Қазақ шежіресі. 2-нұсқа
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Мәшһүр Жүсіп Көпеев ел тарихын көп білетін шежіреші ретінде танымал. Шығармаларында әлеуметтік, адамгершілік мәселесін ашып көрсеткен. Адам бойындағы теріс қылықтарды сынаған, адамның мінез-құлқындағы жақсылық пен жамандықты салыстыра бейнелеген. Достық, ақыл-ой, ақыл туралы жазған ғибратты сөзде...
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Қыпшақ Ізден - аға сұлтан күнінде Саққұлақ - өзі болыс: Жан-шуақтың Мұсасын қатынастырып тұрады екен де, әр барғанда, бір баласын қосып жібереді екен. Нұралыны қосып жібергенде, «Саққұлақтың өз баласы жаңа келді ғой!» - деген екен. Тоқа Майданнан - Қайтыс, Қайтыстан - Маңдай, Тілмәмбет. Маңдайдан - Әйти, Есенкелді, Андас, Келдес.
Жаугершілікте екіқабат буаз қатын андас қылып тиген:
− Кімнің қатыны едің? - дегенде:
− Сарайкентте Сары абыздың қатыны едім, - деген.
Іштегі бала туғанда, атын Айман қойған. Бұл Айманға: «Толық жерден келген бала» - деп, Алтын Орда - Жошы ұлының өлген ханы тұратұғын орын Ноғайлар орны «Сарайкент» -дейді. Еділ суының бойында Аштарханмен Сарай Ғұфының асында «Сарайыф» - деген қала. Өкейдің бәйбішесінен - Есембай, Есембайдан - Бағай Сыңарбай ( Сұңқарбай). Ортаншы қатынынан - Тілеуберді. Бұл Дәулетбай тоқал қатыннан Айманнан Үкі (Ұлы) туады. Үкіден Дәулетбай туады. Дәулетбайдан - Тілеуғабыл батыр туады. Тілеуғабыл аты қалып, «Батыр» атанып кеткен. Түгелбай, Құндақбай, Беркебай (Еркебай), Еділ, Еркебай... Қабанбай. Түгелбайдан - Құрамыс, Құрамыстан - Сәрсен (Бесарыс). Сәрсен... (бес) Тұрсын хан. Ағзам, Есмазамыл - бұл екеуі - Тұрсын хан баласы.
Самарқал - Сарысының тоқалының баласы.
Жирентай, мұнан - Орал, Байғұлақ. Бұлардың заманында қалмақ шауып (кісі) салт басты, сабау қамшылы Найманға қашып барып қалған. Мұнда келгені болған. Бұл Орал Байғұ[ннан] Боранбай деседі.
АРҒЫН-ҚУАНДЫҚ ШЕЖІРЕСІ
[Жанарыс – Қарақожа – Арғын – Құтан - Мейрам - Қуандық]. Арғынның бәйбішесінің аты - Әргүл (Аркүл). Мұнан - Құтан, Бұтан. Бұтан жасында өліп қалып, мұнан нәсіл жоқ. Құтаннан - Мейрам сопы жалғыз. Қарашаш деген бір қарындасы болыпты. Мейрам сопының бәйбішесінен, Нұрфая бәйбішеден: Қуандық, Сүйіндік. Тоқалынан: Бегендік, Шегендік. Қуандық, Сүйіндіктің шешесі[нің] үйіменен бірге келген күңге аяқ салып, Мейрам өзі алған. Аты - Қарқабат. Онан - Болатқожа. Бес Мейрамның баласы - осылар. Арғынның тоқалының аты - Момын. Мұнан: Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Арықсопы, Нәдірсопы. Ақсопының балалары: «Толыбай» (Төлебай) ұранды Қанжығалы, «Маябоз» ұранды - Тобықты.[Қа]расопының баласы - «Қарақай» ұранды - Қарауыл менен [Ба]рлыбай ұранды - Бәсентиін. Сарысопының баласы - Ұшыбай (Өшібай) ұранды -Атығай, он екі атаның ұлы Дәуіт. Арғын бабамыздың жүз алты жасқа келгенде алған тоқалынан - Айнакөз деген -тоқалының аты - Тәнбіс сопы. Орынборға қараған - «Тоқал Арғын». Бұларды «Шар жетім Шақшақ» - дейді. «Төрт жалғыз» атанған: Ақташы, Байташы, Тағышы, Бұғышы. Асылы Арғын он екі атаның ұлына тарайды. Жұрт білетұғыны: «Алты атаның ұлы -Арғын» - деп сөйленеді. Сол үшін: «Арғын болдың - әркім болдың» - деген. Тәнбіс сопыдан: Үсенбай (Үйсінбай), Елемес. Елеместен - Ерман, мұнан - Шағыр, Бө[лтірік]. Шағырдан: Ақай, Жолдыбай, Тағышы, Аманжол, Сом[жүрек]. [Қуандықтан]: Есенқарт, Аманқарт, Алтай, Қарпық, Борыш, Темеш. Қарпықтан: Тінәлі, Мәмбет, Күзей. «Істенсіз (штансыз) Күзей» - атанған мұның баласы - Тоқа. Тінәліден: Әжіке, Әлімбет, Үсейін, Қасқа. [Үсейіннен]: Құттыбай, Жайылмас. Құттыбайдан: Қарабас, Дербісәлі, Айдар, Торғай. Қарабастан: Дүкен, Баянбай, Түгелбай, Теңізбай, Төлек. Дүкеннен - Қалдыбай, мұнан: Айтқожа халфе, Шырай қажылар, Әбей қажы[лар]. Баянбайдан: Қалдыбай, Орбай (Ұрбай). Тілеуімбеттен - Байғұн, мұнан - Сары, Қоңыр. Қоңырдан: Досымбек, Қанай, Құрмантай, Енем. Қанайдан - Сары батыр, онан - Көбе, Нөгер. Құрмантайдан - Үмбетей, онан - Елшібек. Онан: Қанту, мұнан Бейсенбай, Өтебай; Жанту, мұнан - Айдапкел ескі законда қазы болған. Енемнен - Баянбек: аты Өтеміс еді, Баянбек аты қалып, «Енем» атанып кетті. Мұнан - Жаманбай, мұнан-Елеу, мұнан - Бижан (Бейісжан). Қарабастың үшінші баласы Түгелбайдан: Ерәлі, Серәлі, Тілеулі, Бектас, Бегімбет. Ерәлі тоғыз ағайынды, мұнан - Созыпкел - тоғыз, мұна[н] - Мұсабай - тоғыз, мұның бір баласынан және тоғыз. Тілеуліден - Ақбекет, мұнан - Қылыш қажы. Төрт атаға шейін тоғыз-тоғыздан. [Қа]найдан - үш ағайынды Сары, Қоңыр, Кеңгір. Кеңгірден - Олжабай... онан - Сапақ. Жайылмастан: Қожақұл, Дәулет. Қожақұлдан: Өтеген, Көлбай. Өтегеннен: Байзақ, Жанзақ. Жанзақтан - Бердісүгір, мұның балалары: Әбділда, Жақып, Сайдалы, Аққошқар. Дәулеттің бәйбішесінің аты - Қарашаш. Мұнан - Ақжігіт, Жанжігіт, Бөкен, Бөкі. Тінәлінің бел баласы - Үсейін. Үсейіннен - Жайылмас. Бұл Жайылмастан: Әлі болыс пен Бердісүгір байлар: бірі - Өтегеннен, бірі - Көлбайдан. Көлбайдан: Жантілі, Майкөт. Майкөттен - Өміртай, мұнан Құлшымбай. Құлшымбайдан - Әлі болыс. Жантеліден -Жұрқабай, онан: Ысқақ, Амалдық. Қасқа, Олжа, Өстемір, Қарт, Сәтбай, Байқабыл, Жайық, Тақабай, Дәнес, Машақа, Асаубай, Малай, Сары. Түбі-тегі Қырғыз Тәуке балалары: Абаты – Сармысықтың төлеңгіті. Тоқтаулық, Бабылтай, Мартан, Айтыбай. Бұл кісіден бала жоқ, жалғыз-ақ қыз бар. Төрт атаға келіп тұрған, арғы атасын білмейді. Сайдалы ішінде өсіп-өнген қырғыз: Молдамәшік, ибн Жанбаба, ибн Есенбай, ибн Қазболат, ибн Жаңаберді, ибн Қожан, ибн Дербіс, ибн Қармыс, ибн Обай, ибн Торай. Қырғыз Шерік Алтай ішіне келіп араласып сіңіп кеткен Қожан. Мұнан бұрынғы: Дербіс, Қармыс, Обай, - үш атаны [Қ]алмақ, Қабылан ішінде өткізген. «Елден қашқан түлкі де -менікі, Жайықтан қашқан түлкі де менікі» - деген соң, Қалмақ ішінен қашқан Сайдалы ішінде екі жүз он үй - Ірбістен үш илеуі, Қоңырат, Қырғыздан бір илеуі бар. Әуелінде қырық жігіт, бойдақ болып шығып, әрқайсысы әр елде қалып, алтау-жетеуі Алтай ішіне келген. Жоғарғы Шекті: Қазыбек би, төменгі Шекті: Бикен, Шоқай батыр. Және Бикен - Жазының баласы. Сары, Шеген, Қара, Жазы - қатар шыққан. Қара балуан Жәнібек балалары. Жәнібек батыр балалары «Дәуітбай» - атанады. Мұнан Момыш батыр, мұнан - Бірімжан, Қазыбек. Бірімжан балалары: Қорғанбек, Дәуренбек. Қазыбектен - Әбдібек жалғыз. Шегеннің кенже баласы - Бектеміс бай. Шолақ тон Сиқым бай - Шаңырақшының баласы, руы - Қараман. Қазақ мылтық Қунақ керуенбасының заманында Шыршықтың өткелінде: «Құдайыңмын!» - деген торы жорға атты батырды аттан аударып алып, тепкілеп жеңбейтұғын - қу осы шолақ тон Сиқымбай.
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК ТАРАУЫ
[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Құлболды - Күлік - Наурыз - Шобалай - Жаңабатыр] [Жаңабатырдың үшінші қатынынан - Бекбас] Бекбастың үлкен қатынынан: Намаз, Тайсоймас; кіші қатынынан - Бесқұлан. Намаздың үлкен қатынынан - Еркебұлан; тоқалдан - Қашаған. Еркебұлан баласы - Сәрсенбай. Күлік: Жаңабатыр биден он төрт ұл туады. Бәйбішеден: Таңсыққожа, Аққожа, Қосақ, Жарақы, Кемелбай, Кеншінбай, Шошай. Бұл Шошай балалары: Жұматай, Жұмабай, Айтмұхаммед. «Екінші қатынынан Бесқара» - дейді. Бесеу таптан: Шөкеке, Құлмырза, Тікей, Қабыл. Намаз, Кеңесбай, Тайсой[мас] Кеншінбай баласы Оразбай топты. Үшінші қатынынан: Босмойын, Бекбас. Төртінші қатынынан: Алдияр, Байбарақ, Қожамсейіт. Таңсыққожадан - Өзден, онан - Жортпас қажы. Аққошқардан - Құлжан, онан: Малшор. Жәутен - Шортан баласы, - бұл - Босмойын балалары. Қосақтан - Торсықбай. Соқадан -Жүргенбай, онан - Қарасай, онан - Рай, онан - Жұмағұл. Қосмүкін баласы: Атан, Шортан. Шортан баласы: Жүргембай, Сыпық. Жаңабатыр ұрпағы. [Бә]йбішесінен: Таңсыққожа, Аққожа, Қосақ, Жанақ. Таңсыққожаның бәйбішесінен: Өзден, Байтемір, Жақсы, Жабағы; тоқал қатынынан: Жанқұтты, Құттымберді, Айт, Жанғыс. Өзденнің бәйбішесінен: Бекболат, Қатты, Қорықпас, мұнан -Бағай (Иағай), мұнан - Жандарбай. Байтемір балалары: Дүйсен, Бейсен. Тоқалдан туған: Құланбай, Қисық, - Дүйсеннің тоқалынан туады бұл екеуі. Дүйсеннің бәйбішесінен: Мұса, Иса, Қуанышбай, Байбөрі. Жақсының балалары: Естек, Бошан, Шитек. Бошан балалары: Бекбай, Текбай, Көпбай, Мақан, Дәулет. Бекбай баласы - Жүсіп. Шитек балалары: Жоламан, Айқымбай, Артықбай. Жанқұттының бәйбішесінен: Есілбай, Нұрабай, Отыншы, Аққозы. Аққозы баласы - Ибрай, Ибрай баласы - Құрманғали, Құрбанбай. Құрманғали баласы - Нұрмамбай, Қали, Садық, Боранбай (Борамбай). Жұрынбас (Жортпас) балалары: Оспан қажы, Ахмет. Бұл екеуінің балалары үйлі-баранды болды.
Аққожа балалары: Өстемір, Құлжан, Бижан, Құнан, Дөненбай, Құлбек. Құлжаннан: Жәутен, Малшор (Малсор). Жәутеннен: Тілесбай, Елесбай. Тәтікөт -Тілесбайдан. Елесбайдан - Мәжит. Тәтікөттен - Садық, бәрінің де туысқаны толып жатыр. Малшордан: Күдері, Мұса, Байбек, - бұлар да өсіп-өнген. Бижаннан: Балықбай, Шабақбай, Қабақбай, Шыңғысбай. Балықбай балалары: Бесмолда (Бісмілла), Қыпшақбай. Бұлардың балалары: Исақан, Төлеубек. Шабақбай балалары: Көтбай (Күтбай), Баймұрын, Беделбай, Исабек, Исабай. Дөненбай балалары: Құлатай, Томпай.Томпайбаласы - Суақылбек. Құлбек балалары: Байқозы, Тайқозы, Тойбазар. Тайқозы балалары: Қосмағамбет, Қосқақ. Қосқақ баласы -Нұрмағамбет баласы - Мағауия. Ермағамбет, Ержігіт, Нұралы дейтіндері. Қосақ балалары: Жанқара (Жаңғара), Баба, Сапқай, Торсықбай. Жаңабатыр - Жанақтан соң осы Торсықбай дөкей жүдә (жұда) болған. Алғаш дуан аузы ашылғанда, болыс сайланып, он жеті жыл болыс болған. «Түкірігі - түйме алтын, қақырығы - қайма алтын», лепесқой, айтқаны қабыл болған жан. «Қаһарлы Жанақ» балалары: бәйбішесінен - Қарқынбай, Жанысбай, екінші алған қатынынан - Жалғыз: «Екі қатыннан - екі жалғыз» - атанған. Қарқымбайдың қатыны бала көтермей бедірейіп, қалшиып тұрып алыпты. Бір күні Қарқымбай қасында тізелесіп отырған қатынының: − Сен бала таппайтұғын немені біржола жоқ қылайын! - деп, пышағымен періп қалғанда, пышақ қатынның қара санынан кіріп, қатын жүрегі қозғалып, талып қалыпты. Оттың басын телегей теңіз қан қаптап кетіп, үш ай қозғала алмай жатып, әйтеуір өлмей қалып, жазылып түрегеліп, соның артынан итше күшіктеп, тұңғышының атын - «Күшікбай» -қойып, онан кейін: Атаби, Анай, Айқасқа, Әбет (Абыт) туыпты. Анайдан - Әмірғазы. Айқасқадан - Сүлеймен. Әбеттен - Құсайын. Жансайдан: Киік, Қозыбай, Жаманбай. Киіктен: Жұмаш, Нұрманғали, Бейсенбай. Қозыбайдан: Теміржан, Сүтжан. Сүтжаннан -Несіпқожа. Теміржанды тапқан кемпір тоқсан жеті жаста екен. 1925- інші жылда - құлағы ести[ді], аяқ-қолы бүтін, тып-тың ауылында бала тапқан қатындардың шілдеханасында жүгіріп жүр: − [Ж]иырма құрсақ көтердім. Сонан мына Теміржан мен мына бір немерем [А]йқожаны ұстап отырмын. Бір-екі жерде ұзатқан қызым [ба]р, - деді. – Екі-үш баланың анасы болған күнімде Қызылтауда... ик тауық жұты соққан соң, төркінім осы Қарағайдағы ...қ еді, жаз шыққан соң, қасымда бір Ақай - Түкейдің (Тоңайдың) [Тоңай]ы Мырзабай дегенмен екеуміз жолшыбай жемтікті [қор]ек қылып, жаяу жүріп, тоғай түстік, - дейді. 18[58] жылда туған біздің шілдеханамызда болыпты. [Са]ндықтастан үш келіншек барып едік, бірі - ... бақ, бірі - Сылқылдақ. Ол айтқан екеуі Қызылтауда [әл]декашан қауматы қурап өліп қалған кемпірлер ол күнде көрген-білгенінің бірде-бірін ұмытқан жоқ. Жаманбайдан: Сапаралы, Еменғазы, Әжіке. Сапаралыдан: Апсалам (Әпсәлем), Шайқысалам; бір қатыннан - Шәріп. Иманғазыдан: Абжалел, Әжіке. Әжіке баласы - Әбді, Уақап. Анайдан - Әмірқазы, мұның балалары: Ұбайділда, Әбді, Манап. Айқасқаның Сүлейменінен: Қайролда, Салыбай, Қаратай. Жанақтың бір тоқалынан: Көбентай, Ербекми және бір тоқалдан - Қуантай; кенже тоқалдан: Қозыбағар, Қаратоқты. Көбентай баласы: Томай, Байшолақ. Қуантай баласы - Исмайыл. Жансайдың Кейкісінен -Жұмаш, Жұмаштан - Нәсіполла. Нұрманғалидан - Халиолла. Бейсенбайдан: Уатай, Сары. Әбет (Абат) баласы - Хұсайын, мұнан туады: Әшім, Досым. Жаңабатырдың екінші қатыны - қалмақ қызы, онан туған бесеуді... бұл күнге шейін: «Бесқара» дейді: Тақан, Шөкек, Құлмырза, Қабыл, [Тік]ей. Тікейден үшеу: Қалыбай, Малыбай, Қарақшы. Бұлармен туысқан қыздың аты - Бөкенай. Уақ - Нұрекен байдың алғашқы алған бәйбішесі. Балта, Балға, Төйте, Ибрайым - осы Бөкенайдан туған. Қалыбайдан - Исмағұл. Исмағұлдан үшеу: Сүлеймен, Хамды, Мұхаммедмәді. Сүлейменнен үш бала болды, бір де - бірінен тұқым қалмады. Ахметтен - Серікбай бар. Мұхаммедмәдіден - Ұбайділда. [Ұ]стаған қатынының емшегінде кеткен, барған жерінде тірі ба... Қарақшыдан - Жүсіп. Қосшығұл - Жүсіп балалары: Есмақа, Сімет, Изат (Изет), Сүңғат, Молдаш, Балама. Малыбайдан - Байсымақ, мұның балалары: Аққас, Біләл. Аққастан - Есмәзім. Біләлден -Әбсаттар, Әзір. [Қ]абылдың бәйбішесінен: Байсейіт, Бексейіт, Шаншар, Жаманқо[жа]. Ортаншы қатынынан - Қоймас, кіші тоқалдан: Байған, Тапкей. Бексейіттен: Төкібай, Байқоңыр. Шаншардан - Қоңырбай, мұнан - Рама[зан]. [Ра]манқұлдан: Молақ, Қосшығұл. Молақ баласы - Имамбай. Имамбай балалары: Шаймерден, Шаймолда. Шаймерден баласы - Сағиділда. Қосшығұлдан - Хұсайын. Мұның баласы - Хасен. Қабылдың кенже тоқалы - Байған. Мұнан - Дәндіғұл, мұнан: Қожамберді, Жұматай, Қабыл, Масыр. Қожамберді балалары: Дәндігүлмен бір туысқан - Мәндігүл бар. Мұның баласы - Қожан. Жаңабатыр бидің үшінші қатынынан: Босмойын, Бекбас. Босмойыннан - Шортан, Шортаннан: Сапақ, Жүргенбай (Жөргембай). Жүргембайдан - Қарабай. Қарабайдан - Рай, Райдан: Шолан, Жұмағұл. Бекбастың бәйбішесінен: Намаз, Тайсоймас. Намаздың бәйбішесінен - Еркебұлан, тоқалынан - Қашаған. Еркебқұлан баласы - Сәрсенбай (Сәрсембай). Тайсоймас балалары: Кеңесбай, Кемелбай, Кеншімбай, Шошай. Кеншімбай балалары: Оразбай, Топыш. Кемелбай балалары: Мәмбет, Шонтай, Базкен. Шошай балалары: Жұмабай, Айтмағамбет. Жаңабатыр бидің төртінші қатынынан: Алдияр, Байбарақ, Қожамсейіт. Алдияр балалары: Досымбек, Достай, Төлеген, Мәшен. Досымбек балалары: Майлыбай, Демеу. Майлыбайдан: Қазыбай, Тәпек, Қали, Сопен. Қазыбайдан: Жапарқан, Жағыпар. Жағыпардан: Сыздық, Омар. Тәпектен - Омар, Қалидан - Қойбақ. Демеу балалары: Әмір, Шөкен. Әмір балалары: Шайхым, Сіләмхан. Шөкен балалары: Мұхаммедмәді, Хамит, Есболат. Мәшен балалары: Тәнжан, Тіркеу. Тәнжан балалары: Айтмағамбет, Айтқазы. Тіркеу баласы - Құрбан, Темір. Төлегеннен - Бастами, Сүйіндік. Бастамидан - Жүсіп. Достай балалары: Бөкен, Шикі. Бөкен балалары: Тағамбай, Манамбай. Күлік - Шобалай баласы Жаңабатыр би Абылай заманындағылардың төрағасы болған. Өзі «қара қылды қақ жарған» би болған, өзі жаламен үш шабылған. «Жаламен Жаңабатыр үш шабылды» - деген Жаңабатыр - осы. Жүз төрт (104) жасында өліп: «Құдайдың маған берген жасы жүз он төрт (114) болмақ еді. Он жасым кем болып, үш жан берген топтың ішінде болып едім, сондықтан он жасым кем болды. «Ақ та болса, ант ішпе! - айрандай жұғады» - деген сөз - осы кісі - ден шыққан сөз.
ҚАРАУЫЛ [ШЕЖІРЕСІ]
[Жанарыс - Қарақожа - Арғын (тоқалы Момыннан) - Қарасопы - Қарауыл]. Атқы, Жауар, Мүтібек, Сары, Иманай, Қараша, Бөлекей, Қарт. Бөлекейден - Құлымбет. Құлымбеттен: Бектауыл, Тоқтауыл. Тоқтауылдан - Ноғай, Ноғайдан - Тайыс, мұнан – Тілеуқабыл, мұнан Бататын (Балқатын), мұнан - Бадырақ - Қарабатырға келіп тоқтайды. Бектауылдан: Өтей, Мінгес (Мінкіс), Түрікпен. Өтейден - Күшқұт, онан - Сарғалдақ, онан – Боқан, онан - Сәттібай. [Қа]мшыдан - Жасқамыс, онан - Бөкенбай, онан - Елтоқ, онан - Жәпек, онан - Тосқон, онан - Молдабай қажы. Қарттан - Түнқатар, онан - Қалды, Қарауыл. Атқыдан (Атшыдан) -Көшін Қарауыл, сегіз атаның ұлы Қарауыл. «Он екі атаның ұлы Дәуіт» - деп сөйлейді.
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-ЖАҢАБАТЫР ТАРАУЫ
Жаңабатыр баласы Алдиярдың бел балалары: Досымбек, Достай, Төлеген, Машын, Кенжеқара, - Алдиярдан тарайды.
Қабылқайыр - Уәлихан баласы, бұл Шоқан баласы, бұл Белгібай баласы. Сарт, ноғайдан, араб, ғыжымнан, һинді, зәңгі, қызылбастан басқа тоқсан екі лығыт пенен сөйлеген жұрттың бәрі: «Уыз(оғыз) ханның нәсілі ек, ағылысы Сіләмболдағы (Стамбулдағы) түріклер. Аққожадан: Құлжан, Бижан, Құнан, Дөнен. Жаңабатыр баласы Аққожа, мұнан туады: Құлжан, Құлжаннан - Малсор, Жәутен. Жәутеннен: Тілесбай, Тәтікөт, Ілесбай. Тәтікөттен − Садық, Ілесбайдан - Мәжит. Тілесбайдан - Ибрай, мұнан Әбікен. Бұл Әбікен де бала-шағалы. [Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы – Шуманақ - Құлболды - Күлік -Жаңабатыр - Аққожа - Құлжан - Жәутен - Тілесбай – Мәжит - Малай]. Малайдан: Қатке, Дәулет, Жәнібек, Тінібек. Мұның екі қатыны бар: Үлкеналтын, Кішіалтын. Кішіалтынның баласы: Жайлау, Айтқұл, Айтқожа, Кенжебай. Айтқожадан: Жауғаш, Биғаш, Мырзалы, Мырзас, Байкел, Бостан, Байжан. Бұлардың аналарының аты - Жанымбике - қожа Баһаудинге барып түнегенде, алтауының атын қойып, айтып, түсінде аян берген. Жауғаштан: Тане, Төлеген ақын, Тоғұл (Тұғыл). Төлегеннен: Томпыл (Томғыл), Егізек. Бұл Егізектен: Жәнібек, Тұржан. Биғаштан: Байжігіт, Жанжігіт, Акжігіт, Орынбай (Орұмбай). Шағырайдан: Үмбетай, Қаңылды, Жаңылды, Айбас. Қаңылдыдан: Құттиген, Байпақ, Жанай (Қанай), Жақсылық. Үмбетей баласы – Есқара би. [Жанайдан]: Биік, Құтаяқ. Биіктен - Баймырза қажы. [Құтаяқтан]: Жаманбай, Құрманалы. Орынбайдан: Жанайдар, Өтебай, Бектұрған. Жанайдардан: Мейрам қажы жалғыз. Өтебайдан - Құрман. Бектұрғаннан: Баймен, Дә[рмен] . Мейрам қажыдан: Мұсылманбек, Рақымбек, Омарбек, Сейілия, Мұратбек, Мұхит, Әшімхан (һәшімхан). Дәрменнен: Сұлтанбек, Нәзірия,, Фазылбек.... Жәдігерден: Байтік, Шақай, Сары. Шақайдан екі бала бар: Қосан, Төке. Қосаннан екі бала бар: Есенбай, Есімбет. Есімбеттен: Бөрібас, Сақал, Құлшоқ (Құлжоқ). Төкеден бесеу туды: Құдайберген, Мәмбет, Егіз, Тайым. Тайымнан екі бала бар: Өтебай, Жанзақ. Өтебайдан: Нұрбай, Жанбай, Жердібай, Оразалы. Оразалыдан бесеу туған: Жанабай, Шүленбай, Бұланбай, Жаналы, Бикелі. Шүленбайдан - Жомарт. Шүленбай қажының үш қатынының баласы жеті - сегіз ағайынды. Айтқожаның қатыны - Ханымбике Бәсентиін қызы екен. Бауырларының аты: Елдай, Иіс. Елдайдан: Көлдай, Барлыбай. Көлдайдан - Байтілеу. Байтілеу балалары - Жайсаңбайлар он үйден аса. Мұның балалары мен бес атаға келді. Мейрам Жанайдаров қасында өз алдына бір ауыл: «Бәсентиіннің ауылы» - дейді. Мәжіктен: Малай, Тыныбек (Тінібек), Айтқожа, Биғаш (Биқаш), Орынбай (Орұмбай), Жанайдар, Мейрам, Мұсылманбек, Сопыжан. Шуманақ – Құлболды – Күлік - Тілеуімбет (аты жоқ) – Бесім - Ақжігіт - Сермұхаммед -Көпей - Жүсіп – Мұхаммед шарафиден бар [5].
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-АЙДАБОЛ ТАРАУЫ
Бабыр: Байқабыл, Жанкісі, Ақкүшік, Нұралы - бұл төртеуі Бұлғаш бәйбішеден. Онан соң, қатынын ертіп келген жеңгесін алған қалыңдығы Бұлғаштың айтуымен: «Туған ағамның қатынын басқаға қимаймын, өзің ал!» - деген соң. Бұл қатыннан: Айтуған, Құрмыс (Қормыс) туған. Және қатынының ертіп келген қара күңді алған. Онан туған: Жылқайдар, Жаңбыршы. Бұл екеуі - бірі он үште, бірі он төрттегі күнінде - әкесі Бабырды Шүлен қамшымен ұрып, бетін қып-қызыл шие қылған, кегін алып, бір өшін бауыр Жанқозының жылқысын қуып, қырқын қырып, мұрнын жырып, қып-қызыл шиедей қылып: «Екі ауланың арасындағы Басшіліктен бері жердің бәрі менікі. Мұнан былай жылқы асыраушы болма!» - деп, күллі жылқышының екі аяғын үзеңгісінен өткізіп, ат бауырына таңып, жылқы-мылқысымен бірге айдап апарып, еліне қойдай иірген. Заманындағы Жанқозыдан бір кісі бетіне келіп, алдынан шығуға жарамаған соң: «Көпке жүрмегір!» - деп, қатынша қарғаған сәбилері қабыл болып, екеуі де көпке жүрмей, қыршын өліп, «Жаңбыршы, Қопаш» - атынан басқа қалган дәнемесі жоқ. Бабыр жасында «Ала қоржын Бабыр» - атанып, саудагерлікпен Бұхар, Ташкенттің сартына ерте танымал болып, Бабырсыз жалғыз сарт сауда қылмайтын болған соң, Жанқозының бозбаласы күншіл[д]ікпен көптік көрсетіп: «Сартты Бабырдан еріксіз ап кетеміз!» - деп, төбелес қылып, Шүленнің (Шоланның) Бабырды сабап жүрген себебі сол. Шүленнен(Шоланнан) таяқ жегендігі есінен қалмастай болған соң, Бұлғаш бәйбішенің айтқанына көніп, айдауына жүруімен Бабыр қайнағасының қатыны - жеңгесін алған. Қатыны ертіп келген қара күңді де алған. Және Бұхар, Ташкенттен үш сартты жетім бала күнінде: «Бала қыламын, бас көбейтемін, - деп, - үрім-бұтағымды өсіртіп отырамын», -деп, сатып алған. Сонда алған жерінде бұл беріш (бидық) баланы сарттың Беклербегісіне сатқан. Сонда Беклербегі айтқан: − Мұның біреуінің тұқымы:еркегі - жасық, ұрғашысы асыл болушы еді. Ораза ашар, ұйтқы боларлық сап та шығар, ат арқасына мінерлік жігіт те шығар. Еркегі қортық та, ал әйелі асылдау болар. (Қудан бай да болды, қажы да болды, баласы Тұрсынбай болыс болды). - Мұның біреуінің тұқымы үшеу болып өспес. Енді біреуінің тұқымынан ұста шықпаса, өзге жарытып дәнеме шықпас! - деген екен. өзі алыпты, бірін Құлниязға беріпті. Үш сарттың тұқымы әлі [бар] Құлнияз Бабырдың ішінде. Қалитке бергені өсіп-өнді. Ана екеуі ондай өсіпөөнгени жоқ. Кенжеқозы қыршын жаста өліп, қалыңдығы оң жақта жесір қалған Үйсін - Қаратай батыр қатыны екен. Айдабол би: «Тайкелтірге қосамын» - дегенді бәйбіше балалары ұнатпай, Жанқозы бозбала жиып, ту көтеріп: «Жесірімізді бермесе, шабыншылық қыламын!» - деп. Сонан соң, икемге көніп, Малқозының баласы Толыбайға(Төлебайға) қосып, Олжабай батыр сол Үйсін - Қаратай батырдың қызынан туып: «Ер тағайына тартады!» - деп, батырлық жыны сонан қонған аруақ екен. Ол Үйсін - Қарағай батыр - Шанышқылыдан алдырып, бір жетім қызды күң орына қызына ...лік қосып, ол жетім орнына берілген қыз екіқабат болып, жолда босанып, баланың аты «Қосжетер» - болыпты. Елге келген соң, ол жетімнің өзі Сарыға қосқан екен. Қошетердің Сарымен енелес болған жері осылай екен. Бұрынғы қариялардан естуіміз - Айдабол би бәйбішесі балаларынан қаймығып, Тайкелтірге жарытып енші бере алмапты. Сонан соң Қошетерді Тайкелтірге: «Қара бауыр қылып ал! - деген екен» - деуші еді. Не нәрсенің болса, хақтығын Құдай біледі. Қазақтікі -ұзын құлақтан естілген сөз. Қошетердің шешесінің аты - Бөктік екен. Жолда келе жатып, қоста босанған соң: «Бұған ат болуға осы қос та жетер», — деп, атын «Қосжетер» қойған. Сонан келе-келе «Қошетер» - атанған. Қаратай батырдың қызы да жолда босанып: «Осы жолдың олжасы» - деп, атын «Олжабай» - қойған. Сарыға қосқан себебі - бір жолаушылар келе жатса, бір ел маңайында бір бала итті бас салып жатқанын көреді. Елге айта келеді. Ежіктесе, сол бала Сары болып шығады.
− Мұның қалай? - дегенде, − Өзің қатын алып бермейсің! Еркіме қоймай бара жатқан соң, ит те болса, бас салғаным ғой! - депті. Сонан соң Жанқозы Қаратай батырдың қызына еріп келген жетімді қоса салған екен дейді. Нардың бәйбішесінен: Ботбай, Шымырқұл, Жанан; тоқал қатынынан: Лаба, Құсан, Майқара. Бұл сөзді бұрынғылар сөйлеген болса да, кейінгілер: «Аққа қотарғанда, жазуға жарамайды, қоялық. Ойын сөзді біреу нанар, жаман үшін жақсының көңілі қалар. Жамандарына өкпелеп жазасың. Жақсылардың құрметі үшін айтарға жарамас!» - десін. ...Бұрынғы заманда Құлнияз - Бабыр жылқысын жау алыпты. Сонда Құлнияз, Бабыр көтеріле аттанып: «Құлболдылап!» - шауып, қуып, жау[дың] қай жеткенін қызыл көтен қылып түсіріп кете беріпті. Сонда қуғыншының ішінде Құнды баласы Байдалы балуан бар екен: «Құлболдының жолы қан-жосын болады - деген екен. - Олжабайлап шабыңдар», -депті. Сонда Биеші бие саудырып жүр екен. Бір биеге міне салып шапқан екен. Сол биеші жау түсіріп, жылқыны жаудан айырыпты. Өзі ұста екен, сонан «Биеші» - аталып кеткен. «Жау түсірген бір биеші» - деген сөзден. Биеші: Сейпен, Боқаш, Тарбақ, Жамшы, - төрт-бес үй бар. Бұлар тоғай бойында: Апай, Бөрі - Қазанғап балалары ауылында. Сарттан сатып алған үш баланың біреуін Бабыр өзі бала қылып алып, сол Бабыр алған сарттың тұқым-жұрағаты - осы Биешіден өрбіп-өнгендер. Тарбақ деген жігітке жолығып, сөйлестік.
БӘСЕНТИІН ШЕЖІРЕСІ
[Жанарыс - Қарақожа - Арғын (тоқалы - Момыннан) – Кенжесопы-Бәсентиін] Бірінші қатынынан:Ақмайдан, Бекмайдан, Тоқмайдан. Ақмайданнан - Көкшекөз, мұнан: Байымбет, Жолымбет. Байымбеттеп: Бейсен, Жаманай, Қоянбай, Көшен, Шөрек, Таңатар. Бейсеннен: Таз, Бөкі, Шоқай, Өтеп, Матай. Жаманайдан: Ырысқұл, Қойсары, Қозыбақ, Сағынай, Тайлақ. Ырысқұлдан: Шақабай, Қарабатыр, Бөкебай. Ырысқұлдың қатынының аты - Ырысбике (Рысбек). Шақабайдан: Жәнібек, Имамбет - мұны айтты дейді. Жәнібек балалары: Сарқұл, Айқұл, Байқұл, Киік - бәйбішеден; Сорыпкел, Манамбай - тоқалдан. Тоқал - қалмақ қызы. Айқұлдан - Жаманбай, онан - Тасболат, онан: Шәкір, Мұса, Боқтыбай. Қара - Мұсадан: Омар, Имаш. Жолымбеттен - Мақдай, мұнан - Сәмек. Матайдан: Құтымбай, Қаржау, Өмір, Қойбақ.
Шежіре жазғандар: «Бөкі-Шоқайдың Шоқайы нағыз тумай ма?» - деседі. Бұқа, Күбір - Бәсентиін емес, аяғынан қаңғып келген екі бала екен. Ұрлық қылып, байласа, бау кескен соң, өлтіріп, көзін жоғалтпақшы болған соң, Күбір шыққан жері Түркістан, Ташкент жағы екен. Сол жаққа қашып кетіп, Бұқа мұнда қалыпты. Бәсентиін - Сырымбет батыр Сәмектен шыққан мұның тұқым-жұрағаты. Жәнібек батыр қырғыздан бір баланы қоржынға салып әкеліп, атын Бертіс қойып, онан Күреңше туып, онан - Олжабай. Олжабайдан - Атыбай туады. Бекмайданнан - Апай, Тоқмайданнан - Қатыс. Қатыстан - Бөрі, Бөріден: Келден, Қыстау, Қақа, Сатыпалды, Жаңбыршы. Бәсентиіннің екінші қатынынан: Жылқайдар, Итемген, Ханкелді (Қаңылды), Ақтілес, Күшік. Күшіктен бесеу: Қайып, Кенжебай. Бір шежіреде жазыпты: «Үшінші қатыннан -Бөрі. Бөріден - Келден, Қыстау, Қака, Сатыпалды, Жаңбыршы. Жаңбыршыдан - Жәнібек. «Апайдан - Нарбота» - деп біреу жазыпты. Күшіктен: Жетпеген, Байымбет. Мұнан -Ханкелді, мұнан - Байбол, мұнан - Жетібай. Атбасарға жер ауып барған бір қария: «Бәсентиінмін», Қызылағаш болысынікімін» - дейді. Баласы қасында, дұрыс ескі сөз білетұғын кәрі құлақ екен. Ол сөйледі: − Биыл оған он тоғыз жыл болды. Бөрі-Бәсентиін, Есенаман байдың азаты, - дейді. Есенаман азат шығарған толық бай кісі екен. Жалғыз баласы - Ботасқа енші беріп, қой қосақтатып жатқанда, бөрі тонды, бөрте атты бір жалғыз жас бала жігіт үй сыртынан келіп, сөйлес қылыпты.
− Жөніңді айт, кімсің? - дегенде, − Атым - Келімсек, жалғыз балаңа енші беріп жатыр деп естіп, қосағының басына ие болайын деп, өзіңе бала болайын деп келдім, - депті. Сонан соң бай ырым көріп, асықты жілік ұстатып, бала қылып, атын Бөрі қойыпты. Осы күнде: «Апай - Бөріміз» десіп келеді.
Мұндай ескі сөзді бұл күнгі жүрген жаннан сұрасаң, жалғызы білмейді.
− Кімнің ұрпағы боласың? - деп сұрасам,
− Керекуде тұрған: «Осы Керекудікімін» - дейді. «Қырдағы бестоғайдыкімін» - дейді. Қазбалай сұрасаң, онысы да, мұнысы да: «Күшік боламыз», - деп, сілейеді де, отырады. «Біз кісіміз, адамбыз» - деп, бірі айтпайды.
ҚЫПШАҚ ШЕЖІРЕСІ
Молда Мәшһүр Жүсіп (Иосиф) Көпейбаласының жинаған сөзі. Маған көктен Жебірейіл періште уахи (өзі) келтірген жоқ. Қағаз жүзінде жазылған қазақта шежіре нұсқа жоқ. «Естіген құлақтың жазығы жоқ» - дегенмен естігенімді жаза бергендіктен, жиырма екі жасымда өз атым былай (бұлай) қалып, «Шежіре» атандым. Көп естіген сөздің бірі. Керекуге жиырма бес шақырым жерде «Құрман тұзы» - деген тұз бар. Сол Құрман Қыпшақ екен де, өзі мейлінше бай болған екен. Жылқысының есеп санын өзі де білмейді. Жалғыз баласы болыпты, «Бөрі тонды бөрте атты» - атанған жылқышысы болыпты. Малға шын жаны ашып қарағандықтан, жылқы билігі сонда болыпты. Байдың жалғыз баласы сері болыпты, он жігітімен жүреді дейді. Жазғытұры бие құлын төгіп жатқанда, бай баласы он жігітімен жылқы аралапты. Жаңа туып жатқан қара құлынды сойып, терісін ала беріпті: «Осы жүрген он бір жігіт бір түсті қылып, қара құлын жарғақ киеміз» - деп. «Бөрі тонды бөрте атты» жылқышысы мұны көрген соң, іші күйіп, жылап, байға келіпті: − Бай, маған батаңызды беріңіз. Бұл малға менің иелігім болмады. Мына қорлықты көріп жүргеннен қаңғып өлгенім артық, - деп.
Кәне (кәні), бай жалынып, жалпайып тоқтата алмапты: − Мен ризамын (ырзамын»: Осы жылқының қақ жарымын ал да, өзің маған риза болып кет, - депті.
− Жоқ, бай, бір тай да алмаймын, батаңды бер, - дей беріпті. − Жоқ, балам, сен дәнеме алмай кетсең, бата да бермеймін, ризалығым жоқ, - депті. − Ендеше бір теңбіл көк айғыр бар, үйірінде бес байталы бар. Соны берсеңіз болады, -депті. − Уай, шырағым, көбікті көктің тұқымы еді. Өзімнің аузымды көбікті саумалға тигізген жануарым еді, ала ғой, ала ғой! Мал қадірін білмеген қу жалғызға болғанша, мал қадірін білетұғын сенде болсын! - деп, батасын берген екен. Сонан соң Ертістің бір жағына өтіп, Апай деген жесір қатынның қызын алып, онан бес ұл туады: Келден, Қыстау, Қақа, Сатыпалды, Жаңбыршы. Мал менен басы таласып өсе бастайды. «Көбікті көк» - атанып жүргені - биеге шапқанда, биенің үстінен айғыр түскенде, ақ көбік шұбалып, үзілмей, ағып тұрады екен. Соны Бөрі өзі тосып алып, балаларына ап келіп, жалатады екен. Бір баласы жаламайды екен. «Сол жаламағанның ұрпағы ана төртеуіндей болмай, жарлы-жақыбай, өсімсіз, өнімсіз болды» - деседі [6].
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК - ТАРАУЫ ЖАЛҒАСЫ
[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ -Құлболды-Күлік - Өтепберді – Ақыл - Дербісәлі].
[Дербісәлі]: Қаржау, Нұржау, Олжас, Мырзас, Қодас Қаржаудан [7]- І.Әнен. 2. Байыс. 3. Байкөншек. 4. Жанас. 5. Байсақал. Қалмақ қатынынан -Қозыбақ, бір қатынынан Байғабыл. Байкөншектен - 1. Көжек (Көшек). 2. Бажыр. 3. Сағынай. Көжектен - 1. Екіберді. 2. Жақсылық. Сағынайдан - 1 .Жаманғұл. 2. Мұса. Мұсадан - Оспан «Күлік Оспан» - дейді. Тұзқала мен Қарақаланың аралығында Моғал қомында Айдабол - Сары - Жылқайдар қажы немересі Әбділда - Арын баласы, соның қасында Күлік: Тілеуімбет - Жаңабай, Естібайдың - Жиенайының (Жиенінің) баласы соның қасында. Дербісәлі - Жаңкөт... Ербай... Бекбалта... [8] Ғабдығали.
КЕРЕЙ ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
Дүйсен, Таймас - Молақ баласы; Молақ - Сырлыбай баласы Томан: Дүйсен. - Таймас баласы. Томаннан - Қиқым, Сәмекбай. Сәмекбайдан: Оспан, Темірхан. Темірханнан -Қоржын, Қоржыннан: Шалабай - бір жасар бала. Шақшақ елінің ішінде өсіп-өнген екен. «Ата-бабаларымыз сол Терең көлге Сәмек ішіне сонан келген екен. Бесшоқы маңайында болушы еді жер-суымыз» - дейді екен. Жебеге Керейден тараса керек. «Жебеге - Керей Ақылтау заманында Қызылтау Қалмақ қырған аралығында болған» - деп қариялар айтушы еді. Мешітбай Ақыл биге құда болып, баласы Алзабекке Ақылдың қызын алып берген: баласы Асаубаймен Молдабай құда болған. Жылқысын түп көтере Үйсін алған байдың аты - Қармыс абыз екен, баласының аты -Азнабек. Сол Азнабек жылқыдан айрылып қалған соң және жылқы соңынан қуып барған Ақпан - Бәйештің Бәйешін жау өлтіріп кеткен соң, еліне мұнан сүйкімсіз кім болады дейсің?! «Қарға тамырлы қазақ» - сүйек шатысы болғандықтан, Айдабол Тайкелтір ішіне келіп, үрім-бұтағы сол елдің ішінде қалды. Қармыс абыздан - Азнабек, онан - Дүйсембі. Дүйсембіден - Қияшы жалғыз үй, бала-шағалы. Уақ-Нұрекен бай ауылында Рамазан-Құттымбет баласы, Құттымбет - Тышқан баласы, Тышқан – Танабай баласы. Онан арғысын білмейді. Тышқан балалары: Турашап, Құлбет, Құттымбет. Турашаптан: 1. Мөшке. 2.Тауасар. 3. Жетімек. Мөшке баласы - Көпіш. Мұны Жанақ балалары: «Орманшы» - дейді. Рамазанның өзі: «Күлікпіз» - дейді, Жамшыбай айтты дейді: «Төкі, Байыс, Танабай бір туысқан» - деп. Бір жасарында шешесі Қыпшақ - Тасыбек дегенге тиіп кетіп, өмір бойы сол Тасыбек баласы болып кеткен.
ҚЫПШАҚ ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
Абай әкесінің аты - Махамбет, мұның әкесі - Кенжәлі, мұның әкесі - Сапар. Мұнан арғы атасын білмейді. Баяғыда бір шешелері Қошқарды: «Қойата» - дейді екен. «Ол сөзге қарағанда, Құлан Қыпшақ Қошқарбай батырдың аймағы болса керек» - дедім. Жананның [Жананды] өлтірген Үйсіннің аты - Қарынбай. Ол Үйсін - Шабаттың жылқысын алған. Бәйештің мінген аты - Бостыбай торы. Жау - бес жүз кісі, бұлар - қырық кісі. Қармыс абыз жылқысы сонда жауға түскен [9]. Барған қырық кісіден тоғыз жан тірі қашып құтылған. Бәйештің екі баласы Қыздарбек, Сауғабайды тірілей інге көміп тастаған. Бір Қазыбек пұшық деген: «Бәйешке бір киім беріп кетіңдерші!» - дегеннен Бәйештің тірі екендігі білінген [10].
ҚУАНДЫҚ ШЕЖІРЕСІ
Нұрфая бәйбіше - Қуандық, Сүйіндіктің шешесінің аты, Алшын - Құдысбайдың қызы екен. Алтайдың балалары: Байбикеден: Алысай; жеңге алған қатыннан - Нұрбай. Аққояннан -Әліке, Байдалы, Сайдалы - Кенже тоқалдан. Бұл тоқал һәм Қанжығалы - Пісбек байдың қызы. Мұнан туған - Мойын. Бұл тоқал қалмаққа олжаға түсіп кетіп, қалмақтан келгенде, бір бала көтеріп келіп, мұнда келген соң туған. Алтай бабамыз: «Кенжеқарам» - деп айтқаннан «Кенжеқара» - атанып кеткен. Алтайдың «ақсауыты» Нұрбайда қалған. Өзі батырлық қылып жауға олжаға түсіп кеткен жерінен, ықтиярына қоймай, жаннан кешіп барып алып келген. Сол сауыттың аты -«Шежекөз» еді. Сонан әлі Нұрбай ұраны - «Шежекөз». Кеше Ақпан Бәйештің Бәйеші Шөлшоқының түбінде Ұлы жүз Үйсін өлтіріп жатқанда: − Не қылайын, Нұрбайдың он жігітінің ортасында өлмегеніме арман қыламын. «Жүн жеп, жабағы тышқан» жаман Әлісайдың баласы-ай, біріңнің малынды, біріңнің жаныңды қорғаймын деп боқ басында босқа өліп қалды-ау! - деген. Оның мәнісі - Алтайдан шыққан Жанан балуан ұрлыққа барып, Ұлы жүзден кісі өлтіріп келген екен. Сонан соң Ұлы жүз көтеріліп келіп (Бәйештің бәйбішесінің аты - Шөмшек бәйбіше), Әлісай бір қожа білмес пысық иттің жылқысын түп көтере алып кеткен соң, сол бай келіп: − Сен жүрмесең, болмайды, - деп, - Бәйешті бармаймын десе де, еркіне қоймай алып кеткен екен. Және сол барған жолында Жанан балуан: − Сендерге тимейді ғой, мені өлтіреді ғой. Атыңды маған бер, - деп, Бәйеш батыр астындағы атын Жананға беріп, ол қашып құтылыпты да, оған атын беріп қашырғандығына көзі жеткен соң: − Менің қан жуар кісімді айырып, арашалап құтқарып жібердің! - деп, Жананның орнына мұны өлтіріп, қанын ұрттапты. Кәріп (ғаріп) болып қолға түскен соң, намазын оқытып, иманын үйіртіп, сөйтіп өлтіріпті. Қуандықтан - алтау, Алтайдан - алтау, Мойыннан - алтау, Мұраттан - алтау, Әлмәмбеттен -төртеу, Бегайдардан - тоғыз, Қошқардан - алтау.
Тоқбурадан - тоғыз, Аралбайдан - тоғыз, Сайдалыдан - Итқарадан - тоғыз. Саңырықтан: бәйбішеден - он: Шаншар, Асан. Тастемір қызы, аты Ұлбала (дан), тоқал Айымжаннан - үшеу. Ақбураның алты баласы - Арзықұл, Құдайқұл, Мыңдықұл, Жанықұл. Жаныкұлдан -Аманбай, Аманжол. Аманжолдан - Мәмбет, Үрпік, Күшікбай. Мәмбеттен – бәйбішесінен -Саңырық; бір қатынынан - Мұңайтпас, Қашаған, бір қатынынан - Тоғалақ, Сытбай, Сәтік. Аманжолдың қара шаңырағы осы Сәтік орнында. Қияш асында сол «Аманжолдың қара шаңырағы» - делінген үй Мәшһүрге арналды. Құдайдың қосуымен көкала атты Оспан, Таймас баласы себеп боп. Саңырықтың Жүнбай (Жонбай) деген баласы боранда қоймен бірге ығып кетіп, бір бойжеткен қызбен екеуі құшақтасып өліп қалған. Кеше жаңада Батыраш, Қотыраштың немерелері Алтай - Бекқожаның асында Нұрланмен қалжыңдасқанда бір айтқан сөзі бар. Сол үшін жаздым [11].
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ -Құлболды - Күлік - Тілеуімбет - Бесім - Қойтан]. Бұл Қойтаннан - Ақбай, ..., Боқаш. Ақбайдан - 1. Тыныбек. 2. Қалыбек. 3. Жанқожа. Қалыбектен-1. Бектұр. 2. Мұсай. Жанқожадан - Малқыста, Ораз, мұның баласы - Төлекғұл (Тұлаңғұл). Малқыста балалары - 1. Аманжол. 2. Есенжол. 3. Абайыл. Тыныбек балалары: Еңлі (Екі), Берген. Мұнан - Тоқыш, Тілеу. Ақбайдың кенже қатынынан - Масақбай, Жарты. Жартыдан - Алдан. Масақбайдан -Бекбау, Құлатай. [Күліктен]: 1. Өтепберді. 2. Данияр. 3. Сексен; Дәулет-тоқалдан. Өтепбердіден-Ғақыл. Қошқар мұнан туады [12].
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-АЙДАБОЛ ТАРАУЫ
[Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ – Құлболды – Айдабол -Тайкелтір]. Тайкелтір-ағасы, Қожакелді - інісі. Айдабол би бәйбіше балаларынан аса алмай, Тайкелтірге енші бере алмаған. Қошетерді еншілес қылып, соны берген. Қошетер Тайкелтірдің қара бауыры. Тайкелтірдің Өрік деген тоқалынан Өтеп. Сақау жалғыз. Үлкені - Тоғас, (Байылы), кенжесі Бармен - «Құмардың тоғызы» - атанған. Өріктің жалғызы бәріне тең болған. Барменді шешесі алпысында тапқан. Құдайдың пәрменімен болды деп атын Бармен (Пормен) қойған.
АРҒЫН-СҮЙІНДІК - КҮЛІК ЖАЛҒАСЫ
Күліктің бәйбішесінен - Тілеуімбет, Наурыз, Дәулет; тоқалдан: Ғақыл, Сексен. Тілеуімбеттің он бес ұғлы болған. Ең үлкені - Аспантай, мұнан тұқым жоқ.Онан соңғысы -Амантай. Мұның балалары: Қарашек, Айтқожа, Жаңабай. Бір баласының аты - Күнту. Мұнан Жақсы Жанайдар, мұнан - Өтеміс абыз. Жанайдардың тоғыз ұлы болған - бәрі өсіп-өнген. Екі немересінің аты - Бесім, Қойтан. «Айтымбет, Бесім, Сейтім - бет, Шегір» - деп сөйленеді екен. Он бес ұғлы мен Тілеуімбет өзі бас болып, қарақалмақ Қатысыбанның соғысында бір жауда қырылып қалған. Үш баланы жаралы болып жау ішінде жығылып жатқан жерінен Орманшы - Тайлақ батыр алып шыққан. Екі немере: Бесім, Қойтанды сары атты Сексен алып қашып құтылған. Сол бесеуінен тұқым бар. Ойдағы, қырдағысын жиғанда, толық бір ауылнай ел, екі жүз үй бар шығар. Бұрынғы күнде іштен жақсы кісі шыққан екен: Жанайдар би, Өтеміс абыз, Ізден абыз. Бұл күнде - шежіре, Мәшһүрден басқа кісі білерлік кісісі қалмады. Бесімнен - Жанжігіт, Ақжігіт, Қармыс. Ақжігіттен - Құлмұхаммед, Сермұхаммед, Досмұхаммед, Ізмұхаммед. «Ізден абыз» атанған - осы кісі.
Сермұхаммедтен - Шаншар молда, Мыңжасар, Көпей, Мағрыб.
Көпейден - Мәшһүр Жүсіп, мұның үш баласы бар: Мұхаммед шарафидден, Мұхаммедәмен, Мұхаммедфазыл. Өзі [әкесінің] кырық сегіз жасында, жылан жылында дүниеге қой жылы, ережеп - ілміржіп айында жұмға күні келген. Бес жасында ғылым мектебі үйіріліп, алты жасында Шар (шаһар) кітап оқып, сегіз жасында Баянаулада молда Қамардин ахонның алдына отырып, сарып ой бастап (баслап), тоғыз жасында ғылым фиақа махытсыр алуқаяға мышрух қылып, он бес жасында шағырлық илан шәкірт (шаһырыт) тәбиб, жиырма тоғыз жасында Бұхарай Шәрифке барып, медресе шықорда сытқамит еріп, мырза Ұлығбейнеде медресе Хамза қожадан, Пайастанада ноғай Мұсасаждин мүфтиден дәріс оқып, Мираканда хазірет ишан Миан, Мәлік ишан Сахыпзада биниресінің тәрбиесінде болып, отыз жеті жасында Ташкент шаһарында Бестағаш махалласында Әбілқасым хан ишан хан қасында тұрып, бәнирелері Әкірамхан төреден ғылым алып жүру-тұруы көп болып, оқып - білуі аз болып, сыжырай мірік апаты илан ғирмұғық дәрежесінде қалған. [Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ - Қүлболды - Күлік -Тілеуімбет- Бесім - Ақжігіт]. Ақжігіт, Жанжігі т- қызы өз күйеуімен қашып кеткенін естіп, Есқара би көңіл айтқан екен:
- «Қыз ұзатқан қырғыз шапқанмен бірдей» - деп еді. Жасаусыз қыз ұзатыпсыз. Өзімен-өзі қашып кеткен баланың алдын не қылайын?! Арты өзіңе қайырлы болсын! Құдай берген адам екенсің, ырысыңа қой түнетсе де болар. Кетейін деп кеткен жоқ шығар. Сенің ырысында қой түнетсе де жарайды. Күйеудің қалың соры (қоры) да, ықтиярсыз өз үйінен өзін кетірген, - дегенде, Ақжігіт Есқараға риза (ырза) болды дейді.
- «Ат төбеліндей жаман Малайдан не қылғанда, би туатұғын болды» - деп, жақсылықты анық саған қимай жүруші едім. Сен Құдай анық би қылып жаратқан жақсының өзі екенсің. Жаңа мойын қойдым артық жақсы екендігіңе, - депті.
Осы қыздың барған жері қара қасқа кедей болған. Онан туған жиен: «Керейіт - Шоңай абыз» - атанған. Бұл Қатық Олақ мергеннің моласы - Терісаққан бойында жаудан өлген. Өлген жеріне қойылған. Бесімнің бәйбішесінің аты - Бөктік бәйбіше. Қыпшақ - Қатыкұлақ мергеннің қызы, үлкен зор тәуіп болған кісі: үшкіргені ем болып, айтқаны айтқанындай келеді. Келіншек күнінде қалмаққа түсіп кетіп ішінде көтеріп барған баласын қалмақ ішінде тауып, сол бала қалмақ қолында тірі қалған. Өзі қашып келг[ен]. Жаяу жалғыз елдің шетіне келіп, өз аулына жуырда жете алмай жүрген жерінде өлі жүн түтіп, екі кесек кигіз басып алған. Бұл Бесім заманында күллі Тортуыл Ұлытау, Кішітауда екен. Жайлауы Сорқара [мен] Сортыны жайлайды екен.
Баянаула, Қызылтауға ел аумақшы болғанда, Бесім Ақжігіт, Жанжігітке: − Биыл көшпеңдер, мен өлемін. Мені осы Ұлытау[ға] қойып, ендігі жыл көшіндер, - деген.
Балалары:
− Жерден құр қаламыз, алдыңғы барған ел алып қояды, - десіпті.
− Ендеше биыл - менің өтетұғын жылым. Мені: «Осы Ұлытаудың басына әкеліп қоямын» - десеңдер, көшулеріңе рұқсат беремін, - депті. Сонан балалары уағда қылып, көшіп барып, Қызылтау[да] Ашамай тасқа қыстаған жылы өліпті. Алып келіп балалары Ұлытауға [жерлепті]. Сонан «Бесім дарасы» - атаныпты. Тілеуғабыл дарасының өре (үзе) басында (жасында). Ақжігіт абыздың ең үлкен қызы - Зарауха. Онан соңғы қызларының аты - Дәме, Дана. Зарауханы Қозыкерейге ұзатқан. Бір қызынан туған жиен - Төртуыл халфе. Бір қызынан туған жиен - Керейіт - Шоңай абыз деген. (Қатынының аты - Әбуалқа: Қақсал - Аманбай қызы). Қатынын «Құдағи» - деп сөйлейді екен. Ең үлкен қызы Зарауха сегіз жасар күнінде, онан соңғы қызлары үйелмелі - сүйелмелі. Еркек бала көрмей тұрған уақытысында екі туысқанының екі қызын нәзір қылып қалыңсыз беріп Оспанқұл әштірді мектепбасы молда қылып ұстап, үйінің сыртына ақ қос тігіп, Құдай үшін бала жинатып дүкен қылған екен. Қазақта әуелі молда ұстап, бала оқытуды бастаған осы кісі екен. Сонда бір күн өзі намаз оқып тұрса, от басында отырған кішкене қыз балалар төрт ши шаншып от басына: бірінің аты - «Құлмұхаммед», бірінің аты - «Сермұхаммед», бірінің аты -«Досмұхаммед», бірінің аты - «Ізмұхаммед», - деп, намаз оқытып ойнапты. Ақжігіт абыз намазын оқып болып: − Құдағи, құдағи, Құдай береді екен. Балалардың ойынын байқадың ба? Сен төрт ұл табады екенсің. Осы төрт атты қояды екенбіз. «[Бала]ның аузы, періштенің аузы» - деп еді, - деп ырым қылыпты. Айтқанындай, құдағи кідірмей бала көтеріп, бір ұл тауып, атын Құлмұхаммед қойып, онан соң бір ұл тауып, атын Сермұхаммед қойып, онан соң бір ұл тауып, атын Досмұхаммед қойып, сол шағында Ақжігіт абыз қырық тоғыз жаста екен. Ел жайлауда отырған[да], Көкшетау бауырында Қыздың қара суы, Шүртек қарағай деген жерлерде бір жақтан жолаушы келе жатып, түсте ат шалдырып, ұйықтап жатқанында түс көріп, оянысымен астында жирен жорға атын: «Түс садақасы!» - деп айтыпты. − Түсімде көк кептер келіп, ұят жерімнің басына қонды. Ол - жұмақтың (ұжмахтың) құсы. Енді мен өлемін. Мені осы түс көрген жеріме қойындар, - депті.
Сол күні үйіне келе ауырыпты. Қатыны екіқабат екен. − Мына ішіңдегі еркек бала туар, атын Ізмұхаммед қой, менің ізімді жоғалтпас, - депті. Кідірмей опат болып, айтқан жеріне алып барып қойыпты. Өзі өлген соң, «кұдағиы» еркек бала тауып, атын Ізмұхаммед қойып, «Ізден абыз» - атаныпты. Ендігі жыл ел жайлауға келгенде, ауыл-аймағы басына бата қыла барса, моласының үстіне үйрек ұя жасап, жұмыртқа салған екен. Соны заманындағы қариялар: − Мынаның арты жақсы болады екен-ау! - деп, ырым қылысыпты. Айтқанындай-ақ Ізден, Дос заманында Ақжігіт ұрпағы бір түрлі бай болып, өзінен жақсы кісі шығып, Алашқа білікті (билікті) болыпты. Бұрынғы өткен адамның қандай кісі екендігі сөйлеген сөзінен мағлұм. Бұл Ізден абыздың Із абыз болып тұрған күнінде Керей - Тұрлыбек Көшенов жеті дуан үстінен советник болып, Баянаулаға ревизия қыла келгенде, екі Күлік дауласып, Тұрлыбекке жүгініске барыпты. Сонда дауы бір Күлік жат елден өсіп-өніп, қатын-балалы болып, мал малданып, жан жанданып, өз халқына көшіп келген екен. Бір атын үйір қылу үшін, өз ағасына, Күліктің тұрған атына қосақтаса, қосақты аты болған себептен ол Күліктің аты буынып, пышаққа ілініпті. Адал бауыздап алып, семіз болған соң, етін иесі өзі қонақ құржысына (құрбысына) жаратыпты. «Сенің атың қосақ [болмаса], менің аяулы атым өлмес еді», -деп, осыны даулап жүреді екен. Тұрлыбек: − Мына отырған абызекең төресін берсін, - деп, абызға салған соң, абыз мән-жайын сұрап қанып: − Осы бейшара мал тауып, пайда қылып күн көрген жерінен не үшін көшіп келді? «Малымды - малға, жанымды - жанға, қатынымды - абысын-ажынына, баламды бауырына үйір қылайын!» - деп келді-ау! «Құданы құдай қосады. Үйірі басқаны ноқта қосады» -деген сөз бар еді. Малға мал қосақтаса, үйір болады. Бұл сорлы малымды малға, жанымды жанға үйір қылайын деп келген турасында қосақтаған себеплі ағайынның малы өлген үшін оған төлеу тартса: «Әлі мен көшіп келемін деп, өзі бұрынғы үйірінде жүрген жануарды зорлықпен үйір қыламын деп оған бұлайша шығындайтұғын болсам, бұрынғы үйренген жерімнен бекер-ақ келген екенмін!»- деп көшіп кетеді ғой. Сен атыңның отыз омыртқасымен отыз қонақ жөнелткен шығарсың, қырық қабырғасымен қырық қонақ жөнелткен шығарсың. Бірқатар қозыңды айырыпты, қанша малың жаныңа қалыпты. Ағайындық турасынан мен бұған төлеу бұйырмаймын дейді, - дейді.
Сонда бұл берген төресіне Тұрлыбек мырза риза болып: − Пәлі, сөз абызекеңді! Жарайды, - деген екен. Сонан Тұрлыбек атын жектіріп, арбасына мінер мезгілінде: − Абыз-еке біздің (бізнің) хақымызға дұға қылыңыз! - деп, қол жайыпты. Сонда абыз: − Тыра топ бин руфқа жолық! Алла Акбар! - депті. [Тұрлыбек] арбасынан қайта түсе қалып:
− Абыз-еке, бұл батаңыздың мәнісі не деген сөз? - деп сұрапты. − Шырағым, Тұрлыбек, Жанай қиямет қайым болып, ғарасат майданы құрылғанда, тәңірі қасы мизам таразы болып, біреуді таразыға, біреуді қыл көпірге, біреуді есеп-тұсап жеріне рет-ретімен бөлгенде, қосақ арасында бос кететұғындар болады дейді. Солардан болғайсың дегенім еді, - дегенде, Тұрлыбек: − Уай, аузыңыздан айналайын! - деп, жылап қоя берді дейді. Қазақша: «Тыра топ бин руфқа» - деген сөздің мәнісі, бұл қайдан алынған десең, арабша: «Тіллі тұға уа руфқа» -деген сөзден алынған екен.
ӘЗ ЖАҚСЫЛАРДЫҢ БАТАСЫ
Ізден абыздың Боштай атасы Тұрсынбайға айтқан сөзі. Әуел Тақ Сүлейменнің құмырсқаға сөйлескенін нақыл қылып, артынан:
− Аққу азса, қанатын суға бөлер (бұлар),
Құлан азса, тұяғын құмға бөлер (бұлар).
Хакім азса, сұмдығы жұртқа тиер,
Артынан көп кешікпей жұрты бүлер (бүлінер)!
Қаршыға қыран болса,
Айдын көлден үйрек ілер.
Бозбаладан би қойса,
Жұрты бүлер (бүлінер)!
«Ұлығы бозбала болса,
Халқы қозғалақ болады», - деген.
«Патша пілдей болса да,
Жұрт құмырсқадай болса да,
[Оны] басып өтпесін!» - деген.
АРҒЫН ШЕЖІРЕСІ БАСЫ
Арғынның жүз алты жасында алған тоқалының аты - Айнакөз. [Айнакөзден]: Үсенбай, Елемес; Елеместен - Ерман, мұнан: Шағыр, Бөлтірік. Шағырдан: Ақай, Жолдыбай. Тағышы, Аманжол, Сомжүрек. Бөлтіріктен: Сырлыбай, Сары. Үсенбайдан - Қарамерген, мұнан Байташы. Аманжолдан - Күшай, мұнан - Шақшақ батыр. Шақшақтан - Қошқар, мұнан Жәнібек. [Жанарыс - [Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам -Болатқожа (Қаракесек) - Ақша - Бошан - Таз - Бұлбұл - Құбакемпір - Шаншар - Келдібек -Қазыбек]. Екі шекті: Жоғарғы Шекті - Қазыбек би, Төменгі Шекті: Бекен, Шоқай батыр. Және Бекен, Жазының баласы - Сары, Шеген, Қаражазы, қатар шыққан қара балуан Жәнібек балалары. Батыр Жәнібек балалары «Дәуітбай» - атанады. Бірімжан балалары: Қорғанбек, Дәуренбек. Қазыбектен - Әбдібек жалғыз. Қорғанбектен - Ғазымбек. Дәуренбектен - Ахмет, - бұларды «Бірімжанов» - дейді. Шегеннің кенже баласы - Бектеміс бай. Руы (ұруы) - Қараман. Төлек - Қараман, Қырықмылтық - тоқал Арғынның ішінде аз атаның балалары. Сол Қараманнан шыққан Қилыбай - шаңырақшының баласы. Шолақтон Сексенбай (Сықсанбай) Қонақкер дуанбасының заманында Шыршықтың өткелінде: - Мен Құдайыңмын, - дегенде, сабайтұғын жері. [Жанарыс - Қарақожа - Арғын - (тоқалы -Айнакөзден) – Тәнбіс]. Тәнбіс сопы - мұнан Елемес, мұнан Ерман, мұнан Шағыр, мұнан Аманжол. Аманжолдан - Күшей (Көшай), мұнан - Шақшақ батыр. Шақшақтан - Қошқар, мұнан - Жәнібек батыр, мұнан - Дәуітбай.
Бірімжаннан - Қорғанбек, Дәуренбек. Қорғанбектен - Жазымбек.
ҚЫПШАҚ ШЕЖІРЕСІ
[Жанарыс - Ақтамбердіқожа - Қыпшақ - (Қарақыпшақ) - Шелімалып (Сүлімалып) -Ақкөбікалып - Сарыалып - Қара - Қобылан - Бұлтың] Қарадан - [Қарақалпақтан] - Е.Ж. ] -Бұлтың, Торы, Ұзын, Көлденең, Балық. Және бірін: «Бес таңбалы» - дейді. Бес таңба болған жаһаттан әлиф таңбалы Бұлтың Қыпшақ жақтан басады. Мойын таңбалы Торы Қыпшақ: Тойышке (Түйішке) Қитаба, Көкжүрде, Шашты. Бұлтыңнан үш тайпа: Уәріс (Орыс), Күрлеуіт, Жолаба (Жұлба). Құл таңбалы Ұзын Қыпшақ: Атыс (Ағыс), Кеделі, Нияз, Қожамжар, Алдаберді, Бірделі, Қырықжігіт, Қырықпышақ, Қарын таңбалы Қарабалық. Көсеу таңбалы Көлденең, Қыпшақ-Құлан. «Қыпшақ жалғыз, Құлан жалғыз, Құдай жалғыз» - деген мақал да бар. [Қыпшақ – Қарақыпшақ - Бұлтың]. Бұлтыңнан: Боғыс (Бегіс), Уәріс. [Бегістен] - Жолаба: Есенкелді, Әбілқасым. Уәрістен - Қоскөл: 1. Қараке.2. Нарбота. 3.Әжібай.4. Асан. 5. Әлібай. [Уәрістен]: 1. Төбет. 2. Құлатай. 3. Мадияр. 4. Кұдас. [Құдастан]: 1. Жарымбет. 2. Қосқұлақ. [Төбеттен]: 1. Еламан. 2.Қосайдар. Бірқұл (Ерқұл) да - Қыпшақ баласы. Жылым - Теке (Әтіке) баласы. Ақкөбек, Айса (Айсық) мұнан: Мүйізді (Мойырды). Сары абыз баласы - Тоғдары. Мұнан - Қобыланды, мұнан - Құлан, Сары; мұнан - Қара. 1. Есімбет. 2. Ақпеш. 3. Айтқұлы. [Айтқұлыдан]: 1. Құттыбай. 2. Қубас. 3.Жарас. [4]. Бөрібас. Бағзы біреулер: «Жанарыстан алты бала туды, алтауының да атын қожаға ұйқас қылып қойды»- дейді. [Жанарыс]: 1. Қарақожа. 2. Ақтамбердіқожа. 3. Дарақожа. 4. Момынқожа. 5. Смағұлқожа. 6. Қосымқожа. Қарақожадан - Арғын, Ақтамбердіқожадан - Қыпшақ, Дарақожадан - Қоңырат, Момынқожадан - Найман, Смағұлқожа, Қосымқожадан - Керей, Уақ. Қыпшақтан: Шелімалып, мұнан - Ақкөбікалып, мұнан: Мүйізді, Сары абыз. Мұнан туған балалар: Құлан, Қытай, Қара, Сары. (Бұл білмей айтқан кісінің сөзі) Қарадан: Есімсейіт, Қобылан. Қобыланнан он екі бала: Тоқтар, Бұлтың, Торы... Ұзынбалық. Тоқтардың баласы - бес таңбалы. [Жанарыс – Ақтамбердіқожа – Қыпшақ – Қарақыпшақ - Бұлтың - Шуақ - Уәріс - Төлек -Құдас - Ожыралы - Майрық - Күсілқара - Сүйіндік - Өтеміс - Түгел - (Түрке) - Төбет -Жанкелді] Төбет ішінде Жанкелді... Алданазар байдың балалары - Байторы, Ерторы, Жанторы. Мұның баласы Сармантай жалғыз. Мұның баласы Оразбай жалғыз. Шаматай - Алданазар баласы, мұның баласы: Қалдыбай қажы, Тұрлыбек бай кісілер. Және Алданазар баласы Байтаңат ұста, мұның балалары: Жанғыс, Қылышбек. Егізқара Қалмастың түбінде Алакөлде Шаматай балалары: Болыс, Қуаныш. Көбе баласы -Қорғалжың болысы. Қалмақ - Нүралы баласы: Жауғаш, Биғаш. Жауғаш баласы - Арыстан. Биғаш баласы -Шожан. Абылай ханды жезде біліп, Топыш ханымды: « Апа!» - деп, жан тартып келіп, сіңіп кеткен қалмақтар. Қырғынкүшті Шүршітке елшілікке жіберген. Қайта мұнда жібермесін деп, олар сонда қалған Топыш ханымның екі бауыры. Бұл қалмақтардың қыстауы Байжігіт Сынтас пен Көкпектінің аралығында бір көлде Балқұдық маңайында, Теңіз елінің ішінде. Оразбайды Бытығайда Нұра бойында Төбежан деген жаңылды баян қылды. Иман деген де әбден біліп еді. Қорғалжын теңізінің солтүстігі - Сайдалының қызыл түбегі. Бір ауызы -Байжігіт, Сынтас, бір ауызды - Бозшасай. Күншығысы Ақтайлақ моласы - Қандыарал. Оңтүстігі - Бескемпір түбегі, Сұлтанкелді көлі. Күнбатысы - Ақсай - Ақтайлақтың ақ даласы, Сары оба. Ортасында Мыңжылқының аралы бар. Қасқырарал, Бүркітарал деген ұсақ аралдар толып жатыр. Айналасы алты күндік жер десе болады. Теңіздің үлкендігі айналасы - тоғыз жүз алпыс бес шақырым.
ТАРАҚТЫ ШЕЖІРЕСІ
[Жанарыс – Қарақожа - Арғын жиені - Тарақты]. Тарақтыдан - Қармыс. Бұл Қармыстан -1. Апай. 2.Тоқтауыл. 3. Әлеуке (Алауке). 4. Көгедей. 5. Әйти. 6. Қосанақ. 7. Әлі. 8. Сары. Қыдырып келген қатыннан туған үшін Қыдыр қойған. Ол қатынның бұрынғы байынан туған бала - Жашы. Бұлардың руын: «Қыдыр, Жашы» - деп атайды. Бұл Қыдыр, Жашының шешесінің байының аты - Қармыс. Ол Қармыс – Тарақты баласы. Тарақтыдан - Қармыс. Қармыстан -Қыдыр. Қыдырдан - Есенкелді. Есенкелдіден - Итемген. Итемгеннен - Наймантай. Наймантайдан алтау туады. Ең үлкені - Жантөре, Естөре, Есілбай, Аққозы, Атақозы, кенжесі - Байқозы. «Тарақты - Байқозы батыр» атанған кісі - осы кісі. Бұл Байқозыдан -Босмомын. Оның ұғлы - Құлжан, оның ұғлы - Жауын. Оның ұғлы - Қасболат, оның ұғлы -Сыздық. Осы күнгі Барақтының болысы 1908-інші жылда. Байқозының бір баласы - Сары батыр. Оның ұғлы - Қарауыл (Қырауыл), оның ұғлы -Шелімбет. Байқозының бір баласы - Естеміс, Омың ұғлы - Есбол, оның ұғлы - Күлкүбән, оның ұғлы-Жақып молда. Тама: Алып жүгінің ішінде Апақ-Бапақ балаларын да, кеше Есен-Шора Сапак баласының қолында бала оқытып көп тұрған. Сарыдан - Сойылғас, онан - Бұғышы, онан - Молда, онан - Оразкелді, онан: Мойнақ, Барак. Мойнақтан - Қалыбай, онан - Еркінбай, онан - Тәш. Барақтан - Қазыбек, онан Ерке -Есіл бойындағы Тарақтылар.
ҚУАНДЫҚ ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
[Арғын - Құтан - Мейрам - Қуандық - Алтай - Мойын] Мойын: бірі - Қареке, бірі -Итболды, Байболды. [Мойын] - Рақпанқұл: Сарша, Шаңай, Мұраттан: Аманқұл - Ажым - Мажым дейді. Үдербайлар алтау.
Рақпанқұлдан - Әлібек (онысы Аманқұлдан), Қалыбек.
Қалыбек. [1177-папкаға сүйенсек (317 б.), Мұраттан - Е.Ж.]:
1. Әлмәмбет. 2. Мырзамбет. 3. Үмбет. 4. Үкібас. 5. Мәмбет. 6. Таубұзар. [Әлібек]: Аралбай, Сармантай. Әлмәмбеттен: 1. Жылкыайдар. 2. Қожағұл. 3. Бекайдар. 4. Қалқаман. Бекайдардан тоғыз - үш қатыннан. Мырзамбеттен - Қошқар туып қалды, шешесін Бекайдар алды, онан соң Елібай, Жайықбай туды. Теңізбай туды. Бұлар - Төмен бәйбішеден. Салия - тоқалдан: Төлебай, Дербес, Қожамсейіт. Баяу тоқалдан: Ізбасар, Баба және біреу бар - үшеу. Жылқыайдардан: Ақкісі, Жанкісі, Бердіс, Түлек. Бердістен - Жапалақ, Ботбай, Шымыр. Шымырдан - Бармақ, Бармақтан - Танаш, Анай, Қанай (Манай). Тоқсанбай, Көбекен. Тоқсанбайдан - Есбай. Көбекеннен - Ақбай. Алтай-Мұрат - Жиенәлі батыр-Төлебай баласы.
[Арғын - Мейрам - Қуандық - Алтай - Мойын - Рақпанқұл, Әлібек - Сармантай] Жапалақ батырдың қызы - Қосаяқ - Бәйтен салдың шешесі. Бұл Жапалақ батырға асылық жағады екен. Мұны айтқан Алтай - Игілік бай жерде қалмай, жиенде қалып, Бәйтен салға да асылық жаққан. Мәулім бәйбішеден - Байдәулет, Келдәулет, Өмірзақ, Ерназар, Бекназар, Назар. Тотиядан -Алдажұман, Қаражігіт. Ерназардан - Алшағыр, онан - Бижан, онан Жантемір, Тыныбек, Сәдібек, Жәнібек. Үш жүз кісі келіп Алтайдың тоқсан қос жылқысына тигенде, Есенбайды өлтіріп, Қырбас - Баубектің Баубегі қашып құтылған. Есенкелді Алшағыр Қарсұн Кернейді қырған. Қырбас, Баубек - Жарылғап баласы, Қарабас баласы - Байсейіт, онан Нұрлан. Қарсұн - Керней: Жарылғаптың балалары - Қырбас, Баубек, Сәдібек, Жәнібек. Қуандықта «Өтебай (Отабай) жынды» - атанған. Өтебай - Тоқа - Енем баласы деген таптан шыққан. Ескене, Балапан, Күшікбайдың, сол Күшікбайының баласы. Күшікбайға он екі мың біткен. Сол байлықтың мастығымен адам қылмағанды қылғаннан, «Өтебай жынды» -атанған. Асқа келгенде, астына түйе мініп, басына сәукеле киіп келген: «Жұрттан биік боламын!» - деп. Баласы Айдынбекке Торайғыр бидің қызын алып берген. Ол Айдынбектен туған балаларының аты: Әбділда, Мағзұм, - деген. Мағзұмы - би осы күнде. Біз ол күнде елу жаста едік. Ескенеден - Байбек, онан Жәнібек, онан Мысытқы. Оның баласы Жәкен болыс осы күнде Енем баласына. Балапаннан - Балта. Балтадан - Тойымбек ақсақал. Бұл Тойымбек ақсақалды көрдік. Мұса мырзаның Тайкөк атанған атынан келіп, Қияштың құласымен таласып келді. Сайдалыдан - Сүгірәлі, Арыстан. Арыстаннан - Барқы. Қаңтарбайдың Ғайсасы - бұл Барқыдан. Сүгірәліден: 1. Төкенай. 2. Қабай. 3. Әлсейіт. 4. Жабай. Қабайдан - Айтқұл, Бақыбек. Мұнан - Қуандық батыр, мұнан - Есен, Досан. 1. Қосақ. 2.Сары. 3. Бәйіл. 4. Бәйтерек. Сарыдан: Бекбау, мұнан: Мінәсіп, Тұтқыш. Тұтқыштан: Тәшім, Сүлеймен. Мінәсіптен -Бұлтай, басқа туысқанлары толып жатыр. Сүлеймен Тұтқыш баласы - осы күнгі Сайдалының болысы - 1908- інші жылында [13]. Қанқожа-Бопының әкесі Тәтен төре Шоң, Торайғыр заманында Тоғай бойына төрелік қылған. Тәтен әкесі Орыс төре: «Көзі шегір, өзі сары болған соң, «Орыс» - атанып кеткен. Бұрынғы аты - Наурыз екен, - деседі. Бәсентиін: «Төре қыламын», - деп, ап келген екен. Ханқожа баласы - Арынғазы, онан - Бастами (Бәстеми). Құсбек пен Арыстанбек бір туысқан. Арыстанбектен: Мірхан, Исмаилхан; мұнан -Темірхан, мұнан - Батылхан, бұ да бала-шағалы.
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК ТАРАУЫ
[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ -Құлболды - Күлік] Тымақ киіп жүрген күң көгеннің басында, жер-ошақтың қасында жатып жүріп, бір еркек бала тапқан. Атын Қабыла қойған. Жасында қой, түйе бағып, онан жылқы бағып жүрген. Күнінде көтінен ерген баласы бар қатынды алып, баланың көзі шегір болған соң, «Шегір» - атанып кеткен. Онан соң және бір балалы қатынды алып, ол баланың киген тоны май-май болған соң: «Майлытон» - атанып, Майлытон, Шегірдің аталары - осы екеуі. Ол балалардың тегін, түбін жан білмейді. Құлболдының қара шаңырағы Мамыттың кенжесі - батыр Бәрменнің Бәрменінде болып, оның кенжесі Сарыбайдікі болған. Кеше Мұса, Секербай заманындағы ат атанған жақсылар: «қара шаңырақ» - деп, сол үйді атап жүретұғын. Ол Сарыбайдың бәйбішесі Қарашаш бәйбіше – Қарауыл - Сарының қызы. Шоқыбай, Тәсбектің Тәсбегімен бірге барып, қонақ болып аттанарда Тәсбекпен қош айтысып қалған бір ауыз өлеңі:
Торышам, аяңдай бер алдыңда ел жоқ,
Арқада Сарытайдай үлкен көл жоқ.
Көргенше, көріскенше қош - аман бол,
Енді айналып (айланып) көргенше, кім бар, кім жоқ?!
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-ТҰЛПАР ТАРАУЫ
[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ -Құлболды - Тұлпар] Тұлпардың қатыны қалмақ қолына олжа болған. Қатынын іздемекші болған соң, Күлік ағасы, Айдабол інісі: − Екеуміз екі қыз алып берейік. Іздеме. Қатын соңынан барма, - деп, екі қыз алып берген. Күлік алып берген қыздан екі бала туады: Байкүшік, Болат. Айдабол алып берген қыздан екі бала туады: Дәуетей, Сарша. Тұлпар өлген соң, Дәуетей, Саршаның шешесін Жанғозы алады. Жанғозы алған соң, Сары туады. Сарының шикілік жері - осы. Тапқан қатын белгілі, таптырған кім екені дүдәмал [14].
АРҒЫН-ҚАРАКЕСЕК ШЕЖІРЕСІ
[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам - Болатқожа (Қаракесек) - Түйте (Төйте) -Майқы - Әлтеке - Сарым] Әлтеке, Сарымның Сарымынан - Өтеміс, Тоқсан. Тоқсаннан:1.Жиенкелді. 2. Мастан. 3. Алдияр. Мастаннан: 1. Қожағұл. 2. Құлжан. 3. Мамыр. Құлжаннан - Айдабол. Айдаболдан: 1. Дербісәлі. 2. Маман. 3. Шуаш. Шуаштан: 1. Атантай. 2. Ботантай. 3. Абайылда. [Абайылдадан]: Сайызбай, Боқай. Ботантайдан - Жанқұтты. Жанқұтты баласы -Сәтбек, Сәндібай, Боқай. Бұл Жанқұтты Мұса, Секербай заманында ауызға ілініп, көзге түскен қазақ жақсыларының қасқа маңдайы болған кісі. Өзі қажы барып, Медине мүнәреде жаннат-ал-бақияда қалып, басына қойдырған тасында: «Қазақ – Арғын – Жанқұтты - Ботантай ұғлы. Мекке мен Мединені көрмеген кісі анадан тумадым десе де болар!» - деп жаздырған. Қаратауға әулиелерді зиарат қыла барғанында айтқан: «Қыпшақ - Ыбырай, Тобықты -Құнанбай, Төртуыл - Қаржас - Мұса - қазақ маңдайына не ғып сыйып жүрген жандар екенін білмеймін!» - деп. «Шыңғыс - орысқа жуық, мұсылманға суық» - деген. «Қыпшақ Ыбырай - қажымас қара болат!»- деген. «Тобықты Құнанбай - биік шыңның басынан шыққан қайнар бұлақ!» -деген. «Қаржас: Мұса қабыршағы жоқ, жып-жылмағай, қолға тұрмас қара балық!» - деген. Себебі Мұса деген кісі заманындағы жандардың ішінде жорғасы болса керек. [Арғын - Құтан - Мейрам - Болатқожа (Қаракесек) - Ақша - Бошан - Машай - Бораншы -Тілеуберді - Керней] - Кернейден төртеу туады - Дау, Шаң, Балапан, Самырза. Даудың бәйбішесінен - Қалқаман; тоқалдан - Балта, Түйте. Түйтеден - Жарылғап. Дау - 18 старшын, Шаң - 3 старшын, Балапан бірер старшын. Самырза бар болса, он үй. [Жарылғаптан]: Қырбас, Жәнібек, Сәдібек, Баубек. Бәзілбек Зылиқамен тамыр. [Қырбас] жеті қатын алған. Иіс Айыртауда жарты старшын. Бұл [Бәзілбек пен Иіс болу керек -Е.Ж.] екеуі [Қаракесек - Ақша – Бошан – Машай - Бораншы - Тілеуберді - Керней – Шаң – Сүйіндік - Жомарт - Бәйтік] - Бәйтік баласы. Сүйіндіктен - Қарашолақ, мұнан: Адамбай, Тұрсын. Борсылдақ - Бөгенбайқызы, онан -Байсейіт [Қарбасұлы] жалғыз туады. Жәнібектен жеті Сейіт туады. Оның бірі - Ақсейіт, мұнан - Құлжамбек туады. Байсейіттің бәйбішесі - Шандеке қызы. Керней балалары: Дау, Шаң, Балапан, Самырза. Борсылдақ - Қанжығалы: Бөгембайдың кенже қызы, Жарылғап батырдың тұңғышы Қырбас алып, онан - Байсейіт жалғыз туады. Даудың бәйбішесінен -Қалқаман, тоқалынан: Балта, Түйте. Омарұлы Садуақас 37-сінде өлді: адамның сұлуы, толығы еді. Алтынсандық-Ақшатау болысы еді. Сазанбайдан екеу: Исабай, Жарбай. Исабайдан: Бөде, Төскей, Керней, Балапан дейді. Машай [Қаракесек-Ақша-Бошан-Машай]: 1. Байымбет. 2.Бораншы. Байымбеттен - 1.Қояншы. 2. Тағай. 3. Дәулеткерей. Бораншыдан туады: 1. Қарсұн. 2. Тілеуберді. Тілеубердіден - Керней.
Қарсұннан: 1. Есенаман. 2. Наурызымбет. 3. Жүзі.
Есенаманнан - Қыдыр, Асан, Қалыбай.
Қыдырдан - Орынбай. Орынбайдан - 1. Нұрпейіс, 2. Өмірзақ, 3. Түбішақ. Нұрпейістен -Садырбек, Қозыкөрпеш. Садырбектен - 1. Қарпықбай, 2. Сәтбай. Кернейден - 1.Дау, 2. Шаң, 3. Балапан, 4. Самырза. Даудан - 1. Балта, Түйте - тоқалдан; бәйбішеден - Қалқаман.
Балтадан - 1. Қараша, 2. Қаратай, 3. Қазкелді, 4. Қазыбай.
Түйтеден - 1. Жарылғап, 2. Тілеуберген, 3. Қабыл. «Батыр Жарылғап», «би Жарылғап» -атанған. Жарылғаптан - Баубек, Жәнібек, Қырбас, Сәдібек. Қырбастан - Байсейіт, мұнан Нұрлан туады. Нұрланнан - Омар, Омардан – Садуақас - Ақшатау болысы. Кернейдің екінші баласы (37-нде) Шаңнан: 1. Ес, 2. Жар, 3. Қуандық, 4. Сүйіндік. Естен -Байдәулет, Кенелдік. Байдәулеттен - Күлік. Күліктен - Жамбол, Жамболдан - Тоғай, Тоғайдан - Құрам, Құрамнан - Жүнісбек. Сүйіндіктен - Жомарт, мұнан - Байтік (Батек), Тайтік, онан - Қара, мұнан - Секен (Өскен), мұнан - Абдыр, Абдырдан - Мұқаш. Қуаныштан - Бозтайлақ, Қайыпберді, Жемсейіт, Қаратеке, Балық. Бозтайлақтан - Медет, мұнан - Қарақай, мұнан - Баймамыр. Балықтан - Сағаман, мұнан - Лекер. Тағайдан - Тастемір, Жетес. Тастемірден - Еділбай. Жетестен - Сазанбай, Тілеміс, Өміртай, Кешубай. Сазанбайдан - Бөде: ұры, қарақшы Бөде. Өміртайдан - Құтан, Құлмырза. Құтаннан - Төгінтай, Төгінтайдан - Ақжан, Жаумам. Төгінтай - Қотырдың Қотырынан - Жанырақ, мұнан Қуандық. Машайдан тарағанды айттық. Манаттан: Ыдықбай (Ырықбай), мұнан Қоянкөз, Тұрым. Тұрымнан - Абыз, Байымбет. Абыздан - Есімбай. Есімбайдан тарайды: Дәулет, Қыстаубай, Қордыбай, Бексейіт, Бердіқұл. Байымбеттен - Ниязқұл, Қойқұл, Жарқымбай. Ниязқұлдан - Жамболды. Қойқұлдан -Итеке, Кедейбай, Таз, Байтөбет, Еркеш. Қаракесек атасы - Болатқожадан - Ақша, Түйте. Мұның Түйтесінен - Майқы, Танаш. Майқыдан- Алтеке, Сарым. Алтекеден - бірінші бәйбішеден - Өтеген. Өтегеннен -Байдәулет, Байымбет, Жанықұл («Жамаңке» - дейді), Қойқұл («Қойкел» - дейді). Екінші қатынынан-1. Есболат, 2. Дос, З.Әлмұрат (Алмұрат). Үшінші қатынынан - Сапақ. Бұл Сапақтан - Жиембай, Боғұқ. Жиембайдан - Байжігіт, Боқан. Боғұқтан - Жәнібек, Қоянбай. Әлмұраттан - Атымбек. Атымбектен - Иманәлі, Көрсары, Тамай, Бақы, Қазыбай, Басбалдақ, Жанақа, Марлақ, Төлек, Бөлек. Атымбектен туысады: Ақбота, Жарас. Жарастан: Абыл (Әбіл), Қабыл, Есенкелді. Сарымнан - Өтеміс, Тоқсан. Өтемістен -Құлсары, Құлық, Боқсары. Құлсарыдан - Көшкін, Көшкіннен - Өрісбай, Қазыбай, Шақабай, Жұманбай, Түлкібай. Өрісбайдан - Саумал, мұнан - Күзембай, мұнан - Көлімбай, мұнан - Бәкір. Құлықтан -Жалаңтөс, Тұнғат. Жалаңтөстен - Байыңкел (Байкел), мұнан Тарбақ, мұнан Әбдірахман. Тұнғаттан - Байсүйеу, мұнан - Ақпан, мұнан - Жанғұтты, мұнан - Жұртбай, мұнан - Жүніс. Боқсарыдан: Жоламан, Еламан, Шабанбай, Қойлыбай, Тәңіріқұл. Жоламаннан - Майлы, Күлембай, Күлембайдан - Арықбай. (... орыңқа кенелі жай (жер) бұлақ). Алтекенің бәйбішесінен: Байдәулет, Байымбет, Жамаңке, Қойкел - Алтекенің бел балалары. Екінші қатынынан: Есболай, Дос, Алмұрат. Дос - батыр болған, жетпіс сегіз жасында жалғыз баласы Қожаназармен екеуі қалмақтың қолына түскен [15]. Сонда қалмақ: «Қазақты өлтіріп тастайық!» - деп біріне-бірі сыбырласады дейді. Сонда Дос батырдың айтқаны:
− Сыбыр, сыбыр етеді,
Сыр (сыбыр) құлақтан өтеді.
Сырласпаған жат шіркін
Әлде не етіп кетеді?
Өзім өлсем боғым-ай,
Қожаназар құлыным-ай! –
деп, жылай береді екен.
НАЙМАН ШЕЖІРЕСІ
[Жанарыс - Момынқожа - Төлегетай - Қаракерей] Қаракерей баласы - Ерторы, Байторы. Ерторы баласы - Қызылым, Жиренім. Жиренім баласы - Байсыйық. Бұларды «Семіз Найман» - дейді. Семіз Найман беске бөлінеді: Мыңдыбай, Төбет, Жаңғұлы, Жаңбыршы, Қарамолда, - үш қатынның баласы. Байторыдан - Тайлақ, Жайнақ, Айрам, Майрам (Мейрам). Айрамнан - Қожамбет. Майрамнан - Байыс. Байыстан бесеу: 1. Сыбанқұл (бұл Сыбан атанды), 2. Ақбамбет (бұл Ақымбет атанды), 3. Мәмбетқұл, 4. Сары, 5. Тоқабай: «Тоқабай Сарыны сәнге сабайды». Мәмбеттің бір аты - Қыржы. Және бір қатыннан: Алдаберді, Әлмәмбет (Алмамбет). Бұл Қыржы атанғаны жасында асқа өкпелеп, қыржиып отыра бергеннен Қыржы атанған. Әлмәмбеттен - Шорантай, Шорантайдан - Мұңайтпас, Тума. Мұңайтпастан - Тоқбақ. Тума, Тоқпақ - екі болыс ел.
Мақта апай деген бір ұрғашы бар. Әркім әр түрлі сөйлейді. «Байыспен бір туысқан Майрам қызы» - деп біреу айтады. Тоқтар қожа деген Түркістандық қожа алып, Байжігіт, Жанжігіт туып, Жанжігітті қожа өзі алып, жеріне кетіп, Байжігіт Мақта апайдың қолында қалып, бұл Байжігіттен өрбіп-өнген сегіз болыс ел Темірсу бойында. «Байыс ұлы Ерсары - Мұрын» - атанған ел осы Ерсарыдан өскен» -дейді. «Мұрын - Ерсарының бәйбішесі[нің] аты - Ақбике екен» - дейді. Мұрны зор болғандықтан, байының аты қалып, бәйбішенің мұрнымен атанып кеткен.
Бұл Мұрын да сегіз болыс ел бар шығар.
− Мен көппін, - деп, Байжігіт - Қызайдың Байжігіті мақтанады.
− Мен көппін, - деп Мұрын - Сыбанның Мұрны мақтанады.
Үй саны мен жан санына қарағанда, Мұрын көп.
Байыстан - бесеу [16]. Сыбанқұл мұны: «Сыбан-Найман» - дейді.
Ақымбет, Мәмбетқұл, Сары, Тоқабай.
«Тоқабай Сарыны сәнге сабайды» - дескен. Тоқабайдың жуаны - Кегенбай. «Білсең, Кегенбаймын, білмесең, Дегенбаймын» - дейді екен. Кегенбай Бәйел екеуі бір туысқан. «Қаракерей Қабанбай батыр осы Тоқабайдан-Кегенбайдан шыққан» - деседі. Момынқожадан - Найман. Найманнан жалғыз бала - Шұбартай. Бұл Шұбартайды да зарығып кеш көрсе керек. Шұбартай қыршын жастай өліп қалып, келіншегі жесір қалса керек. Сол уақытта Арғынның балалары таласса керек. (Арғын алты ауыл болғанда, Найман жалғыз үй болған күні бар). Бұл жесір келін: − Мен тоқсандағы атам көзі бақырайып тірі отырған күнде жалғызының жайрап қалғандығының үстіне оны күңірентіп ешқайсыңа тимеймін және тоқсан асқан атамның бір атары бар шығар, - деп, атасына бір қыз алып беріп, атасының қойнына салғанда, байланып қалған шаһут жас қызға бар күшін аямағандықтан, жұмыс үстінде өкіріп өліп, «Өкірек шал» - атанған Найман - сол. Сол қыз өкіріп өлген шалдың бір атар оғынан буаз болып, ұл тауып, атын Төлегетай қойған. Шұбартайдан жесір қалған қатын осы Төлегетайдың ер жетуін тосып күтіп отырып қалған. Төлегетай заманында әулие аталған. Қылыш қожаның қойын бағып, қойшысы болып, соның қызметінде жүрген күнінде Қылыш қожаның бойжеткен қызы болып, сол қызды айттырамыз деп сарттар жан - жағынан таталап, сөз салдыра берсе керек. Сонда қой бағып жүрген Төлегетай айтқан екен дейді: − Бұ қазақ қатынсыздан өлейін деп жүрсе, қожа қызын сартқа береді екен-ау! - деп.
Қылыш қожа қойшысының бұл сөзін естіген соң, қарқ-қарқ күліп: − Рас айтады. Сөз Шұбартайдың орнына алған төлеу тайымдікі, - деп, Төлегетайға қызын қосыпты. Қаракерей, Садыр, Матай, Төртуыл - қожа қызынан туады. Баяғы тосып отырған жеңгесін және алып, онан Қытай туады. Қытайдан Балталы [туады]. Қытайдың бір аты - Балталы. Төлегетай бәйгеге ат қосып, ат бәйгесіне келген күңнен туады - Сүгірше. «Бағаналы» - сол Сүгіршенің бір аты. Жасында лағлып қалып, келіншегі жесір қалып, қайынатасына бір жас қыз алып, соған жұмысқа кіріскенде, өкіріп өлген «Өкірек шал», - атанған себебі осы дейді. Сонан туған бала - Төлегетай. Осы Төлегетайдың ер жетуіне қарап отырып келіншек [Төлегетай] өскен соң, бұған тиген. Сол келіншектен туған баланың атын «Қытай» қойған Балталы - осы. Қылышқожаның қызын алған, мұнан туған балалар: 1. Қаракерей, 2. Садыр, 3. Матай, 4. Төртуыл. Шоры қатыннан болған - Байжігіт, Жанжігіт, Бурал, Көкжарлы. Матайдан - Аталық, Қаптағай, Кенже. Аталықтан - Имамғалы, мұнан - Нәжит, Түйіс, мұнан - Елтынды. Елтындыдан туған - Байназар. Елтынды алған соң, Мізкөр қатыннан -Қожас, мұнан туған - Епке, Жұртшы, Қоқан, Жырық, Өріс, Қоғыс, Жылқыайдар. Қаптағайдан - Жарылғамыс, мұнан - Езнеке, Жиембет, Сүйін, Бөлек. Бұлар төртеуі һәм қара рең екен. Бұл себептен «Қара» - атанды. Және һәм Ақтаз деген бір бала ғайыптан келіп, еншілес болған екен. Мұнан: Ажым, Жұмық, Тіней, Сейіт, Балықшы, Қармақшы. Әуелде Жеке батырға жекеліктен келген Шоштан – Бес бала, Жабай. Шоштан қызынан жұртта туып қалған - Тоңболат, мұнан Байкөнек, Баскөнек. Мұнан Боқыш, Мәмбет болған. Боқыштан - Сары, Сарғалдақ болған. Мәмбеттен - Қарауыл. Сарының Аққыз деген бәйбіше қатынынан Әзеке (Зеке), Жағыл, Жауғашты, Бодық. Сарының сарт қатынынан - Асан, Шұңқыр болған. Үйсін қызы қатынынан - Бекболат туған. Кебеп деген қатынынан - Кәрішал, Қодас туған. Найманнан өрбіген қанша жан болса да, қайынатасына қыз алып беріп, ол қыздан Төлегетай туып, оған өзі тиіп, өзінен Қытай туып, сонда Қытай бәріне қожайын есепті иығы жоғары болып, ат бәйгесіне келген күңнен туған Сүгіршіге күн көрсетпей, айбалтаның астына алып, өлімші қылып тастапты. Сонан Сүгірше ажалының жоқтығынан өлмей жаны қалып, «Қалай, қалай?» - деп сұраушы көп болғаннан, «Сүгірше, Сүгірше» - деп, Сүгірше атанғаны - сол. «Бағанағы қайтті екен, бағанағы қайтті екен?» - дегеннен «Бағанағы» - атанып, үрім-бұтағы «Бағаналы» - атанғаны - сол. Осы күнде: «Бағаналы, Балталы» - дейді. Балталы аз, Бағаналы коп: «Руымды сұрасаң, Бағаналы // Байлықпенен жылқымыз көк алалы.» Бекқожа – Таңсыққожаға күйеу, тұңғышы Сүйіндікті Таңсыққожаға беріп, еліне көшіп кеткен. Еліне барған соң, ол жақта да өсіп-өнген. Жанзақтан - Бекқожа, Қыдырәлі, Мұстафа. Мұстафа баласы - Жанқораз, мұнан - Өкіл (Өкіп...) - Балталының бір тәуір ғыбтарлы адамы, өзі - мировой судья, үшінші учаскіде -Атияспада, Құмқоңыр болысында. Сүйіндік баласы - Сүйін. Сүйін баласы - Әбділда, Баймолда, Қалимолда, Байділда. Үшеуі қатынды - балалы. Жарғышақ (Жартышақ) бай болған кісі. Әр баласы әр ауыл, тұңғышы - Сейітқазы бөлек шығып кеткен басқа жерді қыстап. Соғым сойғанда келіндердің атасына сыбаға әкелетұғын әдет-салты болады. Сейітқазының қатыны соғымның жылы-жұмсағын асып, қапқа салып еттік үйге апарып қойса, Сейітқазы өзі түнде бәрін соғып алып, ылғи жас күшікті өлтіріп салып, қаптың аузын буып қоя салыпты. Қатынның ойында дәнеме жоқ. Ертең таң атысымен ала жөнеліп атасының үйіне барыпты: − Жарығшақтікіне - Қарқаралыға барамын, - деп, Тәттімбет келіп қонып жатыр екен: − Келін ап келген сыбағаны жеп кет, - деп тоқтатып, жібітіп жеу үшін, қазан астырып, қаптың аузын шешсе, ылғи өлген жас күшік. Мұны көзі көргендердің бар әлі келгені:
− Мына шіркін оңбас, - дейді ғой.
Сейітқазының арты оңған жоқ.
Жарылғаптан төртеу: Жоламан, Тастемір, Атыбай, Кенжебай. Жоламан: «Он алты ұлды Жоламан» - атанған. Бәйбішеден - Ақтанберді, онан - Жанысбай. Бір қатыннан жеті сары: ең үлкені - Тоқтамыс, Тайкелді, Көбдік, Құл, Көкім, Қойсоймас, Мұнтақай.
Тайкелдіден - Жарғышақ, Қасқарау.
Жарғышақтан - Сейітқазы, Оңғарбай, Бұлдырық. Сейітқазы қу болған. Нағашысы Тобықты екен. Нағашысына қатынап жүргенде, бір ауылға қонып жатқанда, бір кісі өліп, соның сүйегіне түсіріпті. Киімін жұлып тастай беріп, шидің ішінде жатқан өлікті тырдай жалаңаш қылып, құшақтап көтеріп алып: − Ойбай, мынауың тірі жатыр екен. Міне, мені, мені жағамнан алып буындырып өлтіремін, - деп, буынған кісідей булығып сөйлеп, өлікті олай бір көтеріп, бұлай бір көтеріп жүрген соң, отырғандар үйден шыға жөнеліп, бірінің үстіне бірі топырласып, жығылып жатыр дейді.
ҚАРАКЕСЕК ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
Болатқожадан [Қаракесектен] - Ақша, Түйте. Түйтеден - Майқы, Танаш, Шұбыртпалы, Шекті - бір қатыннан. Майқы, Бошан, Танаш. Танаштан - Тымырсық (Темірсыйық), Сары. Тымырсықтан -Бөтей, мұнан туады - Шор (Қарашор). Майкы: Әлтеке (Алтеке), Сарым. Жанту, Таз, Байбөрі, Манат, Машай, - «бес Бошан» - атанды. Сарыдан - Қара, Тымырсықтан - Шор. Машайдан - Байымбет, Бораншы туады. Қоянкөз, Торым, Қойке, Қыдырәлі, Кедей, Тоқтауыл.
«Қыдырәлі, Кедейміз, Қойке келсе, не дейміз?». [Таз]дан - Наманай, Бұлбұл. Бұлбұлдың екі қатынының аты - Қаракемпір, Құбакемпір. Құбакемпірден - тұңғышы Күшік... 1. Шаншар, 2. Алдияр, 3. Көшім, 4. Құдайберді, 5. Үсен. Шаншардың үш қатыны бар: Қызданбике, Айбике, Нұрбике. [Айбикеден]:- Келдібек, Тыныбек, Асыр[кеп] (Есіркеп), Жәнібек - төрт бек атанған. [Қызданбике] - Алысай. Нұрбикеден - Тілеуке, Бертіс. Тілеукеден - Шақабай, Жарылғап. Жарылғаптың бәйбішесінің аты - Маңқан бәйбіше. Мұнан төрт ұл: Атыбай, Тастемір, Жоламан, Кенжебай. Жоламан «Он алты ұлды Жоламан», - атанған. Базар бәйбішеден - Ақтанберді, онан Жанысбай. Бір қатыннан жеті сары: Тайкелді, Көбдік, Құл, Көкім, Қойсоймас, Монтақай, ең үлкенінің аты - Тоқтамыс. Тайкелдіден - Жарғышақ, Қасқарау. Қойсоймастан - Кешкел, Толыбай, Шоңай, Баймұрын, Шұмақ. Жарғышақтан: Сейітқазы, Балықбай, Оңғарбай, Бұлдырық. Тоқыш жалғыз. Қоңқабай, Аманбай, Қуандық, Мылтықбай. Баймұрыннан - 1. Шотақ, 2. Матақ, 3. Ақай, 4. Жаманай - бәйбішеден. 5. Қоржынғұл, 6. Дүйсек, 7. Бейсек - бұлар үшеуі бір қатыннан. 8. Әбіш, 9. Жұбаныш - Шайдан тоқалдан бұл екеуі. Ақайдан - Мақат қажы, Хасен болыс - Шаншардан бір белгілі адам болып тұрған кісісі жеті атадан келе жатқан.
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК ТАРАУЫ
[Арғын - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ – Құлболды - Күлік - Наурыз] Күліктің екінші баласы - Наурыз. Мұның алты баласы бар: Шобалай, Шобай, Ақай, Түкей (Дөкей), Ерсімбек (Ырысымбек), Мәмек. Шобалайдан - Жаңабатыр, Өміртай. «Жаламенен Жаңабатыр үш шабылыпты» - деген Жаңабатыр би - осы. Жүз төрт жасқа келіп өлген. «Қаһарлы Жанақ» - деген баласы болған. Заманында «Доғал оқ» атанған. «Аттым!»- десе, адам да болса, мал да болса, мұрттай ұшады екен. Хикаясы көп. Жаңабатырдың балалары: Аққожа, Қоспақ, Таңсыққожа. Атан, Жанақ - бәйбіше балалары. Екінші қатыннан - «Бес қара» - дейді, бесеу: Татан, Шөкек, Құлмырза, Киік, Қабыл. Шобай балалары: Жаманқара, Бәйтен, Бат. Үшінші қатыннан: Бос - мойын, Бекбас. Ақай балалары: Санмырза, Бекмырза. Төртінші қатыннан: Алдияр, Байбарақ, Қожамсейіт. Ақылдан (Ғақылдан): Бейбіт, Жапалақ, Айбас. Ғақыл, Қошкар - екі ағайынды бұл екеуі -Өтепберді баласы. Сексеннен: Райымбек, Рай, Қараша. Бекқожа баласы - Сүйіндік, Тансық - жиені балалары осы күнде сол елде... Жанқораз баласы - Үкібай (сол). «Бәріміз Жанзақ баласымыз» - деп...
Райдан - Көтеш ақын:
Ay, балам, танымаймын, не ел боларсың?
Не дәулет, не перзенттен кем боларсың?
Көтешті жүзге келген тонаймын деп,
Айдабол мен Күлікке жем боларсың, - дейтұғын.
Бейбіт балалары - Таңашбай, Күнтай. Таңашбайдан - Байқуан, онан - Молдабай, Ноғай, Дәндеба[й].
Күнтайдан - Есіркемес, онан - Итқара би.
Санмырзадан - Мешітбай, мұнан - Әлдебек, мұнан - Әкімбек, Ақылбек.
Әкімбектен - Қабылбек. Ақылбектен - Дабылбек. Бекқожа баласы - Сүйіндіктің екі баласы екі үй: біреуі Тоғай (да), біреуі Ақкөлде.
Бұл екеуі де тұқымсыз кетті. Я, Құдай, сондайдан сақтасын!
ҚАРАКЕСЕК ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
[Қаракесек - Ақша - Бошан - Таз - Бұлбұл - Құбакемпір - Шаншар - Келдібек - Қазыбек] Айбикенің, төрт бикенің біреуі Келдібектен: Қазыбек, Сәдібек, Балапан, Бөдене, Асан, Үсен, Құланшы. Бұлардың шешесі - ақсақ, екі емшегі үлкен, беті толған мең - Ақымбет Керей қызы. Сол себептен «Ақсақтың алтауы» - атанған. Шешелері балаларын емізгенде, бір емшегін иығының үстіне салып қойып, бір емшегін емізеді екен. Асан, Үсен - егіз бала да сүтін тауыса алмаған. Жалғыз-ақ тауысып емген Қазыбек болған.
Қазыбектің үлкені - Қазымбет, онан: Анай, Жанай, Қанай, Атымбай.
Қазымбеттің баласы - Қанай, Жанай.
Ортаншысы - Атымбай, кенжесі - Анай.
Қараұзак, Сарыұзақ, Қарақалпақ.
Құлтекесін сұраймын әлде қалай?
Бұлардың шешелері басқа.
Қазыбектің бір баласы - Бекболат, онан Тіленші би, онан - Алшынбай, онан - Иүсіп (Жүсіп), Қақабай, - екеуі екі қатыннан. Бұлардың әрқайсысының басқа туысқан-туғандары көп, атын жұрт білетұғынын жазып жатырмыз. Қызданбике Шаншар абыздың құманына күндестікпен боқ тастап, сонан тұқымы аз болған. Қазыбектен: «Екі бие саума, екі үйің бір ауыл болмасын» - деп, қарғаған балалары айтқанындай болды. Бертістің он жеті ұлы ат арқасына мініп, жауға шауып жүргенде, ақ тышқақтан үш күннің ішінде қырылып қалып, сонан соңғы алған тоқалынан: Бектемір, Ауыз, Қызылқұрт. Бектемірден - Мейтін, Шейтін, Мөшке. [Қаракесек-Ақша-Бошан-Машай] Машайдан-Байымбет, Бораншы. Байымбеттен: Дәулет, Қояншы, Тағай. Бес Бошанның біреуі – Қарсұн - Керней. Қояншы, Тағай, Дәулеткерей - бұл үшеуі Байымбеттен. Бертістің он жеті ұлы ат арқасына мініп, өзімен бірге жүруге жараған күнінде Ташкентті талап: «Қарқаралы хан Бертіс» - атаныпты. Сонда мұны естіп Бұхара ханы келгенде, сонымен ерегіскенде айтыпты: − Он жеті ұлым бар, сен түгіл Алушының (Алланың) да өкпесі қабынып алар, - деген асылық сөзінен, он жеті ұғлы тегіс ажалдан қырылып қалған күнде, «Бегімсыйық (Бекмысық) әулие балаларына бата, Бертістің өзіне көңіл айта келгенде: − Бір асылықты қағар деп, сенің әулиешілігіңе сенемін деп, жоғалып (жоғалап) қалдым-ау! - дегенде: − Терекке түскен өрт еді, бұтаынға тайдырып түсіргеніме шүкіршілік қыл! Тұр, жатпа, көтер басыңды, жай қолыңды! Ал бір тоқалды, үш ұл туады. Бірінің атын - Бекмырза [қой]. Құдай бекітіп береді: байлық, бектік тұқымынан кетпес. Бірінің атын - Қызылқұрт қой. Құртша қайнап мал бітер. Бірінің атын - Әуез (Ауаз) қой. Сылдыр, моншақ, секекшіл; ертеңгі уағдасы (уәдесі) түске жетпейтін, сықаққой, сылдырамалау болар, - дейді. Қаз дауысты Қазыбек бала күнінде екі аяғын екі жаққа, екі қолын екі жаққа жіберіп жатады екен. Сонда қалмақтың сыншысы ұйықтап жатқан жерінде көріп: − Төрт жақты бірдей тіреп: «Дүниенің төрт бұрышын түгел аламын!» - деп жатқан қас маңғаздың өзі екен! - деген Қарабас ханым екен. - Қара бақайына шейін құт екен. Өлгенде, моласының тұсынан, иа арулаған жерінен басып өткен ел бай болар, - деген. Бегімсыйык әулие жаназасын шығарғанда, таяқпен құлаштап тұрып, келістіріп сүйекті үш салған.
− Мұныңыз не? - деп, шошып қалғанда: − Сал әулие деген әулие еді. Етінен өтіп сүйегіне жетпесе, қимылдамаушы еді. «Құтын артына тастап кетсін!» - деп жатырмын, - деген екен. Қазыбектің «Екі үй болма, екі бие саума» - деп қарғаған балалары, айтқанындай, өмірінде екі бие саумай, екі үй бола алмай кетіп барады. 1906-ншы жылда - Анайдың өлгеніне биыл 73 жыл. Жылқы жылы өліп, тамының кірпішінің қалыбын Тоқсанбай шапқан –Т іленші баласы. Жазғытұры ел жайлауға көшіп бара жатқанда, Жаманаулада «Көршінің көлі» - деген көлінің басында өліп, өзінің өсиеті бойынша Шідерті бойына алып барып қойған.
Сонан әлі иом алқиямете «Анай тамы» - атанып қалды. 73-інші жылда басына барып көрігі едік. Қақ жартысы құлап қалған, жартысы түзу қалпымен түр екен. «Құлағанына биыл бес жыл болды» - десті. Ұрылар жылқы бекітемін деп, ойып балталап, шапқылап, сонан осалданып құлапты.
КІШІ ЖҮЗ: АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ
Кіші жүз - Алшын - Бекарыстан. Алшыннан - Алау батыр, мұнан - Құзырлы, мұнан: Садырқожа, Қыдырқожа, Нәдірқожа. Садырқожадан - Қаракесек, Әлім, Шомын. Қыдырқожадан - Мысық, Нәжит, Сыйық. Әлім ағасы - Бақтыбай, Шекті. Жақым ( Жақжым), Жанқылыш, Аруана, Татыран балуан. Мүкі деген бір тоқалы бар еді. Ізен, Тілеу, Қабақ, Назар, Шоран, Көтібоқ. Тілеу ұраны - «Арғымақ», Жағалбайлы ұраны -«Елді ай, болды-ай!». Нәдірқожадан - Рамадан, Кердері, Керейіт, Жағалбайлы. Жағалбайлыдан - Малтау, Біліс (Беліс). Малтаудан - Елсіз мырза. Елсізден - Мәлікжан, Шерің, Кенже. Мәлікжапнан -Төлеген, мұнан: Мырзакелді, Жаңқара, Оташы, Жылкелді, Мүлек, Хылқа, Аман, Елемес, Саржан, Қожабек. Мәліктен - Тай, Қылыш, Аман, Қабай, Хасен. Хылқадан тоғыз бала болған. Бірден, Жақып - бұл - Хылқа балалары Шымкент үстінде. Мәліктен болған жаушы балалары - Сыйған (Есған), Қалмұрат, Тағыбай, Көркембай - дегендер бар. Түркістан мен Сыр араларында болады. Тама балалары: Құрақ, Жабал. Алып, Жөкі дейтұғын екі руы тағы бар. Бұл Алып, Жөкінің ішінде болған Заманқожа. Ұмсынмен айтысатұғын Заманқожаның атасы - Ханқожа. Оның атасы - Тұрсынқожа, оның атасы - Шатбезек қожа Сейітжан Иұхызымның (Мағзұмның) аталарымен тұқымдас. Сейіт атадан бұлар: «Сейітпіз!» - десіп келеді. Заманқожаның баласы - Азаматқожа. Мұның баласы - Ниязқожа. Бұл Ниязқожа ... жаққан кісі екен. Баласы бар Мыстыққожа деген. Азаматқожа мен Тама - Қылыштың моласы Ата суында, ат ойнатқан Шүкіманның күнбатысында, Қоңырөлең тарапында. Ол Қоңырөлеңде Тама-Манамбай-Нұрша балалары бар.
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК ТАРАУЫ
[Арғын - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ - Құлболды - Күлік] Дәл жолдың аузында Өтеміс абыз балалары. Тотай баласы Ысқақ молданікі бар: «Балта мен кісенді сол үйге беріп кеттік. // Сол жерден Ақтауға қарай жүріп кеттік». Күлік - Өміртай Қайнарбай -Қанайға құда екен. Бір ұрғашы жетім берген үстіне: «Өз балаңа қос, бөтен, жатқа қоспа», -деп берген екен. Қанай өз баласы Бәзілге қосып, Жылқыбай, Саржан сонан туады. Солай болғаны үшін Жылқыбайды кеміткенде, «құл» - деп кемітеді екен. Саржаннан - Жаманкөт қажы, Жылқыбайдан - Қорабай, Шал. «Қорабайды қоқиттық, // Қақабайды қақиттық», - деп, Жама[нке] қажы сөйлейді екен. Қайнар, баласы - Бәйтек. Бәйтек баласы - Сәрсенбі, Сәрсенбі баласы Абыр,... Апайай. Біздің іштерімізден шыққан Арғын. Қоңырат - Кектің ұлының ішінде Алып тайпасында: «Қанай балаларының араларында жүрген Төртуыл руынанбыз» - дейді. Ақмырза: Шейітқожа ұғлынан туған - Төлебай, Нұрбай (Тұрбай) деген. Төлебайдан -Алғыбай деген бар. Тәуірбайдан - Төлеген, Өтеген деген бар. Алғыбайдан - Нұрмұхаммед, Сермұхаммед, Мүтәліп дегендер бар. Өтегеннен - Әшім (һашым), Нысан бар. (Төртуыл шежіресінен қарарға тиесілі).
МАҚАЛ
Жылқыны он жыл мінбесе,
Бие он құлындаса,
Сиыр он бұзауласа, - ер (бір) болады.
Аяғын аңдап басқан,
Қыдырдың ізін басады.
[Аңда]май басқан –
Жын-шайтанның ойнағын басады.
[Жаман]нан жақсы туса,
Нұрдан пайда болады.
Жақсыдан жаман туса,
[Жын]нан пайда болады.
Құдай рахмет қылсын – Шалғынбай диуана сөйлеп еді.
... қар жылының келер қысына қарсы тауға қонған мезгілде... ат Мәліктен алынды. 8 жасар күні делініп, ... н - 9 ұлу - 10 жылан - 11 жылқы - 12 қой - 13 мешін - 14 тауық - 15 ...дар -16 қара киік - 17 тышқан - 18, сиыр - 19.
1913-нші жылында сиыр жылы 19-нші октябрьде жазып қойдым.
[Сұ]лулап сөз шығару өнер емес,
Өнімді обыр пайда берер емес.
[Шық]қан жерін тауып сөйлемесе,
Шежіре болса-дағы шебер емес, - (д)еп айт.
Аз айтсаң да, тазасын айт.
Жағымды сонда жайыма келер кеңес.
...[3]аман азбас, ел азар,
Ел неден азар, сөзден азар.
Ер қартайса, көзден азар,
Көп отырған жерден азар.
(Қа)тыны жаман ер азар.
Қарашасы жаман хан азар.
Имансыз болса, қор азар.
БӘСЕНТИІН ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
Бәсентиін: Есен, Аманбай, Азат. Азат шығарған Толықбай кісі екен. Жалғыз баласы Ботасқа екші беріп қой... жатқанда «Бөрі тонды, бөрте атты» бір жалғыз жас бала жігіт үй сыртынан келіп сүйе [се] қылыпты.
− Жөніңді айт, кімсің? - дегенде: − Атым - Келмесек. Жалғыз балаңа енші беріп жатыр деп естіп, қосағының басына не болайын және өзіңе бала болайын деп келдім, - депті. Сонан соң бай ырым көріп, асықты жілікті ұстатып, бала қылып, атын - Бөрі қойыпты. Осы күнде Апай - Бөрі десіп келеді.
КІРМЕЛЕР ТАРАУЫ
Үш ата Қозған ішінде өсіп-өнген Уақ Баржақ[сын] бар.
Қозыбақ - Алдаберлі Мәулімбердіге жезде болған Мыңжасар деген - заты Уақ екен. Соның балалары - Байтөбет, Тоқбура.
Байтөбеттен - «Шолақ би» - атты Қилыбай, Итқара.
Тоқбурадан - Саржан. Саржан баласы - Байжан, Тойжан, Қора, Қорабай, Қайныкеш (Тайшық). Шолақ балалары - Тойжан, Баймағамбет, Құлмағамбет. Битолдыдан - Ыбырай ұста, Қошқарбайдан - Қозғанбай, мұнан: Мамыр, Тон. Мамырдан - Қыпшақбай, Өскенбай. Қилыбайдан - Әлжан, Жаналы. Павлодарда Мамыр, иа Жатақ, Төйту - бұлар бар. Бала-шағалы Төйту менен Жайлаубай. Шолақ баласы - Тойжаннан - Керейбай Қараөткелде «Баймағамбет, Керейбай» - десе, әркім біледі, дөкей алыпсатарлар [17].
НАЙМАН ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
Бесқарағай Сейтенде екі болыс ел: «Уақпыз» - дейді. Түбін-тегін сұрастырып келгенде, Найман болып шығады. Найман - Сары - Жомарт батыр: бәйбішесінен - Қаратай, асыранды баласы - Бура. Тоқалының аты - Торқа. Уақ қызы екен, төрт баласымен төркінінде қалып, балаларының аттары: Бұйдалы, Жансары, Баржақсы, Шайкөз. Уақ ішінде өсіп-өнгендіктен: «Уақпыз» - деп кеткен. Таңбалалары - Ергенек таңба, Найман таңбасы. Сары-Жомарттың өсиетімен салынған.
Жаманайдан: Рысқыл (Ырысқұл), Қойсары, Қозыбақ, Сағынай, Тайлақ Рысқұлдан: Шақабай, Қарабатыр, Бөкебай. Шақабайдан - Жәнібек, Имамбет. Жәнібек балалары: Сарықұл, Айқұл, Байқұл, Кейкі - бәйбішеден; Сорыпкел, Манамбай - тоқалдан. Айқұлдан - Жаманбай, Тасболат. Тасболаттан - Шәкір (Шәке).
ТӨРЕЛЕР ШЕЖІРЕСІ
Шыңғыс хан ұлы Жошы хан. Бұл Жошы ханның балалары: Бату хан, лақабы - Сайын хан. Бір баласы - Шейбани хан, бір баласы - Тоқайтемір, бір баласы - Бөрке (Бөрте) хан. Бұлардың заманында Маурайалынһырдағы Десті Қыпшақ үшке бөлініп: «Ақ орда, Көк орда, Алтын орда» - атанды. Алтын ордада - Бөрке хан болды. Ақ Ордада - Шейбани хан болды. Көк ордада - Тоқайтемір хан болды. Тоқайтемірден - Өзтемір. Мұның ұғлы - Қожақұл, мұның ұғлы - Бадақұл, мұның ұғлы -Өріс (Орыс) хан, мұның ұғлы - Құйыршық хан, мұның ұғлы - Барақ хан, мұның ұғлы - Әз Жәнібек хан, мұның ұғлы - Жәдік хан, мұның ұғлы - Шығай хан, мұның ұғлы - Есім хан. «Еңсегей бойлы ер Есім» - атанған. «Есім ханның ескі жолы» - деп, артына үлгі қалдырған. Есім ханнан - Салқам Жәңгір. Салқам Жәңгірден - Әз Тәуке. Әз Тәукеден -Болат (Полат) хан. Болат ханнан - Әбумәмбет, Сәмеке. Салқам Жәңгірдің екінші қатыны -Ғайша ханым - Қатағанның хан[ы] - Тұрсынның қызы. Мұнан туған - Уәлибақи. Бұл Уәлибақи Әз Тәукемен таққа таласып, жеңіліп қалған соң, Үргеніште нағашысы Қайып ханға қашып кетіп, онда барып қатын алып тұрып қалып, жалғыз бала туып, атын -Абылай қойған. Бұл Абылай - «Абылай Жолбарыс» - атанып, ұлғая бара: «Қанішер Абылай» - атанған. Бұл Қанішер Абылайдан жалғыз бала туып, «Көркем Уәли»- атанған. Мұнан бір жас бала «Сабалақ» - атанып жүріп, «Абылайлап» жауға шауып, Абылай атанған. Арғы тегі - «Еңсегей бойлы ер Есімнен», бергі тегі - «Қанішер Абылайдан» -шыққандығы білінген соң, жұрт басына көтеріп, хан көтеріп, «Атақты Абылай хан» -атанған - осы кісі. Абылайдың әкесінің атын ешкім білмейді. Уәлибақи атанған ұлдың мұнда қалған бір қатынынан - Сұлтанбет төре. Сұлтанбеттің бір баласы - Нұралы. Нұралы баласы - Серғазы. Осының бәрі шежіреден көріп жазған сөз емес, естуменен жазылған сөздер: «Құлақпен естіген - танық». Абылай хан өлген соң, орнына бел баласы Уәли хан болған. Ол жүз беске [105] келіп, алжып өлген. Асын Ошақты көлде берген. Абылай ханның асында Тұрсынбайдың атқа шапқаны. Сонан соң Уәли ханның бәйбішесінен туған Абайділдәны хан көтерген. Осының тұсында орысқа қараған. Абайділдәның бәйбішесінен - Болат. Болаттан - Сұлтанғазы төре. Уәли ханның Айғаным деген тоқалынан - Шыңғыс төре. Сұлтанғазы мен Шыңғыс баласы Шоқан орысқа қолбасылық қылып, Ташкентті орыс алғанда, Черняев жанаралмен бір жүріп, бір тұрған...
Мағжан Жұмабаев рас айтады, естуімізге дәл келді. [Уәлибақи][бала]сы - Сұлтамбет. Бұл Сұлтамбеттің баласы - Нұралы. Нұралының баласы -Серғазы. [Ш]ығай ханның бір баласы - «Ұзын оқлы Ондан». Ұзын оқлы Ондан, бұл қайдан болсаң, сондай бол. Ұзын оқды Онданның балалары - Қайнар, Көшек. Мұның балалары - [Бөке]й, Дайыр. Бөкей балалары - Жамантай, Құсбекке тарайды. [Дай]ыр баласы Айшуақ Нұра бойында Жантөрелерге тарайды.
Қарсұн - Керней: Жарылғап батыр балалары: Қырбас, Баубек, Сәдібек, Жәнібек. Еңсегей бойлы ер Есімнен - Жәңгір хан - «Салқам Жәңгір» - атанған. Болат хан, Болат ханнан. Бұл Жәңгірден - Әз Тәуке, бүл Әз Тәукеден - Әбілмәмбет, Сәмеке - бәйбішесінен, тоқалынан - Уәлибақи.
ШЕЖІРЕЛІК ӘҢГІМЕЛЕР
Алтай - Алшағыр - батыр Қарсұн - Керней: Жарылғап баласы Баубекпен өмір бойы жауласып өткен. Алшағыр өз ажалынан опат болғанда, естіген Қаракесектің бірі - қуанған немедей Баубектен сүйінші сұрапты. Сонда Баубек ұшып түрегеліп, [оны] ал саба, өлімші қылып тастапты. Жұрт әрең айырып алыпты. Тірі күнінде бірін-бірі балағаттап, жамандап тырады екен. Баубек Алшағырды: «Қанішер Алшағыр», - дейді екен де, Алшағыр Баубекті: «Қарақшы Баубек»,- дейді екен. Сонда Баубек Алшағырдың өлгеніне жылаған, өксігін баса алмапты: − Енді маған тіршіліктің текке де керегі жоқ. «Ай, соның шекесін шайнасам-ау, қол-аяғын байласам-ау!» - деп, зор үмітпен жасаушы едім. Енді кіммен жағаласып, кіммен қарсыласып, мауқымды басамын?! - деп, атын тұлдап, Алшағырдың үйіне келіп, сойып, бата қылыпты:
− Бастасым едің, тұстасым едің! - деп.
Қарақалпақ қызы Сайман ханымнан: Уәли хан, Шыңғыс сұлтан, Әділ сұлтан ... Уәли ханның балалары - Ғаббас, Хамза, Абайділдә... Шыңғыс балалары: Сартай, Әбілфейіз, Самай, Мамай - бұлар бәйбіше ханымнан. Қалмақ қатынынан - Өртай (Ортай). Әділ баласы - Нұралы, мұнан Тезек төре, Әбти сарт қызы Бабақ ханымнан - Рүстем сұлтан, Шеген сұлтан, Сыдық сұлтан, Әбубәкір сұлтан, Ғабдолла сұлтан. Бұл Сыдық Абылай ханның тірі күнінде Түркістанға бек болды. Абылай мұны өз қолынан Түркістанға хан көтеріп, Бұхара, Самарқандқа қарай шеру тартты. Қожа қызы ханымнан - Тоқ сұлтан, Қосым сұлтан, Досалы сұлтан. Қарауыл қызы Тоқтадан - Шығай (Сипай) сұлтан, Тағай сұлтан, Сөкі (Сүйік) сұлтан. Қалмақ төресінің қызы Топыш сұлудан - Қасым сұлтан жалғыз. Қалмақ қумасы Тоқтадан -Төлек сұлтан. Қалмақ қумасы Рыстан - Шамен сұлтан, мұның баласы - Уатай төре, оның баласы Аймақ төре - Қаракесек ішінде болған. Абылай ханның алғашқы алған бәйбішесінен жалғыз қыз - Жамантай ханның шешесі: «Шамен» - дейді, «Шама» - дейді. 1. Босқын, 2. Есім, 3. Қаратышқан, 4. Жәңгір, 5. Уатай. 6. Досым, 7. Самырат, 8. Исахан, 9. Сыздық. Бұл Уатайдан - Аймақ төре, Жәңгірден -Досымақ, мұнан: Қажеке, Қожан, Аманжол. Тоқ сұлтаннан - Бірәлі төре, мұнан -Шалғынбай төре - Қарқаралыға аға султан, дуанбасы болды. Бірәлі төре де Аягөзде Нохалов деген жасауылға қосын болып, Кенесары - Наурызбаймен соғысуға шықкан. Наурызбайды Ақбоз ат- пен қуып жете бергенде, Наурызбай тұра қалып, найзаны өніреткенде, Ақбоз аттан анадай ұшып кеткен. ...төренің әкесі Батыр төре - «Нан атқанның» тұқымы [18] [... бір наубай басына нан қойып], келе жатса: «Бір наныңды төбеңе қойшы, атып түсірейін» - деп, нанды атқан. Сол нанды атқанлығы үшін Бұхарай шәрифінің ханы... қылып жер аударып жіберген. Бұлардың аталарын «Абылайша» - дейді.
[Қар]қаралы төрелері: Бөкей, Дайыр, Ұзын оқлы Онданнан - бұлар қол таңбалы.
Ш[ығ]ай тұқымы: Есім, Тәуке, Әбілмәмбет, Сәмеке - бұлар бәрі сан таңбалы.
«Сан таңбалы атқа мінсе, қол таңбалы аяғының астында қалады», - деген сөз бар.
Баянаула бауырында «Ханбаба» - аталған жер - осының моласы.
Барақтың бір қатынын[ан]: Ханбаба төре, Маман, Таһир (Тәһәр), Бөкей есімлі төрт ұғыл. Ханбаба ұғлы - Досан. Досан ұғлы - Қылыш төре, мұның ұғлы - Ибраһим төре, Иүніс (Жүніс) төре. Бұ әулет Бура Найманда Өскемен атырабында.
Үш ұғылға: Маман, Таһир, Бөкей төрелер әулетлері Қарқаралы елінде жүрулері. Қарқаралы мәдесінде - Жазылан, Сахып, Мансұр (Маншор), Бөкей хан болып [Уәли]ұғлы Шыңғыс төренің үғлы - Жамантай хан дүр. Шығай хан Ташкенде тұрып тірап намында бір сарттың қызын алып, онан Ондан туып, Ұзын оқлы Ондан. Бұл: «Қайдан болсаң, сондай бол» - атанған. Қазақ ішіне келіп, Есім хан әулетіне ғылбалық қылған. Керей төресіне - күңлік, Найман төресіне уәзипалық, Арғын төресіне ханлық берілген -Шүршіт ханы Еженнің ескі жорасы. Сонда Арғында ханлық алған екі төре: бірі - Абылай, бірі - Бөкей. Абылай көп дәурен сүрген. Бөкей дәуірі аз болған. Хан сайлансымен, бір жыл жарымнан ұзамай орысқа бағынған. Мың жеті жүз елу (1750)-інші жылдарда Бөкей ханның келгені Арқаға.
ҚАРАКЕСЕК ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
Қаракесек Болатқожадан - Ақша, Түйте. Түйтеден - Майқы, Танаш. Майқыдан - Әлтеке, Сарым. Танаштан - Тымырсық, Сары. Тымырсықтан - Жансүйер, Қырғызбай, Бөтей. Жансүйерден - Тәңірберді, мұнан - Алтөбет. Бұл Алтөбеттен: Бекбірлі, Андамас, Асан, Ескелді. Бекбірліден - Арын. Ескелдіден - Мырзабай. Аңдамастан - Байбатыр. Асаннан -Байыр. Байырдан - Бөгенбай (Бөкембай). Бөгенбайдан - Қайдауыл, Тайкелді. Қырғызбайдан - Нәуетей, мұнан - Майлық. Майлықтан - Арыстанбай, Байсары, Қожамберлі, Қораз. Байсарыдан - Құттымбет, Тәттімбет. Қораздан - Түлкібай, Көсеп (Көсәп), Аққозы, Дүрше, Тұманбай. Тымырсықтың үшінші баласы - Бөтейден: Батишор. Батишордан: Шашты, Жарылғап. Тұнқатар, Байатар, Дүйсенбай, Шекшек. Жарылғаптан - Алтөбет, Құттыбай. Алтөбеттен: Жанақ, Мырзакелді, Дәулет. Құттымбайдан - Тана, онан Байкенже. Тұнқатардан - Тілеубай, онан - Тайшық, Саймақ. Байатардан - Бостыбай (Бөстібай )- Тоқа. Тілеубайдан - Тайшық, Саймақ дедік, Дүйсенбайдан: Тоғалақ, Қожан. Тоғалақтан:Матақ, Ұлытау. Ұлытаудан - Олжабай, Олжабайдан - Ханкелді. Ханкелдіден - Бексейіт. Матақтан - Дәумен. Дәуменнен – Бекберген қажы - Сәкенге сөйлеген бір сөзі бар. Шаштыдан - Тұрсынбай, Құрманбай, Намаз. Тұрсынбайдан - Райымберді. Райымбердіден - Айтын. Намаздан - Дарабай, Тәттібай. Дарабайдан - Бекет. Бекеттен - Сасықбай. Сасықбайдан - Райымбек. Шекшектен - Нұралы, мұнан - Мырза, Байкісі, Жанкісі, Бикелді.
Есенаман, Темірші, Болсын, Шұңқырша.
Шұңқыршадан - Сүйіншәлі, Сүйіншәліден - Қонақай. Қонақайдан - Тілеу, Тілеуден -Жаныс. Жаныстан - Жұматай. Жұматайдан - Рысбек. Есенаманнан: Ботабек (Бөтебек), Мырзабай, Жұмабай. Ботабектен - Айқымбай. Достан - Өтепберген, Кенжетай, Бөгембай, Келте, Тоғызбай. Өтепбергеннен: Қожаберген, Байқадам, Манасбай, Далғыр (Ділгір), Танатай, Жанжақ, Бабыл. «Майлық» - деген ел атанады. Бексейіт баласы - Имаш, мұнан: Күлікбай, Секербай, Тындыбай. Мұның баласы - Азанбай. Бостыбайдан - Қайран, Жабық, Жабай. Жабайдан - Матай, Сасықбай. Матайдан алтау: Момын, Мыңбай, Тұрлыбек, Жүзбай, Кәрібай. Жүзбайдан - Жақсылық, мұнан - Садық, Садықтан - Сағынтай. Жүзбайдан - Жақсылық, мұнан - Садық. Садықтан - Сағынтай. Жүзбайдан - Жақсыбай, Есім - өзі бар кісі. Олжабай, Ханкелді, Бексейіт, Имаш, Азанбай. Олжабай, Дәулет (Дулат), Арыстанбай, Имамбек, Байбек, Мұзаффар. Байатардан - Бостыбай, - Тоқа дейді. Бостыбайдан - Қайран, Жабық, Жабай. Жабайдан - Матай, Сасықбай. Матайдан алтау: біреуі - Жүзбай. Жүзбайдан - Жақсылык, мұнан - Садық, Садықтан - Сағынтай. Диуана тауы Абыралыда. «Сегіз ауыл»- деген өзеннің аты. Көкшетау Темірші мен Абыралы арасында Диуана тауы, сол - Табылды. Толыбай, Шана - Қамбардың бел балалары, Диуананың қонысы болған. Тілеу, Сарман, Есен, Сағындық, Мыңдыбай, Бердәлі. Сағындықтан - Өтеміс. Өтемістен - Тимеш. Тимештен - тоғыз - екі қатыннан. Бәйбішеден: Табылды диуана, Манақ, Жанақ, Жайпаң (Жайғаң). Ақын Жанақ - осы. Аршабай, Баршабай, Бітімбай, Тынымбай, Қаражігіт. Тыным - байдан - Ақпан қажы. Ақпан қажыдан - Сылахдин, Мұхаммед деген екі бала бар. Қамбар, Тілеу, Жабық. Біркөз -ел аты, Мойнақ - ел аты, Асан, Жаумен - ел аты, Өтеп - ел аты. «Бір старшын Өтеп, Жүзен» - дейді. Бәкізе, Құрман, Алдажұман. Ұлытаудың қатыны бала көтермей, пұшпағы қанамай жүрген. Он сан Орта жүзге ұран болған ер Олжабай бір жорыққа бара жатып, ауыл сыртында қонып, итарқа күркеде жатқанда түнде қойнына бір қатын кіріп келіпті: − Мен борбайымнан суым сорғалап жүрген жалаңбұт қу емеспін. Жұрттың байымды: «Қу бас» - дей бергендігінен ызыланып, долданып: «Мергеннен - сыралғы, батырдан - сауға» -деп еді. «Бір атым оғын аямас» - деп келдім, - депті.
Сонда ер Олжабай: − Атым - Олжабай болып, ат арқасына мінгелі арам кісінің етегін ашып көрген жоқ едім. Болатымды боққа суармайын деп , - Менде бар болса, сен бір ұл табасың. Атын Олжабай қой! - деп, кіндігінен жүндігінеше бір сипап қоя беріпті. Сол қатын ұл тауып, атын «Ол -жабай» - қойып, Ұлытауұлы Олжабай атанып, қазақ орысқа алғаш бағынып, дуан аузы ашылғанда, Қарқаралыға қазы сайланыпты. [Қаракесек - Түйте - Танас - Сары - Жаманқара - Алдабай- Жақсыбай - Жарас - Киікбай] Киікбайдан: Жандерке, Ақбай, Жақып, Ыбырай - бес ағайынды. Өтептен - Ақсары, Бәйтік - бір қатыннан; бір қатыннан: Бәкізе, Құрман, мұнан Алдажұман. Жұманнан - Байғұтты. Байғұттыдан - Райымбек. Райымбектен - Ахмет. Ахметтен - Қасымбек. Алданазардан - Байжігіт, Сыбанай. Байжігіттен - Әбдірахман. Сыбанайдан - Есберген: бала-шағалы. Шекшектен - Нұралы. Нұралыдан туады - Мырза, мұнан - Бейсеке. Бейеекеден - Еркебай. Еркебайдан - Тәті. Тәтіден - Батыр. Бейсекеден -Аяған, мұнан Байжомарт, мұнан: Төлеутай, Жаманкөт. Сарыдан - Жаманқара, мұнан Андабай, мұнан Жақсыбай, мұнан Жарас, мұнан Киікбай, мұнан Жандерке, мұнан Ақбай, мұнан Жақып, Ыбырай бес ағайынды. Өтеп Сапар баласы, Сапар Қойбас баласы, Қойбас - Андабай баласы, Андабай Жаманқара баласы, Жаманқара Қожас - қара Тымырсық Сарының Сары баласы - бұл екеуі Танаш балалары. Тымырсық -Сарының Сарысынан бұл Сеңгібай, Қарашор, Қожасқара, Жаманқара. Қожасқарадан: Бекбас, Құлбас. Бекбастан - Оразқұл (Оразкелді), Бөрікөз (Бөркөз), Мойнақ. Оразқұлдан -бірінші қатынынан: Сеңгібай, Ақкісі, Желтау, Найза, Қылыш, Ақжол. Шой (Шуай) Тайсары, Қойсары - бұл үшеуі екінші қатынынан. Құлбастан - Адай, Асан. Адайдан - Жаумен, Сәдіғұл, Алшын (Елшін). Асаннан -Бөгембай, Бірден. Бірденнен - Байтілі. Байтіліден - Қиял. Жаманқарадан - Жайлау, Андабай, Сеңгірбай. Жайлаудан - Қалыбай, мұнан - Есен, мұнан Баймәмбет. Андабайдан -Жақсыбай, Қойбас, Бекболат. Жақсыбайдан - Жарас, Жарастан - Киікбай. Қойбастан -Сапар, Өтеп. Бекболаттан - Тоқан (Туысқан). Сеңгірбайдан - Тініке, мұнан Тақабай. [Арғын - Құтан - Мейрам - Қаракесек - Қамбар] Сейтін, Тұрлыбек, Шаншар. Олжас, Алданазар, Айт, Шана. Олжастан - Малкелді, Жанкелді, Жылкелді, Иекелді, Бикелді. Шанадан - Наурызбай, мұнан - Аманбай, мұнан - Қарсақбай. Және Қамбардан - Бөлек (Бүлік). Бұл Бөлектен - Төлеген, Бөлембай. Бөлембайдан -Қарабас, Итбақпас. Қарабастан - Жанқара, Құлбай. Итбақпастан - Аю, мұнан: Тастемір, Жабағы, Байжігіт. Және Қамбардан - Мойнақ. Мойнақтан - Жарылғап. Жарылғаптан - Ерәлі, Мырзалы, Жолдасбай. Және Қамбардан - Сарыбай. Сарыбайдан - Тәті, Барлыбай, Құдайберген. Алшын, Зортымақтың асында Болатқожаның Тортөбел аты бәйгеден келіп, соның бәйгесіне тігілген күңді Болатқожа алып, Қамбар сонан туған. Қалмаққа аттанған жорықта Болатқожаның олжасына бір бала түсіп, жалықпайтұғын мінезінен атын Жалықпас қойған.
Біз көрген күнде ұрлықтан өзге ел жалықса да, Жалықпас жалықпады. Шаншар Нұрбикені алды. Қарпық Дәулетбикені, Байбөрі Оразбикені, Тобықты Қоңырбикені. «Қатағанның хан Тұрсын, // Қай неткенді ант ұрсын» - хан Тұрсынды өлтіріп, Қатағанды қырғанда, олжаға қырық қыз түскен. Екі қыз хан Тұрсынның өз қызы еді. Бірін - Есім хан Жәңгір деген баласына алып берді. Бірін - Шақшақ батыр баласына алып беріп, Жәнібек батыр сонан туды.
Еңсегей бойлы ер Есім қырық кісімен барып, шапқанда түскен олжалар.
БӘСЕНТИІН ШЕЖІРЕСІ
[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Кенжесопы - Бәсентиін] Барлыбай ұранды Бәсентиін. Бірінші қатынынан - Ақмайдан, Бекмайдан, Тоқмайдан. Екінші қатыннан - Ақтілес, Күшік. [Күшіктен]: Жылқыайдар. Үшінші қатыннан - Бөрі. Төртінші қатыннан - Сырым. Ақмайданнан - Көкшекөз, мұнан Байымбет, Жолымбет. Бекмайданнан- Апай, [Апайдан]: Нарбота. Тоқмайданнан - Қатыс. Байымбеттен - Жаманай, мұнан: Қойсары, Қозыбақ, Рысбек (Ырысбек), Сәтібек. Қатыстан - Бөрі, мұнан: Келден, Қыстау, Қақа, Сатыпалды, Жаңбыршы. Жаңбыршыдан - Жәнібек. Күшіктен: Итемген, Байымбет, мұнан - Ханкелді, мұнан - Байбол, мұнан - Жетібай (Жетесбай). Байымбет - Жолымбеттің Жолымбетінен: Маңдай, мұнан - Сәмеке. Байымбеттен: Бейсен, Жаманай, Қоянбай, Рысбек (Ырысбек), Көшен, Шүрек, Таңатар. Бейсеннен - Таз. Жаманайдан - Қойсары. Таз төрт ағайынды: Бөкі(ге), Шоқай, Өтеп, Матай, Таз. Матайдан: Қосымбай, Құтымбай, Қаржау, Өмір, Қойбақ. Қыпшақ - Еламан, Қосайдардан - Секен, Қожан. Секеннен - Бегәлі. Бегәліден - Тілеуберді. Қожаннан - Сүйерқұл. Сүйерқұлдан - Үмбетей, Жарылғап, Есіркеп.
ҚОЖАЛАР ШЕЖІРЕСІ
Диуана қожаның ұғлары: Қозжан, Қылыш. «Қозжан диуана» атанған. Бұл Қозжан балалары: Қожакелден қожа, Нияз қожа, Заман қожа, Сүлеймен қожа, Хылует қожа, Қажы қожа. Қожакелден қожаның тоғыз ұғлы болған. Тоғыздың бірі - Сейітмұхаммед қожа. Мұның балалары: Бекмұхаммед (Бекқожа), Досмұхаммед (Досқожа), Сұлтанқожа. Бұл Сұлтанқожадан - Құлболды ишан. Бұл кісіден Фазыл (Пәзіл) қожа, Күлекеші Мағзұм Мәжүзіплерден болып өтті. Бекмұхаммед қожадан төрт ұғыл бар: Бәйтен, Бошан, Кешубай, Шынтемір. Шынтемір баласы - Біржан қожа, мұның баласы - Ыбырайым қожа. Нұрмұхаммед қожа, Оразмұхаммед қожа, Жанмұхаммед қожа. Жанмұхаммед қожадан - Сүлеймен қожа. Оразмұхаммед қожадан - Мұстафа қожа. Мыңғой - қалмақ шешесінің аты. Мұнан: Жандайбай. Жандайбайдан - Сүлеймен, Әбу қожа, Мұғалім, Балқожа. ... мұнан Жандайбай. Жандайбайдан - Сүлеймен. Сүлейменнен - Әбу - қожа. Әбуқожадан -Мұғалім, Балқожа.
Бекқожа, Досқожа, Сұлтанқожа, Күрең атты Сарман (Садман) қожа. Кешубайдан - Шынқожа. Бошаннан - Шейіт қожа, Жиен қожа, Алдаберген, Бердіқожа, Жолдықожа, Мырзақожа. Тоқалдан - Ғалымқожа, Мұхаммедғабды қожа. Пірмұхаммед қожа, Нұрмұхаммед қожа, Ораз - қожа, Жанмұхаммед қожа, Алпыс (Алтмыш) қожа, Жетиіс қожа, Сексен қожа, Ханқожа. Тоқыр (Тұқыр) балалары: Тоқыр - Бәйтен қожа баласы. Қозжан диуананың тілғаты (тілғынты). Бошан... Рыфтым, Бабағы, Ншәтім, Бәкірсі, Шындым, Киасдайы, Дыржы. Айтқожа, Жанқожа, Құттықожа, Майлықожа, Оспанқожа. [Айтқожадан]: Гүлқожа, Ысқақ қожа шешесінің аты - Аясын - Күлік қызы. Қозжан, Қылыш - Қожакелден, мұнан тоғыз, кенжесі - Қажықожа. Қажыдан - Байторы, Фатса. Байторыдан - Күнқожа, Айтқожа. Күнқожадан: Қиғаш - бәйбішесінен. Тоқалдан -Ашамай, Қорғанбай, Келгенбай. Қиғашқожадан - бәйбішеден бесеу: Жүніс қожа, Жүсіп ишан, Садық қожа, Сыздық қожа, Риза қожа. Тоқалдан - Әлжан қожа, Мырза қожа. Әлжан қожадан - Сапарғали қожа.
1909-ыншы жылында тауық жылы еді. Сол уақытта 28 жасында жылы жылқы еді. Қылыш қожадан болады: Оспанқұл Әздір (Әшдүр), мұнан - Шонабай қожа, мұнан -Қарауыл қожа, мұнан - Байқожа. Жұрт: «Тазқожа» - деуші еді. Мұнан Жұмаділда қожа. Қазақ: «Қызыл қожа» - дейді. Қарауыл қожаның кенжесі - Кенже қожа Бораншоқы бауырында Сынтасты құдықтың шөлейт жағында оқу оқып жүргенде өлген.
ТӨРЕЛЕР ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
Мекке Мекерме Медине мүнирәден Ферғана заминға һыжырет қылып кәпірлермен хазірет қылу үшін келген Ғабдірахман бап, Ғабдірахим бап, Ғабдіжалил бап ханлары Ғабдірахим бап екен. Бұл кісінің әулетінен Қарахан деген хан болған. Ықыласлары Әулиеата аталған. Бұл Қарахан аталмыш Әулиеатаның үрім-бұтағы. Әбілқасым хан ишан бин Қантөре хан Ташкент шаһарын Бесағаш махалласында Метфұн ұлығ зиаратке Мешіт уа медресселері бар. Бұлар бала-шағасына: «Әліиом (Әліжұм) алқиамытахан» - деген лағұзды қосып атайды. Хантөре ханнан: Әбілқасым хан, Истан (Ыстан). Онан - Сейітбақи хан, Сейітғына хан, Сейітғалым хан, Сейітһәшім хан. Сейітғына ханнан - Әкірәмхан, Ғабитхан. Бірі -Ташкентте бабасының медрессесінде мүддәріс ҺЭМ бабасының орнында сүлік жолын жүргізіп тұрғышы. Мершіткәміл Ғабитхан Әулие - атада мүтілі, онда һәм бабалары салдырған мешіт, медрессе бар. Оқға ашиналар бар. Сопы Дәнішмент Ғабдылхалық хан хазірет сұлтанға көп оқынлар қылған. Берке хан деген ханның һәм зиараткелері бар. Әулиеатада. Әулиеатаның заман хадимда атлары «Тараз шаһары» - аталған ұлых шаһар болған. Қырық қақпалы Қарғалықта Бап ата болған. Ысқақ бап үш түрбет еді. Тастан (Ташдин) ұстынлары болған. Хазірет сұлтанның қазаны Шекелі қазаны һәм болған. Бір ұстынларын Мәделі хан алдырған. Өзіне жетпей өліп кеткен. Бұл Ысқақ бап заманларында «Сауыр тонды Өтеміс» - деген қалмақтың ханы болған. Сонымен ұрсысып, соны тірілей байлап алып, тікесінен - тік өзіне қамал үшін қалаған қорғанының бір бұрышына қалап жіберген. Сол қорғаны әлі бар. Қиямет қайымғаша бұзылмаса керек. Тас ұстынлары - өзлері алып келіп орнатқан ұстынлары. Бұл Қарғалық Шолаққорған деген жерге жақын. Алатау, Қаратаудың аралығында Әулиеата мен Шымкент, Сайрамның маңайында.
Көшек, Дәуіт [Дәуіттен] - Күдері, Таспа
Таспа қожам,
Атынды ұра берме басқа , қожам,
Атыңды ұра берсең басқа, қожам,
Кем боларсың мал менен басқа, қожам.
Сұлтан қожаның бәйбішесінен - Айдабол қожа, Төрежан - Күлік қожа, Орман қожа тоқалынан - Тоғай деген: Құлболды, Асан, Нұржан, Шайжан. Құлболдының бәйбішесінен - Омар, Оспан, Әубәкір. Сарша тоқалдан - Миян, Фазыл. Мағзұм: «Күлекеш Мағзұм» -атанып өтті: мәжбүрлерден болып. Қылыштан: «Шоңның Қарақожасы»- атанған Қарақожаның жалғыз баласы - Берет қожа: Күлік диуананың бір сүйегінен болған бала. Берет баласы - Бәзіл (Бізал)қожа. Мұның баласы - Дәулетбасқыр, шын аты - Тілеу қожа. Мұның баласы - Омар қожа: шолақ қол. Мұның баласы - Жүсіп қожа. Уақ - Нұрекен бай ауылында өсіп-өнген аталары. Төрежан қожа, мұның балалары: Асан қожа, Тілеу қожа. Асан баласы - Ақай қожа. Мұның балалары: Қарахан, Қожахан, Нұрхан. Қараханнан - Кәдірхан, Тәйіхан. Қожаханнан:Хасен, Хұсайын. Нұрханнан - Шайхан, Әлімхан, Таукен, Сарқыт.[Сарқыт] іште қалғандықтан, солай қойған. Тимушин Шыңғыс хан. Ең үлкені − Жошы хан, Шейбани хан, Тоқай, Темір (Тимур), Бөрке хан. Бату хан: лақабы - Сайын хан. Бұл өзі қыз болса керек, Орыс жұртына хан болған, орыс тілінде: «Бати» - дейді. Бұлардың заманында Мауаралһырдағы Дешті Қыпшақ үшке бөлініп: «Ақ орда», «Көк орда», «Алтын орда» - атанды. Ақ ордаға Шейбани хан болды. Көк ордаға Тоқай - Темір хан болды. Алтын ордаға Бөрке хан болды. Тоқай - Темірден - Өзтемір, мұның ұғлы - Қожақұл; мұның ұғлы - Бадақұл. Мұның ұғлы -Орыс хан; мұның ұғлы - Құйыршық хан; мұның ұғлы - Барақ хан. Мұның ұғлы - Әз Жәнібек хан; мұның ұғлы - Жәдік хан; мұның ұғлы - Шығай (Шапай) хан. Мұның ұғлы -Есім хан: «Еңсегей бойлы ер Есім» - осы. Есім хан ұғлы - Жәңгір хан. Есім хан Қатаған ханы хан Тұрсынды өлтіргенде, Ғайса деген қызын Жәңгір деген баласына алып беріп, мұнан екі бала: бірінің аты - Уәли, бірінің аты - Бахи. Уәли бала күнінде өлімнен қашып, нағашысы Үркенжі жұртында Қайып ханға барып, сонда тұрып қатын алып, жалғыз ұл туып, атын «Абылай» - қойды. Бұл Абылай «Қанішер Абылай» - атанды. Бұл баласының атын «Көркем Уәли» - қойды. Мұнан бір бала туды - Әбілмансүр қойды. Бұл Әбілмансүр жауға шапқанда: «Абылай лап» - шапқаннан, «Абылай» - атанып, қазаққа 48 жыл хан болған.
[Бір ескерту]:
Сырымның бәрі Жабықтан өсіп өнеді: Мұрат, Танаш аз.
КЕРЕЙ ШЕЖІРЕСІ
Көрсары (Құрсары), Ақсары. Көрсарыдан - Есбол, Есенолі Есенәліден - Құдайқұл, Қодас, Жебеге. Құдайқұлдан - Құдайберді Құдайбердіден: Елубай, Байқошқар, Жәдік, Оразымбет, Бердібай Жәдіктен - Сәттібай, Байболат. Жебегеден - Жаңбыршы, Жәнібек Жәнібектен - Жанғабыл, Досай, Соқыр. Жанғабылдан алтау: ең үлкені - Сүйінбай. Сүйінбайдан бесеу: ең үлкені - Ақыл. Күлік: Ақыл Сексеннің Ақылының ауылында туғаннан, атын «Ақыл»- қойған. Бұл Ақылдың інісі Көтібақтан туған баланың атын -Қызылтауда туғандықтан, «Тау» - қойған. Өз замандарында «Ақыл», «Тау» - атанған. Осы Ақыл - Әкімбектің нағашысы. Ақылдан тоғыз: ең үлкені Асаубай. Асаубайдың кенжесі -Бәзіл. Бәзілден: Бопкен, Ғұбайдолди Бопкеннен - Жебалла (Жебе Алла), Нұрхамит.
БӘСЕНТИІН ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
[Бәсентиін - Көкшекөз - Балықшы - Сырым - Жабық - Самай - Досым - Тоқтауыл -Малайсары] Малайсары балалары бәйбішеден - Тілеуқабыл, тоқалдан - Жолдыбай. Жолдыбайдан - Садақ, Садақтан - Қашқын. Қашқыннан - Қозғанбай. Қозғанбайдан -Тұрам Тұраннан - Қабдым: жас жігіт қатын-балалы. Бәсентиіннің төртінші қатынынан - Сырым. Сырымнан: 1. Танаш абыз. 2. Жабық. 3. Мұрат. Жабықтан: 1. Бөлей (Болай), Самай Бөлейден - Тілеу, онан - Өтебай. Самайдан: Сексенбай, Тоқсан, Досым. Тоқсаннан - Қара. Досымнан - Төлебай, мұнан - Нарымбай, мұнан Тәуірбай (Науырбай), мұнан - Ыбырай, мұнан – Қыстаубай - Керекуде тұрады. Мұраттан: Дөнен, Сегізбай, Сасық, Бестібай, Теңізбай, Алтыбай.
ҚАНЖЫҒАЛЫ ШЕЖІРЕСІ
[Жанарыс - Қарақожа – Арғын - Ақсопы - Қанжығалы - Ішпек - Қармыс - Бозым - Әжібай] Әжібай (Ажыбай), яғни егіз Сары. Әжібай: Қарабұжыр, Құдияр, Мұрат, Сары, Жәдігер, Қаратілес. Қарабұжыр - «Тентек Қанжығалы». Мұрат, Байболат, Айтуар, Көшпен (Күшпен), Әжіке, Дәнін. [Мұраттан]: 1.Құнан. 2. Дөнен. 3. Бестібай. 4. Алтыбай. 5. Жетібай. 6. Сегізбай. 7. Тоғызбай. 8. Сасық. [Арғын - Ақсопы - Қанжығалы - Ішпек - Қармыс - Бозым - Әжібай - Қаратілес - Өтеген -Елқонды - Қорлыбай] Қорлыбай, Қойлыбай, Жантай, Алмаш. Тентек Қанжығалының қарындасынан туған Ақкөл болысында. Елқонды қайдан шыққаны білінбеді. Сырым - Тоқсаннан - Қара: «Қысырау Қара» - атанады. Қысыраудан - Ақбалық, Азылаттар. Қарадан - Тегісбай (Текебай), мұнан – Жанқожа, мұнан - Сүгірәлі, мұнан Рысқұл (Ырысқұл). Жйбықтан - Самай, мұнан - Досым, мұнан - Тоқтауыл батыр. Мұнан -Малайсары батыр, мұнан - Тілеуғабыл, мұнан - Бесмолда, мұнан - Араб, мұнан - Афи (Ақы). Мұнан - Омар: жас жігіт. Сырым - Әбде батыр баласы: Байжан, Бекше (Биікше). Байжаннан - 1. Мұжық. 2. Әлтеке. 3. Қозыбақ. 4. Құдайқұл 5. Қасай (Қаптай). Бекше батырдан - Таупық (Тофик) батыр жалғыз, мұнан тұқым жоқ.
ҚОЖАЛАР ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
Күлік қожа диуана болған: Мәжізүп (мәшүріп) қатын-баласыз, үйсіз-күйсіз, қыжырытлік (тыжырыдлік) жалатта (қалатте) хыраятлардан болған. Заманындағы адамлар таһир әулиешілігін керген. Мұның заманында «Шоң бидің Қарақожасы» - деген әулие өткен. Сол Қарақожаның Бибісі (бәйбішесі) пұшпағы қанамай, перзент көтермей кешіккен. Жаздың күнінде Қарақожаның Бибісі кұрт қайнатып, бір ошаққа құрты қойылған соң, қазанын түсіріп, өзі шаршап, сілесі қатып, шалқасынан жата қалыпты. Ұйықтап қата қалыпты. Күлік диуана шап беріп, үстіне мініп алып, бетінен бір сүйгенде, қатын бар күшімен шалқасынан итеріп теуіп жібергенде, диуана жерошаққа жығылып, үсті күйіп, көлге қарай жүгіріп, ит қуып, азан-қазан суға барып түсіп, жаны қалыпты. Артынан Қарақожа естіп, қатынына ұрсыпты: − Жұрт мені әулие дейді. Мен әулие емес, бұл әулие еді. Бекер қылған екенсің. Ол неше сүйсе, сонша бала болатұғын еді. Енді жалғыз-ақ сүйген болса, бір бала табасың да тұрып қаласың, - депті. Айтқанындай, бір бала тауыпты да тұрып қалыпты. Ол бала һәм диуана мызажы болыпты. Қожалық қылып келгенде, заманындағы жұрт көріпті. Қолына түскен малды сояды да, жұртқа үлестіреді. Сол малдың етін жеген есіне ие болмайды. Нәзірді гулетіп бере бастайды. «Бір қойды сойса, жүз қой жиылып қалатұғын болды», - дейді. Күлік қожа. Бұл кісінің зиараты Ажы бойында Жүсіп ишан Байтоқ тамының солтүстігінде, төбенің ығында, айналасын орлаған тас мола. Басында сынтас бар. Ең төменгі жазық далаға қараған қара жолға жақын.
КӨП ҰЛДЫ БОЛҒАНДАР ТУРАЛЫ
Қожан тентек «Жүз ұлды Қожан» - атанамын деп, бала-шағалы, байы өлген жесір қатынды ала берген екен. Балаларының бәрін аяқтандырып, өсіріп: «Жүз ұлды Қожан» -атанған. Бұл бұрынғыдан бар сөз: «Жүз ұлды Қожан, отыз ұлды Байзақ». Және кіші жүзде: «Отыз ұлды Дастан, жиырма ұлды Суай, он алты ұлды Жоламан, он ұлды Еламан, он бес ұлды Тілеуімбет, он сегіз ұлды Бертіс. Қуандықта: тоғыз ұлды Аралбай, тоғыз ұлды Тоқбура, тоғыз ұлды Қиқымырза, тоғыз ұлды Бекайдар, Тінәліде: - тоғыз ұлды Түгелбай; Айдаболда - тоғыз ұлды Мамыт. Қожан Тентектің қатыны көп болған соң, ілуінен қашып ешкім қызына айттыруға батпай, қызының алды қырыққа келгенше күйеу алмапты. ... қырық қызы үйінде отырып қалыпты. Бір қатыны айтыпты: − Бір .... шақырыңыз. «Менің қызымды алатұғынның өз шешесінен басқа ... ілу қылушы» болмаңдар», - деген соң, бір жұртта он төрт қыз ұзатып, бәйбішесінің кенжесі Кенже тоқал бала қылып асырап алып, Қожан өлген соң, сол бала қара шаңырақты да иеленіп, Кенже тоқал иеленіпті. Сонда Торайғыр би Қаракесекке барғанда, Қаракесектің шешендерін сөйлетпепті. Шешен Байқараға да алып барыпты. Оны да екі айлануға келтірмепті. Қожан Тентектің Кенжесін де: «Шешен» - десіп, ылғи мақтасып жүр деген, сонымен сөйлестіруге алып барғанда, Кенже мырза үйде жоқ болып, Торайғырды әдейі тоқтатып, тостырып[ты]. Бір күндерде Кенже мырза үйіне келіп, Торайғыр бидің алдына шарт жүгініп, отыра қалып:
− Ай, Торайғырым, кінә не? - депті. − Айғыр кісінесе, үйірін шақырады ғой. Мен кісінесем, құдайдың құлын - Мұхаммедтің үмбеттігіне шақырамын: ораза ұста, намаз оқы, зекет бер ... асыңнан өсім, басыңнан пітір бер, - депті.
− Бәрін қылғанда, онда о[л] немең не қылады?! - депті. − Оның не қылатұғынын айтайын. Осы айтқанның бәрін орнына келтірсең, кінәнің ең зоры ... азы сексенде құтқарып алып шығады, - дегенде, [жа]была тұр-ақ жөнелді дейді. ...қылып жүрген жұмысының төбесінен түскен соң, үн жоқ, түн жоқ барып бүркеніп жатып қалыпты да, сол бойымен төсегінде жатып қалып[ты]. Міне, бұрынғылардың әулиешілігі - Торайғыр би ешкімнен [қайт]пай, аузына Құдай салуымен жасырын қылып жүрген... сырының, жұмысының үстінен түсті. Анау ұялғаннан жұрт бетіне қарай алмай, қорыққаннан, жүрегі жарылып ілездің арасында өліп кетті. Құдайдан қорқып, адамның ұялғанының белгісі - осы. Енді бұл Құдайдан қорыққаннан, адамнан ұялғаннан тақыты жоқ болғандығынан өліп кетсе: «Уа, Алла, ғалам жарылғандай ғой!» - деп, қашан зын қыламыз?! Бұған қарағанда, бұрынғының жаман іс қылғаны осы болса, бұ да әулие өлімінің өзі. Қаз дауысты Қазыбек қартайып, жүгі жетіп өлген екен. Далбада Қарағайлы бұлақты қыстап қалып, қыс ішінде өзінен күдер үзген соң, ел-жұртын шақырта кісі жіберсе, Бекболаттан басқа кісі келе қоймапты. Сонда арман қылған екен: − Бауырдың өті күйерлік, қатынның көті күйерлік күнде өлмеген соң, Күлтөбеде қалған кәрі саулықтың жемтігі есебінде қалдым-ау! - деген екен.
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК ЖАЛҒАСЫ
[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ - Күлік - Өтепберді - Ақыл - Жапалақ] Ақылдан: Жапалақ, Дербісәлі, Мырзакелді, Бейбіт, Айбас, бұл бесеуі- бәйбішеден. Қалмақ қызы Сұлымқарадан: 1. Қойкелді. 2. Жылкелді. Бұхарай Шәрифтің бас балуаны болған Қоңыраулы балуанды жыққан Қойкелді балуан - осы. Дулығаны бала күнінде Қойкелді балуан алып қашып келген. Атқа отырысы дулығадай болғандықтан, атын: «Дулыға» - деп атап кеткен. Ақыл, Бейбітті бәйбіше шаңырағына ие қылған. Айбасты Сұлымқараның қолына шығарып, соның шаңырағына не қылған. Айбастың өз кіндігінен үш бала бар: Байтемір, Бектемір, Жантемір. Дулыға балалары: Тоқанай, Топай. Тоқанайдан - Өтебай молда.
Бәсентиін шежіресі соңы [Жанарыс-Қарақожа - Арғын-Кенжесопы - Бәсентиін - Күшік] Сүйіндік, Тоқшора, Әлімбет, Алтай, Төртсары. Мұнан-1. Мұрат. 2.Танаш. 3. Рысқұл (Ырысқұл). Мұраттан: 1. Аралбай. 2. Байсейіт. 3.Жауқашар. 4.Жаубасар. Аралбайдан: 1. Тоқпан. 2. Ақпан. Байсейіттен - Барақ, онан Жабағы. Жауқашардан: 1. Сармырза. 2. Баймырза. Жаубасардан: 1 .Тілеуберді. 2. Қуат. 3. Саржан. «Төртсары - Тоқпан ұрпағымыз» - деді Ажмағын деген бір жас. Рысқұлдан - Шыңдауыл, мұнан: Қошқар, Мойнақ. Осы айтылғандардың қай ел екенін біле алмадық. Бұл күнде білдік - Бәсентиін: Төртсары, Иманның Төртсарысы екен. Арғын-Сүйіндік-Күлік тарауы [Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ - Құлболды - Күлік - Тілеуімбет] Тілеуімбет, Наурыз – бәйбішеден - Дәулет; тоқалдан: Сексен, Өтепберді, Данияр. Наурыздан - 1. Шобалай. 2. Шобай. 3. Ақай. 4. Түкей. Шобалайдан: Өміртай, Жаңабатыр, Ырысымбек (Ерсімбек), Мәмек, Ханкелді, Қарақұс, Шерін. Шобайдан: 1. Тәттімбет. 2. Байтөбет. 3. Жаманқара [Наурыз] -Ақайдан: 1. Санмырза. 2. Бекмырза. 3. Есбол. 4. Сейіт (Бейбіт). [Күлік - Өтепберді - Ақыл] Ақылдан: 1. Бейбіт. 2. Жапалақ. 3. Дербісәлі. 4. Мырзакелді. 5. Айбас. Өтепбердіден: Ақыл, Қошқар. Сексеннен: Рай, Райымбек, Қараша, Базар. Тілеуімбеттен: Айтқожа, Жаңабай, Күнту, Бесім, Қойтан.
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-АҚБУРА
[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ -Құлболды - Ақбура - Аққошқар] Аққошқар, Кенже, Тілеулі, Жетібай, Көкен. Жетібайдан -Есен тентек. Осы Ақбураға шатақ бір сөз бар. Рас-өтірігін бір Құдай біледі. «Бураның бір көзінің құнына алған бала екен» - деседі. «Сондықтан Ақбура атанған екен» - дейді. «Арқадағы Алтыбай, // Ақкісі мен Сеңгібай» - деп, өлеңге қосылған Қаракесек-Ордабай әкесі Ақкісінің моласы Шідертіде - Қарайғыр шатында, қасына Көсте, Қазыбай қойылған. «Қазыбайдың қара моласы - аталсын» - деп, Шоң би қойдырған. Ащы бойында Ақмола, Қаракесек ел[і] күздігүні көшіп келгенде, басына бүркіт байлап, асыранды түлкі байлап кеткен екен. Басқа жабдықлар да болса керек. Бір сыр бар: «Салтанатты хандыкі екен», -деп, аңыз қылысыпты. Басына тақтай қойып," атын-жөнін жазып кеткен екен. Мұнан бұрын бір естіп едім: «Анай тамын, Қожа қорығындағы Бертіс-Үкібай тамын, осы Ақмоланы - үшеуін бір кісі қалаған» - деп. «Жарылғап ұғлы Тастемірді де осы Ащы бойына қойылып еді» - деседі. Бұл Тастемір қожаның Темірқазық тарапында, өзен жағасында әлі күнге «Тас-темір моласы» - делінеді. Кейбіреулер: «Сары қыздары - «Қыз» - деген қыздың моласы екен» - деседі. Шідерті бойында Қожан шаты: «Қаракесек -Қарашорыңмын, // Құдайдан соңғы зорыңмын!», - деп сөйлеп жүрген Қожан тентек байдың кенжесі, әкесі жеті қатын алған. Жеті ұлдың кенжесі - Қожан тентек өзі он жеті қатын алған. Осы күнде үрім-бұтағы теңіз жағасында екі болысқа жақын ел.
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-ҚАРЖАС ТАРАУЫ
Қаржас-Алтынторы Өтебай байдың заманында келіп, ел ішіне сіңісті болып кеткен Тама-Есен-Қарағай Сүтей (Шоты) деген. Онан - Тоғызбай, онан - Жұмабай, онан – Ахмет – Кереге таста Жыландының түбінде Торпақ балаларымен бірге ауылдас. Асылдың әкесінің аты - Тоғызбай, шешесі - Назым-Тарақты: Сағал-Сапақ қызы. Боштай -Боштай болып тұрған күнінде сұлулығына қызығып, Асылды алпыс жылқы, он түйе беріп алған. Сондағы Асылдың айтатұғын өлеңі:
Ауылымның қонғаны Қарабүрген,
Сол Бүргенді паналап түлкі жүрген.
Сен мені алам дейсің, Әбушәке,
Қарауылдың Дәржаны иттей үрген.
Боштай марқұм өлген соң,Бәзіл алып, Исабек сонан туған.
Бұл Бақалбай да Қарашордың Шоры болса керек. Осы күнде тұқымы бай және болыс. Тотияның бауырында «Айдос» - деген төбе бар. Ол һәм Қаракесек және «Мыңшұқыр» -деген жерде «Қаракесектің қарамоласы» - атанған бір мола бар. Оны: «Бақал деген бай екен» - деседі. Әуелінде ағаш мола екен, ағашын «Әлжаббар» деген алып жаққан екен. Оның тұқымынан жалғыз-ақ Бейсекей деген бар. [Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Қаржас] Оразкелдінің бір аты - Қаржас. Үш қатыны бар. Үш қатыннан үш жалғыз: Алтынторы, Құлыке, Бегім. Құлыкеден: Ойым, Телі. (Ойымнан - Әлімбет, Ақша, Байболат). [Ескерту: Жақшаға алынған сөздердің үстінен сызу, яғни теріске шығару орын алған. Оны сызған Мәшһүр Жүсіп пе, жоқ кейінгілер ме, - бұл арасы белгісіз болғандықтан, жақша ішінде беруді жөн көрдік - Е.Ж.] Теліден - Анай. Анайдың қазақ қатынынан - Нияз; сарт қатынынан - Құл; қалмақ қатынынан - Жәдігер. Тәйтеке қызы Аққабақтан: Мырзақұл, Құдайқұл. Мырзақұлдан: Ақмырза, Баймырза, Жанмырза, Сатыпалды, Тәті, Наурыз. Ақмырзадан - Азнабай, онан: Тайжан, Сейтен. Тәті мырзаның бәйбішесінің аты - Баяу бәйбіше, пұшпағы қанамаған кісі. Тәтіден: Байкісі, Жанкісі, Күшік. Бәтіш тоқалдан -Мамыр, Шымыр (Шытымыр), Байқұлақ. Және бір тоқалдан: Садыр, Қарыке, Қарқабат. Бұл үш мырза Бұхардан келе жатып, әкесі Тәтінің балдызы Бейтіш сұлудың інісі Кішіқұтайды атып өлтірген. Сонан соң ағайынды үшеуі қорасаннан бір жұртта өлген, һұныз осы күнге шейін қорқақлық әсері (ашыры) тұқымында қалған. Исі қазақта Шорман тұқымынан қорқақ жан болмайды.
Күшіктен - Шорман, онан - Мұса, Мұстафа, Ғайса, Әужан.
Мұсадан - (Сағит, Оқас), Біләл, Жәминкеш.
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-АЙДАБОЛ
[Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ,- Құлболды] Құлболдының бәйбішесі Мақпалдан: Тұлпар, Күлік, Айдабол. Он үш жасында: «Айдабол би» - атанған. «Артың болса, Айдаболдай ұл тап», - деп, Мақпал бәйбіше айтқан. Сол Айдаболдың бәйбішесінен: 1. Жанқозы. 2. Малқозы, 3. Кенжеқозы. Ортаншы қатынынан: 1. Аққозы. 2. Бозқозы. 3. Қарақозы. Кенже тоқалдан: Қожакелді, Тайкелтір. Бозқозы дүниеде үш үй болмайды. Айдабол би Қошетерді (Қосжетерді) Тайкелтірге: «Енші орнына қара бауыр қылып ал!» - деп, берген. Қошетердің шешесі Шанышқылы - Қошетер (Қосжетер) батырдың қызы екен. Айдабол би нағашы атасының атын қойған екен. Шанышқылы сартқа (Жанқозы) бір атасы жуық. Қаңлы, Шанышқылы - Қатағаннан қалған ел тегіс ұста болғандығы бұл сөзді растайды (расталайды). [Айдабол-Жанқозыдан]: Қосқұлақ, Төлебай, Лапақ, Сары. Төлебайдан: Жолан, Еламан, Едіге; тоқалдан: Елкелді, Малкелді. Еламаннан - Мәулімберді - бәйбішеден: 1. Атан. 2. Жәуке. 3. Тұрсынбай. 4. Шонты. 5. Текебай, 6. Көрпебай. Мендібике – қарақалпаққызы тоқалдан: [7] Ботан (Бұтан), [8] Нұралы, [9] Жауқашар, [10] Бақбай. «Он ұлды Еламан» атанған. Атан жастай өліп, қатынын Жәуке алып, онан туған баланың атын Ізден қойып, онан Өтеміс туған. Өтемістен - Белгібай жалғыз. (Бұл тұқым құрыды Ахметбекте). Кенжеқозы жасында өліп қалып, қайыны Ұлы жүз - Қаратай батыр екен, қалыңдығы оң жақта қалған. Айдабол би: «Тайкелтірге қосамын» - деген соң, Жанқозы онысына көнбей, тетелес інісі Малқозының баласы Төлебайға (Толыбайға) алып беріп: Олжабай, Қожабай, Орман, Рысқұл (Ырысқұл) - төрт бала туған. Батыр Олжабай - Үйсін: Қаратай батырдың жиені. Қыс ішінде ұзатып келе жатқанда, жолда босанғаннан атын «Олжабай» - қойған. Үйсін-Қаратай батыр қызын ұзатқанда, Шанышқылы - Қошетер батырдың қызын қызының түйесінің басын жетектетуге берген. Жолда келе [жа]тып бала тапқан соң: «Бұған ат болуға қос жетер», - деп, атын «Қосжетер» қойған. Шешесінің аты - Бөктік, Қошжетер - осы. Олжабайдың қазақ қатынынан - Бектен, онан - Тоғай, онан - Түктібай, онан - Төлепберген. Тоғаймен туысқан: Көшімбай, Бекжандар. Қалмақ қатынынан - Дәулет, онан -Арыстанбай, онан - Жанқұлан. (Қарадүржан), Иманбек, Мұсабек. Дәудің шын аты - Есмұрат,Дәу - қатындар қойған аты. Мұныменен туысқан Досмұраттан -Омар. Иманбектен - Байбек, Жәнібек, Сіләмбек (Исламбек). Қырғыз қатыннан да тұқым бар. Қарақалпағы толып жатыр. Малқозыдан - Сары батыр, Төлебай (Толыбай), Жаманай, Байымбет. Сары батырдан - 1. Омар. 2. Байкелді. 3. Дәулен. 4. Майкөт. Омардан -Талтақбай, Құтаяқ. Байкелдіден - Алдаңғор, Қошай, Қаймақ, Маймақ. Дәуленнен: Кәден, Есімбек, Көнек. Майкөттен - Андамас. Аңдамастан - Дәу. Дәуден - Есберген. Толыбайдан (Төлебайдан): Олжабай, Құлжабай, Рысқұл, Орман. Олжабайдан: Бектен, Дәулет, Есенаман, Жалаңтөс, Өтебай. Қалмақ қатынынан: Есенаман, Жалаңтөс, Бұлан, Дәулет. Қазақ қатынынан - Бектен. Жалаңтөстен - Былшық, онан - Жүніс, онан - Рысбек, Әшірбек (Ашырбек).
ШЕЖІРЕЛІК ДЕРЕКТЕР
Қалмақтан барып, [Қаракесек ішіндегі]Қарсұн-Қыдыр батыр алып келген, баласының бодауына атын Орынбай қойған. Орынбайдан өсіп-өнген нәсіл - Орынбайдан бесеу: Нұрпей, Өмірзақ, Қарақұла, Құлыншақ, Тобышақ. Нұрпей баласы - Сәдірбек. Сәдірбек баласы - Ақжарқын. Ақжарқын балалары: Қошқарбай, Бимұрат, Әлмұрат. Өмірзақтан - Қуатбек, Құрманбек. Қуатбек балалары Қасымбек, Мұсабек. Құрманбек балалары: Биқадам, Байқадам, Сүйінбек (Сүйкінбек), Мырзағұл.
Тобықшақтан - Кәрібоз жалғыз, онан - Әбді жалғыз.
Ақжарқын сегіз ағайынды. Белқожа - Қарықбай баласы, Нұрпейдің – ең үлкені.
1915-інші жылында Әлмұрат Ақжарқын баласы бір қыс біздің қолымызда тұрып, жаяу келіп, ат мініп қайтты. Сол жылда өзі 38 жасында, жылы тышқан екен. Орынбай моласы[н] «Шошақ мола» - дейді: «Сарысудың басында, Бұғылы - Тағылы тұсында, жайлауда өліп, жайлауға қойылған» - дейді. Иа болмаса, олардың тұсында қонысы сол жер болған болса, ғажап емес. «Ақтау, Өртау бұрынғы заманда Қарсұн, Керней қонысы екен», - деседі.
Фатихалла, Сейфілмәлік, Андабай. 1. Балға. 2.Балта. 3. Бармақ. 4. Жарық.
Балға, Балта: мұның балалары - Андабай, Сандыбай - Балғадан туады.
Сандыбай баласы - Нұрекен, Қуанбай. Сейфілмәлік қажы. Сейфілмәлік балалары - Фазыл, Ахмет, Ғабдолла, Фатихалла, Рахметалла, Ғабиталла.
Нұрекен баласы - Мұқаш, Құнанбай баласы Мұқы - (Моқы), Мұқат.
Қыпшақ - Қаш (Қыш).
...Абай әкесінің аты - Махамбет, мұның әкесі - Кенжәлі, Кенжәлі әкесі - Сапар. Бұйдалы, Жансары, Баржақсы, Шайкөз (Шайкүз) - шешесінің аты - Торқа. «Жамансарының інісінің баласы» - дейді. Жамансары-Бураның әкесі. Бураның бейіті Қиғынанға (Кифінанға) жеті шақырым жерде тұрады. Жансарыдан - Қожа, мұнан - Игілік, Сүйіншәлі туады. Сүйіншәлі: Кенебай, Құттыбай, Өтеген, Бабалы. Кенебайдан - Жамансары, Боздақ тоғыздың [бірі]: 1. Байбөрі, 2. Қараман. 3. Жоламан. 4. Тасан. 5. Шаһбан. 5.Әзберген, б.Қожаберген. Жамансарыдан - Нұрекен бай, Балта, Балға, Түйте (Төйте), Әбдірахман, Ыбырайым, Біте, Жақып. Айдабол - Сары ішінде Бердігей (Бірдігей) деген бар. Нешеуі екенін өзі біледі. Бердігей -Тәуірбай етікшінің баласы. Ол Тәуірбай - Қондыбай баласы. Қондыбай - Аманжол баласы. Аманжолды Оразақ батыр қоржынға салып алып келіп, атын: «Аманжол» - қойған. Қарсұн - Кернейдің Қарсұнынан Қыдыр батыр шыққан. Қыдыр батырдың жас баласы қалмаққа олжаға түсіп кеткен. Соны Қыдыр батыр зерттеп (ызарттап) қоймай, қалмаққа жеті барып, жеті жас баласын алып келген. Сонан соң қалмақ елші жіберген: «Біздің балаларымызды алып келсін де, баласын алсын», - деп. Сонда Қайып төре деген төреден де бір жас бала қалмаққа түсіп кеткен екен. Қыдыр батыр мен Қайып төре балаларын танып алуға елдесе барған.
Сонда қалмақ жұрты айтқан: − Біздің қолымызда қазақтан олжаға түскен жалғыз-ақ бала бар. Қолына асықты жілік ұстатып орталарыңа жібереміз. Бала қайсыңа барса, соның ал, - деп баланы жібергенде, бала Қыдыр батырдың тізесіне келіп отырып алған. Қыдыр батыр сол баланың атын Орынбай қойған. Өз баласы болмағандығына дәлел осы - Орынбай деген аты. Неге десең, «Баламның орнына келді», - деп, атын Орынбай қойғандығы. − Бұл баланы алатұғын жол менікі еді. Төре тұрғанда, қара алушы ма еді?! - деп, Қайып төре, - Маған байламады! - деп, ауып көшіп кеткен. Осы Орынбайға мен жала жабамын. Біздің шешеміздің қалмаққа тірі тастап кеткен бала -осы. Қалмақ балаларын қайтып алу үшін, Қыдырды рас қылу үшін, Қыдырдың баласының орнына берілгендіктен, атының Орынбай қойылғандығы. Осы күнгі Орынбай ұрпағы мен біздің Бесімнің ұрпағын таразыға салып өлшестіріп байқаса, қалыпқа құйғандай мінездес.
Біздің бұрынғы Күлік қариялары айтқан екен: − Бесімнің ең жаман деген біреуіне бір нәрсе десең, қолынан дәнеме келмегені бір жылға шейін есігіңнен қарамайды, - дескен екен. Беклік мінезі, абыздық, тақуалыққа келгенде де, бұл Бесімнен шыққан абыздар, тақуалар қатты сүйек болып, дүниеге мойны бұрылмайтын болып шығады. Дінқұмар, оқуқұмар шалдіріктігі[нің] өзі бір жын есепті. Олар тірілерін білмейтұғын, беті бұрылмайтұғын да бар. Орынбайдан өрбіп, өсіп-өнген жандармен мұндағы Бесім ұрпағын шамаластырып, салыстырып қарап едім. Жалғыз-ақ Тобышақ болғаны табылмады. Өзгесі түгел мінездестігі қалыпқа құйып қойғандай. Бұл Тобышақтың артына айдаһар түссе де, арыслан (арыстан) түссе де Тобышақ бұрылып артына жалт қарағанда, бұғып жатып қала береді екен. Айдаһар да жоқ, арыстан да жоқ заманда бір бала туды. Отыз үште өлді. Мұның көзіне де ешкімнің көзі шыдамаушы еді. Орыс ұлықтарының алдына барып сөйлегенде: − Ай, өзің арырақ тұрып сөйлеші. Көзің өтіп барады ғой, - дегеннен басқа сөз айта алмайды екен. Аты - Мұхаммедәмен Мәшһүр - Жүсіп ұлы. Орынбайдан - Нұрпей (Нұрфи), Нұрпейден -Садырбек, Садырбектен - Ақжарқын, Ақжарқыннан - Әлмұхаммед. Ақжігіттен - Сермұхаммед, Сермұхаммедтен - Көпей, Көпейден - Мәшһүр Жүсіп. Мәшһүр
- Жүсіптен - Мұхаммедәмен, Әлмұрат Ақжарқынның кенжесі де Мүхаммедәмен. Мәшһүр - Жүсіптің ортаншысы - Мұхаммедәмен Әлмұрат екеуі жылдас шықты. Жылдас та екен, жындас та екен.
Бұл Мұхаммедәмен 1921-інші жылы 18-інші июньде Ташкент шаһарында 14-інші интернатта мұғалім болып тұрған күнінде дұшпанның пышағынан қаза тапты 33 жасында.
Қойлыбай - Шағырайдың Шағырайынан туған Үмбетей өз ағайынына өкпелеп: − Айдабол - Күлікке ауамын. Құлнияз Бабырға барып қоңсы қонамын, - дегенде, бір қария айтқан екен:
Бұ барғаннан барарсың,
Құлнияз бен Бабырға.
Сыйласа қояр сындырмастан қабырға!
Сұлу қызың бар болса,
Бозбалаға жағарсың.
Жүйрік атың бар болса,
Барымтаға жарарсың.
Сен Үмбетей - Жәнібек едің,
Күнінде ел көшкенде,
Құлнияз бен Бабырдың
Түндігіне қарарсың ! – деген екен.
Сонан соң Үмбетей көшпей, тоқтап қалған екен.
БӨЛТІРІК СӨЗІ
Бір ханның жалғыз баласы өлгенде, Асан қайғының айтқан көңілі [19].
Ноқталы басқа бір өлім,
Ақыр бір күн келмей ме?
Ажалдың соқса дауылы,
Өмірдің шамы сөнбей ме?!
Қанша күн сақтап тұрғанмен,
Сұрай келсе Иесі,
Аманатты бермей ме?!
Енеден туған шырқырап [20],
Біткен соң ажал өлмей ме?!
Құдайдың қылған ісіне
Жаралған пенде көнбей ме?!
Шариғаттың шын сөзі
Құлақ қаршын қандырар,
Ғалымлардың хақ сөзі
Өлгеніңді тірілтіп,
Өшкеніңді жандырар!
Дос көтерер көңілді,
Мал көтерер өлімді,
Бекем бу, тақсыр, беліңді!
Мұңайтпа баққан еліңді,
Жүйрік мін де, сұлу құш,
Болсын десең көңіл хош,
Ал, [сірә] менің тілімді! [21]
АРҒЫН-БЕГЕНДІК ТАРАУЫ
[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік] Нұрфая бәйбіше кенже баласы Сүйіндікті, Қаржасты, Бегендікті, Шегендікті - төртеуін бала қылып, төртеуіне қатын алып беріп, енші беріп, сол төртеуін: «Төртуыл» - деп атаған екен. Бегендік өлген соң, қатынын Сүйіндік алып, Оразкелді Бегендіктен туып қалған бала екен. Сүйіндік алған соң, онан Суғыншы туады. Оразкелді, Суғыншы[ның] ана[сы] бір, ата[сы] басқа. Екеуі бір кісінің баласындай ауыз жаласып тату-тәтті болып өседі. Оразкелдіге қатын алып беріп, енші берген - Сүйіндік. Суғыншының балаларының аты: Шуманақ, Мәжік, Оразкелдінің балаларының аты -Тәңірберді, Сәрік. Тәңірбердінің үш баласы бар: Ораз, Малқар, Жолым (Жұлым) сопы. Сәріктің балалары - Қожамберді, Тоқтас, Қожакелді. «Қозған» - деген кісі аты жоқ, қозғала берген соң, «Шіркін, қоза берді ғой!» - деп, «Қозған»- қойған екен. Сүйіндік өлген, соң, Оразкелді, Суғыншыны тапқан қатын - Темешке тиіп кетіп, онда да бала тауып, ол бала да өсіп-өніп ел атанады. Жас кезімізде Темеш (Тимеш) ортасында қариялары айтып отырғанын естіп: «Бір қатын осындай үш-төрт елді өсірген!» - деген сөзді. Бұрынғыдан қалған сөз бар: «Қозғанның қозылы-қойлық залалы болады» - делінген. Қожамбердінің балалары: Байназар, Есназар, Қозыбақ. «Сарғыз» - деген - Тоқтастың тоқалының аты, оның балалары: «Сарықозған» - атанады. Елтізер (Елтызар), Шөлен (Шолын), Молдақияқтар, Өтетай, Таласбай. «Тәңірберді тауып алған бала» - дейді. «Сондықтан аты Тәңірберді қойылған», - деседі. Бұрынғылардың: «Ораз түбі - Үйсін» дейтіні осындай болғаннан айтылса керек. Қозғаннан бір келіншек қатын қалмаққа олжаға түсіп кетіп, соны Малқар іздеп барып алып келіп, қатын қалмақтан екіқабат жүкті болып, мұнда келген соң, ұл тауып, «Қалмақшы» - сол бала», - дейді.
НАЙМАН ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
Бөкейхан әкесі Барақтың айтып ұнатуымен Сарыарқаға келген.
Жанқабыл, Дөңгелек, Тілеуқабыл, Баян - Бөкейханмен бірге келгендер, Тоқатай тұқымынан тараған адамдар... Жоғарғы Байсұйықтың төрт баласы: 1. Жанқұлы. 2. Мыңдыбай (Меңдібай). 3. Төбет. 4. Ақбелбеу. Бұл төртеуімен асыранды Қарамолда нәсілі «Семіз Найман» - атанды. Жоғарғы Матайдың үш баласы: 1. Аталық. 2. Кенже. 3. Қаптағай.
Аталықтың қатынының аты - Қызай. Мұның атыменен тұқымы «Қызай» - атанды:
Білсең, Қызайыңмын,
Білмесең, Құдайыңмын, - деседі.
Саржомарттың бәйбішеден - Қаратай, Уақ қызы Торқа деген тоқалынан: Бұйдалы, Жансары, Баржақсы, Шайкөз. Саржомарт жорыққа кеткенде, бұл тоқал «Шапшаңшыл тоқал» - атанған мінезінен төрт баласын алып, Уақ ішіне келген. Сонан Саржомарт келген соң: «Қатын баласын алып қайтамын», - деп шыққан жолы ауырып, жолдан қайтып, сол аурудан құтылмасын білген соң, балаларына өсиет айтыпты: − Менің таңбамды салакөрсін! - деп. Балалары сол таңбаны салыпты. Сол бойымен Уақ ішінде «Уақпыз!» - деп қалыпты. Саржомарттың асыранды баласы - Бура. Бұл Бураның бейіті Киғытанға жеті шақырым жерде тұрады. Жансарыдан - Қожа, мұнан: 1. Игілік. 2. Сүйіншәлі. Бұл Сүйіншәліден: 1. Кенебай. 2. Құттыбай. 3. Өтеген. 4. Бабалы. Кенебайдан - Жамансары, Жамансарыдан - Нұрекен бай, бәйбішесі Бөкенай - Текей қызы, Жаңабатыр немересі. Мұнан туады: Балта, Балға, Түйте, Әбдірахман, Ыбырайым; тоқалынан - Біте, Жақып. Оттың басына, көгеннің қасында жататын күңнен туған: Манасба[й], Жарасбай. Онан -Үзілген (Өзліген), Қожахмет молдалар. Кенебайдан тоғыз туады: 1. Байбөрі. 2. Қараман. 3. Жоламан. 4. Тасан. 5. Шабан. 6. Азберген. 7. Қожаберген. 8. Жамансары. 9. Боздақ.
ҮЗІК ШЕЖІРЕЛЕР
«Жалғыз үйлі Керейміз»- дейді. Дүйсен, Таймас - Молақ баласы. Молақ - Сырлыбай баласы. Томан, Дүйсен - Таймас баласы. Томаннан-Қиқым - Қиқымнан-Сәмекбай, Сәмекбайдан: Оспан, Теміржан. Теміржаннан-Қоржын. Қоржыннан - Шалабай - бір жасар бала - Тереңкөлде Сәмек ішінде өсіп-өніп отыр. «Әуелі Дегелеңде, Қызылтау, Баянауладан Шақшан елінің ішінде Қанжығалымен ауылдас, Бесшоқы маңайында болған екенбіз» -дейді. [Арғын - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ - Кұлболды - Күлік - Өтепберді - Ақыл - Дербісәлі]. Дербісәлі балалары: Қаржау, Нұржау, Олжас, Мырзас, Құдас. Қаржаудан: Әнен (Анын), Байты, Байкөншек, Жанас, Байсақал; қалмақ қатынынан - Қозыбақ; бір қатыннан - Байқабыл. Байкөншектен: Көжек, Бажыр, Сағынай. Көжектен - Еңберді (Екіберді), Жақсылық. Сағынайдан: Жаманқұл, Мұса. Мұсадан - Оспан. Мұның балалары: Біләл, Хамит, Мәжит.
Көтеш ақын айтқан:
Дереке, жолдас болдым Олжашыңа,
Қайрылмастай жан екен жолдасына.
Байлау да жоқ сөзінде, матау да жоқ,
Қол ап кел Олжашыңның оңбасына!
Айтқанындай болды деседі. «Дербісәлімін» -
дейді. Ғабдығалыбек Балта баласы, мұның өзі - Ербай баласы. Бұл Ербай - Жанкөт (Жаңұт) баласы. Бұрынғы қазақта үш түрлі жат мінез болған: бірі - мырзалық, бірі - тентектік, бірі -салдық. Осы үшеуі де дүниені керек қылмағаннан, өздері мейлінше жұрт асқан бай болғандықтан. Сонда сол байлықтың мастығымен адам қылмаған жұмыстарды қылғандықтан болған. Өзіміз естіген мырзалықтың алды - Малай: Жәдігерден шыққан: Байкелді, Бостан екі ағайынды мырза болған. Бұрынғы қариялар батасына қосқан екен. Сонан аңғарғанымыз: бұрынғылар бата қылғанда [22]... - дейді екен. Абылай мен Данияр билігі: бірі - Арқада хандық қылған, бірі - Бұхарды билеп дәуір сүрген. Қойкелді - Қаракесек - Байбөрі деген табынан шыққан. Сақау - Тоғжанның өлеңінде бар:
Әкесі әкеміздің - Жаңылды бай,
Салғанда қара өлеңге көңілім жай.
Бес тауда қойы сыймай толықсиды,
Бір шеті Дегелеңде Қойкелді бай.
Қойсоймас о да - Қаракесек: он алты ұлды Жоламанның баласы. Баймұрын мырзаның әкесі - Тоқа - Алтай - Тоқаның Тоқасы. Ақыл - Күліктің тоқалының баласы. Өмірінде тұқымынан байлық арылмаған. «Құлпы» - дегені Жерұйықтан жібек көген алған екен. Заманындағы жұрт соны көзінен көрген екен. Құлпырып тұрған соң: «Дүниенің құлпы екен, Мұның үрім-бұтағынан байлық кетпейді» - делінген сөз халық аузына ілінген екен. «Қара мал жылқы малды таппай ма екен, // Қойы бар бай Қуанның он екі мың» - делінген. Қуан бай осы тұқымнан шыққан. Боқты - Қанжығалы: Әжібайдан шыққан. Ол заманда Бұхар, Ташкент сарты Арқаға адам көрмеген бұйым алып келеді. Бір белбеулігі - жүз қой. «Мұнша қымбат, мұныңды кім алады?» - деген қазаққа: «Абыз, Шумақ - Боқты алар, // Басқа қазақ боқты алар», - деген сөз мақалдай боп қалған. Боқтыбайдың жалғыз баласы Добал жұрттың бас қосатұғын бір жиынына қырық сабаны қымызға толтырған екен.
− Бас қосатұғын кеңес қайда болады? Хан кімдікіне түседі? - дегенде. − Қырық сабаны қымызға толтыруға шама-шарқы әбден келетұғын үйге түсу керек, -дегенде, сонда Боқтыбайдың жалғыз баласы Досбол: − Біздікінде болыңыз, - деп, бір күнде қырық саба толтыруға мойнына алыпты да, оны қырау құрлы көрмей, толтырыпты. Отырған жері сонда Баянаула тауының солтүстігі, Жасыбай асуының аузы. Шала осы күнге шейін сол жері «Добал жұртты» - атанып қалған. Айдай әлемге білікті (билікті) болғандығы сонша. Байкелді, Бостан «Айтқожаның алтауы»- атанған. Жауғаш, Биғаш, Мырзалы, Мырзас, Байкелді, Бостан - алтауы да әйдік болып ауызға ілінген [23]. Тентек жайын біраз сөйлейік [24]. Қаракесек, Сүйіндіктен екі тентек шыққан: бірі - Қожан тентек, бірі - Ақбура - Есен тентек ...Еламан баласы - Тұрсынбай [25].
ҚАНЖЫҒАЛЫ-ЫРҒАҚТЫ ТАРАУЫ
[Жанарыс - Қарақожа, - Арғын - (Момын деген тоқалынан) - Ақсопы - Қанжығалы] Ерте заманда жалғыз түйемен жүріп саудагерлік қылған бір сарт болыпты. Түйесіне мініп, алашаға буып алған ұсақ - түйегімен ана ауылға да, мына ауылға да танымал болып, «Ырғақты» - атаныпты. Сонда Қанжығалының бір қызы жасырын жұмыстан еркек бала тауып, баласын шөптің ішіне жасырып тастаған жерінен жұрт тауып алып: «Бұл бала қайдан пайда болған бала?» - деп сұрағанда, Ырғақтыдан болғандығы білінген соң, баланың атын: «Шөптеміс» -қойып, қызды Ырғақтыға қосыпты. Және Ырғақтының өзі Қаракесек ішінде Байбөрі деген елден бір қыз алып, Қанжығалы қызынан туған - «Шөптеміс», Қаракесек қызынан туған «Ырғақты» атында қалып, осы күнде «Ырғақты», «Шөптеміс» - деген ел болды. Түбі-тегі үш жүздің баласы қазаққа қосылмайды, қадуілгі сақалы қаудиған сарт. «Пәлі, Төлебайдың» заманында Ырғақты, Шөптемістен шыққан бір жігіттің аты «Төлебай» - екен. Бай болып, заманындағы қожаға нәзір, ниязды үсті-үстіне төпелеп бере бергендігінен, қожа «Ыстықмұрт»- деп атап, сонан «Ыстықмұрт» атанып кеткен. Кеше Мұса, Секербай заманындағы қ ариялар бәрі де: «Ырғақты, Шөптеміс» - деп қақсап кеткен.
Ыстықмұрт Айдабол ішінде кірме бұратара.
АРҒЫН-БЕГЕНДІК Т.С.С. ІШІНДЕГІ КІРМЕЛЕР
[Арғын – Құтан - Мейрам – Сүйіндік - Бегендік (Қозған)]. Шеттен келіп ел болған Қозған ішінде де бар. Қозған - Қожамберді: Тоқтастың Тоқтасының бәйбіше балалары Есіл бойында. Тоқтастың тоқалының аты - Сарғыз. Бұл «Сарғыз - Қозған» - Есіл бойында да бар, Қызылтауда да бар. Қожамбердіден үш бала: Есназар, Байназар, Қозыбақ. Осы күнде «Қозыбак-Шолақ» - дейді. Шолақ қайдан қосылған?
Бұрынғы қариялардың айтуы: «Шолақ - өзі Кіші жүз, түбі-тегі Рамадан екен. Атадан туғанда, жеті ағайынды екен. «Жетеу болса, жеті ит» - атанатұғын бұрыннан бар сөз. Бесеуі бірыңғай, екеуі бірыңғай болып, екі айрылып кеткен екен де, сонда екеуі бірыңғай кеткеннің аттары: «Айдар», «Шолақ» - екеуі екен. Ағасы Айдардың қатынын Шолақ бауыр басып кетіп, бармақтың көлеміндей нәрсеге бола ағасы Айдарды Шолақ өлтіріпті. Сонан соң жеңгесі өкпелеп, бұған тимей, сартқа тиіп кетіп, ол сарттан бала тауып, атын Айдар қойыпты: «Байымның атын жоғалтпаймын» -деп. Жұрт құлақтанып, біліп қойып, өзін өлтіретін болған соң, Шолақ зым-зия жоғалып, Арқаға қашып кетіп, Қозыбаққа келіп сіңіп, қатын алып, мал малданып, жан жанданып: «Қозыбақ - Шолақ» - атанып кеткен. Айдай әлемге аты шыққан Алдар көсе Рамаданнан шыққан. Бұрынғылардың аузында мақал болып қалған: «Рамаданның өлген өлігі жеті кісіні алдаған» - деген сөз. «Құлақ кәрі, бой жас» - деген бұрынғының сөзі. Мен өзім айта білген, шежіре болған бұрынғының көне қарияларына көп сөйлестім. Қаракесек ішінде Бердәлі қожа, Қанжығалы қарт Бөгенбайдан шыққан Саққұлақ - сондай жұрт аузына: «Шежіре» - аталған қариялардан естіген сөзім. Кітап болған шежірені сұрасаң, Хорезм, Үргеніште болған Әбілғазы (Абуалғазы) хан шежіресін құрттайымда көрдім. Рузтасыпа, Тібәрмилер, Шахнамаларды - бәрін ақтардым. Түркі уалаятынан шыққан Мерғалы Шырнызамдин, әмір Науайының «Хамса Науайы» -күллиаты қолымда. Ұлан (олан) жасымнан Мұса мырза Шорманов, Бұхарай Шәрифтен хәтімгерде болып шыққан Қамар хазіреттің мәжілісінде сәжітінде ғұмыр кешірдім.
Мұны жазғаным мақтан емес, ақтан. Алхам диллә, шүкір, құдая, шүкір!
АРҒЫН-ҚАРЖАС ТАРАУЫ
[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам - Олжакелді (Қаржас)] «Толыбай ұранды Қанжығалы» - дейді. Сол Қанжығалыға ұран болған Толыбай сыншы заманында бір жаққа жорыққа бара жатып, бір көлдің басынан бір тірі еркек бала тауып алыпты. Аяғын апыл-тапыл басқан, тілі шықпаған баланың мойнында алтынды айкіл шұбар төсі бар екен, асулы ішінде бір алтын сақа бар екен. − Өзіміз жолаушы, өзі қысқа қараған суық күн. Бұл қиын болды-ау! - деп дағдарып тұрса, көз ұшында бұлдырлап қара-құра көрінген соң, соған келсе, түйе екен, бақташысы бар.
− Бұл кімнің түйесі? - десе:
− Нұрфая бәйбішенің түйесі, - деген соң,
− Менің атым - Толыбай. Мына бала жолдан тауып алған олжам. Мойнындағы - баланың өзінікі, Нұрфая бәйбішеге байлағаным. Екі баласына серік қылып, асырап алсын, - деп, түйешіге беріп кетіпті. Сонда түйенің үстінде жабуы бар екен. Басын қылқитып, түйенің өркешіне тығып, ауылға алып келген соң, Нұрфая бәйбіше:
− Бұл өзі олжалы келді, Олжалдым , - деп, атын Оразкелді қойыпты. Сонда Нұрфая бәйбішенің өзінен туған екі бала: бірі - Қуандық, бірі - Сүйіндік. Қуандық марқа туған екен де, Сүйіндік кенжелеу туған екен. Қуандықтың алты ұлы ат арқасына мінгенде, Сүйіндіктің отауы сонда түссе керек. Қайыр, Қуандық енші алысқанда, Оразкелдіге таласады: «Еншілес қылып, қара бауыр қылып аламын!» - деп.
Сонда Нұрфая бәйбіше: − Екеуің таласпас нәрсеге таласпаңдар. Мұның өзінің алтын сақасы бар. Соны алып берейін. Жүз асықтың ішіне салып қаржысыңдар да, алтын сақа қайсыңның қолыңа тоқтаса, мұны солайша алыңдар, - деген соң, Қуандық, Сүйіндік асық қаржысқанда, алтын сақа Сүйіндіктің қолына тоқтапты. Қуандық тұрып үлкендік зорлығын қылыпты: − Мен жалаң қаржысқанға тоқтамаймын. Алтын сақаны иірісіп, алайық. Бүкесі де менікі, шікесі де менікі, алшысы да менікі, тайкесі де менікі, оңқа түссе, сенікі, - деп, Қуандық өзі иіріп жібергенде, оңқасынан дірілдеп тұра қалып, сонан Оразкелдіні Сүйіндік алып кетіп, өзіміз Нұрфая бәйбішенің қойған атымен «Оразкелді» - дейміз де, басқа ел: «Асықтың қаржуына келген», - деп, «Қаржас» - атанып кеткен себебі - сол. Бұған дәлел - Құдай рахмет қылсын, Төртуыл - Қаржастан шыққан Шорман бидің бір сөзі. Кеше жаңа көз алдымызда - өткен заманда Ереймен тауына Қанжығалы мен Қаржастың тартысы болып жүрген күнде Ерейменде «Шуақтың ақ Шоқысы», - дейді, «Торғынбай шаты», - деген жерлер - Қаржас қыстаулары. Қанжығалы мен Қаржастың екі ұдай төбелесі болып [26], сонда Боштай Шорманға болысу үшін қырық орыс алып шығып, орыс атып, Қанжығалының жеті ері өлген қасқа жайсаңынан. Қазақтың орысқа жаңа қараған кезі, ол күнде қазақты орыс еркімен ұстап тұрған күні. − Бұрынғы өздеріңнің ғұрып-әдеттеріңмен (ғадаттарыңмен) бітіңдер, - деп, орыс жарлық қылған соң, Керей, Қанжығалы бірыңғай, Айдабол, Қаржас бірыңғай екі жар болып бітімге бас қосуға уәделескен (уадаласқан) соң, Шорман Шоңға келді:
− Керей, Қанжығалыға бітімге жүріңіз, - деп.Сонда Шоң би айтты: − Екеуміз бірдей бармайық, сен өзің бар. Екеуміз бірдей барып, бітіп-тынып келсек, дұрыс-ақ. Жараса алмай, бітіп тына алмай қайтсақ, ісіміз басқаның аузына қарап кетеді ғой. Сен өзің барып бітсең, біттің. Бітпесең: «Үйде Шоңым бар» - деуіңе жақсы ғой. Керей, Қанжығалыда қазақ тілін түгел білетұғын жалғыз-ақ - Тұрлыбек. Ол өзіңмен Құдай дескен құда, құшақтасқан дос. Сенімен қарсыласып сөйлеспейді. Онан соң Нұрхан төре: оның сөзі де ар жағында көзі бар бұлақтың суындай емес, жазғытұрғы қардан іркілген қақтың суындай үш күнгі ыстықты көтере алмай, суалып қаларлық. Бұрынғылар айтқан: «Момынның ақылы үш күндік» - деген. Үш күн сөзден талдырсаң, үш күннен соң, Момынның аузына: «Өзің біл» — дегеннен басқа сөз түспейді, - деп, - «Өзің білге»» - бір келген соң, кісіден сөз үйренетұғын сен емессің де?! Үйде Шоңы бардың, түзде Шорманы бардың арманы бар деймісің?! Бар, жүре бер, жолың болсын! - деп, қоя беріпті. Шорман соңынан ерген: Айдабол, Қаржас тобымен Керей, Қанжығалыға бітімге барыпты. Ол күнде Қанжығалының биі - Бапан мен Сасық би, төресі - Нұрхан төре. Керей, Қанжығалы өзді-өзі кеңесіпті: − Бітімге шығуға Төртуылдан кімді аламыз? - деп, - Шоңы келген жоқ, Шорманнан басқа кімі бар? Шорманды аламыздағы, - депті. − Өзіміз Қаржаспен даулымыз. Қаржастан қалай аламыз? «Қарына тартпағанның қары құрысын!» - демеді ме? - десіпті. Сол күнде Әжібайдан (Ажыбайдан) шыққан Сүгірәлі абыз деген кісі бар екен. Сол топта болған уақытында жасы жүз жиырма бесте екен: − Шорман баланы маған оңаша шақырып беріңдерші! Мен оның әділ ме, әділ емес пе сынайын. Бұрынғылардың сөзі бар еді: «Әділ биде ата жоқ, тура биде туған жоқ» - деген. // Туғанына бұрған биде иман жоқ» - деген. Мен Шорман баладан ата-тегін сұрайын. Егер Шорман бала әділ болмаса, бұрақтатып, Қаржасқа ата табар. Шын әділ болса, Қаржасқа ата таба алмай, дағдарып тұра қалар. Оның турашылдығы осымен танылады, - деп, Сүгірәлі абыз бір төбенің басына оңаша шығып: − Шорман бала маған жолығып кетсінші! - деп, шақыртып алып, қасына келген соң сұрапты:
− Осы, Шорман бала, сенің әкеңнің аты кім? - депті. − Менің әкемнің аты - «Үшқасқа» - атанған Жанкісі, Байкісі - Күшіктің Күшігі, - депті.
− Күшік әкесі кім? — дегенде,
− «Мырзағұлдың алты ұлы атанған» - Сатыпалды - Тәтидің Тәтиі, - депті.
Тәти әкесі кім? - дегенде,
− Құдайқұл, Мырзағұлдың Мырзағұлы, - депті.
− Мырзағұл әкесі кім? - дегенде,
− Анай, - депті.
− Анай әкесі кім? - дегенде,
− Телі тентек, - депті.
− Телі тентек әкесі кім? - дегенде,
− Алтынторы - Құлыке - Бегімнің Құлыкесі - депті.
− Құлыке әкесі кім? - дегенде,
− Қаржас, - депті.
− Қаржас әкесі кім? - депті. − Уай, абыз-еке-ай, бұрынғының айтқаны қайда: «Өзен тұрып, өзге жерге қонған нәмірд, // Өзі болған жігіттің түп атасын сұраған - пәмірд» - деп. Қаржастың әкесін де с...н, оның әкесін сұрағанның тап аузын с...н! - дегенде, Сүгірәлі абыз қарқ-қарқ күліп: − Пәлі, Шорманым, жарайсың! Пәлі, Шорманым, жарайсың! - деп, арқаға қаққан екен. -Сені жұрт: «Шорман бала» - деп, білмей айтып жүр екен: «Шорман бұлбұл» - деп атауға дөп туған ұл екенсің! - деп, тобына айтып барыпты. - Қара қылды қақ жаратұғын әділ екен. Шорманның өзін алыңдар! - деп. Сонан Төртуылдан Шорманды алып, Керей, Қанжығалы болып, Нұрхан төрені: «Шорманмен айтысып, тартысуға осы жарайды», - деп, екеуін оңаша шығарған екен. Екеуі үш күндей оңаша шығып сөйлесіпті. Осылай біттік, тындық деген сөз жоқ. Сөйлескендерін білген жан және де жоқ. Төртінші күн болғанда бұлардың үш күн ұдайымен не сөйлеп, не қойғанын есітпекші болып, жұрт басын қоспақшы болған жеріне «Шорман бұлбұл» алдымен келіп, жұрт: «Былай шық!» - десе де, төрге шықпай босағаға оқтай болып отырып алыпты.
Бір мезгілде Нұрхан төре кіріп келгенде, жұрт: − Алдияр, тақсыр, - деп, ду түрегеліп (тұра келіп) жатқанда, босағада отырған «Шорман бұлбұл» Нұрхан төренің етегінен шап беріп ұстай алып: − Соқыр түйеше аңқаңдап қайда барасың? Отыр мына менімен бірге. Кеше төбенің басында өзді-өзіміз бітіп - тынсақ, бүгін төрде отырып, қандай мазаттанып сөйлер едік?! Көп ортасына екеуміздің бітіп-тынып келмеген жазамыз: екі босаға - екі даугердікі, төр-төре айтқыштікі. Менімен бітіп, тынбай, төрде не ақың бар? - деп, қасына отырғызып алыпты. [Жұрт]:
− Сөз сөз-ақ, пәлі, Шорманым, пәлі! - десіпті.
− Не сөйлестің, не дестіңдер? - депті.
Сонда Шорман бала айтыпты:
− Төре: «Өзің біл!»- дейді. Мен өзім білсем: «Жеті еріңнің құнын алып, Ерейменнен күллі Қанжығалы шығып кетсең де өзің біл. Жеті ерің құнсыз, Ерейменді түгелімен алып қалсаң да, өзің біл!» - дедім, - деген соң, − Бұ да сөз-ақ екен, - деп, Қаржас Ерейменнен қол жуып шығып, Қанжығалы «Ерейменді түгелімен ал!» - деген сөзге тойып қала беріпті. «Қаржастан жеті қыстау - дейді, -кеткені». Қара сөздің дәлелі - ақындардың өлеңі. Қаржас - Талас деген табынан шыққан Елтай деген ақын мен Қанжығалы - Жеті ру - Қоскелді деген табынан шыққан Досан ақын екеуі айтысқан Қанжығалының қалың ортасында.
Сонда Досан ақын айтқан:
Ұры Қаржас деген соң, ұры Қаржас,
Жан торсығың жаныңда, сірі,Қаржас.
Жаз жіберген көбенді күз қоймайсың,
Тұқымың мұнан жаман құры, Қаржас!
Онда Елтай ақын айтыпты:
Керей менен Қанжығалы сен емес пе ең,
Байлаулы бұзауыммен тең емес пе ең?!
Кешегі жеті еріңді құнсыз қылған
Балам-ау, әкең Қаржас мен емес пе ем?! –
дегенде, Қанжығалы:
− Мынаның өзін өлтіріп, өртеп жіберу керек! - депті.
Өйткенмен: «Ер екенің білейін, // Ел өлтірші көрейін!»- деген бар емес пе?! Өлтіру қайда, өртеу қайда?! 1915-інші жылында екінші ноябрьде, 1332-інші хижраның сегізінші махирам дүйсенбі күнінде қоян жылының жазы өтіп, қысында жазылды. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өз қолымен 57 жасында [27].
Молда Жүніс сөзі [28]...
Алданазар паңға жүйрік тұқымы қайдан келді [29]?»
Күлік ішінде сіңісті болып отырған Жағалбайлы [30]...
ҚАРАКЕСЕК ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
«Жоғарғы шекті» - Қазыбек би, «Төменгі Шекті» - Бекен - Шоқай батыр және Бекен Жазының баласы. Сары, Шеген, Қаражазы қатар шыққан - Қара балуан Жәнібек балалары. [Арғын тоқалы - Айнакөзден - Тәнбіс сопы-Елемес-Ерман-Шағыр - Аманжол - Көшей -Шақшақ] Шақшақ ұғлы Қошқар, Қошқар ұғлы Жәнібек батыр. «Қара балуан Жәнібек» басқа, «батыр Жәнібек» басқа - екеуі де тоқал Арғыннан шығып, бірінен-бірі дөкей болған ерлер. Батыр Жәнібектен - Дәуітбай. Бұл Дәуітбайдан - Мұса (Мосы) батыр. Бұл Мұса батырдан: Бірімжан, Қазыбек. Бірімжан балалары: Қорғанбек, Дәуренбек. Қазыбектен - Әбдібек жалғыз.Шегеннің кенже баласы - Бектеміс бай. Бұл Арғынның ішінде Төлек (Түлек), Қырықмылтық деген сара бауырлары бар. Кеше Кенесары, Наурызбай заманында Қырғыздың соғысында аты аталған батырлардың бірі болған: Шәкір мен Жәуке, Төлебай. Сол Жәуке тоқал Арғын: Төлек деген табынан шыққан ер. Шәкір - ноғай, Төлебай - қырғыз Жекебатырдың бұрынғы аты. Төлектің бөлек екендігіне ақындардың мына бір өлеңі дәлел. Арғынның бір ақыны мұны айтқан.
Әжеке, қастастың ба Телекпенен,
Арғыннан шығып жүрген бөлекпенен.
Төлекті сен ұрғанда, мен де ұрайын,
Бір салып қолымдағы көнекпенен.
«Аздың атасы бір», - деп, Қырықмылтық, Төлек бір ыңғайлас болады.
АРҒЫН ШЕЖІРЕСІ БАСЫ
Бұл жақтағы Аргүл (Әргүл) мен Момыннан туғандары: «Алты атаның ұлы Арғын» -аталады. Ол жақтағы Айнакөз бен тағы кісі білмейтұғын қатындардан туған төрт жалғыз бар. Айнакөзден екеу, ол төртеу - о да алты ата болып, шын Арғын он екі атаның ұлы болады. Солай болғандықтан бұрынғылар: «Арғын болдың - әркім болдың» - деген көптігіне дәлел сөз. Күні Кеше Мұса, Секербай заманында: «Керей - Сағынай асы» - деген ас болған. Сол аста Қанжығалы Бөгенбай, Бапан баласы Саққұлақ айтқан: − Арғынның жолаушысының аты құрлы жылқысы жоқ, Керей шіркін, несіне байлық айтады?! - деп. Мейрам сопының бәйбішесінің аты - Нұрфая бәйбіше: «Алшын - Қодас байдың қызы. Бұл бәйбішенің үстіне бір тоқал алған. Ол тоқал өлген соң, Нұрфая бәйбішенің өзінің үйінен ертіп келген, бәйбіше өзі қосқан: − Басқа жерден қыз іздемей-ақ қой, осыны ал, - деп, бұл күңнің аты - Қарқабат. Бәйбішеден туған: Қуандық, Сүйіндік; тоқалдан: Бегендік, Шегендік; күңнен туған -Болатқожа. Онан күллі Қаракесек - «Бес Мейрам» - атанған.
Қуандықтан алтау: Аманқарт, Есенқарт, Алтай, Қарпық, Борыш, Темеш.
Екі қарттан - Ағыс, Қалқаман, Алтай...
[Арғын - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ - Құлболды - Күлік - Наурыз - Шобалай -Жаңабатыр - Таңсыққожа - Өзден] Жаңабатыр немересі Өзден Таңсыққожа баласы менен бел бала Татан, Шөкектің Шөкегін қосып, көп жолдаспен Найман төресі Досан төреге ел бітімін сөйлесуге жіберіпті.
− Алдияр, - деп, - сәлем беріп, - отырған соң, би баласы:
− Сөйле, - дегенде, Өзден:
− Өсетін елге с...с кіреді. Өспейтін елге сыбыс кіреді, - депті. Бидің немересі:
Сен сөйлеші, жаным, - дегенде, Татан - Шөкек. − Ханкелдінің қатыны, Медеттің шешесінің өлгенін жасырамыз, көмгенде не дейміз? -депті. Сонда жұлып алғандай Күнту [Күлік-Тілеуімбет-Күнту] баласы Жанайдар сөйлепті:
− Он екі тарау қара жол,
Бірден болар сағасы.
Қозғалмайды арғымақтың,
Төстен тартқан доғасы.
Қанша жұрт жиылса да,
Хан, сұлтан болар сөздің ағасы.
Қарашыларың сәлем айтты.
Қор (Хор) мен зорды теңгерсін,
Жаман менен жақсыны теңгерсін.
Жарлық сізден болғанда,
Жабдық бізден, -
депті. Сонан соң малын - тағалы, торы тайын қалдырмай жиғызып берген екен.
Бұл Досан төре - Ханбаба баласы. Бұл Ханбаба Бөкей ханмен бір туысқан кісі, үрім-бұтағы Бура - Найман ішінде. Ханбабадан - Досан төре, Досаннан-Қылыш; Қылыштан-Ибраһим төре, мұнан Жүніс төре.
Ханбаба өзі - жер аты, Баянаула бауырында Қара мола[ны] қыстайды. Мейрам сопы бабамыз Кіші жүз: Алшын-Қодас байдың қызы Нұрфая бәйбішені ұзатып алып келе жатқан жолында, жеңгесі ертіп келген екен. Және бір Қарқабат деген күң түйесінің басын жетектеуге берген.
Сол жеңгесі ел арасы жаугершілік болып, еліне қайта алмай қалған соң: − Ағамның қойнында жатқан жеңгемді өзің алмасаң, басқаға қимаймын, - деп, Нұрфая бәйбіше Мейрамның өзіне қосыпты. Және күңін қосыпты: «Бір жұрттан келген үш ұрғашы бір туысқан бауырдай болып жүреміз», - деп. Нұрфая бәйбішеден: Қуандық, Сүйіндік; жеңге алған қатыннан: Бегендік, Шегендік; күңнен туған - Болатқожа. «Бес Мейрам» - осылар. Күңнің аты - Қарқабат екен.
Бір нәрсенің екі басы жібек болса,
Ортасынан жүн [шығып],
Жақсы кісінің үстінен қой айдаса,
Үн шықпас.
Бақты адамның маңайы –
Мұз үстінен от жағар.
Жақсы туған баланың,
Атасы жүн болса (да),
Төрде отырып сый табар.
Жаман туған баланың,
Әкесі жақсы болса да,
Түйе үстінен ит қабар.
Алшын - Зортымақтың асына Болатқожа Құлақасқа атын апарып қосып, бәйгесіне буаз күң келіп, туған баласы қарны қабақтай болған соң, атын Қамбар қойған.
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ БАСЫ
Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс - осы үшеуінен үш басқа болып тарайды. Жанарыс баладан зарығып, қатыны да, өзі де күдер үзіңкіреп бара жатқан кезінде, алты қожа: − Құдайы мейманбыз, - деп, сау етіп түсе қалыпты. Сонда Жанарыс қуанғаннан алтауына алты қой сойыпты.
Қожалар әбден риза (ырза) болғандықтан: − Осы алтауымыз да атымызды саған бердік. Алты ұлдың атасы боласың, - депті. Қожалардың аттары: Қарақожа, Ақтамбердіқожа (Ахтамбердіқожа), Дарақожа, Момынқожа, Смағұлқожа, Қосымқожа. Сонан соң Жанарыс алты ұлды болып, алты қожаның атын қойыпты. Төртеуі -бәйбішеден, екеуі - тоқалдан. Бәйбішеден туған - Қарақожа, Актамбердіқожа, Дарақожа, Момынқожа. Тоқалдан туған – Смағұлқожа, Қосымқожа. Қарақожадан - Арғын, Ақтамбердіқожадан - Қыпшақ, Дарақожадан - Қоңырат, Момынқожадан - Найман. Смағұлқожа, Қосымқожадан - Керей, Уақ. Тарақты - қыздан туған жиен. «Орта жүздің жеті арысы» - осылар. «Ел жаманы Тарақты, // Ит жаманы барақ-ты» - деген де сөз бар.
«Төре жоқта Тарақты, // Төре болуға жарайды», - деген де сөз бар. Тарақты - Арғынның апасынан туған бала еді. Қыз күнінде төременен шатысып, сонан тауып, ұялғаннан шашын тарай берген екен де, сонан баласының аты «Тарақты» қойылған - деп сөйленеді. Өзі Арғынның баласына ноқта ағасы болатұғын да жері бар. Не нәрсенің болса, хақиқатын Алла біледі. Біздікі: «Естіген құлақтың жазығы жоқ» - деп соға бермек.
Айта Кериме де бар: «Ағуз билла мин Ал-шайтан ал ражим!..»
Хазіреті Ибраһим халил Алла мен ан Хазіретіміз екі арасындағы заманларға айтылған сөз. Олай болғанда, қазақ шежіресіне де Құраннан дәлел керек пе? Қазақтікі өзінің кигіз кітабы ауыздан - ауыз айтылып, біреуден біреуге қалып келе жатқан сөз. Бұл жоғарыдағы сөзлердің сөйленгеннен бері қарай қағаз жүзіне нұсқа болып түскені -осы Мәшһүр - Жүсіптің қаламы. Онан бұрын нұсқа болмаған. Және пайғамбар құда Мұхаммед Мұстафа ғалия алсалауат уалсалем Хадис Шәриф айтқан...
Кінәң жоқ болса,
Күн есепте.
Жазығың жоқ болса,
Жер өрте, -
дегендей, ғадам Құдірет бағыш таупық болып, ұрлық, ойнас қолымнан келмеген соң: «Тіпті кінәсы жоққа Құдайдың рахметі жоқ», - деген сөзден қорқып, «Май жесең, тойғанша», - деп еді ғой - деп, надандықтың бейпіл байлығына тартынбай-ақ кіріп кеткенім ғой. Алла өзі фазылына алып, рахметінен нүмид қалдырмасын!
ҚАРАҚОЖАНЫҢ КЕРЕМЕТ БИЛІГІ
Қарақожа жасында жалаңаш жүреді екен. Үстіне киім кигізсе, жұлып тастай беретұғын болыпты. Мұның бала күнінде, заманында бір Шатша (патша) болыпты. Қазақша: «Береке (аят)» -деп айтады. Ол патша бір байдың жалғыз баласы қырық жігітпен жорыққа аттаныпты. Аттанып кеткен күн кешке байдың жалғызы: − Басым ауырды, атқа жүре алмадым. Қырық жігітім кетті, өзім үйге қайттым, - деп, келіп жатып алыпты. Екі келіншегі бар екен. Бірінен-бірі өткен сұлу екен. Екі келіншегінің бірі ұл тауып, бір қыз тауып, бай төменгі елді шақырып, ту бие сойып, жоғарғы елді шақырып, жорға бие сойып, үлкен зор той қылыпты. Жыл он екі ай өткенде, баяғы жорыққа кеткен қырық жігіт, мырзасы қасында, көп олжамен олар да келіпті. Байдың жалғыз баласы екеу болыпты. − Мен ауырып үйге кайтқанмын. Бұлар өзі түзден біреуді тауып алып, менің орныма аумаған мен қылып жасап жүрген қулықтары, - деп, үйде жатқан мырза айтады. − Былтыр өзімізбен бірге үйден аттанған мырзамыз, басшымыз, бала жастан бірге ойнап, бірге өскен Баяу жалғызың - осы. Ауырған да, сырқаған да жоқ. Үйден бірге аттанды, бірге жүрді, міне, бірге келіп түсті, - деп, қырық жігіт айтады. Не жұрт, не бай, не қатын ешкім екеуін айырып, бөлектеп тани алмайды. Сол замандағы тірі жұрт осыған айран-асыр болып дағдарып, күнде жиылыс, күнде кеңес болыпты. Сонда Қарақожа жалаңаш бала шаршы топтың ортасына келіп: − Мен мұның күмәнын ашып берейін. Бай, қырық түйе сексеуіл алдыр да, бір араға үйіп, от қойып өрте. Сонан соң маған бір шойын құман тауып бер, аузына құятұғын қалайы, қорғасын, мүсәтір даярлап бер де, екі баланың екеуін алдыма алып келіп жүгіндір. Мен төре айтамын, өз балаң қайсысы екенін айырып беремін, - деген соң, бай баланың айтқанының бәрін даяр қылды.
Жұрт қоршап: «Не қылады екен?» - деп, тамаша[ла] ды.
Екі баланы алып келіп, жалаңаш баланың алдына жүгіндірді. Сонда айтқан төресі: − Міне, менің қолымдағы құманның аузынан кіріп, шүмегінен шығып, шүмегінен кіріп, аузынан шығып, үш кіріп, үш шығып, түбіне барып жата қалуға жарағаның байдың баласы боласың. Екі қатын да соныкі, мал да, жан да, қырық нөкер де соныкі. Оны қыла алмағаныңды мына жанып тұрған отқа тастатамын. Менің берген төрем, - осы, - дейді. «Қырық жігітпен барып, бірге келіп тұрмын» - деген құманның аузын бір созды, шүмегін бір созды. Ол заман мен бұл заман адам баласы құманға сыйған ба? Мұңайып, салбырап қалды да отырды. Бір жыл үйде жатып, ұл-қыз таптырып жүрген мырза жып етіп, ұшып түрегеліп құманның аузынан кіріп, шүмегінен шығып, шүмегінен кіріп, аузынан шығып, үш кіріп, үш шығып, түбіне барып жата қалғанда, Жалаңаш бала құманның аузы мен шүмегін тарс бекітіп, отқа тастады да жіберді. − Ал, бай, мына құманға сыя алмай, қалған - балаң да, анау - шайтан Ғалия ал лағына, -деген соң, жұрт шулай қоя берді: − Мынау өзі жалаңаш бала болмады, жалаңаш баба болды той, - деп, «Жалаңаш баба» -атанған екен дейді. Қыздың аты Елеңбике қойылыпты. Құрттай бала күнімде естіген сөзім еді. [Ескерту: Әулеттік мұрағатта сақталған жазбада (2 - папка, 315 6.) мына бір дерек орын алған: «Байдың баласы қырық жігітпен жорыққа кеткенде, орнында қалатұғын шайтанның таптырған баласының аты: «Ылаңбике» (Елеңбике) қыз туған. Қарақожаның бала заманында болған оқиға»].
АРҒЫН ШЕЖІРЕСІ ДЕРЕКТЕРІ
«Ақжол» - деген кісі аты емес, осындай бабаларымыздың басқан - тұрғаны, қайда барса да, ақлық-туралықтан шыға бергеннен, «Ақжол» - атанып, Арғын ұраны - «Ақ жол» болған себебі солай деседі. Қарақожадан Арғын болады. Арғынның бәйбішесінің аты -Аргүл. Аргүл бәйбішеден - Құтан (Қотан) жалғыз. Құтаннан - Мейрам жалғыз. Құтан-Бұтан - екі ағайынды екен. Бұтаны жасында өліп, онан нәсіл, тұқым жоқ болғандықтан, аты өшіп қалған есепті болыпты.
Бұрынғылардың «Ой, атың өшсін!»- деген қарғысы жаман қарғыс екен.
Аты өшкен - тұқым - жұрағатсыз болғандық екен.
Алғыс түбі - ақ май,
Қарғыс түбі - қара қан, - деген осындайға келеді.
Арғынның екінші қатынының аты - Момын. Бұл Момыннан туған - Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Арықсопы, Нәдірсопы. Ақсопыдан - «Толыбай» ұранды - Қанжығалы мен «Маябоз» ұранды - Тобықты. Қарасопыдан - «Қаратай» ұранды - Қарауыл мен «Барлыбай» ұранды Бәсентиін. Сарысопыдан - Ұшыбай (Өсібай) ұранды Атығай, он екі атаның ұлы Дәуіт. Керей, Уақ - Орта жүзге тоқал қатын баласы болып қосылады. Осы Момынның балаларымен ыңғайлас болғандықтан: «Желкілдеген жеті Момын» - аталған. Арғын бабамыздың жүз алты жасында алған Айнакөз дейтұғын тоқалынан - Тәнбіс сопы. Бұл Тәнбіс сопыдан - Үсенбай, Елемес. Елеместен - Ерман. Бұл Ерманнан: Шағыр, Бөлтірік. Шағырдан - Ақай, Жолдыбай, Тағышы, Аманжол, Сомжүрек,. Бөлтіріктен -Сырлыбай, Сыязы (Сабары). Үсенбайдан - Қарамерген, мұнан - Байташы. Аманжолдан - Көшай (Күшей), бұл Көшайдан - Шақшақ батыр. «Шар жетім Шақшақ» - атанған Шақшақ - осы.
Ақташы, Байташы, Бұғышы, Тағышы - «Шар жетім» - атанатұғын - солар. Бұл Айнакөзден тарағанды: «Тоқал Арғын» - деп атайды. «Жоғарғы Шекті, Төменгі Шекті» - деп, екі руға бөлінеді. Таңбалары - Арғынның дөңгелек таңбасы. Жоғарғы Шекті сабағын жоғары қаратады. Төменгі Шекті сабағын төмен қаратады. Оқшантай таңба [31]. [Жанарыс – Қарақожа - Арғын – Құтан - Мейрам – Қуандық – Алтай - Алысай] Алысай (Әлісай), Нұрбай, Әлеке, Байдалы, Сайдалы, - үш қатынның баласы да бір бас. Жалғыз Момынның өзі де бір бас. [Алтайұлы] Момыннан тарағандар: Рақпанқұл, Аманқұл, Сарша, Шаңай, Мұрат. Рақпанқұлдан: Әлібек, Қалыбек. Әлібектен: Аралбай, Сармантай. Сарша - Шаңайдан: Қарыке, Итболды, Байболды. Мұраттан: 1. Әлмәмбет. 2. Мырзамбет. 3. Үмбет. 4. Үкібас. 5. Мәмбет. 6. Таубұзар.
Әлмәмбеттен: 1. Жылқыайдар. 2. Қожағұл. 3. Бекайдар. 4. Қалқаман. Бекайдардан - тоғыз. Мырзамбеттен - Қошқар туып қалды. Қошқардың шешесін Бекайдар алды. Бұл алған соң: 1. Елібай. 2. Жайықбай. 3. Теңізбай туды. Бұл бәйбішенің аты -Төмен бәйбіше. Сәлия, Баяу деген - екі тоқалдың аты. Сәлиядан: 1. Төлебай. 2. Дербес. 3. Қожамсейіт. Баяудан - Ізбасар, Баба және біреу бар. Үшеу[і] бәрі де өскен-өнген. Мұраттың алты баласының ең тұңғышы - Әлмәмбет. Бұл Әлмәмбеттен төртеудің тұңғышы - Жылқыайдар. Жылқыайдардан төртеу: 1. Ақкісі. 2. Жанкісі. 3. Бердіс, Төлек. Бердістен - 1. Жапалақ. 2. Ботбай. 3. Шымыр. Жапалақ батыр болған, өзінде ұл жоқ, екі-ақ қызы болған. Қосаяқ деген қызын Айдабол Еламанұғлы Тұрсынбай батыр алып, бұл Қосаяқтан Бәйтен сал жалғыз болып туған. Шымырдан - Бармақ. Бармақтан: Танаш, Қанай, Анай. Танаш қызы Ұлбала марқұмнан туған бала - Мәшһүр Жүсіп.
ЖИЕНӘЛІ БАТЫР ТҰЛПАРЫ
(үшінші нұсқа) Мұрат [Әлмәмбет] - Бекайдардың тоғызының бірі - Төлебай. Бұл Төлебай туған Алтайда-ат атанған, аруақ шашқан Жиенәлі батыр [32]. Атасының қара құлы болған Демікті ертіп алып жиһан кезген, «Жүзден асқан Жүзей әулие бар» - деумен, Қара теңіз, Ақ теңіз, Шап (Шаб) теңіз - үш теңізді жағалап отырып, үш жыл ұдайымен жүріп барып тапқан. Барса, Жүзей әулие тірі екен. Көп жасағандықтан, екі көзден айрылып, самардай қақсап отыр екен.
− Қай жерді басып келдіңдер? - дегенде,
− Сырдарияның ар жағынан келдік, - деген соң,
− Уа, қу дүние! Біз көргенде, Сыр бұлақ еді. О да дария болып па? - деген екен. Көп жасағандығының мөлшері сол сөз. Жүзей әулиенің өзі де, ел - жұрты да жылқы деген малды көрген емес екен. Бұлардың мініп барған атын тамаша қылып сөйлесіпті. − Мұндай мал болады екен-ау! Мұны адам баласы мініп жүре алады-ау! - деп, таң-тамаша болысыпты. Сонда жүзден асқан Жүзей әулие әдейі шығып, қолымен сипалап көріп, жалын, құйрығын, аяқ, тұяғын сипап тұрып айтқаны дейді:
− Жылқы деген ерендер,
Жүрген жерін перендер.
Төрт аяғы болатты,
Жал-құйрығы қанат-ты.
Мұның жүрген жері үргін-сүргін,
Күлік, Күлік, жүрген жері бүлік.
Жүрген жеріне заман ақыр орнатып жүреді екен. Мұнан жылдам құтылыңдар, тұрғызбаңдар, - деп, қайтарып жіберген екен. Жиенәлі батырдың қайыны Уақ екен. Екі мың[нан] аса жылқы біткен кісі екен. Соның жылқысынан бір күрең бесті атты сынап, қалап алыпты. Жылқышысының айтуыменен: «Екі мың жылқыны жиғанда, тоқымдығы терлемейді», - дегендіктен, соны бір балаға мінгізіп, Демікті қасына ертіп алып, Ұлы жүзде шақырмаған бір асқа барыпты. Ол Ұлы жүзде сол заманда «Мыңтайлақ» атанған бір жүйрік бар екен. Бас бәйгеге мың тайлақ тіккен ас болып, соны сол алып, сонан «Мыңтайлақ» атанған. Сол Мыңтайлақтың иесі үйде отырып айтыпты, Жиенәлі батыр асқа тіккен үйді жағалап өтіп бара жатқанда: − Тұлпардың дүбірі шықты. Менің атыма «бәйге бермеймін!» - деп, - бір қу ауыз жүйрік келді-ау! - деген екен... Сонда Күреңбесті жалғыз келіп, басқы аттың бәйгесі «Шөжекөз» деген алтынды сауыт екен. − Шақырмаған жердің кісісі екен, өзінің жүзі [«Орта жүз екенін меңзегені - Е.Ж.] басқа екен, - деп, қиып бермейді.
Бір құлын жарғақты, ақбоз атты келіп, Жиенәлі батырға:
− Атыңның бәйгесін қолыңа бір тигізсем, алып кетуге жараймысың? - дегенде,
− Қолыма бір тигізсең, көрер едім, - деп, ақбоз аттының қасына еріп, шаршы топқа кіріп барып, ақбоз атты: − «Жақсыны көрмек үшін» - деп еді. Басқы аттың бәйгесі қай түрлі бұйым, алып берші, көрейік, - дегенде, біреу:
− Мінеки, - деп, шөжекөз сауытты алып бергенде,
− Міне, қарашы, қалай оңды? - деп, Жиенәліге беріпті.
Жиенәлі ат шапқан балаға беріп:
− Ал да, жөнел. Үш күндік жерге бармай, тоқтама! - деп, қоя бергенде, бала ала жөнеліп, жұрт жабыла қуып, жалғыз жанға шалдырмай, қарасын көрсетпей кетіпті. Үш күннен соң артынан Жиенәлі келсе, бала ұшып жығылып жатыр екен. Ат бетімен кетіп, ауыздығымен жайылып жүр екен. − Ыстықтай су ішіп кетті-ау! Енді зорығып өледі-ау! - деп, Жиенәлі дөңбекшіп жатқан үстіне , бір сыншы кез болып: − Бұл атың өлімші болған ат қой?! Cay - аман күніндегі басына алайын, сат, - деген екен. Сатуға қимай дегбірсіз болып, аласұра берген соң, сыншы шыдай алмай айтып жіберіпті, -Сенің бұл атың өлмейді де, қанша күн шапса да, дәнемесі құрымайды. Екі қоржын басы құм теңдеп, үш күн, үш түн ұдайымен шапса, сонда тоқымдығы (тұқымдығы) бусанады. Өзің қарасайшы, неше күн шапқаны не керек, атыңның тоқымдығы терлеген жоқ. Ендігәрі мұны жаратқанда, терін алмақшы болсаң, екі пұт құм теңдеп үстіне жабу жауып, сөйтіп шапқайсың, - деп, бабын, сынын айтып берген екен. Қаракесек - Қарашордан шыққан: Жаныс - Алтай - Мұрат - Сиқымбай әкесі Тіней байдың жылқысын түп көтере алып кеткен соң, Тіней бай Жиенәлі батырға келіп, мойын салып, көзін сүзіп отырып алыпты:
− Сен бармасаң, бермейді, - деп.
Жиенәлі батыр тұрып:
− Кісі алдына еңкейіп барған жоқ едім. Мені қой, басқа біреуді жібер, - десе де, Тіней бай қайдағы-жайдағы сөзін айтып:
− Бір жолға мен үшін бармасаң болмайды, - деп жіберіпті.
Жаныс Керім де Тінейдің мал-жандылығын және Жиенәліге тілін алғызатұғындығын біліп, жорта алған екен: «Жиенәліні алдыма бір келтіріп, жылқысын сөйтіп берейін», -деп, Жаныс - Керім айдалаға отау шатыр тіктіріп алып, жалғыз барып жатып алды дейді. − Жиенәлі келсе, оңаша барып ұйықтап жатыр дендер. Жалғызың маған келуші болмаңдар, өзі келіп сөйлессін, - деп. Сонда Жиенәлі батыр мұның немен қылып жатқанын сезіп білген соң, шатырға бет қойып келе жатып: − Бабам Бекайдар, сарт болмасаң, ат бәлемді! - деп, атының басын бұрып, кайтып жөнеле бергенде, Жаныс Керім жалма-жан шақыртты дейді. − Құрғырдың оғы бар екен. Атып кетті-ау! - деп, малын да беріпті. Қазір (хазір) Жиенәліні жөнелткен соң, кідірмей Жаныс Керім өліп қалыпты. Құдай рахмет қылсын, Жиенәлі батырға! «Жерде қалмайды, жиенде қалады» - деген бар ғой, сол үшін сөйлеп жатырмын.
ҚУАНДЫҚ ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
Қуандықтан алтау, бұл алтаудың бірі - Алтай, мұнан алтау. Бұл Алтайдың алты баласының бірі - Мойын. Бұл Мойыннан алтау. Бұл Мойынның алты баласының бірі - Мұрат. Бұл Мұраттан алтау. Бұл Мұраттың алты баласының бірі - Әлмәмбет (Алмамбет). Бұл Әлмәмбеттен төртеу, Бекайдардан тоғыз, Қошқардан алтау, Қарыкеде: Ақбурадан алтау, Тоқбурадан тоғыз, Аралбайдан тоғыз. Сайдалыда: Итқарадан тоғыз; Тінәліде: Түгелбайдан тоғыз. Қарыке - Саңырықтың бәйбішесі - Қаракесек: Асан - Тастемір қызы - Ұлбала, мұнан -Опан, тоқалынан үшеу. Ақбураның алты баласы: Арзықұл, Құдайқұл, Меңдіқұл, Жанықұл. Жанықұлдан: Аманбай, Аманжол. Аманжолдан. Мәмбет, Үрпек, Күшікбай. Мәмбеттің бәйбішесінен - Саңырық. Бір қатынынан: Мұңайтпас, Қашаған; бір қатынынан: Тоғалақ, Сәтбай, Сәтек. Аманжолдың қара шаңырағы осы Сәтек орнында қалған. Саңырықтың Жүнбай деген баласы боранда қоймен бірге ығып кетіп, бір бойжеткен қызымен екеуі құшақтасып өліп қалған. [Арғын - Құтан - Мейрам - Қуандық - Алтай - Мойын - Рақпанқұл – Әлібек - Сармантай] Сармантайдан - Мәулім бәйбішеден: Байдәулет, Келдәулет, Өмірзақ, Ерназар, Бекназар, Құлназар. Тотия тоқалдан: Алджажұман, Қаражігіт. Ерназардан - Алшағыр, Алшағыр ұғлы - Бижан. Мұнан: Шынтемір, Тыныбек.
Сақаудың өлеңінде:
Не дейді мынау кәрі күң Құдай ұрған,
Кім бар еді қонысынан желмей (жылмай) тұрған?!
[А]қтауды, Өртауменен бірдей алып,
Кернейді Алшағырым қойдай қырған.
Сол Алшағыр батыр өлерінде өсиет қылған: - Мені пәлен биіктің басына қойыңдар. Қаракесек жылқы алып бара жатқанда, [кіріп] жатайын, - деп. Онан кейін бір замандарда Қаракесек Қуандықтан жылқы алып, саулатып айдап қуып келе жатқанда, Алшағырдың моласы көрінген. Сонда жылқы қуалап келе жатқан желбас бозбала: − Кеше сен: «Қаракесек жылқы алып бара жатса, көре жатайын!»- деген Алшағырсың ғой. Міне, алып кетіп бара жатырмыз. Дәмең болса, көрден басың көтеріп, айырып ал!» - деп, келемеждеп өте берген. Ілездің арасында, көк пен жердің арасын тұман алып, сасық тұманда жылқыны айдағаннан айдап отырып, «ес кетті, жан шықты» - деген мезгілде бір өзеннің бойында жағалай сынысып отырған елдің үстінен түскен. Өзені - Нұра екен де ел[і] - жылқының иесі ауылдар екен. Сонда өздері: − Біз аруаққа ұшырадық. «Өліп қалған кісінің қолынан не келеді?!»- деп, келемеждейміз деп, - өз аяғымыздан жылқыны қуып келіп тұрған жайымыз мынау, - деген. «Аруақ соғар!» - деген сөз де бекер сөз болмайды екен. «Құдай, аруақ», - дейді. «Құдай қуатласа, аруақ қолдаса» - деген сөз құр бос ... сөз болмаса керек. Алшағыр ұғлы Бижан да заманасында батыр атанған. Алдажұманның Жұманына он жеті мың жылқы біткен. Бір түндікте мұнан жылқы көп біткен қазақ болмаған. Жұман баласы Жақсы Тәті, - бұ да бай болған. Тәті баласы Азына да бай болып өтті. Осы күнде Азына балалары - Қуандықбайы. Кіші жүз - Тілеу. Қараша: «Ұрысса, бермес араша» - атанған кісі екен. Жалғыз басты, «салт атты, сабау қамшылы», - болып келіп, Арғын ішіне орныққан. Өз жерінде алты ағайынды екен: Баяу, Қараша, Күнбет, Самбет, Әлібай, Толыбай. Қараша екі қатынды болған. Бәйбішесінен: Кейінбай, Жанбай. Тоқалының аты - Тілеубике, онан туған: Қыпшақ, Шуақ - Қазыбек заманында келіп сіңісті болған. Кейінбайдан - Сәт, Сәттен сегіз туады. Соның бірі - Алдамжар: бәйбішесінен - Жылтыр, Смағұл, онан - Қалым, Қалымнан - Жұмаш. Тоқалынан - Оспан, Оспаннан - Айдабол, Күлік. Қыпшақ - Шуақтан: Бекше (Биікше), Шудақ. Бұлардың жұрағаты: Есбай, Досбай, Тілеу, Жүніс қажы. Мұның ағасы - Шорабайдан: Кәрібай, Қарымсақ балалары [33].
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК ТАРАУЫ
[Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы – Шуманақ - Құлболды - Күлік] Әкесінің аты - Құлболды, шешесінің аты - Мақпал. Мақпал бәйбішенің тұңғышы - Күлік, ортаншысы - Тұлпар, кенжесі - Айдабол. Он үшінде «Айдабол би» - аты әлемге жайылып, Сыр дариясынан Сарыарқаға қарай өткенде, өткел аузында тұрған Алшын мен Қарақалпаққа Мақпал бәйбішенің: «Артың болса, Айдаболдай ұл тап!» - деп өте бергені. «Күлік» - қырғыз тілі, «жүйрік» - делінген сөз. «Ат - арыстан, // Нұр - пейіштен» - қазақ мақалы. «Ат асманы ғарыштан құйылады», - делінген сөз. Күліктен шыққан жүйріктен жүйрік озған емес. Шобалай баласы Жаңабатырдан би асқан емес. Күнту баласы Жанайдардан шешен асқан емес. Жаңабатыр баласы Жанақтан қасиетті ер асқан емес. Жанайдар баласы Өтеміс абыздан бір басты, екі аяқтының әулиешілігі асқан емес. Көтеш ақыннан ақын асқан емес. Күні кеше Мұса, Секербай заманында Ақжігіт ұғлы Ізден абыздың алдына қара сөзде жан пар келмеген. Күліктің бел баласы Ақылдың байлығы үзілместен үрім-бұтағына бұл күнгеше келді. Наурыздан туған Ақайдың байлығы үзілместен үрім-бұтағына бұл күнгеше келді. Мырзалықта Ақай немересі, Санмырза баласы Байғанадан мырзалық асырған қазақ жоқ. Күліктің бәйбішесінен: Тілеуімбет, Наурыз, Дәулет; тоқалдан: Өтепберді, Данияр, Ақыл, Сексен. Сексен Күліктің сексен жасында туған.
Орманшы баласы Қайдауыл Күлікпен құрдас екен: − Сексендегі сенікі бала болушы ма еді? - дегенде, Күлік Қайдауылды қарғаған екен. Сонан мәтел болып қалған: «Қайдауылға қарғыс кеткен», - делінген сөз. Қайдауыл ортасына Есенғұл-Мәуке ұрпағына келіншек болып түскен Тоғжан ақынның өлеңі бар:
Түндіктің жары өспейді, талы өседі,
Мәукеннің жасы өспейді, шалы өседі.
Қозы бұты, қой саны көздей іске
Ертеден кешке дейін гулеседі.
«Жасы өспейді, шалы өседі» деген сөздің мағынасы: бір тұқымға қарғыс тиген болса, қыршын жас мұрттай ұшып, шалдары іркіліп, самаладай болып қала береді екен.
Мұны заманымызда көзбен көріп, қолмен ұстадық.
Тілеуімбеттің он бес ұлы ат арқасына мініп, соңына ерген. Көшіп келе жатқан қазақтың көшіне қарақалмақ Қатысыбанның қосыны килігіп, алты ұлды Наурыз қашып құтылған. Он бес ұлды Тілеуімбет қашуды ар-намыс көріп соғыса берген. Қалмақ рабайсыз көп. Қашпай қалған қазақ аз. Жанын тәтті көріп, басын қорғап, балалары қашып шықса, Тілеуімбет отағасы өзі жауға қарай қайта қуып тығады дейді: − Жаудан қашып барып, қатын қойнына қорғалағанша, жаудан жаралы болып, жарқырап жатсаң, әне, сонда кісілігіңді беремін (берумін), - [деп]. Басы үлкен отағасының өзі болып он бес ұл сол жолы қырғын тауып, бықбырт болыпты. Орманшы: Бапке - Тайлақтың Тайлағы батыр кісі екен. Жайрап, жарқырап жатқан жерінен қайта-қайта кіріп, Тілеуімбеттің үш баласын алдына өңгеріп алып, қашып құтылған. Күліктің тоқалының баласы - сары атты Сексен екеуін алып қашып құтылған. Егер Тайлақ пен Сексен болмағанда, Тілеуімбет деген елден дүниеде нәм-нышан болмақшы емес екен. Сол бес тұқымнан өсіп-өнген Тілеуімбет осы күнде: Күнту, Айтқожа, Жаңабай, Бесім, Қойтан - бес атаға бөлінеді. Он бес ұлдың ең үлкені - Аспантай, оған тетесі - Амантай екен. «Аспантай тұқымсыз кетті» - дейді. Сол жолы алдымен жайрап, сол қалған бойымен қалыпты. Амантайдан тұқым бар, онан соңғыларының атын анықтап, жан біле алмаған. Қалған бесеудің үшеуі - бел бала, бел баладан [басқа] қалған жоқ - бәрі немерелер. Екеуі немере болса керек. Күнту, Айтқожа, Жаңабай - бел баладан өсіп-өнген тұқым. Бесім, Қойтан - немереден өсіп-өнген тұқым. Қалмақ пен қазақ жай жүрген бе? Бесім ат арқасына мініп, үйлі-баранды болған күнде, қазақ-қалмақтың тағы бір тоғысы болып, Бесімнің қатыны - Бөктік бәйбіше қалмаққа олжаға түсіп кетіпті. Өзі - Қыпшақ - Қатықұлақ мергеннің қызы екен. Аузы-мұрнынан шығып отырған екіқабат күні екен. Қалмақ қолына барған соң, бір ұл тауып, «бит (бет) терісін биялай қылатұғын» -кісі екен. Қол ісімен күн кешіріп, баланың бойындай дорба тігіп алып, соны құртқа толтырып, күнде бірін аузына салып, суын жұтумен ауқат кешіріп, өзін әбден жаратып, қатырып алып: «Қалмақ қолында тірі болып, құлдығында жүргенше, өлгені артық қой!» -деп, баласына ине шаншыпты да, өзі жаяу қашыпты. Артынан қалмақ қуып құтқармасын білген соң, бүркенген көк шапаны бар екен. Шапанын бүркеніп жата қалыпты. Жатқан жері быжырмақ қойтас екен. Алыстан қара бойын қалқиғандығын көрген екен. Шапанның көк түсі Қойтастың тасына түстес болғандықтан ба, иа Құдайдың қорғап сақтауына ұшырағандықтан ба, олай-бұлай қарап, былдырлап-былдырлап таба алмай қайтып кетісіпті. [Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы – Шуманақ - Құлболды - Күлік - Наурыз -Ақай - Бекмырза] Ақай Төкейдің (Дөкейдің) Ақайынан - Бекмырза, Санмырза. Бекмырзаның үш баласы бар: Бұзау, Сары, Байкел.
Сары - «мырза» атанған екен, заманында жақсы-ақ кісі болыпты. [Арғын ішінде - Күлік - Тілеуімбет] Бесімнің үш баласы: Жанжігіт, Ақжігіт, Қармыс. Жанжігіт балалары - Бектемір, Байтемір. Бектемірден - Ыбырайым, Мөске (Мүсек), Бірәлі. Сол Бірәліні бала күнінде әкесі Бектемір Сары мырзаға бір жұмысқа жіберіпті. Сәлем беріп кіріп барған соң:
− Қай баласың? - депті.
− Бектемір баласымын, - депті.
− Heшe ағайынды едің? - дегенде,
− Үш ағайынды едік, - депті.
− Үлкенімісің, кішісімісің? - деп және сұрапты.
Сонда Бірәлінің берген жауабы:
− Уай, Сары-екей, жұрт сізді жақсы кісі, есті кісі дейді. Алжыған екенсіз ғой, - депті.
− Жаным, жазығым не? Неден жазып қалдым? - депті. − Алжымасаңыз, кенжесі екенімді мына шалбарымның бауының ұшындағы көк түйме моншақтан-ақ білсеңіз керек еді ғой, - деп, шалбарының бауындағы көк моншағын көрсеткен екен. Сонда Сары мырза мырс-мырс күліп: − Күлікте белгілі жеті жаман бар еді. Жаман да білінбей аяқ астында жүре береді екен-ау?! Мынаумен сегіз болды ғой, - деген екен.
Қасында отырған бәйбішесі сұрапты:
− «Күліктегі жеті жаман» - дегендеріңіз, олар кім-кім? - депті.
− Қой, бәйбіше, өзгені білсең де, аз болмас. Бұларды сен сұрамай-ақ қой, мен айтпайын, -депті. − Неге, сіздің қасыңызда отырып, білмей қалғандығым - жамандығым болады той?! Білейін - дағы! - депті. − Ендеше, пәлен жаман, түген жаман, - деп, бесеуін санап айтып беріпті. Екеуін айтпапты.
− Енді екеуі кім? - деп сұраған екен. − Қой, бәйбіше, оны сен білмей-ақ қой. Мен айтпай-ақ қояйын. «Жабулы қазан жабуымен» қалсын. Айтсам, менің суым жасып қалар да, сенің көңілің қайтып қалар, -деген екен.
Бәйбішесі сұрап қадалып: «Айтшы-айтшылап» - қоймапты. − Ал, қоймадың, айтайын. Өзімнен тудың демесең, осы Барақ, Бапақ - екі балаң да жақсы ма? Сол жеті жаманның сәнді [санды] екеуі өзіңнің осы екі балаң емес пе? - дегенде, − Не дейді, көтек, не бетімді айтайын?! - деп, бетін жұлып-жұлып алған екен. Құдай рахмет қылсын Сарыға! Кісі болса, сондай болсын! Есітемін: «Сол Барақ, Бапақ ұрпағы - Байтастың Ысмайылы», - деп [34]. [Арғын - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ – Құлболды - Күлік - Тілеуімбет -Бесім - Ақжігіт] Ақжігіт, Жанжігіт болып, ауызға ілініп тұрған күнінде [35].
Ақжігіт абыздан туған төрт Мұхаммедтің біреуі - Сермұхаммед [36]. [Арғын - Құтан – Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы – Шуманақ - Құлболды - Күлік - Наурыз] Наурыздың алты баласы: Шобалай, Шобай, Ақай, Төкей, Ырсымбек, Мәмек. Ырсымбек -Қожабергендер . Қарақыз, Шырын - екі күң, өздері тоқал. Қарақыз - әуелі Шобайдың тоқалы, ол өлген соң, Шобалай алған, екеуінен де бала тапқан. Шырын - Өміртай тоқалы. Қанкелді сұлтан, Тоққаралар... Ырсымбек, Мәмектен - Қожаберген деген біраз үйлер бар. «Сол Қожабергеннен Жақып балалары» - дейді. Қозыбақ, Малбағарлар туады. Қозыбақ балалары: Байсалық, Жансалық. Малбағар баласы - Арын. Арын баласы - Шәріп - Тоғайда; Қойсары - Ағжан ауылында.. Әкімбекке сиыр беретұғын осы Малбағар өзі Әкімбекпен құрдас екен [37].
Тілеуімбет [38].
Құдай рахмет қылсын! Жанақ деген жаралуы басқа жан болыпты [39]. Жаңабатырдан, Жанақтан соң...[40]. [Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы – Шуманақ - Құлболды - Күлік - Наурыз -Ақай - Самырза - Мешітбай - Әлдебек] Мешітбайдан - Әлдебек, бұл Әлдебектен -Әкімбек, Ақылбек. Бұл екеуінен екі жалғыз - Қабылбек, Дабылбек. [Дабылбектен] тұқым-нәсіл, жұрағат жоқ болды. Санмырзабек мырзаның Бекмырзасынан: Бұзау, Сары, Байкел, Дәулет. Тоқалдың балалары: 1. Өтепберді. 2. Данияр. 3. Сексен. Өтепбердіден - Нияз, Ақыл, Қошқар, Дербісәлі, Мырзакелді, Айбас. Ақылынан - Бейбіт, Жапалақ. Бейбіт балалары: Таңашбай, Күнтай. Тоқашбайдан - Байқуан, онан: Молдабай, Ноғай. Молдабайдан - Омар, Ноғайдан - Тайшық.Омардан - Шайман, басқа балалары да толып жатыр. Тайшықтан - Баспақ, басқасы қаймақ емес, қаспақ. Сексеннен - Райымбек, Рай, Қараша.
Райдан - Көтеш ақын. Өзін тонап жатқан жауға айтқан өлеңі:
Ау, балам,танымаймын, не ел боларсың [41].
Көтеш ақынның бала күнінде Қаратауға ел қопарыла ауып барып: «Арғын ауды» - деген бір заман болған [42]. Бұл кісінің енді бір көзге түсіп ауызға ілінген жері - Абылай хан Алатауға жорыққа бара жатып, Қаракесек Шаншар деген елдің бір ұлы жиын асына кез болды дейді [43].
«Төлеген қожа» - деген қожаның өлеңінде бар [44].
Көтеш ақын жаздыгүні таңертең Шоң бидің үйінің сыртына келіп сөйлеседі [45]. Жеп отырған еттері: «Ұрлық қылды» - деп, бір Ыстықмұртты шауып талап алған, соның малының еті екен. Сонда Көтеш айтты дейді. Ақын Шөженің осындай бір ауыз өлеңі бар: «Апа[м] бүгін түсімде: «Сәлем!» - дейді [46].
Көтеш ақын қартайған кезінде ауыл көшіп жатыр екен [47].
Қазақ алғаш орысқа жаңа қараған кезде Қаракесекте – Қамбар - Жанақ ақын [48].
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-ҚАРЖАС ТАРАУЫ
[Арғын - Сүйіндік - Қаржас - Құлыке] Құлыке - Бегімнің Бегімі өліп қалып, қатыны, бір баланың анасы, жесір қалып, қол басында кір жуып отырған қатынға жылқы суара барып, [Құлыке баласы]Телі - Тентек тентек[тің] ойы ауып кетіп, бас салып, сонан буаз болып, туған баланың атын Анай қойған. Бегімнен қалған баланың аты - Сатылған.
Өзінен туған баланың аты - Анай. Екеуіне бес-бестен он қатын алып берген.
− Ұрпағымды өсіремін, - деп.
Сатылғанның төрт қатынынан төрт бала бар. Бір қатынының пұшпағы қанамаған. Жансары Таңаттың Жансарысын сол қатынның бауырына салған. Қоныс, Мәмбет, Жансары, Таңат - бір баласының тұқымы. Сағын қажылар: «Тастен, Дулат - Қарақалпақ» - дейді: бір өзінде үш ат бар. Бұрынғы заманның адамдарының қандай екенін танытуға сөйленген сөз. Күлік баласы -Тілеуімбет, мұнан туған - Күнту, мұнан туған - Жанайдар [49].
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК ТАРАУЫ ЖАЛҒАСЫ
[Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы – Шуманақ - Құлболды - Күлік -Тілеуімбет – Айтқожа - (Арғынбай) - Жылқыайдар - Бибала] Жылқыайдардан - Бибала, Бибаладан - Байдәулет. Жылқыайдар Арғынбай баласы болса керек! Жарылғаптан -Мұсабай, мұнан - Шортанбай. [Күлік - Тілеуімбет - Айтқожа - Тілеуке] Тілеукеден - Биғозы, мұнан - Нұрмақ, мұнан Әубәкір болып аты өшті. Бұл Тілеуке Айтқожаның тоқалынан батыр болып, ер туған ұл болған. [Күлік - Тілеуімбет - Бесім - Жаңабай] Жаңабайдың тұңғышы - Бошай, мұнан туады: Қабай, Бабай. Қабайдан - Дәрменбай, Сарман. Дәрменбайдан - Найман, Имамбек. Имамбектен бала бар.
Бабайдан - Сүтемер (Сүтемір) абыз, мұнан - Байбол үш ағайынды. Керейіт Рысбай (Ырысбай) абыз баласы Алжамжар молда сөйлеп еді: «Ізден абыздан естідім» - деп. Тілеуімбеттің тұңғышы - Аспантай, онан тұқым - нәсіл жоқ. Қожаның сәлдесін жыртып шұлғау қылған екен. Соның қарғысынан тұқымсыз кетіпті. Оған тетесі - Амантай, мұның тұқымы Дәрменбай, Сармандар деп еді. Бұл сөзге қарағанда, Амантайдан - Жаңабай туған болады. Қалмақ қазақты шапқанда, қойнында көк құраны бар бір қожаның бойжеткен қызы қалмаққа олжаға түсіпті. Қалмақ келіп бір қопаға түстеніп жатқанда, қыз қопаға кіріп ұйықтап қалыпты. Қалмақтың ыстығын ішкізбей, бір жау келіп қалып, қалмақ үркіп қашып, жұртта қалған отынан қопа өртеніп кетіпті.
Қыз оянып түрегелсе, қалмақ та жоқ, қопа да жоқ, тып-типыл. [Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы – Шуманақ - Құлболды - Күлік - Күнту] Бір көлдің басында жалғыз қалып, сопайып тұрған үстіне Күнту деген кісі мал суара келіп, кез болыпты. Күнтудың бұрын алған қатыны бар екен. Құдай бұйрығы болып, осы қызды тоқалдыққа алыпты. Бұл қыздан екі бала туып, бірінің аты - Жанайдар, бірінің аты-Бекайдар. Бекайдар жасында өліп, тұқымсыз кетіпті. Жанайдардан - Өтеміс абыз туып, көк құран Өтеміс абызда қалып, Өтеміс баласы Әбді молдада қалып, Әбді молдадан бел баласы Бесмолдада болып, Бесмолдадан соң қайда қалғанын жан білмейді. Бұл Өтекеңнің, Жанайдардың жақсы туып жүргендігі - нағашысы қожа болғандықтан екен. Әбді молданы бала күнімізде көрдік. Таңертеңгі азаны елді шырт ұйқысынан шошытып оятушы еді. Дауысы ащылығынан ол кісі азан айтқанда, елдің иті улап-шулап... Өтеміс абыз бар тіршілігінде өмір[і] ораза болып өтіпті [50].
Найман-Бояубайдың аулында Күліктен шыққан Жаманбай ақын мен [51]...
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-ОРМАНШЫ ТАРАУЫ
[Мейрам – Сүйіндік – Суғыншы – Шуманак - Жолболды (Орманшы)] Орманшы - мұның шын аты - Жолболды. Шешелерінің аты - Жолбике. [Орманшыдан]: Қайдауыл, Өтек, Тілеке, Тілес, мұның бір аты - Қасқыртымақ. Қайдауылдан: Есенқұл, Мәуке. Мәукеден - 1. Кеспелік, 2. Түрмелік. 3. Елік. Есенқұлдан - 1. Бекқұлы. 2. Тоққұлы. 3. Аққұлы. Мәуке қатын аты болса керек. Бекқұлыдан: 1. Нарторы. 2. Нарбота. 3. Ақсары. 4. Шотана. 5. Тайкелді. 6. Ес. 7. Дос. Аққұлыдан - 1. Ақбике. 2. Балға. 3. Есенәлі. 4. Дербісәлі. 5. Бармақ. 6. Қыдырәлі. Өтектен: 1. Жақсылық. 2. Қарабай. 3. Шобалай. 4. Бағай. Жақсылықтан: 1. Сұңқар. 2. Тайқұл. 3. Алакөз. 4. Әлімбет. Қасқыртымақтан - Арықпан, мұнан: 1. Сақұлан. 2. Қосай. 3. Қойбағар. 4. Күшегін (Көшекен). [Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам - Бегендік - Сәрік] Тәңірберді, Сәрік -Қозған - шын аты - Бегендік. Сәріктен: Қожамберді, Тоқтас, Қалмақшы. Қожамбердіден: 1. Байназар. 2. Есназар. 3. Қозыбақ. Байназардан: 1. Қарабатыр. 2. Жиембет. 3. Қарабай. Қарабатырдан - Мәмбетәлі. Қалмақшыдан: 1. Андауыл. 2. Қайдауыл. Қайдауылдан - 1. Қожакелді. 2. Қасқа. 3. Желкілдек. [Арғын - Құтан - Мейрам – Бегендік - Тәңірберді] Тәңірбердіден - Малқар, Ораз. Ораздан: 1. Кенжебай. 2. Жиенәлі. 3. Құрманәлі. 4. Аю. Кенжебайдан 1. Құлыке. 2. Бекше. Жиенәліден: 1. Шерін. 2. Бапан. Құрманәліден: 1. Жайлаубай. 2. Сармолда. Ырыс, Текебай, Дүйсенбай. Қозғанның алты атасының ұлына билік қылған Мәмбетәлі - Қарабатыр баласы. Ол Байназар баласы, мұның тұқымы - Атажан қажылар.
УАҚ ШЕЖІРЕСІ
[Уақ - Көкше - Қосай - Байназар] 1. Байназар. 2. Шаға. Байназардан - 1. Әжібек. 2. Абырай. 3. Елек. 4. Сүлік. Шағадан: 1. Қырғызәлі. 2. Сыбанғазы. 3. Көзмірек (Көрмірек). Әжібектен: 1. Тәмен (Сәмен) 2. Құрмантай. 3. Жылқыайдар. 4.Жолапбас. 5. Өтеген. Тәменнен: 1. Мәмбет. 2. Жаныс. 3. Үмбет. 4. Шерубай. Құрмантайдан: 1. Жантілеу. 2. Тоқтілеу. 3. Бетеге. Жылқыайдардан: 1. Жантөбет. 2. Байтөбет. Жолапбастан: 1. Мінзек (Мезек). 2. Аманбек. Абырайдан: 1. Көтен. 2. Оразкелді. 3. Таттық. 4. Самамбет. Көтеннен: 1. Жылқыайдар. 2. Саламат. 3. Бекен.
ШЕЖІРЕ ҮЗІКТЕРІ
[Керей - Ашамайлы - Тарышы] [Ескерту: «Ашамайлы Керейді С.М. Мұқанов былай бөледі: «Тарышыдан: Ақсары, Құрсары...» Қара: Қазақ шежіресі, Целиноград, «Қаламгер»шығармашылық алқасы, 1991, 21 б.» ] Көрсары, Ақсары, Көрсарыдан: Есбол, Есенәлі. Есенәліден - Құдайқұл, мұнан:1. Құдайберді. 2. Қодас (Құдас).
Құдайбердіден 1. Елубай. 2. Байқошқар. 3. Жәдік. 4. Оразымбет. 5. Бердібай.
Жәдіктен: 1. Сәттібай. 2. Байболат.
Ақын Шөже Қаржаубай баласы... Балта ақынмен айтысқаны [52.]
[Қаракесек - Ақша - Бошан - Таз - Бұлбұл - Шаншар - Бертіс - Бектемір - Мұсеке] Мұсекеден - Қазанғап, онан:Тәттімбет, Ерсымбат (Ырсымбат), Жақсымбет. Тәттімбеттен: Мұсатай, Қысатай. Мұсеке моласы – Бабалы тұсында, Қызылтаудың Едірей (Ыдырай) Мыржыққа қараған тұмсығында. Қазанғап моласы - Көрпеш тұсында. Шама төренікі - Жыланды мен Үшқара аралығында... Тышқан жылы Шөже мен Балтаның айтысқаны. «Көкқоян» - деген жұттың келер жазы Қуандық қатты жұтаған. Қоңырқұлжа төренің он жеті мыңы - тағалы торы қалмай, жылқышылар жаяу шұбырып ел тапқан. Осыны жазып отырған Мәшһүр - сол «Қояннан» кейін бес жыл өткен соң туған бала.
Балта ақынның жылы - қой. Соның алпыс бір мүшелінде туған - бұл Мәшһүр.
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК ТАРАУЫ ЖАЛҒАСЫ
[Күлік-] Бесімнің бәйбішесінің аты - Бөктік бәйбіше, Қыпшақ Қатықұлақ мергеннің қызы. Бөктіктен: Жанжігіт, Ақжігіт, Қармыс. Жанжігіттен: Байтемір, Бектемір.
Байтемірден: Сүгірәлі, Кенжеқұл, Тәбе, Соқыр,Темеш.
Бектемірден: Ыбырайым, Мүсек, Бірәлі. Серкебай, Мырзағұл, Таңатбай, Байтоқа, Абдыра (Әбдіра) сол.
Ақжігіттен: Құлмұхаммед, Сермұхаммед, Досмұхаммед, Ізден.
Құлмұхаммедтен: Оңайбай, Ыдырыс. Сермұхаммедтен: 1.Шаншар (Санжасар). 2.Мыңжасар. 3. Жүзжасар. 4. Көпжасар. 5.Мағырыб.
Шаншардан - Ысмақ (Есмақ) бала-шағалы.
Мыңжасардан: Нұрке, Имаммәлік, Жүніс. Нұркеден - Біләл.
Жүзжасардан - Көшімбай бала-шағалы, Керей ішінде.
Көпжасардан - Мәшһүр - Жүсіп, мұнан: Мұхаммедшарафиден, Мұхаммедфазыл, Мұхаммедәмен атлы баласы отыз үште шаһид болып тұқымсыз кетті.
Мұхаммедшарафиденнен - Бап, Төлеубай, Олжабай, Төлеутай. [Арғын - Құтан – Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы – Шуманақ - Құлболды - Күлік -Тілеуімбет - Күнту] Күнту баласы Жанайдардан - Орындық бәйбішеден: 1. Өтес. 2. Өтеміс абыз. 3. Сәдібек. 4. Үйсін (Үсен). Сәдібек: Таубай, Әлі. Айса тоқалдан: 1. Төлес. 2. Бөкей. 3. Уәлібай. 4. Омар. Апақаннан: Әйти, Андас.
Өтестен - 1. Тілеміс. 2. Апан. 3. Қожақай. 4. Жүбаныш. 5. Кенжесі - Қуан. Тілемістен - Елбісін (Ілбісін), мұнан - Әлия, шын аты - Илияс, Керей - Жөкен аулында өсіп-өнген. Апаннан - Төке, Лекер, Елембек. Тоқалдан:Сүлеймен, Молдабай. Сүлейменнен - Аққасық жалғыз. Төкеден - Арбабай, мұнан: Кеген, Әлібай, Жүсіпбай. Әлібайдан - Желін. Қожақайдан - Мамыр , мұнан - Желдібай. Жұбаныштан - Сабыр, мұнан: Нысанбай, Шәріп. Қуаннан - Нұрқан (Нұрпан).
Сүлейменнен - Аққасық, нағашысы - Жарықшақ. Өтеміс - Әбдімолда, Аппас.
Әбетай: 1. Кесекбай. 2. Аузыбілда. [Кесекбайдан] - Имамбай.
Әбдімолдадан: 1. Керуен. 2. Саудагер. 3. Бесмолда. 4. Қосым. Саудагерден: 1. Өсебай (Усабай). 2. Жұмабай.
Төлестен - Тұрдыбай. Тұрдыбайдан - Бұйымтақ, мұнан - Жәкі.
Үсеннен: Әбдіраман, онан: Ахмет, Қожан. Ахметтен: Шөкен, Үлгібай (Өлкебай), Көжекбай. Үлгібайдан - Есімсейіт. Төлестен - Нұрсейіт: 1. Орымбай (Орымбай, мұнан - Кенжебай). 2. Сәрсенбай.З. Ерсенбай, мұнан - Сенбе. [Сәрсенбайдан] - Мақаш, [онан] - Тұрсынбай. [Орынбайдан] - Кенжебай.
Бөкейден: Оразәлі, Сүйіндік, Мырзабай, Рәжіп.
Ауылбайдан: Нұрбай, Татсейіт, Сапақ, Қозыман.
Омардан: Күлдірбай, Бурыл.
Күлдірбайдан: Ермекбай, Екемен (Екиемен).
Ермекбайдан: 1. Байдүйсен 2. Атанбай. Екеменнен: Есенбек (Иманбек). Ізден абыз ұрпағы - Байтоқа немерелері - үш бала Қарағайда Нұрекен ауылында жүр. Тасболат, Бекболат, Әбілмәжін - Шорабай балалары. Өтеміс абыздан үш бала бар: Әбдімолда, Аппас, Әбетей. Нұралыдан: бәйбішеден - Жаңабай. Жаңабайдан - Мылтықбай. Мылтықбайдан - Байділда. Бір қатыннан: Алтайбай, Сексенбай.
Ақанай деген қатыннан - Пұшай, Жантай, Байжан.
Қалан тоқалдан сегіз: Қантай, Ертай, Күзембай, Қаракесек, Қамбар, Базаршы, Қожыр, Қарымсақ. Қантайдан - Көржекей, мұнан - Әбдірахман, мұнан: Дүйсен, Өмірбек, Жұқақұлақ. Ертайдан - Әлжапар, Жәкеш. Күзембайдан - Өбді, Айып. Қаракесектен - Омар. Қамбардан - Әжекей, мұнан: Ыбырай, Ысмайыл, Ысқақ. Базаршыдан - Бұзау.
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-АЙДАБОЛ ТАРАУЫ
[Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ - Құлболды - Айдабол -Жанқозы - Сары] Сарының бәйбішесінен - Нар. Бұл Нардан - Ботбай, Шымыр, Құл (Қол), Жанан. «Қарала аттың иесі - Жанан» - осы. Онан соңғы қатыннан - Лаба, Майқар, Қосан.Кенже тоқалынан, Сарының Бике деген тоқалынан - Ақкіс, мұнан - Бекбау, мұнан -Асқар балуан. [Айдабол - Жанқозы - Төлебай - Еламан] Еламанның тоқалы - Қарақалпақ қызы - Ботан: Нұралы, Жауқашар, Бақпай. Жауқашардан: 1. Түйеші 2. Бозбай. 3. Тауасар. 4. Шаумен. 5. Тасай. Түйешіден: Қалмұхаммед, Құлмұхаммед, Кәткі, Күржік, Бұршай, Базарбай. Бұл Базарбайдан: Жамақай, Ыбырай, Бесақай, Жұмақай, Салықшы, Тайбасар, Жұмағұл.
Шауменнен - Темеш. Тасайдан - Жаңбыршы, Тасыбек (Тасбек), Бәжік (Бәжеке).
Тауасардан - Мәліт, Шәкөт, Жалтын, Жақсыбай.
Көжек пен Бұршайдан тұқым жоқ.
Бесақайдан - Бошбан, Сыздық, Ахмет. Жұмақайдан - Омар, Оспан.
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК
Күнту баласы Жақсы Жанайдар, есіл ер-ай! Үрым-бұтағыңды жазсам да болар, жазбасам да болар. Жанайдардың бәйбішесінің аты - Орындық бәйбіше. Мұнан туғандар: 1. Өтес. 2. Өтеміс абыз. 3. Сәдібек. 4. Үсен. Айсатоқалдан - 1. Төлес. 2. Бөкей. 3. Әуелбай. 4. Омар. Апақаннан - Әйти, Андас. Өтес пен Өтеміс ұрпағын бар да болса, бұл күнде жан білмейді. Сәдібектен - Таубай, онан - Әлі. Үсеннен - Әбдіраман, онан: Ахмет, Қожан. Ахметтен - Шөкен. Төлестен: Нұрсейіт, Орынбай, Сәрсенбай, Есебай. Орынбайдан - Кенжебай. Бөкейден: Оразәлі, Сүйіндік, Мырзатай, Рәжіп. Ауылбайдан: Сапақ, Құрман, Нұрбай, Татсейіт. Омардан: Күлдірбай, Бурыл. Күлдірбайдан: Ермекбай, Екемен. Өтеміс абыздан үш бала бар: Әбдімолда, Аппас, Әбетей. Әбетейден - Аузыбілдә, Кесекбай. Бұл Кесекбайдан Иманбай.
ҚАРАКЕСЕК ШЕЖІРЕСІ
Бұл [Қаракесектен] Болатқожадан туады: Ақша, Түйте. [Түйтенің] Түйтесінен - Майқы, Танас (Танаш). Майқыдан - Әлтеке, Сарым. Әлтекеден: бірінші бәйбішеден - Өтеген. Өтегеннен : Байдәулет, Байымбет, Жанықұл, Қайқұл. Екінші қатыннан: Есболай, Дос, Әлмұрат. Үшінші қатыннан - Сапақ. Бұл Сапақтан - Жиенбай, Боғық (Бұғық). Жиенбайдан - Байжігіт, Боқан. Боғықтан: Жәнібек, Қоянбай. Әлмұраттан - Атымбек. Атымбектен: Иманәлі, Көрсары, Тамай, Бақи, Қазыбай, Баспалдақ, Жанақа, Марлақ, Төлек, Бөлек. Атымбекпен туысады: Ақбота, Жарас. Жарастан: Әбіл, Қабыл, Есенкелді. Сарымнан: Өтеміс, Тоқсан. Өтемістен: Құлсары, Қ ұлық, Боқсары. Құлсарыдан- Көшкін. Көшкіннен: Орысбай, Қазыбай, Шақабай, Жұманбай, Түлкібай. Орысбайдан - Саумал, мұнан Күзембай (Көзімбай), мұнан Күлімбай, мұнан Бәкір. Құлықтан: Жалаңтөс, Тұнғат. Жалаңтөстен - Байкел, мұнан Тарбақ, мұнан - Әбдірахман. Тұнғаттан - Байсүйеу, мұнан - Ақпан, мұнан - Жанғұтты, мұнан - Жұртыбай, мұнан -Жүніс. Боқсарыдан: Жоламан, Еламан, Шабанбай (Шопанбай), Қойлыбай, Тәңіріқұл. Жоламаннан: Майлы, Күлембай. Күлембайдан - Арақбай. Әлтек – Сарымның Сарымынан: Өтеміс, Тоқсан. Тоқсаннан: Жиенкелді, Мастан, Алдияр. Мастаннан: Қожағұл, Құлжан, Мамыр. Құлжаннан - Айдабол. Айдаболдан: Дербісәлі, Маман, Шуаш. Шуаштан -Атантай, Ботантай, Абайла. Ботантайдан - Жанғұтты. Жанғұтты баласы - Сәтбек. Бұл Жанғұтты Мұса - Секербай заманында ауызға ілініп, көзге түскен қазақ жақсыларының қасқа жайсаңы болған. Өзі қажы барып, жәннәт ал-бақияда қалған, басында атын жаздырып орнатқан тасы бар.
ТОБЫҚТЫ ШЕЖІРЕСІНЕ ДЕРЕК
Тайланның Ақшиінде Тобықты - Шүрек бидің шошақ моласы бар. Шаған өзенінде Тобықты - Кебенек бидің шошақ моласы бар. Дегелеңнің оңтүстігінде екі домалақ тау көрініп тұрады. Екеуін де: «Шонай» дейді, маңайында дәнеме жоқ болғандықтан. Шыңғыс көрініп тұрады Шонайдың алдыңғы жағында.
АРҒЫ АТАСЫ БЕЛГІСІЗДЕР ТУРАЛЫ
Айдабол: Боштай ауылында өсіп-өнген құл-құтандар [бар]. Бір Қойшыбай деген, түбі-тегін жан білмейді. Шешесі Боштайға жетімдікке келген күң, аты - «Сапар» екен, Бағаналы қызы екен. Ауру түйені емдейді екен. «Бағаналы қызы бақанмен емдейді» - деп айтқанынан ба екен? Қойшыбайдан: Шәфіл, Шөфіл, Жақсыбай. Қаракесектен келген күң аты - Ырыстық. Оның соңынан еріп келген бала, аты - Жолдасбай. Мұның да әкесі кім екенін жан білмейді. Ырыстықтың Қаракесек ішінде қалған баласы шешесін іздеп келіп, өзі өліп, қатыны қалған, аты - Боржық. Ол Боржықты Жолдасбай алып, Боржықтан туған балалар: Абыл, Әбіш, Тонай. Байбосын деген бір қызтеке Жолдасбаймен еншілес болып жүріп өлген, малы Жолдасбайда қалған. Бала күнімізде көріп едік. Қойшыбай Құсайынның түйе-сиырын бағушы еді де, Жолдасбай қойын бағушы еді. Бір Көшен деген Қойшыбайдың қатыны, Батпанның енесі (інісі) еді, «Түбі-тегім -Орманшы», - деуші еді.
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-АҚБУРА
Үшқұрт тұқымы [53].
Қалшадан - Жұматай. Жұматайдан - Сағындық. Баутаннан - Қаракесек. Қаракесектен -Жұмакелді. Жансарыдан - Жаңабай, Жаңабайдан - Бұрал. «Тілінен жазған Бұрал» -атанған. Нұрекен ауылындағы Байбосын - соның ұрпағы. Қариялардан естуіміз: Күлік жылқысын түп көтере жау алып қуа жөнелгенде, күліктің қуғыншылары: «Иа, ер Сүлтеке!» - деп, қуыпты. Сөйтсе жау Қарсұн - Керней Жарылғап балалары батыр басы - Ақылбек екен: «Сұлтекесін с...н. Осы немелердің былшылдап айтып келе жатқан «Сұлтекесі» кім? - деген екен. Жолшыбай Қаржастың жатағы, пішен шауып жатқан - көріп, үстінде бөз жейдесі бар, әкесінің аты - Аткелтір, өзінің аты - Жақсылық, жиырмаға жетпеген бала, жауыр Кершолағына жайдақ міне сала қуғанда, Ақылбек қашсын ба, найзасын ұстап, көлденең тұра қалыпты. Дәл найзамен түйреп тастайын деп ұмтылғанда, бала найзаның ұшынан ұстай алып, жұлып алып, Ақылбектің өзін мұрттай ұшырыпты. Ақылбек тілге келмей мүрдем кетіпті. Қасындағы жолдастары: «Не бетімізбен елге - жұртқа мал айдап барамыз?» - деп, және: «Ақылбекті кімнен өлді дейміз?» - деп, Ақылбектің сүйегін алып жүре беріпті. Күлік малын айырып алып қалды. Аткелтір баласы Жақсылық деген; кім екенін жан білмейді. Қаракесек ауызға алып айтуға ұялып, осы сөз жым-жырт қала берген. Сол күндерде Сатылған - Жансары - «Бұрал» - деген қайыршы қаңғып барып, Ақылбектің үйіне қонады.
− Кімсің? - десе,
− Қаржаспын, - дейді.
Ақылбектің қатын-баласы:
− Мұны біз естиік, енді аузыңнан шығарма, бұл үйден басқа жанға «Қаржаспын» - дей көрме? Неге десең, «Ақылбекті өлтірген Қаржас дейді» - деген сөз жұртқа жайылып кетті. Ашумен сені біреу өлтіріп тастаса, Ақылбектей жанның бодауына сен қайшы болып кетесің де, онан соң бізге өлімнен ол ауыр, - деп, басқаға айтпай, ауылынан ұрлап, жасырып, жөнелтіп жіберіпті. Сонан шығып Қаракесектің біреуіне қоныпты. - Қайдан шықтың? - десе, − Өліп қалған Ақылбек қатындікінен шықтым, - депті. Қонып отырған үйі Ақылбектің туысқан бауырының үйі екен. − Мына иттің сөзі өтіп кетті-ау! - деп, тұра бас салып өлтіріп тастапты. Сонан: «Тілінен жазған Бұрал» - атанған деседі. Күліктің «Ер Сұлтеке», - деп жүргені «Сұлтан қожа» - деген әулие қожа болып, Күлік деген елдің сенімді сыйынатұғын пірлері екен - Қаракесектің Қазыбегі сықылды.
АРҒЫН-ҚАРЖАС ТАРАУЫ
[Арғын - Сүйіндік - Қаржас] Қаржастың үш баласы: Құлыке, Бегім, Алтынторы. Бегімнен - Сатылған. Сатылғаннан: Тілеуімбет, Таңат, Қоныс, Мәмбет, Жансары. Таңаттан -Батырбек, Атанбек, Тауасар. Батырбектен - Өтеужан, Қылыш. Тауасардан - Қосағал, Қоске, Қожаберген, Атамбек. Атамбектен - Қожамберді, «Қожамберді Дорбауыл» - дейді. Дорбауыл - Найман. Қалба тауындағы Дорбауыл Найманнан - Айтымбет төрт қос жылқымен келіп, бір қыс қыстап жатып, Атамбектің Мор деген қызын тоқалдыққа сұрап, сонда Мөрдің ағасы Қожамбердінің қатыны жылқышының ішінде Аткелтір, Шарық деген құл бар екен. Шарық өзі балуан, өзі жылқы ұстампаз, құрығына екі жылқы қабаттанып түссе, Шарықтың тартып қалған күшіне шыдамай, екеуі де мұрттай ұшып, пышаққа ілінеді екен. Сол Шарықты: «Жеңгетайына бер» - деп сұраған соң, беріпті. Сонда Аткелтір: − Мұны берсең, мені айырма, қоса бер. Егер айырсаң, Найман, сен де оңбайсың, Қаржас, сен де оңбайсың! Екеуіңнің де түбіңе жетемін, бастарыңды мүжімей қоймаймын! - деген соң, Аткелтір, Шарық - екеуін қоса қабат беріпті. \ Айтымбеттің бәйбішесінен бала бар болса, өз елінде де Мөрден туған балалар «Дорбауыл» - атанып, Қаржас ішінде қалған. Аткелтірден - Жақсылық. Жақсылықтан - Үсен батыр. Үсеннен - Араб батыр. Арабтан нәсіл - тұқым жоқ. Үсеннен - Ержан, білмеймін не бар, не жоғын. Шарықтан - Бекжан, Мамай. Онан - балуан Жақып: Мұса - Секербай заманында балуандықта бас бәйгені алып, Мұсаның өз асында бас бәйгесін алып және ас тарқарда Қуандықтың бір балуаны Саққұлаққа арыз қылып, күресіп, Жақып оны да жығып, жауырыны жерге тиместен қартайды. Осы Ақылбек өлтірілген қарсаңда Тәті мырзаның Жанкісі деген баласының қайыны Қаракесек екен. Қайынына барып жатқан жерде Ақылбек Қаржастан өлгендігі естіліп, қашып келіп, үйдегі екі ағасына қып-қызыл шиедей қотыр шығып жатқанның үстіне келіп, үшеуі біржолата өліп, өлген жерлері «Үш қасқа» атанып қалды. Сөйтіп Ақылбек құнын даулай алмай кетті. «Бөз жейделі бала өлтірді, - деп, қалай ұялмай сөз қыламыз?» - деп. [Қаржас - Бегім - Сатылған] Сатылғанның бес баласының бірі - «Сарсадақ - Қоныс» -атанған. Садақ тартымпаздығына сенемін деп, «Ақтабан шұбырындыда» қалмақ қамағанда, бала-шағасымен қырылып қалған. Бір-ақ баласы қалған, аты - Майлыбай. Бұл Майлыбай да жау жолында өлген, екі немере тірі қалған: Есенаман, Жарқын. Жарқыннан - Бақыр, Қазан, Мұрынбай. Мұрынбайдан - Қоймас, мұнан Сұлтанбек. Сұлтанбектен - Ысмайыл, Әмірбек - Қартқожаның шешесінің інілері. Ойым, Телінің Ойымынан - Жейнет, Жейнеттен - Өтен, Баян. Бұл Баян жеті ағайынды. Баяннан төртеу. «Торыала атты Досымбет» - деген баласы қоныс қарап, жер буғанда, Қотыр қызыл тауда Қарақуыс деген жерді алдымен келіп буғандықтан, Баян үрім - бұтағы күні бұл күнге шейін сол жерде қалған. Баянның Асан деген баласы есті тентек емес, жынды тентек болған. − Сен жерді сұрағанға беріп, әркімге үлестіре бересің?! - деп, әкесі Баянды, - көрмеймін! -деп, ант ішіп, «Жиделібайсын кетемін!»- деп, жалғыз ұй Қызылтаудың сыртында «Үш сала» - деген жерге барып отырып алған. Әкесі баласын сағынып: «Көремін» - деп барса, жонға шығып кетіп, етпетінен түсіп жатып алады дейді. Сонан соң әкесі ыза болып: − Мұның барынан жоғы жақсы! - деп, айдалада жатқанында ту сыртынан өрт салдырған: «Өртеніп күйіп кетсін!» - деп. Айналасының бәрі өртеніп, Асанның жатқан жері өртенбей аман қалған. Соны көзінен көргендіктен айран-асыр қалған. Бұл Асан: − Мыналар мені жатқан жерімде өлтіріп тастайды екен, - деп, - Жиделібайсыннан ағайын іздеймін. Жер-қоныс тауып келіп, солай кетемін, - деп, - салт атты, сабау қамшылы болып қаңғып кеткенде, қалған үйін, мал-жанын жау шауып, тып-типыл қылып кеткен. Асан төрт ағайынды болған. Асаннан төрт бала қалған, бірі - Тоғымбай. Тоғымбайдан екі бала, біреуі - Тәтенқара. Тәтенқарадан үш бала, бірі - Жанан. Жананнан - Қартқожа Қартқожа өзі екі ағайынды. Ағасы өлген, онан бір бала бар. Өзі осы 1927-інші жылы, Қоян жылында, отыз екі жаста. Желтаудың бөлек желіндей өзінде жел де бар, Асан дегендей күшті жын да бар.
ТҮПКІ АТАСЫ БЕЛГІСІЗДЕР ШЕЖІРЕСІ
«Найманбыз» - дегеннен басқа білері жоқ. Шақанақ - Қызылтауда жер аты болған дейді. Шақанақтан - Бөрібай. Бөрібай балалары: Айтысқан, Тәттібай, Күтікей (Көтекей). Бөрібайдың тоқалынан - Бектеген, мұнан үшеу: Бекболат, Байжан, Тайжан. Бекболаттан -Жұмабек. Байжаннан - Ыбырай, Қитан. Тайжаннан-Шораз, Бетім.
Едігенің құл-құтандары:Құтемген - құлы, Шілікбай – күңнің аты. Айран екеуінен туған бала - Оразбай, мұның баласы - Сары қажы, мұның балалары көп.
Итемген құлы - Бесен, мұның да ұрпағы көп.
Ақынбайдың құлы - Тұяқ, мұның баласы - Қарашолақ, мұның баласы Қарашолақтың -Дүйсенбайы. Қыс болсын, жаз болсын, өз алдына бір ауыл. Баянаулада Шоңай Қарағашында Құдайберген сарттың балалары бар, екі қатыннан - төрт ағайынды.
Құдайберген әкесі - Асан, Асан әкесі кім екенін жан білмейді.
Еламан ішінде «Ишан қари» - атанған сарт бар, бала-шағалы.
Ишан қари әкесі - Керуенбасы. Мұса - Секербай заманында келіп, Мұсаға төлеңгіт болған. Керуенбасы әкесі - Баймұрат. Керуенбасы - Баймұрат әкесі - Ерназар. Керуенбасы түбі-тегі Бұхарлық, Уапкендік Шағылбас руынан: «Түбі-тегіміз Түрікпендік екен» - деуші еді. Қаржас ішінде Алтынторы ортасында: «Ахметжанның Сүлеймені» - дейді. Төрт ағайынды, әкесі Ахметжан - «Шолақ» атанған, оның әкесі кім екенін жан білмейді.
БӘСЕНТИІН ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
Бәсентиін ішінде «Бұқа, Күбір»- дейді. «Бұқакүбір кім баласы?» - десең, әкесінің атын жан білмейді. Көзінен көріп, қолынан туғызып алған ешкім жоқ. Айтушылардың айтуы -бұрынғы заманда Бұхар, Қоқан ханларының біреуінікі - Татарбай деген құл екен: «Тамақ үлестіруші болған» - деседі. Қазынаға қиянаты білінген соң, «Елге - жұртқа жолама!»-деп, қуып жіберген екен. Елсізде жүріп, жетекке саяқ бір қатын кез болып, екеуі қосылып, ерлі-байлы болып жүргенде, буаз болып, бірінің аты - Бұқа, бірінің аты - Күбір қойылыпты. Екеуі ер жеткен кезінде бір қоңыр бұқалары болып, жалғыз қаңғып кете беріп, сонда бір тауды жатақ қылып, сол таудың аты «Қоңырбұқа» - деп аталып қалған дейді. Басқа сиыр жоқ, өзі жалғыз бұқа болған соң, бір кесу білетұғын жан кез болған соң, кестірсе, бұқаның ені жалғыз-ақ екен. Соны «Мен пісіріп жеймін!» - деп, екі бала өзді-өзі таласып, төбелесіп, бірін-бірі көргісіз болып, бірі ойға қашыпты, бірі қырға қашыпты. Бұқа қырға қаңғырып шығып кетіпті. Күбір Сырға кетіпті. Сонда Бұқаға жолдан бір қатын килігіп, ерлі-байлы болысып келе жатқанда, жұртта қалған бір қара күшік еріп, жолдас болып, Сарыарқаға келіп, Маңдай - Байымбеттің дүрілдеп, дәуірлеп тұрған күнінде елге келіп, үйір-шүйір болуға беттей алмай, қамыстан шайла жасап алып жата беріпті. Қара төбет түн болса, алыс жердегі ауылдан майды қарныменен, ірімшік-кұртты боғжамасымен тасып бұларды ас-судан тарықтырмапты. Бір күндерде Маңдай-Байымбет біліп: − Сендер бүйтіп елсіз-күнсізде жатпаңдар, елге келіңдер. Асқа барамыз, бізден ат мініп, сол асқа жүр, - деп, Бұқаны ерте жөнеліпті. Сонда Байымбет - Маңдай: − Мұны қайсымыз қарабауыр қылып аламыз? - десіп, - Екеуміз екі бөлек түсейік. Бұл өзі атын қайсымыздың атымыздың мойнына байлар екен? Сол байлау болсын, - деп. Сонда атын Маңдайдың атының мойнына байлаған екен де, Маңдай алған екен. Бұқадан-Майемер, Тауасар. Бұлардың түпсіз-тексіз екендігі мынадай жұмыстан білінеді. Тауасар өлгенде, үш күн жаназасыз жатыпты. Кім болса, ол болсын. − Мен жаназа білемін, - деп біреу жаназа оқыпты. Сонда жаназаға айтқан дуасы:
− Мұның тегі Бұқа-ды,
Бұқа шабы жұқа-ды.
Өзің, өзің, өзіңе,
Өзіңдікі көзіңе.
Бар, Тауасар, бар,
Жаназаңды кеше оқығанмын, -
депті. «Тауасар жаназасы» - деген Бәсентиін ортасында күлкі болған. Мұнан да әдемілеп айтушылар бар еді, олар өліп қалды. Сол Тауасар тұқымынан Рамазан баласы Жақай ахун (ахон) шығып, ескі законде байымен араз болып барған қатындарды: «Қазақта неке жоқ», - деп, пара алып босатып жібере берген. Жұртта аты шыққан Уақ-Нұрекен байдың қызы Зылиханы Қасқырбай - Жақсыбайдың Жақсыбайы алып қашып, сонда «Қазақта неке жоқ», - деп, Жақай ахун некесін қиып тастай берген соң, айырып ала алмаған. Сонда Зылиханың өлеңі мынау:
Ар жақтан Секербай мен Мұса келсін,
Жақсыбай Қасқырбаймен қоса келсін!
Некемді мен Жақайға қидырған соң,
Законды жаман Уақ қайдан білсін?!
Базардан алып келген сауыр - кебіс,
Мұса - еке-ау,айналайын, маған болыс.
Балға ағам, Түйте ағаммен барып келген,
Жандарал көтке үйіскі (үскі) қоймақ емес.
«Қазақта неке жоқ» - деп, пара алып, босатып жібере берген соң, иісі (исі) қазақ болып өкпелеген. Сол замандағы Мұса-Секербаймен замандас ақсақалдардың аузында әңгіме болған, түбі-тегі казак еместігі.
Сонда Рысбек (Ырысбек) - Манамбай деген кісі: − Жаназасыз қалған Тауасардан туған, әкесі қоянға құрық жіберген жаман Рамазанның баласы ай! Өзімнің ақ өгізімді ұрлап сойып, төлеу төлеген Жақай еді. «Әфтиектен алты қағаз оқыдым», - деп, жұрттың төбесіне ойнақтап кетті-ау! - деп отырады екен. Манамбайдың ол сөзінің мәнісі: Рамазан баласы Жақай жасында қылған қылығынан ұялып қашып кетіп, Көктеректе Уаледен хазіретке кызмет қылып, сол әулиеден қалағына тиген сөзді ұғып алып, қайыр фатихасын алуменен көгеріп, алғаш дуан аузы ашылып, жұрт орысқа бағынғанда, мүфти - хазіретлеріне ахун сайланып, «Жақай ахун» - атанып, Жақсыбай Зылиханы алып қашқанда, «Қазақта неке жоқ» - деп, некесін қиып тастап, мүфти-хазіретлері оның сөзін қостап, дуанбасы біткен намыс қылып: «Қазақта неке жоқ» -деген указ мүфтиінің бізге керегі жоқ!» - деп, мүфтиден шығып қалған. Мұса Шорманұлы бас болып, тамам дуанбасы өзін приговор (піриғуар) қылып көрсетіп, Ташкент, Түркістанға қашып бара жатқан бетінде, Керекуден отряд шығып, Баянаула маңынан ұстап, өмірінше үйден шықпасқа, олай-былай жүрмеске қолынан қағаз алып, өз үйін өзіне абақты қылып қойған. Осы нұсқаны жазып отырған мүхәррә оқудан басқа дәнеме қолынан келмейтұғын бала күні. «Жақай ахунды орыс ұстап алып келіпті» - деген соң, бір табақ ет, бір самаурын шай алып барғанда, атамыздың соңынан бірге еріп барған бала күніміз еді. − Орыс ұстап алып тінткенде, басымда сәлдем бар еді. Жиған-терген материалдарымды сәлдемнің астына қабат орап алған едім. Кәне, сәлдеме, қол тигізші, - деп тұрдым да, сәлдеме қол тигізбеді, - деп еді. Ұлан жасындағысын ұмыта ма?! Сол орыстың үйінде өзіме иіс тигендіктен, көшке шығысымен, қалпақтай түсіп қалғанымда, қожа Мұрат сарттың баласы Міржақып үйге көтеріп алып барды. Дәл сол күнде Баянаулада туған Файзолла указ, мешітке имам еді. Құдай рахмет қылсын! Мұса мырза үйін саттырып, көшіріп жіберген. Түбі-тегі Бөкейлік Қамардин хазіретті Омбыдан көшіріп алып келіп, Баянаулаға мешітке имам сайлатқан. Сонда біз тоғыз жасқа аяқ басқан бала едік.
АРҒЫН-ҚАРЖАС ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
[Арғын - Мейрам - Сүйіндік - Қаржас - Құлеке - Анай - Әлімбет] «Әлімбет - Анаймыз» -десіп келеді. Әлімбеттен үш бала бар. Бәйбішеден - Дәулет жалғыз. Кіші қатыннан-Қасаболат, Үмбет. Қасаболаттан - Базар жалғыз. Дәулеттен екі бала: үлкені - Рысқұл, кішісі - Байболат. Рысқұлдан үш бала: үлкені - Бекше, ортаншысы - Ақша, кішісі -Бекболат. Жұрт өңгесін білмейді. Ақша - Байболат дейді, - сол екеуін ғана біледі. Ақшадан үш бала болады: үлкені - Жиенәлі, ортаншысы - Манақ, кенжесі - Маман. Бекше жастай өліп қалып, екі қатыны жесір қалған. Үлкен қатынын ішінде төрт айлық баласы бар күнінде Жиенәлі алып, мұның қолына келген соң, бес айда бала туып, атын Есенаман қойған. Жиенәлінің өзінен бір ұл тауып, оның атын Жолшара қойған. Есенаман батыр атанған, бес қатын алған. Бәйбішесі қалмақ қызы, аты - Көкіш. Мұнан үш бала бар: Қарашора, Төлеп, Байшағыр. Онан соңғы қатынынан - Өтеке, Ботыш. Бір қатынынан -Боқбасар, бір қатыннан - Тақай, Төтей. Бір қатыннан бала жоқ. Қарашорадан - Бекен; Бекеннен - Қожан, Масақ. Өтекеден он екі ұл бар. Қарабас бәйбішеден алтау, кенжесі Шөкей, онан Екібас қажы. Тоқалдан төртеу, төртеудің бірі - Құтыбай. Құтыбайдан: Дос, Махамбет қажы, Жанысбай. Жолшарадан: бәйбішесінен - Таңқара, Бәкі. Бәкіден - Бақтыбай қажы. Бәйбішесінен -Бұғыбай, Екібай (Еңібай). Бұғыбайдан - Нұрмағамбет, Балташ. Жолшараның тоқалынан -Жарылғап, Бекбай, Қарауыл, Жолдас. Жарылғаптан: Молдабек қажы, Алдабек, Әбділда. Байболаттан төрт бала бар: Жылкелді, Малкелді, Байкелді, Сұлтанкелді. Жылкелдіден екі бала: Жантілес, Байтілес. [Байтілестен] - бәйбішеден бес бала бар: Едіге, Еламан, Жолан, Сарт, Шадай. Тоқалдан алтау: Титәуір, Бөлекте, Мейірбан (Мейірман), Көсеген, Жақыбай, Байты. Байкелдіден тоғыз бала бар: Кенжеқара, Жаманқара, Байқара, Тайқара, Қойқара, Шымыр, Мамыр, Тоқбура. Сұлтанкелдіден тұқым жоқ. Малкелдінің тоқалынан: Қашқынбай, Сартымбай, Жарқымбай. Малкелдіден тоғыз: Есенкелді, Есенжар, Асамбай, Алдамжар, Қожамжар, Көлбай - қалған үшеуі мағлұмсыз. Мұса - Секербай заманындағы қариялар Жақай ахунды: «Қоянға құрық жіберген жаман Рамазаннан осындай бала туушы ма еді? Бұл Қойсары, Балтабай - Тұранның Тұранының баласы - деуші еді.
ҚАНЖЫҒАЛЫ ШЕЖІРЕСІ
[Арғын - Ақсопы - Қанжығалы (аралары белгісіз)... Әлдекүн - Ақша - Көлбай (Құлбай)] Қанжығалы: Көлбай (Құлбай), Қожамберді. Бөгембай қойшысы - өзінің Қожамбердісі, Жабағы баласы Рақы, Малқозы, Баубек - бәрі бір заманның кісілері. Сатылған - Үндемес кемпір, Күлік - Былшық қызы Бейіс кемпір, Баякмет шешесі - бір замандас кемпірлер. Бүйеннің қатынының аты - Күрлеуіт. Қонақ - Қаракесек: Жылқыбай. «Ашуым келген жоқ» - дейтұғын Есек - Жаныс баласы. Өзі Тілеу - Хұсайын: «Саба!», - дегенде, сабамайтұғын, сабатам деген кісісі Кішіауыл – Әлжапар - Ертай баласы. − Мына Темірболатты саба деші, сабайын. Әкемдей ақсақалды қалай сабайын? - деп, сабамаған. Есіл бойындағы Қақсал - Жайпаң (Жайғаң) қажы ауылынікі - Мүсәпір сөзі. Көзі көріп, құлағынан естігендерге тамаша сөздер. Дәулет басқыр, Қожамбер[ді] - той-домалақ көп жиылған жерге кіріп келгенде, бұрынғының қара аяғымен тола аяқ асты қолына ұстатқанда, айтқан батасы:
Астың алды - аяқтың толысы,
Бар батаның сонысы.
Оңғарылсын жануардың
Қысқы-жазғы қонысы! –
депті. Отырған әлеумет: − Қожеке, не дедіңіз? Тағы айтшы, тағы айтшы, - дегенде: Ноғай матасын сатады, Қожа батасын сатады. Текке неге айтайын? - деген соң, отырғандар нәзір - ниязын беріп, жалынып тағы айтқызыпты. Арғынның ортаншы тоқалының аты - Момын. Бұл Момыннан туған - Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Арықсопы, Нәдірсопы. Ақсопыдан - «Толыбай» ұранды Қанжығалы, «Маябоз» ұранды - Тобықты. Қарасопыдан - «Қарақай» ұранды - Қарауыл, «Барлыбай» ұранды -Бәсентиін. Сарысопыдан - «Ұшыбай» ұранды - Атығай. Ана екі сопыдан нәсіл-тұқым жоқ. Алты атаның ұлы - Әжібай, төрт атаның ұлы - Қамбар, Жапар. «Желден келген жеті ру» -дейтұғыны тағы бар. Қанжығалыдан - Ішпек (Ешбек), Піспек. Піспектен ұл жоқ, ылғи қыз. Онан өрбіп-өнген Қуандықта - Алтай ұрпағы. Өр Алтайы,төменгі Алтайы - бәрі Піспек байдың қыздарынан туған. Ішпектен - Қамбар, Жапар, Қармыс. Қармыстан - Есен, Бозым. Есеннен ұл болмаған, жеті қызы болған, Қыздарын қалың малсыз жеті жерге берген. Әр қызынан бір ұл асырап алып бала қылған. Сол жеті жиеннен жеті ру өсіп-өнген: Қоскелді, Қылтышар, Лабашы, Бошқантай, Есіркеп, Нияз, Жолымбет. Бозымнан - Әжібай (Ажыбай), Әжім (Ажым), Әжімбет (Ажымбет). Әжібайдан: Ақтамақ, Ақбура, Қаратілес, Қарабұжыр, Қара, Сары. Ақтамақтан - Құдайберді. Құдайбердіден -Киікбай, Малай, Досқана, Телеке, Абыз, Шумақ. Қаратілесте - «Тентек Қанжығалы»: Айтуар, Көшпен, Құдайсүгір, Өтеген. Айтуардан: Әжеке Дәнен. Әжекеден - Байдалы, онан Тәшім. Өтеген батыр болған, қалмақтан «Елқонды» - деген бір баланы алып қашып келген. Аты «Елқонды» - болғандықтан. Қарабұжырдан: Мұрат, Байболат. Мұраттан сегіз туады: Дөнен, Сасық, Алтыбай, Тоғызбай, Теңізбай, Бестібай, Сегізбай, Құнан.
Байболаттан - Шыңғыстың Жұмабектері сонан тарайды.
Алмашының қызынан туған - Жантай, күңнен туған: Қойлыбай. Бірі қыздан туған, екеуі күңнен туған болады, «үш жиен» - деп сөйлейді. Алты атаның ұлы Әжібайдың бір баласы - Қара. Қараның бәйбішесінен: Елібай, Сары; тоқалынан - Жәдігер. Жәдігер бәйбіше балаларынан зорлық көрген соң, Құдайбердінің қолына қашып шығып кетіп, мал бағып түзде жүргенде, Найманның көп кісісі жолаушылап келе жатқан. Оқтай ұшырап, ол Наймандар Амалдық - Сарының құдалары екен. Амалдық - Сары баласына қыз айттырып, малын беріп құтылып қойған күнінде күйеу бала өліп қалып, қыз оң жақта жесір қалған. Соның мәнжайын сөйлескелі келе жатқан құдалары екен. Еліне барған соң:
− Жесір жібермейміз, - дейді де, - бір жаманына бер! - дейді. − Онан да осы баланы еріксіз алып кетіп, қызымызды осыған берейік, - деп, - Жәдігерді ұрлап алып кетіп, қызын беріп, енші беріп, мал малданып, жан жанданып, байыған соң, ағайын іздеп келіп, үйіріне қосылыпты. Жәдігерден: Тоқсанбай, Сатыпалды, Мәмбетбай. Тоқсанбайдан: Жанзақ, Байзақ, Құлжан, Бертіс-Жанзақтың бәйбішесінен - Бекайдар, тоқалынан - Сазан. Байзақтан-Айдабол. Бертістен-Тезекбай. «Тезекбай соры» - аталған жер аты бар. Мәмбетбайдың «Төрткіл ошақ қаздырып, төбел бие сойдырып» - бала қылған баласының аты - Алдаберді. Teгін -түбін жан білмейді, жігіт күнінде душар болған. Өзінің екі баласын былай қойып, қара шаңырағына Алдабердіні ие қылған. Ол Алдабердіден - Құттықожа, онан - Маңабай, онан - Сарыбел. Сарыбелден - Молда; Молдадан - Лекер қажы. Лекер қажыдан - Жақып. Алғаш қызылдар келгенде, Шақшан еліне исполком председателі болып тұрды. Бұқар-екеңнің: «Тексізді төрге шығарып, // Теңдік тимес құлыңнан», - деген сөзіне дәлме -дәл келеді. Елібай - Сарының Сарысынан - Жылкелді, Қойбас, Айбас. Жылкелдіден - Ақжігіт. Ақжігіттен - Күлен, Байты, Шақар. Күленнен - Сембай, Қожан. Қойбастан: Тұрсынбай, Есілбай. Тұрсынбайдан - Жаманша. Есілбайдан - Нұрпейіс, Тақан. Нұрпейістен - Тоқ, Тілеу. [Қанжығалы - Ішпек - Қармыс - Бозым - Әжібай - Құдияр] Құдиярдан: Ақдәулет, Келдәулет, Ақтайлақ, Қатпа, Құрамыс, Жанат (Жайнат). Акдәулеттен - Алтыбасар, онан Жүндібай, Шара. Жүндібайдан - Әбен, Әбеннен: Есімбай, Бесімбай. Қазақ - орысқа ең алғаш қарағанда, Иван Семенович деген полковой келіп, Баянауладан қала салдырып, дуан аузын ашада, дуанбасы, болыс сайлаған. Сонда Қанжығалы: ойдағысы - қырдағысы өз алдына бір болыс болып Жолға байлаған.
Жол: − Маған байлағандарың рас болса, мен Әжіке-Дәненнің Дәненіне бердім деген. - Дәнен күндердің күнінде кімге берсе, өзі білсін, - деген. Сондықтан Қанжығалыға ең алғаш Дәнен болыс болған, Дәнен өлерінде оз балаларына байламай, Жол баласы Алдабекке берген. Алдабек өлерінде Дәнен балаларына бермек болған. Мұстапа деген баласы тілін алмай, өзі болған. Соған өкпелеп, Қанжығалы екі айрылып, жеті руымен Әжібай Баянаулаға қарап қалып, Қама, Жапар, Қарабұжыр - «Тентек Қанжығалы» Ақмолаға қарап кеткен. Қанжығалының қақ жарылған жері - сол. Қанжығалыдан Бөгенбай батыр шықты. Үш жүздің баласының кәрі құлақтысынан ақымыз бардай қадалып сұрадық - түбін-тегін білуге: «Бөгенбай әкесі - Ақша, Ақша әкесі -Әлдекүн, Әлдекүн әкесі - Әлдекім» - дегеннен басқаны білмейді. Әлібек, Ақша - екеуі бір туысса керек. Ақшадан екі бала - Көлбай, Бөгенбай. Көлбай есер, есалаңдықпен бір аста Әлібектің үсті-басын майлай берген. Сонда айтқан Әлібек екен. − «Ерке баладан жынды бала көп жақсы! - деген осы екен-ау?! Мынау - өскенде, менің тұқымыма таң атырып, күн шығармас, - дегенде, Ақша: − Мұны айтасың ба?! Үйде бір шой қара бар. Тұқымың соның тепкісінде шіриді, - депті. − Ендеше мен тұқымымды оның тепкісінде шірітпейін, - деп бөлініп көшіп кеткен. Сол бойымен бөлек өсіп-өніп, Көкшетаудан әрі «Әлібек қараған» - деген жер бар, сонда, -деседі. Ол айтқан «шойқарасы» Бөгенбай батыр болып шығыпты. Бөгенбай батырдың бәйбішесінің аты - «Баяу» бәйбіше. Мұнан: Тұранәлі, Тұрымбет туады. Түранәліден - Бапан би, мұнан - Саққұлақ. Саққұлақтың бәйбішесінен: Бектұрған, Жұман, Нұрмағамбет, Байымбет; Талас қызы тоқалынан - Әжімбет, Нұралы, Ералы.
Нұралы қыршын жас болыс күнінде өлген. Саққұлак сонда: − Жалғызым-ау, жалғызым! - деп зарлаған екен. Көрге салғанда:- Бөгенбайдан келе жатқан кәрі аруақ, қара бақ, көзім тіріде сені қолымнан көрге салдым-ау! - деп боздаған екен. Маңайында болғандар:
− Перзентсіз, баласыз емессіз. Алтауы аман тұр ғой, - дегенде, − Орыстың оразасындай бірде бар, бірде жоқ. Көшпелі шіркінді не қылайын?! - деген екен. Саққұлақ өзі болыс күнінде Қыпшақ - Ыбырай аға сұлтан дуанбасы алым тапсыру үшін Жаншуақтың Мұсасына балаларының біреуін қосып жібереді екен. Басқа балалары барғанда, дәнеме демеген. Нұралыны қосып жібергенде:
− Саққұлактың өз баласы жаңа келді ғой, - депті.
Айыбы қыршын жастай өлгені, онан басқа айыбы болмаса керек. Нұралыдан:Барлыбай, Олжабай, Төлебай. ...Бөгенбай батырдың қалмақ қызы Қамарқан деген қатынынан - Жылқыбай, мұнан -Төлеген. Тағы бір қалмақ қызы Лаба деген қатынынан кісі білмейтін уақ - түйек толып жатыр. Төлеген бай жиексіз мырза болған. Ас сайын алты атанға қымыз артып барады екен. Таудан көшерінде қыстауына қырық сан тастап кетеді екен: «Әркім тауып алып, олжалансын» - деп. Өзі жасынан көксау, түні бойы ұйқы көрмей жөтеліп шығады екен. Жөтеле - жөтеле жалығып, тіріліктен безер болып:
− А, Құдай, иман бер, - дейді екен.
Онда қой күзетіп жүрген Бестемше деген жалшысы:
− Бердім, бердім, - дейді екен.
− Құлдық, Құдай, құлдық! - деп сүйсінеді екен.
Ертең таң атқан соң, ауыл - аймағы, балалары:
− Ол Бестемше ғой, - дегенде,
− Кім болса, ол болсын. Беруші берді де, мен алдым, - дейді екен. Иман алғанына айылы берік, әбден сенімді екен. Өмір бойы қатынға жатқанда, суға түсуді білмейді екен. Оны ұнатпағанға беретін жауабы: − Бұқа бұтын жуа ма?! Айғыр бұтын жуа ма?! Қошқар бұтын жуа ма?! Құтын жуған оңа ма?! - дейді екен.
Өзіміз: «Әулие ғой» - дейміз. Ақжүрек, нанғыш, арам ой жоқ.
Шоң би, Құдай рахмет қылсын, қатынға жатқанда, қыстай ағаш кертеді екен. Жаз шыққанда, көлге түсіп, ағаштың кертігін санап отырып қана суға басын сүңгітіп тазаланып, арылады екен. Құдай рахмет қылсын, Үкібай би де суға шомылумен жұмысы болмайды екен. Құрбы-құрдасы көп алдында ұялтамын дегендей сол жұмысын айта қалса: − Күнәлы болған к...ді жудым, с...ге баратұғын бетімді жудым. Осы, шіркін, маған мұнан артық не қыл дейді? - деп, қайырып тастайды екен. Айтқожа - Жаңабайдың Айтқожасынан - Құдайқұл, Барсақ, Тарақ, Байқозы, Шойтақ. Құдайқұлдан - Қаражігіт, Дәуітбай. Дәуітбайдан: Көлбай, Жартықұрт, Жақсылық. Жартықұрттан - Жақай. Қаражігіттен: Сәрсен, Үмбетжан, Тайжабан, Дүйсек. Барақтан -Итжан. Итжаннан - Азбанбай, Самай.
Тарақтан - Бегібай (Бігібай). Бегібайдан - Ықылас, мұнан - Есімбек.
Байқозыдан - Ырысты, мұнан - Боқтыкөт, Алтыаяқ. Боқтыкөттен - Қожан, Шайым.
Айтқожадан - Мергенбай, Арғынбай болып, Құдайқұл, Барақ, Тарақтар - Мергенбайдан туып, өсіп-өнеді. Айтқожаның алғашқы алғаны - қалмақ қызы. Сондықтан Айтқожа ұрпағын «Қалмақ» -дейді. Тоқалынан - Тілеуке туады. Тілеукеден - Биқозы, Жарылғап туады. Биқозыдан -Нұрмақ. Жарылғаптан - Мұсабай, мұнан Шортанбай, Қоса[яқ]. Байдәулет - Бибала баласы. Шортанбайдан - Мәлғаждар. Бибала - Жылқайдар баласы, Айтқожа Тілеуімбетке немере, Жаңабай да немере. Жылқайдар әкесі кім екенін жан білмейді. Жаңабайдан - Баймағамбет, Бошай. Бошай тұңғышы болса керек. Бұл Баймағамбеттен: Өтеу, Төйте, Үкі. Өтеуден-Естібай, Аятай. Естібайдан - Дүйсекей, Халы, Хасен, Сембай (Дүйсекеден - Елубай). Халыдан - Қыпшақбай. Төйтеден - Қорабай, онан: 1. Омар. 2. Оспан. 3. Сыздық. [Оспаннан] - Қайырбек бала, Дүйсенбек. Үкіден - Қарабала (Жақсыбала), Бакей. Бакейден - Исабек. Аятайдан - 1. Ноғайбай. 2. Тоғайбай. 3. Жұман. Бошайдан - Қабай, Бабай. Қабайдан - Дәрменбай, Сарман. Бабайдан - Сүтемер абыз, мұнан - Байбол, Ысқақ, тағы біреуі бар.
«ҮШҚҰРТ»
(үшінші нұсқа) [Арғын – Құтан - Мейрам – Сүйіндік - Суғыншы – Шуманақ - Құлболды - Ақбура -Жетібай - Есен - Үшкұрт]. Ақбура: Есен тентек жолаушы болып, бір ауылдың сыртына түсіп отырса, бір бала жүгіріп келіп қасына отыра қалыпты [54]. Қоржынының аузын сөгіп, балаға үш құрт алып беріпті. Бала құртты алып, ауылға қарай жүгіріпті. Есен тентек өз қоржынын езі пышақпен жарып, кұртты жерге төге салып, баланы қуып барып жатып жабысыпты:
− Менің қоржынымды жарып, үш кұртымды алып қашты, - деп.
Даулап, айыбына сол баланы алыпты. Атын «Үшкұрт» - қойыпты. Есен тентек өз балаларынан артық ұстап, бала - жігіт болған соң, Есен тентектің бір тоқалын меншіктеп кетіпті. Есен тентек баланың бетін қайырмай, тоқалын өз қолынан соған қосыпты. Үшқұрттан туған баланың аты - Айтқожа, онан туған Байсалбай. Бұл Байсалбайдан: 1. Қалша. 2. Баутен (Баутан), 3. Байсымақ. «Күлікпін» - дейді, айтушылар: «Дөкей (Төкей) болса керек» - дейді. Нұрекен аулында Мырзабай деген баласы «Бекбау - Мырзабайдың Бекбауы» - атанған. Мұның баласы - Сұлтанғазы, мұның баласы - Жұмаш және біреу жаздырды. Жұманғали, мұның әкесі - Әбіш, мұның әкесі - Жашке, мұның әкесі - Досымбек, мұнан арғы атасын білмейді. Нұрекен байдың аулында Рамазан - Құттымбет баласы бір жасарында анасының емшегінде әкесінен жетім қалып, шешесі Қыпшақ: Тасыбек (Тәсібек) дегенге тиіп, «Тасыбек баласы» - деп кеткен. Бұрынғы әкесінің аты Құттымбет екен. «Құттымбет төрт ағайын екен» - дейді. Бұлардың әкесінің аты - Тышқан. Тышқан әкесі Танабай дейді. Бар білгені - осы. Тұрашап, Құлт, Құттымбет, Шойынбай, Уақбай.
Тұрашаптан - Мөшке, Жетімек, Тауасар.
Мөшке баласы - Кәпіш. [Сол беттің оң жағына көлденеңдеп жазылған ескертпе: «Жамшыбай ақын айтты дейді: «Төкібай, Танабай бір туысқан» - деп. «Тасыбектен -Жолалды» - дейді. «Жанақ балалары - Орманшы» - дейді].
Қазақ орысқа бағынбай, қарамай, малшы бетімен жайылып жүрген күнде... [55].
Тайшы - қалмақ тілі [56].
Тобықты - Көкше атанған табынан шыққан Дүтбай болыс тоғыз биімен бір съез қылып жүргенде, Құнанбай баласы Ибрай [Абай] да болыс екен [57]
Байқарадан жеті ақын әзіретке барып...[58].
ҚАРАКЕСЕК ІШІНДЕГІ ҚЫРҒЫЗ
...қты Кентболысында Бөкей ханға төлеңгіт болып сіңгендер: Ғайса, Мұса - екі ағайынды Қалдыбай балалары. Қалдыбай, Қырымқожа - Қылыштың Қылышының балалары. Қылыш әкесі - Байымбет, Байымбет-«Байқұл» - атанады. Байқұл баласы: Ордабай, Күшікбай. Күшікбай баласы - Айдар молда, мұның баласы Зият мұғалім. Омарбай үш ағайынды: 1. Рамазан. 2. Омарбай. 3. Мәді. Байымбет, Байқұл әкесі - Қашы: «Жиырма шақты үй бармыз» - дейді Кент елінде. Қанқожа - Бопының әкесі - Тәтен төре Шоң бидің заманында Бәсентиін төресі болып тұрған. Бұған бітім-тыным жөніне Шоң, Торайғыр келген. Ұлы жүз – Үйсін - Ботбай -Шымырдан шыққан Құдайменде тәуіп те келген. Екеуінің де әңгімесі бар. Тәтен әкесі -Орыс төре. Бәсентиін: «Төре қыламыз» - деп ап келген. Аты Наурыз екен, өзі сары, көзі шегір болған соң, «Орыс» - аталып кеткен. «Тобықты - Олжайдың үш баласы болған, біреуі - Ырғызбай - «Үш Олжай» - деседі [59].
АРҒЫН - СҮЙІНДІК-КҮЛІК ТАРАУЫ ЖАЛҒАСЫ
[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам – Сүйіндік – Суғыншы - Шуманақ – Құлболды - Күлік] Күлік ішінде: Шынтемір, Кешубай, Бошан, Бәйтен - төрт ағайынды бай-қожалар болған. Балаларына Боштайдың қызын айттырып, бас «жетімі» үшін Шанагер деген күң берген. Сол күңмен қожаның жылқышысы Рыскелді (Ырыскелді) ойнас екен. − Осының барған жеріне бірге барамын, - деп, қалың мал үшін берілген жылқыны айдасып келіп, Шанагерді алып, тұрып қалған. Рыскелдінің соңынан Атығай, Байкүшік деген екі інісі іздеп келіп тұрып қалған. Шанагерден - Шақай, Шақайдан - Баймағамбет, Баймағамбеттен төрт бала бар.
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-АЙДАБОЛ ТАРАУЫ
[Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ - Құлболды - Айдабол -Жанғозы - Төлебай - Едіге - Шоң] Шоң бидің Құтемген деген баласының құлы - Шелекбай (Шілікбай).Бұл Шелекбайға Айран деген күңін қосады. Мұнан туған бала - Оразбай қажы атанды. Оразбайдан - Сары. Едіге биден бесеу: Шоң, Қиғара, Сарман, Торайғыр, Қосдәулет. Қиғарадан: Нақ бәйбішеде[н] - Шаржау жалғыз. Шаржаудың бәйбішесінен - Добан жалғыз. Осы Добанды, қатыны Балдай үш ұл тапқаннан кейін, Шоң бидің тоқалынан туған Қорабай Балдаймен ойнас болып, Өлеңтінің Қарасеңгірінде - Бозталда мойнынан қыл шылбыр салып, буындырып өлтіріп, Қарасуға тастап, сүйегін ошақ салып, сүзіп тауып алған. Балдайды Қорабай алып кетіп, Қорабайға тиген соң, Садық туған.
Добан өліп, Балдай Қорабайға қатын болғанда, ақын Шөженің бір ауыз өлеңі:
Қызы едің ол Байыстың, атың - Балдай,
Іс қылдың, естіген жұрт таң қалғандай.
Жігіттің өзі құрбы, сарасы еді,
Дегенге не айтасың, Добан қандай?!
Төкі - Шоң баласы, Добан - Шаржау баласы, Шоркен - Ақын баласы - осы үшеуі Ерейменде, бір көлдің басында. Сондықтан ол көлді «Үш мырзаның көлі» - дейді. Өтеміс абыз сонда, моласына қайың шыққан. [Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ - Құлболды - Айдабол -Жанғозы - Төлебай - Елкелді] Елкелді: бәйбішеден - Құдық бай (Күдік бай), Арыстан, Бекен, Доғалақ; тоқалдан -Өтебас.
АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК
[Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы – Шуманақ – Құлболды – Күлік – Наурыз - Шобалай - Өміртай]. Сол Айдабол - Күліктің - Күлігінен - Жаңабатыр бидің інісі Өміртайдың бел баласы Қайнарбай деген бай болған. Бұл Қайнарбай: « Жеті соққанның бірі - Мыңсоққан» - дейді. Сол Мыңсоққан болғандықтан: − Балама орынды, аруақты, атақты жерден қыз алып беремін, - деп, Қаракесек - «Қаз дауысты Қазыбек» немересі Қанай байдың Ұрпая деген қызын - Жәдік деген жаман баласына айттырып құда болған. Сонда қалың мал бергенде, бес «жақсысы» үшін бір «жетім» берген екен. Ол «жетім» дегені – аты - Болыс екен де, өзі қыз екен. − Осы, Болысым, с...і асыл, жатыны жақсы. Мұнан туған бала таптырмайтын жақсы болып туады. Және өзі тойшыл болады, өсіп— өнейін деп тұр. Өз балаңа қос, басқа бөтенге беріп жібере көрме, - деп, сынап айтып берген екен. Бұрынғылар бірінің сөзін бірі тақайыр қыла ма?! Болысты Қанай сүткенжесі Бәзіл деген баласына қосқан екен. Қанайдың келіні Бәзілдің [қатыны] болған соң, «Әйелдің болысы» - болыпты. «Болыс» бәйбішеден: Жылқыбай, Саржан туады. Саржаннан - Жаманкөт қажы. Жылқыбайдан - Қорабай, Шалабай туады. Жылқыбайды, онан туған Қорабайды, Саржаннан туған Жаманкөт қажыны көрген-білген кісілер: «Болыс бәйбіше» - демей, «Дуанбасы бәйбіше болды! - десем нанады. Иа, Қаракесекке барды, құтты да болды, сүтті де болды, бұтты да болды. «Күлікте кімнен туды, күң болғандығы қалайша?» - сөйлеп өтейік. Күлік - Шобалай баласы - Жаңабатыр - Өміртай болады. Жаңабатыр «Үш жүзге білікті Жаңабатыр би» - атанған. Және: «Жаламен Жаңабатыр да үш шабылды» - деген жұрт аузында сөз болып қалған. Өміртайдың төрт баласы болған: Ақбота, Тайлақ, Қайнар, Көшек. Бұрынғы заманның бай емесі жоқ, бәрі де бай болған. Оның ішінде өте-мөте: Қайнар ебдейсіз (ептейсіз) бай болған. Қайнардың балалары: Жәдік, Байтек. Бұл Қайнар байдың заманында Күлік ортасына қалмақтан Қаракөз деген бір қыз олжаға түседі. Жұрт оны Қайнар байға байлайды. Байға қыз зәру ме, күң зәру ме?! Өзінің де малма саналатын ай шелегі бар шығар. Жерошақтың басында, көгеннің қасында жатып жүрген күнінде Шобалай алты ағайынды болған. Бір інісінің аты - Ақай. Ақайдан:Бекмырза, Санмырза. Бекмырза балалары: Бұзау, Сары, Байкел. Сонда Сарысы - «Сары мырза» - атанған. Сол Сары мырзаның Боқа деген баласы бұқалық қылып, Қаракөз қыз тауып: «Іннің түбі - өзімдікі, аузы - әлдекімдікі»- деп, Қайнар бай қыздың атын «Болыс» қойған. Туған кезінде оған ат қойыла ма?! Тілі шыға бастағанда, қылықты, құлықты болып, көзіне көрінгенді жұмсай бастауынан: «Болысым, болысым» - деп, байдың сүйгенінен «Болыс атанған екен» - деседі. Бұл Қайнар байдың Тоғай бойында Апай - Бөрі деген елде «Қарға тамырлы» қазақ құдандалы сүйек шатысы болады. Сол Апайдың Тоқтыбай деген бір мосқал кісісі қасына Шалбай деген он жеті - он сегізге жаңа жеткен бір баланы атқосшы қылып, жаз жайлауда жоғалтқан малға жоқшы болып Қаракесек - Шаншар елін аралайды. Жолаушыға тамақты тойғыза беретұғын үй керек болып, Қайнар байдың сүйек шатыс жерін іздейді. Бір жаңаөспірім судан шыққан сүйріктей бала атқа мініп, шапқылап жүрген - ел шетінде кез болып қалып: − Осы елде Күлік - Қайнар байдың күңінікі бар деп еді. Соның үйін білесің бе, шырағым? − дейді. Баланың өні қашып, түсі бұзылып кетеді де: − Сонау аппақ шағаладай ауылға барсаңыз, сол ауылдағы бас үй, сол сұраған үйіңіз, -дейді. Бұлар барып түсе қалады. Қанайдың кенжесі Бәзіл байдың үйі екен. Бағанағы ауыл жөнін айтып берген бала сол үйдің өз баласы екен. Қонақ аттанып кеткен соң, бала әкесінен сұрайды:
− Менің нағашым кім? - дейді.
− Сенің нағашың - Күлік - Шобалай немересі - Қайнар бай, - дейді.
− Жоқ, түндегі қонақтар «Қайнар байдың қызынікі қайсы?» - деген жоқ. «Осы елде бір күңі бар - деп еді. Сол күңінікі қайсы?» - деді. Күңнен туып, мен қалай кісі қатарына кіріп жүре аламын?! - деп, долданып жылап жарылуға таяп: − «Осыны қатын қыламын», - деп, алған сені де, «Балама қатын алып бердім», - деп, біреудің күңін алып берген әкеңнің де...! - деп, екеуінің аузына бірдей жіберді. Ал, жыла, ал, жыла, - отырғандар баланы аяды, сөзін қостаушы жоқ болса, жарылып өлерлік халге тақалған сықылды. Бір ақсақал Бәзілге ұрысты: − Жорға бие сой, жоғарғы елді шақыр. Төбел бие сой, төменгі елді шақыр. Ала бие сой, аймақ еліңді шақыр! Бұл «Болыс» келіннің сүйегі қалай қылса, ағарады?! Мұның сүйегін ағартудың есебін табу керек. «Көйлек кірі - жуса, кетеді. // Көңіл кірі айтса, кетеді. // Сүйек кірі қайтсе, кетеді?!» Ал, енді жатпа-тұрма, осының қамын қыл. «Бір қыдыр бар -құт қыдыр, // Бір қыдыр бар - тұт-пұт қыдыр», - деп. Түндегі қонақ саған құт қыдыр болмай, тұт-пұт қыдыр, қыдыр болған неме ғой, қайдан қаңғып келді?! Балаға қайдан есіттірді?! - деген соң, Бәзіл бай ағайын - аймағын жиып, ол жиынға сойылатын малды жан-тәнімен қиып, бұрынғы айтқан емес пе: «Пайғамбар үмбеті көп жиылмайды. // Көп жиылса, тек жиылмайды!» - деп айтыпты дейді. − Бәзіл бұл «Болыс» келінді қырық кісімен жіберіп төркіндетсін. Төркіндеп барған жолына малдан бөлек, бірі - еркек, бірі - ұрғашы: екі «жетім» берсін! Қара қазанын, қара кебежесін қара бураға артып берсін! Сонда Қайнар байдың өзінің қызы екендігі айқын болып әйгіленеді. Төркіндеп барған жолына екі «жетім» ап келген жанды «күң» - деп ешкім айта алмайды. Сүйек солай қылса, ағарады, - дескен екен. Бұл мәслихат бойынша Бәзіл қырық кісімен Болысты төркініне жіберді. Қайнар бай да қайнап-тасып төгіліп тұрған күні екен: − Құдам Қанайға да ризамын (ырзамын), балам Бәзілге де ризамын! Мен өз көзім тіріде оларды жерге қаратпақшы емеспін, - деп, не берсе де, жасып бермеді, тасып берді. Малдан бөлек бір еркек, бір ұрғашы екі «жетім» беріпті. Еркегінің аты - Малайдар, ұрғашысының аты - Дәнеш. Қара бурасына қара кебежесін, қара қазанын ошағымен қабат арттырып: − Мына Болыс өз қызым болмаса, осынша сый - сияпат қыламын ба?! Алшынбай мен Итемген енді былшылдауын қойсын! - депті. Алшынбай – Тіленші бидің баласы.Алшынбай «Бошанның ақ серкесі» - атанған. Сірә, сол екеуі Бәзілмен құрдас болса керек. Малайдар мен Дәнештен: Томпақай , Күшік - екі бала туып, Күшіктен: Қонақбай, Қоқанбай, Әйнекбай, Тезекбай, Тойлыбай, Қисық, Кенжебай. Томпақайдан да бала-шаға бар, толық бір ауыл болып, бұлар «Жылқыбайдың күшігі» - атанған. «Тоқсан ауыз сөздің түймедей түйіні бар» - деп, бұрынғылардың ақжүрек, адал пейілді екендігін мұнан білу керек. Қайнар бай құрттай бала күнінен сезіп, сынап, не боларын, қандай бала туарын айтып беріп тұр. Өзімшіл емес, жақсылықты, өсіп-өнуді жақын болған кісісі - не қиып: «Не болса, соған болсын!» — деп, Қанай да мұның тегін кісі емес екенін танып, аузынан шыққан сөзін жерде қалдырмай, баласына қосып тұр. Құдайдың шеберлігі, Жылқыбай мен Қалдыбай қожаны оқтай ұшырастырып, екеуінің қағысып бір ауыз тілдескенінен мұнша әңгіме тарап, кейінгіге коп олжа қалып жатыр.
Білгенге - жыр, білмегенге - дүр.
Қайнардың өз ұрпағының мән-жайы Қанай қызы Ұрпаядан екі бала туады. Аттарын: Қорысбай, Сапақ қояды. Жар-жар айтып былшылдап: «Нағашым Қазыбек еді!» - деп жүргеннен басқа түк бітірген жоқ. Сапақтан - Ашықбай, мұнан - Жолды: бала-шағалы, осы күнде бар. Ел ішінде Жәдікпен бір туысқан Бәйтік кедей болған соң, үй ішімен түгел Тоғай түсіп кеткен. Бәйтіктен -Сәрсембі. Тоғайға барған соң, Сәрсембі аты қалып, «Беріпкетпе» - атанған. Онан туған Әбділда бала-шағалы, осы күнде бар: Тоғайда - Апай ішінде. Бұрынғылар айтқан екен, «Бұхар-екең айтады екен» - деседі: − Отан алсаң, Жантақтан ал, Қатын алсаң, қалмақтан ал, - деп, қартайып кеттім-ау, жасымда-ақ есіткен сөзім еді: «Тентектің ақылы түстен кейін енеді» - делінген. «Әй, бәрекелді! Әттегене, қап!» Осы үш сөзден басқа тапқан-таянғаным көрінбейді. Дәнеш - Жалықпастан мал төлеуіне келген қыз екен де, Малайдар іштегі Уақтан мал төлеуіне келген ұл екен. Құл-күң деген байларда болады. Байлар ұрлық қылып, мал төлеуіне құл-күң бермейді. Ұрлықты кедей қылады да, күшті жуан жердің малын ұрлаған болса, төлеуіне ұлы болса - ұлын, ұлы жоқ болса - қызын береді. Бұлай шамалағанда, Жылқыбай Күшіктерінің ата-тегі - Уақ болды да, ана-тегі - Жалықпас болды. Дәнеш тегі Жалықпас екендігі шын болса, ұрлыққа жалықпайтұғын үрім-бұтақ табылмақ. Және бір сөз - көп ортасына салатұғын. Біз бұрыннан естуші едік: «Үш Жәнібек болған», -деп [61].
Құнанбай Алшынбайдың Жүсіп дейтұғын баласының қызын...[62].
Бұл газет-журналдардан...[63].
ТАҚПАҚ. ТӨЙТЕНІҢ ҚОНДЫБАЙЫНЫҢ АЙТҚАНЫ
Уақ:Таңатбай баласы Жаңқабаймен құрдас екен. Жаңқабайды келемеждеу үшін тамам Уақтың мінезін тақпақтап сөйлегені:
Менің атым - Жаңқабай,
Сөз сөйлеймін байқамай.
Ана бетте - Қалдыбай,
Қалмайды онан ол Шабай,
Адъюдант болды Аязбай,
Ойбайшыл болды Молдабай,
Күміс шапты ол Итбай
Жылқы бақты Жолдақай.
Малына жазған Тезекбай,
Өтірікші, суайт Көжекбай.
Көкшетау жағында бір үйге қонған екен: әкелі-балалы екеуі [6-11 Уақ - Молдабай деген ойбайшыл, беймаза болғандығы сондай [651. Сыр бойындағы Төрттөбе - Қыпшақтан шыққан Қорлыбай бидің баласы - «Балаби -Досбол атанған [66]. Досболдың бір көп бас қосқан жерде сөйлеген сөзі: «Ханға бергісіз қара бар...» [67]. Қыпшақ баласы Досбол қартайған кезінде Қоңыраттың көп жас билерінің ішінде отырғанда [68]...
Кенесары, Наурызбай: «Балаби-Досболмен» сөйлестіремін, - деп [69].
Досбол бидің қартайып далаға шықпай, үйде отырып қалған шағы [70].
Денсаулық - ғылымының бір тарауы. Дүниедегі жан иесі нәрселердің бәрі де өздерінің есен-сау рақатта болуына тырысамын [71].
Қажыға жеті барған - Абылай ханға пір болған - Бегім шайқының... [72].
Жәудіркөз Боздақ бидің қызы екен [73].
Көтеш ақынның өлеңі:
Енем ене болмады, деген болды [74].
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру