Дмитрий Снегин
Бауыржан Момышұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бауыржан Момышұлының шығармалары батырлыққа, өрлікке баулиды. Жазушы шығармашылығының ерекшелігі – ойдан шығарылған оқиға мен жасанды кейіпкерлерден аулақ. Көзбен көрген оқиғаларын бойына сіңірген туындылардың әлеуметтік, қоғамдық сипаты басым. Салт-дәстүрін ұлықтап, соның негізінде түйген ойлары...
(әңгіме) Дмитрий Снегиннің ата-бабалары, Поцелуевтар — Жетісуға бірінші орналасып, Алатаудың бауырын мекен еткен орыстардың бірі. Дмитрий Федорович Снегин Алматы қаласында 1912 жылы туып, сонда өсіп, мектепте, кейіннен Ауылшаруашылық институтын бітіріп, агрономдық мамандыққа ие болған. Демек, Дмитрийдің кіндік кесіп, кір жуып, тәрбиеленіп, білім алып, ат жалын тарта мініп, азаматтар қатарына қосылған туған өлкесі — Жетісу «ауылы» осы кездегі республикамыздың астанасы — Алматы. Дмитрий — әдебиетпен жас кезінен шұғылданғардардың бірі. Ол студент кезінде бірнеше өлеңдер жинағын шығарды. Ол өлеңдерінде жасөспірім ақын туған жеріне, орыс, қазақ еліне ыстық лебізін білдіре жазды. Ол қазақ, ұйғыр тіліне аударушылардың бірі бола отырып, халықаралық достықтың ұлғаюына атсалысты. Ол — қазақ әдебиетінен нәрленді, тамырланды, қазақ тақырыбына көптеген әдеби қысқаша еңбектерді өзінің ана тілінде жазып, орыс оқушыларына таныстырып отырғандардың бірі болды.
* * *
Отан соғысы басталды. Дмитрий де майданға аттанды.
Москвадан 30 километр Крюково деревнясының маңайында панфиловшылар дивизиясы дұшпанмен үш күн ұдайы табан тіресе соғысты. (1941 жылдың декабрь айының бас кезі). Қалың қар, сықырлаған аяз. Менің омыртқамнан оқ тиіп, аяқ-қолдарым ұйып, командалық пунктте отырмын. Ұзын бойлы, сырықтай тіп-тік, ат жақты, орыс жігіті кіріп келіп, тұра қалып:
— Жолдас полк командирі, артиллерия дивизионы сіздің қарамағыңызға келді. Дивизион командирі аға лейтенант Снегин, — деп өзін таныстырды.
Мен алдыңғы шеппен телефонмен сөзімді бөле алмастан оған:
— Отырыңыз, жолдас Поцелуев, — деп ымдап орындықты нұсқадым.
— Жағдайымыз мақтанарлық емес. Сіз, жолдас дивизион командирі, бізді немен қуанта аласыз?—деп сұрадым мен отырған аға лейтенанттан, сөзді аяқтап болған соң.
— Әйтеуір, сіздің қарамағыңызға келдік қой. Не бұйырасыз, қайда жұмсасаңыз да дайынбыз, — деп сөзін бастап, аспай-саспай дивизионның жағдайын, не бар, не кемтар, неге мұқтаждығын ол маған баяндап, қалай іске асыру жағынан кеңестік, келістік.
Кетер алдында Снегин біраз күмілжіп тұр:
— Сіз менің шын фамилиямды қайдан білуші едіңіз? — деп сұрады.
— Мен сіздің оқушыларыңыздың бірі болуым мүмкін емес деп ойлайсыз ба? — деп мен әзілдей сұрақ қойып, қоштасуға қолымды создым.
— Оқушы жазушыны танығаны авторға үлкен ғанибет... — деп аға лейтенант қуаныш білдірді де, қолын шекесіне ұстап, қалт тұра қалып, ізет көрсетіп, шұғыл аязға шығып кетті.
Дұшпан алдыңғы шепті артиллериямен үстемелете төмпештей бастады.
— Біраздан кейін дұшпан шабуылын бастар, соны тойтаруға көмектесуге дайын болсын сіздің дивизион.
Бақылаушылар әлі алға жеткен жоқ...
— Не вижу, не стреляю деген сөз бар емес пе... — дей бергенімде байланыс сымы үзіліп, сөзіміз бөлінді... Кейіннен естідім, Дмитрий өзі алдындағы шепке барып, дивизионный атыс тізгінін өз қолына алып, дұшпан шабуылын тойтарысқа белсене қатысыпты. Оны өз көздерімен көрген атқыштар командирлері өте риза болып маған жеткізді. Онымен бірінші таныстық осылай басталды.
Дмитрий — артиллерия офицері. Артиллерия — соғыс дауылы. Дауыл үнсіз болмайды. Дауыл ырғағына ашынғанда түседі. Кейінгі соғыстар, кейінгі ұрыстарда да Снегин басқарған дивизион біздің полкқа көп жәрдемдесті. Майданда көрген қиыншылықтарымыз бен табыстарымызға еншілес болды.
* * * Қанды майданда жолдас болдық. Менің одан жасым да үлкен, дәрежем де үлкен болды. Онымен біз есептескен жоқпыз. Тепе-тең, бір-бірімізге жақсы түсінерлік жолдас болып кеттік. Дмитрий — ақ көңіл, ашық жігіт. Байсалды сөзді, салмақты жігітті майдандас жолдастарының бәрі де қадірлейтін. Дмитрий — ақын, әнші. Тыныштық кезінде ол қоңыр даусымен орыс, қазақ әндерін араластыра салып, әйтпесе сүйетін өлеңдер оқып, қызық әңгімелер айтып отырушы еді. Жазушы-ақындығын ол майданда командирлігімен қатар ұстай білгендердің бірі болды. Майдан өмірінен өлеңдер де, әңгімелер де жазып, кезінде жариялап жүрді... Соғыстың аяққы жылында Дмитрий ауыр жарақаттанып, саптан шығып, мүгедек болып, Алматыға қайтты... Келе салысымен-ақ ол қоғам, әдеби қызметіне белсене қатысты. Ұзамай-ақ ол Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы, орыс тілінде шығатын әдеби журналдың редакторы болып істеп жүріп, Қазақ ССР-нің депутаты болып сайланды. Біз, майдандас жолдастары, оған өте қуанып мақтандық.
* * * Соғыс тақырыбында Снегин екі көлемді кітап, бірнеше өлеңдер жинағын жазып жариялады. Ол кітаптарды шындық пен азаматтардың ерліктерін оқушы жұртқа көркем тілмен баяндады. Кейіннен өзінің туған өлкесі Жетісу туралы тарихи тақырыпта жазылған екі томдық «Верный қаласында» романын жазып жарыққа шығарды. Кейінгі кезде Дм. Снегин «Елші рейхстагтан шығып келді», «Весеннее равноденствие», «Ожидание» деген үш повест жазып бітірді. Осы үш повесінде автор өзінше документті повестер деп санайды. Документке құрылған шығармалар қоспалықтарды көтермелейді, оған жасанды бояу сіңбейді. Жасанды гүл бояуы бірінші сіркіреп жауған жаяу жаңбырдың ақ тамшыларына айғызданып өңі де түседі, лепіре сабалап жауғанымен — күн көзі шыға салысымен жадырап, жайқалып жайнап өседі. Жазушы жазды. Олардың қайсысы қай гүл еккенін төрелікті оқушылар мен уақыт қана айтады... Той үстінде мақтау ресми салтқа айналып кеткен нәрсе. Мен Дмитрийді мақтаудан аулақпын: оның да күнгейі бар, көлеңкесі бар. Жарық жағы жоқтарда ғана көлеңке болмайды... Ол жағын біз өз түсінігімізше жоғарыда айттым да. Дмитрий — творчествосы жағынан ер жеткендердің бірі деп танимыз. Одан тағы да жемісті еңбектер күтеміз.
* * * Мен — тағдыры әскери адамдардың бірімін. Мен — қиян кескі, қырғын соғыстардың куәләрінің бірімін. «Естіген құлақта, көрген көзде жазық жоқ» дегендей, менің майдан дәптерлерімнің тума шығармалары оқырмандарға мәлім болар. Мен көрген-білгендерімді жаздым. Жазу маған оңайға түскен жоқ. Шорқақтық аяқ-қолымды тұсап, тілімді күрмелткен жағдайлар да болды. Шынында, мен жазушы емеспін ғой. Ал, қаламгерлердің біреуі екенім рас көрінеді.
Мен көргендерімді, білгендерімді жаздым — олар көп уақыттарымды алды. Алпыстан асып, жетпіске шықтым, құдайға шүкір. Ал, енді көрмегендерім мен білмегендерім туралы тағы пікір айтқым келеді, олар мыналар: «Барлығы майдан үшін! Барлығы жеңіс үшін!» деген ұрандар Отан соғысы басталған күннен бастап, оның аяқталуына дейін өздерінің әулие құшақтарына қамтып алды. «Ұлы октябрьдің жеңісін қорғалық»; «Жерімізді дұшпанға таптатпаймыз», «Елімізді езілтпейміз», «Ерлерімізді құл, әйелдерді күң ете алмаймыз», «Отан үшін аттан, қарсы қырсық жауға!» — деген партиямыздың ұрандарына совет қауымы, совет халықтары ниет бірлігінен, бір ауыздан соққан жүректерінен лебіз білдірді. Отан үшін майданға ат жалын тартқандар жаппай аттанды. Олардың соңында қарт ата мен аналар, адал жұбай менен жасөспірім балалар, буындары әлі қатпаған сәбилер қалды. Қан майданның аты — қан майдан. Онда аяныш жоқ. Жорықтардың, ұрыстардың азаптарын, мейлінше, көрдік. Төрт жыл — төрт күн емес. Жеңілу мен жеңістің тұз-дәмдерін, мейлінше, таттық.
Бұдан бұрын тарихта болмаған шығындарымыз аз болған жоқ.
Мақсатымызға жеттік — жауды жеңдік. Оның ордасында ту көтердік.
Майданда әскеріміздің қару-жарақтары, киім-кешектері, азық-түліктері кемтар болған жоқ. Оларды уақытылы қамтамасыз етіп отырған біздің советтік тыл еді. Соғыс өте қомағай келеді, соғыста нысап болмайды. Екі жақтап жейді, оның барлығын тыл көтереді. Лаж жоқтан көтереді. Біздің әдебиетімізде майдан тақырыбы бірнеше аумақты шығармалар арқылы көтерілді. Аумақтары мен сапаларын оқырмандарымыз жоқ дегенде ауызекі, өзара сөз етіп жүргендері де мәлім... Ол тақырыптың біз әлі де жең-етегін қамтып алғанымыз жоқ, бірақ та, артта қалдық деуге аузымыз бармайды. Лаж жоқтан мойындау керек — өте күрделі тақырыпқа жерге отырып қалмасақ та, құр қолдылықтан әлі ұзай алмай келеміз. Ол — соғыс жылдарындағы тыл тақырыбы. Шала-шарпы нәрселердің бары рас. Оған дау жоқ. Олар оқырмандарға мәлім, сол себепті олардың авторларын да, кітаптарын да атамауды жөн көрдік. Шындықты жазу үшін бірнеше шарт керек. Ойдан шығарма, өмірден шығар, өмірдің астарын сұрыптағын. Сыртқа шығып тайраңдап «әуендетпе». Оқырманмен санас. Оқырман саған ойыншық емес, ол өмірдің не екенін біледі. Жасыратын еш нәрсе жоқ. Менің атым ел аузындағылардың бірі. Құдайға шүкір. Бірақ та шынымды айтсам, атақтың да азабы болады екен, олар да орынды істеді, мен орынды көтердім. (Написать несколько характерных эпизодов) План: 1) Дверь открыта, стол накрыт. 2) Ассалаум Алейкум, батыр! 3) Письмо от арестантов моему «всемогуществу». 4) Письма и рукописи от графоманов. 5) Вымогательские письма, приезды родственников. Один пример: Член обкома КПК, парторг совхоза имени Карла Маркса, А.Момынкулов (он потомок от моей второй бабушки, также тоқала моего деда) Ильяс Омарович (секретарь ЦК КПК) принял его в ВПШ (7 классов, звеньевой колхоза); приехал он в Алма-Ату в зипунишках. Я снял с себя все и одел его как (барона, принца).
Секретарю райкома, покойная Жамал одобрила и благословила его.
— Демалыс күні жолдастарыңды ертіп келіп жүргін (в выходные дни приходи со своими товарищами). Он окончил ВПШ. И.О. порекомендовал назначить его (балбеса) секретарем райкома... потом он был зональным секретарем... МТС... председателем колхоза (30000), чуть не прогорев инструктор РК партии... Я, ему помог построить дом. (Дал 10.000 по старым — половину он пропил). Стал парторгом совхоза. Аралбаев сделал его членом обкома — Орден Знак Почета. В прошлом году мы отдыхали со своей машиной у них во дворе.
«Горбоносая» бабушка за мной ухаживала (ты помнишь мою шутку по ее адресу и она хохотала и ты хохотал, когда я ей подарил большой ковер) — одним словом.
— На эти деньги мы дважды могли бы съездить в Карловы Вары, чем собирать их «вшей (вот)», — сказала мне Гайникамал. Сволочь, ата-бабасы Карловы Варыда жамбастап жатқандай сөйлейді. Жарымаған.
В этом году в «Берік Қаре» 1,5 месяца безноска, сноха, их дети (6) отдыхали и резвились...
Я болел, звонил тебе. Ты звонил Валентине Федоровне...
Домашние неурядицы... Я пошел к себе в комнату, хотел лечь, но вдруг
— Бауке! Они пришли.
В халате вышел...
Парторг и секретарь в дежурных костюмах, нейлоновых сорочках, при галстуке.
— Кто вас пригласил пошумать? Я, болен!
— Пожалуйста, «Да, старик болен, но, простите, вы же знаете его странности, проходите, пожалуйста», — сказала Гайкамал.
Я лежал — они сидели.
Оказывается, все районное руководство было приглашено (вернее, им было приказано) выступить по телевидению насчет перевыполнения плана... Они ушли. Телевидение: Ах! Момынкулов говорил неплохо. .. Их совхоз выполнил план на 250%. «Неужели этот идиот станет героем соцтруда?», — подумал я. Өкпелесу: ағайын арасындағы уақытша араздық қана түсінісуді, (ұғынысуды,) жарасуды, келісім, ынтымақты тілейді. Өштесу: пышақтасу, қырғын жауласу сияқты надандықты тілеп, ұрпаққа «...Мынау — сенің ата жауың» деп арам із тастап кетеді. Екеуінің арасы ақылды кісілерге жер мен көктей. Оның әділ билері — ұрпақ, тарих. «Әй! Мені кемітем деп түбінде өзің кеміп қалмағын...», — деп ескерткен менің бабам.
* * * Ренжудің реті бар. Біреуді ренжітемін деп ойлап, кейіннен өзіңді-өзің қорлап жүрмегін. Кектесу деген не екеніне енді сен жауап бергін?.. Кекетуге де өзің жауап бергін. Төртеуінің қайсылары жеңерін, жағдайларға байланысты әділеттікті тәңірім ғана біледі. Ол есіңде болсын.
* * *
Станция Сырдария, пединститут им. Гафур Гуляма. М.Мырзахметову.
«Жақсыда кек жоқ,
Жаманда тек жоқ» дегенді мен емес, халық айтқан.
Решено провести отдых и работу Петровке у Абдельди до сеньтября тчк при возможности на имя Гайникамал Баубековой перевести пятьсот рублей тчк Баурджан.
Адрес:
Сложившимся обстоятельствам мы решили провести летние время в ауле тире Петровке. У Адильды тчк есть необходимость в пятисот рублях тчк немедленно при возможности прошу эту суммы перевести на мой адрес на имя Гайникамал Баубековой тчк в противном случаи я буду вынужден обращатся Лит.фонды СССР об одолжении у них суммы тчк ключ от гаража оставляем Алтынбеку. Оставляю Алтынбеку рукопись, доверенность на твое имя на права временного владение машиной
Тчк Баурджан Я вкладчик тякущего счета 3707 центральной гос. труд сберкассы № 6219 в городе Алма-Ата Момыш-ұлы Бауыржан доверяю своему двоюродному брату Мырзахметову Мекемтасу паспорт и ... ... ... ... ...
Свободно распоряжайся моим выше указанным текучем счета.
* * *
«Сыр айтам саған халқым ұға білсең...» деген мен. Бұл ант деген сөз.
«Мен де адаммын жаралған сүт пен еттен...» бұл өлеңімде ант.
«Ежелден ел тірегі — ел тілегі, адал ұл ер боп туса — ел тірегі» деймін. Осы үш өлеңім менің творчествомның эпиграфы, маған нұсқау.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру