TELEGEI

Home

Әсем әуен – халықта

Балнұр Қыдырбек

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әсем әуен – халықта

Жинаққа дауыс пен фортепианоға арналып өңделген, ел ішінде жиі айтылатын халық әндеріьмен халық ақындарының шығармалары беріліп отыр. Кітап арнайы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, жалпы өнерсүйер қауымға арналған.

УДК 78

Ә 74

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды» Пікір жазғандар: Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген артисі, профессор М. Өтеуов, композитор Халықаралық байқаулардың лауреаты Х. Сетеков. Ә 74 Әсем әуен – халықта. Дауыс пен фортепианоға арналып өңделген әндер. Құраст.

Қыдырбек Балнұр. – Алматы: “Sansam”, 2012. – 384 бет.

ІSBN 9965-864-32-2 ІSMN 979-0-9016300-1-7 ІSBN 9965-864-32-2 ІSMN 979-0-9016300-1-7 © Қыдырбек Б., 2012 © “Sansam”, 2012 Жинаққа дауыс пен фортепианоға арналып өңделген, ел ішінде жиі айтылатын халық әндері мен халық ақындарының шығармалары беріліп отыр. Кітап арнайы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, жалпы өнерсүйер қауымға арналған.

Қадірменді қауым! Өздеріңізге ұсынылып отырған бұл жинақтың тарихы отыз жыл бұрын басталып еді. 1983 жылдың күзі. Мен ол кезде Қазақстан Композиторлар одағында аға кеңесші болып қызмет істеймін. Жақында ғана келесі жылы өтетін Кенен Әзірбаевтың 100-жылдығына арналған «Шырқа даусым» жинағын «Өнер» баспасына өткізіп едік. Бұл жинаққа Кенен атаның дауыс пен фортепианоға арналып өңделген елу әні кіріп еді. Оны Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, С.Мұхамеджанов бастаған сол кездегі қазақ өнерінің бетке ұстар он композиторы дайындады. Ішіндегі ең жас автор мен едім. Сол жылдары дәстүрлі ән салу онша тарамаған кез, оның үстіне Кенен ата әндері тым сирек орындалатын. Сондықтан да жинаққа кірген өңдемелерге қойылған талап қатаң келген: ол Кенен ата әндерін жалпы жұртшылыққа кәсіби әншілер арқылы жеткізу еді. Өкінішті жері, түбінде көздеген мақсатқа жете алмадық. Мерейтой өткізетін комиссия «бірыңғай болсын» деп, келесі жылы «Шырқа даусым» жинағын 2-томдық ақынның өлеңдер жинағы форматымен шығарды (10 х15) және де сувенир ретінде аз шығарды. Кешке қарай, үйге кетуге сайланып отырған шақта, хатшы қыз «сені Төраға шақырып жатыр» дегені бар ма! Бастықтың көзіне түсе бермей, аулақ жүруді ұнататынмын, неге десеңіз, «сен жассың» деп, ағалардың ұмытып істемей, істегісі келмей кеткен істерін мойныма іліп қоятын. Әсіресе, қазақ тілімен байланысты істің бәрі тек қана мені күтіп тұрғандай. Ал бастық кешке қарай шақырса, ол міндетті түрде аяқ астынан бірдеңенің шығып тұрғаны. «Бес минут бұрын шығып кетпей неге отыра бердім екен» деп өзіме өзім ренжідім. Бірақ, амал жоқ. Қазақстан Композиторлар одағының Төрағасы – КСРО халық артисі, профессор Еркеғали Рахмадиев. Жүрексініп, табалдырықтан аттадым. Байқап қарасам, әкейдің жүзі жылы, тіпті де жылы емес, бірдеңеге мәз болып отыр. «Біз, Шайсұлтан екеуіміз бүгін СовМиннен 12000 сом арнайы қаржы алдық. Шайсұлтан деген ағаңды танисың ба? Ол Шаяхметов деген білім беру министрі. Қазақ әндерінің дауыс пен фортепианоға арналған өңдемелерін жасайсыңдар. 120 әнді 5 әннен жігіттерге бөліп бер. Жастарға бөліп бер. Бір жағынан, қазақ фольклорын зерттейді және оған ақша алады». Ертеңіне әндер тізімін жасап, бастық айтқандай композиторларға бөліп бердім. Бәріміз ентіге жұмысқа кірісе кеттік. Жұмысты қабылдайтын арнайы комиссия құрылды. Ол комиссияны Қазақ ССР халық артисі Кенжебек Күмісбеков басқарды. Бұл үрдіс бес жыл бойы жалғасып жатты. 600 ән жасалды. Жыл-жылымен топтастырылып, бес жинақ жарыққа шығуын күтіп жатты... Заман өзгерді. Жаңа мемлекет пайда болды. 2007 жылдың мамыр айында Қазақстан Композиторлар одағының басшылығына келген соң, алғашқы есіме түскен әндер жинағы болды. Шаңға батып жатқан кітапханаға кірдік. «Орны жатыр, өзі жоқ, Бурылтайдың...» Біржан атамыздың әнінің осы сөзі еске орала кетті. Топтамалардың сырты жатыр, ал ішінде... Біріншіекінші жылы жасалған әннің біреуі де жоқ. Ол жылдары «Балқурай», «Дударай», «Айттым сәлем, Қаламқас» сынды барлық қазақ білетін әндер жасалған. Кейінгі үш жылда жасалған

топтамалар жұлым-жұлым, олардың арасынан әйгілі әннің бәрі суырылып әкетілген. Кім, қайда, қанша ән алып кеткені белгісіз. Жылауға жақын болдым. 83-87 жылдары ксерокс дегенді ешкім білмейтін шақ. 600 әннің бәрі тек қана авторлық қолжазба түрінде еді. Авторлардың қатары біраз сиреп, көбі о дүниелік болып кетті. Олар жазған дүние біржола жоқ болды деп ойласам, жүрегім сыздап кете береді. Бірақ, үмітсіз сайтан, әлі табылып қала ма деп үміттенемін. Олай деп ойлайтыным, былтыр Ақтөбе қаласында хор фестивалі болып, сонда кезінде мен жасаған, топтамалар арасында жоқ болған, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні орындалды. «Өңдемені жасаған Балнұр Қыдырбек» дегенде қуанып қалдым. Мені атағанына емес, ноталардың, әйтеуір, бір жерден шыққанына қуандым. Басқа әндердің ноталары да осылай табылып қала ма деген үміттемін. Бұл жинақты қолға алған кезде, «ешкімге керегі болмай қалып қалған ән» деп қарамаңыздар, бүгінгі күнде бұл бірегей жинақ. Біріншіден, жинақ ішіне ел көп біле бермейтін әндер кірген, екіншіден, авторлардың басым көпшілігі бүгінде қатарымызда жоқ, сол себепті бұл – олардан келешек ұрпаққа қалған мұра. Ал үшіншіден, түбінде жоғалып қалған өңдемелер де табылар... 2011 жылы әндердің бірінші кітабы жарық көрді. Енді, міне екінші кітабын өздеріңізге ұсынып отырмыз. Көңілдеріңізден шығады деп сенемін. Жинақтың бірінші кітабы «Ән шырқайық» атауымен 2011 жылы жарық көрді. «Әсем әуен – халықта» екінші бөлімі. Екеуі де ел көңілінен шығар деп сенеміз. Балнұр Қыдырбек, Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы.

Біздің қыстау Беріктас, Қызыл биік,
Бауырында ойнаған біз бір киік.
Қайырмасы:
Дүние далың

Жекей салың.
Сен есіме түскенде, Жекей салым,
Екі стакан май іштім ішім күйіп.
Қайырмасы.

Тоқтайтұғын алдыңда қамал бар ма,
Бұрынғыдай ойнайтын заман бар ма?
Қайырмасы.
Қырық жігіттің қыздары ән шырқайды

Тәңірі әйел қылған соң амал бар ма?
Қайырмасы.
Тоқтатарға келмейді сенің халың,
Жетпейді деп жүрсің бе дүние-малың.

Қайырмасы.
Қайта айналып көргенше кім бар, кім жоқ
Бәрің де есен болыңдар сері, салым.
Қайырмасы.

Айналайын қарағым, алтыным-ай,
Ақ жүзіңді көргенде, балқыдым-ай.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Есен-аман жүрмісің, жарқыным-ай.

Қайырмасы:
Желбір-жекен,
Желіп жүрген жайлауда,
Біз бір бөкен-ай.

Біздің Отан еліндей мықты ел бар ма!
Татулығы тамаша күшті ел бар ма!
Елге ерік әпердің, жерге – көріқ,
Дұшпан құрып, дос есті, әнім, самға!

Қуан көңілім!
Қайырмасы:
Жеңіс жылғы шаттық ән,
Дұшпандарды сап қылған.

Шаттан, елім!
Қуан көңілім!

Биылғы жыл – қуаныш, жеңіс жылы,
Ел қуанып, той қылар кеңіс жылы.
Бізге тиген дұшпандар баудай түсер,
Қарсы тұрса ер жүрек еңбекші елі.

Қуан көңілім!
Қайырмасы.
Бір біз емес, қуанды жердің шары,
Бейбітшілік сұрайды жанның бәрі

Дұшпан құрып, өз көрін өзі қазды,
Өз жеріне көмілді одан әрі!
Қуан көңілім!
Қайырмасы.

Айналайын қарағым, қандай едің,
Өзің теңдес құрбының майдайы едің.

Жеті арал жерім-ай,
Сағындым елімді-ай.
Күліп-ойнап өзіңмен жүрген шақта-ай,
Мұратыма қол жеткен жандай едім.

Жеті арал жерім-ай,
Сағындым елімді-ай.
Жеті арал жерім-ай,
Сағындым елімді-ай.

Басында Қаратаудың ін бар ма екен,
Бетінде сұлу қыздың мін бар ма екен?
Жылаймын өксіп-өксіп, кімге айтайын,
Көретін туған елді күн бар ма екен?

Қайырмасы:
Жетісу қайран жерім-ай-ау,
Сағындым қайран елім-ай-ау.
Жалайыр, Ұлы жүзде туған елім,

Жетісу – туып-өскен байтақ жерім.
Елімді, қалмақ шауып тентіретті,
Алатын күн туа ма елдің кегін?
Қайырмасы:

Жетісу қайран жерім-ай-ау
Сағындым қайран елім-ай-ау.

Есіктің алды беткей-ді,
Беткейден жылқым кетпейді.
Кешегі өткен Әбішхан,
Әлі есімнен кетпейді

А-хау, шолпаным, ой!
Әбішхан кетті-ау бел асып,
Беліне белбеу жарасып,
Жарасқаны құрсын-ай,

Күнім деп қалды-ау-ау адасып.
А-хау, шолпаным, ой!
Есіктің алды күрке еді,
Күркені жауын бүркеді.

Кешегі еткен Әбіштің,
Топырақ бетін бүркеді.
А-хау, шолпаным, ой!

Аты еді бұл әнімнің жонып алды,
Алғандай сұлу жонып өрім талды.
Жасымнан сүйіп айтқан ән болған соң,
Жаңылмай әлі күнге есте қалды.

Жан едім әсем әнді сүйіп айтқан,
Жағымды көпке бірдей жұрт ұнатқан.
Келетін нақысына жүз құбылып,
Кейде өрлеп, кейде шалқып, баяулатқан.

Кім сүймес көкке өрлеген әсем әнді,
Көңілдің күйін шерткен көркем сәнді.
Болғандай бойға қуат, ойға азық,
Балқытып еріткендей тербеп жанды.

Шыңында өскен асқардың сен бір шынар,
Бір көруге жүзіңді болдым құмар.
Қайырмасы:
Дәй-дәй-дәй, жорға тай,

Ақ бикеш манат-ай.
Қызылдан борлат-ай,
Айдай құрбым, заулатшы-ай!
Көрмегелі жүзіңді көп күн болды,

Құмарланған көңілім қашан тынар.
Қайырмасы.
Орта бойлы қара көз шырайлым-ай,
Бір сөйлеспей өзіңмен тынармын ба-ай.

Қайырмасы.
Сөйлегенде тіліңнен бал тамады
Басқа жанға көңілімді бұрармын ба-ай.
Қайырмасы.

Күртінің арғы жағы шабыр екен,
Көлтабан-ау сортаңы көп табыр екен-ау, табыр екен-ау.
Бозбала, қолдан келсе шыдамды бол,
Жігіттің-ау нар жолдасы сабыр екен-ау, сабыр екен-ау.

Күртінің арғы жағы қамыс екен,
Күшікпен сөзім шәлкес, шалыс екен,
Босансам босаға да жатар м(а) едім
Қайтейін Үш-Алматы алыс екен.

Күртінің арғы жағы теріскен-ді,
Жас жаным ұнатады келіскенді.
Еменге теріс біткен қисық бұтақ,
Дәурен сал қоя тұршы керіскенді.

}2 рет.
}2 рет.

Уа, Зәуреш, сенің үшін елден келдім,
Баяғы өзің қөрген жерден келдім.
Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,
Иіскеп, бір сүйейін деген едім.

Қайыңның жазда көрдім жапырағын,
Құланның тауда көрдім шоқырағын.
Сен қалған отыз ұлдан едің, Зәуреш,
Бір уыс бұйырмады топырағың.

Сақталмас болат пышақ қын болмаса,
Өтірік неге керек шын болмаса.
Зарланып саулы інгендей келгенімде,
Басыңды бір көтерші тым болмаса.

Бор болмас болар бала-ей бала жастан,
Оңай ма адам болу-ай жұрттан асқан,
Иғаужар.
Жігітке жүз өнер-ей аз болмай ма?

Шығады ақыл жастан-ей, асыл тастан,
Иғаужар.
Ақылдың түрі басқа-ей, жөні басқа,
Ашудың арты өк(і)ніш-ей, қара қасқа,

Иғаужар.
Алдымнан артым озсын-ей, деген сөз бар,
Бар істі аманат қыл-ей, өрен жасқа,
Иғаужар.

Ақыл жастан, асыл тастан,
Ақылды дұшпан артық-ау ақ(ы)мақ достан,
Иғаужар.

Байжанның мен баласы мырза кедей,
Мойнымда тұмарым бар дөдегедей.
Аттыдай жаяу жүріп шіренемін,
Жүз қойым, отыз жылқым бар немедей.

Кепсер ал, кепсер алсаң, Қызылжар бар,
Өзім сал, өзім сері мен неге зар.
Біреудің көлге біткен құрағымын,
Аулақ жүр көлеңкемнен, менде нең бар?

Қызылжар үйден шықсам жолы оңай,
Бас, сәулем, аяғыңды бұраңдамай.
Біреудің мен де өзіңдей боздағымын,
Сен болсаң он төртінші туған айдай.

Көкала үйрек ұшады көлге қарсы,
Жануардың ұясы желге қарсы.
Қайырмасы:
Керім-ау, айдай,

Сағындым, сәулем, сені ойлай.
Сағынғанның белгісі сол емес пе,
Орамалға тамады көздің жасы.
Қайырмасы.

Ауылымның қонғаны қарағайлы,
Жалған сөз тату досқа жарамайды.
Қайырмасы.
Сағынғанда сені ойлап, қимас қалқам,

Ішкен асым бойыма тарамайды.
Қайырмасы.

Әриайдай өлеңнің басы екен,
Сыланбаған қыздардың насы екен.
Керімсал-ай, кездескенше талай бар-ай.
Көрсетсеңші өнерің болса егер,

Жиырма бес жігіттің жасы екен.
Керімсал-ай, кездескенше талай бар-ай.
Ақ тамақты бұраң бел-ай,
Мен не дейін, өзің біл-ай.

Астымда кер кекілім бұлаңдайды,
Сұлу қыз кербезденіп сылаңдайды.
Ауылын сүйген жардың іздеп бармай,
Көңілім еш уақытта тына алмайды.

Жадағай-жайсыз жерде жүре алмаймын,
Жадырап сенсіз жерде күле алмаймын.
Жасымнан ғашық болып сүйген сәулем,
Басқаны бір өзіңнен біле алмаймын.

Көзімнің қарасы ,
Көңлімнің санасы.
Бітпейді іштегі
Ғашықтық жарасы.

Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы,
“Бар” демес сендей бір,
Адамзат баласы.

Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын.

Жүректен қозғайын,
Әдептен озбайын.
Өзі де білмей ме
Көп айтып созбайын.

Өзі де білмей ме
Көп айтып созбайын.

Ой, қалқам, сен де көркем, мен де көркем,
Қосылса екі көркем болады тең.
Дөңбекшіп төсегімде жата алмаймын.
Есіме сен түскенде сұлу еркем.

Бір ағашта екі алма,
Мен де алмайын, сен де алма,
Менің досым сен болсаң,
Оймақ ауыз, күлім көз,

Мен кеткенде, сен қалма!
Көк айдай, көк айдай
Күткен сәулем қыз қайда-ай!

Көк аршын ән еркесі баппен айтса,
Ер жігіт не болады серттен қайтса.
Ән болмас “Көкаршындай” қайда барсаң,
Ән білем деген адам шынын айтса.

«Көкаршын» көңіліме қонған әнім,
Сүйеді сұлу әнді менің жаным.
Айқайлап шырқағанда жүз құбылтып,
Кетеді бойым балқып, қызып қаным.

Аты жоқ құс болады көкек деген,
Алдында терезенің секектеген.
Ойымда үш ұйқтасам бар ма менің,
Айрылып сені, сәулем, кетед деген.

Қайырмасы:
Ей, аты жоқ көкек,
Ей, аты жоқ көкек.
Кім сүймес шешек атқан Көкек айын,

Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.
Ақ қалқам, отыр ма екен, жатыр ма екен,
Ей, көкек ұшып барып, білші жайын.
Қайырмасы.

Шекеңе селдіретіп айдар тағып,
“Көк-кек”, - деп бос жүргенше секең қағып,
Қосайын өле-өлгенше мен әніме,
Қалқадан хабар әкел ұшып барып.

Қайырмасы.

Шыңында өскен асқардың сен бір шынар,
Бір өзіңе, қалқатай, болдым құмар.
Қайырмасы:
Бұраң бел, көкем-ай,

Қасы көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.
Көрмегелі жүзіңді көп күн болды,
Құмарланған көңілім қашан тынар.

Қайырмасы.
Орта бойлы, қара көз шырайлым-ай,
Бір сөйлеспей өзіңмен тынармын ба ей!
Қайырмасы.

Сөйлегенде тіліңнен бал тамады-ай,
Сенен көңіл басқаға бұрармын ба-ай.
Қайырмасы.

Көкжендет, тұғырың алтын маржан баулы,
Тұрушы ең ағаш үйде асыраулы.
Жүз үйрек, алпыс қазды бір күнде алған,
Құс қайда Көкжендеттей қыран шәулі.

Көкжендет, шалғың ұзын, мойның қысқа,
Қайырып салушы едім ұшқан құсқа.
Айрылып Көкжендеттен қалғаннан соң,
Осы әнге шырқап салдым мына тұста.

Көкжендет, ұшушы едің тоғайды өрлеп,
Шабытқа таңертеңгі қоян бар деп.
Ертеден қара кешке салғанымда,
Көк бестім ере алмайтын көзі терлеп.

Сауылдап сұқсыр үйрек ұшар кешке,
Түседі Көкжендетім сонда еске.
Қарасам оң қолымда Көкжендет жоқ,
Жүгірдім сасқанымнан Қозыкешке.

Әуеде ұшып жүрген көк көбелек
Дертіңді сөңдірейін су себелеп.
Кеткенде ауылың шалғай ей, перизат,
Жортайын аш бөрідей тау жебелеп.

Ауылым көшсе қонар көл-қопаға,
Ғашық ем мен де өзіңдей бір ботаға.
Кебістің жалаң аяқ басын киіп,
Шығарып салушы едің жол ортаға.

Көкшетаудың биігі,
Баурында ойнар киігі!
Ғашық болған қара көз,
Қашан тарқар – күйігі.

Қайырмасы:
А-ай!....Қара көз
Сен жұбайым, қалдың кейін,
Мен не дейін, ай!

Мінгенім астымдағы көкшолақ-ты,
Жалы жоқ, құйрығы жоқ, шоп-шолақ-ты.
Ей, қыздар, қойшысынбай өлеңіңді айт,
Тұсыңа біздей құрбың келіп қапты.

Қайырмасы:
Олай жүрші, көкшолақ,
Былай жүрші, көкшолақ.
Қыздар мінген байталды,

Жанай жүрші көкшолақ.
Жамандатқыр көкшолақ,
Арам қатқыр, көкшолақ,
Мені құртқан, көкшолақ.

Мінгенім астымдағы қызыл шолақ,
Қыз байғұс әкесіне аз күн қонақ.
Ей, қыздар, кедейсінбей өлеңіңді айт,
Тұсыңа келіп қалдым құдашалап.

Қайырмасы.
Қызы едің сен бір байдың өтпей жүрген,
Келгенше жиырма беске кетпей жүрген.
Ей, қыздар, кедейсінбей өлеңіңді айт,

Мен қойшы сендей қызға жетпей жүрген.
Қайырмасы.
Мен өзім Алатаудың ителгісі,
Қойшының қызға жақын икемдісі.

Кедейсің деп кемітпе, байдың қызы,
Келіп отыр құрбыңның сүйкенгісі.
Қайырмасы.

Ар жақта отыратын Көлбай, Жанбай,
Шідерімді кім алды Ләйлім алмай,
Бағасы шідерімнің алтын еді.
Асығыстан барамын сұрай алмай.

Көлбай, Жанбай, тыңдашы, асыл тасым,
Біте қайнап, бірге өскен замандасым.
Көктен жел, жерден шайтан әкеткен жоқ,
Ұрлап алған өзіңнің қарындасың.

Дегенде Көлбай, Жанбай асыл сүйек,
Бір тәңірден мен жүрмін тілек тілеп.
Форымын шідерімнің сұрасаңыз,
Сап – күмістен, балағы – алтын тиек.

Құрышқанның, ауылы елден жырақ,
Хабарын біліп тұрам күнде сұрап.
Барар ем ауылыңа әлденеше,
Мінезі Қожағұлдың қатаңырақ.

Бұлбұлым, Сандуғаш,
Болатым, Гауһар тас.
Шолпандай жарқ еткен
Қазақ қызы ең алғаш.

Жаманат келгенде,
Шулады кәрі жас.
Арманда жас кеттің,
Бұлбұлым қарындас.

Қайырмасы:
Халықтың бұлбұлы,
Әйелдің дүлдүлі,
Аққудай иіліп,

Балқытар шықса үні.
Мезгілсіз үзілді,
Отанның нұр гүлі.
Сағынар ел-жұртың,

Сайраған үніңді.
Гәккуге шырқаған,
Таң қалған тыңдаған.
Кең сарай Кремль

Даусыңа жаңғырған.
Жамбыл мен екеуі
Бірінші жүлде алған.
Сендермен ілесіп,

Мен едім бір барған.
Қайырмасы.
Еңбегің өлмейді,
Әуенің сембейді.

Артыңда ұрпақтар
Сен жайлы сөйлейді.
Көп ұлтты Отаным,
Үніңе шөлдейді.

Жұлдыздай жарқырап,
Атағың сөнбейді.
Қайырмасы.

Қазақстан аймағы гүл жайнаған,
Орақ-балға үй сайын ту байлаған.
Егінге бай, малға сай, өркені өскен,
Кең жайлауға ызғытып мал айдаған.

Қайырмасы:
Алатау, Алтай өрі бар,
Көкшетау, Арқа белі бар.
Маңғыстаудан бері қарай,

Қазақстан елі бар.
Қазақстан аймағы тау мен дала,
Өзенді өлкесі де, сай мен сала.
Атпен жүрсе, айнала – алты айлық жол,

Әділ заман жайнатты талай қала.
Қайырмасы.

Жақсы адам жасырмайды адал сырын,
Жаманда жақсылық жоқ ешбір ырым.
Атар таң, сол жаманға шығар күн жоқ,
Келгенде сөйлер сөзге кетер қырын.

Бір күні домбыраның пернесінде,
Жел сөздің іркілейін мен несіне.
Жігіттер, тіршілікте ойна да күл,
Мен кепіл өткен жастық келмесіне.

Қыздары Қазан сипатын,
Қызықтым көріп сымбатын.
Көрдім талай жас арудың
Жақсы жаман келбетін,

Алты ай тұрып Қазанда да,
Байқадым қыздар әлпетін. } 2 рет.

Салғаным дарияға жезден қайық,
Болғанда біз лашын құс, сіз бидайық.
Іздеген сұрағанға тура келді,
Айқасып құлыншақтай қосылайық.

Қайырмасы:
Қайран ағаш, өскен ел,
Қалды-ау кейін артымда.
Жылдарды жылдар келер бағзай-бағзай,

Келеді бір наурызда елдің жазы-ай.
Алабын айдын көлдің сулар алса,
Сұңқылдап ұшып-қонар үйрек, қаз-ай.
Қайырмасы.

О, жалған-ай!
Бұл-бұл ұштың көзімнен қайран жастық,
Асық ойнап, жас күнде тайраңдастық.
Сабау қамшы, шыбықты ат қып мініп,

Желмен ұшып, құспенен біз жарыстық.
Қайран жастық-ай!
Қайғы-уайым бар ма еді жас күнімде,
Кешке дейін ойнаушы-ек тас түбінде.

Елу менен алпысқа жеткеннен соң,
Еріншектей кез болдық қаскүнемге.
Қайран жастық-ай!

Бала тілді алмаса беттен алып,
Келін тілді алмаса кердең қағып.
Кемпірім де соларға қосылып ап,
Отырарсың амалсыз жалғыз қалып.

Қайран жастық-ай!
Жақсы көріп алғанды, бергің келмес,
Бет алдына ерігіп жүргің келмес.
Жасың жүзге жетсе де, жаның тәтті,

Қара жердің қойнына енгің келмес.
Қайран жастық-ай!

Алатау алабында туып өстік,
Қайнардың тасып аққан суын іштік.
Халық үшін қайғы тартып, азап шегіп,
Патшаның зорлығынан босып, көштік.

Қайырмасы:
Қайран елім қайда?
Көрер күн бар ма?
Тас жастап, мұз бүркеніп өтті күнім,

Қосылған қоңыр қазға ән мен үнім.
Жер мен ел, туып-өскен, қош аман бол,
Қалдың-ау, қатын, бала, аға, інім.
Қайырмасы.

Аман бол көріскенше, ел, ағайын,
Басыңа түсті қазір сары уайым.
Ел-жұртым еркіндік ап, басын қосса,
Серпілер соңда менің арман-ойым.

Қайырмасы.

Кеттің бе Жетісудан оу қайран Ораз,
Кулак пен капиталға ойран Ораз,
қайран Ораз-ау.
Қуғанда контрларды-ау Алатаудан

Ел жұртың салып еді ау сайран Ораз,
қайран Ораз-ау.
Қош аман бол-ау.
Жетісу өзің өскен жерің қалды,

Артыңда үйсін-найман елің қалды,
жерің қалды,
Жиында ертіп жүріп, ән салғызар,
Еңіреп Бейсебайдай серің қалды,

елің қалды.
Қош аман бол.

Айналайын, қарағым, келдің қайдан?
Алма мойын, ақ үйрек ұшар сайдан, қалаулым.
Құдай айдап кез болдың, әріптесім,
Дос болмағы адамның осындайдан, қалаулым.

Қайырмасы:
Таңғы салқын самалдай,
Қыз туар ма Жамалдай?!
Сізге ғашық ынтызар

Ауылыңа бара алмай...

Бұл әнді кім біледі аты ''Қалқа'',
Қалқаны сағындым ғой айта-айта.
Қолға алып домбырамды шырқағанда
Тырнақтан дым қалған жоқ тарта-тарта.

Домбырам екі ішекті қолға алайын
Түрлентіп он екі алуан ән салайын.
Баласы жүйрік айғыр ат ұстайды
Мен дағы бұл өнерден құр қалмайын.

Қалқаның сағынғанда салған әні
Түрлентіп он екі алуан ән салғаны.
Сүйгенін сүйінгеннен есіне алып
Жай таппас әнге салса кімнің жаны.

Бұл әнді кім білмейді аты “Қалқа”,
Қалқаны сағындым ғой айта-айта.
Қолға алып домбырамды шырқағанда
Тырнақтан, дым қалған жоқ тарта-тарта.

Қалқаның сағынғанда салған әні
Үзілтіп, елжіретіп толғағаны.
Сүйгенін сүйгенінен есіне алып,
Жай таппас-ей, әнге салса кімнің жаны.

Гүл бақша көңілді бір әсем әнді,
Тілейтін бұлбұл едім сайрағанды.
Ән шырқап бой жаза алмай, шалқыта алмай,
Қалыптап қайран дүние жалған,

Шіркін қанат талды.

Мен бүгін қыз жинадым тамаша етіп,
Мейман боп соның бәрі қалды кетіп.
Сүйген жар алыс сапар кеткеннен соң,
Басайын көңіл мұңын өлеңдетіп.

Жолыңа сенің кеткен көп қарадым,
Келер деп аңсап күткен бір хабарың.
Сағынған қалқам келіп қуанам ба?
Тартады әлсін-әлсін оң кабағым.

Қара көз сөз айтады жылап тұрып,
Көл қылып көздің жасын бұлап тұрып.
Қу камшат адыра қалған енді аман бол,
Жібердім жырақ жерге ылақтырып.

Қайырмасы:
Жирен аттың қасқасы,
Сыдырып алған таспасы.
Бірге өлейін деуші едім,

Қу шыбынның басқасы.
Айдай сәулем, дәурен,
Сәулешім-ай, енді аман бол.
Қу камшат адыра қалған енді аулақ,

Келе бер зарлағанда елдеп заулап.
Айтқан сөз, алысқан қол арамызда,
Кетсеңші тым болмаса көңіл аулап.
Қайырмасы.

Аспан жарық, су тынық, жым-жырт дала,
Бой тербедім желігіп әнге сала.
Көз алдыма бейнесі елестейді,
Көзге жақын, жер алыс, бар ма шара?

Қайырмасы:
Қара көзім,
Жел аударған қаңбақтай
Келді кезім.

Бұл жалғанның қызығы – тату достық,
Ойын-сауық сайранда көңіл қостық.
Жер апшысын қуырып кетер едім –
Тас байладың қолымды, әттең, жоқтық.

Қайырмасы.

Келеді қараторғай қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып.
Бірге өскен кішкентайдан қараторғай,
Айрылдым қапылыста сенен нағып.

Қайырмасы:
Қараторғай, ұштың зорға-ай,
Бишара шырылдайсың жерге қонбай.
Ертістің аржағында бір терең сай,

Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай.
Ағаштың бұтағына қонып алып,
Сайрайды таң алдында қараторғай.
Қайырмасы.

Ай! Есілдің аржағында бір терең сай
Сүйреткен жібек арқан телқоныр тай.
Ай! Басына биік ағаш қонып алып,
Сайрайды таң алдында қараторғай.

Қараторғай, қараторғай
Ла-ла-... ля-ляй ля-ляй и-и ау.

Болғанда қасың қара, шашың сүмбіл,
Нұрланып көктемеде ашылар гүл.
Қолымды қайтсем саған жеткіземін,
Сайраған қапастағы сен бір бұлбұл.

Ай-ай, қара торғай
Ай, қара торғай хали-лай,
Хали-ли-ли ли-ли-ли-ли
Ли-ли-ли-ли-ли-ли-хай.

Құс болсаң жібектен бау тағар едім,
Күмістен тұғырыңды жабар едім.
Мойныңа сары алтыннан алқа тағып,
Қолға алып сылап-сипап бағар едім.

Қарашада өмір тұр,
Тоқтатсаң тоқсан көнер ме?
Арттағы майда көңіл жүр,
Жалынсаң қайтып келер ме?

Қайырмасы:
Хай-ла-ла ла ла ха-ла-ла ла ла
Хай-ла-ла ла ла-ла-ла-ла лай
Ха-ла ла ла ла ла ла ла ла!

Майдағы жұрттың іші – қар,
Бәйшешек қарға өнер ме?
Ішінде кімнің оты бар,
Қар жауса да, сөнер ме?

Қайырмасы.

Айдап салдым жылқымды теріскейге,
Бақпай қойса мал шіркін өрістей ме.
Жылқы ішінен саңлақты ұстап мініп
Осылайша ән салсам келіспей ме.

Қайырмасы:
Қара жорға
Жорғалатып салайын
Жолдан жолға-ай.

Жүйрік те бар жылқымда, жорға да бар,
Бір атымнан тер шықса, пиғылым тар.
Ортақ малын елімнің өсірем деп,
Көтерген ақ сенімім тағы да бар.

Қайырмасы.

Ақ дидарың көргенде тұра алмаймын,
Сенсіз жерде салтанат құра алмаймын.
А-хау, а-хау Қарғаш-ау хай-ля-ли-ляу.
Ха-ля-ля-ку, ха-ля-ля-ку.

Ха-ля-ля-ляй-лим.
Сен есіме түскенде, беу, қарағым-ау.
Кемесіндей дарияның бұлаңдаймын.

Қарғам-ау, сен қандайсың мен дегенде,
Менде жоқ ұшар қанат қарғам сен дегенде.
Аршын төс, алма мойын, беу қарағым,
Сілекей сірне татыр қарғам шөлдегенде.

Қарғам-ау, ризамын сертке жетсең,
Жерлерден қиын-қыстау аман өтсең.
Бірге өскен кішкентайдан, қарғатайым,
Өзің біл, ғашығыңды зар еңіретсең!

Атыңнан айналайын Қарқаралы,
Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады.
Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай,
Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы.

Басында Үшқараның балғын едім
Көкорай сазға біткен шалғын едім.
Екінің бірі болсам арманым жоқ,
Мен туған бір атадан жалғыз едім.

Қонғаны ауылымның Талды-ау деймін.
Жағалай ел жайлауға барды-ау деймін.
Кір жуып, кіндік кескен туған жерлер,
Артына бір қарамай қалды-ау деймін.

Немене, көрген қызық көрмегендей,
Жас дәурен жауар бұлт өрлегендей.
Жастық шақ көк семсердің жүзі емес пе,
Қайрап ап қалың жауға сермегендей.

Қарағым айналайын еркем деймін,
Естілсе жаманатың өкпелеймін.
Лебізің өзің берген, өзің жұтсаң,
Амал не, армандамын көпке дейін.

Хат жаздым қалам алып, шырағым-ай,
Лебізің таудың таза бұлағындай.
Көзіме көрінесің жарқ-жұрқ етіп,
Киіктің тауда ойнаған лағындай.

Қарайғанға қараймын қабан ба деп,
Қамшылаймын атымды шабам ба деп.
Өткеннен де сұраймын, кеткеннен де,
Қалқатайдың ауылын табам ба деп.

Қайырмасы:
Ахау Қоғажай, қоңыр салқын
Соғады жел, ахахай.
Біздің ауыл Меркінің төрінде отыр,

Өзің көрген баяғы жерінде отыр.
Шыныменен көңілің бізде болса,
Сағат сайын көзіме көрін де отыр.

Ақ көйлек жыртылмайды кең болған соң,
Ойнайды екі құрбы тең болған соң.
Сырымды саған айтпай кімге айтамын,
Көзіме көрінгенім сен болған соң.

Кеңге сал бейіліңді тарылғанша.,
Заман-ай, қоспаймысың зар қылғанша.
Біреудің жас өміріне ортақ етіп,
Жаманды неге алмайсың бар қылғанша!

Қор болды жаным,
Сенсізде менің күнім!
Бек бітті халім,
Тағдырдан келген зұлым.

Тағдыр етсе алла,
Не көрмейді пәндә?
Сайрай бер, тілім,
Сарғайған соң бұл дерттен.

Бүгілді белім,
Жар тайған соң әр серттен.
Қамырықты көңіл,
Қайтсе болар жеңіл?

Сағындым сені,
Көрмедім деп көп заман.
Адам деп мені,
Салмадың сен хат маған.

Жай таба алмай жүрек,
Жасыған соң сүйек.
Бұл қылған зарым
Барса жардың маңына,

Ол – қылған дәрім
Ғашығымның жанына.
Оңалдырып ойды,
Түзетпей ме бойды?

Бір ауылы Жамбылдың көктеректе,
Ер Атанған екі рет Жазылбек те.
Көктерегім, қара жаға, көк бөрік көп беремін.
Шүйгініне тоғыздың қойды жайып,

Қоздатасың төліңді көкжиекте.
Сән тауым-ай,
Шөбі шүйгін, суы мол Хантауым-ай.
Қайырмасы:

Көктерегім,
Қара жаға, көк бөрік көп беремін.
Ән шығардым Жазылбек дос, батырға,
Баққан қойың ызғыған қырқа-адырға.

Қойлы ауылым, күндіз-түні тамаша тойлы ауылым.
Қос жұлдызды қадаған еңбек ері,
Үлгіңді үйрет жастар мен достарыңа.
Малды аулым,

Әл-ауқатты, көңілді, сәнді аулым.
Қайырмасы.

Қайғысыз ғазиз жүрек зарламайды,
Адал дос бірін-бірі алдамайды.
Тас төсек ұйқың келсе болар мамық,
Шын ғашық сұлулықты талғамайды.

Қайырмасы:
Жан қалтамда қос өрік
Сәулем, саған мен серік.
Сәулем еске түскенде

Жүре алмаймын теңселіп.
Ахау-ай, игигәй
Иги сәулем-ай 2 рет
Жүр үйге-ай!

Жасымнан болдым құмар сәулем саған,
Күн бар ма дидарласар есен-аман,
Дүниеде сенсіз маған қызық бар ма?
Тілекке жете-тұғын туса заман-ай.

Сағынып хат жазамын алтын айым,
Бір заман сені көріп тұр(а) алмаймын.
Дүниеде бір өзіңе не тең келер,
Киіктің ұқсатамын құралайын-ай.

Қайырмасы:
Аппақ етің қардай бар,
Қызыл бетің қандай бар,
Сен сәулемнің татулығы,

Кеудемдегі жандай бар.
Ахау, ахау,
Ахау, шіркін-ай,
Беу, беу, беу,

Қош, аман бол-ай!

Жасымнан болдым құмар сәулем саған,
Күн бар ма дидарласар есен-аман,
Дүниеде сенсіз маған қызық бар ма?
Тілекке жете-тұғын туса заман-ай.

Сағынып хат жазамын алтын айым,
Бір заман сені көріп тұр(а) алмаймын.
Дүниеде бір өзіңе не тең келер,
Киіктің ұқсатамын құралайын-ай.

Қайырмасы:
Аппақ етің қардай бар,
Қызыл бетің қандай бар,
Сен сәулемнің татулығы,

Кеудемдегі жандай бар.
Ахау, ахау,
Ахау, шіркін-ай,
Беу, беу, беу,

Қош, аман бол-ай!

Өлең айтқым келмейді ерінгенге
Бойым байсал тартады керілгенге
Қайырмасы:
Ахау Құбажай

Қоңыр салқын соғады-ай,
Жел аха-хай.
Жерден алтын тапқандай қуанамын
Қалқатайдың төбесі көрінгенге.

Қайырмасы.
Айналайын қарағым алтыным-ай
Ақ дидарың көргенде балқыдым-ай.
Қайырмасы.

Көрмегелі көп айдың жүзі болды
Сау-саламат жүрмісің, жарқыным-ай.
Қайырмасы.

Келші, келші, бермен келші, құдаша,
Бір сөз айтам көңіліңе ұнаса.
«Кет әрі» деп ұрса ма деп зәрем жоқ,
Не де болса шығып кетші оңаша.

Дедім дағы қысып қалдым көзімді,
Жерге тастап кете ме деп сөзімді.
Елжіреген жас жүректе зәре жоқ,
Сабыр ет деп, тоқтатамын өзімді.

Жел соқса қамыс басы майда деймін,
Ат қостым, айдаушым, айда деймін.
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,
Жығылмаса Құлагер қайда деймін.

Ор болып қалушы еді шапқан жерің,
Шаттанып тұрушы еді қосқан елің.
Атығай-Қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыз сағақ сандал керім.

Құлагер құнанында керім еді,
Нағашым сұрағанда беріп еді.
Ат қоса Ерейменге барғанымда,
Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді.

Құлбай байдың өгізі,
Танкесінің семізі,
Келген сайын тонайды,
Той маған екен негізі.

Қайырмасы:
Ах, Құлбай бай, Құлбай бай,
Әнім менің – “красивай”
Қыпшақский жәрмеңке-ай

Құлбай байдың тайлағы,
Атшаптырым аймағы.
Өзіне тәңірі берген соң,
Бұзылмай тұр қаймағы.

Қайырмасы.
Құлбай байдың ешкісі,
Күйеуі келді бес кісі.
Шешесі тентек болса да,

Қыздарының естісі.
Қайырмасы.
Құлбай байдаң тұсағы,
Өткір екен пышағы.

Басқасы жаман болса да,
Қызының тәуір құшағы.

Қайырмасы.

Қолымда бір қамшым бар сәліңгірдей,
Елге тентек атандым кәдімгідей,
Құралай,
Отырсың жайды сұрамай,

Қашанда көңілім тынар-ай.
Ел ішінде бір тентек жүрмей ме екен
Түстің неге соңыма бәрің бірдей?
Құралай,

Отырсың жайды сұрамай,
Қашанда көңілім тынар-ай.
Қиын екен жігітке елге жақпақ,
Көңілін бай, жарлының бірдей таппақ.

Құралай,
Отырсың жайды сұрамай,
Қашанда көңілім тынар-ай.
Қара қылды қақ жарып жүрсем дағы,

Біреу мақтап кетеді, біреу қарғап.
Құралай,
Отырсың жайды сұрамай,
Қашанда көңілім тынар-ай.

Ау, Аянбай, Аянбай!
Басыңды көтер, құрдасжан,
Қайғырып, таяқ таянбай.
Жастан жетім болмасам,

Өстіп қойды жаям ба-ай?
Бір жыл туған төл едің,
Қасыңа келдім аяңдай.
Ішімдегі шерімді

Саған келдім баяндай.
Бар азығым берейін,
Бір күн қойым жайғанға-ай.
Босатып мені қоя бер,

Той тарауға таянбай.
Осы тойдан құр қалсам,
Енді маған той қайда-ай?!
Тездетіп жауап берсеңші,

Айналайын, Аянбай!

Бар екен жердің аты Марал дүрік,
Әр жерде еттім сайран кезіп жүріп.
Ісіне құрбы-құрдас зар илеймін,
Тамаша Құсни, Қорлан қос қыз көріп.

Қайырмасы:
Ай-хай жалған,
Құсни-Қорлан
Екеуі туған екен,

Бір анадан.
Қарағым, қасың қара қиылып тұр,
Аш белің қылдан нәзік иіліп тұр.
Шіркінді қандай адам тапты екен деп,

Сыртынан орыс, қазақ сүйініп тұр.

Арғынға дүбірім шыққан мен бір тұлпар,
Қыздары орыс, қазақ, шіркін-ай, маған іңкәр!
Киргизская красивая,
Қыздары қазақ сұлу-ай!

Үйректі қаралайым, суға жығып
Қаз ілген айдын көлден, шіркін-ай, мен бір сұңқар!
Я попрошу поцелуй...,
Не женатый холостой!

Құбылтып ән шырқаймын заманымда,
Мен бұлбұл өмірімнің гүл бағында.
Жаңа өмір, жаңа бақыт аясында
Шаттанбай әнге салмай қалайын ба?

Ди-да-ку қалқаш, ай,
Ха-ли-ләй қызық-ай.
Ди-да-ку, қалқаш қызық-ай,
Шіркін, ай, ах-ха-хай.

Қыз емес, қыздың аты, қызыл бидай!
Қыз үшін түнде жүрдім көңілін қимай!
Қалмады баста бөрік, белде белбеу
Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай, сыйлай!

Қайырмасы:
О, шіркін көзім қимай хайләйлім
Хайләлә күлиләләй, хәйләйлім!
Ахай айдай қызыл бидай

Көрген соң ақ жүзіңді жүрмін қимай.
О, шіркін жүрмін қимай
Хайләйлім, халәлә күлиләләй, хәйләйлім!
Қыз емес, қыздың аты қызыл алма,

Жаманға тең болмайтын көзің салма.
Түйедей бойға сеніп босқа қалған
Үйренбей өнер-ғылым кейін қалма.
Қайырмасы.

Қыз емес, қыздың аты қызыл бидай,
Ән салып қыз баланың көңілін қимай.
Қалмады белде белбеу, қолда орамал
Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай, сыйлай.

Қайырмасы.

Ұзынсу мен Иірсу, Қызылқайнар,
Қыз-бозбала жиылып, күліп, ойнар.
Алма, өрік албырап, гүлі жайнап,
Саясында сандуғаш, бұлбұл сайрар.

Қайырмасы:
Қызылқайнар, Шөлқайың,
Су ағады сай сайын.
Сен сағынсаң ай сайын,

Мен сағынам күн сайын.
Сұлу қыздай керілген Сұлутөрім,
Ән шырқатып, айтысып жүрген жерім.
Керегенің көзінен қол жалғасып,

Шәйі орамал ұсынған кербездерім.
Қайырмасы.
Басынан Алатаудың ұлар ұшқан,
Ой жүйрік қалыспайды ұшқан құстан.

Көзінен керегенің жүзік беріп,
Едіңдер әріптестер қолды қысқан.
Қайырмасы.

Сұрасаң ел біледі атым Қыпшақ,
Көрдім де ақ еркені жайдым құшақ.
Ақ ерке отыр ма екен, жатыр ма екен
Жарқылдап көлге қонған аққу құсап, да-рай-да-а-ау.

Ләйлім шырақ дегенде, Ләйлім шырақ,
Таудан аққан кұм қайрақ сен бір бұлақ.
Қайыс болсын, жіп болсын өзіме бер,
Шідерімнің бағасы – қырық қысырақ.

Өзіме бер шідерім тауып алсаң,
Өте қымбат бағасы тілге нансаң.
Жерде шіріп қалса да өзіме бер,
Шыбын жаным қиылсын бітім алсам.

Ақ көйлек, асыл пешпент белін қысқан, ә-әй,
Бір қыздың дауысы шықты күн шығыстан-ай.
Қоян жон, құмырсқа бел, ой, қарағым-ай.
Жігіттің арманы жоқ сені құшқан а-ай.

Айналайын құдай-ау,
Қапалық салдың жасымнан
Шешенің зарын тарттырдың
Бес жасымда басымнан

Сөйлемей пенде шыдамас
Қайғы отына ашынған
Жарымды көрмей неше жыл
Қапалықты асырған.

Қызы едім мен Уәлидің, Майра атым,
Тартады боз баланы магнитім.
Құрбылар, жастық шақта ойна да күл,
Қартаяр, күлкі қашар уақыт жақын.

Қайырмасы:
Майра, Майра, Майра!
Қызыл тілім сайра.
Хара, раку-райра, Майра,

Майра, Майра,
Шырқа, осындайда!
Дегенде атым Майра, атым Майра,
Отыз тіс, көмекей мен тілім сайра.

Қолға алып, домбырамен ән шырқасам,
Ілесер сонда маған жігіт қайда?
Қайырмасы.

Үйірі қысырақтың мақпал қара,
Шашыңды күндіз жу да, түнде тара.
Алыстан ат аямай келгенімде,
Ей, Мақпал, қырындамай бермен қара!

Үш жүзге атым мәлім Ақан сері,
Келгенім Мақпал қыздың тұрған жері.
Алыстан ат сабылтып келдім іздеп,
Бір көріп қайтайын деп, Мақпал, сені.

Біз қайтып елге таман бастық қадам,
Сымбатың хатқа сыймас айтсам тамам.
Ей, қалқа, мұнша неге зарланасың,
Елге алып қайтпас па едім келсе шамам.

Біраз күн Дәнетінге салдым салық,
Артымда зарланамын Мақпал қалып.
Қосылған ғашық болып қайран құрбым,
Қасіретің өзегімді кетті жарып!

Мал бағуға жасымнан, ей болдым маман,
Ұзағам жоқ қасынан екі қадам.
Алпыс бием дәл бүгін құлындады,
Түгел ерді төлдері есен-аман.

Ей жан қалқа, жаңа таныс,
Жаңа таныс болғанда кеттің алыс.

Қыз қосылса теңімен жыламасын,
Көздің жасын көл қылып бұламасын.
Қайырмасы:
Маусымжан, Маусымжан,

Танимын, қалқам, даусыңнан.
Екі жасты бақытты ете көр деп
Біздер бата берелік, сұрағасын.
Қайырмасы.

Біреу күлсе жалғанда Маусым күлсін,
Күн нұрындай күлімдеп Маусым жүрсін.
Қайырмасы.
Еркетайы аулымның Маусым атын,

Тең құрбысы сағынып айтып жүрсін!
Қайырмасы.

Маңмаңгер, кекілің күлте, жалың майда,
Байлаған сені сылап қалқатай да.
Жүресің желмаядай жануарым,
Көрейін қызығыңды осындайда.

Қайырмасы:
Ахау, туған елім,
Балаң едім,
Өзіңе осынау әнді,

Ала келдім.
Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе,
Дер екен қалқа қалай келісіме.
Сыдыртып, маңмаңгермен келе жатып,

Осынау ән күйіндіріп түсті есіме.
Қайырмасы.
Маңмаңгер кекілің күлте, жалың майда,
Бал татыр қант қосса қағаз шайға.

Кісіден анау-мынау жалтару жоқ,
Ақ көйлек, дүрия бешпент сәулем қайда.
Қайырмасы.

Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,
Бас ұрып қара жерге, сұлағанын.
Жапырағы сарғайып, өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?

Ха-ли-ла-лай-лай
Ла-ли-ха-ла-лай,
Ла-ла-лай, ла-лай,
Ла-у-ли-лай-лай

Ли-ли-ли-ли-ли-ли-лай.
Ха-ла-ла, у-ла-ла-лай!
Ха-ли-ли-ли, ха-ли-ли,
А-лау, ай. А-лай, ай!

Мен көрдім ұзын қайың құлағанын.
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Сарғайып, жапырағы өлімсіреп
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?

Мен көрдім ойнап жүрген қызыл киік,
Кеудесіне мылтықтың оғы тиіп.
Қалжырап, қансыраған, қабақ түскен –
Кімге батар ол байғұс тартқан күйік?

Мен көрдім ғашық жардан уәдесіздік.
Өмірдің қызығынан күдер үздік.
Суыды, жылы жүрек жара түсті,
Шықпаған шыбын жан мен күн өткіздік!

Көп көрдім қызығыңды, қайран елім,
Ортаңда бұлбұл болып сайрап едім.
Халқымның қазақ, қырғыз арасында,
Еркелеп ортекедей ойнап едім.

Қайырмасы:
Мен сүйемін халқымды,
Жасың менен қартыңды.
Ардақты елге ән салсам,

Денем майдай балқиды.
Ән шырқап Алатауда арындадым,
Ағындай таудан аққан сарындадым.
Еліме ән-өлеңім ұнаған соң,

Талмадым, шаршамадым, жаңылмадым.
Қайырмасы.
Әл-қуат, демеу болған елім маған,
Кәрі-жас, үлкен-кіші, інім, балам.

Жазылып қайта сапқа тұрғанымда,
Арнадым алғашқы әнді, халқым, саған.
Қайырмасы.

Мінезі жүйріқ тердің соқпа-соқпа,
Айтамын мен өлеңді қалың топта
Сөйлеп қал, қызыл тілім өлмей тұрып,
Өмірім, біразырақ бар ма, жоқ па?

Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,
Кел десең, неге аяйын аттың терін.
Сары ағаш сазға біткен секілденіп,
Қай жерде отыр екен бұраң белім.

Базардан алып келген күміс құман,
Жігітті адастырған қалың тұман.
Арадан қыл өтпестей тату едік,
Біздерге қастық қылған қай антұрған.

Жігітке кедейшілік ол сергелдең
Жоқ болса жалғыз атың өлгенмен тең.
Үйіңе құрбың келіп құр аттанса,
Не керек дүниеден үміттенген.

Шешеннің сөз шығады таңдайынан,
Жұмақтың сізге мекен қандайынан
Бар болып, байлар кімді асырайды,
Әркімнің жазған алла маңдайынан.

Аспаннан қар жауады бүркей-бүркей.
Ұшады күз болғанда қара шіркей.
Екпіні-отарбадан кейін емес,
Осылай әндетеді ақын Нұркей.

Мен өзім жоғары емен, төменгі елмін,
Бәйгеден күнде келген кемеңгермін.
Көрмеген жас балалар танымайды-ау,
Жұрт айтқан Нұркей ақын деген менмін!

Қудым сені дүние он жасымнан,
Денем ауыр тартады қорғасыннан.
Асыл-ай, арманда едім қосылмай.
Арманда едім қосылмай.

Су төгілмес үстінен майда қоңыр,
Қартайған соң танбай ма жорғасынан.
Асыл-ай, арманда едім қосылмай.
Арманда едім қосылмай.

Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң
Қең жайлау құлазиды ел кеткен соң
Бірге өскен кішкенеден қалқатайым,
Жүремін кіммен ойнап сен кеткен соң.

Қайырмасы:
Ла-ла-ла-ла-ла-лай!
Беу, өттің дәурен, еттім сайран.
Жігіттік дағуасына қалдым қайран.

Шалшық су құдық болмас қазбаған соң,
Сабырдан ат өте алмас саздаған соң.
Жете алмай мұрадыма болдым ғарып,
Әуелде тағдыр өзі жазбаған соң.

Қайырмасы.
Қазғанмен су шықпайды тау басынан,
Бір іліксе сөз кетпейді сау басыңнан.
Ер жігіт бір қисайса түзелмейді,

Әуелде жаңылған соң таубасынан.
Қайырмасы.

Жігітке жарамайды ызақорлық,
Дауысқа келмесе де еттім зорлық.
Бозбала баса білсең, осы әнге бас,
Аңызым жаңа шыққан Орынборлық.

Өзгеге, көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.

Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын.
Жыласын, көзден жас ақсын,
Омырауым боялсын.

Қара басқан, қаңғыған,
Хас надан нені ұға алсын?
Көкірегінде оты бар,
Құлағын ойлы ер салсын.

Тыңдамаса еш адам,
Өз жүрегім толғансын.
Әр сөзіне қарасын,
Іштегі дертім қозғалсын.

Әуелесін, қалқысын,
От жалын боп шалқысын.
Жылай-жырлай өлгенде,
Арттағыға сөз қалсын.

Мендей ғарып кез болса,
Мойын салсын, ойлансын.
Қабыл көрсе сөзімді,
Кім таныса, сол алсын.

Не пайда бар – мың надан
Сырттан естіп таңдансын.
Онан дағы бір есті,
Ішкі сырын аңғарсын.

Өздерің де ойлаңдар,
Неше түрлі жан барсың.
Ғылым да жоқ, ми да жоқ,
Даладағы аңдарсың.

Жүрегіңмен тыңдамай,
Құлағыңмен қармарсың.
Соны көріп, соларға,
Қайтіп қана сарнарсың?!

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауат1 пен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?

Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?

Сонда жауап бере алман мен бишара,
Сіздерге еркін тиер, байқап қара.
Екі күймек бір жанға әділет пе?
Қаны қара бір жанмын, жаны жара.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбасты көп көрдім елден бірақ.

Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме.
Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті,
Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!

Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін – өсекші, жұртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.

1Ғадаудат (арабша) – дұшпандық, ашу, жек көру.

Келдім Сапар басыңа,
Жалғыз Садық қасымда.
Кеттің Сапар бұл дүниеден,
Ай-хай, хай-ай,

Отыз жеті жасыңда.
Қайғыға қайғы қосылды,
Тасыған көңілім басылды.
Артыңда қалған үш жетім

Ай-хай, хай-ай,
Апалап кімге асылды.
Өмір бойы қусам да,
Жаспен бетім жусам да,

Жарым Сапар, қош енді,
Ай-хай, хай-ай,
Тұрмайсың жүз жыл тұрсам да.
}2 рет.

}2 рет.
}2 рет.

Шідердің үш бұтағын атқа салдым,
Атымды Иман-Жүсіп хатқа салдым.
Кісіден зәбір берген кек алам деп
Жанымды бір шыбындай отқа салдым.

Сары Арқа сайран жерім-ай,
Ен жайлаған елім-ай
Ит жүгіртіп, құс салған
Айдын шалқар көлім-ай.

Сағымды қырларың биік, елің сүйік,
Ойнайды бауырыңда арқар – киік.
Қызығы Сарыарқаның еске түссе,
Төсекте жата алмаймын ішім күйіп.

Облыс Семей, Павлодар
Уез, елім Далба, тартамын саз.
Атым Мұса Байжан ұлы,
Қайғыдамын қыспенен жаз,

Ғабдысалық жалғыз ұлым,
Мұны оқыса болады мәз.

Күн нұр шашқан Бұлғынның биігіне,
Құлан жетпес ойнаған қиігіне.
Жарқыраған айнадай көлдеріңнің
Жұмыртқалар аққу, қаз жиегіне .

Қайырмасы:
Орманды тау,
Саялы өзен,
Жайнаған жасыл кезең.

Ақ күмістей жайнаған таудың басы,
Көз ұялтар қарасаң меруерт тасы.
Суы – арасан, шөбі – бал дертке шипа,
Жыл-жыл сайын өседі малдың басы.

Қайырмасы.

Торыны күз жайладың, жаз жайламай,
Басыңа не күн туды бізді ойламай.
Қоныста өтіп кеткен жиырма бес,
Өткіздім алды-артымды абайламай.

Қайырмасы:
Ахау, өткен дәурен-ай,
Көрер ме екем сәулемді-ай,
Сана менен сарғайып,

Көрер ме екем сәулемді-ай,
Ей, сәулем, енді аман бол-ай.

Сарғайдым жолыңа мен қарай-қарай,
Хабарсыз кеттің, сәулем, неге бұлай?
Жастықтың ауытпалы толқынында,
Жүрмісің ойға қалып әлдеқалай.

Ерітіп жүрегіме түсірдің шоқ,
Жан сәулем, сенен басқа сүйерім жоқ.
Ұмытсаң алысқан қол, айтқан сертті,
Амал не, махаббатқа атқаның оқ.

Қандай іс жолыңдағы тұрған бөгет?
Білемін табылады саған жар көп.
Сонда да үмітімді үзгенім жоқ,
Аңсаған арманыма жетемін деп.

Барады үркер ауып жазға таман,
Жүгірдім мылтық алып қазға таман.
Буылып қол-аяғым жатсам дағы
Домалап бара жатам қызға таман.

Қаршыға қыран болса, тырна алады,
Жел болса ұзын ағаш ырғалады.
Қыздар-ау, жас кезіңде ойна да күл,
Күлмеген, ойнамаған құр қалады.

Бұлт басып айдың көзін торлады ма,
Ей, сәулем, көңіліңдегі болмады ма?
Әркімнің ықтияры өзінде ғой,
Сүймесең сені біреу зорлады ма?

Сен мені не етесің?
Мені тастап,
Өнер бастап
Жайыңа

Және алдап,
Арбап,
Өз бетіңмен сен кетесің.

Неге әуре етесің?
Қосылыспай,
Басылыспай,
Байыңа

Және жаттан
Бай тап,
Өмір бойы қор етесің.
Ет жүрек өртенді,

От боп жанып,
Жалын шалып
Ішіме.
Иттей қормын,

Зармын,
Сен үздің ғой бұл желкемді.
Кім білер ертеңді?
Өлім айтпас,

Келсе қайтпас
Кісіге.
Бүгінгі күн
Бармын,

Жолдас еттің сен бөтенді.
Ғашықтық – қиын жол.
Жетсең – жеттің.
Жетпей өттің,

Не болды?
Арманда өмір
Өтті,
Ойлар ма екен бір мені сол?

Салдырап аяқ-қол,
Жетпей сертке,
Ішім дертке
Тез толды.

Ажал уақыты
Жетті,
Мен өлейін, сен сау-ақ бол.

Құдай-ау, көзімді алдың көрмесін деп,
Сөзіне жын-шайтанның ермесін деп,
Кітаптан қожа, молла көрген бе екен,
Соқырға қайыр-сауап бермесін деп.

Жолаушы атың семіз желетұғын,
Көз бар ма мен байқұста көретұғын.
Шамшырақ екі көзден айрылған соң
Құрбы жоқ шақырсам да келетұғын.

Жексенбі күн суға бардым
Үсті-басым жуарға.
Желді күні кір шайқайын
Ғазиз басым жоярға.

Омырауымда алтын алқа
Балқиды да шалқиды.
Талшыбықтай зифа бойым
Су бетінде қалқиды.

Үстімдегі камзолымды
Шалып ілдім қазыққа.
Су түбіне кетіп барам
Балықтарға азыққа.

Үстімдегі көйлегімді
Аппақ етіп жуғаным.
Су түбіне кетіп барам
Хош-есен бол туғаным.

Сүйсіне алмадым, сүймедім,
Сүйегім жасып, сор қалың.
Сүйісіп саған тимедім,
Бола алмадым сенің жарың

Бола алмадым сенің жарың.

Асылдың білу қиын асыл жайын,
Екі жақсы қосылса осындайын.
Екі жақсы қосылса осындайын,
Ләзаттары жүреді таусылмайтын.

Сұрғылт тұман дым бүркіп,
Барқыт бешпент сулайды.
Жеңіменен көз сүртіп,
Сұрланып жігіт жылайды.

Әйелмісің, жылама,
Тәуекел қыл құдаға!
Өлең айт,
Үйге қайт!

Атаңды анаң азғырып,
Тұрғызбаған бейішке.
Алласы оны жазғырып,
Әкелді бастап кейіске.

Әйелде ешбір опа жоқ,
Бүгін – жалын, ертең – шоқ.
Белді бу,
Бетті жу!

Ішуге осы жақтан шай таппадым,
Қайтейін, шіркін көңіл жай таппадың.
Жұлдызға аспандағы қолым сермеп,
Торыдай жауыр болған қайқақтадым.

Қайырмасы:
Аспанда шырқар бозторғай,
Шіркін, әннің бұлбұлы-ай,
Ахау, Сұршақыз,

Енді есен бол.
Басынан Қара таудың құлағаным,
Кекілін кербестінің сылағаным,
Түскенде сен есіме, беу қарағым,

Құшақтап мамық жастық жылағаным.

Қарақат көзді сым саусақ,
Лебізің сенің балқаймақ.
Жолыңа сенің сарп етпей,
Неге керек малды айдап.

Қайырмасы:
Уа шіркін, сәулем,
Уа шіркін, сәулем.
Еркелейсің жан сәулем,

Қысырдың қызыл тайындай.
Лебізің сусын қандырған,
Қытайдың қағаз шайындай.
Қарақат көзді, ернің бал,

Сен кеткен соң не дүр хал
Борандай борап күн өтер,
Жан-жағыңа көзің сал.

Ауылым қонған Сырымбет саласына,
Болдым ғашық ақ сұңқар баласына.
Бидайыққа лайық қарағым-ай,
Бөктергіге қор болып барасың ба?

Қайырмасы:
Қарындас-ай,
Енді, есен бол-ай.
Аулым қонған Сырымбет жел жағына,

Артық туған бала едің ел бағына.
Бидайыққа лайық дейтін, сәулем,
Бөктергінің іліндің тырнағына.
Қайырмасы.

Алтын қайық жарасар күймесімен,
Наздана алмас сұлу қыз сүймесімен.
Қоскөл жаққа таныса киіп барған,
Бешпентіңді беріп кет түймесімен.

Қайырмасы.

Біржан деп атым шықты алты алашқа,
Құдайым берсін ғұмыр Теміртасқа.
Жасына алпыс бестің келгенімде,
Құдайым берді науқас ғарып басқа.

Ал, дүние-ай өтеріңді біліп едім,
Білсем де серілікпен жүріп едім.
Бұл күнде арық қойдан бағам төмен,
Үш жүзді сайран қылған Біржан едім.

Арқаның түгел көрдім кәрі-жасын,
Ұмытпас құрбы-құрдас замандасым.
Ойланам, ауруымның түрі жаман,
Біржанның кім ұстар деп домбырасын.

Қайырмасы:
Халалалай, лилай, лилай, лиләй, лилай
Халала лилай, лилалай.

Асау Терек долданып буырқанып,
Тауды бұзып жол салған тасты жарып.
Арыстанның жалындай бұйра толқын
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып

Кавказдан шықты жайнап, қылып у-шу
Түзу жерден жол кернеп ұлғайды су.
Қалың қайрат бойында, беті күліп
Момынсынған пішінмен ағады қу.

Қиналды шыбын жаным, ой дүние-ай,
Жалғызбын, әрі кедей, Шорманов бай,
Арам мал саған сірә опа бермес,
Артыңа бір қарашы үңіліп-ай.

Дарияның ортасында
Кеме қайық а-ей.
Болғанда сіз лашын
Біз бидайық а-уай!

Та-та-ра-та-та,
Та та-ра-та
Та-та-та
А-а-а-а-а-а-а-ай!

Ақ көңілім, желден озып серпіл енді,
Зарлы күн өтті-кетті, еркің енді.
Қызықты, қызғылықты заман жетіп,
Бетіңе қан жүгіріп-ай, көркің енді.

Қайырмасы:
Рай-ра, ай-ра, рай-ра, рай-ра
Қа-ле-лә-ку-ли-лә-лә-ку
Ли-лә-лә-ку-рай-ра

Қа-лә-лә-ку-ли-лә.
Елім бар колхоз болып ұйымдасқан,
Далада мал өрістеп, егін басқан.
Бозторғай қой үстінде жұмыртқалап

Мереке жылдан-жылға-ай шалқып тасқан.
Қайырмасы.

Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім,
Тентек ел талқысына тастап кеттім,
Болсам да шұбар жылан іштен шыққан
Қарғамас деген сенім сақтап кеттім.

Карғама, жалғызыңды-ай!
Туған ел, амандасам жас-кәріңе,
Бірге өскен құрбы-құрдас, дос бәріңе.
Жарасқан әзіл-сауық аға-жеңге,

Аласың мені не деп естеріңе!
Туған жер, енді аман бол!

Торыны таң асырып мінген қандай,
Үкілеп, әсемдетіп жүрген қандай.
Тұсынан қызды ауылдың ән шырқатып,
Сыбанып ақ білекті түрген қандай.

Күніне уағда еткен қыз қалқатай,
Жетуге ынтызар боп жүрген қандай!
Ауылы қыз қалқаның қайда екен деп,
Жүгіртіп сайлау жермен келген қандай...

Жайнаған сәулем едің қызыл гүлдей.
Ғашықтың әлсіретті а-ха-хай, тілді күрмей.
Дертіңнен жан жарасы жазылар ед,
Алдымнап шыға келсең а-ха-хай, шыққан күндей.

Ау, шіркін жастық бір
От жалындаған тіл бұлбұл
Жүрек күйін, ай, а-ха-хай
Дабылдаған, ай!

Ар жақта Абын-Табын Тілеуқабақ,
Керілер айтсам өлең қас пен қабақ.
Құдайдан жатсам-тұрсам тілегім сол,
Бергей деп ер жігітке таудай талап.

Қашады құмнан қоян секектеген,
Жібердім сұр тазымды жетектеген.
Он бес пен жиырманың арасында,
Ойым жоқ қыз құтылып кетед деген.

Жаман атқа ер сал ма жалды екен деп.
Жолдас болма жаманмен малды екен деп угай-ай.
Сырлы аяқтан сыр кетсе, сын кетпейді,
Жолдасыңнан безінбе жарлы екен деп угай-ай.

Құлпырып өмір жайнасын.
Қызу еңбек қайнасын.
Заманның гүл бағында
Жас түлектер сайрасын.

Қарағым айналайын сықылыңнан,
Секілді қысыр киік мықыныңнан-ай, угай-ай.
Бағаңа бағаласам жан жетпейді,
Жаралдың қандай адам тұқымынан-ай, угай-ай.

Бойыңа ұялапты білім деген,
Оғаштық мінезіңнен білінбеген-ай, угай-ай.
Кеткенде аулың шалғай қимас қалқам,
Көзіңнен айналайын күлімдеген-ай, угай-ай.

Угай-ай.

Сен қандайсың, қарағым, мен дегенде,
Ұшар қанат менде жоқ сен дегенде,
Үкілім-ай, жеңеше-ай
Салған әнім өзгеше-ай.

Арғы жағы Еділдің, бергі жағы,
Жағасында жайқалған жапырағы.
Қайырмасы:
Үкілім-ай, көкем-ай,

Сағындым, сәулем, бір сені ойлап.
Ата-анамды сағынып әнге салдым,
Бауырымның хабарын алмағалы.
Қайырмасы.

Ақ қағазға хат жаздым қалам алып,
Жүрек сырын қозғалтып әнге салып.
Қайырмасы.
Ойнап-күліп жүруші ек, жеңешетай,

Шалға кетіп қор болдым, есім танып.
Қайырмасы.

Сұрасаң Мәди еді менің атым,
Кем емес еш адамнан салтанатым.
Кешегі Бауыр-Бошан ортасында,
Біреуден кем тумаған менің затым.

Арғы атам әулие өткен ер Қазыбек,
Бекболат оның ұлы болыпты бек.
Тіленші – одан туған абзал шері,
Қарадан хан боп өткен бәрі асыл тек.

Қақабай Бапан еді бір туысқан,
Аянбай өле-өлгенше кек қуысқан.
Ақымақтық надандықтың бәрін тастар,
Болмады жанашырлық бір туысқан.

Шоқпардың жылқы жайдым даласына,
Не қылдым Қақабайдың баласына.
Өрісте жылқы жайып жатқанымда,
Бес солдат алып барды қаласына.

Абақты қатар-қатар болады екен,
Ішіне жақсы, жаман толады екен.
Ішіне абақтының кіріп барсаң,
Көңілің су сепкендей болады екен.

Сүйендім абақтының шарбағына,
Сыйындым Қазыбек атам аруағына.
Бір күнде қаршығадай қалықтадым,
Бұл күнде мен аңшының қармағында.

Үшқара басың биік мұнар шалған,
Сұмпиып өте шықты мына жалған.
Тар есік, тар босаға жаман екен,
Ер едім ел ішінде сайран салған.

Үшқара биігіңнен аса алмадым,
Жайқалтып жапырағың баса алмадым.
Есіме, қайран елім, сен түскенде,
Көл қылып көздің жасын баса алмадым.

Торыны жайраңдатып мінген қандай,
Сыртынан қызды ауылдың жүрген қандай.
Болғанда ақшам мезгіл сайран етіп,
Үйіне ақ білеқтің кірген қандай.

Ат мініп, ойнақыдан құс салғанда,
Сылаңдап жез қарғылы ерсін тазы.
Басында жігіт адам жігер болса,
Ғайып болмас қалқасына еткен назы.

Қарағанды үшінші алып,
Үшінші алып көмірлі.
Гүлдендіріп, нұрға малып,
Нұрға малып өмірді.

Тілегі бір, жүрегі бір,
Жүрегі бір миллион күш.
Кен шығарып, жем шығарып
Ұлы іске берілді.

Туған жерім Баянауыл,
Кейде тынық, кейде дауыл, ай!
Ұлы таудың қойнауында,
Мекен еткен біздің ауыл,

Ұлы таудың қойнауында,
Мекен еткен біздің ауыл,
Ха-лау-лау, ха-лау,
Лау-лау лау-ай!

Жібек шашың желкілдер тарағанда,
Жорға сұлу көрінер жарағанда.
Қайырмасы:
Фатима, алтын сабақ, жез түйме.

Жерден алтын тапқандай, қуанамын,
Езу тартып, күлімдеп қарағанда.
Қайырмасы.
Күміс қасың болғанда, алтын-шашың,

Қаламменен сызғандай қиғаш қасың.
Қайырмасы.
Мұндай сымбат тұрғанда бір өзіңде
Жабыттамай аулыңды кім шыдасын.

Қайырмасы.

Жазы жау бұл Далбаның, қыстары жұт,
Елімді ұры басынып, шіркін-ай, кетті ғой құт, ау.
Шұғайып Жұмагұлмен қатар ұстап
Кигіздің бас-басыңа шіркін-ай өңшең барқыт, ау!

Хау-лау-лау-ли,
Хау-лау-лау-лім,
Ха-ра-ра-у, ри ра, ра,
Ри-ра-а-а-ай.

Мінгенім астымдағы шайтан қара,
Оралдан жылқы айдадым өңшең ала,
Осыдан осы жылқы бойға сіңсе –
Тағысын тағы айдармыз, қосшы бала!

Оралдың тауы биік, жері дала,
Ат міндім күрең төбел, көзі қара,
Сыртынан ер жігітті жамандаған,
Дұшпанды кез келтіргей айдалада!

Шыққанда мен үйімнен бесін еді,
Астымда Шайтан торы кісінеді.
Есіме, беу қарағым, түскен кезде
Белбеуім бес ораған, айдай, шешіледі.

Алқызыл көрінеді қашқандағы,
Жалғыздың жары құдай сасқандағы.
Ахау! Шәмшибану, Шахарбану,
Қосылған қиуадан ғайып жану.

Дауысым тымауратып келмей отыр,
Аққумен ән қосушы ем аспандағы.
Ахау! Шәмшибану, Шахарбану,
Қосылған қиуадан ғайып жану.

Дегенде Шәпибай-ау, Шәпибай-ау,
Атымды талға байлап, келдім жаяу.
Атымды талға байлап, келсем жаяу,
Шәпи қыз жатыр екен ұйқылы-ояу.

Боз үйге ай сәулесі нұрын төгед,
Шәпи қыз сәлем айтып келсін деп ед.
Шомылған айдын көлде аққудай боп,
Бұраң бел сылаң етіп шыға келед.

Таң алдында Шолпан туса
Тартқан сымдай белін буса
Неше түрлі ән шырқайды
Сол сипатты әнші Мұса.

Хай-ли-ля-ля ля
Хай ли-ля ля-ля
Хай-ли-лай ли-ля лау
Ли-ля-лау ли-ля ли-ла лай ау!

Шорман ұлы Сәдуақас,
Қатыны өліп көңілі пәс.
Ғалымдық пен зұлымдық
Екеуі тұр ғой аралас.

Шәкенұлы Түсіпбек,
Жәй жүрмейді о да тек.
Халқына зәбір келген соң,
Сіләлға шықты жекпе-жек.

Шорман ұлы сұм Біләл,
Перғауын десең болар ол.
Әужан, Иса, Мұсасының,
Бөлегі жоқ бәрі бір.

Шорман ұлы бәрі қу,
Жүрген жерім күнде ду.
Алдау, арбау, шындық жоқ,
Ағып тұрған бәрі зу.

Бетіңді ақ орамал бүркей жапқан,
Тиді екен қай жауыздың оғы атқан ахау, ахау,
Сағынып ақ жүзіңді келгенімде ахау
Сүлдеріне кез болдым сұлап жатқан

Беу Шұға-жан
Беу Шұға-жан.
Қош бол, қош бол, Шұға-жан.

Басың биік, Алатау мұнарланған,
Бірде жабық, бірде ашық тұманданған.
Шұбар ағаш, Ойжайлау,
Жаман жолдас қолбайлау.

Аққан бұлақ күмістей аспанға атқан,
Көңіл ашты хош иіс құмарланған.
Шұбар ағаш, Ойжайлау,
Қашан, сәулем, сөз байлау?

Басың биік Алатау, баурың жазық,
Қағулы тұр басыңда алтын қазық.
Шұбар ағаш, Ойжайлау,
Жаман жолдас қолбайлау.

Дабысыңды сыртыңнан естіп-біліп,
Қалқатайым, атыңа болдым ғашық.
Шұбар ағаш, Ойжайлау,
Қашан, сәулем, сөз байлау?

Көшкенде жылқы айдаймын кер төбелмен,
Көктемнің таңы атқанда сары белден.
Жаңғырта жол-жөнекей ән салғанда,
Жастардың көңілі өсіп бір кенелген.

Көшкенде жылқы айдаймын кер кекілмен,
Аймалап ауық-ауық жел бетімнен,
Шырқатып көш-жөнекей ән салғанда,
Шаттанып қыздың жаны тербетілген.

Кел деп едің Илигай, келіп тұрмын, а-хау,
Отқа түспей өртеніп еріп тұрмын,
Илигай, Илигай,
Илигай сәулем, Илигай-ай.

Сертте тұрсаң мен сендік, жаным құрбан, а-хау!
Сырым осы сертімді беріп тұрмын.
Илигай, Илигай Илигай сәулем, Илигай-ай.
А! Ахаха Илигай ахаха Илигай, сәулем ай Илигай!

Айналайын қарағым, қара қасым,
Қара мақпал жібектей қара шашың.
Баласындай еліктің егілемін
Сені ойласам, мөлдіреп көзден жасым.

Илигай деп атыңды қойдым таңдап,
Ән шырқадым атыңды әдейі арнап.
Еркін таудың еркесі, елік болсаң,
Мен де өзіңдей жалғызбын ерке саңлақ.

Құла қасқа дегенде, құла қасқа,
Шеңбер салдым құдыққа құламасқа.
Ілигайдай, келсе құрбың күліп-ойна.
Аулың алыс кеткенде беу, қалқатай,

Орамалың беріп кет жыламасқа
Ілигайдай, келсе құрбың күліп-ойна.
Аяғыма кигенім орыс етік,
Бірге отырған аулымыз қоныс едік.

Ілигайдай, келсе құрбың күліп-ойна.
Расымен көңілің менде болса
Жабығыңнан түсейін торс етіп.
Ілигайдай, келсе құрбың күліп-ойна.

Ертоқымнан кетпейді аттың қағы,
Талаптанбай ашылмас ердің бағы.
Қайырмасы:
Іңкәр-ай, Жанипа-ай,

Жарамайсың Әнипа-ай.

Тәуекелге беліңді бек байласаң,
Ержігіттің арымас арғымағы.
Қайырмасы.
Иран бақтың ай, қалқа, гүліндейсің,

Піскен алма алқызыл түріндейсің.
Қайырмасы.
Жүзіп жүрген судағы сен ақ қайраң,
Салсам қармақ өзіңе ілінбейсің.

Қайырмасы:
Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың Әнипа-ай.

Салғаным сал қара атқа жаппай күміс,
Білмеген асыл жайын адам емес.
Осы әнді Юран деген қыз айтыпты,
Баласы басқа адамның салған емес.

Қайырмасы:
Юран-ай, Юран-ай!
Хә-лә-лә-кум, Юран-ай!
Пау шіркін, Юран-ай!

Ах-ха-хау!
Қыз бопты Қара өткелде Юран атты,
Аузынан шыққан сөзі балдан тәтті.
Салғанда домбырамен Юран әнін,

Өзіне тең көрмеген адамзатты.

МАЗМҰНЫ Қадірменді қауым!...........................................................................................................................................3 Жекей сал. Халық әні. Өңдеген Азат Жақсылықов....................................................................................5 Желбір-жекен. Халық әні. Өңдеген Дүнгенбай Ботбаев...........................................................................7 Жеңіс жылғы шаттық ән. Кенен Әзірбаев. Өңдеген Базарбай Жұманиязов......................................9 Жеті арал жерім-ай. Халық әні. Өңдеген Балнұр Қыдырбек....................................................................13 Жетісу қайран жерім-ай. Халық әні. Өңдеген Әділ Бестібаев.................................................................15 Жоқтау. Халық әні. Өңдеген Бейбіт Дәлденбай.........................................................................................17 Жонып алды. Біржан сал. Өңдеген Жоламан Тұрсынбаев........................................................................19 Жорға тай. Халық әні. Өңдеген Еділ Хұсайынов......................................................................................24 Жігіттің нар жолдасы. Дәурен сал Құдабайұлы. Өңдеген Балнұр Қыдырбек........................................26 Зәуреш. Мұхит. Өңдеген Азат Жақсылықов...............................................................................................29 Иғаужар. Қыдырбек Тайбағарұлы. Өңдеген Балнұр Қыдырбек.............................................................32 Кедей әні. Жаяу Мұса. Өңдеген Артық Тоқсанбаев..................................................................................36 Кепсер. Халық әні. Өңдеген Ерболат Андосов............................................................................................37 Керім-ау, айдай. Халық әні. Өңдеген Теміржан Базарбаев........................................................................39 Керімсал-ай. Дәурен сал. Өңдеген Балнұр Қыдырбек................................................................................42 Кер кекіл. Біржан сал. Өңдеген Ерболат Андосов.....................................................................................45 Көзімнің қарасы. Абай. Өңдеген Жоламан Тұрсынбаев...........................................................................47 Көк айдай. Мұхит. Өңдеген Нағым Меңдіғалиев......................................................................................55 Көк аршын. Жаяу Мұса. Өңдеген Балнұр Қыдырбек................................................................................59 Көкек. Біржан сал. Өңдеегн Нағым Меңдіғалиев......................................................................................62 Көкем-ай. Халық әні. Өңдеген Ермек Өміров............................................................................................65 Көкжендет. Ақан сері. Өңдеген Жолдыбай Дастенов................................................................................67 Көк көбелек. Халық әні. Өңдеген Борис Ерзакович..................................................................................70 Көкшетау. Ақан сері. Өңдеген Тілес Қажығалиев....................................................................................73 Көкшолақ. Кенен Әзірбаев. Өңдеген Ғазиза Жұбанова...........................................................................75 Көлбай, Жанбай. Біржан сал. Өңдеген Ермек Өміров...............................................................................80 Кұрышқан. Халық әні. Өңдеген Алмабек Мейірбеков..............................................................................83 Күләшка арнау ән. Кенен Әзірбаев. Өңдеген Ғазиза Жұбанова...............................................................85 Қазақстан аймағы. Кенен Әзірбаев. Өңдеген Кенжебек Күмісбеков........................................................88 Кіші Айдай. Бала Ораз. Өңдеген Қуат Шілдебаев.....................................................................................91 Қазан қыздары. Жаяу Мұса. Өңдеген Балнұр Қыдырбек..........................................................................93 Қайран ағаш. Халық әні. Өңдеген Артық Тоқсанбаев...............................................................................95 Қайран жастық. Кенен Әзірбаев. Өңдеген Дүнгенбай Ботбаев...............................................................97 Қайран елім қайда? Кенен Әзірбаев. Өңдеген Дүнгенбай Ботбаев........................................................101 Қайран Ораз. Бейсебай Қаратаев. Өңдеген Балнұр Қыдырбек...............................................................105 Қалаулым. Халық әні. Өңдеген Владимир Новиков..................................................................................107 Қалқа. Халық әні. Өңдеген Жұматай Тезекбаев.........................................................................................109 Қалқа. Халық әні. Өңдеген Жоламан Тұрсынбаев.....................................................................................111 Қанатталды. Халық әні. Өңдеген Дүнгенбай Ботбаев.............................................................................115 Қаншайымның әні. Халық әні. Өңдеген Сыдық Мұхамеджанов.............................................................118 Қара көз. Халық әні. Өңдеген Бейбіт Дәлденбай......................................................................................120 Қаракөз. (ІІ түрі).Халық әні. Өңдеген Балнұр Қыдырбек........................................................................124 Қараторғай. Ақан сері. Өңдеген Сыдық Мұхамеджанов........................................................................ 127 Қараторғай. (ІІ түрі). Халық әні. Өңдеген Владимир Новиков................................................................130 Қараторғай. (ІV түрі). Халық әні. Өңдеген Борис Ерзакович..................................................................133 Қарашада өмір тұр. Абай. Өңдеген Бақтияр Аманжол............................................................................136 Қара жорға. Халық әні. Өңдеген Еділ Хұсайынов..................................................................................138 Қарғаш. Халық әні. Өңдеген Дүнгенбай Ботбаев.....................................................................................140 Қарға. Халық әні. Өңдеген Балнұр Қыдырбек..........................................................................................142

Қарқаралы. Мәди. Өңдеген Жоламан Тұрсынбаев..................................................................................144 Қилаш. Мұхит. Өңдеген Әліби Мәмбетов-Жұбанов.................................................................................148 Қоғажай. Халық әні. Өңдеген Сыдық Мұхамеджанов.............................................................................151 Қоқым. Мұхит. Өңдеген Артық Тоқсанбаев..............................................................................................153 Қор болды жаным. Абай. Өңдеген Қуат Шілдебаев................................................................................155 Қос жұлдызды батыр. Кенен Әзірбаев. Өңдеген Ғазиза Жұбанова........................................................157 Қос өрік. Халық әні. Өңдеген Дүнгенбай Ботбаев....................................................................................162 Қош аман бол. Бейсебай Қаратаев. Өңдеген Балнұр Қыдырбек.............................................................165 Қоштасу. Халық әні. Өңдеген Жұматай Тезекбаев...................................................................................167 Құбажай. Халық әні. Өңдеген Әділ Бестібаев..........................................................................................169 Құдаша. Халық әні. Өңдеген Жоламан Тұрсынбаев................................................................................171 Кұлагер. Ақан сері. Өңдеген Қуат Шілдебаев..........................................................................................175 Құлбай бай. Жаяу Мұса. Өңдеген Жұматай Тезекбаев...........................................................................177 Құралай. Халық әні. Өңдеген Владимир Новиков....................................................................................179 Құрдасыма. Кенен Әзірбаев. Өңдеген Еркеғали Рахмадиев.................................................................181 Құсни-Қорлан. Естай. Өңдеген Азат Жақсылықов...................................................................................184 Қыздарай. Жаяу Мұса. Өңдеген Тілес Қажығалиев..................................................................................186 Қызық-ай, шіркін. Халық әні. Өңдеген Қуат Шілдебаев.......................................................................188 Қызыл бидай. Халық әні. Өңдеген Латиф Хамиди.................................................................................190 Қызыл қайнар. Кенен Әзірбаев. Өңдеген Базарбай Жұманиязов.........................................................194 Қыпшақ. Мұхит. Өңдеген Жолдыбай Дастенов.......................................................................................197 Ләйлім шырақ. Біржан сал. Өңдеген Балнұр Қыдырбек........................................................................199 Ләйлім. Халық әні. Өңдеген Артық Тоқсанбаев.......................................................................................201 Мағыштың жоқтауы. Абай. Өңдеген Жұматай Тезекбаев....................................................................203 Майра. Халық әні. Өңдеген Нағым Меңдіғалиев....................................................................................205 Мақпал. Ақан сері. Өңдеген Балнұр Қыдырбек......................................................................................208 Мал шетінде. Халық әні. Өңдеген Владимир Новиков..........................................................................211 Маусымжан. Халық әні. Өңдеген Өмірбек Байділдаев...........................................................................214 Маңмаңгер. Ақан сері. Өңдеген Жолдыбай Дастенов............................................................................216 Мен көрдім ұзын қайың құлағанын. Біржан сал. Өңдеген Бейбіт Дәлденбай.................................219 Мен көрдім ұзын қайың құлағанын. Абай. Өңдеген Дүнгенбай Ботбаев........................................223 Мен сүйемін халқымды. Кенен Әзірбаев. Өңдеген Тілес Қажығалиев...................................227 Мінезі жүйріқтердің соқпа-соқпа. Біржан сал. Өңдеген Алмабек Мейірбеков........................230 Назқоңыр. Халық әні. Өңдеген Төлеген Мұхамеджанов.............................................................232 Не керек дүниеден. Біржан сал. Өңдеген Қуат Шілдебаев.........................................................235 Нұркей. Халық әні. Өңдеген Борис Ерзакович.....................................................................................238 Ой Асыл-ай. Халық әні. Өңдеген Бейбіт Дәлденбай..........................................................................242 Он екі звод. Біржан сал. Өңдеген Ғазиза Жұбанова.................................................................................245 Орынбор. Халық әні. Өңдеген Артық Тоқсанбаев...................................................................................248 Өзгеге, көңілім, тоярсын... Абай. Өңдеген Жұматай Тезекбаев..................................................................250 Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? Абай. Өңдеген Өңдеген Жұматай Тезекбаев.........................252 Сапар. Жаяу Мұса. Өңдеген Теміржан Базарбаев........................................................................................254 Сары Арқа. Иман Жусіп. Өңдеген Әліби Мәмбетов-Жұбанов..............................................................256 Сарын. Жаяу Мұса. Өңдеген Тілес Қажыгалиев.........................................................................................259 Саялы өзен. Халық әні. Өңдеген Еділ Хұсайынов..................................................................................261 Сәуле. Халық әні. Өңдеген Владимир Новиков.........................................................................................264 Сәулем-ай. Халық әні. Өңдеген Балнұр Қыдырбек...................................................................................267 Сәулем қыздар. Жаяу Мұса. Өңдеген Алмабек Мейірбеков...................................................................269 Сен мені не етесің? Абай. Өңдеген Нағым Меңдіғалиев..........................................................................270 Соқыр қыз. Халық әні. Өңдеген Ерболат Андосов...................................................................................274 Суға кеткен Қайша қыздың әні. Халық әні. Өңдеген Әділ Бестібаев....................................................277 Сүйсіне алмадым. Абай. Өңдеген Бейбіт Дәлденбай................................................................................279 Сұлу жүйрік. Біржан сал. Өңдеген Ерболат Андосов...............................................................................281

Сұрғылт-тұман. Абай. Өңдеген Нағым Меңдіғалиев...............................................................................283 Сұршақыз. Балуан Шолақ. Өңдеген Балнұр Қыдырбек.............................................................................285 Сым саусақ. Халық әні. Өңдеген Азат Жақсылықов..................................................................................288 Сырымбет. Ақан сері. Өңдеген Бақтияр Аманжол....................................................................................290 Теміртас. Біржан сал. Өңдеген Сыдық Мұхамеджанов...........................................................................294 Теректің сыйы. Абай. Өңдеген Жұматай Тезекбаев...................................................................................296 Толғау. Жаяу Мұса. Өңдеген Балнұр Қыдырбек.........................................................................................299 Толқыма. Жаяу Мұса. Өңдеген Жолдыбай Дастенов..............................................................................301 Толқын. Халық әні. Өңдеген Бейбіт Дәлденбай........................................................................................303 Туған жер. Халық әні. Өңдеген Өмірбек Байділдаев.................................................................................306 Торыны таң асырып. Ақан сері. Өңдеген Жұматай Тезекбаев................................................................308 Тіл бұлбұлы. Халық әні. Өңдеген Қуат Шілдебаев.....................................................................................310 Тілеуқабақ. Халық әні. Өңдеген Жолдыбай Дастенов.............................................................................313 Угай-ай. Халық әні. Өңдеген Бейбіт Дәлденбай.........................................................................................315 Угай-ай. Халық әні. Өңдеген Еділ Хұсайынов...........................................................................................318 Үкілім-ау. Халық әні. Өңдеген Бейбіт Дәлденбай....................................................................................321 Үкілім-ай. Халық әні. Өңдеген Тілес Қажығалиев.....................................................................................323 Үшқара. Мәди. Өңдеген Жоламан Тұрсынбаев..........................................................................................325 Үш көтерме. Халық әні. Өңдеген Артық Тоқсанбаев...............................................................................336 Үшінші желдірме. Иса Байзақов. Өңдеген Нағым Меңдіғалиев...............................................................338 Ұлытау. Жаяу Мұса. Өңдеген Нағым Меңдіғалиев...................................................................................341 Фатима. Халық әні. Өңдеген Еділ Хұсайынов...........................................................................................344 Хаулау. Жаяу Мұса. Өңдеген Ерболат Андосов........................................................................................346 Шайтан қара. Халық әні. Өңдеген Ерболат Андосов..............................................................................348 Шайтан торы. Жаяу Мұса. Өңдеген Балнұр Қыдырбек...........................................................................350 Шәмшибану. Жарылғанберді. Өңдеген Ерболат Андосов........................................................................353 Шәпибай-ау. Халық әні. Өңдеген Теміржан Базарбаев..............................................................................355 Шолпан. Жаяу Мұса. Өңдеген Алмабек Мейірбеков...............................................................................359 Шорманға. Жаяу Мұса. Өңдеген Владимир Новиков...............................................................................361 Шұға-жан. Халық әні. Өндеген Қуат Шілдебаев........................................................................................364 Шұбарағаш, Ойжайлау. Халық әні. Өңдеген Артық Тоқсанбаев...........................................................366 Шымыр. Халық әні. Өңдеген Нағым Меңдіғалиев..................................................................................368 Илигай. Халық әні. Өңдеген Латиф Хамиди..............................................................................................370 Ілигайдай. Халық әні. Өңдеген Сыдық Мұхамеджанов..........................................................................373 Іңкәр-ай. Халық әні. Өңдеген Сыдық Мұхамеджанов.............................................................................375 Юран. Естай. Өңдеген Нағым Меңдіғалиев..............................................................................................378

Редакторы Қоныс А.
Музыкалық редакторы Тайменкеев М.
Тех. редакторы Омарғалиева Д.
Дизайнері Аманжолова Қ.

Компьютерде ноталарын терген Ким Г.
Компьютерде ән мәтіндерін терген Ким Г.
Басуға 26.06.2012 ж. қол қойылды.
Қалыбы 60 х 84 1/8. Офсеттік қағаз.

Шартты баспа табағы 44,26
Есептік баспа табағы 45,31
Таралымы 2200 дана. Тапсырыс № 114

Дауыс пен фортепианоға арналып өңделген әндер
Құраст. Қыдырбек Балнұр
Тапсырыс берушінің файлдарынан
Қазақстан Республикасы

«Курсив» ЖШС-нде басылды.
Алматы қаласы, Микрорайон «Бағанашыл»
Восточный көшесі, 2.
ЖШС Компания ''Sansam''

Алматы қ., Мурманск к-сі, 13
Тел. /факс: 8.727.383-24-52.
E-maіl: sansam13@maіl.ru

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙