Сексеуілдің шоғы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Өріс Яшүкірқызы
Яшүкірқызы Ө.
СЕКСЕУІЛДІҢ ШОҒЫ
(ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫ)
Астана 2005 жыл Яшүкірқызы Өріс “Сексеуілдің шоғы”. Өлеңдер жинағы. Көлемі 7 б.т. Қазақ тілінде. Таралымы 2000 дана.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ө.Яшүкірқызының бұрын “Айна көңіл”, “Боямасыз өмір” атты жинақтары жарық көрген. Оқырмандарға ұсынылып отырған бұл өлеңдер жинағы бірнеше бөлімдерге топтастырылған. Сарарқада жаңа бой көтерген сәулетті Астананың көркем келбеті, жаңа тәуелсіз мемлекетіміздің өркениеті, адамдар арасындағы достық, махаббат хикаяттары т. б. туған жер, ауыл тақырыптары суретті, айшықты. Махаббат, сүйіспеншілік сезімге құрылған таза лирикалық шумақтары оқырмандарын еріксіз тартады. Мұнда сексеуілдің шоғындай қызулық жатса, сатира мен сықақ, юмор бөлімінде қызыл шоқтай жанды қаритын өткір тілді байқауға болады. Кітапта өлеңмен өрнектелген бейнелі ойлар жеткілікті. Суреткерлік бояулары да қанық.
Кел, “2030 – Болашақ” 2030жобамен әлем жаңғырып, Кеудемде менің қайтадан жаңа жанды үміт. Болашақ сені тапқанда Ұлы Жолдаудан, Атқандай болды, алдымнан жаңа Таң күліп. Болашақ төрлет! Ұлы бір істі бастаған, Қуанып күтті өзіңді үлкен, жас балаң. Тарихқа келген “2030Болашақ” Өзіңмен бірге Елордажаңа Астанам. Болашақ төрлет, Өзің ед аңсап күткенім, Жолдаумен елге міндеттер биік жүктедің. Ғасырдың жаңа көпірін салып еліме, Көк байрақ Туды нығайтып алға тіктедің! Өзіңмен жатыр тұтас бір әлем жаңғырып, Өзіңмен бірге жасарып, қайта жанды үміт. Кел, “Қазақстан -2030 – Болашақ!” Өзіңмен енді атады ылғи Таң күліп.
ТОЙ БҮГІН
Той бүгін бүкіл елде, думан бүгін! Көрінді Көк Байрақтан, Тудан нұрым! Көш келді Елбасымен Ақмолаға, Шашылсын Ұлы көшке жырдан гүлім. Той бүгін сән-салтанат, ғажап бүгін, Танытты елім мынау Азаттығын. Бетке алып жаңа ғасыр шұғыласын, Тұрғандай Ұлы жолда қазақ бүгін. Шалқытып кең сарайда Ән Ұранын, Тұр сапта ел қорғаным - Жан Ұланым, Дәл бүгін Ақмоланың түні күндей, Төбеде сен де бүгін жадыра Күн. Той бүгін - Сарыарқада, жас қаламда! Арнайы мәртебе алған астанамда. Тарихтың көшін түзеп Елбасы тұр, Болашақ Жобасымен бастап алға! 1997 ж. Астана Астана келбеті
Астана кеше қандай, бүгін қандай, Көрген жан тамашы ғып қағар таңдай, Жан кіріп Сарыарқаның кіндігіне, Қараөткел бойы түгел жаңарғандай. Астана әсем-абат, сәнің қандай, Сәкенге арман болған әнің қандай, Бұл жерде киелілер ізі қалған, Әр басқан топырақтың мәні сондай. Астана аруақ қонған қасиеттім, Жақсының сөзі қалған өсиеттім. Бір өзі бар қазаққа тұлға болған Сейфуллин Сәкен өзі кәсіп еткен. Астана дүбірлеткен өрің қандай, Ұлтымның туын тіккен төрің қандай. Жайнатқан ерке Есілдің жағалауын, Құрыш қол құрылысшы ерің қандай.
Астана шамшырақтай түнің қандай, Бар әлем құлақ түрген үнің қандай, ХХ1 ғасырға тұтқа болған, Астанам дәл бүгінгі түрің қандай. 1997 ж.
БӘЙТЕРЕК - ШАМ ОРДА
Бейнелеген алып өмір ағашын, Ей, Бәйтерек, көгіме шам жағасың. Атақты Эйфель теңескендей өзіңмен Бар көңілден мақтанышты табасың. Республика символы бар өреңде, Жүз қырық төрт шырағың тұр төбеңде, Бар нысана сәулелермен жасанған Қырық төрті нұрын шашар төменде. Самұрық құс мекен етіп қияны Қасиетті салғандай бір Ұяны, Жұмыртқа тұр тәуелсіз ел бейнелі Тамырына Ел бірлігін жияды. Құлағыңда өзге жұртқа түре біл, Бағаңды да биік тұрған біле біл. Көрген көздер тамсанады былай деп: “Жолда қалды Мәскеудегі Кремль” Египетке жоқ, әрине, таласым Пирамида тылсым кие, жарасым. Мәртебелік қасиетте ұқсастық Деп танимын екеуіңнің арасын.
Бәйтерегім, әлем саған қарасын, Қайталанбас сәулетіңмен дарасың. Алыс, жақын бәрі танып үлгерді Есіл бойын - Қазақстан қаласын. Қарсы алдыңда күк күмбезді Ақ орда Мемлекеттің туын тіккен Бақ орда. Бір жүздағы сексен сегіз шырақпен Бәйтерегім, сен жасадың Шам орда.
АСТАНАМА ҒАЛАМ ҒАШЫҚ
Күн сайын дос-жаранмен амандасып, Астана жүрген қалам қадам басып. Дәл қазір сән де осында, ән де осында, Көз тіккен Астанама ғалам ғашық. Нанбасаң кел ортаға, алаңға шық, Арала әр көшесін табан басып. Қысқы аяз шымырлатар бой сергітіп, Еркелеп ерке самал жағаңды ашып. Таң қалма күнін көрсең нөсерлетер, Ақша бұлт ақ жауынды ап өшер, кетер. Артынша шұғыладан күн күлімдеп, Саф ауа жаныңды бір әсерлі етер. Ақ қары жылт-жылт еткен күміс дер ем, Мол жауса, мол астық қой ырыс дер ем. Арқаның таза ауасы өзі дәрі, Кеңейер кере жұтсаң тыныс дер ем.
Кел қалқам, Астанаға амандасып, Қарарсың, қызығарсың жанарды ашып. Көркіне, келбетіне көз тоймайды, Мен түгіл Астанама ғалам ғашық.
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ТЫНЫСЫ
Елді елең еткізген бұл қаланың жұмысы, Әлем көзін тіккізген болашақтың бұл ісі, Есілдің бойын жайлаған қалың қазақ өз елім Мұнда қазір басталды жаңа өмірдің тынысы. Астананы демеймін сырттан біліп сынаңдар, Көз тартатын ғимарат сұлу қыздай сылаңдар, Бәйтеректің басына қонақтаса ақша бұлт Қырықыншы қабаттан мойын созар крандар. Жаңа астана қаласын тағы бізден сұраңдар, Күнде көңіл аударар, жаңалық көп, жыр ән бар. Төңкерілген көгінде БОИНГ мен ТУ ұшып, Әуеден де жол салды қара көзді қырандар.
Бұл қалада жетерлік, түрік, орыс, шетелдік, Жаңа астана іргесін ағайын боп көтердік. Әр кірпіші қаланың қалануда Достық боп, Жаңа Астана төрінде байқалмайды бөтендік. Ағып жатыр іргеден шалқи түсіп Есілім, Ұлы көш кеп ашуда күнде астана есігін. Қоныс тойы, көш тойы думан, қызық осында Жаңа Астана тарихқа жазып жатыр Есімін. 1997 ж. Хош келдің, жаңа ғасыр ! Келдің бе, ғасыр басы - аппақ Жылым, Төгіліп шұғыладан аппақ нұрың, Ақ көңіл, ақ жүрекпен құшақ жайып, Күтуде, байтақ Отан, ойың-қырың. Бұл ғасыр өрге жүзген Уақыт деймін. Уақыттың төріндегі Бақыт деймін. Тәуелсіз елімізге Береке кеп, Төгілген ақындарда Шабыт деймін.
Жаңа жыл ғасыр басы – Жастық деймін, Келісім. Түсіністік. Достық деймін. Алаштың болашағы түзуленді, Қадамды бірге түзу бастық деймін. Хош келдің ғасыр басы - Жаңа Жылым, Шалқысын бар әлемге жаңа Нұрың. Қазақтың даңқын көкке көтеретін Көп болсын бұл ғасырда Жаңалығың! 2000 ж.
ИЕСІ СЕНСІҢ ГҮЛІМНІҢ
Сен ұстазсың, иесі сыйлар гүлімнің, Сен ұстазсың ізгілік жайған білімнің, Мектептен кейін үйде де дәптер парақтап, Шәкіртің үшін мезгілін бөлген түніңнің. Сен ұстазсың ізгілік жайған өркенің, Өзіңмен қызық өткенім және ертеңім. Мейірмен түзеп, ақылмен сыйпап маңдайды, Емдедің талай қылығын “қиын” еркенің. Сен ұстазсың, болмаған жеке байлығың, Тағатпен күткен ай сайын берер айлығын. Арыңмен таза, жаныңмен таза бір жолдан, Келмеген әсте, айнығың. Сен ұстазсың көңілде көп қой түйерің, Ерекше жансың жүйке мен мықты сүйегің. Әлемде мықты дегенім саған тең келмес, Сондықтан Ұстаз басымды саған иемін.
ТОРҒАЙДАН КӨШІП БАРАМЫН
Ауызын тырнап жараның, Кеттің-деп қайда қарағым, Сұрама қинап, сұрама, Торғайдан көшіп барамын. Таусылып мынау амалым, Қамымен бала-шағаның, Іздеуге жұмыс сенделіп, Торғайдан көшіп барамын. Қолымда жалғыз қаламым, Байлық жоқ басқа, қарағым, Алды-артым тағы белгісіз, Торғайдан көшіп барамын. Жер еді бұл бір киелі, Әуелден мықты сүйегі. Жанбаған бағы тарихтан, Отқа да, суға күйеді. Батырлар туған ел еді, Төрт құбыласы тең еді. Құлақта әлі тұрғандай, “Оян, қазақ!” дегені. Жүрегі ел деп үзілген, Тектілер көп ед тізілген. Олардан Торғай айрылды, Алғанда “қара тізіммен”.
Қуғыннан ешкім қалмады, Аштық та елді жалмады. Архивті ашсаң табылар, Жазылған жатыр томдары. 30 жыл бағы жанып ед, Торғайды көп ел танып ед, Ел, Жердің кіріп ажары, Көтеріліп қалып ед. Келгенде мынау нарығым, Бейқам еді-ау халығым. Қауызына сиям деп, Ойлаған жоқ тарының. Егін де, мал да, кен болды. Құшағы жұртқа кең болды. Қайтейін бірақ нарықта, Қалқыған суда сең болды. Қаладан елім тыс қалды, Жұмыстан түгел қысқарды. Тұрмыстың жайы қиындап, Баяғы жарқын іс қалды. Өзің де жүрсің аңғарып, Сұрама сұрақ таң қалып. Торғайға тері сіңгендер Жан-жаққа кетті сандалып. Осылай жайым, қарағым, Болмай тұр басқа амалым.
Еңбегім еш боп сіңірген, Торғайдан көшіп барамын… 1997 жыл. Төрлет, Наурыз! Айналаның бәріне әсер беріп, Келдің, Наурыз, ерекше әсемденіп. Сен келмесең көгеріп жасыл бағым, Жасыл кілем жайлауға төсер ме едік. Айналаның бәріне шаштың нұрды, Қуанышқа бөледің ой мен қырды. Наурыз, сенің қадамың құтты болсын, Шашу етіп төгейік ән мен жырды. Наурыз, сенен күтеміз жақсылықты, Орындалар арманды, жақсы үмітті. Көгерейік, өнейік, өсейік деп Ырымға егіп жатырмыз тал шыбықты. Төрлет, Наурыз Жыл басым, 365 күн, 365 түн сырласым, Ешнәрседен тарықпай Елімнің сағы сынбасын. Телефондағы тілдесу
Басылымдағы баршаға мәлім деректен, Білемін сені, жолдарды білем сен өткен. Тілектес едім сыртыңнан мен де өзіңе Танысқан кезде газеттен, сонау Шелектен. Басталған жолды білуші ең сен де Шелектен, Кейінгі жолдар болмады оңай мен өткен. Бойдағы азмұз талантым сақтап қалғандай Өмірдің өзі өткізген кезде електен. Тұлпарын мінген кез еді ол бір талаптың Шырағын жағып жүрген ең сен де таланттың. Бәйгеге қатар шыққандар көп ед сол кезде, Ал өзің болсаң, сол оқшау күйде бараттың. ...Телефон шалдым. Аспадым бірақ әдептен. Сұрақ та қойдым: “ Танисың ба?”- деп кенеттен. Жағымды жауап аржақтан маған естілді. “Танымай ше, танимын – дедің,- Шелектен.
Танымай қалу таң емес қазір табанда, Үйрендік оған, үйретті өмір оған да. Лауазым бітсе есінен танар достар көп. Танымай қалсаң жоқ еді өкпем саған да. Наурыз тойда (Батыр бабамен бүгінгі ұрпақтың диалогы) Батыр баба: - Уа, ұрпақтарым! Бұл не сұмдық, кезінде біз көрмеген, Қайда кеткен қамшы ұстаған ер деген! Базарың да қатын базар сияқты, Жалаңбас пен жалаңтөстер көлбеген, Бәрінің де шатынап тұр көздері, Түсінбейсің былдыр-шылдыр сөздері Бұл ғасырда не боп кеткен, түсіндір, Қазағым ба, жоқ шүршіт пе өздері?
Бүгінгі ұрпақтың бірі: - Батыр Баба! Біз баяғы қазақ деген өзіміз, Қисық шықса, кешіре гөр сөзіміз. Отарланып 70 жылдай орысқа, Егеменге енді жеткен кезіміз. Жағдайымыз тірелген соң нарыққа, Қиын боп тұр өмір сүру халыққа. Өз отбасын асырайтын еркек аз, Маскүнем боп анау жатыр арықта. Базардағы бұл қатындар - жесірлер, Кейбіреуі күйеуі жоқ кесірлер. Ал ерлері қазан ұстап үйде отыр, Жұмыссыздан қор боп қалды есілдер. Базардағы әйелдердің басы бар, Балаларын сауда жасап асырар. Дін мен ділге енді келіп жатырмыз Имандылық келсе бәрі басылар.
Әттең, бірақ бір жынды су билеп тұр, Сол пәледен кейбір шаңырақ күйреп тұр. Көрдіңіз бе, анау тұрған бөрікті - Кел, ішейік, стаканға құй,- деп тұр… Батыр баба: - Қысқарт! Бұдан әрі келмес менің тыңдағым, Жараспайды дәл қазіргі сындарың. Беу шіркін-ай!.. Бұл айтқаның шын болса, Тайған екен бастарыңнан шын бағың. Әттеген-ай, Ұлы Тұран ұрпағы ең, Шайтан суды көзін жойып құртар ем, Шаңырағымен шаруасы жоқ бопсаның Басын алып, қылышпенен қырқар ем. Әттеген-ай! Уақыт қайда мен жүрген, Еркек жоқ ед шырақтарын сөндірген. Әйел жоқ ед желге етегін кең түрген, Адамдар да азайған-ау жөн білген.
Ақыл-ойдың заманында, қарағым, Қай жағыңды бағдарладың, қарадың? Көңілім мынау күпті болып барамын, Ол не пәле, жаңағы айтқан арағың? Уа, ұрпағым! Уақыт екен, бір сарпылыс сең жүрген. Өкінішті-ақ, өзгелерден кем жүрген. Егемендік алған екен бастысы, Түзеліңдер, Жұрт болыңдар, Алыс-жақын Ел білген. Келіп қайт, аға, ауылға (С. Шүкіровке) Келіп қайт, аға! Ауылға туған келіп қайт. Еліңнің жәйін Көзіңмен өзің көріп қайт. Баяғы өзің көз көрген қарындастарың, Алдыңнан шығар, ағалап, соған сеніп қайт. Келіп қайт, Келіп қайт, аға, ауылға туған келіп қайт.
Өзіңнің көрген, Арқалық деген қалада, Өзгеріс көп қой, Жәйімен жүріп арала. Сіз жүрген жерді алатын болсаң назарға, Айналған түгел үлкенді-кіші базарға. Арала, аға, Арала бәрін, сюжеттер көп-ақ жазарға. Жеткен де шығар, Хабары Сізге елдің де, Кетіп тұр сәні Елдің де және жердің де. Бәйгеге түсер тұлпардың құны бір қап ұн. Тізгіндеп бәрін жайлаудан ұстап сатуда. Сатуда! Сатуда! Осылай елдің қабағы, аға, қатуда. Ауылға келсең, Ұшақ жоқ қазір бұрынғы. Кестесі жолдың Болат жолға бұрылды. Пойыздың іші айтуға болмас жайлы деп, Шықсаңыз жолға аңғарарсыз жайды көп. Жайды көп. Білерсіз аға, көзбенен көріп жәйді кеп. Келіп қайт, аға!
Ауылға туған келіп қайт! Еліңнің жәйін Көзбенен өзің көріп қайт. Соғымнан қыста сыбаға Сізге сақтаулы, Ауылға шықсаң Ақбоз ат соңғы баптаулы. Келіп қайт! Келіп қайт, аға, жеңгемді ертіп мақтаулы. ҚҰДА БАЛА (Әзіл-өлең) Құда бала, құда бала қалайсың, Құдағиға жәутеңдейсің, қарайсың, Байлап қойған баспақтай боп отырсың, Бір басыңа түсіп тұр ма талай сын. Құда бала, құда бала қалайсың, Құдағиға тәуелді боп қарайсың. Ішек-қарның шұрқырайды аштықтан Шыдадың-ау бұл сынға да жарайсың. Құда бала, құда бала қалайсың, Құдағидың алды-артынан орайсың, Күні бойы бір қасық су іше алмай Сырың шашпай, жан-жағыңа абайсың.
Құда бала жақсы екенсің, шырағым, Не болса да құдағиға шыдадың. Болашаққа сендей мықты керек-ақ Азаматтың көрсеттің-ау шыдамын. Құда бала, болдың ба енді келместей, Құдағидың соңына да ерместей. Ағаң үшін бәріне шыдайсың Жүрші осылай жеңгеге де ”сен” деспей. Әке, қайда жүрсің сен? (Алиментшіл әкесіне баласының хаты) Шаруаңда нем бар некелік, Қамқорың керек әкелік. Бетімнен сүймей, иіскемей, Бермеген тәтті әкеліп, Әке, қайда жүрсің сен? Анамның білем мейірін, Мен десе ыстық пейілін. Көрмедім сені өмірі, Белгісіз содан кейібің, Әке, қайда жүрсің сен?
Бетімнен ылғи от шығар, (Мендей бейбақ көп шығар) “Әкең қайда?“ деген сөз, Жонымды түгел осқылар. Әке, қайда жүрсің сен? Есімің бар ма ел білер, “Пәленше екең” деп жүрер, Балаға өзің қандайсың Жүрегің бар ма елжірер, Әке, қайда жүрсің сен? Дүрілдеп тұр ма бағыңыз, Мүшкіл ме әлде халіңіз, “Балаң қайда?” дегенде, Бүлк етпей ме арыңыз, Әке, қайда жүрсің сен? Түсімнен шықпас бір өзің, Қандайсың әке, кім өзің? Кекілін сипас баланың Жұмсақ па екен мінезің? Әке, сен өзің қандайсың? Ұқсас па екен қанымыз, (Келбетім ұқсас наныңыз) Алимент әке болмасын, Түсінер ме екен жаныңыз Әке, сен өзің қандайсың?
Шаруаңда нем бар некелік, Өткен де шығар қателік. Мына балаң сусап жүр, Сезіміңе әкелік, Әке, қайда жүрсің сен?
СЕНІҢ АРҚАҢ, БАУЫРЫМ
Табанға шөңге кіргізбей, арқалап мені бауырым, Он төртіңде көтердің шаңырақтың жүгін, ауырын. Болған жоқ тәтті несібең, әкеден ерте айырылып, Қайқайып тұрып қарсы алдың, тағдырдың сол бір дауылын. Қаршадай едің қаршадай, жұмыстан келіп шаршамай, Домбыраңды шерткенде кеңеюші еді жан сарай. Байлығым сонда Анам-тын, өзің ед және қасымда, Жертөле үйшік сондағы, көрінуші еді Хан сарай. Арқаңда сенің сәуледей, шұғыладан таралдым, Аумай бір қалып Өзіңнен арманшыл болып жаралдым. Қасымда жүрдің қорған боп, әрдайым және қалқан боп, Арқаңда сенің, бауырым, жолымды дұрыс таба алдым.
ЖАРҚ ЕТКІЗДІҢ ОН СЕГІЗДІҢ АЛАУЫН
Айналайын, келдің қайдан тәтелеп, Қағазыңды болдың ба сен әкелмек, Сұлулығың жарасып тұр өзіңе, Кім өсірді сені мұндай мәпелеп. Міне, тағы келіп тұрсың “Тәте” деп, Жымиғаның қандай ғана әсем ед. Осы бейнең, осы қалпың менің де Жас күнімді көз алдыма әкелед. Нәзіктігің, адалдығың, пәктігің, Менің дағы аумай қалған жас күнім. Мені өзіңді тілеп жүрмін ішімнен Тырнағынан сақтасын деп әккінің. Жарқ еткізіп ақ жүзіңнің жарқылын, Жиі келші, айналайын жарқыным. Сен келгенде қуанышым шексіз ғой Қыз күнімнің көріп сенен әр күнін,
Бүгін саған көбейіп тұр қарауым, Он сегіздің жарқ еткіздің алауын. Өзім жүрген көшті кейін бұрар ем, Әттең шіркін, қолда болса қалауым.
САҒЫНТҚАН МЕНІ СЫРДАРИЯ
Күз келді бұлтты. Жауын-ды, Жүрегім сыздап ауырды. Жаныма батса науқасым Сағынам Сырды. Ауылды. Ауылдың жөні ол - бөтен, Қаламен келмес теңбе тең, Неліктен ыстық білмеймін, Кіндік қан тамған жер ме екен. Кеземін ойша жайлауды, Көбейтіп сонша ойлауды, Белдеуінде Ақ үйдің Тұр ма деп атым байлаулы. Қақпақтай қатқан жауырын, Көрінді-ау күткен бауырым, Бақшаға егіп келгені, Биылғы жаздың қауынын. Сүзіп ап сүттің қаймағын, Дайындап балдай айранын, “Шай әзір” дер ме жеңешем Ағама қатып жайлап үн. “Алла” боп жалғыз ұраны, Алдында жайған құраны, Көрінсе көлік жан әкем Біздерді күтіп тұрады.
Бітіріп кешкі сауынын, Алды ма шешем дамылын. Пілте шам сәуле шашты ма, Келтіріп үйдің жарығын. Үйлерді көрші жағалап, Бәрінен түгел хабар ап, Жүр ме екен інім шапқылып, Ағаштан атын сабалып, Шаң иісі кетіп даладан, Қи иісі жетіп қорадан, Апекем жүр ме ошақта Түтіндік салып жаңадан. Қымтай бір түсіп жаулығын, Қара үйдің түзеп баулығын, Ақ әжем менің жүр ме екен. Шаңырақтың тілеп саулығын. Самаурын ап-пақ қайнап бір, Сексеуіл шоғы жайнап тұр. Іштегі жарық ақ сәуле Түңліктен шығар бойлап бір. Жайлаудың есіп самалы, Ашылып елдің қабағы, Бұрқырап еттің иісі Ортаға келер табағы.
Дегендей “Мынау кім еді?”, Дәу төбет марғау үреді. Бесікте жатқан бал сәби Шықылықтай бір күледі. Дария тасып іргеден, Тобылғы тұрар бүрлеген, Жұпарын шашып ауаға Жиделер тұрар гүлдеген. Боз үйден шығып бозбала, Көрші үйге қарар қозғала, Саңлауынан көрші үйдің Бойжеткен қарар наздана. Толқындар соғып сағаға, Ақ сазан шоршып жағаға, Тұмсығын суға сүзеді Сұңқылдап күміс шағала. Толқынмен қайық ырғалар, Ескегі желмен сырғанар. Су бетінде сан сәуле Екеудің жүзі нұрланар. Нұр шашып Айдың қияғы, Сыбдырап майса миялы. Қыдырып жүрген қос жастың Алысқа кетер қиялы.
Яксарттан таныс сырлары, Аңыз боп жеткен жырлары, Сырдария мені сағынтар Жыр бағы болған - сыр бағы. Орманым болған, бауым да, Мұзартым болған тауым да, Туған жерім - Сырдария Ыстықсың жүрек, бауырға. БОЙЖЕТКЕНІН КҮТІП ЖҮР (оқиға) Көрші үйден қыз жоғалды жетідегі, Таңертең нан алуға кетіп еді, Бұл хабар жайылғанда барлық жұрттың Уһілеп, қарсы айрылды көкірегі. Дүрілдіп шулап кетті ауыл маңы, Ішкі істер шара көріп дабылдады, Жер, суды, айлап күндеп іздегенмен, Бүлдіршін сол кеткеннен табылмады. Болады тағдыр деген сұмдық қандай, Анасы ауа емес, құм жұтқандай, Қапыда тірі айырылып перзентінен, Болар деп бұдан әрі тірлік қандай,
Білемін содан талай ой кеткенін, Осы үйден қуаныш пен той кеткенін, Күтеді есігіне ілгек салмай, Келер деп онсегізде бойжеткенін.
ҚАРЫНДАСТАРЫҢ АМАН БОЛСЫН
Қарындас дейсің сүйіндіретін, Қарындас дейсің күйіндіретін, Имес жерге басыңды төмен, Қарындас дейсің иілдіретін. Екі елдің алыс берісін жасап, Қарындас қой дауды басатын, Өкпе мен назға елшілік жасап, Қарындасың ғой бауырға жақын. Қарындас қой шет жерде жүріп, Намысын елдің бере қоймайтын, Сен жайлы өсек естісе күйіп, Қарындас қана сене қоймайтын. Жаманың болса жасыра салған, Болса бір жақсың асыра салған. Қарындасың ғой қиналған сәтте Көмекке жетіп асыға қалған. Су сепкен келіп қарлығаштайын, Бауырға әркез қарындас дайын. Ақ дастарханы ағасын күткен, Болсыншы аман қарындастарың. СОҢҒЫ СӘТ (Балкен Игенбаевқа)
Еңбек етіп ел-жұртыңа аянбай, Қызығына мына өмірдің тоя алмай, Жүрген едің алдымызда жақсы аға Қарашада қалғып кеттің оянбай. Жан жүрегің көктетіп ед ізгілік, Халық көрген, жүруші едік біз біліп. Ең соңғы сәт. Көкшедегі кездесу. “Оқжетпесте” қауышқан кез Сіз күліп. Бірге аралап Бурабай көл жағасын, Бірге жұттық бір екі-үш күн ауасын. “Демалсаңдар тек Көкшеге келіңдер” деп ең аға,-дертке дауа табасың. Бірақ Өзің дертке дауа таппадың, Үзіліп дем, таң алдында тоқтадың. Тағдырдың да қатал екен бұйрығы, Жеңешемнің күнде естимін жоқтауын.
Қайран аға, адам сирек Сіз тектес, Не айтсам да қимаған соң тіл жетпес, “Бір жақсы жан бізге керек” – деді ме, Деп ойлаймын киелі жер Оқжетпес. Бұл Көкшенің білетін ең ау-жайын. Талай барып қыдырып ең баурайын. Сыңар аққу сияқтанып сыңсыған Жеңешемнің көңілін қалай аулайын.
ТҰРСЫН АПАЙҒА
Дастарханың жайылған жиылмасын, апатай, Толған дәмі астатөк тиылмасын, апатай, Жақсылыққа бас қосқан жақсылар мен игілер Үйіңізді босатпай жиындасын, апатай. Басқалардан болсыншы сыйың басым, апатай. Бақ-дәулетің басыңа шиырласын, апатай. Қолтықтасып ағамен тойдан-тойға шапқылап Немереңнің ертіп жүр жиырмасын, апатай. Балаларың өмірден сүрінбесін, апатай. Келіндерің өзіңдей күлімдесін, апатай. Жүзіңізден әр таймай, қуанышпен қартаймай, Қанша жасқа келгенің білінбесін, апатай. Кісіге таза досты табу қиын, Көбіне дос етеді мал мен бұйым, Досыңнан, дұшпаныңнан бірдей сақтан, Басыңда, сірә, Ахмет, болса миың. (Ахмет Байтұрсынов)
Кісіге таза досты табу қиын (хикаят) Еті тірі жасынан, Бақ дәулеті тасыған Бір қария Қарттық келген шағында, Көзін тігіп қиырдағы сағымға, Қасына ұлын шақырып Бүй депті: - Ей, ұлым! Шын досың сенің барма сенетұғын , Соңыңа қиындықта еретұғын, Басыңа іс түскенде жан пида ғып, Жәрдемін қиналмастан беретұғын? Шын досың бар ма сенің қорған болар, Жау шапса жасыруға орман болар, Жігітке сенімді дос кез келмесе, Өмірі сүріп жүрген жалған болар. Шын досың бар ма сенің панаң болар, Басыңа іс түскенде сағаң болар, Адассаң ақыл айтып, пұл сұрамай, Көмегін бере ала ма табанда олар?
Көңліңе жақсыжаман түйдің, балам, Мен бар да той - думанды сүйдің, балам, Асқар тау арқа сүйер мен кетермін, Тірегі енді сенсің үйдің, балам, Құралар малдың басы иесімен, Алдыңда мың –мың жылқы, түйесімен, Мен кетсем бұ дүниеден көшім ауып, Сақтарсың сол дәулетті киесімен. Жиналып ұл болмайды бар қыз бүгін, Қоса алмас жеті руды балдыздығың. Құдайдан сұрап алған тұяғым ең, Жаныма батып отыр жалғыздығың. Дос болса жалғыздығың байқалмайды, Басымнан өткеннен соң айтам жәйді. Қиын-қыстау кезеңде досың демер Көмекке қолың созсаң қайтармайды.
Шын досың бар ма, балам, көрейін мен, Батамды досың болса берейін мен, Артыма өкінішен қарап кетпей, Алдыңда алаңсыз боп өлейін мен. Көрейін сол досыңның шырайын мен, Орнымнан жата бермей тұрайын мен. Додасын бұл өмірдің бастан кешкем, Досыңды жақсы кезде сынайын мен... - Әкежан, бұл сұрақты неге бердің, Жүзден көп менің досым сене бергін. Ана ауыл, мына ауылда толып жатыр, Менімен еріп кәне, көре бергін. Дос үшін баса қоймас маңдайды тер, Біз барсақ құшақ жайып хандай күтер, Сауықшыл және өздері көңілі ашық Бір таңға ән айтқызса таңдай бітер,
Аялдап әрбіріне кішкене біз, Жан әке, - деп ойлаймын түстенеміз, Қадірлеп қонақасы берген кезде, Сынаққа ап теріс қылық істемеңіз... - деді Ұлы жарқын жүзбен масаттанып, атшыға: “Тез жет –деді, - қос атты алып” Ұзамай Ұл мен Әке атқа отырды Ер-тұрман үкіленіп, шашақталып. Қария елден шыға көкжалдайын, Сапардың ұғындырды көп мән-жәйін. Сен қоштап: “Бас изей бер”- деді Ұлынаал өзім келістірем, сөз жағдайын. *** - Ассалаума - ғалейкум, аманбысың, Шырағым, Шәкір деген баламбысың, Артта жау, қуғындаған жақын қалды, Үйіңе кіргізуге жарармысың.
Атақты Пәленше жау салып ылаң, Дау шықты бір сұлудың қалыңынан. Басқа-бас, жанға-жан боп қан төгіліп, Айрылдық бүкіл малдың табынынан. Дәл қазір керек емес аяқ, асың, Жау артта, біліп тұрмын аямасын, Досыңды қорға, қарғам, менен бұрын Ара түс қуғыншыға таяғасын. Баланың досы екенсің, қалқам Шәкір, Көмекке тым болмаса адам шақыр. Апыр-ай, жау шапқанда астан-кестен, Бір күнде бола келдік бір-ақ пақыр. Мал да жоқ, байлық та жоқ сау басымыз, Дұшпанның қуғындағы сауғасымыз. Досыңда көрге тірі көмдірмесең, Білекпен білектесіп жауласыңыз..-
Баламның бауырындай жуық болдың, Бауындай жақын едің тұлып тонның, Айналайын, араша түспесең сен, Шеңгелінде кетеміз суық қолдың. -Немесе, - деп қария кемсеңдеді, Жау қайтар, 2-3 үйір берсең деді. Қарағым, жалғызыма араша түс, Баламның қиындықта Сен - сенгені... ...Мұнан әрі Шәкірде жетпей төзім, Туралады екеуге оқты көзін: - Кәнекей, жоғалыңдар, бұл арадан,- деп бірден қарияның бөлді сөзін - жөні бар деп тұрмысың атысқанның, Біреу үшін біреудің шатысқанның Балаңмен төс қағысып дос болғам жоқ, Бар-жоғы екі-үш рет қатысқанмын.
Басым жоқ араласар мұндай дауға. Араша тұра алмаймын келер жауға. 2-3 үйір сұрайтын жұт па едіңдер, Жоғалыңдар, бұл жерден басың сауда... Шал көрді қасындағы Ұлдың түрін Көзінен көз қалмапты еткен күлім. Әкесіне кеттік деп ым жасады, Досының білгеннен соң ішкі сырын. *** ...Көп күндер кеш боп талай, таң боп атты, Қос тұлпар талай елден шаң боратты, Қария жалықпастан сынап көрген, Достары шықпай сыннан жер қаратты. Қалмады дәм-тұз елден татпаған жер, Баласы досым бар деп мақтаған жер. Бәрі де “Жау” дегеннен зәре қалмай, Көмекке ұмтылмады тоқтаған жер.
Бір күні Ұлы тоқтап: “Көке”- деді. “Ауылға жол салайық төтедеді. Қайтайық. Достарымнан көңіл қалды Жасаған жақсылықты өтемеді”. Бірінің қорғап едім қарындасын, Бірінің жасырып ем барымтасын, Біріне мал, жайлаудан бөліп бердім, Жерінен айрылғасын, тарылғасын. Көбінің төлеп едім көп қарызын, Деуші еді: “Ұмытпаймыз дос парызын” Жан көке, алдыңызда жер болдым ғой, Досым деп бекер екен басқан ізім. Жүрегім жолдас-досқа қардай еді, Шыққанда үйден көңілім дардай еді. Әкежан, менен досты таба алмадың, Өзіңнің досың бар ма, қандай еді?
деп қатарлай баласы тақым қақты, Атын да әке атына жақындатты, Әкесі Ұлына көз салып ед, Алаулап жігіт жүзі лапылдапты. Бұл сұрақ қарияның күткені еді, Естілді көкіректен “УҺ!..” дегені. Бұл сапар нәтижесін дұрыс берді Қатайтып, дос тамырын түптегені. - Ей, балам, өзіңнен сыр бүкпеп едім, Сауалды бұл қойылар күткен едім. Олай болса ауылға қайттық қайта, Сапардың бірақ түсін бітпегенін. Салайық алдымызға қырық жылқы (Жылқышыға таңдатқыз сұлу тұрқын) Періште алтын көрсе жолдан таяр, Бұл жылқылар алады көздің құрты.
Сен де көр достарымды батыл сынап, Көрейін бұл жолға да ақыры шыдап, Деді де айтар сөзді пысықтады, Ұлы да алды біраз ақыл сұрап. Түсінсең бұл өмірдің қатпарларын, Достан да дұшпаныңдай сақтан, жаным. Бар жоғы мына әкең де бір жарым дос Алдыңда санын айтып мақтанбадым. Бір достың Халық деген ныспысы бар, Мен десе қанаты жоқ, ұшқысы бар, Үйіне атымды атап, ит барса да Төс қағысып оны да құшқысы бар Ал бірінің есімі Сүгір деген, Аузынан Алла түспей күбірлеген. Қонысы мына жақта терістікте, Өрісінде сансыз мал дүбірлеген.
Досымды дәл мен құсап сынап көргін, Өтірікті шындай ғып бұрап көргін. “Қырық жылқы мендегі соңғы тұяқ, Әкемді де құтқар” – деп, жылап көргін. Аузыңа мен айтқандай жауды алғайсың, Жесірден бітпей қалған дауды алғайсың, Қырық жылқы құт берген мал басыны, Жасыра гөр жаудан,- деп шалды алдайсың. Бұл жолы сынау сұрақ сенен болсын, Бас изеу, мақұл көру менен болсын, Көздеріне ғаріп боп көрінейін, Естімейтін құлағым керең болсын. Бұл сөзді ұғып алғын, ұлымдеді, Мен білсем арзандамас құным,- деді Арадан ала мысық өте алмаған, Сенімнен шыққан достар бұрын,-деді.
*** Тұрғанда тас төбеден толысып ай, Сүгірдің олар жетті қонысына-ай. 40 жылқы дүбірі елді оятты Бірінен бірі озып жарысып-ай. Бір үйге бір үй қонған қатар бәрі, Үрпиіп түре келді қотандары. Жау шапты деді ме екен шырт ұйқыда Қолында әрбірінің атарлары. Үстінде ақ көйлегі ақ жармалы, Бұтында көлбіреген ақ дамбалы “А, құдай не болды? “-деп Сүгір шықты Жау басып алғандай-ақ Ақ орданы. -Ассалаумағалейкум, бауырларым, Дүрліктірген біз едік ауыл маңын. Сүгір қарт бар ма екен ордасында Білмей тұрмыз біздерді қабылдарын. Жау шауып елімізді мазалымыз, Арттан қуып жетердей ажалымыз. Жасырар қуғыншыдан амал бар ма, Дұшпаннан көрген жетер азабымыз.
Тұлпарды төрт-бес үйір айдап келем, Дұшпанға қалай қолдан байлап берем? Жел қанат мың-мың малдан қалған тұяқ Жасыра тұруды да ойлап келем. Әкемде қалып тұр ғой байланып тіл, Сүгірді досым дейтін ойға алып кіл. Құтқармау, құтқару да қолыңызды Біздегі тағдыр Сізге байланып тұр... -деді Ұл нағыз қорлық көргендейін, Нығыздап сөз сөйледі сенгендейін. Сүгір қарт одан бетер тыпыршыды, Күбірлеп: “Ойпырым-ай, мен не дейін” - Балам-ай, не айтарға тұрмын сасып деді Ол: -келгеннен соң маған қашыпДұшпаның қаһарлы екен, айналайын Қанымызды кетпей ме, судай шашып.
Жәйлерің қиын екен дос ұғынар, Қандай жер тапсам екен жасырынар Зәті мал – үйірлерді қойшы тәйірі, Шұңғыл көп бір қойнауға асырылар. Көрсемде нар сауданы, мал сауданы Көрмеппін дәл мұнадай жан сауданы, Жасырсам, ал сендерді тауып алса, Қайсымыздан белгісіз қан саулары. Таң атар, сәлден кейін, тыңда балам, Қайғыға мен ортақпын сынба, балам, Әкеңді арқала да тауға тығыл Бір үңгір бар болатын шыңда, балам Жауыңды теріс жаққа өткізермін. Әл жетсе мықтыларға тепкізермін. Үңгірге жетер болсаң аманмын де, Соңыңнан азық - түлік жеткізермін...
Сағынышы жеңді ме көптен бері, Шыдамның болды ма осы жеткен жері, - Әй, Сүке, Назарыңды аттан түсір, -деді қария , ашты да бет пердені. Бұдан соңғы жағдайлар белгілі еді, Бұл дүрмектің мәнісін ел біледі. “Япыра-ай, ә, кім ойлаған” бұлай десіп Көп адамның жүрегі елжіреді. Екі қария екі-үш күн мауқын басты, Әзілдесті, күлісті қауқылдасты. Атан түйе, ту бие, қой сойылып Еске алысты өткенді, жарқын жасты. Ұл көрді ақсақалдың көсемдігін, От ауыз, орақ тілді шешендігін, Ұл мен қарт ертесіне жолға шықты Сүгір қарт тілеп қалды есендігін.. ***
...Аттылар бір ауылға жақындады, Екеудің ерден талды тақымдары. Ақ орданың қасында қараша үйлер, Сырт жақтан иттер бірден апылдады. Тіл қатты Ұл , үй сыртынан үйреткендей, Шынымен жауға жанын күйреткендей, Әкесінің үстінде жартық жамау Шылбырмен дұшпан жерге сүйреткендей - Кім бар-ау, отағасы Халық па екен, Назардың жалғыз Ұлын танып па екен, Жесірден шыққан даудан, жау көбейіп, Қуғыншыдан арттағы арып келем. Аулымызға сөйтіп бір ылаң түсті. Дұшпанымыз улы екен жылан тісті. Қарт әкем “Халыққа апар” деген еді, Жасыра гөр, әкемді тобам күшті.
Айтайын болсадағы мұны да ұят, Жүз мыңнан 40 жылқы қалған тұяқ. Ырымнан мал басынан қалған осы Жасырса жануарлар қайда сияд... - деген сөз естілгенде қарт Халықтың, Шыдамы таусылғандай соншалық тым. Ордадан атқып шығып былай деді: - Ей, Назар, қайдасың сен, қанша күттім? Түсіріп Назарды ерден, аттан алды, Дұшпанын сырттан біраз боқтап алды. Халыққа әлі сырды ашпайын деп Ал Назар төмен салды от жанарды. - Беу досым, қайрат кетіп қалғаны ма, Өзіңді сақтап қапты Алла мына, Шабарман, қайдасыңдар қол жинаңдар Құдайдың біз де көрдік салғанына.
Жауыңмен сені шапқан шайқасайық, Күшпенен күш сынасып байқасайық. Досымды өлімші етіп жіберіпті Білекке білек салып айқасайық. Ұлға кеп: “Қалқам шырақ, саспа,-деді. Пейілім таза менің досқа,-деді. Сендерді жауға беріп қоя алмаймыз Келсе олар, біз дайынбыз, баста -деді. Тұяқты келген айдап жасырыңдар, Көзден тыс, анау қырға асырыңдар. -деп тағы қосшыларға әмір берді, тездетіп, жиналыңдар, асығыңдар. Ортаға шықты елдің батырлары, Асынған қару-жарақ сатырлады. Майысқан ат тұяғы тез жиналып Лезде көк майсаны тақырлады. Бар жігіт сап түзеді еліндегі, Сақасы, бозбаласы, өрімдері, Ел іші біразырақ дүрліксе де Артта жау қуғын салған көрінбеді...
Сол кезде ақ ордадан шықты Назар, Түрі жоқ, кешегідей шеккен азар, Айланың түп себебін түсіндіріп, “Жау жоқ ед,-деді және,- күткен тажал. - Ей, Халық, мені кешір тыңда,-деді, Қанық бол мендегі бір сырға,-деді. Сол баяғы күйіңше қалыпсың ғой Тосыннан төтеп бердің сынға,-деді. Мәртебең бүгін сында биіктеді, Көкке төбем жеткендей тиіп тегі. “Апырай, әлде қалай болам” демей, Жұртыңды жұмылдырдың жиып тегі. Жалғыз Ұл дос деген кім көрсін-дедім. Көңілді терең бұған бөлсін,-дедім. Қиын-қыстау әдейі кез жасадым, Көзі жетсін шын досқа, сенсін - дедім.
-деп Назар сырын айтып ақтарылды, Өзінің көңілі босап шаққа тұрды. Құшағы екі достың айқасқанда Жігіттер тастап жатты оқ-қаруды... *** Жиналып Халықтың да бар ұлдары, Аста төк дәулетінен тарылмады, Той жасап, көкпар тартып, бәйгелетті Жарылып ақ түйенің қарындары. Ауылға қайтты олар көңілі тасып, Ұзақ жол көрінбеді тіптен қашық. Үйірге үйір қосып алдарына Келеді Ұл мен Әке қатарласып. - Әкетай, Сізге бұл жол жұмыс болды, Ал маған Адам тану бір іс болды, Қиындық шын басыма түспей жатып, “Кім дос ол?”- танығаным дұрыс болды,-
Көргенім – ғибраты көп, ойда болар, Өзіме түсінгенім пайда болар. Неліктен жарты дос деп атадыңыз, Қайсысы бүтін досың ойға қонар? -деді Ұл , мәнін сұрап айырманың, Сынақтың алға тартып пайымдарын. және де әкесіне алғыс айтты,- деп: - Әке, мені дұрыс дайындадың. - Жауапты бұл сауалға мен берейін, Көрдің ғой достарымды мен не дейін. Жарты достық жасаған Сүгір әкең - Сезбедің, оның арғы сен көмейін. Мүмкін сені түсінбес жаста,- деді. Оның ойы жау келсе басқада еді. Үйір жылқы дедім ғой көздің құрты “Тауға тығыл, үңгір бар таста”,-деді.
Жау келсе бас амандық сақтайды рас, Бел шешіп, шын күресіп жатпайды рас, “Алдыңа 40 тұлпар салам дейді” Дұшпандар бұл шешімге тоқтайды рас. Халық әкең жатпай бірден қорғанып, Жинап шықты елден жігіт, қолды алып Атыспаққа, шабыспаққа бекінді Қару-жарақ, саймандарын қолға алып. Жау жүрген жер қан екенін біледі, Басқа-бас қой, жанға-жан ғой тірегі. Сүт пісірім уақыт болмай көрдің ғой Жігіттердің тез қосылды білегі. Қаумаласа халық кетер орман боп, Күш біріксе қамал соғар қорған боп. Жан беретін жалғыз досым, ол - Халық Ақиқаты осы Ұлым, жалған жоқ, -
деп қария, көкжиекке қарады, Бір әдемі нұр басқандай даланы. Көлден ұшқан қос шағала жұптасып Сонау жаққа қанат қағып барады. Ұл келеді жаңартқандай сананы, Өзі сенген достарды ойлап баяғы.. Әкесінің өмірлікке үйреткен Естен шықпас болды мынау сабағы. ***
ДОСТАРЫМ
“Досың нешеу?”- деп сұрама, қарағым. Достар жайлы жазылған да бар әнім. Қиындықта өтті електің көзінен, Жақсылықта келмес бәрін санағым. (Автор) Ризамын сендерге, қоршаған мені достарым, Келіпсіңдер мені іздеп, жиналып түгел бастарың. Өрлетіңдер жоғары, алыңдар орын төрімнн, О, достарым, сендермен, шалқиыншы бүгін мен. Тұрушы еді мынау үй, өздерің келмей қаңырап, Үйдің де сәні елгендей, келген соң сендер жадырап. Сезініп жалғыз жүруші ем, сендермен қалдым көбейіп, Кәнекей, көңіл сырларын ағытайық, төгейік.
Өзіміз болсақ шалқар көл, тербелсін онда жыр қайық, “Достар” әнін қосылып, бәріміз бірге шырқайық. Естісін мынау дүние, елтісін достар әніне, Тіршіліктің достарсыз мағынасы не, мәні не?!
БЕКЕР САҚТАНДЫҢ
Сөйлесуден, тілдесуден қашқаның, Биіктіктен емес шығар аспаның, Абайсызда орға жығып жүрер деп, Ойлаңқырап кеттің білем бас қамын. “Сіз”-“біз” – десіп сыйласудан тыйылдың, Көптігінен емес шығар сыйыңның. Бөлісуден сырттанғаның шығар ол, Туа қалса басыма кеп қиын күн. Түзу сәлем беруге де сескендің, Кереметі емес шығар өскеннің, Дос көңілге теріс ұғым туды да, Шегі болар ала жіпті кескеннің. Ең соңында танудан да қалғаның, Артығынан емес шығар талғамың. Адамдықтан алалау ма деп қалам Бұдан әрі жете қоймас болжамым.
Неге сонша түсінбеймін сақтандың, Буы ма әлде қолпаш пенен мақтанның, Адалдыққа сенімсіздеу қарайтын, Айтшы өзің, бұрын сені сатқан кім? Саған мен де енді келмес ақталғым, Жетер шегін білсем керек тоқтамның, Сен сүрінер шыбық болса жинаушы ем, Бекер менен, бекер менен сақтандың.
ӘКЕ ҚАМШЫСЫ
Әкем барда ағаларым мықты еді, Бір-біріне сақталмайтын дық кегі. Жиналғанда Сары шалдың алдында Мөлтілдейтін маңдайлардан шық тері Жөнге салар кемшілігін, ағатын, Бір ай сайын бір жиналыс болатын. Қайыс қамшы арқаларын осқанда Көздерінен моншақ жастар таматын. Сөзі әкемнің сүйекке өтіп алмастай, Буындырып отырушы ед дарға аспай, Бір діңгекке үш бұтақ боп жарасқан Ағаларым сөз тыңдайтын дауласпай. - Бар болсын азаматтық тірліктерің, Осы ма жасап жүрген бірліктерің, Үшеуің үш бағытқа шашырайың Көрінбес, тұтастығың іріліктерің?-
- деуші еді жетіңкіреп жетесіне, Салды ма қисық жолдан төтесіне. Мен болсам тереңірек түсінбеуші ем Ішімнен наразы боп әкешіме. Әкемнің сөзі өтті ме, талқысы ма, Жоқ әлде ет қарытқан қамшысы ма, Ағалар ата жұрттан аттап шықпай Бөленді туған елдің алғысына.
ҚАЙРАН, АҒАЙЫНДАР
Ауылға барамын, Қайтамын. Қанша барсам да, Ішімде жүр айтарым. Рухани қолдамадыңдар Соны байқадым... Реті бар ендігі наздың Өздеріңе мынаны жаздым, “Қаламыңа қанат бітсін!”- демедіңдер-ау. Мен барғанда аз күн. Бұған іштей құсамын, Тұңғыш шыққанда кітабым, Жақсы тілектеріңмен Деп едім Қанаттанып ұшамын Ешнәрсе демедіңдер. Ішімде жүрсе де шер тұнып Қалам ба демей мертігіп, Бәйгеге түстім, Озғаным көп, Базбіреулерді тәнті ғып Бұған да ешнәрсе демедіңдер Мен талай құлап, тұрдым. Мен талай жылап, күлдім, Келмеді бірақ Мен жаққа құлақ түргің Шыңда да, Қиналып сында да жүрдім, Әйтеуір қияда өмір сүрдім, Ешнәрсе демедіңдер
Ағайындар, Айтпайын бетке мінді, Зерлесеңдерші Ұядын ұшқан кептеріңді, Бөріктілерің жоқ Бұрымдыдан жалғыз Көтеріп жүрген тектеріңді.
АҚ ЖЕҢЕШЕ
( әні бар - Қалимаш Хакімқызына ) Көшсең де Астанаға, Жан едің досқа дара, Еліңді аңсап келдің, Ақ жеңеше, Тауы бар Асқар ала Тартпай ма басқа қала “Торғай” деп ән сап келдің, Ақ жеңеше. Қайырмасы: Болсаң да қай жерде сыйлаймыз. Достарды келсеңіз жинаймыз Бәрібір біз Сізді қыймаймыз. Ақ жеңеше, Көңілден ашылып кір, Жүздерден шашылып нұр. Сыйластық Өзіңменен Ақ жеңеше. Қадамың береке боп, Жүргенің мереке боп, Жинадың жақсыны кіл, Ақ жеңеше. Қайырмасы: Болсаң да қай жерде сыйлаймыз. Достарды келсеңіз жинаймыз Бәрібір біз Сізді қыймаймыз. Ақ жеңеше.
АҚ БАНТИК БІЗ ДЕ ТАҒЫП ЕК...
Төгіліп жүзден бір арай, Қыз болдық біз де құралай, Қырқадан астық мінекей Уақыттың өзі сұрамай. Ортада сол бір базарлы, Бойжеткен болдық ажарлы. Ақ бантик біз де тағып ек Аударып түгел назарды. Батасын беріп қалың жұрт, Болғанбыз біз де қалыңдық. Есеп пен қисап ойламай Махабатқа шын табындық. Бізден де өткен керімдік, Бізден де өткен келіндік. Отбасын күтіп, қызметпен Адалынан көріндік. Дем алып уақыт нәрімен, Киім де кидік сәнімен, Ақ бантик таққан кездер-ай Алаңсыз жүрген бәрінен.
ЕҢ СҰЛУ КІМ?
Сұлу әйел сұлу емес, баласыз, Өңсіз киім сияқты ол, жағасыз. Селтең қағып бойын күткен сұлулар, Кешіріңіз, бала тумай бағасыз. Сұлу әйел сұлу емес, күткендей, Бала емізбей, омырауынан сүт бермей. Еміренбес сәбиіне сұлуды Кешіріңіз, тағдыр қояр құт бермей. Киінгенмен көзді байлап сарыкөк Сұлу әйел сұлу емес жары жоқ. Әр күнінде емексиді әркімді, Кешіріңіз, нағыз солар ары жоқ. Сұлуларға таңсық болмай жаңалық Таңсық болса жарар еді аналық. Сұлу әйел - баласымен ең сұлу, Кешіріңіз, халық айтқан даналық, Мен айтайын ең сұлу кім, ең сұлу. Жан-жағымен өзгелерге тең сұлу Бар байлығын баласы деп ұғынып, Мейірімі тас еріткен Ең сұлу.
БАС ӘРІП ( Ә. Асқаровқа) Біз әдемі Сөйлем едік бұл анық, Бір-бір сөзден басымызды құрадық. Сен жүргенде алдымызда Бас әріп Құрмалас боп жүруші едік құралып. Бізде шіркін болмайтұғын Леп деген Сұрау белгі мүлде бізге жетпеген, Өкініш те болған емес біздерде, Қапы сөзді естімедік “Әттеген!” Мансап болмай шенеуніктік дәреже, Мықтылармен тең ұстадың терезе, Бір отбасы сияқты едік бәріміз Сақталған соң Әлекеңдік ереже. Біз Өзіңмен мағыналы , мәнді едік, Бір жағалы киімдейек сәнді едік. Бір аспапта қиюласқан нотадай, Жақсы сазды шырқалатын ән де едік.
Біз өзіңмен Өр Алтайдай өр едік. Айтушы едік өзгелерге төрелік. Мұзарт шыңдай биік болдық Өзіңмен, Намысты да қолдан бермес ер едік. Руханияттың өрге тартып кемесін, Тұрар биік Ә.Асқаров – Ер есім, Қоштаспаймыз. Орының тұр жүректе. Біргеміз біз. Бізбен бірге келесің.
ҚЫЗ КӨКТЕМ – БОЙЖЕТКЕН
Күлімдеп жүзің жайнаған, Кетпейсің қызым, айнадан. “Көктем келді” деп қалдың, Мәз-мәйрам боп айналаң Жағамда өскен жал құрақ Қалдың ба өсіп сән құрап. Екі бетің алмадай, Қызарды неге албырап. Өзгерді киер көйлек те, Қарайсың жиі әйнекке Кластасым деп қалдың, Әне бір бала жәй кеп пе? Келді ме деймін көктемің. Бұған да сенің жеткенің Өзіңе қарап ойланам Ойыма келіп өткенім. Желкілдеп өскен бұтағым Аңқиды әтір, жұпарың Бойжетіп қалдың білемін Көбейсін әркез ұтарың МЕКТЕПТЕГІ АЛҒАШҚЫ МАХАББАТ (жоғары сынып оқушыларының сұрағына)
Қарап тұрып сыртыңнан күлімдесе, Жауап таппай сөзіңе күмілжісе, Сен елеусіз қасына барғаныңда Өз-өзінен қызарып дірілдесе, Бұл алғашқы махаббат - сені күткен. Сен отырған партаны жанай берсе, Иықтасса, сүйкенсе қарай берсе, Сен түсірген затыңа ол еңкейіп, Қызметіне мәз болып қарай берсе, Бұл алғашқы махаббат - сені күткен. Сен жүретін жолда көп ұшырасса, Қуанғанда қорыққандай құты қашса, Қанша батыл сезініп тұрғаныңмен Кездескенде оның көп мысы басса, Бұл алғашқы махаббат - өзің күткен.
Көргің келмей, біресе көргің келсе, Ергің келмей, соңына ергің келсе, Дүниенің барлығын сыйға ұсынып, Еш себепсіз бір сыйлық бергің келсе, Бұл алғашқы махаббат - өзің күткен. Бұл алғашқы махаббат өзің күткен, Болашаққа кезің бұл көзің тіккен. Сабақ және махаббат қатарласа Сынаққа алып өзіңнен төзім күткен. Бұл алғашқы махаббат мектептегі, Көрінетін мектептен көктеп тегі. Махаббаттан түзеліп шыға келген Аты шулы мектептің тентектері.
ҚЫЗҒА ӨСИЕТ
Айналайын, таптың ба бақыт, жан қызым, Жарассын сенің сүйгеніңмен дәм-тұзың. Ашылсын бағың ақ тілеу саған тілейін Баянды болсын бақытың тапқан, жалғызым. Өзіңе арнап айтайын ашық сыр жаным, Құрметпен қарап ата-енеңе жүр жаным, Қиындық шықса алдыңнан қызым, қиналма Емендей ерен боларсың мықты, сынбағын Болған соң келін, қайнаға болар келінге, Иіліп сәлем етіп жүр қызым, ерінбе, Қарсы алып күтіп, дастархан жаса ниетпен Қамқоршың нағыз қайнаға болар тегінде. Болған соң келін, боласың жеңге кішіге, Біле гөр жаным , оны да терең түсіне, Ізетің болсын абысын, қайын сіңліге Сырласың солар тартып жүр жақын ішіңе.
Байқап жүр, қызым, киесін келер ырыстың Тындырып таста бастаған басын бір істің Өмірдің күні ақжайма шуақ болмайды Шыдамың жетсін, төзуге жаным тырысқын. Жақсылық болсын жаныңа қалқам жиғаның, Жеріңді барған, еріңді сүйген сыйлағын Періштем едің қолымнан тұрсын ұшқалы Еліңде ашық елеулі болсын дидарың Шаңырақтан жұққан бар еді сенде қасиет, Ізгілік жолды Анаңнан қалған басып өт. Бағыңды тауып, босаға аттап барасың Ата-анаң берер ақ бата осы өсиет.
ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҚ БОСАҒА
Қыз едің сен күншуақтап таңы атқан, Құтты болсын ақ босағаң баратқан, Бұл қазағым бармақтай ғып қыздарға, Бақ бер деген таудай болған талаптан. Сол бағыңды тауып бүгін, шырағым, Ақ отаудың жағып тұрсың шырағын. Барған жерге тамыр байлап көгер, өс Бір әулеттен жалғыз өскен шынарым. Еркін өстің бал балауса құрақтай, Жаның таза мөлдір еді бұлақтай, Жақсы қыздан жақсы келін атанғын, Шаңырағыңды биік ұста құлатпай. Уақыт деген жылдам екен тез өтті, Қыз болғанмен ұлдай едің медетті, Ата-анаға екі жақта бірдей бол, Сақта қалқам, қаныңдағы әдепті.
Елің отыр сені ұзатып Бақ тілеп, Орындалсын көптен шыққан ақ тілек, Құттықтайық күйеу жігіт оны да Шын бақытын Өзіңменен тапты деп. Құтты болсын екеу болған тойларың, Орындалсын арман тілек ойларың, Қос аққудай жарасыңдар мәңгілік Бұл өмірдің қызығына тоймағын. Атаншы жақсы келін бір Ертерек болып сауығың, Гүл ашқан ерте бауырым, Қиындау соғып жүр ме өзі, Жаңадан барған ауылың. Қаршадай болған қарағым, Мұңайып неге қарадың? Үндемей үнсіз қалмашы, Сұрамай мен де барамын. Ұнамай жүр ме ошағың, Ренжітті ме қосағың? Шығарып салған кезіңде, Неліктен сонша босадың?
Сағындың, әлде қимадың? Жасыңды неге тыймадың, Соңымнан ерген еркем-ау, Бұлайша неге қинадың. Жүрмеші бүйтіп мұңайып, Өйту де саған бір айып, Иіліп сәлем етіп жүр Қайын жұртыңа лайық. Жарқырап жүрсе сәулетің, Қуанар барша әулетің, Тастай бастып, судай сің, Жеріңе келген, сәулешім. Қабаққа қарап теңің жүр, Күлкіңді күтер сенің бір. Үйдегі жақсы қыз едің, Атаншы жақсы келін бір.
ЖОЛЫҢА ШАШУ ЖЫРЛАРЫМ
Мөлдіреп аппақ сезім боп, Жарқырап жайнап көзіңде от, Босаға аттап барасың Отауға шығар кезің боп. Айнадай едің аппағым, Оң жақты қиып аттадың, Бойжетіп ерте қалдың ба, Бақытты мынау тапқаның. Сүйкімді едің оймақтай, Бұзылмаған қаймақтай, Еркелеп үйде жүруші ең, Еш жамандық ойлатпай. Ерекше көңлің шат бүгін, Жарасып бойға пәктігің. Пейілің таза мөлдірім, Алдыңнан шықсын сәтті күн. Сымбатты сұлу сырғалым, Бақытты өмір сүр жаным. Ақ тілеу саған тілейді Жүректен шыққан жырларым.
ТІЛЕК
Келіп бір көктем, 8-наурыз болып тұр, Маңайдың бәрі құттықтауға толып тұр, Өзіңе арнап гүл берсем деп ем Райхан, Қала ма дедім ұзамай көпке солып бір. Салмақтап көрдім біразын сыйлық кәденің, Тең емес саған, тең емес небір әдемің. Таңдантпас сені таңыртқатпас тағы да, Өзіңнің терең, әрі бай ішкі әлемің. Тазалық сенде, адамдық сенде, адалдық, Тілеймін саған денсаулық әркез, амандық, Сыйлаймын саған жүректен шыққан бір жырды, Бола бер биік, бола бер терең, бағаңды ұқ. Көрік те сенде, сымбат та сен де, дидар да, Парасат сенде, ізгілік сенде, иман да. Жолыңа жырды төгейін гүл ғып, сыйлық қып, Өмірде саған сәттілік берсін, қиналма.
ҮШ ТАҒАН
Сендер үшеусіңдер - Үш таған, Жүрегім. Өлең.Үш балам. Өмірден көрсем қағажу Бердіңдер сендер Күш маған Сендер үшеусіңдер –Үш таған, Тірегім сендер ұстаған. Құлатпай мені жүрсіңдер, Тезінен тағдыр қыстаған. Сендер үшеусіңдер – Үш таған, Қаламым сендер ұштаған. Сендермен сағым сынбайды, Келсе де қиын іс маған. Бөлінбей жолға үш тарам, Тұрсыңдар бірге Үш таған Сендермен келем сендермен, Мен болып содан Күшті адам.
БЕУ, ӨМІР-АЙ
Бей өмір-ай, Ағып бара жатырсың, ағып бара, Өлең жаза бастап ем шабыттана, Жетем деген шыңыма жета алмай-ақ, Қанатымды қалам ба қағып қана. Бей өмір-ай! Ағып бара жатырсың, ағып бара Науқас жүрек бастап ед сауықтана, Қайта-қайта толқынға лақтырасың Қалмай қойды қасымнан қауіп қана. Бей өмір-ай! Ағып бара жатырсың, ағып бара, Сенің сыйың шектеулі уақыт қана. Соңғы сапар көшімен бара жатыр, Қарлы топ көтерген табыт мана. Бей өмір-ай! Сілкіп-сілкіп сен мені тастадың ба, Енші жұлдыз тұр ма екен аспанымды, Бәріне де үлгіріп қалам деумен Айқасар ма кірпігім қас-қағымда.
Бей өмір-ай! Қадірлі! Шапағатты! Менің таңым тағы да шапақ атты. Мен сұраман Өзіңнен атақ, атты. Қалғанымды Өзіңмен қалдыра гөр, Ешнәрсе емес, Тек қана Махаббатты!
ӨЗІМНЕН ШЫҚҚАН - ӨЗІМ
Былдыр-былдыр тілің-ай, Сылдыр-сылдыр үнің-ай, Еркелеп кеп сүйдіріп, Құшақтайсың, күнім-ай, Ақ борықтай түрің-ай, Жауқазындай гүлім-ай, Жатырқауды білмейсің Қол бересің күліп-ай. Тәй-тәй басқан қарағым, Айнаға кеп қарадың. Ұлпа шашты уыстап, Келіп тұр ма тарағың. Ән айтылса елеңдеп, Бұралады денең кеп. Қанат беріп тұр ма екен, Ақ періште өнер кеп. Жәудіреген көзің-ай, Күнде үйренген сөзің-ай, Немере деген сен бе екен, Өзімнен шыққан өзім-ай.
ДАНА, ҚАНДАЙСЫҢ?
Дана, Дана қандайсың, Тілің тәтті балдайсың, Қулығың жоқ адалсың, Бірақ кейде алдайсың. Дана, Дана қандайсың, Аппақ сұлу таңдайсың, Шұғыла еріп соңыңа Жарқыраған шамдайсың. Дана, Дана қандайсың, Ақылға бай жандайсың, Сен қанатты періште, Әлі-ақ биік самғайсың. Дана, Дана қарағым, Бірі болғай дараның, Сұлу әрі ақылды Болып өссең жарадың.
ӨЗІМ ЖАЙЛЫ ТӨРТ ТАҒАНДАР
Өлеңмен жаратылды мына денем Тасқа кеп мүк шыққандай, қынаменен Қыздардан ақын шықпас дейтіндерді Фаризаның жырымен сына дер ем. *** Демеймін басыма кеп бақ қонбады, Қайтейін жүйрік кезде бап болмады. Уақыттан сумаңдаған суға батып, Ой - Сезім өлеңге көп тоқталмады. *** Мен сөздің жараландым оғыменен, Тағдырдың тапқан кезде жоғы кілең. Қалтырап, жан қызусыз қалғанымда Жылындым сексеуілдің шоғыменен. *** Жолым да бола бермей түзу-ақ тым, Толқында буырқанған жүзіп, ақтым. Жағаға мен шыққанда көктемім жоқ, Қарсы алды сап-салқын боп күзі бақтың.
*** Термелеп, тергендеймін ой қалдығын, Бар еді тіл мен жақта айтарлығым, Бәйгеге тұлпар кезде қатыса алмай Байқалды бұл өлеңде байталдығым. *** Бұл өмір күйдірумен өтегіне, Көңілдің пәсін алып өтеді де, Кей кезде қайран басым жетпей қалар Жоғалған бір затымның өтеуіне. *** Бұл күнде осы болды өмір деген. Қалып жүр әрнәрседен көңіл деген, Тас үйде, тас кеуде мен тас жүректер Содан соң тас қабырғам сөгілмеген. *** Бөлісіп бір қасықтан қара суды, Асып ек қиындықтан бар асуды, Амал не, екеумізге бұйырмапты Қаздай боп қатарласып жарасуды. ***
Сырына жете алмайсың сырғалының, Шағылар ешкімге емес, жырға мұңым. Кірпікке маржан моншақ шатыр болып Төгілер бет қағазға жылға жырым. ***
ТАҢҒҰТ ҚЫЗЫ КҮРБЕЛШІН
Ұлы Қаған қалайша, Қайтіп, қайда мерт болды. Ақ өлім бе, жоқ әлде Қандай оған дерт қонды? Талай –талай аңыздар Қоя алмай тұр нүктені Ұлы Қаған әйтеуір Алып кеткен бүкпені. Естігенмен аңызды, Байлауы жоқ маңызды. Күндей сұлу Күрбелшін Дейді қанын ағызды.. Жұрт біледі Шыңғыстың Қан уыстап туғанын. Қызы өлтірсе Тұңғыттың Бұған неге туладың. Ұлы қаған асығып, Оңашалад аруын Әбүйірге жасырып, Қыз сілтеген қаруын... Еркек кіндік қалдырмай, Елін қырса қайтеді Табылғаны жан мұндай Емес қой ол, жәй тегі. Болып шықты қыз батыр Жүрегінде кегі бар. Бұл аңызда сыр жатыр Өзің аңғар, сеніп ал.. Лирика
МЕН СЕНІ КҮТТІМ
Мен сені күттім келе ме деп бір сағынып, Сыр сыймай кеудем кетердей еді жарылып, Не нәрсе екен үмітке қойған көгендеп, Әйтеуір сені ойладым бүгін көрем деп. Нөсерлеп құйған ақ жаңбыр қалды толастап, Мен сені күттім жол жаққа жиі қараштап. Жүрегім бір сәт сағыныштан ба елжіреп, Күттім мен сені келсе екен деп бір тезірек. Мен сені күттім келмедің, бірақ келмедің, “Күтемін”-деген сөзіме бәлкім сенбедің. Көріндің маған жақсы бір жанның өзі боп Ойлауға қиын, жамандықтың көзі боп. Өзге бір себеп болар ма сенде келмеуге, Құдіретің қайта жетер ме жүрек емдеуге. Бәрі бір енді. Шақырар болсаң бірлікке, Көңілімде қалар, ноқаттай қара бір Нүкте.
ЕКЕУМІЗ ДЕ ЖҮРЕККЕ БАҒЫНАМЫЗ
Сен менің әруақытта есімдесің, Білсемші қатал жүрек кешірмесін, Отырсың ба мен жазған өлеңді оқып, Оралады өткенге десіп несін. Сен менің әруақытта есімдесің, Сеземін жүрегіңнің өшірмесін. Басқамен бақыт тауып кетсеңдағы Көңілдің көшкен бірге көшіндесің. Ағымнан мен осылай жарыламын, Бейнеңді елес болған сағынамын, Өйткені бір кісідей сүйе білген Өзімнің жүрегіме бағынамын. Білемін, мен де сенің есіңдемін, Келеді “Сен де мені кешір” – дегің Басқаның бақыты боп жүрсем дағы Сен мені жүрегіңнен өшірмедің. Дәл мендей сен де мені сағынасың, Сағынасың, мені іздеп табынасың. Өйткені сен де мендей сүйе білген, Өзіңнің жүрегіңе бағынасың.
Өткенде уақыт кімге шағынамыз, Жолымыз бөлінген соң сағынамыз. Қосылмаған жандардың махаббаты Қосылғандар үшін де болар аңыз.
НЕ ДЕЙІН
“... Бар менің екеу болған жаңылығым, Арналған бар ма бұған жаңа жырың” Дедің-ау салған сәтте кездескенде Жүректің сезе тұра жаралығын. Не дейін, сөз тоқталды көмейімде, Кінәлап мен өзіңді сөгейін бе? Мазақ болған өзімдік махаббат қой, Өзім білем көмбейін, көмейін бе? Бақыттан басқа саған жоқ тілегім, Мейлің сен үйлене бер, үй бола бер, Бірақ та болсын десең бір тілегің Жарыңа жүрегіңді бір жол бер.
ОЙЛАНАМЫН МҰҢ БАСЫП
Асау ем ілінбеген құшағыңа, Енді сен тап бастырмай тұсадың ба, Көгіңде жұлдызың мен емес пе ем, Бір кезде қолың жетпей құшарыңда. Тағдырдың талқысына тастап мені, Жүрсің сен бұл күндері бастап нені? Мұң басым ақ жүзімді ойланамын, Ала алмай ақ жанымды ақтап тегі... *** Қашанда таудан аққан бұлақ тұнық, Сен маған өкпеңді айтпа жырақ тұрып. Жүрегім өрт болғанда, сөзім серттей Менің туым – арлылық, тұрақтылық. Түсінсем көңіліңнің бір астарын, Жасырып шындығыңды сыр ашпадың. Бір сәтке сен де маған жауап берші Мен нені сор ма, бақ па құшақтадым?...
СЕНІ ІЗДЕЙМІН
Өткеннің өкінішін у қып жұтып, Мен сірә, бір күн тыныш жата алдым ба? Сен деген көңіліме перде тұтып Мен саған сол сырымды аша алдым ба? Еркімді ер3ктен тыс билеп алған, Тәкәппарлық “ сүйемін” дегізбейтін. Сол кезде белгісіз-тін мүлде маған Кез туары кейіннен сені іздейтін.
ҮЗІЛГЕН ҮМІТ
Көңілім бүгін қараңғы, кірпікте тұнған жас қапты, Бір толқын мені қайтейін, жағаға жаншып тастапты. Жастық деп бәрін кешіріп, сезбей-ақ өтер ме едім, Тәніме бастқан қара тас, жаныма бата бастапты. Айналам қызық болды ма, думанды тойлы тамаша, Кезінде менен бәрі де көрінетұғын аласа. Еркімді түгел билепті, мас қылып мені жалған бақ, Үзілген үміт өзіңмен қайткенде, қалай жалғанбақ.
СҰЛУЛЫҚТЫҢ ӘЛЕМІ
Бойдағы жалғыз өнерім, Өлеңім менің, өлеңім, Батсақ та бірге, шықсақ та Ішінде жүрміз кеменің. Өлеңім менің, өлеңім, Сырымды саған төгемін.. Бір өзің ғана билеуші, Дүниенің мендік әлемін. Өлеңім менің, өлеңім, Мойынға салған көгенім, Сырымды сақтар өзіңсің, Ішімде қалса дегенім. Өлеңім менің, өлеңім, Өзіңде барлық әдемі үн, Өзіңнен ғана танимын, Сұлулықтың әлемін. Жаныма нұр боп себілген, Кеудеме гүл боп егілген, Өлеңім, жалғыз өзіңсің Көгімде шуақ төгілген.
СЕН МАҒАН ӨЛЕҢСІҢ
Сен маған әлі өлеңсің, Дедім ғой жақсы көрем шын, Өзіңе ұшқан шырылдап, Ақ көңіл аппақ көгершін. Сен маған әлі өлеңсің, Сен бұған қайтіп сенерсің Қол созған сәби секілді Сезімді қалай көмерсің. Сен маған әлі өлеңсің, Басыңа түссе көнерсің, Кеудемде отың лаулап тұр, Өзім сөнгенде сөнерсің Сен маған әлі өлеңсің, Өлеңмен мені жеберсің Өлең қып сені ұшырсам Өлең боп қайта келерсің.
ЕРКЕЛЕТ СЕН
Сен еркелетсең – Мойныңа асылғым, Кеудеңе жұпар боп шашылғым, Еліттіріп өзіңді Гүл қауызындай ашылғым келеді. Сен аймаласаң – Аймалап мен де жанғым, Есіңді әбден алғым, Өзіңмен бірге, Есімнен танғым келеді. Сен құшсаң – Мен де сені құшқым, Ақ көбелектей ұшқым, Арасында өң мен түстің Отқа түскім келеді. Сен сүйсең – Мен де сені сүйгім, Жүрекке сәуле түйгім Әуенімен әдемі күйдің Бір жанып, күйгім келеді. Аяулым, Еркелет сен, Шыдамасын сынғандай сына төзім, Дүр сілкініп, дірілдеп Мына сезім. Осы рас па, кеудеңнің дүрсілінен Сұрашы өзің... ӨЗІҢ ҒАНА (Әнге арналған)
Өмірім өзіңменен бірге менің, Сен барда мен де гүлдей түрленемін. Бар пейіл, ықыласыма өзің риза, Қараумен қабағыма күнде менің. Қайырмасы: Алдыма шуақ төгіп, Жарық боп жағылатын, Жаныма қуат беріп, Алыстан сағынатын, Мен үшін торығатын, Мен үшін зарығатын, Мен үшін басыңды иіп, Мен үшін қамығатын, - ӨЗІҢ ҒАНА Өмірде өзің маған бөлек едің, Бақыттың бесігіне бөлеп едің. Келемін Қыз Жібектей мәпеленіп, Қайтемін мен өзгенің Төлегенін Қайырмасы: Алдыма шуақ төгіп, Жарық боп жағылатын. Жаныма қуат беріп Алыстан сағынатын. Мен үшін торығатын, Мен үшін зарығатын, Мен үшін басыңды иіп, Мен үшін қамығатын, - ӨЗІҢ ҒАНА.
СЕНІҢ КЕУДЕҢ
Жалғанда сыры мәлім – сенің кеудең. Тонғанда жылынарым – сенің кеудең. Дүние қажытқанда, шаршатқанда Бас сүйеп, тынығырам – сенің кеудең. Бағыма баян болған – сенің кеудең, Жаныма сая болған – сенің кеудең. Сары алтын сырларыма сандық болып, Құпиям сақталатын - сенің кеудең. Мекенім, тұрағым да – сенің кеудең, Биігім, шынарым да – сенің кеудең. Жол таппай қиналғанда бағдар шамдай Жарығым, шырағым да - сенің кеудең. Келетін сүйемелмен менің кеудем. Киеңмен киеленген менің кеудем. Сендегі бар байлықты, қазынаны Бір өзі иеленген менің кеудем.
ҚАЛАСЫҢ ӨЛЕҢ БОП
Мен сені күттім келер деп, Отырдым сөйтіп елеңдеп, Бір алапат күш мені Қайтсемде отыр жеңем деп. Күттім мен солай тағы да, Сырласқым келді сағына Жабысып тұрған кеселден Қояр ма екем жазыла. Басым тұр бүгін айналып, Бір сиқырға байланып, Шыным да, сырым осылай Жақсы бір көрсем айға анық. Мен сені күттім елең боп, Нелектен саған сенем көп? Төгілді сырым қағазға Қаласың енді ӨЛЕҢ боп.
ӨҢ МЕН ТҮС
Ақ қанат көбелек боп, Білмеймін ұшамын ба, Албыртып асау сезім Апарар құшағыңа... Содан соң аймаласып, Сан қайта өбісеміз. Осылай қайталанып, Ес білем еміс-еміс. От болып күйемін бе, Білмеймін сүйемін бе? Деміңнен өзім түгіл Еритін сүйегім де. ...Ол кезде ұялар ем, Түс емес, өңім болып, Ал қазір қиналамын Өң емес түсім болып.
ӨЗЕКТЕН ӨЛЕҢ ШЫДАР
Неге бұлай жанымды жараладың, Неге бұлай басқаша бағаладың “Басқаға өлең арнаған жоқсың ба?”-деп, Сұрақ қойдың. Біртүрлі қарағаның. Содан кейін ой сүңгіп араладым, Түсінгім кеп сұрақтың жорамалын. Мұндай сұрақ қойылар сол бір жанға Тастап кеткен біреуге орамалын. Мен қайтемін ақталып. Ақталмаймын. Біреу солай деді-ау деп дақтанбаймын. Ақты қара деу қазір қиын ба еді. Көпті ғой дұшпанның. Мақтанбаймын. Мені көп қой сыртымнан зерттегендер, Жетемін деп ойлаған жетпегендер. Маған қалай жұмсасын қылыш, оқты Алынады сөзбен де кек дегендер.
Сен туралы мен де көп білем шығар, Сұрақ қоймай бірақта жүргем шығар. Сөзге өртеніп кеткен соң өлең жаздым, Өртенуге өзектен өлең шыдар...
БЫЛҒАМА МЕНІ
Былғама сөзбен, былғама, Тілегім болсын бір ғана. Түрпідей сөзден жаныма, Кетпесін түсіп бір жара. Былғама сөзбен, былғама, Тілегім болсын бір ғана. Жүрегім таза болған соң Алмаймын тағы бұлдана Ылайық едің тазаға Таза бір сөзбен мазала. Былғаныш сөзге төзбеймін, Төзсем де қандай жазаға. Биіктеу еді бағаң да, Сол пәсте тұршы одан да. Ұқсамай жүрсең өзгеге Саған да жақсы, маған да. Қайтемін сені табалап, Мен едім жүрген бағалап, Дәл сені тани алмасам, Қайтейін маған обал-ақ.
АҚ СЕЗІМ - АҚША ҚАР
Арқаның ақша қары себеледі, Осындай ақ нұр бізге керек еді, Бар бақыт екеумізде сияқтанды, Құшақтың бірін бірі демегені. Ақша қар жарастырып сәнімізді, Іздеген тапқандаймыз әнімізді, Ақ тілек екеуміз де тілеп пе едік “О, тағдыр, жолықтыр деп тағы бізді” Ақша қар ақ маржандай төгіледі, Қос жүрек сағыныштан егіледі. Нұр мұнау екеумізге қонып жатыр, Шашуға бөлегендей сені, мені. Төбеден тұрған кезде төгіліп нұр, Жолымыз кетер ме екен бөлініп бір. Еріген алақанда ақша қардай, Жүректер бөліне алмай егіліп тұр.
КҮТТІҢ БЕ, БАҚЫТЫҢДЫ
Құшағыма сыйғандай зорға күшпен. Ей, махаббат, сен бе едің торға түскен, Жастығымда сені іздеп жүргенімде Абайсызда өзім де қолға түскем. Ашық екен бақ күткен ақ маңдайым, Жоғалтып ап мен сені тапқандаймын, Күн де жарық мен үшін, Ай да жарық Таң боп күліп мен енді атқандаймын. Бір пенде боп жүрдің бе, бағы жарым, Бір қуанып мұның не, налығаның, Күттің бе әлде, жалықпай бақытыңды Дәл осындай бір күні табыларын.
ТҮСІНШІ, БЕЙБАҚ
...Лезде өзің бастадың, Бір сәттік сезім қас қағым. Еріктім – мен, еліттің –сен, Төгіліп көзден жастарың. Өзгермей көңіл аспаным, Мен болсам сені тоспадым. Сынағым келді сенделтіп Таба алмай сенен басқа мін. Қабақтан көріп ашық күн “Сүйемін”, - дедің, -“ғашықпын” Түсінші бейбақ, мен болсам Өзгеге ғашықпын.
БАЙҚАМАЙ ҚАЛДЫМ
Байқамай қалдым өзім де, Байқамай қалдың өзің де, Дір ете қалды жүрегім, Иық бір түйіскен кезінде. Өзгеріп сонда реңің: “Бұлқынды”- дедің жүрегім, Бір жерден шықса не етті Сенің де менің тілегім. Осылай ма едің “жау” сезім. Таусылғанда тау төзім. Бұлқан-талқан шыққандай, Тып-тыныш жүрген сау кезім.
АР ШЫНЖЫР
Тұтансам тосын сезімнен, Бар кінә деймін өзімнен, Қиын шақ туып, қинайды, Өткенде албырт кезімнен. Қорқамын кейде өзімнен, Шекара жасап төзімнен, Кездесе қалсаң оп-оңай Сыр оқи ма деп көзімнен. Ертерек таң боп атпадың, Мезгілсіз боп тұр шақтарым. Өзіме-өзім қорған боп, Сырымды ішке сақтадым. Уақыттар өтер, жылға асар, Мен кетсем де, жыр жасар. Мендегі ардың шынжыры Буындырып барып бір басар. Елес боп ылғи жүресің Елес боп ылғи жүресің Сен маған жақын келердей, Қолтықтан ұстап демердей, Өзіме ғана сеніп бір Жаныммен жақсы көрердей. Елес боп ылғи жүресің,
Биікке алып ұшардай, Тірлікке мынау тұсалмай, Сәт сайын мені аймалап, Сағынып келіп құшардай. Елес боп ылғи жүресің, Бүкпестей менен сырыңды, Тыңдардай менің жырымды, Менен ғана естердей, “Жаным” деген бір үнді. Елес боп ылғи жүресің Сен оны қайдан білесің...
МАХАББАТ ФОРМУЛАСЫ
Мен: Дәл мұны келмейтін қиын деуге, Мен шыдамас Азап-тын... Бұдан ауыры болмас мазақтың Алдымнан шықты Тозақ Күн. Жерлеп кетті менің алтын басымды Не қылсам да обал емес тасырды Айырмады.Нарқын және білмеді, Жез бен мысты. Қара тас пен Асылды! Ой: - Өртен! Жан! Іріп кетсін ішің, – мейлі – Ол сені әуелден-ақ түсінбейді Аяма, сен де оны жерге қарат Бұдан соң ол да саған ісінбейді. Тағы да білем оны кешіресің, Салған дағын кеудеңнен өшіресің. Құлай сүйген адамға кек сақталмас Ал, сүймесең, әрине өшігесің. Мен: Өртеніп тұр жүрегімде кек деген, Ешқашан да менің де есем кетпеген, Менің шамам бәріне де жетеді, Ол ойнаған ойнайыншы отпенен...
Маған рас, дәл қазір қиын білем, Бірақ мен де басымның сыйын білем, Махаббатта формула: - “Тепе-теңдік!” Мен де Оны күйіндірем, иілдірем! *** Зәлім Ойым жетпеді бұл шешімге, Ақыл шықты алдымнан із кесуге, Иіле қап Сабыр да тоқтатқаны Кешірімге жүгіндік біз бесінде... ...Махабаттың тербеттің бе бесігін Бірін-бірі кешірудің несі мін? Махаббаттың формуласын түсінсең: Сүю, Сүю, Сену және Кешірім.
СӨЗ ТАУСЫЛДЫ
Сенің де айтар сөзің жоқ, Менің де айтар сөзім жоқ, Лаулағалы отырмыз Біреу салса төзімге от. Менен шығар сезім жоқ, Өзімменен өзім боп. Түсінетін кезің жоқ, Сен де жүрсің безір боп. Сенде де бар өр кеуде, Менде де бар кер кеуде, Кетік-кертік ара жік Екеуміз де шер кеуде. Сөздеріміз таусылды, Қарасамыз жау сынды. Үркіп бізден махаббат Есіктерін қаусырды. Мен де сенен жоғалдым, Сен де менен жоғалдың, Өшті арадан махаббат Жауап берер оған кім? *** Адамдағы жан бағы Гүл сияқты таңдағы Үлбіретіп аяла Түсінікті ар жағы... Махабаттың түп қасыБірін бірі аямау. Махабаттың тұтқасы Бірін-бірі аялау.
ӨЗІМНЕН ШЫҚҚАН - ӨЗІМ
Былдыр-былдыр тілің-ай, Сылдыр-сылдыр үнің-ай, Еркелеп кеп сүйдіріп, Құшақтайсың, күнім-ай, Ақ борықтай түрің-ай, Жауқазындай гүлім-ай, Жатырқауды білмейсің Қол бересің күліп-ай. Тәй-тәй басқан қарағым, Айнаға кеп қарадың. Ұлпа шашты уыстап, Келіп тұр ма тарағың. Ән айтылса елеңдеп, Бұралады денең кеп. Қанат беріп тұр ма екен, Ақ періште өнер кеп.
ДАНА ҚАНДАЙСЫҢ
Дана, дана қандайсың, Тілің тәтті балдайсың. Қулығың жоқ адалсың, Бірақ кейде алдайсың Дана, Дана қандайсың, Аппақ сұлу таңдайсың, Шұғыла еріп соңыңа Жарқыраған шамдайсың. Дана,Дана қандайсың, Ақылға бай жандайсың. Сен қанатты періште Әлі-ақ биік самғайсың. Дана, Дана қарағым, Бірі болғай дараның. Сұлу әрі ақылды Болып өссең жарадың
8-НАУРЫЗ БОЛЫП ТҰР
Келіп бір көктем, 8-наурыз болып тұр, Маңайдың бәрі құттықтауға толып тұр, Өзіңе арнап гүл берсем деп ем Райхан, Қала ма дедім ұзамай көпке солып бір. Салмақтап көрдім біразын сыйлық кәденің, Тең емес саған, тең емес небір әдемің. Таңдантпас сені таңыртқатпас тағы да, Өзіңнің терең, әрі бай ішкі әлемің. Тазалық сенде, адамдық сенде, адалдық, Тілеймін саған денсаулық әркез, амандық, Сыйлаймын саған жүректен шыққан бір жырды, Бола бер биік, бола бер терең, бағаңды ұқ. Көрік те сенде, сымбат та сен де, дидар да, Парасат сенде, ізгілік сенде, иман да. Жолыңа жырды төгейін гүл ғып, сыйлық қып, Өмірде саған сәттілік берсін, қиналма. Сынсықақтар
Кеңес беру түрлері Ұлына: - Балам! “Баланы жастан, әйелді бастан” деген бар әуел бастан. Билікті келінге берме, Ақылды болса да асқан. Ана бала сыншы деп, Өзіңнен үміт көп тосқан Әйелге жұмсарсаң – жүнсің, Дұрысы, қатты бол тастан. Кеңес берем балам деп, Қатыны би жаман көп. Бәйек бола берме, Көңілін күн де табам деп. Миыңа қорғасын құймасын, Алтын, меруерт тағам деп. Пландамасын тағы да Жалғыз-ақ бала табам деп. Төркіншіл тағы болмасын, Елжіреп жиі барам деп. Мен не айтсам да, Сыйлайтын болсын анам деп. Қысқасы, әуелден болжырама, Айдағаныңа көндір, Айтқаныңа сендір. Айтпақшы айлығын Алақаныма әкеп бердір. Қызына - Қызым!
Шашың қысқа, ақылың ұзын. Сенің басар жолың, Менің жүріп өткен ізім. Ойламайды еш ана Жаман болсын деп қызын. Мына ақылды ал, Жарасса біреумен дәм-тұзың. О бастан майдай еріп, Күйеудің кетпе Айтқанына көніп. Кейіннен еркек деген Бере қоймас ерік. Әуелден шегедей қағып ал, Үсті-үстіне төніп. Көзін алартатын болса, Жібер шапалақпен беріп! Бірте-бірте жұрдай болад, Кейбір өктемсіген желік. Төркініңді ұмытпа, Сәлем-сауқатпен келіп. Айтпақшы, барғаннан Бола көрме жерік. Сынағыңнан өткен соң, Тауып берерсің серік. Тепкіңе мен айтқан төзсе, Күйеу деген Өзің мінетін көлік. Қалғанын кейін айтамын, Ұзатқанда батамды беріп... Жұрнақтың жазасы
Өзіміздің әлгі Жұрнақ, Көзін ашқалы тырнап, Әзілге әуес ед, Ыржақ-тыржақ. Біреуді әжуалап, мазақтамаса, Жынына тиіп азаптамаса, Ішін күйдіріп тозақтамаса, Ызаландырмаса, күлдірмесе, Сөйтіп жүріп бүлдірмесе, Ішкен асы бойына тарамай, Қабағын түйіп қарадай, Іші жүрмеген баладай, Әлде неге алаң болатын, Көрген күні қараң болатын. Әсіресе жеңгелері Жұрнақтан, Өздері атаған “Заржақтан” Орайы келсе қашық жүретін, Аяқтарын ұшымен басып жүретін. Жұрнақ бірнәрсені сұрай кеп, Сөз бастайтын былай деп: - Жеңеше-ау, ау жеңеше, Бағана дүкенге барғанда, Ағама темекі сатып алғанда, Әне бір қияқ мұрт жігіт, “Сізден күтем деп үміт” Қолыңызды неге қысты ұрланып? Осы кезде ағасының өңі Шыға келетін сұрланып... Жұрнақтың мұндай “таланты” Қаршадайынан байқалған. Ол қызықтаған әзілден Талай шаңырақтар шайқалған. ...Жұрнақ та кезек кеп үйленген, Кектері ішінде сүрленген, Жеңгелер бастады бір ойын, Дайындық жасап та үлгерген:
-Сүйіктім, қимасым Жұрнағым, Шығуға әзер қап тұр жаным. Алты жыл соңыма түсіп-ең, Алам деп, уәдеңде тұрмадың. Шыққан соң айтам төзімнен, Аяғым ауыр ед өзіңнен. Көз жасым көл болды, Түсіндім себепті безінген. Уайымым қазіргі бір ғана. Дүниеге келеді-ау бір бала.. Басқаға үйлендің қайтейін, Келіп жүр бірақта ұрлана...” Күн салмай араға құрғатып Хат жазған осылай жырлатып Оқыған бұл хатты келіншек, Долдана, орнынан тұрды атып: - Опасыз, Алдамшы, Жапалақ! Жұрнаққа сарт тиді шапалақ.. Алға кеп істеген істері Жұрнақ та бармағын тістеді.
АЙНЫМАҒАН ӨЗІМ
Мұғалім: -Сіздің балаңыздың тәртібі жаман, Бүкіл қылығы белгілі маған, Дүйсенбіде – терезені сындырды, Сейсенбіде –оқулығын бүлдірді, Сәрсенбіде – қыздардың бұрымын тартты, Бейсенбіде – тақтаны рогаткамен атты. Жұмада – есіктің жұлды тұтқасын, Сенбіде - тәртібі шамадан шыққасын Өзіңізге келдім амалсыз, Ұлыңыздың тәртібін қарарсыз, Жиналысқа шақырсақ келмейсіз, Ата-анасы бұған не дейсіз? Әкесі: - Беу қарындасым-ай, Әрине, Сіздікі дұрыс. Біздің Жұрнақтың ісі бұрыс. Баламасың деген, Жүре алмағаны ғой тыныш. Өзі өзім сияқты, Бұзық екені рас-ты. Кезінде мен де зар жылытқам класты. Балалықтың қызығына кім тояды, Есейген соң өзі-ақ қояды.
Ал, терезе сындырса, Бас прорабты алдыртайын, Терезені түгел салдыртайын. Қыздардың бұрымдары жұлынбаған шығар, Олар да тыныш жүрмей жымыңдаған шығар. Бұл Жұрнақтың жақсы көріп сипағаны, Бастағысы кеп бозбалалық хикаяны. Жалғызға жан пида, жолында өлейін, Шыққан шығыны қанша, төлейін, Қарындасым, баланың еркелігіне Қарау кереу төзіммен, Қайтейін Жұрнақжан Айнымай қалса өзімнен.
ДАВАЙ!
- Қарындас, таныс болайық, - Давай! - Тұрысымыз жараспас бұлай, Не кино, театрға барайық... - Давай! - Тоңып кеттік, ресторанға соғайық... - Давай! - Кеш боп қалды, біздікіне қонайық... *** Осындай қыздар болса “давайлаған” Дұрысы, қашық жүріп абайлаған.
САЛМАҚТЫЛЫҚ
Шешесі: - Бойжеткенге салмақтылық жарасар, Жігіттер де ондайлармен санасар, Бей, қызым-ай, “сүйдім-күйдім” боласың, Жігіт болса, сәл жақындап жанасар... Қызы: - Ту, маматай, айтпай-ақ қой аржағын. Отсталый, баяғыша талғамың. Махабатқа қажеті не салмақтың, Итак менің, 80 кило салмағым...
ТАПСЫРМА
Таңертең келіні: - Апа! Оскарикті қатты оятпай жәйменен, Жұмыртқа берерсіз шәйменен. Сәл дауысқа шошығыш-ақ, Сөз айта көрмеңіз “Әй!” деген. Немерең ғой шықпаған түсіңізден, Сіз маған ренжімеңіз ішіңізден. Айтпағым: Өріктен шығып жүр. Шемішке шағып берерсіз тісіңізбен. Түске таяу ботқасымен жарманың, Шырынын берерсіз алманың. Түстен кейінгі тапсырманы Телефонмен айтам аржағын.. Кешке келіні: - Оскарик! Жаным-ау, көзің неге кіртиген, Жылағансың ба? Кім тиген? Басыңда ыстығың бар сияқты, Ернің неғып көнтиген? - Ой, Апа! Тапсырманы алмадың ба түсініп, Ауырттыңыз, шикі ботқа пісіріп, Қараңызшы, Оскарикке өзіңіз Кетіпті ғой, бет-ауызы ісініп...
*** Деп келіні келе-сала “Ах!” ұрды, Сап-сау балаға “Жедел жәрдем” шақырды. ҚОС КЕМПІРДІҢ ДИАЛОГЫ (Бейімбетше) Кеше: -Қайдан келесің, қыз-ау?! - Қайдан болсын... Қаладан... Қаладағы орыс болған баладан, Шүлдір-шүлдір келіннен Түсінбейтін жан адам. Үністөтті бітірген Түңілдім келін баладан. Алашамды қайтарды Тұрамыз деп жаңадан. Құрт-майымды апарған Тауып алдым даладан. Ұлымның сөзі “Но! Но”- да, Келіннің сөзі “Да! Да! Да! Немерімнің тілі жоқ, Айтатыны “Ба.. Ба.. Ба... Оларорыс, мен қазақ Кемпірің түсті додаға. Аяғым сынсын, –деп келем Барсам ба енді қалаға... Бүгін:
- Қайдан келесің, қыз-ау?! - Қайдан болсын, қаладан... Қаладағы қазақ болған баладан. Құшағын жая қарсы алды, Елдің бе деп жан анам. Жаңарған ба деп қалдым, Бұрынғы ескі санадан. Таласқа түсіп жоқ болды, Құрт, май толы шамадан. Мәртемемді өсірген Айналдым келін, баладан. “Ана тілін үйрет” деп Өтінді ұлым оңаша, Қазіргі талап осындай Боп тұр деді жаңаша. Деп сұрады келінім Бұрынғы қайда алаша, Ұлттық ою, рушной Үйде тұрса тамаша, Менің қамқа кәмзолым Келінге қалды жараса. Немерем жүр әжелеп, “Ішемін айран, көже” деп. Қазақшасын оқып жүр, Енді-енді ежелеп... Ризамын, бүгін қалаға, Бет бұрған ұлттық санаға...
СӨЗ АЙТУ
Жігіт қызға емес-ау, Қыз жігітке сөз айтты. Ешкімді салмай араға, Еш толқусыз өзі айтты. - Көптен бері Жұрнағым, Жүрегімді тырнадың. Өзіңдей болса деп едім, Өмірлік менің бір жарым. Өзіңнің мынау алдыңда Төгілсінші сырларым. Жүз грамның әсері, Батылданып тұрғаным. Кіл жамандар кездесіп, Болмай жүрді тұрлауым. Таста десең тастаймын, Темекіні Жұрнағым. Бетімді тек қайтармай Қасыма жақын жүр, жаным. Басымнан асқан қызығым, Біреудің жалғыз қызымын. Жөндеймін деп шаршадым, Шишкалардың бұзығын. Кенде емепін ақшаға, Зәулім үй бар баспана. Өмірсерік іздеумен Соғылды басым тасқа да. Кейбіреулер кездескен Болып шықты опасный, Жүріп-жүріп соңында Болсай дейді запасный. Короче сені сүйемін, Басымды саған иемін. Капли тебе нравлюсь Клянюсь саған тиемін. Таныстырсам маханға, Қарсы болмас пахан да. Өйткені сен ішпейсің, Тұрақты жұмыс істейсің, Согласиеңді берсең-тек Алақаннан түспейсің...
*** Қыздың көңлі жайланып, Дайындалды тойға анық ... Ал жігітің жүр дейді Әлі күнге ойланып.
БІРІНШІ СӘУІР
-Мен, мен едім, мен едім, Ай мен күнге тең едім. Толғанда қыз кемелім, Қасыма жақын кеп едің Есіңде ме уәдең, Серт беріп маған не дедің? -?.. -Болғаннан соң дегенің, Үндемеуін бәленің.. Түсірейін есіңе Өзіңе таныс әуенің, Өлләһи сүйем деп едің Құлақ етін жеп едің, Сен мені егер сүймесең, Буынып өлем деп едің. Әйтпесе мынау ошаққа Түсіп бір күйем деп едің. Жын ұрып кетем әйтпесе, Сен де тұр кием деп едің. Табыстың бәрі сенікі Алдыңа үйем деп едің. Төркінің келсе сызданбай, Ешкімнен сені қызғанбай, Қабағыммен мұзданбай, Отырамын деп едің, Қанша бала тапсаңда, Басымды жұлып, шапсаңда Үндемеймін деп едің, Тілдемеймін деп едің, Барлығына сеніп ем, Айтқаныңа көніп ем... - Уәде берген сол күні, Білесің бе, қай күні? - Бірі болатын сәуірдің - Алданатын сендейлер, Сәуірдің біріауыр күн...
ДЕПУТАТ БОЛҒАНҒА ДЕЙІН:
-Халқым, елім, қорғаным, Сая бағым, орманым, Сендер сүрген өмірді Жаным шығып қорғадым. Түспей талай мінбеден, Сөз сөйледім күнде мен Намысым қысып тағы да Поддержка бердім Тілге мен Ауру басты елді деп, Тұз-сор басты жерді деп, Байқап мұны үкімет Когда көмек берді деп. Ауасында тыныс жоқ, У мужщины жұмыс жоқ, Келген-кеткен әкімде Тындырылған бір іс жоқ, - деп жыладым егіліп, Қабырғам қалды сөгіліп, Сендерменен көз жасым Бірге жүр ғой төгіліп. Болашақты ойлаңдар, Ешнәрседен таймаңдар. Сенім артып маған да Депутат етіп сайлаңдар. Жоғары жаққа барайын, Мен де қиқу салайын, Елге, жерге жанашыр, Бір азамат болайын...
ДЕПУТАТ БОЛҒАННАН КЕЙІН
Отырды.Тұрды.Жүрді. Білмейді ешкім сырды. Сөйтсе де телеэкранның Кеңейтілген бетінде тұрды. Депутаттық ісі бар, Көтерілген іші бар. Бірде сұсты, бірде жылы Түсініксіз түсі бар. Азамат сияқты ізгі. Өткізді бір жаз, күзді, Өзгелердей баспаға беретін Кітаптарының атын тізді.
БӘРІНЕН ДЕ СЕН ЖАҚСЫ
Заман түлкі болғанда, Тазы болған сен жақсы. Өзің ұры болғанда Қазы болған сен жақсы. Аузың қисық болса да, Сөзің түзу сен жақсы. Мұрның пұшық болса да Әнің тузу сен жақсы. Билігің бар, сыйың бар, Өмір сүрген сен жақсы. Долларың бар, күйің бар Ойнап-күлген сен жақсы. Байды “бай” деп актілеп, Бөліп жүрген сен жақсы. Кредитіңді “шәпкілеп” Беріп жүрген сен жақсы. Сөзің өтпей жүрсе де, Шешенсінген сен жақсы. Елің сырттан күлсе де, Көсемсіген сен жақсы. Жасасаң да қылмысың, Білінбеген сен жақсы. Арамдықпен тұрмысың Дүрілдеген сен жақсы. Ақиқаттан айрылып, Зарлап жүрген ел жаман. Соның бәрін сыртынан Барлап жүрген мен жаман.
Бәрінен де сен жақсы...
КӨКІРЕКТЕР
Бастығымда - өркөкірек, Хатшысында - көркөкірек, Замында – жеркөкірек, Қалысқым келмей олардан Болып жүрмін мен көкірек. Офис толы көп көкірек Жоғарыға қарап өкіред, Төменге қарап кекіред, Қайран, көп көкірек Тоқтағанша өкілет, Көкірек керіп өкім ет.
ТОЙ
Қазақтың ойы емес қой бұзық. Содан соң ба, Өткізген тойы қызық, Ұлтың ұлып далада, Дәстүр өшіп санада, Небір тойлар өтіп жүр Мәңгүрттер жиылған қалада. Мәселен, Би бар билейтін иреңдей. Жас келінсіз бұл биленбей, Ол да қалыңдық боп именбей, Қайнағасымен билер изеңдей. Тойшылар ду-ду! Жынды әуен ушу! “Приз! Приз!- дейді Өңешін жыртып бір қу. Содан соң, Көпшіліктің шығарып иі-қиын Ұрлатар қалыңдықтың туплиін. Ал, тап! Ізде! Тапсырма берілер Сізге! Тауып көр жетсе миың... Жарықтық атасы тапты-ау, Әдепті қайда сақтау Оған айтылған соң мақтау, Атасы шарт бойынша Туплиді келінге кигізеді, Келіні атасына ернін сүйгізеді. Есіңді жи... Бұл – келіннен сый! Музыка! Қайтадан Би! Стакандарға тағы да құй! Құй! “Горко!” “Горко!”- дауыстар Келіншек ұлға жабысады. Ерінге-ерін қабысады. Кейде той өтер осылай Бізге жеткен жоқ Намыс әлі.
ТАНЫСУ
Белгісіз менің есімім, Демеңіз “мұның несі мін” Жыр жазудан мәндірек Болып жүрді бесігім. Ошақтың отын үрлеумен, Жырымды сақтап “сүрлеумен” Сіздерге кештеу жеттім мен, Өлеңмен көктеп гүл кеудем. Ұнатқан сөздің шырынын, Жасатқан жолға ырымын, Отбасымен бақытты Бұрымдының бірімін. Өзгеге келмей еліккім, Лақ кезімнен еліктің, Мысқылдан мысқал дәрі ішіп, Әзілге және жерікпін. Бейнесін айтсам қалпымның, Жайдары жүзім жарқынмын. Көненің қалған көзі деп, Дәстүрін сүйдім халқымның. ҚазМҰУ-де оқып, тәмәм ғып, Кірпіш боп елге қаландық. Серік боп маған келеді Журналист деген мамандық. Сырымның айтсам үзігін,
Сырда өтті жастық қызығым, Еңбегім сіңген ел осы – Торғайдың мен де қызымын. Алдынан өтіп көп істің Сіздермен жаңа көрістім. Таныстырсам өзімді Яшүкірқызы Өріспін.
МАЗМҰНЫ
Кел, “2030 – Болашақ” Той бүгін Астана келбеті Бәйтерек – шам орда Астанаға ғалам ғашық Жаңа өмірдің тынысы Хош, келдің Жаңа ғасыр Иесі сенсің гүлімнің Торғайдан көшіп барамын Төрлет, Наурыз! Телефондағы тілдесу Наурыз тойда Келіп қайт, аға ауылға Құда бала Әке, қайда, жүрсің сен? Сенің арқаң, бауырым Жарқ еткіздң онсегіздің алауын Сағынтқан мені Сырдария Бойжеткенін күтіп жүр Қарындастарың аман болсын Соңғы сәт Тұрсын апайға Жүз және бір жарым дос (хикаят) Достарым Бекер сақтандың Әке қамшысы Қайран ағайындар Ақ жеңеше Ақ бантик бізде тағып ек Ең сұлу кім? Бас әріп Қыз көктем -бойжеткен Мектептегі алғашқы махаббат Қызға өсиет Құтты болсын, ақ босаға Атаншы жақсы келін бір Жолыңа шашу жырларым Тілек Үш таған Беу, өмір-ай Өзімнен шыққан өзім Дана, қандайсың?
Өзім жайлы төрттағандар Таңғұт қызы Күрбелшін ЛИРИКА Мен сені күттім Екеуміз де жүрекке бағынамыз Не дейін?... Ойланамын мұң басып Сені іздеймін Үзілмеген үміт Сұлулықтың әлемі Сен маған өлеңсің Еркелет сен Өзің ғана Сенің кеудең Қаласың өлең боп Өң мен түс Өзектен өлең шыдар Былғама мені Ақ сезім ақша қар Күттің бе, бақытыңды Түсінші, бейбақ Байқамай қалдым Ар шынжыр Елес боп, ылғи жүресің Махаббат формуласы Сөз таусылды Өзімнен шыққан өзім Дана қандайсың
СЫН СЫҚАҚТАР Кеңес беру түрлері Жұрнақтың жазасы Айнымаған өзім “Давай.Салмақтылық Тапсырма Қос кемпірдің диалогы Сөз айту Бірінші сәуір Депутат болғанға дейін Депутат болғаннан кейін Бәрінен де сен жақсы Көкіректер Танысу Өріс Яшүкірқызы Сексеуілдің шоғы Өлеңдер жинағы Редакторы С. Үркімбаев Корректоры Б.Жүнісова Техникалық редакторы Ж.Сейтенова Беттеген с.Ахметова
ИБ N 161
Дайын диапозитивтен басуға 09.11.2005 ж. қол қойылды. Пішімі 84х108 1/32.Қаріп түрі «Times Kaz». Офсеттік басылым, есептік баспа табағы 7,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс 95. Бағасы келісім бойынша. «Сөздік-Словарь» баспасы. Қазақстан Республикасы, 480124, Алматы қ., Абай даңғылы 143. Тел. 77-68-51, 42-02-26. «Жедел басу баспаханасы» ЖШС Қазақстан Республикасы,480016. Алматы қаласы., Д.Қонаев көшесі 15-1.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру