар, Қордай

– өскен елім, кір жуып, кіндігімді кескен жерім» деп өлеңдетіп

жазғанындай, Мәшһүрбек әуелі өнерпаз ағасы Кененмен ел­
дес, ауылдас. Қазақтың ән-жырының ұшпағына Кенекеңдей
бір­туар дарынды шығарған Ұмтыл атты ұлағатты, қордалы да
қатпарлы ауылдың тумасы. 1909 тауық жылы дүниеге келіп­

ті, яғни Жамбылды іздеп тапқан, хатшысы болған қайраткер
ақын Әбділда Тәжібаевтың құрдасы. Әкесі Аманжол ескіше
оқы­ған, указной молла, онан соң үш сайлау бойы болыс, кейі­
нірек би болыпты. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, на­шар­

ға көп болысқан, халыққ а сыйлы, әділетті адам болса керек.
Сөйткен әке жаңа өкімет орнап, заман өзгеріп жатқан 1922 жылы,
қазылы қария кезінде дүние салады. Сонда 13 жас­тағы Мәшһүрбек
әкесіне дауыс айтқанда үш ауыз өлең жазып қосады.

Барасың, әкем, қайда мені тастап?
Қасыңда әлім кетіп тұрмын қақсап.
Тентектік талай істі көрсетсем де,
Реніш етпеуші едің ешбір жасқап.

Ауызға алыныпсың бала жастан,
Жасынан ел қорғауға араласқан,
Ел-жұртың әділетті деп айтушы еді,
Аруақты, қатарынан ақылы асқан.

Әкесі өлген соң үлкен ағасы Мағлұмбек ойға-қырға сүйреп,
бір қыс молдадан оқып хат танығаннан басқа сауаты жоқ іні­

сін қаладағы оқуға түсіре алмайды. Сосын ауылға бір орыс
мұғалімін жалдап алып келеді. Содан тоғыз ай оқып біраз сауат­
танып қалады. Мәшһүрбек орысша үйренсін деп ағасы тағы
Қордай бекетінде тұратын темір ұстасы Костя деген орыстың

Федя деген баласын әкесінен сұрап алып келіп, үйде бір қыс
сақтайды. Мұнан кейін Нұридин деген бір татарға ақша төлеп
9 ай бойы үйде оқытады. Сөйтіп, өзінің куәландыруынша,
Мәш­һүрбек әр пәннен әжептәуір мағлұмат, ұғым алып, зер­

десіне тоқиды. Бірақ оқу керектігін енді түсініп талпына бас­
таған 15 жастағы өспірім бозбасты шешесі айттырылған қай­
нына жіберіп үйлендіріп, аяғына тұсау салып тастайды. Өт­
кен ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы қазақ ауылын

көзге елестетсек, бозбаланың ендігі жердегі бар өнері ауыл
арасындағы той-томалақта өлең айту, көкпар тарту болады.
Ақындық пен әншілікке аздап құдай берген қабілеті де жоқ
емес, оның үстіне алдында Кенендей маңдайы жарқыраған

үлгі бар. Десе де соның бәрі қызды ауылдың маңайын кү­зет­
кен жастық-мастық дырдуының, көкпар шаңының астында
қа­лып бара жатқанын байқаған жақын ағайы Қапасбек Егіз­
баев оны 19 жасында 8-ші ауылдық Кеңес төрағасына хат­

шы етіп алғызады. Әр іске икемді қағылез жігітті келесі
жы­лы шақырып алып аудандық атқару комитетінің жауап­
ты хат­шылығына ұйғарып отырса, Кедей ауылдық кеңесінің
төр­ағасы: «Бұл бидің баласы» деп жамандап, әлгі қызметке ал­

ғыз­бай қойыпты. «Сорлы кедей!» деген налалы кекесін осын­
дайлардан шыққ ан болар.
Осыған қамыққ ан Мәшһүрбек хатшылықты тастап, мұ­
ға­лімдікке ауысады. Қолында білім туралы ешқандай құжат

болмаса да, оқу бөлімі қабілетіне қарап мектепке қабылдайды.
Осылайша қырық жылға созылған ұстаздық еңбек жолы баста­
лады. Әуел тұстағы халықты жаппай сауаттандыру науқанына
да белсене қатысады. Мұғалім болғаннан бастап өзі де асық­

пай мұқият дайындалып, педагогикалық училищені «экстерн»
бітіреді. Ал КазПИ-де сырттай оқып жоғары білім алып шы­
ғуы кейінірек, соғыстан кейінгі жылдарда.
Соғысқа дейінгі кезеңдегі атап айтарлық жағдай сол, 1935

жылдан бастап атақты ақын Жамбылдың ауылында мұғалім
болып, бала оқытады. Ақындық өнерімен, басқа жастардан
өзгеше сал-серілігімен ұлы ақынның ілтипатына ілінеді. Жә­кең­
нің балалары Алғадай, Тезекбаймен дос болады. 37-нің сүргіні

шарықтап, әркімдер ұсталып жатқан шақта Жәкең күнде таңер­
тең келіп терезесін қамшысының сабымен тақылдатып: «Әй,
қасқарау, амансың ба, қалайсың, барсың ба?» деп елден ерек­
ше Мәшһүрбектің амандығын біліп, тек содан кейін ғана көңі­

лі тынышталып, ары қарай жүріп кетеді екен. «Қасқарау» де­
гені – сол кездегі дағды бойынша руының атымен атағаны.
Қалай десек те, Мәшһүрбек Жамбыл ауылында сыйлы бола­
ды. Жәкеңнің өзі бас болып ел іші той-томалағынан, алқалы

жиынынан қалдырмайды. Мейлі, қайда барсын, қашан бол­
сын, мәжілістің гүлі – Мәшһүрбек. Олай болатын себебі, Ке­
ненге іні боп келетін бұл қасқарауыңыз әрі ақын, әрі әнші.
Домбырамен ән де салады, күй де тартып береді, өлеңді суы­

рып салып та айтады. Сөйтіп жүріп Мәшһүрбек Жәкеңнің ба­
ласындай боп кетеді, сол ауылдағы ең талапты әрі сүйікті шә­
кірті атанады.
Жәкеңнің әсерімен болар, әрі сол уақыттағы кең тараған

дәстүр бойынша жиын-тойларда қыз-жігіттің қайымдасып ай­
тысу салтымен Мәшһүрбек те мұндай сәттерде сөз атасын
өлтір­меген. Кегенде уақытша «заврайоно» боп тұрғандағы Гүл­
бар­шын деген қызбен, Жамбыл ауылындағы Айжан, соғысқа

аттанып бара жатқанда Шу стансасында кездескен Меру­
ерт деген келіншектермен іштегі шерді тарқата сырласып ай­
тысқан көңіл наздары әлі күнге дейін әдемі тартымдылығын
жоғалтпаған. Сол заман суретін елестететін, Мәшһүрбек пен

айтысушы келіншектердің тағдыр-жайынан әртүрлі сыр ұшы­
ғын суыртпақтайтын, қағазға хатталып сақталған осынау ай­
тыс­тардың қай-қайсысы да кеңірек сөз етіп, бажайлай талдауға
тұрарлықтай. Бірақ өйтуге мақаламыздың көлемі көтере қой­

мас. Тек «Қайтейін, алыстадың Мәшһүрім-ай, Көрік едің ақ
отаудың басқұрындай» деген Айжан келіншектің арманды
сөз­дерінен жігіт сұлтанының сұлбасын танитындаймыз. Ал
Шу стансасында, пойыз бір сағатқа тоқтаған уақыттың ты­ғыз­

дығы мен жердің тарлығына қарамастан тамаша да сирек ай­
тыс үлгісі туған. Бұл айтыстың соңында Мәшһүрбек:
Ой салып алау сәтің, көздің құрты,
Қымбатты ер жігітке елі-жұрты.

Жеңіспен кездесерміз кешікпей-ақ,
Шара жоқ бұзылмасқа жаудың шырқы.
Қош-сау бол, құрбым Меруерт, жолыққанша,

Кім білсін созыларын соғыс қанша?
Көңілімде сақталарсың ұмытылмай,
Есен-сау қайта айналып тоғысқанша, –
деп ерге тән сабыр-толғамды парасатпен түйіндесе, Мер­

уерттің:
Қош болғын, қол бұлғадым сасқанымнан,
Абырой арылмасын бастарыңнан.
Жас бөбек қолды байлап жібермей тұр,

Болмаса қалмас едім қастарыңнан, –
деуінен ер жігіттің соңынан соғысқа бірге еріп кетуден тайын­
байтын қазақ әйелінің өжеттігі мен намысы, елжандылығы
өрттей қаулап елес бергендей. Біздің пайымдауымызша, Мәш­

һүрбек Аманжолұлының жоғарыда аталған үш айтысы да қа­
зақтың ақындар айтысы антологиясынан орын алуға хақылы
һәм лайықты деуімізге әбден сияды.
Мәшһүрбек өлеңдерінде оның өмір жолының іздері сай­

рап жатқандай. Әкесіндей боп кеткен Жамбыл тәтесінің ұлы
Алғадаймен 1942 жылы бір лекте аттанды майданға. «Алын­
дым армияға январьда, Табиғат мәдет бергін шыбын жанға».
Мұндағы «табиғат» дегені «құдайым» деген сөз. «Тамыздың

11-інде бұйрық келіп, Жүргізді Алматыдан жанның бәрін».
«Мәскеуден аттың басын бір-ақ тарттық, Бабушкин қаласынан
орын таптық». «Майданға қарашада жақын бардық, Жауме­
нен белдесуге жақындадық». «Белдестік қарашаның отызын­

да, Халық үшін қан майданда түстік сынға. Оқ тиіп үш жерім­
нен жараланып, Күндізгі сағат 5-те қайттым тылға». Бұдан
соң санрота, төрт айдай госпитальда жатып, тағы да майданға
қосылады. «Басылар жаудың тасып асқандығы, Тентектің өрге

аспайды қастандығы. Төлейді бар бейнетті соғыстағы, Мәң­
гілік халқымыздың бостандығы». Майдандағы қазақ жасының
өршіл де өрелі ойы осындай. «Ұстап ап шолушысын жүрген
аңдып, Босатып жау қолынан Киевті алдық. Штабқа қаз-қатар

тізген бойда, Тұтқынды қолға түскен айдап бардық». «Поль­
шадан қу немісті қуып шығып, Босаттық орталығы Варшава­
ны». «Ашылды әшкере боп былықтары, Қираттық Данцигте­
гі группаны».

Мәшһүрбек майданда бойкүйездікке бой алдырмайды. Сер­
гек. Ширақ. Арттағы елін де ұмытпайды. «Ел-жұр­тым дұғай

сәлем барлығыңа, Болмайды жауға намыс ал­ды­ру­ға!» деп бір
түйеді. «Сағындым ел-жұртымның кәрі-жасын, Ағайын, аман­
бысың, қарлығашым?». Ел мен жеріне са­ғынышты сәлем жыр­
лары толассыз жазылады. Бірақ та «Қайт­паймын жау қамалын

бұзып бермей, Отанның шекарасы тү­зік­телмей, Талқандап жау­
ды қуып Берлинге шек, Қолыма Жеңіс туын іліп келмей».
Мәшһүрбек бұл сертіне де жетеді.
От кешіп жүрген Мәшһүрбектің 1944 жылдың 5-мамы­рын­

да жазған «Кенен Әзірбаевқа майданнан хат» атты са­ғы­ныш­
ты толғау жыры үлкен жүректің ұлағатты сырындай. Үш­бу
өлең хатты: «Ассалаумағаләйкүм, Кенен аға, Жүйріксің на­ғыз
ше­шен сөзге дана» деп бастап, асыл ағаның көркем даусы май­

дандағы бауырларының құлағына елестеп сағынып жүргенін
кішілік ізетпен жыр етеді. «Ақынсың әнге шебер, сөзге кемел,
Тілеулес көп достарың киген шинель», «Алтынның қолда бар­
да қадірі жоқ, Дәл сіздей туа бермес ер өнерлі», – деп өзі өмір-

өлім ортасында жүрсе де Кенекеңдей сирек туар ардагердің
қадіріне жете білуінің өзі неткен өнеге, неткен ғажап.
Әкесі болған Жамбыл тәтесі дүниеден өткен хабарын есті­
генде 1945 жылдың 4 шілдесінде әлі алыс әскерде жүріп бала­

сы Тезекбайға көңіл айту өлең хатын жолдайды. «Иманды бол­
сын атаң, Тезекбайым, Балқытқан шешен еді сөздің майын»
дей келе, «Шақырған ел ұранын ақсақал ед, Қалғай-ды арт
жағында аруағы» деп үлкен ой айтып, игі тілек қосады.

Жәкеңнің өзі өлгенмен, сөзі өлген жоқ,
Жақсының батасын ап көгерген көп.
Орнын бас талаптанып, Тезекбайым,
Арттағы мирасқор сен көңілге тоқ.

Сайраған сандуғаштай шешен еді,
Бақыты қартайғанда еселенді.
Істеген еңбегіне разы боп,
Шақырып қос орденді көсем берді, –

деп, жыр алыбының асқар биігін, әдебиеттегі орынын дұрыс
та дәл пайымдай білген сұңғылалығын аңғартады.
Қырық бестің қарашасында құдай тілегін беріп туған елге,
Отарға оралады. Жаудан елдің кегін алып келеді. «Сағынған

ел мен жерін ұлың келді... Халқымның орындадым тапсыр­
масын» деп баян етеді. Ауылдан төрт жарым жыл көз жазып,

жырақ жүрген Мәшһүрбек сөйтіп аяулы мектебімен қуана
аман­дасады, жасынан еңбек еткен қасиетті ордасына қайтадан
қадам басады. «Жинақтап тәрбиелік шараларды, Шашын си­
пап, бетінен сүйе бердім, Көптен тыс сағынғаннан балалар­

ды»... Осылайша жаңадан жарқын өмір бастайды. Бірінші жа­
ры он жылдың ар жағында қайтыс болған, екінші әйелі көп
опық жегізген Мәшһүрбек Отардағы темір жол бойының №29
мектебінде өзімен бірге мұғалім боп жүрген жас бойжеткен

Гүлжиһанмен көңіл жарастырып, бастарын қосады. Бұл Гүл­
жи­һанның өзі Кененге аталас қарындас болып келетіндік­тен ар­
дақты ағамен бұрынғыдан да жақын араласып, екі үйінің бірі
болып кетеді. «Момынның тұқымысың берекелі, Ағаңыз ақын

Кенен ел ертеңі». Жас жары Гүлжиһан ұзағынан сүйіндіріп, ме­
рекелі қызық дәурен сүргізді, өзі айтқандай, өмірлі бөбектерді
бірге тәрбиелесіп, өзінің де, өлеңінің де бағын ашты. Сол қыр­
қыншы жылдардың аяғында Мәшһүрбек ағаның алдынан оқы­

ған Кенен атаның қызы Төрткен бүгінде Мәшекеңнің сол кезде­
гі келісті сыр-сымбатын, зифа қасиеттерін, ұстаздық ұлағатын,
кейінгі жастарға көрсеткен әсерлі өнегесін сүйінішпен еске
алады.

Мәшһүрбек одан соң дәм жазып отбасымен сонау Семей­
дің Жарма ауданының Жалғызтөбе ауылындағы мектептің жағ­
дайын көтерісіп, төрт-бес жыл басқарып еңбек жасайды. Бірақ
соғыста алған жаралары бар, денсаулығы нашарлауына бай­

ланысты 1954 жылы Жалғызтөбеде бауыр басып қалған дос-
жарандармен қимай қоштасып, дәрігерлердің кеңесімен Алма­
ты іргесіндегі Қаскелең ауданына қарасты Ұзынағаш станса­
сына ат басын тіреп орнығады. Осындағы бастауыш мектепті

қолға алады. Жылма-жыл бала саны көбейгесін қол қусырып
қарап отырар Мәшекең бе, ата-аналармен сөйлесіп, аудан мен
облысқа барғыштап, талай бастықтың табалдырығын тозды­
рып жүріп, әуелі жаңа мектеп үйін салғыздырып, одан мек­

тепті се­гіз жылдыққ а жоғарылатады. Кейін осында совхоз ор­
на­ғанда бала саны күрт көбейіп, тағы да мектеп директоры Мә­
ше­кеңнің қамшылауымен орта мектеп ашылады. Ын­тымақты
мұғалімдер ұжымын жасақтап, үлгілі білім ор­да­сына айнал­

дырады. Алпысқа толғандағы мектеппен қоштасу өлеңінде:
«Көп тентектің түзедім көзқарасын, Баулыдым болашақтың
бел баласын» десе, ол да рас еді. Қазіргі ел тұтқасын ұстап
отырғандар қырық жыл ұстаздық еткен Мәшекеңдердің шә­

кірттері емес деп кім айтар. Иә, «Еңбек еттім 40 жыл – аз ба,
көп пе? Көп айтыстым өмірмен жекпе-жекте. Ғалым бопты
шәкіртің десе біреу, Қуанамын жеткендей төбем көкке» деген
ұстаз ақынның шынайы жан сыры шынымен де көңілімізді

толқытқандай.
Сонымен, 1969 жылдан бастап: «Жас жетті, денсаулық
жоқ, демалайын, Тапсырып ендігіні Гүлжиһанға» деп Мәшекең
мектебімен мұңая қоштасса да, өмірде оптимист болды. Бой­

дағы сырқатына бой бермеді. Уайымды маңайына жолатпа­
ды. Ауыл-аймағының тіршілігінен қол үзбеді. Ақылман ақ­са­
қал, ел ағасы болды. Ескі жолдас өлеңі мен домбырасы өзінің
ғана емес, жұртының да көзайымы бола берді. Абзал азамат

Шәріпжан Шатенов басқарған «Күрті» кеңшарындағы келе­
лі істерге қуанып, оның он жылдық тойына сүйінішті жыр
толғайды. Енді бір сәт Алматы облыстық партия комитетінің
бірінші хатшысы Асанбай Асқаров Күрті ауданына келген­

де: «Мүбәрак жайлы болсын келгендерің, Сіздерсіз мият тұ­
тып сенгендерім. Көз салып көмегіңді беріп қайтсаң, Тілей­
ді тілеуіңді жүрген жерің» деп елдегі өрен-жаранның атынан
өлеңдете қарсы алғаны да біраз жайды аңғартса керек. Ен­ді

бірде Ұзынағаштағы ұқыпсыздықтарды сын садағына алып:
«Өсер ел, өсек пенен аяңды қой, Сіздерге керектісі ақыл мен
ой» деп ақсақалдық насихат айтуы Мәшекең жырында жа­ғым­
ды жарасым тапқан.

«Көп көрген тарих сынын қазақ халқы, Жайылды шетел­
ге де атақ-даңқы», «Алматы анамыздай туған жерім, топта­
ды маңайына қазақ елін», «Үстінде астананың желбірейді,
Қа­зақтың аспанға өрлеп елдік туы» деп келетін сонау кеңес

кезіндегі отаншыл, қазақшыл шумақтары, Қазақстаны мен ару
Алматысын мақтан тұтқан рухы биік өлеңдері Мәшһүрбектің
ақындығын да, азаматтығын да, ұлтжандылығын да айғақтап
тұрғандай. Ал, «Өсиет» атты ұзақ ғақлия толғауынан кәдімгі

үлкен Мәшекеңнің – қазақтың қазыналы данагөйі Мәшһүр-Жү­
сіп атамыздың ұлы сарыны құлағымызға келгендей болады.
Жақсының сөзі балдай тамшылаған,
Жүйрікте баға болмас қамшылаған.

Жаманның лас жүрегі тазармайды,
Суындай ескі құдық аршылмаған.

Иә, ағамыз Мәшһүрбек атын текке алып жүрмеген екен.
Жамбыл тәтесінің 125 жылдығында елден ерек қуанып:
Жасыңнан жұртқа мәлім ақын даңқың,
Келтірдің сұлу сөзбен жырдың шартын.

Алыбы көркем сөздің деп атанып,
Тарихта мәңгі қалды Жамбыл атың.
Отанның сайрандадың алқасында,
Өнерден өрен жүйрік шаршасын ба?

Жайылды асыл сөзің шартарапқа,
Жырыңды сүйген халқың арқасында, –
деп үдемелете шалқып, шабыттана жырға қосып Шығыс Го­ме­
рінің шын шәкірті екенін тойға жиылған қауымға осылай бір

өрнекті өлеңмен білдіргені бар еді.
Ал, Мәшһүрбектің өзінің алпыс жылдығында Кенен ағасы
қызығын бөлісіп, түнімен домбырасын қолдан тастамай өлең
айтып, мәртебесін өсіргенін бүгінде Гүлжиһан апай елжірей

еске алады. Кенекең дегенде Мәшекеңнің де шығарда жаны бө­
лек болыпты. Ағаның ауылы Кировқа бір барғанында:
Көркейген Киров колхоз ауылдарың,
Жиналған неше түрлі ұлт қауымдарың.

Келгенше қайта айналып кім бар, кім жоқ,
Есен-сау қош болыңдар бауырларым.
Сыйлаңдар Кенекеңді ренжітпей,
Қария қадірменді ауылдағың, –

деп өлеңмен аманат айтуы бауырмал ізгі жүректің лүпілін қа­
пысыз сездіргендей. Кенекеңе арнаған өлеңдерінің өзі тұтас
бір цикл дерлік. «Ақындық атаңыздан ауысылған, Жібектен
әуеніңнің бауы ысылған» деп өзі де әдемі өлеңнің зерін ызып

жіберетін тұстары аз емес. Саңлақ дарынның 1974 жылдың жа­
зында арқа-жарқа бүкіл ел боп атап өткен 90 жылдық тойына
сужаңа «Жигулидің» рөліне үлкен ұлы Дүйсенді отырғызып,
бәйбішесі Гүлжиһанды қасына, кенжесі Қанатты алдына алып

Кировке елдің алды болып қолтығына қанат байлағандай аңы­
ратып жетуі қандай десеңізші. Сондағы:
Өнердің шаң тимеген Құлагері,
Сен де бір арнасы кең жыр әлемі.

Ассалаумағаләйкүм, асқақ дауыс,
Жамбылдың қайталанбас мұрагері! –
деп соқтырған Мәшекеңнің өзінің жыры да неткен асыл еді.
Аға Кененді қазақтың мәртебесіне балаған, қасиетті домбыра­

сын айналып-толғанған жүрегі неткен әзіз еді. Сол әзіз жүрек
содан бес жыл өткенде соғуын тоқтатып еді.
...Қазір, міне, Мәшекеңнің «Өсиет» деген кітабын парақ­
тап отырмын. Сексеннің жетеуіне келген Гүлжиһан апайдың

сан­дығында сақтаулы әдеби жазба мұрасы бұдан әлдеқайда
көп көрінеді. Өт­кен жылдың желтоқсан айында қыздары Свет­
лана мен Гүл­нәфистің мұрындық болуымен Алматының Че­
хов атын­дағы кітапханасында ұстаз ақын Мәшһүрбек Аман­

жолұлының 100 жылдығына орай еске алу кеші болып өтіпті.
Жам­былға шәкірт, Кененнен сарқыт болған Мәшекеңнің кейін­
гіге қалдырған сөзі ұзақ жасайтынына деген сенім менің көңі­
ліме де берік ұялағандай.

2010 ж.

Мазмұны Бірінші бөлім Ақиреттік аманат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3 Елім деп еңіреген Марал ишан . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11 Шәкәрімнің немересі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18 Баукеңнің университеті . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25 Қазақтың бас батыры . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 36 Қазақтың текті қыраны . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 48 Қайсар қазақ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 61 Екінші бөлім Түрік тағылымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73 Париждегі ақындар айтысы . . . . . . . . . . . . . . . . . 85 Асқар таулар бөлсе де алғауы болмас ағайын . . . . . . . . 95 Қырғызстан: бір үміт ,бір күдік... . . . . . . . . . . . . . . . 106 Үшінші бөлім Құбылыс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 118 Классик . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 132 Жыр тұмасы Тұмағаң . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 148 Олжа салған он томдық . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 164 Іздемпаздық пен Іждағат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 177 Аты жоқ мақала . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 184 Айсберг астындағы ағыстар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 192 Төртінші бөлім Сахна серкесі Сераға . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 202 Қазақта бір Дәркембай . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 215

Тұңғышбайдың қағбасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 222 Ұлжан . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 231 Шаңқай түс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 237 Саусағына күн ұялаған . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 246 Бесінші бөлім Шоқаннан Шораға дейін . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 255 Қазақтың Саяны . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 267 Даналықты сүйген . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 283 Мақаштың мылтықсыз майданы . . . . . . . . . . . . . . 290 Марғұланның мұрагері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 321 Қазақ боксының қаранары . . . . . . . . . . . . . . . . . . 326 Қазақ футболының аңызы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 338 Ісі ұлық, өзі кішік Қалағаң . . . . . . . . . . . . . . . . . 347 Қос таған . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 354 Жамбылға шәкірт, Кененнен сарқыт Мәшһүрбек . . . . . . 371

Қорғанбек АМАНЖОЛ

Редакторы Н. Оразбек
Суретшісі Б. Серікбаев
Компьютерлік дизайны Қ. Оразбек

ИБ № 160.

Басуға қол қойылды 20.06.12. Қалпы 84х108 1/32
Қағазы офсеттік. Қаріп түрі “Таймс”.
Шартты баспа табағы 20,0. Есепті баспа табағы 24,0.
Таралымы: Мемлекеттік тапсырыс есебінен 2000 дана + Баспа

есебінен 250 дана. Тапсырыс № 701.
ЖШС “Қазақстан” баспа үйі”
050046, Алматы қаласы, Прокофьев көшесі, 226/1.
Тел./факс: (8-727) 392-94-18.

E-maіl: іdkz@maіl.ru
ЖШС РПБК “Дәуір”, 050009, Алматы қаласы,
Гагарин даңғылы, 93. Тел.: 394-39-22, 394-39-24.
E-maіl: rpіk-dauіr81@maіl.ru, rpіk-dauіr2@maіl.ru

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙