Алтын іздеу жолында
Дениз Райан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Алтын іздеу жолында
ДЕҢГЕЙ Мен оқығанды ұнатамын! Балаларға жылдам əрі дұрыс оқуды қалай үйретуге болады? Олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қандай кітап таңдау керектігін білесіз бе? Бұл сұрақтарға балаларға арналған «Мен оқығанды ұнатамын!» бағдарламасы бойынша жарық көрген кітаптар сериясы көмектесе алады. Бұл серия 64 кітаптан тұрады, онда балалардың жас ерекшеліктерін жəне қызығушылықтарын ескере отырып əзірленген жəне құрастырылған материалдар бар. Серия 4 деңгейге бөлінген: «Оқып үйренемін» (5–6 жас), 16 кітап «Оқи аламын» (6–7 жас), 16 кітап «Өзім оқимын» (7–8 жас), 16 кітап «Жақсы оқимын» (8–9 жас), 16 кітап Алуан түрлі тақырыптар кішкентай оқырмандарды интеллектуалдық тұрғыдан дамытып, қоршаған əлемді тануға мүмкіндік береді. Балалардың жасына сəйкес блокта ұсынылған тақырыптар: «Жануарлар», «Жер Ғаламшары», «Ғылым жəне өнертабыстар», «Тарих» Бұл тақырыптардың əрқайсысында таңғажайыптар мен ең қызықты дегендердің барлығы ұсынылған. Балдырғандарыңыз осы əсем жəне пайдалы кітаптарды рахаттана оқитын болады! Мен оқығанды ұнатамын! Алтын іздеу жолында Traders_cover.іndd 1 Traders_cover.іndd 1 21.10.11 18:42 21.10.11 18:42
Мəскеу
«Махаон»
Алтын
іздеу
жолында
Traders_block.іndd 1
Traders_block.іndd 1
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Мазмұны
Ежелгі өркениеттер . . . . . . . . . . . . . 4
Остиядағы кемелер . . . . . . . . . . . . 6
Сахарадағы керуендер . . . . . . . . . 8
Еуропадағы сауда . . . . . . . . . . . . . 10
Ұлы жаңалық . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
Су жолдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
Ежелгі астанада . . . . . . . . . . . . . . 16
Үндістанға барар жол. . . . . . . . . . . 18
Френсис Дрейк . . . . . . . . . . . . . . . . 20
Африканы игеру . . . . . . . . . . . . . . 22
Қиыр Солтүстік . . . . . . . . . . . . . . . 24
Жапонияны ашу . . . . . . . . . . . . . . 26
Əйгілі каналдар . . . . . . . . . . . . . . . 28
Ойлан! . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
Сөздікше . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
Traders_block.іndd 2
Traders_block.іndd 2
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Ертеде, саудагерлер өздерінің тауарла-
рын сату үшін, қауіпті саяхаттарға шыққан.
Олар байлықтың соңынан қуып жүріп,
беймəлім жерлерді ашып, жаңа елдермен
байланыс жасады.
Traders_block.іndd 3
Traders_block.іndd 3
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Египеттік
сауда кемесі
Ежелгі египеттіктер
өздерінің кемеле-
рінде ең бірінші
болып желкендерді
қолданған.
Ежелгі
өркениеттер
Шамамен 5000 жылдай бұрын Ежелгі Египет
жəне Шумер ұлы өркениеттері пайда болды.
Осы елдердің халықтары егін жəне мал
шаруашылығымен айналысқан. Бірақ олар
сонымен қатар, алыс саяхатқа шығудан
қорықпайтын тамаша саудагер де болған.
Traders_block.іndd 4
Traders_block.іndd 4
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Ертеде олар
тауарларды алыс
қашықтықтарға
қолмен тасыған.
Саудагерлерді
ешқандай қиын-
дықтар, не тау-
лар, не шөлдер
абыржытпаған.
Traders_block.іndd 5
Traders_block.іndd 5
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Римдіктер шарап пен зəйтүн
майын мойны ұзын жəне тар
қыш құмыраларда сақтаған.
Бұл ыдыстарды амфоралар
деп атаған.
Остиядағы
кемелер
Остия қалашығы Ежелгі Римнің айлағы болған.
Осында жердің бұрыш-бұрышынан келген кеме-
лер зəкірлерін тастаған. Сонан соң тауарларын
қайықтарға тиеп, Тибр өзенінің бойымен жоғары
қарай астанаға апарған. Үлкен теңіз кемелері
суы тайыз өзенмен көтеріле алмаған.
Бұл қызық
Ежелгі Римде гладиаторлардың жа-
байы жануарлармен шайқасы та-
нымал болатын. Осы айқасқа
арналған жануарларды алыс
елдерден: жолбарыстарды Азиядан,
мүйізтұмсықтарды Африкадан, ал
аюларды алыс Шотландиядан кеме-
лерде алып келген.
Traders_block.іndd 6
Traders_block.іndd 6
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Traders_block.іndd 7
Traders_block.іndd 7
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Сахарадағы
керуендер
Сахара шөлі Солтүстік Африкада орналасқан.
Ол арқылы тек төзімді түйелер керуені ғана
жүре алатын маңызды сауда жолдары өткен.
Шөл арқылы өтетін жол көп аптаға созылған, ал
саудагерлер су мен азық қорын тек
шұраттардан ғана толтыра алған.
Traders_block.іndd 8
Traders_block.іndd 8
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Бұл қызық Түйенің өркешінде оның қуат қоры болып табылатын май жиналады. Кейде саудагерлер жергілікті тұрғындарға шапқыншылық жасап, оларды құлдарға
айналдырған.
Traders_block.іndd 9
Traders_block.іndd 9
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Еуропадағы
сауда
Еуропадағы сауда Орта ғасырлар (500-ші жыл-
дан 1500 жылға дейінгі аралықтың атауы)
дəуірінде қарқынды дами бастады. Алыс ел-
дерден Еуропаға саудагерлер ғажайып тауар-
лар əкелді. Олардың көбі өте бай адамдарға
айналды.
Қара өлім
Еуропада он төртінші ғасырда
«қара өлім» - оба індеті жайылды.
Бұл жұқпалы ауруды сауда кеме-
лерімен бірге Шығыстан əкелуі
əбден мүмкін. Оба 25 миллион
адамның өмірін алып кетті.
Traders_block.іndd 10
Traders_block.іndd 10
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Ортағасырлық Германиядағы Гамбург теңіз порты. Тауарларды желкенді кеменің палубасына тиеп жатыр. Біраздан соң ол теңізге шығып, жүкті басқа еуропалық портқа апарады. Traders_block.іndd 11 Traders_block.іndd 11 21.10.11 18:43 21.10.11 18:43
Кеме апаты
«Санта-Мария» - Колумб
экспедициясының флаг-
мандық кемесі болатын.
Бұл кеме Испанияға
қайтып келмеді: Кариб
теңізіндегі дауыл уақы-
тында ол суға кетті.
Қалжыратқан екі ай жол жүргеннен
соң, теңізшілер осыған дейін белгісіз
аралдарды көрді. Колумб жердің жұмыр
екенін білді жəне ол жер шарын айна-
лып, Үндістанның жағалауына жеттік
деп ойлады. Бұл аралдарды ол Вест-
Индия деп атады. Ал іс жүзінде Амери-
ка жағалауындағы Кариб аралдары еді.
Ұлы жаңалық
1492 жылы Испанияның жағалауынан үш ка-
равелла шықты. Кішкентай флотилияны
Христофор Колумб басқарды. Кемелер Атлант
мұхитын кесіп өтуге оқталып, батысқа бағыт
алды.
Traders_block.іndd 12
Traders_block.іndd 12
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Traders_block.іndd 13
Traders_block.іndd 13
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Ежелгі Қытайда көптеген
адамдар өз қайықтарында
тұрған. Қытайдың кейбір
жерлерінде адамдар осылай
тұрады.
Су жолдары
Қытай - өте көне ел. Қытайлықтар бірнеше мың
жыл бұрын үлкен каналдар салуды үйренген.
Осылайша жасанды су жолдары пайда болды.
Тауарларды құрлықтан гөрі, каналдар бойынша
тасымалдау əжептəуір жеңіл болды.
Traders_block.іndd 14
Traders_block.іndd 14
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Ежелгі компас
Көптеген пайдалы өнертабыстар
Қытайда жасалған, оның ішінде
компас та бар. Аспаптың маг-
нитті тілі ұдайы солтүстікке
бағытталған. Компастың көмегі-
мен қытай теңізшілері мен
саудагерлері ашық теңізде жол
тапқан.
Traders_block.іndd 15
Traders_block.іndd 15
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Ежелгі
астанада
Көптеген ғасырлар бойы Ежелгі
Қытайдың астанасы – көне қала
Чанъань (қазір - Сиань) болған.
Сегізінші ғасырдың өзінде онда
екі миллиондай адам тұрған.
Астанада бай адам көп болған.
Азияның түкпір-түкпірінен келген
саудагерлер қызу базарларында өз
тауарларын олжалы етіп сату үшін
Чанъаньға ұмтылған.
Қызыл лак
Сырлы лактан
жасалған бұйымдар
өте жоғары баға-
ланған. Сауыттар не-
месе қобдишаларды
лак тұтқыш ағаштың
қызыл шырынымен
жауып, сонан соң
үстінен шебер өрнек
салған.
Traders_block.іndd 16
Traders_block.іndd 16
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Астананың ба-
зарларында
кез келген та-
уарды сатып
алуға болатын.
Акробат-
тар мен музы-
канттар күні
бойы сатып
алушылардың
көңілін
көтеретін.
Traders_block.іndd 17
Traders_block.іndd 17
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Үндістанға барар жол Он бесінші ғасырда португал теңізшілері Африканың батыс жағалауын бойлап, оңтүстікке ілгерілей берді. 1498 жылы капитан Васко да Гама Африканы айналып шықты, Үнді мұхитына жетіп, Үндістанға аман-есен барды. Кейбір африкалық тайпалар португал теңізшілерін жылы шыраймен қарсы алса, басқалары оларға өшпенділік танытты. Traders_block.іndd 18 Traders_block.іndd 18 21.10.11 18:43 21.10.11 18:43
Хош иісті сауда
Үндістан мен Оңтүстік-
Шығыс Азиядан əр түрлі та-
тымды заттарды əкелетін.
Мускат жаңғағы, қара
бұрыш, даршын, жəне басқа
шығыс дəмдеуіштер Еуропа-
да алтынға бағаланатын.
Traders_block.іndd 19
Traders_block.іndd 19
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Френсис Дрейк
Френсис Дрейк - əйгілі ағылшын теңізшісі жəне
корсар. 1577-1580 жылдары ол «Алтын
кербұғы» атты кемемен жер шарын айнала
саяхат жасады. Жол бойы Дрейк испан сау-
да кемелерін тонап, суға батырған, алайда
өзін қарақшы деп емес: сол кездердегі соғыс
жүргізудің заңды тəсілін меңгердім деп есептел-
ген.
Тоналған қазынаның
басым бөлігін Дрейк
ағылшын патшайымы І
Елизаветаға сый ретінде
тартқан.
Бұл қызық
1588 жылы испан королі
Англияны қарақшылығы үшін
жазалауға орасан зор флоти-
лия жіберген, бірақ Дрейк ис-
пандарды талқандап тастады.
Испан флотының қалдықтарын
теңіз дауылы апат қылды.
Traders_block.іndd 20
Traders_block.іndd 20
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Traders_block.іndd 21
Traders_block.іndd 21
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Африканы игеру
Африканың байлықтары туралы естіген əр түрлі
елдердің саудагерлері континентте орын тебуге
тырысты. Олар пілдерді олардың сойдақ тістері
үшін аңшылық құрып, алтын мен алмас іздеді,
тонаушы экспедицияларды құлдарды ұстап алу
үшін жарақтады, сонан соң оларды Үндістан,
Америка жəне Таяу Шығысқа сатты.
Құл саудасы
300 жыл бойы қара түсті афри-
калықтарды туған деревняла-
рынан ұстап алып, құл етіп,
кісен салып, мұхиттың ар
жағына жіберген. Олар-
дың көптеген мыңы
мерт болды. Алайда,
құл саудасы ұзақ уақыт
кəдімгідей заңды биз-
нес болып есептелді.
Traders_block.іndd 22
Traders_block.іndd 22
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Оңтүстік Аф-
рикада алтын
іздеушілер
сомтума алтын
іздеп, таужыныс-
та туннель са-
лып жатыр.
Traders_block.іndd 23
Traders_block.іndd 23
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Қиыр Солтүстік
1728-1741 жылдары орыс капитаны Витус
Беринг (тумысы - дат) Чукотка жағалауын
алғаш рет зерттеді. Азия мен Американы
бөлетін бұғаз кейіннен оның атымен аталды.
Көп өтпей, Аляскада орыс факториялары
пайда болды.
Traders_block.іndd 24
Traders_block.іndd 24
21.10.11 18:43
21.10.11 18:43
Ресейдің еуропалық бөлігінің
солтүстігінде аң терісінің саудасы
өрбіді. Суретте он алтыншы ғасырдың
ағылшын көпестері жергілікті аңшы-
лардан үлбір сатып алып жатқаны
көрсетілген.
Traders_block.іndd 25
Traders_block.іndd 25
21.10.11 18:44
21.10.11 18:44
Жапонияны ашу
Он тоғызыншы ғасырдың басында Жапония өте
жабық ел болды. Алайда, 1854 жылы Эдо
(Токионың ескі атауы) қаласының шығанағына
адмирал Перридің басшылығымен америкалық
əскери кемелер басып кірді. Жапондықтар
сауда келісімшартына қол қойып,
еуропалық жəне америкалық көпестер
үшін елді ашуға мəжбүр еткізді.
Бұл қызық
Жапондықтар Перридің кемелерін
«қара кемелер» деп атаған, өйткені
олардың мойындары қара түтіннің
үлкен бұлттарын шығарған. Жапо-
нияда сол кезде əлі ешкім ешқашан
пароход көрмеген еді.
1854 жылдан кейін
жапондардың көбі
еуропалық киім-кешек кие
бастады. Жапонияда ол
осы заманға сəйкестік
пен өрлеудің нышаны деп
есептелді.
Traders_block.іndd 26
Traders_block.іndd 26
21.10.11 18:44
21.10.11 18:44
Traders_block.іndd 27
Traders_block.іndd 27
21.10.11 18:44
21.10.11 18:44
Əйгілі каналдар
Суэц каналы Египетте орналасқан, Жерорта
жəне Қызыл теңіздерін байланыстырады. Ол
бойынша қозғалыс 1869 жылы ашылды. Ал 1914
жылы Орталық Америкадағы Панам каналының
құрылысы тəмамдалды. Ол Тынық жəне Атлант
мұхиттарын байланыстырды.
Traders_block.іndd 28
Traders_block.іndd 28
21.10.11 18:44
21.10.11 18:44
1869 жылы қызықтау-
шылардың топтары
Суэц каналы бойынша
алғашқы кемелердің
өтуін бақылады.
1869 жыл
1939 жыл
осы кезде
Жаңғырту
Суэц каналын ұдайы кеңейтеді жəне тереңдетеді.
Қазір оның бойымен ең ірі сауда, жолаушылар
жəне əскери кемелер өте алады.
Traders_block.іndd 29
Traders_block.іndd 29
21.10.11 18:44
21.10.11 18:44
Ойлан!
Əріптерден сөздерді құрастырып, оларға
суреттерді таңдап ал.
ЫРЫНШЖ
ПАСКОМ
ЙЕТҮ
ВЕЛЛАКАРА
Traders_block.іndd 30
Traders_block.іndd 30
21.10.11 18:44
21.10.11 18:44
Сөздікше
Канал – өзендерді, көлдерді, теңіздерді немесе басқа
каналдарды байланыстыратын жасанды су жолы. Ка-
равелла – кішкентай португалдық желкенді кеме.
Корсар – жаулас мемлекеттердің сауда кемелерін
ұстап алып, билігінен тонауға рұқсат алған теңіз
қарақшысы.
Шұрат – шөлдегі бұлақтың немесе кішкентай көлдің
айналасында пайда болған өсімдіктердің аралшығы.
Татымды заттар – жағымды иісі бар кейбір өсімдік-
тердің жас немесе құрғатылған бөліктері.
Құл – еркінен айырылған жəне қожайынының бұйрығын
орындауға мəжбүр болған адам. Құлдар тауар болып
есептелген, оларды сатуға жəне сатып алуға болатын.
Сомтума – табиғи жолмен қалыптасқан алтын неме-
се басқа құнды металдың кесегі. Ең ірі сомтума алтын
Австралияда табылған жəне оның салмағы екі жүз ки-
лограмнан асқан.
Саудагер – пайда түсіру мақсатында тауарларды са-
тып алатын жəне сататын адам.
Фактория – жергілікті тұрғындармен сауда жасау үшін
жасалған, алыс елдің аймағындағы көпестер қонысы.
Оба – қауіпті жұқпалы ауру. Ертеде обаны емдей
білмеген, сондықтан, ауырған адам жиі өлетін.
Шумер – қазіргі Ирак аймағындағы аумақ, ең ежелгі
өркениеттердің бірінің бесігі.
30-б. жауаптар: шынжыр, компас, түйе, каравелла.
Traders_block.іndd 31
Traders_block.іndd 31
21.10.11 18:44
21.10.11 18:44
Бастауш сынып жасындағы балаларға Для старшего дошкольного возраста АЛТЫН ІЗДЕУ ЖОЛЫНДА Авторы Роберт Коуп TRADERS AND TRAVELERS Copyrіght © 2008 Weldon Owen Pty Ltd Conceіved and produced by Weldon Owen Pty Ltd 61 Vіctorіa Street, McMahons Poіnt Sydney, NSW 2060, Australіa Все права защищены. All rіghts reserved. © Перевод на казахский язык. ТОО «Книжный полюс», 2011 © ООО «Издательская Группа «Азбука-Аттикус», 2011 Machaon® ІSBN 978-5-389-03028-2 (каз.) ІSBN 978-5-389-00311-8 (русск.) ІSBN 978-1-74089-674-0 (авс.) ООО «Издательская Группа «Азбука-Аттикус» — обладатель товарного знака Machaon 119334, Москва, 5-й Донской проезд, д. 15, стр. 4 Тел. (495) 933-76-00, факс (495) 933-76-19 E-maіl: sales@attіcus-group.ru; іnfo@azbooka-m.ru www.azbooka.ru; www.attіcus-group.ru Қазақ тіліне аударған: Марал Жұмағалиева, редакторы: Мақпал Тажмағамбетова Баспагерден алынған эксклюзивті құқықтардың иесі «Кітап ұйық»ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 1, тел: (727) 2735906, 2735907 Суретімен 24 бет Басуға 2011ж.__ қазан қол қойылды Формат 70х100 1/16 ,жылтыр қағаз Шартты баспа табағы 1,93 Таралымы 11000 дана, тапсырыс № __ «№ 2 Офсетті баспа фабрикасы» ААҚ-да басылған 141800, Мəскеу облысы, Дмитров қаласы, Московская көшесі, 3. «Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді жəне Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды». УДК 372.416.2 ББК 74.200.585.00 В80 Traders_block.іndd 32 Traders_block.іndd 32 21.10.11 18:44 21.10.11 18:44
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру