Шөл жайылымдарының су қоры
Кейкин Джардем, Есполов Қабиболла
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Кейкин Джардем, Есполов Қабиболла — «Шөл жайылымдарының су қоры». ШӨЛ ЖАЙЫЛЫМДАРЫНЫҢ СУ ҚОРЫ
/uploads/b479af62-e8ef-51d6-ae5c-d2a484fe2f71/cover.png
Маңғышлақ – республикамыздағы жас облыстардың бірі. Бұл облыстың өнеркәсібімен бірге ауыл шаруашылығы да дамып келеді. Облыс жері негізінен шөл және шөлейт, суы тапшы. Жер асты суларын барынша пайдалану қажет болып отыр. Ұсынылып отырған бұл кітапта Маңғышлақ облысының ғана емес, сонымен қатар Гурьев, Ақтөбе облыстарының да шөл жайылымдарындағы су қорлары, оны пайдалану жолдары жайында айтылады.
Авторлар шөл және шөлейт алқаптарда су қорлары жинақталуының негізгі табиғи факторларына тоқталып, талдау жасайды. Жер бедеріне, ауа райына және топырағы мен өсімдіктеріне тоқталады.
Кітап шаруашылық басшыларына, су шаруашылығы қызметкерлеріне арналған.
КІРІСПЕ
Әңгіме болғалы отырған экономикалық ауданға Маңғышлақ облысының барлық территориясы, Гурьев, Ақтөбе облыстарының шөл далалы Оңтүстік бөліктері кіреді. Ландшафттық тұрғыдан алғанда бұл территорияға Оңтүстік Ембі жазығы, Үстірт, Бозащы түбегінің жазығы, таулы Маңғышлақ, Түпқараған қыраты және Маңғышлақ даласы тәрізді ірі-ірі аудандар жатады.
Бұл аймақта мұнай, тау-кен және химия өнеркәсіптері, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығы жақсы дамып отыр. Өзен, Жетібай, Теңге, Қарамандыбас және басқа да Одақ бойынша ірі кен орындарының ашылуына байланысты, Маңғышлақ түбегі еліміздегі маңызды өнеркәсіпті аймақтардың біріне айналды. Бозащы түбегінен таяуда ғана 300-350 м тереңдіктен ашылған сапалы мұнай кені Маңғышлақтың өнеркәсіптік маңызын бұрынғыдан да нығайта түседі. Мұнай және газ қоры жөнінен Үстірттің де болашағы зор, оның геологиялық-құрылымдық орыны көп жағдайда Маңғышлаққа ұқсас. Үстірттің әр түрлі бөліктерінен қазірдің өзінде едәуір газ қоры және мұнайлы учаскелер айқындалуда.
КПСС XXIV съезі Қазақстан мұнайшыларына 1975 жылы 30 миллион тонна мұнай және 5,5 миллиард текше метр газ шығаруды міндет етті, мұның өзі 1970 жылмен салыстырғанда мұнайды 2,3 есе және газ шығаруды 8,7 есе арттыру деген сөз. Соның өзінде мұнай мен газдың 90 проценттен артығын Маңғышлақтан өндіру көзделіп отыр.
Партия мен үкіметтің, күнделікті қамқорлығы нәтижесінде қуаңшылық басқан шөл даланың келбеті күннен-күнге өзгеруде. Жақсы жабдықталған қалалар мен жұмысшылар поселкесі сап түзеуде. Мақат – Бейнеу – Шевченко – Өзен және Бейнеу – Қоңырат темір жолдары салынды. Қалаларға, жұмысшы поселкалары мен өндіріс орталықтарына электр қуатын беретін атом электр станциясы салынды, электр желілері тартылды. Теңіздің тұзды суын тұшыту проблемасы да тұңғыш рет осы жерде шешілді. Қазақстандағы тұңғыш газды кайта өңдеу заводы іске қосылды.
Маңғышлақ, Үстірт және Оңтүстік Ембінің шөл даласы арқылы Орта Азия-Орталық газ құбыры, Өзен-Гурьев-Куйбышев мұнай құбыры басып өтетін, Қоңырат-Бейнеу-Құлсары су магистралы салынған. Қоры жөнінен Маңғышлақ облысының тұтынуына қажетті ауыз суы мен техникалық су бере алатын жер асты суларының тұщы және тұздылығы аз кен орындары ашылды.
Өнеркәсіптің қарыштап өсуімен қатар ауыл шаруашылығы да ойдағыдай қарқынмен өркендемек. Бұған қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Жайылымға су жаю, жер суландыру және елді пункттерді сумен қамтамасыз ету үшін жылма-жыл үлкен қаржы бөлінеді. Келешекте Маңғышлақтағы қой санын 1 млн, жылқы мен Түйені 70 мыңға жеткізу көзделуде.
Облыстың ауыл шаруашылығын, әсіресе мал шаруашылығын, алдымен қой шаруашылығын өркендетуде алда тұрған маңызды міндет – шөл аймақтарды сумен қамтамасыз ету проблемасын шешу. Маңғышлақ түбегінің экономикасын дамыту негізі ең алдымен жер асты суларына негізделуі қажеттігі айқын еді, өйткені бұл салада зерттеулер көп болғанмен де, тұтас алып қарағандағы құпиялары ашылмай қалған. Бұл салада алғашқы мәліметтер А. Бекович-Черкасскийдің (1716) еңбегінде орын алса, кейінгі жылдары жер асты сулары жөніндегі мағлұматтарды Н. В. Овчинников, А. А. Бакиров т. б. (1931-1939 ж.ж), Н. П. Никитин және А. В. Сотников (1947), И. М. Манасыпов, В. А. Стрельникова, Ж. Д. Сыдықов т.б. жолдастар 1950-1952 жылдары жазды. Олар Маңғышлаққа кең көлемді гидрогеологиялық зерттеулер жасады.
1964 жылы Қазақ ССР Геология министрлігі бұрыннан бар шағын партияның негізінде Маңғышлақ гидро-геологиялық экспедициясын ұйымдастырған болатын, ол жер асты қорларын барлаумен бірге бұрғылау, тәжірибе жасау, картаға түсіру, лабораториялық және режимдік жұмыстардың едәуір көлемін орындап шықты. Соның нәтижесінде Сауысқан, Түйесу, Басқұдық, Самның зольдық құм массивіндегі, Песчаный мүйісінің жағалық құмдарындағы, Кетіктің сарматтық шөгінділеріндегі, Солтүстік Ақтаудың артезиан алабының альб-сеномандағы және т.б. жерлердегі жер асты суларының өте сирек кен орындары ашылып, барланды. Солардың зерттеулері негізінде Жаңа Өзен және Форт-Шевченко қалаларын, Жетібай, Өзен, Теңге, Ералиев поселкесі кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ету проблемалары аз уақытта дұрыс шешімін тапты. Басқа да поселкелерді, орталық усадьбалар мен жер суландыруды сумен қамтамасыз ету мәселелері жер асты сулары есебінен шешілуде.
Қазақ гидрогеологиялық басқармасының Маңғышлақ гидрогеологиялық экспедициясы мен Гурьев гидрогеологиялық партиясы кең көлемді бұрғылау, тәжірибе жасау және режимдік жұмыстармен қатар жүргізілетін гидрогеологиялық зерттеулерді күні бүгінге дейін жалғасты РУДа.
Жер асты суларын пайдалануға бағытталған жердің беткі қабатындағы ағын су мен су құбырларының ірі су шаруашылықтарындағы жұмыстарды қазіргі кезде Қазақ ССР Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің жоспарлау, құрылыс және пайдаға асыру мекемелері жүргізеді.
Бұл кезде алынған нәтижелер бұрыннан белгілі мәліметтерді пайдалана отырып, сипатталып отырған территорияның су қорлары жайындағы ұсыныстарды қайта бағалауға бағыт сілтейді және олардың халық шаруашылығына партия мен үкіметтің соңғы талаптары тұрғысында пайдаланылу мүмкіндігін айқындайды. Ұсынылып отырған еңбек міне осы мәселелерге арналған.
СУ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЖИНАҚТАЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТАБИҒИ ФАКТОРЛАРЫ.
Су қорларының қалыптасуы, жинақталуы, химиялық құрамының өзгеруі табиғи факторлар комплексінің әсерінен болады. Олардың негізгілеріне жер бедері, климат, топырақ пен өсімдіктер (Физикалық-географиялық топтар), геологиялық құрылысы, тектоника, гидрогеологиялық жағдайлар жатады. Сонымен бірге олар бір-бірімен өзара байланысып, яғни біреуінің өзгеруінен басқаларының пайда болуы мүмкін. Мұнда физикалық-географиялық топ факторларының өте құбылмалы болатындығына көңіл бөлу керек, ол тарихи қысқа мерзімде-ақ алмасып отырады. Құмдардың ысырылып, қоқыстардың пайда болуын, жауын-шашынды жылдардың қуаңшылыққа, жылы да қарсыз қыстың қатал және қарлы қысқа алмасуын шөптердің қалың немесе сирек шығуын байқауға болады. Адам әсерінен де өзгерістер (ағаш отырғызу, плотина салу, су қоймаларын жасау, каналдар салу және т.б.) болады. Басқаларына күш түсіретін осы өзгерістер жиынтығы су режимінің жалпы жағдайларына әсер етеді. Геологиялық құрылым тобы табиғи факторлары біршама тұрақты болып табылады. Біз сипаттаған регион жағдайларындағы бұл фактордың өзгеруі үшін кем дегенде миллион жыл қажет болар еді. Жоғарыда келтірілген қарапайым және көбірек белгілі заңдылықтарды біле отырып, табиғаттағы мол байлықтарды толық болмаса да, белгілі дәрежеде пайдалануға және өз жұмыстарын табиғат заңына үйлестіре құруға мүмкіндік береді.
ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР
Су қорларының, әсіресе беткі су қорларының қалыптасуы мен жинақталуында физикалық-географиялық факторлары маңызды роль атқарады. Жер құрылымы мен топырақ ерекшеліктері жиынтығындағы жер бедері климаттық элементтерді гидрологиялық және гидрогеологиялық элементтерге өзгерте отырып, судың беткі ағынына және ылғалдың жер қабатына сүзіліп өтуіне мүмкіндік береді. Мұның өзінде жер бедері неғұрлым ыдыраңқы болса, бұл процестер де соншалықты тез өтеді. Атмосфералық жауын-шашын және бір жағынан ауадағы булардың араласуы жер беті және жер асты сулары кіріс балансының маңызды мүмкіндігіне көрсеткіш болады. Температура, атмосфералық қысым және жел жинақтала келіп немесе әрқайсысы өз алдына булануға тура пропорциялы әсер етеді де, құрлықтағы булану мен шөл және шөлейт жағдайлардағы сулы бет су қорлары шығыс балансының негізгі бөлігін құрайды. Сөйтіп, физикалық-географиялық факторлардың барлық элементтері су режимінде белгілі бір роль атқарады. Сондықтан да оларды жеке-жеке сипаттауға тура келеді.
ЖЕР БЕДЕРІ
Қарастырылып отырған территория бір-біріне қарама-қарсы алты структуралық-морфологиялық аудандарға бөлінеді, олар: Таулы Маңғышлақ, Солтүстік Маңғышлақ ойпаты (Бозащы түбегі), Шығыс Маңғышлақ, Оңтүстік Маңғышлақ қыраты, Үстірт және Оңтүстік Ембі жазығы.
Таулы Маңғышлақ – Маңғышлақ түбегінің орталық бөлігін алып жатыр, оған Кішіқаратау, Батыс және Шығыс Қаратау, Қасқыржол, Оңтүстік және Солтүстік Ақтаудың қырқалы жоталары кіреді. Ақтаудың қырқаларынан Қаратаудың орталық жоталары күрделі құрылысты рельефті төмен түсуімен бөлініп жатыр, оны 1915 жылы Н. И. Андрусов Қаратау бойының аңғарлары деп атап, содан бері геологиялық әдебиеттерге мықтап енген.
Кішіқаратау – ені 6-7 км, ұзыны 8,5 километрге созылып жатқан күмбез тәрізді ұсақ шоқылар. Шоқылардың абсолют биіктігі 180-220 м аралығында. Қырқада ежелгі денудация және тектоникалық жылжымалардың іздері айқын сақталып қалған. Оның әсіресе Құмақайы шатқалы арқылы Каспий теңізіне қарай ашылатын аңғар түсе берісінің батыс жақ шеті көлденең жыраларға тілкемделген.
Кішіқаратау қырқасы шығысқа қарай көлденеңінен төмендей отырып, Батыс Каратаумен жалғасып кетеді.
Батыс және Шығыс Қаратау ретіне қарай көлденеңі 6-10 км және ұзындығы 42-45 километрге созылып, қоршап жатқан Қаратау бойының аңғарларынан кертпештермен жиектеле отырып 430-460м көтеріледі, сондықтан бұларды аласа таулар тобына жатқызуға болады. Морфологиялық құрылысы жағынан олар біркелкі, ең биік дегендері Отпан – 532 м (Батыс Қаратау) және Бесшоқы – 556 м (Шығыс Қаратау). Бұл қырқалар Шетпе станциясы маңында өзара бір-бірінен бөлініп жатыр. Батыс және Шығыс Қаратаудың орташа 300-420 м биіктегі төбесінің беті денудациялық процестермен тегістелген.
Массивтердің орталық бөлімдеріндегі денудадиялық беті онша биік емес жондарға, ал шеткі жақтары массивтерге 5-6 км мөлшеріне дейін бойлай сұғынып кететін сансыз тік беткейлі, көбінесе тар шатқалдарға айналып кеткен. Мұнда эрозиядан пайда болған бойлай және көлденең орналасқан қолтықтар жүйесі көп, олардың ені мен тереңдігі әр түрлі, түбі малта-қиыршық тастардан құралған.
Қаратау бойы аңғарлары бірқатар төмендеулерден құралып, мөлшері әр түрлі жондарға және бор «тауларының» қалдықтарына ұласады, олар Қаратау жоталарының Солтүстік және Оңтүстік беткейлерін бойлай созылып жатады. Олар өздерін құрайтын төменгі бор және сеноман шөгінділерінің денудациялық процестеріне нашар төзгіштігінен пайда болған.
Олардың Батысын, Солтүстігін және Оңтүстігін Ақтау қырқалары шектеп жатыр, қырларды «Қапылар» терең аңғарлар тіліп өтеді де, солар арқылы Солтүстік және Оңтүстік Маңғышлақ жазықтығына қарай ашылады.
Ені 6 км, ұзындығы 28 километрге дейін созылып жататын Құйбышев сайы (Жыңғылдысай) - ең кең және аккумулятивтігі өте төмен жазықтық. Оның абсолют тереңдігі 95-100 м аралығында немесе Ақтау қыратынан батысы 100-105 м және шығысы 140-145 м төмен орналасқан. Сай шығыс бағыты бойынша 2 километрге дейін тарылады. Жазықтықты жыралар тіліп өтеді, олардың біреуі Тұщыбек поселкесінің маңында Ақтау күзетін бұзып өтіп, Сартаған мекені жаққа қарай Сулықапы шатқалы болып ашылады.
Батыс және Шығыс Қаратау жоталарының аралығында Шетпе сайы орналасқан, оның солтүстіктегі абсолют тереңдігі 200 м, Оңтүстігінде 150 метрге дейін жетеді. Шақырған мекенінде сайды шатқал қапы Қарақия ойпаты жағына қарай ашады.
Шығыс Қаратау жотасының солтүстік беткейіндегі солтүстік Қаратау бойы аңғарлары едәуір тілкемденген, онда терең сайлар да көп. Ол Шығыс Қаратау жотасын бойлай бес аңғарлы бұзбалар – Қаптармен дренаждалады, олардың ең ірісі Қамыстықапы Жармыш поселкесінен Қара-Кешу сорына дейінгі аралықта созылып жатады. Ойылған жерлерінің тереңдігі 25-30 м, ал кейбір жерлерінде 100 метрге дейін жетеді, түбінің абсолюттік тереңдігі 100-120 м. Қалғандарының – Қауыртақапы, Безымянная, Шиліқапы, Құрқапы – ұзындығы да, тереңдігі де төмен болып келеді. Олардың түбінің ең төменгі белгілері ретіне қарай 160 және 175 м. Ақтау қырқасының Құртұрмас мекеніндегі учаскені Тиген мекеніне қарай ашылатын үш қолтық жеке-жеке бойлай бұзып өтеді. Бұлардың ішінде ені жалпақ ең тереңі орталық қолтық, оның су айрықтағы түбінің белгісі 135 метрге тең.
Солтүстік және Оңтүстік Ақтау жоталарын Қаратау бойы аңғарлары жан-жағынан шектеп жатады және жалаңашталған орнықты тау жыныстарынан құралады. Олардың барлық жерлерінде де солтүстіктен Оңтүстікке сәл еңіс куэсті-қырқалар созылған. Ең айқын білініп жатқан Солтүстік Ақтау қырқалары батыстағы Қошақ шығанағынан шығыстағы Қасқыржол жотасына дейін 85 километрге созылып жатады. Олардың жер бетінен биіктігі 220-дан 300 метрге дейін келеді де, батыстан шығысқа қарай біртіндеп қыраттанатындығы байқалады.
Солтүстік Ақтау жотасын сегіз аңғарлы бұзбалар – қапылар тіліп өтеді, олардың төртеуін Қаратау бойы аңғарларының әртүрлі сайлары кесіп өтеді. «Қапы» беткейі 40-45° тіп-тік болады, ол 10-нан 35 километрге дейін созылып жатады. Құрғақ арналарының ені 2-10 м, диаметрі 1-ден 10 сантиметрге дейінгі сынықтары ірі материалдардан (қиыршық тас, малта тас) құралған.
Оңтүстік Ақтау жотасын солтүстігінен Оңтүстік Маңғышлақ үстірті шектеп жатады. Қырдың батыс бөлігі айтарлықтай тіп-тік, ал Шығыс Қаратау ауданындағы Шетпе сайынан шығысқа қарай Оңтүстігінен Қаратау бойы аңғарларын шектей, жер бедері айқын білінбейтін көлбеу беткейге алмасады.
Оңтүстік Ақтау ауданында аңғарлар сирек кездеседі. Сонда да Оңтүстікте СССР-дегі ең үлкен, өте терең, Қарақия ойпаты болуы өз әсерін тигізіп, екі үлкен «Қапа»Шақырған және Сулықапа мен Құйлыс мекенінде ойысатын кейбір шағын жыралар пайда болған.
Таулы Маңғышлақ өте ерте дәуірде құрлық ретінде пайда болған, оның гипсометрлік қатысы барынша жоғары. Тіпті түбек толық түзілгеннен кейін де жер асты суларының қалыптасуы, жиналуы және қозғалысында шешуші роль атқарды және қазір де су қорларының қалыптасуында маңызды роль атқаруда. Бұл жайында кейінірек толық баяндалады.
Солтүстік Маңғышлақ ойпаты Бозащы түбегінің кең жазығын қамтиды. Оның Оңтүстік бөлігінде Солтүстік Ақтау жотасының етегі орналасқан, ол ені тар алқапта батыстан шығысқа қарай созылып жатқан, өте жырымдалып, толып жатқан жыра мен сайларға тілгіленген жонды-қырқалы, көлбеу жазықтық. Оның Ақшумақ ayданындағы Түлкілі төрткөлдегі ені (20-24 км) онша үлкен емес және осыдан бастап батыс пен шығысқа қарай ені біртіндеп тарыла береді. Жазықтық солтүстікке 3-4° бұрыш жасап көлбеуленген, оның беттік белгісі Оңтүстікте 100-110 метрден, солтүстікте 65-50 метрге дейін аласарады. Жазықтықты тік беткейлі терең аңғарлар мен.с шатқалдар бөліп-бөліп өтеді, олардың ойпаттағы терең.0 дігі 20-30 м, ал басталар жағындағы тереңдігі 60-70 м, л кейде одан да тереңірек.
Ойпаттың солтүстік бөлігінде аккумулятивті теңіз жазықтығы орналасқан, оны кертпештер ертехвалинскілікі1 (0-ден + 50 метрге дейінгі белгі) және кенженхвалинскілік (-22-ден 0-ғе дейінгі белгі) ойпаттарға бөледі, сондай-ақ теңіз жағалығы мен Үстірт жотасын бойлай созылған алқап – Жаңакаспий ойпаты бөліп жатады. Бұл жазықтықтардың беті процестер әсерінен әр түрлі дәрежеде күрделілене түскен. Төрттік кезеңде теңіздің бірнеше рет басып (трансгрессия), шегінуінен (регрессия) жер бедерінде баспалдақ тәрізді кертпештер пайда болып, теңіздік террасалар жасалған.
Бозащы түбегінің территориясында құмды массивтер көп таралған, олар теңіз шөгінділерінің бұзылуы және қайта ауысуы нәтижесінде пайда болған. Жылымшық, Қоңырұрпа, Жанұзак, Уаққұм және Шулышағылқұмның жарым-жартысы құм массивтерінен, ұсақ төбешікті құмдардан құралады. Бұл массивтер төмпешіктерінің биіктігі шамамен 3-6 м болатын 5-10 км2 ауданды алып жатқан, шопандар бригадасы мен аздаған ірі қараны суғаруға арналған жер асты сулары. Қызылқұм мен Шулышағылқұмның бөлігі орташа төмпешікті құмдарға жатады және 40-50 шаршы километрден астам жерді алып жатады. Осьтік бөлігінде шағылдар мен үрлеме қазан-шұңқырлар көп. Жеке төмпешіктердің биіктігі мен қазаншұңқырлардың тереңдігі 5-10 метрге дейін жетеді. Бұл жерде жер асты тұщы және саумал су қоры едәуір.
Шығыс Маңғышлақ антиклиналь және синклиналь құрылымды жер бедеріне айналған аймақты қамтиды. Ол 240 километрге жуық жерге созылып жатыр, көлденеңі 40-80 км.
Тектоникалы құрылымдар жер бедерін жасауды бақылаушы факторлар болып табылады, мұның өзінде жер бедерінің дұрыс формалары әдеттегідей ойлы құрылымға тура келіп, дұрыс құрылымды элементтерге ұштасады.
Аймақтың Оңтүстік-шығысында ең ірі ойпаты – Қарынжарық орналасқан, ол Таулы Маңғышлақтың шығыс шетінен басталатын аңғар тәрізді саймен тұйықталады. Қарынжарық солтүстіктен (Қарамая, Қарашық таулары ендігі) Оңтүстікке (Шағаласор ойпаты) қарай 120-150 км созылып жатады, көлденеңі 6-50 км. Оның шығысы Үстірт жоталарымен, ал Оңтүстігі мен батысы денудациялық жазықтықтың жайпақ кертпештерімен шектеліп жатады. Бұл сай түбінің ең аз белгісі – 66 м, ол ойпаттың шығыс бөлігінде 2-10 км жазықтықты алып жатқан (ендірлісор сортаңымен жалғасады. Батыс бөлігі құмды массив болып келеді. Массив нашар іріктелген сазды құмнан құралған, оның үстін түгелге дерлік өсімдіктер қаптап кеткен.
Шығыс Маңғышлақтың орталық бөлігінде золды құм массивтері дамыған. Басқұдық – Сауысқан – Бостан-құм құмды массивтерінің бірқатарының көлденеңі 5-тен 10 километрге дейін, олар Оңтүстік-шығысқа қарай 65 км-ге созылып жатады. Олардың солтүстік-шығысына қарай Тышқанқұм және Сеңгірқұм массивтері, ал Оңтүстік-шығысына таман Түйесу құмды массивтері 15-тен 37 километрге дейін созылып жатады, көлденеңі 4-10 километрге дейін болады. Мұндағы жер бедері шағылды-қырқалы-ойпатты, қырқалы-шағылды-ойпатты және төмпешікті-ойпатты келеді. Төмпешіктер мен қырқалардың салыстырмалы биіктігі 5-10 метрден 20-25 метрге дейін. Олардың аралығының мөлшері 5-тен 150 метрге дейін жететін, диаметрі мен тереңдігі 6 м шамасында үрлеме қазаншұңқырлар пайда болған.
Оңтүстік Маңғышлақ үстірті – Оңтүстік Маңғышлақ үстіртінен (оның шығыс бөлігін Кендірлі-қаясан деп те атайды) және жер бедері жағынан ұқсас Түпқараған түбегінен құралады.
Оңтүстік Маңғышлақ үстіртінің жер беті неогеннің қатып қалған әктасынан құралып, солтүстіктен Оңтүстікке қарай ылдиланған. Оның белгісі Таулы Маңғышлақ маңында 300 метрден Кендірлі-қаясан үстіртінің Оңтүстік бөлігіне қарай 60 метрге дейін біртіндеп төмендейді.
Үстірттің орталық бөлігі жер бедері мен тереңдігі әр түрлі мөлшердегі су ақпайтын ойпаттан құралған. Олар Таулы Маңғышлаққа параллель солтүстік-батыстан Оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған екі қатарлы тізбекпен созылып жатады. Солтүстіктегі қатарының ойпаты онша терең болмайды, оларға Түнқарақшы, Өзен, Қарамандыбас, Асар ойпаты жатады, ал Оңтүстік қатары едәуір терең болады, олар: Қарақия, Қауынды, Бесқұрлы – Жезқұрлы және Шағала сор ойпаттары. Түбі едәуір шұңғыл учаскелерді қоқыс басқан. Ең ірісі Қарақия ойпаты. Оның тереңдігі де едәуір – 132 м. Оның жыралы өңірінің биіктігі 1902-30 метрге жетеді, ені 4 метрге дейін болатын жылжымалы террас көп мөлшерде ұшырасады. Оның солтүстік жағынан Торты аңғары қосылады, ол Шетпе сайынан басталып, Куйбышев және Ащы сайлары жағына қарай созылып жатады.
Оңтүстік Ембі жазығы – Ембі өзені алабы мен оның Оңтүстігі, Оңтүстік-шығысынан бастап, Үстіртке дейінгі территорияны қамтиды, оған Өліқолтық сортаңы мен Қарақұм құмды массиві енеді.
Жазықтың шығыс және солтүстік-шығыс бөлігінде бор шөгінділері көбірек. Бұл жердің абсолюттік белгісі 50-100 м. Жазықтың бетін жапқан аңғарлар мен Доңызтау, Желтау және басқа да толып жатқан тау жұрнақтары жиі ұшырасатын суы жоқ сайлар тіліп өтеді.
Тұзды күмбездері көп орталық және солтүстік бөліктерде көтеріңкі қанаттардағы «орын теуіп» жалаңаш қалған шөгінділердің созындысын бойлай симметриясы жоқ беткейлері айқын білінетін куэст тізбектер жасалады. Осыған байланысты мұнда куэсті-тізбекті жер бедері басым.
Жазықта көбінесе сор болып келетін суы жоқ ойпаттар кездеседі, оларға көктемде еріген қар суы толады. Өзен аңғарлары мен салаларында жайылма және екі-үш жайылмалық террастар пайда болады.
Ембі өзенінің аңғарлары мен салаларында құм массивтер бар. Олар аңғарлардың биік террасалары мен минералдық құрамы аллювиальдық құм құрамына сәйкес келетін биіктікте орналасқан. Бұдан құм массивтері көне аллювийдің қайта үрленуінен пайда болды деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Жазықтың батысында Қарақұм массиві орналасқан. Мұнда көптеген сортаң ойпаңдары бар, орнықты және аздап көшпелі құм төбешіктер басым болады. Жел үрлеген қазаншұңқырлар да басым. Жекелеген төбешіктердің ойпаңдардан биіктігі 5-15 метрге жетеді.
Жазық батыс жағынан Өліқолтық сортаңымен аяқталады. Беттің абсолюттік белгісі барлық жерлерде нөлден төмен, олардың ең ойпаңы сортаңның орталығымен жалғасады, ол – 20-25 м.
КЛИМАТЫ
Сипатталып отырған регион шөлді аймақта орналасқан. Оның ауа райы континентальдығымен ерекшеленеді. Жазы ыстық, қысы суық, жыл маусымдары бірде қысқа, бірде бір-біріне кенет ауысады, күннің көзі көп түседі, жауын-шашыны өте аз, ауа ылғалдылығы болымсыз, күн радиациясы жоғары және желі тұрақты күшті болады.
Территорияның жылдық орташа температурасы 1-таблицадан байқап отырғандай, 7,9°-тан 11,6°-қа дейін өзгеріп отырады. Бұл таблицада, сондай-ақ басқа да келесі таблицаларда, норма ретінде қабылдауға болатын көп жылдық бақылаудың, яғни 10 жылдан 40-50, тіпті одан Декабрь-февраль айларында, кейде марттың ортасына дейін ауаның айлық орташа температурасы төмен (-0,9°-12,9°) болады. Январьдың екінші жартысынан бастап ең суық кезең басталады, онда температура – 30-38°-қа дейін төмендейді. Әдетте қыс декабрь айының басынан басталады, алайда суықтың ноябрьде де, тіпті октябрьдің аяғында да түсуі ықтимал. Әдетте қысқы маусымның ұзақтығы 2,5-3,0 айдан аспайды. Қыстың жылымықтанып, көктайғақтануы және бұрқасын болуы тән қасиет.
Көктем тез түседі және бар болғаны бір айға ғана созылады, бұл кезде қар толық ериді, жаңбыр жауады, күн жылынып, өсімдіктер көктейді.
Жазы ыстық, ұзаққа созылады, аңызақ ыстық жиі болады. Кейбір жылдары июль айындағы ауа температурасы 43-47°С (орташа 25-29°С) болады. Июльден августқа қарай алғашында біртіндеп, соңынан ете қауырт температура түсе бастайды, ноябрьдің ақырғы онкүндігінде күн мүлде суытады.
2-таблицада көп жылдық мәліметтер бойынша жасалған жауын-шашынның орташа айлық және жылдық мөлшері берілген. Ол теңізден қашықтығына, формасына, жер бедерінің гипсометриясына және диспозициясына, жылулық және жел режиміне байланысты орта есеппен 141-ден 247 миллиметрге дейін өзгереді. Өте қуаңшылық жылдарда (шамамен 10-13 жылда бір рет) жауын-шашын жиынтығы жылдық нормадан 100-120 мм мөлшерінен артық болмайды, ал ылғалды жылдары (10-13 жылда 1-2 рет) 1,5-2,0 есе артып кетеді.
Жауын-шашын жыл бойына біркелкі жаумайды. Оның көп бөлігі (60-77 проценті) жоғары температуралы кезеңде жауады. Жазда жауын-шашын мол түседі. Сіркіреп жауатын шағын жаңбыр кейде жерге жетпей, тікелей ауада буға айналып кетеді де, «құрғақ жаңбырға» айналады.
Жауын-шашынның тапшылығына байланысты ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен (30-60%) болады, оның ең көп мөлшері төменгі температураға сай келеді де, 68-75%, ал өте азы июль-август айларында байқалады және 33-62 процентке тең болады.
Сипаттап отырған территория ауа массасының күшті әсерінен жиі пайда болатын желдің энергиялық қорына бай. Желдің орташа жылдық жылдамдығы секундына 6-8 м. Циклон ерекше күшіне енген салқын кезде күшті жел жиі байқалады. Жылдамдығы секундына 15 м және дауыл сияқты күшті жел де жиі-жиі болып тұрады. Жалпы алғанда дауылды жел территория бойынша ай сайын байқалады (6-таблица).
Жел қыста әсіресе батыс және солтүстік-батыс бағытында, ал жылы мезгілде шығыс және Оңтүстік-шығыс бағытта көбірек соғады. Жылға шаққанда шығыс және Оңтүстік-шығыс желдері басымырақ, мұның өзінде дауылды желдің барлығы шығыс бағытта болады.
ТОПЫРАҒЫ МЕН ӨСІМДІКТЕРІ
Топырақ-грунт, судың минералдану құбылыстары және жердің өсімдікті қабаты сипатының арасында өзара тығыз заңды байланыс бар.
Осы заңдылықты зерттеп, білгенде жер асты суының бар екендігін, оны келешекте тұтынуға болатындығын белгілі дәрежеде алдын ала айтуға болады.
Жер асты суының минералдану дәрежесін және орналасу тереңдігін, сондай-ақ грунттың механикалық құрамы мен сортаңдану сипатын өсімдіктер бірлестігімен, яғни өсімдіктердің үйлесімдік заңдарымен анықтауға болады. Мұның өзінде олар біртекті географиялық облыстар үшін ғана сенімді де нақтылы анықтауыш бола алады, ал физикалық-географиялық қасиеттері өз алдына басқа облыстарға қалай болса солай қолдана салуға болмайды.
Сипаттап отырған территорияда ең алдымен қоңыр, сұрғылт-қоңыр және интразоналы топырақ жақсы дамыған. Ашық қоңыр топырақтың ұсақ дақтары үлкен сортаң топырақпен кезектесіп жататын топырақ комплексі басым, ол кейде жалпы аумақтың 50 процентіне дейінгі жерді алып жатады.
Оңтүстікке қарай сұр топыраққа ауысатын сұр-қоңыр топырақ Үстіртте, Оңтүстік Маңғышлақта, Солтүстік және Оңтүстік Ақтау маңында және Түпқараған түбегінде көбірек таралған. Қалыңдығы 0,3-1,5, кейде 2,5 м болатын негізгі жыныстардың үгілуінің нәтижесі – әк тас, бор, саз және т.б. аллювиаль, аллювиаль-делювиальдық саз бен құмайттар топырақ түзуші жыныстар болып табылады. Өсімдіктері боз жусан, күйреуік-жусан және астық тұқымдастар мен раң тәрізді, мортық, қоспасында боз жусанды-күйреуікті-бүргенді, жусанды-боялышты ассоциациядан, құмдауыт массивте астық тұқымдастар мен т.б. қоспадан тұратын әр түрлі топтардан құралады.
Қоңыр топырақ Түпқараған түбегінің солтүстік бөлігінде, Бозащы түбегінде, Оңтүстік Ембі жазығында едәуір жерді, таулы Маңғышлақта біраз жерді алып жатады. В.М. Боровский, Е.У. Жамалбеков және т.б. (1974 ж) осылардың ішінен және сұр қоңыр топырақтан сортаңдау, сортаңды және нашар дамыған топырақтар тобына да бөледі.
Сортаңдау топырақтың механикалық құрамы құмдақ және ауыр саздақ топырақтардың аралығында түрленеді. Саз тереңдей келе құмдақ пен құмға ауысады. Горизонттың төменгі бөлігінде карбонат пен саз кездеседі. Қарашірік қабатының қалыңдығы 25-30 см. Өсімдіктердің негізгі құрамы боз жусаннан тұрады, ол 60-80 процентін алып жатады. Раң тәрізді ерте қурап қалатын өсімдіктер көбірек, кейде итсигек кездеседі.
Жоғарыда сипатталған топырақтан сортаңдау топырақтың ерекшелігі – ол түйіршік құрылымды және оның қарашірік горизонты едәуір тығыз болады. Мұнда өсімдіктерден күйреуік, итсигек, ебелек, мортық және жусанды-бүргенді шөптер өседі.
Сортаңдау-сор топырақ негізінде топырақ түзуші жыныстардың тұздылығы артып кеткен жағдайда ол ойпаттарда қалыптасады. Ондай топырақтың 0,30 см және одан тереңірек қабатында тұз бөліну құбылысы айқын білінеді. Қарашірік қабатының қалыңдығы онша емес. Бұл жерде бүрген, итсигек, жусан өсімдіктерінен басқа алабота, қамыс, ебелек, мортық т.б. өсімдіктер кездеседі.
Бұл аймақтың барлық жеріне интразона қатарындағы (сортаң, тақыр, сортаңдау топырақ) топырақ пен топырақты-геологиялық, және геологиялық түзілістер (кұм, тау жыныстары) таралған.
Карсты-дефляциялы ойпат пен үрлеме қазаншұңқыр да тақыр орналасады. Олардың мөлшері әр түрлі, 0,1-ден 10 шаршы метрге дейін. Біз сипаттап отырған территорияның 2-3 процентін тақыр алып жатыр. Онда жоғары сатылы өсімдіктер көп жағдайда болмайды. Тақырлардың барлығы механикалық саз құрамды болғандықтан су сіңімділігі нашар. Жаңбыр суынан және еріген қар суынан тоспалар пайда болады, оны 1,5-2 айдай ауыз суына және мал суатына пайдалануға болады.
Үстіртте, Оңтүстік Ембіде, Орталық Маңғышлақта және жағалық алқапта үлкен массивті құм алып жатыр. Құмның, жалпы ауданы 1,5 млн гектарға жуық. Құмға су жақсы сіңеді, әсіресе бос құмды бөлігі жауын-шашын су қорын жинап алады. Құмы бостау немесе тығыз құмды жерлерде әр түрлі шөптесін-бұталы өсімдіктер өседі.
Ақ сексеуіл және құм сексеуілі, жүзгін, құмқараған, қылша, жыңғыл, шеңгел осы жерге тән өсімдіктер шөптесін өсімдіктерден қияқ, изен, құм жусаны, боз жусан, адыраспан, еркек шөп, бетеге т.б. кездеседі.
СУ ҚОРЫ
Үнемі ағатын тұщы су жылымы мен тоспа сулар мүлде болмайтын шөл және шөлейт жайылымдардағы сулар негізінен жауын-шашын суынан және жер асты суларынан құралады.
Халық шаруашылығының әр саласын сумен қамтамасыз етуде жер асты суларының маңызы зор. Қойды, жылқы мен Түйені ертеде жер асты суымен суарған, сондай-ақ қазір де белгілі жайылымы бар шаруашылықтар көптеген малды жер асты суын пайдалана отырып өсіреді. Сондай-ақ жер асты суы шаруашылыққа, ауыз суына және қалалар мен өнеркәсіп орталықтарын техникалық сумен қамтамасыз етуде пайдаланылады.
Жер асты суын шығаруда жекелеген немесе топты құдықтар қолданылады, оны пайдаланудағы негізгі айырмашылық – бұрын құдықтан су тарту қолмен орындалса, ал қазір механикалық әдіспен орындалады.
Жеке қазылған су көздері (құдықтар) су мөлшері аз болғандықтан аздаған мал отарлары мен шопандар бригадасын және шағын елді пункттерді сумен қамтамасыз ететін болса, секундына ондаған, тіпті жүздеген литр су жұмсауды қажет ететін өнеркәсіптік орталықтарды, қалаларды сумен қамтамасыз ету үшін суы мол жер асты суы қажет. Сондықтан да соңғы жылдары мұнай, газ т.б. өнеркәсіп салаларының, сондай-ақ белгілі территориядағы ауыл шаруашылығының дамуына байланысты сипатталып отырған территорияның көптеген жеріне гидрогеологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізіледі және жүргізілуде. Осының нәтижесінде тіпті ауа райының қолайсыз жағдайында да су сілемі табылып белгіленген.
Жер асты суының қоры бар екендігі анықталып, оның көпшілігі қазіргі уақытта әр түрлі мақсатқа пайдаланылуда. Оларды мақсатқа орай, техникалық дұрыс пайдаланғанда халық шаруашылығының, әсіресе ауыл шаруашылығының экономикасын шұғыл көтеруге байланысты көптеген проблемаларды шешуге болады.
Жауын-шашын мен қар суы су қорының едәуір көзі болып табылады. Тек Қаратау және Ақтау жоталарының ауданында ғана ондай сулардың жылдық мөлшері 100-120 млн. шаршы метрге жуық, яғни жалпы жауатын жауын-шашынның 5-15 проценті.
Соңғы кезде Шевченко, Жаңа Өзен қалаларындағы халық санының өсуі мен өнеркәсіп мекемелерінің көбеюі пайдаланылатын су мөлшерін арттыруды қажет етуде.
ЖЕР БЕТІ СУЛАРЫ
Батыс Қазақстанның материк ішіне барынша терең сұғына орналасуы және оның климатының құрғақшылығы территорияның жер беті суларына тапшылығын арттыра түседі. Мұндағы су алып жатқан жерлердің жалпы ауданы бүкіл территорияның 1,0 процентінен аспайды.
Батыс Қазақстанның гидрографиялық торлары (желісі) Каспий және Арал теңіздерінің бассейніне жатады да тұрақты тартылып қалатын және уақытша су ағынын жасайды. Тұрақты жер беті ағыны бар қазіргі кездегі өзен торы өте сирек. Ал Оңтүстікте, сипаттап отырған территорияның шегінде ол тіптен жоқ. Уақытша ағыны бар жерлер салыстырмалы түрде алғанда неғұрлым жиі таралған. Оның ұзындығы әр түрлі ондаған километрге жетеді. Тұтасынан алғанда гидрографиялық торлар төрттік дәуірге дейінгі және ертедегі төрттік уақытындағы Каспий транспрессиясы кезеңінде қалыптасқан. Сипатталып отырған және іргелес территориялардың халық шаруашылығы үшін маңыздысы Ембі (Жем), Сағыз және Орал (Жайық) өзендері. Олардың әрқайсысының ұзындығы 500 километрден астам.
Өзендер негізінен еріген қар суымен толысып отырады. Соның нәтижесінде жылдық ағынының көп бөлігі (65-9,3 проценті), ал кейде оның барлық көлемі көктемгі кезеңге келеді. Өзен арналарының салыстырмалы түрде онша терең болмауынан, әсіресе жазықтарда жер асты суымен олардың көбеюі мардымсыз – жылдық ағысының 5-10 процентінен аспайды. Өзендер тіршілігінде жер асты ағындарының айтарлықтай рөлі бар: көктемде, жазда, кей кездері күзде де ол өзендердің көбеюінің бірден-бір көзі. Қыста бұл сулар мұз қатыруға жұмсалады. Су көздерінен көбеюі Ембі өзенінің бастауы мен салаларында байқалады.
Өзендердің түсуі (мұздан арылуы) белгілі бір жылдары бұл кезеңнен сәл ауытқи отырып 20 марттан 20 апрельге дейінгі уақытта болады. Су тасудың орташа ұзақтығы 40-60 күн, Орал өзенінде 95 күнге дейін, су қайтуы 30-40 күн және Орал өзенінде ғана ол май айынын басында судың деңгейі ең жоғары болып тұрғанда 70 күн болады.
Ағын сулы өзендеріндегі жазғы төменгі деңгей ұзақ және қысқа болады. Сағыз, Ембі және басқалары шағын өзендер, төменгі деңгейі кезінде түрліше ұзындықтағы және мөлшердегі жекелеген иірімдерге бөлінді.
Өзендердің қатуы бастауларында 10 және 20 ноябрьдің аралығында, өзен аяғында 20 ноябрь – 1 декабрь аралығында болады. Мұз қатудың орташа ұзақтығы солтүстігінде 140 күннен 150 күнге дейін, Оңтүстігінде 100 күнге дейін ауытқиды.
Су деңгейі ауытқуының көп жылдық амплитудасы Ембі өзенінде 2,0-2,5 м, Сағыз өзенінде 4,0-5,5 м, Орал өзенінде 5-9 м.
Батыс Қазақстан өзендері ағынының орташа жылдық көлемі бұл шамадан көп немесе аз жағына қарай өзгерте отырып 11 млрд текше метрге жетеді. Су молшылығы әр түрлі жылдары 120-270 процент болды. Көрсетілген бұл көлемнің 68 процентіне дейінгісі Орал өзенінің үлесіне тиеді. Бүкіл территория үшін орташа жылдық модуль секундына 1 шаршы километрден 0,57 литр болады, бірақ Батыс Қазақстанның әр түрлі бөліктерінде секундына 1 шаршы километрден (Үстірт, Маңғышлақ) 2,5-5,3 литрге (Оңтүстік Уралтау) дейін өзгереді. Орал, Ембі және Сағыз өзендерінің бассейндерінде бұл шама 1,2-2,0-ден (Орал) 0,2-1,3-ке (Ембі және Сағыз) дейін болады. Негізгі ағын өзендердің бастамасында қалыптасады, ортаңғы учаскелер негізінен транзитті болып саналады, ал өзендердің аяғында ағыстар қарқыны баяулайды.
Физикалық-географиялық жағдайларға, су жинаушы аудандардың топырағының сортаңдануына және ағын режиміне байланысты өзен суларының минералдануы мен химиялық құрамы тұрақты болмайды және жыл ішіндегі күрт ауытқумен ерекшеленеді. Көктемде еріген қардың тұщы суларының көптеп қосылуынан өзен суының минералдануы күрт кемиді, ал төменгі деңгей кезінде 5-10 есе және одан да көп жоғарылайды.
Су тасуы кезінде өзен суларының минералдануы литріне бастауларда 180-250, орта ағысында 350-450 және өзеннің аяқ жағында 500-700 мг болады. Су тасуы қайтуымен оның шығыны кемиді де ол 750-900 миллиграмнан (Орал өзені) бірнеше грамға дейін (Ембі, Сағыз) жетеді.
Орал өзені басын Оңтүстік Оралдан алатын Батыс Қазақстандағы ең ірі өзен. Оралдың негізгі ағынының қалыптасуы шығатын жерінен басталып, Көшім (Құлым) поселкесі тұсында аяқталады.
Орал өзені аңғарының көлденеңі Чапаев поселкесіне дейін 25-40 км, ағысымен төмен қарай ол 10-15 километрге дейін тарылады. Аңғарда бірнеше жайылма террасалар мен екі жайылма үстілік террасалар ерекше көрінеді. Биік жайылманың көлденеңі 2-8 км болады да су деңгейінен 1-5 м көтеріңкі болып тұрады. Жайылманың беті тегіс емес, оған өзекшелер, ескі арналар сұғына кіріп, жағалық белдер көбейген. Жайылма үстілік бірінші террасаның салыстырмалы биіктігі 6-40, екінші террасаның салыстырмалы биіктігі 10-18 м болады. Төменгі деңгей кезіндегі өзен арасының ені Калмыков поселкесіне дейін 180-250 м, ал одан Оңтүстікке қарай 250-500 м. Арна иірінің коэффициенті 1,5-2,0 м, ал тұзды күмбезді көтеріңкілігі өзеннің айналып ағуына байланысты болады. Арнаның еңістігі өзен ағысымен төмен қарай километріне 0,2-ден 0,02 метрге дейін өзгереді. Су тасу кезінде төменгі деңгейіне қарағанда 2-9 метрге жоғарылайды, ал жазда төмендейді. Суағардың тереңдігі қайраңдарда 50-60 сантиметрден аспайды, ал аса терең учаскелерде 8-12 метрге жетеді. Орал өзенінің көп жылдық орташа шығын ағысы бойынша төмен қарай Көшім поселкесінің маңында секундына 317 текше метрден Гурьев маңында 196 текше метрге дейін төмендейді. Төменгі деңгей кезінде өзеннің шығыны қысқарып, аяғында жазда орта есеппен 70-100 текше метр және қыста 29-31 текше метр болады.
Сағыз өзені көлемді қазаншұңқырдың беткейінен басталып, Мақат станциясынан 10-12 км Оңтүстікке қарай Тентексорға барып бітеді. Су жинау ауданы 19400 шаршы км болғанда өзеннің жалпы ұзындығы 510 километрге жетеді. Жоғарғы бөлігінде ағыны тұрақты, төменгі бөлігінде өзен көптеген иірімдерге бөлінеді.
Бұл өзеннің көп жылдық шығыны Сарытоғай поселкесі маңында (су жинау ауданы 5250 шаршы километр) секундына 0,89 текше метр және Сағыз станциясының маңында (су жинау ауданы 9930 шаршы километр) 1,59 текше метр.
Ембі өзені басын Басты Мұғалжар жотасының батыс және шығыс қанатын бөліп жатқан тау аралық қазан-шұңқырдан алады да тек су тасуы кезінде ғана жекелеген тармақтар «өзектер» арқылы өзінің суын Каспийге жеткізе отырып, сорларға барып бітеді. Өзеннің арнасы жаз кезінде көптеген иірімдерден тұрады. Жайылмасы мен арнасы құмды келеді. Жайылма үстіңгі террасалардың ішінде екіншісі – негізгісі болып саналады, ол барлық жерінде өзенге тік жар болып бітеді, оны көбіне су шайып жатады. Су жинау ауданы 40400 шаршы км болатын өзеннің жалпы ұзындығы 712 километрге тең.
Осы территорияда уақытша суағарлар кеңінен таралған. Уақытша суағарлар Орталық Маңғышлақ, Түпқараған түбегі, Үстірт шыңдары аудандарында және сирек болса да Оңтүстік Ембі жазығы мен Үстіртте байқалады. Атмосфералық жауын-шашын, таулы аудандарда қалыптасатын тасқын сулар олардың пайда болуының негізгі көзі. Мардымсыз болса да бұл су Массасы сипатталып отырған территорияның өзіне тән орфографиялық және геоструктуралық жағдайларында аудан бойынша әркелкі бөлініп таралады, оның көп бөлігі немесе барлығы тұтасымен тар учаске – Орталық Маңғышлақтағы аңғар – қапалар арқылы өтеді. Бұл аңғарлар әрбір көктем сайын, кейде жазда және күзде, кейбір жылдары бір маусымда бірнеше рет-су тасуынан және жауын-шашыннан кейін едәуір су жинау ауданынан жиналатын судың көбін өткізеді. Форт-Шевченко қаласы ауданындағы Кетік аңғарының бассейнінде (ауданы 170 шаршы километр) 1961 жылғы 5 июньде қысқа уақыттың ішінде (15 минут) 27 мм жауын-шашын түскен, бұдан кейін күшті су ағысы пайда болып, тіпті өзінің жолында кездескен тастан салынған мықты құрылыстарды да Бүлдірген. Аңғардың аяқ жағында ағыстың ені 10 м, қабаты 0,6 м, жылдамдығы секундына 5 метрден асып, шығыны 30 текше метрге дейін жеткен. Ол теңізге қарай 430 мың текше метрден астам суды ағызып әкете отырып 4 сағатқа созылған. 42 мм жауын-шашын түскен сол жылдың сентябріндегі нөсерден кейін 700 мың текше метр су ағып өтті. Мұның бәрі су жинаушы бассейнге түскен жауын-шашынның 15-20 проценті, қалған бөлігі негізінен сүзілуге және булануға жұмсалады.
Оңтүстік Ақтаудағы Сулықапы сайы ғана жылына 3-5 млн. текше метр, ал Солтүстік Ақтаудағы Қамыстықапы сайы 10-12 млн. текше метрге дейін су өткізетіндігін арнайы бақылаулар көрсетті. Мұндай құбылыстар осы сияқты аңғарлардың барлығында да байқалады, ол туралы олардың тальвегінде диаметрі 5-10 сантиметрге дейінгі ірі, кесек жыныстардың жиналуынан білуге болады.
Шамамен алынған есептеулерге қарағанда Орталық Маңғышлақтың ашық аңғарлары – қапалар бойынша жылына 100-120 млн. текше метр су ағып өтеді.
Бұл аңғарларда уақытша ағыстың тоқталуының және судың жиналуының – жайылымдарды суландыру, суару, елді мекендер мен шопандар бригадаларын сумен қамтамасыз етуде зор маңызы бар. Сол сияқты тасқын, еріген қар және жаңбыр суларын тоқтата отырып, микроклимат жасауға, ауа мен топырақтағы ылғалдылықты арттыруға, топырақтың әр түрлі эрозиясын кемітуге болады.
Бұл суларды тоқтатудың және пайдаланудың көптеген әдістері белгілі, сипатталған территория үшін оның ішіндегі ең қарапайымы және тиімдісі тоған жасау, тоған апаны және т.б.
Тоған дегеніміз – сай, жыра, аңғар және жылғаларға көлденеңінен тұрғызылған плотиналардан түзілген, сыйымдылығы он бес мыңнан екі миллион текше метрге дейінгі су қоймасы. Судың артық мөлшерін төмен қарай ағызу үшін әр түрлі су ағызушы құрылыстар, ал су жинау үшін – су жиналушы құрылыстар жасайды.
Тоған апаны дегеніміз – беткейлердің жоғарғы бөлігіндегі жартылай қуыс, жартылай үйінді жерге жасалатын су қоймасы. Ол меншікті су жинау ауданынан немесе қолдан жасалған ауданнан өздігінен ағатын сумен толады. Олардың да су ағызушы және су жинаушы құрылыстары бар.
Апандар дегеніміз түгелдей дерлік шұңқыр жерге орналасқан, ойылып қалған жер. Олар өздігінен ағып құйылатын жер беті суларымен немесе басқа су қоймасымен толтырылады.
Су қоймаларының соңғы екі түрінің су сыйымдылығы бірнеше текше метрден жүздеген мың текше метрге дейін болуы мүмкін.
ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ
Мұнда жер асты суларының орналасу жағдайлары, кеңістікте таралуы, өнімділігі, суының минералдануы мен химиялық құрамы сипатталады, сондай-ақ су қоры мен оны халық шаруашылығында пайдалану жолдарына баға беріледі. Кен орындары барлану дәрежесі ретімен сипатталады – су қорын анықтай отырып барлау жөнінде айтылады.
Басқұдық құмды массиві . Жер көлемі 150 км 2 Басқұдық құмды массиві Беке-Басқұдық солтүстік қанатын алып жатыр. Мұның барлық жері сулы болып келмейді, тек солтүстігінде ойпаттары ғана сулы болады.
Массивтің беті негізінен ашық та, жылжымалы шағыл қырқалар мен қырқа аралық қазаншұңқырлар құрайды, оның шеткі бөліктерінде ғана өсімдіктер өседі.
Анда-санда борпылдақ құмдақ қабатшалары бар сарғыш-сұр түсті ұсақ түйіршікті, кейбір жерлерде шаң тәрізді құм суды жақсы жинайды. Оның құрамында үлкендігі 0,5-0,10 мм құм көбірек.
Сулы құмдардың қалыңдығы тұрақсыз, оның ең жоғарғы биіктігі 33 м. Батыс пен солтүстік бағытта 18-ден 12 метрге дейін біртіндеп аласарады. Тәжірибе және лаборатория жұмыстарының мәліметтері бойынша, су тұрақтайтын құмның сүзу коэффициенті тәулігіне 4,6 метрге дейін ауытқиды, су шығымдылығының орташа коэффициенті тәулігіне 0,11, ал өткізгіштік коэффициенті 3,67-10 м2.
Құмды массивтің су төзімділігі мен жер бедері бірдей емес. Сондай-ақ оның орнықтылығының әр түрлі дәрежеде болуынан жер асты суының орын тебу тереңдігі көбірек ауытқиды, шағыл етегінде, қырат аралық сайларда және Мурзаир соры жағасында су қабаттары қалың болады. Климат жағдайларының жиынтығына – ылғалдылыққа, атмосфералық қысымға, булану дәрежесіне, температураның өзгеруіне байланысты жер асты суының деңгейі табиғи ауытқиды. Бақылау мәліметтері бойынша су деңгейінің көтерілуі қыста-жаздыгүні байқалады да, майдың аяғынан декабрые дейінгі мезгілде құлдырай береді. Шағыл етегіндегі су деңгейінің ауытқу амплитудасы 1966-1968 жылдарда 0,19-0,36 м, ал шағылды құм аймағында ауытқу 0,08-0,11 м болады.
Жер асты суының минералдануы литріне 0,24-тен 7,9 грамға дейін өзгереді. Минералдығы литріне 1,0 грамға дейінгі тұщы су құмның орталық бөлігіне тура келеді және оның негізгі бөлігін алып жатады. Су таралатын солтүстікке қарай судың минералдануы шұғыл артады, негізгі аймақта су тұзды келеді. Массивтің солтүстік шетіндегі судың минералдануы құм құрамындағы және грунт ішінде қарқынды буланатын таяз орын тепкен жер асты суында сазды фракцияның көбеюі нәтижесінде артады. Тұзды және тұщы су шегіне жақын жерде су өте минералданады, сондай-ақ суды төккенде қабырғаларынан тұзды су сорылады. Сондықтан мұндай жағдайды болдырмау үшін тұщы суды пайдаланғанда мамандардың айтқанын орындау керек.
Судың минералдануынан хлор мен натрий иондары көбейіп, гидрокарбонаттар кемиді. Бұл кезде судың химиялық құрамы сульфатты-гидрокарбонатты кальцийлі-натрийлі құрамнан, хлорлы-натрийлі құрамға дейін өзгереді.
Жер асты суы жауын-шашын суының сүзіліп өтуінен және ішінара құмды массив астындағы альб-сеноман шөгіндісінде ашық жер деп аталатын саңылаудан ағу арқылы көбейеді. Мурзаир соры ойпатындағы судың таралуы табиғи жолмен өтеді, грунт ішінен булану және құмды массивтің солтүстік жиегінен булану, сондай-ақ өсімдіктер арқылы, яғни фреатофит жолдары арқылы болады.
Сауысқан құмды массиві. Сауысқан – Бостанқұм құмды массиві Басқұдық құмының шығысына қарай орналасқан. Ол эллипс тәрізді және солтүстік-батыстан Оңтүстік батысқа қарай 4-тен 12 км ендікте 45 километрге созылып жатыр. Массив төсеніш жыныстың қайта ауысуы кезінде пайда болған ұсақ түйіршікті құмнан тұрады. Төсеніш құмдар барлық жерде дерлік суға төзімді олигоцен және эоцен мергельді саздардан тұрады. Құмның қалыңдығы 3-10 метрден 25 метрге дейін, кейде 30 метрге дейін жетеді.
Суға төзімді қолаттың жабын жер бедері мен құм қалыңдығының өзгергіштігі нәтижесінде оны кездейсоқ пайда болған су басады. Мәселен, су өткізбейтін қабаты көтеріңкі және жұқа кұм қабатты шығыс бөлігі мүлде сусыз десе де болады. Бұл жерлерде тек сирек кездесетін су өткізбейтін төмен түскен шағын қабаттардан ғана тұзды су шыққан. Аумақтағы ұзақ тұрған сулы горизонт құмды массивтің батыс жақ жартысын алып жатады, сондай-ақ мұнда грунт суының астынан шығып тұратын су өткізбейтін жыныстар сілемі де байқалып қалады, олар Сауысқан-құмның орталық бөлігін бойлай тізбектеліп, кен орнын солтүстік және Оңтүстік учаскелерге бөліп тастайды. Мұндағы су өткізбейтін қабат жер бедері солтүстікке қарай жаймалана көлбеген, жер асты суы 0,0045 көлбеулікпен сол бағытқа қарай ағады.
Сулы горизонттың көлденеңі 4-5 км, ұзындығы 29 километрге созылып жатады. Су тұратын шөгінділер ұсақ түйіршікті кварц құмдары басым, негізінен қиыршықты-малта тасты механикалық біртекті болып келеді. Сулы горизонттың жалпы қалыңдығы 0,4-21,5 метрге дейін өзгереді, құм массивінің солтүстік және Оңтүстігіндегі ең көбі 10-21,5 м. Орташа қалыңдығы солтүстік учаскеде 9,5, Оңтүстігінде 7 м болады. Түйіршіктерінің орташа диаметрі 0,5-0,6 мм.
Құмды массивтегі жер бедерінің гипсомехриялық қалпы мен су өткізбейтін қолатқа байланысты жер асты суы жататын тереңдік 1,5-24,4 метр деңгейінде ауытқи отырып, массивтің шетінен орта бөлігіне қарай арта түседі. Жер асты су режиміне жасалған тұрақты бақылау нәтижесі скважиналардағы тұрақты су деңгейі марттың алғашқы он күндігі соңынан майдың алғашқы он күндігіне дейінгі аралықта біртіндеп жоғарылайтындығын көрсетті, бұл қардың еруі мен жауын-шашынның нәтижесінде жүзеге асады. Бұдан былай су деңгейінің төмен түсуі білінеді, ол август-сентябрьдің аяғында, кейде октябрьде байқалады. Мұның соңынан декабрьдің алғашқы жартысына дейін су деңгейі көтеріледі. 1964-1973 жылдардағы су деңгейінің ауытқу амплитудасы шағыл құмды аудандарда 0,08-ден шағыл етегі жолағында 0,45 метрге дейін болады.
Тәжірибе және лабораториялық жұмыстардың мәліметтері бойынша сүзілу коэффициенті тәулігіне 5,0 метр болған кезде 2-ден 6,9 метрге дейін ауытқиды, су шығымдылығының коэффициенті тәулігіне 5,0 метр болған кезде 2-ден 6,9 метрге дейін ауытқиды, су шығымдылығының коэффициенті тәулігіне 0,14, ал деңгейлік көрсеткіш коэффициенті 10 м 2 болады.
Онша қалың емес сулы горизонттың жоғарғы бөлігін ашатын құдықтан шығатын су мөлшерінің деңгейі секундына 0,1-0,44 метрден төмен түскен кезде 0,02-0,1-ден 0,5 литрге дейін өзгереді.
Құмды массивтің көп бөлігіндегі су тұщы және саумал сулы болып келеді. Сулы минералдануы литріне 0,3-0,6 грамнан аспайды. Су ағыны солтүстікке қарай аққан сайын біртіндеп, ең алғашқыда сәл ғана байқалатын, кейінірек құм жиегіндегі 2,0 км жолақта судың минералдануы шұғыл артып литріне 5-10 грамға дейін жетеді. Мұның өзі грунт суы деңгейінің жер бетіне 1,5-0,5 м және одан да жақындауына байланысты ол күшті буланады. Су таралатын аймақтағы су өте тұзды болады. Тұщы судың химиялық құрамы гидрокарбонатты магнийлі-кальцийлі, гидрокарбонатты-сульфатты, натрийлі-магнийлі болып келеді. Су минералдығы жалпы артқанда хлорлы-натрийлі құрам басымырақ келеді. Судағы зиянды микроқосындылар мен басқа қоспалар пайдалану нормасынан жоғары болмайды.
Жер асты суы жауын-шашын суы есебінен көбейеді, ол сорлар мен сортаңдарға, сондай-ақ өсімдіктердің, транспирациялануы арқылы таралады.
Сауысқан кен орны 1964 жылдан бастап Жаңа Өзен қаласын, Өзен және Теңге поселкелерін сумен қамтамасыз етуге пайдаланылып келеді.
Жер асты сулардың табиғи тұщы және саумал су қоры жалпы алғанда 177 млн. м 3 болады. Алайда режимі мен балансына ондаған жыл бойы жасалған бақылаулардың нәтижесі жер асты суы қорының модулін анықтады. Ол жылма-жыл толықтырылу есебінен немесе табиғи қоры 1 м2 аумақты секундына 0,5-тен 1,5 литрінде қоректендіретін гравитациялық су көлемін сипаттайды.
Модульдің орташа шамасын секундына 1,0 л км2 және Сауысқан кұмды массивінің қоректену аумағын 150 км2 деп алып, яғни барлық аумақтың тең жартысы десе де болады, есептеу кезінде ескерілмеген кен орнының қоры секундына 100-150 литр болатындығына көз жеткізу оңай. Бұл цифрлардың нақтылы екендігін басқа да аналитикалық есептеулер мен линзаметриялық қондырғылы тәжірибелер көрсеткіштері растап отыр, линзаметриялық қондырғылы тәжірибелер 1965 жылдың соңынан бастап үздіксіз жұмыс істеуде.
Жер асты суының табиғи толығуын кен орындарын пайдалану тәжірибелері де көрсетті. 1964 жылмен 1974 жыл аралығындағы мерзімде суды қарқынды іріктеу аймағындағы су деңгейінің төмендеуі (су қорының жарамсыздығы) толықтыруды ескермеген есептеу бойынша 5-7 метрдің орнына бар болғаны 1,5 м шамасында ғана болды.
Жоғарыда келтірілгендерден Сауысқан кен орнының мүмкіндігі көп екендігін байқауға болады, сондықтан оны су іріктеу мөлшерін секундына 180-200 литр шамасына дейін (15,0-18,0 мың м3 тәулігіне) жеткізе отырып қажетке пайдалануға толық болады.
Түйесу құмды массиві. Түйесу құмды массивінің жер асты тұщы су кен орыны 1965-1966 жылдары барланған. Оңтүстік Маңғышлақ мұнай өнеркәсібін сумен қамтамасыз ету үшін су қорын СССР Министрлер Советінің пайдалы қазбалар жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы бекітіп, оны 1971 жылдан бастап пайдалануда.
Түйесу құмды массивінің орталық бөлігін алып жатыр және көлденеңі 10-15 км болатын массив субтропиктік ендік бағытына қарай 28 километрге созылады. Оның жалпы ауданы 180-190 км2. Құмды массив ежелгі құмды-сазды сеноман шөгіндісінде ашылған золды (желді) процестің кайта өңделуі нәтижесінде пайда болған және оның беткі учаскелері тұтасымен ойысқан.
Массивтің орталық және Оңтүстік-батыс бөліктері (50 процент шамасында) мүлде өсімдіксіз немесе өсімдіктер әр жерлерде кездеседі. Мұндағы кұм сусымалы, биіктігі 10-15 м болатын шағылды құм төбелер мен аумағы 100 м 2 және одан да молырақ жерді үрлейтін қазаншұңқырлармен ауысып жатады. Қиыр шетіне, әсіресе батыс, солтүстік-батыс жақ бөлігіне қарай оны қалың шөптесін өсімдіктер басқан, олар тамаша қыстық жайылым.
Барлық жері су өткізбейтін сазды құм кейде саздақ сеноман жынысынан тұрады, бұл жер бедеріне қарай таралған жерлердің барлығы да сулы бола бермейді.
Жер асты суы сеноман бетінің ең ойпат бөлігіне тура келеді, ол учаскелер құмды массивтің Оңтүстік жартысы мен солтүстік-батыс бөлігі. Олар табиғатта өзара жұқа сулы қабаттармен су айырықтарда біріккен біртұтас болып келеді, алайда ұзақ та қауырт пайдаланғанда және жер асты суының қоры жарамсыз болғанда бұл қабат құрғап қалады да, қабаттар бір-бірінен ажырасады. Сондықтан бұдан былай «негізгі линза» және «Солтүстік-батыс линзасы» деген сөз тіркестері кездесетін болады, бұлар Оңтүстік және солтүстік-батыс учаскелерінің шартты атаулары. Су өткізбейтін жыныстар жоғары гипсометрлі қалыпта массивтің батыс және солтүстік бөліктерінің аудандарындағы құмда су болмайды.
Кен орны батыстан шығысқа қарай 22-24 км созылып жатады, оның көлденеңі 1,5-6,8 км. Минералдануы 1 г шамасына дейінгі жер асты суы көп орнының жалпы ауданы 82 м2, оның ішінде негізгі линза – 65 км2, солтүстік-батыс линза – 17 км 2 , ал егер минералдануы литріне 1-ден 3 грамға дейін болса, онда 30 км2 мөлшерінен де асады.
Су тұратын жыныстардың басым көпшілігі ұсақ түйіршікті, кейде түйіршіктерінің көпшілігі 0,5-0,25 мм құмдар болады.
Құмды массив бетіндегі жер бедері мен су өткізгіштігіне байланысты жер асты суы орналасатын тереңдік шет жағында 3-5 м, массивтің орталық бөлігінде 41 метрге дейін ауытқиды. Негізгі линза шегінде оның орташа мөлшері 16-25 м, солтүстік-батыс линзаға 14-20 м тән.
Грунт суының жалпы көлбеулігі батыстан шығысқа қарай бағытталған, тұтасымен алғанда кен орнына қарай 0,0018-ден 0,0044-ке дейін ылди, бұл кезде төсеніш жыныс жер бедерінің күрделіленуі мен жиегіндегі жабындарының учаскелері едәуір ауытқиды. Су өткізбейтін жабын қалыңдығының шамасы негізгі линза бойынша 50-60 м, солтүстік-батыс линзасы бойынша 100 м. Жер асты суының тұрақты деңгейінің абсолют белгісі ретіне орай 28 м және 74 м деңгейлік айырымда болады.
Тәжірибе үшін су шығару және лабораториялық анализ бойынша сүзу коэффициенті ретіне қарай тәулігіне 0,78-ден 8,41 метр және 0,9-дан 9,9 метрге дейін өзгереді. Әдетте құмды массивтің жиегінен өтетін, ең нашар гидрогеологиялық жағдаймен сипатталатын құдықтар өнімі жүз бөліктен секундына 0,5 литрге дейін өзгеріп, тереңдігі арта түседі.
Су деңгейі 1,17-ден 14,5 метрге дейін төмендеген кезде скважиналар өнімі секундына 1,0-нан 5,84 литрге дейін болады. Негізгі өнімділігі секундына 0,3-1,56, орташа өнімділігі -0,54 литр. Ал негізгі линзаның батыс жартысындағы құмның (Сенек поселкесі маңында) суы мол болады.
Жер асты суының минералдануы линза шегінде айтарлықтай жоғары емес, ол литріне 0,18-0,97 грамм. Ол массивтің Оңтүстік және шығыс жиегінде жоғары, онда минералдығы литріне 2,5-7,3 г болатын су 0,25-1,5 км жолақпен тұщы судың негізгі линзасын қоршап жатады. Бұл жерде жер асты суы таралады да, соның нәтижесінде сортаң пайда болады.
Жер асты cyы жерге сіңген жауын-шашын суы және салқын кездегі судың булануынан көбейеді.
Сам құмды массиві. Сам құмды массиві Үстірттің солтүстік жартысында орналасқан, ол Сам ойпатының орталық бөлігін алып жатыр. Массивтің жалпы ауданы 2320 км2, көлденеңі 30-40 км, ұзындығы 70-80 километрге созылады. Құмды массивтің жер бедері төбешікті қыратты болып келеді. Құмның көпшілік бөлігінде есімдіктер бар, кей учаскелері қайта ауысатын құмдармен жабылған. Мұнда өзара бір-бірінен көлемі едәуір үрлеме қазаншұңқырлармен бөлініп жататын шағыл құм төбелер көп болады, ол жауған көптеген қарды көктемде еритін мезгілге дейін бөгеп қалады.
Су орналасатын тоспалар анда-санда жұқа қабатты саздақты болатын (0,5-2,0) ұсақ түйіршікті кварцті кұмдардан құралады. Сулы горизонттың қалыңдығы массивтің шеткі бөліктерінде 0,5-1,5 метрден, орталығында 20-25 метрге дейін өзгереді. Саз және батыс бөлікте әктас төсеніш жыныстар болып табылады. Төменгі сарматта су өткізбейтін жыныс болмағандықтан, сармат шөгінділі құм еркін беті бар бірыңғай гидравликалы байланысты сулы аймақ құрайды. Су орналасатын құмның минералогиялық құрамында кварц (70-98%), сондай-ақ аз мөлшерде болса да кальций (2-20%) және сирек кездессе де лимонит, турмалин, гипс түйіршіктері бар. Механикалық құрамында 0,25-0,05 мм фракциялар басымырақ (40-70%), шар тәрізді түйіршіктер (0,005-0,001 мм) аз болады. Фракциялардың тереңдеген сайын артатындығы байқалады. Су тұратын құмның сүзу коэффициенті тәжірибе жұмыстары мен лабораториялық анализдер мәліметтеріне қарағанда тәулігіне 0,1-ден 9-ға, анда-санда 20 метрге дейін өзгереді. Орташа су шығымдылығының коэффициенті 0,13, деңгейлік өту жолы тәулігіне 3,5-10 м 2 болады. Әсер ету радиусы 20-дан 80 метрге дейін ауытқиды.
Грунт суы жататын тереңдік құмды массивтің беткі жер бедеріне байланысты 1-ден 18,0 м аралығында кездеседі. Тәжірибелік су шығару мәліметтері бойынша, скважиналар өнімі судың тұрақты деңгейі 1,3-2,1 метр төмен түскен кезде секундына 0,79-дан 6 литрге дейін өзгереді. Сыбағалы өнімділігі секундына 0,41-0,92, ал орташа өнімділігі 0,7 литр болады.
Құмды массив бойынша жер асты суының минералдануы тұтасымен алғанда ала-құла және литріне 0,28-ден 148 грамға дейін өзгереді. Тұщы және саумал су жоғарылаған учаскенің Сам массиві линза деп аталатын төрт бөлікке тура келеді оның жалпы көлемі 598,4 км2. Олардың линза деп аталуының өзі де бірсыпыра жағдайда тек барлық массивті суландыру жөнінен «жұпыны» аумақ алуының нәтижесі. Жалпы терминология бойынша жер асты суының линзасы дегеніміз судың төмен орналасқан тұзды су астында орын алуы, ол тығыздығы үлкен болғандықтан олар су өткізбейтін болады. Біз сөз етіп отырған тұщы су линзасы тұзды судың бетінде емес, барлық қалыңдығын сақтай отырып, әлдеқайда минералданған сумен қоршалған.
Батыс линза субтропиктік ендік бағытына қарай созылып Қызыләскер поселкесінің солтүстігіне таман массивен, батысын алып жатыр. Солтүстігі Тұрыш поселкесі ауданының солтүстік жиегіне жіңішке жолақ сияқты орналасқан, Оңтүстігі Сарша, Майлыөлген құдықтары ауданында шеңбер пішінді, ал шығысы құмды массивтің шығыс жиегінде жатады.
Судың құрамы бойынша сульфатты-гидрокарбонатты натрийлі, сульфатты натрийлі, массивтің шетіне қарай кейде минералдануы артып, хлоридты-гидрокарбонатты натрийлі болады және линза аралық учаскелерде литріне 10-11 грамға дейін құрамы хлоридты натрийлі болып өзгереді.
Жер асты суы жауын-шашынның суы жерге сіңу есебінен көбейеді. Жер асты суы деңгейінің орташа жылдық ауытқу амплитудасы режимдік бақылау бойынша январьдан майға дейін көтерілген кезде 20 см болатындығы анықталады.
Құмды массивтің шеткі жағында, ішінара ортасында капиллярлық булану түрінде су таралып, сортаңдар, сор тақырлар жасайды.
Гидрохимиялық жағдайының күрделілігіне қарамастан, Сам құмды массивінде тұщы және саумал жер асты суларының мол қоры бар. 27 жылға (10 000 тәулік үздіксіз пайдаланғанда) есептелген орташа минералдануы литріне 1 грамм, пайдалану қоры ГКЗ-де секундына 412 л мөлшерінде бекітілген. Олардың ішінде батыс линза бойынша секундына 110,7, Оңтүстік линза бойынша 200, солтүстік линза бойынша 89,4 және шығыс линза бойынша 11,9 литр болып табылады. Бұл келтірілген су қорының пласт үшін қатаң «жабық блок» бойынша есептелгендігін ескеру керек. Пласт су өткізбейтін шеңбері контурмен шектелген және су қорының тұрақты жарамсыздығы олардың толықтырылуы бойынша есептелмеген.
Құмды мүйісі . Құмды мүйісі Ералиев поселкесінен 25 км солтүстік-батысқа қарай орналасқан. Кен орыны екі қабатты сулы горизонттан тұрады, оның төменгі қабаты солитті, бақалшақты сызатты және понт ярусының (жасы) кеуекті әк тасынан, жоғарғы қабаты жаңакаспий және Каспий теңізінің хвалин террасаның ұсақ түйіршікті құмынан құралған. Бұл қабаттардың аралығында тұрақты су өткізбейтін қабат болмайды, сондықтан олар біртұтас сулы горизонт жасайды.
Түбектің Оңтүстік жағалығын бойлай тұзды ортада қалқып таралған құм маңында тұщы су созылыңқы линза тәрізді болып жан-жаққа таралмай жатады. Ол құмның астыңғы бөлігі мен әктастың сызатты үстіңгі аймағына тура келеді. Құмды жамылғының қалыңдығы 1,5-13,5 м, көлденеңі 3 км және ұзындығы 10 километрге дейін созылып жатады.
Жер асты суы 0,6-дан 6,5 метрге дейін тереңдікте жатады. Жер асты суының деңгейі Каспий теңізінің суы деңгейінен 0,5-2,0 м жоғары. Құмның сулы бөлігінің қалыңдығы 0,25-12,8 м, құмдағы тұщы су линзасының орташа қалыңдығы екі метр.
Массивтің солтүстігіндегі құм жұқа болып келгендіктен кеми береді. Бұл жерлерде құмды астарлап жатқан әктастарда тұщы су болады. Әктастағы литріне 1 грамға дейін минералданған тұщы су линзасының қалыңдығы 2,5 метрден 9 метрге дейін, орта есеппен 5 метрге дейін ауытқиды. Тереңдеген сайын судың минералдануы біртіндеп артады да 1,5 м қалыңдықта саумал және тұзды суға дейін жетеді. Тұщы судың ауыз сулы қасиеті жақсы, зиянды қоспасы жоқ, бактериядан таза болады. Судың химиялық құрамы сульфатты-хлоридты-натрийлі, кейде магнийлі болып келеді. Тұзды ортада қалқып жүретін, минералдығы литріне 1 грамға дейінгі тұщы су линзасының жалпы ауданы 11 км 2 , кұмда 3 км 2 , әктастарда 22 км 2 болады.
Сулы әктасты ашатын скважиналар өнімі секундына 1,3-тен 3,7 литр аралығында ауытқиды. Бұл кезде су деңгейі 1,8-2,2 м төмен түседі. Тәжірибе арқылы анықталған су шығымдылығының коэффидиенті тәулігіне 23,3-24,6 метр.
Тұзды су ортасындағы тұщы су линзасы жалпылама және Құмды мүйісі сияқты жұқа қабатты пайдалануы қиын категорияға жатады. Оның күрделілігі мынадай: жинақталған суды пайдалануға болады, мына жағдайда тұзды судың астыңғы қабаттан тұщы суға өтіп кетуі сөзсіз.
Барлау кезіндегі тәжірибе жұмыстарының көрсеткіштеріне қарағанда суы бар жыныстарда су көп болғанда скважинаға тұзды су астыңғы жағынан су шығару басталғаннан кейін, 12-15 тәуліктен соң ғана келе бастайды. Ал тұщы су линзасы су шығаруды тоқтатқан соң З-4 тәуліктен кейін табиғи қалыпқа келеді. Қыска мерзімге су шығару судың аз іркілуі тәрізді тұзды суды сорып алу мүмкіндігін кемітеді. Сол себепті кен орынын пайдалануға берген кезде әрқайсысында 4 скважина бар өздігінен су жиналатын 3 құрылыс ұсынылған, ондағы скважиналар линза ауданына біркелкі таралған. Скважиналарға орнатылған сүзекілердің ұзындығы 2,5-3 м тұрақты деңгейден 1 м төмендеп линзаның жоғарғы бөлігіне ғана орнатылады. Кен орынын пайдаланғанда поселкені сумен қамтамасыз етуге қуаты жететін әр скважина секундына 1,3-1,5 литр су шығара алатындай су сорғыштың бірі таңдап алынады. Су сорғыштар осылай жұмыс істеген кезде скважиналарға тұзды су келе алмайды және тұщы су линзасының тұрақты қорын біркелкі пайдалануға мүмкіндік туады.
Кетік аңғары. Симметриясыз құрылысты Кетік аңғары Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 18 км созылып жатыр, оның көлденеңі алабымен есептегенде 8-10 км, түбі 50-70 м және Форт-Шевченко қаласынан Каспий теңізіне қарай ашылып жатады. Аңғардың оң жағы жыралармен тілкемделген және көлденеңі 0,3-0,6 км Шиелі шатқалы 3 километрге созылып жатады. Кетік аңғарының шекарасы мыналар: солтүстігінде Құсайын белесі және Оңтүстігінде Ақкетік аңғары мен оның аралығын су айырық бөліп жатады. Су жиналатын алаптың ауданы 190 км 2 .
Арна бақалшақты, детритусты, солитті сарматтық әктастар ярусына сұғына енген, олар сулы ярус болып табылады. Арна бөлігіндегі әктастардың қалыңдығы 35-60 м, беткейлердегі қалыңдығы 110-150 м.
Тұщы және саумал жер асты суларының мол қоры аңғардың арна бөлігіне тура келеді, бірақ онша енді емес (1,5 километрге дейін) тілімделген. Жалпы алғанда аңғар конфигурациясы қайталайтын 8,0 км ұзындықтағы тілкем болып табылады және оның қалыңдығы 14,0-тен 63,9 метрге дейін. Сулы горизонттың қалыңдығы солтүстік бағытқа қарай күрт азаяды, ол Құсайын құрылымдық белесі әсерінен пайда болған су өткізбейтін қолаттың көтерілуіне байланысты. Бұл құбылыс және жыныс Форт-Шевченко ендігінен Шымырау құдығының ендігіне дейін толық нығыздалады да, онда жер асты суы болмайды. Аңғардың оң жағына таман су минералдығы литріне 10 грамнан артып, тұзды суға айналады.
Жер бетінің бедеріне байланысты жер асты суының орналасу тереңдігі арна бөлігінде 15-тен 35 метрге дейін, аңғар беткейлерінде 50-ден 70 метрге дейін ауытқиды. Барлық жердегі су грунт суы болады, ол жер астынан ағып жатады. Грунт суы оң жақ жағада Оңтүстік-батысқа, ал арна бөлігінде тальвегті бойлай батысқа қарай ағады. Аңғардың басталар жеріндегі айдың көлбеулігі 0,015, орталық бөлігі мен сағасындағы көлбеулігі 0,0017 болады. Оның осыншалық шұғыл ауытқу себебі суаратын жолдың көпшілік бөлігіндегі суға төзімді жер бедеpінің күрделілігі мен сулы жыныстардың өткізгіштік дәрежесінің әр түрлі болуына байланысты.
Су жиналатын әктастардың су молшылығы біркелкі болмайды. Скважина өнімі су деңгейі 1,4-3,0 м түскен кезде секундына 0,5-1,0 литрден, арнадағы су деңгейі 0,6-6,8 м төмен түскен кезде беткейде 3,6-6,8 литрге дейін өзгереді. Кейбір скважиналардың негізгі өнімділігі 2,7-4,54 литр.
Жер асты суларының минералдануы және таралуы өте күрделі. Егер барынша тұщыланған бөліктегі ондай жағдай жоспар бойынша ирек тілкемді болып келсе, бағыты жағынан ол жартылай гиперболоид болады, яғни оның ортасы аңғардың тальвегіне сәйкес келеді. Осыған байланысты сағаның тікелей астында жататын судың минералдануы тереңдеген сайын өзгеріске ұшырамайды, сулы горизонттың бүкіл қалыңдығында су минералдығы литріне 0,8-1,0 грамм болады, орташа алғанда ол 35,0 м. Сағадан қашықтаған сайын тілкемнің қалыңдығы шұғыл кеміп, 300-500 метрден нөлге жетеді. Мәселен, арна бөлігінде орналасқан скважиналардағы судың минералдануы барлық тереңдікте литріне 0,7-1,0 грамм, арнадан 250-300 м қашығырақ орналасқан скважиналарда тұщы су бөлігінің қалыңдығы 8-10 м, 500 метрде оның беткі суының минералдануы литріне 1,6-2,0, ал 1000-1200 метрдегі минералдануы 4,4-5,3 грамм болады. Тұщы су линзасының шегінен шыққанда судың минералдануы шұғыл артады, бұл әсіресе Оңтүстік бөлігінен байқалады және аз қашықтықтың өзінде ол литріне 2 грамнан 7-10 грамға дейін өседі.
Гидрокарбонатты-сульфатты магнийлі, сульфатты гидрокарбонатты, магнийлі, хлоридті-сульфатты натрийлі-магнийлі құрамдағы судың минералдығы өте төмен. Судың жалпы минералдығы артқанда хлоридты-сульфатты натрийлі және хлоридті натрийлі суға айналады. Су температурасы 14-тен (жазда) 10°С-ге (қыста) дейін өзгереді.
Жер асты суларының табиғи жағдайдағы минералдығының кейбір өзгерістері климат жағдайларының өзгеруіне де тікелей байланысты.
Көктемгі қар еріп, су тасуы кезінде жер асты суларының көбейетіндігін режимдік бақылаудың мәліметтері көрсетіп отыр, бұл мәліметтерге қарағанда скважиналардағы су деңгейі тасқын соңынан 0,6-0,8 метрге дейін көтеріледі. Жүз мың шаршы метрлеп саналатын өте үлкен су массасы да осыны нақтылай түседі, тасқын түрінде ағыл-тегіл болатын судың бар болғаны 10-15 проценті ғана аңғар алабына орналасады да, қалған бөлігі буланады және жерге сіңіп кетеді.
Жыл ішінде жер асты сулары Каспий теңізі арқылы таралады, бұған Баутино қойнауы мен Форт-Шевченко қаласы ауданындағы теңіз суы температурасының жергілікті төмендеуі дәлел.
Форт-Шевченко қаласын сумен қамтамасыз ету үшін барлау жасалған және тұщы су линзасы аумағындағы тұщы суды пайдалану қоры секундына 11,5 литр болып анықталған. Алайда жоғарыда келтірілген мысалдарда да орын алған тәрізді есептеу кезінде судың толықтырылуы ескерілмеген. Сондықтан бұл кен орнының белгіленген қорымен ғана шектелуге болмайды, оның мүмкіндігі бұл айтылғандардан едәуір асып түседі.
Ұланақ аңғары. Оңтүстік Қаратау маңы аңғарларының ішіндегі ең ұзыны және тереңі Ұланақ аңғары 1950 жылдың аяғында ашылып, альб-сеноман шөгіндісіндегі тұщы және саумал жер асты суларының кен орындары барланды. Кен орыны Ұлан және Куйбышев жеріндегі тұщыландырылған учаскелер, олар Оңтүстік Маңғышлақ артезиан алабының кең көлемді тұзды суына Батыс Қаратау таулы жотасы жағынан тіл тәрізденіп сұғынып жатады. Оларды көлденеңі 1,5-2,0 км болатын тұзды су алқабы бөліп жатады.
Кен орнын құрауға сеноман және қалыңдығы 10-20 м су өткізбейтін саз топтары бір-бірінен берік оқшаулап жатқан бірнеше альб сулы горизонттары қатысады.
Су сіңіретін шөгінділердің барлығы Қаратаудың етегінде жер бетіне шығып жатады да жақсы сорып алатындықтан жауын-шашынды, сондай-ақ мезгілді тасқын суларын бойына сіңіріп отырады.
Бұл сулы горизонттар өнімділігі, минералдануы мен пайдаланылу қоры жағынан жер асты суларынан айтарлықтай ерекшеліктерімен бір-бірінен ажыратылады, сондықтан олардың әрқайсысына жеке-жеке сипаттама беріледі.
Сеноман сулы горизонты ұсақ түйіршікті саздақты, құмдақты және сазды болып келеді. Құмдары сулы болады, ал құмдақтары негізінен тығыз да іс жүзінде су өткізбейді. Құмның қалыңдығы, яғни сулы горизонт тиімділігінің қалыңдығы пластинаның батқан жағына қарай бірнеше метрден 15-20 метрге дейін артады. Мұның өзінде ол қалыңдаған сайын құм сазға айнала береді.
Жер асты суының минералдануы литріне 0,7-ден 5-10 грамға дейін ауытқиды, судың химиялық құрамы хлоридті-сульфатты натрийдті және хлоридті натрийлі болып келеді.
Тұтасымен алғанда араласып жатқан шөгінділердің механикалық құрамы, сулану дәрежесі және жер асты суының сапасы бойынша сеноман сулы горизонты альб горизонтынан ғана кем түседі.
Бірінші альб сулы горизонтына альб жыныстарының ең жоғарғы бөлігі қамтылады. Альб жынысы сеноманның карбонат сазы будаларына төсеніш болады және полимикті сары және жасыл-сұр, ұсақ түйіршікті және топтасқан кесек нан тәрізді, дискі тәрізді және шар тәрізді, өте берік әктасты горизонтты құмдақ болып келеді. Құм және борпылдақ құмдақтар кварц түйіршігінен (58-81), сазды заттардан құралады. Разрездің үстіңгі бөлігі әдетте фосфорит плитасының астында жататын орташа будасы құмдақ сазды және астыңғы будасы борпылдақ құмдақты және шар тәрізді конкрециялардың 3-4 горизонттары бар құмды, қалыңдығы 15-25 м кварцты-глауконитті құмнан құралады. Горизонттың жалпы қалыңдығы 60-65 м, мұнда сазды пласты есептемегенде тиімді қалыңдығы 50 метрге жуық.
Барлық жағдайда да суы қарқынды келеді, бұл жерлердегі скважиналардың барлығына дерлік өздігінен су ағызады. Өздігінен аққандағы өнімі Ұлан учаскесінде секундына 0,7-ден 13 литрге дейін және Куйбышев учаскесінде 0,87-ден 12,3 литрге жетеді. Су деңгейі 6-8 метрге төмен түскен кезде кен орыны бойынша өнім секундына 2-5 литр болатындығын жиі кездестіруге болады. Скважиналардың нақтылы өнімділігі орта есеппен секундына 0,9-1,2 литр болған кезде секундына 0,4-тен 0,6 литр аралығында ауытқиды.
Жер асты суының минералдануы литріне 0,3-0,5 грамм мөлшерінен 5-10 грамға дейін өзгереді. Кен орны бойынша литріне 1 грамға дейін минералданған су 25,0 км 2 аумаққа, 3,0 грамға дейінгі су 37,0 км 2 аумаққа таралған. Суының химиялық құрамы хлорлы-сульфатты натрийлі болып келеді. Ұлан учаскесіндегі судың фторы біраз жоғары, алайда оны сумен алмастырғанда фтордың мөлшері нормадан аз болады да, суды ауыз суы үшін пайдалануға мүмкіндік туады.
Екінші альб сулы горизонты Куйбышев учаскесінде жақсы зерттелген, ал Ұлан учаскесінде жекелеген скважиналарды ашқанда суы тұзды болған, сондықтан Куйбышев учаскесі ғана сипатталады. Бұл сулы горизонттағы шөгінділер құмды болып келеді, ол құмның табиғи ашылып қалған жерлерінен құмдақтың шар тәрізді конкрециясының 2-3 горизонты байқалады. Құм ұзақ тұрған қалыңдығы 10-12 м саз қабатының астында жатады. Құмды сондай-ақ үшінші сулы қабат болып табылатын саз қаптайды. Тұщы су таралған жерлердегі құмның жалпы қалыңдығы 21,5-29,0 м болады да, қабаттың тереңдеуіне қарай қалыңдығы арта береді. Құмның бұл жердегі механикалық құрамы 45-55 процентке дейін 0,25-0,1 мм, 20-25 процентке дейін 0,1-0,01 мм, 10-12 проценті 0,01-0,001 мм ұсақ түйіршікті болып келеді. Скважиналардың өнімділігі секундына 0,145-тен 0,22-0,34 литрге дейін ауытқиды.
Жер асты суының минералдануы литріне 0,64-тен 10 грамға дейін ала-құла. Тұщы судың химиялық құрамы гидрокарбонатты-сульфатты-натрийлі, ал минералдығы артқанда сульфатты-хлоридті-натрийлі және хлоридті-натрийлі болып келеді. Мұндағы фосфор құрамы тиісті мөлшерден артпайды.
Үшінші альб сулы горизонты да екіншісі тәрізді Куйбышев учаскесінде тараған және ол диаметрі 3 метрге дейін жететін өздігінен шарланған ірі, сарғыш-сұр және жасылдау-сұр борпылдақ құмдақтан құралған. Солтүстіктен Оңтүстікке қарай ұлғая отырып, горизонт қалыңдығы 9,0 метрден 18,0 метрге дейін өзгереді. Оны құмдағы шамалы саз қоршап жатады. Алғашқы екеуіне қарағанда бұл горизонттың сулы құмы түйіршігінің мөлшері жөнінен былайша ерекшеленеді: 22-ден 45 процентке дейін 0,25-0,1 мм, 12-ден 52 процентке дейін 0,1-0,05 мм; 12-16 процентке дейін түйіршік мөлшері 0,05-0,001 мм және одан да кішірек. Сүзу коэффициенті тәулігіне 2,62 метр. Құм құрамының сазды болуы, оның біртектілігінің жетімсіздігі скважина өнімін едәуір төмендетеді, нақтылы өнімділігі секундына 0,12 литрден аспайды.
Жоғарыдағы горизонттармен салыстырғанда мұнда жер асты суының минералдануы едәуір жоғары.
Бүкіл альб комплексінің жер асты суы жауын-шашынның жерге сіңген суымен көбейеді. Су тұратын жалаңашталған құмның аумақты болуы, Қаратау жотасының етегіндегі гипсометриялық қалпының салыстырмалы төмен болуы жауын-шашын суымен еріген қар суын сіңіріп алуға жағдай туғызады.
Осыған ұқсас учаскелердің басқа аудандарда да, әсіресе Таушық поселкесі, Қаратаудың солтүстігінде және басқа жерлерде кездеседі.
Құйлыс мекені. 1950 жылдың аяғында Құйлыс мекені ауданындағы альб шөгіндісінде жер асты саумал су қорының учаскесі барланған, оның пайдалану қоры ГКЗ-де тәулігіне бірнеше мың текше метр мөлшерінде болады деп анықталды. Анықталған уақыттан бері ол су тау-химиялық кәсіпорындар мен Шевченко қаласының қажетіне пайдаланылуда.
Мұндағы альб сулы комплексі Ұланақ аңғарындағы тәрізді өз алдына сулы горизонттардың төртеуін біріктіреді, олардың ішіндегі болашағы бары және толығырақ зерттелгені жоғарғы сулы горизонт. Төменгі сулы горизонттан тек біраз скважиналар қазылды.
Бірінші альб сулы горизонты қошқыл -сұр түсті саз қабатының астында жатады және саз астында құм мен құмдақ будаларынан құралады. Сулы шөгіндінің жалпы қалыңдығы 100 метрге дейін. Механикалық құрамы жөнінде құм Ұланақ учаскесінің кұрамына шамалас, дегенмен мұнда саздақ бөлшектер едәуір көп.
Оңтүстік Маңғышлақтың артезиан алқаптарындағы фосфоритті қабатпен басталатын сулы горизонт 500-600 м тереңдікте жатады. Барлық жерлерде де су қарқынды, скважиналардың барлығы секундына 25-40 литрге дейінгі өніммен өздігінен ағады. Пайдалануға дейін саға үстіндегі су қарқыны кейбір скважиналарда 80-100 метрге жетеді.
Барланған учаске шегіндегі судың минералдануы хлоридті натрийлі құрамда литрінде 1,5-3,0 грамнан болады. Саға маңындағы су температурасы – 25-45°С.
Екінші альб сулы горизонты борпылдақ және сәл нығыздалған ұсақтығы орташа және уақ түйіршікті, кварцтіглауконитті құмнан құралған.
Сулы жыныстың қалыңдығы 54-70 м, ал пайдалы қалыңдығы 50-65 м.
Барлық жерлерде де суы қарқынды, өзі ағып жатады. Скважина сағасының үстіндегі су арығының биіктігі 52-ден 81 метрге дейін ауытқиды, өздігінен аққандағы өнімділігі секундына 5,0-тен 13 литрге дейін.
Жер асты суының минералдануы литріне 2,8-3,3 грамм, судың химиялық кұрамы хлоридті-натрийлі және скважина сағасындағы су температурасы +31-42°С.
Үшінші альб сулы горизонты сулы жыныстарының сипаты мен құрамы жағынан екінші альб сулы горизонтына ұқсас. Сулы горизонттың тиімді қалыңдығы 28-33 м, минералдығы литріне 2,1-4,1 грамм. Өздігінен ағып жатқан скважинаның өнімділігі секундына 2-42 литр.
750-900 м тереңдікте жатқан альб шөгінділерінің төменгі сулы горизонтының қазіргі зерттелу дәрежесі әлі де жеткіліксіз екендігін есте сақтау керек. Өздігінен аққан кезде скважина өнімділігі секундына 40 литр болатын саумал судың осы жерлерде кездесуі бұл горизонт болашағының зор екенін дәлелдейді. Яғни ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге қажетті едәуір су мөлшерін алуға болады, сондықтан да тез арада пайдалану қорын анықтайтын барлау жүргізу керек.
Солтүстік Ақтау артезиан алабы. Солтүстік Ақтау артезиан алабы Қошақ шығанағынан басталып, батысында субтропиктік ендік бағытында шығысында Үстірт қырларына дейін созылып жатады. Оның жалпы ұзындығы 100 километрден артығырақ, көлденеңі 40-60 км. Оңтүстік Қаратау маңы болып табылады да, ол Долгий мүйісі мен Моната белесінің аралығында солтүстікке қарай созылған. Аумағы 5000 шаршы километрден артығырақ, 500-ден 1000 м тереңдіктегі бұл территорияның шегінде саумал және тұзды жер асты суларының қоры бар, оны тиімді пайдаланған жағдайда ауыл шаруашылығының әр түрлі саласының дамуы үшін зор маңызы болмақ.
Солтүстік Ақтау артезиан алабының гидрогеологиялык құрылымының жоспарында екінші қатардағы Солтүстік Маңғышлақ артезиан алабының кең көлемді барынша тұщыланған Оңтүстік жағы болып табылады. Суының минералдануы жөнінде өзіндік мәні бар саумал сулы болады, ол Шығыс Қаратау жағынан басып кіріп, алғашқыда тар бағытпен басталады да, соңынан Ауызды-бас-Тиген мекенінің ауданында эллипс тәрізді пішінге келіп, жоғарыда айтылған мөлшерге дейін кемиді.
Алап разрезінде турон-сеноман және альб шөгінділеріне тура келетін бірнеше сулы горизонттар мен комплекстер қатысады. Олар бір-бірінен өте қалың, іс жүзінде су өтпейтін қабаттармен бөлініп жатқандықтан оларды бір-біріне байланыссыз өз алдына жеке пайдалануға да болады, бұлар жайында өз алдына сипатталады.
Сеноман-турон сулы комплексі. Бұл комплекстің шөгінділері барлық жерлерге таралған және ұсақ түйіршікті құм, құмдақ, сазды болып келеді. Қаратау аңғарының шегінде ашық жатса да, солтүстік бағытқа қарай олар едәуір жас шөгінділердің астына айтарлықтай терең батып кетеді. Жалпы қалыңдығы 50-80 м құм мен анда-санда борпылдақ құмдақтар су тоқтата алады. Сулы комплекс жабыны ашылатын аудандарда 3-7 метрден Ауыздыбас мекенінде 300 м, одан солтүстікке қарай 640 м тереңдікке жетеді.
Жыныс шығып жатқан жерлерден басқа жерлерде сеноман-турон суы жер бетінде қарқынды болады. Су арынының биіктігі Қаратау маңы аңғарларында бірнеше метрден басталып, Тиген және Қара-Кешу мекендерінде 375 м және одан да артық. Осы бағытта пьезометриялық деңгей +50-ден +46 метрге дейін абсолюттік белгіге төмендейді. Жер бетінің гипсометриялық қалпына байланысты су деңгейі сағадан бірнеше метр төмен болады да, 45 метрге дейін жоғарылайды. Топырағы тығыз, сазды және ұсақ түйіршікті болғандықтан шөгіндінің су молшылығы жоғары емес. Су деңгейі 26 м төмен түскен кезде скважиналардың өнімділігі секундына 0,5-тен 3,0 литрге дейін ауытқиды.
Суының минералдануы әр түрлі: литріне 2,8-ден 7,0 грамға дейін өзгереді. Артезиан алабының орталық бөліктерінде көптеген тұщы су кездеседі. Сенамон-турон шөгіндісі суының химиялық құрамы судың минералдануы артқан сайын сульфатты-хлоридты-натрийлі құрамнан хлоридті-натрийлі құрамға дейін өзгереді. Су температурасы 16-дан 25°С-ге дейін.
Минералдануы едәуір жоғары болса да сеноман-турон комплексінің суын жайылымдарды, әсіресе Ақтаудың солтүстік жоталарын суландыру үшін мейлінше пайдалануға болады, өйткені мұндағы скважиналардан су өздігінен ағып жатады. Бұл мақсатқа пайдалану үшін су қоры жетіп жатыр, секундына 2-3 м 3 .
Бірінші альб сулы горизонты жұқа қабатты саз бен құмдағы бар қалың қабатты (100-130 м) глауконитті құм ретінде болады, бұл сеноман-туронның су өткізбейтін сазының астында жатады. Сулы горизонттың тиімді қалыңдығы 80-90 м. Құмы біркелкі дерлік ұсақ және орташа түйіршікті. Шығарылған су мәліметі бойынша сүзу коэффициенті тәулігіне 3,0-3,5 м, кейде 1,17-ден 5,04 метрге дейін ауытқиды. Су шығымдылығының коэффициенті 0,1, пьезо өткізгіштігі тәулігіне 106 м 2 .
Геологиялық құрылым ерекшелігіне байланысты сулы горизонт жабыны Қаратау маңы аңғарларында 65 метрден Тиген мекенінде 730 метрге дейінгі тереңдіктен ашылады.
Сулы шөгінділердің жер бетіне шығып жатқан тілкемдерінен басқа жер асты суларының барлығы да арынды. Скважиналар ашқан кезде жер асты суы үлкен су қарқынмен көтеріледі. Оның пьезометриялық деңгейі Таулы Маңғышлаққа таяу 100-80 метрден алаптың солтүстік батыс бөлігіне қарай 40-30 метрге дейін абсолют белгімен анықталады. Жер бетінің абсолюттік беті биік, Қаратау маңы аңғарлары мен Солтүстік Ақтау шектерінде су деңгейі 110-90-нан 30-10 метрге дейінгі тереңдікте деп белгіленеді, жер бедері +50-0 м белгіге дейін төмендейтін Аманқызылит құдығында Дақтыш және Бұлыш бұлақтарының солтүстігінде су өздігінен ағады. Сағаның үстіндегі су арыны бірнеше метрден 30-40 метрге жетеді және одан да көбірек.
Кең аумаққа таралатын болғандықтан бірінші альб сулы горизонтында суы аз минералданған су тоқтайтын жыныс қабаты көп және мұнын, халық шаруашылығын әсіресе ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларын сумен қамтамасыз ету үшін болашағы зор.
Екінші альб сулы горизонты. Бірінші альб сулы горизонтынан 15 метрлік қалыңдықта бөлінген су тоқтататын қабат (саз) астында екінші альб сулы горизонтының шөгіндісі жатады. Ол сазды түзіліс қабатшалары бар ұсақ түйіршікті құмнан тұрады. Сулы горизонттың жалпы қалыңдығы 55-60, тиімді қалыңдығы 40-45 метр. Суы бар құмның орташа сүзу, коэффициенті су шығымдылығы және пьезо өткізгіштігі тәулігіне 3,0 метр, 0,1-106 м2 шамасымен сипатталады.
Екінші альб сулы горизонтының шөгіндісі Қаратау маңы аңғарларында жалаңаштана отырып, тез батады және солтүстікке қарай оның жабығы біраз қашықтықта 570 м тереңдіктен ашылады. Соңынан бату бұрышы жатыңқыланып, Қошқар-кесікқұм және басқа кішірек белестер әсерінен біраз күрделеніп, қабаттар одан әрі батыңқырайды. Екінші альб сулы горизонты жыныстың су молшылығы бойынша бірінші горизонттан кем түспейді. Кейбір скважиналардың өздігінен аққаңдағы өнімділігі секундына 2,5-тен 22 литрге дейін ауытқиды.
Екінші альб сулы горизонтының суы химиялық құрамы бойынша хлоридты-сульфатты-натрийлі және хлоридті-сульфатты-кальцийлі келеді. Жер асты суының температурасы +27°-42°С-ге дейін өзгереді. Екінші альб сулы горизонты да бірінші горизонт тәрізді практикалық маңызы зор және ірі қараны сумен қамтамасыз ету үшін пайдалануға болады.
Үшінші альб сулы горизонты. Бұл сулы горизонттың шөгіндісі сипатталып отырған артезиан алабының шегінде және одан тысқары барлық жерлерге таралған. Олар сазды түзіліс қабатшалары бар қалың сулы құм мен құмдақтың қалың қабатынан (100 м) тұрады. Сулы горизонттың тиімді қалыңдығы 50 м. Құмы ұсақ түйіршікті, жоғарыда сипатталған горизонттармен салыстырғанда сүзілу коэффициенті бойынша әлдеқайда сазды келеді. Үстіңгі су тоқтататын қабат ретінде қалыңдығы 15-20 м ұзақ тұрған сазды атауға болады.
Бұл горизонттағы су барлық жерлерде де арынды болып келеді, ол 230 метрден бастап 932 метрге дейінгі тереңдіктен ашылады. Судың пьезометриялық деңгейі + 120-дан +80 метрге дейін абсолюттік белгімен анықталған және арын биіктігі саға үстінен 80-90 м.
Үшінші альб сулы горизонты суының көбі минералдануы литріне 5 грамға дейін саумал су. Олардың таралу ауданы 2900 шаршы километрге жетеді. Неғұрлым тұщыланған су орталық бөлікте – Тасмұрын және Ауыздыбас шатқалдарының аралығында 737-801 м және 935-990 м аралығында ашылған. Сарытас шығанағының маңындағы Таушық поселкесінің батыс жағынан және тұщылығы «жақсы», жоғары орналасқан горизонттарда саумал суы бар Қасқыржол жотасының солтүстік жағынан кейбір скважиналармен бұрғылау нәтижесінде әлсіз саумал су табылған. Бұл жағдай сулы горизонттың әсіресе территорияның батыс және шығыс жағында бұдан да гөрі тұщы суды іздестіру болашағының кең екендігін көрсетеді. Ал территорияның қалған бөліктерінде өте саумал су және ащы су көп кездеседі. Су химиялық құрамы жөнінен хлоридті-сульфатты-гидрокарбонатты-натрийлі және хлоридті-сульфатты натрийлі болады. Судың температурасы +28-47°С шамасында. Сипаттап отырған артезиан бассейнінің территориясында үшінші альб сулы горизонты терең орналасқан болғандықтан бірінші және екінші горизонттардан гөрі нашар зерттелген.
Төртінші альб сулы горизонты. Бұл горизонттың шөгінділері ұсақ түйіршікті, тозаңды құмдар және сазды түзінділігі қабатты алеврит түрінде байқалады. Горизонттық жалпы қалыңдығы 60-80 метр, оның ішінде тиімдісі – 35-50 метр. Барлық учаскелеріндегі кернеме су 250-440-тан 920 метрге дейінгі және одан да артық тереңдіктерден ашылған. Судың пьезометрлік деңгейі скважинаның +79,6дан +69,6 метр абсолюттік белгісіне дейін белгіленеді, қысым 19,2-ден 93,2 метрге дейін болғанда көбіне секундына 0,6-2,5 литрден 19-20 литрге дейінгі дебитпен су өздігінен құйылады. Меншікті дебиті секундына 0,03-тен 0,3 мл шамасында ауытқып отырады.
Минералдануы литріне 3 грамға дейінгі дәрежедегі жер асты сулары кездескен жоқ. Саумал су 2500 шаршы километр ауданға таралған. Оларды өте саумал және ащы су қоршап жатады. Химиялық құрамы жөнінен су хлоридті-сульфатты-натрийлі-кальцийлі, таза хлоридті-сульфатты-натрийлі болады. Температурасы +31-45°С.
Солтүстік Ақтау артезиандық бассейнінің разрезінде сол сияқты зерттелген учаскелердің шегінде құрамында ащы суы бар болғандықтан практикалық маңызы жоқ бесінші және алтыншы сулы горизонттар да көрсетілген.
Орта және жоғарғы альбтардағы шөгінділердің сипатталған сулы горизонттары өздеріне тән литологиялық және физикалық ерекшеліктері бар неғұрлым су ұстағыш сазды қабаттар арқылы ерекше байқалады. Біраз шартты жағдайларға қарамастан тұтасымен алғанда олар артезиандық бассейннің нақты гидродинамикалық және гидрохимиялық жағдайларын бейнелейді. Су молшылығының, пьезометрлік деңгейінің, жалпы минералдануының және судың химиялық кұрамының әр түрлі болуы осыны дәлелдейді.
Жоғарыда атап көрсетілгеніндей Солтүстік Ақтау артезиандық бассейні Оңтүстік Маңғышлақ артезиан бассейніндегі Құйылыс учаскесіне ұқсас ащы жер асты суларының ішіндегі кең көлемді алып жатқан тұщы сулы учаске болып саналады. Оның шығу тегі туралы негізінен екі түрлі пікір бар, алайда қазіргі кезде оның екіншісінің анықтығына және дәлдігіне күмәнданатын адамдар кемде-кем болар. Бірінші пікірді Құйылыс кен орнында барлау жұмыстарын жүргізген К. Ф. Орфониди (1962 жыл) ұсынды. Мұнда К. Ф. Орфониди олардың пайда болуына өткен геологиялық дәуірлерде, ауданның климаты өте ылғалды, одан кейінгі 45-50 мың жылдар бойы континенттік климаттың (құрғақ және ыстық) үстем болуы себепші болды, мұндай климат тек ащы судың тіпті атмосфералық жауын-шашыннан сіңбе су түзілетін аймағында да түзілуіне себепші болды деп тұжырымдады.
Ж. Сыдықов және басқа зерттеушілер өзге пікірде болып, олар екінші ойды қостайды. Табиғи факторлардың комплексін талдау нәтижесі туралы олар мынадай қорытындыға келді: тұщы сулы учаскелердің түзілуінің негізгі көзі болып, осы кездегі атмосфералық жауын-шашын және таулы аудандарда қалыптасатын тасқын сулары есептеледі. Жүздеген мың, кейбір жерлерде миллиондаған текше метрмен өлшенетін мұндай су массасы тар аңғарды жарып өтеді. Олардың негізгі және ең «көп сулылары» минералдануы нашар учаскелерге соқтығыса отырып, Қаратау жотасынан Оңтүстікке және солтүстікке қарай бағытталған.
Тік ағңардан аз уақыттың ішінде (көктемде, ал жаз бен күзде сирек жағдайда) судың орасан көп мөлшері ағып өтетін болғандықтан, мұнда оның бір бөлігінің жақсы коллекторлық қасиеті бар сулы қабаттарға өтуіне неғұрлым қолайлы жағдай жасалады. Орта және жоғарғы альбтың құмды түзінділері осындай коллекторлар болып саналады. Ол түзінділер ашық аңғарларда барынша жалаңаштанып, сүзіліп өтетін тұщы судың неғұрлым жаңа мөлшерінің сіңуін жеңілдетеді.
Сондай-ақ, ұзақ уақыт сулы қабаттарда жатқан әлсіз минералды судың түзілуі үшін оның суы ауысып отыратын тұрақты аймақ керек. Мұндай аймақтарға Оңтүстікте – Қарагие, Қауынды, Өзен, Қарынжарық, солтүстікте – Қаракешу, Қызан, Қайдақ т.б. ағынсыз, терең ойыстары, сондай-ақ Каспий теңізінің экваториясы жатады.
Сонымен, қазіргі кездегі қоректендіру көздері мен су ауысып тұруының әсерінен альб шөгінділерінде минералдануы төменгі дәрежедегі жер асты сулары қалыптасады. Олар ашық аңғарлар мен су ауысу учаскелері – терең ойпаттарға, мәселен Құйылыс және Солтүстік Ақтау артезиандық бассейндері сияқты ойпатқа қарай бағытталады.
Жаңасу-Төңірекшың сайы . Жаңасу-Төңірекшың жер асты суы кен орнының ауданы 5 мың километрге жуық және Шошқакәл сайынан батысқа және Оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан көлемді Доңызтау артезиандық бассейнінің жалғасы. Суы 550-700 метр тереңдікте жатады және сеноман мен жоғарғы альбтің құмды-сазды қабатына жинақталған. Оның құрамына кіретін жыныстар әркелкі түйіршікті кварцты, кварцты-глауконитті құм және шамалы қалың қабатты сазы бар құмтас, малта тастар жиынтығы және фосфоритті жалбыры бар конгломераттар түрінде көрінеді. Құмды комплекс әр жерлерінде сазды қабаттар арқылы өз ара гидравликалық байланысқан сулы горизонттарға бөлінеді. Сулы комплекстің жалпы қалыңдығы орта есеппен 200 м. Сулы шөгінділердің сүзілу коэффициенті тәулігіне 2,8 метр, су беру коэффициенті тәулігіне 0,14 метр. Судың қысымы жоғары. Судың пьезометрлік деңгейі жер бетінен 2030-дан 80 метрге дейінгі биіктікке қойылады. Су өздігінен құйылған кездегі скважиналардың дебиті секундына 30-32 литрге жетеді және одан да көп болады. Жер асты суларының минералдануы литріне 2,6-дан 5 грамға дейінгі шамада ауытқиды. Минералдануы 3 грамға дейінгі су едәуір ауданды алып жатыр, ол суаттан басқа мал азықтық дақылдарды өсіруге де жарамды.
Қаратау таулы массиві. Қаратау таулы массиві пермьтриас дәуірінің тектоникалық жарылып, қозғалған, күшті метаморфизмге, әр түрлі қатпарлы дислокацияға ұшыраған жыныстарынан құралған.
Бұл жыныстардың барлығы өзінің алғашқы бейнесіндегі күйінде су өткізе алмайды. Бірақ олар ұзақ уақыт сыртқы (үгілу, денудация, эрозия) және ішкі (тектоникалық, қозғалыстар) жағдайлардың әсерінде болғандықтан едәуір тұр өзгерісіне ұшырады. Сөйтіп олардың сыртында және әр түрлі мөлшердегі жарықтар пайда болып, қатпарларға қысылды, түрі өзгеріп, бұзылды және ұсақталды, осының нәтижесінде олардың су өткізгіштігі мен ұстағыштығы жақсарды.
Әрбір литологиялық қат-қабаттардың Бұлдіру күштеріне қарсы тұра алушылық дәрежесі бірдей емес. Неғұрлым майысқыш, иілгіш сазды жыныстар – сазды сланец, аргиллит, алевролит т.б. тектоникалық қозғалыстар кезінде түрі өзгеруге және созылуға, ал сыртқы (экзогендік) күштердің әсерінен жіктелуге емес, Бүлінуге бейімді келеді. Неғұрлым опырылғыш әктас, құмтас және басқалары, керісінше судың қозғалысына жол аша отырып және олардың жиналуы үшін үлкен немесе шағын аймақтар түзе отырып, үгілуге (жарылуға) және ұсақталуға оңай көнеді. Сазды жыныстарда түзілген жарықтар, ылғалдану нәтижесінде жыныстар көлемін ұлғайтатын болғандықтан оңай жойылады, олар өте көп мөлшерде болғанымен жіңішке және саяз болады. Ал құмтасты-әктасты жыныстарда жарықтар әдетте 1 кең, терең және үңірейіп тұрады.
Қаратау таулы жотасының беті тұтасымен алғанда шығу тегі түрліше, әр түрлі бағыттағы және мөлшердегі жарықтармен тілімденген. Мұнда оның барлық жерлерінде дерлік үгілу, бұзылу жарықтары, аздаған мөлшерде кливаждар (тау жыныстарындағы біріне-бірі параллельді жарықтар) мен тектоникалық сынулар кездеседі. Ж. Сыдықовтық және одан кейінгі зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда жарықтар негізінен алғанда екі бағытта – Оңтүстік-шығысқа қарай азимут бойынша 115-160°, құлама бұрышы 50-55° және оған құлама бұрышы неғұрлым тік – 75-85° болатын, солтүстік-шығыстан перпендикуляр 30-50° бағытта байқалады. Жарықтың сызықтық модулі, яғни жыныстардың бетінің 1 погон метріне келетін жарықтардың саны одан 12-ге дейін өзгереді. Жарықтың ені жарықтың коэффициенті 0,44-тен 0,087-ге дейін болғанда 0,15-тен 20 сантиметрге дейін шамада ауытқиды.
Региональдық жарықтар жер бетіне жақын аймаққа және тектоникалық бұзылу аймағына таралған, ол әдетте 50-60 м тереңдікке, кейбіреулері 150-200 метрге дейін жетеді. Ашық, үлкен жарықтардың көп кездесуі атмосфералық жауын-шашынның сіңуіне, одан соң сулы горизонттың жасалуына және оның үнемі жаңартылып тұруына аса қолайлы жағдайлар туғызады. Қаратау таулы жотасының барлық ауданына, әсіресе Оңтүстік бөлігіне таралған әр түрлі бағыттағы көптеген, жиі тектоникалық бұзылулар уатылу аймағының жасалуына себепші болды. Жыныстардың литологиялық ерекшеліктеріне байланысты олардың мөлшері әр түрлі. Әсіресе, құмтасты, құмтасты-конгломератты және әктасты жыныстар таралған аймақтардағы олардың мөлшері өте үлкен болады. Мұнда олардың көзге көрінетін ені – 3-5-тен 10 метрге дейін және одан да артық, скважиналармен ашылған ұсатылған жыныстардың қалыңдығы 10-30 метрге жетеді. Ол өте көп ұсатылады. Геологтар (К. Есполов, А. Кугешев, Б. Санахаев, В. Пак, К. Нұрымов, Н. Иманов) және геофизиктер (Ю. Осянин, Е. Аймамбетов) коллективтерінің Қазақ ССР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті Ж. Сыдықовпен бірлесе және методикалық нұсқау ала отырып жүргізген зерттеу және барлау жұмыстары соңғы жылдары жер беті жарықтарының біркелкі таралуына қарамастан, Қаратау жыныстарындағы судың молшылығы біркелкі емес екендігін көрсетіп отыр. Кейбір скважиналардың дебиті жүзден бір бөліктен секундына 5-15 литрге дейін, кейде 23 литрге дейін ауытқиды. Тектоннкалық ұсақталу аймақтары су молшылығының жоғарылығымен ерекшеленеді, олардың саны жиырмаға жуық деп көрсетілген. Оларға, әдетте көп дебитті және тұрақты істеп тұрған қайнарлар жатқызылған. Олардың неғұрлым ірілерінің су жинаушы бассейндері болады да, жер асты тұщы суының едәуір қоры бар, өзара әлсіз байланысқан жекелеген сулы учаскелер құрайды.
Оларға Батыс Қаратаудан – Шайыр, Тұщыбек, Куйбышев (Амансай-Жыңғылды), Керіз I, Керіз II, Ақмыш, Ескі Шетпе және басқалары; Шығыс Қаратаудан – Шетпе, Қарақұдық, Оңды, Ағашты, Аусары, Жармыш, Күркіреуік, Ақтас (Сауран), Ақбұлақ және Тамды учаскелері жатады.
Шаруашылыққа, ауыз суға және ауыл шаруашылығына қажетті сумен қамтамасыз етуде бұл учаскелердің барлығының үлкен маңызы бар және оның әрқайсысы жеке алғанда белгілі бір объектілер үшін негізгі су көзі бола алады. Сондықтан олардың гидрогеологиялық сипаттамалары жеке беріліп отыр.
Батыс Қаратау учаскелері. Шайыр Батыс Қаратаудың солтүстік беткейіндегі осы аттас поселкенің маңына орналасқан. Бұл маңдағы шығып жатқан су көздеріне қарағанда учаскенің ұзындығы 7-10 километрге жетеді. Су жинаушы бетінің ауданы 50 шаршы километрге жуық. Скважиналармен ашылған сулы аймақтың қалыңдығы 15-30 м және жергілікті жердің гипсометриялық жағдайы мен опырындылардың құлама бұрышына байланысты 70-100-ден 150-200 метрге дейінгі тереңдікте жатады. Ол метаморфизмге ұшыраған алеврит пен сазды сланец қат-қабаттары бар ұсақталған құмтас пен әктастан тұрады. Жоғарыда атап көрсетілгеніндей ауданда атпа су көздерінің тобы істеп тұр, олардың жиынтық шығыны орта есеппен секундына 10-15 литр, кейбір кезеңдерде ол 25-30 литрге жетеді. Бұл су көздері туралы XIX ғасырдың екінші жартысындағы және одан кейінгі зерттеушілер жұмыстарындағы түсіндірулер олардың тұрақты екенін дәлелдейді. Тек ауданның климаттық жағдайларының маусымдық өзгерісіне байланысты шығындардың ауытқуы болады. Мұндай су көздерінің негізінде Шайыр поселкесінде халықты өрік, жүзім және алмамен қамтамасыз ететін ауданы 6 гектар үлкен жеміс бағы өсірілген, оның суымен картоп, бақша дақылдарын және жоңышқа егісін суарады.
Учаске мұқият барланған. Бірнеше скважина барланып, олардың басым көпшілігі суландырылған аймақты ашты. Барлық жерде өздігінен құйылатын кернеме су кездеседі. Пьезометрлік деңгейдің абсолюттік белгісі 125-130 м. Бұл аймақтарға тән скважиналардың дебиті судың деңгейі 15-55 метрге төмендегенде бірнешеден секундына 13,6 литрге дейінгі шамада ауытқиды. Бір-бірінен 0,5-1,0 км қашықтыққа орналасқан алты су тартушы скважинаның жиынтық дебиті секундына 24 литр болады, оның 15 литрі өнеркәсіптік жоғары категория бойынша бекітілген. Минералдануы литріне 1 грамға дейін болатын тұщы су гидрокарбонатты-сульфатты-натрийлі кұрамымен сипатталады. Оның кұрамының кейде артуы май-июньде және августтың соңы мен сентябрьдің басында болатын қарқынды буланудан пайда болатын сульфаттар мен кальцийдің артуы есебінен кейбір су көздері мен скважиналарда байқалады. Одан соң минералдану тез арада қалпына келеді. Бұған негізінен көктемде және күзде түсетін атмосфералық жауын-шашындар себепші болады.
Учаскенің жер асты суын пайдаланудың болашағы едәуір. Бекітілген пайдалану қоры секундына 15 литр болса да, оны үш есе арттыруға болады. Бұл үшін көптеген резервтер бар. Біріншіден, қорды анықтауда тұрақты істеп тұрған су көздерінің шығыны есептелген жоқ, олардың режиміне ұзақ уақыт суды топтық айдап шығару әсер еткен жоқ. Екіншіден, пайдалану сипатын ескере отырып скважинаға түсетін жұмыс шамасын арттыруға және тұтасымен алғанда су тарту жұмысы өнімділігін секундына 25-30 литрге дейін жеткізуге болады. Учаскенің суын су көздеріне шегендеу немесе қосымша 2-3 скважина жасау арқылы шығаруға болады.
Сонымен маусым бойынша пайдалануға тән ерекшеліктерге байланысты жер асты суының ресурсы секундына 30-45 литрден кем болмайды.
Тұщыбек – ауданы 60 шаршы километрге тарала отырып, осы аттас аңғардың бассейнін алып жатыр. Мұнда су көздерінің тобы бар. Тұщыбек ертеден Қаратау ауданындағы ең мол сулы учаске ретінде белгілі. Оның ең шығымы едәуір дәрежеде ауытқыды. Кейбір кезеңдерде бір ғана Тұщыбек – 1 су көзінің шығымы секундына 26 литрге дейін жетеді. Соңғы жылдардағы зерттеулердің мәліметіне қарағанда Тұщыбек су көздері тобының жиынтық дебиті орта есеппен секундына 8-10 литрден аспайды. Скважина сулы аймақты 93-151 м тереңдіктен ашады, оның тиімді қалыңдығы 15-25 м. Ол отпан қабатының (свитасының) құмтастарында болады және онда деңгейі жергілікті жердің рельефіне байланысты сағасынан 1-5 м төменнен 1 м жоғарыға дейін белгіленетін кернеме су болады. Жотаның етегіндегі учаскенің ені 5 километрге созылады.
Мұнда 5 барлау скважинасы жүргізілген, әр мезгілде айдап шығарудағы олардың жиынтық дебиті секундына 20 литр, оның 15 литрі, яғни 75 проценті бекітілген. Суы гидрокарбонатты-сульфатты-натрийлі құрамды, минералдануы литріне 0,4-1,0 грамм тұщы болып келеді. Қазіргі кезде суы аңғардың сағасына орналасқан санаторийді сумен қамтамасыз етуге және питомникті суаруға пайдаланылады.
Шайыр учаскесі сияқты бұл учаскенің де жер асты суын маусым бойынша су тартушы скважиналардың жұмысын арттыру және су көздерін шегендеу жолымен кемінде секундына 25-30 литрден алу болашағы бар.
Шетпе – Батыс Қаратаудың шығыс шетіндегі көне поселке – Шетпе маңына шоғырланған. Жер асты сулары мұнда төмендеу – олардың ең ірілерінің дебиті секундына 2,0 литрге дейін болады. 1940-1950 жылдары колхоз орталығы, 1,5 гектар жердегі бақ және бақша дақылдары осы сумен суарылады.
Жер асты сулары шоғырланған тектоникалық ұнтақталу аймағы 35-тен 70 метрге дейінгі тереңдікте жатады. Оның тиімді қалыңдығы 10-15 м. Суы пьезометрлік деңгейінің абсолюттік белгісі 244-245 м кернемелі су болады. Жер бетінің гипсометриялық жағдайына байланысты скважиналардағы судың деңгейі 2-10 м тереңдікте белгіленеді.
Ұзақ уақыт екі скважинадан бір мезгілде су тартып шығарудан кейін, судың деңгейі 17 метрге төмендегенде тұрақты жиынтық дебиті секундына 10,0 литр болатындығы белгіленген. Алдыңғы екеуімен салыстырғанда бұл учаске гидрогеологиялық жағдайларының аса қолайлы еместігімен сипатталады, ол оның ауданының көп бөлігін құрайтын жыныстардың сазды құрамына байланысты. Тектоникалық қозғалулар кезінде олар мыжылып, үгілген. Осының нәтижесінде опырылмалы аймақта жыныстардың ұнтақталу процесі болған жоқ, ал опырылған жерлер үгілген материалдармен оңай және тез толды. Құмтастар едәуір аумақты ауданға таралған жоқ, сондықтан сулы учаске шектелген болады. Алайда тұрақты динамикалық деңгей кезінде алынған секундына 10,0 литр дебит және 5 литр мөлшерінде алынған су көздерінің жиынтық шығыны учаскенің жер асты суларының объектілік ресурстарын толық бейнелейді. Олар тереңдігі 80-100 метрлік бір-екі скважинамен және су көзі шегенімен оңай шығарылуы мүмкін, сөйтіп оны халық шаруашылығының әр түрлі мұқтаждықтарына пайдалануға болады. Суы тұщы, минералдануы литріне 1 грамнан аспайды, жақсы сапалы, бактериологиялық жағынан алғанда таза, құрамында зиянды қоспалары жоқ.
Куйбышев (Жыңғылдысай-Амансай), Керіз, Ақмыш, Қаратаудың батыс учаскелері гидрогеологиялық жағынан жеткіліксіз зерттелген. Осыған қарамастан жоғарыда бағаланған учаскелері бар мұндай табиғи-геологиялық жағдайлар, су жинаушы бассейндердің үлкен аудандары (25-60 Шаршы километр), жыныстардың әр түрлі литологиялық түрлерін жату бағытына қарай және әсіресе созылуына кесе көлденең қиып өтетін көптеген тектоникалық опырындылардың болуы және ең маңыздысы – дебиті секундына 2,5-нан 7 литрге дейінгі (Амансай аңғарының сағасы жекелеген скважиналардың болуы, онда жер асты суының едәуір қорының болуынан олардың болашағының зор екендігіне күмән келтірмейді. Шығыс Қаратау ауданында кездесетін, жоғарыда бағаланған және басқа учаскелерге үлкен беріктік қорының ұқсастығына қарай және оларға тікелей қатысы бар гидрогеологиялық және геофизикалық материалдарды зерттеудің негізінде пайдалану мүмкіндігі бар жер асты суының ресурстарын әрбір учаске бойынша кемінде секундына 10-15 литр немесе тұтасымен алғанда 40-60 литр мөлшерінде деп бағалауға болады.
Шығыс Қаратау учаскесі . Шетпе – Шығыс Қаратаудың батыс шетінің Оңтүстік беткейін бойлай, аудан орталығы Шетпеден шығысқа қарай 5 км қашықтықта орналасқан. Учаске триас жыныстарының юра және бор дәуірінің шөгінділерімен жанасу аймағына шоғырланған, ол көптеген көлденең, төмен ығысулармен және жоғары сырғулармен тілімденген. Қаратау жоталарының Оңтүстік беткейін бойлай қиып өтетін региональды опырылулар жер асты суларының мол қорын сыйдыра алатын едәуір ұнтақталу аймағының түзілуіне жағдай жасаған. Бұл жерде ол 25-тен 40 метрге дейінгі тереңдікте (төбесі) ашылып, қалыңдығы 50 метрге дейін жетеді. Суы кернеме су, оның тұрақты деңгейі жердің гипсометриялық жағдайына байланысты сағасынан 5-15 м төмен белгіленеді. Учаскеде 1964 жылдан бастап Шетпе, Сай-Өтес темір жол станцияларын және кейбір разъездерді сумен қамтамасыз етуге пайдаланылып келе жатқан, әрқайсысының тереңдігі 60-70 м болатын бес скважинадан тұратын су жинаушы құрылыс жасалған. Оның скважиналары (жалпы ұзындығы 3 км) бір сызықтық қатардың бойына бір-бірінен 500-700 м қашықтыққа орналасқан. Су жинаушы құрылыстың жұмыс өнімділігі – су деңгейі 15-25 метрге төмендегенде орта есеппен секундына 10 литр, бұл – барлау кезіндегі әр мезгілде тартып шығарылған жиынтық дебиттің 70 процентіне жуық деген сөз. Сызғыштық пайдалану модулі, яғни жер асты суынын ұзындық бірлігіне жатқызылған пайдалану қоры – 1 погонды километрден секундына 3,3 литр болады.
Көрсетілген су жинаушы құрылыстан 1,5-2,0 км солтүстікке қарай ұзақ мерзім бойы қиыршық тас карьерін сумен қамтамасыз етуге пайдаланылған, дебиті секундына 3 литр шамасындағы тағы бір скважина бар.
Су жинаушы құрылыстың тұрақты жұмыс істеп тұруы скважинаның режиміне айтарлықтай әсер етпеген, бұл – аталған учаскенің секундына 10-15 литр шамасындағы су ресурсымен қамтамасыз етілгендігін растайды. Суы минералдануы негізінен литріне 1 грамға дейін жететін, химиялық құрамы жөнінен ішуге жарамды, тұщы болып келеді.
Қарақұдық - ұзындығы 7 км, Шетпе учаскесінен шығысқа қарай 5 км қашықтықта орналасқан. Мұнда да солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бағыттарда бағдарланған көптеген тектоникалық опырындылар кездеседі. Учаскенің жарып көрсетілген кесіндісі триас дәуірінің әктастары мен құмтастарында пайда болған екі ұнтақталу аймағының болуымен сипатталады. Жоғарғы (бірінші) аймақ скважиналармен 20-60 м аралықта, төменгі (екінші) аймақ 80-120 м аралықта ашылған, оларды алевролиттер мен аргиллиттердің қалыңдығы 20-30 метр келетін монолитті (берік) қат-қабаттары бөліп тұрады. Оларға жекелей сынау жұмысы жүргізілген жоқ, бірақ ол жерде барлау жұмыстарын жүргізген мамандардың көрсетуі бойынша олардың өзара гидравликалық байланыстары бар. Суы барлық жерінде кернеме. Пьезометрлік деңгейлері 322-345 м абсолюттік белгіде және жер бетінің бедеріне байланысты сағасынан 0,5 метр жоғарыдан (өздігінен құйылуы) 10,4 метр төменге дейін белгіленеді. Учаске өзінің суының аса молдығымен ерекшеленеді. Скважиналардың дебиті су деңгейі 29,6 және 18,7 метрге төмендегенде секундына 3,5-тен 22,8 литрге дейінгі шамада ауытқиды. Қаратау ауданында мұндай жағдай бірінші рет кездесті. Бір-бірінен 0,500-1,500 км (жалпы ұзындығы 7 км) қашықтықта орналасқан 5 скважинаның жиынтық дебиті әр мезгілде су тартып шығаруы секундына 65 литр болды. Суды топтық әдіспен тартып шығаруда үш скважинадан алынған дебит секундына 21 литр. Суы жақсы сапалы, тұщы болып келеді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері көрсетіп отырғанындай, бұл учаскеде триас суларының юра мен бор шөгінділеріне өтіп азаюы байқалады, ол ұзына бойғы регионалды опырындылар арқылы триас суларымен тікелей жақындасқан. Жер-асты суларының ағып өту жолдары дегеніміз триас, юра және бор шөгінділерін бір мезгілде қиып өтетін, көптеген көлденең опырындылар.
Оңды – Шығыс Қаратаудың Оңтүстік беткейіндегі Оңды және Қызылтам су көздерінің аралығында ұзындығы 4-5 км жерді алып жатыр. Қарақұдық учаскесінен оны монолитті жыныстардан құралған айрық бөліп тұрады. Басқа учаскелердің арасындағы сияқты. олардың арасындағы гидравликалық байланыс та мардымсыз, ол туралы су айрықтарда жүргізілген скважиналардың дебитінің аздығынан көруге болады. Учаскенің шегінде жиынтық шығыны секундына 5 литр болатын атпа су көздері мен батпақтар тобы су беріп тұр. Олардың кейбіреулері сумен қамтамасыз ету үшін нағыз қарапайым әдіспен шегенделген, оның су шығыны секундына 1,7-2,0 литрге жетеді. Триастың ақмыш қабатының әктас және құмтас кесінділерінде (27-70 м және 90-110 м аралығында) 2 ұнтақталу аймағы кездесті. Суы әдетте кернеме болады. Судың пьезометрлік деңгейінің абсолюттік белгісі 325-335 м. Бір-бірінен 500-1500 м қашықтықта бұрғыланған 4 скважинаның жиынтық дебиті (судың деңгейі 8,8 және 8,4 метрге төмендегенде секундына 5,0тен 12,8 литрге дейін) секундына 35 литр болады. Суы минералдануы литріне 1,1 грамнан аспайтын, тұщы болып келеді. Бұған жақын жатқан территорияның жер бедері тегіс, біркелкі, топырағы қолайлы, сондықтан бұл учаскенің мал азықтық дақылдар өсіру үшін болашағы зор. Суаруға пайдаланылатын жер асты суының мөлшерін кемінде секундына 25 литр деп бағалауға болады. Оларды әрқайсысының тереңдігі 100-200 метрлік 2-3 скважинамен пайдалануға болады.
Ағашты су көздері Қызылтам поселкесінен шығысқа қарай орналасқан және неғұрлым мол сулы су көздерінің қатарына жатады. Су көздері мен батпақтар барлық топтарының жиынтық шығыны шамамен секундына 5-8 л. Олардың ішіндегі ірілері – Үлкен Ағашты және Кіші Ағашты су көздері жоңышқа мен жеміс-жидек ағаштарын суару үшін пайдаланылуда.
Үлкен Ағашты су көзі кливаж бен қабаттану жарықтарынан ағатын көптеген ағыстардың бірігуінен түзілген шағын жылға болып саналады. Жылға пермнің долнопа және отпан қабаттарының жыныстарында жасалған терең шатқалдарының түбімен ағады. Шатқалдың бастамасы Бесшоқы тауының ауданында орналасқан. Шатқалдың көптеген қысқа салалары бар және олармен бірге ауданы 25 шаршы километр болатын өздігінше жеке су жинайтын бассейн жасайды. Сағалық бөлігі қалыңдығы 2-5 метр келетін, жан-жағынан су құйылып тұратын, тереңге орналасқан борпылдақ материалдардан құралған, ол судың белгілі бір бөлігін сіңіріп, өз кезегінде делювийлі-пролювийлі шөгінділерге беріп отырады. Су көзі қыста секундына 1,5-тен жазда 3,7 литрге дейін, көктемде кейде 5-7 литрге дейін су шығынының ауытқуына қарамастан, тұрақты істеп тұрады. Скважиналар су деңгейі 56,0-дан 28,0 метрге дейін төмендегенде дебиті секундына 0,5 литрден 5,5 литрге жететін жер асты және кернеме суды ашуда. Гидрогеологиялық жағынан учаске аз зерттелген, бар болғаны 3 скважина бұрғыланған, оның екеуі әр мезгілде су тартып шығаруда секундына 11,0 литр жиынтық дебит береді.
Кіші Ағашты су көзі атпа сулы, ол делювийлі-пролювийлі шөгінділерден шығып жатыр. Оның негізінде 1 га ауданды алып жатқан жеміс бағы және жоғары өнім беретін 1,5 га жоңышқа өсіріледі. Су көзінің шығымы секундына 2-3 литр.
Суы барлық жерінде минералдануы литріне 1 грамнан аспайтын, тұщы болып келеді. Ағашты учаскесінің геотектоникалық жағдайларының алдыңғыларымен салыстырғанда қолайлылығы шамалы болса да оның келешегі бар. Екі ірі су көзі – Үлкен және Кіші Ағашты су көздерін көп күрделі қаржы жұмсамай-ақ шегендеу және тереңдігі 120 метрлік 1-2 скважина бұрғылау маусым бойынша жер асты суларын, тіпті қазіргі кездегі гидрогеологиялық зерттелу дәрежесінде де кемінде секундына 15 литр су шығарып тұруға мүмкіндік береді.
Аусары – ауданы 30 шаршы километр, ұзындығы 8 километр, осы аттас аңғардың бассейніне орналасқан. Тальвегі (өзен арнасындағы ең терең жерлерінің арнасын қосатын иір сызық) бойынша шатқалдың жасалуына бастама берген ірі тектоникалық опырынды байқалады. Опырындыны бойлай жиынтық шығыны секундына 6-8 литр болатын, шағын су көздері түріндегі жер асты сулары орналасқан. Учаскені триастың ақмыш қабатының құмды-сазды және карбонатты шөгінділері құрайды. Зерттелген бөлік шегінде учаске суының молдығымен ерекшелене алмайды. Су деңгейі 29,1 және 14,1 метрге төмендегенде скважиналардың дебиті соған сәйкес секундына 0,5-тен 4,5 литрге дейін ауытқиды. Тектоникалық, опырылу аймағын жарып шыққан сулардың дебиті неғұрлым жоғары болады. Олардағы сулар пьезометрлік деңгейінің абсолюттік белгісі 328-330 м болатын, кернеме су. Жер бедеріне байланысты судың деңгейі сағасынан 2,0 метр, төменнен 2,4 метр жоғарыға дейін болып белгіленеді. Суы сапалы, тұщы. Геофизикалық мәліметтерге қарағанда неғұрлым активті ұнтақталуы бұрғылау жұмыстарын қиындататын, беткейлері тік және биік болып келетін шатқалдың оң жақ жағалауына орналасқан. Триас шөгінділері юра шөгінділерінің астыңғы жағына орналасқан етегінде суы мол аймақ кездесті, бірақ ол ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге жарамсыз, ащы болып шықты.
Тектоникалық опырындылардың белгілі аймақтарында су молшылығының төмендігі, су көздерінің шалғай қашықтықтарға таралып орналасуы және осының нәтижесінде шатқалдың сағасында судың шығымы секундына 2,5 литрден аспайды. Алайда, мұнда жер асты суларының ресурсы бар және оны көптеген күрделі қаржы жұмсамастан-ақ секундына 7-10 литр мөлшерінде овощ-бақша дақылдарын өсіру үшін пайдалануға болатындығы белгілі.
Жармыс, Күркіреуік, Ақтас, Ақбұлақ учаскелері Шығыс Қаратаудың солтүстік беткейінде және Тамды, Өнеже алты учаскелері Оңтүстік беткейлерінде орналасқан. Олар гидрогеологиялық жағынан тіптен жеткіліксіз зерттелген. Тек Жармыш учаскесінде ғана 100-130 метр тереңдіктен триас әктастарынан суы бар 2-3 скважина бұрғыланған. Суы – кернеме су. Су деңгейі 19-20 метрге төмендегенде скважиналардың дебиті секундына 4,5 литрге жетеді. Суының минералдануы литріне 0,8-2,1 грамм шегінде ауытқиды.
Бұл учаскелердің бәрі де дебиті аз болса да жоғары атпа су көздері мол. Шығыс Қаратау территориясында істеп тұрған үлкен және шағын 50 су көздерінің 70 проценттен астамы осы учаскелерге орналасқан. Пролювийлі-делювийлі шөгінділердің борпылдақ тысының (қабының) мұнда қалыңдығына байланысты өз суларын олардың ылғалдануына, одан кейін булануға жұмсай отырып, олар көбіне бұл шөгінділердің астыңғы жағынан табылады. Тамды ауданында жүргізілген бұрғылау және гидрогеологиялық жұмыстардың нәтижесінде пермь-триас жыныстарының юра сулы горизонтын да ылғалдандырып тұратындығы анықталған.
Учаскелердің айқын қалыптасқан, жер бедерінде өзара айқын байқалатын су айрықтармен бөлінген, тау беткейлерінде өздігінше жеке су жинаушы бассейндері болады. Бассейндерінің ауданы 20-дан 60 шаршы километрге дейін жетеді.
Жоғарыда аталған факторлар, сондай-ақ осы учаскелердің кейбіреулеріне жүргізілген электро-барлау жұмыстарының мәліметтері мұнда жарыла бұзылу зоналарының бар екендігін және оларға шоғырланған жер асты суларының барлығын көрсетеді. Олардың пайдаланылу қорын шамалап алғанда секундына 50 литр мөлшерінде деп бағалауға болады, ал қазіргі кезде оның секундына 20-30 литрден су көздері түрінде шығып жатыр.
Жер асты суларының табиғи ресурстарын есептеу ағын модулі арқылы жүргізіледі. Жер бедерінің жиі тілімденуімен және су ұстаушы жыныстардың молдығымен ерекшеленетін Қаратау таулы массивінде атмосфералық жауын-шашынның сүзіліп өтуі есебінен пайда болатын жер асты ағынының модулі шаршы километрге секундына 0,2-ден 0,3 литрге дейін өзгереді. Массивтің жалпы ауданы 800 шаршы километрге жеткенде, бұл мағлұматтарға қарай табиғи ресурстардың шамасы секундына 250 литрге жуық.
Бұдан бұрын жер асты суының ғасырлық қоры мен пайдалану ресурстарын есептеу жұмыстарын Ж. Сыдықов, А. Кугешев және басқалары (1970 жыл) жүргізген болатын.
Жарықшақтық коэффициенті (0,02), суландырылған аймақтың орташа қалыңдығы (200 м) және дренаждау коэффициенті (0,5) арқылы есептеліп шығарылған ғасырлық қоры 160 миллион текше метр болады. Оның жартысын толықтырып отырмастан пайдаланудың өзі жұмыс өнімділігі секундына 250 литрден су жинаушы құрылыстың 20 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете алатындығын бұл шама көрсетіп отыр.
Пайдаланылу ресурстары табиғи ресурстар және геологиялық қорларының секундына 256 литр мөлшерінде пайдаланылатын модульдері бойынша бағаланған. Алайда, осы еңбек жарияланғаннан кейін алынған соңғы мәліметтерді, жер асты суының маусым бойынша мүмкін болатын пайдалану сипатын ескере отырып, геологиялық қорларды пайдалану модулін 0,2 деп алуға болады, бұл жағдайда пайдалану ресурстары секундына 320 литр.
Келтірілген есептеулердің кейбір шарттылығына қарамастан, жер асты суларын пайдалану ресурстарының алынған шамасы негізінен нақты жағдайды бейнелейді. Бұл туралы көршілес учаскеге әсер етпестен Шетпенің шағын учаскесінде істеп тұрған су жинаушы құрылыстың айтарлықтай тұрақты режимінен көруге болады. Ол туралы бұрын ұқсастығына қарай жорамалданған мол сулы учаскелердің (Қарақұдық, Оңды) Тұщыбек, Шайыр және Шетпе учаскелерімен бірге су көздерінің ағынынсыз анықталған қорының секундына 100 литр шамасында болатындығы да дәлел бола алады.
Жер асты сулары Қаратау таулы массивінде түсетін жауын-шашынның сүзіліп өтуі есебінен көбейеді. Ірі, үдірейген, терең жарықтардың жиі торы және жоталардың тұгел дерлік жабындысының болмауы бұл үшін аса қолайлы жағдайлар туғызады. Мұны 1964-1968 жылдары жүргізілген режимдік бақылаулардың нәтижесі дәлелдейді. Жер асты суы деңгейінің және дебитінің, температурасының және химиялық құрамының ауытқуы климаттық жағдайларға тікелей байланысты. Мәселен, көктемде (апрель, май) су деңгейінің, жалпы көтерілуі, ал қыста (декабрь, январь) және жазда (июль, август) төмендеуі байқалады. Су көздерінің су шығымы жазға төменгі деңгеймен салыстырғанда көктемде 2-5 есе артады. Ауаның температурасы 15 градустан 40 градусқа дейін өзгергенде жер асты суының температурасы 11 градустан 27 градусқа дейін өзгереді. Ылғалды кезеңдерде жер асты сулары гидрокарбонатты натрийлі-кальцийлі құрамды тұщы болып келеді. Атмосфера ылғалының кемуімен және буланудың көбеюімен (августь-сентябрь) сульфаттардың болуы және минералдануы арта түседі. Режимнің табиғи жағдайларында нөсер жаңбырлар жер асты суларының қорын толықтыруда «тиімді нәтиже» (қажетті әсер) бермейтіндігін атап көрсету қажет. Жер асты суларының қозғалу жолының мардымсыздығы арқасында жыныстардың ашық-жарықтық аймағының деңгей өткізгіштігінің сүзіліп өтетін сулар жылдам ағынмен судың екінші орынға ауысар аймағына барады. Оларды толықтыратын қорға өткізу үшін жер асты суы ағысында аномальды депрессия болуы қажет. Мұндай депрессияларды болашақ су жинаушы құрылыстар жасай алады, сонда олар қосымша толықтыра алады, бұл жоғарыда келтірілген есептеулердің беріктігінің тағы бір резерві болып саналады.
Қызылқұм құмды массиві. Бозащы түбегінің біршама көтеріңкі, орталық бөлігіне орналасқан Қызылқұм, Уаққұм, Шөлшағылқұм, Егізлақ және Жіліншік құмды массивтері 800 шаршы километрден астам ауданды алып жатыр. Олар жерге түсетін жауын-шашынның едәуір мөлшерін сүзуге және жинақтауға қабілетті келетін, жақсы сұрыпталған далалық шпатты және ұсақ түйіршікті-кварцты, сирек жағдайда орташа түйіршікті жыныстардан құралған. Алайда олардың көпшілігінің салыстырмалы түрде алғанда жас болуы, сондай-ақ теңіз суының жайылуы, тұтасымен алғанда онда тұщы су қорының шоғырлану болашағының шамалы екендігін одан ары айқындай түсті. Бұл жағынан алғанда тек Қызылқұм массиві ғана неғұрлым қолайлы жағдайда.
Ұзындығы 40 км, көлденеңі 4-10 км болатын Қызылқұм құмды массиві ендік бағытында созылып жатыр. Бұдан ондаған мың жылдар бұрын ертедегі Хвалын теңізінен арылған теңіздің құмды-сазды шөгінділері механикалық үгілу процесінің қарқынды өңдеуіне ұшырады, мұның нәтижесінде осы құмды массив пайда болды. Сол кезден бері сақталған континенттік режим және құмды массивтің оны қоршап жатқан жартылай ашық, кей жерлерінде құмдарының біртекті құрамды жартылай ашық территориялардан едәуір жоғары (15-20 м) болуы активті су алмасу процесіне және тұщы су беткейінің жасалуына жағдай жасайды.
Құмды массив түгел дерлік суландырылған, ол туралы бүкіл периметрі бойынша құдықтардың болуы айқын дәлел. Геофизикалық әдіс және бірнеше қолдан жасалған скважиналардың бұрғылауы нәтижесінде алынған мәліметтерге қарағанда қалыңдығы 2-8 м тұщы су беткейі негізінен ауданы 100 шаршы километрге жуық Оңтүстік жартысын алып жатыр.
Сулы құмдар құрамында 87-99 процент ұсақ заттары, 0,5-2,0 процент тозаң тәрізді бөлшектері бар біртекті болып келеді. Механикалық құрамы осы сияқты құмдарға ұқсастығына қарай сүзу коэффициенті тәулігіне – 3-5 метр, су беру коэффициенті 0,15.
Құмды массивтің және су ұстағыш шөгінділердің жер бедеріне байланысты жер асты суларының жату тереңдігі 1-5 метрден 10-12 метрге дейін ауытқиды. Жер асты суларының қозғалысы құмдардың Оңтүстік шеттеріне қарай бағытталған.
Құмдардағы су молшылығы тұтасымен алғанда аса үлкен емес. Судың деңгейі 0,3-1,0 м төмендегенде құдықтардың дебиті секундына 0,1-ден 6,8 литрге дейін ауытқиды.
Су беткейі шегінде судың минералдануы литріне 0,6-0,9 грамнан аспайды. Құмдардың шеткері бөліктерінде ол 3,0 грамға жетеді. Атмосфералық жауын-шашынның құмды массивтерге үнемі әсер етуі нәтижесінде құмдағы тұзды аша отырып, тұздарды шайып, тереңге әкету процесі іске асатындығын зерттеулер анықтап отыр. Олардың бетінде өсімдіктер өскен жағдайда тұздардың тіке бағытта қайтадан бөлінуі және олардың жоғарғы қабаттарда біраз жинақталуы байқалады.
Суы негізінен хлоридті-сульфатты натрийлі-магнийлі және сульфатты-хлоридті магнийлі немесе кальцийлі болады. Хлор-иондардың сульфат-иондардан артық болуы, әдетте жалпы минералдануды тудырады. Құрамында магний мен натрийдің басым болуы теңіз суы қалдықтарының бар екенін дәлелдейді. Жыл маусымы бойынша байқалатын гидрокарбонаттар мен хлордың үнемі тұрақты болмауы жер асты суларының атмосфералық жауын-шашындармен тікелей байланысты екенін білдіреді.
Судың бір орыннан екінші орынға ауысуы құмның және сордың Оңтүстік шекарасында топырақ арасындағы булану арқылы болады. Бұл – жер бетіндегі тілкем-тілкемді сортаңданудан, сондай-ақ өсімдіктердің буландыруынан көрінеді.
Жер асты ағыны модулінің орташа шамасы секундына 0,2 литр және қоректену ауданы 300 шаршы километр болғанда минералдануы литріне 0,5-3 грамм Қызылқұм құмды массиві жер асты суларының табиғи ресурстары 60 литр болады:
Алдын ала алынған мәліметтер бойынша минералдануы литріне 1 грамға дейінгі тұщы су қоры секундына 25-30 литр деп бағалануда. Суға тапшы Бозащы түбегінің жағдайында бұл – болашағын ескере отырып, совхоздардың орталық усадьбалары мен фермалардың ішетін суға деген мұқтаждығын қамтамасыз ете алады деген сөз.
Үстірт. Каспий және Арал теңіздерінің аралығындағы территорияны алып жатқан Үстірт 800 мыңға дейін қойы бар шаруашылықтардың негізгі мал жайылымы болып саналады. Жайылымдарды суландырудың және халықты сумен қамтамасыз етудің бірден-бір қайнар көзі мұнда барлық жерге таралған әлсіз саумал және жер асты саумал сулары. Сондықтан да олардың орналасу, қалыптасу, жағдайларын және ресурстарын сипаттап өту қажеттігі туады.
Су сіңіруші жыныстарға неоген системасының шөгінділері жатады, олар үстірттің жазықтық бетін құрайды және литологиялық құрылысы жағынан әктас, мергель, саз топырақпен араласып келетін гипстен тұрады.
Негізгі пайдалану горизонты болып өзінен төмен жатқан төменгі сармат су ұстағыш саздарының тортон қатқабатынан бөлінген сармат горизонты есептеледі.
Су сіңіруші шөгінділердің литологиялық-фациялық ерекшеліктеріне, шайылу дәрежесіне, сүзгіштік қабілетіне, суландырылғанына және суының молдығына, жер асты суларының жатыс тереңдігі мен сапасына қарай Үстірттің солтүстік жартысында сармат сулы горизонты оның Оңтүстік жартысынан айтарлықтай ерекшеленеді. Оларды бір-бірінен Маната, Малбек, Жүз адым құдықтары арқылы ететін жолақ шартты түрде бөліп тұрады. Бұл жағынан қарағанда Үстірттің солтүстік бөлігі неғұрлым қолайлы болады. Құрамында суы бар жыныстар Үстірттің солтүстік жартысында көбінесе әктас – қабыршақ-тастардан, доломиттенген әктастардың қабатшасы бар органогендік-детриттік шөгінділерден, орта және төменгі сарматтың борпылдақ мергелінен құралған. Олар өте күшті жарықшақты және қарысты болып келеді. Скважиналармен бұрғылау әдетте жуатын сұйықтық өте көп мөлшерде – қазудың бір погон метріне бірнешеден ондаған текше метрге дейін жұмсалады.
Шөгінділерде судың молдығы әр түрлі учаскелерде бірдей емес. Сынап көруден алынған скважиналардың су шығымы өте кең шамада өзгерді: судың деңгейі 7-12 метрге төмендегенде секундына литрдің оннан біріндей үлесінен 6-7-ге дейін, кейде судың 0,5-2,5 метрге төмендегенде 10-14 литрге дейін өзгереді. Горизонт жыныстарында судың молдығы тұтасымен алғанда су сіңіруші қат-қабаттардың бату бағытына қарай артады. Неғұрлым көтеріңкі учаскелерде қанығу зонасының кесіндісі көбіне жарықшақтығы және қарыстылығы аз, осыдан барып орта сармат шегінділеріне қарағанда суды нашар өткізетін төменгі сарматтың әр түрлі мергельді әктасты-сазды жыныстарынан құралған. Аталып өткеніндей соңғылары үстірттің төмен шөккен бөліктерінде су сіңіруші қат-қабаттардың кесіндісінде басым болады, осының нәтижесінде бұл учаскелердегі скважиналардың барынша жұмыс өнімділігі секундына 5 литрден артық болады.
Суға қаныққан сармат әктастарының сүзу коэффициенті сынау ретінде тартып шығару мәліметтеріне қарағанда тәулігіне 1,5-1,9-дан 50-90 метрге дейін, мергельдің сүзу коэффициенті – 0,8-ден 9,0 литрге дейін өзгереді.
Горизонттың жер асты суының жатыс тереңдігі территорияның орографиялық жағдайына тікелей байланысты. Сармат шөгінділері суының неғұрлым терең табылған жері – сипаттап отырған территорияның Оңтүстігінде (Орталық Үстірт) – Маната-Сай-Өтес бойлығынан шығысқа қарай созылып жатқан жолақта және жер бетінің абсолюттік белгісі неғұрлым биік болатын Үстірттің батыс шыңдарының аймағында болды. Мұнда жер асты суларының тереңдігі 50-60 метрге жетеді. Солтүстікке қарай ол біртіндеп азая береді де ең аз шамасы үстірттің төмен шөккен бөліктеріне тән 5-10 м болады. Қалған учаскелерде су көбіне 15-25 метр тереңдікте жатады. Су айдынының абсолюттік белгілері көтерілудің Орталық Үстірт аймағынан солтүстікке, шыңдарға қарай және шығысқа көтерілудің Ақтұмсық аймағынан еңістігі әдетте 0,001-0,002-ден аспайтын Сам ойпатына қарай ылдилау.
Сармат шөгінділерінің суы тұтасымен алғанда басқа шөгінділердің суларымен салыстырғанда аз минералданған. Бірақ, сонда да олар минералдану және химиялық құрамы жөнінен ала-құла. Минералдануы литріне 3 грамға дейінгі әлсіз саумал және тұщы су әдетте жоғары көтерілу антиклинальдарының күмбездеріне, үстірттің солтүстік және солтүстік-батыс бөлігіндегі дренаждалған шыңдарға шоғырланған. Қарадүлей ойпатынан Оңтүстікке, Оңтүстік-батысқа және оңтүстік-шығысқа қарай солтүстік және Оңтүстік Үстірт аралығындағы шартты шекараға дейінгі көптеген құдықтардан әдетте минералдануы литріне 3 грамнан аспайтын су табылады.
Өте минералды сулар Сам құмды массивінің астынан және ағынсыз ойпаттар мен сорлардың бүйірлік аймағынан кездеседі.
Жалпы алғанда үстірт территориясы бойынша горизонттық жер асты суларының минералдануының кеңістік бойынша бөлініп таралуын қарай отырып, түсетін атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің солтүстіктен Оңтүстікке қарай азаюына байланысты, осы бағытта оның маңызы арта түсетіндігін атап көрсету керек. Мысалы, Үстірттің солтүстік бөлігіндегі минералдануы литріне 3 және 5 грамға дейінгі сулар орталық бөлігіне қарағанда едәуір үлкен ауданды алып жатыр, ал минералдануы осындай су Оңтүстік Үстіртте тіптен жоқ.
Бұл көрсетілген заңдылық жер бедерінің тұйықталған тегіс, төмен жерлеріндегі учаскелерде бұзылады, мұндағы бірқатар құдықтардағы судың минералдануы литріне 0,5-1,0 грамм. Бесегіз, Жолбаян құдықтары ауданында, дүкеннен солтүстікке қарай ауамен үрлеп жұмыс істейтін бұрғылау жұмыстарын жүргізе отырып, электрлі барлау жұмыстары да қолға алынды. Соңғы жұмыстар арқылы Жолбаян құдығы ауданында ащы судың ортасында тұщы су қабаты жатқандығы және ол ендік бағытында екендігі анықталды. Ені 5-6 км және қалыңдығы линзаның шеткері бөліктерінде 1,5-2,0-ден орталығында 5-10 метрге дейін болғанда оның ұзындығы 25 километрге (Жолбаян құдығынан батысқа қарай 15 км және шығысқа қарай 10 км) жетеді. Бұл жерге орнатылған «ауамен» бұрғылаушы скважиналардың дебиті судың деңгейі 3,8 метрге төмендегенде секундына 0,5 литрге жетеді. Тек өлшемдері кіші осындай линзалар Бесегіз құдығы ауданында және Дүкен құдығынан солтүстікке таман орнатылған.
Тұйықталған ойпат учаскелердегі ащы сулы линзалардың арасында тұщы су линзаларының түзілуі ең алдымен осы ойпаттардың болуына байланысты, Өткен тақырыпта атап көрсетілгеніндей мұндай, әсіресе өзінің шығу тегі жөнінен қарыстық продестердің әрекетіне тәуелді ойпаттардың үстіңгі беті борпылдақ саздақтардың жұқа қабатымен жабылған, бұл қабат бүйірінен ағып келетін жаңбыр және еріген қар суын ұзақ уақыт ұстап тұра алмайды, сондықтан да еріген қар суы жердің терең қабаттарына қарай тез өтіп, жер асты суының қорын толықтырады.
Тұщы сулар ащы суларға қарағанда жеңіл болатындықтан сулы горизонттың табиғи тыныш күйінде араласпайды және тұщы судың дөңес линзасын құрайды, бұдан кейін ол сүзілген сулардың келіп қосылуына қарай көлденеңінен де, тереңінен де ұлғаяды. Мұны линзалар бетінің абсолюттік белгілерінің айырмашылығымен дәлелдеуге болады. Мысалы, Жолбаян құдығында су деңгейінің абсолюттік белгісі 129,6 метрге тең, ал одан 1,5 км солтүстікке қарай орналасқан скважина (тұщы су линзасының шегінде) 124,5 метрге тең. Тұщы су линзаларының қорын толықтыруда құдықтар да едәуір роль атқара алады. Едәуір тұщы су линзасы солтүстікте Қырыққұдық және Құдас, Оңтүстік-батыста Ешкіқырған құдықтарының ауданында да кездеседі, мұны олардан 5-10 км қашықтықта орналасқан скважиналармен тұщы судың табылуы растайды. Үстірт сияқты жаз айларында ішетін су мал өсірушілерге ондаған және жүздеген километр жердей жеткізілетін шөлейтті ауданда мұндай линзалардың болуы өте маңызды. Арнаулы жүргізілетін жұмыстар болмайынша олардың қорын есептеп шығару мүмкін болмаса да, осы сияқты линзаларды пайдалану тәжірибелері бойынша олар арқылы қазіргі кезде және болашақта шопандар бригадаларын сумен қамтамасыз етуге болады.
Үстірттің Оңтүстік жартысында су сіңіруші жыныстар – көбінесе гипс, гипсті мергель, құмтас, тортон ярусының және ішінара сарматтың әктастары, олардың үстірттің солтүстік бөлігіндегіге қарағанда жарықшақтығы аз, сол себепті де нашар жуылған.
Су 35-40 метрден 90-102 метрге дейінгі тереңдікте жатады. Сулы горизонттің қалыңдығы Орталық Үстірт аймағында 10-15 метрден Оңтүстігінде 25-35 метрге дейін жетеді.
Судың минералдануы жалпы алғанда солтүстік бөлігіне қарағанда жоғары болады, бірақ көптеген территорияда мал суаруға арналған суаттар үшін жарамдысы литріне 5-7 грамнан аспайды. Суының минералдануы литріне 3,0 және 1,5 грамм шамасында болатын учаскелер де кездеседі, олардың көлемі анықталмаған, бірақ жер бетінің бедеріне қарағанда аса үлкен болмауы тиіс.
Мұнай барлаушы терең скважиналар бұрғылауының су мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін, Оңтүстік Үстіртте және Далалы (Оңтүстік) Маңғышлақта Ақсексеуіл, Бірінжік, Дашкала, Қожантай, Өтежан, Табын, (Оңтүстік Үстірт) және Ақсу, Кендірлі, Қоқымбай, Қорғанбай, Кызыладыр (Оңтүстік Маңғышлақ) сайларында көптеген гидрогеологиялық скважиналар жүргізілді. Мұнда су неоген системасының сармат және тортон ярустарының қабыршақтасты, солитті ізбес тастарының құрамында болады. Олардың минералдануы ала құла. Литріне 1,5-2,0 грамнан 49 грамға дейін ауытқиды. Судың тұрақты деңгейінің әр түрлі төмендеуінде кейбір скважиналардың дебиті секундына 0,5-тен 1,0 литрге дейін өзгереді. Территорияның геоструктуралық жағдайына және жер беті жағдайының бедеріне байланысты жер асты суының жатыс тереңдігі әр түрлі (20-100 м) болады.
СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАҚСАРТЫП, КЕҢЕЙТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.
Маңғышлақтың халқын, өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету үшін және жер суару мен жайылымдарды суландыру үшін жер асты сулары, Каспий теңізінің суы (тұщыландыру арқылы), Амудария және Орал өзендерінің суы, сондай-ақ уақытша жер беті суы пайдаланылады. Төменде су ресурстарын пайдаланудың қазіргі күйіне және оны жақсарту, кеңейту перспективаларына сипаттама беріледі.
Өнеркәсіптік және коммуналдық шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету.
Шевченко қаласы. Қаланы сумен қамтамасыз ету үшін 1959 жылы жоғарғы альб горизонтының суын пайдаланатын Құйылыс су жинаушы құрылысы салынды. Бұдан кейін, қаланың су тұтыну мұқтаждығының өсуіне байланысты өздігінен құйылу тәсілінде жұмыс істейтін жаңа скважиналар пайдалануға берілді. Солтүстік тобының скважиналарында минералдануы литріне 2 грамға дейінгі жер асты сулары (су тұщыландыру қондырғысының дистиллятымен қажетті кондицияға жеткенше араластырғаннан кейін) ішуге пайдаланылады. Оңтүстік тобының скважиналары техникалық қажетке жарататын су алу үшін пайдаланылады.
Ішуге және техникалық мақсатқа пайдалануға арналған сулар ұзындығы 60 км су құбырларымен, қуатты насостардың жәрдемі арқылы беріледі. Ондаған скважиналар жұмыс істеп тұрған кезден су жинаушы құрылыстың жиынтық шығыны тәулігіне 55 мың текше метр болады.
Көрсетілген әдіспен дайындалатын ішетін судың мөлшері қазіргі кезде тәулігіне 41850 текше метр болады. Оның ішінде тәулігіне 8000 текше метрі Жетібай поселкесі мен Жаңа Өзен қаласының су құбырлары мен мұнайшылардың, мұқтаждықтарына жұмсалады, ал қалған бөлігін Шевченко қаласы пайдаланады.
Тәулігіне 51700 текше метр мөлшердегі техникалық сумен қамтамасыз етудің орталық торабында минералдандырылған су, дистиллят және механикалық сүзгілерде кварц құмымен оның жалпы минералдануын литріне 4,5 грамм шамасында қамтамасыз ететіндей етіп тазартылған теңіз суын араластыру жолымен дайындалады. Техникалық су желіге берілер алдында хлорланады.
Жаңа Өзен қаласы. Қазіргі кезде Жаңа Өзен қаласы оған іргелес жатқан Ескі Өзен және Теңге поселкелерімен қоса ішуге және шаруашылық мұқтаждықтары үшін Сауысқан және Түйесу құмды массивтерінің жер асты суларын пайдаланады. 24 және 27 скважиналардан тұратын екі су жинаушы құрылыстың су тарту жиынтығы тәулігіне 15,0 мың текше метр, оның ішінде Сауысқан – 4,0 мың және Түйесу – 11,0 мың текше метр. Бұдан басқа, Шевченко – Жетібай – Өзен су құбыры арқылы тәулігіне 2,0 мың текше метр тұщы су келеді. Сонымен, өнеркәсіп объектілері және жасыл желекті 35 мың халқы бар қала өзінің тұщы суға деген тәулігіне 17,0 мың текше метр мұқтаждығын қанағаттандырады. Оның тәулігіне 3,0 мың текше метрі жасыл желектерді суаруға, тәулігіне осыған жуығы өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік мұқтаждықтарына және тәулігіне 11 мың текше метрі (әр адамға тәулігіне 300 литр) тек тұрмыстық шаруашылық мұқтаждыққа және ішуге жұмсалады.
Бұл күндері пайдаланылып отырған жер асты суларының мөлшері Сауысқан және Түйесу кен орындарының бекітілген пайдалану қорының бар болғаны 62 процентін құрайды. Олар толықтыру қорын ескерместен, тек қана тұрақты (ғасырлық) пайдалану қоры есебінен бекітілген. Сауысқан тәжірибелік-баланстық алаңындағы жер асты суының режимі мен балансына және жұмыс істеп тұрған су жинаушы құрылыстарға жүргізілген көп жылдық бақылаулар көрсеткеніндей толықтырылатын қоры едәуір және секундына бірнеше ондаған литрмен өлшенеді. Бұл – осы кен орындарының мүмкіндігі зор, Сауысқан кен орнының Оңтүстік су жинаушы құрылысын қосу жолымен су тартып шығаруды арттыруға мүмкіндік береді.
Шевченко – Жетібай – Өзен су кұбырының соңғы пунктіндегі, яғни Жаңа Өзен қаласындағы жобадағы жұмыс өнімділігі 1975 жылы тәулігіне 25 мың текше метр және 1980 жылы 50 мың текше метр болады. Халықтың шаруашылық және ішетін суға деген мұқтажын жоғарыда айтылған жоғары сапалы жер асты сулары қамтамасыз ете алатын болғандықтан, Шевченкодан берілетін суды овощ-бақша дақылдарын және екпе шөптерді суару үшін пайдалану қажет.
Су ресурстарын пайдалануды жақсартуда ағын сулар үлкен резерв болып табылады. Қазіргі кезде шаруашылық-фекальды (тәулігіне 11 мың текше метр) және өнеркәсіптік (тәулігіне 3 мың текше метр) ағын суларды тазартушы құрылыстардың жоқтығынан буландыру алаңына шығарады. Республика үкіметінің бірнеше дүркін шығарған қаулыларына және бөлген қаржыларына қарамастан тазартушы құрылыстар осы күнге дейін салынбай келеді. Бұл суларды пайдалану 500 гектарға дейінгі жерді суаруға мүмкіндік берер еді.
Форт-Шевченко қаласы. 13,0 мың халқы бар іргелес жатқан Баутино және Аташ поселкелерін және өнеркәсіп кәсіпорындарын қоса есептегенде қала тасып әкелінетін Волганың суымен және ішінара тұрғындардың өздері жасаған шахталы құдықтардың суымен қамтамасыз етілетін.
1960 жылдың басында Кетік аңғары ауданында, қаладан 5-10 км шығысқа қарай ащы су арасынан тұщы жер асты суының линзасы табылған. ТКЗ оның пайдалану қорын тәулігіне 1000 текше метрден астам деп бекітті. Ол уақытта жер асты суларының режимі мен балансының жеткіліксіз зерттелгендігін атап айту керек, тұрақты (қалпына келтірілмейтін) қорлар ғана есептеуге. алынды, ал олардың толықтырылуы ескерілмеген. Соңғы жылдардағы тұрақты бақылаулардың нәтижесі көрсетіп отырғанындай, тұщы су қорларының атмосфералық жауын-шашыннан, әсіресе нөсер жаңбырдан (жылына 2-3 рет) кейін пайда болатын уақытша ағындардың сүзілуі есебінен едәуір толығады және тәулігіне жұмыс өнімділігі 20-25 мың текше метрлік су жинаушы құрылыстың жұмысын қамтамасыз ете алады.
Қазіргі кезде линзаның шегінде сызықтық тәртіппен әрқайсысының тереңдігі 50-60 метрден болатын 3-4 пайдалану скважиналары салынған, олар су тартқыш электр насостармен жабдықталып, оған төменгі вольтті электр линиясы жүргізілген. Қала (Форт-Шевченко) халқын сумен қамтамасыз ету ісі суды тікелей скважиналардан автодистерналар арқылы тасып тарату жолымен іске асырылады. Олардың тәуліктік жұмыс өнімділігі орта есеппен тәулігіне 300-400 текше метрден аспайды. Балық өнеркәсібі кәсіпорындары бар Баутино және Аташ поселкелері бұрынғысынша тасымалданып әкелінетін суды пайдаланады. Қаладағы Т. Г. Шевченко атындағы паркті минералдануы литріне 2-3 грамм жергілікті құдықтардағы саумал сумен суарады.
Қаланы сумен қамтамасыз ету ісін жақсарту мақсатында таяу уақыттың ішінде тұщы су линзасы көлемінде 8-10 пайдалану скважиналары бар су жинаушы құрылыс салу, қалаға, Аташ және Баутино поселкелеріне дейін, жалпы ұзындығы 20 км, диаметрі 150 миллиметрлік су құбырын және су таратушы кернеме су мұнарасын салу қажет. Одан кейін әрбір тұрғын үйге жеткізілетін қала ішілік су құбыры желісін салу керек.
Су жинаушы құрылысты салуда скважиналардың бір-бірінен аралықтары кем дегенде 250 м болуы тиіс. Оның әсер етуінің орташа радиусы олардың жұмысы кезінде ащы суды бүйірлік copy екі жағынан да біркелкі болу үшін линзаның ұзындық осімен сай келуі керек.
Қажеттілік болған жағдайда Аташ поселкесінен 15 км қашықтықтағы Түпқараған үстіртіне орналасқан Қосәйнек сайы ауданында тағы бір су жинаушы құрылыс салуға болады. Мұнда сармат шөгінділерінің мульда (ойпаттардың ең шұңқыр жері) тәрізді құрылымында жер асты тұщы суының едәуір қоры шоғырланған. Алдын ала алынған мәліметтерге қарағанда ол жұмыс өнімділігі секундына 10 литрге дейінгі су жинаушы кұрылыстың жұмыс істеуін қамтамасыз ете алады. Су жинаушы құрылыс әрқайсысының тереңдігі 100-120 м және пайдалану колоннасының диаметрі 6 (150 мм) болатыны 3-5 скважинадан тұруы мүмкін. Су жинаушы құрылыстан Аташ және Баутино тұтыну орындарына дейінгі жер бедері жағдайы оның тиімді жағы болып саналады. Ол суды өз ағынымен су құбыры арқылы тасымалдауға мүмкіндік береді.
Ералиев поселкесі. Мұнай барлаушылар поселкесі және аудан орталығы Ералиев поселкесін сумен жабдықтау Песчаный мүйісінің осы аттас құмды массивіндегі және оған іргелес жатқан сармат әктастарындағы ащы судың ортасында жүзіп жүрген тұщы су линзасы түріндегі жер асты суларына негізделген.
1966 жылы пайдалануға берілген су жинаушы құрылыс әрқайсысының тереңдігі 35-50 метрден келетін 8 скважинадан тұрады. Су жинаушы құрылыстың жұмыс істеу принципі жекелеген скважиналарға ащы судың құйылуын болдырмайтын, бүкіл линзадан суды аудан бойынша біркелкі тартып шығаруды көздейді. Бұл – пайдаланудың ұсынылған режимін скважинаның тиімді жұмыс істеуін және сүзгілі колоннаның су қабылдаушы бөлігінің сулы горизонттың тұщы су аралығында қатаң орналасуын кезінде жекелеген скважиналардың жұмыс мерзімін және тығын қою жолымен судың забойдан келуін болдырмауды қатаң түрде сақтау арқылы іске асырылады. Су диаметрі 150 мм және ұзындығы 25,0 км құбыр арқылы беріледі. Су жинаушы құрылыс 8 жыл бойы тәулігіне 8-10 мың текше метр жұмыс өнімділігімен пайдаланып келеді. Бұл толықтыру қорын ескерместен есептегендегі бекітілген пайдалану қорынан әлдеқайда асып түседі. Мұның өзінде тұрақты қорын пайдалану әлдеқайда кем.
Суға мұқтаждықтың, бір бөлігі (автомобильдерді, тракторларды және басқа техникаларды жуу мен кейбір басқа да мұқтаждықтар) жалпы минералдануы литріне 4-5 грамм болатын сармат шөгінділерінің жергілікті саумал суы есебінен өтеледі. Мұнда тереңдігі 30-50 м 4-5 скважина салынған және электр насостардың жәрдемімен су қажетті мөлшерде құбыр арқылы беріледі.
Қала типіндегі Ералиев поселкесінің болашақта дамуына байланысты көп мөлшердегі тұщыландырылған суды жеткізу үшін Шевченко-Ералиев су құбырын салу жоспарлануда. Оны пайдалануға берген соң Песчаный мүйісіндегі су жинаушы құрылысты ауыл шаруашылық объектілерін (орталық усадьбаларды, фермаларды, оазистік жер суландыруды және т. б.) сумен қамтамасыз ету жұмыстары үшін пайдалану қажет.
Жетібай поселкесі. Жетібай поселкесінің мұнайшылары мен барлаушы-геологтарының шаруашылық-тұрмыстық және ауыз су мұқтаждықтары Шевченко қаласынан су құбыры арқылы берілетін тұщыландырылған су арқылы қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде поселкеге тәулігіне 5-6 мың текше метр су келтіріледі, келешекте бұл одан да арта түспек.
Мұнайлы-газды горизонттарды айналдыра суландыру үшін де тәулігіне 20-30 мың текше метр мөлшерде Шевченко қаласына беріліп тұратын теңіз суы тартылады.
Қала типіндегі Шетпе поселкесі. Қазіргі заман стилімен салынған аудан орталығы – Шетпе поселкесі осы күнге дейін бір орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жұмысына зәру болып келеді.
Қазір поселкенің шағын бөлігі Шетпе су жинаушы құрылысының бір орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету қызметін пайдаланады, ал қалған бөлігі тасымалданып әкелінетін суды ішеді.
1964-1965 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Шетпе су жинаушы құрылысы әрқайсысының тереңдігі 60-65 м келетін скважинадан тұрады. Темір жол станциясынан скважинаға дейінгі қашықтық 100-150 м болады. Су жинаушы құрылыстың жалпы жұмыс өнімділігі тәулігіне 800-ден 900 текше метрге дейін ауытқиды. Бұл мөлшердің жартысы Сай-Өтес станциясын, 8, 10, 15 және басқа разъездерді сумен қамтамасыз ету үшін вагонцистерналармен жөнелтіледі. Ал қалғаны – тәулігіне 400 текше метр суды Шетпе станциясы пайдаланады. Қазіргі кезде аудан орталығы тұтынып отырған судың жалпы мөлшері секундына 8 литрден артпайды немесе тәулігіне 700 текше метр. Бұл – коммуналдық шаруашылықтары, өнеркәсіп орындары және жасыл желектері бар он мың халық тұратын поселкенің мұқтаждығын толық қанағаттандыра алмайды.
1960 жылдардың аяғы мен 1970 жылдардың басында аудан орталығын 40-50 км қашықтықта жатқан Ұланақ аңғарының жер асты суы есебінен қамтамасыз ету жұмысының жобасы жасалды. Алайда су жинаушы құрылыс пен су құбырын салу жылдан жылға созыла берді.
Су құбырын жоспарлау мен салу жұмысына көп уақыт қажет болатындығын ескере отырып, тереңдігі 50-70 м 3-4 скважина салу және оны қолда бар кұбырларға қосу жолымен Шетпені Батыс Қаратаудың шығыс шетінің және Шығыс Қаратаудың Оңтүстік-батыс шетінің жер асты сулары есебінен қамтамасыз етуді уақытша ұлғайту ұсынылады. Оған көп күрделі қаржы талап етілмейді, сондықтан оны аса көп қиындықсыз-ақ жүзеге асыруға болады.
Темір жол станциялары. Ақжігіт, Бейнеу, Опорная темір жол станциялары мен олардың аралықтарына орналасқан разьездерді, сондай-ақ компрессор станциясын сумен қамтамасыз ету ісі Қоңырат-Бейнеу – Құлсары магистральдық су құбырымен берілетін Амударияның суына негізделген. Су құбырының мүмкіндігі зор және бұл станциялардың су тұтыну жөніндегі перспективалық дамуын толық қанағаттандыра алады.
Бейнеу компрессор станциясында, аудан орталығында тәулік сайын пайдаланғаннан кейін 1,5 текше метрге дейін ыстық тұщы су сыртқа шығарылатындығын атап айту керек. Мұнымен қыста парниктерді, ал жазда ашық грунтта овощ-бақша дақылдарын суаруға, сөйтіп ауданның халқын бүкіл жыл бойы картоппен және овощтармен қамтамасыз ету проблемасын шешуге болар еді.
Тазартушы құрылыстардың жұмыс істемеуі салдарынан тәулігіне 1,5 текше метрге дейінгі мөлшердегі шаруашылықтың қалдық сулары да ешбір мақсатсыз ысырап болуда. Оларды зарарсыздандырып, қалпына келтіру қажет, сөйтіп, аңызақ және шаң-тозаңды желді климат жағдайындағы Бейнеу поселкесіне өте қажетті орман алқаптарын отырғызу үшін тазартылған суды пайдаланған жөн.
Үстірт, Сай – Өтес станциялары және олардың аралықтарына орналасқан бірнеше разъездер Орал өзенімен Шетпе станциясынан тасымалданып әкелінетін сумен қамтамасыз етіледі. Мұның өзінде де олар үнемі су тапшылығын сезінеді – әрбір тұрғынға тәулігіне 15-20 литрден 40 литрге дейінгі мөлшердегі су келеді. Бейнеу – Сай – Өтес – Өзен су құбырының құрылысы басталады. Осыған байланысты таяудағы жылдары олардың суға мұқтаждығын толық қанағаттандыру мүмкіндігі бар.
Прорва мұнай кәсіпорны, қала типіндегі Құлсары, Мұнайлы және басқа поселкелер. Гурьев қаласынан магистральды су құбырымен келетін Орал өзенінің суымен қамтамасыз етіледі. Су құбырының диаметрі және онда пайда болатын қысым шаруашылық және ішетін суға деген мұқтажын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мұнай барлаушылар поселкелері Ақсу, Қаражамбас және басқалары Жаңа Өзен қаласынан және басқа су көздерінен автоцистерналармен әкелінетін сумен қамтамасыз етіледі. Олардың кейбіреулері жергілікті жер асты суларын пайдаланады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету. Соңғы кезге дейін совхоз фермаларының орталық усадьбалары көбіне санитарлық тұрғыдан алғанда қанағаттанарлықсыз, кейде күтусіз, қараусыз қалған, қарапайым жасалған шахталық құдықтардан шығарылған суды, сондай-ақ тасымалданып әкелінген суды пайдаланады. Маңғышлақ түбегі өнеркәсібінің қауырт дамуы және партия мен үкіметтің үнемі көңіл бөліп отыруы село еңбеккерлерінің тұрмысына да елеулі әсер етті. Жағдай барлық жерде әлі де бірдей емес және барынша жетілдірілген болмаса да сумен қамтамасыз етілген осы заманғы талапқа сай салынған тұрғын үйлер, мәдени және қоғамдық орталықтар, мектептер мен ауруханалар пайда бола бастады.
Қазіргі уақытта екі совхоздың – Ильич атындағы (Үштаған селосы) көне Ералиев атындағы (Сенек селосы) совхоздардың орталық усадьбаларына дейін жұмыс істеп тұрған Сауысқан және Түйесу су жинаушы орындарынан су құбыры жүргізілген. Оның әрқайсысынан тәулігіне 250-300 текше метр су алынады. Суы әдетте тұщы және сапалы, бактериологиялық жағынан алғанда таза екені анықталды. Бірақ поселке ішінде су құбыры әзірше жоқ және ол әрбір тұрғын үйлерге жеткізілмеген. Осыған қарамастан бұл жерлерде бұрынғы суға деген тапшылық әзірше байқалмайды.
«Октябрьдің 50 жылдығы» атындағы совхоздың орталық усадьбасы – Шайыр селосында да су өздігінен құйылатын, бұдан бұрынырақ барлау мақсатында жүргізілген скважиналардан құбырлар арқылы келтірілген. Мұнда жер асты суының пайдалану қоры бұл селоға жеткілікті мөлшерде (тәулігіне 1500 текше метр) бекітілген және келешектегі міндет – су құбырын әрбір үйге жеткізу мақсаты қойылып отыр.
Қаратаудың етегіндегі жер асты су көздерінен 150 метрден 1,5 километрге дейінгі қашықтықта Куйбышев (Куйбышев атындағы совхоздың орталық усадьбасы), Жармыс («Бозащы» совхозы) және Онды (Куйбышев атындағы совхоз фермаларының орталығы) селолары орналасқан. Олардың су қорлары аталған селолардың қазіргі заманғы тұрмыс жағдайларына сәйкес жүргізілетін барлық шараларын қоса есептегендегі қазіргі кездегі мұқтажын ғана емес, артып келе жатқан өскелең талабын да қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Су шығаруға көп шығын жұмсалмайды: ол әрқайсысының тереңдігі 50-100 м келетін 2-3 скважина және оларды электр насостармен жабдықтау керек. Бұған ЖЭС-60 типті жылжымалы электр станция энергиясын пайдаланады.
Ақжігіт («Маңқыстау» совхозының орталық усадьбасы) және Опорная («Қарақұм» совхозы) селоларын сумен қамтамасыз ету үшін поселке ішіндегі су құбырларының жобасы бекітілген және оның құрылысы басталды. Қоңырат – Бейнеу – Құлсары магистральды су құбыры негізгі су көздері. Бұл су құбырлары 1975 жылы пайдалануға берілуі тиіс, сөйтіп аталған совхоздардың тұрғындарына оның суы келеді. Мұның нәтижесінде 460-разъезде орналасқан «Сам» совхозының орталық усадьбасын сумен қамтамасыз ету мәселесі де шешілді.
Сам құмды массивінің шегінде орналасқан Тұрыс, Қызыләскер, Сарша және басқа («Сам» және «Маңқыстау» совхоздары фермаларының орталық усадьбалары) селоларды сумен қамтамасыз ету ісі жер асты тұщы суларын пайдалануға негізделуі керек. Бұл елді мекендердің барлығы да жер асты суының мол қоры бар учаскелерге жақын (1,5-5,0 км) орналасқан. Жер асты суларын шығаруға, онша көп қаржы жұмсалмайды және тереңдігі 30-50 метрлік 2-3 скважиналы насостармен немесе тереңдігі 15-20 метр шахталы құдықтармен жабдықталды. Су кұбырлары үшін диаметрі 100 миллиметрден аспайтын болат немесе асбоцемент құбырларды пайдалануға болады.
«Тұщықұдық» совхозының орталық усадьбасы қолайлы табиғи жағдайда орналасқан. Ол гидрогеологиялық және геофизикалық іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ащы су арасынан тұщы су линзасы анықталған Қызылқұм құмды массивінің жиегіне орналасқан. Линзаның жату тереңдігі 5-8 м, қалыңдығы 10 метрге дейін. Линзаның тұщы су қорын ескергенде совхоздың бүкіл халқын қамтамасыз етуге жеткілікті. Мұндай линзаларды пайдалану жөніндегі тәжірибелерді және атмосфералық жауын-шашын есебінен жер асты суларының толықтырылуы үшін, аса қолайлы жағдайларды (құмды массивтің ашық жер беті, құмның біртекті құрамы, тікелей сүзілудің қысқа жолы) еске ала отырып, 2-3 скважинадан немесе тереңдігі 15-20 метрлік шахталы құдықтан тұратын су жинаушы құрылыс жасауға және диаметрі 100 миллиметрлік кез келген тұрбадан орталыққа дейін (ұзындығы 5 километрден аспайтын) су құбырын салуға болады. Мұнымен орталықты және жақын орналасқан фермаларды (Шебір және басқа) сумен қамтамасыз етуге болады. Фермаға су автотранспортпен жеткізіледі.
Қазіргі кезде Қызылөзен асыл тұқымды мал өсіру совхозының орталық усадьбасы-Ақшүкір селосын автоцистерналармен тасылып әкелінетін сумен қамтамасыз етеді. Мұнда жер асты тұщы су көздері жоқ. Сондықтан Ақшүкір селосын сумен қамтамасыз ету мәселесі Шевченко қаласынан су құбырын салу (18 км) жолымен немесе жергілікті жерде теңіз суын тұщыландыру (аталған варианттардың экономикалық тиімділігін ескере отырып) жолымен шешілуі тиіс.
Қызан, Ақшымырау («Ақшымырау» совхозы), Аққұдық, Қызылсу (Ералиев атындағы совхоз), Қызылөзен (Қызылөзен совхозы) селолары климаты аса қолайсыз жерге орналасқан. Бұл елді мекендерде 30-дан 80 километрге дейінгі радиустарда жер асты тұщы суы жоқ. Олар алғашқы күндерден бастап тасымалданып әкелінетін суды пайдаланады. Мұның өзінде үнемі су тапшылығын сезінеді. Суды тұтыну бұл жерде ең аз минимумға дейін жеткізілген яғни әрбір тұрғынға тәулігіне 10-15 литр су жұмсалады. Аталған селоларды сумен қамтамасыз ету проблемасын таяудағы жылдар ішінде ащы суды тұщыландыру және су кұбырлары құрылысын тездету есебінен шешу қажет. 300-800 метр тереңдікте өздігінен құйылатын ащы суы бар жоғары қысымды сулы горизонттар жатқан Қызан, Ақшымырау, Қызылсу және Каспий теңізінің жағалауына орналасқан Қызылөзен селолары үшін су тұщыландыру жұмысын ұйымдастырған жөн.
Қызан селосында қазіргі кезде тереңдігі 800 метрлік скважина бұрғыланған, ол альб шөгінділерінен жалпы минералдануы литріне 86,0 грамм болатын ащы су көзін ашты. Өздігінен құйылуда скважинаның дебиті секундына 6,0 литрге жетеді.
Бұл жерде осы скважинаның негізінде Маңғышлақ энергозаводының қызметкерлері жасап ұсынған су тұщыландырғыш қондырғы жұмыс істейді. Қондырғының комплектісіне әрқайсының нақтылы қуаты 60 квт ДЭС-60Р типті екі генератордан тұратын дизельдік электр станциясы, буландырғыш-конденсациялаушы аппарат, газды және электрлі қыздырғыштар, диркуляциялық және вакуумдық насостар, дистиллят жинаушы бақ оларды жалғастыратын арматуралар мен құбырлар жатады.
Ералиев атындағы совхоздың екі фермасының орталығы орналасқан Аққұдық селосында мұндай мүмкіндік жоқ. Онда жергілікті жер бедерінің гипсометриялық жағдайына қарай жер асты сулары өздігінен құйыла алмайды, осыған байланысты оларды шығаруда қосымша қиындықтар кездесіп, көптеген қаржы жұмсауды қажет етеді. Сондықтан Қарынжарық құмды массиві ауданына орналасқан Аққұдық және басқа елді мекендерді сумен қамтамасыз ету проблемасын шешудің бірден-бір және сенімді жолы – 1975 жылы пайдалануға беру белгіленген Бейнеу – Сай – Өзен су магистралынан су құбырын жүргізу болып табылады.
Кейбір шопандар бригадаларының жайылымдарын, мал өсірушілердің қыстаулары мен жазғы мал жайылымдарын да сумен қамтамасыз ету үшін құдықтардың суы пайдаланылады.
ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ СУЛАНДЫРУ
Сипатталып отырған территория шегінде ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етудің негізгі түрі жайылымдарды суландыру.
Қазіргі кезде 12 млн. гектар жайылымдық жердің 5,5 млн. гектары (40 процентке жуығы) суландырылған. Жайылымдарды суландыру негізінен жер асты суларын пайдалану көзделген.
Жер бетіне жақын жатқан жер асты сулары шахталы құдық арқылы шығарылады. Маңғышлақ облысының территориясында 2200-ден астам құдық бар, олардың көпшілігі революциядан бұрын қазылған. Әсіресе олар Үстіртте көп кездеседі. Қабырғалары беріктігінің арқасында (сарматтың мықты әктастарынан қаланған) олар өте ұзақ уақыт сақталады. Шахталы құдықтар әдетте бір-бірінен 10-100 м қашықтықта, топ-тобымен (10-40 дана) орналасқан.
Үстірттегі құдықтардың тереңдігі 5-8-ден 50-60 метрге дейін, көбінесе 30-35 м, құмды массивтердің шегінде 2-ден 5-7 метрге дейін, далалық Маңғышлақта тереңдігі 15-20 метр болады.
Жайылымдарды суландыру мақсатында жер асты суларын пайдаланудың неғұрлым сенімді және экономикалық жағынан тиімді әдісі – скважиналар (түтік, труба тәрізді құдықтар) салу. Олардың тиімділігі мынада: кіші диаметрлі және шағын мөлшерде болып, тез салынады. Сулы горизонттың толық қабатын бұрғылау жер асты суы деңгейінің көп төмендеуін тудыруға, сөйтіп судың көп ағып келуіне және скважиналардың біреуінің жақсы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта тек Маңғышлақ облысының территориясында ғана әр түрлі сулы горизонттар мен комплекстердің жер асты суларын шегендейтін 500-ге жуық скважина бар.
Скважиналар негізінен ЗИД-4,5 двигательді Л-100 су тартқыш шығырларымен жабдықталған. Бұл пайдалануға ыңғайлы, ұзаққа шыдайтын, өте қолайлы механизм. Шопандар оларды бар ықыласымен қолданады және оларды мұқият күтеді. Жер асты суының тереңдігіне байланысты шығырдың жұмыс өнімділігі тәулігіне 3540 текше метрден (55-70 м тереңдікте) 70-90 текше метрге (10-20 м) дейін. Қазіргі уақытта диаметрі 6 (150 мм) скважиналарда жұмыс істейтін ВШП-30, ВШП-50 шығырлары қолданыла бастады.
Төңірекшың, Жаңасу, Тересай, Опорная, Боранкөл, Прорва, Бозащы түбегі, Ұланақ, Құйылыс аңғарлары, Қарагие, Асар ойпаттары мен басқа да аудандарда көптеген скважиналар салынды. Олардың көпшілігі қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған су жинаушы құрылыстардың (Құйылыс және Өзен) әсерінен, ал кейбіреулері керексіз болғандықтан (суы ащы және т. т) істен шығып жүр. Көптеген скважиналар қажетті мөлшерде су алуды қамтамасыз ететін шүмекті реттеуші құрылғылармен жабдықталған.
Жайылымдарды суландыруда уақытша жер беті су ағындарын токтатып, шағын су қоймалары – тоғандарды және апандарды пайдалануға болады.
Қазақстанда су қоймалары көп, олар ауыл шаруашылығының әртүрлі мұқтаждарына пайдаланылады. Республика территориясында тек 1964 жылы ғана 2491 гектар ауыл шаруашылық дақылдарын суаруға арналған 311 тоған және 11 млн. гектар жайылымды суландыруға арналған 2752 тоған мен 1203 апан, балық өсіру шаруашылықтары үшін – 86 су қоймасы, құс өсіру шаруашылықтары үшін – 43 су қоймасы болды.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай өзіне тән климаттық және жер бедері ерекшеліктері бар шөл және шөлейт аудандарда тоғандар салу жұмысы көп қаржы жұмсамастан-ақ халық шаруашылығына үлкен пайда келтіреді. Сондықтан азықтық дақылдар өсіру үшін облыстың жер-су ресурстарын барынша пайдалану мақсатында жоғарыда аталған аңғарларда неғұрлым жетілдірілген конструкциямен плотиналар салу қажет.
Соңғы уақытта, әсіресе Маңғышлақ облысының құрылуына байланысты тоғандар салуда қыруар жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде бар су қоймаларының ішіндегі. Ең ірісі Қарасай сайындағы тоған. Ол Гурьев және Маңғышлақ облыстарының шекарасында. Плотина жергілікті материал – саздақтан жасалған, сайдың тальвегінен биіктігі 13 м. Оған жауын-шашын суы құйылады, сондықтан да ол тұщы. Қазіргі уақытта мұнда көктем-жаз және күз айларында Маңғышлақ облысының «Қара-құм» және Гурьев облысының «Коммунизм таңы» совхоздарының 50 мыңға дейін қойы күтіп бағылады.
Ырғызбай сайында да осындай (сыйымдылығы 600 мыңнан 1200 мың текше метрге дейін) үш тоған салынған. Олардың бәрі де жазғы маусымда мал суаты ретінде пайдаланылады.
Жармыс тоғаны Шығыс Қаратаудың солтүстік етегіндегі «Бозащы» совхозының орталық усадьбасына жақын орналасқан. Ол 30 шаршы километр ауданнан ағып құйылатын еріген қар және жаңбыр суын жинауға арналған. Плотинаның биіктігі 7,5 м, қалыпты таяныш горизонты су қоймасының түбінен 6 метр биік. Тоғанның пайдалы сыйымдылығы 350 мың текше метрге жуық. Тоғанның белгілі деңгейінде судың артық мөлшерін ағызып жіберуге арналған канал болады. Беріктігі мықты болу үшін каналдың түбі мен төбесі, қабырғалары бетонмен қаланған. Плотинаның қыры қалыңдығы 0,3 метрге дейінгі қиыршық таспен жабылып, тегістелген және шеткі жақтарына автотранспорттың өтуіне арналып қабыршақтасты блоктар төселген. Суды жануарлардың ластамауы үшін су қоймасының айналасына арнайы белгі бойымен қоршау жасалған.
Плотинада суды өз ағынымен су қоймасынан шығарып тұруға мүмкіндік беретін су шығарушы тетік жасалған. Ол шеткі горизонт деңгейіне орнатылған, сондықтан судың барлығын тартып шығарусыз-ақ пайдалануға болады.
Төменгі бьеф ауданында құнарлы топырақты және ертедегі өңдеудің белгілері бар, суландырылатын жердің едәуір бөлігі кездеседі. Жер беті тегіс, оны жоспарлауға көп қаржы жұмсалмайды, ал оның белгісі барлық жерінде су қоймасының шекті горизонтының белгісінен төмен болады, бұл – суару үшін суды өз ағынымен беруге жағдай жасайды.
Тамшалды негізінен Каспий теңізіне жақын жерде Форт-Шевченко мен Таушық поселкесінің аралығына орналасып, үнемі істеп тұрған осы аттас су көзінің суын шегендейді. Мұнда су қоймасын толтыруда жаңбыр және еріген қар сулары қосалқы роль атқарады. Су көзінің дебиті жылдың құрғақ кездерінде секундына 1,0 литр күзгі кезде 3,0 литрге дейін ауытқиды. Сөйтіп, жаңбыр суын есептемегенде қайнар суының шығыны ғана күзгі-қысқы маусымдарда су қоймасының 35 мың текше метрге дейін су жинауына мүмкіндік береді. Тоған су көзі бастауынан 1,0 км төменде, терең және тар шатқалға жасалған. Плотина маңында су қоймасының айдыны 100 метрден аспайды, орташа тереңдігі 5,0 м болғанда ұзындығы 300 м.
Мұндай өлшемдер буланудың көп болуына жол бермейді және судың ұзақ уақыт сақталуына қолайлы жағдай жасайды.
Тоған 5,0 гектарға дейінгі овощ-бақша дақылдарын суаруға арналған. Ақмола тоғаны Жармыстан 7 км төменде Қамыстықапы аңғарынын, бастауында саздақтардан жасалған. Плотинаның биіктігі 6,0 метрге жуық, су қоймасының пайдалы сыйымдылығы 200 мың текше метр. Жаңбыр және еріген қар суын жинауға арналған. Белгілі деңгейден артық суды ағызып жіберу үшін бетонды су ағар жасалғай. Су қоймасының қазіргі кезде үштен бірі сумен толтырылған.
Ақмыш және Шайыр тоғандары жоғарыда сипатталған принцип бойынша жасалған, сыйымдылығы аса үлкен емес және негізінен мал суаты ретінде, сондай-ақ әрқайсысының көлемі 2-5 гектарға дейін жететін овощ және бақша дақылдарын өсіру үшін пайдалануы мүмкін.
Тұщыбек учаскесінде санаторий ауданында топырақтан екі сатылы тоған құрылысы жүргізілуде. Деңгейдің абсолюттік белгісі +102 м бірінші сатысы су қоймасынан 300-500 м батысқа қарай орналасқан, қазіргі питомник-бақты суаруға арналған. Деңгей белгісі +95 м екіншісі одан шығысқа қарай, өсіруге белгіленген мал азықтық шөптерді суаруға арналған.
Су қоймасы бұлақ суы және жаңбыр суы есебінен толтырылады. Тұщыбек су көзінің шығыны жылдың аз-көп сулылығына байланысты секундына 3,0 литрден 67 литрге дейін және одан да көп ауытқиды. Осыған орай, бірінші сатысына үнемі дерлік су ағыны келіп тұрады, ал екіншісі күз-қыс маусымында жаңбыр суынсыз-ақ толады.
Қарақұдық сайы Шетпе поселкесіне таяу орналасқан. Ол су жинаушы бассейні бар құрғақ аңғарлар мен сайлардың көп тармақталған желісі, көлемі 90 шаршы километрге жуық. Барлық уақытта су ағындары Шетпеден 7 км шығыста бір арнаға қосылады, бұл жерде аңғар жыл сайын тасқынды ағыс түрінде жүздеген мың текше метр суды өткізеді. Бұл аңғарда бұрынырақ су ағынын тосуға арналып жасалған топырақ дамбаларының бұзылған үйінділері мен суландыру жүйелерінің орындары сақталған.
Топырақ плотинасын жасау үшін аңғардың ені 300 метрден болатын және төменгі бьеф жағынан суландыруға едәуір ашық массив ашылатын учаске таңдалып алынған. Плотинаның биіктігі 10 метрге жуық, су қоймасынын пайдалы сыйымдылығы 960 мың текше метр. Су қоймасынан суландыру массивіне судың берілуі плотинаға шекті горизонт деңгейіне орнатылған реттеуіш құрылғы арқылы өз ағысымен реттеледі. Есептеулер көрсетіп отырғанындай су қоймасы 25-30 мм мөлшерде түсетін Жауын-шашыннан кейін немесе ең алғашқы мол жаңбырдан кейін суға толуы тиіс. Бұл учаскенің жер-су ресурстары 100 гектарға дейінгі жерлерді суландыруда және жоңышқа егісінен бір қалыпты өнім алып отыруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Құйылыс сайы Қаратаудағы көлемді ауданнан басталып Шақырған арқылы Қарагие ойпатындағы Батыр көліне құятын және жаңбырдан кейінгі тасқын су келетін учаске болып саналады. Мұнда сармат әктастарынан шығып жатқан су көзі бар. Бұл жерге ағып келіп құйылатын судың көптігі сонша, осы жылға тасқынды өзенге айналады. Тасқынның күші туралы мынадан білуге болады: шығып жатқан су көзімен немесе жер асты қабат аралығынан сыздықтап шығып жатуымен сай келетін оның құлап ағатын жеріндегі мықты әктастарға тереңдігі 6-8 метрге дейін шұңқыр жасалған. Ені 2-5 метр болғанда, оның ұзындығы жартылай шеңбер бойынша 15-20 метрге жетеді. Оған әруақытта су толып тұрады, өйткені тереңдетілген шұңқырлары су көзі шығатын жерден төмен жатады.
Плотина жергілікті құмайтты-саздақты материалдардан ені 150-метрге жуық тар учаскеде ағу бағытына перпендикуляр түрде салынады. Ағыстың зор бұзушы күшін ескере отырып плотина жоғарғы бьеф жағынан темірбетонды плиталармен көмкеріледі. Темірбетоннан сондай-ақ су ағарда жасалады.
Пайдалы сыйымдылығы 500 мың текше метрге жуық су қоймасы шығысқа қарай созылып жатқан, ауданы 35-40 гектарға дейінгі жерлерді суару үшін және мал суаты ретінде пайдаланылады. Суландыру учаскесіне судың берілуі күшпен, ал мал плотинадан төменірек салынған сүзуші құдықтардан суарылады.
Күркіреуік, Керіз, Сулықапы аңғары, Аусары, Тамшалды, Саура, Үшсай учаскелерінде плотина салу жұмысы жобаланып отыр.
Күркіреуік учаскесі Жармыш поселкесінен 8 км шығысқа қарай орналасқан және тереңдігі 20 метрден асатын табиғи ойпат. Оның Оңтүстік жақ бүйірінен шығымы кей жылдары секундына 5-7 литрге жететін көптеген су көздері бар. Бұдан басқа, Қаратаудың 60 шаршы километр ауданына түсетін жауын-шашын да бұл жерге жылғалармен ағып келеді. Тасқынды ағын түрінде одан ойпаттың солтүстік бүйірінде қалыптасқан ені 25-50 метрлік тар аңғар арқылы Қаратау аңғарлары мен Қамыстықапы сайына қарай ағып шығады.
Плотинаны топырақ пен темір бетон араластырып салу жобалануда. Су қоймасының сыйымдылығы 2,5-3,0 млн мың текше метр. Оның суын өздігінен ағу тәсілімен суландыруға пайдалану көзделуде. Су көзі ағыны негізінде бұл жерде бұрын жоңышқа және басқа овощ-бақша дақылдары өсірілгендігіне қарай, топырақтың сапасы едәуір ауданда суармалы егіншілікті ұйымдастыруға мүмкіндік береді деп қорытынды жасауға болады. Суландыру учаскелерін келешекте 70-100 гектарға дейін кеңейтуге болады.
Сулықапы және Аусары аңғарларындағы тоғандардан өздеріне тән нәтиже алынады деп күтілуде. Бұл аңғарлар карбонатты жыныстарға (жазу боры, мергель, әктас) тереңдеп сұғына еніп жатыр. Аңғарлардың арнасы қалыңдығы 5-10 метрлік кесек жыныстардан құралған. Соңғысының сүзу коэффициенті тәулігіне бірнешеден ондаған метрге дейін жетеді. Плотина тұрғызуда бұл аңғарларда Түптік қарқынды сүзілу процесі жүреді. Мұның өзінде бүкіл сүзіліп өтетін су толық көлемінде арнаның астыңғы жағынан төмен қарай қозғалады, өйткені онда бүйірлік, сүзілу болмайды. Су қоймасынан судың сүзілуі тұрақтылығынан, арна астылық ағыс та жыл маусымдарына қарамастан үнемі қозғалыста болады. Бұл жүздеген мың гектар жайылымдарды, әсіресе бұрын тіпті сусыз болған қысқы және мал айдап баратын жерлерді суландыру үшін қолайлы жағдай туғызады. Малдар тереңдігі 2-5 метрлік шахталы құдықтардан суарылады. Аңғардың арнасын құрап жатқан кесек жынысты шөгінділерге қарағанда олардың дебиті жоғары болуы және күніне 10 мыңға дейінгі қойды суаруды қамтамасыз етуі тиіс.
Болашақта мұндай тоғандарды барлық аңғарларда, әсіресе қыстық жақсы мал жайылымдары бар, бірақ су көздері тапшы Қамыстықапы, Құрқапы, Шілікті және басқа аудандарда салу көзделуде. Мұнда мал суаруға жарамды жер асты сулары өте тереңде (500-800 м) жатады, одан жоғарыда жатқан шөгінділер көбінесе су өткізбейтін болады. Ал жоғарғы, су өткізбейтін бөлігі геологиялық-структуралық және өзіне тән жер бедері ерекшеліктеріне қарай дренаждалған сондықтан құрамында су болмайды.
Салыстырмалы түрде алғанда жайылымдық жерге бай. Бозащы түбегі, далалық Маңғышлақ, Қарынжарық құмды массиві және басқа учаскелерде жер асты суы тіптен жоқ немесе суы өте ащы. Бұл көрсетілген қашықтыққа суды жеткізу олардың су көздерінен өте шалғайда орналасқандығынан жайылымдарды толығымен пайдалануды тежеп, шаруашылықтардың және т. т. экономикалық жағдайларын нашарлатады. Бұл жағдайда төмен орналасқан учаскелерде немесе тақырларда жауын-шашын суын жинау, жайылымдарды суландыру проблемасын экономикалық жағынан тиімді шешуі мүмкін. Мұндай әдіс принципі жағынан жаңа емес, оны Түркменияның шөлді аудандарында және басқа жерлерде қолданып, әдетте жақсы нәтижелерге қол жетіп жүр.
Жайылымдарды суландыру мен халықты сумен қамтамасыз етудің аса тиімді әдістерінің бірі – су құбырларын тарту. Бұған Амудария – Құлсары – Өзен – Бекдаш су магистральдарынан тұтынушыларға дейін тартылған су құбырлары жатады.
Қоңырат – Бейнеу – Құлсары бірінші кезегі 1970 жылдың басында пайдалануға берілді. Ол газ, мұнай және өнеркәсіптің басқа да салаларының, темір жолдың және ауыл шаруашылығының мұқтаждықтарына пайдаланылады.
Магистральдың бұл аралығындағы ауыл шаруашылық объектілерінің суға деген үлесі тәулігіне 7,0 мың текше метр. Оларды тиімді пайдалану жөнінде «Казгипроводхоз» институты техникалық-экономикалық негіз (ТЭО) жасады. Мұнда Гурьев облысының Ембі ауданының және Маңғышлақ облысының Бейнеу ауданының жайылымдарын суландыру көзделген. Жалпы ұзындығы 800 километрден астам мұнда су құбыры бар. Майкемген-Аққұдық және Опорная-Қарақұм сияқты олардың кейбіреулерінің құрылысы басталады, кейбіреулерінің жобалау-смета қағаздары дайындалған, ал құрылысы таяудағы уақытта басталады.
Бейнеу – Сай – Өтес – Өзен магистралының екінші кезегін 1975 жылы пайдалануға беру жоспарлануда, мұнда ауыл шаруашылығына тәулігіне 8,0 мың текше метр су бөлінеді. Судың, бұл мөлшері табиғи жемшөптерге бай, неғұрлым сусыз жайылымдарға таратылады. Мұндай жайылымдарға Үстірттің шыңды аймақтары, Сеңгірқұм құмды массиві, Тышқанқұм, Қарынжарық, Оңтүстік Маңғышлақ үстірті, Бозащы түбегі және басқалары жатады. Оларды суландыруда жалпы ұзындығы 1200 километрден астам ондаған су құбырлары жұмыс істейді. Ол осы территорияларда орналасқан совхоздардың фермалардың орталық усадьбаларын және елді мекендерді ішетін сумен және шаруашылыққа қажетті сумен қамтамасыз ету проблемасын шешетін болады.
Алдын ала есептеулер бойынша 1980 жылға дейін 1.0 млн гектарға жуық жайылымды суландыратын 1000 километрге немесе 20 миллионға жуық сомға салынатын болады.
Ауыл шаруашылығының мұқтаждығы үшін Амудария – Құлсары – Өзен магистральды су құбырынан барлығы – тәулігіне 15,1 мың текше метр су берілетін болады, ол үшін жиынтық ұзындығы 2000 километрден астам ондаған тартқыш су құбырларын салу қажет.
СУЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Сипаттап отырған территорияда ірі су көздерінің жоқтығына байланысты мұнда жер суландыру мәселесі барынша дами алмады. Осыған қарамастан әр түрлі зерттеушілердің жарияланған мағлұматтарына қарағанда XIX ғасырдың соңында-ақ негізінен Таулы Қаратаудың су көздері (қайнар суларының) негізінде овощ-бақща және астық дақылдарды өсіру мүмкіншілігі бар екені белгілі болған.
Маңғышлақты зерттеушілердің бірі А. И. Кияшко 1896 жылы былай деп атап көрсетеді: «...Маңғышлақ уезінде жекелеген, өте шағын мөлшерде ғана жер өңделеді, олар негізінен мына жерлерде:
а) қырғыздар (қазақтар) өздерінің жеке тұтыну қажеті үшін бидайды, арпаны, тарыны Қаратау мен Ақтау жоталарының аралығында себеді;.
ә) жүгері, жоңышқа және бақша овощтарын Түркмения жағалауына егеді;.
б) жүгері, жоңышқа және бақша овощтарын егуге арнап Форт-Александровск маңын пайдаланады;.
в) бидай, арпа және бақша овощтарын кейбір құдықтар маңында егеді. Барлық өңделетін жердің жуықтап алынған ауданы 1894 жылғы мәліметтер бойынша 376 десятинадан аспайды».
Соңғы күндерге дейін түбекте егіншілік жоспарсыз дамыды, оған суаруға арналған.сенімді су көздерінің, қажетті техниканың және оны. жүргізуге арналған ғылыми негізделген жүйенің болмауы себепші болды. Қазіргі кезде де мелиорация жұмыстарын іс жүзінде ұйымдастырудың барлық мәселелері шешілген жоқ, алайда оларды қалай және қандай бағытта шешуге болатындығы айқын көрініп отыр.
Қазақ ССР Ғылым академиясы топырақтану институтының ғалымдары түбектің топырағын барынша толық зерттеп, оны ауыл шаруашылық салаларына игерудің негізгі жолдарын жасап көрсетті. Олардың «Солтүстік Каспийдің топырақтану және мелиорация проблемалары» (1973 жыл) және «Маңғышлақ түбегінің топырағы» (1974 жыл) атты күрделі еңбектері жарық көрді. Бұл еңбектерде орасан зор ғылыми-техникалық материалдар қорытындыланып, шөлдің күрделі табиғи-климаттық және топырақ жағдайында егіншілікті жүргізу жүйесі бойынша нақты ұсыныстар берілген.
Өнеркәсіп орталықтарын көгалдандыру. Көгалдандыру мәселелерімен халық өткен ғасырда айналысқан. Неғұрлым ертеде отырғызылған ағаштар Форт-Шевченко қаласында кездеседі. Мұндағы Т.Г.Шевченко атындағы парктегі кейбір ағаштар 100-120 жыл жасаған. Олардың және бұталардың негізгі бөліктері 40 жас шамасында. Іргелес жатқан Баутина және Аташ поселкелерін қоса есептегендегі жасыл желектердің ауданы 12 гектар, онда ағаш-бұта тұқымдастардың 16 түрі өседі. 1963 жылы парк маңына отырғызылған жеміс бағы қазірде жеміс беріп тұр.
Парк пен бақ орташа минералдануы литріне 3,0 грамға жуық жер асты суымен және құдықтар мен скважиналардан суарылады.
Облыс орталығы – Шевченко қаласын көгалдандыруға көп көңіл бөлінуде. Мұнда парк, скверлер, бульварлар, орман питомнигі, дендропарк, қатарластырылып отырғызылған жасыл желектер бар. 1974 жылғы жүргізілген инвентаризация бойынша жалпы көгалдандырылған аудан 550 гектар, онда бұталар мен ағаштардың 36 түрі бар. Олардың негізгілері ұсақ жапырақты шегіршін, қауырсын бұтақты шегіршін, ақ қараған, айлант, жасыл шетен, Болле терегі, жіңішке жапырақты жиде, аморфа, ноқат, жыңғыл, зерек, тал және басқалары саналады.
Олар жалпы қалалық су кұбыры желісінен, шаруашылыққа және ішуге арналған сумен суарылады. Жалпы шығын орта есеппен тәулігіне 20 мың текше метрден астам.
Жаңа Өзен қаласында жасыл желектер 115 гектарды алып жатыр. Мұнда ағаштар мен бұталардың 18 түрі бар. Оның ішінде басым орын алатындары – қауырсын бұтақты шегіршін, жасыл шетен, айлант, ақ қараған, аморфа, терек, ақ тал және басқалары.
Жасыл желектерді суару үшін жалпы қалалық су құбыры желісінен тәулігіне 4 мың текше метрге жуық мөлшердегі шаруашылыққа және ішуге арналған сапалы су пайдаланылады.
Қазіргі кезде аудан орталығы – мұнай барлаушылар поселкесі Ералиев те өзінің негізі қаланған күннен бастап жер асты суын пайдалану негізінде көгалдандырыла бастады. Осы мақсатта бұл жерде сармат сулы горизонтына 4 скважина бұрғыланды. Скважиналардың тереңдігі 50-60 метр. Судың орташа минералдануы литріне 3-3,5 грамм. Су жинаушы құрылыстың жалпы жұмыс өнімділігі секундына 10 литрден артық (тәулігіне 900 текше метрге жуық). Бұдан басқа Песчаный мүйісі кен орнынан беріліп тұратын тұщы су да суару үшін пайдаланылады.
Жетібай поселкесінің тұрғын үйлер, өндірістік және мәдени-ағарту орындарының айналасы көгалдандырылған. Жасыл желектердің жалпы көлемі 27 гектар онда ақ қараған, қарағаш, аморфа және басқа да ағаштар өседі.
Ескі Өзен, Теңге, Сарықамыс және басқа елді мекендер мұнайшыларының да отырғызған жасыл желектері бар, мұнда да тәулігіне 500-ден 1000 текше метрге дейін тұщы су пайдаланылады.
Облыс өнеркәсібінің, транспортының құрылысының және ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы қалалар мен елді мекендерді одан әрі көгалдандырудың өте қажеттігін алға қояды.
Шөлді көгалдандыру мәселесіне зор мән бере отырып, Шевченко қаласында жалпы көлемі 40 гектар ботаникалық бақ құрылысын жүргізудің жоспары жасалды. Ботаникалық бақтың құрылысы басталды, ол алдағы бесжылдықта пайдалануға беріледі.
Облыста жасыл желек өсіру жөнінде нақты іс тәжірибелер, ғылыми база – ботаникалық бақ, жер және су ресурстары бар жағдайда көгалдандыру жөніндегі жұмыстардың көлемін одан әрі арттыру ісіне батыл кірісуге болады.
Қала маңындағы егіншілік жұмыстарын дамыту . Шөл жағдайында бұл жаңа бағыт болып саналады. Шевченко (10 га), Жаңа Өзен (5 га) қалалары төңірегіндегі және Жетібай поселкесі (2 га) ауданындағы шағын аудандарда овощ өсіру жөніндегі алғашқы тәжірибелер жыртуға жарамды жерлерде суландыру учаскелерін дұрыс таңдап алу, үнемі жүйелі түрде суаруды ұйымдастыру, аудандастырылған сорттарды егу және басқа шараларды тиімді жүргізген жағдайда жақсы өнім алуға болатындығын дәлелдеді. Бірақ, қала маңындағы көмекші шаруашылықты іс жүзінде ұйымдастыруда жоғарыда аталған барлық талаптар орындалмады және дақылдарды егудің осы жағдайларға икемді, қолайлы агротехникасы белгіленбеді. Сондықтан суландыратын учаскелерден алынатын өнім төмен, ал жекелеген учаскелерде (жалпы ауданның 20 процентіне дейін) тіпті дақылдар шықпай қалды.
Өткен 1974 жылы кездескен кемшіліктерді ескере отырып қала маңындағы овощ-бақша дақылдары егістері бір учаскеге – Шевченко қаласынан 36 км қашықтықтағы учаскеге шоғырланды және олардың ауданы 20 гектарға дейін кеңейтілді. Eгіс көлемінің құрылымы мынадай тәртіппен қайта қаралды: помидор - 50, қияр - 25, шалғам -5, көк пияз-5 процент, бақша дақылдары және басқалары - 5 процент.
Суару нормасы маусымға овощтар үшін 8 мың текше метр, бақша дақылдары үшін 5 мың текше метр болғанда суару жұмысы бороздалық әдіспен іске асырылды.
Қала маңындағы егіншілікті дамыту халықты аз тасымалданатын помидор, қияр және басқа азық-түліктермен қамтамасыз етуді жақсартады. Шевченко қаласы маңынан 40, Жаңа Өзен қаласы маңынан 20, қала типіндегі Ералиев поселкесінен (Песчаный мүйісі)-15, Бейнеу поселкесінен-10, Шетпе поселкесінен-50 және Форт-Шевченко қаласынан – 10 гектар жерге жеміс-жидек отырғызуға болады: Су ресурстарын пайдаланған жағдайда көрсетілген суармалы жерлердің суға мұқтаждығы толық қанағаттандырылады. Қала маңы егіншілігінен жоғары нәтижеге жету үшін, жоспарлау жұмысын дұрыс жүргізу қажет. Ол үшін суландырылатын учаскелердің шайылуы, коллекторлы-дренажды жүйенің құрылысы, желден қорғаушы орман алқаптарын жасау және басқа агротехникалық шаралары еске алынады.
Қала маңындағы егіншілікпен қатар қалаларда парникті-теплицалы шаруашылықтарды дамыту қажет. Бес жылдан астам уақыттан бері Шевченко қаласында жалпы көлемі 5 мың шаршы метр теплица (гидропоникада) жұмыс істеп келеді. Жыл сайын 1 шаршы метрден 17 кг қияр, 6 кг помидор алынуда.
Овощтарды жабық грунттарда өсірудің қажеттігі мыналарға да байланысты: қалаларда барлық жағдайлар – энергия көзі, еңбек ресурстары және тұтынушылар бар. 1974 жылы Жаңа Өзен қаласында «Маңғышлақнефть» бірлестігінің бастамасы бойынша көлемі 18 мың шаршы метр теплица комплексінің, құрылысы басталды, оның 2 мың шаршы метрі осы жылы қатарға қосылатын болса, комплекс тұтасымен 1976 жылы пайдалануға беріледі.
Ашық грунтта овощ өсіруді теплица шаруашылығымен дұрыс ұштастыру тасымалдауға қолайсыз азық-түліктердің қорын едәуір толықтырып, олармен халықты қамтамасыз етудің маусымдылығын әжептәуір қысқартар еді, сөйтіп ең ақырында шаруашылықты индустрияның негізде жүргізуді қамтамасыз етеді.
Оазистік және дұрыс (тікелей) суландырудың дамуы. Облыс ауыл шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде қала маңы егіншілігі және парникті-теплицалы шаруашылықтар қалалар мен өнеркәсіп орталықтарының халқын қамтамасыз ету үшін овощ және картоп өндіруге, ал оазистік және дұрыс суландыру – қоғамдық мал шаруашылығы үшін мал азықтық дақылдар өсіруге арналған.
Қазіргі кезде облыс совхоздарында 124 гектар егістік жер бар, оның ішінде 81 гектарын – мал азықтық шөптер (жоңышқа), 13 гектарын – жеміс ағаштары, 9 гектарын овощтар, 21 гектарын – басқа дақылдар алып жатыр.
Сол сияқты «Қарақұм» совхозының Төңірекшың сайында фонтан атқылатып тұрған скважиналардан (4 скважиңаның жиынтық дебиті секундына 100 литр шамасы немесе тәулігіне 8600 текше метр) жер асты суы негізінде көлемі 100 гектар лиман жасалып, жыл сайын 500 центнерге дейін мал азықтық қамыс дайындалады.
Маңғышлақ облысы жағдайында бір гектар жерді суаруға маусым кезінде 7,0-8,0 мың текше метрден аспайтын су қажет екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Егер булану мен сүзілуге жұмсалатын шығынды минимумға дейін кеміте отырып, оны құбырлар бойынша жүргізсек, онда мұқтаждық біршама азаюы мүмкін.
Алдыңғы тарауда көрсетілгендей облыстың жер қойнауында минералдануы литріне 1 грамға дейінгі тұщы судың және минералдануы 3 грамм саумал судың едәуір қоры бар. Олардың мөлшері басқа мақсаттарға пайдаланылып отырған кен орындарын есептемегенде секундына 3,5 текше метрден астам. Бұл суларды толық, пайдалану 4,0 мың гектарға дейінгі жерді суландырып кемінде 40 мың тонна жоғары сапалы жоңышқа пішенін дайындауға мүмкіндік береді. Әрине, бұл мәселе оңай емес және бір жылда жүзеге аса қоймайтындығы түсінікті. Қиындықтардың ең бастысы – су жинаушы құрылыстарды салу, суды тартып шығару, электр энергиясын жеткізу, суландыру құрылысын салу, оларды күту және пайдалану, күрделі қаржыны және адам резервтерін талап ететіндігінде. Осыған қарамастан ол іске асатын шындық сондықтан оны бірнеше кезеңдерге бөліп шешу қажет.
Оны қолда бар eгіc көлемін ұлғайтудан бастау керек. Қазірдің өзінде Ұланақ аңғарындағы және Солтүстік Ақтау артезиандық бассейніндегі бар скважиналардың негізінде егістікті 500-1000 гектарға арттыруға болады. Осы мақсатта жобалау-сметалық документтер дайындалып, Ұланақ аңғарында 200 гектар және Тиген сайында 300 гектарды суландыру құрылысы басталады. Солтүстік Ақтау артезиандық бассейні (2500 гектар) жерлерін толық игеруді 1980 жылға аяқтау белгіленіп отыр. Төңірек шың сайында да 200-300 гектарға дейінгі жерге жоңышқа егуді бастау керек.
Бұл бағыттағы келешек жұмыстар неғұрлым тездетілген қарқынмен жүргізіліп, оныншы бесжылдықтың аяғына қарай жер асты суларының барлық кен орындары, (аталғандардан басқа тағы да Сам, Басқұдық, Қаратау және басқалары) пайдалануға берілуі тиіс.
Қазіргі кезде қолда бар және келешекте жасалатын тоған-су қоймаларын пайдалану суармалы егіншілікті дамыту мен оның көлемін ұлғайтудың қайнар көзі болып табылады. Бұл саладағы алғашқы қадам ретінде Қарасай тоғаны маңында Жармышта, Қарақұдықта, Ақмышта, Шайырда, Тұщыбекте, Тамшалдыда, Ағаштыда және басқа учаскелерде суландыру жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Келешекте мұндай тоғандар көптеп жасалатын болғандықтан, суармалы егіншіліктің көлемін күрт арттыру мүмкіншіліктері бар.
ТЕРМАЛЬДЫ, МИНЕРАЛДЫ ЖӘНЕ ШИПАЛЫ СУЛАР МЕН ШИПАЛЫ ЛАЙЛАР (БАЛШЫҚТАР)
Батыс Қазақстан тұтасымен алғанда, оның ішінде қарастырып, отырған регионымызды жеке алып қарағанда олар шипалы, минералды жер асты суларына бай. Термальды сулар көбінесе минералды болып келеді. Сипаттап отырған территорияда бұдан басқа шипалы лайлар да бар. Судың да, шипалы лайдың да ресурстары едәуір, олар бальнеологиялық және халық шаруашылығындағы басқа да мақсаттар үшін қолданылуы мүмкін.
Термальды сулар Оңтүстік Ембі мен Үстірт ауданындағы мұнайлы-газды, сондай-ақ Бозащы түбегі, Түпқараған және Оңтүстік Маңғышлақ аудандарының шегінде кең таралған және зерттелген. Олар белгілі бір артезиандық, бассейндердің геотермиялық жағдайларымен анықталатын, жер бетінен едәуір тереңдікте жатады және әр түрлі сулы қабаттарға шоғырланған.
Каспий ойпатының бір бөлігі Оңтүстік Ембі ауданы шөгінді жыныстардың, гидрохимиялық жауын-шашынның, мұнайлы-газ кендерінің литологиялық-фациялық құрамы жөнінен алуан түрлі қалың қабаттарынан құралған. Бұл – ауданның геологиялық құрылысын күрделендіріп тұрған тұз күмбезді тектониканың болуы, ол – жер асты жылуының аудан бойынша да, тереңдік бойынша да әркелкі бөлінуіне себепші болады. Геотермиялық градиенттердің орташа шамасы тіпті ауданның ішкі учаскелерінің шегінде де 100 метрге 1,9 градустан 3,14°С-ға дейін және 1000 метр тереңдіктегі температура 33,3 градустан 44,4°С-ға дейін, 2000 метр тереңдікте 56,3 градустан 72°Сға және тағы да осылайша өзгере береді.
Шөгінді жасалуының геотермиялық қасиеттері олардың литологиялық-фациялық құрамына байланысты болады. Әр түрлі горизонттарды ашатын терең скважиналардағы геотермиялық сатыларды анықтаудың негізінде бірнеше геотермиялық қабаттарды (кайнозой, жоғарғы бор, төменгі бор, орта юра, орта және төменгі юра, сипаттап отырған территория шегінен тыс тағы да триас-пермь, кунгур және басқалары) бөліп көрсетуге болады.
Кайнозой геотермиялық қабаты жалпы қалыңдығы 1000-1100 метрге дейін жететін құмды-сазды және сазды-карбонаттардан пайда болады. Мұнда өте минералды суы басым бірқатар шағын қабатты сулы горизонттар бар. Жыныстарының жылу өткізгіштігі әр түрлі, осыған сәйкес геотермиялық сатылары да өзгеріп тұрады. Қабаттың әр түрлі горизонттарына шоғырланған жер асты суының температурасы 10 градустан 40°С дейін өзгереді.
Жоғарғы бор геотермиялық қабаты негізінен карбонатты жыныстардан (жазу боры, мергель, ұқсастығы аз саздар, әктастар) құралған, олар суға қанығушылығының нашарлығымен және жылу өткізгіштігінің айтарлықтай жоғары болуымен ерекше. Геотермиялық сатыларының шамасы 48-ден 60 м/°С дейін, ал жату тереңдігіне байланысты жер асты суының температурасы 25 градустан 50°С дейін ауытқиды.
Төменгі бор геотермиялық қабаты қалыңдығы 8001000 метрге дейінгі терригенді құмды-сазды шөгінділерден тұрады. Мұнда геотермиялық сатының шамасы 37ден 83 см/°С.
1967 жылдың декабрінен 1971 жылдың февраліне дейін жер асты суының режиміне тұрақты бақылаулар жүргізілді, Бұл кездегі гидрогеологиялық көрсеткіштер (дебит, сағалық қысым, температура, судың минералдануы және химиялық құрамы) тұрақты болып қала берді.
Судың химиялық құрамы Батыс Қазақстан геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институтының Бүкілодақтық мұнай институты Маңғышлақ бөлімшесінің, Пятигорскінің курортология және физиотерапия ғылыми-зерттеу институтының, Алматының өлкелік патология ғылыми зерттеу институтының, Қазақтың минералды сулар жөніндегі гидрогеологиялық станциясының, Маңғышлақ гидрогеологиялық экспедициясының және басқаларының лабораторияларында зерттелді. Барлық талдаулар нәтижелерінің ұқсастығы жақсы.
Пайдалы қазбалар жөніндегі территориялық комиссия 1971 жылы Ералиев минералды суларының пайдалану қорын А-Б категориясы бойынша тәулігіне 2420 текше метр мөлшерінде бекітті.
СССР Денсаулық сақтау министрлігінің классификациясы бойынша Ералиев минералды суы ішуге және сырттай пайдалануға жарамды «А» индексінің анионды V класты, катионды I класты (натрийлі), минералдануы орташа топты (литріне 5-15 грамм) Новоижевскіінің шипалы суларының типіне жатады.
Органикалық заттардың негізінен гумус мөлшерінің көп болуы, Пятишрокінің курортология және физиотерапия ғылыми-зерттеу институты ұсынған бағалауға қарағанда бұл суды ішуге жарамды шипалы су ретінде пайдалануға кедергі жасамайды. Керісінше, минералды судың химиялық құрамына қосымша фактор бола отырып, ол оның бальнеологиялық кұндылығын арттыра түседі.
Медицина ғылымының кандидаттары – дәрігерлер Ж.Железниктің, В.Хомінюктің және басқаларының қорытындысы бойынша Ералиев минералды суы ас қорыту органдарының аурулары (созылмалы гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің уытты жарасы, созылмалы гепатит, созылмалы холецистит, созылмалы холангилит және басқа аурулар) кезінде ішуге, сондай-ақ шеткі нерв системасы, тірек-қимыл органдары, тері жамылғысы (нефротеромит, экзема, псориаз т. б.) және гинекологиялық ауруларға ванна, душ ретінде және шүберекті дымқылдап тартып пайдалануға болады.
Ералиев поселкесінде 1972 жылдан бері осы сулардың негізінде 17 ваннасы бар су емханасы жұмыс істейді. Емхананың қызмет көрсету қабілеті – сменасына 221 адам.
Термальды минералды сулардың едәуір қорының болуы Ералиев поселкесінің Каспий теңізінің жағалауына орналасуы, мұнда тамаша пляждардың және климаттық қолайлы жағдайлардың (жазының ұзақ, қысының қысқа) болуы емдеу орнын кеңейтіп, оған одақтық маңыз беруге мүмкіндік жасайды.
Шипалы лайлар. Батыс Қазақстанның территориясы минералды, материктік күкірт сутектік лайларға бай. Сипаттап отырған регионда олар Бозащы түбегінде және Түпқарағаңда кең таралған.
Минералды шипалы лайлар су балансының тапшылығы тән болатын тұзды сорларда орналасқан. Бұл сорлар әдетте ағынсыз, еріген қар суымен және жаңбыр суымен көбейеді. Көзге көрінетін және көрінбейтін жолдармен екінші орынға ауысатын (азаятын) ащы жер асты сулары да оларды көбейтуге себепші. Көктемде және жауын-шашынды кезеңдерде лайлы көлдер суландырылады, ал жазда және құрғақшылықта толығымен құрғап қалады.
Лайлы көлдердің тұз құрамы негізінен сорлардың су жинаушы бассейндерін құрайтын жыныстардың еруі есебінен пайда,болады. Тұздардың жинақталуы ағып құйылатын сулардың булануынан құралады және әдетте литріне 100-320 грамм және одан да жоғары болады. Тұздардың құрамы көбіне хлоридті-натрийлі, хлоридті-сульфатты-натрийлі-магнийлі болады.
Өте минералды су қабатының астында ылғалдылығы айтарлықтай төмен (22-56 процент) тұздылығы жоғары күкіртсутекті лайлар жатады.
Ылғалдың төмен, тұзының жоғары болуы, органикалық заттардың шағын .мөлшері, су қоймаларының дүркін-дүркін құрғап қалуы – міне осының барлығы да биохимиялық процестердің, оның ішінде лайларда күкіртсутектердің құралуына байланысты болатын (соңғысының мөлшері 0,03-0,13 проценттен аспайды) сульфатредукцияның активтігіне теріс әсер етеді. Осыған қарамастан бұл лайлардың емдік қасиеттерін кемітпейді.
Таяу Шығыс пен Азиядан сырқат адамдардың қажылық етуге Бозащы және Түпқараған лайлы кен орындарына келетіндігі ертеден-ақ (шежіре мағлұматтары бойынша) белгілі. Осы аудандардың лайлы кен орындарында сырқат адамдардың өздерін емдеу қазіргі кезде де таралған. Сондықтан алдын ала зерттелген мәліметтерге қарағанда пайдалану қоры ондаған мың текше метрмен есептелетін шипалы лай кен орындарын тез арада игеру қажеттігі және оның негізінде (ең алдымен Форт-Шевченко қаласында) емханалар ұйымдастыру қажеттігі туып отыр.
СУ РЕСУРСТАРЫН ТАУСЫЛУДАН ЖӘНЕ ЛАСТАНУДАН ҚОРҒАУ
Суға мемлекеттік меншік, делінген Қазақ ССР-інін су кодексінде – суды халық шаруашылығына барынша мол пайда келтірте отырып, жоспарлы және комплексті түрде пайдалануды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды, совет адамдарының еңбек жағдайларына, тұрмысы мен демалуына және денсаулығын қорғауға ең жақсы жағдайларды жасауға мүмкіндік береді.
Қоғамдық өндірістің және қалалар салу құрылысының дамуы халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени деңгейінің өсуі, суға деген әр алуан мұқтаждықты арттыра түседі және суды тиімді пайдалану мен оны қорғаудың маңызын жоғарылатады.
Совет Одағындағы барлық сулар (су объектілері) – өзендермен «көлдердің, су қоймаларының, «каналдар мен тоғандардың, жер асты суларының, мұздықтардың, СССР-дің ішкі және территориялық теңіздерінің суларын қамтитын бірыңғай мемлекеттік қорға (фондыға) енеді.
Республика территориясының шегінде бірыңғай мемлекеттік су қорына билік жасау Қазақ ССР-інің еркіне берілген. Ол суларды пайдалану тәртібін, оларды ластанудан, былғанудан және таусылудан қорғауды, судың зиянды әсерін болдырмау және жою тәртіптерін белгілейді. Атқарылатын шараларды жоспарлап, суды комплекс түрде пайдалану мен оны қорғаудың, су шаруашылық баланстарының схемасын бекітеді, суды пайдалану және оны қорғауға бақылау жүргізуді жүзеге асырады, сондай-ақ олар ССР Одағының қарауына енбеген болса басқа мәселелер бойынша да су қатынастарын реттейді.
Қазақ ССР-інің Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі мен оның жер-жерлердегі органдары Қазақ СCP-інде суды пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі арнаулы өкілдігі бар мемлекеттік орган болып табылады.
Қазақ ССР Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің оның қарауындағы территорияда суды пайдалану және қорғау мәселелері жөніндегі нұсқаулары министрліктер мен ведомстволар үшін, сондай-ақ олардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық кәсіпорындар, мекемелер және азаматтар үшін міндетті болып табылады.
Партияның Орталық Комитеті мен Совет үкіметінің және Қазақстан Компартиясы мен республика үкіметінің қаулыларында су қоймаларын (теңіздерді, өзендерді және басқаларын) ластанудан қорғаудың оны тек ішуге пайдалану мақсатында ғана емес, сондай-ақ тірі организмдердің тіршілік әрекеті үшін де зор маңызы бар екендігі атап көрсетілген. Бұл жағынан қарағанда ашық су қоймаларына және буландыру алаңына шығарылатын өнеркәсіптік, шаруашылықтық қалдық суларды тазартуға ерекше көңіл бөлінеді. Каспий теңізі суын ластанудан қорғау мақсатында соңғы 2-3 жылда Совет және Қазақ ССР үкіметі Каспий теңізінің жағалауына орналасқан мұнай өндіруші, химия, тамақ, жеңіл, жергілікті өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық, ет, сүт, балық өнеркәсібі, автомобиль транспорты, темір жол және басқа да кәсіпорындарын, облыстық атқару комитеттерін міндеттейтін бірнеше қаулылар қабылдады.
Партия мен үкіметтің үнемі қамқорлық жасауының арқасында көптеген объектілерде тазартқыш құрылыстар пайдалануға беріліп, жұмыс істеуде.
Кемітіліп алынған мәліметтерге қарағанда қазіргі кезде тәулігіне 70 мың текше метрден астам мөлшердегі тазарту жұмысы жағдайында осы мөлшердегі сумен 1000 гектардай жерді суландыруға болар еді.
Үкіметтің бірнеше дүркін қабылдаған қаулыларына қарамастан ағын суларды тазартуға министрліктер, ведомстволар және жергілікті өнеркәсіп ұйымдары тарапынан тиісті көңіл бөлінбейді. Айталық, Жаңа Өзен қаласында тазартушы құрылысты салу жұмысы жобалаусметалық документтер мен бөлінген күрделі қаржылардың болуына қарамастан жылдан-жылға кейінге қалдырылып келеді.
Шевченко қаласында тәулігіне жұмыс өнімділігі 42300 текше метр ағын суды тазартуға, тазартқыш құрылысты қайта құрудың сметалық құны 3665 мың бола тура 1975 жылға оның 150 мың сомы ғана игерілмекші.
Территорияда әр түрлі сулы горизонттар мен тереңдіктерден, жер асты суларының дебиті мен минералдануы әр түрлі көптеген скважиналар жұмыс істейді.
Скважиналардан судың өздігінен құйылуын реттеу мақсатында республика үкіметі мен жергілікті директивалық органдар бірқатар қаулы-қарарлар қабылдады. Оларда Қазақ ССР Геология министрлігінің, мұнай өнеркәсібі министрлігінің, СССР Орташа машиналар жасау министрлігінің, Су шаруашылығы министрлігінің, Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және жергілікті шаруашылықтардың ұйымдарын скважиналарды кранды реттеуші құрылғылармен жабдықтауға және олардың ақаусыз жұмыс істеуіне үнемі бақылау жасап отыруға міндеттеді. Осының нәтижесінде халық шаруашылығының мұқтажына жарамды су фонтанын атқылатып тұрған көптеген скважиналар крандармен жабдықталды, ал ащы су фонтандары жабылды.
Тұщы су ресурстары шектелген, сипаттап отырған аудан жағдайында территорияда көптеп салынып жатқан ашық су қоймаларында, тоғандарда және қазан шұңқырларда суды ластанудан қорғау өте актуальды маңызға ие болады. Оны болдырмау үшін бірқатар шараларды іс жүзіне асыру қажет, оның ішіндегі маңыздылары мыналар:
- жобалау және құрылыс жұмыстарын жүргізуде су қоймаларындағы судың тиімді (оптимальды) қабатын сақтау, ол аз болса әр түрлі бактериялардың көбейіп, дамуы мүмкін;
- қорғау аумағын қатаң шектеу;
- малды арнайы жасалған құдықтардан суару керек;
- суға үнемі бактериологиялық анализ жүргізіп отыру және т.б.
Су қоймаларындағы суды тиімді пайдалану үшін оны комплексті түрде – жаңбыр суының әрбір жаңадан келіп қосылып отыратын үлесі суды ағызушы құрылыстан ағып кетпей су қоймасында қалуы үшін суат және суландыруға пайдалану қажет.
Аталған шаралардың бәрін өмірге енгізу сөз жоқ партия мен үкіметтің халық шаруашылығының барлық салаларын қарқынды дамыту жөніндегі алға қойған міндеттерін, оның ішінде мал басы мен оның өнімділігін арттыруды табысты шешуге жағдай жасайды.
Қарастырып өткен экономикалық аудан құрғақ, шұғыл континентальды климатымен, тұтасымен алғанда нашар тілімденген, жазық жер бедерімен, қиыр солтүстігінен басқа бөлігінде тұрақты су ағындарымен, су қоймаларының жоқтығымен, шөлге тән топырағымен, өсімдіктерге кедейлігімен және геологиялық-құрылымдық құрылысының күрделілігімен сипатталады.
Регионалдығы жағынан морфологиялық және құрылымдық ерекшеліктері бойынша әрқайсысы бірқатар құрылымдық тектоникалық аймақтарды біріктіретін, көтерілу мен ойпаңдардың мұнда Орталық Маңғышлақ Үстірт, Бозащы Солтүстік Үстірт, Оңтүстік Үстірт және Оңтүстік Ембі системалары ерекше көрінеді.
Территорияның вертикальды кесіндісінен төрт сулы қабат – пермь-триас, юра-төменгі миоцен, орта миоцен төменгі плиоцен және жоғарғы плиоценді – төрттік қабаттар, сондай-ақ бірнеше сулы сериялар, комплекстер және горизонттар айқын көрінеді. Оларға екінші қатардағы Оңтүстік Маңғышлақ, Солтүстік Маңғышлақ, Оңтүстік Ембі артезиандық бассейндері, артезиандық бассейндердің Үстірт системасы және Қаратау гидрогеологиялық массиві жатады.
Территорияның шегіндегі әр түрлі сулы қабаттарда, серияларда, комплекстерде және горизонттарда тұщы және әлсіз саумал судың бірнеше ірі және бірден-бір сирек кездесетін кен орындары ашылып, барланған. Олардың кейбіреулерінің пайдалану қоры бекітіліп, халық шаруашылығының мұқтаждығына пайдаланылуда.
Жату тереңдігі 5-15 м болатын Басқұдық, Сауысқан және Түйесу тұщы су кен орындары тек ендік бағытында тізбектеле орналасқан осы аттас құмды массивтерден ашылған. Судың бекітілген пайдалану қорының жиынтық мөлшері секундына 310 литр. Қазіргі кезде Сауысқан мен Түйесу тұщы су кен орындары Жаңа Өзен қаласын, Өзен және Теңге поселкелерін секундына 170 литр мөлшердегі ішуге және шаруашылыққа жарамды сумен қамтамасыз ету жұмысына пайдаланылуда.
Бекітілген пайдалану қоры секундына 412 литр болатын, Сам құмды массивінің тұщы жер асты суы массивтің линза деп аталатын төрт учаскесіне таралған. Олар 5-тен 20 метрге дейінгі тереңдікте жатады. Судың деңгейі 4-5 метрге төмендегенде скважиналардың дебиті батыс және солтүстік линзаларда орта есеппен секундына 2-2,5 литр, судың деңгейі 6-8 метрге төмендегенде Оңтүстік линзада 3-4 литр болады.
Песчаный мүйісіндегі сармат-понт (төменгі) шөгінділерінде және қазіргі кездегі жағалау құмдарда (жоғарғы) ащы сулардың ішінен жер асты тұщы суы линзасы барланған. Пайдалану қоры секундына 10 литр мөлшерінде бекітілген және Ералиев поселкесін сумен қамтамасыз ету үшін толығымен пайдаланылуда.
Бірден-бір сирек кездесетін, толықтырылып отыруын есептемегендегі қоры секундына 10 литрден асатын, тұщы су линзасы барланған Кетік аңғары Форт-Шевченко қаласын сумен қамтамасыз ету көзі болып саналады. Тұщы су линзасының қалың қабаты, оның өте тереңде жатпауы және скважиналардың жақсы жұмыс өнімділігі айрықша күрделі қаржы жұмсамастан, су шығаруға қолайлы жағдай жасайды.
Альб-сеноман шөгінділерінен тұщы, әлсіз саумал судың ірі кен орындары ашылып, барланған. Бекітілген пайдалану қоры секундына 700 литрден асатын, 500800 метр тереңдікте жатқан Құйылыс сайының жоғары қысымды әлсіз саумал суы Шевченко қаласының өнеркәсіп орындарын және халқын қамтамасыз ету үшін пайдаланылуда.
Ұланақ аңғарының қойнауында жер асты тұщы суы бар. Мұнда олар альбтің жоғарғы горизонттарында 50200 м тереңдікте жатады. Суы барлық жерлерінде қысымды, әдетте скважиналардан өздігінен құйылып тұрады. Өздігінен құйылуда скважиналардың дебиті секундына 2-8 литрге жетеді. Бекітілген пайдалану қорының мөлшері секундына 110 литр. Бұл сулар Шетпе поселкесін ішетін және шаруашылыққа пайдаланатын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге арналған. Мұнан басқа, Ұланақ аңғарында әлсіз саумал сулардың едәуір ресурстары бар. Олар 54,0 метрден 250 метрге дейінгі тереңдіктен ашылатын сеноман және төрт альб горизонттарында болады. Өздігінен құйылуда скважиналардың дебиті секундына 1,5-2,0-ден 5-8 литрге ауытқиды. Бұл сулардың қоры 200 литрден астам деп бағалануда және жер суландыруға табысты түрде пайдалануға болады.
Қаратау таулы жотасы мен Бозащы түбегінің аралығына орасан зор территорияны (5000 шаршы километрден астам ала отырып минералдануы литріне 3 литрге дейін әлсіз саумал судың Солтүстік Ақтау артезиандық бассейні орналасқан. Олар 600-900 м тереңдікте жатып, жоғары гидростатикалық қысымды күйде болады. Скважиналардан көптеген жағдайда су секундына 5-25 литр дебитпен өздігінен құйылады. Бассейн әрқайсысының қалыңдығы 30-100 м келетін 4-5 өз бетінше жеке сулы горизонттардан тұрады. Алдын ала есептеулер бойынша пайдалану қорының жиынтық мөлшері тәулігіне 1,5-2,0 текше метр. Судың мөлшері оларды жер суландыруға, халықты сумен қамтамасыз етуге және жайылымдарды суландыруға пайдалануға мүмкіндік береді.
Төңірекшың және Жаңасу сайларындағы альб шөгінділерінен де әлсіз саумал жер асты суы кездескен, мұнда 600-800 м тереңдікте су шығымы секундына 1545 литр скважиналар бар. Судың минералдануы мен химиялық құрамы суармалы жерлерді суландыруға қойылатын талаптарды қанағаттандырады.
Минералдануы литріне 0,4-0,9 грамм болатын жақсы сапалы жер асты тұщы сулары Қаратау жотасы жыныстарының пермь-триас комплексінің тектоникалық опырындылар аймағында бар. Олардың кейбіреулері, мысалы Тұщыбек, Шайыр, Шетпе, Қарақұдық, Оңды тағы басқалары барланған. Суы 30-70 м тереңдікте жатады да, көбінесе қысымды болып келеді. Өздігінен құйылуда скважиналарының дебиті секундына 1,5-3 литр, ал су тартып шығаруда 5-25 литрге жетеді. Пайдалану ресурстары секундына 250 литр шамасында, Олар Шетпе, Шайыр, Тұщыбек, Жармыш және басқа поселкелерді сумен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ Қаратауда өсірілетін жоңышқа, жеміс-жидек ағаштарын, бақшаны және басқа дақылдарды суаруға пайдаланылады.
Үстірт саумал және әлсіз саумал жер асты суларына бай. Судың жату тереңдігі солтүстігінде және терең ойыс аудандарында 5-8 метрден үстірттің орталық бөлігінде 50-70 метрге дейінгі аралықта ауытқиды. Минералдануы литріне 3 грамға дейін болатын әлсіз саумал су тұйықталған ойысты болып, шыңды алқаптарда, яғни қоректену мен судың екінші орынға ауысуына неғұрлым қолайлы учаскелерде кездеседі. Олардың таралу ауданы және қалыңдығы әдетте аса үлкен емес, 2-7 м болады. Құдықтар мен скважиналардың дебиті секундына 0,1-ден 1,0-2,5 литрге дейінгі, ал кей жағдайларда, судың деңгейі 2-20 метрге төмендегенде 6-7 литрге дейін өзгереді. Минералдануы литріне 3-10 грамм жер асты суының. пайдалану ресурстары айтарлықтай мол, ол секундына 10 текше метрге жуық.
Территорияда қоры айтарлықтай және қимыл органдарының, терінің және басқа органдарының ауруларын емдеуге пайдалануға жарайтын шипалы минералды, термальды сулар мен лайлар кең таралған. Ералиев поселкесіндегі минералдық судың негізінде күніне 250 ваннаға есептелген емхана жұмыс істейді.
Территорияның басым бөлігінде тұрақты су ағысы болмаған жағдайда, қар еруінен және нөсер жаңбырдан кейін пайда болатын уақытша ағындар жиі кездеседі. Олар көп суды ағыза отырып Қаратау жотасы мен басқа аңғарлардағы ашық аңғарлар қапалар арқылы өтеді. Уақытша ағын тек Қаратау ауданында ғана теңіз бен сорлар бағытына қарай 120 млн. текше метрге дейінгі суды ағызып әкететіндігі анықталған.
Үстіміздегі бесжылдықта, әсіресе келесі бесжылдықтарда Қоңырат-Құлсары магистральды су каналынан суландырушы таратқыш су құбырларының құрылысы салынады. Олар Қарақұм құмды массивінің, Үстірт сайларының, Оңтүстік Ембінің, Қарынжарық пен Оңтүстік Маңғышлақтың және Бозащы түбегінің суға тапшы аудандарының, жүздеген мың гектар жайылымдарын суландырады.
Бұл жұмыс гидрогеологиялық зерттеулердің, жобалау-іздестіру және құрылыс жөніндегі шаралардың, территорияның су ресурстарын пайдалану жолындағы жүргізген жұмыстары нәтижелерінің қорытындысы болып саналады. Бұдан былайғы жұмыстарды мынадай негізгі бағыттарда жүргізу қажет:
а) жер асты суының барланған қорларын барынша толық пайдалану керек, Бұл мақсатта;.
Сауысқан және Түйесу құмды массивтеріндегі бар су жинаушы құрылыстарды секундына 130-150 литр және одан да көп мөлшерге дейін кеңейту;.
Басқұдық құмды массивінде суландырылатын жер көлемін 50 гектарға дейін, Сам құмды массивінде 500 гектарға дейін және Қаратау тау етектерінде 100 гектарғa дейін жеткізуді ұйымдастыру;.
1-2 жыл ішінде Ұланақ аңғарын толық игеруді аяқтау, екінші және үшінші сулы горизонттардың әлсіз саумал суын пайдалану негізінде, жоңышқа өсіретін суландыру ауданын 200 гектарға дейін жеткізу;.
Солтүстік Ақтау артезиандық бассейнінің жер-су ресурстарын кезеңдер бойынша игеруді жалғастыра беру және таяудағы уақытта суландыру ауданын 2,0-2,5 мың гектарға дейін жеткізе отырып, ірі азықтар өсіру жөніндегі мамандандырылған шаруашылық ұйымдастыру;.
Төңірекшың сайындағы жиынтық дебиті секундына 100 литрден асатын, су өздігінен құйылатын скважиналарды суландыру жұмысына пайдалану және кемінде 350 гектар ауданға лиман жасау;.
ә) үлкен аңғарларда тоғандар мен плотиналарды, тақырларда апандар мен қазан-шұңқырларды неғұрлым тез қарқынмен салу. Бұл үшін келешекте темір бетонды конструкцияларды және бағытталған қопару жұмыстарын пайдалану. Совхоздардың және басқа мемлекеттік мекемелердің Бұл құрылыстар учаскелерінде жер-су ресурстарын барынша толық пайдалануына барлық шараларды қолдану;.
б) суландырушы су құбырларын салу қарқынын тездету және таяудағы бесжылдықтар ішінде жиынтық өнімділігі тәулігіне 15 мың текше метр болатын, барлық жоспарланған тармақтарды толығынан іске қосу;.
в) халық шаруашылығының жалпы тұтынылуының артуына байланысты Бозащы түбегінің құмды массивтеріндегі, Оңтүстік Үстірттегі және Төңірекшың және Жаңасу сайлары аудандарындағы жер асты суларын іздестіру жұмыстарын жалғастыра беру. Көрсетілген кен орындарындағы және оған іргелес жатқан территориялардағы жер асты суының қорын барлап, оны бағалау. барлау жүргізу;.
Қаражамбас құрылымында мұнайдың ірі кен орнының ашылуына байланысты Бозащы түбегінде ішуге жарамды су көздерін іздестіру жұмысына ерекше көңіл аудару және бірінші кезекте Қызылқұм, Егізлақ, Жіліншік және басқа құмды массивтердің жер асты суларын барлау;.
г) Сауысқан, Түйесу және Сам құмды массивтерінің режимдік бақылаулар мен баланстық жұмыстардың нәтижелері негізінде пайдалануды ескере отырып, бекітілген, ертеде пайдаланылған жер асты суларына қайта бағалау жүргізу;.
д) шипалы минералды суларды, бірінші кезекте Шевченко, Жаңа Өзен және Форт-Шевченко қалаларына жақын орналасқан шипалы минералды суларды, сондай-ақ Қаратау тауының таулы аудандарындағы асханалық минералды суларды бір мақсатқа бағындырылған іздестіру жұмыстарын жүргізу;.
е) Кетік, Саура, Керіз, Сулықапы, Қамысты аңғарлары мен басқа көптеген учаскелердегі неғұрлым қолайлы геологиялық жағдайларда тұрған жер асты суларын қоймалау мәселесімен.барынша айналысу;.
ж) селолық елді мекендерді, бірінші кезекте совхоздар мен фермалардың орталық усадьбаларың жер асты су құбырлары мен тұщы су есебінен орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету ісін жүзеге асыру. Осы мақсатта жылжымалы су тұщыландырғыш қондырғылардың қолданылуын барынша кеңейту және мемлекеттік электр желісінен барлық елді мекендерге электр линиясын жүргізу;.
з) су шаруашылығы құрылыстарының қарқынын күшейту және суды пайдалануды жақсарту үшін Маңғышлақ облысында;.
- өзінің автошаруашылығы және темір бетон бұйымдары заводы бар «Водстрой» тресін ұйымдастыру;
- су шаруашылығы құрылыстарын жобалау жөніндегі филиалды ұйымдастыру;
- су ресурстарын таусылудан және ластанудан қорғау мәселесімен айналысатын органдарды ұйымдастыру қажет.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру