Гүл мен нұр Том 3
Шәкен Күмісбайұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
“Гүл мен нұр”. Жазушының бұл томы әр жылдары жазылған әңгімелер мен ертегілерден тұрады. Шығармалары кімді болса да өзіне тарта жөнеледі. Негізгі тақырыбы – соғысқа қарсы қарғыс десек те жөн болар. Қазіргі өмір кезеңінде, жалқау, ұры, қанпезер, елге қауіпті адамдарға қарсы әрекет жасаған жас жеткіншектердің әрекеті де қызықты баяндалады. Әр жас оқырманның көкірегінде қалып, ізгілікке жетелейді. Ал ертегілер – әдебиет
Алматы қаласы,
2014 жыл.
Шәкен Күмісбайұлы
ШӘКЕН КҮМІСБАЙҰЛЫ
үш томдық
таңдамалы әңгімелер мен ертегілер
«Балалар әдебиеті»
Алматы, 2014
ГҮЛ МЕН НҰР
таңдамалы әңгімелер мен ертегілер
үшінші том
ШӘКЕН КҮМІСБАЙҰЛЫ
«Балалар әдебиеті»
Алматы, 2014
© Күмісбайұлы Ш., 2014 © «Балалар әдебиеті», 2014 Күмісбайұлы Шәкен. К 94 ГҮЛ МЕН НҰР/ Шәкен Күмісбайұлы. –Алматы, «Балалар әдебиеті» , 2014. ІSBN 978-601-292-0169-9 Т.3. – 320 б. ІSBN 978-601-292-0169-9 “Гүл мен нұр”. Жазушының бұл томы әр жылдары жазылған әңгімелер мен ертегілерден тұрады. Шығармалары кімді болса да өзіне тарта жөнеледі. Негізгі тақырыбы – соғысқа қарсы қарғыс десек те жөн болар. Қазіргі өмір кезеңінде, жалқау, ұры, қанпезер, елге қауіпті адамдарға қарсы әрекет жасаған жас жеткіншектердің әрекеті де қызықты баяндала ды. Әр жас оқырманның көкірегінде қалып, ізгілікке жетелейді. Ал ертегілер – әдебиеттің бастауы. Оны оқымайтын бала жоқ. ІІІ-томдықтың атын “Гүл мен нұр” деп атауы да сондықтан болар. Жалпы бүгінгі уақыттың ертегісі кітаптың ерекше тарауы. УДК 821.512.122.-93 ББК 84(5 қаз) К94 ІSBN 978 - 601292 - 0169 - 9 ІSBN 978 - 601 - 252 - 069 - 9-ортақ УДК 821.512.122.-93 ББК 84(5 қаз) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді», Р е д а к ц и я а л қ а с ы: Сұлтан Қалиұлы, Сейфолла Оспан, Болат Үсенбаев
АТАМНЫҢ АМАНАТЫ
–Ex... ex... ей... ей. Кім барсың... Шық... бері...
Жар-жағалаудың маңы күңіреніп кетті. Бытыра оқ
тигендей шұрқ-шұрқ тесік ұяларды айнала ұшқан
құстар ұлан - азар шу көтерді. Кинофильмдегі көретін
құс базарынан аусайшы.
–Бө.. ле.. .н.. .тай... Me.. .н жақсы иі.. .і.. .р.. .м тап..
тым.. .м... Бері... і.... ке...ее...лл.
– Жа...р...айды...
Қармағымды асығыс жинап, дауыс шыққан жаққа
қарай жөнелдім.
Құлама жар Байтулақ алабына түс ауа келіп жеттік.
Бәрін бүлдірген атам. Ертеңгісін ала биені қалақты
арбаға жегіп, шалғы қайрағышты орын-орыңдарына
байластырып, бидай көже құйылған торсықты қоржынға
салып, орнымыздан қозғалғанда ол:
–Әй,балам. Адам жасында бір, қартайғанда бір бала.
Мен сені Байтулақ бабамның қонысына апарамын, —
деп әңгіме бастаған.
—Бұл дүниеде кіндік кесіп, кір жуған туған жерден
артық не бар? Бір көріп қайтайын.
Атамның ішкі есебі түгел. Анау бір күні шай үстінде:
–Жарықтық бабам түсіме еніп жүр, — деп күңк еткен.
Әңгімелер
Ендігі ойы бейітіне барып құран оқып қайту.
Қала берді малдың шөбін ойлап, шабындық жер таңдау
да есінде. Мұндайда көршідегі жылпос Төкен қала ма.
–Ататай, мен де барайыншы. Көкиірімнің ол тұсында
лақтай сазандар бар. Нағыз ғажап мекен ғой, –деп жа
быссын. Атам көне кетті.
Байтулақ бабаның бейіті өткен күннің белгісі боп,
айдалада, төбенің үстіне орын теуіпті. Сүйірлене біткен
төбесі мүжіліп ішіне түсіп, омырайып тұр. Ел жылқы
құйрығының қылын балшықпен араластырып құйған
деседі. Бірақ уақыт өз дегенін жасапты. Атам биені
доғарып боп, тізерлей отырып, құран оқып біткенше
Төкен екеуміз әзер шыдадық.
— Ата, ата балық ұстауға кеттік, — дедім.
— Туһ, иттің күшіктері-ай. Бұлар не ұғар. Әй, құрт-
құмырысқа, бақа-шаяннан аулақ. Жарды да байқандар,
-деп атам дауыстап қала берді. Енді міне Төкен жер
ден жеті қап алтын тапқандай шақырып әлек. Жардың
тұйықталар тұсынан оңға бұрылған өзен түбек айналып
жазыққа шыға арнасы кеңейіп сала беріпті. Ну қамыс,
бей - берекет өскен қалың тал. Төкен қай тұста жұр
екен. Қалыңның ішіне қалай ғана жүрексінбей кірді.
Нағыз тас жүрек. Жылдар бойы адам аяғы баспаған
бұл мекенде қаншама жұмбақ тіршілік бар. Иір- иір,
тілін жалаңдатып ысылдайтын жылан екеш жылан
ды айтсаңшы... Иш-ай. Түсі неткен суық еді. Аттап-
бұттап төбенің басына шықтым. Әлде бұл жер ордалы
жылаңдар патшалығы ма екен? Бірде-біріне жоламаған
жөн. Өлтірсең тірілері сенен қайткен күнде де өшін ала
ды. Апам сөзінің жалғаны жоқ. Туһ, не деп кеттім?
–Ех...ей...Қайда...а...а...жүрсі...ң? Төкеннің дауы
сы бұл жолы жақын жерден естілді.
—...М...ы....н....н...а ж...ер ғ а ж а ..п. Те...ез ж е е т!
Тайпақтау жермен төмен қарай сырғи жөнелдім.
Үйретілмеген тайдай орғимын. Қалың ну жар та
банына құлаған топыраққа іліндім-ау. Екі-үш жерден
бетімді қамыс тіліп ашып барады. Бәрінен де сары маса
тойымсыз. Жемтікке үймелеген құзғындай. Бет аузым
домбығып сала берді. Биіктігі он бес-жиырма метрдей
жар үстіне құлап кетердей күжірейіп тұр. Зәре жоқ.
Жар етегін жағалай кеткен жалғыз із. Міне, биікке
қарай көтеріліпті. Төкен дауыстамаса екен. Әйтпесе,
маңайдың бәрі жаңғырығып, жар құлап... Кызықты
қара. Сонадайдан Төкен көрінді. Қара үңгір. Байтулақ
батырдың мекені. Біздің ауылдың қарттарының аузы
нан суы құрып «Сонау жаугершілік заманда»деп баста
латын сан түрлі әңгімелерінің кейіпкері.
Жоңғарлар елді шауып, қанды қырғын шақта,
Байтулақ батыр ел-жұртын осы үңгірге жасырыпты.
–Әй, Бөлентай, жүр. Үйірлі жылқы сиып кететіндей,
шөп, түйеқарын, шидің ұясы торлаған қараңғы жері
қалың, Қорқайын дедім.
–Балығың қайсы? Ол сасар емес. Ол сұқ саусағын
шошайтып.
–Сен артаманырақ сал, көпіршіген тымық иіріммен
қашқан балық саған барады. Қалтқысы қалқияды.
–Сәлден соң ішім пысты. Екеуміз бір-бірімізге
қарадық.
–Мен ақымақ екенмін , — деді енді Төкен тілге
келіп.
–Жар астына балық жоламайды. Төбеден топырақ
құлайтыны анық. Иірімнің тымықтығын көріп алдан
дым. Кетейік.
–Әлгі лақтай сазандарың қайда?
–Ту, осы сенің тіліңді кесіп алар ма еді. Сен-ақ аула
соларды, — деді Төкен.
Жар астында қалуға жүрек қайда? Төкеннің соңынан
ілестім. Иін-иін жарды аралай жүріп, дөңге де шықтық.
– Атам әлі мұнда жүр ғой. Түбегіне бармапты, —
дедім. Төкен басын жерден жұлып алды.
–Сен бала сияқтысың, Бөлентай, — деді Төкен.
–Атаң бұл жерге шөп шабатын жер іздеп келген
жоқ. Ата жұртын сағынды.
– Сағынғаны қалай. Түк түсінбейсің бе? Әлгінде
алаңдамасын деп балыққа тез кетіп қалдым.
– Соқ, өтірікті.
– Сенбесең, ер соңымнан. Төкен шалбарының
балағын түсіріп, қармағын орап қалтасына салды.
Бейітке тұстап келгенде, атам құбыла беттегі көп
молаға қарай бет алды. Бізді байқамаған сияқты. Төкен
сыбыр етті.
– Атаңды сыртынан бақылайык. Көп бейітті ара
лай жүріп, атам былтырғы жылы қайтқан немере ағасы
Көктайдың бейітіне бұрылды. Бір сәт тізерлей отырып
құран оқыды. «Аллаһуакбар» деп бет сипағанда, біз де
қосылдық. Орнынан тұрып бейіттің есігін ашып көрді
де жерден бір уыс топырақ алып уатып шашты. Сәлден
соң Көктай атамның бейітіне қайта оралды. Енді бір
сәтте есік пен төрдей жердегі бос алаңды ары-бері
адымдай ойқастады.
–Атам не істеп жұр? — деймін Төкенге сыбырлап.
– Кім біліпті? — дейді ол.
Одан әрі шыдауға дәтім шыдамады. Салып ұрып
өкпе тұстан шыға келдім.
– Ата, не істеп жүрсің? — дедім дауыстай үн қатып.
Атам енді ғана адымдай берген, қалт тоқтады да, ұрлық
қылған адамдай ыңғайсызданып күбіжіктей міңгірледі.
— Жай,— деді сонан соң. — Құйын боп ұшып
келдің бе, түге.
— Балықтар түскі үзіліске шығып кетіпті, — деді
қалжыңдаған Төкен.
— Солай деңдер. Ал мен мына жерді ары-бері
ойқастаумен жұрмін. Дүние шіркін бүгін барда ертең
жоқ, — деді күрсінген атам. Төкен екеуміз елең етіп,
атама жақындай тұстік. Қабағы қатулы, ойлы пішін.
Бозаң тартқан мұртының түгі тікірейіп кетіпті.
— Осы жатқандардың дені кеше ғана көз көрген, тіл
қатысқан жандар еді. Құдай жөні. Топырақ бұйырды,
— деді атам сөзге келіп. Әлгі жар дегенде жалғыз ұл,
қала-қала деп жер тепкілеп, ақыры дегенге жетті. Осы
жерге талай рет ертіп келіп ем.
— Ғазизді ме? — деймін атама.
— Иә, соны. Ыңғайымды түсініп ұзамас деп ем. Ел
өзгерді, заман басқа. Уһ...
— Ата, ата. Маған айтыңыз. Мен бәрін түсінемін,
— деймін атама жаным ашып. Ол әп-сәтте өңі жылып
маған бұрылды.
— Құлыным, түбі сенен бір нәрсе шығады. Тіліңнен
айналдым, — деді атам еңкейіп маңдайымнан сүйіп.
— Түсінгенің дұрыс. Ғазиз сияқты шу қарақұйрық,
басың ауған жаққа тартып кетіп жүрмейсің бе?
— Бесқайнардан ешқайда кетпеймін, ата, — деймін.
Атам ойланып қалды. Аң-таңмын.
— Онда саған айтар атаңның аманаты бар. Мына
Төкен досың куә, — деді атам сабырлы қалыпта, маған
бұрылып.
— Бөгелмеңіз, ата, — деді Төкен жанып түсіп.
— Әй, балалар-ай. Мына атаң ауылдан алшақ
жатқан Байтулақ жерінде несі бар деп ойлайсың.
Айналшықтап шықпай жүрген жоқпын ба? — деді ол әңгімесін жалғастырып. - Адам деген дүниеге келіп ке тер қонақ. Бүгін бала, ертең жігіт. Одан арыда ел ағасы, ауыл ақсақалы. Сонан соң о дүниенің еншісі. Атамның сөз төркінін түсінбей Төкен екеуміз аңтаңбыз. Асығар емес. Шыдамымыз таусылып барады. — Ары қарай, ата, — деймін жеделдетіп. — Асықпа, балам. Асығыс түбі өкініш, — деп атам тиып тастады. — Айт десең айтайын. Ары-бері сенделгенімді көріп таңданған да шығарсыңдар. Бірақ, мен өзімнің құтты орнымды белгілеп жүрмін. Иә, солай балам. Атам сәл бөгелді. Тұңғиық жұмбаққа тағы тірелдік. — Атаң мәңгілік емес. Ертеңгі кұні көз жұмып кет сем, мына Көктайдың жанына жерлеңдер. Бұл саған аманат, балам. — Ата, ата сен өлмейсің. Жамандықты шақырмаңыз,– деп мойнына асыла кеттім. Атам күлімсіреді. — Сенің әміріңді орындар-ақ едім. Оған амал қайсы. Өмірдің заңы ғой, балам. Қазір өлсем де арма ным жоқ. Сендер барсыңдар. Туған жердің топырағы бұйырмай, талай боздақ дәмі біткен жерде сүйегі қурап қалды емес пе? Пау, дүние-ай. Бәріміз үнсіз күйі, арба тұрған жерге беттедік. Атам ендігі сәт маған қуанышты көрінді. Ыңылдап жүріп биені жегіп, бізді жерден тік көтеріп апарып, әлгінде ғана шапқан жас шөптің үстіне қондыра салды. —Әу, әлгі лақтай сазандарың қайда? — деді Төкенге бұрылып. Маған атамның сыры енді белгілі еді. Шөпті сылтау етіп, Байтулақтың маңайына екі айдың бірінде сабы
латынына да себеп бар екен. Күн ұзын ата жұртымен
сағынысын көрісіп, сырласып қайтатын сияқты. Туған
жердің топырағы деп тебіренуі сондықтан шығар.
—Ататай, аманатың орындалады. Тек әзірге өлмей
менің жанымда жүре тұршы, — деп дауыстағым кеп
кетті. Сонау қиырда Байтулақ алабы қарауытып қалып
барады.
ҚАРАҚУЫСТЫҢ ЖЕЛІ
Бекзат ағам керуендей созылған ақбас Алатаудың
шыңдарына сүйсіне қарап отыр екен. Әлгінде ғана күн
көкжиекке шым батып, құбыла бет өрттей алауланып
тұр еді, енді реңі солғындана бастапты. Бет қаратпас
дөңгелек шоқ - бақыр күн ұясына жартыкештене батып,
таулы беттен аңызақ жел ескен.
«Қарақуыстың самалы соқты. Ертең күн ашық бола
ды. Суықтан көтеріліп кетесіңдер», деді ол қуанышын
жасырмай. Ағай түнімен көз ілген жоқ. Ыстығы
көтеріліп, күрк-күрк жөтелуі бір толастамады.
— Әй, сығыр қылған құдай-ай! Осы малы
құрғырдан басқаны аузыңа алмаушы ма едің. Жайлауға
бір жетерміз. Онан да денсаулығыңды түзеп алсаңшы,
— деді апам кейіп. Кешегі күні тал түстегі долы әйелдің
ашуындай бұрқ-сарқ боп жер-дүниені дүрліктірген
нөсер ағайымды өрістен келе-ақ төсекке алып ұрған.
— Қойды екі жақтап айдағанда құда да, құдағи да
тыныш болатын еді. Ауылда басы қалғандай қаңғып,
— деп апам Жұмажанға шүйілді. Көмекші шопан
қой бағып кеткен. Өзі естігенде Жұмажан қасын
керіп, кірпігін жиі-жиі қағып, өті жарылардай, аузын
қомпаңдатып біраз тулайтын еді.
— Әй, апа-ай, ниетсіз істеген жұмыстың берекесін
қайдан іздейсіз. Сол пәлеге тиіспеші. Қолқанатым - Ба
тыржаным бар. Бәрі орнына келеді, — деп сөз аяғын
бітірмей Бекзат ұзақ жөтелді. Апам кінәсін сезді білем,
құрт езіп отырған астаушасын тастай беріп, тысқа
шығып кетті.
Бекзат сәлден соң басын көтерді.
— Батыржан-ай, апамның ашуы қиын. Бетіне
келсең, жағдайдың қиынға айналғаны. Ерте қамдап,
жайлы қонысқа жата жастанбаса, малдың қоңын түсіріп
аламыз. Ертең ерте аттаныңдар, — деді ол.
— Өзіңіз ше? — деп ағайымның бетіне қарадым.
— Құдай кеселінен сақтаса, жамбасқа инесін біраз
сұққылатып ап, арттарыңан мен де жетермін. Әйтеуір
малды көзіңнен таса қылма. Жұмажанға сене берме.
Берекесіз - деу ғой, ол ағаң.
Мен басымды изедім. Бекзат шашымнан сипады.
Жұмажан сүйек туыс адам. Жасы отыздың ар жақ-бер
жағында. Түрмеге бір жыл отырып келді деген қауесет
бар. Сонау күзде Бекберлі зоотехник машинасына сап
алып келіп:
— Әу, Бекзат, туысыңды таптым. Көмекшіге жа
рымап едің, — дегенде, апам:
— Е, әлгі жуас қайнағаның баласы екен ғой. Құдай
жөні. Ел-жұртың аман ба? Ал жүрексінбе, төрге шық,
өз үйіндей көр, — деп қауқалақтай қарсы алған. Бірақ
амал не? Ауызекі әңгімеде апам да, жеңгем де, Жұмажан
десе түрпідей жиырылады. Бекзат ағайым Жұмажан
кеше ауылға барып оралғанда, қабағын шытып:
— Малды жайлауға айдасып салуға көмектес.
Өтінішім болсың. Кейінгі жайды өзің шеш. Басың жас.
Бұл мал шіркінге шыдау да оңай емес. Қазан қайнататын
күшің бар,—деген. Жұмажан қуанып кетті.
—Бекзат аға ішімдегіні айтпай сезеді, — деді ол
көздері күлімдеп.
Сөйткенше, қазақ үйдің алдына дүр етіп машина кеп
тоқтады. Есігінде медициналық қызыл крест белгісі бар.
— Праш келді, — дедім апама, қуанып есіктен бас
сұққан күйі.
— Ауырған жеріңді дұрыстап айт. Ауруханаға бар
маймын деп қиғылық салма. Білем ғой, сенің мінезіңді.
Апам сөз аяғын сыбырлай бітіре, үйге дәрігер кіріп
келді. Өзіміздің ауылдағы Арнайдың Қалибай деген
жалғыз баласы. Мұртын едірейтіп, ағамды көйлегін
шешіндіріп төсекке жатқызып, ары-бері қарады да:
— Екі өкпеңізге суық қатты тиіпті. Алып кетеміз,
— деді. Апамның сондағы сөзін естісең.
— Әкетіңдер, балалар. Дүние деген жел қайық. Бар
тіршілігі бір күнгі денсаулығына жетпейді.
Бекзат ағам әп-сәтте киініп боп, сыртқа беттеді.
—Батыржан, ерте тұр, қолқанатым. Малыңа бас-
көз бол, —деді қолын ұсынып.
—Іске сәт. Қарақуыстың желі соғып тұр ғой...
Кенеп қорапты машина бел аса, қойдың алды қазақ
үйге жақындап келген еді.
* * *
Кірпігім ілініп кетіпті. Бетімді сипаған жел тұр-тұрлап
жатқандай. Қарақуыстың желі. Таң құланиектеніп
келеді екен. Таңғы шапақ күңгірт аспанның қиыр
бетіндегі жиекке түсе бастапты.
— Аға, таң атты, — деймін қой шетіндегі ырдуаңды
арбаның үстінде, қалың көрпені қымтана жамылған
Жұмажанды оятып.
— Ау, — дейді ол ұйқылы-ояу.
— Қойды айдау керек.
— Астыңнан су шықты ма, ей, — дейді ол кейіп.
— Күн салқында Суыққа жетейік. Бекзат ағам со
лай тапсырған.
Жұмажан да енді үнсіз қалды. Аяқ астынан апамның
сап ете қалғаны мұндай жақсы болар ма?
—Ой, бәле! Қырық күн жортқан қас батырша мына
сы несі, — деді ол ренжіп. — Тұр-тұрдан хабар келсе,
ұйқыдан маза кетеді.
—Жұмажан кеудесін көтеріп, ауық-ауық есінеп ап,
«ауп» деп орнынан әзер тұрды.
—Міне, сусындарың. Қоржынның ішінде нан,
майларың бар. Шай қайнатып ішіңдер. Шабдардың
қанжығасына байла, — деп апам да жайына кетті...
Көк мүйізді теке бастаған топ ешкі орнынан қозғалып
еді, қойлар соңынан ерді.
— Жолдарың болсын,– деп дауыстады апам. —
Қойдан айырылып қап жүрмеңдер.
— Жарайды, апа, — дедім мен дауыстап.
* * *
Тау сілемдері жақындай тұсті. Әлгіндегі сансыз
сарбаздай қараң-құраң еткен тобылғының түбіртегі,
шоқ-шоқ қарасора әзірейіл түсінен айрылып, айқындала
бастады. Табиғаттың өзі ғажап суретші-ақ. Алып
далаға мынау ғажап тауды қалай ғана әкеп қондыра
салған. Сонау биіктен құлап, сай-сайды қуалап,
төменге атылған күркіремені айтсаңшы. Қып-қызыл
тасты қашап, ғажап арна жасап алыпты. Керемет деп
осыны айт. Қарақуыстың үңгірін қара. Ал сонау биікке
өрмелеген шырша, қарағайлар ше. Ғажап, Жоңғардың
сонау найза шыңдары алып қарияны елестетеді.
Ғасырлар бойы өткінші өмірдің қиғылығын бастан
өткеріп, шашы ағарған-ау.
– Әй,Бекзат! — деді атын тебініп жаныма жақындап
келген Жұмажан. — Жарты сағатқа Сағадағы елге ба
рып келейін. Қойды сонау биікке айдау деген оңай ша
руа емес. Адам тауып әкелемін.
Мен келіскендей бас изедім.
— Сайдың табанына қойды иіре тұр. Мен де
жетермін, — деп ол атына міне қамшы басты.
— Тау әлі жеткізер емес. Бұлттан шыққан күн ащы,
көз аштырмайды. Осы сәт Қарақуыстың салқын самалы
да тына қалды. Қой да кәнігі әдетке басып, ұйығып,
жылжуы шабандай бастады. Консервінің қалбырынан
тізбектеп жасаған сылдырмағымды сылдырлатып ары-
бері аласұрып шауып жүрмін. Күн ысып барады. Әлгінде
Жұмажанға «өзіміз де жетеміз» деп айтпақ боп тұрдым
да, әп-сәтте «көмекке адам әкелемін» деген соң, айнып
қалғанымды қарашы. Көңілшектіктің арты бейнет деуші
еді, апам. Шындығында жеті жүз қой, — бір отарды
жайлауға айдап әкеле жатқан мына мені ер десеңші.
Сәлден соң артыма жалтақтай бастадым. Жұмажан
жым-жылас.
Суықтың
жақпар-жақпар
құздары
жақындаған
сайын
ұшуға
қомданған
самұрық
құстай сұстанын барады. Жұрттың «Суықтан ассаң
сұрағанынды берейін» деген сөзі есіме түсті. Ұшар ба
сына көз тіксең қалпағың түсетіндей.
Біраздан соң терең сай «аузын» айдаһардай ашып
бізді жұта берді. Бұралаң-бұралаң таудың соқпағы.
Биікті бетке алған көктеке. Күн сай табанына шақырая
түсіп, төбеден төніп тұр. Жұмажан әлі көрінбейді.
Шеңберше алаңқайға жақындай бере кес-кестеп
көктекенің алдына шықтым. «Оу, жол бастаушы. Са
быр ет. Алдыңа көз тастасаңшы. Тік асу жатыр ғой.
Әлгі қаңғыбас Жұмажанды күтейік. Келіп қалар»
деймін көктекеге сөйлеп. Аттан түсіп, сусыннан ішіп,
мандайымдағы терімді бір сыпырдым. Ат көрпемді
жамбасыма сап, жантая кеттім. Жолбарыс пен Тұйғын
да жақындап кеп, көп тобылғының көлеңкесін панала
ды. Қойлар да бір-біріне басын тығып, мызғып кеткен
дей. Күн төбеде тұр.
— Тұр, ей, тұр. Жатысын мұның! Таң атпай
тықыраңдап ең! — Көзім ілініп кетіпті. Кербестінің
үстінде маған төне қарап Жұмажан тұр. Орнымнан
атып тұрдым. Жұмажан тарқылдай күліп жіберді.
— Әй, қой баққан түрін! Бір-екеуін тастың тасасы
на тастай салсам, мына түріңмен ештеңе білмейсің ғой,
— деп ыржалақтады Жұмажан. Өне бойым дір етті.
Мұндай әзілді көмекші шопан айтпаса керек. Жанында
көзі тұздай, шашы тікірейген, қоңқақ мұрынды әлдекім.
— Әй, Қарабай, жинал. Айдадық қойды, — деді
Жұмажан салған жерден. Жүзінде мысқыл табы.
— Мен Қарабай емеспін, — дедім.
— Онда дұрыс екен, — деді ол тағы мырс етіп.
—Жоспар былай. Атың мықты. Көктекені, Батыр
жан, сен айдайсың. Қой соңынан біз ереміз. Жолдан
шығып кетсе, айырылып қалуымыз мүмкін.
Сайдың арнасымен белеңге өрлейтін жолдың қос беті
жақпар-жақпар тас, тіп-тік жар. Артынан қысым сап
айдаған Жұмажан мен бейтаныс жігіттің айқайынан соң
жолға сыймаған бірер қой-ешкі лықсып қабаққа шығып
кетеді де, еркіндік ап, шөп жұлып жеп, биікке қарай
өрледі. Оларды қайыру керек. Асудың ауыры да осы.
—Әй, көктекені тоқтат, — деп айқайлайды төменнен
Жұмажан. Арттағы қою шаңнан екеуін ажырату қиын.
Сәлден соң шаң басыла Жұмажан бөлінген малды қуып
түсу үшін жоғары өрлеп бара жатты. Ұзын қамшыны
сартылдата үйіріп әлек. Қой атаулыға жан керек. Ары-
бері қашып әуреге түсіреді. Жұмажанның аузынан ақ
ит кіріп, көк ит шығады.
—Тезірек айда, — дейді сонан соң.
Көктеке алғашқыдай арынды емес. Тік қияға өрлеп
көр. Шабдардың да ақ сорпасы шықты. Кей сәтте ат
тан қарғып тұсіп, айқайды сап, сылдырмағымды сыл
дырлатып біраз жер ұзатып сап, шабдарға қайта орала
мын. Артыма қарасам, түк көрінбес қою шаң.
Суықтың басына ілінуге аз-ақ жер қалған. Көктекені
ұзатып сап, атыма оралып келе жатқанмын.
—Қимылда, — деген Жұмажанның жарықшақ үні
естілді. Құлағым елең етті. — Қарабайдың қарасы
үзілді. Бол! Тез!
Төменге қарай ұмтыла жаздап, өзімді-өзім әзер
тоқтаттым. Ойда жоқта қылаң берген күдік бұлты
сейіліп сала берді. Қойды тезірек айда дегені шығар,
Жұмажанның. Төменге көз жүгіртсем, қос қарайған,
барынша дауыс сап, қойды қаусырмалата айдап келеді
екен. Маңдайымнан саулаған терді ауық-ауық қолдың
қырымен бір сыпырып тастаймын. Көзім ашып барады.
Қолымды көлегейлей биікке қараймын. Суықтың басы
таяқ тастам жер сияқты. Бірақ жеткізер емес. Апамдар
айналма жолмен машинамен көшіп кеп, қазақ үйді тігіп,
сары қымызды сапырып, екі көзі төрт боп, бізді күтіп
отырған шығар-ау.
Күн тас төбеден ауып, белдің басқа бетіне аунап түсті.
Асу енді анық көрінді. Суықтың басына шығуы үшін құз
- қияны, жақпар-жақпар тасты, әзірейіл тұмсықтарды
айнала беріппіз. Қою шаңнан байқамаппын. Құбыла
бетіміз терең шатқал екен. Табанда долдана аққан
Күркіременің суы, сынық айнадай жалтырайды.
Көктеке бастаған бір отар қой Суықтың төбесіне
шыға, жайлаудың шүйгін шөбіне ауыз салған. Оң
жағымда Жұмажан да, сол жағымда бейтаныс жігіт.
Қоржынды ортаға алып жамбастап жатып, қымызды
сілте кеп. Бейтаныс көйлегін шешіп, мәйкішең отырған.
Үсті басы көкала жазу. Қыздың басы, ирелеңдеген жы
лан. Дөңес қабақтарының астынан жылт-жылт еткен
жылан көздері айналаны тінте қарайды екен.
— Ал, Күке, қайтасың ғой, енді, — деді бір сәт
Жұмажан.
— Батыржан, ағаңның еңбегінің ақысын төле.
Қапелімде сасып қалдым. Мұндайды кім білген. Бей
таныс үнсіз. Қалжыңы емес, шыны сияқты. Маған
көз қиығын сап қояды. Ойыма интернатқа барған
соң, қарның ашса бірдеңе-бірдеңе сатып аларсың деп
тыққыштаған апамның он мың тенге ақшасы түсті.
— Мінекиіңіз, — дедім бейтанысқа ұсынып.
Жұмажан жанып түсті.
— Жігіт! Жарадың, Батыржан! — деп қуана дауы
стады ол.
— Күке, мен де сізбен бірге ауылға барып қайтайын.
Зарплат берген жоқ. Бес-алты пашке темекіге сіздің
олжаңызға жармасып дегендей. Бейтаныс басын изеді.
— Асулыға дейін жер тегіс. Қазір шай қайнатымда
жетіп барасың. Апаң күтіп отырған шығар. Көктекені
алдыға сал да, жүре бер.
Шыны керек, Жұмажанның да, Күкеңнің де енді
маған қажеті жоқ еді.
—Мақұл, — дедім.
Екеуі тұрған күйі күбір-күбір сөйлесіп сырт айналды.
—Сіз мықты екенсіз. Жоғарыдағы қара тас төмен
қарай домаласа, қайда қашып құтыласыз. Әсіресе, ана
екі тас жұп-жұмыр екен. Зәрем ұшты.
Жұмажан оған мәз.
Ойыма бір күдік сап ете қалды. «Қызық» екен деймін
аспанға қарап, шалқамнан жатқан кұйі. Қараптан қарап
қара тастарды төмен қарай домалатқанның несі күлкілі?
Үйдей тасты құлатуға күш қайда. Қалай-қалай
құтыртады. Бұдан әрі шыдамадым, орнымнан атып
тұрдым. Бәрі де түсінікті деп айқайлағым кеп кетті.
«Қара тасы - қой». Бейтаныс Жұмажан екеуі жұп-
жұмыр екі қойды олжалаған. Мені балаға санаған ғой
тегі. Жұмбақтай сөйлеуін бұлардың. Жұмажан нағыз
арам тамақтың өзі. Жөні түзу адам елге сиымды болушы
еді. Шабдарды тұсамыстап, төмен қарай құлдиладым.
«Қимылда, Қарабайдың қарасы өшті» деп айқайлаған
тұсқа да жеттім. Аттан түскен екеу көрінді. Бейтаныс
бейқам. Жұмажан ауық-ауық артына карап қояды.
Міне, досы беткейге кілт бұрылды. Содан бүкшеңдеп
әлде нені тарта бастады. Артынша дөнен қойды сүйрете
сай табанына түсті. Ызадан жарылып кетердеймін.
«Арамзалар» деймін ішімнен. Ойлағаным дәл келді.
Әп-сәтте әлгілер аяқтары тұсалып байланған екі нән
қойды атқа өңгере бастады. Иығымдағы ағамның қос
ауыз мылтығын қолыма алдым. Ұрыларға қарай құстай
ұштым. Арамыз он-он бес қадамдай жерге де жеттім-ау.
Мен биікте, олар төменде. Өздерін ұшып-қонып жүрген
жынды көбелек дерсің. Қойды өңгеріп тайып тұрмақ.
Бұдан әрі шыдамадым. Мылтықтың шүріппесін тартып
қалдым. Көк түтін бұрқ етті, сай іші жаңғырығып кетті.
Жұмажан бақырып жіберді.
— Ұрылар! — дедім дауыстап. — Кәне, қойды
тастаңдар!
— Әй, бала, — деді бейтаныс маған жалт бұрылып.
— Мойныңды бұрап, ана сайға лақтырып жіберемін...
— Ағаңның мінезі жаман, ойбай. Аман-сауыңда
қойға бар, — дейді Жұмажан ұялмай қызармай.
Бастарынан асыра мылтықты тағы да атып жіберіп
едім, батырларға жан керек екен, қойды тастап,
құйрығын қысқан қасқырдай тайып берді.
Екі ұрыны біраз жер ұзатып сап, сай табанына
түстім. Екі қойдың аяғын шешіп жолға салып, биікке
өрлеп келемін. Сақтықты да ұмытқан жоқпын. «Жау
жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме, бөрік астында».
Сәлден соң Суықтың үстіне іліндім. Көктеке бастаған
отар ұзай қоймапты. Өн-бойым сергіп, салқын самал
жүзімді өпті. «Жарадың, Батыржан», дейтін сияқты.
Қарақуыстың желі соғып тұр.
АҚ ӘЖЕ
—Әй, балалар! Байшуақтың биігінен төменге қарай
көз салыңдаршы! Анау Қаракөз бойындағы қалың ағаш
жақтан бері қарай өрілген қасқа жол көріне ме? Ша
тырдай кимешегін киіп, орамалын қайта тартып, Шаб
дар биенің жорғасымен менің ақ әжем келе жатыр ма
екен?..
Өзіме де обал жоқ. Әбілғаппардың айтқанына
сенгеніме жол болсын.
— Анау ақ басты Алатауды көрдің бе? Соның ба
уырында Талды деген қала бар. Оны жүзім шаһары
дейді. Дүниедегі жоқтың бәрін табасың. Футбол
добының неше түрін сатып аласың (Өзің, бұрын сол до
пты неге ғана алмағансың деп сұрасам ше?). Ертең әкем
екеуміз машинамен барамыз, — деді ол. Мұндайда мен
шіркіңде ес қала ма?
— Ала кетесіңдер ме? — деппін.
— Тәртібің біледі, — деді ол сырбазданып.
— Түсінбедім?..
— Түсінбейтін ештеңе жоқ. Ақ әженің қажекейінің
қалтасына бір сүңгіп шық. Қалаға барған адам текке са
пар шеге ме? Балмұздак, жүзім, алма жейді. Доп сатып
алады. Ал оларды ешкім текке үлестірмейді, — деді
Әбілғаппар.
Қитыға қалдым.
—Жүретін аяғым, сермейтін қолым бар. Көзім
қиядағыны көреді. Есім дұрыс. Алтыншы класстың
үздік оқушысымын, - дедім қырсығып. Ол көмекейін
көрсетіп, қарқылдап күлсін кеп.
— Пах, пах! Мынау қалай-қалай сілтейді, ей! Ал,
қойдық. Дайындал, — деді ол сонан соң. — Ертең таң
бозынан жүріп кетеміз.
— Түнімен қос бүйіріме кезек-кезек аунап шықтым.
Марғау басып, ұйықтап қалып, Әбдіғаппар шу деп кетіп
отырса, шараң қайсы? Мен сияқты, бұл бөлмеде кірпігі
айқаспаған тағы бір адам жатыр. Ол менің биыл сексен
ге толған ақ әжем.
— Әй, құлыным-ай! Желіктіріп жүрген әлгі
көршінің қара шотпағы-ау. Пау, Азанбек, Сазанбек,
Қазанбек. Беу, Алла-ай! Құдай жөні. Бара ғой,
жаным, — деген ол бар жайды түсіндіріп, құшағына
құлай кеткенімде. Осы үйдегі бар адамның атын атауы
әжемнің әдеті. Азанбегі-менің әкем. Сазанбегі оның
інісі, Қазанбегі жоғары класта оқитын менің ағайым.
Бұл жолы әйтеуір Күлзипа, Ұлзипа, Жарқынай
дегенді ұмыт қалдырды. Олар менен үлкен әпкелерім.
Шешемнің аты - келін. Әжем оның есімін ұмытқалы
қашан. Мүмкін, есіне түсіре алмайтын да шығар.
— Е, қалаға барған соң баяғы көпестердей сауда
жасайсың ғой, келістіріп, — дейді әжем енді басымнан
сипап.
— Айдайтын малың, сататын тайың қайда?
Мен түсінбей, әжемнің, бетіне қарадым. Ол
мейірлене күлді. Әжімдері Қаракөздің жағаға қайтқан
толқындарындай жиіленіп, ондайда көзінен жас ағады.
— Қалаға барған адам сауда-саттық жасайды.
Пұлың мол шығар. Ақшаң дегенім ғой, — дейді әжем.
Оның менімен әзілдескені.
— Әжесі бар адамның, ақшасы да мол болмай ма?
— деймін оған еркелей.
— Құдай құлағыңа сыбырлаған-ау сенің. Кіп–
кішкентай жүрегім менің! — деді әжем мені қапсыра
құшақтап.
— Ақша жетеді. Моншағым менің....
Әжем «үйбай, белім» деп бір ышқынып қап,
қиралаңдай орнынан тұрып, абдыра сандыққа беттеді.
Шешемнің әншейінде «үйдегі үлкен адам қазына ғой»
дегені шын екен. Әжем сарықұлақтармен қалтамды
толтырды да салды.
—Құлыным-ау, қаладағы жиендерің қырық
серкешін сұрап жүрмесін. Қалтаңды түйреуішпен
түйреп ал, — дейді.
Әжемді тағы да түсінбей қалдым. Бетіне қарай
беремін.
—Пәлі, соны да түсінбейсің бе? Адам дегеннің бәрі
бірдей бола бермейді. Аласы, құласы кездеседі. Жиен
дегенім - қалтаға түсетін ұры-қары ғой, жаным, — дейді
ол.Ал енді күлмей көр.
— Қарғам - қара қозым. Кешкісін қайтасыңдар
ғой? — дейді дәміл-дәміл сұрап.
— Әттең-ай, мына кәрілік атты қонақтың түстене
қалғанын көрмейсің бе? Әйтпесе, сенімен бірге еріп
кетпеймін бе? Әлгілерден адасып жүрме? Машинадан
байқа. Сенсіз, менің күнім не болмақ...
Әжемнен қашқақтап, сыртқа шығып, қайта кіремін.
Бірақ әжемнің сөзі таусылар емес.
Міне, қазір де төсегін шықырлатып ары-бері аунай
ды кеп.
Әбдіғаппардың ерте кетеміз дегені жалған боп
шықты. Машинамен Талдыға баратын адам саны онға
жетер-жетпес екен. Дені мұғалімдер. Әбдіғаппардың
әкесі мектептің машинасын айдайды ғой. Гүж қара
Тәсібек мұғалім Әбдіғаппарды машинаның үстіне
шығарып, кабинаға өзі отырды. Әлгінде, әжем машина
кеп есік алдына тоқтағанда:
— Құлыным-ау, сені де адам санатына қосты-
ау, мына жұрт. Әйтпесе, осында іздеп келе ме? Ал,
жолың болсын. Әй, шопыршы бала. Машинанды көзіңе
қарап айда. Әлгі харам су ішпе, — деп таптап-таптап,
ант су ішкізгендей жасағанда, ұялғаннан жерге кіріп
кете жаздадым. Жанымда қорап ішіндегі орындыққа
отырғандар:
— Қайтсін-ай! Немере деген оттан ыстық қой, —
деседі. Әбдіғаппардың әкесі де тілге пысық адам болса
керек:
— Ақ әже-ау. Әміріңізге құлдық. Балаңды басы
на шаң қондырмай, үйге кешкісін алып келемін. Бірақ
немереңіздің тұңғыш сапары атаусыз қалмас, — деді
әзілдеп. Әжем құрақ ұшты.
— Болсын, балам, болсын. Атаған соң, одан аяр
ештеңем жоқ. Осы тобыңмен тура біздікіне келіңдер.
Қазан аузы жоғары, — деп жік-жапар болды да қалды.
Қарауылдан асып түскен қасқа жолмен зымырап
келеміз. Жан-жағыма көз тастаймын. Біздің ауыл
еңісте жатыр екен. Әншейінде, байқамаппын. Ағашы
мұнша көп пе еді. Көкпеңбек бауға оранып жатыр.
Анау біздің мектеп. Одан беріде мәдениет үйі. Машина
қорасы. Былайғы бет сары балақ егін танабы. Құртша
жыбырлаған сағым кілкіп тұр. Ауылға қарай тартылған
электр бағаналары. Машина үстінде отырғандарға
көз астымен ұрлана қарап қоямын. Оң жағымдағы
ши қалпақты Тілеубек ағай, жағрапияның мұғалімі.
Қолында торға салған түйіншегі бар. Шамасы ауруханада
жатқан біздің сыныптың жетекшісі Ләтай апайға бара
жатқан шығар. Одан кейінгі Ләтипа мен Күнсағила.
Азық-түлік дүкенінің сатушылары. Яғни, бүгін күн
сенбі. Олардың демалысы... Анау сақалы беліне түскен
шұбар шал, Батырбайдың әкесі. Мен білсем, баласы
тағы бір бұзықтық жасап, істі боп жүр-ау. Кеше шешем
сөз қып отырған. Өйткені, қарттың қабағы қатыңқы.
Әлде не десең, дүңк етері сөзсіз. Мына Махмұттың
жүрісін не деп ұғу қажет. Е, баласы әскерден келеді
деп жүрген. Қуаныщ қып той жасамақ қой. Соған
азық-түлік алады. Іркесіп-тіркескен дүние ғой, әжем
айтпақшы. Әбдіғаппарда тыным жоқ. Кабинаның желке
терезесінен қарап, машинаның жылдамдығын тексеріп
келеді. Маған алты саусағын көрсетіп мәз-мейрам.
Сағатына алпыс шақырым жылдамдықпен зулады
дегені шығар. Қаперінде ешнәрсе жоқ. Сонысына мәз.
Гуілдеген жел. Ышқынған мотор үні.
Асфальт жолға шыққаннан кейін машина екпінін
жылдамдата түсті. Әбдіғаппар саусағының сегізін
көрсеткен.
— Машинаның моторы жаңа. Жүзіңді қиналмай
алады, —деді Әбдіғаппар құлағыма сыбырлап. Сөйткенше сол жақ беттен үлкен ЗИЛ қабаттаса қуып жетіп, сырнайлатып белгі берді. — Мынаны қарашы, ей. Еп-ескі машинаның ты раштана қалуын,- деді енді қорланған Әбдіғаппар. ЗИЛ бұл кезде озып алға түскен. — Әке! Бас! Мына жаманнан қаласың ба? — деді Әбдіғаппар дауыстап. Осы бір сөз әкесіне намыс бо лып тиді ме, кім білсін, машина ыңырана түсті. Енді тек желдің ысылдаған дыбысы естілді. — Әке! Таяп қалды. Көрейін батырды. Көкесін та нымай жүр екен. Біздің машина құйындай ұшып, қуып жетті де, оза бастады. Ескі машинаның шофері де бір әулекі екен. Бізді алға жібермеске тырысып, ол да ышқынсын кеп. Құдды бәйгеге түскендей қос машина бір жолға қатар тұрып жарысып келеді. Жүрегіме қорқыныш ене баста ды. —Мыналар жыңданған шығар,- деді Батырбайдың әкесі әбігерленіп. —Әй, қойындар, түге. Бірақ екі шофер қояр емес. Сөйткенше белеңге көтеріле берген біздің машинаның қарсы алдынан он бес-жиырма метрден «Жигули» шыға келді. Машина оқыс тежелгендей болды. Артта отырған Батырбайдың әкесі мені құшақтай жығылған. Одан кейінгісі көрген түстей. Кәдімгі жардан суға сүңгігендей, аспанда қалықтай жөнелдім де, қалың жусанды жерге гүрс еттім. Қолдарыммен жер тіреген сияқты ем. Қалай екені белгісіз, екі-үш аунап тұрдым. Жан далбасамен артыма қарап, алдыма қарай жүгіре беріппін. Не көрдім десеңші. Біз мінген машина есік пен төрдей жерде қаңбақша домалап, екі-үш аунап барып,
гүрс етіп төрт аяғынан тік тұрды. Бар дүниені ұмытып,
енді машинаға қарай жүгірдім. Әлгіндегі қорапта отырған
адамдарды іздеймін. Сөйткенше ырсылдап-гүрсілдеп
машинаның алдыңғы қос дөңгелегінің астынан Тәсібек
сүйретіліп шығып келеді. Шекесінен қан ағып тұр.
—Амансың ба, қарағым, — дейді.
—Көріп тұрсыз ғой. Аға, қалғандар қайда? —
деймін. Тәсібекте үн жоқ. Машинаның кабинасының
есігін тепкілеп жүріп, Әбдіғаппардың әкесі көрінді де,
есі шыққаны соншама:
—Құрыдым, — деп жерге отыра кетті.
О, сұмдық! Ләтипа, Күнсағила, Әбдіғаппар үшеуі
бізден оншақты қадам жерде, астарына жайған
көрпемен бірге ұшып кетсе керек, естері ауып, отырған
орындарынан жылжыр емес.
—Тілеубек аға қайда? — деймін.
— Іздесеңші, — дейді Тәсібек шекесінің қанын
сүртіп. Жолдың ернеуінде қолымен жерге сүйенген
Тілеубек көрінді. Жанында кеспелтек бөренедей боп,
басы қан-қан Батырбайдың әкесі жатыр. Жүгіріп жет
кен бойда қарттың басын сүйей бердім.
— Әй, балам-ай, мұның не? — деді ышқынған
қария. Сөйтті де, көзі алайып сала берді. Қос қолым
иелік бермей селкілдеп жөнелді.
—Батырбайдың әкесі, — дей беріппін.
Жолдың ары-берісіне машина толып кетгі де,
көмекке ұмтылғандар бәрімізді қолтықтай автобусқа
отырғызды. Ыңқылдап-гүрсілдеп, шырқыраған адам
дар. Байқауымша, ортамызда Батырбайдың әкесі жоқ.
Одан кейінгісі елес сияқты.
Ауруханаға әкеп дәкемен жаралыларды байлағаны
еміс-еміс есімде.
Менің бұғанам сынып, бет-жүзімді қурай сыдырып
ты. Ет қызуымен ештеңе білмеппін. Тілеубектің жам
басы шытынаған. Тәсібектің шекесін әлдене жарыпты.
Әбдіғаппар, Ләтипа, Күнсағиланы, әжем айтпақшы,
құдайым бек сақтаған. Шопыр дін аман. Махмұт басын
байлап алыпты. Батырбайдың әкесі көз жұмыпты. Егер
машина қорабының артқы есігі ашылып кетпесе, тірі
қалуымыз екі талай екен. Бір-ақ сол есік Батырбайдың
әкесінің ажалына көрініп, қарақұсын талқандап кетіпті.
Жан тәсілім қылғанын өз көзіммен көрдім. Мұншама
сұмдықты бастан кешіп болар ма?
Кешкісін иін тірескен Қаракөз жұрты Талды
ауруханасының ауласына толып кетгі. Дәрігерлердің
шешімі бойынша, палаталарға кіруге рұқсат жоқ. Те
резе көзіне таласқан жұрт өз ағайындарын тірі көруге
тырысуда. Соның бірі көзінен жасы домалап еңіреп
жүрген шешем мен әкем.
—Қалайсың? — дейді.
—Бас бармағымды шошайтамын. Екеуі мәз боп
күледі, біресе жылайды.
—Әжем қайда? — деймін.
—Ауылда қалды. Сен сауыққан соң, өзім арбамен
алып кетемін, — дейді әкем.
—Сәлем айт. Мені ойламасын.
Олар бас изейді. Естуімше, ел сол күні Батырбайдың
әкесінің сүйегін ауылға алып қайтыпты. Бірақ баласы
көрінбепті.
* * *
Адам ауырмасын деңіз. Иығымды гипстеп тастаған.
Зілдей. Бәрінен де жан таптырмай қышығанын
айтсаңшы. Бетімнің жарасы қара қотырлана бастаған.
Біз мұңда келгелі көзді ашып жұмғанша төрт күн өте
шығыпты. Кереуетте демалып жатқанбыз. Ұйқы
қайдан келсін. Бұл кезде ауруханада адамның басқан ізі
білінбейтін тыныштық. Ешкімді қабылдамайды. Ойда-
жоқта дәлізден әлденеге керілдескен дауыс шықты,
үдірейе қалыстық. Шаң-шүң. Сөйткенше қолында
қамшысы бар, ақ жаулықты, менің ақ әжем біздің
есіктен кіріп келді.
—Әже! — дедім бар даусыммен.
—Құлыным! Тірі екенсің ғой. Көзімнің қарашығы...
Әжем кемсенңдеп жылап, бет-жүзіме қарамай сүйіп
жатыр.
—Тілегім ақ еді ғой. Ойбай-ау, сені жерге тапсырып,
мен қайтын тірі жүрмекпін. Құдайыма мың алғыс, —
дейді әжем басымды сипап, ауық-ауық бетімнен сүйіп.
— Сен менің құлынымсың ба? Көзім анық көріп тұр ма?
Бұл екі ортада есік ашылып, бізді емдейтін, түрі сұсты
дәрігер жігіт кіріп келген. Соңында қос медбике. Әжем
орнынан атып тұрып кері бұрылды.
— Әй, балам көрдің бе? Мынау менің құлыным.
Абарияға түсіп, өздеріңе келіпті, — деді ол.
— Тәртіп бұзуға болмайды, әжей, — деді қатулы
дәрігер. — Мұнда аурулар жатыр.
— Әй, балам. Жанторсығымды тірі көргенімді көп
көріп тұрсың ба? Сенің де осындай қарғаң бар шығар.
Әуелі, мына бір-екі әйелің түп етектен ұстап жібермейді,
— деді аузын қомпайтқан әжем.
— Әжей, аурухананы босатыңыз. Қазір демалыс
уақыты. Турасын айтқанда, бұл атқора емес қой, —
деді дәрігер жігіт ашу шақырып.
Әжем дәрігерге көзін сығырайта қарады.
— Әй, бала, сенің мендей шешең жоқ па? — деді
сонан соң.
— Қария, сөзді қойыңыз. Шығыңыз, — деді
дәрігер қырсығып.
— Неге шығамын? — деді әжем менің кереуетімнің
үстіне отыра кетіп. — Милициянды, сотыңды,
прокурорыңды әкел! Қара мұны-ей! Әуелі маған
кіжіңдейді. Мен кемпірмін. Түсіңдің бе? Ал енді зор
лап шығаршы, кәні. Мына қамшыны төбеңде ойнатай
ын. Сексендегі кемпірдің де сенімді қаруы бар шығар.
Әжем құдды сахнадағы артист сияқты қамшысын
бекем ұстап, екі қолын бүйіріне тіреп, жан-жағына
паңдана қарады. Дәрігердің дәті осы бір сәтке ғана
жетті білем:
—Бұлар өстиді, — деді де кілт бұрылып есіктен
шығып кетті. Артынан қос медбикесі жөнелген. Әжем
қызық, әлгілерге қамшысын шошаңдатын қояды.
Менің аппақ әжем, мен үшін елдің бәрін жеңіп
шықты. Әжемнің осы бір қуанышты сәтін көз алдыңа
елестету де қиын шығар. Қоржындағы құрт, ірімшік,
сықпа, жарманы тоқылған кішігірім дорбаларға салып
қаз-қатар қойып жатыр.
— Сеңдер де жеңдер. Ауылдың тамағы ғой, —
дейді қасымдағыларға ұсынып.
— Әлгі Азанбек пен келін менен жасырғысы
келеді. Сол күні- ақ шабдармен желдіртіп жетер ем,
Байсақбайдың жылқысы алыста, Бекшойында жатыр
екен. Сенің тірі екенінді естіп, көңілім орнына түскендей
болды. Бірақ жүрегі құрғыр, сені көргенше шыдатпады.
Әй, дегенмен сексен жас та оңай емес екен, құлыным. Аруханада қалған Тілеубек аға екеуміз ғана. Өңгесі екі-үш күн араға сап, ауылға қайтып кеткен. —Мынау құқайың не қарғам-ау, — деді әжем менің гипс салынған иығыма құбыжық көргендей үңіле қарап. Бұған дейін жең ішінен байқамаса керек. —Бұғанам сыныпты, — деймін әжеме жөнін айтып. — Солай де. Әлгі Азанбектің дін аман дегені қайда? — Әжемнің қабағы түйіліп сала берді. — Әже-ау жазылып қалды. Міне, бетім де қарақотырланды, — деймін. — Түу, құдайға жазған басым-ай. Оңбай түсіпсің ғой. Бәсе, менің де жүрегім бір нәрсені сезген екен ғой. Солай, бейнетің ғой... Әлгі қарасатпақ дүние бүлдіреді. «Соған ерме» деп ем. Не қып сол күні келісіп ем.... Мен кінәлімін бәріне, — дейді әжем күңіреніп. — Әже, енді күн кешкіріп кетеді ғой. Қайтқаның жөн. Мен де бес-алты күнде сауығып шығамын, — дедім. — Әй, сен осы жалған айтып отырған жоқсың ба? Әлгі Таңқарбайдың үйі қай тұста еді? Сонда жатып, күнделікті саған тамақ пісіріп әкеліп тұрайын, — деді әжем. — Осында жатқызатын жер жоқ па өзі? Бұған дейін әжемнің сөзін бөлмеген Тілеубек мұғалім күліп жіберді де: —Ақ әже-ay. Ондайға рұқсат жоқ қой. — Ә, солай ма? Өңшең шоқынды түге. Әу, сен қай баласың? Мені ақ әже дейтіндей сен кімсің? — деді әжем мұғалім ағайға шүйіліп. Тілеубек күлімсірей төсектен кеудесін көтеріп, жөнін айтты. Әжем қуанып сала берді. — Құдай жарылқады!- деді ол Тілеубекке
жақындап. Өзің бар екенсің ғой. Баламның мұғалімі,
ойбай-ау!
Әжем ебедейсіз бұрылып, қоржынға жетті де, екі-үш
дорбаны сығымдап ұстап Тілеубекке жетті.
—Сен де арандап қалып па ең? Е, дұрыс бол
ды. Екеуің енді елбесіп - селбесіп ауруханадан тез
шығыңдар. Құлыныма бас-көз бол.
Әжем тағамын ұсынып, Тілеубектен ант алып жатқан
сияқты. Қысылып барамын.
— Онда мен қайтайын. Ал, қарағым, ертерек
сауығып шығыңдар, - деді көңілі орныққан әжем.
— Әй,
қайтарда
хабарлаңдаршы.
Машина
сы құрысын. Өзім шабдарды арбаға жегіп кеп алып
кетемін.
Әжем есікке екі барып, екі қайтты. Мені қимайтын
сияқты. Қамшысын ұмытыпты.
—Ал, құлыным, сау бол, — деді сонан соң. Есікті
жаба беріп, саңылаудан тағы қарады.
* * *
Қарауылдан асып түскенде, біздің ауылдың үйлері
жамырап шыға келді. Әжем уәдесінде тұра алмаған
екен. Ептеп сырқаттанып, мені алып келуге шабдар би
еге арба жектіріп Азанбек әкемді жіберіпті.
—Әжемнің сырқаты ауыр ма? — деп сұрағанмын.
—Әй, балам-ай. Ауру деген ескі көз адамның еншісі
емес пе. Қыңқылы таусылмайды ғой.
—Әбдіғаппардың әкесінің жайы не болды? —
деймін.
—Оны түрмеге жауып тастады ғой. Өзі сорлап
жүргенде Болатпайдың ажалына көрінді ғой, — дейді ол.
—Болатбайы, кім? — деймін.
—Әлгі Батырбайдың әкесі ғой. Жақсы адам
еді. Біреудің ала жібін аттамаған момын жан. Әлгі
есерсоғын айтамын да. Он бес сөткеден көз ашпайды.
Ақылы білегінде. Жақсыдан жаман туады деген сол
ғой. Әкесінің жерлеуіне де келе алмады, — деп күрсінді
әкем. — Бәрі құрысын. Өзі иығың қаңдай?
Жауап орнына әдеттегідей бас бармағымды шошайт
тым. Кенет әкем мырс етіп күліп жіберді.
–Әлгі сенің әжеңді айтамын. О, жарықтық-ай. Бізге
сенбей, екі аяғымызды бір етікке тығып, есімізді шығарды
емес пе. Бекшойыннан жылқысынан шабдар биені әкеп,
арба шегіп берейін дегенге көнбей, салт кетті ғой.
Көз алдыма мені әжем қалай қарсы алатыны елесте
гендей.
—Әке, әжем далаға кіріп-шыға ала ма? — деймін
күдігімді жасырмай.
Әкем қақырынып қалды. Қабағым түсіп кетті.
— Әжем төсек тартып жатыр екен ғой, — дедім
шыдамсыздана. Ол басын изеді.
— Өзіңе барып қайтқан күні әжең ауырып келді...
Ертеңгісін ерте тұрып, сенің жолынды күткені болар,
Қарауылдаудан көз жазбады. Түнде де сені аузынан
тастамайды. Сені көріп, сауығып кетер, — деді әкем.
Әжем мені төсекте қарсы алды. Құшағына алып,
ақырын ғана сыбырлады.
— Құлыным, келдің бе? Енді арманым жоқ, — деді
ол. Сол түні менің ақ әжем көз жұмды.
— Әй, балалар! Байшуақтың биігінен төменге қарай
көз салыңдаршы! Анау Қаракөз бойындағы қалың
ағаш жақтан бері қарай, шатырдай ақ кимешегін киініп,
орамалын қоқайта тартып, шабдар биенің жорғасымен
менің аппақ әжем келе жатыр ма екен?..
ҚАРА АУЫЗ
Әншейінде байқамайды екенмін. Қара ауыз нағыз
иттің төресі екен. Ақлима апайдың немересі Асхаттың
көзін ашпай тұрғанда қойынына тығып әкелген күшігі.
Алғашқыда қыңсылап, енесін іздеген қара ауыз бірте-
бірте жүні тікірейіп, шәу-шәу етіп үретінді шығарған.
Күшіктің Асхат десе жаны бір басқа. Жанынан қарс
елі қалмайды. Құлтыраңдай жүгіріп әрі-бері ойқастап,
иесіне кеп асылады. Әлде нені ұзата лақтырып жіберсе,
тістеп алып келеді. Алдыңғы аяқтарын көтеріп аманда
сады. Құдды цирктің үйретілген күшіктері сияқты.
Қара ауыз өсе келе тұмсық тұсы шымқай қара, құлағы
тікірейген ірі сұсты төбет болды. Бірақ әдетін тастаған
жоқ. Әрқашан Асхаттың жанында. Әлде кім әзілдеп
Асхатқа тиіссе, Қара ауыздың жүні тікірейіп ырылдап
қоя береді. Тайыншадай төбеттің сұсынан қорықпай
гөр. Тісін ақситып, кеудеңе асыла түссе, саудаңның
біткені. Бірақ Қара ауыз әлде кімді талап тастапты
деген сөз естіген жоқпын. Оның үстіне Қара ауыздың
мойнына шынжыр байланған емес. Мінезі шығар.
Күшік күніндегідей тауық қуалап, көрінгенге шәуілдеп,
тентектік танытпағалы қашан. Үйдегі қара-ала мысық
әрқашан Қара ауыздың қойнынан табылатын. Құдды
екеуі дос сияқты. Тіпті алдындағы тамағын ұрлайтын
кішкене кәндектерге де көз алайтпайтын. Түнде үруге
еріншек. Бірақ қақпаға бейуақытта кірген адамды қайта
шығармайтын әдеті бар. Бірде апам су таситын арбаны
алмақ ниетпен Асхаттың үйіне барып, екі-үш сағаттан
соң зорға оралған. Сөйтсе ол үйде ешкім жоқ екен.
— Құдды адам сияқты. Күзетші Күзеубай Қара
ауыздың жанында түкке тұрмайды, — дейді апам
көрші итін мақтап. Екі-үш сағат бойы Қара ауыздың
«тұтқыны» болғаны есінен шығып кеткен сияқты. Апам
Қара ауызға нан да беріп көріпті. Бірақ күзетші — Қара
ауыз мән бермепті. Тек Асхат келгеннен соң барып:
— Ау, Қара ауыз. Мұның не? Көрші апа емес
пе. Мұның жөн қылыққа жатпайды, — деп басынан
сипағаннан соң жіберіпті.
Асхатты ел боп әскер қатарына шығарып салдық.
Қара ауыз иесінің ұзақ жолға кеткенін білген сияқты.
Басынан сипаған Асхатқа екі-үш рет гүр-гүр етіп үрді
де, құйрығын бұлғаңдатты.
—Ии....мақұлық-ай. Қу іші біліп тұр ма екен, —
десті маңайындағы тұрғандар.
—Ал, Жомарт. Қарауызға бас көз бола жүр. Тентек
балалар тас лақтырып есін шығармасын. Ит атқандардан
сақ бол, — деді Асхат маған Қара ауызды тапсырып.
Орнынан қозғалған автобуспен бірге ілескен Қара
ауыз сол күні ұшты-күйлі жоқ болды.
Бір күн өте Қара ауыз үйге оралды. Ұзақ жолдан кел
ген жолаушыдай, есік көзіндегі күркесіне кіріп ұзақ жат
ты. Сырттан бақылап қоямын. Көруге келген көшенің
балаларына тіпті назар салар емес.
—Асхатты ойлап, мұңайып жатқан шығар, — дейді
Ботабек.
—Шіркін-ай, менің де осындай итім болса ше?
Асхаттың атын естіген Қара ауыз елеңетіп басын көтерді
де, қайта мызғып кетті.
—Қара ауызды Асхат неге бірге әкетпеді екен, —
деді Боранбай деген кіп-кішкентай бала.
—Шекарашыларға да қырағы күзетші керек қой.
—Шынында да, — деп қостайды қалғандары.
—Қара ауыз шекарашылардың итінен бір кем емес.
Аулаға кірген бөтен малды да ажыратады, — деді Ар
ман.
—Басқа иттердей шу көтермей ырылдап қойып,
қақпадан шығарын салады.
Біздің айтқанымыз, тек әңгіменің бергі жағы екен.
Қара ауыз ақылдылығын күннен күнге дәлелдей түсті.
Асхат кеткеннен кейін Қара ауыздың да мінезі
өзгерді. Сабаққа кетерде ертеңгісін мені күтіп алып,
мектепке барады. Алты сабақ біткенше мектеп есігін
торуылдаумен есі шығады. Шамасы Асхат шығып
қалады деп ойласа керек. Одан қалса, иесі барады-ау
деген достарының үйлерін шолып өтеді. Қайтып келіп,
үйшікке кіріп ұзақ уақыт ұйықтайды. Ертеңгісін кейде
Асхаттың апасы екеуі табынға мал қосады. Әлде қалай
иесінің аты аталса Қара ауыз сол жерден табылады.
Асхаттың хатын оқығанда апасына жаутаң-жаутаң
қарап, «ауп-ауп» деп гүрілдей үреді. Онысы «менің
Асхатымды қайда жібердіндер. Ол менің жанымда
жүрсе керек еді» деп мұңын шаққаны шығар. Ондайда
Асхаттың апасы: «Ау, Қара ауыз-ау, Асхат үлкен
жігіт емес пе. Әскерге барып елін қорғап жүр. Сен мені
күзетсін деп тастап кеткен. Оны көп іздеме. Уақыт
деген сынаптай сырғып өте шықпай ма. Екі жыл деген
не тәйірі» деп күңкілдеп алады. Осы сәтте кейбіреулер:
— Е, қойшы, жеңеше. Қара ауыз сенің не айтқаныңды
түсіне ме. Мақұлық емес пе, — деп күлсе, Асхаттың
апасы кәдімгідей-ақ ренжиді. Қабағын шытып: - О
құдай жаратқан сен де Қара ауыздың қыспағына бір
түссең - ау. Ол адам білмегенді біледі. Жаман-жәутік
адамың Қара ауыздың тырнағына татымайды, — дейді
ол. Шындығыңда Асхатгың апасы дұрысын айтады.
Оның үстіне белгісіз бір күш мені Қара ауызға таңып
тастағанына таңмын. Қара ауызды көргенде ойыма
Асхат түседі. Ол әскерден қайтарда Қара ауызды
алдынан алып шықсам ба деймін. Асхат сонда не дер еді. Бәрінен де Қара ауыздың сол бір сәтін айтсаңшы. Кеудесіне асыла түсетін шығар. Тек Қара ауызды аман сақтау керек деймін. Әуелі ауылдағы балаларға Қара ауыздың жайы белгілі. Жыл өте Қара ауыз маған қартайып кеткен сияқты көрінген. Бірақ Асхатты ұмытпады. Аты естілсе, құлағын тікірейтіп жаныңа жетіп келеді. Мұндайда ит болады екен деп таң қаламын. Кешеу күздің қысқа қараған шағы еді. Ертеңгісін сабаққа кетуге дайындалып жатқанмын. Ойда-жоқта есік қағылды. Сиырларды көршілердің табынға кезектесіп айдайтын әдеті. Солардың бірі ме деп ойладым да асықпадым. Есік бұрынғыданда қаттырақ дүрсілдеді. Әлде кімнің: —Қара ауызды өлтіріп кетіпті, — деді қырылдаған үн. — Не дейді? Дауысым қатты шықты. Жүгіре шыққан маған шашы жаулығының сыртыңда қобырай көрінген Ақлима апам сұқ саусағымен қора жақты көрсетті. Сөйткенше жан-жақтан көршілер де жиналып қалды. Қақпаның сыртқы бетіндегі шарбаққа таяу жер де үсті басы қан-қан боп созылып Қара ауыз жатыр. Кеудесіне қара қошқыл қан ұйыпты. — Иттің баласы, кім болса да нағыз қанішер екен. Пышақтап кетіпті, - деді әлде кім. Есік пен төрдей жердің ойран-топаны шығыпты. Дала-дұласы шыққан шүберектердің қиындылары. Түнде жаңбыр жауса ке рек. Балшық бетінде айқұш-айқұш іздер. —Қарала сиыр мен бұзауын алып кетуге келген екен. Қара ауыз ұрыларға қарсы тұрып, жанын қиғанша алысыпты, — деді Асхаттың апасы көзіне жас алып.
Еңіреп жібере жаздадым. Пиғылы қара адамдардың
тіршілік атаулыға деген аяушылық сезімі қара тастай
қатып қалған шығар. Қара ауыздың жазығы не?
Екі-үш күн өте ұрылар ұсталды. Олар Қара ауыздың
қайсарлығын жасырмапты. Алып соғып, үстіне отырып
алған соң, пышақ салыпты. Ех, иттер-ай. Олар мына
дүниеге несіне келді екен.
Бірақ еңді ақылды Қара ауызды қайдан таба
мыз. Бәрінен де Асхатқа не деймін. Екі-үш күн өте
Ақлима апай: - Әй, қарағым Жомарт. Асхатыма Қара
ауыздың өлімі туралы ләм деме. Жаны ауырады ғой.
Жолдастарыңа да ескертіп айт, -деді күрсініп. Басым
ды изеймін.
Көз алдыма Қара ауыздың әскерден оралған Асхат
ты қарсы алғаны елестейді. Кеудесіне асылып «Асхат,
мен сені сағыңдым ғой, не қып сонша кешіктің» дейтін
сияқты. «Қайран Қара ауыз, сенің жөнің бөлек еді ғой!»
АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ, АТА
— Ой, жолың болғыр, мынау мені жерге қаратты-
ау, ә. Сөйлеген сөзін тыңдап көр. Құдды тау көтеріп
келгендей. Қираттым деп тұрсың ба? Осы тұрған
жерінде қамшының астына алайын ба?
Әкесі Саматқа төніп келіп тоқтады.
— Қарғайын десем, жалғызым, қарғамайын десем
жалмауызым...
— Оның несі әулие? — деп Самат аузы қомпылдап
жанары жасқа шыланып шыға келді.
Шындығында бәрін бүлдірген Саматтың өзі. Ойында
ештеңе жоқ, арбаның доңғалағын майлап жатқан
әкесінің жанына келіп көрген-білгенін айта бастады.
— Әке, әке, әлгінде мектепке Шатырбайдың атасы
келді. Әлгі Байсақал деген қарт бар ғой, — деді Самат.
Әкесі күйбендеген күйі жұмысын жалғастыра берді.
— Өзі бір қызық адам екен. Үстінде үлкен ішік. Ба
сында тұмақ. Бәрімізді шетімізден сыпыртып шықты.
Әуелі, маған «Әй, қара пұшықтың баласы. Шұнақ
әкеңнің қалы қалай» — деп маған тиіскен соң сәлем
бермей қойдым.
—Не дейді? Сәлем бермегені қалай? — деді
жұмысын тастай бере кеудесін көтерген әкесі.
—Солай. Ол неге сені қара пұшық дейді. Құлағыңда
да несі бар? — деді Самат кектенген пішінмен.
— Әй, сен менің жоғымды жоқтамай-ақ қой. Ол
адамның сен кім екенін білесің бе? — деді әкесі ашу
білдіріп.
—Мен қайдан білейін. Әйтеуір бір шал.
— Шал, шал. Ол жақсы адам. Тіпті кім болса да
үлкен адамға сәлемдесуің керек.
—Ондай адамға сәлем бермеймін, — деп шорт кет
кен Самат. Әлгіндегі текетірес осыдан шыққан еді.
Самат жалт бұрылып үйге еніп кетті. Аузы қомпылдап
әкесімен ұрысты. Немересінің қабағын байқаған әжесі
Саматтың жанына кеп, асты-үстіне түсіп, бәйек болды
да қалды. Мәселенің мәні-жайына түсінген әжесі:
—Ау, балам-ай, сенікі дұрыс емес екен, — деді
күрсініп.
—Адамның түріне қарап бағаламайды. Әкеңе
сөйлегені қалжындағаны ғой. Байекең біздің елге күйеу,
әкеңе жезде.
—Е, мейлі.
— Олай деме. Әрбір сөзіңді ойлап айтқаның жөн.
Байекеңнің сүйегі асыл, ақылы зерек.
— Пау шіркін, үлкен адамдардың бірін-бірі
мақтайтын әдеті емес пе, — деді Самат күңкілдеп.
— Әй, балам, қысқарта сөйле, өзім болдым, толдым
деп отырсың ба? Байекеңнің тірлігіне сен. Ол әкеңді
де, мені де сұм ажалдан арашалап алып қалған, — деді
әжесі ашуланып.
Осы бір сөзден соң Саматтың дымы өшті. Ойпыр-
ау, әкем мен әжемді өлімнен құтқарыпты, деді күбірлеп.
Бірақ шүйкедей шалдың қолынан не келді екен?
Бұл сәтте сыртқа шығып кеткен әжесі оралды.
—Әже, әже. Шын айтасыз ба? — деп батымсыз
күңк еткен Самат. Ашулы әже тырысып үңдемеді.
—Әжетай, кешірші.
—Кешірімді Байсақал атаңнан сұра. Сәлем бермедім
деп бұлданады, бұл. Екі ортада бәрімізді ұятқа
қалдырдың, -деді әжесі сыртқа беттеп.
Сәлден соң кереуетке қисайған Саматтың көзі ілініп
кеткен еді. Ауыз үйден шыққан қатқыл дауыстан оянып
кетті.
— Баланы еркелетіп, бетімен жібергенсіңдер,
түге. Бұл не деген әдепсіздік, — деді әжесі, әкесі мен
шешесіне ұрсып.
— Біз үйретті дейсің бе, әжесі-ау. Осы күнгі
балалардың діні қатты ғой, — деп шешесі Ажар.
— Бір ұлың екеу бола ма? Жұмыс-жұмыс деп
балаға көз қырларыңды салуды қойдыңдар. Үлкен
адамға сәлем бермеу деген не сұмдық!
Әкесі де, шешесі де қарсы жауап қатпады. Тек
сәлден соң:
— Апа-ау, Байсақалды үйге шақырып, дәм
татқызып жіберейік, — деді әкесі. Әжесі жығылып
сала берді.
— Онан да сөйтіп жөндеріңе көшпеуші ме едіндер.
Ниғандікіне түстенген шығар. Алда-жалда біреу ертіп
кетіп жүрмесін. Мен тамақ салып қояйын. Сақтап
жүрген сүрім бар еді, — деді ол ағынан жарылып.
Самат жаман састы. Әжесі бұрын бұлай ашуланып
көрген емес. Әуелі үй ішінің, бәрінің шаңын аспанға
қағып ұрысты. Қап, сәлем бере салуым керек еді. Енді
не істедім? Оның үстіне Байсақал қарттың өзі үйге
келеді. «Басқа үйге кетіп қалса екен» — деді ішінен
тілеп.
Бірақ бәрі керісінше болды. Қызыл іңірде шүйкедей
шал тізгін тартып атынан түсті. Әкесі де, әжесі де кел
ген жанның шылауына оралып, үйге беттеді. Самат
апыл-ғұпыл киініп, есік көзінде Байсақал қартқа:
—Ассалаумағалейкум, ата, — деп сәлем берген.
—Уағалейкуммассалам, жасың ұзақ болсын, -деп
бетінен шөп-шөп сүйген қарт. Бір қызығы Саматтың
тірлігін әкесі де, әжесі әуелі Байсақал қарт та ішіне бүгіп
қалған сияқты.
Бұл күні Самат қызықты әңгіме боларын күтпеген.
Иегінде шоқ сақалы бар, аласа қарттың әңгімесі
адамның жанын түршіктіреді екен.
—Топырағың торқа болғыр, Нағашыбай. Соның
ақылының пайдасы ғой. Көлдің бақа-шаянын талшық
қылғанды кім білген. Басқа түскен соң, жазмыштан
асасың ба. Сол күндер кейде түсіме кіреді. Қайран
қыршыннан кеткен боздақ. Талайы қырылып кетті-ау,-
деді қарт. Онда сен етегіңді жаңа жапқан баласың.
Отызыншы жылы Жетісу аймағында аштық
басталыпты. Малы көп байлар тәркіленген кез. Тігерге
тұяқ жоқ. Оның үстіне құрғақшылықтың кесірінен
егін өспей қалған. Күздің алғашқы айы басталып талай
ел ағайындарына бас сауғалап кете бастайды. Уақыт
өте ауру қарттар өліп, артынша нәубет басқаларға
тырнағын батырады. Ашыққан жұрт қырдағы жиналған
қырманның қарын күреп, әр жерде шашылған түйір
дәнге құмырсқаша жабылады.
— Ойпырмай, ертеден қара кешке дейін жарты кесе
бидай тапсақ төбеміз көкке жетуші еді, — деді әжесі
Байсақал қарттың сөзін бөліп.
— Қаудыраған тері тапсақ, отқа пісіріп талшық
қылдық қой. Ауылда өлген адамды жерлейтіңдер
табылса ше? Осы бір қиын-кыстау шақта Байсақал
ағайындары жиырма шақты үйдің басын қосып,
Жайылма деген жерге көшіріп, көл бойына қоныс
тебеді.
Киіз үй тіктіріп, сыртын қамыспен қаптайды. Ау
тоқып, Қожамбердінің мұзын ойып, қармақ салып,
балық аулайды. Аштықта көл тіршілігі де адамдарға
талшық екен. Ел бойын жиып, күн көріске көшеді. Ол
кезде бөліп-жару жоқ. Жиырма шақты үйдің жалғыз
тайқазаны бар екен. Күніне үш уақыт тамақ ішкен жұрт,
қондана келе аң-құсқа да шыға бастайды. Балықты
кептіріп, оны диірменге тартып ұн жасайды. Балық
көже де бір талшық екен.
—Шіркін-ай, сондағы Қожамбердінің балығы-ай.
Ірі еді ғой. Пендешілік-ай, құдды тоқты сойғандай
қып, кермеге іліп тастаушы ек. Сап-сары боп, сүр еттей
қақталушы еді, — дейді әжесі тамсанып.
— Байеке-ау, жаны тірі ағайын өзіңе риза ғой. Осы
күні жастар оны білсе ғой.
— Иә, — деді күрсінген Байсақал қарт. Оларға
ақыл айтушы азайды ма, кім білсін. Қой үстіне боз
торғай жұмыртқалаған заман жоқ. Адам кейде мына
өзің сияқтылар қонаққа шақырып, қала берді жүздесіп
қалсаң, өткенді еске алып бір жасап қалмаймыз ба?
— Иә, дұрыс, Байеке. Сіз тұрмақ біз де бірталай іс тындырғанымызды елге айтып, дардай боп жүреміз, — деп әкесі Байсақалды қуаттап, — Біз соғысты көрдік қой. — Сендер де өмірдің ащы-тұщысының дәмін татып қалдыңдар, — деді Байсақал қарт. — Бәрін айт та, бірін айт. Мен бір нәрсеге таң қаламын. Кездескен адамның сәлемі саған сыйлаған сыйы сияқты екен. Қартайғаныңда бір нәрсе тындырғаныңды сезінесің. Үлкендіктің белгісі сияқты. Оның үстіне қазекең сәлемнің құлы емес пе. Саматтың бетінен оты шықты. Байсақал ата мұны мезгеп отырған сияқты. Қозғалақтай берді. Әкесі де көз астымен қарап қойды. ЖАСЫРЫНБАҚ Алқаракөк аспанның аясына қоныс тепкен Қаракөз ауылының қиыр бетіндегі қалың ағашты бақтың ішіне бес-алты бала әлгінде ғана жиналған еді. Түс қайта табын алдынан шығатын әдетімен олар бұл жерге бас қосады. Бақтың құбыла
бетінде
жан-жағын
құрақ
көмкеріп, мөлдірлігінен түбі көрінген, Үйреккөл жа
тыр. Қаракөздің суы сылдырай ағып, осы бір ойпаңға
құйылып, көлге айналады да, арнасынан асқаны
жарқабақты тоғанға түсіп, кер даланы аралап, Жай
ылма алабына қарай жол шегеді. Үйреккөлдің суының
мөлдір болуы да сондықтан шығар. Көлдің жағасы таяз
болғанмен, ортасы түйе бойламас терең. Бірақ балалар
үшін бұл тереңдік Барсакелмес емес. Тесілген автома
шина ішектерін бүтіндеп, үрлеп алып, жүзіп, жарысып
жатқаны. Ол көліктерін де үйлеріне алып қайтпайды.
Себебі Үйреккөл олардың меншігі. Ешкім ұрламайды.
Әуелі жағалыққа кәдімгідей байлап кетіп, «қайығымыз» деп мақтанатынын қайтерсің. Бүгінде Қабанбай батыр көшесі мен Жібек жолы көшесінің балалары уақытында келді. Суға шомылып, біраз уақыт «Сүңгуір» ойынын ойнады. Мұндайда ептілігін танытып, жақсы сүнгитіндердің мерейі үстем. Асқар деген балаға басқалары сүңгіп қашып, ұстатпай, біраз әуре-сарсаңға салды. Ызаланған ол жағаға шығып: — Ойнамаймын, — деді аузын бұртитып. Асқардың ағасы әскери ұшқыш. Ауғанстан жерінде де болып, талай ерлік көрсеткен. Әлтай ағасы белгілі спортшы. Республикада күрестен жеңімпаз атанып, сонау Мәскеуіңе бірнеше рет барып қайтқан. Айбек ағасы да оңай шағылатын жаңғақ емес. Сегізінші класта оқыса да волейболдан құрама команданың капитаны. Бесінші класта оқитын ағасы Мұхит та күй тартқанда алды на жан салмайды, елді аузына қаратады. Кенжесі осы Асқар ғана солбырлау. Бойы да кішкентай. Өзі нәзік. Балалар оның ағаларын сыйлағаннан ба, кім білсін, Асқар деген де жаны бөлек. Әдейі ашуландырғанмен, жеме-жемге келгенде оған бөбектей қалады. Көмектесуге дайын тұрады. — Асқардың ойнағысы келмейді. Жүзіп жарысайық, — деді Шалқар. — Бәрің менен жақсы жүзесіңдер, — деді өкпелеп келіспеген Асқар. — Резина ішекпен арғы жағаға дейін күш сынасайық, — деді Адай. — Ол да болмайды. Сендердің көліктерің менікінен үлкен. Тағы да артқа тастап кеткілерің келеді ғой. — Жасырынбақ, әйтпесе он екі таяқ ойнайық, — деді Мейрам. Бұл жолы Асқар үндемеді.
— Міне, дұрыс, кәне, он екі таяқ жинайық. Баққа
барайық, — десті. Үш-төрт бала топтан бөлініп, қармақ
салуға бет түзеді.
— Асқар тағы да күзетші болары анық, — деді
Мейрам кекетіп.
—Оны көреміз, — деді ызаланған Асқар.
Қалың ағаштың ішіне топтаса кірген олар әп-сәтте
алаңға жиналды да ойын басталып кетті.
Бір дегенім білеу,
Екі дегенім егеу,
Үш дегенім үскі,
Төрт дегенім төсек,
Бес дегенім бесік,
Алты дегенім асық,
Жеті дегенім желке,
Сегіз дегенім серке,
Тоғыз дегенім торқа,
Он дегенім оймақ,
Он бір қара жұмбақ, —деп Елдос санай жөнелген
еді, қас қылғандай ең соңында күзетшілікке Мейрам
қалып қойды. Он екі таяқ бір қызық ойын. Кішігірім
кесектің үстіне ұзынырақ таяқша қойып, бір жағына
он екі қысқа таяқтарды жинап, екінші басын бос
қалтырады. Ойын басталған кезде балалардың бірі
көлденең таяқтың бос басын басып қалады да, таяқшалар
жан-жаққа ұшып кетеді. Күзетші шашылған таяқтарды
жинап, бұрынғы қалпына келгенше, балалар жасыры
нып үлгіреді. Күзетші енді оларды іздеуге кіріседі. Егер
көріп қалса, таяқшалар тұрған көмбеге байқап үлгірген
баланың есімін айтып жүгіруі керек. Осылай бар жа
сырынушыларды іздеп тапқан соң, соңғы бала күзетші
атанады. Таяқшалар тағы да жан-жаққа ұшады да,
ойын ары қарай жалғасады. Ал егер балалардың бәрін
іздеп тапқанша жасырынған балалардың ішінен бірі
күзетшіден бұрын көмбеге жетіп, таяқтарды шашып
кетсе, күзетші қайтадан күзетке кіріседі.
Таяқтарды баппен жинап, екі қолын бір-біріне
үйкеген Мейрам құс аңдыған аңшыдай көзін қолымен
көлегейлеп, жан-жағына бір қарап алды. Бұл сәтте ба
лалар күзетшіні қапы қалдыруды ойлап, жан-жақтан
көмбеге көзін тігіп жатты. Тек байқалмаған Асқар
ғана еді. Толықша келген Елдос арықтан аттай беріп,
жотасы көрініп қалды. - Елдос, бері шық. Тфу, —
деп Мейрам алғашқы олжасын сұқ қолымен көрсетіп.
Мейрамның сөзінен соң Елдос шөп арасынан шығып
күзетшіге жақындап келді.
— Әу, балалар. Мені құтқарыңдар. Мына достарың
қолға түсіп қалды, — деп дауыстады. Мейрам көмбеден
алыстаңқырай барып, жасырынғандарды табуға әрекет
жасады. Күзетші үшін ең қиын сәт те осы. Қалт жіберсе,
тағы да таяқ жинап, күзетшілікке кіріседі.
— Әне, Адай, — деді көмбеге зыр жүгіріп келіп
түкірген Мейрам.
— Ағаштың басында отырсың. Адай амалсыздан
көмбеге жақындап келді.
— Балалар, мен үйрек дегенде көмбеге қарай
жүгіріңдер. Ұя дегенде былқ етпей жатыңдар, — деді
Адай жан-жағына дауыстап. Әлі де жасырынып
жатқан үш бала бар.
Мейрам көмбеден ұзай бастаса Адай:
— Дайындал, үйрек, — деп дауыстады. Бұл сәт
Мейрам көмбеге қарай жүгіреді. Қу жанын шүберекке
түйіп әлек. Қолға түскен екі бала Мейрамды мазақтап
күле бастады. Көмбеден екі-үш қадам жерде трактордың
ескі майқұйғыш багі жататын. Әлде кім жан-жағын
кестіріп кәкүр-шүкір тартатын шана жасапты. Бір сәтте
Мейрам төңкеріліп жатқан бактің үстіне шығып жан-
жағын қарауылдай бастады. Жыбыр еткен ешкім жоқ.
— Меке, — деді Елдос шиқылдай күліп.
— Тайым өрістен қайтатын болып қалды.
— Әлі ерте емес пе, — деді дүңк еткен Мейрам.
— Дегенімен күзетші уақытты созбау керек, — деді
Адай Елдосты қостап.
Бір кезде намысына тиген, Мейрам енді көмбеден
ұзап шыға бастады. Алғашқыда есік пен төрдей жерде
бұқпантайлап жатқан баланың бет-жүзін көре алмай,
кім екенін ажырата алмай көмбеге қайтып оралды.
Әдетте жасырынушы баланың аты-жөнін дұрыс
айтпаса, күзетшінің қайтадан күзетші атанады. Ойын
тәртібі. Ақыры Мейрам жасырынған балаға қайта
жақындап келді.
— Әй, батыр әкесі, сен кімсің ей, — деді Мейрам
жырқ-жырқ күліп. Жасырынған қос баланың да көйлегі
ақ. Атынан шатысын кетуі оп-оңай.
— Әй, бала. Үндемесең үн шық, Үйреккөлге
тұншық, — деді Мейрам сақылдай күліп. Сөйткенше
жотасы көрініп жатқан баланың бүкіл денесі селкілдей
бастады. Мейрам жасырынушының қыстығып күліп
жатқанын анық байқады.
— Қытық, қытық. Күле ғой, балақан, — деді
Мейрам. Сөйткенше Шалқардың қарқылдай күлгені
естілді. Мейрамға да керегі сол еді, көмбеге қарай
ұшып жөнелді. —Шалқар шыға ғой. Өзінен-өзі күлген
таңқар қара қалың мияның ішінен шығып келе жатты.
— Енді екеуің қалдың. Тұтқынға түскен үшеуміз,
құтқаруларың керек. Ұя, — деді Адай дауыстап. Мей
рам он екі ағаш жатқан белдеу таяқты дұрыстап қойып,
іздеуге аттанды. Асқар мен Айдостың қайда тығылғаны
беймәлім. Уақыт өтіп барады. Күн еңкейе бастады.
Ыстық лебі қайтар емес.
— Асқар тағы да күзетші боп жүрмесін, — деді
Мейрам ыржия күліп. Сөйтті де трактор багінің үстіне
шығып, ауық-ауық секіріп, жан-жағына бұрыла көз
салды. Кенет құбыла беттегі қарасораның түбінің
қозғалғанын байқап қалса керек, жүгіре басып, көмбеден
ұзай, солай қарай жүгірді.
— Үйрек, — деді Елдос дауыстап Мейрамның
көңілін аудармақ ниет танытып. Бірақ күзетші алған
бетінен таймай, қарасораға қарай жақындай түсті.
— Әй, жатқан бала кім болсаң да жекпе-жекке шық
бері! Қазақтың атақты батыры Мейрам сені шайқасқа
шақырып тұр, — деді қуақылана дауыстап. Әншейінде
әзілқой, тілі мірдің оғындай Мейрамның мұндайда жа
нып түсетін шағы.
— Араша, араша. Арашаға көнбесең, көрсетемін
тамаша. Қарасора түбі жыбырлай бастады.
— Бәсе, батыр деген жанкешті болушы еді. Намыс
қайда, намыс. Шыға ғой. Кіреукелі тон киген батырым.
— Ах, ах, — деп сыбызғыдай сыңғырлап кұлетін
Айдос.
— Түу, Мейрам-ай, мылқауды сөйлетерсің сен.
Мейрам әдеттегідей - Айдос, кәне, бері шық, — деді
көмбеге түкіріп.
— Тұтқынға қалмақтың төртеуі түсті. Енді әлгі бас
батыр Асқар қай жерде найзасын бекем ұстап, мені күтіп
жатыр екен,-деді балаларды ду күлдіріп. Сөйтті де
әдеттегідей бактің үстіне шығып, секіріп-секіріп алды.
Тек сонау түкпірде ғана, торғайлардың құйқылжыта
шықылықтағаны естілді.
— Әу, сол батыр менен қорқып үйіне тартып
тұрмасын, — деді Мейрам мырс-мырс күліп. Бірақ
бұл жолы балалар күлмеді.
— Қамшысы әне жатыр, — деді Елдос.
— Асқар, Асқар үйрек десем көмбеге, ұя десем
орныңнан қозғалма. Мына қолға түскен бейбақтарды
құтқарып қалуға тырыс, — деді Шалқар тағы бір
ескертіп.
Мейрам әлгіндегідей емес, өзіне-өзі сенімді көрінеді.
Көмбеге қарай қатар жүгірсе, Асқардан оқ озым алдыға
кетуге жүйріктігі бар. Асқардың жайы белгілі. Сылбыр,
әлжуаз, бойы бәкенедей. Оның үстіне жалғыз жасыры
нушы.
— Асқар, бар үміт сенде. Асықпа. Сені кішкене
іздесін, — деді Мейрамды қорқытпақ болған Шалқар.
— Ә, сол Асқарың күзетші атанып, тағы да өкпелеп
елдің есін шығармасын, — деді Мейрам мырс етіп.
— Әліптің аяғын күтейік, — деді Айдос әлі де үмітті
екенін білдіріп.
Мейрам сәлден соң еркінси бастады. Әлгінде Айдос
жасырынған қарасораны тінтіп шығып қайта оралды.
Бұл екі ортада Елдос:
— Үйрек, үйрек, жақын жатсаң көмбеге қарай
құйындат, — деп бар даусымен айқай салған. Бірақ
Асқар көрінбеді..
— Бұл үйіне қайтып кетті, — деді Мейрам күліп.
— Мүмкін емес. Атасының қамшысын жоғалтса,
алар жазасы белгілі ғой.
— Ұйықтап қалмасын сол жазған, — деді Мейрам
тағы.
— Тух, сен де. Азар бүгін бірдеңе көрінсе де, тапа
дай тал түсте ұйықтап не көрініпті. Асқар жасырынып
жатыр. Мен көріп тұрмын. Онан да сөзді көбейтпей, ізде, — деді Елдос. — Қап, мынаның қорлығын-ай, — деді Мейрам екінші бір тұсқа асықпай, аяңдап бара жатып. — Жер жұтып кетті ме, мұны. Мейрам, ұзай топ бо лып тұрған балалар бір-бірімен күңкілдеп сөйлесе баста ды. — Мен білсем, Асқар көлге кетіп, шомылып жүр. Әлгіңде екеуі текетірескенін көріп қалғам, — деді Шалқар. — Елдос, сен көріп келші. — Мүмкін емес, — деді Айдос қарсы шығып. Ол үйіне де кеткен жоқ. Мейрамды қапыда қалдырады. Қара да тұр осыдан. — Әй, білмеймін , — деді Адай. — Бәрін айт та, бірін айт. Тұтқыннан құтылып, тағы да жасырынсақ екен, — деді Елдос. Бұл сәт Мейрам қарауылдап қайтып оралған. — Ұшты-күйлі жоқ, — деді бұрқылдай ашуланып. — Сол шіркін бір нәрсеге ұрынбасын. — Е, қойшы. Ол жасырынып жатыр, — деді Шалқар мен Елдос. — Бәс, — деді Мейрам. — Бәс, — деді Елдос қолын ұсынып. — Жеңілсең не бересің? — Сұрағаныңды аямаймын. — Онда жаңа резина ішегің менікі, — деді Елдос. — Ал, сен ше? — Не сұрайсың? — Шетелдік кедаңды бересің, — деді Мейрам. — Айдос бері кел. Қолымызды кес. Балалар куәсіңдер той. Жауап орнына олар бастарын изеді. — Асқар. Асқар сенің құның өсті.
— Мына Мейрамнан бір өшіңді алшы. Ылғи сені
кекетіп, мазақтап, есіңді шығарушы еді, — деп дауыста
ды Айдос. Әлгіңдегідей емес. Мейрам шыжбалақтай
бастады. Қадамын ширақ алып ары-бері жүгіріп есі
шықты. Асқардан еш хабар жоқ.
— Ол бізге білдірмей үйіне тартып кетті. Кедаңды
дайындай бер, — деді Мейрам көзін ойнақшытып.
— Оны көреміз, — деді Елдос сөз қағыстырын.
— Қазір соңғы рет бақты айналып келемін. Табылмаса
сен жеңілдің, — деді де тістенген Мейрам бақтың түкпіріне
қарай жүгіре жөнелді. Шалқар да бұл сәт ойланып қалды.
Шыңдығында Асқардың осы бір сәтке дейін жасырынып
жатуы мүмкін бе? “Көрінсе керек еді ғой”, деді ішінен
күбірлеп. Сөйтті де бар даусымен: «Асқар, көмбеге қарай
ұш, — деп айқай салды. Өзіне нық сенген Мейрам тіпті
бұрылып та артына қарамады. Бұл тірлігі Шалқарды
ойландырып тастады. Елдос та әлде не деп күбірлейді.
«Қап, мынаны-ай. Жасырынса шықпай ма екен?»
— Елдос, осы сен бәстен жеңіліп қалар ма екенсің,
— деді Жандос қаупін айтып.
— Асқар үйіне кетіп қалуы мүмкін-ау. Бұл екі орта
да балалар күтпеген жай болды.
— Әй, ана бак жыбырлайды, — деді ойда жоқта
Шалқар таңырқап. — Ия, дәп солай.
— Мына қызықты қара. Бұл сәт бода-бода боп тер
леген, шашы жалбыр-жұлбыр тәмпіш қара бала, бакті
орнынан көтере тұрып келе жатты.
— Асқар, жарайсың. Мейрамды қатырдың, — деді
алғашқы боп құшақтаған Елдос.
— Ғажап! Сені бұл жерге жасырынады деп кім ой
лайды, әуелі. Мейрам осының үстіне шығып секірген
жоқ па, — деді күлген Айдос.
— Ау, Мейрам, іздегенің табылды. Қайт кейін, —
деп дауыстаған Елдос.
—Ойпыр-ау, мына қапырыққа қалай шыдадың,
Мейрамды көріп жаттың ба, — деді Шалқар.
— Бектің тесігі бар екен. Содан сығаладым. Бәрі
көрінеді. Сендерді құтқарғым келді. Оның үстіне
мазақтағаны үшін жазаладым. Әлі де жата тұрайын деп
едім, ыстықтап кеттім, — деді Асқар.
— Мейрам екеуміз бәстесіп, мен жеңдім. Енді
оның жаңа резина ішегі сенікі. Рахмет, — деді Елдос,
арқасынан қағып. Бұл сәт күзетші де жақындап келген.
Шалқар ағашты басып қалып еді, таяқшалар жан-жаққа
ұшты. Балалар әр тұсқа қарай асыға жүгіріп бара жатты.
ҚАСҚА ЖОЛ
— Базарбек! Кырылдақ дауыс терезе көзінен саңқ
ете түсті де, әйнектің ар жағынан әлде кімнің қайыстан
өрілген тобылғы сап қамшысының шашағы көрінді.
Кәннің үстіңде Зағила апам екеуміз ертеңгі тәтті
ұйқының құшағына еніп кетіппіз. Бетімді қырық құрау
терезеге бұрдым. Апам мені ұйқылы-ояу күйі құшақтай
өзіне тартты.
— Құлыным...,— дейді сыбырлап. Тәмпіш мұрны
шуылдап, ұйқысын қияр емес. Дауыс қайта шықты.
Бұл жолы өктемдік танытқан жанның тірлігі.
— Базарбек, Зағила. Мыналар түнімен қой
күзеткен бе, түге. Бұл жолы апам басын жастықтан
жұлып алды.
— Өй, қақсап қалғыр-ай, — деді бұрқылдай
сөйлеп. — Осы-ақ таң атпай, тауық боп шақырады
екен. Сөйтті де, сырма күпәйкесін желбегей жамылып,
кебісін сылпылдата сүйреп сыртқа беттеді. Бөлме ішінде
жер майдың иісі бұрқырайды. Қолқаны алып, жүрек
айнытардай. Бәріне мен кінәлімін дегендей дөңгелек
үстелдың үстінде қалқайып бестік шам тұр. Қасында
бір-екі кесемен кешегі күні Байжайлау ұста жан-
жағынан сым темірмен шандып берген көкала шәйнек.
Шамасы, кеше кешкісін мия теруден шаршап келген
шешем ыдыс-аяқты жиыстыруға да шамасы келмеген
сияқты. Сөйткенше есіктен Зағила апам кіріп келді.
Жүрісі ширақ. Жылы төсегімді қимай жатқан маған
жетті де бетімнен шөпілдетіп сүйе бастады.
— Адам болғаныңнан сенің. Кәкімтай осы түріңде
сені бір көрсе, әттең... Сөз аяғын күрсіне бітіріп, Зағила
апам жасын сығып алды.
— Қабырғаң қатпай қара жұмысқа түсірген қу
соғыс-ай... Сен де бір тығынға жарадың-ау.
— Апа, апатай. Мен пішенге барамын ғой? — дедім
орнымнан атып тұрып.
— Құдайың жарылқады, — деді енді бұрқырай
сөйлеген апам.
—Шекең қызар.
Аң-таңмын. Апамның тірлігі қызық. Біресе күледі,
біресе жылайды. Өрмектен жасаған қызыл ала дорбама
әлденені тыққыштап әлек.
—Ал, киін енді, — деді бір сәт апам есікті шалқасынан
ашып тастап.
—Мал табарым менің. Әне, бригадирің күтіп тұр.
Омарбек ақсақ бізге қарап жымияды.
— Әй, қу жалғыз. Құрт-құмырсқа шағып алмасын,
— деп дауыстады апам сәлден соң.
— Қасқа жол жаққа қарай жұр. Мүмкін әкең,
Кәкімтай кеп қалар... — Мағынасыз басымды изеймін.
— Апамның арманы-ай. Қайран дүние, — деді
Омарбек бригадир былай шыққан соң.
* * *
Көзімді қиырға тіктім.
Қарауылдың басынан бұлт кетпейді. Жоңғардың та
сасынан ұрын шығатын нұрлы күннің сәулесі жап-жазық
даланың үстіне табиғат қондыра салған Қарауылды
ертеңгісін жаныңа алып келеді. Ұшар басы алып
батырдың дулығасындай үшкір, кеудесі батырдың сау
ытындай омыраулы ши көмкерген бұл ғажайыптың өз
тарихы бары анық.— Балам, Қарауыл деп ел бекерге
атамаған. Жылжып жылдар өткен, дүниеге біреулер кеп,
біреулер кеткен. Жаугершілік заман, халқымызға қайғы
әкеп, баласы жылап, шешесі еңіреген еңку-еңку жер
шалған кезде, Қарауыл да ел қажетіне жарапты. Төбенің
ұшар басына жасақшылар қоныс теуіп, жау келе жатса
от тұтатып хабар берген. Ел қашып-пысып, тығылып
жан сақтаған дейтін Кәкімтай әкем мені тізесіне қондыра
отырып. Енді міне, сол Қарауылға көтерілген қасқа
жолмен Кәкімтай әкем майданға кеткен. Шешемнің
«қасқа жолға қарай жүр, әкең келіп қалар» дейтін сөзінің
жаны бар. Омарбекте бір аяғынан айрылып оралды ғой.
Ауылдағы жалғыз жігіт сол. Кімді айтсаң сол келеді де
ген. Ой үстінде Қарауылға қарап отырып қалыппын.
—Өңшең қара борбай. Емшек еміп жатырсыңдар
ма, түге. Өгіздеріңе барыңдар, — деген Омарбектің
дауысы қырылдай естілді.
Бригадирдің тілі удай.
—Бәтіштің таңқар қарасы, — дейді Бәлекті
мысқылдап.
—Нұржамалдың
жорғасы,
Кәмиланың
сұлу
көзі, Бикамалдың шикіл сарысы. Қойшы, пішенде
тырбыңдап жүрген бала атаулының Омарбек «азан
шақырып» қойған өзгеше аты бар. Әттең дүние-ай.
Әлде кім, тіпті сол ақсақ Омарбек шешелердің орнына
әкеміздің атын атаса, айтқанына көніп, айдауына жүрер
ек-ау. Шыны керек, өгіздің мойынтұрығын кигізе
алмай, тостағанымызды төгіп жүрсек те көнер едік.
Мұндайда Құдаш шалдың «Оу, еркектер, қимылдап
жіберейік» деген бір сөзі «жанға шипа, дертке қуат».
Әп-сәтте пішеншілер жұмысы жанданып жүре берді.
Төртінші кластықтар үймелеп салған шөпті сүйретпеге
салысымен «штаб бастығы» - маяшы Құдаш қартты
бетке алып, жөнеп береді. Қоңыр қасқа басын шайқап-
шайқап жіберіп, қамшының «қаталдығына»мойын игісі
келмей, ала көзденіп қарап қойып, алға жылжиды.
Маяшының мінезі шәлкес болуы заңды. Алып кел
ген шөмеле шөбің қыздың жиған жүгіндей мая жинар
тұсқа іркес-тіркес түсуі керек. Осы бір сәтте жаның
мұрныңның ұшына келеді. Құдаш қарттың көздеген
жеріне сүйретпең тоқтамаса қасқа өгізің таяқ жейді,
өзің болбыр неме екенсің деген сөз естисің. Онымен
қоймай жолдан шығып, екінші сүйретпеге жол бересін.
Оған «ой, мына пәленшенің баласы жігіт екен» деп тіл
қатса, қызғаныштан жарылып кете жаздауың хақ.
Бар пәлені сол күні Бөлекбай бастады. Қара нанмен
шай ішіп, бусана терлеп, шыжып тұрған күннен таса
ланып, күркенің көлеңкесіне үйіріліп отырғанымыз сол
еді, шүңірек көз сары бала сыбыр етті.
— Балалар, әлгінде қасқа жолмен ауылға қарай
жалғыз жаяу өтті, — деді ол. Бәріміз Бөлекбайға
аңтарыла қарадық. Сенерімізді де, сенбесімізді де
білмейміз.
— Оллаһи, биллаһи. Өтірік болса, жер жастанайын.
Әлгінде Бұрғаннан су әкелуге барғанда анық көрдім.
Соқыр емеспін ғой. Көзіме шел қаптаған жоқ, — деді
Бөлекбай ант су ішіп.
— Аяғын сылтып басатын сияқты.
— Онда әскерден қайтқан біреу ғой, — деді шы
лымшы Бекзат.
— Не дейді? — деді көзі бағжаң еткен Нұрғали де
ген шөмелеші бала.
— Кім болды екен е? Мүмкін менің әкем шығар, —
деді Оташ. Балалар әлдекім бұйрық бергендей таңқар
мұрын, қайыс қара балаға жалт қарады. Көздері жалт-
жұлт етеді. Жанарларында Оташқа деген ашу-ыза.
— Мүмкін, менің Арнай әкем шығар, — деді даусы
тарғылданып шыққан шылымшы Бекзат. Осыдан бір
жыл бұрын оның шешесі сүзектен қайтқан. Қазір кім
көрінгеннің үйіне қонып, тамағын асырап жұр. Сүйек
туыс атаулыдан тұлдыр. Сондықтан ба, балалардың
дені Бекзатқа қарсы тұрып, бетінен қақпайды. Оның ақ
дегені алғыс, қара дегені қарғыс. Оташ үнсіз қалды. Бұл
пендешілік атаулыны қойсашы. Осы бір сәтте осындағы
балалардың бәрі жалғыз жаяуды өз әкесі болса екен деп
тілегені анық. Жүздерінде сағыныш табы, көкірегінде
дүрсілдей соққан кіп-кішкене жүректері.
— Қашайық, — деді шылымшы Бекзат бір сәт.
Мына кішкентайлар осында қалсын. Өгізші атаулыда
үн жоқ. Салы суға кеткендей.
— Бізді Көктұмаға су ішуге кетті дейсіңдер. Кімде-
кім Омарбекке жағымпазданса, күндерің қараң, —
деді Бөлектай. Сыртымыз бүтін, ішіміз түтін. «Әттең,
тонның келтесі-ай» деп күрсінеміз.
— Жота жолда үйірлі ит-құс бар. Ауылға барамыз
деп бөрінің жемтігі болмаңдар, түге, — деді Бекзат
тағы ақылсынып. Сөйтті де бес-алты шөмелеші бізден
бөлініп, сырғып жүріп кетті. Жанарымызда жас. Әлгінде
Бекзат пен Бөлектайды иттің етінен жек көріп жатыр
мыз. Дүниеде мұнан артық қорлық бар ма? Күркенің
жыртығынан сығаласам Құдаш шал бетіне бет орамалын
бүркеніп қорылдап ұйықтап жатыр. Жанында мылқау
Алматай. Біздің «штабтың бастықтары» — маяшылар.
— Сен қасқырдан қорқасың ба? — деді Жұмабек
маған күңк етіп. Емеурінін түсіне қойдым. Басымды
шайқадым.
— Бекетай, сен ше? — деді ол сол жағында жер
шұқылап отырған балаға.
— Қорықпаймын, — деді Бекетай жерден басын
көтеріп алып.
— Онда біз де тайып тұрдық.
— Табылған ақыл, — деді енді бірі.
— Қолымызға қамшымызды алайық.
— Омарбекті қайтеміз.
— Азар күңде жонымыздан таспа тілер.
Әп - сәтте оншақты бала ұшып жөнелдік. Кезек-
кезек жол бастаймыз. Белуардан келген қалың пішен.
Көлбеген дала. Сағымы жамыраған сары белдер. Ана
дайда тұнжырап Қарауыл түс танытады. Омырауында
су түбінен көрінген тамырдай боп, қасқа жол жатыр.
Тасасынан түйе көрінбейтін алып шилер. Көк жүзінде
қоңыраудай сылдыраған бозторғайлар легі. Табақша
күн тас қайрақтай зыр айналып, бар сәулесін осы маңға
төккендей шыжып тұр.
Пішендіктен ұзап шыға Көктұманың бойына
аялдадық. Айналасы доңыз өлең, бапа қамыс өскен
ойпаңның жарлауыттау дөңесінде мөп-мөлдір, шып-
шып суы шыққан тастай суық тұма. Суы шекеңнен өтеді.
Әлде кімдер киелі деп те атайды. Кім білсін. Онысына
бас иіп, тәжім еткен ешкім жоқ. Суға бас қойып, сіміріп
жатырмыз. Бетін шайғандар да бар.
Жұмабектің есептеуінше Қарауыл ауылы
Көктұмадан он шақырымға таяу жер — Қасқа жолға
түсіп-ап, жүріп берсең әп-сәтте жетіп барасың, — дейді
ол құлшынып.
— Былтыр апам «Еңбектегі» төркініне барғанда
осы Көктұмамен өткенбіз.
— Онда баста, — деді Бекетай үйіріліп тұрған топ
бала жүріп бергеніміз сол еді, әлдекімнің:
— Омарбек, — деген жанұшыра дауыстағаны
естілді.
— Шөп арасына жасырындық. Қалың нудың ішіне
сүңгідік те кеттік. Жүрегіміз дүрс-дүрс соғып келесі
сәтті күттік. Жерді дүрсілдеткен ат тұяғы анадайдан
естілді. Омарбектің қара аты. Бас бермейтін, мінезі
шәлкес. Ауыздығы көбіктеніп, ырс-ырс демалады. Ат
үстіндегі бригадирдің жүзі қара түтін.
— Бәлем, қолға түстіңдер ме? — дейді анадайдан
дауыстап. Мылқау дала әлгі дауысқа мән бермегендей
тым-тырыс. Алғашқыда екпіндей келген Омарбек бри
гадир әп-сәтте тынши қалды.
— Көзіме шайтан көрінді ме? Әлде елес пе? — деді
күңкілдеп. Есік пен төрдей жерде жатқан бізді көрер
емес. Шіркін сол кездегі даладағы шөптің қалыңы-ай.
Қарақуыстың ескегі есіп берсе, ғажайын теңіздің орта
сында жүзіп жүрген ертегі адамдар сияқты боласың да
қаласың.
— Әй, жүгірмектер, қане, бой көрсетіңдер, — деп
бір сәт Омарбек дауыстап жіберді.
— Аттың бауырынан аламын.
— Біз көппіз, сіз жалғызсыз, — деп тақ етті әлде
кім.
— Тіліңе шоқ түссін, — деді онсыз да терісіне си
май ашуланған бригадир.
— Бұл қайсысы? Кәмиланың сұлу көзіме... Әлде
Бикамалдың шикіл сарысы ма? Ішімізден тістеніп жа
тырмыз. Балалардың бірі шыдамай кетсе керек:
— Ағасы-ау, әкеміздің атын неге атамайсың, —
деп дауласа кетті.
— Әкешілін бұлардың, — деді Омарбек кеңкілдей
күліп. Осы бір сәтте ешкім ойламаған оқиға болды.
Жеті-сегіз бала шөп арасынан атып-атып тұрыстық.
— Әкемді қорламаңыз, — деді Аманкелсін.
— Ол елін қорғап, соғыста жүр, — деді Бекетай
аузын дүрдитіп.
— Менің әкем жауды жеңіп жатырмын деп хат
жазған, — деді Бекетай. Омарбек аң-таң.
— Мыналар қайтеді ей, — деді күңкілдеген күйі.
— Мүмкін Кәкімтай көкем ауылға келген шығар,
— дедім мен.
— Әлгінде өткен сол шығар.
—Е, солай де. Әкелеріңді бәрінде сағынған
екенсіңдер, — деді Омарбек жұмсарып, дауысы
дірілдей шығып.
—Олай болса, бәріміз бірігіп барайық.
Дәл бұл жолы Омарбек бригадирге анық сендік.
Шуылдасып артынан жүріп бердік. Бригадир Омарбек
былай шыға:
— Ә, қараборбайлар. Ал қазір қамшының асты
нан алып, пішенге айдап апарсам ба екен? — деп бізге
қулана қарады да, жымиып күлді.
— Ер екі сөйлемейді. Кешкісін қайтасыңдар ғой?
Басымызды изейміз.
Ауылдан сол күні кешкісін ораларда бәріміздің
ұнжұрғамыз түсіп, сөлбірейдік те қалдық. Жалғыз жаяу
ФЗО-дан ауырып қайтқан Мірсадық деген жігіт екен.
Соғысқа бармапты. Шахтыға түсіп, көмір қазыпты.
Көрмегені жоқ екен, байғұстың.
Әлде қайдан ерте қайтқан тырналардың қоштасқан
ұзын ақаулы қиқуы естіледі. Қарауылды қимай бара
жатқандай. Келесі көктемді туған Қарауылды сағынып
қайта оралады. Менің ойымды ұққан Бекетай сыбыр
етті.
—Тырналар да құдды біздің әкелерімізге ұқсайды.
Олар да өстіп қоштасты ғой, ә? Ораламыз деп серт беріп
бара жатқан сияқты, — деді ол. Басымды изей бердім.
—Иә, оралады, — деймін.
...Қазірде сол құстар көз алдыма елестейді. Қарауыл
бір кезде бабаларымыз от жағып, дабыл шақыратын
еншісінен айрылған жоқ. Төбе үстінде ел соғыстан
қайтпаған әкелерімізге ескерткіш орнатқан. Төменіректе
біздің балалық шағымыздың сағынышы боп қасқа жол
ағараңдайды.
СТЕКЕҢМЕН СӨЙЛЕСКЕН
Апам салып берген жарты таба наны мен бір құты
қой сүті түсте талғар талшығым. Шүберек дорбаны
білегіме іліп, Көк иірімнің жарқабақты жолын аралап
құлдилаған жалғыз аяқты соқпаққа енді ілінгенім сол
еді, артымнан:
—Бөлетай, — деген қарлығыңқы үн естілді. Бетім
ауыл шетіндегі қырман. Күжір екеуміз кезектесіп
малатасқа мінеміз. Жалт бұрылдым. Жанатай брігәдір.
Сылти басып төбеден түсіп келеді екен.
— Әу, Дәуапаның баласы, сәлем қайда?
— Ассалаумағалейкум аға.
—Әліксалам бала, — деді ол қолын ұсынып. —
Әкеңнен хат кеп тұр ма? Басымды изеймін.
—Дұрыс-ақ. Солар аман келсе екен, — деді ол
күрсініп. —Ал ұзын сөздің қысқасы Бөлетай өзіңде
шаруам бар.Қолғабысың қажет.
— Мен дайын. Тек қырман бастық іздеп қалмаса,
— деймін.
— Ех, дүние-ай. Құдай қарғайтындай жазығым жоқ
еді. Қу аяқтың қисық біткенін көрмейсің бе? Әйтпесе
қолыма қару алып, майданда жүрмеймін бе? Ел көзіне
күйік боп көрінгенше. Гүжірді ерте оятып жібергенмін.
Саспа, өзіңе бара жатқан бетім еді. Жанатайдың без
еу қаптаған шұп-шұбар домалақ жүзі бүлк-бүлк етіп,
доғал мұрнының астынан көрінген көздеріне мұң толды
да демін жұтты.
— Бөлетай, мен қазір осы бетте кеңсеге барамын.
Ал сен Бибіжамал сұлуды ертіп кел.
Таң-тамаша кұйі Жанатайға қарадым.
— Оу, Бибіжамалды танымайсың ба? Ожар
басқарманың жас келіншегі ше?
— Білемін ғой. Бірақ...
Жанатайдың жанарынан ашу оты жылт етті.
— Оны несіне әулиесітеміз, е. Аспаннан аяғы сал
бырап түссе де ел қатарлы жұмысқа шықпайды. Екі
баласымен шырылдатып Үрімханды жесір қалдырғаны
анау. Шайнам ақылы болса өзінен жиырма бес жас
үлкен Ожарға күйеуге тие ме? Қос баланың көзінің жасы
тегін жібере қоймас. Асқанға бір тосқан. Үйіне кір де
«уәкіл мен біргәдір кеңсеге шақырып жатыр» де. Ожар
ертеңгісін ауданға кеткен. Жүрексінбей, төрінің төбесіне
бір ақ шық, — деді құшырлана сөйлеген Жанатай.
— Мақұл, аға!
— Күтіп отыратын уақыт жоқ. Тауық боп
шақырмасаң таң атпайды. Тез келсін. Ұшып жетсін.
Жанатай кеңсеге тартты. Бір аяғын сылти басады.
Қадамын нық алғанына қарағанда, әлде неге бел буып
бекіген сыңай танытады.
Салып ұрып Ожар басқарманікіне жеттім. Елден ерек
ше көрінетін еңселі үйдің маңы тым-тырыс. Көршідегі
Орынғайша кемпір шелегін даңғырлатып басқарманың
сиырын сауын жатыр. Жүндес, құйрығы иірілген ірі
төбет кемпірдің аяғына оралып, тамақ дәметіп, маған
көз қырын да тастамады. Жанатайдың кесімді сөзі дем
берді ме, кім білсін, есікті ашып, үйге батыл кірдім. Тым-
тырыс. Ауыз бөлмеге өттім. Шыбынның ызыңы ғана
естіледі. Төргі үйге ендім. Мұнда да тірі жанның демі
сезілмейді. Ішке көз тастадым. Көз алдым жайнап тұр.
Керегеде көнетоз шағын кілем. Оң қабырғада шілтері
төгілген ақ шымылдық. Сол жақ бұрышта үстіне көрпе
жиналған алпамсадай абдыра сандық. Табалдырықтан
төрге дейін жайылған оюлы киіз. Түлкі тұмақ. Тоғыз
өрімдік сапты қамшы. Ондық шам.
—Е... е... е... Кірпігімді қағып қалдым. Ақ
шымылдықтың
түпкірінен
әлдекімнің
ыңырана
ұйқысырағаны сезілді. Әйел демі. Ожар басқарма бар
дүниесін ажырасқан әйелі мен балаларына тиеп беріп,
«жігіттік» жасағаны қайда? Бибіжамалдың әке-шешесі
қызына мұндай жасау жасай алуға құдіреті жетпейді.
Сүйектеріне сүйеніп зорға жүрген тақыр кедей. Яғни,
Ожар ожарлығын жасаған. Бибіжамалдың керігетін де
жөні бар екен. Тұла бойым дірілдеп:
— Тәте! — деп дауыстап қалдым. Ешкім үн
қатпады.
— Бибіжамал!
— Әу. Бұл кім?
— Бұл мен. Құдиярдың баласы Бөлетаймын. —
Сөзім дік-дік.
— Е, айналайын-ай. Жайшылық па? Қазір киінейін.
Ауыз үйге шыға тұр. Ағаң бір нәрсеге жіберген ғой.
«Жоқ» дей жаздауға әрең қалдым. Жанатай сияқты
нығырлап сөйлеп, бұл келіншектің зәресін ұшырайын.
Уәкіл десе өзі де ішкен асын жерге қояр.
Түпкі бөлмеден сусылдаған киімнің сыбдыры,
ақырын ғана жөтелген Бибіжамалдың тірлігі байқалды.
Сол жақ қабырғаға ұлы көсем Сталиннің суреті ілініпті.
Дөңгелек үстелдың жаныңда бу шығарған сары
самаурын. Дастархан беті қызыл - қоңыр бауырсақ,
добалдай кесек қанттар, май, қаймақ. Енді бір шетте аузы
ашып ішілген арақтың құмырасының басы қылтияды.
Басқарманың ертеңгі тамағының түрі. Асықты жілік
жартылай мұжылып, бөлмені айнала ұшқан қара
шыбынның үлесіне тиіпті. Пах, пах шалқыды деген
осы-ay. Езуім сілекейленіп, тамағым жыбырлайды.
Апамның «бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген сөзі тізгін
тарттырып, «қылмысқа» бұрылтар емес.
—Ә, қайным сен екенсің ғой, — деді есіктен
көрінген Бибіжамал. Ойпыр-ау, бұрын қалай ғана
көз салмағанмын. Басқарманың келіншегі үріп ауызға
салғандай әдемі екен. Қой көздері тұңғиық, қос бетінің
ұшы шиедей қызыл. Қыр мұрыны, оймақтай ерні,
қиылған қастары аққұба өңіне сұлу рең беріп тұр.
Ұзын қос бұрымы желбірлі көгілдір көйлегінің оңына
бір, солына бір толқып, күміс шолпы сыңғыр-сыңғыр
етеді. Мына Ожардың бәлесі-ай. Мынандай аққу
бойжеткенді қалай ғана қолына қондырған. Кенет
Бибіжамал екеуміздің көзіміз бір-біріне ұшыраса кетті
де, басқарманың сұлу келіншегі жымия күлді.
—Ертеңгі астан дәм ал, — деді сүйкімді ерке дауы
спен.
—Рахмет, — дедім қатқыл ғана. — Сізді уәкіл мен
біргәдір Жанатай кеңсеге шақырып жатыр. Әлденеге
еңкейген Бибіжамал жерден басын көтеріп алды.
—Уәкіл дейсің бе?
—Иә, уәкіл. Жанында бригадир Жанатай бар, ұшып
жетсін дейді. Өздері асығыс.
—Жайшылық па екен? Бибіжамал сұраулы пішінмен
маған бұрылды.
— Ол жағы маған белгісіз. Қабақтары қатулы
көрінеді, — дедім өтірікті қосып жіберіп. Адам баласы
кейде қызық. Бибіжамалдың сұлу да, нәзік келбетіне,
тал бойына қарап отырып, қиянатқа қимайсың.
— Ағанды көзің шалмады ма?
— Ағасы кім? Тағы да өп-өтірік білмегенсіп
тұрмын. Бибіжамал сыңғырлай күліп жіберді.
— Біздің үйдің отағасы ше? Өзің зірк-зірк етесің
ғой, — деді езуіне күлкі үйірілген Бибіжамал. — Құдды
уәкіл сияқтысың.
— Ых, ых... Бибіжамал біргәдірді де, уәкілді де
ширағына іліп тұрған жоқ. Түйеден түскендей сөзін қара.
Әйтпесе уәкіл сияқтысың деп келемеждемес еді ғой.
— Хабаршы бала, сәл аялда. Бір-екі шыны шай
ішіп, жүрегімді жалғап алайын, — деді келіншек.
— Менің міндетім айту. Уәкіл асығып отыр, —
дедім тағы дікіңдеп.
— Қап, сығыр қылған құдай-ай. Жалғанға не жа
зып қойып ек. Менің сұсты пішінім, дөң сөзім әсер етті
ме кім білсін, ол дастархандағы бауырсақты қаймаққа
батырып, бір тістеді де, стол шетіне тастай беріп, төргі
бөлмеге енді.
— Есік алдынан күт, — деді сонан соң сыңғыр
етіп. Үнінде қобалжу сезілді. Ойпыр-ау, мына Жанатай
брігәдірдің кәллесінде не жатыр. Екі ортада қос таудың
ортасында шыбын өледінің кері боп, төбеме әңгір таяқ
ойнамасын. Брігәдір Жанатайда есеп бар. Ожар ауданға
кетті. Оны біліп отыр. Уәкілдің аты бар, заты жоқ. Жа
натай бір нәрсені бүлдірмек. Е, мейлі, брігәдір бұйырды,
орындауға міндеттімін. Бәрінен де бұл іске құштарлана
кіріскенімді айтсаңшы. Жанатайдың Бибіжамалмен
есеп айырыспасына кім кепіл. Үрімхан мен тірі жетім
атанған екі сәбиін еске алды. Шындығыңда Көкиірімде
тірі жетімдер отызға жетіп жығыламыз ғой. Яғни,
бригадир Ожарды да, әйелі Бибіжамал сұлуды да
жек көреді. Адам білмес тұңғиық жұмбақ. Ырғала ба
сып үйден шыққан Бибіжамал, есік көзінде күйбеңдеп
жүрген Орынғайша кемпірге бұрылып:
— Апа, қазір қайтып келемін. Самаурынға от сала
салыңыз, — деп бір күңк етті.
—Ал, баста қайным. Әлгі уәкіл не дер екен? Ерсілі-
қарсылы қос бөлме Қоңыр тақиясын шекесіне киіп,
әлде неге шұқшиған Жанатай бригадир бізді суық
қарсы алды. Бибіжамалдың сыңғыр етіп: — Әу, уәкіл
деп өкіріштегенің момын қайнағаның баласы ма? —
дегеніне де тырс үндемеді.
— Әй, азамат Күлшікбайұлы. Сен бері жақын отыр,
— деді бір сәт қабағын түйген күйі, маған қатулана қарап.
— Бар жағдайға қанық. Көрген-білгеніңе жауап
бересің. Мойнын бұра беріп, маған көзін қысып үлгірді.
— Бибіжамал жеңеше, әлгінде уәкіл Отыншыбаев
осы жердің шаңын қағып кетті, — деді әңгімесін брига
дир қатқыл бастап.
— Қырмандағы бидай қызып барады. Аударуға
әліміз жетпей жатыр. Соғыстың қырсығы ғой, бәрі. Ер-
азамат қан кешіп жүр. Құдайға тәуба, жауды үңгіріне
қуып барады. Өңшең бала-шаға. «Былай жүрсең өгіз
өледі, олай жүрсең арба сынадының» кері... Бибіжамал
жағын сүйенген күйі үнсіз тыңдап отыр. Жанатай
әлсін-әлсін сөзін үзіп жіберіп, тыныс алады. Шамасы
Бибіжамалдың лебізін тыңдамақ.
— Жан алқымға кеп алысып жатқанымыз мынау.
Өкімет пен партия жоспар орыңда, әскерге тамақ керек
дейді. Ауылдағы әйел атаулы бүгінде еркектің орнын
басты. Бала-шаға әке орнында-әке, шеше орнында-
шеше.
— Пау, Жанатай-ай. Мен де жағдайды түсінемін-
ау. Бірақ әлгі ағаң жібере қоймайды ғой... Жайды
білесің, — деді сөз басын ақжарқын бастап, аяғын жүзі
қызыл реңге боялып, күлімсірей бітірген Бибіжамал.
— Әйтпесе, өзім де қарап қалмас ем...
— Қызық екен. Уәкілге де көнбей ме? Менікі
Отыншыбаевтың сөзі ғой.
— Солай деңіз. Онда Ожекеңнің өз обалы өзіне,
— деді бүрқ еткен Жанатай.
— Уәкілге берген уәдемді орындадым. Бибіжамал-
дың шарасы үлкен көздері зорайып, Жанатайдың ер
қимылын жіті қадағалай бастады. Брігәдірдің қою
қабақтары түйіліп, бұрышта тұрған қара телефонға
жармасты.
— Ел жан алып, жан беріп жатыр. Ал, басқарма
әйелін жұмысқа жібермейді. Әділдік қайда, жолдастар.
Жанатай телефонның құлағын бұрап-бұрап жіберіп,
дауыстай сөйлеп аудан орталығын шақыра бастады.
— Әй, қайным. Ожарға сөйлеспек боп отырсың ба?
-деді орнынан ұшып тұрған Бибіжамал.
— Ол әлі Қызыларыққа жете қойған жоқ. Жанатай
келіншекке ала көздене қарады.
— Алеу, Қызыларық па! Қыздар. Срочный жағдай.
Уәкіл Отыншыбаевтың атынан сөйлеп тұрмын. Маған
Стекең керек еді. Иә, дұрыс. Сол кісімен байланысу
керек еді. Ойда-жоқта Бибіжамал орнынан атып
тұрып, брігәдір Жанатайға ентелей жақындап келді.
—Қайным-ау, кіммен сөйлеспексің. Тамағына тас
тығылғандай брігәдірде үн жоқ.
—Әлеу, әлеу. Сәлеметсіз бе, Иосыф Висорионовыш.
Хал-ахуалыңыз жақсы ма? Алеу, үзіп жібердіңдер
ғой. Ой, үлкен кісіден ұят емес пе қыздар. Өздерің де
жазаларыңды алатын шығарсыңдар. Аллө-әу...
— Ойбай-ау, қайным-ау, үлкен кісінің өзі ме? —
деп жанұшыра дауыстаған Бибіжамал. Жанатай бұл
жолы да міз бақпады, телефонның құлағын ұстаған күйі
ары қарай екіленді.
— Алло-өу, Стеке жағдай қиын. Қырмандағы
астық қызып барады. Айтқаныңызға құлдық. Бар
күшті салып жатырмыз. Стеке... Пау, тағы үзіліп кетті
ғой. Әлеу, Мөскеу...
Бибіжамал ай-шай жоқ Жанатай брігәдірді иығынан
тартып қалды.
— Әй, сен кіммен сөйлесіп тұрсың, өзі. Жанатай
бұл жолы да телефонның, құлағынан айырыла қоймады.
— Әлеу, Стеке. Біздің колхозда бір ыңғайсыз
жағдай боп тұр. Ожар деген басқарманың келіншегі...
Әлеу, тфу тағы да үзіліп кетті.
— Әй, сенің тілің кесіліп қалды ма? Стәліннің
өзімен бе? Жанатай телефонная аузын ала беріп, бұрқ
етті. — Енді кім деп едің.
— Масқара-ай, енді қайттім? — деген өкінішті үн
естілді.
— Әлеу, Стеке. Сол келіншек күйеуім жібермейді деп жұмысқа... Әлеу, - тфу... Жер қашық қой. Осы бір сәттегі Бибіжамалдың тірлігін көрсең. Жүзінде қан-сөл жоқ, жақтары суалып, қиярдың қабығындай көгеріп кетті. Өне-бойы безгек адамдай қалш-қалш етіп қос қолын алға соза беріп, Жанатайға тұтыға сы бырлады. Жалбарынды пішін. — Айналайын, Жанатай. Құлың болып өтейін. Стекеңе жамандамашы. Қырманға қазір бар десең, қазір кетейін. Тек үлкен кісіге айтпашы. Масқара-ай... Жанатайдың көзі жылт-жылт етіп, Бибіжамалға қулана қарады да, артынша қабағын түйе қойды. — Басқарма күйеуің жұмысқа жібермейді ғой. Билікті білегіне ілген брігәдір сізден сенге көшіп өктемөктем кіжінді. Онымен қоймай, сен біреудің ошағын бұздың. Баласын зар жылаттың. Енді кеп кергисің. Асқанға бір тосқан. Қатуланып алған Жанатай дес берер емес. – Әй, бала. Мен ешкімді зорлап, мәжбүр етіп отырған жоқпын. Жас емессің, көрдің ғой. Брігәдір маған бұрылып көзін тағы қысып қалды. Түсінсем бұйырмасын. Алғашқыда шолжаңдап, оң-солын місе тұтпаған сұлу келіншек ұлы патша — Жанатайдың құлды басыбайлы кәнизәгіндей. — Әй, Жанатай. Мені құтқар. Жігіт басыңмен тозаққа тастағаның ба? Ожарды әйелінен ажырастырған мен емес. Өзім алданып қалдым. Жұмысқа шығамын. Айналайын, қайным, — деді жа нары жасқа кептелген Бибіжамал сұлу. — Иә, иә. Жағдайың қиын екен. Әлгі уәкілі құрғыр бірдеңе деп жүрмесе. Бірақ мен де айтып көрермін. Әй, Бибіжамал-ай, мені қиынға жұмсадың-аудеді брігәдір кәдімгідей ойланып.
— Ертеңгі күні Ожар ағамыз, ұятқа қалдырып
жүрмей ме? Ал сен үшін бір сілкінейін. Мәскеу алына
қойса. Алөу...
Бибіжамал сұлу құдды құлшылық қылған перуанадай
Жанатайдан көз алар емес.
— Әллеу, иә. Стеке. Мына телефон қайта-қайта
үзіліп. Әлгіндегі басқарманың келіншегі жөнге келді.
Жұмыстан қалмасын дейсіз бе. Дұрыс, дұрыс. Рах
мет, Стеке. Бала - шағаңыздың қызығын көріңіз.
«Жаңаталап» биыл уәдеден шығады. Әйеліне айтыңыз
дейсіз бе. Иә. Күйеуіне мен туралы ештеңе айтпасын.
Иә, мақұл. Басқармамен өзіңіз кейін сөйлесесіз ғой.
Рахмет, Стеке. Адам атанған соң, кемшілік болады.
Мазалағаныма кешіріңіз. Сау болыңыз. Қанға қан, жанға
жан, ұлы көсем. Жанатай телефонды іле беріп «ух» деп
күрсініп отыра кетті. Бибіжамал да орындығына сылқ
еткен. Қан сорпа жүзін бет орамалымен сүрткен болды.
— Ал, Бибіжамал жеңеше! Стекеңмен әңгімені
естідің ғой.
— Рахмет, қайным. Естідім. Бұл жақсылығынды
өмір бойы ұмытпаспын. Қарыздармын.
— Осымен әңгіме бітті. Естідің ғой. Күйеуіңе де
айтпа. Стекеңнің өзі сөйлесер. Ел естімесін. Бала сен де
аузыңа берік бол. Көсемнің құлағы шалса, ұят шаруа.
— Мақұл, Жанатай қайным. Түстен кейін қырманға
барамын. Тух, жан терім шықты ғой. Ал мен боспын
ба? — деді Бибіжамал сұлу елпектеп. Жанатай сұқ
саусағын аузына апарды.
— Мәскеу жап-жақын көрдің ғой. Уәкіл Отын
шыбаев та жұмысқа шыққаныңды көрсе көңілі орнына
түсер. Ал, кездескенше, сұлу жеңеше, — деді сыбыр
лай сөйлеп.
Сұлу Бибіжамал алды-артына қарамай зытты.
Жанатай ішек-сілесі қата күлсін кеп. Бетіне таңырқай
қараймын.
—Ал, баламысың деген. Асауларды осылай
құрықтайды. Қырманыңа қарай ұш, — деді ол.
—Құп болады.
Қазір де осы бір өткінші көрінген оқиға есіме түссе
бірде күлемін, бірде жанарыма жас келеді. Ақсақ
брігәдір Жанатай сол кезде он бестен он алтыға жаңа
толған екен. Өзім оннан жаңа асқан аузымнан емшек
сүті кетпеген баламын. Па, шіркін, дүниенің оң-
солын пайымдап, жақсылыққа қуанып, жамандыққа
жүрегімізбен ауырып, әділетсіздікке қарсы тұруға
шамамыз бірде келіп, бірде келмепті-ау. Бәріне:
Бибіжамалдың тағдырына Үрімханның жесір атануына,
сәбидің шырқырағанына, Ожардың ожарлығына, соғыс
кінәлі екен. Қарғыс атқан қу соғыс. Ал Жанатайдың
терең түкпірдегі «Жаңаталап» колхозының кемтар
жас брігәдірі сонау Мәскеумен, нағыз дөкей Иосиф
Виссарионович Сталинмен сөйлеседі дегеніне кім
сенеді? Балалық жүрегімізбен сезінген қаталдық,
қатыгездіктің тұсауынан шыға алмаппыз. Әйтпесе, осы
бір оқиға адам түсіне де енбес еді-ау.
Қазіргі күнде Жанатай қартты көрсек бір күліп
аламыз. Артынша «Ух» деп бір күрсінуіміз анық.
ҚАМШЫНЫҢ ІЗІ
— Жетпей желкең қиылғыр! Ту сыртымыздан
шыққан ащы айқайға апам екеуміз де жалт қарадық.
— Жан-жағын жұтқан жалмауыз...
Шаңдау жолдың үстімен бізге қарай әлдекім алақұйын
боп ұшып келеді. Соңында ауыздығымен алысқан ақ
көбік аттың үстінде қолында дырау қамшыны көтере
ұстаған кебежедей біреу.
— Балам-ay, анау кім? — деді сасқан апам,
қапелімде жан ұшыра дауыстап.
— Нені бүлдірді екен? Бұл сәт атты өңмендей жетті
де, қамшы сілтеді.
— Мм... Мм... Жан тітіркенер балаң ұн. Ат жалт
беріп еді, үстіндегі озбыр әрекеттің иесі ұшып кетуге
сәл-ақ қалды. Артынша боқтық араласқан өктем айқай
шықты.
—Қаныңды ішем, иттің баласы. Үй, арам қатқыр!..
Жарау жылқы тізгінмен алысқан дүр денеліге бағынбай,
аспанға атылып, алақандай жерді шыр көбелек айнал
ды. Осы сәтті пайдаланған қашқын бізді қарасынып
бері салды.
— Мм, еф, еф.
— Апа-ау, мынау Бәкейдің мылқау баласы Жапа
тай ғой. Анау Ожар басқарма, - дедім. Бұл екі ортада
Жапатай аққан күйі кеп апамның кең көйлегінің ішіне
сүңгіп кетті.
— Үйбай-ау, байғұс-ай. Мұның не? — деді апам
мәре-сәре боп. — Бейшара-ай, әбден қиналған екен-
ау. Жетімнің күні құрысын-ай.
Ожар басқарма қанын ішіне тартып, сұп-сұр боп ен
телей жетті.
— Иттің баласын жіберіңіз, қанын ішемін дедім
ғой, қанын ағызамын. Апамда үн жоқ. Ожарға бедірейе
қарап түсі суып сала берді.
— Балада шатағың болмасын, — деді осы сәт бүрқ
еткен апам.
— Не дейді?
— Сөйдеймін.
— Өлтірсем де өз қаным. Көлденең көк аттының
қажеті аз.
— Қаншылын мұның. Садаға кет. Әлиманың
аруағын силасаң етті, — деді апам жүзі қуқыл тартып.
— Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды. Жа
ман болсын деген мен жоқ, — деді енді Ожар бітімге
шақырып.
— Жіберіңіз.
Басқарманың жүзіне ұрлана көз тастасам, қос беті
шиқандай, көзінің еті қызарып, жылтыр шекесінен
шып-шып тер ағып тұр екен. Доң мұрнының астындағы
қара мұртының түгі тікірейіп, қос езуінен түкірігі
шашырап, ауық-ауық жалақ адамдай ернін жалай
береді. Апамның сұсты жүзі көгерең тартыпты. Имек
таяғын қымқыра ұстаған қолдары дір-дір етеді. Ожар
қапелімде атын өңмеңдетсе қақ бастан қайқайтуға
тайынбайтын сияқты. Табиғаты ауыр адам бір қозғалса,
тау қопарып, тас домалатары анық.
— Ат бауырына алып сабайтындай бұл пақырдың
жазығы не? Адам өлтірмеп пе, — деді апам Ожарға
сыздана қарап.
— Бүлдірді, — деді көзінен ашу оты жылт еткен
Ожар.
— Әруақтың жазығы не? Тарт тіліңді. Ожардың
талағы тарс етті.
— Әу,шеше. Өз ақылымды да сататын жер таба ал
май жұрмін.
— Құнсыз ақылдың алушысы да табылмас.
— Тфу. Сен кемпір де тірілейін деген екенсің.
Жақсылықпен жібер ана доңызды. Апам Ожарды оқты
көзімен жеп қоярдай тесілді.
— Ә, енді сен де табаладың ба? Шалды құдай
өзі жіберіп өзі алды. Ақтайымды пашес өлтірді.
Бекайдардың тірі жүргенін көп көріп тұрсың ба? Бірақ
сен иттің айтқаның келмейді. Ол соғыстан тірі оралады.
Тұра тұр, сол кезде мен тірілемін. Сол уақыт, әттең
тезірек келсе екен. Апам жасын төгіп-төгіп жіберді.
— Әттең, анамын ғой. Әйтпесе, қарғысымды бір
басыңа үйіп-төгіп жіберер ем...
Ожар одан арғы тілге келмеді. Атын кері бұрып ап,
ауылға қарай салды.
— Тұра тұр, жетімек. Жоныңнан таспа тілемін.
Күлшінбайдың шаңырағына сіңіп кетсең көрермін, —
деп кіжіне айқайлап бара жатты.
— Әй, доңыз, айтпады деме, Жапатай енді табал-
дырығынды аттамайды, — деді апам артынан дауыстап.
— Баламның орнына бала, анасының орнына ана
боламын. Құдай алдында, уәде...
Ат тұяғының дүрсілі саябырлай Жапатай апамның
етегінің астынан сопаң етіп шыға келді. Домалақ жүзді,
көзі жалт-жұлт еткен қарашығы үлкен Жапатай апама
ұяла қарады да, артынша сонадайда қара үзіп бара
жатқан Ожарға жұдырғын түйіп әлде не деп былдырлап
жөнелді.
— М... м... апа... па...
— Бейшара бала-ай. Жүрегіне кек орнап, әбден
запыс болғаны-ау. Пау, үлкендер-ай. Балаларда несі
бар? Онсызда оң-солын аңғармаған байғұстар, тағдырға
не жазып қойыпты, — деді апам Жапатайдың басынан
сипап. Қам көңіл, аялы алақанға зәру Жапатай өксіп-
өксіп қоя берсін.
— Апа, — деді ол. — Е... е... е... е... Қос қолы
ербеңдеп, аузы қомпандап, апамның құшағына құлай
кетті.
— Алда сығыр қылған құдай-ай... Ес көргені-ау,
мына жаман кемпірді. Ух, дүние-ай...
Құдды аспан астын, жер үстін мұң басып кеткендей.
Өн- бойым дір-дір етіп теріс айналдым. Жанарыма жас
кептеліп,тамағыма ащы өксік тығылды. Осыдан сәл
бұрын Жапатайды үйге кіргізіп алсақ, мұндай сойқан
мүмкін болмас та еді. Жапатайдың шешесі апаның
немере сіңлісі. Ожармен де сүйек туыс, әкелері ата
аралас. Тілі шықпай, кемтар атанған. Жапатайдың әкесі
майданға кетіп, соңынан қара қағаз келген. Бөкейдің
көзін ашып көрген жалғызы.
— Ех, дүние-ай, Бөкең момын еді. Ағайын-туысқа
барды бергенді жақсы көреді. Есбике де қарағым
еді-ау. Ауру меңдеп, оның үстіне күйеуі мен жалғыз
қарғасының қайғысынан құса боп көз жұмды, — деп
апам бірде Жапатаймен Ожардың арасындағы кикілжің
барын елден естіп кеп, көзіне жас алған.
— Еркек деген басы бар. Сол тәрбиелесін деп ем...
— Жапатайдың туыс екені анық. Неге алып
келмейміз, — сөзін киіп кеттім.
— Әй, балам-ай. Қаны бір туыс. Жүз шайысып
қалған шығар. Оның үстіне елдің сөзін қайтесің. Еркек
тұрғанда, әйел араласып демей ме, — деген.
Бүгін апам бар дүниеге қанықты. Енді аспан айналып
жерге түссе де шешімінен қайтпайтыны қаһ.
Сөйткенше көзінен жасы сорғалап қасірет шек
кен Жапатай шыңғырып жіберіп, жерге отыра кетті.
Апамның құшағы ашылып сала берген. Сұмдықты
қара! Қырық құрау ақ бәтес көйлегінің сыртына қан
шығып білеуленіп тұр. Шамасы апамның қолы тиіп
кетсе керек.
— О, содыр бейшара! Құйттай баланы осыншама
сабайтыңдай, қабағына қан қатқан сорлы. Үйбұй-уу...
Тіліп түсіпті-ау. Шеш, көйлегіңді. Жапатай түсінбей
апама қарады да әлде не деп қолын сермей ымдай
жөнелді. Бұл тірлікке апам шыдамады білем, ары-бері
бұлқынғанына қарамай, Жапатайдың үстіндегі көйлегін
шешіп алды. Дырау қамшы тиген жері шүберекке жа
бысып, желімденіп қалғандай. Жапатай бауыздаған
лақтай бақ етті.
— Ии... Қарғам-ай. Қабырғасы ырсиып, сүйегі
қалыпты-ау. Тұр орныңнан. Бөлетай, қолынан жетек
те, — деді апам.
Ауылдың шетіндегі қоржын үйге жеткенше көз асты
мен біресе маған, біресе апама ұрлана қараумен болды.
Жалаңаш түрінен қаймығатын түрі жоқ. Тек әлсін-әлсін
қабағын түйіп ауырсынып қояды.
Апамның ем-домы Жапатайға жаққан сияқты. Арық
басынан жұлып әкелген әлде бір шөптерді қанжылым
тұзды суға салып, білеу-білеу арқасына жапсырып, со
нау күні сойған ешкінің терісінің бір пұшпағын кесіп
алып, үстінен бастырып байлап тастады. Сонан соң
мен жататын кәннің бір бұрышына төсек салып, осын
да жатасың деп ымдады. Жапатайдың сол сәттегі түрін
көрсең. Алдымен сұқ саусағымен кеудесін нұсқап:
—Мен бе? — деді ымдап.
Апам басын изеді. Жапатай басындағы көнетоз
тақиясын жұлып аспанға лақтырып жіберді де, әлде не
деп қуана дауыстады. Сөйтті де қос тізерлеп апамның
алдына жетті.
— Әлгі тік қалпақты, гәлепи шалбар киген Ожар
бұл үйге келмей ме? О ғажап! Мұндай сәтте адам
мылқаудың да не деп тұрғанын іші сезеді екен-ау.
— Ол енді келмейді. Бұл үйге бас сұқса, төбесіне
шай қайнатып, айдап шығамын, — деді апам кәдімгідей
қатуланып.
— Ожар бір ауылды билеген басқарма. Оның үстіне
қара кұштің иесі. Еркек емес пе? — деді Жапатай
күдігін білдіріп. Жапатай мен апам құдды бұрынғыдан
бір-бірімізбен мылқауша сөйлесіп жүргендей. Апам
құшырланып-құшырланып, жұдырықтарын бір-біріне
соғып қояды.
— Ой, мен ол сұмырайдан көп таяқ жедім ғой. Қымс
етсе қамшысын ала жүгіреді. Етігімен бүйірімен, ба
сымнан сан тепті ғой. Анау келіншегі де араша түспейді.
Бұрынғы әйелі жақсы еді. Мен үшін ол бейшара таяқ та
жеді.
— Шыдамады ғой, байқұс.
— Апа... е... ап... Жапатай әп-сәтте өзіне тиіселі
ала сиырды Ожардың тартып алғанын, Қаракөз атты
майданға жібергенін, шешесінің абдыра сандығын
көршідегі Бағила кемпірге өз қолымен бергенін, оның екі
баласының әскерге кетіп, олардан қара қағаз келгенін,
жаны ашитынын там-тұмдап жеткізді де, бір сәт қабағы
түйіліп кән үстіне отыра кетті.
— Шешесі ойына түсіп кетті-ау, байғұстың, — деді
апам күңк етіп.
— Жапатай, не болды ? — деймін.
— Жай, — деді Жапатай ымдап.
Сонау бір дүрбелеңнен кейін Ожар біздің үйге бас
сұққаңды қойды. Жапатай мәз-мейрам. Қолым да
жеңілденіл қалған сияқты. Мылқауша сөйлескенде
алдыма жан салмаймын. Қарауылға барып жусанды
бірге шабамыз. Қала бере балық аулауға барамыз. Оқу
басталуға әлі біраз уақыт бар. Апам күні-түні қырманда.
«Соғыс бітуге жақын. Жаудың күлі көкке ұшуға таяу
деген қауесет, жер басқан тірі пенденің жүрегіне қуаныш
ұялатып, еңсесін көтеріп тастағандай.
— Әкем келген соң, өз үйіме кетемін. Кеше барып
қайттым. Тентек балалар терезенің кірпішін түсіріп
тастапты. Әттең көзіме көрінсе төбесіне шай қайнатар
ем, — деді ол бір күні.
— Ожардың да сазайын тартқызамын... Жапатай-
дың қою қабақтары түйіліп, жүзі қызараң тартып, аузы
қомпаңдап, түсі суып шыға келді.
— Әй, Бөлетай. Екеуміз Ожардікіне барамыз.
— Қашан? — деппін аңтарыла қарап.
— Бүгін түнде, — деді ол маған күлімсірей қарап.
— Иә, кеш батқан соң... Жапатай қолымен дөңгелек
күн жасап, алдымен қиырды нұсқап, артынан құбылаға
тіреді.
— Оңда не істейміз? Ожардан қорықпайсың ба? —
деймін жұлып алғаңдай. Ол сұқ саусағын шошайтып:
— Ол бізді көрмейді. Пәлеге жолап неміз бар, —
деді Жапатай кеңкілдей күліп.
— Не үшін барамыз? — деймін Жапатайды
жұлқылап.
— Барған соң көресің. Тек апам біліп қоймасын.
Ренжиді ғой, — деді Жапатай асықпай түсіндіріп.
— Мен оны бәрібір аламын. -Нені?
— Айтпаймын.
— Ал Ожар ұстап алса, жонымыздан таспа тіледі
ғой, — деймін қорқынышымды жасыра алмай.
— Тіліп болған шығар. Еңді кезек біздікі, — дейді
Жапатай жайбарақат.
— Қайтіп? Кәдімгідей.
Ары-бері сандалып жүрмін. Әлгінде табынның ал
дынан шығып, ала сиырды байлап, кешкі асты іштік.
— Ал, жолға дайындал. Мен қазір келемін, — деп
Жапатай сыртқа шығып кетті. «Мынау бір қатерлі са
пар болды-ау деймін. Ертең малатасқа баратын кезегім.
Басқарма ұстап алса ше? Бәленің басталғаны. Апамның
басына қара бұлт орнайды. Бірақ... Бірақ Жапатай бәрін
ойластырын қойған шығар. Қорыққанға қос көрінеді».
— Кеттік, — дейді Жапатай күлімсіреп. Қолында
қабы бар.
—Мұның не? — деймін.
— Майлыаяқтың тамағы ғой. Ожардың иті. Өзіне
ұқсаған қабаған. Жапатайдың көзі жалт-жұлт етіп, ғажап
бір келбетке енген. Неден болса да, тайынар түрі жоқ.
Түн. Көзге түрткісіз қараңғы. Әр жерде бір лапылдаған
жерошақ оты. Анда-санда маңқ-маңқ етіп үрген төбеттердің
үні. Үйреккөл жақтан бақалардың ұзын ақаулы даңғазасы
естіледі. Құбыладан қиырға қарай тартылған жібектей
шуатылған құс жолы. Жамыраған жұлдыз. Қара көк
аспан. Алда Жапатай, артта мен. Көкиірімнің терең сайы
нан өтіп, арғы беттегі жарқабақты сыналай кеткен соқпақ
жолға түскенде, Жапатай қалт тоқтады.
—Мен қазір келемін. Осы арадан қозғалма, — деді
ол ымдап.
—Мақұл.
Су қараңғыға сүңгіп кеткен Жапатай сәлден соң
қайта оралды. Қолын ары-бері ербеңдетіп есі шыға
ымдап әлек.
—Ожар үйде екен. Майлыаяқпен де сәлемдесіп
қайттым. Ұмытпапты. Ырылдаған жоқ, төсіме асылып,
еркелеп есі шықты...
—Иә, сонан соң?
—Терезеден қарадым. Ожар сұлу келіншегінің жа
нында шай ішіп отыр.
—Солай делік.
— Ал, мен қимылдадым. Алда-жалда қауіп төнсе
сайға түс те, жалғыз аяқ көпірдің жанынан кұт.
— Жапатай, сен өзің не істейін деп жүрсің? —
деймін жан ұшыра.
— Мен кеттім,- деді ол жауап орнына.
— Жолың болсын.
Қарақуыстың жылы желі кең аңғарды кеулеп түнгі да
ланы бір сипап өтті. Сылдыр-сылдыр аққан Көкиірімнің
сарқырамасы. Қаптап жүрген көп қасқырдың бірі
мені бас салса ғой. Масқара! Түте-түтемді шығарады.
Кейінгі кезде, итқұс дейінші, құрғырды, ауылды ба
сынып алды. Биғайша кемпірдің бұзауын тападай тал
түсте жеді. Айғанымның ата қазын алып кетті. Сауап
болды, өзіне. Тістеуіктің тістеуігі еді. Анадайдан ұшып
кеп, басыма қонып, қанатымен сабалап, тұмсығымен
шоқып ойбайлатқан.
Сөйткенше жоғарыдан кесек домалап түсті. Жерден
басымды жұлып алдым. Әлде кім қарандап жақындап
келеді. Зытып жөнелуге енді бұрыла бергенім сол
еді, Жапатай да жөткірініп қалды. Пыс-пыс етеді.
Арқасына әлденені арқалап алыпты.
— Ізді адастыру ұшін, Қыдырмолданың талына
қарай жүреміз, - деді Жапатай сол тұсты нұсқап. Ол
әмірші, мен орыңдаушы.
— Ожар нағыз оңбаған. Менің әкеме туыс. Сөйте
тұра менімен өрттей өш, - деді тал ішіне кіріп сәл
аялдаған сәт.
Үйге кіріп, есікті ішінен байлап, терезені көлегейлеп,
жетілік шамды жаққан соң, Жапатай қаптың ішінен
олжасын алып шықты. Күміс ертоқым, оқалы жүген.
Жанатайдың қуанышында шек жоқ. Жанарынан жас
тамшысы жылтырайды.
—Ақыры қолым жетті ме? — дейді кеудесін соққылап. —Бұл Қаракөздің ертоқымы мен жүгені. Ожар тар тып алған. Әкем соғыстан келгенде не деймін. —О сұмдық! Жапатай бір сәт еңіреп қоя берді. — Қойсаңшы, — деймін жалынып. Қуанғаны ма, қайғырғаны ма белгісіз. — Осылар үшін екі күннің бірінде таяқ жедім ғой, мен сорлы. — Ештеңе етпейді, Жапатай. Сен ерледің. Ертоқымды да, жүгенді де қолыңа түсірдің ғой, — деймін ымдап түсіндіріп. — Ие, - дейді ол. Енді әкем де майданнан аманесен оралатын шығар. —Оралады, — деймін жұбатып. Содан бері талай жылдар өтіпті. Жапатайдың әкесі де өртенген қалың қамыстың ішінде аман-қалған бірлі жарымдай періштесі қағып елге оралған. Арқасында дырау қамшының ізі қалған өз тұстастарымызды көріп «ух» деп күрсініп қаламын. Жапатай өз міндетін орындағанына, әкесі ұлының тірлігіне қуанған шығар. ЕСКІНІҢ КӨЗІ Өзіме де обал жоқ. Шәйнекті сексеуілдің шоғына қойып нем бар еді. Бұл үйде шаң шұң ұрыстың ба сталары анық. Оны ішім сезеді. Апам қырман басында. Соғыстың жан алып, жан беріс шағы ғой. Ағайым Әсет малатасқа мінеді. Бойы менен сәл қалқыңқы, ап-арық. Жасы он үште. Екі жас үлкен. Апамның әмірі бойынша оның есімін атауға қақымыз жоқ. «Аға» дейміз. — Еркек атанғаныннан айналдым. Осы үйдің басыкөзі осы. Түтін түтетер жалғызы, - деп апам Әсеттің мерейін көтеріп отырғаны.
— Біз ше? — деймін апаммен қарсыласып. Бізі —
Насиха, Әсия және мен.
— Тәйт ары. Еркектің аты еркек. Кешегі жау
жағадан алып, елді шапқанда қолына қару алып,
қарсы тұрған да осылар. Әне, майданға да солар
кетті, — дейді апам мені тиып тастап. Апамның
көршідегі Оспан деген баланы жолын кеспей өткізіп
жіберіп, сонан кейін қозғалатыны сондықтан шығар.
Үш қыздың - мына біздің қарсылығымыз апам үшін
түкке тұрмайды. Бірді айтып, бірге кете беріппін ғой.
Апам түскі шайға үйге ораларда, шәугімді божылдата
қайнатып, шәйнекке шай шығаратын әдетім. Көршінің
үйінен әкелген сексеулдің шоғының қырсығы. Шаршап
келген апамның қаймақ қатқан күрең шайды жайғасып
отырып сілтейтіні бар. Дастархан жайып, ошақ басына
қайта оралдым. Шәйнектің қақпағын ашып жіберсем.
О, сұмдық! Шәйнектің іші бос. Мұнысы несі? Түбінде
қою боп баттасқан сама ғана. Шәйнекті көтере бердім.
Масқара. Ұстарамен кескендей түбі айналып түссін де
қалсын. Зәрем ұшты. Апамның:
— Аруағыннан айналайын, енемнің көзі ғой. Бұл
шәйнекті атам Антон-Шеркестен әкеп берген. Сыйлы
адамдар келгенде ғана ұсталатын, — деп отыратыны
есіме түсті. Не істерімді білмей састым.
Уақытқа берік апам да кеп жетті. Жасаулы
дастарханның жанына кеп, белбеуін шешіп жайғасып
отыра кетті.
— Әу үрпиісіп отырғандарың не? — деді ол
бұрыш-бұрышта жайғасқан бізге қарап. — Жайшылық
па? Бізде үн жоқ. Апам сасайын деді.
— Шай әкелмейсіңдер ме? Шаршап та, шөлдеп те
кеттім. Орнымыздан қозғала қоймадық. Апамның қою
қабағы түскиіп, жүзі сұрғылт тартты.
— Көздерің ісіп тұр ғой. Жылағансындар ма? —
деді ол. Басымды шайқадым.
— Майданнан хат келді ме? -Жоқ.
— Тух, — деді апам енді жайдарыланып. — Қатты
қорқыттындар ғой, түге. Бірдемені бүлдіргенсіндер-ау,
ә. Апам жылы жымиды. Апамның мінезі бірде бұлт,
бірде ашық аспан.
— Әу, неге үндемейсіңдер, түге, — деді апам. Енді
бір сәт зорлана күліп.
— Ел іші тыныш, бейсауат хабар жоқ. Үй орнында,
тамақ тоқ, киім бүтін. Құдайға енді не жазып ек. Қанды
соғысты бүкіл ел боп бастан өткеріп отырмыз. Жеңіп
жатырмыз.
— Ал, aпa ұрыспайсыз ба? — дедім.
— Е, неге? - Қатын ашуланса қазан қайнатар, —
деді апам.
— Уәде ғой.
—Ей, мынау не деп отыр-ей. Мен қашан айтқаны-
мнан тайып едім, — деді апам. Батылым жетер емес.
— Сыдықбек мұғалімдерің екілікті қонжитқан-ау,
-деді апам көзін сығырайтын.
— Жоқ, бүгін Әсия да, Нәсиха да бес алды.
— Жарадындар, жігіттер, — деді апам көңілденіп.
— Әй, қыздар әлгі ағайларың өгізден жығылып
(Әсетті меңзеп отырғаны)...
— Құдай сақтасын.
— Әу, адам өлтірсендер де айтсаңдаршы, тегі.
— Aна шәйнектің түбі айналып түсіп қалды, —
дедім басымды бәйгіге тігіп. Ендігі сәтті күтіп, тым-
тырыс қалдық.
— Өзіміз де таңбыз, — деді Нәсиха.
— Шәй шығарайын десем, ішінде су жоқ, — деді
Әсия. Апам кекжие қарады. Енді бір сәтте көзінен ашу оты жарқ етіп, сойқан басталар деп күттік. — Тух, соншама зәремді ұшыратындай не жазып ем, сендерге. Бұл дүниеде мәңгілікке қалатындай не бар. Адам да өледі, көл де құрғайды, тау да мүжіледі. Енемнен қалған көз еді. Уақыт келді. Сынды. Солай емес пе, қыздар, - деді апам самбырлай сөйлеп. Бірақ апам шәйнекті күресінге лақтырып жіберген жоқ. Екіді мен ақшамның ортасында көршідегі Байжайлау ұстаның үйіне барып мыс сым темірмен құрсаулатып алып келді: — Әсеттің әйеліне беремін, — дейді кәдімгідей күрсініп. Сонан соң абдыра сандықтың аузын аша баста ды. КЕРЗІ ЕТІК Сақылдаған сары аяз. Қоржынға ұқсаған жапа тамның иесі екі түтін, бес адам, Беқдауыл қарт Науша әжей бір басында. Екінші басы Бижамал шешем, Нұркен інім және менің тұрағым. Ортадағы бөлме екі үйге бірдей. Ие, ортақ демекші Нұркен екеуміздің де бір пар керзі етігіміз бар. Былтырғы жылы Бекей нағашым бір мөшек бидайға Сарқан базарынан сатып әкеліп берген. Киіс көргені бірден-ақ белгілі. Кілеттің қуысына тыққан арба майымен майлап алсақ кәдімгідей жапжаңа көрінеді. Онымен қоймай жерге қар түсіп, суық басталғаннан бері, керзі етіктің жұлдызы жанып тұр. Ертеңгісін Нұркен қалың шұлғауды орап, қонышынан тарта киіп, мектепке кетеді де, ол сабақтан келе, иесі мен атанамын. Құдды бір көлік айырбастағандаймыз. Асты-үстін қарап, тексеріп жатқанымыз. Онда да шешеміздің: — Оң солыңа қараңдар, құлындарым, заман қиын. Ақшаға табылмайды. Бір-екі қысқа
жаратасыңдар, - дегені есімізде. Шарт орыңдалмаса
шатақ шығады.
Сабақты оқып болып, терезе көзіне барып күнге
қараймын. Менің алып сағатым сол. Төрт бөлмесі
бар шағын мектептің жалғыз мұғалімі Ниязжан
Мүсәпіровтың бұл ауылда ақ дегені алғыс, қара
дегені қарғыс. Әуелі ешкім бетіне келмейтін Қожақан
бригадирдің өзі ол деген де жаны басқа. «Ниязжан-ау,
халың қалай, бала-шағаң аман ба» деп иіліп төсек, жайы
лып жастық. Қабағы түксиіп, көздері шатынап, ақырып
қалғанда кірерге тесік таппайсың. Кезі келсе тоқпақтап
алады. Шешеме айтсам: - Көппен көрген ұлы той. Оны
құтыртқан соғыс қой. Дегенмен, оқу оқысаң, жаман
болмайсың, қарақтарым, дейді. Әй дейтін әже, қой дейтін
қожа жоқ деген осы.
Нұркен бұл күні әдеттегіден көп кешікті. Қайта-қайта
терезеге барамын. Қапшықтарын арқалап оқушылар
ауылдың шет жағына бет алып барады. Дені біздің
сыныптың оқушылары. Айналдырған отыз шақты үйдің
балалары белгілі. Сырып жасалған күпәйке, шалбар,
өрмектен тоқылған қағаз қапшық. Тыпыршып әрі-бері
сенделіп жүрмін. Шешем шөп тиеуге кеткен. Қойшы,
бір уақытта жүгіре басқан Нұркен де үйге кеп кірді.
—Етікті шеш! Сабақтан қалдым, қайда жүрсің?
-деймін ініме кіжініп. Нұркенде үн жоқ. Апай-то
пай етікті сұға салып, мектепке қарай жүгіріп келемін.
Ауық-ауық тоқтап мектеп жаққа құлағымды тігемін
кеп. Жез қоңыраудың сыңғыры естілмейді. «Иә, сәт»
деймін күбірлеп. Бірақ мен кешігіппін. Қара сорпа тер
ге түстім. Бөркімді алып, есікті батымсыз тоқылдатын
кіріп бардым.
Әлде нені тақтаға жазып жатқан Ниязжан маған
жалт қарады.
— Пау, мынау Отыншынов па? — деді ол маған құдды тұңғыш рет көргендей сұқ саусағымен көрсетіп. — Мына жүрісіңе жол болсын! Басымды жерден алмаған күйі тұқырая түстім. Үстінде офидерлік белдікпен қынай тартып тастаған әскери гимнастерка, галепи шалбар. Көгілдір көзі жалт-жұлт етеді. — Қарағым, соғыста бұл қылмысың үшін атып тастайды. Солай емес пе, балалар, — деді ол әдеттегідей. Балалар бір ауыздан қостап қоя берді. — Солай ағай. Ниязжан маған кердендей басып жақындап келді де, жамбас қалтасынан шынжыр баулы сағатын алып, қақпағын ашып қарады. — Тура он сегіз минут, отыз секунд кешіктің, — деді ол. — Ал біз жаңа сабақты бастап қойдық. — Жазалау керек, — деді Кенжебай басқарманың баласы Білтай. Менімен қаны қас. Сонау жазда боқтағаны үшін Нұркен екеуміз алып ұрып, аузына құм құйғанбыз. Ниязжан жанып түсті. — Дұрыс па балалар? Білтай жөн айтады, — деді ол балаларға қарап. Оқушылар қостай жөнелді. Ниязжан асыққан жоқ. Білегімнен мыти ұстап, бөлменің бұрышына қарай алып жүрді. — Қәне, біз Отыншыновқа былай жасайық, — деді ол сағатын маған ұсынып. — Алақанына салып, қолын жоғары көтеріп, жалғыз аяқпен тұрады. Сағатты түсіріп алсаң сынады. Балалар тым-тырыс. Келесі сәтті күтіп қалған сыңайы бар. — Ағай, кешіріңізші, — дедім жаным мұрнымның ұшына кеп. — Балалар, Отыншыновтың ақылы жаңа ғана
кірді. Кешірім сұрайды. Не істейміз? — деді Нияз
жан. Мұғалім мырс етіп, балалар ду күлді. Шиедей боп
қызарып кетсем керек.
Амалсыз қатал мұғалімнің қарғысына ұшырап, жа
замды өтеуге кірістім. Анда-санда аяғым талып, құлап
кете жаздаймын да, бойымды жинап ала қоямын.
Шаршамаған тек менің алақанымда жатқан шынжыр
баулы сағат. Шық-шық соғады.
Қоңырау шылдырынан соң Ниязжан сағатын алып,
қалтасына сап, маған көркейше күжірейді.
— Әй, Отыншынов, сабаққа кешіксең жазаң осы.
Түсіндің бе? — деді ызғар шаша сөйлеп.
— Келесіде мұнан да қиын болады.
Салдырап қалған бойымды жинап, орныма барып
отырдым. Қорлыққа шыдай алмай жасымды төгіп-
төгіп жібердім. Мені құбыжық сияқты көрді ме, бала
лар маған жолар емес. Жақыңдаса Ниязжан мұғалімнің
қаһарына ілінетінін сезеді. Кәдімгі бір елді сатқан алаяқ
сияқтысың. Ауық-ауық «қу Нұркен сені ме? Үйге
барған соң сазайынды беремін» деймін кіжініп. Сөйтіп
отырғанда менің жаныма екпіндей басып Білтай жетгі.
— Иә, Отыншынов. Сазайынды алдың ба? — деді
ол мырс етіп.
— Енді кешікпейтін шығарсың. Зорға шыдадым.
Теріме сияр емеспін.
— Сенің шаруаң болмасын, — дедім бұрқ етіп.
— Мынау тірілді-ей, - деді Білтай тізгінін тарт
пай. Басқарманың баласымын деп көкірегін соғып,
жан-жағына менсінбей қарап, өзін мақтап, өзгені дат
тап тұрған бір жан. Көкесін көзіне көрсетейін десем
Ниязжанның соның сойылын соғатыны анық. «Тұра-
тұр» деймін ішімнен күбірлеп. «Жазғы демалысқа
да шығармыз. Басқарма тұрмақ райсоветтің баласы
болсаң да пішенге барарсың. Өгізге мінерсің. Сол кезде
сазайыңды берермін» деймін ішімнен.
Сөйткенше маған одырая қарап тұрған Білтай бөлмені
басына көтере дауыстап қалды.
—Балалар, бері жиналындар. Мен бір қызық
көрсетемін,—деді ол.
Іздегенге сұраған, Бөлдекбай тәмпіш қара далаға қарай
ұшты.Басқарманың баласының жанторсығы . «Айт» десе
үрер күшігі дерсің. Ештеңеге түсінбей көзімнің асты
мен Білтайға қараймын. Ол болса мені шыр көбелек
айналып, бас-аяғыма қарап, әлде не деп күбірлеп
жүр. Бір нәрсені бүлдірері қаһ. Сөйткенше жандай
шап Бөлдекбай бастаған топ бала есіктен кіріп келді.
Араларыңда тұлымы желбіреген екі-үш қыз.
— Балалар, мынаны қарашы. Отыншынов менің
ескі етігімді киіп алыпты, — деді ол.
— Оллаһи. Биллаһи, мынау менің керзі етігім.
— Иә, дәл сол, — деді досын қостаған Бөлдекбай.
— Ұрлап алған шығар. Көзіме қан толып кет
кен сияқты. Орнымнан ұшып тұрып: — Әй, Білтай,
сен аузыңа келгенді сөйлеме. Етікті Бөкей нағашым
Сарқанның базарынан екі қап бидайға сатып әперген,
— дедім шыңдығын айтып.
— Сөйлепсің, — деді айылын жимаған Білтай. —
Мен танып тұрмын. Текке сөйлеп не көрініпті.
— Нұржандікі бос сөз. Мен Білтаймен бірге
жүремін ғой. Анық танып тұрмын, — деді Бөлдекбай
қосанжарласып. Ондағысы басқарманың баласымен
бірге жүретіндігін білдіру. Мұндайда бізден екі жас
үлкен Жансұлтанның араға түсетін әдеті бартын.
Жалпы ол да Білтайды жақтырмайтын.
— Араша, араша. Арашаға көнбесең көрсетемін
тамаша,—деп мақалдай сөйлеп, ортаға Жансұлтан
шықты.
— Кел, бәстесейік,- деді өрекпіген Білтай. —
Мақұл, — дедім мен.
— Егер мен жеңілсем, Нұржанның айтқанына
көніп, айдауына жүретін құлы болайын, — деді Білтәй.
— Келістік,- деді Жансұлтан. — Нұржан үшін мен
басымды бәйгеге тігемін. Оның менің шашбауымды
әрқашан көтеретініне ризамын.
— Ал, онда сол аяғындағы етігімді шеш. Арт
жағында үш тілігі бар. Әжем айырбасталып кетпесін
деп тілген, — деді Білтай өктем бұйырып.
Бетім ду етті. Білтайдың айтқанының бір қатесі жоқ.
Шамасы шешем мені кимей қояды деп алдаған ғой.
Масқара, бүкіл балалардың алдында ұятқа қалдым-ау.
— Міне, үш кесігі бар дедім ғой, — деді арт
жағымнан кеп етігімнің қонышына жабысқан Бөлдекбай.
— Шын ба? — деді Жансұлтан. — Сенің өтірігің
көп еді ғой. Басым мең-зең, көзім қарауытып кетті.
Өзімді-өзім меңгеретін халден кеткен сияқтымын.
— Балалар, — деді дауыстап жіберіп. — Ше
шем мен нағашым мені алдапты. Білтайдың етігі екенін
білсем, өліп кетсем де кимес едім. Жалма-жан қос етікті
шешіп алып Білтайға лақтырып жібердім де:
— Етігіңмен бай бол, — дедім. Өксік тығылған
тамағымнан дауысым әрең шықты. Сөйттім де
қапшығымды ала сап, далаға қарай ұмтылдым. Есік
көзінде Ниязжанмен соқтығысып қалдым.
— Мынау қайтеді, ей, — деді күңк еткен ол. Бұл
сәтте мені тоқтатуға ешкімнің шамасы келмес еді.
Құлағымның түбінен елде кімдердің «Әй, Нұржан
тоқта» деген дауысы естілді. Шамасы Жансұлтан бол
са керек. Ұшып келемін. Тізеден келген қарды елер
емеспін. «Ал, мен жалаңаяқпын. Ал, қар қайтесің
»деймін күбірлеп. Екі-үш рет шалынып кетіп, қайта
тұрдым. Адам атаулыда да осындай өлермен мінез
болады екен-ау. Сәлден соң аяғым өзімдікі емес
сияқты көрінді. Құдды бір мұз таяқ сияқты. Үйге жете
табалдырықтан аттай бере құлаппын. Шешемнің: —
Оу, құлыным-ау, құдайға не жаздым, - деп шыңғыра
дауыстап жібергені еміс-еміс есімде. Көзім қарауытын
ешнерсе сезер емеспін.
* * *
Көзімді Ақтеректің аруханасында аштым. Жан-
жағым аппақ киім киген адамдар. — Әй, жігіт мұның
қалай? — деді көзіне көзілдірік киген адам.
— Өліп қалсаң қайтесің? Шындығында жайым
қиын екен. Қос өкпемнен қатар суық тиіпті. Екінші күн
дегенде дәрінің күшімен көзімді ашыппын. Сәлден соң
есіктен көзі бұлаудай ісік, жасы тамшылаған шешем
кірді. Жаныма отырып, шашымнан сипайды.
— Әй, құлыным-ау, көзімді алақандай жасадың
ғой. Қос қарғам-ай, сендерді жоғалтсам Отыншыға не
деп жауап беремін, — дейді ол.
— Апатай-ау, мені неге алдадың, — деймін көзімнен
бырт-бырт жас ағып. Шешемде үн жоқ. Кінәсін мой
ындайтын сияқты. — Апа, апа. Сен енді мені алдама.
Осыдан жазылып шыққан соң, колхозға жұмыс істеп,
көп еңбек күн тауып жаңа етік сатып аламыз. Нұркенге
де біреуін, — деймін оны жұбатып.
—Ақылыңнан айналайын, — дейді ол егіліп.
—Отыншы әкең айтпақшы, бәрі орнына келеді.
—Міне, осыдан бері талай жылдар өтіпті. Соғыс
өрті сөнді.
Ауылға аздаған ғана әкелер оралды. Көбі майдан да
ласында қалды. Шынын айтайын, қазір керзі етік киген
балаларды көрсем, осы бір оқиға көз алдыма елестейді.
«Ех, қу соғыс-ай» деймін күрсініп.
ЖАРТЫ ҚҰРТ
Әжемнің мінезі қызық. Менің атамды кәдімгідей
баласынып отырады. Бәрінен де дастархан басындағы
тірлігін көрсең. Міне, бәріміз — әжем, атам, апам
дастархан басына отыра қалдық дейік. Сонан соң-ақ
әжемнің әрекетіне ұрлана көз тік. Әжем үстел бетіне бір
қарап алды. Бұл алғашқы бақылауы. Сәлден кейін-ақ ол
атамның алдына қарай дәмді тағамдарды сырғыта бастайды
кеп. Қарыннан шыққан сары май, кілегей, жарма...
—Ал, тамақ алыңдар, — дейді сонан соң. Бұл сәтте
атамның алдына қарай қызыл-қоңыр бауырсақтар легі
сырғып бара жатады.
Атам менің биыл жетпіске толды. Ел болып той
өткізген.
—Пау, апа-ау. Мына балалар не жейді? — дейді
атам күйініп.
—Бар дәмді менің аузыма тосатын әдетінді қойшы.
Әжем айтқан бетінен қайтпайды.
—Ата болсаң, балалардың атасысың. Менің
құдайдан, адамнан бір сұрап алған жалғыз ұлымсың.
Сен үшін мен не көрмедім, — дейді ол.
Шындығында әжем тоқсанның бірінде, атам
жетпісте, апам алпыста, ал ең кішкентай — әжемнің
неменесі, атамның шөбересі, ағамның немересі Гүлім
екіден жаңа ғана асты.
— Әй, құлындарым. Мына аталарынды менің
тілеуіме құдай берген. Соғысын да, ашаршылығын да
бастан өткердік қой, — деді бірде әжем бізге қарап.
— Мына құртты шетінен тістеңдер.
Әжем жартыкештеу майлы сары құртты маған ұсына
берді.
—Осы апам қызық. Бірақ не дерсін. Адам жасында
бір, кәрісінде де бір бала, — деді апам жымиып.
Біз әңгімеге ден қойдық. Сонау көрінген үшкіл төбенің
бауырын жағалап керуен жол өтеді. Соғыс басталған
жылы «Жаңатұрмыс» колхозы отыз үйлі ғана шағын
колхоз екен. Осы мекеннен жасы бар, кәрісі бар отызға
жуық адам майданға аттаныпты. Біреудің әкесі, біреудің
бауыры, біреудің ағасы. Соның ішінде менің әжемнің
жалғыз ұлы Бекетпай атамыз да бар екен. Түнімен ке
тер жолдыңа қамын жасап, мал айтып сойып, көпті,
қауым жігіттерді, майданға шығарып салғаңда, шабдар
биеге әжем де мініп жөнеліпті. Әске-ри комиссариатқа
айтып әскерге бірге бармақ болған екен. Бірақ әжемнің
айтқанына олар көнбепті. Вокзал басы ығы-жығы жұрт.
Жылап-сықтаған бала -шаға, қатын-қалаш.
— Соғыс деген нағыз қарғыс атқыр кесапат қой,
— деді әжем әңгіме арасында сөзіне мән бере, қабағын
түйіп. Әупірімде не істерін білмей сасқан әжем ары-бері
жүгіріп, ақыры атамның арқасына байлап алған дор
басын жерге түсіріп, ішінен майлы сары құртты алып
шығады.
— Әй, жалғызым, — дейді әжем ұлына — біздің
атамызға қарап.
— Мынау — елдің дәмі. Олар сенің амандығынды
тілейді. Олай болса мына құрттың жартысын тісте!
Жан-жағындағы жігіттерден атам ұялса керек:
— Апа, қойыңызшы, — десе, әжем бұйыра сөйледі.
— Апаң ырым жасап тұр. Менің сенен басқа ұшар
қанатым да, сүйенер тірегім де жоқ. Құдай қапелімде
ойыма түсірген шығар. Жақсылық болсын. Тісте.
Қалған жартысын өзің майданнан оралғанда беремін,
— дейді. Әжем жыламайды. Атам құрттың жартысын
тістеп, вагонға мініп батысқа жөнеп береді. Содан сы
наптай сырғып уақыт өтеді. Алғашқы хаттар легі кеп
жетеді. Әжем ел сияқты көзіне жас алмайды.
Үйткені сенім мол. Абдыраның түбінде майлы сары
құрттың жартысы жатыр. Әредік-әредік ауылға қара
қағаздар келіп, күңіренген сәттер де кездеседі. Әжем
босамайды. Колхоздың жұмысын жасап, үздік сауын
шы боп өмір кешеді.
— Жеңіс жылының басына қарай баламнан хат
үзіліп қалды. Сонда да мойымадым. Сенімім мол. Құдай
құлағыма сыбырлап кеткендей. Шыдап жүре бердім,
— дейді әжем әңгіме арасында. Сөйтіп жүргенде ойда-
жоқта ертеңгісін үстінде әскери киімі бар, қолын иығына
асып алған жаралы менің атам кіріп келеді. Ішінен
қамығып жүрген әжем баласын бас салып жыласын
кеп. Мекеннің әр түкпірінен ағылған жұрт аман-саулық
сұрап, әжемнің қоржын үйіне толады. Сонда әжем не
істеді дейсің? Мол дастарханын жайып, ас алдыға кел
генде, әжем асықпай ғана абдыра сандықты ашып, әлгі
жартыкеш майлы сары құртты қолына алады.
— Ау, жұртым. Жалғызым майданға аттанғанда,
мына құрттың жартысын жегізіп, ырым қылып едім.
Елден татар ризығы бар екен. Орталарыңа оралды.
Ойлап қарасам, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ал, құлыным,
ала ғой, — деп ұсынған екен.
Біз таң қалдық. Әжемнің мінезі әлі өзгермеген.
Атамды әлпештеумен гұмыр кешіп жатыр.
ҚЫДЫРДЫҢ БАҒЫ
— Әлі есімде. Қарасирақ бала кезім, — деп баста
ды Батырхан бағбан әңгімесін.
— Анау көрінген жасыл желекті мекенде балалық
шағымның шежіресі жатыр. Менің осы тірлігіме де сол
мекен әсер еткен шығар. Соғыс аяқталған шақ. Біздің
Алғабас ауылына өгіз арбамен бейтаныс бір жігіт көшіп
келді. Оң аяғын сылтып басады. Соғыста жараланған
шығар.
Жалғыз басты жігіт алғашқыда күрке тігіп, бір-екі
күндей ауыл маңын шолып жүрді де, анау Үйреккөлдің
маңынан жер қазып, кірпіш құя бастады. Біраздан сон,
ол әр жерге қада қағып жіп тартты да, кірпіштерді қалай
бастады. Ауыл балалары анда-санда маңайлап барып,
тамашалап қайтамыз.
Жақындауға батпаймыз. Сөйтіп жүргенде үш бөлмелі
қоржын үйдің керегесі де көтеріліп бітті.
Енді бірде әлгі жігіт тауға барып ағаш кесті. Артынша
үйдің үсті жабылып, шатыры бой көтере бастады. Бұл
бүкіл ауыл үшін жаңалық еді. Ерте көктемде басталған
үй құрылысы күзге таман салынып та бітті.
— Өзі жастайынан жетім қалып, балалар үйінде,
сонау Сібірде өсіпті. Әке-шешесінің кім екенін білмейді
екен. Соғыстан соң, ер туған жеріне деп, Қазақстанға
оралып, біздің ауылға келіпті. Қолынан келмейтіні
жоқ, шебер екен. Сонымен әлгі жігіт колхозға ұста боп
шыға келді. Одан кейінгі тірлігін көрсең, жазда арба,
қыста шана жасады. Темірден түйін түйеді, тырма
жасайды. Ер-тұрмансыз қай қазақ атқа мінген. Ауыл
ақсақалдары жігітке дән риза. Әттең, кемістігі қазақ
тілін шала білетіндігі. Кейіннен үйреніп кетті ғой, —
деді қарт әңгімесін ары қарай жалғастырып.
— Жалғыз басты жігіт жұмыстан соң да тыным
таппады. Үйдің маңын Үйреккөлден шыбық әкеліп
қоршай бастады.
— Әу, тігерге тұяғы жоқ. Малы болса бір жөн,
мұнысы несі? — десті жұрт. Ұста жігіт бір сәт байызда
мады. Ерте көктемде басқарманың арбасын сұрап алып
Сарқанға кетті. Ол кезде дүниенің бәрін базардан са
тып алуға болады. Қойшы, сонымен ұста жігіт кешкісін
қаладан оралды. Айналдырған бір ауылдың отыз түтінінің
үлкен-кішісі аңтарыла қарады. Күлгендері де кездесті.
— Пау, мына шыбығы несі? Ана Үйреккөлден де
шауып алуға болатын еді ғой — десті.
— Әу, осы жігіт тағы бір жаңалық бастамасын, —
деді ұстаның тірлігіне тәнті болған біреу.
Ұста жігіт тамырымен әкелген ағашты жерді терең
қазып көміп тастады.
— Ау, мына жеміс ағаштары біздің ауылға шыға
қояр ма екен? — деді басқарма Аңсатбай.
— Су бар жерде, ну бар демекші, мен Қыдыр ұстаға
сенемін, — деді Қойшыбай.
Ел дауласып жүргенде Қыдыр еккен шыбықтар
бүршік ата бастады. Ұста жігіттің ендігі кешкі тірлігі
осы шыбықтардың қамы еді. Арықпен суғарды, түбін
қопсытты, қара топырақ әкеп салды.
Бұл жылы Қыдырдың ағаштары жеміс бермеді.
Бірақ бой көтеріп, салаланып, еңселене бастады.
— Айттым ғой. Ерте көктемде ағаштар үсікке
ұрынды,— деді Аңсатбай басқарма. Қойшыбай үндемеді.
— Сары топыраққа жеміс ағашы шықпайды. Бұл
жолы Қыдыр бір қателесті,— деді басқарма кеңк-кеңк
күліп.
Қыс бойы Қыдыр ұста жұмысын істей жүріп,
шыбықтарын бір сәт естен шығарған жоқ. Ел еңсесін
көтеріп, тұрмыс дұрыстала бастады. Қыдыр ұста
қаладан ұрғашы бұзау сатып әкелді. Ер-тұрманын
жасатқан ауыл ақсақалдары ұстаға тоқтыторым сыйла
ды. Күн өте берді.
Астық ұшырып, қырманда жүргенбіз. Ауыл жақтан
далбақтай шауып Қойшыбай жетсін.
—Айттым ғой. Қыдыр ұста жөн – жосықсыз айна
лыспайды. Мен жеңдім, басқарма жеңілді. Міне, сары
өрігің, міне шиең, — деді ол ораған түйіншектерін шешіп.
—Ойпыр-ай ә, — десті таңқалғандар.
— Қыдыр ұста кейінде көз жұмды. Сынаптай
сырғыған уақыт емес пе? Армансыз шығар. Ұрпағы
өсіп, аталарының жолын ұстады. Еңбекке ерінбейді.
Шетінен шебер. Ауыл балалары — біздер Қыдырды
өнеге тұтып өстік. Қазір біздің ауылға сонау биіктен
көз тасташы. Нағыз ғажап мекен емес не! Көгілдір бау,
жайқала өскен ағаштар, — деді Батырхан аға.
— Соның бәрінің атасы анау Қыдыр екен талдар
екенін ұмытпаңдар. Иә Қыдыр десе Қыдыр еді-ау!..
ӘЖЕМНІҢ ӘҢГІМЕСІ
Дәл сағат он екіде кездесу басталып кетті. Алғашқы
сөзді жарытылыс тану пәнінің мұғалімі Қалибай
Жұмабекұлы алған:
–Балалар ауыл бағына бір уақыт көз салыңдаршы.
Күннен күнге тозып барады емес пе. Ағаш ауыл көркі,
сәні. Табиғатты қорғаудың өзі осы бақты сақтаудан
бастау керек, — деді ол. Сонан соң Арал теңізінің
құрып бара жатқанын, Балқашқа қауіп төнгенін күйіне
әңгімелегенде жанымыз түршікті. Соның әсері ме
Нұрсейіт деген бала орнынан атып тұрды да:
— Ағай, дұрыс айтады, балалар,—деді дауыстай
сөйлеп.
— Біздің бақты да қырып жатыр. Анау интернаттың
кішкентай
балалары,
ағаштың
басына
шығып,
бұтақтарын сындырып бітгі.
— Ол ол ма, елдердің шауып отынға тартқаны қан-
ша,— деді екінші бала.
— Күзетшісіне көрсетпей бәрін түнде жасайды,
оңбағандар. Әнеу күні көрдім, анау бақтықң алма
ағашты алабынан үш түбін қазып алып кетті,— деді
Асқар деген бала.
— Мен өтірік айтпаймын, балалар. Өздерің де
байқап жүр екенсіңдер ғой, — деді Қалибай мұғалім.
— Ендігі сөзді Өрік әжеге береміз. Шашы бозаң
тартқан, жүзі шалбар-шалбар қарт әже биылғы жылы
сексеннің тоғызына шыққан екен.
— Балалар, — деді ол қолын көтеріп.—
Мыналарың көкейге қонатын сұрақ екен. Бәріміз
қарттың аузына қарап үнсіз қалдық.
— Иә, балалар. Менің сендерге айтар әңгімем
ертегіге ұқсап кетіп жүрмесін. Бірақ, бұл шындық
оқиға. Кітаптан оқып миға тоқыған шығарсыңдар.
Мына қоныс теуіп отырған жерімізді бұрын Абдыра
бекеті деген. Отыз бірдегі аштықтан құтылып,
енді-енді еңсемізді көтеріп келе жатқан уақыт.
Талай боздақтар бекерден-бекерге қаза тапты ғой.
Астығымыз да, малымыз дабар еді. Туталақайға
салынды. Елге берілмеді. Қойшы, сонымен алақандай
аудаңдық кеңестің орынбасары ретінде ел ішінде жиын
болып, әңгімелесіп, халыққа жайды түсіндіріп жүреміз.
Ол кезде білімді атаулы сирек еді ғой. Ойда-жоқта
Балабек деген ақсақалдың өз ойын ортаға салғаны.
— Өрікжан-ау, көптен бері айта алмай жүрген
ұсынысым бар. Өзің білесің, ел болса, еңді-енді есін
жиып, тұралаған орнынан тұрып келеді. Әр жерде
бір шоқ бұлттай боп үйлер салынып жатыр. Аштық
жылдары сасқанымыздан есігіміздің алдына өскен екі-
үш ағашты да отқа тамызық жасап, шауып салдық.
Пендешілік не жасатпайды. Ауылға көз тоқтатшы.
Көлеңке болып, пана дерлік ағаш бар ма? Тегі, көк
өсірген көгереді. Содан соң әр үй де тыныш жатып
қалмас,— деген. Ел ду қол шапалақтап жіберді.
— Иә, дұрыс айтады. Жастар бастаса, біз
қостаймыз. Мектеп оқушылары көмектеседі, — деді ел
ішінен.
— Бақ болған соң, оған жеміс ағаштарын да егу ке
рек. Сарыметеннен шыбық кесіп қоршау қажет, — деді
Айқын деген жігіт.
— Су мәселесін қайтеміз, — деді енді бірі.
— Қабырғаталдан өгіз арық тартқанша шелектеп
суарамыз, — деді жастар жағы.
— Ех, өтіп бара жатқан дүние-ай. Көп түкірсе көл
деген емес пе. Кешкісін жұмыс соңынан ел боп бел
шешіп іске кірісіп кетті. Балабек ақсақал өгіз арбамен
Қарағаштан ағаш өркендерін тартты. Енді бір топ Са
рыметеннен ағаш қиып бақты қоршады.
Ұсыныс ел боп қолданды. Сонымен Ақсу бағы бір
ай ішінде егіліп бітті. Бақты жастар кезекпен күзететін.
Суды Ақсу өзенінен шелектеп тартып, суғардық. Ке
шеу күзде арықпен баққа су келді. Бақтың шежіресі тек
осымен ғана біткен жоқ, балалар. Бұл жерде алты бақан
тебіліп, ойын-сауық ұйымдастырылатын. Салтанатты
жиындар өтетін. Өтіп бара жатқан уақыт-ай. Қырық
бесінші жылы тоғызыншы майдағы Жеңіс күні осы
бақтағы елдің көңіл күйін көрсеңдер, балалар. Ертеңгі
сағат алтыдан, келесі күнгі сағат алтыға дейін, адамдар
ұйықтаған жоқ.
Оның ішінде соғыс тақсіретін тартқан ақ жаулықты
аналар да, күйеуін күткен өрімдей жас келіншектер де,
әкелерін сағынған өздеріндей балалар да бар еді. Жеміс
ағаштары сол жылы жақсы гүлдеді ғой. Аппақ гүлдер-
ақ шымылдыққа ұқсап, баққа көрік беріп, құлпырып
кетті-ау. Сол қуанышпен бірге еңірегенде етегі жасқа
толған көп ананың бірі мен едім. Жалғыз ұлым Бимолда
майдан даласында қаза тапты.
Сонау Матай станциясына жүз он сегіз жігітпен бірге
жалғызымызды алып барып, өлімге айдап апарғандай
күй кештім. Өлген артынан өлім жоқ. Оның үстіне ол
жалғыз менің ғана балам емес, Отанның баласы ғой. Ол
күнді сендердің бастарыңа бермей-ақ қойсын, — деді
Өрік әже бір сәт күрсініп.
Қазіргі қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған шат
заман да, біз еккен бақта сендердікі. Ағаштар да мен
сияқты қартаяды. Ағаш неге кесілді? Сұлу қайыңдар,
қызыл алма, алмұртты көздің жауын алған жеміс
ағаштары түбірімен жоқ. Кешегі белуардан келетін
көк шөп қайда? Осыншама қатыгездік жасап жатқан
кімдер? Олар ел ішіндегі ездер, пенденің құлдары,
түкке түсінбейтін тентек балалар. Бұл бақтың тарихын
білмейтіндер. Өрік апа бір сәт үнсіз қалды.
Балалар ду қол шапалақтап жіберді.
— Жарайсың, балаларым, — деді Өрік әже.
ЕЛ АНАСЫ
Екінші үзілістен соң партаға жайғасып, мұғалімді
күтіп отырғанбыз. Есік сықырлай ашылды да, басына
қоқайтып жаулық тартып, кимешек киген, жасыл пүліш
камзолды, тарамыс қара кемпір көріңді. Біз орнымыз
дан тұрып, жамырай сәлемдестік.
— Аман болыңдар, құлындарым,—деді әжей, ба
сын изеп.
— Сендердің сабақтарынды тексеруге келдім. Ба
лалар бір-біріне қарасты. Көбіміз аң-таңбыз. Сөйткен-
ше мұғалима кіріп келді де, әжейді қолтықтап соңғы бос
партаға әкеп отырғызды. Сонан соң:
— Ал,
балалар,
Әсем
әжелерің
сендердің
білімдеріңді тексеруге келді, — деді, жадырай қарап.
Ауылдың үлкен-кішісі әжейді түгел сыйлайтын. Тіпті
Төлеубек атаның атынан түсіп, оған әжейді мінгізіп,
үйіне апарып салғанын өз көзіммен көргенмін. Колхоз
бастығы Аманбек ағай да ол кісіні көрсе, машинасын
тоқтатып сәлемдеседі.
Бір түсініксіз жері — Әсем әжейдің бүгінгі біздің
сабағымызға кіруі. Біздің арамызда ол кісінің немересі,
тіпті жақын ағайынның балалары да жоқ. Қара кемпір
көзіне көз әйнегін киіп, алдындағы балаларға қарай
қалды да, қалтасынан кішкене жазу кітапшасын алып
шықты. Жанымда отырған Бейсет мені шынтағымен
түртіп қалды.
— Нағыз инспектор сияқты.
— Ал, Қабдолдаева, сен тақтаға шыға ғой,— деді
мұғалім. Шашына қызыл бантик байлаған сынып
старостасы мұғалиманың сұрақтарына мүдірмей жауап
берді. Артынша екіншісі, үшінші бала шықты. Олар да
ойдан шықты. Кезек Бейсетке келгендегі түрін көрсең.
Көзі бадырайып, басы салбырап кеткен, еңсесі түсіп,
тақтаға сүйретіліп зорға жетті.
— Сабақка дайындалған жоқпын,—деді дүңк етіп.
— Қойдың кезегіне барып едім...
— Дұрыс болмаған...— деді мұғалима қабағын
түйіп.
— Әсем әжей келіп отырғанда мұның ұят. Бейсет
тұқырая қалды.
— Мұның атасы жақсы азамат еді,— деді күтпеген
жерден Әсем әжей.
— Майданнан қайтпады...
Әжей ауыр күрсінді. Біз аңтарыла қарап қалыппыз.
Мұғалима Әсем әжейді қолтықтай жетелеп өз орнына
отырғызды.
— Ендігі сабақтың кезегі сіздікі,— деді құрметтеп.
— Сабаққа залалым тиген жоқ па?— деп сұрады
әжей.
— О, не дегеніңіз! Сіздің өмір жолыңыздың өзі
үлкен сабақ емес пе!
— Олай болса тыңдаңдар, — деді Әсем әжей
тамағын кенеп қойын.
— Мен осы ауылда туып, өскен адаммын.
Шешемнен жастай айырылын, жетімдік көрдім.
Кеңес үкіметі қамқоршы болды. Сауатымды ашып,
хат таныдым. Алғашқы коммумарларды құрыстым.
Онда осы Талдысайды он екінші коммуна деп
атайтын. Бас-аяғы елу шақты үй еді. Жер жыртып,
егін салдық. Түрксибтің темір жолын тарттық. Ел
шетіне жау кіргенде ер азамат қарап жата ма? Осы
ауылдан 58 азамат аттанды. 58-ден 8-і ғана оралды.
Бірі ақсақ, бірі шолақ... Станция басында: «Әй, жеңгей
артымда болашағым қалып барады. Бас-көз болыңыз,
ақырғы тілегіміз осы!— десіп еді көп жігіттер. Сол
тілектерін орындауға күш салдым. Сендер солардың
ұрпақтарысыңдар. Жаман оқуға тиіс емессіңдер.
Менің міндетім-сендерді бақылау. Олар қалдырған
аманатты мен көзімнің тірісінде орыңдауға міндеттімін.
Оқуларыңды жақсы оқыңдар.
Бейсет шиедей болып қызарып кетті. «Әсем апа»
деп жұрттың құрметтей атайтынына еңді көзі жетті.
Тоқсанға келген шағында да Әсем әжей ел аманатын
арқалап жүр екен. Біз әжейдің қажымас қайратына
сүйсіндік.
ШАҒИ КӨРПЕ
Қарауылдың ақ таңын қарсы алатын бір жан бар.
Ол менің — әжем Қалиша. Түнімен ыңқылдап, ары-
бері аунап есі шығады. Таңғы тауық шақыра киімін
жамылып, ұйқыда жатқан біздің қасымызға жетеді. Біз
дегеніміз — Абай, Абылай, Адай және Алмас. Әжемнің
шатастыратыны құстың баласындай ұқсастығымыз,
былайғы жұрттың адасатыны бәріміздің есіміздің А
әрпінен басталатыңдығы. Кейде әжем осыдан үш жыл
бұрын дүниеден өткен атам Қалимен күңкілдеп ұрсып
жүргені. Көпті көріп, тарихты таразылап, шежіре шал
атанған атамыз немерелерін осы адамдардай атақты,
батыр болсын деп құдайдан тілеген шығар. Ал әжемнің
бізге тартқан сыйы төркінінен бірге келген көнетоз шағи
көрпесі.
Сонымен әжем еңкейіп, ашылып қалған көрпемізді
жауып: «Құдай құлындарыма қуат бер. Қолымды ұятқа
қалдырма» деп бетін бір сипайды. Алғашқыда кімнен,
неден деген сұрақтары мені мазалайтын. Өзінен өтініп,
сұраққа жауап іздегенмін. Сонда ол:
— Әй, тентек қара-ай, айтпасыма қоймадың.
Сендердің біреуің көзімнен таса болсаңдар, ел: «Осы
кемпірдің жолы еді» дейді ғой. Тфә, тфә, тілім тасқа,
құлыным,— дейді ол. — Көзімнен таса болдысы қалай?
— деймін тағы да әжемнің шаужайынан ала кетіп.
— Әй, қоймадың ғой. Әкең Есіркеген сияқты
мылжысың-ау, өзің, — дейді ол жауап беруден
қашқақтап. Қоятын мен бе? Сауалды бастаған соң,
індетіп бітіруім қажет.
— Сендер тірі жүріңдер. Мен-ақ ана дүниеге ба
райын дегенім ғой, — дейді әжем. Сөйтсем, ол таң бо
зынан тұрып алып, төрт немересінің тілеуін тілейді екен
ғой. Менің ақ жүрек, абзал әжем.
Бірақ әжем бір ашуланбасын де. Үйдегі Нұржамал
шешем
айтпақшы
«аспанды
алақаңдай,
жерді
тебінгідей» жасайды. Ертеңнен қара кешке дейін қара
тастай қатып, ұршығын иіріп, көлеңкедегі томардың
үстінде отырып алуға бар. Шынын айтайын, біз
әжемізден әрі қорқамыз, әрі еркелейміз. Міне, әжем
әдеттегідей күнделікті тірлігін қайталап тысқа шықты.
Адам баласы кейде қызық қой. Кеше кешкісін қой
кезегін бағып келісімен, сілем қатып мызғып кеттіппін.
Енді ұйқым шайдай ашылып, ішім пысып жатыр. Қолы
бос адам не істемейді? Алдымен құс жастықтан шығып
тұрған қауырсынның бірін алып, Абылайдың мұрнын
қытықтадым. Ол ірге жаққа аунап түсті. Алмастың
жастығын тартып алып, басына қапшығын жастап
қойдым. Былқ етер емес, маса шаққаңдай да болмады.
Абайдан қорқамын. Шомбал жұдырығымен бір көсіп
қалса, саудамның біткені. Менен жеті жас үлкен.
Мұрты тебіндеген он бірінші сыныпта оқитын жігіт —
бозбала. Алмас менен екі жарым жас кіші. Айдағанға
жүреді, айтқанға көнеді. Әйтпесе,.. ар жағын айтпай-
ақ қояйын. Тек арызқойлығында шек жоқ. Құйрығын
басып қалған мысықша бажылдап бір өзі үйді басына
көтеретіні анық. Бауырларымның пыс-пыс етіп алаңсыз
ұйықтап жатқанына қызығып кеттім. «Арызқойдың»
жанына жеттім де мұрнын қысып-қысып жібердім.
Бар пәле осыдан басталсын да кетсін. Алмас шар
етіп жылап қоя берді. Абай ағамыз селк етіп орнынан
атып тұрып еді, көсеудей аяғы терезеге таяу қойылған
үстелдің бұрышын іліп кетіп, үстінде тұрған жарты
шелек су шелек-мелегімен Абылайдың үстіне құласын
кеп. Жетінші «а» сыныбының «шебінің» шошына
дауыстағанын естіп күліп жібере жаздадым. Құдай
бек сақтап, түк білмегенсіп, көзімді уқалап жатырмын.
Үлкен ағамыз ай-шайға қарамай шағи көрпені жұлып
алмақ еді, Абылай шетін аяғымен басып тұр екен,
онсызда ені мен көлденеңі екі-үш метр ауыр жамылғыш
қақ бөлінді. Осы бір сәтте әжем де үйге кіріп келген еді.
— Әу, бұларың не? Астыларыңнан су шықты ма?—
деп дауыстай ұмтылды.
— Қап-ай, бүлдірдіңдер ғой. Өй, өңшең тентек...
Әжемнің дауысы жер астынан шыққандай құмыға
естілді.
— Қайран дүние, түкке алғысыз болды-ау ә?..
Улап-шулап жатқан бізге де назар аудармады. Көрпенің
әр жерін бір шұқылап әбігерге түсті де қалды. Бұл екі
ортада төр үйден әкем мен шешем де қара көрсеткен.
Ойран-асыр тірлікке алғашқыда түсінбей, артынша:—
Әй, мыналарың не?— деп өкіне дауыстады. Әжеме,
өзінің шешесіне көзі түсіп кеткен екен. Керегедегі
ілінулі тұрған шашағы мол қамшыға қолы тиер-ти
местен қолды-аяқтымыз, жартылай жалаңаш далаға
ытып-ытып шықтық.
— Әй, Есіркеген, сен де бала болғансың. Бұлардан
да асып түскенсің. Қу жалғыз көрсетпегенің бар ма
еді. Енді бүгін түк білмегенсуін. Құдайға тәубә. Төрт
қарғамды көп көрмесін. Ары жүр, — деп ортаға түсетін
әжемнің бүгін оған құлқы жоқ.
Сәлден соң Нұржамал шешеміз амалдап жүріп бізді
үйге кіргізді. Онда да аяғымыздан суық тиіп ауырып
қалады деген сылтауын айтып қояды. Әжем қабағы
түйіліп, әжімдері көбейіп кереует үстінде отыр. Біз ту-
талақайын шығарған шағи көрпе бүктеліп бұрыштан
орын теуіпті. Бәрін бүлдірген сенсің деп ағаларым
«арызқойға» оқты көзімен қарайды. Ол да басынан не
болып, не өткенін білмей мәре-сәре. Бізге жалтақтайды.
Әлде не деп жұбатсаң жасын төгіп жіберуге дайын,
тостағанының кенезесі шыққа толып тұр.
— Түк білмей отырғандарын, түге — деді енді
Нұржамал шешем бізге «кіжіне» ұрсып. Әжемізге көз
жасап, бізге білдіртпей көзін қысып қояды.
— Ана көрпені тысқа алып шығыңдар. Абай бастап,
шешеміз қостап көрпені темір сымға іліп біткенімізде ол
тағы да бізге әмір бере бастады.
— Әй, бұзақылар-ай. Әжеңнің көңілін табыңдар.
Бірақ апам бүгін сендерге ери қояр ма екен. Әлгі бұл са
татын Есбикенің үйіне барын келейікші, Абай,— деді
ол ағамызға бұрылып.
— Ал сендер малды шығарып, табынға қосыңдар.
Үйге кірсеңдер әкелеріңнің қамшысына жолығасындар.
Екі кішкентай қойдың астын тазаландар! Әжем
айтпақшы «бір құдай жетелеп, бір құдай желкелеп»
дегендей жұмысқа кірісіп кеттік. Шамасы, бүгінгі
күннің жоспары бұзылып, балық аулауға барамыз
деудің ауылы алысқа кеткен сияқты. Шағи көрпе
бізге көресіні көрсететін түрі бар. Әжемді аяп кетемін.
Төркінімнің көзі деп сақтап жүрген затын біреулер
быт-шытын шығарып, іске алғысыз жасаса, оны қалай
кінәларсың.
Шешем мен Абай ағамыз Есбикенің үйінен көңілді
оралды. Қолтығында газетке оралған бумасы бар.
— Құдайдың да көзі бар екен. Тура мына шағидың
өзі емес пе, — дейді ол буманы ашып, көрпенің тысы
мен салыстырын.
Сонымен біздің үйде қызу жұмыс басталып
кеткен. Абай мен Абылай сырттағы тірлікке жегіліп,
кішкентайлар шағи көрпенің қанжығасына байландық.
Алдымен көрпенің жүнін түттік. Шешеміз қос сабаумен
ұрғылап мамығын үлпілдетті. Сонан соң бұрынғы
көрпеден сәл кем қылмай шағиды өлшеп, жүн тартты.
Инесін бізге сабақтатып, көрпені қабыды. Әжем анда-
санда көз қиығымен қарап қойып, ұршығымен әуре.
Алдындағы уақыт сайын өсіп, домаланып келе жатқан
шүйке біздің қыста киер шұлығымыз бен қолғабымыз.
Әжем иіруші, шешем тоқушы.
Сонымен шағи көрпе де жасалып бітіп, ауладағы сым
кір ілгішке жайылды. Әжем әлі үнсіз. Қабағы түксиіп,
шайды да дұрыс ішпеді. Шешем әжемді көңілдендірмек
болып:
— Әй, тентектер. Әжесінің құлындары, көрпе
жаңарды. Енді алыспай-жұлыспай дұрыс жатыңдар,
— деп иіліп төсек, жайылып жастық.
Әлде қандай тықырдан оянып кеттім. Әжем киініп,
енді ғана кебісінің голошын киюге еңкейген екен. Көзімді
жұма қойдым. Терезеге таң келіпті. Сәулелері үйдің
бұрыш-бұрышын түрткілеп, бөлме іші теңселіп тұрған
сияқты. Міне, әжем біз жатқан бұрышқа беттеді. Әкем
мен шешем жатқан төргі үй жаққа ұрлана көз тастап
қойып, тізерлей қонып, көрпенің бір бұрышын ұстады
да иіскеп көрді. О, ғажап! Мұндай сәтті бұл дүниеде
менен басқа ешкім көрмеген шығар. Жұмбақ дүние.
Heгe иіскеді екен? Сөйтті де бізді қымтай жауып,
әдеттегідей: «Құдай осыларға қуат бер. Қолымды
ұялтпа» деп бетін сипап, голошын сылпылдата басып,
сыртқа беттеді.
Содан бері талай жылдар өте шығыпты. Қазір төрт
ұл аумалы-төкпелі тағдырдың қиялы жолына түсіп
алып, жүріп келеміз. Ойыма шағи көрпе түскенде
егіліп кетемін. Байқап қарасам, біз де, әкем де шағи
көрпенің ішінен шығыппыз ғой. Әжем оны бекерден-
бекерге иіскемепті. Тіпті бәрімізді шағи көрпенің асты
на тықпалауының жөні бар екен. Бірлігі бөлінбесін деп
ырым қылыпты. Әжем бәрін елеп-ескеріпті. Қайран,
менің дана әжем.
Қазір шағи көрпе «Арызқой» Алмастың үйінде.
Әлі сол қалпы. Өйткені ол отау иесі ғой. Соның қара
пұшықтары жамылып жүр. Сен өмірден өтсең де әже,
көрпеңнің жылылығы әлі сол қалпында деп дауыстағым
келіп тұрады.
САҒАТТЫҢ КЕСІРІ
Біздің үйде әркімнің өз сағаты бар. Әкемнің сағаты
көршілердің әтештерімен күнде майдан ашып, таң
бозынан елдің шырқын бұзатын, қызыл айдарлы,
күміс қанат, ақ әтеш. Әкемнің еншісі-кәдімгі қалтадан
түспейтін күміс шынжырлы, сырт етіп жабылатын
қорабы бар дөңгелек сағат. Қалабай досынан
осыдан он жыл бұрын қалап алған жиырма екі тасты
Швейцариялық дүние. Онымен қоймай, бір минут
алдыға кетіп, не артқа қалған емес. Шешемнің сағаты
білезікке ұқсаған түймедей ғана. Ол оны көп тақпайды.
Шифонердегі қалың қара көйлегінің қалтасының
қожасы. Ал менің меншігім-терезенің алдынан түспей,
күні-түні тық-тық соғып, анда-санда кілтпен бұрап
қоймаса, лезде жансыздана қалатын, ескі қоңырау
сағат. Әжем кейде өзінен-өзі ұршық иіріп отырып:
— Бекен-ау, мына шырылдауықты сен туғанда
алғанбыз. Сенімен түйдей жасты, — дейтіні бар.
Шындығында
шырылдауық
десе,
шырылдауық.
Ертеңгісін ұйқының нағыз тәтті шағында, бөлмені ба
сына көтеріп, безілдеп қоя береді. Сан рет шошып
оянған кездерім бар. Бірақ қоңыраулы сағат уәдесінен
тайып көрген емес. Дәл сағат ертеңгі жетіде орныңнан
атып тұрғызады. Әжем баяндағандай тұр-тұрдан хабар
келсе, ұйқыдан маза кетеді.
Бүгін де дәл солай болды. Көзімді тырнап ашып
орнымнан тұрып, мектепке дайындалдым. Әкем
жақында ғана, алыс сапардан оралып, үйде демалып
жатқан.
Геологтың
тынымсыз
еңбегі
қажытып
тастағандай.
Кенет көзім стол үстінде жатқан шынжырлы
сағатқа түсті. Қолыма алып, құлағыма тоссам, сырт-
сырт соғады. Қорабын ашсам стрелкалары алтын
дай жарқылдап, көздің жауын алады. Қызығып кетіп
қалтама салдым. Апыл-ғұпыл әжем қайнатқан шайдан
ішіп, мектепке тайып тұрдым.
Алғашқы сабақ басталғанда балаларға көрсетпей
сағатымды ашып қарадым.Тура ертеңгі сағат сегіз.
Мәлике апай да байқаған жоқ, көңілді екен. Балалар
дан сабақ сұрай бастады. Сағатты белгілеп отырмын.
Бағлан тура үш минут, он бес секунд жауап берді.
«Жарайсың, бестік баға алдың» деймін күбірлеп. Сы
нып старостасы үш минут, төрт секунд жауап берді.
Сәл мүдірді. Төрттік баға алды. Көксеген бір минут та
жауап бермеді. Екілікті иеленіп, орнына отырды. Менің
көршім Сабыртай, Есіркеген...
Енді бір сәтте Мәлике апай жаңа бір сабақты ба
стап кетті. Уақыт болса өтіп барады. Жанымда отырған
Көксегенді нұқып қалдым.
— Апай, он бес минут ауыз жаппай сөйледі,—
дедім сыбыр етіп.
— Мақтаншақ,— деді ол маған одырая қарап.
— Не дейсің?— дедім ашуланып.
— Бас біреу, құлақ екеу,— деді ол тілін шығарып.
Қытығыма тиіп кетті.
— Екілікті саған мен қойған жоқпын, — дедім
тілімді безеп. Көксеген ай-шай жоқ мұғалімге көрсете
қолын көтерді.
— Апай, апай, Сұлтанов маған сағатын көрсетіп
сабақ тыңдатпайды, — деп тақ етті ол. Мұндай аяқ
асты оқиға болады деген кімнің ойында бар. Мәлике
апай маған жақыңдап келді.
— Ойпыр-ау, біздің сыныптан да мақтаншақ бала
лар шығады екен-ау,— деп күлімсірейді ол.
— Сағатына мақтанады,— деді Көксеген айылын
жимай. Құлағыма дейін қызарып кеткен шығармын.
Төмен қарап тұқия бердім.
— Оңдай сағатты біз де көрелік,— деді Мәлика
апай қолын созып. Жан мұрынның ұшына келді.
Масқара, енді не істедім? «Ойнақтаған тайлақ от
басады деуші еді», әжем. Әкеме не дедім? Мәлике
апайға сағатгы ұстатып қала бердім. Көксеген жеңісін
тойлағандай мәз-мейрам. Маған көз астымен қарап,
ыржың-ыржың етіп күледі.
Мәлике апай сағатты үстел үстіне жайымен қойып,
сабағын ары қарай жалғастырды. Шым-шытырық ой
құшағына ендім де кеттім. Мені қай сор түртті екен.
Әкемнің мінезі қатал, егер мектепке шақырып қалса,
бетіне қалай қараймын. Әншейінде:
— Әй, бала! Мақтаншақ болу, көрсеқызарлық ер
жігітке жараспайды. Сабырлық, биязылық адамның
көркі, — дейтін ол. Мұндайда уақыт шіркін шаршаған
аттай ілбіл жүріп алды.
— Сұлтанов сабақты зейін қойып тыңда, — деп
апай ескерту жасады.
Қайтіп қана тынши аларсың. Қазір қоңырау соғылып,
сабақ бітісімен Мәлике апай сағатты алып, мені алдыға
салып, мұғалімдер бөлмесіне апарады.Одан кейінгі жай
белгілі. Жан-жақтан сұрақ жауады. Сағаттың кімдікі
екені анықталады. Әжемді директорға шақырады.
Сөйткенше қоңырау шыр ете қалды. Балалар маған
ала көзімен қарап, сыртқа беттеді. Бұл сәтте бөлме
ішінде Мәлике апай екеуміз қалдық.
— Бөкен, бері кел, — деді ол жылы күлімсіреп.
Басымды жерден алмаған күйі мұғалімнің столына
жақындадым.
— Қалқам, сен жақсы оқитын оқушысың. Тәртібің
де жаман емес. Сені үлгі тұтамыз. Солай емес пе?—
деді апай. Басымды изеуге батылым жетпеді.
— Анаң бүкіл ауылға белгілі дәрігер. Ол көптеген
балаларды, адамдарды емдеп жазды. Біз оны мақтаныш
тұтамыз. Бұл айтқаным жалған емес шығар?
Бұл жолы мақұлдай басымды изедім.
— Әкең де ел сыйлаған азамат. Геолог, құм аралап,
тау кезіп ел байлығы-кен іздейді.
— Дұрыс қой. Ол да мақтауға тұратын жан.
— Ия,— деймін енді күбірлеп.
—Мен білуімше мына сағат әкеңдікі. Сен оны
білдірмей қалтаңа салып мектепке алып келдің.
Балаларға көрсетіп мақтанғың келді. Солай ғой?
Мәлике апаның көріпкелі бар сияқты. Құдды
ертеңгісін біздің терезеден бәрін қарап отырғандай ай
тып отыр. Басымды изеймін.
— Ал,
енді
былай,
Сұлтанов,—
деді
сөзі
қатқылданған Мәлике апай.
— Мынандай әкеден, шешеден туған бала да дұрыс
болуы қажет. Мына сағатынды алып қалтаңа сал. Со
нан соң ойлап көр.
— Рахмет, апай,— дедім сыбырлап. Тамағыма
әлде не кептеліп қалған сияқты. Шындығында ұстаз
атаулы Мәлике апайдай-ақ болсын. Кейде адам баласы
қателеседі ғой.
Сондайда қол ұшын беретін жан табылсашы. Сағатты
тыңдасам сырт-сырт соғады. «Уақыт бір орында
тұрмайды. Алға жылжиды» дейтін сияқты.
ТУЫҢ ЖЫҒЫЛМАСЫН, БАЛАМ
Көршідегі Әбине апаны адам түсініп болмайды.
Бірде көл, бірде шөл. Ол отырған жерде көрші
әйелдердің аузына құм құйылып, «Апа, апатай»
деп безек қағады. Жақсысын аузына тосады. Тіпті
біреуі әлдеқайдан сапар шегіп келсе, Әбине апаны
шақырып, төрге отырғызуы міндет. Сәлем-сауқаттың
да қомақтысын сол кісі еншілейді. Қойшы, әйелдер
тұрмақ біздің Байтұрсынов көшесінің балаларына
дейін апаңыздың алдыңда құрдай жорғалаймыз. Суын
тасып, отынын жарамыз. Шөбін түсіріп, мая қылып
жинаймыз. Бірақ Әбине апа қанша қатал десек те мол
қол адам. Бір-бір қалта құрт-ірімшігін үлестіріп әлек.
Алмасыңа қоймайды.
— Әй, қарапұшық. Әлі осыған зар боласындар. Жер басып жүре беретін мен шайтан емес шығармын,— дейді. Бізді қойып Әбине апам ұжымның басшысы, әншейінде ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін Амантайды да билеп алған. Құдды сиқыры бар адам дерсің. Ол тірлігін көзіммен көріп, құлағыммен естігенім бар. Соны айтайын. Бір күні ауылдың селектірде жұмыс істейтін Рая апайға барсам, бөлме ішінде селектірдің трубкасын құлағына ұстап, оң қолын беліне таянып сары апам тұр. Тура атам айтпақшы министр сияқты. — Әй, Амантай! Бала-шағаларың аман ба? Мен құдай алмайтын сары кемпір Әбинемін ғой. Үйде шөп бітіп барады. Ұн да азайды. Екінші қабатқа кабинетіңе кіргізбегің келсе тездет. Түсіндің бе?— дейді ол. Ар жағынан Амантайдың «Мақұл, апа. Үйіңізге қайта берініз» деген даусы естіліп тұр. Сары кемпір керенау бұрылып, сыртқа беттеп бөлмеден шығуы мұң екен, се лектр безілдеп қоя берді. Амантайдың дауысы. — Рая, сары ana кетіп қалды ма? — Әлгіде шығып кетті, — деді Рая апай. — Онда, қуып жетіп айтшы. Ертең түске шөп түседі. Ұнын біраздан соң Аманғали апарып түсіріп береді де,— деді Амантай. Таң қалдым. Сірә, сары апама бұл ауылда бағынбайтын адам жоқ шығар. Әуелі сол сәт Әбине апа біздің көшенікі деп мақтанғымда келіп кетті. Күйбең тіршілік ертеден қара кешке дейін таусылған ба? Көрші апам да тыным жоқ. Жалғызілікті адамның қаракеті шығар. Апаның қызынан асырап алған кішкентай Абылайы бар. Бізден үш-төрт жас кіші. — Әке-шешесіне барып келсін деп Ақсуға жібердім: Бауырларынан жат болып кетер,— деді
ол маған күлімсірей карап. Әбине апаның таптаған
тезегін жинастырып есік алдындағы шағын күркеге
тасып жүрмін. Жауынның астында қалмасын деген
қам - қаракет. Ұзынша келген арбаға тезекті толтырып
саламын да, сүйретіп жөнелемін. Жеп-жеңіл. Еңді бір-
екі рет апарсам, жұмыс бітеді. Соңғы рет барғанымда
әкімшіліктің шатырындагы көк шүберекке көзім түсті
. Алып келіп жалма-жан жазып жібердім. Алтын
түсті әлде ненің кескінін көріп қалдым. Бетіне балшық
баттасыпты. Міне, дөңгелек күн көрінді. Жан-жағынан
адамның нұр таяқшалар белең берді. Артынша күн
астындағы қанатын кең жайып, қалықтаған қыран
көрінді. Масқара! Мынаны сырт адам көрсе ұят-ау. Өн-
бойым селкілдеп қоя берді. Сөйткенше желке тұсымнан:
— Әй, құлыным. Бір жерің ауырып отыр ма? Не қып
жүрелеп қалдың? — деген Әбине апаның қамқор үні
естілді. Кірпігімді қағып-қағып жіберіп, жалпы әлде
неге сасып, абыржыған сәтте осындай тірлігім бар, көк
туды алдына жайып сала бердім.
— Мұның не? — деді төне қарап тұрған сары апа.
— Ту ғой, aпa, — дедім даусым әрең шығып.
— Туы қалай? — деді ештеңеге жөнді түсінбеген
Әбине апай.
— Кәдімгі еліміздің көк туы, — дедім енді
батымдырақ тәпіштей түсіндіріп.
— Солай де — Әбине апамның көзі шарасынан
шығып сала берді.
—Мұнысы қызыл болмаушы ма еді?
—Aпa-ау, кеңес өкіметі кезінде қызыл еді, қазір
мемлекет атанып, тәуелсіздік алған соң, көк тудың
астында біріктік қой,— дедім білгенімді айтып.
— Дұрыс екен. Оны қайдан алдың?
— Сонау төбеден жел құлатып тастапты.
—Дұрыс болған екен. Енді сен батырекесі ешкімге
тісіңнен шығарма. Ту деген халықтың берекесі ғой,
құлыным.
Сөйтті де Әбине апа еңкейе беріп, туды жерден іліп
алды да, жан-жағына ұрлана қарап алып, сілкіп қағуға
кірісті.
— Құдайым, кешіре гөр, — дейді әлсін-әлсін
күбірлеп. Әбине апам мені дедектете жетектеп, үйге
бастап берді дейсің. — Әлгі Төлеубек жел құлатып
кеткен туды да байқамаған ғой. Әйтпесе, маңдайшада
желбіреп тұрған қасиетті дүниенің қайда кеткенін білмей,
көзі ағып кеткен бе? Өй, өңшең кіндігінің басына қарап,
боқ дүниені ойлаған байғұс, түге,— деді енді ол кінәні
ауылдық әкімге аударып, бұрқылдай сөйлеп.
— Тудың құдіретін біле ме, бұлар. Мені де құдай
атып... Қартайғанның белгісі ғой. Күлсең кәріге күл
деген. Бірақ бүгінгі тірлігімді тәңір кешпес. Әбине
апаның тымық көлдің жылжыған толқындарыңдай
болған әжімдері көбейіп, өзін-өзі іштей мүжіп келе
жатқанын сезіп келеміз. — Әлгі Абылай да айтпапты.
Бірақ ол да мен сияқты ғой. Кәріңде бір, жасында бір
бала деген осы. Көпке күліп ек, басымызға келді.
Дөңгелек үстелді ортаға қойып, екі иінінен секілдеп
тұрған ақ самауырыңды жетекке алып, «үйбай белімін»
айта жүріп, дастарханға бар-жоғын үйіп- төккен Әбине
апа бір күрсініп алды.
— Баяғыда ту ел белгісі, намысы деп Телібай атам
айтып отырушы еді. Біздің балаларымыз тоғыз құйрық
ақ тудың астына бірігіп ата жауымызға қарсы тұрыпты,
деді ол.
— Апатай-ау, ту әскери қолдың ең батыр сарбазының
қолына ұсталынып кескілескен соғыс кезінде батырларға
рух береді екен. Егер ту ұстаған сарбаз оққа ұшса, оны екінші бірі қабылдап алыпты. Ту жығылмасын деген сөз содан қалыпты,-деймін көрген білгенімді айтып. — Әй, Төлеубек. Мынаны ел естісе ұят-ау, — деді кінәсін жуып шайған сары апа. Ойымды Әбине апаның: — Әй, Белденбайдың қарашотпағы, бұл отырысымызға жөн болсын,— деп күңк еткені бөліп кетті. — Бір тірлік жасайық. — Не істейміз, апа? Туды Төлеубекке апарып берейін бе?— дедім алдын-ала тон пішіп. — Тәйт, оның қай сасқаның. Ту деген киелі нәрсе. Оны жақсылап жуып, тазалап, сәнін келтіру керек, деді ол. Сөйтсем Әбине апа қарақазанның астына от жағып, су ысытуды да ұмытпапты. Жеңін түріп тастап, легенге еңкейгенде, мен де суын тасып әкеп, жанына қойдым. Әбине aпa асықпады. Тудың кішкене бұрышын ыстық суға малып алып, сабындап, сығып алып маған қара-ды. — Бояуы шықпайды екен. Былқ етпеді,— деді ол қуанып. Ауық-ауық маңдай терін қолының қырымен сырып тастап, сары апа, туды мейлінше жуып, сілкіпсілкіп іліп, жұмсақ орындыққа рахаттана отырды. Со нан соң күлімсірей маған бұрылды. — Әй, балапан. Жұмыс жоқтай, мынауымыз қызық болды-ау,— деді сонан соң. — Өзі өңі ашылып, жайнап кетеді екен. Алдыда мен, артта Әбине апа, қолымызда таяқшаға орап алған көк ту, әкімнің кеңсесін бетке алып келе жатырмыз. «Төлеубек орнында болса екен» деймін ішімнен. Әбине апам тас тұйін. Қолындағы таяғын алшақ тастап, адымын кең алады. «Қазір әкімнің ит терісін басына қаптайтын шығар деген қауіп те жоқ емес. «Өзіне де обал жоқ».
Әбине апа иін тіресіп, кезек күткендерге қараған жоқ,
қолымнан жетектеген күйі ішке алып кірді. Алғашқыда
мұрты едірейген Төлеубек сасып қалды. Орындығынан
атып тұрып, алдымыздан шықты.
— Бейбітшілік пе, апа, — деді ол сонан соң, жат
танды сәлемін айтып.
— Қайдан болсын. Әй, Берікбол сен бір сәт шыға
тұршы, айналайын. Апамыз ауылдың зоотехнигін
бөлмені аластай тұруын талап етті.
Енді бір сәт менің қолымдағы туды еппен алды да:
— Өкімет еш нәрсесін жоғалтқан жоқ па?— деді
көзін әкімге тікелей қарад. Төлеубек ештеңені түсінбей
желкесін қаси берді.
— Мандайшаға бір уақыт көз салу керек қой.
Мына туды жел ұшырып, күресінге тастапты, — деді
кәдімгідей қатқылданын. Төлеубек екі аттап Әбине
апаның жанына жетті.
— Ұят-ай, қалай ғана байқамағанбыз,— деді сонан
күңкілдей сөйлеп.
— Туы жығылғанның тұғыры әлсіз. Бұл елдігіміздің
белгісі. Жан-жақтарыңа қарасаңдаршы. Қане, іліп
қойыңдар, — деді Әбине апа Төлеубекке туды ұстатып
жатып.
Артыма қарадым. Әбине апам айтқан әкімнің үйінің
төбесінде көк ту желбіреп тұр екен.
КҮЗЕТШІ АТА, БІЗ ЖӘНЕ ЖАНДОС
Бәрінен де атын сабалап жеткен күзетші шалдың
қылығын айтсаңшы.
– Әй, балалар,— деді ол лагерь ортасыңдағы
алаңға атын ойнақтатып, қамшысын шошаңдатып,—
Мына шашылын жатқан дүние өкіметтікі. Ештемесін
бұлдірмеңдер.
Біз жалт қарастық. Күзетші шал Шұға Берікболқы-
зына атын тебініп жақындап келді.
— Айтпады деме. Бастығы өзің шығарсың.
Былтырғы күзде келген училищенің балаларынан
көрмегенді көрдім. Бар терезенің әйнегін сындырып,
бір түнде қашып кеткен жоқ па, түге. Бүлдірмегені жоқ,
оңбағандардың,— деп бір тоқтады ол.
— Ата-ау, бұл мектептің оқушылары, — деген
Шұға.
— Білемін, білемін. Аттың сыры иесіне мәлім.
Көздеріне қарап дұрыс жүрсін. Тағы да директордан
сөз естір шамам жоқ. Біле білсе, осының бәрі балалар
үшін жасалған.
— Бізде тәртіп қатал, аға, — деді Шұға.
— Оны уақыт көрсетеді. Әліптің аяғын күтермін, —
деп күзетші шал атын кері бұрды. Желген күйі қақпаға
жетіп, атының тізгінін тартты.
— Осыдан бірдеңе қиратсаңдар айтпады деме,
жондарыңнан таспа тілемін, — деді ол кіжіне дауыстап.
Жанымызда тұрған мұғалім апай жымың етті.
— Қарт адам ғой, балалар. Көңілдеріңе ауыр алып
жүрмеңдер,— деді ол сонан соң.
— Лагерь маңын тазалап шығайық. Бірінші топ
асханаға, екінші топ жатахана төңірегіне аттаныңдар.
— Әп-сәтге жұмысқа кірісіп кеттік. Күзетші шал
ренжісе ренжитіндей екен. Әйнектің сынықтары,
жыртылған қағаз, консервінің қалбырынан аяқ алып
жүре алмайсың. Кірпіштің сынықтары. Мектеп
ауласынан аттанарда директор Маздаков ағайдың сөзі
есіме түсті.
— Балалар! Сендер еңбек етіп, демалуға бара
жатырсыңдар. Дүниеге жақсылық атаулы өздігінен
келмейді. Қиыншылықтар кездеседі. Оны қасқая қарсы
алып, жеңіп шығу керек. Шындығын айтсам, сеңдер
күні ыстық, еңбегі ауыр дала майданына барасындар,—
деген ол. Жандос:
—Бекзатов, дала майданында жүрміз, атакаға, деп
балаларды бір күлдіріп алды.
—Жауын аяған жаралы, Қойбағаров алға,— дедім.
— Тоқ бала аш болам деп ойламайды,— деді Жан
дос кекетіп. Кір-қоқыстарды, қағаздарды бір жер
ге жинап, от қойып ем, қара түтін будақтай жөнеледі.
Енді бір сәт қатты желіспен күзетші шал қақпадан кіріп
келді. Ат тізгінін тартып, көзін көлегейлеп жан-жағына
қарады. Алғашқыдағыдай арынды емес.
— Ә, қызым, мыналарың дұрыс. Тазалық бар жер
де дерт жүрмейді. Бұларыңа қосыламын. Тек оттан
сақ болындар. Қурап тұр ғой, мына дүние. Шаланы су
құйып әбден өшіріңдер,— деп ол атынан түсіп.
— Дүниенің қызығы еңбек ету ғой. Міне, алпыстан
ассақ та, тірліктен қалған жоқпын. Тек жалқаулар да
арамызда бары анық. Солардан аулақ болайықшы.
— Естідің бе?— дедім Жандосқа сыбырлап. Ба
лалар ду күлді. Жандостың жағы қушиып түктері жы
бырлап төмен қарады.
— Ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймын,— деді
күңк етіп.
— А, солай ма?— деймін.
— Сахара шөлі басталды, Қойбағаров,— деймін.
Ол үндемеді. Түнімен ұйқымыз қаңбағанының белгісі,
сүйретіле-сүйретіле бөлмелерден шықтық. Әйнегі сы-
нық терезелерден кірген сары маса өз дегендерін
жасапты. Бет-аузымыз домбығып ісіп, көздеріміз
қызарыпты. Үстіне спорттық киім киген Шұға керней
тартушы екеудің жанында тұр. Қатардағы балаларға
бұрылып ем, Табыс күңк етті.
— Жандос пен Қайыр жоқ! Қапелімде сасып
қалдым.
— Олар қайда?
— Қашып кетті, — деді Қоңқас.
— Не дейді? Қашан?
— Білмедім. Сахара шөліне шыдамады.
Енді байқадым, Шұғаның жүзі қызарып, қабақтары
түйіліп қатты ашуланып тұр.
— Жаныңа сенімді екі-үш баланы алып,қос
қашқынды лагерге алып келіңдер.
— Құп болады,— деймін қолымды шекеге алып.
— Күш қолданбайсыңдар.
— Мақұл, Шұға Берікболқызы!
Ол менің ойымды түсінді ме, кім білсін, арқамнан
қағып, мән жайды түсіндіре бастады.
— Қашқындар таң атқаннан кейін жолға шыққан.
Жүктері бар. Ауыл мен екі орта жиырма бес шақырым.
Төтесінен жүрсе он бес, — деді ол ойын айтып.
— Дәл айтасыз, — дедім.
— Олар төте жолмен жүреді. Жұрт көзіне түсуден
ығады. Ол сәл үндемей қалды да, әңгімесін қайта
жалғады.
— Қазір Көкиірім тасып жатыр. Өзеннің бойы
ну құрақ, қала бере батпақ. Әлденеге арандап қалса,
жағдай қиын— деді сонан соң.
— Қулықты қашқындар бізден бұрын ойлайды,—
дедім оның сөзін бөліп.
— Баланың аты бала,— деді ол күдігін жасырмай.
— Оларды қайтару керек. Жаза қолданбасақ, ертең
басқа «қорқақтар» қашады.
— Өте дұрыс айттың,— деді Шұға арқамнан қағып.
— Жолың болсын, жөнел!
— Құп болады.
Құбылаға қарай созылған соқпақ жолды қуалай
жүгірген үшеуміз. Көзімізді ауық-ауық алға тігеміз.
Ұшы-қиырсыз алып дала. Суретшінің полотносындай әр
түске боялып, ғажайып бір түрге енген. Белуарден кел
ген көк шағын жолды қиындатын келеді. Жазғытұрым
апамның шелектің түбін даңғырлатып. «жаңбыр мол жа
уса, елдің ырысы көбейеді» дегені есіме түседі.
Апам шынында өте ақылды адам. Ұрысып,
ренжігенін көрген емеспін.
—Балам-ай, реніштен зиянды қасиеттер туындай
ды. Тек кекшіл болма. Ол жақсылық емес,— дейтін.
Ал, мына Жандос ше? Нағыз өзімшіл деймін ішімнен.
Дәл мен осылай істей қоймас ем. Қиыншылыққа шы
дамады. Дегенмен де қызық бала. Кеуде қағатындай
бізден артық емес. Сабағы орта, шәлкес-шалыс мінезі
бар. Тек жақсы киінгенге мәз. Сонысына мақтанады.
Бір ойдан тәубесін есіне түсіргенім де жөн шығар. Адам
«білегі жуан бірді жығады» демеуші ме еді. Сондықтан
да оған түсіндіру керек. Бізде табиғат сияқтымыз, ә.
Ашуымыз да, сабырлығымыз да бар. Апам айтпақшы,
көп күннің бір нөсері шығар бұл. Алдыма көз тастадым.
Шалғыңды дала теңіздің толқындарындай тербеледі.
Баянтаудың баурайы биыл былтырғыдай сары жолақ
емес. Ойдым-ойдым жазыққа текеметтің өрнегіндей
гүлдер өсіпті. Төменгі бетте көгеріп қызылша алабы
көрінеді. Бізге бекітілген алпыс гектар жері осы болса
керек. Лагерьдің нақ тұсы екен.
Баянтаудың тасасынан шыққан күн арқан бойы
көтеріле ен даланы нұрымен көміп-көміп жіберді.
Осыған дейін тіл қатыспай келе жатқан Табыс бір сәт:
—Мынаны қара,— деп дауыстап жіберді.
Арықтан аттаған адам ізі жатыр. Кеданың табанының
кескіндері.
бастады. Арасында мен де қостап қоямын. Шындығы
да осы бір ойлап кезінде көгі белуардан келген көкорай
жер екен. Көкиірімнің жағасы шүйгін, отты боп,
мыңғырған малды асырап шығыпты. Балығы бұзаудай,
құсы құжынаған осы бір өзен қазір адам танымастай
өзгерген. Мөлдір суы лайланып, балығы қырылып,
шөбі тақырланып, дағдарысқа ұшыраған. Күні кеше,
арынды су Балқашқа құйса, бүгін Қарасудың құмына
сіңеді. Аң атаулы басқа жаққа ауып, жағасындағы ағаш
қиылып, жетімденіпті. Үлкен адамдар осыны ойлап
мазасы кетеді. Табиғатгың сұлулығына, байлығына
қылыш тақаған адамдардың өзі екен. Ойлап отырсақ
Қоңқастың сөзінің жаны бар. Атам да осы бір әңгімені
айтқан. Мән бермеуші едім. Ойға қонымды іс екен.
Адамдар неге сонша қатыгез деймін ішімнен.
Біз төмен қарай құлдиладық. Өзен бойындағыдай
өгіз өлең бұлты жоқ көк шыны аспан тәрізді. Әредік-
әредік топтала өскен құрақ пен балғын талдар. Көктің
үстіне аунай кеттім де сәлден соң:
— Өзен тасып жатыр, — дедім орнымнан атып
тұрып.— Өлгі қашқындар суға ағып кетіп жүрмесін.
Жағасын қамыс көмкерген түйетайлы бетті артқа
тастап, жадағай тұс іздедік.
— Осы тұс өткел болуы керек, — деді Қоңқас.
Біз тұрған ашық бетте Көкиірімнің арнасы кеңейіп, су
ағыны саябырлайды екен. Жағалықты көзбен тінтіп
жүрміз. Әрі-бері өткен мал тұяғының ізі баршылық.
—Мыналар солар. Бағытымыз тура,— деді Қоңқас.
—Алысқа ұзай қоймаған шығар,— дейді Табыс
кәдімгі сарапшылардай топырақты қолымен уыстап.
Жоңышқалы
алқапты
кесіп
отырып
белеңге
көтерілгенде, түйетайлы жардың қабағына кездестік.
Тек адам ізі көрінбейді. Ақ көбік боп ақырып жатқан
Көкиірім тереңіне сүйрей жөнелсе, саудаң біткені.
—Олар судан өткен жоқ,— деді Қоңқас.
—Жандостың сыры маған белгілі. Осы маңайда
бізден тағылып жатыр. Әйтпесе төмен қарай өзен
жағалап кетті,— дедім мен.
—Мүмкін,— деп қоштады Табыс.
Кенет ат тұяғының дүрсілі естілді де, қарсы беттегі
қамыс арасынан жалғыз салт атты шыға келді. Жүрісі
суыт. Иығында қоқандаған мылтығы. Атын бас-көзге
ұрып төпелеп келеді. - Тығылдық,— деді Қоңқас көзі
бақырайып. —Қорқақ,— деді Табыс.
—Құтылғышын шіркіннің. Шұбар аттыны анадайдан
таныдық. Күзетші шал.
—О, қулар-ай, қайда шұбап барасың, түге. Судың
тасып жатқаны мынау,— деді ол тізгінін тартып.
— Қашқын іздеп келеміз, ата,— деді Қоңқас салған
жерден.
— Тападай тал түсте, жоқ жоғалтқышын мұның.
Лагерьдің сары масасынан зәбір көріп, алды-арттарыңа
қарамай зытқан бала емессіңдер ме? Кұзетші шал қою
қасын керіп көзін сығырайтып сынай қарады. Жасында
қапсағай денелі, шойын қараның өзі болса керек. Атқа
жайдақ мінгенде аяқтары жерге салбырап тұр.
— Шынымыз, ата. Өзіңіз осылай қарай өткен екі
бала көрдіңіз бе? Лагерьден қашып кетіпті. Солардың
соңынан қуғыншы болып келеміз.
— Тоқтаңдар,— деді күзетші шал.— Жалған ай
тып тұрған жоқсыңдар ма?
Бәріміз шу ете қалдық.
— Олар сендер тұрмақ, мені де көзімді бақырайтып
тұрып алдап соқты. Атқа теріс мінгізейін, ол күшіктерді.
Осы жерден күтіңдер. Күзетші шал қатты желіспен,
жадағай жағалықтан суға түсті. Асыға тепкіленіп, суды
кемерлей кешіп арғы жаққа өте шықты.
— Су терең екен. Қашқандардың тұйыққа тірелген
жері осы. Өздерінің жолы болғыш-ай, — деді ызаланған
Табыс.
— Әліптің артын бағайық,— дедім.
Көк аспанға көз тігіп шалқамнан жатырмын. Аққудай
қалқыған ақ ұлпа бұлттар нұрлы күнді бетінен сипап
өтіп, қиырға қарай көшіп барады. «Баянтаудың басынан
өткен бұлт сонау әлем аспанын аралап шығады» дейтін
апам менің кішкентай кезімде. Апамның мінезі қызық
қой. «Әлгіңдегі қарттар- ел көркі дегені» дұрыс сияқты.
«Әй, Секентай, құлыным, Баянтаудың басына бір
шығып көр. Көкиірім осы елдің анасы, Баянтау атасы»
дейді. Мен түсінбей әлек. Жанбала апамның әңгімесін
достарыма айтқанымда: «Түу, Қиялхан-ай» деп
мазақтағаны бар. Сол әңгіме есіме түсіп кетгі. Кенет:
— Әне, қараңдар, тұтқындар келе жатыр,— деп
Табыстың дауыстағаны естілді. Қызықты қара! Күзетші
шал Жандос пен Қайырды алдына сап томпаждатып
айдап келеді. Ауық-ауық қамшысын жоғары көтеріп
кіжінетін сияқты.
— Сазайларын тартсын, — деді Табыс.
— Жазасы әлі аз, — дедім мен.
Қонқас пен Табыс жүздері қатуланып арғы жағаға
көз тікті. Бір сәт Жандосты аттың артына, Қайырды
алдына мінгізген күзетші шал жағалықтан өзенге қойып
кетті. Карттың даусы енді анық-анық естіле бастады.
— Шірік неме, әке-шешеңнің алдына қай бетіңмен
барасыңдар, ей? Суға ағып кетсеңдер, кім жауап береді.
Мені алдап кетуін, бұлардың.
Күзетші шал бергі жағаға ілінгеңде үшеуміз шөп ара сынан шыға келдік. — Ал, қашқындар жол болсын,— деді Табыс аттан түсіп жатқандарға қолы бүйіріне таянып оқырана қарап. — Бұлар опасыздар! — дедім мен дүрсе қоя беріп. — Қамшының астына алайын деп едім, жылап қоя бергендері. Қарақоғаның қамысына кірген кешегі үш қасқыр кездесіп парша-паршасын шығарғанда кімге жылағандарыңды көрер едім. Осы күнгінің баласы аласа келеді, әке -шешесімен жағаласа келеді деген осы да. Оқиғаның болғанынан боладысы қызық. Пішендікті малдан қорыған күзетші шал, Көкиірім бойынан лагерге қарай бағыт түзегенде екі бала жолығады. Мән-жайды сұраған қартқа, Жандос: «Мұғалім рұқсатын берді. Ағаларымыз әскерден оралыпты» дейді. Күзетші шалдың немересі биылғы жылы әскер қатарына алыныпты. Сағынып жүрсе керек, балаларды атқа мінгізіп өткелден өткізіп салын, қоштасыпты. — Бұлар әскерге жарамайды,— деді күзетші қарт ашуын баса алмай. — Қиындықтан қашқан әскер, әскер емес. Жандоста да, Қайыр да да үн жоқ. Кәдімгі киноларда көретін қолға түскен тұтқындар. Шұбар атына қонжия мінген күзетші шал соңымыздан еріп келеді. — Ата, ата сіз осы соғысқа бардыңыз ба?— дейді Табыс қартты әңгімеге жетектеп. — Әй, балам-ай, тілді қышыттың ғой. Өткердік қой, талайды, мына бастан. Сұм фашистерді де көрдік. Отқа да жандық. Суға да баттық. Бірақ оны сендердің пешенелеріңе жазбасын. Мына тікбақайлардікі тоңмойындық қой.
— Соғыс кезінде қашқындарды атып тастамай
ма?— деді енді Қоңқас өшіге килігіп.
— Әрине, балам, әрине.
— Күзетші шал ауыр күрсініп, ойға қалды. —
Кеудемізді оққа төсеп мына Баянтау мен ана Көкиірімді
қорғадық. Талайлар оралмай майдан даласында көз
жұмды. Мына күшіктер соны түсінсе, әттең.
Түскі асты ішіп балалар ұйықтап демалуға бөлмеге
кірген сәтте қызыл түсті жеңіл фургон «Москвич»
қақпа алдына кеп тоқтады. Мен лагерь кезекшісі едім.
Есігінен семізше, жалпақ бет, қарасұр адам шықты.
— Қош келдіңіз. Лагерь кезекшісі Бекзатов
Сәкен,— дедім қолымды шекеме апарып.
— Дұрыс екен, — деді ол қолын көзіне көлегейлей
маған қарап. Дөң мұрын, бойы биік. «Қаңбақшал»
ертегісіндегі алып дәуді көз алдыңа елестетеді.
Жандостың әкесі.
— Біздің бала қайда екен? — деді сонан соң гүр
етіп.— Осында, халі жақсы, — дедім.
— Бастықтарың қайда? — Мұғалімнің бөлмесін
нұсқадым. Ойыма Жандостың қылықтары түсті.
Бұжыр бет, қызыл сары бала. Соқтығыса кетуге дай
ын, тілі мірдің оғындай. Апам айтпақшы бірде көл,
бірде шөл. Екеуміз алғашқы күні-ақ шайқасып алдық.
Лагерьден қашып, қолға түсіп қайта оралды. Сазайын
тартты. Жазасын алды. Уәдесін берді. Әкесі болған
оқиғаны біреуден естіп келген ғой. Міндетті түрде
Жандосты лагерьден әкетеді. Оған сөз жоқ. Ал ол не
дер екен? Қазір аз-маз әңгімеден соң, әкесі баласын
ертіп шығарды да, қызыл машинамен кетіп отырды.
Тек осыдан ұйіне қайтса, бізді жерге қаратқаны. Бірақ
бұл менің өз түсінігім. Тіпті қыздардан ұят. Сөйткенше
ойда жоқта Жандос жүгіріп жаныма келді. Қимылы
одағай.
— Сәкен, — деді ол сыбырлап.
— Мені құтқар.
— Кімнен? — деймін қапелімде түкке түсінбей.
— Әкемнің мені алып қайтатыны анық. Үйге барғым
келмейді.
— Әкең ренжімей ме?
— Мейлі. Сен рұқсат бер. Сыртқа шығарып жібер.
Достығымыз үшін мені бір сыйла.
Не істеуім керек? Лагерь ережесін бұзбау, немесе
Жандосты құтқару, Ол осы бір сәт маған аса бір ғажап
бала сияқтанып кетті. «Жандос тіпті де қиқар бала емес.
Ол өзі үшін, тіпті өзге үшін де намысын бермес, көпшіл
бала. Бізді түсінді» деген ой келді.
— Мақұл,—деп басымды изегінімді де өзім білмей
қалдым.
— Мына қағазды жастығымның үстіне тастай сал
шы.— Жандос лып етіп, қақпадан шықты да, қалың
ағаштың ішіне кіріп жөнелді. Мен жатақханаға қарай
ұштым. Жандостың әкесі мен Шұға сыртқа шыққанша
кезекшілік орынға қайтып оралу керек. Бір жапырақ
қағазға: «Әке, мен лагерьден кетпеймін.Бүкіл жолдаста
рымды ұятқа қалдырамын. Мен ешкімнен артық емеспін.
Қайта беріңіз. Жандос» деп жазыпты. Адам деген осы
қызық. Кешегі күні Жандос екеуміз бір-бірімізге қарсы
пікірде едік. Енді бір-бірімізден айырылғымыз жоқ.
Далаға шыққан Жаңдостың әкесі мен Шұға екеуара
сөзін құлағым шалып қалды.
— Өзі аурушаң бала. Мына күн ыстықта бала
тұрмақ, үлкен кісіге жан қайғы. Жандосты алып
қайтамын,— дейді әкесі.
— Баланың бәрі бірдей. Еңбек етіп, демалғаны Жан дос үшін зиян емес, пайда,— дейді Шұға Берікболова. —Жұмыс қашпас, денсаулығын айтамын,— дейді әкесі. — Баланың өзі келіссе, маған бәрі-бір. Тек жайын айтып жатқаным ғой. Ертеңгі күні сіз сияқты барлық ата-ана лагерге кеп балаларын алып кетуі мүмкін. — Мейлі,— деді Жандостың әкесі.—Жалғыз бала... Қарап отырған ұлдың түрі осы... Шұға тырс үндемеді. Менің білуімше Жандостың еш жері ауырмайды. Төсек тартып жатқанын көрген емеспін. «Жаны қиналатын жұмыс жоқ қой, мұнда» дегім келді. Бұл екі ортада әкесінің: —Жандос,— деп лагерьді басына көтере айқайлағаны естілді. Жатахана жақтан Қоңқастың: — Жандос жоқ,— деген жауап жетті. — Сәкен, сен барып келші,— деді маған мұғалім. Бір парақ қағазды алып кеп, Жандостың әкесіне ұсындым. —Балаңыз жазыпты. Өзі қайда екені белгісіз. Жандостың әкесінің жүзі күреңітіп сала берді. Қара мұртының түктері жыбырлап, еті өскен көздері қызарып кетті. —Есекті отқа айдасаң текке қашады. Иттің күшігі. Әдейі кетіріп отырсыңдар, сендер,— деді ол маған жа ман көзімен қарап. —Баламды тауып беріндер. —Лагерь күзетшілері! «Сапқа тұр» дабылын қағыңдар: Шұға «сен бүлдірген жоқсың ба» дегендей маған түйіле қарап қойды. Керней үні шықты. Бөлмелерден ағыла шыққан
балалардың басы қосыла Шұға балаларға мән-жайды
түсіндіріп Жандосты іздеуге аттандырып жатты.
Көптің аты көп. Айналасы он бес минуттың ішінде
топ бала Жандосты қақпадан алып кірді.
— Ауылға қайтпаймын,— деді ол балаларға аузын
қомпылдатып.
— Бұйрықты орыңдауға міндеттіміз,— дейді
Табыс тақылдап. Осы сәт мұғалімге ренжідім. Несін
ғана дабыл қақты екен. Балалар бұйрықты орындауға
міндетті. Бірақ Жандостың әкесі тепсініп тұр ғой. Әкесі
де Жандостың бір тілегін неге орындамайды? Ол да
адам баласы емес пе? Бүкіл лагерьдің алдында ұятқа
қалдырып. Әкелердің де қатігездері бар-ау. Бірақ олар
өте аз шығар. Әкесі баласына түнере қарап алды.
— Әй, киім-кешегінді жина,— деді ақырып. —
Сенің қиқаңыңды көтеретін уақыт жоқ. Әп-сәтте бала
лар Жандостың жүгін алып келді. Әкесі баласын жел
келей автомашинаға қарай жүрді.
Жандос қоштасқан да жоқ. Шамасы қолға түсірген
балаларға өкпесі бар сияқты. Әкесі есікті ашып машинаға
оны итермелей кіргізді. Есікті жапты. Сонан соң басын
изеді. Қоштасқан түрі.
Жаңбыр түнімен жауды. Түстен кейін Баяншоқының
басына оймақтай қара бауыр бұлт ойнап шыға келген.
Алғашқыда оны ешкім елеген жоқ-ты. Сәлден соң әлгі
бұлт аумақтана бастады да, бауырынан ауық-ауық
жылт еткен шыбык, көрінді. Сөйтті де, жер-дүниені
сілкіндіре күн күркіреді.
—Балалар асханаға! — деді кезекші.
Артынан білдік, Шұға тамақты ерте ішіп алуға
жасаған амалы екен. Біз жатаханадан шыға жел лебі
білінді.
— Қозғалыңдар. Нөсер келе жатыр,— деді Шұға
дауыстап. Тамағымызды ішіп бола, әлем тапырақ, алай-
түлей дауыл басталды. Жел бет қаратар емес. Найзағай
оты жарық-жұрқ етіп, зәреңді ұшырады.
— Терезелеріңді бекітіңдер!— деді кезекшілер.
— Бөлмелеріңе кіріңдер. Сөйткенше электр шамы
да сөнді. Күн шатыр-шұтыр ете қалған сәтте балалар
басын төмен иді. Әлдебірі кереуетіне сүңгіп кетіп,
көрпелерін жамылып алды.
— Жай түсті,— деп сыбырлады Қоңқас. Бөлме іші
тым-тырыс. Құлаққа ұрған танадай. Сөйткенше тағы
да күркіреді.
— Тағы да түсті,— деді Қоңқас сыбырлап. Сыртқа
тырс-тырс жаңбыр тамшысы тамды. Артынша ше
лектеп төккендей құйып кетті. Бір ғажабы осы сәт
дүлейлене соққан жел басыла қалды.
— Ерте, ерте, ертеде алып бәйтеректің басына
бір самұрық құс ұя салып, балапандарын шығарып,
алты айлық жерге азық іздеп ұшады екен. Осы сәтін
жыл сайын бір айдаһар пайдаланып, оның балаларын
жеп тояттапты. Самұрық құс ұясына ораларда
балапандарын тірі көрсем-ау деп армандап жылайды
екен. Жауыны сол самұрықтың көз жасы, қатты жел
қанатының қағысы екен. Ер Төстік бәйтеректе өрмелеп
бара жатқан айдаһарды дәл басынан көздеп атып жерге
түсіріпті. Сәлден соң ұясына кеп жеткен самұрық құс
балапандарын тірі көріп қуанын, Төстікке тіл қатады...
Ойым өрі қарай шарықтай берер ме еді, кенет терезені
әлдекім тарсылдатқандай болды.Балалар орындарынан
атып-атып тұрысты.
— Жел ғой,— деді Қоңқас білгішсініп.
— Әлде кімнің терезені қаққаны анық.
Ентелей басын барып пердені аштым. Үсті-басы
малмаңдай су, шашы бетіне түскен, бейтаныс біреу
қараңдайды. Құбыжық көргендей шошынын кеттім.
— Сәкен, қақпаны ашшы. Мен ғой,— дейді.
— Сен кімсің?— деймін.
— Жандоспын.
Есікке ұмтылдым. Балалар сұрап үлгергенше, мен
де табалдырыққа жеттім. Бір ғажап дүние. Ауық-
ауық алып фонардай найзағай отынан жер дүние жарқ
ете қалады да лагерь ауласы ап-анық көрінеді. Осы
сәтте бағытымның дұрыс екенін ішім сезеді. Кеш бүгін
ерте батқан сияқты. Шындығында қақпа жабық екен.
Ілгекті ашын үлгергенім сол еді, ар жағынан Жандос
жүгін мықшындай көтеріп кіріп келе жатты.
— Уһ, тоңып кеттім,—деді ол.
— Жүкті көтерісіп жіберші. Балалар бізді асыға
күтіп отыр екен.
—Құрғақ киімдеріңді беріңдер Жандостың киімін
шешісіп, киіндіріп ап, балалар «тергеуге» кірісті.
— Әкемнен қашып кеттім,— деді ол иегі иегіне
тимей.
— Міне, жігіт.
— Шын айтасың ба?
— Көрпеге оранып жата қал.
—Айыптымыз. Енді сені ұстап бермейміз, Жан
дос,—деді тағы біреулері.
Жандос үйіне де бас сұқпапты. Қатты ашуланған
әкесі жол бойы жер-жебіріне жете ұрысса да, Жандос
тырс үндемепті. Әкесі кеңсеге тоқтап, жұмыс бабымен
ішке кіріп кеткенде Жандос Ақбелге көмір тиеп бара
жатқан бір шопрға жолығып, келісе кетеді де тартып
отырады. «Ақбел» «Қайыңдының» бір бөлімшесі.
Одан бергі екі шақырымға өзі жаяу жүріпті. Қалың
жаңбырда жол бойындағы қалың қамысты паналапты.
Содан малшыныпі жеткені осы екен.
—Әкең ұрсып жүрмей ме? — деді Қоңқас.
—Енді лагерге келме. Бәрібір ауылға қайтпаймын,—
деп қағаз жазып тастап кеттім. Өзі де қызық. Мен
балалардан артық емеспін ғой. Сендерді қимадым,—
дейді Жандос — Сендер менің шын қамқоршы доста
рым емессіңдер ме? Бір қателік кетті. Кешірім сұрадым.
Енді не көрсек те бірге көреміз деп өзіме-өзім серт
бергенмін.
Ертеңгісін сапқа тұрғанда, Шұға таң қалды.
—Ой, Жандос сен көктен түстің бе? — деді ол.
—Жоқ, Шұға Берікболқызы. Әкемнен қашып,
амалымды асырып қайтып келдім. Балаларға берген
сертімді орындауым керек қой.
Балалар шынында Жаңдостың қылығына сүйінді.
ӘПКЕМ, АЙДЫН ЖӘНЕ «ҚАРА БЕЛБЕУ»
Жүрегім дүрсілдей соқты. Неткен ғажап әлем.
Аққағаз әпкем күллі дүниені, бәрін-бәрін көзі
бадырайған, сіліңгір қара, май-май шоферға айырбастап
жібергені ме? Иә, бәрі неден басталып еді...
Сендер менің әпкемді көрдіңдер ме? Нағыз бидай өңді
сүйкімдінің өзі. Қарашығы үлкен ойлы көздері сөйлеген
сәтте жарқыл шашып күлімдеп кетеді. Әсіресе, Айдын
мен тілдескен кезде бақылашы. Өзіңнен-өзің қуанасың
кеп. Бірақ өзің соны түсінбейсің. Қияқтай қасы, сүп-
сүйір мұрны ақ өңіне жараса кетеді. Әпкеңді сонша
мақтағаның не деп сөгіп жүрме. Балалар ей, менің әпкем
Аққағаз әлемдегі ең сүйкімді қыз деп кейде дауыстағым
келеді. Шыным осы. Талдырмаш қана бойына қона
кеткен қолаң шашы, тақылжырын соққан шолпылы қос
бұрымы. Қарай бергің келеді, қарай бергің келеді.
Үйден ұзап шыға мойынағашын оң иығына кисай
та қондырып Аққағаз Көкиірімге құлдилаған иір-иір
жалғыз аяқ соқпақпен төмен қарай жеделдей жүрді.
— Әпке, әпкетай...
— Әу.— Кең аңғарды жаңғырта «әпке, әпкетай...
Әу»деген үн жақпар-жақпар жартасты, қия-қияны,
тылсым үңгірлерді аралап осы тұсқа оралды. Біздің ауыл
нағыз қып- ызыл тасты таудың ішінде ғой. Аққағаз сұқ
саусағын ерніне апарып сыбыр етті.
—Бөлектай, ақырын...
—Е, неге?— деймін. Аққағаз енді еңкейіп кеп,
құлағыма сыбырлады.
— Мына тау-тастың ішінен ит-құс шыға келсе
қайтесің?
— Тұра қашамын.
— Менің тастап кетесің бе?
— Е, неге? Сен менің әпкем емессің бе?
— Кіп-кішкентай жүрегіңнен айналдым, сенің.
— Ту, көрші апаның баласы да келіп үлгеріпті ғой,—
деді жүзі бал-бұл жанған Аққағаз. Пай-пай, апамның
айтқаны айдай келді. «Қыздың қулығы қырық есек
ке жүк болған». Аққағаздың түк білмей, мүләйімсуін.
Әпкемді сынағым кеп кетті.
— Әпкетай, осы Айдын мектепте жаман оқыпты
ғой,— дедім әдейі.
— Е, неге,— деді әпкем жұлып алғаңдай. Ел
қатарлы-ақ оқып үлгерген.
— Оны қайдан білесің? Айдын сенен үш класс
жоғары оқыды ғой. Аққағаздың бидай өңді жүзі
қызарып сала берді. «Қолға түстің бе, бәлем»деймін
ішімнен күбірлеп.
— Бауырым-ау, қызықсың. Ауылымыз аралас, қой-
ымыз қоралас. Бір-бірімізді танып білмей шоқыншдыққа
айналып кеткен жоқпыз ғой. Оның үстіне көрші, әрі
ағай,—деді Аққағаз. Сөйтті де сыңғыр етіп күліп жіберді.
— Ой, сол қап-қара Айдынды да аға деп,—дедім
мен де әпкемнің сөзін жоққа шығарғым кеп.
—Тсс, естіп қойса ұят болады,— деді Аққағаз
сыбырлап. Сөйткенше қоңыртай кісінеп қоя берді.
Айдынның құлынынан өсірген сүйіктісі. Жалын тартып
бізге көзінің қырын салған Айдынға сырттай қарасақ
күліп жіберуге шақ қаласың. Адамдар бір-бірін сонша
асығып күтеді екен-ау. Түк білмеген сыңайын. Апам
мені «жетібас» деп тектен-текке атамаса керек.
— «Белбеуіңіз» құтты болсын, Аққағаз,—деді
қоңыр тайды бос қоя бере сап, бізге беттеген Айдын.
Аққағаз жымың етті.
— Рахмет, аға, — деді сонан соң.
— Мына күн ыстықта «үйге тастап кетейін» деп ем,
апам көнбей қойды,— деді Аққағаз.
— Өзі «ұзын» емес пе?— деді Айдын күлімсірей
үн қатып.
— Әзірге «ұзындығы» байқалмайды.
— Солай деңіз. Онысы дұрыс-ақ. «Несі дұрыс-ақ.
Белбеу көрмеп пе, бұл шіркін»деймін ішімнен.
— Бөлектай тайға мінесің бе?— деді Айдын.—
Әпкемді «қасқыр» жеп қояды,— дедім дүңк етіп.
Аққағаз ақжарқын күлкімен лекіте күлді. Айдын аң-таң.
«Осылар мені бала дейді-ау. Алдағысы келеді. Әпкем
Айдынға әлдене деп сыбыр етіп еді, жігіттің көзі бір сәт
бадырайып кетті де, артынша ол да қарқылдап жөнелді.
— Кешір, Бөлектай,— деді ол сонан соң.
— Қоңыртай екеуің бір-біріңе жараса кетесіңдер
деген ойым ғой,—деді ол «ағынан» ақтарылып.
«Сендер де бір-біріңе жарасасыңдар» дегім келді де,
өзімнен-өзім қоя койдым. Байқауымша менің бұл
тілегімді Аққағаз бен Айдын сезіп қойғандай бір-біріне
жұмбақтай қарасты.
Қоңыр тайды Айдын маған арнап үйреткен сияқты.
Қоңыраудай сыңғырлап ұша жөнелуі кәдімгідей-ақ.
Құйрығын шаншып зулаған кезде, қуаныштан бөркімді
аспанға атқым келеді. «Әй,қоңыртай Айдын айтпақшы
екеуміз бір-бірімізге жараса кетеміз, ә. Ал олар ше?
Сөйттім де Ақжарды айнала беріп тізгін тарттым...
Әне, әне екеуін қара! Ағай мен қарындастар...
Газет қалпақ киген Айдын Аққағазға жақындап кеп,
құлағына сыбырлады. Сөйткенше әпкем қолындағы
шелектегі суды күмістей жарқыратып, жігітке шашты.
Оқыс қылық күтпеген Айдын әлде не деп дауыстап
жіберіп, Аққағазды қуа жөнелді. Пай-пай.
Құдды бала-бақшаның ересек бөлімінің балалары
сияқты. Кенет Айдын Аққағазды қуып жетіп мойнынан
құшақтай кетті де, екеуі оңқа-шоңқа боп жығылды.
«Мына Бәтима әженің баласы қайтеді-ей» деген
дауысым шығып кеткенін өзім де байқамай қалдым.
Тізгіңді қоя беріп, коныртайды тебініп, жұлдыздай
ақтым. Ашу бойымды кернеп, өзіме-өзім сыймай
келемін. Атамнан үйренгенім бар, Айдынды сабай
жөнелдім.
—Өй, сары қаңылтырдың сатпағы. Қара мұны
ей. Әттең, дырау қамшының жоғы-ай. Жоныңнан
таспа тілетін. Қорлығы-ай, мынаның... Менің қара
түтін жүзімді көрген Аққағаз орнынан атып тұрып,
сыңқылдай күлді.
— Бөлектай, мына көршінің ұлын сабап салдым—
деді ентіккен күйі. Айдын да шалқасынан жатқан күйі
ыржың-ыржың етеді.
— Иә, иә. Тегінде «белбеуі» бар адам мықты бол
май ма,— дейді. «Ой шірік неме! Еркек басыңмен
қыздан жығылғанша ана жердің тесігіне кіріп кетпейсің
бе» деп бір тұрдым да, Аққағаз өкпелеп қалар деп
үндемедім. Мұңдайда атамның мінезі қызық еді ғой,
марқұм. Күрестен жығылып қалсаң: «Ішкен жегенің
бойыңа жұқпаған байғұс. Мұрттай түскені несі»,— деп
жерден алып жерге салатыны бар еді.
Ал Айдын жығылып қалса да мәз. Қобыраған «әйел»
шашын дұрыстай орнынан қарғып тұрды. Өңі бал-бұл
жанып, көзін жалтырата маған қарады.
— Бөлектай, өзің ойлашы. Менің жазығым бар
ма? Тұманың суының тістен өтетінін білесің. Шашып
жіберді. Көрмейсің бе? Сонан соң күресуге тура келді.
Ах... Ах... Несіне мәз екен. Ақталған түрін. Қоңыр
тайдан қарғып түсіп, жетектей Айдынға жақын келдім.
— Мә, тайынды ал. Дұрыс шаба алмайды,— дедім
бұрқ етіп.
— Мал иесіне тартады,— деді Аққағаз саңқ етіп.
— Бөлектай, саған сыйға тартсам аласың ба?
— Керегі жоқ.
— Ақысын алмаймын. Босқа берейін, — деді Ай
дын. «Пах, пах, Бөспебай»
— Елге күлкі болсын дейсіз бе, — деді сөзге
киліккен Акқағаз.
—Бәйгеден озар болса бір жөн.
— Мен жеңілдім, сендер жеңдіңдер,—деді қолымен
желкесін қасыған Айдын.
— Ә, солай ма, Айдын аға! Сөйткенше жар басы
нан жарықшақ үн естіліп қалды.
— Әу, біреу байлап қойды ма түге, қайтыңдар, —
деді апам дауыстап.
— Сен қызды ма? Үйге келген соң сазайыңды
берермін.
—Ұят-ай, — деді Аққағаз күңк етіп. Еңкейе беріп,
мойынағашының ілгегін қос шелекке іліп, лып етіп
орнынан көтерілді.
Апамның айқай-шуы енді басталды. Сонау күні
Қызыладырдағы нағашы атам Бөкенбай бастаған екі-
үш үйге кеп қонып кеткен. Суыт келіп, асығып аттанды.
— От ала келіп пе едіңдер. Аунап-қунап бір-екі күн
жатпадыңдар ма,— дегенге —Уақыт тығыз. Болар
істің ауы мен бауы бар. Ағайын-жұртпен ақылдасу
қажет,— деп Бөкенбай нағашым атына қонды. Сөйтті
де қайта бұрылды.
—Қалима-ау. Жиенге көз қырынды сал.
Бөдененің құйрығын ұстап қалғандай болмайық. Ту
лайды ғой. Аптығын басуға тырыс. Мені бала деді ме,
тіпті көз қырын да салған жоқ. Аң-таңмын. Бөденесі
несі. Ылғи бір жұмбақтай сөйлеген адамдар.
Үйге кірсем Аққағаздың көзі бұлаудай ісік. Стол
үстін жинап жұр.
—Әпке не болды?— деймін.
—Мен күйеуге тиетін болдым. Қызыладырдың бір
сұлу жігіті маған ғашық екен. Аққағаз әңгімесін ары
қарай жалғастыра алмады. « Үйбайын» сан рет қайталап
апам кіріп келді.
—Әй, қарапұшық сабағынды оқы,— деп бір кіжініп
алды. Содан бері апамның тірлігі жаңағы. Аққағаз
екеуміздің аттап бассақ адымымызды санайды. Анан
дайдан ұрысуға бар, артынша жайылып жастық, иіліп
төсек.
—Аққағаз, суың төгіліп келеді,— деді Айдын
ойымды бөліп.
—Қап, сығыр қылған құдай-ай,— деді өкінген
әпкем. Айдын жол шетіне бұрыла беріп, көк шалғынның
ішіне сүңгіп кетті де, қайта шықты. Қолында қос тал
түйе жапырақ.
— Мен амалын таптым,— деді ол. Сонан соң енте
лей басып кеп, қос шелек судың бетін бүркемелей жапты.
— Рахмет, қызметіңізге,— деді әпкем жанарын
жарқ еткізіп.
— Бөлектай бізге Айдын ағаң сияқты бір қызметші
керек-ақ, ә?
— Құзырыңызға құлдық,—деді Айдын.
— Пах-пах. Алыстан арбалағанша, жақыннан дор
бала деген осы. Әпкем күлді. Айдын бір сәт үндемей
қалды да басын көтерді.
— Ұлы бақытты падишам уәдеге беріксіз ғой,—
деді Айдын кенет.
«Қара белбеу» тағынған апасына жағынған табыла
ды қызметшің Көкиірімнің жанынан.
— Айдың әлдебір әуеннің ырғағымен әндетіп ба
рып басылды.
— Ту, Айдын аға өзіңіз ақынсыз ғой. «Белбеуімді»-
ақ мазақтап біттіңіз. «Тақпайын» десем қимаймын
өзін,—деді әпкем көзін ойнақшытып.
— Апаң ұрсады ғой,— деді Айдын
— Ол да мүмкін, — деді Аққағаз
— Ақбелге бүгін бару керек. Қызыладырдағы —
«дос» бүгін ертең «қонаққа» келсе, ешқайда шыға ал
май қалармын,—деді Айдын күрсініп.
—Жолыңыз болсын! — деді әпкем.
— «Күн бұлттанып» тұр ғой. Абайсызда суға мал
шынып қалмаңыз. Күн күркіреп, найзағай жарқылдап...
— Бір жөні болар. Бәріне шыдау керек, Аққағаз
қарындасым. «Көк қасқаның жемін жегізіп», бабына
келтірсем жолда қалдырмас!
Екеуіне кезек-кезек қараймын. Ақбелге барып
қайтады. Қызыладырдағы досы келсе азық-түлік арақ-
шарап әкелмек қой. Сыйлы қонақ болды. Бірақ күн
болса ашық емес пе? Жауын жаумағалы екі апта өтті.
Менің әпкем табиғатты болжайтындай қандай құдіреті
бар. Көкқасқа аты жоқ еді ғой, Айдынның... Шым-
шытырақ, түсініксіз жұмбақ...
Таң атып келеді екен. Апамның ащы айғайынан
шошып ояндым. Қолындағы шелегін босағаға қоя салып
төргі үйге еніп, ауыз бөлмеге қайта шықты.
— Жерге қаратып кетті-ау, мына қаншық. О, сорлы
басым. Елге не деймін? Ентелей басып маған жетті де
жұлқылай бастады.
— Әй, қарапұшық. Әлгі қыз қайда?—деді сонан
соң.
—Кім?—- деймін ұйқылы ояу.
— Аққағазды айтамын, ойбай... — Апам ақырып
— бақырын жүресінен отыра кетті.
— Не дейді? Әлі ұйқыдан арыла алмай отырған
сияқтымын.
— Ол қайда кетуші еді. Апам бір сәт тынды да,
маған бадырая қарады.
— Ойбай-ау, байға. Рәпілбек, Мұратай, Шәкетай.
Беу, құдай-ай. Қырылып қалдың ба, түге. Балаларын—
менің ағаларымның атын атайтын осындай бір әдеті бар
болатын.
— Әй, қарапұшық. Түнде төсегінде жатқанын өз
көзіммен көргенмін. Ертеңгісін сиырға шықсам...
Ішім қыжылдап сала берді.
— Әй, мен кеттім, әлгілерге. Енді сен қашып
жүрме,— деп маған одырая қарап апам табалдырықтан
аттады.
Мең-зең күйі күбірлей бердім: Әй, сары
қаңылтырдың сатпағы. Ақыры дегеніңе жеттің бе?
Майға сұққан қасықтай жылпылдауы көбейіп кетіп
еді. Торы тайына мені мінгізіп... Жарта тастап кеткенін
қарашы. Әй, маубас Бөлекбай. Бірақ, бірақ Аққағаздың
өзі де кет ары емес еді-ау. Оны көрсе бал бұл жанып
құлпырып кетуші еді. Анау күні «күйеуге тимеймін
деп еңірегені қайда?» Орнымнан қарғып тұрып, еңді
киінуге бет қойып ем, жастығымның астынан бір парақ
қағаз сырғып жерге тұсті. Жалма-жан жерден көтеріп,
үңілсем Аққағаздың маржандай тізілген жазуы.
«Қара белбеу» атанған жаным, бауырым Бөлектай»
деп жазыпты Аққағаз. «Мөп-мөлдір көзіңнен айнал
дым, сенің. Менің жан сырымды сен ғана ұқтың. Ай
дынды, мен сияқты сенде жақсы көрдің. Бөтен мінез
де танытпадың. Бауырым! Сен кешір мені. Апам
маған Қызыладырдан Батырбек деген күйеу таңдап
қойғанын сездің бе, сезбедің бе, ол жағы беймәлім. Ол
күйеудің мен бет-жүзін де көрген емеспін. Ал апамның
бұйрығымен көрмеген адаммен қалай ғана тұрмыс
құруға тиіспін. Апам өзі жақсы көргенін қалайды.
Көп ойланып, көп толғандым. Ақыры Айдын екеуміз
бұл дүниеде қол ұстасын, өмір кешпек боп шештік,
Әрине, сен хатты оқи отырып, дәл қазір ашуға міндің. Ол
анық. Бірақ қыз бала өз тағдырын ойлауы керек. Менің
ойымша сен де үлкен әрі жақсы жігіт боласың. Апаның
да ағаларының да ашуы басылар. Әділдік жеңуге тиіс
қой. Апаң кәрі адам. Ол да маған жақсылық ойлаған
шығар. Үлкен кісінің әдеті — ағайынды жақыннан
қарастырады. Батырбек наға-шымыздың бауырының
баласы. Сен апаңа көмектесуге тиістісің. Бар жұмысты
артымда бауырым бар деп өзіңе тастадым. Мойыма.
Ержігіт емессің бе.
Енді жарты сағаттан соң, мен осы үйдің табалдырығын
қызы боп аттап, Айдынның жары боп ораламын. Біз
келгенде сен ренжімей қарсы ал. Үлкен үйдің иесі сен
енді. Апаңа бар жағдайды түсіндір. Айтпақшы сені
«Қарабелбеу» атандырған мен емес, Айдын жездең.
Өсіп ер жеткенде есесін аларсың.
Әкпең Аққағаз, сары қаңылтырдың сатпағы Айдын».
Төсегіме отыра кеттім. Не дейін ішім қолқылдап бара
ды. Әй, Айдын-ай, «Қара белбеуің» үшін Аққағазды
ренжітпеші.
«АТАЛАРДЫҢ» АҚЫЛЫ
Қарауылдың құбыла бетіндегі ерте көктемде су
жырымдап кеткен жыралардың ішімен жүріп отырып
ауылдың кыр бетіне шықтым. Сөйткенше Жанайдардың
«тсс» деген үні естіліп қалды.
— Отырыңдар. Бес-алты бала шөке түсіп, жайғаса
кеттік.
— Әне, бақшаның ту сыртына шықты,— деді
сыбырлаған Есіржан.
— Тәмила әжейдің алмасының дәмін аузынан
кетірместей жасайық,— деді Алмат. Біз келесі сәтті
күттік.
Кеше түстен кейін Айтжамал тәтей біздің сынып
ұлдарын жеке шақырып алыпн:
—Әй, балалар. Сендерге шұғыл тапсырма берейін
деп отырмын, — деп бәрімізге ойлана қараған.
— Орындауға дайынбыз,— деді бәріміз үшін
Алмат жауап беріп. Анау шеттегі жалғыз басты Тәмила
деген кемпірді білесіңдер ғой. Баласы малда, қолындағы
немересі әскер қатарына биыл кетті,—деді Айтжамал.
— Білеміз, — дедік әр тұстан дауыстап.
— Ыңғайсыз-ақ нәрсе. Сол адамның бақшасына
балалар ұрлыққа түсетін көрінеді. Ағаштардың бұтағын
сындырып, бейберекет іс жасайды екен. Соларды қолға
түсіріп, жазалау керек.
— Тек сабап тастап жүрмеңдер. Бөлімшедегі
мектептің балаларының ең ересегі сендерсіңдер ғой...
— Айтқаныңыз орындалады,— деді Есіржан.
— Ә, айтпақшы үлкен балалар кездесіп, шатақтасып
жүрмеңдер.
— Қам жемеңіз. Бір жөнін жасаймыз,— деп
шуылдастық біз. Енді, міне, ұрының үстінен түсіп
отырмыз.
—»Жасыл жасақшы» операциясы басталды,—
дедім мен.
— Жан-жақтан қоршайық
— Құтылып кетіп жүрмесін.
Көйлегінің ішіне қызыл алмаларды толтырып алып,
дәл қасымыздағы қорғаннан қарғып түскенде Тұрар
мен Төлеудің көзі тас төбесіне шықты.
— Олжаларың құтты болсын,— деді Ұлар.
— Әжемізден сұрап алайық деп едік, үйінде құлып
тұр,— деді маңдайы тершіген Төлеу.
— Ақылдарың кірейін деген екен. Әжелеріңді мек
тепке тектен-текке апарып жүр екенсіңдер ғой,—деді
Есіржан. Мәселенің мәнісіне түсінген қос ұры үнсіз
тұрып қалды.
— Қарауылдың басына шығамыз. Ұрыларға жаза
тартқызамыз,— дедім мен. Балалар түсінбей менің
бетіме карады.
— Туһ, соны да білмей қалдыңдар ма? Аталарың
айтпаған ғой. Ертеде олар ұрыларға өзгеше жаза
тартқызыпты, — дедім мен Есқали қарттың бірде
айтқан әңгімесін еске түсіріп.
— Мұның қызық екен. Ал, батырлар алға түсіңдер,
— деді Есіржан қуанып.
— Төбеден төмен домалатпайсыңдар ма? — деді
Тұрар қорқақ күңк етіп. Екеуі де үшінші сынып, бізден
бір саты төмен оқиды. Мен басымды шайқадым. Бұл
екі ортада Есіржан:
— Қолмен істегенді мойындарымен көтеру керек,
— деп дүңк етті.
Ауыл маңындағы дөңес төбе құдды батырлардың
сауытындай боп көрінеді екен. Әншейінде онша
мән бермейді екенбіз. Оң жақ беті Көкпекті тауын
қылыштай бөліп, долдана аққан Селдей өзені, терісі
тақтайдай жап-жазық пішендік. Айтарымды айтсам да
жазаның берілу тәртібін есіме алып, Есқали қарттың
әңгімесін жиі-жиі қайталаймын кеп.
— Ниет бұзылған ба, бала-шаға теріске кетті ме,
түсіне алмадым. Ойпырай, өзіміз ақ қолда өсірген бала
мызды, қанша бір басбұзар атанса да көп болып жөндеп
алушы едік. Тұрысыңнан айналдым, Қарауыл,— деген
ол төбеге қарап.
— Халықтан асқан қазы да, би де жоқ. Әдеттегідей
қос ұрыны сүмірейтіп қойып, көк майсаға жантая
кеткеніміз сол еді, Ұлар тыпыршып:
— Әй, Шалқар. Уақыт созуға төзім жетер емес.
Су әкелеміз, ағаш жарамыз. Табынды қарсы аламыз.
Әңгіме бұзау емізеді, бұзау таяқ жегізедінің кері болып
жүрмесін.
— Ауыл
«ақсақалдары»
төрге
шығыңдар.
Оу,»Есіржан»,— деген би ортаға шық,— дедім
кәдімгідей сұстанып.
— Мына қауым жұрттың сені қалап отыр.
— Дұрыс, дұрыс,— десті балалар уәделесіп
қойғандай.
—Жапа шеккен адамның / әрине, Тәмила әжейді
айтамыз/ жоқтығына байланысты қаралаушы Жа
найдар мен Ұлар болсын. Келісесіңдер ме, халайық,—
деймін.
—Былай қауым дөнгелене отырыңдар.
—Ал жазалыларды ортаға әкеліңдер,—деймін
Асқарға бұрылып.
Балаларға таң қалдым. Кәдімгідей үлкен бір даулы
іс шешкен үлкендердей қабақ түйісіп ойлана қалыпты.
Ағаларының әңгімесін анда-санда бір естіп қалғандары
көрініп тұр.
— Ал, құрметті халайық. Алдымызда өз ауылымыз-
дың қадірлі қариясы Тәлима апайдың бақшасына түсіп,
алмасын ұрлаған қос ұры тұр. Ендігі мәселе екеуіне
жаза беруіміз керек,— дедім тамағымды кенеп.
—Сөз Ұлар мен Жанайдар «ақсақалдарға» беріледі.
— Жолдастар, бұл екеуін қатаң жазалау керек. Бүкіл
мектебімізді ұятқа қалдырып отыр. Оның үстіне әжей
үйде жалғыз, балалары жұмыста, әскер қатарында,—
деді Ұлар.
— Мен де Ұлардың сөзіне қосыламын. Біздің ата
ларымыз, халқымыз ұрлықты жек көрген,— деді Жа
найдар.
—Менің ұсынысым бар,— деді қолын көтерген
Серік.
— Жасалған ұрлықтың орнын толтыру үшін, екеуі
күніне бір-екі сағат Тәмила әжейге көмектесуі керек.
— Алдымен бұлар айыбын мойнына алар ма
екен,— деді Есіржан дауысын кенеп.
— Мойындаймыз,— деді екеуінің орнына Тұрар
күңгірлеп. Әншейінде жарқылдап жүретін Төлеудің
түріне қарап аяйсың.
— Тәлима әжейден барып кешірім сұрасын,—
дедім мен.
— Ол әжені бұл екеуі талай әуреге салған жоқ па?
—Дұрыс,— деді Серік мені қолдап.
— Жаза жеңіл боп кетпесін,— деп ескертті Ұлар.
— Ау,
халайық.
Екеуінің
бұлтақтамай
мойындағанында еске алайық,— дедім мен.
— Иә, жер тістеп жатын алса қайтер едіңдер,—
деді Серік.
— Қолпаштамандар, түге — деді Есіржан қабақ
түйіп.
— Қане, кімнің қандай ұсынысы, алып қосары бар.
«Ақсақалдар» бір-біріне қарады.
— Онда қазы өз ісіне кіріседі,— деді Есіржан дау
ысын көтеріп.
— Әділ қазы «ақсақалдардың» ұсыныстарын
ескеріп, ұрылардың қылмыстарын екшей келе былай
дейді. Тұрар мен Төлеу бір ай бойы Тәмила әжейге
көмек жасайды, кешірім сұрап, бар қателіктерін мойын
дайды.
— Қарсыластарың жоқ па? Ұрылар басын изеді.
— Онда қазылық рәсім бітті,— деді Есіржан.
— Ұрылар бос.
Мұндай таң қалмаспыз. Ұрылар ұшып жөнелді.
Әуелі, Тәлима әжейдікіне қарай бұрылды.
— Айналайын, аталар-ай. Бұзақыларың көп болып
ақылдасып, жөнге келтірген-ау. Не деген ақылды адам
дар,— деді Есіржан күрсініп.
— Дұрыс айтасың,— дедік біз.
— Аталарға ұқсасақ жарадық.
АСЫЛДЫҢ АТАСЫ
Асылдың атасы ауылда тұратын. Бозқырау сақалы
кеудесіне тұскен, қыр мұрынды, қияқ мұртты, алып
денелі адам. Ауылдың шетіндегі биік қақпалы қораның
ішіндегі ұстаханада темірді отқа салып қыздырып иіп
болғасын, нән балғамен ышқына соғып, маңдайы шып-
шып терлеп жатқанын талай көрді.
—Менің құлыным атасының ұстаханасын көргелі
келген екен ғой,— деп жерден тік көтеріп алып,
Асылдың бетінен шөп-шөп сүйетін, қысып-қысып
құшақтайтын еді.
—Міне, менің асылым...
Жан-жағындағы жұртқа масаттана қарап, мұртын
сипап, сақалын тарамдап, жүзі бал-бұл жанып,
мақтаныш сезімге бөленетін. Кейіннен түсінді. Асылды
атасы асылға теңейді екен ғой.
Асыл қалаға ораларда әжесі Бағила екеуі мұны
құшып-сүйіп, қимай аттандыратын. Әуелі ауыл
шетіндегі аялдамаға дейін еріп келетінін айтсаңшы. Осы
соңғы жүздескенінде атасының көзінен жас парлап
тұрғанын Асыл байқап қалған.Өзі де жылағысы келіп
кетті де онысымен қоймай:
— Ұят-ай! Үлкен ата да жылай ма екен, — деп
қолын шапалақтағаны бар.
— Сені сағынамын ғой,—деді атасы елге байқатпай
көз жасын сүртіп.
Сөйтсе атасы алдын-ала сезген екен. Ол Асылмен
ішінен қоштасып тұрыпты ғой. Ал Асыл болса атасын
соңғы рет көріп тұрғанын білмепті. Әлі де сенбейді. Енді
сонау қарағайлы ауылының құбыла бетінде күмбезінің
төбесіне ай ілінген, ақ кірпіштен салған бейітте атасы
Құрымбай мәңгілік ұйқыда жатыр. Былтыр күзде әкесі
екеуі ауылға барғанда, атасының басына құран оқытыпн,
мандайшаға ілінген суретін сипап, біраз жылап алған.
Қатты сағыныпты. Кейінгі кезде Асылдың түсіне
жиірек кіріп жүргені де рас.
Жазда күн жылыған соң, үйде бір күн де қалмай,
Қарағайлыға атасының мекеніне аттанып кетеді. Бұл
жолы өзі жалғыз бармақ...
... Ызғып келе жатқан троллейбус аялдамаға жақындай
бере қалт тоқтағанда, Асылдың ойы бұзылып кетті. Бала-
бақшадан келе жатқан беті. Адамдар бірі кіріп, бірі шыға
бастады. Кенет.. құдды атасы. Еңгезердей шал есіктен
кіріп келе жатты. Ойынан бір сәтке ғана арылған Асыл
ойда-жоқта: «Ата!»— деп дауыстап қалған. Шырқырай
шыққан бала үні көлікте отырған жолаушыларды бір
сәт селт еткізді. Орындықтан ұшып тұрған Асыл аққан
күйде атасының құшағына барып сүңгіп кетті де бір сәт
қартты сұраққа көміп салды.
— Сен қашан келдің, ата?— деді жүзін аймалаған
қарттың бетіне бажайлай қарап.
— Ел өтірік айтқан екен ғой. Сені өлді дегені қайда?
— Мен тірімін,— деді кемсеңдеген қарт.
— Сендер үшін мен ешқашан өлмеймін. Бозқырау
сақалы омырауын жапқан қоңыр дауысты қартты Асыл
мойнынан тарс құшақтап алыпты. Сөйткенше қарт тағы
да кемсеңдеп қоя берді.
— Жаным-ау, құлыншағым-ау. Сен маған қайдан
тап болдың. Ата деген тіліңнен айналайын! Е, жаратқан
ием, Ақсарбас, Асқарбас, Періштенің құлағына
шалынсың,— деді ол егіле түсіп.
— Ата, ата, сен неге жылайсың? Мені тауып алдың
ғой. Енді жылама,— деді Асыл атасының сақалынан
сипап. Троллейбустағы жолаушылар бала мен атаның
сөздеріне құлағын тігіп, тынши қалыпты. Қарт
қалтасынан ақ орамалын алып, әжім-әжім жүзін сүртті.
— Балам, мен енді жыламаймын. Мен сенің үнінді,
көп болды, естімедім ғой, сағынып кеттім. Сонан соң
жылағаным ғой...
—Мен де сені сағындым...
Асыл атасын қыса құшақтап, мейірлене жүзін
тақады. Бұл екі ортада елдің:
—Немересі ғой. Шын сағынған екен. Әй, бұл
заманның қиындығы-ай,— деген сөздері естіліп қалды.
Асылдың мамасы дел-сал күйі отырып калған еді.
Бірдеме деуге дәрмені жоқ. Осы бір сәттің немен бітері
белгісіз.
Біраздан соң троллейбус тоқтап Асыл атасымен,
мамасы үшеуі жерге түскен. Қарт пен Асылдың анасы
бірін-бірі үнсіз ұққан еді.
—Құлыным,— деді қарт Асылға мейірлене қарап.—
Мен қазір дәрігерге барып қаралуым керек.
—Қашан келесің?— деді Асыл қапелімде.
—Жазылған соң, үйге барамын, құлыным. Ал,
мынаған әнеу дүкеннен барып тәтті алып же,— деді
қарт Асылдың маңдайынан сүйіп.
—Ал, сау бол, жаным.
Асыл жақын маңдағы дүкенге қарай құлдыраңдай
жүгіре жөнелген. Қарт Асылдың мамасына бұрылды.
—Айналайын, айыпқа бұйырма. Кемпірім екеуміздің
жалғыз ұлымыз бар еді. Үйленгеніне он шақты жыл
болды. Бір сәбидің шыр еткеніне зарығып жүрген
жайымыз бар. Шамасы, сәбидің атасы көз жұмып
кеткен-ау? Сағынып қалыпты. Көңілімді жібітіп
жіберді. «Ата» деп мойныма асылғанды ырым көріп,
Ақсарбас айтып, ырым көргенім ғой,— деді қарт
дауысы дірілдеп.—Немере көрсем, мен де есімін Асыл
қоямын. Тфә, Тфә, сүйіншім өзімнен, қарағым. Екі
Асыл бір-бірін жетектеп жүргенге жазсын. Әттең, мені
іздеп, күтіп жүрегі ауыратын болды-ау... Ал мен кетейін
айналайын...
Сонан бері Асыл өте қуанышты. Атасын күтулі.
Атасы да Асылды сағынын жүрген шығар.
СИҚЫРЛЫ СӨЗ
Қанат— атасының баласы. Атасы бір ауылдың ең
жасы үлкен қарты. Анада «Әй, керпұшық! Бір машина
шөп түсіріп берсең, құл болып кетесің бе?» деп кеңседе
атасы әкімге қамшысын ала жүгіргеңде, байғұстың көзі
тас төбесіне шығып, «айналайын ататай, жұмыс-жұмыс
деп ұмытып кетіппін» деп кешірім сұрап бәйек болған.
Міне, сол күннен бері Қанаттың да мінезі өзгеріп салсын.
«Атасының баласы атасы сияқты болу керек». Кеше түсте
сабаққа дайындалып отырған әпкесі Сәуленің дәптерін
ортасынан қақ бөліп жыртып тастады. Оңдағысы маған
уақытында бір кесе айран әкеп бермедің дегені. Сәуле
әпкесі ашуланып, жылап өзіне тұра ұмтылып еді, Қанат
саспады. «Атама айтамын» деді айбат шегіп. Ол ол ма,
көршінің баласы өзінен кіші Ұланның сақасын айдалаға
лақтырып жіберді. Ондағысы «маған ұтыла қоймадың»
деп ашынғаны. Қойшы, сонымен Қанат бір күнде атасы
на ұқсап шыға келсін.
Әуелі өзін жанындай жақсы көретін әкесімен
анасының да жұмсаған жеріне бармай, «атама ай
тамын» деп қорқытып жөніне кетіп тұрды. Өйткені
Қанаттың атасынан бұл ауылда қорықпайтын адам
жоқ. «Әй, пақырлар, Қанат бір әулеттің тірегі болады,
әлі. Тиіспей жүріңдер түге!» деген атасының қаһарлы
үні талай жерде естіліп қалатын.
Бірақ біраз күннен кейін Қанаттың жайы қиынға ай
налды. Сәуле әпкесі мұнымен сөйлеспейтін әдет тап
ты. Көршінің баласы Қанатты көрсе, әзірейілдей шо
шып, үйіне кіріп кететінді шығарды. Бала-бақшадағы
кіші топтың балалары Қанатты көрсе, ойыншықтарын
қойнына тығып, тәрбиеші апайға жүгіретін болды. Әуелі
әкесі мен анасы да бұрынғыдай еркелеткенін қойды.
Атасы шабдар биесін мініп, басқа ауылдарға жолаушы
лап кеткенде, Қанат не істерін білмей, жалғыз қалып,
есі шықты. Ақыры есік алдындағы орындықта отырған
Ақлима апайдың жанына кеп отырып, жылы сәлемдесті.
—Апай, кешіріңіз... Мен кеше сізге сәлемдеспедім,—
деді күмілжіп.
—Мен атамның баласымын ғой... Ақлима апай бұған
аңтарыла қарады.
—Тек сен ғана емес, осы ауылдың бәрі— Бекзат
қарттың баласы. Бірақ олардың бәрі сен сияқты емес.
Бір-бірімен сәлемдесіп, жөн сұрасады. Қиындық болса
көмектеседі...
—Иә, сенің атаң керемет адам. Сонау ашаршылықта
ол кісі осы ауылды бөліп-жармады. Осы Бесіктоғанның
бойына көшіріп алып келді. Мұз астынан балық аулатып,
аман алып қалды. Оған бүкіл ел қарыздар. Бірақ ол бұл
қамқорлығына бұлданбайды...
Кешкісін Қанат батылсыздау басып келіп Сәуледен
анау күнгі тірлігі үшін кешірім сұрап, жыртқан дәптері
үшін атасы берген жиырма теңгесін ұсынды. Сәуле ба
уырын құшақтап бетінен сүйді.
—Тентек болма, атасының баласы, ә—деді ол
күлімсіреп.
— Болат, кешір. Сақамды саған берейін,— деді
Қанат атасына ұқсап. Болат риза болып:
— Кешірдім, атасының баласы. Мен де сол күні
сені ұтып... — деді Қанатқа мейірлене қарап.
— Балалар, мені кешіріңдерші. Айып менен. Енді
сендердің ойыншықтарыңа тиіспеймін,— деді Қанат
бала бақшаға келгенде кіші топтың балаларына келіп.
—Рахмет саған, Қанат. Біз сені ағамыз деп
жүреміз,— деді олар қуанып.
—Көке, мама, қайда жұмсасаңдар да мен дайын,—
деді Қанат кешкісін үйде шай ішіп отырғанда.
—Міне, жарайсың, атасының баласы,— деді әкесі.
—Кешірім сұрағаныңнан, айналдым,—деді мамасы.
Сөйтіп бір күнде Қанат бұрынғы Қанат болып шыға
келді. Атасы үйге келгенде ол, оң тізесіне отырып алып,
болған оқиғаны баяндап шықты.
—Ә, балам. Сөздің, істің мәніне түсіне бастапсың.
«Кешіріңіз» деген — сиқырлы сөз. Көкірегінде зердесі
бар бала осындай болады,— деді атасы қуанып.
АТАМНЫҢ ӘҢГІМЕСІ
— Ол кезде қорықшы едім,— деп бастады әңгімесін
Әуес қарт. Топ бала елең етісе қалдық. Әдетте табын
өрістен қайтарда біздің көшенің балалары Қарауылдың
басына жиналамыз. Ойынның қызатын кезі осы шақ.
Төбе басы ойдым-ойдым шұңқыр. «Соғыс» ойнауға
нағыз таптырмайтын жер. Қолдан жасап алған ағаш
мылтықтарымыз бар. Қызу майдан ашамыз. Әуес
қартқа ұнамайтын жеріміз осы.
— Бірде қорық аралап жүргенмін,—деп бастады
ол әңгімесін.—Қалмақсайдың шоқысына көтеріліп,
төменде жатқан қалың нуға көз салдым. Қос елік
сайдың тасасынан шығып келеді екен. Алдағысы
ирек мүйізді еркегі, артыңда ұрғашысы. Ауық-ауық
бас көтеріп, жан-жағын шолады. Ана еліктің жүрісі
самарқау сияқты. «Осы шіркін лақтамаса игі еді» деген
күдік ойыма сап ете қалды.
Ата елік биіктеу шоқының басына шығып, төңіректі
шолып өтті. Мен қой тастың тасасына тығыла түстім.
Ата елік орнынан қозғалар емес. Айтқаным келді де
тұрды. Бір кезде иір мүйізді елік көзден ғайып болды.
Қақ төбеде бір бүркіт қалықтай ұшып жүр.
Сөйткенше шоқ қамыстың арасынан тәлтіректеген
сүйкімді лақ көрінді. Жанжағын тіміскілей анасын
іздейтін сияқты.Кенет шаңқ еткен бүркіт дауысы естілді.
Өзімді бекем ұстап, төмен қарай сырғи жөнелдім.
Алғашқыда бүркіт аса биікке көтеріліп алды. Қараймын
деп жығылып тұрдым. Тезірек лаққа жақындасам екен
деймін ішімнен. Бірақ қия-қия жол, тік құлама жер
ұзатар емес. Бір сәт бүркіт қанатын баурына ап, төмен
қарай оқтай зулады. Шаңқ-шаңқ еткен дауысы құлақ
тұндырады.
«Бітті,— дедім ішімнен,—Лақтан айырылдым.»
Жалма-жан мылтықтың шаппасын қайырын жіберіп,
аспанға қарай атып қалдым. Мылтық от алмай қалды.
Жалма-жан оқшантайыма жабыстым. Тағы бірін оқтай
бергенім сол еді, әлде не салдыр-гүлдір ете қалды.
Лақтың дәл жанында әлгінде ғайып болған мүйізді елік
қанаты далпылдаған бүркітпен алысып жатыр.
Бүркіт қанатымен сабалап, тұмсығымен шоқып,
алға беттегісі келеді. Ата елік бас көзге қарамай,
мүйізіне ілінген тау тағысын алға қарай дедектете сүзіп,
жанұшыруда. Ана елік қақпайлап әлек. Шамасы бүркіт
лаққа түсер шақта, ойда жоқта үшкір мүйіздіге тап бо
лып, көздеген мақсатына жете алмаса керек.
Бір сәт елік мүйізінен құтылған бүркіт жерден
далбақтай ұшып қайта ұмтылды. Аспанға атылған
ата елік бұл жолы да бүркітті қағып түсіп, әдеттегідей
жұмырлай жөнелді. Ызақорланған дауысы тағы
шаңқылдады. Бұл сәт мен де жетіп келдім. Бүркіт енді
жерден көтеріле берген. Аспанға қарай мылтықты атып
қалдым. Бұл жолы от алды. Қатты шыққан дауыстан
сескенді ме, әлде ата еліктің тегеурінінен тайсақтады
ма, бүркіт момақансып аспанға көтерілді де, сонау биік
белеңді құзар шыңға қарай ұшты. Шаңқ-шаңқ етеді.
«қап, сені ме» дейтіндей. Қос елік сәл ұзақ барып ба
сын көтеріп маған қарап тұр екен. Неге күткенін біле
қойдым. Соңдарында құлдыраңдай жүгірген лағы әлі
жете алмаған екен. Сәлден соң нуға кіріп жоқ болды.
Көрдіңдер ме, балалар. Баласы үшін жан-жануар да жа
нын бәйгеге тігеді,— деп Әуес қарт әңгімесін аяқтады.
— Мылтықпен бүркітті атып түсірдіңіз бе?
— Еліктің лағын ұстап алу керек еді. Балалар дула
сып жөнелді.
— Тек,— деді бір сәт қарт. — Әке-шешелеріңді
сендерден айырса жақсы ма? Айырды ғой соғыс талай
ды. Менің үш балам майданда қаза тапты. Ал сеңдер
кеп мылтық шошаңдатасыңдар.Біз төмен қарадық. Осы
оқиғадан кейін «соғыс»ойынын ойнауды тоқтаттық.
АТА МЕН НЕМЕРЕ
— Әй, кемпір Қаракөзді қатты сағындым. Мына
қаланың дыр-дыры есімді шығарып, шаршатып жіберді.
Балам түсіме кіріп жүр. Барып қайтайын.
— Ойбуй, кісім-ай, құр сүлдеріңді зорға көтеріп
жүріп, дәмесін қара. Жетерін жетерсің-ау.
— Әй, кемпір,»жыланды жеті кессе де —
кесірткелік» әлі бар. Туған жерге барып, бір аунап
қайтайын. Үлкендерге бата оқиын. Алуаны бірге алып
барамын. О, несі-ей,— деді атасы бетінен қайтпай.
—Мейлің. Оның да жөн екен. Ауылға жетсең
көз көргендердің бірі Қаракөзге апарып салады. Тек
денсаулығыңды байқа!
Сөзін аяқтай беріп апасы Алуаға бұрылған.
— Құлыным-ау, атасының жансерігі-ау. Сен де
атаңды алыс жолға жетектейтін болдың ба?Атаңа, бас-
көз бол. Үлкен адам ғой, өзіңді ара шағып алмасын.
Қаракөзге жетуін жетті-ау. Тек апасының айтқаны
айдан анық келді. Жол бойы шөлдегеннен бе, кім білсін,
апасы айтып отыратын атасының басының сақинасы
бар, аһлап-уһлап төрге жетіп, жастыққа басы тиген
бойы, көзін жұмып жатты да қалды. Жеңіскүл тәтесі
мен Абай ағасы өбек қағып, шай қайнатып, қой сойды.
Бірақ атасы бір-екі шыны ғана шай ішті.
Бірер сағаттаң соң буы бұрқырап бас салған ет те
дастарханға қойылды. Бірақ атасының қабағы жазыл
мады, ыңқылдап отырып екі шоқып, бір жеп, қолын
жуып келіп төсекке қисайды. Абай ағаның:
«Қай жеріңіз ауырады?»— деген сұрағына:
—Тұла бойым түгел қалтырап барады, — деп жауап
қатты.Түні бойы Алуа көз ілмеген сияқты. Тек таң ал
дында ғана мызғып кетіпті. Айдалада қай бір аурухана
болсын. «Атам қатты ауырып қалса қиын-ақ» деп ой
лады ішінен. Атасының көрпесі ашылып қалып еді, ор
нынан тұрып апасы сияқты қымтай жапты. Сонан соң,
атасының мандайынан ұстап көрді. Шып-шып терлеп
жатыр екен, қуанып кетті. «Терлесем, жазыламын»
дейтін атасы.
— Бұл кім?—деді ыңырсыған атасы.
— Мен Алуамын ғой,— деп сыбырлады ол.
— Жаным, менің... Атасы қайтадан ұйықтап кет
кен сияқты. Ауылды жерде қайдан электр жарығы бол
сын. Пілтелі ондық шам сығырая жанып тұр. Бөлме іші
алакөлеңке. Бұрыш-бұрыш тастай қараңғы, құбыжық
отырғандай.
— Су,— деді бір сәт ыңырсыған атасы. Алуа
дөңгелек стол үстіне суытып қойған кеседегі шайды ала
ұмтылды. Сөйтті де атасының қолынан демей көтеріп
су ішкізді.
— Алуасың ба? Ұйықтасаңшы, құлыным,— деді
атасы сыбырлап.
— Қазір ұйықтаймын, ата.
Шайы бар кесені орнына қойын атасы жаққа ұрлана
көз тастады. Қайтадан төсегіне кеп кисайды. Көз ілініп
барады екен, атасының сандырақтап сөйлеп жатқанынан
оянып кетті. Құлағын тігіп біраз жатты. Шындығында,
Алуаның атасы биыл жетпістің жетеуіне шықты. Сонау
жылы, әкесі атасын осы Қаракөзден көшіріп кеткенде,
Алуа туыпты. Өзінің есімін де атасы «Алуа» қойған екен.
Міне, биыл жеті жасқа толып, бірінші сыныпқа барды.
Атасы жыл сайын ауылға барып қайтуды әдетке
айналдырған. Биыл апасының орнына өзі келіп отыр.
Алмат болмаса, апасы да атасымен бірге келер еді.
Өзі тым жылауық. Алуа інісін есіне түсіріп жымиып
қойды. Қазір апасының орнына қолғабыс тигізіп жүр.
Тіпті апасы болмаса да, Алуа атасына көмектесер еді.
Өйткені Алуа атасын жаныңдай жақсы көреді.
Атасы Алуа десе, ішкен асын жерге қояды. Бұл
дүниеде атасынан асқан сақалы беліне түскен, қою
қабақты, ер ерінді, қапсағай денелі, зор адам жоқ.
Апасы кейде атасын осылай деп мақтайды. Тек атасы
қартаймаса екен.Қартайған адам аурушаң келеді ғой.
Әлдекімнің бетінен шөпілдете сүйіп жатқанын сезіп
көзін ашып алды. Өзіне қарап күлімдеген атасын көрді.
— Ата, жазылдың ба?—деді қуанып кеткен Алуа.
— Әрине, Алуа атасын апасынша күтсе, неге жа
зылмаймын, — деп жымиды атасы.
— Алақай!
Атасы Алуаны орнынан тік көтеріп алып ауыз үйге
қарай жүрді.
АЙЫРБАС
Бөстек түнімен екі-үш тұрып, бозторғайын жасырған
төртбұрышты жәшікті бақылап келді. «Таң ертерек
атса екен. Өліп қалмаса жарады. Бекер ғана сақамды
айырбастадым ба? Бірақ обал ғой, бейшараға. Апамның
сөзінің жаны бар. Мені де осылай аяғымнан байлап,
зынданға тастаса ғой» деп күбірледі.
Кеше түске таман төменгі жақтың балалары Жа
расбек бастап, жоғарғы ауылға келіпті. Қалталары
толған асық. Сақаларын айтсаңшы. Қорғасын құйған.
Алшыңнан жазбайды. Бізбен шыншыл ойнауға
келіпті. Біздің балалар да оңай шағылатын жаңғақ
емес. Үштабан, шеңбер, омпа, шықетер ойындарының
майішкендері. Шетінен мерген. Дорба-дорба асықтары
содан жиналған. Әншейінде бірін-бірі ұтып алғанмен,
басқа жақтан қарсыластар келгенде бірігіп кетеді. Бір
кісінің баласындай-ақ.
Келісім бойынша омпа ойыны басталды. Мұндайда
мергеңдік аса қажет-ақ.
Ойын шарты қатал. Қаз-қатар асықтар тігіліп,
қақ ортасына омпа асығы орналасады да, айналды
ра шеңбер сызылады. Үш-төрт қадам жерден шарт
ты орын белгіленіп, үйіріліс соңынан мергендер атыс жарысқа кіріседі. Асықты шеңберден шығара алмасаң, айыбыңа асық тігесің. Сақаң алшы түссе, көмбеден бір асық алғаның, тәйке түссе, тіккенің. Мұндайда мерген дер ортада тұрған омпаны дәлдейді. Атып түсірсең, бар асық сенікі, шеңберден шығара алмасың, айыбың екі асық, жығылған асық басы—бір айып. Әп-сәтте-ақ төменгі ауылдың балалары асықтарын ұтқыза бастады. Біресе Асқар, біресе Асқат, қала берсе сіліңгір қара Есіркеген де омпаны атып түсірді. Соңғы жолы Бөстек те суырылып шықты. Ұнжырғасы түскен төменгі ауылдықтар көгалға отыра кеткенде, жеңісін тойлағандар бір-біріне жымыңдасып, қарсыластарын қағыта бастаған. — Сендерге жаттығу керек,— деді ол.— Біздің Есіркеген асықтың майын ішкен,— деді Асқар.— Жалпы жоғарғы ауыл балалары асықтың чемпиондары,— деді Асқат. — Сендердің сақаларың жақсы,— деді Жарасбек дау айтып. Сонымен балалар екіге бөлінген. Кешкісін табын қайтар алдында, сиыр алдынан шыққан балаларды, Жарасбек аузынан суын ағыза таңдаңдырғанын айтсаңшы. Топ бала соның соңында. Ұзын жіпке аяғы байланған әлдеқандай құсты сонау биікке ұшырып соңдарынан жүгіреді кеп. Артынша құсты өзіне тартып алады. Бейшара қанатты құс жерге түскен бойда жан далбасалап алға ұмтылады. Сирағына байланған жібек жіптен құтыла алмайды. —Бұл бозторғай ғой. Әнші құс, — деді Жарасбек мақтанып. —Сайрашы, құсым. Жандарына жақын келген Бөстектің көзі бір сәт
бозторғайға түсіп кетті. Үшкір тұмсық, боз қанатты
сүйкімді құс қос бүйірінен дем алып, ентігіп, тілі салақтап
тұр. «Әй, балалар! Мені жіберсеңдерші. Жазығым
қайсы? Балапандарым бар. Олар аштан қалады ғой.
Аяғымды жіп бунап барады» дейтін сияқты. Көздері
мөлт-мөлт етеді.
– Әй,Жарасбек,— деді Бөстек осы бір сәтке дейін
зорға шыдап.
—Айырбасқа қалайсың?
—Ләппай, тақсыр. Бірақ құстың құны қымбат
қой,— деді ол бозторғайды сипап.
—Мейлі. Не сұрайсың? Жарасбек Бөстекке қулана
қарады.
— Мен бірнәрсені қаласам, бермейсің ғой.
— Не сұрасаң да дайынмын,— деді Бөстек
қатуланып.
—Е, қойшы. Одан айырылсаң чемпиондықтарыңнан
ада боласың.
— Менің не сұрағанымды білдің бе?— деді Жарас
бек.
— Жұмбақтамай, турасына көшсеңші.
— Сақаң—менікі, бозторғай—сенікі.
—Ердің екі айтқаны—өлгені, — деді Бөстек атасы
на ұқсап.
—Әкел қолыңды! — Бөстек оң қолын ұсына
берді.— Ал қиыңдар. Бұл екі ортада.— Келісім орын
далу керек,— деді балалардың бірі. Бөстек қалтасын
қарманып, қызыл түсті қорғасын сақасын алып шықты.
Жарасбек бозторғайды қолына ұстады.
Бозторғайдың денесі жылы екен. Момын құс.
Сұйкімді-ақ. Балалардың көзінше ұшырып жіберейін
деп бір оқталды да, артынша «түнде адасып кетер,
шаршаған шығар» деген ой келді. Енді, міне!..
Таң бозынан ерте тұрған Бөстек бозторғайын алып
ауылдың шеттеу жағындағы төбенің басына шықты.
Сонау аспан төрінде ноқаттай құс таңғы ауаны шырқап
қарсы алып тұрғандай.
— Сен де шырқа, — деді Бөстек құсты ұшырып.
— Жолың болсың! Жарасбек сияқтыларға жақындама.
Бозторғай құс аспан көгіне шарықтай жөнелді.
ОҢҚАЙ АСЫҚ
Асқардың жалғыз атасы бар. Сақалы кеудесіне
түскен, бозғылт мұртты, қыран мұрынды, қарашұбар
шал. Әттең, жүзін әжім қаптап, белі бүгіліп қартайып
кеткенін айтсаңшы. Осыдан екі ай бұрын көшіп келген
де, Асқардың қуанышында шек жоқ еді. Тек Қалима
әжесін көрмеген Асқар беймаза күй кешті. Жүкті
төменгі үйдегі өздері ет, тамақ сақтайтын кілетке тығып,
екінші қатардағы өз бөлмесіне беттегенде барып:
— Ата, ата, әжем қайда?— деп сұрап қалған.
Алғашқыда атасы да, әкесі де абыржып, жалт қарады.
— Әжең бе, әжең о дүниеге сапар шеккен,—деді
шешесі Есбике.
— Ол қашан келеді?—деп сұрады Асқар. Шешесі
басын төмен салған күйі мырс етті.
— Ие, балам, әжең ол жаққа демалуға кеткен,—
деді әкесі Ғазиз.
— Е, мамам сияқты демалыс үйіне барған ғой.
— Қайран
балам-ай.
Шүлдірлеген
тіліңнен,
түсінбеген түйсігіңнен айналдым,— деді атасы қабағын
түйіп. Асқар жан-жағындағыларға таңдана қарады.
—Жазылғаннан соң қайтып оралады,—деді әкесі.
Міне, содан бері Асқар әжесін күтулі. Әкесі мен шешесі
жұмысқа кеткенде атасы екеуі оңаша қалып, төменге
түсіп, мектепке барғанша ұзақ қыдыратын әдеті бар.
Атасының әңгімесі сан қилы. Бір қызығы ауылдағы
көрген қызық, бейнетін айтып, құрдастарын еске алып,
тіпті балалардың есімін де қайталаумен болады.
— Пау , Қаракөздей жер бар ма! Шөбі шүйгін,
суы бал, ғажап мекен ғой. Тағдыр осылай болған соң
не шара, менің оңқай асығым,— дейді атасы ауық-
ауық маңдайынан сүйіп.»Оңқай асық» деп Асқарды
атауының да сыры бар. Ғазиз әкесі — атасының
жалғыз баласы. Ол осы қалада инстотта оқып ауылға
бармай, қалада қалыпты. Шешесі Есбикеге осы қалада
үйленіпті. Атасы бар малын сатып, пұл етіп бүкіл ауылды
жинап той жасапты. Атасы айтпақшы «жалғыз баладан
несін аяйды.» Ғазиз әкесіне де үйді сатып әперген атасы.
Сөйтіп жүргенде Есбике шешесінің аяғы ауырлапты.
Мұны естіген атасы қуанғаннан бөркін аспанға атып,
әжесіне білдірмей асық жинапты. Атасы баланың ұл
болғандығын армандапты. Ұл— ұрпақты жалғаушы
ғой. Сонымен бірге ол немересі басқа балалармен атасы
жинаған асықтармен ойнамай ма?
Асқардың еншісіндегі бір дорба боялған қызыл, көк
түсті асықтарды атасы ауылдан әкеп берген. Асық ойнау
баланы дәлдікке, мергендікке үйретеді. Ал атасының
өзі осы қалаға қонақтап, әжесінің демалыстан оралуын
күтеді.
Кейінгі кезде атасының қабағы түйіліп, ренжіп
жүргенін Асқар бірді - екілі байқап қалған. Есбике
шешесі бір қызық адам. Атасы екеуі бірге отыра қалса:
— Әй, Асқар, сабағынды оқы,— деп бөлек алып
кетеді. Ондайда атасы:
— Иә, оңқай асығым. Кітапты көп оқығаның жөн.
Мамаң дұрыс айтады,— деп бәйек болады.
Асқар мектептегі дайыңдыққа баратын болды.
Ертеңнен қара кешке дейін атасына жақындай алмай
ды. Оны да шығарын жүрген Есбике шешесі:
— Асқар! Мен ақша төлеп қойдым. Мектепте бәрі
рахат. Сабағынды жаттайсың. Тамағынды ішесің.
Оқуыңа барасың, — деп мәймөңкелеген.
— Әй, балам-ай. Енді немереммен бірге жүргенімді
де көп көрдің бе? Сенің асығың болса, менің оңқай
асығым ғой, бұл,—деп қапаланған атасы.
— Атасы-ay қатарынан қалып қалады ғой. Осы
күні оқу қиын. Оның үстіне, ойын баласы. Мына асығы
құрғыр да пәле болды. Мұғалімі «кейінгі кезде сабағы
нашарлап кетті» деп арыз айтты,— деді Есбике шешесі.
Атасы тырс үндемей теріс айналды.
Жазға қарай уақыт ұзарып, Асқар кешкісін атасы
мен қыдыруға мүмкіндік алған. Ондағы әңгімелері:
— Ата әжем қашан келеді?— дейтін.
— Кешігіп жатыр ғой. Бір күні өзім барармын,—
деп атасы тұнжырады.
Атасы қызық қой. Кейде Асқарлармен бірігіп асық
ойнап кетуші еді. Шыны керек, мергендігінде шек жоқ.
Сонадайдан дәл тигізетінін айтсаңшы. Тіпті, шешесі
Есбикеден жасырып бөлмеде қызылшеке боп асық ой
найтын кездері де бар. Бірде шешесі үстерінен түсіп:
— Пах, жарасып кетіпті,түге. Үйді шашып, жұмыс
тауып қойғандарын қарашы, — деп бөлмені басына
көтерген. Атасы саспады.
— Атасы мен немересі бір-бірімен ойнаса несі айып,
келін-ау, — деп жауап қатқан.
Кешкісін сабақтан оралған Асқар атасын көре алмай
әуре-сарсаңға тұсті. Әдеттегідей:—Ата, бүгін бес ал
дым,— деп Асқар дауыстай кірген.
—Ә, бәсе. Біздің Шоқпар әулетінде тегін ұл тума
са керек еді. Жарадың, оңқай асығым,— деп құшағын
жая ұмтылатын атасы көрінбеді. Асқар шарқ ұрып бар
бөлмені аралап шығып, асханаға кірді.
— Атаң әжеңе кетті,— деді Есбике шешесі қатқыл
ғана.
— Әжең сияқты атаң да келмеймін деп кетті.
— Өтірік айтасың. Атам мені күтетін,— деді көзіне
жас алған Асқар:— Ол саған өкпелеп кетті. Атам
келгелі сен қабағынды ашқан жоқсың.
— Дұрыс айтасың,— деп мырс етті шешесі.—
Асық ойнайтын адамның кетіп қалғаны-ай.
Асқар кілт бұрылып, өз бөлмесіне кіріп ұзақ жы
лады. Әлсін-әлсін: «Қайран менің атам. Неге ғана
қоштаспай кеттің? Қай жерде жүргенінді білсем, іздеп
барар едім. Енді мені кім «оңқай асығым» деп еркелетеді.
Жазғы демалыс тезірек келсе екен»— деп күбірлеумен
болды. Қолына бір асығын ұстап, жылай-жылай сілесі
құрып ұйықтаған Асқардың атасы бұл кезде Алатау
беткейіне қоныс тепкен, кір жуып, кіндік кескен ауылы
на оралып бара жатыр еді. Кемпіріне құран оқып, мұңын
айту да ойында.
ОТ БЕЛГІ
Қызыл іңір. Кешеу көктемнің күні шабан атша ілбіп
көкжиекке еніп барады. Әлгінде ғана қойды қораға қамап
үлгергенім сол еді, атамның: «Шырақжан, қайдасың?»—
деген дауысы естілді. «Әу»,—дедім дыбыс беріп.
—Көксазға кеттік. Шабдарды жетекте. Кісеннің
кілтін ала жүр,—деді атам.
Бұл—біздің күнделікті тірлігіміз. Шабдар бие
құлындағаннан бері атамда тыным жоқ. Ертеден қара
кешке дейін маңайынан шықпайды. Сауырынан сипай
ды, жалын тарайды, жемін береді. Қойшы, бір таусыл
майтын күйбең.
— Құдай көзден алған соң, не сорым,— дейді атам
ауылдан шыга.
— Адасып кетіп бір шұңқырға түсіп кетсем мені
іздейсің бе?
— Әрине, — деймін. — Кім атасын далаға тастай
ын деп жүр екен.
— Айналдым, сенен.— Атам мандайымнан сүйді.
Сонан биені кісендеп ауылға оралғанша, күнделікті
әңгімеміз бітпейді, құшағымыз жазылмайды.
— Мынасы несі-ей, антұрғанның, — деді оқыс
дүңк еткен атам.
— Қарашы, анау Қарауылдың ұшар басынан от
көріне ме?
Қарауыл—біздің ауылға төне қараған, сұсты да,
тақиядай дөңгелек төбе. Ұшар басы сүп-сүйір.
— Иә, ата.
— Әй, оңбағаңдар-ай. Жамандық шақырғаны несі
мыналардың!
— Саяхатқа шыққан мектеп оқушылары. Олар
туған өлкені зерттеп жүр.
— Өйткен саяхаты құрысын! Зерттегеннің орнына
өрте деп пе екен. Атам шабдар биені кісендеп жүріп те,
ауылға қайтарда да бұрқырай сөйлеп тыным таппады.
— Мен олардың көкесін көрсетейін. Ертең тура
мектептің директорына барамын. Жазасын беремін.
Бұл не сұмдық. Жамандық бастап...
Шынында да атам ырымшыл адам. Көздерінің үсті
тартса қуанғаны, асты тартса ренжігені. Әлдекімге мал
берсе, бұйдасын міңдетті түрде өзіне алып қалады.
Күн құлақтанса— жақсылық емес. Қойшы, мұндай
болжамның өзі—атан түйеге жүк. Бейітті сұқ саусақпен
көрсету — қате. Қызыл іңірде әтеш шақырса, ұстап
алып бауыздап тастауы анық. Әуелі Бектай ағаның
келіншегін бізге келерде, үйге оң аяғымен кіргізген.
«Енді мына өртшілер не бүлдіріп қойды екен?»— деп
ойладым ішімнен.
— Оның несі—сөкет? «Қураған шөп өртенсе, ор
нына жасы шықпай ма» деуші едің ғой, ата?
— Әй, балам. Қарауыл басы—киелі жер. Жаңағы
саяхатшыларыңды маған жіберші. Мен-ақ жөн сілтейін
соларға.
—Жоңғар
хандығы
жойқын
соғысын
салды
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген қасірет
басталды. Қашқандардың алды Сырдарияға жетті.
Ел құм-құмды тасалап, аштықтан, шөлден қырылды.
Дегенмен ел ерсіз бола ма? Абылай, Қабанбай,
Бөгенбай, Наурызбай сияқты батырлар елдің басын
құрап жауға қарсы тұрды. Жоңғарларды талқандау үшін
әр хандыққа бөлінген елдің басын біріктіріп мемлекет
құрды. Шамасы, «Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген халық мақалы
осы кезде шықса керек.
— Ата, Қарауыл туралы айтыңызшы,—дедім
әңгімесін бөліп.
— Өзім де аяқтап қалдым. Ту, осы сенің
шыдамсызың-ай,—деп ренжіді атам.
— Иә, қазақ елі де жаумен шайқасудың айла-
шарғысын ойлады. Ақылдаса келіп, биік төбенің ба
сына от жағып, жаудың жақындап қалғанын сездірген.
Төбе басын жасауылдар күзеткен. Әлде қалай көршілес
төбенің басынан от көрінсе, олар от жағып келесіге белгі
берген. Осы бір от— белгінің арқасыңда бүкіл қазақ елі
әп-сәтте-ақ, сырттан жау келгенін біліп отырған. Қол
жинап, батырлары бастап, дұшпанға қарсы шыққан.
Енді түсіндің бе, балам?
Аузым ашылып, атама аң-таң күйі қарай бердім.
—Ренжіген себебім, осы құлыным.
Атам маған ерте заманның ескерткіші сияқты көрінді.
«ЧЕМПИОН», КІТАПХАНА ЖӘНЕ МЕН
Менің өзім, апам айтпақшы, бір қызық жаралған
баламын. Бір нәрсені жек көріп тұрсам да, әп-сәтте
соған ниетім ауып кетеді. Мысалы доп ойнағанды
жақтырмаймын. Сөйте тұра өзім ойынға қалай арала
сып кеткенімді байқамай қаламын. Ол тірлігімді өзім
іштей сеземін де. Сонау күні көзінің әйнегі сынған
терезені көріп қалдым. Сөйттім де жын айдағандай екі
аттап жанына бардым. Әлде біреу сырттан көріп қалып,
«Әй, Мінәш, мынау не, терезенің әйнегін быт-шыт
қылыпсың. Тәртіпсіз екенсің. Мектептің директорына
апарамын» десе не дермін. Ондайды ойлайтын мен бе?
Ай-шай жоқ, сынық көзден ішке қарадым. Қызықты
көріңіз. Әкімханов мұғалімнің айта беретін «асыл
қазынасы» үйіліп жатыр. Қатар-қатар сөреге жиналган
небір кітап. Ал қызықпай көр. Бірақ мен кітап оқығанды
аса жақтырмаймын. Мәкенің Есіркегені сияқты ер
теден қара кешке дейін бақ ішіндегі кереуетке жатып
алып кітаптан бас алмай, «оқымысты» болғанның несі
жақсы. Онан да Көксайға барып балық аулағаным
дұрыс емес пе?
Сөйткенше, Төлеубек достың: «Әй, Мінәш, сен
осы «Чемпионды» оқыдың ба? Керемет қызық кітап.
Кітапханада бар. Нағыз боксшының ерлігін жазған,
жап-жас қазақтың баласы Американың чемпионын
ұрып жығады. Қазір мен де сол Мұрат сияқты жаттығып
жүрмін» деген әңгімесі есіме түсе кетті. Шындығында
бәрін айт та, бірін айт, мен бокс десе, ішкен асымды жер
ге қоямын. Әттең, бізде жаттықтырушы жоқ. Әйтпесе,
мен де бір жерден шығар едім. «Тауып алып оқу керек»
дедім ішімнен күбірлеп. Ол үшін түнде қол шаммен
келіп, кітапхананы «тексеру» қажет. Өз сөзімнен өзім
шошынып, жан-жағыма қараппын. Ешкім көрінбейді.
Бірте-бірте сабырға көштім. Кітапханашы Балқия қазір
базарда сауда жасап жүр. Есікте — қара құлып.
Түннің бір уақытында белді бекем буынып кітапхана
қайдасың деп тартып келемін. Біздің ауылдың жарығы
өшкелі қашан. Айсыз түн. Сонымда — Ақтөс. Кітапхана
үйі ауылдың құбыла бетіндегі бақтың ішіне орын тепкен.
Түн баласы мына қараңғыда бұл маңға ешкімнің жола
майтыны анық. Көл жақтан бақаның ұзақ даңғазасы
естіледі. Әлдекім сиырын іздеп «аухаулап» қояды.
Кітапханаға жете беріп, көк шөпке отыра кеттім де,
жан-жағымды бақылай бастадым. Бір қызығы, сәлден
соң-ақ, маңайындағыны байқай бастайсың. Анау —
Бектайдың үйі. Менің білуімше, «Рексін» қоя берген
жоқ. Әйтпесе, Жолдыаяқты қарсы алуға тиіс еді. Мына
қарауытып көрінген Жанайдардың бау-бақшасы. Был
тыр алма ағашына түнде шығамын деп шалбарым
ды жыртып алғамын. Кіп-кішкентай бойы аласа ағаш
болса да алмалары тәтті. Бәрібір Хасен шалдың сары
қауындарына жетпейді. Бал татиды ғой... Су суғарып
жүріп бір көргенім бар.
Орнымнан тұрып, үстімді қағып, үйді айналып, те
резеге келдім. Ертеңгісін көргендегідей емес, тере
зе үңірейіп, қорқынышқа жетелеп сұстанып тұр. Е,
қызық-ақ, мен сияқты біреу кітапхананың ішіңде оты
рып, екеуіміз қапелімде кездесіп қалсақ қой. Жүрегім
дүрсілдеп қоя берді. Сәл тұрдым да қолшамды
көлегейлеп жағып, кері айналып тағы да маңайымды
шолдым.
Тым-тырыс. Түнгі ауыл ұйқыға еніп кеткендей.
Жалпы, өз басым осы ұрлық атаулыдан опа тапқан
күнім жоқ. Колға түсуім көп, Алайын деп алмаймын.
Қызығып кетемін. Онда да баяғы алма ұрлап, бақша то
нап дегендей. Ал мына тірлігімнің жөні басқа. Мұғалім
Әкімхановтың «асыл қазынасына» тұңғыш қол салуым.
Аяғым еденге тиіп, енді бұрыла бергенім сол еді, әлдене
пыр ете қалды. Жан мұндай тәтті болар ма, басым
ды құшақтай отыра кеттім. Сөйтсем, мұнда терезенің
тесігінен кіріп, ұя салған менен басқа да тіршілік атау
лы бар екен. Қол шамымды ары-бері бағыттан бұрыш-
бұрышты, қараңғы түкпірлерді тексеріп шықтым.
Байқағаным — менің ұрлығымның куәгері екі қарлығаш
пен олардың төрт балапандары.
Қатар-қатар қойылған сөрелердегі кітаптардан көз
тұнады. Іздеп жүргенім — Бердібек Соқпақпаевтың
«Чемпионы». Мұндайда жаның мұрныңның ұшына
келетіні онсыз да белгілі жайт. Жүрегім дүрс-дүрс
соғып, маңдайымнан тер сорғалап қоя берді. Қолшамды
жағып қалып, көрінген кітапты алып, атына ұңілемін.
«Абай жолы», «Ақан сері», «Моцарт», «Мөлдір ма
хаббат»... Балалар оқитын кітаптарды бөлек сөреге, ал
фавит бойынша жинайтынын кім білген. Бір сәт қолыма
«Он бес жасар чемпион» ...е, жоқ. «Он бес жасар ка
питан» кітабы ілініп қалып, бір қуантып, бір ренжітті.
Ақыры ойлана келіп, қолыма Бердібек Соқпақбаевтың
«Чемпион» атты кітабын алып, ішін ашып қалайын.
«Сәтін салса, құнажынның да бұзауы сүтті сиыр бола
ды» деп атам айтпақшы, іздегенім табыла кетсін. Мұнда
қуанбағанда қашан қуанарсың. Ойда-жоқта кеудемді
қуаныш кернеп, қолтығыма «Абай жолын» да қыса
кеттім. Атама көрсетіп «өзіңе арнап сатып алдым» де
сем, бір қуанын қалар. Тек атам ұзақты түн маған оқып
бер деп есімді шығармаса екен.
—Солай де. Қазақтың Абайы туралы дейсің бе?
Мына боқмұрын қайтеді ей? Саған да ақыл кіріпті-ау.
Атам бүкшеңдеген күйі, қолжуғышқа беттеді. Сонан соң
маған ауық-ауық көз тастап қойып, қолын жуып, бетін
шайды. Асықпай орамалмен сүртініп жақындап келді.
—Бісміллә, — деді сонан соң еппен кітапты алып,
құдды кіршіксіз аппақ нәрсені былғап алатын кісідей
сақтанып, екі қолымен көтеріп, маңдайына тигізді. Со
нан соң алақанымен бетін сипап қойып, бетіне үңілді.
— Е, жарықтық, — деді сонан соң күрсініп,
–Қазақтың баласына қараңғыда таяқ ұстатқан,
кемеңгерім-ай...
Сонымен қара құлып ілінген кітапхананың иесі
атанған мен «Чемпионды» оқып шыққан соң, «Он бес
жасар капитанға» көштім. Мен де, атам да жарысып
кітап оқимыз. Ертеңгісін ерте тұрып, мал жайғастырған
соң-ақ, атам бақтың ішіндегі кереуетке жантайып,
көзіне көзілдіргін киіп, оқуға кірісіп кетеді. Ауық-ауық
қарындашын алып, кітаптың әлдебір беттеріне белгі
қоюды да ұмытпайды.
Кітаптың бетін жауып, сәл демалған сәтімде сан
қилы ойға кетемін. Масқара! Атам менің «Абай жо
лын» кітапханадан түн қатып ұрлап әкелгенімді білсе
ғой. Жонымнан таспа тіліп, бетімді көрмей кететініне
шүбәм жоқ. Ал кітаптар күннен-күнге мені басқа әлемге
жетектеп бара жатқан сияқты. Не істеу керек? Көз ал
дыма бадырайып сұрау белгісі көріне береді. Бәрінен
де атамның Абайды, ол туралы жазылған кітапты
құдіреттей көріп, тағзым еткеніне таңмын. Өзім де
Өзгеріп бара жатқандаймын. Тіпті, Мұратқа тартып
боксшы атансам ба деймін.
Ол үшін талмай, қажымай жаттығу керек екен.
Әйтпесе, алақандай ауылдың баласы сонау АҚШ-
қа барып, чемпион бола ма? Шіркін-ай, еліңнің атын
шығарын «қазақстандық пәленше пәленшиев жеңді»
дегеннің өзі неге тұрады. Ал мен ше? Түн кезіп
кітапхананың шынысы сынған терезесінен кіріп кітап
ұрлап, оны атама сыйлап, мәз болып жүрмін.
Орнымнан атып тұрдым да, кітап қойғышымның
ішіндегі «Бұлақты»аулының кітапханасы» деген белгісі
бар кітаптарды іріктеп алып, ешкімге көрсетпей белінен
орап, қызыл іңірде «қазынаға» тарттым да кеттім.
Құдай сәтін салып, атамның диірменге кеткені қандай
жақсы болды. Екі-үш күннен соң оралады. Оған
дейін... Кітапханаға кіріп, кітаптарды орнына қойып,
қайтадан үйге жүгірдім. Сынған терезенің көзін өлшеп
алып, қарлығаштар ұшып шығатындай тесік тастап,
пәнермен шегелеп тастадым да, «ух» деп күрсіндім.
Бойым жеңілдеп қалған сияқты. Енді алдымда үлкен
бір белес тұр. Ол — атама «Абай жолын» сатып алып
беру. Ертең таң атсын.
...Менің өзім, апам айтпақшы, бір қызық жаралған
баламын. Бір нәрсені жек көріп тұрсам да, әп-сәтте
соған ниетім ауып кетеді. Әй, бірақ осыдан кейін
өйтпейтін шығармын. Олаһи, билаһи!
ҚАРА ҚАПШЫҚ
Менің әжем қызық адам. Биыл сексен екі жасқа то
лады. Әлде қалай жасын сұрай қалса: «Е, Жаңабек,
Қалабек,Гүлсімбала, Әйімбала. Е, жазған құдай-ай!
Оның саған қажеті қанша еді» деп, қабағын бір шытып
алатын әдеті бар. Әжемді онан сайын ашулаңдырмақ
болып қажай түсемін келіп. Әже-ау, адамның туған
күні, жылы болмаушы ма еді? — деймін ғой баяғы.
— Әй, Қарапұшық, нағыз қара қасқа күшіктің
өзісің-ау.Шешемнің айтуынша, барыс жылы, ел
орынға отырған күздің шағында дүниеге келіппін. Анау
Бекетбайдың асуында, айдың толған күні, жайлаудан
түсер кез болса керек.
Содан ба, ел атымды Айбала деп қойыпты. Әжеммен
«қалжыңдасатын» бұл үйде мен ғана. Сонысынан ба,
ертеңгісін «біздің үйдің қожайыны» — әжемді солай
атаймын кейде, таяғымен еденді тықылдатып, кереует
те жатқан менің жаныма жетті.
— Әй, Ақан, ақылдасатын бір шаруа бар. Сенің
жәрдемің керек,— деді ол сыбырлай үн қатып.
— Құп болады, жолдас қожайын, — деймін ерке
леп, қолымды шекеме апарып.
— Онда жүр бері, айналайын, — деді әжем есікке
қарай жол бастап.
—Құзырыңызға құлдық, — деймін тағы.
—Ақылы кірді деген осы ғой, — дейді әжем мені
мақтап. Ішім қылп ете қалды. Мен білсем, әжем Ақанды
текке қолпаштап жатқан жоқ. Мұның артында бір
сыр жатыр әрине. Кілетке жете беріп, добалдай кілтті
ұстаған әжем жан-жағына байыптап бір қарап алды.
— Орнында тұрған шығар? — деді сонан соң
күбірлеп.
— Нені айтасың, әже? — деймін.
— Қазір көресің...
Ал таңданбай көр. Әжем көзін көлегейлей кілеттің
төрт бұрышын тінтіп шықты да:
—Әне, — деді қуана дауыстап қалып. — Бәсе,
әзірге ақылымнан адасқан жоқ едім...
Сондағысы — менің осында төрт жыл бұрын, кітап
пен дәптерді сықайта толтырып мектепке алып барған
қара қапшығым. Бір оқу жылының ішінде-ақ талай
«соғысқа» қатысып, көнетоз атанып, ескіріп қалғаны
өзіме аян.
— Ананы ал, — деді әжем бұйырып.
— Оның керегі не? — деймін.
—»Көмендірдің» айтқанын орындау міндетің,—
деді әжем дауысын қатқылдандырып.
—Құп болады, — дедім күліп жіберіп.
Әжем қара қапшықты қолына алып, ары-бері
төңкеріс тіріп қарап, шаңын қағып, маған қарады.
— Әлгі Бекетайға осы да жарайды, — деді мұрнын
шүйіріп.
— Ол сен сияқты менің балам емес қой. Әлгі қожыр
қара мен сары қаңылтырдың баласы осыған мәз болсын.
Менің әжем ат қойғыш-ақ. Біздің үйдегі адамдардың
бір-бір лақап есімі бар. Қожыр қарасы — Бөкен көкем,
Сары қаңылтыры — Нәсипа тәтейім. Бекетайдың аты
— «Қарашотпақ». Әжем мені естен шығарған емес.
Жақсы көрсе, «Құлыншағым» дейді. Жақпай қалсам,
«Қарапұшықпын». Әжемнің «Дәукеуде» атандырған,
жетпіс жасқа таяп қалған қайнысы бар. Өзі бір әзілкеш
адам.
Қойшы, әжем маған көзін сығырайта қарап алды.
—Ертең ғой, әлгі Қарашотпақты мектепке апарамын,
— деді әжем бір сәт. — Бірінші сыныпқа оқуға барады.
— Басымды изедім. — Өзі бір әлжуаз, аурушаң бала
ғой. Сол осы қара қапшықпен кітап, дәптерін көтеріп
жүрсе де жарар, - деді әжем Бекетайға жаны ашып.
— Е, не бопты. Жігіт болып қалған жоқ па? —
деймін атамшылап.
— Иә, бірақ солай-ау. Сен сияқты пысық емес,
жақсы оқыр ма екен? — деді әжем бетіме қарап.
—Әй, сол Қарашотпақ менен де асып кете ме
деймін. Биыл орыс тілінен төртке шықтым ғой. Ол бол
са қазірдің өзінде жүзді жүзге қоса алады. Әріптердің
бәрін біледі, — деймін Бекетайды жақтап.
— Әй, бірақ сол әжесінің баласына жете қоймас, —
деді әжем күмілжіп.
— Кім білсін, деймін мен.
— Ана қожырқара әкесі мен сары қаңылтыр
шешесіне тартса... Дегенмен де кім біліпті. Жаманнан
жақсы туар адам айтса сенгісіз. Оны көреміз, әлі, —
деді әжем үйге қарай беттеп, бүкшеңдей жөнелді.
— Әже-ау, ескі қара қапшықпен мектепке барғаны
елден ұят емес пе? — деймін мен.
— Пәлі, сонда Бекетай менің құлыншағымнан асып
кеткені ме? Жөнсіз сөйлеме, — деді әжем мені тиып
тастап.
Киікбелеңінің таңы ерте ататын сияқты. Сонау ки
ырдан шыққан ақ шапақ аумақтана келіп, біздің ауылға
жеткенде, жан-жақтың бәрі көрініп, Қарақуыстың
жібек желі көше қуалап жөнеледі. Терезенің ашпасынан
ұрлана кіріп, жүзінді сипай жөнелгенде, тұрмауға дәтің
қалмайды. Бүгін үй-іші ерте оянған сияқты. Жайпақ
үстелді ортаға қойып, дастарқан жайып, Нәсипа тәтем
әлек. Әжем де кимешегін киіп, қоқитып жаулығын тар
тыпты. Бөкен көкем Бекетайды киіндіріп әлек. Ерте
тұруға үйренбеген ол көзін тырмалай ашып, ауық-ауық
есінейді кеп.
– Әй, батыр, сен енді мектептің оқушысысың. Аза
мат болдың. Ерте тұрып, өзің киініп, жуынып, мектеп
ке баруға әдеттен, — дейді Бөкен көкем.
Анандай шетте, іші дәптер мен кітапқа лықа толған
қара қапшық. Кешегідей емес, жыртығы жөнделіп,
кірі сүртілген. Тап-таза. Бәрінен де әжем өз айтқанын
орындатыпты.
— Әй, Құлыншақ. Тұр орныңнан. Қарамайсың ба,
мыналардың ұлы мектепке барайын деп жатыр. Жол
көрсет, мына Қарашотпаққа, — деді әжем ендігі сәтте
менің маңдайымнан сүйіп.
— Тұра ғой, енді.
Бәрінен де Бекетайға көзім түскенде еріксіз жы
мидым. Әншейінде ертеден қара кешке дейін есіктің
алдыңда құмға аунап, ойыншық машина сүйреген ойын
баласы, енді кәдімгідей, әжем айтпақшы, жігіт атанып,
қара костюм, қырланған шалбар киіп, шашын тарап,
шікірейіпті де қалыпты. Мен де осындай болдым-ау
деймін сонау жылғы осы күн есіме түсіп.
Сөйткенше дастарқан басына екі иінінен демалған
сары самауырын да келіп жетті. Үйме табақ болып жеті
шелпек келді. Иісі бұрқырап тұр. Әжем камзолының
түймесін сала жүріп, ортаға кеп қонжиды да, аузын жы
бырлатып дұға оқуға кірісті. Бәріміз қолымызды жай
ып, бетімізді сипаған сәтте әжемнің:
—Е, ата-бабамның аруағы, тағы бір өскінің оқуға
бара жатыр. Қолдап жүр, — деген сөзі естіліп қалды.
Сөйттік те, таңертеңгі ас соңынан әжем, Бекетай үшеуі-
міз шықтық. Әжем жан-жағына паңдана қарайды. Жо
лай кездескендер әжеме басын изеп, күлімсірей аман
дасады. Мектепке ағылған жұрт. Қапелімде Бекетайға
қарасам, қолында гүлі жоқ. Тұңғыш ұстазына ұстататын
гүлін, әлгі әжем айтпақшы, «боқмұрын Бекетай» үйге
ұмытып кетіпті. Әжеме білдірместен кері бұрылып,
үйге қарай жүгірдім. Әйтпесе, әжемнің Бекетайды жер
ден алып, жерге салып ұрсуы мүмкін. Менің кішкентай
інішегім. Момақан жүзін көз алдыма елестетіп, аяп
кеттім.
Үйге енсем, Бөкен көкем мен Нәсипа тәтем әлі шай
ішіп отыр. Олар да қуанышты.
—Қап, мұнысы жөн болмаған екен, — деді Нәсипа
биік үстел үстінде тұрған гүл шоғын ұсынып.
— Байғұс-ай, сенде де ес қалмаған екен, — деді
Бөкен көкем Нәсипаға. Тәтем есік алдына шыққан кез
де намыстанып:
— Бекетайға неге жаңа қапшық сатып алып
бермедіндер, — деп бұрқ еттім. Нәсипа тәтем жылы
жымиды.
— Сатып алуға ақша бар-ay. Бірақ әжеңе не дерсің.
Сен сияқты жақсы оқысын деп, ырым жасағаны ғой,
ініңе, — деді ол.
Мен әжемнің «қулығын» сонда ғана түсіндім. Бәсе,
не қып Бекетайды «жамандап, мүсіркей» қалды деп ем.
Үйден ұзап шығып қалт тоқтадым. Әжем Бекетайдың
қолынан ұстап, қираң-қираң етіп мектепке жақындап
қалыпты. «Айналдым сенен, әже! Жолың болсын, Бе
кетай» дедім де жүгіре жөнелдім.
ЖЕҢГЕ
— Мөлдір, айналайын, жеңгелі болдың, — деді
әжем маған күлімсірей қарап. Қуанышымда шек жоқ.
— Ақбелеңге құдалар аттанып кетті.
«Пау, дүние-ай, бұл сәтті мен күткелі қашан.
Алақай, алақай! Қайыргелді ағайым әжемнің күнделікті
ызыңынан кұтылатын шығар. Қандай қыз екен, ә?
Шолпысы сылдырлған, қос бұрымды, қасы қиылған,
жәудіркөз, бұраң бел арудың бірі ме екен? Бәсе, кейінгі
кезде Қайыргелді Ақбелеңге жиі барғыштап кетіп
еді». Ағайым да бір жігіттен кем емес. Сұңғақ бойлы,
шымыр денелі. Қою қара мұрты қоңыр күрең жүзіне
жарасып тұрады. Бекдауылдың Қанатындай ұшып
конған көбелек емес. Ұстамды да, сабырлы. Әжемнің
«Қарағыма тіл тимесе екен. Әкесі сияқты сабаз, ұсақ-
түйекте жұмысы жоқ, кеңінен ойлайтын жақсы азамат
дейтіні де сондықтан шығар. Қалай екенін білмеймін,
әжемнің әңгімесіне Жұмагелді де, Дайыркелді де,
Құдайберді де онша іліне бермейді.Ұлының кенжесі
Қайыргелді ағама ылғи да құлап отырады. Әп-сәтте ой
ымен күллі әлемді шарлап шығып, әжеме бұрылдым.
—Әттең, мына белі құрғыр аяғымды байлады ғой.
—Әже-ау, әлгі келіннің кілегей қатқан шайын ішіп
отырасың, — деймін оны жұбатып.
Біздің ауыл дегеніміз шағын ғана бөлімше — фер
ма. Жазда көшіп-қонып жүреді. Отыз шақты үйдің
бәрі сүйек туыс. Шаң-шұң жоқ. Әншейінде бөлімшенің
меңгерушісімін деп кеудесін соғатын Күршімбайдың
өзі әжемді көргенде үні өшеді. Есебі, былайша
айтқанда, менің әжем «басқарма». Сөйткенше есіктен
Қайынбектің қара ұлы Ақжол қылт етті де:
— Әже, келін келе жатыр, — деп дауыстап қалды.
Әжемде ес қалмады.
— Жұмагелді,
Дайыркелді,
Құдайберді,
пау,
құдайға жазған басым-ай, Жәмила, Кәмила... Әжем
сасқалақтап төр мен босағаның ортасын ары-бері кезіп
жүргенде, Ақлима жеңгемнің:
—Бәрі дайын тұр, әже, — деген даусы естілді.
Әп - сәтте біздің киіз үйдің маңына ел жиналып
қалды. Қасқа жолдың шаңын аспанға көтеріп қос атты
арба біз тұрған тұсқа жақындап келгенде, әжем ортан
шы келіні Жәмилаға күңк етті.
—Дайын ба, шашуың?
Жауап орнына Жәмила басын изеді. Мұндайда
ауыл балаларының құдайы жарылқап қалады. Арбаның
алдынан жүгіріп шығып, қалыңдыкты көруге асығады,
қала бере шашуға қалтасын толтырады. Соның бірі —
мен. Жеңгем басын төмен салып, Қайыргелді ағайыма
ұмсына отырыпты. Оңында — Жәмила жеңгем. Екінші
арбада құда-құдағилар. Әп-сәтте құрт-ірімшік шашу
боп шашылды да кетті. Әжемнің басқада жұмысы жоқ,
арбадан түскен жаңа келінге бірінші жетіп, маңдайынан
сүйіп жатыр. Қоршап тұрған жұрт ду-ду.
— Қайтсін-ай, кіші келіні ғой! — дейді бірі.
— Тілеуі дұрыс адам ғой.
— Түтіні түзу болсын!
Жеңгемізді үйге енгізіп, қуанышқа бөленген жұрт
ойламаған іске бір сәт таң-тамаша қалысты. Әлгінде
қып-қызыл шоқты ыдысқа салған Жәмила жеңгем
үйге енген. Қызықты қараңыз. Жаңа келін киіз үйдің
ортасыңда тұрған мосыға еңкейе берді. Кепкен тезекті
қалап, шоқты қалқасына ыңғайлап үрлей бастады. Бір
сәт лып етіп от жанып еді, әжем: — Бисмилла, — деп
бетін сипады. — Түтінің түзу болсын, қарағым!
Енді бір сәт әжем маған бұрылды.
— Әй, Мөлдір құлыным, жеңгенді Жұмагелді
ағаңдікіне баста, — деді ол сонан соң.
Талдырмаш бойлы, қара торы қыз — жаңа келінді
жетектеп жөнелдім. Әжем де қызық. Күннің аптап
ыстығында күйіп тұрған қазақ ұйге от жақтырғаны несі?
Шындығында үлкен адамдардың мінезіне таң қаласың.
Тағы да шашу шашылды, от тұтатылды. Қойшы, сөйтіп,
әп-сәтте жеті үйдің түндігінен түтін шықты. Әжем мәз.
— Қадамыңа нұр жаусын! — дейді ол әлсін-әлсін.
— Әже-ау, әбден шаршадың ғой, — дедім ренжіп.
—Тәйт, ары. Одан да үйрен, — деді бұрқ еткен
әжем. Түнімен біздің үйде той өтті. Домбыра тарты
лып, ән айтылды. Той басталып, ауылдың алты ауызы
шырқалды. Тіпті түнде ауыл жастары небір ойын ой
нады. Жеңгем қараторының сүйкімдісі екен. Көздері
жалт-жұлт етіп, мейірім шуағын төгіп тұрады екен.
— Кенжем, — дейді маған сыбырлап. (Маған
қойған аты ғой).
— Ағаңнан аумайды екенсің. Мен басымды изеймін.
Адамның өмірінде кейде бір осындай қайталанбас сәттер
кездеседі ғой. Қазір біз сондай бір сәттің қуанышын ба
стан өткеріп отырмыз.
Таң ағарып атып келеді екен. Әлдеқандай сыбдырдан
оянып кеттім. Ақмаралдай керіліп жеңгем шымылдықтан
шығып келеді екен. Көзімді жұма қойдым.
— Қайдош, көмектесші, — деп сыбырлады ол
ағама.
— Әжем ұрсады, — деп жауап қатты Қайыргелді.
—Оң жақ қабырғаға ұзын құрық дайындап
қойғанмын... Қаламқас бір сәт түңлікті құрықпен
түрткілеп аша бастады. Қимылы ширақ. Қаракөк аспан
жарқ етті. Тірлігіне қуанған жеңгем аяғының ұшымен
басып, есіктен шығып баpa жатты. Артынан бақыласам,
Дайыркелді ағамдікіне қарай кетіпті. «Түсінікті» дедім
ішімнен. Кешегі бір тірлікке ұқсас әжемнің тағы да бір
тапсырмасы ғой.
Оң жағында жатқан көрпені ысырын тастаған әжем
ойда-жоқта оянып кетті.
- Әже, жеңгем түндік ашып жүр, — дедім сыбырлап.
— Ұзағынан сүйіндірсін, — деді әжем күбірлеп.
Ағып барып төсегіме сүңгіп кеттім. Мұндайда ой —
жансерік.
— Әже-ау, кешеден бері жаңа жеңгемді мұнша
әурелегеніңе түсінбедім, — дедім еркелей үн қатып.
— Әлі жассың ғой. Онға жаңа ғана шықтың, —
деді ол. — Мына әжең де бір кезде мұндайды бастан
өткерген. Құдайға шүкір, түтініміз түзу, берекеміз мол,
түңлігіміз ашық болды. Ата-бабалардан қалған ырым
ғой, қызым. Олар өте дана болған...
ӘЖЕМНІҢ ӘҢГІМЕСІН ТЫҢДАҒАНДА
Аптап ыстық. Аспан айналып жерге түскендей...
Қырманшылар әлгінде түскі тамағын ішіп, жұмысқа
кеткен. Онда мен он үштемін. Кешкі астың қамымен
әжем екеуіміз Бұқпан өзеніне аттандық. Мойынағашпен
су тасимыз. Ақ жаулығы желбіреп, жүзі шалбар-шал
бар әжім қаптатан әжем әлсін-әлсін күрсініп қояды.
Майдандағы Қуандық ағайымнан көптен бері хат жоқ.
Көңілі күпті, жаны күдікті.
— Әже, әже. Ағайым да кеп қалар. Үлкен адамның
артындағы қала түбінде біздің әскерлер жаудың тас-
талқанын шығарыпты, — деймін көңілін аулап.
— Дұрыс-ақ. Қүзғындарды құрту абзал, — дейді
әжем маған ұрлана көз тастап.
Бұқпан өзені таудан бастау алатын, екпіні қатты,
мөлдір сулы шағын өзен. Жағасын көк құрақ, құрғақ
қамыс көмкерген ғажап мекен. Беті-қолымызды жуып,
сәл аялдаған соң, әжем әдетгегідей:
— Әй, қызым. Біздің мына жүрісімізге жол болсын.
Әне-міне дегенше күн батады. Өрістен мал қайтады.
Қырманшылар көже ішеміз деп бізге қарап отыр
мас. Қозғалайық, — деп, «үйбай, белімін» бір айтып,
ирелеңдеп орнынан тұрды. Кемерленіп толған қос ше
лектен су асылып төгілді де, әжем ырғала басып жүріп
кетті. Қырман мен екі ара әжептәуір жер.
Қырманға таяп қалғанбыз. Кенет өкпе тұстан
атын тебінген қаршадай бала шыға келді. Су көтеріп
келе жатқан әжем қалт тұра қалды. «Мұнысы несі»
дедім ішімнен күбірлеп. «Демалған түрі осы ма?» Қос
шелегімді көтеріп, әжемнің жанына өте беріп ем:
—Тәйт, — деген әжемнің қаһарлы үні естілді. —
Өткізіп жібер, баланы!
Аң-таң күйі әжеме бұрылдым. Қабағы түйіліп сала
беріпті.
—Көргенсіздік көрсетпе!
Әжемнің үні бұл жолы сыбырлай шықты. Екеуіміз
әлі қалшиып тұрмыз. Мойынағаш иығыма батып бара
ды. «Ол кімнің шікірасы. Кіп-кішкентай баланы сон
ша қастерлеп» деп, орнымнан қозғалып кетпекке ниет
қылдым да, әжемнің ашуынан қорықтым. Осы сәт
мініскер бала да әдебін сақтап, сәлем беріп, жүйткітіп
алдымыздан өте шықты.
—Жолың болсын, балам! — деді әжем күбірлеп. Екі
ұдай ойдамын. Шындығыңда үлкен адамның алдынан
өткен мініскер бала айыпты емес пе? Бірақ әжемнің өзі
жол берген жоқ па?
Кешкі астан соң, ауылға қарай жолға шыққанымызда,
қас қарайын, құбыла бет қызыл алауға бөленіп тұр
еді. Ертеден қара кешке дейінгі қарбаластың әсері ме,
әжемнің «үйбай, белімі» күшейе түсті. Оның үстіне
түстегі тірлігі де әсер еткен шығар. Өзімнен-өзім әжеме
тиіскім келіп кетті.
— Әже,
әлгі
Таласбайдың
боқмұрынын
қастерлеймін деп беліңді ауыртып алғаннан саусың ба?
— дедім дүңк етіп.
— Ау, оның кім тағы? — деді бетіме таңырқай
қараған әжем.
— Әлгі мініскер бала ше?
— Әй, әкең атқа шауып, шешең емшек емізбегендей
бұл қай сөзің? — деді ол маған оқты көзін қадап. —
Бірақ сенің де жазығың жоқ. Үйретпеген біз айыпты
мыз. — Адам түсінбейтін бір жұмбақ сырды мезгеп
тұр. — Анау Қарауылды көрдің бе? Не ұқтың? — деді
әжем енді кәзін сығырайта қарап.
— Иә, көріп тұрмын. Ол төбе, — дедім селқос
қана.
— Ол айтылмаған аңыз, шежіре — тарих.
Баламысың деген... Әжем мырс етті.
— Бабамның еңку-еңку жер шалып, ат ауыздығымен
су ішкен заманда елін қорғап, сол төбенің басын бекініс
жасаған. Елдің қырылғаны қырылып, тірі қалғаны бой
тасалапты. Айналайын-ау, сол кезді бір көз алдына
елестетіп көрші.
—Қиын болған шығар, — дедім әжеме тандана қарап.
—Әй, солай ма? Міне сол кезде ат жалын тартып
мініп, қолына найза, қылыш ұстағаңдар кімдер?
Еркектер еді ғой. Елін қорғап, кеудесін оққа тосқандар
да солар. — Әжем құшырлана сөйлеп кетті. — Сен
маған боқмұрын баланың жолын тостың деп сөгесің.
Мұның дұрыс емес. Сен сол баланың алдынан шықтың
ба? Қуандық сияқты жауға аттанатыныңа көзің жетті
ме? Әйел жолы ауыр. Бұл — бабамыздан қалған ұғым.
Соңдықтан да бала болса да еркек адамның жолын
кесуге қақым жоқ, — деді әжем.
Әжем әңгімесін осылай аяқтады.
ҚАЛАҒА БАРҒАНДА
Екі апта бойы Есіркеген қарт қалаға кеткен кемпірі
Есбикені асыға күтті. Мұндайда уақыт өте ме?
Әдеттегідей таң ағарандап атып, тауық шақырғанда
ұйқысы қанған ол орнынан тұрып, «биссмилласын»
бір-екі рет қайталап ап, киімін киіп сыртқа шығады.
«Ауыл орнында ма екен» дегендей жан-жағын бір шо
лып ап, қорада тұрған Ақжал биеге жетеді. Жетектеп
суатқа барып қайтады. Биесінің жемін беріп, шөбін
салады. Бүкшеңдей басып үйге беттегенде, көршідегі
Қалғанбайдың пұшық қара баласы күтіп алады.
—Ата, ассалаумағалейкум! Ертеңгі асқа жүріңіз.
Есіркегенде үн жоқ. Бұйра шайды сілтей отырып әңгі-
меге кірісіп кетеді де бір сәт:
—Әлгі үй не болды? Мал тұрып қалды. Қап, әлгі
кемпір де жатып алды, — дейді ол буындары бырт-бырт
үзіле орнынан тұрып. Сөйтеді де, былай шыға «құдай
тағала кешіре гөр. Кемпірімнен айырыла қалсам, өстіп
көрінгеннің босағасына көз тігіп жүрермін-ау. Аман
бол, Есбике» дейді күбірлеп. «Бірақ, үш күн бойы не
қып сонша шыдамсыздық білдірдім».
Содан кейін де таусылмайтын бір күйбең. Түсте
бірнеше сағат тынығып, кешке қарай табын қайтар ал
дында келетін автобус аялдамасына аяңдайды.
—Дәл бүгін келеді, — дейді күбірлеп. Бірақ,
кемпірінің биік қып тартқан ақ сәлдесі көріне қоймайды.
— Жолың болғыр, келсе керек еді. Ескі құяңы сыр
беріп қалды ма екен, — дейді күбірлеп.
Сәрсенбінің сәтті күні Есбике кемпір буған-түйген
дорбаларын тізе автобустан түскенде, Есіркеген қарт
жанында әлде кім бар ма екен деп алаңдады. Тек кемпірі
анандайдан:
— Әу, кісім-ау. Танымай қалдың ба? — деп
дауыстамағанда әлі де қалшиып тура берер ме еді, кім
білсін.
— Есенсің бе? Пау, әлгі Ержанымды ала келмедің
бе? — деді. — Дерттен аман ба екен өздері?
— Шүкір, — деді Есбике кемпірі.
— Ал, үйге қайтайық.
Ауыз бөлмеге еніп, шәйнекті газға қойып, кемпірі
алып келген сәлем-сауқатын алдарына жайып сап:
— Бейсенім жігіт болыпты. Келінім де ұшып-қонып
асты-үстіме түсіп, есі шықты. Шіркін-ай, үйдегі мон
шасы қандай жақсы. Мынаны саған алыптты. Өзін ду
блитон дейді. Құны қос түйелік. Маған құндыз жағалы
пальто алып берді, — деп енді әңгімеге кірісе бергені
сол еді, Есіркеген қарттың көзінен ашу оты жылт етті:
— Әй, дүниең құрсын. Әлгі Ержанымның халі
қалай екен? — деді. — Өзі мені сұрады ма?
— Үйбай-ау, сені ұмытып не көрініпті. Балалар
бақшасына барады екен. Старшей группа, — деді
кемпірі бір сәт сөз аяғын күңкілдей бітіріп.
—Сөзіңнің артын жұтпа!
— Ие, бәрінен де Ержантайды таң атпай тұрғызып,
әурелейді екен. Ұйқысы қанбағаны бір төбе, «бармай
мын» деп жылағаны жаныма батты, —деді Есбике
күмілжіп.
— Онысы несі тағы? — Есіркеген қарт бөлме ішін
ары-бері жүріп кетті. — Ау, бәйбіше, мен олардың бұл
ісіне қарсымын. Мен барып қайтамын. Бәсе, — деді ол
сонан соң.
Есіркеген қарт қалаға күн көкжиекке ілінгенде кеп
жетті. Әдеттегідей машина ұстап, әп-сәтте баласының
үйінің есігінің көзінде тұрды. «Ауылға алып кетемін.
Жап-жас баланы әуреге салып қоймаймын» деді
күбірлеп. Құрақ ұшып қарсы алған баласы мен келініне
де сыр бермеді. Бүркіт қабағы түйіліп, жауар бұлттай
түнеріп Ержанды іздеді.
—Ура, атам келді. Менің атам, — деп кіп-кішкентай
немересі келесі бөлмеден шыға келгенде, Есіркеген
қарт құшағын аша ұмтылды. Ержанды аймалай сүйіп,
мауқын басып, немересін жетектей әңгімелесіп келесі
бөлмеге беттегенде, келіні Зағипа:
—Атам көңілденді, — деп күңк еткенін кәрі құлағы
шалып қалған қарт келініне ожырая қарады. Ондағысы
«Сырың мәлім. Немеремді алып кеткенде өнеріңді
көремін» дегені еді.
Бұл түні Ержан атасының қасында жатқан. Ары-
бері машина гуілдеп, маза бермеген қала тіршілігі тола
стамай тұрып екеуі әңгімеге кірісті.
—Құлыным, — деді қарт немересінің шашынан си
пап. — Мен сені ауылға алып кетейін бе?
Ержан төсектен басын көтеріп атасына қарады.
— Е, неге? — деді ол сонан соң.
— Ұйқың қанбай жүрген жоқ па?
— Әкем ерте тұрған адам ержігіт болады деген,
— деді немересі. Қартқа Ержанның мына кесімді сөзі
ұнамауға айналды.
— Әкең жақсы ма? — деді енді айлаға көшкен
Есіркеген қарт. Жауап орнына немересі бас бармағын
шошайтты.
— Ал мамаң ше?
— Ол да.
—Мен жоқта осы екеуі сені шапалақтаған жоқпа?
Ержан атасына жалт қарады да, сәл үнсіз қалды.
— Әкем бірде мені сабаған. Ие, бірақ, мен оған өзім
кінәлімін, — деді Ержан күмілжи сойлеп.
— Өй, жүгенсіздер. Атасының баласын жәбірлеуге
оларға кім рұқсат беріпті,— деген Есіркеген қарттың
дауысы гүрілдей шықты.
— Ертең таң атқаннан кейін болсын. Әуселесін
көрейін мен олардың...
Кенет Ержан атасына қарап ұмсына берді.
—Ата, ата! Мен бір нәрсе сұрасам, шыныңызды ай
тасыз ба? — деді ол сонан соң.
— Айтайын.
— Шын сөзіңіз ғой.
— Шыным. Құдай атын аузыма алайын.
—Ата, сіз Бейсен әкемді, мендей кішкентай кезінде,
көршінің баласынан таяқ жеп жылап келгенде, сабап
сыз ғой. Сол рас па?
—Рас.
—Олай болса, Бейсен әкем де мені сондай
бұзықтығым үшін жазалаған. Өзі жасаған ісіне ержігіт
өзі жауап беру керек, — деді ол.
Жол бойы Есіркеген қарт өзін-өзі сөгумен болды.
Сол күні Ержаны не қып түсіне кірді екен. Бала
сы мен келіні қосанжарласа немересін сабап жатып
ты. Құлды өңінде көргендей. Ех, құдай-ай, «Түс —
түлкінің боғы» деген. Далбалақтап шауып бардың, не
бітірдің. Қартайғаның-ау, ә. Адам баласы басында
бір, қартайғанда бір бала деген осы. Жол соқты боп
жүргенім, мынау. Бәрін айт та бірін айт, немересі Ер
жан автобусқа шығарып салып тұрып:
—Ата, мен сенің балаңмын. Жазда қауын піскенде
барамын, — деп жанынды елжіретіп жібергенін
айтсаңшы.
АРЫ-БЕРІ ЖОЛ
Жоңғарға жамбастап жатқан Қарауылдың Киік-
белеңге шығар тұсындағы жалғыз түтін — біздің үй.
Қаладан бес-алты шақырым жерге орын тепсе де, бізге
қатынайтын адам аз, ұзын жол алыста. «Ойхой, же
кеше атандым. Ана жатқан белең де, мынау суармалы
жазық та — менің еншім. Жаз шыққан соң, іс тын
дырамыз» деп ағайым, Бектас аудан орталығындағы
жылы орнымызды апама тастап, осыдан бір ай бұрын
осында көшіп келген. Бұрын бұл жер бір қойшының
қыстауы екен. Енді Бектас ағаның жекеменшігі. Айт
са айтқаңдай, оншақты ірі қара, елуге тарта қойымыз
бар. Жылқы дегенде жалғыз шабдар бие. Оның есесіне
ескілеу доңғалақты көк тракторымыз, аудан орталығына
барып-келіп тұратын «ГАЗ—53» маркілі автомашина
мыз бар. Бектас ағаның «біз бүгінгінің байымыз» деп
мақтанатын жөні осы сияқты.
Көшіп келгеннен сері Бектас ағайым үйде тұрмайтын
болып алды. Таң бозынан тұрып, шабдар биені ерттеп,
мылтығын асынып, оқшантайын беліне байлап кетеді
де, кешеу кеште үйге оралады. Әйтеуір қанжығасы бос
емес. Бірде қырғауыл, бірде қоян әкеледі. Сонау күндері
үш-төрт қаз атып әкелгені де бар. Ay, содан кейін Бек
тас ағамды сөйлеуге қоя бер. Кейде адам сенбейтін
әңгімелерді ысқыртады-ау кеп. Жеңгем екеуміз бір-
бірімізге көзімізді қысып, тыңдауға пейілдіміз. Тегі
аңшы адам бірді екі қылып асырып айтады дейді ғой.
Қойшы, сонымен кешкі ас ішіліп, жылы төсекке кіріп,
ұйқы ауылына аттанғанша, біздің үй абыр-сабыр.
Жәмила жеңгем әзілкеш, қу тілді ғой.
—Бөкен-ай, ағаңның әкелген үйрек, қазы көліне
ұшып кетіп жүрмесін, — деп саңқылдай күледі. Онысы
бір жағы —әзіл, бір жағы — мені құстың жүнін жұлып
қой деген емеуріні. Аяғы ауыр болмаса, өзі де тындырып
тастамай ма? Жалпы менің де күзгі демалысқа осында
келіп жүргенім де Жәмила жеңгемнің жайы. Апам:
—Ей, қарапұшық. Ана жеңгеңе бас-көз бол.
Ағаңның бір жерде тұрақтап отыра алмайтынын білесің,
— деп, таптап-таптап жіберген.
Бүгінде Бектас ағайым таң бозынан тұрып, күндегі
әдетімен саят құрып кеткен. Сиырларды жайғап,
қойларға шөп салып, үйге оралсам, төр үйден жеңгемнің
ауырсына ыңқылдағаны естіледі. Ентелей басып, жа
нына жеттім.
— Бөкентай-ай, енді не істедім? Әкетіп барады, —
деді ол көзін ашып-жұмып.
— Әлгінде аң-құсыңа бармай-ақ қой деп Бектасқа
сонша қақсадым...
Енді не істедім? Апам айтпақшы, жеңгемді толғақ
қысып жатқаны анық. Оның үстіне Жәмила тұңғыш
балаға босанбақ. Жүгіріп сыртқа шығып, үйдің шаты
рына көтеріліп, жан-жағыма көз салдым. Қыбыр еткен
жан жоқ. Бектас ағайым ізім-қайым. Апыл-ғұпыл жер
ге түсіп, үйге ендім. Жеңгемнің ыңқылы күшейе түсіпті.
— Жаным-ай, — дейді ол ыңырсып.
— Шыда, жеңешетай! — деймін аласұрып.
— Бектас ағам келіп қалар. — Жұбатқан түрім.
Масқара-ау, еңді не істедім? Қалшиып тұрғанда не
бітіремін? Жеңгем өліп қалып жүрсе. Масқара! Аялдауға
уақыт жоқ. Кенет... ойыма есік алдында тұрған маши
на түсе кетсін. Кілті қайда екен? Жанармайы бар ма?
От алса жақсы ғой. Аккумуляторы кілетте. МАИ
ұстап жүрсе қайттім? Мейлі олар да адамның баласы
ғой. Тіпті өздері көмектесіп жіберер. Кілтті сұрасам,
Жәмила жеңгем басын шайқайды. Шекесі қызып
жатқан жоқ, жанарынан жас тамшылайды. Басына
қос жастық салып, кеудесін көтерген болдым. Далаға
шығып, сымтемір тауын алып, кілт жасадым. Ағам
сөйтетін. Бірлі-екілі көргенім бар.
Ағайым кейде қаладан шыққан соң машина айдататын
әдеті бар-тын. Жылдамдықты қосудың бәрін білемін.
Тек алдыңғы терезеден қарауға бойым еркін жете
қоймайды. Астыма оны-мұны қойып биіктетіп алсам.
Тек машина от алса екен. Алай-пұлай Жәмила толғата
қалса керек болар деп, конистрге жанармай сақтап
жүргені есіме түскеңде бірден қораға қарай жүгірдім.
Орнында тұр екен, қуанып кеттім. Машинаның радиа
торына су құйып, майын тексеріп, газ күшейтетін тетігін
қосын, қолдан жасаған кілтімді салып стартерді басып
қалайын. Обалы не керек, көкқасқа дүр етсін (Ағам ма
шинаны солай атайтын). Қуанғаннан жүрегім дүрсілдеп
кетгі. Сәл-пәл қыздырын, үйге қарай ентелей келіп
есікті ашып қалсам, Жәмила жеңгем тұр. Шамасы
машинаның гүрілін естіп қалып, жолға қамданса керек.
—Бектас қайда? — деді ол ыңырси сөйлеп.
—Мен бармын ғой, — дедім мақтан қысып. —
Кеттік, жүр.
Жәмила жеңгем сенерін де, сенбесін де білмей,
сәл таңырқап тұрды да; ыңқылдаған күйі алға басты.
Қолтығынан сүйемелдей демеп әкеліп, кабинаға
мінгіздім. Жүгіріп жүріп, үйге құлып салып, малдарға
шөп шашып, машинаға жеттім. Отыратын орнымды
биіктетіп, рулге қонып, Бектас ағам үйреткендей бірінші
жылдамдыққа салып орнымнан қозғалдым.
—Е, құдай жол бере гөр, — деді жеңгем құдайына
сиынып. Бекшойынның қыратын кеуделей жүріп,
төбесіне жеткен соң, жолдың төмен қарай құлдилайтыны
бар. Әлсін-әлсін тежегішті басып, табанына жеттім-ау.
Қорыққан тұсым да осы жер еді. Міне, үлкен жолға
да таяп келдім. Ары-бері зулай өткен машиналарды
өткізіп жіберіп алға қарай жылжыдым. Ағам айтпақшы,
жолдың оң жағы менікі. Жеңгемнің толғағы тіпті
жиілеп кетті білем, ауырсына дем алуы күшейіп кетті.
Әттең-ай, жолдан МАИ қызметкерлері кездессе екен
деп тілеймін. Мұндайда жер өне ме? Жылдамдығым
сағатына 40 шақырым. Қатты жүруге қоркып келемін.
Екі ортада жолдан шығын кетіп, аударылын жүрсем.
Әйтпесе, қарсы беттегі машинаға соқтығысып қалсам,
масқараның көкесі сонда болмай ма?
Міне, қалаға да жеттім. Әлгінде қарсы жолыққан
бір-екі шопыр жұдырығын түйіп өткен. Шамасы аяз
әліңді, құмырсқа жолынды біл дегені ғой. Сөйткеше жол
жағасында кетіп бара жатқан қос милиционер жігітті
байқап қалдым. Аурухана қаланың басқа шетінде. Апам
ауырғанда бір көргенім бар. Жолы ирек-ирек, қауіпті.
Жалма-жан тежегішті басып, машинаны тоқтаттым да,
екеуіне жеттім. Бар жағдайды баяңдадым.Ұрысса мейлі.
Маған бәрінен де басымнан сипап, өзіме жанашыр
болатын асыл жеңгемнің өмірі қымбат.
—Ау, мұның қалай?— деді сасып қалған қара торы
милидионер жігіт.
Асығып-аптығып мән-жайды түсіндірдік.
—Сен машинаның үстіне шық. Тежегіші дұрыс
қой, әйтеуір.Жауап орнына басымды изеймін.Әп-сәтте
әйелдер босанатын үйге жеттік. Өншең ақ халат киген үш-
төрт әйел, Жәмила жеңгемді зембілге салып ала жөнелді.
Сөйтсем, ол талып қалған екен. Кейіннен естідім. Мили
ционер жігіттің: «Машинамен ешқайда қозғалма. Біреуді
қағып кетесің. МАИ жігітгерінің бірі ауылыңа апарып
тастайды. Ал енді жеңгең аман-есен босансын. Інішекті
бол», — дегені есімде. Ары-бері ойқастап жүрмін.
Аурухананың қақпасының алдындағы тұрған машинаға
қарап: «Жарайсың, Көкқасқа» деп күбірлеймін.
Арада екі-үш сағаттай уақыт өтті. Босанатын үйдің
терезесінің алдына қайта-қайта келгіштеймін. Ойда-
жоқта Бектас ағамның құрдасы Ескермес кездесе
кетсін.
— Ау, сен Бектастың інісісің бе? — дейді ол. -Иә.
— Не ғып жүрсің?
— Жеңгем толғатып, соны алып келдім.
— Жәмила ма?
— Иә, дәл соның өзі.
— Ау, Бектас қайда?
— Аң аулап кетіп...
—Әй, антұрған-ай, әйтеуір бәрі дұрыс қой. Маши
наны сен айдап келгеннен саусың ба?
Басымды изеймін. Әңгіме барысында болған оқиғаны
баяндап шықтым.
—Түу, мынау нағыз күшіктің өзі екен ғой, — дейді
Ескермес күйініп.
—Нағыз ерлік жасапсың. Сабақты ине сәтімен. Ал
енді жеңгең саған кішкентай бөпе тауып берсе жара
ды. Ау, мен не деп отырмын? — Ескермес қалтасын
қарманып, жүргізу куәлігін алып шықты. Сөйткенше
қарсы беттегі терезе ашылып:
– Әй,бала! Сүйінші бересің. Әлгінде әкелген
келіншек қойшы тапты, — деді дауыстап.
—Қойшысы несі? — деймін аң-таң болып.
—Ұл тапты дегені ғой. Қазақ солай атайды, — деді
Ескермес.
—Алақай! — Тұрған орнымда секіре беріппін.
Ескермес аға екеуміз апама барып, сүйінші сұрадық.
«Сенің де жігіт болғаның-ау» дейді ол мені қайта-
қайта құшақтап сүйіп.
—Немересінен айналдым. Кімге тартты екен, ә?
— Апа, немереннің есімін мен қоямын, — дейді
Ескермес. — Тұңғыш жылы суға қол маларың ғой.
— Иә, иә. — Апам бізге бір шайын беріп, жолға
жиналғанша, көрші-қолаң үйді дүмеп алды. Осы
әйелдер қызық. Бірі апамның көйлегін сұраса, бірі
шытына жармасады. — Бәрін алыңдар. Дүние қолдың
кірі. Немеремнен немді аяймын, — дейді апам.
Бекшойынның шырқау төбесіне шығып, төмен
құлдилағанда, үй маңынан әлдекім қылт етті. Шабдар
бие бел-деуде байлаулы тұр.
—Анау күшік, мен білсем, машинасын іздеп жүрген
шығар, — деді Ескермес күліп. — Мен басымды
изедім. Сөйттім де, қос құрдастың кездесуін көз алды
ма елестеттім. Бір-бірімен күресе кететіні анық. Бектас
ағайым «ұл туды» дегенде сенбейтін шығар. Жүрегі жа
рылын кетіп жүрмесін. Тек, пәлесінен аулақ.
«Көкқасқа» жол апшысын қуырып, зуылдап келеді.
АТАМНЫҢ ОРДЕНІ
Атама қарар бет жоқ. Бәріне кінәлі — өзім. Сол
Анатөлінің жанына жолап нем бар еді. Ауылда болса,
жақсы ғой. Өзен жағалап кеткен шығар, қармағын
сүйреп... Есік пен төрдей жерде атам отыр. Жүзі —
қара түтін. Түгі тікірейіп маңына адам жолатар емес.
—Орденімді тап, — дейді. Аузыма құм құйылғандай,
сіресіп мен отырмын. Ауық-ауық керегеге ілінген
қамшыға көз тастап қоямын. Атам олай қарай қолын
созса, дайынмын. Тек есіктің ілгегін салып алмасын де.
Бірақ атамның ондай әдеті жоқ. Аяп кетемін...
Сәуір айының ортасынан бастап, ауыл бағының ішіне
соғыстан қайтпай қалған ауылдастарға арнап ескерткіш
салына бастағанды. Әсем де биік қорғанның маңында
талай рет болдым. Темір сауыт киінген әскер бейнесі
бірте-бірте биіктеп, қолына автомат ұстап қасқайып тұр.
Жанындағы тақтада үлкен әріптермен «Ерлік ешқашан
ұмытылмайды» деп жазылған.
Жеңіс күніне орай қолына гүл ұстаған үлкенді-кішілі
ертемен баққа қарай ағыла бастады. Атам да, анам да
дегбірсіз бір күйде еді. Сол жақ қабырғадағы кереуеттің
тұсындағы көнекөз кілемде атамның орден-медальдары
ілулі тұратын. Саны он төрт еді. Атам санамады ма, кім
білсін, бәрін қара костюмінің омырауына іліп, мұртын
бастырып, бей-берекет әрекетке кіріскен.
— Әй, Нұржамал. Ерте күнді кеш қылмай, бол
киін! — дейді ол апамды асықтырып. Апам жылаған
ба, көзіне орамалын қайта-қайта апарып, күйбеңдеп
әлек. Тойға барғанда киетін оқалы пүліш камзолын,
ақ шатырдай кимешегін киіпті. Кеше кешкісін ауылда
ескерткіш ашылатынын хабарлап, оған міндетті түрде
қатысуын өтінген шақыру билеті келгеннен бері
акжарқын жүретін апам да тұнжырап қалсын.
— Бұған да тәубе, — деді атам дүңк етіп. Апам
орамалының ұшын көзіне апарған.
— Жанбөбегім тізімде бар ма екен? — деді ол.
— Ешкімді қалдырмаса керек. Жазып бергенмін,
— деді атам. Жанбөбек — атам мен апамның тұңғыш
ұлы. Анау бұрыштағы абдыраның ішінде үш бұрышты
хаттар жатыр. Кейде апам, атам жоқта, сол сандығын
ашып, ұқыптап бүктелген сол бір хаттарды маған
оқытатын. Сонан соң егіліп жылайтын. Хаттарды
оқымаудың амалын тауып, зытып отырушы едім.
— Сағындым-ау, қарағым. Төлбасым-ай! — дейтін
апам көз жасын сүртіп, ауыр күрсініп. Ойлап қарасам,
аналар ұлдарын өмір бойы ұмытпай, жадында сақтап
жүреді екен-ay. Сағыныш деген бір қасиетті ұғым шығар.
Әйтпесе апам елу жылдан аса уақыт өтсе де ұлымен бірге
өмір сүрер ме еді. Қарғыс атқан соғыс-ай!...
Бәріміз үйден шықтық. Баққа жақындап келгенде,
атам бізден бөлініп, үйіріліп тұрған бір топ ақсақалдарға
беттеді. Кеуделері орден мен медальдарга толы, қауға
сақал көне көздер атамды қауқалақтай қарсы алды.
—Ойпыр-ау, өзі азайып қалыппыз-ау, — деді
Ескен атам.
—Болсанбек көрінбейді. Ескі сырқаты төсекке алып
ұрмады ма екен?
—Үйдің күйбеңінен айырылмай, ала биесін суғарып
жүрген шығар. Дүниені ана жаққа алып кете ме?
— Тәйт! — деді атам. — Бүгінгі күні таң атпай,
тауық шақырмай қалса да ол келуі керек. Анау аяғында
қалған «аскөлкі» есін шығарын жүрмесе. Ауылда ма еді
өзі?
— Пай-пай, екеуі бірге соғысқан екен-ау. Бір-біріне
шаң жуытпай жатқанын, -деді Ұланбай әзілге бұрып.
— Сен сияқты трудармияда емес, олар қан майданда
соғысып, етіне қорғасын дарыған адамдар, — деді осы
сәт Жұмабек деген қарт атамды жақтап.
— Біз болмасақ, танкі бермесек, көрер едің көресіні?
— деді Ұланбай тілін тартпай.
Бұл екі ортада аяғын сылтып басқан, таяғы бар
Болсанбек атаның қарасы көрінді. Менің атам дегбір
тауып бір орнында тұра алмай есі шықты. Жетер-
жетпестен бүкшеңдеп алдына шығып, құшақтаса
амандасты.
— Ескі достар ғой. Оның үстіне майдандас. Бірін-
бірі құттықтап жатыр, — деді Ұланбай тағы.
— Әй, Болат, атаңа берген сәлемің қайда? — деді
атам мені сөгіп. — О, танауыңды ұрайын, — деді ман
дайымнан сүйген Болсанбек ата.
— Оу, Баршабайың қайда? — деді Болсамбек кұңк
етіп.
— Шын-ау, Баршабай қайда кеткен? — деді атам
омырауын тексеріп.
— Түсіп қалған жоқ па? Әй, Бейсенбай, Сейсен
бай... Атам балаларының есімін тізіп шықты.
— Қартайып қалдың ба? — деді үні қатқыл шыққан
Болсанбек ата кәдімгідей ренжіп.
Атам қатты састы. Құнжындап жан-жағына қарай
берді. Мұндай боларын білсем ғой. Атамның орденін
саудаға салған ақымақ мен едім. Есіркегеннің боқмұрын
Анатөліне жиырма асыққа айырбастап жібергенмін.
Сөйткенше:
— Жолдас аға сержант. Орден орнына тағылады,
— деді атам қолын шекесіне апарып. Кәдімгідей түсі
сұрланып, өскерше рапорт беріп тұр. Тек жотасы
бүкшиіп тұрғаны болмаса.
— Саған сенемін, жауынгер Ысқақов, — деді Бол
самбек ата да қолын шекесіне қойып.
Масқара енді не істеу керек? Ауылдың бұрылыс-
бұрылыс көшелерін аралап, Есіркеген атаның үйіне
жеттім. Қырсыққанда қымыран іриді демекші, Анатөлі
қой бағып кетіпті. Екі ұдай ойда тұрмын. Қойға бару ке
рек пе, жеңіс күні ашылатын ескерткішті көруім жөн бе?
Ақыры бақка жеттім. Қарғыс атқан соғыс біздің ау
ылдан қырық адамды жұтыпты. Қырық үйдің шаңырағы
күңіреніпті, талайдың түтіні шықпапты. Бәтима әженің
үш бірдей ұлы майданнан оралмапты. Дауыс салып
еңіреп мраморды құшақтағанда, көзінен жас шықпаған
адам қалмады. Ауыл басшылары әзер жұбатты. Соғыс
деген нағыз қасірет екен гой. Туыстарын, балаларын,
әкелерін, күйеулерін күткен талайдың сағынышы енді
мрамор тас болып мүлгиді...
Әлде кімнің ысқырғаны естілді. Атып далаға
шықтым.
— Осыдан орденді әкелмесең.., — деп кіжініп
атам қалды. Сәтін салғанда Анатөлінің өзі екен. Жағы
суалыңқы, қулығы бар, мұрнымен сөйлейтін бала? о
— Орден керек қой, ә? Оның баяғыда-ақ, тю... —
деді ол салған жерден.
— Олай демеші, — дедім Анатөліге жалынып. —
Тауып бер. Жиырманың орнына тағы он асық қосып,
оған қорғасын сақамды қосайын.
— Табылып қалуы да мүмкін, дұрыстап іздеу ке
рек, — деді Анатөлі ептеп жібіп.
— Атам мені үйге кіргізбейді, — дедім шынымды
айтып.
— Солай де. Ақылды адам қолымен істегенді мой
нымен көтереді, — деді Анатөлі мені мазақтап.
— Айналайын, досым-ау! Атам Болсанбек атаның
алдында жер болды ғой, — дедім оқиғаны баяндап.
— Мынауың қызық екен. Орденін тауып берсем,
әнгімесін айтқызасың ба? — деді енді Анатөлі шарт
қойып.
— Уәде, әкел, қолыңды!
— Кеттік.
...Атамның қуанғанын көрсең. Орденді ары-бері
аударыстырып қарап, Анатөлі екеуімізге мейірлене
қарады.
— Иттің күшіктері-ай! Менің майдандас досымда
нелерің бар... Әлгінде Болсанбекке әскерше сәлем
бергенімді мына ұлым көрді. Ол менің соғыста
командирім болған, — деді атам күрсініп. Анатөлі көзін
қысып, әңгіменің басталғанына риза екенін білдірді.
— 1945
жылдың
көктемі
еді.
Варшавада
тұрмыз. От болып алаулаған қала. Жан алып, жан
беріскен шақ. Біздің бөлімшенің бекінген жері қызыл
кірпіштен салынған екі қатарлы үй. Қарсы алдымыз
да терезелерінен от сепкен көп қабатты ғимарат. Қылт
етсең, немістің мергендері басып салады. Ақыры түнде
бұл үйді қайткен күнде де алу керек деген бұйрық
берілді. Біздің командиріміз — Болсанбек.
— Мына түнде көз жұмып кетпесек, жарадық, —
дейді.
— Құдайдың басқа салғанын көреміз, — дедім мен.
От арасыңда ауылдастың бірге жүргені қандай
жақсы. Бір-бірімізді айтысып, тапсырыстап қазақша
қауқылдасып жатырмыз.
Түнде ұстімізге плащ жамылып, еңбектеп ғимаратқа
жақындадық. Екі орта елу метрдей ғана жер. Ауық-
ауық ракета атылып, жер-дүние жап-жарық боп кетеді.
Оқ шығармастан үйдің алғашқы қабатына іліктік.
Сөйттік те алға жылжыдық. Сеуіп тұрған оқтың астын
да екінші қабатқа көтерілдік. Әйтеуір, жеңдік-ау. Сол
жолы Болсанбектің жіліншігін оқ талқандап кетті.
Менің шынтағымды тесіп өтті. Мына «Даңқ» орденін
сол жолы бізге госпитальда тапсырған. Бұл біздің соңғы
соғысымыз еді, — деді атам әңгімесін аяқтап.
— Ата, сіз Болсанбек ата екеуіңіз «Баршабай
ордені» деп тұрған жоқ па едіңіздер мана? — дедім аң-
таң қалып.
— Варшавада алған орденім болған соң айтқанымыз
ғой. Әйтпесе, осы «Даңқ» ордені болатын, — деді атам
түсіндіріп.
Мен орденді тапқаныма қатты қуандым. Қуанып
отырып бетімнен отым шықты. Шындығында бұл нағыз
қылмыс қой. Атам менен де артық қуанды. Бүкшеңдей
басып сыртқа шықты. Әлгінде кеудесіне орденді қадап
бергенмін.
—Командиріне кетті! — деді Анатөлі. Мен басымды
изедім. — Асығыңды өзің ал керегі жоқ, — деді ол
тағы. Ол да қатесін түсінген сияқты.
САЙЛАУ
Қаракөз өзенінің ауылдың әр қуысын бір-бір тінтіп
шығып, ирелеңдеп құбылаға бұрылып, Кеңжыраға
қарай салдыр-гүлдір құлай ағатын құламаның түбіндегі
дөңнің басында, жан-жағын ағаш көмкерген көк
қақпалы, еңселі жалғыз үй тұр. Апам да анда-санда:
—Айтқаныма көңді ме? Ауру-сырқаумыз. Әлде
қалай дүние болса, атың жетпейді. Араласатын
көрші атаулыны ұмытқалы қашан, деп кеудесін кере
күрсінгенде аза-бойың қаза тұрады. Атам бәріне көнген
жандай басын шұлғып шайын ішіп отыра береді.
Бізге таяу тұратын Өтештің үйі. Кәдімгі менің жа
нымнан томпаң қағып қалмайтын, көк көз, сарышұбар,
таңқар бала. Менің көршім сол. Екеуіміз алтыншы сы
напта оқимыз. Ертеңгісін қапшығымды құшақтап үйден
шыққанда, ол анадайдан қол бұлғап қарсы алады. Сол
Өтеш бүгін де мені кездестірді.
— Бүгін сынып басшысын сайлаймыз, — деді ол
жаңалықты хабарлап.
— Кеше өзің сабаққа келмедің. Күлиман апай кімді
ұсынатынды ойланып келіңдер, — деді.
—Солай де, — деймін Өтешке жалт қарап.
—Сен кімді сайлар ең? — деді Өтеш жанарын жалт
еткізіп. Тосын сұраққа ойланып қалдым. Шындығында
қызық сұрақ.
— Бәрі де жақсы балалар, сабақты үздік оқиды.
Өтеш басын ара-бері шайқап, әлде не дегісі келіп еді,
бірақ төмен қарап көпке дейін жұмған аузын ашпады.
— Күлиман апай ойланыңдар деп тектен-текке
айтқан жоқ, — деді бір кезде Өтеш. Бұл жолы көршіме
аңтарыла қарадым.
— Ал, сен сынып басшысына кімді дұрыс қалар
едің? — дедім шыдамай кетіп. Ол бұл жолы да жерден
басын көтермеді. Мұрнын ауық-ауық тартып, әлде бір
ойдың түбіне жетпей, есі шыққан адамның кейпін таны
тады. Кәдімгідей тұнжыраңқы. Ауық-ауық көз астымен
маған ұрлана қарайды. Мен де ой үстіндемін. Бұрынғы
сынып басшысы Бегәділ жаман бала емес. Сабақты
үздік оқиды. Жақсы спортшы. Мектепте мақтаулы.
Шындығында онда тұрған не бар. Сынып балаларының
жақсы, жаманына жауап беріп жатқанның несі сән?
Өз басым сынып басшысы болудан ат тонымды ала
қашамын. Бір күні ойда-жоқта екілік алып қалшы. Осы
Өтештің өзі-ақ құлағымнан қиқу кетірмей: Бізге жаман
оқисыңдар деуші ең. Бәтір-ау, өзіңнің қалың қалай,
— деп шиқылдап күлуге бар. Атам айтпақшы «Құлан
құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды».
— Оны көп шешеді ғой, Серік, — деді Өтеш
ойламаған жерден.
— Мысалы, сен сынып басшысы атанғың келе ме?
— дедім мен. Өтеш тағы ойланған пішін танытты да
басын көтеріп алды.
— Менің оған өрем жетпейді, — деді Өтеш үзілді-
кесілді. — Кешір, досым оған дұрыс баланы сайлаған
жөн. Өтештің сөзіне намыстанып кеттім. Досыма
жақтырмай қарадым. Ішімнен Бегәділдің менен несі
артық. Сабақты мен де жақсы оқимын. Футболды мен
дей ақ ойнасын деймін.
— Оны көрерміз, — дедім Өтешке. Ол бағжаң ете
қалды.
— Әу, Серік, сен сынып басшысы болмақпысың,
ей. Мынау, тамаша. Жиналыста өз ойыңды айтып
саласың ғой.
— Айтамын,— дедім дауысымды қаттырақ шыға-
рып.
— Мен кімнен кеммін.
Өтеш томпандап артымнан еріп келеді. Әлде не деп
күңкілдейді. Мектепке жете бере артыма бұрылып, сұқ
саусағымды аузыма апардым. Ол бірден түсінді. Әзірге
құпияны сақтау қажет.
Түсінсем бұйырмасын. Сыныптағы балалар әп-сәтте
адам танымастай өзгеріп шыға келді.
— Бегәділ дұрыс, — деді Айгұл.
— Жоқ, — дейді Асқар.
— Ол сыныпты артқа тартты.
— Өзін ғана ойлайды. Нағыз өзімшіл. Кеудесін
көтеріп, төсін соққылағаннан басқа ешнәрсе бітірген
жоқ. Футболдан соңғы орын алдық. Ол ойынға
қатыспай қашып кеткен.
Жанымда отырған Өтеш нұқып-нұқып қалып, — О,
су жүрек, — дейді мысқылдап.
—Әлгіндегі айтамын қайда?
Жаным мұрнымның ұшына келді. Мына, Өтештің
қорлығы-ай деймін. Неге тана оны желіктірдім екен.
Ойда жоқта мына мен, Серік Қамшыбаев, «сынып
басшысы боламын» деп орнымнан атып тұрсам ше?
Балалардың бәрі маған жалт қарайтыны айдан-анық.
Шынында олар не дер еді. Жыңданған шығар дер.
Қыздар бетін басып күлетіні анық. Әуелі мектепті
«мерген» деген лақап атымен, дүр сілкіндірген Серікке,
«мынау әдейі бірдеңені бүлдірейін деп жүр» деп шүйіліп
жүрмес пе екен. Мерген атануыма себепкер резинка
рогаткамен қыздарды атқанымның кесірі. Не істеу
керек? Бұл кезде сынып іші қызу айтысқа түсіп кеткен
еді. Текетірес екі адам. Асқар мен Айгүл. Сынып
жетекшіміз Күлиман апай екеуіне қарап, үнсіз отыр.
—Бегәділ сынып басшысы боп жарытпайды. Был
тыр қызылша теруге барғанда, балаларды үгіттеп, план
тация басынан кетіп қалған. Ал сынып жиналысында
сүттен ақ, судан таза боп шыға келді. Осынысы дұрыс
па? —дейді қызуланып алған Асқар.
Асқардың сөзінің жаны бар. Бар пәлені маған үйіп-
төгіп басыма «қара бұлт» төндіргені рас. Осы сәт Өтеш
тағы да сыбыр етті.
—Серік-ау, сен адал баласың ғой. Оның үстіне бар
балалар саған құлақ асады. Қолыңды көтерші, — дейді.
Ойыма тағы өткен жылғы Бегәділдің қылығы түсті.
Менің рогатқа атқан қылмысымды әжуалап «Тікенекке»
мақала жазған. Бірге жүріп осы бір қылығын есіме ал
сам, қыжырым қайнап кетеді. Жұдырық иіскетейін деп
талай оқталдым. Тек әкемнен қорықтым.
—Әй, қу жалғыз. Анау мектеп жақтан «бүлдірді»
деген хабар тисе, қамшымен сабаймын. Онсыз да
анау күні жиналысында жер боп қайтқанмын, — деп
ескерткені бар. Оның үстіне Бегәділ «ойбайлап» мек
теп директорының өзіне шағынбаса оң қолды бере тұр...
Соған ерегескенде Өтештің ойынан шықсам қайтеді.
Не істесем екен?
Осы бір сәтге Күлиман апай орнынан тұрды. Сынып
іші тына қалды.
—Балалар, даудан гөрі іске көшіңдер. Дегенмен
де шындықты көзге айтқан жөн. Мүмкін, өздеріңнің
жақсы көретін, сенетін балалар бар шығар, — деді ол.
Бұл жолы қатты састым. Ешкімнен ықпайтын Өтеш
орнынан атып тұрын, сайрап жөнелуі мүмкін-ау. Балалар
не дейді. Өзін-өзі сайлаған өзімшіл десе масқара ғой.
Тығылуға жердін тесігі табыла ма? Ақырындап жан-
жағыма қарай бастадым.
Балалар құдды қатты зымырап келе жатқан
машинаның шопырларындай партаға жабысып алыпты.
Тіпті жан-жағына қарар емес. Өтеш тағы да сыбыр етті.
— Жасық, — деді күңк етіп. — Мен сенің орнын
да болсам ғой. «Әу, Өтеш сен қол көтеріп мені неге
ұсынбайсың» дегім келіп кетті де, бойымды жинап
ала қойдым. Біреудің арқасында күн көруім керек пе.
Оқушылар мені қолдай ма? Мүмкін қостай жөнелер.
Шындығында ешкімге жасаған залалым жоқ қой.
Бегәділ сияқты сырттан жамандамаймын. Көздерінше
кемшіліктерін айтамын. Өзім де байқамай қалған
сияқтымын.
— Апай, мен сынып басшысы болғым келеді, —
деппін. Дауысым саңқ етіп естілгендей.
Құлағыма дейін қызарып кеткен шығармын. Жерден
басымды көтерер емеспін.
— Бегәділді ақыры балалар жақтырмайды. Аздаған
секундтар өте шықса керек, сынып ду ете түсті.
— Өте батыл шешім. Әлгінде мен де оны ұсынбақ
едім, — деді Асқар.
— Серік жақсы бала.
— Апай,
апай.
Күлиман
Жиенбай
қызы!
Қамшыбаевты мен де қолдаймын. Сабақты да дұрыс
оқиды. Біздің футбол командасының капитаны. Өте
дұрыс, — деді Өтеш қуанғаннан орнынан атып тұрып.
— Қыздарға да дөрекі емес. Сыпайы, — деді
Гүлнар деген қыз.
— Таза киінеді. Көмектесуге дайын тұрады.
— Мергендігі де? — деді осы сәт мырс еткен Айгүл.
Балалар шу етті.
— Сен де өткенді ұмытпайды екенсің. Ол онда
бесінші сыныпта оқитын. Сенің де қиратып жүргенің
белгілі, — деді Бөкен деген бала дау айтып.
— Өзің Серіктей-ақ болшы.
— Математикадан есебін көшіріп алған соң, дос бола
қалыпсың, түге, — деді енді Бегәділ айылын жимай.
— Әй, Бегәділ сен де көпке топырақ шашпа, — деді
осы сәт орнынан қозғалған Күлиман апай.
— Балалар, өз-өздерің боп шешілген уақыттарыңды
тұңғыш көріп отырмын. Бегәділдің сырын бұрын
білмеппін. Балаларды өзіңе қарсы қойып алыпсың. Ал,
Айгүл сен Бегәділдің кім екенін зерттемепсің.
— Апай,
жөнді
сөз.
Алтыншы
сыныптың
жақсылықпен аты шығатын кезі келді, — деді Гүлнар
мұғалиманың сөзін қостап.
— Онда Серіктің өзі ортаға шықсын, —деді
Кұлиман апай күлімсіреп.
—Өзі не дер екен?
Бетімнен отым шықты. Жүрегім дүрс-дүрс соғады.
Қуаныш па, әлде басқа ма, әйтеуі бір белгісіз күйдемін.
Бойымды ширақ қылып, тақтаға қарай беттедім. Сан
көз менің өңменіме қадалыпты.
—Балаларға рақметімді айтамын, — дедім шыным
ды жасырмай.
—Олар маған сенетін сияқты...
Балалар ду қол шапалақтап жіберді. Орныма келіп
отырғанымды білемін.
Үйге қарай жедел басып келемін. Әлгінде Өтеш үйіне
жақындағанда:
—Серік, сен нағыз жігітсің. Шын ерсің. Мен мыса
лы өз ойымды бүкіл топқа айта алмаймын. Жасықпын.
Ал, кездескенше, — деп қолын созған. Ойда-жоқта
ойыма Бегәділ түсті. Ойлап қарасам, біріншіден бері бір
сыныпта оқыппыз. Ол да үйіне қарай, басын төмен сап
көңілсіз кетіп бара жатқан шығар. Бірақ бәріне кінәлі
өзі ғой. Балаларда жазық жоқ. Атам айтпақшы әлі бәрі
орнына келеді. Татуласатын уақыт та жақын шығар.
Бәрінен де ертең балаларға не деймін.
ЖАЗА
Бекайдарды балалар «Қиялхан» деп бекерден-бекер
атамайды. «Бекайдар үндіс боламын» деп Қойбатырдың
шөбін өртеп жіберіпті. Альпинист атанбақ боп ол
Қарадауылдың жарынан құлап, тобығын шығарыпты».
Айта берсе Бекайдардың қиял ғажайып істері атан
түйеге жүк. Сондай кұндердің бірінде бесінші қазақ сы
ныбында адам ойламайтын оқиға басталды да кетті.
— Мен бұларды «Қиялхан» деп мазақтағанды
көрсетейін. Ендігі де аузын жауып жүреді, — деді ол
күбірлеп.
— Оны білдірмей ғана жасау керек, Алғашқы
үзілісте Бекайдар зар жақ, сөзі мірдің оғындай, атса
дәлдеп ататын Бимұратты есіктен шыға бере иығымен
қағып өтті. Қалақтай ғана бәкене бала, еденге жалп ете
жаздады. Бекайдардың қарулы қолы жібермей қалды.
Өтіріктен өтірік жік-жапар түс танытқан Бекайдар:
— Айналайын
Бимұрат.
Кешір,
досым.
Байқамадым, — деді қолын төсіне апарып, тәжім ете
басу сұрап. Бірақ Бекайдардың былай шыға:
— Әп бәлем, қалай екен? Екініш рет есіңде жүрсін.
Киялхан деген қақсаушының бірі сен едің. Тілің байла
натын шығар, — дегенін Бимұрат естіген жоқ.
— Ештеңе етпейді. Байқап жүрсенші, — деген
Бимұрат. Алғашқы әрекетінің оңтайы түскен Бекайдар
көзі оттай жанып, ішінен мырс-мырс күліп, мәз болды.
Келесі сәттегі екінші бір ісінің қамын ойлап, сыныптағы
оқушыларға көз тастады.
Бақытқа әзірге тиісуге әлі ерте. Оның үстіне,
дүр денелі, секпілді сары, табиғатынан мінезі ауыр.
Әупірімде шомбал жұдырығымен қақ мандайдың ор
тасын көздесе, саудамның біткені ғой. Үйтіп-бүйтіп
орнымнан тұрармын-ау. Өңшең қыздардың алдында
кірерге жер таппай қалғанымды айтсаншыіы! Е...е...
таптым, таптым.
Сақылдақ сары қызды аңдиын. Ол үшін не істеу ке
рек. Досанованың сыныптағы оқу озаты екені белгілі.
Екі-үш екілікті күнделікке қонжитсам жеткілікті. Азар
күнде біліп қойып, жаман қабақ көрсетер. Белгібаевтың
қолын қоя салу оңай ғой.
Екінші үзіліске шығарда Бекайдар өп-өтірік іші ауы
рып отырған сияқты қиналып сыныпта қалған. Кезекші
қыздар еденді жууға су әкелуге кеткенде, аяғының
ұшымен жүгіріп барын сары қыздың қапшығын ашып,
күнделігін қолға алды. Әп-сәтте «істі» бітіріп партадағы
орнына кеп отырды.
—Іс бітті, қу кетті, — деді мырсыддай күліп.
Шындығында бұл жолы да әрекетінің сәті түсті. Сабақ
аяғына таман Досанова күнделігіне үй тапсырмасын
жазбақ боп, бетін ашып қалғандағы күйін көрсең.
—Үйбай-ау, мынасы несі. Мен ботаникадан
ешқашан екілік алған емеспін, — деп дауыстап жіберді
де, бетін басып жылап қоя берген. Оқушылар үдірейе
қарасты. Елмен бірге Бекайдар да түк білмегендей:
—Онысы несі? Ұят емес пе? — деп гүжілдеп қоя
берді. Әрине, жұбатушылар да табылды. Сынып
жетекшісі Айман Баубекова күнделікті қолына алып
ішіне үңіле қарап:
—Әке-шешеңе өзім айтамын, — деп Досанованың
шашынан сипады. Бекайдар ішінен мәз. «Жаңабеков
сабаққа дайындалмайды. Сабаққа кешігіп келеді. Нағыз
Қиялхан. Анау күні сыныпқа қалтасына сап көртышқан
алып келген. Қыздарды қорқытты. Ер балаға ұят», —
деп өзіне шүйіліп еді. Қалай екен, мақтаншақ қыз...
Бұл кезде балалар үшінші сабақ бітіріп, үлкен
демалыс қашыққан.
— А, Киялхан. Көрсет мыналарға, көресіні, — деді
ішінен тістеніп. Есіктен шыққан бетте, бір-бірімен қар
атқыласып ойнап жатқандардың ішіне сүңгіп кетті.
Ойнаған боп Шыныбекті аяқтан шалып құлатқан,
Серіктің құлақшынын ала қашты. Сөйтті де мектеп
үйінің алдындағы үлкен ағаштың басына қарай құлаштай
лақтырып жіберді. Құлақшын өзі ойлағандай қос айыр
бұтаның арасына қыстырылды да қалды. Бұл сәт жа
нына Серік те, Шыныбек те жеткен. Ашулы екен.
— Балалар кешіріңдер. Ойнап едім. Қырсық қандай
іліне қалуын, — деді жалбарынып.
—Сендермен ойнамағанда кіммен ойнаймын.
—Солай да ойнай ма екен. Жарайды, кешірдік.
Бірігіп құлақшынды алайық. Бұл екі ортада қоңырау да
шырт еткен.
—Қап, — деді Бекайдар мектепке қарай жүгіре
жөнеліп.
—Кешіріңдер, балалар. Өздерің бірдеңе ғып...
Ішінен «ашық ауыздар. Бекайдардың кім екенін әлі
сендерге түсіндіремін. Мені көргенде түстеріңнен шо
шисындар, әлі», — деп кіжінді сонан соң.
Бекайдар «шабуылын» сабақ біткенше тоқтатқан
жоқ. Оның кесірінен Серік пен Шыныбек сабаққа
кешігіп келді де, мұғалімнен сөз естіді.
Үзілісте Бекайдар Сараның аяғын «басып» кетіп,
кешірім өтіңді. Қала бере Маңғытаев Асқар деген
баланың есеп кітабының «байқамай» бір бетін жыртып
алып, оған жатып «жалынды». Сабақтан қайтарда Бе
кайдар бүгінгі «тапқырлығының» жоспарын ойлап есі
шықты.
Бекайдардың ертеңгі күні әрекеттерінің бәрі іске
асты. «Кешірші, байқамай қалдым» — деп оқушыларға
сызылған әдепті бала атанды да шықты.
Үшінші күні Бекайдар күндегіден мектепке ерте кел
ген. Ондағы ойы Сарадан үйге берген есепті көшіріп
алмақ еді. Жанаса отыра берген Бекайдарға сыныптас
қызы:
— Бекайдар, кешір. Есепті өзің шығар, көшіруге
болмайды, — деп орнынан тұрып кетті. Әсіресе Серік
пен Шыныбектің қылығын айтсаңшы. Бекайдардың
қапшығын ала қашып, биік ағаштың басындагы иір
бұтаның басына іліп қойды да:
— Беке, кешір, өз ойыныңа біз қарымта қайырдық,
— деп жөніне тартып отырды. Қапшығына зорға қолы
жетіп, есіктен кіре беріп еді, Бимұрат «қағып» кетіп,
оңқа-жоңқа боп жығылды. Ашуға мініп, төбелесе кет
пек еді, Бимұрат мұның алдына кешірім сұрап тұрып
алды. Амалсыздан орнына барып отырды.
Екінші үзілісте Бақыт мұның дегеніне қоймай сыртқа
алып шыққан. Жерге алып ұрды.
—Байқамай қалдым. Кешір, досым, — деді Бақыт
арқасынан қағып.
Үйге оралған соң, терісіне сыймай ашуланған
Бекайдар сабағына дайындалып боп күнделігін ашып
қалды. Онда сынып жетекшісі Айман Баубекованың
Бекайдардың тәртібіне қызыл сиямен қойған екілігі
тұр еді. Одан төменірек «Бекайдар! Сен өз басыңды
ойлап, қаншама балаға қиянат жасадың. Оның жазасын
бүгін өзің де тарттың. Біреуге ор қазба, оған өзің
түсесің. Достарың: бесінші сыныптың оқушылары» деп
жазылған еді.
КҮТПЕГЕН ОҚИҒА
Жаздың жайсаң күндерінің бірі еді. Біз Сапар екеуіміз
қос атқа мініп, қой бағуға шықтық. Алыстан мұнартып
тау көрінеді. Түйе керуендей маңғаз құм жоталар
үстіне жақұт тағып алғандай сағымдана бұлдырайды.
Көк жүзінде қоңыраудай сыңғырлаған ноқат құс —
бозторғай. Шақырған күннің табиғатын таныған қой
ішіндегі қара теке Ақсу өзенінің бойына беттеген. Біз
де оның мінезін құптап ат басын бұрдық. Ыстық күнде
суға шомылып жағажайдағы құмға жалаңаш етіңді
төсеп, шалқаңнан жат та, көк аспанға кара. Шудадай
қалқыған бұлттар бір орнында жатқандай.
Тек көзіңді аудармай бір нүктеден белгілеп көр. Бұлт
қиырға қарай жөңкіліп бара жатқанын байқайсың. Ке
нет Сапар мені түртіп қалды.
—Ананы қара, — деді сыбыр етіп сұқ саусағын шо-
шайтып.
Мысықтан сәл ғана үлкен сары шұнақ, жұмыр
тұмсықты аң жан-жағына алақтай қарап өзенге беттеп
келеді екен. Ішімізге демімізді тартын, тына қалдық.
Әлдеқандай дыбыс шығарған ол аққан бетте суға шолп
етті де кеудесін қайта көтерді.
— Жақын жерде іні бар, — деді Сапар.
— Атам айтпакшы, қазір балалаған шағы.
— Қызық екен.
— Онда андиық. Бірақ сақ болған жөн. Күзен
жыртқыш аң.
— Күзен дейсің бе? — дедім мен.
— Иә, сасық күзен. Тауықтардың қырғиы.
— Ә, солай ма? Былтыр біздің ақ әтешті ұрлап, бар
тауықтың басын қырқып кеткен осылар екен ғой, —
дедім мен.
— Болса болар, — деді ол.
— Ал, аңдыдық.
Бұқпантайлаған күйі жарқабақты жағаның үстіне
шықтық. Сасық күзен жардың астынан жүгіріп келеді.
Әзірге күдіктенер түрі жоқ. Бір сәт сасық күзен шоқ
талды айнала беріп жан-жағына қарады да, жоқ бол
ды. Қолымызға таяқ ұстап жақындап келдік. Ойпандау
тақиядай өзеншенің түйетайлы жағасында кішкене ін
бар екен.
— Міне, — деді ол тағы сыбырлап. Сөйткенше ту
сыртымыздан әлдене шақ ете қалды. Әлдекім үстімізден
суық су құйып жібергендей, селк еттік. Есік пен төрдей
жерде бізге айбаттана қарап сасық күзен тұр. Сапар
қатты ысқырып жіберді. Күзенге де жан керек екен,
жылыстай берді. Ін аузына жақындап келдік. Аңның
жымы жатыр.
— Күзеннің іні сан тараулы болады, —деді Сапар
тағы білгішсініп.
— Балалары ең түбінде жатады.
Ойыма күтпеген бір идея келе қалды. Ін мен өзеннің
арасы бес-алты-ақ метр жер. Ақ әтеш пен тауықтардың
кегін қайтарсам ше? Олар көбейе-көбейе мұнан да көп
кесапат жасауы мүмкін. Қармақ салсақ құрт қазамыз
деп сайлаған күрек қанжығада байлаулы. Өзеннен суды
бұрып, арық қазып, інге жіберсек, күзендерді қырып
саламыз. Ұсынысымды Сапарға айтып ем, келісе кетті.
Жүгіріп барын күректі алып кеп, арық қаза бастадык,.
Жақын арадағы қалың қурайдың ішінен ысылдаған
күзеннің дыбысы естіледі. Әп-сәтте арық ішімен су інге
қарай жылжи бастады.
— Қайтер екен, — деді Сапар.
— Анау тасаға тығылайық.
Әлдеқандай қауіптің басталғанын сезген күзен ары-
бері жан ұшыра жүгіре бастады. Біресе інге, біресе
бөгеттің басына барды. Кенет біз үшін күтпеген оқиға
болды. Күзен ысылдап жүріп, алдынғы аяқтарымен
судың жеткен жеріне сыртқа шығарылған топырақты
тырмалай үйіп, бөгей бастады. Сонан соң өзеннен
құйылар жерді де асығыс бөгеуге кірісті. Ысылдауын
тоқтатар емес. Таң-тамашамыз. Тасадан атып шығып,
Сапар тағы ысқырып қалды. Күзен бізден біраз ұзай
беріп, бізге айбат шеге қасқая қарап тұрды. Суды сырып
болып Сапар маған ым қақты. Біз тасаға барып қайта
жасырындық. Сасық күзен бұл жолы да әрекетінен
тайынған жоқ.
— Ананы қара, — деді Сапар.
— Көмекшілер кеп жетіпті.
—Қызықты қара. Бөгетті бекітуші енді біреу емес,
бақандай үшеу.
— Ғажап, — деді Сапар күңк етіп.
— Баласы үшін аң да жанын аямайды.
— Иә, солай, — дедім мен оны қостап.
Енді біздің арық басына жақындауымыз да қауіпті
еді. Біз жар басына шығып, төменге үңілген шақта
көргеніміз топталған сасық күзендер қызу жұмыс
үстінде еді. Өзеннен бұрылатын біз қазған арықтың ар
насын тас бекітіп тастапты.
МҰХТАР АТАНЫҢ БАЛАЛАРЫ
Аспан айналып жерге түскендей ыстық. Еңселі үйдің
алдынан балалардың айқай-шуы естіледі. Өңшең бір
жалаңаштар. Театр үйінің қиыр бетіндегі суы көкке
атылған фонтандардың маңында қара-құрым бала суға
шомылып, енді бір тобы үй баспалдақтарына кеудесін
тосып қыздырынып жатыр. Балалардың бірі қараторы,
бірі сары, бірі қызыл сары. Орысы да, қазағы да,
қырғызы да, татары да бар сияқты. Бірақ оларды түстеп,
түгендеп жатқан ешкім көрінбейді. Қайта сәби күлкісі
сыңғырлап, дауыстары анық-анық шыққан ғажап бір
көрініс.
Гүл атызының бойынан, орындықтардан екі-үш
ересек адамдарды көруге болады. Бірі газет оқыса,
енді бірі әңгіменің қызығына түсіп кеткен. Тек қана
сақалы кеудесіне түскен егде қарт әлгінде ғана кеп
шеткі орындықтан орын тепкен. Бұл ауылдан келген
Есіркеген қария еді. Ептеген денсаулығының жөні бол
май, сонау таудағы Түрксиб санаторийында демалып,
бүгін-ертең ауылға қайтпақ. Суреттен болмаса ұлы
суреткер, атақты жазушының мүсінін көре алмаған.
Бірде демалып жатқандар бірігіп театрға кеп «Айман-
Шолпан» спектаклін көрген. Жолбасшы қоярда қоймай
жүріп, «адасып кетесіңдер» деп автобусқа отырғызған.
Сол жолы да ескерткішті көруге ыңғайы келмеді.
Енді, міне, көз алдында зәулім ескерткіш тұр.
Заманымыздың ғұламасы сонау Алатау шыңдарына
қарап ойланып қалған. Құдды тірі сурет дерсің. Ғажап.
Қарт мүйіз шақшасын қағып ерінге бір шымшып насыбай
салды. Сәл демалған соң ескерткішке жақындамақ.
Кенет үш-төрт бала жүгірген бойы ескерткішке жетті
де өрмелей басып, мүсіннің алдына барып жайғаса
бастады.
— Әй, мына тентектер қайтеді-ей, — деді күңк етіп
орнынан тұрған Есіркеген.
— Күзетшісі қайда бұл ескерткіштің? — Екі
орта жиырма қадамдай жер. Таяғына сүйенген күйі
жақындап келді.
— Әй, балалар-ау, бұларың не? Тып-тыныш
мүсіннің сендерге қай залалы тиді? — Дауысы
қарлығып шықты. Балалар естімеді ме, кім білсін, өз-
өзімен әңгімелесіп, қартқа көңіл де қоймады.
— Мыналар қайтеді-ей, — деп күңкілдеген
Есіркеген екі аттап ескерткіштің түбіне жетті. Алыстан
білінбейді екен. Ескерткіш өте биік, қарт басын көтере
қарады.
—Әй, тентектер, бұларың не? Шіреніп отыры
старын, түге. Сендер бұл адамның кім екенін білер
ме екенсіңдер? — деді қарт мысқылдай дауыстап.
Сөйткенше ұлы адамның тізесіне қөнган сіліңгір қара
бала орнынан атып тұрды.
— Ассалаумағалейкум, ата, — деді сәлем беріп. — Здравствуйте, — деді екінші бір үрпек бас сары бала. — Әликісалам, здрасти. Ал, айта қойыңдар, — деді қарт балалардың сәлеміне риза боп, күлімсірей қулана қарап. — Бұл біздің атамыз, — деді сіліңгір қара саңқ етіп. — Да, это наш дед, — деді үрпекбас сары. — Біз атамыздың атындағы көшеден келдік, — деді үшінші бір бала. — Әй, осы сендер бұл адамның кім екенін білмейсіндер-ау, осы, — деді Есіркеген қарт. — Неге білмейміз. Бұл кісі Мұхтар ата. Қазақтың ұлы жазушысы, — деді сіліңгір қара. — Да, он великий казах, — деді үрпек сары да қалмай. — Иә, ата, біз Мұхтар атаның балаларымыз. Қазір, міне, алдында отырмыз. Ешкімді бұл кісіге тиістірмейміз. Қорықпаңыз, ата, — деді үшінші бірі. — Дұрыс, балалар. Жастарың ұзақ болсын. Иә, сен дер шынында да Мұхтар аталарыңның баласысыңдар, — деп Есіркеген қарт күбірлей берді. ХАТ «Ата! Қолыма қалам алып, хат жазуға өзімді өзім мәжбүр еттім. Әншейінде Бекен әкем: «Серікжан-ау, Мойынқұмдағы атаңа амандығымызды білдіріп, бір жапырақ қағазға сәлемінді жазып жіберсеңші» дегенде, онша құлақ қоймаушы ем. Ол кезде мен бірінші сыныпта оқитынмын. Жазуға да шорқақпын. Қазір, міне бесінші сыныпқа өттім. Биылғы көктемде әкем демалыс алып, мен каникулға шығарда, маған: «Ал, Серікжан,
бөркінңді аспанға лақтыр. Мойынқұмға, апаңа, атаңа
барамыз» дегенде, қуанғанымды айтсаңшы. Осы
жасыма дейін әкемнің: «Менің туған жерім Мойынқұм
алабы. Қазақтың шексіз ең даласы. Малы мыңғырған,
аңы мен құсы сан жеткісіз. Түйесі мен жылқысы
жүйрік» деп әңгімелегенде, көкейімде үлкен бір арман
болушы еді.
Бізді үлкен ұшақ Алматы әуежайынан алып ұшып
көк аспан әлемін шарлағанда, бұлттардың осыншама
төменде қалатынын білмеппін. Әлсін-әлсін иллюмина
тордан жерге қараймын.
— Балам-ay, қазақ дегеннің мінезі өз дала
сына тартқан. Даласындай дарқан. Кім келсе де,
жатырқамайды. Кең дастарқанын жайып сап, қойын
сойып, сыйлап жібереді, — дейді.
Шындығында да әкемнің айтқаны айна бір қатесіз
шындық екен. Мойынқұмға жеткен соң, біздің көрген
күнімізді айтсайшы.
«Күнім, айым, құлыным, қозым» деп жатқаны.
Құшағына құшып, бетімнен шөп-шөп сүйеді. Біздің
ағайын атаулы не деген көп десеңші. Әкемнің нағашысы,
бөлесі, күйеу баласы, құдасы, бажасы дегендер жетерлік
екен. Шыны керек, мұндай аттарды менің тұңғыш
естуім. «Әке, қалада не бар. Осында келейікші» деп
оған ойымды да айттым. Ол күлді де қойды. Күніне үш
дегенім өтірік шығар, екі үйге қонаққа бардық. Әкем
айтпақшы, кең дастарқан, мол тамақ. Тіпті ет жеудің өзі
қиынға айналды. Шыны керек, мендей олжалы адам бұл
дүниеде сирек кездесер. Құлын, қозы, лақтың иесі атан
дым. Әкеме «алып кетейін десем», оны қайда бағамыз,
өскенде де келіп, жетектеп кетеміз дейді күліп. Үш-төрт
күн өткен соң, кенеп машинамен малды ауылға аттандық.
Әкемнің сөзінің бәрі рас екен. Бұрын теледидар
дан ғана көретінмін. Мұндай шексіз даланы бұрын
кім көрген. Шағыл-шағыл құм, таусылмайтын бел
дер. Оң жақта «мен биікпін» деп тау тұрса, сол иықта
«мен жазықпын, әрі шексізбін» деп дала көлбейді. Ата,
мен бұл жолы кәдімгі еліктер мен бөкендерді көрдім.
Құдды далада жайылып жүрген ешкі мен қой сияқты.
Әкем айтады: бір кезде Қарынбай деген адам өмір
сүріпті, елік соның түйесі болған дейді. Кім біледі. Әлде
өтірік, әлде шын. Құлақтары қалқайған құм қояндарын
айтсаңшы. Бізден қорқып оқша зулайды. Бір машина
тоқтағанда, әкем, көк аспанда қанатын жая қалықтаған
бүркітті көрсетті. Дала қыраны дейді. Жемін аулар
да бүркіт сонау шырқау аспаннан жерде жатқан тебен
инені кезі шалады дейді. Мен сенбеп ем, шопыр жігіт
оны қолдады. Мұндай ғажап та болады екен. Әр жер
де жыртық тоқымдай болып қар жатыр. Көктемнің кезі
еді ғой. Жылы жақтан қайтқан құстардың тізбегіне сан
жоқ. Құдды Мойынқұмды сағынып келе жатқан әкем
екеуміз сияқты.
Қойшы, сонымен түс өлетінде, ирек-ирек жолды
артқа тастап, малды ауылдың шетіне іліктік. Не деген
ғажап адамдар десеңші. Мына көктемде қазақ үйдің
ішінде тұрып жатыр. Әкем: «Балам, мына қазақ үйлерде
біздің ата-бабамыз тұрған. Олар көшіп-қонып жүрген.
Жаз жайлауға шықса, қыс қыстауға мекендеген» дейді.
Шындығында, біздің бабаларымыз нағыз батыр халық
болған екен ғой. Әйтпесе, бұлай өмір сүре ме?
Ата, сіз бұрынғыдан қартайып кеткен сияқтысыз.
Мені көре сап: «Әу, қарапұшық. Мынау менің өмірімнің
жалғасы ма?» деп құшақтап, қалың ішігіңіздің ішіне
тығып жібердіңіз ғой. Әуелі әкемді ұмытып кеткен
сиқтысыз. Әуелі, апамда ес жоқ.
— Үйбай-ау, оның не? Жаман ырым бастап, —
деп біреу киліге кетіп еді, сақалы беліне түскен қалың
қабақты бір қарт.
— Тәйт, онысы несі. Мойнына мінгізіп асыраған
жалғыз қарасы ат арытып, сонау қияннан кеп тұрса,
қуанғаннан неге жыламасқа, — деп тиып тастады.
Шындығында менің әкем сіздің жалғыз ұлыңыз
екен. Мен де жалғызбын. Әттең, менің де ағайым, інім
болса ғой.
Сәлден соң қазақ үй ішін ел дүмеп алды. Бәрі бізге
таңырқай қарайды. Алдымен әкеммен амандасып, со
нан соң бас салып мені сүйеді. Айтатындары:
—Балаларың кеп, көзайым болдыңдар ма? — дейді.
Көзайым дегенді, шыны керек, түсінбей-ақ қойдым. Бір
байқағаным, осы маңдағы ең қарт адам сіз сияқтысыз.
Ауылдың балаларының жаны не деген сірі. Жалаңқабат
көйлектерінің сыртынан күпайке, аяқтарына қоңылтяқ
етік, пима киіп шапқылап жүр. Тоңу деген ойларына ке
лер емес. Әуелі мұрындарының үсті тершіп жүргеңдерін
де көрдім. Жағалай қонған бес-алты киіз үйдің он
бес шақты баласы бар екен. Біразы каникулға аудан
орталығынан келіпті. Атқа мініп, зулай шапқандарын
көрсең. Кәдімгі кинолардағы нағыз батырлар дерсің.
Аттан құлап қаламын-ау деген ой қаперлеріне келмейді.
Шыны керек, өзіңіз айтатын «жекеменшік келін» —
менің мамам Зағила, балалардың мына киім киісін көрсе,
аузын ашып, көзін жұмар еді.
Сол күні қазақ үйде кішігірім той-томалақ болды. Сіз
жақын маңдағы отарлардағы қойшыларға ат жіберіп,
алдырдыңыз. Өңшең бір әкем құралпас адамдар.
— Әу,Бекенбісің. Екі жастың біріне келмей, шашың
ағарып. Бірақ ғалым болу да оңай емес-ау, — деп әкем-
ді бас салып жатқаны. Расында, Бекен әкем құрдастары-
на қарағанда, қартайып кеткен сияқты. Шаштары
бозғылт тартып, жүзі сүп-сүр. Әжімдері де баршылық.
Ал, құрдастары ше. Бет-жүзіне қызыл ойнап, күнге
тотыққан ылғи бір денелі адамдар. Намысың келеді.
Менің қас-қабағыма қараған апам ошақ басына бара
қалсам:
— Менің кішкентай Бекенім. Құйып қойған өзі.
Тіпті күлкісі де аумайды, — деп мені құшағына алады
да, сүйеді кеп. Енді бірде:
— Әй, қарапұшық. Сен де әкеңе ұқсап, мына бізді
тастап, қалада қалып қаласың ба? — дейді аузын
бұлтитып.
Мен басымды шайқаймын.
—Апа, мен оқуды бітірген соң, тура Мойынқұмға
келемін, — деймін.
Апам мәз.
—Тірі бол, әйтеуір. Сөзіннен, тіліңнен, ниетіңнен
айналдым, — дейді ол. — Малым, жерім деп мына қу
шал Мойынқұмнан шықпай қойған жоқ па! Әйтпесе,
сол қалаға барып Бекенім мен Зағиламның жанында
қолымды жылы суға малып отырмаймын ба? Ух...
Сәлден соң әкем істіктеп толтырған қара сандықты
апама берген. Сол-ақ екен, үй толы кісі шу ете қалысты.
Сізге деп құнды құндыз бөрік алғанбыз. Апама бұлғын
ішік жапты. Онан кейінгісі орамал, салы, етік, кебіс.
Ең аяғы көк базардан сатып алған насыбайына дейін
ел үлесіп кетті. Апамның мақтанышында шек жоқ.
Отырған жұртқа шекесінен қарап, бұлғын ішікті киіп,
біраз қойқаңдап алды.
Қойшы, сонымен бір кезде қазақ үйдің іргесінде жа
тып, ұйықтап кетіпті.
Алакеуімде оянсам, сіздің құшағыңызда жатыр
мын. Ойлай келе Мойынқұмда екенімді білгенде, қатты
қуанып кеттім. Қазақ ұйі іші алакөлеңке. Сыртта ауық-
ауық үрген ит дауысы естілді.
— Ата, — дедім сыбырлап. Жауап орнына сіз мені
«құлыным» деп сыбырлай құшақтай түстіңіз. Кейде бір
қалаға сіз келіп кеткеннен соң, көпке дейін ұмыта алмай
есім шығатын. Тіпті көк базарға барып, насыбай сатқан
қарттарды сырттай көріп қатушы ем. Енді сіз жаным
да жатырсыз. Ойланып жатып көзім қайтадан ілініп
кетіпті. Тек бір сәтте барып:
— Ау, құлыным, тұра ғой, асырайтын ұлдың түрін
қара, — деп маңдайымнан иіскеген апамның дауысынан
оянып кеттім. Қымбатты ата! Мен турасын айтайын.
Мен осында келіп тұрайыншы.Қаладан жалығып
кеттім. Сау болыңыз, Бекен.
ТҮНГІ КЕЗДЕСУ
Қарауылдың иір-иір жолдарының жан-жақтан
кеп қосылған айналмадан артаманырақ жерде біздің
ұжымның қырманы бар. Жал-жал боп үйілген дән та
уларын, жирафтың, мойнындай иілген ұшырғыштарды,
құмырсқадай жорғалаған машина керуендерін, күн
қақтаған құрыш білекті біздің ауылдың адамдарының
суретін салуға құмармын-ақ, әттең, суретші емеспін.
Қырман іші кешкісін құлпырып сала береді. Комбай-
нерлердің тамаққа келетін уақыты. Бүкіл алапты
күндізгідей жарқырататын прожекторлар көздің жауын
алады. Әттең, Құланбай карт айтпақшы, әлі баламыз.
Ақан екеуіміздің қолымыздан келетіні — үйілген дәнді
ұшырғыштың апандай аузына тығу. Оның өзі де оңай
емес. Жан-жақтан жалмап жатқан айдаһардай көрінген
алапат жеп те, құсып та жатады.
Түн. Сары масаның саябырлаған шағы еді. Қазақ
үйдің іші. Ақан әлдеқашан ұйқыға кеткен. Кешке дейінгі
танымсыз тірлік шаршатқан сияқты. Көзім іліне беріп,
дүр еткен дауыстан оянып кеттім. Сәлден соң құбыла
беттен күбір-күбір сөз естілді.
«Неге сыбырласады» дедім өзіме-өзім сұрақ қойып.
Керегеден сыртқа құлақ тіктім. Бірі Қостай екені анық.
«Р»-ды «л» деп сөйлейді.
Екіншісі кім? Осы қырманның «алып кел, барып
келі» атанған шаруашылық машинасының шопыры
Қостай күн көкжиекке жартыкештене-ақ бар бәлені
басына үйіп-төгіп, кешті даттап, қырман меңгерушісі
Әбдірәсілді асты-үстіне түсіп мақтап, қарасын жоғалта-
тын. Бүгін неге қалды екен, ә? Байқаусызда оның «бізде
азық жоқ, бидайда жазық жоқ» дегенін құлағым шалып
қалды. Құпияның сырын ашпақ боп, есіктен шығып,
тұспалдай кеп, есік пен төрдей жерге жата кеттім.
Қостай мен бейтаныстың әңгімесі ұзаққа созылды.
— Әй, Ореке, есепшіге жаздырамын дедім гой.
Өзіміздің ағайын. Шұрқ етпе. Жалаңтөбеге барғанда
қатырамыз. Түнде кім көріпті. Екі рет лақ еткіз де,
бетін сабанмен бүркей сал.
— Өте қиын шаруа ғой, — деді гүр-гүр еткен бей
таныс.
— Түу, осыншама қорқақ па едің, — деді Қостай
енді қайрай сөйлеп. — Дүрбімен қарап тұрған ешкім
жоқ. Тіршілік дегенді білесің. Мөңіреп тұрған мал бар.
Құсы құрғыр тағы.
Екеуі бір сәт үнсіз қалды.
— Жарайды. Жүз берейін. Тек екі бункер. Әкел
қолыңды, — деді Қостай. Екеуі орнынан тұрғандай
болды.
— Комбайнға апарып таста, — деді бейтаныс.
— Құлдық! — деді Қостай жылпылдап.
— Бағанадан бері мәселені осылай шеше салу керек
еді.
— Өзің емес пе? Бос сөз, көп сөз, — деді гүр еткен
бейтаныс машина есігін сарт жауып.
Сол сәтте машина от алды да, фарын жарқ еткізіп,
алға қарай жүріп берді.
Ұйқым келсе ше. Шалқамнан жатқан күйі ой үстінде-
мін. Қазақ үйдің түңлігінен аспан төрі көрінгендей.
Жыпырлап тұрған жұлдыз. Қостай ауылымызға тиіп
тұрған аудан орталығындағы автобазаның осы ұжымға
жіберілген адамы. Біздің ауылдың қызына үйленген.
Елдің көбі «күйеу» деп сыйлайды. Өзі де тілін безеп
қалған, қылжақбас, иненің көзінен өтетін адам. Ақан
Қостайды «сужұқпас» деп атайды. Жұмыс десе керенау
кимылдайтын Қостай тамаққа келгеңде, беті шімірікпей,
ортадан ойып орын алатын да:
—Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған, — деп
астың дәмдісін жеп, мұртын сылайтын.
Әншейінде Құланбай шалды көргенде «ассалаумаға-
лейкум» деп дауыстап сәлем беріп, қос қолын ұсынып
бәйек болса, ұзай бере қабағын түйіп, «қақырығы
қатып қалған кәпір» деп бір сыбап алатын. Оның жөні
де бар. Осы қырмаңдағы қаһарлы күзетші Құланбай
қарияның назарынан өткен-кеткен, бөтен кісі, салт
атты, автомашина тыс қалып көрген емес.
— Елдің ырзығы. Үкімет бақ деген екен, өткен-
кеткеннің қоржын-қоржынына салып берер дәнім жоқ,
— деп, қалың қабағы түксиіп, шиті мылтығын асынып,
тыным таппай, түн бойы қырманды айналып жүргені.
— Сонау аштықта осының түйірін таппай, қорлық
көріп, талай қасіретті бастан кешкенбіз. Жарықтық
дән-ай...
Қостай қырман басына келгеннен кейін жарты ай өте
Құланбай қарттың «қармағына» түскен. Қызыліңірде
Құланбай қарт қырманды есепшіге тапсырып, биесін
тұсауға кеткенде, Ақан Қостайдың бір мөшек бидайды
қаптап, машинаның кузовына ытқытып жібергенін
көріпті. Кешкі тамақтан дәм татпай қайтпайтын
Қостай асханаға жөнелгенде, қырдан оралған күзетші
қартты Ақан машинаға бағыттапты. Сол күні Құланбай
қарттың ашуланғанын көрсең. Қостайды мылтықпен
атып тастардай-ақ. Асханаға гүр-гүр етіп кіріп келсін:
— Әй, жылпылдақ. Анауың не? — деп ақырып
қалды. Ac ішіп отырған ел өре тұрды.
— Тапқан екенсің майшелпекті. Түсір, қане!
Қостай қорқақ екен. Екі көзі тас төбесіне шығып,
сыртқа ата жөнелді. Ешнәрсеге түсіне қоймаған жұрт
Құланбайдың соңынан ерген. Қостайдың нән мөшек
бидайды ышқына көтеріп жерге түсіргенін көргенде,
жұрт жағасын ұстаған.
Енді, міне, тағы да қу құлқынын ойлап, түлкіше
бұлаңдап жүргені мынау. Биылғы жылы Қарауыл да
ласына жауын жауып, егін бітік боп, көмекке аудан
шаруашылықтарынан комбайнерлер келген. Әлгіңдегі
бейтаныс соның бірі шығар. «Ақшаның құлы болғанша,
адамның ұлы бол» деуші еді, апам. Ары ойлап, бері ой
лап түйгенім, Қостай бейтаныс досына Жалаңтөбеде екі
бункер астықты далаға төктіріп, бетін сабанмен жауып,
жасырып бір түнде үйіне тасып алуға бекінген. Талай
астық Қостайдың оңай олжасы болмақ. Құланбай атаға
жасаған қысасы.
Екі-үш күн өте, кешкісін Қостай қырман басын айнал-
шықтап шықпай қойды. Бұрын шым батып жоғалушы
еді. Оқыс қылығы кімді болса да таң қалдырғандай
еді. Ақан бидай ұшыра жүріп, басқаға білдірмей, бөлек
шығайық деп ымдады.
— «Шпион» бүгін шекараны бұзады? — деді бы
лай шыға.
— Дөңгелектерін үрлеп жатуын қарашы, — дедім
мен. Қостай анда-санда жан-жағына ұрлана көз та
стап, жан-тәнімен жұмысқа беріліпті. Ауық-ауық егінді
алқапқа қарап қояды.
— Әлдекімді күтулі, — дедім күдігімді жасырмай.
— Мүмкін. Тек көзден таса қылмайық. Бекбай
ағаға бар сырды айтамыз, — деді ол.
Жаздың асықпайтын мамыражай кеші бастала ком
байнерлер тамақтарын ішіп, егін даласына аттанған.
Жақ сақалды, қара мұртты қайыс қара Қостайдың
машинасының жанынан өте беріп:
— Әй, Қостай. Хал жақсы ма? Жалаңтөбені жай
пап салайын деп барамын, — деп дауыстады.
— Жарайсың, Жәдігерім, — деді Қостай.
Ақан екеуіміз қырманның ар жағындағы таразы ба
сына ұштық. Бекбай әңгімемізді сабырмен тыңдап:
— Әй, бұларың шын ба? —деді бізге сенбей.
— Барлаушылардың дерегі нақты. «Шпион» бүгін
шекараны бұзады, — деді Ақан сөзін қайталап.
— Солай де. Аса қауіпті шпион екен, — деді ол
мырс етіп.
— Мен кезекті Бибігүлге табыстайын. Құланбай
аталарыңның биесінің жанындағы қос жиренді алып
келіңдер...
Қостай енді ғана кілттерін жиып болып, қолын жууға
құдыққа кетіп бара жатыр екен. Қимылы ширақ.
Ай Жоңғарға іліне қоймаған. Қарауылдың үстіне
сансыз жұлдыз қонақтап қалғандай. Ерсілі-қарсылы
өтіп жатқан автомашиналардың жарығы көздің жауын
алады.
Жалаңтөбеге қыр астындағы жаға жолмен әлгінде
келдік. Аумағы атшаптырым төбе маңын жалғыз ком
байн арлы-берлі дамылсыз айналып жүр.
—Айтқаным айдай келді. Мынау Жәдігер, —
деймін қуанып.
—Әліптің артын бағайық, — дейді Бекбай
таразышы. Шынында Жалаңтөбенің астындағы бдай
белден келеді.
Дархандығында шек жоқ.
—Осы араның бір қылтасында Қостайдың маши
насы тұр, — деді Ақан сыбырлап. Комбайнмен ілесе
жүріп астық тиеген үлкен «Зил» ыңырана қозғалып
әлгінде ғана жанымыздан өткен.
—Ендігі кезек сенікі, — деп сыбырлаған Ақан.
Бірақ бәрі біз ойлағандай болмай шықты. Түнгі сағат
бірлерде барып, Жәдігердің комбайны келесі атызға ау
ысты.
—Шпион шекараны бұзбады, — деді Бекбай арқан
бойы көтерілген айға қарап.
— Сен уәделескенін анық естідің ғой?
— Құлағым керең емес, — деп ашулаңдым Ақанға.
— Дауды қойыңдар, — деді Бекбай дүңк етіл.
Шай қайнатым уақыт өте, комбайндар дүрілі тола
стай бастаған.
—Тсс, — деді оқыс Ақан сыбыр етіп. — Ана тұстан
жарық өшіп жаңды.
— Е, қойшы.
— Шын, оллаһи, биллаһи.
— Көзіңе елестеген шығар.
—Ақырын сөйле. Өзі тіпті жап-жақын. Қарақуыстың
самалы еркін соғып, жер дүниені сипап өткен. Көк жүз-
інде жұлдыздар дәл біз отырған тұсқа жарқырап төніп
калғандай.
— Әне, — деді Ақан жақын маңнан жанып-өшкен
жарықты көрсетіп.
— Жақындайық,
—деді
Бекбай
иығындағы
мылтығын қолына алып.
—Мынау Қостай, — деді Ақан.
— Мүмкін, машинасы бұзылып қалған шопырлар-
дың бірі де, — деді осы бір сәт Бекбай.
— Ақан шала бүлінді.
— Мына түнде, айдалада, есі ауысқан адам болмаса
несі бар?
— Әй, баламысың деген. Қауырт шақ, кім біліпті,
— деді күңк еткен Бекбай.
Борпылдақ топырақты кеше басып, Жалаңтөбенің
бауырына жақындап келгенде, анадайдан қарайған әлде
ненің сұлбасы көрінді. Машина екен.
—Түу, сыртынан барайық, — деді Бекбай сыбыр
етіп. — Бөтен біреу боп ұятқа қалмайық.
Қызықты қара. Машинаның қорабын аңқайта ашып,
Қостай аңқылдап-гүрсілдеп бір үйме бидайды тиеп
жатыр. Қаперіне ештеңе келер емес, жазғанның. Іш
көйлекшең. Машинасын үйіндіге таяу қойып. Шама
сы дегбірі қашып, әлсін-әлсін үйіңдіге жарық түсіретін
сияқты. «Мәселе түсінікті» деймін ішімнен. Жәдігер
ісін тындырып, тартып отырған.
—Олжаң көбейсін, — деді осы сәт гүр еткен Бек
бай.
— «Шпион» қолға түсті, — деді Ақан мырс етіп.
Қостай оқыс шыққан үннен дауыстап жібере жаздап,
әзер тоқтады.
—Кімсіңдер? — деді жанұшыра.
—Алдымен өзіңді таныстыр, — деді мылтық
кезенген Бекбай.
Қостай таразышының дауысын танып үлгеріпті.
— Жаным, аға. Сіз екенсіз ғой. Құрыдым.
Кешіріңіз, айыбымды, — деді Қостай тізерлей отыра
кетіп.
— Қолыңмен істегенінді мойныңмен көтересің,
Қостай, — дейді Бекбай міз бақпастан.
Ертеңіне Бекбай мен Жәдігерді ауданға алып кетті.
Бір таңғалғаным, сол шіркіндерді аяп, мүсіркеген
ешкімді байқамадым.
«АЙЫРЫҚША ТАПСЫРМА»
Біз бұл шалдың есімін де білмейді екенбіз. Әйтеуір
апамның сөзі көршідегі шал деп басталады. Біз үшін
ол—шежіре ата. Ауылдың шеткі жағындағы тоқал
үйде тұрады. Жалғыз басты. Кемпірі осыдан екі жыл
бұрын қайтыс болыпты. Қызы бар деп еститінбіз.
Қызы үлкен қалада, жоғарғы жерде қызмет істейді
дейді ел. Өзінде таңның атысы, күннің батысы бір
тыным жоқ. Таңертеңгісін көзімді тырнай ашып, апыл-
ғұпыл киініп, тамағымды ішіп мектепке жүгіріп бара
жатқан кезде, ол өзен жақтан ала биені жетектеп қарсы
шығады.
— Ассаламағаликум, ата, — деймін.
— Уағалейкуммуссаләм, бақытты бол, балам, —
дейді ол жылы үн қатып. Қолында тұсамыс кендір жіп.
Қыл шылбырмен шапанының белін қынай буьп
алған. Бұл оның қорыққа барардағы әдеті. Қазір
қақпаға биесін байлап, үйге кіріп, күміс бас ерді
алып шығып, асықпай ерттейді. Сонан соң құрақ ат
көрпені ер үстіне жауып, биенің ауыздығын алып, үй
артындағы бақшаның ішіне арқандайды. Қайтарында
екі иінінен дем алған самаурынды үйге алып кіріп,
кішкене тістеуікпен кесектеп бөлінген қантпен қызыл
күрең шайды ішеді. Әбден шайға қанып болған соң,
ыдыс-аяғын жиып, шәйнек астындағы шоқты өшіріп,
сыртқа беттейді. Биеге мінбес бұрын, шеңгелмен
қоршаған бақшаны аралап жүріп, теңкиіп-теңкиіп
жатқан қауындардың бір-екеуін алып ала қоржынға
сүңгітіп жібереді де, қақпадан шығады. Бұл сәт ұзын
шыңжырмен байлаулы жатқан қара төбет еркелей
орнынан тұрып, аяғына оралады. Қоржынды аулаға
қоя сап, үйге қайта еніп, жуынды әкеп итке құяды да,
сұқ саусағын көрсетіп әлдене деп, қоржынды қолына
алады. Не дейтінін мен естімей-ақ білемін.
— Ал, Мойнақ, мен қорыққа кеттім. Қауынды
жөндеп күзет. Тентек балаларға көк қауынды үздірме,
— дегені. Шынында да, Мойнақ азу тістерін ақсита
сұс танытып, бақшаны айналдыра тартқан сымның
бойымен ерсілі-қарсылы шапқылайды. Адам да, мал да
бақшаға жолай алмайды. Мойнақ айбаттана ырылдап,
құлағын жымқырып, оқша атылғанда, батырмын деген
Көканың өзі талай тұра қашқан.
Шежіре ата есігін құлыптап, ала биеге қонғанда,
үйде қалған жалғыз ғана қаһарлы күзетші Мойнақ
құйрығын бұлғаңдатып, шығарып салады. Мойнақтың
күзеттен босап, иесіне еретін шағы жеміс түйіндегенше.
Ол кезде Мойнақ-та бұл айбар болмайды. Азу тісін
көрсетіп, ашу танытпайды. Үстіне мініп алсаңда, былқ
етпейді. Бұраң етіп жығыла кетеді. Осы менің апам қызық. Шежіре атаммен өрттей өш. Биесін жетектеп суаттан келе жатқанын көрсе: «Қара шал таң атпай қаздаңдап жүр».— Мұржасынан түтінді көрсе: «Қара шал қара шайын қайнатып жатыр».— Мойнаққа жу ынды құйса: «Қара шал көк қауынын итіне тапсырып жатыр». Биесіне мінсе: «Қақшаңдап қорығына кетті», — деп күңк-күңк сөйлеумен болады. — Апа, сол атайда нең бар?—деймін кейде шыда май кетіп. Апам шатынап шыға келеді: — Е, неменеге қорғыштай қалдың оны. Жақсы бол са, жалғыз қала ма? Анау Алматыда дөкей қызметкер қызы бар. Соның қолына барып, қолын жылы суға ма лып отырмай ма? Бүкшең-бүкшең етіп көк қарбызды бағып жүргенше, — дейді апам. — Атам ауылды қимайды, — деймін мен. — Қимағаны емес, қалаға сыймайды ғой. Анау қара иті мен көк шөбін қайтеді. Біздің ауылда шежіре атаның қауынын аңдымаған бала кемде-кем шығар. Батырсынған талайдың тауы шағылған. Бірақ шежіре шал сараң да емес. Қауын жегіміз келсе, топталып үйіне барамыз. Бақшадан бүкшеңдеп барып бес-алты қауынды үзіп әкеп, жайпақ астауға турайды. Мейліңше тойдырады. — Балаларым, «Ұрлық түбі—қорлық» де ген. Ұрлағанша, өздерің келіп, сәлемдеріңді беріп, бұйымтайларыңды айтыңдар. Ұялмаңдар. Сендердің сәлемдеріңнің садағасы. Қауын да сендер сияқты көк әлі. Желісін үзсе, олар да өспей қалады,— дейді, кереуетінің үстіне жантая жатып. Шалдың ақ пейіліне рахметімізді жаудырып біз кетеміз.
Бір күні шежіре атамның жайы болмады білем, ала бие үй артындағы бақшада арқандаулы тұрды да қойды. Түтіні де шықпады. Таңертеңгі шайда апам да жұмсара қапты. — Қара шал екі-үш күн болды, науқас екен. Әлгінде шайына қатсын деп, бір аяқ сүт апарып бердім бейшарға, — деді. Жаным ашып кетті. — Өзі алпыстың алтауына шығыпты. Осы күнгінің шалы да қағылез. Доғдыр қыз әкеп берген екі түйнек дәріні, менің көзімше езіп ап, шайқап-шайқап, таңдайына тастап жібергені,— деп бір таңданып қойды. Тамағымды апыл-ғұпыл ішіп ап, мектепке жүгірдім. Төртінші кластың ұлдарын түгел жинап алып, шежіре шалдың жағдайын баяндадым. Тек Көка деген бала: — Қауынға тоятын болдық-ау! — деп дауыстап жіберді. — Ұрлап па? — дедім мен зілдене қарап. — Енді ше? — деді ол. — Біз саған ұрлата қоймаспыз,—деді біздің кластың тазалықшысы Бақыт. — Пах, пах! — Көмектесу керек, — деді Нұр. — Табылған ақыл,—деді Бейбіт. Біздің класта Жарылқасын апайдан кейінгі бастық. — Қызық болсын. Біздің көмектескенімізді шежіре атам білмесін,-деді Еңбек. Балалар таңырқай шу ете түсті, Мен шежіре шалдың күндегі істейтін жұмысын балаларға бүге-шігесіне дейін баяндап бердім. Олар зейін қойып тыңдады, — Біз айырықша тапсырма орындайтын коман да құруымыз керек. Команданың құпиясын өз бала ларымыз ғана білетін болсын. Кәне, командаға кім
мүше болғысы келмейді,— дедім мен. Шынында,
балалардың бәрі қуанышты еді. Құдды барлауға бара
тын жауынгерлерше құлшынып алыпты. Көка бастаған
екі-үш бала бұрылып жүріп кетті.
Команданың командирі Бейбіт болды. Топтың атын
«Айырықша тапсырма» деп қойдық. «Айырықша
тапсырманың» балалары түстен кейін шежіре атамның
үйінің сыртындағы ойда жиналатын боп уәде еттік.
Қабырғаны жағалай салынған кереуеттің үстінде
қызыл шыт көрпені қымтай жамылып шежіре атам
отыр әлдекіммен сөйлесуде.
— Сөздерін тыңдау керек,—деп күбір етті Бейбіт.
— Қайтіп?—дедім мен.
— Есіктің саңылауынан тыңдаймыз.
— Біліп қойса,—дедім күңк етіп.
— Қорқақ, — деді Бейбіт. Терезенің астымен
Қабырғалай есікке жеттік.
— Біреу көріп қойса, қайтеміз?
— Көрмейді,—дейді ол.
Демімізді ішке тартып, есікке құлақ тіктік. Жүрегім
тарс-тұрс соғып кетті. Екі өкпем демігіп, тыны
сым тарылып бара жатқандай. Саңылаудан сығалап
тұрмын. Бұрыштағы келінің үстіне ер-тұрман қойыпты.
Қазандықта от лаулап жанып жатыр. Түскі шайын ішіп,
үлкен столды жинамай қалдырып, ыдыс-аяқтың бетіне
орамал жауып қойыпты. Шежіре атаның жанындағы
адамның дауысын бірден таныдым Әуес. Шежіре атам
мен бірге қорық күзетеді. Қатты сөйлейді. Шежіре шал
ауық-ауық ыңқылдап қояды. Алғашқыда әңгіме Әуестің
көңіл сұрағанынан басталып, бірте-бірте өздерінің
жұмысына ойысты. Шежіре атамның ауруының да
сыры бар екен. Осыдан екі күн бұрын бейтаныс екеу өзі
күзететін қорыққа ұрланып кіріп, құс атыпты. Шежіре шал мылтығын оқтап қарсы шыққан екен, әлгілер маши насына түсіп ап, шалға қарап мылтығын аспанға атып, қара жолға түсіп тайып отырыпты. Шежіре шал атының басын өзенге қарай бұрып, төтесінен шықпақ екен, астындағы бие тік жағалаудан өрге шығарда сүрініп жығылып, шал сыпырылып суға түсіпті. Мұздай су денесінен етіп, қызуы көтеріліп, ала биемен ауылға әрең жетіпті. Содан жатқан беті болса керек. — Құтылып кетті-ау, иттер-ай,—деді Әуес сөзге араласып. — Бұрын да келіп жүрген қаскүнемдер болса ке рек. Әуелі асығатын түрі жоқ, патшағарлардың. Сақ болғаның жөн,—деп ескертті шежіре шал. Сонан соң екеуі біраз үнсіз қалды. Бейбіт екеуміз есікке құлақ түрдік. , — Әй, Әуес балам, әмсе бүйтіп төсек тартып жата бермеспін. Шаншу тараса менде тұрып қалармын. Қолың тисе, Ақжардың түбінен он шақты шөмеленің басын құрап шауып едім, жинаусыз қалды. Қурап ке тер, жинай салсаң қайтеді?— деді сәлден соң. — Мақұл, ата! Ертең болмаса, бүгін Бекторыдағы малды ауылға барып, ат айырбастап қайтамын. Мәстегім титықтап бітті,— деді Әуес.— Ал, енді мен қайтайын, тез сауығыңыз.— Ол кетпек ыңғай таныт ты. Бейбіт екеуміз сыртқа шыққан күйі, зыр жүгіріп ойда жатқан балаларға жеттік. — «Айырықша тапсырманың» жауынгерлері, біз орындайтын үлкен жұмыс табылды. Менің бұйрығым бойынша, үйден ешкімге көрсетпей аша, тырма алып келесіңдер. Жиналатын жер осы ара. Ақжарға барамыз.
— Ертең түстен кейінге қалдырсақ қайтеді?—деді
Нұр.
— Кеш болады,—дедім мен.
— Айтылған нәрсе орындалуы керек,—деді Бейбіт
сұс танытып. Тура командир сияқты өзі. Қалың қабағын
түйіп қойды. Газеттен ұқыптап жасаған қалпағын көзіне
түсіре киген. Үстіндегі пагонды көйлегі, шынында, тура
әскери адамға ұқсатады өзін. Үйге келсем, апам ұршығын
иіріп болып, енді көзілдірігін киіп, іс машинасына
отырыпты. Апамның мінезі маған бесенеден белгілі. Бір
істі қолға алса, оны тамамдамай тынбайды. Ыңылдап
отырып, баппен, асықпай жөніне келтіреді. Маған
назар да аударған жоқ. Шолаңға кірдім. Сарайды
аралап шықтым. Тырма да, аша да көзге ілінбейді..
Кілетке бұрылдым. Добаладай қара құлып. Кілті
апамның үстінен бір тастамайтын қамзолында екені
анық. Уақыт болса, мұндайда зымырап өте шықпай ма.
Кілтті апамнан сұрайын десем, ала көзденіп баж ете
қалуы бар. Кілтті маған ұстатпайды. Осыдан екі күн
бұрын апам менің сабағыма кірген. Мұғалимамыз ап
дегенде-ақ, мені тақтаға шығарып, маңдай терімді
сығып алды. Әншейінде оп-оңай шығатын мәселе
есептің жолын тапсамшы. Бейбіт кеп көмектесті. Сол
күннен бастап қолға еркін тиетін велосипед кілттеліп,
қамауға түскен. Мектептен келе-ақ апам:
— Адам болмайсың. Мамырбектің боқмұрын ұлы
құрлы болмадың. Сабағыңды жөндеп оқып, үштеріңді
жойғанша
«шайтан
арбамен»
қоштасасың,—деді
бұрқан-талқан боп. Боқмұрыны—Бейбіт те, шайтан
арбасы —велосипед. Кенет көзіме аша, тырма алған
Еңбекхан түсе кетті. Қуып жетіп, жайымды айтып ем,
ашасын ұсынды.
Қара ойға алғашқы келген екеуміз екен. Сәлден соң
Бейбіт пен Нұр жетті. Уәдеде тұрмаған тек Бақыт қана
еді.
— Апасы басқа жаққа жұмсап жібермесін,—деді
Нұр. Кенет төбешікте отырған Бейбіт сұқ саусағымен
әлденені көрсетіп, ішек-сілесі қатқанша күлгені ғой кеп.
Жылдам басып, Бейбіттің жанына жеттік. Күлетін жөні
бар екен. Қос шелекті мойнына сап, Бақыт өзенге қарай
бар екпінімен жүгіріп барады. Қос шелек мойынағашқа
соғылып даңғыр-даңғыр етеді.
— Айттым ғой,— деді Нұр мақтанып.
— Оның апасы екі шелек су әкелмей, оны ешқайда
жібермейді.
Бақыт өзеннен суды ала сап, қайта үйге қарай ұшты.
Құдды майпаңдаған жорға дерсің. Епті-ақ. Лыпылдаған
екі шелек судың бір тамшысын төгер емес. Ауық-ауық
біз жаққа қарап қояды.
Сәлден соң, екі өкпесін қолына алып, алқынған
Бақыт жетті. Сел-сел боп терлепті.
— Жолды кім біледі?— деді Бейбіт.
— Мен,—деді Бақыт.
— Кеттік, баста,—дедік біз. Алды да Бақыт,
соңында біз. Жаздың соңғы айы ғой. Көк шалғын
биыл өзен бойына бітік шығыпты. Қорыққа бастайтын
жалғыз аяқ жол сол нудың ортасын қылыштай қақ тіліп,
жыланша ирелеңдеп келеді. Кей жерде, тіпті, Бейбіттен
басқамыздың бойымыз көрінбей қалады.
— Ойбай!— деді бастап келе жатқан Бақыт, Ойда
жоқта атып кетіп.
— Не болды?
— Жылан ғой деймін. Аяғымды жыбыр еткізді.
— Тфу,—деді Нұр жерге түкіріп,—ол шөптің
сабағы, әйтпесе кесіртке. Жылан қалың шөптің ара
сында жүрмейді.— Шынында, бәріміз жалаң аяқ,
турсишең болатынбыз.
— Қорықтың шекарасына жеттік,—деді сәлден
соң Бақыт.
— Міне, тиіп тұр,—деді ол, қолымен нұсқап. Біз
ауылдан шыққанда, күн тас төбеден ауа бастаған, енді
біраз жерге ұзап кетіпті. Аққу бұлттар апамның түткен
шудасындай мап-мамық. Күнге көз тоқтатсаң, дөңгелек
шардың айналасын қоршаған тағы бір үлкенірек қызғылт
та көкшіл шеңберді байқайсың.
— Жұлдыз санап тұрсың ба, ей, кеттік,—деді Нұр.
Өзен арнасы бұл жерде кеңейіп гүр-гүр етіп долдана
ағады. Ауыл ішіндегі тымық күйінен айрылыпты.
— Шежіре шалдың айтуына қарағанда, осы
жағада. Не бас жақта, не төменде. Екіге бөлінуіміз
керек. Шежіре атамнан басқа ешкім бұл арадан шөп
шаппайды,— деді Бейбіт.— Дұрысы сол. Жолымыз
дан кездестірсек, бір-бірімізге ысқырып хабар береміз.
Келістік пе?
— Келістік,— деп ду ете қалды балалар. Біз Бейбіт
екеуміз жарды жағалай құлдиладық та, олар үшеуі
жоғары өрледі. Біз жүрген сайын қалыңға ене бердік.
Бейбіт алда, мен артта. Ойда жоқта бір қорқыныштың
сап ете түскені. Егер шөп арасында тығылып жатқан
қасқырдың үстінен шықсақ, бас салмас па екен?
Жүрегім дүрсілдеп кетті.
— Әй,— деді Бейбіт мені аңдып келе жатқандай
дауыстап. Ашамды бекем ұстап, артқа ыршып кеттім.
Бейбіт көзінен жасы аққанша күледі.
— Су жүрек, қоян.
Қайта жүрдік. Сәлден соң бойымыз көрінбейтін
қалың құраққа тап болдық. Тіпті қорқа бастадым. Бейбіт болса, ештеңені елер емес. Басын тұқырайта қалыңды бойлап барады. — Бейбіт, бұл жақта шабылған шөп жоқ қой деймін. — Ол мені тыңдар емес. Ойлап қарасам, біз үлкен түбекке тап болыппыз. Біраздан соң жар басына шығып, төменге көз салдық. Бейбіт дауыстап жіберді. — Шөп, шөп! Сонан соң қос саусағын аузына са лып, ысқырып қалды. Жоғары өрлеген үшеуі де бізді көріпті. Аша, тырмасын көтеріп шу ете қалысты. Өзеннің жардан алшақтап, төмен құлдилаған жерінде футбол алаңындай төрт бұрышты, жолақ-жолақ боп, шабылған шөп жатыр. — Орындарыңнан кетпеңдер. Біз адасып қаламыз,—деп дауыстады Бақыт. Олар келгенше, біз жар үстінде тұрдық. — Біз елік көрдік,— деді Бақыт. — Лағы бар екен,—деді Нұр. — Қорықпайды өзі, тура қолға үйренген сияқты,— деді Еңбек, бірінші рет көргендей. Біз төменге түстік те, шөп шабылған түбекке келдік. Шалғымен шапқан шөп дегди бастапты. Бейбіт ортаға шығып: — Бастадық,— деді қолын көрсетіп. Әп-сәттің ішінде теңкиіп-теңкиіп жатқан асқабақтай боп, жыпырлаған шөмелелер құжынады да кетті. — Демалыс жариялаймын,—деді сәлден соң Бейбіт. Маңдай терімізді сүртіп, үйген шөмелерімізге қисая кеттік... Күн көкжиекке еңкейе, біз шабылған шөпті шөмелелеп тастап, ауылға барар жолға түстік. Кинолардағы барлаудан оралған солдаттарша, қосылып
ән бастадық. Өзеннің бойына түскенде, Бейбіт:
«Біздің бұл ісімізді ешкім білуге тиіс емес. Сондықтан
біртіндеп тарайық»,— деді. Бірінші боп Бақыт қайтты
да, ең соңғы кезек маған тиді. Өйткені бұл жерге менің
үйім жақын.
Әне-міне дегенше, тағы бір тапсырманың кезегі кеп
жетті. Үлкен үзілісте бес бала көз қысысып, басқаларға
білдірмей, шеттеу шығып кеттік. Ортаға тағы Бейбіт
шықты.
— Шежіре атам бүгін таң атпастан тұрып, қауынын
жинап, Мойнақтың жанына үйіп, біртіндеп кілетке
тасыды. Үсік болады деп қауіптенсе керек. Бес-алты
қауын апарғаннан соң, шаршап қалды. Асығыс жұмысы
болды ма, кім білсін, ала биесіне мініп, қорыққа кетті,
Кешкісін оралатын сияқты,— деді асыға сөйлеп.—
Шежіре шал келгенде таң қалсын, біз сол қауынды
кілетке толық жинап қоюмыз керек.
— Мойнақ бізді маңайлатар ма екен?—деді Бақыт
жұлып алғандай.
— Иә, Мойнақ мәселесі қиын боп тұр. Егер
кешіксек, тапсырма орындалмай қалады. Сондықтан
біз Мойнақпен тіл табуымыз керек. Жиналатын жерге
әркім өз айласын ойлап келсін.
Біз әп-сәтте қайта жиналдық. Бақыт бір табаға жуық
нанды ұсақтап, дорбаға сап әкепті.
— Кайткен күнде де мен бақшаның күнгей жағынан
кеп Мойнаққа нан тастауым керек. Сол кезде сендер
жұмысқа кірісесіңдер,—дейді ол.
— Ал, Мойнақ нанды жемей, сенің шақырғаныңа
келмей қойса ше?
Бақыт төмен қарап ойланып қалды. Нұр атасының
брезент плащын алып кепті. Оның ойынша плащтан
тіс өтпейді. Ит үйрететін шекарашыларша Мойнаққа
жақындап бару керек те, тамағынан қармап, шынжы
рын қысқартып байлап, содан соң жұмысқа кірісу ке
рек. Бұл айладан да бәріміз бас тарттық. Жан-жақтағы
ел көріп қойып, көмекке жүгірсе, ұры атанбаймыз ба?
Еңбекхан Алдар Көсенің таяғын жасап кепті. Кино
дан көргені ғой.
Мойнақ оңай-оспақ ит емес. Қадалған жерінен
айрылмайтын ақылды ит. Таяқты тістемей бір ырғып
балағыңнан алып жерге түсірсе, жағдайың қиынға
айналғаны.
Мен жіпті түйнектеп басына ет байлап әкелгенмін.
Бақшаны айнала қоршаған шеңгелдің тасасынан таяқты
ішке қарай сүңгітіп жіберіп, Мойнақты дауыстап
шақырамын. Сол кезде ол етке жармасып жатқанда,
балалар қауынды тасып үлгермек. Ал егер Мойнақ
етті жемесе ше? Тыңдап болған Бейбіт өзінің айласын
баяндады. Ол өзінің ақ күшігін ала кепті. Ақ күшікті мой-
нынан ұзын қып байлап бақшаның күнгей жақ шетінен
түсірмек. Сол сәт Мойнақ жетеді. Күшікті иіскеп,
құйрығын бұлғаңдатып, сәлден соң ойынға кіріседі.
Қауын жатқан жер мен кілет Мойнаққа көрінбей қалуы
керек те, біз іске кірісеміз.
— Ал егер Мойнақ ақ күшікпен ойнамай, бізді біліп
қойып тұра ұмтылса ше?—деді Нұр.
— Еңбекхан Алдар Көсенің таяғына мініп, кілеттің
қабырғасына сүйеніп, басын қылтитып қарап тұрады.
Ит келе жатса, бізге белгі береді. Сонан соң, өзі тез
ырғып кілеттің төбесіне шығып, итті абалатпай нан та
стап алдандырып бақшаның қоршауына жетіп, сыртқа
қарғып түсіп, белгілі орынға келеді.
— Етті де саңлаудан кіргізіп қою керек,—дедім.
— Таласып жүрмесе?—деді Бақыт. Нұр қарқ-қарқ
күлді.
— Мойнақ өзінен кіші күшікті талап не көрініпті.
Сөйтіп жоспар құрдық. Ақ күшік пен ет ілінген қармақ
сабын ұстауды Бейбітке тапсырдық. Еңбекхан Алдар
Көсенің таяғына мініп, нанды қолына алды. Біз үшеуміз
қауын тасушымыз. Күн тас төбеден ауып, қиыр беттегі
өз көмбесіне бет түзеген. Саңылаудан сығалай қарасақ,
қауын мен Мойнақтың арасы жап-жақын. Кілет он
шақты қадам жерде аузы ашық. Мойнақ сабан үстіндегі
көлеңкеде тәтті ұйқыға кетіпті. Енді сәлден соң күнгей
жақтан Бейбіт ақ күшікті бақшаға түсіру керек. Күтіп
жатырмыз. Міне, Мойнақ басын жерден жұлып алды
да, орнынан атып тұрды. Бейбіт ақ күшікті бақшаға
түсіріп үлгерген екен. Мойнақ шынжырын сүйреп, со-
лай ұмтылады. Біз де кілеттің түсынан қарғып түсіп,
бір-бір қауыңды ала сала, ішке ұмтылдық. Ауық-
ауық таяққа мінген Еңбекханға қараймыз. Ол басын
шайқайды. Іштей санап қоямын. Байқасам, Нұр да
күбірлеп жұр.
— Тоғыз, он екі, он бес...
— Жылдамдат!—деп сыбырлады Еңбекхан.
— Отыз екі, отыз бес...
Асығыста екі қарбызды жарып алдық. Бақыттың
түріне қарасаң, күлгің келеді. Танауы пысылдап, көзі
бадырайып, аяғы-аяғына тимей жұр.
— Қырық бес, қырық сегіз, елу бір. Әп-сәтте үйіліп
жатқан қауынды еңсеріп тастадық. Қимылымызға көз
ілеспейді.
— Не де болса, бәрін тасып үлгерсек,— деймін мен
ішімнен. Еңбекханнан әлі хабар жоқ.
— Алпыс екі, алпыс бес, алпыс сегіз. Енді екі рейс
жасасақ, біткені. Енді Еңбекханның өзі сыбырлап са
най бастады.
— Бітті! Бір-екі қауын ала шық.—Шеңгелдің
тікеніне қарамай, ырғып-ырғып кетістік. Артынша Ал
дар Көсенің таяғын сүйретіп Еңбекхан келді.
— Мұндайды, тіпті, барлаушылар да жасай алмай
ды. Сендерден гөрі менің тапсырмам қауіптірек бол
ды,—дейді ол.
— Жоқ, біздікі,—дейді Нұр дау айтып.
— Ойласаңшы, егер ит сезіп тұра ұмтылса, сен
дер қашып үлгересіңдер,—дейді ол, мақтана сөйлеп.
Сәлден соң Бейбіт жетті.
— Тапсырма орындалды, жолдас командир!—деп,
бір ауыздан саңқ-саңқ етістік, Ол: «Рахмет, батыр
лар!»,—дейді.
Байқап қарасаң, қолында ақ күшік жоқ. Қайда деп
сұрасақ, байлаған жібін шешіп, бақшаға қоя беріпті. «Ақ
күшік ақылды. Үйді өзі тауып барады. Сен ақ күшіктің
Мойнақты қалай алдағанын көрсең»,—деп, ол әңгімесін
бастады. Ақ күшік бақшаға түскен кезде, Бейбіт күшік
боп үреді де, Мойнақ солай ұмтылады. Айбармен ашу
лана ұмтылған Мойнақты көрген ақ күшік құйрығын
бұлғаңдатып қасқайып тұрып қарсы алады. Мойнақтың
ашуы басыла қап, баяу басып ақ күшікке жақындаса, ақ
күшік жығыла кетеді. Сөйтіп, ойын басталады. Еркінсіп
алған ақ күшік енді қос аяғымен секіріп Мойнақтың
үстіне шығып, мойнынан тістелеп ап, қашады. Иттің
ойнағаны қызық қой. Бірі қашса, бірі қуады. Бейбіттің
кеткенін де Мойнақ байқамапты. Әйтпесе, бір шабала
на ұмтылуға бар.
— Наның
өзіңде
қалатын
болды
ғой,—деп
шиқылдай күлді Нұр, Бақытты мазақтап.
— Мен оны Мойнақтың күркесінің алдына
лақтырып тастап кеттім.
— Дұрыс болған,—деді Бейбіт. Сәлден соң бәріміз
көйлегімізді шешіп суға жүгірістік.
Үшінші тапсырманың хабарын Нұр жеткізді.
Кешкісін сабақ жаттап отырса, ойда жоқта қыл шыл
бырмен белін буып алған Шежіре атам кіріп кепті. Апа
сы үйде жоқ болса керек, Нұрдың көзі алақандай боп
ты. Нұрдың атасы тоған басында болатын. Жоңышқа
суармақшы екен. Апасымен әңгімелесіп отырғанда,
Нұр сабақ жаттаған сыңай танытып, сөздерінің бәрін
тыңдап алыпты. Шежіре атамның жылына төрт ша
батын екпе жоңышқасы бар. Онда да ала биесі үшін
еккен. Сол шабындығын үш рет шауып ап, енді соны
суғарып соңғы рет шабудың қамында екен. Шынында
күздің алғашқы айы жақындап қалған.
— Кісім үйде жоқ еді, бүгін суарып алғаныңыз жөн
ғой,— дейді апасы. Оған Шежіре шал: «Ойбай, әлгі
бекіткі жоқ»,— депті. Апасы тоспаның добалдай кілтін
Нұрдан сұраса, ол түк білмегенсіп басын шайқайды.
Шежіре шал: «Қап»,— деп, күрегін арқалап, үйіне
қайтқанда, Нұр сабағын оқып боп, ашық сарайдың
маңдайшасындағы ағытпаның кілтін ала сап, Бей-
біттікіне жетіпті.
Шежіре атамның бекітпе деп жүргені өзеннен елдің
бақшасына тартылған арықтарға су қоя беретін көмейдегі
бөгеттің кілті. Әп-сәттің ішінде басымыз құрала қапты.
— Атаң бүгін келуші ме еді?—деп сұрадық біз.
— Жоқ,— деді ол.— Бүгін су азайып кетті деп,
Кеңқарындағы көмейге кеткен.
Бір-бір күректі алып келдік те, жоспар құрдық. Су
жібермес бұрын шежіре шалдың бақшасына кіретін
арықтың бойын түгел тәртіпке келтіру керек. Шежіре
шалдың үйі ең шетте. Оған жеткенше талай бақшаға
бұрылады. Су арыққа сыймай, жолдағы бөгесінді
жырып кетсе, елдің бақшасына су кіріп, ертең айғай-шу
болады. Сондықтан әр бөгетті биік қып бекіту керек.
Бейбіт әр біреуімізге тапсырма бере бастады. Мен бақша
түбінде қалдым да, өзгелері арықты өрлеп кетті. Олар
әр бөгетті жіті қадағалап, биіктете қомдап, су жібермек.
Ал маған берілген тапсырма өзгеше. Мен түн ішінде
бақшаға түсіп, жоңышқа суғаруым керек. Мойнақтың
жоңышқа сепкен жерге шынжыры жетпейді. Үргеніне
қарамастан, су келгенше, дайындап қоюым керек.
Келістім:
— Егер Мойнақ бос боп, бас салса қайтемін,—деп
ем, олар ду күлді.
— Қорқақ,—деді әуелі Бақыт. Мойнақ мына
қорғаннан қарғи алмайды. Тек Шежіре шалдан сақ бол.
Ұры екен деп, күрекпен салып кетіп жұрмесін.
Арық қуысымен ішке кірдім. Олар бақшаның жайын
менен жақсы біледі екен. Бақшаның жоңышқа себілген
беті шеңгелмен бөлініп, бітелген екен.
Ит аунамасын деген ғой. Аршылған арықтың ішін
еңбектей отырып, екі бөлек боп себілген жоңышқаның
ортасынан басына шықтым. Шежіре атам бәрін дай
ындап қойыпты. Тек су жібер де бақыла да тұр.
Құлағымды үй жаққа тіктім. Ала биенің шөпті быртыл
дата шайнағаны естіледі. Тіпті, құйрығымен сауырын
сабалағанына дейін ап-анық. Шежіре атам науқастан-
ғаннан бері қорық жақтан шөп теңдеп әкелді де, ала
биені өзен бойына қоя бермей, үй іргесіне шөп сап
байлап қояды. Мойнақ та анда-санда ауыл шулатқан
көп итке қосылып бір ауп етіп қойып, ұйқысын қимай
жатыр. Бақшаның ішінде тұра беруге батылым барма
ды. Біреу тығылып жатып шап беріп ұстай алатындай
көрінді. Жүгіріп қайта шықтым. Асығамын деп жүріп
көйлегімнің арқасын жыртып алдым. Арқамды да жы
рып кеткен сияқты. Жып-жылымшы бірдеңе ағып,
ашып барады. Күрегімді алған күйі, бақшаны айналып
өтіп, арықтың арнасына түсіп, жоғары қарай жүгіре
жөнелдім.
Үш-төрт бала күбір-күбір етіп, әлденені күшене
итереді. Біле қойдым. Біздің сабаздар. Қорқытсам ба
екен деп бір тұрдым. Қазір иығыма күрегімді сап, да
уысымды жуандатып, дыбыс берсем, балалардың безе
жөнелетіні анық. Әсіресе, Бақыт бірінші ұшар-ау.
— Бір, екі, үш!..
— Ура, су төмен қарай ағылды,— деді Нұр бір сәт.
Сөйткенше болған жоқ, су сылдыры естілді.
Қайта бақшаға келдік. Көмейде Еңбекхан қалды.
Сәлден соң су да кеп жеткен. Балақты түрініп тастап,
Бейбіт екеуміз бақшаға ендік.
Екпінді келген су әп-сәттің ішінде бақшаны кеулеп
жөнелді. Әсіресе ай жарығы бізге көп көмек етті.
— Ендігісі басын бекіткенше, сарқынды сумен
қанығады.Басын бекіту керек,—деді Бақыт. Бәріміз
бөгемеге қайта келіп, темір кілтпен бұрап суды өзенге
бұрдық.
— Ертең шежіре шал таңқалатын болды-ау,—
дестік.— «Айрықша тапсырманың» істеп жүргенін.
қайдан білсін.
Бейбіттің ұсынысы бойынша суарылған жоңышқаны
шолып, үйге тарастық.
Әне-міне дегенше, бес-алты күн өте шықты. Балалар
келесі тапсырманы күтіп, тықыршып жұр. Ауық-ауық
жиналып, тарасамыз. Бір күні суға шомылмақ боп жа
тыр ек, құстай ұшып Еңбекхан жетті.
— Сүйінші, балалар, сүйінші!—Бәріміз орнымыз
дан өре түрегелдік. Екі иығынан дем алып алқынып тұр.
— Шежіре атам Ақбасын жегіп қорыққа кетті.
Мойнақты да ала кетті.
Бәріміз тез киініп ап, шежіре шалдікіңе келдік.
Шашылған шөп-шалам, қағаз қиындысы. Анадай жер
де жүзі кеткен балта, жанында ағаш жаратын томар
жатыр. Кілетті де, үйді де құлыптап, сыртынан тірепті.
Келген бетте-ақ, үйдің айналасын тінтіп кетістік. Бейбіт
бақша аралап, Нұр, Бақыт қораға кірді. Еңбекхан:
— Атам қора ішінен ұра қаза бастапты. Бітіре ал
мапты, біз аяқтайтын болдық,—деді Нұр мен Бақыт
қуанып.
— Бізге де жұмыс табылды,—деді Бейбіт пен
Еңбекхан. Шежіре атам бақшасындагы ағаштың
қураған бұтақтарын қиып ап, қысқалап шауып тамызық
жасамақ екен. Қол тигендегі ермегі болса керек. Біраз
тамызық жарып кілеттің бұрышындағы кішкене қораға
жинапты. Бейбіт сырттан әлдекім көріп қояды деп,
қақпаны ішінен мықтап бекітіп келді де, ағаш жаратын
томарды сүйрей жөнелді. Қамыстан жасалған ашық
қорадан күрек тауып алған Нұр мен Бақыт ұра қазуға
кірісті. Тек бос тұрған мен ғана.
— Әркім өзі тапқан жұмысын өзі істейді,—деп
мені мазақтай күлді Бақыт. Намыстанып кеттім.
Айнала қарасам, қолға іліп алар ештеңе көрінбейді.
Құс қораның үстіндегі сыпырғышты көргенде, қуанып
кеттім. Ала салдым да, ауланы сыпыра жөнелдім. Аула
іші шынында лас екен. Шежіре атамның қолы тимесе
керек. Шашылған қағаз, көди-сөди, жыртылған шүбе-
рек. Кір-қоқысты бұрышқа үйдім де, кішкене қол арбаға
сап, күресінге тарта бастадым...
Еңбекхан қораның артына жиналған қураған талдан
құшақтап әкеп бұтап, ұсатылған ағашты ұқыптап жинап
жатыр. Көз қиығымен маған қарап, күлімсіреп қояды.
Бақыт пен Нұр қора ішінде ұра қазумен әуре.
Әркім өз жұмысын бітіріп, енді кетуге айналғанда,
жиналған шошақ шөптің үстінде отырған Нұр дауыстап
қалды:
— Кеп
қалды,
зыттық!—Бүкшеңдей
басып,
бақшаның ішінен сыртқа шықтық.
— Көргенің жақсы болды, әйтпесе, Мойнақ түте-
түтемізді шығаратын еді.
— Осы жерде жатып, шежіре атам не істейді екен
бақылайықшы,— деді Нұр. Келісе кеттік.
— Таң қалатын шығар?
— Қап, қақпаны тарс қып ішінен бекітіп едім,—
деді Бейбіт.—Аша алмай, әуре болатын болды-ау.—
Сөйткенше болған жоқ, ойда - жоқта қақпа ашылып
кетті де, шежіре атамның тұлғасы көрінді. Таң-тамаша
боп біраз тұрды да, биенің тізгінін қоя беріп, ауланы
аралап кетті. Қораға еніп, қайта шықты да, Мойнақты
шақырып, шынжырға байлады.
— Әй, балалар!— деп дауыстап, жан-жағына
қарады. Біз ішегіміз қатқанша күлдік.
— Біздің бала екенімізді қайдан біледі?—деді Нұр.
— Ісімізді көрмей ме? Шамасы, Шежіре шал біздің
әлгінде ғана осы аулада болғанымызды байқап қалса
керек.
— Е, мейлі, түрімізді білмесе болды да,— деді
Бейбіт. Аздан соң, шежіре атам ала биеге жегілген ар
баны кілеттің сырт жағына әкеліп доғарып, шөбін итерді
де, ала биені жетектеп өзенге беттеді. Жол тура біздің жатқан жерімізден өтетін. Еңбектеп ойға түстік те, үйге тарттық. Үшінші сабақтан мені ойда жоқта мектеп директоры шақыра қалды. Батылсыздана есік тықылдатып ем: — Кір,—деді әлдекім. Есікті ашсам, қарсы алдым да шежіре атам отыр. Сәнденіп киініп алыпты. Басында бөрік, үстінде ала шапан. Белін белбеумен қынай буып алған. Жанында қауын толы қара ала қоржыны. — Ә, келдің бе, отыр,—деді жылы сөйлеген директор. ‘ Түсім өзгеріп кетсе керек, салым суға кеткен жан ша шеттеу орындыққа отыра кеттім. Сөйткенше, есік тықылдап, Бейбіт пен Нұрдың басы көрінді. Құбыжықты көргендей, есікті қайта жаба қойып еді: — Әй, балалар, жоғары шығыңдар!—деген мек теп директорының әмірлі үні естілді. Олар менің жаны ма жайғасып отыра бере, Еңбекхан мен Бақыт жетті. Әсіресе Бақыттың түрі қызық-ақ. Домалақ жүзі қара күрең тартып, көзі адырайып, кер танауы пыс-пыс етеді. Көзінің астымен шежіре шалға ұрлана қарап қояды. — Бәрі келіп болды,—деді есіктен соңғы екеуінің артынан кірген біздің класс жетекшіміз Алпысбай Ах метсафин. — Дұрыс-дұрыс,— деп қойып, директор бізге күлімсірей қарап,— сендер, оқушыларсыңдар. Шындықты айтуға тиіссіңдер,— деді. Жетекшіміздің түсі сұсты. Әлсін-әлсін шежіре атамның қара ала қоржынына қарап қояды. Шамасы бізді қауын ұрлаған ұрылар деп ойласа керек. Ауықауық «сендер ме, оңбайсыңдар» дегендей көзін тігеді
— Балалар, мына қарияны танисыңдар ма?—деді
сәлден соң директор.
— Иә, танимыз!— деп бір ауыздан шу ете түстік.
— Бәрі де өзімнің балаларым ғой,—дейді шежіре
атам да, күңк етіп.
— Олай болса, осы қария сендерге үлкен рақметін
айтқалы кеп отыр,—деді ол. Жетекшіміздің жақсылық
хабарды естіген соң, жүзі жылып сала берді.
— Әрқашан үлкен адамдарға көмектесіп, оларға
қолқабыс жасау, әр баланың міндеті борышы. Солай
емес пе, балалар?
Біз басымызды изеп бүкшие түстік.
— Сендер азаматтық, тіпті ерлік жасапсыңдар
деп айтуға болады. Бес-алты кұннің ішінде сендер
қарияның жоңышқасын суғарып, ағашын бұтап, есігінің
алдын сыпырып, ұрасын қазып беріпсіңдер. Осының
бәрін орындаған «Айырықша тапсырманың» ерлері
сендерсіңдер ғой? Үн қатқан ешкім жоқ.
— Әуелі есік алдындағы Мойнақтан да айласын
асырып кетіпті бұл жігіттер,—деді қария.
— Міне, мәселе осында. Сендердің үлкендерге
көмектескендерің жақсы-ақ. Тек, абайсызда ұрынып
қала ма деп, қария да, біз де қорқамыз. Ақсақал үйден
шығарда, сендердің келетіндеріңді біліп, итін өзімен
бірге қорыққа алып кетіп жүрген көрінеді. Енді ашық
сөйлесейікші.
— Біз екенімізді шежіре ата қалай білді екен?—
деді Бейбіт сыбырлай сөйлеп. Шамасы, ол біреуміз
мақтанып айтып қойды деп ойласа керек.
— Әй, Бейбіт, сенің достарың ешкімге сыр
айтқан жоқ. Тек аңғалдықтың арқасында қолға түсіп
қалдыңдар. Директор тартпасын ашып газеттен жасалған
бес қалпақты алып шығып столының үстіне қойды.
— Мыналар таныс болар,—деді ол күлімсіреп. Ба
лалар бірден маған қарады. Кеше аулада жұмыс таба
алмай дағдарып тұрғанда, балалар мені мазақтап:
— Сенің көмегің осы болсын, мыналарды бағып
отыр,—деп күлген. Артынша есік алдын сыпырарда
бұрышқа қоя сап, жел ұшырып кетер деп, таспен басты
рып кеткенмін. Шежіре атам кеп қалды деп дүркірей
қашқанда, қалып қойыпты. Тіпті, ешқайсымыздың
ойымызға келмепті.
— Міне, мынау Нұрдікі,—деді директор қалпақтың
ішінде жазылған жазуды оқып шығып. Мойындамасқа
болмайды. Бейбіт болған оқиғаны бастан-аяқ баян
дап шықты. Жағалай отырғандар бірде күліп, бірде
сүйсінген нышан танытты. Бейбіт айтып біткенде,
шежіре шал орнынан тұрып, бәрімізді маңдайымыздан
сүйіп, бір-бір қауын ұстатты.
— Рақмет, балаларым, көсегелерің көгерсін!—деп
арқамыздан қақты.
АТАМНЫҢ АЛТЫНЫ
Біз жайлауға көшерде, күн ашық болды, да таң бо-
зынан машинаға жүкті тиеп қойыпты. Маған әкелуді
тапсырды. Өзен жиырма қадамдай жерде, жеделдей ба-
рып, асыға оралдым. Атам білегін түріп күтіп отыр екен.
— Ал,
балам,
суды
сыздықтатып
құясың.
Алпамсадай алып дене бүгіле, күс-күс қолдарын созды.
— Абайжан, сен маған қой айдасасың,—деді.
Жаңылыс естідім бе деп, аңтарыла қарап ем сөзін
нықтай түсті.
— Кербестіні мінесің.
Қуанғанымды көрсең! Атам екі айтпайды... Үстінде
отырған апам дауыстап:,
— Жылы киіміңді алдың ба? Анау қоржынын бір
жақ басында сусын бар, нан да сонда. Аттан құлап
қалма!
— Анау домалақ төбелердің арасында менің да ізім
жатыр. Сонда тура сен сияқты бала кезім еді,- деді ұзап
жолға түскен соң, атам.
— Ата, сол ізіңіз әлі өшкен жоқ па?
Сендей күнімде сол жерде қозы баққанмын. Кенет
атам оң жақ бетке қарап: «Оңбассың!» деп , дауы
стап қалды да, шаба жөнелді. Қой бытырап кетті де
сем, ақсерке жүрістен жаңылмай, жолдың табанымен
келеді. Тебініп қап бетке шықтым. Таяқ тастам жерде
бір топ қой жатыр. Атам айқай сап, қуалап жүр. Айнала
шабады.Кербестіге қамшы басып, шашыраған қойдың
бір жағына мен.
— Шетке қарай айда!—деді атам, анадайдан. Екі
жақтап қойды бетке өрлеттік. Сол кезде белең астынан
біреу шапқын жорғамен ағызып шыға келді де қарсы
шапты.
—Тапатал түсте қойыңды қойыма қосқаның не
ей?— деді анау дігерлеп. Атамды жасы кішінің «ей» деп
сөйлегенін көрген емеспін. Әуелі директор Қанаттың өзі
де: ассалаума-ғалайкум»,— деп сәлем беріп, «ақсақал»
деп сыйласатын.
— Әй, Наушабай, сөз тыңда. Есік көрісіп, ас бөлісіп
ішкен жанбыз!— дей беріп еді,
— Асыңды бұлдама, айтарыңды айт!
— Сөзге қонақ бер, анауың не? Ит-ау, анықтап
қарашы. Елдің ырзығы емес пе! Ана күздікке қойыңды
неге жаясың?
— Күздігі несі-ей?—деді Наушабай, жан-жағына
алақтай қарап.
— Енді көрдің бе? Байлығың асып бара жатса
қалтаңнан төле,—деді атам атын бұрып. Біраздан соң
Наушабай қуып жетті.
— Ақсақал, айып менен!—деп атын көлденеңдетті.
Атамда үн жоқ. Наушабай қайта жалынды.
—Ақсақал-ай, «ашу—дұшпан, ақыл—дос» деген
ғой.
Атам бұрылмады. Наушабай анандай жерге озып,
атынан түсіп, басындағы бөркін жұлып алды да,
жақындап келген атамның алдына тастады.
— Аяғыңа жығылдым, ақсақал! Балаңыздың
қылығын кешіріңіз!
— Әй, Наушабай, басқа болса жөн, сенің сөзің өтіп
кетті. Қиястығымды көрместен, артқан кінәңнің жөнін
айтшы? Алтын ғой толған мынау жер, бәрімізге жетеді.
Тек жинап ал, жинай біл!
Атамның сөзіне таңмын. Естуімше, алтын деген —
қымбат зат.
— Ата, сол алтынды біз неге жинап алмаймыз?
— Е, балам, өсе келе оны да табасың. Қадірін
білсең, алтын көп...
Түкке түсінсем, бұйырмасын! Атама қарасам, қиыр
шетке қадала қарап, ой құшағына шомыл кетіпті...
Екі-үш күн өтті. Атам қойын беткейге өргізіп кет
кенде, екі бала тезек сұрап келді. Жерден жеті қоян
тапқандай қуандым. Үйде жалғыз қалып, не істерімді
білмей отыр едім. Сөйтсем, Наушабайдың отары бізбен
көрші қоныпты. Мына екеуі соның балалары екен.
Біз жеткен күні кешкісін жаңбыр жауған. Шелектеп
құйғандай сарылдап кеп төкті. Ондайда апам ұқыпты.
Етектегі қоныстан екі қанар таптама қиды машинаға
салғанын көргенмін. Шофер апамның мұнысын
жақтырмай, тартыншақтағанда:
— Әй, балам, түйеге теңдеп жатқан жоқпыз.
Машинаға жүк ауыр ма?—деп, табандап тұрып алды.
Міне, бүгін соның пайдасы тиді. Асхат та, Бекзат та
бұл маңды бес саусағындай біледі екен. Қозы санағандай
жарыса сөйлейді.
— Бүркіттінің бүлдіргені әлі піскен жоқ. Енді бір-
екі аптада бабына келеді,—деді Асхат тамсанып.
— Бұл тауда аю бар,— деді Бекзат шошынып.—
Ол қарақатты жақсы көреді.
— Екі ортада аю бас салса қайтеміз?—деппін мен,
тау бөктерінде жүргендей. Екеуі қосыла күлісті.
— Аяғымыз бар емес пе, қашып құтыламыз,—деді
Асхат.— Аюды көре сала таудан ылдиға қарай қашқан
жөн. Кекілі көзіне түсіп кетіп, еңіске жүгіре»алмайды.
— Жоғары қарай қашсаң, аттатпай қуып жетеді,—
деді Бекзат.
Былтыр Наушабайдың бір қойын көтеріп ала
жөнеліпті. Адамнан қорықпайды. Қойдың етін бірден
жемей, жерге көміп сасытады екен.
Олар маған қарағанда, көп біледі екен. Был
тыр суырға қақпан құрыпты. Арқар көріпті. Таудың
сарымсағын теріпті. Бүркіттің ескі ұясына барыпты.
Айта берсе, тіпті көп.
— Мен сендерге бір қызық айтайын,-— дедім.
Екеуі аузыма төне қалды. — Айтсам, осы тауда алтын
бар екен. Нанбасаң, атамнан сұра, іздесең табылады
деді.
— Ойпырмай, ә!—деді Асхат таңданып. Бекзат та
аң-таң.
— Сенің атаң шын айтады,—деді ол тау жаққа
бұрылып.
— Қап, күннің шықпай тұрғаны-ай, ә! Анау
Бүркіттінің сай-саласынан жарқырап әлдене көрінуіші
еді. Мүмкін сол алтын шығар.
— Кім біледі?..
— Іздесек қайтеді?—дедім. Екеуі қуана қостады.
Асхат та, Бекзат та Бұркітті жаққа бұрылды.
Көгілдір белең, иірім-иірім қой тас. Тауды қақ жарып,
Өзен ағады. Қия-қия сұсты құз.
— Анау бір тұста кездесейік,—деді Асхат.
— Қашан?
— Ертең таңертең. Қой өрген соң.
Көкке аунай кеттім. Алтын ойыма тұскенде, атып
тұрып, Бүркіттіге тағы көз тастадым. Шынында
атамның ертегісіндегі ат басындай алтын табыла қалса.
Асхат, Бекзат үшеуміз көтеріп, үйге кіріп келсек апам,
атам да қуанар еді-ау... Сонан соң оны музейге өткізсек,
біздің атағымызды бүкіл ел біледі. «Алтын тапқыштар»
дер еді бізді. Егер таба алмасақ, Наушабайдың бала
ларына өтірікші боламын-ау, ә? Е, неге? Атамның өзі:
«Мынау жердің бәрі толған алтын. Іздесең, табасың»,—
деді ғой.
Уәделі жерде кездестік. Жұмыртқадай жұп-жұмыр
қой тасы жыпырлаған алаң. Оң жақта тау өзені кең
аңғарды басына көтере сарқырап жатыр. Жақпар-
жақпар құздар өзенге төніп қалған.
Асхат та, Бекзат та саяхатқа бекем әзірленіп келіпті.
Белдерінде ұзын арқан, аяқтарында бәтеңіке. Бір-бір
таяқ қолда. Менің бас-аяғыма қарап Бекзат:
— Мынауың не?—деді.—Киім ки. Жауын жауса,
пана жасап аласың, бір қап ал. Арқан мен бәкіні ұмытпа!
Үйге қарай жүгіре жөнелдім.
— Сіріңке, нан ала кел,—деп дауыстады Бекзат.
Үйді алыстан шолдым. Тым-тырыс. Аққан бойы
үйге кірдім. Тезектен босаған қапты теріс айналдырып
жіберіп, бір таба нанды сүңгіттім ішіне. Бәтеңкемді таба
алсамшы. Апамның ұқыпсыз дейтіні рас. Жан-жағыма
қараймын. Таптым-ау, әйтеуір. Жалма-жан киіп, тауға
қарай ұштым. Сіріңке ойыма түсіп, қайта оралдым.
Екі өкпемді қолыма алғандай болып, терлеп-тепшіп
келсем, Бекзат та, Асхат та үшті-күйлі жоқ. Ыза болып,
қой тасқа отыра кеттім. Үйлеріне кетіп қалған шығар
деп ойладым. Кенет тау күңіреніп кеткендей болды.
— Ей, адам,— деді біреу үрейлі дауыспен. Жүрегім
тас төбеме шықты.
— Бері кел. Хе... хе...
Дәу тас үстінде басына шошақша бас киім киген,
қолында таяғы бар екі адам отыр. Түсіне қойдым. Бек
зат аузын қолымен көлегейлеп, даусын зорайтып, мені
сынамақ екен.
— Әй, бері түсіңдер!
— Өзің бері өрле!
Қорыққанымды Асхат та, Бекзат та сезбепті.
— Ер екенсің!—деді екеуі.—Былтыр атамызды
қорқытқанда ауылға карай аттандай шапқан.
Біраз күлісіп алдық та, жоспар жасауға кірістік.
— Бүркіттінің бел-ортасына дейін өрлейміз,—деді
Асхат.
— Шатқалмен шықсақ қайтеді?—деді Бекзат.
Мен соңғысына келістім. Өзенге қарай сырғып түстік
те, өрлеп жүріп бердік.
— Бұл жермен әлі ешкім жүріп көрмеген болар,—
деді Асхат.
— Кім біледі?
Иір-иір аңғарлар барған сайын биіктей берді. Тау суы
мөп-мөлдір. Тастан-тасқа ырғыған толқындарға сүйсіне
қарап тұрып қалсам, екеуі дегбірсіздене айқайлайды.
— Әй, Асқар, осы алтынның түсі қандай бола
ды?—деді олар.
— Алтынның үш түрі бар,— деймін мен атамның
сөзін есіме алып.— Кесек алтын. Іздеп жүргеніміз сол.
Мына құмда да алтын бар. Бірақ өте ұсақ. Ол үшін
құмнан тазарту керек. Ол екінші түрі.
— Иә, сонан соң?
— Енді бір түрі көшпелі алтын. Ол тек түнде ғана
кездеседі. «Ұстатпайды. Жарқырап жылжып жүреді
екен.
— Қызық екен. Оны қалай ұстайды?
— Ондайда саусақты тіліп жіберіп, қанын тамыза
қойса, сонда көлкілдеп қалқып тұрған алтын қатады да
қалады».
Мен атамның айтқанынан да асырып жібердім білем.
Асхат пен Бекзат аузын ашып қалды.
Күн төбеден ауа бастады. Таудың биік өркештеріне
қазбауыр бұлттар қонақтайды да, тұрақ таппастан
шығысқа қарай жөңкіле сырғиды. Аз дем алған соң,
алға жүрдік. Бекзат бізден біраз ұзап кеткен. Оның
айқайлаған даусы естіледі. Тура жүгірдік.
— Тапты!—деді Асхат менен оза беріп. .
— Нені?
— Алтынды!
Енді мен Асхаттың алдына шықтым. Бекзат жылан
көргендей едірейіп тұр.
— Бізден бұрын да мұнда біреулер болыпты,—деді
ол. Айнала шашылған құс қауырсыны. Сүйек-саяқ.
Төмпешік боп үйілген құм.
— Олар да алтын іздеген ғой,—дедім.
— Әрине.
— Мүмкін тапқан шығар, ә!?
— Кім біледі? Бірақ біз олардан да ары баруымыз
керек. Таудан құлаған сарқырамаға жеткенде, дағдарып
тұрып қалдық. Екі жағы биік құз, терең аңғар. Су бес-
алты метрдей биіктен құлап жатыр.
— Біздің сапарымыз осымен бітті,—деді Бекзат.
Жылап жібергелі тұр. Пышақ қырындай жартасқа
қалай шығасың?
— Мен сендерге жағамен жүрейік дедім ғой,—деп
ашуланды Асхат.
— Неде болса, амалдап көрейік,—дедім мен.
Су құлап жатқан бетке қарадым. Домалақ тастар,
жуантық ағаштар. Атам асау ұстағанда, арқанды шал
малап алып, мойнына дәл түсіретін. Қапты ашып,
шумақтаулы арқанды тарқата бастадым. Асхат пен
Бекзат аң-таң. Арқанды ілгектеп, бір ағашты дәл деп
лақтырдым. Бекзат қарқылдап күлді. Бұл әрекетімнен
түк шықпады.
— Әй, Асқар, тұра тұр,—деді Асхат. Тік қабырғаға
жақындап кеп, төрт тағандап тұра қалды.
—Бекзат менің үстіме шық,ал сен Бекзаттың үстіне...
Бұл жолы арқан бір жуан ағаштың бұтағына ілінді.
Содан тартып жарқабаққа шықтым. Балалар айқайлап
жіберді. Арқанды құшақ толатын қарағайдың түбінен
мықтап байлап, төмен түсірдім. Алдымен Асхат пен
Бекзаттың жүк салған мөшектері кеп жетті. Енді олар
ды бір қорқытқым келді.
— Әй, сендер қайта беріңдер,—дедім дауыстап.
— Е, неге?
— Алтынды енді жалғыз іздеймін.
— Бір-бірімізді алдамаймыз деген уәдеміз қайда,—
деді Асхат.
Оның аңқаулығына мәз болдым...
Алып қара құстай төбеден шүйідген қара бұлт шатқал
үстіне төнгенде, біз үлкен бір үңгірге кірдік. Аспанда
от шыбық жалт-жұлт етеді. Тауды дірілдеткен жойқын
гүріл естілді. Бекзат маған:
— Қорқып тұрсың ба?— дейді.
— Е, жоқ. Мына үңгір қараңғы екен.
— Жаңбыр басылған соң кетеміз.
Тау-тасты бармақтай-бармақтай тамшылар ұрғылап
жатыр. Қалың шөп жапырыла құлапты. Тауды тауға
соққандай от жарқылдап, бет қаратпайды. Өзен суы
көтерілді, бұйра толқындар қара қошқылдана бастады.
— Әй, Асқар, мына жаңбыр басылмаса қайттік?—
деді Бекзат үрейленіп.
— Мен де соны айтамын. Бекзат, сыртқа шығып,
бұлт артын бақылап келші,—дейді Асхат.
— Қорқамын.
— Неден?
— Найзағайдан.
— Тфу, тападай тал түсте де қорқады.
— Қорықпасаң, өзің қара!
Асхат үңгірден жүгіре шығып, көзін құбыла бетке
тікті де, дауыстап қалды.
— Кемпірқосақ, кемпірқосақ! Енді жаңбыр басы
лады. Үңгірден сыртқа шықтың. Жауын толастапты.
Бірақ күн көзі көрінбейді. Таудың өркеш-өркеш найза
шоқыларын су кигіздей ауыр бұлттар бүркеп алыпты.
Сәлден кейін жаңбыр қайта жауды.
— Жаңбыр басылмайтын болды,— деп күрсінді
Асхат. Бекзат шошып кетті:
— Не дейсің, сонда осында түнейміз бе? Алтының
құрысын, мен кеттім.
Басына қапшығын бүркенген Бекзат төмен қарай
жүгіре жөнелді. Асхат екеуміз сәл кідірдік те, үңгірге
кірдік.
— Осы үңгірге қонамыз,— деді Асхат.
— Ол үшін қу ағашты мол жинап алуымыз қерек.
Қорқа бастадым. Ішімнен өзіме-өзім ұрыстым. Алтын
іздеп нем бар еді? Мына қараңғы үңгірге қалай түнейсің?
Ойда жоқта аю кеп қалса ше? Кенет ту сыртымнан Ас
хат жөтеліп қалды. Орнымнан атып тұрдым. Осы адам
қызық өзі, қорқып тұрып та, сыр білдіргісі келмейді.
— Қу қарағайды жинайық та, дөңгелектеп от
жағайық. Ортасына отырамыз. Өшіріп алмасақ болды.
Аю тұрмақ, жолбарыс та оттан қорқады.
Үйдей-үйдей тастың тасасынан су тимей қалған қу
бұтақтарды жинай бастадық. Беткейдегі қалың ағаштың
ішінен үш-төрт қу қарағай сүйреп әкелдік. Үңгір ішіне
отынды дөңгелете жиып, от қойдық. Дүрілдей жанған
от бірте-бірте лаулап, қу қарағайлар шатырлай бастады.
Бір кезде Бекзат қайтып оралды.
Қорықса керек.
— Ұйқы — жау,— дедім атамшылап.— Сондықтан
кезек-кезек күзетке тұрамыз.
Маған ең жауапты күзетшілік түннің ортасы тиді.
Таңғы күзет Асхаттікі. Қабымызды астыға төсеп,
Асхат екеуміз жантая кеттік.
— Әй, сендер оятқанда, тез ояныңдар,—деді Бек
зат. Мұндайда адам ұйықтай ала ма? Екі жамбасыма
кезек-кезек аунаймын. Ойыма атам түсті. Мені іздеп
шапқылап жүрген шығар. Апам да зыр қақты-ау...
Шіркін-ай, тым құрыса, жұдырықтай алтын тауып
алсақшы. Сонда атам да, апам да кейімес еді. Бекзатқа
ұрлана қарап қойдым. Ауық-ауық есінейді. Әлдекім
жұлқылап оятқан соң, көзімді ашып алдым.
— Әй, мына жақта әлдене ырылдайды.
— А?—дедім алғашқыда түсінбей.
— Аю,—деген дауыс шыңты. Демімізді ішімізғе
тартып, құлақ түрдік. Түнді басына көтере сарқыраған
өзеннің шуылы.
— Судың сарылы,—дедім.
Көзім ілініп кеткен екен, Бекзат тағы жұлқылады.
— Әй, Асқар, ұйқым келіп кетті!
— Қорқып тұрсың ғой?
— Шыным!..
Менің орныма жантая кеткен Бекзат сәлден соң
қорылға басты. Қалтамдағы тастарды ермек еттім. Өзім
болып та, өзге болып та бес тас ойнадым. Қалай ойна
сам да, өзім жеңіп шығамын. Күн суытқан сияқты. От
жарығының сәулесі түскен құж-құж тас құбыжықтай
көрінеді. Көкжиек ағара бастағанда, Асхатты ояттым.
Ол орнынан тұрып отқа жылынды.
— Сен жата бер,—деді ол.
— Таңғы ұйқы қиын болады, ұйықтап қалып
жүрме,— дедім...
Әлдекім құлағымның түбінен дауыстап тұр:
— Алтын таптым, түрегел!
Ұйқымды қимай жатырмын. Үйдемін деп ойласам
керек. Көзімді ашсам, жап-жарық. Асхат төбемнен
төніп тұр.
Ұшып тұрдым. Бекзат та ояныпты.
— Алтын емес пе, қарашы?— деді Асхат, домалақ
сары кесекті қолыма ұстатып. Шынында атамның
айтқанындай ап-ауыр. Күнге шағылысып, жарқ-жұрқ
етеді.
— Алтын!—дедім мақұлдап.
Бәріміз апыл-ғұпыл жүгімізді қапшыққа салып,
ауылға қарай жөнеп бердік.
— Алтынды алдымен кімге көрсетеміз?— деді
Бекзат біраз жүрген соң.
— Атама,—дедім жұлып алғандай.
— Онда қой өрмей тұрып жетейік.
Атам атын ерттеп жатыр екен. Жанында Наушабай.
— Жеңгей-ау, тентегің келе жатыр,—деді ол біз
жетер-жетпеетен. Апам есіктен жүгіре шықты.
— Қайда жүрсіңдер, ей? Ұйқы көрмедік қой түні
бойы. Әй, сен бе, сен бір күні мені жындандырасың...—
деді апам көзінің жасын сүртіп, құшағын жайды. Атам
қамшысын ыңғайлай төніп келді. Қорқып кеттім.
— Ата, біз алтын тауып әкелдік!—дедім мен.
— Міне,—деді сол сәт Асхат қапшығынан алып
шығып. Атам ашулы күйі алтынды ұстады.
— Тас қой мыналарың,— деді.— Жерде шашы
лып жатқан алтын бар ма, осы сендерге?!
— Өзіңіз емее пе, жердің бәрі толған алтын де
ген,—дедім. Балалар маған, мен атама қарадым. Атам
мырс етіп күлді.
— Е, балаларым. Мына жатқан сары дала, тау мен
тас, орман мен көл бәрі алтын. Өз бақытыңды даладан
табасың. Бір түйір дән екші, ертең аузың қимылдайды.
Оны алтын демей көрші. Алтыннан артық. Ол үшін
еңбек ету керек.
Наушабай құнжыңдап теріс айналды. Біз болсақ, не
қуанарымызды, не жыларымызды білмей, дел-сал бо
лып тұрып қалдық.
АТАМ, ТОРЫ Қ¥НАН ЖӘНЕ МЕН
Үшеуміздің бір-бірімізсіз күніміз жоқ. Кім дейсіздер
ғой? Атам, мен және торы құнан. Әне, торы құнан
жайылып жүр. Марқажонданған жайлаудың шүйгін
шебінен бас алар емес. Басын көтеріп, жан-жағына
көз тігеді. Тау бауырындағы жылқыларды шолған бо
лар. Менің ойымша торы құнанның соларға барғысы,
келеді. Жылқы ішін аңсайды. Торы тұрмақ, мына менің
өзімді айтсаңшы. Ойнайтын бала болса, бүйтіп күн
ұзын сарғайып, торы құнан мен атамның жаныңда ішім
пысып отырармын ба? Анау таяқ тастам жердегі үйдей-
үйдей қойтастарға шығып, әйтпесе анау белдің ұшар ба
сынан төменге көз салар едім.
«Әй, балам»,—деген даусы естіліп қалды. Атам
көзін қолымен көлегейлеп, қия бетке қарап қалыпты.
Маған қолын бұлғайды кеп. Жүгіріп жанына бардым.
— Тынышжан-ай, көзің өткір ғой. Анау жаққа
қарашы! Жаным-ау, біреу шауып келе ме?—Делебесі
қозып тұғырдан ұшар қыранша қомданып бей-берекет
болды да қалды.
— Қалай шабады-ей! Сілтеуін-ай, шіркіннің! Бауы
рын қалай-қалай жазады-ей!
— Ата-ау, Қабастың баласы ғой,—дедім, құлаға
мінген анау қайқаңға шыққанда.
— Не дейді. Әлгі Қабастың дейсің бе? Ойбай-ау,
ол шіркінге де мұндай мініс бітеді екен-ау,— деді атам
қызғанышын жасыра алмай, ол белден асып жоқ болған
сәтте. Сонан соң, домалақ жүзі бүлк-бүлк етіп торы
құнанға көз тікті. Намыстанып кеттім. Торы құнанға
бір, атама бір ұрлана қарап қойдым. Әттең, құламен
қатар қойып жарыстырар ма едім. Шынында, Қабастың
құнаны атам ойлағандай құс жетпес жүйрік пе екен?
— Ата, ата, біздің торы құнан осы құладан озып
кетпесе қара да тұр,—дедім. Атам жалт қарады.
— Ойымнан шықтың,—деді риза болып. Сонан
соң анандай жерде арқандаулы тұрған торы құнанға
қарады. Торы құнан атамды бірден таниды. Еркелей
жер тарпып, қарсы жүреді.
— Әй, Тынышбек, арқанын шешші, мынаның,—
деді дауыстап.
Қызыл күрең тобылғы түбіне күрмей байланған
арқанды шешіп, құнанды жетектеп, қасына келдім.
Бетінің түгі жыбырлап, әлде,неге мазасыз.
— Тынышжан, әй, торы құнан құладан озады дедің
бе? — деп сұрады, сонан соң.
— Иә, ата,— дедім. Атам ойланып қалды.
— Балам, үйден жүгіріп барып тоқым әкеле қойшы.
Айылды ұмытпа,— деді. Қайтып келсем, атам торы
құнанды шеттеу дөңнің басына жетектегі шығып, жа
лын тарап тұр екен. Әлсін-әлсін күбірлеп қояды
— Бол, бас аяғыңды,— деді атам, анандайдан
тықыршып. Атам торының арқасын алақанымен сипап
жіберіп, тоқымды салып, айылымен тартып тастады да:
— Мін!— деді. Екі ырғып барып зорға міндім.
Оныма өзім де қатты қысылдым. Мұндайда атамның
«қалтасындағы ашуы» атқып шығуы да мүмкін.
— Ау, басын анау Киікбелеңге тіре де, бері бұрыл.
Сонан соң, барынша көсілт,— деді атам.
Масаты кілемдей құлпырған Аман үсті көңілді
жадыратып, қуаныш әкеледі. Бәрінен де тас түбіне
тығылып өсетін қызыл гүлдерді айтсаңшы! Жүгіріп
білді. Төреші ысқырығы ойынның біткенін хабарлады.
Ертеңіне мектеп құрама командасымен Балабек ау
дан орталығына жүріп кетті. Командада ептеген өзгеріс
бар еді. Жанай командадан шығарылып, орнына Жанат
капитан болып сайланған еді.
ІЗГІЛІК
Мен каникулға шыққанда, Бижамал әпкем уәделес-
кендей-ақ келе қалды. — Оу, менің бауырым, әжесін
асырайтын болыпты. Енді дәу жігіт. Төртінші кластың
оқушысы,— деп қуанып жүр. Әжем қостап қояды.
— Кітапты жақсы оқиды. Жазуы маржандай.
Фермаға барып, саған көмектеседі. Ерте тұрады. Керек
десе бұзауды да бағады.
Шын айтып тұр ма деп, әжемнің жүзіне үңілсем,
айна қатесіз, сенімді нышан танытады. Мен киімдерімді
чемоданға салып жатқанда, әжемнің тапсырмасы естіліп
жатты.
— Балық аулаймын деп суға кетіп қалып жүрмесін.
Көзіңнен таса қылма. Балалар ұрып тастамасын. Сыртқа
көп шықпаған болбыр ғой...
Қанша бір ашулансам да, әжеме аузымды ашпаймын.
Өйткені қазір ұрысса, енді біраздан соң маңдайымнан
сүйіп, аймалап отырады. Сөйткенше мотор үні естілді.
Кабинаның ішінде отырған дудар бас шофер: —Мына
жігіт те бара ма? — деп сұрады. Үнінен жақтырмаған
нышан сезіледі.
—Басыңа бейнет болып жүрмей ме?
— Е, неге?— деді Бижамал жұлып алғандай.
— Әй, менің баламды жамандамаңдар, —деді әжем.
— Оны көрерміз.
«Көрсек көрерміз»,— дедім ішімнен.
Он шақты қазақ үйлі сауын сиыр ауылы Шыңтөбе
дейтін құмды шағылдың етегіндегі өзен бойына қоныс
теуіпті.
Сауыншылар сиырларын жарыса сауып жатыр. Ма
шинаны тоқтатқан Бекбатыр флягтарды қатарластыра
қойып, дауыстай жөнелді:
— Ау, тездетіңдер! Сүт ашып кетеді,— дейді
машинаның үстінде тұрып.
Бекбатырды ешкім жақтырмайды екен.
— Балығың сасып кетер,— деді сауыншының бірі.
— Онда жұмысың болмасын. Біраздан соң ол
жүріп кетті.Бекбатырдың тірлігіне кәнігі бола баста
дым. Шыңтөбенің етегіндегі өзен көктемде долдана та
сып, жағадағы ойдым-ойдым шұқырлар суға толып, көл
пайда болады екен. Тап осы кезден бастап Бекбатыр
ұйқы көрмей жанталасады, қап-қап сары сазандарды
елге сатады .
Бәрін айт та бірін айт, бір күні Айдостың ұсынысын
бәріміз қостай жөнелдік. Болат пен Айдос—фермаға
менен бұрын келген болар.
— Бекбатырдың ауларын құртайық,— деді ол.
— Желкемізді үзбей ме?— деді Болат, көзі
бақырайып.
— Біз екенімізді қайдан біледі?
— Балық күзетуші инспекторлар алып кетті дейді
де қояды.
— Ол үшін ертең Бекбатырмен бірге тұрып,
байқатпай ау құрған жерлерін білу керек...
Бекбатыр бізді сезер емес. Қақпанын көруге асыққан
аңшыдай асыға түседі. Қарасораның қамысын қалқалап
кеп жағасындағы май құраққа біз де кірдік. Ол енді
жан-жағына бағдарлай қарап, ұры мысықтай аяғын еп
пен басып, қоғаға кірді. Аздан соң ауды сүйреп жағаға
шығарды.
— Ап, бәлем,— деді сонан соң.
Ауға ілінген балықтар жағада тыпырлап жатыр.
Кішкене балықтарды көлге лақтырып жіберді де,
өзінен-өзі әлдене деп күңкілдеді...
Бекбатыр екінші ауға беттегенде, ау тұрған орынға
белгі сап үлгердік.
Бекбатыр қабын арқалап ауылға беттеді. Олжасына
мәз... Енді ол ауға кешкісін соғады. Құдайды балағаттап
жер тепкілер. Оңай олжадан айрылатыны анық. Шы
нында, көл бойы тым-тырыс. Самал жел еседі.
— Суға сен түс. Жақсы малтисың ғой. Арғы жағын
ағыт. Тек ізің түсіп қалмасын,— дедік Болатқа. Ол
сүңгіп жөнелді де аздан кейін басы көрінді.
— Ал, тартыңдар. Шатастырмаңдар,— деді да
уыстап. Әп-сәтте үш ау алынды. Бірен-саран іліккен
балықтар көлге жіберілді...
Бекбатырдың жүзі қара түтін. Түгі тікірейіп, кімді
болса да түтіп жіберердей.
— Көріңде өкіргірлер-ай! Ең құрмағанда, жібек
ауды тастап кетпегенін қарашы,— дейді ол.
Біздің қуанышымыз көпке созылмады. Екі күннен
кейін Бекбатыр судай жаңа екі ау арқалап оралды.
— Керек болса, он ау табамын,—дейді ол мақтанып.
— Енді не істедік?— деді Айдос.
— Бекбатыр енді сақтанады.
—Иә, оның енді аңдуы мүмкін.
— Қайткен күнде де балықтарды құтқару керек,—
деді Болат — «Табиғат байлығы — халық қазынасы».
Оны ешкімге тонатпау керек. Бұл оның қорықшы
атасының сөзі.
— Иә, тонатпау керек,— деп бірден келістік. Бірақ
біз не істерімізді білмей түнімен ойландың.
Есік алдында Бекбатырдың сүт машинасы тұр.
Өзі ауын арқалап көлге кеткен. Зығырданымыз
қайнағанмен, салымыз суға кетіп, мұңайып қалдық.
Бір уақытта Болат: —Көл маңын дұрыстап бір қарап
шығайықшы,— деді.
Оны неге айтты деген Айдос екеуміз аң-таңбыз.
Болат бізді көлге бастады. Тымық ауа. Көл беті
қаптаған балықшы құс. Олар көл үстінде біраз қалықтап
тұрады да, бір сәт түлкіге түскен қыранша төмен
шүйіледі. Артынша күмісше жарқыраған ақ шабақты
тістеп, жоғары көтеріледі.
Май құрақтардың арасынан бір балық топ ете қалды.
— Дәу сазан,— деді Айдос,— тура құлаштай.
— Бекбатырдың сыңары,— деді Болат жақтырмай.
Дәу иінді айнала бергенде, Айдос оқыс айқайлап
жіберді де, бір орында секіре жөнелді.
— Балықтар құтқарылады!— деді ол.
— Қайтіп? Қалай?
Жауап орнына Айдос адымдай жөнелді:
— Онбір қадам. Өзенге қарай құлама. Арық
қазамыз. Өзен арнасы төмен. Бекбатыр енді тақыр
жерге отырады. Кетпен, күрек керек. Арық қазамыз.
Біреу байқап қалған күнде сылтау біреу — «диірмен»
ойнаймыз.
— Табылған ақыл,— деп Болат екеуміз секіре
беріппіз... ...Өзеннің құлама жарынан басталған арық.
НАМЫС
Таңертеңгісін атам оятқанда, күн найза бойы
көтеріліп қалған ды.
— Әй, балам, Сарықасқаны Тіленшінің жылқысына
қосып қайтшы,—деді ол. Тіленші—Бүркітсайда оты
ратын атамның құрдасы. Алым-берімі бар, араласатын
шопанның бірі сол.
— Ат ерттеп қойдым.
— Қойды қалай бағасыз?
— Жаяулап көрермін де...
Атамды аяп кеттім. Түк басқан жүзі, ұртындағы;
әжімі қарттыққа жол нұсқап тұрғандай. Жеті жүз
қойдың ары жағына бір, бері жағына бару оңай емес.
Оның үстіне тынымсыз қозылар бетке өрлей шығып,
мазасын алады.
— Жаяу апарайын,— дедім атама. Ол маған қарады.
—Әлің жетер ме екен? Секіріп тұр ғой. Жас мал менің
тұр-тұлғама көз тастап. Намыстанып кеттім. О жердегі
Бүркітсайға бір құлынды жетелеп жеткізбесем атым
қайда?
— Оны көрерміз, — дедім, қабағымды түкситіп.
Атам сынағысы келді ме, әлде жұмыс бастылығы себеп
болдыма:
— Өзің біл,— деді.— Тамағыңа тойып ал. Сөйтіп,
қасқа тайды атам артынан айдап, Киікбелеңді асқанда,
атама: «Қайтыңыз, қой бытырап барады. Атам жымың
етіп күлді де, бұрыла берді
— Байқа, айырылып қалма.
— Не болыпты,—деп ішімнен күбір еттім. Артына
қарайлай, бүлкек желіспен атам сайға түскенде, мен де
жетелеп жөнелдім. Алғашында момақансып көрінген
Сарықасқа сәлден соң мінез көрсете бастады.
О ана жағыма бір, мына жағыма бір шығады.
Жұлқып соқпаққа түсірем.
Енді бірде көкке атылып, тік шапшып алға ұмтылды
қылын араластыра өрген жіп алақанымды күйдіріп
барады.
— Қасқыр жегір! — деп апамша тілдеп алдым. Басқа
жерге бара жатқанын білді ме екен, бірде Сарықасқа
тағандап тұра қалды. Қаным қайнап, ашуға міндім ұшын
қайырып ап, тартып-тартып жібердім. Сарықасқа желе
жөнелді. Мұндай күшті болар ма?! Әлдеқалай қойтасқа
табан тіреп, күш алып тоқтатпағанда, не боларын кім
білсін?
Енді Бүркітсай жаққа көз тіктім. Әншейінде әп-сәтте
баратын жер көшіп кеткендей жеткізер емес. Қара терге
малмаңдай болдым. Сарықасқа ырқыға көнер емес
құтырынып алған сияқты.
— Ух,— дедім күрсініп.
Өтер іс өтті, өкінгенмен не пайда? Бар қайратымды
бойыма жинап, алға жүрдім. Мың бір соқпақ жол
жыланша ирелеңдеп созыльп барады. Сары да райынан
қайтқандай болды.
Бел басына шыққанда, түтіні көкке көтерілген сайдағы
Тіленшінің үйі көрінді. Жеттім бе деп қуанғанымды
қайтейін, Сарықасқа қайта құтырынды. Әлде абалап
ұрген қос төбеттің үнінен шошынды ма, жұлқи жөнелді.
Етпетімнен түстім. Арқаннан әнтек айырылмай қалдым.
Сарықасқа дырылдатып сүйреп барады. Өне бойым
тыз-тыз етеді.
— Жібермеймін!—деймін тістеніп. Қайратым бар
сияқты. Мені қаңбақша ала жөнелмек болған Сарықасқа
бәсеңси бастады.
— Сарықасқа,тәк-тәк,құр-құр!—деймін жалынғандай
боп. Елер емес. Сәл тоқтаған сәт орнымнан тұруға
ыңғай білдіргенде, қас қылғандай қайта дырылдата
жөнелді. Мына күйімді атам көрсе, өлім емес пе! «Әй,
қайратың қайда? Құртымдай құлынның тепершігіне
көне алмадың ба?» — дейді-ау, сонда.
Бір сәт Сарықасқа дәл құлағымың түбінен шыңғыра
кісінеді: «Жібер мені, өйтпесе құздан құлатамын»,—деп
сес көрсеткендей. Орнымнан қалай атып тұрғанымды
білмеймін. Бұл жолы Сарықасқа бұлқынбады. Арқанды
беліме орай, жақындай түстім. «Сені ме!» — деймін
тістеніп. Қолыма кішкентай шыбықтың түсе кеткені.
Шып-шып еткізіп тартып-тартып қалдым. Сарықасқа
мені ары-бері жұлқып-жұлқып, ештеңе бітіре алмағанын
әлдекімге мұң қып шаққандай, тағы да кісінеді.
— Түс, кәне, алдыға!— дедім... Әйтеуір ырқыма
көндірдім-ау...
Тіленшінің үйіне келгенде, үй иесі менің түрімді көріп:
— Әй, балапан, мұның қалай?—, деп бәйек бол
ды. Мен Сарықасқаға қарадым. Үсті-басым өрім-өрім,
қара терге малынған мені көріп мазақтап тұрғандай
көзін сүзе қапты.
— Қос тентектің айқасы болған екен. Ештеңе етпес.
Сен жеңіпсің, ол жеңіліпті,—деп күлді Тіленші қарт.
Ê´Ï Ê´ÆÅ
òіêòіì.
êåï.
Ертегілер
ИЕСІЗ ҚАЛАМСАП ПЕН ДӘПТЕР
Ғасырлар өтіп, жылдар жылжып, айлар аялдамай,
апталар атша желіп, күндер сынаптай сырғып, сағаттар
сартылдай соғып, минуттар мазасыз ілгерлеген шақта,
көк аспанның астында, әлемдегі ғажап шаһарда, шаң-
қан шатырлы үйі көп көшелердің бірінде орын тепкен,
үш қатарлы үлкен мектептің, сәулетті бір сыныбында
адам ойламаған, сенбейтін бір оқиға болып өтті.
Қане, көзіңізді бір сәт жұмыңыз да, қайтадан ашып
қалыңыз. Таңырқамаңыз. Көз алдыңыздағы жылтыр
еденнің үстінде бір дәптер мен ескі қаламсап жатыр.
Енді байқаңызшы. Қолыңызбен тимеңіз. Былай да
белгілі. Дәптердің тысы шимай-шимай жазу, беттері де
түгел емес. Соңғы парақтары жартылай жыртылып, ор
тасынан ойсырата беттер алынған. Қарап тұрып жаның
ашиды. Тіпті көзіңе жас келеді. Иесі кім екен? Ол ту
ралы сөз алда. Енді қаламсапқа еңкейіңіз. Бас қалпағы
жұлыныпты. Қаламның сиясы таусылған. Қасқыр
талағандай ұршық сабында тістің іздері көрінеді. Кім
тістеді екен? Сәл сабыр етіңіз. Қазір өздері-ақ жауап
береді. Сенбейсіз бе? Міне, оқушылар сабақтан үйіне
қайтып бөлме іші тыс-тырс қалған сәтте, орнынан
қиралаңдай тұрған қаламсап сайрап қоя берді.
— Әй, жараңдар. Маған да бір қараңдар! Менің атым
қаламсап. Білмесеңдер танып қой. Маған қаңдай шараң
бар, — деді ол ары-бері сенделе жүріп. Ұйқысынан
селт етіп оянған ағайынды үш егіз терезелер де, он
бес күзетші — парталар да, қабырғада қалшиған қос
шкаф та, жаппалы есіктері бар, қоңырқай тақта да, шу-
шу етіскен орындықтар да, осы бөлменің қожасымын
деп көкірек соққылайтын жалғыз үстел де, тіпті-тіпті
төбеден төңкеріле қараған шырағдан да, қос портрет
те елең етісті. Әуелі әншейінде майысып, ыңырсып
тұратын есік те құлағын тігіп, қымтана жабылды.
— Мен бір ғажап дүниемін, — деді қаламсап, көкі-
регін соққылап. Мына бір бәкенедей дүниенің ғажап
тірлігіне бұл бөлменің мүшелері таңырқай қарасты.
— Құлағым сенде, — деді үстел қабағын шытып.
— Олай болса тыңдаңдар. Мына мен атам заман
нан бергі тарихты өз қолыммен жасағанмын. Дауласып
көріңдерші. Егер мен қамқорлық жасамасам ұлы Ари
стотель дүниеге келер ме еді. Абай атамыздың жыр
лары халық жүрегінде сақталар ма? Эйнштейн теория
шығара алмай, Попов радионың не екеніне көзі жет
пес еді. Королев космосқа ғарыш кемесін ұшырмай,
Циолковский зымыранның атасы атанар ма еді? Әу,
жараңдар! Әуелі, өз атыңды жазудың өзі бір ғанибет
емес пе. Том-том кітаптар мен арқылы жазылған, —
деп бір тоқтады қаламсап.
— Мынау орынды сөз, — деді ұйқысын жаңа ашқан
ағайынды терезелер.
— Ғажап, — деп бас шайқады тақта. — Кіп-
кішкентай боп, бәлесін өзінің, — деді портреттер бір-
біріне сыбырлап. Орындықтар шуылын тоқтатып, бір
сәт үнсіз қалды.
— Ал, енді тағы бір қараңдар, — деді қаламсап шің-
кілдеп.
— Сендер білмегенді білдіру деген ғажап
сиқырлықты білесіңдер ме? Қане, құлақ салыңдар.
Әліптің таяғын білмейтін, алты-ақ жасар адамның ба
ласы, партаға оты-рып, мына менің арқамда, дүниенің
ғажаптарын білуге ұмтылған. Жалған деп көрші. Мына
бөлмеде маған ешкім қарсы тұра алмайды. Мен сызып-
сызып жобасын салған соң барып, құрылысшылар іске
кіріскен.
Бөлме ішіндегі заттар да кіп-кішкентай ғұламаның
сөзіне ден қойып, құлағын сап, бір сәт тым-тырыс
қалған еді.
— Сондықтан да сендердің бәрің менің алдыма
қарыздарсыңдар. Әуелі, адам атаулы, олардың үрім-
бұтақтары, ата-бабалары алдымда бас июге тиіс, —
деді.
— Жөнді түсініңкіремей тұрғаным, — деді осы сәт
есік сыңсып.
— Туу, түк білместің нағыз өз екенсің. Ойбай-ау,
менің жазатын, сызатын, сурет салатын қасиетім бар
емес пе? — деді қаламсап.
Осы бір сәтке дейін ішінен тынып, беттерінен айры-
лып, қайғыға ұрынып, күйзеліп, жерден басын алмай
жатқан дәптер тілге келді.
— Әй, бөлмеге күн сәулесін жарқырата шашқан
терезелер, үстіне күміс күлкілі сәбилерді отырғызған
орындықтар мен парталар, ел сыйлаған мұғалім үстіне
қағазын қойған үстел досым, елді қуана қарсы алып,
қимастықпен шығарып салатын, биязы есігім, моншақ
жасанған шырағдандар, әсемдікті паш еткен портреттер,
тағы басқалар, мен қаламсапқа қарсымын, — деді ол.
— Асып сөйлеме, Қалеке.
Бөлме ішіндегілер дәптерге аңтарыла қарады.
— Мына екеуміз адам атаулы алдыңда
қарыздармыз. Олар бізді түрлендіріп, өз керегіне жа
ратты. Сен осыны ойлан. Аспанды алақандай, жерді
тебінгідей жасау қолыңнан келмейді.
— Қалмасап әлгіндегі екпінін тежегенімен, дәптерге
тыжырына қарады.
— Мына менің парақтарыма жазбасаң дүниеге том-
том кітаптар келер ме еді. Ғалымдар адам таңырқатқан
ғажаптар жасап, ғарышқа космос кемелерін ұшырғанын
көрмес едік. Сен күнделікті мектепке келіп, жүрген
балаларды көріп жүрсің ғой. Міне, солар ертеңгі
ғалымдар, асқақ жүректі ақындар, өнертапқыштар, ұлы
математиктер. Адамдар маған қарыздар дейсің. Оның
жалған. Анау тұрған терезелер де, тақта да, есік те,
орындықтар, парталар да, шырағдандар да, мынау қос
портрет те адам еңбегінің жемісі. Солай демей көрші.
— Дәптердікі дұрыс, — деді жан-жағында тұрған-
дар. Қаламсап бетегеден биік, жусаннан аласа болды
да қалды. Бір сәт ойламаған жерден көз жасын төгіп
жіберді.
— Анда-санда кеудемді көтеріп, көңілімді аулап,
бір мақтанайын десем, әлдебірің жолыма кесе көлденең
тұрасың. Менің де шекем қызып жүрген жоқ, — деді
ол өксіп.
— Қалеке-ау, шындықты айтқанның айыбы жоқ,
сені ренжіткен кім?
Сәл үнсіздіктен соң қаламсап тілге келді.
— Иә, достар. Кейде бәріміз де жөнсіз мақтанып
кететін кездеріміз бар. Соның бірі — мына мен. Бәрін
адам дүниеге өмірге келтірген дейсіндер. Ал, сендер,
менің сол адамдардан көпе-көрнеу қорлық көріп жүрге-
німді білесіңдер ме? — деді қаламсап еңіреп.
— Оны білмедік қой.
— Осындай оңашада айтсаңшы. Қолымыздан кел
ген көмегімізді аямаймыз, — десті жанында тұрғандар.
— Өзім де қасіретімді сендерге ақтарғым кеп жүр
еді, — деді қаламсап көзінің жасын сүртіп.
— Мен сонау Алматы қаласында, үлкен бір фабри-
када дүниеге келдім. Оның өзі бір үлкен қуаныш емес
пе. Біз өте көп ағайындар едік. Бір мосқал адам бәрімізді
қағаз қорапқа сап, «Балалар әлемі» деген үлкен дүкенге
аттандырды. Сондағы біздің қатты қуанғанымыз сон
ша, ары-бері теңселе береміз. Өйткені бізді енді тек
қана адамдар алуға тиісті еді. Шындығында біздің
ағайындар бірінен соң бірі балалардың қолына өтіп
жатты. Күндердің күні маған да кезек кеп жетті.
Менің ием бір шашы дудар-дудар, ала көз, қоңқақ
мұрынды қараторы бала екен. Мен қолына тиген
де шыны керек, ол қатты қуанған. Өзім де әсем едім.
Қалпағым жасыл, өзім қызыл, сиям көк еді. Бірақ мен
оңбай қателесіппін. Ол бір салақ, көрсеқызар бала боп
шықты. Мені қапшығына сап мектепке екінші күні
әкелгенде, қалпағымды жерге атып ұрып, аяғымен тап
тап-таптап тастады. Амалым не, қарсыласуға дәрмен
жоқ. Не істерсің? Басқа салған соң көнесің. Бүйтіп
көрген күні құрысын. «Шығар жаным шықпа» деп
тілегеннен басқа амал бар ма? Артынша қожайыным
мені жанымды көзіме көрсете тістелей бастады. Қалай
болса солай парта үстіне лақтыра салды. Тіпті аспанға
ұшырып жіберіп, қайтадан қағып алатынын қайтерсің.
Жаның мұрын ұшына келеді. Қабырғам күйрей ме деп
қорқатынмын. Қалтасында жүріп қожайыным балалар
мен алысқанда екі-үш рет ажалдан аман қалдым. Бел
ортамнан қақ бөлінсем, саудамның біткені ғой. Мәселе,
мұнымен бітсе жақсы- ақ екен-ау. Жазуға келгенде қара
бала алдына жан салмайды-ақ. Алғашқы күні қолының
үстіне менің сияммен өрнектеп күннің суретін салды да,
жанына «Жөкен» деп жазды. Төрт саусағының үстіне
2001 деп сызуды да ұмытқан жоқ. Ол да ештеңе емес
екен. «Жөкен» деп жазуды қожайыным тоқтатпады.
Алдымен жанымды қинап партаның үстіне жазды.
Нанбасандар, анау алтыншы партадан сұраңдар.
— Иә, Қалеке. Айтқаныңның бір жалғаны
жоқ. Менің бетімде қанжардың да, машинаның да,
жылқының да, қойшы дүниеде көзге ілінгеннің бәрін
жазып тастаған жоқ па? — деді парта қаламсаптың
сөзін қостап.
— Маған да атын жазды, — деді есік сыңсып.
— Біздің де жақтауымызды шимаймен бітірді, —
деді терезелер.
— Е, ол да ештеңе емес. Анау әжетхананың сыр
тын шимайларда қиналғанымды айтсаңшы. Онда да
«Жөкен» деген тұр. Екі сабақтың бірінде қос алақанын
есеп пен жазуға толтыратын. Ақыры бір аптаға жет
пей қартайып та біттім. Сиям таусылды. Жоқтан өзгеге
жұмсай берсе, көл де таусылып, теңіз де тартылмай ма?
Аса бір қиын жұмыс емес. Сиямды айырбастаса әлі де
қалт-құлт етіп жүре бермейтін бе едім. Өмір бойы жас
боп тұрар кім бар. Бірақ дүние кері айналған жоқ па?
Дәптерін ашып жіберіп, менің мүшкіл халімді сезіп,
қатты ашуланған қара бала жерге атып ұрды. Таптап
тастамады-ау, әйтеуір, — деді қаламсап жасын төгіп-
төгіп жіберіп.
— Енді мен кіммін? Кір-қоқысты тастайтын жердің
дұниесімін. Мен әлі де қожайыныма қызмет етуге жа
рар ем ғой. Бірақ ол тұсінбеді.
Бөлме іші бір сәт тым-тырыс қалды.
— Әй, қаламсап-ай. Менің де шекем қызып жүрген
жоқ қой. Жатқан жерімді көріп отырсың. Мен де осы
Алматыда өмірге келдім. Алғашқыда қат-қат боп жи
налып, қоймаларда жаттық. Өзің сияқты бізді де жан-
жаққа тартты. Ақыры сенің иең қарабаланың жанында
отырған қызыл шырайлы, шашын кескен сары таңқар
баланың еншісіне тидім. Алғашқда менің сыртымды
жылтыр ақ қағазбен қаптап, менің қабыма басқа балалар
сияқты аты-жөнін де жазған жоқ. Шамасы мені аяса
керек. Несін жасырайын, сары бала үш күндей менің
маңыма шаң жуытпай таза ұстады. Менің қуанышымда
жоқ еді. Алғашқы бетімде маржандай тізілген жазуды
сезініп, бөркіңді аспанға атпайсын ба? «Қырсыққанда
қымыран іриді» емес пе. Сары баланың төртінші күні
мінезі адам танымастай өзгеріп шыға келді. Өйткені
мұғалім оның жазған жазуына қызыл сиямен «2» де
ген санды қойып еді. Ертеңгісін алғашқы парағым
жыртыльіп, бүктетіліп, кір-қоқыс шелектің ішіне
түсті. Есеп шығарса алғашқы екі бетке шығарылды.
Жазу төртінші беттен басталды. Суреттер жетінші,
сегізінші беттерге шимайланады. Келе-келе сары бала тіпті масқара әдет шығарды. Басы-аяғы жиырма төрт парағымның соңғы бетін жыртып тақтаны сүртті. Ол ол ма, сары бала сабақ кезіңіе жолдастарына хат жазуды шығарды. Бұл күні жаным шырқырайды. Бір кездегі қап-қалың дәптер атанғаның ұмытылып, сұреңім қашып, жұқара бастадым. Тіпті көзге қорашсың. Оның үстіне бет-аузың шимайға толса, қайбір сүйкімің болғаны. Анда-мында лақтырып, бет-аузынды жара жасаса ше? Бүйтіп көрген күнің құрысын. Онан да қапшықтың ішінде жатқанға не жетсін. Күндердің күнінде өзің көріп отырсың, жерге жалп еткізіп лақтырып тастады. Онымен қоймай допша тепкілегенін айтсаңшы, — деді дәптер көзінен жасы мөлт-мөлт етіп. — Жазығымыз қайсы? — деді осы сәт қаламсап ау зын бұртитып. — Иә, соны айтамын-ау. — Бар жазығымыз балалар үшін дүниеге келгеніміз бе? — Иә, олар біз арқылы жұмбақ дүниенің тұңғиық сырларын білмей ме? Дау әлі де аяқталмайтын ба еді, есікті айқара ашып еден жуушы әйел кіріп келді. —Бұдан кейін қандай тірлік болды дейсіз ғой. Асықпай, құлақ салыңыз. — Бұл не деген тәртіпсіздік. Шашылған дүние. Тазалық дегенді білмейді, — деп дауыс сала жүріп, біздің әлгіндегі әңгімесін тыңдаған сиясыз қаламсап пен дәптерді шелегіне салып сыртқа шыға жөнелді. Әрине, ол әйел болған оқиғадан тіпті хабарсыз еді. Шындығында
мұндай таңғажайып оқиғалар болатынын елдің бәрі біле
бере ме? Мүмкін біздің ішімізде әлгі қара бала мен сары
балалар бар шығар, ә.
— Балалар ұялмай-ақ қойыңдар, шындарыңды
айтыңыздаршы!
АҒАШТАР, АДАМДАР, ТАБИҒАТ - АНА ТУРА
ЛЫ ЕРТЕГІ
Жылжып бір өткен заманда, дүниедегі бар тіршілік
аманда, ағаш атаулы, бір-бірінен аулаққа өсіп, орман,
тоғай атаулы деген болмапты. Олардың бәрі Табиғат¬
ананың ұл-қыздары екен. Үлкен ұлы Қарағай әдетте-
гідей биік-биік шыңды, таудың, мұз жамылған, мәңгіге
қар мекендеген беткейіне өсіп сонау биіктен төменге
қарап, «мен биікпін» деп мақтануға құмар екен.
Мақтанса жөн дегендей Табиғат-ана да оның бұл ниетін
мақұлдапты.
Бишідей теңселіп, ақ ала жібектен көйлек киген
қайыңдар да, Табиғат-ананың ең сұлу кенже қызы
мына мен деуге аузы барыпты. Табиғат-ана самалын
соқтырып, ақ қайыңның әсемдігін тамашалайды екен.
Табиғат ана кейбір балаларына қатаңдау қарап,
«Балалардың бәрі шолжаң, ерке боп өсіп, кейінгі
күні күйігін тартармын. Ыстыкқа шыдамды, шөлге
төзімді боп өссін» деп Сексеуілді, Жидені, Тораңғыны
шөлге қарай ығыстырса керек. Бірақ Үйеңкені тым
еркелетіп жіберіпті. Ол жыл сайын тұрақ айырбастап,
қырға да, ойпаңға да өсіп шыға беріпті. Терек атаулы
балаларының ішіндегі ең бойшаңы, сымбаттысы, әрі
кербезі атанып, аға-қарындастарынан шеттеу ең далаға
конақтапты. Табиғат ананың тағы бір баласы шыбық
атаулы, жастайынан аурушаң, нәзік екен. Өзен бойына
жайғасыпты. Жеміс ағаштары — Алма, Өрік, Алмұрт
күнмен достасып, суға анда-саңда шомылып, баужайда
өскенді ұнатыпты. Табиғат-ана бәрінен де қыздарына
өте риза еді, өйткені олар тәтті, әрі сүйкімді еді. Жер
бетіндегі жан-жануар, тірі тіршілікке жемісін ұсынып,
биязы, сыпайы өмір сүріпті. Қыз атаулыда сәнқой
Шырша екен. Көгілдір боп жасанып, әрқашан жас бо
луды қалап, алқа тағынып, сонау биіктен мені ел көрсін
деп, Қарағай бауырының жанынан қалмапты. Еменнің
мінезі тұйық екен. Содан да ол ен далада өсіпті.
Табиғат-ананың балалары ержетіп, өсіп-өнген сайын
бөлектеніп, тіпті бір-бірімен араздасуға дейін барыпты.
Табиғат-ана күндердің күнінде балаларын аралайды.
Ойда жоқта Қайың қызының сызыла сөйлеп тұрғанын
көріп, тасаға тығылады. Сонда билеп тұрған Қайың:
— Әй, пақырлар! Менің сөзіме құлақ салыңдар! Мен
өзен бойын иемденген нәзік тал,шыбық емеспін. Анау
төбе-төбенің баурайындағы жапа тезектей мыжырайған
Тобылғы — ергежейліңді құдай көрсетпесін. Құм
қап-тап, шөлдеп қаталаған, жапырақсыз Сексеуіл,
Тораңғы, Жиделер де менің бауырларым ба? Түу,
өздерінің сұрықсыз-ай, түге. Мен ақ көйлекті, тал бой
ымда бір мін жоқ, мың бұралған биші қызбын, — дейді.
— Маған тең келетін қайсың бар? Анау инесі сояудай
Шырша ма? Моншағын тағып, сұлуланғанын қайтейін.
Онысы кімге дәрі. Адамдар оны кесіп ап, бір күн жасау
тағып, жаңа жылын тойлап ертеңінде күресінге тастай
ды. Хи... хи... хи. Кейінгі кезде Қарағай бауырымнан
да көңілім қалды. Тауды мекендегені өзіне сор боп жа
бысыпты. Адамдарың көзі алдымен соған түсіп, «үй
саламыз», бірде «отынға жағамыз» деп балталайды да
жатады. Менің көркіме мәз боп, адамдардың есі шығып
жөніне кетеді. Сіңлілеріме тіпті жаным ашиды. Анау
Алма, Алмұрт, Шие қалғандарының аты да есімнен
шығып кетіпті ғой. «Сұлумыз, тәттіміз» деп кеудесін
соқпасын, түге. Жылда түйін тастап, жемісімді өсіріп-
өндіремін деп жүріп, үсті-бастарын күтуге де мұршасы
келмейді, өңшең салақ. Ал, Үйеңкі бауырыма жол бол
сын. Табиғат-анамның еркесі ғой. Анда-мында санда
лып кезуімен-ақ күні өтіп барады. Емен ағамыз тоң-
торыс. Арам ғой.
— Әй, Қайың қызым! Бауырластарыңның бәрін
тұгел сыбап жатырсың, оның қалай? — деп сұрайды
Табиғат-ана кейіп.
— Қайтейін, жаным күйіп кеткен соң, айтып жатыр-
мын да, — дейді Қайың.
— Өзіңді өзің мақтап жатырсың. Олардан артықшы-
лығың қайсы? — дейді Табиғат-ана қызын тексермек
боп.
— Әй, Табиғат-ана-ай! Мені ерекше жаратыпсың
ғой. Оныңа рахмет. Шынын айтайын. Сұлулығым
мынау. Бишілігім тіпті ғажап. Сақылдаған сары аязда
мені отқа жақса суық қашады. Шырыным бал. Дәмін
татқандардың шөлі қанып, денсаулығы түзеледі. Саба-
саба қымызды ішетін қымызаяқ мына менен жасала
ды. Менің ғажаптығыма сүйсінген адамдар — әншілер
шырқап, ақындар жыр жазады. Табиғат-ана, — деді
Қайың сызылып.
Табиғат-ана мына сөзден соң терең ойға еніп кеткен
еді. «Ойпыр-ау, менің балаларымның бәрі кенже қызым
Қайың айтқандай өңшең бозөкпе, нашар болғаны ма?
Әрқайсысына барып жағдайды білейін» — дейді.
Табиғат-ана әп-сәтте Желмаясы — Желге мініп
ары-бері сенделіп жүрген Үйеңкіге кеп, құшақтап,
көрісіп, болған жайды айтады. Сол сәт шолжаң ұлы
Үйеңкі бұлқан-талқан боп ашулансын.
— Ерке қызың есірген екен, Табиғат-ана, — дейді
Үйеңке.
— Сұлумын, бишімін деп мақтанбасын Қайының.
Дүниенің бәріне сән беріп, кем-кетігін түзеген сол ма?
Жаман желеңі өзінің сидиған балтырын жасыра алмай
тұрған жоқ па? Көйлегін тастаса, шіріп кетерін біле ме
сол.
— Балам-ау, кемшілігің де бар шығар. Дүниенің бәрі
бірдей емес қой, — деді Табиғат-ана ұлын жұбатпақ
боп.
— Әркімнің өзі-өзі дәріптеуі шарт болса, мен де
шынымды айтайын. Мәселен, анау шаңқан шатырлы
үйлердің сәнді, нақышты қақпасы менен жасалған жоқ
па? Талай жылдарды артқа салсам да, Қайың қыз сияқ-
ты оп-оңай шірімеймін. Үйір-үйір жылқыны айдайтын
құрық та менен дайындалған, — деді Үйеңке.
— Басқа балаларың мен қыздарың мендей-ақ бол-
сын.
— Балам-ау, осыншама ашудың қажеті жоқ еді
ғой. Сен өзіңді біл. Басқа балаларда нең бар, — деп
өкпелеген Табиғат-ана ақыл сұрамақ боп үлкен бала
сы Қарағайға кеп жетті. Бұл да бір дәртесі қысқара
бастаған ашуланшақ болып шыққанына Табиғат-ана
күйзеле түскен еді.
— Мен адамдарға ең қажет дүниемін. Аңға да,
жанға да панамын. Тиіндер бұтағымда ойнап, құстар
биігіме үй салып, ұрпағын тәрбиелеп, қарақанаттанып
ұшырады. Кұннің ыстығында көлеңкем таптырмайтын
сая. Ал, Үйеңкі інімнің жайы белгілі. Өйткені ол өскен
жерде көк тез қурап солады. Ол ешкімге жақсылық жа
сай алмайды, — депті Қарағай.
— Е, сенің айтпағың бұл болса, басқаларға не дейін.
Бірақ жөні түзу бірі кездесер, — деді Табиғат-ана сапа-
рын жалғастырып. «Шілік, талым аурушаң еді, өзгеге
жанашыр қасиеті бар шығар» деп күбірлеген күйі өзен
жағасына келеді. Қуана қарсы алған шілік ары-беріден
соң тұтанып қоя берсін.
— Мен Шілікпін. Ибалы, ұяң болғаныммен, намы-
сым мол. Айтысуға бармын. Табиғат-ана мен нәзік,
аурушаң дегенімен, шыдамдымын. Қой-ешкінің жерік
асымын. Аяз, қарың, жаңбырыңды менсінбеймін.
Дауылыңа қарсы тұрамын. Адамға да қажетпін.
Қабығымнан бояу жасалады. Құрт жаятын сөремін.
Басқаларыңнан кем емеспін, — дейді сыңқылдап.
— Жә, жә, — дейді Табиғат-ана қыстығып.
— Терегімнің зиялы мінезін күтемін, — дейді Желге
күбірлеп.
Табиғат-ана биіктеп өскен кербез ұлы Терекке құша-
ғын жая ұмтылған еді.
— Ағаларыңньң да, қарындастарыңның да қылығына
ренжіп келдім. Мына Жел куә. Ал сен не дейсің? —
дейді ұлына қарап.
Терек тыжырына жан-жағына шекесенен қарап,
сөйлеп кетті.
— Әй, Табиғат-анам-ай! Сені ренжіткім-ақ келмеп
еді. Бірақ мыналардың қорлығы өтіп кетті. Менімен
теңесе алатын ешқайсысы жоқ. Биіктігім жұртқа мәш-
һұр. Көк аспанмен тілдесемін. Ақша бұлттар маған
сәлем бермей өтпейді. Қабығымның күлі қосылған насы
бай ауыл ақсақалдарын тамсандырады. Оқтай түзулігім
елге аян. Солай, Табиғат-ана, — дейді Терек көгерең
тартып. Ойда-жоқта төбе бауырындағы Тобылғы осы
жерден табылып дауласа кетеді.
— Әй, Терек, биіктігінді қайтейін. Көлеңкең қайда,
селдірсің. Кір-қоқыста тазартатын сыпырғыш ме
нен жасалған. Тазалық — өмір көркі. Керегеге ілетін,
қырғыз өрім қамшының оқалы өрнекті сабы мына мен.
Жылқының қазысын түйреуді менен үйрен, — деді
Тобылғы шіңкілдеп.
Ашулы Табиғат-ана Желге мініп, таудан асып,
шағыл-шағыл құм асып, Сексеуілге кеп жетті. «Бір
көңілімнен шықса, осылар шығар» деген сырын Жел
ден жасырып қалған еді.
Құм бұғаулап, ыстық жан алқымнан алған Сексеуіл
де, Жиде де, Тораңғы да Табиғат-анаға өкпелі екен.
Әңгіменің бар жайын тындағаннан соң Сексеуіл жанып
түсті.
— Маған ту бастан-ақ тағдыр оң көзін салған емес.
Сол шіркіндердің күніне қарап, Табиғат-ана мына мені
ыстыққа да, суыққа да төзгіш нағыз ер десеңіз ше. Са
хара құмға соның бірі өсіп көрсінші. Менің мінезіме
адам атаулы таңсық. Сонау алыстан сағынып кеп, ар
балап тасиды. Шоғыма темір балқиды. Қызуым ерен.
Мына Жиде де, Тораңғы да менімен ағайындас, —
деді ол аузы қомпылдап.
— «Өз басының отын көрмей, біреудің басының
шоғын көрген» несін алған сол Қайыңның. Мықты бол
са мақтанған ала көйлегінің астында денесі шіріп, көрін-
генге күлкі болғанын білмей жүрмесін. Бізге намыс қой.
Табиғат-ана жерге кірердей ұялып, үндеместен Жел
ге мініп келе жатса, төменде қолын бұлғаған Шырша
ны көзі шалып қалды. Құшақтаса көріскен қызы, сәлем
соңынан-ақ:
— Табиғат-ана, менен жақсы көретін қызың, ұлың
жоқ қой, ә. Қарашы жыл бойы, көкпеңбек боп жаса
рып тұрамын. Жылдың төрт мезгілінің суығы, ыстығы,
салқыны маған кесір жасай алмайды. Бәрінен де жаңа
жылды, бірінші қарсы алатынымды айтсаңшы. Таққа-
ным қызылды-жасылды жасау, мөлдір алқалар. Мені
қоршап алатындар кімдер десеңші. Құстар, аңдар, бала-
лар, адамдар. Аяз Ата мен Ақшақар менің жыл сайын
бір кездесетін қимас достарым. Басқаларға қуаныш
сыйлау дегенің өзі бақыт емес пе. Мен ғажап ағашпын,
Табиғат-ана, — десін. Қызының сыры мәлім болғаннан
соң, Табиғат-ана жеміс ағаштарына кеп жетті. Анадай
дан иісі аңқығанда Жел Табиғат-анаға бұрылып:
— Осы қыздарыңнан үміт күтемін, — дейді күңк
етіп. Табиғат-ананың осы кезге дейінгі ашуы тарағандай
боп, мол үмітпен жақындайды.
— Табиғат-ана, хош келдіңіз. Сізге жемісімді жегі-
зейін. Алыңыз, — дейді Алма ағашы қып-қызыл боп
піскен алмасын ұсынып.
— Рақмет, қызым, — дейді Табиғат ана шынымен
мейірленіп.
— Қалай тәтті ме, анашым менің. Дүниеде не тәтті?
Ол менің жемісім. Көктемде ақ маржандай жайнаған
гүлдеріме көз салып көрдің бе? Тамаша емес пе? Адам-
дар менің қып-қызыл алмаларымнан шырын, қала бере
шарап жасайды. Мен ең сүйікті қызың емеспін бе? —
дейді Алма ағашы Табиғат ананы құшақтап. Жеміс
ағаштары Алма ағашты қостай жөнелді.
— Ары жүріңдер, түге, — деді дауысы қатты
шыққан Табиғат-ана. Оның дәті осы бір шамаға әзер
жеткен еді.
— Табиғат-ана! Әлі де балаларыңыз бар ғой. Еменге
барайық, — дейді жел.
— Оның да жайы белгілі. Тоң-торыс, бейша
ра. Мұнан да сұмдықты бастап жүрер. Онан да мен
бұларды бір жазалап көрейін. Өзім деген пысық ой,
кеуделеріне нан пісіріпті. Біз дегенді ұмытыпты, өңшең
пысық неме, әмірді орында.
Соқ, дауылынды, — деп ақырып жіберген екен.
Бар күшін бойына жинап алған жел, сойқанды
көк мұхиттың жағасынан бастайды. Таудай-таудай
алып толқындар теңіз суын көбейтіп, алапат қуат ала
ды. Күшті дауыл соғып, қар араласқан жойқын күш
ағаштарды сындырыпты. Үскірік аязға шыдамағандары
бел ортасынан омырылыпты. Құмдағы Сексеуіл, Жиде,
Тораңғы біткен түбінен жұлынып, ұшырып жел, қораны
сай білер қаңбаққа айналыпты. Өзен бойындағы тал,
шіліктерді тасыған су сұрапыл екпінімен ағыза бастады.
Осы бір алапатқа шыдаған Емен Табиғат анасының
қатты ашуланғанын біледі де көкке қарап:
— О, Табиғат-ана. Жазығым не? Өз балаларыңа
өзің қастық жасардай не қылдық? — деп дауыс сала
ды. Қанша дегенмен ананың аты ана емес пе. Желге бір
сәтке тиым салды:
— Сен де мына өркөкіректердің бірі шығарсың, —
деп Еменге сеніңкіремей.
— Жоқ, — дейді ол. — Мінезім тоң-торыс деп
жоламаған өзің. Мен олардай емеспін.
— Солай де. Онда мақтаншақ, көрсеқызар бауыр-
қарындастарыңа не айтар едің? — дейді сабыр сақтап.
Емен бойын түзеп, жылап, жалынған бауыр-қарындас-
тарына қарап сөз бастап кетеді.
— Кінәләрінді айтуға көп оқталып ем, тындайтын
түрлерің көрінбеді. Сырт бердіңдер. Сендер сауық
құрып жүргенде мен оттан, судан, суықтан шынығумен
өмірім өтті. Мені табалады деп ұқпаңдар. Табиғат-ана-
мызды өкпелеттіңдер. Бәрін бастаған Қайың қарын-
дасым. «Сұлумын» деп селкілдеп ең, сұрқыңа қарашы,
кімге ұқсағандайсың. Жер дүниені жалпағынан басып,
жайнатып тұрған мен деген Үйеңке бауырым сен едің.
Біреуге ор қазсаң, оған өзің түсесің, осыны ойла. Аңға
да, жанға да пана екенің рас та шығар, Қарағай ағайым.
Жапырақсыз, бұтақсыз қалып, арса-арса болғанынды
қарашы. Ақыл айтар аға емессің бе? Денсаулығыңды
түзеген, аурушаң қарындастарым Тал, Шілік қауһарың
белгілі болды. Аспанмен тілдескен сылқым Терек інім
жағдайың қалай? Анау бұлттар аспаннан қарап сені
мазақтап барады. Сенімен тайталасқан Тобылғыны қар
көміп салыпты. Жеміс берген қыздарды көр. Енді нең-
мен тәттісің. Үсіп қалдың, түге. Пай-пай! Мына шөл
ерлері Сексеуілге, Тораңғыға, Жидеге көз салыңдаршы.
Жаңа жылды қарсы алып, Аяз бен қызының досы атан-
ған көрсе қызар Шырша қарындасының жасауы қайда
кеткен? Е, бауырлар! Жалғыз жүріп жол тапқанша,
көппен жүріп адас деген адамдар. Табиғат-ананың бір
кездегі бізге деген таза ниетін, мөлдір сезімінен айыры-
лып қалдыңдар, — дейді Емен.
— Дұрыс айттың, Емен балам. Менің де жауым көп.
Бірде ашулы, бірде көңілді кезім болады. Оны да ұғың-
дар. Менің дүниедегі жалғыз досым бар. Ол — Адам.
Сол сендерге көмектесуге тиіс, — дейді Табиғат-ана.
Қолайсыз Табиғат-анадан зардап шеккен адамдар
осы бір сөзді құлағы шалып қап, ағаш атаулының жа
нына келген екен.
— Иә, Табиғат-ана сендерді бізге тапсырған екен.
Достың айтқанын орындайын. Адамдарда: «Жаяудың
шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас» деген мақал
бар. Табиғат-ананың балаларынан немізді аяйық. Бірақ
бізге ұйымшылдық керек. Емен қарағым, сен бас бо
лып, бауырларыңды ығыңа алып, бір жерге өсіңдер.
Ауылдың көркі болыңдар. Сендерді Орман ауы
лы, Тоғай ауылы деп атайық. Бірігіп өссеңдер, аспан
ылғалын сендерден аямайды. Жаңбырын жаудыра
ды. Ал жаңбырлы жер — көк майсалы, шалғынды,
берекелі жер. Елдің де көсегесі көгереді. Дауылға да,
желге де көп болып қарсы тұра аласындар. Достарың
көбейсе, жауларың азаяды. Бізді жапырақтарың
шаңнан, түтіннен қорғайдьі. Бұл бір жағынан Табиғат-
аналарыңның денсаулығына көмектескендерің. Біздің
көмегіміз сендерге тиіспей, жаудан қорғап, балала
рынды өсіруге бар күшімізді саламыз. Сендер тауға да, далаға да қажет дүние атанасыңдар. Айтпақшы, Сексеуіл шырағым! Жиде мен Тораңғы бауырларынды ертіп, құмға барып топтала өсіңдер. Жер дүниені құм басса, тіршіліктің қиынға айналғаны емес пе. Аң, құс атаулыға да көмектеріңді аямаңдар, — депті Адам сон да. Ағаштар қатесін түсініп, адамдардың айтқанына көніпті. Содан бері талай ғасырлар, жылжыған жыл дар, ат желісті айлар, сынаптай сырғыған күндер өтіпті. Табиғат-ананың балалары — ағаштар Адаммен мәңгілікке дос боп, ажырамапты. БАҚЫТ, БАЙЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЙҒЫ Ерте-ерте ертеде, адамдардың хал-жағдайын, тұрмыс-тіршілігін көру үшін Бақыт, Байлық және Қайғы жолға шығыпты. Бақыт пен Байлық адамдарды қуантса, Қайғы тапшылық, қасірет әкелуге құмар екен. Мұндай жағдайда Бақыт пен Байлық көмекке келіпті. Сөйткен күндердің күнінде әркім өз жасаған істеріне көз жіберіп, саралапты. Үшеуінің де мінезі жеңілдеу, тұрақсыздау екен. — Мен адамдарды қуантушымын, — дейді Байлық. — Байлығы көп адам да бақытсыз болады, — дейді Бақыт. — Оларды бақытсыз жасайтын мына мен, — дейді Қайғы кеудесін соққылап. Ақыры үшеуінің дауы басылмай, өз мықтылықтарын сынамақ боп, өзеннің жағасында қой жайып жүрген тазша балаға жақындап келіпті. Жастайынан әке-шешесінен айрылып, кісі есігінде құл
боп, бастан таяқ кетпей қой баққан ол:
—Қайғы мен қасіретім Қаратаудай, Бақытсыз бір
жетіммін сорлы мандай. Аяулы анам менен әкем болса,
Жүрем бе өстіп, басыма бақыт қонбай.
Өлеңнің ырғағына құлақ салған Байлық ызадан жа
рылып кете жаздайды. Қайғы мен Бақыт аттары атал-
ғанда мәз болысып, Байлықты мазақтай күледі.
— Қазір мен кім екенімді сендерге көрсетейін, — деді
Байлық кіжініп. Содан соң ақ киімді ақсақал келбетіне
еніп балаға жақындап келеді.
— Әй, балам, жоқшылық көріп, зарлап жүрген
шағында кез болдым. Қандай көмек күтер ең, — дейді
Байлық.
— Тамағың тоқ, киімің бүтін болса, қайғы-қасіретім
жоқ болса, одан артық ештеңенің қажеті жоқ, — дейді
бала.
— Олай болса міне, неше мың теңге ақша. Киімінді
ки, тамағынды тойдыр. Әрқашан мені есіңе ал, — дейді
Байлық. Қуанған жетім бала, қойды тастап, қалаға
қарай ұшады.
—Ақша міне қалтамда, Талтаңдасаң талтаңда.
Қайғыменен қоштастым, Бай адаммын бұл таңда.
Бұл мақтануға шыдамаған Қайғы жетім баланың
қойын-қонышынан кіріп, ақша салған қалтасын теседі.
Теңге түйген түйіншек жолға түсіп қалады. Сауда
қызып жатқан қала базарына кіріп, асханаға беттеген
жетім бала, тамақ алайын деп қолын қалтасына салса,
ақшасы жоқ. Қалтасының жыртығын көріп, зарлап қоя
береді.
Бақыты жоқ сорлымын, Бар ма сенде мысқал құн. Жыртық қалта, жетім таз, Қайғың сенің болды кім? Қайғы ішек-сілесі қатқанша күліп, Байлықтың ызасын келтіреді. Байлық ақ сақалды ақ киімді кейіпке еніп, жетім баланың алдынан шыға келеді. — Оу, қалтаңдағы байлығынды жоғалтып алғансың-ау. Мә, бес мың теңге. Осы жолы сақ болғайсың, — дейді Байлық. Төбесі көкке жеткендей қуанған жетім бала, рахметін айтып, қалаға кіреді. — Мұндай көп ақшаны маған ешкім бере қоймас. Бау-бақшалы үй сатып алайын. Өнімін сатып, байлыққа кенелейін. Байлыққа қызықпайтын кім бар. Сонан соң сұлу қызға үйленермін. Бала-шағам болар, — деп базар ортасына барып жар салады. —Баспана керек бақшалы Оюлы әсем қақпалы. Аламын сатып ақшаға, Сатушы болса шық, кәне. Қаршадай жетім таз баланың мына қылығына таң қалғаңдар бірі күлсе, бірі сенеді. Кенет патшаның нөкері боп боп киінген бір қарақшы балаға жармаса түседі. — Ә, хайуан, найсап. Сен патшаның қазынасын ұрлаған ұрысың. Сазаыйңды тарттырайын, әкел, бері ақшаны, — деп баланы алдына сап бөлек алып шығады да: — Жан керек пе, ақша керек пе? — дейді кіжініп кездігін көрсетіп. — Жанымның садағасы, — дейді қорыққан жетім бала, жақсылап оралған түйіншекті қарақшыға ұстатады. Қайғы қуанып, қарақшыны сыртынан құптайды. —Ұры атандым, сорлымын, жетім, тазбын, Уа,
дүние өзіңе нені жаздым. Қара қазан қайғым көп, мен
бір сорлы, Қамқоршы жоқ па екен мендей жанның.
Осы бір сәтке дейін іштей тынып қылған Бақыттың
жетім балаға жаны ашып кеткен екен. Зарын төгіп
еңіреп келе жатқан баланың алдынан ақ жаулықты Ана
боп шыға келіпті.
— Оу, балам, осыншама еңірегенің неліктен? — деп
сұрапты. Сонда жерден басын көтеріп алған бала:
—Байлық беріп мың теңге бір жоғалттым, Қайғы
иектеп, қалтамды қақшып кетті. Жан садаға дедім де
мен құтылдым.Бес мың теңге патшаға ол да кетті. Ұры
атанып жүргенше, бұл қалада. Қаңғып жүріп өлейін
шөлді бетте.
—Ау, балам, — дейді сонда Бақыт. — Алғашқы
ақша жоғалтқан жолыңмен жүріп өтші. Мүмкін теңгең
табылар, — дейді.
Жетім бала Ананың тілін алып, қалаға келген жол
мен жүреді. Аз жүрген соң жол шетінде жатқан мың
теңгені буған түйіншекті тауып алады.
— Міне, балам, Қайғыға қарсы тұрып, аспай-са
спай шыдау керек, — дейді Бақыт. — Мүмкін бес мың
теңгені алған патша нөкерін де табармыз. Ұрламағаның
анық қой.Бала басын шайқайды. Екеуі патша сарай
ына кетіп бара жатса түрме торының ішінде отырған
әлгі «жендетті» көреді. Бала бірден танып, Бақыт екеуі
күзетшіге келіп мән-жайды айтады. Патша «жендетті»
өлімге бұйрып, бес мың теңгені балаға қайтарып береді.
Сонда қуанған жетім бала былай деп жырлайды:
—Байлық деген бағымсыз шаруа екен, Қайғы-
мұңсыз жүре алмас адам әсте. Бақыт құсы ұшып кеп
қонақтаса ,Сыйла әрқашан, ұшырып, алма текке.
Сөйтіп, Бала өз дегеніне жетіпті. Содан бері Бақыт
та, Байлық та, Қайғы да ел аралап жүретін болыпты.
Ã¶Ë ÌÅÍ ÍµÐ
´ÌІÐ, ÓÀ²ÛÒ Æ°ÍÅ ÀÄÀÌ
ÒІÐØІËІÊÒІ Á´ËІÑÓ
ØÀÒÀ² ØÛÐÏÛ
ÌÀÇ̵ÍÛ Атамның аманаты........................................................................... 7 Қарақуыстың желі .........................................................................13 Ақ әже .............................................................................................22 Қара ауыз ........................................................................................35 Ассалаумағалейкум, ата ................................................................39 Жасырынбақ ...................................................................................44 Қасқа жол ........................................................................................53 Стекеңмен сөйлескен .....................................................................61 Қамшының ізі .................................................................................71 Ескінің көзі .....................................................................................81 Керзі етік ........................................................................................84 Жарты құрт .....................................................................................91 Қыдырдың бағы .............................................................................94 Әжемнің әңгімесі............................................................................ 97 Ел анасы ...........................................................................................99 Шағи көрпе ....................................................................................102 Сағаттың кесірі.............................................................................. 107 Туың жығылмасын, балам ............................................................111 Күзетші ата, біз және жандос...................................................... 116 Әпкем, айдын және «қара белбеу».............................................. 131 «Аталардың» ақылы .....................................................................140 Асылдың атасы........................................................................... 145 Сиқырлы сөз.................................................................................. 148 Атамның әңгімесі ..........................................................................150 Ата мен немере ..............................................................................152 Айырбас......................................................................................... 155 Оңқай асық.................................................................................... 158 От белгі.......................................................................................... 161 «Чемпион», кітапхана және мен .................................................164 Қара қапшық................................................................................. 168 Жөнге .............................................................................................173 Әжемнің әңгімесін тыңдағанда................................................... 177 Қалаға барғанда ............................................................................180 Ары-бері жол .................................................................................184 Атамның ордені............................................................................ 189 Сайлау............................................................................................. 195 Жаза ................................................................................................201 Күтпеген оқиға ..............................................................................205 Мұхтар атаның балалары .............................................................209 Түнгі кездесу .................................................................................215
«Айырықша тапсырма» ................................................................222 Атамның алтыны.......................................................................... 243 Атам, торы құнан және мен........................................................ 255 Соңғы ұпай ....................................................................................261 Ізгілік .............................................................................................267 Намыс ............................................................................................271 Көп көже ........................................................................................272 Иесіз қаламсап пен дәптер...................................................... 278 Ағаштар, адамдар, табиғат - ана туралы ертегі.................... .....286 Бақыт, байлық және қайғы..................................................... ....296 Гүл мен Нұр................................................................................. 300 Өмір, уақыт және адам................................................................. 302 Тіршілікті бөлісу........................................................................... 310 Шатақ шырпы ...............................................................................311 Гүл мен көбелек ...........................................................................313
үш томдық
таңдамалы әңгімелер мен ертегілер
үшінші том
КҮМІСБАЙҰЛЫ ШӘКЕН
ГҮЛ МЕН НҰР
Көркемдік жобаның авторы Ш. Байкенова
Редактор Ш. Күмісбайұлы
Көркемдеуші редактор Я. Логинов
Компьютерде беттеген Ш. Байкенова
ИБ № 4(172)
Басуға 26.11.2014 ж. қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/16 . Қағаз офсеттік. Басылымы офсеттік.
Көлемі 20 ш.б.т. Таралымы 2000 дана.+50 дана
Тапсырыс №
050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143,
тел/факс: 8 (727) 395-51-80
Отпечатано с фаилов заказчика в
ТОО «Полиграфкомбинат»
Республика Казахстан,
050002, г. Алматы, ул. Макатаева,41
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру