TELEGEI

Home

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы

Уәлихан Қалижанов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы

Кітапқа ұлы ақын, ойшыл Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының кемеңгер тұлғасы мен ақындық таланты туралы қазақтың белгілі ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің зерттеулері мен мақалалары еніп отыр. МАЗМҰНЫ Құрастырушылардан - 5 Назарбаев Н.Ә . Абай туралы сөз - 8 І. Абай өмірбаяны Әуезов М . Абайдың туысы мен өмірі - 27 ІІ. А байдың ақындығы Бөкейханов А. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы - 88 Байтұрсынұлы А. Қазақтың бас ақыны - 9

«ҒЫЛЫМИ ҚАЗЫНА»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ

БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ

ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫ

Алматы 2013

Қ 26 УДК 821.512.122.0 ББК 83.3 (5 Каз) Қ 26 АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЙҰЛЫ. – Алматы, «Әдебиет Әлемі», 2013. – 500 бет. ІSBN 978-601-7414-20-7 Кітапқа ұлы ақын, ойшыл Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының кемеңгер тұлғасы мен ақындық таланты туралы қазақтың белгілі ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің зерттеулері мен мақалалары еніп отыр. Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қалижанов У.Қ. (төраға), Әлібекұлы А. (төрағаның орынбасары), Қалиева А.Қ. (жауапты хатшы), Ананьева С.В., Әзібаева Б.У., Әлбеков Т., Елеукенов Ш.Р., Ерғалиева Р.Ә., Күзембай С.Ә., Қирабаев С.С., Қонаев Д.А., Қорабай С.С., Қосанов С.Қ., Мұқан А.О., Ісімақова А.С. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Жалпы редакциясын басқарған – У.Қ. Қалижанов, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті. Жауапты редактор С.С. Қорабай УДК 821.512.122.0 ББК 83.3 (5Каз) © М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, 2013. ІSBN 978-601-7414-20-7 © «Әдебиет Әлемі» баспасы, көркемдеу, 2013.

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
«Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы аясында жарық
көретін

«Ұлы
дала
тұлғалары»
сериясының

әдебиет
қайраткерлеріне қатысты томдарын дайындап жариялау ісіне
қатысуда.
Аталған сериялық басылымның негізгі мақсаты – қазақ

тарихындағы аса көрнекті қайраткерлердің сан қырлы тұлғалық
қасиеттерін ашып көрсетіп, ұлттық руханиятқа қосқан үлестерін
бағалау.
Оқырманға ұсынылып отырған «Ұлы дала тұлғалары»

сериясының кезекті томы қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының талант қырларын ашуға
арналып отыр.
Абай – әлемдік тұлға. Ол өз халқының мұң-мұқтажын,

қоғамдық-философиялық ойларын, мәдениеті мен әдебиеттегі
көркемдік ізденістерін жаңа сапаға көтерді. Ұлы ақынның арман-
тілегі бүкіл адамзаттың ең биік асыл мұраттарымен де үндесіп
жатыр. ХХІ ғасырда кез келген қоғамның парқын, түптеп келгенде,

адам сапасымен өлшеу үрдісі бірінші орынға шығып отыр. Бұл
ретте Абай армандаған «бүтін адам», Абай көксеген «толық
адам» тұжырымдамасы ең озық ой-идея ретінде бүгінгі зерделі
оқырманды да бей-жай қалдырмайды. Абайды тану арқылы біз өз

болмысымызды танып, болашағымызды бағдарлаймыз.
Әлем
халықтарының
рухани

өміріндегі
жарық
жұлдыздарының бірі Абай екендігін жете бағалаған ЮНЕСКО
халықаралық беделді ұйымы өз шешімімен 1995 жылды Абай

жылы деп атады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойын әлемдік
деңгейде атап өту жеке тәуелсіз ел атанған халқымыз үшін

үлкен абырой болды. Дүние жүзінің ұлы тұлғаларының тойлары жүз жылда бір рет аталып өтетінін ескерсек, бұл Қазақстанға көрсетілген үлкен құрмет еді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей де белсене араласуының арқасында 1993 жылы ЮНЕСКО-ның 27-ші бас сессиясында Абайды әлемдік деңгейдегі даңқты адамдардың қатарына қосып, туғанына 150 жыл толғанын бүкіладамзаттық ортақ мерекеге айналдыру туралы шешім қабылдануы біздің еліміздің жаңа тарихындағы жарқын бір белес болып тарихқа енді. Абай ұлылығы мен дүниетанымы бір ғана халықтың шеңберіне сыймайды, данышпан ақынның дана ой-тұжырымдары мен шығармалары бүкіләлемдік мәдениетке қосылған алтын қор екенін назарға алсақ, біздің де негізгі мақсат-міндетіміз Абай әлемінің бар құдіретін, болмыс-құпиясын төрткүл дүниеге барынша жан-жақты таныту, сол арқылы халқымыздың мәдени даму айшықтарын, ұлттық ерекшеліктері мен рухани жетістіктерін әлемге әйгілеу. Ұсынылып отырған томның да басты мақсаты ұлы ақынның тылсым талантына тереңдеп барып, баға жетпес мұрасын кеңінен насихаттау. Томды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлы ақынның 150 жылдық дүбірлі тойына арналған салтанатты жиналыста жасаған «Абай туралы сөз» атты баяндамасы беташар мақала ретінде ашып отыр. Одан әрі том Абайдың өмірі мен шығармашылығын жанжақты көрсеткен тоғыз бөлімнен тұрады. «Абай өмірбаяны» бөлімінде абайтану ғылымының негізін салған академик-жазушы М.О.Әуезовтің «Абайдың туысы мен өмірі» атты 1933 жылы жазылған зерттеуі берілсе, «Абайдың ақындығы» атты келесі бөлімін Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде бірінші ғылыми пікір білдірген алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 1905 жылы жариялаған «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы» атты азанамамақаласы ашып, одан кейін Абайдың 1909 жылы Сантк-Петербургте жарық көрген тұңғыш өлеңдер жинағына алғаш пікір жазған аса көрнекті алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» мақаласы, осыдан соң Абай туралы бағалы ой айтқан көрнекті алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының «Абай» атты мақаласы жарияланып отыр. Осы бөлімде 1934 жылы ұлы ақынның қайтыс болуының 30 жылдығына байланысты жазылған

көрнекті филолог-ғалым Құдайберген Жұбановтың «Абай – қазақ
әдебиетінің классигі» атты айшықты мақаласы берілді.
Одан кейін қазақ әдебиетінің классиктері Сәбит Мұқановтың
«Абай қазақ халқының ұлы кемеңгері», Ғабит Мүсіреповтің

«Қазақ әдебиетінің өркендеу жолындағы Абайдың тарихи орны»,
академик Серік Қирабаевтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі»
атты мақалалары жарияланып отыр.
«Абайдың ақындық шеберлігі» бөлімін академик Зәки

Ахметовтың осы аттас зерттеуі қамтыса, «Абайдың қара сөздері»
атты төртінші бөлімде осы тақырыпты арнайы зерттеген филология
ғылымының докторлары, профессорлар Ханғали Сүйіншәлиевтің
зерттеуі мен Жұмағали Ысмағұловтың жаңа пайымдаулармен

жазылған мақаласы берілді.
«Абай хакім» бөліміне философ-ғалым Ғарифолла Есімнің
осы тақырыптағы зерттеуі енді. «Абайдың рухани әлемі» бөлімін
абайтанушы-ғалым Мекемтас Мырзахметұлының «Абайдың

адамгершілік мұраттары» атты зерттеуі толық ашып, «Абайдың
ақындық мектебі» бөліміне М.Әуезовтің талантты шәкірті,
абайтанушы-ғалым Қайым Мұхамедхановтың «Абай төңірегендегі
ақындар» атты Абайдың ақындық мектебіне байланысты 1951

жылы жазылған кандидаттық диссертациясынан үзінді жеке
зерттеу ретінде берілді. «Абай шығармаларының тілі» бөліміне
белгілі тілші-ғалым, академик Рәбиға Сыздықованың «Абайдың
сөз өрнегі» атты зерттеуі енді.

Томның тоғызыншы бөлімі Абайдың композиторлық қырларын
ашуға арналып, бұл ретте академик Ахмет Жұбанов пен өнертану
докторы, профессор Сара Күзембаеваның мақалалары жеке берілді.
«Абай және әлем әдебиеті» бөлімін академик З. Ахметовтің осы

тақырыптағы шағын мақаласы қорытындылады.Томның соңына
қорытынды ой түйген ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті Уәлихан
Қалижановтың «Жұмбақ адам» атты мақаласы тұжырым сөз
ретінде берілді.

«Ұлы дала тұлғалары» сериясының осы томын құрастырып,
ғылыми мәтіндерді түпнұсқалары негізінде баспаға дайындаған
филология ғылымдарының кандидаттары, доцент С.С.Қорабай
(түсініктерін жазған), Д.Б.Мұхамадиев пен кіші ғылыми қызметкер

Н.Биғараева.
Томның көлемі – 500 б.

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті АБАЙ ТУРАЛЫ СӨЗ Ардақты отандастар! Қадірлі меймандар! Бүгін – ұлы мереке. Халқымыз ең аяулы перзенті мен ең дана ұстазына мәңгі өшпес махаббатын білдіруге жиналып отыр. Оның дүниеге келгеніне әр он жыл толған сайын осылай бас қосып, өткеніміз бен кеткенімізді, жеткеніміз бен жетпегенімізді бір сарапқа салып алу әлдеқашан әдетімізге айналған. Соның әрқайсысында Абайдың аты жаңаша асқақтап, халқымыздың мәртебе-мерейі жаңа биікке көтерілумен келеді. Бір кезде абзал ақынымыздың асыл мұрасының таптық идеология табанында тапталып қалмай, жаңа ұрпақтармен бірге жасайтын мәңгілік құбылысқа айналғанына қуандық. Кейін оның қадір-қасиетінің өз аумағымызбен шектеліп қалмай, іргелес халықтар мен елдерге де кеңінен танымал бола бастағанына масаттанып марқайдық. Ал бұл жолғы сүйінішіміздің жөні тіпті бөлек. Ол үшін бір-бірімізді қуана құттықтап, бір-бірімізден шүйліге сүйінші сұрасақ та ешқандай ерсілігі болмас еді. Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. Бұл жолғы тойдың төріне сол көксеген мұратына жетіп, барша әлемге аты қадірлі, сөзі өтімді, пікірі қымбат Адамзат ардағы, Адамзат ақыны, Адамзат ақылманы болып көтеріліп отыр. Бұл жолғы салтанаттың Алматы мен Семейден, Қарауыл мен Жидебайдан басталмай, Батыс пен Шығыстың іргелі елдерінен, Еуропа мен Азияның ең беделді мемлекеттерінен, Мәскеу мен Стамбул, Париж бен Пекин сынды әлеуметтік астаналардан басталғаны да соның айғағы. Бұл – бүкіл планетамыздың мәденирухани тынысын жүйелеп отырған аса беделді халықаралық ұйым – ЮНЕСКО-ның біздің жеке өтінішімізді ыстық ықыласпен

қабылдап, мұндай шаруаның қалыптасқан жылтізбелік үрдісін
алғаш рет бұзып, оны дүниежүзілік деңгейде өткізуді өзінің биік
құзырына алуға шешім қабылдағанының арқасы.
Біз бұны енді ғана тәуелсіздік алып, адамзат қауымдастығының

тең құқылы мүшесі ретінде енді ғана санатқа кіре бастаған
ежелгі халқымыз бен жас мемлекетімізге көрсетіліп отырған
үлкен ықылас, биік саяси-рухани қолдау деп бағалаймыз.
Күллі

қазақстандықтардың
атынан

ЮНЕСКО

ұйымына,
оның Бас директоры, бүгін ортамызда отырған аса сыйлы
мейманымыз, көрнекті қоғам қайраткері, әлемге мәшһүр ақын,
аса қадірменді Федерико Майор мырзаға шын жүректен шексіз

ризашылығымызды білдіруді айрықша парыз санаймын. Сондай-
ақ Абай мерекесін атап өткен, атап өтпек, мұрасын насихаттауға
белсене үлес қосып жатқан, бүгінгі салтанатқа өздерінің беделді
өкілдерін жіберіп отырған барлық мемлекеттер мен халықаралық

ұйымдарға шын жүректен алғыс айтамыз. Бұл демократия мен
гуманизм мұраттарының әлемдік кеңістікте түбегейлі жеңістерге
жетуінің нәтижесінде қалыптаса бастаған жаңа рухани ахуалдың
айқын айғағы деп білеміз. Ағайын бір өліде, бір тіріде деген

осы. Қуанышы мен қайғысы ортақ рухани бауырмалдықтың
әлемдік деңгейде орныға бастауы біздің ертеңге деген сенімімізді
нығайта түсері хақ. «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ
жаушыдан», – дейді қазақ. Ақ пейіліміз бен адал ниетіміздің

асыл көрінісіндей Абайымыздың әлемдік татулық пен ынтымаққа
өз үлесін қосатын рухани мәмілегерлігіне кіріскеніне ерекше
тәнті боп отырғанымызды да жасыра алмаймыз. Ері елінің атын
шығарады, елі ерінің атын шығарады деген де осы. Біз бүгінгідей

тарихи кезеңде, адамзаттық қауымдастыққа енді танылып,
сенімді ықпалдас, сертке берік серіктес ретінде алғаш рет бой
көрсете бастаған кезімізде беделімізді асырып, рухани бедерімізді
айқындай түсетін Абайдай беліміз барлығына шүкірлік етеміз.

Сондай беліміздің атын аспандата ұлықтай алатын еліміз барына
да шүкірлік етеміз. Құдайдың бізді бұндай күнге жеткізгеніне де
тәуба дейміз. Сондай кезеңде өмір сүріп, сондай ел мен сондай
қоғамға жан-тәнімізбен қызмет ету маңдайымызға жазылғанына да

мың қайтара тәуба дейміз. Оны сезіну біздің үмітімізді нығайтып,
жігерімізге жігер қоса түсетіні анық. Өйткені Абайды Абай қылған
қилы тарихтың қырық қатпар шындығы қазіргі біз бастан кешіп

жатқан заманалық құбылыстармен тікелей жалғасып жатыр. Оның
тағдыры мен рухани ізденістерінің қиыры мен шиырын, тұңғиығы
мен тұтқиылын жіті пайымдап, дұрыс қорытынды шығара білсек,
басымыздағы дәуренмен талай сабақтастықты танып, бүгінгі

ахуалымызды да салиқаландыра түсетін талай мән мен нәр таба
алар едік. Абайдың сол заманда осылай толғанып, осылай жазбауы
қандай мүмкін болмаса, біздің бұл заманда осылай қиналып,
осылай әрекет етпеуіміз сондай мүмкін еместігін түсінер едік.

Қадірменді қауым!
Ерекше жағдай, ерекше ізденістер мен ерекше әрекеттерге
бастайтыны белгілі. Ерен талант пен ерен жігер де сондайда керек.
Әрдайым алға ұмтылып, биікке ұмсынған адамзат нәсілі ешқашан

толас таппаған және таппайтын рухани күресіне адастырмас
нысана, алжастырмас бағдар сілтеп бере алатын көреген көсем
тұлғаларды әрдайым сусай аңсаған, әрдайым төбесіне көтере
құрметтеген.

Өйткені ақыл табылмай тұрып, ештеңе табылмайды. Ол
жетілмей тұрып, ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат,
өзгелердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін көгерте алмайды.
Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл. Онсыз қоғам

дамудың даңғыл жолына түсе алмай үйреншікті үрдістің солғын
соқпағынан шыға алмай, заманалар шырғалаңында басы айналып,
дағдарыс хал кешеді. Ондай дағдарыстан шығар жолды тарих пен
табиғаттың айрықша пейілі түскен періште ниет, пайғамбар тектес

перзенттері ғана сілтеп бере алады.
Абай да дәл сондай балағат заманда ғаламат тәуекелге бара алған
ерекше парасат пен ерекше рух иесі. Соның арқасында ол бүгін
күллі адамзаттың абыройы аласармас рухани сардарларының біріне

айналып отыр. Оны туғызған дәуірді кеңінен қарастырмайынша,
одан қалған мұраның тереңіне бойлай алмаймыз.
Ол қазақ тарихының айрықша ауыр кезеңі еді. Жер шарының
неғұрлым көп бөлігін иемденуге тырысқан империя Орталық

Азияны көктей өтіп, шығыс пен күнгейге тереңдей енуді көздеген-
ді. Сондай стратегиялық мақсаттың дәл өтінде тұрған ел Қазақстан
болды. Басқадан айрылса да, одан айрылмау саясаты алғаш рет
сол кезде бой көрсетті. Ел билеудің тарихи қалыптасқан ұлттық

жүйесі біржола мансұқталды. Метрополияның өзіндегі билік
түрлері күштеп енгізіле бастады. Әуелі қазақтың әр ұлысынан

бірнеше ергежейлі хандықтар құрылып, этнотерриториялық
тұтастық бұзылды. Сосын әр хандықтың халқы мен жері ата-атаға,
ру-руға бөлінетін жігімен ауыл-ауылға, болыс-болысқа бөлінді.
Сөйтіп, сойылған тоқтыдай ұшаланып-мүшеленген хандықтар

дербестіктен айрылып, көрші губерниялардың құрамына күштеп
кіргізіліп, кірме күн кешті. Одан хандықтар дуандарға бөлініп,
бекзаттардың орнына патша үкіметі тағайындаған «сенімді
қазақтарға» басқартылды. Солай дәстүрлі ішкі жымдастық әбден

жойылған кезде, ел, ауыл, болыс, уезд, облыстарға бөлінетін
түзіліммен қайта құрылды. Ең төменгі ауыл мен болысты жергілікті
атқамінерлер, уезд бен облысты патшаның әскери шонжарлары
биледі. Осылай қазақтар өз жерінде өзі кірме боп қалды. Ұлттық

түгілі, рулық-тайпалық тұтастықтан ажырап, ауызбірліктен атымен
жұрдай болды. Солай қожыраған халық пен қоныс жоғарының
нұсқауымен алты облысқа бөлініп, көршілес Сібір, Орынбор,
Астрахан, Түркістан губерниясына, ал Маңғыстау әуелі Кавказ

сырты, артынан Каспий маңы облыстарына бағындырылды.
Сөйтіп, қазақтар бет-бетіне таратылып, бір халық бір ұлт, бір
ел екенін атымен ұмытатындай күйге жеткізілді. Жер бетінде
отаршылдық көрмеген халық кем де кем болғанмен, бір ғасырда

осыншама көп реформаға ілініп, тоз-тоз болатындай тәлкекке
ұшыраған халық ешқайда да жоқ шығар.
Бұның бәрі отарлық кеңістіктің тұрғындары тарихи қалыптасқан
мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтіре алмайтындай қып,

оларды жер мен судың байырғы иелік құқынан біржолата ажыратуды
көздеп, алдын ала ойластырылған зұлым саясат еді. Қазір бізге
өршелене өшігіп жүрген алтын моншақты саяси қырғилар
мен әншейін айтаққа ерген әулекілердің жаңа бағдарламалары

қай кездегі «саяси қоңсық» екендігін осыдан-ақ айыра беруге
болады. Ондайлар көршілерінің жерін тоз-тоз қып бөліп әкетіп,
өзін салпақтатып малға салып, ата қонысынан табылып жатқан
байлықтан соқыр тиын да татырмай, талтаңдап қалған дәуренді әлі

де көксейді. Сондай кейбір көкімелердің өзі ұлы мәдениет жасаған
ұлы елдің атын малданып, өзгелерге өнеге көрсеттім деп, өз
абыройын өзі түсіріп жататынын қайтерсің?! Ондай ұрдажықтар
ол кезде де аз емес еді. Ел мен жерді ойрандағандарын былай

қойып, сананы да уландыра бастады. Тілін, дінін, тұрмыс-салтын
менсінбеуге, ата кәсібі мен тарихын ұмытуға, өзінен-өзі қорланып,

өзгенің зорлығына бауыр басуға ынталандыратын әзәзіл саясат
ерекше мүттәйімдікпен жүзеге асырыла бастады. Бұраталану
деп аталатын жексұрын құбылыс солай өрбіді. Қармаққа ілінген
жемге жүгірген шабақтай шошаңдаған бұратана сана өзін-

өзі отқа түсіретін көзсіз көбелек дәурен орнатты. Тұтастық
пен ынтымақ ұмытылды. Санап алып оқытып, санап алып
қызметке іліктіру бір жағынан орыстандыруды, екінші жағынан
бақастық пен ішкі араздықты күшейтуді көздеді. Басқаны былай

қойғанда, ағартушылықтың өзіне арамза сипат берілді. Бір ғасыр
бойына жантәсілім жау жағаласпен келген ереуілшіл халыққа
енді әлгіндей қамқорсыған айлашарғының қақпаны құрылды.
Кітаптан гөрі зеңбіректі, мектептен гөрі әскери бекіністерді

көбейтіп жатқан өкіметтен сескенгендер аяқ жетпес шөлдерге
шегінді. Сескенбегендер саяси итаршылыққа жүгініп, есіктегі
жалшылыққа пейіл болды. Шұрайлы жерлер, шырайлы кәсіп пен
қызмет орталықтан әдейі көшіріліп әкелінгендерге ғана бұйырды.

Шет аймақтардың дамуына бөлінетін қаржы тұп-тұтасымен
сырттан қоныстанушыларға жұмсалды. Ал бұратаналарды да
оқуға тартпақ болғандар, патша сарайы ұлықтарының біреуінің
дала губернаторына ашық жазғанындай, «шектен шыққан адам

сүйгіштік» деп келеке етілді. Егер осы ғасыр басында қазақтардан
да санаулы оқығандар шығып, орысша сауат ашқандар бір
процентке жетсе, оған мансапқор дала дәулеттілері мен оқу-білім
аңсаған түздіктердің өз қаражаты жұмсалды.

Жан иесі жарыққа талпынбай тұра алмайды. Өз-өзінен жойылып
кетуге пейіл еш мақұлық жоқ. Халық та солай. Қанша зорлық көрсе
де, зомбылық көрсе де үмітін үзбейді. Өзіндей жұрттардың қолы
жетіп жатқанда өз қолын да жеткізбек боп тырысады. Тап сондай

дәме бұдан сегіз ғасыр бұрын біздің бір жерлесімізді ғылым
іздетіп, күнгей Азияға сабылтқан еді. Өткен ғасырда да тап сондай
талап тұлпарларын ерттеп мінгендер шыға бастады. Бір кездегі
Әл-Фарабидің жанқиярлық талабын Араб халифатының әкелік

қамқорлығы деп қалай айта алмасақ, өткен ғасыр соңындағы
дала азаматтарының білім жолындағы нар тәуекелін де патшалық
самодержавиенің әкелік қамқорлығына жатқыза алмаймыз. Шет
аймақтағылардың да сауатын ашып, білімге тартудың жүйелі

саясаты болды. Бірақ ол біздің даламызға осы ғасырдың екінші он
жылдығынан бастап ене бастады. Демек, оған дейінгі оқу-білімге
ұмтылу – ұлттық болмысымыздың етене зәруліктерінен туындаған

рухани жанқиярлық. Бір экономикалық-қоғамдық үрдістің дәурені
әбден таусылып, екінші бір экономикалық-қоғамдық үрдістің
әбден орныға бастағанын байқаған ұлттық сананың тарихи дамуды
өзінше пайымдаған етене көрегендігі. Ондай құбылысты айдалаға

апарып телу әбестік болар еді. Ұлттық рухани өміршеңдігіміздің
тереңіне бойлай пайымдаудан әдейі жалтару болар еді. Ондай
көзқараспен қарасақ, Абай сынды алып тұлғалардың кемеңгерлік
болмысына атымен маңайлай алмас едік.

Абайдың адам көрмеген жанқиярлығы мен ерен құбылыс
саналардай ерекшелігі – отаршыл кемсітушілік бар жерде
болмай қоймайтын тайсалудың орнына тайталасты, жиренудің
орнына үйренуді, жарамсақтықтың орнына жарастықты, мансап

қуған баққұмарлықтың орнына білім қуған бәсекені сіңістіріп,
ұлтымыздың рухани қайсарлығын атымен, жаңа қасиеттерімен
байытқандығы.
Өйткені халқына жаны шындап ашиын қайраткер орға жығатын

емес, өрге бастайтын жол сілтейді.
Абай да ақыл айтпас бұрын қилы заманның бар қитұртқысын
өз басынан өткеріп көрді. Оның сол кездегі еуропалық
саяхатшылардың аузынан «Дала Цицероны» деген атақ алған

шонжар әкесі ескі мен жаңаға бірдей жорға болды. Ел жақсылары
мен патша әкімшілігіне сөзін бірдей өткізе білді. Сондай аса
ақылды, көреген әке баулыған ұғымтал жас медреседе мұсылманша,
мектепте орысша қатар оқып жүрген жерінен ауылға қайтарылып,

билікке араласады. Ру мен ру, ескі үрдіс пен жаңа үрдіс, рулық-
тайпалық психология мен самодержавиелік отаршылдық бетпе-
бет шарпысқан тартыс пен таластың ортасында жүріп, есесі кетіп
жатқан елінің жоғын жоқтауға күш салды. Бірақ еңбегі зая кетті.

Қандастары қызғанышпен, отаршыл ұлықтар сенімсіздікпен
қарады. Қапа болған жігерлі азамат билікті тастап, ақындықтың
соңына біржола түсті. Қалған жиырма жыл ғұмырын тек қана оқып
білуге, тек қана шығармашылыққа жұмсады. Ол еңбегі, енді, міне,

адамзат ақыл-ойының асқаралы тұлғасына айналдырып отыр.
Ақын Абай қазақтың суырып салма поэзиясын шын мәніндегі
реалистік жазба поэзияға айналдырды. Бұрын-соңды көтерілмеген
тақырыптарды көтерді. Бұрын-соңды үрдіске енбеген жанрларды

үрдіске енгізді. Сырт сипаттау, сырт дәріптеуді қойып, адамның
ішкі жанына үңілетін, болмыстың тұңғиық қалтарыстарын ашатын
аса мәнді философиялық-әлеуметтік лирика туғызды. Шығыс

поэзиясына тән нәзіктік, әуезділік, ойнақылық Батыс әдебиетіне тән жіті зерттеуші зердемен байыды. Егер Абай болмаса, осы ғасырдың басында-ақ азаматтық кемелділікке, суреткерлік салиқалылыққа, стильдік әр алуандыққа, заманмен бірге аттап, замандаспен мұңдас бола алатындай әлеуметтік пайымға ие болған жазба әдебиет мектебі: шын мәніндегі Абай мектебі қалыптаспас еді. Мағжан Жұмабаев, Бернияз Күлеев, Шәңгерей Бөкеев, Шәкәрім Құдайбердіұлы лирикасында, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Ғұмар Қарашев, Халел Досмұханбетов, Мұхамеджан Сералиндердің саяси-ғылыми көсемсөздерінде, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов шығармаларында бар бітімімен көрінген бұл мектеп Абай жүйелеген жаңа ұлттық эстетикалық әлемнің қаншалықты сындарлы екендігін айқын танытты. Түп бастауы осы кәусар бұлақтан басталған көп салалы, көп жанрлы көркем әдебиетіміз ХХ ғасыр зобалаңдары тұсында өз халқына зор рухани медет болды. Тек өз жұртын ғана емес, бұрынғы кеңестік кеңістіктегі, тіпті әлемдік деңгейде талғампаз қауымының сусынын қандыра алатын рухани нәр тауып бере алды. Біз бұның бәрі үшін де бір жарым ғасыр бұрын эстетикалық ойдың тың жазирасына батыл аттаған Абайдың қайсар талантына қарыздармыз. Абай Құнанбайұлының әлемдік санадан өз орнын алатындай елеулі құбылыс болуы тек оның әдеби ізденістерімен шектелмейді. Әдебиет – Абайдың күллі дүниелік болмысқа, адами, ұлттық, кісілік, тарихи, заманалық болмыстарға бойлайтын кәусар дариясы; ежелгі дүниеден мәңгілікке дейін көл-көсір көсіліп жатқан рухани әлемге, рухани ғарышқа, универсиум деп аталатын ғалами дүниенің ғажайып қиырларына шегер бір жағынан азапты, бір жағынан ләззатты сапарының бастау қақпасы, әрі тереңге бойлап, кемелге ұмтылар талпыныстарының алтын баспалдағы болды. Абайдың ойшылдық қарымы мен зерттеушілік тегеурінін де өз заманының шым-шытырық қайшылыққа толы шындығы белгілеп берді. Сол шытырманнан шығар жол іздеп жүріп, ол өз халқының ұлттық бітімін жан-жақты пайымдады. Оның басындағы тақсіретті егжей-тегжейлі талдады. Сөйтіп, кеселіне дауа, келешегіне бағыт қарастырды. Халқына қамқор, ұлтына жанашыр болам деп жүріп, күллі адамзатқа мейірбан гуманистік өреге көтерілді. Кісі мен кісінің

де, халық пен халықтың да арасында бола беретін кикілжіңдердің бәрінен жоғары тұра білді. Ұлықтарды ұнатпағанымен, көрші орыс халқына, басқа да халықтарға зор ілтипатпен қарады. Патшалық билікті мансұқтағанмен, ұлы орыс мәдениетінен тәлім алды. Аз халықты да, көп халықты да бауырластыратын рухани ықпалдастық деп түсінді. Адамға адам баласының бәрін дос санады. Оны батысқа, шығысқа, алысқа, жақынға бөлмей, біртұтас құбылыс ретінде қарастырды. Дала өмірін түзету үшін толассыз жетіліп, толассыз шындалып жатқан адамзаттық қауымдастықтың тыныстірлігіне үңілу қажет болды. Сөйтіп, ол өз дәуіріндегі өз жұртының әлеуметтік болмысымен шектелмей, оны қалай сауықтыру мен сауаттандырудың амалын іздеді. Өз пайымын ортаға салды. Ол қазақ зиялыларының осы ғасыр басындағы әлеуметтік прогреске талпынысына айта қаларлықтай ықпал етті. Онымен қоймай, қазақтың жиырмасыншы ғасырдағы қоғамдық санасына тікелей әсерін тигізе алды. Абайдың әлеуметтік ойшылдығына тереңірек үңілетін тұс – қазіргі кезең. Қоғамымызда түбегейлі өзгерістер болып жатқан бүгінгі күндер. Осы тұрғыдан келсек, дала философы халқына жаны ашу деген онымен қосыла жылау емес, оған өзін-өзі шыңдаудың сара жолын айқындап беру деп түсінгені ешқандай күмән туғызбайтын басы ашық мәселе. Абайды мұндай нартәуекелге бел буғызған, оның осыншалық намысын қайраған қазақ даласындағы кемсітушілік саясат пен оның шашбауын көтерген әлеуметтік көлгірлік еді. Оларды жағадан алып, жағаласа кеткеннен мән шықпайтынын түсінді. Кенесары көтерілісі аяқталар кезде дүниеге келген сәби бесіктен белі шықпай жатып, дербес ел болудан біржола күдер үзіп, бөтеннің көсеуін көсеп, дәреже іздегендердің қырқылжың қырқысын көріп өсті. Тәуелділік мызғымыстай боп орнығып, болары болып қойғаннан кейін аңғал халықты босқа арандату парасаттылыққа жатпайтынына көзі жетті. Есе қайтарудың жолы бар ма? Бар. Абайға айтқызсаңыз: Әуелі мал тап, – дейді. Әйтпесе: «қарыны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын?»... Мал тапса, қарын тояды. Онан соң білім, өнер керек екен...» Өнер-білімді қайдан іздеген жөн? Абайға айтқызсаңыз: «орысша оқу керек, хикмет те, мал да,

өнер де, ғылым да – бәрі орыста зор... Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті. Оны білгенге дүние арзанырақ түседі». Естір құлақ тосырқай тыңдар тосын жауап. Тым пайда қуған, бақ қуған утилитарлық көзқарас емес пе? Мұндай ақылдың патша ұлықтары таратып жүрген пікірден несі өзге? Ұлық жалба тымақты түз адамын кемсіте беруді көздейді. Абай тезірек тең етуге асығады. Оның ұғымында сол астам ортаның «Залалынан қашық, пайдасына ортақ болу үшін де оқуын, ғылымын білмек керек... Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына кіреді де, аса арсыздана жалынбайды». Сонда бұдан шығатын қорытынды: кемсінгеннен мәдениетін меңгеріп, қомсынғаннан біліміңді асырып қана есе қайтара аласың. Әйтпесе, аз бен көптің, күшті мен әлсіздің арасында басқаша теңдік болуы еш мүмкін емес екен. Әншейін қиқарлықтай көрінетін бұл қағидасын Абай өз өмірімен дәлелдеп шыға алды. Айдаладағы киіз туырлықты ауылда жатып орыс классикасын түгелге жуық оқып қана қоймай, шетінен қазақшаға аударып, ел арасына насихаттаумен шұғылданды. Ол аз болғандай, орыс тілі арқылы Байрон, Гете, Шиллер, Лесаж, Дюма, Мицкевичтерді зерделеп, қазақша сөйлетуге тырысты. Тіпті көне грек, ежелгі Рим дәуірлеріне тереңдеп, Аристотель мен Сократтан бастап, Спиноза мен Спенсерге дейінгі аса көрнекті ойшылдарды шұқшия зерттеді. Дарвинді ақтарып, жаратылыстану жетістіктерімен танысса, Нью-Йорк университетінің профессоры Джон Уильям Дрепердің еңбектеріне ден қойып, Еуропаның ақылой дамуының тарихына, католицизм мен ғылымның арасындағы қарым-қатынас тарихына қанықты. «Менің қағбам енді Батысқа ауысты», – деуі де сондықтан еді. Сезімтал ақын, сергек ойшыл ғұлама дала тіршілігін өзге дүние тіршілігімен салыстыра зерттеп барып түсінгісі келді. Бала кезінен таныс араб, парсы тіліндегі кітаптарды қайта ақтарып, Шығыс поэзиясына, тарихына, философиясына соны көзқараспен қарап, жаңаша баға берді. Әсіресе Табари, Рабғузи, Рашид-әд-дин, Бабыр, Абылғазы еңбектеріне ерекше зейін қойды. Шығыстық логика мен мұсылман құқығын үңіле зерделеді. Өз тұсындағы Кіндік Азия мен Күнгей Азияның мәдени-рухани өмірінен мейлінше хабардар отырды. Абай зердесі тек сыртқы дүниеге ғана назар аударып қоймай, ұлттық болмысты пайымдайтын төл мұраларға да көңіл бөлді.

Қорқыт, Асан Қайғы, Аталық, Сыпыра жыраулар, Қодантайшы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Марғасқа, Жиембет ақындар жырларындағы уайым мен жігер, Бұқар, Төле, Қазыбек, Әйтеке өсиетеріндегі өміршілдік – Абай дүниетанымының ең терең және етене қабаттары еді. Оған тұрандық ғұламалар Қожа Ахмет Йассауи, әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири, Мұхамед ибн Қайс, Хусан Аддин Баршынлегінің еңбектерін қоссаңыз – қазақ ақынының көп қабатты, көп атырапты дүниетанымына еріксіз қайран қалар едіңіз. Екі алып құрлықты алтын кіседей айқара құшақтатып жатқан ежелгі сахарада қалыптасатын ғұламалық ой-сананың қаншалықты терең, қаншалықты кең қарымды, белгілі бір мәдениет, мектеп, ағым ауқымына тұтқындалмайтындай қаншалықты бостан әрі азат болатынына көзіңіз жете түсер еді. Абайдың көзшоласы қандай ұлан-ғайыр кең болса, таңданған, қызыққан, жиренген, құмартқан, алған әсерлері сондай ұлан-асыр, байқаған-түйген парасат-пайымы соншама терең еді. Бірақ оның мұншалық күрделі рухани әлеміне ерекше бір сындарлылық бітіріп тұрған әсер мен ой, сезім мен зерде, әуен мен бейне ара-жігін ажыратпай ай құшақ қауып жататын шынайы адамилық, шынайы азаматтық кемелділік. Неге де болса, даму тұрғысынан қараған, диалектикалық серпін. Тоқмейіл тоғышарлыққа бой бергісі келмейтін шыншылдық пен уайым... Азияның шетқақпай түкпірінде туып-өскен түз ақынына мұндай рухани рационализм, адамгершіл максимализм қайдан бітіп жүр?.. Оның шығармаларына ол кезде Еуропаның өзі түгел мойындай қоймаған, адамды – басты тұлға, адамгершілікті – басты қасиет санайтын қайта өрлеу мұраттары, шын мәніндегі қайта құрушылық көзқарастар қайдан дарып жүр? Оқыған кітаптан ба, заманнан ба, ортадан ба, күнде-күнде көз алдында көлеңдеп тұрған көңілсіз болмыстан ба? Дұрысы – соңғысы. Қара басының өзі ел бағам деп, алысжұлыстан мезі болған, мыңмен жалғыз алысып, әбден қажыған сананы әсіресе сарғайтқан – дүние түгел өзгеріп жатса да, өзгермей қойған дала тірлігі, қыр тұрмысы еді. Далиған даланың қай қиырынан да көзге ұрып тұрған – мелшиген мешеулік еді. Соны әлі ұғып болмаған аңғал жұрт еді. Күні кеше өзінен өзгенің бәріне күлетін ауылдастарын тыңдай

жүріп «бізден басқаның бәрі антұрған, ең тәуір халық біз екенбіз» деп ойлап қалған аңғал ұғыммен айналасына көз тастай барласа, кешегі келеке қылып жүргендердің бәрі озып кеткен... Біреулердің «екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ», саудагеріне дейін «жүрмеген жері жоқ, қылмаған кәсібі жоқ». Біреулері «солдаттыққа да шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды». Біреулерінің «біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз», «біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз», «бағанағы мақтан күлген, қуанған қайда?». Абайдың ақыл-санасын түгел жаулап алған осы сауал, бұның бәрін «елемеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек». Кереңнің басы ахиретте ауыра ма, жоқ па? Ал кеменің басы бұл дүниеде жүріп-ақ әбден дал болары сөзсіз. Бірақ ондай «үнемі уайым-қайғымен жүре аламыз ба? Үнемі қайғыға жан шыдай ма?» Абайдың уайымы бір басының емес, халқының қамы. «Осы мен өзім – қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді... Жек көрсем... сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, ештеңе демей жатуым керек еді», не ортасынан көшіп кетуім керек еді?» Тап осындай бетің ауған жаққа безіп кетердей дағдарысты бір кезде ұлы ұстаздары Йассауи, Қорқыт, Асан Қайғы да көріп еді. Біреуі уайымға беріле-беріле, жауап таппай, тірілей көрге кіріп кетіп еді, біреуі қайда барса да, қазулы көрден басқа ештеңе таба алмап еді, ал біреуі бұндай тығырықтан шығудың жолы күллі халқыңмен жаудың бетіндегі, желдің өтіндегі қырсық шалған қонысты тастап, жер ауып кетуге үндеп еді. Демек, біздің түп дәстүріміз – рухани самарқаулық емес, рухани максимализм. Демек, Абай да сол дәстүрден ауытқыған жоқ. Бірақ, жанға жай таптыратын амалды – безіп кетер жөн іздеуден емес, осы жерде, осы мекенде өз дегеніне қалай жетудін, жолын іздеу деп санады. Желмая мініп, түз кезіп кетпей, қолына қалам алып, ой кезіп кетті. Кезді де, «қайтпек керек?» деген қырсық сауалдың жан жұбатар жауабын тапты: Өзгелер не істеп жатса, соны істеу керек, «басқалармен қатар тұру керек!» Батыс пен Шығыс ғұламаларын ақтара-ақтара келіп, тапқан түйіні: құдайдың өзі де рас, сөзі де рас; ол ешкімге арам бол, қанішер бол, масыл бол деген емес; ендеше құдайға құлақ

аспай, құлық түзелмейді; Құлқың түзелмей тұрып, құлқын арам ішкенін қоймайды; адалға жүрмей, адам түзелмейді; адам түзелмей, қоғам түзелмейді; халық түзелу үшін әркім жекежеке өзін өзі түзеуі керек. Ол үшін «қуанбасқа қуанып, ұялмасқа ұялатынын» қоюы керек. Одан арылтатын жалғыз дауа: еңбек. Абайдың ұғымында: «Еңбек танымды арттырады. Еңбек естіген нәрсені бекіте түседі. Адам алған білімін ретке келтіреді, керектіні керексізден сұрыптап, ақылды болады». Сондықтан да ол еңбекті барша игіліктің негізі, оған деген сүйіспеншілікті адамдық өмірдің басты мәні мен мақсаты деп санайды. Ал жалқаулықты барша қырсықтың, одан туындайтын жарамсақтықты барша қиянаттың, мақтаншақтықты түзетуден үмітін үзген бейшаралықтың түп атасы деп түсіндіреді. Халықты «түзелмейтін қайыршыға» айналдырмайтын амал: «егін, сауда, кәсіп, ғылым», – деп біледі. Ол тек ыждаһат пен ынта бар жерде ғана жүзеге асады. Абайдың: «Құдай саған еңбек етуге жеткілікті күш берді. Бірақ сен еңбек етпейсің. Құдай саған ғылым берді. Бірақ сен оқымайсың. Құдай саған сана берді, сен оны жоғалттың. Сен ерінбей еңбек етсең, шыдамдылықпен іздеп, пайдалы жұмыс жасасаң – бай болар едің», – деп жазғыратыны да сондықтан. «Бай болар едің». Бұл сөз қазақтың құлағына ол кезде түгілі бұл кезде әлі түрпідей тиеді. Аспаннан түскен бес кітаптың бесеуінде де бай болып, дәулет жиюды нысапсыздықтың бірден-бір белгісі ретінде қарастырады. Арғы-бергінің не бір сұңғыла гуманистері де мұндай ақыл беруге дәттері бармаған. Тек Қайта өрлеу дәуірінен кейінгі батыс-еуропалық протестантизм ойшылдары ғана дәулет жиып, мал табуды адамға бостандық әперетін ізгілікті іс деп дәріптей бастаған. Күллі шығыста осыған жуық қағиданы тек конфуцийшілдер ғана тілге тиек ете алған. Ендеше, «ағайында болса, ауызға тиеді», – деген қауымдық мінез-құлықпен отырған қазақ даласында өткен ғасырдың өзінде дәулетті адал еңбекпен келетін игілік санап, бай болуды адамгершілік мұрат санатына дейін әспеттеу Абай үшін нағыз жүрек жұтқан батырлық еді. Бірақ, Абай бас-басына мал тауып, дәулет жиюды кісінің қолына қараған кіріптарлықтан, біреуге көзін сатқан қызғаныш пен масылдықтан, содан өрбитін өштестік пен жауыздықтан, әлеуметтік көлгірлік пен енжарлықтан құтқаратын жол деп қарады. Оны бағаласа, үстемдікке жетудің емес, үстемдіктен бас арашалаудың амалы ретінде бағалады. Оған: «тегінде адам баласы адам баласынан

ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық», – деген пікірі айқын дәлел бола алады. Ол тек еңбек етудің арқасында ғана адам моральдық жағынан кемелденіп, от басына, жас ұрпақ тәрбиесіне, аталық, аналық, достық, жолдастық, туысқандық парызға деген көзқарасты өзгерте алады деп санайды. Әйтпесе, атадан қалған малға масаттанған масыл, ел үстінен күн көрген жымысқы, өзгедегіге көз сүзген өлермен бақастық пен ұрлықты, жалқаулық пен жарамсақтықты, қатігездік пен найсаптықты өршітпесе, үй құлқын да, түз қылқын да түзей алмайды. Абай барша ұғымының шын мәнін ашып беретін бірден бір өлшем – еңбекке көзқарас деп санайды. «Алтыншы сөзінен» мына бір үзіндіні келтірейікші: «Қазақ айтады: «бірлік болмай тірлік болмайды», – деп. Сондағы айтып отырғаны қай бірлік?... Қазақ ойлайды:.. Ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не зиян? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес... Бірлік малға сатылса антұрғандық... ағайын алмай бірлік қылсын... сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, не шаруа іздейді... әйтпесе, әуелі біріне бірі пәле іздейді... Мұның қай жерінен бірлік шықты? «Ырыс алды – тірлік» дейміз. Қай тірлік?...жаны кеудеден шықпағандық па? Ондай тірлік итте де бар... ол айтылған тірлік бұл емес. Көкірегің, көзіміз тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың». Айтудай-ақ айтқан емес пе? Жалпы, біз қазір қолға алып жатқан көп бастаманың дәйектемесін басқа жатқан іздеудің қажеті жоқ. Бәрін де Абайдан табасың. Бүгінгі халықаралық жағдайларға байланысты ұстанып отырған мемлекеттік ішкі-сыртқы саясатымызға да жауапты Абайдан табуға болады. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген жолдардан халықтар достығы ақын үшін қатар өмір сүрудің жалаң дипломатиясы ғана емес, тіршіліктің негізгі мағынасын айқындайтын ұлы мұрат екені көрінеді. Ақын көзқарасын қазіргі тілге салсақ, өзге елдермен достық қарымқатынаста, ынтымақтастықта болу саясаты біздің ел болып қатарға қосылуымыздың алғышарттарының бірі. Өзге өскен ел не істесе

соны істе, ғылымын, мәдениетін меңгер дейді Абай. Ол үшін
өзгелермен мәдени, экономикалық, саяси араластық керек, оның
аты, бүгінше айтсақ, интеграция.
Ал «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» – деген

сөздері шын мәнінде ұлт болып ұюымыздың негізгі шарты. Өз
халқымыздың мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік керек
пе? Керек. Ендеше, Абай сөзін тереңірек ұғынып, онымен өзгелерді
ұялтуға емес, өзімізді өзіміз ұялтуға тырысайық.

Өзгеше тарихи жағдайда өмір сүрген қазақ халқына бұдан
әрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын, заман талабына
сай еңбек етіп, кәсіпті, сауданы меңгеру керектігін де бірінші
айтқан Абай. Яғни қазақ қауымына әлеуметтік реформаны да,

экономикалық реформаны да бірінші ұсынған – Абай.
Жерінен, суынан, тәуелсіздігінен, билігінен айрылған қазақты
құтқарудың жалғыз амалы – оның рухани әлемін, елдік, адами ізгі
қасиеттерін сақтап қалу екенін, сонда ғана оның ұлттық сипатын

аман алып қалуға болатынын ақын жақсы түсінді. Сол үшін жан
аямай күресті.
Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары күні бүгінгі
нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді.

Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған
қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені
жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан
айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ақ, көштің басын баяғыда-

ақ жөнге салып алуға болатын еді. Сорлатқанда біреудің уақыты
жетпейді. Біреудің ұғымы жетпейді, біреудің атымен зауқы жоқ.
Әйтпесе, көп дүние әуелі сол әркімнің өзін-өзі түзей
алмағандығынан өрге баспай жатыр емес пе?!

Өз халқын «жұрт болсын, өссін, өнсін» дейтін әрбір азамат
әуелі Абайды оқысын, Абайға құлақ ассын. «Егерде есті
кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса
жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!

Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не
білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды күнінде өзің өкінбестей
қылықпен өткізіпсің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де
білмей қалыппысың?» – деген ақын сөзін еске алайықшы.

Егер әркім баяғыны қойып, өзгеріске ұшыраған он жыл
тәуелсіздік алғаннан бергі төрт жыл ішіндегі тіршілігін оймен
шолып көрсе, қанша мүмкіндікті қапы жібергенін, қаншама

нәрседен ғапыл қалғанын айқын аңғарар еді. Әуелде ағайынға,
кейін өкіметке қол жайып қалған, өз қамын өзі жемей, өзгеден
жәрдем күтетін әлеуметтік енжарлық көп азаматымызды әліге
дейін шұғыл өзгеріп жатқан уақыт талабына икемделгізбей

келеді. Соның салдарынан, бейқамдық пен бейқарекеттіктің
қырсығынан сыртта өндіріс пен шаруа, үйде тұрмыс күйзелуде.
Біреуден нұсқау күтіп, әркімге қол жайып, айтпасаң білмеу,
ақырмасаң түсінбеу кесірінен амалдың орнына айла, істің

орнына сөз, ұсыныстың орнына қолқа, дәлелдің орнына сылтау,
ақыл-кеңестің орнына өкпе-бопса айту бел алып барады.
Тарихтың берген мүмкіндігі мен табиғаттың берген байлығы,
әлі де болса, орнын таппай, босқа зая болып жатқаны жанға батады.

Ол үшін сыртқа өкпелейтін ештеңе жоқ. Тәуелсіздігімізді уақтылы
мойындады. Қолқабыс-көмектерін ұсынды. Экономикамызды,
әлеуметтік-мәдени
дамуымызды

көтеру
жолында
бірлесе
әрекеттенуге әзір екендіктерін білдірді. Жан-жағымызбен тату-

тәтті қарым-қатынастамыз. Алыспен де, жақынмен де алысып-
берісіп жатырмыз. Нағыз іскер ахуал орнатуға не керектің бәрі
бар, жетпейтіні: Абай айтқан ынта мен ыждаһат, білуге ыждаһат,
үйренуге ыждаһат, еңбектенуге ыждаһат күшеюдің орнына

әлсіреп бара жатқандай. Оның орнына Абай айтқан қырсыздық
пен қияңқылық, «өтірік пен өсекті жүндей сабаған» дәукестік пен
даңғойлық, «өз елін өзі аңдыған» ұрлық пен «жүз қараға екі жүз
аларман бар» көрсе қызарлық, «қозғау салып қоздырғыш» жікшілдік

пен «сөз қыдыртқан, жұрт құтыртқан партияшылдық» азаяр емес.
Экономикалық белсенділікті, Абайша айтсақ, «өз жерімен, өз елімен
ойрандасып, ойсыздарға қойнын ашып, мал шашумен», «халыққа
қайыры бар іс бітірмей», «қардың суы сықылды тез суалар, еңбек

қылмай табылар мал-дәулет» қуумен, саяси белсенділікті дау жоқ
жерден дау іздеумен, жау жоқ жерден жау іздеумен, әлеуметтік
белсенділікті, ұрынарға қара таппай жүретін ұрдажықтықпен, әр
нәрсеге бір тұмсық тығатын тіміскілікпен шатастырып алу етек

жайып барады. Бұған ренжімегенде, неге ренжисіз? Өзімізге өзіміз
өкпелеуге мәжбүрміз. Соның бәрі «шала мейір шала байқайды»
демекші, тәуелсіздігіміз бен бостандығымыздың қадірін шала
ұғып, шала бағалаудан шығып жатқан кеселдер. Осы тұста

ұлы ақынның: «Бәйгеге ат қоссақ, атыңды тартыспайтын ағайын,
атың келсе, бәйгесіне өкпелейтіні қалай?.. Тыныштық іздеп, таба
алмай жүрген жұрт тыныштық көрсе, сәтке тұрмай, тыныштықтан

жалыға қалатұғыны қалай? Кеселді ер кісі келетұғыны несі? Кедей кісінің кер келетұғыны несі?.. Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке серттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай кетпейтұғыны қалай?» – деген сөздері ойға келеді. Осы бір жан айқайының бүгінгі біздің қоғамға да қатысы бар екенін естен шығармасақ болғаны. Өздеріңіз жақсы білесіздер, бас қосқан ұлы жиындардың бәрінде де мен халқымыздың бірлігі мен татулығы туралы айтпай қалған емеспін. Өйткені, әлімсақтан белгілі, ел болудың амалы – ішкі бірлік. Тарихтың барлық кезеңінде даудан да, жаудан да қазақ ұтылса, тек бірлік пен татулықтың аздығынан ұтылды. Абайдың да өзегін өртеген қайғы осы болатын. Егер елде бірлік болса, Абай: «Бас басына би болған өңкей қиқым Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын!... Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ, Сапырылды байлығың, баққан жылқың. Баста ми, қолда малға «талас қылған, Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқың», – деп өкінер ме еді? Бірақ, Абай тағы да былай дейді: «...бұрынғы атабабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінез қайсы десең, әуелі, ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көші-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. «Екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін», – деп жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі де өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей, қайтеді?! Екіншісі – намысқор келеді екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен:... «Ағайынның азары болса да, безері болмайды», – деп, «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», – десіп.

Кәнеки, осы екі мінез қайда? (Абайдың «Қара сөздері», 39-сөз).
Ел болудың қағидасындай болған, пәтуа мен бірліктің көзі

– осы екі мінез дәл бүгін ұлт тағдыры шешілер тұста біз үшін

бұрынғыдан да керегірек секілді.
Рас, мен қазір Абайша ашынып, бұл екі мінез бізде мүлде жоқ
деп айта алмаймын.
Өйткені, отандастарым маған екі мәрте мәрттік жасап, екі тізгін,

бір шылбырды сеніп тапсырып отыр. Олар үдесінен шықты. Мен
де уәдемнен шығам: бәрің де бауырым болғансын, мен де қарап
қалмаймын, қамдарын жеймін. Олардан бөлек уайымым да жоқ,
олардан бөлек қайғым да жоқ. Нені де болса, елмен бірге көремін,

елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін.
Сондықтан да, мынау өтпелі дәуірдің қиын қыспағынан
тездетіп шығу үшін жүйелі билік керек екендігін сезініп, жағдайды
пәрмендірек түзеу үшін, бірақ заңсыздыққа ұрынбай, бәрін де

заңға сәйкес атқарып шығу үшін Ата Заңымыздың жаңа жобасын
көпшілік талқысына ұсындым. Жұртшылық зор ықыласпен
зерттей танысып, ұсыныстарын, ескертпе, пікірлерін білдірді.
Айтылған сын аз болған жоқ. Ащы деп апшымадым, тәтті деп

тамсанбадым. Бәрі де ескерілді. Мұқият сұрыпталды. Сарапқа
салынды. Түпкілікті жобаға қосатын үлесін қосты. Бізге керегі

– өтпелі кезеңнің тар көпірінен тезірек өткізіп, өзіміз көздеген

адам мүддесі аяққа басылмайтын, әркім өз бақытын, өз талайы
мен талабына қарай табатын әлеуметтік әділетті қоғамның заңды
кеңістігіне тезірек жеткізетін түп құжатты қабылдау. Егер Ата
Заңымызды халқымыз қолдап шықса, сөз жоқ, әлгі айтылған

елдігіміздің екінші мәрте сипаты да жарқырап көрінген болар еді.
Солай болатынына кәміл сенемін.
Бұл орайда басын ашып айтатын бір мәселе: біз экономикадағы
реформадан қандай бас тартпайтын болсақ, демократиядан да

сондай бас тартпаймыз. Өйткені демократиялық бостандық жоқ
жерде экономикалық бостандық та болмайды. Біз сол бостандыққа
қол байлау болатын тұстарды ғана түзетеміз. Әйтпесе, уақытша
қиындықтарды пайдалана қойып, жеке үстемдік құратын Жертәңірі

болайын деп жатқан ешкім де жоқ. Ондай байбалам, шынында
да, Абай айтқандай, кейістікті күндестікпен, тыныш отыра
алмағандықпен шатыстырып алып жатқандардың аузынан шығуы
мүмкін. Біздің далада арғы-бергіде қырсыздыққа көп төзгенмен,

қиянатқа көп төзе қоймағанын жақсы білемін. Өзім үшін емес,

елім үшін толғанамын: бір басыма керекті қай күнде де табармын.
Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам деп қам жеп жүрмін.
Онымды алыстағы, жақындағы саясатшылардың кейбіреулері
түсінбегенмен, халқымыз жақсы түсінгеніне ризамын.

Қысқасы, Абай армандары – тек бір ғана ұлт ұстанатын мұраттар
емес, күллі адамзат ұстанатын мұраттар. Қазақ топырағында оның
орайын келтіруге мүмкіндік енді туып отыр. Мына сіздер мен
біздерге үлес боп тиіп отыр. Өйткені, біз осы далада өмір сүрген

ұрпақтардың ішінде әлгіндей мүмкіндікке қол жеткізіп отырған
ең алғашқы және бірден бір ұрпақпыз. Сондықтан ұлы-ойшыл
демократ, ұлы рухани реформатор Абайға ең жақын, ең етене
ұрпақ та тек бізбіз. Мұндай жақындық, мұндай етенелік бізге,

тарих алдында үлкен жауапкершілік жүктейді. Асыл ұстаз өсиет
еткен абзал мұраттардың тек қиял боп қалмай, нақты шындыққа,
нақты әлеуметтік болмысқа айналар-айналмасы, мына біздерге
байланысты.

Оның шығармаларындағы шынайы гуманизм, адам мүддесіне
деген айрықша ынта, айрықша қамқорлық, өмірдің көзіне
жалтармай қарайтын шыншылдық, енжарлықты, шалағайлықты,
қиянатты, сұғанақтықты жегідей жек көретін рухани максимализм

біздің бүгінгі жүзеге асырмақ бастамаларымыздың да басты
сипатына, басты мазмұнына айналуға тиісті.
Абайдың айтуынша, адамның бақытты болуы үшін, оның ынтасы
мен сол ынтаның мақсатына жетуіне былайғы жұрттың ықыласы

керек. «Достықты достық шақырады», – дейтіні де тегіннен-тегін
емес, сондықтан да ол ұлттық бүтіндік, ішкі татулық, уыздай
ұйыған ынтымақты көп аңсады. Ал халық дегеніне жету үшін оған
да өзін қоршаған ортамен дәл сондай ынтымақ пен ықпалдастық

керек. Бұл біздің таңда тағдырымызды шешетін ең басты тарихи
факторлардың бірі.
Біз де бүгін ұлтішілік татуластыққа да, ұлтаралық татуластыққа
да, әлемдегі барлық ел, барлық халықтармен ынтымаққа да,

мәдениеттер арасындағы сабақтастыққа да Абайша қарап, Абайша
қастерлеуге ерекше мән береміз.
Қорыта келсек, бүгін таңда бәріміз ұлықтап отырған ұлы
ақылгөй осыдан бір жарым ғасыр бұрын өз тұсындағы өркениеттен

атымен шетқақпай жатқан аймақта жүріп-ақ, тек бүгінгі өркениет
қана қамтамасыз ете алар адамдар мен халықтардың бостандығы
мен жарастығына негізделген, ізгілігі мен игілігі бірдей биік

дамыған азат қоғамның қандай болмағы керек екендігін де дәл
пайымдай алыпты.
Ал бүгін сол асыл жүрек, абзал ақыл дұрыс сипаттаған
кемелділік қоғамын ойдағыдай жүзеге асырып шыға алатын

моральдық мүмкіндік бізде бар. Ақын армандаған ғылым да, өнер
де, кәсіп те, білім де баяғыдай таңсық емес. Халқымыз сауатты,
мамандарымыз білікті. Еліміз тату.
Қоғамның үштен бірі – отызға толмаған жастар. Тек сауатқа

сәйкес қабілет, білімге сәйкес сана, жастыққа лайық жалын жігер,
жасампаздық болса, Абайдың қолы түгілі аузын байлаған ізгі
мақсаттарды іске асыруды уақыттың өзі талап етіп отыр.
Абай жылын өткізген жақсы. Абай жырын жаттаған дұрыс. Ал

оның терең ойы мен өжет пікірі тек айта жүрер әңгіме болмай,
күнбе-күнгі тірлігімізге бір кірпіш боп қаланып жататын нақты
іске айналса, тіптен құба-құп.
Ол үйреткен тағылым мен ол көксеген мұраттарды шын

қастерлей білгеніміздің, Әділет пен Абзалдық ұстазы алдындағы
перзенттік қарызымызды терең түсініп, өтей алғандығымыздың
бірден бір белгісі де осы болып табылады.
Бүгінгі елімізде жасалып жатқан ұлы істердің нәтижелі болуына

ең қажетті нәрсе – Сенім. Елге деген сатқындық ең алдымен оның
болашағына сенбеуден басталады. Ал ұлы Абайдың, уайымшыл
Абайдың болашаққа деген сенімін әсте жоғалтпағанын мына бір
сөздерінен көруге болады: «Жамандықты кім көрмейді? Үмітін

үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседен баян жоқ екені рас,
жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты
қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді»,

– дейді ұлы ақын.

Айтқаның келсін, жан баба!
Ел басына түскен бүгінгі қиын-қыстау кезеңнің баянсыздығына,
халқымыздың көңілін шаттыққа бөлейтін келісімге, жарастыққа
толы рыздықты, молшылықты күндердің сарғайтпай ертең-ақ

келетініне менің де сенімім мол.
Абайды бізбен мәңгілік бір қылатын да осындай ұғым, осындай
сенім.
Ендеше, Абай өнегесі әрдайым көз алдымызда болғай! Қай

ісіміз де Абай армандаған биіктен көріне білгей!
Рахмет!

І.АБАЙ ӨМІРБАЯНЫ Мұхтар Әуезов АБАЙДЫҢ ТУЫСЫ МЕН ӨМІРІ Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасы (1927–1933) Абайдың ата тегін түгел санасақ, алысқа кетеді. Бұ күнге шейін ел ішіндегі қай қазақ болса да өзінің тегін кем қойса жеті атаға шейін біледі. Абай жайына келгенде де өзге мағлұмат шалашарпы, ала-құла болса да, дәл атасының атын санауға келгенде, Тобықтының арғы атасы арғынға шейін де жетуге болады. Бірақ бұл тізім құр саннан басқа түк бермейді. Шұбырып тізілген аттан басқа көңілге де, көзге де ешбір жаңа дүниенің мәнін ашпайды. Сондықтан бұл күнде әлденеше губерния ел болып, етек алып молайып кеткен арғыннан бастамай-ақ Абайдың жайын бергі жерден бастамақшымыз. Болашақ ақынның туыстан ала келген қалпы бар. Ата салтымен қалыптанған өмірі бар. Ата-бабадан, әке-шешеден нәсіліне көшкен мінездері бар. Осының бәрін, бұл сөздің ішінде түгелдеп боршалап жік-жігіне айырып, толық таратпасақ та аз сөздің өзі де кейінгі заман зертеушілеріне, бірде болмаса бірде керекке жарауға мүмкін. Сондықтан арғы жерді қойсақ та, ақынның соңғы аталарын өзіміз білген мөлшерде, еске алып өтуді керек деп білдік. Бірақ бұлардың барлық өмірі, барлық істеген ісі, мінезі, сөйлеген елеулі сөзі болсын, бірде-бірі бізге түгел толық күйде жеткен жоқ. Қай-қайсысы болса да тізбекті, сүрелі сөз сияқты емес, ел есінде қалған өлең, бөлек-бөлек қиқым суыртпақ сияқты аламыш нәрселер. Барлығы да өткен күннің соқыр соқпақ, ескі сорабы сияқты, кей жерінде көмескі сүрлеу болса, кейде жоғалып үзіледі. Бет белгілеп, бағыт болжаймын десең, сүрлеудің бар жерінде тұрып бірдеме айтарсың. Бірақ бұл сүрлеу үнемі болып отырмайды. Осыдан қиындық шығады. Қазақ ескілігін ел аузындағы сөзбенен құрастырып жамамаймын деген зерттеушінің бәрінің алдында тұратын белгілі

бөгет, белгілі жасырыны көп кезеңдер осылар. Біздің алдымызда
тұрған да сол қиындық. Сондықтан мұнда айтылатын мағлұматтар
ерте бастан толық мағлұмат болады екен деп мақтана алмайды.
Абай Тобықтының үлкен руы Күшік ішінде, Ырғызбай деген

табынан шыққан. Ақынның үшінші атасы осы Ырғызбай, бұ
кісі 1750 жылдарда Ақтабан шұбырындыдан кейін Арқаға қарай
сырғып ауған жолда, Ырғыз өзенінің жағасында туғандықтан,
соның атымен аталыпты. Ырғызбай Айдос баласы, Айдостың өзге

балаларының ішінде Көтібақ, Торғай дегені, одан соң Айдостың
туысқаны Жігітектің баласы Кеңгірбай – барлығы да жаңағы
жолдағы өзен-сулардың атымен аталған. Көтімалды өзенінің
жағасында Көтібақ, Торғай өзенінің жағасында Торғай, Кеңгір

өзенінің жағасында Кеңгірбай туыпты.
Ырғызбай ер жеткен кезде Тобықты осы күнгі Семей губерниясі,
Семей уезіндегі Шыңғыс тауының батыс шетіне келіп ілініпті. Бұл
кезде Тобықты басшысы да, әкімі де Кеңгірбай би (жалған аты

Қабекен) болған.
Ырғызбай не би, не батыр сияқты болып, арнаулы бір өнермен
ел алдына жарқырап шығып басшылық қылған кісі емес. Ел
есінде қалған сөздерге қарағанда, бұл – адал, момын, ақ көңіл

кісі болғанға ұқсайды. Сондықтан Айдостың өзге үш баласының
қасында мұның кісілігі барырақ болып, ағайын-туысқан осыдан
дәме қылса керек. Әке-шешенің дәме қылғаны да осы баласы болу
керек. Өйткені шешесі айтты деген бір сөзде:

Шынжыр балақ, шұбар төс – Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торыайғыр – Көтібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес – Топайым,
Сірә да оңбас – Торғайым,–

дейді. Бұл сөзге қарағанда, Ырғызбайдың шешесінде ақындықтың
бір шағым қуы болуға керек. Мүмкін бұдан басқа айтқан сөздері
де бар шығар. Бірақ біздің құлағымызға тигені осы ғана. Тегі
ЬІрғызбай бойындағы азды-көпті қасиет болса, әкесінен гөрі осы

шеше жағынан көбірек пе деп ойлауға болады. Өйткені Айдосты
өз ортасы «шөккен түйеге міне алмайтын жаман Айдос» деп
бағалайды екен.
Ырғызбай тұсындағы Тобықтының басшысы Кеңгірбай

дедік. Сол Кеңгірбайдың ағайын ортасындағы тәуір көрген
інісі Ырғызбай болыпты. Биге ажары бұлды, сөзі сыйлы,

қадірлі туысқан болған. Өз басының тәуірлігінің үстіне бидің
тілін білетін інісі болғандықтан, елге де қадірлі болса керек.
Сондықтан анда-санда ел ортасының құн дауы сияқты келелі
сөздеріне де кірісіп жүргенге ұқсайды. Ел есінде қалған әңгімеде

байын кісі өлтіріп, еселі құнын ала алмаған бір жесір қатынның
жоқтауының ішінде:
Мойны-басы былқылдап,
Ырғызбай жүрді араға,

Кеңгірбай толды параға.
Параға алған сары атан
Тігілгей еді қараңа –
деген сөз жаңағы айтқанға дәлел сияқты. Бимен сыбырлас, сыйлас

болғандықтан Ырғызбай Кеңгірбай басына келген жақсы ат,
жаман аттың барлығына да ортақ болу керек. Осы Ырғызбайдың
төрт баласының бірі Өскембай болады. Бұл ақынның үлкен
әкесі. Өскембайдың нағашысы керей Ер Жәнібек. Сол кісі бір

рет Ырғызбайдікіне амандаса келгенде, жас бала Өскембай
қатты науқас екен. Әкесі қалы нашарлап жатқан баласына не
көмек қыларын білмей, дағдарып сасып, әбден титығы құрыған
соң, Мырзатай деген баласын алып келіп, соны Өскембайдан

айналдырып садақа қылмақ болған. Бұған шешесі қарсы болып
«баладан баланың артықтығы жоқ» деп Мырзатайды бергісі
келмеген. Сонда Ер Жәнібек: «Мырзатай адам болса мынаның
арқасымен болар, мынаның көзі біздің тұқымға тартқан екен. Адам

болса осы болады да», – депті деседі.
Өскембай Ырғызбайдың өзге балаларының ішінде тәуірі
болудың үстіне, сол кездегі Кеңгірбай маңайындағы ағайын-
туысқан, іні-баласының да бәрінен артық болыпты. Биге болсын,

ағайын-туысқа болсын ерекше жаққан мінезі: адалдық, ақ пейілдігі
болса керек. Өскембай Кеңгірбай қартайған кезде атқа мінеді.
Өзі Ырғызбай сияқты Кеңгірбайдың жақсы көрген інісінің
баласы болғандықтан, оның үстіне азды-көпті болса да, жаңағы

айтқандай, өз басының қасиеті барлықтан, Кеңгірбай би қартайып
өлерінде қалған Тобықтыға би болуға осы Өскембайға бата
бермекші болады. Бидің өз балалары мен өз туысқандарының
ішінде дәме қыларлық тәуірі болмаған. Көбі тентек, сыйымсыз

болып бидің де тілін алмайтын болған. Осы туралы Кеңгірбайға
Күнту ақын айтты деген мынадай сөз бар:

Алпыс асып, жетпіске бағындың сен,
Бұрынғы өткен құрбыңды сағындың сен.
Жұрт тіліңді алады таласыңдай,
Інің менен балаңа не қылдың сен?..

Би Өскембайға бата берерде ағайын ішінде тағы бір тәуір көрер
кісісі Көтібаққа ақылдасқанда, о да Өскембайды лайық көріпті.
Бұл кезде Өскембай ағайын ортасының түгел дәме қылған жігіті
болуға керек. Өйткені сол кезде Алпыс ақын айтты деген бір сөзде:

Кер асқақтың кемелі Кеңгірбайым,
Салаң құйрық, салпы етек Борамбайым.
Ізі, жолы еліне құтты болсын –
Бесті айғырдай сақылдап Өскембайым, –

дейді. Әрі ел қадірлеп, әрі өзі дәме қылған соң би шақырып алып,
Өскембайға бата бермек болғанда, жас жігіт өз туысқанының
аздығын айтып, «төрт сояу атанып едім ғой. Ерекеңе бата
берсеңізші» депті. Сонда Кеңгірбай: «Ой, шіркін, мен өз баламды

өзім көрмей тұрмын ба? Менің батам қонса, тұсыңнан кісі батып
оята алмас», – депті дейді.
Өскембайға бата берген соң Кеңгірбай көп кешікпей өлген.
Ырғызбай одан бұрын өлген екен. Ол өлгенде би інісінің бейітінен

шықпай «Сен ақ көңіл едің, алла тілегіңді берер, енді мынау елдің
ішінде мені алжытып қоймай, алладан тілеп қасыңа ал», – депті,
содан кейін кешікпей Кеңгірбай өлген екен дейді.
Өскембай елдің «адал болады» деген дәмесін ақтаған би болды

деседі. Ескіден қалған көп аузындағы дақбыртқа қарағанда: «Ісің
адал болса Өскембайға бар, арам болса Ералыға бар», деген сөз
бар. Өскембайдың өзге мінезі туралы елдің есінде қалған сөз көп
емес.

Жалғыз-жарым белгілерге қарағанда, ел ортасына қадірлі,
сыйлы болуы, мінез қасиетінің тәуірлігінен болса керек. Мінезі
кекшіл емес, көп тілеуін тілегіш кең болғанға ұқсайды. Туысқаны,
жақыны емес, Сыбанғұл деген төренің жалғыз баласы өлді

дегенде: «Жалғызды жалғыз демейтін, жартыны жарты демейтін
тәңірім-ай!», – деп жылапты дейді. Кекшіл еместігінің белгісі
Тобықтының Тоғалақ деген бір атасы өзімен жөнді болмай,
өкпелесіп қырбай болып жүргенде, бір күні елдің жылқысына жау

тиіп, ер-азамат түгелімен аттанға шапса керек. Ол кездегі елдің
жақсы-жаманымен түгел мал бағады. Ел жұмысынан арылып

үйіне келгенде Өскембай да малын өзі бағады екен. Сол кезде ер
жетіп қалған баласы Құнанбай үнемі мал бағып, жау түсіргіш, жау
жүрек, найзагер жігіт болып жүрген кезі екен.
Құнанбай жылқыда жүріп жаудың әкетіп бара жатқаны. Тоғалақ

жылқысы болған соң, айыруға шаппай ауылына қайтқанда, алдынан
аттанға шауып келе жатқан Өскембай жолығыпты. Баласынан:
«Не болды?» деп сұрағанда шынын айтпай тайсалдатқысы келіпті.
Өскембай: «Құдай атып келеді десейші», – деп шауып жөнелмек

болады. Сонда Құнанбай аттан түсе қалып: «Айылыңды тартып
берейін» деп қасына келіп әкесінің атының шылбыр тізгінінен
ұстап алып: «Бір жақтағы Тоғалақтың жылқысы жауға түсті деп
сен өлуші ме едің?» –деп, әкесі басқа-көзге төпелеп ұрса да қатып

ұстап жібермей, жауға шаптырмай қойыпты дейді.
Бірақ осындай кексіздік, мейірімділікпен қатар кей кезде
Өскембайда шектен шығып кететін ашу да бар. Соңғы мінезі
қаншалық жиі болатынын біз білмейміз. Бұл туралы ел есінде

қалған көп дәлел жоқ. Сөйтседе бір-ақ жол істелген ісі болса да
кейде Өскембайдың жәйін, мінезді бөліп кететінін көрсететін бірі
бар. Бұл арада айтқалы келе жатқанымыз: Өскембай бір уақыт
ауылына келіп отырған Мәмбетей деген кісіге ашуланып барып

мұрнын кесіп алғаны.
Мұндай мінез анда-санда болса да, көп уақыттағы, көбінесе елге
мәлім мінезі жоғарыдағы айтқандай адал, әділ, кең болғандықтан,
Өскембай жалғыз өз еліне ғана қадірлі болмай, маңайындағы

көрші елдерге де қадірлі болғанға ұқсайды. Сондықтан Тобықтыда
жұмысы болмаған бөтен рулардың ісі де Өскембайдың алдына
келіп бітім тауып жүргені болыпты. Бірен-саран алыс елдердің
адамдары да орталарындағы үлкен дауларына Өскембайды би

қылып, соның билігіне тоқтатып жүрген деседі.
Жай тұрмыстағы әдеті: қонақшыл, көпшіл мырза болса керек.
Өскембай жайында елдің көбінесе есінде қалғаны осы жағы –
«әрқашан қазанын қылып, дастарқанын қызықтаған» деген сөздер

көп естіледі.
Өскембай бері келіп ұлғайған уақытта ауылы мен үйі, ағайын
ортасының жиын үйі болып, ел бидің сыбағасы деп асын да,
сыйын да әкеліп жататын болса керек. Әрине ол заманның биі

арнаулы қаржы алмаса да ел үшін істедім деген қызметін тіпті
текке істеген жоқ. Бірінің есесін бірімен орайластыру Өскембайда

да болуға керек. Үнемі өз пұлымен мырзалық қылды деу мүмкін
емес. Сол орайда жаңағы «сыбаға» деген нәрсе ол заманның
салтын ойлағанда бір еске алатын іс болады. Бірақ Өскембайдың
өзі алуандас кісілердің ішіндегі бір айырмасы Кеңгірбай сияқты

көп билігін параға сатты деп айтпайды. Бірақ бұл сөзбен мұндай
мінез мүлде болған жоқ деген байлауды жасамақшы емеспіз.
Өскембай орта жасқа келгенде баласы Құнанбай ер жетіп, сол
атқа мінген. Бұл 1804 жылдарда туған. Өскембайдың айттырып

алған бәйбішесі Зереден басқа тоқалдары, күң қатындары да
көп болған. Құнанбай – Зереден туған баласы, Құнанбаймен
бірге туған Құттымұқамбет деген інісі, Тайбала деген апасы
болған. Құттымұқамбет жас кезінде өлген. Сонымен Құнанбай

бидің жалғызы есептелген. Шешесі Зере кісі ренжітпейтін
жұмсақ мінезді әйел болған. Ол уақыттағы бәйбішенің бір сыны

– күндестік дегенді білмей кең мінезді болу. Зере бәйбіше осы

жағынан көп мақталады. Күңдердің балаларын өз балаларындай
асырап еркелеткен деседі.
Зере күйеуі Өскембайдан да көп жасаған, би 1850 жылы 72
жаста өлген екен, бәйбішесі 90-ға келіп өліпті. Мұның ақын

болатын немересі Абайдың жас бозбала күнінде елдің бәрі Зере
бәйбішені «кәрі әжем» деп қадірлейді екен. Кәріліктен құлағы
есітпейтін болған соң, немерелеріне дұға оқытып үшкіртеді екен.
Сонда немересі Абай кәрі әжесінің құлағын өлеңді айтып келіп

үшкіргенде, «е, қарағым, құлағым тәуір болып қалды», – деп ырза
болады дейді.
Құнанбай жасында әке-шешесі мен өскен ортасынан алған
тәрбиеден басқа оқу тәрбиесін көрмеген, жасындағы барлық

оқуы «әптиектің» ежігін білумен тоқтайды. Сонымен хатты да
танымай қалып, бері келгенде ғана өзінен өзі қарастырып жүріп
хат танырлық болған.
Мұның орайына жас күндегі өмірі, елдің ол кездегі дағдысы

бойынша, батырлық, жаужүректік, жорықшылдық сияқты істерге
көбірек ауған. Қолға найза ұстап, астына жүйрік мініп, өз малын
өзі бағып жауға шапқыш, жау түсіргіш жігіт болған. Жасынан
қайратты, шыдамды, ашулы болғандықтан бұл жолдағы талабы

далаға кетпеген сияқты. Тобықтының найза ұстаған жас жігіттерінің
ішінде ер, мықты, найзагері болып та саналуға айналған.
Өзі өскен ортасының сыны мен мақтауы сол сияқты

болғандықтан, Құнанбай жас күнінде бұл бетке бірталай ынта
беріп ауған сияқты. Сонымен Тобықтыдан алыс елге қол құрап
аттанатын қартаң, батырлармен бірге екі рет Құнанбай да әкесінен
қашып барып қосылып, екі үлкен жорықта болыпты.

Одан кейін тағы Құнанбайдың жас кезінде Тума Тоқпақ деген
елден Көтібақ, Дәуітбай деген барымта алып, соның арты шабынды
болып, Тобықтыдан Тума Тоқпақ жылқы алып кетеді. Соны қуа
барған қолдың ішінде Құнанбай да болып, үлкен ұрыста тұтқынға

түсіп кетеді. Бұл сапарда Құнанбай көп бөгелсе керек. Өйткені
үйде қалған жақыны көп тілеу тілегендіктен: «әкесінің мойнына
салған бұршағы, шешесінің басына киген күндігі биттеп кеткенде
зорға келіпті», – дейді.

Жасында осындай өмірге салынған Құнанбай әке-шеше
мінезінен гөрі басқарақ, кесек мінезді қатты адам болғанға
ұқсайды. Қаттылығы әншейін ағайынға ғана емес. Әке, шеше, жан
ашыр жақынға да бірқалыпты болған сияқты.

Не қылса да Құнанбай – бидің жалғыз баласы, ағайынның да,
әкенің де дәме қылса қылатыны жалғыз сол. Сондықтан жігіттің
ең алғашқы қызулы кезі өткен соң Құнанбай әкесінің жолымен ел
ісіне кіріседі.

Құнанбай жас күнінде ат үстіндегі қайраттылық ерліктен басқа,
ақылға да, сөзге де орамды кісінің белгісін берген болу керек.
Өйткені сол кезде үлкен кәрілікке жеткен Нысан абыз деген ел
сыншысы Өскембайға: «өзіңнің бағың Қыдырдай болса, балаңның

бағы Шыңғыстай болады» деп сын айтыпты дейді1.
Құнанбайдың жоғарғы айтылған мінездері кейінгі өмірінде де
толық сақталғанға ұқсайды. Бұл күнге шейін ел есінде қалған әр
түрлі сөздерге қарағанда, бұл бір қалыпты, суық, қоя берсіні жоқ

тартымды, қатты мінезді кісі болған. Кейін елді басқарып билеп,
меңгеріп алған уақытындағы: ел билеудегі саясаты, дін тарату
жолындағы істері, айтқанын орындату турасындағы әдістері
түгелімен жаңағы айтылғандай мінезінің белгісін анық көрсетеді.

Қайраты мен қажырының себебінен ел билеп, іс басқаруға
келгенде Құнанбай әкесінен өтімдірек болған. Мұның кісілікке
толық ілінген кезінде Қазақ даласы «1822 жылдағы Сібір
қазақтарына арналып шыққан устав» бойынша өкірікке бөлініп,

1 Қыдыр – Шыңғыс тауының солтүстік жағындағы Бектер тауы.

өкіріктік «приказ» билейтін болған. Өкірік бастығы аға сұлтан,
приказдың қалған екі мүшесінің бірі орыс чиновнигі болады (елдің
көбі мұны Майыр дейді). Үшінші мүшесі кіші сұлтан болады.
Бүгінгі Семей уезіне қарайтын Тобықты Құнанбай тұсында

Қарқаралы өкірігіне қарайтын. Приказ шыққаннан бергі салт
бойынша бұл өкіріктің аға сұлтаны ылғи төре тұқымынан болып
келген. Құнанбай тұсында аға сұлтан болған төрелер Бөкей
нәсілінен: Құсбек, Жамантай; Абылай нәсілінен: Тобықты ішіндегі

Шалғымбай деген төрелер болған.
Құнанбай Тобықтының бас кісісі болып өрлеп келе жатқанда
қазақ ортасында төре мен қараның жігі ашылып қалған уақыт
болады. Әрбір елдің қарадан шыққан Құнанбай сияқты басты

жуандары: «Төре қазақтың әрекесін тілейді, берекесін тілемейді»
дей бастаған кездері болады.
Көп рудың қалың ортасынан шыққан жуан аталары өз ауданында
төреден салмақсыз болмайды. Төре дегендердің ру басшыларының

қолдауымен жуан шығып жүргенін сезе бастайды. Оның үстіне
әуелде хан мен төрені ұстанған патша үкіметі, енді қалың елді
ұстау үшін, ру басыларын қолға ұстау керек деген саясатқа ауған
кез болады. Осындай екі жақты себептермен әр рудың Құнанбай

сияқты жуандарына төрені сөз қылып, төрені түртпектеу салт
сияқты болып тарай бастайды. Бұл туралы көп рулардың, көп
басшыларының ынтымағы болуға да мүмкін. Сонымен ел-елдің
ортасында: «Қазақ әрекелі болса оңбайды, төре берекелі болса

оңбайды» деген төреге қарсы қозғалыс белгісі көп жайылады.
Осы кезде Қарқаралының аға сұлтаны болып тұрған Құсбек
төре мен бұрын аға сұлтан болған Жамантайдың партиясы
басталады. Ол кезде приказ сайлауына тас салуға жарайтын екі

түрлі сайлаушылар болған. Бірі – пәлен сомада алым төлейтін
бай да, екіншісі – төре тұқымдары болатын. Төренің 25 жасқа
жеткені түгелімен тас салу құқығына ие. Сонымен Жамантай өзі
сұлтан бола алмайтынына кезі жеткен соң өзіне қараған тастарды

Құнанбайға салғызып, Құсбек жеңіліп, Құнанбай сұлтан болған.
Құнанбайдың осы сайлаудан кейін қанша уақыт аға сұлтан
болғаны белгісіз. Қалайда болса Қарқаралы өкірігіне қараған
қазаққа қарадан алғашқы рет сұлтан болған Құнанбай. Сондықтан

бұл оқиға Құнанбайдың даңқын көпке жайып жіберуге себеп
болған көрінеді.

Бұрын хан-төренің туы жығылып өз орталарынан біреудің болуына көп тілеулес болып жүрген ру жуандары, Құнанбайдың болуын Құсбек Жамантайдың партиясынан, орыс саясатынан дегісі келмей, қазақтың артықтығынан, Құнанбай басының қасиетінен деңкіреп кеткен сияқты. Сол кездегі ел аузындағы аңызға қарағанда: Құнанбай «Қарадан хан болған» деп аталады. Мұның мысалын мына сияқты бірер сөзден байқауға болады. Сыбан Кеңесбай деген кісі Жарқымбай деген баласына өлерде өсиет айтқанда: «Төремен ел болса, екінші ел арасында сөз болса Сабырбайға ақылдаспай іс қылма, басыңа орыс орманнан үлкен іс келсе, қарадан хан туған Құнанбайға ақылдаспай істеме» депті. Одан соң жылдарда Өскембай өліп, соған Құнанбай Көкшетауға барып ас бергенде Балта ақын: Атың шыққан Үрімнің қақпасындай, Айтқан сөзің кілемнің тақтасындай. Кешегі өтіп кеткен би Өсекем, Алтынын тастап кеткен ат басындай. Үш жүзді жиып ас бердің, Келістіріп сәйкесін. Арғынның өзін биледің, Алшысы мен тәйкесін. Келсең-келде кез болдың, Кейи де беріп қайтесің! – депті деген сөз бар. Осы сияқты дақбырттың барлығы сырт елге Құнанбайдың атағын зорайтып, өз еліне айдынын арттырып, әмірін екі қылғызбайтын көрінеді. Аға сұлтан болған бетінде Құнанбай көзге түсерлік жаңалық кіргізді ме, жоқ пa? Бұл туралы іштеңе білінбейді. «Қара болды» деген ат болмаса елге жүргізген билікте, барлық істеген істің саясатында жаңалық болды деуге болмайды. Оны күтуге де керек емес. Қайта көп жерде Құнанбайдан Құсбек билігі ел ортасына молырақ із қалдырды деуге болады. Өйткені Құсбек ұрыны қатты тыйған. Ел ортасында жан беруді тоқтатқан. Орыс ұлығына пара алғызбаған, жалпы ұлыққа жағынуды білмей өз бетін қатты ұстаған кісі болған сияқты. Бұған орай Құнанбай жаңалығын айтсақ, ол діндарлығы ғана

болады ғой деймін. Бұл ел ішінен зекет жиғызып, молда ұстатып,
намаз оқу, ораза ұстауды жайған. Осымен бірге пайдалы бір
жаңалығы бала оқытуды өз маңайына салт қылып жаймақшы
болған. Өз балаларын оқыту, ағайындарына балаларын оқытқызу

сияқты.
Тегінде Құнанбай аса діндар кісі болған. Бірақ сол діндарлық
көп уақытта ұсақ фанатизмге де жетіп отырған. Мысалы, насыбай
атқан кісінің танауын тілу сияқты. Одан соң Сыбан ішінде Барақ

деген төреге бір жиында насыбайды тастасайшы дегенде, ол:
«Менің насыбайымды көргенше, еліңдегі келінімен жүрген
Қодарды көрсейші», – депті. Сонымен Құнанбай еліне кайтқанда
Тобықтының басшы кісілерін жиып алып, Борсақ ішіндегі

Қодарды келінімен алғызып «шариғат жолымен хүкім қыламын»
деп мойындарынан қосақтап түйеге асып өлтіріпті.
Дін жолындағы іс осы болса, Құнанбайдын, ел билеу жолындағы,
әсіресе Тобықтыны билеудегі ісі, бұл кісінің жаратылыс қалпын,

іс мінезін, барлық тұлғасын бұдан гөрі де толығырақ көрсетеді.
Құнанбай аға сұлтан болған уақытта өз еліне болыстыққа өзінің
тоқал шешесінен туған Майбасар деген інісін сайлаған. Майбасар
тентек, ұрыншақ мінезді, сыйымсыз адам болса керек. Ел мұны

адамшылық, ақыл, мінез жағының қайсысынан болса да, басшы
болып ел меңгеруге жарайтын кісі деп білмеген.
Сол Майбасарды болыс сайлаған соң Құнанбай биге ас
беруге Көкшетауға кеткенде елде болыс боп қалған інісі, әуелде

жұрттың күткен ойын ақтағандай болып, ел ішін бүлдіре бастаған.
Тілегенінше алым алу, жазықсыз кісіні жазалау. Дүре соғу,
көлденеңнен терісін айтқан ел кісілері болса, күшке салып көңілін
қалдыру сияқты істер асып көбейіп кеткен. Бірақ ағайын ортасының

басты адамдары наразылықтарын ішіне сақтап, Құнанбайдың
келуін күткен.
Сонымен Құнанбай қайтып келгенде, ел іші ағайын ортасы
іштей дүмбілез наразылықпен қарсы алса да, Құнанбай түзетер,

теңгерер, ақ-қараны айырар деп сенеді. Бірақ Құнанбай елдің ол
үмітін ақтамайды. Сонымен Құнанбайдың туысқан елі – Жігітек
деген ру, бастығы Бөжей деген бас адамы болып Құнанбайға өкпелі
болады. Осымен ағайын ортасы шиеленісіп, наразылыққа бет

алып жүргенде, Құнанбай бір болымсыз істі сылтау қылып, өкпе
ұстап жүрген Жігітекті жасытып, ықтырып жібермек болып баса

қимыл істейді. Жігітек ішіне көп кісімен аттанып келіп, Бөжейдің өзін қоса барлық ірі кісілерін ұстатып байлатып алып тегіс дүре салғызады. Бұл оқиғаны толық жазып отырған себебіміз, осы істен бастап Құнанбай өмірінде де, кейін ел кісісі болып әкесінің орнын басатын ақын Абай өмірінде де, ұзақ заманға созылған үлкен алысжұлыстың, ірі араздық, ірі партияның басы басталады. Жазықты, жазықсыз болса да «терезесі тең» ағайыннан талтүсте бір ру ел болып осындай өр зорлық, үлкен намыс соққысын көрген соң, осы оқиға басы болып ел ішінің ұзақ жаулығы кетеді. Сырт елге де, Тобықты ішінде де Жігітектен салмағы мен абыройы артық болғандықтан Құнанбай есе бермейтін болған соң наразы болған елдің алдындағы жалғыз жармасатын құралы – орыс ұлығына жағып, арызын айту болады. Ел ішінде бір жауласса, екі жағы да арыз үстіне арыз тоғытысып, бірін бірі көрсетіп ұлық алдында екі жауласады. Осы кездерде Құнанбай қарсысында жалғыз Жігітек болмай, өзге ұсақ бұратана рулар да Жігітекке күш қосқан сияқты. Олардың қосылуына себеп болатын: Құнанбайдың ол ортасындағы екінші бір үлкен ісі болады.Ол Тобықты ортасында Құнанбай қолданған жер саясаты. Жалпы Құнанбай тұсындағы көп іс, көп мінез кейін Абайдың адам болған заманына көшкендіктен, Абайдың бет бағытын алдыңғы дәуір белгілеп шешіп кеткендіктен, біз бұл жерге де біраз тоқтап өтуді қажет көреміз. Құнанбайдың өз елі мен партияласқан жаулығынан басқа, артында қалған ісінде дәл бүгінгі күнге шейін ізі қалған бір жұмысы осы жер турасында. Ертерек заманда Кеңгірбай, Ырғызбай тұсында Шыңғыс тауынан келіп, Матайды күн шығысқа қарай сырып жіберіп қоныс алып орналасқан Тобықты рулары Құнанбай тұсында үлкен аударысқа түскен. Бұл аударысты жасаушы Құнанбай. Ең әуелі жалпы Тобықтының жер шегін молайтуға күш салған. Сонымен Шыңғыстың солтүстігінде күзеуі, оңтүстік сыртында жайлауы болған Тобықты, екі шетіндегі уақ пен керейді өз жерлерінен ептеп жылжытып, тықсыра бастап жылдан жыл өткен сайын жерлерінің өрісін молайта берген. Бұл саясатты басқарушы Құнанбай болады. Құнанбай көп жерді өзі кешіп жүрумен алған. Жазғытұрым ерте көшіп Уақ жеріне келіп құдық пен қонысты меншіктеп, жаздыгүні Керейге барып жыл сайын оның жерінен де сондай сыбаға алып отырған.

Бұл сияқты істер жалпы Тобықты шеңберіндегі сыртқы саясаты болса, Тобықтының өз ішіне келгенде өз руын, өзіне жақын руларды өзгеден гөрі құйқалырақ жерге орналастыруға тырысқан. Сонымен бұрын орналасып қалған ұсақ рулардың көбін алғашқы ірге тепкен жерлерінен шетке қағып, ірге аудартып орындарына қалаған жақын елдерін орналастырған. Осы ретпен талай ру өз орнын екіншіге беріп, өздері Құнанбай көрсеткен жерлерден жаңа күзеу, жайлау, қыстау алысқан. Осы сияқты Тобықты ішінің «жерге орналастыру» жұмысы ол кездегі рулардың барлығына да жетсе керек. Құнанбайдың бұл турасында ұзақ жылға белгіленген қалыпты жоспары бар. Бірақ сол жобасын түгелімен іске асыра алмаса, ол бір адамның өмірінің шағындығынан деп қана есептеу керек. Әйтпесе Құнанбай ойлағандай болғанда бүгінгі Қызыладыр болысындағы Мамай деген ел ата санағанда, Құнанбайға Мұқырдағы Көкше руынан жақын болғандықтан, соңғы рудың жақсы орнын алып Мамайға бермекші екен. Бұл мақсат іске аспағандықтан кейінгі уақытқа шейін Көкше Мамай мен Олжайдың арасында сынадай қыстырылып қалған. Құнанбайдың Тобықты шеңберіндегі үлкен аударысқа түгелімен уақыты жетпей қалуына, бір жағынан көбінесе өз руы, өз ауылының алатын жерін көп қарастырып, соған көп айналып қалғандығы себеп болу керек. Өйткені өз руын Ырғызбайды, әсіресе өз ауылын, қалаған ниетінше барлық Тобықтының тап ортасынан, ең шұрайлы жерге ауданын мол пішіп орналастыру аз жыл, аз еңбекпен орындалмаған. Бірақ көп еңбекті тілесе де Құнанбай сол ниетіне жеткен. Бар Тобықтының жайлау, қыстауында, қазіргі күнге шейін көп рулар сол замандағы орналасқан қалпымен тіршілік етеді. Сонда кей жерде бір ру ел болып бір болымсыз өлке, бір бұлақтың, бір төбенің ауданын талшық қылып, соған үйіліп отырса, дәл сол Тобықтының ортасында Құнанбай ауылы деген жеке-жеке ауылдар: жайлау мен қыстауды ауыл басы әлденеше өзеннен үлесіп алып отырады. Міне, ел кісісі болып атқа мініп, үлкен орынға ие болып, ағайынға айбынды бола бастаған соң-ақ осындай іске кіріскен Құнанбай жоғарыда айтылған Жігітекпен жауласа бастағанда, ел ортасында жер туралы наразы болған бірталай руды жау тобының ішінде табуы ғажап емес. Бірақ қалайда болса Жігітек Құнанбаймен алысқанда жауымен

тең түсе алмаған. Орыс үкіметінің бірде старшыны, бірде болысы, бірде аға сұлтаны болып жүрген Құнанбай әрі сырт елдерге атақты, әрі үкіметке салмақты болып Жігітекті бойымен басып жыға берген. Сонымен алғашқы араздық, жаулық кейінде ұзақ заманға созылып кетсе де Құнанбай тұсындағы алыстың бір буыны Жігітектің жеңілуімен бітеді. Құнанбай Жігітектің батырсымақ болып жүрген ер көңілді Базаралы деген кісісін бас қылып, 17 адамын Сібір айдатады. Сонымен Жігітек бірталай заманға шейін көзге қамшы тигендей болып, бастықтарынан айырылып есеңгіреп қалады. Бұл кісілердің түгел тізіліп, тез айдалып кетуіне, бір жағынан, Жігітек руының ұрлықты сүйіп, соған көп салынуы да себеп болса керек. Айдалған кісілердің ішінде барымташы, жорықшыл батыр боламын деп көпке мәлім ұры болып кеткен кісілер де болған. Бірақ осымен қатар Жігітек сияқты елдердің көп арыз, көп көрсетулері Құнанбайға да текке бітпесе керек. Өйткені кейіннен үстінен жиылған көп арыз бойынша Құнанбайды жоғарғы ұлық Омбыға алғызып тергеуге алған. Артындағы ел Құнанбай айдалады деген лақапты да есіткен. Бірақ Омбыда көп жатудың соңында Құнанбай жазаға ұшырамайтын болып еліне қайтқан. Бұл жолда не қисынмен, қандай ретпен босады ол бізге мәлім емес. Құнанбайдың бұдан соңғы ел есінде қалған бір ісі – орыс ұлығының бұйрығы бойынша Кенесарыны қуғандығы. Тегі Кенесарының Ұлытау, Кіші таудан көшіп, ұлы жүзді бетке алып бара жатқан кезі, яки Балқаштың Қамал деген түбегіне қарай көшіп бара жатқан кездері бола ма, әйтеуір сол жүрісінің бірінде үкіметтің бұйрығы бойынша, Құнанбай старшын күнінде Кенесарыны қуа шыққан орыс отрядымен бірге қазақтан кісі алып қоса қуысқан. Қуған қол Кенесарының көшіне жетіпті. Көшінің жанында Кенесарының өзі де болса керек. Олар бір топ кісі болып жиналып бір араға келгенде Кенесары атынан түсіп намаз оқыпты. Сонда орыс бастықтары шабайық дегенде: Құнанбай намаз уақытында шаппаймыз деп, шапқызбай қойыпты. Сол жолда Құнанбай қолмен келе жатқан қазақты жиып алып, Құрқұлықтың ішінде кеңесіп, Ке­ несарыны ұстамауға, қас қылмауға уәделесіпті дейді. Кейін атыс болғанда Жуантаяқ Төбет деген батыр Кенесарының қолының бір батырын қуып найзаламақшы болған екен, соны Құнанбай сабап­ ты дейді.

Құнанбайдың ел кісісі болып сөз басқарып, ел билеп жүрген
кезінен біз білген ірі кездері осы. Жасы ұлғайып берірек келгенде
ел ісін әкесінің қолынан Абай алады. Оның жайын өз тұсында ай­
тармыз.

Қазірде Құнанбай жайынан айтылатын тағы бір сөз: бұл кісі
баласы Абай елді меңгеріп алған кезде, кәрілік жетіп ел сөзінен
шыққан. Сонымен 72 жасында қажыға барып, қажыдан қайтып
келген соң, 8-9 жыл өмірін ылғи дін жолындағы құлшылықпен

өткізген. Бұл жылдардағы өмірі өзінің жаратылысында бойына
біткен қаттылық, беріктігінің белгісімен ерекше күйде өткен. Мек­
кеден келген соң «дүние сөзін сөйлемеймін» деп, ешбір жанмен тіл
қатпай қойып, оңаша үйде шымылдықтың ішінде жалғыз отырып

құдайға құлшылық қылуда болған.
Бұл мінезі туралы сырт ел «тілі байланды» деп те аңыз қылған
екен. Бірақ соңғы жылдарында маңайында болғандар ол сөзді бекер
дейді. Осымен Құнанбай 1886 жылы 82 жасында қайтыс болған.

Ел аузындағы қалған аңызда: бұл кісінің діндарлығы мен ел би­
леу жөніндегі ірілік, мықтылығы, алысты болжағыш, ақылдығы
көп айтылады. Одан соңғы көп сөз: мінезінің суықтық, қаттылық,
сонымен бірге мырзалығы жайынан көп кездеседі. Намаз оқушы

кедейлерге ат беру, киім беру сияқты әдеттері көп болса керек.
Қай мінез, қай істе болса да әншейін орта қалыпты қазақтан
кесек болғандығы жоғарыдағы істерден бір көрінсе, екінші, дін
жолына деп өз пұлына Қарқаралыда мешіт салғызу, Меккеде

қазақ қажылары түсіп жүретін «Тәкия» деген үй салғызу сияқты
істерінде де көрінеді.
Ақыл мен сөзге, келелі кеңеске, көп елді тоқтататын билік,
байлауға келгенде өз тұсындағы орта жүздің басты билерінің

алдыңғы қатарындағы кісі боп саналған болу керек. Мұның белгісі
Ақмола, Семей, Жетісу сияқты губернияларда, ел аузында қалған
билер жайындағы ескілікте Құнанбай атының көп аталатынынан
байқалады.

Тобықты ішінде Құнанбай айтты деген сөздердің ішінде,
«философ» айтарлық ақиқат сөздердің мына сияқтысы бар:
1.Құл мен қожа майданда теңеледі, жас пен кәрі білімде
теңеледі, бай мен кедей жомарттықта теңеледі, жақсы мен жаман

өлгенде теңеледі. 2. Адамның қай мінезі өнері болса, сол мінезі айыбы болады.

3.Кісі айыбын айтпақтан оңай жоқ, өз айыбыңды өзің айтқаннан
ауыр жоқ.
4.Өткен істен оңай жоқ, келесі істен қиын жоқ.

5. Өтірік пен шынның арасы төрт-ақ елі, көзбен көрген шын,

құлақпен есіткен өтірік. 6. Жарлы кісі жаманар, жаманар да қуанар; жаман кісі жаланар,

жаланарда жұбанар. 7. Арымнан жаным садаға, жанымнан малым садаға – деген

сияқты. Бірақ бұл сөздердің кейбіреуі өз өміріндегі істермен дәл
келмесе, оған Құнанбайдың заманын еске алу керек. Біздің мақсат

– осы қарастырылатын адамдардың барлығының өмірін, бізден

алыс заманда, біздің бүгінгі өмірімізден бөлек күй, бөлек шарт,
бөлек тарихи дәуірде бүгінгіден бөлек болғандығын анық көрсету.
Сондықтан біздің міндет бірін даттап қаралау емес, бүгінде
анығын білгісі келген елге дәл пішінін көрсету. Бұл сөздің басын

Абайдың жайы деп алып, Құнанбай жайын көп таратып айтып
кетсек, солай болуына себеп болып отырғанда осы міндетті
көп ойлағандық. Өйткені Құнанбайдың кім болғанын білмесек,
Абайдың кім екенін білу де қиын. Бұлардың қай-қайсысы болса

да заманның туындысы. Бірде заманның ұлы болса, бірде сол
заманның құлы да болған.
Сондықтан бұл күнге шейін Абайды ақын ғана деп шала біліп
жүрген қазақ оқушысына ең әуелі соның ақындығына анайы шарт

сияқты болған, ақын емес Абай кім екенін білдіруге көшеміз.
Абай 1845 жылы әкесі Құнанбайдың 41 жасында Ұлжан деген
бәйбішесінен туған. Өз заманында көпке жайылған салт бойынша
Құнанбай да көп қатынды болған. Бұл кісінің үлкен жамағаты

қыздай алған – Күңке деген кісі. Бұдан туған баласы Құдайберді.
Екінші әйелі Ұлжан. Інісі Құттымұхамбетке айттырылған
қалыңдық. Інісі өлген соң келін алған. Бұдан туған балалары:
Тәңірберді, Ыбырай (Абай), ЬІсқақ, Оспан. Үшінші әйелі Айғыз.

Одан: Халиолла, Ысмағұл деген балалары болған. Төртінші әйелі
жасы ұлғайын қартайып келген кезде алған Нұрғаным. Бұдан бала
болмаған.
Күңкенің жасы Құнанбайдан үлкен екен. Берірек келгенде жасы

ұлғайып, өзі күту тілерлік болып, күйеуін күте алмайтын болған
соң, Құнанбай Ұлжанның қолына шыққан. Бірақ Ұлжан туған
балаларының бәрі бірдей өз шешесінің қолында тәрбиеленбеген.

Үлкен баласы Тәңірбердіні жас күнінде Өскембай би қолына алып
өсіріпті. Ысқақты әкесі Құдайбердімен бірге Күңкенің қолында
өсірген. Күңке ерте уақыттан бөлек ауыл болып кеткен екен.
Ұлжан мен Айғыз бір ауыл болып Құнанбай осылармен тұрған

уақытта, екі шешенің ортасындағы тел баласы кішкене ЬІбырай
болады. Бұл екі шешесінен кейінірек Оспан, Ысмағұл деген екі
бала туған. Бірақ бұлардың жасы Абайдан едәуір кіші. Айғыздың
үлкен баласы Халиолла болса, оқуда жүрген. Сондықтан Абай

алғашқы балалық шағын екі шешенің ортасындағы жалғыз баланың
қалпында өткізген. Екі шешеге бірдей бала болып жүргендіктен
сол кездегі үлкендер Абайға «Телқара» деп ат қойыпты. Кейін
Абай ер жеткен уақытта бірталай жеңгелері ертеде қойылған атпен

«Телқара» дейді екен.
Абайдың өз шешесі Қаракесек ішінде Бертіс бидің тұқымы
болады. Ұлжанның әкесімен бірге туысқан ағалары Қонтай, Тонтай
орта жүзге қалжыңымен тегіс аты жайылған, белгілі мысқылшыл

тапқыш, күлдіргілер болған. Бұл әдет Бертіс Шаншар руына түгел
жайылған мінез. Осы күнге шейін көрші ел Шаншардың қулары
дегенде: кісіні жазым қылып кететін ит-құстың жайын айтқандай
сөйлейді. Әлі күнге Қояндыда, үлкен жәрмеңке, қалың жиындарда,

бір жерге тобымен жиылып, күліп сөйлеп келе жатқан Шаншарды
көрсе, көп елдің кісілері: «Ойбай, Шаншар келе жатыр!» деп
өрттен қашқандай дүркірей қашады деседі. Бұл әдет Шаншардың
мысқыл мазаққа ұста болып, тауып айтқыш өткір тілдігінен туған

нәрсе. Қандай жанның болса да мінін таппай қоймайды: мінін
тауып алса, түңлігін ұшырғандай қылып айтады. Сөз шабуылымен
кімнің де болса есін шығарып есеңгіретіп кетеді.
Енді бүгінгі көпшілігі сондай болса, соның барлығының

баяғы, соңғы заманға шейін аузынан тастамайтын атақты қуы
Тонтай болған. Тонтайдың барлық өмірі тұтас күлкі болып кеткен.
Түгелімен бір өмір бастан-аяқ, «мың бір түннің» әңгімелеріндей
жеке-жеке күлкі әңгіме. Сол әңгімелерге қарағанда, Тонтайлар

қалың қазақ ортасының үнемі көңілін көтеріп жүрген таусылмайтын
думаны, ұдайы қызық күлкісі, бүгінгі Еуропа, Американың Чарли
Чаплины, Бестер Китоны сияқты. Осы Тонтайдың інісінен туған
бала Ұлжан болады.

Ұлжан кең, сабырлы, мықты мінезді кісі болды деседі. Алдыңғы
өткен бәйбішелер үлгісімен бұл кісі де күндестік дегенді білмесе

керек. Абайдың балалық шағынан алған әсерінде, өз шешесіне
қатты ырза болып, Айғыз бәйбішеге іші ренжіңкірейтіні, анау
күндестікті ойламағанда, Айғыз сол жағынан белгі бергіш болса
керек.

Ұлжан бәйбішеде тұқымының тауып айтқыш қалжыңшылдығы
әбден болған, бірақ тартымды мінезді дағды қылып, бойын
салмақпен бағып ұстайтын болғандықтан, қалжың айтуды мақсат
қылмаған. Сөйтседе анда-санда әлде қалай айтып қалған сөздері

қалжың болып, ел есінде ұмытылмай сақталып қалған. Өлерінде
қалжың айту бұл кісінің бұрынғы қалжыңшыл ағаларында түгел
болса керек. Солар сияқты Ұлжан да өлерінде қалжың айтқан.
Тонтай өлерінде маңайына жиылып келіп отырған қожа,

молдаларға қарап: «Жазыла, жазыла қожа-молдадан да ұят болды,
енді өлмесек болмас» деп айтты деген сөз орта жүзде, екінің бірі
білетін мәтел сөз сияқты болып кеткен.
Осындай тапқыштық, қалжыңшылдық, біреудің мінін ащы

тілмен қатты түйрегіштік нағашысы мен шеше жағынан Абайға да
мол келген. Шынға келгенде, Абайдан қалған сөздің ішінде барлық
ақындықтың шарты болатын, жалынды жанды өткір сезімді былай
қойғанда, қалған сарынның ішінде салқын ақылмен сөйлегіштік

көп пе, жоқ шанышпа тілді соқтықпалы, ащы мысқыл, улы күлкіге
бойы ұрғандық көп пе? Бұл екі ортасын дәл кесіп-пішіп айыру,
ұзақ тексеруді керек қылатын шығар. Бірақ біздің ұғуымызша
соңғы түрі көп сияқты.

Абай жазушының ішкі табиғатындағы осы сияқты екі айыр
жолды, біз Абайдың әкесі мен шешесінің жаратылыс қалпын, өмір
баянын қарастырғанда еріксіз еске аламыз. Сонда сөзіндегі салқын
ақыл әкеден, ащы тілді мысқыл шеше жағынан деуге де бола ма

дейміз. Бірақ бұл пікірді Абайдың ақындық сырын ұғу жолындағы
нық байланған түйін деп ойлау керек емес. Әлдеқалай айтылған,
көп жобалаудың бірі деп есепте керек.
Абайдың ақындық жолында өзге талай жазушы талай ақынның

барлығының жолынан бөлек өзіне ғана қатысты, ерекше тағдыры
болған. Ақындығындағы сол ерекшелік Абайдың бала күнінен ба­
стап, соңғы өлер сағатына шейін өзгеше шарттардың ішінде өткен
ерекше өмірінен туған. Сондықтан енді қолға түскен азын-аулақ

мағлұматтар бойынша Абайдың өз басының өміріне келейік.
Абай, жоғарыда айтылғандай, екі шешенің төл баласы болып

жүрген кішкене кезінде мінез жағына аңқау, нанғыш және тентектеу
де бала болса керек. Бірақ сол кішкене күнінде-ақ өзге балалардан
ерекше жері – үйге қонған қонақтың әлдеқалай айтқан ертегі
сияқты әңгімелерін құлай тыңдайды екен. Жай өмірде пысық,

ширақ емес, аңқау болғандықтан өз шешесінің ауылындағы көрші-
қолаңшының үлкендері Құнанбайдың бұл баласынан да Күңкенің
қолындағы Ысқақтан көбірек дәме қылған. Ол Абайға қарағанда
жас күнінен тықылдаған пысық, ширақ болса керек.

Құнанбайдың орнын басып, кісілікке ие болатын баласы кім
деп жас балаларды сынағанда, жұрттың көбі әлігі белгілеріне
қарап Абайдан Ысқақты артық санаған, Абай 10 жасқа келгенде
әкесі Семей қаласына әкеліп оқуға берген, бұдан бұрын қырда

оқыды ма, жоқ па? Ол туралы хабар жоқ. Семейде алғашқы
берген молдасы Ғабдұлжаппар деген татар имамы. Артынан
бұдан шығарып Ахмет Риза деген имамға тапсырған. Бұ да татар
имамы. Екеуі де мешітте имамдық қылып, сол мешіттерінің

жанында медреселері болған. Оқушы шәкірттің көбі медреседе
жатып оқиды. Оқу, әрине, ескіше, ылғи дін сабақтары. Соның
барлығын да араб, парсы тілдерінде оқиды. Жалпы медреселерде
кейінгі заманға шейін сақталып келген салтқа қарағанда, Абай

кезінде де түрікше оқу жолшыбай оқылатын қосымша болу
керек. Оқушы мен оқытушының да барлық уақыты, ынта-ықласы
түгелімен дін діңгегі сияқты болған арабша, одан қала берді
парсыша болу керек.

Абай осы медреседе үш жыл оқиды. Оқуға өзімен бірге
оқыған үлкен, кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді,
ұғымтал және ерекше ықласты болған. Дәрісте арабша кітаптан
молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген

сөздерін екінші ретте кітапқа қарамай, өзі жатқа айтып шыға
алатындай зерек болған деседі. Сонымен дәріс ретінде оқылатын
сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан сонағұрлым оңай
болған. Көп уақытын да алмаған. Сондықтан барлық артылған

уақытты Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап,
көп тімтінуге салынса керек. Өз бетімен оқитын кітаптары араб,
парсы, түрік жұрттарының ақындары. Одан соң сол тілдерде
жазылған ертегі, дастан, қисса сияқты нәрселер.

Бұларды Абай бала күніндегі ауып кеткіш мінезі бойынша барын
салып тесіліп, көп оқыған болу керек. Оқуға кірген соң-ақ балалық

дегенді көп білмей, тез есейіп ілім қуған кісінің қалпына оңай
түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен қарай білетін, ойлы
оқушы бола бастаған сияқты. Бұлай дейтін себебіміз: мұсылманша
оқуы барлығы үш-ақ жылмен тоқтаған кезінде Абайдың араб,

парсы, түрік ақындарының ішінде өзінің әбден сүйіп, құмартып
таңдап алған арнаулы ірі ақындары болған. Солардың ұзынды-
қысқалы сөздерін түгелімен оқып шығып бір емес әлденеше рет
оқып, талай бәйіттерін ұзыннан-ұзақ жаттап алғандары да болған.

Сол бала күнінде жаттаған кей сөздері ұлғайып, кәрілікке
жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмытылмаған. Абайдың
30 жасында туған баласы Тұраштың айтуынша, балалары оқып
жүрген кітаптардың ішіндегі кейбір сөздерді, пәлен кітаптың

пәлен бетінде деп, жаңылмай жатқа айтып отырушы еді дейді.
Осы сияқты белгілерге қарағанда, Абайдың медреседегі оқуы
көбінесе «Мұхтасар» сияқты дін кітаптары болмай, ылғи ғана ақын
сөздері болу керек. Ерте күннен өлең, әңгімелі сөздерге ерекше

ынтық болып, қатты құмарлықтан талапты жас шәкірт жалпы
ақындық өнерін үлкен қасиет деп біліп, барынша қадірлейтін
қалыпты сол балалық шағынан ала шыққан.
Сол күнде-ақ оқытып жүрген имамы, медресенің барлық

діндар шәкірті, діндар қылатын шарттары, көп әсер етпей, өз
бетімен өзінен-өзі іздеп тапқан, көпке елеусіз ақындары – бар
ықласын аударып, балалық қиялының барлығын билеп әкеткен
сияқты. Медресе тәрбиесінде жүрген жас шәкірттің ойындағы

жұбанышы, жүрегінде шын сүйетін жандары, жалғыз ғана Әзірет
Әлі, пайғамбар әулиелер болмай, солармен қатар, бәлки солардан
да гөрі үлкен орын алған Науаи, Сағди, Хожа Хафиз, Фзули сияқты
ақындар болғанға ұқсайды. Бұлардың сөздерін Абай бері келіп

ұлғайған уақытына шейін де тастамаған, әрқашан оқып, әрқашан
сүйсініп еске алып отырған. Медреседе оқып жүрген кездерінде
жаз болып елге қайтқанда қаладан ала қайтатын кітаптары тағы
сол ақындар болып, үй іші әке-шешесіне оқып беріп отыратын

болса керек.
Өзі оқымаса да балаларын оқытып, оқу-білімге ынтық болған
Құнанбай бір баласы Халиолланы орысша оқытып, Абайды
мұсылманша оқытып жүргенде, соңғы баласына сопы Аллаяр

сияқты ақындарды көп оқытып тыңдайды екен.
Осындай ретпен мұсылман ақындарын көп оқу, көп іздену, сол

іздену арқасында бар ынтасымен құлай сүю болашақ ақынның балалық, жастық шағындағы ой-қиялына қатты әсер еткен сияқты. Ескіше оқыту тәртібі бәрімізге де белгілі, шынымен «инемен құдық қазғандай» өнімсіз оқу болғанда, Абайдың үш-ақ жыл оқуы сырт көзге аз оқуы болса да, өзіне көп жаңалық беріп, көп жаңа дүниенің шетін ашқан сияқты. Алдымен ақындарды көп оқу себепті, Абай араб, парсы тілін сол үш жылдың ішінде жақсы біліп шыққан. Мұның белгісі сол заманнан қалған бірен-саран өлеңдерінен білінеді. Кітап жүзінен алған тәрбие мен заманның үлгісі бойынша ол уақыттағы өлеңге жарайтын тіл жалғыз ғана араб, парсы тілі деп білген Абай алғашқы өлеңдерін араб, парсы түрік, шағатай тілдерімен Фзули, Аллаяр, Бабырша айтады. Балалық шағындағы бірен-саран өлең жазамын деген алғашқы талабын: Фзули, Шәмси, Сәйхали, Науаи, Сағди, Фирдауси, Қожа Хафиз – бу һәммәси Медет бер я шағири ферияд, – деп өзі қадірлеген ескі ақындардың аруағына сыйынумен бастайды. Осы аталған аттардың өзіне қарағанда жалпы мұсылман ғаламындағы көпке белгілі болған ірі ақындардың талайымен Абайдың ерте күнде танысып алғандығы даусыз сияқты. Абай оқуды тастап, елдің жасы бозбаласы, жас жігіті болып жүрген кезінде де осы ақындардан алған үлгі-әсерден түгел айықпай, көңілінде көп сақтап жүрген сияқты. Сол кезде сүйген, ұнатқан әйеліне өлең жазса әлігі ретпен кітапшалап жазады. Әлиф дек ай йузіңе ғибрат еттім, Би – Балай дәртіңа нисбәт еттім, – деп әліпбимен жазған өлеңі, одан соң йузі раушан, көзі гәуһар, лағылдәк бет, ұшы ахмәр... деген өлеңдері сол жас шағында қиялына қатты әсер етіп, ой-сезімін билеп, тіл кестесін де өздерінің үлгісіне еріксіз тартып бағындырып алған. Жоғарғы ақындарға еліктеген сөздер Абайдың жас күнінде өз бойындағы ақындық қуатын оятып көрсе, бұл ісі тура ғана жаңағы кітап тәрбиесі, кітап әсерінен деп білу керек. Бірақ Абайдың жас күнінен бізге жеткен өлеңдері жоққа тән. Тіпті азғана. Сондықтан бұл туралы ақынның өмірбаянының ішінде ұзақ сөйлеуге орын жоқ. Бірен-саран пікір болса ақындық

жайын тексерген мақалада айтамыз. Абайдың нағыз ақындық белгісін беріп, өнімді өлең жаза бастаған кезі жігіттік шағы өткен соң басталады. Ол кездегі Абай арабшыламақ, парсышыламақты теріс нәрсе деп түсінген. Бұл арада Абайдың ақындығына әсер беріп, алғашқы бетін билеген себепті айтамыз деп біразырақ ілгері басып кетік. Біздің әзіргі мақсат Абайдың өмірі болғандықтан енді қайтадан ақынның сол балалық шағына шегінейік. Медреседе үшінші жыл оқып жүрген уақытта, Абай жалғыз мұсылманша оқумен тоқтамай Семей қаласындағы «Приходский школға» түсіп орысша да оқи бастаған. Бірақ мұндағы оқуы ұзақ болмайды. Бас-аяғы үш-ақ аймен орысша оқуы бітеді. Үш жылмен мұсылманша оқуы доғарылады. Жасы 13-ке толғанда, ерте есейіп, ерте ақыл-сезімі ашыла бастаған, өткір зейінді ерекше талапты жас шәкіртке жаман-жақсы болса да ой-сезімінің бетін ашып келе жатқан оқу тәрбиенің есігі жабылады. Екі-үш жылдар аз да болса қырдан гөрі тәуірірек үлгі беретін қалада болғанда, ақын болатын баланың алғаш жалғыз ғана нәрлі азығы: мұсылман ақындарын шала-шарпы тану, солардың сөздерін ынтасы кетіп сүйіп көксеу ғана болады. Осындай жаңа дүниенің есігін енді ғана ашқалы, жаңа ғана саңылау көріп келе жатқан уақытта Абай ала-құла, шикілі-пісілі біліммен үлкен кісінің өміріне кіріседі. Оқу-білім, кітап тәрбиесі сияқты нәрселер осы қалғаннан көп уақытқа шейін бұйырмаған ас сияқты болып Абайдан алыста қалады. 13 жасқа толғанда әкесі Құнанбай оқудан шығарып алып, ел билеу жұмысында өзіне серік қылмақ болып, жаңа міндетке арнап, сол жолға баули бастайды. Баласын оқудан ерте шығарып алуына себеп болған нәрсе: ел жұмысына өзіне серік болатын іні-баланың Абайдан қолайлысы болмағандығы, бала болса да сол кезде Абай әкесі дәме қыларлық белгілерді көрсете бастаған сияқты. Барлық балаларына қатал суық тұрып, қатты сыншы болған Құнанбай Абайдың өзгелерінен артық екенін ертеде сезген деуге болады. Баласын оқыта түспей асығып алған себепті, жоғарыда Құнанбайдың өмірі туралы айтылған сөздерді еске алсақ, оңай ұғылады. Құнанбай елінің қақ жартысын өзіне қарсы тұратын жау қылып алып, көп өмірін сол жаулықтың жолында алыс-

жұлыспен өткізген. Қарсына шыққан ағайынын үлкен тартыстың аяғында женіп алса да, артынан да сондағы ішке байланған мұз елдің көбінің есінен кетпеген. Ел ішінде ұсақ араздық, ұсақ жаулық, кішкене тартыс сияқты нәрселер ешуақытта құрымаған. Сондықтан барлық өмір аңдысу, тартысу, ел таразысын бағып келгенде Құнанбайға дос болдым деген елдің өзі де үнемі бір қалыпта тұра алмаған. Мұның бір себебі Құнанбайдың өз істері, өз мінездері болса, екінші жағынан, сыртқа да, ішке де әмірі жүріп жуандап алған Құнанбайдың маңайында талай-талай залалкес туысқандары да болған. Бұлар Құнанбайдың бағына мас болып, пәлен ауылдың жігіті, түген жақсының туысқаны деген атпен, шамасы келгенше емінеркін пайдаланған. Көп елді мазақтап, қорлап, орынсыз зорлық, қисынсыз жуандық істей беріп, асқақтық пен шайпау мінездерге салынып, Құнанбайдың дос болып жүрген елін де қажытып алған. Сонымен Абайдың жас шағында Құнанбайдың досы азайып, дұшпаны көбейген. Жоғарыда айтқан сияқты, сол көп дұшпанға қарсы тұрып, қолқанат боларлық баласы мен інісі болмаған соң Құнанбайдың басына жалғыздық түсе бастаған. Абайды оқудан алып ел жұмысына салу, әкесінің басындағы осындай еріксіздік қалынан туған. Сонымен 13 жастағы Абай әкесі берген бетпен ел сөзіне кіріседі. Әрине жас бала алғашқы аяқ басқан жерден келелі кеңеске кіріп кеткен жоқ. Ел жұмысын шет жағалап ептеп бастауына керек. Сондықтан ең алғашқы жылдарында әкесінің «барып келінде» жүреді. Кейде қасына кісі қосып беріп, кейде жалғыз өзіне сөз тапсырып, әкесі ел ортасының басты кісілеріне жеңіл-желпі сөздерді сәлем қылып айтып жүріп, кейбіріне байлау жасауға да ерік береді. Әрине бұл күндердегі Абайдың көңіліндегі иманы әкесінің сөзі. Содан ұғыну бойынша әкесінің жауын жау деп, досын дос санайды. Жасына жетпей ұлғайып, ерте күнде балалық белгісінің барлығын жоғалтып, сөйлесіп жүрген үлкендеріне бала көрінбей үлкен сияқты көріну, олқы түспеу – Абайға парыз сияқты болады. Әкенің билігі, өмір талқысы, араласып жүрген үлкендері болсын барлығы да Абайды оқудан ғана алыстатып әкетумен тоқтамай, кәдуескі табиғи балалық дәуірінен де жырып әкеткен. Жас күннен-ақ Абай өмірі әлденеше қиқы-жиқы шиырға түскен. Ішкі балалық дүниесін оңды-солды соққыға алатын, теріс

қалыпқа кептейтін ерекше күйлерге, заңнан тысқары қалдерге ұшыраған. Өзінің дене қуаты мен ой қуатына лайық келмейтін салмағы зор міндеттер басына түскен соң Абай жаратылыстағы зеректік, талаптылық сияқты өнерінің барлығын осы жолға салған. Ел кісісімен араласқанда сөз керек, ұғым керек, тапқыштық керек, кезекті жерге келгенде айла да, ашу да керек. Әрбір көлденең келген істің тұсында өзгелер не сөйлейді? не істейді? Бұрынғы жақсылар не айтып, не істеген? Өз әкесі қайтеді? Осының бәрін Абай ел сөзіне кірісе бастаған соң-ақ тесіле қарап, толық ұғынып өз өміріне үлгі қылуға тырысқан. Сонымен балалықтан асып, бозбалалық, жігіттік шағына жеткен уақытта, қазақтың ескі сөз, ескі жол-жора мәтел-тақпақ, ескі биліктеріне елдің маңдай кіслерімен қатар түсетін білім алған. Бұл уақыттарда қазақтың ескі ақындары, кемел билері, жорықшыл батырлары, хандары болсын – барлығының жайындағы әңгімелер Абайға таныс дүние болып қалған. Бір айтқанды ұғып алу, ұққанын ұмытпау, ел сөзіне соларды керекке жаратып әңгіме арасына кірістіріп отыру, сол кездегі ел жақсыларына жайылған салт бойынша, Абайға да парыз сияқты болған. Жас жігіт сол білімді орнымен керегіне жаратып, келістіріп көркейтіп сөйлейтін болғандықтан, ел көзіне жасынан артық білімі бар, ескі жақсы сияқты көріне бастаған. Басында балалығының арқасында ел сөзіне құр ғана кіріскен Абай аз жылдың ішінде үлкен табыс тапқандай болып адымын ұлғайта бастайды. Бірнеше жол көріп, көзі қанған соң елдің «пәлен жақсы, түген жақсысының» айла мен епке болмаса, жалпы білімге, ақыл шалымына өзінен соншалық артық емес екенін сезеді. Абайдың өзінен үлкен кісілерден өзін кем санамауына себеп болатын тағы бір нәрсе – мұның мұсылманша оқуы барлығы. Ел кісілерінің көпшілігі Құнанбай сияқты оқымаған адамдар болған уақытта, Абай олардың қасында өзін молдадай көрген. Надан кісілердің ортасына келіп өлшескенде, өзінің үш жылдық оқуы дардай көрінген. Бұған және халық ескілігі сияқты қазақ жұртының рухани байлығы қосылған соң Абай аз заманның ішінде ел ортасындағы сөзде аяғын өз қайратына сенген сенімділікпен баса бастады. Әкесімен жауласқан кісіге сол әкесінің салмағына жақын салмағы бар мықты жігіт, бетті жүйрік, ержігіт болып көрініп, қолы мен тілі қатаң тие бастайды. Сонымен қатар аз уақыттың

ішінде жұрт қанағат қылған жақсы шешен, білгіш деген кісілерді
барлығын да оңайшылықпен місе қылмайтын зор көкірек, өз
қайратына қатты сенген тәкәппарлық көріне бастайды.
Ақыл-ойға, шешендік сезімділікке келгенде, ерте ер жеткен жас

жігіт сол уақытта-ақ өз ортасынан иығы асып, басып оза бастағанын
сезгендей болады. Жалпы ақылмен болжайтын сөздерге келгенде
біреудің айтып тоқтатқан жерінің ар жағынан жаңа есік табамын
деп талап еткіш болыпты. Абайдың осы шақтан алып шыққан зор

сенім, зор талабы қырағылық, көргіштігі кейінгі уақыттағы ой-
пікіріне де үлкен белгі болады.
Біреудің «таптым» дегеніне сынмен қарайтын, «жеттім»
деген жеріне қанағат қылмайтын, ар жағынан асырып түсіруге

тырысатын талап Абайдың жігіттік шағындағы көптен бөлек
ерекше мінез сияқты. Осы пікірдің дұрыстығын дәлелдеу үшін ел
есінде қалған екі-үш мысалды айталық.
Абай өз қайратын сенімді көзбен қарай бастаған соң-ақ, ел

ішінде кез келген жақсылардың қайсысын болса да әңгіме ішінде
бір сөзбен мүдіртіп кетпесе, өзіне ырза болмай қалады екен.
Балалық шағынан жаңа өтер-өтпесте, әкесінің жұмсауымен барып
сөйлескен үлкендердің барлығына да осы мінезді істей бастаған.

Абайдың жас жігіт шағында Құнанбайдың Көкше ішіндегі
тұрғылас, сыйлас кісі Қаратай болған. Көп елдің сынынша, бұл
шешен, жүйрік атанған кісі. Сол Қаратай бір күні Абайдың өз
құрбы жас жігіттермен жиналып отырған үстіне келіп, жастардың

заманын жамандап, өз заманын мақтай бастайды. Сонда Абай бұл
сөздерге көп дау айтып келіп ақырында: сіздің заманыңыз қанша
жақсы еді, ең аяғы осы отырған Тобықты, Сыбан сияқты көрші
елдің арасында бір қол кісі болып, жиналып алып түн қылып

жүрмесеңдер, жалғыз жарым кісі қатынасып алмаушы еді. Ұрлық,
барымта, бұзықтық көп болғандықтан «әні алып кетті, міні алып
кетті» деп кемпір-шал, қатын-қалаш, жас бала тыныштықпен асын
іше алмаушы еді. Осы заман жақсы ма дегенде Қаратай дау айтып

келіп: менің заманым пайғамбарға жақын депті. Бұған қарсы Абай:
«Алатаудың басы күнге жақын, бірақ басында мәнгілік қар жатады.
Сайында неше түрлі өсімдік, неше түрлі алуан жеміс шығады.
Алланың рақметіне алыс жер, алыс заман жоқ. Қайда болса да

жетеді. Сіз пайғамбарға Әзірет Әлінің әкесінен жақын емессіз, ол
кәпір болған» депті.

Осы сөзді Қаратай Құнанбайға келіп айтқан соң, әкесі Абай келгенде әдеттегі қаттылық суықтығына салып, көп сөз айтып ұрсыпты. Абай үндемей тыңдап, сыртқа шыққанда Қаратай келіп: «Бала, қалай, қайсымыз жақсы екенбіз» дегенде Абай: «Бәсе, қайсымыз жақсы екенбіз: біздің тобымыздың ортасына жалғыз өзіңіз келіп ойдағының бәрін айтқанда түгелімен қол қойып, тындағаннан басқамыз жоқ еді, сендердің ортаңа келсек қыруар жанды жалғыз шалың ауызға үріп сөйлетпейді», – депті. Қаратай бұл сөзді де Құнанбайға айтпақ болып үйге қарай аяңдағанда, Абай атқа мініп алып жүріп кетіп қалыпты. Осы сияқты біраз сөз Шорманның Мұсасымен де жанасыпты. Мұса Құнанбай тұрғылас, Құнанбайдың замандасы. Бір жылы Абай әкесімен Семейде жатқанда Мұса мен Құнанбай бір-біріне барысып, жүз көрісіп жүретін болса керек. Сол ретпен бір мәжілісте отырғанда Мұса (тегі Құнанбайдың сұрауымен болса керек) үйдегі балаларының атын атап Садуақас деген баласы барлығын да айтса керек. Сонда Абай: «бір адамға екі бірдей кісінің атын қояды екен? Ол Сағд бин Уақас деген әкелі-балалы екі кісінің аты емес пе?» депті. Осыдан Мұса Абайдың тілін еске алып қалса керек. Екінші бір жерде, Абайдың бірталай кісінің мәжілісінде кіршіме ішіп отырған үстіне келіпті. Отырған жұртпен бірге Мұсаны Абай да мәжіліске кірісуге шақырғанда, ол кісі: «Жоқ, бұл нәрсенің аты кіршіме, тегі ноғайдың «кірішме» деген сөзінен болса керек. Сондықтан кіріспегенді мақұл көремін», – депті, бұл сөзге Абай: «Менің ойымша, ең әуелі бұл сөз ноғайдың тілі емес, парсының «гәршама», «шамаңа қарай» деген сөзінен болуға қисынды. Екінші – әрбір нәрсенің «ісміне» қарай «жимисін» ала ма, жимисіне қарай ісмін ала ма? «Алма» деген жемістің аты, сол атына қарап алмайсыз ба?» – депті. Осы сияқты жұрттың жақсы деген кісілерінің құр атағына жығылмай, қайта өз көңілін зор ұстап, бойұсын-байтын ізденгіш өр мінезді Абай оқта-текте өз әкесімен де сөз қағысып білдіріп жүрген. Бұл туралы елдің есінде қалған мына бір әңгімені айта кетейік. Ел ортасының бір үлкен жиынында Құнанбай көп ортасында сөйлеп отырған уақытта, Абай бір-екі рет сөз айтқысы келіп, киліге беріпті. Сонда Құнанбай «тек отыр» деп тоқтатып тастайды.

Артынан ел таралып жиыннан келе жатқанда, әкесі Абайды
шақырып алып, көп алдында көлденеңдегені үшін наразылық
айтады. Абай кінәсін мойнына алады. Содан кейін Құнанбай:
«Кезі келгенде айтпақ болып жүрген үш түрлі сөзім бар еді, соны

айтайын: Ең әуелі – сен жұрттың бәрімен күліп сөйлейсің. Жайдақ
су сияқтысың, жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісілерге қадірі
болмайды. Екінші, көрінгенмен жақын боласың, кісі талғамайсың.
Желбегей жүрген кісінің басына ел үйірілмейді. Ел алатын

қылық ол емес. Үшінші, орысшылсың, орыстың дұшпандығын
ұмытасың», – депті.
Абайдың жауабы:
«Қолында құралы бар бірен-саранға ғана тиетін шыңыраудағы

судан да, қойшы-қолаңшы, жалшы-жақыбайдың бәріне бірдей
пайдасы тиетін жайдақ су артық деп білемін. Екінші сөзге: қазақ
елі бір заманда қой сияқты болған, бір қора қойды жалғыз қойшы
«айт» десе өргізіп, «шәйт» десе жусататын заман болған. Одан

бері келе ел түйе сияқты болды. Бір шетіне тас тастап «шөк» деп
дыбыстаған уақытында аңырайып тұрып барып, бетін бұратын
болды. Енді біздің заманымызда ел жылқы болды. Мұны ақ қар,
көк мұзда қар төсеніп, мұз жастанып, етегін төсек, жеңін жастық

қылуға шыдаған жылқышы ғана баға алады. Орысшылсың
дегенге: заман орыстікі, ол жеңген, біз жеңілген елміз. Ендігі
күнде алысатын дұшпанның айласы мен әдісін білмесең, алысқа
шығудан мағына жоқ. Мен орыстың өзін сүймесем де, өнері мен

ебінен үлгі алуға керек», – депті.
Құнанбай бұл жауабына қанағат қылып тоқтап: «Ақыры не болса
да бетіңнен жарылқасын, өзің білген бетіңмен жүріп көресің» –
депті.

Осы айтылған сияқты мінездің белгісін қаракесек Алшынбайға
да көрсетіпті. Абай бұл ауылдың күйеуі болады, үлкен бәйбішесі
Ділдә деген кісі сол ауылдың қызы. Сол әйелін алғаннан кейін
Абай Алшынбайға сәлем беріп амандаса барып, қайтарда қайны

әдет бойынша қалаған-сұрағаны бар ма деп сұрапты. Сонда Абай
шұбар айғырдың үйірі деген бір қысырақты алғысы келгенін
айтады. Мұны Алшынбай бере алмай, батамды алсын деді.
Содан соң Абай: «Ондай батагөй шал өзімде де бар», – деп

бармай кетіпті. Өз тұсындағы қазақ жақсыларымен кездескенде,
жас Абайдың әдет қылған сөз мінезі осы сияқты.

Жоғарыда әкесімен сөйлескен сөзіне қарағанда, Абай заманның ағымын болжап, өзгерген сөзіне қараған ұғым, наным бойынша, көпшіл, кең, жұмсақ, еліне жайлы, жағымды болған кісіге ұқсайтын сияқты. Бірақ бұл сөзге қарап, Абай шынында ел арасындағы істерде «әке жолынан бөлек жаңа жол, жаңа көзқарас, жаңа іспен мінез істеді», – деп түгел сеніп қалуға болмайды. Ел ішінің сөзі мен тартысында, араздық-жаулығында көпті билеп, әмір жүргізген уақытта өз бетіне көпшілікті бағындыруда Абай түгелімен әкесінің шәкірті болған. Өзге болса, әке істеген іс пен әке қуған мақсат жолындағы әдісі мен ебі ғана өзге. Одан басқа мойнына алған міндеті, беттеген тілек, бағыты түгелімен әкесінің жолы болды. Сол сияқты мықты, жуан болу, сондайлық әмір жүргізу, еркіне көнбегенді, қарсылық ойлағанды сол сияқты езіп, жаншып жіберу, әкесінің жауын өзіне де жау санап, бұрынғыша қуғынға ұшырату, Құнанбайдың бір кезде, ел бүтін тұрған уақытта жұрттың бәрін жалғыз өзінің аузына қаратып, бар Тобықтыны бір шыбықпен айдаған дәуірін қайта орнату. Сол орнайтын жаңа дәуреннің еркесі, қожасы өзі болу, өзінен артылған бақты Құнанбайдың өзге балаларының басына қондыру. Сонымен Абайдың жас кезінде әкесінен ел ажырап кетіп, Құнанбай басының жалғыздық көрген кезінде бұл тұқымның қолынан шығып кетуге айналған бақ пен абұйыр, қайрат пен қожалық болса, соны бұрынғыша толық қалпында қайта қолына жиып алу, жігіт болған Абайдың барлық бойындағы қуатымен түгел ұмтылып қуған арманы, мақсаты болады. Абай жігіт күнінде өзіне бұл жолдан басқа жол бар, осы істен түзу іс бар деп түсінбеген. Құнанбайдай әкенің баласы бола тұра, талап қылса Тобықтыдай жалпақ елге өзінің әмірі, дәуірі оп-оңай-ақ жүріп кеткелі тұрғанын көре-біле тұра Абай өз басына екінші бір мақсат, міндет бар екен деп білмеген. Ондайды іздемеген де. Сондықтан әкесіне кім жау болып, кім достықтан тайып, жау жағына шығып кетсе, соның барлығын неге кеткен себебіне қарамай-ақ алысатын, ұстасатын, жауым деп біліп, айланы, ашуды, білімді де құрал қылып соңына түскен, әке тұсындағы дәуренді қайта орнатып, көп елді құлақтан басып, ауыздықтап мініп, бағындырып алу жолына еңсесін сала шапқан. Ұлғайып келіп артында қалған өмірге суық сыншы көзімен

қарап, өткеннің бәрін өкінішпен еске алған уақытта Абай: қаны
қара бір жанмын, жаны жара... деген сөзді текке айтпаған.
Сол сөзінің ішінде:
Жасымда албырт өстім ойдан жырақ,

Айлаға, ашуға да жақтым шырақ...
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме, –
дегеннің барлығында көбінесе еске алатыны осы жастық

шағындағы ісі мен мінезі, жасында берік бет алып, болашағына
да, адамшылығына да залалдан басқа түк бермейтін шалыс жолға
түскендіктен кейінгі ес кірген соңғы өмірде, өкінсе де, зарласа
да, өзін өзі аямай қамшыласа да сол әуелгі алған бағыттан өзгере

алмай, жаңара алмай қалған.
Алғашқы бойға сіңген әдет пен жасында теріс қалыптанған
өмір, кейінгі күнде ақылы қостаған жолға түсіремін десе де түсе
алмай кеткен.

Енді сол жастық күнінде Абайдың істеген ісі, салынған мінездері
немене еді? Кіммен алысты, қалай алысты, алыс жолында не
көреді, не тапты? Соған келейік.
Абайдың жауы кім еді дегенге, әрине, ең алдымен Жігітекті

айту керек. Ат жалын тартып міне салысымен Абай әкесінің
қарсысындағы жаудың ордасы Жігітек руы екенін оңай таныған.
Жігітек Олжайдың баласы, Абайдың төртінші атасы Айдоспен
бірге туысқан. Бұл Олжай балаларының ішінде басы молырақ,

өскелең деген руы. Оның үстіне шамасы келсе өзі де өзгеге
соқтыққыш тентек мінезді сотқар ел болған. Арасынан шыққан
барымташы, ұрлықшыл бұзықтары да болған. Көпшілігіне
жайылған мінез бойынша қайратты, мықты, қыңыр алысшыл,

ұжымшыл ел болғанға ұқсайды.
Өзі жақын ағайын болған соң Ырғызбаймен қоныс сыбайлас
көрші ел болады да, бір араздасып алған соң Құнанбаймен, Абаймен
болсын ірі жұмыс, ұсақ жұмыс болса да күн сайын бетпе-бет келіп

ұдайы кездесіп отырған. Сондықтан араларында шиеленісіп алған
араздық, жаулық кейде ірі тартысқа айналып кетіп отырса, кейде
ұсақ соқтығысып, ұзақ аңдысуға да түсіп отырады.
Ірі жаулықтың арты көбінесе Жігітек жеңілумен біткен кездерде

кейде екі жағы уақытша тоқтасып, татуласып та байқайды. Бірақ
бұл бітім ұзақ бітім болмайды. Аздан соң болымсыз ұсақ себеппен

ескі жара қайта білтеленеді, қайтадан шиеленісіп, ұстасып түрекеледі. Сонымен тынымсыз ұзақ жаулыққа кең өріс ұдайы табылып отырады. Әрине осындай алыстарда Жігітек үнемі аз болып, үнемі жалғыз болып отырмайды. Жоғарыда айтылған Құнанбай мінездері сияқты себептер бар, одан соң кейбіреулердің тура бас күндестік сияқты себептері бар – сондайдың бәрі Жігітекке бір ру болмаса, екінші рудың ішінен көмектес болатын достарды тауып беріп отырған. Талас, тартыс жалғыз ғана Олжай ішінде болмай, көбінесе бар Тобықтының шеңберіне шығып ауданын молайтып, екі жағына да жау мен досты бірдей көбейтіп отыратын болған. Сонымен кейде Құнанбай, Абайдың қарсысына Жігітектен гөрі тобы көбірек, Жігітектен басы артық, малы артық рулар да жаулық ұстап шыға беретін болған. Осының бәрі жоғарыда айтылғандай, әке жолын қуып, әке мақсатын арман қылып алу ниетіне бет алып шыққан жас Абайдың алдында тұрған көп бөгет, көп тосқауылдар болады. Сол бөгеттердің бірін жойып алып тыныш боламын десе, екіншісі дайын тұрады. Оған келіп кірісіп қолға аламын дегенде, ру тіршілігінің бір қалыпта тұрмайтын ойнамалы құбылғыш шырайы екінші салаға түсіп, тағы да өpіc алып, ендеп кетеді. Ол тағы да ұзақ алыс, ұзақ арбасуды керек қылады. Бір жерде Абай жеңсе, екінші бір жерде жау жағы өзін де сүрінтеді. Оның арты кек пенен кіжінуге әкеп соғады. Осындай алыстың үстінде Абай құрал таңдамайтын болып алады. Не нәрсе керегіне жарайтын болса, қандай себептермен жауын жығуға болатын болса, соның көбін іске салады. Жас күнде әкесімен жауласқан Жігітектің 17 кісісі Сібір айдалғанын көреді. Соның арты Жігітекті әлсіретіп, көпке шейін жасытып жіберді. Бұрынғыдай тең түсемін деген ойды ойланбайтын болды. Бұлай болса жауласқан елге істейтін емнің бірі осы сияқты қаттылық, аямайтындық, шошытып жіберетіндей ірі кек болу керек. Сондықтан Абай ашу мен қаталдыққа шырақ жағады. Бойына қуат кіріп елді меңгеріп ала бастаған сайын қырына алған елге бөрідей тиеді. Бұл істері ел ортасында қыр кұралымен бір іске асса, ойда орыс ұлығы арқылы тағы да сол бетпен өркендей беруіне керек.

Сондықтан жоғарыда айтылған талас-тартыс, жаулықтың астар жағы, екінші бір саласы үйез, жандаралдың кеңсесіне қарай ағылған көп арыз, көп шағым пішінінде болады. Әрине бұл соңғы іс жалғыз Абайдың құралы емес, Абай қарсысындағы жаулардың да құралы, қайта ел ортасында тең түсу қиын болғандықтан Абайдан гөрі де олар көбірек шағымшыл болу керек. Қалайда болса ел ішінде Абай екпіндеп жүре бастаған соң-ақ, аз уақыттың ішінде талас-тартыстың кіндігі қалаға қарай ауысады. Сонымен 24 жасқа келгенде Абайдың үстінен берілген арыз, шағым Семейдің кеңселеріне жаңбырдай жауып, етек алып кеткен соң, орыс ұлығы 1869-70 жылдың қысында Абайды қалаға шақыртады. Осы жолда Абай 12 үлкен іспен тергеліп, Семей қаласынан 3-4 айға шейін шыға алмай жатады. Бірақ жұмыс саны көп болып, тергеуден тергеу болса да Абай бірде-біріне жығылмай, ағарып аман шығады. Біздің қолымызда Абайдың осы жолы тергелген істері қандай-қандай істер еді, ол туралы мағлұмат жоқ. Бірақ кейін Абайдың өмірбаянын толықтырып, түгел тексеремін деген кісі осы жұмыстарды түгел қарастырып танысуы өте қажет болады. Бүгінгі сөздің ішіне бұл жайын алмасақ, қазіргі өзіміз істеп отырған істің бір үлкен шала қалған жері деп есептейміз. Кіргізе алмау ол мағлұматты керексіз дегендіктен емес, бірінші, уақыт тығыздықты, екінші, ол жұмыстардың бізден алыс жерде жатқандығы (бұл жайды реттеуші азамат болса жоғарыда көрсетілген жылдардағы Семей үйезі мен Семей жандаралының, Семей судьяларының архивтерін қарауы керек), әйтседе бұл жолғы сөзге кірмесе де жақын заманда сол мағлұмат және басқа сол сияқты Абай жайынан кеңселерде сақталған барлық үлкенді, кішілі сөздерді түгел жиып алып, жариялау, өзіміздің міндетіміздің бірі деп білеміз. Сонымен Абай 70-жылдарға шейін, бір жағы, әкесінің ығында болса, екінші жағынан, сол әкесінің басындағы міндеттерді барлық жаулары мен барлық талас-тартыстарын түгелімен өз басына аударып, өз міндетіне ала бастайды. Ел билейтін кісілік пен сол кісілік жолындағы партия майданы, бас балуанға Абайдың өзін жырып шығарады. Ендігі күрестің саясаты мен барлық жауапты істер Абайдың жеке өз басына аударылып, өз қолына келеді. Бұл жолда алғашқы жекеленіп шығу жаңағы 12 тергеуде

басталуға керек. Сол тергеулердің тұсында Абай ұлық атаулының
талайын көріп, барлығымен де әлденеше қалде кездескен болады.
Ұлық алдында жұмысты болу бір ғана ұлықтың өзі емес, сол
кездің көп-көп адвокат, тілмаш сияқтылармен де кездестіру керек.

Соның барлығымен араласу көп нәрсеге көзін қандырып Абайға
заң-закон дегендерді білдіру керек. Әрине осымен қатар орыс тілін
білу, орыс ұлығының әлді, әлсіз жағын ұғыну Абайға жаңа міндет
сияқтанады.

Қыр тартысын ұлық пен закон шеңберіне қай жағынан әкеп
сыйғызуға болады? Ұлықпен қалай арбасуға болады, осының бәрі
ел кісісі болатын Абайдың түгел ұғынып, толық білуіне қажет
нәрселер сияқты көрінеді.

Сондықтан алғашқы рет орыстың тілін іздеп, оқу-біліміне қарай
көңіл бөлу осы кезден басталатын сияқты, бұл уақытка шейін
Абайдың барлық оқуы үш-ақ айлық сабақпен біткен. Әрине ол
білім кейінгі күндегі Абайға азық болады деп айтуға болмайды. Ол

кейінгі ісіне татымды негізде болуға жарамауына керек. Орысша
жағына іздену жаңағы істің тұсында, сол 24-25 жасынан басталу
керек... Бірақ бұл уақыттағы қарастыруы да үнемі салынып іздеген
іс емес... Елге шыққанда Абай ынта пейілмен кісілік соңында. Ол

жолдағы міндеті мойын бұрғызбайтын, таусылмайтын ұзақ жұмыс,
ұзақ міндет, сондықтан бұл кездерде сарылып кітап соңында
отырады деуге болмайды.
69-70-жылдардың қысы әлгідей өтсе де Абай ел жұмысынан

торықпаған. Құр тергеуге іліндіргені болмаса жаулары жеңе
алмаған. Бұрын бауырлап меншіктеп жүрген елі әлі де болса
қолында
қалған.

Сонымен
70-жылдардың
артынан
Абай

бұрынғысынан да екпіндеп кіріскенге ұқсайды. Күннен күн өткен
сайын тәжірибе көріп ысылып, әдіс-айланы молайтып алған соң
ойға да, қырға да атағанын сыйғызып, қалағанын жүргізетін үлкен
салмақ иесі болуға айналады. Тартысқан ел қаншалық күшін салса

да жеңіп шығып ала алмайды. Қөбінесе өз ісіне өзі сүрініп, өз
сөзіне өзі оралып Абайдан да ел көп жығылатын болады.
Бұл уақыттарда Абай ел саясатын жалғыз әкесінің ғана
нұсқауымен жүргізбей, өз жанынан өзі сүйген дағдысын да

қолдана бастаған сияқты. Жоғарыда Құнанбайдың баласына
айтқан сөздері Абайдың осындай өз бетін аша бастап, өз ырқынша
жүргізгіш болғандығынан тууға керек. Сонда «орысшыл» деу

басына іс түскенде орыстың ұлығыншыл болғанын білдіреді.
Ұлықшылдық орыс төрелеріне жақын болуға істеген талабынан
бір көрінсе, елді ұлық арқылы жаңалап, ұлық күшімен басып алуға
салынғандығынан тағы да көрінуге керек.

Әкесі тапқан мін көбінесе осы жағынан болу керек. Орыс күшін
Құнанбайдың өзі қолданса да, заманы Абайдікінен гөрі қазақырақ
заман болғандықтан, қыр жолымен, өз күшімен қол қимылын
істегіштік ол кісіде көбірек болған. Мысал үшін Қодарды өлтіруін

еске алсақ та болады. Сонымен Құнанбай айтқан кінәні, Абайдың
орыс оқуына құмарлығынан шығар деп болжам жасауға керек
емес.
Ол кездегі Абай қыр жуанының бел баласы. Заманның құлы,

сондықтан алдында көп мақсат жоқ, бар талпынғаны бір ғана
тілек. Осы жолда 70-жылдардан соң Абай өз бетін жүргізе бастады
дедік. Соның бір белгісі жоғарғы айтқан болса, екіншісі өз ішінен
өз басына арнап, өз бетімен дос жиюында болды.

Бұрын ылғи әкесі дос санаған кісімен іс қылып келген Абай, енді
өз замандастарынан өз сынынша дос іріктейді. Сол ретпен тапқан
кісілері: Оразбай, Жиренше, Ербол деген сияқты кісілер болады.
Абайдың өз басы бұларға шын сенеді екен, бірақ Құнанбай:

«Адал дос болмайды алдамшылар» деп жек көреді екен. Кей
уақытта осыларға Абайдың қатты сенгендігінен мазаланып:
«Құдайдың жан қылып жаратқаны рас болса, осылардан татып
отырғаныңды бір көремін-ау», – дейді екен.

Бірақ Абай әкесінің сөзіне қарап достарын тастамаған, сонымен
өз талабы мен осы достарының көмек талабының арқасында
көп елмен ұзақ жағаласып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп келіп 28
жасқа толғанында қарсысындағы елдерді ең алғашқы рет емін-

еркін басып, жеңіп алады. Жеңгеннің белгісі: Оразбай Аққұлы
баласының ауылында болған өз сайлауына, жанына туған-
туысқандарынан ешкімді ертпей, өзі тапқан достарын ғана алып
барып, партияласқан елді қаптал бүктеп үйдегі Ысқақ деген інісін

болыстыққа сайлатып қояды.
Ысқақтың алғашқы болыс болғаны 1873 жыл, осымен
алғашқы рет сайланған соң, Абай Ысқақты ұдайымен үш сайлау
9 жыл болыс қылады. Осыдан кейін оқта-текте болмаса Құнанбай

баласы, Құнанбай немерелері болыстықтың үнемі иесі болады да,
өзге ел адамдарының бірде-біріне тимей қояды. 73-жылдан кейін

Құнанбай балаларының дәуірі жүреді. Тобықты ортасынан қажы (Құнанбай) баласының билігі орнайды. Жә, енді осы айтылып өткен жасқа шейін, одан соң бұдан кейінгіні кейінгі біраз жылдарға шейін Абайдың ақындық қызметі болды ма, болса қандай себептерден туып, қай түрлі болды, қаншалық өлең жазылды – сол жайынан біраз сөз айтайық. Бұл тұсқа келгенде ең алдымен қысқаша айтылатын сөз: Абай осы жастарға шейін өзінің ақын екенін білсін, білмесін, бірақ өз басына ақындық іс екен, жол екен, уақыт бөліп, еңбек қылатын кең өpіc екен деп білмеген. Тегінде Абайдың жас шағында айтқан өлеңдері өте көп болмау керек. Болғаны болса Абай қағазға жазбай, орайы келген жерлерде қалжың сөз ретінде ауызша айта салып, артынан өзі де ескермей ұмытылып қала берген сияқты. Жасындағы өлеңдерін ақынның өзі ескермеген соң кезінде басқа кісілер де ескеріп есінде сақтамаған. Берірек келгенде Абайдың жас күніндегі өлеңдерінен біренсараны есінде қалған үлкен кісілер болса, олардың аузынан ешкім ескеріп жазып алмаған, біздің уақытымызда ол кісілер жоқ болды. Сонымен ақынның жас шағынан біздің қолымызға түскен белгілері тіпті болымсыз, азғана. Сөйтседе қолға түскен бірен-саранның айтылған себептерін қарасақ, көпшілігі біреуді қалжың қылған, мысқыл, мазақ, күлкі аралас өлеңдер. Бұларының бәрінің де өлең қылған кісінің көзіне қалжыңдап күліп айтқан сөз сияқты. Абайдың ерте баста айта бастаған өлеңі осы сияқтылар. Тегінде ұмытылып біздің заманымызға жете алмай қалған өлеңдері болса, көбі осы түрлі сөздерінен болу керек. Екінші түрлі өлеңдері қыз-келіншекке жастық дағдысымен жазған хат өлеңдер. Мәселен, 13-14 жасында «Жүзі рәушән, көзі гәуһар» деген өлеңді айтқан. 19-20 жас шамасында «Әліпби» өлеңін айтқан, одан соң жігіт күнінде Сүгір деген кісінің қызына құмар болып «Ақ етің аппақ екен, атқан таңдай» деген бір өлеңі болса керек. Бірақ біз ол өлеңін білетін кісіні таба алмадық, құр атынан басқа ешнәрсе айта алмадық. Толық жігіттің шағына жетіп, үлкендікке мойын қоя бастаған кезінен «Сап-сап, көңілім, caп, көңілім» деген бір өлеңі табылды. Біздің мөлшерімізге қарағанда, бұл өлең 25-26 жастарында жазылған сөз болу керек.

Міне, осы сияқты оқта-текте бір кездесетін шашау-шашау тұрған белгілеріне қарасақ, Абайдың жас күнінде ақындыққа салынбай, өлең шығаруды мақсат көрмей, бұл өнерге үстірт қарап өскендігі байқалады. Анда-санда айтылып қалған өлең болса барлығы да бойға біткен ақындық қуатының өзінен-өзі әлде қалай шығып қалғаны сияқты. Жастығының көп өлеңі болса, бәрі де әңгіме арасында қалжыңдап отырып айта салған сөздер. Абайдың ерте күндегі ақындық қуаты осы сияқты жолмен өзіне шығыс тапқан сияқты. Одан соң күлкі мен қалжың қылып айтатын өлеңнің басын кішкене бала күнінен бастаған сияқты. 12 жасында бір жолаушы қатынға айтты деген бір-бір ауыз өлең бұған дәлел. Сол уақыттаақ біреуді мінегіш, күлгіш кішкене Абай, Тонтайдың кішкене жиенімін деп өз жайын мәлім етіп тұрған сияқты. Кейін айтатын қалжың өлеңінің барлығы да осы бетпен өседі. Осымен әр жылда әр жерде кейде ұзақтау болса, кейде бірер ауыз ғана қалжың өлеңдер айта жүріп Абай ЬІсқақ болыс болған жылдарға келеді. Бұл уақытта елінің бір деген басшы кісісі атанып, айтқаны кімге болса да бұлды, әмірі Тобықты ішіне екі болмайтын дәрежеге жетеді. Болыс болып күндегі істі інісі басқарғанда өзі елдің сыртқы шеңберін ұстап, үлкен таразысын бағатын кісі болады. Ысқақ Абай айтқанды бұлжытпай істейтін орындаушысы болғандықтан, өзге ел сырт болсын түгелімен, жуандық, кісілік, билік барлығының тұтқасы Абай деп біледі. Абай басына үйіріледі. Сондықтан өзі болыс болмаса да болысқа да келетін істің барлығын, ел ортасының дау-шарын, билігін, съезін түгелімен өзі атқарып, өзі басқарады. Осымен қатар ұлық жағының тауқыметін өзі алады, бұрынғыша жақын жүріп, таныс болған үйез, судья, адвокат сияқтылармен әлі қатынасын үзбей араласып, көрісіп жақын болып жүреді. Солардың үйлерінде қонақта болу, мәжілістерін көру, айтысқан сөздерін есіту сияқты нәрселер Абайдың бұрынғы уақытта шала біліп қана, жұта алмай қалған білім кемістігін, қайтадан өзіне сездіреді. Бұрын өзін елге салыстырып білімдімін, толықпын деп жүрсе, орыстың оқыған адамдарына кездескен соң, түбірлі білімі жоқ, надан екенін сезген. Сонан соң ойына алғашқы рет надандықтың өкініші келіп бар күшімен талпынып білім іздейді. Жасы 30-дан асқан соң, бұрынғы азды-көпті білгенін есіне

түсіріп, орыстың тілін жаттайды. Қалада жатып азын-аулақ тіл
білген соң, кітап оқуға кіріседі.
Содан біраз жыл өткенде Абайдың күндегі өмірінде үлкен
орымды ел сөзімен қатар кітап алады. Кітапты тәртіппен, ретпен

оқымаса да, пәлен жақсы, түген жақсы дегендердің сөздеріне
бірі артынан бірін жіберіп, үсті-үстіне үйіп қадалып оқи береді.
Бір жағы, ел сөзі, ел жұмысымен жатса, екіншісі, әдейі қала
кітапханасының кітаптары үшін де Семейде қысқы айларда ұзақ

уақыт жатып алатын болып, өз-өзінен ізденіп қармана бастайды.
Осымен 35-36 жастардың шамасында кітап қарастырудың
жолында жүріп, Абай 1880 жылдарда Петрбордан айдалып келген
орыстың төңкерісшіл, халықшыл Михаэлис деген кісімен таныс

болады. Михаэлис ол кезде жас, Петрбор университетінің студенті
болып жүрген күнінде айдалған екен. Бұл сол замандағы орыстың
төңкерісшілдік пікірінде жүрген адамдарының басшысы, атақты
Чернышевскийдің жақын танысының бірі болса керек.

Сол Михаэлис Семейдің кітапханасынан өзіне керек бір кітапты
іздеп келіп тұрғанда, сол кітапханада Толстойдың кітабын сұрап
Абай да тұр екен. Михаэлиске қыр қазағының Толстойшылдығы
таңсық көрінеді. Сондықтан ол Абайға келіп «Толстой неге керек?»

деп сұрағанда, Абай өзінің кітап қарастырып жүрген жайын
айтады. Содан екеуі кітапханадан бірге шығып әңгімелесіп кетеді
де, артынан жақын таныс, сыйлас, тату адамдардың халына жетеді.
Михаэлис осы барғаннан Семей облысынан қайта алмай

40 жыл тұрып сол жақта өлген. Әуелгі кезде Семейдің өзінде
тұрып артынан ылғи Өскемен қаласын мекен еткен. Міне осы
замандардың барлығында, алғашқы рет таныс болып алған соң
Абаймен ұдайы кездесіп, не хатпен хабарласып тұрған. Бертін

келген уақытта Абайдың ауылына қонаққа да барған болса керек.
Аздан соң Михаэлис арқылы Абай 80-жылдарда айдалған басқа
халықшылдармен де танысқан. Солардың ішінде халықшыл адвокат
Гросс, жас доктор Долгополов сияқтылар болған. Гросс айдалып

келген соң қазақтың ескі жорасы бойынша айтылатын билік кесім
сияқты ескі әдет заңдарын жиып, қарастыруға салынған, сонымен
бұ да Абаймен араласып, қырға шығып 3-4 айдай Абайдың
ауылында жатып қайтқан. Кейінірек уақытта Абайдың ауылына

Долгополов та келіп, қонақ болып жатып жүреді.
Бұл кісілердің барлығының ішінде ең алдымен таныс болып,

Абайға алдымен пайдалы әсер еткен кісі – Михаэлис. Михаэлистің
істеген еңбегі көп болғандықтан Абай кейінгі уақыттарда «дүниеге
көзімді ашқан кісі Михаэлис» деп алғашқы басшылық істеп, бет
нұсқағандығы үшін өмір бойы алғыс айтып кеткен. Михаэлистің

өзінің тексерген жолы табиғат ғылымы болса да (жердің
жаратылысын оқыған) үлкен қаланың университетіне әр тарау
жолдардан мағлұматтары болған мәдениетті адам, Абайға қандай
кітапты оқу туралы шынымен үлкен ұстаз есебінде көңілдегідей

жақсы бет бағыт берген.
Бұрын қолына түскеннің бәрін талғаусыз, ретсіз оқып жүрген
Абай ендігі оқуын Михаэлистің ұсынысы бойынша үлкен тәртіпті
ретке қойып, суретті әдебиет, сын, фәлсафа, тарих, табиғат

ғылымдары, ақыры әлеуметшілдік жайындағы кітаптарға шейін
тарау-тарауымен белгі, жоспармен оқитын болған.
Осы ретпен орыстың белгілі ақын-жазушыларынан: Пушкин,
Лермонтов, Некрасов, Толстой, Тургенов, Салтыков-Щедрин,

Достоевский;
сыншыларынан:
Белинский,
Чернышевский,

Добролюбов, Писарев; Еуропа ақындарынан Гете сияқты;
фәлсафашыл, табиғатшыл білгіштерінен: Спенсер, Луис, Дарвин;
тарихшыларынан Дрепер сияқты талайларды оқыған. Әрине бұл
аталған жазушылардың бәрін бірдей Абай бірер-ақ жылдың ішінде

оқыды деуге болмайды. Соңғылардың көбін бері келіп, ұлғайып,
кәрілікке айналған кезінде ғана қолына түсіруі мүмкін.
Алғашқы
кезде

оқығандарының
көбі
орыстың
суретті

әдебиеті мен сыны болу керек. Көп заманға шейін қалада
жатып оқумен келіп, кейінірек көп кітаптарды қырға да алып
шығып, елден де қарастыратын болады. Әдебиет тұсында
жалғыз орыс жазушыларымен тоқтамай Еуропаның көпке

жайылған романшылдарын да оқыған сияқты. Әрі-беріден соң
әңгімесі қызық кітаптарды жалғыз өзі оқумен қанағат қылмай,
маңындағыларға әңгімелерін ертегі сияқты қылып, айтып отыруды
әдет қыла бастайды. Сол 35 жастың шамасында өзі кітап қарастыра

бастағанымен қатар, екінші баласы Әбдірахманды Семей қаласында
үйездік школға оқуға берді. Бұл баласы кейін өндіріп ұзақ оқып
кетеді. Артынан біраз жылдан соң үшінші баласы Мағауияны да,
әйел баласы Күлбәданды да әкеп орыс школына береді.

Семей қаласының үйез-жанарал, судьяларындай құр төрелікпен
болған ұлықтарынан сонағұрлым жоғары тұрған Михаэлис,

Гросс сияқты зор білімдері бар, ірі мағлұматты кісілерге таныс
болып, анда-санда солардың мәжілістерінде болып, солар атаған
кітаптарды көп оқып, зерттей де бастаған соң, Абайдың алдына
жаңа жарық дүниенің шеті ашылғандай болады. Сонымен 1884

жылы, 1885 жылдарда өз жасы қырыққа таман келіп ілінгенде
Абай дүниеден көп мағлұматы бар, әр нәрсеге білім алған кісідей
арнаулы көзқарасы, сыны бар, әншейін ел кісілерінен сонағұрлым
білімді, қырағы, озғын кісі болып жекеленіп шыға бастайды.

Бұдан кейінгі Абай елге де құр Құнанбайдың баласы, құр
тартысқа мықты, құр ғана айлашыл, ашушыл жуан болмай, ең
алдымен өзге жауларының бәрінен білімді, ақылы, сөзі мен өнері
артық кісі болып таныла бастайды. Көптің ұғынып жүрген құр ел

жақсысы емес, Абай ең алдымен білгіш, кемел, шешен, жүйрік
болып санала бастайды. Енді өз елімен кейде келісіп, кейде
келіспей жүрсе де, сырт елдердің барлық басты деген кісілері
Абайдың атағын көп естіп, әңгіме, мәжілісіне құмар да болатын

болады.
Сонымен көбінің өз тілектері бойынша Абай кейбірімен айқыш-
ұйқыш құда болып, кейбірімен сырлас, тамыр, дос болып, жалғыз
Семей үйезі емес, Қарқаралы, Өскемен, Аякөз айналасының басты

кісілерімен де жақындық таба бастайды. Ел айтқанда Абайдың
атағы, абұйыры, бақ дәрежесі бір Тобықты емес, сан Тобықтыдай
елдерге түгел жете бастайды. Туыстас, шешендік, зеректік, ерекше
ақылдылық, сыншылдықтың үстіне Еуропа сияқты жақсы сенімді

құрал тауып алған соң, Абаймен қыр елдің мақтаған жақсылары,
атақты шешендері болса да, тіресе сөйлесіп пікір таластыруға
жарамайтын болған. Қай-қайсысы болса да сыртқы даңқы зор
болғанмен Абайға келіп кездескенде, дүниені болжар білімі,

шалымы жоқ болғандықтан, ескі-жаңа білімге бірдей жүйрік, қазақ
пен орысқа бірдей жетік Абайдың қасында білгіштің қасындағы
наданның, халінде қалып отырған.
Сонымен Семей қаласында болсын, басқа дуандарда болсын,

бірнеше үйез елдердің болыс, билері, басты кісілері бас қосқан
үлкен съезд, червечнайларда Абай өзімен толық тең түсіп, толық
мәжілістес болатын қазақ кісісін көре алмаған.
Сонымен бір Тобықты емес, өз тұсындағы қазақтың қайсысынан

болса да өзінің сонағұрлым озып кеткендігін сезген. Осыны
сезуінің арты қазақ елінің барлық салт-сана, әдет-қалпына қатты

сын көзімен қарауды туғызады. Бүгінгі ел жайына, ел ортасындағы өз жайына болса да қанағат қылмайтын, заманынан озғын ойларды ойлата бастайды. Абай енді елдің тентек-тебіз, ұрлық-қарлық, алыс-жұлыс сияқты теріс мінездерінің барлығын жалпы қазақ еліне жайылған түгел мін екенін көріп, сол терістіктерді түзететін тезі болғысы келеді. Ұғарлық, ойланарлық санасы бар-ау деген кісілерге өсиет, ақыл айтып ұстаз болғысы келеді. Сонымен 40 жасқа толған Абай енді елдің ақылды, ақылшы басшысы болғысы келеді. Отыз жасқа шейінгі өмірі қыр жуанының қырша мақсат, тілектеріне арналған болса, ендігі өмірді жаңа ұғынып, жаңа құралған негіз, пікір бойынша жаңа мағыналы түрде өткізгісі келеді. Осы соңғы мақсатқа қарай ауысуына Еуропа оқығандарымен таныс болып, кітап жүзінен алған пікір тәрбиесі себеп болды. Одан соң осымен қатар солардың әсерімен өзінің ойланған ойлары себеп болды дегіміз келеді. Көп кітап оқып, бұрын сезбей, білмей жүрген көп жаңалық есіткен соң Абайдың ішінде қатты толқын, үлкен ой-пікір өзгерістері болады. Мұның мысалына, берірек ұлғайып келген уақытта Абайдың өзі айтқан бір сөзін еске алуға болады. Өзі айтуынша: «Отыздың ішінен бастап Еуропа оқымыстыларының көп кітаптарын оқып, қырыққа таман келген уақытта, бұрынғы дүниенің асты үстіне шығып өзгеріп: күншығысым күнбатыс, күнбатысым күншығыс болып кетті» депті. Берірек келіп оқуға салынып оқып, кітап деген нәрсе әншейін қазақтың ет пен қымызы сияқты тіршілік азығының ең үлкен шартының бірі болып алғандай Абай әрбір жақсы сөзді оқығанның артынан, соның ағымына ақыл, оймен құлай сүйсініп, шын сүйетін сияқты әдеттер тауыпты. Мәселен, будданы оқып шыққанның артынан: «Шіркін будданың сөзі қалай терең еді, жасымда кез келмеді-ау» деген сияқты. Өмір бойы Лермонтовты сүйіп: бұл махаббатқа уланған шын ақын, «махаббатын улаған ашу» деген сияқты сөздері бар. Осымен Абай 40 жасқа келгенде өз өміріндегі бұрыннан келе жатқан жолға жаңа бағыт беріп, жаңа мақсат қойып, жаңаша түр қосқысы келді дедік. Жә, осы талап, ниеті, осы белгіленген негіз, бағыты Абайдың кейінгі өмірінде іске асты ма? Өзін өзгерту, өзімен бірге ұстаз болып, басшылық етіп артындағы елін өзгерту, Абайдың қолынан келді ме? Бұл айтқанның қай-қайсысы болса да Абайдың

қолынан толық келді деп айта алмаймыз. Өзгерген негіз, жаңарған ұғым, бағыт бойынша Абай енді елдің партия тартысынан айығып, аршылып шығу керек еді, Абай бұдан босай алмады. Ерте ояндым, ойландым жете алмадым, Етек басты көп көрдім елден бірақ, – деді. Болмаса: Ой кіргелі тимеді ерік өзіме, Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме, – дейді. Ақыл айтады, сынайды, сөгеді. Көппен бірге өз мінін де, өзін де жазалайды. Бірақ ешбірі де ем болмайды. Осыдан соң сыртқы өмір ырқына көнбей, бұрынғы жасынан қалыптанып қалған теріс бет, ескі дағдымен әлі де болса, өзінің билігіне еріксіз көндіріп, еріксіз жиренішті жолға қайта салындырып әкеткен соң, Абайда ой мен іс екіге бөлінеді. 40 жастан асқан соңғы Абай, бізге бір Абай емес, екі Абай болып кетеді. Біреуі: өмірге үйлескісі келмей, заманнан, ортасынан озып шығып, сыншы, ұстаз, ақылшы, ақынданышпан болуға айналған Абай да, екіншісі: күндегі өмірдің бетімен елдің сөзін ұстап, бұрынғыша партия тартыстың, билік, әкімшіліктің жолындағы ру басшы, ел меңгеруші Абай. Абайдың өз ішінде осындай екі тарау жол шығады. Бір жүрек екіге бөлініп, жыртылып айрылады. Заманнан ақыл сезімі артып, басы озған жалғыздық трагедиясы (қайғысы) туады. Сол қайғысы сыртқа шығатын бір жол болу керек. Абайдың сыртқы өмірі жеміссіз, ажарсыз, мағынасыз болса соған өз ішінде болып жатқан қарсылық бар. Ойына жиылған улы зар, үлкен мұң, көп арман бар. Осының бәрін сыртқы көзге көрсетіп, іштегі арман мен өкінішке аз тыныс, аз ем болатын нәрсе ақындық болады. Өлең болады. Сонымен 84-85-жылдардан бері қарай Абайдың ақындығы басталады. Бұл сөздің ішінде біздің алдымен ескеріп отырғанымыз, Абайдың сыртқы өмірінің ағымы болғандықтан, ақындығы мен жай өмірінің ортасында әруақытта қандай байланыс болып отырды. Әрбір өлеңі қандай күй, қаншалық бағалы деген мәселелерді тексермейміз. Абайдың ақындығын тексеретін екінші мақала болғандықтан, бұдан былай әр кезде жазылған өлеңдерін құр ғана санап өтіп отырып, көбінесе қалған өмірінің ішкі, сыртқы өзгерісі мен ағымын айтамыз. 84-86-жылдардан бастап Абай өлеңге кірісті дедік. Өлеңге

кірісуіне іштей себеп болған нәрселердің барлығын да шама келгенше оқушыға мәлімдедік деп білеміз. Енді осы жылдарда жаңағы айтылғанмен қатар Абайдың өлеңге ауысуына себеп болған, сыртқы өмірінде де бір үлкен іс бар. Енді соған келейік. Бұл оқиға Абайдың өз елінде болыс сайлау әңгімесінен туады. Ысқақты ұдайы үш сайлау 9 жыл болыс қылған соң, төртінші сайлауда 81-82-жылдарда «Енді болыстықты Бәкемнің орнынан беремін» деп жасы 20-ға әрең толған Шәкәрімді болыс сайлатады. Бәкем деп өзінің үлкен шешесі Күңкеден туған Құдайберді деген ағасын айтады. Ол кісі ертерек өліп, артында екі-үш баласы жетім қалған. Сол ағаның әруағын сыйлағандықтан жасы жетер-жетпесте Ысқақты өкпелетіп Шәкәрімді сайлайды. Шәкәрім бір сайлау болыс болып 84-жылдың сайлауына келгенде, Абай ендігі болыстықты өзімен бірге туысқан кенже інісі Оспанға бермек болады. Оспан елге тентек аусар атанған, болыстыққа қолайсыз кісі болады. Ол жасынан көңілі сүйген кісіге жақсы болса да, сүймегенді үйінен сүйреп тастайтын, қарсы келгенді бас салып сабап, қолымен батыл қимыл қылатын ожар болғандықтан, ел тегіс Абайдың ниетіне қарсы болады. Оның үстіне тағы бұл кезде Құнанбай балаларының дәуірі ұзақ жүргендіктен барлық ЬІрғызбай деген рудың ішінде, болысы да, болыс емесі де түгелімен бақ мастыққа салынып, орынсыз жуандық, орайсыз тентектік молаяды. Сонымен ел ортасындағы жалпы наразылық күшейеді. ЬІрғызбай деу, орынсыз еркелік, орайсыз тентектік, жуандыққа кепілсіз шексіз берілген белет сияқты болады. Мысалы, Бақаш деген біреуі көп елдің ортасында орайсыз ақымақ сөздерді сөйлеп-сөйлеп келгенде, тыңдаушы: «Бақаш-ау, мынауың орайсыз ғой» дегенде: «Менің ырғызбайлығым шығар», – деп жауап береді дейді. Осы сияқты ұшы-қиыры жоқ толып жатады. Сондай себептердің барлығы жиылып келіп, ел ішінде Абайдың айтқанына қарсылық ойлайтын кісілердің тобын көбейте бастайды. Бұл күнге шейін болысты сайлаушы үйез началнигі емес, Абай болып, болыстықты ылғи ғана өзінің жақын көрген інілеріне беріп келгеніне ел қарсылық істей алмаса да, енді інілерінің ішіндегі ең тынышсыздығына бермек болғаны Абайдан бірталай елді торықтыра бастайды.

Ең алдымен бұрынғы дос болып жүрген Ербол, Жиренше,
Оразбай, Күнту деген сияқты сенген адамдары кетеді. Осылардың
ішінде өз ағайындарынан да қосылушы болса керек. Оның үстіне
өзінің кейбір жақын інілері іштен Абайдың ниетіне қарсы болып,

астыртын әркіммен баталасыпты деген сөз де бар.
Бірақ жаңағы саналған кісілер болсын, өзге ел болсын қай-
қайсысы болса да нақ сайлау күніне шейін сырттарымен баяғыша
Абайдың ала көңіл досы болып жүреді. Не істесе де бірде-бірін

Абайға айтпайтын, сездірмейтін болып, барлық дос атаулысы
түгелімен анттасып, баталасып алады да, істің бәрін жасырын
істейді. Сонымен ел ішінде партия бары да білінбейді. Абай
мақсатына қарсы астыртын дайындалып келе жатқан, бір болыс

елдің жаулығы бар екені де сезілмейді. Бұл қыр ішінде ешуақытта
болар-ау деп кісі күтпейтін ерекше шебер жасалған кәдуескі
өзгеріс жасайтын жасырын ұйым болады. Басшылары шынымен
ширығып, мықтап дайындағандықтан, іс пен сөздің барлығын

бірнеше сенімді кісілеріне тапсырып, қалың елге үлкен сырды
шашпай да қойған.
Осынымен 1884 жылдың сайлау күні болады. Оспанды болыс
қоямын деп Абай келеді. Абайдың жақын ағайындары болсын,

Оспан болсын, барлығы да Абайдың айтқаны бұрынғыша екі
болмай орындалады деп түгел сеніп келеді. Жалғыз-ақ дәл
сайлаудың алдында елдің жыбырынан аз сезіктенген Ысқақ Абайға
келіп: «Ел бұзылып жүрген сияқты, сені алдап жүрмесін» деген

соң Абай Ерболды шақыртып алып ел жайын сұрапты. Ербол өзге
достарымен жасасқан уәдссі бойынша: «Ысқақ бекер айтады»
деген, сонымен Абай сеніп отыра берген.
Бірақ Ысқақтың сөзі шын болып, елдің де, Ерболдың да жалған

екеніне дәл болыстыққа шap салған жерде бір-ақ көзі жеткен.
Үйездің алдында елдің елу басылары болыс болатын кісіге
тас салар жерде, Оспанмен бірге шарға түсіретін болып ойда
жоқтан Күнту Шонқа баласының атын атайды. Баталасып алған

елу басылардың барлығы түгелімен тастарын Күнтуға салып
жіберіп, бұл күнге шейін жасырын дайындалып келген болыстық
төңкерістін бетін Күнту болыс болып шыға келген жерде бір-ақ
ашады.

Бұл іске Абаймен, Абай тілеуіндегі елдің таң қалуы былай
тұрсын, осы күнге шейін «Күнту болыс болған сайлауды»

ертегідей, жырдай қылып айтатын Тобықты іші: үйездің қатыны да таң қалып, «көтек» депті деседі. Осы оқиға бұдан бұрын елге «ақ» дегені – алғыс, «қара» дегені – қарғыс болып, «сүт үстінде қаймақ» болып келген Абайға үлкен қаза сияқты көрінеді. Қаза жалғыз ғана інісінің болыс бола алмай, Құнанбай баласынан болыстық шығып кеткендігінен емес, өйткені сайлаушы үйез Тихонов деген кісі сайлауды қайтадан бұзғызайын дегенде, Абай көнбей бекітіңіз депті деген сөз бар. Бұл іс ең алдымен Абайға өзімшілдік намыс қазасы болған сияқты. Тобықтыны таныдым, «ұқтым, билеймін» деген толық сеніммен жүрген уақытта, досым деп жүрген кісінің барлығы түгелімен бір-ақ сағаттың ішінде жау екенін білдіріп, ол жаулықты сыртына шығармастан, іштеріне үлкен еппен жасырып жүріп кеп қатты алдап кеткені Абайдың ақылы мен білімін, атағы мен айбын күштілігін аямастай жазалап мазақ қылып кеткен сияқты. Шынында Абай халінде болған кісіге, бұл төңкерісті істеуші жасырын ұйым, өз мақсатына жетумен бірге, жауына тағдыр қазасындай қаза, тағдыр мазағындай мазақ табағын ұсынған сияқты еді. Бұл күнге шейін беті қайтып көрмеген Абай осы істің тұсында өмірдің де, елдің де бұған қарап бетін тыржитып, ернін шығарып, мысқыл қылып күліп тұрған, боғауыз мінезін көрген сияқты болады. Ел ішіндегі іс осыған келіп тірелген соң, кітап тәрбиесі, ой тәрбиесімен жаңа бағыт ұстанармын деп жүрген ниетінің барлығы еріксіз кейін қағылып қалады да, Абай қайтадан елді бағып кетеді. Достың бәрі жау шығып, ел болса өзін тастап, жөңкіліп кеткен соң, алдаған кісіні жазалау, кеткен елді қайта баурап алу, қайтадан алысу қажет болады. Одан соң бұл уақытта Абай тоқтаймын десе де тоқтай алмас еді. Өйткені өз кісілерін болыс қойып жеңіп алған ел, Құнанбай балаларынан баяғыдан көрген қорлық-зорлығы болса, соның есесін алу керек. Жеңгендіктің жемісін теру керек. Одан соң олардың ұғынуында Абай қайта алыспай, кек алмай қоймайды. Сондықтан оны әлсіретіп біржолата жығып алу керек. Құнанбай баласын осы сүріндірген бетінен қайта тұрғызбай, біржолата тұқырту керек. Құнанбайдың, Абайдың өздері салған жол бар – қырда түгел жыға алмасаң ұлыққа жағып, орыс күшімен жаныштау керек. Олай болса үстінен арыз беріп, болыс, бидің мөрін пайдаланып қылмысты кісі қылып көрсету керек. Мұның

бәрі тынымсыз алыс, тоқтаусыз партия тартыс болмай қоймайды. Сонымен Абайдың ендігі алысы, бір жағынан, бас қорғаудың алысы болуына тура келеді. Енді ерік өзіне тимей, тілесе де, тілемесе де алысу керек болады. Осымен 84-85-86-жылдар түгелімен алыспен өтеді. Бірақ 80-жылдардан кейін Абай бір кісі емес, екі кісі болып бөлінді дедік. Қайтадан еріксіз келіп алысқа кірсе де жаңағы жылдардың ішінде Абайдың ой-сезім қайраты ішінен қарай үңіліп, бірталай өлең шығарады. 84-85-жылдар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» деген сияқты бір-екі өлеңді ғана туғызса, 1886 жыл Абайдың нағыз ақындыққа шынымен бой беріп көп көңіл бөле бастағанын білдіреді. Бұл жылда 1617 өлең шығарады. Абайдың бұл күнге шейінгі баспаларында «халық туралы» деп жүрген өлендерінің көбі осы жылда, елден алғашқы рет қатты торыққан көңілінен шыққан сөздері болады. Сол өлеңдердің ішінде: Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, Алдамаған кім қалды тірі жанда – деген сияқты талай-талай сөздерде Күнту болыс болатын сайлаудың алыстағы сарыны сезілгендей болады. Сонымен қатар бұл өлеңдерінің барлығы өзінің шын налыған зары да сияқты. Бірақ бұл жылдарға шейін Абай өлеңді жазса да өз атымен жазбай, ылғи Көкбай айтқан өлең деп жүргізеді. Сондықтан зарланып жатқан Көкбайды аяп кейде: Сорлы Көкбай жылайды, Жылайды да жырлайды, Жыламай қайтып тұрады, Мынау азған қу заман Қалыбында тұрмайды. Біреу малды ұрлайды, Біреу басты қорлайды. ... болмаған соң, Жылауына зорлайды, – дейді. 82-жылдан бастап осы 85-86-жылдарда Абай Пушкин, Лермонтовтан бірен-саран өлеңдерді қазақшаға аударып та байқайды. Бірақ жоғарғы айтқан ретпен Күнту болыс болып алған соң Абайдың үстінен арыз-шағым ұлық кеңселеріне топырлап түсе бастайды.

Сонымен 1885 жылы Қарамола деген жәрмеңкеде бірнеше дуан елдің, ол күндегі әдет бойынша, бас қосатын червечнай (төтенше) съезі болады. Осыған Абай да келеді. Бұл уақытта Тобықты ішінде Абайға жау болып шыққан кісілер өздеріне іштей ниеттес, тілектес болатын кісілерді басқа елдерден де тауып алған болады. Бұрын Абайдың өзге сырт елдегі достары көп болса, сол достарының қарсысында жүрген жауларының барлығы да енді Тобықты іші жіктеліп алғанда шұрқырасып келіп, оп-оңай Абайдың Тобықты ішіндегі жауларымен табысып кетіп солардың қарасын көбейтіп, тобын молайтады. Червечнайға жиылған топтың ішінде осы сияқты Абайға қастық ниет ойлайтын кісілердің барлығы Қарамолаға келетін жандаралдан Абайды жазалайтын қаттылықты күтеді. Абай айдалар деп те үміт қылатындар болады. Сонымен жандарал келіп Тобықтыдағы ел кісілерін жағалай жүріп әрқайсысымен танысып келе жатып Абайға келгенде: «Партияшыл, ел бүлдіргіш Құнанбаев сенбісің?» – дейді. Абай: мен депті. Неге партия қыласың дегенде: «Жалғыз мен партия қылмаймын, дүние түгел партия, жанды, жансыз мақлұқтың барлығы да алыс-тартыспен тіршілік етеді. Дүниедегі тіршілік күрес, партия тіршілігі, әуелі өзіңіз де партия қыласыз» – дейді. – Сені ел неге көп жамандайды? – Ел көп, мен жалғызбын, көп әрқашан тентек, бұзық, көппен алысқан жалғыз жаман атты болмай тұрмайды. Қай қауымды алсаңыз да жақсысынан жаманы көп емес пе? Бірақ көп екен деп жаманның сөзін мақұлдау керек пе? – депті. Осы сөздерден соң: «Абайды не қылар екен» деп анталасып, асығып күтіп тұрған елдің барлығының көзінше жандарал Абайды өзіне тіккен үйге ертіп кіріп, ұзақ әңгімелесіп отырып қалады. Аздан соң шай ішіп шыққанда елге: «Съезді жақсы өткізіңдер, ұрыда ақысы кеткендердің ақысын толық әперіңдер, съезді жақсы өткізу үшін Абай сияқты кісіні төбе би сайлаңдар» деп өзі Абайды червечнайдың төбе биі қылып қайтып кетеді. Бұл оқиға оқушының көбіне керексіз ұсақ мысал сияқты көрінсе де, біз Абайдың білімдігі, жүйріктігі арқасында мұнымен алысқан кісілердің әрқашан тең түсе алмай, ұлық алдына келгенде жеңіліп шығатынына мысал көрсету үшін келтірдік. Бірақ червечнай съезде осылай өтсе де, Күнту болыс болып

тұрған уақытта Абаймен ұстасқан ел алысып-тартысқанда арыз шағымнан да тыйылмаған. Сонымен 86-жылы көрсету қатты молайып кеткендіктен, көп мөрлердің себебімен Абайды жер аудартуға да жақындайды. Осы орайда Семей қаласына Ақмола, Семей облысының корпус генерал-губернаторы келеді. Елдің арызы оның алдынан да жаңбырша жауады. Корпус бұл істерді көрген соң Абайды жер аудартуды бекітпекші болады. Бірақ сол уақытта мұның қасында корпустың кеңсесін басқаратын Лосовский деген кісі бар екен. Бұл бұрын Семей үйезіне начальник болып, Абаймен жақын таныс болған адам. Сол араға түсіп, Абайды корпусқа жолықтырып бетпе-бет сөйлестіріпті. Абай мұнымен де жаңағы жандаралмен сөйлескендей, мағлұматы барлығын көрсетіп, оқымысты кісіше еркін сөйлессе керек, дәл не сөйлескені мәлім емес. Бірақ әңгіменің артынан Абайға: «Сен ортаңнан басың асқан адам екенсің» депті дейді. Осы әңгіменің артынан бұрынғы жер аударылу деген әңгіме қалады да, оның орнына қайта Күнтуды болыстықтан түсіріп, қызметті Абайдың көрсетуінше Шәкәрімге тапсыратын қылып үйезге нұсқау беріп кетеді. Бірақ Семейде болып жатқан сол сияқты өзгерісті білмей, Абай айдалатын болыпты деген дақбыртқа нанған жау жағы осы кезде Тәңірберді деген Абайдың ағасының қыстап шыққан жылқысын тиіп алған. Алумен тұрмай топты жылқыны талап әкетіп көбін қырып алады. Бірақ осы уақытта Күнту болыстықтан түсіп қалып, «назначениемен» Шәкәрім болыс болды деген хабар келіп, елдің берекесі кетіп, қатты қазаға ұшырап қалады. Осымен Абайды бір рет алдап, жасырын іс қылып, болыстықты Құнанбай балаларынан алып кетсе де, жау жағы тым болмаса түгелімсн бір сайлау болыс бола алмай, Құнанбай балаларынан қайта жеңіліп, бұрынғы болыстықты қайтадан соларға береді. Сол соңғы аударыстан соң Абайдың тірі шағында болыстық қайтып Құнанбай балаларынан шықпайды. Қаншалық уақыт тоқтаусыз алысып, тартысса да өзге руларға болыстық арам астай болып кетеді. Сонымен жеңген шығармыз деген уақыттарда толық жеңе алмай, қайтадан Абайдың айтқаны болып, атаған кісісі сайланған соң, сол 86-жылы болыстықтан түскен соң Күнту өз соңына

ерген елін алып, Абаймен болыстас болғысы келмей көрші болыс
Мұқырға шығып кетеді де, Оразбай артына ерген Күшікті алып,
Шыңғыс болысының екінші жағындағы Бұғылы болысына шығып
кетеді.

Талай дәмелі тартыста Абайдан жеңіле беріп, әзіргі күнде жолы
болмайтындарына көзі жеткен соң, бұлардың алдындағы жалғыз
Шыңғыс осы сияқты болып қалады. Сонымен 87-жылы келесі
сайлау болғанда, қалған Шыңғысқа Абай өзінің атағаны бойынша

Оспанды болыс сайлайды. Осымен 89-жылғы сайлауда тағы да
Оспан болыс болады.
Бұл жолы болыс болып алған соң Шыңғыс ішінде тартыс-
талас жоғалып, тыныштық орнауға айналады. Осы ретпен әзірше

Тобықты іші де біраз тыныс алып, партиядан қажыған сияқтанады.
1884 жылдан соң елдің сөзіне өз еркімен бұрынғыша еңсесін
салып шаппайтын болып, таласып, тартысатын жауларының
шабуылы көбейген соң еріксіз бас қорғау мақсатымен ғана

кірісетін болған Абай енді шынымен тыныштықты іздейді.
Сондықтан Оспанға екі жақтағы болыстарға өкпелеп шығып
кеткен ағайындармен татуласуды тапсырады. Оспан айтқандай
барлығымен татуласып, табысып, бұрынғы шығып кеткен елді

қайтадан Шыңғысқа алып келіп қосады.
Абай осы 89-жылда араздасқан елімен табысқан соң, ендігі
ел жұмысын Оспанға тапсырып, өзі бірыңғай ілім іздеу жолына,
ақындыққа берілмекші болып шығады. 80-жылдардан бұрын

кітап оқуға кіріскен Абай, елмен талай арбасып жүрсе де кітабын
тастамаған, сонымен бірге 86-жылдан кейін 89-жылға жеткенше
тағы да ел жұмысымен, кітаппен қатар өз өлеңдерін де жазып
отырған. Рас, 87-88-жылдар көп өлең туғызған жоқ. Бірақ дәл

86-жылдай болмады демесек, бұрынғыға қарағанда бұл жылдар да
құр өткен жоқ. Екі жылда жиыны он шақтыдай өлең жазылған.
Сонымен 89-жылға келіп, сыртқы өмірінде әлгідей тыныштық
толас болған соң, мүмкін болғанша бұрынғы мақсат, арман қылған

мағыналы өмірін бастап көреді. Ең алдымен бұл жылда кітапты
көп оқиды. Өз қолындағы кітаптары біткенде әдейі ат айдатып
қалаға кісі жіберіп, Семей кітапханасынан жаңа кітаптар алғызып,
оқығанын қайтарып жіберіп жаңғыртып отырады.

Осы жыл Абайдың барлық ақындық қызметінін ішіндегі
ең өнімді, ең жемісті жылы болады. 89-жылы 25 шамалы өлең

жазылады. Бұл сөздерінің ішінде бұрынғыша елінің өзі көрген
кемшілік міндерін қатал сыншы, үлкен ұстаз тілімен сынап,
тексеру бар. Сонымен қатар махаббат жайындағы сөздер, табиғат
суреттері, бас қайғысы да бар, одан соң Пушкиннің Онегинін

аударма жасайды.
Осы жылдан бастап Абайдың білімі мен өсиетіне құмар болған
ел ішінің көзі ашық жастарына Абайдың ауылы үлкен білгіштіктің
медресесі сияқты болады. Абай ұстаз да, сөз ұғатын ынталы

талапты жастардың бәрі шәкірт. Абай іні, бала, ағайындарына
мағыналы тәрбиеші бола бастайды.
Өз өмірінде көрген істерінің барлығы жиренішті, жеміссіз
болып, адамшылыққа залалды істер болғандықтан, ендігі сөз

ұғатын жастарды жаңа жолмен, өзі қиял қылған адамшылыққа
қарай жетектеп баулығысы келеді. Бұларға өз өмірін мінеп,
басынан атқарған қата жұмыстарының барлығын жасырмай,
бүркемей мойнына алып айтып отырып, ендігі жастың ол жолдан

аулақ болғанын тілейді. Сондықтан өлең сөздерімен бір ақыл айтса,
ауызша өсиет, ұзақ мәжілістерімен тағы да баулып ылғи ғана таза
адамшылық жолын үгіттейді. Әділдік, шыншылдық, махаббатты
бауырмалды арлылық, ойшылдық, сыншылық сияқты адамды

адам қылатын жан тәрбиесінің барлық негізін қолданады.
Әлдеқандай себептермен қалаға барып оқи алмай қалып, өз
маңайына жиналған іні, бала, ағайын-туысқан сияқты жастардың
тәрбиесін қатты ескергендіктен, Абай жалғыз өз өсиетіне қанағат

қылмай, бұлардың сезім тәрбиесін толтырмақ болып, сол 89-жылы
музыка үйретпекші болады. Сол мақсатпен Көкен еліндегі Мұқа
деген скрипкешіні ауылына алғызады. Тағы сол жылы Әсет деген
ақынды да сақтайды. Осымен 91-жылға шейінгі өмірі Абайдың

ең мағыналы өткізген жылдары болады. 90-91-жылдарда жиырма
шақты өлең жазады. Сол уақыттарда жас шәкірт болып әкесінің
қолында тұрып, оқып жүрген Тұраш деген баласы мынаны
айтады: «Осы жылдарда мәжілісінде ілім сөзінен басқа сөз жоқ

болды, бастығымыз Шәкәрім болып шәкірт секілденіп сөзін
тыңдап медреседегі шәкірттерше: ақиқат олай емес, бұлай деп бір-
бірімізбен дауласып жатушы едік.
Сол екі жылдың ішінде жоғарыда айтылған көп өлеңдермен бірге

көп өлеңдеріне ән де шығарып еді. Ұстаздық қылып отырғанда
біздің жүрегімізге: малқұмар, мансапқұмар адам адам емес деп

егуші еді. Әрдайым сағынып көксеп, кезі келгенде қуанып қатты
рақаттанатын уақытта сөзді ұғар-ау деген адамдары іні, балалары
секілді жастарға ілім сөзін сөйлеп, насихат айтып отырған кезі
болушы еді. Ондай сөзге түсіп жайылып отырғанында шаруа судай

ағып бара жатса да, қаперіне алған емес. Біреу не шаруа айтып
немесе ел арасындағы партияның жайын айтып сөзін бөлсе қатты
кейіп я ашуланып қалушы еді.
Сауданың ақшаның есебі секілді есеп әңгімесі шықса аза бойы

қаза тұрып, жеркенген кісідей болып, мазасы кетіп: «Есептерің бар
болса аулаққа барып есептесіңдер» деп өзі отырған үйінен қуып
жіберуші еді» дейді.
Осы айтылған сөздердің барлығы жалғыз Абайдың өз баласы

емес, сол кездерде Абайдың тәрбиесінде болған көп адамдардың
бірдей айтатын сөздері осы сияқты өмір, осындай білімді, саналы,
терең ойлы кісінің мағыналы үлгілі жолы, Абайдың барлық кейінгі
өмірінде де бір алуан айнымай ұстанған жолы болады. Егерде ел

ішінің бірқалыпта тұрмайтын тынышсыз, тынымсыз әдеттері
осындай өмірден Абайды кей уақытта еріксіз тартып ала алмаса
Абай 89-жылдан соңғы күндеріне шейін өз өмірін осы жолмен
өткізбекші еді.

Бірақ ойлаған мақсат, ниеті бұл тұста түгелімен арман қылған
өрісіне жете алмады. 91-жылға шейін тыныштық болып келіп,
дәл сол жылдың жазында Оспан мен Оразбай қайта араздасып,
жаңадан жамандасып жауласа бастайды. Абай басында бұл

екеуін татуластырмақ болып арасына жүріп көреді, бірақ екеуі
де тоқтаса алмай жауласып кеткен соң, інісі жаққа шығады. Осы
жаулық тоқтамайтын болып ұлғайып өсіп, тағы да Шыңғыстың
шегінен асып Тобықтыға жетіп, Тобықтыдан басқа сырт елдерге де

жаңадан жайыла бастап 92-жылға жеткенде Оспан өледі. Бұл інісі
елдің міндетінің барлығын Абайдан шығарып, өз мойнына көтеріп
алған еді. Өзге туысқан ішінде Абайдың ең жақсы көрген інісі
еді. Мұның өлімі Абай көрген қатты ауыр қазаның бірі болады.

92-жылғы өлендерінің көбінде Абай Оспанның өлімімен уланып
дерттенген жүрегін көп жерде сездіреді. Бұл өлімнің өзіне арнап
та көп өлең айтады.
Осы інісі өлген соң барлық жаудың азабы мен елдің әлегі

түгелімен келіп Абайдың жеке басына, өз міндетіне түседі.
Бұрынғы тыныштық өмір бұзылады. Екі-үш жыл болса да өзінің

көптен бергі тілегі бойынша мағыналы үлгі күйге келтірілген
тіршілігі қайтадан асты-үстіне келіп, ескі дертке қарай тартады.
Енді бұрынғысын барлық ішкі қуат сезімімен барынша жек көріп
жиреніп алған Абай, қайтадан сол қалыпқа еріксіз келген соң,

тіршіліктің бұл сыбағасын ас орнына у тартқандай көреді. Бірақ
қалайда болса кіріспесіне болмайды. Кірісу, Абайлығына міндет
болып қалған, сондықтан уақыттың бәрін жауласу жұмысы
алып кетеді. Өсиетін көксеп, мәжілісін іздеген жастарға медресе

жабылғандай болады.
Тұраштың айтуынша, осыдан кейін өлеңдері де бұрынғылары да
сияқты тыныштықпен отырып жазылмай, ерекше тынышсыздық
алыс-жұлыстың ішінде әр жерде жаза салған өлеңдер сияқты

көрінеді.
Шынында осы жылдардан соң Абайдың өлеңімен қатар
аудармалары көп орын ала бастайды. Жыл сайын жазатын жалпы
өлең саны 10-12-нің шамасында болғанда, соның бірталайы

аударма болады. Өмірінің аяқ жағына жақындаған сайын, өз
өлеңінен аударманың саны әлдеқайда артық бола береді. Мәселен
89-жылдан соң ең көп жазған жылы 98-жыл еді. Сондағы барлық
өлеңнің саны жиырманың ішінде болса, ішінен бесеу-алтауы-

ақ өзінікі, қалғандары аударма, 92-жылғы жаулық тағы да ұзаққа
кетеді. Осы тартыс бір ел емес, әлденеше елдің ішінде әлденеше
түрлі жұмыстардың тұсында бола келіп, 98-жылға шейін созылады.
Бұл екі арада Абай өмірінде болған үлкен өзгеріс – 92-жылы

Оспанның үлкен үйіндегі (бұл Құнанбайдың үлкен үйі болады)
Еркежан деген келінін алады. Оспан өлгенде артында қалың дәулет
пен үш қатыны қалады. Бірақ ешбіреуінен бала болмаған. Содан
соң Оспанның үш қатынын Тәңірберді, Абай, Ысқақ сияқты үш

ағасы алып, ауылдары мен мал-мүліктерін де келіндері отырған
орындарға қарай, бірі артық, бірі кем қылып бөлісіп алады. Көп
сыбаға үлкен келін мен Абайға тиісті болады.
Еркежаннан басқа бұрын Абайдың екі әйелі бар еді. Біреуі

жоғарыда айтылған Алшынбай ауылының қызы Ділдә деген
бәйбішесі. Екінші тоқал алған Әйгерім деген кісі. Үшіншісі соңғы
Еркежан болады. Алғашқы әйелінен: Ақылбай, Әбдірахман,
Мағауия деген балалары болған.

Екіншісінен үш еркек баласы болады. Мұның үлкені Тұраш,
одан кейінгілері Мекайыл, Ізқайыл. Абай Еркежанды алмай

тұрғанда, көбінесе үлкен ауылында болып, кіші әйелінің Тұраш
деген баласын сол ауылда өз қасында алып жүріп Мағауиямен
бірге тәрбиелеген.
Әбдірахман Семейде уездік үшкелді бітірген соң, Түменнің

«реальный училищесін» барып бітіріп, содан кейін Петрборға
барып, Семейде үйез болған Лосовскийдің мәслихаты бойынша
«Михаиловский-Артиллерийский школға» түскен. Басында Абай
«Технологический институтке» түс деп жіберген екен. Сабаққа

кешігіп келіп түсе алмайтын болған соң, жаңағы Лосовский айтқан
мектепке түсіп кетіп соны бітіріп шыққан. Әбдірахман Абайдың
қатты сүйеніш көріп, қатты үміт қылған баласының бірі болған.
Бұл жаңағы мектепті бітірумен де қанағат қылмай, енді әскерлік

артиллерия академиясына түсемін деп жүргенде костоед (құрт
ауруы) науқасты болып, 1895 жылдың қаңтарында қайтыс болған.
Оспанның өлімінен соң Абайды қатты күйдірген өлімнің бірі осы
болады.

Бұл баласы Абайдай әке өмірінің жалғыз бір үлкен жұбанышы
болған еді. Соның мұратына жете алмай ерте өлгені артында
қалған әкесін қатты қайғыға салған. Ел ортасында «етек басты
көріп» талпынған адамшылық жарығына өз басы жете алмай,

барлық өмірі «сандалмамен күн кешкен» өмір болғанда Абайдың
қиялымен сағынып көксеп, асығып аңсап іздеген, мағыналы
тіршілігі сол баласының тіршілігі болса керек. Шынымен көп
үшін өмір сүріп, өнімді еңбек істеп, мағыналы адамшылық

ұрығын шашатын жалғыз үміті сол еді. Соның ерте өлгендігі
Абайдың жүрегінен тағы да қатты толқынып келген көп-көп зарды
шығарады. Әбіштің (Әбдірахман) өліміне арнап айтқан өлеңдері
Оспанның өліміне айтқаннан да қайғылы, зарлы, шерлі сөздер

болады. Бұл өлім де осы кездегі барлық өлеңдеріне қайғы мен
өкініштің қалың арманының уын жайғандай болады.
Әрине бұл уақыттарда, қазақша айтқанда, Абайға ақындық
біржолата орнаған болатын. Сыртқы өмірдің у қосып тартып жатқан

сыбағасы бар, өз ішінде қалыптанып толған сыншы ақылдың елден
ұзарып әкететін жалғыздығы бар, оның үстіне жанына сүйеніш
санап, тіршілігін жұбаныш қылған сүйікті жандарының өлімі бар.
Осының бәрі жиылған соң елмен алысып жүрсе де Абай өлеңді

өз жүрегінің тынысы сияқты қылып алған. Сондықтан Лермонтов
сияқты ақындардың өлеңдерін қазақшаға аударса, сол сөздердің

құр ғана сыртқы келісімін сүйгендіктен аудармайды. Барлығын
да өз жүрегіне түсінікті, өз халына жанасатын, өз қиялына дәл
келетін ерекше бір жақындығы болғандықтан аударады. Өзі
шығаратын өлеңдермен қатар Лермонтовтың аудармасы ақынның

өз жүрегінен толқып шыққан қайғылы шердің де айнасы, толасы,
тынысы сияқты болады.
Осындай болып қалыптанған ішкі өмірдің күй сарыны Абайдың
соңғы күндеріне шейін біржолата нығайып, орнығып алған

сарыны болады. Әрелікте қыс болсын, жаз болсын, ел сөзінен
қолы босап үйіне келіп аз да болса орнығып отыратын уақыт болса
89-90-жылдардағыдай тағы да тәрбиешілік, ұстаздық қылады.
Осымен Оразбаймен ұстасқан жаулық 92-жылдан бастап 1898

жылға жетеді. Бұл кезде Абайдың ел ұстарлық Ақылбай, Мағауия
сияқты балалары, Кәкітай, Шәкәрім сияқты немере інілері ер жетсе
де Абайдың соңына ерген ел, жалпы тартыс болсын, ел ішінің келелі
кеңесі, билігі болсын, үлкен червечнай съездері мен болыстық

съездері болсын, барлығынан да Абайды босатпайды. Ел сөзі
Абайды барлық үлкен-кіші жұмысқа басшы қылып босатпаудың
үстіне, бір-екі рет болыстыққа да шығарған. Абай өмірінде екі рет
назначениемен болыс болған. Бірақ бұл екі жолында да өз еліне

болыс болмай, Шыңғыстың көрші болысы Қоңыркөкшеге болған.
Бұл елге алғашқы болған жылы 1880 жыл, екіншісі 1893 жыл
болса керек. Қоңыр – Көкше кейінгі заманда Қызыладыр, Мұқыр
деген екі болысқа бөлінеді. Абай тұсында бұлар тұтас болған.

Бұл жерге болыс болған дәуірінен біздің қолымызда мағлұмат
жоқ. Бірақ Қоңыркөкше көбінесе Абайдың дос елі болғандықтан,
бұл жақта пәлендей тартыс, талас болды деген сөз естілмейді.
Жалпы қызметі: бұрынғы өз еліндегі сияқты билік айту, әміршілік

қылу, басшылық болғандықтан мұнда да орасан өзгеріс, алабөтен
жаңалық болды деуге болмайды.
Жоғарыда біз Абай өмірінің сыртқы өзгерістерін ұзыннан ұзақ
санаған уақытта, көбінесе партиямен алыс-тартысты айттық. Бірақ

соның барлығымен қатар Абайдың ел ішінің ең үлкен, ең іргелі биі
болғанын да еске алу керек.
Қарамолада бірнеше дуан елдің бас қосқан червечнай съезіне
төбе би болған сияқты (екінші рет тағы сол сияқты) Жетісу мен

Семей облысының бас қосқан червечнай съезінде Абай тағы да екі
облыстың билерінің үстінен қарайтын төбе би болған.
Мұндай жерде Абайдың білімі мен жүйріктігіне, әділ, кемел

билігіне талай рет көзі жеткен ел іштей жау болып, дос болып жүрсе де Абайдың төбе басы болуына ешуақытта қарсылық көрсетпеген. Сол червечнайларда ақылдасатын елдердің қашанғы істерін, қандай істерін, қандайлық жол-жобамен қарау керек деген сияқты жалпы заң есепті ережелері жасалады. Осы ережелер көп билердің ортасына салынып, тексеріліп сыналып өткен соң, қаулы болып бекіледі де, содан кейін ақылы жұмысты тергейтін третей билері түгелімен осы ережені қолданады. Міне, осындай тәртіппен болатын червечнайлардың қайсысына барса да Абай көбінесе төбе би болып, солардың ереже атаулысының барлығын өзі жазып, көптің сынына салып өткеріп отырған. Мәселен, Көктума съезінде Абай жазған ереже 92 статья еді деседі. Бұл ережелердің барлығы да қазақ елінің ескіден келе жатқан жол-жоба, әдет-заңына, ескі билік салтына сүйеніп, елдің өз ортасындағы ғұрпына дәлденіп жасалады. Патша үкіметі қазақ елінің ішкі өмірін білмей, жалпы әкімшілік билік жұмысын ешуақытта жөнге сала алмай, билеудің жөнін білмей қойған соң жалғыз тапқан шарасы осы болатын. Ру-рудың ақылдасып, еселесіп, екі арасының тыныштануына келгенде бұл істеген съездерінің негізі дұрыс болатын, ел ішінін жайына келгенде шынымен дәл тапқан ақыл деуге болады. Сонымен осындай съездердің барлығына ереже жасаушы да төбе би болушы да Абай дедік. Мұның жазған ережелері әрқашан съезге жиылған елдің көңілдегі арманын дәл тауып, қышуын қандырғандай болып, съездің мақсат, міндетіне үнемі жанасып, аумай дәл түсетін болған, жазып әкеліп ұсынған ережелері көбінесе қапысыз болғандықтан, қосымшасыз, түзетусіз түгел өтіп отырған. Осы тұстарда айтылған ерекшелігінен басқа, Абайдың би болуын көп-көп елдің тілейтініне тағы бір себеп, Абайдың билігі өлгенше әділ болғандығы. Қандай үлкен кімі болса да, қандайлық алыс-жақынына билік айтса да таза тексеріп, ақтықты сүйеп, әділ сын жасап, түзу кесік айтуға келгенде Абай өз тұсындағы қазақтың қайсысынан болса да шын мағынасында сонағұрлым ірі, сонағұрлым ілгері болған. Осы күнге шейін Абаймен өмір бойы жауласып, ұстасып өткен кісілері болса да дәл өз алдына келген тергеуде Абай өз жағына бұрып айтты, әділетсіз билік жасады деген сөздерді айтпайды деседі.

Абайдың басынан кешірген барлық ұзақ өмірін артынан отырып болжаған кісі бірде кінәлайтын мін тауып, бірде шынымен мақтап сүйінетін, соның ішінде Абайдың үлкен ерекшелігі деп осы әділ би болғандығын еске алу керек. Басшылық, ұстаздық, сыншылық, ел түзеуіш тез болу жайында, өлең мен үгіт өсиеттерінде ұдайы айтатын тазалықты Абай осы тұста шынымен орындаған сияқты. Мұның белгісіне Абайдың сырт елдердің талай-талай үлкен дауларына билік айтуынан басқа, дәл өз елінің ортасындағы биліктерін де мысал қылуға болады. Тобықты ішінде жер дауы, жесір дауы, құн дауы сияқты үлкен сөздер болғанда Абайға келіп билік айтқызуға әрқашан жау жағы ынтық болады екен. Өзгені қойып, Құнанбай заманынан бері қарай ұдайы жаулықпен күн кешірген Жігітек те үлкен даудың тұсында дауласқан кісі Абайдың тілеуіндегі адам болмаса да алдымен Абайға баруға өзі ұмтылады екен. Сондай істерге билік айтқанда Абай әрқашан өзіне жақын кісілерге кесіктің ауыр салмағын көбірек салып,өзі түсінген әділдік шарты толық болсын деп, жау жағына кеңірек қарауға тырысады екен. Мінеки, осындаймен 98-жылдарға келгенше Абай ел сөзі мен ел жұмысынан шыға алмай қойғанда көбінесе ел ішіне әділ билікпен тыныштық орнатып, тым болмаса дау-шарды тоқтатармын деген үмітте болған сияқты. Әйтеуір ел бейнеті босатпайтын болған соң, тым болмаса осымен бірдеме істеп болмас па екен дегендей мұндай жолға Абайдың түскені осы соңғы айтылған жылдарда ғана емес, бұдан көп бұрын 80-жылдардан басталу керек. Бірақ берірек келген сайын, ел сөзінен шынымен қашып жүрсе де, еріксіздік кірістірген уақытта көп еңбегін осы жаққа салады: Болды да партия – Ел іші жарылды. Әуремін, мен тия, Дауың мен шарыңды... дейді. Бірақ 98-жылға шейінгі іс жалғыз бұл емес, Оразбайдың партиясы бір Шыңғыс, бір Тобықтымен тоқтамай, үлкен ауданға, кең майданға шығып кеткен. Абай не қылса да бұл тартыс тыйылмайды, үндемей отырайын десе тыныштықпен отырғызбайды. Еріксіз келіп түрткі салып, соқтығып, еркі алдына қоймай майданға алып шығады. Оразбай өз болыстарымен қанағат қылмай, көрші болыстардың

барлығының сайлауына барып, Абайға қарсы болатын елдің басын
құрап, сайлау басында партия, тартыс шығарады. Сонымен жауы
баратын болған соң ықтиярсыз Абай жағы да барады. Балаларын,
інілерін жібергеніне бөтен елдегі достары қанағат қылмай өзін

керек қылады. Осындайдың әлегімен жүріп 98-жылдың сайлауына
келгенде, Абайдың үнемі арманы болып, жеміссіз еңбек істеп,
мағынасыз өткізген өмірінің ең мағынасыз қорытындысы сияқты
болып бір үлкен оқиға туады.

Бұл оқиға Мұқыр болысының сайлауында болған. Мұқырға
сайлаушы үйез келер кезде, берісі Тобықты, әрісі барлық Семей
үйезінің шеңберінде түгел партия болып, барлық болыстар қақ
жарылып, жартысы Оразбай, жартысы Абай ниетінде жүреді.

Оразбайдың бұл кезде байлығы асып, дәуірі Тобықты ішінде
Абаймен қатар жүре бастаған уақыт болады.
Сонымен Мұқырдың сайлауы жақындаған соң, сол болыстағы
Абайдың тілеулестері: «Сайлауға өзің жүрмесең болмайды. Оразбай

келіп сүйген адамын болыстыққа сайлатып алып, басымызға бәле
жаудырады» деп Абайды еркіне қоймай алып барады.
Абай барған соң елдігі мен достығы қас пен көздің арасында
тұратын халық Абайдың төбесін көріп, мұның достары жаққа қарай

ауыса бастайды. Содан соң Оразбай өз достарымен ақылдасып:
«Абайдың өзіне қол тигізіп таңба салмасақ, ел ескі әдетімен
жылжи береді» деп бірнеше адамды жанжал шығаруға сайлап
шығарады. Бұлар үйезбен әңгімелесіп отырған Абайға келіп,

айтқандай жанжал шығарып, жаудың ниетінен қаперсіз отырған
Абайға жабылып кетеді.
Сонда өзіне тілеулес кісіден маңында отырған жалғыз ғана
сопының Уайысы деген кісі аналар қамшы сілтей бергенде

Абайдың үстіне жығылып, таяқтан Абайды қорғап, қамшының
астына өзі құлайды.
Абайдың бетіне таңба түспейді. Бірақ жаулары: «Абайды ұрды»
деген атақ алады да, барлық елге Абай сабалды деген дақбырт

жайылады. Осы іс туралы Тұраштың айтқаны:
«Мұқыр оқиғасының артынан ағайын-туған, ел-жұрт, дос-
жары, бала-бауырлары жиналып: «біз де пәлен етеміз, түлен
етеміз, өлеміз, өлтіреміз, бітім жоқ» дескенде, әкем айтты:

«Барша жамандықтан жамандық туады, жақсылық тумайды,
мен жасымда «қарғағанымды жер қыламын, алғағанымды зор
қыламын» деп ашуға да, айлаға да шырақ жағып түнегендей

болғанмын. Дұшпаның жеңуге келгенде жолы болған адамның біріне қосыламын. Мен алғашқы атқа мінгенде Жігітектің дәулеті де, дәурені де өзімізбен тең ел еді. Солардың қанша жандарының айдалып, байланғанына, бірінің артынан бірі барамын деп, бейнетке, қазаға ұшырауына мен себеп болған шығармын. Рас, өздерінің ұрлық, зорлығынан да болған шығар. Бірақ менің қатты зерттеп, соңына түскенімнен де болды. Сол Жігітек қаншалық елдіктен кетіп кедей болып, торғайдай тозса да бүгін астымда жатып аяғымды шайнауға жарады. Бұл – жаманшылықтан туған жаманшылық деп біліңдер. «Өлеміз, өлтіреміз, бітім жоқ» деген сөз дұрыс емес, мен бұ бітімсіздікті қостамаймын деп елді тоқтатты», – дейді. Бұл сөзге тыңнан сөз қосудың қажеті жоқ. Бұл уақытқа шейін ел ісін бұрынғы әдетпен еріксіз істеп жүрсе де, іштей сол істері үшін у ішкендей қиналып, азап шегіп жүрген Абай мынау оқиғаны өз басына лайықты жаза деп біледі. Жауында әділдік, ақтық қасиет бар деп ойламаса да өз өмірі мен өз ісінің терістігіне осы сияқты соққы орынсыз емес деп ұғады. Бұл уақыттағы Абай елден азайып, қайраттан кеміп, мол дүниеден тапшылық көрген жоқ-ты. Өзі өлгенше мұндайдың бірде-бірі болған жоқ. Сондықтан Оразбай істеген іске бұрынғыдай ой түспеген ашулы күні болса, он есе артық іспен, жазамен қарсылық көрсету 98-жылда да қолынан келуші еді. Бірақ өзі көрген өмірдің жақсылық, жаманшылық дегенінің барлығына Оразбай сияқты әншейін қазақтан сонағұрлым бөтен көзбен қарап, білгіш кісінің сыншылдық, салқындық, сабырлылығымен ұғатын болғандықтан, Абай жаңағы оқиғаны бұл күнге шейін ел жақсысы, ру басшысы болып келген Абайдың саяси өлімі болсын деп, іштей әдейі ырза болып қабыл алған сияқты. 80-жылдардан бастап екі кісі болып бөлінген Абайдың сыртқа көрсетіп жүрген тонын осымен өртегісі келеді. Абайдың өзі сүйген ішкі дүниесіне үнемі жау болып келген сыртқы көрініс, сыртқы тіршілікті осы қазамен бірге жоқ болып, өлсе екен дейді. 98-жылы өзі айтқан өлеңдерінің көбі осы сөздерге ашық дәлел. Одан соң сол тұстағы барлық ісі мен мінезі де осы айтқан сөзді дәлелдейді. Өйткені 98-99-жылдың қысында Оразбай Меккеге жүрмек болып Абайдан ырзалық алып, ырзаласып кетемін дегенде қазақша жол-жоба демей бас қосып, ырзалығын беріп қош айтысады.

Одан соң 99-жылдың жазында землемер болыс-болыстың
арасына меже салып шек жүргізгенде, бұрын Мұқыр болысына
Абаймен араздасып шығып кеткен және 98-жылғы жанжалдың
кіндік енесі болған Жігітек жер қоныс ыңғайы бойынша Шыңғысқа

қарап қалады. Бұл оқиға болғанда Жігітек Тұраштың айтуынша:
«Ашулы арыстанның алдына қол-аяғын байлап тастаған
адамның ойын ойлады. Бірақ әкем сол араз ағайынның бар басты
адамдарын, ақ сақал, қара сақалын шақырып алып: «Қырық

жыл елдік, қырық жыл жаулық болмайды деген. Енді бұрынғы
араздық, кекті тастайық» деп шын жүрегін көрсетіп қойнын ашып
жібергенде Жігітек те бұрынғы жаулықты соншалық ұмытты.
Содан кейін әкем барда сөзі мен басын сыйлап, өлген соң аруағын

сыйлап, достығын көрсеткен елінің алды осы Жігітек болды», –
дейді.
98-жыл
оқиғасының

тұсында
бұрынғыдай
ашуланбай,
ашуланғысы келмей, кек аламыз деген жақындарын тоқтатып,

өзінің де қатты өзгеруінің тағы бір белгісі – Абай бұл жұмысты
ұлықтарға шақпаған. Бұрынғы замандағыдай заң-закон арқылы
кек алуды да іздемеген. Және 98-99-жылдың қысынан кейін
Семейге біржолата бармайтын болған. Жаңағы жылдарда

бұрынғыдан біржолата тыйылғанына өмірден біржолата суынып
қажи бастағаны да себеп болған. Алды үміт, арты өкініш өмірден
енді түңілген сияқты.
Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?

Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.
Қай қызығы татиды қу өмірдің,
Татуды араз, жақынды жат қыларға?
депті. Осы жылдарда Абай өлімді де ойлай бастайды. Сондықтан

өзі кешірген ерекше дертті, мағынасыз өмірдің барлық қайғысын,
өкінішін еске алып отырып, – қазақ әдебиетінде мәңгілікке
ұмытылмайтын, Абайды айтсақ, Абайдың ақындығы мен өмірін
есіңе ала бастасаң, еріксіз келіп аузыңа түсетін, Абайдың қайғылы

жүзін көрсететін – атақты «Өлсем орным қара жерді» жазады.
98-жылы осы өлең жазылған соң ғана өзінің бұдан бұрын жазған
барлық өлеңдерін жиналсын деген. Бізге бұл жұмыс қаншалық
ғажап көрінсе де, осы 98-жылға шейін Абайдың өлеңдері

жиналмаған болатын да, Абай өзі бір жазып тастаған өлеңін
қайтадан жоқтап «Пәлені-түлені бар еді» деп еске алған да емес.
Әрқашан кейде кітап оқып отырғанда, кейде жай бір ойлармен

қозғалып отырғанында, қолына бір парақ қағаз бен қарындашты
алып айтпақ өлеңін жазып тастайды.
Соны қасында отырған балалары, інілері я жай бір адамдары
болса да қалтасына салып алып жүріп кетеді, содан бірден біреу

жазып алып жаттайды, кей бірін әнге қосып домбырамен айтып
жүреді.
Өлең жазу қызметі осы сияқты болғандықтан, қазірде біздің
қолымызға Абайдың өз қолымен жазған сөздің бірде-бірі де жетпей

отыр. Барлығы да ел жігіттерінің қалтасында, қойны-қоншында
жүріп таусылып, жоғалып біткен. Осы ретіне қарағанда: «Абай
жазған талай өлең ешкімге мәлімсіз болып бір жолата жарық дүние
көрмей, шығысымен жоқ болып кетпеді ме екен?» деген де күдік

келеді.
Өйткені жасынан туыстан бойына біткен әдет бойынша: Абай
біреудің орасан мінезін көргенде ылғи қалжың, мысқыл өлең
айтқыш болатын. Осындай сөздерінде әрқашан өз жанында жүрген

жақындарын,
көрші-қолаңшыларын,
ағайын-туысқандарын
мазақ етіп, күліп айтады. Кейде соларға қалжың қылып жазып өз

қолдарына да береді. Осы кісілердің көбі қолына өлең түсісімен,
өз мінін айтқан сөздердің көзін жоғалтуға тырысқан. Онан соң
кейбіреулер Абайдың өзінен жалынып, жалпайып сұрап алып та
жыртып тастайтын болған.

Мысалы, Көкбайға, Қыздарға шығарды деген өлеңдер осындай
күйге ұшыраған. Онан соң тағы бір алуан өлеңдерінде жақын
туысқан, жақын достарын қатты мінеп айтқандықтан, інілері мен
балалары ана кісілер өкпелер деп, жасырып, жоғалтып жібергені де

бар сияқты. Осындай өлеңдердің турасында еске алатын бір нәрсе:
Абай кісі мінін айтып өлең шығарғыш болғанда, осы құралды
ешуақытта нағыз жауына қарсы жұмсамаған, өлеңмен мысқыл
қылатыны ылғи өз жақыны, өз достары болады. Сондықтан

бұлардың Абай сөзін жоқ қылып жіберуі өзгеден сонағұрлым
оңай болған. Қайта өлеңдеріне қарағанда, Абайдың қара сөздері
көбірек, түгелірек сақталған сияқты.
90-жылдардан бастап ұстаздық, үгітшілік жолына түскен соң,

Абай өлеңді аз жазса да қара сөзбен айтатын өсиетті көп жазатын
болған. Осы кітапта оқушының алдына алғаш рет ұсынылып
отырған «қара сөз» деген өсиеттері сол 90-жыл мен 98-жылдардың
арасында жазылған. 91-жылдан соң өлеңмен айтпақ болған

сөздерінің талайын кара сөз үгітіне айналдырып жіберген, қай

уақытта бірталай өлеңдерін сол қара сөзде айтқан пікірлерінен шығарып өлең қылып кеткені де бар. Қалай да болса Абай өмірінің соңғы 10-15 жылы ақындық, жазушылық қызметіне келгенде, осы сияқты бір түрді тауып, соған кейде өлеңнен де көп уақыт бөледі. Абай сөзін қадірлі көріп, әрбір шыққан жаңа өлеңдеріне ынтық болып отыратын ел оқушылары, қара сөздер шыға бастаған соң, мұны өлеңнен кем көрмейтін болып алған. Қайта берірек келгенде біздің бала күнімізде Тобықты ішіндегі ел кісілерінің барлығы да Абай сөздерін молдаларына ақша беріп жазғызып, көшіртіп алып жүргенде ең алдымен қара сөзді тілейтін, үйде отырып оқығанда да өлеңін қойып, ылғи ғана қара сөзін оқып, соған көп нашаланатын үлкендерді бала күнімде менің өзім де көп көрдім. Қара сөздер кім болса соның қолында кетпей, жазылысымен маңайындағы молдалардың қолына түсіп, соларда шашылмай аман сақталып қалған ғой деймін. Өз өлеңдсрін 98-жылға шейін жиғысы келмегені: Абайдың өлең сөзге өте үлкен сынмен қарап, үлкен шарттар қойғандығынан болған сияқты. Өлең болса Лермонтов, Пушкин сөзіндей болмаса, одан берідегі сөздерді өз сөзі болса да толық қанағат қылмаған көрінеді. Абайдың әдетінде бір жазған өлеңін қайта түзеп жазып, қайтадан қарастыру машығы жоқ. Жалғыз ғана «Сегіз аяқ» деген өлеңнің басын қайта бір түрлі қылып айтып еді деген сөз бар. Басқа жалпы өлеңдері туралы: «қайта жазсам, бұдан жақсырақ, толығырақ болар еді» деп қана айтады екен. Өлең сөзге келгенде, азға місе қылмай қатты сынайтын Абай өз сөздеріне толық қанағат қылмаумен қатар, маңында өлең жазатын жастарға да сондай мінез істеген. Тегінде Абайдың өсиет, үгіттері, білімді, мағыналы кеңестері Абайдың маңына өз тұсындағы талапты жастардың талайын жиғандықтан, солардың ішінде жалпы адамшылық, ақиқат деген жайларды көп ойлап, көп сөйлейтін жастармен қатар, бірталайының ақын болғысы да келген. Ақын болмақ болып, талаптанып өлең шығарып көруге Абайдың іні, балалары барлығы да ұмтылған. Бұл жағына келгенде Абайдың алды: бір жағынан «әдебиет мектебі» сияқты да болады. Сол ретпен өлең шығаратын Көкбай, Шәкәрім, Абайдың өз балаларынан Ақылбай, Мағауия болады. Бұлардың бәрі де қысқа

өлең, өсиет өлең айту Абайдың жол, дағдысы болғандықтан
өздеріне бөлек бет іздеген сияқты. Сондықтан төртеуі де ұзақ
әңгімелі өлең жазады. Сонда Көкбай, Шәкәрім қазақ елінің ескі
өмірінен – тарихи оқиғаларды жазса, Ақылбай, Мағауия Еуропа

ақындарының салтымен Кавказды, Зұлысты, Африканы өлең
қылып, махаббатты жырлайтын сезімді поэма (романтическая
поэманың) үлгісін ұстағысы келеді.
Әрине, қазақ әдебиеті сол күнде баспа жүзіне шығып, сол күнде

оқушы тауып отырарлық жайға жетсе, Абай айналасынан Абай
мектебінен шыққан ақындар түгелімен Абайдың ізін баса шыққан
үлкен әдебиет ағымын көрсеткен болар еді.
Абай бұл жастардың өлең жазуын қабылдаған. Кейбіріне

(мәселен Көкбайға) Абылай ханды, Кенесарыны өлең қыл деп өзі
тақырып та беріп отырған. Бірақ бұлардың өлеңдеріне де жалпы
өлеңге қоятын қатты сынын түгел қояды. Сондықтан сөздерін,
ұнамаған уақытта міндерін өлеңге қосып та жібереді. Мәселен,

Көкбай, Әріп, Шәкәрім үшеуінің үш түрлі өлеңдерін еске алып:
Хат жаздым Әзірет Әлі айдағарсыз,
Бізде жоқ алтын иек сары ала қыз.
Кәрілікті жамандап өлім тілеп,

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз, –
дейді. Алғашқы жолдағы «Әзірет Әлі айдағарды» Көкбайдың
қисса жазғыш болғандығынан айтты. «Алтын иек сары ала қыз»
деп Сыбан Әріп деген ақын «Зияда» деген қиссасында сұлу қызды

сипаттаймын деп, иегі алтын, көзі гәуһар деп мақтауын асырып,
түсіне қарамай асыл тастарды санай берсе керек. Соған айтылған.
Соңғы екі ауыз кәрілікті жамандап айтқан Шәкәрім өлеңіне
арналған.

Осы сөздер ақындардың барлығына да ауыр тиген шығар. Бірақ
іштерінде, әсіресе Әріп қатты намыс қылып кектеніп, Абайдан
есесін қайырмақ болып, «Біржан – Сараның» айтысын шығарған.
Сонда Сара айтты қылып, Абайдағы кегін шынымен-ақ алғандай

болады. Біржан – Сара Әріпке әншейін ойдан шығарған геройлар
есепті ғана керек. Сондықтан Біржанның арғын емес, керей екенін
де ескермеген. Мүмкін ол кезде Біржанның руын білмеген де
шығар.

Қалай да болса осы айтылған мысалдар өлеңші боламын деген
жастардың сөзіне Абайдың қатты сынмен қарап, үлкен шарт
қоятыны анық екенін көрсетеді. Сондықтан өз балалары да өлеңді

жазарын жазса да әкесіне көрсетуге именіңкіреп жүретін болса
керек.
Абай сөздері көбейіп жайыла бастаған соң Тобықты іші болсын,
басқа көрші елдер болсын, барлығы да Абай өлендерінің ұдайы

оқушысы болады. Бірақ бұларға ол сөздерді жеткізетін кітап пен
жазу емес, ылғи ғана домбырашы жігіт болған. Сондықтан Абай
өлеңдерінің тыңдаушысы мен жақтаушылары арнаулы аз адамдар
ғана болмай, жалпақ ел болғанға ұқсайды.

Өлең айтып, ән саламын деген әнші ақын болса, қыз-келіншек,
жас-кәрі болса барлығының да топта, ойын, тойда айтатын өлең
жинағының көбі Абай сөздері, Абай өлеңдері болады. Мінеки
Абайдың сыртқы өмірінің түрлері жоғарыда айтылғандай

қаншалық ерекше болса, ақындық, жазушылық жолындағы
қызметінің тағдыры да сол сияқты елден ерекше күйлерде болған.
Ақындық жолындағы қызметімен, сол қызметінің жарыққа шығып
жайылу ретіне қарағанда, Абайдың бойына біткен ірі қуатының

өзі де, сол қуаттың барлық асыл қасиетіне лайықты күтімді көре
алмаған.
Барлық сөзі өзінің мұңды, шерлі жүрегінен шынымен қайнап
шыққан жалғыздық зары болса да, сол сөздерді жинап, тізіп,

сақтап, сыртқы тағдырын ескеруге келгенде, Абай біржолата
салқын қараған сияқты. 98-жылға шейін күтпей, ескермей, қалай
болса солай жібере салады да, ескерген уақытында да өзі жиып
түземей балаларына жиналсын деп қана тапсырумен тоқтайды.

98-жылдан соң келесі 99-жылда Абай өлеңді едәуір көп жазады
да осы жылдан соң, алғашқы жаза бастаған 80-жылдары сияқты
өлең сандары тағы азая бастайды. Көп жазылған жылы 4-5, әйтпесе
екі-үш өлеңмен 1903 жылға келеді де, содан кейін біржолата өлең

жазылмай қалады.
1903 жыл мен 1904 жылдың қысында, Абайдың тірі қалған
балаларының ішіндегі ең жақсы көрген Мағауия бұрын көптен
әлсіретіп жүрген құрт ауруымен төсек тартып жатып алады.

Мағауия Абайдың барлық баласының ең жақсы, ең ірісі екенін,
жалғыз әкесі емес, барлық Тобықтының елі де ұғып біле бастаған
еді. Бұл ақындығының үстіне барлық елге түгел жаққан,
ерекше мінезді кісі болған. Адамшылығына өле-өлгенше кір

жұққызбай өте таза болып, кең мінезді, ерекше рақымды, өте
сезімді, білімді, тәрбиелі адам болған. Жасынан денсаулығы
нашар болғандықтан, қаладан толық тәрбие ала алмаса да,

әкесінің шын жақсылап, тәрбиелеп шығарған баласы осы
болады. Елде отырып Еуропа тәрбиесін алған адамдай, ақыл-
мінез, адамшылығы түгелімен мәдениетті кісінің қалыбында
болған. Бұл да әкесі сияқтанып қырда отырып көп оқып, өзінен-

өзі қарастырумен көп білім алып қалған.
Осымен қатар ел жұмысына кірісіп әкесінің міндетін өз
мойнына алғанда, бойындағы таза адамшылық, ерекше рақымды,
жылы жүрекпен ел көпшілігіне әкесінен көп сүйікті болған

сияқты. Сол Мағауия 1903-1904 жылы қыс бойы төсек тартып
жатып ауырып келіп, жазғытұрым 35 жасында қайтыс болған.
Абайдың өзі бұл өлімнен бұрын да өмірден қажып, талып,
ендігі тіршілігіне ешкімге керексіз артық нәрседей қарай бастаған

еді. Өз сынынша ажарсыз, мағынасыз өткен дәурені ендігі күннің
үміт тілегінен біржолата у ішіп түңіліп болған еді. Өмір тойдырып
болып, енді барлық мағынасынан айрылып, ақыл мен сезімін
жалғыздық дертімен құлазытып, тондырып тоздыруға айналып

еді. Соның барлығының үстіне Мағауия өлген соң Абай бір алуан
ауруға айналады. Төсек тартып жатпаса да, отырып ауырады.
Ешкіммен сөйлеспейді де, ешнәрсемен өзін жұбатпайды. Ауруын
ешкімге көрсетіп емдетпейді де, мұның бәрін керексіз деп біледі.

Сонымен Мағауия өлімінен кейін 40 күн отырып 23 маусымда 1904
жылы жаралы ақын, жарасы мен өмірде татқан уларын өз ішіне
жиып, өзімен бірге алып 60 жасында дүниеден көшеді.
Бұл сөздің ішінде біз Абайдың жай өмірдегі аңшылдық,

бәйге атшылдық, мырзалық, әңгімешілік сияқты мінездері
мен ұсақ әдеттерінің ешқайсысын да жазбадық. Сонымен бізге
көп өлеңдері мен әсіресе қара сөздерінде, барлық үгіт, өсиет,
ұстаздық сөздерінде көп кездесетін Абайдың діні туралы да

ешнәрсе айтпадық. Бұл жайларымен танысамын деген оқушыға
осы кітаптағы Абай туралы Көкбай ақсақал мен Тұраштың айтқан
«Естегісін» оқуға нұсқаймыз. Жаңағы жайлардың барлығына да
сол сөздерде орын толық берілгендіктен, мына мақала сияқты

әзірше қысқа айтылып отырған Абайдың өмірбаянында, тағы
орын беруді артық көрдік. Оның орнына бұл мақалада Абай
өмірінің әрбір үлкен дәуірлері мен ой-сезімінен үлкен әсер етіп,
бет бағытын билеген, асу-асу белдеріне көбірек көз салып, көп

уақыт бөлуді қажет деп білдік.

ІІ. АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҒЫ

Әлихан Бөкейхан

1904 жылы маусымның 23-жұлдызында Семей уезінің
болысында (Шыңғыстауда) даланың сүйікті ақыны Абай
Құнанбаев дүние салды. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим
(Авраам) болса да, қазақ даласы шешесінің (әжесінің Т.

Ж.) еркелетіп қойған нәзік те үнді есімімен Абай деп атап
кеткендіктен, біз де солай қолданамыз. Абай әке жағынан
алғанда тобықты руының белгілі шонжары мен биінен тарайды.
Ақынның бабасы, тобықтының батыр биі Ырғызбай Торғай

облысындағы Ырғыз өзенінің бойында XVІІ ғасырдың елуінші
жылдарында дүниеге келген. Ат төбеліндей көсемнің бірі
ретінде ол тобықты руын Түркістаннан аса құнарлы жайылымы
мол Шыңғыс тауына көшіріп әкеледі. Абайдың атасы Өскенбай

дала халқына әділ би ретінде танылды. Оған басқа рулардың
қазақтары да жүгініп, дауларын шешкізді. Абайдың әкесі
Құнанбай да басқа рудың казақтарына өктемдік жүргізген, оны
тек қана төре тұқымдарының сұлтандарына ғана тән лауазым –

Қарқаралы округінің аға сұлтаны болып сайлануы дәлелдейді.
Құнанбай өмірінің соңында Меккеге барып, одан қайтып
оралған соң ел билігінен бойын аулақ салады. Бұның өзі де
Құнанбайдың беделін өсіре түседі.

Абайдың шешесі Ұлжан да Бошан руының затты тұқымы
Бертістен тарайды. Ол да Ырғызбай сияқты Қаракесек руын
Қарқаралы уезіндегі Қу, Едірей, Мыржық тауына бастап келген.
Абайдың шешесі Ұлжанның төркіні қушыкеш Қантай мен

Тонтайдың есімі қазақ даласына кеңінен мәлім. Бірде Қантай бай
ұзақ ауырады. Қожа мен молдалар жиналып, оның көңілін сұрайды.
Сонда Қантай жантәсілім беріп бара жатып: «Жазыла-жазыла
қожа-молдалардан да ұят болды, енді өлмесек болмас»,–депті.

Абай алпыс жасқа қарағанда қайтыс болды. Ол 1845 жылы (жылан
жылы) туылып, 1904 жылы (қоян жылы) қайтыс болды.
Абай он-он екі жастар аралығында қазақ даласында жүріп
хат таныды. Ал он екі жасында Семейдегі Ахмет Риза молданың

медресесіне түседі. Абай он төрт жасында сонда жүріп үш ай
орыс мектебінен дәріс алады. Осы төрт жылдық медреседегі
және үш айлық орыс мектебіндегі дәріспен Абайдың мектептік
оқуы аяқталады. Ол далаға қайтып келген соң он бес жасында

қазақ руларының арасындағы беделі зор, 1822 жылы Сібір
қазақтарының басқару ережесіне сай монополиялық күшке ие
болған сұлтан тұқымдарымен саяси-билік тартысына түскен
өз әкесінің қасына еріп, ел ісіне араласады. Бозбалалық жасына

қарамастан Абай сол кездегі қайраткерлердің арасынан көрнекті
орын алып, бидің заманының өткеніне қарамастан оны ел-
жұрт би етіп сайлады. Жиырма жасқа жеткенде Абай от тілді
шешен, халық өмірі мен әдет-салтын, қазақ даласындағы атақты

билердің әр істі шешкендегі төреліктерін жақсы білетін ділмәр
атанады. Өзінің білуге құштарлығы мен зерделігінің арқасында,
қазақтың ғұламаларының халық аузындағы сөздерін, мақалдарын,
ертегілері мен нақылдарын меңгереді. Абай билердің шартты

түрде сайланбай, талантымен бағаланатын ескі заңы кезінде өмір
сүрсе, артистер мен жазушылардың даңқы сияқты атақты би атанар
еді. Ислам дінінің далаға орнығуының пайда-зиянына орай жаңа
заманның талабымен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі

тілдерін кітап арқылы үйренеді. Табандылығы мен бейімділігінің
нәтижесінде өзбетімен араб, парсы тілдерін еркін меңгеріп,
қасиетті біліммен сусындады. Молда мен қожалар туралы далада
кең таралған «аңқау елге арамза молда» деген мақалға орай олар

өздерінің жандүниесінің пасықтығын әшкерелеуден қорқып,
Абаймен кездесіп, сұхбаттасудан қашқақтап жүретін. Осы арада
Абайдың ислам дініне қатынасын да айта кету лазым. Ол өзінің
өлеңінде молдалардың арамзалығы мен алааяқтығын сынап,

мұсылмандық жолымен күніне бес уақыт намаз оқуды мінейді.
Осы арқылы барлық діни ғұрыпты ұстанатын, әсіресе, отыз күн
рамазан айындағы ораза мен тәулігіне бес уақыт намаз оқуға қарсы
келеді. Құнанбайдың семьясындағы діни пікірлер мен ғұрыптар,

әкенің үстемдігінің күші – Абайдың ислам әдет-ғұрыптарының
бүркеншік қасиеттерін сезінуге жол ашты. Абай отыз жасында

барымтаны жойып, өзге рудың байларымен туысқандық пен
достыққа ұмтылған, жаулары сескенетін беделді қазақ атанады.
Абай өзінің барлық қабілеті мен білімінің арқасында қазақтардың
билік тартысы арасында басты тізгін ұстаушы болды. Абай өз

отанының сом алтыны еді. Дауда да, партия таласында да әділ
төрелік айтты.
Абай он төрт жасынан бастап сықақ өлеңдер шығарды. Ол жастар
арасында кең таралғанымен, оған онша мән бермеді. Негізінде дала

атқамінерлерінің «ақын» деген атты иемденуден қашқаны әсер
етсе керек. Қазақ сұлтандары өздерінің арасынан бақсы мен ақын
шықпағанын мақтанышпен айтатын. Кейін ақындық жолға түскен
Абай қазақ ақындарын өнерді байдан мал қалап алуға жұмсағанын

сынап, өлеңшісымақтардан өзін аулақ ұстады:
Ақындары ақылсыз надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.
Қобыз бен домбыра алып топтазарлап,

Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,

Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін бай деп мақтап, құдай қарғап.
Қайда бай, мақтаншаққа барғантаңдап,

Жиса да бай болмапты қанша малды ап.
Міне, қазақтың суырып салма «ақынсымақтарына» берген
бағасы.
Егер

80-жылдары
өлең
туралы
көзқарасын

мүлдем
өзгертпегенде, өзінің ұлы дарынын көрсете алмай дүние салған
болар еді. Сол жылдары «Қазақтардың заңдық әдет-ғұрпы» туралы
қырдан дерек жинап, кейін Маковецкий және Михаэлис мырзаның

редакциясымен жарық көрген кітапшаға материал іздестіріп
жүрген саяси жер аударылушы Гросс мырзамен танысты.
Гросс пен Михаэлис екеуі де Абай ауылында қонақта болып,
оны орыс әдебиетімен таныстырды. Солардың ықпалымен Абай

Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Тургенев, Салтыков-
Щедрин, Достоевский, Белинский, Добролюбов, Писаревтің
творчествосымен танысты. Абай өзінің өмірінің соңғы сәтіне

дейін Михаэлисті ерекше ілтипатпен еске алып, «Дүниеге
көзімді ашқанға үлкен себепкер болған кісі – Михаэлис»
деп өзінің оған борыштар екендігін білдіретін. Соңынан
Абай

Спенсердің
«Тәжірибелерін»,
Льюистің
«Позитивті

философиясын»,
Дрепердің
«Европаның
ақыл-ойының

дамуын», Н.Г.Чернышевскийдің «Современник» кітаптарындағы
мақалаларды оқыды және олардың тағдырымен жақсы таныс
болды. Абай, әсіресе, Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыды
және «Ой», «Қанжар», «Дұға» т. б. өлеңдерін ден қоя аударды. Абай

қазаққа түсінікті әрі пайдалы деп санаған Крыловтың көптеген
мысалдарын тәржімалады.
Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударды, оның ішінде
аудармашының өзі ән шығарған «Татьянаның хаты» қырда үлкен

сүйіспеншілікке бөленді. 1899 жылы Көкен болысының әнші
қазағы Әділхан бізге «Татьянаның хатын» скрипкаға қосып
орындады. Бізді таң қалдырғаны «Татьянаны қайдан білесің»
дегенде, Әділхан өзін нұсқап қойып, орыстың өзі сияқты Пушкин

деген ақыны болыпты, ол Татьяна сұлудың Онегин деген жігітті
сүйгенін айтып хат жазғанын жырлайды. Сол кеште Әділхан
бізге Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңін әнмен айтып,
сонымен қатар Лермонтов өмірге риза болмаған, ал Пушкин оған

данышпанша қарады деп түсініктеме береді. Осы жолдардың авторы
соңынан Абайдың Пушкин мен Лермонтовтан аударған өлеңдерін
домбырамен қосып айтқан бірнеше ақындарды кездестіреді. Абай
Толстой мен Салтыковтың талантына бас иді. Орыс мектептерінде

оқитын қазақ балаларына арнап, қазақ балаларының парақор, ұлық,
полиция чиновнигі болуға ұмтылатынын сықақ етіп, Толстой мен
Щедриндей болуға меңзейді.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Өткеннің орнын толтыру үшін Абай өз балаларын орыс

мектептеріне оқытып, өзге қырғыздар сияқты шен-шекпенді емес,
білімді уағыздады. Абай өзінің балаларын оқуға тәрбиелеу туралы
былай деді:
Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Екінші баласы Әбдірахман қалалық училищені бітіргеннен
кейін Абай оны жылына бірнеше жүз сом қаржы шығара отырып

Тюменьдегі реальды училищеге береді. Абай оқу үшін осынша
көп ақша шығарған алғашқы қазақтың бірі. Әбдірахман Тюменнің
реальды училищесін тамамдаған соң Петербургтегі технологиялық
институтқа аттанады. Онда бір танысының (Лосевский мырзаның)

кеңесімен Михайлов артиллерия училищесіне түседі. Өкінішке
орай өз еліне қамқорлығы тиеді деп үміт еткен Әбдірахман
Артиллерия академиясына баруға дайындалып жүрген кезінде,
1895 жылы өкпе ауруынан қайтыс болады.

Орыс әдебиетімен танысу Абайға үлкен әсерін тигізіп,
қазақтың ұсақ-түйегінен аулақ, оқу мен өлеңге берілген қазақ
ақыны болды. Өкінішке қарай өлеңдерін жинамады. Абай айтқан
әрбір сөз бен қағаз бетіне түскен өлеңін жастар іле жаттап алды.

Әсіресе, Абайдың сатиралық өлеңдері қырғыз даласының түкпір-
түкпірінен кездеседі. Абай өзінің туыстарына да сын көзбен қарап,
өз талантының тәсілін түсіндірді.
Жан көрінбес көзіме,

Арғын, найман жиылса,
Таңырқаған сөзіме,
Қайран сөзім қор болды.
Тобықтының езіне.

Жоғарыда көрсетілгеніндей Абай соңғы кезде қоғамдық істерге
араласпады, оның жаулары сонда да оны қудалауын тоқтатқан
жоқ. Өзінің көп көлеңкесінде қалғанын келесі шумақтар арқылы
жеткізді:

Өзімде басқа шауып төске өрледім,
Қазаққа кара сөзге дес бермедім.
Еңбегімді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді жек көрмедім.

1904 жылы мамырдың 14 жұлдызында Абайдың сүйікті ұлы
Мағауия қайтыс болды. Кезінде денсаулығының нашарлауына
байланысты сүйікті баласын қалалық училищеден кайтарып алған
болатын. Бұл қаза Абайды қатты қайғыртып, ешкіммен сөйлеспеді,

көптен өзін жырақ ұстады. Қырық күннен кейін өзі де дүние салды.
1893 жылы жазған өлеңдері алдынан шыққандай көрінді.

Жүрегімді құм қылды,
Өткен адам, өлген жан.
Ақыл іздеп зерлепті,
Бәрін сынап сандалған.

Енді ішіме ой салған,
Тұла бойды улатты,
Бәрі алдағыш сұм жалған,
Басқа тиді, байқадық,

Бәріне басты шайқадық,
Тағы бар ма, айтарың,
Нанғыш болсаң енді нан.
Абайдың өз шығармалары мен Пушкиннен, Лермонтовтан,

Крыловтан жасаған аудармаларын ұлы Тұрағұл жинап, таяу
арада императорлық Россияның Географиялық қоғамының Семей
бөлімшесі басып шығарды. Өлеңдерінен көрініп тұрғандай Абай
асқан поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы

болды. Абай сияқты халықтың рухани творчествосын осыншама
жоғары көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ. Оның жылдың
төрт мезгіліне арналған (көктем, жаз, күз, қыс) тамаша жырлары
оны Европаның атақты ақындарының қатарына қосар еді.

Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

ҚАЗАҚТЫҢ БАС АҚЫНЫ

Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев.
Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін
ақын болған жоқ. Ақмола, Семей облыстарында Абайды білмейтін
адам жоқ. Ақмоламен сыбайлас Торғай облысында Абайды

білетін адам кем, тіпті, жоқ деп айтса да боларлық. Олай болуы
сөзі басылмағандықтан. Абайдың сөздері кітап болып, басылып
шыққанша Абайдың аты да, сөзі де Торғай облысында естілмеуші
еді. Ақмола, Семей облыстарында Абайдың атын, сөзін естімедім

дегенге едәуір таңырқап қалады. Мен ең әуелі Ақмола облысына
барғанымда Абайды білмегеніме, сөзін естігенім жоқ дегеніме
таңырқап қалушы еді.
Қай жерде ақындар жайынан я ақындардың сөздері жайынан

әңгіме болса, Абайдың сөзін мақтамайтын адам болмады.
Абайдың сөзін көрмей тұрғанда, мақтағандарына сенбей, қазақ
үкілеген өз құнанын өзгелердің тұлпарынан артық көретін мінезі
болушы еді, мақтап отырған Абайы біздің Әбубәкір, Сейдахмет,

Ақмолдаларымыз сықылды біреу ғой деп жүрдім.
1903-ші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті.
Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олардың сөзінен
басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып

отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға
шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің мағынасына жете
алмай қаласың. Кей сөздерін, ойланып дағдыланған адамдар
болмаса, мың қайтара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада

айтылғанын біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі.
Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені
рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік
емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан

болатын кемшілік. Олай болғанда айып жазушыда емес, оқушыда.
Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын,

қасиетін қармай жазады. Нәрсенің сырын, қасиетін біліп жазған соң, сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып, емтихан болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды. Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау, олардың сөзінен үздік, артық. Ол оқшаулық, артықтық басқа ақындардан Абайдың жалғыз сөзінде ғана емес, өзінде де болған. Абайдың қандай болғанын көзбен көрмесек те, көргендердің айтуынан білеміз. Сөзінің қандай екендігін сөйлеген соң, өзінің де қандай екенін айтып, білдіріп өткеніміз теріс болмас. Абай Семей облысының қазағы, руы Тобықты. Ұлы атасы Ырғызбай Торғай облысындағы Ырғыз деген өзен бойында туған екен. Ырғызбай халқының қолбасы, батыры һәм ел ағасы би екен. Тобықтының аймағы аз кезінде Түркістаннан елін ертіп ауып келіп, Шыңғыс тауы малға жайлы деп, қоныс еткен екен. Кіші атасы Өскенбай би халық арасында ғаділ биі атанған. Өз елі түгіл, басқа алыстағы елдер де араларындағы зор дауларын Өскенбай бидің алдына келіп бітіседі екен. Өз әкесі Құнанбай жұрт аузына қараған қазақтың бас адамдарының бірі болған. Қазақты төрелер билеп, сұлтандар төрелерден қойылып тұрған заманда, солармен таласып, қарадан сұлтан болған адам екен. Шешесі Ұлжан бәйбіше Қарқаралы уезіндегі Әбдірей, Мыржық деген жердегі Қаракесектің Бошан руынан, Бертіс бидің тұқымынан. Шеше тұқымы күлдіргі, қалжың, әзілге ұста, Қантай, Тонтай деген күлкімен сөгіп, қалжыңмен жеңіп, аты шыққан адамдар нәсілінен. Тонтай малды адам болған екен. Ауырғанда өзгелерден гөрі қожа, молдалар көңілін жиірек сұрайтынын байқап жүреді екен. Өлер жолы қатты ауырып жатқанда молдалар көңілін сұрай келіп отырғанында айтқан: «Баяғыдан бері жазыла-жазыла қожа, молдалардан да ұят болды, енді өлмесе болмас», – деп. Абай 1845-ші жылы туған. Жылы жылан екен. Ибраһим деген атын бұзып, «Абай» деп ат қойған шешесі екен. Шешесінің сүйіп қойған аты ел арасында шын атынан көбірек айтылады. Абай 10 жасынан 13 жасқа шейін қырда мұсылманша оқыған. Он үш жасқа шығарда Семейде Ахмед Ырзаның медресесінде оқыған. Медреседе оқып жүрген кезінде 3 айдай орысша да оқыған. 4 жыл мұсылманша оқып, 3 ай орысша оқып, сонымен оқуды қойған. Он бес жасында-ақ, балалық қылмай, үлкендердің қатарына кіре бастаған. Қазақты меңгеріп, халыққа араны жүріп тұрған

төрелермен әкесі Құнанбай таласқанда, Абай әкесіне серіктікке жарай бастаған. 20 жасында ел ішіндегі белгілі бір шешені атана бастаған. Зеректікпен естігенін ұмытпаған. Ел ішіндегі сақталған қазақтың бұрынғы өткен билерінің білігі, шешендерінің сөйлеген сөзі, көсемдерінің істеген ісі, үлгілі сөздер, ұнасымды әзілдер, мақалдар, мәтелдер сияқты нәрселерді Абай көп біледі екен. Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз. Біліммен би болып, жұрт билейтін заман өтіп, тасың би болатын заманға қарсы туған. Білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билейтін заманға қарсы туған. Абай жұрт алдына білімін салғанда, басқалар малын салған, жұрттың беті малға ауып, ел билігі Абай қолына еркін тимеген. Білімнен мал артық болушы ма еді деп, Абай жұрттың онысына көнбей, таласқан. Сөйтіп, партия ылаңына кіріп кеткен. Өнер-білімін партия ісіне салған. Білімінің қызығын жалғыз ғана Тобықтылар көріп, басқаларға пайдасы тимей, болыстыққа құмар көп қазақтың бірі болып, бәлки, сол күйімен өліп те кетуі ықтимал еді. Қазақтың бағына ондай болудан құдай сақтаған. («Қазақ», 1913, №39). 1880-ші жылдарда жер аударылып барған Михаэлис деген бір білімді кісімен, қазақ ғұрпындағы қағидаларды жиюға елге шыққан Гросс деген екеуімен Абай таныс болған. Бұлар Абайдікіне қонаққа келіп-кетіп жүрген. Абайдың тегін адам емес екенін байқап, олар болыстықтан гөрі жақсырақ нәрсе барлығын Абайға сездірген. Абайдай зерек адамға жөн сілтесе болғаны, онан арғысын өзі іздеп табады. Олар орыстың атақты ақындары Пушкин, Лермонтов, Некрасов барлығын, қара сөзді келістіріп жазғыш Толстой, Салтыков, Достоевский барлығын, сөз сыншысы Белинский, Добролюбов, Писарев барлығын Абайға білдірген; олардың кітаптарымен таныстырған. Өлең жазған Пушкин, Лермонтов, Некрасовтар қазақтың би-болыстарынан гөрі қадірлі екендігін Абайға түсіндірген. Ғылымды жұртта өлең жазу, сөз жазу нағыз қадірлі істің бірі екенін Абай енді ұққан. Ақындық, өлеңшілік ел көзіне қадірсіз көрінсе, ол кемшілік ақындық пен өлеңшілікте емес, ақындық пен өлеңшілікті орнына жұмсамағандықта екендігін, ақындық пен өлеңшілікті қазақ ақындары, өлеңшілері қайыршытіленшілік орынға жұмсағаннан өлеңнің қадірі кеткенін Абай әбден білген соң, өлең жазуға түскен. Абай жас күнінде күлкі үшін қалжың өлеңдер, қыздарға ғашық

өлеңдер жазған, есейген соң арланып, тастаған екен. Михаэлис пен Гроссқа кез болмаса, сол күйімен, бәлки, кетер еді. Қандай үлгілі, қандай мағыналы, қандай асыл, қандай терең сөздер жерге көмілер еді?! Абай сөздері дүниеде қалғаны қазаққа зор бақ. Бетін түзеп, жөн сілтеген кісілерге де, сілтеген жолды ылақпай тұп-тура тапқан адамға да қазақ балалары талай алғыс берер. Орыс ақындарымен танысып, өлең орны қайда екенін білгеннен кейін, Абай өлеңге басқа көзбен қарап, басқа құрмет, ықыласпен күтіп алып, төр түгіл, тақтан орын берген. Бірақ басқа сөзден өлеңнің таққа мінгендей артықшылығы қандай? Оны да көрсетіп, айтып қойған. Айтушы мен тыңдаушының көбі надан болғандықтан, өлең болып айтылып, тыңдалып жүргендердің көбі өлең емес екендігі, өлең жазушылар болса да, келістіріп жазушылары ішінде бірен-саран таңдама екендігі, жұрт мағыналы, маңызды, терең сөзден гөрі мағына жоқ, маңыз жоқ, желдей гулеп, құлаққа дыбысы тиіп, өте шығатын жеңіл сөздерді тыңдауға құмар екендігі Абайдың өлең жайынан жазған сөздерінде көрсетілген. Сол сөзінен Абайдың сыншылығы, өлең жақсы болуға не керектігін білетіні де көрініп тұр. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне, Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған. Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылады. Ол өрнектерді ойдан шығармай, орыстан алса да, орыс өлеңдерінің өрнектері қазақ тіліне жарайтындығын бастап көрсеткені де зор көсемдік. Абай өлең жақсы болуға керек шарттардың бәрін білген. Сондықтан өлеңі қай тарапынан да болса толық. Жалғыз-ақ міні бар: ол мін – өлең бунақтары тексеріліп орнына қойылмағандық. Оны оқығанда я әнге салып айтқанда кемшілігі зор болады. Дауыстың ағынын бұзып, өлеңнің ажарын кетіреді. Мысалы, төселіп желіп келе жатып, шоқытып кеткен сияқты, тайпалып жорғалап келе жатып текіректеп кеткен сияқты. Бұл кемшілікті түзетуге болады. Өлеңнің үш буынды бунақтары мен төрт буынды бунақтарын алмасып кеткен жерлерін алып, өз орындарына қойса түзеледі. Мұнан басқа Абай өлеңдерінде мін бар деп өз басым айта алмаймын. Кейбіреулердің айтатын «ауырлығы бар» деген сөздер, ол өлеңнің қисынын келтіре алмағаннан емес, өрнегінің

жаңалығынан, қазақ өлеңдерінің дағдылы түрінен басқарақ
болған соң, оқушылар жаттыққанша жатырқайды. Сонан ғана
ауыр сияқты көрінеді.
Абайдың өзі тексергіш болған соң, оның өлеңін тексеріп, қате

шығарып ешкім жарыта алмайды. Абайдың қандай сыншы, сөз
тексергіш екендігін төмендегі сөзінен байқауға болады:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бейшарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Әуелі аят, хадис – сөздің басы,
Қосарлы бейітсымал келді арасы.

Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын Пайғамбар мен және Алласы?
Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы:
Мінәжат ғалымдардың зар-наласы.

Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс, сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен сөз қосарлап.

Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.
Қобыз бен домбыра алып, топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.

Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.

Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін «бай» деп мақтар Құдай қарғап.
Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,
Жиса да бай болмапты қанша малды ап.

Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,
Былжыраң көрінеді соларды аңдап.
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел!
Сендерге де келейін енді аяңдап.
Батырды айтсам ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап,

Әншейін күн өткізбек әңгімеге
Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап.
1887-ші жыл. (Абай)
Абайдың асылын танып, дұрыс баға берген нәрсесі жалғыз

өлең емес. Көп нәрсені Абай сөз қылған, сол сөздерінің бәрінде
де Абайдың әр нәрсенің асылын танығаны, білгені көрінеді.
Абайдың өлеңдері қазақтың басқа ақындарының өлеңінен үздік
артықтығы әр нәрсенің бергі жағын алмай, арғы асылынан қарап

сөйлегендіктен. Басқа ақындардың сөзге шеберлігі, шешендігі
Абайдан кем болмаса да, білімі кем болғандығы даусыз. Абай
сөзінен Әбубәкірдің «шайды, кебісті әркім тұтынып кеткені
асылды қорлау болды» деп қайғырған сөздері табылмайды. Басқа

ақындар аз білімін сөздің ажарымен толтыруға тырысқан. Абай
сөздің ажарына қарамай, сыпайылығына қарамай, әр нәрсенің бар
қалыбын сол қалыбынша дұрыс айтуды сүйген. Мысалы, «Аттың
сыны» деген өлеңінде сыпайышылық жүзінен құлаққа жағымсыз

тиетін сөздер бар. Бірақ аттың сынына керек мүшелері болған соң, оларын айтпаса, аттың сыны толық болып шықпас еді. Абайдың «Аттың сыны» деген өлеңін оқығаныңда көз алдыңда сол жақсы аттың өзі тұрғандай, пішіні келіп елестейтіні – жақсы атқа бітетін мүшелердің бірін қалдырмай жазғандықтан. Абай көп нәрсені білген, білген нәрселерін жазғанда, «мынау халыққа түсінуге ауыр болар, мынаның сыпайышылыққа кемшілігі болар» деп, тайсақтап тартынбаған. Хақиқатты хақиқат қалыбында, тереңді терең қалыбында жазған. Хақиқатты тануға, тереңнен сөйлеуге, бойына біткен зеректіктің үстіне, Абай әр түрлі Европа білім иелерінің кітаптарын оқыған. Тәржіма халін, жазушы Әлихан Бөкейхановтың айтуына қарағанда, Абай Спенсер, Льюс, Дрепер деген Европаның терең пікірлі адамдарының кітаптарын оқыған. Өлең жазушылардан орыстың Лермонтов деген терең пікірлі ақынының өлеңдерін сүйіп оқыған. Сондықтан Абайдың терең пікірлі сөздерін қарапайым жұрттың көбі ұға алмай, ауырсынады. Абайдың өлеңдерін мың қайтара оқып, жаттап алып жүрген адамдардың да Абайдың кейбір өлеңдерінің мағынасын түсініп жетпей жүргендерін байқағаным бар. Тіпті осының мағынасы не деп сұрағандары да бар. Сол өлеңді алып қарасақ, айтылған пікірде, ол пікірді сөзбен келістіріп айтуында еш кемшілік жоқ. Түсіне алмаса, ол кемшілік оқушыда. Сондай түсінуге қиын көретін сөздерінің бірі мынау: Көк тұман алдыңдағы келер заман, Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған. Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр, Сипат та, сурет те жоқ, көзім талған. Ол күндер өткен күнмен бәрі бір бәс, Келер, кетер, артына із қалдырмас. Соның бірі – арнаулы таусыншық, күн, Арғысын бір-ақ Алла біледі рас. Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі, «Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе, өлсін, оған бекі!

Шырақтар, ынталарың «менікінде»,
Тән құмарын іздейсің күні-түнде.
Ғәділеттік, арлылық, махаббат пен –
Үй жолдасың қабірден әрі өткенде.

Адам ғапыл дүниені дер «менікі»,
«Менікі» деп жүргеннің бәрі оныкі.
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,
Соны ойлашы, болады не сенікі?

Мазлұмға2 жаның ашып, ішің күйсін,
Харекет қыл, пайдасы көпке тисін.
Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған,
Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін.

Көптің бәрін көп деме, көп те бөлек:
Көп ит жеңіп, көк итті күнде жемек.
Ғаділет пен мархамат – көп азығы,
Қайда көрсең, болып бақ соған көмек.

Әркімнің мақсұты өз керегінде,
Біле алмадым пысығын, зерегін де.
Саяз жүзер сайқалдар ғапыл қалар,
Хақиқат та, дін-дағы тереңінде.

Абайдың осы сөзінің дұрыс емес, қате айтылған, теріп айтылған,
жұмбақ қылып, ашпай айтылған еш нәрсесі жоқ. Бәрі де дұрыс,
түзу, тиісті орнында айтылған сөздер. Оған оқушылар түсінбесе,
ол Абайдың үздік, ілгері кетіп, оқушылары шаңына ере алмағанын

көрсетеді.
Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек. Абайдың
сөздері 1909-шы жылы кітап болып басылып шықты. Бірақ жұртқа
таралмай жатыр. Басылған кітап Ақмола, Семей облысынан басқа

облыстарға таралмай жатқаны кісі таңқаларлық іс. Абайдың сөзін
Семей ләпкесіне қамап, жасырып қоймай, күллі қазақ баласы бар
уалаяттардағы кітап сатушылардың бәрінің де магазиндерінде
жүргізу керек еді. Абайды қолымыздан келген қадірлі жұртқа

таныту үшін мұнан былай кейбір өнегелі, өрнекті сөздерін газетаға
басып, көпке көрсетпекшіміз.
2 Мазлұм – зұлымдыққа ұшыраған адам

Міржақып ДУЛАТҰЛЫ

АБАЙ

Бүгін атақты қазақ ақыны марқұм Құнанбаев опатына дәл он
жыл толды. Егер Абай қазақтан өзге оразды жұрттардың бірінің
ақыны болса, сегіздегі баласынан сексендегі шалына дейін түгел
атына қанық, сөзімен таныс болар еді, елі туғанына сүйініп,

өлгеніне тегіс күйінер еді. Опатына он, жиырма бес, елу, жүз жыл
толған сайын бүтін жұрт ескеріп, матбұғаты қайнап, есімін мәңгіге
шейін қалдыруға өшпес белгілер орнатып, құрметіне неше түрлі
ізгі жайлар ашар еді.

Не шара? Біздің жұрт әлі күнге шейін мәдениет басқышының
ең төменіне аяқ баса алмай тұр. Қазақ әдебиетінің атасы хакімінде
тарихта аты алтынмен жазыларлық Абай Шыңғыс тауында туып,
Шыңғыс тауында алпыс жылдық өмірін өткізіп, сол Шыңғыс

тауында өлді. Туғанын, жасағанын, өлгенін өз елі тобықтыдан
басқа қалың казақтың көп жері білмей де қалды. Осы заманда үш
ауыз сөздің басын құрай білетіндердің жазулары тасқа басылып,
халыққа таралып, сынға түсіп тұрғанда, Абай сөзі өзі өлгеннен

кейін бес жыл өткенде басылды. Абай кітабы басылғаннан соң да
елге көп тарай алмады. Былтырдан бері ғана «Қазақта» Абайдың кім
екендігі жайынан жазылған соң, қазақтың әр жерінен сұраушылар
бола бастады.

Абай сөзі өзінің тірі күнінде басылмау себебін, өлген соң да
балалары неге тез бастырмағанын анық білмейміз.
1904 жылы июнь айының басында Омскіге барғанымда Aбай
өлеңдерінің жазбасын алғаш Ахмет Байтұрсыновтан көрдім.

Сонда Байтұрсынов айтты: «Естуімше, Абай өз өлеңінің басылып
шығуын тілемейді һәм бастыруға ешкімге рұқсат бермейді екен,
күз Қарқаралы қаласына барамын, сонда әдейі бұрылып, Абайға
сәлем беремін, танысамын һәм өлеңдерін бастыру жайынан

сөйлесемін», – деп. Ахметке Абайды көруге нәсіп болмады. Абай
өмірі күзге жетпей, сол июннің 23-інде опат болды.

1905 жылы «Семипалатинский листок» газетасында һәм онан кейін Семейдегі Географический Обществоның шығарған бір кітабында3 Әлихан Бөкейханов Абайдың тәржіма халін жазды һәм кешікпей кітабы да басылатынын білдіріп еді. Бірақ тез шықпады. 1909 жылы Абайдың балалары һәм інілерінің ризалығы һәм Әлиханның ыждаһатымен Абай кітабы Петербургте Бураганский баспаханасында басылып шықты. Бұл күні қолымыздағы кітап – сол бірінші баспасы. Бүгін Абай секілді атасымен қазақ халқы мақтанарлық ақынымызды арамыздан жоғалтқанымызға 10 жыл толуын еске түсіріп, халқымыздың мұндай адамының қадірін білмеуін айтып кана өтеміз. Тәржіма халі еткен «Қазақтың» 39, 41 һәм 43 нөмірлерінде, бұрын өз кітабында һәм Географический Общество кітабында жазылғандықтан, бұл жолы тарқап жазбаймыз. Абай сынды ақынның қадірін білмеу қазақ халқының зор кемшілігін көрсетуге толық жарайды, себебі – қазақ басқа жұртпен үзеңгі қағысып, тең халық болып жасай алмауы тарихы, әдебиеті жоқтықтан. Тарихы, әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап, ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып, жоқ болады. Қай жұрттың болса да жаны әдебиет, жансыз тән жасамақ емес. Қайдан өрбігенін, қайдан өскенін, ата-бабалары кім болғанын, не істегенін білмеген жұртқа, бұл талас-тартыс, тар заманда арнаулы орын жоқ. Сондықтан Абайдың аты жоғалуы, мұнан кейін де шығатын Абайлар сондай ескерусіз ұмытылу ықтималы қазақтың жоғалуымен, қазақ атты халықтың ұмытылуымен бірдей. Соның үшін жиырмасыншы ғасырдың таңында халқымыздың ұйқыдан азырақ бас көтеруі, жас әдебиетіміздің өсуі, белгілі кісілеріміздің тірлігінде һәм өлген соңында мәңгі ұмытылмастай болуы – біздің бірінші ескеретін борышымыз. Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақты қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттығы да сол. Бәлки, мұнан кейін Абайдан үздік артық 3 Записки Семипалатинского Подотдела Западно-Сибирского отделения императорского Русского Географического общества. Вып.ІІІ. Семипалатинск.

ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғары, ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай. Орыста бірінші жазушы Ломоносов, бір балықшының баласы еді. Онан кейін сан жүйріктер шығып жатыр, сонда да орыс әдебиетінің тарихында бірінші орын, бас бәйге Ломоносовқа арнаулы. Неше жүз жылдан бері Ломоносовтың атын орыс халқы көңілінде һәм тілінде сақтап келеді, мұнан соң мың жылдар өтсе де, оған көрсетілген қадір, құрметтері артпаса, кему жоқ. Біз де Абайға сол көзбен қарауға керек. Абайдың есімін, сөзін өте құрметтеп, ұмытпастай басына белгі орнатып, құрметіне ізге жайлар ашарға керек. Бір-екі ай мұнан бұрын, Семей қаласында, білімді, жүрегінде жалыны бар бірнеше азаматтар Абай құрметіне қирағатхана ашады деп естіп, қуанып едік, сол хабардың жандануына тілектеспіз. Бұл туралы өрнекті басшылықты әуелі Семей халқынан күтеміз. Өткен 26 январьда Семей қаласында Географический Общество ондағы оқыған қазақ жастарының жәрдемімен, Абай құрметіне өткізген әдеби кешін жасағандығы Семей халқынан күткен үмітімізді күшейтуге зор дәлел болса керек. Ол кеш бірінші қазақ ақынының құрметіне жасалған бірінші әдебиет кеші болып һәм бірінші қазақ әйелі (Нәзифа ханым Құлжанова жамағатының) майданға түсіп, берген өрнегі еді. Біз бүгін ардақты ақынымыз, марқұм Абайдың рухына дұға қылып, қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең мағыналы асыл сөзі атадан – балаға, немереден – шөбереге үзілмей сақталуын тілейміз. Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухани сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнербілімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артылар, «Бірінші ақынымыз» деп қабірін халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар...

Құдайберген ЖҰБАНОВ АБАЙ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІ Абайдың алды жоқ емес, жоққа жуық. Өйткені Абайдың алдында да әдебиет болды. Ата мұрасы болып, Абайдың еншісіне тиген әдебиет қазынасы екі түлік болатын. Бірі – емшек сүтімен қатар құлағына кіріп, сүйегіне сіңген ананың «Әлди, әлди, ақ бөпем», атаның «Сал-сал білек, сал білегі», қойшының әні, қыздың сыңсуы, қаралы қатынның жоқтауынан бастап, көркемдік сезімін шарбыдай шырмаған халық әдебиеті. Екіншісі – қажылы ауыл, молдалы ауыл болған Құнанбай ауылына ала-бөле таныс ескі Орта Азия үлгісі – шағатай әдебиеті. Абайдың алды осы екеуі ғана. Абайдан бұрынғы қазақ әдебиеті бұл екеуінің шарасынан шығып көрмеген-ді. Абайды кернеген ақындық қуаты алғаш тасып төгілгенде осы қолда бар қалыпқа құйылған. Бірқатар сыншылар соңғы кезде де Абай шағатай әдебиетінің шеңгелінен шыға алған жоқ деп мойындайтын сияқты. Бірақ, менің байқауымша, Абай мұны 13-19 жастарында ғана жалтыратып тағынып, сонан кейін суынып, тастап кеткен тәрізді. Шағатай әдебиетінің алдымен көзге түсер ерекшелігі – мистицизм, диуаналық лирика. Онда бастан-аяқ өртенген ғашықтықтан басқа нәрсе болып жарымайды. Оның ғашықтығының түрі де бөлек объекті кім екені белгісіз: құдай ма? Әйел ме? тіпті, еркек пе? Ғашықтығы жыныссыз ғашықтық. Кәне, Абайда бұл бар ма? – ұшқыны да жоқ. Жаму-у жәм ишрә һузур суы насибумдар мәдам. Сағия! – та тәркі жам әйлеп, геда болдум сеңа (Навои). «Рюмке ішіндегі салдуарлық суы мәңгілікті несібем (еді). Ей, арақ құюшы! – рюмкеден баз кешуге де бардым саған («саған»

деп ғашығына айтады – Қ. Ж.), бенде (кедей) болдым! деген
сияқты диуаналықты Абайдан тауып болмайды. Абай «Шырақтар,
ынталарың «менікінде» «болмасын», – деуімен дүниеге қол сілтеген
сұпы болып шықпайды. Ол «мен»-ді кірлететін «менікіне» ғана

қарсы. Иран шағатай мистицизмінің қашып құтыла алмайтыны

– сол «мен» - «нәпсі» емес пе? Сондықтан Абай ғашықтықты

қаншама өзегін өртей суреттесе де, ғашығының «аяғын жалап»,
басын бүкпейді. Берілгені соншама, «Саған құрбан мал мен бас»
деп, өліп кетуге даяр, бірақ Абайдың көксеген өлімі «еңкейіп өлу»
емес, «мендігін» сақтай, шалқайып өлу (...).

Дүние азабының тізесі батып, көресіні көре-көре «құдай салды»-
ға көнген, өлім мен тіршіліктің жігін жоғалтқан, қарсыласар
дәрмен көксемей, тағдырдың лағынат қамытына мойнын өзі
сұққан көнбістілік, құлдық идеалы – міне, иран-шағатай әдебиет

мистицизмі салған жол осы. Абай бұдан аулақ. Бұл – қолмен
болмаса да, оймен бостандық іздеп, көппен көрген ұлы тойды»
бұзбақ болған адам. Тағдыр қамытынан қалай босанудың жолын,
әдісін, рас, таба алмаған. Бірақ, бұлқынбады деу – зорлық.

Міне, осы біріндегі «мен»-нен қашу, біріндегі «мен»-ді
ардақтау – Абай мен шағатайдың басын бір қазанға сидырмайтын.
Бұл жағынан Абайды шағатайға, ұқсатушы да жоқ болмау керек.
Бірақ біз Абайдың пікір бағыты, әдебиеті нысанасы сопышылдық

жолынан аулақ екенін айтумен, осы аулақтықтың Абай өлеңінің
поэтикалық техникасына да шалығын тигізгендігін мойындағымыз
келеді. Өйткені, Абайдағы тұтастық, түгелдік, гармония оны
шалағайлыққа жібермеген. Абай – ойшыл ақын. Өлеңін пікір

кернеп тұр. Оның сезімі – ойшыл сезім. Бірақ, оның ойы да –
сезімшіл ой. Сондықтан Абай өлеңінің мазмұны түрін көрсетіп
тұрады да, түрі мазмұнын көрсетіп тұрады. Абайдың тілінің
сөздігі (лексикасы) грамматикасы, Абай өлеңінің өлшеуі, ырғағы,

ұйқасымы, Абай суретінің бейнесі – бәрі бірге қосылып та, жеке
тұрып та негізгі тақырыптың күйіне билеп тұрады. Оның сөздері
тек бермек ұғымын жеткізерлік амал болып, поэтикасы өлең
қалыбына сиярлық қана болып қоймайды; бірі олай, бірі бұлай

да кетпейді; солардың әрқайсысы, үлкен симфония оркестріндегі
жеке музыка аспаптары сияқты, өздері бір-бір күй тартып тұрады
да, бәрі қосылып негізгі күйді шығарады, тақырып соның бәріне
дирижер болып тұрады. Дін, құдай жайын өлең қылса, «Мәкен

берген, халық қылған – ол ләмәкән», Уә кутубиһи дегенмен ісі бар ма?» деп арабшалап кетеді; орыс мектебі, Салтыков, Толстойларды сөз қылса, жаңа кәсіпке шақырса, «здравомыслящий», «Занимайся прямотой» деп орысшалап та қояды. Берілген көңілдің шабытына, көтеріңкі бәсеңдігіне қарай, түрленіп, грамматикалық формалары бірде есім, бірде етістік болса, өлең өлшеуі, ырғағы бірде шұбалаң, бірде жүрдек болып келеді. Сөйтіп, Абай өлеңінің мазмұны өзіне лайық түрге орана келсе, түрі де бойына шақ мазмұнын жамылып келеді. Түр мен мазмұны тек жарасып отырмайды, «бірі-біріне ауысып, бірінен-біріне құйылып» отырады. Осындай іш пен сырттың біте қайнап, қосылған Абайда шағатайдың іші болып, сырты болмауы немесе сырты болып тұрып, іші болмауы мүмкін де емес. Ондай диссонансты Абай гармониясы көтермейді. Рас, алғашқы әзірде, өлең дүниесіне қадам басқан кезде, шағатай қармағына Абай да ілінген. Бірақ, көп ұзамай ол қармақтан бұлқынып шығып кеткен сияқты. Әзірге белгілі әр кезеңіне жататын үш-ақ өлеңі бар. Оның да бірінің бас-аяғы жоқ. Бірақ, осы аз өлеңінің өзін жазылған мезгілдері мен формалары арасындағы үйлесімі жағынан алып қарағанда, шағатай қаумасынан Абайдың бір аттаса-ақ шығайын деп тұрғанын көру қиын емес. Үш өлеңнің екеуі 1858 жылы (13 жасында) жазылған да, қалған біреуі бұдан алты жыл кейін 1864 жылы жазылған. Міне, осы алты жылдың өзі шағатай әдебиеті мен Абай арасына едәуір сына болып табылған. 1858 жылы жазылған өлеңдерінің екеуі екі басқа өлең екеніне ешкім таласа алмас. Өйткені бірін қызға айтқан да, біреуін иран-шағатай ақындарына арнаған. Екі өлеңнің өлшеуі де екі басқа. Бірақ солай бола тұрып, осы екі өлең бір-біріне сондай ұқсас, бұл ұқсастықты әлдеқалай бола қалған деуге сияр емес. Бұл екеуінде мезгіл бірлігіне Абайдың әдеби көзқарасының, әдеби техникасының бірлігі де сай келіп, ол Абайдың қай Абай екенін айтып тұр. Ол – иран, шағатай әдебиетінің классиктерімен танысқан, оларды ұғынған, шеберлігіне қол қойған, сондықтан: Фзули, Шәмси, Сәйхали Навои, Сағди, Фердауси, Хожа Хафиз – бу һәммәси Мәдет бер, я шағири фәрияд! –

деп солардан медет-жәрдем тілеген Абай. Oл – әлі бұлардың өнеріне өз көзімен қарауға шамасы келмеген, тек еліктей берген Абай. Міне, бұл Абайдың өлеңдері, осы екі өлең – шын мағынасы мен шағатайша шыққан. Өлең ұйқасымының лажсыздығы (заруата шағрия) қуып әкеп тыққанда, әсіресе, артықша орын алатын арабпарсы сөздері – шұбар тіл керек пе? Халық метрикасын менсінбей, ғаруз өлшеуін қолдану керек пе? Халық кәдесіндегі өлең ұйқасын, жолын жинап қойып: Юзи – раушан, көзи – гәуһар, Ләғилдек бет уши әһмәр, Тамағи кардан һәм биһтар Қаши құдрет, қоли шигә, – сияқты үш рет жалғасынан ұйқасып келіп, төртіншіден бір түйіп отыру керек пе? – Бұл екі өлеңде осының бәрі де бар. Мұндағы теңеулер де көбінесе шағатай ақындарының мініп-мініп жауыр қылып тастағандары – қазақ сезіміне ұғымсыз бейнелер: «гәуһар көз», «лағылдай (маржандай) үші қызыл бет», «Сүлеймен», «Шәмши», «Искендір» патшалардай мүлікті, байлығы мол адамдар. Кейінгі кезде тұрмыстың қандай қараңғы түкпірлеріне де жанары түскен қырағы көз әлі онда жоқ. Сондықтан тұрмыстан алынған бейне де жоқ. Күншығыс ақындарынан қалған, тозған бейнелерден шетке шықса-ақ «қасы – құдірет, қолы – шеге» сықылды үйлесімсіз сорлы суреттерге ұшырайды. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Айттым сәлем, қаламқас!» тарды жазған кезде Абай сүйген сұлуына «қолың шегедей» демеген болар еді; қасты құдіретке теңеудің де орнын таба алмаған болар еді. Міне, бұл – ақындық беті ашылмаған балаң Абай кезі. Абайда осындай түгелімен шағатай тұтқынында болған дәуір болуы, осы екі өлеңнің екеуінің бір жылда жазылуы, түрінің ұқсастығы осыны көрсетеді: екеуінде де шұбар тіл, екеуінде де ғаруз, екеуінде де үштен тастап, төрттен түйген тізгін ұйқасы, бірінде шағатай ақындарына сиыну болып, екіншісінде солардан қалған жауыр бейне болуы осының бәрі, осыншама ұқсастық, бұл әлдеқалай, кездейсоқ нәрсе емес. Бұл – Абай ақындығының бір кезеңі – шағатайға еліктеу кезеңі, олардан шығып кетпек түгіл, оларды сынамақ түгіл, әлі олардың өз ішіндегі тәуірін таңдап алуға да, өз ішінен түр іздеуге де шамасы келмеген кезеңі.

Енді үшінші өлеңге («Әліп дек ай йүзіңе ғибрат еттім») келсек, мұны жазған кезде Абайдың аяғы шағатайда тұрса да, бір аяғы шетке аттауға таянған кезі көрінеді. Мұнда алдымен көзге көрінетін – Абайдың шағатай әдебиетіндегі өлең техникасының бұлтарыстарын тегіс аралағандағы, өмірден безіп, кейіпті кескін таба алмай, алдындағы жазудың әріптерін бейне қылып пайдаланған шағатай ақындарының поэтикалық ойынына шейін барғандығы. Я – ярым! қалай болар жауап сөзің? Мөт – қасың, тәштит – кірпік, секін – көзің, Үтірмен асты-үстілі жазуда бар... Араб әрпінің ас, үс, үтір, секін, тәштитерінен көркемдік бейнесін іздеу шағатай ақындарына үйреншікті әдет болған. Навоидың: Қашларынден, кім ірәр қаниғ кеңіл ішре қиял, О, қызыл нәгәда Нун болұр, – шапақ ішреһилал. (Қастарыңа көңілдегі қиял қанағаттанады. Ол – қызыл қағазды нүн әрпі, шапақ қызылдығына тұрған ай болып көрінеді) дегеніндегі қасты нүн әрпіне ұқсатуы, немесе: «Жан» – ымдағы жем – ол екі далаңға пида; Анден соң өліп – таза ниналіңға пида, Нуні дағы-ғанбарлық һилалиңға пида, Қалған екі нуқта – екі қалыңға пида! (Жанымның «ж» әрпі ол екі қасыңа құрмандық. Онан соң, «а» әрпі таза бойыңа құрмандық, «н» әрпі дағы жақсы иісті ай жүзіңе құрмандық. Қалған екі ноқат (бірі «ж» ның, бірі «н» ноқаттары) бетіндегі екі қалыңа құрмандық!), – деген өлеңіндегі ж, д, а, н әріптері мен ноқаттардың бірін ол, бірін бұл мүшелерге меңзетуі – осы әріп бейнесін ісіне асырған ақындық ойыны болатын. Абай осыған шейін барып, шағатай үлгісінің ұшығына шыққан түрі бар. Бұл алты жыл ішінде Абайдың түр іздеу екпіні көп өскендігін көрсетсе, оның үстіне әріп бейнесін шағатайша бейне түрінде қолдануға місе тұтпай, әріп орнына дыбыс алғанын, әр дыбысты сол дыбыспен басталатын сөзге символ есебінде ұстағанын көрсетеді: а – ай, б – бәле, т – тіл, с – саламат, ш – шекер, к – кәміл, м – мейірім, н – нала, тағы басқалар. Осының өзі шағатай үлгісін ішінен шіріте бастағаны болу керек. Шынында «Әліп дек ай йүзіңе ғибрат еттім» өлеңі алдыңғы екі өлеңнен көріне басқа. Бұл – шағатайдан қашықтай бастаған,

қазақтың өз үлгісі не қайта бейімделе бастаған кезі болу керек.
Тіліндегі шұбарлық нәлі қалмаған да болса, алдыңғы екі өлеңнен
көп жеңіл, араб сөзі сирек кездеседі. Өлеңнің өлшеуі де ғарузша
емес, буын өлшеулі ұйқасым қазақтың қара өлеңінше. Бұл кәдімгі

11 буынды қазақ өлеңі. Мұны да ғарузша құрылған дәуірлер болуы
мүмкін. Ондай күмән тудыратын екі-ақ жол бар, ол:
Би – бала и дәртіңе нисбәт еттім,
Си – сәна и мөдхіңа хүрмәт еттім.

Бұл екеуін күменді қылып тұрған – екеуінде де парсы изафетімен
байланыстырылған «бала-и – дерт», «сәна-и – мәдх» деген арабша-
парсы сөздері болуы, изафеттің алдыңғы буыны созылып айтылған
болғандықтан, «ұзынды-қысқалық» негізіне құрылған ғарузға

ұқсап тұруы мүмкін. Бірақ бір өлеңнің құрылыс жүйесін, өзгесіне
қарамай, тек екі жолына қарап шешуге болмайды. Бұл өлеңнің осы
екі жолдан басқаларының бәрі, оның үстіне ұйқасымы қазақша
құрылғанына дау қалдырмайды.

Ескі күн шығыс ақынының әріп бейнесін дөп қолдануы өмірден
қашықтап, қаламы мен әрпіне ғана қарап тізесін құшақтап қалған
қасталық жағдайын көрсетеді. Абай осы белеске шейін өрмелеп
барып, шағатай жолының сорлылық үшіне шығып болып, одан

безген сықылды. Осы өлеңнен кейін шығыс жұртына қонуды
тоқтатқан. Бұдан соңғы Абай өлеңдерінен шағатай үлгісін іздеу,
меніңше, құр арам тер.
Абай енгізген өлеңнің жаңа өлшеулерінің кейбірі, – кім біледі

– ғарузаға ұқсап та тұратын шығар. Арабтың 28 әрпіне келетін

комбинацияның ешқайсысын қалдырмай ұйқасым қуалаған шығыс
ақындарының тоқсан тарау өлең ұйқасымымен өлшеуі Абайдың
кейбір өлеңіне тура келіп те кететін шығар. Бірақ оған қарап, оп-
оңай шеше салуға бұл мәселе көнбейді. Қазақтың өлеңінің бар

өлшеуін – созып айтып, бұрмалап қараса, – ғарузадан шығаруға
болады, Абайдың жаңа үлгілеріне де осыны істеуге болатын
болар...
Сонымен, 1864 жылдан кейінге Абайдан шағатай ықпалын іздеу

– бос арам тер болып шығады. Өйткені: 1) шағатай әдебиетінің

негізгі бағыты мистицизм; Абайда бұл жоқ; 2) шағатай әдебиетінің
тілі араб-парсымен шұбарланған шұбар тіл; Абайда бұл – машықтау
үшін болмаса, ұшырамайды; 3) шағатай әдебиетінде өлең өлшеуі

– араб-парсының ғаруз өлшеуі; Абай мұны ерте тастаған; 4) Абай

сияқты төрт аяғы тең жорға ақын шағатайдың ғарузына сүйсінген болса, жазып алып сүйсінбей, басқа да бір қасиеттерін қосып ала жүрген болар еді; Абайдың еш қылуасында олармен әдеби оты өрелі жанатын қылық жоқ.... Абай біздің жазба әдебиетіміздің атасы болғанда, өлеңін, қара сөздерін тек қағазға жазғандығымен ғана емес, жазба әдебиет пен ауыз әдебиеттің осы айырмашылығын ашқандығымен атасы болады. Қазақ әдебиетін ауыз әдебиеті дәрежесінен шығарып, неше мың жылдай көнігіп, етке, қанға сіңісіп болған ескі ауыз әдебиет дағдысынан құтқарған адам – Абай. Ескі ауыз әдебиетіндегі артық қыстырмалардан алғаш тазартқан Абай. Абай сынаған «қазақтың ұзын сөзділігі», «ескі бидің сөз қосарлап бос мақалдайтындығы», «ескі ақынның жоқтан қармап, көр-жерді өлең қылатындығы» дегендер – осы басы артық, қыстырынды әңгімелер болатын. Абай сөзінің «қиюынан қыл өтпейтін» ықшам, тығыз болатыны да осы артықтан аман болғаннан келетін-ді. Абай ескінің шұбалаң қыстырмасын икемді бейнеге (образға) айналдырды: Ізденіп табар сұңқармын, Жарастықты, сүйгенде, Қылығыңда жоқ ағат . . . . . . . . . . Сіз – қырғауыл жез қанат, Аш бетінді, бер карат.... Ескі халық ақыны болғанда, «сұңқар» мен «қырғауылдың» өз романын жарыстырып, жігіт пен қыздың әңгімесін оның көлеңкесімен бүркеңкіреп қояр еді. Абай олай сөзді ұзайтпайды. Ұзайтпау үшін «сұңқар» мен «қырғауылдың» арасын алыстатып: арасына негізгі тақырыпты кіргізеді; «Сұнқар», «қырғауыл» дегендер «жігіт», «қыздармен» теңбе-тең жасайтын, өз беттілік теңеу болмай, «Сұңқар» – жігіттің, «қырғауыл» – қыздың бір мезгілдік қана кейпіне ұқсатылады да, негізгі суреттің анықталуына, толығуына себеп болады. Абайдың өлеңдері бейнелі, суретті келіп, шын мағынасы мен көркемдік шартын орындап отырады. Сонда Абай образды қолдан жасап, жат кейіп қылып шығармайды. Қазақтың өзіне қашаннан таныс, оны келтіргенде бермекші суретінің бояуын қандырып, ашып келетін суреттерден алады. Суретті ойдағыдай, күшейтіп

жіберетін болса, Абай ондай-мұндай ерсі, әдепке шеттігіне де
қарамайды. Мұнысын, әрине, мақтауға болмайды. Кәрі шалдың
жас қызды еріксіз қатын қылғысы келгенін улы тілмен шаққысы
келсе, «Тұсап қойып қашырар бұқа ма екен?» – деп сөгеді. Елдегі

қулардың ұнамсыз қылығын біле отырып, оны тоқтатуға мұршасы
келмейтінін айтқанда:
«Ойнасшы, қатын болса ғар,
Аңдыған ерде қала ма ар?» –

деп жібереді. Ақы алып өлең айтқан ақын – тыңдаушыны да
сөгіп,оны тыңдама деп, ондайдан бездіргісі келсе:
«Сатып алма сөз сатса,
Ол – асылды аңдамас.

Білеткенің бәрі ақша
Ер жақсысын таңдамас», –
деуге де аузы бара салады.
Абай қазақтың мақалын да, ертегісін де, салтын да – бәрін

де суретке пайдаланады. Бірақ, осының бәрінде қазаққа таныс
образдардың өзі бұрынғы құрысып, қатып қалған күйінде
тұрмайды, жүріп кетеді, жан бітеді, жетіліп, өсіп, ашылып,
жарқырап кетеді. Өз қалпында қалып қоймай, уақиғаның өзіне

біте қайнап қосылып кетеді. Мақалдар Абайда босқа қосарланып,
«солай дегендей-ақ» болып жүрмейді, жанды суретке, қозғалысқа,
протеске айналады. «Адам басы – алланың добы» деген дөрекі
фатализм мақалы ғашықтың материяланған суреті болып, бірде

теріс ұшып, бірде қайта түседі:
Тәңірі добы – бұл ғарып бас
Кетті амалсыз – қорлама,
Қайта қақты, қайла болмас,

Келді, түсті ордаңа!
Бұл аудармада кездессе де (Пушкинде мұндай сөз жоқ), Абайдың
өзі тағдырды осылай доп қылып ойнатып қойған. Дәлдеп аударған
жерінде де Пушкиннің:

«Мои сомненья разреши
Быть может, все это пустое,
Обман неопытной души
И суждено совсем иное» –

дегенін кім біледі, мұның бәрі тәжірибесіз жанның алдануы
шығар да, жазмыштың ұйғарғаны басқа болар. «Біздегі көп
аударғыштарша» тікелемейді.

Шеш көңілім жұмбағын, Әлде, бәрі – алданыс. Жас жүрек жайып саусағын Талпынған шығар айға алыс,– деп әрі тура; әрі сұлу, суретті қылып, үлгілі әдеби аударма береді. Міне, мұнда «алыс айға саусағын жайып талпынған жас жүрек» бейнесі қазақтың «Арыстан айға шауып мерт болған» дейтін мәтелінен алынған. Сондай таныс нәрсе екені білініп тұр, бірақ ол кейіптен еш нәрсе қалып жарыған жоқ, бәрі де Абайдың өз қолымен жаңартылған. Мұнда арыстанның жыртқыштығы тәкаппарлығынан, сол пейілінен тапқандығынан, мерт болған артқы аяғы екендігінен ырым да жоқ. Мұнда жүрегі таза жас сәби Айды алмақ болып, балдыр саусағын шолтаңдатқан күнәсыз қылық қана бар. Сонымен бірге жай қалмай, мерт болып қалатыны да көрініп тұр. Абайдың қыз бен жігіті ғана құс пен аңға ұқсап қоймайды, құсы мен аңы да қызға, жігітке ұқсай береді. Түлкіні бүркіт басып, екеуінің алысқанын қара шашы төгіліп, иықтары бүлкілдеп, суға шомылып жатқан сұлуға меңзеп қояды. Жер-ана деген ұғым қай жұртта да бар. Бірақ, Абайдың Жеранасы не қалыңдық ойнаған қыз болып, ұрын келген күйеуі күнмен жымыңдасып, күліп ойнап кетеді немесе ол – ана, елжіреп емізіп кетеді. Қысқасы, Абайдың образ қолдануындағы өзгешелігі: әуелі – қатесіз анық таныс бейне алады; екінші образ ескі өлі қалыбында қалмай, жанданып кетеді, үшінші – ескі образды есіріп, жаңартып, жалғап әкетеді. Оның ескі, таныс образ алуы тек таныс жағымен тартып, жуықтатып алып келгеннен кейін басқа жаққа бұрып жібермейін дегені сияқты. Ескі әдебиет мұрасын Абайдың пайдалануының бәрі осылай. Ол ескіні де, өз заманын да дәріптемейді. Ескі образды алғанда, оны сүйдіру үшін емес, ескіні бұзып, жаңа қылып, сонымен жаңаны ұғындыру үшін болады. Абайдың әдебиет, мәдениет үстеріне қолы тиіп кетсе, ол тек сипап, сүртіп шаңын кетіріп шықпайды, өзінше бұзып, өзінше түзеп, өз қолының ізін қалдырады. Өленнің ырғағы да, ұйқасы да, буыны да, әні де, тақырыбы да, сөз төсегі де, суреті де Абайдың қолынан өткенде бұрын көрмеген жаңа нәрсе болып шығады. Қайсыбіреудің құлағын «шу» дегенде тосаңсытады, бірақ

сөйте тұра, Абай өлеңі – қазақ өлеңі, қазақ өмірінің суреті, қазақ тілімен жазылған, қазаққа түсінікті болып шығады. Ол Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты қазақша сөйлетеді, күпілі қазақты Пушкинше, Лермонтовша сөйлетеді. Абайдың арқасында XІX ғасырдың соңғы ширегінде қазақ аулындағы қызойнаққа Онегин мен Татьяна «қатысады». Абайдың арқасында XІX ғасырда қазақтың әдебиеті өзінің атам заманғы «азалы ақ көрпесін сілке тастап», Европаның классикалық әдебиетінің қалыбына түседі, сүйте тұра қазақ әдебиеті болушылығын да бұзбайды. Бұлайша ескіні жаңаға ұштастырып, жан бітіру үлкен шеберлікпен ғана болатын іс. Абайдан біз осы ірі шеберлікті көреміз. Абай – ақын болғанының үстіне ескі мәдениет мұрасын дұрыс пайдалана білген ақын. Абай ескі күншығыстың экзотикалық өнерінің бірі – шағатай әдебиетімен де жақсы таныс болып, онан жанына азық таба алмай, ілгері басқан Европа үлгісін таңдап ұстағанының үстіне, қазақтың халық әдебиет мұрасын да жете тексерген, оны барынша бағалаған, онан бар керегін ала білген адам. Абайдың баласы Турағулдың естелігінде: «Қазақтың ертегілерінде естіген ертегісі кем шығар. Сонда, қазақтың ескі ертегісі ен: бұрын қай жерлерде жүргені, көршілес күндес елдері қай жұрттар екені, елдің ескі салты, арманы, кәсіп-қарекеті не екені көрінеді деуші еді»,– дейді. Mінe, бұл халық әдебиетін (ертегіні) осы ғылым айтуындағыдай бағалай алғандығы. Қазақтың мақалдарына қарап отырып, қазақтың тарихын қарастыруы да, өз сөзіндегі қазақтың шаруашылық қалпын, дүниеге көзқарасын білуге мақалдарды кілт қылғысы келгендері де – бәрі де халық әдебиеті мұрасын қалай пайдалану жолын түсінгенін көрсетеді. Сонымен бірге, Абай ескі мұраны талғамай ала беретін адам емес. Ол ескіден қалған мұраға да, өз заманының жайына да сын көзімен қарап, өзінің ақыл елегінен өткізіп алған. Қашаннан келе жатқан «мәңгі шындық» саналатын мақалдарды, әдет заңын Абайдай қирата сынға алған қазақта ол кезде болмаған. «Атаанадан мал тәтті», «Атың шықпаса жер өрте», «Жарлы болсаң, арлы болма», «Көппен көрген ұлы той» т. б. неше мақалдардың сырын ашып сынаған адам –Абай. 1905 жылдың төңкерісі халық санасын басқан қара тұманды бірқатар серпілтіп, онан соңғы реакция дәуірі бүркеулі сырдың көбін ашып, колония саясаты азуын күннен-күнге батырып, қазақ

арасында ұлттық сана өрлей бастаған, ұлы көтеріліс жақындап
келе жатқан кезде 1916 жылда, орта білімі бар, төңкерілісшілдікке
бейім азамат қылып көрсетілген учитель Әбіш – Бейімбеттің
«Шұғасының» геройы – ауылдағы екі рудың балуаны күрескенде

қызынып, бір жағын басқарып жүреді; өз жігіті жыққанда көтеріліп
қалады. «Шұға» пьесасының 40 жыл бұрын Абай осындай күрес,
бәйгеге ру болып қызыну, арлану әдетін сөге сынайды. Халық
мәдениетінін мұндай жақтарын ашып тануға келгенде Абай сөйтіп,

өзінен 20 жыл соң Әбіштер қараған көзқарастан асып түседі.
Осының бәрі Абайдың ескі мұраны сынай білудегі күшін көрсете
алса керек.
Жоғарыда айтылып өткендегідей, Абайдың халық әдебиеті

үлгісіндегі өлең қалыбын өзгертіп, өзінше құруы да әдебиет
мұрасын қалай пайдалануды, қалай сынауды жетік білгендігінен
келген. Өлеңнің өлшеуі мен ұйқасымына кіргізген сыртқы
өзгерісінің – өзі тек бола салған іс емес, Абайдың барды сынай

отырып, соныға тартқанынан туған жеміс.
Абайдың музыкаға енгізген жаңалығы – жаңа түрлі әндері
де – осы өлең құрылысын қайта құрумен байланысты. Жаңа,
жат өлшеулерді жұрт құлағына сіңдіріп, көп ұғымына жуықтату

үшін оларға ән де шығарып берген. Абайдың жаңа түрлі өлең
өлшеулерін шағатай үлгісінен шығарушылар сол әндердің
құрылысына сынатып қарау керек. Ән – «Ғұшшақ», «Науа» тәрізді
дәруіш мақамына бейімделген бе екен, жоқ өзі білген дәрежесінше,

Батыс үлгісіне тарату бар ма екен? Біздің байқауымызша, Абай
әндерінде Орта Азияның ескі мақамына тартқан жер жоқ. Абайдың
композиторлық тәжірибесі, бәлкім, бізді қанағаттандырарлық емес
шығар, сонда да сол кезде қазақ әнінің құрылысына Батыс әсерін

ендіріп өзгерту талабының өзі – біздің мәдениет тарихымыз елеп
өткендей іс. Бұл да – қазақ көркемөнерінің қолда барын канағат
қылмай, ескіні ескі деп біліп, жаңаша таратудың бір ұшқыны.
Сонымен Абайдың көркем өнер жөніндегі айтқан сөзі емес,

істеген ісінде ұлы сыншылық, барды қайта құрушылық барына
таласпай көнуге болатын болды.

1. Абай шағатай әдебиетімен жақсы таныс болып, оны баурап

алып, соның үлгісімен өлең жазып та көрген. Бірақ оны қанағат
қылмай, оның ішінде қалмай, сыртына шығып соныдан жол
іздеген.

2. Абай қазақтың халық әдебиетін жақсы біле тұра, оның айдын жолымен жүріп кетуге шамасы келе тұра, оны да өзіне баянды жол деп есептемеген, онан да шетке шыққан. 3. Абай жер жүзінің классик әдебиетінің үлгісін таңдап ұстап, қазақ әдебиетін Байрон, Шиллер, Гете, Пушкин, Лермонтов, Толстой ізімен Батысқа жетелеген. Әдебиет арнасын басқа жаққа бұрумен байланысты өлеңнің мазмұндылығы, көркемдігі, бояуы – бәpі де өзгеруі керек деп табады. Бұл жөнінде: а) Ауыз әдебиетінің өзгешелігі болып сақталып келген өлеңдегі басы артық бос сөздерді шығарып, өлең сөзінің мәнділігін арттырады; ә) Бұрын жай қосақталып, негізгі тақырыппен жарыса жүріп, оны солғындатуға себеп болатын көлденең суреттерді шағындап, қиындап, олардан жаңа бейне құрастырады. Бұрынғы мақал, мәтел, халық сенімі секілділердің қатып, құрысып қалған суреттерін жанды жүрек кейіпке айналдырады; б) Қазақ өлеңін түр жағынан байытып, жаңа өлшеулер, жаңа ұйқасымдар, жаңа ритмдер туғызады; в) Әдебиет тіліндегі халық үлгісінің басы артық қосарларын жоюмен қабат, шығыс үлгісінен келіп жүрген араб-парсы сөздерін де қуып, әдебиет тілін тазартып, қазақ тілінің бар байлығын іске асыруға жол ашып, жазба әдеби тіліміздің іргесін қалайды; г) Көркем шығармаларды өзі де шығарып, ірі ақындардан да аударып, әдеби аударманың, жаңа заман әдебиетіндегі бірқатар белгілі жанрлардың үлгісін іспен береді. 5. Халық әдебиетінің кері тарауларының бірі болған мақалдардың жарамсызы көп екенін ашып көрсетіп, өзі де бірнеше мақал шығарады. 6. Әдебиет жұмысында өзгеріс жасаумен қатар, әлінше қазақ музыкасында жаңалық ендірудің талабын істейді. Міне, осының бәрі де құрғақ сөз емес, Абайдың істеген істері. Адамды істеген ісіне қарай сынайтын болсақ, бұл істерді, бұларды істеген адамдарды қалай бағалауымыз керек? Абайды қолда барға қанағаттандырмайтын, үздіксіз сынға, таусылмас назарлыққа қуып салатын, атам заманнан, ата-бабадан қалған, замандас, бастастары түскен даңғыл жолға сыйдырмайтын не?

Неге ол даяр әдебиет үлгісін, дайын мәдениет дағдысын сынай береді? Неге бұлар оның сынына толмайды? Абайдың әдебиет «бар мәзіріне», мәдениет сатысына бұл сыншыл көзқарасы бөлек жатқан нәрсе емес, соның бір бөлшегі, өткенді, төңірегін тегіс сынауынан, тегіс ұнатпауынан, бұл әдеби формада бой көрсеткен бір түрі. Әйтпесе, өткенді кексеп,төңіректегі барға риза болған адам сол өткеннің, төңіректің идеологиялық жемісіне – әдебиетіне ол әдебиеттің дәрежесіне, түріне де риза болған, қанағаттанған болар еді. Ойдағы сыншылдық жалпы бағыттағы жаңашылдықты істе көрсете алу – онда да әдеби формада – ырғақ пен ұйқасымда, бейне мен сөздікте көрсете алу – бұл ол шыншылдықтың тамыры терең бойлап кеткенінен келеді. Абайдың тұла бойын түгел алып кеткен, осындай сөз ортасына наразылық бар. Абай сол заманда, сол ортаны соя сынаған адам. Абайдың әдебиеттегі сыншылдығының түп тамыры осында жатыр....

Сәбит МҰҚАНОВ АБАЙ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ КЕМЕҢГЕРІ Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, қоғам қайраткері, демократы, ағартушысы Абай Құнанбаевтың туғанына 1945 жылы 100 жыл толуын қазақ халқы зор қуанышпен тойлағалы отыр. «Сүйер ұлың болса сен сүй, Сүйсінерлік болса ол» – дейді Абай. Бұл пікірін ол насихат сөздерінде қайталап «баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» дейді. «Жақсы бала, кім?» деген сұрауға Абайдың берер жауабы: «әкенің баласы адамның дұшпаны, адамның баласы бауырың». Абай қазақ халқының сүйікті ұлы, себебі, ол, Абайдың өз тілімен айтқанда, әкенің баласы болған ұл емес, халықтың баласы болған ұл, және тар мағнасындағы халық баласы болған ұл емес, өз ұлты қазақты сүйе отыра, барлық ұлттың еңбекшілерін бауыр көрген, гуманист ұл. Абай қазақ халқын сүюмен ғана қанағаттанған емес. Ол сүйген халқының қоғамдық көшін ілгері бастауда, ой-пікірін кеңейтуде, ұлттық сана-сезімін көтеруде, ұлт мәдениетін, әсіресе ұлт әдебиетін өркендетуде өте зор еңбек атқарған қайраткер. Абайдың бұл еңбектерін талдар алдында, оны өсірген ортаның саяси және экономикалық халіне тоқтап өту хажет. Бұрын ұсақ хандықтарға бөлінген қазақ руларының XVІ ғасырда тұтас бір мемлекет болуы тарихтан мәлім. Осы мемлекет, 1718 жылы Тәуке хан өлгеннен кейін әлсіреп, «Үш жүз» атанған қазақ, үш хандыққа бөлініп кетті. Қазақ халқының бұлайша ыдырауымен, Қазақстанның шығысында монғол тұқымдас елдерден құралған, қазақпен үнемі жауласып келген Жоңғар хандығы пайдаланып, 1723 жылы шабуыл жасады. Осы шабуылда қазақ елі қырғынға ұшырап, мал-мүлкі талауға түсті, соның салдарынан атақты «Ақтабан-шұбырынды, алқа көл-сұлама» жұтына ұрынып, малдан да айрылып, жаны да шығындалды.

Жоңғардың шабыншылығынан ығысқан кіші жүз қазақтары
Еділ мен Жайықтың арасына паналады. Ол кезде, сол өлкелерге
қанатын жайған Руссияның күшті мемлекеті, кіші жүзді панасына
алды. Әбілхайыр бастаған кіші жүз, 1737 жылы амалсыз Ресей

патшалығына қарады.
Кіші жүзді бағындырған Руссия XVІІІ ғасырдың аяғында орта
жүзді, ХІХ-ғасырдың ортасында ұлы жүзді бағындырып, жүз
жылдар шамасында қазақ даласын отарлау саясатын аяқтады.

Патша үкіметінін, отарлау саясатына қазақ халқы еркімен
көнген жоқ. Өзінің ұлт- тәуелсіздігінен айрылғысы келмеген
ол, 1783 жылы кіші жүзде батыр Сырым Датовтың бастауымен
көтеріліске шықты. Бұл көтеріліс мылтық күшімен басылғанмен,

ХІХ ғасырдың орта кезіне дейін қазақ даласының әр жерінде
оқтын-оқтын шыға берді. Сол ғасырдың 20-30 жылдарында Исатай,
Махамбеттердің бастауымен батыс Қазақстанда шыққан көтеріліс,
30-40-жылдарда Кенесары, Наурызбайлардың бастауымен болған

көтерілістер, масштабы кең, бірнеше жылға созылғанмен, көшпелі
қазақ елінің найзасы, орыс заводтарынан шыққан зеңбірекке төтеп
бера алмай сынды. 1847 жылы аяқталған Кенесары, Наурызбай
көтерілісі күшпен басылғаннан кейін, патша үкіметінің әскері

найза ұстағысы келген қазақтың қолын қырқып отырды, көтеріліс
өрті сол сөнгеннен, 1916 жылға дейін тұтана алған жоқ.
Бостандық жолындағы бұл құралды көтерілісгер әдебиетке де
әсерін тигізді. Осы дәуірде жасаған халық ақындары бостандық

күресін жырлаумен, ол күрестің ерлерін дәріптеумен шұғылданды.
Махамбет,
Нысамбай
сияқты

ақындар,
бостандық
күрес
поээиясының туын жоғары көтерумен аттарын қазақ әдебиетінің

тарихына алтын жазумен жазып қалдырды.
Қазақ халқының бостандық күресі ХІХ ғасырдың 50
жылдарында бітуі, содан кейін, 1916 жылға дейін патша үкіметінің
қазаққа бас көтертпеуі, қазақ әдебиетінде «Зар-заман» ағымын

туғызды. Шортанбай Қанаев (1818-1881) бастаған бұл ағымның
тақырыбы – қолынан құралы алынған қазақ халқының білектен
жүрекке ауысқан ыза күшін жырлау, екі жақты қанауға түскен
қазақ еңбекшілерінің зарын жырлау еді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында, «Зар-заман» ағымының
ізін шала, қазақтың қоғамдық пікірінде, оның ішінде әдебиетінде
ағартушылық ағым туады. Бұл ағымды бастаушы – қазақ

халқының бүкіл Руссияға әйгілі ғалымы, демократы Шоқан Уәлиханов (1837-1865). Білімді орыстың кадетский корпусынан алған, орыс армиясының офицері, орыстың атақты жазушылары Федор Достоевскийдің, Апаллон Майковтың досы – халық сүйгіш демократ Шоқан Уәлиханов, қазақ халқы келешекте ұлы орыс халқының бай мәдәниетіне жетілу арқылы бақытты бола алады деген пікірге келген кісі. Бірақ арманына жете алмай, ол 27 жасында құрт ауруынан қайтыс болды. Орыс білімінен нәр алу арқылы қазақтың ұлттық мәдениетін жоғары сатыға көтеру арманына жетпегенмен қазақ халқының, Орта Азия халықтарының азаматтық тарихы, мәдениет тарихы, географиясы, табиғат4 байлықтары туралы демократшыл кемеңгер көп ғылыми еңбектер, нұсқалар қалдырды. Бұлардың маңызы аса зор, және келешекте де зор болмақ. Академик Н. И. Веселовский Уәлихановқа «ІІІығыс ғылымының шолпаны» деген бағаны осы еңбектеріне қарай берген. Уәлихановтың қазақты орыс мәдениетіне жетілдіру ісін бірінші рет қазақ арасында іске асырушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Орынбордың екі жылдық учительдер курсын орыс тілінде бітірген ол, үкімет алдына, қазақ арасына орысша-қазақша мектеп ашу керек деген талап қояды да, 1864 жылы үкіметтен рұқсат алады. Осы ниетпен іске кіріскен Алтынсарин өзі өлгенге дейін Қазақстанның қазіргі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарының қалаларында, ауылдарында «Орысша-Қазақша» аталған мектептер ашады. Оған дейін қазақта ұлт мектебі болмаған. Қазақ балаларын Орта Азиядан келген қожалар, татардың молдалары араб әрпімен, балаларға түсініксіз дін сабағын ғана оқытқан. Алтынсарин ашқан мектептерде қазақ тілі бірінші рет оқылады. Бастауыш кластарға арнаған оқу кітаптарына Алтынсарин орыс әрпімен кәдімгі қазақ тілінде жазады. Бұл орыс әрпін қазақтың бірінші қолдануы. Алтынсариннің мектептерінде, алғашқы кластарында әуелі қазақша оқыған балалар, орыс тілін де үйрене бастайды да, соңғы кластарда орысша жақсы біліп шығады. Қазақтан орысша оқыған интеллигенция көпшілігі бірінші рет Алтынсарин мектептерінен шықты десек қаталаспаймыз. Алтынсарин ақын болған адам. Мектепке арнап жазған оның хрестоматиясындағы өзі жазған «Өнер білім бар жұрттар», 4 «Сочинения Ч. Ч. Валиханова», 1904г., рус. географ, об-во. том XXІX, стр. 1.

«Ананың баланы сүюі», «Балғожа бидің баласына жазған хаты», «Жаз», «Жаз шыққанда», «Өзен» деген өлеңдері, қазақ поэзиясында дәстүр жағынан фольклордан бірінші рет бөлінген, бірінші рет европалық жазба поэзия стилінде жазылған шығармалар. Бірақ оқыту, мектеп ашу, оқу құралдарын жазу сияқты ағартушылық жұмысымен шұғылданған Алтынсарин ақындық өнерін еркін жарықка шығара алмады. Мұндай озат идеяны жыр етіп қазақ әдебиетінде жаңа поэзияны бірінші рет жасаған Абай Құнанбаев еді (1845-1904). Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың қазақ халқының тағдырына қайғырулары бір сарында болғанмен, қазақтың қоғамдық көшіне сілтеген жолдары ұштасқанмен, бұл үшеуі бірімен бірі таныс болды дерлік, я бірінің пікірін бірі білді дерлік дәлелді документ әзірге жоқ. Шоқанды Ыбырай білді ме деп жорамалдауға бір дәлел: Шоқанмен таныс болған адам – Григорьев Орынбордағы шекара комиссияның председателі боп қызмет атқарған. Алтынсарин қоғам жұмысына араласқаннан бастап, Григорьев онымен де жақын болған. Шоқан мен Ыбырай, бірінші жақтан, осы Григорьев арқылы сырттан танысқан болар деп жобаласақ, екінші жақтан, XІX ғасырдың 60-жылдарынан бастап, Шоқанның Ресей географиялық қоғамының еңбектерінде басылған шығармаларын ЬІбырай оқуы мүмкін. Осылай сырттан таныспаса, ол екеуі бірін-бірі жүздесіп көріскен адам емес. Ыбырай мен Абай да бірімен бірі жүздескен адамдар емес. ЬІбырайдың «хрестоматиялары» ХІХ ғасырдың 70-жылдарында басылды. Осы «хрестоматиялармен» Абай таныс болды ма деген пікірге оқушыны келтіретін мынандай жағдай бар: Ыбырайдың «хрестоматиясында» басылатын «Жаз». «Жаз шыққанда» дейтін өлеңдері мен Абайдың «Жазғытұры», «Жазды күн шілде болғанда» деген өлеңі түр, мазмұн, дәстүр жағынан өте қабысатындығы. Ыбырайдың: «Өнер білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды, Айшылық алыс жерлерден Көзді ашып жұмғанша Жылдам хабар алғызды... Мал істейтін жұмысты От пен суға түсірді»...

дейтін өлеңі мен Абайдың «хакімдер электрді тауып, аспаннан жәйді
бұрып алып, дүниенің бір бұрышынан кәзір жауап алып тұрып,
от пен суға мың адам қыла-алмастай қызметтер істетті...» дейтін
насихат сөзінің дәлкелетіндігі. Ыбырай мен Абайдың үндестігі

бұл мәселеде ғана емес, жалпы қазақ халқын ағарту мәселесінде
де олардың пікірлеірі өте үйлес. Әсіресе, орысша оқыған қазақ
балаларына «шенге, атаққа қызықпа, халыққа пайдалы қызметке
ұмтыл» деген ақылдары дәл шығады.

Бірін бірі көрмеген, танымаған Шоқанның, Ыбырайдың,
Абайдың ағартушылық пікірлері бұлай бір бағытта, бір ізде
болуына бас себеп – әрине, олардың бір қалыпты қоғамдық
және экономикалық жағдайда жасауы еді. Бұл жағдай қандай

жағдай?
XVІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап, қазақ халқы
Ресейге бағынғаны жоғарыда айтылды. Осы кезден бастап,
қазақтың экономикалық және саяси халі Ресейде болған халдармен

тығыз байланысты болды. Шоқан, Ыбырай, Абай өмірсүрген
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейде болған хал – 1861
жылдың реформасынан басталатын капитализм өркендеу дәуірі
екенін біз марксшылдық әдебиеттен жақсы білеміз.

1861 жылдың реформасынан кейін Ресейде өркендеген
капитализм, оның отары – қазақ даласына да әсерін тигізді.
Ресейге бағынғаннан кейін қазақ даласындағы натуральдық мал
шаруашылығына ақша ене бастады. Қазақ байлары капиталдық

базарға араласа бастады. Бұрынғы, тек мал басын көбейтудің,
орнына, енді ақша көбейтушілер, сәудегерлер шыға бастады.
Шортанбай ақынның:
«Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп түсер күші жоқ
Ақша деген мал шықты» –
дейтін,
«Байды құдай атқаны,

Жабағы жүнін сатқаны» –
дейтін,
«Қайыр кетіп байлардан
Бұзауға ақша беріп тұр.

Пәлен теңге торпақ боп,
Тыйынға тыйын өніп тұр.

Залым туған сұмрайлар,
Осылай жұртты еміп тұр» –
дейтіні осы кез. ХІХ ғасырдың екінші жарымынан Ресейде
басталған

капиталистік
формацияны,
одан
туған

саяси
экономикалық қысымды Шортанбай мен Абайдың көруі, сынауы
бір де, онан жасайтын қортындылары басқа. Ресейде капитализм
өркендеуімен байланысты, қазақтың еңбекші көпшілігінің екі

жақты қаналуы бұрынғыдан күшейгенін көрген Шортанбай:
«Су түбіне кеттің жұрт,
Тал табылмас қармарға» –
деп,

«Сөзім бітті мен болдым,
Енді шықпас әңгіме» –
деп, келешектен үміт күтпейді, халыққа қанаудан шығарлық жол
сілтемейді.

Феодализм бе, капитализм бе, орыстың байы ма, қазақтың байы
ма, мейілі кім болса да, халықты, еңбекші бұқараны қанаушыларға
Абай жанымен қас болды.
Абай Шортанбайша капиталистік сарыннан шошып қашпай, ескі

феодалдық өмірді көксеп жұртты өткенге өксітпей, рационалдық
оймен еңбекші жұртты өнерге, білімге, техникаға жетілуге, еңбекке
шақырып, алға сілтейді.
«Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы секілді тез суалар.
Ұрлық, қулық, сұмдықпен мал жыйылмас,
Сұм нәпсің үйір болса тез тыйылмас.
Зыян шекпей қалмайсын ондай істен,

Мал кетер, мазаң, кетер, ар бұйырмас» –
дейді ол. Еңбексіз тапқан байлықтан неге жирен дейтін себебін
Абайдың өзі баяндайды:
«Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын».
Абайдың айтатын өсиеті: кісі еңбегін жемеу, кісі ақысын
меншіктеніп байымау, өз күнін өз еңбегімен көру.

«Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей» –
дейді ол. Қоғамға пайдалы еңбектің Абайға жаманы жоқ. Оның

ұғымында егін салу да, сауда да, кеңсе қызметін атқару да, мал
күту де еңбек.
«Егіннің ебін.
Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап мал ізде».
«Есек к...н жусаңда мал тауып кел,
Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас» –
дейді ол. Еңбек атқару харекетін Абай үй маңайының жұмысы

ғана деп түсінбейді. Ол «шыға ойлап, шығандап қылық қылған»
талапты, ізденгіш, еңбек әрекетінде қыяға құлаш ұрғыш, қайда
еңбек болса, соны іздейтін адамды жақсы көреді. Ол:
«Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел,

Малың болса сыйламай тұра алмас ел» –
деген ақыл айтады. Абайдың ұғымында шын жақсы адам, – шын
мағнасындағы талапты, ізденгіш, тапқыш, қоғамға да, өзіне де
пайдалы еңбек атқарғыш – еңбекші адам. Абай халықты осындай

еңбекші адамдарды сыйлауға, сүюге, достасуға шақырады. Бұндай
сүю Абайдың сенуінше шын еңбек иесі адамнан ғана табылады.
Кісі еңбегін жейтін арамтамақтан шын адамгершілік махаббат,
шын адамгершілік достық шықпайды, себебі,–

«Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,
Аларында шара жоқ алдамасқа.
Табысына табынып қалтаң қағып,
Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.

Мал жыяды мақтанын білдірмекке,
Көзге шұқып малменен күйдірмекке.
Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар,
Сорпа-сумен, сүйекпен сүйдірмекке».

Бұл пікірін Абай насихат сөздерінде былай толықтырады:
«Олар (байлар. С.М.) өзінде жоқты малмен сатып алады, көңілдері
көкте, көздері аспанда, адалдық, арамдық, ақыл, ғылым, – ешнәрсе
малдан қымбат демейді. Мал болса құдай тағаланы да паралап

алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты,
ары, жақыны – бәрі мал».
Абай бұндай пікірге ойлау арқылы ғана жеткен жоқ, өз
заманындағы қоғам тұрмысын, тап қайшылығын көріп, терең

түсінгендіктен, ұққандықтан, соны прогресс тұрғысынан талдау
арқылы жетті.
...Патша үкіметінің елдегі агенті – болысты, Абай –
«Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап,
Әлсіздік сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап» –
деп сөйлетеді.

Әлсізді әлдіге жығып беру, әлдіге қосылып әлсізді талау, жеу, тек
болыстың ғана әрекеті емес, бидің, старшынның, атқа мінерлердің,
сонымен бірге ояз бастықтарының да салты екенін ақын айқын
сезген.

Болыстан көрі, ояз мықтырақ зорлықшыл екенін таныған Абай,
қазақ оқығандарына айтқан ақылында:
«Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатып сөнуге» –

деп жирендіреді.
Заманның осындай экономикалық, саяси халін көрген, көріп
қана қоймай, жақсы ұққан Абай, еңбекші халықты бұл халден
қайткенде құтқару шарасын да көп ойлаған. Бұл ойын орындауға

заманы мүмкіндік бермеген Абай кертартпалықты сынап, халықты
еңбек пен өнер білімге шақырып ақыл айтудан әрі бара алмады,
саяси күреске шақыра алмады.
Абай тұсында қазақ ауылында ұлт мектебі жоқ. Қазақ

ауылындағы ол кездегі бар оқу, – «қадим», яғни араб пен парсы
тілінде, я шағатай тілінде молдалар оқытатын дін сабағы. Осы
оқудың өзін де халықтың 2-3 проценті ғана біледі, өзгелері
сауатсыз. Абайдың өзі де «қадимше» оқыған.

Жасында ғылымға таныса алмағанына Абай былайша өкінеді:
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім,
Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім».
Ғылымнан кеш қалған Абай, өзі «құр қалған» сыбағаны
балаларына ұсынады.
«Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім».
Абайдың өз балаларына да, өзге қазақ балаларына да оқы

деп ұсынатыны орыс мектебі. Балаларын орыс мектебіне берген Абай, өз балаларының оқығанына ғана қуанбайды, барлық қазақ балаларының оқығанын қуаныш көреді. Өз баласының да, өзге қазақтың баласының да оқуына Абай тілектес боп қуанғанда, оларды халыққа пайда келтіреді деп қуанады. Оқыған жастарды Абай: «Военный қызмет іздеме, Оқалы киім киюге... Қызмет қылма оязға, Жанбай жатып сөнуге» – деп шенге құмарлықтан бездіреді де, «Салтыков пен Толстой бол» деп үгіттейді. Абай қазақ жастарына орыстың ұлы жазушыларын ғана емес, жалпы ғылым иелерін ұстаз тұтуды ұсынады. ...Білім, өнер үйрену тек салт емес, өмірге, әлеуметтік тіршілікке құрал деп таниды ақын. «Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та бар қалан». Данышпан Абай өз заманындағы қазақ әдебиетінің екі жағдайын көрді: 1. Қазақ әдебиетінің салмағы фольклорда. Қазақ фольклоры бай екені рас, сол байлықтан Абай суарылды да. Бірақ, фольклормен ғана қазақтың ұлттық әдебиетін жасауға болмайды. Әдебиеттің ұлттық дәнін толық пісіретін жазба әдебиет. 2. Жазба әдебиет қазақта Абайға дейін де болды. Бірақ ислам дінінің салдарынан Абайға дейінгі қазақ жазба әдебиетінің тілі араб, парсы сөздерімен шұбарланып, халыққа түсініксіз халге көшті. Халықты прогрестік жолға бастауда әдебиетті қажетті құрал деп ұққан Абай әдебиеттегі ақындық қызметін қазақтың әдебиет тілін халыққа түсініксіз сөздерден аршудан, өз өлеңдерін халық түсінетін тілмен жазудан бастады. Абай өзінің шығармаларында тілінің халқына түсініктілігімен ғана қанағаттанған жоқ. Кәдімгі қазақ тілімен өлең жазғанда не мақсат қолданатынын ол былайша баяндады: Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көзін қойып көңлін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер, Думан, сауық ойда жоқ әуел баста-ақ. Ұлы орыс халқының мәдениетін, әдебиетін сүйген Абай, орыстың классик ақындарының шығармаларын қазаққа таныстыру мақсатымен Крыловтың, Пушкиннің, Лермонтовтың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Орыс классиктерінің Абай аударған өлеңдерін қазақ халқы Абайдың өз өлеңдерінен кем сүйсініп оқыған жоқ. Абай аударған Татьяна, Онегиннің хаттары қазақ арасында жыршылар, әншілер арқылы ауыздан ауызға көшіп, халық фольклорына айналып кетті. Халықты прогреске, прогресшіл орыс мәдениетіне бастауда өлеңдерін үгіт құралы ғып ұстаған Абай қазақтың таза ұлт тілінде өлең жазумен ғана қанағаттанып қоймай, қазақта өлең мәдениетін өркендетуді, ішкі мазмұны жаңа өлеңдеріне, жаңа түр, жаңа ырғақ, жаңа үйлес табуды мақсат етті. Абайға дейінгі қазақ өлеңдерінде екі ғана түр болушы еді: 4 жолды, әр жолы 11 буынды, үйлесі «а, а, б, а» боп бітетін «қара өлең»; үйлесінде белгілі өлшеу жоқ, жолдары жеті буынды боп отыратын «жыр». Халық әдебиетіндегі осы екі түрді де Абай өз шығармаларында толық пайдаланумен қатар, қазақтың өлең мәдениетіне жаңадан 11 түрлі өлең техникасын қосты. Қазақ поэзиясына өлеңнің жаңа техникаларын қосқанда, Абай өз заманындағы орыс өлеңінің қазақтың өлең құрау заңына қайшы келмейтін техникасын (силлабикалық өлең), әсіресе, үйлестерін пайдаланады. Мәселен, әр жолы 5, 6, 8 буыннан келетін өлеңдерді, яки үйлесі «а, б, а, б» боп, немесе «а, а, б, в, в, б» боп келетін өлеңдерді Абай орыс поэттерінің үлгісімен жазған. Бірақ, бұл үлгілерге Абай орынсыз ұрынбаған, аударма сияқты ғып алмаған, қазақтың силлабикалық өлең құрылысын бұзбаған. Абайға дейінгі қазақ өлеңінде бұзылмай келген мықты екі шарт бар: біреуі, – төрт буыннан артық буыны бар сөзді қазақ өлеңі сыйғызбайды, мәселен «мықтылығының» деген сияқты бес буынды сөздерді, «көркемділігінің» деген сияқты алты буынды сөздерді қосса, қазақ өлеңі өлең болмай қалады; екіншісі – «бұлт», «жұрт», «сырт» сияқты қазақ тілінде аз кездесетін бір буынды сөздер болмаса, өзге қазақ сөзінде, бір буында 5 әріп кездеспейді, қазақсөздерінің буындары негізінде үш әріптен ғана құралады.

Буын саны төрттен асқан сөзді көтермейтін қазақ өлеңі, бір буынында үштен артық әрпі бар сөзді өте сирек қабылдайды, көп жерде, өлең үштен әрпі артық буындардың құрылысын бұзып, «бұлтты» – «бұлыт»қа айналдырып, «құрт», «сырт» сыяқты сөздерді аяғына дауысты, дыбыс, я; жаңа буын қосу арқылы түрін өзгертіп жібереді. Қазақ поэзиясына шумағы, ырғағы, үйлесі жаңа 11 түрлі өлең техникасын қосқанмен, Абай, жоғарыда айтқан қазақ өлең техникасының заңын бұзбайды, толық сақтайды. Орыс ақындарының өлең техникасын пайдаланғанмен, Абай ол техниканы қазақтың ұғымына, қазақ поэзиясының заңына лайықтап алатынын айттық қой. Солай ала тұра, Абай орыста бар өлең техникасымен қанағаттанбай, ізденіп, орыста, я дүние жүзінің поэзиясында жоқ техникаларды табады. Солардың ішінде, шумақ, ырғақ, үйлес жағынан ерекше көзге түсетін үш түрін атай кету қажет. Олар: І. «Сегізаяқ» – бір шумағында 5 және 8 буынды, жолдары аралас келетін, сегіз жолды өлең: «Алыстан сермеп, – А Жүректен тербеп, – А Шымырлап бойға жайылған. – Б Қиуадан шауып, – В Қыйсынын тауып, – В Тағыны жетіп қайырған. – Б Толғауы тоқсан қызыл тіл, – Г Сөйлеймін десең өзің біл». – Г ІІ Алты және үш буынды жолдар араласып отыратын шумағы 16 жолды өлең: «Сырмақ қып астына – А Байының тоқымын. – Б Отының басына – А Төрінің қоқымын. – Б Бүксітіп, – В Бықсытып, – В Қоқсытып, – В Келтірді. – Г Осының бәрімен – Д Көңілде міні жоқ, – Ж

Жүзінің нәрімен – Д Бойының сыны жоқ – Ж Бүкшиіп, – З Сексиіп, – З Түксиіп – Өлтірді». – Г ІІІ. Абайдың өте қыйын түрде құрған, жолдарының буын саны әртүрлі келетін, бірақ белгілі заңы бар, шумағы 12 жолды өлең: Сен мені не етесің, – А Мені тастап. – Б Өнер бастап, – Б Жайыңа: – В Жана алдап, арбап – Г Өз бетіңмен сен кетесің – А Неге әуре етесің – А Қосылыспай – А Басылыспай – А Байыңа: – В Және жаттан бай тап – Г Өмір бойы қор етесің – А Абайдан бұрынғы қазақ өлеңінің ырғақ үйлесі, құрылысы әнге арналған. Абай осы заңды қатты сақтайды. Бірақ, Абайдың жаңадан тапқан өлеңдеріне лайықты қазақта ән жоқ. Сондықтан ол жаңа ырғақ, жаңа үйлестеріне арнап он жеті жаңа ән шығарған. Ол әндері елге көп тараған, және сүйкімді әндер болған. Әнді Абай қалай болса солай шығармау керек. Өйткені, ол әнге өте жауапкер көзбен қараған және ұға білген, құлағы музыканы тыңдай да, айыра да алған. Музыканың да мазмұны, түрі болатынын, ақын сөзбен айтатын уақыйғаны, музыка дыбыспен де айтылатынын ұққан, оның жақсы я жаман әнге берер бағасы: «Әннің де естісі бар, есері бар, Тындаушының құлағын кесері бар. Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, Тыңдағанда көңілдің өсері бар». Абайдың сүйгені «құр бақырған», «есер ән» емес, ойда қалдыратын, мазмұны терең, әсерлі «есті» ән.

«Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.

Дүние ойдан шығады,
Өзімді-өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып».

Сібірдің атақты ғалымы Потанин қазақ поэзиясы, қазақәні
туралы жазған еңбектерінде «маған барлық қазақ даласы әнге
бөленіп тұрғандай, барлық қазақ даласы ән салып тұрғандай
көрінеді» деген. Қазақтың осындай бай музыкасын Абай жақсы

ұққан.
Қазақтың ұлттық тілін өркендетуде, ұлттық жазба әдебиетін
жасауда Абайдың еңбегі осындай.
Өлеңін халықты прогреске бастауға құрал ғып жұмсаған

Абай осы идеясын іске асыруда өзіне серік іздеді. Бұндай
серіктерді Абай өз заманынан таппады, сондықтан ол тілін
алмаған елге –
«Адасып алаңдама жол таба алмай,

Берірек түзу жолға шық қамалмай.
Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ,
Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай» –
деген өкінішті ренжуін айтты.

Бірақ, халқын сүйген Абай, қажыдым деп үйінде үнсіз жата
алмайды, серпілген көңілмен тағы да қалам ұстайды, замандастары
ұқпағанмен сөзін ұғарлық жандар келешекте шығуына сенеді. Осы
мақсатпен жазған өлеңінде ол, –

«Әуелесін, қалқысын,
От жалын боп шалқысын.
Жылай-жырлай өлгенде
Арттағыға сөз қалсын.

Мендей ғарып кез болса.
Мойын салсын ойлансын.
Қабыл көрсе сөзімді,
Кім таныса сол алсын», –

дейді. Үмітін келешекке жүктеген Абай, «сол келешек қандай
болар екен» деп көзін алдыңғы заманға қадайды да, –

Көк тұман алдыңдағы келер заман,
Үмітті сәуле етіп көз, көп қадалған» –
деп бір үмітті, бұлдырды көреді. Бұл бұлдыр прогресс заманы.
Бұл өлеңді жазғанда, Абайдың басындағы қоғамдық қайғыға

үй ішінің қайғысы қабаттасқан кез: 1895 жылы туберкулезден
Абайдың жақсы көретін, Петербургтағы соғыс училищесін бітірген
баласы Абдырахман өледі. Абдырахманның өліміне Абайдың қатты
қайғыруы, оның өлеңдерінен көрінеді, бұл өлімді Абай өз баласы

болғандықтан ғана емес, келешегі зор халық баласы болғандықтан
елжірей қайғырады.
«Жаңа жылдың басшысы ол
Мен ескінің арты едім.

Арман деген ащы сол,
Сүйекке тиді, қарт едім».
Осы қайғы, 1904 жылы, 14 майда өлген баласы – Мағауияның
қайғысына тұтасады да, қырық күннен кейін Абайдың өзі де

тіршілікпен 59 жасында қоштасады.
Абай өлең жазуға он жасынан бастап талаптанған және 14
жасында, Семейдегі оқудан ауылына қайтып келген соң-ақ жаза
бастаған. Бірақ ол, 37 жасында, 1882 жылы «Қан сонарда» деген

өлеңіне дейінгі өлеңдерінің бірен-саранын ғана сақтап, көпшілігі
сақталмаған.
Өз көзі тірі кезде Абайдың «Жаз» дейтін бір ғана өлеңі Омбыда
шығатын «Дала уәлаяты» газетінде 1887 жылы басылған. Ол

өлеңді де Абай өз атымен емес, ақын шәкірті Көкбайдың атымен
бастырған.
Абай жазған өлеңдер өзі тірі кезде қолжазба арқылы ғана
тараған. Абай өлеңдерінің жыйнағы бірінші рет 1909 ж. басылып

тараған.
Абайдың шығармалары толық жыйналып басылуы Совет
үкіметінің тұсында ғана. Жеке кітаптар боп шыққан өлеңдерін
қоспағанда, 1921 жылдан бастап Абай шығармаларының толық

жыйнағы 5 рет басылып отыр.
Абай шығармалары өз тілінен өзге тілге бірінші рет аударылуы
1911жыл. Сол жылы орыс тілінде, Москваның Лазарев атындағы
шығыс тілдерінің институты «Аш-шарқият» деген атпен шығарған

жыйнақта, Абайдың бірер өлеңі қара сөзге аударылып, орыс тілінде
басылды. Содан кейін Абайдың таңдамалы өлеңдер жыйнағы

Москвада «Гослитиздат» арқылы (13 баспа табақ) орыс тілінде
шығуы 1940 жыл. Осы жыйнақтан кейін ғана Абайды көп ұлтты
Совет отаны тегіс таныды.
...Абай арман еткен білім бұлағының кезін бүкіл совет еліне,

оның ішінде қазаққа Октябрь революциясы ғана ашты.Ұлы орыс
халқының орасан бай мәдениетіне қолы жеткен қазақ халқы
Қазақстанда аз жылда шын мағнасындағы қазақтың ұлт мәдениетін
жасады: қазақ тілінде мыңдаған бастауыш мектептер, жүздеген

орта мектептер, ондаған жоғарғы мектептер ашылып, олардан
білімнің әр жүйесін еркін меңгерген халық қызметкерлері шықты,
Абай заманында атымен жоқ қазақ баспасөзі туып, миллион
даналап кітаптар басылды, жүздеген газеттер шықты; Абай кезінде

жоқ қазақ театрлары құрылды, Абайдың әндерін қазақ артистері
хормен айтты, қазақ музыкасы оркестрмен ойнады; көркем
әдебиетте Абайдың ұрпақтары көбейіп, жүзге тарта мүшесі бар
Жазушылар Одағын құрды, қазақ әдебиетінде, Абай заманында

жоқ проза, драматургия, журналистика және сын жанрлары туды.
...Совет дәуірінде, Абайға арналып бірнеше мерекелер
жасалды, солардың қортындысы сыяқты 1945 жылы август
айында Абайдың туғанына 100 жыл толуын жалғыз қазақ емес,

бүкіл совет халқы боп тойлағалы отыр.
Абайдың торқалы тойын қуанышпен бірге өткізіп отырған
көп ұлтты Совет Отанының алдында, бұдан жүз жыл бұрын
Отанымыздың ең алдыңғы қатардағы ақынының бірі – Абайды

туғызғанына бүгінгі бақытты қазақ халқы мақтанады.

Ғабит МҮСІРЕПОВ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ

АБАЙДЫҢ ТАРИХИ ОРНЫ

Қазақ халқының жарқын болашағы үшін алысып өткен ұлы
ақыны Абай – бір елдің белгілі бір ғасырдағы ой өмірінің өрісі
мен биігін көрсететін ақындардың қатарына қосылады.
Алысты болжаған терең ойдың, үлкен сарынның ақыны Абай

алды-артын шолып, қазақ халқының жалғыз әдебиеті емес,
бүкіл рухани мәдениетінің келешегіне жөн сілтеп кетті. Абай өз
заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді. Ол өз заманы мен
өз елінің қайғы-мұңын көтергенде соны тарихи даму жолындағы

бар адам баласының тақырыбына айналдыра алды.
Абай қазақ халқының тарихындағы жаңа бір асудың тұсындағы
ақыны. Бұл дәуір қазақ халқынан шыққан ой адамдарының ел
болашағы үшін қатты толғанған кезі.

Абайдың ұлылығы – ол тарихи жағдайлардан адаспай, алар
бағытын, түсер жолын дәл тауып, қазақ елін ұлы орыс халқының
бауырына бейімдеп, сол ұлы халықтың ұлы мәдениетіне
құшағын кең аша ұмтылуында. Ойлы ақын Абай, бөріктіре келе

жатқан патша отаршылдығының тұсында-ақ орыс халқының
шын тұлғасын дұрыс таныған. Советтер Одағының үлкен
жазушыларының бірі Леонид Соболев «Орыстікі дегеннің бәріне
кек, бәріне қарғыс айтқызып келе жатқан патшалық езу-қанаудың

тұсында, Абайдың орыс мәдениетіне ұмтылуы шын-ақ таң
қаларлық іс», дейді.
Ұмытпауымыз керек, Абайдың алдындағы және Абай
тұсындағы «зарзаман» ақындарының бет алыс бағыты Абайға

тіпті ұқсамайтын.
Абай орыс халқымен ұғынысып, достасуға ерекше терең
мән берген адам. Бұл қазақ халқының болашағының мәселесі
деп қараған. Орыс халқының мол мәдениетіне терең бойлау, өз

елінің алға басуының да бірден-бір шарты екенін айрықша терең

түсінген. Абай мен орыс әдебиетінің классиктерінің арасындағы
біте қайнасқан байланыста осындай үлкен арна бар.
Өмірден жалпы адамгершілік ұлы мағына іздеген Абай
оңнан-солдан, шығыстан-батыстан келер жаңа идеяларға тіпті

селқос емес еді. Бірақ, әрі ақын, әрі азамат Абай ешбір ойды
екшемей-елемей ала да салмаған. Бар өмірін сарп еткен өмір
жұмбақтарына шешу айтар, алға сүйрер ойды ғана алған.
Сол алға бастар ойды Абай орыстың ұлы классиктерінен –

Пушкиннен, Лермонтовтан, Белинскийден, Чернышевскийден,
Толстойдан, Салтыковтан тапты.
Орыс классиктерімен толық үндесудің бірінші нәтижесі, Абай
қазақ поэзиясының өзіне дейінгі халін басқа елдердің әлдақашан

басып өткен кезеңі деп тапты. Эпостың идеялық тереңдігі мен
халықтық көркемдігінен айрылып, түрін ғана ұстап қалған
«Зарзаман» ақындарының құр жылап-сықтауға, үмітсілдікке
айналған «поэзиясын» мансұқ етіп, қазақ поэзиясын орыстың

реалистік әдебиетнің жолына салуға тырысты.
Бұл жолда Абай жалғыз еді. Оның замандас ақындары Абайға
ат тізесін қоса алған жоқ. Орыс халқының реалистік поэзиясын
Пушкин бастап, Лермонтов одан әрі тереңдетіп әкетсе, қазақ

әдебиетінде Абайға әрі Пушкин, әрі Лермонтов болуға тура
келді. Бірақ, Абай бұл жолда жалғызсыраған жоқ. Өйткені ол
өткен ұлы ағалары – Пушкин, Лермонтов, Некрасовпен де,
кейінгі ұрпақ – бүгінгі совет ақындарымен де бірге екенін әбден

ұғынды. Сондықтан Абай, өз тұсындағы кертартпа поэзияны
түр жағынан да, мазмұн, бағыт жағынан да мансұқ етіп, бүгінгі
мен болашақтың үні – реалистік бағытқа көшкен.
Ойлап қарасақ Абайдың мұнысында үлкен мән бар. Ауыз

әдебиетке жақын жағдайдан есейген реалистік поэзияға бір-ақ
қарғу – бұл революциялық адым!
Абай қазақ поэзиясына толып жатқан жаңа түр кіргізді.
Абайға дейін «қара өлең», «жыр-толғау» түрлері делінетін он

бір және жеті буынды өлең түрлері ғана болатын. Абайдың
осы жаңалығын да есейген орыс поэзиясының әсерінен жырып
алып қарауға бола ма? Жоқ, әрине. Даралап алғанда Абайдың
«айқыш» ұйқастары Пушкин мен Лермонтовтан келетіні айқын.

Абай Пушкин мен Лермонтов шығармаларын аударғанда кейде
ұйқасы мен шумағына дейін дәл түсіріп отырады. Бұл түрлер

Абайдың өз шығармасына да байырғы түр болып қалады. Абай
өлеңдерінің сонша бай түрлерін алып қарасаңыз, ол Абайдың
өзінің төл тумасы, оған дейінгі қазақ поэзиясының төл тумасы
емес. Екінші бұл тек қана «түр» мәселесі емес, поэзияны жаңа

сатыға көтерудің мәселесі: терең ойдың бұзылмай-сынбай,
оқушыға дәл жету үшін, мәніне түрі сай болу керек. Абай мазмұн
мен түрді екі бөліп қарамаған. Міне, бұл есейіп-нығайған
реалистік поэзияның салты. Абай «Жүректен тербеп, шымырлап

бойға жайылар» дегенде өлеңнің түрін ғана айтпайды, сол әдемі
түр арқылы бойды алатын ойды да айтады.
Абайға дейін қазақта дәл тақырыпқа құрылған өлең де
болмайтын. Біздің «өлең» деген ұғымға сыймай қалатын нәрсе

жоқ еді. Көпшілік ұғымында «өлеңді» түп-тұқымға бөліп дұрыс
ұғынбау осы күні де жоқ емес. Бұ да поэзияның балаң шағын
көрсетеді. Абай қазақ ақындарына поэзияның түп-тұқымға,
түрге, тарауға бөлінетінін ашып берді. Мұны да Абай үшін өз

топырағымызда әзір тұрған нәрсе еді десек, құр өзімшілдіктен
басқа дәлеліміз болмас еді.
Қазақ поэзиясына сатира Абаймен кірді. Абай сатирасының
түп ізі Салтыков, Некрасовқа қабысып жатады. Реалист ақын

Абай реалист Пушкинмен, кекті Абай кекті Лермонтовпен
үндес. Алған тақырыбын суреттеуі, дүние сезінуі, әр өлеңнің,
өзіне тән екпіні, жылата алар мұңы, ширата алар кектілігі, орыс
халқының ұлы классиктерімен үндес келіп отырады. Абайда

еліктеу де жоқ, «қарыз алу да» жоқ, табыну да жоқ; поэзияның
өмірдегі орнын сол Пушкин, Лермонтовша ұғыну бар. Солай
болған соң, «бірі құрау, бірі жамау» ақындарға ызалы Абай,
реалистік поэзияның жақсы үлгілерін қазақ әдебиетіне мол-

мол кіргізіп отырады. Оны орыс әдебиетіндегі, я басқа бір
әдебиеттегі қалпында емес, қазақ әдебиетінің рухына төл
тумадай қабыса кететін етіп кіргізеді.
Абайда еліктеу жоқ, үндестік барын даусыз дәлелдейтін көп

өлеңдер бар. Абайдың «Жазы», «Қысы» Пушкин, Некрасовта
кездесетін «Жаз» бен «Қыстарға» үндес. Бірақ, ол үндестік
сезіну жағынан реалист ақындардың өз ойын өзінше дәл
суреттей алу жағынан. Одан әрі десек, біріне жала жапқан

боламыз. Бұл жөнде Пушкиннің «ақыны» мен Абайдың «ақын»
дейтін өлеңін алып қарайық:

Пока не требует поэта
К священной жертве Аполлон,
В заботах суетного мира,
Он малодушно погружен...

Но лишь божественный глагол
До слуха чуткого коснется,
Душа поэта встрепенется,
Как пробудившийся орел..

Бұл Пушкин. Енді осылай басталатын Пушкин өлеңін Абайдың
«Ақынымен» салыстырып қараңыз:
«Адамның кейбір кездері
Көңілде алаң басылса,

Тәңірінің берген өнері
Көк бұлттан ашылса.
Сылдырар өңкей келісім
Тас бұлақтың суындай.

Кірлеген жүрек өз ішін
Тұра алмас әсте жуынбай.
Тәңірінің күні жарқырап,
Ұйқыдан көңіл ашар көз.

Қуаттан, ойдан бас құрап
Еркеленіп шығар сөз.
Қыранша қарап Қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.

Кектеніп надан, зұлымға
Шиыршық атар, толғанар...»
Мұнда екі ұлы ақынның бірінен біріне ауысқан бір ауыз сөз жоқ,
бірақ, бірдей сөз бар. Пушкин, Лермонтов поэзиясының Абайға

тиген әсері ылғи осылай болып келеді.
Абайға үлкен әсер еткен ұлы ақынның бірі – Лермонтов. Абай
Пушкиннің «Евгений Онегин» романының желісімен «Орыс
қызы Татьяна» деп атарлық хатпен жазылған поэма жасады. Ал,

Лермонтовтан «Қанжар», «Жартас», «Дұға», «Жолға шықтым бір
жым-жырт түнде жалғыз» тағы-тағы көп өлеңдер аударды. Сөз
жоқ, Абайға үндес келген Лермонтов поэзиясында «азаматтық»
сарынның басымдылығы. Көп соққы көрген, адал ойын өз тұсына

ұғындыра алмаған Абай Лермонтовпен өте қоян-қолтық келеді.
Абай да дәл Лермонтовша толғап:
«Жүрегім менің қырық жамау,
Қиянатшыл дүниеден;

Қайтып аман қалсын сау,
Қайтқаннан соң әр неден,»
дейді.
Сол кекті Лермонтовша:

«Жартасқа бардым,
Күнде айғай салдым,
Одан да шықты жаңғырық;
Есітіп үнін,

Білсем деп жөнін,
Көп іздедім қаңғырып,
Баяғы жартас – бір жартас.
Қаңқ етер түкті байқамас,»

дейді атақты «Сегіз аяғында».
Елі үшін, елінің бүгінгі мешеулігімен ертеңгі күні үшін
толғанған ұлы ақындардың үндес сарынды келетіні табиғи нәрсе.
Абайдың «Қартайдық қайғы ойладық» деп басталатын екі өлеңі,

«Қалың елім», «Көңілім қайтты», «Ішім өлген, сыртым сау» сияқты
өлеңдері Лермонтовпен тоғысады.
Абай бізге үлкен мұра қалдырды. Үлкен мұра қалдырған Абай
XІX ғасырдағы орыс әдебиетінің мол мұрасын пайдаланды.

Басымда тымақ, қолымда қамшы деген жоқ, ұлы орыс халқының
мәдениетіне еншілес інісіндей, еркін шүйгіді. Сондықтан Абайдың
бізге қалдырған мұрасы да мол. Абай «Су аяғы құрдымға» барып
жоғалып қалмайды, таудың мөлдір бұлағындай қатты тасқынмен

ағып, құмнан-шөлден іркілмей өтіп, орыс халқының реалистік
ұлы поэзиясына қосылады. Одан да дәлірек айтқанда, Абай «Ақ
жайықтай» еркін ағып, мол таситын орыс ұлы мәдениетінің
қазақ даласына келген бір тармағы сияқты. Сондықтан, бүгінгі

Қазақстан ақын, жазушылары орыс классиктерінен үйренумен
бірге Абайдан да үйренді. Абайдың қасиеті – ол өткен заманның
ақыны емес, бүгінгі заманның ақыны, бүгінгі қазақ ақындарымен
іргелес, бағыттас ақын. Абайдың әдебиеттегі өсиеті – шындық,

шеберлік, адам баласына ортақ гуманизм, еліңді-отаныңды сүю,
не артқа тартып жатса, сонымен аянбай алысу, құртқанша алысу!

Ұлы орыс елімен достастыруға, орыс мәдениетіне еншілес етуге бар өмірін жұмсаған Абайына қазақтың халқы да алғыс айтады. Абайдың ерекше ұлы еңбегі – орыс халқының ұлы мәдениетіне, ұлы ақындарына сүйене отырып, төменгі сатыда тұрған әдебиетін ең жоғарғы сатыға шыққан реалистік әдебиетке қосуында, революциялық ұлы адымында. Сондықтан Абай өткен заманның емес, бүгінгі дәуірдің ақыны. Орыс халқының ұлы мәдениетін меңгерудің қандай терең маңызы барлығын Абайдан көруге болады. ІІ Көшпелі де қараңғы елдің ортасында өмірі өткен аса дарынды ақын Абай тағдырының қандай ауыр, қандай аянышты болғанын бар бейнесімен көз алдыңа әкеле қою да оңай емес. Ойсыз-мұңсыз тоқ жұрт үшін ізі білінбей өте беретін біріне бірі ұқсаған марғау күндер ойлы ақын үшін арылмай қойғаназап болуға тиісті. Үсті түгел қуарып, аздап қана астынан көктеп жататын күзгі даладай тозығы жеткен өмір ақын көңілін көтермеске керек. Сондай күйге ұшыраған ақын: «Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген Бір қызық ісім екен сұм жалғанда!» деп жүдеу көңілін аңшылық сияқты аз қызықпен көтергенін өзі айтып кеткен. Абай кезіндегі «сұм жалған» Абайдың зар сөзі: «Несі өмір, Несі жұрт? Өңшең қырт, Бас қаңғырт!» Бірін бірі тез айдап, ел өмірін тез жаңартар заман ауысуы көшпелі далада ғасырларға созылады. Өмір баяу да мешеу. Ескілік сарылтып жасайды да, жаңалық жіңішкелеп қана кіріп, кемісу кешеулеп тамырланады. Бәйбішелі-тоқалдығымен, әмеңгерлігімен, ақсақалдылығымен міз бақпай мелшиіп тұрған кәрі заман жас өртеңді көктей орып, тымағымен тұншықтырады. Отаршыл мен озбыр үшін бұл елдің өзінен гөрі жүн-жұрқасы, тері-терсегі қымбат. Сондай жұт өмірде ақынға серпін беретін, ақын сезімін алға сүйреп, ақын ойына іздеу салатын әлеуметтік қақтығыстар қайсы? Қақтығыс болса – ол патриархалдық-феодалдық ру басыларының арасында әріден келе жатқан, бұқараны күнәсіз тонамалап

қажытқан ескілігі. Айын, күнін үнсіз жетелеп елеусіз өтіп жатқан жылдар дашын дарынға үйреншіктіден өзге қорек бере алмайды, баяғы бір ескісін тосады. Дала кең де, өмір шеңбері тым серпінсіз. Сол құнарсыздықты қызғана қорғап, Абайдың өзі жасаған дауы түгіл, одан арғы әжелер мен бабалар заманы ауыспастан тұр. Заман таразысын солардың заңы басып тұр, төбе биі әлі солар. Бұл жабықтыратын да жалықтыратын өмір. Сондықтан ақын: «Күңгірт көңілім сырласар Сұрғылт тартқан бейуаққа, Төмен қарап мұңдасар Ой жіберіп әр жаққа» деп мұңаймасқа да шарасы жоқ. Абай өз тұсындағы үстемдік иесі феодалдық үстем таптың шірік салт-сана, көзқарастарын қатты сынады. Қоғамдық тақырыптарға жазылған өлеңдері түгіл ғашықтық лирикасында да бұл ойынан іркілген жоқ. Аяқтап келгенде тозығы жетіп, еңді алға қарай аттар бір адымы қалмаған феодалдық қоғамға – несі жұрт, өңшең қырт, – деп, Абай өз кесімін айтып, болашаққа зер сала қарады. Мұнысында жалғыз ғана безінгендік емес, сол қоғамның болашағы жоқтығын сезінгендік те бар. Абай ойының шарқ ұрып ізденуінің бір себебі осында болуға тиісті. Абай әрі ұлы, әрі ұлттық ақын. Ұлы ақындардың орны тарихи мәні бар өзгерістерге туған елінің бір сатыдан бір саты жоғары өрлей беруіне қай кезде бастаушы, қай кезде қостаушы бола білгеніне байланысты. Бұл жағынан алып қарағанда Абай көзқарастарында ұлы жазушы Лев Толстоймен сарындастық бар. Толстой сияқты Абай да ескірген заманды, озбырлықты, шен құмарлықты, патшалық құрылысты, ояз бен болысты, тоң мойын бітеу феодалдарды, оның тамағы тоқтықтан азып бара жатқан жастарын қатты сынға алады. Бұл – үстемдіктің іргесін қашап, ордасын шайқайтын еңбекші, бұқара наразылығына мықты сүйеу болатын басшылық. Қалың бұқараның бірінші жауы феодал табы болса, ақынның қатты сынға алғаны да сол тап. Абайдың жақсылық іздейтіні – момын шаруа. Сондықтан бұл –қазақ даласының тарихындағы халық тілегін айтқан ақын, үстем тапқа қарсы болған, бұқараға сүйеу болған ақын. Ленин ұлы жазушы Толстойды сынағанда, оның феодалды монархиялы құрылыстың тас іргесін тітіреткенін аса ірі еңбек деп бағалайды; сонымен

бірге, 1861 жылдан кейін Россияда капитал заманы орнағанда
Толстойдың «деревнялық социализм» алданышынан аса алмай
қалғанын аяусыз мінейді. Абайдың әлеуметтік көзқарасында
да осы бар: Ескіні сынау жолында ол бұқара тілегіне басшы, ал,

«не істеу керек?» дегенде басшы бола алмай қалады: Оқы, үйрен,
надандықтан құтыл, орыстан үйрен дегендері – бұқараға тасталған
ұран.
Ленин 1840-1890 жылдардың арасын Россиядағы озық ойдың

ұзақ іздену, көп азап арқылы марксизмді, революциялы теорияны
тапқан кезеңі дейді. Лев Толстой осы елу жылдық дәуірге кіретін
орыс халқының ұлы ойшыларының бәрін де жақсы біледі. Алғашқы
еңбегін

басқан
революцияшыл
демократтың
бағытындағы

«Современникпен» Толстой кейін ажырасып кеткені де мәлім.
Белинский, Чернышевский, Плеханов түгіл, Толстой Лениннің –
«Бойкотқа қарсы» деген еңбегін ерекше қадағалап оқып, негізгі
ойларының астын сызып қойғаны тарихқа түскен анықтама. Ал,

Абай ше?
Біздің Абайды зерттеуші ғалымдарымыздың көпшілігі оның
Михаэлис, Долгополов, Гросс, Леонтьев сияқты Чернышевскийден
тәлім алған адамдармен жақсы танысып, достасып кеткендігін

дәлелдейді. Бірақ, революцияшыл-демократтық саяси ағымның
Абайға қандай әсер еткенін, Абайдың нені қабылдағанын тереңірек
дәлелдейтін дерек бізде әлі күнге жоқтың қасы. Даусыз нәрселер:
Абайдың «дүниеге көзімді ашқан Михаэлис» дегені, қазақ халқын

орыс халқымен достасуға шақырғаны, Россияның патшасына қас,
еліне достық көңілмен қарағаны. Бұл ойларын бұқараға арнап
бөліп айтпай,елім деп тұтас айтқан күнде де оның прогрестік
маңызы әлсіремейді. Шоқанда бұл бағыт терең де ашық, тура

саяси мағынасында болса, Абай мұны көбінесе ақын тілімен,
поэзиясының барлық бағытымен айтады. Бірақ, өрісі бітіп, алды
біржола тұйықталып тұрған феодалдық даланың болашағы қайда,
қай бағытта деген сұрауларға қоғамдық өркендеу тұрғысынан Абай

берген жауап бар ма, оны толық ашып берген зерттеуші аз. Отар
даланың тағдыры өз қолында емес екенін, өздігінен оңаша ізденіп
ел бола алмасын анық білгенін Абайдың барлық шығармасынан да
аңғаруға болады. Дегенмен, жоғары сұраулардың жауабы әлі күнге

жорамал дәрежесінде қалып келеді. Біздіңше, өндірісті, капиталды
қала мен феодалдық сахараның арасындағы революциялық

қақтығысты көрмеген, мал баққан көшпелі елде өмірі өткен ақын
қоғамдық өсудің сатыдан сатыға көтеріліп ауысып отыратынын
зерттемеген де білмеген. Революциялық марксизмді жақсы білген
Толстойдың капиталистік дәуірден әрі жатқан «крестьяндық

социализм» көзқарасында қалып қойғаны сияқты, Абай да
шаруа мәселесінен жоғарырақ сатыға көтеріле алмайды, тіпті сөз
қылмайды. Сондықтан да Абай Салтыков пен Толстой арасына
айырма қоймай атайды.

Революциялы ой ордасынан алыс, қиыр шетте жасаған Абайға
бұл кінә емес, анықтау ғана. Шыққан ортасының, заманының
қалың шытырман қайшылықтары мен қараңғылығына қарамастан,
Абай өз дәуірінің прогресті ақыны екенін, қазақ халқының озық

ойы екенін көрсетіп кетті. Абай заманындағы қазақ халқының
алдында тұрған тарихи сұрау-болашағының кіммен бірге екендігі
еді. Абай соған тура жауап беріп,«орыс халқымен бірге!» деді.
Қазақ халқының ол кезеңі түгіл, бүгінгі күнгі тағдырын алдын ала

шешетін негізгі сұрау да, жауап та осы еді. Абай осы әділ жауапты
берді. Орыстың революцияшыл-демократтарының Абай жүрегіне
терең орнаған ойы оның осы жауабында деуіміз керек.
Дала өмірінің мешеу ескілікке қамалып ұзақ қаңтарылып қалған

кезінде Абай берген жалғыз жауап ел алдындағы тас кедергіні
жұлып тастағанмен бірдей еді. Бұл – ең алдымен, даланың
кертартпа феодалдарына қарсы, ғасырлар бойындағы әдеттерге
қарсы ашық айтылған бұқара тілегі, ел тілегі.

Осы жауабында біржола бекінген Абайдың ақындық тізгініде
шешіліп кеткендей. Қырық жасына дейін ақындығына жете мән
бермей келген Абайдың барлық мұрасы соңғы жиырма жылдық
өмірінде жасалған. «Басқа шауып, төске өрлеп, қарасөзге дес

бермей жүріп» қырыққа келіп қалған Абай енді поззияға шұғыл
бет бұрады. Бұдан өлеңінің әлеуметтік мәнін Абай Чернышевский
шәкірттері арқылы терең ұғынды деген жорамал жасауға болады,
Екінші, «орыс халқымен бірге!» деген өз жауабы ақынның өзіне

де жаңа серпін береді, бойын сергітеді. Ақындығы ерте танылған
Абайдың қағаз бен қаламға кеш, бірақ, біржола мойын бұруы, бунап
жүрген кем сұраулардың негізгі жауабын тапқанына байланысты
болуға тиіс.

Қырықтан асқан Абайдың «жігіт ағасы», «ел ағасы» деген
сияқты ел ішінде, әсіресе ел ортасында қатты қадірленетін

беделі тіпті күшейген кезі болу керек. Бірақ, Абай соның бәрін құрмалдық етіп, ақындығын табады, Бұл – әрине, прогресті үлкен ойдың әсері, ақын шабытына нәрлі де жаңа қорек табылғаны. Қолын кеш сермегендігіне өкінішпен бастаған Абай бізге қалдырған қымбат мұрасын жазба әдебиеттің жаңа кезеңіне сай үлгімен жасағанын көреміз. Бұл күнге дейінгі зерттеулерге қарағанда, Абайдың өз еңбектерінің ден салмағы соңғы 20 жылына (1884-1903 жылдар) түссе, Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын аударған кезеңі де осы. Бұдан екі қорытынды жасауға болады: 1) Абайдың өз шығармалары мен аударушылық еңбегі қатар жүріп отырған; 2) Абай творчествосындағы толып жатқан жаңа өлең түрлері Пушкин мен Лермонтов поэзиясының терең зерттеу нәтижесінен туған. Сондықтан да Абай жасаған жаңа түрлер әлі күнге ескірмей, бүгінгі поэзиямызға үлгі болып, кейде тіпті әлі меңгере алмаған үлгі болып қалып отыр. Абайдың жаңа түрлер табуын сөз қылғанда, бұл жалғыз түр мәселесі емес, мазмұн мен түрдің бірлігі, тұтастығы екенін естен шығармауымыз керек. Біздің көп зерттеушілеріміз мұны әлі күнге ескермей келеді. Абай түрді түр үшін емес, айтайын деген ойын дәлірек, өтімді де ұтымды етіп айту үшін іздеген, жасаған да тапқан. Мысалы жазылуы төрт буын болса да, оқығанда түгел үш буын болып кететін: «Несі өмір, Несі жұрт? Өңшең қырт, Бас қаңғырт!» біздің буынға бөлінетін силлабикалық өлеңдердей, бір сөзін бір сөзі лебімен бүркеп кетпейді, әр сөзін қаққан шегедей дәл оқытады. Болмаса: «Бойы бұлғаң, Сөзі жылмаң, Кімді көрсем, мен сонан – Бетті бастым, Қатты састым, Тұра қаштым жалма-жан» деген шумақты алайық. Жексұрын адамды суреттеуге түйреп

айтылған төрт-ақ сөзден құралған бастапқы екі жолы жетіп жатса,
безіп кетуіне берілген соңғы үш жолы қандай! Бір сөзін өзгертуге
болмайтын, ауыстыруға болмайтын, ойыңды әрі көркем, әрі дәл
беретін түр осындай болу керек. Біздің кейбір ақындарымыз он

бір буынды «қараөлеңді», кәрі әжесінің санды жіліктегеніндей,
үшке бөліп, шашыратып шашып, жаңа түр орнына ұсынып жүр.
Бірақ, өзгені қойып, Маяковскийдің аудармасын оқығанында да
мұның бәрі оп-оңай жиналып, «қазақы» қараөлең болып шыға

келеді. Ақынның түйреп айтайын деген ойы төлеусіз қалады.
Мүмкін, Абай силлаботоникалық өлең түрін жасауды мақсат
етіп қоймаған шығар, бірақ, ол мазмұнға сай түр керектігін
терең сезінген. Оны және ұлы Пушкин, Лермонтовтың

реалистік поэзиясына сүйеніп іздеген. Бұл Абайдың қазақ
поэзиясына сілтеп кеткен жөні, оны тереңдету біздің бүгінгі
ақындарымыздың парызы.
Көңіл қоя қарасақ Абай поэзиясының, күшті жағы мазмұнына

сай түр іздеген шығармаларында. Абайдың: –
«Ақыр заман жастары,
Қосылмас ешбір бастары...»
болмаса:

«Сыналар, ей жігіттер, келді кезің...»
деп басталатып өлеңдері, басқа біреу жазса, түкке тұрмайды
дей салатын нәрселер, ойға да қонбайды, есте де қалмайды. Ал
мазмұнына түрі сайкелген «Сегіз аяқ», «Ем таба алмай», «Айттым

сәлем Қаламқас» сияқты өлеңдерін жұрттың көбі жатқа біледі.
Абайды құрметтейтін, өскен дәуірдің ақындары оның поэзиямызды
жоғары сатыға көтеруге жәрдемі тиетін жаңа түрлерін дамытуға
міндетті. Өйткені ол жалғыз түр емес, үлкен мағынасындағы поэзия

мәселесі, кең шеңберлі көлемді мәселе, ұлы орыс поэзиясының
өскен жолы.
Абайдың ең алғаш кездескен поэзиялық мектебі орта ғасырлық
Шығыс еді:

«Физули, Шамси, Сайхали,
* * * * * * * *
Навои, Сағди Фирдоуси,
Мәдет, я шағири фөррияд!»

деп, Абай солардан мәдет тілеп бастады.
Бірақ, поэзияның жаңа замандағы әлеуметтік маңызын жете

ұғынған ұлы ақын өзінен кейінгі қазақ поэзиясына Батысты,
оның ішінде орыстың реалистік поэзиясын мектеп етуге жөн
сілтеді. Өзі Шығыс мектебінен бастаған, Шығыстың барлық
ұлы ақындарымен терең таныстығы бар Абайдың аяқтап

келгенде орыстың реалистік әдебиетінің жөнін сілтеуі –терең
мағнадағы прогрестік көзқарас. Мұның нәрлі де құнарлы бағыт
екенін біз қазіргі қазақ әдебиетінің өркендеу тәжрибесінен де
көріп отырмыз.

Осы берік бағытын Абай өзінің әдебиеттік еңбегі мен
қазақ халқының сезім-санасына, әсіресе, көркемдік сезімі
бар ақын-әншілеріміздің сана-сезіміне өзгерместей-өшпестей
етіп мықтап құйып кетті. Абай заманындағы қараңғы қазаққа

Пушкин, Лермонтов шығармаларын жатсырамастай жатық етіп
аударып беру деген тарихи маңызы бар еңбек. Бұл – ойға ұялаған
берік көзқарас арқылы өз мойнына өзі жүктеген әлеуметтік,
елдік мағынадағы үлкен еңбек. Пушкин, Лермонтов жырларын

Абай өлеңімен де, әндерімен де тұрақты да өмірлі етіп қазақ
халқының сезім дүниесіне сіңіріп кетті. Сондықтан, осы күнге
дейінгі қазақ тіліндегі Пушкин мен Лермонтовты еске алғанда,
ең алдымен, Абай аудармасы тілге оралады.

«Таңғажайып бұл қалай хат
Мағнасы алыс, өзі жас?
Сөзі орамды, әр түрі жат,
Және әдепті, және рас...»

деп, бас қосылған жерде біреуіміз бастасақ, енді біреу:
«Бұл кінә емес, әншейін наз,
Сағынамын айтамын,
Досың-ақпын, тағдыр араз,

Толғанамын қайтемін...»
деп созып жетеді.
Абай аудармаларының еркіндігі, дәл еместігі, кейде қосып,
кейде жонып отыратындығы мәлім нәрсе. Бірақ принципінде

бұл бір тілдегі шығарманы екінші тілде қайта жасау жолына
(воссоздание) жақындайды да біздің заманда өсіріп-өркендетуді
тілейді. Абай аударып отырған шығарманың рухын, поэзиялық
көркемдігін ақыл мен сезімге дәл тиетін етіп шығарады. Абай

жасаушы да өзі, сыншы да өзі болған ақын. Оның айналасында
көркем сөзге бейім адамдар болғанымен бұрын болмаған жаңа

поэзияға жәрдем етер бірі жоқ. «Аттың сыны», «Жаздыкүн
шілде болғанда» сияқты өлеңдеріне пікір айта алса да, терең
сезім, жаңа теңеу, жаңа түр, ой жағынан оларға сүйене де,
сене де алмайтын еді. Абайдың ұстазы да, мектебі де –XІX

ғасырдағы орыс халқының озық поэзиясы, әсіресе, Пушкин мен
Лермонтов.
Абайдан кейінгі елу жылдың ішінде қазақ халқының жазба
әдебиеті XІX ғасырда арман ете алмайтын биікке көтерілді.

Абайға қоя алмайтын сындарды көтеретін үлкен әдебиетке
айналды. Оның аты – қазақ әдебиеті, ол –ұлы дәуіріміздің
жемісі, өскен ойдан туған, өзінің әлеуметтік асыл құрал екенін
таныған әдебиет. Біздің осы табыстарымызда қазақ халқының

барлық болашағын ұлы орыс халқымен біріктіруге өшпейтін
еңбек еткен ұлы ақынымыз Абайдың да үлкен еншісі бар.
Оның тарихтан алар орныда осында, ол қазақ халқын ұлы орыс
халқымен достастыруға сіңірген еңбегі арқылы, барлық рухани

өрімізге жөн сілтеді.

Серік ҚИРАБАЕВ АБАЙ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІ Адам баласының бәріне ортақ дүниежүзілік мәдениет әрбір халықтың алдыңғы қатарлы ой-пікірлерінен, ұлы ақындар мен ойшылдардың творчестволық байлығынан құралатыны белгілі. Ұлылар өз халқының рухани мәдениетін бүкіл дүниежүзілік озық үлгілерімен табыстырып, оған өз ұлтының өзіне ғана тән ерекшеліктерін, ой-пікір байлығын, сөз өнерінің үлгісін қосады. Абай – қазақ халқының осы топқа қосқан ұлы ақыны, классигі. Оның мазмұны жағынан аса терең, гуманистік-философиялық ой-толғамдарға бай, адамдықты ардақтап, оның рухын биікке көтерген оптимизмге толы жарқын творчествосы кешегіні бүгінгіге жалғастырған алтын көпір сияқты өзінің туған халқын, сол арқылы өзі бауыр тұтқан адам баласының бәріне ерекше қызмет етіп келеді. Ол біздің халықтың ұлттық оянуына, сана-сезімінің көтерілуіне, әдебиеті мен мәдениетін жаңа сапада қалыптастыруға, қазақтың әдеби тілін орнықтыруға барынша мол еңбек сіңірді. Сондықтан біз оның ұлт мәдениетіндегі орнын өзі тектес ұлылармен ғана салысты­ ра қараймыз. Әсіресе, біздің аузымызға ақынның өзі ұстаз тұтқан, шығармаларынан көп тәлім алып, аударған Пушкин түседі. «Пуш­ кин есімін атағанда, – деген еді Н.В.Гоголь, – орыстың ұлттық ақыны туралы ой келеді... Пушкин – ерекше құбылыс және орыс рухының бірден-бір көрінісі болар: ол орыс адамының даму үстіндегі, тіпті екі жүз жылдан кейін болатын бейнесін елестетеді. Онда орыс табиғаты, орыстың жан дүниесі, орыс тілі, орыс мінезі соншалықты таза, әбден аршылған әсемдікпен көрінеді. Оны тек оптикалық шынының көтеріңкі бетіндегі тегістік сәулесімен ғана салыстыруға болады». Осы сөздер Абайға арнап та айтылған сияқты. Сондықтан біз әрдайым мақтанышпен қайталап, «орыс» деген сөздің орнына «қазақты» қойып, «қазақтың табиғаты, қазақтың жан дүниесі, қазақтың тілі, қазақтың мінезі» деп бастаймыз. Абайдың қазақ әдебиеті алдындағы ұлы қызметі оның ұлттық әдебиетте шындық дегеннің не екеніне бірнеше рет көңіл

аударып, оны тұңғыш аша білуі деуге болады. Ол қазақ өмірін,
оның адамдарын, табиғатын, жан дүниесін терең білді және соны
бірінші болып көркем әдебиет бетінде жан-жақты бейнеледі. Ол
шындықтың ақыны болып туды, солай өмір сүрді. Оның өлеңдерін

оқи отырып, одан сәл де болса, жалғандық табу қиын. Бәрі де бар,
болған және қазақтың ұлттық табиғатына тән шындық мөлдіреп көз
алдыңа келеді. Ұлы суреткер есебінде Абай оны көркем бейнелеудің
жаңа жолын тапты. Оның өлеңдері өзінің қарапайымдылығымен,

табиғилығымен құйылып, ойға, сезімге ұялайды. Сондықтан ол
қазақ әдебиетіндегі тұңғыш ұлы суреткер саналады.
Жазу өнерінің қарапайымдылығы мен табиғилығын Абай
қазақ поэзиясының ұлттық сыпатына айналдырды. Оның ұғымы,

танымы, бейнелеу жүйесі түгелдей ұлттық шындықтан өрбіп,
біртіндеп тереңдейді. Жаңа ой, жаңа сөзге лайық стиль де жаңарып,
өзгеше көркемдік қуатқа ие болады. Ондағы тіл байлығы, суреттеу
құралдарының әр алуан түрлері, теңеулер мен метафора, күштеусіз,

төгіліп, ұйқасып тұрған тармақтар, ішкі үйлесімдер қазақтың сөз
өнерін әсемдік әлемінің биігіне көтереді. Осымен Абай қазақ сөзін
ұстартып, әдеби тілдің негізін салды.
Абай қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет өз заманында

халықты толғандырған қоғамдық және саяси өмір проблемаларын
күн тәртібіне қойды. Ол қазақ қоғамының қайшылықты жақтарын,
замандастарының алауыз берекесіздігін, патшаның отаршылдық
саясаты қоздырып отырған рулық тартыстардың елдің бірлігіне

келтірген зиянын қатты сынай отырып, еңбекші елге іш тарт­
ты, халықты қараңғылықтан жарыққа сүйреді. Ол халықтардың
оңашаланып өмір сүретін дәурені өткенін, ендігі жерде ел болудың
кепілі – дамыған көрші елдермен қарым-қатынас жасауда екенін айт­

ты. Елді сол жолда бірігуге, ынтымақтастыққа шақырды. Уақыт та­
лабын заманынан оза шауып түсіну – Абайдың даналығының белгісі.
Абай шығармаларының тақырыбы әр алуан. Одан қазақ
қоғамының

тағдырына,
адамдардың
тіршілігіне
байланы­

сты ақындық сырды да, жалпы қауымды билеген берекесіздік,
еңбексіздік, жалқаулық жайлы ойлар мен сынды да, жаңа үлгіде
жазылған табиғат пен махаббат лирикасын да, өмірдің қиындығы
мен қоғамдағы адам орны, еңбегі туралы ой-толғамдарды да,

кәрілік пен жақындарының, балаларының өлімі жанын жаралаған
ақын – әке сезімін де кездестіреміз. Осылардың бәрі бірімен-
бірі жалғасып, тұтас ақындық әлемді құрайды. Өмірдің шыны

мен Абайдың сыны онда араласып, белсенді ақын позиция­
сын әңгімелейді. Ол – қазақ әдебиетінде әйелдердің тағдырына
бірінші көңіл бөлген ақын. Оның кіршіксіз, таза, терең сезіміне
үңілді, ананы, даналықты, достыққа берік адал сезімді жырла­

ды. Оның табиғат лирикасы адамды, оның жан дүниесін терең
ашудағы ұлттық әдебиеттің бірінші жаңалығы болып табылады.
Ол жылдың мезгілдерін жырлауда үлкен суреткерлікке жетті.
Қазақ әдебиетінде өлең сөздің қоғамдық күшін, көркемдік қуатын

көтеруге арналған бірінші ақындық программаны да Абай жа­
сады. Ол кедей ақындардың күн көріс кәсібіне айналып, бағасы
түскен өлең сөзді (ән мен күйді де) өз биігіне қойып, оқырманның,
тыңдаушының талғамын тәрбиелеуге белсенді араласты. Ақынның

бұл саладағы ұлы қызметі орыстың классикалық әдебиеті эстети­
касымен, Белинский, Чернышевский көзқарастарымен ұштасып
жататыны ғылымда әлдеқашан дәлелденген.
Абай ақын боп сөз жазып қана отырмаған, өз өлеңіне өзі ән

шығарып таратқан. Оның композиторлық шығармашылығы біздің
халықта ерекше бағаланады. Егер ол ақын болмаса, осы әндерімен-
ақ, композиторлық еңбегімен ұлы адамдардың қатарына кірер
еді. Қазақ даласында бірінші шырқалған Татьяна тек Пушкинді

ғана насихаттап, халыққа таратып қойған жоқ, сүйгеніне қосыла
алмаған мұңды орыс қызын қазақ құрбыларымен табыстырды.
Абайдың өмір сүрген ортасы дәстүрге бай емес еді. Оның
көргені, естігені – халық әдебиеті, бай фольклор, жеке ақындар

творчествосы болды. Жасынан әке ырқымен ел ісіне араласқан
Абай мұны жетік білді. Ел басшылары, ру ақсақалдары бас қосқан
алқалы жиындарда қиыннан қиыстырып сөз айта алатын, тапқыр,
шешен адамдар ғана құрметке ие болатын. Абайдың үлкен әкесі

Өскенбай да, әкесі Құнанбай да осындай, сөз ұстаған белгілі билер
болған. Осы жолға түскен Абай да жасынан сөз сырын жақсы білді,
сөз қуып, дау ұстаған талай мүйізділердің сынынан өтті, шешен
атанды, би болды, төбе билікке де сайланды. Бірақ ақындық үшін

бұлар жеткіліксіз еді. Мұны түсінген Абай халық даналығының
тар шеңберінен шығып, бетін дүние жүзі әдебиеттерінің озық
үлгілеріне бұрды. Ол шығыстың классикалық поэзиясын да,
орыстың, сол арқылы Еуропаның демократтық әдебиетін терең

зерттеді. Сөйтіп дүние жүзінің озық әдебиеттерінен сусындады.
Ол Фирдоуси, Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Фзулилерді
ұстаз тұтты, солардың үлгісімен өлеңдер де жазды. Пушкинді,

Лермонтовты, Крыловты, Салтыков-Щедринді, Достоевскийді, Лев Толстойды, Чернышевскийді, Добролюбовты, Писаревті оқыды. Орысша аудармалары арқылы Гете мен Байронды білді. Абайдың алғашқы өмірбаянын жазған Кәкітай Ысқақовтың айтуынша, ол Бокльді, Милльді, Дрэперді, Дарвинді, Спинозаны, Аристотельді, Сократты оқыған. Семейге жер ауып келген орыс революционерлері (Михаэлис, Леонтьев, Долгополов) Абаймен достасып, ақынның жүйелі оқуына көмектескен. Абайдың ойөрісін кеңейткен де, дүниеге көзін терең ашып қарауға үйреткен де, ақындық шабытын қанаттандырған да осылар. Осыдан кейін ақын өзі де «Шығысым Батыс боп кетті» деп мойындаған. Осыларды оқу Абайды қараңғылықтан ағартушылыққа, көшпелі тұрмыстың етекбастылығы мен рушылдықтың әдет-ғұрпынан халықтық демократизмге алып шықты. Ол халқына, кейінгі ұрпаққа орыстың тілін, өнерін, еңбекшілдігін үйренуді өсиет етті. «Мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр... Оның тілін білсең, көкіреккөзің ашылады», деді. Оның ақындық ойында философиялық, эстетикалық саяси ұғымдар кеңейді. Оның ойшылдығы адамды жетілдіруге, оның қоғамдағы орнын табуға, пайдалы қызмет істеуге үйретуге («Кірпіш болып қалану») арналды. Әдебиеттің ұлттық дәстүрін жаңарта отырып, ол әдебиет бетін адам сезімін суреттеуге бұрды, адамды танудағы табиғаттың ролін ашты. Шындықты өз сезімі арқылы, өз басынан өткен уақиғалар негізінде тануға жетті. Сөйтіп рухани өскен, байыған Абай демократтық орыс поэзиясының арнасында қызмет еткен ұлы таланттар тобына кірді. Ол Пушкиннен, Лермонтовтан, Крыловтан классикалық аудармалар жасады. Оның бұл саладағы еңбегін тек аударма деп қарау жеткіліксіз. Ол ұлы ұстаздарымен творчестволық жарысқа түсті. Орыс туындыларын қазақ өмірінің шындығына жақындата отырып, өз сезімінінің, геройлар психологиясының күшімен тереңдете түсті. Татьяна мен Онегин хаттарының осындай сыпатын кезінде орыс зерттеушілерінің өздері-ақ мойындаған. Оның Онегинді өлтіру сырының өзі-ақ орыс әдебиетіндегі оқшау адамдардың тағдыры жайлы Чернышевский, Добролюбов мақалаларымен таныс болғанын байқатады. Көшпелі қазақ ауылынан шықпай-ақ, сонау Шыңғыстауда жатып, өз бетімен білім алып, қазақ даласына дүние жүзілік мәдениеттің шырағын жаққан Абайдың осы еңбектерін үлкен Азаматтық ерлік демеске бола ма?! Абай бүгін бізді өзінің өмірге, тіршілікке деген көзқарасының

тұтастығымен тартады. Оның замандастарына, болашақ ұрпаққа арнаған өсиеті бұрынғылар айтпаған сөз болғандықтан емес, ақынның өз заманының шындығын өзі жинақтай, қорыта білуімен, жұртқа оны бұрынғыдан басқаша, өзгеше көркемдік қуатпен жеткізе білу өнерімен қымбат. Ол қазағын, елін сүйді. Оның бойын, ақыл-ойын табиғатпен туысқан, адам жаратылысының шынайы қалпын бұзбаған қайраткердің әділетсіздікке қарсы ашуызасы, кегі тудырған «өзгеше махаббат» («Странная любовь». Лермонтов) сезімі биледі. Оның өлеңдерінде адамгершілікті мұрат тұтқан адамның сезім күйін бейнелеген лирика мен ұнамсыздықты сынаған сатира араласып жататыны да сондықтан. Адам бұлай өмір сүрмеуі керек – ақын шығармаларының түйіні осы. Ол ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілікті сақтауды қалайды. Мұны айтқанда, тек халық даналығына, фольклорға ғана сүйенбейді, қазақ ортасының өзі көрген шындығына бунтарлықпен қарап, адамгершіліктің жаңа нормаларын іздейді. Батыс пен Шығыстың әдебиетін, ойшылдарын, әлеуметшіл-саясатшыларын қарағанда, Абайдың іздегені де осы. Осы ізденіс ақынның өзін де рухани тазартып, адамзатқа ортақ ойларға жетелейді. Соларды өз халқына үлгі етіп ұсынады. Ол қоғамдық ойды оятты, оны тәрбиелеуші болды, адамдықтың жаңа нормаларын өмірге батыл кіргізуді талап етті. Оның әкенің ұлы болмай, адамның ұлы болу жайындағы ойы да осыдан туған. «Әкенің баласы – дұшпаның, адамның баласы – бауырың» деген ол. Ол адамды жүрек, ақыл, сезім билеуін, адамның адамға дос болуын, сенің тағдырың бүкіл адамзаттың тағдырымен байланысты, біріңе-бірің қонақсың дегенді көп айтады. Мұның бәрінің негізінде адамның рухани азаттыққа ұмтылуы идеясы жатыр. Абай беймезгіл заманда өмір сүрді. Оның идеясы, ізденісі қараңғы қазақ қауымы үшін түсініксіз болды. Заманынан оза шауып, келер ұрпақтың тілімен сөйлеген дананы саңырау, соқыр, мылқау қайдан түсінсін. Оның заманына «Жұмбақ» болуы да осыдан. Өзі де өлеңінде «Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», «Мыңмен жалғыз алысқанын» жазады. Ол заманының бар қайшылығын жүрегіне басып, ауыртпалығы басына тиіп, күрсініп өтті, ерте қартайды. Көшпелі тұрмыс пен надандық, рушылдық жайлаған елдің бетін өнерге, білімге, кәсіпке бұрам деп, татулыққа, бірлікке шақырған жырлары «Қалың елі – қазағына» дарымады.

Оның өлеңдерін толтырып тұрған мұң-зар, ашулы ыза, заман трагедиясын арқалаған данышпан ақынның ауыр сезімі осыдан туады. Зарын ол өлеңге төгіп, өлеңін ғана өзіне серік етті. Ақынның прогресшіл көзқарасы қараңғы, надан ортада кері әсер туғызды. Оны «орысшыл» санады. Әкесі Құнанбайдың да Абайдың бойынан көрген үш мінінің бірі – осы «орысшылдығы» еді. Ақынның жер ауып келген революционерлермен достығы жергілікті әкімшілікті оған қарсы қойды. Абайдың үйі тінтіліп, өзіне қастандық жасалды. Бірақ Абай өзі іздеп тапқан әділдік жолынан қайтқан жоқ. Ол патша әкімшілігінің ар жағында орыстың халқы барын, онымен жақындасудың қажеттігін көрді, таныды. Бүкіл қазақ қауымы «орыс» деген сөзді құбыжық көріп (олардың көргені – отаршылдық саясатты жүргізген урядниктер мен приставтар ғой), одан шошынып тұрған заманда, орыс халқымен достыққа шақырған Абай сөздері бүгін қандай актуальды естіледі. Ақын өзіне сүйенішті жастардан тапты. Маңына талантты жастарды жинады, балаларын, жақын жас достарын орысша оқытты. Бұл – қасарысқан кертартпалыққа қарамай Абай жолының қазақ даласына кең жайыла бастағаны, туысқан халықтармен қарым-қатынастың ұлғаюының басы еді. Ол өзбектің, татардың еңбекшілдігін, кәсіп игеруге ұмтылысын құптады, қазаққа үлгі етті. Абай патриотизмі мен интернационализмі осыдан бастау алады. Тек ұлылар ғана басқа халықтарды өз халқымен табыстырады, оларды сыйлауға, сүюге үйретеді. Олардың творчествосын халықтық ететін де осы ерекшеліктері. Ұлыларда ұқсастық та көп. Ол ұқсастықтар олардың тағдырында, творчествосында, қалдырған ой-пікірінде, сөз өнерінің биіктігінде. Сол ұқсастықтар оларды өз халқының ақылшысы етеді, қоғамдық ой-пікірдің басына қояды, кейінгіге үлгі етеді. Қысылғанда сырласар досың да, ақыл сұрар ұстазың да сол болады. Оларды өмір бойы оқисың, мәңгі үйренесің. Абайда көшпелі қазақ өмірінің ащы сабағы мен дүниені шолған қыранның қырағы көзі бар. Ол ұсақ-түйекті көзге ілмейді, оған алданбайды, дүниеге биіктен қарайды, халық тағдырын, бүгінін, келешегін тұтас көреді. Сондықтан Абай творчествосы – қазақ халқының тарихы – бүкіл даланың эпосындай елестейді. Абай – халқының, оның ұлттық өмірінің символы. Оның өлмес творчествосында халық рухының жарқын күші, қайғысы мен қуанышы сақталған. Ол соның бәрін көркем сөздің күшімен бейнелеп, бүкіл адамзат мәдениетінің тарихына қосты.

ІІІ. АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ ШЕБЕРЛІГІ

Зәки АХМЕТОВ

АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ ТҰЛҒАСЫ,

СУРЕТКЕРЛІК ШЕБЕРЛІГІ

Абайдың ақындық тұлғасы және суреткерлік шеберлігі-бір-
бірімен жалғас ұғым. Осы тұрғыдан қарап ой түйін, пікір қорыту
үшін Абай шығармаларының мазмұн-мағынасын, көркемдік
қуаттылығын ақынның өмір шындығын бейнелеу тәсілдерін

неғұрлым тереңірек тану қажет.
Абай – қазақтың жаңа реалистік жазбаша поэзиясының,
әдебиетінің негізін салды. Реализм дегенде, әсіресе, Абай
реализмі дегенде, шыншылдықты көркемдік принцип етіп

қолдануды айтамыз. Абай реализмінің көркемдік әдіс ретіндегі
ең басты өзгешеліктер алдымен айналадағы өмір, болмысты,
қоғамдық құбылыстарды мейілінше кең қамтып, нақтылы
бейнелеу, ел тағдырына, өміріне қатысты ең маңызды әлеуметтік

мәселелерді халықтық мүдде, озат арман-мақсаттар тұрғысынан
толғай білу дейміз. Яғни, көркемдік шыншылдық, шынайылық
әдебиеттегі халықтық принциппен, озат идеялылықпен ұштасып
келетінін атап айтамыз. Әрине, ақын творчествосының идеялық

жағынан құндылығын оның әр шығармасында тек өсиет, насихат
айтып, ізгілікті мадақтап, кем-кетікті мінеп-сынау тұрғысынан
бағалау мәселеге үстірт қарағандық болар еді. Сондай-ақ, ақын
шығармаларындағы шынайылық біріңғай тек өмірде бар нәрсені,

жай жағдайды тек сол бар қалпында алып, сырттай ұқсастық
сақтап, көшірмелеу емес екені де түсінікті.
...Абай шығармаларында көркемдік шарттылық та, көркемдік
қиял да шыншылдықпен жанасымды келеді, өмір шындығын терең

әсерлі бейнелеуге қызмет етеді. Еш жасандылығы жоқ жарасымын
толық тапқан. Осыны айта отырып, Абай шығармаларының
әрқайсысында өмір шындығы әр қырынан көрінетінін алынған

тақырып, айтылған ой, ақынның көңіл күйі, жан сезімі әр түрлі
нақтылы көркемдік шешімін табатынын ескеру қажет. Шынайылық
тұрғысынан да, идеялылығы тұрғысынан да әр поэзиялық
шығармаға әр түрлі өлшеммен келіп, жанрлық, тақырыптық,

композициялық өзгешелігіне сәйкес талап қойсақ болар. Ал енді
Абай творчествосын тұтас алып қарап, оның шыншылдық қасиеті,
идеялық құндылығы неде дегенде, жеке шығармаларға тән сипат-
белгілерге ғана емес, барлық шығармаларына ортақ ең басты

өзгешелікке назар аударған жөн. Бұл орайда ақын поэзиясының
қоғам өмірімен, халықтың ұлттық ой-санасымен тығыз байланысы,
тамырластығы және оның өмір құбылыстарын биік адамгершілік
идеялары тұрғысынан шебер бейнелеуге негізделген зор танымдық

көркемдік, тәрбиелік мәні алдымен айтылуға тиіс. Ақын бүкіл
бір тарихи дәуірдің тынысын айқын аңғартып, аса маңызды
әлеуметтік мәселелерді терең толғайды. Осы кең мағынасында
Абайдың барлық шығармасынан заман шындығын сан алуан өмір

құбылыстарының кескін-бейнесін айқын көре аламыз.
Абай поэзиясы ақын өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді
жан-жақты, барынша толық бейнелеп берді дейміз. Бірақ
ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді

танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-
сана, ұғым-түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын,
түп тамыры әрі де жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы қоғам
көшіндегі бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың

тағдырың ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада
алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да
танытарлықтай етіп көрсете білді деген жөн. Ал қоғам өміріндегі
көптеген адамгершілік, моральдық проблемалардың, әділдік,

бірлік, достық, еңбексүйгіштік, талаптылық, адалдық, солармен
қатар озбырлыққа, жауыздыққа, екіжүзділікке төзбеушілік
секілді сан түрлі мінез-құлық мәселелері қай заманда да мәнін
жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт, жағдай

өзгерді дегенмен халықтың ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік
қасиеттері жаңғырып жаңаша сипат ала отырып, жалғастық
тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Абай поэзиясы кейінгі
дәуірлердің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір шындығын

танып білуге үлкен себін тигізе алатынын мойындауымыз керек.
Олай болса Абай творчествосын өз дәуірінің шеңберінде ғана

қалатын, осы мағынада біз үшін тек тарихи маңызы бар, өткінші
құбылыс деп санауға болмайды, ол – заман ауысып, уақыт озған
сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-әсері арта түсіп, өркендеп,
дамып отыратын асыл мұра.

Абайдың өлеңдері туралы айтқанда, лирикалық поэзияның
өзгешелігін естен шығармауымыз керек. Лирикада ой мен сезім
бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын
алғыр оймен суарылған жалынды сезім. Өмір, дүние, адам тағдыры

жайлы үлкен толғаныстан тумаған, жай сезімшілдік поэзияны
жандандыра алмайды.
Лирикалық поэзияға жан беретін – көркемдік ойдың қуаттылығы,
сезімнің оттылығы, нәзіктігі. Лириканың басқа жанрлардан,

айталық, сан алуан адамдардың қарым-қатынасын, қоғамдық
тартыс-шиеленісті баяндайтын көлемді, оқиғалы шығармадан
айырмасы да, өзіндік артықшылығы да, міне, осында.
Егер эпостық шығарманың ең басты ерекшелігі уақиғаның

қалай баяндалып, суреттелетініне байланысты болатын болса,
лирикалық шығарманың күші, қуаттылығы алдымен адамның
көңіл-күйін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасып жатады.
Адамның жан сезімін, көңіл-күйін тікелей, лирикаға тән ерекше

сыршылдықпен суреттеп, айтып жеткізудің ұтымдылығы өмір
құбылыстарын айырықша сергектік, сезімталдықпен қабылдаудан,
сезім-әсер байлығынан туады.
Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін,

толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны,
қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирикалық қаһарманның ой
сезімі, тағдыры өз заманының арман-мүддесі, тілек-талаптарымен
неғұрлым терең байланысты суреттелсе, соғұрлым ол типтік

қасиеттері мол, сомдап жасалған ірі тұлғаға айналып, дәуірдің
көрнекті өкілі болып шығады. Лирикалық поэзияның осы
ерекшеліктері Абай өлеңдерінен мейлінше толық көрінеді. Абай
лирикасынан ақынның көңіл күйің жан дүниесін, толғанысын

сезініп қана қоймаймыз, сол арқылы қазақ қоғамына, жалпы адам
баласына тән сипаттарды, дәуір, заман келбетін танытатын қасиет-
белгілерді молынан табамыз.
Лирикалық поэзияның өзгешелігі туралы айтқанда, Ахмет

Байтұрсыновтың мына сөзі ойға оралады: «Толғаушы ақын әуелі
көңілінің күйін-мұңың мүддесін, зарын күйінішін, сүйінішін

айтып шер тарқату үшін толғайды. Екінші ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру мақсатпен толғайды... ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай білуде».5 Поэзиялық шығармада ойдың, сезімнің мағыналылығымен қоса бейнелілігінің, көркемділігінің мәні зор. Әр сөздің мазмұнымағынасымен бірге ырғақ-әуезділігі де оқушыға үлкен әсер етеді. Сөз өнеріне, әдеби шығармаларға тән ойдан шығару, әсірелеу, көркемдік шарттылық та поэзияда өзінше сипат алады. Ақын өзінің ой-сезімін барлық өлеңде біркелкі өз атынан тура айтпай, кейде кейіпкердің, яғни, өзі сипаттап отырған басқа біреудің сөйлеуі – монологы арқылы, немесе, біреуді мінездеу арқылы жеткізуі де кездесіп отырады. Ақын, автор ойын өз атынан айтқанның өзінде де, әр түрлі баяндау, суреттеу тәсілдерін қолдана алады. Ақын бейнесі әр өлеңде әр қырынан, әр түрлі көркемдік тәсілдер арқылы нақтылы көрініс табады. Поэзияда ақын тұлғасы көбінесе жинақталған лирикалық бейне қалпында көрінеді. Өйткені ақын өлеңінде үнемі басынан кешкенді, өзі көрген, немесе, өз өмірінде болған жайларды ғана айтпайды, болатынды, болуы мүмкін жайларды да айтады. Сондықтан өлеңдегі лирикалық тұлға автордың, ақынның бейнесін танытады дей отырып, ол оның поэзиядағы көркемдік көрінісі екенін ұмытпау қажет. Екеуінің түпкі негізі бір, мүлде ажыратып, бөліп алуға келе бермейді десек те, осыларды екі түрлі ұғым деп түсінген жөн. Бұл жерде басқаны былай қойып, лирикалық тұлға әсіресе сыршылдық сипаттағы және ой-толғаныс түріндегі өлеңдерде айқын бой көрсетсе, ал ақынның, автордың бейнесі лирикалық тұлға арқылы да, сонымен бірге қандай да бір басқа адамды мінездеу, соның өзін сөйлету, ал сюжетті поэзиялық шығармада уақиғаны баяндау арқылы да танылатынын айтсақ та жеткілікі. Осындай лирикалық тұлғаны зерттеу еңбектерде лирикалық қаһарман деп те айтады. Лирикалық қаһарманның басты ерекшелігін айқындайтын – ақынның қоғамдық, эстетикалық мұраттары, идеялары, өмір құбылыстарын, дәуірді, халық тағдырын өзінше түсініп-сезінуі. Сөйтіп, лирикалық қаһарман деген ұғым ақынның көптеген шығармаларында 5 Байтұрсынов А. Шығармалары. – 1989. – 226-б.

ой-сезім
дүниесінің,
мақсат-мұраттардың
бірлік-тұтастығын

танытады. Кейбір шығармалар оның жан дүниесін бір қырынан,
ой-сезімдерінің, толғаныстарының белгілі бір кезеңін көрсететіні
айқындала түседі. Жекеленген шығармада лирикалық қаһарман
бейнесі бір қырынан көрінетініне табиғат лирикасының кейбір

үлгілері мысал бола алады. Біз бұлардан лирикалық қаһарманның
табиғат сұлулығын қалай сезінетінін әсіресе айқын байқаймыз.
Бұл айтылған пікірді табиғатты, немесе, махаббатты жырлайтын
шығармада лирикалық қаһарман үнемі бір жақты, тар көлемде

көрінеді деп түсіну дұрыс болмайды. Лирикалық шығармада
көбіне-көп күрделі қоғамдық ой-пікірлер ақынның жеке адамға
деген жылы сезімі, не болмаса назары түскен табиғаттың бір
көрінісін сезінуі – бәрі тығыз байланысып жатады. Мәселе тек қай

шығармада қай жағы басым келетінін ескеруде. Сонымен бірге
лирикалық қаһарманның бейнесі мейілінше толық, жан-жақты
қалпында ақынның бір ғана емес, көптеген туындылары арқылы
бой көрсететінін әр уақытта есте сақтау керек.

Абай шығармаларында алдымен мейілінше мол, әр қырынан
көрінетін, әрине, ақынның өз бейнесі, өз тұлғасы. Лирик – ақын
қоғам өмірінің шындығын өз көңіл күйін білдіру арқылы, өз сезім
толқыныстары, ой-толғамдары арқылы танытады. Ақынның өз

тұлға бейнесі оны тебіренткен ой-сезімдерден, айтылып, баяндалып
отырған өмірдегі алуан түрлі жағдайларға, қоғамдық мәселелерге,
әр түрлі адамдардың іс-әрекеттеріне оның қатынасынан, берген
бағасынан айқындала түсіп, жан-жақты толық көрінісін табады.

Ақын бейнесі дегеніміздің өзі де ылғи бір қалыпта, біркелкі
сипатта көрінбейді, әр қырынан, әр жағынан ашылып отырады.
Көптеген өлеңдерінде ақын өз көңіл күйін тікелей білдіріп, ойын
тура айтады. Өлеңдері кейде сұбхат, сырласу, кейде насихат,

кейде ойға шому, ой толғау түрінде әр алуан болып келсе,
ал кейде ақын өлеңін өз атынан, бірінші жақтан айтқанымен
өмірге жинақталып жасалған лирикалық тұлғаның көзімен
қарайтыны байқалады. Поэзияда ақын өмірде болғандығы ғана

емес, болатынды, болуы мүмкін жайларды жинақтап, шындыққа
сәйкестендіріп айтатындықтан өлеңдегі ақынның бейнесі кейде
осындай лирикалық тұлға қалпында көрінеді. Әрине, лирикалық
тұлғаны ақынның өз бейнесінен мүлде бөлектеп, ажыратып алу

қиын, бірақ одан өзіндік айырмасы барлығын көрмеуге болмайды.

Сол айырманы ескеріп, ақын өмірде болмаған, бірақ болатын, болуы мүмкін шындық жағдайды өз атынан айтса, мұнда өзіндік көркемдік заңдылық бар екенін ұмытпау қажет. Айталық, «Сен мені не етесің?» деген өлеңнен осындай лирикалық тұлға айқын бой көрсетеді. Әрине, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» немесе «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» дегендей тікелей өзі туралы айтатын кезі де аз емес. Оны ажырату үшін өлеңнің жанрлық өзгешелігіне, ой-сезім ағынының ретіне зер салсақ болғаны. Сонда олардың айырмасын байқау аса қиынға соқпайды. Ал ақын бейнесінің басқа қырларына келсек, кейде ол нақтылы бір жайды, жағдайды айтушы, баяндаушы ретінде көбірек көрінеді. Мысалы үшін «Байлар жүр жиған малын қорғалатып», «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап», «Асқа, тойға баратұғын» сияқты өлеңдерді айтуға болады. ...Ақындық өнерді өзіне өмірлік зор мақсат етіп, өз өлеңдерін қағаз бетіне түсіруге Абай тек 80-жылдардың ортасында кіріседі. Бұл Абайдың айналасын болжап, әлеуметтік құбылыстарды терең бағалап, кең ойлай алатын, көргені мен түйгені тәжірибесі молайған, әбден кемеліне келген шағы болатын. Ақынның осы түста (1882-1886 жылдары) жазған өлеңдері идеялық және көркемдік қасиеттері жағынан аса мағыналы, және ұзақ өнімді ізденістерінің қорытындысы, нәтижесі болып табылады. Бұл жылдардағы шығармаларындағы тұжырымдалған идеялар мен тақырыптардың өрісі негізінен ақынның соңғы жиырма жылдағы өмірін қамтитын бүкіл творчествосына үзілмес арқау болып, үнемі тереңдеп, дамып отырады. Абайдың орасан зор ақындық қуат-күші өз шығармаларында қазақ өмірінің ең маңызды әлеуметтік мәселелерін көтере білуінен қоғамның алдыңғы қатарлы өкілдерінің ой-арманын, түбегейлі мүддесін терең ұғып, сезіне білетіндігінен айрықша айқын көрінеді. Ақынның «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Сегіз аяқ», «Ғылым таппай мақтанба», «Болыс болдым, мінеки» секілді таңдаулы көркемдік туындыларының қайсысын алсақ та, оларға идеялық арқау болатын келелі мәселелер – білімге, адал еңбекке, әділеттілікке шақыру, надандықты, артта қалу кесепатын айыптау, алауыздық пен керіс-тартысты, өкімет билігін теріс пайдалануды әшкерлеу

екені бірден байқалады. Және осы идеялар ақын шығармалары
тақырыбының ең басты, күрделі мәселелеріне жалғасып, солармен
тұтас, халықтың тағдыры, бүгінгісі мен келешегі, поэзияның
өмірдегі алатын орны туралы ойлармен сабақтас өріледі. Өйткені

Абай поэзиясының басты тақырыптары, идеялық нысанасы ұлы
ақынның әлеуметтік прогресс үшін, халықты өнер-білімге жеткізу
үшін күресу мақсатынан туады. Халықтың ауыр тағдырын, өмір
тұрмысын ерекше шеберлікпен нанымды көрсете отырып, Абай

халықты қоғамдық асыл мұраттарға жетуге ынталандырады.
Абайдың адам мен қоғам жайындағы концепциясы – қазақ
топырағындағы жаңа концепция. Абай адамды белгілі қоғамдық
өмірдің жемісі, нәтижесі ретінде қарады, оның қимыл-әрекетін,

психологиясын, моральдық келбетін өмірге, әлеуметтік тұрмысқа
байланысты көріп бағалап бейнелейді. Мысалы, Абай өлеңдерінен
неше түрлі болыс – байлардың әлеуметтік тұлға дәрежесіне
көтерілген, жинақталған бейнесін бүкіл іші-сыртымен көз

алдымызға келтіреміз. Солардың бірі – «өз малын өзінікі дей
алмай, күндіз күлкі, түнде ұйқысы» бұзылған бай. Бұл – кәдімгі
бір жағынан билеуші чиновниктер, екінші жағынан, ел ішіндегі
әкім, төрелер тарапынан екі жақты қыспаққа ұшырап, есі шығып,

өз малына ие бола алмай, әлекке қалып, жапа шегіп жүрген бай.
Немесе, Абайдың болысын алайық. Бұл да, Абаймен замандас, 80-
90 жылдардың болысы. Ол малын шашып, билікке қолы жеткен,
байлығынан гөрі қулығына сенетін болыс. Оның ел билеу тәсілі,

адамдармен қатынасы алдау-арбауға, әлдіге келгенде шалқайып,
әлсізге келгенде қырындауынан танылады. Абай мұндай ел
билеушілер бастаған билеген елдің ісі ілгері баса алмайтынын
үлкен көркемдік шындық, идеялық түйін ретінде ұсынады. Абай

адам бейнесін қоғамдық орнына, мүддесіне, сол мүддеге жету
жолындағы ішкі сезімі мен әрекетіне байланысты жасады. Ол өз
заманындағы сан түрлі әлеуметтік топтардың барлығын да осы
тұрғыдан терең зерттеп көре де, бейнелей де біледі. Ауылнай,

жүзбасы, еңбексіз мал таппақшы пасық, амалын тауып күн көрмек
епті, «бұзылса елдің арасы мал таппаймын демейтін» қулар,
қулықты ат-шапаннан кем кермейтін даңғой, дарақы, той-думаншыл
бозбала, еңбексіз еріншектер, т.б. ақын шығармаларынан кең орын

алып, өздеріне ғана тән типтік мінезімен көрінеді.
1886 жылы жазылған «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы

сергек», «Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман», «Көңілім
қалды достан да, дұшпаннан да» өлеңдерінде Абай замана жайын
толғап, әр топтардың өкілдері, әр алуан адамдардың мінезі, іс-
әрекетіне көз жібереді. Осы шығармалардағы айрықша өзгешілік

– айту тәсіліндегі, стиліндегі қарапайымдылық, пәлендей әдемі

дерлік әшекейлі сөздерді қолдануға ұмтылмаушылық. Сонда осы
өлеңдердің артықшылығы неде? Олар алдымен ақын ойының
тереңдігімен
еркін

төгіліп
отыратын
оралымдылығымен,
қоғамдық өмір құбылыстарының мәнін ашып, айқын бағалап,

талдап беруімен тартымды. Және бір назар саларлық жәй – Абай
«Қартайдық, қайғы ойладық» деген сияқты өзінің қамыққан,
қажығандай көңіл күйін осы өлеңдердің бастапқы жолдарында
ғана айтады, Осылай барып, ішкі сырын ақтаратын рай көрсетеді

де, одан әрі біріңғай айналадағы өмір, әр түрлі адамдардың іс-
әрекеттері, қылық-мінездері туралы айтуға ойысады.
Поэзиялық шығармаға тән ең басты қасиет ой желісінің
ақын көңіл күйіне орайлас өрбуі десек, мұны біз Абайдың осы

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Қартайдық, қайрат
қайтты, ұлғайды арман», «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан
да» секілді өлеңдерінен әсіресе анық аңғара аламыз. Әрине,
қырық жасқа жаңа толған ақынның «Қартайдық» деп отырғаны

өтіп кеткен жастық, жігіттік шағын есіне алып, бүгінгі ұлғайған,
кемелденген қалпына сол жастық шақтың көзқарасымен қарап
айтқан деу қисынға келеді. Осы «Қартайдық» дегеннің жасы асып,
қария болу деген мағынадан гөрі уайым-қайғысыз жүретің шат

көңілді жастық шақтан алыстап, өткен-кеткенге, айналасына көз
жіберетін өмір, дүние, адам тағдыры жайлы терең толғанатын
ойшыл адамның қалпына ауыстық деген мағынаға көбірек сәйкес
келетінін:

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,
Ашуың-ашыған у, ойың-кермек.
Мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық,
Кім көңілді көтеріп, болады ермек? –

деген сөздерінен-ақ әбден байқауға болады. Осындай мұңды
көңіл күйіне беріліп, толғана сөйлеуді ойшыл ақын өзіне лайық
көрген. Бұл орайда Мұхтар Әуезовтің тап басып, тауып айтқан
мына бір сөздерін еріксіз еске аламыз: «Бұрынғы ақылшының

көбі – кәріден, атадан, ақсақалдан шығады» – деп түсініп қалған

көпшілікке өзін де солайша, жақсы етіп, тоқтаған, ой түскен,
ел мұңшысы есебінде танытпақ боп, әдейі солайша бастайды.
Болмаса, өз басының қажырымен өнеріне қарасақ, ол жылдарда
құлшынып, өрлеп келе жатқан, қайнап өсіп, дами бастаған анық

шабытты ақынның шалқып жанған жалынын сеземіз»6.
Тағы бір ерекше көңіл бөлерлік нәрсе – аталған өлеңдер
түгелдей дерлік ел жайын, халық тағдырын, әр түрлі қоғамдық
топтардың іс-әрекетін айтуға және көбінесе сын көзімен қарап,

кемшілік жақтарын әшкерелеп баяндауға құрылған. Сондықтан
да бұл өлеңдерді ақынның ел қамын ойлап, қайғырып, уайым
жеп айтқандай әсер берерлік мұңды сарынмен бастауы
ұтымды екені талассыз. Мұхтар Әуезовтың жаңағы келтірілген

сөздерінің тұсында: «Ел ұғымына қонымды бір «құлақкүй»
сияқты сәл сарынмен бастайды» дейтіні де тегін айтылмаған.
Осы сөз болып отырған үш өлеңде де Абай мұңды сарынмен өз
көңіл күйін айтуды өлеңнің бас жағында қысқаша қайырады да,

одан әрі біріңғай ел жайын басқаларды сөз етеді. Алайда ақын
өз мұңды көңіл-күйін білдіргеннен кейінгі өлеңдегі тізбектеліп
айтылған басқа жайдың бәрін де сол алғашқы, бастапқы
сөзім күйінің сарынымен үндес айтылғандай қабылдаймыз.

Себебі ақынның кімдерді, кімнің қандай іс-әрекетін, мінезін
баяндайтыны мен емес, соны қандай сезіммен, қалай тебіреніп
айтатыны да оқырманға күшті әсер етеді. «Қартайдық, қайғы
ойладық, ұйқы сергек» атты өлеңдегі «құлақкүй» секілді болып

келетін мұңды сарын алғашқы сөздерден-ақ айқын сезілетінін
жоғарыда келтірілген шумақтан көруімізге болады. Ал енді
осы сарынның ақын, одан ары қарай өз көңіл күйі жайлы сөз
қозғамаса да, бүкіл өлеңге ерекше бояу-реңк беріп тұратыны

өзінен-өзі түсінікті сияқты. Солай бола тұрса да, өлеңдегі
мұңды сарын пәлендей көзге ұрып тұр деуге де негіз жоқ екені
байқалады.
Ақынды қайғыға салған өз басының мұңы емес, айналадағы

өмірдің ащы шындығы, кем-кетігі, қайшылықтары екені еш
талассыз. Тағы бір назар аударарлық нәрсе – өмірдің тұрлаусыз
екендігі, баянсыздығы жайлы тұжырым мен ақылды адамның
мінез-әрекетін, надан, ақылсыз кісінің әдетін айту, немесе ел

6 Әуезов М. Абай Құнанбаев. – 111-б.

билеудің қиындығы жайлы пікір – осыларды өз алдына бөлек
алып қарағанда, өзара байланысы аз болып көрінуі де ықтимал
сияқты. Бірақ оларды бір-бірімен жақындастырып, қабыстырып,
түйістіретін – ақынның көңіл күйі, өмірдің мәні дегенді ойлап

әр түрлі жай-жағдайларды тебірене сезінуі екенін байқау қиынға
соқпайды. Осындай ерекшеліктерді аталған өлеңге басталуымен
де, негізгі ой-желісін өрістету тәсілімен де үндес, ұқсас келетін
«Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман» атты өлеңінен

де айқын көре аламыз. Алайда бұл өлеңнің өзіндік өзгешелігі
қандай деген сауал қойсақ, мұнда, ақын салған жерден, бірінші
шумақтың өзінде-ақ басты идеясын ашып көрсетіп, жанын
ауыртқан не нәрсе екенін анық аңғаратыны дер едік.

Терін сатпай, телміріп, көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман.
Міне, өлеңнің қазықты ойы да, бастапқы тезисі де, қорытынды
түйіні де осы сөзге сиып тұр. Ары қарай ақын осы ойын

нақтылып, «бай алады», «би мен болыс алады», «жарлы алады»,
«жау алады», «дос алады» деп таратып айта келіп, жүз қараға
көз тіккен екі жүз аларман қатарына елу басын, сұм сұрқияны да
қосып, мал үшін арын сатудан тайынбайтындарды қатты қадалып

шенейді. Алымқорлық, малқұмарлық қазақ қоғамындағы үлкен
бір індетке айналғанын ақын ашына айтады.
Қара қарға сықылды шуласар жұрт:
«Кім көп берсе, мен соған серт берем»-деп.

Жемге таласқан қарға-құзғындар бейнесі қомағай, тойым сыз
адамдардың жағымсыз мінез-әрекетін көзге айқын елестетеді.
Бірақ мұнымен де шектелмей ақын осындай адамдардың
айнығыш, опасыздыққа бейім келетінін жеріне жеткізе әшкерелеп

ашып береді:
Қабаған итше өшігіп шыға келер,
«Мен қапсам, бір жеріңді бөксерем» – деп.
«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» дейтін өлеңде

де ақынның өз сезім күйін сипаттауы, оған жалғаса келетін
қорытынды ой-түйіні алғашқы шумақта беріледі.
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да.
Алдамаған кім қалды тірі жанда?!

Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.

Бұдан кейінгі екі шумақта да ел жайы, жалпы жұрт туралы пікір тұжырымдалған: Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда, Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда. Мұнан менің қай жаным аяулы деп, Бірге тұрып қалады кім майданда? Ендігі жұрттың сөзі – ұрлық-қарлық, Саналы жан көрмедім, сөзді ұғарлық. Осы күнде осы елде дәнеме жоқ, Мейір қанып, мәз болып қуанарлық. Осыдан соң барып байлар, саудагер, естілер, надандар, ел билеушілер, тағы басқалар – әр қайсысы өзіне тиісті іс-әрекеті, мінез-құлқымен көрінеді де, олардың ақын көңілін құлазытатын сипаттарын айқын аңғарып, амалсыз иланамыз. Қоғамдағы әр түрлі топтардың өкілдерінің жағымсыз қылықтарынан ақын түңілгендей болса да, ол ештемені де әсірелеп, асырып айтқанға ұқсамайды. Әшкерелеуге, ащы мысқылға ұмтылғандық та байқалмайды. Абайдың басқа көптеген өлеңдеріндегідей, бәрі де сергек көңілмен сезініп айтылған әлеуметтік өмірдің өзіне тән қайшылықтары, нақтылы шындығы деуге лайық. Ақынның өзі өмір сүрген ортаны, тағдырдың талқысына түсіп, шырқы бұзылған халықтың, ел-жұрттың бейнесін асқан көркемдік шеберлікпен суреттейтінін «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» дейтін өлеңінен айқын көреміз. Осы өлеңге жүрек толқытатындай жылы леп беретін «қазағым», «елім», «қайран жұртым» деген ақын туған халқы үшін жаны ашып, елжіреп отырғанын көрсететін сөздер онан кейінгі айтылғанның бәріне басқаша мағына, өзгеше реңк дарытады. Дәл осындай терең толғаныстан шыққан сыншылдыққа толы өлеңде мұндай сезім жылылығы кездесе бермейді. Сондықтан да елдің күйзелген жағдайын аңдататын сипаттаулар жалпақ жұрт туралы айтылса да, артық айтылғандай сезілмейді. «Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын» дейтін өлеңінде елжұртты ақын былай сипаттаған. Көздің жасы, жүректің қаныменен Ерітуге болмайды ішкі мұзын.

Қанға сіңген мінез-құлық, әдет, ескі ой-сана, ұғым-түсінік, «ақыл
сөзге» селт етіп, елеңдей қоймайтын салқындық – осының бәрін
Абай елдің, жұрттың ішінде қатып жатқан ерітуге көнбейтін мұз
жатыр деп астарлап, бейнелеу тәсілімен сипаттап отыр. Ақынның

ыстық көз жасы, жүрегінің ыстық қаны қаншалықты оттылықты,
жылылықты байқатса, салғырт жұрттың «ішкі мұзы» керісінше
жан түршігерлік суықтықты сезіндіреді. Ендеше «жүректің қаны»,
«ішкі мұзы» дегендер жәй ғана ауыспалы мағына туғызатын

бейнелі сөздер – метафоралар емес, мұнда қарама-қайшы екі
ұғымды бір жерге әкеп түйістіретін шендестіру және бар.
«Қайғы шығар ілімнен» – ашу мен ызаға толы өлең. Ақынның
қайғысыда, ашу-ызасы да халықтың тағдырын ойлаудан туады.

Абай ел жайын толғайды, елдің мінез-құлқын сынға алады. Елді
тұтас алып:
Қызық пенен тыныштыққа
Қазақ тұрмас тұрықтап.

...Түзу бол деген кісіге
Түзу келмес ырықтап, –
деп сипаттайды. Одан соң өзімшіл даңғой, мақтаншақтарды,
арызқой жалақорларды, екіжүзді залым адамдарды ащы мысқылмен

түйрейді. Сөйтіп келіп ағайынның араздығын қоздыратын, талас-
тартыс болғанда басу айтудың орнына өршелендіріп, қыздыра
түсетін кезбе шал да аз емес деп, соған бетпе-бет келгендей сөзін
тура қаратып айтып, қатты шүйіледі:

Партия жиып, мал сойса,
Бата оқисың, жейсің бас.
Басалқа сөз сенде жоқ,
Айтқан сөзің «малың шаш».

Итше індет тілемей.
Жат үйіңде, өлсең де аш!
Ақын сөзін осы шалды сынап-шенеумен тамамдап, басқа
түйіндеу жасамайды. Бірақ біз өлеңнің басына еріксіз қайта

оралып, ой түйінін сондағы:
Қайғы мен ыза қысқан соң
Зар шығады тілімнен, –
деген сөзден табамыз.

Топтама мінездеудің бірнеше түрін «Бөтен елде бар болса»
атты өлеңнен көруге болады. Алдымен тату, сыйлас, сырлас болып

жүрген адамдардың қиын-қыстау жағдайдағы іс-әрекеті, жалтарма мінезі тыңғылықты сипатталған: Басыңа жұмыс түскен күн Татулықты бұрынғы Не қылып ол ойласын. Ашып берер жауыңа Өзі көрген қоймасын. Желіккен жауың кез болса, Араздығы сөз болса, «Бәрекелді, батыр», – деп «Мықты боп бара жатыр»,- деп, Мақтап-мақтап қоздырар. Ескі досын көргенде Есебі жоқ ант ішіп, Аруақ, құдай айтысып, Сыр алғалы айттым, – деп, Жауыңды алдап қайттым, – деп, Құдайдан қорықпай антұрған Иман жүзін тоздырар. Жақын туыс, ағайын адамдардың тұрақсыздьғын айтқанда да ақын олардың мінез-құлқын, қылықтарын психологиялық жағынан өте нанымды етіп суреттейді. Және осындай адамдардың мінезін ақын бір қырынан ғана алмай, жан-жақты ашып беруге ұмтылады. Оларға тән тұрлаусыздық, тұрақсыздық тек айлакерліктен, қулықтан тумайтынын, жігерсіздік, тартыншақтық, тайсалушылықтың, жөнсіз еркінсудің көрінісі екенін айқын аңғартады: Өз үйінде кезексіз Шешен келер сартылдап. Білетін біреу кез келсе, Сөз таба алмас қалтылдап. Қалжыңға келер шорқақтау, Жауға келер қорқақтау, Еркін жерде ызақор, Томырық келер тарқылдап. Абай поэзиясында әр түрлі адамдардың мінез-құлқын, психологиясын, қандай жағдайда қандайлық әрекет ететінін ашып көрсету шеберлігі жағынан алғанда үздік шығармалар аз емес

дегенде, алдымен осы «Бөтен елде бар болса» және «Сабырсыз,
арсыз, еріншек» секілді өлеңдерді атауға болар еді.
«Сабырсыз арсыз, еріншек» дейтін өлеңінде Абай «бір сөз үшін
жау болып, бір күн үшін дос болып», қырық құбылып жүретін

адамдарды өткір тілмен әшкерелейді. Ел қамын ойламайтын еңбек
етпейтін «қызмет қылып мал таппай, ғылым оқып білім таппай»,
ел қыдырып, өсек-аяң іздейтін арызшыл адамның мінез-сиқын
Абай өте әсерлі бейнелеп көрсетеді. Сол заманның тұрықсыз,

өрескел қылық-істерін бойына жинап алған, жинақталып жасалған
жағымсыз тұлға нақтылы бір көрініс тапқандай.
Өлеңнің соңында Абай сөзін «елдің жайы солайды» деп
тұжырымдайтыны да тегін болмаса керек.

Осы өлеңінде ақын жалтарғыш пысықтарды:
Өтірік, өсек мақтанға
Ағып тұрса бейне су, –
деп сипаттайды.

Ақын өлеңдерінен оның халық тағдырының сол кездегі қазақ
қоғамындағы терең әлеуметтік қайшылық тудырған кесапатын
көре білгені анық аңғарылады. Қазақ қоғамын жегідей жеген
әкімшілдік, әртүрлі топтардың тартысы мен алауыздық ақынды

ашындырып, ызасын келтіреді. Патша әкімшілігінің өкілдері мен
жергілікті ел билеушілер өз басының пайдасы үшін жандырып,
әдейі қоздыратын рулық тартыс пен жікшіл топтардың күресін осы
бір қоғамдық өмірдің кеселін Абай өз шығармаларында айырықша

қатты сынап отырады. Билік құмар, мансапқор билеушілердің
керіс-таласы талай адамды әуре-сарсаңға түсіріп және алуан
түрлі жіктердің алауыздығын қоздырып, халықтың қайғы-
қасіретін молайтты. Халық үшін ауыр қасірет болып табылатын ел

билеушілер мен әр түрлі топтардың арасындағы тартыс-керістің
күшеюін ақын қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси дағдарыс
көріністерінің бірі деп біледі.
Елді бірлікке, татулыққа шақыру – «Сегіз аяқ» өлеңінің ең бір

күшті сарыны.
Біріңді, қазақ, біріңді дос
Көрмесең, істің бәрі бос, –
деген үлкен қоғамдық мәні бар терең мағыналы түйінді ойын ақын

ерекше тебіреніспен айтады.
Елдің берекесін кетіріп, көзін аштырмай отырған бір-бірімен

дауласу, қастасу, өтірік арыз беру секілді жаман әдеттер екенін
нақтылап көрсетіп:
Таласып босқа,
Жау болып досқа,

Қор болып құрып барасың, –
деп өкініш білдіреді.
«Сегіз аяқ» өлеңінде Абайдың көптеген шығармаларына тән аса
маңызды ерекшеліктері – өмірді көргендікпен тани білуі, шындық

пен әділеттілікті сарыла іздеуі, халықты «түзу жолға» мәдени,
прогрестік даму жолына шығуға бағыттау сияқты аса маңызды
идеялар айқын танылады.
Ақынның көңілін толқытқан ойларын айту, жеткізу тәсілі әр

түрлі, өзгеріп, түрленіп отырады. Бірде ойланар сиқы жоқ жұртты
сырттан сынап, шенеп отырғандай:
Аулаққа шықпай,
Сыбырлап бұқпай

Мейірленбес еш сөзге.
Пайдасыз ақыл,
Байлаусыз тақыл,
Атадан бала ойы өзге.

Санасыз, ойсыз жарым ес,
Өз ойында ар емес.
Ал кейде өз күй-жайын да жасырмай, сыр ашқандай сөйлеп,
арманы мен өкінішін де білдіріп отырады:

Ауырмай тәнім,
Ауырды жаным,
Қаңғыртты, қысты басымды.
Тарылды көкірек,

Қысылды жүрек
Ағызды сығып жасымды.
Немесе:
Қадірлі басым,

Қайратты жасым
Айғаймен өтті, амал жоқ.
Болмасқа болып қара тер,
Қорлықпен өткен қу өмір.

Өз жайын, осындай сезім-күйін ашып айтқанда басқаларды
аямай сынап, шенеген сөздері өтімдірек болатынын ақын жақсы
түсінгені хақ.

«Сәулең болса кеудеңде» атты өлеңінен Абайдың халықты бір
кемел ақылды адам билеуін елдің бірлігінің, берекелі болуының
шарты деп санайтынын көреміз. Оның осы ойын толық, терең
түсіну үшін өлеңнің көркемдік ерекшелігіне, құрылыс-бітіміне,

айтылу қалпына назар аударалық. Ақын сөзін бірден әлде біреумен
пікір таластырғандай бастап, ең соңында іштей айтысып, сөзін
соған қаратып айтқан адаммен қағысқандай:
Рас сөзге таласып,

Ақжем болма, жаным кел! –
деп тынады. Ақынның өз пікірін ешқандай ымыраға келмейтіндей
болып, түсіне алмасаң, өз обалың өзіңе дегендей сыңай көрсетіп,
әбден шегелеп айтқанын өлеңнің бас жағындағы:

Егер сәулең болмаса,
Мейілің тіріл мейлің өл.
Танымассың, көрмессің,
Қаптаған соң көзді шел –

деген тәрізді сөздері де анық аңдатады. Ал, осындайлық ешбір
күмәндануға болмайтын толық илануды талап ететін пікірдің түйіні
неде екенін анықтау үшін өлеңнің мазмұны-мәніне үңіле қарап зер
салсақ, мұндағы идея ел басқаратын кемел басшыны қолдау, ел

бірлігін, тыныштығын сақтау қажеттігін уағыздау екенін көреміз.
Ақын өз пікірін бұлтартпайтын ақиқат санап отырғандықтан:
Имамсыздық, намазда –
Қызылбастың салған жол

Көп шуылдақ не табар,
Билемесе бір кемел? –
деп тұжырымдап, қысқаша ғана білдіреді де, одан әрі қарай
берекелі ел қандай болады деген ойын сабақтастыра өрбітеді:

Берекелі болса ел –
Жағасы жайлау ол бір көл.
Жапырағы жайқалып,
Бұлғақтайды соқса жел.

Жан-жағынан күркіреп,
Құйып жатса аққан сел,
Оның малы өзгеден
Өзгеше боп өсер тел.

Берекелі, құтты елдің тұрмыс-жайын ақын айнала ел қонған

мөлдір, таза, суы тұнық шалқар көл мен оның жағасында жасыл
шөмке тойынып еркін өскен төлдің бейнесі арқылы елестетеді.
Мал баққан елдің өмір-тұрмысына бірден-бір тән белгілер осылар
екенін тап басып, дәл тауып сипаттайды. Табиғат аясында дәулетті

өмір сүрген ел өмірінің осы әдемі суреткері көрістерінің әсерін
күшейте түсетін оған қарама-қарсы сипатталатын берекесі кеткен
елдің суреті қатар, жалғаса келеді:
Берекесі кеткен ел –

Суы ашыған батпақ көл.
Құс қаңқылдап, жағалап,
Сулай алмас жазғы төл.
Оның суын ішкен мал

Тышқақ тиіп, аспас бел.
Көл деп оны кім жайлар,
Суы құрысын, ол – бір шөл.
Ақын пікір айтудан суреттеуге ойысып, өлеңдегі бірден

шиырланып, серпінді көрінген ой желісі өзгеше сипат алып,
байсалды ширатыла түседі. Содан кейін, енді басқаша жағынан
келіп, алғашқы пікірін нығайта, қайтадан үстемелеп дамытады.
Ел басқаратын адамды ақын балама символ арқылы елестетіп

«единица» десе, ал ерген елді «нөл» дейді:
Единица – жақсысы,
Ерген елі бейне нел.
Единица нөлсіз-ақ

Өз басыңдық болар сол.
Единица кеткенде,
Не болады өңкей нөл?
Берекеңді қашырма,

Ел тыныш болса, жақсы сол.
Талас пікір түрінде берілгендіктен өлеңдегі ел басқаратын
кемел басшы туралы айтылған сөздер жеке адамның қоғамдағы
орнын жете бағаламауға қарсы айтылған деу қисынды. Ендеше

өз алдына бөлек тұрған күйінде қарағанда біржақтылау
көрінсе де қарама-қарсы пікір осылай айтылуы орынды болып
шығады. Сондықтан ақын жеке адамның рөлін көтермелеп,
көптің, көпшіліктің рөлін төмендеткен деуге келе қоймайды.

Бұл пікірді Абай өз заманындағы нақтылы қоғамдық жағдайға
байланысты айтқан деп қараған жөн. Ол кезде қазақ даласы
болыс-болысқа бөлініп, бөлшектеліп, әр болысты билеген
Абай өзі «өңкей қиқым» деп атаған ұсақ, әлсіз басшылар

билікке таласумен әуре болып, ел бірлігін ойлауға мұршасы
келмей, елдің сиқын кетіргені тарихи шындық. Олай болса
ақын елдің басын құрап, бірлігін сақтай алатын кемел басшы
қажет дегенді жайдан-жай айта салмағаны әбден айқындала

түседі.
Кеңірек
көлемде
алып

қарасақ,
«единица-нөл»
деген
шендестірудің астарлы, символдық мағынасы әдебиетте әр

қырынан көрінеді. Бірегей бірдің өзі де көптің ішінен шығады
ғой. Және единицаны, бірді мыңға, миллионға айналдыратындар
да нөлдер емес пе? Абай бұл жағын тәптіштемей-ақ, елді ақылды
басшы билеу керектігін ғана айтумен шектелген.

«Адасқанның алды жөн арты соқпақ» атты өлеңінде Абай
адал сөзден гөрі, арам сөзді тез ұғатын шаруаға қыры жоқ сидаң
жігіттің жинақталған портретін бейнелеген. Ақын өнімді іске
ебі жоқ, сыртын түзеп, кербезденіп, уақытын ел қыдырумен

өткізуге әуестенген адамның бейнесін көбінесе оның киім-киісін,
сәнденген жүріс-тұрысын нақтылы сипаттау арқылы айқын көзге
елестетеді.
Адал еңбек етуге, мал бағуға құлқы жоқ, жақсы мінез, жақсы

қылықтан жұрдай, тек сыртын түзеп, сән қойлыққа әуес болып
жүрген жігіттің киім-киісін, бір аршөпке (өлшемге) дәл келетін
шапанын тымағын тәптіштеп көзге айқын елестетерліктей етіп
сипаттап келеді де, жүріс-тұрысын, қимыл-қозғалысын, бет

құбылысын бірнеше сөзбен қысқаша қайырып бейнелейді.
Соның мінез-құлқын, ішкі сырын, жан дүниесін арнайы
сипаттамаса да, парықсыз, жеңіл ойлы, есерлеу адам екенін
сыртқы пішінін, қылымсып орынсыз керілуін әсерлі суреттеу

арқылы ишара қылып, шет жағалап-ақ шебер жеткізеді. Мұның өзі
адамның мінез-құлқын сипаттаудағы портреттік суреттемеге тән
айрықша ұтымды көркем тәсіл екенін атап кету қажет.
Осы өнерсіз, талапсыз, шаруаға олақ, күлкішіл-кердең,

мақтаншақ жігіттің портреті бұл өлеңге жалғаса келетін «Бір
дәурен кемді күнге – бозбалалық», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі
қымбат» деген сияқты өлеңдерінің мағынасын терең түсінуге

де себін тигізеді. Сидаң жігіттің сиқын, сырт көрінісін қимылқозғалысын суреттеу арқылы аңғартқан ойын ақын енді туралап айтып, айқындай түседі. Демеңдер өнбес іске жұбаналық, Ақыл тапсақ, мал тапсақ, қуаналық. Қызды сүйсең, бірді-ақ сүй, таңдап тауып, Көрсе қызар, күнде асық – диуаналық. Жастықта бір күлгенің бір қаралық, Күлкі баққан бір көрер бишаралық. Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе, Ең болмаса, еңбекпен мал табалық. Осындай еңбек ету, өнер үйренуді уағыздайтын пікірлерімен ұштастыра, жар сүю, үй болу мәселесін әсіресе «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» атты өлеңінде көбірек толғайды. Бұл Абайдың жастарға арналған достық, татулық, жар сүю жайын қозғайтын насихат өлеңі. Ақын бірден «жігіттер» деп, сөзін есейіп, қатарға қосылып, бозбалалыққа, құрбыларымен араласуға, жар сүюге, үй болуға жетіп қалған жастарға қаратып айтады. Өлең еркін әңгіме-сұбхат түрінде құрылып, көбінесе жас жігіттерге айтылатын ақыл-кеңес іспетті болып келеді. Сондықтан өлеңді оқығанда өмірден көргені мен түйгені көп ақылгөй адамның біркелкі өңкей құрбы-құрдас жас жігіттердің ортасында кеңес құрып шын ықыласымен ақтарыла сөйлеп отырған қалпын көргендей боламыз. Насихаттылық сипаты жағынан өлең халық поэзиясындағы ертеден қалыптасқан дәстүрге жақын десек те, ой-пікірлерінің өткірлігі, сонылығы және еш жасандылықсыз тартымды, жатық етіп айтылуы бірден назар аударады. Керек іс бозбалаға – талаптылық, Әр түрлі өнер, мінез, жақсықылық, – деп, жастардың алдына үлкен өмірлік мақсат қоюы қажет екенін ақын айрықша атап көрсетеді. Терін сатып адал еңбек етпей, басқа оңай жолмен мал табам деу ер жігіттің бойына лайық емес деген ойын да әсерлі жеткізіп, лайық қасиет – татулық, достық деген пікір түйеді. Кемді күн қызық дәурен тату өткіз, Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз! Күншілдіксіз тату бол шын көңілмең

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!
Жолдастық, сұбхаттастық – бір үлкен іс,
Оның қадірін жетесіз адам білмес.
Жастардың

сүйіспеншілік
сезімінде
айнымас
беріктік,

тұрақтылық, адалдық болуына айрықша мән бере отырып, ақын
жігіттердің құбылма, айнығыш, жеңілтек мінезін қатты сынап
шенейді.
Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,

Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе.
Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар
Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе.
Өлеңдегі тағы бір назар салынған жай – жігіттердің жар таңдауы,

үй болуға байыппен қарап, алдымен өмірлік серік болатын қыздың
мінезіне, адамгершілік қасиетіне ақылына, инабаттылығына көз
жеткізу шарт екендігі:
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,

Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл берме!
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ұяты бар, ақылы бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма.
Осындай сөздерінен, әсіресе «Күйлеме жігітпін деп үнемі

ойнас» деген секілді өлең жолдарынан жасы үлкен адамның
өзінен кішілерге шын ниетімен жаны ашып сөйлегенде
көңіліндегісін батыл тура айтатын қазақтың халықтық дәстүрі
айқын аңғарылады. Өлеңнің соңында сүйіп қосылған жастардың

отбасындағы татулығы, көңілдес құрбылардың достығы
жайлы пікірін ақын бүкіл елде береке-бірлік болуын аңсаған
өрелі ойымен жалғастырады. Абайдың қоғамдағы әр түрлі
топтардың өкілдерін сипаттаудағы сыншылдық пікірлері де,

жастарға айтқан ғибратты ойлары, ақыл-кеңестері де халықты
үлкен адамгершілікке мақсат-мұратқа жетуге ынталандыру
ниетінен туған адамның жағымсыз мінезі, жаман әдеттерін
мысқылдап, ажуалай отырып, ақын адалдық, жігерлілік, еңбек

сүйгіштік, әділеттілік сезімі, ой тереңдігі секілді қасиеттерді
үлгі етеді.

* * * Абайдың өмірді, адамды суреттеуі барынша шыншыл да терең. Қандай құбылысты сөз етсе де, ақын оның қоғамдық, әлеуметтік тамырын, маңызын айқындап, адам үшін қоғам үшін пайдалы немесе зиянды жақтарын ашып көрсетіп, осының барлығын өмірдің ілгерілеу, даму тұрысынан бейнелейді. Міне, бұл ерекшелік Абайдың өмірді суреттеушілік тәсілін жаңаша қалыптастырды, әдебиетте сыншылдық бағытты орнықтырды, мұның бәрі сайып келгенде, қазақ әдебиетінде реалистік, сыншыл реалистік көркемдік әдістің туып, қалыптасуы еді. Абай әдебиетке әкелген аса зор жаңа сапалық өзгерістердің бірі және негізгісі осы дейміз. Абай қазақ әкімдерінің, ел билеушілерінің бейнесін көбінесе сыншылдық тұрғыдан сипаттайды. Патша үкіметі орнықтырған әкімшіліктәртіп бойынша қазақ арасынан сайланатын болыстар бас-басына би болып, ел іші бұзылатынын және өздері пара беріп сайланып, кейін тағы арық айтушыларды тыя алмай, уезді басқаратын мәртебелі чиновникке – ұлыққа жағынуға мәжбүр болған болыстардың мүшкін халін ақын сол кездегі заман шындығы ретінде терең ашып көрсетеді. Абайдың «Болыс болдым, мінеки» атты өлеңі – болыстың монологы түрінде құрылып, кейіпкердің атынан оның өз аузынан шыққандай болып айтылған сөздер өзі баяндап отырғаи іс-әрекет, мінез-құлықтары арқылы сол болыстың тұтас бітімді сом тұлғасы жасалады. Абайдың осы бастан-аяқ болыстың атынан айтылатын өлеңді бастау шеберлігі де көңіл қоярлық. Болыс болдым, мінеки, Бар малымды шығындап, – деген алғашқы екі тармақты алсақ, осындағы сөздер айтылатын ойдың алғашқы түйіні де, және өлеңінің аяғына дейін үзілмей үнемі өрістеп отыратын ой арнасының бастау көзі осынау кейіпкердің бір сәт ойға кетіп, болыстыққа жету үшін қандай қам жасағанын қанша малын шашып әуреге түскенін, болыс болғандағы іс-әрекеттерін, әр түрлі адамдармен қарым-қатынасын – бәрін көз алдынан өткізіп, өзіне-өзі есеп бергендей, тұжырымды бағалағандай болып отырған қалпы мейлінше нанымды да әсерлі-ақ! Абай осы өлеңінде алдына жан салмайтын мысқылшыл, сатирик-ақын, кемел

психолог-суреткер ретінде әсіресе айқын танылады. Бір ғажабы –
өлеңде әдейі әсірелеу арқылы күлкі жағдай туғызу деген мүлде
жоқ. Болыстың баяндап отырған жағдайлары түгелдей шындыққа
үйлесімді, пәлендей дерлік асырмай да, жасырмай да айтылғаны

аңғарылады. Сол заманда қазақ қоғамында болыстық үшін толақан
адамдардың басында үнемі кездесіп отыратын жағдайлардың
өмірдің өзінде бар қайшылықтардан келіп күлкілі, комедиялық,
тіпті керекдесеңіз, трагикомедиялық жағдай туады.

Күлкі әдетте аяқ астынан әлдеқандай бір кездейсоқ шыға кететін
оғаштық, өрескелдіктен, үйлесімсіз жағдайдан туатын болса, ал
мұнда өмірде үнемі кездесіп отыратын үйреншікті жағдайлардың,
ойланып істелген іс-әрекеттердің өзі ешбір қоспасыз, әдейілеп

өсірусіз-ақ күлкілі болып шығады.
Болыстың өзімен-өзі отырып өз жағдайын таразылап, өз іс-
әрекеттеріне сын көзімен қарап баға беруге тырысуы әбден
қисынды, бұл алданып қалмаудың амалы, істеген қылмыстары

үшін жазаға тартылып қалмауды ойлаған сақтығы деуге де болады.
Болыстың өз кемшілігін өзі көре білуі, өзі істеген ісің қылған
әрекеті әр кездегі көңіл-күйін сырт көзбен қарағандай бағалауы
оның сыншылдықтан, өзін де, өзгені де бір сәт әжуалап, әзілдеп

айтуға бейімділіктен құр алақан емес екенін де аңғартады. Бұдан
біз болыс мінезінің бір қырын айқын танығандай боламыз. Ал енді
тағы бір тұста:
Оңашада оязға,

Мақтамаймын елімді.
Өз еліме айтамын:
«Бергенім жоқ - деп – белімді».
Мақтанамын кісімсіп

Оязға сезім сенімді, –
дейтіні сырынақтарудан, өзін сынаудан гөрі ептілігін, жағдайға
қарап жалтарғыштығын көңіліне медеу қылған деп бағалауға
келеді. Не десекте, осы өлеңдегі болыс бос мақтанға салынған

жайдақ жан емес. Ол бірден-ақ «елімді ұстай алмадым мығымдап»
деп, өз әлсіздігін сезетінін де жасырмайды. Керек жерде айламды
асыра алмадым деп, өзін-өзі аяғандай болады.
Болыс «антұрғанмен өзім де» деп өзінің монтаны, екіжүзділігін,

пайдақорлығын мойындайтын секілді, алайда соны пысықтығым,
қулығым деп санайтындай, қалайда жаздым-жаңылдым деп

райдан қайтуға ұмтылғаны байқалмайды. Ол өткенге өкіну үшін
емес, жағдайым оңай емес, алдағы күнім не болады дегенді ойлап,
ашылып, ақтарылып айтқандай сыңай танытып отырғанға ұқсайды.
Бұл тұста біз болыстың қысылтаяң уақыттың жақындағанын сезіп,

енді бір сәт ағайынға ақыл салғалы отырған ниетін де байқаймыз.
Ақыл айтар туғандар,
Бұл сөзімді ойлаңдар.
Тек ақыл қосуды сұрап қана қоймайды, жазадан құтылып

кетуіне көмек беріңдер дейді:
Мынау елді ұстарлық
Кісі емеспін, кел құтқар!
Абайдың асқан суреткерлігі, ақындық шеберлігі болыстың

психологиясын, мінезін, көңіл күйін, қимыл-әрекетін нанымды
бейнелеуінен, ағынды жырдың үлгісінде жазылған өлеңнің
басынан аяғына дейін саулап құйылып тұрған болыстың аузымен
айтылатын ұтымды, ұтқыр сипатталған сөздерден айқын көрінеді.

Кейіпкердің қимыл-әрекетін дәл сипаттап, көзге айқын
елестететін, көңілге берік ұялататын бейнелілік қуаты күшті
ойнақы сөздерді (етістіктен жасалған эпитеттерді) ақынның
мол қолданатыны айрықша назар аударады. Шыбындап тұрған

малдай өзінің зорға бас шұлғуы немесе елемеген адамның
ескермейтін, құлаққа ілгісі келмейтін сөзін қырындап тұрып
тыңдағаны сияқты, күпілдеп сөз сөйлейтіні, далпылдап шауып
жүретіні, тарпылдап жүріп, табанынан тозатыны, ашу шақырып,

сестенгенде барқылдап ұрысқан болатыны, кейбіреуге ұрған таяғы
бартылдап тиіп жататыны – бұлар болыстың әр түрлі жағдайдағы
қалпын, әрекетін дөп басып бедерлеп, бейнелеп көрсетеді. Мұндай
сипаттауларға тән мысқыл бадырайтып сырттан берілген бағадай

айтылмай, кейіпкердің өзіне айтқызу арқылы бүркемеленіп
тұрғаны тегін емес. Осындай сөздер қатар-қатарымен, еселеп,
еспелеп берілсе де, әдейілеп тізбектелгендей әсер қалдырмайды.
Дәл сондай жағдайда өзінің хал-жағдайын, жәй-күйін анық сезіне

алатын адамның аузына өзінен-өзі түсетін, бірден-бір орынды
сөздер болып көрінеді. Аз-көп айласы бар, көзі, көңілі соқыр
емес, қисынды сөйлей алатын адамның нағыз айтатын сөздері осы
деп еріксіз иландырады. Өлеңде әр тұста бой көрсетіп қалатын

басқа кейіпкерлерді де біз осы болыстың көзімен көріп, оның
мінездеуі арқылы елестетеміз. Өктем, елді шошытып, қырып-

жойып, сестендіре келетін ұлықтың «Ояз жатыр шартылдап» деп
сипатталатыны, ояздан елге шыққанын хабарлаушы атшабардың
лепілдеп келіп, қарсы алыңдар, үй тігіңдер деп дікілдеп жүрген
болып көрсетілетіні немесе оязға беделді болыстарды айтқанда,

олар тарқылдап мақтанып жүр, қарқылдап күледі, аңқылдап
сөйлейді, дауыстары саңқылдап естіледі дегендей әр түрлі
қимыл-әрекеттерді дәл тауып айқындайтын сипаттамалар арқылы
бейнеленетіні де осы өлеңнің басты кейіпкері болып отырған

болыстың жай-жағдайды хал-қадарынша аңдап, өзінен басқаларға
да тиісті баға бере алатынын танытқандай әсер етеді.
«Күлембайға» деген жалпылама атпен басылып жүрген
Абайдың екі өлеңінің ең көбірек тілге тиек болатыны «Болыс

болдым, мінеки» түгелдей сол болыстың өз аузынан шыққан сөз
түрінде келсе, екіншісі өлеңді айтушы (ақын) болыспен бетпе-
бет келіп тілдескендей, болысқа тура қаратып айтылған қағыта
сөз қалпында беріледі. Кенет табан астында тауып айтылған

тұжырымды экспромт, қазақ поэзиясындағы қалыпты жыр үлгісіне
де сәйкес келетін осы ықшамды өлең басталғанда әзіл-қалжың мен
зілсіз ажуаға ұқсайды да, одан әрі өткір келемеж, ащы мысқылға
ойысады:

Уағалайкүмүссәләм,
Болыс, мал-жан аман ба?
Мынадайға кез болдың
Аума-төкпе заманда.

Ел билеген адам жоқ
Ата менен бабаңда.
Болыстықтан пайда қып,
Шығыныңды алсаң, жаман ба?

Қалжыңдаймын әншейін
Оған келе де бермес шамаң да!
Орныңнан тұра шабасың,
Атшабар келсе қышқырып,

Ояз келсе, қайтер ең,
Айдаһардай ысқырып.
Отырасың үйіңде
Өз-өзіңнен күш кіріп.

Босқа-ақ түсіп қаларсың,
Біреу кетсе үшкіріп.

Осы өлеңді қай жағынан алсақ та болысты бетпе-бет келіп,
қалжың-әзіл түрінде сөзбен қағыту да, әзілдей отыра, адамның
жағдайын, жай-күйін дәл танып, тап басатын тапқырлығы да,
жыр өлшемін әдемі өрнектеп қолданып, шешендік сөз нақысына

келтіре, табан астында суырып салып айтқан шеберлігі де – бәрі де
нағыз халықтық поэзияға, халық тіліндегі бұрыннан қалыптасқан
үлгілерге тән сипаттарды танытады. Бірақ бұл Абайдың өз
қолтаңбасы байқалмайды деген сөз емес, ақын шеберлігі өлеңде

халықтық дәстүрлермен ұштаса көрініс тапқан деген сөз. Осы не
бары ықшамды екі түйдек көлемінде келетін жыр-өлеңде парамен
билікке қолы жетіп, енді алар жерді көздеп отырған болыстың елге
сұсты, озбыр оязға жалынышты мінез-құлқын әсерлі бейнелеп,

оның тұтас тұлға-бейнесін айқын көзге елестетуінен ақынның
суреткерлік шеберлігі айқын сезіледі. Оған қоса өлеңдегі ой
желісінің өрістеуі – әуелі жеңіл әзіл-қалжыңмен болыстың көңілін
өзіне аударып алып, содан кейін барып қана сынға, ащы мысқылға

ауысу тәсілі де назар аударарлық. Алдымен жайдары сәлемдесіп,
тіпті сөзін ниеттестік көңіл танытқандай, жаны ашығандай етіп
айтып, жіңішкелеп қана, болыстықтың пайдасын көріп шығарған
шығыныңды қайтарып алмайсың ба? – деу арқылы пара беріп

болыс болдың, енді өзің пара алып есесін қайтарасың дегендей
еппен, емеурінмен білдіреді. Соны айтуын айта отырып, жай
қалжың ғой деп, жуып-шайып қояды. Алайда, оған шамаң келмес,
оны істеу қолыңнан келмес, деуі ақтауда, жақтауда емес, кеміту,

келекелеуге көбірек ұқсайды. Міне, нағыз қатал сын, әшкерелеу,
ащы мысқыл осыдан әрі қарай басталады. Және оның өзі енді
тосын, күтпеген нәрседей көрінбейді. Ақын енді сыпайылыққа
салмай, оязға бағынышты болыстың халі мүшкіл екенін, сөзге

ілінсе, бір-ақ күнде биліктен айырылатынын бетіне басып, тура
айтады.
«Ішім өлген, сыртым сау» деп басталатын өлең де әлдекімге
қаратып айтылған сөзге ұқсайды. Туралап ешбір адамның атын

атап, түсін түстеп жатпаса да, нақтылы біреудің ойламаған жерден
жат мінез көрсеткенін сынап, соның сырттан айтқан дауына ашына
жауап қатқандай сыңай танытады:
Ұрлық пенен қулыққа

Байлағанда кестің бау.
Берерменде бесеусің,

Аларманда және алтау.
Toп болғанда көрерсің
Түрлі дауды жүз тарау.
Аяғында сендейлер

Көрмей жүр ме қанталау?
Қайта келер есікті
Қатты серіппе, жарқын-ау!
Жетілсең де, жетсең де,

Керек күні бір бар-ау.
Өлеңнің табанда суырып салып айтқандағыдай дауыс толқыны
бірыңғай ағыммен келіп отыратын серпінді ширақтығы да, әр
сөздің бұлтартпайтындай дәлелділігі де көңіл аударарлық. Әрине,

бұл айтылғандар өлеңнің көркемдік бітім-ерекшелігіне көбірек
қатысты. Ал шығарманың мәнділігі – онда кең мағынасында үлкен
өмір шындығы жатыр, үйткені адам мінезі белгілі бір қырынан
алынып, типтік дәрежеде кескінделеді.

Абай адамның мінез-құлқын, қасиет-сипаттарын бейнелеу
арқылы да, әдетін, іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын, бет пішінін,
сымбатын көрсету арқылы да нанымды портрет жасауға шебер.
Мысалға «Дүтбайға» деген атпен басылып жүрген өлеңді алсақ,

оны тұтас психологиялық портрет деуге болады:
Жылуы жоқ бойының,
Жылмиғаны неткені?
Құбылуы ойының –

Кетпей құйтың еткені.
Мұңды, жылмаң пішінін
Кезек киіп, ел жиып.
Болыс болса, түсінің

Түксігін салар тырсиып.
Бір көрмеге тәп-тәтті
Қазаны мен қалбаңы.
Дөң айналмай ант атты,

Бүксіп, бықсып ар жағы.
Сенен аяр түгі жоқ,
Бүгін сыйлас көрініп,
Бүгін – жалын, ертең – шоқ,

Сөзі мен өзі бөлініп.
Әлі үміт, әлі серт,

Жын сықылды бұзылып.
Қулық емес, бұл - бір дерт,
Тұрлауы жоқ құбылып.
Ақын сөз болып отырған адамды нақтылы сипаттау, қимыл-

қозғалысың іс-әрекеттерін бейнелеу арқылы оның мінезіне тән
құбылмалылық, тұрақсыздық, екіжүзділікті ашып көрсетеді.
Қажет деген жағдайда көрер көзге көлгірсіп, жанын аямайтындай
көрініп, достық, тілектестік пердесін жамылып, монтанысып,

мүләйімсіп қалатыны, бірақ сырт айналғанда жалтарғыш, қолына
биліктисе, кекірейіп, басқаны көзге ілмеуге тырысып, суық,
сұсты түрімен сескендіре қарайтын кейіпкердің мұндай әдеттерін
ақын айлакерілік қана емес, шектен шыққан ерсілік, жөнсіздік,

жосықсыздық деп санайды.
* * *
Ескілікке, кертартпалыққа қарсы тұрған Абай халықты еңбекке,
өнер-білімге ұмтылуға шақырады. Тіпті оның өткір сынға құрылған

шығармаларының өзінде халық өмірінің көкейкесті мәселелеріне
жауап іздегені айқын сезіледі, оның шығармаларындағы наразылық
ағартушы-ақынның арман-мұраттарымен ұштасып жатады. Абай
өз заманындағы жас ұрпаққа үміт артып, олардың жүрегін оятуды

мақсаты тұтты. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге
ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі

– міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл

творчествосының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің
біріне айналады. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы
айрықша зор сүйіспеншлікпен айта отырып, олардың алға қойған
зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік

көрсететініне үлкен сенім артады.
Ішінде кімнің оты бар,
Қар жауса да сөнер ме?
Елге білім тарату, ғылымды меңгеру тақырыбы Абай

творчествосында бұрын-соңды болмаған, шын мәнінде орасан зор
әлеуметтік мазмұнға ие болды. Халықты ағарту, білім тарату ісін
ол адамдарды қандай да болсын әлеуметтік кеселден азат етудің
қуатты құралы деп түсінеді. Абай ескі ұғым-нанымдарға сену

әдетінен, топастықтан бойы жоғары тұрған білімді адамдарды
аңсады. Ол надандыққа, теріс, кертартпа ықпалға қарсы тұра

алатын, оқыған, біліммен қаруланған адамды құрметтеу керек деп
санайды. Ең алдымен білімді, ғалым адам мақтан тұтуға лайықты.
Ол үшін адам еңбек сүйгіштік, мақсатқа жету, кішіпейілділік,
мейрімділік сынды өнегелі қасиеттерге ие болып, өтірік айту,

жалқаулық, мақтаншақтық сияқты дерттерден аулақ болуға тиіс.
Ақылды, парасатты адамның идеал бейнесін ұсына отырып, Абай
оған жақсылықты жамандықтан ажырата білмейтін, ағыммен
ілесіп жүре беруге бейімделген надан, қараңғы адамды қарсы

қояды.
Абай поэзиясында жастарға білім беру, ғылым үйрету мәселесі
қай тұрғыдан баяндалатыны сөз болғанда, «Интернатта оқып жүр»
және «Ғылым таппай мақтанба» көбірек ауызға алынады.

1909 жылғы жинақ пен 1922 жылы Қазанда жарық көрген
басылымда «Ғылым таппай мақтанба» кейінгі жылдарда бөлек
өлең саналып жүрген «Интернатта оқып жүр» дейтін өлеңге
қосылып, біртұтас шығарма болып келеді.

«Ғылым таппай мақтанба» деп аталып жүрген өлең шынында
«Интернатта оқып жүр» деп басталатын өлеңнің жалғасы деудің
қисыны жоқ емес.
Бұл екі өлеңнің біртұтастығына көз жеткізу үшін оларды

салыстыра талдап шығу қажет. «Ғылым таппай мақтанба» дейтін
өлең түгелдей ғылым үйренуге талпынған жастарға айтылған
ақыл-кеңес түрінде құрылған болса, «Интернатта оқып жүр» атты
өлеңде осындай ақыл-кеңес, насихат сөздердің алдында сол оқушы

жастарға тұжырымды сиаттама, мінездеме беріледі.
Интернатта оқып жүр,
Талай қазақ баласы.
Жас өспірім, көк өрім,

Бейне қолдың саласы.
Өлеңнің беташары іспетті осы ықшамды суреттемеден-ақ бұл
екі бөлшектен тұратын шығарманың бастапқысы деуге лайық
екенін аңғарамыз. Бұл сөздерден Абайдың білім алу, ғылым үйрену

жайлы ақыл-кеңестерін кімдерге қаратып айтып отырғаны анық
байқалады. Интернатта оқып жүрген балаларды ақын соншалық
жылы сезіммен, сүйсіне бейнелейді, «Талай қазақ баласы» деп
олардың көбейіп келе жатқанын да көңілге медеу етеді. Алайда

осылардың ертең ел үмітін ақтай алатынына ақынның сенімі
толық емес. Абай ел тағдыры, елдің арасы бұзылмауы, бірлігі

сақталуы осы жастардың келешекте қандай болуына байланысты деген ойын ашық айтады. Осы балалар орысша арыз жазып беруді үйреніп, кімнің ісі ақ, кімнің ісі қара екеніне мән бермей, әйтеуір арызды көбейтумен пайда тапса, үкімет орындарына, әкімұлықтарға берілетін қаптаған арызел ішінде өкпе-наразылықты күшейте түсетінін аңдатады. Ақын еңбексіз, ықылас-ынтасыз, мехнатсыз нағыз ғылым-білім қолға түспейді дей келіп, содан әрі бірден негізгі ой желісін үздіксіз өрбітіп, оқудағы мақсат не, алған білімді не қажетке жұмсау керек, не істеу, қандай қызмет атқарған жөн болады деген мәселе төңірегінде сөз қозғайды. Сонда Абай айтатын тілмаш я адвокат болуға ұмтылма, оқалы киім киемін деп әскери («военный») қызмет іздеме, ұлыққа жағынып күн көрем деп оязға қызмет қылма деген пікірлері көп қазаққа пана боларлықтай адам бол, өнбес іске алданбай, талабыңа лайықты тұрақты, орнықты істі іздеп табуға (кореннойға кіруге) ұмтыл деген түйінді, қазықты идеясымен астасып, байланысып келеді. Осы идеясын дамыта түсіп, ақын жастарға «не байларға қызмет қыл», онда да ерінбей, «адал жүріп адал тұр», немесе өз бетіңмен жүріп қарекет қыл, бірақ оған да талаптылық, ғылым да, ой да керек дейді. Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге, – дегенді Абай осы өлеңнің орта тұсында әртүрлі қарекет жайын сөз қылғанда және атап айтады. Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге, – дегенді оқысақ, «Ғылым таппай мақтанба» деп аталып келген өлеңнің жоғарыда талданған «Интернатта оқып жүр» деген өлеңінде мазмұн-мағынасы, ойдың түйдектетіп айтылуы, сөздердің үйлесімі жағынан да жалғаса келетінін бірден аңғарамыз. Ал «Ғылым таппай мақтанбаны» бүтіндей алып, екі өлеңді бастан-аяқ салыстырып қарасақ, жоғарыда аталған екі тамырлас тақырып, яғни ғылым іздеу және сол ғылымды жұмсап қарекет қыларлық тұрақты орын табу туралы ой-пікірлерін ақын жібін үзбей әрі

қарай жалғай беретінін көреміз. Сонда «Ғылым таппай мақтанба» деген сөзге ілесе келетін «Орын таппай баптанба» дегеннің мәнісі әбден айқындала түседі. Ол – алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын. Және бір қызығы осы жоғарғы «Ғылым таппай мақтанба» деп басталып, «Ойнап босқа күлуге» деп аяқталып, мүлде оқшауланып тұратын, басқа келесі тармақтармен үйлеспейтін төрт жол өлең «Интернатта оқып жүр» атты өлеңдегі «білуге – көруге – киюге – керуге – сөнуге – сөгуге – шіруге – жүруге – кіруге – сүруге – желуге – келуге – еруге – беруге – сенуге – енуге» деген тізбектелген бірыңғай ұйқасы бар тармақтардың соңынан келгенде, қатарластыра қаққан қазықтай барып өз орнына тұра қалады да, әлгі ұзақ созылып тізбектелген ұйқастардың аяқталған жері осы екені ап-анық байқалады. Ой желісі де бір жерге сайып келеді де, енді одан ірі сәл басқаша өріледі. Абай: Бес нәрседен қашық бол Бес нәрсеге асық бол, – деп адамдық, адамгершілік жайын қозғайды. Алайда ойының негізгі желісін үзбейді. Бұл тұста ерекше бір көңіл бөлерлік жай – Абай ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірімен сабақтастыра айтады, бұл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды. Ғалым болудың басты шарты – не нәрсені болсын ақыл таразысына салып өлшеу, ақыл сенген нәрсеге ғана сену және көзің анық жеткен шындықты тура айтудан тайынбау екендігін ақын нақтылап, мейілінше дәлелді етіп, шегелеп айтады. Осы өлеңдегі Абайдың надандықпен айтылған сөзге ерме дей отырып, «ақсақал айтты, бай айтты», егер қисық көрінсе, кімнің сөзі болса да, тіпті жақын адам айтса да, ақылменен жеңуді үлгі етуі, әсіресе, сол өткен ғасырдағы қазақ өмірінің жағдайында бірден-бір батыл айтылған пікір болғаны анық. Үлкен адамға, лауазымы жоғары адамға қарсы келіп, өз пікірін көлденең тарту сыпайыгершілікке келмейді дегенді желеу қылып шындықты тура айтуды қалайда шектеу, қолдамау ол заман ғана емес, бүгінгі заманда да аз кездеспейтінін ескерсек, Абайдың осы пікірлерінің мәні зор дейміз. Ендеше: Ақымақ көп, ақылды аз, Деме көптің сөзі – пұл, – дегенді көпке топырақ шашқандай емес пе деп көлгірсімей, ашық айтылған, жастарды артық сенгіштектен сақтандыратын ащы өмір шындығы деп бағалауымыз орынды.

Абай сөзінің мәні терең келеді, сондықтан қай сөзді болсын
жеңілдетіп, үстірт қарап, біржақты түсінуге болмайды. Осы
өлеңді Абай ғылыми пікір қорытуда, дүниетаным мәселесінде
кімнің де болсын жасы, мансабы, атағына қарамай, тек қана

шындыққа жүгіну қажет екенін шегелеп айтқан болса, ал
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» дейтін өлеңінде
шынға сенбей, жоққа сенетін адамдарды:
Ақсақалдың, әкенің, білімдінің

Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек, –
деп сынайды. Сырт қарағанда осылар екі түрлі, тіпті бір-біріне
қайшы пікір секілді көрінуі де ықтимал. Ал тереңірек үңілсек,
әр қырынан келіп айтылған, бірін-бірі толықтыра, айқындай

түсетін сөздер. Ғылымда басқаның пікіріне сын көзімен қарау
қандай қажет болса, өмірде жеңіл-желпі әңгімеге әуестенбей,
білікті, тәжірибелі адамдардың сөзін ұғып, тәлім алу да сондай
қажет екенін ақын орынды айтқан.

«Ғылым таппай мақтанба» деп басталатын өлеңдегі жоғарғы
пікірлерге:
Сөзіне қарай кісіні ал
Кісіге қарап сөз алма, –

деген нақыл түрінде келетін түйін де орайлас, жалғас.
Сырттай қарағанда мұның өзі бір түрлі тосын естілуі мүмкін,
үйткені кісіні сөзіне қарай бағалама, ісіне қарай бағала дейтін
үйреншікті пікірге қарама-қарсы келетін секілді. Ал байыптап

қарасақ, мұнда терең мағына жатыр. Кісіні сөзіне қарай, яғни,
ақылына, ойына қарай бағала, кісіге қарап, оның мансабына,
дәулетіне қарап, ақылға сыймайтын, қисынға келмейтін, сөзіне
иланып алданып қалма, «надандықпен кім айтса, ондай түпсіз

сөзге ерме» деген даналық пікірді аңғартады.
Ғылым-білімді уағыздаған ақын ақылды, білімді адамды аса
жоғары бағалайды. Не нәрсеге болсын ақыл – таразы («ақыл-
мизан, өлшеу қыл»), дүниенің сырын танып білуге ақылдың

мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
Абай ақыл туралы айтқанда ақылдылық, естілік деген

ұғыммен ақылмен танып-түсіну қабілетін білдіретін ұғымды
ажыратып, оларды екі нәрсе деп қарайды. «Әуелде бір суық мұз

– ақыл зерек» дегенде, Абай ақылды осы соңғы мағынасында

алған. Философиялық тұрғыдан келіп, ой мен сезімді бір-біріне
қарама-қарсы мағынадағы екі ұғым деп қараған Абай «суық
ақыл» мен «ыстық жүрек» (ыстық сезім) бір-бірін толықтырады
деп санайды. Осы екеуіне қайрат, жігер қосылса ғана, адамның

қасиеті кемеліне келеді деп есептейді.
Ақыл қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды

Жол да жоқ жарыместі жақсы демек.
Абайдың айтып отырғаны – ақылдың зеректігі, танымдық
қуаттылығы, онан соң жүректің сезімталдығы, адамгершілік
сезімнің күштілігі және қайраттылық, жігерлілік – осы

үшеуінің бірлігі. Бұл пікірін Абай он жетінші қарасөзінде
толықтырып, басқаша өрбітеді. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі
өнерлерін айтысып, таласып, ғылымға жүгінеді дейді де,
ғылымға төрелік айтқызады. Ол қайратқа: «қаруыңа қарай

қаттылығыңда мол бірақ залалың да мол кейде жақсылықты
берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің» десе,
ақылға: «амал да, айла да – бәрі сенен шығады. Жақсының,
жаманның-екеуінің де сүйенгені сен» дейді. Солай деп келіп,

үшеуіңнің басың қосылғанда, «сонда билеуші, әмірші жүрек
болса жарайды», – деп түйеді. Сөйтіп, ақылды өте жоғары
бағалаған Абай, ақыл, жүрек, қайрат үшеуін қатар алғанда, ар-
ұждан мінез-құлық талаптарын ескеріп, бірінші орынға ақыл

мен қайратты қоймай, жүректі қояды. Осылай түйінделген
пікірдің қалыптасқан сюжеттің ретімен айтылуы да ықтимал.
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің айтысына төрелік айтқан ғылым
сөзін «кітаптың айтқаны осы» деп аяқтайды ғой. Қалай десек

те, өлеңдерінде Абай ақыл, жүрек (сезім), қайрат үшеуінің
бірлігіне, оларды бірдей ұстау қажеттігіне назар аударады.
Мысалы «Лай суға май бітпес қой еткенде» дейтін өлеңін
алсақ, онда да Абай, жоғарыда айтылған «Әуелде бір суық

мұз - ақыл зерек» атты өлеңдеріндегідей, осы үш ұғымды
адамшылық сипат тұрғысынан түйістіріп, бірлестіре қарайды
және бірін артық, бірін кем демей, бірдейлік мағынада алады:
Осыны оқып ойлай бер, болсаң зерек,

Еңбекті сат, ар сатып неге керек?

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Атымды адам қойған соң,
Қайтып надан болайын?

Халқым надан болған соң,
Қайда барып оңайын?! –
деп, осы өлеңінде жария ететіні де көңіл қоярлық.
Дүниенің сырын ақылмен танып-білу үшін, тыңдаған сөзді ұғу

үшін адамның ниеті, көңілі таза болуы, іштегі кірден арылуы шарт
деп санайды Абай:
Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі.

Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі.
Жүректе айна жоқ болса,
Сөз болмайды өңгесі.

Тыңдағыш қанша көп болса,
Сөз ұғарлық кем кісі.
Абай адамның ақыл-ойының танымдық мүмкіндігі аса зор
дей отырып, тек жаратушыны толық тануға ақыл жетпейді,

сондықтан оны жүрекпен сезу керек деп санайды:
Өзгені ақыл-ойға қондырады,
Біле алмай бір тәңіріні болдырады.
Ақыл мен хауас барлығын

Білмей дүр, жүрек сезе дүр.
Жүректі, сезім күшін (интуиция) осылай жоғары бағалағанда
да Абай «жүректің ақыл – суаты» деп көрсетеді.
Ақиқатты, шындықты ақылмен танып, соған ғана сенуді

Абай нағыз саналы адамға лайық деп біледі. «Ғылым таппай
мақтанба» атты өлеңінде ақын жастарды нанғыштықпен
аңқаулықпен біреудің сөзіне еруден қатты сақтандырады:
Надандықпен кім айтса,

Ондай түпсіз сөзге ерме,
Сізге айтамын, қаупім бұл.
Абай жастарға тән нанғыштық, ар жағы қалай болады демей,
қисық-түзуін анықтап алмай, айтқанға сене беру жарға соғуы

мүмкін екенін ескертеді.

Жұрты құрғыр сенгішке
Тұра ма қулық жалғамай? –
дейді ақын «Жастықтың оты жалындап» деген өлеңінде.
Кейінірек «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» деген

өлеңінде Абай осы мәселеге арнайы назар аударып:
Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, –
деп, қулықпен мақтағанға мәз болып, алданбау қажеттігін баса
айтады. Мақтан құмарлық, мақтан сүйгіштік адамның үлкен

міні, осалдығы деп түсінетін Абай мақтауға берілу сенгіштікке
бастайтын адамды ақылынан адастыратын жол деп қарайды. Бұл
кеселден адамды арылтатын адал еңбек пен ақыл:
Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Түгелдей насихат, байсалды кеңес түрінде келетін осы
өлеңінде Абай жас адамға жігерлілік, тайсалмайтын табандылық,
еліктіргенге ермейтін тұрақтылық лайық дей келіп:

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан – шын асыл тастай көрме, –
деп түйіндейді. Ақынның бұл сөздері адамды парасаттылыққа,
бойындағы жақсы қасиеттерді жетілдіруге ынталандырады.

* * *
Сыршылдық сипаты айрықша көрінетін көңіл күйі лирикасы
Абайдың қазақ поэзиясына қосқан аса құнды жаңалықтарының
бірі. Өзі сыршылдық лирика болған соң, онда қуаныш та, қайғы-

мұң да, күйініш те бәрі болатыны заңды құбылыс қой. Көңіл күйі
лирикасында ақынның өз жан дүниесін сезінуі әсіресе айқын және
әлдеқайда толық көрінеді. Осыған орай лириканың бұл түрі ауызша
әдебиет дәстүріне жақын ақындардың өлең-жырларынан гөрі

жазба поэзияда кеңінен орын алады. Абайдың бұл салаға жататын
өлеңдерінде мұңды сарын басым болса, ол оның сыршылдығы
қоғамдық құбылыстарды саналаудағы сыншылдығымен астасып
жатқандықтан.

Абайдың өткенге көз жіберіп, өмірдің еріне шыққан тұста, енді
алдағы жаңа өзгерісті кезеңін шолған өлеңі – 1890 жылы жазылған
«Келдік талай жерге енді». Өлеңнің көркемдік құрылыс-сипаты да,
лирикалық ойдың айтылу тәсілі де өзгеше, мейлінше тартымды. Бұл

өлеңнен анық байқайтынымыз – Абай лирикасының сыршылдық

сипаты кейде өзімен-өзі сырласқан қалпынан да айқын көрінеді.
Ақын бір сәт ойға шомып, өзімен-өзі тілдескендей:
Енді аяңда, жығылма,
Сыймас жерге тығылма,

Қой бұрынғы желгенді!
Қайғы шығып иыққа,
Қамалтпасын тұйыққа,
Сергі, көңілім, сергі енді!

Балапан құстай оңдалып,
Қанатыңды қомданып,
Жатпа ұяда қорғанып,
Ұш, көңілім, көкке, кергі енді!

Осындай тұста тебіреніп ой толғаған ақын өзіне-өзі «сен» деп
сөйлейді:
Өзің жалғыз, надан көп,
Ұқтырасың сен не деп

Әулекі арсыз елге енді!
Өзіне-өзі бұйрық бергендей, оған өзі жауап айтқандай, сөз
жарыстыра толғанады:
Барма топқа шақырмай,

Жат үйіңде шатылмай.
Осындай терең сыршылдық сезіммен айрықша тебіреніп
сөйлеуі ақынның үлкен толғаныс үстінде отырып, ең көкейкесті
ойын ақтарып айтқан көңіл күйіне әбден лайық. Өмірдің өрін

тауысып, биік белге шыққан кезіндегі ақынның алды-артына көз
жіберіп, ендігі бетін айқындау мақсатымен айтқан ойының түйіні:
Туған жерді қия алмай,
Тентекті жеңіп, тыя алмай,

Әлі отырмыз ұялмай,
Таба алмадық өңге елді.
Адам деген даңқым бар,
Адам қылмыс халқым бар,

Тұла бойым шіміренді, –
дейтін, кімді болса селт еткізбей қоймайтын сөздері болса керек.
Осыны айтып отырған Абай, қиналса да, өзі таңдап алған жолынан
таяр ма? Адамдақты, адалдықты уағыздауын қояр ма? Жасым

ұлғайды деп, жан тыныштығын іздеуге көнер ме?
Бұл сөздерде абыржу болса да, айну жоқ екені, өмір бойы

білімсізбен алысып келген ақын тыныш жата алмайтыны еш күмән туғызбайды. Шыдармын ба, япырмай, Жатуға шықпай үйде енді? Ақынның өзіне-өзі қойып отырған бұл сұраудың жауабы жоғарыдағы сөздерінен-ақ байқалғандай. «Адам деген даңқым бар» деп отырған ақын ештемеге араласпай тыныш жатуға көне алмайтыны айқын секілді. Бірақ осыған өзін де, өзгені де әбден сендіруді мақсат еткендей. Ешкімнің бұған күмәні, шүбәсі болмасын дегендей өлеңнің соңғы шумағында ақын: Қатыныңның ойнасын Көрсең, білсең қоймасын, Не ойлар едің өз басың? – деп тындаушының өзіне тосыннан сұрақ қояды. Осыған дейін тек өзі туралы ғана айтып, өз көңіл күйін баяндап келген ақын енді аяқ астынан ауыр сауалды өзіне емес, басқаға – тыңдаушыға арнайды. Оны әйелінің екіжүзділігін кенет біліп қалып, жанын қызғаныш оты күйдіргендей сезіндіріп, қинайды. «Сонымен тең біз де енді», – деп, қызғаныш сезімі қысқанда шыдау қандай қиын болса, елдің жайын біле отырып, менің ештемеге араласпай жай жатуым да сондай дегенді аңғартады. Ақтарыла сырын айтыптолқып сөйлеп отырған ақынның тыңдаушысын толық иландыру үшін оған осындай тұрпайылау сөзді тікесінен айтуында ешбір оғаштық жоқ секілді. Үйткені осы сөздің өзі «көрсең, білсең» деп жалпы өмірде болуы мүмкін нәрсе туралы шартты түрде айтылғаны анық қой. Өлеңнің ең басында-ақ «Кіруге-ақ қалды көрге енді» дегенді ақын бірден айтып салса да, өмірім осымен таусылды деген айдан аулақ. Сондықтан ол өмірдің көбі етіп, азы қалды дегенді күшейтіп, әсірелеп солай айтқан деп қараған жөн. Шынында Абай өлеңнің өн бойында өзіне-өзі күш беріп, қайраттандырып, ширыға түседі. «Жүрегім, ойбай, соқпа енді» ақынның көңіл күйін білдіретін сыршыл лирикасының үздік үлгісі деуге лайық. Жүрегім, ойбай, соқпа енді! Бола берме тым күлкі. Көрмейсің бе, тоқта енді, Кімге сенсең, сол шикі. «Жетім қозы тас бауыр, Түңілер де, отығар».

Сорлы жүрек мұнша ауыр
Heгe қатты соқтығар?...
Осы өлеңнің мағыналық сыйымдылығы, ақынның сезім күйін
бейнелеу жағынан әсерлілігі таң қаларлық. Алайда ақын жанын

тебірентіп, сезімін қозғаған дейтіндей өлеңде айтылатын нақтылы
жай-жағдай аз. «Кімге сенсең, сол шикі», деп ақын сенерлік
жан табылмағанын ешкімнің атын атап, түсін түстемей ғана
айтады. Ендеше осы өлеңге тән сыршылдықтың, психологизмнің

қуаттылығы неден туады? Психологизм, сыршылдық дегенді
ақынның үнемі ішіндегіні ақтарып айтып тастауы деп түсінбесек
керек. Өлең де кейде нәзік сезім күйін ырғақ-әуенімен білдіріп
күшті әсер ететін әдемі күйге, музыкалық шығармаға біршама

ұқсас келетіні болады. Осы тұрғыдан қарағанда ақынның өз
жүрегін қиындыққа амалсыз төзетін жетім қозымен салыстырып
бейнелеуі, тірлікте бір қана алмай, қиналысқа түскендей жайын
айтуы-ақ жеткілікті. Өлеңнен оның өзімен-өзі отырып, жүрегін

толқытқан сезімді ой елегінен өткізіп жұбаныш тапқандай қалпын
аңғарамыз. Ақынның өз көңіл күйін, ішкі сезімін осылай етіп
ұстамдылықпен, сыпайылықпен жеткізе білуі де айрықша ұтымды.
Абайдың ақындық өнерін жаңа қырынан танытатын оның

жазба поэзия үлгісіндегі нағыз сыршылдық лириканың асқан
шебері екенін дәлелдейтін көркем туындыларының бірі – «Ем таба
алмай». Өлеңнің ырғағы да өзінше өрнектелген:
Ем таба алмай,

От жалындай
Толды қайғы кеудеге.
Сырласа алмай,
Сөз аша алмай Пендеге.

Босқа ұялып,
Текке именіп,
Кімді көрсем, мен сонан,
Бетті бастым,

Қатты састым,
Тұра қаштым
Жалма-жан.
Өлең шумағы төрт буынды қысқа қос тармақтан басталып,

олардан гөрі салмақтырақ жеті буынды тармаққа ауысады. Ал сол
төрт буынды қос тармақ тағы қайталанып келгенде, келесі тармақ

үш-ақ буын болып келте қайырылады. Осыдан келіп ырғағы жеңіл,
толқымалы, ойнақы болып шыққан. Мұның өзі өлең мазмұнына,
жас адамның сезім иірімдерін ерекше бір тапқырлықпен еркін
жеткізу тәсіліне бірден-бір сәйкес келеді. Лирикалық тұлғаның

жүрек сырын қайғы-мұңы еш адамға білдіре алмай, сені серілік
жан таппай, әркімнен именіп, қысылған көңіл күйі оның өз
аузымен ешбір іркілмей айтылған сөздер арқылы көрінуінің өзі
айрықша әсерлі. Бір ғажабы, осы айтушының кеудесін кернеген

қайғы-мұңын не екені нақтылы айтылмаса да, оның жүрегінің
сезім толқыны еріксіз тебірентеді.
Жас жүрегім
Жанды менің,

Жай таба алмай, япырым! –
деген секілді тұралап айтылған сөздері де,
Жас теректің Жапырағы
Жамырайды, соқса жел

Түсті мойын,
Толды қойын,
Ақты сел –
деген суреттеме түріндегі баяндауы да бұрынғы қайғысыз, қамсыз

жүрген жас адамның күшті сезімге берілген күй-жайын жақты
елестетеді. Соңғы шумақтағы:
Тез дерттендім,
Кейде өртендім,

Кейде мұз, –
деп келетін сөздерден де осы өлеңге тән адамның ішкі сезімін
сипаттап жеткізудегі шынайылықты көре аламыз. Тек осындағы
«кейде өртендім, кейде мұз» деп шендестіре бейнелеу өлең

сарынына қосымша бір реңк бергендей. Бірақ мұның өзі өмір
шындығына толық сәйкес, сөздің бояуын қоюлату үшін айтылмаған.
Бойын күшті сезім билеген адамның бірде күйіп-жанғандай болса,
бірде суынып, қалтырап тоңғандай күйге түсуі

Әбден нанымды. Осы өлеңнен «Жасжүрегім жанды менің»
деп басталатын біз түгелге жуық келтірген соңғы үш шумағын
алып, Ыдырыс Мұстабайұлы өзінің Абай жайында жазған
мақаласында: «Бұл сөз талабы зор болған, бірақ неге кірісерін, не

істерін білмей дел-сал болып жүрген адамның сөзі» деп кесімді
байлам жасаған. Лирикалық өлеңде автордың өз басы, өз пікірі

үнемі тікелей көріне бермейді, көп ретте ол болғанды ғана емес, болатын жағдайды, күй-жайды психологиялық жағынан нанымды етіп бейнелеуге ұмтылып, жинақталған лирикалық тұлға атынан сөйлегендей болады деп біз жоғарыда айтып өткенбіз. Және бұл өлеңнің мәнділігі де алдымен адамның көңіл күйін, жас кездегі бейқамдықтан енді қайғы ойлауға көшкен кезіндегі бір сәтін көрсетуде екенін де ескеру қажет. Қайғы ойлау дегенді сары уайымға салыну деуге және келмейді. Мұны Абайдың өзі «Қарасөздерінде» айтқан «әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ақирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек» деген пікіріне орайлас түсінген жөн. Сондықтан бір ғана өлеңдегі жеке сөздерге қарап, сол өлеңнің авторының өзін алдына ешқандай айқын мақсат қоя алмай жүрген адам болған екен деп бағалау, әрине, қисынсыз. Мұның өзі тіпті ап-айқын тұрған нәрсе, оған тоқталып жатуда артық секілді. Бірақ осындай, осыған ұқсас байлам жасау бұрын да, кейін де кездесіп келгенін мүлде ескермеуге тағы да болмайды. Мұстабайұлының біз үзінді келтірген, түгелдей алғанда құнды деп санауға боларлық мақаласының өзінде, бір емес, бірнеше осындай сын пікірлер арнайы дәлелдеусіз-ақ жол-жөнекей айтылып кетеді. «Ем таба алмай» өлеңі – Абайдың сыршылдық лирикасындағы алғашқы озық үлгілерінің бірі. Бұл өлеңінің жазылған кезеңі дәл анықталған деп айту қиын, сондықтан бұл мәселе жайлы ойласу да артық емес секілді. Ақынның жинақтарында ол 1890 жылы жазылған өлеңдер қатарында беріліп жүр. Ал өлеңнің мағынасына қарасақ: Жас жүрегім жанды менің, – дегенді бұрынғы емес, қазіргі жайжағдайды сөз етіп айтатынын ескерсек, бұл өлеңді Абай ұлғайған кезінде, «Келдік талай жерге енді» деп толғанатын уақытында жазған деудің қисыны келе қоймайды. Екінші жағынан өлеңнің стиліндегі, өлең өнеріндегі үлкен ізденістен туған қалыптасқан шеберлікті еске ала отырып, және Абайдың ақындық өнерді шындап қолға алған кезі қырыққа келген тұсы деген тұжырымға сүйеніп, бұл өлең кейінірек жазылған болар деуге де негіз жоқ емес. Олай десек, бұл өлеңде лирикалық тұлғаның мәні айрықша зор екенін мойындауымыз қажет болады. Абай ой-сезімін тікелей өз атынан айтып жеткізуден гөрі, жинақталған лирикалық тұлғаның атынан айтқан болады. Кейбір өлеңдерінде ақынның өз көңіл күйі тікелей, тура көбірек

көрінсе, басқа бір өлеңдерде жинақталған лирикалық тұлға
айқынырақ көрінеді. Осы тұрғыдан қарағанда «Тайға міндік»
дейтін өлеңге тоқталудың реті бар. Бұл өлеңнің композициялық
құрылысына тән бір өзгешелік – әр шумақтағы алғашқы алты

тармақта жастық шақтағы бастан кешкенді, болған жайларды
ақын өзі де соған тікелей қатысушы ретінде баяндап айтады да,
онан кейінгі қысқалау үш тармақта сол іс-әрекеттерге сырттай
қарап баға беру тәсілін қолдануға ұмтылады. Мұны әсіресе мына

шумақтардан айқын байқаймыз:
Тайға міндік,
Тойға шаптық,
Жақсы киім киініп.

Үкі тақтық,
Күлкі бақтық,
Жоқ немесе сүйініп.
Күйкентай күтті,

Құс етті,
Не бітті?
...Бозбалалық –
Қыз қарадық,

Қалжың, әзіл сөйлестік.
Ат жараттық,
Сән тараттық,
Әуейілік күйлестік.

Көңілге келер,
Кім жолар,
Кім көнер?
Жастық шақ туралы ой толғағанда ақын өзінен гөрі өзгелер

жайын көбірек айтатынын жиі кездестіреміз. Бұл орайда
«Жастықтың оты жалындап», «Жастықтың оты қайдасың» секілді
өлеңдерін айтсақ болар. «Жастықтың оты жалындап» әуелі жастық
шақты, оның артықшылығын сипаттайтын сөздермен басталады:

Жастықтың оты жалындап,
Жас жүректе жанған шақ.
Талаптың аты арындап,
Әр қияға салған шақ,

Уайым аз, үміт көп,
Ет ауырмас бейнетке.

Бүгін-ертең жетем деп
Көңілге алған дәулетке.
Өмірге үлкен сеніммен қараған арман қуып алға ұмтылған, әлі
еш нәрседен көңілі қайтпаған кезді, албырт жастық шақты осылай

тұжырымды суреттей келіп, ақын сөзін одан әрі жас адамның
жақсы мінезі, жағымды іс-әрекеті қандай болмақ керек деген
оймен жалғастырады:
Қайратпен кіріп, жалынбай,

Ақылмен тауып айласын,
«Мен қалайға?» салынбай,
Жылы жүзбен жайнасын.
Қайратқа сеніп қақтықпай,

Жазасын тауып жауласар.
Қатынша тілмен шаптықпай,
Майданға шықса, жарасар.
Бұдан әрі өлең ой-толғау түріне ауысады, ақын сол жастардың

өзімен тікелей тілдесіп, сұхбаттасқандай, оларға ақыл-кеңес
айтқандай:
Талайғы кәрі дүниенің
Бір кетігін ұстап бақ...

Досыңа достық – қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол..
Ақ көңілді жақсыдан
Аянбай салыс ортаға.

Ақылы, ары тапшыдан
Қу сөзін алма қолқаға.
Өлеңнің соңғы тұсында ақын өзі сол жастарға араша түсіп,
олардың сенгіштігін, адалдығын пайдаланып кетуге тырысатын

ұсақ қулыққа үйір адамдарға сын айтады:
Ары кеткен алдағыш,
Мені-ақ алда, сөкпейін.
Балы тамған жас қамыс

Ормасаңшы көктейін!
Сені жақсы көрмесе,
Сенер ме еді сөзіңе?
«Япырмай!...» деп терлесе,

Ар емес пе өзіңе?!

Ақынның сол алдамшыға бетпе-бет келгендей, сөзін тура қаратып, қадап айтуында ешқандай жасандылық байқалмайды. Жүрек тебіренісінен туған лирикалық сезімнің қуаттылығы айқындала түседі. Бірақ Абай жастық шақты өлеңнің басында да, кейін де өз басының күйі етіп айтпайды, жалпы жастарға тән жайжағдай, сипат-мінез етіп көрсетеді. Жастардың жайы, тағдыры ақынды қатты толғандырады, өлеңге ерекше лирикалық леп, күш дарытады. «Жастықтың оты қайдасың» атты өлеңінде Абай ғылым үйрену қажеттігін кісілікті ойлау, мал бағу, өнер іздеу, махаббат, достық мәселелерімен қабыстыра сөз қылады. Ақын өз жайын, өз басын айтудан гөрі көбірек басқалар туралы, жалпы жұрт туралы ой толғап отырғаны байқалады. «Құр айғаймен әуре боп» жүргендер солар деуіміз лайық. Әсіресе келесі соңғы шумақтағы: Енді нені істейміз, Бәрінен де бос қалдық? «Ауызға келіп түс» дейміз, Қылып жүріп құр салдық! – деген сөздерін салмақтап көрсек, ақын «біз» деп өзін қоса айтқан секілді болғанымен, оның өзге адамдарды, ел қыдырумен, салдық құрумен уақытын босқа өткізіп, дайын асқа ие болсам деп жүргендерді нысанаға алып отырғаны айқын аңғарылады. «Біз» дегені тура, ашық соқтықпай жағалатып келіп, ажуалап қана айтқаны. Сөз түсінер адамға осы да жетер дегендей. Абай адамдардың санасын өзгерту арқылы заманды түзетуге («түзетпек ем заманды»), қоғамның кемшіліктерін жоюға ұмтылады. Бірақ ол адамға білім беру, жамандық пен жақсылыққа көзін жеткізу арқылы әдет-ғұрыпты, заманды мүлде өзгертуге, түзетуге, қоғамды бүлдіретін кеселдің тамырын жоюға болады деген сенім оп-оңай іске аса қоймайтынын да аңғартады. Міне сондықтан ақынның шығармаларында торығу, қайғы-мұңға берілу сарыны да күшейе түсті. Қазақ қоғамында надандық, ескілік атаулы өте терең тамыр жайып кетті. Қазақ топырағына өзі еккісі келген идеялар ұрығы көңілге толымды жемісін бермеді деген ащы ой ақынның еңсесін басқандай. Сондықтан да ол: Ермен шықты ит қылып, Бидай шашқан егінге, – деп налиды.

Ғабдырахман Сағди 1923 жылы «Ақ жол» газетінде жарияланған
«Абай» атты мақаласында Абай пессимистік жолға түскен дүниеден
безінуге дейін барған деген байлам жасайды. Бұл мәселеге арнайы
тоқталып отырғанымыз сондай, немесе соған ұқсас пікірлер

кейін де талай айтылды, бүгінге дейін қайталанып келеді. Және
поэзиялық шығармадағы қайғылы, мұңды сарын мен ақынның
өмірден түңілуі дегеннің арасын ажырату әдебиетке қатысты
ең бір күрделі, қиын мәселенің бірі. Талай сыншы, зерттеушіні

сүріндіретін жер – осы.
Абай «Жүрегім менің қырық жамау» деген өлеңімен «хатта
адамзаттың өзінен безгендігін аңғартады», – деп, Сағди осы өлеңді
өз байламына үлкен дәлел санаған.

Жүрегім менің – қырық жамау
Қиянатшыл дүниеден.
Қайтіп аман қалсын сау,
Қайтқаннан соң әрнеден

Өлді кейі, кейі – жау,
Кімді сүйсе бұл жүрек.
Кімі – қастық, кімі – дау,
Сүйенерге жоқ тірек.

Кәрілік те тұр тақау,
Алдымызда айла жоқ.
Қайғысыздың бәрі – асау,
Бізге онан пайда жоқ.

Қанжүректі қайғылы-ау,
Қайырыла кет сен маған.
Қасиетін ойлан-ау
Қам көңілдің тынбаған.

Осы бар болғаны төрт шумақ шағын өлеңде қайғы-мұң, кейіс
бар десек те, өмірден күдер үзгендік, мүлде безінгендік бар деуге
ешбір негіз жоқ.
Әуелгі төрт жолда жүрегім – қырық жамау, (үйткені) дүниеде

қиянатшылдық көп, әр нәрседен көңілім қалды деген бастапқы
тезис түріндегі ой айтылады. Ой-сезімнің осы алғашқы
толқынынан ақынды тебіренткен, жүрегін қозғаған өмірден
көргені, бастан кешкен жайлары екенін аңдауға болады. Қандай

қиянатшылдық көрді екен, неден көңілі қалды екен деген сауал
тууы да ықтимал. Келесі екінші, үшінші шумақтарда осы жайларды

ақын көп тәптіштеп түгендемесе де, айтайын дегенін біраз нақтылап, анықтай түседі, соның нәтижесінде ой-сезім ағыны енді тиянақтылық сипат алады. Ақынның қайғы-мұңы өмірдегі болатын трагедиялық жағдайларды терең сезінетін «сырты бүтін іші түтін» ойлы адамның жай-күйін танытады екен. Бірақ сары уайымға салынғандық дейтіндей артық ештеме байқалмайды. Жанындай сүйген адамдары өмірден кетті, жақын достар қас болып шықты деп кейігені табиғи нәрсе емес пе? Кәрілік таянғанына қуанбаса, оны да түсінуге болар. Мәселе тек қайғысыз, ойсыз отыруда ғана емес десек, осының аяғы немен тынатынын күтсек керек. Соңғы шумақтан ақынның қайғы-мұңын серпілтетін көңілін жұбататын жанашыр іздеп, қайғысын бөлісе алады-ау деген адамына «қайырыла кет сен маған» деп, өзінөзі сергітуге ұмтылатынын айқын көреміз. Алдыңғы айтылған сөздердің мағыналары осы тұста түйісетінін, аз-көп тыным тапқандай болған ойына жанасымды келетінін, байыптап қарасақ, аңғару қиын емес. Және мықтап ескеретін нәрсе, қандай өлең болсын, ол ақынның көңіл күйінің бір сәтін, бір тебіренісін ғана байқата алады. Талай өлеңдерінен Абайдың өмір сынына төзімділігі, қайғы келсе, қарсы тұра білетін беріктігі айқын танылатынын естен шығармай, әр өлеңді басқаларымен байланыстыра қарастыру шарт. ...Мінеки, өлеңдегі негізгі ойдың түйіні, салмағы осы соңғы шумақтарда жатқаны айқын болды емес пе? Ақын өмірдің өтуі жайлы толғанғанда көбіне-көп адамгершілік мәселесін қозғап, қанша астамшылық жасап, менменсінген адамның да желігі басылатын кезі болады деп, сондай тез-ақ өте шығатын баянсыз мінезден сақтандырып, татулық пен достықты, қулық сақтап жалған айтпай, адал болуды қуаттайды. Және көңілін толқытқан осы ойларын нақтылы біреулерді орынсыз істен, жеңіл сөзден сақтандырғандай, иландыра айтуы да назар аударарлық. Өмір қысқа, дүние жалған дегенді арманды, мұңды сарынмен айту да бар. Тіпті әйтеуір өмірдің байлауы жоқ, бәрі өткінші екен, олай болса, қолға түсетінді жібермей пайдасын көріп қалған жөн, адал боламын деп әуреге түсу не керек дегендей арам ниетін ақтауға соны тірек ету де кездесетіні де жасырын нәрсе емес. Абай, әрине, мұны жақсы білген. Ендеше ақын өмірдің өтетінін білмейтін, ойламайтын адам

секілді болмай, соны тебірене сезінген, ойға шомған күйде отырып,
адамгершілікті жоғары ұстау қажеттілігіне кәміл сенетінін білдіре
сөйлеуінің, сөзсіз мәні зор.
Осы тұста поэзия тілімен айтылатын ойдың бейнелілігі,

өткірлілігі, өзгеше түрленіп шығатыны туралы айта кету артық
болмас. Өйткені соның өзі де ақынның сергектігін танытып,
тыңдаушысын сергітуге де себін тигізеді. Поэзия тілінің,
бейнелеп сөйлеудің аса бір ұтымды қасиеті өте маңызды, тың

ой-пікірді әркімге белгілі қарапайым нәрсені айту арқылы-ақ
айқындап жеткізе алатынын осы өлеңнен де байқаймыз. Мысалы:
жоғарыда келтірілген «Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?»
деген тура мағынасында алғанда, өзінен-өзі түсінікті жәйтті

аңғартатын сөздер. Ал осы сөздер өлеңде астарлы, ауыспалы
мағынада айтылып, терең мәнге ие болған. Сөйтіп, ол сөздер
өмірдің өтуі жайлы толғанып, уақыт озады, бәрі де өзгереді, бірақ
адамгершілік, адалдық, бауырмалдық, туыстық-баянды нәрсе деп

түйген ақынның маңызды әлеуметтік, философиялық ойларын
айқынырақ, әсерлірек жеткізуге мүмкіндік туғызады.
Зер сала қарасақ, осы «тәтті» деген бір ғана сөзбен ақын адамды
қызықтыратын тіпті еліктіріп те әкететін өмірдегі алуан түрлі

жайларды, нәрселерді астарлап аңдатып отырғанын байқар едік.
Абайдың:
Жақсылық ұзақ тұрмайды,
Жамандық әр кез тозбайды, –

деген сөзінен де өмірден үмітсіздіктің, уайымшылдықтың
нышанын көруге тырысушылық байқалады. Ал осы сөздермен
басталатын өлеңді байсалды түрде қарастырсақ, шынында олай
емес екенін анық байқар едік. Ақын «жамандық» деп адамның

басына қайғы әкелетін жайды айтып отырғанын көреміз. Сонда
қайғы қанша қалың болса да:
Шыдасаң есті қашырмай,
Құлдатып, қор қып жібермес, –

дейді. Алға ұмтылу, талап қылу үшін де қайғыдан арылу қажет
дегенді аңдатады:
Құрсаған бұлт ашылмай,
Аспанның жүзі көгермес.

Үрпійген жүрек басылмай,
Талапты көңіл елермес.

Осы ойларын тұжырымдай келе, сол қайғыдан да жанға
қиынырақ бататыны жай-күйіңці түсінбейтін өзімшіл, мақтаншақ
адамдардың мінезі дейді.
Кез келсе қайғы қат-қабат,

Қайғыртпай қоймас адамды.
Қасиетсіз туған – ол да жат,
Күңкілдеп берер сазаңды.
Бәрінен де сол қымбат,

Қайтерсің өңкей наданды.
Сыпыра батыр сұм құрбәт
Мақтанмен алды мазамды.
Ал енді осы өлеңнің басындағы «Жамандық әр кез тозбайды»

деген сөзге қайта оралсақ, ол көңілге түскен қайғы оп-оңай
тарқамайды дегендей мағынаны білдіретіні анық болды емес пе?
* * *
...Махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан,

көркемдік сипат-өзгешелігі жағынан да сан алуан. «Жарқ етпес
қара көңілім не қылса да», «Ғашықтық, құмарлық пен – ол екі
жол» таза махаббат сезімдерін қастерлейтін өлеңдер болса, «Мен
сәлем жазамын» – ғашығына деген сағыныш сезіміне толы мұңды

өлең. Ал «Қор болды жаным» тіпті сағынышты, зарлы өлеңдеуге
де лайық, бірақ қайғы мен үміт аралас келеді. Мұны өлеңнің соңғы
шумағынан әсіресе айқын байқаймыз:
Бұл қылған зарым

Барса жардың маңына,
Ол – қылған дәрім
Ғашығымның жанына,
Оңалдырып ойды,

Түзетпей ме бойды?
Мұңды сарынды мазмұн-мағынасы да, құрылыс-қалпы да
айрықша күрделі өлең – «Сен мені не етесің?». Ол ғашық жарға
арналып айтылған, сезім иірімдері мол, нағыз психологиялық

монолог түрінде құрылған. Өлеңде ғашығын сарғая күткен жігіттің
(лирикалық кейіпкердің) аласұрған жүрегінің толқыны, сүйгеніне
жалынып-жалбарынған күдіктенген, күдер үзген сезім күйі – әр
сөздің айтылуынан да, өлең тармақтарының құбылмалы өрнекті

ырғағынан да сезіліп тұрғандай:

Шын ғашық мен саған!
Кейіп жүрсем,
Сені көрсем,
Ләм-мим деп

Бір сөз айтар
Хал жоқ,
Еріп кетер бой сол заман.
Ойыңды сен маған

Бір бөлмедің,
Тез келмедің
Мені іздеп,
Ішіңде ыстық

Қан жоқ,
Тас бауыр жар, бол қош-аман!
Абай «Ғашықтық, құштарлық пен – ол екі жол» деген өлеңінде:
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,

Мен не болсам болайын, сен аман бол, –
десе, «Сен мені не етесің» өлеңінде:
Серт бұзғанның, біл орны – шоқ, –
дейді.

Алдыңғы өлеңінде мейірімділік, кешірімділік сарыны басым
келсе, екінші өлеңінде сөзінде тұрамаған жар жазалы болады,
дүниеде қасірет шегеді дейді. Мұны ақынның екі өлеңіндегі екі
түрлі көркемдік шешім тапқаны деуге лайық. Біріншісінде ақын

(айтушы) адал сезімін білдіргендей болса, екінші өлеңінде ғашық
жігіттің (өлеңдегі жинақталған лирикалық кейіпкердің) ғашығына,
сүйгеніне мені тастап басқамен мүлде кетер болсаң, кейін
осындайға душар боласың деп қимастықпен айтқаны байқалады.

«Сен мені не етесің» өлеңіндегі әр шумағы ұзынды-қысқалы
он төрт тармақтан құралатын бұл өлшемді Абай өзі де басқа
өлеңдерінде қолданбайды.
Жастардың, көпшіліктің айтуына лайықтап жазған өлеңдерін

ақын кең тараған жеті-сегіз буынды, немесе, алты буынды
өлшеммен шығарған. Олар – әнге салып айтылатын «Айттым
сәлем, қаламқас» («Жігіт сөзі» деп те айтылады), «Көзімнің
қарасы» секілді өлеңдер.

«Жігіт сөзі» («Айттым сәлем, қаламқас») мен «Қыз сөзі»
(«Қиыстырып мақтайсыз») бір-біріне жалғас жазылғаны, бұларды

қатарынан бір-біріне қоса алып қарастыру лайық екені осы
өлеңдердің мазмұнынан да аңғарылады. «Жігіт сөзі» ғашық қызға
арнап айтылған сәлем хат түріндегі өлең болса, «Қыз сөзі» соған
жауап-өлең екені анық. Олай болса, «Қыз сөзі» өлеңінің соңында

келетін мына шумақтар:
Мұны жаздым ойланып,
Ойда бардан толғанып,
Кірсе ішіңе оқи бер,

Бозбалалар, қолға алып.
Мұны оқыса кім танып,
Жүрегіне от жанып.
Сөзді ұғарлық жан тапса,

Айтса жарар ән салып.
Өлең жиған тырбанып,
Ән үйренген ырғалып,
Сорлы Көкбай қор болды-ау,

Осыншадан құр қалып, –
осы екі өлеңнің екеуіне де қатысты дей аламыз. Сонда Абайдың
«бозбалалар қолға алып» о қысын дегенін ғашығыңа хат жазсаңдар,
осындай қылып жазыңдар, және одан осындай жауап күтіңдер

деген ақыл-кеңес берген деп түсінуге болады.
Сүйгеніне ғашықтық сезімін хатпен білдіру – қазақ арасында
ол кезде әдет болған нәрсе. Жігіттің сәлем жолдап отырғаны да
ғашық қызына бетпе-бет келмей, айтар сөзін өзі оңаша отырып,

тебірене ойланған сағыныш сезіміне әбден беріліп, ғашығына
ынтық болған ынтызар қалпын байқатады. Жас жігіт сүйікті қызын
жар етуді армандайтынын ақтарылып айтып:
Бір өзіңнен басқаға

Ынтықтығым айтылмас, –
дейді. Бұл орайда ғашығына жігіттің:
Иығымда сіздің шаш,
Айқаласып тайталас,

Ләззат алсақ болмай ма,
Көз жұмулы, көңіл мас, –
деген секілді сөздермен құмарлық тілегін айтуы әбден қисынды.
Бұл – шын сүйген баянды махаббат іздеген адамның құмарлығы

десе болғандай. Жігіттің хатына қыздың жауап сөзі оның шынайы
ғашықтық сезімді тани алатынын, бағалай білетінін аңғартады.
Жас қыз өз көңілін, ризалығын сабырлы, салмақты мінезбен
айтады. Алайда ол ғашық жігіттің құмарлық тілегіне келісті жауап

қайырады:
Көңілің тұрса бізді алып,
Шыныменен қозғалып.
Біз – қырғауыл сіз – тұйғын,

Тояттай бер кел де алып.
Тал жібектей оралып,
Гүл шыбықтай бұралып,
Салмағыңнан жаншылып,

Қалсын құмар бір қанып.
Бұл жігіт ыңғайына қарай құлай кетуге бейімділікті, көнбістікті
көрсететін сөздер деуге келмейді. Қыз ғашық жігітінің:
Асыл адам айнымас,

Бір бетінен қайрылмас.
...Көзім жатқа қарамас,
Жат та маған жарамас, –
деген сертіне, адал ниеттілігіне сенеді. Және өз тарапынан:

Үйір қылма бойыңа,
Шыны жақсы көрсемең,–
деген түйінді сөзін алдымен анықтап айтып алады. Сонан соң, барып
ғашық жігіттің құмарлық тілегіне орай қысылмай, қымтырылмай

жауап береді. Мұны сахарада еркін өскен адал, ашық мінезді
жастардың көлгірсімей көңіл білдіру, өзара сыр ашу салтына
лайық сөздер деп қарағанымыз жөн бе? Әлде өмір көрген, жастық
дәуренді басынан өткізген ақынның ғашықтардың ұяң болмай,

еркін болғанын құптағаны дейміз бе? Абай жігіт пен қыздың осы
сөздерін сырт көзге білдірмей сүйгеніне ғана айтса болды демей,
әнге салып айтса жарар деуі тегін емес болар. Қалайда, «Көзімнің
қарасы» әсіресе «Қызарып, сұрланып» атты өлеңдердегі қысылып,

қымсыну, пәк мінезділік мұнда байқалмайды.
«Қыз сөзі» («Қиыстырып мақтайсыз») өлеңіндегі «Сіз – бір
сұңқар», «Біз – қырғауыл, сіз – тұйғын» деп келетін метафора
түріндегі салыстыруларды халық поэзиясындағы бейнелі сөздерді

қолдану дәстүрлерімен жалғас келеді десек, ал мына:

Сіз – жалын шоқ, біз – бір май, Ыстық сөзің кірді ішке, Май тұра ма шыжымай?! дегендегі салыстыруларды күнделікті тұрмыстан алынған, құлаққа әбден жағымды деумен бірге, үнемі қолданыла бермейтінін атап айтуымыз керек. Және салыстырудың өзін дамытып, жалының, ыстық сөзің ішке кірді, тұла бойымды майдай ерітті деп келтіруі – бұл да көңіл аударарлық, қалай десек те, осы көркем салыстырулардың алғашқылары да, соңғысы да қыздың атынан айтылған сөзде жарасымды, қазақ қызының ойлау, сөйлеу өзгешелігін жақсы байқатады. Махаббат лирикасының ең таңдаулыларының бірі – «Көзімнің қарасы» үнемі әнге салып айтылып жүретін, халық арасында кең тараған өлең. Осы баршаға мәлім, көпшілік аузынан түсірмей айтып жүретін өлеңнің жанрлық түрі жағынан ерекшелігі қандай десек, оны бір сөзбен бір қырынан ғана келіп айта салу жеткіліксіз болар еді. Неге десеңіз бұл өлеңнің өзіндік өзгешелігі мол. Ғашығына ынтызарлығын, махаббат сезімін тебіреніп айтуы, қыздың сұлулығын, жарасымды мінезін көркемдеп бейнелеуі жағынан оның сәлем хат түріндегі өлеңге жақын келетін тұстары аз емес. Қара көз, имек қас, Қараса жан тоймас. Аузың бал қызыл гүл Ақ тісің кір шалмас. Қыр мұрын, қыпша бел Солқылдар, соқса жел. Ақ етің – үлбіреп, Өзгеше біткен гүл. Қайғың – қыс, жүзің – жаз, Боламын көрсем мәз. Күлкіңіз бойды алар, Бұлбұлдай шықса әуез. Кісімсіп дүрдараз, Бураңдап қылма наз. Мал түгіл басымды

Жолыңа берсем де аз.
Не десем саған еп?
Ғашығың да қайғы жеп,
Өртенген жүрекке

Бір көрген болар сеп.
Мінеки, осы жолдарды оқығанда ғашық қызға сүйіспеншілігін
айту қалпы, қыздың қасиеттерін санамалап, тәптіштеп, әсерлі етіп
сипаттауы – бәрі де дәстүрлі жігіттің қызға жазылған хатында

айтылатын сөздер деуге әбден ұқсайды дейміз. Мұнда ынтызарлық
сезім қаншалықты нәзік, терең көрінсе, ғашық жарын идеал
тұту, қастерлеу, қызығып тамсану сарыны да соншалықты күшті
шыққан. Осындағы қыздың белін жел соқса солқылдап тұрады

деп әсірелеп айту ауызша поэзияға лайық бейнелеу тәсілі болса да,
асырып айтылған демесек керек, өйткені осы өлеңдегі көтеріңкі
леппен айту мақсатынан туған әсіреулер, айшықты метафоралар
жалғыз бұл емес.

Иісің – гүл аңқыған,
Нұрың – күн шалқыған.
Көргенде бой еріп,
Сүйегім балқыған.

Осындай сөздер ғашықтық сезімнің асқақтығын білдіреді деп
қараған орынды.
Жөндеп те айтпадым,
Жүрегім лүпілдеп, –

деген өлеңнің аяқ жағында айтылатын тұжырым да осындай
байлам жасауымыз дұрыс екенін айқындай түсетін болса керек.
Осы айтылғандарды толық ескере отырып бұл өлеңге тағы
басқа қырынан да қарауға болатынын атап айтуымыз қажет. Оған

көзімізді жеткізу үшін мына төмендегі жолдарға назар аударалық:
Өзі де білмей ме,
Көп сөйлеп созбайын.
Назына кім шыдар?

Бұраңдап жүр шығар.
Қасқая күлгені
Қылады тым қумар.

Ер емес қымсынар, Әркім-ақ умсынар. Қудай-ау, бұл көңілім Күн бар ма бір тынар? Арасында осындай өз бетімен отырып ішкі сырын ақтарғандай, ғашығын сырттай сипаттаған сөздер кездесетіндіктен, бұл өлеңді тікелей хат түріндегі өлеңге жатқызудың қисыны келмейтінін анық байқаймыз. Осы өлеңде: Ақ тамақ, қызыл жүз, Қарағым, бетіңді аш! ...Қарағым, бермен кел, Бізге де көңілің бөл – деген секілді жүзбе-жүз келіп айтылғандай сөздер де кездеседі. Бірақ бұлар қызды сырттай сипаттайтын сөздермен алма-кезек келіп отыратын болғандықтан шартты түрде айтылғандай қабылданады да, өлеңнің жігіт (автор) атынан ғашық қызға арналып айтылған, өзімен-өзі отырып толғанып шығарылған сөз екенін жоққа шығара алмайды. Сонымен түгелдей алғанда «Көзімнің қарасы» арнау өлең деуге лайық болып шығады. Мұхтар Әуезов «Көзімнің қарасы» қазақтың шешен тілімен шеберлеп айтқан сезімдерді көрсетеді, деп жазды, – сонымен қатар Шығыс поэзиясында Навои, Физули лирикасында көп орын алған үлгілердің әсері де жоқ емес. Бұнда жастар махаббатының нақтылы шындығынан гөрі сұлудың көркін мадақтау көп»7. «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында», «Асқа, тойға баратұғын өлеңдерінде махаббат тақырыбы өзгеше қырынан баяндалған. Алғашқы өлеңінде халық арасында жиі кездесетін әйелді малға сату әдетін сынау үшін қыздың трагедиялық өлімі тек тілге тиек етілген, және бұл уақиға бұрынғы хандық дәуірде болған делінген. Жас қызды малға сату, шалға беру өтіп кеткен заманның ісі, қазіргі кездегі ұғым-түсінікке үйлеспейді деген ойын айқындай түсу үшін осы сюжетті өлеңнің беташары ретінде алған. Сонымен бірге осы сюжет арқылы, малы бар бай адам ғана емес, тіпті хан болса 7 Әуезов М. Абай Құнанбаев. – 149-б.

да, кәрі мен жастың арасында махаббат болмайды деген түйінді пікірін дәлелді етіп жеткізеді. Жас қыз бен оны мал беріп сатып алуға тырысатын кәрі шалдың бейнесін бір-біріне қарама-қарсы қойып, шендестіру тәсілімен суреттегені өте әсерлі: Біреуі – көк балдырған, бірі – қурай, Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз. Жайнаған көк балдырған қыздың балама бейнесі болса, жапырағы жоқ, сидиған қурай – шалдың балама бейнесі. Көркем символ ретінде алынған жаз бенен қыстың алғашқысы балғын қыздың үлбіреген нәзіктігі, сүйкімділігі секілді сипаттарын да елестетсе, соңғысы зорлықшыл шалдың мейірімсіз-қаталдығын да тұспалдап аңғарта алады. Қызды айтқанда Абай «ет жүрек», «жасжүрек» сияқты сипаттамаларды алса, шалды метонимия тәсілімен «қартайған қу сүйек» деп бейнелейді. «Асқа, тойға баратұғын» түгелдей аңыз сюжетке құрылған баллада түріндегі өлең. Оқиға ескі шапқыншылық заманда болғандай десек те – тартымды, жедел дамып, шиеленісіп, бірден қызықтыра түседі. Жас жігіт қалыңдығын, той жасап, алғалы жүргенде кенеттен елді жаудан қорғауға жорыққа аттанып кетеді. «Тірі адамның ісі – үміт» деген автордың сөзі біздің көңілімізге медеу болып, сенім білдіргендей. Ойын-тойға асығып жүретін жас жігіт енді өзінің үйлену тойын өткізетін кезін асыға күтуге мәжбүр болады. Тез қайтып оралуға, қалыңдығын құшуға ынтық. Бірақ осы жерде автордың: Асықсаң да, шырағым, Саған деген құданың Жазылған қандай жарлығы, Есіткен жоқ құлағың, – деген алдағыны болжаудың қиындығын ескертуі біздің көңілімізге үміт пен бірге күдік те ұялатады. Қалыңдығы ғашық жарын күтіп қала береді, ол майданнан қайтып оралысымен қосылмақ ниеті бар. Қалыңдықтың күні-түні дамыл таппай күткенін көзге айқын елестету үшін қолданылған көркемдік деталь – оның тойға киетін ақ көйлегін тігіп дайындап қоюға асығуы. Бұл тұста тағы автордың сөзі араласады: Сен асыққан екен деп, Алла әмірін өзгертпес.

Айтқаның болар ма екен деп,
Мен қорқамын, көз жетпес.
Бұл сөздер қызға айтылғандай болғанмен оқырмандарға
(тыңдаушыларға) да айтылғандықтан енді үмітімізді бұрынғыдан

да азайтып, күдікті зорайтқандай әсер етеді. Бұдан кейін уақиға
желісі шарықтау шегіне жетіп, күрт өзгереді, трагедиялық жағдайға
ұласады. Автор келте қайырып, жас жігіт «жаудан өлді ар үшін»
дейді. Бұл хабарды естіген қалыңдығы да өмірмен қоштасады. Бұл

жағдайды автор қысқа ғана:
Ақ көйлекті бітіріп,
Кебінім деп киді, өлді, –
деген сөздермен білдіреді. Шапшаң, жедел өрістеген, біресе үміт,

біресе күдік, күмән туғызған уақиғаның аяғы трагедиямен бітеді.
Осы шығарманың сюжетінде қандай ерекшелік бар дегенде,
баяндалып отырған өте сирек кездесетін жағдай екенін айтар едік.
Әрине, жас жігіттің майданда қаза табуы өмірде кездесіп тұрады.

Ал сарғая күткен сол ғашық жарының қаза болғанын естігенде
қалындығы өмірден үзілді-кесілді күдер үзіп, өлім құшағына
кіруге бел байлауы – сөзсіз, тосын жағдай. Алайда Абай қыздың
өлімін таңғажайып іс етіп көрсетпейді, өлеңдегі қайғылы сарынды

қоюлатпайды. Жігіт елін қорғап, «ар үшін» өлді десе, оның
қалыңдығы ғашықтық сезімі өте күшті болғандықтан махаббатың
құрбаны болды дегенге меңзейді:
Қол жетпеген некені

Сүйіп кеткен жан екен.
Шыны ғашық жар болса,
Неге өлдім деп налымас.
Және де ақын оқырмандарды да болған жағдайды – қалыңдықтың

қайғылы тағдырын ойласуға шақырғандай:
Көзің неге жетеді –
Қосылмақ онда бар ма екен? –
дейді.

Абай он-ақ шумақ өлеңге соншалық шиеленісі мол уақиға
сыйғызып, жігіт пен оның қалыңдығын әрқилы күйге түсіріп,
нақтылы іс-әрекеттерін көрсету арқылы айқын мінездеп, бейнелеп
береді. Ақын бір жағынан уақиғаны баяндаушы да, екінші жағынан

сипаттап отырған кейіпкерлермен тілдескендей сөйлесіп кететін,
кейде оқырмандарға тіл қататын, сауал қоятын түсіндіруші,

бағалаушы да. Сондықтан бұл өлеңді сюжеті бар, құрылысы
күрделі кішігірім драмалық поэма немесе трагедия іспетті шығарма
десекте болғандай.
* * *

Абай ғашық жастардың жан дүниесін, ішкі сезімін, көңіл күйін,
іс-әрекетін қандай нанымды бейнелесе, сырт көрінісін, кескін-
келбетін, бой-сымбатын соншалықты келісті, әсерлі сипаттайды.
Ақынның сұлу қыздың портретін суреттеуі айрықша көз тартарлық.

Қыздың бой тұлғасын, сымбатындағы сипат-ерекшеліктерді
ақын жекелеп айтып, көркемдеп бейнелейді. Бұл жерде ол қазақ
поэзиясындағы осы бір өзіндік оқшау өзгешелігі бар өрнекті
қызықтап, сол әдісті ұстанады.

Абайдың ақындық шеберлігін айтқанда оның сұлу қыздың
портретін сөзбен мүсіндеуі әр кез тілге тиек болып келеді.
Бұл мәселеге қатысты ерекше көңіл қоярлық, кейде талас
пікірлер туғызатындай жайлар баршылық. Алдымен ақынның

осы тақырыптағы ауызға ең көбірек алынатын өлеңіне назар
аударалық:
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды.

Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды.
Сөйлесе, сөзі әдепті әм мағыналы,
Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды.

Жұп-жұмыр ақ торғындай мойыны бар,
Үлбіреген тамағын күн шалмайды.
Тақтайдай жаурыны бар, иығы тік,
Екі алма кеудесінде қисаймайды.

Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес,
Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды.

Етіндей жас баланың білегі бар,
Әжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы.
Қолаң қара шашы бір жібек талды,
Тұрғандай толқын ұрып көз таңдайды.

Ақын сұлу қыздың портретін сөзбен мүсіндегенде көркем
детальдарды тірек етеді, яғни оның бет-пішінін, дене бітімін
мүшелеп санамалап сипаттау тәсілін қолданады. Оларды рет-
ретімен сипаттау да көңілге қонымды: ақ маңдайынан бастап, қара

көзін, жіңішке қара қасын, қырлы мұрынын ал қызыл бетін аузы
мен тісін (соларға қоса сөз сөйлеуі мен күлкісін де), жұп-жұмыр
мойнын, үлбіреген тамағын жаурыны мен иығын, бой-тұлғасы
мен жіңішке белін, нәзік білегі мен ақ саусағын, ең соңында

жібектей төгілген қара шашын бірінен кейін бірін түгелдей тізіп,
әр түрлі теңеу-салыстырулар қолданып бейнелеп шығады. Сұлу
қыздың көркін, келбетің сымбатын бейнелеуде Абай оның бет-
пішініндегі, бойындағы көзге түсетін жекелеген өзгешеліктерін:

көзін, қасын, аузын, мұрнын, мойнын басқа дене мүшелерін бөлек-
бөлек сипаттайтын қазақтың халық поэзиясында әбден орныққан
ақындық дәстүрді бір сәт қызықтайды. Бұрынғы ақындармен
шеберлік сынасқандай болса да, ол бұл тәсілді, өзінше өрнек

тауып, ұтымды қолданады. Осы өлеңге ілтипатпен дер салып
қарасақ, қыздың бейне-тұлғасын, сымбатын осылай мүсіндеудің
ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі бейнелеумен тікелей жалғастығы бола
тұра, сонымен қатар өзіндік өзгешелігі бар екендігін аңғарған

болар едік. Өлеңінің ең басындағы:
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, –
деп нақтылы, өзінше келістіріп келтірілген теңеуден де, және:
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды, –

дегендегі көздің аласы аз деп сипаттаудан да Абайдың өз стилі,
сөз қолданудағы өзгеге ұқсамайтын қолтаңбасы айқын танылады.
Осындағы «Қақтаған ақ күмістей» деп қыздың маңдайын
сипаттайтын теңеуге зер салсақ, мұның мағынасы өте бай екенін

көреміз. Бұл теңеу сұлу қыздың маңдайының ақ, кең деп тікелей
көрсетілген сипаттарымен қатар жарқыраған, жазық, нәзік, ешбір
мінсіз, көз тартарлық көркем деген сияқты талай қасиеттерін де
қоса аңғартады. Ал қыздың сызып қойғандай жіңішке қасын

жаңа туған айға ұқсатамын дегенін алсақ, бұдан ақынның өз
тұлғасы, ақындық бейнесі және айқын елес береді. Ақынның

сол өзі суреттеп отырған қызға тамсанып, тамашалап қарағандай
қалпын, ішкі көңіл күйін, эстетикалық сезім-әсерін байқататын
«тіл байлайды», «іш қайнайды» деген сияқты сөздері де көңіл
аударарлық. Жібектей қолаң қара шашы «тұрғандай толқын ұрып

көз таңдайды» деген салыстыруда да осындай өзінше нақтылап
суреттеудің, өз қатынасын көрсетудің ізі жатыр. Және мұнда «Нәзік
бел тал шыбықтай бұраңдайды» деген сипаттамадағыдай қыздың
пішінін

сымбат-көркін
жандандырып,
қимыл-қозғалысымен
көрсетуге ынталылық байқалады. Ал, ақ саусағы «іске ыңғайлы»

деген сипаттаманы алсақ, бұл Абайдың қыздың сұлулығын оның
іскерлігі, өнерпаздығымен ұштастыра бейнелеуге ұмтылуына
дәлел болғандай. Қыздың пішініне тән сипат-белгілерді ақын
жай ғана жіпке тізгендей санамалап, қалыпты сөздермен айтып

отырған жоқ, бейнелеу, салыстыруын өзінше өрімдеп, арагідік
болса да өз сезім-әсерін, толғаныс-тебіренісін де байқатып отыр.
Енді осы өлеңнің жалғасы болып табылатын, бірақ 1977 жылғы
жинақта «мағынасына қарай дербес алынды» (357-бет) деп бөлек

басылған екінші жартысын еске алалық:
Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?
Сұлуы бұл заманның тек жатпаған.
Он сегіз, он тоғызға келгеннен соң,

Алмасы өкпе болар қол батпаған.
Бұлардың кейбірінің мінездері
Ешнәрсе көрмегенсіп бұртақтаған.
Кейбірі жайдары, ашық боламын деп,

Орынсыз адамдармен жыртақтаған.
Әуелден сұлу жайы бізге мәлім:
Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған.
Кей жігіт мақтан үшін қылық қылмай,

Бойына майдалықпен сыр сақтаған.
Кей жігіт арсыздықпен ұятсынбай,
Қолы жетпес нәрсеге тыртақтаған.
Орынды іске жүріп, ой таппаған,

Не болмаса жұмыс қып мал бақпаған.
Қасиетті болмайды ондай жігіт,
Әншейін құр бекерге бұлғақтаған.
Мұхтар Әуезов «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңін

осы келтірілген екінші жартысымен бірге тұтас бір өлең деп

санап, солай талдаған. М. Әуезовтың осы өлеңге берген бағасын, айтқан сын-пікірін дұрыс түсіну үшін мұны ескермей болмайды. М. Әуезовтың осы бағалауында, талдауында сын айту жағы басым болса да, Абайтануға ерен еңбек сіңірген білгір зерттеушінің айтқан пікірін аттап өту жол емес, қалай да мәселенің байыбына бару үшін ойласу дұрыс. «Дәл осы өлеңнің тұсында, Абай әйел жынысына қазақы көзбен, әсіресе бойжеткен қызға феодалдық орта қарайтын көзбен қарағандай болады. Сол себепті, сұлудың жүзін бізге айтып беріп отырған ақынның көзі көбінше қыз көре келген жігіттің, келін айттыра келген құданың көзқарасы сияқты. Нақтылы дәлдік болғанмен ішкі сезім сыры жоқ шығарма көрінеді. Белдеуге сұлу атты байлап қойып, мүсін-тұлғасына көлденеңнен қарап отырған бағалаушының мінезін аңғарамыз. Кейінірек жазылатын «Ат сынын» осы қыз суретінің тұсында еріксіз еске алуға тура келеді. Онда да аттың кекілі, құлағы, қабағы, мойны аталып келіп, ұлы денесі сипатталып кетеді. Бірақ, атқа солайша сырт мүсінін санап, сынау қаншалықты қонымды болса да, адамзатқа қолданған әдіс оншалық орынды емес»8. Алдымен М. Әуезовтың осы өлеңді «нақтылы дәлдік болғанмен ішкі сезім сыры жоқ шығарма» деуін бұл көркем туындының кемшілігінен гөрі өзіндік өзгешелігін көрсеткен деп түсінгеніміз жөн сияқты. Өйткені, өлеңдегі негізгі мақсаттың өзі қыздың бетпішінін келбетін, сымбатын, сыртқы көрінісін сөзбен бейнелеу ғой. Ал осының өзі де айрықша көркемдік шеберлікті талап өтетіні анық. Және поэзияда адам портретін нақтылап бейнелеу қиын екендігі, сондықтан сирек кездесетіні талай айтылып, дәлелденіп келеді. Лессинг өзінің әйгілі «Лаокоон» атты еңбегінде осы мәселені арнайы сөз етіп, адам портретін бояумен жасайтын қыл қалам шеберлері-суретшілер болмаса, ақындардың адамның пішінің бет әлпетін нақтылы бейнелеумен әуестенуінің өзі тіпті артық нәрсе, қолдан келмейтін іске уақыт кетіріп, босқа әуре болу деуге дейін барған. Гомерден бастап ақындар адам портретін нақтылы сипатбелгілерімен көзге айқын елестетерлік етіп тікелей көрсетуден гөрі, адамның алатын әсері арқылы, біреудің сүйсінген сезімі, жақсы, жағымды деп санауы арқылы, әйтеуір қалайда сондай бір жанама тәсілдер арқылы сипаттау жиі кездесетінін жан-жақты талдап, 8 Әуезоа М. Абай Құнанбаев. – 106-б.

дәлелдеп айтады. Орыс, еуропа поэзиясында шынында да адам
портретін бейнелеу өте сирек кездеседі. Ал қазақ поэзиясында,
өлеңдер мен поэмаларда, ғашықтық жырларда әйелдің, сұлу
қыздың портретін сөзбен мүсіндеу – кеңінен өpіc алған дәстүр.

Ендеше Абайдың қазақ поэзиясында қалыптасқан осы дәстүрге
назар аударып, өлең тілінің сөз өрнектерін мол пайдаланып сұлу
қыздың кескін-келбетін, бой сымбатын бейнелеуде өнер өлшесіп
байқағаны таңқаларлық іс болмаса керек. Қалай бағаласақ та, бұл

салада Абайдың өнегелі еңбегі бар екені даусыз. Әуезов те өлеңнің
сұлу қызды сипаттайтын алғашқы жағын «күшті бөлімі» деп
бағалап, екінші бөлімін көбірек сынаған:
«Рас, кейінгі жолдарында дәл осы қыздың өзін айтпаса да, жалпы

қыздарға сол Абай кезінде, патриархалдық-феодалдық ортада
айтылып жүретін арзан, үстірт, әділетсіз сындар айтылады. Онда
да Абай қызды міней түсіп, ақылдың салмағын жігітке айтады.
Қыздың іс-әрекетінен айтылатыны – тек «іске ыңғайлылығы»

деуге ғана болады.
Осылайша әйелдің сырты мен ішін екі бөліп алғандықтан
өлеңнің жалпы құрылысында тұтас бітімді бірлік болмай қалған.
Өлеңнің алғашқы күшті бөлімі сипаттау болады да, екінші бөлімі

көпке мәлім, орташа шындықтарды ақсақал ортасының аузымен
сынап, ақыл-өсиет етіп айтуға ауысып кетеді.
Екінші бөлімі Абайдың бұл өлеңін композициялық, тұтастық,
көркемдік күйден айырып, әлсіздікке ауыстырып әкетеді. Оның

себебі өлеңнің бас жағы бір тақырыптан басталып, аяқ жағы
екінші бөлек тақырыпқа ауысқаннан. Әуелде іш пен мінез жоқ, тек
сырт болса, кейін сырт жоқ, тек мінез аталады. Басында сұлулыққа
сүйсіне сөйлеп, кейін ұрсып тоқтайды. Сондай екі ұдайлылық

сыртқы түрден, ақындық теңеу лексикасында айқын көрінеді.
Күлкісі «бұлбұлдай» деп «іш қайнататын» жарастық тауып
отырған ақын, кейінгі бөлімде «жыртақтап», «тыртақтаған» деген
тәрізді, келісімге шалғай, ұрысқа жақын сөздерді қолданады9.

Әуезов өзінің сын пікірін өлеңде тұтастық жоқ, мазмұнында екі
бөлімнің сарыны мүлде екі басқа қарама-қарсы болуынан туған
қайшылық бар деген тұжырымға тірейтінін көреміз. Мейлінше
өткір, өтімді айтылған осы пікір 1977 жылғы жинақта өлеңді екіге

9 Әуезов М. Абай Құнанбаев. – 106-107-бб.

бөліп, «Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?» деп басталатын екінші бөлігін өз алдына жеке өлең етіп басуға тірек болғаны анық емес пе? Бірақ Әуезовтың өзі «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» екіге бөліп тастауға тиісті өлең деп айтпаған ғой. Ал екіге бөліп, екі өлең қылып басқанда осыдан ұтқанымыз бар ма? Әрине, өлең екіге бөлінген соң екеуінде ақын көңіл күйінің екі түрлі сәті, әр кезеңі көрінгендей болады. Толғанып отырған бір уақыттағы біріне-бірі ілісе, тай-талас келген екі сарындай емес. Ал өлең тұтас алынғанда, әр қырынан қарап, әркелкі айтылған қарама-қарсы пікір, кереғар сезім-әсер шарпысқандай болады. Қыздың сұлулығын тамашалап, идеал түрінде бейнелеу өзінше ұтымды десек те, ақынның бір сәт іркіліп, толқуы, өмірде сұлулық пен мінезділік, тұрақтылық, адамның бойында бірдей кездесе бермейтінін ойлап, өкініп-күйінуі де табиғи нәрсе емес пе? Ендеше осы өлеңдегі тосын нәрседей көрінген қарама-қайшылық өмір шындығынан алыс деп үзілді-кесілді айта аламызба? Шынында да ақын қарадан қарап отырып, ойда жоқ жерден қыздардың мінезіне күдікпен қарап, жұлып алғандай: Қандай қызда ләззат бар жан татпаған. Сұлуы бұл заманның тек жатпаған, – деп ала жөнелгеннен гөрі алдымен қыздың сұлулығын, әдемілігін сүйсіне бейнелеп, сырт пішінін, көркін қызықтай келіп, әттең, көркіне үнемі мінезі сай келе бермейді-ау деп өкініш білдіргені қисынды емес пе? Тыңдаушысын сұлу қыздың келісті портретін көзіне айқын елестетіп, елтітіп барып, бірақ осындай кез тартарлық көркі бар сұлудың бәрі ұстамды, мінезді болмайды деп сақтандырғандай айтуы әлдеқайда әсерлі ғой. Ә дегенде көрінер сұлу артық, Көбі көпшіл келеді ондай қаншық, – дегенді басқа өлеңдерінде де ашынып айтатын Абайдың сыншыл ойы сұлулықты мақтап, мадақтаған сөздерімен жарыса келіп, өлеңнің екінші бөлігінде ақынның ішіне сыймай, кемерінен асып бір төгіліп сыртқа шыққандай әсер етеді емес пе? Өлеңде екі түрлі сарын ұштасып келуіне орай жағымды сипаттаулармен қатар оғаш мінез-қылықты сынап-шенеп айтатын тұста кездесетін нақтылы мағыналық сипаты бар «жыртақтаған», «тыртақтаған» деген сияқты еліктеуіш (дыбысқа немесе әрекет-қимылға еліктеп жасалған) сөздерді де басы артық сөздер демесек керек. Шығарма

бірыңғай, бір сарынды келмей, екі түрлі сарынды шендестіру – мұның өз артықшылығы бар. Мұндай тәсіл поэзиялық шығармада да, әсіресе музыкалық туындыларда да кездесіп отырады. Сұлу қыздың портретін көркем бейнелеген Абайдың тағы бір өлеңі – «Білектей арқасында өрген бұрым». Бұл өлеңінде Абай халықтық, сұлулық, әдемілік жайлы ұғымдардың ұлттық өзгешеліктерін, терең көркемдік мәнін айрықша шеберлікпен ашып береді. Ұлы ақын бұрыннан қалыптасқан түсініктерді, сөз өрнектерін қайталап қана қоймайды. Соларды пайдалана, қолдана отырып, халықтың эстетикалық ой-санасындағы бағалы, құнды сипаттарды өзінің ақындық дүниетанымымен ұштастырып әкетеді. Өлеңді «Білектей арқасында өрген бұрым» деп бастаған ақын, қыздың өріп қойған бұрымын қимыл-қозғалыс үстінде көзге елестетіп, «Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын» деп, құлағымызға сыңғырлаған үн естілгендей әсер береді. Қызды қара кез, ақ тамақ, қара қасты, ақ етті, ашық жүзді, бұраң бел, кішкене аяқ секілді қалыпты салыстыруларды қолданып сипаттаса да, ақын өлеңді оқыған адамға сол қызға жанасып, жақындай келіп, оның көркін анықтап көргендей әсер беруге, сондай бір көңілі толқыған күйге түсіруге күш салады. Қыздың қара көзі жүректі жылытқандай болуы да оқырманды елеңдеткендей болса, Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?.. Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын, – деп тура қаратып айтуы оған тікелей әсер етеді. Осы әсерді тағы да күшейтіп, ақын өзі сондай сұлу қызды: Боламын да тұрамын көргендей-ақ – деп, үстемелей түседі. Барған сайын қыз бейнесін оқырманға жақындатып қыздың пішінін, тұлғасын ол жуықтап бетпе-бет келіп өз көзімен көргендей, қолынан ұстап, жүзіне үңілгендей қып, соған иландырғандай: Егерде қолың тисе білегіне, Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе. Бетіңді таяп барсаң тамағына, Шымырлап бу енеді сүйегіңе. Сұлу қызға осынша елтітіп, төндіргендей болса да, осы суреттеуде ешқандай тұрпайылық жоқ, әдеппен ғана көрінген сезім нәзіктігі бар. Мұнда дайын әдеби үлгіні пайдаланғандықтың ешбір ізі

көрінбейді. Осының өзінен біз Абайдың әйел бейнесін суреттеуде алдына қандай мақсат қойғанын да аңғарамыз. Ол қазақ поэзиясындағы әйелдің сұлулығын көркемдеп сипаттайтын үлгіні құптай отырып, осы бағытта жаңа ізденістер керек екенін жақсы түсінгенін байқаймыз. Поэзиядағы сөзбен бейнелейтін адам портретінің қиындығы алдымен оның жекелеген сипат-белгілер негізінде жасалатыны болса, оның үстіне тұтастай алғанда мелшиген тас мүсінге ұқсап кетуге бейімділігі. Абай қыз портретін бірыңғай тәптіштеп сипаттауды мөлшерден асырмай, оқырманның көңіл күйіне әсер етуге көбірек мән беріп, сирек кездесетін көркемдік шеберлік танытады. * * * ...Абайдың табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой-сезімі, жан дүниесі де терең ашылған. Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: қысты, күзді, көктем мен жазды қайталанбас, соны бояулармен бейнелеп берді. Туған ел табиғатын сипаттауда оның суреткерлік шеберлігі айқын аңғарылады. Абай пейзажды адамның тұрмыс кешетін табиғи ортасы, мекен-жайы ретінде ала отырып, әлеуметтік өмірмен, қазақ халқының көшпелі тұрмысымен тығыз байланыстыра көрсетеді. Табиғат лирикасының ішінде өзгелерден тақырыбы жағынан оқшаулау тұрған өлең – саятшылық өнерді өте көркем, келісті бейнелейтін «Қансонарда бүркітші шығады аңға». Осы көпшілікке белгілі өлеңнің мазмұнына, ондағы оқиғаның баяндау тәсіліне аз-көп зер салсақ, кейбір жайларға көңіл аударуға болар еді. Алдымен өлеңді көрнектілігі, айтылған жай, оқиғаны айқын көзге елестетерліктей нақтылығы жағынан алғанда сөзбен салынған әдемі сурет дерлік екенін айтсақ болар. Бірақ бұл қимыл-қозғалыссыз тұрған сурет емес, әрекетке толы, талас-тартысқа, бетпе-бет айқасқа құрылған драмалы оқиға. Өлеңде сол оқиға бірден басталып, саятқа шығатын қансонар дейтін жаңа қар жауғаннан кейін аңның басқан ізі айқын көрінетін кезді күтіп жүрген бүркітші баптаған құсын алып, атына мініп, тауға қарай беттегені баяндалады. Міне, ол ақша қардың үстінен тастың арасында жүретін түлкінің қайтқан ізін аңдып, көзі шалған соң қыран құсын томағасын сыпырып алып, ұшырып қоя береді. Бүркіт түлкіні аңдып, төмен ұшсам өрге

қашар деп, жоғарылап барып, туралап түсетін тұсын бағдарлайды. Енді қашып құтылатындай жағдай жоқ екенін аңғарған түлкінің не де болса қарсы келіп қарсыласып көрмекші болып, «аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап» тұрған қалпын көреміз. Оқиғаның осы бір әбден шиеленісіп шегіне жеткен тұсында ақын тыңдаушысын тежеп, қызықтыра түсіп, енді аңшының сол айқас болғалы тұрған жерге жанталасып асыққанын айтады. Осы азғана шегіністен кейін барып, бүркіттің екпіндете, ауылдан келіп түлкінің үстіне түсіп, екеуі жарқ-жұрқ етіп шайқасқаны бейнеленеді. Бірақ ақын бұл айқасты екеуі адам үшін қызыл қанға батысты деген сөздермен ғана қысқа қайырып, не болғанын көбінесе салыстырма көріністұспалды сурет арқылы аңдатады. Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға. Қара шашын көтеріп екі шынтақ, О да бүлк-бүлк етпей ме сипағанда? Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш. Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда. Күйеуі ер, қалыңдығы сұлу болып, Бейне ұқсар тар төсекте жолығысқанға. Арт жағынан жаурыны бүлкілдейді, Қыран бүктеп астына дәл басқанда. Талай оқырманды таңдандырып, тамсандырып келе жатқан осы екі салыстырма суретте байқағыштық та, тапқырлық та, содан туған көркемділік нақтылық та, және қызыл қанға батысқан айқасты әдемілеп, әсірелеп көрсету шеберлігі де – бәрі де бар. Сөйтіп Абай қыран құстың түлкімен айқасын, аңшылықты кімді де болсын баурап алатындай әсем суретке айналдырған. Біз бұл айқасты драмалы оқиға дегеніміз сондықтан. Мұны жан тебірентерлік, өте тартымды оқиға да, аяныш сезімін туғызатыны жағынан трагедия да деуге келеді. Көк тағысы мен жер тағысының адам үшін қанға боялған қақтығысын табиғи құбылысдеп қараған ақын қыран құстың бетінен қайтпайтын батылдығын, және түлкінің өзінен басым жауынан қаймықпайтын қайсарлығын айлалығын көтере, сүйсіне сипаттаған. Өлеңдегі Абайдың тебірене айтқан авторлық тұжырымдама сөздері де осы әсем суреттемеге толық сәйкес шыққан

Таудан жиде тергендей ала берсе,
Бір жасайсың құмарың әр қанғанда.
Көкіректе жамандық еш ниет жоқ,
Аң болады кеңесің құс салғанда.

Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген
Бір қызық ісім екен сұм жалғанда.
Бұл сөздер Абайдың бүркіт салып түлкі алуды өзі соншалық
ұнатқанын, әуестенуге лайық, адамның көңілін сергітетін іс дел

қарағанын ғана емес, сонымен бірге қазақ арасында саятшылықтың
үлкен өнер саналып келгенін де айқын аңғарта алады.
Абайдың «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» деген
өлеңінде «Қансонарда бүркітші шығады аңғадағы» секілді әдемі

табиғатта жарқын көріністе жоқ. Бұл тұспалды өлеңге, мысалға
көбірек ұқсайды. Халықтың ұғымында құстың асылы, ерліктің,
батырлықтың символындай болған қыран бүркітке мұнда
күйкентай мен қарға қарама-қарсы қойылған. Олар бүркіт ұшса,

қалмай қабаттасып, бірге ұшып, оған кедергі жасап, өздері де
ештеме бітірмей әуреге түседі.
Ақын ықшамды ғана суреттеме береді де, сөз салмағын
күйкентай мен қарға ұшырдық деп мәз болған құс иелерін сынауға

ауыстырған. Өлеңнің аяғында жұрттың қылып жүрген мұндай
істерінің берекесіздігі жайлы түйін жасайды:
Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ,
Қайран ел осынымен жүр далақтап.

Өлеңді түгелдей алғанда онда еріксіз езу тартқызып, күлкі
туғызатындай жайлар да жетерлік, мысалы: «қарғаның «қарқылдап»
қыраннан қалмайтыны, күйкентайдың «шықылықтап» қосарланып
жүргені, осы құстардың иелері «бос салақтап» күн ұзын шаба

беретіні, түнімен «күпілдеп» құстарын мақтайтыны. Ал «Қайран
ел осынымен жүр далақтап» деген сөзінен ажуа мен мысқылға
ел жайын ойланудан туған жанашырлық пен өкініш сезімі
қосылатынын байқаймыз. Өлеңнің соңғы екі тармағындағы

автордың түйіндеу сөзі комедиялық сарынға енді басқаша сипат
береді.
«Күз» (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан) атты өлеңінде
ақын жылдың төрт мезгілін суреттейтін басқа өлеңдеріндегідей

үлкен суреткерлік шеберлік таныта отырып, табиғат көріністеріне
жанастыра ауылдың күнделікті машықты өмір тұрмысын мейлінше

қарапайым нақтылы түрде, ешқандай көріктеп, әдейі әсірелеусіз сипаттайды. Аспанды қаптаған сұр бұлтты, жерді басқан дымқыл тұманды, жапырағы түскен ағашты, сарғайып тозған күзеуді суреттеу арқылы көшпелі ауыл тіршілік ететін табиғи ортаны, айналаны нақтылы қалпында айқын көзге елестетеді. Ойнақтаған жылқылар, үйірінен қашып, оқшауланған биелер, жарыса шапқылаған тайлар – бұлар да мал баққан елдің өмір-тұрмысының айнымас, әрқашанда қосақталып жүретін белгі-нышандары десек болады. Өлеңді түгелдей алып қарасақ, онда табиғат көріністерінен гөрі көшпелі елдің өмір-тұрмысын, тіршілік әрекетін бейнелеу жағы басымырақ екенін мойындауға тура келеді. Дәл тауып, айнытпай берілген нақтылы күнкөріс әрекеттері қазақтардың теріні малмаға малып, иін қандырып алып илейтіні, қыс бойы қорек ететін астықты күзде түйемен барып басқа жақтан әкелетіні, киіз-үйдің іші ыс болады деп күзгі суықта от жақпай отыратыны, әйелдердің түйенің шудасынан жіп иіріп киіз үйдің жыртылған жерін жамайтыны – бәрі де көшпелі елдің дағдылы тіршілігің тұрмыс-жағдайын, әдет-салтын анық аңдатады. Мал бағумен күн көрген елдің өмірге бейімділігі, тіршілікке икемділігі, ептілігі де байқалмай қалмайды. Қара суыққа тоңып дірдектеген балалар мен кемпір-шалдардың сиқы күзгі табиғаттың жабырқаңқы түріне толық сәйкес келеді. Ақынның «Жазғытұры» (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы) дейтін өлеңіндегі шұғылалы сәулесін шашқан күнді, жарық айды, жымыңдасқан жұлдыздарды қызықтау, шат, жарқын көңілді адамдар бейнесін алға тарту, табиғатты көтеріңкі леппен суреттеу мұнда жоқ. Бұл өлеңде: Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш-қурай, – деп ағаш пен қурайдың кемпір-шалмен салыстырылатыны көңіл қоярлық. Әдетте адамды жансыз нәрсемен салыстыру қолайлы, ұтымды саналса, Абай керісінше тәсіл қолданып, жансыз нәрсені сипаттау үшін оны адаммен теңестіреді. Бұл бүрісіп үрпиген кемпір-шалдың мүшкіл халіне оқырманның аяныштылық сезімін күшейте түседі. Өлеңде тек кедей, жоқ-жітік адамдардың хал-жайы айтылатыны тегін емес. Ол көшпелі елдің тұрмыстіршілігі күз түскенде қиындайтынын нанымды етіп көрсету үшін қажет. Өлеңнің осындай мазмұны оның сарынына әсер ететінін

мойындасақ та, бірақ бұдан ақынның өз көңіл күйі де сондай
жабырқаңқы демесек керек. Табиғатты, елдің өмір-тұрмысын
суреттеудегі ақынның байсалдылығы, пікір парасаттылығы
ешқандай күмән туғызбайды. Өлеңнен боямасыз, қоспасыз ақиқат

өмірдің өз көрінісін тапқандай әсер аламыз.
«Қыс» атты өлеңінде Абай жылдың осы мезгілін мейірімсіз,
түсі сұсты, қатал кәрі құданың кейпінде сипаттайды.
Бұл тәсіл ақынға қыстың көшпелі тұрмыс кешкен қазақ елінің

өміріндегі ең бір ауыр, жайсыз кез болғанын неғұрлым айқындап,
әсерлі етіп көрсетуге мүмкіндік береді.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр – мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық.
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы –үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып, ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзің
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

Қысты осылай кәрі шалдың кейпінде бейнелеу қазақ поэзиясында
бұрын болмаған мүлде тың, жаңа көркемдік тәсіл болатын. Орыс
мәдениетінің ықпалымен қазақ өміріне кейін кірген жаңа жылда
келетін Аяз-атадан Абайдың кәрі құдасы басқарақ. Өйткені ол –

қаһарлы, кәрі шал.
Қыстың бар ызғарын бойына жиып алғандай осы кәрі құданың
бейнесі көркемдік қиялдың жемісі десек те, оның қыс мезгілін
көзге айқын елестетерлік мәні де зор екенін мойындаған жөн.

Сонымен қатар өлеңде ұйытқып соққан бораннан теңселген алты
қанат ақ үй, беті-қолы аяздан домбыққан жас балалар, шидем
мен тон қабаттап кисе де, ызғарлы қатты желге қарсы тұра қарай
алмай сырт айналған малшы, қалың оппа қарда малшынып титығы

құрыған жылқылар, қыспен бірге араны ашылып, малды ауылды
торыған аш қасқырлар міне – осындай көшпелі елдің өмір-
тұрмысынан алынған нақтылы көріністер де жеткілікті.
Өмірдегі, табиғаттағы көркемділікті, әсемдікті өте нәзік сезініп

шебер бейнелеу жағынан Абай поэзиясында ғана емес, бүкіл қазақ
поэзиясындағы үздік туындылар – «Жазғытұры» (Жазғытұры

қалмайды қыстың сызы), «Желсіз түнде жарық ай», «Жаз»
(Жаздыгүн шілде болғанда).
«Жазғытұры» өлеңіндегі негізгі сарын – сахара табиғатының
көркін сипаттай отырып, қазақ халқының көшпелі өмір тұрмысын

реалистік шынайылықпен нақтылы бейнелеу. Сонымен қатар бұл
өлеңде табиғат көркін сұлулығын асқақ шабытты суреткердің
көзімен қарап тамашалау, тамсану пафосы де ерекше күшті.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Осы бастапқы бір шумақтан-ақақын адам өмірі мен табиғат

құбылыстарының арасындағы жалғастық-үндестікті бар жанымен
сезінетінін айқын аңғаруға болады. Мал баққан елдің қарекетін
тұрмыс-жайын, жазды жадырап, қуана қарсы алғанын көрсететін
нақтылы суреттемелерде табиғат көркін малды, құсты мейлінше

шынайы бейнелеген тұстарда өлеңнің жаңағы айтылған өзгешелігі
бірте-бірте толығып, табиғат аясында отырған елдің тұтас бір өмір
көрінісі алдымызға тартылғандай болады. Адамның іс-әрекеті,
мінезі, қимыл-қозғалысы қандай нақтылы, нанымды болса,

малдың, құстардың бейнесіде сондайлық нақтылы, нанымды,
ешбір қоспасы жоқ. Әрине, «гүл мен ағаш майысып қарағанда»
деген сияқты суреттеулерде көркемдік әсірелеу жоқ емес, бірақ ол

– поэзияға тән сипаттау тәсілі.

Осылай өмір-тұрмыс, табиғат көркін нақтылы қалпында,
айрықша шынайылықпен бейнелейтін өлеңде бара-бара дүние-
болмыстың, табиғаттың керемет сұлулығына тамсану сарыны да
күшейе түседі:

Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның пейілі енер.
Тамашалап қарасаң тәңірі ісіне,
Бойың балқып, ериді іште жігер.

Өлеңнің бірінші шумағындағы аспаннан нұрын төккен күн
бейнесі енді ақын табиғат құбылыстарын, жер мен аспанды, ай,
жұлдызды, желді символдық мағына беріп, жанды бейне түрінде
тұспалдап суреттеген тұста жаңа қырынан көрінеді.

Табиғатты көркемдік қиялға беріліп, символдық суреттер
арқылы жарқын елестеткен ақын өлеңнің соңғы шумағында өмір-

болмысты, табиғатты, аспан мен күнді тағы да нақтылы, шынайы
қалпында және терең сезіммен тебірене бейнелейді:
Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.

Қызыл арай сары алтын шатырына
Күннің кешкі кіргенін көрді көзім.
Абайдың жыл мерзімдерін сипаттайтын өлеңдері өз алдына
бір лирикалық топтама деуге де боларлықтай. Олар көркемдік

құрылысы, суреттеу тәсілі жағынан әр түрлі, бірақ тақырыбы
жағынан бір-біріне жалғас келеді. Осы топтағы өлеңдердің бәрінде
де ақын табиғат көрінісін мал баққан елдің өмір-тұрмысымен
ұштастыра бейнелейді. Кейде қазақ ауылының тұрмыс жағдайын

сипаттауға көбірек мән беріліп, табиғат тек халық өмір сүретін
орта болып екінші қатарда ғана көрінеді. Мысалы: «Күз» (Сұр
бұлттүсі суық қаптайды аспан), «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі
ай», «Қыс» (Ақ киімді, денелі, ақ сақалды). Бұларда ақын көшпелі

тұрмыстың ауыртпалықты жағын көбірек айтады, ал «Қараша,
желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңінде әлеуметтік теңсіздікті
де ашып көрсетеді. Ал «Жаз» (Жаздыкүн шілде болғанда),
«Жазғытұры» (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы) өлеңінде елдің

кең далада, табиғат аясында бой жазып, жаны жадырап отырған
кезін бейнелейді. Бұларда жарқын бояулар, ауыл өмірінің жақсы
жағын айту, көтеріңкі леппен суреттеу басым келеді. Ақын көшпелі
елдің өмір-тұрмысының ауырлығын, көлеңкелі жағын да, сонымен

қатар ауыз толтырып айтарлық күнгей жағын да көре білген. Бірақ
бір өлеңде айтқанын басқа өлеңінде қайталай бермейді. Олай болса
бір кездегі осы өлеңдердің кейбіреуін (мысалы, «Жаз» өлеңін)
бөлек алып қоғам өміріндегі қайшылықты, кедейдің ауыр халін

көрсету жағы әлсіз деп сын айтушылық, әрине, орынды болған
деуге келмейді.
* * *
Абайдың өмір, дүние-болмыс туралы ойларының қорытып

жинақтап айтатын сипаты және әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын,
қоғамдық құбылыстардың өзара себеп-салдарлы байланысты
келетінін терең түсінуі жағынан үлкен философиялық мәні бар
екені талассыз. Сонымен қатар ол философиялық ой-толғамдарын

көбінесе ақынша айтатынын да ескерген жөн. Ақын ғылыми ұғым
тілімен сөйлеуге тек қарасөздерінде еркін барады.

Абайдың ақындық ойының философиялық тұжырым жасауға дейін көтерілетіні әсіресе адам мен заман, өмірдің мағынасы, өмір мен өлім, уақыттың өтуі және мәңгілік (фәни мен бақи) секілді мәселелерді қозғайтын өлендерінен айқын байқалады. Абайдың ойшылдылығы, дүниетанымы жайлы сөз қозғағанда назар саларлық өлеңінің бірі – «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес». Ал осы өлеңнің бастапқы тармағындағы сөздердің мәнісіне үңілсек, әрине, табиғат дегенді қазіргі, бізге үйреншікті мағынада алып, аспан мен жер, күн мен ай, жұлдыздарды, таутасты айтып отырған жоқ сияқты. Өйткені олардың өмірі адам өмірінен ұзақ екені талассыз емес пе? Табиғат деген сөздің бүгінгі қалыптасқан мәніне қарасақ, солай көрінеді. Алайда ескі философиялық еңбектерде табиғат өлсе де, адам өлмейді деп, осы екеуін бірібіріне қарама-қарсы қою кездеседі. Мысалы, Сократ адамды табиғатқа қарсы қойып, әділдік, ізгілік секілді адамның жақсы қасиеттерін зерттеу қажет те, ал табиғатты зерттеу деген көңіл бөлуге тұрмайды деп санаған. ...«Адам өлмес» деп бірден кесіп айтқан Абай ойын қалай жалғастырады, соған тоқталалық: Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікінің» айрылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес. Дәл осы өлеңінде «мен» және «менікі» деген ұғымдарды Абай ажыратып, дәлірек айқындамайды. Келесі шумақта: Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып аяғын көп шалдырған, – дей келіп, алғашқы ойын енді тікелей жалғастырғандай: Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – дейді. Бұл орайда «адам өлмес» дегеннің мағынасы өзі өлсе де, сөзі өлмес, кейінгіге сөзі, айтқан ойы қалады деген пікірге саяды. Абайдың бұл пікірі бір жағынан халық даналығын танытатын сөз үлгілерімен де жанасып жатыр. Нақыл сөз үлгісінде келетін Бұқаржыраудың: Өлмегенде не өлмейді? Жақсының аты өлмейді. Әлімнің хаты өлмейді, –

деген сөзін еске алсақ та болар. Мағыналы сөз өлмейді дегенді
ақындар өз шығармаларына қатысты да айтады.
Мен кетермін, сөз қалар,
Ақ қағазға басылып.

Бозбалалар қолға алар,
Әр ауылға шашылып, –
дейді Шәкәрім ақын.
Мәселе, ақынның кейбір басқалар да айтқан, айтатын пікірді қай

қырынан келіп, өзі қаншалықты терең мән беріп айтуында екені
талассыз. Осы жағынан келгенде өлең сөздің әлеуметтік мәнін
жаңаша танып, жоғары бағалаған Абайдың «Өлмейтұғын артына
сөз қалдырған» дегенді аса зор, жаңа мағына беріп айтқаны айқын.

...Абай шығармаларындағы ойшылдық сарын дегенді, әрине,
кейбір шығармалармен ғана шектемей, кең мағынасында түсінген
жөн. Ойшылдық сарын дегеніміз таза философиялық лирика деген
ұғымнан әлдеқайда ауқымды.

Абай өз шығармаларында сол дәуірдегі әлеуметтік өмірге,
қоғамдык, қатынастарға терең, жан-жақты талдау жасайды.
Заманның беті, ел жайы, халық тағдыры туралы ой толғап, әр түрлі
топтардың іс-әрекетін мінез-құлқын сипаттап береді. Осындай

өлеңдерде ойшылдық сарын да, кеңірек алып қарағанда терең
философиялық мән-мағына да бар деп санау әбден орынды.
«Абайдың өлеңдері қазақтың басқа ақындарының өлеңінен
үздік артықтығы әр нәрсенің бергі жағын алмай, арғы асылынан

қарап сөйлегендіктен. Басқа ақындардың сөзге шеберлігі,
шешендігі Абайдан кем болмаса да, білімі кем болғандығы
даусыз», – дейді Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» атты
мақаласында.

Бұл – Абайдың қоғамдық өмірдің күрделі мәселелерін, халық
тағдырын терең талдап айта білетінін, оның дүние-болмыс, өмірдің
өтуі жайлы толғаныстары зерделі ойшылдықтан туғанын толық
ескеріп айтылған сөз. Сонымен бірге Абайдың ақындық дарыны

аса қуатты. Әлихан Бекейхановтың «Абай сияқты халықтың
рухани творчествосын осыншама жоғары көтерген қазақ ақыны
әлі кездескен жоқ»10 дейтіні де бұлтартпас шындық.
Абайдың орасан зор ақындық дарыны терең ойшылдығымен

10 Кіт: З.Ахметов. Поэзия шыңы – даналық.322-б.

қатар, не нәрсені болсын нақтылы, көркем бейнелей білетін керемет суреткерлігінен де, адамның нәзік сезім иірімдерін әсерлі жеткізетін сыршыл-лирик екендігінен де толық байқалады. Абай аса күрделі қоғамдық мәселелерді терең талдап, тұжырымдап айтатын кемеңгер ойшыл ақын, сонымен қатар кісінің кескін-кейпін (портретін), мінез-құлқын, қимыл-қозғалысын, табиғат көркін нақтылы, дәл сипаттайтын асқан суреткер ақын және өзінің де, өзгенің ішкі сезім дүниесін, көңіл күйін әсерлі жеткізетін нәзік сырлы лириканың шебері дегенде, бұлар оның жан-жақты ақындық шеберлігінің әр қыры, әр түрлі сипат-қасиеті екені, ақын тұлғасының біртұтастығын көп қырлы болсада, бірсырлы екенін есте сақтаған абзал. Әр түрлі лирикалық жанрлар, тақырыптық сарындар арасында пышақ кесті шек-жік, айқын айырым, шекара бола бермейді, көбінесе бір-бірімен қабысып, ұштасып, сабақтасып, бір өлеңнің, жеке шығарманың өзінде бірін-бірі толықтырып отырады. Абай өмір құбылыстарын бейнелеп суреттеу немесе баяндап жеткізу, адамның ішкі жан дүниесін психологиясын ашып көрсету секілді әр түрлі көркемдік тәсілдерді шебер қолданады. Бірақ қандай түрлі әдіс-тәсілді қолданса да, оның шығармаларынан терең ойшылдық айқын сезіледі. Ойшылдық көбіне лирикалық сезіммен терең тебіреніспен ұштасады, немесе баяндап айту арқылы да көрінеді, кейде суреткерлік шеберлік басым келеді. Қалайда осының бәрі бірін-бірі үстемелеп, жандандыра түсетін қасиет-сипаттар болып шығады. Абай қазақ поэзиясының идеялық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлық түрлер қалыптастырды. Абайдың лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан алғанда сан салалы, алуан түрлі, тақырыбы, идеялық мазмұны жағынан да аса бай, әр қилы өмір құбылыстарын қамтиды. Халықтың тағдырын, заман жайын толғайтын сан алуан әлеуметтік, философиялық лирика түрлері, адамның ішкі жан дүниесін бейнелейтін жырлары, махаббат лирикасы, сатиралық өлеңдері, табиғат суреттері, оларға қоса жеке адамдарға арналған жырлары, тағы басқа өлең түрлерін Абай поэзиясынан молынан табамыз. Оларда қуаныш сезімі де, өмірге деген зор сенім де, мұң мен наз да, зәрлі, ащы сын да – бәрі де бар. Абай лирикасының жанрлық түрі бай, ақын шеберлігінің қырлары мол екенін толығырақ байқау үшін тағы бірнеше өлең

үлгілеріне көңіл қойсақ. Алдымен айтатынымыз – көлемі шағын
келетін, миниатюра түріндегі өлеңдері. Олардың өзгешелігі артық
сөзі жоқ, ықшамдылығында, мағыналық сыйымдылығында.
Осындай өлендерінің ең көлемдісі мынау:

Балалық өлді, білдің бе?
Жігіттікке келдің бе?
Жігіттік өтті, көрдің бе?
Кәрілікке көндің бе?

Кім біледі, сен кәпір,
Баяндыдан сөндің бе,
Баянсызға төндің бе?
Әлде, айналып, кім білер,

Боталы түйе секілді
Қорадан шықпай өлдің бе?
Қазақ ақындарының өлең-жырларында адамның жасын әр
түрлі кезеңдерін сипаттап айту – дәстүрге айналған нәрсе. Он,

жиырма, отыз, қырық дегендей, әр он жылдық кезеңді бейнелеу
жиі кездеседі. Абайдың өлеңі басқаша. Өмірдің өтуін ақын адам
өміріндегі үш кезеңді – балалық, жігіттік, кәрілікті айту арқылы
аңғартады. Ақынның ылғи сұраулы сөйлемдерді қатарластыра

келтіріп, біреулерден жауап күткендей айтатыны – өмірді
мағыналы етіп өткізу қажет деген ойын жеңіл әзілмен жеткізу
тәсіліне үйлесімді.
Шағын өлеңнің нақыл сөз түрінде басталатын үлгісі:

Ғашықтың тілі – тілсіз тіл,
Көзбен көр де, ішпен біл.
Сүйісер жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл.

Ол тілге едік оңтайлы,
Қапысыз біліп сондайды.
Біліп-ақ ұғып қоюшы-ек,
Енді ішіме қонбайды.

Ақын ғашық жастардың сезімінің нәзіктігін байсалды түрде,
үлкен ілтипатпен сипаттаған десек, жастық шағын еске алып, өз
көңіл күйін әзілмен айтуында да еш жасандылық жоқ.
...Абайдың өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік

бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар мол. «Сегіз

аяқ», «Сен мені не етесің», «Қан сонарда бүркітші шығады аңға»,
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жаз» (Жаздыгүн шілде
болғанда), «Желсіз түнде жарық ай», «Болыс болдым, мінеки»,
«Қызарып, сұрланып», «Келдік талай жерге енді», «Өлсем, орным

қара жерсыз болмай ма?», «Көктұман – алдындағы келер заман»
секілді өлеңдерінің қай-қайсысын алсақ та, – мүлде тың дүние,
шығармашылық жаңалық. Бұларға қоса «Ем таба алмай», «Ата-
анаға көз қуаныш», «Сағаттың шықылдағы емес ермек», «Нұрлы

аспанға тырысып өскенсің сен», «Ауру жүрек ақырын соғады жай»,
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», аударма өлеңдерден «Жалғыз
жалау жалтылдап», «Жолға шықтым қараңғы түнде жалғыз»,
«Қанжар», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» сияқты тағы сан

алуан шығармаларды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не
тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты немесе өлең өрнегі жағынан
мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топқа жатқызуға болады
деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын.

Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған
Абай соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға ұмтыла бермейді.
Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлеңдер тақырыбы жағынан
жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа тереңдеп бару үшін

қажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады. Біздің
айтпағымыз – Абайдың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы,
оның қолынан шыққан кемеліне келген, көркемдік бітімі жағынан
мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне

ұқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні.
Ақынның тіпті жылдың төрт мезгілін суреттейтін «Қыс» (Ақ
киімді, денелі, ақ сақалды), «Күз» (Сұр бұлт түсі суық қаптайды
аспан), «Жаз» (Жаздыгүн шілде болғанда), «Жазғытұры»

(Жазғытұры қалмайды қыстың сызы) секілді біртопқа, циклге
жататын өлеңдерінің де әрқайсысы мазмұн-мағынасы, суреттеу
тәсілі, құрылысы жағынан әр түрлі болып шыққан. Сондай-ақ өлең
сөздің, ән-күйдің мәнін, ақындық өнердің қасиетін бағалайтын,

тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас «Өлең – сөздің патшасы,
сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы – ол», «Мен жазбаймын
өлеңді ермек үшін», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Өзгеге,
көңілім, тоярсың», «Адамның кейбір кездері» деген шығармалары

да ойды әр қырынан өрбітуі, пікір сонылығы, бейнелеу, айту
ерекшелігі бойынша бір-бірінен өзгеше сипат алған.

Осындай бір-біріне ұқсамайтын әр өлеңінде ақынның өнерпаздық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Көк тұман алдыңдағы келер заман», «Сағаттың шықылдағы емес ермек» деген сияқты өлеңдерді оқығанда, Абайды ойшыл ақын екен деп таңдансақ, «Жүрегім, нені сезесің», «Не іздейсің, көңілім, не іздейсің», «Жүрегім, ойбай, соқпа енді» секілді өлеңдерді оқығанда, Абай асқан сыршыл лирик ақын-ау деп тамсанамыз. Ал «Қан сонарда бүркітші шьғады аңға», «Жаз» (Жаздыгүн шілде болғанда), «Желсіз түнде жарық ай», «Жазғытұры» (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы) сияқты өлеңдерге назар салсақ, Абайдың өмір құбылыстарын сөзбен мүсіндеп жанды бейнеге айналдырып сипаттауда алдына жан салмайтын суреткер ақын екеніне ден қоямыз. «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Бөтен елде бар болса» тағы сондай туындыларға қарап нағыз сықақшыл, өткір мысқылға шебер ақын осындай-ақ болар десек, «Мәз болады болысың» атты өлеңді еске түсіріп, әжуалап келемеждеудің мұндай да өте нәзік, өтімді түрі болатынына тәнті боламыз. «Интернатта оқып жүр» сияқты өлеңдердің қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат, өсиет үлгісіндегі нұсқалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені де көңіл аударады. Ал, «Сен мені не етесің», «Ем таба алмай», «Қор болды жаным» секілді нәзік лирикалық туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілері екені айқын аңғарылады. Абайдың өлеңінде оның осындай ақындық тұлғасын жаңа бір қырынан танытатын өзгешелігі болады десек, олар іштей астасып жатқан сипат, қасиеттер екенін де айтуымыз керек. «Сегіз аяқты» оқығанда мұнда терең сыршылдық, ғибратты насихатшылдық, бейнелеп суреттеуге, тіпті өлең өрнегін өзгеше өрнектеуге шеберлік те – бәрі ұштасып келетіні анық көрінеді. Абайдың көркемдік ойлау, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, лирикалық стилі еркін, икемді, поэзиядағы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды. Осының өзі-ақ оның поэзиясына жаңашылдық сипат дарытады. * * * Сөз өнері, өлең, ән-күй туралы пікір толғайтын өлеңдерінде Абай бұрынғы жыршылар мен ақындардың салып кеткен дайын

сүрлеу жолымен жүруге құмар емес екенін ашық айтты. Сөз өнерінің ұлы суреткері ретінде Абайдың орасан зор тарихи еңбегі мынада: ол жаңа заман қазақ әдебиетінің алдына жаңа міндеттер қоятынын жақсы түсінді, ұлттық әдебиетті жаңа дәуірдің тілекталаптарына сәйкес жаңғырту қажеттігін ерекше көрегендікпен сезе білді, және де бұл іске өз талантының бар күшімен қызмет етті. Ол заманның озат идеяларымен сусындаған жаңа ақындық өнердің дәйекті күрескері болды, жыршының, ақынның өмір шындығын жаңа көзқараспен реалистік әдіспен терең бейнелеу керектігін паш етті. «Өлең – сөздің патшасы» дейтін өлеңінде Абай: «сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» – деп, жұртшылықтан ақындық сөзге зор маңыз беріп қарауды, поэзияның зор қоғамдық міндетін түсіне білуді талап етеді. Әлбетте, жаңа идеялардың баурап аларлық күшін жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның оп-оңай және толық ұға алатынына қазақ өмірінің сол кездегі жағдайында толық сенім арту қиын еді. Абай оны жақсы түсінді, мұны оның «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген өлеңіндегі мына шумақтар толық дәлелдейді: «Шу дегенде құлағың тосаңсиды, Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей». Бұдан біз өлең-жырларындағы жаңа, соны ой-пікірлерді жұртшылықтың қалай қабылдайтынына Абайдың ерекше мән бергенін айқын аңғарамыз. Ол өлең-жырға көңіл қоятын қауымның айтылған сөздің мәнін терең түсініп, байыбына жетуі қажет дейді. («Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей»). Сондықтан да ақын өзінің сөздеріне құлақ асатын, кеңесін іске асыра алатын адамдарды көруді өзінің ең зор тілегі деп санады. Абай қоғам өмірінің күрделі проблемаларын көтермейтін жыршылар мен ақындарды қатты сынға алады. Кейбір ақындардың өлең-жырды тек көңіл көтеру үшін айтып, өнерге жеңіл-желпі мақсат қоятынын үлкен мін деп қарады. Басқа елдерді шауып, талантаражға салған батырларды мадақтауға, көз қызықтыратын сұлуларды, әлдеқандай ғажап нәрселерді жырлауға ғана әуестенбеу керек дейді. Абайдың кейбір ақындардың ескі аңызға және жалпы қызғылықты сюжетке көбірек көңіл бөлетін әдетін сынауы поэзияны алдымен жаңа дәуірдің түпкі, түбегейлі, қоғамдық маңызы зор мәселелерімен тығыз байланыстыру мақсатынан туған еді.

...Абай әдебиетті идеялық, көркемдік жаңа биікке көтере отырып, оқушысына идеялық, эстетикалық тәрбие беруді, басқаша айтсақ, әдебиеттің өмірдегі атқаратын қызметін арттыруды бірінші мәселе етіп қойды. Адамның бойында шынайы асыл қасиеттерді тәрбиелеуге, жамандықтан қашып, жақсылыққа ұмтытушылықты қалыптастыруға тек өресі биік әдебиет қана ат салысатынын ақын терең түсініп, өзі сол жолда қажымай, талмай ізденді. Абай өлең сөздің, әннің қоғамдық мәні, өмірдегі алатын орны, көркемдік сипаты жайлы көп толғанғаны ақын шығармашылығы сөз болғанда үнемі айтылып келеді. Алайда бұл мәселені сөз қылғанда анықтай түсетін жайлар жоқ емес. Алдымен бұл орайда өлең деген ұғымның өзі Абай поэзиясында қандай мағынада қолданылатынына тоқтала кетелік. Қазақ тілінде өлең деген сөз термин ретінде бүгінге дейін бірнеше мағынада қолданылады. Біріншісі – ән өлең, ән салып, ән шырқап айтатын өлең, яғни музыкалық өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды. Ән өлеңде көбінесе әннің мәні сөзінен гөрі маңыздырақ келеді. (Кейде, мысалы, таңдаулы өлең тексіне ән жазылса, әні де, сөзі де бірдей құнды болуы да ықтимал). Екіншісі – көбінесе, жеңіл ықшамды ғана әуенмен, мақаммен термелеп айтылатын өлеңдер, жырлар, яғни ауызша поэзияның туындысы. Қазақ поэзиясында соңғы кездерге дейін өлең, жырларды домбырамен әуендетіп, белгілі бір сарынға келтіріп айту орын алып келеді. Бірақ созылмалы, күрделі әні бар өлеңдер өзінше белек сипат алып, ал өлең-жырды жатқа ауызша айтқанда сүйемел болатын терме, желдірме түрінде келетін, шырқап салатын әннен гөрі ықшамды, қысқа қайырылатын әуендер (речитатив) басқаша құрылады. Үшіншісі – оқылатын, сөйлеп айтылатын өлең, яғни, жазба поэзияның туындысы, әр алуан лирикалық шығармалар. Сонымен қатар, өлең деген сөзді кең мағынада алып, көлемі қысқалау келетін поэзиялық шығармалардың бәріне ортақ жалпылама атау ретінде қолдану да жиі кездеседі. Абай өлең деген сөзді көбінесе осы соңғы өлең сөз, поэзиялық шығармадеген мағынада қолданады. Мысалы, «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» дегенге ақын өз шығарамаларын да, сонымен бірге «өлеңі бар өнерлі інім» деп жас ақындардың поэзиялық

туындыларын да осы мағынада өлең деп атаған. Бірде өлең десе,
бірде сөз деп айтатыны сондықтан:
Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз...
Жалынамын мұндай сөз айтпа бізге.

Абайдың сөз деген ұғымды өлең, өлең сөз деген мағынада,
солардың толық баламасы ретінде қолданатынын «Талап сөз бұдан
бұрын көп айтқанмын» дейтін өлеңінен әсіресе анық кере аламыз.
Мұнда Абай өз шығармалары туралы:

Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін,
Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін.
Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді,
Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін, –

деген секілді айтып, өлең деген ұғымды мүлде қолданбайды.
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңінде де ақын өлең
дегенді өлең сөз деген мағынада қолданатынын байқаймыз.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың қиыстырар қай баласы...
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түсел...
Ақыл сөзге ынтасыз жұрт шабандап, -
деген секілді сөйлемдердің қайсысы болса да, ақын өлеңді сөз

өнері деп бағалап отырғанын аңдатады. Алайда, мысалы:
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап, –
дегенді алсақ, сол ақындардың өлеңі әдетте әуенмен ауызша

айтылатыны түсінікті болады. Яғни, бұдан өлең сөз, оқылып
айтылатын өлең және әуенмен айтылатын өлеңнің арасына шек
қойылмағаны айқындалады.
Ал енді «Біреудің кісісі өлсе, қаралы – ол» дейтін шығармасында

Абай өлең дегенді өлең сөз және ән өлең деген екі мағынада қатар
қолданады. Ақын өз сөзін зарланып әнге салып айтатын жоқтау
өлеңнен бастағаны да көңіл қоярлық. Жар-жар, беташар секілді
өлең түрлерін содан кейін атайды. Өмірдегі ең ауыр, қиын кезде

де, қуаныш, қызық кезінде де өлең адамға серік болатынына көңіл
аударады.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең.

Туғандағы нәрестенің алғашқы еститін өлеңі шілдеханада
айтылатын өлең, әндер болса, кейін өмірмен қоштасатын
кездегі айтылатын жоқтау өлең болса, ал адамға өмір бойы
еріп жүреді деп өлеңнің барлық түрін айтуға болар. Абай

өмірдегі өлеңнің мәні қандайлық зор деген ойын одан гөрі
жалғастырғанда өзі деөлең сөз туралы да, ән туралы да
араластырып айтып отырады:
Өлең деген – әр сөздің ұнасымы,

Сөз қосарлық, орайлы жарасымы.
Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,
Оған кімнің ұнасар таласуы?
Қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді,

Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді.
Қадірін жақсы сөздің білер жанға
Таппай айтпа оған да айтар кезді.
Сый дәметпе, берсе алма еш адамнан,

Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан.
Сүйсінерлік адамды құрымет қыл
Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан.
Абайдың тазаән өлеңді бөліп алып, тек ән туралы айтатын

шығармасы – «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа».
Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп оятар баста миды.
Бұл дүниенің ләззаты бәрі сонда,

Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,

Жас балаша көңілді жақсы уатар.
Көбінесе ән басы келеді ащы,
«Кел, тыңда!» – деп өзгеге болар басшы.
Керім толғап тауысар қаңғыр-күңгір.

Сол жеріне ойыңмен араласшы.

Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің есері бар.

Бұл сипаттаулардан әннің ең басты ерекшеліктерін – созылмалы
әннің дауыс толқынының өзгеріс-қозғалысына негізделетінін,
музыкалық дыбыстардың бірінен-бірі жоғарылы-төмен сатылап,
әр түрлі үнмен айтылуына, осындай өзгеше бітім-құрылысына

сәйкес әсем әуезділігін, адамның сезім күйін терең ашып бере
алатын мәнділігін тани аламыз. Абай әнді күй деп те атайды:
Адам аз мұны біліп ән саларлық,
Тыңдаушы да аз, ол әннен бәһра аларлық.

Мұңмен шыққан оралған тәтті күйге
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?
Күй дегенді бұл орайда жалпы әуен мағынасында алып, әннің
сазын, музыкалық қасиетін, әуезділігін жекелеп, әннің сөзінен

бөліп айтады. Осы тұрғыдан келіп әннің, әуеннің өмір шындығын
танытатын мағыналылығын («Өмір сәуле көрсетер судай тұнық»)
«ақылдының сөзіндей ойлы күй» деген сипаттама арқылы
жеткізеді.

... Абай поэзияның танымдық, тәрбиелік мәнін терең түсініп,
оны адам мінезін, заманды түзетудің күшті құралы деп қарағанын
көптеген өлеңдерінен, әсіресе сөз өнері, ән-күй туралы ой-
толғамдарын арнайы баяндайтын «Мен жазбаймын өлеңді ермек

үшін», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе
қаралы – ол», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Адамның
кейбір кездері», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өзгеге, көңілім,
тоярсың» секілді шығармаларынан толық байқаймыз. Бұларда Абай

қозғайтын мәселелердің аясы кең. «Адамның кейбір кездері» атты
өлеңінде ол ақындық шабыттың қуаттылығын бейнелеп көрсетіп,
поэзиядағы шындық адамды рухтандыратын күшті шабыттан, ақ
пен қараны, адалдық пен зұлымдықты айыра білетін ақыл мен

әділеттілік сезімнен туатынын айтады. Осы өлеңдегі Абайдың
бөлекше қастерлейтіні – елдің мұңын жоқтайтын сыншыл ақын.
Кектеніп надан, зұлымға,
Шиыршық атар, толғанар.

...Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл

Не жазып кетсе жайы сол,
Жек көрсеңдер өзің біл –
міне осылай сипаттауынан қоғамдық өмірдің келеңсіз жақтарын
аяусыз әшкерелейтін ақынның кейпін көреміз.

«Құлақтан кіріп бойды алар» дейтін өлеңінде Абай ән мен
күйдің адамға аса зор әсер ететінін өзгеше бір қырынан ашып
берген. Ақын ән мен әуенді бар жанымен сезініп, көз алдынан
өткен өмірдің тасқыны қайта өткендей көңілін қозғап, еліктіріп,

тағы сендіріп, үйіріп әкетіп бара жатқандай күй кешеді.
Абай өлеңнің, поэзияның қоғамдық мәнін өзінің озат
адамгершілік идеялары, шығармашылық ізденістері тұрғысынан
жаңаша түсінеді.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» дейтін өлеңінде Абай
поэзияның артықша қасиеті биік адамгершілікті уағыздайтын
терең мағыналылығында, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін
әуезділігінде деген ойын алға тартып, осы түйінді пікірінің

дәлелділігін күшейте түсу үшін:
Әуелі аят, хадис – сөздің басы,
Қосарлы бәйітсымал11 келді арасы.
Қыйсынымен қызықты болмаса сөз,

Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.
Мешіттің құтпа12 оқыған ғұламасы,
Мүнәжәт13 уәлилердің14 зар наласы
Бір сөзін бір сөзіне қыйыстырар,

Әрбірі келгенінше өз шамасы, –
дейді.
Абай «сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» дей отырып, өлең-
жырларды бағалауға үлкен талғампаздықпен қарайды, сый дәметіп

мақтау өлең айтуға бейім тұратын ақындарды қатты сынап,
шенейді. Осы өлеңдегі:
Батырды айтсам ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап,

Әншейін күн өткізбек әңгімеге
Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап, –
11 Өлең, жыр секілді.
12 Мешітте айтылатын уағыз.

13 Тілек, зар.
14 Әулие, пайғамбар

деген сөздерге қарап, Абай батырлар жырын, ғашықтық жырларды
түгелдей мансұқ еткен, жоққа шығарған олардан үзілді-кесілді бас
тартқан деуге, әрине, болмайды.
Сол сияқты:

Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап, –
деген сөздеріне қарап, Абай билерді, билердің сөзін (шешендік
сөздерді), бұрынғы жыршы, жыраулардың, ақындардың өлең-

жырларын бағалы, құнды нәрсе деп санамаған ескі ақындардың бәрі
өлеңді пайда үшін мал үшін айтқан деп ойлаған деуге болмайтыны
анық. Қазан төңкерісінен бергі дәуірді асыра мақтаған, еөткен
заманды қатал, кертартпа деп бірыңғай сынап айтқан кездерде

билердің сөзіне, көптеген ақын, жыршылардың өлең-жырларына
тиісті, жеткілікті мән берілмеген жағдайда жаңағыдай сөздердің
мағынасы, әрине, үнемі дәл дұрыс ашылып келген жоқ. Олай
дейтініміз, Абайдың:

Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,
Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара, –
дегені қоса, бірге айтылмаса, сол сөздердің мағынасы өткен
замандағы әдебиет туралы тар, таяз ұғым-түсініктерге орай оп-

оңай бұрмаланып шыға келетінін талай байқадық.
Айрықша көңіл аударарлық жай – Абай өлеңді, поэзиялық
шығарманы кім қалай қабылдайтынына, яғни, тыңдаушыларға
үлкен мән береді. Сөзді түсінетін, зейіні жетіп ұғатын, содан

өзіне сабақ алатын адамдар болса ғана, оның ықпал-әсері күшті
болатынын естен шығармайды. «Мен жазбаймын өлеңді ермек
үшін» деп сөзін алдына қандай мақсат қоятынын айтумен бастайды
да, бірден сол өлеңді қабылдайтын тыңдаушылар қандай болу

керек деген мәселеге ойысады:
Бұл сөзді тақсыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергегі үшін.
Түзу кей қисық-қыңыр, қырын келмей,

Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Таң қаламын, алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бар дейді жұрт, тыным бермей.
Поэзияда адамды еліктіретіндей қызықты тақырып іздеушілікті

сынағанда да:

Әсіре қызыл емес деп, жиренбеңіз,
Түбі терең сөз артық бір байқарсыз, –
деп, осыған тыңдаушыларды иландыруға, сендіруге ұмтылады.
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», – деп өзінің поэзияға,

өлеңге көзқарасын білдіріп, «көр-жерді өлең қылған» ақындарды
сынағанда, «сендерге де келейін енді аяңдап», – деп «ақыл сөзге
ынтасыз» тыңдаушыларды назарынан тыс қалдырмайды. Өлең,
поэзия ғана емес, басқа әр түрлі қоғамдық мәселелерді қозғағанда

да, Абай жұрттың сөзге ынта-ықыласы қандайлық болатынына
қатты көңіл бөледі.
«Сегіз аяқ» атты өлеңінде:
Бойда қайрат, ойда көз

Қалмаған соң, айтпа сөз, –
деп, ақын тыңдаушыдан зейінділік, зеректік, естіп-білгенін кәдеге
асыратындай жігерлілік, табандылық секілді қасиетті іздейтінін
аңдатады. Абайдың «Білімдіден шыққан сөз» атты өлеңін алсақ,

ол түгелдей тыңдаушыларға, оларды саралап бағалауға арналған.
Мәселеге кеңірек қарасақ, Абай өз өлеңінде тыңдаушылар
туралы айтпаған кезде де, олардың арман-мүддесін тілек-талабын
жақсы түсінетіні, толық ескеріп отыратыны – оның ақындық

өнерінің қуаттылығын танытатын қасиет.
Ақынның көптеген өлеңдерінен сөзін тыңдаушыларға қарата
сөйлейтіні анық байқалады.
«Білімдіден шыққан сөз» дейтін өлеңінде Абай ақылдының

сөзін қандай адам ұға алады дегенге үлкен мән берген. Сезімтал,
сергек, «жүрегі – айна, көңлі ояу» адам болса, сөзді ұғатын сол
болады.
Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз, –
дейді ақын.
Әсіресе өзі өнерлі, талапты кісінің ұғымтал келетініне айрықша
назар аударған. Өлеңді бар ықыласымен елжіреп, қайғы-мұңнан

айықтырып, бойын сергітетін емдей көріп қабылдайтын тыңдаушы
сөздің қадір-қасиетін тани алады, мән-мағынасын түсіне алады:
Жақсыға айтсаң жаны еріп,
Ұғар көңіл шын беріп,

Дертті ішіне ем көріп,
Неге алтынды десін жез.

Осыған қарама-қайшы келетін ұқпай жатып жалығатын түзу
сөзді санасына құйып алуға ынтасыз, өсек-аяңға алдымен көңіл
бұратын адамның жағымсыз бейнесін де ақын нақтылы, дәл
сипаттайды:

Жас баладай жеңсік қой,
Байлаулы емес ақыл-ой,
Ойлағаны – айт пен той,
Ыржаң-қылжаң ит мінез.

Сұлу қыз бен я батыр
Болмаған соң, тәңір алғыр
Шығып кетер, я қалғыр,
Оған ақыл – арам без.

Осындай нағыз терең мағыналы сөздің, шынайы поэзияның
қадірін білмейтін адамды сынап, шенеп айтуынан да ақынның
сөз ұғатын зейінді тыңдаушыларға қандай зорталап қоятынын
аңдай аламыз.

Абайдың өлең сөздің, поэзиялық өнердің мәнің сырын
толғайтын шығармаларының тағы біреуі – «Қуаты оттай
бұрқырап». Мұндағы бір көңіл қоярлық ерекшелік – ақын сөз
өнерінің маңызын, қуат-күшін сипаттай отырып, өлең-жырды

қабылдайтын тыңдаушы жайына да арнайы тоқталып отырады,
тіпті бұл мәселені өз алдына өзекті тақырып ретінде өрбітеді.
Мұны өлеңнің алғашқы шумағынан-ақ анық байқаймыз:
Қуаты оттай бұрқырап,

Уәзінге өлшеп тізілген.
Жарқырап жайдай сырқырап,
Көк бұлттан үзілген.
Қайран тіл қайран сөз,

Наданға қадірсіз.
Ақын
өлең
сөздің

өткірлігін,
өтімділігін,
өлшемді
әуезділігін осылай өте тартымды түрде бейнелеп сипаттайды

да, оның бағасын біле алмайтын тыңдаушы бейнесін бір-екі-
ақ сөзбен , айқын елестетеді. Келесі шумақта тағы осы тәсілді
қолданып, алдымен өлең өнерінің қиындығын, ақынның өз
ойын айтып жеткізуге ұмтылған әрекеті жанталасқан күрес,

талас-тартыс сияқты екенін аңғартады да, аяғында тағы
тыңдаушыға ауысып, оның селт етпейтін, селсоқ кейпін
байқатады:

Тәуекел мен батыр ой, Өткір тілді найза етіп, Сайысып-ақ бақты ғой, Неше түрлі айла етіп. Оянбай, қайран жұрт, Ұялмай қал жым-жырт. Бір назар аударарлық нәрсе – бұл шумақта ақын тыңдаушылар туралы сырттай айтқандай болмай, «қайран жұрт» деп, оларға арналған сөзін, оянбай, ұялмай жым-жырт отырсыңдар деген өкінішін өздеріне тура қаратып айтады. Үшінші соңғы шумақта да ақын осы қалыппен өз тыңдаушыларымен тілдескендей болып: Ақылмен ойлап білген сөз Бойыңа жұқпас, сырғанар. Ынталы жүрек сезген сөз Бар тамырды қуалар, – дейді. Ақынның адам өлеңді құр ұғып, біліп қана қоймай, шын пейілімен сезініп, тебірене қабылдаса, өзінің жан дүниесіне, көңіл күйіне одан бір жақындық, жалғастық таба алса, сонда ғана ол бойға, қанға сіңеді, еш уақыт естен шықпайды дегенді меңзейтін бұл пікірі айрықша маңызды. Бірақ әркімнен мұндай қасиет табыла бермейтінін ескеріп, тыңдаушыларға алғашқы берген бағасын өзгертпей, ойын: Ән салар, жатқа алар, Түбінде құр қалар, – деп түйіндейді. Осыдан келіп Абай өлеңді жанымен тебірене сезінетін ақынның қайғы-мұңын арман-мұратын терең түсінетін тыңдаушының болуын аңсап отырғаны айқын танылады. “Базарға қарап тұрсам әркім барар» – мұнда да сөз өнері жайында, дәлірек айтқанда өлеңді шығарушы мен оқып қабылдаушылар (тыңдаушылар) жайы сөз болады. Бірақ Абайдың поэзия, ақындық өнер туралы ой толғайтын шығармалары сөз болғанда әдетте ол ауызға алына қоймайды. Бұл бәлкім құрылысы өзгешелігінен, мүлде басқа жайларды айтумен басталатынынан болар. Базарға, қарап тұрсам, әркім барар, Іздегені не болса, сол табылар, Біреу астық алады, біреу маржан, Әркімге бірдей нәрсе бермес базар. Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,

Сомалап ақшасына сонан алар.
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.
Өлеңнің осы тең жартысында әңгіме базар туралы, базарға

барып сауда-саттық жасау туралы секілді көрінеді. Ақынның бұл
айтып отырған базары аллегория түріндегі тұспалды бейнелеу
екені өлеңнің екінші жартысын оқығанда барып айқындалады.
Негізгі мақсат – сауда орнының – базардың жайын баяндап беру

емес, өлең сөзді әркім әр түрлі дәрежеде пайымдап, түсінгенінше
зейінге алады деген ойды білдіру. «Базарға... әркім барар» дегені
өлеңді әркім-ақ оқиды, тыңдайды дегенді аңғартса, «әркімге
бірдей нәрсе бермес базар» деуі сөздің асылын, маржанын бағалай

білу қабілеті әркімнен табыла бермейтінін мегзейді. Базарда әркім
керегін, ақшасы жеткенін алатын секілді, поэзияны да әр адам
түсінгенінше, ақылы, ойы жеткенінше бағалайды деген ойын
аңдатады.

Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.
Жазған соң, жерде қалмас тесік моншақ,
Біреуден біреу алып елге тарар.

Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.

Ойды осылай тұспалдап айту тәсілін қолданып жеткізудің аса
бір ұтымды жері – ақын алдымен мейлінше қарапайым, баршаға
жақсы мәлім базарды, онан астық, әр түрлі керек-жарақты сатып
алу секілді жайларды айтып отыр. Сөйтіп, поэзиялық шығарманың

аса маңызды қоғамдық мәнін, ой-сезім тереңдігін, көркемдік
қасиеттерін түсіне білу қажет деген пікірін сол жұртқа мәлім
үйреншікті жайлармен, көпшілікке таныс нәрселермен салыстыра
айту арқылы ерекше әсерлі етіп жеткізген.

* * *
Абай поэзиясы, ақындығы туралы сөз болғанда аударма
өлеңдеріне пәлендей мән беріле қоймайтын әдет байқалады. Бұдан
аударма өлеңнің түбі, негізгі нұсқасы басқа ақындікі, сондықтан

ондай туынды Абайдың негізгі, төл шығармалары қатарында

талдануы қажет емес дегендей ұғым-түсінік те бар екенін көргендейміз. Ал шындығына келсек, ақынның аударма өлеңдерінің ешқайсысы оның төл шығармаларынан бөлекше, екінші қатардағы шығарма деп саналмауы керек. Абайдың ақындық шеберлігін, ойлау, бейнелеу өзгешелігін танытуы жағынан олардың мәні ешбір кем соқпайды. Абайдың аударма өлеңдерін түпнұсқаға барабар аударма және еркін төл шығармаға айналған аударма деп екі топқа бөліп жіктеудің өз қисыны бар. Ол аударма өлеңдердің бәрі біркелкі емес екенін ескеріп, негізгі екі түрін бір-бірінен ажыратып айыру үшін қажет. Ал кең мағынасында аударма өлеңдердің қайсысы болсын Абайдың қолынан шыққан көркем туынды, оның ақындық өнерін сипаттауда төлтума шығармаларын бірыңғай бөлек алып, аударма дегендерін шетқақпай қалдыру дұрыс болмайды. Бұл жерде мықтап есте болатын нәрсе, Абайдың аударма өлеңдерін бүгінгі аударма туралы ұғым-түсінік тұрғысынан келіп бағалау дұрыс емес. Аудармаға қойылатын қазіргі талап басқа. Біздің заманымызда қалыптасқан ұғым бойынша аудармашы – төл шығарманы мүмкіндігінше мазмұн-мәнін көркемдік қасиеттерін толық сақтап, басқа тілде жеткізуші, сондықтан ол туғызған аударма өлең қалайда төл шығарма емес, оның екінші тілдегі басқа нұсқасы, туынды шығарма. Ал Абай болса, ол қазіргі аудармашылардай тек түпнұсқасы бар қалпында жеткізуді ғана мақсат етпеген. Қай шығарманы қойсын өзі көңіл күйіне үйлестіре, қысылмай, қымтырылмай еркін тәржімелейді. Сонда да кейбір аударма өлеңдері түпнұсқамен өте жақын келіп, мейлінше үндес шығып жатса, ол – оның ақындық шеберлігінің бір қырынан көрінуі, қызықтап, қазақшалап отырған түпнұсқаның сарыны мен өз-сезімінің арасындағы үндестіктің нәтижесі. Абайдың қолынан шыққан бара-бар, дәлме-дәл аударма дерлік өлеңдер барда, сонымен қатар еркін тәржімеленген, әр түрлі өзгерістер енгізілгендіктен сарындас шығарма дерліктей сипат алғандары және аз емес. Осы топтағы шығармалардың ішінде төлтума туындыға айналған өлеңдер де бар. Сондықтан аударма өлеңдеріндегі сәйкес, дәл ме дәл түсетін тұстарын артықшылығы, ал өзгеше, өзгертіліп берілетін жерлерін кемістігі деп санау қисынға келмейді. Үйткені Абай аударып отырған өлеңнің мағынасын

бастан-аяқ дәл тура жеткізуге үнемі ұмтылмайды. Кейде еркін аударма Шығыс поэзиясында орын алған нәзира дәстүріне келеді деп айтылып жүр. Асылында, нәзира деген белгілі сюжетке жазылған шығармаға қатысты ұғым. Өлең туралы айтқанда біз еркін аударма, сарындас шығарма дейміз. Сарындас деп кем дегенде жартылай аударма болып келетін бірақ түгелдей алғанда төлтума туындыға айналған өлеңді ғана айтамыз. Себебі жай сарындас, жалпы үндестік дегеннің жөні мүлде басқа, ол, жорамалдауға болмаса, тиянақты байлам жасауға келетін нәрсе емес. «Евгений Онегин» романын алсақ, оны Абай, кейбір үзінділерін ғана алып, кейде жақын бара-бар, кейде өте еркін тәржімелеген. Ал «Онегиннің өлердегі сөзі» деген өлеңді Абай түгелдей өз жанынан шығарған, «Евгений Онегин» романында Онегиннің өлімі туралы ештеме айтылмайды. Рас, қолжазба нұсқалардың бірінде Онегиной аузына «Мен неге оққа ұшып өлмедім екен» («Зачем я пулей в грудь не ранен?») деген сөз салынатыны бар. Бірақ Онегиннің елімі Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі деп санаған орынды. Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың назары алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес-ті. Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмұны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлде жаңа классикалық әдебиеттің басы болды. Ол қоғамдық ой-өрісі, дүниетанымы, тарихи мақсат-нысанасы, эстетикалық-көркемдік жүйесі – барлық сипат-қасиеттері өзгеше сөз өнерін қалыптастырды, орыс әдебиетінде реализм әдісін берік орнықтырды. Пушкин қазақ жерінде, Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде қазақ халқына сүйіспеншілік сезіммен қарап, оның өміріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне зер салды. Ол қазақ жігіттерінің Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне бел шеше қатысқанын білумен ғана тынған жоқ, сонымен қоса қазақ халқының бай сөз өнеріне құмарта қызығып, ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларының бірі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастанын жаздырып алды. Пушкиннің кесек көркем туындыларының бірі «Евгений Онегин» – шын мағынасында халықтық шығарма. Мұндағы басты кейіпкерлер төменгі таптан шыққан адамдар емес екені рас. Бірақ ең маңызды нәрсе – Онегин мен Татьяна, Ленский мен Ольга –осылардың қай-қайсысы болсын қарапайым халыққа қаншалықты жақындығы тұрғысынан бағаланады, олардың халық мүддесін түсіне білуі – артықшылығы болса, халықтың

ой-түсінігінен алшақтығы – осалдығы болып шығады. Пушкин
өз романында халықтың өмірін мейлінше толық, жан-жақты
суреттейді, дворяндар мен шаруалардың өзара қарым-қатынасын
да айқын көрсетеді. Халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігін,

әдет-ғұрпын, әр алуан адамдардың мінезін, іс-әрекетін, табиғат
көрінісін бәрін де терең және көркем бейнелегендіктен бұл
шығарма шын мәнінде «орыс өмірінің энциклопедиясы» болды.
Әрине, Пушкиннің поэмалары, «Борис Годунов» атты драмасы,

«Дубровский», «Капитан қызы» секілді шығармаларында да
сан алуан қоғамдық құбылыстар, тарихи уақиғалар, мол өмір
қиындығы жатыр. Алайда «Евгений Онегиннің» алатын орны
ерекше.

«Онегин» – Пушкиннің ең бір ішкі сыры молынан ақтарылған
шығармасы, оның қиялының сүйікті перзенті, Пушкиннің тұлғасы
«Онегинде» көрінгендей ақын тұлғасы мейлінше толық, жарқын
және анық көрінетін туындылар өте сирек кездеседі. Мұнда оның

бар өмірі, барлық жан-сыры, барлық махаббаты да, сезімдері,
ұғым-түсініктері, идеалдары да айқын көрініс тапқан» деген
Белинскийдің пікірі көп жайды аңғартады. «Евгений Онегиннен»
алған үзінділерді Абай бір жүйеге түсіріп, өзара байланысты етіп

береді. «Онегиннің сипаты» (Жасынан түсін билеп сыр бермеген)
деген өлеңі романдағы басты кейіпкерді мінездейді. Мұнда Абай
Пушкиннің Онегинді ең толық, тұжырымды, келісті мінездейтін
тұсын түгелдей алған, сонымен қазақ оқырмандарының Онегиннің

психологиялық портретін айқын елестетуіне мүмкіндік туғызған.
Орысша текст:
Как рано мог он лицемерить,
Таить надежду, ревновать,

Разуверять, заставить верить,
Казаться мрачным, изнывать, –
деп басталады.
Абай он бір буынды өлеңмен жазса да, аударманы Пушкин

тексіне мағынасы жағынан өте жақын етіп бере білген аударма
түпнұсқаға жолма-жол сай келеді. Жоғарыда келтірілген өлең
жолдары былай қазақшаланған:
Жасынан түсін билеп сыр бермеген,

Дәмеленсе, күндесе білдірмеген.
Нанасың, не айтса да, амалың жоқ.
Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.

Осыдан-ақ Абайдың Онегин мінезіне тән қасиет-сипаттарды айнытпай, дәл бейнелейтінін байқаймыз. Осы өлеңде Онегинге берілген сипаттамалар – өр мінезділігі, ғашықтық сөзге жүйріктігі, көңіліне жаққан адамды елтітіп әкететіні, ұнатпаған адамын қорлаудан тайынбайтыны алдымен Онегиннің өз басын, мінезбітімін танып-білуге мүмкіндік берсе, сонымен қатар оның Татьянамен және Ленскиймен қарым-қатынасын түсіну үшін де мәні бар. Мысалы: Ғашық құмар, ақылмен бойыңды алып, Жылы жауап есітер не қылсаң да... Ел аулақта оңаша қолына алып, Көңіліндегі сабағын айтып тынар, – деген мінездеуге сай Онегин Татьянаның өзіне ғашық сезімін білдіріп хат жазғаннан соң, жар сүюге, үйленуге менің жайым келмейді, бүгін сені сүйсем, ертең жалығамын дей отырып, әлі жассың, өзіңе лайық емес адамнан сақ болғайсың деп біраз ақыл айтып, «сабағын» беріп тынады. Онегиннің Татьянаға айтқан, «мен баянсыз еркектің біреуімін» деген сөздерін, әрине, ақтарылып адал сырын ашқаны дей алмасақ керек. Онда біз Абайдың Онегинді, Пушкинмен үндес шығып, ол «түсін билеп, сыр бермейтін адам» деп сипаттайтынын ескермеген болар едік. Ал енді Онегиннің тағы бір мінез ерекшелігін танытатын мына сипаттаманы алсақ: Өзіне күндес шықса жол таласқан, Ажуаға, қорлауға тілі орамды, Не түрлі тұзақ құрып көңілін басқан – осы сөздер Онегиннің Ленскиймен қарым-қатынасын түсінуіміз үшін бағалы дей аламыз. Онегиннен өз сүйіктісі Ольганы қызғанған Ленский аяқ астынан амалсыз онымен күндес адам болып шыққанда, Онегин жас досының албырттығын, қызбалығын елемеген сыңай көрсетуге тырысып, қасарып, өршілдігімен мәселені шиеленістіре түседі. Ленскийдің қорланып, азапқа түскенін көрсе де, дос адамша түсінісейік деген рай білдіре қоймайды. Қатесін өзі мойындамаса, азап шексе, өз соры, мен несін иілемін дегендей. Бұл өлеңдегі Онегин сипаты романда алғашқы таныстыру түрінде берілген. Ал уақиға барысында, іс-әрекет үстінде оның мінез ерекшеліктері әбден айқындалып, толыға түседі.

Онегинге Татьянаның махаббат сезімін білдіріп хат жазатыны

– романның сюжетіндегі ең бір түйінді жері. Абай «Татьянаның

Онегинге жазған хаты»(Амал жоқ – қайттым білдірмей) деп сол
«Я к вам пишу – чего же боле?» деп басталатын Татьяна хатын
кейбір жерде сөз қалдырып кетіп еркін аударғанмен, Пушкин
тексінің негізгі мағынасынан алшақтамайды. Аудармада Татьяна

бейнесі, орысша түпнұсқаның басты ерекшеліктері сақталып,
шебер суреттелген. Мысалы:
Зачем вы посетили нас?
В глуши забытого селенья

Я никогда не знала б вас,
Не знала б горького мученья, –дегенді –
Келмесең егер сен бізге,
Cay болмас па ем, әлбетте?

Болмасам ашына мен сізге,
Түспес ем мұндай бейнетке, –
деп қазақшалаған.
Татьянаның осы хатынан орыс қызының ашық мінезділігі,

адалдығы, сезімталдығы, сенгіштігі – бәрі де ап-айқын
көрініп тұр. Сондықтан бұл хаттың Татьянаның мінез-бітімін,
психологиясын, жан сезімінің нәзіктілігін танып-білуде
үлкен мәні бар екені сөзсіз. Абай Татьяна хатының терең

мазмұнын толық жеткізуді көздей отырып, бұл мақсатын қазақ
жастарының ұғым-түсінігіне орай іске асыру қажеттігін де
ескерген. Татьяна мінезін, оның еркіндігін адалдығын өнеге
ету үшін хатты қазақ қыздарының ұғымына сай келтірген.

Қазақша текстегі кейбір өзгешеліктер осыдан туған деп
қарауымыз жөн. Мысалы:
Шеш көңілімнің жұмбағын,
Әлде бәрі – алданыс.

Жас жүрек жайып саусағын
Ұмтылған шығар айға алыс, –
деген шумақтағы қыз жүрегін аспандағы айға саусағын жайып
тұрған бір жанды бейне кейпінде алып сипаттағаны – Абайдың өзі

тапқан көркемдік тәсілі.
Абайдың «Татьяна хаты» атты бұл өлеңі терең мағыналы
болумен бірге көңілге қонымды, тілге жеңіл болып шыққан. Оған

Абайдың өзі әдемі ән шығарып, «Татьяна хаты» ертеден ел арасына
кең тарап, айтылып келгені мәлім.
Абай Онегиннің Татьянамен бақшада кездескендегі айтқан
қыздың хатына жауап сөзін «Онегиннің Татьянаға жауабы»

(Таңғажайып бұл қалай хат) деп жеті-сегіз буынды өлшеммен бір
аударған да, он бір буынды өлшеммен түгелдей тағы тәржімелеген.
Абай бұл екінші аудармасында алғашқыдағыдай: «Мен – жаралы
жолбарыспын, жұрттың атқан оғы өтіп», «Сен – тоты құс бақта

жүрген»– деген сияқты өзі тыңнан қосқан айшықты теңеулерді
қолданбай, Онегинді мейлінше қарапайым тілмен сөйлетеді. Бірақ
түпнұсқада бар бейнелі салыстыруды сақтап:
Жас қыз бен жас бәйтерек бәрі бірдей,

Жапырағы тұра ма жылда өзгермей?-
деп келтіреді. Онегин Татьянаның адалдығын, таза махаббатын,
сенгіштігін бағалай білсе де, жүрегі елжіреп тұрған жоқ. Бұл
кездесуде ол сезімге бойын билетпейтін, өзінің бас бостандығын

бәрінен жоғары бағалайтын, салқын қанды қалпында көрінеді.
Ал кейін Татьяна ерге шығып, басқа адаммен тұрмыс құрғаннан
соң қайта кездескендегі Онегиннің күйі басқаша, оның Татьянаға
ғашықтық сезімі сонда ғана оянады. «Онегиннің Татьянаға жазған

хаты» («Хұп білемін, сізге жақпас») – Онегин бірнеше жыл арада
өткеннен соң өзі бір кезде жар етуден бас тартқан Татьянаға
қайтадан
жолыққанда

ғашықтық
сезімін
білдіріп
жазған,

түпнұсқада «Письмо к Татьяне» деген атпен берілген:
Предвижу все, Вас оскорбит
Печальной тайны объяснение,
деп басталатын хаттың өте еркін жасалған аудармасы.

Мысалы:
Сен бетіңді әрі бұрсаң,
Шықты көзім, болды көр.
Жанды аларсың, разы болсаң,

Біздің орын – қара жер;
Немесе:
Бар ма өмірім, қармалайын,
Жоқ болса, мен өлейін, –

деген сияқты сөздер түпнұсқада жоқ.
Онегинге Пушкин:
Я знаю: век уж мой измерен,
Но чтоб продлилась жизнь моя,

Я утром должен быть уверен, Что с Вами днем увижусь я, – деген сөздерді ғана айтқызған болса, Абай Онегинге: Менің өмірім таянып тұр, Үзілуге әм жаным, – дегенді ғана айтқызып қоймай, оған махаббатсыз өмірмен қоштасуға бел байладым дегенді айтқызады. «Онегиннің өлердегі сөзі» деген өлеңді өзі шығарып Онегинге: Атам, анам, қара жер, Сен аша бер қойныңды, – дегізіп, оны өмірмен қоштастыратыны да осыған орайлас келеді. Онегиннің осы хатына Татьянаның екеуі кездескенде айтқан жауап сөзін Абай «Татьяна сөзі» (Тәңірі қосқан жар едің сен) деп аударған. Бұл да мейлінше еркін тәржімаланған, өзгертулері көп. Олар қандай десек, тастап кеткендері сол кездегі қазақ қауымының, жастардың ұғым-түсінігіне үйлес келмейді-ау деген жерлері, қосқаны – солардың көңіліне қонымды қазақша сипаттама сөздер. Татьянаны қазақша ойлап, қазақша сөйлеген етіп көрсететінін мына сөздерінен аңғаруға болады. Сен жаралы жолбарыс ең, Мен киіктің лағы ем. Тірі қалдым өлмей әрең, Қатты батты тырнағың. Қаймақ еді көңілімде, Бізге қаспақ болды жем. Абай Татьянаның аузына: Сен шошыдың ғашығыңнан, Өзге жұрттан қамшы жеп, – деген сөзді салған. Орысша түпнұсқада Онегинді олай ақтау кездеспейді. Татьяна тек ол кезде сіз мені ұнатпаған едіңіз («Я вам не нравилась») дейді. Ал бүтіндей алсақ, Татьянаны баяғыдай адал, бірақ кісіге сенгіштігінен арылып, өзіне сенімділігі артқан, сертіне берік, алған бетінен қайтпайтын жан етіп сипаттауы жағынан Абай Пушкинмен толық үндес шыққан. «Татьяна сөзі» (Тәңірі қосқан жер едің сен) де Абайдың өзі шығарған әнімен ерте кезден бері ел арасында айтылып келеді.

«Онегиннің өлердегі сөзі» атты Абай өз жанынан шығарған өлеңінен ол Онегин бейнесін, тағдырын сол кездегі қазақ жұртшылығына жақсы таныс Шығыс поэзиясының дәстүріне жақындата, Пушкиннің сипаттауынан басқарақ баяндағанын көрсек, ал «Куда, куда вы удалились» деп басталатын Ленскийдің монологын «Ленский сөзінен» (Барасың, қайда, қайда болмай маған) деп аударғанда мазмұн-мағынасын көп өзгертпей жеткізуге ұмтылғаны байқалады. Бірақ Ленский сөзін түгел алмай, ықшамдап, жартысынан азын ғана еркін қазақшалаған өлең небәрі сегіз жол ғана болып шыққан. Онегинмен жекпе-жек атыспақ болып, дуэльге шығар алдында айтқандықтан мұны Ленскийдің өлердегі сөзі деуге келеді. Онегин тағдыры тұжырымды, дәлелді сипатталған болса, Ленскийдің тағдыры, сүйген қызы Ольганы Онегиннен қызғанып, оны жекпе-жек ұрысқа шақырып, дуэль үстінде қаза болғаны ол кездегі «Евгений Онегин» романының мазмұнынан бейхабар ортаға белгісіз болып қала береді. Ленскийге өзіне өлім қаупі төніп тұр деген сөзді айтқызған соң, оның солай деуінің сыры неде, нендей мәнісі бар екенін анықтаса керек еді. Қызу қанды, қиялшыл албырт жас ақын жігіт Ленскийдің бейнесін Пушкин салқын қанды Онегин бейнесіне қарама-қарсы қойып сипаттаған. Қызғаншақтық пен сенімсіздік білдіріп өш алмақшы болған жас досына Онегин де иіле қоймай, өз басын да оққа байлап, оны да жазатайым өлімге қиюдан тартынбайды. Бұл Онегиннің, Абай сипаттап айтқандай мінезін, бәсекелес адамына кешірім жасай қоймайтынын, қайта оны «жеңуге, қор қылуға» бейім тұратынын «өрлігі жаннан бөлек» екенін айқындай түседі. Ленскийдің жекпежекке шығар алдында, яғни оның өмірінің ең бір түйінді кезеңінде айтылған осы сөзін Абай назардан тыс қалдырмай, оған әдейілеп көңіл белгеніне қарағанда, Онегин және Татьяна екеуімен қатар Ленскийді де қазақ жұртшылығына толығырақ таныстырып, оның Онегинмен қарым-қатынасын кеңірек ашып көрсетуді ниет қылған деп жорамал жасауға болады. Бірақ Ленский туралы жазғаны осы ғана ма, әлде сақталып жеткені сол ма – оны айту қиын. Абайдың «Евгений Онегин» сарынымен шығарған өлеңдері, бара-бар немесе еркін аударғаны бар, жанынан қосқаны бар, түгелдей алғанда бір желіге түсірілген, біртұтас топтама шығарма деуге лайық. Сондықтан Мұхтар Әуезов «Қазақ халқының ұлы ақыны» атты мақаласында: «Абай версиясында «Евгений Онегин»

эпистолярлық роман түріне айналған»15 дейтіні тегін емес. Әрине, хат түріндегі, яғни, эпистолярлық роман дегенді шартты түрде айтылған деп түсінген жөн. Өлендердің кейбіреуі хат түрінде, ал бір тобы кейіпкерлер сөзі (монологы) түрінде берілген ғой. Автордың атынан айтылған сипаттама («Онегин сипаты») және бар. Өлеңдер түгелге жуық кейіпкерлер атынан айтылған сөз (не хат, не монолог) болғандықтан оларда лирикалық драманың сипаты бар деуге де қисын жоқ емес. Қалай айтсақ та, мәселе Абайдың «Евгений Онегин» сарынымен жазған өлеңдерінің ажырамас біртұтастығын ұғып-түсінуде. Әуезов пікірінің құндылығы да осында. Пушкин ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі – Абай ұлылығының бір жарқын көрінісі. Әсет, Әріп сияқты ақындардың «Евгений Онегинді» дастан етіп айтып жүргені Абай орнықтырған дәстүрдің сол кездің өзінде-ақ жалғастық тапқанын дәлелдейді. Абай Пушкин шығармаларынан «Евгений Онегинді» айрықша бағалап, үңіле зерлеп, таңдаулы үзінділерін қазақша өлең еткен болса, орыстың лирикалық поэзиясынан көптен-көп аударғаны – М.Ю. Лермонтов өлеңдері. Өзі әдебиетке Пушкиннің ізін суытпай келген, оның дәстүрлерін тікелей жалғастырған десек те, Лермонтов екеуінің ақындық тұлғасында айырмашылық та жетерлік. Пушкин мен Лермонтовтың поэзиясын салыстыра келіп, Белинский олардың тарихи тамырын анықтау үшін осы екі ақынның екі дәуірде өмір сүргенін айтқан болатын. Пушкин декабристердің қозғалысы бел алған, декабристік идеялар әбден тарап өрістеген дәуірде өмір сүрсе, әдебиет майданына сол кезде шыққан болса, Лермонтовтың әдебиетке келген кезі – онан кейінгі дәуір, декабристердің қозғалысы сәтсіздікке ұшырап, жаңа күштер әлі қалыптасып жетпеген кезең. Сондықтан да Белинский Лермонтовтың жырларынан, әр сөзінен ерекше бір күш-жігер, қуатты леп еседі, бірақ оларда Пушкин поэзиясына тән жарқын үміт, алдағыға сенім әлдеқайда азырақ еді дейді. Лермонтовтың поэзиясы, сыншының айтуынша, жанды тітіркендіріп, жүректі мұздататындай сауалға толы. Олай болса, Лермонтов – Пушкиннен кейінгі дәуірдің, өткеннен үміт үзіп, алдан жаңалық күткен дәуірдің жыршысы, жаршысы. Арынды жігер, қажырлы қайрат, әрекеткүрес сағынған ақынды осынау заман туғызған. 15 Кітапта: Абай Құнанбаев. Шығармаларының толықжинағы. 1954. – 2-т. – 306-6.

Тіпті Лермонтовтың поэзия әлеміндегі алғашқы барлау есепті,
16-17 жасында жазған өлеңдеріне көз салсақ, солардың өзі
алдымызға ақын поэзиясының өзегі – аласұрған, алып-ұшқан
ой-қиял өмірді терең талдау, ізерлеу, іздену, сыншылдық, әрекет-

күреске құмарлық екенін жайып салғандай. Ерте есейген жас
Лермонтовтың өлеңдерін оқыған адам тұтқиылдан ой-қиялдың
соншалық бай, соншалық сарқылмас қызық дүниесіне кіргендей
болады. Ұшқыр қиял – Лермонтов поэзиясының рухы, жаны

секілді.
Ал, Лермонтов поэзиясының бір берік қазығындай «Ой»
деген толғау-жырын еске алсақ, оның Абайдың назарына тегін
ілікпегенін байқай аламыз.

Дүние, өмір жайлы тынымсыз ойға батып, бәрін сынап,
ақылменен саралап, асқақ қиялға, үміт пен арманға әбден берілген
күйі де, жазықсыз жапа шеккен, ауыр бейнет тартқан көптің
атынан азулы, күштілерге айтқан қатты наразылығы да – бәрі де

осы өлеңнен молынан сезіледі. Қақтығысы, қалтарысы есепсіз
өмірде әділет пен шындық жол таба алмай қамауда қалып жатса,
ал сол өмірдің ызғарын айықтыратын күш әлсіз көрінсе, қайғы-
мұң неге болмасын. Мейірімсіз қатал заман жан түршігер зорлық,

озбырлыққа жол берсе, ыза, кек неге тумасын. Рас, ақынның
ортасын қомсынатыны да бар. Бірақ бұл озық жандарға бойы
теңдес адамдар көбейе, молая түссе, олар сол ортада үлкен іске
орайлас жай-жағдай таба алса деген тілектен туады. Ақынның

заман соққысына мойымайтын, қайта өмір ауыртпалығы ширата
түсетін тасқындаған қайрат-жігері бар адамды көксеуі де осы
келешекке сенім артуымен сабақтас. Десек те, бұл өлеңнің
салмағы тек қана сында емес. Үйткені ақынның нені жек көретіні,

нені жоққа шығаратыны қандай айқын болса, нені құптайтыны,
қандай іс, өнеге өpіc алсын дейтіні де соншалықты ашық, айқын-
ақ. Осының шығарушысы, айтушысы өмірдің қызығын тебірене
сезінбейді деудің өзі тіпті қиянат. Ақын жаны кейісе де, күйінсе

де, көңілді үміт қозғап, алыс арман толқытып, содан барып жыр
шертетіні байқалады. Лермонтовтың осындай өлең-жырларының
бағытын, идеялық өзгешелік сырын тереңірек түсіну үшін оларды
басқа өмірге деген орасан зор сүйіспеншілік сезімі, жалынды

махаббаты тікелей, айқын көрінетін шығармаларымен қатар
алып қарастырған жөн. Сонда «Ой» және «Әм жалықтым, әм

жабықтым» сияқты сын, сықаққа лық толы, қамыққан көңілдің күйін шерткендей жырларды жазған Лермонтов болса, өмірге құмарлық, оның қызығына құштарлық, ынтықтық асқан ақындық қуатпен белгі берген «Дұға», «Жолға шықтым қараңғы түнде жалғыз» сияқты жырларды туғызған да сол Лермонтов екенін айқын аңғарамыз. Бұл тұста Лермонтовтың халықтың, қауым елдің жоқшысы, бейнет шеккен көптің жоқтаушысы ретінде әсіресе айқын көрінетін және осындай ойларын дәлдеп, туралап айтқан шығармаларын атасақ болады. Соның ішінен «Өзіңе сенбе, жас ойшыл» атты өлеңін алсақ, осы бір ғана сом бітімді, сондайлық шебер келістіріп жасалған поэзиялык, туындының өзі-ақ ұлы ақын ауыр азап шеккен бұқара халықтың халіне қандай жанашырлық, жақындық сезіммен қарағанына толық дәлел боларлықтай. Қорлықта, езгіде жүрген, есесі кетіп, еңсесі түскен кедей-көптің қажырлы-беріктігін, жасуналуды, күйініш-күйреуіштікті білмейтін орасан төзімділігін айтып сүйінсе, бұқараның осындай қиын хал-жайын білмей, нағыз өнімді, өмірлік күші бар поэзия туғызу мүмкін емес деп қорытса, мұны халыққа қамқорлық еткендік, оның қамын жегендік демей не дейміз. Тегінде Лермонтов бір өлеңдерінде азаматтық намыс-арын жоғары ұстайтын адамның бұлжымайтын беріктік, тұрақтылығын қастерлеп отырса, ондай жанды кеудесін толқын қанша ұрса да, мызғымайтын жартас бейнесінде көрсетсе, енді бір өлеңдерінде тартыс жолын, күрес жолын қалаған ақынның қайсар, ешкімге бас имейтін табанды, темірдей берік болуын талап етеді. Мұқалмайтын, қайтпайтын алмас қанжардың образы – Лермонтов шеберлеп жасаған образ – ақынның осындай алғырлығы, таңқаларлық табандылығының символындай болып поэзия қазынасынан берік орын алады. ...Абайдың Лермонтов тексін қазақша жеткізу әдістері әр түрлі, аударманың түпнұсқаға жақындық дәрежесі ылғи бердей емес. Бара-бар, дәлме-дәл аудармаларында Абай Лермонтов шығармасының ішкі әлемін, оның толқын-лебізін, жаңа сапасын қазақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып мол жеткізеді. Абай Лермонтов оригиналын барлық жарастық сәнімен, бар ерекшелігімен қазақ тілінде қайтадан туғызады. Мысалға «Альбомға», «Жолға шықтым қараңғы түнде жалғыз» сияқты өлеңдерді атауға болады. Абайдың Лермонтовтан тәржімелеген

шығармаларының тең жартысы дерлік – осындай дәл, жақын
аудармалар.
Ал қалған жартысы – еркін аудармалар. Бұған мысал ретінде
«Ой», «Теректің сыйы» сияқты өлеңдерді атауға болады. «Ой»

атты өлеңнің бастапқы шумағында Абай Лермонтовтың бұл жұрт
көңілде сенім жоқтықтан білген білімді іске жарата алмай отыр
деген пікірін өзгертіп, сол кездегі қазақ жағдайына ыңғайлап:
Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,

Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды, –
деп кетеді. Мұндайда Абайдың Лермонтов өлеңінің мазмұнын
бастан-аяқ бұлжытпай дәл жеткізуді мақсат етпей, кейде толғанып,
тебіреніп жарыса отыратыны көзге түседі.

Осы өлеңнің аяққы біраз жолдарының орнына тыңнан біраз сөз
салып, өз заманының тағы бір өрескел мінін былай суреттейді:
Мал үшін аш қатасың, жан сатасың,
Әкесі аштан өлген кісідей-ақ,

Неткен жұрт мал өлтірген жеті атасын!
Сөйтіп, Абайдың түпнұсқаға өзгеріс енгізіп мағынасын басқаша
ашып келтіруі оны қазақ өмірінің шындығына жақындастыру,
өз көңіл-күйіне үйлестіру мақсатынан туады. Абай Лермонтов

шығармаларының жаңа жағдайда мейлінше әсерлі және түсінікті
болуын көздейді. «Теректің сыйы» атты өлеңнің айрықша
мәнділігі, кезінде Белинский айтқандай Кавказды мадақтау –
Терек өзені мен Каспий теңізінің бейнелері арқылы Кавказды

елестетеміз. Кавказдан бастау алып, Каспийге құятын Терек оған
ағынымен ілестіріп әр түрлі сыйлықтар әкеледі. Кәрі Каспий
басында қалғыған бойымен елең етпей, үн шығармай, тек «казак-
орыс қатыны бір сұлуды әкеліп ем» дегенде көзін ашып, сылқ-сылқ

күліп, жылы жүзбен амандасады.
Лермонтов өлеңінде нақтылы табиғат суреті мен көркемдік
қиял осылай әдемі ұштасып келеді десек, Абай соның бәрін өзіндік
бояуын сақтай отырып, әсерлі қазақша айтып жеткізген.

Ал жеке сөздерді, сөйлемдерді аударғанда алшақ кеткен тұстары
бар дегенде, көбірек айтылатыны өлеңнің алғашқы шумағындағы:
Арыстанның жалындай бұйра толқын,
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып, –

деп келетін тармақтар. Бірақ осындағы «айдаһардай бүктеліп»
дегенін еркіндікке жатқызсақ та, «арыстанның жалындай» дегені
Лермонтовтың басқа бір шығармасындағы («Демон» поэмасы):

И Терек, прыгая как львица,
С косматой гривой на хребте, –
деп келетін сөздермен үндес екені байқалады. Және жал арыстанда
ғана болатынын Абай дұрыс ескерген («львица» деп жаңылыс

айтылған ғой).
«Асау той, тентек жиын, опыр-топыр» дейтін өлеңінде Абай
ойсыз, топас тобырдың ішінде отырған, өзгеден ойы озық,
көреген, алдағыны болжай алатын адамның ерекше тұлғасын

салмақты етіп, ірілетіп көрсетуге мән бергенін байқаймыз. Бұл –
Лермонтовтың «На буйном пришестве задумчив он сидел» деген
өлеңінің аудармасы.
Лермонтов өлеңі француз жазушысы Ж. Ф. Лагарптың әңгімесі

негізінде жазылған. Онда бір той-жиында монархист жазушы Ж.
Казот (1719-1792) француз революциясы болатынын, отырған
адамдардың және өзінің тағдырын алдын ала болжап айтқан екен
делінеді. (Казот өзі 1792 жылы дарға асылған). Алда патша тақтан

құлайтын күн туады («когда царей корона упадет») деген сарын
Лермонтовтың өз өлеңдерінде де кездеседі.
...Алладан бәрібір деп тосып тұрмын
Алғалы жақсылықты я өлгелі, –

деген түйінді ойды білдіретін сөздерден-ақ айқын аңғаруға болады.
Орысшасы:
И я холодно приход ожидаю
Кончины иль лучшего дня.

Бұл орайда басқа өлеңнің мына сөздері еріксіз еске түседі:
Өлімнің ұйқысы емес іздегенім,
Ұйқы, тыныштық, ұмыту – бер дегенім.
Көкірегімде өмірдің күші тұрып,

Іздеймін дем алысты үзбегенін, –
дейді.
Бұл да – Абайдың Лермонтовша толғанғаны, «Жолға шықтым
бір жым-жырт түнде жалғыз» дейтін аударма өлеңнің бір шумағы.

Өлеңнің идеялы, өзегі, тірегі болған өмірге құштарлық осы
келтірілген сөздерден әсіресе айқын аңғарылады. Бұл лирикалық
шығарма өмірге ой көзімен қарай білудің, терең сезімталдықтың,
сыршылдықтың үлгісі боларлықтай. Өлеңнен жарық түнде

жалғыз жолға шығып, аспан мен жердің, жоғарыда жалт-жұлт
етіп керінген жұлдыздардың ғажайып әдемілігін тамашалап,

ғарыштық кеңістікті бар жанымен сезінген ақынның бейнесін
көреміз. Сондықтан оның өз көңіл күйін қозғайтын әрі сөзі ерекше
салмақты, мәнді болып шыққан. Өлеңдегі мұңды сарын да,
тыныштық, азаттық іздеу де адамды жадырататындай әсер береді.

Абай осының бәрін қалт жібермей дәл жеткізген.
Мысалы:
Мен көрдім көктің ғажап жасалғанын,
Жер ұйықтап, көкшіл шықпен бу алғанын.

Менің не мұнша қапа, қысылғаным?
Үміт пе, өкініш пе ойлағаным?
Дүниеден үмітім жоқ менің деймін,
Өмірге өткен шиттей өкінбеймін.

Азаттық пен тыныштық көксегенім,
Ұйықтамақ пен ұмытпақ деп іздеймін.
Тек соңғы шумақта ғана еркіндік байқалады:
Чтоб всю ночь, весь день мой слух лелея,

Про любовь мне сладкий голос пел.
Надо мной чтоб, вечно зеленея,
Темный дуб склонялся и шумел, –
деп Лермонтов махаббат жыры мен жапырағы сарғаймай,

мәңгі жасыл болып тұратын ағаштың сыбдырын аңсаса, Абай
тамылжыған табиғаттың үнімен жылылық пен достық, өнген,
өскен жақсы екені мадақталуын армандайды:
Су сылдырап, жел гулеп, күн шуақтап,

Жылылық пен досықты тұрсын мақтап.
«Өнген, өскен жақсы» деп емен ағаш
Теңселіп айтып тұрса ол шайқақтап.
Лермонтовтың уақыт, өмірдің өтуі, өлім мен өмір жайлы

толғанатын тағы бір өлеңі – «Пленный рыцарь». Абай оны
«Тұтқындағы батыр» деп тәржімелеген. Қазақша батыр деп аталса
да, оның серілік сипаты дұға оқып, талай тойда «өлең айтып
жүрген» мінезінен байқалады. Рас, Абай оның сондағы айтқаны

сүйгенін мадақтаған жыр еді деп айқындап жатпайды.
Өлең бастан-аяқ сол қамаудағы тұтқынның аузымен айтылып,
соның көңіл-күйін білдіреді. Ол қараңғы қапаста отырып, тек
терезеден «көгерген көктің жүзін», жарық сәулені, аспанда еркін

ұшып жүрген құстарды көріп қапа болады, бұрынғы еркін өмірі

майданда «қайрат қылған» кезін еске алады. Қазіргі жағдайын
бұрынғы кезімен салыстырып, ерекше тапқырлық таныта сөйлеп,
тасдулыға, тассауыт киіп жатырмын, киімімді оқ пен қылыш
бұзбастай, тек астымда атым жоқ, киген сауытым, жатқан үйім

– тас дулыға, шойын есік – шарайнам, қалқаным дейді. Жүйрік

уақыт қажытпай қоймас, бұл азаптан өліп құтылуға ғана болатын
шығар деп, өлімнен қорықпайтынын да айтады.
Жарық дүниені бір көруге зар болып жатқан сорлы тұтқынның
сөздері арқылы азаттықты, бостандықты аңсау идеясы осы өлеңде

айрықша көркемдік шеберлікпен жеткізілген.
Лермонтов бейнелеген демон бейіштен қуылған шайтан кейпіне
келеді, сонымен жалғас туған десек те, орыс поэзиясында ол – өте
күрделі, өзгеше сипатталған тұлға.

Абай Лермонтовтың «Демон» атты поэмасының бастапқы екі
бөлімшесін түгел алып, сөз қосып өте еркін аударған. Лермонтов
өз поэмасында демонды символ ретінде алып, сол өршілдікпен
бейіштен қуылған әзәзіл, перінің бейнесі арқылы тәкаппарлықтың,

еркіндік іздеудің шегі бар, шексіз болса, қайғыға ұшыратады деген
ойды аңғартқан. Қарсылық еткені үшін құдайдың лағнетіне душар
болған пері өлмес өмір, сарқылмас қайрат-күшке қолы жетсе де,
адамға не қиянат жасап жүрсе де, еш нәрсеге қуана да, сүйсіне

де алмайды. Абай «Печальный демон, дух изгнания, летал над
грешною землей» деп басталатын, періні тұжырымды сипаттайтын
поэманың кіріспесін алып, бірақ демон тұлғасын толығырақ
көрсетуге ұмтылып, еркін қазақшалаған. Өлеңнің аяғын өзінше

қайырып, шайтанның аузына:
Ақылға, өмірге де адам кенде,
Өлмес өмір, қайрат, күш – бәрі менде,
Күнінде жүз қуанып, күліп жүрген

Осы адам уайымсыз не еткен бенде? –
деген сөздерді салады.
Лермонтов поэмасында Демон айтатын сөздерден бұған біраз
үндес келеді деп:

Что люди? Что их жизнь и труд?
Они прошли, они пройдут, -
деген жолдарды айтпасақ, басқадай мағынасы сәйкес сөздер
кездеспейді.

Абай Лермонтовтың бітпей қалған «Вадим» атты романының

алғашқы екі тарауын және үшінші тарауының біраз жерін өлеңмен еркін аударған. Бұл шығармада шаруалардың крепостнойлык, тәртіпке наразылығы баяндалған. Лермонтов жазып бітірген 24 тарауды бірінші бөлім деп белгілеген. Кейбір зерттеушілер, оның ішінде профессор Н. К. Пиксанов, романның келесі бөлімдерінде Пугачев образы суреттелген болар еді деген пікір айтады. Вадимды қайыршылардың ішінен Палицын деген бай қайсарлығына, қайраттылығына қызығып, бүкір екеніне қарамай, қызметші етіп жанына алады. Емельян Пугачев көтерілісі Пенза губерниясына да жайылып, Палицын қашып, қалың ағаштың ішін паналайды. Палицынның баласы Юрий Вадимның қарындасы Ольгаға қызығып, алып қашпақшы болып, оны алып келуге қызметшісін жұмсайды. Вадим оның жіберген кісісін өлтіріп, топтанып жүрген бүлікшіл кедейлерді соңынан ертіп, Палицынның өзін іздеп тауып, өш алуға бел байлайды. Лермонтов шығармасы аяқталмай қалғандықтаң бұдан әрі не болатыны айтылмайды. Кедей шаруалардың көтерілісін, Палицынның бас қорғалап қашқаның болған бүлікшілік істерді нақтылы жағдайларды Лермонтов ел аузында айтылып жүрген әңгіме-аңыздарға сүйеніп жазған. Абайдың өлеңмен аударған шығармасында уақиға Палицынның Вадимді үйіне ертіп келуімен тынады. Әрі қарай шаруалар көтерілісін Вадимның қарындасын іздеген, зорлықшылардан өш алу үшін істеген әрекетін бейнелеген тұстарын да аударған деген болжам айтылғанымен біздің қолымызға келіп жеткен дерек жоқ. Бірақ, Абайдың осы Вадим уақиғасың оның іс-әрекетін түгел әңгімелеп беруді ниет еткені анық. Әйтпесе, құр басын бастап, қоя салу үшін тәржімелеуге кіріспейтіні түсінікті ғой. Абайдың Лермонтовтан аударғандары – негізінде әлеуметтік өмірдің көлеңкелі жақтарын, еріншек, белсенділігі жоқ адамды сынайтын шығармалар, азамат ақынның образын бейнелейтін және өлең-жыр жайындағы шығармалар, жалғыздығын, бірақ оған мойымайтын беріктігін айтатын шығармалар. Ал Абай Крыловтың мысалдарын тәржімелегенде олардан қандай үндестік тапты десек, айтылатын ойды мысалдағыдай тұспалдап айту қазақ поэзиясында, әдебиетінде жиі кездесетін тәсіл екенін атар едік. Мұның талай үлгілерін Абайдың өлеңдерін талдағанда көрдік. Бұл жерде оның «Ғабидоллаға» деген атпен басылып жүрген мына өлеңіне назар аударалық:

Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын,
Қайдан білсін өмірдің көбін-азын,
Бәйтеректі күндейді жетемін деп,
Жылы күнге мас болып, көрсе жазын.

Күз келген соң тамырын үсік шалып,
Бетегеге жете алмай болар жазым.
Мен дағы көп есіттім жастық назын,
Қол жетпеске қол созар бар ма ылажың?

«Боламын»мен жүргенде болат қайтып,
Жалын сөніп, жас жүзін басады ажым.
Осыны мысал түріндегі тұспалды өлең десек ешкім таласа
қоймас. Өлеңнің алғашқы негізгі бөлігінде қазақ даласындағы

нақтылы табиғат көрінісі бейнеленгендей болса да, сол арқылы бір
адамның өмірін тұтас алып, тұспалдап айтып отырғанын айқын
аңдаймыз. «Боламын» жүргенде болат қайтып, сол адамның
өнерсіз қартайғанын айтуы да нағыз мысалдағы қорытынды –

түйіндеуге лайық.
«Базарға, қарап тұрсам, әркім барар» да – осындай түгелдей
тұспалдап баяндауға негізделген өлең.
Абай тұспалдау тәсілін осы сияқты өлеңдерінде қолдана

отырып, мысал жанрын қазақ поэзиясының дербес саласы ретінде
қалыптастырудың қаншалықты маңызды іс екенін де жақсы
түсінді.
Мысал өлеңдердің дүние жүзі әдебиетінде қалыптасып

дамуына айтарлықтай үлкен әсер еткен Эзоп, Федр, Лессинг,
Лафонтендердің еңбегі қандай зор болса, Крыловтың орыс
әдебиетінде мысал жанрын поэзиялық үлгіде дамытуға қосқан
үлесі де сондайлық мол болды. Крыловтың қаламынан туған мысал

өлеңдер 1806жылы жарық көре бастады да, 1809 жылы олар жеке
кітап болып басылды. Ақынның мысал өлеңдері әдебиет сүйгіш
қауымның назарын бірден аударып, жақсы баға алды. Крыловтың
көзі тірі кезінде-ақ мысал өлеңдерінің тоғыз жинағы басылып

шықты.
Крылов мысал өлеңдерді орыс поэзиясында дербес әдеби
жанр ретінде қалыптастырып, жаңа дәуірдің тілек-талаптарымен
ұштастыра, биік белеске көтере алды. Ол мысал өлеңдерді

орыс өмірінің шындығымен тығыз байланыстырып, оларға

шынайы халықтық, ұлттык, сипат дарытты. Сондықтан да
оның мысалдары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне
аударылып, кеңінен тарады. Мысал өлеңдерінде Крылов қоғамдық
өмір қайшылықтарын, әр түрлі топтардың мінез-құлқын ашып

көрсетіп, күнделікті тұрмысқа қатысты сан түрлі жайттарды
орынды қозғап, баяндап бере алған. Бір алуан мысалдардан үстем
тап өкілдері мен төменгі тап өкілдері арасындағы қайшылықты,
еңбекқор қарапайым шаруа адамдарының жағымды қасиеттерін

көреміз («Қасқыр мен қозы», «Жапырақтар мен тамырлар»,
«Шегіртке мен құмырсқа» т.б.). Орыс халқының сол дәуірдегі
өмірін асқан шыншылдықпен суреттеуінен әр түрлі таптар мен
топтардың өкілдерінің мінезін, іс-әрекетін дәл көрсетуінен,

халық тілінің байлығын, бейнелілік нақышын шебер пайдалана
білуінен – осының бәрінен Крыловтың үздік көркемдік шеберлігі
толық танылады.
Абайдың мысал өлендері Крылов шығармаларынан аударма

деп саналып жүр. Алайда осы өлеңдерді талдап, бағалағанда бір
жайды толық ескеру қажет. Оларда көбінесе белгілі бір сюжет
еркін баяндалады. Абай орысша мысалдың тексін дәлме-дәл
тәржімелеуді мақсат етпеген уақиға желісін негізінен сақтай

отырып, бірақ мысалдағы жай-жағдайларды қазақ өміріне,
ұғым-түсінігіне, ойлау, сөйлеу ерекшелігіне жанастырып, өзінше
бейнелеуге ұмтылған. Сондықтан Абайдың мысал өлеңдерін
орысша текстке сәйкестігі тұрғысынан қарап, ана жері дәл түскен,

мына жері дәл емес, кем түскен деудің ешбір қисыны жоқ. Кейде
қазақша баяндау, бейнелеу орысша текстегі сөздің айтылу қалпына
ұқсас шыққанда ұтымды болса, ал кейде қазақша ойлау, сөйлесу
ерекшелігіне орай басқаша берілгенде келісті, оралымды болатыны

– кім де болсын санаспай тұра алмайтын бұлтартпас шындық, оны

сөз зергері жақсы сезінеді. Мұның өзі ақынның қолын байлайтын,
шеберлігіне шек қоятын жағдай деп емес, керісінше, ойдың, сөздің
оралымын өзінше келтіріп, тың, жаңа өрнек табуына мүмкіндік
беретін жағдай деп түсінген жөн.

Абайдың мысал өлеңдерінің ішінде кейбір аудармаларға
жатқызуға болатыны да кездессе, еркін тәржімелегендіктен белгілі
сюжеттің сарынымен жазылған деуге лайық болып келетіндері
тағы бар. Айталық, «Жарлы, бай» атты мысал өлеңінде Абай оқиға

желісін еркін баяндап, соңында:

Алтын қайда, сөз қайда?
Қу нәпсіден не пайда, –
дегенді өз жанынан қосады. Сондай-ақ «Шегіртке мен құмырсқа»
атты өлеңдегі:

Мен өзіңдей шаруашыл
Жұмсақ илеу үйлі ме?
деген сөздер, шегірткенің құмырсқаға барған қалпын:
Селкілдеп келіп жығылды,

Аяғына бас ұра, –
дегендей суреттеме орысша нұсқада жоқ. Абай құмырсқаның
еңбекқорлығын
шегірткенің

қамсыздығын
көзге
айқын
елестетерліктей белгілермен үстемелей түскен.

Осы өлеңдегі құмырсқаның атынан айтылатын:
Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер! –
деген Абайдың өзі қосарлап келтірген сөздері де нағыз қазақша

сөйлеу қалпындағы әдемі кекесіннің үлгісі деп санауға лайық.
Әдейі аяныш сезімін, жаны ашығанды білдіргендей етіп, керісінше
айтылатын нағыз ирония, келемеждеудің келісті, өткір түрі.
Кейде мысалда оқиғаны баяндауы, айтуы ұқсас болса да, содан

қорытынды шығарып, түйіндеуі әрқалай келеді. Айталық “Қарға
мен бүркіт” атты мысалда Крылов үлкен ұры құтылып, кішкене
ұры тұтылады, қолға түседі дегендей түйіндейді. Бүркітті ұры деу
қазақ ұғымына үйлесе қоймайды. Сондықтан болар Абай ол жағын

сөз қылмай, тек қарғаның әліне қарамай қайрат етуге ұмтылғанын
ажуалап:
Азат басың болсын құл,
Қолдан келмес іске ұмтыл –

деп тұжырым жасайды.
Тағы бір көңіл аударарлық нәрсе – мысал дегеннің өзін жанрлық
түрі жағынан шарттылығы басым, қалыптасқан, өзгермейтін,
ескі сюжетке негізделетін, ойды аң-құстың, жануар-жәндіктің іс-

әрекеті арқылы тұспалдап қана білдіретін, белгілі бір шындықты
уағыздап айтуға бейім тұратын шығарма деп қарау жиі кездеседі.
Осындай түсінік мысал өлеңнің өзгешелігін, поэзиялық қасиетін
жете түсінбеуге әкеліп соғады. Ал, шынында, мысал өлеңдегі

шарттылық, тұспалдап айту тәсілін, белгілі сюжетті, әр түрлі
тұспал бейнелерді қолдану – мұның бәрі тек сыртқы сипат-белгілер.

Мысал өлеңдердің артықшылығын алдымен олардың поэзиялық
қуат-күшінен, тұспал бейнелер арқылы сан алуан адамдардың
мінез-құлқын, іс-әрекетін аңдатып, айқын көзге елестетіп, сол
арқылы қоғамдық өмірдің шындығын, қайшылықтарын терең

ашып бере алатын мол мүмкіндігінен іздесек керек. Көркем
шығармада мәселе не айтылғандығында ғана емес, сонымен бірге
қалай айтылғандығында, қандай әсер ететіндігінде десек, осыны
әсіресе мысал өлеңге, яғни өмірлік шындық пен көркемдік қиялды,

көркемдік шарттылықты шебер сабақтастырып, ұштастырып
келтіретін жанрға байланыстыра айтуымыз орынды. Мысалдағы
ойды тура, ашық айтпай, ақтара салмай, тұспалдап, алыстан
орап, орағытып айтудың өз артықшылығы бар екені сөзсіз.

Оқушы бүкпелеп айтылған жайды, астарлы мағынаны өз ойымен
бағдарлап, өзінше аңғарып, ұғып-түсінуге мәжбүр болады. Бұл
одан тапқырлықты, сөздің астарына үңіле білуді, айтылып отырған
нәрсені де, ишарат етіп, тұспалмен аңғартылған нәрсені де айқын

елестете білуге қабілеттілікті талап етеді, ойына түрткі болып,
сезіміне әсер береді.
Сонымен қатар мысал өлеңде сан алуан жан-жануар, аң-
құстарды, жәндіктерді іс-әрекет үстінде бейнелеу, тілдестіру,

айтылған жайдан ғибратты түйін түю және осы орайда жасанды,
жаттанды ақылгөйлікке әуестенбей, терең мағыналы қоғамдық ой
қорыту үлкен ақындық шеберлікті, талғампаздықты танытады.
Абайдың мысал өлеңдерінен осындай қасиеттерді, әсіресе,

ақынның әзілдеуге, мысқылдап келемеждеуге, сықақ етуге
шеберлігін айқын байқаймыз.
Кейде мысалда тілге тиек болатын шынында да әлдеқандай бір
ғажайып жай да кездеседі. «Жарлы бай» атты өлеңдегі түбінен

қанша алсаң да ділдә бірінен кейін бірі шыға беретін дорбаның
кедейдің қолына келіп түсуі – бұл, әрине, арғы түбі ескі ертек,
аңыздармен жалғасатын сюжет. Ал кейде мысал өлеңдегі оқиғаның
өзі мейлінше қарапайым, күнделікті өмірде кездесетін жай

болып шығады. Айталық «Қазаға ұрынған қара шекпен» дейтін
өлеңдегі қораға ұры түскенін айту ешкім таңқалатындай нәрсе
емес. Өлеңнің түйіні басқада, барынан бір сәтте айрылып жүрдай
болып қалған адамға ағайындары келіп, әр түрлі ақыл-кеңес беріп,

желдей есіп «бишара», «байғұс» деп жарылқаған болады. «Бақа
мен өгіз» атты мысалда өгіздей бола боламын деп ісініп, кебініп,

іші жарылған бақаның ессіз мақтаншақтықтың құрбаны болғаны
баяндалады. Мұндай шартты түрде әдейі әсірелеп айтушылық –
мысал жанрында жиі кездесетін үйреншікті жай, сондықтан оны
табиғи құбылыс деп санап, осы уақиғаға қандай мағына беріліп

айтылғанына көбірек көңіл қою орынды секілді.
Крылов осы мысалдың сюжетінен әр түрлі қоғамдық топтардың
өкілдері бірдей бола алмайды деген нақтылы тұжырым жасап,
қатардағы жай адам (мещанин, мелкая сошка) атақты адамдай,

ақсүйектей (дворяниндей) бола алмайды деген түйін жасаған.
Ал Абай жалпы моральдық тұрғыдан келіп, іші тарлықты, басқа
біреуді көре алмай, күндеуді, қалайда соған жетем дейтін мінезді
сынауды жөн көрген. Сондықтан мысалды:

Таласпа, жаным-ай,
Қолыңнан келмеске,
Боларсың бақадай,
Көп түссең егеске, –

деген ғибрат сөзбен аяқтайды. Және мысалды Крыловша бірден
уақиғаны баяндаудан бастамай кіріспе ретінде жанына сөз
қосарлап былай дейді:
Қарасаң, тым-ақ көп

Көре алмас іші тар.
Несі артық бізден деп,
Салыспақ жұртта бар.
«Есек пен бұлбұл» атты мысал өлеңін Абай есекті сипаттаудан

бастаған:
Тойған есек шөпті оттап маңайдағы,
Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы.
Қаңғырып өлкені өрлеп келе жатып,

Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы.
Орысша тексте мұндай кіріспе жоқ, есек бұлбұлды кездестірді
делінеді де, бірден оған айтқан есектің сөзі келтіріледі.
Абайдың өлеңді бастауынан есектің қарны тойып, көңілденіп,

ерігіп келе жатқандықтан тоғайдағы бұлбұлды көріп, соған ән
салғызып, өзінше сынап көрмекші болғанын аңғарамыз. Есектің
бұлбұлмен ұшырасуы кездейсоқ болса да, оған тіл қатып, бір
ән салып жіберші деп тілек айтуы көңіл күйіне үйлес сезіледі.

Ал есектің сыншыл болып шыға келуі, бұлбұлға (Абай «ақын
бұлбұл»дейді) сын айтуы – әбден қисынды. Бұл топас, ақымақ,

өнерден марқұм адамның басқаны сынағыш болатынын аңғарту
жағынан ұтымды.
Ал бұлбұлдың аңыратып, шырқап ән салғанын суреттеген тұста
Абай Крыловтан айтарлықтай алшақтамайды. Есектің бұлбұл әнін

тыңдап алып, «сен біраз әтеш әнін үйрен!» – деп, өзінше білгішсіп
ақыл бергенсігендей болғаны орысша текстегідей мейлінше әсерлі,
тартымды көрсетілген.
Өлеңнің аяғын Крылов:

Избави, бог, и нас от этаких судей, –
деп қысқа қайырса, Абай осы тұжырымды тірек ете отырып, істің
мәнісін түсінбейтін, шынайы өнерді бағалай алмайтын топас
сыншысымақты келемеждеп:

Демеймін мені мақтасын,
Я жақсын, я жақпасын,
Сүйтсе де, мұндай сыншыдан
Құдайым бізді сақтасын, –

деп, ойын нақыл сөз үлгісінде өрбітіп, мысалды бір шумақ өлеңмен
түйіндейді.
«Емен мен шілік» атты өлеңдегі еменнің шілікке айтқан:
Құдай басқа салмасын сен секілді

Желмен жерге жығылып, жар сүзбекті,
Обалың бір құдайға, байғұс, сенің,
Қақтырып қойған мұнша бос селтекті.
Қарашы маған, сендей сорлы емеспін,

Тау, жартасқа ұзартып, бой теңестім.
Сенің қорыққан дауылың – маған өлкек,
Маңыма сәуле өткізбей күнге егестім, –
деген сөздерін, немесе:

«Есіркегіш екенсің, - деді шілік, –
Онша сорлы емеспін, тартпа күйік!
Сынбаймын майыссам да, солқылдаймын,
Желден маған келмейді еш кемшілік, –

деген сөздерді емен мен шіліктің бойына лайык, деуге болатын
сипаттамалар десек те, оларға тіл бітіп, сейлеуі шартты түрде
алынғанын былай қойғанда, жаңағы сөздер өркеуде, менменсіген
адам мен дене бітімі нәзік, жұқа да болса, жаны берік, қиындыққа

төзімді адамды меңзеп, тұспалдап айтылғаны айқын байқалады.

Бір жағынан емен мен шілікті сол көрсетілген нақтылы сипаттары арқылы айқын көзге елестетсек, сонымен қатар екі түрлі адам бейнесін, мінезін танығандай боламыз. Ал одан ары айтылатын: Бүгінгі аман бола ма үнемі аман? Кердеңдікпен деп тұрсың не бар маған. Шалқақтық иілмейтін кімге жаққан, Екпінге ерегіссең, қатер саған, – деген сөздерді алсақ, мұны түгелдей тек есті адамның алды-артын ойлайтын кісінің көкірегін керіп, даңдайсыған біреуге айтқаны деп қарауға әбден сыяды. Абай мысалдары оның ақындық шеберлігін танып-білу жағынан бағалы екенін атап айтуымыз керек. Ақынның өнер жарысына түсетің сыналатын бір тұсы – осы басқа ақындардың шығармасына үңіліп соны өзінше қалай айтып жеткізетіні десек, артық емес. Дәл аударма болсын, тек жалпы сарынын сақтай, отырып еркін тәржімаланған шығарма болсын, түпнұсқасымен салыстыра тексерілсе, ақынның көркемдік талғамы, тақырып таңдауы, өзінше айта білетін тапқырлығы, шеберлігі жайында нақтылы ой түйіндер жасауға мүмкіндік береді. Түгелдей алғанда Абай аудармалары қазақ поэзиясының өркендеп өсу жолындағы зор табыс болды. Олардың өткен ғасырда қазақ сөз өнеріне мол жаңалық әкелген тарихи мәнін былай қойғанда, қайталанбас көркемдік сипаты да ешқашан кемімейтін айрықша құндылығын таныта алады. Орыс әдебиетінің жетістіктерін еркін игеріп, таңдаулы үлгілерін кеңінен насихаттаған Абай дәстүрлерін Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеев секілді көрнекті ақын-жазушылар жалғастырып, өрістетіп, жан-жақты дамытты. * * * Поэма жанрына жататын, яғни, өлеңмен айтылатын баяндалатын лиро-эпостық шығармалардың түрлері сан-алуан. Батырлық жырлар, халықтық дастандар, көлемді (сюжетсіз) толғау жырлар – бұлар поэманың қазақ позиясында ертеден ең көп тараған, бел алған үлгілері. Абай поэмалары деп аталып жүрген «Масғұт», «Ескендір», «Әзім» – ертегі-аңызға құрылған шығармалар. Бұларға қоса Абай Лермонтовтың «Вадим» атты көлемді прозалық

шығармасын және «Демон» поэмасын өлеңмен аударуға кіріскенін ескеріп, поэма жанрындағы ақынның шығармашылық ізденістері аз болмаған-ау деп жобаласақта, бұл екеуі де, «Әзім» поэмасы да толық бізге жетпегендіктен (немесе, жазылып бітпегендіктен) нақтылы байлам жасау қиынға соғады. Ал «Масғұт» пен «Ескендір» туралы айтсақ, олардың өзгешелігі, өзіндік сипаты неде десек, алдымен көңіл қоярлық нәрсе – айтушының, автордың бейнесі баяндалған оқиғадан, сюжеттен бөлектеніп, басқа тұрғыдан көрінетіні дер едік. Бұл поэмаларда сол кездегі заман шындығы тікелей көрінбей, ескі аңыз әңгіме арқылы көрініс берсе де, сол аңыз оқиғаға айтушының, автордың беретін бағасы, оның адамгершілік, ағартушылық идеялары арқылы танылады. Сондықтан Абайдың лирикалық өлеңдерінде насихатталған озат ой-пікірлерімен поэмаларының идеясы үндес шығып жататыны да кездейсоқ нәрсе емес. «Масғұт» поэмасы – мазмұн-мағынасы терең, автордың негізгі ойын жеткізу жағынан тартымды шығарма. Байыптап қарасақ, Абай Масғұт әңгімесін жай ескі аңыз деп қарамай, сол әңгіме негізінде өз заманына тікелей қатысты мәселелер жайлы толғанғанын байқар едік. Поэмадағы сюжеттің мағыналық түйіні, кейіпкердің іс-әрекеті, ұмтылысы мен ұғымы бөлек бір ағын болса, автордың (баяндаушының) өз көзқарасы, уақиғаның әр бұрылысына, әр іске беретін бағасы екінші ағын болып, кейде бір арнаға құйылып жатса да, екі жарылып, айырыла жарысып, бөлініп кетеді. Осыдан келіп шығарманың мазмұны да біркелкі, бірбеткей сипатта көрінбей, қат-қабат, қатпарлы мағына алады. Соның өзінде автор өз ойларын жанынан шығарып, жапсырмалауға бармайды, сол сюжеттің арғы, ішкі иірімінен толқып шығатын мағыналық түйінді өрістетіп әкетіп, өзінше толғам-тұжырым жасайды. Поэма мазмұнының осындай қат-қабат күрделі болып келуі оны әр қырынан қарап әр түрлі бағалауға мүмкіндік береді. Айталық, кейбір әдебиетшілер «Масғұт» поэмасын әйелдерді айрықша қастерлейтін шығарма деп санайды. Олардың негізгі дәлелі – Масғұттың қызыл гүлді таңдауы, әйел қауымы досым болса деген қалауы ақыл мен байлыққа кенелуден бастартуы. Осының өзі салмақты дәлел секілді көрінсе, бұл поэма кейіпкерінің пікірі, соның ойлау өресін танытатын сөздер ғой. Ал Абайдың осыған беретін бағасы қандай екенін еске түсірелікші:

Сол заманда-ақ надандар шырық бұзған, Жалғанның дәмін бұзып, қауіп қылғызған. Ақыл мен мал екеуін асырай алмай, Арашашы іздепті қатын, қыздан. Ендігіге не сұрау бұл заманда? Ақыл-ой, ар-намыс жоқ еш адамда. Өлген мола, туған жер жібермейді, Әйтпесе тұрмас едім осы маңда. Абай тіпті өлердегі сөзін айтып, ақыл мен малды бағалай білмегендерді, күте алмағандарды надандар деп, «жалғанның дәмін бұзып, қауіп қылғызған» солар деп, қатты ашынып айтады емес пе? Абай поэма кейіпкері Масғұтқа ерік беріп, еркін сөйлетіп, сөзін құптаған сыңай көрсеткендей уақиғаны асықпай баяндап шығады. Сөйтіп, өзін-өзі тоқтатып, айтар ойын ішке сақтап отырып, кейін осы алғашқы әңгіме тиянақталған тұста бірақ ақтарылатыны соңынан барып айқын болады. Масғұт ақылды таңдамады дегенді бөліп алып ойластырсақ, соның мәнісін тереңдеп түсінсек жарар. Елден асқан ақылды болсам да, надандар ақылға мойын бұрмас дейді Масғұт. Әділетсіз, ақылсыз, арсыздарды Көре тұра көңілде тыныштық тұрмас. Адам дертті болмай ма, құса тартып, Тұщы ұйқы ұйықтай алмай, түнде жатып, Ептеп бағып, есерге ем таба алмай, Тәтті тамақ жей алман дәмін татып. Әділетсіздікке, арсыздыққа, надандыққа қарсы тұруға жарамаса, ақылдылықтың, әрине, құныда жоқ. Міне сондықтан да Абай поэманың екінші бөлімінде байлыққа жетуді де, әйелдер досым болса дегенді де былай қойып, ақылды болудың қиындығы туралы мәселені жекелеп алып, тағы бір тың оқиғаны баяндау негізінде сол сарынды өрістетеді. Сөйтіп, поэманың бірінші бөлімінде елден ерекше ақылды кісінің надан, топас адамдардың ішінде отырып әділетсіз, арсыздарды түзей алмай, әуреге түсіп, дертті болатыны сөз болып, бұл тұжырым үш нәрсенің бірін таңдау ретімен айтылатын сюжеттің бір тармағы ғана болып, жанама түрде келтірілсе, екінші бөлімінде есер, есіріктердің ортасында есті адам да еріксіз есінен айрылатынын

тұспалдап көрсететін оқиға баяндалып, оның өзі бірден-бір
нысаналы тақырып болып өріледі.
Масғұт пен Халифа көптің қаһарынан қорқып, солар ішкен
бұзылған суды ішуге мәжбүр болғанын, содан естерінен адасқанын

айта келіп:
Көрдің бе көп тентектің қылған ісін?
Еріксіз есті екеуін есер етті, –
дейді.

Абайдың өз түйіні баяндалып отырған оқиға желісінен мүлде
басқаша екені поэманың соңғы шумағындағы:
Көптің бәрі осындай, мысал етсең,
Көп айтты деп алданып, уағда күтсең,

Ғапіл боп көп нәрседен бос қаласың,
Аңдамай, көп сөзімен жүріп кетсең, –
деген сөздерден тағы да айқын аңғарылады.
«Масғұт» поэмасын сөз еткенде Мұхтар Әуезовтың осы

шығармаға айтқан сын пікіріне тоқталмай кету дұрыс болмас
еді. Мәселе Әуезов поэманың кемшіліктері деп көрсеткен
кейбір ерекшеліктеріне ой көзімен қарап, байыптап түсінуде,
айтқан сынды қолдау немесе қолдамауда емес, Әуезов «Масғұт»

поэмасын қай тұрғыдан қарап бағалаған, қандай талаптар қойып
сынаған, қандай дәлелдер айтқан – міне осы жайларды ойластыру
шығарманың жанрлық сипатын, сюжеттік құрылысы мен көркемдік
ерекшеліктерін тереңдеп тексеру, толығырақ түсіну үшін қажет.

Біз алдымен Әуезовтың «Масғұт» поэмасы жайлы айтылған
құнды пікірлері, байлам-тұжырымдарды мол екенін атап көрсетуді
орынды деп санаймыз. Өзінің поэмаға жасаған талдауларын,
ой-түйіндерін Әуезов шығыстан келген аңыз Абайдың өз ойын

баяндауда керекке жаратылған деп қорытады. Біздің көңіл
аударғалы отырғанымыз – Әуезовтың осы пікірін жалғастыра
келіп, айтатын сын пікірлері. Енді сол пікірлерге құлақ асалық:
«Сөйтіп, бұл поэманың ойы өмір оқиғасынан, тартысынан

тумайды, – дейді Мұхтар Әуезов, – қайта сол оқиға, тартысының
бәрі ақынның ақылынан туады. Осындай сюжетті әңгіме құруда
суреттеп көрсету орнына, баяндағыш ойды басшы ету арқылы Абай
бұл поэмасының композициясын ойдағыдай толық көркем, тұтас

етіп шығара алмаған. Ол, әсіресе, осы поэманың екінші бөлімінен
аңғарылады. Композициялық құрылыста логика болмай кетеді.

Өйткені тұтас күрделі сюжеттік құрылысының шартына бағынса, Масғұттың қызыл жемісті жегеннен кейінгі іс-әрекеттерді баян етілгенін көрсек керек еді. Ал, Абай олай шықпаған. Масғұт қызыл жемісті жеп, әйелдердің достығын алудың орнына, ақылды кісі болып шығады. Іс жүзінде ол қызыл жемісті жеген кісі емес, қайта өзі жемеймін деген ақжемісті жеген кісі боп, үлкен ақыл иесі боп, тіпті Шәмсижиһан атанады. Ақыл, парасаты арқылы жиһанның күні болған делінеді. Дұрысында, поэма оқиғасының алғашқы бөлімінде жеткен өрісі бойынша, әйелдер достығынан туған мінез, оқиғалар, соның айналасындағы тартыстар поэманың екінші бөлімінің үлкен өрісі болу шарт еді. Ал, Абайда – Масғұт бар әйел қауымы түгіл, бір әйелдің достығына да душар болмайды. Оның үстіне поэманың соңғы бөліміндегі «жынды су» мотиві және одан туатын «жұртың жынды болса, ақылды болма, қоса жынды бол!» дейтін қорытындылар бұл поэманың алғашқы бөліміндегі мінез бен істерге логикалық жағынан да қиыспайды. Оқыстан туған оқшау халдер есепті болады»16. Шынында Абай поэманың екінші бөлімінде ескі аңыз-ертегінің сюжетін өзінше жалғастырып дамытуды мақсат етпейді. Ақын екі басқа шығармалардан алынған өз ара тікелей байланысы жоқ екі сюжетті Масғұттың өмірінің екі кезеңін сипаттап көрсету үшін алып отыр. Поэманың бірінші бөлімінде де, екінші бөлімінде де алынған сюжеттегі уақиғаның желісін тілге тиек етіп, сол арқылы өз ойын білдірген. Қызыл гүлді алған Масғұттың таңдауын Абай қолдамайды. Ақ гүлді алып, жаннан асқан ақылды болып шығудан Масғұт өзі бас тартты деп, Абай оны сынап отыр. Қаншама жұрт кесел келіп, бұзылған су ішіп есінен ауысқан кезде халифа мен оның уәзірі Масғұтта өз еркімен сол судан ішіп ақылынан айрылуға мәжбүр болғанын баяндай келіп, ақын бұл аңыз-әңгімеден де өзгеше қорытынды жасайды. Көптің білместіктен істеген ісіне, айтқан сөзіне ермеу қажет деп түйіндейді. Масғұт ақылына ақыл қосып, елден ерек ақылды болуға тырыспағанымен, ақылдан кенде адам емес. Масғұттың халифаға 16 Әуезов М. Абай Құнанбаев (мақалар мен зерттеулер). – 177-178-бб.

уәзір болуы, оған да ақыл-кеңес беруге қабілеті жететін адам болып көрінуі тегін болмаса керек. Бір жағынан елден асқан ақылды болудан қашты деп Масғұтты сынай отырып, Абай көп наданның ішінде айрықша ақылды болу да қиын деген ойды түгелдей жоққа шығармайды. Поэманың екінші бөліміндегі сюжеттен міне осы шындық айқын көрінеді. Бұл сюжет те ескі ертегі-аңыздан алынғандықтан ғибраттылық мәнімен көбірек назар аударады, шындығынан гөрі көркемдік шарттылығы басым келеді. Алайда бұл сюжет ақылды болу үшін айтатын ақылды бағалай білетін адамдар, ұғатын, түсінетін қауым болу керек деген ойды тұспалдап жеткізуге тірек болып тұр. Әрине, Абайдың екі басқа, уақиға желісі жағынан іштей бірлігі жоқ сюжеттерді бір жерге түйістіріп, қатарластыра алуы да – өз идеялық-көркемдік мақсатына орайлас тапқан шешімі. Абай ертегі-аңыздың сюжетін қызықтай отырып, оларды өзінше өңдеуге, өзгертуге тырыспайды, бірақ сол сюжеттің ығы мен де кетіп қалмайды, өз ойын, өз пікірін еркін өрбітіп, тұжырымдап айтып береді. Пікірлерін жинақтай келе, «Масғұт» поэмасын Әуезов бар қалпында алып бағалауымен шектелмей, сол поэманы басқаша қалай жазуға болар еді, қайтсе өзгеше ұтымды көркемдік шешім табылатын еді дегенге ойысады. «Сөйтіп, қорыта айтқанда, Масғұттағы идея – араб шығыс аңызының идеясы емес. Ақын шығараларының бұрын басқаша жанр, стильде айтылып жүрген идеялары болады. Бірақ сол жайлар заманындағы халдерден туған сыншылдық ойлар болғандықтан, ескі Бағдат тонын кидіргенше өз тұсындағы қазақтың өзіндік тіршілігінен алып, сюжетті сол болмыстан құрастырып, қиюластырса, шығарманың басты идеялары оқушыларына орағытып жетпей, төтелей жеткен болар еді»17. Әуезовтың «Масғұт» поэмасына көңілі толмай, сын пікірлер айтуына түрткі болған да міне, осы әттең Абай өз шығармасын өз заманындағы қазақ қоғамының өмірінен алып неге жазбады екен деген ойы болса керек. Ақын шығармасына тарихи-әдеби процестің өсу-өркендеу тұрғысынан келіп, басқа бір қырынан қарап айтылғанын ескерсек, бұл ой қисынсыз емес. Алайда, бұдан 17 Әуезов М. Абай Құнанбаев. – 178-б.

бір ғасыр бұрын жазылған, әрі өзі Абайдың қолынан шыққан шығарманы сол бір қалпында бағалауға міндетті екеніміз айқын ғой. М.Әуезов, әрине, оны жақсы түсінген. Сонымен қатар тосын сын пікір айту, пікір таластыру мәселенің байыбына баруға, шығарманың мәнін, өзгешелігін бағалауға әр қырынан келіп, шындықтың көзін неғұрлым терең ашуға себепші болатынын да ескерген. «Масғұт» поэмасындағы алғашқы сюжет яғни, Масғұтқа Қыдыр шалдың ақ, сары, қызыл – үш жемісті таңдатуын баяндайтын бөлімі мен Тургеневтің «Шығыс аңызы» («Восточная легенда») атты әңгімесі бір-біріне уақиға желісі жағынан ұқсас келеді. Абай: Арун Рашид халифа заманында Бағдатта бір жігіт бар, аты Масғұт, – деп бастап, сол жігіт бір ұры бас caп тонап жатқан жерінен шалды арашалап алғанын айтса, Тургеневтің баяндауында да әңгіме солай басталады. Тек жігіттің есімі Джиаффар делінген. Риза болған шал Абайдың поэмасында Масғұтқа бір гүлдің басындағы үш жемісті таңдатып: Ағын жесең, ақылың жаннан асар. Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар. Егерде қызыл жеміс алып жесең. Ұрғашыда жан болмас сенен қашар, – десе, Тургенев әңгімесінде шал жігітке бір ағашта өсіп тұрған үш жемісті таңдатып, ағын жесең жаннан асқан ақылды боласың, қызылын жесең, бай боласың, сарысын жесең, кәрі әйелдер сені жақсы көреді дейді. Масғұт елден бөлек ақылды болсам, ақылсыз арсыздарды көргенде көңілде тыныштық тұрмас, бай болсам, жұрт күндер жұрттан артық байлық үшін деп, екеуінен бастартып: Қызылды жесем, мені әйел сүйер, Адамдыққа жүрмесем, не жан күйер? Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса, Деп едім бір пайдасы маған тиер, – деп, қызыл жемісті таңдаса, Джиаффар тым ақылды болу бір азап, бай болсаң, елдің бәрі көре алмайды деп, жесең, сені кәрі әйелдер ұнатады деген сары жемісті таңдайды. Абай поэмасындағы Масғұт «Шамси-жиһан» атаныпты, мағынасы «бұл дүниенің күні» деген сөздің орайына Тургенев әңгімесінде Джиаффар «солнце вселенной» делінген. Осы

айтылғандардан Абай поэмасындағы сюжет пен Тургеневтің
әңгімесінде баяндалған сюжеттің түпкі негізі бір, шығыстық ескі
аңызға барып тірелетінін байқаймыз.
Сюжеттің өзгеше құрылыс-қалпы, уақиғаға Қыдыр шалдың

араласуы, және жиһан кезген қарапайым адам болып жүруі,
оның Масғұтқа ерекше қасиеті бар үш жемісті таңдатуы – бәрі
де шығыстық ескі аңыздың сипатын танытады. Уақиға Бағдатта,
Арун-Рашид халифаның заманында болған деп айтылғандықтан,

алдымен «Мың бір түн» сюжеттері ойға оралады. Алайда бізге
белгілі «Мың бір түн» әңгіме-аңыздарынан дәл осы сюжет
кездеспеді. «Мың бір түн» әңгімелерінің М. А. Салье аударған
орыс тіліндегі сегіз томдық жинағында оныншы түнінде айтылған

әңгімеде Арун-Рашидтің уәзірі Джаффар аталады. Сонда «Мың
бір түннің» бізге белгісіз толық бір нұсқасында осы сюжет бар-
ау, соны Абай мен Тургенев білген-ау деп жорамал жасасақ, бұл
сюжет алғашқы түндердің әңгімесінде болуға лайық. Бұл сюжеттің

өзінше бөлек ауызша айтылуы, таралуы да мүмкін. Кезінде белгілі
Тургеневті зерттеуші академик М. А. Алексеев осы әңгіме жайында
сұрағанымызда, бұл өзі орыс жазушының шығармасындағы бір
оқшау тұрған, бөлекше сюжет, ол оны атақты шығыстанушы

Ханыковтан (1822 - 1878) ауызша естіп білуі мүмкін деген пікір
айтқан еді. Ал Абай болса, шығыс әдебиетімен жақсы таныс, аңыз-
әңгімелерге қанық қой. Тургенев білген сюжетті ол да білген. Рас,
Мүрсейіттің 1907 жылғы қолжазбасында «Масғұт поэмасының

тұсында «Тургеневтен» деген жазу бар. Ол үстінен басқа сиямен
жазылған, кейінірек Тургенев әңгімесін білген біреудің көрсеткені
секілді. Абай шьғармасын белгілі сюжетке құра отырып, оның
мәнісін өз кезіндегі қоғамдық өмірге байланыстыра қарағанда

қалай түсінуге болатынына да айрықша көңіл қоятынын жоғарыда
айтып өттік.
Тағы бір көңіл аударарлық нәрсе – Абайдың поэмасында
Тургенев әңгімесінде жоқ екінші бөлім тағы бар екені. Егер

поэманың жоғарыда сөз болған алғашқы бөлімі 1909 жылға
жинақта басылса, екінші бөлімі 1939 жылғы жинаққа Мүрсейіт
қолжазбалары бойынша алғаш кіргізілген. Мұндағы «Сол Масғұт
халифаға уәзір бопты» деп басталатын әңгіме өз алдына бөлек

уақиға, бірақ мағынасы алғашқы әңгімеге бір жағынан жалғас
келеді, өйткені сюжеттің мәні ақылсыз, есалаң адамдардың ішінде
ақылды болып жүру қауіпті деген пікірге саяды. Оның үстіне

баяндалатын жай-жағдай басқа болғаныменен, сол Масғұттың
басынан кешкен уақиға делінген және баяғы Қыдыр шал бір
уақытта Масғұтқа аян беріп, пәлен күні жауын жауады, сол жауын
суының кеселі бар, барлық су бұзылады, ішкен адам жынды болады

деп сақтандыруынан-ақ бұл сюжеттің аңыз-әңгіме, тәмсіл түрінде
келетіні бірден айқын көрінеді.
Ал осы әңгімедегі сюжеттің шығу тегі, қайдан келгені
жайында ойлансақ, онда да Арун-Рашид патша, оның уәзірі

Масғұт аталатындықтан, осының өзі шығыс елінің, соның ішінде
арабтардың ескі аңызынан алынған ба деген сауал алдымен ойға
оралады. Алайда, әзірше бұл жағы бізге білгісіз. Оның есесіне
дәл осындай сюжет «Бирма халықтарының ертегілері» деген орыс

тілінде басылған кітапта («Сказки народов Бирмы». Составители
В. Б. Касевич, Ю. М. Осипов. М., «Наука», 1976, 263-264-беттер)
бар екені анықталды (3. А. Ахметов. Современное развитие и
традиции казахской литературы. «Ғылым», 1978,70 -73-беттер).

Ертегі орысша аудармада: «Когда все пьют дождевую воду, ее
приходится пить и королю» деп аталады. Мұнда патшаның орнына
король, ал Қыдырдың орнына жұлдызға қарап болжау айтатын
данагөй алынған. Одан басқа алшақтық кездеспейді. Жауын

жауып, су бұзылуы, ішкендер түгел есінен адасқаны, аяғында
жынданған жұрттан сескеніп король мен ақылшысы жұлдыз
санаушы да жынды судан ішіп, есінен айрылатыны – бәрі де тұп-
тура ұқсас келеді. Бирма ертегісі Абайдың заманында орыс тіліне

аударылмаған. Қалайда бұл сюжет қазақ елімен шектес халықтарға
да белгілі болған деп санау қиысынды секілді.
Осы бір ғана «Масғұт» поэмасы төңірегінде сөз қозғай
отырып-ақ, Абайдың шығыс елдерінің әдебиетіне айрықша зейін

қойғанына, ескі аңыз-ертегілердің жете білетініне көз жеткіземіз.
«Масғұт» поэмасында халифаға қысылтаяң кезде ақыл-кеңес
беретін уәзірі Масғұт болса, «Ескендір» поэмасында атағы жер
жүзіне жайылған қолбасшы Ескендірге ақыл беретін ғұлама

ғалым – Аристотель. Абайдың осы тұста «ақыл сөзін тыңдамай
бар ма шара» дейтіні тегін емес, Алтын қорғанға кіре алмаған
Ескендірдің қақпадан орамалға орап тастаған сүйектің мәнісін
Аристотель айтып түсіндірген соң ойланып, сабасына түсіп,

әскерін ертіп еліне қайтқаны – дана кеңесшісінің сөзіне құлақ
асқаны. Таразының екінші басына қанша алтын күміс салса да,
орнынан қозғалмаған сүйектің тек бір уыс топырақ салғанда

ғана көтеріліп шыға келуінің не сыры бар екенін Ескендір
патша өздігінен таба алмай, Аристотель айтып бергенде ғана
білетіні көңіл қоярлық. Бұл –Ескендірден Аристотель хакимнің
ақылы, зеректігі басым екенін аңғартатын жай. Адамның

көз сүйегі ауыр болу себебін Аристотель жеміт көз дүниеге
тоймайды, бірақ адам қанша ынсапсыз, қанағатсыз болса
да, өлгенде кезіне құм құйылғанда тояды деп пайымдайды
да, Ескендірге «Мұны көріп, алыңыз сіз ғибрат!» деп кеңес

береді. Аристотельдің сөзінен оның бойына біткен даналық,
ақылдылық та, сонымен қатар шексіз тойымсыздықты, көрсе
қызарлықты қолдамайтын табандылығы, үлкен адамгершілік
қасиеті де айқын сезіледі.

Низамидің Ескендір туралы поэмасын алсақ, онда патша бір
кішкентай тасты кірге салып өлшегенде, қанша асылды салса да,
тас көтерілмейді. Сонда Қыдыр келіп Ескендірге кірге топырақ
сал дейді. Бір уыс топырақ салғанда, кірдің тасы бар екінші басы

бірден көтеріліп шыға келгенінің мәнісін Ескендір өзі ақылымен
аңғарады.
Абай кірге топырақ салудың қажеттігін де, оның адамның
көз сүйегін неге салмағымен басып кететінін де Аристотельге

айтқызып, ғұлама ғалымның тұлғасын ірілендіріп көрсетуге
ұмтылған. Бірақ айтылып отырған оқиғаның өзі ұшқыр қиялдың
елесіндей көрінгендіктен поэманың құндылығы алдымен оның
ғибраттылық мәнінен танылады.

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен, –

деген поэмадағы бастапқы шумақты оқығанда нақтылы өмірлік
жағдай, болған уақиға сөз болатындай әсер аламыз. Алайда
Ескендірді біраз сипаттап, оның шапқыншылық әрекеттерінен
тыңдаушысын хабардар еткен соң, ақын аңыз-әңгімені баяндауға

ойысады. Әдеттен тыс, ғажайып оқиғаны айтып отырса да,
Ескендірдің іс-әрекетін, сөзін оның өр көкірек, тәкаппар мінезіне
орайластырып бейнелейді. Бұл тұстағы автордың Ескендірді
мінездеуі:

Ескендір тоқтау көрмей өскен жан ғой,
Келмей ме тоқтаусыздың бәрі даңғой? –
дегендей болып келеді.

Ал автордың Ескендірді поэманың кіріспе бөлімінде сипаттауы оқиға желісіне орай айтылған сөздерге қарағанда сынап-шенеу жағы әлдеқайда басым, өткір. Мұны Ескендірді «қанішер, қаһарлы хан» деп сипаттауынан да, Жазықсыз жақын елдің бәрін шапты, Дарияның суындай қандар ақты, – деген сияқты сөздерінен де анық көруге болады. Әрине, Абайдың Ескендірге берген бұл бағасын оның тарихи көзқарасы деуден гөрі, осы поэмадағы өзіндік көркемдік шешімі деу дұрыс. Ескендір бұрынғы ақындардың шығармаларында, мысалы, Әлішер Науаидың дастанында негізінен жағымды бейне болып сипатталғанын Абай, сөзсіз, жақсы білген. Көтермелеп, асырып айту жағы аз болмағанын ескере отырып, мүлде басқаша баға берген. Абай Ескендірдің жорықтарын нақтылы бейнелеп жатпайды. Патшаның басқа елдерге жасаған шапқыншылығын, оларға өз үстемдігін жүргізбек болғанын моральдық, адамгершілік идеялар тұрғысынан қарап, мансапқорлық, көрсеқызарлық, даңққұмарлық деп бағалайды. Сондықтан да Абайға керегінің өзі де Ескендірдің басқа елге жасаған шапқыншылық жорығын тәптіштеп суреттеу емес, менменсіген қолбасшының бұзып-жарып басып өте алмайтын тосқауылға кез болып, сағы сынып, шегінгені жайлы аңыз-әңгімені кейінгіге өнеге етіп баяндап беру. Поэманың соңындағы тыңдаушыға қаратып айтылған ғибрат сөзінде мақтансүйгіштікті, тойымсыздықты қатардағы қарапайым адамдарға тән жағымсыз мінез ретінде кең мағынада алып, содан сақтандырып, ар-абыройды берік ұстау қажет екенін еске салады. Және осы ойын жалпылама уағыз түрінде емес, бетпе-бет келіп, тіл қатқандай адал сезіммен, айрықша сеніммен айтқандай етіп жеткізеді: Мақтанасың біреуге мақтасын деп, Шаужайымнан еш адам қақпасын деп. Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар, Антұрғаннан құдайым сақтасын деп. Ақылсыз өзін мақтап былжырайды, Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды. Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді, Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?! Абайдың «Әзім» поэмасында да аңыз-ертегілік сюжет

баяндалады. Әзімнің бастан кешкен оқиғалары «Мың бір түндегі»
(774 - 827 түндер) «Хасан зергер туралы әңгімесімен» сәйкес келіп
отырады. Ақ көңіл адал жас жігіт Әзімді («Мың бір түнде» Хасан)
бір шал кісі мысты алтын жасайтын өнерім бар деп қызықтырып,

оңаша кездеседі де, мас қылып, ай далаға қол-аяғын байлатып алып
кетеді. Онан соң шал Әзімге биік таудың басынан қара топырақ
алғызып, түсетін арқанды қиып, өзін сол жерге қалдырып кетеді.
Әзім таудан түскен бетте бір ғажайып алтынды үйге кездесіп, екі

сұлу қызды көреді. Абайдың поэмасында әңгіме желісі осымен
үзіледі (шығарма аяқталмаған не сақталмаған). Ал «Мың бір
түнде» жігіт сол қыздардың көмегімен шалды өлтіріп, онан кейін
де әр қилы оқиғаны бастан кешіріп, өзі үйленіп, балалы болып,

еліне қайтып келеді. Абай «Масғұт», «Ескендір» поэмасынан
байқағанымыздай, аңыз-ертегілік сюжетті құр қызықтап, баяндап
қана қоймай, одан бір ғибратты ой-түйін жасаса керек еді. «Әзім»
поэмасы толық емес болғандықтан бұл жағынан тиянақты пікір

айту қиын. Алайда ақын Әзімнің қандай қиыншылыққа болса
да мойымайтын, жеңіп шыға алатын табандылығын, зеректігін,
батылдығын өнеге еткен деп айтуымызға әбден болады.
...Абай шығармашылығының қоғамдық, танымдық, көркемдік-

эстетикалық мәнін толық түсіну үшін оның әдебиетте орнықтырған
бейнелеу әдіс-тәсілдері, дәстүрлері, үлгі-өнегесі қалай жалғастық
тапқанын арнайы қарастырып, тексеру қажет. Ақын тұлғасы
қаншалықты ірі болса, ықпалы да соншалықты зор болатыны,

айналасына түсетін жарығы да мол болатыны анық.
Абайды ұлы ізашар ақын деп қарағанда оның шығармашылық
дәстүрлерін дамытып жалғастырған ізбасар ақындар деп, қазақ
поэзиясының біртуар аса көрнекті қайраткерлерінен Шәкәрім,

Сұлтанмахмұт, Мағжан, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовты
алдымен айтамыз. Әрине, бұл топқа басқа бірталай ақындарды
қосуға болады. Тікелей шәкірті болған балалары Ақылбай, Мағауия
немесе Абайдың айналасында болған, жақын жүрген Әсет, Көкбай

ақындар туралы бұрынды-соңды айтылмай жүрген жоқ. Бұл – өз
алдына мәселе. Кең мағынасында Абай дәстүрлерін дамытқан деп,
мысалы, Сәкен мен Ілиясты да, ал жеке бір қырларынан келсек, М.
Әуезовті де, кейінгі атақты ақындардың қайсысын болса да алып

қарауға мүмкін екені талассыз. Біздің сөз етпегіміз – нақтылы
мәселе, қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрлерінің ұлы ақыннан
кейінгі дәуірде тікелей жалғастық табуы, одан әрі өрістеп, дамуы.

Абайдың ақындық дәстүрлерін тікелей жалғастырған осы ірі тұлғалар туралы ғана айтсақ та, ұлы ақын өмір сүрген XІX ғасыр мен оның өнерпаздық өнегесін өркендетіп дамытқан XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселелерін талдап баяндауға толық мүмкіндік туады. Абай дәстүрлері дегенде жеке тақырып, сарындар, өлең өрнектері мен сөз қолданыстарындағы жақындық, ұқсастықтар жайында айтумен шектелу аздық етеді. Олардыңда мәні бар екенін жоққа шығармай, керекті жерінде тиісті мөлшерде назар аудара отырып, алдымен тарихи-әдеби процесті тұтастай алып қарастыру, әдебиет майданына Абайға ілесе шыққан ізбасар ақындардың шығармашылық тұлғасын анықтау жағынан, олардың әрқайсысы қай бағытта ізденіс жасап, қай қырынан келіп әдебиетке жаңалық әкелді, өзінше жол тапты деген тұрғыдан сөз қозғау ұтымдырақ деп санадық. Осы жағынан келсек, Абайдың өз шығармашылық тұлғасы жан-жақты екені бірден ойға оралды. Ондай әрі ойшыл, әрі сыршыл лирик, әрі суреткер әр қырлы дарын иесі болған кесек тұлғалы ақын сирек кездесетіні даусыз. Жаңа реалистік жазба әдбиетінің негізін салған, ұлттық сөз өнеріміздегі жаңа дәстүрді бастаушы болған ақын тұлғасы осындай жан-жақты болуы да тегін емес дейміз. Сонда оған ілесе шыққан аса көрнекті ақындардың – Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан, А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың қайсысы болсын, алдындағы ізашар ақынның дәстүрлерін өз шығармашылық өнерінің өзгешелік сипатына сәйкес өзінше жалғастырғаны заңды құбылыс болып шығады. Сонда біз Шәкәрімді Абайдың оқу-білім, ғылымды, адал еңбекті, талаптылықты, адамгершілікті уағыздау өнегесін, фәлсапалық ойшылдығын өзінше өрістелген ақын десек, Сұлтанмахмұт әсіресе әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын, өз заманының шындығын нақтылы түрде үлкен сыншылдықпен ашып көрсетуі жағынан Абай дәстүрлерін дамытуда өзіндік тың, жаңа өpіc тапқан дей аламыз. Ал Мағжанды айтсақ, ол теңдесі жоқ лирик ақын ретінде Абайдың көңіл күйі лирикасын, және жалпы адамның жан дүниесін, ішкі сезімін суреттеудегі дәстүрлерін өзінің сыршылдық шеберлігіне тірек етіп, өзінше жалғастырған деу орынды. А.Байтұрсынов Абайға қоғам өмірінің бірталай маңызды мәселелері жайлы толғана айтуы және мысалшылдығы жағынан, ал М. Дулатов әсіресе сөз өнерін халықтың санасын оятудың, қоғам көшін алға бастаудың бірден бір күшті құралы деп санаған ағартушылық өнегесі

жағынан үндес екенін айтамыз. Және Ахмет те, Міржақып та Абай бастаған ағартушылық, демократиялық идеяларды жаңа заманның тілек-талаптарымен терең ұштастыра алғанының мәні зор дейміз. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінде ағартушылық, демократиялық идеялар қоғам өміріндегі ілгерішіл ізденістерге орай кең өpіc алғандықтан Абай дәстүрін жалғастырушылар тобы да молая түсті. Абайдың өнерпаздық өнегесі жаңа дәуірде әр қырынан өркендей түсіп, жан-жақты жалғастық тапқанын аңдату үшін біз ең ірі әдебиет қайраткерлерін ғана айтып отырмыз. Және Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтың әрқайсысының өнерпаздық тұлғасы әр түрлі дегенді де, әрине, шартты түрде айтамыз. Бірін бірінен мүлде алшақтатып әкету, әсіресе, бірін біріне қарама-қарсы қою да үнемі ұтымды бола бермес. Алайда әр ақынның көркемдік ойлау, өмірді бейнелеуіне, тақырып таңдауына, стиліне, түгелдей алғанда өнерпаздық бітім-тұлғасына тән өзгешеліктерді танып-білудің де, сөзсіз, мәні зор. Мұнсыз қай ақынның болсын алдындағы ізашар ақынмен жақындықжалғастығын, өзінің әдебиетке әкелген жаңалығын дұрыс бағалау қиынға соғады. Бұл айтылғандарды толық ескере отырып, Абайға кейінгі ізбасар ақындардың кейбір тақырып, сарын жағынан үндес келуі, немесе жеке пікірлері, жеке сөз үлгілері ұқсас келуі секілді жайларға назар аудару артық емес. Бұлардың өзі кейде жай ғана сырттай ұқсастық, кейде әдейі еліктеушілік болуы да мүмкін. Сонымен бірге осындай кейбір тақырып, сарындар мен жеке сөз үлгілеріндегі ұқсастықтар идеялық жағынан жақындасуды, шығармашылық ізденістегі үндестікті, өнерпаздыққа, ақындық шеберлікке тән елеулі ортақ сипатты танып білуге себін тигізетінін ескермей болмайды. Алдымен Шәкәрімді айтсақ, ол Абайға халықты өнер-білімге, ғылымды үйренуге шақыру жағынан үндес шығатын жерлері аз емес. Сонымен қатар Шәкәрімнің кейбір адамгершілік идеялары да Абай пікірлерімен үндес келеді. Бұған мысал ретінде Абай адамның мақтансүйгіштік мінезін қалай сынайтынын еске түсірелік: Абұйыр, атақ сол жанда, Кімді көп жұрт мақтаса. Ол мақтаудан не пайда, Көп мақтауын таппаса?

Көп тәңірі атқан мақтай ма,
Ол тәңірі атқан болмаса?
Жоқты-барды шатпай ма,
Көптің өзі оңбаса?

Мақтау – жел сөз, жанға қос,
Қошеметшіл шығарған.
Бір мақтаса, боқтамас
Ел табылса, құмарлан.

«Не іздейсің көңілім, не іздейсің» дейтін өлеңінде осыны айтса,
«Әсемпаз болма әрнеге» дейтін өлеңінде былай дейді:
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайға алма.

Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма.
Мақтан қуу, ішінде қулық сақтап айтылған мақтау сөзге
сенгіштік – сағым қуып босқа алдану екенін ақын анық аңдатады.

Қарасөздерінде де Абай мақтау жайында сөз қозғап, мақтаныш
сезімі мен мақтаншақтықы ажарыта білу қажеттігін ескертеді.
Мақтау, мақтанудың жағымды жағымен қатар жағымсыз жағы да
бар екенін ашып көрсетіп, бұл мәселе хақында қазақ әдебиетінде

терең пікір айтқан Абай болды. Осыған үндес, жалғас өткір
пікірлерді Шәкәрім ақынның өлеңінен табамыз.
Дос мақтайды сені жақсы көрмек үшін,
Дұшпан мақтар елірте бермек үшін.

Есептемей есірік елін мақтар,
Көп нені айтса, соны айтып ермек үшін.
Бұл үш мақтау бере ме саған пайда,
Мақтаулыны білерлік адам қайда?

Өзіңнен ілгерілер сүйсінерлік
Жол тап тағы, ақылды солай айда.
Кейде дос та жамандар жоқ нәрсе үшін
Дұшпан сөгер сыртыңнан қайрап тісін.

Өнері жоқ өсекшіл ел жамандар
Өтірік пе, рас па, көрмей ішін.
Мақтау шын көңілмен тап басып тауып айтылса ғана пайдалы,
орнымен айтылса, сөгіп, сынаудың өзі де ой саларлық, ал басқадай

білместікпен айтылған мақтау болса, оған елірмеу, даттау болса,
оны елемеу қажет дегендей ой түйеді ақын.

Шәкәрім Абайға пәлсапашылдыққа бой ұруы жағынан
жақындайтынын байқаймыз. Дүние-болмыс қалай жаратылған
деген мәселе Шәкәрімді де көп толғандырған:
Талайдан ой бар менде:

Бар әлемді жаратқан не?
Жоғала ма жан өлгенде,
Түзу істер іс қалай?
Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние?

Мұны бүйтіп жаратқан қандай нәрсе?
Білімсіз мақсатсыздан шыққан болса,
Мақсат, білім, ой шықты мұнан неге?
Осындай сауалдарға беретін жауаптарынан ойшылдыққа

бой ұру ғана емес, сонымен қатар ақындық сезімнің әсерлілігі,
бейнелеп айту шеберлігі де жақсы аңғарылады:
Күн батып, Ай, Жұлдыздың айналуы –
Шынында дөңгеленген жер жүрісі-ау.

Күн жауды, көз шағылды найзағайдан,
Судан от жаратылып шыққаны анау.
Күн нұрын жер жүрісін, көлеңкені
Жарық уақыт, қараңғы деп атаймыз.

Жоқ болса ыстық, жарық, қараңғылық,
Біздің де мүмкін бе еді барлығымыз?
Шәкәрім дүниенің, табиғаттың кереметтігі, керексіз бір тозаңы
жоқ болып жасалған кемелдігі жаратушының шексіз қуаттылығын

танытады дейді.
Себебі толымдының ісі толық,
Ең түпкі жаратушы – мінсіз ие.
Күш, білім, шеберлікті іс білгізер,

Есті, мінсіз шебердің ісі емес пе?
О дүниеде адамның адал, арамдығы сыналатын «бір тексеру
болмай қоймас» деген ойын ақын адамгершілік мақсат тұрғысынан
дәлелдеуге тырысады.

Егер құдай барлығы анық болса,
Тең болмас ақ жүрек пен сұм залалкес, –
дей келіп:
Жоқ, шырағым, жанымыз жоғалмайды,

Екі өмірдің азығы – осы ұждан –

деп тұжырымдайды. Сонымен қатар жан деген ұғымды Шәкәрім
кең мағынада алып түсіндіреді:
Жарылыс басы – қозғалыс,
Қозғауға керек қолғабыс.

Жан де мейлің, бір мән де,
Сол қуатпен бол таныс.
Әлемді сол мән жаратқан.
Қозғаған қуат жан дейміз,

Жан өсті жаннан сан дейміз.
Сол жандар әсер берген соң
Жаралды сансыз тән дейміз.
Жанына қарай тән солар.

Ал енді Сұлтанмахмұтты алсақ, оның әлем-дүние, өмірдің
мағынасы, адам тағдыры туралы ой толғауы да көбінесе әлеуметтік
көзқарас тұрғысынан келеді. Ол бірде:
Қандай мән бұл адамның өмірінде?

Дәм тартқызар үміт не көңілінде?
Туысында еріксіз жердің құрты,
Және еріксіз аһ ұрып сенуінде, –
десе, тағы бірде:

Дүниенің дөңгелегі айналады,
Кім үстінде гөлайттап жиналады.
Кім астында езілер саз балшықтай,
Білмеймін түбі неге айналады.

Үстінде не қасиет, астағы да
Не жаздық деп еріксіз ойланады.
Үстегі сындырмаған шөптің басын,
Сонда да тамағы тоқ, киімі асыл

Жасаулы, зейнеттеулі палатада
Қызметкер дайын қылар керек асын.
Он жыл қызмет бір кедей қылып таппас
Қондырған бір жүзікке асыл тасын.

Бір кедей жылдық тамақ етер еді
Өңдеген бояуына бет пен қасын.
Сұлтанмахмұт ой сонылығына, сөздің қарапайымдылығы
мәні терең мағыналылығына айрықша мән беріп, бұл бағытта

Абай өнегесін жақсы жалғастырады.
Абай өз заманына, өткен ғасырдағы қоғамдық құрылысқа
сын көзімен қарап, «жеп жүр ғой біреуінің біреуі етін» деп

сипаттайды. Сұлтанмахмұт Абайдың осы дәстүрін берік
ұстанды. Онда өткен дәуірді, күштілер үстемдік еткен, әділдіктің
жоқтығы «адамды сорлы қылған» заманды суреттегенде
«бақытсыздық дүние толған нақаққан, нақақ көз жас дария

болған» деген секілді сипаттауларды қолданады.
Ақын сол заманды, сол кездегі өмірді бірнеше көркем бейнелі
айқындаулар арқылы ұтымды етіп көрсете алған.
Дүние – алдау екен, алдасуда

Өз обалым өзіме қалсам кейін,
Дүние – жеу, жегізу майданы екен,
Жеңе алсам, жеймін демей мен не дейін.
Әділдік болады деп тоса берсем,

Өзімді жеп қоятын оған дейін.
Байып алып, біреуді мен де жекпей,
Неге өгіз боп оларға жегілейін?!
Осылай етіп ақын дүниені, айналасындағы өмірді біреудің

біреу түбіне жетіп тынатын «жеу, жегізу майданы» деп сипаттап,
дүние, заман сияқты ұғым мен сол ортада өмір кешкен жеке адам
тағдырын қатар алып айтып отыр. Бірақ байып алып, басқаны
жегу әркімге тиетін үлес емес екенін де ақын жақсы түсінеді.

Және ол осыны мұрат етіп отырған жоқ. Тек заманның, ортаның,
әділетсіздік, зорлық-зомбылық бел алған қоғамның адамның
ой-санасына қандай әсер ететінін ғана айтып отыр. Мұны біз
ақын тағы бір тұста дүниені, заманды және жеке адамды қарама-

қарсы қойып сипаттағанда әсіресе анық байқаймыз:
Жан иесі жегелі бірін бірі,
Өлмеу үшін ауызын ашқан заман.
Дүние – өзен, ағысын кім тоқтатар,

Ағып кете баратын мен бір салам.
Әлділер үстемдік еткен қоғамда қарапайым халықтың халі
қаншалықты аянышты екенін бұдан айқын, әсерлі етіп айту қиын-
ақ болар.

Абай жас қыз бен кәрі шалдың бейнесін бір-біріне қарама-қарсы
қойып, шендестіру тәсілімен өте әсерлі суреттегенін білеміз.
Сұлтанмахмұт «Кедей» поэмасында «жексұрын шал» мен
оған малға сатылып еріксіз қосақталған жас қызды суреттегенде

шендестіру, қарама-қарсы келтіріп сипаттау тәсілін үлкен
шеберлікпен қолданады.

Жастық қызу шөлдеткен жас ерінге Көк мұртты кепкен ерін тұрды-ау тиіп. Кәрі қол талдай нәзік белді қысып, Үлбіреген жас тәнді зорлап құшып, Қуарған кепкен тәнін жылытпақшы, Сәулелі қара көздің нұрын ішіп. Сәбидің білегіндей торғын тамақ, Тікенектей көк сақал соны қадап... Міне, мұнда балғын жас сұлу мен шалды үнемі бір-біріне қарсы қойып, салыстыра бейнелеп отыр. Қыздың кескін-келбетін, сипатын танытатын сипат-білгілер – жас ерін, нәзік бел үлбіреген жас тән сәбидің білегіндей торғын тамақ деген секілді болып келсе, шалдың сиқын – кепкен ерін, кәрі қол, қуарған, кепкен тән, тікенектей көк сақал деген сияқты сипаттамалар арқылы байқатады. Сұлтанмахмұт – әрине, ақындық тұлғасы мүлде басқаша, тек қана өзіне тән дарыны бар суреткер. Сөз бұл жерде әдеби дәстүр жалғастығы туралы ғана. Сұлтанмахмұт кейде Абайша толғап, өмір құбылыстарын Абайша бейнелеп көрсеткен кездері бар, бірақ ол ұлы ақынның сөз үлгісін құр қайталау емес, суреттеу тәсіліндегі кейбір ұқсастықтар ғана. Халық өмірі, бүгінгісі мен кешегі туралы ойланып, тебіренгенде Мағжан да өзі «алтын хакім» деп атап, айрықша ардақтаған Абай үлгісінен алыстамай, ашынып, ащы сын пікірлер айтудан тайынбайды. Сорлы қазақ жаны алқымға тығылып, Қара күн кеп, тіккен туы жығылып, Алға баспай барлық ісі кер кетіп, Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп, – деп күңіренген ақын, тығырыққа тығылған елге шығатын жол сілтемек ниетпен, қала салсақ, мектеп пен медреселер көп болса дей келіп: Жиылмай өнерге аяқ баса алмаспыз, Нық сіңген надандықтан қаша алмаспыз, – деп жұртты жігерлендіруге ұмтылады. Жетті енді қам жер мезгіл жатпа бекер, Ойламау келешекті түпке жетер, – деп түйіндейді. Әрине, түгелдей алғанда Мағжан поэзиясында қоғамдық

мәселелерді қозғау, талдап-баяндаудан нәзік сыршылдық басым
жатыр. Мағжанның сыршылдығы – сезім тереңдігінен туатын
еш бір жасандылығы жоқ, нағыз лирикалық сыршылдық.
Өмірден алынған сезім-әсерлермен нәрленген, көркем қиялмен

қанағаттанған сыршылдық. Сезім қуаттылығына, нәзіктігіне орай
тілінің, әр сөзінің келісті көркем болуы да – ақынның суреткерлік
шеберлігінің басты сипаты. Бұл жағынан алғанда Мағжан қазақ
поэзиясында өзінше өрнек тапқан, үздік шыққан ақын. Мағжан

ақындығының осы өзгеше қасиетін, оның сирек кездесетін
сыршылдық дарынын жете түсінген жоғары бағалаған адамның
бірі – Жүсіпбек Аймауытов болды. «Мағжан сыршылдығымен,
суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқырлығымен күшті,

маржандай тізілген торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен,
шерлі, мұңды зарымен күшті», - деп, ол дәл тауып айтқан.
Мағжанның осындай сыршылдығы Абайға да жат емес десек,
мәселе, әрине, нақтылы шығармаларды салыстырып, тікелей

ұқсастық табуда емес. Абайдың көңіл күйі лирикасына немесе
табиғат лирикасына жататын өлеңдерінде сыршылдық сарыны
айқын көрінеді. Алайда тұтастай алғанда Абайдың таза сыршыл
болып көрінетін тұсы көбінесе ақындық дарынның бір қыры ғана

болса, Мағжанда сыршылдық, сезім нәзіктігі үнемі басым келеді.
Сондықтан Мағжан Абай дәстүрлерін негізінен сыршылдық
лирика саласында өрістеткен дей отырып, оның поэзиясындағы
өнерпаздық өзгешелігіне көбірек назар аударған дұрыс дейміз.

Және қай жерде, қандай контексте, қалай айтылғанын да ескеру
қажет. Мағжанның, мысалы, өмірдің өтуі, адам тағдыры жайлы
мынадай сөздерін еске алғанда:
Өмір – көпір, от үстінде салынған,

Діңгектері зәндем отқа малынған.
Қорқу білме, аяқтарың таймасын,
Ойнап қана от, шарпу көрме жалыннан.
Өмір – өзен сылқ-сылқ күлер, сылдырар,

Қайда ағады, оның жөнін кім сұрар?
Аққан сумен біз де ағармыз, кетерміз,
Ағынға ермей, жағасында кім тұрар? –
осыны жас сұлуға сыр ашқандай ғып айтып отырғанын, ертең ер

жеткенде «көп уланған, көп сүйген», «көп жылаған, көп күлген»
ақын ағам болып еді дегейсің деп наз қылып, яғни, өзінің жылы
сезімге беріліп толқыған көңіл күйіне орай айтып отырғанын

ойдан шығармаған жөн. Өмірдің келеңсіз, көлеңкелі жағы бар десе, оны «сұм өмірдің күлін көрме, гүлін көр» деген түйінді ойына сабақтастыра айтып отыр. Ал «Қорқыт» атты поэмасындағы: Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей, Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей, Қиялы, жан жүрегі – ойнаған от, Ақынды аласұртар тыныштық бермей, – деген сөздерді Қорқыттың жолын қуып, соның мұрагері болғандай кейінгі ақындардың жинақтап алынған бейнесін сипаттаған деуге болады. Сонымен бірге бұл сөздер ажалдан қашып құтылу ниетімен дүниенің төрт бұрышын шарлаған Қорқыт бейнесін көтермелеу үшін шабыт үстінде айтылғаны да айқын емес пе? Ендеше: Өмірде арманым жоқ Қорқытқа ерсем, Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем. Жас төгіп, сұм өмірде зарлап-сарнап, Құшақтап қобызымды көрге кірсем, – дегенді де Мағжан өлім күйін шерткен екен деп сыңаржақ пікір түймей, алдымен «атасы ақындардың ақын Қорқыт» деп, соны қастерлеу үшін әдемі әсірелеп, әсерлі етіп айтылған деп ұққан дұрыс. Мағжанның махаббат лирикасында да өз ойлау, сөйлеу ерекшелігі, әсем сыршылдығы, жастық жалын шарпуы айқын байқалатын сезім нәзіктігін жеткізудегі өз қолтаңбасы тайға таңба басқандай анық. Салыстырып қарасақ, Сұлтанмахмұттың жалындап тұрған кезінде шығарған өлеңдерінде де махаббат сезіміне беріліп, елжіреп, елтігендей күй байқалмайды. Мұны ақын дарынының өзгешелігі, ішкі сырын ақтарып тастамайтын, тартына сөйлейтін әдеті дейміз бе, тіпті: Қарадың неге, жан қалқам, Күйдірейін дедің бе? Көлеңкеңді көрейін, Құрбандықта өлейін, – деп толқығандай болғанның өзінде: Осындай сүю көрмесең, Қатын алма өмірде, – деп аяғын әзілге айналдырады. Тағы бір өлеңінде: «Сәулешім» деген бір сөзің Есімнен кетпес өмірде,

Серт қылдым берік мен өзім,
Өшпестей жазып көңілге,
деп ынтықтығын білдірсе де, ойын сезімге жеңдірмей:
Топас күш – тасқын, біз – жаңқа,

Сең соқса достар айырылар.
Бар қайғым осы, жан қалқа,
Топанды күш жоқ қайырар, –
деп іркіле сөйлейді.

Мағжанның «Өткен күн» атты өлеңінде Абайдың «Жаз»
(Жаздыгүн шілде болғанда) деген өлеңіне сөзбе-сөз жақын, үндес
келетін тұсы бар. Мағжан халықтың бірнеше ғасырды қамтыған
тарихына көзсалып, Қасым мен Есімнің ескі билік өнегесің Хақ

Назар мен Абылай ханды, Қабанбай, Наурызбай мен Бөгенбай
батырларды, Қаздауысты Қазыбекті, Қара палуан Жәнібекті, Шөже,
Орынбай, Жанақ, Біржан секілді жыршы, ақын әнші өнерпаздарды
еске алады. Ал өткендегі қазақ аулының нақтылы суретін кезге

елестетпек болғанда Абай өлеңіне сүйенеді:
Шілдеде самал ескенде,
Жайлауға ауыл көшкенде,
Ат-айғырға мінісіп,

Қыз-бозбала жарасып,
Тереңнен әзілдескенде;
Тісі меруерт тізілген,
Белі қыпша үзілген,

Хор сықылды сол сұлу
«Ха-ха-ха!» деп күлгенде,
Бұйық жатқан кең дала
Бейне бір жаны енеді.

Сылдырап аққан өзенге
Үй тігіп, дереу қонысып,
Бұрала басып былқылдап,
Әзілдесіп, сыңқылдап,

Жас келіншек, жас қыздар
Кереге жайып, үй байлар,
Үйден-үйге жүрісіп.
Абай өз өлеңінде ауыл өмірінің көркін сол кездің шындығы

етіп бейнелесе, Мағжан өтіп кеткен дәуірдегі қазақтың «дәулеті
мен сәулеті» айқын көрінетін суреттеме осы деп, жайлауға көшіп
келіп қонып жатқан ауылды ұлы ақынға әдейі еліктеп сипаттаған.

Әрине, ауыл өмірінің мұндай көрінісін Мағжанның бар үлгіні алдына ұстамай-ақ суреттеп бере алатыны ешбір талассыз. Сондықтан оның бұл жерде Абай өлеңін тірек еткені құр жайданжай еліктеу емес. Ол Мағжанның Абайды алдындағы ізашар ақын деп санағанының, өзіне үлгі тұтқанының белгісі дей аламыз. Ахмет Байтұрсыновтың да Абай шығармашылығымен тақырыптық-идеялық үндестігі бір емес, бірталай аса маңызды қоғамдық мәселелерді толғауынан анық байқалады. Ақынның «Жұртыма» деген өлеңіндегі: Білмейсің жөнің менен терісіңді, Ел болып іс етпейсің келісімді. Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса, Шығасың қолыңа алып керісіңді. Бытырап бет-бетіне жөнелгенде Көрдік қой жайылатын өрісіңді. Келгенде өз-өзіңе мықты-ақсыңдар, Қайтейін өзге десе көнгішіңді. Сықылды сынық бұтақ төмендесең, Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?! – деген сөздерді еске алсақ, Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» атты өлеңімен негізгі пікірлері сабақтас келетінін көру қиынға соқпайды. Сондай-ақ «Жиған-терген», «Жауға түскен жан сөзі» атты өлеңдері де ел жайын, халық тағдырын ойлап тебіренуі, сыншылдығы жағынан ақынның Абаймен сарындас келетінін аңдатады. Абайдың «Сегіз аяқ» атты өлеңіндегі: Қайнайды қаның, Ашиды жаның Мінездерін көргенде; Жігерлен, сілкін, Қайраттан, беркін. Деп насихат бергенде, Ұятсыз, арсыз салтынан Қалғып кетер артынан, – деген түйінді пікірді жеке сарын ғана емес, ағартушы-ақынның шығармашылығындағы үлкен бір тақырыптық-идеялық арна десек, А. Байтұрсынов та, М. Дулатов та өз шығармашылығының ең басты идеялық нысанасы халықты ояту, оны өнер-ғылымға, еңбек етуге, озат өркениетке ұмтылып, алға басуға шақыру деп түсінді.

«Оян, қазақ!» деп ұран тастаған М. Дулатов өз шығармаларында қоғам өмірінің бірталай мәселелерін, Абай дәстүрлерін жалғастыра отырып, жаңа заманның талабына сәйкес батыл қоя алды. Осы екі үздік шыққан өнер иесін қатар қойып, айтып отырғанымыз, олардың ақындық тұлғасында ортақ сипат мол сондықтан олардың Абаймен үндестігінде бір арнаға түсіп жатқандай көрінеді. Ахмет Байтұрсыновтың ақындығы туралы өте дәл, тұжырымды пікірді алғаш айтқан М. Дулатов екені де кездейсоқ нәрсе емес. Олар бірін-бірі тани да, бағалай да білген ғой. «А.Байтұрсынов өз өлеңдерінде сүйіспеншілікті, әйел сұлулығын, табиғат әсемдігін жырламайды, онда сыршыл өлеңдер мен айшықты тіркестер жоқ. Ол қарапайым да ұғынықты тілмен еркіндікті, езілген қазақ халқын жырға қосады, оларды еңбек сүйгіштікке, білімге, ғасырлар бойғы ұйқыдан оянуға шақырып, әрбір қазақтың жүрегіне азаматтық рух сіңірді». Осы сипаттама Ахмет Байтұрсыновтың бойына, ақындық бітімтұлғасына өлшеп айтылған дей отырып, бұл сөздер Міржақып Дулатовтың ақындық өнерінің басты сыр-сипатын да айқын таныта алады деп санаймыз. Абайдың шығармашылығында желдей тартылған бірнеше басты тақырып-сарындар сабақтаса түйісіп келетін шығармасы «Сегіз аяқ» болса, соның қазақ поэзиясына тыңнан қосылған өрнегі ізбасар ақындардың назарынан тыс қалған жоқ. Сонымен қорыта келе айтарымыз – біз Абай дәстүрлерін жалғастырған, өрістеткен ақындар қатарында арнайы сөз қылған Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов – әдебиеттегі аса ірі тұлғалар. Әрқайсысы – өз бағыты, өз стилі бар, қазақ әдебиетіне үлкен жаңалық әкелген қайраткер. Бұлармен қатар, не бұларға ілесе шыққан ақын жазушылар да аз емес екенін ескерсек, Абайдан кейінгі қазақ әдебиетінде ұлы ақынның ағартушылық, адамгершілік, демократиялық идеялары, өмірді көркемдеп бейнелеу әдіс-тәсілдері жан-жақты жалғастық тауып, батыл шығармашылық ізденістерге тірек болғаны айқындала түседі. Жоғарыда айтқанымыздай, Абай дәстүрлерін игеру мәселесі XX ғасырдың бас кезімен шектелмейді, одан кейінгі кезеңдер мен қазіргі әдеби процеспен де ұласып жатыр. Біз тек Абайға бірден-бір жақын тұрған тікелей мирасқор болған ақындар жайында сөз қозғадық.

ІV. АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ

Ханғали СҮЙІНШӘЛИЕВ

АБАЙДЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІНІҢ ТАҚЫРЫБЫ МЕН

ИДЕЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Абайдың бізге жеткен қарасөздері қырық алты бөлек болып
басылып жүр. Олардың жалпы көлемі жеті-сегіз баспа табақ.
Мазмұны жағынан бұл сөздер ақын өлеңдерімен сарындас келіп,
терең оймен озық идеяға негізделіп жатады.

Абайдың қарасөздері де өлеңдері сыяқты алуан түрлі мәселені
қозғайды. Өлеңдеріндегі бай мазмұн қарасөздерінде де толық
қамтылады. Көзіне ілінген өмір көріністерін Абай жалынды
жырмен де, жай қарасөзбен де жетімді дәрежеде айтып берген.

Сондықтан өлеңдеріне тән тақырыптар, қарасөздерінде де
қозғалып отырады. Қарасөзі, өлеңдеріндегі пікірлерін толықтыра
түседі. Өзі өмір сүрген заман шындығы, қоғам құрылысы Абайдың
өлеңіне де, қарасөзіне де негіз болды.

Абай қарасөзінде өмір шындығын қозғаған реалист жазушы,
халықтың мұң-мұқтажын көксеген демократ, қоғам қайраткері, ірі
талант иесі, ағартушы, терең ойдың иесі болып көрінеді. Ол өзінің
қарасөздері арқылы да қазақ арасындағы озбырлыққа, қанауға, қара

күшке негізделген ел билеу тәртібіне, зұлымдыққа, надандыққа,
еңбексіз азған өмірге, бұзылған мінез-құлыққа, адамгершілікке,
сыйымсыз
тәлім-тәрбиеге,

кертартпа
әдет-ғұрыпқа,
елдің
санасындағы зиянды ұғым, теріс түсінікке қарсы шығып отырған

заманының мейірімсіз сыншысы болды.
Абай көзі көрген зұлымдықтарды сынап қана қоймай, сонымен
бірге, одан құтылудың жолын карастырады; ғаділетке, өнер-білімге,
адал еңбекке, адамгершілікке үндеді. Қазақ жастарына ақыл айтып,

адамға жат мінез-кұлықтардан сақтандырды, мәдениетті елдерден
өнер алуға, дүниелік ғылымды, техниканы үйренуге, алдымен,
ұлы орыс халқы мәдениетін игеруге шақырды.

Абай қарасөздері ақынның терең ойы мен ұлы арманын айқын көрсетті. Ақын пікірлері орыстың революцияшылдемократтарының идеяларымен үндес шығып отырады, соны ол қазақ өміріне творчестволық жолмен қолданады. Рас, Абай өлеңдерінде кездесетін кейбір қайшылықтар мен тарихтық шағындылық көзқарас, түсініктер оның қарасөздерінде де бар. Кейбір сөздерінде ол қайшылықтар айқынырақ, молырақ көрініп отырады. Абайдың қарасөздерінде ғылымдық, философиялық, моральдық діни мәселелер өлеңдегіден көрі айқынырақ көрініп, молырақ қамтылады. Сондықтан, біздің ойымызша, Абай қарасөздерінің тақырыбы жағынан өзгешелігі тек осы мәселер айналасында сыяқты. Басқа мәселелер өлеңдерінде көтерілген алуан түрлі пікірлерді қайталап, соны толықтырып, автордың ойын айқындай түсіп жатады. Негізінде, Абай өлеңдерінде де, қарасөздерінде де бір Абай, асқан сыншы – реалист ақын-жазушы. Абайдың жекебір қарасөзінің бір мәселені әңгімелеп қана қоятыны да, бірнеше мәселені қамтып кететіні де бар. Әр сөзінде Абай белгілі бір ой беріп, сол ойдан өзінше қортынды шығарып, адамға пайдалы деген ақылын айтады. Кейде Абай бір сөзінде әңгіме қылған мәселесіне екінші бір сөздерінде қайрылып соғады да, сол алдыңғы айтқан пікірін толықтырарлық жаңа ой қозғайды. Бірақ алдыңғы айтқан сөзін әншейін қайталай салмайды. Сондықтан Абайдың әрбір сөзінің мазмұн ерекшелігі сақталынып отырады. Әр сөзінің өзіндік пікір өзгешелігі де айқын көрінеді. Абай аз сөзге бай мазмұн сыйғызып, қысқа, тұжырымды көлемде, біраз мәселенің бетін ашады; көптеген адамгершілік ереже ұсынады. Абай сөзінің мазмұн өзгешілігі, оларды белгілі тақырып айналасына топтастыруда, кейбір қыйындықтар да келтіреді. Бірақ, әр сөзін жеке талдау бір жағынан ғылыми принципке сай келе бермейді. Екінші жағынан, әр сөзді жеке талдай қалсақ, көптеген қайталауларға кездеспекшіміз. Үшіншіден, әр сөзіне жеке баға беруден жалпы қортынды шығару, жазушыға баға беру, әр мәселеге көзқарасын белгілеу өте қыйын болар еді. Бұл сөздер көлемді, оқыйғалы (роман, повесть т. б. сыяқты) шығарма емес. Көпшілігінде ол сөздердің әр қайсысы бірін-бірі толықтырып, бір ойды тереңдетіңкірей баяндап жатады. Сондай-ақ, Абай сөздерін бұл бірлігіне қарай, бәріне ортақ бір ат беріп атауға да келмейді.

Біздіңше, Абай сөздерін мазмұнына қарай, мынадай, бес үлкен тақырып төңірегіне топтауға болады: 1) Қоғам құрылысы, ел билеу жайын көп қозғайтын сөздері. 2) Оқу, өнер-білім, тәлім-тәрбие мәселесі туралы. 3) Еңбек, шаруа жайларын әңгімелейтін сөздері. 4) Адамгершілік, мораль (мінез-құлық) жайларын көрсететін сөздері. 5) Дүние, өмір туралы ойлары мен дін мәселелерін түсіндіретін сөздері. Бұл топтарға Абайдын 3-4 сөзі ғана жатпайды. Ол сөздер біздіңше, өзіндік мазмұн өзгешелігі бар, түрі бөлектеу болып келетін «Бірінші сөз», «Отыз жетінші сөз», «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деп аталатын сөздер. «Бірінші сөзде» Абай өзінің жеке басына байланысты ойын өмірбаяндық дерек ретінде әңгіме етеді, оқушымен сырласады. Өзінің өткен өмірін есіне алып, енді алда не істеуге бел байлағанын мәлімдейді; өзі сыяқты қазақтың істеп жүрген істерін, кәсіптерін істеуден бас тартқанын айтады. Ақырында, Абай өзінің ойларын, ақыл ретінде жазып кетуді қалағанын, творчестволық жұмысқа бел буғанын ескертеді. Абайдың «Жыйырма жетінші сөзі» де өзінше бөлек, ерекше көзге түседі. Ол тарихта аты мәлім ежелгі грек философы Сократ атына байланысты сөз. Бұл сөзді «Сократ Хәкім сөзі» деп белгілеп, Абайдың өз сөзі емес, сол Сократтан аудармасы дегенді айтып жүр. Бірақ, біз мұндай пікірге қосыла алмадық. Себебі, Сократтың дәл мұндай шығармасы жоқ. Қай шығармасының аудармасы екенін белгілеп беру мүмкін де емес. Оның үстіне, сол сөздегі Аристодим деген Сократтың шәкірті тарихта мәлім емес. Ұқсас атта (Аристотиф) шәкірттері болған. Бірақ олардың сөздері жоғарыдағы Абай сөзімен бір емес. Біздің ойымызша, Абай өзінің «Жыйырма жетінші сөзін» сол кезде халық арасына көп тараған бір аңызға, не оқыған кітаптарының бірінің сюжетіне негіздей отырып, өз жанынан жазған, сондықтан бұл – аударма емес, Абайдың өз шығармасы. Мұнда автор өзі естіп, не оқын білген ойларын көркемдеп, екі кісінің әңгімесі ретінде баяндап береді. Бұл сөз өзінің ой түйіндеуі, мазмұны және стилі жағынан да Абай шығармасы екенін айқын танытады. Өзінің құдай туралы түсінігін, философиялық ойларын Абай осы сөзінде де басқа сөздеріндегідей

топшылайды. Өз пікірін Абай Аристодим мен Сократ арасындіағы
кеңес ретінде, сырттай баяндаған. Ол автордың әдеби әдісі,
көркемдеу құралы болса керек. Сондықтан бұл сөзді біз Абайдың
өз шығармасы деп білдік те, оны дін, дүние туралы сөздерінің

тобына қосып талдадық.
Абайдың «Отыз жетінші сөзі» түгелдей «қарасөз» тобына
жатпайтын, өз алдына бөлек нәрсе, оны қарасөз деп атау дұрыс
болмайды. Себебі: бұл бірнеше нақыл сөздердің тізбегі. Онда

Абайдың 23 афоризмі – нақыл, мәтел сөздері тізіліп берілген.
Біздіңше бұл нақылдар тізімін әлде де толықтырып («Абайда
бұлардан басқа да нақыл, мәтел сөздері көп) бөлек, өз алдына,
Абайдың өзі атаған атпен атап берген жөн. Абай бұл сөздерін

«Насихат» деп атаған болатын.
Абайдың «насихатын» өз атымен атамай, қарасөз тобына
қосып, «Отыз жетінші сөз» деп атаудың өзі жоғарыда айтылған
пікірлеріміздің дұрыстығын дәлелдейді және жете зерттеп, әрбір

сөзін өз атымен атауды (нөмірлеуді қойып), мазмұнына сай ат
беруді керек қылады.
Абайдың «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деп
аталатын сөзі «қарасөз» емес, мақала.

Абай бұл мақаласында қазақтың тарихын зерттеп, қазақ
халкының қайдан шыққанын – генезис жақтарын, «Қазақ»
деген сөздін мәнін, тегін әңгімелейді. Абай қазақтың қағаз
жүзінде жазылған тарихының жоқ екенін айтып, сол тарихымен

шұғылданып, осыған байланысты өз пікірлерін айтады.
Абай бұл еңбегінде тарихқа ғылыми, біркелкі, дұрыс жолмен
қарайды. Мәселенің тегін, біркелкі, шындық жағдайға сүйеніп
сөз етеді. Қазақ тарихының кезеңдерін экономикалық жағдайға

байланысты анықтауға тырысады. Қазақ тарихын Орта Азия
халықтарының
тарихымен
байланыстыра

зерттеп,
өзінің
қортындыларын сол бойынша жасайды.
Қазақ жерінде болған ұлы оқыйғаларды, тарихи ұлы кезеңдері

біркелкі дұрыс көрсетіп береді. Сонымен бірге, қазақ халкының
басқа жұрттан кейін қалу себебін, мәдениетінің өспеуіне қандай
себеп болғанын, қазақтың халық ретінде өсу жағының да кем
болған себептерін ашуға тырысады. Елді өсіретін өнімді еңбек,

тыныш өмір қазақта жеткілікті болмай, кейде жорыққа әуестік
орын алып келгенін айтады; ондай өмірдің ештебір өспейтіні
дұрыс дәлелденген.

Осылайша қазақтың кәсібі, тұрмысы, әдет жайлары, діні, мәдениеті, олардың тарихи даму жолдары, біркелкі дұрыс дәлелдермен баяндалған. Өзінің кейбір олқы және тарихи тапшы пікірлеріне қарамастан, Абайдың бұл еңбегі тарих ғылымы үшін өзінің тұңғыштығымен болса да өте қажет нәрсе. Абайдың қарасөздерінде көтерілетін басты тақырыптың бірі қазақ қоғамының жайы, ел билеу мәселесі. Бұл мәселе Абайдың он шақты сөзінде әңгіме болады. Әсіресе, оның 3, 8, 22, 39, 41,42 сөздерінде көбірек айтылады. Қоғам құрылысы, ел билеу мәселесі – Абай өмір сүрген дәуірдің басты мәселелерінің бірі. Сондықтан Абай өз кезіндегі қазақ қоғамын, оның билеу системасын сынға алып отырды. Сол ескі феодалдық қоғамды, оның барлық жұғымсыз істерін батыл сынау үстінде, жаңалық үшін жан салып күресу үстінде өсті. Сүйтті де, ол өз кезеңінің алдыңғы қатарында болды. Абайдың өмір сүріп, қызмет еткен кезеңі қазақ қоғамының бұрынғыдан анағұрлым ілгері басуға бет алған кезі еді. Бұл кезде Қазақстан Россия сыяқты болашағы зор, ұлы мемлекетке қосылды. Қазақстанның Россияға қосылуы қазақ қоғамының тарихи дамуына жол ашқан маңызы зор құбылыс болды. Осы қосылу нәтижесінде, екі ел өзара экономикалық, саяси және мәдениет жағынан тығыз байланыс жасауға алғаш рет мүмкіндік алды. Сондықтан Россияға қосылудың қазақ халқының тағдыры үшін үлкен прогресшілдік ролі болды. Россияға қосылғаннан кейін қазақтың ел билеу жүйесі де өзгерді. Патша өкметі қазақ елін билеу туралы түрлі жоба, ереже шығарып, реформалар жүргізді. Хан билігі, тұқым қуған билік жойылып, оның орнына әуелі сұлтан, аға сұлтан тәртібі, одан кейін болыс, старшын сайлау заңы шықты, елді болыс, старшин басқарды. Бұл жаңа реформалар, бұрынғыға қарағанда, бір адым ілгері басу боп көрінсе де, болашағы жоқ жүйе еді. Себебі, ол халық арасындағы озбырлық билеп келген тынымсыз өмірді өзгертерлік мақсат көздемеді. Көздеуге тиісті де емес еді. Керісінше, елді екі жарып, өзара тартысқа салды. Ескіден келе жатқан ру таласын басу орнына, оны қоздыра түсті. Параға жолдың ашық болуы – елді талан-таражға салды. Партиягершілік, даукестік, ұрлық-зорлық күшейіп жатты. Еңбекші халықтың тұрмысы бұрынғысынша

күйзеліске ұшырап, шаруа халі төмендей берді. Көп жұрт шаруа
қумай, дау қуумен жүріп алды.
Осы тарихи жағдайда қалам ұстап, әдебиетке араласқан Абай,
өмір шындығының бұл бөлегіне көңіл аудармай кете алмады.

Өйткені «әрбір данышпанның дана ойы өз заманының жемісі.
Оның ойын өркендететін себеп, өз заманының тұрмыс шындығы
болатын»(В.Г.Белинский. Париж кұпиясы. Собр. соч, том 2
стр. 626, М Госполитизд. 1948.) Қазақ тұрмысының, Абай өмір

сүрген кездегі шындығы Россия шындығымен тұтасып, тығыз
байланысып кеткен, сонымен тағдырлас шындық болатын.
Абай сол Россиялық шындықтың екі түрлі бейнесін танып білді;
патшашыл, реакцияшыл Россияны да, озат мәдениетті, прогресшіл

Россияны да көре білді.
Абай өзінің қарасөздерінде, қазақ қоғамының ескі феодалдық
кертартпа, томаға тұйық жағдайына қарсы болды. Сол үстем тап
билеген заманның тымық, бірбет көрінісін, ел билеу тәртібін

сынап отырды. Қазақ қоғамындағы әр түрлі таптық топтарды,
олардың арасындағы қайшылықтарды ашып көрсете білді.
Мысалы, Абай «Жыйырма екінші сөзінде» өзіне-өзі сұрау бере
отырып, қазақ қоғамындағы топтар мен таптарды сынап, талдау

жасайды. Ол топтардың әрқайсысына жеке тоқтап, сын айтады;
өзінің кімнің жағын жақтап, сойылын соғуға даяр екенін ашық
көрсетеді. Қазақтың байлары мен болыс, билерін, сұмдарын,
момын шаруалары мен қарып-қасер – би-шаларын салыстырып, ол

топтардың арасындағы үлкен қайшылықтарды танытып отырады.
Абай қазақ еліндегі бұл топтарды, таптық жіктерді бір алып
қарап, бір жақты бәріне қарсы шығып отырған жоқ. Олардың
әрқайсысына жеке сыйпаттама беріп, кедей шаруаны жуандар

тобынан бөліп алды. Елдің бұзылуына, азып-тозуына негізгі
айыпты қанаушылар тобы – «мырзалар», атқа-мінер, қу-сұмдар
қауымы екенін көрсете білді. Бұлардың елді қым-қыйғаш, қарама-
қарсы жіктерге бөліп, дау-жанжалдың отын үргілеп жүргенін

көрсетті. Елдегі барымта, жесір дауы, жер дауы, бақталастық,
өсек-өтірік – бәрі солардың лаңы деп біледі; олардың ел
тағдырын мүлде ойламайтын, өзі үшін оттаған санасыз малмен
тең, не жыртқыш тағы аңмен тең топ екенін; бұлардың әрі надан,

әрі озбыр жыртқыштық істерін көрсетеді. Абай ел билеп отырған
мықты, мырза, болыс билердін сыйқын, мінез-құлқын, олардың

неге мырза, неге мықты екенін, қалай және кім үшін болыс, би
болғанын дұрыс көрсетеді. Олардың шын бетін ашып, халық
алдында масқара етеді.
«Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде

жоқ. Мал бергіш мырза иттен көп. Біреу бір пайдама келтірем деп
мырза болып жүр. Біреулер көтіне құрым киізді тұзға малшып
тыққан соң есі шығып еріксіз кім болса соған талтайып емізіп
жүр» – деп, мырзаларды өлтіре түйрейді.

«Мықтыны
құрметтейін
десең,
жаманшылыққа

елдің
бәрі мықты. Жақсылыққа мықты кісі елде жоқ» – деп,
мықтысынғандардың зұлымдық сырын ашып береді.
«Болыс пен биді құрметтейін десең... сатып алған, жалынып,

бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір хасиеті жоқ», – деп
болыстардың патшаға сатылған, сол үшін қызмет ететін адамдар
екенін, ел үшін, ел қалауымен болыс болмай, елді жеу, талау үшін
болыстықты сатып алатындығын тура бетке айтады.

Ақыр аяғында Абай: «Момындығынан «ырыс баққан, дау
бақбас» деген мақалмен боламын деп, бергенімен жаға алмай,
жарымын беріп, жарымын тыныштықпен баға алмай, ұры, залым,
қуларға жеміт болып жүрген шын момын шаруаларды аямасаң,

тілеуін тілемесең болмайды. Сонан басқаны таба алмадым»,– деп
шаруаны жақтайды.
Абай көбінесе, болыстарды әңгіме қылып, солардың жайларын
түсіндіруге ерекше көңіл бөліп отырады. Абайдың «Үшінші

сөзі» түгелге жақын осы болыстарды сынауға арналған. Осы
«Үшінші сөзінде» Абай қазақ жеріндегі болыс сайлау процесін
түгел сыйпаттайды. Абай, ең алдымен, болыс болу жолдарын
көрсетіп алады. Болыстыққа жеткізетін жол – қулық, сұмдық,

пара деп дұрыс көрсетіп, адамдығы асқан адам болыс сайланып
жүргендігін айтады. Осылайша адамшылыққа жат жолмен болыс
болғанадамдардың не істейтіні де, кімнің мақсатын ойлайтыны да
айқын.

Абай болыстардың мақсаттарын, бар іс әрекеттерін әлгі болыс
болу жолынан шығарып, оны өте шебер дәлелдейді. Әр залым
болыстыққа таласқанда «сөзім өтімді болсын және де ептеп мал
жыюға күшіміз жетімді болсын деп қызметке, болыстық билікке

таласады»,– деп, олардың мақсатын ашып көрсетеді. Онан кейін,
«болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді, өзіндей арам,
қуларды қадірлейді»,– деп кім үшін қызмет ететінін әшкерелейді.

Абай өзінің «Жыйырма бесінші сөзінің» бір жерінде, болыстарға
ел-жұрт та, әке-шеше де, ағайын-тума да, адамгершілік те қымбат
емес, олардың бәрін жаурынынан ұлықтың бір қаққанына сатуға
даяр. Тек «Майордың күлгені керек. Көті ашылса да, басқа қам

жемейді»,– деп сөгеді.
Абай болыстардың жұмысы не болатынын, болыс болған
жылынан бастап қандай қаракетпен шұғылданатынын атап
көрсетеді. Ақыры үш жылға сайланған болыстың үш жылы да

босқа өтеді; ең болмаса, бір жылын да ел басқаруға, жұрт мұның
шешуге жұмсалмайды деп қортынды жасайды. Ол «Үшінші
сөзінде»: «Үш жылға болыс сайланады, әуелгі жылы – «сені біз
сайламадық па?» – деп елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші

жылы кандидатымен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға
жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға мүмкін болар ма
екен деп қапақтап күні өтеді. Енді несі қалады?» – дейді. Осылай
уақытын босқа өткізген болыстар ел билеп, жұрт басқарып не

оңдырады деп мысқыл етеді.
Сүйтіп, Абай болыс билігі елдегі дау-жанжалды, ұрлық-
сұмдықты жоя алмайтын, қайта оны ұлғайта түсетін әділетсіз
билік болды деп қорытады. Бұндай қулық-сұмдық, пара билеген

патшалық сайлау заңына Абай наразы болады.
«Осы күнде қазақта «ісі білмес, кісі білер» деген мақал шықты.
Оның мәнісі: ісінің түзулігінен жетпессің, кісінің амалшы,
айлалығынан жетерсін» деген сөз» деп, Абай билікте ешбір

әділетілік жоқтығын, көрсетеді. Мұндай билік халық мүддесіне
жат, оны өзгерту керек деген қортындыға келеді.
Абай болыстық билікке, патшаның сайлау заңына наразы болып
қана қоймайды, сонымен бірге, ол өз жанынан би сайлау тәртібі

туралы жаңадан ұсыныстар жасайды. Ол ұсынысында Абай
қазақтың ұлттық ерекшеліктерін ескереді. Қазақты тәрбиелеп, ескі
надан құлықтардан арылтарлық мақсат көздейді. Мықтап өрістеген
дау-жанжалды тез жойып, ұрлық-сұмдыққа тыйым салғандай ел

арасындағы айтыстарды әділ шешіп, тез бітістірерліктей билік
ұсынады.
Сайлау тәртібі мен ел басқару орнына ұсынылатын адам, Абай
ұсынысы бойынша, мынадай талаптарға сай болуы керек:

1) Сайланған адам орысша оқыған – образованный – білімді

адам болуы керек.

2) Сайланатын бидің саны шағын болу керек. Би көп болмай және жұп болмай, тек үш адамнан құралса, дақ билер таласта тез келісімге келеді. Егер келісе алмаса, әр болыстан бір-бір посредник болып, солар келістіреді. 3) Сайланатын адамды жыл кеспей сайлау керек. Оларды түсіргенде, жаманшылығы әбден әшкере болып білінгесін түсіру, әйтпесе орнынан түсірмеу керек. 4) Сайланатын адам халықтың қалауы бойынша ұсынылуға тиісті. Егер білімді адам жоқ болса, не оны ел ұсынбаса, жоғары ұлықтың атауымен болсын. 5) Қазақтың тарихына мәлім ел билеу тәжрибесін ескерту керек. Ол ескі билікті түгел қалдырмай, оның ішінен ең ғаділін саралап алып қолдану, оны жаңа заман тілегіне сай, кейбір өңдеулер енгізіп пайдалану керек. 6) Сайланған адам өз камын ойламай, ел тыныштығын, жұрт тілегін, халық мақсатын ойлауы керек. Сондықтан халық та оған әбден нанып, бар билікті, ел тізгінін соның қолына беріп, дегеніне көнуі, жетелегеніне жүруі керек. Қорыта келгенде, Абайдың, билік туралы пікірлері оның демократтық ойынан туған, әлеуметтік көзкарасының прогрестік бетін көрсетеді. Ескі билікті сынап, жаңа билік тәртібін ұсынушылықтың өзі, өз дәуірінің тәртібіне наразы болғанын айқындайды. Ел билеу мәселесіндегі Абайдың пікірлері қазақтың ірі демократы Ш. Уәлиханов пікірімен тіпті жақын, екеуі көп жерде бір жерден шығып жатады. Абайдың әлеуметтік пікірлерінің негізгі қазығы – еңбекші халық, момын шаруа жайы; елдің тыныштығы мен бақытты болуын, мәдениетті өмірін аңсау. Ел билеудегі ғаділетсіздік, озбырлық, қулық т. б. жұғымсыз қылықтарды жойып, ақылға негізделген заңды орнатуды керек қылды. Сонымен бірге ескі, мал күшімен, не тектілігімен, ата даңқымен сайлануға қарсы шықты. Ел міндетін арқалайтын адам өзінің ақылымен өзгеден озық болуын керек етті. Абай елді білімді адамға билетіп, халықты түгел ағартып барып, қоғамдық өзгеріс жасамақ болды. Бұл тілегінің саяси билік үстем тап қолында тұрғанда орындалмас арман екенін ол түсіне алмады. Ең алдымен саяси билікті қолға алмай тұрып, еңбекшінің ғылымға қолы жетпейтінін ұқпады.

«Мен, егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, – дейді Абай,– адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.» Абай осы пікірден қарап, саналы өмірді аңсады. Білімді, жігерлі адам өз бойындағы бар қуат-жігерін, білімін ел мінезін түзеп, жөнге салу жолына жұмсауға тиіс деген түсінікте болды. Абайдың қарасөздерінде әңгімеленетін екінші бір басты мәселе – оқу, өнер-білім, тәлім-тәрбие жүйелері. Абай бұл мәселені өзінің қарасөздерінің көпшілігінде-ақ әңгіме қылады. Бұған соқпай кететін өлеңі де, қарасөзі де аз. Қарасөздерінің жыйырма шақтысы осы ағартушылық пікірді қозғап отырады. Олардың ішінде «Екінші сөзі», «Сегізінші сөзі», «Оныншы сөзі», «Он сегізінші сөзі» «Он жетінші сөзі», «Жыйырма бесінші сөзі», «Отыз екінші сөзі», «Отыз үшінші сөзі», «Отыз жетінші сөзі», «Отыз сегізінші сөзі», «Қырық үшінші сөзі» оқу, өнер-білім мәселесін көбірек қозғайды. Абайдың қарасөздері – оның ағартушылық пікірін айқын танытатын еңбектер. Жазушының бұқарашылдық идеясының тыянақты тұрғысы мен биік сатысы. Ол қарасөзінде оқу, өнербілім мәселелерін өте жоғары бағалап, өнер-білімсіз надандыққа қарсы шығып отырды. Адамның санасы, бірінен-бірінің озықтығы осы білімі асып, өнері артқандықпен білінеді деп, оны адамшылықтың өлшеуіші ретінде түсінді. Абайша ақыл, ғылым, ар, мінез кімде басым – сол адам артық және бағалы. «Он сегізінші сөзінде»: «Тегінде, – дейді Абай, – адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де ақмақшылық». Абай оқу, өнер-білімнің маңызын тек адамгершілік қасиет үшін керекті нәрсе деп қоймай, сонымен бірге, олардың халық тұрмысына, халықтың өмірі мен шаруасына ең керекті нәрсе екенін де ашық айтып, өте ұқыптылықпен сыйпаттайды. Өнербілім, техника халықтың шаруасын, тұрмысын жөндеу үшін де өте-мөте пайдалы екенін орынды мысалдармен шебер дәлелдейді. Оқыған халықтарды, техникалық елдерді Абай мысалға ала отырып, өнерлі жұрттың өнерсіз қазақ елінен озықтығын дұрыс түсіндіреді. Ол үшін мысал іздеп Абай алысқа бармайды. Қазақтың алдына мысал үшін бар мұсылман елдері бас иіп келген арабты да, алыстағы батысты да тартпайды. Қазақтың көз алдында күнде араласып жатқан, көрші халықтарды алып, олардың өнер артықшылығын көрсету арқылы дәлелдейді.

Қазақты Абай өзбек, татар, орыс халықтарымен салыстырып, өнерлі халықтардың озықтығын тайға таңба басқандай-ақ айқын көрсетеді. Мысалы үшін Абайдың «Екінші сөзін» алсақ, онда Абай ең алдымен, қазақтардың әлгі халықтар туралы қате түсініктерін сынайды. Содан кейін ол халықтардың кәсіпқорлығын, мәдениеттілігін, сондықтан қазақтан озық жатқандығын көрсетеді. Қазақтың кәсіпқорлығының кемдігін, мәдениетінің, өнер-білімінің кем екенін, сондықтан оның әлгі халықтардан мәдени төмен екенін айтады. «Енді қарап тұрсам, – дейді Абай, – сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, сәудегері жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ...» Осы қасиеттерінен олар қазақтан озық жатыр дегенді айтады. Сондықтан қазақтың өзбекті келеке ететін орны жоқ, өзбек өзді-өзі жауласпайды, қалада, бір жерде татушылықпен тұрады. Және ол қазаққа жақсылық істеп келеді. Россияға қарағанға дейін қазақтың өлісіне кебін, тірісіне киім жеткізіп тұрғандығы үшін де оны күлкі жасауға болмайтынын айтады, ол халықпен дос болып, үлгі, өнеге үйренуге шақырады. «Ноғай» деп келеке қылатын ноғайлардың, да өнерлі екенін, медіресе, мешіті, оқыған үлкен молдасы бар, епті, сыпайы, төзімді, еңбек пен мал табу жолына жетік, салтанатты-мәдениетті халық екенін көрсетеді. «Орысқа айтар сөз де жоқ. Біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз» деп, орыс халқының мәдениет жағынан да, тұрмыс жағынан да бұл халықтардың бәрінен де ілгері ел екенін, оларға салыстырар қазақта ештеңе жоқ екенін, орыс халқының озық екенін аз сөзбенақ толық танытады. Абай бұл сөзді қазақты кем көргеннен айтып, басқа, ел алдына мазақ ету мақсатын көздемейді. Қазаққа шын жаны ашып айтады. Ол қазақты басқа елдердің қатарына қою, солардың мәдени табыстарына қолдарын жеткізу мақсатын көздейді. Сондықтан да, осы халықтар жеткен өнерге жетпей тұрып, ғылымсыз құр көкірексіп, кеудеге ұрғандық – адамшылыққа жатпайтын қулық деп бағалайды. Өзінің «Отыз төртінші сөзінде» Абай: «Екі ауыз сөздің басын қосарлық не ақыл жоқ, не ғылым жоқ бола тұра өзімдікін жөн қыламын деп, құр: «ой Тәңір-ай!» деп, таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?» – дейді. Абай қазақтың өнерсіздігін айтып қана, не сынап қана қойған адам емес, сонымен бірге ол өнердің пайдасын көзге көрсете

отырып, сол өнерге жан сала үндеген, оқу, өнер білімнің жалынды
жаршысы, ұлы орыс мәдениетінің, талмас үгітшісі болды.
«Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең,
оқыт!» - дейді Абай «Жиырма бесінші сөзінде».

Абай тек «оқыт» деп барлық оқуды бірдей бағалап, немен болса
да баланың басын шата бер демейді. Абай ең әуелі оқудың, түрі
көп болатынын ескертіп алады. Ел тілегіне пайдалы, заманның
ілгері басқан қадамына сай оқудың да, ел тілегіне қайшы, халық

мүддесіне жат, заманы өткен кертартпа, оқудың да болатынын
айтып, алдыңғы, ілгері бастыратын оқуды жақтайды. Тек «құдайды
танытатын» дін оқуына, медіресе біліміне қарсы шығады. Ол діни
оқудың кертартпалығын түсінеді.

Сондықтан да Абай « Отыз сегізінші сөзінің» бір жерінде: «Бұл
күндегі тахсил – ул – ғұлум (ғылым үйрену – X.С.) ескі медреселер
ғұрпында болып, бұл заманға пайдасы жоқ болды»,- дейді.
Мистикалық дәрістермен шатып, тағдырға бой ұрғызатынын,

дүниеден, ғылымды үйренуден бездіретінін Абай сезеді.
Абай адамға, қоғамға пайдалы, тұрмыс керегіне асарлық оқуды
жақтайды. Оқу елдің ілгері басуына жәрдемдесерлік, замана
талабына сай келерлік, өмірге пайда келтірерлік, шындыққа

жеткізерлік, әр нәрсені жете танытарлық оқу-ғылым болу керек
деген талап қояды. Атап айтқанда, дін шырмауында, надандық
қоршауында келген қазақ халқының көзін ашарлық, көңілін
сергітерлік оқуды жақтайды.

Абайша мұндай оқу мен ғылымға жеткізетін жол Шығыстың
кертартпа, діни мистикасы, не сол жолдағы ескі мұсылман
медіресесі емес. Керісінше, ол пайдалы оқу – орыс мектебінің
үйрететін ғылымы, орысша оқу, орыс мәдениетіне жетілу жолы.

«Жыйырма бесінші сөзінде» Абай: «Орысша оқу керек, хикметте,
мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. Олар дүниенің
тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең көкірек көзің
ашылады. Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге

дүние арзанырақ түседі»,- дейді.
Абай өз кезіндегі теріс түсініктерге қарсы күрес ашып отырды.
Әсіресе, ұлттар арасындағы наразылыққа қарсы шығып, қазақты
көрші елдермен, оның ішінде ұлы орыс халқымен дос болуға

үндеп отырды. «Орыс теріс айтпайды...» оны тыңда, одан үйрен,
солардың қатарына қосыл деген пікір айтады.

Осылайша Абай орысша оқудың қазақ жағдайындағы жайына сын айтып, ол оқудың пайдалы екенін дәлелдеп, жастардың алдындағы мәдениетке жеткізерлік нысанасы ретінде ұсынады. Білімсіз қылған қаракет те, тапқан мал да, еткен еңбек те – бәрі де өлшеусіз, баянсыз, мәнсіз дегенді айтады. Одан кейін жастай «балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаңда, балаңа орыстың ғылымын үйрет. Мына мен айтқан мал аяр жол емес», – деп, Абай қазаққа ақыл береді. Жасынан баласына қатын әперіп, оқытпайтын ғадетін сынайды. Абай ғылымға жетілудің ең қажетті екі факторы болады деп көрсетеді. Бірі, адамның өзіне байланысты ішкі фактор да, екіншісі, өмір, тұрмыс жағдайларына байланысты сыртқы фактор. Ішкі факторлар – адамның өзінің талаптылығы, мейірленіп, жігер сала ынтамен іздену, иждаһаттана тырысу, есіткенді ұмытпау, төзімді болу т. б. Осы ішкі фактордың Абай өзінің «Отыз екінші сөзінде» ғылымға талаптанушыларға арнап мынадай алты түрлі шарты барын айтады: 1. Ғылымды шын мейірленіп, көңілге махаббат тұтып іздену. (Өгей ананың мейіріміндей шала мейір емес, тапқан ананың мейіріміндей). «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды». 2. Ғылымды талас-тартыс үшін емес, дүниені тану, білмегенді білу үшін; өмір, қоғам, ел мақсаты үшін үйрену керек. «Ғылымды үйренгенде, ақихат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек, бақасқа (егеске X. С.) бола үйренбе, азырақ бақас көңілді пысықтандырмақ үшін залалды емес, көбірек бақас адамды түземек түгіл, бұзады» дейді. 3. Ғылыммен ізденіп тапқан, көзің жетіп, көңіліңе бекіткен шындықты пікірлеп берік ұстау. «Әрбір хақихатқа тырысып иждиһатыңмен көңіл жетсе, соны тұт, өлсең айрылма». 4. «Білім – ғылымды көбейтуге екі қару бар; адамның ішінде бірі мұлахаза (пікірлеу X. С.), екіншісі берік мұхафаза қылу (берік сақтау X. С.). 5. Оқып ізденуде еріншектік, салақтық болмай, ойлап-толғап, қыялдай білу керек. Соған құзырланып уайым шегу қажет. Ғылымға салақтық, уайымсыздық сыяқты зыянды кесепаттардан сақ болу.

6. Ғылым жолына түскен адамдар мінезін берік ұстап, жеңілдікке

салынбай, өзін қайратты тұту қажет.
«Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады.
Сол мінез бұзылмасын, көрсе қызарлық пен жеңілдік я біреудің
орынсыз сөзіне я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең

мінездің беріктігі бұзылады... Қылам дегеніңді қыларлық, тұрам
дегеніңе тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды
сақтарлық беріктігі қайраты бар болсын. Ол бір ақыл үшін, ар үшін
болсын», - деп тәрбиелік, педагогикалық мәні зор ақылдар айтады.

Абайша талапты жастың әуелі осы алты шартты білмейінше,
ғылымға жетілуіне болмайды.
Абай осы сөзінде ғылым қуған адам тапқан білімін берік ұстап,
білген үстіне біле беруге тырысуы керек, құмарлана іздене түсуі

керек дейді. Адам танымаған нәрсесін танып, біліп жанына рақат
тауып, соның өзін дәулет тұтуға тиіс екенін ескертеді.
«Білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем
екен деп, үміттенген құмар махаббат пайда қылады. Сонда

әрбір естігеніңді көңілің жақсы ұғып, анық сөз суретімен ішке
жайғастырып алады», - дейді (32-сөзінен).
«Он екінші сөзінің» бір жерінде Абай білімді үйреніп, біліп
болмай, білгішси қалушылыққа, жетпей жатып жетілгенсігендікке

қарсы тұрады. «Үйреніп жеткенше, осы да болады ғой деп
тоқтамай, үйрене беру керек. Кімде-кім үйреніп жетілмей жатып,
үйренгенін қойса, оны құдай ұрады...» дейді.
Абай «Отыз сегізінші сөзінің» бір жерінде ғылыммен

шұғылданып, ынтық болған адам шындыққа негізделген дүниеуі,
әр нәрсенің түбін білерлік ғылыммен айналысуы керек, ол алланың
ғылымы емес, һәмманы білетұғын ғылым. Соған ықыластанса,
адам тез жетіледі,- деп ашық айтады.

Абай ғылымға жетілу жолындағы осы сыяқты ізденуші
адамның өзіне байланысты ішкі жағдайларды керек етіп қана
қоймайды. Сонымен бірге, ол ізденуші адамға байланысы жоқ
сыртқы жағдайдың болатыны, ол белгілі ортаның экономикалық

және саяси-әлеуметтік жағдайы екенін де ескертеді.
«Қарыны аш кісінің, - дейді Абай, - көңілінде ақыл, бойында
әр ғылымға құмарлық қайдан тұрсын... Мал тапса қарны тояды.
Онан соң білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін, не болмаса

үйретейін деп, ойына жақсы түседі». «25-сөзден»).

Абай «Жоқшылықтың адамды хайуандандырып жіберетіні де
болады» деп, адам өмірінің негізі, қоғамдық санасының негізі
тұрмыста екенін таныйды. Абайдың бұл пікірлері оның стихиялы
түрде жеткен түйінді ойын көрсетеді.

Өнер-білімнің өсуіне, адамның жетілуіне сыртқы себептің
бірі сол адамның ортасы, қоғамы, әлеуметтік жағдайы екенін де
Абай түсінетін сыяқты, яғни қазақ қоғамы сол себептің бір үлкені.
Қазақта бұл жағынан да, жағдайсыздық өте көп дегенді айтады.

Олар: ең алдымен елдің тынышсыздығы – бірлігінің кемдігі, дау-
жанжал, ұрлық-сұмдықтың көптігі.
«Асап-ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығы да
әр түрлі бәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге»

үйір қылады, ғылымға үйір қылмайды дегенді айтады.
Қазақтың бай, билері терең оқуды керек қылмай, тек
«құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана» оқыса болады
деп есептейді; себебі олар оқып қыйналмай-ақ күн көрісі мол –

бірі бай, бірі би. Олар «біреуден үйренем деп жүрген жоқ, қайта
үйретем «деп жүр». Сондықтан дабұлар елді қырсыздандырып
отыр дегенді айтады. Қолында малы бар қазақтар мал шығарып
оқу түгіл, оқуға баласын бермей, теріс саясат ұстап, қазақтың

орыс ғылымына жетілуіне, одан үйреніп, араласып кетуіне
кеселдік келтіріп отырғанын да айтады.
Халықтар арасында наразылық қоздырып, «басына шаш,
аузына мұрт қойып», орыс болып кетеді деп орынсыз қауып

ететінін, орыстың артықшылығын білмейтінін ескертеді.
Қазақ өз малын шығарып баласын оқыту түгіл «ел ақшасымен
оқытуға әрең оқытады. Өз малын не қылып шығарсын?» Олар
малды «иттікпен табады, иттікпен айрылады...» бірақ ғылым

жолына, баласын оқытып адам етуге жұмсамайды дейді. Қазақ
елінде ғылым мен өнердің дамуына қазақ шаруаларының
тым басылып, жаншылып, жоқшылық зардабы өтіп, бойын
жаза алмай жатқандығы екенін де дұрыс танытады. Қазақ

еңбекшілерінің осы санасын көрсететін олардың ғылымға
қырсыздығы деп біледі. «Ғылым, білім кедейге керегі жоқтай-
ақ, – дейді Абай, – «бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға
айт!» дейді», – деп Абай қазақтың езілген еңбекшілерінің

санасын, теріс түсініктерін сынға алады. Бұл түсінік те оқудың
өнбеуіне бір себеп деп біледі.

Бұдан кейін Абай оқу, өнер-білімнің маңызының зор екенін
түсіндіріп, оның тұрмыс үшін пайдалы екенін айтып, қалың қазақ
жұртшылығын сол өнер-білімге үндейді.
Абай оқудағы мақсатты өте жоғары бағалады.

Ғылымды жеке мақсат, мансап, мақтан үшін оқу не соны бір
керекке жарату үшін үйрену – ғылым жолы емес, «білім-ғылымның
өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет
білсең, және әрбір білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат

хұзырхасил болады» деп тұтсаң ғана ғылым жолы болады дегенді
айтады автор. «Отыз сегізінші сөзінде» Абай ғылым үйренуші
жастардың алдына ел тілегін, халық қамын ұсынады. «Қазаққа
күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді, біліп, жұрт

қатарына қосылудың қамын жейік деп, ниеттеніп үйрену керек», -
дейді Абай үйренуші талапкер жастарға айтқан ақылында.
Осылайша Абай, әруақытта да қоғам мақсаты мен ел мақсатын
жеке адам мақсатынан жоғары қойып отырды. «Өзің үшін

еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған қайуанның бірі боласың» деп,
«адамшылықтың қарызы үшін» оқуды, үйренуді, еңбек етуді
керек етті. Дүниенің кетігіне қаланарлық дәрежеге жетуді,
өмір үшін ең керекті адам болуды талап қылды. Абай қазақтың

талапты жастарының алдына үлгі етіп JІ.Н. Толстойды, Салтыков-
Щедринді ұсынды. Осылардай ел тілегі үшін еңбек етерлік
дарынды адам болуға шақырды. Ол «Өзі ер жетіп, ата-анасын
тұзақтан құтқарарлық бала», «ата баласы ғана болмай,адам

баласы» болып, тәрбиеленіп өсерлік жасты керек етті. Оқудың
да, оқытып тәрбиелеудің де мақсаты осындай халықтық хасиетте
болуға тиіс деп білді.
«Оныншы сөзінде» Абай өз кезіндегі қазақтардың баласының

алдына қоятын талаптарын, өнімсіз тілектерін атап көрсетеді.
Олардың атадан-балаға ауысып, әдетке айналып келген тілек-
армандарына қатты сын айтады. «Біреулер құдайдан бала
тілейді. Ол баланы не қылады? «Өлсем орнымды бассын» дейді,

артымнан құран оқысын» дейді, «қартайған күнімде асырасын»
дейді. Осыдан басқасы бар ма?» деп сұрау қоя отырып, Абай бұл
талаптардың тым мүшкіл тілек, нәтижесіз жеке адам мақсатымен
туған талап екенін көрсетеді.

Қазақтың енді бір тобы, әсіресе үстем табы баласының алдына
«тілмәш, адвокат» болуды, патшаға қызмет етіп, шен-шекпен

алуды мақсат етеді. Бұларда өз құлқынынан басқа ой жоқ деп
қатты сөгеді. Бұл талаптарға, өзіндік мақсаттарға Абай қарсы
шығып отырады. Абай өзі де оқыды, баласын да, қызын да оқытты.
Олардың алдына да, өзінің алдына да және жалпы талапты жастар

алдына да түгел жоғарыдағы халықтық, адамшылық мақсаттарды
қойып отырды. Абайша тәрбие мақсаты «Айтқанға тұрғыш, бойын
жаманшылықтан тез жыйып алғыш, көштің соңынан итше ере
бермей, адасқан көптің атының басын бұрып алуға жарағандай»

ел азаматын тәрбиелеу.
«Баламды медіресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім»,–
дейді Абай өзінің бір өлеңінде.

Абай қазақ арасында орын алып келген ескі салттарға, теріс
ғүрыптарға қарсы шығып, қазақ әйелдерінің де тағдырын жырлады.
Ол әйелді күңдікте ұстаушылыққа қарсы болады. Сондықтан да
ол тек ер балаларды оқытып қоймай, қыз балаларды да оқытуды

талап етті. Сүйіп, Абай жастарды тегіс жаңаша тәрбиелеп барып
елді түземек болды. «Қырық бірінші сөзінде» Абай: «... хәттә
қыздарды да ең болмаса, мұсылман ғылымына жіберіп, жақсы дін
танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары

қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар» дейді.
Абайдың қарасөздері оның ағартушылық пікірінің тарихи
тамырын тауып, шыққан төркінін тануға да мүмкіндік береді.
Абайдың ағартушылығы өз кезіндегі кертартпа идеяға

негізделген жоқ. Ол миссионерлік немесе мұсылманшылық
идеядағы, «ақпатшаға» бас июге шақырып жатқан жалған
ағартушылардан мүлде аулақ болды. Абайдың ағартушылық
идеясы, орыстың ХІХ-ғасырдағы ағартушы демократтарының

озық идеяларымен сабақтас.
Абайдың бұл жөндегі барлық пікірлері В.Г.Белинский мен
А.С.Пушкиннің ағартушылық ойларынан нәр алды. Абайдың
кейбір қарасөздері Белинскийдің мақалаларымен де үндесіп

жатады. Мысалы: Абайдың «Он жетінші сөзі» Белинскийдің
«1846 жылдардағы орыс әдебиетіне көзқарас» деген мақаласымен
үндесіп жатады. Абай бұл сөзінде қайрат, ақыл жүректі
айтыстырып, ғылымға жүгіндіреді. Солар арқылы адамның рухани

күштерінің бірлігін сақтап, ғылымға бас игізеді. Белинский де
ақыл, сезім, қайрат бейнелері арқылы адамның рухани өмірін

көрсетпекші болады. Абайдың В. Г. Белинскийдің ағартушылық
идеясынан үйреніп қана қоймай, кейбір еңбектерінің біріне-бірі
тіпті жақын, өте үндес екенін М. С. Сильченко өзінің «Абай мен
В. Г. Белинскийдің ағартушылық идеяларының үндестігі» деген

мақаласында дұрыс көрсеткен. Ол қарасөздерімен салыстырып
дәлелдеген (Қаз. ССР Ғылым Академиясының 1948 жылғы
Хабаршысының 6 саны, 26-30 беттерін қараңыз).
Абайдың

ағартушылық
пікірінің
орыс
революцияшыл-

демократтарының ой-пікірлерімен үндесіп жататыны жөнінде
мұндай мысалдар тіпті көп. Оның пікірі, әсіресе, Белинский мен
Чернышевский, Пушкин мен Лермонтов, т. б. пікірімен тіпті
үндесіп жатады.

Мысалы, Н. Г. Чернышевскийдің: «Білім – адам үшін ең
ұлы дәулет. Білімсіз адам әрі бақытсыз, әрі кедей, әрі тұрпайы.
Ағартушылық халыққа тәуір тұрмыс пен даңқ әпереді»- деген
сөздері Абай пікірлеріне түп қазық болды. Бұл, тек Абайға ғана

емес, барлық ағартушы демократтардың ұстаған программасы
болды деуге сыярлық сөз.
Абай өзінің оқу, өнер, білім мәселелерін сөз қылған
қарасөздерінде тәлім-тәрбие мәселесін де қозғай отырады. Оның

үстіне «Жетінші», «Оныншы», «Он бірінші», «Он бесінші», «Он
тоғызыншы», «Отыз бірінші», «Отыз екінші», «Отыз сегізінші»,
«Қырық үшінші» қарасөздерінде тәлім-тәрбие мәселесін баса
айтады. Тіпті, Абайдың көптеген сөздерінің тақырыбы тәрбие

кеңесіне арналған деуге болады. Енді Абайдың сол тәлім-тәрбие
мәселесі жөніндегі пікірлері туралы бір-екі сөз айта кетелік.
Ең алдымен, Абай өз кезіндегі тәлім-тәрбие ісіне тоқтап, ол
феодалдық көзқарастағы тәрбиенің барлық сырын, жұғымсыз

бетін ашып көрсетеді. Оны мықтап сынайды. Қазақтың өз баласын
тәрбиелей білмейтінін бетіне басады. Өзінің «Оныншы сөзінде»
Абай қазақты үй ішіндегі тәлім-тәрбиесін сынға алады. Баланың
ескі көзқарастағы ата-анасы оны теріс жолға салып, жөнсіз,

жұғымсыз мінездерге баулыйды. Феодалдық ескі тәрбие баланы –
өтірікшілікке, бұзықтыққа, тентектікке, қулық-сұмдыққа, пәлеқор-
дәукестікке, ұрлыққа үйретеді,- дейді.
«Әуелі балаңды өзің алдайсың» әні оны берем, міне мұны

берем» деп, және «бастан балаңды алдағаныңа өзің мәз
боласың» деп сөгеді. Абай «боқта» деп біреуді боқтатып, баланы

бұзықтыққа салып, «кәпір қыяңқы, осыған тимеңдерші!» деп
оны масаттандырып, тентектікке үйретіп қоятынын» ескертеді.
Одан кейін, «сабаққа бергенде молданың ең арзанын іздеп, «хат
таныса болады» деп балаға білім жолында танытпай, надандықта

қалдырып отыратынын, баланы талапсыздыққа салындыратынын
көрсетеді. «Қу, сұм бол» деп, жат мінез қылып; пәленшенің
баласы сенің сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей
тәрбиелейсің, «осы ма берген тәрбиең?», - деп әбден сынайды.

Осылайша әрбір ата-ана баласын дұрыс жолға салмай, «көбіне
балаларды ата-анасы қыянатшылдыққа салындырып алады
соңынан молдаға берген болады, я балалар өздері барған болады.
Ешбір бәһрә (пайда X. С.) болмайды», - дейді.

Абай бұл ескі феодалдық санада тәрбиелеп, жасты бұзып
жатқан теріс тәрбиеге қарсы шығып, жас нәрестенің таза көңілін
кірге шалдырмай, таза сақтауды керек қылады. Ол баланы жаман
ғадеттердің бәрінен аулақ ұстау керек дейді.

Абай баланы тегіне қарай жақсы, жаман деп бөлуге де қарсы.
Абайша – балалардың бәрі де жаратылысында бірдей болады.
Оларды бұзатын да, артық ететін де –тек тәрбие. Абай өз кезіндегі
таптық тәрбиені де ескеріп, бала оқытатын молдалардың бай

баласын шолжаң, ерке етіп тәрбиелейтінін, кедей баласын
жасқаншақ, ынжық, басқақпай жасап, қорлап тәрбиелейтінін
айтып, оған өзінің наразы екенін білдіреді.
Ол кедей баласы туралы, елде айтылып жүрген, ескі феодалдық

санадан туған әдеттерді сынап, онын теріс түсінік екенін танытып,
одан аулақ болуды талап етеді.
Абай бірде бай баласы мен кедей баласын салыстырып: «Бай
баласы көп ішсе, ішіп үйренген - дейді. Аз ішсе, негізі тойған -

дейді. Кедей баласы көп ішсе, көні кеуіп қалған - дейді. Аз ішсе,
шілдесінде шық көрмеген дейді! Осы кедей баласының құтылары
бар ма- дейді.
Бұл Абайдың кедей баласы жағында екенін, кедей баласын

ескі феодалдық қорлаудан құтқаруды керек еткенін көрсететін
сөз. Және Абайдың елдегі феодалдық, санадан туған ескі түсінікті
қатты сынға алып, оған қарсы күрескенін айқындайды.
Абай өз кезіндегі «адамның жақсы болуы тегінен, текті

атадан жақсы бала туады» дейтін ескі салттын теpіc ұғымдарына
осылайша қарсы шықты. Адамның жақсы болуы тегінде емес,
тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде екенін көрсетті.

Абай естілік пен білімділікке бір беткей қарап, соның жолына
жөнсіз бас ие беруге шақырған адам емес. Ол «Он тоғызыншы
сөзінде» естіліктің адамшылыққа пайда берер жақсы жағы
мен зұлымдық мақсатқа пайдаланылатын жаман жағының да

болатынын ескертеді. Естілікті адамшылыққа пайдалы жақсы
жағынан қабылдау әр адамның адамшылық қасиеті болуға тиіс
екенін көрсетеді.
«Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естіліктен естіп

білген жақсы нәрселерін істесе, жаман дегеннен сақтанса, сонда
іске жарайды – сонда адам десе болады». – дейді Абай.
Абайдың адам есті болу үшін ұсынатын осы шарты
Н.Г.Чернышевскийдің «Адам білімін тәртіпке салып, қажеттісін

қажетсізінен арылтып алып қана ақылды болады»деген пікірімен
өте үндес келеді. Сонымен бірге, Абайдың бұл пікірлері
В.Г.Белинскийдің «Адамды табиғат жаратады, бірақ тәрбиелеп
өсіретін қоғам» деген дана сөздерімен де пікірлесіп жататыны

айқын.
Абай жағымсыз тәлім-тәрбие әдістерін сынап қана қойған жоқ.
Ол баланы жас күнінен, семьядан бастап дұрыс жолда тәрбиелеуді
керек етті. Сол үшін толып жатқан тәлім-тәрбие әдістерін ұсынып,

жақсылыққа, адамшылыққа жеткізерлік ақылдар айтты. Ол өз
өмірімен де адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу үлгісін көрсетіп
отырды. Ел жастарына «сендердің менен жақсы көріп, барғыларың
келіп тұрған жақсы құрбыларың қайсы? деп, жастарды өз бауырына

тартып, өзін оларға үлгі де, ұстаз да етіп көрсетіп отырды.
Балаларды тәрбиелеуде оның айналасы, өмір сүрген ортасы
үлкен әсер ететінін Абай жақсы түсінеді. Сондықтан, Абай балаға
әсер ететін орталықты санап көрсетіп, солардың әрқайсысы

жақсы жағынан, көрініп, үлгі берерлік болғанын керек қылады.
Әсіресе, семья мен ұстаз, құрбы жолдастарының балаға әсері
айырықша болатынын Абай өте ұқыптылықпен ескертеді.
Абай баланы ата-ана дұрыс тәрбиелеуге тиіс; масаттандырмай,

орынсыз ерке, қылжыңбас етпей тәрбиелеуі керек; өтіріктен,
алдаудан, қулық-сұмдықтан, тағы басқа жаман мінездерден аулақ
ұстауға тиіс, дейді.
«Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады. Ата-анадан,

ұстазынан, құрбысынан, әсіресе солардың қайсысын жақсы көрсе,
содан көп жұғады» деп, Абай осы үшеуінен баланың болашағы

шешілетінін, олардың тәрбие ісінде рольдерінің зор екенін
ұқтырады. Абай баланы тәрбиелей бастауда осы үш объектіні қатты
ескертеді. Баланы тәрбиелеуде ерінбеуге, жалықпай ұстаздық етуге
шақырады.

Бұдан кейінгі тәрбиешінің міндеті – баланы жасынан
оқуға, ғылымға үйір қылып, соған қызықтыра білу, болашақта
бала ғылымға сүйсініп, өз бетімен іздейтін дәрежеге жеткізу
деп көрсетеді. Абай «Отыз сегізінші сөзінің» бір жерінде:

«ғылым, білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды,
басында зорлықпенен, яки алдауменен үйір қылу керек; үйрене
келе өзі іздегендей болғанша, қашан бір бала ғылым-білімді
махаббатпенен көксерлік болғанша» – үйрету керек дейді.

Абай тәрбиешінің баланы қорқытып үйретпей, сүйсіндіріп
үйреткені дұрыс. Ғылымды, ұстазды бала сыйламаса, одан нәтиже
шықпайды. Қорқытып, сыйлатуға болмайды дегенді айтады:
«Қорықпақ пен сүймек от пен су секілді, бір жерге жыйылмайды.

Адам сүйген адамынын, ақылын ұғып, содан бәһре алады.
Қорқытып, ұрсып айтқан ақыл дарымайды» – дейді.
Бұл – өте дұрыс пікір; молдалардың баланы шыбықтың астына
алып, таяқтың күшімен үйрету әдісіне қарсылық.

Тәрбиеші баланы оқыту, тәрбиелеу жұмысына кіріскенде, оны
бірден қыйынға, ауырға салып жібермей жеңілден, таныстан,
жақыннан бастауы керек. Сүйтіп, ол жеңілден ауырға, оңайдан
қыйынға бірте-бірте жеткізуді ұсынады.

Бұдан кейін, тәрбиешінің тағы бір міндеті – баланың алдына
үлкен талаптар қоя білу, «хат таныса болады» деп, болмашы
талапқа қанағаттанып қалмай, баланы ғылымға терең бойлауға
ұмтылдыру.

«...Түңілмей ізденсе, ретін тауып істесе», білмес нәрсе жоқ; жан,
мал аямай көп оқып, дүние ғылымын жақсы біліп, терең білім алуға
баланы бағыттау керек. Бала тек айтқанды біліп қоймай, өз бетімен
оқып, кітаптағы көп білімді игере білуі қажет. Абай «артық білім

кітапта» деп, сол кітаптағы артық білімді игеріп, ғылым шыңына
шығуға үндейді.
Міні, Абай баланы бастан тәрбиелеуді, ондағы тәрбиешінің,
семьяның рольдерін осылай дұрыс түсінеді. Абайдың ақылы әбден

қалыптасып кетпеген жас баланы дұрыс тәрбиелеу үшін ұсынатын
ақылдары еді.

Бұдан кейін, педагог-Абай оқуға шұғылданған балаларға арнап біраз басқа да ақылдар айтады. Бұл ақылдары оқушының жүйелі білім алу, ғылымға жетілу жолындағы әдіс тәсілдері ретінде келіп отырады. Баланың естіген, оқыған нәрсесін ұғу, қабылдау, ескеру үшін керекті тәрбие ретінде Абай бірнеше амалдар түрін санап көрсетеді. Ол амал-әдістері мыналар: 1. Баланың оқуға деген көңілі, «көкірегі байлаулы берік болмақ керек». Бала ғылымды білу үшін шын ынта жігермен кірісуге тиіс. «Егер ден көңілін өзге нәрседе болса - дейді Абай, - онда білімге көңілінің мейрімі асырап алған шешеңнің мейрімі секілді болады. Ғылымды білу үшін баланың оған деген көңілі, туған шешенің өз баласына деген мейіріміндей болуы, шын мейірленуі керек. 2. Бала оқыған, көрген, естіген нәрсесінен көңілі тыянарлық, түшіркенерлік, рахаттанарлык әсер алуы керек. «Сол нәрсені естігенде я көргенде, - дейді Абай, - ғибаратлану керек, көңілденіп, тұтынып, ынтамен ұғу керек. Бала оны ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекітуі керек». 3. Бала оқуға кіріскенде, ойға кесел боларлық, көңілін бөлерлік, назарын аударарлық басқа нәрселерден аулақ болу керек, бар ниет, назарын оқып отырған ғылымына аударуы керек. Абай ғылым қуған адамның ойына кесел боларлық нәрселер деп мыналарды санап көрсетеді: 1. Ғылымға уайымсыз салғырт-салақ қараушылық; 2. Ойыншыкүлкішілдік; 3. Бір қайғыға салыну 4. Бір нәрсеге құмарлык пайда болу. «Бұл төрт нәрсе дейдіАбай,- күллі ақыл мен ғалымды тоздыратұғын нәрселер». Абай оқып, білген нәрселерді еске берік ұстап, бойда сақтау үшін керекті ақылдар да айтады. Ол өзінін «Қырық үшінші сөзінде», ержеткен жас білімін толықтыруда үш нәрсені ескеруі керек, олар мыналар дейді: 1.«Подвижной элемент». Бұл көріп, естіп білгендерді тездікпен ұғу, онымен тұрмай, арты қайдан шығады, алды қайда барады, сол екі жағына да ақыл жіберіп қарау керек. Бұларсыз оқушыға көп білуге де болмайды және онсыз көп оқудан пайда да ала алмайды. 2.«Сила притягательная однородного». Бұны Абай: «әр нешік естіп, көріп білген іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін, білгенін тексеріп, білмегенін сұрап, оқып бөтеннен қабарланып білмей тыныштанбау» деп түсіндіреді.

3. Көңілді – жүректі таза сақтау. Бұны Абай: «Жүректі

мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық – бұл төрт
нәрсемен кірлетпей, таза сақтаса, сонда сырттан ішке барған әр
нәрсенің суреті жүректің айналасына анық пәушан (жарық) болып
түседі. Ондай нәрсе тұла бойына жайылады, тез ұмытылмайды.

Егерде бағанағы төрт нәрсемен жүректі кірлетіп алсақ, жүректің
айнасы бұзылады, я қыйсық, я күңгірт көрсетеді. Енді ондай
нәрселерден оңды ұғым болмайды», - деп көрсетеді.
Осы жайларды ескеріп іздеген жас, білімге жетілмекші, ал бұл

жағдайларды ескермесе, білім адамға қонбайды.
Абай оқып білген нәрсені тек ұмытпау емес, сонымен бірге сол
білгенді ілгері бастырудың тәсілдерін де қарастырды.
Адам тапқан өнеріне, үйренген біліміне қанағаттанып, енді

қайтып оған көңіл бөлмей, тастап кетпеу керек. Керісінше, сол
тапқаныңды күнде тексеріп отыру қажет. Сонда ғана өнерің
күн санап аса береді. Егер «көп заман тексермесең, тауып алған
өнеріңнің жоғалғандығын және өзіңнің ол мезгілдегіден бір басқа

адам болып кеткеніңді білмей қаласың», – дейді.
Абай іздене бастап, тастап кетуге қарсы. Себебі, Абайша, бір
бастап, сосын тастап кеткен нәрсені енді қусаң: бағанағы әуелгі
табуыңнан қыйынға тиеді... Көп заман ескермеген адамнан ол

бағанағы өнердің өзінін ең қызықты, қымбатты жерлері жоғала
бастайды. Онан соң көп заман өтсе, сол өнерді сақтайтұғын
қуаттың өзі де жоғалады.
Абай әрбір адамның өзі өміріне көз жіберіп, өткен істерін және

болашақтағы ойларын еске ала жүруін керек етеді. Ешбір мәнсіз,
мағнасыз, есепсіз өткен өмірді босқа өткен уақыт деп есептеп,
оған наразылық білдіріп отырады. Сондықтан да ақыл иесі, есті
адамның бір шарты етіп өткен өмірінен үздіксіз есеп алып отыруды

ұсынады. «Егерде, - дейді Абай, - есті кісінің қатарында болғың
келсе, күніңде бір мәртебе болмаса, жұмасында бір, ең болмаса
айында бір өзіңнен өзің есеп ал, сол алдыңғы есеп алғаннан бергі
өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақыретке, не дүниеге

жарамды күніңде, өзің өкінбегендей қылықпен өткізіппісің?».
Абай жастардың болашағына қалтқысыз сенді, одан үлкен үміт
күтті. Сондықтан да ол жас буынды дұрыс бағытта тәрбиелеу
ісіне үлкен көңіл бөлді. Өз бойындағы бар күшін сол игілікті іске

жұмсап, барлық шығармаларының алдына үгіт-насихат мақсатын
қойды.

Н. А. Добролюбов бір кезде: «Әдебиет халық үшін күресетін
құралдың бірі, оның міндеті үгітте, ал оның шын бағасы қалай
үгіттеумен бағаланады», – деген болатын. Абай әдебиеттің осы
мақсатын дұрыс түсінді. Өзінің өлеңдерінде де, қарасөздерінде де

ол осы мақсатты көздеп отырды.
Абай құрғақ үгітші болған жоқ. Абайдың насихаты – нақтылы,
педагогикалық принципті, жүйелі. Әсіресе, Абайдың қарасөздері –
тәлім берерлік ақыл-жыйыны жетімді насихат сөз.

Абайдың педагогикалық пікірлері орыстың XІX ғасырдағы
озық ойшыларының, педагогтарының көзқарасымен сабақтасып
жатады. Тәлім-тәрбие ісінің маңызын Абай соларша түсінді, оны
күрес құралы ретінде пайдаланды.

Абайдың тәлім-тәрбие туралы ойлары Н.Г.Чернышевский
ойымен тікелей үндеседі.
Егер Чернышевский адамның «заттық деп аталатын (адамның
тамақтануы, ұйқтауы, жүруі) және рухани жай деп атайтұғын

(адамның ойлауы, сезуі, білуі) екі хасиеті бар»десе, Абай өзінің
«Жетінші сөзінде» адамның осы екі хасиетін жас баланың бойынан
табуға да болатынын айтады. Ол: «жас бала анадан туғанда екі
түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйқтасам» деу, бұлар

тән құмары. Біреуі – білсем екен демек, ол – жан құмары»,– дейді.
Сондай-ақ, Чернышевский «тырысу әркімде де болады,бірақ
оны мәпелеп өсіру қажет» десе, Абай, «білсем екен,көрсем екен,
үйренсем екен» деп құмарлану, тырысу – әрбір адамның, тіпті жас

баланың хасиеті. Бала ұйқымен тамақты да ұмытып бір нәрсені
сұрап білуге тырысады; ал ержеткен адам «орын тауып ізденіп,
кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандар жолына салынуы» керек,
дейді.

Адамның білмегенін білгізіп, жетілдіретін, оны қайуаннан
айыратын нәрсе адамның тәрбие арқылы жеткен мәдени
тұрғысы, тапқан ғылымы екенін де ол атап көрсетті. Абай адамды
қайуаннан айыратын ғылым мен тәрбиесі екенін де Белинский,

Чернышевский, Добролюбовтарша түсінді. Бұл мәселе туралы да
соларға үндес пікірлер айтты.
Бұл пікір үндестіктерін салыстыра айтуда біз Абайды орыстың
революцияшыл демократтарына теңдестіру мақсатын көздеп,

араларына теңдік белгісін қою талабында емеспіз. Біз тек Абайдың
үйренген ағартушылық мектебінің төркінін көрсетуді көздедік.

Абай
орыстың
революционер-демократтарынша,
қазақ

шаруаларын балтаға шақыра алмады. Мұның себебін, әрине,
ең алдымен сол кезде қазақ қоғамының мешеулігінен іздеу
керек. Абайдың ағартушылығы патшалық Россияның қуғынға
салған, жаншылып езілген халықтарының өміріндегі «негізгі

зұлымдық» – мәдениетсіздікпен және тым кейін қалушылықпен
күрес дәрежесінде ғана болды. Абай сол мәдениетсіздікке қарсы
күресуші, өнер-білімге үндеуші болды.
Сайып келгенде, Абайдын творчествосы – қазақ халқының

белгілі бір дәуірін түгел қамтыған аса бағалы көркемдік мұра.
Сондықтан да Абай данышпан жазушылар тобына қосылады.
«Данышпанның аты миллион, - дейді В. Г. Белинский, - өйткені,
ол өзінің кеудесінде миллионның азабын, қуанышын, үмітін және

талабын ала жүрмек».
Абай – қазақтың аз тобы емес, керісінше, қалың миллионының
тілегін арқалап, солардың мүддесі үшін қызмет еткен ұлы ақын.
Оның негізгі арманы да – сол халқының надандығын жою, халық

мәдениетін көтеріп, рухани өмірін өсіру орыстың мәдениеті мен
озық идеясын қазақ еліне жаю болды.
Абай халықты өз кезіндегі ұлттық қорлау мен таптық қанаудың
ауыр азабынан құтқарар жол іздеді. Елдегі жікшілдік, талас,

ұрлық, тағы басқа кеселдерді жояр амал қарастырды. Кертартпа
ескі санаға, мұсылмашылыққа қарсы тұрды. Ұлттар арасындағы
наразылықты тыйып, қазақты көрші елдермен, оның ішінде
орыспен дос болуға шақырды. Абай осы мақсаттарын үгіттеу үшін

әдебиетті трибуна етіп пайдаланды. А. Герцен «Әдебиет – саяси
еркі жоқ халықтардың бірден бір трибунасы. Ол өзінің ниетін кек-
ашуын тек сол арқылы ғана біле, есіте алады»,- дейді.
Қазақ халқы өзінің қайнап піскен кек-ашуын, ниет еткен

арманын тек Абай трибунасы арқылы ғана есіте де алды, біле де
алды.
Абай өз ұлтының әрі сыншысы, әрі үгітшісі, әрі ақылшысы
болды. Ол В. Г. Белинский айтқандай, «ұлттық ретпен прогресс

жасауды» ойлады. «Онсыз прогресс болмайтынына» түсінді.
Айналасын қаптаған тынымсыз және жұғымсыз жағдайды
көрген Абай сол өмірге мүлде наразы болды. Тынымы кетіп, жан
сезімін қозғарлық күшті қуаты оны ойға батырды. Өзін қоршаған

меңіреу дүниеге Абай бой алдырған жоқ. Ол сары уайымға

салынбады, елді өнер-білімге шақырып, жаңалықтың жаршысы болды. «Ақыл керек, іс керек, мінез керек Ер ұялар іс қылмас болса зерек», – деп, өлеңінде де, қарасөзінде де адамнын игі касиеттері – жылы жүрек,нұрлы ақыл, ыстық қайрат, кең мінезді түгел қамтыған білімді, зерек адам болуға шақырады. Өзі сол елбастар зерек адамның үлгісіндей болып, замандастарынан ілгері оқшау көрінді. Абай қалам ұстап, халық қамын ойлап іске араласқан күнінен бастап, айналасын қамаған надандық түнегін серпілтерлік жол іздестірді. Сол себепті ол ағартушылық жұмысқа белсене кірісті. Бұл ағартушылық идеяны Абай өзінің бой сала зерттеп, ой сала іздеу нәтижесінде тапқан орыс мәдениет қайраткерлерінің игі әсерімен дамытты. Абай қазақтың рухани өмірін өсіріп, мәдениетін жетілдіру үшін ұлы орыс халқының мәдениет жетістіктерін барынша толық пайдаланды. Ол орыс тілін біл, оның өнері мен білімін үйреніп, көкірек көзіңді аш, «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді аса арсыздана жалынбайды», - деді. Абайдың сындарының өзінен-ақ оның әлеуметтік көзқарасының бағыты әбден байқалады. Шыншыл ақын халық өміріне үңіле қарады. Халықтың ауыр тұрмысын, мұң-арманын, рухани тілектерін көрегендікпен аңғарды. Қазақ еліндегі надандықпен ұласқан кертартпа әдет, әділетсіздік, озбырлық, т. б. көне заманның зұлым көріністері Абай сынының нысанасы болды. Ол өмір болашағына шүбәланып, қиялға бой ұрып, зар шеккен жоқ. Керісінше, Абай ел болашағына берік сенген оптимист болды. Ол өз кезіндегі зар шегіп, өмірден безген кертартпа феодалшыл әдебиет өкілдеріне қарсы күресті, алға апараржол іздеді. Абай ол жолды – өнер, білім мәдениет, адал еңбек арқылы жететін жол деп түсінді. Сол жолға ол халықты жан сала үгіттеді. Абай әдебиеттің мақсатын орыс демократтарынша, Н. Г. Чернышевский мен Н. А. Добролюбовша түсінді. Абайдың өнер-білімге үгіттеуі оның тыянақты бұқарашылдық көзқарасынан туып отырды. Оның ағартушылық идеясының биік сатысын белгіледі. Абай насихаттарының негізі жастарды ғылымға жетілдіру («Ғылым таппай мақтанба»), жас буынды жаңа жолмен тәрбиелеу оларды адамгершіліктің жоғары идеясына жеткізу болды. «Кім жетсе, талабы, өнерімен жетеді»,– дейді Абай.

Абайша, оқу тек тіршілік қамы үшін керек емес, тамақ асырау
құралы ғана емес. Сонымен бірге, ол – адам қоғамын ілгері
бастырарлық, тіпті оны өзгертерлік күш. Адамның санасың
өзгертіп, мінезін түзетерлік тұрмысын гүлдендірерлік құрал, елді

озбырлық пен қараңғылықтан құтқаратын бірден бір дұрыс жол.
Бұл Абай санасындағы бірбеткейліктің көрінісі, оның бір жағынан
жетістігі болса, екінші жағынан қате түсініктерінің де айқын
көрінісі бола алады.

Абай өзінің еңбектерінде жастарды оқып, білім алуға шақырып
қана қойған жоқ, сонымен бірге, ағарту жұмысын іске асыру
амалдарын ойластырды. Сол үшін тәрбие мәселесіне керекті
ақылдар, әдістер ұсынды. Оқу, ағарту, тәрбие мәселелерінің

маңызын, мазмұнын, оны үйреніп жетілу жолдарын толық ашып,
өнегелі көп пікірлер қалдырды. Сол бай ағартушылык, педагогтік
пікірлерін Абай өзінің дидактикалық еңбектерінде, кейбір
қарасөздерінде айтты.

Абай феодалдык қоғамды сынап, оның көнеріп біткен
әдеттеріне, әділетсіз заңына қарсы шығады. Үстем таптың мүддесін
қорғамайды, жалпы бұқара халықтың жоғын жақтайды. Абайша,
өнер-білім, сол арқылы жететін бақыт, аброй тек үстем таптың

үлесі емес, жалпы бұқараның, момындардың игі үлесі болу керек.
Бұл Абайдың ағартушылық пікіріндегі кезінде ең демократтық
бірден бір дұрыс көзқарас болды.
Абай өзінің әрбір шығармасында орыстың революцияшыл

демократ
ойшылдары:
Белинский,
Чернышевский,

Добролюбовтармен іштей байланысып, терең түрде табысып,
туысып жатқанын білдіреді.
Абайдың қарасөздерінде қозғалатын басты мәселелердің бірі

– еңбек, кәсіп, шаруа жайлары. Бұл мәселелерді Абай жоғарыда

әңгіме жасаған оқу, өнер, білім мәселелерімен байланыста алады.
Оның үстіне Абай «Жыйырма тоғызыншы», «Отыз үшінші»,
«Қырық екінші», «Қырық үшінші» сөздерінде, нақылдарында
еңбек шаруа, кәсіп жайларын арнайы сөз етеді.

Абайдың барлық шығармалары, оның ішінде қарасөздері бастан-
аяқ қазақ еліндегі өзара талас-тартыс, өсек-өтірік, ұрлық-зорлық,
өнерсіз-надандық, жұмысқа – еңбекке қырсыздық жағдайлардың
бетін ашып, сынға алып отырды. Бұл жақпас жайлардың бәрінен

елді құтқару, өнер-білімге, ақылға, ойға, еңбекке жол ашу Абай
пікірлерінің негізгі өзегі болды.

Абай ұсынған адамгершілік өрнегінің бес асыл хасиетінің
бірі – еңбек. Жоғарыда аталған жағымсыз қылықтардың көп
болу себебі, Абайша, ең алдымен олардың еңбексіздігінде,
кәсіпқор еместігінде, шаруаның жайын білмеушілігінде. Ерінбей

еңбек етіп, «шаруаның ебін, сауданың тегін» білетін, егін егіп,
жер өңдейтін, өнерлі елдерде бұл жағдай қазақтағыдай емес,
адалдықпен өмір сүрсе, бұндай қор болмас еді, дегенді айтады.
Осылайша, Абай ел өмірінде адам, тұрмысын да еңбектің ролі

зор болатынын дұрыс түсінеді.
Абай адамды табиғаттық құбылыстың бір бөлігі деп түсінеді.
Табиғат пен қоғамның өзгеруіне қарай адам да өзгереді деп білді.
«Адам баласын заман өсіреді», өмір өзгертеді, тәрбиелейді,

еңбек жетілдіреді деген пікір айтты. Ол бір өлеңінде:
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек.
Заманға жаман күйлемек,

Замана оны илемек,–
дейді.
Абайша, білімге, өнерге жетілдіретін жол да, шаруаны
жандырып, тұрмысты жақсартатын нәрсе де – осы еңбек.

Ерінбей еңбек етіп, жалықпай кәсіп іздеп, қол өнерін, дүние
ғылымын үйреніп, техниканы әсірсе, қазақтың да өмірінің
өзгеретініне сөз жоқ деген пікір айтады ол.
«Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған»
дейді Абай. Қазақ халқын егін салуға, оқу арқылы өнерлі ел

тобына қосылуға үндейді. Осындай баянды, адал еңбекке
үндеп, баянсыз, жалған еңбекке, бос әурешілікке қарсы
шығады.
Абайша, адам өзінің еңбегі, өнері, ақылымен аспайынша,

басқа жолмен асуы мүмкін емес, «Әрбір мансапты еңбексіз
табуға болмайды».
Абай заманында, халық өз еңбегінің қызығын өзі көре алмады,
оның қызығын қанаушы тап көріп отырды. Сондықтан халық

бұндай еріксіз еңбекті үлкен азап көрді. Үстем тап, билеуші
қоғам еңбекшіні әбден езіп, оның бойындағы қуатын сүлікше

сорып, бойын әлсіретіп, буынын босатып отырды. Үстем тап билеген қоғам еңбекші мен, олардың еңбегін бағаламады. Абай еңбек азаттығын көксеп, еңбекке қорлық деп қараушыға да, оны азап деп тануға да қарсы шықты. Бұндай ескі түсінікті сынап, еңбектің рахатын еңбек еткен адамның өзі көрсе екен, деген игі тілекте болды. Абай жалпы адамшылықтың, оның ішінде қазақ халқының да болашақ бақытты өмірінің кілті ерікті еңбек болады деп және оған адал ниетпен кіріссе екен деп арман етті. Сондықтан да Абай өз кезіндегі еңбексіздікке бастайтын ел әдеттеріне қарсы сын айтып отырды. Еңбек адамына жат қазақтың көптеген мақалдарындағы теріс ұғымдарды ескеріп, одан еңбек адамдарын сақтандырады. Мысалы, ол «Жыйырма тоғызыншы сөзінде»: «Жарлы болсаң, арлы болма», «Қалауын тапса қар жанады, сурауын тапса адам баласының бермейтіні жоқ» деген мақалдарды сынап көрсетіп, бұл адамды сұрамшақтыққа, еңбексіздікке салындыратын, «сақ болатын, білместіктен айтылған сөздер» деп көрсетеді. Абайша адамды қор қылатын еңбек емес, керісінше, еңбексіздік, қырсыздық. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық деп білерсің», деп, Абай осылардан сақтандырады. Оның себебі: бұл үш нәрсе адамға жат нәрселер, яғни «надандық – ғылым, білімнің жоқтығы... білімсіздік, қайуандық болады. Еріншектік күллі дүниедегі өнердің дұшпаны: талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік бәрі осыдан шығады», – дейді Абай. Абай қазақтың мал табатын жолдарын, істеп жүрген кәсіптерін атап көрсетіп, ол кәсіптерінің адал еңбек жолы емес, оған мүлде жат жол екенін айтып, қатты сынайды. «Осы елдің үнем (кәсіп – X.С.) қылып жүргені немене?» деп, Абай өзіне өзі сұрау қойып, – «екі нәрсе: әуелі ұрлық; екінші бұзақылық» деп жауап берді. «Ұры, – дейді Абай, ұрлықпен мал табам деп жүр; мал иесі, артылып алып, тағы да байимын деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт: ұрлық айтып «мал алам» деп, ұрыға атымды сатып «пайдаланам» деп, не өткізбесін арзанғa түсіріп алам деп жүр. Бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең көп боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр», - деп

Абай қазақ еліндегі әрбір қоғамдық таптардың кәсіп етіп жүрген мал табар жолдарының бетін ашады. Осы ұрлық пен бұзақылық жолға қазақтың байы да, кедейі де, биі де, ұрысы да, қуы да, қарапайым шаруасы да – бәрі де түсетінін айтып, қазақтың бәріне ортақ болып кеткен бұл теріс жолға қарсы шығады. Сүйтіп, Абай көп жүрт істеп жүрген кәсіптер – ұрлык, сұмдық, тіленшілік екенін ашып, бұларды – еңбек сүйер ел түсер жол емес, ел түспес кері жол деп балағаттайды. Сондай-ақ, бұл ел тілегіндегі ер қылар ғадет емес, халыққа жат ез қылар ғадет деп біледі. Абайша: «Қулық-сұмдық, көз сүзіп, тіленіп адам саумақ – өнерсіз иттің ісі». Абай жұрттың еңбекке қырсыздығын осылайша өлтіре сынап, басқа елдерді мысал етеді. Басқа елдердің бірі де қазақтай емес, қазақтың қылықтарының бірі ол еңбек сүйгіш елдерге ұқсамайды дейді. Қазаққа өзбек, татар, орыс халықтарын мысал етіп, олардың «екпейтін егіні, шығармайтын жемісі жоқ, сәудегері жүрмейтін жері жоқ, қылмайтын шеберлігі жоқ», - дейді. Бұл халықтардың озықтығы қазақтан еңбекқор, олардың еңбек сүйгіш, кәсіпқор, өнерлі халық екендіктерінде деп көрсетеді. Абай қазақтың кейбір еңбекке жалқаулықтарын бетіне басып, оның себебі надандығында екенін айтып, елдің кері кетіп, адамның азып-тозуына осы еңбек етпеушілік көп қырсығын тигізетінін көрсетеді. «Үшінші сөзінде» Абай жалқау адамның сыйпатын береді. Ол: «әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді: әрбір мақтаншақ қорқақ ақылсыз надан келеді, әрбір ақылсыз надан арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады», – деп жалқаулықты туғызатын себептерді де айта отырады. Абай, сонымен бірге, қазақ елін бұзып аздырып отырған екі түрлі себеп бар екенін ескертеді. Ол себептер: 1) «Жұмысының жоқтығы. Егерде ел егінге салынса (жұмылса, X.С.) я саудаға салынса, қолы тиерме еді? Ол ауылдан бұл ауылға тамақ асырап, сөз аңдып... пайдасыз жұмыссыз қаңғырып жүруге құмар» болар ма еді?... «Адал еңбекке салынып алған кісі, ондай жүрісті иттей қорлық көрмей ме? Өзінің кәсібін тастап, кезегендікке салына ма? деген сұрақтар қояды. 2) Қазақтың «төрт аяқты малды көбейтемінен басқа ойының

жоқтығынан; өзге егін, сауда, өнер, ғылым секілді нәрселерге
салынса, бұлай болмас еді», дейді.
Абайша, адамның азуына негізгі себеп, жоғарыда көрсеткен
жұмысының жоқтығы. Малды жақсы көрген адам еңбек ете білу

керек. Еңбек адамды аздырмайды, шынықтырады, жетілдіреді,
қарнын тойғызады, дәулетке ие қылады. Ал қазақ еңбекпен мал
іздемейді. «Бесінші сөзінде» Абай олардың мал табар жолды
білмейтінін, кәсіп тәсілдеріне жетік емес екендіктерін айтады.

«Қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін әділет үшін
қам жемейді екен, бірақ мал үшін қам жейді екен, ол малды қалай
табуды білмейді екен; бар білгені малдыларды алдап, мақтап алмақ
екен, бермесе онымен жауласпақ екен. Егер малды болса, әкесін

жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, сұмдық, тіленшілік
соған ұқсаған қылықтың қайсысын болсада қылып жүріп, мал
тапса, жазалы демесек керек екен», – дейді. Осылайша Абай
қазақтық малтабар жолын сынға алады. Бұл жолға қарсы шығады.

Абай әркім өз еңбегімен мал тауып, күн көрсе екен деген пікірін
білдіреді.
Жоғарыдағыдай, адамгершіліктен тыс жолмен мал тауып,
дәулетті кісінің дәрежесіне жеткен қазақтың өз мақсатынан өзге

мақсатының болмайтынын керсетеді.«Әрбір мал іздеген, малым
көп болса, өзім де, балаларым да малды болса екен дейді. – Ол
мал көбейсе, малшыларға бақтырмақ, өздері: етке, қымызға тойып,
сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Осыдан басқа мақсаты

жоқ» –деді.
Бұндай адамның ешбір еңбекпен ісі жоқ, малшысын қанап, өзі
азғындап, өзінен өзгеге қастық-зорлық жасаудан тартынбайды;
сол жолда малын дауға салып, босқа біреуге беруге де даяр; екінші

біреуді жазықсыз жазғырып, қаңғыртып жіберуден де тартынбайды
дегенді айтады. Абай бұлайша біреудің еңбегін жеушілікке қарсы.
Оларды сынайды:
«Егер, – дейді Абай, – қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік,

сыйы өткендік, байлық қызметімен біреудің қыстауын сатып
алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ; ол қыстауынан айырылған және
біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек. – Әрбір
қазақтың ойы осы» деп, Абай мұндайларға қарсы шықты.

Абай қазақтың жұмыссыздығын, жалқаулығын, өнерсіздігін
сынап қана қойған жоқ. Сонымен бірге, ол қазаққа басқа өнерлі

халықтарды көр, солардан үйрен, ерінбей еңбек ет, егін ек, жер өңде, саудаға аралас, малың болса, оны өзің бақ, өсір, оның қызығын көр – өнер тап, оқы, білім ізде, одан мал-жаныңды аяма, «қайратыңа сүйсініп еңбегіңді сау, еңбек қылсаң қара жер де береді, құр тастамайды», – деп ақыл да беріп отырады. Абай халықты тіленіп, сұрап алуға, қулық салып табуға арлан, еңбегіңмен мал табуға арланба деп үйретті. Әркім өз еңбегімен мал тауып, күнелту, дәулет жыю, өз күші мен сол дәулетін сақтап, ел керегіне жұмсай білуі, өнер-білімге бой ұру керек деп білді ол. «Егіннің ебін, сауданың тегін, үйреніп алып мал ізде», еңбексіз малға жүгірме: «Еңбек қылмай тапқан мал, дәулет болмас, Қардың суы секілді тез суалар...», – дейді. Сондықтан Абай халыққа еңбек етіп дүниеге лайықты өнер, мал тап, жастарға өнімді іске үйір бол: «жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел» деп ақыл берді. Арсыздықпен ас қуып, бос селеңдеп өмірді босқа өткізбей оқы, еңбек ет; өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтан аулақ бол деп адамгершілік үшін ең кажет ақылдар айтады. Абай, әсіресе, момын шаруаларға кәсіпқор болуды үндеп, қарап жатпай, айнала ізденіп, үйреніп тыныш таппауын керек етеді. Ол «момынның баласы бөтен жаққа шығып, еңбек қылып, мал іздемейді» – дейді. Олардың кәсіп іздеп, еңбектеніп, егін, саудамен шұғылдануын керек қылады. Басқа елдер істеп жатқан сауда, жер өңдеу кәсіптерін Абай ерекше ескертеді. Ол «түбінде баянды еңбек егін еккен» деп жер шаруашылығын қолдайды. Бұл – Абайдың прогрессшіл пікірлерінің бірі еді. Бұл кәсіптерден Абай қазақ үшін ең керекті, өнімді, құрметті өнер – қол өнері деп, осы қол өнерін үйренуге шақырады. Өзінің «өнер үйренбек керек; мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау салмай, адал еңбегін сатқан қол өнері қазақтың әулиесі сол», (өлеңнен). – деп әрі ақыл айтып, әрі қол өнерін жоғары бағалайды. Осы сөзінде Абай қазақ арасындағы азын-аулақ өнерлі адамдарға тоқтап, олардыңжайларын әңгімелей кетеді. Олардың саны өте аз, жұмысы да өнімсіз, пайда түсімі төмен болып, өзін де қамтамасыз ете алмай, олар елдегі жастарды қызықтырып, еліктетіп өзіне тарта да алмай жатқанын ескертеді.

Абай қазақ арасында қол өнерінің өспей, өркендемей келе
жатқан себебіне тоқтайды. Олардың өсуіне кесепат болған
себептердің бетін ашып, қазақ өнершілдерін ол кесепаттан
сақтандырады. Абай қазаққол өнерін өсірмей келе жатқан төрт

түрлі себепті көрсетеді. Олар: 1) Қазақ өнершілерінің өздері шеберліктерін, іскерліктерін,

өнерін асыру мақсатын ойлап, ізденбей, «осы да болады»
деп талапсыз болып келушіліктерінен не болмаса, олардың
мақтаншақ келушіліктерінен деп көрсетеді.
Абай оларға талапты бол, өнеріңді өсір, жетілдір, құр

мақтанға салынып бос нәрсемен әуес болма дейді. 2) Қазақ шеберлері ерінбей ісін істей берудің орнына,

кербездікке, еріншектікке салынып, жалқаусып, салғыртсып
жатып алады - дейді. Абай өнер иелерін бұл жалқаулықтан да
сақтандырып, жігерлі болуға шақырады.

3) Қазақтың өнершілері елдегі әдет бойынша тегін істейді.

«Осы ғанымды істеп берге» алданады. Қазақ шебердің еңбегіне
ақы бермей, таныстық салып не алдап, тегін істетіп алады;
шеберді қанайды, өнерінен бездіреді, еңбегімен байытпайды;
сондықтан өнер өспейді, қазақ жастарын қызықтырмайды.

Абай қазақтың бұл тегін істеткісі келетін әдетіне қарсы, еңбек
ақысын беріп істетуді қуаттайды.

4) Қазақ өнершілері өзі тамыршыл келеді. Олар біреуге

жағынысып, сый-құрметіне, «жоғары шығына» алданады.
Соған дәсерсіп, ішкен асына мәз болады да ісін тегін істеп,
өнерінен пайда таба алмайды. Абай бұндай тегін жасаушылыққа
да, өнерінен пайда таппай, босқа еңбек етушілікке де қарсы.

Олар дәсерсімей еңбек ақысын алып жасаса, өнер де өсер еді;
басқаны да тартып, өнерпаз да көбейер еді, сол шебердің өзін де
өнері қызықтырар еді дейді. Абай. «Шебердің қолы ортақ» деп,
жұмысын босқа істету өнердің жауы деп біледі. Осы әдеттерді

жойып, өнімді кәсіп етіп, қол өнерін өсіруге шақырады.
Қазақтың өнерсіз, еңбексіз, надандық қамауында, малын да
баға алмай жүргеніне жаны ашыған Абай:
«Адасып алаңдама жол таба алмай,

Берірек түзу жолға шық қамалмай.
Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жок,
Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай»

дейді. Халықты қараңғылық қамауынан шығар түзу жолға – өнер жолына шақырады. Абай еңбек етушілердің мақсатына да тоқтайды. Абай: «әкесінің баласы адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» деп, әруақыт ел-жұрт мақсатын, жеке адам мақсатынан жоғары қояды. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың» деп, «адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылуға» шақырды. (7 –нақыл) . Абай ел жастарына момынға жаның ашып, көпшілік пайдасын көздеу керек дегенді ескертеді. Момын көпшіліктің мақсаты үшін харакет, еңбек етуді ұсынады. «Мазұлымға жаның ашып, ішін күйсін, Харекет қыл пайдасы көпке тисін» деп, мазұлым-момынға пайда етуді мақсат етіп кояды. Абай ел алдында еңбек етіп, халыққа қызмет қылып барып мал, мақтан, ғиззат-құрмет табуды, ол құрметті адам өзі тіленіп ізденбей, халықтың өзі беруін керек етеді. Егер адам сол мал мен мақтанға табынып өзі іздеп тапса, ол адамның адамдығы жоғалады деп білді. Сондықтан да ол «сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық» деп, тілемсек үлкендіктен, еңбегімен, өз қуатымен күнелту артық деп түсінеді. Абайша еңбек – адам өмірінін, әлеуметтік тіршіліктің шешуі түйіні болуы керек. Әрбір бақытты өмірге ұмтылған адамның да, елдің де қасиеті оның еңбек сүйгіштігінде болуы керек. Абай адамның тұрмысын жақсарту үшін де, санасын өсіріп, өмірін өзгерту үшін де еңбектің ролі зор екенін білді. Сондықтан ол еңбекке көзқарасты өзгертіп, адам бірінің еңбегін бірі жемей, әркім өз қуатына сыйынып, аянбай, ақ ниетпен адал еңбек етуі керек дейді. Сөйтіп, Абайдың еңбек туралы пікірлері, негізінен, дұрыс еңбек туралы ескі түсініктерге сын айтып, еңбекке негізделген өмірді дәріптеді. Абай еңбекті қорлық, не ауыр азап деп қарамай, тіршіліктің негізгі шарты деп түсінді. Абай жұмыссыз өмір бос, азғындық белгісі есепті; жұмыссыздық адамшылықты азып-тоздыратын, елді жоқшылыққа ұшырататын негізгі күнәкер екенін де көрсетті. Ол: «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын». – деп босқа айтпайды.

Абайдың түсінігінде адамның әсемдік қасиеттеріне де еңбектің ететін әсері зор. Ол еңбек, саяхат, қызық, салтанат бәрі бірімен бірі байланысты. Бәрі де адамға керекті нәрселер. Адам ең әуелі еңбек етіп, мал тауып, өнер тауып дүниені таныйды. Содан кейін ойнапкүліп, салтанат, құрады, - дейді. Н. Г. Чернышевский өзінің «Не істеу керек?» деген романының басты қаһарманы Рахметовты жетілтіп, Волгадағы ең мықты, зор бурлак, легендалық герой Никитушка Ломов атандыратын әбден шыныққан күрескер ететін дене еңбегі екенін көрсетті. Еңбек адамды түгел өзгертіп, оны мүлде жаңа алып адам етіп жіберетінін дәлелдеді. «Еңбек – адамның күші мен сезімін жаңғыртып жасаушы», - деді, («Не істеу керек?» романынан). Н.Г. Чернышевскийдің эстетикалық көзқарасына негіз болған да өмір, еңбек еді. Чернышевскийше сұлулық, әсемдік еңбекте. Ол еңбекте шынығып, бетінен қаны тамған толық денелі шаруа қызбен қаладағы дворяндардың қуыршақ қызын салыстырып өзі поселяниндер ұғымындағы сұлулықты жақтайтынын ашық айтады. Чернышевский пікірінде «Өмір» деген түсінікпен еңбек, жұмыс деген түсініктер бөлінбей бірге келіп жатады. Жұмыссыз өмір сүруге болмайды және көңілсіз де болар еді» дегенді айтады. «Еңбек, - дейді Н. Г. Чернышевский, - адамның дүние тану сезімін өсіреді. Еңбек естігеніңді ойыңа әбден бекітеді. Осылайша, орыстың XІX ғасырдағы революцияшылидеологиясының бір саласы ретінде ту ғып көтеріп отырды. Еңбектің адам өмірінде атқаратын ролін жоғары бағалады. Еңбек, өнер-білім олардың үгіт нысанасы болады. Орыстың осы ағартушы демократтарының шәкірті болған Абай, солардың ізімен өзінің үгіт-насихат ісінде еңбек, өнер-білімді нысана тұтты. Абайдың еңбекке үндеген сөздері күні кетіп, көнерген сөз емес, қазіргі еңбек азап болмай, ерлік-игілік болған кезде, әлі де болса жаңа, маңызы жойылмай, арта түсіп отырған, заман тіліне сай сөздер. Абайдың қарасөздерінде көбірек қозғалатын, негізгі тақырыптардың бірі – адамгершілік (гуманизм), мінез-құлық (мораль) жайы. Бұл мәселелерді Абай жыйырмадан астам сөзінде көтереді. Атап айтқанда: «Төртінші», «Сегізінші», «Он бесінші», «Он төртінші», «Жыйырма үшінші», «Жыйырма төртінші», «Жыйырма

алтыншы», «Жыйырма тоғызыншы», «Отыз алтыншы», «Қырық
екінші», «Қырық төртінші», сөздер толығымен дерлік осы
мәселелерді талдайды.
Адамгершілікке үндеу, адам мінезін тәрбие арқылы түзеу

мәселесі – Абай шығармаларынның барлығына ортақ тақырып,
барлық еңбегінің арқауы.
Өмірді терең шолып, қыяға ой жіберіп, «алыстан сермеп,
жүректен тербеп», қыялдың қыйырын шарлай білген кемеңгер

Абай халықтың еңсесін басып, адамгершілікке зыянды кесапат
болған кертартпа мінез-құлыққа, шірік әдет, ескі салт-санаға
барынша қарсы тұрды. Абай адамгершілік үшін керекті өнер-білім,
еңбекті үгіттеп, адамның рухани жетілуін, оның мінез-құлқын

адамгершілік нормасына сай етпекші болды. Сондықтан ол адамға
жат залымдық сыяқты қылықтарға қарсы шығып, адам баласының
бірімен-бірін дос болуын көкседі. «Залымдық – адам баласының
дұшпаны. Адам адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді.

Бір жыртқыш қайуан есебіне қосылады.»
Абай адамгершілікті, еңбекші бұқараны жақтаған нағыз халық
ақыны. Оның халықты сүюі адамды сүюшілік пен ұштасып
жатады. Сондықтан Абайдың гуманистік көзқарасы Белинскийдің

демократтық, гуманизмі негізіндегі зор идеялы гуманизм болды.
В. Г. Белинский: «Гуманизм – дегеніміз адамды сүюшілік, тек ол
білімі мен санасы арқылы жетілген сүю», – деген болатын. Абай,
осы В. Г. Белинский көрсеткен білімі мен санасы арқылы жетілген

гуманист жазушы болды.
Абай: адам деген абройлы ат, оны кірлетпей таза ұстау керек:
ал, оған дақ салып алса, адам азып, адамдық қасиетін жоғалтып,
төрт аяқты қаюанмен тең болады деген пікірлерді айтты.

Абай адамды жоғары бағалады. Оның қоғамдағы, өмірдегі
тарихи ролін түсінді. Сондықтан Абайдың адамды сүюі,
бағалауы антропологтардың пікірінен мүлде өзге. Абай оларша
адамды хаюанның бір түрі, биологиялық өзгеше көрінісі деуден

аулақ. Абай адамның қоғамдық ролін ғылыми тұрғыдан түсінеді.
Абайдың адам жөнінде түсінігі өз кезінде жоғары сана, озық
ой болғаны талассыз. Себебі, Абай адамның саналы болуын,
әйтпесе, төрт аяқты қаюанмен тең болып кетуі мүмкін екенін

ескертеді.
Абай адамды қорлауға мүлде қарсы болды. Абайша, адам
туғанда да, өлгенде де бәрі бір жағдайда туады, өледі. Онда

өзгешелік жоқ. Олардың бәріне бірдей өмір қымбат. Бірақ, сол өмірді қалай өткізетінін адам дұрыс білмей, адамдыққа жат істер істеп, адамшылықты бұзады дейді. «Адам баласы, – дейді Абай, – жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа жарамсыз қылықпен қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды», – дейді. Сөйтіп, ол тірілік өмірді тиісті дәрежесінде өткізуді қажет деп біледі. Абай адамды бұзатын себептерді атап көрсетіп, оларға қарсы шығады. «Өмірде ең қызық нәрсе адамды сүюшілік, одан өзге ешнәрсе жоқ»(өлеңінен) деп, адам сүюшілікке, халықты достыққа, бірлікке, адамгершілікке үндейді. Адам үшін керекті нәрсе – ақыл, іс, мінез, содан туатын зеректік, татулық, достық, махаббаттылық, ғаделеттік, өнерлілік, – дейді. Абай адамгершілікке жат, оны бұзатын нәрселер: алтыбақан – алауыздық, қастық, араздық, күншілдік, қыянатшылдық, құрмет білместік, надандық, әсіресе, адамды адамның тонауы, т. б. ұнамсыз мінездер. Абай өзінің қарасөздерінде бастан аяқ осы адамшылыққа жағымсыз мінездерді сынап оған қарсы шығып, адамгершілікті жоғары бағалап және соған үндеп отырады. Абай адам үшін ең кажет нәрсе – талап деп біледі. Талапты Абай өз басының қамы үшін, тек мал табу үшін керек деп, біржақты ұқпайды. Ондай ұғымға қарсы. Абайша әр адам талап қылғанда тек өзі үшін емес, ел үшін, халық үшін пайдалы, адамшылыққа, ақылға сыйымды талап қылу керек. «Адам баласының ең жаманы – талапсыз... Талаптын, ішінде адам баласы, көбінесе, басына қадір іздеп, сол талапта болады», - дейді. Абай феодалдық идеядан туған қазақ арасындағы талап туралы түсініктердің теріс екенін көрсетіп, «Мал тапқан ердің жазығы жоқ деп ұры-бөрі, қу-сұмдарды ақтап, «ит те болса, малдыны cөге алмайтынына» сын айтады. Абайша, адам тіршілігінің шарты – еңбек ету, ол үшін аянбай талап қылу; ез атанбау; өз жанын ойлап, қорғаланған қорқақтық адамшылыққа жатпайды; ондай адамның тірлігі шын тірлік те емес, ондай тірлік өліммен тең болады, - дейді. Егер адам малға табынып, өліп-өшіп ізденсе, мал үшін арын сатып, арсыздық жолға түссе, ол адамшылықты жояды. Сондықтан,

адамгершілікті жоятын нәрсенің бірі орынсыз тапқан мал, мақтан, ғизат-құрмет, сол үшін қылған орынсыз талап. Осы малжаңдылығымен, дүниеқорлық, арын малға сатушылықпен адамгершіліктерін жойғандар – қазақтың байлары мен болыс, билері екенін Абай дұрыс көрсетеді. Абай қазақбайларының дүниені малмен өлшейтін мінездерін, малға бағынбайтын нәрсе жоқ деп есептейтін қылықтарын өте шебер мысқылдайды. «Сегізінші сөзінде»: байлар «өзінде жоқты, - дейді Абай, - малмен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, арамдық, ақыл, ғылым ешнәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса, құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, ақылы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны– бәрі мал». Қазақ байларының мінездерін Абай осылайша жеріне жеткізе сөгеді. Байлар үшін ел де, білім, ар, ұят та, жақын да, құдай да – бәрі мал екенін ашып айтады. Абай қазақтың болыс, билерін де осылайша қатты сынап, олардың ұлықтарға жағынудан басқа, өздерінің құлқынын толтыруды қарастырудан басқа ойларының жоқ екенін ашып айтады (8–сөз). Сөйтіп, Абай қазақтың үстем тап өкілдерін сынап, олардың мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін әшкерелей көрсету арқылы бұлардың адамгершілікке жататын істерінің, қылықтарының жоқ екенін айтады. Бұларды Абай, өнер-білімге талапсыз, жұмыссыздықтан азған, адамгершіліктері жоқ адамдар деп көрсетеді. Осы еңбексіздіктен азған байларды Абай «Қырық екінші сөзінде» былай суреттейді: «Малдылар малын өңкей малшыларға, бала-шағаға тапсырып, қолдағы... азды-көпті дәулет қызықсыз көрініп, оның ұры-бөріге жем болып, қарға-жарға ұшырауына шыдайды; «пыш-пыш» кеңестен қалып бір ауылға барып қулық, сұмдық жасасып жүріп, тегін тамақ жеп, ыржаңдасуды қысыратуға шыдамайды», – дейді. Осы қылықтарды көріп отырған халық шаруа қуып, мал табуға пысықтарды өнерлі кісі тобына қоспай, оның орнына «я өзі пәле шығаруға пысық, я сондайлардың сөзін... айтып ырбаңдауға пысық болуды өнерлілерге қосылғандай көреді» – деп, әдетке айналып бара жатқан орынсыз пысықтыққа, арыз беріп, бәле-жала салуға пысықтарға қарсы шығады. Сондықтан Абай, «бұл күндегі байлықта мақтан емес, ақыл, аброй да мақтан емес. Арыз бере білу, алдай білу – мақтан», – деп айтады.

Бұдан кейін Абай адамдықтың керекті шарттары – естілік,
ақылдылық, бірлік, рақымдылық, мейірімділік, қуаныш, жұбаныш,
ар, ұят, мақтан, мансап сыяқты мәселелерге жеке тоқтайды. Олар
туралы ой-пікірін баяндайды. Бұл мәселелерді баяндауда Абай

өзінің ірі моралист екенін көрсетеді. Халықты жағымпаз, азғын
мінездерден сақтандырып, жақсылыққа, өнерге, адамгершілікке,
адалдыққа шақырады.
Абайдың моралистік пікірлері көбіне орыстың ұлы жазушысы

Л.Н. Толстойдың ойларымен үндес келеді. Әділдік, достық,
рахымдылық, еңбек жөнінде, оларды бағалауда Абай мен Толстой
пікірлері ұштасып жатады; біреуі орыс шаруаларына, екіншісі
қазақ еңбекшілеріне үгіт айтады.

Абай өзінің насихаттарын Толстойдың адамшылық жөніндегі
үгіттерін жақсы біле, одан үлкен әсер ала отырып жазғаны оның
сөздерінің мазмұнынан айқын байқалады.
Толстой мен Салтыков-Щедрин сыяқты, Абай да адамдардың

бойындағы жағымсыз қылықтарға, мінездерге қарсы шығып
отырды. Ол өзінің «Қырқыншы сөзінде» адам мінезінің ұнамсыз
жақтарын қатты сынға алады. Мысалы: өлген кісінің жаманы
жоқ, тірі кісінің жаманданудан аманы жоқ болатынын; жаттың

бір тәуір кісісін көрсе, «жарықтық» деп... өз елінде сонан артық
кісі болса да танымайтыны; біреудің ағайыны: торқалы той,
топрақты өлім де, адалдық береке де алысуға табылмай, барымта
аларлық ұрлық десе табыла қоятыны; байдың баласы кедей болса,

ұрлық қылуға арланбайтыны, екі жақсының бір елде, сүйіскен
достығында тұра алмай, кейбір антұрған жанның тым-ақ тату
бола қалатыны; екіншіден, досым жетілсе екен демей, егер бірі
жетіле қалса, баяғы досына бітімі жоқ дұшпан сол болатұғыны,

кедейдің кер келетұғыны; нәпсісін тыйып, тоқтатқан кісінің
жаман атанатыны, нәпсісі билеп мақтанға еріп, пәле шығаратын
кісі мықты атанатыны; қазақтың шын сөзге нанбай, өтірік пәлелі
сөзге сүттей ұйып, шаруасы судай ақса да соны ұқпай кетпейтіні

– бәрі саналып айтылып, сынға алынады. Бұның бәрін Абай елдің

білімсіз надандығынан көреді. Оны бұзылғандықтың белгісі деп
ұғады.
Сондай-ақ Абай қазақтың бойына сіңіп, әдетіне айналып
кеткелі жүрген, теріс түсінік беретін, халыққа жат мақалдарға

да сын айтады. Абай тек мақалды сынап отырған жоқ. Сонымен

қоса, ескі ел мінезін, кертартпа әдетін де қатты сынап отыр. Бұл
Абайдың «Жыйырма тоғызыншы сөзінде» айқын көрінеді. Абай
осы сөзінде: «Жарлы болсаң арлы болма», «Қалауын тапса, қар
жанады», «Атың шықпаса, жер өрте», «Ата-анадан мал артық»

деген мақалдарға қарсы шығып, олардан елді сақтандырады.
Абай бұдан басқа да бірнеше сөзінде қазақ мақалына тоқтайды.
Олардың бәріне Абай бірбеткей қарамайды. Мақалдың ішінде ел
тілегіне пайдасыздарының барын айтып, соны сүйеніш еткен адам

мінезін сынға алады. Теріс айтылып жүрген зыянды мақалдарды
«Бесінші сөзінде», «Қырық төртінші сөздерінде» санап өтіп, адам
мінезін бұзуға үлкен себептің бірі болып отыр деп, қазақтың нені
ойлап, неге қайғыратыны да, арманы да осы мақалдардан көрінеді

деп, бұларға қарсы шығады.
Абай қазақтың мақалдарын сынау арқылы ескі санасын, теріс
түсінігін, болымсыз талабын сынап, бұларға қарсы шығады. Бұл
мақалдарды өміріне заң етіп қолданып, адамшылығын кетірген,

жаман мінезге түсіп бұзылған адамдарға лағнат айтады. Бұлардан
сақ болып, түгел арылуды талап етеді. Бұл Абайдың халық
мұрасына, ескі мұраға сын көзімен қарағыш, талғампаздығын
көрсетеді.

Абай еңбекші халық тілегіндегі мақалдарға қарсы болған жоқ.
Оны өзі мейлінше көп қолданады; халықты тәрбиелеуге құрал
етіп пайдалана білді. Сөйтіп, мақалдың ішінде халық даналығын
көрсететін құндысы болатынын, оны ел тілегіне пайдаланудың

үлгісін көрсетті. Абайдың адам мінезін сынап ақыл айтқан
«Отыз тоғызыншы сөзінде» қазақтың өткен өмірінде істеген
жақсы істерінің мінездерінің бар екенін баяндап, сол мінездерден
айрылмауды насихаттағанда халық мақалдарындағы жақсы

ұғымдарды сынап көрсетеді.
Бұл айтылғандардан басқа Абай қазақтың мінезіндегі көптеген
жақпас құлықтарды өте ұқыптылықпен теріп өтеді. Сол құлықтың
бірі ретінде қазақтың мақтанын сөз қылады.

«Жыйырма бірінші сөзінде» Абай мақтанды екіге бөліп
қарайды. Ол мақтанға бір жақты баға беріп, түгел қарсы шықпайды.
Адамды өсіруде мақтанның белгілі ролі атқаратынына түсініп,
мақтаншақтықтан мақтанды бөліп қарайды. «Аз ба, көп пе, - дейді

Абай, - адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы қыйын іс».
Мақтанның бір түрін Абай «үлкендік» деп атайды. Бұл мінез

ақылды адамдарда болатын, арлы, артықтардың мінезі, адамға керекті мақтан дейді. Бойында осындай сезім бар адам әдепсіздік, арсыздық, байлаусыздық, сұрамсақтық, өсекшілдік, өтірікшілік, алдаушылық, пайдасыз жеңіл мінез, надандық қылықтардың бәрінен өзін аулақ ұстап ол мінездерді қорлық біліп, өзін ондай мінезге салушылардан зор ұстайды дейді. Абайдың өзі бұл мақтанды жақтайды. Абай мақтанның адамға пайдасыз екінші түрін мақтаншақ деп атайды. Бұл мінезге Абай қарсы шығады. Бұлар, - дейді Абай, - демесін демейді, не болса да десін дейді. Бай, батыр, қу, сұм, пысық десін деп, демесіңді есіне де алмайды. Абай осы мақтанштақтардың өзін үш түрге бөледі. Олар: 1) Жатқа мақтанарлық мақтан іздейтін мақтаншақтар. Бұл –«надан, надан да болса, адам» дейді. Себебі жат жерде, шет елде бойды, дұрыс ұстап, беріше жүнін қампайтып ұстаса, еліне жаманат келмейді. Жұрты қорланбайды. 2) Өз елінің ішінде мақтанатын, мақтан іздейтін мақтаншақтар. «Бұлардың, - дейді Абай, - надандығы толық, адамдығы әбден толық емес». Бұлай деуіне себеп өз жерінде, өз елінде жүріп өтірік айтып, орынсыз дәліргеннің өзіне де, еліне де түк пайдасы жоқ. Тек абройын кетіріп, адамдық беделін түсірмекші. 3) Өз үйінде отырып, ауылында жүріп айтпаса өзгелер қосылмайтын мақтанды кәсіп ететін мақтаншақтар. «Бұлар, - дейді Абай - наданның наданы, һәм өзі адам емес. Себебі от басында отырып бос лепірудің адамшылығы қанша? Оны ешкім жақтамайды, сондықтан адамшылықты жояды». Абай өзінің «Отызыншы сөзінде» осы мақтаншақтарды адамшылыққа керексіз «қырт мақтан» деп атайды. Бұдан ар есті, намысты, ұятты білмейтін, кең толғау үлкен ой жоқ не палуандығы, не батырлығы, не адамдығы, не ақылдылығы жоқ, қырқын мінсе, қыр артылмайтығұн мақтан иесі, түкке тұрғысыз адамдарды жатқызады. «Әрбір қайратсыз, – дейді Абай; – қорқақ мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ ақылсыз надан келеді». Бұл мінездің қазақта мол екенін ескертіп, шетінен «ой тәңірай, кімнен кім артық дейсің!» деп шіренетіндерді мысал етеді. Ақырында, «Қырық үшінші сөзінде» Абай: «Мансап сүйгіштік мақтаншақтық, ашуланшақтық, өтірікшіліктерден бойды аулақ сақтау керек,» деп ақыл айтады.

Абайдың бұдан кейін қатты бір сынға алатын мінездері – кербездік. Өзінің «Он сегізінші сезінде», Абай кербездіктің адамға пайдалы түрі – бойды таза ұстап, киімін дұрыс киіп, дәулетіне сай жүру деп ескертеді. Абай орынсыз өзін безеп, бойын тым айналдырып, дәулетінен артық киініп, сол киімді көңіліне қуат тұтыну кербездің адамға пайдасыз түрі деп біледі. Осы пайдасыз кербездің Абай екі түрлі қылығын атап көрсетіп, сол мінездерден сақтандырады. Абай көрсететін кербез қылықтарын өз сөзімен берсек олар мыналар: «Бірі бет пішінін, сақал-мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзеп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі: атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбақ...» Абай көрсеткен бұл қылықтар – жұмыссыз азған адамның бәріне ортақ мінездер. Ол тек қазақ қана емес, басқа елде де бар және сол елдің әдебиеттерінен орын алып отырған басты мәселенің бірі. Мысалы, Абай айтып отырған, кербез қылықтарының бірінші түрі қазақта сирек кездесетін, көбіне қала мещандарына тән қылықтар. Ал, екіншісі, дала қазағына ғана сай қылықтар. Бұған қарағанда Абай тек қазақтың бойындағы мінездерін санап қоймай, сонымен бірге мәдениетті елде болатын, өзі қалада көрген мінездерге де сын айтқаны байқалады. Абай бұл мінездерді сынай келіп, былай деп ақыл айтады: «Мұның бәрі масқаралық, ақмақтық, мұны адам бір ойламасын егерде бір ойласа, қайта адам болмағы қыйын іс. Кербезденгенде: осындай кер-кердең немеден безіңдер», - дейді. Абай осы кербездер жайына «Отыз сегізінші сөзінде» тағы қайталап соғады, Сол екі мінезді тағы ескертіп, оларды бояма қылық, ақылды өсірмейтін нәрсе деп, қайталап сөгеді. Осы сөзінде: «Бұл айнаға табынғандардың ақылы қаншалық өсер дейсің?» деп сұрау қойып, оған өзі: ақыл өссе, ол түпсіз терең жақсылықты сүймектікпен өсер» деп жауап береді. Абай осылайша сырты сұлу, іші былжыр адамдарды сынап, адам ақыл, ғылым, өнер-білім, ар, мінезбен озса екен деген талап қояды. Абай қазақтың надандығын көрсететін бір мінезі болмашы нәрсеге есі шыға қуанып, ұялмас нәрседен ұялып, жоқты жұбаныш тұтып, жас балаша алданғыш келетіндігінде деп көрсетеді. Абай бұл мінез құлықтарды 23-26-36 сөздерінде толық көрсетеді.

«26-сөзінде» Абай: «Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады, және қуанғанда не айтып, не қойғанын өзі де білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Және ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Мұның бәрі надандық, ақымақтық әсері», - дейді. Сол қуаныштарының бастылыры ретінде қазақтың ат жарыстырып, құс салып, ит жүгіртіп, палуан күрестіретін салттары мен әдеттерінен мысал келтіреді. Сол әдеттерінің тым надандық салттан қалып келе жатқан ешбір қуанарлық қылық, қасиеті жоқ нәрселер екенін айтып, оған өзінің наразылығын білдіреді. Әсіресе, қазақ бәйгіге қосқан аты келіп, балуаны жықса, құсы алып, иті бұрын ұстаса есі шығып соған да бір қуанады. «Білмеймін содан артық қуанышы барма екен? Ай, жоқ шығар» дейді. Бұл есі шығарлық үлкен нәрсе емес, титтей-ақ нәрсе, екі адам күрескенде бірі жығуы шарт, көп ат, не көп иттің бірі озуы керек, оған несін есі шығып қуанады екен? Тек біреуді ызаландырып, соның ызасына қуана ма? Оның несі қуаныш деп, қазақтың бұл құлқын мықты кекесінге алады. Абай қазақтың қуанышының екінші бір түрін «Жыйырма үшінші сөзінде» келтіреді. Қазақтың бұл қуанышы: елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса қуанады; айтады: «Құдай пәленшеден сақтасын... оның қасында біз...» деп, өзін қайдағы бір жаманмен салыстырады дейді. Абайша, қазақтың бұл түшіркенуі қуанарлық іс емес, керісінше, күйінерлік ыза. Абай «жаманмен салысып жақсы болама? Жақсыға салысып жақсы болат тағы», - дейді. Абай осы пікірін, бәйге алған атқа бәйге бергенде артында неше ат қалды деп, кейінгі аттардың санына қарап берілмейді, бәйге алдындағы аттың санына қарай беріледі деп, қазаққа өте түсінікті мысалмен дәлелдейді. Кейінгіні үлгі тұтпа, алдағыны, білімі, өнері ілгері адамды, соның жақсы істерін үлгі тұт. Сондай істеумен мақтан дейді. Осы сөзінде Абай қуанышпен бірге қазақтың жұбаныш ететін нәрсесінің қандай екенін де әңгіме қылады. Абай қазақтың жұбаныш етер сөздері: олардың жалғыз біз бе? Елдің бәрі де сүйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген ұлы той, көппен бірге болса, болады да деген сөз», - дейді. Бұл арада Абай халықты емес надандарды айтып отыр. Бұл пікірге қарағанда, болмашы нәрсеге қуанғаны сыяқты, болмашы

нәрсені жұбаныш етіп, ең төмен нәрсеге теңеліп, түшіркенеді, кішкене бір нәрсеге разы бола қалады. Абай бұл мінезге де қарсы шығады, бұл елдің аяғын ілгері бастыратын нәрсе емес, кері тартатын нәрсе деп дәлелдейді. Бұл үшін Абай қызық мысалдар келтіреді. Көп айтты деп, соқырға еруге болмайтынын, қазақ өміріне сай дәлелдермен әбден мыйға қонарлық дәрежеде түсіндіреді. Кей бір өлеңдерінде де Абай осы пікірді айтып отырады. Абай өзінің «Отыз алтыншы сөзінде» ұят мәселесіне тоқтайды. Ұяттың адамгершілікті көрсететін, моралдық маңызы зор нәрсе екенін білген Абай адамда қандай ұяттың болатынын, қандай ұяттан кей адам құр екенін көрсетеді, онын себебін ашады. Абай ұятты екіге бөледі. Бірін: «надандықтың ұяты» дейді, екіншісін: «шын ұят» деп айтады. Ал, ұялатын істен ұялмай, ұялмас нәрседен ұялған адамның ұяты шын ұят емес, жалған ұят, надандықтың ұяты. Бұл жас баланың сөз айтудан ұялғаны секілді, ешбір жазығы жоқ болса да бойын көрсетіп, шешіліп сөйлей алмай, не көріне алмай, ұялмас нәрседен ұялушылық. Абайша бұл ақымақтықтан не жамандықтан болатын ұялушылық. Бұл ұят өз алдында, «Осы күнде: менің көрген кісілерім, – дейді Абай, – ұялмақ түгіл қызармайды да. Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар? «Жә-жә! Оған мен-ақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтпедің бе? «Пәленше де тірі жүр ғой...» деп, қарап тұрады. Осыны ұялған кісі дейміз бе?» дейді. Абай сол кездегі қазақтың «ұятты» адамдарынан санайтын би, болыс, бай, молдаларының ұяты осы деп көрсетеді. Абай бұл шын ұят емес, жалған ұят деп бағалап, өзі ұят дегеннің не екенін анықтап береді. Одан кейін шын ұят қандай болатынын көрсетеді. «Ұят деген, – дейді Абай, – адамның өз бойындағы адамшылығы; итшілігіңді ішіңнен мойныңа салып, сөгіп қылған қылмыстың аты». Бұл шын ұят ақылға не абуйырға теріс бір іс секілді нәрседен болады дегенді айтады. Абай шын ұяттың өзі екі түрлі болады. Бірі өзінен бөтен адамнан шыққан ғапіл іске ұялу; бұл сол ұятты адамды аяп-ескеруден болатын ұят. Екіншісі, өз бойынан шыққан ақылға теріс, бойға лайықсыз, адамшылыққа жат қылыққа, ғафилге ұялушылық. Бұл жағдайда «өз ақылың, өз нысабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіне жаза тарттырады. Бұндай шын ұятпен ұялған адам» кірерге

жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түседі. Мұндай ұяты күшті адамдардың: ұйқыдан, тамақтан қалатыны да бар; хатта өзін өзі өлтіретіні де болады... Бұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе болмайды. Егер – оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтса, ол кісінің өзінің адамшылығы жоқ десе болады, дегенді айтады. Абайдың ұят туралы бұл пікірлері орыстың ұлы жазушысы. А. П. Чеховтың «Чиновниктің ажалы» деген әңгімесімен үндесіп, пікірлесіп жатады. Абай сөзі сол Чехов әңгімесін оқып алып, сонан кейін жазған шығармадай-ақ мазмұндасып, соған байланысты келеді. Абай қазақтың арасындағы осындай жұғымсыз мінездердің қайдан пайда болатынын, оны туғызып отырған материалдық негізді дұрыс көрсете біледі. Өзінің «Қырық екінші сөзінде» Абай: «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғын бір себебі – жұмысының жоқтығы. Егер егінге салынса, саудаға салынса, қолы тиер ме еді? Ол ауылдан бұл ауылға... тамақ асырап, сөз аңдып... пайдасыз қаңғырып жүруге құмар болар ма еді?»... адал еңбекке салынып алған кісі, ондай жүрісті иттей қорлық көрмей ме? Өзінің кәсібін тастап кезегендікке салына ма?, - дейді. Ф. Энгельс «Англиядағы жұмысшы табының халі» деген еңбегінде жұмысшылардың үстем тапқа қарсы өшпенділігі туралы айта келіп, бұл қарсылықтың ең алғашқы барып тұрған өрескел және нағыз жеміссіз түрі – қылмыс жасау болды деп көрсетеді. Ал «Оның үстіне, - дейді, - ұрлық қарсылықтың нағыз мәдениетсіз, нағыз санасыз түрі болды. Сондықтан ұрлық жұмысшылардың өздері іштей құптағанмен, олардың қоғамдық пікірінің ортақ көрінісі бола алмайды». К. Маркс: «Егер адамның мінез-құлқы жағдайлардан туатын болса, онда, демек, жағдайлардың өзін адамгершілік жағдай ету керек болады»,– дейді. Абай сол адамгершілік жағдайды аңсаған ақын болды. Абай осылайша ескі ауылдың, феодалдық патриархалдық санасынан туған, тозығы жетіп, көнерген мінезқұлықтарын аяусыз сынап, соның ішкі сырларын әбден ашып, халық алдында әшкере етеді. Халықты одан бездіріп, жаңа жол көрсетіп, адамгершілікке лайық мінез-құлық ұсынады. Сөйтіп, адам мінезін тәрбиелеуді де мойнына алып үлкен моралист ретінде көрініп отырады.

Абай қазаққа үлгі боларлық халықтарды көрсетіп, соларша
мәдениетке, өнерге жетіп ілгері басуды насихаттайды. Ескілік,
надандық бұғауынан құтылып, өзара наразылығын жойып,
мінезін, ісін түзеп, бейбіт, бақытты өмірге ие боларлық қазақты

арман етеді. Абайдың бұл арманы «Жыйырма төртінші сөзінде»
былай беріледі.
«Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы,
мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды.

Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай
отырғанымыз. Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді-
біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ қазақ ортасында да ұрлық, өтірік,
қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан, түзу жолмен

іздеп, өрістерлік күн болар ма екен», – дейді.
Абай бұл сөздерді қазақты жек көргендіктен айтпайды. Оны
шын сүйген, өз елінің патриоты есебінде, сол өз халқының
тағдырына мықтап қайғырып, налығандықтан, үлкен аяушылық

білдіріп, жылы жүрегінің сыры ретінде айтады. Абайдың бұл
сөздері Чернышевскийдің өз ұлтына арнап айтқан: «Құлдардың
ұлты, аянышты, ұят, жоғарыдан төменге дейін – бәрі күл» деген
өткір сөзінен ауыр емес, қайта сонымен сарындас, орайлас келетін

сөздер.
Егер Чернышевскийдің осы сөзіне берген В.И. Лениннің
данышпандық бағасын еске түсірсек, Абайдың қазаққа деген
махаббатының сол Чернышевскийдің өзінің орыс ұлтына

деген махаббатымен ұштасатынын айқын көреміз. В.И. Ленин:
Чернышевскийдің бұл сөзін «Отанын шын сүйгендік, ұлы орыс
бұқара жұртшылығының революцияшылдығының жоқтығына
қайғырудың сүйіспеншілігі», – деп бағалайды.

Абай әр уақытта да қалың көпшілік жағында, соның тілегінде
болды. Халқының жарқын болашағы үшін күресті. Өзінің
бойындағы бар қуатын сол жолға сарып етті. Абайдың күлкі
жасап, қарсы шығатын мінездері де, іс әрекеттері де, қазақтың

азшылығына тән болған, үстем табының бойындағы мінез-құлық,
іс әрекет, Абай жек көріп сынағанда да сол қоғамның үстем табын
аяусыз сынап, езілген халықты жақтады.
Добролюбов «Щедриннің барлық наразылықтары халқымыздың

ең аз бөлегіне арналған...». Ұлы сыншының бұл сөзі Абай
наразылығына да ортақ айтылған сөз сыяқты естілді.

Абайдың сыны, мысқылы жеңіл мазақ емес, зілді ашу. Ол ел
мініне күліп қана қоймады. Сол мінездің жөнсіз бетін ашып, халық
алдында масқара етіп, одан безіндіріп отырады. Сондықтан Абай
сөздеріндегі сатира, В.Г.Белинский көрсеткендей, «кексіз күлкі,

жеңіл мазақ, ұсақ қылжақ емес, масқара болған қоғамның кегінің,
рухының айбары» сыяқты. Абайдың өз халқына шын жаны ашып
айтқан сындадары, көрсеткен мәдениет жолдары, адамгершілік
үшін қойған талаптары, ел түзерлік еңбектері, алдан күткен

армандары тек советтік социалистік мәдениеттің қазіргі жеткен
шыңынан анық көрінбек.
Абайдың біркелкі қарасөздері оның дінге, дүниеге көзқарасын
білдіреді.

Қандай шығарма болмасын, ол жазушының дүние тану
көзқарасын білдіріп отырады. Әр жазушы шығармасында өзінің
дүние туралы ойын көрсетіп, Н.Г.Чернышевский айтқандай
өмірге өзінің үкімін шығарады, бағасын береді. Немістің атақты

жазушысы Гете де жазушының творчествосында «ойланып –
қайғы шекпей жазылған бірде бір сызықшаның болмайтындығын»
өте орынды айтқан. Жазушының көзқарасы оның творчестволық
алғашқы кезеңінің өзінен-ақ, бірден қалам ұстап, өмір көрінісін

таңдап қабылдай бастаған кезден-ақ байқалады.
«Пушкиннің дүние тану қабілеті әрбір өлеңнен шертіп тұрады.
Күйзелген дүниенің өксігі әр өлеңінен де естіледі. Ал, оның
тәлім берерлік мол идеялары тіптен шексіз болады.» дейді В. Г.

Белинский.
Осы айтылғандардай, Абайдың дүниеге көзқарасыда оның әрбір
еңбегінен айқын көрініп отырады. Әрбір шығармасында оның
көзқарасының шертіп тұратыны да, күйзелген дүниенің өксігі

естіліп тұратыны да, тәлім берерлік мол идеясының шексіздігі
де сөзсіз. Бұл жөнінде Абай шығармаларының ішінде оның
қарасөздері ерекше ескерерлік еңбектер. Себебі, Абайдың бірнеше
сөздері оның көзқарасын тікелей танытарлық, дін және дүниетану

ойларын айқын білдірерлік дәрежеде.
Абай ұлы ақын. Оның творчестволық арнасы өте кең. Ол тек
ақын ғана емес, соның үстіне өз кезінің ұлы ойшысы.

Жұмағали ЫСМАҒҰЛОВ

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ ТУРАЛЫ

Абайдың әдеби-шығармашылық мұрасында өлеңдері өрнекті
ой тізбегінен өркеш-өркеш болып жарыса бой көтерген құз қия,
шыған шыңдардың тұтасқан бір жүйесін құраса, қара сөздері
асқаралы алып жартастай өз алдына бір байтақ әлемді алып

жатыр. Ол – дүниенің небір тылсым құпияларынан шым-шымдап
шындық тартып, адам тіршілігінің сан сала тәжірибесінен сыр
түйгендей ғажап бір тағылымды ой-пікір әлемі.
Әдебиет мамандары мен сыншылардың Абай қара сөздерін

алғаш жарық көрген кездерден-ақ зерттеп зерделей бастағаны
заңдылық. Ал өз топырағымызда гуманитарлық ғылымдардың
өзге салалары тамыр жайып дами бастағанда, соның өкілдері
де Абай жазбаларын өздеріне қарай икемдеп игеру ниеттерін

байқатқаны және бар. Ол да түсінікті. Өйткені Абай мұрасында
сол ғылымдардың қай-қайсысына да зерттеу нысаны боларлық ой
кеніштері баршылық болатын. Әсіресе философия, педагогика,
психология, физиология, логика, этика, эстетика тұрғысынан

қисын іздеген мамандар ұлттық ғылым салалары үшін Абайдан
көп-көп деректер таба алатын-ды.
Солардың барлығына ортақ бір сипат тек Абайға ғана тән терең
ойлы даналық еді. Айтылған әрбір пікірінің берік дәйектілігі

мен дәлелділігі. Көркем шығармаға тән тартымдылығы мен тіл
оралымдылығы, оқырманымен ой бөлісіп сырласып, оның жан
жүйесін баурап отыратын әсерлілігі өз алдына.
Бұл жөніндегі тоқтамды төрелікті Мұхтар Әуезов айтқан.

«Жалпы алғанда, Абайдың осы қара сөз дейтін мұралары көркем
прозаның өзіне бөлек, бір алуаны боп қалыптанады. Бұлар
сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған
естегі мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы

шығармалар – Абайдың өзі тапқан бір көркем сөздің түрі»

(Мұхтар Әуезов. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеу. «Санат», 1995. 210-бет)18. Абай өзінің сөздерімен қазақ әдебиетінің тарихында көркем прозаның алғашқы негізін қалаушылардың бірі болды. Ыбырай Алтынсариннің оқулық хрестоматиясындағы көркем әңгімелер, аңыз-ертегілер мен аудармалар қатарында қазақ даласының екінші бір өңірінен оқырмандарға ұсынылған прозалық шығармалар осы қара сөздер болатын. Бұл мәселе қазір ешбір талассыз ақиқатқа айналған. Ал енді бұдан маңызы кем соқпайтын тағы бір мәселе қазақтың өз топырағында Абай даналығының ізашары деп атарлықтай ойшыл тұлғалар болды ма, болса олар кімдер еді деген сауал төңірегінде болса керек еді. Алдын ала айта кету керек, ондай сауал біздің өзімізге уақыт жағынан жақын тұрған етене ұстазымызды заманы басқа, өткен тарихта ақылмандық абырой-атағымен есімі қалған өзге ғұламаларға шәкірт ету арқылы Абайдың беделін көтеру деген есеп жоқ. Бұл тұстағы барлық ізденіс әрекеттерге ілік болған жалғыз ой – даналық тақыр жерге тамыр тартпайды деген шындық қана. Осы бағыттағы ізденістердің игі жемісі қазақ топырағында ертелі-кешті дүниеге келген ірі тұлғалар қатарында Әбу Насыр әлФараби, Жүсіп Баласағұн, Хожа Ахмед Яссауи сынды есімдердің анықталуы және олардың мәңгі өлмейтін еңбектерінің халықтың рухани қазынасына келіп қосылуы еді. Әл-Фарабидің есімі біздегі ғылыми ортаға өткен ғасырдың қырқыншы жылдары ғана мәлім бола бастады. Оны бірінші рет естіп, іздеу салуға кіріскен, белгілі геолог-ғалым Ақжан Машанов (Машани) ақсақал болатын. Ұлы Отан соғысы аяқталып, ғылымизерттеу жұмыстарына біршама мүмкіндік туа бастаған кезде, ол Шығыстың Аристотелі атанған екінші ұстаздың туған жері Отырар қаласының орнын зерттеп, одан кейін Уфа, Қазан қалаларының кітапханаларынан ғұлама еңбектерінің араб тілінде жазылған алғашқы нұсқаларын тауып алады. Одан кейінгі жылдардағы ол кісінің бұл бағыттағы жанкештілік ізденістерінің өзі үлкен бір хикая. Одан беріде Таяу Шығыс елдерімен мәдени қарым-қатынас орнап, дами бастауы нәтижесінде ғұламаның өмірбаяны, ғылыми мұрасы, бақилыққа аттанғаннан кейінгі жайласқан орыны жайында 18 Бұдан былай бұл басылымға сілтеме жасалғанда, тек беттері ғана көрсетіледі, – ред.

нақты мағлұматтар жиналды. Соның алғашқы нәтижесі ретінде
жетпісінші жылдардың бас кезінде Алматыда Әл-Фарабидің
туғанына 1100 жыл толуына арналған атаулы күн кең көлемде
өткізілді. Содан кейін өзіміздің Ұлттық Ғылым академиясы

төңірегіндегі Ағын Қасымжанов, Досмұхан Кішібеков, Мұқаш
Бурабаев сынды сол кездегі жас философ ғалымдардың күш салуы
арқылы дүние жүзінің әр түрлі қалаларында сақталып қалған араб
тіліндегі түпнұсқалары Мәскеу ғалымдарының көмектесуімен

орыс тіліне, одан кейін қазақ тіліне аударылып, бірнеше том
трактаттары жарыққа шығарылды. Сөйтіп қысқа мерзім ішінде
олар өзіміздегі зиялы қауымның тұрақты игілігіне айналды.
Осындай игі істің жалғасы ретінде Жүсіп Баласағұнның

энциклопедиялық маңызы бар әйгілі «Құдатғу білік» дастанын
сексенінші жылдары белгілі ақын Асқар Егеубай көне түркі тілінен
қазақшаға аударып, кейін сол еңбек бойынша «Кісілік кітабы» атты
ғылыми эссе және Жүсіп Баласағұнның жалпы өмірі мен кезіндегі

жемісті азаматтық қызметі туралы роман-эссе жазғаны белгілі.
Сондай-ақ
Қожа
Ахмет

Яссауидің
«Диуани
Хикмет»
жинағын тоқсаныншы жылдардың аяғында әдебиетші ғалымдар

Мұхамедрахым Жармұхамедұлы, Мақсұт Шафиғи, Сәрсенбі
Дәуітұлы бірлесе күш салып, көне түркі тіліндегі қолжазба мәтінін
қазіргі қазақ әліппесіне түсірді, одан кейін жолма-жол аудармасын
әзірледі де, сол нұсқа бойынша ақын Есенбай Дүйсенбайұлы

көркем аудармасын жасап шығарды.
Бұл тұста біздің зор қанағат сезімімен атап айтпағымыз – сол
ғұламалардың талай ғасырлардан біздің заманымызға жеткен
жазба аманаттарында байқалған өткен заманның ойшылдары мен

Абайдың арасындағы рухани, ғылыми және әдеби үндестіктің
мол екендігі, солардың дүниетанымындағы, табиғатқа, қоғамға,
адамның ақыл-парасатына, ғылым-біліміне, шығармашылық
дарынға көзқарастарындағы ортақ ойлардың бірлігі. Соларды

зерттеп, зерделеу барысында, әсіресе Ақжан Машанидің «Әл-
Фараби және Абай», әдебиетші ғалым Мекемтас Мырзахметовтің
«Абайдың адамгершілік мұраттары» сынды монографияларындағы
ғылыми дәлелденген орнықты пікірлері қазіргі абайтану ғылымына

айтарлықтай үлес болып қосылды.
Осындай жұмыстардың барлығын жинақтап келгенде, біздегі
абайтану ғылымы ұлы классигіміздің 150 жылдық мерейтойынан

бергі кезеңде едәуір жоғары сапалық деңгейге көтерілді деп атап
айтқан орынды деп білеміз.
Абай қара сөздерінің арғы төркіндеріне үңілгенде, осындай
шығыстық дерек көздерімен қатар біздің назарымыздың Батысқа

қарай аударылатыны да түсінікті. Абайдың Батыс Еуропа
әдебиетінен орыс ақындары арқылы Байрон, Гете, Шиллер,
Мицкевич өлеңдерін аударғаны көпке аян. Олардың бері жағында
оның өз бетімен ізденіп Дарвин, Дрепер, Льюис, Спенсер, Спиноза

сияқты ғалымдардың еңбектерімен таныс болғаны да белгілі жәйт.
Солардың ішінде ақынның Дрепердің «Еуропадағы ақыл-ойдың
даму тарихы» атты еңбегіне ерекше назар аударғаны байқалады.
Олай дейтініміз – одан бүкіл Еуропа жұртшылығының арғы-

бергі тарихындағы ғылым-білімнің, әдебиет пен өнердің, жалпы
өркениеттің даму жолынан Абай сияқты зерделі ой иесі көп-көп
мағлұматтар ала алатыны айқын еді.
Олай

болғанда,
Абайдың

XVІІ

ғасырдағы
француз
моральшылары Ларошфуконың максималарын, Паскальдың ой
өрнектерін, Лабрюйердің адам мінездері туралы нақылдарын,

XVІІІ ғасырдағы француз ағартушылары Вольтердің, Монтескьенің
философиялық роман, хикаяларына, көркем әңгімелеріне ерекше
көңіл аударуы әбден ықтимал еді. Әсіресе басты кейіпкеріне парсы
әдебиетінің классигі Сағди ақынның атын беріп, оқиғаны араб

жерінде өрбітетін Вольтердің «Задиг немесе тағдыр» атты хикаясы,
оның философиялық ойларға негізделген әңгімелері, Монтескьенің
«Фарсы хаттары» дейтін еңбегі Абайды қызықтырмауы мүмкін
емес. Абай оларды Дрепер арқылы білмесе, кейінірек орыс тіліне

аударылған нұсқаларынан танысуы әбден мүмкін.
Тіпті Абай соларды оқып білмеген күнде де, жалпы адам қоғамы,
адамгершілік жоралары, әртүрлі өмір мәселелері төңірегіндегі өзге
ел, өзге заман адамдарының ой толғауларындағы ортақ пікірлер,

ортақ бағыттағы адам даналығының даму заңдылықтары қай
зерттеушіні де елең еткізбей қоймаса керек.
Мынадай бір мысал. Сол он сегізінші ғасырда өмір сүрген
француз жазушысы Жермене де Сталь ханымда мынадай бір сөз

бар екен: «Высшие должности походят на крутые скалы: одни
только орлы да пресмыкающиеся взбираются на них».
Енді Абайдың отыз жетінші сөзіндегі белгілі нақыл сөзін еске
түсірейік:

Биік мансап – биік жартас,
Ерінбей еңбектеп жылан да шығады.
Екпіндей ұшып қыран да шығады.
Өзге өзгелер былай тұрсын, Абайға осы ойды француздың әйел

жазушысынан алды деп ешкім сезік тудыра алмас деп ойлаймыз.
Демек, ақын да, жазушы да әлде бір оқиғаны дәл бейнелейтін теңеу
іздеп қиялданғанда, солардың шарқ ұрған ойлары бір бағытта дәл
бір нүктеден түйісіп қалуы ғажап болмаса керек. Даналықтың

даму заңдылығын зерделегенде осындай жағдайларды да ескерген
мақұл болар.
Абайға өз заманындағы ойшылдардан ең жақын тұрғаны орыс
ғылымы мен әдебиетінің өкілдері екеніне ешқандай талас жоқ.

Әуезов бұл орайда қара сөздердің табиғатындағы өзгелермен
ұқсастық туралы айта келіп, алдымен Лев Толстойды ауызға алады.
Орыс данышпаны оқта-текте қарауындағы шаруа адамдарын
«Книга для чтения» дейтін топқа жинап алып, өзінің және

басқа авторлардың шығармаларын оқып береді екен. Солардың
төңірегінде әртүрлі әңгімелер өткізеді екен. Мұхтар Омарханұлы
қара сөздерде кейбір мазмұн ұқсастығы жағынан Герценнің «Былое
и думы» шығармасын да атайды.

Қалай болғанда да, Абайдың қара сөздерінің дүние жүзі
әдебиетіндегі даналық белгісі айқын туындылар қатарында
тұратынында ешқандай күмән болмауы керек деп ойлаймыз.
Енді қара сөздердің тікелей мазмұнына көшейік.

Бірінші сөз. Қай автордың болса да үлкен шығарманы қолға
алғанда, оған кіріспе ретінде алғы сөз жазатыны бар. Егер шығарма
иесі оны өмірінің сол кезеңдегі өткен ғұмырына көз жіберіп, бас-
аяғын оймен шолып өтпегі заңды болса керек. Бұл да – сол.

Абайдың өмір жолын біз әуелі оның өлеңдерінен білеміз.
«Соқтықпалы, соқпассыз жерде өстім. Мыңмен жалғыз алыстым,
кінә қойма», – деп, болашақ ұрпақ алдынан өтілетіні бар. Мына
кіріспені де содан бастап отыр: «алыстық, жұлыстық, айтыстық,

тартыстық, – әурешілікті көре-көре келдік... Ал енді қалған
өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай, өзім де
қайранмын».
Әрі қарай ақын қалған өміріне шақтап ермек іздегенде, бес

түрлі таңдауды алға тартады. Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, дін

бағу, бала бағу. Осыларды санамалап келіп, солардың бәрін де қабылдамайды. Міне, біздің кейбір зерттеушілеріміз дәл осы жерден жаза басады. Ақын осылардың бәрін тәркі қылып, жалпы керексіз нәрселерден табады дегендей жаңсақ ойды алға тартады олар. Жоқ, Абай олардың бірде-бірін адам тіршілігіне керексіз деп отырған жоқ. Тек өзі қалған өмірінде солармен шұғылданып, босқа азап көрмейін деген оймен айтып отыр. Әйтпесе, ол ел бағумен айналыспады ма? Айналысқанда қандай! Өмірінің ең қызықты, ең қайратты кезеңін сол ел қамы, ел тыныштығы, ел бірлігі деп өткізген жоқ па еді. Сондағы көргені не? Ол алғашқы мүшел жасынан асар-аспаста медіреседегі оқуын үзіп, ауылға келгеннен бастап аға сұлтан әкенің тілхатшылығы міндетін атқарып, ру ақсақалдарының арасындағы алауыздықтардың қақпақылында жүрді. Содан жігіт жасына толысқан кезінде патшалық әкімшілігі қазақ даласын басқарудың жаңа низамын енгізді де, ол, қаласын-қаламасын, ел билігіне тікелей араласып, соның қым-қиғаш қайшылықтарын қағылез зердемен ішіне түйе берген. Өз билігі мен өз білдігіне келгенде, ылғи да әділет жағынан табылатын. Сол үшін қалың ел оны құрметіне бөлеп, абыройын асырса, қыңыр мінез қисықтар оған үнемі іштей кек сақтап, араздық отын тұтатып жүретін. Солардан соққы да көргені бар. Бұл ел бағу деген ұғымға байланысты айтылуға тиісті сөз. Қалған таңдаулар жөніндегі істің сыңайы да сондай. Бәрін де бастан кешірген, бөрініңде рақаты мен бейнетін бірдей көрген. Сондықтан ақырғы түйгені: ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, іске жаратсын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дейді. Абай тартына айтып отыр. Мұның ішінде арзан сөз жоқ. Ақынның оқырман қауымға бұлай кішірейіп сөйлеуі жалған қарапайымдық та, жасанды кішіпейілдік те емес. Ұстаздың шәкірттеріне салмақ сала сынай айтқан сөзі. Әр жағында әр сөздің байыбына барып, мағынасын ұқ, содан ғибрат ал деген емеуріні жатыр. Одан кейінгі есте ұстайтын бір жәйт – Абайдың қара сөздері оның поэзиялық мұрасынан, өлең қазынасынан бөлек жатқан бөгде дүние емес, онымен тығыз байланысты, мән-мағына жағынан өрістес, ақын даналығының жаңа бір көрінісі дерлік туындылар.

Кейбір сөздерде ілгеріректегі өлеңдерінде айтып кеткен ойларды
пысықтап, кеңірек тарататын тұстары да кездеседі. Бұл жөнінде
М.Әуезовтің мынадай сөздері бар: «Абай өзінің өлең сөздерінің
көптен-көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі

түсінікті болмайтындай көреді. Онысы анығында солай да еді. Осы
жайды ескеріп, Абай енді қара сөзінде сол өлеңдерінде айтылатын
ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады» (211-бет).
Абай өлеңдеріндегі жеңіл ойға оңайлықпен алдырмайтын

мағыналық толымдылық пен астарлы тереңдікті А.Байтұрсынұлы
да өзінше жеткізіп айтқан: «Сөзі аз, мағынасы көп, терең.
Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп,
көбінің мағынасына жете алмай қаласың. Кей сөздерін ойланып

дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да түсіне
алмайды. Не мағынада айтылғанын басқа біреу баяндап ұқтырғанда
ғана біледі... Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған
кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағынан

болатын кемшілік» (Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары. Алматы.
«Жазушы». 1989, 298-299-беттер).
Әрине, бұл айтылғандарға қарап, автордың қара сөздерін
алдыңғы өлеңдеріне жазған қосымша түсіндірме екен деп те

ұшқары ұғынуға болмайды. Бұл туындылар, қайталап айтайық,
өмірге өзіндік міндеттерін арқалап келген, оқырман алдынан
ақыл-ойдың жаңа бір кеңістіктерін ашатын тың дүниелер, соны
сонарлар.

Абайдың қара сөздерін алғаш рет қарастырып, оның мағыналық-
көркемдік ерекшеліктері туралы келелі ғылыми пікірлер айтқан да
Мұхтар Әуезов болатын. Өзінің жоғарыда аталған монографиялық
зерттеуінде ол қара сөздерді ақынның поэзиялық мұраларынан жеке

тарауша етіп бөліп алып, оларды тақырыптарына, дерек көздеріне,
тағы басқа ұқсастықтарына немесе өзгешеліктеріне қарай жіктеп
сөз қылады. Олардың жалпы жиынтығын қазақтың шығу тарихы
жөніндегі очеркімен қоса қырық алты сөз деп санамалайды да,

олардың ішінен көлемі шағын және кейініректе қайталауы бар
жеті сөз бен мазмұн, тақырып жағынан оқшаулау тұратын төрт
сөзді бөліп алып, жиыны он бір сөзді бір жүйеге жатқызады.
Одан әрі «Абайдың анық қара сөз» атты мұрасына жататын отыз

бес сөзін» (М.Ә.) шартты түрде он-он бес тақырыпқа бөліп, әр
қайсысын қысқаша шолып өтеді. Солардың ішінен ел мінезі, ел

билігі, тәрбие мәселесі, дін және мораль деген тақырыптарды ерекше атап көрсетеді. Біз өз жұмысымызда Мұхтар Омарханұлының осы айтқандарын белгілі бір дәрежеде әдіснамалық бағдар ете отырып, ұлы ұстаздың қара сөз қисындарын кеңірек көлемде талдап, оның идеялықкөркемдік ерекшеліктерін толығырақ қарастыруды мақсат етпекпіз. Бұл орайда алдымен ауызға алып айтарлық бір жәйт – ақынның өлеңдері сияқты, мына қара сөздерінде де әңгіменің негізгі нысаны – қазақ өмірі, қазақ тіршілігі. Бұл сөздердің тең жартысында дерлік негізгі кейіпкер – қазақ халқы. Олардағы сөздің мысалы «қазақ», «біздің қазақ» деп келеді. Бірақ, біздің байқауымызша, автордың сол халыққа, қазаққа деген көзқарасы, ықылас-пейілі өлеңдеріндегіден гөрі өзгерген, бір түрлі өзгешелеу сияқты көрінеді. Айталық, халқына арнаған алғашқы өлеңдерінің бірі – «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп басталатын шығармасының алғашқы тармағында-ақ ақын жат жұрттық отаршының тегеуріні темір бұғаудай бодандығына түсіп қамалған қандастарының тағдырын ойлағанда көкірегі қарс айрылғандай болып күңірене егілмейтін бе еді? Оның дүниеге алғаш келгендегі шараналық күйден тезірек арылып, адам дәстүрлі өркениетке тартылмағаны былай тұрсын, ең болмаса есейе келгенде мұртының шалғысын басарлық ұстара жүзін де көрмей, жабайылық шеңберінде қалып қойғанына бір қынжылса, одан кейінде жақсы менен жаманды айыра алмай, екі ұртының бірі қан, бірі май болған пұшаймандық халін көргенде, көңілін өкініш пен аяныш сезімі қатар билейтін. Айналасы отыз жолдық өлеңде қазақ атты халықтың кежегесін кейін тартып, ілгері бастырмай отырған он бес түрлі келеңсіз мінезі тізіп көрсетіледі. Бірақ ақын түңілмейді, сол кемшіліктерді бетке басып айтса түзеліп кетер деген үмітін үзбейді. Осы өлеңмен жазылған мезгілі жағынан шамалас тағы бір шығармасын қарастырып көрейік: Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман. Шошимын кейінгі жас балалардан. Терін сатпай телміріп, көзін сатып, Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман. Ақын бұл өлеңді жазғанда, жасы қырықтан жаңа ғана асып бара жатқан. Сондай қылшылдап тұрған шағында оны жасына жетпей қартайтып, уайым-қайғыға батырған не нәрсе еді?

Оның себептері өте көп. Ең бастысы – халықтың басына түскен заманның тақсіреті. Сонсоң содан туындаған адам мінезінің неше түрлі қиян-кескі қисық-қыңыр қырсықтары. Шығармада сөз болып отырған алармандық – солардың біреуі. Таратыңқырап айтқанда, жұрттың ындын-ықласының бұзылуы. Сұраншақтық, тіленшектік, масылдық. Біреудің мүлкіне өзге біреудің көз алартуы. Ол дертке шалынбаған ел ішінде ешкім жоқ: бай да, кедей де; болыс та, би де; алыс та, жақын да; қас та, дос та. Әкені бала, ағаны іні аңдиды. Берсе қолынан, бермесе жолынан дегендей. Ақынның бұл сияқты жағымсыз мінездерді санамалап келіп, бірде санасына құйып, ақылмен айтатын, бірде намысына тиіп, ащы әжуамен жанына батырып айтатын басқа да өлеңдері баршылық. Ал солардың бірде-бірінде ол халқына кектенбейді, қазағынан безбейді. Тілеулестігінен танбайды. Айтар сынын айтып-айтып келіп: «Бұл сөзімде жалған жоқ, айтылмай сөзім қалған жоқ» деп ағынан жарылады да, тыңдаушысын осы сөздерге сенуге шақырады, ақылға келуге үндейді. Сөйткен Абайдың тоғызыншы сөзде қазағына деген көзқарасы күрт өзгеріп кеткен сияқты. «Осы мен өзім – қазақпын, – деп алады да, қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе?» – деген сұрақты көлденең тартады. Бұл сөздерді оқығанда тіксініп қалатынымыз рас. Дегенмен Абайды әрі қарай тыңдап көрейік: «Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уә, әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, я көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем, сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей, жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан көшіп кету керек еді. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай?» Абайдың халық тағдырына байланысты көңілге түйген ең үлкен қасіреті осы. Енді соның себебіне ой жүгіртіп көрейік. Ақынның жоғарыда қарастырылған екі өлеңі 1880-ші жылдардың орта кезінде жазылған. Ал мына қара сөздерінің қағазға түскен мезгілі, шамамен, тоқсаныншы жылдардың іші. Арада өткен уақыт он-он бес жылдай ғана. Әрине, бұл мерзімде қазақ атаулының мінез-құлқы түбірімен

өзгеріп, оңды жолға түсе қалмағаны белгілі еді. Өйткені алғашында ел ішін бөріктіріп, ала тайдай ылаң сала келген патшалықтың отарлау саясаты бұл жылдардың ішінде бәсендеу былай тұрсын, одан сайын қатайып, ел билеудің қыр еліне жат түрі жыл өткен сайын тереңдеп орныға түскен. Халықтың ниет-пиғылының бұзылуына көп себептердің ішіндегі басты біреуі де осы болатын. Оны Абай білмеді емес, білді. Білгендіктен де бір айтпады, көп айтты. «Заманына қарай амалы» немесе «Басқа түскен баспақшыл» деген сияқты ескі жораға бой ұсынып, елдіктің бір оңтайлы жолын көп болып көлемдесіп қарастыру жағын әрдайым еске салып отырған. Соның бірі – елдің ынтымағы, бірлігі, өзара татулығы еді. Ақын осы ақылының ел санасына қонбағанына қиналады. «Бір кезде өзі діттеп айтқан: «Біріңді, қазақ, бірің дос – көрмесең істің бәрі бос» деген сөзінің далаға кеткеніне назаланғандықтан болар – жиырма алтыншы сөзде: «қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ» дейтіні. Бұл – әбден ашынғандықтан айтылған сөз. Бірақ қанша ашынса да, халықтан ара жігі ашылмайды. Осы орайда бірінші сөз соңындағы мына бір тіркестерді еске алуға тура келеді: «ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе өз сөзім өзімдікі», – дейтін еді ғой Абай. Әрине, ол ермек үшін, құр уақыт өткізу үшін жазған жоқ және «керегі жоқ десе, өз сезім өзімдікі» дегенде анық кәдеге аспайтын арзан сөзді жазбайтыны тағы белгілі. Сондықтан бұл қара сөздерді санасының саңылауы бар әрбір қазаққа арналып, ең қарапайым тілде барынша түсінікті етіп жазылған аса лұғатты ақыл-кеңестер деп ұғынған жөн. Бәлкім, бұл ұлы ұстаздың өмірінің ең соңғы кезеңінде болашақтағы талай ұрпақтарға арнап қалдырған өсиеті де болар. Сондықтан ондағы жоғарыда көрсетілгендей кешірімшіл сарынды ұлы жүректің ұрпақтарға білдірген кеңпейіл ізгілігі деп түсінгеніміз абзал. Енді негізгі ойымызға оралайық. Абайдың кіріспеден кейінгі алғашқы сөзді қазақтың өзімен көршілес өзге халықтар жөніндегі пікірлерінен бастауы тегін емес. Ол кездегі қазақ патшалықтың боданында қамалып қалды. Дегенмен де, өзге дүниеден біржола оқшауланып қалған жоқ-ты. Өзімен көршілес өзге де бауырлас

халықтармен белгілі көлемде істестігі, аздаған аралас-құраластығы болып тұрған. Ешқайсысымен жауласпаған, бірақ жатырқауы бар. Сондықтан да болар, ылғи да тіксіне қарайды, істеген істерінен әлде бір оғаштық көруге бейім тұрады. Өзбек туралы айтатыны мынау: «арқадан үй төбесіне саламын деп қамыс артқан... көз көргенде әке-үке десіп, шығып кетсе қызын боқтасқан, сарт-сұрт деген осы...». «Бет бергенде шырайың сондай жақсы, қайдан ғана бұзылды сартша сыртың» дейтін өлең жолдары да осы сөздермен сабақтас. Ертеден бері етене болып келе жатқан татарлар жөнінде де осы сияқты: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе шаршап, жаяу жүрсе демін алады; ноғай дегенше ноқай десеңізші, түкке ыңғайы келмейтұғын солдат ноғай, қашқын ноғай...». «Орысқа да күлуші еді: ауылды көрсе шапқан... Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, ұзын құлақты тауып бер депті... деп». Көріп отырмыз, өзімен көрші отырған үш халықтың бірдебіріне қазақ зілденіп, жек көрініштілікпен айтпайды. Жаңағы жеңіл қалжың, кексіз келеке сөздер көбінесе білместіктен айтылған бейкүнә нәрселер болып шығады. Әйтпесе қысы-жазы көшіп жүретін қазақтай емес, ертеден отырықшы болып қалған өзбек үшін ең басты мәселе баспана емес пе? Сондықтан сол үйдің қамы үшін қамыс керек болғанда, онда қазақтың Арқасы түгіл, қай қияннан тасуға да пейіл тұрған көрші халықтың еңбекшілдігіне күлудің орнына білген адам іштей қызығып, ырза болмас па! Есейе келіп, жете таныған кездегі Абайдың көргені жаңағы қаймана қазақ айтқаннан мүлде өзгеше жағдай: «Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудегерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, бірімен бірі ешбір шаһары жауласпайды. Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың әлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой». Осы тұста ерекше назар аударарлық бір сөз бар. Ол Абайдың: «Орысқа қараған сонда орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті» дегені. Жоғарыда біз ақынның өз қазағына не үшін өкпелі болғанын шетжағалап айтқан едік: бодандыққа ақыры түскеннен кейін заманына қарай бір амалын ойластырмағаны, орынды сөзге құлақ қоймағаны үшін қынжылған ол. «Отаршыға қарсы бақан ала

жүгірмедің» деген жоқ-ты. Буынсыз жерге пышақ ұрса ол Абай болар ма еді? «Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ», – деп қынжылған еді ғой ол. Сөйтсе, бодандықта жүріп те өлместің күнін қылуға болады екен, ұстаз соны діттеп отыр. Абайдың бұл сөздегі татар мен орыс туралы айтқандары да – осы сияқты тағылымды ойлар: «Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды; молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып мал табудыңда жөнін солар біледі... Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз». Демек, біз күлмеске күліппіз. Көрші халықтардың өмір тәжірибесіндегі тағылымды жағына үңіліп, содан үлгі алудың орнына, сыртына қарап үркіп, жаңсақтық жасаппыз. * * * Бұдан кейінгі сөздерінде Абайдың бірнеше сұрақты түйдектетіп қатар қоятыны бар. «Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілегін бірі тілемейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не?» (Үшінші сөз). Бұлардың жауабын автор тым әріден іздейді. «һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз, қорқақ мақтанғыш келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз, надан арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады». Ертеден жалпы адамзатқа ортақ осындай ақиқаттарды қазақ өміріне салыстырып өлшегенде, солардың нақтылы көрінісі қандай болады екен, Абайдың ойы осы төңіректе өрбиді. Сөйтсе мұның бәрі әуелі көшпелі елдегі төрт аяқты малды қалай көбейтемін деген бірден-бір өзімшіл тойымсыздықтан туады екен. Ондай малжанды адам тек өзі ғана емес, балалары да малды болса екен деп тілейді. Сол тілегіне жетсе болды, ол малдарын өзгелерге бақтырып, өздері соның бар рақатын көріп, бұла болып жатпақ. Бірақ ол бұлалық оп-оңай келе қоймайды. Алдымен мал көбейген соң жер тарлық қылады. Сондықтан ол қолындағы бар

байлығын пайдаланып, өзгенің жерін сатып алмақ, одан да гөрі
дұрысы – амалы жетсе қулықпен ептеп алмақ, күші жетсе тартып
алмақ. Ол жерінен айрылған басқа бір әлсізге тиіспек, ешбір амалы
болмаса қаңғырып кетпек. «Әрбір қазақтың ойы осы».

Әрине, ол өзгеге достық ойламайды. Себебі, елде кедей көп
болса, ақысы арзанға түседі, жер босайды. Мұндай арам ой әуелі
іште жүреді де, бара-бара сыртқа шығады. Аяғы жауластыққа,
дауластыққа,

партияластыққа
ұласады.
Олардан
барып

мансапқорлық туады. Болыстыққа, билікке талас туады. Бұлардың
арасында қыстырылып ұрлық-қарлық жүреді. Біреудің үстінен
біреу пәле жауып, көрсетінділік көбейеді. Іс насырға шапқанда,
ұлыққа барып жүгініп жан сақтауға мәжбүр болады. Осыдан барып

парақорлық туады. Қазақтың «ісі білмес, кісі білер» дейтін мақалы
осыдан шыққан.
Ел ішіндегі телі мен тентекті жөнге салып, тыйып тастап
отыратын болыстың жайы белгілі. Ұлықтарға параны беріп-

беріп, ел ішін жікке бөліп, үш жылдық мансапқа қолы әрең
жеткен болысекеңнің бар ойлайтыны – өз қара басының қамы,
келесі сайлауда сол биліктен айрылып қалмау. Оның жайын ақын
«Болыс болдым мінеки» деп басталатын өлеңінде жеріне жеткізе

әшкерелеген.
Ел өміріндегі осындай келеңсіздіктерді тізбектей келіп, Абай
қазақ даласын басқарудың мың да сегіз жүз алпыс сегізінші
жылдан бермен қарай қолданылып келе жатқан жаңа низамның

жарамсыздығын дәлелдеп көрсетеді. Болыс сайлауды талапайға
салмай, іскерлік қабілеті мен адамгершілік қасиеті жағынан
лайықты адамдарды жоғарғы әкімшілік орындары тағайындап
қоятын болсын деген пікір айтады. Халықтың ертеден бері, сонау

Қасым ханның қасқа жолы мен Есім ханның ескі жолында сыннан
өткен, Тәуке ханның «Жеті жарғысында» заң жүзінде бекітілген
дәстүрлі жораларын жаңа заманның талаптарына сай етіп өзгерте
қолдануды ұсынады.

Бұдан әрі Абай қазақтың «Өнер алды – бірлік, ырыс алды –
тірлік» деген мақалынан шығарып, бірлік, тірлік деген ұғымдар
туралы сауалды алға тартады (Алтыншы сөз). Сөйтсе, қазекең
бұл атаулардың байыбына бармай, құр жаттанды мақалды теріс

ұғынып жүр екен. «Қазақ ойлайды: бірлік – ат ортақ, ас ортақ,
киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда

байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек?». Бақсақ, бірлік деген малға бірлік емес, ақылға бірлік екен, ақылдың ортақтығы екен. Ағайын ақылдың бірлігі үшін ақы дәметпеуі керек екен. Ондай мал беретін ақылы бірлікке ай даладағы жат адамдарды да жалдап алуға болады екен. «Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы», – дейді ұстаз. Өйткені ондай сатулы бірліктің түбі үлкен пәлеге апарып соғады екен. Автор соны таратып айтады. Сол сияқты «тірлік» деген ұғымның да мәні көпшілік жұрт ойлағаннан өзгеше болып шықты. Кеудеден жан шықпағанның бәрі тірлік емес екен. Ондай тірлік итте де бар. Оны бұлдаған адам күнәқарлыққа ұшыраса керек. Өйткені ондай арзан өмірді аяп жүріп, небір абзал адамгершіліктен ада болған адам жаңағы «ырыс» деген қасиетті ұғымға қарсы келеді екен. Демек, «тірлік» деп «көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады екен. Өзі тірі болып, көкірегі өлі болса, ондай тіршіліктің ешқандай қадірі болмайды екен. «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тындайды» (Сегізінші сөз). Бәсе кім? Жұртты адамгершілікке баулимын деген адамның аузынан шығуға тиісті заңды сұрақ. Бірақ жауабы қиын көрінеді. Болыс-билер ме? Жоқ, оларда үйренейін деген ниет жоқ. Өйткені олар бәрін біледі. Барлық дүниенің кілтін қолға ұстадық деген ой ғой оларды билікке итермелеп, сау бастарын саудаға салып жүргендері. Өздері бәрін біледі, мінездерінде мін жоқ. Бір бастарына жетерлік шаруалары да баршылық. Солардың барлығын жиынтықтап келгендегі тірелер жері біреу-ақ. Ол – өздерінің мансаптары. Соны қалай ұстап тұру керек, пайдасын қалай еселеу керек, жоғарыдағы ұлықтарға қалай жағу керек. Осы керектерді түгендесе, басқа ақылдың, өзге насихаттың қажеті не оларға?! Байлар да солай. Бастарына дәулет қонып, дүние түгенделіп тұр. Жетпейтіні болса сатып алады. «Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, арамдық, ақыл, ғылым, білім дегендер малдан қымбат емес. Мал болса Құдай тағаланы да паралап алса болады дейді». Діні, Құдайы, халқы, елі-жұрты, ар-ұяты – бәрі мал. Одан басқаға қолдары тимейді. Ұры-залым, сұм-сұрқия болса да тыңдамайды. Сонда кім қалды? Күндерін көре алмай жүрген «қой жүнді

қоңыршалар» ма? Бұлар ғылым-білімді, ақылды қайтсін? Бізді
не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!» дейді. Олары да жөн
сияқты.
Демек, жоғарыдағы сұрақтарға жауап жоқ. Бірақ түйінді

жауап іштерінде. Оны өздерің ойланыңдар деген салмақты
ұстаз тыңдаушылары мен оқырмандарына қалдырып отыр.
Біреулер Құдайдан бала тілейді екен. Ол баланы не қылады?
(Оныншы сөз). Жұрттың көбі ойланбастан-ақ жауабын тақ

еткізетін сұрақ. Бірақ Абайдың қойысындағы мәні өзгелер
ойлағаннан гөрі тереңіректе жатқанын көреміз. «Өлсем
орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді,
қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?».

Мінеки, ұстаздың мәселе қою жосығы осылай болып келеді.
Одан әріде автор оқушымен сөзбе-сөз айтысқа түседі. Бір
сұрақтан бірнеше сұрақ өргізеді.
«Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние

иесіз қалар дейсің бе? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып
айтқаның ба?.. Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік, не
түрлі боларын біліп сұрадың?.. Өзіңнің қылған иттігің аз болды
ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға... мұнша неге

құмар болдың?».
Тыңдарманы мен оқырманының жер-жебіріне жетіп осылай
айтқаннан кейін әр жағындағы жауабын күтпесе де болғандай.
Ақынның өлеңіндегі: «Ол да өзіндей ит болсын азғыр-азғыр»

деген ызғарлы сөздері ғана ойға оралады. Дегенмен автор
жаңағы көп сұрақтардың жауабына да тарылмайды. Бәрінің
де орынсыз, болмашы, жалған екендігін бұлтартпай дәлелдеп
береді.

Сондағы көп сұрақтың тірелер жері – бір ғана түйін: ұрпақ
мәселесі, бала тәрбиесі. Бала көрсең, оны жеке өз басыңның
қызығы деп ойлама. Тапқан-таянғанынды балаңның дұрыс
тәрбиеленуіне жұмса, еңбек етуге баулы, ғылым-білімге үйрет,

адамгершілік мұраттарына адал қылып өсір.
Өкінішке қарай, жұрттың көбі иттікпен тапқан малды
адамшылықпен жұмсай білмейді. Осыған жалғас, адамгершілік
деген биік ұғымды аяққа басқан айуандықтың тағы бір жексұрын

түрлері туралы қысқаша әңгіме мына сауал төңірегінде қозғалады.
«Осы елдің үнем қылып жүргені немене?» (Он бірінші сөз).

Екі нәрсе екен. Әуелі – ұрлық. Оның жаман нәрсе екені
әркімге де аян секілді. «Ұрлық түбі қорлық» деген мақал
баршаға мәлім. Бірақ одан туындайтын кептердің көп екенін
жұрт біле бермейтін болуы керек. Ұстаз соған назар аудартады:

«Ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып,
тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп даугерді
жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр». Қарапайым көлденең
жұрттың дәмесі де зор. Біреулердің ұрыны ұстап беріп мал

табам деп иегі қышыса, енді біреулер «алатұяқ» малды арзанға
түсіріп, нәпақа таппақ, тағысын тағылар.
Жұрттың тыныштығын бұзып, тұнығын ылайлап жүрген
екінші кесел – бұзақылық. Басқа сөзбен дәлдеңкіреп айтқанда,

біреуді біреуге айдап салып, ел арасын алатайдай бүлдіріп,
бейқам жүрген бейбіт адамдарды азғырып-аздырып, соларды
тамақ қылғысы келетін қулар.
Ал ұлықтар болса, солардың қай-қайсысына да тыйым

салып, тыныштық орнатудың орнына оларға «үрит, соқ-соқ!»
деп, жел бере түседі. Енді ел қайдан тыныш болсын?!
Бұл орайда Абайдың көлденең тартатын тағы бір төтенше
сұрағы бар. «Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп,

кімді қадірлеймін?» деп тағы ойға қалады ол (Жиырма екінші
сөз).
Байды қадірлейін десе, елде бай жоқ екен. Өз басының, өз
малының еркі өзінде болмаса, оның несі бай? Ешкіммен күш

таластыра алмай, кім көрінгеннен қорғалақтап, кім көрінгенге
жалынып, малын шашып жүрген адам қалай баймын деп кеуде
көтере алады.
Байлар жүр жиған малын қорғалатып,

Өз жүзін онын беріп алар сатып.
Онын алып, тоқсаннан дәме қылып.
Бұл жұртты қойған жоқ па Құдай атып, –
деп ақынның өзі бір өлеңінде айтып кеткен жоқ па еді, сол

тазкепеш байлардың басынан әлі түспепті.
Мырзаларды қадірлейін десе, осы күнде анық мырза да жоқ.
Бәрінікі есеп, мырзалық тек пайда келетін жерге, болмаса күні
түскенге ғана жүреді. Болыс пен бидің ниеті олардан да жаман.

Олардікі тек сатып алған, жалынып алған мансап. Табиғатына
біткен, Құдай берген ел құрметінің нәтижесі емес. Әр нәрседе

өзінің беті бар, табан тірерге келгенде сол бетінен қайтпайтын
мықты бар емес пе еді. Сондай бір мықтыны сыйлайын десе,
ол да табылмайды. Жаманшылыққа келгенде бәрі мықты, ал
жақсылықты бел шешіп жақтайтын мықты елде жоқ. Жә, олар

жоқ екен, өзінің бой-басымен елге сыйлы көрінетін кәдімгі
есті кісі болмаушы ма еді? Масқара қылғаңда, елде сондай есті
адам да қалмапты. Әділет, ұят, нысапқа келгенде есті жоқ, ал
қулық, сұмдық, арамдық амалға жұрттың бәрі есті. Сондықтан

амалсыздықтан болса да, ақын: «ырыс баққан дау бақпас»
деген жорамен ендігі тілегін де, ықыласын да байға аударады;
ұры, залым, қуларға жем болып жүрген шын момын байдың
тілеуін тілеу ғана қалады. Елге тіреу болатын адам іздегенде,

соған үміт артады.
Абайдың айтуынша, біздің қазақты ондырмай жүрген тағы
екі нәрсе бар екен. Бірі – қуаныш, екіншісі – жұбаныш. Бірақ бұл
екеуі де жалпы халық ұғымындағы жақсы мағынасында емес,

әлгіндей есеп-қисаппен өңі өзгерген қуаныш пен жұбаныш
(Жиырма үшінші сөз). Мәселен, сондай жалған қуанышты місе
тұтқан тоғышар елде не бір жаманшылықты көрсе, не естісе,
өз-өзінен тоқмейілсіп: «Құдай пәленшеден сақтасын, оның

қасында біз тәп-тәуір адам емеспіз бе?» – дейді екен.
Шындығында адам деген өзін-өзі жаманға салыстырып
жақсы бола ала ма? Жақсыға қарап, соған бой теңестіру арқылы
абройлы болмай ма?!

Жұбаныштарының түрі де сондай: жалғыз біз бе, жұрттың
бәрі сөйтіп жүрген жоқ па. Көппен көрген ұлы той, көппен бірге
болсақ жарайды деп мардымсиды. Соны жұбаныш қылады.
Бұл да парасатты адамның айтатын сөзі емес. Адасқан көппен

бірге адасу керек пе? Сол адасқан көпті дұрыс жолға салып
жіберетін бір естияр болса, соның өзі де үлкен жетістік емес
пе? Ұстаздың сөз қисындары оқырманды осындай байсалды
ақыл-парасаттың ауылына қарай жетелейді.

Қазақтың
қуанбас
нәрсеге
қуанып,

беталды
далбақтайтынының өте бір залалды түрі жиырма алтыншы
сөзде айтылады. Бағзы біреулер өзгенің аты озса, балуаны
жықса, салған құсы, қосқан иті аң ұстаса, соған есі шығып

қуалады. Осының бәрін ол қарсы жақтағы адамдарды мұқату
үшін, ызаландыру үшін істейді. Жаңағы олжа көріп, қуанып

отырған нәрселерінің бәрі уақытша, ауыспалы, ертең өзгеге
нәсіп болатын жәйттер екені есінде жоқ. «Қазақтың қазақтан
басқа жауы жоқ» дейтін түбі суық түсінік осыдан барып өрбиді
екен.

Бұдан шығатын қорытынды: надан ел қуанбас нәрсеге
қуанады, ондай қуаныш тіпті шектен шығып кетеді. Ұялғанда да
солай: ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды.
Мұның бәрі – надандық, ақымақтықтың әсері.

Көріп отырмыз, біз қарастырған бірсыпыра сөздерде Абай
өзінің және оқырманның алдына әртүрлі сауалдар қоя отырып,
соның жауаптары арқылы қазақтың ақыл-санасына көлеңке
түсіріп жүрген бірқатар келеңсіздіктердің бетін ашады. Бұл

сөздерде Абай, М.Әуезов айтқандай, өзінің оқушыларымен
әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып
отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді... Кейде өзінің көз алдында
отырғандай, тыңдаушысына сұрақтар береді. Өзі онымен

жауаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады (210-211
беттер).
* * *
Енді бір алуан сөздерде оқырманға, яғни өзінің қазағына таза

адамгершілік жайларын әңгімелеп, тура жолды нұсқайтыны біз
үшін ерекше маңызды болып көрінеді. Солардың ара-арасында,
адамды кейін сүйрейтін кереғар жәйттерге қайта айналып соғып
отыратыны да өте тағылымды. Бұл сөздердің негізгі мазмұны

адам мінезіндегі алалықтар, жағымсыз әдеттер жайы болғанда,
оларды кейде өз тәжірибесіндегі көзі көрген адамдардың
басынан алынғандығы да аңғарылады. Немесе қазекең кейбір
ұғымында алып-қашпа жеңілтек мінездерді жақсы қасиетке

бағалап, жаңсақ ұғынғандықтан, сол мақтаны анығында кісі
сүйсінерлік болмай, адам ұяларлық, намысқа тиерлік оғаштық
болып шығатыны бар. Абай сондай мінездердің шынайы
мәнін ашып, терісінен бездіріп, оңына қарай бой ұрындырып

отырады. Ең бастысы, әрбір келеңсіздіктің түпкі себебін ашып,
салдарынан безіндіретіні – өз алдына бір сабақ.
Мысалы, он төртінші сөздегі жүректілік деген ұғымның
мәніне үңілейік. «Біздің қазақтың жүректі кісі дегені –

батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап

біле алмайды», – дейді Абай. Сөйтсе, жүректің ырқымен
болатын мінез көріністері әртүрлі болады екен. Рақымдылық,
мейірбандылық, кісінің өзіне тілеген игілікті өзгеге де болсын
деген кең пейілділік, өсіресе ғашықтық, сүйіспеншілік секілді

күшті сезім де жүректің ісі екен. Абайдың: «тіл жүректің
айтқанына көнсе жалған шықпайды» дегенінде терең мән бар.
Адам әр нәрседе жүректің қалауымен жүруі керек екен. Бірақ,
өкінішке қарай, үнемі олай бола бермейтіні және бар.

«Амалдың тілін алса жүрек ұмыт қалады». Барлық гәп осы
жерде. Абайдың «амал» деп отырғаны – күнделікті күйкі өмірде
қысқа тілектен туындайтын қулық-сұмдық, алдау-арбау сияқты
арамбез әрекеттер. Олардың айтқанымен жүрген жерде жүректе

ізгілік қалмайды екен. Сол себептен де «қазақтың жүректі кісі»
дегені мақтауға тұрмай қалады екен.
Одан әрі ұстаз осының себебін ашады. «Қазақ та адам
баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып

аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан
азады. Білместігімнен қылдым дегеннің көбіне нанбаймын.
Білімді білсе де, арсыз қайратсыздығынан ескермей, ұстамай
кетеді».

Мұндай адамды Абай тәуір жігіт түгіл, тіпті адам қатарына
қосуға да күмәнданады.
Осыған жалғас он бесінші сөзде ақылды кісі мен ақылсыз
кісінің парқын ақынның өз білуінше, яғни өз ақылына салып

саралауы да өте тағылымды болып көрінеді. «Әуелі – пенде
адам болып жаратылған соң дүниеде ешбір нәрсені қызық
көрмей тұра алмайды». Бірақ осы қызықтаудың да жөн-жосығы,
шеті-шегі болады екен. Есті адам орынды іске қызығып, шын

құмарланып іздейді екен-дағы, содан кейінгі өміріне пайдалы
ғибрат алады екен. Ал есер кісі, керісінше, қайдағы бір баянсыз,
бағасыз нәрсеге қызығып, өмірінің қымбатты шағын өткізіп
алады екен де, кейін соған өкінеді екен.

Үшінші бір зиянды нәрсе – әр нәрсеге қызығып, еліктемей
солықтап жүріп, құмарлық атты дертке шалыну болмақ керек.
Ондайда есті кісілер ақылды қолдан жібермей, бойын алдырмай,
өзіне өзі ие болады екен. Ал есер кісілер «ер-тоқымын тастап,

бөркі түсіп қалып... екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді
біледі екен» Абай соны көрдім дейді.

Ақынның ақыр-соңында айтар ақылы мынадай:
«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір
мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен
өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай

өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды,
күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса,
не қылып өткізгеніңді өзіңде білмей қалыппысың?».
Ғажап-ау, жарықтық күні бүгін дәл қасымызда отырып, бізге

өмір сырын ауызба-ауыз ұғындырып бергендей ғой, сірә!
* * *
Абай
адамгершіліктің

ақыл-парасат
сынды
асыл
қасиеттерімен бірге адамның күнделікті өміріндегі, бой-

басындағы ұсақ мінез-машықтарға да үлкен маңыз берген.
Соның бір мысалы – он сегізінші сөздегі кербездік туралы
айтқаны.
Кербездің екі түрлі қылығы болады екен: бірі – бетпішінін,

сақал-мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп,
шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын,
киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы,
жұғымды жігіт атанбаққа ұмтылу, яғни сыртын сылап, сол

арқылы ішкі болымсыздығын көзден таса ұстауға тырысушылық.
«Мұның бәрі – масқаралық, ақымақтық» дейді ұстаз. Ондай
жасанды, жалған мінезге бой алдырған адамның қайта оңалып,
табиғи қалпына келуі қиын екенін ескертеді. Кербез дегенді

осындай кер, кердең қылықтан безіңдер деген мағынада
түсінетінін айтады. Адам баласы өзгеден ақыл, ғылым, ар,
мінез деген нәрселермен озбақ екенін алдыңғы орынға қойып,
артықша санайды.

Абайдың
адам
мінезіндегі
парасатты

адамгершілікке
жатпайтын, оған мейлінше жат, жағымсыз, жиіркенішті
қылық-машықтарды сынауында кейінгі ұрпақтар сабақ алатын
бір шындық бар. Ол – жақсы мінез нышандарының әкеден

балаға, атадан әулетке тарап, тізбекті дәстүрге айналатыны
сияқты, жаман мінездер де кісіге жұққыш. Әсіресе ата-анадан
кейінгі ұрпаққа тарап, тұқым қуалап кететіні болса керек.
Ғылым тілінде, әлеуметтік өмір саласында қоршаған орта

деп жататынымыз да осыған саяды. Қазақтың ескі ұғымында
көргенді-көргенсіз, текті-тексіз деген ұғымдарлың қалыптасуы

да тегін болмаған. Ұстаздың қара сөздерінің көпшілігін жалпы қазаққа қаратып айтуында өзіндік мән бар деп білеміз. Мінездің міні жеке баста ғана болмай, көпке тон болғандықтан, оны баршаға қарата жалпылай айтуға мәжбүрлік Абайды халықтың санасына сіңіп кеткен, мағынасы теріс бірсыпыра нанымдарды, мақал-мәтелдерді қатты сынап әшкерелеуге жетелейді. Бесінші, жиырма тоғызыншы сөздерде осы сияқты кісіні жалған жолға салып, кері кетіретін бірсыпыра мақал, мәтелдердің, мәнсіз сөз тіркестерінің жарамсыздығы айтылады. «Ә, Құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілейді екен кейбіреулер. Сондағы жас баладан гөрі есті болып, қайғылы кісі болғандағы мазасызданатыны не нәрсе десе, жай бір болмашы тіршіліктің амалы болып шығады. Және солары ылғи бір нәрсіз, адамшылыққа жатпайтын, пасықтықты дәріптейтін мақалмәтелдер арқылы көрініс береді екен. Осының алдындағы төртінші сөзде жөнсіз күлкінің зияны айтылушы еді. Күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен ғафылдық жіберіп, арты өмірлік өкінішке айналатыны бар. Ал мына тілекте, оған керісінше, ылғи бір өрге баспайтын, болымсыз іске бастайтын күлкі мақалмәтелдер сынға алынады. Абайдың солардан шығаратын қорытындысы мынадай: «қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап алмақ, бермесе онымен жауласпақ екен. Малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен». Көрдіңіз бе, жаңағы мақалдар осы сияқты содырлы істерді ақтау үшін бетперде болады екен. Жиырма тоғызыншы сөздегі кейбір мақалдар бұдан да сорақы: «Жарлы болсаң, арлы болма», «Атың шықпаса жер өрте», «Алтын көрсе періште жолдан таяды», «Ата-анадан мал тәтті...», тағысын тағылар. Мұның бәрі – адам табиғатына жат, жалған тірліктің әсерімен бұрмаланған мінез-құлықтың, бұзылған адам психологиясының көріністері. Ал анадан туғандағы күнә атаулыдан таза, періштедей пәк сәби баланың тумысында бұл мінездердің бірі жоқ. Әуелде оның ішу, жеу, ұйықтау сияқты табиғи қажеттіліктері

ғана бар. Абай мұны тән құмары деп атайды. Одан әрі өсе келе
көзі көрген құлағы естіген нәрсенің бәрін білгісі келіп тұратын
жан құмары – міне шын адамдықтың, өзге тіршілік иелерінен
артықша жаратылған адам пендесінің рухани талап-тілегінің

таза бастаулары осындай. Соларды дұрыс арнаға салып, табиғи
таза күйінде дамытқанда ғана адам жоғарыдағы мақалдардың
«соқтықпалы соқпақтарынан» ада болмақ екен (Жетінші сөз).
Осы ойларға жалғастыра он тоғызыншы сөзде ата-анадан

туғандағы ессіз перзенттің есті болып өсуінің шарттары
айтылады. Ол үшін жас бала көп естіп, көп көріп, көп нәрсені
бастан кешіп, мағлұмат жинауы керек екен. Естілердің сөзін көп
естіген адам өзі де есті болмақ керек. Бірақ құр естілік жеке өзі

іске жарамайды. Абайдың айтуынша, сол естігендерін өмірде
ескеріп, жаманынан сақтанып, жақсыларын бойға дарытса ғана
сол адам жақсы болып шықпақ екен.
Бірақ адам баласын тірлікте бір ғафылсыз жібермейтін

құдіреті күшті өмірдің сол адамның ерік-жігері мен ақыл-
парасатына көнбейтін де бір мінезі бар екен. Абай оны жалығу
деп атайды (Жиырмасыншы сөз) және оны тағдырдың жарлығы
деп, адаммен бірге жаратылған нәрсе деп біледі. Ақылы түгел,

ойлы адамның өзі де қарсы тұра алмайтын құбылыстың алдында
ол өзінің дәрменсіздігін мойындауға мәжбүр екен. Өмірдің небір
қызығы мен игілігінен де, небір қимас қымбатынан да тойынып
жалығатын, суынатын шағына ұстаз дес беретін сияқты. Бәлкім,

дәл осы тұста дана Абай, кемеңгер Абай, ақын Абай алдында бір
сәт болса да есе беретін шығар деген ой келеді.
Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?
Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.

Қай қызығы татиды қу өмірдің
Татуды араз, жақынды жат қыларға? –
дейтін сол ақының тап өзі еді ғой.

V. АБАЙ ХӘКІМ Ғарифолла ЕСІМ АБАЙ ХӘКІМ ...Абай Ахмед Яссауи көз жұмғанына 679 жыл өткен соң дүниеге келді. Бұл тұста қазақ халқы үшін қайғылы XІX ғасыр болатын. Қайғысы сол, бұл ғасырда орыс патшасының жарлығымен қазақ хандықтары келмеске кеткен. Халық өзін-өзі басқару құқысынан айрылған болатын. Халық бодандық саясатының тұтқынына айналған. Хандар, билер орнына елді орыс әкімдері басқарды. Біртұтас болып қалған халықты тоз-тоз етіп бірнеше губернияға бөліп, олар тікелей патшаға бірақ бағынышты болған. Итке тастаған сүйектей қазақтарға болыс болу ғана қалды. Есі кеткен ел соған да тәуба деп болыс болуға таласып, мазақ болды. Шындығына келсек, халқымыздың рухани болмысында Абай Құнанбаев тұлғасы әлі де болса толық анықталмаған. Әрине, данышпандар сарқылмас қазына, ал қазына қадыр-қасиетін әр ұрпақ өзі өмір сүріп отырған замана биігінен анықтамақ. Тарихты тану уақыт өткен сайын тереңдей түспек. Кезінде орын алған саяси ұшқары пікірлер, субъективтік түсінік, ұғымдар ерекшелігінен келіп, қоғамдық сана өзінің нақтылы арнасын табады. Сондықтан XІX ғасырдың екінші жартысында қазақ болмысында дәл Абай Құнанбаев болмаса да, сондай ойшылдың болуы тарихи қажеттілік еді. Кездейсоқтық – қажеттіліктің көріну формасы. Сондықтан халықтың рухани мәдениеті дамуындағы қажеттілік Абай шығармашылығы арқылы анықталмақ десек артық болмас. Абайдың таза ақындығынан, оның көркем мәдениеттегі, халық санасындағы ойшыл ретіндегі орны биік болуы да заңды. Ал осы мәселе әлі зерттелмеген тақырып. Абайды қоғам қайраткері, ойшыл мәнде қабылдаудың сыры сол, оның шығармашылығы әлеуметтік болмыс қайшылығының

нәтижесі. Абай өлеңді тек көңіл хошы эстетикалық мәнде ғана емес, «көкірегі сезімді, тілі орамды», жастарға үлгі бермек үшін жазған. Ол өзінің халық санасына әсер етіп, оны дамытуды жеделдетуді көздеп, мақсат еткенін жасырмай айтады. Бүкіл халық санасында бетбұрыс жасау мақсатында талпынып әрекет ету тек ақын миссиясы емес, қоғам қайраткерінің үлесі. Осыған орай Мұхтар Әуезовтың «Абай» (Ибраһим Құнанбаев) монографиясынан үзінді келтірейік. «Тегінде, Абайдың ақындығындай, ақындық қуат Абайдан бұрынғы ақындарда да болуы мүмкін. Олардың бірталайы тіпті атсыз ақын боп та өткен болар. Сондай ақындардың ғана санасы мен таптық тұрғысында, мәдениеттік дәрежесінде қалса, Абай классик Абай болмас еді. Өзінен бұрын жүз ақын болса, жүз бірінші, мың ақын өткен болса – мың бірінші болар да қалар ма еді, әлде қайтер еді! Өзі орыс халқының мәдениетіндегі қасиеттерді, үлгісін бойына сіңіріп, еңбегінде таратқан, соның бәрін жаңа дәуірдің жаңаша тарихтық халықтың арман мүддесі... етіп берген Абай болғандықтан өзгеше бағаланады. Барлық қазақ халқының өткен тарихында ең зор, биікке шыққан, асыл тұрғыны ашқан, айнымас қадірі зор классигі боп танылады» (М. Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы, 20-том, Алматы, «Жазушы», 1985, 15-бет). Абай шығармашылығын зерттеуде ұлы жазушының осындай мәселе қойысы еске алынбай келеді. Сірә, бұл проблемаға әдебиет зерттеушілері тереңдей алмас, ал қоғамдық ғылым Қазақстанға қатысты қоғамдық-экономикалық формациялар ауысуының заңдылықтарын әлі ашып бере алмай жүр. Бір сөзбен айтқанда, М.Әуезов сөздерін тереңдей түсініп қазақ мәдениеті тарихында Абай тұлғасын анықтаудың методологиялық негіздері ашылмаған. Көпшілікке мәлім, Абай XІX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ойшыл. Бұл заманның ең басты белгілері халық көшпелі өмірден ауысып, қыс қыстауы, жаз жайлауы белгіленіп, тұрақтылық қалыптасты. Көшпелі өмір негізінен жойыла бастады. Қазақ жерінде қалалар салынып, бұрыннан барлары көркейе түсті. Қазақ сахарасында қала мәдениеті орын тепті. Қазақ халқы буржуазиялық ұлт болып қалыптасуға мықтап бет алды. Қазақ даласына өзге идеялар тарай бастады. Олардың мазмұндары әркелкі болатын: діни идеология, орыстың жер ауып келген саяси-

демократ бағытындағы интеллигенциялар идеологиясы. Хат танып
үлгерген қазақтар Батыс, орыс мәдениеті үлгілерімен таныса
бастады. Қазақ даласында ояну дәуірі басталды.
Кейбір әдебиетшілер Абайды феодализм қоғамы кезінде өмір

сүрген ақын деп қарастырып жүр. Толық құптауға болмайтын
пікір. Абай тұтас ел болудан қалған, отаршылық жағдайда күн
кешкен қоғамда туған, оның ойшыл болып қалыптасуы XІX
ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының басынан кешкен

ауыр тұрмысына сәйкес келеді. Абайды тек ақын қылмай, ойшыл,
гуманист дәрежесіне де көтерген осы «өтпелі қоғам» қайшылығы.
Ақын өлеңдерінен қалыптасқан түсінік бойынша «таза»
буржуазиялық қарым-қатынастарды бейнелейтін пролетариат,

фабрикант образдарын іздеу қателік. Өзгеріс санада, түсінікте.
Капитализмді завод, фабрика арқылы түсіну де аз. XІX ғасырдың
екінші жартысында Қазақстанды капиталистік жүйемен басқару
системасы негізінен аяқталған. Аға сұлтандар, билер патша

самодержавиясы секілді өткен қоғам қалдықтары ретінде өмір
сүргенмен, Ресейдің ұлт аймақтарын басқаруы буржуазиялық
жүйемен жүргізілген. Елді мекендер есепке алынып, билікті заң
органдары қолдарына алған.

Қоғамның
экономикасындағы,
базисіндегі
сапалық

өзгешеліктер оның рухани өміріне айтарлықтай әсер етті. Бұл
кезде халқымыздың көркем мәдениеті, нақтырақ айтсақ, ауыз
әдебиеті, поэзиясы дамып, шарықтау шегіне көтерілді. «Қала
мәдениеті» деген ұғымдар қалыптаса бастаған жағдайда, көшпелі

халық болып өмір сүрген оның рухани мәдениетіне, фольклорына,
көркем санасына жаңа өлшемдер қажет болды. Оны уақыт талабы
қойды.
Осы міндетті атқарған Абай Құнанбаев болатын. Біріншіден,

Абай билер шығармашылығына талдау жасаған. Онда көркемдіктен
гөрі прагматистік мән басым. Билер шығармашылығында поэзия
практикалық қажеттілікке бағындырылған. Би, қазіргі тілмен
айтсақ, көшпелі халықтың адвокаты, прокуроры, соты.

Билер шығармашылығы мен шешендік өнер бірге дамыды.
Билердің
практикалық
қызметі

тапқырлыққа,
шешендікке
құрылған. Шешендік көркемдікті, оның ішінде поэзияны қажет
етті. Оның басты себебі, халықтың санасында ерекше орын алған

өнер саласы – поэзия. Сондықтан өлең-жырға малынып өскен

ұрпақтар өздерінің күнделікті тұрмысындағы қайшылықтың
күрделі шешімдерін де поэзияға тіркеген. Би көшпелі халық
тұрмысына сай, оның қоғамдық болмысына қажетті тұлға болса,
хаттап жазылған заңдар шығып, таптық антагонизм шиеленіскен

кезде олардың өздері де, тақпақтары да архаизмге айнала
бастады. Шешендік өнер де жаңа өлшемді қажет етті. Әлеуметтік
қайшылық қоюланып, буржуазиялық қатынастар орнай бастаған
кезде билер шығармашылығы демократиялық сипаттан арылып,

олар орыс әкімдерінің рупорына айналуына байланысты, халық
ішіндегі беделден айырылған еді. Билер шығармашылығына тән
тавтологиялық сипатты Абай сынға алды:
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,

Мақалдап айтады екен сөз қосарлап.
Абай өмір сүріп отырған заманда билер шығармашылығы қоғам
өміріндегі белсенділігінен айрылып, тек тіл ұстартуда кейбір
шешендік сипаттары ғана сақталды. Көшпелі замандағы қоғамның

рухани дамуы айтарлықтай өзгеріске түсті. Халық отырықшылыққа
айналды. Тың әлеуметтік құбылыстар халық тұрмысына мейілінше
орныға бастады. Елді басқарудың жаңа формасы қалыптасты. Билер
функциялары шешуші күш болудан қалды. Билер туралы, олардың

мұрасы туралы ой қорыту уақыттың күн тәртібіне қойған мәселесі.
Оған жауап беру қажет. Мұны Абай атқарады. «Ескі бише отырмын
бос мақалдап», – деген сөздер билерге тек сын емес, принцип,
рухани мәдениет дамуындағы жаңа талап. Билер шығармашылығы

поэзияға тікелей байланысты болғанмен, оны нәрлендірген бұлақ
көзі емес, қайта өзі поэзиядан қуат алған. Поэзия (халқымыздың
ауыз әдебиеті) өз негізін көне түркі, парсы поэзиясынан алады.
Абайға көне түркі негізінен ауыз әдебиеті болып жетіп отыр. Қазақ

халқы көне түркі жұртының бір тармағы, бұтағы болып таралған
да, оның «еншісіне» жазба мәдениет емес, ауыз әдебиеті тиген.
Оның тарихи себебі бар. Қазақ халқы тарихқа «көшпелілер» деген
атпен енген жұрт. Көшіп-қону мәдениеттің қолайлы формасы –

фольклорды ерекше дамытты. Бар алфавитінен айырылғанымен,
халықтың ендігі сенер санасы поэзия болады. Өлең, жыр, дастандар
ауыздан-ауызға, сөйтіп ұрпақтан-ұрпаққа жалғасты. Көркемдік
бейнелеудің, дүниетанымның бұл тәсілі адамдардың абстрактілік

ойлау қабілетін орасан зор мәнде дамытты. Жыр дастандарды жатқа
айту әдеттегі құбылыс болатын. Бірақ ауыз әдебиеті, оның көрнекті

қайраткерлері шығармашылығымен әлеуметтік даму тенденциясы арасында, әсіресе, өткен ғасырдың екінші жартысында қайшылық бар болмысымен айқындалып, қазақтың рухани мәдениеті дамуындағы айтулы проблемаға айналды. Сондықтан Абай тек билер шығармашылығының сыншысы ғана емес, ауыз әдебиеті дәстүріндегі ақындар сыншысы болуы да заңдылық. Әдетте, Абай шығармашылығына талдау жасағанда, оның нәр алған үш қайнар бұлағы: ауыз әдебиеті, ІІІығыс поэзиясы, Еуропа мен орыс әдсбиеті деп атап жүрміз. Осы тұжырым зер салуды қажет етеді. Әсіресе, өзіне дейінгі ауыз әдебиеті деген мәселеге келсек, қазір ғылымда анықталған «Көне түркі жазба мәдениеті» деген ұғым қалыптасқан. Ол Орта Азия мен Қазақстан территориясында тұратын түркі тілдес халықтардың бірі – қазақ халқының ауыз әдебиеті көне түркі жазба мәдениетінің бір бұтағы. Демек, қазақ ауыз әдебиеті көне түркі жазба мәдениетінің заңды мұрагері. Көне, ертедегі түркі халықтары мәдениетінің ауыз әдебиетіне өтуі қайшылықта болды. Демек, жазба мәдениеттен фольклорға ұласу жетістік пе, жоқ жеңіліс пе десек, бір сөзбен ол мынандай іс деп кесіп айту қиын. Ол бір жағынан алғанда рухани мәдениет дамуындағы жеңіліс. Бар алфавитімізден айырылып қалдық, аты-жөні белгілі ғалым, ақын, тарихшыларымыз ұмыт болды. Тарихи шын, ақиқат оқиғалар ұмытыла, көмескілене келіп, аңызға мифтерге айналды. Қазақстан территориясындағы қалалардың жойылуымен бірге жазба мәдениеті толық өшіп, жоғалып кеткен жоқ. Ол өзге күйге, өзге формаға ауысты. Сөйтіп, халық рухы тарихи сергелдеңдер заманында өшіп жойылмай, көркем сананың ерекше формасы фольклорда сақталып қалды. Фольклордың одан кейінгі басты әлеуметтік қызметі ұлттық, этникалық консолидация факторына айналуы. Әсіресе, ол әдеби тілді сақтап, жетілдіруі арқылы көрінді. Тіл мөлдірлігін сақтады. Халық тіл мәдениетін жоғары дәрежеге көтерді. Рухани мәдениет көп жанрлар болып дамыды. Билер сөзі, шешендік сөздер, нақылдар, жұмбақтар, дастандар, тұрмыс-салт өлеңдері т. б. толып жатқан әдеби үлгілері болды. Абай нәр алған қайнарлардың бірі — ауыз әдебиеті дегенде, осы жайлардың бәрін еске алған жөн. Ақынның шығармашылығы ауыз әдебиеті негізінде өсіп жетілген. Шортанбай, Дулат, Бұхарлар шығармашылығындағы Абай көрген кемшілік, тек осы ардагер

ақындарға ғана тән емес, халықтың ауыз әдебиетіндегі орын
алған жайлар. Фольклор жазба әдебиетке ұласқанда, бойындағы
көшпелі тұрмысқа сай ерекшеліктерінен арылып, жаңа мәнге
ие болатыны анық. Абайдың өзінен бұрынғы ақындарға қойып

отырған талабы – заман талабы. Мәселе дәстүрге қатысты. Өлеңде
Шортанбайлар дәстүрі Абай шығармашылығы арқылы енген
поэзия дәстүріне кереғар. Абай поэзияға жаңа принцип ұсынып
отыр. Шортанбайларды кемсітіп отырған жоқ, олардың ақындық

дәстүріне, еліктеу поэзиясына қарсы. Әңгіме көшпелілік мәдениет
пен отырықшылық мәдениетінің қайшылығында.
Абай өмір сүріп отырған уақытта қоғамдық, әлеуметтік
қайшылықтардың шиеленіскен, соған сай қоғамдық сана-сезімдер

мөлшері сапалық ерекшеліктерін айқын аңғартқан болатын.
Мұндай жағдайда өлеңге өзге өлшем, жаңа сапа қажет болған.
Абай қазақ ақындары шығармашылығын әлемдік поэзиядағы
озық үлгілермен салыстыра отырып тануды мансұқ еткен. Әрине,

мұндай талапқа тек фольклор дәстүрімен кеткен ІІІортанбай,
Дулат, Бұхар жыраулар шығармашылығы сай келуі қиын.
Қазақ халқының халқының поэзиядағы аяқ алысы да әлемдік
поэзиядан кем болмасын деген бағдарламалық талап қойған, соны

іс жүзінде қалай болуын дәлелдеп берген ескі ауыз әдебиеті мен
жаңа жазба әдебиетінің өліарасындағы ұлы тұлға Абай болатын.
Абай өткеннің соңы, жаңаның басы.
Сондықтан оның:

Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау,
Өлеңі бірі – жамау, бірі құрау.
Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау! –

деуі заңдылық. Әншейін, осы ақындарды мақтау үшін ғана
айтылған сөз емес. Рухани мәдениетіміздегі өтпелі дәуірдің
диалектикасы туралы толғаныс. Абайдың бар сана, ынта-жігерімен
қиналып, халық мәдениеті үшін күйіп, жаңалық арнасын ашқысы

келіп, жүрегінен кең жарыла айтқан данышпандығы болатын.
Абай өлеңнің қандай болуы керектігін жете меңгерген. Ол
мұндай тереңдікке тек халық мұрасын бойына сіңірумен ғана емес,
Гете, Байрон, Пушкин, Лермонтов сияқты Еуропа саңлақтарының

поэзиясын жан-тәнімен өзіне тән қасиет ретінде қабылдауымен де
жеткен.

Абай өзіне дейінгі ақындарды қатаң сынға алғанда, поэзияны
жетілдіру үшін мақсат қойған. Диалектика заңы бойынша бұл ескі
мен жаңа арасындағы терістеуді терістеу. Метафизикалық терістеу
емес, диалектикалық терістеу, ескіні жоққа шығара, терістей

отырып, оның өңін үзбей жаңаға ұластыру, өрбіту. Абай халық
мұрасына да, өзіне дейінгі ақындарға да диалектикалық терістеу
арқылы келген.
Абай өлеңге жаңа өлшеммен келді дегенде, ол тек жаңа заман

ақындары, Батыс ақындары тұрғысынан емес, поэзиядағы, әсіресе
Шығыс поэзиясындағы дәстүрді заманға орай жалғастыру ниетінде
болды. Жаңашылдық және дәстүр сақтау Абай сыншылдығының
басты принциптері. Абайдың өзі де өнеге тұтқан ақындарға:

Фзули, Шәмси, Сейхали,
Навои, Сағди, Фирдоуси,
Хожа Хафиз – бу һәммәси
Мәдәт бер шағири, фәрияд –

деп сыйынуы тегін емес. Осы аталған ақындарды бір сөзбен
Шығыс ақындары дейді. Ал, Навои, Фзули, Сейхали болса
түркі мәдениетінің өкілдері, араб емес, парсы емес, түркі тілдес
халықтарға ортақ тұлғалар.

Сонымен, Абайды дүниеге әкелген заманды Ренессанс дәуірі
деп атауға әбден болады. Бұл қазақ Ренессансы. Оның мәні – түркі
жазба мәдениеті дәстүрінің қазақ топырағында қайта жандануы.
Түркі тілдес қазақ халқы өзінің тектілік жазба мәдениетіне қайта

оралды.
Абайды ақын, ойшыл ретінде дүниеге әкелген ауыз әдебиетін,
жаңа сапалық күйге түскен түркі жазба мәдениетінің мұрагері
екендігін мойындап қана қоймай, олардың сабақтастығын

зерттеу бүгінгі күн талабы. Сол сияқты ауызша мәдениеттің
жазба мәдениетіне ұласуындағы сабақастық та толық мәнде басы
ашылмаған тақырып.
Абай сияқты біртуар ренессанстық тұлғалар хақында кесіп-

пішіп, қорытынды сөз айту мүмкін емес. Халықтық сана-сезім
жетіліп, толысқан сайын Абай туралы ұғымымыз кеңейе бермек, әр
ұрпақтың Абай туралы өзіндік ұғымы қалыптасып, әр ұрпақтың өз
Абайы болмақ. Сондықтан да, Абайды тануымыз өз халқымызды

тану, оның рухани байлығын игеру деген сөз.
Мәселенің ақиқатына келсек, халқымыздың рухани байлығын

шындап игеруге енді ғана қол созып отырмыз. Жиырмасыншы жылдардан бастап рухани қазынамызды зерттеп, бағалауда солақайлық таныттық. Қоғамдық санада – «тұрпайы социология» үстемдік ете бастады. Абайдың философиялық, әлеуметтік көзқарастарын зерттеушілердің көбі дерлік осы «тұрпайы социологияның» насихатшылары еді. Олар Абайды өз халқынан, топырағынан, ал халықты өзінің біртума ақынынан ажырату үшін тырысып бақты. Мұнда қиянат тек Абайға ғана емес, Дулатқа, Шортанбайға, жалпы бүкіл әдеби, мәдени мұраға, халық санасына жасалғанын енді ғана мойындап отырмыз. «Тұрпайы социологиялық» көзқарас дәуірлеп тұрғаншақта Абай сынды ұлы тұлғаның шығармашылығы туралы ақиқат қайдан айтылсын! Ұлы ойшыл ақында қайшылықтардың болуы заңды, оны ұғыну үшін биіктік қажет, кемел білім керек. «Тұрпайы социологтерде» ондай білім болмады. Олар қайшылықтың бір тармағына ғана жармасып, сөз түбінде жатқан ойға бойлап бара алмады. Осы себепті Абай байшыл да діншіл, кертартпаатанды. Сол жылдардағы басылымдарды оқысаңыз Абайға тағылған, мұндай теңеулерден аяқ сүрінеді. Халқымыз «ит үреді, керуен көшеді», дейді. Абай керуені ұрпақтан ұрпаққа көшуде. Сондықтан кезінде ақын туралы «анау сүйдеді, мынау бүйдеді» –деп жатпай, Абай шығармашылығының бір өзекті қыры – оның философиялық көзқарасына қысқаша шолу жасасақ деген ниетіміз бар. Абайдың философиялық көзқарасы дегенде ең алдымен басын ашып алатын жайт сол, ол философиялық жүйе құрастырмаған, тіптен арнайы философиялық трактат жазбаған ойшыл. Сондықтан оның дүннетанымынан жүйеге келтірілген гносеологиялық принциптер және әлем туралы бір негізге құрылған философиялық концепциялар іздеудің еш қажеті жоқ. Абай таза философиялық еңбектер жазбағандықтан оны не материализм, не идеализм лагерінен іздеу де басы артық іс. Бүгінгі күнге дейінгі абайтанушылар оның философиялық көзқарасын бірде деизмге, бірде теизмге жақындатып қарастырып келді. Мұның екеуіне де қосылудың жөні жоқ. Асылы Абай дүниетанымын әлемдік философиялық жүйе тұжырымдамаларға тықпаламай, өзінің шығармашылығынан қарастырған дұрысырақ болар. Бұлай деуіміздің басты себебі, Абай ең алдымен ақын. Демек, оның ойшылдығы ақындығы арқылы көрінеді. Олай болса оның шығармашылығында дүниені

меңгерудің екі тәсілі тұтасып жатыр. Бірі көркемдік образдылық
тәсіл (ақындық өнер), екіншісі логикалық немесе философиялық
(диалектикалық) тәсіл. Абай көзқарасы осы екі тәсілдің синтезінен
түзілсе керек.

Абайды ақын деп сөзсіз мойындап отырғанымызбен, оның
дүниетанымында қай сананың (философиялық немесе көркемдік
сананың) басым екенін айыру мүмкін емес. Абай өмірге бірде тек
ақын көзімен, бірде тек ойшылдықпен қарамаған, оның дүниеге

көзқарасы өзін қоршаған ортаны тұтас қабылдаудан туған. Ақын
өз заманының тұнып тұрған әлеуметтік болмыс қайшылықтарын
тұтас қабылдап, «ауыр ойды көтеріп ауырған жан».
Жоғарыда айтқандай, Абай философиялық тұжырымдар

жасамаған, сондықтан оны не материализм, не идеализм, не
дуализм қатарынан табу қиын. Ол біртекті монистік философиялық
көзқараста
болмаған,

оның
дүниетанымы
көркем
образ

нақышымен өрнектелген. Бұл өзіне дейінгі қазақ ақындарына
тән құбылыс. Алайда Абай өз халқының көркем санасын (терме,
жыр, толғауларынан және т. б.) терең меңгеріп, жаңа дәуірге –
феодализмнен капитализмге өтпелі кезеңге сай тың ұғымдар

әкелген ақын ғана емес, қоғамның рухани өмірінде төңкеріс,
сапалы өзгеріс жасауға ынта қойған ойшыл.
Міне, солай дей отырып, ол күні өтіп бара жатқан билер мен
өткен заманның ақын, жырауларын әділ сынға алады. Себебі,

Абай рухани даму қоғамдағы түбегейлі өзгерісті қажет етіп
отырғанын түсінген. Сол себепті ол бесінші, жиырма тоғызыншы
қарасөздерінде қазақтың кейбір мәнсіз мақал-мәтелдерін сынаса,
екінші, тоғызыншы, жиырма үшінші сөздерінде, «Қалың елім

қазағым, қайран жұртым» сияқты тағы басқа өледерінде халық
бойындағы жағымсыз қылықтардан арылуға шақырады. «Ғылым
таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Түбінде баянды еңбек
егін салған» өлеңдерінде, отыз екінші сөзінде жастарды білімге,

адал еңбекке, орыс тілі мен мәдениетін меңгеруге насихаттайды.
Абайдың гуманист, ойшыл болуына Шығыс және өз халқы
мәдениетінің орны ерекше болған. Ақын Фзули Шәмси,
Сәйхали, Навои, Фирдоуси, Хожа Хафиз сияқты гуманистердің

шығармаларын жасынан жаттап өсті. Бұл шығармалар арқылы
ол Үнді, Қытай, Грекия, Египет тағы басқа елдерде қалыптасқан
философиялық ұғымдар, жүйелерден хабардар болды. Платон,

Аристотель, Лұқпан, Сократ сияқты хакімдерді Абай суфистер философиясы арқылы, одан бергіде Плутарх шығармалары бойынша оқып білген. Кезінде орыс тіліне аударылып Семейге жеткен Батыс Еуропа философтары Г. Спенсер, О. Конт шығармаларына ақын біршама ден қойған. Бұлар – XІX ғасырдағы өте елеулі ағым – позитивизмнің негізін салушы мықты ойшылдар. Батыстың бұл аты аталған ойшылдары философияға дәстүрлі көзқарасты жоққа шығарып оны жатымды (позитивті) ғылымға айналдыруға күш салған, соған орай тың тұжырым жасаған ірі тұлғалар. Ғылым, оның ішінде философия тек ақыл-ойдың дерексіз нәтижесі болып қана қоймай, ол өмірге пайдалы болуы шарт. Абай да ғылымның нақтылы адамдарға әкелетін пайдасы туралы айтады. Абай Дреппердің «Еуропаның рухани дамуы» деген энциклопедия тәріздес кітабымен таныс болған. Бұл кітапта бір жүйелі философиялық қағида жоқ, бірақ онда өте мол мағлұмат бар. Ақын бұл еңбекті қазіргі түсінікте «оқулық» ретінде қолданса керек. Абайдың орыс тілінде оқыған кітаптарымен танысудың еш қиындығы жоқ. Аты аталған авторлардың еңбектері кітапханаларда сақталған. Біздің анықтай алмай жүргеніміз – Абайдың араб, парсы, түркі тіліндегі оқыған кітаптары. Оның ішінде, әсіресе суфизмге қатысты әдебиеттерді біз көбіне біле бермейміз. Суфизм исламдіні шеңберінде қалыптасып, үнемі дамып, жаңғырып отырған діни философия. Дінге деген солақай көзқарас жылдары біз суфизмді философиялық ағым ретінде мойындаудан бас тартқан болатынбыз. Соның салдарынан Абайдың философиялық көзқарасын білдіретін көптеген ұғымдар мен терминдердің мәнін түсінбедік. Рас, Абай суфизмнен өзге де әлемдік философиялық ағымдар және бағыттармен таныс болған, орыс философиясын аса зер салып оқыған. Бұл жөнінде абайтанушылар көп айтқан. Бірақ, қалай десек те, Абай Шығыс ақыны, Шығыс мәдениетінің қайраткері, нақтырақ айтсақ мұсылман Шығысының аса көрнекті ойшылдарының бірі. Абайға осы тұрғыдан келсек, суфизмнің білгірі Е. Бертельстің мына бір пікірін еске алу орынды: «Суфистік әдебиетті зерттемейінше, Шығыстың орта ғасырдағы өмірін түсіну мүмкін емес. Оның классиктері Шығыс әдебиеттеріне XX

ғасыр басына дейін ықпал жасап келді» (Е. Берельс. Суфизм және
суфистік әдебиет, 1965, 54-б.).
Абай суфизмнің аса көрнекті өкілдері әл-Ансари, әл-Халладж,
әл-Харкани, Ғазали әл-Хамадани, Санаси, Фаридаддин-Аттар,

Румидің ықпалымен дүниетанымдары қалыптасқан Фзули, Шәмси,
Сәйхали, Навои, Сағди, Фирдоуси, Хожа Хафиздерді пір тұтады.
Яғни, Абай суфизмді біріншіден осы аталған ұлы ақындар арқылы
қабылдаса, онымен ілім ретінде Ахмед Яссауи секілді суфизмнің

аса көрнекті ойшылының шығармалары арқылы танысқан. Ақын
жиырма бесінші қарасөзінде араб, парсы және түркі тілдерін
білу мәселесін көтерген болатын. Абайдың өзі түркі тілін еркін
меңгерген. Ахмед Яссауи да еңбектерін араб емес, түркі тілінде

жазған. Ол – түркі мәдениетінің ең соңғы алыптарының бірі.
Абайдың суфизммен келісетін де, келіспейтін де жерлері
көп. Асылы ақынның суфизмге көзқарасын арнайы сөз еткен
жөн. «Суфизм және Абай» – тың тақырып. Ол үшін зерттеуді

алдымен Ахмед Яссауидан бастау керек. Яссауизм исламның діни
философиясы. Дінге жаңаша көзқарас енді қалыптасып келеді.
Ал суфизмсіз Абайдың дінге көзқарасын ашу қиын шаруа. Абай
Алланың, пайғамбардың жолындамыз, дейді, бірақ Алла туралы

ақын пікірінің ислам дініндегі негізгі қағидалармен қабыспайтын
жерлері көп. Қайшылықтың мәні сонда. Ислам діні ауқымында
екі мәселенің басын ашып қарастыруымыз керек. Олар – діни
идеология мендіни философия. Абай діни идеологиядан аулақ,

сондықтан оның көзқарасын діни философия жағынан іздеу керек.
Сондай пікірде болған діндарлар суфизмнің аса көрнекті
ойшылы Халладжды азаптап, соңынан өртеп жіберген. Бұған
сондағы оның кінәсі өзін құдаймен бірігіп, тұтасып кетемін деген

пікірі себеп болады. Халладж өзін құдаймен тұтасқан кезінде «Мен
өзім жетілген ақиқатпын» деген екен. Ислам идеологиясында
адамның бірден құдаймен қарым-қатынасы түгіл, пайғамбардың
өзі де Алласымен періштелер арқылы байланысады, Абай суфистік

жаңа заманды жаңғыртып отыр. Суфизмде алла туралы өте күрделі
философиялық концепция бар.
Ақын өлеңдерінде де, қарасөздерінде де Алла деген ұғым жиі
кездеседі. Соған қарап Абай діншіл болған екен деген қорытынды

жасауға мүлде болмайды. Ол қазақ тұрмысында ислам дінін, оның
идеологиялық сипатын қатты сынға алған тұңғыш ойшыл.

Абай шығармаларында Алла үш мағынада қолданылған. 1. Онтологиялық мазмұнда, яғни Алла – шындық, ақиқат:

дүниенің хақтығын, барлығын бейнелейтін, адам еркінен,
санасынан тыс объективтік реалдық. Бар шындықты жоқ деуге
болмайды. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, рас сөз еш уақытта
жалған болмас», – деуі Алланы шындық ретінде мойындаушылық.

Бірақ, бұл шындықты ақылмен ұғып тану мүмкін емес, «ақылға
сыймас, ол алла, тағрипқа (бар нәрсе) ол куә» деп агностикалық
қорытындыға келеді.
Ол бұл көзқарасын отыз сегізінші сөзінде былайша дәлелдеген:

«Алла тағала өлшеусіз, біздің ақылымыз – өлшеулі. Өлшеулі
бірлән өлшеусізді білуге болмайды. Біз Алла тағала «бір» дейміз,
«бар» дейміз, ол «бір» демектік те – ғақылымызға ұғымның бір
тиянағы үшін айтылған сөз». Бұл ілім суфистер философиясы

арқылы қазақ даласына жеткен. Платонның, әсіресе оның ізбасары
Плотиннің құдайды ақылмен тануға болмайды деген ой-жүйесінің
ықпалы айқын сезіледі.

2. Космогониялық мәнде, демек Алла әлемді жаратушы, құдірет.

«Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй, ол алланы жаннан
тәтті». Алланы сүюдің мәні ол жаратушы. Олай болса, махаббат
тек жаратушыға арналуы қажет. «Жүректің ақыл суаты, махаббат
қылса тәңірі үшін» деуі де сондықтан. Абай Алланы сүюге шақыру

жолында суфистер философиясындағыдай мистикаға ұрынбай,
гуманистік бағыт ұстанған. Абай сопылар сияқты Аллаға құлшылық
жолында дүние қызығын тәрік қылуға қарсы. Ол «азаматтың бәрін
сүй бауырым деп және хақ жолы осы деп әділетті» деп адамдарды

дініне, нәсіліне, ұлтына қарап бөлуге үзілді-кесілді қарсы. Қоғам
өмірінде ислам идеологиясы үстем болып тұрғанда мұндай асқақ
гуманистік ой қорыту – дінге айтылған нақты сын.

3. Гносеологиялық тұрғыда. Ислам дінінде Алланы тану

оның елшісі пайғамбар арқылы болмақ. Ал Абай болса
пайғамбарды тануға шақырмайды. Дүние, шаруа, мінез күнде
өзгерер, кезекпен нәби келер, деп пайғамбарлықты қалыпты
жағдай ретінде айтады да, адамды сыйлауға, Алланың хикметін

сезінуге шақырады. Ислам дінінде алланы бірден, оның
жердегі елшісі пайғамбарсыз тануға рұхсат жоқ. Ислам дінінде
пайғамбарды мойындамаушылықтан асқан күнә және жоқ.
Абай болса пайғамбарды насихаттап өлең жазбаған ақын. Ақын

ислам дініне сыни көзқарасын отыз сегізінші сөзінде мүлдем
ашық білдірген.
Абай өлеңдерін мұқият оқыған адам, оның буддизммен,
зороастризммен,

христиан
діндеріндегі
философиялық
қағидалармен таныс болғанын аңғарады. Абайдың буддизмге

тікелей қатысы туралы сынды арнайы әңгіме бола қойған жоқ.
Соған орай тілімізге тиек етіп М.Әуезовтың мына пікірін келтіре
кеткеніміз жөн болар: «Өз айтуынша, отыздың ішінен бастап,
орыс оқымыстыларының көп кітаптарын оқып, қырыққа таман

келген уақытта бұрынғы дүниенің асты-үстіне шығып өзгереді.
«Күншығысым – күнбатыс, күнбатысым – күншығыс болып
кетті»,– дейді. Әрине, оның мұндағы күнбатысы өзі тілін, өнерін
үйренген – Ресей. Абай әрбір жақсы сөзді оқыған соң, соның

ағымына ақыл-оймен терең бойлайтын әдетті табады. Мәселен,
Будданың жайын оқып шыққанның артынан: «Будданың сөзі қалай
терең еді, жасымда кез келмеді-ау!» деген екен.
Абайдың «адам» туралы ой-толғаныстарында айғайлап тұрмаса

да, суфизм мен буддизмнің әсері анық байқалады. Ақын адамды
Алламен бірге атап қана қоймайды, тіптен керек десеңіз адамның
дамуын шектемей, оны тым биіктетіп әкетеді. Алла жаратушы,
Алла шындық, бірақ өмірдің, әлемнің қозғаушы күші – Адам.

Мұндай гуманизм буддизмге тән. Осы дін бойынша егер адам
будда бола алса, ол құдайдан да биік деген қағида бар. Сірә, осы
тұжырымды суфистік ғұламалар да буддизмнен алып өздерінше
дамытқанға ұқсайды. Адам жөніндегі осы буддистік-суфистік

көзқарас Абай шығармашылығының өзегіне айналған. Алланы
сүю деген сөз ақын түсінігінде адамның өз бойындағы рухани
қуатын ашу дегенмен пара-пар. Алланы сүю арқылы адам тиянақты
да нақтылы гуманист атанбақшы. Алла жаратушы болғанмен,

жарылқаушы болғанмен, ол адамзатқа қызмет ететін рух. Алла
мен адам бір-бірінсіз мәнсіз, мағынасыз болмақ. Алла шындық
болған соң, ешқашан адам өлмек емес. Сондықтан да, ақынның
«мені» мен «менікінің» айырылғанын, өлді деп ат қойыпты өңкей

білмес» деуі орынды. Алла мәңгілік болса, адам туралы ақиқат та
әлімсақтан мәңгілік, яғни оның өзі болмаса да ұрпақтан ұрпаққа
көшетін аруағы мәңгілік. Алла да, адам туралы ақиқат та мәңгілік.
Зороастрим өте көне дін болғандықтан, оның Абай заманына

«таза» күйінде жетуі мүмкін емес. Сол себепті зороастризмнің

толық қағидасын ақын шығармашылығынан таба қою қиын. Ашық айтылмай жүрген мәселе зороостризм мен христиан және ислам діндерінде (діни философияларда) «теориялық» негіздің бір болғандығы. Әсіресе, орыс мәдениетінде зороастризмнің сілемі мол. Содан болар М. Әуезов Абайдың «Қыс» туралы өлеңін талдай келіп, қысты кәрі шалға теңеуді орыс поэзиясынан, дәлірек айтсақ, Некрасовтан алған деген ой айтады. Мүмкін бұл дұрыс та шығар, бірақ айлардың адам кейнінде көрінуі зороастризмде қалыптасқан дәстүр. Мұнда бірден көзге түсетіні – зороастризм күн тізбесіндегі айлардың, күндердің атаулары. Иранның ескі күн тізбесіндсгі әрбір ай, әрбір күн, тіптен күннің әрбір кезеңдерінің рухани киелері болған. Бұл жерде зороастризмнің әсері бар. Мұндай жағдай Авестада да тіптен жиі кездеседі. Бір сөзбен айтқанда, «Қыс» образын адам кейпінде Абайдың өзі ашқан жаңалығы. Абай өлеңдерінде тек қысты ғана адам кейпінде суреттеумен шектелген жоқ, соның айғағындай «Жазғытұры» деген өлеңінде: «Күн күйеу, жер – қалыңдық сағынысты, құмары екеуінің сондай күшті» деп бір кетеді. Сонда күннің – күйеу, жердің – қалыңдық атануында да Некрасовтың әсері болғаны ма? Бұрын мұндай қазақ фольклорында кездеспеген образдарды жасау – ақынның өз жаңашылдығы. Абайды көп зерттеген де, оның философиялық көзқарасы хақында жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ арнайы мақала жазған да – Мұхтар Әуезов. Ол «Абайды философ деуге болмайды. Себебі философ болу үшін белгілі философиялық жүйе болу керек. Абайда олай емес. Абайда данышпан ақындарда болатын философиялық пікір бар»,– деген еді. Иә, Абай философиялық жүйе құрастырмаған ойшыл, бірақ оның дүниетанымында жүйе жоқ дегенмен келісе алмаймыз. Абайдың әлемге көзқарасы қалыптасқан, өзіндік философиялық түйіндері бар ғұлама. Бұған мысал ретінде тек қана отыз сегізінші қарасөзін алсақ та жеткілікті. Ә. Қоңыратбаев «Фараби және Абай» деген мақаласында осы отыз сегізінші қара сөзі жайында: «Бұған әзірше ешкімнің тісі батпай жүр. Мұны түсіну үшін араб тілін білу жетімсіз, сонымен бірге ислам философиясын да білу қажет. Мұнда Абай Фейербахша дінді реформалап, соны жаңалыққа бейімдегісі келеді. Қайшылығы бар. Ол Фейербахтың «Махаббат діні» деген

еңбегіне ұқсайды. Алайда Абайдың отыз сегізінші, қырық үшінші сөздерінің бас тақырыбы алла емес, адам бойындағы табылмаған қасиеттер. Дінді Абай антропология теориясымен түсіндіреді. Өйткені адам құдайды өзіне ұқсатып жасаған, сондықтан негізгі жаратушы адам, ол өзін аллаға ұқсатуға тиіс» дейді (Ә.Қоңыратбаев. Қазақ эпосы және түркология, Алматы, 1987, 329-бет). Өкінішке қарай, Абайдың осы терең пікірлері әлі маман философтардың назарына ілінбей-ақ келеді. Оның ең басты себебі – біздің кеңес дәуіріндегі философтардың Абай оқыған ислам философиясына мән беріп зерттемегендігінде. Ислам философиясына үңілмей Абайдың көзқарастарын талдау өте қиын шаруа. Абай қоғам дамуының объективті заңдылығын танып, соған мойын ұсынған ақын. Ақын түсінігі «құдай жазуы», маңдайыңа не жазылса сол болады деген фаталистік догмадан тыс. Ол «сен асыққан екен деп, алла әмірін өзгертпес» деп өзін шындық мойындаған Алла арқылы дүние заңдылығын айтып отыр. «Алла әмірі» Абай үшін тек діни ұғым емес, болмай қоймайтын, іске асатын шындық. Бірақ Абай заманында әлемнің даму заңдылығын «Алланың әмірі» деп айтқанның еш сөкеттігі жоқ болатын, ол халық үшін түсінікті ұғым. Реалист ақын өз дүниетанымын халқына ұғынықты түсініктермен беріп, халық санасынан алшақ кетпеген. Болмыс-бітімін айшықты етіп ашып беруде ешқандай өзге тілге жалтақтамай, әлемнің қат-қабат құбылыстарын, өз халқына түсінікті тілмен жеткізген. Оған лексикалық қорымызға енген философиялық ұғымдар мен терминдер толық мүмкіндік берген. Сонымен бірге Абай жаңа ұғымдарды қалыптастырған немесе бұрынғы мазмұнға үстеме мән беріп, оларды философиялық деңгейге көтерген. Мысалы, қазақ тілінде «пысық» деген сөз ертеден бар. Бірақ осы сөзден жаңа заманға сай Абай әлеуметтік құбылысты бейнелей алатын ұғым жасаған «Сабырсыз, арсыз еріншек» деген өлеңінде «пысық» дегеннің кім екенін тәптіштеп тұрып баяндаған. Өкінішке қарай, кейінгі қиын-қыстау шақта да Абай меңзеген пысықтар шолақ белсенді, атқа мінерлер, белсенділер өрбіп шыға келді. Халықты қуырып, тоз-тозын шығаратын сол «шолақ белсенділердің» қандай заманда өсіп-өніп шыға келетінін ақын көрегендікпен болжаған. Біз ақынның дүниені диалектикалық қабылдауындағы қайшылықты көре білуіміз қажет. Болмыс қайшылығын мойындау,

тану, көркем тәсілмен бейнелеу бір мәссле де, сол қайшылықтарды
шиеленістірмей, шешудің амалын ұсыну бір бөлек әңгіме. Абай
өмір қайшылығын жанмен, жүрегімен сезінген, санасына жеткізген,
ал бірақ осы қайшылықтардан шығудың жолына келгенде, оның

өнерге, білімге, адамгершілікке шақырған «үндеулеріне» қарап,
оны ағартушы-демократтар санатына жатқызамыз.
Бірақ кеңес өкіметі жылдары «ағартушы», «ағартушылық»
деген сөздердің жиі айтылып келгені белгілі. «Ағартушы» деген

ұғымды бұрын қазақ халқы нақты мағынада қолданбаған. Бұл орыс
тіліндегі «просветитель» дегеннің тұп-тура аудармасы, қысқасы,
еліктеуден туған сөз. Мысалы, Абай шығармашылығын алып
қарасаңыз бұл сөзді таба алмайсыз. Қазақта ойшылдарды ғұлама,

дана, данышпан т. б. деп атаған. «Ағартушы» деген сөз болмаған.
«Ағартушылық» ұғымын санамызға сіңірген большевизм
идеологтары. Себебі, олар өздерін қараңғы қазаққа өнер-білім
әкелген ағартушылармыз деп жария еткен. Сонымен қатар

олар қазақтар ішінен де ағартушылар іздестіре бастаған. Бұл
«Большевизм – халық қамын ойлаушы саяси ілім» деген түсінік
үшін қажетті дәлел болатын. Сонымен тез арада ағартушылық
концепциясы жасалып, шығармаларында әділеттілік туралы

ой толғаған қазақ ұлдары ағартушылар болып шыға келді. Бұл
«ағартушы» деген түсінікті қайткен күнде де халыққа қажетті
құбылыс екендігін мойындату үшін жасалған саяси-идеологиялық
айла шарғы еді.

Анығында ағартушылық қоғам болмысының заңдылығы ретінде
аңғарылатын мәдени қозғалыс, оның қозғаушы күші – ұлттық идея.
Ағартушылық деген Батыс Еуропадан таралғандықтан, мысалға
ағылшын, француз, неміс ағартушылықтарын алсақ, бәрінің де

негізгі мақсаты – ұлттық идея болғанын еріксіз мойындайсыз.
Ал егер орыс ағартушылығына келетін болсақ, онда да ұлттық
идеяның шешуші күш болғаны бірден көрінеді. Бірақ мұнда
бұл ағымда айтарлықтай өзіндік ерекшелік болды. Ресейдің

Батыс Еуропа елдерінің мәдени деңгейінен төмен, мешеушілікте
қалғанының салдарынан орыс зиялылары ағартушылықтың
екі түрін (үлгісін) қалыптастырған. Оның бірі орыс халқының
мүддесіне орай қызмет етуге талпынған ағартушылық та, екіншісі

– Батысқа көзсіз еліктеуден туған ағартушылық.

Қазақстанға, өкінішке орай, ағартушылықтың өңі айналған

миссионерлік түрі келіп жетті. Мәселеге неғұрлым байыппен
қарай білген жағдайда Қазақстанда ағартушылықтың екі түрі
көрініс тапқанын аңғарамыз. Оның бірі мәдени дәстүрге, заман
талабына сай прогрессивті бағыттағы реформалар жасауға

ұмтылу, сөйтіп халықтың сана-сезімін ояту сияқты құбылыстар.
Бұл кәдімгі мәдени жүйе бойынша жүргізілетін қажетті шаралар.
Қалың бұқараны өнерге, білімге шақыру, өз бойындағы әлеуметтік
кеселден, жат қылықтардан арылту, өркениетке талпыну жолын да

басынан өткізеді. Міне, осы мақсаттағы ағартушылық құп аларлық
жағдай.
Бір ауыз сөзбен түйіп айтқанда, шынайы ағартушылық дегеніміз

– осындай нгі ниеттен туған әрекет көрінісі.

Адамдыққа, кісілікке бастаған ағартушылық қазақ халқында
ежелден үзілмей келе жатқан игі дәстүр. Қалың қауымға ұлттық
уағызымен
жақын

жыраулар
шығармашылығы
негізінен,
ағартушылық сарында.

Қазақ жұрты елдігінен айырылып, басы иіліп, тізесі бүгілген
заманда ағартушылықтың жоғарыда айтылған жалған түрі –
миссионерлік келді.
Қазан төңкерісіне дейін христиан дінін уағыздауға қызмет

еткен миссионерлік әрекетінің бет-пердесі аса бүркеле қойған жоқ.
Оған дәлел Ы. Алтынсаринның, Ильминскийдің және сол сияқты
халықты ағартуға келген басқа да орыс оқытушы мұғалімдерінің
жүргізген жұмыстары.

Қазан төңкерісінен кейін миссионерлік жұмыстар теріске
шығарылып, сырттай лағнет айтылғанмен, оның негізгі болмысы
сақталды, бірақ енді оны большевиктер жұртты идеологиялық
тұғыдан адастыру мақсатында интернационализм деп бүркемеледі.

Сөйтіп
Қеңес
өкіметінің
орнығуына

орай
Қазақстандағы
ағартушылықтың әлгі айтқан екі түрі бірігіп, қосылып кетті.
«Миссионерлік» деген атау жойылды, бірақ оның мазмұны

бәлендей өзгере қойған жоқ. Өзгерген – тек атауы, сыртқы түр-түсі
ғана. Ендігі жерде халықтың көзін ашсақ деген ағартушылардың
ізгі ниеті, үміті саясаткерлердің ықпалында кете барды.
Ағартушылық туралы жаңа қағидалар жасалып, бұдан бұлай ол

саяси идеологиялық мәнге ие болды. Революциямен еш қатысы жоқ
ағартушылық революционердің идеологиялық құралына айналып
кетті. Шоқан, Ыбырай, Абайларды Кеңес өкіметі ғалымдығы,

ұстаздығы, ақындығы үшін емес, халықты жақсылыққа насихат
жасап, үгіттегені үшін мейлінше дәріптеп көрсетті. Олардың
тұжырымдауына қарағанда Абайлар қазақ халқын социализмге
өтуге дайындаған ағартушылар. Осындай шындықтың өңін

айналдыру саясаты өз нәтижесін берді. Қазақ халқының басым
бөлігі еш күмәнданбастан, Кеңес өкіметіне, коммунистік партияға
имандай сенді де, адасу жолына түсті. Ақын айтқандай, жақсымен
жаманды айырмады.

Абайды «ағартушы» дегенде, ол ешқашан қазаққа «қазақы
тұрмыстан қолыңды үз, өзге жұрт бол, дініңді, тіліңді жой» деген
жоқ. «Басыңдағы кеселді қылықтан арыл, тазар, өзге жұртқа қарап,
өзіңді көр, мініңді түзе» деді емес пе? Егер осындай уағызды

ағартушылық десек, большевиктер ұғымындағы ағартушылықпен
оның үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Өйткені, большевиктер
болса қазақы тұрмысты жоққа шығарып, мұсылманшылық ұғымды,
дінді таптады, тілін жойды, бір ауыз сөзбен айтқанда, рухын

қорлады. Қысқасы, ұлт болып өмір барынша кедергі жасалды.
Ұлттық мүддеге өре салған саясатты ағартушылық деуге
болмайды. Сондықтан бұл ағартушылық емес, айла тәсілмен
жүргізілген, саяси бүркемеленген миссионерлік сана.

Ағартушылық таза идеологиялық ұғым болғандықтан, Абай
сияқты біртуар тұлғаларды оқып-үйрену саяси қажеттілікке
айналды. Елуінші жылдардан сексенінші жылдарға дейінгі Абай
туралы жазылған зерттеулердің көбі Абайды ағартушы деп, оны

большевиктер ілімінің дұрыстығының айғағы (аргумент) ретінде
пайдаланылған. Сондықтан Қазақстандағы ағартушылық қазақ
халқын тәуелсіздікке бастамайтын, керісінше, құлдық санаға бас
июге тәрбиелейтін халық мүддесіне кереғар жүргізілген саясат.

Ағартушылықтың түп мәнісін біле алмай, ақиқат жолында
адасқан қазақ зиялыларына кешірімді болуымыз керек. Заманнан
асып тыңнан жол салу, айрықша ақыл табу әркімнің қолынан
келер іс емес. Бірақ солай болуға тырысып, халқының тағдыры

үшіп жан-тәнімен қызмет еткен перзенттеріміз жетерлік. Оларға
кешірімді болу кейінгі ұрпақ парызы. Әркімнің өз жетер жері бар.
Уақыт қатаң сыншы – көп нәрсені айқындайды, уақыт заңы –
көп нәрсені кешіреді. Бірақ, мәселе бүгінгі күнде. Адасқанымызды

осы бүгін аңғармасақ, әлі сағым соңында алданып жүрсек, онда
біздің алға ұмтылғанымыз қайсы? Абай айтпап па еді.

Сонда ақын белін буынып,
Алды-артына қаранар.
Дүние кірін жуынып,
Көрініп ойға салар, –

деп. Қазақ зиялыларына «дүние кірінен жуынатын» кез келген
сияқты. «Әділет пен ақылға сынатып, көрген білгенін» өзіміз
туралы ешкімнің ықпалынсыз, анау айтты, мынау айтты демей-ақ,
қазақтану ғылымын қалыптастыру парызымыз. Біздің көптеген

қоғамдық-саяси, мәдени ой-пікірлеріміз, уайым-түсініктеріміз
еліктеуден, өзге ілімге табынудан туған. Сондай проблеманың бірі
қазақ ағартушылығы туралы тенденция.
Ағартушылықтан қазақтың ұтқаны шамалы, негізінен ұтылды,

дамудың тығырық жолы социализмге түстік. Қазір шегініп
келеміз. Әлі өзіміз жол айырығына жеткен жоқпыз. Өзгенің етегіне
жармасып, оған еліктеп бөгде жолға түскенімізден сабақ алар
мезгіл жетті, бірақ іс жүзінде тағы да бір ағартушылықтың жаңа

бір түріне тап келіп отырмыз.
Қазақ зиялылары қауымының бір тобы Батысқа еліктеп, ұлттық
дамудың төл өзегін шығарып, халықты тағы да теріс жолға
итермелеуде.

Қазақстанда ұлттық идеяға құрылған ағартушылық жаңа ғана
бой көрсетіп келеді. Ағартушылық – ұлттық сана-сезімді ояту үшін
қызмет атқаратын мәдени-саяси құбылыс. Бүгінде миссионерлік-
ағартушылық саясаттың жемісі айқындалып отыр. Ол ұлттық

идеяға қарсы тәрбиеленіп өскен қазақ зиялылары. Олардың ынтасы

– Батыс мәдениеті.

Батыс өркениеті өз аймағы үшін құнды. Батыс – мұсылман
рухына келе бермейтін басқаша христиан әлемі. Батыс мәдениетін
білу пайдалы екеніне сөз жоқ. Бірақ бұл тағы да ұлттық
дамуды шектеу факторы болып табылатынын ескерген жөн.

Батыс пен қазақ мәдениеті бәсекеге түспеуі керек. Біз ұлттық
генофондымызды (қорымызды) шашып алған халықпыз. Өзімізді
өзіміз танып, дамуымыз үшін уақыт қажет. Халық болып топтасып
ес жинау керек. Бар-жоғымызды түгендеп алу егемен болған елдің

атқаратын басты ісінің бірі. Кезінде көне түркі мәдениетін араб-
парсылар әкелген, одан бері де Қазақстанда орыстардың Шығысқа
жылжуы нәтижесінде келген христиан мәдениеті үстемдік етіп
келді. Алдағы уақытта осы үрдіс қайталанып жүрмей ме деген

күдіктің ойға келуі заңды.

Қорыта айтқанда, қазақ зиялы қауымының алдында рухани
тұрғыдан тағы да жол таңдау мәселесі кесе көлденең тұр. Абай:
«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» деген. Адасып жүріп жөн
тауып, соңымыздан ұрпағымыз ерсе, өз жолымызды қалдырсақ

деген пікірдемін.
Әрине, Анахарсистен Абайға дейін жоғарыда аты аталғандардан
да өзге ғұламалар, ойшылдар, мәдениет қайраткерлері болған.
Бұл өте ауқымды тақырып. Кеңес өкіметі жылдары біз Абайды

өзі өніп-өскен топырағымен зерттей алмадық. Абайдан әрі қарай
тереңдесек түрлі әлемнің тарихына тап боламыз. Ол деген сөз
пантюркизм болып шықпақ. Большевизм пантюркизм дегенді
өзі ойлап тапты да, оған қарсы күрес ашты. Анығында ешқандай

пантюркизм емес, түркі тілдес халықтардың ортақ мәдениетін,
тарихын зерттеуге ынталылар болған. Бүгінде түркі мәдениетін,
оның генезисін зерттеу мүмкін болған жағдайда, біз Абай туралы
сөзді сонау түптамырдан (генезистен) бастауды жөн көрдік. Бұл

тек көңіл қалауы емес, оған мұрындық болған екі мәселе еді.
Біріншіден, екі мың бес жүз жыл ішінде (яғни Анахарсистен
Абайға дейінгі аралық) үзілмей бізге жеткен түркі тілі. Әрине,
түркі тілі өзгермеді, сол қалпын сақтады деп айту артық болған

болар еді. Сонымен бірге түркі тілі жойылып кеткен деп те
ешкім айта алмайды. Бұл бір мәңгілік тілдің бірі. Заманында
түркілердің өз әліппесі болған, келе-келе ұмытылған, оның
себептерін жоғарыда айттық. Бүгінде жаңа заманда қайта

жаңғырып отыр.
Түркі тілінде Рабғузи, Бақырғани, Ахмед Югнаки, Хайдар
Дулати, Жалаири, Түркістани, ат-Түрки, Жамал Карши, Қашқари,
Сығнаки, Баршылығи т. б. өз шығармаларын жазған. Бұл адамдар

қазақ хандығы немесе қазақ ордасы ту тіккенге дейін өмір сүрген
өнер майталмандары.
Тіл мамандарымен таласпаймын, бірақ бір мәселенің басы
ашық. Ол түркі тілі деп жүрген тіліміздің сонау сақтар заманынан

сақталып келгені. Осы тұста ерекше айтылатын проблема
Анахарсис тілін зерттеу. Біз Анахарсис түркі тілінде сөйледі
деп болжам (гипотеза) ретінде айтып отырмыз. Ендігі қажетті
нақтылы дәлелдер. Сақтар тілі туралы түркологияда меніңше

жаңсақ пікірлер белең алып кеткен. Оның ең бастысы сақтар тілін
ирандық тіл тобына жатқызушылық.

Түркі тілінің субъектілерін тарихта әр түрлі атайды: сақтар, ғұндар, қыпшақтар т. б. Екіншіден, жиырма бес ғасыр бойы үзілмей келген этностық сана бүгінгі күнге жалғасып отыр. Теорияда белгіленген, тарих дәлелдеген шындық сол этнос адамдарының тіл бірлігін талап етеді, себебі тілсіз этнос, яғни адамдардың тарихи-әлеуметтік қауымдасуы болмайды. Сондықтан этнос пен тіл тарихи бірлікте қауымдасады. Түркі тіліне ие болып келген этностар аттары: сақтар (скифтер), қыпшақтар (түркілер) содан кейін түркі тілдес бүгінгі күнгі өмір сүріп отырған халықтар. Демек, түркі тіліндегі сөйлеген этностар тарихтан мүлдем жойылып кетпеген, тек тарихи атаулары өзгеріп отырған. Қазақ халқы сол түркі әлемінің біртарауы. Ал, жоғарыда аты аталған ғұламалар осы этностардың «өтпелі кезеңдерінде» өмір сүргендер. Олардың бәрі Ренессанстық тұлғалар. Мысалы, Анахарсис сақтарға сол кездегі өркениетті қала Афинының мәдениетін, өмрін, саяси басқару жүйесін әкелсе, Иоллығтегін түркі әлемінің ең шарықтау шегінде өмір сүріп, оның өзге күйге ауысар сәтін, оның себептерін тасқа түсірген. Ол азаттық қозғалыстың жыршысы. Демек, этностық сананың насихатшысы. Оның болмысы түркі қағанатымен біте қайнасқан. «Күлтегін» жырынан «қалың елім...» деген Абай зары естіліп тұр. Сондықтан да біз Анахарсистен Абайға дейін дегенде өзге ғұламаларға арнайы тоқталмадық. Мұнымыз мүмкін дұрыс, мүмкін бұрыс.Оны кейінгі зерттеушілер анықтар. Себебі, мұның өзі арнайы зерттеуді қажет ететін күрделі тақырып. Біздің мақсатымыз Анахарсистен Абайға дейін деген мәденитарихи концепцияны бір ізге салып, оны мектеп оқулықтарына енгізу, сөйтіп жас ұрпақтың 25 ғасырлық рухани, тарихи-мәдени кеңістігімізді игеруіне қолайлы жағдайлар қалыптастыру. Араларында 25 ғасыр жатқанмен, Анахарсис пен Абай дүниетанымында ұқсастық бар. Бұл ұқсастықтың мәні екеуінің де күдік философиясына (яғни скептицизмге) жақындығы. Анахарсистің скептиктер қатарына жататынын жоғарыда айттық. Ал, Абайға келсек, ол еш қашанда ғылым, болмыс, Адам туралы айқын, ұғымға жеңіл пікір айтып «көсемсінбеген». Оның, әсіресе қара сөздерінде жауаптан сұрағы көп. Ол ақылға сын айтқан. Ақылдың мөлшерін біле білген. Егер де ақыл өлшеулі болып, ол арқылы ғаламды тану мүмкін болмаса, не болғаны? Бұл күдік

философиясы, Еуропа тілімен айтқанда, скептицизм. Бірақ, бұл
әншейін күдік, әншейін бір нәрсені жоққа шығарушылық емес,
ақыл арқылы жасаған қорытынды. Тек ақылды жан ғана ақылдың
шегін сезіне алады. Сақ ойшылы Анахарсисте, қазақ ойшылы Абай

да сондай жандар.
Қоғамда ешқашан да ақиқат туралы айқын теория болмағаны
анық, болуы да мүкін емес. Біз көбіне болжамды аксиомалық теория
деп қабылдаймыз. Уақыт оның теріс екенін әманда дәлелдеп,

айқындап береді. Көбіне теория – болжам, болжам – теория болып
қабылданып, бірінің орнына бірі жүре береді. Сондықтан да
біздің айтып отырғанымыз, әрине болжам, бірақ оның теориялық
қызметін атқаруына кім кепілдік бере алады. Теорияны теріске

шығаратын да теория. Ондай теория болмаса біздің айтқанымыз
болжамға айналады.
Қысқасы, қалай болса, олай болсын әйтеуір бұл мәдени
тарихи концепция қажетке жарары сөзсіз. Бұл пікірлер теріске

шығарылғаны дәлелденсе, онда біздің ойдың шындыққа жетуге
қызмет еткені. Рас, осы жөн екен, тек толығырақ зерттелсе деп
тілек білдіргендерге бұл еңбек алғашқы соқпақ.
Енді кітаптың келесі екі бөлімі туралы бірер сөз.

Абайдың өз сөзімен айтсақ, «Абайға әркімніңде бар таласы».
Әрбір зиялы қазақтың Абай туралы пікір айтуы түсінікті және
орынды. Ақын барша қазақ жұртына ортақ болғанмен, әркімнің
өз Абайы болуы да мүмкін. Әр адамның, әр ұрпақтың Абайды

өзінше қабылдауына таң қалуга болмайды. Сананың мазмұны
субъектінің түсінігі арқылы айқындалады. Мен де осы тұрғыда
Абай шығармашылығын зерттеуге ден қойдым.
Абайсыз қазақ мәдениеті, фиолософиясы туралы сөз айту

мүмкін емес. Сондықтан Абайды тану қазақты тану деген
проблемамен өте тығыз байланысты. Бірақ, ақынды танудың тәсілі
қандай болуы керек. Абай туралы айтылған, жазылған жалпылама
сөзден көп нәрсе жоқ.

Мен Абайды тануда өзгеше тәсіл қолдандым. Оның аты
еуропаша герменевтика, арабша – бари ирманийас. Бұл түсінік
туралы ғылым немесе түсінікті түсінудің тәсілі.
Түсінікті түсіну деген сөз, біреудің ойлау тәсілін меңгеру.

Мысалы, Абай Алла тағала адамзатты маахаббатпен жаратқан
дейді. Бұл ақынның түсінігі, біздің міндет осы түсінікті түсіну

әрі түсіндіру. Сол себепті екінші бөлімді «Түсініктер туралы түсініктер» деп атадық. Мұнда Абай өлеңдеріндегі бірден оқырман санасына жол таба алмайтын түсініктерге түсінік беруге талаптандық. Үшінші бөлімді «Сөздер туралы сөздер» деп атадық. Бұл бөлімде Абайдың қырық бес қара сөзі туралы пікірлер айттық. Осы екі бөлімдегі айтар түсінігіміз нақтылы Абай шығармасындағы – бір сөзіндегі, не бір өлеңдегі, не өлеңнің бір шумағындағы, не өлеңнің бір жолындағы түсінікке құрылған. Абайдың айтқандарын өзге ғұламалар пікірлерімен салыстыруды мақсат етпейміз. Біздің мақсатымыз Абай түсініктері туралы нақтылы түсінік айту. Абай мұрасына барлау, ұлы ақынның ой тұңғиығына тереңдеу ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беретін іс. Абай – адамзаттың ғұмыр бойы игеріп, түйсіне түсетін тұтасқан бір ғажайып әлемі. Қоғам дамуының ғасырлар желісінде «өлмейтұғын артына сөз қалдырған» ұлы тұлғалар хақында өз кезеңіне сай ой өрбитіні анық. Абай бізбен де, келер ұрпақпен де замандас, сондықтан ақынды «жүрегінің түбіне терең бойлап» парасатты ой, зерделі санамен оқып-үйрену қасиетті парызымыз. Кеңестік дәуірде ұлы Абайдың рухы тар өрісті таптық түсінік тұрғысында зерттеліп, ұлттық рухани мұрамызға бұғау салынды. Абай туралы алғаш жүрекжарды лебізін білдіріп, тиянақты тұжырым айтқан қазақтың асыл арыстары Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов және ұлы ақынымызды орыстың оқырман қауымына тұңғыш рет таныстырған алаштың ардагер азаматы Әлихан Бөкейханов қуғынға ұшырап, қызыл зобалаңның от-жалынына шарпылды. Шәкәрім Құдайбердіұлының айтқан «нақтылы ой» (кеңестік идеология) қоғамы орнаған соң Абай рухы бұрмаланып, ақынның шығармашылық мұрасын ұрпақтар көкірегіне дарытуда жасанды түсініктер орныға бастады. Тоталитарлық тар өрісті таптық идеология шеңберінде бар саналы ғұмыры мен шығармашылық қызметін өте күрделі де нәзік сырлары мол ұлы Абайдың мұрасын зерттеуге арнаған кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов келер ұрпаққа өз заманының болмысына сай бағалы туындылар қалдырды. Қазақ әдебиетінің классикалық шығармасы «Абай жолы» роман-эпопеясын жазып,

«Абайтану» ғылымының негізін қалаған М.Әуезов Абайтануды
белгілі белеске көтере білді.
Кеңестік таптық идеологияға Абайдың қазақы тұрмысты
сынап, дүмше молдаларды әжуалаған жері, қазақ қоғамындағы

қайшылықтарды мінеген тұстары ұнап, ұлы ақынға «ағартушы»
атағы таңылды. Бұл түсінік, әрине соқтықпалы, соқпақсыз
жерде өскен, мыңмен жалғыз алысқан ақынның ойшылдық
бітім-тұлғасын толық ашуға дәрменсіз болатын. Ақынды зор

толғанысқа түсіріп, дүниетанымдық ізденістерге салған: адам,
оның табиғаты, құпия сыры мен сипаттары жайлы ой түйіндері
ақиқат тұрғысында зерттеуді талап етеді. Абайдың түсіндіруінше,
адамды жаратушы Алла тағала. Адамның адамгершілік қасиеті

мен ақыл-парасаты оның Аллаға деген сүйіспеншілік сезімінен
байқалады. Алланы мойындап, оның хикметін сезіну адамның
өзін-өзі танып-білуінің қайнар көзі болып табылады.
Абай дүниетанымының кеңістігі Адам мен Алла арасы.

Нәбилер (пайғамбарлар) өзгермелі дүниенің өкілдері, оның
үстіне олар да адамдар. Сондықтан нәбилер де ақиқат не деген
сұраққа толық жауап бере алмайды. Сұраққа жауапты нақтылы
беруші Алла. Ал, адам үшін қажетті ақиқатқа Абай отыз

сегізінші сөзінде «ғұмырдың өзі – хақиқат» деген анықтама
береді. Асылында, адамның ғұмырынан асқан қандай ақиқат
болуы мүмкін: тек ғұмыр болған жерде ғана зерделі сөз, айтылар
ой, жазылар кітап болмақ. Адам ғұмырынсыз болмыс мәнсіз.

Себебі, болмыстың бар-жоғы туралы айтатын жан болмаса, оның
растығын кім дәлелдемекші?! Осы идеялары үшін біз Абайды
хакім дейміз. Хакімдер болмыс құбылысының мәні мен себебін
анықтап, адамзатты түзу жолға салушылар. Бұл ғұлама Абайдың

пікірі…

VІ. АБАЙДЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМІ Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ АБАЙ МҰРАСЫНЫҢ РУХАНИ КӨЗДЕРІ Абайдың әдеби мұрасы қаншалықты зерттелді десек те, оның ғылым нысанасына ілінбей қозғаусыз жатқан қырлары әлі де баршылық. Солардың бірі – Абай мұраларының рухани көзі, төркінінен хабар беретін, ұлы ойшылдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайы туралы мәселе. Абайдың әдеби мұрасын ғылыми негізде тереңірек зерттеп, айқынырақ тану үшін шешілуі аса қажет проблема болса да, бұл жай әлі күнге дейін қолға алынбай келеді. Мұның басты себебі Абайдың қолжазбалары мен пайдаланған еңбектерінің, замандастары хатқа түсірген естеліктердің толық сақталмауында жатыр. Мәдениеті ертерек дамып қалыптасқан халықтардың қайқайсысын алсақ та, олардың атақты ақын-жазушыларының, ойшылдарының оқыған кітаптары мен қолжазбалары, күнделіктері, жазысқан хаттары мен олар туралы замандастарының естеліктері түгелге жуық сақталып қалатыны белгілі. Абайдың әдеби мұрасын зерттеушілер мұндай мүмкіндіктен құралақан. Сондықтан бұл салада еңбектенуші ғалымның әрекеті М. Әуезов сөзімен айтсақ: «Алдақашан бел асып кеткен көштің айдаладағы жұртына кешігіп жеткен жүргіншінің сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір қызыл шоқ тауып ап, оны демімен үрлеп тұтатпақ болғанымен бірдей». Дегенмен, туған халқының қамы үшін «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілген» Абайдың әдеби мұрасында оның Шығыспен қарым-қатынасына байланысты ақындық кітапханасы ғылыми тұрғыда арнайы зерттелуі қажет деп білеміз. XІX ғасырда әр түрлі саяси әлеуметтік жағдайларға байланысты қазақ халқы ғасырлар бойы томаға-тұйықтан арылып, тек батыс қана емес, шығыстың да мәдени өмірімен тікелей араласа бастады.

Бұл сипаттағы құбылыстардың қазақтың сол кезеңдегі қоғамдық ой санасынан белгілі дәрежеде болса да орын теппеуі мүмкін емес еді. Әсіресе, бұл көріністер сол кездегі қоғамдық ой-сананың көш басшылары болған қазақ ақындарының шығармалары мен ел ішінде ауыз әдебиетінің немесе жазба әдебиетінің салтымен таралып жатқан әр текті шығыстық қисса-дастандар мен аңыз ертегілерден анығырақ байқалды. Бірақ бұл құбылысқа қазақ ақындарының шығармашылық әдеби қарым-қатысы олардың идеялық бағытбағдарын, талғамы мен біліміне байланысты сан қилы болғаны даусыз. Бұл процестің сол кезеңнің шындығын шығармаларында жан-жақты терең қамтыған Абайдың мұрасында алатын орны да ерекше. Абай шығармаларының табиғатын ғылыми тұрғыдан кең көлемде тану сол дәуірдегі жалпы қазақ әдебиетінде орын тепкен күрделі құбылыстардың сырын ашып, табиғатын білуге басты бағдар бере алады. Абайды толық білмейінше, XІX ғасырдағы қазақ әдебиетінің жалпы даму заңдылықтарын да терең меңгеру мүмкін емес. Осы тұрғыдан ұлы ақын мұрасын зерттеушілердің Абайдың Шығыс мәдениетімен шығармашылық байланысы жөніндегі мәселеге отыздан астам ірілі-ұсақты мақалалар арнауы кездейсоқ емес. Бірақ, бұл мақалалардың көпшілігі мәселені жалпы сөз етіп, пікір қозғағаны болмаса, нақтылы түрде арнайы ғылыми зерттеу бола алмады. Дегенмен, осылардың ішінен проф. Ғ.Сағдидің зерттеулеріндегі соны пікірлердің ерекше назар аударатынын ескерте кеткеніміз жөн. Ұлы ақынның әдеби мұрасында елеулі орын алатын жалпы Шығыс мәдениеті мен творчестволық қарым-қатысы туралы күрделі де қиын проблеманы ғылыми негізде толығырақ ашу үшін не істеу керек дегенде, біз алдымен Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайы туралы мәселені жан-жақты, терең анықтау аса қажет дер едік. Өйткені, бұл мәселені мүмкіндігінше анықтап, талдап, бар деректердің бәрін барынша толық игеріп, сын елегінен өткізбейінше, Абайдың әдеби мұрасының Шығысқа қатысы туралы сөз етіп, ғылыми тұрғыда зерттеу ешбір нәтиже бере алмайды. Абай мұраларының түп-төркіні мен оның ақындық кітапханасын анықтауда біріншіден, Абай шығармаларына белгілі дәрежеде қатысы бар-ау деген кейбір жанама деректерді оның өз дүниетанымы және дін, өнер, әсіресе, мінез-құлық туралы

пікірлерімен нақтылы салыстыра қарау, оларды айрықша сын
елегінен өткізу қажет.
Жанама түрде болса да нақтылы деректі мағлұматтар бере
алатын әрі Абай мұрасының рухани бұлақтары ретінде белгілі

дәрежеде шығармашылық қарым-қатынасы, байланысы бар
деректер қатарына әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, «Кабус-наме»
(XІІ), Жүсіп Қарабағи (XVІІ ғ.) шығармаларын жатқызуға болар
еді. Бұл деректер көзін бұл жолы біз қысқаша түрде, жалпы

алғашқы мәлімет ретінде сөз етіп, пікір айтумен шектелмекпіз.
Өйткені бұлардың ұлы ақын мұрасымен рухани іліктес жақтарын
жан-жақты терең зерттеп барып ашу міндеті келешекте алға
басқаша талап тұрғысынан қойылары анық.

Бірінші сала
Ұлы Абай өмір бойы дүниеден жиып-терген ой нәрін туған
халқына бағыштағанда үнемі әділет пен ақыдың тегеурінді тезіне
салып, сыншыл ой елегінен өткендерін ғана ұсынуды мақсат

тұтқан.
Әділет пен ақылға,
Сынатып көрген, білгенін,
Білгізер алыс жақынға

Солардың сөйле дегенін, –
деп, өз шығармаларында нәр тартқан рухани бұлақтар төркінін
жасырмайды. Оның
Ғылымды іздеп,

Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім, –
деп, қайырыла ескертуінде терең сыр жатыр. Яғни, Абай
дүниетанымның белгілі дәрежеде бастау алар рухани көздерін

тануда осы өлең жолдары – ақын мұрасын зерттеушілерді бірден-
бір дұрыс бағытқа сілтер темірқазықтай, адастырмас нысана.
Абай – өзі жасаған заманы үшін «Ауыр ойды арқалап» ауырған
жан. Сондықтан оның рухани болмысын терең танып білу үшін,

ақын сілтеп отырған «екі жаққа» яғни Батыс пен Шығыстың
рухани ой қазыналарына барынша терең
бойламайынша,
оларды екшеп сусындаған ақын ойының соқпақтарымен жүре

отырып зерттемейінше, көздеген нысанаға дәл жету қиын-ақ.

Бірақ, бұл тәрізді бүкпесі мен бұлтарысы мол, тұнып тұрған ой
орманына тәуекелмен қадам басқанда, ең сенімді төте жол – Абай
шығармаларындағы сілтеме ой төркіндеріне сүйену. Әрі алғышарт
ретінде Абай шығармаларында сараланатын ой төркіндерін терең

танып, меңгеріп алуда жатыр.
Жанама деректер көзінің бір саласы ретінде Әбу Нәсір
әл-Фараби мен Абай пікіріндегі кейбір сабақтастықтардың
болмысына назар аударып, пікір сарабына салғанда алдымен

әрине, қазақ жерінің ұлы екі ойшылының көзқарастары мен
танымындағы ұқсас жақтары бөлекше сөз етілмек. Абай
шығармаларындағы ой желісінің нәр алар рухани көздерін өзі
сілтеп отырған тура және жанама деректермен салыстыра отырып

аша алсақ қана, көздеген мақсатқа біршама жақындай түспекпіз.
Бұл іспеттес жанама деректер көзінің біріне ұлы ғұлама әл-
Фараби мен Абай мұраларындағы ой желісінде орын алған пікір
сабақтастығын да жатқызар едік.

XІ ғасырдан бізге жеткен бірден-бір әдеби мұрамыз «Құтадғу
білікпен» Абайдың таныстығы жайында нақтылы жазба дерек бар,
ал әл-Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде әзірше нақтылы
мәлімет қолда жоқ. Дегенмен әл-Фараби еңбектерін Абай білген

деген пікірді ертеректе профессор Ғ. Сағди: «...философияға,
даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, Ибн-Синалармен
таныс болумен бірге осы ғақылиялар кітаптарынан да мағлұматы
бар еді» , – деп атап көрсеткен болатын.

Шындығында, әл-Фараби мен Абай дүниетанымындағы кейбір
ой-пікірлер сабақтастығында салыстыра қарағанның өзінде-
ақбелгі беріп, мен мұндалап тұратын іліктестіктер баршылық.
Әл-Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын,

ақын шығармашылығы нәр тартқан рухани көздерінің түп-
төркіндерін іздегенде; біздіңше, алдымен екі ұлы ойшыл айтатын
«жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен атасақ, оның «өзін
танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет

болады19.
Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында
«өзін танымақтық» немесе «жан қуаты» туралы сйлардың
қалыптасу жолдарын танып білу күрделі проблемаға айналып, о

бастан-ақ қарама-қарсы көзқарастар өріс алды. Адамның «өзін
19 Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы. Инв. № 172, 17-бет

танымақтық» жөніндегі ілімнің бастапқы қадамы көне дүние
философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге
түсіріп, қалыптастырған әл-Фараби еңбегі ерекше көзге түседі.
Соңыра бұл жолды ғылым саңлақтары: Ибн-Сина, Ибн-Бажа, Ә.

Науаи, Ғұламаһи Дауани, Жүсіп Қарабағилар жалғастырған.
Адамның «өзін танымақтығы» жөніндегі Абай шығармаларында
мол таратылған пікірлердің түп-төркіні осы ғалымдар еңбегіндегі
ойға барып ұштасады. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін

танымақтық» жайлы күрделі ой сарабына қазақ топырағында арғы
заманда әл-Фараби, соңғы дәуірде Абай ғана терең барлап барған
тәрізді. Абай өлеңдері мен қарасөздерінде жан қуаты жайлы ой
толғауында: «жан құмары», «жанның жибили қуаты», «жан қуаты»,

«жанның азығы», т. б. осы іспеттес философиялық сарындағы
ойларын таратқанда: «Жан қуаты деген қуат бек көп нәрсе, бәрін
мұнда жазарға уақыт сиғызбайды»,– деп айрықша ескертуінде
белгілі себеп те бар. Бұл пікірде Абайдың «өзін танымақтығы»

жөніндегі ілімнің арғы-бергі тарихымен толық таныстығы анық
байқалатындығы былай тұрсын, өз тарапынан таратпақ болған
ойларын кең түрде көсіле жазып, тыңдаушыларына молынан
жеткізе алмаған екініші де сезіледі.

Жан қуаты жөнінде әл-Фараби қолданған философиялық
терминдер Абайдың өлеңдері мен 7,17,27,38, 43-қарасөздерінде
сол түпнұсқадағы қалпында немесе қазақы ұғымға сай балама
сөздермен төлеу сала берілуі кездейсоқ құбылыс болмаса керек-

ті. Абай Батыс, Шығыс философтарының термин сөздерін қаз
қалпында қолдана бермей, кейде тыңдаушыларының ұғымына,
ой өрісіне лайықтап, ана тілімізде баламасы бар сөздермен батыл
ауыстырып отырған кездері де бар.

* * *
Абай шығармаларында (14, 17-қара сөздері мен «Әуелде бір
суық мұз – ақыл зерек», «Көзінен басқа ойы жоқ», «Малға достың
мұңы жоқ малдан басқа», «Алла деген сөз жеңіл», «Жүрек – теңіз,

қызықтың бәрі – асыл тас») арнайы сөз болып, мол таратылатын
ақыл,
қайрат,
жүрек

жайлы
философиялық
мағынадағы
ойларының бастау алар көздерін тағы да әл-Фарабиден табамыз.

Абайдағы ақыл, қайрат, жүрек туралы ойлар төркіні бір жағынан
жәуанмәртлікпен де ұштасады. Біз бұл арада тек қана Абай

шығырмаларының ұзына бойында жүрекке шешуші мән-мағына беретін терең гуманистік астардағы көзқарасының түп-төркінінен хабар беретін бірер пікірлеріне ғана аялдамақпыз. Абай 17-қарасөзінде ақыл, қайрат, жүрек туралы пікір білдіргенде: «Осы үшеуің басыңды қос, оның ішінде жүрекке билет», – деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен... Үшеуің ала болсаң мен жүректі жақтадым», – деп, өз атынан да, ғылым атынан да жүрекке шешуші орын беріп: «Кітаптың айтқаны осы», – деп сілтеме жасап отырған ғылымы қандай ғылым, кітабы қай кітап? Міне, Абай арнайы сілтеме жасап, нұсқап отырған аталмыш деректер төркінін іздеп табу қиын. Абай ойларының бастау алар түп төркінін осы деректерсіз танып білу де мүмкін емес. Абайдың «өзін танымақтық», «жан қуаты» жөніндегі ойының бастау алар көздерін іздегенде, біз арғысы әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Бажа, бергісі Ә. Науаи, Ғ.Дауани, Ж. Қарабағи еңбектеріне тірелеміз. Осы саладағы Абай ойлары, ғұлама ғалымдар еңбектеріндегі пікірлермен салыстыра қарағандағы сабақтастықтар желісі біздің қолымызға бұлтартпас деректер негізін де бере алады. Мәселеге дәл осы тұрғыдан барғанда ғана нысанаға дөп түспекпіз. Әл-Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» деген еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларында: «өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интелектіге) оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде де, жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отыратыны бар. Жалпы жан-қуаты жөніндегі танымға бұлай қарау мешаиюн (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде әл-Фараби мен Абайдағы ой іліктестіктерін салыстыра қарайық. Мәселен әл-Фараби: «Жүрек басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін мый келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес»20, – деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, осыған сәйкес ой Абайда да: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ сонда билеуші жүрек болса жарайды», – деп таратылады. Бұдан екі ұлы ойшылдың дажүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екенін, тек баяндау түрі басқаша берілгенін көреміз. Екеуі де өз танымдарында жүрекке 20 Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы, 1973. 289-бет.

шешуші мән-мағына берумен қатар, оны бүкіл ізгілік, рахым, шафағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Абай көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген. Абай шығармаларының ұзына бойына таратылып отырған адамгершілік, гуманистік ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштас жатыр. Абайдағы «хауас», «үш сүю» (имани гүл), «жәуанмәртлік» «әділет», «шафағат» жайлы ой толғаныстарының желісі де осытаным шеңберіндегі ұғымдар. Бұлар әл-Фарабидің: «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» деген еңбегінде адамның жеке басының ең кемелденген (камили инсани) үлгі-өнегесі жайлы арналы танымының негізіне саяды. Осы дәстүрдің жалғасын Абайдағы «толық адам» жөніндегі ойпікірден айқынырақ сезінеміз. Абайда мол таратылып, жиі сөз болатын «толық адам», «жарым адам», «адам болу», «инсаниаттың кәмеләттығы», «бенделіктің кәмеләттығы», «толық инсаниат», «адамшылық», «адамның адамдығы», «адам болу», т. б. толып жатқан осы іспеттес терминдік мәні бар сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің шығар көзі, түп-төркіні әл-Фараби еңбектеріндегі ойлар желісіне қарай сілтейді. Абай 14-қарасөзінде тыңдаушыларына орай: «Жүректің қасиетін анықтап біле алмайды», – деп кейи ескертетіні бар. Өлеңдері мен қарасөздерінде жүректі рахым, әділет, шафағат атаулының қанат қағып ұшар құтты мекені деп қарап, жүректің культін көтере мадақтайды. Осы жолда ұстанған асыл мұраттарын өмір бойы өз шығармалары арқылы желілі түрде таратып, насихаттаудан танбайды. Мәселен, «Әсемпаз болма әрнеге» деген өлеңінде: Ақыл мен қайрат жол табар, Қашқанға да қуғанға. Әділет, шафағат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Алдыңғы екеу соңғысыз, Біте қалса қазаққа. Алдың жалын, артың мұз Барар едің қай жаққа? – дегенде Абай алдыңғы екеуі (ақыл, қайрат) кісі бойында ұялаған адамды жарым адам деп қарайды да, оны нәрсіз жартыкеш дүние ретінде ұғынады. Ал алдыңғы екеуіне соңғы қасиет (әділет, шафағат) қосыла біткен кісіні ғана толық адам деп біледі. Өзі армандаған

асыл мұраты – «адам болам десеңіздің» үлгі-өнегесі ретінде толық адам туралы ойларын үнемі насихаттап, таратып отырады. Абайша әділет шафағаттың шығар көзі–жүрек болғандықтан: «... жақсылыққа елжіреп еритұғынмен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғынмен, әділет, нысап, ұят, рахым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады», – деп өз танымын риясыз түрде ашып салады. Абайдың танымында, ақыл, қайрат екеуі де жүректің ізгілікті ісіне ғана қызмет етуге міндетті. Абай жүректің культін көтеріп, оған шешуші орын бергенде, оның гуманистік мағынадағы тетігіне сүйеніп отырады. Абайдағы осы ойдың да түп-төркінін тағы да біз әл-Фарабиден табамыз. Себебі әл-Фараби ақыл жүректің ізгілікті көздеген әрекетіне ғана қызмет етуі тиіс деп білгендіктен: «...жүректің ізгі ниеттерін жүзеге асыру ісіне қызмет ету тек қана мыйға тән қабілет!»21 – деп жазып, қайырыла ескертеді. Екі ойшыл пікіріндегі мұндай іліктестік кездейсоқ нәрсе емес, бұл көзқарастағы дүниетанымдағы өзектес келген бірліктің негізінде жатыр. * * * Мешаиюн мектебіндегілерде де хауасқа айрықша мәнмағына бере қарау жағы басым жатады. Әл-Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері» (космогония) жайлы еңбегінде жалпы хауасқа әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған. Өйткені бізді қоршаған болмыстың сырын тануда сезім мүшелерінің басты орын алуы себепті «Сезімдер дегеніміз – хауаси хамса, бес сезім мүшелері»22– деп, арнайы мән бере атап өтуі жай нәрсе емес. ӘлФараби атап отырған хауаси хамса жайлы философиялық ұғымдар Абайдың 27, 38-қарасөздері мен «Алла деген сөз жеңіл» дейтін өлеңіндегі термин сөздердің негізі өзектес келіп, бір мағынада берілуі екі ойшыл пікірлеріндегі байланыстың төркінін аңғарта алады. Абайдағы: «Жансыз жаратқандарынан пайда алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайда алатын ақылды инсанды жаратыпты», – деген пікір дүниенің жаралуы жайлы әл-Фарабидің: «тәңірі әуелі жансыз дүниені, өсімдіктерді, 20 Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. «Ғылым», Алматы, 1973. 290-б. 21 «Білім және еңбек». 1978, №1

жан-жануарларды, соңыра ақыл иесі адамдарды жаратқан» дейтін дәстүрлі танымымен төркіндес. Жоғарыда айтылған пікірлерді Ә. Науаи сөзімен атасақ «ахси жиһан» (бейнелеу теориясы мағынасында) делінетін дүние тану жолындағы аса бір күрделі құбылыстар. Абайдың дүниетанымындағы басым жағы да осы салада айрықша байқалады. Абай өз шығармаларында хауаси хамса заһириге (сыртқы бес сезім мүшелеріне) ерекше мән бере қарайды. Ақыл, сана дегеніміз күнделікті өмір процесінде бізді қоршаған өмір шындығының сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымының жибили қуатымен біздің санамызға сәулеленуінен пайда болатын рухани құбылыс деп таниды. Абайдың: «Ақыл, ғылым – бұлар кәсіби. Көзбен көріп, құлақпен есітіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады... Кімде кім есітіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол көп жиғаны бар адам», – дегендегі ақылдың, сананың пайда болуы туралы дүниетанымының төркіні де әл-Фарабидегі: «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес»,–деген ой желісімен іліктес жатқан іргелі ұғымдар екенін көреміз. Әл-Фараби жан қуатын: қозғалттыратын қуат, танып білетін қуат деп екіге бөледі. Ал адамбойындағы танып білетін қуаттың өзін ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастыратыны бар. Әл-Фарабидегі бұл танымдарды да Абай шығармаларынан көптеп ұшыратамыз. Бұл, әсіресе, Абайда арнайы сөз болатын хауас жайындағы ой толғаныстарында молырақ көрініс береді. Абайдың 7, 17, 27, 38, 43-қарасөздері мен «Алла деген сөз жеңіл» дейтін өлеңінде әл-Фарабиде сараланатын ішкі және сыртқы сезім мүшелері де сол тұрғыдан сөз етілетіні байқалады. Әрине, өте күрделі әрі көп қырлы хауас ұғымы Абай шығармаларында да қатқабатты ұғымдардан тұрады. Сондықтан ондағы ұғымдардың жігін танып барып сөз етуді ескеру қажет. Абай қарасөзіндегі сыртқы бес сезім мүшесі мен ішкі сезім мүшелері бірлікте алынып, хауас ретінде ұғынылатын жақтары да бар. Мұндай таным селжуктер үстемдігі тұсында да өмір сүрген тәжіктің ақыны, ғұлама ғалымы Насири Хисрау еңбектерінде нақтырақ талданады. Ол хауасты екіге, яғни ішкі, сыртқы мүшелеріне бөліп, сыртқы бес сезім мен ішкі бес сезімді бірлікте алып көрсетеді. Ішкі сезімге: болжам, қиял, әсер, ес, ойды жатқызады. Ішкі сезім адамды хайуанаттан

жоғары қояды деп таныған Ж. Қарибиғидағы мидың орналасу
жайы туралы танымның негізі де Н. Хисраумен өзектесіп келіп
жатыр. Кейде хауас жаратушы бойындағы сипаттар (сифатия)
ретінде де айтылады. Кейде Абайдағы кәмәлат ғазамат туралы

ұғымдармен де астасып кететін жақтары бар.
Абайдың хауас туралы ұғымы көбінесе бейнелеу теориясымен
(ахси жиһан) ұштаса келіп, ол әсіресе, 43-қарасөзінде адам
бойындағы жан қуаты жөніндегі танымдарымен де іштей

сабақтасып жатады.
Абайдың 38-қарасөзінде арнайы сөз болатын: алланың
бойындағы
сипаттарына

байланысты
айтылатын
кәмелет
ғазамат немесе алланы тану жайлы пікірлері мен әл-Фарабидің

«Философиялық трактаттарында», оның «Бірінші тұлға туралы»
деген тараудағы ойлары салыстыра зерттеуді, ондағы пікірлердегі
іліктестіктерді аша түсуді қажет етеді.
Абайдағы «адамды танымақтық» деп өз алдына сараланатын

ұғымдардың түп-төркіні де Аристотельдің «Жан туралы» атты
еңбегі мен әл-Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы
туралы трактатындағы» жан туралы танымына саяды.
Әл-Фарабидегі жан қуаты жайлы ұғымдар психологиялық

құбылыстардың баламасы ретінде сөз етілсе, Абайдың жан қуаты
жөніндегі ойлары да осы тұрғыдан баяндалып отырады.
Әл-Фарабидің адамның дүниені танып білу қуатына (ал-
қуат алмутехаййла) ерекше мән бере қараған негізгі ой желілері

Абайда арнайы сөз болатын хауас, хауаси хамса заһири, хауас
сәлим ұғымдарымен тікелей сабақтасып келетін түбірлі пікір
іліктестігінен белгі беріп жатады.
Аристотельдің «Жан туралы» деп аталатын еңбегіне берген

түсініктемелерінде әл-Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны
ойлар желісін таратқанда, оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам
жаны деп үшке жіктеп өтеді. Ол таным процесін адам жанына тән
тума құбылыс ретінде қараған. Осындай пікір желілерін Абайдың

7, 19, 27, 38, 43-қарасөздерінен де ұшыратамыз. Жетінші қара
сөзінде «жанның азығы» жайында тоқтала келіп Абай: «Өрістетіп,
өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек
керек, бұл жанның тамағы еді», – деп, оны жан құмары арқылы

қолға түсетін рухани кұбылыс ретінде танытады. Ал 27-қара
сөзінде хайуан мен адам арасындағы ерекшелікті олардың дүние

тану сипатына қарай жіктеп «...һамма мақұлыққа да қара, өзіңе де қара... Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, осы күнін – үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі. Алдыңғы жағын тегіс тексермекке тіпті жоқ», – деп, тану қабілетінің адамда зор сапалық ерекшелікте болып келетінін атап өтеді. Демек, Абай жан құмары, жан қуаты деген рухани құбылыс адамға ғана тән нәрселер деп таныған. Әл-Фараби өмір сүрген заманда мұсылман қауымының ой санасында өріс ала бастаған жаңа бағыт ретінде мүтәкәллиминдер шыға бастаған болатынды. Мүтәкәллиминдер құран қағидаларын көне дәуір философтарының қисындары арқылы негіздеуге, сол тұрғыдан діни көзқарастың ірге тасын бекітіп, идеологиялық құралға айналдырғысы келді, сол үшін күресті де. Олар бүкіл болмыс атаулыны, ондағы сан түрлі құбылыс атаулының бәрін де мүтәкәллимин негізінде түсіндіруге тырысқан. Орта ғасырдағы мұсылман дінінде қанат жайып өріс алған мүтәкәллиминнің негізін салушы әл-Ашари (X ғасыр) грек философиясының тәсілін пайдалана отырып, теологиялық ғылымды үстемдікке жеткізді. Осы себепті, мүтәкәллиминдер тарихын зерттей келіп У. М. Уотт пен Н. Какиа: «Там философия была монополией теологов, особенно ашаритскойшколы, которые подчиняли ее теологической догме»23, – деп мұсылман әлеміндегі діни жаңа бағыт бетінде дәріптелген мүтәкәллиминдердің философиялық ойға да үстемдік жасап, оны дүниетанудың бірденбір орталық тірегіне айналдырғанын атап өтеді. Осы таным негізінен ауытқыған пікір атаулының бәрі де қуғындалып, дінсіздік деп айыпталған. Жаңа бағыт деп саналған мүтәкәллиминдерді әл-Фараби: «Олар көп пен дүрмектің бөліскен пікірін интеллект дейді» деп, олардың танымдағы түбірлі қателігін аяусыз сынға алады. Мұны Абайдың сөзімен айтсақ, «Наданның сүйенгені көп пен дүрмектің» өзі боп шығады. Заманында әл-Фараби сынаған мүтәкәллиминдерге қарсы сыншыл ойды Абай панисламизм идеясы қанат жайған тұста одан әрі қарай дамыта түседі. Абайдың әл-Фараби сынаған, бірақ күллі мұсылман қауымы қолдап қуаттаған мүтәкәллиминді: 23 Уотт М. У., Какиа Н. Мусульманская Испания. М., 1976, 136-бет.

Ақылмен хауас барлығын Білмейдур, жүрек сезедур. Мүтәкәллимин, мантикин Бекер босқа езедур,– деп, түбегейлі түрде әшкерелеп терістеуінде терең танымныңсыры жатыр. Абай арнайы көтеріп отырған хауас жайындағы ұғымның ақын шығармаларында «хауаси хамса заһири», «хауас сәлим», «хауас» деген үш түрлі мағынада ұшырасатынын да ескеріп еткен жөн. Ал «Алла деген сөз жеңіл» деген, көп мағына артылғанөлеңінде мүтәкәллиминдер мен логиктердің хауасты түсіндіру жолындағы таным негіздерін босқа езгендік деп әшкерелей терістеуі Абай үшін де, Абай жасаған әлеуметтік орта үшін де қоғамдық көзқарастағы батыл сыншылдық бағытты байқатады. * * * Әл-Фараби мен Абайдың дүниетанымындағы іліктес пікірлерді сөз еткенде ерекше назар аударар нәрсе – әл-Фараби түзген ғылымды классификациялау принципімен Абайдың таныс болғандығы. Әрине, Абайдың әл-Фараби жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жанама түрде дәлелденіп отыр. Бірақ Абай өз шығармаларында ғылымды жүйелеу жөнінде пікірін жанама түрде білдіргенде, белгілі дәрежеде болса да, анықтауға тұрарлық деректермен нақтылы дәлелдердіңедәуір орын алатынын айтқан орынды. Мәселен, Абай 41-қарасөзінде: «...дүниеде есепсіз ғылымдардың жолы бар, сол әрбір жолда бір медресе бар», –деп, ғылым салаларының молдығын бір ескертсе, кейде ғылым салаларының нақтылы атауларын жеке-жеке атап та отырады. Ал 38-қара сөзінде ғылым салаларын біршама жүйелеу принципі ұшырасады да. Бұдан Абай ғылымды жүйелеу туралы еңбек жазды деген ұғым тумаса керек, бірақ Абайдың ғылымды классификациялау принципімен таныстығын ғылым туралы ойлар желісін сұрыптап талдағанда, дәлелдеуге тұрарлықтай нақтылы деректер көзін беретіндігі талас тудырмайды. Абай ғалым, хакімдер туралы пікір қозғағанда: «...адам баласының ақыл пікірін ұстартып, хақ пен батылдықты айырмақтықты үйреткендігі», – деп қоғамдық ғылымдарды өз алдына дербес топтастыратыны бар. Немесе: «Дүниені

білмей қалмақтық – бір зарарлы надандық», – деуінен табиғат ғылымдары мен қоғамдық ғылымдарды бірге алып отырғандығы байқалады. Абайдың «ғақылият-тасдихат» деп аталып кеткен атақты 38 – қара сөзінде арнайы тілге алынатын «адамның білімі», «алланың ғылымы», «өзіндік ғылым», «дүниенің ғылымы», «заһири ғылым», «алланы танымақтық», «дүниені танымақтық» деген тәрізді толып жатқан ғылым салаларын шығыс философиясында қолданатын термин сөздермен және қазақы ұғымға сай алынған, төлеу салар балама түрдегі атау сөздермен келтіреді де, олардың өзін үш арналы салаға бөліп жіктей қарастырады. Біріншіден, Абай өзі атап отырған «алланың ғылымы», «алланы танымақтық» дегенге негізінен теологиялық бағыттағы діни ғылымдарды жатқызады. Екіншіден, «Дүниені танымақтық» дегенге негізінен объективті дүниенің заңдылығын ашу арқылы пайда болатын нақтылы табиғат ғылымдарын, яғни, Абайдың айтуынша «заһири ғылымдарды» жатқызатын тәрізді. Үшінші, «өзіндік ғылым» деген атауға негізінен жалпы қоғамдық ғылымдарды оның ішінде, әсіресе, «жан қуаты» немесе «адамның өзін танымақтығы» (адамтану, қоғамтану) жөніндегі ғылым салалары қамтылған. Абай тарапынан осылайша белгілі дәрежеде жүйеленіп таратылатын ғылым салаларына көз жүгіртсек, қатысты түрде болса да, Абайдың ғылымды жүйелеуге қатысы әл-Фарабидің «Слово о классификации наук» деген еңбегіндегі принциптері негізіне өте жақын, бір тектес, үндес келуі кімді болса да ойландыра аларлықтай дәлел дей аламыз. Өйткені әл-Фараби ғылымды жүйелегенде негізінен 5 салаға бөледі де, әр саланы жеке-жеке таратып, олардың әр қайсысына анықтама беріп отырады. Осы таратылатын 5 саланың екінші, төртінші, бесінші бөлімдері және онда қамтылған ғылым атаулары түгелдей болмаса да Абай шығармаларында негізінен бар салалар. Жоғарыда айтылған пікірлерден шығатын түйін –әл-Фараби еңбектерінен Абайдың хабары болғандығы күмән тудырмайды. Осы себепті, Абай шығармаларының нәр алған бастауларының бір төркінін әл-Фараби бастаған мешаиюндер мектебінен іздеу – абайтану алдына қойылып отырған уақыт талабы.

2. «Құтадғу білік» және Абай

Абай шығармаларында жүйелі түрде мол талданатын мораль
философиясы жайлы ой толғаныстардың ішкі төркіндері,
әсіресе ондағы жәуанмәртлік жөнінде айтылатын пікірмен
іштей іліктестік табатын рухани қазына көздерінің біріне XІ

ғасырда қазақ жерінде жазылып, дүниеге келген «Құтадғу
білік» дастанын жатқызамыз. Бұл ойымызға айғақты дәлел
ретінде екі түрлі себепті еске алмақ керек. Оның бірі – Абайдың
ақындық кітапханасының қорында Жүсіп Баласағұнның атақты

дидактикалық дастаны «Құтадғу біліктің» де болғаны жайында
ақынның немере інісі Мұтылғанның (Шәкәрімнің) жазбаша
дерегі. Ол дерек бойынша оның «Құтадғу білікпен» таныс
болғаны, әрі ол кітапты Абай кітапханасынан алып пайдаланғаны

туралы құнды мағлұмат берілген. Абай, соңынан Мұтылғанның
өзі қазақ халқының түп төркіні қайдан шыққаны жөніндегі
тарихын сөз еткенде екеуі де «сарт» деген сөздің этимологиясы
мен этнонимдік тарихын іздестіру үстінде «Құтадғу біліктен»

нақтылы дерек көздерін қарастырғаны анық байқалып тұрады.
Мұтылғанның: «Сарт деген ат ең ескі шежіре кітап – «Құтадғу
білікте» бар, ол кітап 1070 жылға жақындағанда жазылған» деп
нақтылы мәлімет беруіне қарағанда, бұл көне мұраны мейлінше

зерттей оқып, шығармашылық тұрғыдан пайдаланғаны талас
тудырмайтын шындық екені көрініп тұр.
Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы»
деген тарихи мақаласында «сарт» этнонимі әрі ол сөздің қазақ

арасында «Сарт садағам, өзбек өз ағам» деген қанатты сөздің
мақал ретінде таралуының түп төркіні Ахметжан (Алаша хан)
мен Шайбанихан (Абайда Шайбақ) Оратөбеде соғысқанда, қазақ
қолының Шайбанихан жағына шығу себебіне байланысты екенін

түсіндіру үстінде ізденген тәрізді. Бұған қоса Абайдың 2-қарасөзі
мен «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп аталатын
өлеңінде:
Бет көргенде шырайың сондай жақсы,

Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың, –
деп, 1868 жылғы «Жаңа низам» деп аталған ел билеу реформасынан
кейінгі қазақ атқамінерлер тобының психологиясы мен мінез
құлқындағы өзгерістің, мінез-құлық жағынан бұзылудың себебін

нақтылы бейне арқылы реалистік дәлдікпен суреттеген тұсынан да ұшыратамыз. Осы себепті оқырмандарға түсініктірек болу үшін, Жүсіп Хасхаджиб Баласағұнның «Құтадғу білік» дастаны жайынан қысқаша мағлұмат бере отырып, ол еңбекпен Абай шығармаларындағы терең рухани сабақтастықтың кейбір жақтарын жанама түрде болса да айта кетудің орны бар деп білеміз. Көне дәуірдегі түркі халықтары мәдениетінің тербеліп өскен бесігі Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеде XІ ғасырда аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Хасхаджиб Баласағұн музыкант отбасында дүниеге келген. Жүсіп жыл қайыру дәстүрі бойынша санағанда барыс жылы, яғни 1021 жылы туған. Жүсіп туралы жазба деректер көзін ақынның өз шығармасы «Құтадғу біліктен» ғана табамыз. Ақын дастанын жасы елуге келгенде он сегіз ай ішінде жазып; бітіргенін хабарлайды. «Құтадғу білік» дастаны («Бақытқа жеткізуші білік») түркі тілді туысқан халықтардың бізге дейін жетіп келген бүкіләлемдік мәнге ие бірден-бір жазба әдеби ескерткіші. XІ ғасырға дейінгі жазба әдеби тілдің даму жолдарын білдіре алатын асыл мұраларының бірі. Жүсіптің туған жері – қазіргі Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласы кезінде екі рет Қараханидтер әулетінің астанасына айналған ірі мәдени орталығы болатын. Ерте кезде Тянь-Шань мен Алатаудың солтүстік беткейі Баласағұн таулары деп аталғанын М. Қашқари өз еңбегінде баяндаса, сол тауда жасаған өнер иесі Құлбақ бедизші туралы арнайы тоқталып, «Құлбақ – түріктердегі қасиетті кісі аты, ол Баласағұн тауларында жасайды. Айтушылардың сөзіне қарағанда, ол қолымен үлкен қара тасқа «тәңірі құлы Құлбақ» деп жазса, ақ боп жазылады, егер ақ тасқа жазса қара боп жазылады екен. Оның іздері әлі күнге дейін тұр» – деп Баласағұндағы Құлбақ бедизші (тасқа, ағашқа ойып өрнек салушы, бедерші) жөнінде қызықты дерек келтіреді. М. Қашқари хабарлаған осы Құлбақтың 1026 жылы тасқа «Қасиетті Құлбақ...» деп жазған қолтаңбасын жақын арада ғана қырғызстан ғалымдары тауып, жұртшылыққа мәлім етті. Осы Баласағұн тауларынан басталып ағатын Шу бойындағы Баласағұн қаласы – Жүсіптің туып өскен ата мекені. Қараханидтер билігіне Қытайдан Каспийге дейінгі ұлан байтақ өлкені жайлаған түркі тайпалары бағынады. Бұларды билеуші

бас ханды – табғашхан, жеке өлкелерді билеушіні – илекхан деп
атаған. Илекхандардың іштей билікке өзара таласы орталықтанған
мемлекетті жегідей жеген қайшылыққа ұрындырды. Міне, Жүсіп
осы кезеңге тұс келді де, мемлекетті орталықтандыру идеясын

жыр етті. Ескі түркі жазуындағы Білге қаған толғайтын мемлекетті
орталықтандыру, білік жайлы өсиет сарыны рухани дәстүр
ретінде жалғас тапқанын бұл идеяның «Құтадғу білікте» жаңаша
қойылуынан да көрінеді.

Жүсіп – өз заманынан иығы асқан дана ұлдарының бірі. Оның
терең білім иесі екендігі дастанда арнайы сөз болатын ғылым
салалары жайлы пікірлерінен де сезіледі. Ол өз заманындағы
ғылым салаларымен түгелдей хабардар болған. Ол философия,

астрономия, геометрия; алгебра, медицина, психология, астрология
ғылымдарына жеке-жеке тоқталып, тіпті Эвклид теориясын
меңгеруді уағыздайды. «Құтадғу білікті» жазу үстінде Жүсіп өзі
пайдаланған әдебиеттер көзінен де мол хабардар етеді. Жүсіп

заманында әдебиеттерді пайдалану жолы көбінесе «дана айтады»,
«білген айтады», «ябғу сөзі», «түрікше сөз», «шайыр айтады»,
«тәжік ғалымы айтады» түрінде сілтеме жасауымен нақтылы
деректер көзінен мәлімет беріп отырады. Дастанда пайдаланған

әдебиеттерге сілтеме жасаудың мұндай түрі екі жүзден асып
жатады. Жете көңіл қойып, арнайы зерттеушіге көп шындықтың
төркіні ашылады. Жүсіптің әсіресе халық ауыз әдебиеті үлгілерін
барынша мол пайдаланғаны дастандағы кісі аттары, аңыз әңгімелер,

мақал-мәтелдер, шешендік сөздерден де көрінеді. Мысал ретінде
алсақ: қазақтың «Сөздің көркі – мақал», «Ауру қалса да, әдет
қалмайды», «Қартайғанда дәулет бер, жастығында бейнет бер»,
«Есік көргенді алма, бесік көргенді ал» деген мақал-мәтелдердің

арғы төркіні тым алыста жатқандығынан хабар береді.
«Құтадғу білік» – Қараханидтер дәуіріндегі түркі тілдес
халықтарға ортақ, олардың қазіргі ұрпақтары өз рухани даму
жолдарын іздеп таба алатын деректер көзіне аса бай ата мұрасы

боп табылмақ.
Жүсіп өз заманындағы ғылым саласымен толық танысып
кемелденген шағында «Құтадғу білік» тәрізді классикалық
шығармасын жазуға бет бұрды. Араб, парсы тілдерін жақсы

білумен бірге өз ана тілін де терең меңгеріп, оның бар байлығын
бойына дарытқан Жүсіп ана тілінің көркемдік қуатын әлемге

таныту бағытын ұстанды. Өз тілін менсінбей, араб, парсы тілінде
сөйлеу, шығарма жазу сияқты сырттан таңылған қорлық салт үстем
кезде өз ана тілінде көркем шығарма жазу дәстүрін қалыптастырып
кетуі – оның тарихи еңбегі.

«Құтадғу білік» – XІ ғасырға дейінгі түркі тілді халықтардың
қоғамдық ой санасында орын алған рухани құбылыстарды тұтас
қамтыған энциклопедиялық қуатқа ие көркем туынды. Жүсіп
дастанын Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқтаған. Табғаш Бөрі

Қара қаған Әбу Әлі Хасан ибн-Сүлеймен Арысланға сыйға тартып,
қағаннан ұлы хасхаджиб лауазымын алған. Осы себепті ол Жүсіп
Хасхаджиб Баласағұн аталып кеткен. «Құтадғу білік» бүкіл Туран,
Иран, Қытай елдеріне таралып, даңқы жайылған. Дастанға әр

халық өзінше ат қойып, қызыға оқыған. Жүсіптің:
Бу Машрик елинде қамуғ түрк ичин,
Мэниң қытаб иоқ ажунды ыдын, –
Шығыс елінде бүкіл түрік жерінде,

Бұдан бөлек кітап жоқ білген әлемде,–
деп айтуына қарағанда бұл шығарма түркі халықтарының
классикалық жазба әдебиетінің бірегей ортақ ескерткіші ретінде
танылып отыр.

«Құтадғу біліктің» бізге Каир, Вена, Наманған деп аталатын үш
нұсқасы жетті. «Құтадғу білік» ғылымға XІX ғасырдан бастап мәлім
бола бастады. Осы нұсқалардың ішінде Наманган нұсқасы тәуірі
әрі XІІІ–XІV ғасырда көшірілген көне нұсқасы ретінде қаралып

жүр. Наманган нұсқасы Өзбекстанға Шығыс Түркістаннан келген
деген пікір бар. Шығыс Түркістанда Мірқожа қолына сақталған
нұсқа жөнінде «Шыңжан әдебиеті мен өнері» журналының 1956
жылғы 5-6 санында мәлімет бар.

«Құтадғу білік» 1910 жылы Радлов тарапынан жарияланды.
1942-1943 жылы Стамбулда үш нұсқасы тұтас қамтылып үш том
боп басылды, 1971 жылы Ташкентте басылған «Құтадғу білік»
73 тараудан, 6407 бәйіттен немесе 12814 өлең жолынан тұрады.

Өлең өлшемі жағынан ғарұз уәзінінің (мәт уәзіні) мутақариб бахри
түрімен жазылған. Ішінара рубайлар да ұшырасады. «Құтадғу
білік» – дидактикалық дастан болуы себепті, сол дәуір жағдайына
лайықты мемлекеттік басқару ережелерін, халықтың мінез-құлқы,

салт-санасы, әдет-ғұрпын өз бойына жинақтаған өмір оқулығы
іспеттес, энциклопедиялық зор шығарма. Дастанда мораль

философиясы негізгі арқау болады да, әділет, бақыт, ақыл, қанағат
сияқты этикалық күрделі төрт ұғым екшеліп алынып, оларға
балама бейне ретіндегі төрт кейіпкердің сұрақ-жауабы баяндалған.
Ол ұғымдарға балама ретінде түрікше ат қойылған. Мысалы:

Әділетке – Күнтуды (патша), бақытқа – Айтолды (уәзір), ақылға

– Ұғдылмыш (уәзірдің баласы), қанағатқа – Ұзғырмыш (уәзірдің

кенжесі) деп ат қояды. Дастанда сөз болып талқыға түсетін барлық
мәселе осы төрт кейіпкер арасында бір-біріне сұрау-жауап қою
арқылы шешіліп, әр мәселе осылардың дүниетанымы тұрғысынан
алынып, автордың айтпақ болған негізгі идеясы барынша кең

тұрғыда суреттеледі. Әсіресе «Құтадғу біліктегі» бастан аяқ сөз
болып, көптеген ой-толғаныстарға өзекті желі болған – әділет,
ақыл, қанағат, рахым, ізгілік жайлы моральдық ұғымдардың арғы
төркіні Туран жерінде жатқан жәуанмәртлікпен тұтасып жатқан

тума құбылыстар десе болғандай.
Дастандағы жәуанмәртлік жайлы пікірлер желісімен Абайдың
17, 38-қарасөзі мен «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма
әрнеге» т. б. өлеңдеріндегі ойлардың іліктес, төркіндес келуі –

тамыры тереңде жатқан рухани туыстықты танытқандай нақтылы
ұғымдармен ұшырастырады.
М. Әуезов те бұл дастанға көп көңіл бөлген. Москва
университетінде оқыған лекциясында осы дастанға арнайы

тоқталып, талдау жасап, пікір білдірген жерлері бар. Бұл аталған
деректер тобы «Құтадғу білік» пен қазақ әдебиетінің байланысы
жайлы арнайы зерттеу жұмысын жүргізуді қажет етеді.
«Құтадғу білік» пен Абай шығармаларында шығу төркіні

мораль философиясына соғатын терең сабақтастықтар барлығын:
жәуанмәртлік, толық адам, бенделіктің кәмеләттігі, хаһим,
мұлахаза, ғылымды жіктеу жүйесі менжар таңдау жайы сияқты
танымалы тума пікірлер желісінен тауып, оған айғақты деректер

тобын көптеп ұшырата аламыз.
Дастанда жәуанмәртлік ұғымы «ерсиг тоңа» кейбір тұста «ахы»
сөзімен беріліп, ақыл, әділет, ізгілік (рахым, шафағат) ұғымын
қамтып отырады. Абай шығармаларында да жәуанмәртліктің негізі

38-сөзде ақыл, әділет, рахым арқылы беріліп, осы сипаттарды түгел
меңгерген кісі ғана толық адам болады деген тұжырым жасалған.
Жүсіп дастанында әділет, ақыл, рахымды бойына дарытқан шын
өмірдегі толық адам образына Айтолды, Ұғдырмыш бейнелері

арқылы берсе, бенделіктің кәмалаттығын аңсағандардың жиынтық
образынтәркі дүние жолына түскен Ұзғырмыш бейнесі арқылы
көрсете алған. Қанағат – суфизм философиясындағы елеулі
ұғым. Қанағатқа балама ретінде алынатын Ұзғырмыш образы сол

замандағы қоғамдық ой-санада өріс алып суфизмдегі мистикалық
жолға түсіп, қоғам өмірінен қол үзе бастаған топтың тарихи
шындық бейнесі типтендіріліп көрсетілген. «Құтадғу білік»
дастанында негізінен тәркі дүние жолына түскендердің идеалы

– бенделіктің кәмеләттігін терістеу мен өмірге құштар ізгілікті

көздеген камили инсаниді (толық адамды) мадақтау жағы басым
жатады. Ал осы таным Абай шығармаларында толық адам мен
бенделіктің кәмеләттігі деген арнайы термин сөздермен беріліп,
кеңінен таратылып отырады. Абайда бенделіктің кәмеләттігін

әшкерелеумен қатар толық адам жайлы терең гуманистік ойдың
жаңа сапамен дамытылуын айқын көреміз. Абайдағы мораль
философиясының басты да негізгі ұғымдары да осылар.
Дастанда қоғамдағы барлық әлеуметтік топтарды саралап

талдай келе Жүсіп солардың арасынан хакимдерді ерекше бағалап,
көтере мадақтайды. «Дана ғалымдармен араласуды үйретеді» деп
аталатын тарауында хакимдер халықты жақсылыққа, ізгілікке
бастаушылар. Олардың білімін үйрен, өздерін сыйла деп

уағыздайтын:
Әлемде болмаса егер ғалым, хаким
Егіліп егін жерде бермес өнім, –
дегендегі ой желісі Абайдың 38-қара сөзінде кеңірек таратылған.

Абай міндеткерлігімізге дағуа жоқ», – деген пікірлер хакимдерді
бағалауы жағынан «Құтадғу біліктегі» Жүсіп ойларымен ұштасып
жатқап нақты айғақты деректер.
Жүсіп дастанда үйлену, жар таңдау, бала тәрбиелеу жайларына

көп аялдап, өз танымын білдіріп отырған. Мысалы «Қандай әйел
алу керектігін айтады» деген тарауында жастардың өмірдегі ең
жауапты жар таңдау кезеңіне арнайы тоқталған. Жүсіп жастар төрт
нәрсеге құштар болатынын, бірақ дәулеттінің қызын алсаң құл

боласың, тектіні алсаң қор боласың, сұлуды алсаң күлкі боласың,
төркіні зорды алсаң күшік күйеу боларсың деп ескертеді. Осы төрт
сипат бір басынан табылар ақылды, мінезді, ұяты бар ата-ананың
қызын ал деп кеңес береді. Жүсіп ғасырлар бойы халық санасында

сұрыпталған пікірлерді екшеп, елеп алған. Осындай пікір желісі

Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деп аталатын өлеңінде де ұшырасады. Екі ақында да халықтық танымдағы талғам басым жатыр. Абай: Әйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей көңіл бөлме... Жасаулы деп, малды деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба, Ары бар, ақылы бар, ұяты бар Ата-ананың қызынан ғапыл қалма, – деп, жар таңдауда саналы жасқа халықтық ұғымдағы аталы пікір қазығын ұстатқандай ой толғайды. Екі ұлы ақын арасындағы пікір сабақтастығының тамырын тереңге тартқан рухани туыстықты танытқандай асыл қазыналар көзіне меңзейді. Бұларды жете зерттеп білу арқылы Абай мұрасы мен Жүсіп Баласағұн дастанындағы шығармашылық байланыстың, ондағы нақтылы ой-пікір сабақтастығын мейлінше толық ашып, Абайдың ақындық кітапханасының бір түп төркінін анықтап алуға толық мүмкіндік барлығына көзіміз тағы да жете түседі. «Құтадғу білік» XІ ғасырда өмір сүрген түркі тайпаларының бәріне түсінікті әдеби тіл негізінде жазылуы себепті, ол – бауырлас халықтардың бәріне де ортақ мұра. Мақсат – әр халық осы ұлы мұрадан пікір суыртпақтап, өзінің рухани өзекті желісін тарта білуіне кеп тіреледі. Науаи мен Абайдың дүниенің танымалдылығы туралы пікірлерін салыстырғанда, олардың арасында толып жатқан айырмашылықтарға қарамастан белгілі, туыстық барын аңғарамыз. Науаидегі таным процесінің негізі тәңірлік, рухтық тұрғыда болса, Абай танымы материалистік негізге келіп тіреледі. Дегенмен, екі ұлы ойшыл да таным процесіндегі сананың роліне шешуші мән бере қарайды. Сондықтан да, Абай атақты «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде: Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз... Ақыл-мизан, өлшеу қыл – деп жазуы жай нәрсе болмаса керек. Науаи мен Абайдың дүниеге көзқарастарын арнайы түрде салыстыра зерттеу ұлы ақын әдеби мұрасының шығысқа қатысы туралы күрделі мәселені тереңірек түсініп, оның кей жақтарының

бүктесінін жазып, сырын жаңаша ұғынуымызға мүмкіндік
беретін басқыш іспеттес нәрсе. Бұл женінде проф. Ғ.Сағдидің
зерттеулерінде біршама жақсы айтылып, тереңірек, нақтылы
салыстырулар арқылы көрсетілген.

Абайдың «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы»
деген тарихи еңбегінде қалмақтардың төрт атасын тарата отырып,
«...дүниедегі бір ескі патшалардың сарқыты – Кәсірәй Ғажам
жұрты сол», – деп тарихтың түкпіріне сүңги жазатыны бар. Көне

тарихта Ажам (Ғажам) жұрты деп Азиядағы арабтардан басқа –
парсы, тәжік, түрік тектес халықтарды атайтын. Абай осылардың
тарихын еркін білгендіктен де сілтеме жасап отыр. Бұл – Абайдың
Науаи жазған «Тарихи мулуки Ажам» («Ажам патшаларының

тарихы»), «Тарихи анбие уа хукамо» (Пайғамбарлар мен хакимдер
тарихы») сияқты тарихи шығармаларымен таныс болғандығын да
дәлелдей түседі.
Абай санасында өткен тарих болмысын танып білудің,

меңгерудің екі түрлі жолы болғанға ұқсайды: әуелгісі халық
санасында ұмтылмай ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан
ел аузындағы шежіре-тарих, аңыз-әңгімелер тобына тірелсе,
екіншісі, өткен тарихты білу үшін кітапқа үңіліп, сыншыл

ақыл ой елегінен өткізіп барып алған жазба деректер көзімен
ұштасады. Бұл жол, әсіресе, Абайдың «Бірер сөз қазақтың түбі
қайдан шыққаны туралы» дейтін тарихи тақырыпты сөз ететін
мақаласында едәуір көрініс берген. Яғни, туған халқының өткен

тарихына, бастан кешкен сан ғасыр қойнауындағы оқиғалар
қатпарына ой көзін жүгіртіп, жете біліп, өзіндік танымын өте
жүйелі түрде, қарапайым тілмен баяндалған ой толғаныстарында
көптеген тарихи деректердің біршама жанды іздері белгі беріп

жатады.
Қазақ елінің есте жоқ ескі заманда Сібір қойнауынан Алатау
бөктеріне қоныс аударуы, ислам дінін зорлықпен ендірген араб
басқыншылары, жергілікті мәдениеттің көздерін жоюшы қанды

қол Кутайба ибн-Муслим жайы немесе Шыңғысханның қазақ жері
мен Түркістанға жасаған жойқын жорығының қанды іздері туралы
Абайдың сыншыл пікірлері кімді болса да ойландырғандай терең
білгірлікті танытады. Соңыра ІІІыңғысхан ұрпақтарынан қазақ

елін «...билеген хандары, билері бұларды ешбір дүзу харакетке
түсіндірмей дәйім барымта мен мал қумақ, ауыл шаппақ, бірде бұл

ел, бірде ол елмен жауласпақ, қырыспақпен күн кешіп», халықтың
мәдени-рухани жағынан дамуына тежеу салып, халықтың мінез-
кұлқын бұза бастауы, «Бабыр-нама» айтқандай, қазақилық жолға
түсе бастауы Шыңғысханнан соң өріс алды деп сыншыл ой түйеді.

Мұның нақтылы көрінісі ретінде: «Барып жаудан қыз әкеліп қатын
қыларсың, я ағаңды өлтіріп жеңгеңді аларсың» деген мақалына
ұқсайды» – деп, мінез-құлықтағы өзгерістің әлеуметтік себеп-
салдарын аңғартады.

Әсіресе Абайдың «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы
туралы» мақаласында айрықша көңіл бөлініп сөз ететіні – XV
ғасырдағы Моғолстан мен Әмір Темір әулетінің арасындағы
қатынас пен қазақ хандығы жайындағы деректер болып келеді. XV

ғасырдың тарихи оқиғаларын баяндауда да Абай негізінен нақтылы
тарихи еңбектер ретінде Наршаһи, Бабыр, Мұхаммед Хайдар
Дулати, Әбілғазы т. б. шежіре кітаптарымен қатар ел аузында
айтылып келе жатқанкөптеген шежіре, аңыз әңгімелерге де сүйеніп,

пікір толғап отырған. Оларды жай ғана тарихи дерек ретінде ғана
пайдаланбай, сыншыл ой тезіне салып барып шығармашылық
тұрғыдан қарайтынын Наршаһидің «Бұқара тарихы» деген кітабына
қатысты жерлеріненде аңғарамыз. Мысалы, кітап авторы Наршаһи

арабтардың ислам дінін күшпен таратып, жергілікті жер аттарына
алғаш рет отаршылдық топонимдерді енгізуіне іш тарта қараса,
Абай Кутайба ибн Муслим бастаған араб басқыншыларының
жергілікті халықтардың рухани, мәдени қазыналарын, жазба

деректері мен жазуын із түзсіз жойып жіберген әрекетін айыптай
сөз етеді. Олардың жергілікті халықтың әдет-ғұрпына дейін суық
қолын сұғып, мұсылмандық әдет-ғұрыппен ауыстырған зымияндық
әрекеттері жайлы: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым

мейрамы болып, наурыздама қыламыз деп той-тамаша қылады
екен. Бұл күнде бұл сөз құрбан айтына айтылады, ол уақытта жаңа
дінге кірген соң енді бір Бұхарадан басқа шаһарлардың да, жер-
сулардың да, халықтың да бұрынғы аттарын бұзыпты. Сондықтан

да болғанға ұқсайды, әйтеуір сонан соң қазақ атаныпты»,– деп
жазуынан көптеген тарихи ұғымдардың кесек-кесек қатпарлары
ашылып, құпия сырын жайып салғандай, сыншылдық пікір мен
жаңа танымның айқын көрінісін ұшыратамыз. Халқымыздың

«қазақ» аталуын тек XV ғасырдан бергі кезеңмен байланыстыра
қарастыратын тарихшылардан бөлек, Абайдың «қазақ» аталуымыз

араб басқыншыларынан бері қарай деп, оның саяси-әлеуметтік
себебін араб отаршылдарының әрекетімен ұштастыра көрсетуі,
немесе, «қазақ» сөзінің Фирдаусидің X ғасырда жазылған
«Шаһнамасында» кездесуі еріксіз ойлантады.

XV ғасырдағы қазақ тарихын сөз еткенде Абай пайдаланған
тарих саласындағы басты еңбектердің біріне Заһриддин Мұхаммед
Бабырдың (1483 –1530) «Бабырнама» деп аталатын тарихи шежіресі
жатады. Бұған Абайдың өзі: «Бабырнамада» солай жазылған», –

деп сілтеме жасауы бұлтартпас айғақты дәлел.
XV ғасырдағы Моғолстанда болып өткен тарихи оқиғаларға
қазақтардың қатысы, араласуы жайында сөз еткенде Абай дәл сол
дәуір тарихы үшін теңдесі жоқ деректер көзі ретінде Бабыр мен

Мұхаммед Хайдар Дулатидің шығармаларына көбірек сүйеніп
отырады. Себебі Бабырдың «Бабырнамасы» мен Дулатидің
«Тарихи Рашиди» деп аталатын теңдесі жоқ тарихи еңбектері XV
ғасырдағы Қазақстан, ІІІығыс Түркістан, Орта Азия мен Ауған,

Иран, Үнді халықтарының тарихы, географиялық, этнографиялық
ерекшеліктері, түркі тілді ақын-жазушылары мен сол тұстағы қазақ
руларының тарихынан көптеген аса бағалы дерек-мағлұматтар
береді.

«Бабырнамадан» Абайдың қазақ тарихы үшін пайдаланған
жерлері – негізінен Бабыр мен Шағатай нәсіліндегі Жүніс
ханның ұлдары мен Жошы нәсіліндегі Шайбақ ханға (Шайбани
ханға) байланысты деректер желісі. Абай бұларды бастан аяқ

баяндауды мақсат тұтпаған. Өз пікіріне дәлел ретінде ең ұрымтал
жерлерін сөз арасында өзоқырмандарының ұғымына орай қысқа,
нақтылы әрі жүйелі түрде қосымша дерек-мағлұматтар ретінде
беріп отырған. Мысалы Абайдың «Әмір Темір нәсілінен Құмар

Шаих баласы, белгілі Бабыр патшаның шешесімен бір туысқан
екі бауыры болған. Үлкені Ташкентке хан болып, кішісі қазақты
билеген. Бұлар Шағатай нәсілінен Жүніс ханның балалары болған.
Сол қазақты билегенінің аты Ахмет екен. Сол өз уақытында

аттанысқа жарарлық қазақтың үш жүз әскерін шығарып, үш жүз
басына билетіпті. Әр жүздің халқы өз ынтымағымен бір туысқанға
есеп болыпты. Қазақтың «Үш жүздің баласы» дейтұғыны – сол», –
деп жазуындағы Жүсіп хан, Ахмет хан туралы деректері нақтылы

түрде «Бабырнамадан» алынып берілсе, үш жүздің баласы жайлы
ойлары қазақ халқының ой-санасында ұрпақтан ұрпаққа ауысып,

ел аузында таралған тарихи шежіре аңыздарға сүйеніп берілгені
көрініп тұр.
Бұған Абай пайдаланған деректер мен «Бабырнамадағы»
мағлұматтарды салыстыра қарап көз жеткізуге болады. Абай

пайдаланған деректер «Бабырнамада» былайша баяндалған:
«Жүніс ханның бір әйелі Дәулет бегімнен үш қыз болды. Бәрінен
үлкені Меһір Нигар ханым еді...Екінші қызы менің анам – Құтлұқ
Нигар ханым...

Үшінші қызы Құб Нигар ханым, оны Мұхаммед Құсайын
Көреген Дулатқа берген еді, онда бір ұл, бір қыз бар...
Ханның және бір әйелі Шаһбегімнен екі ұл, екі қызы бар
еді. Бұлардың ең жасы үлкені – Сұлтан Махмұт хан. Оны

самархандықтар көбінесе Ханиқаһан деп атайды. Сұлтан Махмұт
ханнан кішісі – Сұлтан Ахмет хан. Алаша хан деген атпен мәшһүр
болған еді» (Бабыр. Асарлар. Тошкент, 1965, 21-22-беттер). Міне
бұл жерде Абай Бабырмен бөле Мұхаммед Хайдар Дулатидің әкесі

мен Абай айтатын Жәнке хан (Сұлтан Махмұт немесе Ханиқаһан)
мен Алаша хан (Сұлтан Ахмет хан) жайындағы деректер анық
көрініп тұр. Ал бұл мағлұматтар мақаласында мына тұрғыдан
беріледі: «Бұлар Шағатай нәсіліне қарап жүргенде, Жошы нәсілді

өзбек халқын билеп жүрген екен. Сол Жошының Сибан яки Шибан
деген баласының тұқымынан бір белгілі Шайбақ деген хан шығып,
Әмір Темір тұқымынан һират, Бұхар, Самарқан шәһарларын
тартып алып жүргенде, ақырында мұның алдынан Алаша

хан, Ташкенттегі Жәңке хан деген ағасымен қосылып, қалың
әскермен шығып, Оратөбеде жеңіліп, ағайынды екеуін де бала-
шағаларына дейін Шайбақ өлтіргенде, біздің қазақ; біз әуелден
өзбек жұртымен аталас едік және де Шыңғыс хан тірі күнінде

бізді Жошыға тапсырып еді, «сарт – садағам, өзбек – өз ағам» деп
Шайбаққа қарай кетіпті. Сол сөз осы күнге шейін мақал болып
қалған», – деп жазуында көптеген деректерді «Бабырнамадан»
алып отырғаны анық байқалса, екінші жағынан (Алаша хан мен

Жәңке ханның Оратөбеде Шайбақ хан қолынан өлуі) басқа бір
дерекке сүйенген, немесе ел аузында айтылып жүрген әңгіме-
аңыздан алынуы да мүмкін. Қалай болғанда да «сарт – садағам,
өзбек – өз ағам» деген, исі қазаққа мәлім мақалдың шығу себебін

Абай ел аузында айтылып келе жатқан естеліктер негізіне сүйеніп
барып айтқаны сезіліп тұр.

Абайда айтылатын Ахмет ханның (1439-1483) не себепті Алаша хан аталып кетуі жайындағы: «Ахмет хан қалмақты көп шауыпты, көп қырыпты. Қалмақ рахымсыздығына қарай «мынау бір алашы болды ғой» депті, жан алушы болды дегеннің орнына. Сондықтан ол кісі Алаша хан атаныпты. «Бабырнамада» солай жазылған. Сонан соң хан бұл атты қалмақ қорыққаннан қойды ғой, енді сіздер шапқан уақытта «алашы-алашы» деп ұран-сүрен салыңыз деп бұйырып, бұларға айқай салғанда көп жанның айғайымен «алаш-алаш» деп кетіпті. Сондықтан «алаш-алаш болғанда, Алаша хан болғанда, қалмаққа не қылмап едік» деп, «алаш ұранды қазақ атанған себебі сол екен» дейтін пікірдің негізі де «Бабырнамадағы»: «Сұлтан Ахмет хан Алаша хан деген атпен мәшһүр болған еді. Алаша ханның мағынасы қалмақ, мұғыл тілінде өлтірушіні «алашы» деп атаудан шыққан. Қалмақты нешеме рет шауып, қалың қолын қырғаны үшін «Алашы-Алашы» дей-дей соның әсерімен Алаша хан аталып кеткен екен» деген деректе жатқандығы анық. Сонымен бірге сол тұстағы оқиғаның аңыз болып, қазақ халқының арасында ұрпақтан ұрпаққа ауысуы арқылы да жетуі мүмкін. 1360 жылы Шағатай ұлысы саяси екі жікке жарылғанда ислам дінінің әсері басым Самарқан, Бұқара жағы Жетісулық тайпаларды кемсітіп «жете» (дінсіз, бұзақы деген мағынада) деп атаса, жетісулықтар оларды «қараұлыс» (қараунас) деп атаған. Осы қайшылыққа қарамай Бабыр өзінің Шайбани ханға (14511510) қарсы күресінде қазақтармен одақтасып, жақтасып отырған. Абай арнайы сөз ететін Жүніс ханның 30 мың үймен Самарқан маңына (ол кезде қаласын Самарқан, уәлаятын Мавренахр деп атайтын) көшу себебі Бабырдың айтуынша, Уайс ханның екі баласы Жүніс пен Есенбұғаның таққа таласып, әкесі өлген соң ел іші екі жікке бөлінгенде, 11 жасар Есенбұғаның дулат руының билеушісі Мір Мұхаммед Шаһдулаттың қолдауымен таққа отыруынан болған. Абайда тілге алынатын Жәнке хан мен Алаша хан осы Жүнісханның Шаһбегім деген екінші әйелінен туған ұлдары болатын-ды. Бұлар – бір жағынан Бабыр мен Мұхаммед Хайдар Дулатиға нағашы жұрт. Яғни бұл екеуі бір-біріне қарын бөле. Осы себепті Бабыр мен қазақ халқының ХY-ХYІ ғасырдағы айтулы ақыны, тарихшы-ғалымы Мұхаммед Хайдар Дулатиді Абайдың жақсы біліп, жазған еңбектеріне айрықша көңіл бөлуінің біздер үшін ерекше мәні бар нәрсе. Себебі Мұхтар Әуезов абайтану

саласында жазылған зерттеулерінде Абай оқып, ерекше қызыққан
еңбектердің қатарында Мұхаммед Хайдар Дулатиды да атап
көрсеткен. Мұны М. Әуезов дәлелсіз, нақтылы дерексіз атамаған.
Өйткені «Бабырнаманы» мейлінше зерттей оқыған Абайдың

өз халқының тарихына тікелей қатысы бар тарихи шығарма
жазған Дулати жөнінде айтылған Бабыр пікірлеріне көңіл бөліп
іздестірмеуі мүмкін емес.
Бабыр өзінің туған бөлесі Мұхаммед Хайдар Дулати туралы

«Бабырнамада» арнайы тоқталып пікір білдіргенде: «Хайдардың
әкесін өзбектер өлтірген соң, ол менің қарамағыма келіп үш-төрт
жыл тұрды. Кейін рұқсат сұрап Қашқардағы Сеит ханға кетті. Не
нәрсе болса да өзінің шыққан тегіне тартатын әдеті ғой. Мәселен,

саф алтын да, күміс те, қорғасын да тегіне тартпай ма? Жұрттың
айтуынша, ол бұрынғыдан көп есейіп, жақсы жолға түскен. Өзінің
қолы әр нәрсеге шебер, оның қолынан келмейтін ісі жоқ, – деп ол
әрі жазушы, әрі суретші, сонымен бірге садаққа оқ жасап, оның

жебелерін өзі істейді. Бір жағынан дарынды құйма ақын. Маған
бірер жазуы келген еді, әлпеті еш жаман емес», (21-22 б.) деп
келешегінен үлкен үміткүтетінін айтады.Соңыра Дулати есейе келе
әлемге әйгілі «Бабырнамамен» бір қатарда саналатын «Тарихи-

Рашиди» деп аталатын тарихи шығармасы мен «Жиһаннама»
дейтін дастанын жазуы Бабыр пікірінің көрегендігін аңғартып тұр.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-Рашиди» кітабындағы
қазақтардың

тарихына,
әсіресе
Абайдың
3-қара

сөзінде
арнайытоқталатын қасқа жолды Қасым ханға байланысты тікелей
айтылатын мағлұматтар мен Қасым ханордасына жасаған саяхат
жайы, онда көріп-білгендерін баяндайтын тұстары – кімді болса да

қызықтырып өзіне тартар қуатқа ие деректер.
Қасым хан (1495-1523) туралы «Бабырнамада» да Жүніс
ханның Шаһбегім деген әйелінен туған аса сұлу ақылды қызы
Сұлтан Нигар ханымды Әдік сұлтан өлген соң «...қазақ ұлысының

ханы Қасымхан алды... Қазақ хан-сұлтандарының ішінде ешкім де
ол ұлысты Қасымханша күшейте алған емес. Әскерінің өзі үш жүз
мыңға жетті» (24-бет) – деп нақтылы берілген тарихи мағлұматтар
өз халқының тарихы жайлы деректерді тірнектеп жиып, танып-

білуге ұмтылған Абайды біршама мағлұматқа кенелтіп тастаса
керек. Міне, осы Қасымхан туралы толық деректі Дулатидің
«Тарихи Рашиди» кітабынан да көптеп ұшыратамыз.

Шоқан Уәлихановтың анықтауынша, Мұхаммед Хайдар Дулати дулат руынан, атақты Болатшы бидің ұрпағы. Ал академик Вельяминов-Зерновтың айтуынша: «Мұхаммед Хайдар дулат руынан, текті атадан көрінеді. Дулаттар – тарихи көне заманнан келе жатқан түрік нәсілдес тайпалардың бірі. XVІ ғасырда қазақ қауымына қосылып, Алтынемел тауынан Шымкентке дейін қоныстап отырды». Міне, осы Мұхаммед Хайдар Дулатидің ХV-ХVІ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихында айтулы шайыр ретінде елеулі орын аларлықтай, өз ана тілінде жазылған дастаны «Жиһан-нама» туралы өзбек зерттеушісі С. Әзімжанова: «Шмеляның мәлімдеуі бойынша, Мұхаммед Хайдар Мырза түркі тілінде жазып әрі Аязр деген бүркеншік атпен қол қойған «Жиһан-нама» дастан Берлинде сақталуда» («Индийский диван Бабура», Ташкент, 1966, стр. 21), – деп хабарлайды. Дулатидың осы көркем шығармасының көшірмесін алдырып, зерттеп, меңгеріп, туған халқына таныту, түпнұсқаны факсимилия түрінде әрі транслитерация жасау арқылы жариялау ғалымдарымыздың алдындағы өтелмеген азаматтық борышының бірі болуға тиіс. «Бабырнамада» қазақ елінің дулат, арғын, жалайыр, қыпшақ руларынан шығып, Бабыр, Шайбани, Құсайын Байғара, Алаша хан, Жәнке хан, Жәдігер мырзалардың есік ағасы, ұлы бек, қолбасы сияқты жоғары лауазымды қызметтер атқарған жиырмаға таяу қоғам қайраткерлерінің аты тілге алынып, кейбіреулері жөнінде толығырақ деректер беріледі. Шағатай ұлысындағы сол тұста өмір сүрген танымалы ақындардың көбіне жеке-жеке мінездемелер беріледі. Абай өзі ақын бола тұра ХY-ХYІ ғасырдағы Шағатай әдебиетіндегі ұлы Әлішер Науаидан бастап ақындық өнері, мінез-құлқы, поэзия жанрындағы алар орны ерекше айтылып, бағаланатын ақындар тобына олардың қолға түсер шығармаларына үңілмей, тапқанын зерлеп оқымай қалуы мүмкін емес. Себебі Мұхтар Әуезовтің: «Абай жақсы ұғынатын шағатай, түркі кітаптары... Абай терең сезім, идея, мазмұн жағынан түгелімен шығыс ақындарының ықпалына берілмесе де, өлең құру шеберлігі, пікір жаңалығы жөнінде бұл кезде де көп нәрсе табады. Сонда әсіресе өзіне ең жақын Науаи шығармаларынан үлгі іздейді», – деп

отырған ақындар тобынан осы Әлішер Науаиды ақындар ағасы
ретінде ұстаз тұтатын әдеби ортаны босқа атап отырған жоқ. Яғни,
Абай мен екі арадағы шығармашылық байланыстың жолына назар
аударып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда, ХY-ХYІ ғасырдағы қазақ

әдебиетінің тарихына көз салғанда тек қана Алтын Орда, Дәшті
Қыпшақ даласын сағалай бермей жоғарыда аталып отырған әдеби
ортаның өкілдеріне, әсіресе, қазірдің өзінде талассыз анықталып,
белгілі болған Мұхаммед Хайдар Дулати, Хасен Әли сияқты өз

заманында ақындық өнерде оза шыққан қазақ ақындарын да тұтас
қамтып, кең тұрғыдан зерттеу қажеттігі алға қойылады. Осы талап
тұрғысынан келсек Бабырдай ұлы адамның өз кітабында, ерлігіне
қоса ақындық өнерін аса жоғары бағалап, ерекше ықылас бере

жазатын жалайырдан шыққан шайыр Хасен Әли сол тұстағы қазақ
әдебиеті тарихында алатын орны, өзіндік ерекшелігі бар, ақындық
өнері бөлекше жатқан дара тұлға.
Хасеннің әкесі Әли Бабырдың қолында тәрбиелініп, бектік

қызмет атқарған. Ал баласы Хасен болса ақындар ағасы Әлішер
Науаимен қатар Құсайын Байқараның қолындағы құсбегі, Жәдігер
мырзаның ұлы бегі қызметін атқарып, қасида жанрында (Қасида

– Шығыс классикалық әдебиетінде 15-20 бәйттен кем түспейтін

дидактикалық мақтау сарынындағы өлең түріне жатады) алдына
жан салмаған дүлдүл ақын, көрнекті қоғам қайраткері. Ақындық
өнердегі ерекшелігі мен ер көңілді батылдығын қатты ұнатқан
Хасен Әлиге Бабырдың өзі атақты «Бабырнамасында» арнайы

түрде тоқталып: «Хасен Әли жалайыр еді. Шын аты Құсайын-
дүр. Бірақ оның даңқы Хасен Әли деген наммен шықты. Әкесі
Әли жалайырды Бабыр мырза сыйлап бек етті. Соңыра Жәдігер
Гератты алғанда Әли жалайырдан ұлы кісісі жоқ еді. Хасен

Әли жалайыр Сұлтан Құсайын мырзаның қасында құсбегі
ірі ақын кісі еді. Бүркеншік атын «Туфтаилий» деген наммен
жүргізетін, қасиданы мейлінше көп айтатын. Өз заманында
қасидадан одан озған өнерлі ақын болған емес. 1494 жылы мен

Самарқанды алғанымда менің қоластыма келді. Бес-алты жыл
менің қолымда болды. Маған арнап бірнеше қасидалар жазды...
Арыстан жүректі қайсар, ер көңілді кісі еді. Бір әдеті үнемі нарт
ойнап, құмарпаздыққа салынатын» (254-6.) – деп Хасен Әлиді

сол заманның озық ақындарының бірі ретінде танытуына қазақ
әдебиеті тарихын зерттеуші ғалымдардың ерекше назар аударуы

қажет-ақ. Өйткені ақындар ағасы саналған Әлішер Науаидан
бастап Моголстан, Шағатай ұлысының жұрт таныған барлық
ақындарымен жеке-жеке таныстырып, әрқайсысын жақсы біліп,
араласқандықтан олардың ақындық өнеріне қысқаша мінездеме

беріп өтетін Бабыр Хасен Әлидің қасида жанрындағы шеберлік
шыңына шыққан ақындық өнерін бөлекше бағалауы жай нәрсе
болмаса керек-ті. Мұның үстіне Бабырдың өзі өзбек әдебиеті
классиктерінің бірі болумен қатар ақындық өнер табиғатын

жіті танитын, сол замандағы өлең құрылысының айтулы білгір
теоретигі ретінде Хасен Әлидің ақындық өнерін соншама
биікке көтеруі өте сирек ұшырасатын баға. Алғаш рет түркі
ғарұзи табиғаты жайында теориялық еңбек жазып, артына

«Рисала ғарузи» атты өлең құрылысы жөніндегі ғылыми еңбегін
қалдырды.
Абай шағатай, түрік тіліндегі көркем шығармаларды еркін
меңгеру арқылы атақты «Бабырнамада» ақындық өнерлері сөз

етілген ақындардың біразының туындыларын оқып, танысуы
ықтимал нәрсе. Абай «Бабырнаманы» оқу арқылы білген ХY-
ХYІ ғасырдағы қазақ ақындары Мұхаммед Хайдар Дулати да,
Хасен Әли де өлеңдерін ана тілінде жазатын ақындар дәстүрін

жалғастыра дамытушылар ретінде де тарихи өзіндік орны бар
жазбаша әдебиет өкілдері.
Сонау XІ ғасыр қойнауында қазақ жерінің ұлы ақыны Жүсіп
Хас хаджиб Баласағуни көркем сөз өнерінің құпиясын ана тілінде

меңгерудің бастапқы қадамының қиындыққа түскенін:
Түркі сөзі тым асау тау киіктей,
Үйретсем де келеді бір илікпей.
Әлпештедім сәбише көңіл бердім,

Еркелеттім кетер деп жеміс бермей,–
деп, алғаш рет өзі ана тілінде «Құтадғу біліктей» он үш мың
жолдық дастаны арқылы ана тілімізде жазудың ұлы дәстүрлі
жолын қалыптастырды. Бірақ бұл дәстүр әр түрлі саяси-әлеуметтік

кезеңдерге байланысты бірде үзіліп, бірде жалғасып келді. Осы
ұлы дәстүр Әлішер Науаи заманында тұрақтап, бұл әрекетке
сол тұстағы әдеби ортаның көзге түскен өнер саңлақтары да өз
үлесін қосып жатты. Әдеби ортада, ақындық өнерде оза шыққан

қазақ ақындары Мұхаммед Хайдар Дулати, Хасен Әлилер де бұл
дәстүрді жалғастыра дамытушылар қатарында болды. Кім біледі,

мүмкін о баста Абай шағатайшалап кітап тілімен жазып барып, өсе
келе таза ана тілінің алтын арнасына түсуіне осы ұлы дәстүрдің
ықпалы тиген де шығар.
Ұлы Абай оқып зор мән бере қараған «Бабырнаманың»

айтуындағы кейбір тарихи оқиғалардың қатпар қыртыстарын ашып,
көне сырларына бойлай бастасақ-ақ туған халқымыздың бастан
кешкен тарихи оқиғалар желісіндегі рухани бұлқыныстарының
жарқын жолын сезгендей боламыз. Бұдан шығар сөз түйіні – ендігі

шығармашылық ғылыми ізденістеріміздің аясына «Бабырнаманы»
да қоса алсақ, туған әдебиет тарихының өткендегі талай ғажап
жарқын беттерін қайта оралта алар едік. Бұған дәйекті негіз бен
сенім де бар. Өйткені Абай оқуындағы ұлы туынды «Бабырнама»

қазіргі ұрпақты да осындай сыры мен қызығы мол рухани
қазыналар көзіне апармақ.
Ғұламаһи Дауани – XІ ғасырдағы Хорасан өлкесінен шыққан
айтулы ғылым саңлақтарының бірі. Өз заманының атақты ғұламасы

атанған Дауани көбінесе еңбектерін тұрмыс философиясы деп
аталатын мораль (ахлақ) мәселесіне арнап жазған. Шығыстану
ғылымында Ғұламаһи Дауани жайлы деректер соңғы кезге дейін
беймәлім күйде жатты. Тек отызыншы жылдардан бастап, кейінгі

дәуірде И. Ю. Краековский, А. А. Семенов, Ғ. Сағди, Б. Ғафуров
еңбектерінде Дауани аты тілге алына бастады.
Ғұламаһи Дауаниға біздің ерекше назар аудару себебіміз де
Абайға байланысты. Өйткені ұлы ақын:

Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарай сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.

Мұны жазған білген құл
Ғұламаһи Дауани
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқып және ойла?

Тез үйреніп, тез жойма
Жас уақытта көңіл – гүл. –
деп, Дауаниды шыншыл ретінде бағалап, жастарға іш тарта
таныстырады. Тіпті Дауани еңбегін оқуды тікелей ұсынады.

Шындығында ұлы Абайдың өзі соншалықты мән беріп, ықылас
бөлген Ғұламаһи Дауани кім?

Абайдың атақты «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде
арнайы тілге алынатын Ғұламаһи Дауани – ғалымның көпшілікке
таралып кеткен лақап аты ғана. Өз заманында көзге түскен үлкен
оқымысты, көп оқыған себепті ол – ғұлама деп танылса, Дауани

деген қыстақтан шыққандықтан, Шығыс дәстүріндегі туған ел,
туған жерімен аталатын әдет бойынша Дауани деп аталған.
Яғни, халық арасында лақап аты бойынша Ғұламаһи Дауани
аталып кеткен. Абай да осы лақап аты бойынша атап отыр. Немесе

оның ресми шын аты Джелал-ад-Дин-Мухаммед бен-Асхад ус-
Сиддики ад-Дауани. Оның өмір жайлы арнайы жазылған еңбек
ұшыраспайды. Бірақ ертеректе жазылған кейбір мемуарлық
шығармалар мен тарихи еңбектерде Дауани туралы жанама

деректер там-тұмдап болса да кездеседі. Осы деректерге сүйене
отырып, Дауани жайлы, оның өмірі мен еңбектері жөнінде әзірше
қысқаша мағлұматтар берумен ғана шектелеміз.
Ғұламаһи Дауани Хорасандағы Казерун (қазіргі Иранның батыс

жағы) уалаятына қарасты Дауани қыстағында 1427 жылы дүниеге
келген.1502 жылы Шират қаласында қайтыс болған. Дауанидің
әкесі Хорасандағы уалаяттардың бірінде қазылық қызмет атқарған.
Ол баласының жақсы тәлім-тәрбие алып, білімдар болып шығуына

көңіл бөледі, Дауани білімді Шираз қаласынан алған. Ол әсіресе
медресе қабырғасында фикхпен (Мұсылман правосы), яғни
юриспруденциямен көбірек шұғылданады. Фикх ғылымына жетік
боп шығуы себепті Парсы уалаятына бас қазы боптағайындалады.

Кейіннен ғылым жолына біржолата түсуі себепті, қазылық
қызметін тоқтатқан. Шираздағы атақты медреселердің бірінде
мүддәрисшілдікке (профессорлық лауазым) ауысып, ұстаздық
жолына түседі. Дауанидің ғылым саласында атағы да осы

жылдарыжайылып, көптегеп ғылыми еңбектерін де осы тұста
жазады. Англияиың Британия музейінің 1922 жылы шығарған
парсы тіліндегі еңбектердің аса көлемді библиографиясында
Ғұламаһи Дауанидің оннан астам еңбектерінің аты аталады. Ал

атақты ғалым Табризидің мәліметтері бойынша, Ғұламаһи Дауани
артына жүзден астам еңбек қалдырған.
Ерте кезде Шығыста атақты ғылым саңлақтарының еңбектеріне
арнайы түсініктеме жазылатын дәстүрболған. Мысалы, Аристотель

еңбектеріне әл-Фараби жазған түсініктемелерді еске алсақ та
болады. Осы іспеттес, Ғұламаһи Дауани еңбектеріне де көптеген

оқымыстылар түсініктемелер жазған. Мұндай түсініктемелер кез
келген еңбектерге жазыла бермейтінін, тек атақты, аса ірі ғұлама
ғалымдарға ғана жазылатынын ескерген жөн. Дауани еңбектеріне,
әсіресе оның мораль, философия саласындағы шығармалары мен

кейбір теологиялық еңбектеріне де атақты ғалымдар Тафтазани,
Ж. Қарабағи, Мир Абдулфатх, Мирза Джан, Журжанилер арнайы
түсініктемелер жазған.
Ғұламаһи Дауаниден дәріс тыңдап, ғылым жолын үйренуге

Шираз медреселеріне Хорасан мен Мервтен, Орта Азия мен
Румнан (Рим) ғылым қуған талантты жастар ағылып келіп жатқан.
Ғұлама ұстаз көптеген талантты шәкірттер тобын тәрбиелеп
шығарған. Кейін олардың арасынан ерекше көзге түскен Молла

Хабиболла Мирза Джан-и-Ширази, Жүсіп ибн-и-Мухаммед-
Джан әл-Қарабағилар шығады. Осы әл-Қарабағидің «Рисала»
атымен таралған еңбегі мен Абайдың жан қуаты, хауас жайлы
танымындағы елеулі байланыстардың барлығы ерекше сезіледі.

Ғұламаһи Дауанидің дүниетанымы негізінен әл-Фараби, ибн-
Сина, Ә.Науаи шығармаларының ықпалында қалыптасқаны
оның мораль жөніндегі еңбектерінде, әсіресе, «Жалали этикасы»,
«Қажеттіліктің дәлелі туралы», «Әріп туралы» кітаптарында

байқалады. Әлішер Науаидің атақты шәкірті, тарихшы Хондамирдің
«Хасиб-ас-сияр» еңбегінде Дауани жазған ғылыми еңбектерге
аса жоғары баға берілген. Өз заманында ғылыми ойды одан ары
қарай дамытқан Дауани қызметіне тоқтала келіп: «Абу Али ибн-

Сина мен оқымысты Тусси шеше алмаған ғылым құпиялары оның
назар салуымен өзінің сырын ашты. Әрі бірінші және екінші ұстаз
үшін қараңғы болып келген кейбір мәселелер оның қаламынан
шешімін тапты», – деп Аристотель мен әл-Фараби, ибн-Сина,

Тусси зерттеулерін дамытушы ретінде танытады.
Ғұламаһи Дауанидің ең мол таралған әрі көп тілдерге
аударылған атақты еңбектерінің бірі – «Жалали этикасы» («Ахлақи
Жалали»). Бұл еңбек парсы тілінде жазылған. Үндістанда

литографиялық әдіспен бірнеше рет жарық көрді. Европада алғаш
рет ағылшын тілінде 1839 жылы В.Ф.Томпсонның аударуымен
«Мұсылмандардың практикалық философиясы» деген атпен
басылған. Ағылшын тілінде Дауани кітабының бұлайша аталу

себебі де бар. Өйткені В. Врусевтің атап көрсеткеніндей: «Шығыс
қашанда тарих философиясынан гөрі тұрмыс философиясына

күштірек. Тұрмыс философиясы – өмірдің мән-мағынасы туралы философия. Толстойдың шығыс философиясына сонша әуестенуі кездейсоқ емес болатын», Бұл Абай шығармаларында мораль философиясы деп аталып жүрген ұғымдармен де өзектес, желілес жатқан нәрселер. Абайдың «Мұны жазған білген құл, Ғұламаһи Дауани», – деп нақтылы көрсетіп отырған ой ортақтастығы бар пікір оралымдары да осы Жалали этикасында» жатыр. Шейх Сау-уд-Диннің баласы Мехин шейх 1917 жылы 3 желтоқсанда көшірген «Жалали этикасының» парсы тіліндегі қолжазбаларының бір данасы Ташкент Университетінің фундаментальды кітапханасында сақтаулы тұр Дауани еңбектері орыс тілінде де, сол сияқты, түркі тілдерінде де аударылған. Ал Ресейде Дауани еңбектері 1916 жылдан бастап пайда бола бастаған. Сондықтан да Абай Дауани еңбектерін парсы тіліндегі түпнұсқадан оқып білген деуге келеді. Дауанидің аталмыш еңбегі сол тұстағы Хорасанның билеушісі, Аққойлы руынан шыққан (Аққойлы руы түрікмен, қазақ халықтарының шежіресінде ұшырасады) Сұлтан Хасанбек баһадурға арнап жазылғаны осы еңбектің кіріспе бөлімінде айтылған. «Жалали этикасы» негізінен, мінез-құлық тәрбиесі мен отбасы жайлы, патшалардың әдет-ғұрпы жөніндегі тарауларға бөлінеді. Бұл еңбек Дауанидің Шираз медреселерінде ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, ғылыммен құлай шұғылданған кездерінде жасөспірімдердің мінез-құлық, адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, бақылап күнделікті өмір тәжірибесінен туған ойларын қағаз бетіне түсіруден туғаны байқалады. Өйткені ғұлама жас баланы тәрбиелеуді ерте қолға алып, дақ түспеген ақ қағаздай таза санасына ізгілікті нәрселерді ғана еге білуді баса айтады. Осыған іліктес ой ортақтастығы Абайдың «Тез үйреніп, тез жойма, Жас уақытта көңіл – гүл», – деп жан азығын жинап қорландырудың дер шағы – жастық уақытты босқа өткізбеуді ескертуінен де байқалады. Өйткені «Ғылым таппай мақтанба» дейтін өлеңіндегі Абайдың «Біздің сөзге ерсеңіз», – деп өз атынан айтылатан ой желісін байқасақ, осы өлеңнің соңғы шумағында «Мұны жазған... Ғұламаһи Дауани», – деп ескертеді емес пе? Абайдың дүниетану жолындағы жан құмарының ерекше күшейер шағы да адамда бала кезде басталатынын 7-қарасөзінде қайрыла тоқтап атап өтуі де жай нәрсе болмаса керек-ті. Абайтану саласындағы танымал зерттеушілердің бірі –

профессор Ғабдурахман Сағди: «Абайдың «Сөзіне қарай кісіні ал» дегені арабтардағы «Ло танзур ило ман кала ва унзурило манкола» мазмұны: «Сөйлеушіге қарама, сөзіне қарап дегені», – деп Абайдың Дауани аузынан айттырып отырған сөзінің арғы түп-төркіні араб әлемінде жатқанынан хабар береді. Дауанидің «Жалали этикасында» ізгілікті мінез-құлық атаулының шығар көзі ретінде айрықша мән-мағына беріп қарайтыны әділеттілік туралы ұғымға келіп тіреледі. Дауани қоғамдағы әрбір адам әділетті болуға борышты деп қарайды. Себебі «Әділет абсолюттік түрде билік құрса, басқа дағдылардың бәрі оғанқызметші, егер әділет – жетілу мен дамудың жиынтығы болса, зұлымдық оның керісінше көрінісі, немесе кемшілік атаулының қордасы», – деп әділет пен зұлымдықты от пен су сияқты қарама-қарсы құбылыс ретінде танытатыны бар. Ал Абайда айтылатын «Хақиқат пен растық – қиянаттың дұшпаны» деген сөз де осы оймен іліктес жатыр. Абайдың да ғұмыр бойы аңсап, күресіп келгені әділет пен шындықтың жолы болатын. «Ғадаләт барша езгүліктің анасы дур» деген сөзінен барлық ізгілікті мінезкұлықтың шығар көзі әділеттілікте жатыр деп танитынын көреміз. Абай әділеттіліктің мұншалықты шешуші орынға ие болу себебі оның табиғатының шындықпен біртектес бірлігінде деп біледі. Сондықтан да бұл екі ұғымды бөліп-жармай бірлікте қарап: «Рас болса һәммаға бірдей рас болсын, алалаған рас бола ма?» – дейді. Абай өзі 38-сөзінде арнайы тоқталатын жәуанмәртлік жайында да осы пікірін берік ұстанатынын: «...белгілі жәуанмәртлік үш хаслат бірлән болар деген: сиддиқ (шындық), кәрәм (ізгілік), ғақыл (ақыл). Бұл үшіндән сиддық ғадәләт болар», – деген пікірі көрсетіп тұр. Дауанидің көп назар салып, пікір білдірген ұғымдардың бір желісі – достық жайлы пікірлерінде жатыр. Достық жайлы әр ұрпақ заман талабы мен өз танымдарының тұрғысынан ой қорытып, пікір білдіріп келеді. Бірақ әр дәуірдің ұлы ойшылдары нағыз достықтың шын табиғатын іздеумен келген. Дауани шын достық шыншыл ізгілікті мінез-құлықтан ғана туатындықтан, оның негізгі өлшемі – сан рет ақталған сенімдердің жиынтығынан тұратын шын сенімде жатыр деп қараған. Шын достықты іздеген қазақ даласының ұлы гуманисі Абай да достық жайлы аталы сөз, соны пікірлер қалдырды. Күштілер күшсіздерді билеген әділетсіз заманда өмір сүрген ақынның шын

достықтың мұндай қоғамда болмайтынына көзі жетті. Әділетсіз қоғамдағы достықтың өлшемі – шын ниеттен туатын сенім емес, мал үшін, күні үшін жағымпаздық, арсыздық, екіжүзділік жасау деп білді. Осы себепті: «Ендігінің достығы – бейіл емес, алдау», – деп танытады да, өлеңінде осы ойын: Бір күн үшін дос болып, Жүз құбылған салт шықты, – деп сенім бұзар серменде малға достардың пиғылы заман салтына айналғанын сынай көрсетеді. Қорыта айтқанда, Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңі мен әсіресе 38-сөзіндегі тағрифнамасында ғылым, хакім, нақылия, ғақылия, ғылымды жүйелеу, әсіресе, жәуанмәртлік жайындағы ой-пікірлер төркіні Ғұламаһи Дауанидің «Жалали этикасындағы» ұғымдармен сабақтас жатыр. Ұлы ақынның адамзатқа ортақ өміршең ой-пікірлерді өзінің ұстаздық, тәрбиелік жолындағы керегіне жаратудан тартынбаған әрекетін абайтанудың бірегей білгірі Мұхтар Әуезов те атап өткен болатын-ды. Мәселе белгілі бір шындықты қай ойшылдың болса да қаз қалпында біліп, тануында емес, оны өз заманының қажетіне қарай дамытып, шығармашылық жолмен жетілдіруінде жатса керек. Әрбір ойшыл бойындағы жаңалық та бұрыннан бар ой көздерін дәуір талабы тұрғысынан жаңғыртып түлетуінен білінеді. Дауани мен Абай арасындағы әр қилы ой-пікірдегі іліктестіктерді жан-жақты аша түсу келешекте Абайдың ұлы ақын ғана емес, кемеңгер ойшыл, ғұлама хакім екенін тереңірек тани түсуімізге де септігін тигізе бермек.

VІІ. АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ МЕКТЕБІ

Қайым МҰХАМЕДХАНОВ

АБАЙ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ АҚЫНДАР

Абай мектебі – қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани
мәдениетін сын көзімен қарап игеріп, XІX ғасырдағы орыстың
классик әдебиетін өзіне зор мектеп етіп...өз заманындағы озық ой-
пікірдің жетекшісі болған –ұстаз-ақын екенін дәлелдеуді мақсат

еттік.
Бір ескерте кететін мәселе мынау:
Абай төңірегіндегі ақындар дегенде біз қазақтың көркем
жазба әдебиетіндегі ақын деген ұғымда қараймыз. Ал ауызба-

ауыз айтқанда Абай замандасы Жамбыл сияқты ауыз әдебиетінің
ірі ақындарының жолындағы, сол сияқты жырау ақындар,
импровизатор-әнші, сал-сері, т.б. ақындардың дәстүрі болғандығы
өз алдына зерттелетін мәселе.

Абай қазақ әдебиетіндегі прогрессившіл, ақындық жаңа дәстүрі
Абайдан соңғы дәуірдегі жазба әдебиеттің де негізгі бағытын
айқындап берді.
XX ғасырдағы Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев,

т.б. ірі ақындардың творчествосына Абайдың күшті әсері болды.
Олар Абай дәстүрін ілгері дамытушылар болды, өздерін Абай
шәкірті санады.
Қазақ совет әдебиеті Абайдан басталған қазақ әдебиетіндегі

прогресшіл жаңа бағыттың заңды дамуы, өркендеп өсуі болып
табылады.
Бұл жағынан Абай дәстүрі деген ұғым аса көлемді кең арнаулы
зерттеуді керек ететін мәселе.

Біз сол Абай төңірегіндегі ақындар тобының бірнеше көрнекті
уәкілдерін, оның ішінде Абайдың тәрбиесін, үлгі-өнегесін көрген
ақындардың әдеби мұраларын зерттеп, оларға Абайдың еткен әсері,
ұстаздығы қандай болғанына осы еңбекте ерекше көңіл бөлеміз.

* **
Абайдың зор мектебінің бірі қазақ халқының рухани мәдениеті
деген едік. Сол өз халқының рухани мәдениетіхалықтың ауыз
әдебиеті Абай өлендерінің нәр алатын негізгі бір арнасы болады.

Абай қазақтың халық творчествосын өзінің әдеби еңбегіне үлгі
еткен, фольклорды творчестволық жолмен меңгеруді үйретеді.
Біз Абай поэзиясынан ауыз әдебиетінің дәстүрін, оның түрлі
көркемдік әдістерін қайталауды, не болмаса сөздегі дайын

образдарды өзгертпей, үлгі етіп алуды кездестірмейміз.
Абай ауыз әдебиетінің жақсылық қасиеттерін бағалай отырып,
оның идеялық мазмұнын тереңдетіп, көркемдік жағын жазба
әдебиетінің дәрежесіне жеткізіп меңгере білген. Сондықтан Абай

поэзиясы өз халқының халық творчествосына тамыр жайып, одан
нәр алып, өзінше гүлденіп өседі.
Ақын ауыз әдебиетіне сын көзімен, өз заманының озық
идеясының тұрғысынан қарайды. Бұл жөнде де Абай әлеуметтік

тұрғыдан қараған ағартушы.
Халық әдебиетінің бір бай саласы – терең ой, түйінді пікірге
негізделген мақал-мәтелдер, қазақ халқының өткен өмірінде
мақал-мәтелдің алатын орны ерекше зор болған, мақалдап-

мәтелдеп сөйлемейтін қазақ жоқ деуге болады. Ерте күнде сол
мақал-мәтелдің қортындысына тоқтамайтын да қазақ болмаған
десек болады.
Мақалдың түйіндеп қорытып айтқан шешімі мен кесіміел

салтында кесіп, пішіп айтып қойған билік сияқты болады. «Атам
қазақтың айтқан мақалы бар емес пе» деп мақалға тоқтамайтын
қазақ болмаған.
Абайға дейін сол мақал-мәтелдің сырына қанып сынайтын

қазақта болмаған. Мұрат, Шортанбай сияқты ақындардың ой-
пікірінің көбі өздерінің идеясына сай ескі мақал-мәтелдермен
қабысатын болады...
Абай да қазақтың мақал-мәтелдерін жақсы бағалап, мақал-

мәтелден көп үлгі-өнеге алады. Аз сөзбен түйінді, терең пікір
айту, айтатын ойды тұжырымды, жинақы етіп айту, сөзді орынды,
ұтымды етіп қолдану сияқты мақалдың жақсы қасиеттерін Абай
өзінің ақындық өнеріне үлгі етеді. Сонымен қатар Абай мақал-

мәтелдің бәрін бірдей талғаусыз қабылдай бермейді. Оның сырын
ашып, терең зерттеп, сын көзімен қарайды. Ертеден ел санасына

сіңіп қалған ескі ұғымдардың сырын ашып әшкерелейді... халық
мақсатынан аулақ зиянды мақалдардан сақтандырады.
«Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да
бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа

жарамайтыны да бар. Әуелі: «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді.
Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын. Егер онысы жалға
жүргенде, жаныңды қинап, еңбекпенен мал тап деген сөз болса,
ол ар кететұғын іс емес, тыныш жатып, көзін сатып, біреуден

тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек: ол арлы
адамның ісі.»
«Қалауын тапса, қар жауады», «Сұрауын тапсаң, адам
баласының бермейтіні жоқ» деген ең барып тұрған құдай ұрған сөз

осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпенен
өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден
сұрау керек қой.
«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның

несі мұрат..., – дейді Абай.
…Қазақтың халық творчествосына тамырын терең жайып, нәр
алып, орыстың XІX ғасырдағы классикалық әдебиетінен өнеге
алып өскен Абай поэзиясы – ақындықтың теңдесі жоқ үлгісі, қазақ

даласындағы бірден бір мектебі болды.
Данышпан ақын, ұлы ұстаз: «Сөз түзелді, тындаушым, сен де
түзел!» деп қуатты үнмен, жаңа лебізбен қазақ әдебиетін жаңа
бағытқа бастады.

...Өз заманында Абайды білген атақты ақын, әйгілі әнші, күйші

– қазақ өнерпаздарының қамқоры, әділ сыншысы, жөн сілтейтін

дана – аға ақын санаған. Абайдың асыл сөзін тұңғыш қазақ
даласына жаюшылар да сол ақын, әншілер еді. Атақты Біржан сал,
әрі әнші, әрі ақын Әсет, әнші Мұқа, Мұқаметжан, Әлмағамбет,
Естайлар, ақын Ажар, Кемпірбай, Қуандық, Зейнептер – Абайдың

ардақты атын, асыл сөзін халыққа жайды. Абайдың ақын аты,
осындай Абайды ардақтаушы – қазақтың өнер иесі талантты ақын,
әншілері арқылы елге тарайды. Сөйтіп, Абай өлеңдері, әндері
кітап болып басылмай тұрып-ақ ақынның тірісінде халқына әйгілі

бола бастаған.
Халықтың әдемі ән, әсерлі күй, асыл сөзінің терең сырына
қанып, жоғары бағалаушы Абайдың алдына келіп ақыл алып
қайтуды, үлгі-өнеге үйренуді әрбір өнер иелері аңсаған. Жоғарыда

аты аталған және басқа толып жатқан ақындар Абайды алыстан
іздеп келіп, айлап жатып өз өнерлері жөнінде сын естіп, насихат,
ақыл алып кетіп жүрген. Осы ретпен Біржан сал айлап Абай
аулында жатып ән салған. Әсет, Мұқалар, Әлмағамбеттер Абай

ауылының адамы болып кеткен. Ақын әйел Қуандық өмір бойы
Абаймен қарым-қатынасын үзбей өткен.
Осындай белгілі ақындардың Абай алдына келіп өзінен, не
алыста жатып асыл сөзінің кәусар бұлағынан қанбаған, Абайды

ұстаз етпегені жоқ деуге болады. Онан соңғы дәуірдегі ақын-
жазушылардың қай-қайсысына болсын Абайдың ақындық жөнінен
әсері тимеген қазақ ақындары болмаған.
Біз Абайдың ақындық мектебін сөз қылғанда үнемі Абай

маңында болып, өзінің тәрбие көріп, ақындық жөнінен өнеге алған
шәкірттерін айтпақшымыз.
Абай шын мағынасындағы ұстаз. Өнерді өнеге үшін деп
түсінген Абайдың сенгені жас ұрпақ болады. Халық ағартушысы

Абайдың көп өлендері жастарды өнерге, білімге шақыруға
арналған. Өнер-білім алудағы мақсат мансап емес, шен алып,
шекпен кию емес, адал азамат болып, халыққа қызмет ету екенін
Абай үнемі жастардың көңіліне тоқыды. Бұл жөнде Абай құрғақ

үгітші емес, кәдімгі ұстаз болған. Жастарды тәрбиелеп, оларға
өмірдегі адамшылық мақсатты ұқтырып, сол жөнінде ақыл айтуға
арналған өмір кезеңдерін Абай өзінің ең қымбатты, ең мағыналы
уақытым деп есептеген. Абай алдынан тәрбие алып өскен өнер

иелері Абайды сол ерте кездің өзінде «ұстаз» деп санап, өздерін
«шәкірт» деп есептеген.
Балалары Әбдірахман, Мағауия, қызы Күлбаданды қалаға
орысша оқуға аттандырған Абай, қалаға оқуға бара алмай ауылда

қалған жастарды да ұмытпайды. Оларды жинап алып өнерге
бейімдері болса көмектесіп, баулып отырады.
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға», –
деген Абай өлеңінен жас ұрпаққа, келешекке сенген ақынның
көңіл-күйі, жүрегі білінеді.

Абай ауылдағы діни медреседе оқып жүрген балалардың
тәрбиесін дүмше молдалардың қолына беріп қоя бермейді. Ол

кезде ауыл медресесі үшін діннің бас қатыратын жат тілді ұғымсыз
кітаптарынан басқа оқу құралы болмағандықтан, тәлім-тәрбие
беретін өнегелі сөздер, ақыл беретін насихаттар жазып берген.
Сол ауыл медресесінде оқыған, Абайдың қолында тәрбиеленіп

өскен немере қызы (Мағауияның қызы) Уәсилә: «Әкем балаларды
жеті, сегізге шығарында оқуға беретін, еркек балаларымен қабат
қыздарын да оқытатын. Мен де сегіз жасқа шығарымда оқыдым.
Ол кезде молда балаларға дін оқуын оқытатын, қазақ тілінде кітап

жоқ болатын.
Сондықтан балалардың ойы, дүние тануы кемсін болады деп
әкем көп айтып жүрді. Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған
үйімізге әкем келді. Әдеттегідей бәріміз орнымыздан тұрдық. Әкем

айнала қарады да, отырыңдар деді. Біз отырып жайланған соң,
молдаға қарап: «балаларға мына бір кітап әкелдім, осыны көшіріп
көбейтіп, бала басына бірден таратып бер. Бүгіннен бастап осы
кітапты қоса оқыт, – деді. Біз қуанып кеттік, әкем үйден шыққан

соң, молда әлгі кітапты алды да, бас жағын оқыды, кітап қолжазба
екен. Біз сол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Басқа кітаптарға
көп көңіл бөлмейтін болдық. Өйткені бұл жаңа кітаптың тілі
ұғымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап

болды. Кейіннен байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қара
сөзбен жазылған кітабы екен. Біздің молдадан бұл кітапты естіген
басқа молдалар да келіп көшіріп алып, өз шәкірттеріне оқытып
жүрді, – дейді.

Абай айналасына ел ішінің «көкірегі сезімді, тілі орамды»
талапты жастары да жинала бастайды. Олар Абайдың өсиетін
тындап, өнерге ұмтылған саналы шәкірт болады. «...Абайдың
білімі мен өсиетіне құмар болған, ел ішінің көзі ашық жастарына

Абайдың ауылы үлкен білгіштің медресесі сияқты болады. Абай
ұстаз да, мұның алдына келген сөз ұғатын ынталы, талапты
жастардың бәрі шәкірт».
Сол шәкірттерінің бірі болған Абайдың немере інісі Кәкітай:

«Абайдың насихатын көп тыңдап, қасында болған жігіттер
өзгелерден бір түрлі, медреседен оқыған ғылым жолындағы кісі
сықылды, әр нәрсенің жөнін біліп, жаман-жақсыны көп айырып,
надандықтан шығып қалушы еді», – дейді.

Сөйтіп, Абай алды үлкен мектепке айналады. «... Шәкіртсіз
ғалым тұл» деген қорытындыға келген Абай тұл ғалым болған жоқ.

Абай алды ақындықтың үлгілі мектебі болса, Абай ауылы қазақ даласындағы өз тұсындағы мәдениет ордасы болды десек, артық айтылмаған болар. Абай өз ауылында ғана емес, Семейге келсе де оның қаладағы оқып жүрген шәкірттері жиналып, ұстаздың мәжілісін сағынып отыратын болған. Өз балаларынан: Ақылбай, Мағауия, немере інісі Кәкітай, досы Мұқа, Әсет, Әлмағамбет, Мұқаметжан, Әріп, Имамбазар, Баймағамбет, т.б. үнемі Абай алдынан табылатын, Абай өсиетін жаттап, өнегесін үлгі еткен шәкірттер болады. Бұлардан басқа «... ертекші, құсбегі, домбырашы, әнші, не болмаса тоғызқұмалақ, дойбы ойнағыш ойыншылар...». Абай ауылынан үнемі үзілмейді. Осындай өнерге бейім, сөз ұғар деген адамдарға Абай есігі үнемі ашық болған. Абайдың мақсаты мол байлыққа мастанып, думан, сауық құру емес: «Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ, Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер, Думан, сауық ойда жоқ әуел баста-ақ» дейді. Абай сөйтіп надан елдің көңілін ашып, сана-сезімін оятып, өнербілімге бастап, мәдениетке шақырып сергітетін өнеге ордасын құрады. Өзінен үлгі алған, ойлы жас жігіттер арқылы еліне «өнер шашпақ», сөйтіп, «наданның көңілін ашпақ» Абайдың негізгі программасы еді. Абай әуелі қазақ халқының рухани мәдениетін дұрыс бағалап, дұрыс түсінуді шәкірттеріне өсиет етеді. Абай алдынан жаңа мазмұн тауып, заман тілегіне сай идеяда кең өріс алып байыған қазақтың ауыз әдебиетінің бір түрі – ертегі. Абай білмейтін қазақтың ертегілері болмағандығы ертегіні кім айтса да, жалықпай тындап, соңынан қисығын түзеп, баға беріп отыратындығын Абай достары естеліктерінде үнемі айтады. Қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын ертегіні ермек емес, өнеге деп бағалай білген, ол туралы түйінді пікір айтқан ақын да болмаған. «Қазақтың ескі ертегісінен, бұрын қай жерлерде жүргені: көршілес, күндес елдері қай жұрттар екені, діні, білімі қандайлық кезде шығарғаны, елдің ескі салты, арманы, кәсіп-қаракеті не екені көрінеді», – дейді Абай. Абай өз халқының тарихын, мәдениет тарихын терең білумен

бірге, оны өз заманының тұрғысынан қарап бағалап, келешекке жөн сілтеген дана ұстаз. Абайдың ертегі жөніндегі, жалпы халық творчествосына көзқарасы ғылыми биік дәрежеде болғанын көреміз. Абайдың бір досы, белгілі ертекші Баймағамбет болады. Баймағамбет қазақ ертегілерін аса көп білетін, аса ұғымтал, өтезерек, қысқасы ертек айтуды өнер санап, профессия еткен адам болады. Сондықтан Баймағамбет Абайдың ең бір сүйікті адамы, өмір бойы қасынан тастамаған досының бірі болған. Баймағамбет ертек айтқанда әңгіменің күйіне әбден беріліп, баяндап отырған оқиғасының сарынына салынып айтатын соншама шебер ертекші екен. Әңгімедегі кейіпкерлерінің терең сезіміне бойлап, сыр-сипатына дейін бейнелеп, қуаныш-күйінішіне түсіп, бар ынта-жігерімен беріліп айтады екен. Түрлі кейіпкердің бет құбылысын, дене қозғалысын көрсете отырып, дауыс толқынына дейін жеткізетін болады. Сондықтан Баймағамбеттің ертегісі кімді де болса құмарландырып, кімнің болса да көңіліне қонып, күшті әсер ететін болған. Бұл жағынан қарағанда Баймағамбетті халық өнерпазы деуге болады. Абай осы Баймағамбетті өмір бойы өз қолында тәрбиелеген. Оған сан алуан әңгіме айтып беріп, ол Абайдан естіген әңгімесін елге жаяды. Адамға білгенін үйретуден ешбір жалығуды білмеген Абай, қаншама ұзақ әңгімені, оқыған романдарының оқиғасын айтып беріп, соңынан Баймағамбетке қайта айтқызып, қате ұққан жері болса түзеп беріп, соңынан барып, елге айтуға рұқсат ететін болған. Сонымен Абай ертегінің де адымын алысқа салады. Қазақ ертегісіне әкеп Шығыс жұртының әлемге әйгілі «Мың бір түн», «Үрістем дастан» сияқты әңгімелерін қосады. Абай өз достарын дәмдіден-дәмдіге бастап, орыс мәдениетін еліне таратудың, өнеге етудің бір жолы – осы ертегі деп білген. «Орыстың әңгімелі кітаптарын да көп оқып, көп айтып, елді романдармен таныстырғандығынан біздің ел «Мың бір түннен» жалығып, романның қызығын күштірек көріп, соған әуестеніңкіреп кетті»,– дейді бір досы. Абай арқылы Баймағамбеттің құлағына сіңіп, елге тараған шығыс, батыс, орыс елінің әңгімелері толып жатыр. Соның ішінде Александр Дюманың «Үш мүшкетер», «Король әйел Марго», «Он жылдан соңғы», Лесаждың «Ақсақ шайтан» сияқты романдары,

Америка, Африкадағы жабайылар, «Жаһангездер» жайындағы
әңгіме, аңыздар, орта ғасырдағы инквизиция жайындағы, т.б. толып
жатқан әңгіме, романдар болады. Бұл жөнінде Абайдың ерекше
мән беріп өзі әрі аударып, әрі ауызша таратуға көңіл бөлгені орыс

мәдениетінің үлгілері болған. Орыс халқының Ұлы Петр туралы
әңгімелері, Пушкиннің «Евгений Онегин» романы, «Дубровский»
әңгімесі, Лермонтовтың «Вадим» әңгімесі, тағы басқа толып
жатқан ұзақ әңгіме, дастан, аңыз, романдар Баймағамбеттің

айтуымен қазақ халқының байыргы ертегілеріндей болып, қазақ
даласына жайылады.
Қазақ ертегісін байыту арқылы да Абай шәкірттеріне үлгі-өнеге
беріп, өнер-білімге, орыс мәдениетіне жол ашады. Бұл жөнде де

елінің мәдениетін, ақыл, ой-санасын өсіру жолында Абайдың еткен
еңбегі тізіп аттарын атап өткен орыс елінің әңгіме, романдарынан
көрінсе керек.
Абайдың елге таратқан әңгімелеріндегі негізгі тұлғалар:

орыстың ұлы адамы, елінің қамын ойлаған, отанының өнерлі,
білімді, мәдениетті, іргелі мемлекет болуы үшін күрескен
қайраткер І Петр, жауыздыққа қарсы күрескен, ары үшін басын
байлаған Дубровский сияқты, ер, кіршіксіз таза махаббаттың

жолында құрбан болған дүнияға белгілі Ләйлі мен Мәжүн, батыр
Үрістем, орыс жазушылары романдарының әлеуметтік кертартпа
құрылысқа қарсы күрескен,өршіл, бас имейтін жігерлі адамдары
болады.

Абай шәкірттеріне адамгершілік жайында, оқу, білім туралы
ақыл, өсиет айтып отырумен бірге, эстетикалық тәрбиеге ерекше
көңіл бөлгенін көреміз. Бұл жөнінде қазақ ауыз әдебиетінен бастап
орыстың классикалық әдебиетін үлгі еткенін айттық. Абай оған да

қанағаттанбайды.
«Абай жалғыз өз өсиетіне канағат қылмай, жаңағы жастардың
сезім тәрбиесін толықтырмақ болып, 1889 жылы көбінесе музыка
үйретпекші болады. Сол мақсатпен Көкен еліндегі Мұқа деген

скрипкашыны аулына алғызады, тағы да сол жылы Әсет деген
ақынды да сақтайды», – дейді Мұхтар Әуезов.
Сөйтіп Абайдан тәрбие алған шәкірттерінің бір тобы әуез
(музыка) өнерін ұстағандар болады.

Әуез өнерінің нәзік сырын терең ұға білген композитор Абай осы
өнерге бейімі бар жастарды үйретуге де өзгеше көңіл бөліп, атты

зер салады. Ең алдымен, Абайдың алдына мұндай таланттылар тобы жиналуына негізгі себеп – өзінің композиторлығы. Абайдың өлеңдерінің баспасөзсіз-ақ халыққа тез тарап кетуінің де негізгі себебінің бірі Абайдың осы қасиетіне байланысты. Абайдың «Құлақтан кіріп бойды алар, көңілге түрлі ой салатын, көңіл құсын шартарапқа шарықтататын» ақын жүрегінен қайнап шыққан терең сырлы әсем әндерін, Татьянаның махаббаты жүрегінің мұңды күйін скрипкамен Мұқа, домбырамен Әлмағамбет, Мұқаметжандар әндете күңірентсе, домбырадан домбыра, әншіден әнші қағып алып, кең далада қалықтатты. Абайдың аты мен асыл сөзі осы музыкант, әнші шәкірттері арқылы Абайдың өз әнінің арқасында бүкіл қазақ даласына кең тарай бастайды. Сонымен бірге Абайдың негізгі көксеген арманы – орысхалқымен қазақ халқының үні қосылып, достық жүрегі табысқандай болады. Абайдың аудармасы арқылы, шығарған әні арқылы Пушкин мен Лермонтовтың, Салтыков-Щедрин мен Толстойдың, Крыловтың аттары ел аузында Абай атымен бірге зор құрметпен аталып, қазақ халқына белгілі, сүйікті бола бастайды. Абай бұл жөнде талапты шәкірттеріне ғана өнеге беріп қоймай, ел жүрегін оятқандай болады. Абай «Халқым, мен сендерді осындай ұлы адамдарды тудырған халықпен достыққа – ұлы орыс халқымен достыққа шақырам», – деп жар салғандай болады. Абайдың маңына халықтан шыққан таланттар топталады. Әлмағамбет әнші – Тобықты тоғалақ руынан (1870–1931). Әлмағамбет кедейдің баласы болады. Әркімнің малын бағып жүреді. Ақырында Абай қолына келіп тұрады. Мұқадан скрипка, гармон үйреніп, домбырашы, талантты әнші болады. Абайдың өз балалары Ақылбай, Әбдірахмандар да музыка өнерін үйренеді. Абайдың домбырашы, әнші шәкірттерінің бірі Мұқаметжан Майбасарұлы Абайдың немере інісі болған. Бұл алғашқы кезде қасына топ жиып, өз алдына салдық құрып, ел аралап жүреді. Кейіннен Абай шәкірттерінің тобына қосылып тәлім-тәрбие алып, талантты шәкірттерінің бірі болтан. Абай шәкірттерінің бәрін де музыка өнерінде тәрбие беруге көп көңіл бөледі. Әлмағамбетті сол кездегі Семейдің белгілі скрипачы Яков дегенге әдейі қалаға жіберіп оқытады. Бұлар орыс халқының музыкасын үйренеді. Скрипкашы Мұқаны Абай Семейге барған сайын қасынан

қалдырмай, орыс музыкасын үйретеді. Мұқа бір естігенін қолма-
қол тартып беретін зерек болады. Сондықтан Абай оны жанына
ақша салып беріп, Семейде ұзақ уақыт жатып, белгілі музыкалардан
жаңа әндер, күйлер үйреніп қайтуға үнемі жіберіп отырады.

Кейіннен Семей қаласында «Халық үйінде» (Народный дом) көп
өнерпаздарды жиып, арнаулы кеш өткізіліп, өнер салыстырғанда
Абай шәкірттерінен Мұқа, Әлмағамбеттер қатысады. Әуез
өнерінен, ән-күйден бірінші орынды Мұқа алады. Ақырында

осы Мұқаны музыка өнерінің мәдениетіне әбден жетілдіру үшін
Москваға оқуға жібермек те болады. Киім-кешегін, барлық жол-
жабдығын даярлатып қойғанда ел ішінің кезекті тағы бір шаруасы
кездесіп, Мұқаны жіберуге мүмкіндік болмай қалады.

Біз Абайдың бұл шәкірттерінің жайын жалпы айтқанымыз
болмаса, талдап айта алмаймыз. Бұлардың әрқайсысының
шығарған ән-күйлері де болған. Олардың кейбіреулері ел
ортасында айтылып жүр. Нотаға түспегендіктен және бұл жайды

зерттеуге өз маманы керек болғандықтан ән, күйдің аттарын
атап беруді қажет деп таппадық. Бұл арада бір айта кететін Әбіш
(Әбдірахман) жайы (1868–1895). «Талап тұлпарына мініп, шың
қияға өрлеген», аз жасап, көп біліп, көпті көрген, Абайдың зор

үміт күткен ақылды баласы – Әбіш Петербургтегі оқуынан жазғы
демалысқа үйіне қайтқанда Абай шәкірттеріне ғылым, мәдениет
жөнінен үлкен үлгі болады. Өзінің көріп, білгендерін елге жайып,
өнер-ғылым жайынан Абай шәкірттеріне, тіпті әкесі Абайға да көп

ой салады. Сонымен қатар Әбіш шебер скрипкашы, нотаны жақсы
білетін болады. Абай еліне орыс музыкаларының көпшілігі осы
Әбіш арқылы келуі керек.
«Он саусақ бірі басып, бірі қаға,

Сорлы ғой қақпа күйге жұрттан баға.
Бекітіп скрипканың смичогін,
Мен соқтым «Дунайская волнаға», –
дейді Мұқа. Осының өзінен Абайдың әнші, күйші шәкірттерінің

орыстың музыка мәдениетіне жақын таныс болғанын көреміз.
Абайдың бұл әнші, күйші шәкірттері тек ән, күй ғана емес,
оның кейбіреулерінде ақындық өнер де болған. Бұл жөнде Мұқа,
Мұқаметжандарды айтуға болады.

Сонымен қатар Мұқа, Мұқаметжан, Әлмағамбеттердің тағы бір
өзгешелігі әнмен, өзіне лайық сарынмен Абай өлеңдерін, Абайдың

ақын шәкірттерінің шығарған дастандарын түгелдей, халық
дастандарын, жырларын тамаша орындаушылар болған. Абайдың,
оның маңындағы ақындар тудырған шығармалардың ұмытылып
кетпей бізге жетуіне себепкер болушылар – елге көп таратқан осы

әншілер тобы.
Бұлардың дастандарды орындауында да бір өзгешелік өнері
болады. Бұл жөнінде мысал үшін әрі әнші, жыршы, Топай руынан
Бейсембай Жәнібекұлын айтуға болады. Бейсембайдың айтуы

бойынша деп баспаға шығып жүрген «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
дастанын айтатын Бейсембай да осы адам. Негізінде бұл кісі әнші,
ұзақ әңгіме-өлең айтатын жыршы болған. Бейсембай айтып жүрген
«Қозы Корпеш – Баян сұлудың» көп кемшілігін көрген соң, Абай

толықтырып түзетуді тапсырады. Артынан Ақылбай толықтырып,
түзеп Бейсембай айтып жүретін болады. Бейсембайдың айтуы елге
мейлінше қызықты, соншама әсерлі болған. Ол «Қозы Көрпеш –
Баянды» айтқанда дастанның ішіндегі әрбір адамның өзіне, мінез-

құлқына лайықталған әнмен айтады екен. Бейсембай он жеті түрлі
әнмен айтушы еді деседі.
Міне, Абайдың әржақтылығын, халық ортасында қандай
зор мәдениет ордасы болғандығын көрсететін бір беті осы

айтылған әнші, күйші, әуез өнерін қуған шәкірттер тобы болады.
Бейсембайдың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанын ел алдында
орындау түрі – біздің көз алдымызға қазіргі тыңдап жүрген
операмыздың талай белгілерін елестетсе керек.

Абай әуез өнерін дәріптеп шәкірттерін дәмдіден дәмдіге
талпынтып өнерін өрістетумен бірге, музыка аспаптарының түр-
түрінің ел арасына тарауына көп көңіл бөледі. Абай айналасында
қазақтың атам заманынан бергі музыка аспаптарын шебер

ойнаушылардың бәрі де болған. Жоғарыда аты аталғандардан
басқа, Құнанбай өлім жазасына тартқан Қодардың тұқымы,
Қияспай сияқты атақты сыбызғышы да болады.
Сонымен бірге Абай шәкірттері өнердің барлық түріне

талаптанады. Қол өнерін үйретуден де құр қалмайды. Абай
шәкірттері домбырадан бастап, скрипкаға дейін өздері жасайтын
болады. Қару-жарақ, ойын-сауық құралдары, тағы басқа өмірге
керекті заттардың бәріне де жаңа түр туғызып, жасап шығаратын

болады. Әнші Әлмағамбетке Абай жаңа түрмен етік тігуді,
ауылында жатқан Кавказ елінің адамдарынан Сағындық деген

адамға зергерлік өнерін үйреттіреді. Сол Сағындықтың қолынан шыққан әшекейлі ер-тұрман (кавказдаған дейді), белдік сияқты заттар елге тарап кеткен. Абай өзінің мәдени ордасынан өнердің сан алуан түрін елге өнеге етіп таратып, өнерге, еңбекке талпынуға бағыт береді. Мал баққан басқа өнерден құр қалып бара жатқан қазақтың өміріне қайғыра қараған кемеңгер: «Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қол өнерлі қазақтың әулиесі сол», – дейді Абай. Дойбы, тоғызқұмалақ сияқты ақыл, ой керек ететін ойындарды елге үлгі етіп таратады. Ел ортасына алғаш шахмат ойынын жайды. Абай ағартушы ақын ұстаз бола тұрып, сонымен қатар қазақ өмірін жаңғыртуға әсер етеді-ау деген өз қолынан келген нәрсенің қайсысынан болса да өнеге көрсетпек болған. Абайдың әнші, музыкант шәкірттері өздерінен бұрынғы және өз тұстарындағы Абай өнегесін көрмеген әншілерден ерекше болған. Бұлар ең алдымен Абайдың көркем-өнер туралы эстетикасын берік ұстап, өз өнерлеріне терең қарап, әлеуметтік мән берген. Өз өнерлерін халыққа адал қызмет істеуге арнайды. Абайдың: «Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй», – деген өсиетін өнеге ете білген бұл әншілер өз өнерлерін ұстазы Абайша сүйе білді. Бұлардың әні, өнері – «жүрек тербеп оятар баста мыйды» деген Абай талабына сай келді. Халқының жабырқаған көңілін көтеріп бойын сергітіп, ойын өрістетіп, жаңа лебізбен жаңалыққа бой ұрғызуға арнайды. Абайдың бұл шәкірттері әнді ойын-сауықтың ғана ермегі емес, жаңа өмірге, жарық дүниеге бастайтын идеяның қанаты деп ұқты. «Жаманға «жар»деген-ақ ән көрінер» деп Абай үкім айтқан, әннің қадірін кетіретін ұғымнан әнді құтқарып, қанаттандырды. Әнді зор өнер, халықты ағартудың, мәдениетке бастаудың үлкен құралы етті. «Сый дәметпе, берсе алма еш адамнан, Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан. Сүйерлік адамды сүй, қызмет қыл, Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан», – деген Абай өсиетін әнші шәкірттері бұлжытпай орындады.

Сөйтіп, ән де өзінің көркемөнерлік биік бағасын алды, Абайдай
ақынның асыл сөзімен нәр алып, халқына өз заманындағы озық
идеяны жаюшы болды.
Абай әнші шәкірттерінің бәрі де өз заманында, өз ортасындағы

мәдениетті адамдар болды. Бұлардың ерекшелігі Абай өлеңдерін,
Абай аударған Пушкин, Лермонтов, Крылов өлендерін, Абайдың
ақын
шәкірттерінің

дастандарын
ешбір
өзгертпей,
түпкі

нұсқасынан бұлжытпай халыққа тарататын еді. Оларға қоятын
Абай талабы да солай болатын. Әнші шәкірттері: Мұқа Әділханов
(1857–1927), әрі әнші, әрі үлкен ақын Әсет Найманбаев (1864–
1923), Бейсембай Жәнібеков (1858–1917), Әлмағамбет Сексембаев

(1869–1930), Мұқаметжан Майбасаров (1852–1917) түгелдей хат
танитын сауатты адамдар болған. Сондықтан Абай өлеңдерін әуелі
қағазға көшіріп жаттап, аса ұқыптылықпен өзгертпей айтатын
болады.

Осы тамаша талантты әнші шәкірттері Абайдың тірі
кезінде-ақ ұстазының идеясын бүкіл қазақ даласына жайып,
Абайдың, Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың аттарын бүкіл
қазақхалқына әйгілі етті. Бұл күнде 1903 жылы «Россия. Полное

геогр. описание нашего отечества» кітабында жазылды. Бұл жай
революциядан бұрын орыс адамдарына да мәлім болғанын көреміз.
Абайдың әндерін түгелдей халыққа жайып, бізге жеткізіп
кеткендер де Абайдың осы әнші шәкірттері.

Абайдың басқа ақын шәкірттері де ұстазының еңбегін
халыққа таратушылар болған, олар да түгелдей музыка өнерінен
хабардар әнші болғандар. Бірақ олар негізінен ақын болған, өз
творчествосының да Абайды толықтыруда зор мәні болған адамдар.

Абай өлеңдері, орыс ақындарынан аудармалар, Абайдың
ақын шәкірттерінің шығармаларының халыққа таралуының енді
бір жолы – қолжазба арқылы болады. Бұл жөнде Мүрсейіт Бікі
баласы, Махмұт Мұқаметкәрім баласы және Самарбай сияқты

Абай ауылдарының балаларын оқытатын ауыл молдалары болады.
Бұлардың бәрінің де жазулары әдемі, анық болады. Бұлар Абайдың,
Абай шәкірттерінің шығармаларын көп көшіріп, көп таратқан. Көп
адамдар қаламақы төлеп жаздырып алып та отырған. Осы үшеуінің

де қолжазбалары бізге жетті.
Абай шәкірттерінің өздерінің талабы мен талантына қарай екі
бағытта болғанын көреміз.

Бірінші – өз жандарынан шығарма жазбай, Абай шығармаларын,
Абай аударған Пушкин, Лермонтов, Крылов өлеңдерін, көбінесе
Абайдың шығарған әндерді, өздерінің сарындарымен елге
жаюшылар, Абайдан естіген орыс халқы жайындағы әңгімелерді,

орыс жазушыларының әңгіме, романының оқиғаларын баяндап,
елге таратушылар.
Екінші – Абайдың идеясын, өлеңдерін халыққа жаюмен бірге
өздері де күрделі көркем шығармалар жазып, Абайдың ақындық

дәстүрінің өрісін кеңейткен талантты ақын шәкірттер тобы.
Әдеби мектептің атасы болған Абайдай данышпан ақындар
ешқашан өздеріне шәкірт іздемеген.
Ұлы ақынның данышпандығына, оның әдебиетке келген

жаңалығына, жаңа бағыт, биік мақсат, идеясына берілген
таланттар – данышпан ақынның шәкірттері болмақ. Ондай
талантты ақын шәкірттер ақын ұстазының шығармаларын,
әдебиетке әкелген жаңалығын, идеясын халыққатаратушылар

болмақ.
Ақын
ұстазының
бастаған

бағытында
көркем
шығармалар жазып, дана ақынның мақсатын іске асыруға ат
салысып, идеясын елге кеңірек жая түспек. Данышпан ақынның

әдеби бағыты, идеясы үшін күресіп, творчестволық еңбек
қалдырмақ. Осы ретпен ұлы ақынның жолын қуған талантты
ақындар оның әдеби мектебінің іргесін қаласпақ. Ол мектептің
әр салалы өркендеуіне еңбек сіңірмек. Сөйтіп, ұлы ақынды

толықтыра түспек.
Осындай Абай жолын қуған, өз тұсында көркем шығармалар
тудырған ондаған талантты ақындар болған. Біз Абайдың ақын
шәкірттерін бұл жолда толық түгелдей алмаймыз. Өйткені, оның

бірнешеуінің өмір тарихы, шығармалары толық жиналған жоқ.
Абайдың ақын шәкірттерін сөз қылғанда көркем шығармалары
мен әдеби мұра қалдырған ақындарды айтпақпыз.
Олардың бастылары: Ақылбай, Мағауия, Әубәкір Абай

балалары, Әсет Найманбаев және Әріп Тәңірбергенов сияқты
ақындар тобы.
Бұл ақындардың бәрі де Абайдың жолын қуған ақын шәкірттер.
Абай мектебінің эстетикасы Абайдың өлендерінде.

Ақынға «халық ақыны» дегеннен зор атақ жоқ. Абайды «ұлы
ақын», «данышпан ақын» дегенде сол сөздердің бәрін де «халық»
деген ең ардақты сөзбен тығыз байланысты түсініп айтамыз. Абай

өзінің асыл сөзін, қуатты ақындық өнерін халқына арнады. Сөйтіп,
ақын өз тағдырын халық тағдырымен біте қайнастырып, тығыз
байланыстырды. Халқының келешегіне асқақтаған ұлы арманмен,
зор сеніммен қарады.

«Қалың елім, қазағым қайран жұртым» деген Абай өлеңінде,
мәдениеттен кенже қалып, ескілік көлеңкесінде, надандық
құшағында, езуде отырған халқының ауыр халіне жүрегі елжіреп,
күйіне қараған ақынның, көкірегі қарс айырылып шыққан арманы

айқын сезіледі. Халқының бақытты, ерікті, мәдениетті, іргелі
ел болуын көксеген Абай, өзінің ақыл-ойын, өнер-білімін осы
мақсатқа – халық мақсатына арнады.
«Бір кісі емес, жазғаным жалпақ жұрт қой» деп сөз өнерін халық

мақсатына арнаған Абай:
«Адасып алаңдама жол таба алмай,
Берірек түзу жолға шық қамалмай.
Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ.

Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай», –
деп еліне түзу жол көрсетіп, сол жолда еңбек етеді.
Олай болса өнер халық мақсатымен тығыз байланыста болу
керек: «Өнер өнер үшін емес, өнеге үшін» деген қортындыға келеді

Абай:
«Мен жазбаймын өленді ермек үшін,
Жоқ, барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін», –
дейді.
Ақынның мақсаты халқына адал қызмет істеп, өз заманындағы
ең озық ой, пікірге жетекші болу болатын болса, ақынның

ағартушылық ролін Абай ерекше атайды:
«Мақсатым тіл ұстартып өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып көңілін ашпақ», –
дейді.

Ақын өмір шындығын бұлжытпай сипаттауға міндетті. Ақын
өмірге әділет пен ақылдың тұрғысынан қарау керек. Ақын шындық
өмірді боямай, шындықты жасырып, жаппай халқына суреттеп
беру керек:

«Әділет пен ақылға,
Сынатып көрген-білгенін.

Білдірер алыс, жақынға, Солардың сөйле дегенін», – десе, ақынның мақсаты шындықты суреттеп берумен ғана тынбайды. Ақын сол өмір құбылыстарына үкім айтушы болуы керек: «Ызалы жүрек, долы қол, Улы сия, ащы тіл. Не жазып кетсе жайы сол, Жек көрсендер өзің біл»,– деген Абайдың «улы сыя, ащы тіл» өз заманындағы ескілік салт, санаға, халықты қанаушы феодалдарға, би-болыстарға, патша чиновниктеріне ақын аузымен халық атынан айтылған қаһарлы қатал үкім болатын. Әділетті жырлаған ақын зұлымдыққа қарсы, «ызалы жүрек», «ащы тілмен» жауап беріп, күресті. Абай көркем өнердің саяси-әлеуметтік мәні мен әдебиеттің көркемдік қасиетін бөлмейді. Әдебиетте түр мен мазмұн бірлестігі негізгі шарт деп біледі. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы», – дейді. Өлеңнің capы алтындай салмақты терең мазмұны мен биік идеясына, нақыстаған күмістей көркі сай келуі, өлеңнің «іші алтын, сырты күміс» болуы Абайдың өлең туралы негізгі заңы болды. Абайдың өлең, ақын жайындағы бұл ұғымы, бұл шарты Белинский, Чернышевский бастатқан орыстың ұлы революцияшыл демократтарының эстетикасымен туысып жатады. * * * Абайдың ұстаған бағыты сыншыл реализм деген едік. Ал сыншыл реализмді өршіл романтизмнен айырып қарауға болмайды. Абай өлендерінің ерекшелік қасиеттерінің бірі оның «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» күші – романтикалық оттылығында. Абай поэзиясында қатал сын мен ұлы арман ұштасып жатады. Келешекке бой ұрған ақынның жалынды жырынан үміт ұшқыны жарқылдайды. Реализм мен романтизм ұштасқан ақын жырында шындық өмір сипатымен қатар, келешекке зор сеніммен қараған,

еркіндікке ынтық, ұлы арман, биік мақсат айқындалмақ. Абай
өзінен бұрынғы заманды, өз заманын қатал сынаумен бірге, өзі
мадақтайтын, өзі өсиеттейтін жақсылықтарды да жыр етеді.
Абайдың алдына қойған ұлы мақсаты бар. Ол – халқының ерікті,

бақытты ел болуын көксеу. Ол арманға жету үшін халқын орыс
мәдениетіне жетілдіру, ол үшін халықты ағарту. Осы мақсатқа
елді бағыттау жолындағы бөгеттермен күресу қажет болады. Ол
бөгеттер – ескі салт-сана, әдет-ғүрып, надандық, феодалдық жол-

жоба, адам басының еріксіздігі.
Абай өзінің ұлы мақсаты жолындағы бөгеттерді сынайды, көз
алдында жоқ, көңіліндегі көксеген арманын жыр етеді.
Олай болса Абай поэзиясындағы сыншыл реализмге от беріп

қуаттандыратын – өршіл романтизм болады. Романтизмсіз поэзия
ол да бір жансыз дене сияқты», – дейді Белинский.
Бұл арада біз Абайдың көңіл күйі лирикаларын, махаббат
лирикаларын, т.б. өлендерін айтпай-ақмына бір өлеңін мысал

етсек те болады:
«Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында,
Хан да жанын қияды қыз жолында:
Алтын-күміс кигені, қамқа, торғын,

Күтуші қыз-келіншек жүр соңында.
Деген сөз «бұқа буға, азбан дуға».
Хан қарқ боп, түсіп жүр айқай-шуға.
«Етімді шал сипаған құрт жесін деп,

Жартастан қыз құлапты терең суға».
Абайдың бұл өлеңінде тек қана сынау, мінеу емес, қазақ әйелінің
қорлықтағы аянышты халін шындықпен суреттеп қана қою
емес, қараңғы түнекте жай отындай жарқ ете түскен, қарсылық,

қайсарлыққа бел байлаған күштің романтикалық сипатын
көрсетеді.
Абай орыс әдебиетін өзіне ұлы мектеп санағанда ол мектептің
ең жақсылық қасиеттерін бойына сіңірген.

XІX ғасырдың классикалық орыс әдебиетіндегі сыншыл
реализмге романтизм белгісі жат болмайтын.
Пушкиннен бастап орыс әдебиетіндегі сыншыл реализмге
романтизмнің ұштасуы – сыншыл реализмнің өзіне тән ерекшелік

қасиеті бар екенін А.А.Фадеев жолдас атап көрсетті. Сол сияқты
прогрессивтік романтизмнің реализммен қоян-қолтық келіп
ұштасуы – жазушының моральдық идеалының бар екенін, сол
мақсаты үшін күресетінін, оған бөгет жасайтындардың бәрін

сынайтындығын дәлелдейді. Осыдан барып оның шығармасы
новаторлық творчество болады, тамаша бай әрі табиғи қарапайым,
кең еркін түр табады, – дейді А.А.Фадеев.
Абай бастаған сыншыл реализмнің өршіл прогрессивтік

романтизммен тығыз байланыста дамуы – Абайдың қазақ
әдебиетіне әкелген үлкен жаңалығы – новаторлық ерекшелігі
болады.
Абайдың шәкірттеріне ақындық өнегесі осы айтылғандай

болса, ақын шәкірттері өз шығармаларында сол өнегені үлгі етеді.
Ұстаз ақын бастап берген бағытта өлең өнерін ілгері дамытуға
ат салысады. Абай идеясын кеңірек өрістетуде ақын шәкірттері
ұстазының ізін басып отырмайды. Поэзияның Абай бармаған

саласына ұмтылады. Бұл жөнінде де Абай шәкірттеріне жөн
сілтеп, ақындық өнерге жол көрсетіп отырады. Ондай жөн-жоба
ақын шәкірттерінің бейімділігіне, мәдени дәрежесі мен ақындық
қабілетіне қарай көрсетілетін болады. Абай шәкірттерінің

әрқайсысының ақындық өнерде іздеген жолына, шығармаларына
қарай негізінен екі бағытта қарауға болады.
Бірінші: Ақылбай, Мағауия, Әсеттер – романтикалық поэмалар
жазады.

Екінші: Әріп, Әубәкірлер – қазақ халқының өткен өміріндегі
тарихи оқиғаға байланысты поэмалар жазады. Әлеуметтік
тақырыпта өлендер жазу жолын ұстайды.
Абай осы шәкірттеріне кейде тақырыпты өзі ұсынып, өлең

ететін оқиғаны да айтып беріп отырады. Сол ретпен Ақылбай
Кавказ халқының өмірінен «Дағыстан», Зұлұстар жайынан «Зұлұс»
поэмаларын жазады. Мағауия Африкадағы құлдар өмірінен
«Медғат-Қасым», қазақ тарихынан «Еңлік-Кебек» поэмаларын,

Әсет ақын «Салиха-Сәмен»атты романтикалық поэма жазған.
Қазақ тарихынан Көкбай, Әріп, Әубәкірлер көптеген өлең-
жырлар жазады.
Абай айналасындағы ақындар тудырған поэмалар қазақ

әдебиетінің тарихындағы зор жаңалық болды. Абай шәкірттері
осы ірі еңбектерімен Абай бастаған әдеби бағытты кең өрістетіп,

одан сайын ілгері дамытты. Бұрын қазақ әдебиетінде болып
көрмеген поэманың жаңа түрлерін туғызды. Поэманың жаңа түрі
дегенде көркемдік түрі мен жаңа идеялық мазмұнын айтамыз.
Абай шәкірттері тудырған поэмалар, бұл саладағы жаңа тың жол

– келешек қазақ әдебиетінде поэма жанрының дамуына кең жол

ашып, дұрыс бағыт көрсетіп берді.
Абай шәкірттерінің романтикалық поэмаларының идеялық
мазмұны сыншыл реализммен қабысып отырады. Қазақтың
өткен тарихынан жырлағанда ескіні жаңғыртып, жалған бояумен

боямады, тарихи шындық негізінде жыр етеді. Абай шәкірттері
өткен заманнан оқиғалы жыр жазғанда ұстазының ұстаған идеялық
бағытын үнемі үлгі етеді.
Абай шәкірттері тарихқа қарағанда өткен заманның қатал

заңын, әділетсіздігін, адам тағдырының қатыгез ру басыларының
қолындағы кездегі, жауыздықты әшкерелеуді негізгі мақсат етеді.
Сөйтіп, ескі өмірге үкім айту мақсаты көзделеді. Бұл жөнінде
“Еңлік-Кебек” поэмасын айтуға болады.

Бұл жырланған тақырыптарда Еңлік, Кебек сияқты махаббат,
еркіндігі жолындағы қатал заманның құрбандары суреттелсе, ескі
ру басы феодалдар, билер мейлінше әшкереленеді. Адамның бас
бостандығы үшін күресі дәріптеліп, өткен ескі өмірдің тағылық,

зұлымдық бейнесі барынша ашылады.
Сөйтіп, Абай шәкірттерінің тарихи тақырыпты жырлауда дұрыс
тарихи көзқарас, озық идея, прогрессивтік мақсат бар екенін
көреміз.

«Дағыстан», «Медғат-Қасым» сияқты Абай шәкірттері жазған
поэмалармен салыстыратын поэмалар қазақәдебиетінде ол кезде
атымен жоқ. Өйткені, қазақ ақындарының мұндай салалы поэма
жазатындай мәдениеті жоқеді. Қазақтың өз тұрмысынан асып,

ұлттықтар шеңберді аттап, алысқа көз сала алған ақын жоқ еді. Ол
тұстарда кейбір ақындардың көлеңкесі бойынан аспай:
«Семейден үлкен қала жоқ,
Жалпақтан үлкен дала жоқ», –

деп жүрген кезінде Абай шәкірттері тәкаббар Кавказ тауын
суреттеп, тау халқының өмірінен тамаша дастан жазады.
Бір кезде «Пушкиннің поэзиясының бесігі – Кавказ – кейін
Лермонтов поэзиясының бесігі...» болса, сол ұлы адамдардың

үлгі-өнегесінің арқасында Кавказ – Абайдың ақын шәкірттерінің
поэзиясының да бесігі болды.

Абай ұстаз ақын ғана емес, сонымен бірге әрі қатал, әрі әділ сыншы да өзі болған. Өзінің үлгі еткен зор мектебі орыс әдебиетінен Абай нағыз үлкен әдебиеттің тұлғасын көреді. Үлкен әдебиеттің әрбір саласындағы данышпан жазушыларды Абай өзіне ұстаз санаған. Сонда Абай – Пушкин мен Лермонтовты, Крыловты аударса, Салтыков пен Толстойдай болуды өсиет етсе, Белинский мен Чернышевскийдің идеясын өз өлеңінің өзегі етсе – осының бәрі ұлы ақынның ұлы арманы. Кең жолға шығып, әр салалы болып өскен қазақ әдебиетін арман ету еді. Қазақ халқының, қазақ әдебиетінің келешегі алда деп сенген Абай, өзі бастаған соны жолдағы, жаңа бағыттағы ақындық дәстүрдің сыншысы болуды да өзіне лайық көрген. XVІІІ–XІX ғасырдағы қазақ даласында аттары әйгілі болған ақын, жыраулардың ең бастылары Бұхар, Шортанбай, Дулаттарға қатты сын айтқан Абай, сол өлеңінде қазақ өмірінде өлең-жырдың алатын орнын данышпандықпен талдап береді. Қазақ халқының ауыр азаптағы, қаратүнек өмірінде сүйеу еткені өлең-жыр, ән-күй екенін айтады. Ауыз әдебиетінің қазақта байлығын Абай жақсы түсініп, жақсы бағалайды. Сөйтіп халықтың өз көкірегінен шығып, мұңы мен шерін, арманы мен тілегін жырлаған әдебиетін саудаға айналдырған, халық мақсатынан бұрып, «қарны тоқ, қаса надан...» дардың мақсатына құрал еткен ақындарға Абай әшкерелей сын айтқан. Абай ақын шәкірттеріне жырлайтын тақырыпты өзі нұсқап беріп отырған дедік. Сол өзі көрсетіп берген тақырыпты қалай жырлай алғанын Абай қатты қадағалап қарап, ақындық кеңесін айтып, кейде тіпті сол тақырыпты өзі жазып беріп те үлгі көрсетіп отырады. Абай ақын шәкірттерінің айтқан өлеңдерінің ішінен ерекше жалт етіп көрінген жақсы сөз, көркем сурет кездессе, қатты қуанып, сол арада тыңдап отырған шәкірттеріне үлгі етеді. Мағауия жазған «Медғат-Қасым» поэмасын оқығанда, поэманың кейіпкерінің сүйген қызымен кездескен шағында жалбарынып айтқан шын сөзінде мынадай бір ауыз өлеңін Абай қатты ұнатады: «Мен ғарыппын, бір рахым етпеймісің, Қор болып осылайша ет деймісің, Шөлдеген махаббатқа қайыршымын, Ғазиза-ау, шыныменен кет деймісің».

Бұл сөз жігіттің арбау сөзі емес, ойлап айтқан да сөзі емес.
Шын сүйіскен жүректен тебіреніп шыққан сөз және бұл сөздің
айтылатын кезі де тура келген болады.
Абай шәкірт ақындарының жазған поэмаларында адамға

ой салып, әсер ететіндей қасиет болуын, көркем болуын, биік
идеялы болуын талап етеді. Өзі оқиғалы ұзақ поэма жазбаса да,
бірлі-жарым жазған поэмаларында өзінің өлеңдерінде айтылатын
адамгершілік, адал жүрек, білім мен ақыл жырланады. Мысалы:

«Ескендірде» ат бауырынан қан төгіп, ел шауып, егер қылып,
күшпен әлемге үстемдік етпек болған Александр Македонскийге
кең ақыл, терең ой, ізгі көңіл, адамгершілік жүректің иесі –
Аристотельді қарсы қояды.

Абай өз тұсында елге көп тараған діни хиссаларды, ру
арасындағы мағынасыз талас-тартысты жырлайтын өлең-
жырды мақсатсыз, мағынасыз, өнеге беретін емес, ел көңілін
жоқтан өзгеге аударатын өнімсіз ермек деп қатты сынаған.

«Батырды айтсам, ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап,
Әншейін күн өткізбек әңгіме үшін,
Тындар едің бір сөзін мыңға балап», –

дейді.
Өзінің кейбір ақын шәкірттерінің де алғашқы ақындық
қадамында діни тақырыпта пайғамбар, сахабалар жайында
хисса жазбақ болғандарын Абай аяусыз сынайды. Көкбай

бірнеше жыл медреседе оқып, кейіннен өз ауылында мешіт
ұстап, моллалық құрған кездерінде ескі қиссалар сарынымен
Әзірет Әліні жырламақ болады.
Әріп ақын хиссаларға еліктеп шығыс әдебиетінде көп

кездесетін асыл тастарға теңеп, сұлу қыздың суретін бермек
болады. Өзінің “Зияда” атты поэмасында Қорлы дейтін қыздың
портретін былай сипаттаған:
«Інжу тіс, нәзік белді, гауһар сүйек,

Сүмбіл шаш, лағыл мойын, алтын иек...»
Абай діни тақырыпта өлең жазуды, Әзірет Әліні мадақтауды
елге зиянды деп бағалаған. Орынсыз шығыс әдебиетіне
еліктеуді, өмірге жанаспайтын суретпен өлең жазуды қатты

шенеген. Осыдан барып бұл ақындарға сын айтқан:

«Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз, Мұнда жоқ алтын иек, сары ала қыз, Кәрілікті жамандап, өлім тілеп, Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз», – дейді. Абайдың бұл сыны ұстаз ақын ағаның өзіне жан тартқан өнерлі, талантты ақын шәкірттеріне әдейі арнап айтқан сыны. Абайдың бұл сынының саяси-әлеуметтік мәні де зор еді. XІX ғасырдың екінші жартысында Шығыс елдеріне капитализмнің ене бастауымен байланысты туған панисламизм мен пантюркизм идеясы медресе молдалары арқылы, панисламшыл, пантүркшілдердің таратқан газет, журналдары арқылы Қазақстанға да тарай бастаған еді. Абайдың «Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз» деп Әзірет Әліні мойындамауы, мұсылман шығысының қазақ әдебиетіне әсеріне қарсы күресуі – панисламизм және пантюркизм кертартпа идеясына қарсы саяси күрес болып табылады. Сондай әрі әділ, әрі қатал сынның өзінен Абайдың өнерлі ақын шәкірттеріне деген ағалық, достық жылы жүрегін, адал ниеті мен тілегін көреміз. Шын жақсы көріп, жаны ашып айтқан қамқор дана ақынның адал сырын аңғарамыз. «Өлеңі бар өнерлі інім сізге, Жалынамын мұндай сөз айтпа бізге. Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ, Есіл өнер қор болып кетер түзге», – дейді Абай. Абай ақын шәкірттерінің өнеріне ғана сыншы емес. Олардың өз бастарына да сыншы. Өнеріңді халқыңа өнеге етсең, өзің алдымен өнегелі бол, мақсат «Наданның көзін қойып, көңілін ашу» болса, сол мақсат жолында күресетін адамның мінез-құлқы, әдеті, ісі сол мақсатына сай болсын. Абайдың ақын шәкірттеріне қоятын бір шарты сондай болған. Абай «молланың айтқанын қыл, қылғанын қылма», «етпен кірген, сүйекпен кетеді» деген сияқты арам ниеттен туған, қанаушылардың мақсатынан туған елді алдаған ескі ұғымды, надандықтан пайда болған әдет-ғұрыпты әшкерелейді. «Мен, егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам: адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», – дейді. Абай, әсіресе, өзінің шәкірттерінің басындағы кемшіліктерін,

мінез-құлықтарындағы, әдетіндегі, ісіндегі келісімсіздіктері болса, қатал сынап, беттеріне басқан. Абай Әсет ақынның мінезіндегі, әдетіндегі өрескелдікті айта келіп: «Кісімсіп белгілі-білгіш, Біреуге сондай-ақ күлгіш. Булықсып, бұлданып босқа, Өзімшіл оңбаған шерміш», – деп сүйегінен өткізе, сөге сынаған. Осындай өзімшілдік, өркеуделік, өз білгеніне масаттанып, өнеріне бұлданып, адамгершілік қалпын дұрыс сақтамай, қолдан пішіп жасауды, өзгені қор санап, өзін зор санауды Абай мейлінше жек көріп жиренген. Ондай мінез білімді адамның, халқын сүйіп, еліне өнеге шашам деген адамның мінезі емес. Өзімшілдік, надандық, оңбағандық деп сөгеді. Жасынан Құнанбай тәрбиесінде болып, өнер-білімнен кенже қалып, байдың бос белбеу, болпашы болып өскен өзінің үлкен баласы Ақылбайды да Абай қатты сынаған. «Ата-анаға көз қуаныш» деген ақынның белгілі өлеңі осы Ақылбайға арналған. Абай адам басындағы кемшіліктерді қатал сынап қана коймайды. Ол кемшіліктердің, жағымсыз мінез, жатымсыз әдеттердің қайдан пайда болғанын айтып, ақыл береді. Қандай өсиет айтпасын ақылшы аға ақынды, ағартушы ұстазды көреміз. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі: надандық, ғылым, білімнің жоқтығы. Дүнияда ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік қайуандық болады. Еріншектік: күллі дүниядағы өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. Залымдық: адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан шығып, білімді бір жыртқыш қайуан есебіне қосылады», – дейді. Абай бұл жерде ағартушы. Адам басындағы кемшілікті, мінезқұлықты оқу-білім арқылы түзеуге болады дейді. Мұндай өсиет сындары ақын шәкірттерінің өнер-білімге ұмтылуына, мәдениетке талпынуына үлкен әсер етеді. Ақылбайды Абай сыны қатты толғантады. Ол Абай шәкірттерінің қатарына келіп, үлгі-өнеге алып, өзінің ақындық талантымен көрінеді. Әсет өле-өлгенше Абайды аузынан тастамайды. Өлердегі қоштасу өлеңінде:

«Абайдай арт жағына сөз қалдырып,
Жақсы еді-ау, әттеген-ай, өлу деген», –
дейді.
Абайдың ақын шәкірттері ұстазының әдеби еңбектерімен

ақтады.
XІX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиеттегі Абай
бастаған жаңа бағыт қазақ жазба әдебиетінің тарихындағы
бірден бір үлгілі әдеби дәстүр болды.

Абай қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани
мәдениетін өз заманының тұрғысынан сын көзімен қарап
меңгерді. Орыс халқының тұрмысынан үлгі-өнеге етті. Абай
орыстың классик әдебиетін өзіне зор мектеп етудің арқасында

қазақ поэзиясын идеялық-мазмұн, көркемдік түр жағынан нағыз
жазба әдебиетінің сатысына көтерді… қазақ әдебиетінде жазба
әдебиетінің озық идеясы жаңа бағытын туғызады.
Абай мектебі орыстың классик әдебиетіндегі гуманизмді,

демократтық-революцияшыл идеяны үлгі-өнеге етті. Рулық-
феодалдық салт-санаға қарсы күресті. Отаршылдық езуге,
қазақ байларының еңбекші бұқараны қанауына қарсы күресті.
Қазақ халқын ұлы орыс халқымен достыққа шақырып, орыс

мәдениетіне жетілуді ұлы мақсат етті. Абай мектебі орыс
мәдениетін қазақ даласына кең жаюға, сөйтіп, қазақ халқын
ағарту жолында әлеуметтік, тарихи зор мәні бар еңбек етті.
Абайдың төңірегіндегі ақындар өзіне дейін қазақ әдебиетінде

болып көрмеген, прогрессившіл-өршіл сарынды, бай оқиғалы-
романтикалық поэмалар туғызды. Олар туғызған поэмалардың
оқиғасы тарихи шындыққа негізделгендіктен, өз заманының
әлеуметтік талабына сай келіп отырды.

Абайдан үлгі-өнеге алған ақындар қазақ әдебиеті тарихында
адамдардың жатымды жаңа көркем образын жасады. Олар – бас
еркі үшін, махаббат бостандығы үшін ескі салтқа, зұлымдыққа
қарсы қажымай күресетін, өжет, ер мінезді ерекше қайсар

жандар. Қасым, Сәлім, Ғазиза, Жебірейіл, Зәйрә, Еңлік, Кебек,
Салиқа, Сәмен, т.б.. Оларда күйректік жоқ, күреске бой ұрған
өршілдік бар.
Абай төңірегінде болған ақындар туғызған поэмалардың

таптық бағыты да айқын. «Медғат-Қасым» да Мұрат, Медғат
сияқты құлды езуші байларға қарсы Қасым құл, Сәлім,

Ғазизалар күреседі, «Дағыстанда» Жүсіп байға қарсы кедей
жігіт Жебірейіл, «Салиқа мен Сәмен» де ханға қарсы ер жігіт
Сәмен, қазақтың ру басыларына, ескі салтқа қарсы, Кеңгірбай
сияқты зұлым биге қарсы Еңлік қыз бен Кебек шығады.

Абайдың ақын шәкірттері ұлттық тар шеңберде қалып
қоймайды, жырлайтын тақырыпты да кеңінен қамтып, Кавказ,
Африкаға дейін құлаш сермейді.
Өз заманында бүкіл дүние жүзінде болып жатқан оқиғалардан

сырт қалмай, ол жайлардың саяси-әлеуметтік мәнін терең
түсініп, өз поэмаларына тақырып етіп жырлайды. Ағылшын,
тағы басқа Европа отаршылдарының зұлымдығын әшкере етеді.
Абай шәкірттерінің поэмаларындағы махаббат мәселесі

нағыз шыншылдықпен, адамгершілік, прогресшілдік идеяда
жырланады. Өз еркімен сүйісіп табысқан, ескі салт-сананы,
ескілік жол-жобаны бұзып қосылуға талпынып күрескен жастар
махаббаты жырланады. Қазақ өмірінде ғасырлар бойы орын

алған, лирикалық эпостарда «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-
Баян сұлу» т.б. дәріптелетін жесірлік салт, әмеңгерлік сияқты
ескі дәстүрдің Абай шәкірттерінің поэмаларында ізі де жоқ.
Сол сияқты қазақ даласына XІX ғасырда көп тараған шығыс

әдебиетіндегі ғашықтық жырлардың Абай төңірегіндегі ақындар
туғызған поэмаларға биттей әсерінің белгісі де жоқ. Шығыс
әдебиетіндегі ғашықтық поэмаларындағы: «Сүйіспеншілікті
тағдыр жазған, ол адам жанын жуып, шайып тазартады. Денең

қорлық көреді, зap шегеді. Сол арқылы жаның тазарады. Тазарған
жолмен құдайыңды, иенді танисың деген сопы ақындардың
махаббат палсапасы» Абайға дейінгі әдебиетте орын алып
келсе, Абай тәрбиесін көрген ақындар ол «палсапаның» орнына

өмірді сүюі, өмірдегі қызықты, еркіндік, махаббатты дәріптеп
жырлады.
Өз поэмаларында Пушкин, Лермонтовтың революцияшылық
мәні бар романтизмін өнеге етті.

Сөйтіп, әйел теңдігі мәселесі Абай төңірегіндегі ақындардың
негізгі тақырыбының бірі болады.
Абайдың әдебиет дәстүрінен туған өршіл романтизм сарыны
әдебиеттегі халықтық идеяны тереңдете түсті.

Ақынның ішкі сезім-сырын ашып жырлау, адамның бас
бостандығын, еркіндік өмірді дәріптеу – Абай шәкірттері

тудырған поэмалардың ерекшелігі болды. Мұндай романтика
сарыны шындықтан аулақ болмайтын. Қайта сол шындық өмірді
жырлаудың әдебиеттегі жаңа бір түрі болды.
Романтикалы өршілдік, сезім дүниесін терең толғап жыр

ететін лирикалы сарын, ескі өмірдің тар тұсауына көнбей
тайталасу, жарқын өмірге, еркіндік дүниесіне құлаш ұру – Абай
төңірегіндегі ақындар поэзиясындағы романтизмнің жақсылық
қасиеттері болды.

Бұл ақындар туғызған өлең поэмаларда адамға әсерлі, көңілге
қонымды, терең идеямен қабысқан табиғат суреттері, лирикалы
монологтар – осының бәрі орыс әдебиетіндегі прогрессившіл
романтизмнің жақсы үлгісі, қазақ поэзиясын жаңғыртқан

жаңалық болды.
Абайдың ақын шәкірттері қазақ поэзиясының тарихында
поэзия жанрын жаңа мазмұнымен байытып, жаңа көркемдік
түрмен ілгері дамытқан анық новаторлар болды.

XІX ғасырдағы натуралдық мектептің орыс әдебиетін
дамытудағы
маңызын
В.Г.Белинский

ерекше
бағалады:
«Натуралдық мектеп жазушылардың арқасында орыс әдебиеті
дұрыс, түзу жолға түсті, шабыт пен идеялдың тұнық күнарынан

азық алды: соның нәтижесінде әрі заманға сай әдебиет, әрі
орыс әдебиеті бола алды. Бұл жолдан ол еш уақытта таймас,
себебі бұл тәуелсіз болып, тыңнан өсудің, жаттың, көлденеңнің
ықпалынан бір де бір тура жолы», – деген еді.

Абай бұл жөнінде қазақ әдебиеті тарихында тұру осы
Белинский айтқандай маңызды, тарихи іс істеді деп айта аламыз.
Абай және оның шәкірттері қазақтың өткен өмірін, өз
замандарын сынап, халықтың болашағына зор үмітпен қарап,

бақытты, ерікті өмірді арман етсе де, патшалық құрылысты
күшпен құлату идеясының сатысына көтеріле алмайды. Орыстың
революцияшыл ұлы демократтарынан Абай көп үлгі-өнеге ала
отырса да, қазақ қоғамының тарихи даму жөнінде межеу қалуы

себепті, олардың революцияшылық биік идеясының дәрежесіне
көтеріле алмады.
Осындай іштей қайшылықтар Абайдың ақын шәкірттерінің
басында да бар. Діншілдік сарын (Көкбай, Әріп), тағдырға

сенушілік
белгілері
(Ақылбай,
Мағауия,

Әсет)
Абай
шәкірттерінің шығармаларындағы қайшылықтар. Бұлар әрине

олардың шығармаларындағы негізгі сарын, негізгі бағыт емес.
Ол қайшылықтар Абай дәстүрінің қазақ әдебиеті тарихындағы
прогрессивтік тарихи маңызын төмендете алмайды.
Абайдың, оның төңірегіндегі ақындардың өз заманынан

келген бізге жат жайлардан арылтып ала білгенді ғана дұрыс
түсініп, әділ бағалай алмақпыз.
«Біз Пушкинді әлде қалай нәрселерінен, өмір сүрген
дәуірінің жағдайына байланысты ескілікті мұрасынан бойында

қалған барлық дворяндықтан арылтып алуымыз керек, барлық
уақытша бойына тағылған нәрселер бізге жат, бізге керексіз.
Осының бәрінен арылтып алған күнде ғана біз ұлы халық
ақынның... орыстың ұлы әдебиетінің негізін қалаушы ақынның

толық бейнесін көре аламыз», дейді М Горький.
Абай төңірегіндегі ақындардың көзі тірі қалған өкілдері
(Әріп т.б.) әдебиеттегі Абай дәстүріне кір жұқтырмайды...
Абайдың асыл мұрасын социалистік мәдениетіміздің алтын

қорына әкеліп қосты.
...Абай және ұлы ақынның төңірегіндегі ақындар өлең жанрын
өркендетуде тарихи еңбек еткен еді. Ал шын мағынасындағы
әр жақты, мол салалы нағыз үлкен әдебиет тек совет дәуірінде

туып, өркендеді. Бұл жөнінде Абайдың әдебиеттегі дәстүрін
ілгері дамытып, қазақ совет әдебиетін бір салада байытуға зор
еңбек сіңірген Сәбит Мұқанов, Мұхар Әуезов, Ғабит Мүсірепов,
Ғабиден Мұстафин, т.б. қазақтың көрнекті ақын, жазушылары

болды.

VІІІ. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛІ

Рәбиға СЫЗДЫҚОВА

АБАЙДЫҢ СӨЗ ӨРНЕГІ

...Абай – гуманист, ол дүние жүзіндегі ұлы гуманистердің
алдыңғы сапында. Гуманизм әділдікті жақтау, адам баласы
үшін игі қасиеттерді уағыздау, адамды сыйлап, оған жақсылық
тілеу принциптеріне негізделетін болса, Абайдың да жырлағаны

алдымен имандылық, адамгершілік қасиеттер болды. Сондықтан
ол рухани-мәдени дүниеге қатысты дерексіз ұғым атауларын
(абстракт сөздерді) өте жиі қолданды. Мысалы, адамдық сөзін
Абай 15 рет жұмсаса, оның бір вариантты адамшылық тұлғасын

17 рет қолданған, демек, «адамгершілік» мағынасындағы сөзді
ақын отыздан астам рет келтірген екен.
Абайдың ең жиі қолданған сөздерінің бірі – иман, оны ақын өз
тіліне 59 рет үйірген. Имандылық – гуманизм шарты. Имандылыққа

шақыру, оны үгіттеу, оны таныту – гуманист суреткердің міндеті.
Міне, Абай осы үдеден шыққан. Иман сөзі о баста «ислам дінінің
бес парызының бірі» дегенді білдіргенімен, ал діни терминдік
мағынасы, Абайдың түсіндіруімен айтсақ «алла табарака

уа тағаланың... бірлігіне, барлығына... жіберген жарлығына
мойынсұнып, иланбақ» болғанымен, бұл сөз қазақтың халық
тілінде жалпы «адамгершілік», «ізгілікке деген сенім» ұғымында
жиірек қолданылған. Абайдың өзі: Ескендір патшаға Аристотель

аузымен: Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсызда иман жоқ,
түпке жетер – дегізгенінде, иман сөзі таза діни нанымды ғана
емес, ар, ұят сияқты адамгершілік қасиетті атап тұр. Бұл сөздер
қазақ поэзиясында бұрын да кездескенімен, дәл Абайдағыдай бір

ақынның өлеңдерінде 30-40 реттен орын алмағандығын білеміз.
Сондай-ақ Абай адам қасиеттерін атайтын жақсылық (33
рет), жаманшылық (18), арсыз (18) сияқты сөздерді өлең
тілінің актив сөздігіне айналдырған. Ақын жақсы-жаман мінез-

қылықтар мен іс-әрекеттерді атайтын сөздерді жиі қолданады. Абайдың адамнан, әсіресе жастардан күтетіні талап болса, ақын осы идеясын білдіруде талап сөзін 45 рет қолданған екен. Ал өз тұсындағы қазақ қоғамы үшін сауаттылыққа, білім-ғылымға ұмтылуды, өнердің түр-түрін игеруді жырлау – Абайдың ең негізгі такырыбы. Бұл – өз халқының сауаттылық жайын, өнербілім дәрежесін ойлағанда, Абайдың қабырғасы қайысқан тұсы. Жарлы емеспін, зарлымын, Оны да ойла, толғанып. Жұртым деуге арлымын, Өзге жұрттан ұялып – деп зарланған, арланған сәттері де осы замани мәселелерге қатысты. Сондықтан оку, білім, өнер жайын сөз еткен шығармаларында осы категориялардың өзін жиі атайды: оқу (54 рет), ғылым (111), білім (31), өнер (46) сөздерін актив қолдануы осыны дәлелдейді. Бұлардың ішінде ғылым сөзінің ең көп кездесетіндігі өте қызық. Оның сыры мынада: Абай бұл сөзді әрдайым осы күнгідей «наука» мағынасында жұмсамаған. Ғылым сөзінің бұл ұғымда келуі Абайда өте сирек. Бұл сөзді ақын көбіне-көп «білім, оқу, сауаттылық» мағынасында жұмсаған. Мысалы, атақты «Ғылым таппай мақтанба» деп басталатын өлеңіндегі ғылым деп тұрғаны – сөздіктерде көрсетілгендей, «жаратылыстың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылығын білу жүйесі және жеке білім тараулары» (Абай тілі сөздігі, 1968, 183-бет) емес, «сауатты болу, білім алу, оқу» деген жалпы мағынада. Мұны ақынның білім-ғылым деп қос сөз түрінде де келтіруі оның жалпы «білім» деген ұғымда жұмсалғанын айқындай түседі. Қазақ халқы үшін ағартушылық идеясын ұсыну – Ыбырай Алтынсарин мен Абайдан жүйелі түрде басталса, кейін оны XX ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтар жалғастырып әкеткені белгілі. Демек, ағартушылықты уағыздау – Абайдың да басты мұраты. Білім, ғылым, оқу сөздерінің ақын тіліне ең жиі оралғандығы – тақырып пен тілдің үндесуі болып табылады. Ал мазмұн мен түрдің сәйкес келуі – Абайдың сөз таңдауда ұстаған басты принциптерінің бірі. Әдетте бұрынғы қазақөлеңдерінде кездескенімен, жиі көрінбейтін қайғы (66 рет), қулық (32), иттік (7), қорлық (19), қызық (72), мақтан (56) сияқты сөздерді Абай таңдап алып, жиі

жұмсағанда, тағы да ақын айтпақ идеясының тілдік көрінісін
танытады. Бұл қатардан қайғы мен қызық сөздерінің жиілігі
көзге түседі. Әр адамның тіршілігінде жиі кездесетін үлкенді-
кішілі уайым-қайғының үстіне, заманын, айналасын ойлаған

күйініш сезімі қосылғанын білсек, «бір қайғыны ойласаң, жүз
қайғыны қоздайды» деп шынын айтқан Абайдың бір басында
қайғы-қасіреттің аз болмағанын көреміз. Сондықтан оның тілінде
қайғы жеу, қайғы басу сияқты үш-төрт реттен келген тіркестерден

өзге, жеке тұрып қолданылған қайғы тұлғасын 60-тан астам рет
кездестіреміз. Бұл – ақынның жан даусын тілмен, сөзбен, сөздің
активтігімен танытуы.
Көп сәтте қайғы сөзіне антоним болып келетін қызық сөзі

де Абай қаламына 72 рет іліккен. Ол да заңды. Қайғы сияқты
қызық та әр адам өмірінде жиі ұшырасады. Қайғыра білген ақын
өмірдің тамашасын, рақатын да сезінген, сезіне тұрып өлең
тілінде қызықтың түсін түстеп, атын атап кеткен: Құдай-ау қайда

сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар – деп жастық шақтың
әдемі кезеңін бір жырласа, құс салып, ит жүгіртуді «ешкімге
зияны жоқ өзім көрген бір қызық ісім екен сұм жалғанда» – деп
тамашалайды. Сірә, қызықтай білген адамғаөмірінде қайғыдан

қызық көп болмақ. Сондықтан ақын баланың жақсысын да, тіпті
қатын-баласы, досын да, татулықты да кемді күндегі қызық дәурен
деп таниды: Қызықтан өзге қалсаң бос, Қатының, балаң, досың
бар – дейді.

Тегінде Абай уайымшыл емес, өмірді сүйген, тамашалай білген,
әр нәрсеге үмітпен қарай білген суреткер. Мүмкін, сондықтан да
Абайда жақсы сөзі 130 рет, жаман сөзі 46 рет, жақсылық сөзі 33,
жаманшылық 18 рет, дос 60, достық 28 рет қолданылса, дұшпан

18-ақ рет, өмір 113, өлім 26 рет аузына үйірілген болар. Әрине,
бұл – сырттай қарағанда көзге түсетін сандық өлшем бойынша
топшылағанымыз. Сөз қолданыстың өзге де факторларын есепке
алсақ, бұл тұжырымымыздың жібі бостау көрінер, дегенмен

статистика мәліметінің де (сөз санына қараудың да) маңызы барын
ескеру қажет.
Статистиканың мәліметі Абай кезеңіндегі қазақ әдеби тілі
нормасынан да хабар береді. Мысалы, Абайда әйел сөзі 8 рет,

қатын 41 рет, ұрғашы сөзі 4 рет қолданылған екен. Демек, күні
кешеге дейін Абай заманында әдеби норма ретінде көрінетін

вариант қатын сөзі екен, арабтың әйел сөзі әдеби нормаға ендіенді ене бастағанға ұқсайды. Абай – әлеумет, халық, ұлт мүддесін кеңінен сөз еткен ақын. Оның әлеуметтік тақырыптарға баруы өзіне дейінгі барлық ақындардан асып түседі. Өз заманын, заманындағы қазақ қоғамын, сол қоғамдағы саяси-әкімшілік, заң-сот құрылысын, экономикалық тұрмыс-тіршілігін тарихшыларша баяндамайды, ақын болып суреттейді. Суреттеу арқылы жаманына күйінеді, жақсысына сүйінеді. Сондықтан ақын заманының әлеуметтік картинасын беретін, сол кездегі жалпыхалықтық тілде актив қолданылған сөздер Абай тілінен де кең орын алған. Олар: болыс, болыстық, шаруа, сайлау, сайлану, шар, партия («жік», «топ» мағынасында), ұлық, атшабар, бай, жарлы, жалшы, кедей, жалға жүру, сауда, саудагер, сату, бақал, бақалшік, кәсіп, ұрлық, қу, қулық, т. т. Бұлардың ішінде «айлакер» мағынасындағы әлеуметтік топ атауы қу сөзі 37 рет, тағы бір әлеуметтік топ атауы ретінде XІX ғасырда жанданған тентек сөзі 17 рет, Абай заманында етек алған құбылыс атауы ұрлық сөзі 18 рет бір ақынның тілінде кездесуі оның тілінің заман айнасы болғандығын танытады. Бұл сөздердің көбі XІX ғасырдың ІІ жартысындағы Абайдан өзге суреткерлерде де қолданылған заман неологизмдері (жаңа сөздері). Бұларды Абай тек заман келбетін суреттеу үшін емес, осы құбылыстарды атай отырып, «түзетпек едім заманды, өзімді тымақ зор тұтып» деп өзі айтқандай, заманын түзету үшін қолданған. Бұл ретте ақын, әсіресе болыс, атшабар, қу, ұры-қарыларға «қырғидай тиеді», олардың аттарын атап қоймайды, портреттерін береді, қылықтарын шебер тілмен сынайды, олардан қалың жұртты безіндіреді, заманын сөйтіп түзетпек болады. Ақынның одан басқа шарасы жоқ: қаруы – тілі, соны жұмсайды. Осы себептен ақын тілінде саяси-әлеуметтік, экономикалық салалардың атаулары кеңінен орын алған, олар тек атауыш қызметін емес, суреттеу қызметін атқарып, ақынның сөз қолдану шеберлігін де көрсетеді. Абай тілінің өз заманындағы лексикалық нормадан шығатындығын мынадай фактілер дәлелдейді. Бұл күнде әдеби норма болып саналатын немесе жарыспалы тұлғалардың ішінде жиірек қолданылатын сөздер Абайда жоқ болып шығады. Мысалы, қазірде терминдік дәрежеге көтеріліп, активтенген адамгершілік сөзі Абайда жоқ, оның орнында адамдық, адамшылық

варианттары қолданылған. Сондай-ақ казіргі әдемілік сөзі жоқ, бұл мағынаны Абай әдемішілік деп береді. Осы қатарға жаманшылық, әурешілік, бұзақышылық сөздерін жатқызуға болады, яғни Абай тілінде жамандық, әурелік, әурешілдік, бұзықтық тұлғалары жоқ. Қазіргі қазақ әдеби тілінде көбінесе стильдік мақсатта жұмсалатын зайып, жұбай сөздерін Абай қолданбаған, олардың орнына жар (39 рет) және қатын (бұл мағынада 21 рет) сөздері келеді. Күллі (8), барлық (13), бүкіл (1), тамам (4) синонимдерінің ішінде ең активі – барлық сөзі, қазіргі норма бойынша жиі қолданылатын бүкіл сөзін Абай бір-ақ рет жұмсаған. Синоним болып келетін қыл мен ет деген көмекші етістіктердің алдыңғы варианты жиірек қолданылған: қыл – 409 рет, ет – 123 рет келеді. Бұл – көмекші етістіктердің ет - вариантының жандануы біздің заманымызда, 30-жылдардан бермен қарай болғандығын көрсетеді. Қыл - варианты Абайда да, Абайдың тұстастарында да, тіпті олардан бергі Ахмет Байтұрсыновтардың тілінде де ет - тұлғасына қарағанда әлдеқайда актив қолданылған. Өте бір қызық факт – «нәрсе» мағынасындағы зат сөзі Абайда жоқ, бұл тұлға тек «шығу тегі, негізі» мағынасында келіп төрт рет қана жұмсалған. Бұл ұғымда Абай нәрсе сөзін 133 рет, нәсте сөзін бір рет қолдану арқылы берген. Сондай-ақ бұл күнде жиі қолданылатын өте деген үстеу Абайда мүлде жоқ, оның орнында бек (17), аса (1), тым (16) дым (8) тұлғалары қолданылған. Бұл да бірқатар сөздердің (әйел, зат, еңбек, өте т. б.) қазақ әдеби тілінде соңғы 50-60 жыл ішінде жанданып нормаға айналғанын білдіреді. Әрине, бұл сөздер қазақ тілінде Абайға дейін де, оның тұсында да қолданыста болған, бірақ жиі жұмсалатын актив қорға кірмеген. Сөз статистикасының мәліметіне үңілсек, Абай тіліндегі кейбір синонимдік қатарлардың мынадай қолданысын көреміз: алла 133, құдай 160, тәңірі 43 рет келеді, демек, Абайда түркінің «өз құдайы» тәңірі сөзін ертеден енген парсының құдай-ы мен арабтың алла-сы «жеңіп кеткен», бұл ұғымның халық тіліндегі жаратушы (7), жасаған (1) варианттары да көрініс тапқанмен, алла мен құдай сөздеріндей актив емес. Халық кірме сөзі де Абай заманында енді жандана бастаған сөз, оның түркілік (қазақтық) ел (179), жұрт (133) сөздері бұрынғыша Абайда да әлі актив. «Жұмыс» мағынасын осы сөзден гөрі (жұмыс 18 рет келген) еңбек (87), қызмет (26) синонимдері

жиірек береді. «Еңбек» мағынасын бейнет сөзімен білдіру күні
кешеге дейін орын алып келді, Абайда да сондай, ол бейнет сөзін
«еңбек, жұмыс» ұғымында да жұмсаған («Абай тілі сөздігінде»
кейбір сөздердің түсінігі дәл және толық емес: осы сөз мұнда

«азап, қиыншылық, мехнат» деп қана түсіндірілген). Мысалы,
ақын-әке Әбдірахмандай ұлын жоқтағанда: Көзіңді салдың
тұрғыға, бейнетін қиын көрмедің – дегенде, Әбдірахманның
қатар-құрбысының оған тарттыратын азабын, қиыншылығын

емес, артатын қызметін, жұмысын айтып отыр. Әрине, бейнет
сөзінің «азап, мехнат» мағынасы да бар, бұл мағына көбінесе
бейнет тарту, бейнетке түсу, бейнет шегу сияқты тіркестерде
көрінеді.

«Өлең тіліндегі сөз» тақырыбын қозғағанда, келесі назар
аударатын жайт – ол ақын тіліндегі сирек қолданылатын
этнографизмдер мен бірді-екілі көне сөздер. Бұлардың көркемдік-
бейнелеуіш қызметі жайында өз алдына әңгіме болады. Бұл жерде

айтпағымыз – Абайдың сөздік қазынасында, сөз таңдауында
кездескен, бұл күнде екінің бірі тап басып мағынасын тани
бермейтін этнографиялық атаулар сияқты пассив қордағы сөздер.
Абай мағынасы күңгірт сөздерге аса үйір болмаған. Қазір де

көп қолданылмайтын этнографизмдердің тобы жүз жылғы өткен
ескілік киімі туралы жазылған өлеңінде кездеседі. Олар: дәндәку
(«кісенің оқшантаймен қатар тұратын былғары қалтасы», бұл

– «Абай тілі сөздігінің» түсіндірмесі, 190-бет), шидем шекпен

(«қой жабағысын сыртынан шекпенмен қаптаған күпі», сонда,
700-бет), жарғақ шалбар («иленген, жүні қырылма жұқа теріден
тігілген шалбар»), мықшиған етік («биік өкшелі, шоқима етік»,
449-бет), құрысқақ (тобылғы тиек), пыстан («көпшіктің шетіне

қағатын қалпақты шеге», 506-бет). Бұл сөздерді ақын образ үшін
емес, өз заманынан көп бұрын өткен кезеңдегі қазақтардың киіну
қалпын оқырманның көз алдына елестету үшін олардың тура өз
мағыналарында жұмсаған. Бұл тұста біз үшін маңызды нәрсе –

Абайдың ескілік киімдерінің түрлеріне, олардың атауларына назар
аударуы.
Бұл күнде сирек қолданылатын мұндай көне этнографизмдердің
қатарына көшкен сөздерден Абай тілінде кездесетіндері деп

ақшомшы («түйеге астық артқан керуен»), жыға (бас киім),
шонтай (қалта), аламандық (жаугершілік), абыз (Абайдың өз

түсіндіруінше, «әуелде шаман дініндегілердің өз молдасына
қоятын аты екен», ал жалпы «ақылгөй, көпті көрген, көп білетін
адам» деген мағынада қолданылады) сияқты есім сөздер мен алқау
(«қолдау, жақтау, жарылқау»), денеу («жеңу»), дүрсу («кісімсу»),

еріштіру, кезнесу («ұялу, қысылу (?)»), қасыну («тиісу») тәрізді
етістіктерді көрсетуге болады. Бұлардың бірқатары образ үшін
қолданылған. Мысалы, жыға сөзі «бағы таю» мағынасындағы
бастан жыға қисаю тіркесінде ғана келтірілген. Өлеңінде

қолданылған абыз сөзі де: сырты абыз бар, желғабыз бар – деген
тіркесте келіп, сыртынан қарағанда ақылман, білгіш көрініп, ішкі
дүниесіне келгенде желқуық бос кеуде адам деген образды беріп
тұр.

Сирек қолданылатын сөздердің тура номинатив мағынасында
жұмсалғандары да жоқ емес. Өлең тексі тек қана біртұтас
образдардан тұрмайтыны белгілі, демек, қажет жерінде сөздер
тура мағыналарында жұмсалады. Бұл да суреткер шеберлігінің бір

қыры болып табылады.
Абай тіліндегі сырт қарағанда сирек, не көне, не жергілікті
сөз болып көрінетін қолданыстардың және бір тобын атауға
болады. Олардың бірлі-жарымы жасанды неологизмдер

(арызшы, амалшылық, бәлсу т. б.) енді бірқатары бадалық
(мақтаныш), бату (өш, қас), қышыну (пәле іздеу), сырдаң
(сырғақ) сияқты сөздер. Бұлар, сірә, тілде бар, бірақ орнын
тауып ілуде бір жұмсалар тұлғалар болу керек.

Абай – көптеген жаңа тақырыптарға барған немесе тақырыпты
жаңаша жырлаған ақын. Мысалы, адамның моральдық бет-
бейнесін сөз етуде, тіпті оның сыртқы портретін беруде жоғары
материя – философиялық толғаныстарға барғанда, сондай-

ақ табиғатты өлең тілімен суреттегенде, Абай бұрынғы қазақ
поэзиясынан өзге үлгіге көшеді: оның ой-толғаулары дидактикалық
стильден аулақ. Ол ар-ұждан, мораль жайын өлең тақырыбы етсе,
соларға қатысты категориялар жайында ой толғайды, сондықтан

Абайға осы категориялардың түсін түстеп, атын атау қажет болды.
Нәтижесінде көптеген абстракт есімдерді термин дәрежесіне
көтеріп, қолданыстарын жандандырды. Бірінші топта жоғарыда
өзге қырынан әңгіме болған адамдық, адамшылық, ғылым, ой,

оқу, өнер сөздерін көрсетуге болады. Бірқатар абстракт ұғым
атауларын өзі жасады.

Ақын (жазушы) тіліндегі жана қолданыстарды тілдік (лексикалық) және стильдік неологизмдер деп айырып қарау керек. Лексикалық неологизмдер затты, құбылысты, ісәрекетті атау қажеттігінен туады. Стильдік неологизмдер ондай қажеттікпен емес, белгілі бір мақсатпен тек сол контексте ғана қолданылады. Абайдың лексикалық неологизмдері деп көбінесе қара сөздерінде кездесетін дерексіз ұғым атауларын көрсетуге болады. Олар - лық, - лылық, - шылық, - мақ жұрнақтарымен жасалған тұлғалар: өршілдік, қорғалауықтық қызықпақтық, күлкішілдік, тоқтаулылық, байлаулылық, сезбек, сүймек. Мысалы: Адамзатқа не керек: Сүймек, сезбек, кейімек... Арымас әдет болды күлкішілдік. Абайдың қызба бастық, әсем салдық, күлкі тоқтық, зор болғандық, адам жаулағандық деген сияқты күрделі есімдерін де осы қатарға жатқызуға болады. Абай текстеріндегі жаңа қолданыстардың үлкен бір тобы етістіктер саласында. Ақын -сы жұрнағымен ондаған жаңа етістіктер жасап қолданады: қайраттасу, әсемсу, жарамсақсу, ел керексу, жер тәңірісу, еңбегі жоқ еркесу т. т. Бұлар Абайдан басқалардың тілінде жоқ сөздер. Сірә, көркем шығарма тіліндегі лексикалық неологизмдердің қолданысында да стильдік мақсат көзделуімүмкін. Демек, кейде бұл жаңа сөздердің жалпы тілдік немесе жеке авторлық қолданыстар екенін айыру да қиын. Әдетте лексикалық неологизмдер әдеби тілге еніп, жалпыхалықтық нормаға айналса, авторлық неологизмдер тек сол контексте ғана орын алып, көбінесе бірқолданар сөздердін қатарында тұрады. Абай тіліндегі жоғарыда көрсетілген жаңа туынды тұлғалардың көпшілігі жалпы әдеби тілде қолданылу мүмкіншіліктері бар сөздер (ғылымда оларды потенциалды сөздер дейді) болғанмен, кейін белгілі бір номинативтік мағынада жалпыхалықтық тіл қорына көшпеді. Зерттеу желісіне орай қайталап айтатынымыз – Абай өлеңдерінің негізгі тақырыбы – адам, оның психологиялық күйі, қимылхарекеті, ішкі, сыртқы портреті екендігі. Бұл тақырыптарды Абай бұрынғы ақын-жырауларша жалпы констатация немесе сол адамға қарата айтылған дидактикалық үгіт-ақыл түрінде қозғамайды, ол адамның сын-сипат, іс-әрекеттерін нақты суреттейді, әр іс-қимыл, мінез-құлықты жеке-жеке дәл атау түрінде жырлайды. Сондықтан

адамның психологиялық күйін білдіретін сөздерді өлең тіліне молынан енгізеді. Бұл – өзіне дейінгі қазақ поэзиясында көзге түспеген құбылыс. Мысалы, сүйіскен жастардың ішкі көңілкүйлерін суреттеу үшін суыну, ысыну, бос шошу, жүрегі лүпілдеп, саусағы суыну, иықтары тиісу, көздері төмендеу сияқты сөздерді өлең тіліне қосады. Бұлар нақты сурет беретін сөздер. Абай поэзиясында жалпы толғаныспен қатар, нақты картинаны берудің де кеңінен орын алуы тағы да оның шығармашылық ерекшелігі болса, мұның тілдегі көрінісі нақты қимыл-қозғалысты, іс-әрекетті, сын-сипатты білдіретін сөздерді өлең тіліне еркін енгізуі болып табылады. Мысалы, «Аттың сыны» деп өзіміз ат қойып жүрген «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» деп басталатын өлеңіндегі жылқының кекілі мен құлағынан бастап көтендігіне шейін бүкіл сыртқы түр-тұрпатын атайтын сөздердің шоғырымен келуі осы өлеңнің мазмұны мен стиліне сай болып тұр. Немесе кұс салып, ит жүгірткен аншылық туралы «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деп басталатын өлеңіндегі бүркіттің түлкіге түскен картинасын, құсына мәз болған аңшының «сілке киіп тымақты, насыбайды бір атып» көңілі жайланған пішінін бейне қылқаламмен салған суреттей көз алдымызға елестетеміз. Демек, мұнда да бүркітші, аңшы, қағушы, қыран құс, томаға, түлкі және аузын ашып қоқақтау, тісін қайрау, қанат, құйрық суылдау деген сөздер өздерінің тура номинатив мағынасында өлеңге қатыстырылады. Бұрынғы қазақ поэзиясында мұндай сөздер көбінесе образ үшін алынатын-ды. Мысалы, Махамбет: Мен ақ сұңқар құстың сойымын немесе томағалы сұңқар мен едім десе, мұндағы ақ сұңқар, томаға сөздері сол құсты, оның томағасын суреттеу үшін емес, кейіпкердің портреті үшін қолданылған. Бұрынғы қазақ поэзиясы тіліне тұрмыстық сөздер өздерінің тура мағынасында келіп, белгілі заттарды атау үшін емес, образ үшін қолданылатын болса, Абайда бұл тәсілмен қатар, тұрмыстық қарапайым (экспрессивтік бояуы жоқ) сөздерді өз мағынасында жұмсау кеңінен орын алады. Мысалы, Бұқар жырау «Керей, қайда барасың?» деп, бұл руға «сен бұзау терісі шөншіксің, мен өгіз терісі талыспын» дегенінде ыдыс-аяқ атаулары болып табылатын талыс, шөншік сөздерін қолданғанда, әңгіме осы ыдыстар туралы емес, сол ыдыстарға теңеп көрсеткен әлді, әлсіз (үлкен, кіші – көп, аз) рулар туралы болып тұр: керей, сен бұзау терісінен жасалған

кішкентай шөншік сияқтысың, сенімен белдесіп отырған мен – арғын зормын, өгіз терісінен жасалған талыстаймын деп тұр. Ал Абай болса, қыстың басындағы қазақаулының көрінісін беруде кедейдің қатыны тоңған иін жылытып, тонын илеп, бүрсең қағып шекпен тігер дейді, мұнда и де, тонда, шекпен де өздерінің тура мағынасында келіп тұр, өйткені бұл жердегі әңгіме осылардың өздері туралы, дәлірек айтсақ, терінің иін жібітіп, тонын илеп, одан шекпен тігіп отырған кедей сорлының үй іші көрінісі. Сол көріністі беру арқылы ақын қазақ аулының әлеуметтік топтарының өз заманындағы хал-күйін суреттейді. Мұндай мысалдардың бірнешеуін келтіруге болады. Тұрмыстық сөздердің поэзия тілінде тура мағынасында жұмсалуы – өлеңнің тақырыбына, сол тақырыпты толғау мәнеріне, шығарманың жанрлық сипатына тікелей байланысты екенін Абай шығармашылығы айқын көрсетеді. Әдетте ақын бір нәрсені баяндамайды, суреттейді дейміз. «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» деп басталатын өлеңінде Абай қыстың басы, күздің жуан ортасындағы қазақ аулын суреттейді, ол сурет үшін ол ауылдағы бай мен кедейдің тұрмыс күйін көз алдымызға елестетеді. Ақын мақсаты – айналасы киіз тұтқан бай үйінің жылы екенін, отыны жоқ кедей үйінде жас баласы мен кемпір-шалы тоңып, «талтайып, отқа қақтана алмайтынын»баяндау емес, соларды суреттеу арқылы өзі таныған әлеуметтік теңсіздікті көрсетіп, қазақ халқының қалың бұқарасының сол кездегі кешіп отырған күй-халіне деген күйінішін айту, ақын ретінде әлеуметтік үнін білдіру. Бұл үнді естіртуде енді бұрынғы ақын-жырауларша фактіні констатациялау (барын көрсету) және жалпы насихат-ақыл стилін қолдану Абай үшін қол емес, «сөзі түзелген», яғни ақындық идеяны білдірудің жаңа тәсілін ұсынған Абай сөз қолданыстың жаңа амалдарына барады: бай мен кедей тұрмысының нақты картинасын беру арқылы әлеуметтік диссонансты (кереғарлықты) көрсетеді, ал тұрмыстың нақты суреті «тұрмыстық» сөздерді өз мағынасында жұмсауды қажет етеді. Міне, сырт қарағанда Абай тіліндегі ет (ет әпер деп жалшы баласының шешесіне қынқылдағаны), бұрқылдаған самаурын, салтанатты байлардың астына төселген кілем, енесіне иірткен шуда жіп, кемік сүйек, сорпа-су т. т. сөздер әдетте өлеңге қатысуға «правосы жоқ» болып көрінгенмен, Абай қолданысында

өз орындарында тұрған және қажетті дүниелер болып тұр. Сөз
таңдаудың бұл ретінде де Абай біліктілік танытқан.
Ақын «қара дүрсіндеу» тұрмыстық сөздер түгіл, «дөрекілеу»
ауызекі тіл элементтерін қолдануға барады. Проф. Құдайберген

Жұбановтың сөзімен айтқанда, «суретті ойдағыдай күшейтіп
жіберетін болса, Абай [сөздің] ондай-мұндай ерсілігіне, әдепке
шеттігіне де қарамайды». Сондықтан Абайдай сөз шеберінің
қазақтың поэзия тілін асқақтата, қазақ сөзінің не бір асылын

жарқырата
ұсынған
ақынның
тілінен

жағымсыз
қимыл
атаулары болып келетін тарқылдау, барқылдау, салпылдау,
бұртаңдау, бүксіту, бықсыту, қоқсыту, былшылдау, далақтау,

жыртақтау, тоңқаңдау, шертию сияқты етістіктердің немесе
қыртың, тыртың, қиқым сияқты «сұрықсыз» мағынадағы
сөздердің бір өлеңде, я болмаса өлеңнің бір бөлігінде шоғырымен
қолданылуы былай тұрсын, тіпті әйелге қарата айтылатын

қаншық сөзін де, боқ, көт сөздерін де кездестіреміз.
Сырт қарағанда мұндай сөздер поэзия тілін «тәтті» етіп тұрған
жоқ сияқты, күлтесі көз тартатын раушан гүлінің сабағына біткен
тікенектерге ұқсайды. Сірә, payшан гүлі жарып шығып, құлпыруы

үшін табиғат шіркін тікенектерді де керек етіп жаратқаны сияқты
өлең тілі тұтасымен көңіл толтыру үшін поэзия табиғаты керек
жерінде «ащы-тәтті» сөздерді шебер қолдануға да баратын болар.
Құлаққа түрпідей, ауызға қышқылдай тиетін мұндай «дөрекі»

сөздердің Абайдағы қолданысы стильдік мақсатпен орнымен
келгендер (ғылым тілімен айтқанда, мотиві-уәжі барлар) болып
табылады.
Ақын тілінің көркемдік құны сұлу, «тәтті» сөздердің ғана

шоғырымеи танылмайды. Ақын тілін сөз еткенде, көркемдік пен
шеберлік қатар әңгіме болмаққа керек.
Ауызекі сөйлеу тілі элементтерінің Абай өлеңдеріндегі көрінісі
жеке сөздердің қатысуымен шектелмейді. Күнделікті тұрмыстық

сөйлеу мәнері Абайдың бір-екі шумақтан тұратын немесе шағын
болып келетін Шәріпке, Көжекбайға, Назарға, Күлембайға,
қара қатынға, Күйісбайға, Дүйсенқұлға арнаған өлеңдері мен
Баймағамбет қатынының атынан шығарылған өлеңде, «Әйелің

– Медет қызы, аты Өрім», «Бөстегім, құтылдың ба Көтібақтан»

деген экспромптарында көрінеді. Бұларда жеке сөздерінен бастап,
айтылмақойды білдіру стиліне дейін ауызекі сөйлеу тілінің табы

сезіледі. Мұндағы байга жарып көрмеген [қатын]... көрінген ит
кетеді бір-бір сарып... шіркінде ес болмайды сезет деген... ала
жаздай байың кеп бір жатпайды... бүйтіп берген балаңды берген
құдай өзің ал... бір боқты тағы бас та және сүрін... сияқты

сөз орамдары қатар-құрбылар арасында немесе айналасындағы
жағымсыз қылықтарына ренжіген, оны сынаған адамның аузынан
күнделікті сөйлеу үстінде қолданылатын «дөрекілеу» сөз саптаулар.
Жалпы әдеби тіл әдетінен, одан қалды поэзия тілі нен орын

алмауға тиісті мұндай қолданыстар көрсетілген өлеңдерде дәл
орнымен келген, уәжді элементтер. Бұл да өлеңнің мазмұны мен
түрінің (тілінің) үйлесімінен туған, ақын шығармашылығын
әр қырынан көрсететін құбылыс. Демек, Абай ауызекі сөйлеу

тәжірибесінен әдейі алынған сөз таңдаудың тағы бір үлгісін
көрсеткен.
Ауызекі сөйлеу нормасының қарама-қарсысында кітаби
тілдік сөз ұсыну тұрады. Абай тұсындағы «кітаби тіл» дегеніміз

– жоғарыда айтылған, қазақтың ескі жазба дәстүрінің жалғасы,

ол тіл «шағатай тілі» немесе «түркі» деп аталатын ортаазиялық
ортақ жазба дәстүрдің негізінде қалыптасқан тіл болғандықтан,
мұның қазақ төл әдеби тілінен өзгешеленетін белгілері болды. Ол
белгілердің бірі – халық тіліне енбеген, көбінесе діни мазмұнды

немесе абстракт ұғым атауы болып келетін араб сөздерінің едәуір
мол қолданылатындығы болатын. Абай өлең тіліне, әсіресе
прозасының тіліне бұл элементтерді де таңдай білген. «Шығыс
ақындарынша» жазған «Иүзі раушан, көзі гауһар», «Фзули, Шәмси,

Сәйдали», «Әліпдек ай йүзіңе ғибрат еттім» деп басталатын атақты
үш өлеңін былай қойғанда, таза «қазақы» өлеңдерінде Абай араб
және парсы сөздерін белгілі бір стильдік мақсатпен әдейі таңдап
алады. Мысалы: Мал мен бақтың кеселі ұя бұзар, Пәруардигәр

жаратқан несін жан қып – деген өлең жолдарында өлшем үшін
құдай, алла, тәңірі деген синонимдердің біреуі де келмей, төрт
буынды сирек сөз пәруардигәр деген парсы тұлғасын қолданылып
тұр. Ал: Біріңді бірің, ғиззат, құрмет етіс – деген өлең жолында

құрмет сөзіне мағынасы жуық арабтық тұлға ғиззат (қазақша
варианты ізет) сөзін таңдауда қадір-құрмет дегеннің бір варианты
ретінде ғиззат-құрмет деп беру үшін алған.
Сірә, Абай аса көп қажеті жоқ жерде де ара-тұра араб сөздерін

өлең тіліне енгізіп отырған, бұл – заманына берген баз болу

керек, өйткені Абай тұсында қазақ әдеби тіліне жазба сипат беру үшін кітаби тілдік элементтерді пайдаланып қою шарт болған. Сондықтан оның «Ғылым таппай мақтанба» деп басталатын өлеңіндегі: Жамандық көрсең, нәфрәтлі, Жақсылык көрсен, ғибратлы– деген жолдарындағы нәфрәтлі, ғибратлы сөздері, «Сегізаяқтағы» надандар баһра ала алмас – дегеніндегі баһра сөзі осы ыңғаймен көрінген. Ал ақын өлеңдеріндегі ғанибет, махрұм қалу, иждиһат, михнат, ұддасынан шығу, nіp, ғапыл, махаббат, ғадауат сияқты сөздерді сол кезеңдегі қазақ әдеби тілінің нормасы деп тану керек. Бұлардың бір қатары қазақыланған тұлғада халық тілінде кеңінен қолданылатындар; ғанибет, махрұм қалу, меқнат, мақұлық, үдде (үде), ғапыл т. т. Абай тұсында мұсылманша сауатты адамдармен қатар, намаз оқып, алланы хақ деп таныған қарапайым қазақтар үшін де nіp, парыз, мінәжат, рақым, бақи, фәни, махшар, тағлим сияқты араб, парсы сөздері жат болмаған. Демек, оларды тандап алып, өлең тіліне қатыстыруы заңды. Абай өлеңдерінің ішінде жанры жағынан аса бір қызық шығармалары «Жігіт сөзі» мен«Қыз сөзі». Екі өлең де жастардың бір-біріне жазысқан хаттары деп ұсынылған: жігіт сәл еркіндеу, қызға сендеп қарата сөйлейді, тілі де ауыл мырзасының өзімсінген стилін (мәнерін) танытады, ал қыз болса, тәрбиелі, ибалы, сөзін сіз деп бастайды, бірақ ол да еркін өскен құрбысына наз арта алатын сауатты қыз («кірсе ішіңе, оқи бер... мұны оқыса, кім танып» деген сөздеріне назар аударалық), сондықтан оның хатынан бұрыннан қалыптасқан сабаз, баж сөздерінің кітаби тұлғаларын (шаһбаз) көреміз. Абайдың араб сөздері біраз шоғырланған өлеңі «Алла деген сөз жеңіл» деп басталатын төрт шумақтық шағын өлеңі мен «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңі. Алдыңғысында ақын алла сөзінен бастап махаббат, тағрип, шүбә, мәужүр, куаһ, хаус, мүтәкәллимин, мантиқин деген араб сөздерін таңдап жұмсайды. Соңғы өлеңде мұсылман дініне қатысты ондаған араб сөзін әдейі келтіреді. Олар: амантү,уәктүбиһи, һаби, тағриф, оһли китаб, нәфсі, иман, тағат, тахқиқ, тасдиқ, хақ, руза, намаз, зекет, хаж, ғибадат, хүснизән, пайғамбар, мү’мин, құран, тә’уилі, нәфа, мү’мин, бенде, мүнафиқ, кінә’сияқты кейбірі қазақтың тіліне еніп, сіңіскен (хақ, бенде, нәпсі, иман,

ораза, намаз, зекет, пайғамбар, құран, кінә), ал кейбіреуі халық
тіліне енбеген, мағынасы қалың жұртшылыққа түсініксіз сөздер.
Бұларды Абайдың қолдануы тағы да стильдік мүддеден шығып
тұр: алланың өзі де, сөзі де рас дегенді тақырып етіп алған ақын

«мү’мин болсаң, әуелі иманды біл» деген идеяны ұсыну үшін,
сол иманның негізін мұсылман дінінің өз «өз сөзімен» (араб
сөздерімен) танытады. Демек, Абайдың бұл жердегі араб сөздерін
таңдауы тақырып пен тіл үйлесімін көздеуге бағынған.

Міне, ұлы ақынның білдірмек ойы мен тандаған тақырыптарына
сай сөз таңдау принциптері мен амалдары осындай....
...Қазақ халқының Абайға дейінгі поэтикалық дүниесі осал
болған жоқ, ол ғасырлар бойы халықтың рухани-эстетикалық

сұранысын өтеп келді. Ол үшін көркем сөздің өзіне хас белгілері
мен заңдылықтары жасалып, орнықты. Абай өзіне дейінгі сан
ғасырлық қазақ поэзиясының жалпы заңдылықтарына мойын
сұнбай кете алмады, өйткені қай ақын болмасын өзіне дейінгі сөз

шеберлеріне сынай қарауы, туындыларын қабылдамауы мүмкін,
бірақ халқының жалпы және поэтикалық нормаларын аттап
кете алмайды. Айталық, Абай қазақ өлеңініңөлшемі жағынан
бұрын болмаған мүлде тың түрлерін жасады, бірақ бұлар қазақ

поэзиясының негізгі силлабикалық (буындық) заңдылығына
бағынды немесе тармақ саны мен ұйқас суретіне қарай өлеңнің
бұрын-соңды болып көрмеген жаңа түрлерін ұсынды, бірақ
бұлардың бәрі де өлеңді аяққы ұйқасқа құру шартынан шықты.

Абай қазақ құлағы естімеген теңеудің, эпитеттің, метафораның
және тағы басқа да көріктеу құралдарының не бір соны түрлерін
дүниеге келтірді, бірақ бұлардың да негізгі жасалу амалдары
бұрыннан бар болатын.

Десек те бұлардың баршасы поэтикалық тілдің жалпы
заңдылықтары, ал олардың сыртында сан алуан жеке тәртіптер,
көркемдік
амалдарын

құбылтушынормалар,
өзге
тілдердің
әсерінен туған жаңалықтар, әр ақынның өзі сүйіп қолданған және

активтендірген тәсілдері – қысқасы, әр поэтикалық мектеп, әр
кезең, әрбір ұлы суреткер енгізетін жаңалықтар тұратыны аян.
Қазақтың Абайға дейінгі күшті дамып келген поэтикалық тіл
дәстүрінің өзіне тән белгілері болды: ол негізінен ауызша дамыды,

ауызша таралды, ауызша сақталды, «поэтикалық мектептердің
ауысуы баяу жүрді, дағдылы нормалар ұзақ сақталды, дәстүр

жалғастығы мықты болды. Мұның барлығы, бір жағынан,
поэтикалық тіл нормаларын берік сақтауға ықпал етсе, екінші
жағынан, жаңалыққа көп жібермеді. Бірақ дамудың аты – даму,
оның заңы қазақ өлеңі дүниесінде өзгеріс-жаңалықтарды туғызбай

тұра алмайтын еді. Бұл ұлы тарихи миссия-міндет Абайдай талант
иесінің үлесіне тиді.
Абай қазақтың поэтикалық тілінің бұрынғы дәстүр-нормаларын
жетілдіру, түрлендіру, кеңейту, жүйеге айналдыру сияқты

суреткерлік міндеттерді мойнына артты, сонымен қатар поэтикалық
көріктеудің жаңа амалдары мен соны құралдарын ұсыну, өлең
архитектоникасы (құрылымы) мен фоникасына (мақамына, үніне)
қазақ құлағы естімеген, қазақ аузы айтпаған мүлде тың жаңалықтар

әкелу сияқты іс-харекеттер де Абай көтерген ауыр да зор жүктердің
бірі болды. Сөйтіп, Абай қазақтың ауызша тараған көркем сөзін
ұлттық жазба дүние дәрежесіне жеткізді, поэтикалық тіліне жаңа
сапа енгізді. Бұл – Абайды жаңашыл әрі классик қаламгер деп

танытты.
Өзіне дейінгі де, өзінен кейінгі де сөз зергерлерінен Абайдың
шоқтығы биік тұруының негіз-себептері көп болса, солардың бірі

– Абайдың жеке суреткер қолтаңбасы немесе шығармашылық

контекст дегенді айқын көрсетуі болды, яғни ол өзінің ақындық
қуатын, сөз тану қабілетін, сөз жұмсау талантын жаңаша, өзінше
көрсетті, өз қолтаңбасын танытты.

ІХ. АБАЙДЫҢ ӘНДЕРІ

Ахмет ЖҰБАНОВ

АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫ

Ұлы ақын, ағартушы Абай музыка саласында да айта қалғандай
мұра қалдырды. Жазба әдебиетіміздің негізін салған Абай өзінің
асыл өлеңдерін, қарасөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа
қалдырса, музыка жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады.

Өйткені Абай өмір сүрген кезеңде қазақта музыканың жазба
мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыздәстүрлік қалыпта еді.
Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері
сияқты ауыздан-ауызға, заманнан-заманға ауыса отырып жетті.

Музыка
саласында
жазба
мәдениеттің

болмауына
қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі олардың
халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар
болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.

Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтың жақтарындағы
жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл
өзгешелік алғашқы кезде тыңдағандардың бәріне бірдей түсінікті
бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына

кедергі болған феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің
жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік
болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет
күрескері болтан Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сөйтіп, Абай әндері

алғашында оның өз айналасына, ауыл-аймағына, кейін жалпы
қазақ арасына тарай бастады. Абай әндері, халықтық негізден нәр
алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан нотаның
жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның

игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды қазақтың халықтықмузыка
салтында болмаған жаңа музыкалық өткір тіл мен жаңашыл өлең
текстіне құрылуы да себеп болды.
Абай әндері бізге, автордың өз нұсқасындай өзгеріссіз,

қосымшасыз жетті деп айта алмаймыз. Ауыз дәстүрі әрқашанда
да бұл жағына өз әсерін тигізіп отырады. Орындаушылардың
неше алуан ерекшеліктеріне қарай Абай әндерінің өзгеріп
отырғандығы да даусыз. Бір ауылдан бір ауылға, бір елден бір

елге жеткен сайын түрленіп, құбылып, алғашқы түбірінен алыстай
беретін лақаптар сияқты ауыз дәстүрлік қалыптағы әндер де
бастағы кейпін өзгерте береді. Абай әндері де, осы айтқандай,
бізге көптеген варианттармен жетті. Әрбір сөйлемі мен әрпі сөз

мәдениетінен анағұрлым нәзік келетін ән мен күй, сол ауыздан
ауызға көшіп жүргенінде, қаншама үн жаттағыштық зердесі күшті
өнерпаз болса да, үйренген жерінен үйрететін жеріне жеткенше
сөзсіз өзгерістерге ұшырайды. Қазақстандағы музыкатану өнері

майданында, бұл мәселе әлі осы айтылып отырған тұрғыдан
қаралып, зерттелген жоқ, ғылыми жолға қойылған жоқ. Абайдың
музыкалық мұрасы әлі күнге әдейілеп жиылған да жоқ. Біздің
Абай әндерін білуіміз – әр композитордың өзінше нотаға түсіріп,

әр орындаушының өзінше айтып, әр «өңдеушінің» өз білгенінше
сүйемел жасап жүргендерін естуімізден әрі аспайды. Әрине,
Абайдың композиторлық творчествосы, Абай әндерінің өзіне
ғана тән ерекшеліктері, оның үлгісінде ән шығарудың негіздері,

Абайдың ән-күйге деген көзқарастары – осылардың бәрі терең
тексеруді, үңіле зерттеуді тілейтін нәрселер.
Баршаға белгілі, Абай ұлы орыс мәдениетінен нәр алып, орыс
халқының демократ ақын-жазушыларының шығармаларын оқи,

зерттей отырып, қазақ әдебиетінде өзіне дейін болмаған жаңалықтар
тудырды. Ол Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын
қазақшаға аударып, соларды қазақ арасына жаюшы, насихаттаушы
болды. Осылай оқи, зерттей, аудара отырып, Абай өз өлеңдеріне

жаңа ырғақ, жаңа өлшем енгізді. Өткір ойлы қалам қайраткері ұлы
орыс мәдениетінің прогресшілдік ықпалы мен заманының жаңа
ырғақ-ритмін сезді. Мұның өзі оның музыкалық творчествосына
да әсер етті.

Жаңа ырғақ – өлшеу, жаңа кейіпті мелодия жолы, жаңа
үнсөздіктері –осы үшеуі Абай музыкасының жаңалығы болды.
Бұрынғы он бір және жеті-сегіз буынды өлеңдермен айтылатын
әндерге Абай әндері ұқсамады. Абай тудырған жаңа поэзия лебі

оның әндеріне де жаңа лебіз берді. Орыстың ұлы ақындарын үлгі
тұтқан Абай музыка дүниесінде де мұсылмандық шығыстың құран

оқу әуезінен үн сөздіктерін іздемегені былай тұрсын, өзіне дейінгі болып келген қазақтың халықтық әндерінің бірқалыптас тілдерін де місе тұтпады. Ол орыстың әдет-ғұрып музыкасы, қала романстарын ести, тыңдай отырып, солардан творчестволық үлгі алды. Оның үстіне Абайдың «Евгений Онегинді» аударып, «Татьяна хатына» өзінің ән шығаруы, Дельвиг пен Глинканың «Сұрғылт тұманын», Рубинштейннің «Мен көрдімін», Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғыбын» аударып, оларға ән шығарғаны Абайдың музыка сөздігін байытуға әсер етті. Тағы бір айта кететін нәрсе – Абай әндері, сөзі, музыкасы біте қайнасып жатқандықтан, өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінше, орындаушының көрінген өлеңге жегіп алып, жүре беруіне келмеді. Мысалы, «Қараторғай», «Екі жирен»,«Жиырма бес», «Аққұм» сияқты әндерді бірінің сөзімен бірін айта бересің де, Абайдың «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң» сияқты әндерін бірінің сөзімен бірін айта алмайсың. Қазақтың халықтық ән дәстүрінде бұл да бұрын-соңды кездеспеген жағдай деп айта аламыз. Абайдың композиторлыққа басқалардан өзгеше жолмен келуі, оның творчествосында заманының алдын ораған жаңалықтарының болуы. Абай әндерінің ырғақтық, үндік, мелодиялык, жақтарының өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінде болмаған қасиеттерге ие болуының тағы бір себебі – Абай ерекше бір музыкалық ортада болды, бір жағынан, өзінің асқан музыкалық қабілетінің, музыканы жан-тәнімен сүюінің арқасында қазақтың халықмузыкасын жақсы біліп, Семей қаласына гастрольге келген артистердің концерттерін тыңдап көру арқылы орыс музыкасымен тікелей танысып отырса, екінші жағынан, айналасына топталған өнерпаздардың кейбіреулері орыс халқының музыкалық үлгілерімен таныс адамдар болды (өз баласы Әбдірахман, скрипкашы Мұқа). Олар Абай шығарған әндерді тыңдаушы ғана емес, бабына келтіріп орындаушы, дос бейілді кеңесшілер еді. Абайда Мұхит, Біржан сияқты күшті дауыс болмаса керек. Ол тек өз даусының жеткенінше ғана әнді айтып шығарды. Ол – ақын, композитор, орындаушыарасында жетілген еңбек бөлісі жоқ кездегі жағдай еді. Шығарманы бірінші рет орындаушы да, кейін оны халық арасына таратушы да шығарушының өзі болады. Абай әндері жаңа лебізді болғандықтан да өз тұсында көп түсінбеушілікке кездесті. 7-8, 11 буын ырғағымен ғасырлар бойы

тәрбиеленіп келген адамдарға Абайдың жаңалықты ән тілі түсінікті болып кету үшін феодализмнің кертартпа дәстүрі қолайлы жағдай болмады. Абайдың: Адам аз мұны біліп ән саларлық, Тыңдаушы да аз оләннен бәһра аларлық,– дегені осы бір жағдаймен байланысты болу керек. Әннің мәнін түсіне айтатын орындаушы мен оны бағалай білетін, жаңа үнді жаны түсінетін тыңдаушыны арман еткен, бұрынғы қара дүрсіндікпен күресіп келген Абай, жаңа әндерініңкөпке баяу тарағанына қынжылады. Алайда идеялық көзқарасында еңбекші халықтың мұңын жоқтауға көшкен Абай өзінің өлеңдерінде де, қарасөздерінде де, әндерінде де осы идеяны қолдап отырды. Поэзияның тілі жетпеген жерде Абай өлеңге ән қосты. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген Абай музыканың да адамөміріндегі өзгеше орнын басқадан ерекше сезген. Абай әнді ермек үшін де, қосымша кәсіп болсын деп те шығармаған. Ол жан сырын халыққа тек поэзия тілі арқылы ғана жеткізуді місе тұтпай, сонымен бірге халқымен музыка арқылы да тілдесуді жөн көрген. Абай әндері қазір бүкіл елімізге кең тарап кетті, олар көптеген тілдерде айтылады. Абай арман еткендей, айтушы мен тыңдаушы қазір бір-біріне сай. Абай әндерін концерт сахналарынан, радиодан, опера, драма кейіпкерлерінің, көркемөнерпаздар үйірмелерінің орындауынан естиміз. Абай әндері сауық-кештерде, дастархан үстінде шырқалады. Қысқасы, Абай әндері біздің мәдениөмірімізге тығыз араласты деп айта аламыз. Абайдың музыкалық мұрасы тек совет өкіметі тұсында ғана жиналып, нотаға түсіріле бастады. Қазақтың халық музыкасын жинаушы А. Затаевич 1925 жылы Абайдың бірнеше әнін нотаға түсіріп жариялады. 30 жылдарда композиторлар Б. Ерзакович және Л. Хамиди Абайдың 20-дан аса әнін нотаға түсірді. Бұл әндердің бірқатары Абайдың екі томдық өлеңдер жинағында да басылды. 1939 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамы Мәкен Мұхаметжанованың орындауымен Абайдың 16 әнін нотаға жаздырды. Бірқатар білімпаздардың ұйғаруынша, Мұхаметжанованың орындауындағы Абай әндері автордың оригиналына жақын болуы керек. Алдымыздағы жылы Абайдың әндер жинағы ғылыми түсініктермен басылып шықпақ. Қазақтың

халықтық музыка үлгілерін жинаушы кейбір мекемелерде, жеке
адамдардың архивтерінде сақталып жатқан Абай әндерін шамамен
есептегенде, түрлі варианттарын қосқанда, жалпы саны қырыққа
жуық болады.

Абай әндері нотаға түскен күннен бастап фортепианолық
сүйемелдермен, жеке дауысқа арналып, хорға түсіріліп орындала
бастады. Бертін келе Қазақстан композиторлары Абай әндерін
өздерінің шығармаларына тақырып, арқау етіп енгізді. Абай

әндері негізінде жеке аспаптарға (ұлт аспаптарына, симфониялық
оркестр аспаптарына), шағын ансамбльдерге (трио, квартет,
квинтет) және үлкен оркестрге арнап шығармалар жазды. Абай
әндері «Абай» операсына молынан кірді. Онда Абай әндері өзінің

алғашқы қалпында да, творчестволық дамулы, өзгерісті түрінде де
енді (оркестрде, хорда, ансамбльдерде). Операдағы бір өзгешелік:
бірқатар кейіпкерлер үшін Абай стилінде ән, ариялар жазылды.
Мысалы, бірінші актідегі Айдар-Ажар дуэті, төртінші актідегі «Ей,

халайық, барым ең сен» деп басталатын Абайдың ариясы. Соңғы
кездерде Қазақстан композиторлары Абайдың өлеңдеріне өздері
көптеген ән жазып жүр. Абай поэзиясының жан түкпіріне жететін
асыл қасиеттерін музыка тілімен жалғастыру ісіне композиторлар

қызу ат салысуда.
Абай тек ән шығарушы ғана емес, ән-күйдің әділ сыншысы да.
Ол ән-күй жөнінде көптеген терең, үлгілі пікірлер айтты.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең...
Бұл арада өлең деген сөз ән мәнісінде айтылып тұр. Ол
музыканың адам өміріне туғаннан бастап қайтыс болғанға дейін
ілесе жүретінін аңғартады.

Абай музыканы талдауға материалистік тұрғыдан келіп, оны
сыртқы дүниенің сәулесі деп топшылайды.
Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,
Өмір сәуле көрсетер судай тынық,–

деп Абай әннің сыртқы дүниенің сәулесі, бейнесі екенін көрсетеді.
Ол сыртқы шындық біздің сезім мүшелеріміз арқылы бастағы миға
жетеді деген пікір айтады.
Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.
немесе:

Жүрек тербеп оятар баста миды, –
дейді.
Композитор шебер суреттей, образ жасай білсе, әнде өмір
сәулесі тынық су түбіндегі заттай анық көрінеді, ән мен күйдің

санамызда бейнеленуі, «бойымызды алып, жүрегімізді тербеп,
бастағы миымызды оятуы» құлақ (есту) арқылы келеді, дейді Абай.
Ән-күйдің сана-сезімге, көңілге әсер ететінін айта келіп, Абай:
Салған ән көлеңкесі сол көңілдің,–

десе, екінші бір жерінде:
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,

Жас балаша көңілді жақсы уатар,–
дейді.
Әнде көңіл күйі сан түрлі болатынын (музыка тілімен айтқанда
мажор, минор) Абай шебер түсіндіреді.

Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
немесе:
Құр айғай бақырған.

Құлаққа ән бе екен,–
деген өлең жолдарында Абай музыканың жан қылын шерту
орнына, жаныңды түршіктіретіні де болатынын айтады.
Данышпан Абай күй жөнінде де өте өткір пікірлер айтты.

Күйдің текстсіз айтылатын ән екенін сезген Абай:
Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге,
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық,
немесе:

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар,–
дейді.
Бұл жолдардан Абайдың күйді жете түсінгендігі көрініп тұр.

Осындай ән-күй туралы айтылған аса бағалы пікірлерімен қатар
Абай әнді орындау шеберлігіне де көп көңіл аударады.
Көбінесе ән басы келер ащы, «Кел, тыңда!» деп өзгеге болар
басшы, - деген өлеңінде қазіргідей концерт залы, клубы бар

жерлердегі тыңдаушы көпшілікті қоңырау беру, немесе жарықты
сөндіру, жағу арқылы тәртіпке шақырып, тыныштандырып барып,

әнді содан кейін бастайтын жағдай жоқта, шуласып, алқақотан отырған көпшілікті әншінің алғашқы «айқайымен» ескертіп алатынын айтады. Күйлердің басындағы кейде созылып кететін бос қағыстардың мәні де бұрын осы негізде болған. Тыңдаушылар әбден басылған кезде ғана күйші күйдің өзіне түседі. Екіншіден, бұл алғашқы «айқай» дауыс жетер жердегілерді шақыру, жариялау ролін де атқарған. Әнші-күйші алғашқы айқай мен құлақ күйі арқылы шабыт шақырып, өзін іштен әзірлепте алатын. Саңқылдап біреу ән салса, Біріне бірі жуықтап. Тебінісіп қамалар, Тоқтатып болмас сырықтап,– деп, Абай әнші дауысымен жиналатын халықты суреттейді. Абай орындаушылыққа үлкен мән берген адам. Жақсы шығарылған ән-күй жаман орындаушының қолына түскенде «ауыздан шыққанда өңі қашатын көңілдегі көрікті ойдың» кебін киетінін де Абай білді. Шығарушылықпен орындаушылықтың екі түрлі қабілет екенін де ол жақсы түсінді. Сондықтан жоғарыда айтылғандай, Абай алғашында өз әндерінің шығарушысы да, оларды бабына келтіріп, орындаудың нұсқаушысы да, ән-күйдің, әншіліктің сыншысы да өзі болды. Әрине, Абайдың «әніңді сатып ақша алма» деуі – сол кездегі ән қадірін түсіріп, біреулерді өтірік мақтап, мал табушыларды мінепшенегендік еді. Қорытып айтқанда, Абай дарынды композитор болды, өзінің нота сауатынан хабарсыздығына қарамастан, ән шығару ісінде айта қалғандай жаңалықтар тудырды. Оның басты себебі – Абай, поэзиядағысы сияқты, музыкалық творчествосында да ұлы орыс халқының прогресшіл искусствосының артықшылығына түсініп, оны меңгеруге тырысты. Сөйтіп, қазақтың халықтық музыка дәстүрінде ол өзіне дейін болмаған жаңа үнді, жаңа ырғақты ән шығарды. Сонымен қатар ақын, композитор, орындаушы – үшеуі бір кісі болған тұста ол, қолынан келгенінше, олардың арасында еңбек бөлісінің керектігін сезіп, өз аулында, айналасында болса да, сол жұмыстың басын бастап кетті. Өзінің баяу даусымен шығарған үлкен сырлы әндерін халық көпшілігіне жеткізудің бар шарасын

қолданды. Оның ән, күй орындаушылық жөнінде қысқаша айтып
кеткендерінің әлі күнге дейін үлкен мәні бар. Композиция жағынан
Абайдың музыкасы көп жанрлы деуге болады. Онда драма, сатира,
трагедия, әдет-ғұрыптың, жаратылыс суретін бейнелейтін, тағы

басқа сан түрлі музыка бар. Ал оның музыкалық сыншылығында
жан-жақты, терең философиялың пікірлер жатады.
Алдағы мақсат – Абай әндерін өте ұқыптылықпен жинау,
нотаға жазу, пленкаға, граммофон пластинкасына түсіру. Абай

әндерін халықтық негізде орындаушылар – Жүсіпбек Елебеков,
Қали Байжанов, Қуан Лекеров, Манарбек Ержанов және нотаға
түскеннен кейінгісін шебер орындаушылар Ришат Абдуллин,
Байғали Досымжанов, Кәукен Кенжетаев сияқты әншілердің

орындау өзгешеліктерін ескере отырып, жазып алуды ұйымдастыру
керек. Семейдегі Абай музейінде Абайдың музыкалық мұрасына
арналған тиісті бөлім болуы керек. Онда Абай әндерінің неше
алуан, жоғарыда саналғандай әншілердің орындауында жазылған,

белгілі варианттарының бәрі қамтылған пластинкалар, пленкалар
болып, музейге келушілерді солармен таныстырып отыруды көздеу
керек.
Соңғы жылдарда Абайдың музыкалық мұрасы жөнінде бірен-

саран ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады.
Алматы
мемлекеттік
консерваториясының

студенттері,
педагогтері өздерінің дипломдық және басқа музыка зерттеу
жұмыстарында Абай әндерін тақырып етіп алып жүр. Абайдың
қайтыс болуының 50 жылдығын атап өту кезінде Алматыдағы

ғылыми оқу орындарында өткізілетін ғылыми сессияларда
Абайдың музыкалық мұрасы жөнінде де бірқатар мәселе қаралмақ.
Абайдың музыкалық мұрасы Советтік Қазақстанда қайта туды.
Абай әндері халқымызға рухани азық болуда. Республикамыздың

өнер-білім арқаланған еңбекшілері Абай әндерін шырқай жүріп,
коммунизмнің ұлы сарайының кірпішін қалауда.

Сара КҮЗЕМБАЕВА

АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

ХІХ ғасырдың екінші жартысында ұлтымыздың рухани
қазынасына шексіз дария болып қосылған Абайдың философиялық
даналық, көсемдік, ақындық және музыкалық мұрасы –
халқымыздың баға жетпес асыл қазынасы. Алаш көсемдерінің

бірі Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «Қазақтың бас ақыны Абай»
музыка өнерінің де бас классик-композиторы ретінде биік тұрғыдан
бағаланып, жаңа дәуірдегі жаңа музыка мәдениетін негізін салды.
«Өлеңді ермек үшін жазбаған, оны айтқанда толғанып, іштегі

дертін жойған» Абай 60-қа жуық (нұсқаларын қосқанда) ән
шығарыпты. ХХ ғасырдың ұрпақтарына Абайдың өлеңдері мен
әндері ана сүтімен жүрегімізде тұрақты қоныстанып, өсе-келе
адамдыққа, инабаттылыққа уағыздап («Әсемпаз болма әрнеге»),

надандықпен, жалқаулықтан жирендіріп («Бойы бұлғаң»), ал
жасымыз кемелденгенде («Қартайып… арман ұлғайғанда») рухани
тазалыққа, имандылыққа жол көрсетеді («Алланың өзі де рас, сөз
де, рас»).

Заманымыздың кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай:
«Абай – халқының шын ұлы. Ол өмір бойы халқының қайғы-шерін
жазып, мерейін көтеру жолында қызмет етті. Абай халқына тек өз
тұсында ғана қызмет етіп қойған жоқ, ол өзінің жарқын бейнесімен,

асыл сөздерімен бүгін де қызмет етіп отыр» [1, 44].
Халқымыздың дәстүрлі өнерінде Абай өзіндік музыкалық
шеберлігімен,
ерекше

әуен
сұлулығымен,
оның
нәзік

сезімталдығымен, әндерінің тақырыптық, жанрлық байлығымен,
ырғақтық және өлшемдік орамдылығымен жаңашыл композитор
болып кеңінен танылды.
Абайдың ақындық және музыкалық қабілеті ерте оянып, жан-

жақты біртұтас қалыптасты. Ол жастайынан туған халқының
ежелгі мұрасы – ертегі, әңгіме, эпос, қисса, ән-күй сияқты
фольклор үлгілерін үлкен ықыласпен тыңдап, көкірегіне тоқып

өсті. Болашақ ақын-композиторға ерекше ықпалын тигізген дана әжесі, ескінің көзі Зере ана болатын. Абайдың шығармашылық талабыныңөсіп-дамуының тағы бір өзегі – ол сол кездегі рухани мәдениеттің ордасы болған – әкесі Құнанбай ауылы. Мұнда кеңбайтақ қазақ даласының жұлдыздары – атақты ақын жыраулар мен жыршылар, айтыскерлер, әнші-күйшілер айлап құрметті қонақ болып, өз өнерлерін ортаға салатын, той-думандар, ойын-сауық, жарыс-күрес, айтыстар әрдайым өткізілетін. Өнер саңлақтарының ішінде атақты Дулат жырау, Біржан-сал, Әсет, Байкөкше, Қуандық, Кемпірбай, ақын-қыз Ажар, шертпе күйдің шебері Тәттімбет… Осы әулеттің сыйлы қонақтары болған. Ауыл кештері шалқыған әнге, күмбірлеген күйге, әзіл-күлкі, айтыстарға, алтыбақан және басқа да көптеген жастар ойындарымен нәрлі және нұрлы көріністерімен рухтанғаны мәлім. Бұдан екі жарым мың жыл бұрын Конфуций: «Егер қандай да бір елдің билік ісі сәтті екендігін және көңіл-күйі дұрыстығын білгің келсе, музыкасын тыңда»24 деп тәмсіл айтқан екен. Сол ғұлама ойшыл айтқандай, егер біз Абайдың рухани ортасына зер салсақ, оның әндерін замана үні ретінде қабылдасақ, сол заманда ұлттық мәдениетіміздің аса бір биіктікке өрлегенін айқын сеземіз. Бұл кезеңді қазақ өнерінің Ренессансы – Алтын ғасыры деуге толық болады. Дәл сол дәуір Құрманғазы, Дәулеткерей, Ақансері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырайдың шығармашылық, орындаушылық дарындарының гүлденген шағы еді. Абайдың ән туындыларының ерекше сыры – олардың поэтикалық сөзбен тікелей байланыста болуында. Өлең мен ән бірін-бірі толықтырып, аса шеберлікпен құрастырылып, тек ұлы талантқа тән әдістермен сипатталады. Поэтикалық және музыкалық дарын мен шабыт біртұтасып, жаңашыл тәсілдермен үндеседі. Мұндай шығармашылық үрдістің биік көркемділікке жеткізу шарттары туралы ұлы ғалым-ойшыл Әбунасыр ӘлФараби өзінің «музыка өлеңмен сәйкестендіргенде ол ерекше күшті әсер береді, ал сөздер өз кезегінде анағұрлым мәнерлі бола түседі. Сонымен, ең заманауи, ең әдемі де ең әсерлі музыка – бұл жоғары аталған барлық ерекшеліктерді бойына сіңірген музыка» [2, 328]. Ал Мұхтар Әуезовтің романдарында Абайдың өлең-ән 24 Конфуций - көне қытай ойшылы, мемлекеттік діннің негізін қалаушысы. Өзінің еңбектерінде адамгершілік, әдептілік және руханилық идеясын насихаттаған.

шығару сәттерін бейнелейтін көркемдік тілмен шебер жазылған көптеген қызықты эпизодтар бар. Бұл тұрғыдан жазушының «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзіндіні келтірейік. «Мынау салқын лебі айықпай ескен күншуақты көктем күнінде Абай жүрегі өзгеші бір еміреніп келеді. Кеудеде талай ыстық толқын сезімдер сыя алмай сығылысқандай... Өлең әнге оралып, еркеленіп келеді... Үзіле алмай ырғалады. Абай байқамапты. Бұның бар өлеңін Мәкіш тыңдап отыр екен. Бөтен біреудің өлеңі емес, інісінің өз өлеңі екенін де біліп отырыпты» [3, 296], – деп, Абайдың шығармашылық үрдісін поэтикалық жолдармен суреттейді. Абай әндері ұлтымыздың рухани мұрасы ретінде өзіндік музыкалық тілімен, эстетикалық мәнімен, көркемдік сәнімен, әрбір сөзі маржандай әсем әуенмен өрнектеліп, тақырыптық, образдық шеберлігімен, жаңашыл тенденцияларымен ерекшеленген мәдениетіміздің биік шыңына айналды. Кемеңгер өз әндерінде жүрекке тартымдыинтонацияларды, жаңа ырғақ, жаңа өлең өлшемдерін өлең буындарына икемді келтірген. Ұлы композитор дәстүрлі музыкалық фольклордың барлық жанрларын қамти келе, жаңа жанрлар мен әдіс-тәсілдерді өмірге келтірді. Абай шығармалары негізгі екі жүйеге топталады. Бірінші жүйеге – шалқымалы, әсем сазды, кең үнді, нәзік сезімталдылығымен өрнектелген лирикалық: «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, қаламқас», «Сен мені не етесің?», «Өзгеге көңлім тоярсың» және тағы басқа әндері жатады. Олар өздерінің кестелі музыкалық тілімен, образдық сипатымен, сезімтал эмоциялық әсерімен ән мәдениетінде, оның ішінде лирикалық-ғашықтық әндердің классикалық үлгілеріне айналды. Мысалы, халық поэзиясында, эпикалық жырларда жиі кездесетін шағын үлгіде жазылған «Жігіт сөзі» – «Айттым сәлем, қаламқас» және оған жауап ретінде келтірілген «Қыз сөзі» – «Қиыстырып мақтайсыз» деген екі бөлімнен тұратын әндерді келтірейік. Мұнда мелос өрісі нәзік лирикалық толғаныспен, қанатты үнмен шырқалады. Мақамның бастапқы сезімтал желісі жайлы түрде басталып, икемді интонациялардан құрастырылып, бірте-бірте өрістене, шарықтау шегіне жетеді. Атап айтқанда, «Саған құрбым, мал мен бас» деген өлең жолдарына дәлме-дәл үйлеседі.

Абайдың лирикалық әндерін сөз еткенде, ескере кететін
бір проблеманы еске салған жөн. Ол Қазақстан музыкатану
ғылымында осы күнге дейін қалыптасып келе жатқан орынсыз
ой-пікір. Бұл қате тұжырым бойынша, Абайдың нағыз ұлттық

нақышпен безендірілген, нағыз қазақи туындылары «Айттым
сәлем, қаламқас» пен «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орыстың
«Карие глазки» романсы мен орыстың халық әні «Коробейникиге»
еліктетіп шығарылған, тіпті бұл әндерді Абай жазбаған да

шығардеген күмәнді сөздер айтылып келеді [4, 120]. Біздің
ойымызша, бұл теріс ұғым кеңес заманы идеологиясының
салдарынан шыққан тұжырым. Соншама әндер шығарған Абай тек
осы екі әнге келгенде, қалайша олардың авторы болмайды?! Рас,

Абай кезінде өз ортасында әртүрлі халықтардың музыкасын естіп,
табиғи дарынының арқасында оны қабылдап, өз шығармашылық
лабораториясынан өткізгені мәлім, соның нәтижесінде, біз Абай
тек өз мәнеріне тән әндер жазған деп толық айта аламыз. Бұл

тұрғыда М.Әуезов ойлары да дәл жауап бергендей. «Абайдың, –
дейді ұлы академик жазушы, – композиторлық еңбектерінде де,
ақындық еңбегі сияқты, өзіне тиісті үлкен жаңа өзгешеліктер бар.
Бұрынғы ауызша әдебиетке Абай көп еліктемей, жалпы сөз қорын

пайдалана отырып, «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деп,
өзінше жаңа мазмұн, жаңа түрлі өлеңдер жаза бастағаны сияқты,
әнде де бұрынғы әннен гөрі өзгерек түрлерін шығарады. Бұрынғы
әнді өзі бұрынғы әдебиеттен сонағұрлым артық бағалағанмен

де, ендігі өз әнін жақсы жазған болса да, жаңаша үлгімен айтпақ
болады. Шырқауы, айғайы аз, көбінесе құлақ күйіне ұқсаған
қоңыр, баяу әндер. Және, әсіресе не бәйіт не орыс пен Еуропаның
камерный әніне, романстарына ұқсаңқырап келеді. Бұрынғы

қазақ әнінен мүлдем басқаша әндер болады. Бұл да өзінше жаңа

жол табам деп, нық ізденудің нәтижесі. Абайдан қалған мәдени
мұраның бұ да бір күрделі, үлкен саласы болып саналады» [1, 209].
Абай әндерінің ішінде жастардың ең бір сүйіп айтатыны –
«Желсіз түнде жарық ай» әні (1888). Бұл әнде нәзік ғашықтық

сезім табиғаттың таңғажайып тербелісімен үндесіп, жүрекке жылы
әуенмен әсерленген. Шексіз кеңістік, нәзік акварельді бояумен
суреттелген ауыл кеші, шаттыққа толы жастық лебіз сүйкімді
сазбен тербеліп тұрғандай. М.Әуезов тілімен айтсақ: «мұнда бәрі

нақты, айқын да бұлтсыз, сабырлық пен қуанышты сезімдерге
бөлейді».
«Желсіз түнде» әнінің айрықша стилистикалық белгілері
ретінде натуралды минордан параллельді мажорға жұмсақ ауысу,

әуендегі трихордтық мотивтер кездеседі.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі!
Абай әндерінің екінші топтамасына тақпақ сазды, ақындық
сарындарымен үндес, речитативтік әндер кіреді. Бұларда
мазмұндық жағы жетекші орын алып, шағын диапазонды

мақамдарда күрделі қоғамдық, әлеуметтік проблемалар көтеріледі,
әзіл-сықақ, өсиет-нақыл, насихаттау, сынау тақырыптары басым
келеді («Бойы бұлғаң», «Ата-анаға көз қуаныш», «Біреуден біреу
артылса» және тағы басқа әндер).

Аталмыш әндердің арасынан «Ата-анағы көз қуанышын»
алатын болсақ, бұл туынды өсіп келе жатқан жастарды адал
еңбекке, білімділік пен адамгершілікке баулиды.

Абайдың бұл шығармасында тәрбиелік мән басым болса, ал
сатиралық «Бойы бұлғаңда» автор өзін терең және нәзік психолог
ретінде көрсетіп, өмірде кейбір адамның жағымсыз мінез-құлқын
ашып әшкерелейді. Бұл әннің әр поэтикалық буыны бір дыбысқа

сәйкес синхронды, яғни интонациялық тұрғыдан иірілгіш.
Өлшемі ауыспалы болып, «кімді көрсем» деген өлең шумақтары
кульминациялық биіктікте шырқалады. Бұл Абайдың асқан
шеберлік мәнерінің айнасы.

Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем мен сонан
Бетті бастым,

Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан.
Өз ойында,
Тұл бойында,

Бір міні жоқ пендесіп.
Түзде мырзаң,
Үйде сырдаң,
Сөзі қылжаң еркесіп...

Речитативтік-декламациялық түрде жазылған әндердің ішінде «Сегіз аяқтың» орны ерекше. Әлеуметтік-өнегелі тақырыптың аясында оның атақты «Сегіз аяқ» әні әлеуметтік мағыналылығымен, көркемдік жетілгендігімен, форманың жаңашылдығымен сипатталатын шығарма. Бұл әнде Абай халықтың суырып салма ақындарының дәстүрлерін жалғастырып, одан әрі дамытады, адамгершілік туралы батыл және озық ойларын келтіріп, туған халқын рухани жетілуге жетелейді, адал да қажырлы еңбекті дәріптеп, таза рухты арман-мұрат пен имандылыққа талпынуды мадақтайды. Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған; Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған - Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл. Өткірдің жүзі, Кестенің бізі Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан, Надандар бәһра ала алмас. Қиналма бекер, тіл мен жақ, Көңілсіз құлақ - ойға олақ.

Әнде Абайға тән поэтикалық жолдар әуендік өрнектермен біртұтас шығады – бір музыкалық дыбысқа көбінесе өлеңнің әрбір буыны сәйкес келіп нақтыланады. Әннің ішкі құрылысы мен композициясы тығыз байланыста болып, қазақ поэзиясында және ән дәстүрінде бұрын-соңды кездеспейтін жаңа шығармашылық әдістер қолданылады. Абайдың бұл әнінің стильдік сипаттамасын академик Зәки Ахметов ашып көрсетіпті. Ғалым пікірінше: «бұл өзінің жаңашыл түрі, ерекше икемділігі мен ырғақтық-интонациялық дыбысталуы... поэтикалық тілінің еркін де табиғилығымен ырғақтылығы мен дыбыстық үйлесімділігі ұштасқан сәйкестігі жағынан Абайға ерекше тән шығарма» [5, 338-339]. Абайдың музыкалық мұрасында терең философиялық толғаныс, қайғылы-драмалық, жалғыздық тақырыбы «Қараңғы түнде», «Ішім өлген сыртым сау», «Сен мені не етесің?», «Қарашада өмірі тұр», «Қор болды жаным», «Өлсем орным қара жер сыз болма ма», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» әндерінде көрініс тапқан. Әуен қозғалысы толқынды, октава маңайында, негізгі тұрақты дыбыс пен минорлық терция аралығынан басталады. Әуен төменнен, тереңнен бой алғандай басталып, баяу, ауыр, бірте-бірте күш жинағандай көтеріледі. Мелостың қалыптасуында трихордтық элементтердің маңызы зор. Екінші шарықтау кезеңіндегі сөйлемде субдоминанталық өріс басым келеді. «Қараңғы түнде тау қалғып» әні И.Гетенің «Песня ночного сторожа» өлеңінің М.Лермонтовтың орыс

тіліндегі өлеңі арқылы еркін көркемдік аудармасы екені мәлім. Абай оны өзінің ішкі дүниесіне үндес ұлттық дүниетанымына сүйеніп жеткізеді. Гете өлеңінің философиялық сарындарын атақты жазушы М.Шагинянның пайымдаулары дәл сипаттайды: «Ұйқыдағы табиғатпен әсерленген ол (И.Гете) кенет төніп келе жатқан бейтарап түннен де құтыла алмайтынын сезді, өлім табиғат сияқты адамға тән де қажетті демалыс, өмірден кейінгі өзінше бір «тыныс алу» болып көрінді»» [6, 12]. Қазақ халқының рухани өмірінде кең орын алған Абай әндерінің бірі «Татьянаның әні». Бұл туындыда Абай әйел дүниесінің сезімтал ішкі сырын, оның нәзік көңіл-күйін әсерлі музыкалық тіл арқылы көркемдік биік деңгейде бейнелейді. «Татьянаның хаты» туралы, оның сипаттамасын, музыкатану ғылымының маманы ретінде айтқан терең ой-пікірлерін М.Әуезов еңбектерінен табамыз. Ғалым-жазушы «Татьянаның әніне» талдау жасап, оның мақамы, ырғағымен өлшемі туралы маңызды пікір айтып, былай дейді: «Сол тәрізді Пушкиннен аударған Татьяна, Онегин хаттарына да арнаулы әндер шығарады. Қазақ көпшілігіне әншейінде ұғымсыз, тосаң көрінерлік орыс жастарының аттарын, өмірін, сезімдерін мынау өлеңдер арқылы аса түсінікті, әсерлі және даңқты етіп жібереді. 1890 жылдардан бастап Онгегин, Татьяна аттары қазақ сахарасында халықтың өзі тудырған жырлардағы адамдардың атындай белгілі,сүйікті аттардың бірі болды» [7, 131-132].Абай өз аудармаларына роман сарыны бойынша 13 өлең (нұсқаларын қосқанда) шығарыпты. Бұл музыкалық үлгілер циклдық формамен жүйеленіп, европа опера жанрының композициялық, драматургиялық, сюжеттік (либретто) заңдылықтарына ұқсастығын байқатады. Бұл топтамаларда опера өнеріндегідей бас кейіпкер Онегиннің сипаттамасы (экспозиция), одан кейін «Татьянаның хаты» («Амал жоқ»), циклдың сюжеттік шиеленісуі мен оның трагедиялық жолмен дамуы («Ленскийдің сөзі») және операның финалы – оқиға желісінің қортындысы – («Онегиннің өлердегі сөзі») мазмұны мен коллизиясы динамикалық түрде дамып, өзінің одан әрі өрісін жалғастырып, операның эпилогы сияқты қорытындысын табады. «Евгений Онегинге» жазған Абай әндері образдық айқындығымен, жанрлық байлығымен опера өнеріндегідей

дамытылған речитативтер, ария, ариозоға ұқсас үйлесімді келтірілген, олар сахна көріністерін айқын елестетеді. Әндер опера формаларына сәйкес болып, ал «Татьянаның хаты» негізгі музыкалық сарын ретінде (лейтмотив) сюжеттің өзара байланысын үдетіп, жетекші функция атқарады. Ойымызды тұжырымдай келе айтатынымыз – Абай даналығының тағы бір қыры – ол ұлттық опера өнерінің негізін салушы деп санамаймыз. Бұл пікірімізге дәлел ретінде музыкатанушы-ғалым Ғ.Бисенованың ойлары да үндес келеді. Ол Абай туралы зерттеуінде Абайдың әндеріндегі операға типтес «речитативті-ариозалық стильді» көрсеткен – еді [9, 18]. Ал «Татьянаның әні» сол кезде көптеген ақын, әншілердің репертуарына кіріп, қазақ даласында кеңінен шырқалды. Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда: «Татьяна мен Онегиннің сүйіспеншілік хаттарына мелодиялар шығарып, оларды ақындардың репертуарына енгізген, сөйтіп бұл есімдердің ел арасында кеңінен белгілі болғаны соншалық – дала жастарының сүйіспеншілік хаттары солардың сөздерінен басталып отырған» [8, 17-18]. Осы пікірді одан әрі жалғастыру мақсатымен тағы бір мысалды келтірейік. Торғай өңірінде болған орыс саяхатшысы-журналисі Дмитрий Львовичтың очеркінде қонаққа сый-құрмет көрсеткен үй иесі Нүрпейіс қазақ ән-күй өнерімен таныстыру үшін сол ауылдың кәрі ақыны Абылай Қарабатыровты шақырыпты. Бірнеше өлең айтылғаннан кейін, ақын «Татьянаның әнін» шырқайды. Сонда Дм.Львович: «Шынымды айтайын – мен құлағыма сенбедім. Қарт қазақтың Татьянаның Онегинге хатын ән етіп айтқанын елестетіңізші. Хат кереметтей табысты болды, оның үстіне біз күткендей оған Нұрпейістің әйелі ерекше құрметпен қарады» деп тамсана жазған болатын [10, 376].

Абайдың ән мұрасы өзінің эстетикалық және көркемдік құндылығымен заманауи ұлттық өнердің қайнар-бұлағына айналды. Абай мелосын, өлеңдерін арқау етіп, Қазақстан композиторлары әр жанрда көптеген туындылар жазды. Мысалы: бұл Евгений Брусиловскийдің «Жалғыз қайың» атты симфониялық поэмасы, Еркеғали Рахмадиевтің Абай өлеңдеріне шығарған вокальді циклы, Ғазиза Жұбанованың «Татьянаның хаты» атты кантатасы, Сыдық Мұхамеджановтың «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» деген романсы және тағыда басқа музыкалық шығармалар. Абай тақырыбына арналған туындылардың ішінде Мұхтар Әуезовтың либреттосына жазылған «Абай» операсының орны ерекше. Мұнда Абай әндерін опера жанрының заңдылықтарына үйлестіріп, оларды түрлі модификацияға салған, вокальдық, хорлық, оркестрлік бай тәсілдермен тереңдетіп, асқан кәсібилікпен игерген тұңғыш ұлттық композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди. Опера 1944 жылы 24 желтоқсанда айында тұңғыш рет сахнада көрсетілді. Абайдың туғанына 100жыл толуына арналған бұл шығармада классик-композиторлар А.Жұбанов пен Л.Хамиди халық данасы Абайдың әндерін лайықты түрде пайдаланды. Абай ұрпақтары – Мәкен Мұхамеджанова мен Әрхам Ысқақовтан жазып алған өлеңдер бірнеше нұсқаларымен келтіріліп, сюжеттік желіс заңдылығы арқылы, кәсіби әдістерімен безендіріліп, жан-жақты шығармашылық үрдістермен байытылады. Мұнда негізгі кейіпкер – Абай образы жоғарыда айтылған тәсілдермен шынайы көркемдік деңгейде суреттеледі. Опера авторлары көптеген ұлттық бояумен сахна көріністерін реңдеп, фольклордың музыкалық-поэтикалық жанрларын кеңінен келтірді – олар, тойбастар, беташар, жаржар, жоқтау, шешендік сөз, толғау, терме, ойын-сауық түрлері және т.б. Абайдың музыкалық мұрасы әрқашанда өзінің көркемдік сипатымен, терең ой, мағыналы мазмұнымен және бекзаттылығымен көптеген оқымысты-ғалымдарды, фольклортанушыларды қызықтырып, олардың зерттеу нысанына айналды. Олар – С.Рыбаков, А.Бимбоэс, А.Затаевич, А.Жұбанов, Б.Ерзакович, Г.Чумбалова, В.Дернова, Г.Бисенова және тағы басқалар. Ұлы кемеңгердің өміршіл дәстүрі қазіргі кезеңдегі

өнердің барлық түрлерінде – музыкалық, драмалық, бейнелеу-
қолөнер және кино өнерінде өзінің жалғасын табуда. Ал ұлттық
музыканың классикалық туындысы – М.Әуезовтің дибреттосына
жазылған А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының

жаңа қойылымының тұсаукесері 2012 жылдың 21қыркүйегінде
Майнингенде (Германия)болды.
Ахмет Жұбановтың шөбересі, әлемге танымал дирижер Алан
Бөрібаевтің жетекшілігімен қойылған операда (неміс тіліне

аударған Альвина Майсснер) Абай бейнесін Дон Хес Шин,
Айдарды – Родриго Поррас Гаруло, Ажарды – Камила Риберо-
Суза сомдап, басқа өнер шеберлерімен бірге өздерінің вокалдық
және орындаушылық дарындарын биік дәрежеде көрсетті.

Бұл халқымыздың мақтанышына тұрарлық тарихи оқиға
арқылы ұлы Абай бейнесі сонау Еуропаның сахна трагедиялық
төріне шықты. Қойылымнан Еуропа жұртшылығы Абайдың
трагедиялық тағдыры мен гуманистік, прогрессивтік болмысы

туралы терең толғандырған мағлұматтар алды.
Абай әндері – музыкалық өнердің інжумаржаны, асып
мұрасы.
Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған – деген.
Абай жаңа мыңжылдықта сәулелі бейнесімен, әсем әндерімен
әрдайым өз ұрпақтарымен бірге. Оған тағы бір дәлел – Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Мәдени

мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген көп
томдық «Қазақ музыкасының антологиясында» Абай әндері
лайықты орнын алды.
Классик композитор Абай Құнанбайұлының музыкалық

мұрасы қазақ мәдениетінің даму жолында жаңашыл көркемдік
бағыт әкелді. Мәнерлі интонациялық тілімен, поэтикалық
үндестігімен, ұлттық сипатымен, құрылымдық және стильдік
ерекшеліктерімен, эстетикалық және мазмұндық құндылығымен

кемеңгер қаламгердің әндері мәңгілік рухани болмысымен
сарқылмас ғасырлар қазынасы болып қала береді.

Әдебиеттер: 1. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. –

Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2007. Т.27. – 448 б. 2. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. –Алма-Ата: Ғылым, 1993. – 456 с. 3. Әуезов М. Абай жолы роман-эпопея. 1-кітап. – Алматы:

Жазушы, 1989. – 608 б. 4. Музыкальная культура Казахстана. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1955. – 176 с. 5. Ахметов З. Казахское стихосложение. – Алма-Ата: Наука, 1964. – 458 с. 6. Шагинян М. Гете. – М.-Л., 1950. – 360 с. 7. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. –

Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2007. Т.30. – 452 б. 8. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. –

Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2007. Т.32. – 456 б. 9. Бисенова Г.Н. Песенное творчество Абая Кунанбаева. –

Алматы: Дайк-Пресс, 1995. – 168 с. 10. Ерзакович Б.Г. Песенная культура казахского народа. –

Алма-Ата Наука,1966. – 340 с.

ХІ. АБАЙ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ

Зәки АХМЕТОВ

АБАЙ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ӘДЕБИЕТ

«Абай және әлемдік әдебиет» тақырыбының қырлары, бағыт-
бағдары көп. Сондықтан да оның ең алдымен сөз етілетін немесе
сөз етілуге тиісті негізгі бағытын анықтап, шекарасын белгілеп,
басты мәселелерін атап көрсетуге аса қажет.

Әдетте, бұл тақырыпты қозғағанда, көбіне Абайдың шығыс
классиктерімен шығармашылық байланысы, орыс классиктері мен
батыс-евролық ақындар шығармалырынан аудармалары жайында
айтылады. Абайдың ежелгі антика философтарының, шығыс

халықтарының ақындары мен ойшылдарының шығармалырымен,
орыс және европа қоғамдық ойының, әдебиет пен мәдениеттің
өкілдерімен таныстығына көңіл бөлінеді.
Осыған оай Абай шығыс мәдениеті мен философиялық

ойларының жетістіктерін қандай шамада қабылдады деген сияқты
сауалдар алға тартылды, орыс классиктері (Пушкин, Лермонтов
т.б.) мен Абай шығармаларының кейбір тақырып сарындарының
үндестігі атап көрсетілді.

Қалай болғанда да көптеген авторлардың Абайдың өз
шығармаларын орыс, тағы да басқа тілдерге аударуға қатысты
жайлар да еніп кетеді. Бұған қазақ классигінің шығармаларын кең
насихаттайтын таяу және алыс шетел халықтарының тілдеріндегі

әр түрлі мақалалар мен еңбектерді де жатқызуға болады. Осы және
осыған ұқсас проблемалардың ерекше маңызды екендігі белгілі,
алайда барлық мәселе олардың қаншалықты мұқият әрі дәлелді
түсіндірілуінде.

Бұған қоса айтқымыз келетін нәрсе, бұл тақырыпты меңгеруде
Абай шығармашылығының дүние жүзілік мәнін ашуға, оның әлем
әдебиетіне қосқан үлесінің құндылығына аса қырағылықпен зейін
қойылуы керек. Десек те бұл мәселені кеңірек түсіндіру үшін

алдын ала бір талкй зерттеу жұмыстарын жүргігу қажет екендігі
түсінікті, яғни Абайдың өмірі мен шығармашылығын оқып білу
жоғары деңгейге жеткен бүгінгі таңда ғана бұл міндетке шыңдап
кірісуге мүмкіндік туды.

Бірақ қиындық мынада, дүние жүзілік әдеби процесс пен ұлттық
тарихи-әдеби процесті әлемдік әдебиет пен мәдениеттің дамуы
шеңберінде алып зерттеу мен баяндап айтудың методологиялық
принциптері әлі толық жетілмеген. Әр түрлі континенттер мен

халықтар әдебиетінің өзара қатынасы мен ықпалын зерттеудің
байырғы методологиялық принциптерінен біз көпшілігінде
бас тартуға мәжбүр болдық. Өйткені олардың кемшіліктерін
айқын көріп отырмыз. Ал барынша жетілген жаңа принциптер

әлі қалыптасқан жоқ. Дегенмен біздің әдебиеттануымызда бұл
тұрғыда құнды да тәуір тәжірибе бар, оны бағалай білу керек.
Абайдың шығармашылық мұрасын жалпы түркілік әдеби-
мәдени контексте зерттеп тануға шын мәнінде енді ғана кірістік.

Өйткені бұған дейін негізінен алғашқы барлау түріндегі жұмыстар
ғана атқарылды. Түркі халықтарының ақындық өнері мен
әдебиетінің тамырластығын ұғыну қазір осы заманғы тарихи-
әдеби процестерді барынша шынайы танытатын түсініктермен

сәйкес келуі тиіс.
Егер Абай творчествосын әлемдік әдебиет контексінде алып
зерттеп тану, ұғыну жайын сөз етсек, бұл жауапты да күрделі
міндет. Өйткені күні бүгінге дейін қазақ әдебиеті әлемдік тарихи-

әдеби көне күллі мәдени процеске қатысты терең зерттелген жоқ.
Іс жүзінде мұндай міндет қойылмайды. Қазақстан өз егемендігін
алған қазіргі кезде ғана бұл мәселе айрықша маңызды болып
отыр. Әрине, бұл тұрғыда жекелеген құнды пайымдаулар мен

топшылаулар айтылып келді. Бірақ біз қазақ әдебиетінің тарихы
мен қазіргі даму барысын әлемдік әдеби процесс контексінде,
ежелден мәдени дәстүрі ұқсас халықтардың әдебиетімен өзара
қатынаста алып, тыңғылықты да терең зерттеп, ұғындыру жайын

қозғап отырмыз.
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін дүние жүзілік
қоғамдастықтағы өзінің орнын анықтау, сондай-ақ әлемдік көркем
прцестің даму контексінде өзінің әдебиеті мен мәдениетінің ұлттық

ерекшеліктерін терең ұғыну аса маңызды екені күмән тудырмаса
керек.

Енді тақырыбымызға қатысты азды-көпті зерттелген, не әлі
де жете шешілмеген мәселелердің бағыт-бағдарын белгілеп
алған соң, осы жайлардың мәнін Абай творчествосы мен өміріне
қатысты нақты деректерге және оның әдеби байланыстарына

сүйене отырып ашуға тырысамыз.
Ең алдымен айтқымыз келетіні, Абай творчествосының дүние
жүзілік маңызы оның туған халқының түпкі мақсатын білдіре
отырып, жалпы адамзаттық құндылықтардың мәнін терең түсінген

ұлы ақын әрі ойшыл болғандығымен анықталады.
Абай шығармаларында қазақ қоғамының өзекті, өте маңызды
мәселелер қозғалып, халық тағдыры, өмірдің мәні, адамзаттық
міндет, адамдардың қоғамдағы қарым-қатынасы туралы терең

ойлар айтылады, өткінші де мәңгі өмір т.б. жайлы топтаушылар
да кездеседі. Абай шығармаларын оқи отырып, біз оның адам
жаны мен уақыт рухын терең түсінген дарын иесі болғандығына
көз жеткіземіз. Ақын қоғам өміріндегі болып жатқан әр түрлі

өзгерістерді сезімталдықпен қабылдап отырады.
Абай есімі қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен
әлеуметтік рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің
өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы

болып қалыптасқан.
Әрине, ғасырлар бойы қалыптасқан жыраулық, ақындық
дәстүрге бай қазақ әдебиетінде жаңашылдық жолға түсу оңайға
соққан жоқ, алайда реалистік принциптерге негізделген жаңа жазба

әдебиетін дамыту тарихи қажеттілік болды. Абай шығармалары
осы қоғамдық сұранысқа толық жауа берді.
Абай творчетвосының жаңашылдық сипаты жайына келсек,
оның поэзиясын, творчествосы ұлттық дәстүрдің өзгеше бір

жиынтығы есебінде қарап және шығыс пен батыс мәдениетінің
жетістіктерін шығармашылықпен қайта қорытып, қабылдай
білгендігін айтқанымыз жөн. Мұндай жағдайда ұлттық әдебиет
іштей жетілген және қоғамдық өмірдің аса қажеттілігіне айналған

кезде ғана жаңа сатыға көтерілгендігін естен шығармауымыз керек.
Абай шығармашылығы дербес даралық шыңына жеткен,
ол ұлттық сөз өнерінің дәстүрлерімен, дүниетанымдық және
мәдени үрдістермен тығыз байланысты жалпы рухани көрінісі

болып табылады. Сонымен қатар қазақ халқының орыс және
әлем мәдениетімен таныс болуы қажеттігін тереі түсінген Абай

шығармалары басқа халықтардың арман-мүддесіне де үндес, өйткені ақын уағыздаған әлеуметтік әділдік, адамгершілікті қастерлеу жайлы ойлары, жоғары гуманистік идеялары барша халық жүрегінен орын алады. Абайдың ұлттық мәдениет шеңберінде шектеліп қалмағандығы, өзге халықтардың әдебиеті мен мәдениетіндегі жетістіктерді жіті қадағалап отырғандығы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды қабылдауға қабілетті болғандығы туралы айтқанда біз, әдетте, ақын өмірбаянының нақты деректеріне сүйенеміз. Жас Абай медреседе оқын жүрген жылдардың өзінде шығыс классиктерінің шығармаларымен танысады. Оған қоса орыстың приходская школасында дәріс алып, тез арада орыс тілін де меңгереді. Қазақстан медреселерінде мұқият оқытылған Қожа Ахмет Яссауидің шығармашылық мұрасы («Диуани хикмет») мен басқа да ойшылдардың еңбектері сияқты екінші Аристотель атанған Әл-Фараби еңбектері Абайдың Аристотельге және басқа да ежелгі грек ойшылдарына деген қызығушылығын арттыра түсті. Балалық шағындағы бір өлеңінде Абай өзі көркем сөздің жас шеберлері деп санаған шығыс ақындарының ішінен Фердауси, Физули, Сейхали, Науаи, Сағди есімдерін атайды. Әрине, Абай тек осы ақындардың ғана шығармаларын оқып білген жоқ. Сондай-ақ мәселе олардың аттарын нақты атап көрсетуге емес. Ең бастысы, Абайға жас кезінің өзінде-ақ Рудаки мен Фердоусиден бастап, ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бас кезіне дейінгі, яғни өзіне дейінгі, арабпарсы және бүкіл түркі поэзиясының көркемдік жетістіктерінен үйренуге жол ашық болды. Абай дәуірінде халық арасында парсы, түркі әдебиетінің озық үлгілері кең тараған еді. Шығыстың белгілі ертегілері, аңыздары мен эпикалық поэмаларының сюжеттері ауызша баяндау арқылы, ақын-жыраулар айтуыменкөпшілікке жетіп жатты. Шығыс сюжеттерін өлеңмен баяндау қазақ поэмаларымен теңдей айтылып, көпшілік қауымының игілігіне айналды. Олардың қатарында «Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп пен Зылиха», «Сейфүл-Мәлік», «Бозжігіт», «Шахнама» оқиғасына құрылған поэмаларды және басқаларды да атауға болады. Сондай-ақ халық арасында «Панчатантра», «Қалила мен Димна», «Тоты-нама», «Көрұғлы», «Манас» т.б. жырлар кең тарады. Сондықтан да медреседе оқыған жылдардан кейінгі кезде де Абайдың осыншама бай мәдени мұралармен танысуына

мүмкіндігі мол болды. Расында, ақындыққа шындап бет қойған кейінгі жылдарда ол шығыс ақындарына үнемі ден қойып, шығыс сюжеттерін айтып таратып отырды. Абай Рашид-ад-дин, Бабыр, Әбілғазы, Табари, Рабғузилардың тарихи еңбектерін оқыды, татар ағартушыларының шығармаларымен таныс болды. Абайдың кейінгі, кемелденген шағында да шығыс ойшылдарының философия, теология, логика, тарих жөніндегі еңбектерін терең зерттегендігін, түркі поэзиясымен қатар араб, парсы поэзиясына қызығуын қоймағандығын оның шығармаларынан да байқауға болады. Абайдың шығыс авторларының философия, теология жөніндегі еңбектерін жете білгендігін оның прозалық шығармаларынан байқасақ, шығыс поэзиясына деген қызығушылығының кемімегендігін поэмаларына үңілгенде аңғарамыз. Абайдың «Өзім» поэмасының сюжеттік желісі «Мың бір түннің» оқиғасынан алынған. «Масғұт», «Ескендір» поэмаларының оқиғалары да шығыс әдебиетінің дәстүрімен тығыз байланысты. Алайда, бұл поэмаларда ескі сюжеттер жаңаша мәнге ие болатындығын атап өткеніміз жөн. Байқасақ, Масғұт пен Ескендір есіміне қатысты Абай баяндап отырған аңыздар мейлінше шарттылығына және тарихи мерзім алшақтығына қарамастан жаңа кезеңде де өмір алға тартып отырған сауалдарға жауап бере алады, қалай болғанда да, олар жайында ойлануға түрткі болады. Жылдар өте Абайдың батыс-европа елдерінің қоғамдықфилософиялық жетістіктеріне, жаңа дәуір авторларының, атап айтқанда, белгілі француз, ағылшын, неміс ағартушыларының шығармаларына деген ынта-ықыласы арта түседі. Семейде Абай орыстың Е.П.Михаэлис, Н.И.Долгополов, С.С.Гросс сияқты саяси жер аударушыларымен танысады. Олармен пікірлес болуы оны орыс әдебиеті мен қоғамдық ойлар тарихын оқып біле түсуіне себін тигізді. Сонымен қатар олардың қазақтың өмір тұрмысы, мәдениетімен танысуына Абайдың да көмегі аз болмаса керек. Абай өзінің шығармашылық ізденістерінде Пушкин, Лермонтов, Крылов, Некрасов, Белинский, Чернышевский, Тургенев, Салтыков-Щедрин, Лев Толстой сияқты орыстың көркем сөз шеберлері мен ойшылдарының өнегесінен тағылым ала білді. Ол классиктермен қатар Я.П.Полонский, И.А.Бунин сияқты өзімен замандас ақындарды да зейін қоя оқыды.

Абай орыс жазушыларының шығармалары үстем таптың
өктемдігі мен зорлығына, надандық пен мешеулікке қарсы
күресте, ағартушылық пен халық мүддесі үшін күресте өткір
құрал екенін жақсы түсінді. Орыс әдебиеті арқылы Абай

дүниежүзі әдебиетінің реалистік дәстүрлерін меңгере білді.
Дарынды композитор Абай орыстың музыкалық мәдениетіне
де ерекше көңіл бөлді. Ол орыстың жекелеген романстарын
(А.Рубинштейн,

Г.Глинканың)
қызықтап
еркін
аударма

жасайды. Гете, Байрон, Шиллер сияқты батыс-европа ақындары
да Абайдың назарын аударады.
Орыс поэзиясын терең түсінген Абай Пушкин, Лермонтов,
Крыловтың

бірталай
шығармаларын
аударды.
Әсіресе,

Пушкиннің «Евгений Онегині» Абайды аса қызықтырды. Одан
аударғаны жеті өлең түрінде берілген. Олар: «Татьянаның
Онегинге жазған хаты», «Онегиннің Татьянаға жазған жауабы»
(екі вариантта), «Онегиннің сөзі», «Онегиннің Татьянаға жазған

хаты», «Татьянаның сөзі», «Ленский сөзі».
Абайдың «Евгений Онегиннен» аудармалары мазмұны мен
мәні жағынан бір тұтас, олардың тақырыбы Онегин иен Татьяна
арасындағы қарым-қатынас тек Ленский монологының шағын

үзіндісі ғана қалайда Абайдың ойы оның бейнесін азды-көпті
толық суреттеу болғандығын аңғартады.
Өзінің шынайы сезімін сүйіктісіне хат арқылы білдірген,
кейінірек басқа адамға тұрмысқа шығып, Онегин қайта

келгенде өз ісінің дұрыстығына толық сеніммен қарап,
күйеуіне адалдығын сақтай білген Татьяна бейнесі сол кездегі
қазақ өмірінің жағдайында жастар үшін еркін махаббаттың,
адалдықтың, тұрақтылықтың үлгісіндей болды.

Абай Лермонтовпен шығармаларындағы кейбір тақырып-
сарындарының үндестігі жағынан жақындық, жалғастық
танытады. Лермонтовтың өмір жайлы толғаныстары, «жанды
ауыртып, жүректі сыздататын» (Белинский) сауалдары Абай

көкейінен орын тапты. Соның нәтижесінде әдемі, әсерлі
аудармалар дүниеге келді. Олардың ішінде «Ой», «Жолға
шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Қамқор», «Теректің
сыйы», «Асау той, тентек жиын, опыр-топыр», «Жалау»,

«Жартас», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Альбомға», «Тұтқындағы
батыр», «Күнді уақыт итеріп...» сияқты өлеңдері бар. Сондай-ақ

Лермоновтың «Демон» поэмасы мен «Вадим» повесіне аударуға
да көңіл қояды.
«Жолға шықтым бір түнде жалғыз», «Альбомға», «Жалау»
өлеңдері қазақ тіліне түп нұсқадан алшақтамай аударылған

болса, «Ой» атты өлеңі қазақ өмірінің шындығына сай еркін
аударылған.
Абай сатирасының тақырып аясын Крыловтан аударған
шығармалар кеңейте түсті. Олар демократиялық көне реалистік

тұрғыда жазылған бір қатар тақырыптарды енгізді. Абай «Ала
қойлар», «Қарға мен түлкі, «Шегіртке мен құмырсқа», «Жарлы
бай», «Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Емен мен шілік», «Бақа
мен өгіз», «Есек пен бұлбұл» т.б. мысалдарды қазақ тілінде

жаңаша жаңғыртып, қайта туғызды.
Абай аудармалары – төл шығармаларының бөлінбес бір
бөлігі,
сондықтан олардың ішінде төл-тума

шығармаға
айналған еркін аудармалар көп. Ақынның көзі тірісінде-ақ
оның аудармалары кең тарап, қаақтардың алдыңғы қатарлы
орыс мәдениетімен алмасуына қызмет етті. Абай өзі арнайы

ән шығарған «Татьянаның Онегинге жазған хаты» т.б. бірқатар
аудармалары халық арасына кеңінен тарады.
1903 жылы В.П.Семенов редакциялауымен шыққан «Россия»
журналының 18-томында Абайдың «Евгений Онегинді» және

Лермонтовтың көптеген өлеңдерін аударғандығы, бұған қоса
«Татьянаның Онегинге жазған хаты», «өз әуенімен» (әуенін
жазған Абай) орындалып жүргендігі жайлы мәлімет айтылады.
Шынында әнін Абай жазған Татьянаның екі әні бұрыннан

айтылған, қазір де айтылып жүр. Біріншісі – «Татьяна сөзі»
(Тәңірі қосқан жар едің сен»), екіншісі – «Татьянаның Онегинге
жазған хаты» («Амал жоқ – қайттым білдірмей»).
Біздің заманымызда ұлы ақын әрі қоғамдық қайраткер ретінде

Абайдың аты әлемге әйгіленуіне, әсіресе, әдебиет пен мәдениет
қайраткерлерінің кеңінен танып-білуіне М.Әуезовтің «Абай
жолы» роман-эпопеясы күшті ықпал етті. Қазіргі таңда шет ел
жазушылары М.Әуезов жайлы, «Абай жолы» роман-эпопеясы

жайлы сөз еткенде Абай туралы, оның қоғамдық және ақындық
қызметі туралы айтуы табиғи нәрсе.
Шыңғыс Айтматов: «Абай және Әуезов менің ұғымымда
бөлінбес тұлғалар. Мен Абайды Әуезов арқылы таныдым» –

деп жазды. Көптеген елдердің әдеби қайраткерлері Абайды
өз халқының ақыны әрі ағартушысы ретінде жоғары бағалай
келе, оның шығармашылық мұрасының жалпы адамзаттық
құндылығын атап айтады.

Ақынның көптеген елдерде танымал болуы ұлтаралық
мәдени байланыстың деңгейі мен көлемін көрсетеді. Сондықтан
да Абай есімі мен оның шығармалары Ресей және бұрынғы
Кеңес Одағының құрамынан шыққан елдерде біршама кең

тарағаны түсінікті. Бұрыннан достық қарым-қатынасқа келе
жатқан Ресеймен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты
республикалардың бір-бірімен тілдерінің жақындығы, мәдени
ұқсастығы рухани байланыстарымызды ығайтуға жағдай

жасайды.
Абай шығармалары қазақ тілінде ең алғаш 1909 жылы
Петербургте жарық көргендігін атап айтқанымыз жөн. Жаңа
өлеңдері еніп, 1916 жылы Орынборда басылып шыққан екінші

кітабынан кейін, 1922 жылы Абай шығармаларының қазақ
тіліндегі екі басылымы Ташкент пен Қазанда жарық көрді.
Абай шығармаларының кең насихатталып, танылуына орыс
тіліне аударылуы айтарлықтай септігін тигізді. 30 жылдардың

ортасында Абай шығармалары бірнеше рет орыс тілінде
кітап болып шықты. Бұл іске Вс.Рождественский, П.Шубин,
Л.Озеров, В.Шкловский сияқты ақын-аудармашылар салмақты
үлес қосты. Егер бұрын Абай шығармалары орыс тіліне сөзбе-

сөз келтірілген орысша текстен аударылса, соңғы кезде тікелей
қазақ текстінен аударылып жүр. Олар С.Санбаев, Р.Сейсенбаев,
К.Бейсенбаева, Ә.Қодар т.б. аудармалары. Абай шығармаларын
әр кезеңде өзбек, қырғыз, татар, әзірбайжан, ұйғыр, түрікмен

тілдеріне Ғафур Гулям, Ұйгун, Миртемір, Насыр Фазыл, Аалы
Тоқамбаев, Жоморт Бокомбаев, Хасан Туфан, Зәки Нури,
Н.Арслан, Н.Гянджали, Г.Ғасымзаде, А.Зиятай, С.Рустам,
М.Рагим,

И.Саттаров,
К.Хасанов,
М.Сеидов,
К.Әзизов,

М.Баймұрадов сияқты ұлттық әдебиеттің өкілдері аударды.
Абай шығармаларының аудармалары Украина, Белоруссия,
Молдавия, Литва, Армения, Грузия, Түркия, Қытай, Монғолия
және басқа да елдерде жеке кітап болып басылып шықты. Абай

шығармалары ағылшын, араб, француз, неміс, поляк тілдеріне
де аударылды.

Осы материалдарды түгелдей жүйелеп қорыту-сыншылар
мен зерттеушілердің ісі. Кейбір сын пікірлер мен ойлар
негізінен Абай шығармаларының орысша аудармаларына, онда
да ертеректе жасалған аудармаларға қатысты айтылады.

Әдебиеттің көрнекті өкілдері – Леонид Леонов, Леонид
Соболев, Николай Тихонов, Сайфи Құдаш, Берді Кербабаев,
Қайсын Қулиев, Давид Кугильтинов және басқалардың жекелеген
пікірлерінен олардың Абай тұлғасының маңызын түсінуі

мен бағалауы, қазақтың ойшыл ақынының шығармаларынан
алған әсерлері аңғарылад. Сондай-ақ көптеген елдердің
әдебиет зерттеушілері өздерінің ғылыми мақалалары мен
зерттеулерінде Абай шығармаларына көңіл аударарлықтай

талдау жасаған. Әйтсе де Абай шығараларының түрлі елдердің
әдебиет қайраткерлерінің тарапынан берілген бағалы пікірлерге
қатысты және басқа ұлттар арасында қабылдануына байланысты
мәселелер әлі де өз зерттеушілерін күтуде. Қазақстанның мәдени

қатынастары нығая түскен бүгінгі таңда Абай шығармалары
аударылатын аясы да кеңейе түсетіні күмәнсіз. Осыған орай
қалың оқырман қауыммен бірге шетел әдебиетшілерінің де
Абайға деген ынта-ықыласы арта түседі.

Абай сепкен ұрық, еккен дәндер бір ғасырдан бері өсіп-өніп
біздің әдебиетімізді, мәдениетімізді, бүкіл рухани өмірімізді
көркейтіп келеді. Абай шығармашылығы ұлттық приоритеттерді
адамзаттық құндылықтармен үйлестіру принципін өмірге

енгізудің маңыздылығы барынша өткір сезіліп отырған
біздің бүгінгі уақытымызбен үндес. Әдебиет классиктерінің
шығармалары халықтарды жақындастырады және олардың
мақсаттарының ортақ екендігін түсінуге көмектеседі. Бұл

Абайдың шығармашылық мұрасына толық қатысты.

СОҢҒЫ СӨЗ ОРНЫНА

Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ

ЖҰМБАҚ АДАМ...

Абай – танып болмаған ұлы құбылыс қана емес, бүгінгі күнге
дейін ақын әлемін толықтай шеше алмай келе жатқан жұмбақ
жан. Бірнеше ғасырдан бері Абай жұмбағының кілтін табуға
ұмтылушылық бір сәт толастаған емес. Зерттеген сайын Абай

заңғары биіктей береді, рухани әлемі өзіне тәнті ете түседі.
Заманымыздың заңғар саясаткері, қазақ әдебиетінің білгірі,
Елбасы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Абай туралы сөз» деген терең

мағыналы мақала жазды. Сол Елбасы айтқан ой-тұжырымдардан
ұзынды-қысқалы мысалдар легін қатар қойып, саралап көруге
тырысалық.
Н.Назарбаев:

...Абайдың аты жаңаша асқақтап, халқымыздың мәртебе-
мерейі жаңа биікке көтерілумен келеді.
...Бір кезде абзал ақынымыздың асыл мұрасының таптық
идеология табанында тапталып қалмай, жаңа ұрпақтармен бірге

жасайтын мәңгілік құбылысқа айналғанына қуандық.
...Абайды Абай қылған қилы тарихтың қырық қатпар
шындығы қазіргі заманалық құбылыстармен тікелей жалғасып
жатыр.

Абай... ғаламат тәуекелге бара алған ерекше парасат пен
ерекше рух иесі.
...Халқына жаны шындап ашитын қайраткер орға жығатын
емес, өрге бастайтын жол сілтейді.

...Абай қазақтың суырып салма поэзиясын шын мәніндегі
реалистік жазба поэзияға айналдырушы...
...Өміршілдік – Абай дүниетанымының ең терең және етене
қабаттары еді.

...Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті.
...Абай армандары – тек бір ғана ұлт ұстанатын мұраттар
емес, күллі адамзат ұстанатын мұраттар...
Иә, зиялы қауым. Жұмбақ жанның кілтін табу, яғни

ақынның рухани әлеміне бойлау, оны тануға талпынушылық
қиынның қиыны. Өйткені Абай өткен замандарды, өзі өмір
сүрген заманды, болашақ заманды да ойластырып, қазақ деген
халықтың болашағына сеніп, табиғатындағы кем-кетігін сын

тезіне алып, өз ұлтын өзі түзеген ұлы ұстаз, ұлы ақын.
Абай халық энциклопедиясының жиынтығы. Одан тарихты,
қазақи әдеп-ғұрыпты, ұлттық психологиялық танымды, бір
сөзбен айтқанда ұлттық тәлімнің күнгейі мен көлеңкесін

көресің, өзіңнің кем-кетігіңді танисың. Яғни Абай қазақ жерінен
баяғыда-ақ ғарышқа шығып кеткен ұлттың ұлы тұлғасы. Енді
сол биіктен Егемен, Тәуелсіздік құрған ұрпағының тірліктеріне
риза көңілмен зер салып, «Айтқан сөзі қор болмағанына» риза

кейіппен, өзі салған соқпақ жолмен мыңдаған заман керуендері
Европаның қабырғасын қаусыратып, мұхиттың ортасындағы
елдің тілеулесі болып, кешегі өзі де дос болған орысы дос
болып, қытайы тілеулес болып отырғанын көріп, әр жағына

риза кейіппен қарап отырған болар.
Расында, Н.Ә.Назарбаев айтқандай, жаныңды беріп оқу ғана
керек емес, оны кестенің жүзіндей, кестенің бізіндей өрнектеп
салып қою аз, оны жүрекке тоқып алмақ керек. Сонда ғана ұлы

ғұламаға бір табан жақындайсың. Жақындауың мүмкін, бірақ
оны танып-білу оңай емес.
Абай әлемі, Абайдың рухани әлемі ғарыш сынды тылсым.
Марс, Сатурн жұлдыздары сияқты жеткізбейді. Тек оны

жүрекпен, тілекпен зерттейсің. Өйткені сен оқыған өлеңнің
ерекше өлшемі бар. Сондықтан да Абай қай заманда да түсінікті,
қай қоғамда да қажетті, қай кезеңде де қасиетті. Бір ғажайып
өлшем. Абай ешқашан өткен шақтың адамы болмайды.

Ұлы Абай мұрасын зерттеуші, марқұм академик Зәки
Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» атты көлемді кітап жазған
еді. Жүрегімен, ерекше махаббатпен жазылған кітаптан
Абайтанудың көптеген соқпақты жолдарын табасың.

Кезінде Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы «Қазақ» газетінде
«Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақаласын жазған-ды. Ақаң

«Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз
білетін ақын болған жоқ» деп ағынан жарылған-ды.
Академик Зәки Ахметов «Абай шығармаларын қалай түсініп,
қаншалықты терең талдап, дұрыс бағалап жүрміз» деген

мәселені айтуы ойлануға тұрарлық. Абай сөздерін түсінудің
оңай түсе қоймайтынын кезінде Байтұрсынов атап айтқаны тегін
болмаса керек. Зәки Ахметов «Абайдың айта алмағанынан
болған емес, біздің жете түсінбеушілігімізден болған шығар

ау» дегенді ойлап қойса артық емес секілді» деп, керемет
ниет сөз жазған-ды.
Заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы Мұхтар Әуезов:
«...өлеңдері басылған сайын Абай да көктемгі ормандай жасара

бермек. Ал, халық бар жерде, оның адал перзенттері де мәңгі
жасамақ. Міне, Абайдың өзі көзден таса болса да, сөзі көңілге
ыстық көрінетіні содан. Ұлы атамыздың бізге берген еншісі,
қалдырған аманаты осы асыл сөздері. Біз оны ардақтаймыз да

мәпелейміз. Аз өмір сүріп, азапта өткен Абай бүгін бізбен бірге
мың жасап отыр», – деп еді.
Және де:
«Абайдай адал жанға біздің айтарымыз – қабыл аламыз

асыл сөздеріңізді, көздің қарашығындай сақтаймыз, өзің
айтқан қары қалың қыстан соң көп ұзамай жадырап жаз да
келді. Мынау жадыраған жарқын өмірдің жазында біз әрқашан
да саған сансыз борыштымыз, сенің рухыңды тебіренткен

сөз шебері Толстой, жыр шебері Пушкин, Лермонтовқа да
борыштымыз, біз әрқашан да саған орнатқан ұлы ескерткіштің
түбіне барып, бөркімізді алып бас иеміз. Дүние жүзі классиктері
мен орыс классиктерінен қалай үйрену өрнектерін әуелі сенен

үйрендік. «Әкенің баласы болма, адамның баласы бол – адам
баласы бауырың» деген өсиетіңді көкіректе нық сақтаймыз.
Міне, «Абайдай» роман-эпопея жазған ұлы Мұхтар сөзінде
ұлттық кішірею мен ұлттық өсу бар. Қазақ бұрын да, қазір

де, болашақта да Ұлы Абайымен мақтана бермек. Пушкин,
Достоевский, Лермонтов, Шекспир сынды алыптардың тобында
Абай орнатқан жыр күмбезі жарқырап тұра беретіні сөзсіз.
Өйткені Абай дара ақын, дана ақын, бірнеше ғасыр алға озып

кеткен кемеңгер ақын.
Академик
Ғарифолла
Есім:

«XІX

ғасырдың
екінші

жартысында қазақ болмысында дәл Абай болмаса да, сондай
ойшылдың болуы тарихи қажеттілік еді» – деп «Хәкім Абай»
кітабыңда айтқан пікірдің тарихи, саяси, әлеуметтік мәнін әлі
ашуға өреміз жетіңкірімей жүр ме? Бұл да ғалымдар тарапынан

әлі ойлануды қажет етеді.
Профессор Мекемтас Мырзахметов ағамыз, «Абай және
Шығыс» еңбегінде «Туған халқын алға сүйреген ақын
әрекеті өзін қоршаған надан ортамен тартысқа түседі. Озық

жұрт көшіне өршелене тартқан қадамын кейін шегіндіріп,
аяғын шырмай береді... аса күрдслі дүниетанымды мәні бар
ұғымдардың бірі – жан сыры жөніндегі жиі ұшырасатын
көзқарастың сырына терең бойламайынша, оны Абай

ұғынған дәрежеде танудың өзі қиын», – деп жазғанына терең
бойлап көрдік пе?
Исламабадта шығатын газетте «Абай – қазақтардың рухы»
депті. Ал француздық ғалымдар Жоселин Перермен Мариванн

Перер «Абай адамзаттың ойшылы», ал парсы ғалымы
Али Асгар Ширдуст Абайды «Мәдениет пен өркениеттің
сәулетшісі» деп есептейді. Француз ғалымдары Альбер мен
Мадлен Фишер «Абай оқу үшін керек!» деп жазыпты.

Ұлыбританиялық ғалым Хазрат Мирза Тахир Ахмад «Абай
әлемі» атты мақаласында: «Ұлы суреткер ұлы суреткер
болып қала береді. Ол кәрілікті жазса да, адамның куаныш
сәтін бейнелесе де, кешкі апақ-сапақты жазса да, болмаса

арайлы таңды жазса да ол өз мақсатына жетеді. Бұдан
адамзат керемет әсер алып қана қоймай, рухани тыныштық
табады. Мұндай поэзияны, мұндай өнерді жоққа шығаруға
болмайды», – деп таңданыпты. Қандай ғажап, қандай көркем

сөз! Ал француз ғалымы Жорж Буйон «Абай өзгеше, қалың
жұрт ұғына бермейтін ұлы ойшыл» – деп жазыпты. Ал
француздық ғалым Шанталь Лемерси Келкежет мырза «Абай
Құнанбаев ағартушы модернист» деп атапты.

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
ұжымы Ұлы Абай мұрасын үзбей зерттеп келеді. Бүгінгі күні
қуана айтар қуанышымыз да жоқ емес. Осы кезеңдерде Абай
Құнанбаевтың академиялық 2 томдық жинағы, «Абай» тұлғалық

энциклопедиясы жарық көрді.
Қазір Абайтану мектепте пән ретінде оқытыла бастады. Бұл

Абай рухы, Абай поэзиясы жас ұрпақтың жүрегіне өз ұлтына
деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатады деген
сөз. Сондықтан да аталмыш кітапқа ұлы ақынның өмірі мен
шығармашылығы туралы терең, зерделі зерттеулер жүргізген

қазақтың арда ұлдары, Алаш көсемдері Әлихан Бөкейхановтың,
Ахмет
Байтұрсыновтың,
Міржақып

Дулатовтың,
Сәбит
Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтың, Ахмет Жұбановтың, Серік
Қирабаевтың,

Зәки
Ахметовтың,
Рабиға
Сыздықованың,

Мекемтас Мырзахметұлының, Қайым Мұхаметхановтың және
тағы да басқа ғалымдардың зерттеулері енгізіліп отыр.
Қазақ әдебиетінің өркендеуі жолындағы Абайдың тарихи
орны, кемеңгерлігі, ақын мұрасының рухани көздері, көркемдік

әлемі, қалыптастырған әдеби мектебі, данышпандық келбеті,
музыкалық мұрасы, ғақлияның фәлсафалық ой-мұраты атақты
ғалымдардың зерттеулерінен орын алады. Міне, бұл кітап
Абайды жаңаша тануға, оған тәуелсіздік дәуірі көзімен қайта

қарауға мүмкіндік береді.
Абай – мәңгі. Абай ұрпағымен бірге жасай береді.

ТҮСІНІКТЕР

Н.Ә.Назарбаев. Абай туралы сөз – Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1995 жылы 9 тамызда Алматыдағы
Республика сарайында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының
туғанына 150 жыл толуына арнап өткізілген салтанатты жиналыста

сөйлеген сөзі.
Сөз мәтіні Н.Назарбаевтың «Абай туралы сөз» кітапшасы
бойынша (Алматы: «Рауан», 1995. 6-58-бб.) беріліп отыр.
М.Әуезов. Абайдың туысы мен өмірі – ұлы жазушы, ғалым

М.О.Әуезовтің Абай өмірін баяндауға арналған зерттеу еңбегі.
Алғаш рет Абайдың 1933 жылы Қызылордада шыққан шығармалар
жинағында жарияланған. Бұл тұңғыш толық жинақтың басты
ерекшелігі – Абайдың өмірбаяны алғаш рет ғылыми еңбек ретінде

жарық көрді. М.Әуезов ұлы ақын өмірбаянын 1933, 1940, 1945,
1954 жылдары төрт рет жазғаны белгілі. Солардың ішінде кеңестік
таптық көзқарастан тыс, ешқандай саясаттан таза болған 1933
жылғы нұсқа осындай құндылығымен маңызды.

1929-1939 жылдары Қазақстанда ұлт зиялыларын жазалау
саясаты белсенді түрде қолға алынды да, саяси-идеологиялық
қысым салдарынан М.Әуезовтің ғылыми-әдеби шығармашылықпен
еркін айналысуына мүмкіндік болмады. Сол себепті Абай

туралы 1933 жылдан кейінгі жазған ғылыми өмірбаяндарында
әкімшіл-әміршіл жүйенің әсіреқызыл таптық саясаты кесірінен
көп жайларды бүркемелеп, тұспалдап жазуына тура келді. Тіпті
ұлы ақын өмірбаянының соңғы 1957 жылғы нұсқасы да осылай

жазылып жарық көрді. Абай өмірбаянының М.Әуезов жазған
1933 жылғы нұсқасы сол бетінде мына басылым бойынша томға
еніп отыр: Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа (Ибраһим
Құнанбайұлының ғұмырнамасы). Оқу құралы. – Алматы, «Санат»,

1997. 97-158-бб.

Ә.Бөкейханов. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы – Әлихан
Бөкейханның Абайдың қайтыс болуына бір жыл толуы қарсаңында
оның өмірі мен шығармашылығы туралы жазған «Абай (Ибраһим)
Құнанбайұлы» атты мүнаһиб-мақаласы алғаш рет Семейде

шыққан «Семипалатинский листок» газетінің 1905 жылғы 25, 26
және 27 қарашадағы сандарында, кейін 1907 жылы Императорлық
орыс географиялық қоғамының «Записки Семипалатинского

подотдела Западно-Сибирского отдела ИРГО» басылымының ІІІ-шығарылымында жарияланған. Абайтану ғылымындағы тұңғыш мақала. Әлі күнге дейін ғылыми маңызын жоғалтпаған бұл зерттеу Ә.Бөкейханның «Таңдамалы» жинағында (Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1995. 307-312-б.) жарияланған осы мақаласының орыс тіліндегі нұсқасын қазақ тіліне аудару арқылы беріліп отыр. Қазақшаға аударған белгілі әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай. А.Байтұрсынұлы. Қазақтың бас ақыны – Ахмет Байтұрсынұлының 1909 жылы Санкт-Петербургте шыққан Абай жинағына жазған пікірі. Мақала «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 23, 30 қарашадағы және 22 желтоқсандағы сандарында жарияланған. Осы мақала соңындағы «Басылған кітап Ақмола, Семей облысынан басқа облыстарға таралмай жатқаны таңқаларлық іс» деген сөйлемдегі «облыс» сөзі А.Байтұрсынұлының «Ақ жол» жинағында (1991), бес томдық шығармалар жинағының 1-томында (2003) «болыс» деп жаңылыс басылған. «Болыс» пен «облыс» сөздерінің айырмашылығы үлкен, ғалым-ағартушы бұл сөзді Ақмола, Семей сияқты географиялық ауқымы кең облыстарға байланысты қолданған. Сол себепті «облыс» деп оқылуы керек. Бұл жағынан алғанда А.Байтұрсынұлы өзі басқарған «Қазақ» газетінің материалдары басылған «Қазақ» газеті» жинағында (1998) жарияланған «Қазақтың бас ақыны» мақаласының мәтінінде «облыс» сөзі өз мағынасында дұрыс берілген. «Ұлы дала тұлғалары» сериясының осы томында «Қазақ» газеті» жинағында жарияланған мақала негізге алынды: «Қазақ» газеті. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. 71-75-б. М.Дулатұлы. Абай – Міржақып Дулатұлының «Қазақ» газетінде жарияланған мақаласы (1914. 23 маусым). «Ұлы дала тұлғалары» сериясының бұл томында мақала мына басылымдағы мәтіні негізінде берілді: Дулатов М. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Мектеп», 2003.– Т.2. 189-191-б. Қ.Жұбанов. Абай – қазақ әдебиетінің классигі – Құдайберген Жұбановтың (1899-1938) бұл мақаласы алғаш рет «Әдебиет майданы» журналының 1934 жылғы №11-12 санында жарық көрді. Мақала ғалымның мына еңбегі бойынша дайындалды: Жұбанов Қ. Шығармалар мен естеліктер. – Алматы: Өнер, 1990. 28-58-б.

С.Мұқанов. Абай қазақ халқының ұлы кемеңгері – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, академикжазушы Сәбит Мұқанов (1900-1973) абайтануға қомақты үлес қосып, Абай өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген зерттеулер мен мақалалар жазды. Солардың бірі Абайдың туғанына 100 жыл толуына арналып 1945 жылы жарық көрген шығармаларының толық жинағына жазған «Абай қазақ халқының ұлы кемеңгері» атты кіріспе мақаласы. Зерттеу осы басылым бойынша дайындалып берілді: Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы. – Алматы: Қазақтың біріккен мемлекет баспасы, 1945. ҮІІ-ХХІҮ-б. Мақала мәтінінде автор стилі мен емле ерекшеліктері сақталды. Ғ.Мүсірепов. Қазақ әдебиетінің өркендеу жолындағы Абайдың тарихи орны – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, академик-жазушы Ғабит Мүсірепов (1902-1985) бұл зерттеуінің бірінші бөлігін Абайдың 100 жылдық мерейтойына байланысты жазып, 1945 жылы 21 тамызда «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде жеке мақала ретінде жариялаған, ал екінші бөлігін ұлы ақынның қайтыс болғанына 50 жыл толуына байланысты Қазақстан Жазушылар одағында 1954 жылы өткен жиналыста жасаған баяндамасы құрады. Мақала мен баяндама біріктіріліп жазушының «Суреткер парызы» атты жинағында «Қазақ әдебиетінің өркендеу жолындағы Абайдың тарихи орны» деген тақырыпта жарияланды. Зерттеу осы басылым мәтіні бойынша беріліп отыр: Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. – Алматы: Жазушы, 1970. 203-215-б. С.Қирабаев. Абай – қазақ әдебиетінің классигі – көрнекті сыншы, әдебиеттанушы-ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі Серік Қирабаевтың 1995 жылы ҚР ҰҒА-ның Абайдың 150 жылдық мерейтойына арнап өткізген Жалпы сессиясында жасаған осы тақырыптағы баяндамасы қаламгердің «Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет» атты зерттеулер мен мақалалар жинағында жарияланған болатын. Мақала мәтіні осы басылым бойынша дайындалып берілді: Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001.40-46-б. З.Ахметов. Абайдың ақындық шеберлігі – көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі Зәки Ахметовтің (1928-2002) «Поэзия шыңы –

даналық» еңбегінде жарияланған Абай ақындығы туралы тарауы. Зерттеу ғалымның осы іргелі еңбегінің мына басылымы бойынша дайындалып берілді: Ахметов З. Поэзия шыңы –даналық. – Астана, Фолиант, 2002. 236-368-б. Х.Сүйіншәлиев. Абайдың қарасөздері – белгілі әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Ханғали Сүйіншәлиевтің бұл мақаласы ғалымның мына монографиясы бойынша дайындалып берілді: Сүйіншәлиев Х. Абайдың қарасөздері. – Алматы, Қазақтың мемл. көркем әдебиет баспасы, 1956. – 52, 101, 146-150-б. Ж.Ысмағұлов. Абайдың қарасөздері туралы – белгілі әдебиеттанушы-ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымының докторы, профессор Жұмағали Ысмағұловтың (1928-2011) Абайдың қарасөздері туралы жазған ғылыми зерттеуі. Ғалымның басшылығымен жарық көрген мына басылымда жарияланған зерттеуі бойынша тұтас берілді: Абай. Қарасөздер. – Алматы: «Арда», 2007. 116-157-б. Ғ.Есім. Абай Хәкім – белгілі философ-ғалым, профессор Ғарифолла Есімнің «Хакім Абай» монографиясы негізінде дайындалған мақала. Ғалымның осы еңбегінің мына басылымы бойынша жарияланып отыр: Есімов Ғ. Хакім Абай. – Алматы: Атамұра – Қазақстан, 1994. 30-51, 194-195-б. М.Мырзахметұлы. Абайдың адамгершілік мұраттары – белгілі абайтанушы-ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының «Абайдың адамгершілік мұраттары» атты еңбегі негізінде дайындалып берілді: Мырзахметұлы М. Абайдың адамгершілік мұраттары. – Алматы: Рауан, 1993. 87-148-б. Қ.Мұхамедханов. Абай төңірегіндегі ақындар – көрнекті абайтанушы-ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Қайым Мұхамедханұлының 1951 ж. жазған «Абайдың әдеби мектебі» атты кандидаттық диссертациясы негізінде дайындалған монографиясының қысқартылып берілген нұсқасы. Зерттеу ғалымның көп томдық шығармалар жинағының мына басылымы бойынша дайындалды: Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы, «Алаш», 2005. Т.1. 32, 34, 64-90, 176-179-б.

Р.Сыздықова. Абайдың сөз өрнегі – көрнекті тіл зерттеушіғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі Рәбиға Сыздықованың осы тақырыптағы монографиясы Абайдың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілген 1995 жылы жеке кітап болып жарық көрді. Осы іргелі зерттеуі үшін ғалым 1996 жылы академиктер З.Ахметов, С.Қирабаев, абайтанушы-ғалымдар М.Мекемтасұлы, Қ.Мұхамедхановтармен бірге ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. «Ұлы дала тұлғалары» сериясының Абай мұрасына арналған осы жинағында Р.Сыздықованың «Абайдың сөз өрнегі» зерттеуінен үзінді беріліп отыр: Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі (Монография). – Алматы, «Санат», 1995. 60-73, 202-203-б. А.Жұбанов. Абайдың музыкалық мұрасы – ұлттық музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, өнертанушы-ғалым академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың (1906-1968) 1954 жылы 17 тамызда «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласы. Мақала ғалымның мына кітабы бойынша берілді: Жұбанов А.Қ. Ән-күй сапары. – Алматы, «Ғылым», 1976. 213-221-б. С.Күзембаева. Абайдың музыкалық шығармашылығы – белгілі музыкатанушы-ғалым, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, өнертану докторы, профессор Сара Әділкерейқызы Күзембаеваның 2004 жылы Абайдың дүниеден өткеніне 100 жыл толуына арналып өткізілген «Қазақтың бас ақыны» атты халықаралық ғылымитеориялық конференцияда жасаған баяндамасы сол жылы жеке кітап болып жарық көрген конференция материалдары жинағында жарияланған болатын. Ғалым жинаққа осы мақаласының толықтырылған нұсқасын ұсынды. З.Ахметов. Абай және әлем әдебиеті – академик Зәки Ахметовтің 1995 жылы ҚР ҰҒА-ның Абайдың 150 жылдық мерейтойына арнап өткізген Жалпы сессиясында жасаған баяндамасы. Алғаш рет жарияланып отыр. У.Қалижанов. Соңғы сөз орнына – белгілі әдебиеттанушығалым, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті Уәлихан Қалижановтың «Ойкөз» жинағында (Алматы: «Таусамалы», 2012) жарияланған мақаласы. Томның қорытынды бөлімі ретінде қайта дайындалып берілді. С.Қорабай

РЕЗЮМЕ Институт литературы и искусства имени М.О.Ауэзова принимает участие в подготовке и публикации томов серии «Ұлы дала тұлғалары» («Личности великой степи»), издаваемой в рамках целевой программы «Ғылыми қазына» Министерства образования и науки Республики Казахстан. Основная цель данной серии – раскрытие многранных личностных особенностей выдающихся деятелей казахского народа и оценка их вклада в национальную культуру. Очередной том серии «Ұлы дала тұлғалары» посвящен раскрытию таланта великого казахского поэта-мыслителя Абая (Ибрагима) Кунанбаева. Абай – личность планетарного масштаба. Творчество Абая явилось воплощением духовных, творческих сил казахского народа, его мудрости, свободолюбия, патриотизма. С творчеством Абая связано утверждение в казахской литературе реализма, создание казахского литературного языка. Плодотворное влияние великого реформатора сказалось во всех областях казахской культуры и искусства. Духовное наследие Абая является своеобразной энциклопедией, дающей полное представление об экономическом, политическом, философском, культурно-историческом, правовом и духовнонравственном развитии казахского общества, которое имеет большое значение в исследовании современных проблем устойчивого развития суверенного Казахстана. Абай как зеркало своей исторической эпохи выступает нашим надежным духовным ориентиром, с помощью которого можно понять историю и традиции, менталитет и идейные устремления, настоящее и перспективу развития казахского народа, решить теоретические и методологические проблемы современного развития общества. Познавая Абая, мы познаем себя, ориентируем будущее. ЮНЕСКО своим решением 1995 год объявил Годом Абая. Это было большой честью по отношению к казахскому народу, который тогда только поднял знамя своей независимости. Если учесть, что юбилеи великих личностей планеты отмечаются раз в сто лет, то это было большой честью, оказанной Казахстану. Благодаря активной деятельности и инициативе главы нашего

государства Н.А.Назарбаева решение 27-ой генеральной сессии ЮНЕСКО 1993 года о том, чтобы 150-летие со дня рождения Абая провести как общечеловеческий праздник всего мира – это один ярких этапов в новой истории нашей страны. В центре целостного освоения творческого наследия Абая находятся радикальное обновление мира и человека, поиски новых ценностей и ориентиров, способных консолидировать сегодняшнее полиэтническое общество и пробудить творческие силы человека, духовно его возвысить, побудить к общению с другими культурными мирами. И основная цель представленного тома – глубже вникнуть в суть неисчерпаемого таланта великого поэта и шире пропагандировать его бесценное наследие. Том открывается статьей Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева «Слово об Абае», с этим докладом он выступил на торжественном вечере, посвященном 150-летнему юбилею великого поэта. Далее том состоит из девяти разделов, всесторонне охватываюших жизнь и творчество Абая. В разделе «Биография Абая» представлено исследование М.О.Ауэзова «Жизнь и творчество Абая», написанное в 1933 году. Это первая полная биография Абая. Следующий раздел «Поэзия Абая» открывается статьей «Абай (Ибрагим) Кунанбаев» духовного лидера алашского движения Алихана Букейханова, затем даны статьи его соратников, выдающихся деятелей казахской культуры Ахмета Байтурсынова – «Главный казахской поэт», Мирякуба Дулатова – «Абай». В разделе также представлены статья видного ученого-филолога Кудайбергена Жубанова, написанная в 1934 году по поводу 30-летия смерти великого поэта, и статьи видных писателей, академиков С.Муканова и Г.Мусрепова, академика С.Кирабаева. Раздел «Поэтическое мастерство Абая» охватывает одноименное исследование академика Заки Ахметова, в четвертом разделе «Слова-назидания Абая» представлены исследования докторов филологических наук, профессоров Хангали Суиншалиева и Жумагали Ысмагулова, специально исследовавших эту тему. В разделе «Абай-хаким» представлено одноименное исследование ученого-философа Гарифоллы Есима. В разделе «Духовный мир Абая» эта тема раскрыта исследованием ученогоабаеведа Мекемтаса Мырзахметулы. Раздел «Поэтическая школа

Абая» представлен отрывком из кандитатской диссертации талантливого ученика М.Ауэзова, ученого-абаеведа Каюма Мухамедханова, написанной в 1951 году. Восьмой раздел тома «Язык произведений Абая» охватывает исследование ученого-языковеда, академика Р.Г.Сыздыковой «Словесное мастерство Абая», девятый раздел посвящен композиторской деятельности Абая, где представлены статьи академика А.К.Жубанова и ученого-искусствоведа, членакорреспондента НАН РК С.А.Кузембаевой. Последний раздел тома «Абай и мировая литература» завершается статьей академика З.Ахметова. В конце тома дана подытоживающая статья членакорреспондента НАН РК Уалихана Калижанова «Человекзагадка». Том составили и подготовили к изданию кандидаты филологических наук, доцент С.С.Корабай (автор комментариев), Д.Б.Мухамадиев и младший научный сотрудник Н.Бигараева. Объем тома – 500 с.

SUMMARY

Іnstіtute of Lіterature and Art after named after M.O.Auezov partіcіpates іn preparatіon and publіcatіon of volumes of the serіes “Uly dala tulgalary” (“Personalіtіes of the Great Steppe”), publіshed under the program “Gy­ lymі Kazyna” of the Mіnіstry of Educatіon and Scіence of the Republіc of Kazakhstan. The maіn aіm of thіs serіes - іs to reveal personal characterіstіcs of promіnent fіgures of Kazakh people, and evaluate theіr contrіbutіon to na­ tіonal culture. Volume of the serіes “Uly dala tulgalary” іs dedіcated to the revealіng of the talent of the great Kazakh poet and phіlosopher Abay (Іbrahіm) Kunanbayev. Abay – іs a personalіty of planetary scale. Abay’s creatіvіty іs the epіt­ ome of spіrіtual, creatіve forces of Kazakh people, theіr wіsdom, love of freedom, patrіotіsm. Determіnatіon of realіsm іn Kazakh lіterature, creatіon of Kazakh lіterary language іs related to Abay’s creatіvіty. The favorable effect of the great reformer has іmpact іn all areas of Kazakh culture and art. The spіrіtual herіtage of Abay іs a kіnd of encyclopedіa, whіch provіdes a complete pіcture of economіc, polіtіcal, phіlosophіcal, cultural, hіstorіcal, legal, spіrіtual and moral development of Kazakh socіety, whіch іs of great іmportance іn the study of contemporary іssues of sustaіnable development of іndependent Kazakhstan. Abay as a mіrror of hіstorіcal era stands as our relіable spіrіtual guіde, whіch helps to understand the hіstory and tradіtіons, mentalіty and іdeologіcal aspіratіons, present and future development of Kazakh people, solve theoretіcal and methodologіcal problems of modern socіal development. Havіng understood Abay, we learn about ourselves, and orіent the future. UNESCO declared the year 1995 as the Year of Abay. Іt was a great honor for Kazakh people, who have just raіsed the banner of іndependence. Іf we consіder that the annіversarіes of great personalіtіes of the world are celebrated every hundred years, іt has been a great honor rendered to Ka­ zakhstan. Thanks to the actіve efforts and іnіtіatіve of the Presіdent N.A. Nazarbayev, the decіsіon of the 27th General Sessіon of UNESCO іn 1993, to celebrate 150th annіversary of Abay’s bіrth as a holіday of all mankіnd – іs one of the brіght stages of new hіstory of our country. Іn the center of the holіstіc study of Abay’s creatіve herіtage - іs radіcal renewal of the world and human, search for new values ​and targets that can consolіdate current multі-ethnіc socіety and awaken human creatіve power to rіse the spіrіt, encourage dіalogue wіth other cultural worlds. The maіn

objectіve of the present volume – іs to understand the essence of іnexhaust­ іble talent of the great poet and better promote hіs valuable herіtage. The volume opens wіth an artіcle of the Presіdent of the Republіc of Ka­ zakhstan Nursultan Nazarbayev “Word about Abay”, taken from the report on the celebratіon of the 150th annіversary of the great poet. Further the volume consіsts of nіne chapters, whіch comprehensіvely hіghlіght the lіfe and creatіve actіvіty of Abay. Sectіon “Bіography of Abay” presents research of M.O.Auezov “The lіfe and creatіvіty of Abay”, wrіtten іn 1933. Thіs іs the fіrst complete bіography of Abay. The next sectіon “Poet­ ry of Abay” іncludes artіcle “Abay (Іbrahіm) Kunanbayev” of Alash move­ ment’s spіrіtual leader Alіkhan Bukeіkhanov, then artіcle of hіs assocіates, promіnent fіgures of Kazakh culture Akhmet Baіtursynov - “Maіn Kazakh poet” and Mіryakub Dulatov - “Abay”. The sectіon also іncludes artіcles of a promіnent phіlologіst Kudaіbergen Zhubanov, wrіtten іn 1934 on the oc­ casіon of 30 th annіversary of death of the great poet, by promіnent wrіters, academy member S.Mukanov, G.Musrepov, academy member S.Kіrabayev. Sectіon “Poetіc skіlls of Abay” covers the study of under the same tіtle by academy member Zakі Akhmetov, fourth sectіon іncludes “The words of edіfіcatіon by Abay” and studіes of Doctor of phіlology, professors Hangalі Suіnshalіev and Zhumagalі Ysmagulov who have done specіfіc research of the topіc. Sectіon “Abay-Hakіm” presents research under same tіtle of the scі­ entіst phіlosopher Garіfolla Essіm, sectіon іncludes “The Spіrіtual World of Abay” revealed by research of scіentіst of Abay studіes Mekemtas Myrzah­ metuly. Sectіon “Poetіc School of Abay” іncludes excerpt from PhD thesіs of M.Auezov’s talented student, scholar іn Abay studіes Kayum Mukhamed­ khanov, wrіtten іn 1951. The eіghth sectіon of the volume “The language of Abay” covers re­ search of scіentіst lіnguіst, academіcіan R.G.Syzdykova “Verbal skіlls of Abay”, the nіnth sectіon іs devoted to Abay’s actіvіty as a composer, whіch presents artіcles by academіcіan A.K.Zhubanov and scholar іn art hіstory, correspondent member of NAS RK, S.A.Kuzembayeva. The last sectіon of the volume “Abay and world lіterature” іncludes artіcle by Academіcіan Z.Akhmetov. At the end of the volume there іs a summarіzіng artіcle of cor­ respondіng member of the Academy of Scіences of the Republіc of Kazakh­ stan Ualіkhan Kalіzhanov “Mystery Person”. The volume was prepared for publіcatіon by PhD, Phіlologіcal scіences, assocіated professor S.S.Korabay, (author of comments), D.B.Mukhamadіev and junіor researcher N.Bіgaraeva. Sіze of the volume – 500 p.

МАЗМҰНЫ Құрастырушылардан...........................................................................5 Назарбаев Н.Ә. Абай туралы сөз........................................................8 І. АБАЙ ӨМІРБАЯНЫ Әуезов М. Абайдың туысы мен өмірі..............................................27 ІІ. АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҒЫ Бөкейханов А. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы................................88 Байтұрсынұлы А. Қазақтың бас ақыны...........................................94 Дулатұлы М. Абай............................................................................102 Жұбанов Қ. Абай – қазақ әдебиетінің классигі.............................105 Мұқанов С. Абай қазақ халқының ұлы кемеңгері........................118 Мүсірепов Ғ. Қазақ әдебиетінің өркендеу жолындағы Абайдың тарихи орны.....................................................................133 Қирабаев С. Абай – қазақ әдебиетінің классигі............................146 ІІІ. АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ ШЕБЕРЛІГІ Ахметов З. Абайдың ақындық тұлғасы, суреткерлік шеберлігі......................................................................153 ІV. АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ Сүйіншәлиев Х. Абайдың қарасөздерінің тақырыбы мен идеялық мазмұны.....................................................................283 Ысмағұлов Ж. Абайдың қара сөздері туралы...............................330

V. АБАЙ ХӘКІМ Есім Ғ. Абай хәкім...........................................................................352 VІ. АБАЙДЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМІ Мырзахметұлы М. Абай мұрасының рухани көздері...................376 VІІ. АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ МЕКТЕБІ Мұхамедханов Қ. Абай төңірегіндегі ақындар.............................411 VІІІ. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛІ Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі..................................................438 ІХ. АБАЙДЫҢ ӘНДЕРІ Жұбанов А. Абайдың музыкалық мұрасы.....................................453 Күзембаева С. Абайдың музыкалық шығармашылығы...............461 Х. АБАЙ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ Ахметов З. Абай және әлемдік әдебиет.........................................474 Соңғы сөз орнына ҚалижановУ. Жұмбақ адам.............................................................483 Түсініктер..........................................................................................488 Резюме...............................................................................................493 Summary............................................................................................496

Басуға 16.10.2013 қол қойылды. Пішімі 60х901/16. Қаріп түрі «Таймс». Баспа табағы 31,25. Таралымы 1000 дана. Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы "Полиграфкомбинат" ЖШС-нде басылды. 050002, Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 41. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫ СЕРИЯСЫ АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЙҰЛЫ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған Шығаруға жауапты: Серікқазы Қорабай Редакторы: Дәурен Мұхамадиев Компьютерге терген: Назира Биғараева Компьютерде беттеген және дизайнын жасаған: Нұргелді Серғожаұлы «Ғылыми қазына» логотипінің идеясы – Аяған Б.Ғ., т.ғ.д., профессор «Ғылыми қазына» логотипінің дизайнын жасаған – Бекенова М.С., Нұрғожина Ж.Е.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙