TELEGEI

Home

Дулат Бабатайұлының шығармалары

Дулат Бабатайұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Дулат Бабатайұлының шығармалары

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Дулат Бабатайұлының (1802–1871) шығармалары – әдебиетіміздің асыл мұрасы. Өз дәуірін барынша батыл, өткір тілмен жырлаған ақын өлең-жырларының айтары да мол, көркемдігі де кемел. Жинаққа Д.Бабатайұлының шығармалары, 1880 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Өсиетнама» жинағының факсимилесі және ақын туралы әдебиеттанушы-ғалымдардың зерттеулері мен жазушылардың пікірлер

УДК 821.512.122

ББК 84(5 Қаз) 7-5

Б 12

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитеті
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»

бағдарламасы бойынша шығарылды
Құрастырып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған
филология ғылымының кандидаты, доцент
Серікқазы Қорабай

Бабатайұлы Д.

Б 12

Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, мысал өлең­
дер. Зерттеулер, пікірлер / Дулат Бабатайұлы. – Алматы:
“Ана тілі” баспасы ЖШС, 2013. – 296 бет.

ІSBN 978-601-251-100-0

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Ду­
лат Бабатайұлының (1802–1871) шығармалары – әде­
биетіміздің асыл мұрасы. Өз дәуірін барынша батыл,
өткір тілмен жырлаған ақын өлең-жырларының айтары

да мол, көркемдігі де кемел. Жинаққа Д.Бабатайұлының
шығармалары, 1880 жылы Қазан қаласында жарық көрген
«Өсиетнама» жинағының факсимилесі және ақын тура­
лы әдебиеттанушы-ғалымдардың зерттеулері мен жазу­

шылардың пікірлері беріліп отыр.

УДК 821.512.122

ББК 84(5Қаз) 7-5

ІSBN 978-601-251-100-0

© Бабатайұлы Д., 2013
© “Ана тілі” баспасы, 2013

АҚЫНДЫҚТЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ Әр халықтың күрескерлік мұраты, ой-арманы ең алды­ мен ері мен елін жырлаған ақындар туындыларында айқын көрінеді. Отаршылдыққа қарсы қаламын найза, тілін қылыш етіп күресіп, қазағының қамын ойлап күңіреніп өткен, жұртына қиянат жасаған ел билеушілерін аяусыз сынаған сондай аса қуатты ақынның бірі Дулат Бабатайұлы бола­ тын. Жыраулық поэзияның белді өкілі Ақтанберді тіршілік етіп, дана Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың кіндік қаны тамған ұлылар мекенінде туып өскен жыр жампозы Бұқар мен Ақтанберді жырауларды ұстаз тұтып, шығыс және түркі по­ эзиясы жауһарларынан сусындады, туа біткен табиғи талантының арқасында қазақ өлеңіне мүлдем жаңа өрнектер әкелді, ұлттық сөз өнерін мазмұн, түр жағынан байытып, көркемдік деңгейін биік сатыға көтерді. Дулат ақын өз шығармашылығында қазақ өлеңінің көркемдік табиғатын арттыру жолында көп ізденіп, халық көкейінен шыққан сұлу да сырлы туындыларды өмірге әкелді. Ақын ел билеген ақсүйектер әулетіне дәстүрлі түсініктен мүлдем бөлек көзқарас биігінен қарап, оған үлкен қоғамдықсаяси мән берді. Өз туысы Кеңесбай болысқа, Барақ төреге шығарған арнаулары нақты шындықты бүркемелемей, тура айтқан сыншылдығымен ерекшеленеді. «Кеңесбайға» атты арнауында басты кейіпкердің ел құрметіне бөленген аталарын мақтай отырып, Кеңесбайдың осындай асыл текке мүлдем кереғар бейнесін сомдайды, Ташкенді билеген нар дауысты Нарынбай, қазақ туын көтерген қу дауысты Құттыбай, қара қылды қақ жарған әділ би Байқара сияқты арғы аталарымен және өз әкесі – атақты ділмар шешен, би Ақтайлақпен салыстыра суреттеу әдісімен оны аямай әжуалап мысқылдайды. Дулат поэзиясының осындай әшкерелеушілік қуатқа ұласуы нәтижесінде XІX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетінің сыншылдық сипаты артып, нақтылы өмірге

араласуы мен ықпалы күшейе түсті. Мұхтар Әуезовтің өз
еңбектерінде Дулатты ол тәрбиеленген орта – Сыбанның
17 ақыны тобына қоспай, бөлектеп алуының сыры да осын­
да жатса керек. Түбек бастап атақты Жанақ ақынмен айтыса­

тын 17 ақын ауыз әдебиетінің суырып салмашылдық өнерін
дамытса, Дулат отаршылдық езгіге қарсы әдебиеттің белді
өкілі болып қалмай, ұлттық әдебиетте сыншылдық дәстүрді
жаңа қырынан дамытқан талант қырымен ерекшеленді. Ду­

лат өзінің аталас туыстары – атақты батыр, жыр жампо­
зы Ақтамберді жырау мен қазақ даласына белгілі би, ақын
Ақтайлақ поэзиясынан сусындап, тәлім алды.
Ел жағалай қонбаса,

Бетегелі бел жетім.
Ұлығы әділ болмаса,
Болады байтақ ел жетім, –
деген Ақтайлақ бидің даналық сөздері Дулат поэзиясына

темірқазық болып, өлеңдерін жаңа сипатта өрбітуіне себеп
болады.
О,Барақ жас, Барақ жас!
Жегенге тоқ, ішсең мас.

Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас...
Азған елдің бектері
Қан шықса, елін жұлмалар

Қасқырменен аралас, –
деген өлең жолдарыАқтайлақ бидің заман, өмір жайлы
толғауымен тығыз үндесіп жатыр.
Ел билеушілердің сатиралық осы жинақы образы қазақ

әдебиетінде алғаш рет Дулат өлеңдерінде өте шебер
бейнеленгенін айтсақ, Дулаттан кейін ұлы Абай ел әкімдерінің
жағымсыз бейнесін жасауда тіпті ілгері кеткені белгілі.
Ресей отаршылдық жүйесінің өкілдері мен жергілікті

билеушілер тарапынан болған екі жақты қанау Дулат­
ты бұл көкейтесті саяси-әлеуметтік мәселеге қалың көпшілік
көзімен қарауға дейінгі биікке көтеріп, бұқара халықтың
арман-тілегіне ортақ етті. Дулаттың ақындық жаңа көзқарасы

мен шыншыл суреткерлігі астасып, қазақ поэзиясында ел
билеушілерінің жағымсыз образын жасаудың жаңа үлгісін
қалыптастырады.
М.Әуезов өзінің бір еңбегінде: «Ең алғашқы өлең жайын

баяндаған жырында Абай Шортанбайды, Дулатты, Бұхар жы­ рауды ауызға алса , солардың сөзін бала күнінен естіп, танып өскенін сезуге болады» деп бекерге жазбаған болар. Абай за­ манында елді басқарудың жаңа тәртібі өмірге келді де, Ду­ лат жырларындағы «хан-сұлтандарды», «би-төре», «бек» атаулы билік басындағылар болыс кейпіндегі атқамінер көп ұсақ әкімге айналды. Осы әкім сымақтар жоғары ұлықтарға жарамсақтанып, ел ішіне көп іріткі салды, халықтың берекесін кетірді. Абай өз кезінің осы ұсақ әкімдерінің жағымсыз қылықтарын әшкерелеуде жаңашылдық танытып, ел билеушілерінің халыққа жат әрекеттерін аяусыз сын тезіне алды. Ұлы ақын осы әкім сымақтардың Дулат жасап кеткен ұлттық поэзияда қалыпқа еніп үлгерген бейнесін де ескеріп, ақындық дәстүр үлгісін өзгеше тәсілмен қолданысқа енгізді. Мәселен, Дулат ақын кейіпкері: «Бұзауы өлген сиырдай, Мөңіреп жұртқа ой қатты» десе, Абай кейіпкері: «Адасқан күшік секілді, Ұлып жұртқа қатқан ой» деп шиырады. Бір психологиялық үрдістің осы екі түрлі сипаттамасы бір үлгіде жасалған шеберлікті танытып, ақындық дәстүр сабақтастығын айқын аңғартады. Мұндай шығармашылық сабақтастық пен үндестік мысал­ дарын екі ақынның басқа өлеңдерінен де кездестіреміз. Өз халқының алға жылжымай, кері кету себебін Дулат ақын: Әуелгі қазақ деген ғаріп жұрт, Миығыңды көрсетпей, Ұстарасыз өскен мұрт. Ұйқы басып сезбедік, Шырмағанын жаудың сырт, - деп жырласа, Абай ұлт басына төнген қауіпті: Қайран елім, қазағым, қалың жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың, - деген жолдарға сидырып, жаңаша ой сабақтайды. Қазақ әдебиеті тарихында мысал жанрына алғаш қалам тартқан ақын Дулат Бабатайұлы болатын. «Сары шымшық», «Қара қарға мен сауысқан» атты мысал өлеңдерінде мансапқорлық, мақтаншақтық, опасыздық, қайырымсыздық сияқты жағымсыз қылықтар сыналып, еңбексүйгіштік, шыншылдық, кішіпейілділік сияқты жоғары адамгершілік қасиеттер дәріптеледі. Дулаттың мысал жанрындағы бұл тәжірибесі өзінен кейінгі ақындарға үлгі-нұсқа болып, Ыбы­ рай Алтынсарин, Абай, Ахмет Байтұрсынұлы осы тұрғыда

озық көркем дүниелер тудырды. Абай Дулат ақынды жақсы
біліп, өлеңдерінен сусындаған, рухани нәр алған. Дулат по­
эзиясы Абайдың ақындық талантына үлкен ықпал еткен де,
жоғарыда атап өткеніміздей, ұлы ақын Дулаттың ақындық

дәстүрін өзінше жаңғырта дамытып, ұлттық поэзияда жаңа
үрдісті өрбітті. Өз кезегінде Дулат қазақ өлеңінің құдіретін
мазмұн, құбылыс, бейнелік жағынан байытып, жаңаша
мағына бергізген ақын ретінде XІX ғасырдағы қазақ әдебиеті

тарихында елеулі із қалдырды.
Ғасырдан ғасыр оздырып, тұтас бір ұлттық руха­
ни болмыстың алтын арқауына айналған ақ алмастай та­
лантымен жарқ еткен ақынның ардақты есімін құрметтеп,

асыл мұрасын үкілеп сақтау, дарын даралығын өзіміз та­
нып қана қоймай, өзгеге таныту, қастерлей – біздің
баршамыздың елдік, әрқайсымымыздың – перзенттік па­
рызымыз. Осы ретте бүкіл саналы ғұмырын ғылымға

арнаған көрнекті филолог-ғалым Құлмат Өмірәлиевтің Ду­
лат ақын мұрасын зерттеп жариялау ісіндегі жанқиярлық
еңбегін әсте ұмытуға болмайды. Арқалы ақынның теперішті
көп көрген қуатты шығармаларының халқымыздың руха­

ни игілігіне айналуына көп еңбек сіңірді. Ғалымның ұзақ
жылғы ізденістерінің жемісі – ақын шығармашылығы ту­
ралы «Қазақ поэзиясының жанры және стилі» атты мо­
нографиясы 1983 жылы жарық көрді, сырқаты меңдеп

жүрсе де Дулат мұрасына адалдығын танытып, 1984 жылы
сол кездегі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының
бірінші хатшысы О.Сүлейменов пен осы одақ жанындағы
Ағалар алқасының төрағасы М.Қаратаев атына ақын

шығармаларын жеке жинақ етіп шығару мәселесін көтереді.
Оның бұл ізгі тілегі ғалым өмірден озғаннан кейін жүзеге
асып, ол өзі алғы сөзін жазып құрастырған Дулат жинағы
1991 жылы «Замана сазы» деген атпен жарық көрді.

Қазақ
поэзиясындағы
«керітартпа
феодалдық

салт-
сананың жоқшысы» саналған ақын шығармаларына тиым
салынған кездің өзінде ұлттық әдебиеттану ғылымының
көрнекті өкілдері Қажым Жұмалиев, Ысқақ Дүйсенбаев,

Ханғали Сүйіншәлиевтер амалын тауып, өз еңбектеріне Ду­
лат туралы тарауларын жариялады, ал жазушы-ғалым Мұхтар
Мағауин 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казах­
стана» жинағына Дулат жыраудың бір топ өлеңдерін енгізіп,

ақынды бүкіл Кеңес Одағына танытты.
Зар заман поэзиясының көрнекті өкілінің шығармашылы-

ғын зерттеу ісі еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылда­ ры мықтап қолға алынды. 1992 жылы желтоқсанда Аякөз қаласында Дулат Бабатайұлының туғанына 190 жыл то­ луына арналып алғаш рет республикалық ғылыми кон­ ференция өткізілді. Бұл үлкен ғылыми жиында белгілі филолог-ғалымдар, академик Рәбиға Сыздықова, фило­ логия ғылымының докторлары, профессорлар Тұрсынбек Кәкішев, Серік Негимов, Дандай Ысқақов ақын туындыла­ рын жан-жақты талдап, ғылыми тұрғыда терең саралаған мағыналы баяндамалар жасады. Осындай қасиетті борыш­ ты өтеудің бір кәделі жолы ретінде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты еліміздің мәдени-рухани орталығы – Семей қаласының әкімдігімен бірлесіп, 2002 жылы 20 шілдеде ақтаңгер ақынның 200 жылдық мерейтой­ ына орайластырылған республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Бұл алқалы жиында академиктер Зәки Ахметов, Сейіт Қасқабасов, жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай, әдебиеттанушы-ғалым Арап Еспембетов және басқа зия­ лы қауым өкілдері Дулат шығармашылығы туралы келелі сөз қозғап, мазмұнды баяндамалар жасады. Осыған дейін Аякөз қаласында ғана болмаса, Шығыс Қазақстан облысы көлемінде ақын есімін мәңгі есте қалдыру шаралары қолға алынбаған екен. Конференцияға қатысушылар Семей қаласында орталық көшелердің бірін ақын есімімен атап, ескерткіш орнату, Аякөз ауданындағы Ақшатау ауылындағы орта мектепке Дулат есімін беру және ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты басқа да игі шараларды іске асыру туралы ұсыныстарды ҚР Үкіметіне түсіру жөнінде қарар қабылдады. Дулат ақын шығармашылығы туралы Семейде өткізілген ғылыми мәслихат кезекті бір мерекелік шара үшін емес, болашақ жарқын істердің ізашары ретіндегі алқалы жиын ретінде есте қалды. Ақынның 200 жылдық тойын ел болып, халық бо­ лып келесі жылы атап өту жұртшылық тарапынан кеңінен қолдау тауып, осы айтулы мерейтойға дайындықтың алғашқы жөн-жосығын аякөздіктер бастап берді. 2001 жылы ғана Аякөз қаласынан 60 шақырым орналасқан Ілебайдың Қызылағашындағы ақын қабірінің орнын табуға шежіре қарт Ғабділахмет Шәкерұлы мен белгілі жазушы Қабдеш Жұмаділов мұрындық болып, оның соңынан іле-шала ақын Несіпбек Айтұлы сол үлкен зиратта Дулат мүрдесінің жатқан жерін ұлы Абайдың талантты ақын шәкірті Әріп қойып кеткен

белгі тас арқылы нақтылауы Дулат жерлестері – Ақшатау ауы­
лы тұрғындарына ой салып, көптеген жылдар бойы қараған
болып, тастары ғана қалған ұлы бабаларының басына кесе­
не салуға итермеледі, іске Аякөз ауданы әкімдігі де қолдау

көрсетіп, жаз бойы тынымсыз еңбек ету нәтижесінде аудан
халқы қаржысына Дулат Бабатайұлына арналып, кесене бой
көтерді, ақын аруағына бағышталған жиынға жұртшылық көп
жиналып, баба рухына тағзым етті.

Соңғы он жыл шамасында Дулат шығармашылығын та­
нып зерттеу саласында да біршама игі істер атқарылды.
Бұл ретте академик З.Ахметовтің жетекшілігімен Қ.Раев
«Дулат Бабатайұлы шығармаларының поэтикасы», про­

фес­сор Т.Кәкішевтің басшылығымен Э.Пертаева «Дулат
Бабатайұлының ақындығы», профессор М.Мырзахмет­ұлы­
ның жетекшілігімен М.Бекбосынов «Дулат Бабатайұлы және
Абай шығармаларындағы отарлық езгіге қарсы әдеби са­

рын» деген тақырыптарда кандидаттық диссертациялар қор­
ғап, ғылыми монографияларын жарыққа шығарды. «Қазақ
әдебиеті тарихының» он томдық жаңа басылымында ақын
туралы алғаш рет жеке ғылыми тарау берілді. Дулатта­

ну бас­тамасы бар, тек оны дұрыс бағыттап негіздей білу ке­
рек, мемлекеттік деңгейде кең көлемде дамытуға көңіл бөлу
қажет. Сонда ғана Дулат өмірі мен шығармашылығын зерттеу
бір арнаға түседі.

Тарихсыз халық болмайды. Тарих өз бетімен жасалмай­
ды, тарихты қазағым деп күңіреніп өткен, отаршылдық езгіге
қарсы қаламын найза, тілін қылыш қылып күресіп өткен
Дулат, елден ерек туған дара тұлғалар мен тума талант­

тар жасайды. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» демекші,
XІX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Ду­
лат Бабатайұлы мұрасын танып білу, ақын есімін мәңгі есте
қаларлықтай шаралармен ұрпақ санасына бекіту – ұлтжанды

зиялы азаматтың парызы болуы керек.
Серікқазы Қорабай,
филология ғылымының кандидаты, доцент

ӨЛЕҢДЕР

ҚАЙҒЫЛЫНЫ УАТТЫМ

Тегімді менің сұрасаң,
Қалың найман нуынан.
Жырымды менің сұрасаң,
Сары алтынның буынан.

Сырымды менің сұрасаң,
Тұманың тұнық суынан.
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам.

Сорғалаған нөсердей
Жырын тыңда Дулаттың.
Тасқын судай ағызып,
Шәрбет балдай тамызып,

Торқалы топыр тойында,
Топ бас қосар ойында,
Қасқа, жайсаң алдында
Toп жиынды дулаттым.

Айдасаң алыс жерім-ді,
Алсаң ащы терімді,
Өзіне-өзі сенімді,
Тоят төс, салпы ерінді,

Топтан торай бермейтін
Тұлпар аттай қунақпын.
Қайырсыз, сараң малдыңды,
Еріншек, есер жарлынды,

Халыққа емес сыйымды –
Парақор баспақ биіңді,
Ел бүлдіргіш бегіңді,
Әперіп сөзбен кегіңді,

Улы тілмен улаттым.

Сана құйып ойына,
Қуат беріп бойына,
Аққан жасы сел болған,
Етегі толы көл болған,

Беріш боп шері байланған,
Ұйқы беріп, қайғы алған
Қайғылыны уаттым.
Жырымды менің тындаған

Сөз ұғатын соңғы адам
Тыңдаудан әсте тынбаған.
Гауһардай дүрге бұлдаған,
Сарқырап аққан жылғадан

Жыр арнасы – суатпын.
Шашудай болып шашылар
Меруерттей асыл сөз деген.
Жыршылардың шайыры

Асыл сөзді езбеген.
Нысананы дәл басып,
Қалаған жерден көздеген...
Қамқа бірдей бола ма

Қаламы мата бөзбенен.
Қосылып алтын қорымас
Мырыш пен мыс, жезбенен.
Меруерттей сөзбен шашайын

Бойыма біткен асылым
Ақындық әсер қуатпын.
Сусағанды сулатып,
Шаршағанды қунатып,

Кезегенді тура атып,
Жырыммен елді жетелеп,
Мойыс жерден төтелеп,
Ағылайын ақпадай.

Азған елдің адамы,
Апшыған сұмдар қадамы,
Жүйрікпін деп шабаны,
Момынға жапса жаланы,

Қулық, сұмдық табады.

Арқасы елдің жауыр боп,
Артқан жүгі ауыр боп,
Төрт аяқтан ақсады-ай.
Батыстан патша түнегі

Жеріңе келіп түнеді.
Жоныңнан таспа тіледі,
Ішіңе әбден кіреді.
Оны Дулат біледі.

Серпуге тұяқ жарамай,
Елді басқын басқандай.
Дуан салып ішінен,
Айырып қуат-күшінен,

Ақ патша десе үрпиіп,
Оянып шоршып түсінен,
Аға сұлтан қазының
Ел сілкінді ісінен.

Ауылдың атқамінері –
Жемтікке қонған күшіген,
Өзі тойса, мәз болды,
Ел іргесін сақтамай.

Ер деп елді бұзғышты,
Сұқсыр деп сұмырай қызғышты,
Кезқұйрықты лашын деп,
Кенеусізді асыл деп,

Құладынды сұңқар деп,
Жабыны шабан тұлпар деп,
Құтқармайтын құмай деп,
Төбетке қарғы таққандай.

Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады-ай.
Өзі елді қорқытып,

Онан өзі қорқады-ай,
Алдына түсіп томпаңдай.
Жарлылардың торпағы,
Бір торпаққа он болып

Пысықтардың ортағы,

Қарашығын алымы –
Бай-кедейге бірдей боп
Шаңыраққа салығы,
Ел ұйытқысы шайқалып,

Төгіліп судай аққандай.
Сортаң жерге қақ тұрып,
Су ішуге келмейтін,
Сараң байға бақ тұрып,

Қолынан қайыр бермейтін,
Қотиындары бек болды
Елді теріс сермейтін.
Ел ұйытқысын шайқалтып,

Дәулетін судай шашқандай.
Шыр айнала қорған тұр,
Артыңда өрт, алдыңда ор.
Тілеген ақтан момын қор,

Қанды шеңгел зұлым зор,
Болатың босап, болды бор,
Аяғыңды қырықты
Ашылмай қанды қақпан-ай!

БАРАҚҚА

Дулат Барақ төреге келсе, Барақ кекетіп: «Жарасқұлшам,
сөйле», – депті. Сондағы айтқаны:
О, Барақ жас, Барақ жас!
Жегенге тоқ, ішсең мас.

Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас.
Қасқыр тартып, қан шықса,
Жаман ит жұлып жей берер,

Алды-артына қарамас.
Жақсы иттің белгісі –
Жұлмақ түгіл жаламас.
Азған елдің бектері

Қан шықса, елін жұлмалар
Қасқырменен аралас.

Қазіргі қазақ ұлығы
Жаман иттен несі кем –
Жемтік көрсе, қан көрсе,
Айрылар мүлде есінен.

Сендер атқа мінген соң,
Тандыр болып суалды
Шалқар көлдей несібем.
Әбілпейіз арғы атаң

Алтын тұғыр сұңқар-ды.
Еріктіріп батырын,
Қунатып еді тұлпарды.
Тұсыңда сенің, хан Барақ,

Азулы бейне аң Барақ,
Содырлы, сойқан төлеңгіт
Елге қарай анталап,
Ашынғанды таптады,

Ел етегін қымқарды.
Алтын еді бір кезде,
Ағаш болды тұғырың.
Тыюсыз, тентек төлеңгіт

Шығарды елдің ұрлықпен
Дығыры мен ығырын.
Алалға қарсы хан болдың,
Тентекті сүйеп не құрым.

Азған сені көргенде,
Қайнайды менің зығырым.
Өгізі болдың жегілген,
Арамдыққа егілген

Айдайтұғын шығырың.
Құрық бердің үрыға,
Момынды алдың қырыңа.
Малсыздарды таптадың,

Малдыларды жақтадың,
Тентекті жасқап қақпадың,
Арамдарды ақтадың,
Өсекшіні мақтадың,

Арамдық болды баққаның,
Орыс болды жаққаның.
Қашан сенің ашылар

Момындарға құрылған
Қанды қара қақпаның?
Қарағысыз ел мен жұрт
Төрелік түскен шағыңа.

Ие болмай айрылдың
Атаңның алтын тағына.
Қара толқын жау толды
Шығыс, батыс жағыңа.

Тұлпардан туған тұқым ең,
Ере алмадың жабыға.
Етегін ашып кім күлмес
Азғындаған шағыңа.

Алдыңа келсе жүгініс,
Қарамай қара, ағына,
Адалды сатып параға,
Болыстың арам жағына.

Рухына нәлет келтірдің,
Қабың менен сабыңа.
Бұзықты құрап, ел етіп,
Қондырдың оң жағыңа.

Ұрыңа елді тонатып,
Бүлдіре бер тағы да!

КЕҢЕСБАЙҒА

О, Кеңесбай мырза, тыңда сөз!
Айтатұғын келді кез.
Көкіректеніп паңданбай,
Сырттан көріп таңданбай,

Менің сөзім құйылса,
Кеудеңе шырақ жанғандай.
Арғы атаң сенің Нарынбай,
Кең қолтық, ұзын қарымдай,

Елдің жүгін көтерген
Ақ өңеш шөңгел нарындай.
Көкейіңе қондыра
Сөйлесін жаршың сарындай.

Қу дауысты Құттыбай
Қазақ туын көтерді,
Даналықпен айырды
Келер менен кетерді.

Өтірік деші, қанеки,
Мен айтпаймын бекерді.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Олжа салды еліне.

Тояттаған сұңқардай
Құйылып еді жеміне.
Қазықтай жерге қадады
Дұшпанын деген «сені ме!»

Тізе қосып теңесті
Тепкісі тең теңіне.
Ой, ол кездегі өткен күн
Түсім бе едің, өңім бе?!

Байқара атаң бай болды,
Төрт түлігі сай болды,
Қайыры елге мол болды,
Анық әділ сол болды.

Серкештеп жылқы айдалды,
Көшкенде жұртта тай қалды.
Алдына келген дау болса,
Әділетпен жайғалды.

Дәулетіне ел кенелді,
Жетім-жесір теңелді.
Опасыз мына жалғаннан
Демі біткен күнінде

О да көшіп жөнелді.
Өз әкеңді айтайын,
Қара тіл ділмар Ақтайлақ,
Топта жалғыз сөйлеген

Асыл сөзді тақтайлап.
Тұқымың дегдар болғанмен,
Кеңесбай, азғын туғансың.
Тістеуік айғыр секілді

Үйіріңді сұйылтып,
Тай-құнанды қуғансың.
Ел білерлік ісің жоқ,
Дегдар емес, будансың.

Будан дейтін себебім:
Айналаңды торисың,
Түзден тоят тілемей,
Өлексені қорисың,

Алдыңа келсе жүгініс,
Терісті оң деп жорисың.
Қолбала құс секілді
Биялайға қарайсың.

Не тұлғама тұтқа боп,
Не керекке жарайсың?!
Ішің – аяз ақ қырау,
Сыртың – сұлу сарайсың.

Ыдысысың параның
Қотара құйса толмайтын.
Ашылған әбден араның –
Түйені жұтсаң түгімен,

Биені жұтсаң бүгімен,
Қақалмай-ақ толғайтын.
Айтты десең, Кеңесбай,
Бергеніңді санап ал.

Тақымдап елді тұжырып,
Осы елде жалғыз өзің қал.
Тінейдің сары құсындай
Өзіңе өзің шеңгел сал.

Ел тереңге сүңгіді,
Қармайтұғын қалмай тал.
Серпілер күн болар ма
Елге түскен ауыр хал?

Көз жасың да болмады,
Қара қазан, сары бала,
Жетім-жесір, кемпір-шал!..

СҮЛЕЙМЕНГЕ

Айбарлы ақ ордада
Әшекейлі дөдеге
Шаншулы найза, ілулі
Алтын сапты селебе.

Айқара қамқа жамылып,
Алдында күміс тегене.
Ардақты туған атадан
Әуелі сәлем берейін

Сүлеймен сынды төреме.
Төреліктің белгісі –
Елін жауға бере ме?
Еліне қорған болмаса,

Ел төрені көре ме?
Қаршығаны қайырма,
Қалыңға салса батпаса;
Мергенге мылтық кезетпе,

Атқан оғы айнымай,
Түтінін үзбей атпаса;
Батыр деме батырды,
Шеп құрған жауға шаппаса;

Төре деме төрені,
Ел тілегін таппаса;
Қару деме семсерді,
Шапқанда сүйек қаппаса;

Досым деме досыңды,
Күле кіріп келгенде,
Күңірене есік аттаса;
Жыршының аты жыршы ма,

Әркімнен өлең жаттаса?!
Сөз – жібек жіп, жыр – кесте:
Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз тігіп баттаса;

Шешеннің аты шешен бе,
Таңдайға дәмі үйіріліп,
Даугердің тауын шақпаса?!
Дулатты Дулат демеңіз,

Тас ағызып ағыны,
Төре алдында ақпаса!

Сүлеймен төре, құлақ сал
Дулаттың төккен жырына.
Үңілсең, көзің жетер ме
Теңізден терең сырыма?

Төрдегі өңшең отырған
Топырыш, топас, күшіген,
Жау айбынбас күшінен,
Ел түңілген ісінен.

Дулат келсе, бермейді
Төрден орын сырыла.
Толғанып, төрем, көз жібер
Ойың менен қырыңа.

Барақ сынды төреміз,
Кеңесбайдай кереңіз,
Ақтайлақ пен Аққожа,
Әділ бекзат кеткен соң,

Жан жіп байлап жанына,
Құрық берді ұрыға.
Аруақтың артқы сарқыны,
Алал бекзат туысым,

Айбарыңды байқасам,
Алтын зерлі түбімсің,
Ауыл-аймақ, көршіңе
Алтынның айшық буысың;

Әділдігің – қазақтың
Ақназардай биісің;
Адалдығың – аңқылдақ
Сыбызғының күйісің;

Қас дұшпанға қасарсаң,
Қан шықпас тастай түйінсің;
Ел қамын жеген ер болса,
Сабазым, сендей күйінсін.

Сырға берік сырбазым,
Ашуын таппас қиынсың.
Бірақ, жалған, қайтейін!
Мезгілсіз келіп дүниеге,

Аптапқа түскен басың бар.
Жау айбынар досың жоқ,
Жар, жапсарда қасың бар.
Жылайсың да шыдайсың...

...Күні өтіп, айы асқан,
Енді қазақ ел болмас.
Дәрігері дарын болса да,
Ауруына ем қонбас.

Мүйіздескен сиырдай,
Байласаң, басжіп жетер ме?
Еңбегің – еш, тұзың – сор,
Қайратың селге кетер ме?

Толқынды теңіз заманнан
Сенімді кеме болмаса,
Желқайықпен өтер ме?!
Елің үшін еңбек қыл,

Отыра берме бекерге.
Көмбеге таяп қалғанда,
Жүйрікке керек көтерме.
Аяз қысса мүйізді,

Мүйіз қысып тұқылды...
Қанталаса тұқылың,
Алпыс екі тамырың
Қаңсып қалған сықылды:

Ұлық қысса ұлықты,
Ұласып мидай былықты...
Атқамінер ауылда
Итше ілініп ылықты.

Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан дағы қылықты.
Ұлық кетсе, қазаққа
Қорқау қасқыр құлықты.

Бұзауы өлген сиырдай
Сауыны иіп Дулат жүр,
Mіce қылып тұлыпты.

ИШАНҒА

(Ел аралаған имамға айтқаны)
Ей, айтайын арнап Ишанға,
Кетіп еді есем де.
Айтатұғын жөнім бар,

Ишанға не десем де –
«Ұжмаққа тура бастайтын»
«Ел серкесі көсемге»,
«Құтқаратын тозақтан»

Шариғатқа шешенге.
Ишан, елді аралап,
Қошқар, теке жинадың.
Құдай жолын қуған деп,

Ишан, сені сыйладым.
Маңдайдағы бай болдың,
Нәпсіңді неге тыймадың?
Өзің алсаң, жүз аз деп,

Берсең, бірді қимадың.
Жетерлік болды елге де
Сенің берген иманың.
Құдайға колын жеткізіп,

Беремін деп, пенденің
Талайын алдың тартқандай
Кем мен кетік, кенденің.
Бала берем саған деп,

Сан әйелді емдедің,
Күйсеуіңе болайын,
Сен болсаң менің сенгенім.
Жазылады деп ең, жазылмай,

Талайы өлді қаза боп;
Өледі деп ең, жазылды
Талайы құлантаза боп.
Бала түгіл сымбыл жоқ,

Бедеуге бала бермек ең.
Бедеу қатын қалды ма
Сен етегін көрмеген?
Дулаттың ащы жырынан

Алдамшы сендей Ишанның
Талайлары терлеген.
Ақылы жоқ молдалар
Иман алмақ тиынға.

Оңайлықпен келмейді,
Иман деген қиын да.
Өзіңде, Ишан, иман жоқ,
Елге иман бермексің.

Қиямет-қайым болғанда,
Әуелі өзің көрмексің.
Өтірік айтқан сөзіңнің
Расын сонда таба алмай,

Аман-есен кетпексің,
Жаһаннамға қамалмай.
Алдап алған малыңның
Есебіне жете алмай,

Қалтырарсың, Ишаным,
Қыл көпірден өте алмай.
Жөніңе кел, Ишаным,
Тозаққа қарай бет алмай.

АҚТАНҒА

(Ақтан деген жетім балаға айтқаны)
О, Ақтан жас, Ақтан жас!
Сен де жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен

Асып өтер ме екенсің? –
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?..

Жапанға біткен жапырақ,
Жамылсаң, тоңар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген,
Сұғынсаң, тояр ма екенсің?

Күрек тісін қасқайтып,

Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,

Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?!
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық, жалын таратып,

Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп,
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағы жоғалмас

Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Керегесін торлатқан,
Тегеріші манаттан,

Жібектен ызып бау таққан
Үйге де кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,

Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,

Шаң бермей әлі кетерсің,
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің!

БАЛАСЫНА АЙТҚАНЫ

Жапанға біткен жантақты
Жаһан кезген нар жейді;
Тәтті менен дәмдіні
Қолында бұлы бар жейді;

Қорқақтықтың белгісі –
Арықты да жар дейді;
Кертартпаның белгісі –
Кең дүние тар дейді;

Қолында жоқтар тайлақты
Солқылдақ өркеш нар дейді.
Балам, маған кейіме,
Әкем айтпай кетті деп;

Сырын білмей бой салма,
Атасы оның текті деп;
Тұрлаусыздан сөз ұқпа,
Аузы оның епті деп;

Нашардан шыққан жақсының
Сөзін жерге тастама,
Атасы нашар өтті деп.
Орманшы ағаш кесе алмас,

Ақ балтаны қайрамай;
Жорыққа батыр аттанбас,
Жау жарағын сайламай;
Егінші егін сала алмас,

Қос өгізді айдамай;
Көңілмен құрғақ бос жүрсең,
Алақандай жер жүзі
Аспан болар айнадай.

Істемей қолмен іс болмас,
Құры сөзде күш болмас,
Таңдайға дәмі татымас,
Ауызға салып шайнамай;

Ер қолынан іс келмес
Сұңқардайын түйілмей,
Буынып белін түйінбей,
Зердесі жігер қайнамай.

Жабыққанды дерт білмес,
Басқан қайғы серпілмес,
Шамшырақтай жайнамай;
Ер деп атақ алмайсың,

Алмас семсер асынбай,
Кезенген жауды қашырмай,
Асудан ары асырмай;
Бара алмассың байланып

Көңілге алған жеріңе,
Болат найза қайрамай;
Шыға алмассың ұмтылып
Шығам деген өріңе,

Садақ сыртты, күпшек сан
Тобышақ атты жайламай.
Бәрін айт та, бірін айт,
Кез болдың кер заманға.

Тандыр болып тартылып
Қалмайды қор сабан да,
Дәніңді сорып тауысып,
Өрт қояды сабанға.

Қолыңнан дәулет кеткен соң,
Өлер халге жеткен соң,
Жат болар саған, жау болар
Қатын менен балаң да.

Қалаға қарай шұбырып,
Малайлыққа жүресің.
Орыстың қорып қорасын,
Қабаған ит боп үресің,

Пана болмай далаң да.
Өгізін айдап жағынып,
Өткен күнді сағынып,
Шошқасын бағып сабылып,

Шөгір кіріп табанға.
Жол тауып саған беретін,
Көзіңнің жасын көретін,
Соңынан соның еретін

Қалмады елде адам да.
Балам, саған айтқаным:
Даңғыланбай, шаруа жи;

Албырттықты әсерлі
Құрбыңа еріп, көрме сый;
Қолда барың қанағат,
Қолда жоққа құмартып,

Әуреленбе, ләпсің тый;
Әкеңнің айтқан аз сөзін
Құтысына көңіліңнің,
Төгіп алма, дәлдеп құй!

Менің айтқан бұл сөзім
Өміріңе пайдалы,
Басыңда болса егер ми.

САНДЫҚТАС

Ақжайлау мен Сандықтас –
Атамның қонған қонысы:
Түн асса, тұтам түгі өскен,
Басылмайтын сонысы!

Аққан бұлақ сай-салаң,
Шытырман тоғай айналаң,
Жоның жайлау кең алаң,
Атам қонған иен далам!

Мендей сені қызғанар
Бауырыңда өскен қай балаң!
Көл қорыған қызғыштай,
Сен десе, салам байбалам.

Жайлауыңды көргенде, –
Жадыраймын, жайланам.
Өксігіңді ойласам –
Ұйқы беріп, қайғы алам.

Қилы, қилы заманды,
Заманға сай адамды
Салғастырып қарасам,
Су мүйіз болған танадай

Шыркөбелек айналам.
Кешегі бір заманда
Қайран казақ, қайтейін,
Қасиетті еді хан, қараң.

Мынау азған заманда

Қарасы – антқор, ханы – арам,
Батыры көксер бас аман,
Бәйбіше – тантық, бай – сараң,
Бозбаласы – бошалаң,

Қырсыға туды қыз балаң.
Нары – жалқау, кер табан,
Құсы – күйшіл, ат – шабан,
Жырғалаң жоқ, жобалаң.

Ебі кеткен ел болды,
Енді қайда мен барам?!
Ой, Сандықтас, Сандықтас,
Атамның қонған жайлауы!

Қайнардан суың қайнауы,
Шалғынға жонын көмілтіп,
Құлынды қазақ байлауы,
Бал татыған бағланның

Езілтіп етін шайнауы –
Сенің арқаң емес пе
Лықсытып малды айдауы!
Мынау азған заманда

Сөзінің кетіп байлауы,
Келелі биде кезек жоқ,
Қу тиын болыс сайлауы.
Басалқа жақсы кеткен соң,

Іс айналып бақырға,
Ер қайраты қор болып,
Ақыл салды қатынға,
Түзелмес енді іс болып.

Қаларсың бір күн, Сандықтас,
Құлан жортпас бел болып,
Жоныңнан тас бастырып,
Тамырыңды қопарып,

Шошқа түртіп қыдырып,
Самалың салқын соғатын
Сары ызғырық жел болып.

* * *
О, Сарыарқа, Сарыарқа!
Самалың салқын жөн едің.
Сырдан ауып келгенде,

Жапырылмай шалғының,
Балауса балдыр балғының,
Тимеген ірге соны едің;
Ойың балау шайырлы,

Бетеге қырық шайырлы,
Толықсып толып лықсыған,
Олқы емес едің, толы едің.
Өрісің бейбіт дер едің,

Қонысың кең кер едің,
Тебініңді теуіп тел өскен
Төрт түлікті жер едің,
Ойың көкпен ойылған,

Қом жасап түйең тойынған,
Жылқыңның шабы бусаған,
Ыңыранып қой жусаған,
Шөбіңді сенің татқан мал

Құламасы сусаған,
Масаты кілем жайғандай
Қоныстың шұрай жері едің!
Жеген мал қысыр қалмаған

Бетеге, тарлау, шырышың,
Қарабөктер мүк, жусан,
Ерте қашқан шыбышың,
Саған келіп ішіп ек

Тұнықты мөлдір шынысын.

САУЬІР ЖЕРДЕН АЙРЫЛЫП

Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді,
Аягөз, қайда барасың?!

Жағаңдағы сұлу тал,
Саясының шөбі бал,
Ерекше семіз ішкен мал.

Сумаң қағып сүйріктей,
Шалқып шапқан жүйріктей
Екіге бөліп ерке су
Қас пенен көздің арасын!

Тарбағатай тауынан
Тоқсан сала қосылып,
Тоғыз өзен түйісіп,
Ақтың төмен жосылып.

Ағының тасты ағызып,
Арнаң қалды осылып.
Күркіреген үніңнен
Аңдар қашты шошынып.

Қырға суың тарады,
Ойға суың барады
Тоғанменен тосылып.
Аягөз, сенің бойыңда

Несібе, ырыс тегіс қой,
Сай-салаң толған жеміс қой.
Қырың – малдың кіндігі,
Ойың – өнім егіс қой.

Айтуға ауыз келе ме,
Аягөз кімнің жері еді?
«Жер сауырын – жайлауды
Ел сауыры» дер еді.

«Жер кімдікі?» – дегенде,
Аға сұлтан, қазылар
Не деп жауап береді?
Сауыр жерден айрылып,

Қазақ елі жұқарды,
Сауыр емес, шап болды.
Заманға сай адамы –
Қу заманға сұм басшы

Сорымызға тап болды.
Жағаңа дуан түскен соң,
Суыңды орыс ішкен соң,
Аягөз суы қағынды.

Би, старшын мойнына

Жезден қарғы тағынды.
Аға сұлтан, қазылар
Майырға болды жағымды.
Шайқады қулар тағымды,

Тайғызды бастан бағымды,
Сындырды, елім, сағыңды.
Қара ісіне дем беріп,
Қарайтты әдей ағыңды.

Ұзын өріс қысқарып,
Кең қонысың тарылды.
Сөзіңнен кетіп пәтуа,
Құт-берекең арылды.

Ағайын араз болған соң,
Ел екіге жарылды,
Қарайласпай жоғыңа,
Көре алмай, күндеп барыңды.

Жауға шабар ерің жоқ
Сақадай болып сайланып.
Төсекжанды мырзалар
Ала баспақ байланып,

Үйкүшіктей үреді
Отының басын айналып.
Жеріңнің алды шұрайын,
Дуан салып жайланып.

Датыңды айтсаң майырға,
Сібірге кеттің айдалып.
Бейнең қандай болды екен,
Қарасаңшы бір мезгіл

Қолдарыңа айна алып.
Жерге қарай мал бітіп,
Малға қарай құт болмақ.
Қонысынан мал тайса,

Құты кетіп, жұт болмақ.
Айтып-айтпай, немене,
Күн өтіп, уақыт біткендей –
Сары аурудай сарылып,

Өлімді аңсап күткендей.

АТА ҚОНЫС АРҚАДАН

Ата қоныс Арқадан
Басында қазақ ауғанда,
Күзді күнгі нөсердей
Көзінің жасы жауғанда,

Ақтабан боп шұбырып,
Асып асқар таудан да,
Алқакөлді айналып,
Ақ қайыңды сауғанда,

Арысын белден омырып,
Қалмақ тартып барды алды;
Ұйқысы түссіз қанбаған,
Ел қалап, ер тандаған,

Берген серттен танбаған
Аққұба ару жарды алды;
Тең арқаны қиылып,
Артқан жүгі үйіліп,

Өрде шөгіп нар қалды;
Күз тоқсан, қыстың маусымы
Үдере тартсаң азбайтын,
Айсыз түнде адассаң,

Ауылыңнан жазбайтын
Аударып алды тарланды;
Аш күзендей бүгілтті
Алтын қарғы арланды;

Аталықтай ақсақал
Алласына сыйынып,
Тілегі мүлде қиылып,
Сәждеде жатып зарланды.

Аналықтай бәйбіше
Көкірегін кернеген,
Күндіз күлкі көрмеген,
Түнде ұйқы бермеген

Көзінен төкті арманды.
Ел үшін кешіп жанынан,
Ереуілге шыққан ер,
Өлексесін құшақтап,

Қала берді туған жер.
Айрылды қанат-құйрықтан
Қанды көз, қайқы қаракер.

Қара бұлттай қабындап,
Халықты басты қайғы-шер.
Сол бетімен шұбырып,
Торғайдай тозып Сыр түсті.

Туған жерді көксетер
Халықта сөнбес сыр күшті:
Есін жинап алған соң,
Бозбала үйде жатпады,

Тобышақ атты баптады,
Болат сүңгі саптады.
Ата кегін алмаққа,
Ат терлігін кептірмей,

Жиі аттанды қалмаққа.
Дау аяғы айналды
Жазылмас ауру толғаққа.
Кемеліне келген соң,

Арқаны қазақ көкседі,
Арасынан қалмақпен
Бәленің оты өшпеді,
Өшпек түгіл үстеді.

Саулықты қысыр қалдырып,
Қошқардың түспей күйегі,
Айғырдан бөліп биені,
Бурадан бөліп түйені,

Қайта Арқаға көшкені.
Арқаны оңай бермеді
Ірге тепкен көп қалмақ.
Ел шайқалып, ел қандап,

Мал шабылып, жер шаңдап,
Қымбат болды қазаққа
Қалмақтан қайта жер алмақ.
Атақоныс Арқадан

Қалмақтың таймай іргесі,
Сөлі кетіп қазақтың,
Қалған кезде сіргесі
Әбілмансұр хан болды:

Хан болмады қазаққа,
Ағарып атқан таң болды.

Қосылып басы қазақтың,
Алатаудан асырды
Арқадан айдап қалмақты.
Бозбалаға мінгізді

Сәйгүлік пен саңлақты.
Шабаны тұлпар жүйрік боп,
Сайынға шауып шаңдатты.
Шалағайы берік боп,

Шала мерген жамбы атты.
Сарыарқа мүлде бейіш боп,
Елі еркін, кейіс жоқ,
Мыңнан бірді тандатты.

Төрт түлікке толтырды
Толағай тұлдыр қыратты.
Тандыр болған жылғадан
Сарқырап тұнып су ақты.

Өзен қып өрге ағызды
Жылжыған жылым бұлақты.
Қураған шынар көгеріп,
Қу тұқыл алды қуатты.

Ай маңдайлы арудың
Жұпармен шашын сылатты.
Оңы – күн, солы – ай болды,
Қара суы – май болды.

Бесіктен белі шықпаған
Жасы өсіп, бас болды,
Еңкейген кәрі жас болды.
Жетім өсіп, теңелді,

Жетісіп жесір, кенелді.
Шалшық суы көл болды,
Құрамалар ел болды.
Мұхитты кезген кемедей

Біраз күн қазақ сайрандап,
Ханталауда, қамалда
Қалды кеме қайраңдап.
Абылай туы жығылды,

Қабырғаң, қазақ, сығылды.
Үріккен қойдай біріңе
Бірің келіп тығылдың...

ӘУЕЛГІ ҚАЗАҚ ДЕГЕН ЖҰРТ

Әуелгі қазақ деген қалың жұрт,
Миығынды көрсетпей,
Ұстарасыз өскен мұрт.
Ұйқы басып сезбедік

Шырмағанын жаудың сырт,
Емін-еркін ен жайлап,
Өсіп едің Бұхарда.
Елің сонда жүргенде,

Қызық дәурен сүргенде,
Бәйшешек шығып бүргенге,
Ерлерің тартпай жабыға,
Тартушы еді тұлпарға.

Кешегі сенің бірауызды күніңде
Үш жүздің ұлы қараған,
Алдынан соның тараған
Әбілпейіз, Абылай –

Екі сұлтан сұңқарға.
Еркін өскен қайран ел,
Дәулетің бейне шалқар көл,
Айдының бейне асқар бел,

Ботадай бейне өскен тел.
Сен Бұхарда кезіңде,
Бәтуа бар сөзіңде,
Келелі биің сенімді,

Қара бір халқы көнімді,
Тыныш еді еліміз.
Шаңына малың аунаған,
Дәулетің өсіп қаулаған,

Тел емес малды саумаған,
Бұхар-ай шәрі дейтұғын
Өскен, өнген жеріңіз.
Тай туып, тайлақ қайыған,

Тоқты қоздап байыған,
Малың қысыр қалмаған,
Қулығың құлын салмаған,

Қалың еді ырысың
Көлге біткен жекендей.
Бай сатып қыл мен қыбырын,
Кедей бұлдап сыбырын,

Ерсі болып ырығың,
Ішке дуан салған соң,
Жан кірді ме бейліңе,
Жол таба алмай қамалдың.

Айуанмен тең саналдың,
Терідей болып тоналдың.
Бастады тәңірім теріске,
Елің түсіп керіске,

Енді қолың жетпейді
Кең қоныс, бейбіт өріске.
Жол таба алмай, қамалдың
Басшысын атқан бөкендей.

Шариғат жолын тастадың,
Теріске елді бастадың.
Төре, қараң бас қосып,
Жақсылық жаудан іс тосып,

Құба тамға жиналдың.
Мәдине мен Меккедей
Кереметті, дұғалы,
Айтқан сөзі дуалы,

Мәдине мен Меккеде
Әулие зада мол екен.
Әзірет қонған Қаратау,
Аса алмаған онан жау,

Болмаған онда ханталау,
Ел соқпағы даңғыл жол –
Қасымның қасқа жолы екен.
Көнелерден сұрасам,

Сөзін жинап құрасам,
Сауысқандық Түркістан –
Сенің туған жерің сол екен.
Сен туған жерді тастадың,

Теріске елді бастадың,
Қаратаудан асқаның,

Арқаға аяқ басқаның –
Түлігі төртеу мал үшін;
Иен жерді мекен етем деп,
Игілікке жетем деп,

Кеңшілік сүтін ішем деп,
Ойменен тон пішем деп,
Қара қазан, сары бала,
Кемпір-шалдың қамы үшін;

Бетегесі бырдай боп,
Май сасыры дырдай боп,
Тарлаулары балдайын,
Балауы жая-жалдайын,

Ойы түрлі кілемдей,
Солқылдап қыры кілемдей,
Салқын самал дала үшін.
Тобышақ атты бүгілтіп,

Құйрық-жалын сүзілтіп,
Езді бордай үгілтіп,
Тұйғындай ерді ширатып,
Тас ошақты қиратып,

Нар шөгіп құмның астында,
Су кешіп таудан астың да,
Қой-қозыңды маңыратып,
Бота-інгенді аңыратып,

Сиырыңды мөңіретіп,
Мешеулерді еңіретіп,
Талдырмашты талдырып,
Ақсақ-тоқсақ қалдырып,

Үдере тартып көшкенсің.
Сыр, Қуаннан кеткенде,
Арыс, Келес өткенде,
Талас, Шуға жеткенде

Түйенің қомын шешкенсің.
Шу бойына ығыр ғып,
Төрт түлік демін алдырып,
Қошқардың шешпей күйегін,

Қойыңды қысыр қалдырып,
Тұлпардың тозып табаны,

Нардың апшып қадамы,
Бұйдасын іркіп баяулап,
Мұрнын жырып шабаны,
Сарыарқаға түскенсің.

Иен қоныс таптым деп оңай,
Өрісі кең ну тоғай.
Суы тұнық, шөбі қау,
Жалғыз ғана жиен жау,

Бағланды жеп еті бал,
Сарыала қазы, жая, жал,
Сапырып қымыз ішкенсің.
Ақ білектің күшімен,

Ақ найзаның ұшымен,
Наркескен қылыш жүзімен,
Қан қатқан жасыл жүзінен,
Он сан қара қалмақтың

(Бермегі бар алмақтың!)
Жерін тегін алдым деп,
Ойламай ақыл пішкенсің.
Сауытты ерің зерігіп,

Сері бойдағың ерігіп,
Маңғаз байың балпаңдап,
Мақтангөйің талтандап,
Жас өспірім жар таңдап,

Бәйбішелер былқылдап,
Ақпейіл шалдар аңқылдап,
Ақкөңілдер жарқылдап,
Бойжеткенің бұралып,

Таналары жалтылдап,
Кербездерің керіліп,
Басуға аяқ ерініп,
Шешенің судай төгіліп,

Тыңдаушың бордай егіліп,
Өз-өзіңнен іскенсің.
Күнбатысқа көз салмай,
Күншығысты еске алмай,

Бізді алатын жау жоқ деп,
Бізден мықты дәу жоқ деп,

Алды-артыңды байқамай,
Маған не бар дескенсің.
Болашақты болжамай,
Жол сауданы олжалай,

Ақбөкендей алданып,
Жылқыдай делбе сандалып,
Ортасына кәпірдің
Аңдамай келіп түскенсің.

Орыстың заңын қуаттап,
Жол ашып елді суаттап,
Баладай алдап уатпақ –
Би дегенің би емес,

Ел алдағыш мекері.
Шен-шекпенге құмартқан,
Қанталап көзі мұнартқан,
Саудалап елін тиынға,

Құмартып патша сыйына –
Бек дегенің бек емес,
Хан жалшысы, нөкері.
Ақ патша тайып сертінен,

Кенет келіп мертіне,
Ел зердесі ұласып
Дерт үстіне дертінен,
Құтылмай елі қамалар

Батыстың салған өртінен,
Елге салар салмақты,
Малыңды салып талауға,
Адамың қатты саналды.

Оразаң түсіп калауға,
Бірден алар салт атты.
Шен-шекпенге сатылып,
Батпаққа елін батырып,

Дұшпанына оқ салып,
Еліне қарай атылып,
Біздің естімін деген жақсылар,
Ақыл-ойға тапшылар

Заңын білмей, алдатты.
Сырғалынды күң қылып,
Солқылдақты жүн қылып,
Күніңді тұман түн қылып,

Қыл мойынға тақалтып,
Шабақтай жемге қақалтып,
Көмейіңе салар қармақты.
Шарапты балдай татқаның –

Күнәға белден батқаның.
Отыз үш мың сахаба,
Тоқсан тоғыз машайық,
Ұмыттың мүлде әруақты.

Жаяулатып тиіп табаның,
Титықтап құрып амалың,
Көшке ере алмай шабаның,
Мал-мүлкіңнен айырылып,

Ауа көшіп барасың
Алдыңдағы Тәшкенге.
Алшы оразаң жиылып,
Қоңыздай боққа үңіліп,

Қасиетің сұйылып,
Шарапты балдай ішуші ең
Әншейін-ақ әсемге.
Бұл жеріңнен кеткен соң,

Әсемің кетіп бойыңнан,
Мұнда көрген қызығың
Сонда кетпес ойыңнан.
Сырт айналған ақылы,

Айырылып қора қойыңнан,
Жыныңды сонда төгерсің
Жеріңізде тойынған,
Ұлы дүбірлі осыңнан,

Торқалы топта тойыңнан
Күрсінерсің қайғырып!
Маңдайың күнге күйген соң,
Табаның жерге тиген соң,

Оқ тиген ұзақ көзденіп
Ұшырап күйге кезбелік –
Қанатыңнан кайрылып.

Егін себер жерді алып,
Бұрынғысы өтірік,
Шыныменен енді алып,
Кетірер кәпір сиқыңды.

Орыс деген атынан,
Теріс жазған хатынан
Әуелі құдай біледі
Шығыс, Батыс кәпірді;

Бірігіп атқа мінеді,
Байтақта жатқан қайран ел,
Астын-үстін бөледі,
Ашар шайдай ұйқыңды.

Қабағың қарс жабылып,
Қарс ұрып қайғырып,
Күле алмассың, қазағым,
Бейпіл тыныш күлкіңді.

Жібек жалын жайнатып,
Ортекедей ойнатып,
Қабырғаңды сөгілтіп,
Аш күзендей бүгілтіп,

Әлі-ақ шауып алады
Түйең менен жылқынды.
Есерсоқ өңшең мастары,
Бозақор ойсыз жастары,

Алжыды деп Дулатты,
Келеке етіп күлерсің.
Менің айтқан бұл сөзім,
Саналы болса ой көзің,

Өлең емес, жыр емес,
Құнсыз сөздің бірі емес,
Басыңа түссе, білерсің.
Асау тайдай үйретіп,

Шәркейіңді сүйретіп,
Ат айдап мініп ағашты,
Табаныңнан таусылып
Қарағай тартып жүрерсің.

ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН КӘПІРДІ

Тырнақтай меңі болған соң,
Тарлан тартып оңған соң,
Түгіне кір қонған соң,
Мінсіз, меңсіз, кіршіксіз

Шаңқан болмай, қылаң ба?
Ту ұстап, тұлпар жаратпай,
Алдынан топ таратпай,
Елді аузына қаратпай,

Жай оғындай оқ атпай,
Анадан тудым дегенмен,
Бастамаса ел, ұлан ба?
Ақсақ Темір Көреген –

Азуын айға білеген,
Дұшпанын саздай таптаған,
Досын майдай сақтаған,
Алтын діңгек секілді

Патша өткен Тұранда.
Азғын тартып, сұйылып,
Қасиеті жойылып,
Онан соңғы хан мен бек,

Аталыдан азған тек,
Суалып қалды қараңға.
Елді судай сапырған,
Белшесінен батырған,

Шілдеде мұзды қатырған,
Толыны төгіп-шайқаған
Берілді тізгін лаңға.
Құрт жегендей қуарып,

Қазаның тандыр суалып,
Елдігің кетіп ыдырап,
Бәйгені өсек-сыбыр ап,
Алтын жығаң сөгіліп,

Абыройың төгіліп,
Барыңнан да жақсы еді
Жоқ болғаның мұнан да!
Құзды мекен еткенмен,

Өткелектен өткенмен,
Қарауыл салып үргенмен,
Сақтанса да мергеннен,
Ажалды оқтан құтылмас,

Сақсынғанмен бұлан да.
Екпіні желдей есілген,
Төрт аяғы көсілген,
Ажалдың құрған шебінен,

Аса алмайды шегінен
Қыр тағысы құлан да.
Мекен қып құздың қиясын,
Бұлтқа салған ұясын,

Айнадай көрген аймағын,
Түйінін шешкен айланың,
Жерге қонбай ұша алмас
Көк еркесі қыран да.

Түсі суық, у тілді,
Қарға адым жер боп мұңы,
Үнемдеп жалап топырақ,
Бұта көрсе тоқырап,

Қыс болса қатып сіресіп,
Жаз өмірмен күресіп,
Аяғы жоқ, еңбектеп
Күн көріп жүр жылан да.

Шын тұлпардың тұқымы
Көз танырлық сықылы,
Жарамар жабыдан
Сенімді атқа қосуға,

Тас түссе талай-бағына,
Сырын алған құнан да.
Сендер түгіл, құмырсқа
Ісін қойып дұрысқа,

Илеуін caп жабылып,
Жемін тасып сабылып,
Бір орыннан табылып,
Біріне бірі бағынып,

Береке-бірлік шақырды.
Жорғалап, болдың бөдене –
Бас қоспайсың үмеге,
Бәтуа кетті аузыңнан,

Сөзіңе адам сене ме?
Бытырап, азып-тозған ел
Бөдене емей, немене?
Ортаңа орыс келген соң,

Ел қорғар ерлер өлген соң,
Толыңды, елім, шайқады,

Тұнығыңды сапырды.
Айбынбас онан дұшпаны,
Бейне албасты нұсқалы,
Ел ішінде борандай,

Аяздай болып қысқаны,
Шет жауға қарсы тұра алмай,
Көтінен қорқып пысқаны,
Жатып ішер жалмауыз,

Борсық тұмсық, қанды ауыз –
Ұлық қылған, құдай-ай,
Қазақтан шыққан кәпірді!
Шетке қылмай ерлікті,

Ел қорғайтын ер бітті.
Тебінгісін тоздырып,
Құрғатпай тоқым-терлікті,
Қой ұрлыққа мақтанған,

Кептірмей тоқым аттанған,
Ел жиренген ісінен,
Азған елдің ішінен
Қазан бұзар үй тентек –

Көрдік шыққан батырды.
Елді еліртіп азғырған,
Әуесқой қып аздырған,
Жазықсызды жазғырған,

Аузы епті өсекке,
Тұлпар ат беріп есекке,
Ен жатқан елді бүлдірер,
Сөзінен бәле үдете.

«Шешен» де бір дедің-ау
Су жұқпайтын тақырды.
Туралыққа көшпеген,
Өркендеп өніп-өспеген,

Қозы бұты, қой саны,
Сабаздардың ақ қаны,
Момындардың ақ малы
Обал болды деспеген,

Іліп салып езілтіп,
Дау түйінін шешпеген,
Параны жұтқан кесектеп,
Түспей жатып төсектен,

Жезден қарғы тағынған,
Кәпірге дінсіз бағынған –

«Би» деп атау бердік-ау
Үйінді тас молаға!
Елін сатып, шен алған,
Өлекседен жем алған,

Кебеже қарын, кең өңеш,
Өлексе көрсе, үңіген
Күшігеннен кем емес,
Тек дейтұғын тегі жоқ,

Өз еліне ебі жоқ,
Жатқа зерде кегі жоқ –
Азған елге бек болды
Ағынды мырыш, қолаба.

Шенділердің қылығы,
Елге істеген былығы,
Парақор би мен ұлығы –
Ұйықтасам, кіріп түсіме,

Өңімде қуат-күшіме,
Есерлердің ісіне,
Азған елдің ішінде
Дулат сынды сорлыда

Ұйқы, тыныштық бола ма?!
* * *
Асқар таудың сәні жоқ –
Төрт түліктен қонысы,

Басылмайтын сонысы
Көкмайса белі болмаса;
Өзен-судың сәні жоқ –
Өрлей, құлдай қонатын,

Жағасы малға толатын
Аймақты елі болмаса;
Қопалы жердің сәні жоқ –
Тұңғиық мөлдір иірім,

Көз болжамас қиырын
Айдын көлі болмаса;
Ақ ауылдың сәні жоқ –
Топталып жылқы үйездеп,

Ноқталы құлын күйездеп,
Тартқан желі болмаса;
Шешендіктің сәні жоқ –
Сөзіне сүттей ел ұйып,

Қолтығына ел сыйып,
Басына бақыт қонбаса;
Қайырсыз байдан пайда жоқ
Нашарға жәрдем бермесе,

Кем-кетігін көрмесе,
Көн болып қатса сіреуі,
Екіге сатса, біреуі
Несиенің өсімі,

Мөлшерлі жоқ кесімі
Үзбей құйса толмаса;
Сұлулықтың сәні жоқ –
Көрсеқызар күлкі ғой,

Шаруа істемей, сылап бой,
Жол саудаға жолдаса;
Би мен бектің сәні жоқ –
Елін қорғай алмаса,

Тура жолға салмаса,
ЬІстығына күймесе,
Суығына тоңбаса;
Батырлықтың сәні жоқ –

Түн ұйқысын төрт бөліп,
Елерген тұлпар ерттеліп,
Толғаулы найза қолға алып,
Тұйғын құстай қомданып,

Сары садақ асынып,
Егескен жауды қашырып,
Елін қорып жауынан,
Ереулеген егер дауынан

Тұтамдап оқ жонбаса!
Бәрін айт та, бірін айт...
Ұғынар мұны ел қайда?
Елді бастар ер қайда?

Аға сұлтан, абыздар,
Елінді қамап көрге айда,
Барса келмес жерге айда.
Күш кеткен соң қолыңнан,

Зарлаудан, сарнау не пайда!

ДҮНИЕ — ЖЕМТІК, МЕН –ТӨБЕТ

Сөзім бар да, көзім жоқ,
Көзім бар деп жатпадым:
Би мен бекті жақтадым,
Бай, мырзаны мақтадым.

Бәйбішенің мойнына
Жырдан алқа таққаным.
Өсек болды баққаным –
Момынға құрған қақпаным.

Өсекші – тәңірі дұшпаны,
Күнәмді қалай ақтадым?!
Аз нәрсеге ант ішіп,
Аруақты аттадым.

Қылмыстыны қызықтап,
Мандайынан сипадым,
Қабағына қақпадым.
Бәріне мен кіріптар,

Қайсысы менің тапқаным?!
Біреудің отын үрледім,
Өз отымды жақпадым,
Сонда дағы оңбадым:

Көн шалбар түспей бұтымнан,
Қыс болса – тапшы қызылдан,
Жаз болса – шала жұтымнан.
Адал сопы мен емес

Пірдің сөзін тұтынған.
Саудагер сарттай қайтты өмір
Құмар ойнап ұтылған.
Мөңіреп жұртқа ой қайтты

Бұзауы өлген сиырдай.
Ләпсі – төбет қабаған:
Жемтік көрсе, тұра ма
Ырылдап, танау жиырмай?!

Өзімнен өзім қызғанып,
Азын-аулақ жиғаным
Өзіме де бұйырмай.
Күнәм – жойқын, тәубем – аз,

Тіршіліктен не таптым?
Дүние – жемтік, мен – төбет,
Соны бақпай, не бақтым?
Ырылдасып әркіммен,

Не қапқыздым, не каптым...

ЕР ШӨГІП, ЕСЕР ЕРЖЕТТІ

Қылығың жалған туысқан,
Қырт пен мылжың ағайын,
Бәрінен де дауасыз
Өсекті қайтіп бағайын?

Мақтан күйшіл бүркіттей,
Бабын қалай табайын?
Жағымпаз сөз әркімге
Жұмсайтұғын малайым.

Бәрі тегін жер тезек,
Қайсысын таңдап алайын? –
Асыл сөзден бұл кетті.
Келемеж қылып атасын,

Алмай ақыл батасын,
Мойнына алмай қатасын,
Шаруа десе, жиреңдеп,
Өсек десе, сүйреңдеп,

Қымыз аңдып қыдырып,
Бейпіл сөзге сыдырып,
Жалаңдасып ұл кетті.
Ағайын араз мал үшін,

Аңдысып алды абысын,
Жаттай болып танысың,
Қазақтан мүлде түңіліп,
Артына қарап үңіліп,

Қайран талай жыл кетті.
Аңдығаны жілік боп,
Тілегені бүлік боп,
Момынды сорып сүлік боп,

Арам дауға келгенде,
Жел жетпейтін күлік боп,
Қонақасы бермесе,
Ат-шапанға ілік боп,

Параны көздеп би кетті.
Сөзден кетіп бәтуа,
Базынаң жүрмей татуға,
Аңдысып құда сүйекпен,

Көтеріп тастап иекпен,
Қадір, қасиет, сый кетті.
Ескіден қалған бұрынғы
Бәтуалы ырымды,

Адаспастай даңғыл сол –
Қасым салған қасқа жол
Жарға соғып із кетті.
Бермесең, жақын жау болып,

Бермесең, құрған ау болып,
Аяғы пәле, дау болып,
Ұлғайып пәле қау болып,
Татқан дәм мен тұз кетті.

Күземе байтал кекілді,
Жетекшіл түйе секілді,
Шешесі айтса, кейін деп,
Жеңгесі айтса бейімдеп,

Дамбалын тастап қыз кетті.
Қонысына қона алмай,
Шаруалары оңалмай,
Бай мен кедей аңдысып,

Арасынан жем тауып
Араласқан сан пысық,
Дөң асқан мал табылмай,
Ашылған етек жабылмай,

Біріне-бірі сеніспей,
Бет-бетімен ел кетті.
Дұрыс бастар басшы жоқ,
Әділетке шөлдетті.

Татуға өсек жүргізіп,
Бәленің отын өргізіп,
Қайран заман, аман бол,
Ер шөгіп, есер ержетті.

* * *
Атаны бала алдады,
Шешеге назар салмады,
Теңгерер жақсы қалмады

Қысқа менен ұзынды.
Әбден үміт үзген соң,
Қой зор болып түйеден,
Құлын зор боп биеден,

Сөз оралмай жүйеден,
Бұзақы би боп тізілді.
Лашын өрлеп ұша алмай,
Ер майданға түсе алмай,

Үлкеннің тілін кіші алмай,
Елдегі жақсы бұзылды.
Мәстек озып бәйге алды,
Тайынша бұл боп, тай қалды,

Бағасыз қыран жай қалды,
Достықтың қылы үзілді.
Ителгі туып сұңқардан,
Жабы туып тұлпардан,

Топтан торай бермейтін,
Түн асқан сайын өрлейтін
Төрт аяқтан ақсады
Томаға көзді боз тарлан.

Мойнынан жал кеткен соң,
Қыршаңқы болып қызынды.
Қызғыштың даусы көбейді,
Көлден аққу сырылып,

Қайырымы кеткен соң,
Мырзадан қоңсы жырылып,
Елім дер ер қалмады
Артына қарар бұрылып.

Тырнадан би сайладың,
Ашпассың, елім, көзіңді.
Алды-артыңды түйықтап,
Бесті айғырдай иықтап,

Ұйқыңды шайдай сұйықтап,
Кедергі алды кезіңді.
Хан тағынан төңкерді
Қасиетті ханынды,

Қараша күнге теңелді,
Орда шырқы қағынды.
Мойның қалды бұлғақтап,
Екі езуің ыржақтап,

Талқан қылды таңыңды,
Еріншек нардай ер шөкті.
Елбеңдетіп көтердің
Ебелектей езінді.

Ішкендей тұзсыз атала,
Борбайлары сатала –
Бәрінің іші өтіп жүр,
Қайсыбірін емдерсің?

Ел құлағы саңырау,
Кімге айтамын сөзімді?

* * *
Май, май дейсің, май дейсің,
Май жесем, көңілім жай дейсің,
Майды берген бай дейсің.

Майға тойып алған соң,
Қымыз керек тағы да.
Орынсыз сөз сөйлейсің,
Қымызы барға жағына.

Қымызы бар қылтиса,
Сүмірейіп кетесің,
Ақау түсіп сағыңа.
Қымызы бар хош алса,

Дүрдиесің мінгендей
Қара орын хан тағына.
Қымызға тойып алған соң,
Сөз сөйлейсің қағына.

Қымызы бар құтыртса,
Соқтығасың әркімге,
Қарамай қара, ағына.
Алдыңда не бар – көрмейсің,

Артыңда не бар – білмейсің,
Жарға барып күп дейсің,
Қарамай екі жағыңа.
Ойлау түгіл, сезбейсің,

Жақсылықтан үркесің,
Жамандықтан безбейсің,
Тауаның жүрсе шағыла.
Қымыз құмар, сөз құмар,

Сор құмар өңшең сорлылар!

БІРІНШІ БІРЕУГЕ

Өзіңе өзің тұсау caп,
Кедергі жасап бағыңа,
Бар болса қолда айраның,
Ірімшік, құрт, қаймағың,

Қанағат қылсаң болмай ма,
Көксемей-ақ қымыз, ет.
Ар сатып қымыз ішкенше,
«Келсең, келге» түскенше,

Үлгісіз тымақ пішкенше,
Адам деген атақтан
Садаға болып, аулақ кет!
Ақылменен теңгеріп,

Қайратыңа дем беріп,
Өзіңді өзің меңгеріп,
Қайырудағы сұңқардай
Мезгілімен жем беріп,

Қымтып ұста тізгінді:
Анадан да сақ болып,
Тарпаң атқа мінгендей
Алдыңа бесік өңгеріп,

Мақсатыңа сүйтіп жет.
Тыңдамасаң сөзімді,
Келеке қылма өзімді.
Мұнар шалса көзіңді,

Маңайыма жолама,
Жанжал танау, талақ бет!
* * *
Көргеннің көзі тойғандай,

Топты ортадан ойғандай,
Сәулетіңнің сағымы
Бұтағына шынардың
Күнді әкеп іліп қойғандай.

Сәндісің, жаным, сәндісің,
Сән салмақ сені азапқа.

ЕКІНШІ БІРЕУГЕ

Жау көргенде көздейсің
Ши бұтаның тасасын.
Жау кеткен соң жотада
Кердең-кердең басасың.

Бір күн тойса тамағың,
Тасқын судай тасасың.
Қарның ашса бір түске,
Солбырайып солғандай

Ауру айғыр қасасың,
Қаласың сүйтіп мазаққа.

ҮШІНШІ БІРЕУГЕ

Өкпешілін қайтейін,
Тарпаң тайдай қылтындап;
Бәтуасын қайтейін,
Тазы ит қуған қояндай

Қаққанша қабақ бұлтындап;
Келемеж қылып біреуді,
Сыртынан күліп жыртындап;
Бетпе-бет келсе, сөз таппай,

Самайы терлеп мыңқылдап,
Жат жүрт түгіл, әуелі
Қадірі кетті қазаққа.

ТӨРТІНШІ БІРЕУГЕ

Төсекте жатып керіліп,
Түзге отырса ерініп,
Аяғын буған қойға ұсап,
Мойнын ұсынып беріліп,

Қол созбайды азатқа.

ОСЫНДАЙ ЗАМАН КЕЗ БОЛДЫ І Ал қарағай сұлу сындардай, Сымнан тартқан сымбалдай, Көгерген бүрі қуармай, Шөлдесе де, суармай, Бойы сұлу болғанмен, Көлеңкесі талша жоқ. ІІ Арғымақ сұлу сымбатты, Бағасы оның қымбат-ты, Жүні жылтыр құлфындай, Құбылса да бұлғындай, Сергелдең жорық болғанда, Шабысы оның тайда жоқ. ІІІ Жаман болса қатының, Қонбаса айтқан ақылың, Үйіңнің іші жау болып, Отыңның басы дау болып, Көп көзінше қыжыңдап, Оңашада ызыңдап, Құрбың келсе, құрысып, Көрінгенмен ұрысып, Қайраумен тілің мұқалып, Қалың өңің жұқарып, Үйіңнің іші қоқырап, Өмірден көңілің тоқырап, Белдеу жаудан жаман жоқ. ІV Мінезі теріс тез қатыр, Лепірме мақтау, «кел, батыр», Су жұқпайтын тап-тақыр, Атты алмалап ел сапыр, Құрақ ұшып көргенде, Күңкілдеп сырт бергенде, Алса – бар, жоқ – бергенге, Опасыз өңшең шерменде –

Бір қалыпта тұрмайтын Шалағайда табан жоқ. V Үстінен ер түспесе, Әлінен артық күштесе, От оттап, су ішпесе, Иесі жөндеп күтпесе, Қоңына шыр бітпесе, Нәсілі тұлпар болса да, Онан өтер шабан жоқ. VІ Жаман болса ағайын, Сөзінде жоқ тағайын, Көре алмайды, күндейді, Көтерілсе талайың. Маңынан елді қашырар Иттей қауып маңайын, Оңыңды теріс бағалар, Сүрініп кетсең, табалар, Ұшырасаң пәлеге, Өлексеңе қамалар, Оңалсаң, қайта жағалар – Ағайын бар демеңдер, Әсте менің жауым жоқ. Ел тандыры құрыды, Орыстың түсті құрығы, Анадан емшек суалды, Қайғымен елді суарды. Солқылдаған жастардың Сүреңі кетіп қуарды, Серпілуге шама жоқ, Дәнің кетті, қайран ел, Қазақ соққан қауын боп. VІІ Балаусалы, балғынды Баяғыдай салаң жоқ; Кең қоныс, еркін өрісті Баяғыдай далаң жоқ;

Қорғалап өскен қояндай – Еркімен өскен ерленіп Ер жүректі балаң жоқ; Боран соққан қой болдың, Жел жағында панаң жоқ. VІІІ Елің түсті езгіге, Жол бермей дұрыс сөздіге, Көр соқыр бермей тізгінін Көкірегі көздіге; Елдің қамын жейтұғын, Мынауың теріс дейтұғын, Шетке қарсы тұратын Ішіңнен шыққан адам жоқ. ІX Кешегі қайран сәулетің, Толықсыған дәулетің, Кең несібе нәубетің, Береке, бірлік ұйытқылы Басыңнан кетіп жүйткіді – Қайта айналып келмейді, Іздегенмен, саған жоқ. X Осындай заман кез болды, Ер дегенің ез болды, Қамқа, торғын бөз болды, Саф алтының жез болды, Арындаған тұлпарың Азғындап шабан, шалаң боп.

КӘСІП ТУРАЛЫ

Ұста соққан темірден
Әр түрлі аспап, сайман бар.
Темірсіз тендік алмайды,
Керектісін сайлаңдар.

Жауға арнап соғылған
Қан ішуге қылыш бар.
Қылыш барда жауыңнан
Құтылуға тыныс бар.

Ақтаруға жер қойнын
Арнап соққан кетпен бар.
Кетпен алып қолына,
Мұратына жеткен бар.

Ағаш кессең, арнаулы
Балта менен ара бар.
Түрлі сайман ағаштан
Балта арқылы таралар.

Тетігін тауып темір соқ,
Қысқаш пенен балға бар.
Өнеріңе үйлесің
Темірсіз болмас, тандап ал.

Бір қылыштан басқасы –
Күн көрудің құралы.
Ағаш кес, мейлі жерді қаз,
Дайын болып тұрады.

Орындалар қылышпен
Хандардың ғана мұраты.
Қылыш алсаң қолыңа
Біреуге зорлық істеуге,

Біреудікін тартып ап,
Өзіңдікін күштеуге –
Қайда барсаң, оңбайсың,
Ұшырарсың қарғысқа.

Алдың бар да, артың жоқ,
Шырақ жанбас жарғышқа.
Қылыш алсаң қолыңа,
Қорғау үшін елінді –

Міндетіңді әліңе арт,
Тәңіріңнен күт өлімді.
Тәуекел деп тасқа түс,
Бекем буып белінді.

Жүрсең, жолың болады,
Істесең, ісің оңады,
Жолдасың – алғыс сенімді.

ЖАС КЕЗЕҢІ

Он бес деген жас қайда
Жарға ойнаған лақтай?
Қайда кеттің, жиырма жас,
Тастан шыққан бұлақтай?

Жиырма бес бар ма маңайда
Жайқалған жасыл құрақтай?
Отыз, кеттің алыстап,
Толықсыған сынаптай.

Отыз бес, неге келмейсің,
Көп іздетіп жылатпай?
Қырық, астың кезеңнен
Суырған қыннан қынаптай.

Қырық бес, шықтың кезеңге
Маң-маң басып бұла аттай.
Елу, қондың ауыл үй,
Тізгіндеп ұстап құлақты-ай.

Алпыс, келдің арсаңдап,
Нөсер жауған ылаттай.
Жетпіс, қараң көрінді,
Тұрсам-дағы ұнатпай.

Сексеннен алған хабардың
Ызғары тұр шыдатпай.
Көргім келмес тоқсанды,
Келіндерге сынатпай.

Жүз, сірә, мені қоймассың
Қараңғы көрге құлатпай.

* * *
Алладан сұрап иманды,
Рәжим шайтан лағыңды,
Алдайын деп жүр еді

Аңдып жүріп ойыңды.
Алла жәрдем бермесе,
Қашпақ ойдан қиынды.
Үмітім бар құдайдан

Сақтай ма деп пәледен,
Ақыр заман баладан,
Залым туған анадан.
Мұны жазған Дулатты

Тастамаңыз дұғадан.
Көкірегінде санасы,
Тар лақатқа кіресі,
Ата-ананың ақылы

Қазылған қара жолмен тең;
Ағайының көп болса,
Ұлы шерік қолмен тең;
Қарсы келсе кәрілік,

Жайып қойған тормен тең;
Жақсының жары сұм болса,
Қазып қойған көрмен тең;
Орнын білмес жаманға

Молдадан сабақ алсаңыз,
Алуа шекер, балмен тең;
Пайда жоққа жалынба,
Жемқор семіз малмен тең;

Шежіре туған адамның
Көкірегі сызған хатпен тең;
Парақор болған төрелер
Қуаңнан шыққан өртпен тең;

Жетесі жаман бос бала
Тоқсандағы шалмен тең.
Төре деген халқыңыз
Саудасы біткен сартпен тең;

Айтқан сөзі ақымақтың
Адам ішпес сумен тең;
Кей жаманның тілі бар
Ауырлығы умен тең;

Жақсы жолдас болмаса,
Жары биік таумен тең;
Дәулеті басым байларың
Көкірегі алтын сумен тең;

Қайратты болса ұлығың,
Көлде жүзген қумен тең;
Жақсылардың ақылы
Кәуһар шырақ шаммен тең;

Жақсының көрген жарығы
Анық атқан таңмен тең.
Жамандар сөйлей білмейді,
Жөніне тыныш жүрмейді,

Ұлығыңның алдында
Ажалы жеткен аңмен тең.
Кейбір жақсы хош болса,
Халық сөзін бұзбайды,

Оның өзі, жігіттер,
Қара басы ханмен тең.
Ауылыңда бай болса,
Ішкені қымыз, шәй болса,

Жақсылық көрсең, жараңдар,
Бұлттан шыққан күнмен тең.
Кейбір жаман болады,
Жиылған топты көрмейді,

Оның өзі, жарандар,
Бұғып өскен тазбен тең.
Екі жақсы кез болса,
Шапқан аттай жарасар,

Оның өзі, жігіттер,
Аз болса да, көппен тең.
Екі жаман кез болса,
Құтырған иттей таласар,

Оның өзі, жігіттер,
Бар болса да, жоқпен тең.
Бір үйде өскен балалар
Бірлік қылса азар ма?

Бір-біріне жақсы сөз –
Оның өзі сыймен тең.
Білген кісі азар ма?
Тәубесінен жазар ма?

Білгенін түзу кім етсе,

Қара басы бимен тең.
Аласа мен биіктің
Таразысын кем тартса,
Төрде отырған қазылар

Адам жемес маймен тең.
Ата-анасы бар болса,
Ағайыны көп болса,
Бәрі де тату болғанда,

Қорғаны бар үймен тең.
Халқың тегіс болмаса,
Жақсыны көзге алмаса,
Камзол кисең жараспас,

Қарапайым сөзбен тең.
Бір жаманға сөз айтсаң,
Құлағына кірмейді,
Не айтқанын білмейді,

Қарсы тұрған ормен тең.
Дәулетті болса аймағың,
Бір пәлеге жолықсаң,
Көлденең жатқан алдыңда

Таудай биік таспен тең.
Нәпсіге ерген молдаңыз
Кітапты жақсы білмейді,
Кітап ұстап айтқан соң,

Жалған сөзі шынмен тең.
Жаман болса тамырың,
Бергеніңе тоймайды,
Сұрағанын қоймайды.

Жақсы қатын алсаңыз,
Ептілігін білдірер,
Ерді өзіне көндірер,
Ұжмақтан шыққан нұрмен тең.

Жаман катын алсаңыз,
Жамандығын білдіріп,
Ерінің қуатын өлтіріп,
Маңдайға біткен сормен тең.

Ендігінің ұлығы
Ақсап жолдан қалған соң,
Ақыл сұрай кім барсын?
Көшіп кеткен жұртпен тең.

Жаман болса ұлығың,

Аш-арығы оңалмас,
Жүрты бірлік қыла алмас,
Іштен жеген құртпен тең.
Бірлігі бар адамдар

Айтқан сөзге көнеді,
Сабырменен жүреді,
Оның өзі нармен тең.
Молдадан сабақ алыңыз,

Иманды жақсы біліңіз,
Мен есіттім кітаптан,
Ғақыл, иман нұрмен тең.
Жаманға айтқан ақылың,

Кітаптан көрген нақылың
Құлағына кірмейді,
Аса соққан желмен тең.
Өсиетім байларға –

Көп қуанба малдарға,
Кетеріне келгенде,
Киімге жұққан кірмен тең.
Атадан жаман ұл туса,

Бір де емес, он болса,
Көбі оның не керек?
Он да болса, беспен тең.
Жақсыны жалғыз демеңіз,

Ойлап тұрсаң, жарандар,
Бір де болса, онмен тең.
Мал – дүниенің опасы,
Иман – жанның сапасы,

Ауыздағы иманың
Раушан болған нұрмен тең.
Мынау жалған дүние өтер,
Ажал, өмір тез жетер,

Ойлап тұрсаң дүниені,
Бір күн өткен түнмен тең.
Он екі мүшең саудырап,
Екі көзің жаудырап,

Әлі-ақ өтіп кетерміз,
Еріп кеткен тоңмен тең.
Балдан тәтті ғазиз жан
Бір күншілеп қалатын,

Шыбын жанның кетуі –

Ұшып кеткен құспен тең.
Бұл заманның жақсысы
Бірін-бірі көре алмас,
Жұртына пайда қыла алмас,

Бір-біріне жаумен тең.
Жетім менен жесірлер
Бір тыныштық көрместен,
Бұл заманның достары

Бір-біріне өшпен тең.
Қайраты кімнің бар болса,
Қорықпайды жаманнан,
Оның өзі, жігіттер,

Жеке басы көппен тең.
Асылы кімнің жоқ болса,
Қолындағы малына
Ие бола білмейді,

Өлең жасық шөппен тең.
Кей адамның мінезі,
Жақсыны танып біледі,
Оның өзі, жарандар,

Жарлы да болса, баймен тең.
Бай кісінің баласы
Ақылы болса жарайды,
Көңілменен көреді,

Бұлтсыз түнгі аймен тең.
Көп жаманның ішінде,
Бір жақсысы болмаса,
Байқап тұрсаң, ағалар,

Серкесі жоқ коймен тең.
Жарлылардың баласы
Ақыл-есі болмаса,
Қорбиып тұрған бір байғұс,

Өлі жүнді таймен тең.
Бәйбішенің жақсысы
Аузынан май ағады,
Қарап тұрсаң сабазға,

Былқылдаған маймен тең.
Жүрген жері жақсының
Күнде базар, мереке,
Түніменен қой сойып,

Ат шаптырған тоймен тең.
Алғаның жақсы жолықса,

Қадіріңді біледі,
Көйлегің таза жүреді,
Қарт болса да, жаспен тең.
Кей жаманға мал бітсе,

Не сөйлерін білмейді,
Сөзге сабақ бермейді,
Шарап ішкен маспен тең.
Жақсылардың баласы

Әрбір істі біледі,
Молдадан сабақ оқиды,
Он жасында баспен тең.
Бір жаманның баласы

Оқымай-ақ қалады,
Қайырыңды білмесе,
Өзі пайда қылмаса,
Бір ақыл жоқ байғұста,

Жиырмада жаспен тең.
Тапқаныңды жеп қойса,
Туысқаның жатпен тең.
Ақылың кімге жараса,

Туысқаның сол болар.
Аға-ініңнен ол жақсы,
Құшақтасқан доспен тең.
Алғаның жақсы жолықса,

Ол барында қыз неге?
Оның өзі, ағалар,
Халыққа болар қызбен тең.
Алғаның жаман жолықса,

Басыңа салған дау болар,
Жаныңа пайда тигізбес,
Таудан бұлар ауыр тас,
Ғафилаңды киім кигізбес,

Күнде пәле ойлайды,
Ұрыстан шыққан жаумен тең.
Қатын десең үндемес,
Күнде көңілің қалады,

Бір қалған соң еміренбес,
Қаңтарда қатқан мұзбен тең.
Ақылы болса қыз бала,
Анасын тыңдап жүреді,

Оның өзі жеңгетай,
Қыз да болса, ұлмен тең.

Баяпыр болса қатын-қыз,
Ол қыздардан безініз,
Оның өзі анадай,
Бәйгіде болған таймен тең.

Жақсыдан алған ақылың,
Пайдасы оның көп болар,
Сатып алған базардан
Қызыл алтын бұлмен тең.

Ұяты жоқ адамға,
Ақылы жоқ наданға
Шынын айтсаң, иланбас,
Өтірік сөзің шын болар.

Жамандар даулы болғаны,
Қане жұрттың оңғаны?
Жақсының тал бойына,
Мұндай істер мінмен тең.

Жарлы да болса кей жақсы,
Жабырқауды білмейді,
Кісі ғайыбын көрмейді,
Қара бұлан нармен тең.

Ай, азамат, тату бол!
Әлі-ақ көзің жойылар,
Мынау жалған дүниеңіз
Батып кеткен күнмен тең.

Ер қанаты ат болар,
Жаяу адам мәрт болар;
Жүйрік кімде бар болса,
Ұшып жүрген құспен тең.

Пайдасы жоқ дүние
Қай күн өтер біліңіз,
Мың күн көрген ғұмырың
Ұйқыда көрген түспен тең.

Ай, күн өтіп барады,
Адам ғафыл қалады,
Бұл сөзімді тындамас,
Бауыры оның таспен тең.

Қияметті ойламас,
Нәсихатты тыңдамас,
Оқып алса керек сөз,
Алдында тұрған балмен тең.

Бұл заманғы адамның

Көкірегінде қонақ жоқ,
Әуре демей, не дейміз,
Дүние солай болған соң?
Екі қолын қусырып,

Үлкенге қызмет қылады,
Әдепті демей, не дейміз?
Жақсыдан ақыл білген соң,
Хас мұсылман адамдар

Таң намазын қылады,
Абыз демей, не дейді?
Шалы орнынан тұрған соң,
Бұл заманғы адамды

Жалғаншы демей, не дейміз?
Аузынан шыққан сөзінің
Баяны жоқ болған соң,
Мына жалған дүниені

Бір күнгі демей, не дейміз?
Алдап барып алады,
Сараң демей, не дейміз?
Ғарып пенен қасерге

Қайыры жоқ болған соң?
Ұл атадан ұялмас,
Қыз анадан ұялмас,
Ана қызын тия алмас,

Абыройы жоқ болған соң.
Ер қанаты – жүйрік ат,
Жүйрік демей, не дейміз,
Бәйгеге қосып салғанда,

Озып бәйге алған соң?
Ақылы шолақ адамзат,
Жақсылыққа қылсаңшы?!
Ер сарғайып қартаяр,

Уайым-қайғы көрген соң,
Жамандықты қойсаңшы,
Аямай-ақ жамандық
Қанын төксең болмай ма?

Өзі жаман болған соң,
Үйінде тірі қойғанша,
Өлтіре ұрса болмай ма?
Өз пайдасын білмейді,

Ақылы шолақ болған соң,
Достық қылған жаманға,

Көкірегіне кірмейді,
Жамандығын білер ол
Ахиретке барған соң;
Махшар күні болғанда,

Сауал сұрай келгенде,
Жауап таппай тұрғанда,
Тар лахатқа кірген соң;
Қас жаман сол болар,

Намаздығын білмейді,
Білсе білер өлгенде,
Тәңір алдына барған соң.
Сонда бір қас, дұшпанды

Дұшпан демей, не дейміз?
Жақсы екен деп ойлама,
Хан асылықты қылған соң.
Әрбір ойда жүрер ол,

Жұртқа бүлік салар ол,
Жақсылар жолдан азар ма,
Ниеті жақсы болған соң?
Мақұл сөзін бас көріп,

Тентек сөзін қош көріп,
Жамандармен іс қылып,
Ниеті жаман болған соң.
Өнер алды – қызыл тіл,

Мынау сөзді жақсы біл,
Тілің сөйлей білмейді,
Өнері жоқ болған соң.
Аймағың сенің бір болса,

Ала болып тұрмаса,
Жаманға жұртын білмесе,
Орының мықты болған соң.
Жақсы тілді ділмәрді

Шешен демей, не дейміз,
Кісінің сөзін байқап ол,
Жауап тауып айтқан соң?
Жақсы болған батырды

Батыр демей, не дейміз,
Кіріп жауды алған соң?
Қиын дейді билерге
Шариғатты аударса,

Ғаділ демей, не дейміз,
Төрені дұрыс берген соң?

Жақсы болған қазылар
Қара қылды кақ жарар,
Оларды естен салмаңыз,
Сондай-ақ ғаділ болған соң.

Қорған caп биік қылса,
Көңліменен ел қылса,
Құдай жақсы көрер ме,
Шариғатты бұзған соң,

Имансызға бейіш жоқ,
Имандының көңілі тоқ,
Разы болып құдайға,
Қажылықты қылған соң,

Сол бір жолан жігітті
Жолан демей, не дейміз?
Су тілесе жігіттер,
Сары майды берген соң.

Кейбір жаман білмейді,
Дүниеде құдай мал берді.
Ақ айран ашымайды,
Аузы майға тиген соң.

Көкірегі ашық ақынды
Ақын демей, не дейміз,
Кітап асыл сөзін жатқа алса,
Баласына оның білген соң?

Оқи білген молдалар
Санасын біліп мақтанса,
Бейішке кірген мақтансын
Иманды болып өлген соң.

Күнәдан аузын сақтаса,
Әулие демей, не дейміз,
Жақынына бұрылмай,
Тура сөзін айтқан соң?

Жақсыға өлім сол болар,
Уағдасында тұрмаса,
Жігіт кәміл бітер-ді,
Тәңірім өзі берген соң.

Қиямет күн болғанда,
Таразыны құрғанда
Сонда халің не болар,
Тәңірім қазы болғанда?

Азырақ демің аларсың,
Мұхаммет атты пайғамбар,

Сололлаһи ғалайһи уассәләм
Шарафатын қылған соң
Бұл заманғы билерге
Ахиретте не болар?

Қиын демей, не дейміз,
Шариғатты сатқан соң,
Адамға кеңес не керек?
Бұл сөзімді аңдаса,

Біразырақ сөйледім,
Тәңірім біраз берген соң.
Жақсы болған төрені
Жақсы демей, не дейміз,

Ғаділ демей, не дейміз,
Бөрін бірдей тең көріп,
Жұртын түзеп тұрған соң.
Ғаділетті сол болар,

Сауап ішіп іс қылар,
Қол астында халқының
Бәрін бірдей көрген соң.
Ахиретте cayaп жоқ,

Алдап ұрар дүние боқ,
Бай кісіні қадірлеп,
Жарлыны кем көрген соң,
Елде болған иманды

Иман демей, не дейміз?
Жиылған топқа бармасаң,
Ерініп үйде қалған соң,
Жамандар жақсы болар ма?

Тәңірім жолға салмаса,
Жамандардың әдеті
Өзін ұлық көрген соң,
Рас жаман сол болар,

Өзге адамды қор көрер,
Сонда білер жаманың,
Жан шығара келген соң.
Білгендердің айтқаны

Көкірегіне кірмейді,
Өз пайдасын білмейді,
Сүйегі жаман болған соң.
Сол бір жақсы адамның

Мінер аты болмаса,

Қанатынан айрылған
Бүркіттейін болған соң.
Сыйласпаған ағайын
Қарынменен барабар,

Жер жұтқан соң не пайда,
Артында малы қалған соң?
Кәпірге жолдас болмаңыз,
Дұшпандығын білгізер,

Жаламенен күйгізер,
Діні басқа болған соң.
Азырақ қатты сөйлесең,
Соңыңнан ол қалмайды

Доңыздайын жорытып,
Атасы басқа болған соң.
Жақсысы кеткен ауылдың
Жөнін адам біле алмас,

Меһман келіп қона алмас,
Қыдыр дәулет кеткен соң.
Жақсының топқа барғанда
Мінер аты жоқ болса,

Тұрымтайдан қорыққан
Бөденедей болған соң.
Арғымақ аттай аңқылдап,
Қыран құстай саңқылдап,

Жыршылар топта сөйлейді
Көкірегі даңғыл болған соң.
Қартайғанда мал кетсе,
Әл-қуаты бітеді,

Басынан дәулет кетеді.
Еркін жүйрік шабады,
Екпіні бар дауылдай,
Тарбағатай тауындай,

Дәулеті үлкен болған соң.
Жақсылардың баласы
Жаман болса, жамандар,
Сақалын жұлып жылайды

Әбден аза болған соң.
Кей жақсының мінезі
Еділ менен Жайықтай,
Ағып кетіп сөйлейді

Тілі жүйрік болған соң.
Қазы сүңқар баршамыз

Дәрияда жүзген қайықтай,
Жақсылар топта сөйлейді,
Рақымы мол болған соң.
Бір томырықтың мінезі

Мүздап тоңған ағаштай,
Ағайынның алыспай,
Сыйласпайтын болған соң.
Бүлікті жұрт болмаса,

Байы жоққа қараспас,
Жатқан рахым не болсын,
Бас-басына би болар.
Жақсы атаның баласы,

Салтанатшы патшадан
Рақымы мол болған соң,
Жүрісі тыныш жорғадай,
Алдына келсең кең болар.

Олар неге тарылсын,
Бейілі кең болған соң?
Жұрт жиылған ортада
Мінезі оның артық-ты,

Оқымалды молдадай
Ұстазы оның болған соң.
Көп жамандар жиылса,
Үйінен енді шыға алмас,

Шуылдаған қарғадай
Көп басшысы кеткен соң.
Ақылы бар жақсылар
Жайын жауға білдірмес,

Бұғы менен маралдай
Сабыр, салмақ болған соң.
Ақылы жоқ жамандар
Жынысы қалың аралдай,

Уақыт кетіп барады
Ақырзаман болған соң.
Елдің іші жақсы емес,
Бұл заманғы жақсылар

Бірін-бірі көре алмас,
Ауылың ала болған соң,
Дұшпаның қайтсін күш алмай,
Ылау сұрап, атынды –

Тартып алып мінімді,
Бірлігің жоқ болған соң.

Ай, зар заман, зар заман!
Зарлап өткен су заман,
Артыңа бір қарап кет,
Жақсылар қалған болған соң;

Сөздің басы бисмилла –
Мұсылманның жарығы,
Төрт аяқты хайуан –
Дәулетің сенің болған соң.

Бағасы кеткен жігіттің
Бетінен алар зайыбы,
Бір Алладан басқаның
Көпті қылған ғайыбы.

Әуелгі бай жоқ болды,
Сондағы жоқтар тоқ болды,
Жөн білмеген жамандар
Ел билеген шақ болды.

Көтере алмас билігін
Асқан үлкен кер болды,
Ниетіне қазақтың
Құрылып қойған тор болды.

Жәй-жәйіне жүрмеген,
Бір-біріне көнбеген,
Мынау өткен сұм дүние
Бір орнында тұрмаған,

Еш жақсылық қылмаған,
Ақырзаман болмаған
Деп ойлайды ақымақтар,
Сол себептен қорқамын.

Замана ақыр болғанда
Алуан-алуан жан шықты,
Хайыры жоқ бай шықты,
Самауыр менен шай шықты,

Сауып ішер сүті жоқ
Ақша деген мал шықты;
Мініп жүрер күші жоқ
Тарантас деген ат шықты.

Ат жекпесең жүрмейді,
Үңірейіп тұрады.
Жарлы, кедей, жоқ, жатау
Қатын күнін көреді!

Абуөлхайыр дос жігіт,

Уағдасына төз жігіт,
Бары болса аямас,
Қолы сондай бос жігіт,
Берем деп уағда қылмайды,

Сонда да қауымды қоймайды,
Қасына келіп ол тұрса,
Қадіріне қимайды.
Мырза деген Ибраһим

Ат берем деп бермеді,
Уағдасына тұрмады,
Сөзін қабыл көрмеді,
Менің айтқан бұл сөзім

Қүлағына кірмеді.
Қызметі өткен біздердей
Бұл маңайда бар ма еді?
Иман бір күн өлмей ме?

Кісі хақын білмей ме?
Ақын иман болған соң,
Батыл көзбен көрмей ме?
Жәпекбайдың баласы

Уәде сөзде тұрмады,
Ат берем деп бермеді,
Мені сөзіне алмады.
Тәшмұхаммет баласын,

Тұттым қоян анасын,
Қолым тұтып қоянды,
Үш айналды баласын.
Байекеңнің салалары:

Ахмет, Салих, Құрахмет
Жақсы атаның баласы,
Құдайдан болсын рахмет.
Берем деп уағда қылмайды,

Сонда да құры қалмайды,
Жалғыз басы мың болсын,
Аты өзін тындайды.
Қыс көбейді, жаз аз боп,

Мал таусылды, мал аз боп,
Іні ағаға қарамақ,
Атаға бала ара боп
Кете ме деп жолымыз,

Құри ма деп жөніміз,

Замана тарылып барады,
Сол себептен жылаймыз.
Әр нәрсенің болжауы
Келе жатыр жақындап.

Ағашты тауға үй салып,
Еліңді алды ақылап,
Енді еркіне қоймайды
Буыршындай тақымдап.

Тау басында болыс тұр,
Кәпір сөзін мақұлдап.
Бейшараның бұлы жоқ –
Қорыққаннан қақылдап.

«Қарызға кірген жақсылар
Ашылмасын көзің» деп,
Сол себептен қорқамын
Заманақыр болар деп.

Енді мынау сұм заман
Келе жатыр жақындап.
Тез-тез өтіп барады
Жаз бенен қыстың арасы.

Таңда махшар күнінде
Құрылады таразы.
Залымның қылған күнәсі,
Кәлемәйшәһадет

Тәмәм кітап арасы.
Тәубә-тәфиқ келтірмес
Азғын елдің молдасы,
Өзінің айтқан сөзінің

Тіпті болмас расы.
Құрт-құмырсқа жиылып
Көрде алар мазасын.
Бір пара жанды малды ғып,

Бір пара жанды малсыз ғып,
Бір пара жанды дінсіз ғып,
Бір пара жанды дінді ғып,
Бір пара жанды ғалым ғып,

Бір пара жанды залым ғып
Әуелде жан жаратты.
Мұсылманға бір белек
Өз-өзіне қаратты,

Көпірлерді бір бөлек.

Көргенімді айтайын
Жиырма тоғыз фурқаннан.
Жақсы молда оқиды
Ғарап, фарсы тілінен,

Кітап пенен құранды,
Әр тарихты таратты,
Шариғатын білсін деп,
Мұсылманға қаратты.

Софы аллия кітаптар
Сұрап көрің сорымды.
Кітап сөзін тұтпасақ,
Тәңірім ісі қиын-ды.

Он екі хат шалғыны.
Қияда сұңқар таратты,
Кім мұсылман, кім кәпір
Бір аллаға аян-ды.

Бас бермейін дегенді
Жалғыз жардан құлатты.
Мал бермейін дегеннің
Жалғыз тайын бөрі алды, –

Үстіне шекпен кигізіп,
Ақ таяғын таянтты,
Мойнына қоржын ілгізіп,
Елден тамақ сұратты.

Заман қайтіп түзелсін,
Аға-інісі жат болды,
Бай баласы мінеді
Жазық мойын құр атты,

Жарлы да өліп қалған жоқ,
Бірақ жаяу жүреді.
Оның да көңілін құдайым
Бір нәрсемен жұбатты.

Жалған дүние жалық-ты,
Азғана күн қуатты.
Ажалды тоқыт болса да,
Арын сақтап тұрады,

Ардан кешкен үятсыз
Ойламайды ұятты.
Зар заманның ақыры
Зарлап өтіп барады.

Осы күнде адамның

Бір парасы қорыңдар,
Еш нәрсе жоқ ойында,
Сондай адам зорсындар.
Құдай жоқтар ойында

Ғадет қылар ұрлығын,
Адамға баулар жаласын,
Өнер көріп зорлығын.
Алдағанның несі артық?

Қорықсаңшы Алладан,
Заманақыр болғанда,
Нәфсі жақын баладан.
Тоймай кетсе өкпелеп,

Құда тамыр кетеді.
Аманат кетті баладан,
Қатының түпке жетеді,
Сол себептен қорқамын.

Заманақыр жетеді,
Әсіле ниет қалмады,
Атаға билік тимеді.
Замана жақын болған соң,

Арамзада билік жоқ,
Қай үлкенді сыйлайды?
Елімізде әдеп жоқ.
Заманымыз бұзылды,

Бұрынғыдан заң бөлек.
Ендігінің ақылы –
Отқа түскен көбелек.
Жан есінен адасып,

Ұлықсыған ұл туды.
Жамандық сондай ұласып,
Бұлықсыған қыз туды.
Жарыска кірген жақсылар

Жақынына тартпайды,
Орысқа тартып сөйлейді,
Енді орысқа қаратты.
Екі тату ағайын

Бір-бірімен алысты,
Ағаш атты тізгіндеп,
Арба міндік күймелі.
Көш көрінісі биелі,

Қыстан шыққан түйелі.
Ақылыңды алып тұр
Сары қымыз биелі.
Биге жазған іс болса,

Беті-ауызың күйелі.
Абақты тұр қасыңда,
Қазулы тұрған көріңдей.
Заманымыз бұзылды

Қияметтің көріндей.
Ойлағаныжамандық,
Жарадан аққан іріңдей.
Жамандығы солардың

Өздеріне білінбей.
Сегіз серке терісі
Болады бұтқа шалбарға.
Су түбіне кеткен жұрт

Тал таба алмас қармарға.
Іні ағасын сыйламас,
Ұрып жыртар жағасын.
Арада жаман ұл болса,

Бала қинар атасын,
Алып келер аулына,
Кім аясын, жарандар,
Қызыққан соң параға

Басың сенің қалды ғой...
...Кешкі мезгіл болғанда,
Қызың киер биқасап,
Бозда жүрген бұландай

Үйде тұрмас ойқастап.
Манағының жігіті
Ағашқа керткен иректей.
Бұрынғының қыздары

Қырмызы қызыл жібектей,
Ендігінің қыздары
Құрсауы жоқ шелектей.
Ұл сыйламас атасын,

Атасы бермес батасын,
Старшын болыс қояды
Қайдағы асыл задасын.
Өзі қылған өкінбес,

Күнінде содан тартасың.

Сіз біл деген бала жоқ,
Келіні боқтар анасын,
Сіздер деген келін жоқ,
Өз пиғылыңнан табасың.

Не айтсаң да болмайды,
Тек күнәға батасың.
Енді айтар сөзім жоқ,
Зар заманның аяғы,

Сөзім қалар, өзім жоқ,
Замана кетті манағы.
Мен айтамын бұл сөзді,
Амалым бар ма, шарам жоқ.

Қайсыбірін айтайын,
Сөзім тәмәм болған жоқ.
Өсиетті мен айттым
Әркім оқып көрсеңіз,

Үмітім бар сіздерден,
Дұға қылып қойсаңыз.
Дұға қылып қойыңыз,
Рахым айтып біздерге,

Баршамызға құдайым,
Иман берсін сіздерге.
Разы қылса дидарын
Ұжмақ деген жерінде,

Нәсіп етсе Тәңірім
Өлтірер сені төрінде.
Және көп сөз бар еді,
Тәмәм болды кітабым,

Татам мумин күнәсін,
Жарылғасын құдайдан.
Бұл өсиетті тұтыңыз,
Жақсы қылып күтіңіз,

һәр уақытта оқытып,
Құлақ, ойыңды тұтыңыз.
Ей, жігіттер, азбассыз,
Менің тілім алсаңыз,

Құдай сақтар пәледен,
Хайыр зекет берсеңіз,
Әуел бастан жазыпты
Бабатайұлы Дулат-ай,

Тәмәм тәмәм болды.

КЕНЕСАРЫ

Өзен ғып өрге ағызды
Жылжыған жылым бұлақты.
Қураған шынар көгеріп,
Қу тұқыл алды қуатты.

Ай маңдайлы арудың
Жұпармен шашын сылатты.
Оңы күн, солы ай болды,
Қара суы май болды.

Бесіктен белі шықпаған
Жасың өсіп бас болды,
Еңкейген кәрі жас болды.
Жетім өсіп теңелді,

Жетісіп жесір кенелді.
Шалшық суы нәл болды,
Құрамалар ел болды;
Мұхитты кезген кемедей

Біраз күн қазақ сайрандап,
Қанталауда қамалды,
Қалды кеме қайраңдап,
Абылай туы жығылды,

Қабырғаң, қазақ, сығылды,
Үріккен қойдай біріне
Бірі келіп тығылды.

* * *
Батыстан соқты боран боп,
Шығыстан кеткен ызғырық,
«Е» дерге шамаң қалмады.

Жазықсыз майыр шығарып,
Жау қарасы көрінді,
Қабыңдап басты жерінді,
Кетпенсіз-ақ қаздырды

Өзіңе өз көріңді.
Хан сарқыты – Кене хан
Қан жорық боп қаңғырды.
Ашуменен ырылдап,

Иесін аю алдырды.
Иені алып жау кетті,
Тауға салды салдырды.
Балапан кетті басына,

Тұрымтай кетті тұсына,
Ұясына сұңқардың
Құладың қорлап саңғыды.
Елің қалды қамауда,

Елің қалса қамауда,
Малың кетер талауда,
Басың түсер санауға.
Аруың жүрер азған соң,

Мал орнына қалауға.
Әуелде ажал Алладан,
Тілімді қалай кесерсің,
Айтқаным егер келмесе,

Алжыды Дулат десерсің.

* * *
Пайғамбардың ұлын айтар он бір деп,
Молдалар кітап оқиды
Аяқ жағын дәл-дүл деп,

Аңқауды айтар ар-гүр деп,
Арамзаны айтар көлгір деп.
Көргенсізден қыз алсаң,
Үйіне қонақ қонғанда,

Баласын ұрып қарғайды:
«Жасыңа жетпей өлгір!» деп.
Нәсілсіздің баласы
Ауылдың тыншын алады,

Соқыр қаздай әңкілдеп.
Бай адамның баласы
Он төртінен толысып,
Түрленіп туған аймен тең.

Жарлы адамның баласы
Боран күнгі таймен тең.
Орыны жоқ жаманға
Есіктің алды төрмен тең;

Жаманнан көрген қорлығы
Көкіректен кетпес шермен тең.
Басшысы кеткен ауылдың
Артынан жақсы шықпаса,

Өртеніп кеткен жермен тең.
Томырықтың мінезі
Мұздап тұрған ағаштай,
Сыйласпаса ағайын,

Атасы басқа алаштай.
Мейірім кетті, жұрт, сенен
Бар-жоғыңа қараспай.
Бас алқасы кеткен соң,

Бас-басына би болар,
Айтқан ақыл жараспай.
Жарлыға жалғыз ат бітсе,
Шұнақ болар құйрығы.

Ырыссыз туған сен қу деп,
Бір-бірінен көреді,
Ол бейшара ұқпайды –
Бәрі құдай бұйрығы.

Жақсы болса алғаның,
Қызығы болар қызбен тең;

Тәттілігі түзбен тең,
Жаман болса алғаның
Кірсіз көйлек кигізбес,
Жаныңа пайда тигізбес,

Астыңнан өткен сызбен тең.
Шығыс, Батыс бірдей жау,
Алды – игілік, арты – дау,
Шыр айнала тас қамау,

Сергелдең жорық қан талау,
Алды игі, арты қайырсыз
Жер болғаның құрысын!
Суынды сенің татты да,

Өтірік-өсек бақты да,
Айырмай қара-ақты да,
Биің болды парақор!
Антты судай сіміріп,

Көз қысып, ерін жымырып,
Пәтуа жоқ, шын да жоқ,
Баққаны ылғи сұмдық боп,
Ағайын болды жалақор.

Ту ұстап ерің қалмады,
Шерге айналды арманы,
Аш бүйіріңнен қадалып
Орыстың салған қармағы.

Барар жер, басар тауы жоқ,
Тайы болдың таңбалы,
Құлақкесті құл болды
Қасқа мен жайсаң, саңлағы.

Бай малына сүйеніп,
Нашарға түсті салмағы,
Иен далаңды шаңдады,
Еліңді езіп қандады,

Сырғалыңа сұқтанды,
Жеріңе орнап нықтанды.
Дақсызына дақ салды,
Басындағы бақты алды,

Ойланбайсың біреуің,
Енді алмаған нең қалды?!
О, бүл күнің де күн екен!
Ендігі күнің мұң болар,

Аталының арты азып,
Әумесер тентек жын болар.

Жапырақты шынарың
Сояуы қалып сұм болар.
Жеріңді алар тіліктеп,
Мүшеңді санар жіліктеп,

Айналаңды кілттеп,
Ел қамын жеген еріңді
Қойдай сояр бөліктеп.
Қаларсың иен сен, Арқа,

Тарыларсың, кең Арқа,
Көксеп келген қазіретің
Шұбырындыға ұшырап,
Күңіреніп қайтар, күліп кеп.

* * *
Қан жалаған қаһарлы
Орыстың шыққан ұлығы,
Аға сұлтан, қазының

Қабаттады былығы.
Аягөзің ақшалап,
Астынан тартты жылымы.
Меңіреу, керең ел болды,

Тас болып қатып құлығы.
Бас айналды, пәңгірді
Көгерді де жұлыны.
Төріңді алды сары орыс,

Таяқтай болып шылымы,
Байдың кетті қайыры,
Малдың кетті шәйірі,
Келіннің кетті әдебі,

Ер қалмады дәмелі!
Батырдың туы жығылды,
Ел шұңқырға тығылды,
Атқа мінер адам жоқ,

Ақ пейіл, адал пиғылды.
Айран ішкен құтылып,
Жалаған шелек тұтылып,
Ел сықпадай сығылды.

Тұлпардың басты орынын,
Тез қатыр ұшқыр шығымды,
Жел жағыңды желдіріп,
Батысың келіп ортаңа,

Сұғанағы сұғынды.
Бүйіріңнен қадалды,
Арамдады адалды.
Ел қорғайтын ерің жоқ,

Қарсы тұрар табанды,
Басына келіп орнатты
Қайғылы қара заманды.
Айдап шығып алады

Егіндік сулы сағаңды.
Торғайдай болып тозарсың,
Өшірер мүлде қараңды,
Көгендей тізер салт атты,

Жарайтұғын балаңды.
* * *
Әуелі Алла айталық,
Ағузи билляһи әліпті,

Қайыр беріп сыйлаңыз
Мүсәпір мен кәріпті.
Кәріпке қайыр берсеңіз,
Ахиреттің дәулеті,

Қараңғы емес, жарық-ты.
Құдай білер деген сөз
Тыңда мақшар күнінде,
Өз алдына анық-ты.

Есім заты құдайдың
Бір бисмилля е деген,
Ахиретте не болар,
Құдайды жақсы білмеген?

Құдайды жақсы білген құл
Тозаққа жанып күймеген,
Қыл көпірден өтерде
Қинауды көріп тұрарсың,

Мына күнәм жалғанда
Жақсылық жолдан жүрмеген,
Сүйтсе-дағы байғұстар
Ти талабын қылыңыз,

Құдіреті үлкен құдайдың
Жарлығын жақсы біліңіз.
Құдіреті күшті күдайдың
Жарлығын жақсы білсеңіз,

Мүңкір, Нәңкір келгенде

Бұлбұлдай сайрар тіліңіз.
Қайырым жоқ, сорлы байлар-ай,
Тәңір алдына барғанда,
Табылар сонда мініңіз.

Жау алмағы еліңнің,
Елге қойған батырың
Жауға қайрат қылмаса,
Жамандардан несі артық?

Жаулық киген қатындай,
Қайырсыз байдың несі артық?
Ел қонбаған тақырдан,
Ақырзаман кезінде

Бейіл кетіп пендеден,
Бай дәметер пақырдан.
Бұл заманда тентек көп,
Дінін жұтқан мақұлдап.

Көкірегі тұйық болмаса,
Көр санаттың несі артық
Көз бітпеген соқырдан?
Жаманға құдай салмаған

Жүз мәртебе ақылды.
Ақылы жоқ жамандар
Әуелінен құр қалып,
Енді не дәметет ақырдан?!

* * *
Иманды бұл дүниеде ер сұрайды,
Тітіреп дәретсізден жер жылайды,
Көп жеген кісі ақысын залым-зұлым

Бек қысып қабырғаңнан көр сұрайды.
Иманы адал құлдың дайын болар,
Көңілге жамандығы аян болар,
Бұлдаған сүтін-күшін сүт қорлықтар

Көріңе өлгеннен соң шаян толар.
Ей, мұсылман, қарындас,
Әкеңнен алған ақылың
Қазылған қара жолмен тең.

Жақсысы кімнің бар болса,
Алдында сары белмен тең.
Жақсыдан алған ақылың
Сайдан келген жермен тең.

Көп жаманның мінезі
Жиылып келген жынмен тең;
Көтерілген көп жаман
Көшпелі жолдан адасса,

Көп те болса, азбен тең;
Қаптаған боран ашылса,
Жадыраған күн, жазбен тең.
Халайықтар, жараңдар,

Халқыңменен тату жүр,
Өтетұғын сұм дүние
Қаңқылдап ұшқан қазбен тең.
* * *

Ер қанаты ат болар,
Жаяу адам мәрт болар,
Сөйлеспесе ағайын,
Алыстан да жат болар.

Сөз бастайын бисмилла,
Әуелі Алла құдай деп,
Екі дүние айтады,
Жаратқан егіз жұбай деп,

Сөге көрме, жақсылар,
Осынау сөзің қалай? – деп.
Қожа, молда айтады,
Кітабында солай деп,

Өз көңілімен іс қылған
Кәпірді айтса болмай ма,
Құдайдан соң, жараңдар,
Мұхамметті айталық,

Өзінің сүйер дос кісі,
Өтірік, жалған сөйлейді
Иманына қас кісі.
Бейішті қайтіп көреді

Бұл дүниеден бос кісі.
Тоқсан тоғыз ақылды
Өзі білер құдайым,
Тентек пенен мақұлды.

Өлмеймін деп ойлама,
Өткен дүние ғафыл-ды.
Ақылы келте адамдар,
Құлшылықты қойдай бақ,

Ақиреттің дәулеті

Алыс емес, жақын-ды.
Қасиетті әулие жоқ
Шайхы менен Нақыптай,
Анасын күткен адам жоқ

Түсіп пенен Жақыптай.
Тілеуі дұрыс пенде жоқ
Аюп пенен Сақыптай.
Құданың сүйер шын досы

Молда болған Мақамет
Ұстатқа беріп оқытпай.
Жеті дарияның біреуі
Көз жеткісіз нұр болар,

Дуа қонса аузыңа,
Айтқан сөзің бұл болар.
Құдай артық жаратқан
Әуелі «қап» пен «нұн» болар.

Жеті дария біреуі
Гаяты ғылым сабыр-ды,
Бұл дүниең, жараңдар,
Шала илеген терідей.

Өтірік, жалған сөйлейсің
Иманыңа забыр-ды.
Жеті дәруіш біреуі
Гаяты ғылым ақыр-ды.

Қылмысы қатты байғұсты
Шайтан малғұн шақырды.
Ғарасат күні болғанда
Тозаққа салар кәпірді,

Өлмеймін деп ойлама,
Бір көрерсің ақырды.
Жастығыңа мақтанба,
Қанды тартып денеңнен

Кәрілік келер алдыңнан.
Қауындай болған сүйегің
Опат болар қабырда,
Бұзыларсың сонда қалпыңнан.

Өлмеймін деп ойлама,
Ажал келер алдыңнан,
Жарақты жаудай сайланып.
Алладан келген өлімді

Уайым жеп айтпаңыз,
Ол дүниеден құр қалып,

Бұл дүниеге айланып,
Кісі ақысын жедім деп
Тіршілікте мақтанба!
Күнә келер алдыңнан,

Өрттен шыққан түтіндей,
Надан болдың, сұм пенде,
Бұл дүниеде күтінбей.
Бай болдым деп мақтанба,

Қайыры жоқ малыңның
Ақиретте шаяндай.
Бүл дүниенің күллісі,
Шын дүниенің баяны,

Жамандық қылып жасарсың,
Ақиретте аян-ды.
Көп тудым деп мақтанба,
Зорлықтан көрер пайда жоқ,

Қанша дәулет бітсе де,
Әлі пенде тойған жоқ.
Пайғамбар мен Шәһәрнәр
Уағдадан тайған жоқ,

Өзгенің бәрі халатты,
Бір құдайдан жалған жоқ.
Ыдырыстан басқа еш кісі
Бейішке тірі барған жоқ,

Молда болған молдалар,
Молдамын деп мақтанба!
Молдалығың сол болар,
Қауындай бөліп жемесең,

Бұйрықсыз ысқат алмасаң,
Аят айтқан толымдар,
Алдамшы болған зәлімдер,
Мен өтірік айтпаймын,

Кітаптан қарап көріңдер.

ЕРТУҒАН БҰЛ КҮНДЕ БАЙ, ЖАСЫНДА ҰРЫ

Ертуған бұл күнде бай, жасында ұры,
Жүрген жоқ еш адам да бұдан құры,
Осы күн Сыбан алды дәулеті бар,
Белгілі айтпасақ та сізге сыры.

Төлебай түбі таза, жері аласа,
Ақ жүрек аңқылдаған бір тамаша,
Үйренген именшек боп, көп жасқанып,
Белгілі көзінен-ақ жалт қараса.

Тұлғалы жақсы-ақ жігіт, бір жүрген мас,
Ақ ауыз ойнақшыған сөзге тұрмас,
Ғибашты емді деген өсегі бар,
Болыпты Тобықтыға осы сыр паш.

Бар ма екен Орта жүзде қатын ембек,
Бар шығар татулықпен ойнап-күлмек,
Сұраңдар көзі көрген Ыдырыстан,
Оңдасын істің артын құдай жөндеп.

ДАСТАНДАР

МЫСАЛ ӨЛЕҢДЕР

ЕСПЕМБЕТ Дастан І Ер Еспембет кешегі Ерекше ер деседі, Тіл біткеннің шешені, Топта бермес есені, Үлгі айтса – көшелі, Жауға шапса – көсемі. ІІ Бәйбішесі Сыбанның Жарасқұл деген атадан. Өзі болған жігіттен Сұрама кім деп ата-анаң. Ел тілегін тілеген Ер азбайды батадан. Нағашысы Уақта Ер Қосайдай ер өткен. Жетім қалып Еспембет, Қолында соның ержеткен. Он төрт жасқа келгенде, Еспембеттей еріңнің Туған ел ойын тербеткен. Туған елді көксей ме, Кежеге туған, кер кеткен. Еспембеттің шешесі Ер Қосайға немере. Қиық жоқ қыздан туғанда, Оны бөтен көре ме! Тоқсан жаста Ер Қосай Тұғырдан әбден түскен ер; Елім десе елеріп,

Жаннан мүлде күскен кер; Бел шешпей жортып ел үшін, Алты малта ас қылып, Арпа суын ішкен ер. Еспембеттей үрпағын Өте жақсы көретін, Маңдайынан иіскеп, Батасын ұдай беретін. ІІІ Жатса-тұрса, Еспембет Тұлпар мінсем деуші еді, Қару, сайман асынып, Шепті бұзсам деуші еді. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Ішқұса болып асығып, Туған елін ойласа, Қалатын жасып, басылып. Күндерде бір күн Еспембет Желінің келді басына, Бие ағытып жатқанда, Биешінің қасына: Ақбөрте құлын ойнап тұр Аққұлаға асыла. Еспембетке ұнады Ақбөртенің келімі. Құйрығын шаншып алды да, Үш айналды желіні. Селеу жерге бас ұрды Омырауының желінен. Құйындатып келді де, Ытқып түсті Ақбөрте Енесінің белінен. Енесінің белінен Үш мәрте ытады. Еспембет ерден ес кетіп, Есіл-дерті болып Ақбөрте, Басқаны мүлде ұмытады.

Күзді күнгі ұзақ таң
Еспембет кірпік қақпайды.
Күндіз ойнап-күлмейді,
Ішкен асы батпайды.

Әзіл айтқан құрбыға
Түнеріп, жауап қатпайды.
Күнде қайрап қылышын,
Сүңгісін безеп, саптайды.

Ертеменен отырар
Желінің келіп басына,
Көзін алмай қадалып,
Ақбөртенің қасына.

Ақбөрте мініп астына,
Айқара тоқым салсам деп;
Алмас қылыш асынып,
Ақ найза қолға алсам деп;

Тоғыз түрлі топшығы
Жеңсіз берен кисем деп;
Cap садақ іліп беліме,
Айғайлап жауға тисем деп;

Бәрін айт та, бірін айт,
Туған елге кетсем деп;
Өнерім болса, еліме
Адал еңбек етсем деп;

Болмаса өнер бойымда,
Қораш құл боп өтсем деп.
Жегідей ерді ой жеңіп,
Түн асқан сайын жүдетті.

Қайраты қайрап қажырын,
Жүдеген сайын үдетті.
Ұйқысыз ұзақ түн өтті,
Күлкісіз талай күн өтті,

Ақырында айтқандай
Арманына ер жетті.
Айыл-тұрман тағынып,
Туған елін сағынып,

Ақбөрте тұр желіде
Артқы аяғын қағынып.
Ер Қосайдай қарт білді
Шөбересі жүргенін

Әлденеге қамығып,
Шақырып қарт алды да,

Сөз сөйлейді ағылып:

– Шөберем, неге мұңайдың?

Көп шөбере ішінде
Ерекше тілеп тілеуің,
Құдайға күнде жылаймын.
Өңімде емес, түсімде

Көрсеткені құдайдың.
Сөз сөйлер деп тілеуші ем
Шаршы топта, алдында
Ығай менен сығайдың!

Шепті бұзар деуші едім,
Жаудың туын құлатып;
Сұлу сүйер деуші едім,
Елден таңдап үнатып;

Тұлпар мінер деуші едім,
Жалын желмен сылатып;
Найза ұстар деуші едім,
Сағағын жезбен қынатып;

Жеңсіз берен түймелеп,
Кіреуке киер деуші едім;
Жас шыбықтай бүгілтіп,
Садақ иер деуші едім;

Айдыннан қуды ілдіріп,
Сұңқар шүйер деуші едім;
Тұйғын құстай алыстан
Тоят тілер деуші едім;

Бунағы алтын беліне
Семсер ілер деуші едім!
Сырыңды айт маған, шөберем,
Сұлу сүйгің келе ме?

Сұңқар шүйгің келе ме?
Айдынды ала ту алып,
Жауға тигің келе ме?
Асусыз асқар асқақтан

Аңыратып асқың келе ме?
Менменсінген дұшпанның
Көңілін басқың келе ме?
Майданда шаңды боратып,

Өрттен шыққан ұшқындай
Оқты шашқың келе ме?
Туған елді сағынып,
«Жүрмін, – деп, – мұнда неғылып?»

Өкпелеген көтенге
Құлдарша қашқың келе ме?!
Сонда Еспембет сөйлейді:

– Сен – атам, мен – шөберең,

Алдымда талай асу бар,
Бақыт па, сор ма, не көрем?
Еркін өсіп ержеткен
Ерекше туған көбеңмін.

Ен дәулеттің ішінде
Еркін жүріп тел емдім.
«Ер – туыс, ит – тамаққа»
Деген жоқ па бұрынғы?

Туған ел, туған жерім бар,
Сөйлесем, айтам сырымды.
Туған елді көкседім,
Жат елде арман өскенім.

Лайық па, жан ата,
Іргелі елім тұрғанда,
Жат елде өмір кешкенім?
Көзіме емес, сыртымнан

Сан есітті құлағым
«Сыбан бала» дескенін.
Жігерім болса жетемде,
Еліме барып ұл болсам.

Жігерсіз болсам жетесіз,
Қойын бағып құл болсам.
Жат елде жүдеп жүргенше,
Жалтаң көз боп, тірі боп,

Кім ермейді соңымнан,
Көрнекке шықсам ірі боп.
Кесілер жетті мезгілі
Жетімдіктің арқаны.

Ел мен жерді ойласам,
Шерім үстеп артады.
Туған ел, туған жерімнің
Бұйдалы тайлақ секілді

Дәм мен тұзы тартады.
Батаңды бер, жан ата,
Шөберең сырын сарқады.
Егер бата бермесең,

Шөберең шердің құлы боп,
Күн санап дерті артады! –

Дегенде қолын жаяды «Илаһи» деп атасы.
Ықыласпен берген соң,
Қабыл болды батасы.

– Бірақ, балам, айтайын:

Еліңе де барарсың,
Тірі болсаң, еліңнің
Керегіне жарарсың,
Дос та елден, жау да елден,

Алды-артыңа қарарсың.
Күндестік те еліңнен,
Міндестік те еліңнен,
Қамалау да еліңнен,

Табалау да еліңнен,
Өсіру де еліңнен,
Кешіру де еліңнен,
Абалау да еліңнен,

Бақыт та елден қонады,
Дәулет те елден болады,
Елменен ер ержетіп,
Емендей өсіп толады.

Елсізде өскен демесін,
Елден таңдап сұлу ал.
Ақ отау тігіп басыңа,
Төрт түлік малдан еншіңді ал.

Топтан таңдап тұлпар мін,
Күлтелі құйрық, сұйық жал.
«Жолын қыл, – деп, – баламның»,
Қарт атаң жасын төкпей ме?

Қарт тілеуі қабыл боп,
Қанына ұрық екпей ме?
Сопайып барсаң қу басың,
Ақтамберді, Қабанбай

Өкпелеп, мені сөкпей ме?

– Қаламаймын, жан ата,

Сұлуды да, малды да.
Маңдайыма жазған бар,
Бақытым менің алдымда.
Тірі болсам, айдармын

Әлі-ақ мың мен санды да,
Tіpі болсам, құшармын
Аққудайын таранған,
Өкшесіне қаранған

Ай маңдай, аппақ жанды да. Tіpі жүрсем, мінермін Арқар таң, күпшек санды да. Барар құс басы ілгері, Кім шығып кепті алдыма?! Қалауым сенен, жан ата, Қаруымды сай алам, Табыннан таңдап және де Ат алмаймын, тай алам. * * * Ертеңінде ертемен Қару-сайман сай болды. Топтан таңдап алғаны Ақбөртедей тай болды. – Танылар тұлпар желіден, Ер танылар бесіктен. Таңдап алған тайыңды Көрсет, – деді атасы, – Көлденең тартып есіктен. Таңдап алған Ақбөрте Ұнап кетті қартыңа, Үш мәрте шықты да Бөртенің алды-артына: – Жарайсың, – деп, – шөберем! Батасын берді сарқыла. (Күншілдер тұр күлісіп Жете алмайтын парқына). – Шын тілеуім, шөберем, Сапарыңды оңдасын, Ғайып ерен қырық шілтен Әулие жар боп қолдасын! Танып апсың, қарағым, Өмірлік Бөртең жолдасың. ІV Атасына қош айтып, Еспембет ердің кеткені. Туған ел, туған жеріне Өксіп келіп жеткені. «Елсізден шыққан кісідей Тайға мініп келді», – деп,

«Ұялмай көрді елді», – деп,
«Ұялмай қалай берді», – деп,
Құлағына кірмеді
Ағайынның сөккені.

Мұны айтқанның бәріне –
Жасы менен кәріге
Ішінен жиды өкпені.
Қүрмет алмай, кем тұтты

Ағайын-туған, жақындар,
Он қайырып бір сөзін,
Әсіресе қатындар.
Туыс қадірін білмейтін

Жақында да жақын бар.
Туыстай тілер бағыңды
Жақыннан артық жатың бар.
Үш жыл болды келгелі,

Ақбөрте бесті шығады.
Ерен ер мен тұлпарды
Кім жасырып, тығады.
Сәтімқұл биге ас берді

Көксаланың бойында.
Ақбөртені сол асқа
Қосам деген ойында.
Сауын айтып жиылған

Төрт арыстың баласы.
Бақанас пен Көксала
Халыққа толды арасы.
Ac шығынын көтерді

Құлманбет пен Жанғұлы.
Асты билеп меңгерген
Екі елдің жүйрік даңғылы.
(Қозы орнына тай сойып,

Асықтай атты жамбыны).
Дариға, онда қазағың
Бұзылмаған қаймағы.
Тасы өрге домалап,

Өзі келген қайдағы.
Қара қазық басына
Қарақшы туын байлады.
Кіреші шығып әр топтан,

Шығарып атты айдады.
Бас бәйгесі – жүз тайлақ

Солқылдаған өркеші.
Мандай алды келеді
Еспембеттің Бөртесі.
Шақырып алып Еспембет

Ақтамберді қолбасын,
Бес Сыбанның ұлына
Ортаға салды олжасын.
Жүз тайлақтан есептеп

Біреуін де алмады.
«Ердің сыйы» деседі
Ортаға олжа салғаны.
(Бір шағым от барлығын

Елі сонда аңдады).
Еспембеттен Бөртенің
Бұрын шықты атағы.
Ақбөртеге қызығып,

Біреу қойын қосақтап,
Біреу қысырақ матады.
Жан серігі Бөртені
Дүниеге неге сатады?!

Тірі болса Еспембет,
Алыстан тілеп тоятты,
Түзден дәмді татады.
Ерге күрең ел қайда

Наймандай жайған қанатын –
Тарбағатай, Алатау
Екі таудың бөктерін
Қанатын жайып алатын?

Ауызбен айтып жеткізбес
Сәні менен санатын;
Тұнық көлдей толқыған
Тоқсан мың жүзіп қанатын;

Ол шеті, бұл шетіне
Тұяқ тозып ат жүрсе,
Құс қанаты талатын.
Найманның ту басшысы

Байжігіт ер Қабанбай,
Беті қайтпай жасынан
Талай бұзған қамалды-ай.
Қабанбайдың тұсында

Түгендеусіз жылқысы,
Қосақтап қойы саналмай.

Қарт батыры Сыбанның
Ақтамберді,Саббастай,
Айласы мен әдісін
Адам ойлап таппастай;

Алты малта ас қылып,
Белін шешіп жатпастай;
Айбарын оның сұрасаң,
Сырт дұшпаны батпастай;

Беріктігін сұрасаң,
Елін жауға сатпастай.
Қабанбай елге жар салды
Аттанбаққа қалмаққа,

Өксікті кеткен калмаққа,
Елдің кегін алмаққа.
Қаракерей, Матайдан
Өңшең саңлақ жиылды.

Қаншырдай қатып тұлпарлар,
Ерлер тастай түйінді.
Ер жүректі Еспембет
Ақбөртені баптады,

Сары ырғай садаққа
Терісінен бұғының
Адырнаны таққаны.
Алмас қылыш асынып,

Еменге найза саптады.
Басталар қашан соғыс деп,
Асығып, тыным таппады.
Белін шешіп жатпады,

Түнде кірпік қақпады.
Ерлік қысқан кеудеге
Ішкен асы батпады.
Қамын жеген қазақтың

Батырдың сарқыт ақыры –
Туын тікті Сыбанның
Ақтамберді батыры.
Ауылдан шығып ат қойып,

Аруақтап ұран шақырды.
Жөңкерілген қалың қол
Жүйткіген желге ұқсайды;
Көрінісі кей кезде

Толқыған көлге ұқсайды;
Мұнар түнеп, бұлт көшкен

Асқар белге ұқсайды;
Кенетінен ду етсе,
Тас қопарып, тау бұзған
Аққан селге ұқсайды.

Ақтамберді, Қабанбай –
Алдындағы көсемі.
Келелі сөзге Сасан бар –
Жібермейтін есені.

Еспембеттей ер жүрек
Қолмен бірге келеді.
Toп «шу!» десе,
Алдынан құйын оратып,

Бөкендей орғып желеді.
Еспембет ер сұңқардай
Алыстан тоят тіледі.
Орынсыз сөз сөйлемес

Батагөй қарттай сінелі,
Міндетінен бас тартпас,
Айтқызбай-ақ біледі.
Сыр бермейді сырттансып,

Кежегесі тартып тұр
Бейне арыстан түлегі.
Толқынды топ кездесті
Шебін құрған қалмаққа.

Тебінгілес тең жауды
Тегіндікпен алмақ па?!
Айла-әдісі тең жауы,
Бір салыспай қалмақ па?!

Бозаша бойын түзесе,
Буыршын шөгер шаңдаққа;
Қарт бура қарсы шабынса,
Қас батыр қару тағынса,

Әкпіш те тұлпар иілсе,
Қыран көктен түйілсе,
Анталаған аштардай
Ажал да жетер аңдап та;

Серт қылыштың жүзінде,
Бұрылмас мойын жан-жаққа;
Серт найзаның ұшында,
Айласын тап, алдатпа!

Айласынан адассаң,
Қан майданда қала бер

Қаныңды жұтып, шаң қап та.
Қарсыласып екі топ,
Іріктеді батырды.
Қалмақ соғып дабылды,

Қазақ ұран шақырды.
Айбаты өсіп ерлердің,
Арыстандай ақырды.
Иығы түсіп ездердің,

Қоярға жанын жер таппай,
Арман көріп, аһ ұрды.
Қалмақ шықты майданға
Шамасы елу жастағы,

Астына мініп әлемдеп
Мақпалдай қара қасқаны.
Ерлігі елең қылмайды
Бір өзінен басқаны.

Қайырымсыздығы талайдың
Жонынан алған таспаны.
Кір басқан құлаш айдары,
Аждаһадан кем емес

Аузын ашқан айбары.
Алты жүз кірген соғысқа,
Алпыс алты айлалы.
Алты қару асынған –

Айласының айғағы.
Жекпе-жекте өлтірді
Жүрелете сегізді.
Қазақты қамап қамалға,

«Кім шығар бұған?» дегізді.
Тоғызыншы ер шықпақ
Ақтамберді, Саббастай,
Ол болмаса әдісін

Басқа қазақ таппастай.
Жетіп келіп Еспембет:

– Ақтамберді ер, – деді, –

Мен барамын сіз үшін,
Кезегіңді бер, – деді. –
Жас санама, бас сана,
Қайратымды көр, – деді.

Ақтамберді карт батыр
Қол жайып бата бергені.
Топтан шығып жөнелді

Найзаға таққан шоқтай боп;
Ақбөрте кетті қүнтиып
Садақтан тартқан оқтай боп;
Қанға сусап қалмақ тұр

Обатұғын оптай боп.
Еспембет келе сөйледі,
Ерлікке сай қайраты,
Қаруға сай амалы:

«Сен – қалмақтың қабаны.
Қарсыңа қалай жіберді
Қазақ саған баланы?
Қазақ сені қорлады,

Баладан төмен санады.
Жігерің болса, қайраттан,
Баланы саған балады.
Ағаштан жұлып алмадай

Басыңды бала алады».
Ашуланып, қалмақтың
Түгі шықты сыртына.
Тістегенде тісінің

Қаны толды ұртына.
Көз шыдап қарап тұрмастай
Қарағанда сұрқына.
Қамшы тиді тұлпарға,

Қылыштары жарқ етті.
Қабағыңды қаққанша,
Жарқ етті де, сарт етті.
Бірінің жанды еңбегі,

Бірі күшін сарп етті.
Дене қанға боялды,
Қанқұмар қылыш қарш етті.
Қас қаққанша майданда

Айқасқан екі ер де жоқ,
Қара жер жатыр қайыспас,
Жұтса, тоймас қанға оп.
Дене жатыр майданда

Қылышпен басы кесілген.
Өлімге мойынсұнғандай,
Аяқ-қолы көсілген.
Тіршілік пен өлімнің

Ұзақ дауы шешілген.
Елеуреген екі топ

Майданға тіккен көздерін,
Жүз кайтара қайталап
Бір айтып кеткен сөздерін.
Қандары шапшып кайнады,

Өздері де білмейді
Не билеп тұр өздерін.
Ел үшін туған ерім деп,
Бір топ келіп жыласты.

Еліме қатер жауым деп,
Өлгенін бір топ ұнасты.
Күні туып бір топтың,
Қуанышы шың асты;

Түні туып бір топтың,
Үстінен кейіс, мұң басты.
Қарақасқа қосарда,
Қалмақтың басы белінде,

Бақ құсы қонып басына,
Еспембет келді еліне.
Ер Қабанбай ту байлап,
Арқар таң атты борбайлап,

Ақтамберді айғайлап,
Қалмаққа кірді желіге.
Қарқ олжаға батысты,
Қалмақты жеңіп қалың қол.

Ит ырғын да көл-көсір,
Бақыршы тоқ, олжа мол.
Еспембеттей ер ұлын
Елі сонда таныған.

Бет бұрып тізгін тартқан жоқ
Жаудың мың мен санынан.
Өле-өлгенше ел болды
Еспембеттің арманы.

Өзімен бірге жасады
Астындағы тарланы.
Бәрін айт та, бірін айт,
Еспембеттей ер қайда?

Еспембеттей ер туса,
Ер күтетін ел қайда?

ШАШТАРАЗ

Дастан
Елін баққан ер болмақ,
Жауын болжап, жер шолмақ.
Аузын баққан би болмақ,

Алыстан шолып, кең толғап.
Зейнеті көп, пайдасы аз,
Айта берсең – бәрі сөз.
Құлақта қақас қоспа көп,

Дәл сөйленбес көрмей көз.
Сөз қоспай дәл айтпасаң,
Естіме, көрме, сөзден без.
Аузыңа ие болмасаң,

Бәле үйір, жалакез.
Аузыңнан шықса, жел естіп,
Жер түбіне жетер тез.
Таққа мінген бір патша

Дәл он жеті жасында.
Тітіреткен қаһары
Досы менен қасын да,
Қаһары келген шағында

Домалатқан тасын да.
Қос мүйізі патшаның
Болады екен басында.
Жан қарамай бетіне,

Ақау түспей сағына,
Әмірі жүрген патшаның
Төрт құбыла жағына.
Күннен-күнге өрледі

Шыққан күндей бағы да.
Мүйізін біреу көрсе егер,
Патшаның бағы таймақшы,
Халыққа сырын таратып,

Көруші болса айғақшы.
Тірі жанға көрсетпей,
Басынан тәжін шешпеді.
Сөлекет болды патшаға

Орасан шашы өскені.
Оңашада өзінің
Ұнамсыз болды көзіне
Айнаға қарап кескіні.

Сол шаһарда бар еді
Мақтаулы шаштаразы,
Әдеттенген өнері
Күн көрістің қаразы.

Кеткен емес алдынан
Кім де кім болып наразы.
Мақтаны асып басынан,
Ол дағы адам талғайтын,

Бай-патша, байлар болмаса,
Басқаның шашын алмайтын.
Шақырып алып шеберді,
Патша бір күн алдында

Барлық сырын сөйледі,
Оңаша үйге алды да:

– Басыңа жақсы үй берем,

Салтанатты бақшалы.
Қазынадан да алып тұр
Қанша керек ақшаны.
Дүнияда не қажет,

Керегіңнің бәрін ал –
Қызметкер – күң мен құл,
Өлі жиһаз, тірі мал.
Алғыр құс, атқыш мерген бар,

Саяхаттап сайран сал.
Ұнатып елден сұлу сүй,
Лебізі тәтті, шәрбәт-бал.
Бірақ саған үш түрлі

Қоятұғын шартым бар:
Бірінші, менен басқаның
Әсте де шашын алмайсың,
Аламын деп, жазаға

Кіріптар болып қалмайсың.

Екінші шартым – аузыңнан
Берген серттен танбайсың!
Үшінші, шашты алғанда
Не көрсең де басымнан,

Тірі жанға айтпайсың –
Белгім бар біткен жасымнан.
Сайран салып жүре бер,
Уақытылы алып шашымды!

Егер біреу естісе,
Аламын сенің басынды!
Шашын алды патшаның,
Ауызынан серт болды.

Кеудесін кернеп шебердің,
Көрген мүйізі дерт болды.
Көкейінен кетпеді
Қос мүйіздің бейнесі.

Өзіне-өзі күбірлер,
Ауысқан жандай кейде есі.
Құрбы, құрдас, танысқа
Айтқысы келіп құмартып,

Кеудесі толып шебердің,
Екі көзі мұнартып,
Уақиғаны айтпауға
Бір күннің өзі мұң болды.

Қаға алмады кірпігін,
Қас қарайды, түн болды.
Ұзақ таңға дөңбекшіп,
Төсегінде жата алмай,

Айтпауына – толып кеудесі,
Айтайын десе – бата алмай.
Таңға жақын шыдамай,
Шаһардан шығып жөнелді.

«Кеше күндіз патшаның
Шашын алып бердім, – деп,
Қасиетті басынан
Қос мүйізін көрдім», – деп,

Өзінен-өзі күбірлеп,
Шаштаразы кенелді.

Мақтанған құл көп адам,
Тәңірі сілеп атқан ғой,
Жай сөз емес, кеудесін
Кернеген оның мақтан ғой,

Мақтан деген – алтын ер
Арқасына талайдың
Аяңшыл қылып батқан ғой!
Өзеннің келді бойына,

Таң сарғайып атады,
Жағадағы шұңқырға
Етпеттеп келіп жатады.
«Кеше күндіз патшаның

Шашын алып бердім, – деп,
Қасиетті басынан
Қос мүйізін көрдім», – деп,
Жерге төсеп ауызын,

Өзінен-өзі күбірлеп,
Мақтан тойын тойлайды
Кеудесінде дүбірлеп.
Мың қайтара айтқанда

Ортайды кеуде толғаны.
Сілесі қатып ұйықтады,
Естіген адам болмады.
Ояна келіп, орнынан

Шошынғандай тұрды атып.
Шәһөрге қайтып жөнелді,
Қалған екен күн батып.
Ауыр жүгі жеңіліп,

Кеудесі қалды басылып,
«Құтылдым» деп бәледен,
Шырақтай көзі ашылып.
Аузынан шыққан лебізі

Топыраққа сіңеді,
Топыраққа сіңген сөз
Жеті жылдай түнеді.
Шаштаразы жеті жыл

Сауық-сайран салғаны.
Есінде жоқ сөзінің
Жерге сіңіп қалғаны.
Тәубесі кеміп, күнәсі

Құмырсқадай андады.
Тәңірін де ұмытып,
Таңдаудан таңдау таңдады.
Жетінші жыл болғанда,

Өзен қатты тасыды.
Су тасыса – көпке ырыс,
Шөп шықса – малың нәсібі.
Суға толып шұңқырлар,

Ойпаң жерге қақ толды.
Шаштаразы асқан ғой,
Асқанға – тосқан тап болды.
Ойылған әлгі шұңқырға

Бір топ құрақ шығады.
Лебізі сіңген топырақтан
Айтқан сөзін ұғады.
Сыңғыл менен сыбырга

Сұлу әйел секілді
Өте әуес қой көк құрақ,
«Ән сал», – деп сұлу құраққа
Өтінді келіп жел сұрап.

Бұраң қағып назданып,
Көк құрақ басын иеді.
Жылы леп пен жылмаң жел
Бұраңдатып сүйеді.

Сылдыратып ән салды,
Құрақта ерік қалмады,
Топырақтан есіткен
Үйреншікті ән салғаны:

«Кеше күндіз патшаның
Шашын алып бердім, – деп, –

Қасиетті басынан
Қос мүйізін көрдім» – деп.
Жел естіді, желпінді,
Дүниеге хабар таралды.

Жел айтқанды ел айтып,
Патшаға хабар барады.
Қамыс айтты – жел айтты,
Желден естіп — ел айтты.

Ел айтқанда – шын айтты.
Көрген сол – шаштаразы,
Онан басқа кім айтты?!
Қайсысының болса да,

Тексерді, сыры ашылды.
Шаштаразы мойындап,
Дарға басы асылды...
* * *

Адамның жүрек – сенімді
Сыр сақтайтын тұрағы.
Сүйіп алған сұлу жар –
Жүрегіңнің құрағы.

Құмарлық — тасқын, мақтан — жел,
Өсек — отың үшқыны.
Өрекпісі өртейді
Шілде түгіл, қыс күні.

Әлде құрақ дегені –
Сүйіп алған жар ма екен?!
Сүйгеннің сырын шашатын
Сұлу жар, сірә, бар ма екен?!

Жел емес сырын таратқан,
Әлде өсек пен мақтаны?
Құрақ болсын, жар болсын,
Бәрі өзінің тапқаны.

САРЫ ШЫМШЫҚ

Үйренішті әдеті –
Әркімнің ата жолдасы,
Адам деп ат қояйын
Әдетіне болмашы.

Әдеті билеп жетелеп,
Әркімді жүр оңдырмай,
Мойнына әсте алмайды,
Титығып құрып болдырмай.

Жаман әдет қоймайды,
Жарым лашық тіктіріп,
Жар басына қондырмай.
Жауқазын іздеп қаңғырып,

Тұмсығына шаң кіріп,
Тандайы кеуіп мәңгіріп,
Көлге келді бір шымшық.
Мойнын созып қоңыр қаз,

Жүзіп ішіп үйрек мәз,
Көл қорыған шырылдап
Қызғыштар да емес аз.
Байсалданып, құсыңсып,

Көлді кім онан қориды,
Шымшық құстан қу тұмсық?
Қанып ішіп саптаңды,
Жолдасына қайта кеп,

Қоразданып мақтанды,
Әдетін бастап ол жымсық.
«Барсам, көлде дүйім құс
Сақадай болып сайлана,

Аққу отыр ортада,
Әмірін шашып жайлана.
Қызғыштар жүр көл қорып,
Шыр көбелек айнала,

Жете алмады бәрі де
Сонда да менің айлама.
Сездірмей соның біріне
Суды ұрлап іштім де,

Кірімді әбден кетіріп,
Шомылдым суға түстім де.
Сол мезгілде, шарықтап
Қаршыға жүрді аспанда,

Қаз қамысқа тығылып,
Аққулар жаман сасқанда,
Суға сүңгіп үйректер,
Көлден бәрі қашқанда,

Мен орнымнан тырп етпей,
Ерлігім соның бәрінен
Ел сүйінді асқанда.
Түсуге маған бата алмай,

Қаршыға жүрді қаңғырып,
Қаршығадан шошынып,
Басқа құс кетті мәңгіріп.
Тез кетпей және күлдім де,

Ішпесін деп басқасы,
Былғап кеттім саңғытып».
«Ерлік ісің бәрінен, –
Деді оған жолдасы, –

Амалын да тапқасын,
Өзім де бұрын білуші ем
Қаршыға саған батпасын.
Ерлігіне ебі сай

Мақтаса, сені мақтасын.
Үйген күлдің түбінде
Балалар құрған тұзақ бар,
Мойнына қылы ілінсе,

Кім де болса тызақтар.
Епті болсаң, алып же,
Айнала шашқан тары бар,
Арпа, бидай аралас

Керегіңнің бәрі бар.
Азапталып жүргенше
Жауқазын қазып күні бойы,
Ерсің әрі ебі бар,

Керегінше же де, той».
«Қорықпаймын тұзақтан,
Әрі епті, әрі ермін» деп,
«Көріп тұр дестім тәңірден

Бұйрықсыз-ақ жермін» деп,
Келісімен тұзаққа
Епті шымшык ілінді,
Бағып жүрген сыртынан

Балаларға білінді.
Балалар келіп шымшықты

Ұстап алды, қуанып,
Өмірі бітті шымшықтың
Тандыр болып суалып.
Көл былғаған шымшықтың

Күшінің к...ті ашылар,
Көп ісінген көппенің
Шымшықтай көңілі басылар.

ҚАРА ҚАРҒА

Қара қарға жем іздеп,
Кезіп жүріп даланы,
Өліп жатқан үйректің
Етін тауып алады.

Үйрек деген қарғаның
Таппайтұғын жемі еді,
Баласына ұяда
Үйректі алып келеді.

Балапандар көрген соң,
Тұс-тұсынан жабылды,
Тумысында татпаған
Тәтті жем қайдан табылды?

Үрпиісіп балапан,
Барлығы басын құрасты,
«Қайдан алдың жемді?» – деп,
Шешесінен сұрасты.

Сонда қарға қарқылдап
Баласына мақтанды:
«Қорықпай же, балалар,
Қыран шешең тапқан-ды.

Арқасында қайраттың
Шешең алып келген-ақ.
Таңдап жүріп ілгенім
Қамысты терең көлден-ақ».

«Ай, шешеке, білмеймін,
Рас па мүның, тегінде?
Үйрек ілген жоқ еді
Ата-баба тегінде?»

«Балаларым, қорықпа!
Кем дейсің шешең қай құстан?
Туып мықты құс болмас

Шешең сынды байқұстан».
Баласына мақтану,
Ойында жоқ сақтану, –
Жоқ еді жемді тауысқан.

Сыртынан көріп, қасына
Жетіп келді сауысқан.
Келе сала сөйлейді:
«Батыр қарға, бар ма?» – деп.

Қоразданып қарға айтты:
«Естіп білген бар ма?» – деп.
«Естігенім: барып ем,
Бөгде көлде қамысқа,

Сол арада кездестім
Қызғыш, торғай танысқа.
Бүгін алған үйрегің –
Жоғалтыпты қаршыға.

Дүниені шарлап іздеп жүр,
Қырғиды жұмсап шаршыға.
«Кім де болса алғанның,
Сол жерге мойнын қи, – депті,

Жемді алған ұрыға
Өлімнен тарт сый!» – депті.
Естігенде қарғаның
Зәресі мүлде ұшады,

Қорыққанынан лоқсиды,
Жеген жемін құсады.
Батырсынған қарғамыз
Қолма-қол болды масқара,

Балапан қалды шуылдап,
Қарға іздеді баспана.
Үйректің етін алды да,
Сауысқан кетті жайына,

Пана болмай қарға жүр
Кең таудың сайында;
Сол кеткеннен мол кетті
Қарға артына бұрылмай.

Ұяда қалған балапан
Қайтеді аштан қырылмай?!
Сауысқан көп қазақта
Қорқытып жейтін момынды,

Құбыжық болып көрініп,
Айналдырып тоныңды.

БІР ПАТША

Бір патшаның бір кезде
Тасыды бағы тасқындай,
Дәулет пенен қазына
Басып жатқан басқындай.

Маңайынан озса да,
Сонда-дағы тоймайды,
Әлемді түгел алсам деп,
Жатса-тұрса ойлайды.

Қанағат жоқ, тәуба жоқ,
Тәңірге де наразы,
Билесем деген жер жүзін,
Жатса-тұрса қаразы.

Кетпеген соң пәнде тең,
Тәуір болды аразы.
Ертеңгі-кеш тәңірді
Қарғайды да сілейді,

Тілегімді бермеген
Демен деп, сірә, тәңірі
Тілсіз, үнсіз дүлейді.
Аттандырып әскерін,

Көрші елдерін шабады,
Жазығы жоқ, жай жатқан
Талай елді талады.
Тәубәсі кеміп күн санап,

Аса берді кеселі.
Қанша бақыты асқанмен,
Көңілі судай тасқанмен,
Жаманшылық күн таяп

Сыбағалы, еселі:
Сарайының түбіне
Бір ағаш шығып өседі,
Екпей шыққан ағашты

Қасиетті деседі.
Күн асқан сайын ұзарып,
Аспанменен тілдесіп,
Сансыз бұтақ таралып,

Жапырағы гүлдесті,
Ең басына ағаштың
Көз жетпестей биік боп,
Күн аса алмай басынан,

Тұрғандай бейне тиіп көк.
Көлеңкесі шаһарға
Тегісімен түседі,
Ғажап етіп жаратқан

Тәңірімнің ісі еді.
Түн болғанда басында
Алтын панар жанады,
Қасында сұлу қыз отыр,

Қолында алтын таяғы.
От жанып тұр лапылдап,
Табағының ішінде,
Көрмес те ілік ғаламат

Өңің түгіл түсіңде.
Патша ғашық болады,
Қызды көріп көрікті.
«Кімсің» деп кыздан сүраса,

Былай деп жауап беріпті:
«Пәнде қолы жетпестей,
Есінен және кетпестей,
Менің атым – дүние,

Ләпсісі кімнің зор болса,
Құмармын қонақ қылуға».
«Түсуге жерге, – қыз айтты,
Ұлықсат жоқ тәңірден,

Аса алмаймын, патшам,
Тәңірі берген әмірден».
Сұрады патша тағы да:
Жалбарынып қамыға,

Тәжін шешіп, бас иіп,
Қызға мүлде табына.
«Өзің-дағы панарсың,
Панар неге жағасың,

Қолыңдағы табаққа
Отты қалай саласың?»
«Отты ұстап тұрғаным,
Отқа бәрі табынбақ,

Оттың тілін білгенге
Жердің жүзі бағынбақ.
Өзің кел менің қасыма,
Оттың тілін үйретем,

Оттың тілін білемін.
Оттың тілін үйренсең,

Орындалар тілегің.
Бірақ, патша, қасыма
Келе алмайсың, қорқасың,
Оттың тілін үйренсең,

Жер түгіл әуел аспанға
Құдайменен ортақсың».
Жігерленді падыша,
Ағашқа болды шықпақшы,

От ұстаған сұлудан
Оттың тілін үқпақшы.
Патшалық бақыт, мал-қазына,
Қанағат қылмай мол қызық,

Өрмеледі ағашқа.
Жете алмады күн ұзын,
Түн болғанда падыша
Титығы қүрып тоқтады.

Қара бұлт шығып аспанға,
Керемет дауыл соққаны.
Арманым өлсем жоқ деген
Сұлуменен табысып,

Сұлу түгіл жан қайғы,
Патша отыр қалтырап,
Бір бұтаққа жабысып.
Ағашты дауыл теңселтіп,

Патшаның өңі бұзылды,
Патша отырған бұтағы
Шорт түбінен үзілді.
Қырғи соққан торғайдай

Домалап патша құлады,
Жерге түсті денесі,
Күл-талқан боп сынады.
Тойымы жоқ нәпсісі

Өлімменен тынады.

ТЫМСАЛ ӨЛЕҢ

Дулат Аққожа бидің бір баласының үйіне келсе, қатыны
кербез адам екен. Дулатты менсінбей, жөнді қонақасы
бермейді. Таңертең бір сері аңшы келсе, келіншек құрмет
алып күте бастайды. Серімен әзілдесіп отырып, келіншек ке­

кеген үнмен: «Бізді әлде жырау жырына жалау қылып кетер»

– дейді. Сонда Дулат:

Айтпасымды айтқыздың,
Аузынды бақпай, келіншек!
Шаруа десе – шалдуар,
Салақ, олақ, еріншек.

Бой түзеген боркемік,
Күлкігөй, күйшіл, көңілшек!
Қарт басқанның белгісі –
Жексұрын саған көрінсек.

Аларманың алтау-ақ,
Алпысқа болдың берімсек.
Шақырып алып алдына
Ел мақтаған ұстаны:

«Қысқашсыз ұстап темірді,
Балғасыз соқ!» – деп қысқаны.
Ұстаны қысқан падыша,
Айтшы, кімнің дұшпаны?

Құтың болса, құйып ал,
Құтсыз болсаң, төге сал,
Сөйлейін біраз нұсқаны.
Таста отырған байғыздың

Жанына тауыс келеді,
«Неткен құс, – деп менсінбей,

– Бармақтай-ақ денелі?»

Әсем жүнін таранып,
Өн бойына қаранып,
Бастайтұғын наздана,
Үлгілі сөзді келелі:

– Бармақтай-ақ қаралдың,

Қортиып қалай жаралдың,
Түріңнен калай ұялмай,
Тасқа шығып тарандың?
Сұлулықтан бойыңда

Еншің жоқ алған тарыдай.

Сенен қораш құс бар ма
Денеге қалған жарымай?
Атың кім сенін, жөнің кім?
Тіршілік қалай сақтайсың?

Түспей-ақ көзге онан да,
Ініңде неге жатпайсың?
Өліп неге қалмайсың?
Бәрібір тірі жүргенмен,

Атақ, мақтан таппайсың.

– Менің атым – Байғыз қарт,

Көзге түсер сиқым жоқ,
Орынсыз күлер күлкім жоқ,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.
Көзге қораш бойым бар,

Теңізден терең ойым бар,
Шынардан биік санам бар,
Атан өгіз ағызған
Ақылдан алпыс сабам бар.

Қорған құрыш сөзім бар,
Бұлттан өтіп, мұнарды
Болжайтұғын көзім бар,
Шіркейге жетпес елім бар,

Алтыннан ауыр дәнім бар.
Қайратымнан атым зор,
Белгілі атым әлемге.
Қорашсынсаң денемді,

Кеудем – ақыл сарайы,
Кірем десең, кел, міне.

– Ақылды деп естіп ем

Сыртыңнан талай атыңды,
Сүлейменге жеткізген
Айызға айтып датыңды.
Ақылды болсаң, жауап бер

Сүрағыма татымды.
Жан иесін жаратып,
Алла берген ерікті.
Әрбіріне әр түрлі

Көрік, шырай беріпті.
Құстардың, айтшы, қайсысы

Ең сымбатты, көрікті?
(«Сен сұлусың дер-ақ, – деп, –
Мінеки, анық көре-ақ», – деп,
Қанатын көкке сермепті).

–Таңдап тоят тататын,

Талғап жерді жататын,
Қиырдан болжап көретін,
Қызылшылар еретін,
Көз тойғандай сымбаты,

Кір шалған жемді жемейтін
Құстардың мен бекзаты.

– Ай, тауысым, тауысым!

Мақтанның тойын тойлайсың:
Таусылмас мақтан – дария,
Сіміресің, тоймайсың.
Өртенемін демейсің,

Отты ұстап ойнайсың.
Бекзат, сұлу деген не?
Өзің қалай ойлайсың?
(Сонда тауыс таранды,

Жан-жағына қаранды).

– Құлфындайын құлпырған,

Құбылып тұрған жүнім бар,
Молдан ойып алғандай
Мүлтіксіз біткен сыным бар,
Басқа тұрсын, әуелі,

Құс төресі самұрық
Мені көрсе, жымыңдар.
Өзің берші төрелік,
Қай жерімде мінім бар?

(«Сыр-сымбаты дәл келген
Құс жоқ қой мендей көрнекті»,
Деп мақтанып тауыс құс,
Қанатын көкке сермепті).

– Құс бекзаты – лашын

Алыстан тоят тілеген,
Мұзға салып ұясын,
Қаңтарға қарсы түлеген,

Жем жемейтін түн асқан,
Тоятына қаз басқан,
Ерлікке сай сымбаты,
Лашын ғой құстың бекзаты.

– Өзім әлі көзіммен

Көргенім жоқ лашынды.
Көруге бірақ құмармын
Сондай бекзат асылды.
Лашынды көрсем егер де,

Құшағыма алар ем.
Құмарымды тарқатып,
Хош уақыт болып қалар ем! –
Дегенде, байғыз тауысқа

Мысқылдай күліп қарады
(Маңызы бар батпандай,
Бармақтай-ақ қарамы).

– Бекзаттық, сұлулық түгіл,

Айырмайсың, тауысым,
Әуелі ақ пен қараны.
Мақтаныңның әбден-ақ
Ашылыпты араны.

Өзің түгіл, әуелі,
Мақтаныңның шарпуы
Мені шарпып барады.
Сұлулықтың тегін біл,

Сынау үшін сұлуды.
Білем деген айтуға
Бір ауыз сөз жеп-жеңіл,
Біле біл білім білуді.

Сырты сұлу талайдың,
Қайсыбірін қалайын.
Кір жұғады, тозады,
Сұлу деп қалай санайын.

Айырмаң жоқ басқадан,
Сен де соның бірісің.
Сұлу түгіл, дүниенің
Жуып тастар кірісің.

Ал жүнің сенің әдемі-ақ,
Айтшы, неге жарайды?
Алғашқы көрген әуес қып,
Балалар ғана қарайды.

Қуыршақтың үкісі
Басқа іске аспайды.
Бір күн ұстап әуес қып,
Ертеңіне боқтыққа

Апарады, тастайды.
Сұлулық деген жарық қой –
Дүние тозса, сөнбейтін.
Сендей сұлу болмайды

Іске асып, өнім өнбейтін.
Зұлымдықтың иесі,
Бекзада дедің лашынды.
Бекзаданы білер ең,

Қиса келіп басыңды,
Топшыңды түтелеп,
Жұлса төбе шашыңды!
Бір көрсем деп құмарттың,

Болар ең көрсең көрместей,
Мақтаныңа семіріп,
Қанатынды керместей.
Бекзаданың белгісі –

Қиянатқа баспайды,
Өз түгіл, басқаны
Жақсылыққа бастайды.
Жан иесі болған соң,

Жандының оған қаны арам.
Пайдасы көпке тимесе,
Салтанат пен сәні арам.
Лашынның мейірі қанбайды,

Күнінде қан ішпесе –
Алабұртып айналып,
Қамысты көлдің сүқсыры
Уысына түспесе.

Сен – дүниенің кірісің,
Өмірдің лашын – лаңы.
Іске аспаған сұлулық
Лаңменен тынады, –

(Дегенінше болмады,
Лашын көктен түйілді.
«Аңсап едің көруге,
Тартқын, – деді, – сыйыңды»).

Байғыз отыр тапжылмай
Келіп қонған тасында.
Бекзада сұлу тойлады
Қанды тойын қасында.

Шеңгелден қан шыпылдап,
Тұмсықтан түбіт бұрқырап,
Шеңгелінде бекзаттың
Сұлу жатыр шырқырап.

Біраздан соң қасында
Лашын кетті, тауыс жоқ.
Қанаты жатыр қалбиып,
Өз қанымен сауыс боп.

Әсем жүні боялды
Өзінің қан-жынымен.
Таңдаулы тәубе тауысты
Жеп-ақ кетті шынымен.

Таңдаулысың, тәуірсің
Сен-дағы керім тауыстай.
Құмарлық – бұлт көшпелі,
Тұра ала ма ауыспай.

Бірақ сені лашынның
Құмартқанын білмессің.
Ілінбей де қалмассың,
Сыбағалы жүлдесің.

Ақылыңа өлшеп бұл сөзді,
Өрістеп ойың толғасын.
Келемеж қылған шалыңыз
Бармақтай байғыз болмасын.

Д.Бабатайұлының
жылы
Қазан
қаласында

шыққан
«Өсиетнама» жинағының факсимилесі.

ДУЛАТ АҚЫН ТУРАЛЫ

ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ПІКІРЛЕР

Мұхтар Әуезов

АБАЙ

(«Қайтқанда» тарауынан үзінді)
…Жайлауда Құнанбай ауылының көбірек орнығып отыра­
тын қонысының бірі Ботақан ошағы. Көлқайнардан осыған
кеп жеткенше жиырма шақты күн өтті. Сол жиырма күн ішінде

жол бойы, сүле науқас қалпынан айықпаған Абай, енді-енді
ғана анықтап, тәуір бола бастаған сияқты. Өздігімен түрегеп
жүруге, кіріп-шығуға да жарады.
Енді көңілі де айығып, бұрынғы балалық шаттығын

да, ойын-ермегін де тапса керек еді. Бірақ ғажап! Биылғы
жыл, әсіресе, соңғы көп күндер ішінде Абай балалықтың
қызу ермегінен, қызығынан шеттеп салқындап қапты.
Тіпті балалығынан айрылыңқырап қалғандай. Әлде ауру­

дан тұрғандығы ма? Немесе соңғы уақыттар көңілінен кеш­
кен ауыр сезім терең ғазап сезімдер салдары ма? Әлде, тіпті,
балалық өтіп үлкендікке қарай бой ұрғандығы ма? Аралықта,
белге соққандай, бір дағдарыста қалған сияқты.

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесіде бір
аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны
шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет
бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала-бозбалалық қалпына

бейімденген. Бірақ, әлі сол мүсінде үлкендік жоқ. Толық,
балғын емес. Сидыйып арықтап, құр созылған сияқты. Күн
көрмей өскен, реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес.
Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы да бар еді.

Қазірде қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма,
әйтеуір бозғылданған. Сұйықтау, қоңыр шашының арасынан
бас құйқасы да қылаңданып көрінеді. О да ауырғандық пен
күн көзінде болмағандық белгісі.

Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез машығы да бір
алуан боп, өзінше үйлесті.
Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды.
Өзге баладан көрі, басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты.

Онысы, әсіресе, әжесі. Одан қала берсе, шешесі.

Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі біртүрлі ше­
бер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық
жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауы­
ра бастағанда, бір күн кешке ұйқтай алмай жатып, әжесінен

әңгіме айтуды сұраған. Сонда ол ойланып отырып:

– Е – е... Бұлдыр, бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен?

– деп, кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қапты.

Келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесін тізесінен ақырын қағып:

– Е – е... Бұлдыр, бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім

өткен?.. деп, тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді.
Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ-Жайық»,
«Жұпар қорығы», «Құламерген», бәрі де айтылып еді.
Әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да айтқыза

беретін болды.
Бертін келе тәуір болып алған соң әжесінен тағы бір
әңгімелер тапты. Ол осы ел ішінде Зеренің жасынан бергі
көргені, естігені жайындағы әңгімелер. Ел мен елдің шабы­

сы, таласы жайында бірталай күндер айтты. Осыдан жиырма-
отыз жыл бұрын Найманның осы елге, осы ауылға шапқанын,
сонда Бостанбек деген өзінің асыранды баласы өлгенін және
Найман қолынан осы ауылға тұтқынға түсіп, жыл жарым­

дай кісенде жатқан Қожамберді деген ақын жайын айтады.
Соның көп өлеңін шұбыртады. Басқа да «Қара шор шапқан»
сияқты шабысты, жортуылды айтады.
Тағы бір күндер Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебектің қай-

ғыларын да айтып беріп еді. Абай қажымай, жалықпай,
ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айт­
пай қойса, өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме
білуші еді. Және ол көбінесе, өлеңді сөзді жиі айта­

ды. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, білдірмей,
сақтап жүрген зейініне – таң қалады. Күдеріқожа, Шортан­
бай, Шөже жырларын, айтыс, өсиет, әзілдерін де көп айтып
береді. Екі анасын көңілдендіріп, тағы айтқызу үшін кейде

өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен «Жүсіп-Зылиқа»
сияқты қиссаларды оқып береді. Әндетіп, мақамдап қояды.
Шешелеріне ұғымсыз болған түрік тілінің жеке сөздерін жол­
шыбай, қазақшылай отырады. Осымен қайта көңілдендіріп

алып, ескі әңгімелерді тағы айтқызады.
Зере ел шабысын әңгіме еткенде, сол істердің бәрін ел ба­
сына әлек салған, ұлардай шулатқан, кесел күндей айтатын.
Кішкентай күнінен ертек-әңгімені көп сүйетін бала, осы

күндерде, осы жазды тіпті көп есітіп, көп біліп алған сияқты.

Сондай, шеше әңгімелеріне бар бейілін беріп жүрген
күндердің бірінде бұл үйге екі бөгде қонақ кеп қонды. Бірі
қартаң, бірі жас қонақ. Жасын Абай біледі. Таныған жер­
де қуанып кетті. Ол былтыр жайлауда келіп, осы үйде үш

күндей жатып, «Қозы-Көрпеш-Баянды» жырлап берген
Бәйгөкше деген жыршы еді. Қасындағы қартаң кісіні Абай өзі
білмегенмен, шешесі әбден таниды екен.
Қонақтармен жай сұрасып амандасып болған соң, Ұлжан

Абайға қарап жымиып:

– Ал, балам, әжең мен екеуімізді қажай беруші едің,

әңгіме-жырдың дүкені міне, жаңа келді. Мына кісі Дулат де­
ген ақын! – деді.
Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбетті келген, зор дауы­
сты ақсары кісі. Дулат Абайға салғаннан ұнады. Білгенін ішіне

бүгіп, тығылып, үндемей отырған өзге үлкендердей емес.
Дулат іле сөйлеп кететін жарқылдак, ашық. Осы үйде талай
күннен жатып жүрген, ауыл адамы сияқты.

– Е, балам, «шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай

егілген» дегендей, сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел – ел
дағы. Тыңдауға өзің жалықпасаң, айтуға Бәйгөкше жалықпас!

– деп жас жолдасына қарап, күліп қойды.

Жайлауға келіп қонғалы, бөгде қонақтар келгіш еді. Ду­
лат Сыбан болатын. Жайлауға қоныстары жақындаған соң,
жылдағы дағдысы бойынша, осы ауылдарға амандаса кел­
ген екен. Жолшыбай, Мамай ішінен Бәйгөкше қосылыпты.

Ол Дулаттың ақын шәкірті. Жылда осылайша қасына еріп,
бірнеше айларды бірге өткізуші еді.
Үй іші тегіс қош алған соң, екі ақын да оңай шешілді. Осы
түнде ас піскенге шейін Дулат «Қобланды батыр» жырын

жырлады. Абайдың казақ аузынан да, кітап ішінен де өмірі
естіп білмеген ең бір сұлу, ең бір әсерлі, күшті жыры осы еді.
Дулат жырын бітіріп, қол жуғалы қамданған уақытта Абай:

– Мұны айтқан кім? Осы өлеңді шығарған кім екен! – деп,

бағанадан бері, өзін сүйіндірген ақынның атын білмек еді.

– Әріден келе жатқан деседі-ау, балам, бұның түбін. Бірақ,

осы, дәл әлгіндей айтқан Кіші жүз Марабай деген ақын деуші
еді Жанекең – деді. Жанекесі – Жанақ еді.
Қобыландының қоштасқаны, Тайбурылдың шабысы, Қазан
мен Қобландының жекпе-жегі Абайды, әсіресе, елтіткен-дей

болатын. Жатқанда көпке дейін қызып, ұйықтай алмады.
Ертеңінде Ұлжан, Дулат пен Бәйгөкшені жібермеді:

– Жүрмеңдер. Асықпай, әлі біраз күн қонақ боп, жатып

кетіңдер – деді. Бұл Абайдың тілегі еді. Абай бұрын тағлым,
үлгі – кітапта; білім, өнер – медреседе ғана деп түсінетін. Оған,
дастан шебері – Низамы, Науайы, Фызулида; мұң нәзігі – Шайх

– Сағди, Қожа Хафизде; батыр жыры – Фердаусиде көрінетін.

Қазақта Асан қайғы, Бұқар жырау, Марабай мен Жанақтар
барын; нелер «Баян-Көрпеш», талай «Ақбала-Боздақтар» ба­
рын анық білмеуші еді.
Тілі ұғымды, өмірі таныс болғаннан ба, немесе Дулат пен

Бәйгөкшенің кезектеп айтқан жырларының кейде шырқаған,
кейде қалқып баяулаған, кейде лекітіп соқтырып, ескектете
желген әнінен бе? Бебеу қаққан қоңыр, майда баяу домбы­
радан ба? Қалайда болса, Абай бұл күнге шейін өмірінде дәл

осы Дулат, Бәйгөкше баян еткен дастан, жырларға барабар
ешнәрсе есітпеген сияқты болды.
Қүндіз де түнде де, Дулаттардың қасынан шықпайды.
Екі ақын Ұлжан үйін барлық осы үлкен ауылға қанбазардай

қалың жиын үйі қып жіберді.
Бие байлап болғаннан кейін, түске жақын, ауылдың бәрі
қымызға жиылады. Қыза отырып, жыр тыңдайды. Күндіз
ылғи ұзақ жырлар жырланады. Немесе, әредікте, шешендер,

ділмарлар айтқан тақпақ, тартыс, билік-даулар айтылады.
Ал, ел айығып, оңаша қалғанда, Дулат өз жырларын, өзі
құрбы – Шортанбай, Шөже, Сыбанбай, Балта, Алпыс ақын
айтқан жырларды термелеп кетеді.

Бұлардың ішінен заман зарын, көп мұңын айтатын сөз-
дерді, әсіресе, бөліп айтады. Дулат біреуді мақтап, біреуден
сұрап айтатын ақын емес.
Абай мен шешелерінің кешкі уақытта тыңдаған жырлары-

ның көбі, Дулаттың өзі сүйген, құлақ күйі сияқты, термелер
болады. Мұндай кезде Дулат Абайға күндізгі Дулаттан тіпті
басқа боп көрінеді. Қызықты кызуды, қыздырманы ғана ай­
татын күлкіші, сауықшыл Дулат емес. Кешкі кездерде, ол бір

үлкен өсиетші, кейде шерлі де қарт сияқтанады.
Сондай-сондай кездерде өзінің де ішін ашып:
Сырымды менің сұрасаң
Тұманың тұнық суынан;

Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам...
Сорғалаған нөсердей
Жырын тыңда Дулаттың! –

деп, өз жанынан термелеп кетеді.

– Қайғысы ма? – деп Абай кейде шешесінен сұрайды.

– Әйтеуір үлкен қасиеті болымсызды дардай ғып, мақтай

беретін әдеті жоқ екен. Ел ақтаған ақын емес қой. Сөзін ұғып
ал осының! – деп қоюшы еді Ұлжан.
Тыңдай келе, Абай Дулаттан тағы бір соны сөздер есітті. Ол
осы заманның ұлығы мен бегін айтқан, сынап, мінеп айтқан

сөздері еді. Бір терменің ішінде Дулат:
Аға сұлтан, қазының
Ел сілкінді ісінен.
Ауылдың атқа мінері

Жемтікке қонған күшіген...–
деп бір кетті.
Әкесінің үйде жоғын еске алып, «келмей-ақ қоя тұрса екен»,
«қыдыра түссе екен» деуші еді. Шынында да Дулаттар келгелі,

Құнанбай бұл үйіне көп қонған емес. Ол бір топ үлкендермен ел
аралап, жолаушылап кеткен еді. Ұлжанның Дулатты жібермегені
де сол. Ақын мен әнші Құнанбай жоқта болмаса, мұның аулына
онша үйір боп, бой жазып жата алмайтын.

Дулат «ұлық пен бек» дегенде кімді айтады? Онысын аш­
пайды. Бірақ Абай оның мұндай жырларын ылғи өзінше
ұғады. Мысалдың көбін жақыннан іздейді. Бірақ бұл бала да
сырын, ойын ешкімге ашпайды.

Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады...
Өзі елді қорқытып,

Онан өзі қорқады...
«Бұл старшын Майбасар» деп ойлайды Абай.
... Алдына түсіп томпаңдап,
Бір торпаққа он болып,

Жарлылардың торпағы
Пысықтардың ортағы.
Қара шығын, алымы,
Бай, кедейге бірдей боп,

Шаңыраққа салығы,
Ел ұйтқысы шайқалып,
Төгіліп судай аққаны-ақ! –
деп «аһ ұрғандай» боп кеткенде, Абай Дулаттың қайғысын да

танығандай болады.

«Ел ұйтқысы шайқалды» дейді. Бұрын Абайдың естімеген
зар-шері сияқты. Асан қайғы, Шортанбай, мына Дулат,
бәрінің кеп құйып жатқан бір сағасы бар.
Беті-түсі айқын болмаса да, әр заманда, әр жерде

күңіреніп, қайғы шеруін тартып жатқан, кәрі әжесі сияқты көп
жасаған, көп қайғыны көрген, үлкен бір шерлі бар. «Ол кім?»
дәлін, барын Абай біле алмайды.
Осы жолы Абай әрі өзі асылып, әрі шешесі арқылы салмақ

салып, Дулат пен Бәйгөкшені дәл бір айдай жібермей ұстап
еді. Бұл уақыттарда жас бала Дулат, Байгөкшемен біржолата
дос, жақын боп алды. Бертін келе түнде, Дулаттың қойнына
кіріп те жатады. Күндіз барынша күтеді. Мұның ұғымтал

зеректігіне, қатты риза боп, шын сүйсінген Дулат бір оңашада,
жай ғана тақпақтап:

– Шырағым ержетерсің,

Ержетсең, сірә, нетерсің,
Алысқа шырқап кетерсің,
Шындасаң шыңға жетерсің... –
деп кеп Абайға домбыраны бере отырып:

– Міне, балам, осы менің батам болсын. Тіпті шынымен

мейірім түсіп айтқызып отыр! – деп еді. Абай ыңғайсызданып
қысылды да, үндемеді. Бұл, Дулаттар ертең жүреді деген
түнде, ас алдында болған сөз еді.
Ертеңінде ақындар аттарын ерттеп, жүрерге тақағанда

Абай, шешесін тысқа шығарып алып:

– Апа, екеуіне де жақсы ғып тұрып сый беріп аттандыршы!

– деді. Ұлжан үндеген жоқ.

Қонақтар қымыз ішіп болып, енді қоштасарға келген­
де, Ұлжан Дулатқа қарап бір сөз айтатындай пішін білдірді.
Қонақтар іркіліп қалған еді.

– Мынау балам оқудан қайтқалы сүле науқас боп, ары­

ла алмай қойып еді. Сендер келгелі жақсы сөздеріңмен ем
әкелгендей болдыңдар. Қадамы құтты қонақ болдыңдар –
деді.
Абай, шынында да, дәл осы кезде өзін-өзі бар сырқаттан

құлантаза боп арылғандай, нық бір қайрат жиып алғандай
сезініп еді. Шешесі үндемесе де, ашып айтпаса да, «білгіш,
танығыш, сыншы» сияқты көрінді. Ол бөгелсе де, сөзін
бітірген жоқ еді.

– ...Тағы да келе жүріңдер. Анау кәрі әжесі мен бізді де көп

сейілттіңдер. Жолдарың болсын! Келген сапарларыңа тыста

бір азырақ ырым байлаттым. Ала кетіңдер... Риза, қош боп
аттаныңдар! – деді.
Абай тысқа шығып, Дулаттарды аттандырып жатып, енді
көрді. Осы үйдің екі жылқышысы Беркімбай мен Жарқын

Дулатқа арнап бір семіз көк атты, Бәйгөкшеге арнап бір торы
құнанды ноқталапұстап тұр екен.
Екі ақын екеуін жетекке алып, тағы да «қош, кош» айтып,
жүріп кетті.

Абай шешесіне риза боп қуанып кеп, бұрынғы бір
кішкентай күніндегі еркелігіне салып, оның мол денесін
қапсыра құшақтап, қатты қысып, жыға жаздап шалқайтып
кеп, бетінен, мұрнынан, көзінен қайта-қайта сүйді.

Қажым Жұмалиев

ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ

Дулаттың өмірі жайлы мәлімет өте аз. Халық ақыны
Шәкір Әбеновтің және өзіміздің ел аузынан жиыстырған
мәліметтерге қарағанда, ол 1802 жылы Семей облысы Аягөз
ауданында туған, руы Найман, оның ішінде Қаракерей. Ду­

лат жасынан-ақ өнер қуған адам деседі. Шығармаларына
қарағанда, мұсылманша хат білген, түркі таныған, мол­
далар арқылы сол кездегі қазақ даласына тарағaн діни
көзқарастардың шеңберінде дін туралы да біршама түсінігі

бары байқалады.
Дулат жырларының негізгі тақырыптары – әлеуметік және
тәрбиелік мәні зор мәселелер: қазақ халқының бір алуан
руларының оңтүстіктен Арқаға қоныс аудару, патша өкіметінің

отарлау саясаты, заман ағымы, қазақ даласындағы өз
кезіндегі ел басқарудағы, тұрмыс-салттарындағы өзгерістер,
жастарға тәлім-тәрбие беру мәселелері т.б. сөз болады.
Шығармаларының мазмұнына қарағанда, қазақ дала­

сында хандық жойылып, аға сұлтандық билеу тәртібі орнаған
кезеңде өмір сүріп, сол жағдайлардағы қарым-қатынастарды
жыр етеді. Бұған оның өмір жолы да дәлел. 1802 жылы туды,
1871 жылы өлді десек (кейбір мәліметтерде 1874 ж. өлді

делініп жүр), жас шамасы да осы кезге тура келеді.
Қазақ хандықтары әлсірей келіп, ресми түрде 1821 жылы
жойылды да, 1824 жылдан бастап қазақ даласын округтарға
бөліп, әр округты басқаратын аға сұлтандық билеy аппарат­

тарын құрып, патша өкіметі қазақ елін өзіне түгел қарата ба­
стады. Бұдан тыс қалған – Ішкі Бөкей ордасының хандығы. Ол
кезде Жәңгір хан деп атала тұрса да, Орынбор губерниясына
бағынатын, өзіне қараған елдерге Ішкі орда хандығы болып

саналса да, ол патша өкіметінің түсінігінде сонау құрылуынан
(1801) бастап, вассалдық дәрежеде ғана болатын.
Бұл кезде Дулат жиырмалардың ішіндегі жас жігіт еді.
Ол Орта жүздегі хандықтың тек шет жағасын ғана көрді.

Оның ер жеткен саналы өмірі аға сұлтандық дәуірде
өтті. Сондықтан да Дулат өлеңдері сол кезеңдегі өмір
құбылыстарын бейнелейді. Дулат жырау – өзінен бұрынғы
және өзінен кейінгі (Абайды санамағанда) ақындардан көп

жайттарда өзінше ерекшелігі бар, идеялық қайшылықтары
да көп, бірақ өз дәрежесінде өмір мәселелерін терең толғап
шешуге тырысқан ақын. Поэзиямыз тілін байыту жағынан
да Дулат өзіне дейінгі ақындарға қарағанда, көп еңбек

сіңірді. Бұл жайттар Дулат жыраудың творчествосын білуді,
зерттеуді қажет етеді. Сондықтан да оның әдебиет тарихын­
да тиісті өз орны бар.
Дулат туралы ертерек кезде жазылған мақалаларда

шығармаларының қайшылық жақтары терең талданбай,
ұнамды жағы көбірек айтылса, соңғы жылдары шыққан зерт­
теулерде теріс көзқарастары баса айтылып жүр. Әрине, без­
бенге салғандай, екі жағын тепе-тең етіп шығару қиын. Бұған

баға беру зерттеушілердің тарихи жағдайды, әдебиет та­
рихын терең білулеріне, өздерінің түсінік және эстетикалық
талғам дәрежелеріне, әдеби құбылыстарды қаншалық нәзік
байыптай білуіне байланысты. Біз де бұл еңбекте Дулат жай­

лы ғылымның ең соңғы сөзін айттық деуден аулақпыз. Әйтсе
де казіргі әдебиеттану ғылымының алдына қойылып отырған
талап, тілектер тұрғысынан пікір айтып, өз түсініктерімізді
баяндамақпыз.

Дулаттың «Өсиетнама» деген атпен өлеңдерінің (1880)
жарық көруі оның халық алдында беделінің қандай
болғандығын толық аңғартатын тәрізді.
Бұқар хандық дәуірінде өмір сүргендіктен, әлеуметтік әр

алуан мәселелерге өз заманындағы үстемдік етуші таптың
өкілі тұрғысынан қарады. Қазақ хандығын, феодалдық
құрылысты берік сақтау идеясын үндеді. Ал Дулат аға
сұлтандық кезеңде әдебиет сахнасына шықты. Бұрынғы

хандық дәуірде хандық мұра есебінде атадан балаға
берілетін. Ханның өзінен мұрагер болмаса, Шыңғыс тұқым­

дарының біреуін хан сайлайтын. Осы дәстүрді бірінші рет
бұзған – аға сұлтандық билеу тәртібі.
Әр округті билеу үшін аға сұлтан, кіші сұлтан сайланды
да, ол екеуінің үстіне патша тарапынан майор белгіленді. Аға

сұлтанның бірінші орынбасары майор саналды. Құнанбай
тәрізді азулы аға сұлтандар болмаса, аға сұлтандық (округ)
тізгіні майордың қолында болды. Округқа бөліп билеу
тәртібін шығарудағы мақсат майор арқылы қазақ даласы­

на өз ықпалын жүргізу еді. Бұл ең алдымен бұрынғы салтқа
қарама-қарсы, аға сұлтан сайлану үшін – Шыңғыс ұрпағы
болу шарт емес, тұқымында хан болған ешкім болмаса да,
қарадан шыққандар да аға сұлтандыққа право алды. Сөйтіп,

1824 жылдардан бастап хандық дәстүр жойылды.
Хандық жойылып, аға сұлтандық құрылса да, ескі хандық
салттардың бірқатар жақтарының тамырына балта шабыл­
са да, негізінде, феодалдық құрылыс сақталды. Қарадан

шыққан қазақ феодалдары да халық қамын ойлаған жоқ,
үстемдік етуші таптың жыртысын жыртты. Әйтсе де, жер ием­
дену, сауда-саттық, ел билеу мәселелерінде, бұрынғыға
қарағанда, бұл кезде әр алуан жаңалықтар көріне бастады.

Байтоқ, Жанұзақ сықылды сарай ақындарын алсақ
олардың өлең, жырларының мазмұны – хан мен хандық
құрылысты жырлау, дәріптеу. Оларша: «Қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған заман» – Жәңгірдің хандық құрған кезі. Ал өз

төңірегінде болып жатқан басқа өмір құбылыстарының жақсы
не жаман жақтарын олар көрмеді де, көргісі де келмеді.
Халықтың экономикалық жағынан ауыр халдері мен руха­
ни қысымшылық көруі, хан, феодалдардың еңбекшілерді

қанап, тонаулары олардың бірде-бірінің көңілдерін аудара
алған жоқ. Олардан қалған өлең, жырлар түгелімен дерлік
Жәңгірдің, оның төңірегіндегілердің іс-әрекеттерін мақтауға,
мадақтауға арналады. Байтоқ та, Жанұзақ та сол таптың иде­

ологтары.
Байтоқ, Жанұзақтарға қарағанда, Дулат – анағұрлым
ірі тұлға. Жалпы көзқарасы көне хандық дәуірде жат­
са да, ол өз кезегіндегі өмір шындықтарына үңіле қарап,

әрқайсысына өзінше баға беріп, көптеген мәселелерді ел
тілегімен қабыстырмақ болды. Қазақтың Россияға өз еркімен
қосылуын сөз еткенде, бұл мәселені ол түгелдей отарлау сая­
саты деп қарайды да, қазақ елі қандай жағдай, себептермен

осыған душар болып отыр деген сұрақтарға жауап іздейді.
«Қазақ туралы» атты ұзақ өлеңінде:

Кешегі сенің бір ауызды күніңде, Үш жүздің басын құраған, Алдынан соның тараған Әбілпейіз, Абылай, Екі сұңкар сұлтанға... Еркінше өскен қайран ел, Дәулетің бейне шалқар көл, Айбының бейне асқар бел, Ботадай бұла өскен тел, Енді келіп қамалдың Кәуір салған қу тамға, – дейді. Жыраудың бұл сөздерінен қазақтың Россияға қосылуында еріктілік жоқ, оны отарлау деп ұғынғандықты, ал Әбілмәмбет, Абылайлардың хандық құрған кезі ең бір жақсы кезең еді деген... пікірді аңғарамыз. Дулаттың ойынша мұның екі түрлі себебі бар: біріншіден, 1750 жылы қалмақтарды қазақ жерінен түре қуып, жер шұрайы Арқада Орта жүз елінің қоныс тебуі, оңтүстіктен солтүстікке, яғни патшалық Россияға жақындай түсуі және қалмақтарды жеңгендіктеріне мастануы салдарынан алды-артын ойламау деп біледі: Күн батысқа көз салмай, Күн шығысты еске алмай, Бізді алатын жау жоқ деп, Бізден мықты дәу жоқ деп, Алды-артынды байқамай, Маған не бар дескенсің. Екіншіден, қазақтың өз ішінен шыққан ел басқарушылардың өз халқын шен-шекпенге сатып кетуінің салдары деп ұғынады. Орта жүз елінің Түркістан өлкесінен Арқаға қоныс ауда­ руын, Россияға қосылуын, ол жөнінде қазақтың кейбір хан, сұлтандарының бұл мәселеде елгезектік жасауларын факт ретінде алсақ, жырау сөздері, негізінен, тарихи шындыққа жақын. Бірақ оларды жыраудың ұғынуы да, жұртшылыққа түсіндіруі де, шығаратын қорытындысы да, қазіргі көзқарас тұрғысынан алсақ, болжампаздықтан шалғай жатыр. Патшалық Россияға бағыну қазақ хандарының не сұлтандардың солай болуын тілегендігінен емес, сол дәуір, сол кездердегі тарихи-экономикалық жағдайлардың талабы еді. Қоқан, Хиуа, Қытай елдерінің және Россия патшасының аралығында көп ғасырлар бойы жеке хандығын сақтап кел­

ген көшпелі, жартылай көшпелі қазақ елі XVІІ ғасырлардан
бастап әлсірейді. XVІІІ ғасырда отарлау саясатын күшейте
түскен патша өкіметі әр тұстан крепостар салып, әскерлер
төгіп, қазақ шекарасына жақындап төнді. Осындай әр алу­

ан жағдайлар қазақтардың хандық құру мүмкіншіліктерін
азайтып, енді мықты бір мемлекетке арқа сүйеуге мәжбүр
етті. Бұл туралы үлкен көрегендік жасап, ең бірінші рет Рос­
сия патшалығына өз еркімен қосылуға мұрындық болған Кіші

жүздің ханы Әбілқайыр еді. Тек Әбілқайыр ғана емес, Орта
жүз, Ұлы жүз елдерінің сол кездегі басшылары да бағыну
мәселесі жайлы патша өкіметіне хат-қағаздар жазғандары аз
емес. Тіпті жыраудың өзі мақтап отырған Әбілмәмбет, Абы­

лайлары да 1840-50 жылдары, одан да кейін, Россияға
қосылу жайлы қарым-қатынастар жасаған-ды.
Әбілқайыр сияқтылардың Россияға қосыламыз деулері
өз халқының келешегі үшін көрегендік, прогрессивтік мәні

зор болғандығын қазіргі өмір дәлелдеп отыр. Қоныстану, егін
шаруашылығымен шұғылдану, мәдениетке бой ұру, казақ
халқы үшін тағы басқа да пайдалы істердің тарихи тамырлары
сол Россияға қосылуымызда жатыр.

Келешекті
болжау
барлық
адамның

қолынан
келе
бермейді. Жұрттың бәріне неге Абай мен Алтынсарин
болмадың деу өрескелдік. Дулат – өз халқына пайдалы адам

болсам, оның бір керегіне жарасам деген жақсы ниеттегі
ақын. Оның «Өсиетнама», «Ақтан жас» өлеңдері, «Еспембет»
атты поэмалары – бұған дәлел. Жоғарыда келтірген үзінділер
(«Қазақ туралы») немесе «Әуелгі қазақ деген ғаріп жұрт» деп

аталатын ұзақ өлеңінің өзі де халықтың бір алуан тобының
ой-пікір, сезім-түйсіктерінің сәулесі. Көпшілік сол кезде
патшалық Россияға өз еркімен бағынудың келешекте пайда­
лы екендігін түп-түгел ұға қалды десек, шындық болмас еді.

Демек, сол көпшіліктің бірі және жыршысы Дулат болды. Бұл
мәселе жөніндегі жырау шығармаларындағы қайшылық та өз
халқына керекті ізгі істермен байланысты туды.
Дулаттың сөздерінен бізге жеткендері: «Өсиетнама»,

«Көргеннің көзі тойғандай», «Ақжайлау мен Сандықтас»,
«Сүлейменге», «Сөзім бар да, көзім жоқ», «Қылығың жалған
туысқан», «Әуелгі қазақ деген ғаріп жұрт», «Он бес деген жас
қайда», «Тырнақтай меңі болған соң», «О, Барақ жас, Барақ

жас», «Тегімді менің сұрасаң», «Кеңесбай мырза, тыңда сөз»,
«О, Ақтан жас, Ақтан жас», «Жапанға біткен жантақты»,
«Асқар таудың сәні жоқ», «Ей, айтайын арнап Ишанға»1,

«Ал қарағай сұлу сындардай» т.б. Өз тұсындағы ақындарға қарағанда, Дулат өлеңдерінің көбірек сақталуы да өз кезіндегі келелі мәселелерді жырлай білуімен, көне ақындық дарынның күштілігімен байланысты. Еңбекші халықты бұрын хан, оның билері, төлеңгіттері қанаса, енді аға сұлтан мен оның айналасындағы шашбау көтерушілері қанады. Бұл кездерде де қаналуы жағынан қара халықтың тұрмысы ауырламаса, жеңілдеген жоқ. Бұл шындықты Дулат өткір сатира, шешен тілмен мейлінше ше­ бер суреттеп берді. Елді қанаушы аға сұлтан да, ірі феодал­ дар да, дін өкілдері де жыраудың мысқыл, сықағынан тыс қалмайды. Дулат жырау, ең алдымен, Барақ төре, Кеңесбай сық ылды аға сұлтан, ірі феодалдарды сынға алды. Ел тізгінін қолдарына алған «жұрт сайлаған» адамдар көпшіліктің қамын ойлаудың орнына өз құлқындарын ойлаулары ба­ рып тұрған ездік деп ұғады да, жырау олардың жержебіріне жетіп, халыққа жасап отырған сұм-сұрқиялықтарының бетін ашады: О, Барақ жас. Барақ жас, Жегенге тоқ, ішсең мас, Жақсы болса ұлығы, Өз елін жаудай таламас. ...Қазіргі қазақ ұлығы, Жаман иттен несі кем? Жемтік көрсе, қан көрсе, Айырылар мүлде есінен. Сендер атқа мінген соң, Тандыр болып суалды Шалқар көлдей несібем... Бұдан артық батыл, өткір айту, өлтіре шенеу жоқ шығар. Сонымен қатар, жырау тек сынап қана қоймайды және Барақты неге қатты сынға алуының себептерін де аша кетеді: Құрық бердің ұрыға, Момынды алдың қырыңа. Ыдысысың параның Қотара құйса тоймайтын, Ашылған әбден араның, 1 Дулаттың «Ишанға» деген өлеңі соңғы басылған кітаптарда «Ешенге» делініп жүр, ол қате.

Түйені жұтса түгімен,
Биені жұтса бүгімен,
Қақалмай бір-ақ толғайтын!
Дәл осы тәрізді мінездемені жырау сол кездегі ел

басқарушы үлкен феодалдың бірі Кеңесбайға да береді.
Оның аталарын әділ еді, батыр еді, өз бойларындағы
жақсы қасиеттерін елінің игілігі үшін жұмсап еді дей келіп,
Кеңесбайдың өзіне тоқталады:

Тұқымың дегдар болғанмен,
Кеңесбай, азғын туғансың!
Тістеуік айғыр секілді
Үйіріңді сұйылтып,

Тай, құнанды қуғансың.
Ел билерлік ісің жоқ,
Дегдар емес, будансың...
Не тұлғама тұтқа боп,

Не керекке жарайсың?
Ішің – аяз аққырау,
Сыртың сұлу сарайсың.
Көз жасың да болмады,

Қара қазан, cap бала,
Жетім-жесір, кемпір-шал.
Барақ пен Кеңесбай туралы келтірілген үзінділердегі
суреттелетін іс-әрекеттер сол кездегі өмір шындығына дәл ме

еді? Әрине, дәл. Қара халықты бір жағынан аға сұлтандар,
оның сойылын соғушылар қанаса, екінші жағынан патша
чиновниктері қанады.
Барақ та, Кеңесбай да текті тұқымдар әрі аға сүлтан, ірі фе­

одалдар. Бірақ халықтың ауыр жағдайлары сары аяздай жа­
нына батқан, ашынған жырау батыл түрде міндерін бетке ай­
тады. Екеуін де жексұрын адамдар бейнесінде өз орталары­
на тән етіп сипаттайды. Қиялы жүйрік, тілге бай жырау-ақын

екеуінің де іс-әрекеттерін ел түңілгендей етіп суреттеген. Қай
өлеңін алсақ та, жыраудың ой-пікір, жүрек жылылығы халық
жағында екені байқалады.
Бір жағынан, ол – өз елін емірене сүйген патриот,

қарапайым халықтың ауыр халіне жаны ашып, оларды езіп,
жаншып отырғандардың зұлымдық, жауыздықтарын ба­
тыл әшкерелеуші сыншыл ақын. Азуы алты қарыс Барақ
пен шынжырлының сойылы, аты шулы Ақтайлақ бидің

тұқымы Кеңесбайға тілінен басқа қаруы, ызасынан басқа

сүйенері жоқ жыраудың жоғарғы өлеңдегідей жуандардың
зұлымдықтарын бетіне басуы аз ерлік емес.
Ханды, хандықты Бұқар жыраудың беріле, емірене жыр­
лайтын себебі оның өзі – сол Абылай хандығының белді

адамдарының бірі. Ал ол хандықтардан көп жыл кейін туған
Дулаттың да өткен замандарды сұғына жырлап, елдің ауыр
халін жеңілдететін жағдай қазақтың жеке хандық дәуірі деп
ұғынуы бірқатар түсінікті қажет етеді.

Бізше, ескілік салт-сана адамның ой-сезіміне жасынан
мықтап сіңеді де, есейгесін де одан оңайлықпен арыла ал­
майды. Тек Дулат қана емес, оқымаған шаруалар көпшілігінің
ой-саналары да ол кезде осы дәрежеде болатын. Әр кезеңде

болған патшаларға, хандарға қарсы күрескен шаруалар
көтерілістерін алсақ, олар өздерін езуші патша, хандарға
қарсы көтерілсе де, патшалықты, хандықты түп-тамырымен
жоюды мақсат етіп қоймайды. Сол күрестерінің өзін де

«жақсы патша, жақсы хан» іздеу ұранының астында өткізеді.
Шаруалар көтерілісінің ең ірі тұлғаларының бірі болып сана­
латын Пугачев, Исатай-Махамбет көтерілістері де, түптеп кел­
генде, осы шеңберден шығып кете алған жоқ.

Дулаттың кейбір өлеңдері дін өкілдерін сынауға ар­
налады. Дулат өмір сүрген кезде қазақ даласында дінді
уағыздаушылар көбейе бастады. Әуелі татар молдала­
ры, одан кейін Бұхарда, Стамбулда, Меккеде, Мәдинеде

оқып келген халпе, ишан, хазіреттер қазақтың өз ішінен де
шықты. Олар тек дінді уағыздаушылар ғана емес, халықты
қанаушылардың бір тобы еді. Олар аға сұлтан, ірі феодал­
дармен, патша өкілдерімен тіл табысып, жемтіктес бол­

ды. Қанаушы таптың елге жасаған зорлық-зомбылықтарын
ишан-молдалар шариғатқа сыйғызып құптаушылар және әр
алуан жолдармен халықты өздері де тікелей қанаушылар то­
бына қосылды. Сөз жүзінде періште болып, іс жүзіне келген­

де шариғатқа сыймайтын сұрқиялықтарды молдалардың
өздері жасайтындықтарын жақсы білетін, талай жауыздық
іс-әрекеттерін көзімен көрген жырау ишан-молдалардың сол
қылықтарының бетін ашып, халыққа жария етеді:

Ишан, елді аралап,
Қошқар, теке жинадың...
Маңдай алды бай болдың,
Нәпсінді неге тыймадың...

Ақылы жоқ молдалар

Иман сатқан тиынға. Өзінде, ишан, иман жоқ, Елге иман бермексің. Бараққа, Кеңесбайға, ишан-молдаларға айтқан Ду­ лат сөздерінің тарихи мәні зор. Аға сұлтандық кезіндегі шындықты шебер суреттеп бере білуі жұртшылықтың ой-санасын оятуда тәрбиелік мәні үлкен екендігін де ұмытпауымыз керек. Оның өлең, жырларының бағалы жағы өз заманындағы қанаушы тап өкілдерін батыл сынауында. * * * «Еспембет» поэмасы – Дулат шығармаларының ішіндегі ең күрделісі және оның әлеуметтік лирика, дидактикалық поэзияға ғана емес, сюжетті шығармаларға да шебер екендігін көрсетеді. Поэманың түпнұсқасы Қазақ ССР Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақтаулы. Баспа жүзін бірінші рет 1957 жылы көрді. «Еспембет» – сюжетке құрылған шағын ғана поэма. Оның көркемдік қасиеті де осы шағындығында. Олақ ақындардай көп сөзділікке салынбай, поэмада суреттелетін көп оқиғаны аз жолға сыйғызып, көрсетейін деген образын, айтайын деген идеясын шебер түрде, ойдағыдай етіп бере білген. Поэманың идеялық мазмұны екі-ақ жолға сыйғызылған: Еспембеттей ер қайда? Ер күтетін ел қайда? «Ел» – Дулат өлеңдерінің негізгі мотиві. Елдік, бірлік «За­ мана», «Ақтан жас», «Сүлейменге» т.б. өлеңдерінде жырла­ нады. Елдің бірлігі азайып, бұл елдікке нұқсан келтіретіндігін, аға сүлтан, бай-феодал, ел басқарушылар халықтың бірлігін ойламай, өз тіршілік құлқындарын ойлайтындығын айта келіп, бір өлеңінде жырау қүмырсқа мен бөденені мысалға алады: Елдігің кетіп ыдырап, Білгені өсек сыбырлап. Алтын жығаң сөгіліп, Абыройың төгіліп, Барыңнан да, жақсы еді Жоқ болғаның мұнан да, – деп, Дулат ашына жырлап, көпшіліктің бәріне ұрсады. Ел бо­ ламын десең өсек, өтіріктен аулақ қаш. «Алтын жығаң» –

бірлігінді бұзба деп басалқылық айтады. Бірлік, ұйымшылдық
үшін ең кішкентай жәндік құмырсқаның өмірін суреттей келіп,
ең болмаса осыны аңғармайсыңдар ма дейді. «Бөдененің үйі
жоқ, қайда барса бытпылдық» деген халық мәтелін келтіреді

де, бірлік мәселесінде казақтың қазіргі жағдайы дәл бөденеге
ұқсайды деп сынайды.
Елін қорғап, ел үшін жауына оқ ататын батыр ұл, елді әділ
басқарушылар болса деген арман, тілектерінің сәулесі ретінде

«Еспембет» поэмасы туғанға ұқсайды.
Поэманың сюжеті: жетім Еспембет нағашысы Ер Қосайдың
үйінде тәрбиеленеді. Есейген соң нағашысының елінде
жүруге арланып, ол өзінің туған жеріне кетуге рұқсат сұрайды.

Нағашысы Қосайдың ұсынған сыйлықтарынан бас тартып, тек
Ақбөрте тайды беруін сұрайды.
Еліне (Найманның Сыбаны) келгесін, ағайындары онша
елемейді. Арада 3-4 жыл өтіп, Ақбөрте санаулы күліктердің

бәйгесінен жалғыз келеді де, оның бәйгесіне тізілген жүз
тайлақты бес Сыбанның ұлына Еспембет бөліп беріп, өзінің
ірілігін, мырзалығын танытады. Осы оқиғадан кейін көзге
түсіп, ауызға ілігеді.

Қаракерей Қабанбай, Байжігіт, Ақтамберді батырлар қал-
маққа карсы жасақ құрып, қол жиғанда, жас жігіт Еспем­
бет те бірге аттанады. Қалмақпен шайқасқан жерде, ұрысқа
алты жүз рет кіріп, талайды тұралатқан, тап сол күні жекпе-

жекте қазақтан сегіз батырды бір өзі өлтірген қалмақтың ба­
тырына Еспембет жалғыз өзі қарсы шығып, қалмақ баты­
рын өлтіріп, атын олжа етеді. Осыдан кейін рухтанған қазақ
қолы жөпелдемеде шабуыл жасап, қалмақтарды жеңіп, еліне

қайтады. Жасынан-ақ халқының жауына қару жасап қызмет
етсем деген тілегі орындалады. Еспембеттің «батыр» деген
даңққа жетуімен поэма аяқталады.
«Еспембет» поэмасының оқиғасы, ондағы кездесетін

Қабанбай, Ақтамберді батырлардың аттарына қарағанда,
XVІІІ ғасырдағы тарихи жағдайды көрсетеді. Ер Қосай – ерте­
рек болған батыр. Поэмада 90 жасқа келіп, тұғырынан түскен
кезі еді деп баяндайды. Әрине, эпикалық поэмаларда анах­

ронизм бола береді. Сондықтан бұл тап XVІІІ ғасырда болған
оқиға еді деп үзілді-кесілді айта қою қиын.
Бұрыннан жұртшылыққа аты мәлім аға батыр, кіші батыр-
лардың тізімінде Еспембеттің аты кездеспейді. Еспембет

екінші саптағы батырлардың бірі болып, қазақ-қалмақтардың
соғысында ерлік көрсетіп, бірақ басқалардың көлеңкесінде

қалып, аты, даңқы шықпауы мүмкін. Поэманың маңызы,
әрине, Еспембеттің тарихта болған не болмағанында емес,
айтайын дегеніміз поэмада ол қалай көрсетілді, батырға тән
сипат оның бойынан табыла ма, поэманың туу себебі немен

байланысты, идеялық-көркемдік жақтары қандай, біздің тал­
дайтынымыз осы мәселелер болуы керек.
Дулат өз кезіндегі адамдардың іс-әрекеттерін ұнатпай
қатты сынай шенегенде, қара басының қамы үшін емес, ел

қамы, жұрт тілегі үшін атой салды. Сол елді бірлігі берік, елдігі
мығым ел ету үшін жауға айбар, елге қорған боларлық адам
іздеді. Айналасындағы ел серкесі атанып жүргендер жырауға
тым ұсақ, құлқын құлдар болып көрінді. Оларға тақымы

толмаған жырау, елін емірене сүйіп, қияға көз тігіп, қиыннан
тоят тілейтін адамды арман етті. Іздей келе Дулаттың тапқаны
Еспембет болды. Образдың жасалу жолдарының тұрғысынан
алсақ, шап-шағын поэмада жұрт сүйерлік патриот батырдың

бейнесін ойдағыдай етіп шығаруы жыраудың шын мәнінде
суреткер екендігін көрсетеді.
Танылар тұлпар желіден,
Ер танылар бесіктен, –

деген мәтелді жақсы білетін нағашысы Ер Қосай Еспембеттің
қандай адам болатындығын жасынан танып, бетін қақпай
өсіреді. Үлде мен бүлдеге бөлейді. Әйтсе де, жігерлі жас, ке­
лешек батыр, он төрт жасқа келгесін-ақ өз еліне, туған жеріне

кетуді аңсайды.
Жігерім болса жетемде,
Еліме барып ұл болам,
Жігерсіз болсам жетесіз,

Қойын жайып құл болам, –
дегенді айтады.
Қай халықта болсын адамның адамдық қасиетін көрсе-
тетін мінез – өз жері, өз елін сүю. Келешекте халқына тұлға

боларлық батыр Еспембет те те жастығына қарамастан
аталық сөздер айтып, ақыл, парасатының жоғарылығын
аңғартады. Эпостарда батырлыққа тән және бір шарт – өзіне
серік боларлық атты өзі танып, тақымына басуы. Еспем­

бет бұл сыннан да өтеді. Ақбөртені ол құлын кезінен танып,
көзінен таса қылмайды.
Жігіттің батырлығын айқындайтын – оның ерлігі. Ерлік әр
жерде емес, тар жерде көрінеді. «Ер басына күн туып, етігімен

су кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» жағдайларда, көпшілік үшін басын бәйгеге тігіп, өліміне бел байлап, қалың қолға жол ашады, жауды жеңуге мұрындық болады. Еспембет те дәл осындай қайрат көрсетеді. Қабанбай, Ақтамберділер қалмақта кеткен ескі кегін алмақ болып аттанғанда, ешкім білмейтін жас жігіт Еспембет өте бір қиын жағдайда ерен ерлік көрсетіп, батырлық биік даңққа ие болады. Поэмада суреттелген оқиғаларға қарағанда, бұл – мейлінше бір қауіпті, үрей ұшырарлық жағдай. Жекпе-жекке ешкімді шыдатпай тұрған батыры жеңілгеннен кейін жаудың құты қашып, қазақтар шабуылға шығып, жеңіске жетеді. «Ит ырғын да көл көсір» олжа түсіруге бас се­ бепкер – Еспембет, бұны оның ерен ерлігі деп дәріптейді жырау. Ел үшін, елдің ері үшін өлуге де, жеңуге де әзір, өлеөлгенше «ел» деп, сол елдің бір кетігіне қалануды арман ет­ кен батыр ұлдың бейнесі көзге елестейді. Еспембет образын кейінгі ұрпаққа жырау осы жағынан үлгі етеді. Мұндағы екінші бір көңіл аударарлық образ – Ер Қосай. Ол – жасы тоқсанға келіп, тұғырынан түскен батыр. Әйтсе де, оны жырау үлкен бір жылылық, аса бір ізетпен суреттейді. Поэмада Қосайдың ерлік істері сөз болмайды. Бірақ оның бар өмірін халқы үшін сарп еткені, өз елін терең сүйетін адам екендігі Қосайдың сөздерінен аңғарылады. Еспембеттің ерлігін бесігінен таныған қарт батыр оның ел қамы үшін қызмет етуін арман етеді. Қосайдың кең пейілі, ірі мінезділігі өз алдына, сонымен қатар, ол өте бір парасатты, ақыл иесі адам. Жиені еліне аттанарда көпті көрген көне батырдың айтқан сөзі мен берген ақылдарының мәні зор: Бірақ, балам, айтайын: Дос та елден, жау да елден, Алды-артыңа қарасаң. Күндестік те еліңнен, Міндестік те еліңнен... Өсіру де еліңнен, Көшіру де еліңнен. Бақыт та елден қонады, Дәулет те елден болады. Елменен ер ержетіп, Емендей өсіп толады. Қосайдың монологы арқылы елге берген сипаттамасына автордың қатысы барлығын мойындасақ, өмір құбы-

лыстарын, ел арасындағы әр алуан қарым-қатынастарын түсінуде жырау ойының терең жатқандығын да мойындамасқа болмайды. Халық эпосының дәстүрі бойынша, жекпе-жек айқас оқиғасы әрдайым дамыту әдісімен беріледі. Көрсетпек объектісі – сайыс, күрес, соғыс-қимыл және жай қимыл емес, не өлім, не өмір екеуінің бірі болғандықтан, оны жай баян­ дау, не жайбарақат суреттеулер арқылы оқырмандардың көз алдына елестету мүмкін емес. Олай болған күнде оқиға шыңдығына дәл келмес еді. Сондықтан мұндай жағдайды су­ реттеу үшін қолданылатын ежелгі және өте дұрыс әдіс – да­ мыту. Екі батырдың майданда белдескен жерін Дулат та дәл осы дамыту әдісімен берген: Ашуланып қалмақтың Түгі шықты сыртына. Тістегенде тісінің Қаны толды ұртына. Көз шыдап қарап тұрмастай, Қарағанда сұрқына. Қамшы тиді тұлпарға, Қылыштары жарқ етті. Қабағыңды қаққанша Жарқ етті де, сарт етті. Дене қанға боялды, Қан құмар қылыш қарш етті. Қимылды суреттеуде бүл үзінді XІX ғасыр поэзиясындағы ең көрнекті үлгілердің бірінен саналуға тиісті. «Еспембет» – реалистік әдіспен шығарылған поэма. Мұнда, бұрынғы эпостық жырлардағыдай, қиял дүниесі араласпайды. Қаһарманның дүниеге келуінде де, өсуі, күш қайраттарының кемелденуін суреттеулерінде де шындықтан тысқары еш нәрсе жоқ. Бәрі де жай, қарапайым өзінің шындық қалпында бейнелейді. Еспембетке табиғаттың өзі берген ерлік пен күштің қандай екендігі тек қалмақпен кезде­ скен эпизодта ғана көрінеді. Қорыта айтқанда, «Еспембет» – XІX ғасыр әдебиетінен бізге жеткен бағалы қазыналардың бірі. * * * «Өсиетнама» жылы Қазанда басылды. Жи­ нап бастырушы — Мәулекей. «Өсиетнама» мен Қазақ ССР

Ғылым академиясының қорында сақтаулы колжазбаны
салыстырғанда негізі бір деп, филология ғылымдарының
кандидаты Дүйсенбаев Ысқақ жолдас дұрыс айтады. Дулат­
ты соңғы зерттеушілердің бірі Дүйсенбаев 1880 жылы жарық

көрген «Өсиетнама» мен 1870 жылы шыққан академик
В.В.Радловтың кітабындағы кейбір шумақтардың дәл келуі
жайлы бірқатар соны пікірлер де қозғаған. Ол шумақ пен
өлеңдегі жолдар Шортанбайдан гөрі Дулаттың сөздері деу

дұрысырақ деген пікірді ұсынады.
«Өсиетнама» дидактикалық поэзияның түріне жатады.
Айналасындағы әр алуан құбылыстарына үңіле қарап, олар­
дан келешек үшін керекті бір қорытынды шығармақ болған

ойшыл жырау өмірмен, адам тіршілігімен байланысты көп
мәселелерді сөз етеді: адамгершілік, жақсылық-жамандық,
қайырым-қайырымсыздық, достық-қастық, бірлік-алауыз-
дық, әділдік-опасыздық, семьядағы қарым-қатыс, ақыл

мен парасат, мінез-қүлық, тәлім-тәрбие, ерлік-ездік т.б. Бұл
мәселелер халықтың ауыз әдебиетінде – мақал, мәтел, нақыл
сөздері ретінде – Дулатқа дейін талай әңгімеленген бола­
тын, мазмұны жағынан пәлендей жаңалығы жоқ. Дулаттың

еңбегі – тарыдай шашылып жүрген халықтың сол мақал-
мәтелдеріндегі құнарлы нәрді алып жинақтау, әдемілеп,
жаңаша жырлау, бір бүтін нәрсе етіп шығару, поэзия тіліне ай­
налдыру.

Ата-ананың ақылы
Қазылған кара жолмен тең,
Ағайының көп болса,
Ұлы шерік қолмен тең.

Қарсы келсе кәрілік,
Жайып қойған тормен тең, –
деген жолдарды алсақ, таныс емес те, таныс та сөздер бар.
Осыларға үндес пікірлерді басқа да әдеби нұсқалардан

кездестіргеніміз еске түседі. Бірақ тап бұл контекстегідей
емес, басқаша бір сөз тіркестерімен келетін-ді. Дулат сол ой-
пікірлерді басқаша, яғни, метафораның ұлғайған түрі және
метафоралық эпитеттер арқылы, әрі жинақты, әрі көркем етіп

бере білген.
«Өсиетнамадағы» ақыл-нақыл сөздер басқа ақындар
сөзімен үндес дегенде, біз Дулаттың өзіне тән қанатты сөздер,
афоризмдер жоқ деген пікірден аулақпыз. Керісінше, Ду­

лат – өз кезінің ойшыл ақындарының бірі. Өскен ортасы мен

уақытына қарай білім дәрежесінің шеңберінде алып қарасақ,
ол – көптеген жақсы-жақсы ойлар қалдырған адам. Әсіресе,
оның «Ақтан жас», «Жапанға біткен жантақты», «Асқар
таудың сәні жоқ» деп басталатын өлеңдері – өте мағыналы,

үлгі аларлық сөздер.
Жетім қалған жас бала Ақтанның ауыр халіне жаны
аши жырлап, қазіргі жағдайының қиындығын айта келеді
де, өмірдегі жақсылықтан үміт үзбеуді үндейді. Ер жетіп,

ел қатарына қосылу, сұлу сүйіп, үйлі-баранды болу, бада­
на көзді сауыт киіп батыр болу т.б. дәрежеге қолың жетер ме
екен деп, сұрай-арнау әдісімен жырлайды да, оптимистікке
тәрбиелейтін жолдармен жыр аяғын бітіреді.

«Жапанға
біткен
жантақты»
атты

өлеңі
жыраудың
қартайып келгендегі сөзі болуға тиіс. Жырда кездесетін:
Балам маған кейіме,

Әкем айтпай кетті деп, –
дейтін жолдар әкенің өлер алдында балаға айтқан өсиетіне
ұқсайды. Қалайда бұл өлең – мазмұны бай, әр алуан өмір
құбылыстарын түсінуі, бағалауы шындыққа дәл келетін,

жыраудың айналасындағы құбылыстарды бақылағыш және
олардан дұрыс қорытынды шығара білетін ойшыл адам
екендігіне толық дәлел бола аларлық өлең:
Жапанға біткен жантақты,

Жаһан кезген нар жейді,
Тәтті менен дәмдіні
Қолында пұлы бар жейді.
Қорқақтықтың белгісі,

Арықты да жар дейді.
Кертартпаның белгісі,
Кең дүниені тар дейді.
Қолында жоқтар тайлақты

Солқылдақ өркеш нар дейді.
Бұл үзіндіні, бізше, мазмұн құндылығы, суреттеп отырған
құбылыстарының өмір шындығына дәлдігі және өз пікірін
шынайы, көркем сөздер кестесіне бөлеп бере білудегі

шеберлігі жақтарынан оның туындыларының ең биігі деуге
болады.
«Асқар таудың сәні жоқ» өлеңі де өмір құбылыстары ту­
ралы жыраудың әр түрлі көзқарасын, талғамын көрсетеді.

Тау, өзен, жер, ел, шешендік, байлық-барлық, көріктілік,

билік, батырлық тәрізді ұғымдар бар екен, осылар несімен
тәуір деген сұрақтар қояды да, олардың әрқайсысына
өзінше анықтама беріп, олар жайлы өзінің ой-сезім
түйсінулерін аңғартады. Бірақ сол өмір құбылыстарының

сұлулықтарын сөз етіп, салыстырудағы жыраудың мақсаты –
елдік, ерлік, ел басқару мәселелері жайлы өз пікірлерін тағы
да ұсыну:
Би мен бектің сәні жоқ

Елін қорғай алмаса,
Тура жолға салмаса,
Ыстығына күймесе,
Суығына тоңбаса;

Батырлықтың сәні жоқ
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Елерген тұлпар ерттеліп,
Толғаулы найза қолға алып,

Тұйғын құстай толғанып,
Сары садақ асынып,
Егескен жауды қашырып,
Ұлын қорып жауынан,

Ерулеген егер дауынан
Тұтамдап оқ жонбаса!..
Міне, жырауша, ел басқарушы би, бек, ел қорғаны
батырлардың адамгершілік қасиеті – ел үшін қызмет ету,

оның табанына кірген шөңге өзінің маңдайына қадалатындай
боп жанашырлықпен елін басқаруды аңсайды. Бірақ Дулат
кезіңдегі ел басқарушы «аға сұлтан, абыздар» оның ойлаған
жерінен шықпады. Керісінше, ел қамы емес, өз бастарының

қамын ойлап, құлқындары үшін іс-әрекеттер жасады. «Түйені
түгімен, биені бүгімен» жұтты. Осындай сұмдықтың талай­
ын өз көзімен көрген, әділетсіздік, жауыздықтардың тірі
айғағы болған Дулат жырау, қаналушыларға жаны ашыса

да, қолынан келері болмады. Сондықтан да оның торығуына
тура келді. Бар қолынан келген шарасы аға сұлтан, абыздар­
ды әшкерелеп, өлтіре сынау болды.
Ұғынар мұны ел қайда,

Елді бастар ер қайда?!
Аға сұлтан, абыздар,
Еліңді камап, көрге айда!
Барса келмес жерге айда!

Күш кеткен соң қолыңнан,
Зарлаудан-сарнау не пайда?! –
деген жолдарды халыққа емес, аға сұлтан, ел билеушілерге
арналған қайнаған кек, қатты ашу, кернеген ызаның ең

шарықтау шегі деп ұғуымыз керек.
Соңғы аталған үш өлеңі де Дулаттың сәтті шыққан
шығармаларының сапына жатады.
* * *

Біз жоғарыда, сөз арасында болса да, Дулаттың өзін-
ше ерекшелігі бар екенін, өзі бұрынғы және замандас
ақындарымен салыстырғанда өзгешеліктері айқын тұратын
ақын екенін айттық.

Ең алдымен, Дулат сөздерінің логикалық жағы мығым.
Өлең сөйлемдерінің жолдары тек ұйқастары арқылы емес,
логикалық ішкі мазмұнымен де нық байланысып жатады.
Жолдың буын санын толтыру үшін жүретін, айтайын деген

ойға байланыссыз сөздер Дулатта өте сирек кездеседі. Екінші,
әр сөздің, жеке образдардың мәні түптеп келгенде өмір
шындықтарымен жымдасып жататындығы және нақтылығы
аңғарылады. Сонымен қатар, халықтың тіл қорын жақсы білуі

арқасында басқа әдеби нұсқаларда кездеспейтін, көптеген
үздік образдарды, ерекше сөз тіркестерін поэзиямызға
енгізді. Үшінші, ол – қазақтың өлең құрылысына жаңа түр
әкелген ақын. Бұлардың бәрі –айрықша көңіл аударарлық

жайт.
Дулатқа дейінгі қазақтың ауыз әдебиетін, Бұқар жырау
өлендерін құрылысы жағынан алып қарасақ, негізінде, он
бір буынды, 7-8 буынды (ән өлеңдерін есепке алмағанда),

7 буынды өлеңдер. Ал шумақтары жағынан 4 тармақты, көп
тармақты, аралас шумақты өлеңдер. 4 тармақтан құрылатын,
ұйқасы: а-а-в-а болып келетін қара өлеңдер болмаса, жыр
ағымы деп аталатын өлеңдерінің шумағы да, ұйқастары да

белгілі бір тәртіппен емес, ой ағымына қарай ауыса беретін-
ді. Ерікті шумақ, ерікті ұйқас түрінде келіп отырады.
Абайға дейінгі XІX ғасырда өмір сүрген ақындардың
ішінде поэзиямызға жаңа бір түр кіргізген ақын – Дулат. Мы­

салы:
Тырнақтай меңі болған соң,
Тарлан тартып оңған соң,
Түгіне кір қонған соң,

Мінсіз, меңсіз, кіршіксіз,
Шаңқан болмай, қылаң ба?
Ту ұстап, тұлпар жаратпай,
Алдынан топ таратпай,

Елді аузына қаратпай,
Жай оғындай оқ атпай,
Анадан тудым дегенмен,
Бастамаса ел, ұлан ба?

Бұл үзінді Дулаттың «Тырнақтай меңі болған соң»
деп басталатын өлеңінен алынып отыр. Өлеңнің шумағы
(«жай оғындай оқ атпай» деген жолды санамағанда) он
тармақтан құрылады. Ұйқасы: а-а-а-б-а, в-в-в-(в)-а бо­

лып келеді. Өлеңнің басқа шумақтары да, негізінен, осы
құрылысты сақтайды. Өлең риторикалық сұрай арнау
түрінде шығарылған. Сұрай арнау, риторикалық сұрау әр
ақындарда да кездесе береді. Мұндағы жаңалық – тек Ду­

лат өлеңдерінде ғана ұшырайтын он тармақты шумақ.
Бұл – Дулатта да бір-ақ өлең. Осы шумақ, осы ұйқаспен
шығарылған оның басқа да өлеңдері болуы да, біздерге жет­
пей жоғалуы да немесе ел аузында әлі күнге дейін жүруі де

мүмкін. Бірақ Абайға дейінгі қазақ поэзиясына біреу де бол­
са, жаңа өлең құрылысын енгізу аз еңбек емес. Кейбір си­
паттарына қарағанда, шығыс поэзиясының үлгісіне ұқсайды.
Әзірше, бұл тек топшылау ғана. Дулаттың баска өлеңдері жыр

ағымымен құрылған. Ұйқастары да белгілі, таныс ұйқастар.
Дулаттың екінші ерекшелігі тілінде. Шынында да, Дулат
өлеңдерінде ойға қатыссыз, басы артық сөз кездеспейді десе
де болғандай. Оның сөздері әрі мағыналы, әрі көркем және

өлеңдерінде сөз, дыбыс ойнақылықтары да жиі ұшырайды.
Әсіресе, бір бағалы жағы: өзіне дейінгі поэзиямызда, тіпті
өзінен кейінгілерде де кездеспейтін оригиналдық образдар,
жаңаша бір сөз тіркестері, инверсия, эллипсис т.б. поэтик

тілдердің түрлері бар.
Өз пікіріміздің дұрыстығын дәлелдеу үшін, Қазақ ССР
Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институты бастырып шығарған «XVІІІ-XІX ғасырлардағы

қазақ ақындарының шығармалары» атты кітаптан бірнеше
мысал келтірелік:
Көргеннің көзі тойғандай,
Топты ортадан ойғандай,

Сәулетіңнің сағымы

Бұтағына шынардың
Күнді әкеп іліп қойғандай,
Сәндісің, жаным, сәндісің! (17-бет)
Өкпешілін қайтесің!

Тарпаң тайдай қылтылдап,
Пәтуасын қайтесің?!
Тазы ит қуған қояндай
Қаққанша қабақ бұлтылдап. (70-бет)

Бозбаласы – бошалаң...
Нары – жалқау, кер табан. (72-бет)
Сөз – жібек жіп, жыр – кесте,
Айшығы айқын көрінбес,

Өрнексіз тігіп баттаса.(73-бет)
Мөңіреп жұртқа ой қайтты,
Бұзауы өлген сиырдай. (85-бет)
Шыға алмассың ұмтылып,

Шығам деген өріңе.
Садақ сыртты, күпшек сан
Тобышақ атты жайламай. (100-бет)
Жоғарғы үзінділердің қайсысын алсақ та, XІX ғасырда өмір

сүрген біз білетін ақындардың ешбірінде жоқ, өз кезінде жаңа
образ, жаңаша сөз, сөйлемдер. Осындағы үздік теңеу, мета­
фора немесе поэтик тілдердің басқа түрлерін бұрын пәлен
ақында қолданылған деп ешкім айта алмайды. Бұлар – тек

Дулаттың қаламына ғана тән образдар.
Дулат – сөз, дыбыс ойнақылығына да шебер ақын. Бұл да
көркемдеудің негізгі бір құралы болғандықтан, оған оқтала
кетуге тура келеді.

Аяз қысса мүйізді,
Мүйіз қысып тұқылды,
Қанталаса тұқылың
Алпыс екі тамырың

Қаңсып қалған сықылды.
Ұлық қысса ұлықты,
Ұласып мидай былықты.
Атқа мінер ауылда,

Итше ілініп ылықты.
Үзіндіде екі түрлі қасиет бар: бірі образ, сөз тіркестерінің
оригиналдылығы және қайталау негізіне құрылған сөз
тіркесінің ойнақылығы.

Қорыта айтқанда, Дулат творчествосының екі жағы бар:
бірі ескі дәуірге... көзқарас. Екіншісі – өз халқын сүюшілік,
оның аға сұлтан, тағы басқа ел басқарушы топтардың,
езушілердің зұлымдықтарын көпшілікке әшкерелеп, батыл

сынауы, өз кезіндегі шындықты көрсетуі.
Сонымен қатар, ол – өз кезіндегі әдебиеттің, оның
поэтикалық тілінің дамуына елеулі еңбек сіңірген адам. Осы
жайттардың жиынтығы Дулатты әдебиет тарихына енгізуді

және әлі де зерттей түсуді керек етеді.
Құлмат ӨМІРӘЛИЕВ

ДУЛАТТЫҢ ДӘУІРІ МЕН АҚЫНДЫҒЫ

Халқымыздың арғы дәуірлерден бүгінгі заманға келіп жет­
кен сөз қазынасы көп емес: көркем сөз кезінде әр дәуірде
мол жасалғанмен, халық басына тап келіп отырған дүрбелең
шақ, ұрпақ ауысуы тұсындағы кілт үзілістер ол сөздердің көбін

жоғалтып отырған.
Мұның сыртында әр заманда шығып отырған кемеңгер
ақын сөзін жаттап айтушы я хатқа түсіріп жинаушы жүзден
біреу болды. Олар болса, бұл сөздерді өздері жеткен жеріне

әкеп қалдырып отырды... Керекке жаратар, қадірін білер
ұрпақ кезікпеген жағдайда, олар сол жеткен жерінде біржола
қалып қалды...
Анық шындық сол: өліп қалғандардың өлмейтіндігі,

олардың өлмейтін еңбек етуінен гөрі, өткенін өлтірмейтін
заманға ие ұрпақтың болуына байланысты, өткеннің жақсы-
сын – халықтың шын игілігін кадірлей білетін, терістемейтін
заманға ие ұрпақтың болуына байланысты. Өйткені неше­

ме өлмейтін еңбек иелері қадірін білмес караңғы ортаға, я
жауыға тиісіп, я әдейі жойған қаскөй ортаға тап болып, та­
рихтан біржола із-түзсіз кете барған. Өздеріңізге ұсынып
отырған Дулат жырау сөзі де қараңғы заманның осындай

қатыгез кәріне ұшырай жаздап барып қалған көп сөздің бірі.
Күңгірт тарих ішінен бұлыңғыр бейнедей бұлдырап көрі-
нетін осы Дулат жырау кім?
Кеудеме қайғы толған соң,

Тұнық жырмен жуынам, –
деп, қайғысын жырымен жеңілдеткен осы ақын кім? Ол неге
қайғырады? Қайғысы кімнің қайғысы?

Осы ақын заманын қалай түсінеді, заманы осы ақынды
қай күйге түсірді?
Қайырсыз, сараң малдыңды,
Еріншек, есер жарлынды,

Халыққа емес сыйымды,
Паракор баспақ биінді,
Ел бүлдіргіш бегіңді
Улы тілмен улаттым!

Сана беріп ойына,
Қуат беріп бойына,
Аққан жасы сел болған,
Етегі толы көл болған,

Беріш боп шері байланған,
Ұйқы беріп, қайғы алған
Қайғылыны уаттым! –
деп өзі айтқандай, қоғам – бесік ішінде халық – сәбидің

жүрегін заман қамшысы осқанда қам көңілдің жарасын жазу
үшін әлди жырын туғызған, ал елге лаң caп, дерт әкелген,
жау­дай талаған «ел жақсысы» аға сұлтан, қазы, би мен бекті
ащы тілмен ашына түйрей сынаған осы ақын кім? Ұлы ақын

Абайдың:
Екі күймек бір жанға әділет пе?
Жаны жара бір жанмын, қаны кара, –
дегеніндей, арнау сөз айтар ақынды, артқыдан әділеттік

сұрап, қалыстық, туралық сұрап тіл қатар күйде болған ақын-
ды кейінгі буын қалай қабылдады? Кім деп білді?
Орынсыз күлер күлкім жоқ,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ,

Көзге қораш бойым бар,
Теңізден терең ойым бар,
Шынардан биік санам бар,
Атан өгіз ағызған

Ақылдан алпыс сабам бар,
Қорған қүрыш сөзім бар,
Бұлттан өтіп, мұнарды
Болжайтұғын көзім бар.

Кеудем – ақыл сарайы,
Кірем десең, кел, міне! –
деген, өз заманының «байғыз қарты» аталған жыраудың

«ақыл сарайына» – ой әлеміне бүгінгі ұрпақ қалай кіре алды?
Қалай тани алды?
Дулаттарды қалай тани алдық – ол өз алдына бір әңгіме.
Ал осы Дулат және сол сияқты өзге де ақындар сөзі ішіне

кіретін мәдениет мұраларын бүгінгі ұрпақтың танып-білуі не
үшін керек?
Бұған ақынның өз дәуірі, яғни ақынды жалғанның
жарығына шығарған қоғамдық, тарихтық ерекше жағдайлар

жауап береді.
Дулат жырауды XVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен XІX
ғасырдың 40-50 жылдарға дейінгі аралықта қазақ халқы
басынан кешкен экономикалық, қоғамдық тарихи жағдай

туғызды.
Дулат – қазақтың патриархтық-феодалдық институты
ішінен өсіп шыққан ақын. Феодалдық-патриархтық қоғамда
қауымның барлық басқару шаралары ру басшыларының

«ырқымен» жүріп отырды. Сондықтан да олардың іс-әрекеті,
шаралары, өз мүдделері талап етуден барып туғанына
қарамай, қауымның барлық мүшелерінің ортақ мүддесінен
туған сияқты көрінеді. Олардың таптық сипатын рулық

қоғамдағы таптық жіктелістің анық көріне бермегені де, ру
мүшелері мен олардың басшылары мүдделері арасында ба­
дырайып көрініп тұратын қайшылықтар «болмайтыны» да
бүркемеледі. Сондықтан да ол заманның ойшылдары да осы

түсінікте болды. Олар қауым шеңберінде болатын әр түрлі
сәтті-сәтсіз оқиғаларды таза ру басшыларының қайраткерлік
ісінің ғана жемісі деп білді. Халық басына тұс келген әр алуан
оқиғалардың себепкері тек қана «ел жақсылары» деп түсінді:

сөйтіп, үмітін де соларға артты, сынын да соларға айтты;
мақтауы да, жерлеп сөгуі де соларға арналды.
Дулат ғылымға дейінгі жердегі осы түсініктің ақыны бол­
ды. Сондықтан да оның өз кезіндегі бір «ел жақсысына» үміт

артуының да сыры, негізі, міне, осында жатыр.
Ал түсініктердің өзгеруі осы түсініктерді туғызған жағдай-
ларды өзгерту арқылы ғана болатын нәрсе. Сондықтан да
Дулаттардың өз кезінде «тапқан» түсініктеріне олардың

өздерін туғызған қоғамдық, тарихтық ерекше жағдайлардың
шеңберінде ғана қарау керек. Біз оған Василий Блаженный
храмы мен Ахмет Иассауи мавзолейіне қараған тұрғыдан
қарайтын болсақ-ақ немесе біз антиктік қүлдықты айыптау­

ымыз сияқты түрғыдан, жалаң осы сияқты тұрғыдан қарай-
тын болсақ-ақ, Ф.Энгельстің: «Гректер дүниесінің құлдыққа

негізделгендігі жөнінде жиреніш білдірген Дюринг мыр­
за гректерде бу машиналары мен электр телеграфының
болмағандығын да оларға кінә етіп тағуға сондай право­
лы»1, – дегеніндей, онда біз кейінгі заман таңған өз түсінігі-

міздегінің бәрі Дулатта болмауын оған кінә етіп тағуға право­
лы кісі боп шығар едік.
Алдыңғы ұрпақ жасаған рухани мәдениетті оған жалғас
келген екінші ұрпақтың берік иеленіп, мұраланып отыруы

табиғи зандылық, ал бұл мұралардың зерттелуі, насихатта­
луы, өз жағдайында жетілдіре, дамыта отырып пайдаланы­
луы – екінші ұрпақтың келер ұрпақ алдындағы міндетті бо­
рышын өтеуі. Бұл болмаған жерде-ақ, ол ұрпақ алдыңғылар

жасаған мәдениетті өзінен кейінгі келесі ұрпаққа асырып са­
лушы түріндегі дәнекерлік қызметін тоқтатады. Дәл осы жер­
де халықтың мәдениетінің дәстүрлі дамуында үзіліс пайда
болады. Дәстүрдің үзілуі ұлттық мәдениеттің кедейленуіне

бастап әкеледі. Ал өзінен бұрынғылардың рухани жаратын­
дыларын жоғалтып алу кейінгілердің рухани кедейлігін ғана
көрсетеді.
Ақынның творчестволық өмірбаянын жасау алда тұрған

негізгі міндеттердің бірі. Біз бұл жолы ақынның творчество­
сы қай жылдардың жемісі, қазақ өмірінде болған қандай-
қандай тарихи оқиғалардың жемісі дегендердің төңірегінде
ғана сөз қозғаймыз.

Поляктың революционер ақыны А.Янушкевич өзінің
«Дневники и письма из путешествия по казахским степям»
деген еңбегінде былай дейді: «Бұл жабайы әскерді белгілі
қазақ батыры Барақ сұлтан басқарады. Оның дене бітімі де,

бет әлпеті де Запорожьенің қарт гетмандарын еске түсіреді...
Қазір 35 жаста».
Мұны ол 1846 жылы жазған (сонда Барақ 1811 жылы
туған болады).

Дулат, біріншіден, өзінің атақты «Барақ төреге» деген
өлеңін:
О, Барақ жас, Барақ жас,
Жегенге тоқ, ішсең мас, –

деп бастайды. Шамасы, Дулаттың бұл өлеңі жиырма – отыз
арасындағы Бараққа 30-40 жылдарында арналып айтылуы
мүмкін.
1 Ф.Энгельс. Анти-Дюринг, 179-бет.

Дулат, екіншіден, өзінің «Ата қоныс Арқадан» деген ұзақ
өлеңінде жол-жөнекей Кенесарыны:
Хан сарқыты Кене хан
Хан жорық боп қаңғырды, –

деп өтетіні бар. Бұл өлең осы 40-жылдары туған.
Жыраудың осы екі өлеңінде көтерілген идеялар оның
әлеуметтік мәселелерге арналған өзге өлеңдерімен ұқсас, са­
рындас болып отырады. Осыларға аналогия жасағанда, ақын

творчествосы дені XІX ғасырдың 30-40 жылдарындағы тари­
хи жағдайларға байланысты туған деуге болады.
* * *
Бірінші кезекте анықтайтын нәрсе мынау болмақ: Дулатгың

поэзиясы қалай шықты, оның шығармасындағы басты нәрсе
не, оның тууына не нәрсе негізгі себеп болған?
Осы тұрғыдан келгенде, Дулат шығармаларының дені
қазақ бұқарасының екі жақты қанаудағы ауыр күнін сурет­

теуге құрылған, яғни патша өкіметінің отаршылдық қанауын
және қазақ ірі феодалдарының қалың бұқараны езіп-
жаншуын сөз еткен.
Дулат XІX ғасырдың бірінші жартысында ақындық

құрды, осы дәуірде қазақтың көшпенді дәуіріне тән ауызша
әдебиетінде екі жақты қанауды сынап, бірінші болып көрінді.
Бұл өте елеулі құбылыс, тарихи мәні бар құбылыс. Патша
өкіметі бұратана елде тағылық түрдегі зорлық-зомбылықтың

ең топас, ең дөрекі түрлерін қолданған дәуірде осы қатал
езгіге қарсы тойтарыс отар елде берілсе, онда да бұл тойта­
рыс Герценнің «Колокол» журналы:
Отчего мы молчим?

Неужели нам нечего сказать?
Или мы молчим только от того,
Что мы не смеем говорить?
Дома нет места свободной русской речи;

«Открытая вольная речь – великое дело, без вольной речи

– нет вольного человека. Недаром за нее люди дают жизнь,

оставляют отечество, бросают достояние. Скрывается слабое,
боящееся, незрелое, «молчание – знак согласия», оно явно
выражает отречение, безнадежность, склонение головы, со­
знанную безвыходность.

Открытое слово – торжественное признание, переход в

действие»1, – деген сөзін – «бүкіл Россияны оятқан» сөзін
әлі айтпаған кезде, Дулат сияқты ақындар творчествосын­
да берілсе, мұның өзі қазақ халқының отаршылдық езгіде ез,
құл боп кетпегендігінің белгісі. Дулаттар – отаршылдық езгіге

түскен халықтың ұлттық ар-ұжданы.
ХVІІІ ғасырда Бұқар, XІX ғасырдың 30-жылдары Жайық
жағасында Махамбет, ал 30-40 жылдары келіп Қазақстанның
екінші түкпірінен Дулаттың шығуы кездейсоқ құбылыс емес.

Ақын әр кезде де болған. Дулаттың өз тұсында да тілінен сөз
төгілген Жанақ, Түбек, ІІІөже, Орынбай, Сабырбай сияқты
көп-көп ақын болды. Бұлар да өз кезінің өте атақты тіл
зергерлері болды. Әруақты ақындар болды. Бірақ бұлардың

бәрі де бір деңгейде тұрған айтыс ақындары ғана болды,
өз руының, өз руы ірі феодалдарының намысын жыртатын
мақтаушыл ақындар болды.
Ал халық өзінің басына түскен ауыр күнде, не ірі-ірі

дүрбелең заманда, не төңкерістер заманында нақты іс-
қимылдың иесіне, ақылшы болар ой-пікірдің иесіне қашанда
да зәру боп отырған. Және ондай қайрат иесі мен акыл иесі
шығып та отырған. XІX ғасырдың бірінші жартысындағы та­

рихи жағдай Қазақстанның қиыр бір шетінде Махамбетті
берсе, екінші бір шетінде Дулатты берді.
Бірақ осы ақын – сонау XІX ғасырдың бірінші жартысында
30-40 жылдарда отаршылдық езгіні қатты сезініп, екі жақты

қанауды өз шығармаларында ашық айта алған ақын неге бұл
күнге дейін өз бағасын алмай келеді?
Дулат жыраудың кейбір оппоненттері оның патша само­
державиесінің отаршылдық езгісін әшкерелеген шығар­ма­

ларын, бұқара халықты шұрайлы жерінен, ата-мекенінен
ығыстырып, «егін салар жерді алды» деген сөзін көрінеу
кемсітіп бағалайды, онда да отаршылдық езгіні, қанауды сы­
науын қазақ халқының Россияға қосылуы мәселесіне нұқсан

келтіретін пікірдей сезініп, өздерін Дулаттан гөрі патриот етіп
көрсетеді. Сол дәуірдің патриоты етіп көрсетеді. Бұлай басы
қосылмайтын екі нәрсені – қосылу мен қосылу тұсындағы
қанауды араластырып алып, соңғысын сынау алғашқысын

сынауға ұласатындай көріп қауіп ойлау, сөйтіп барып Дулатқа
кінә айту, сөз жоқ, терең білімділіктен гөрі, жалаң сезімге,
әсерлі сезімге көп ұқсас еді.
Тарихи ақиқатты өз кезінде қазақ ақындарының бәрі

1 «Колокол», 1850, №4, 1-2 б.

бірдей көре берген жоқ. Себебі, олардың біразы өте
тар түсініктің ақындары болды, ал біразы халықты пат­
ша өкіметімен косыла қанаған хан-сұлтандардың, бай мен
бектің сарай ақындары, мақтаукөй ақындар болды. Олар

«қайда бай, мақтаншақты таңдап барып» тамақ үшін өлең
шығарды. Солардың ішінде Махамбет, Дулат сияқты бірлі-
жарым ақындар ғана қанаудағы бұқара халықты сол кездің
үстем табынан айырып қарай алды. Егер Махамбет таптық

езгіге қарсы шыққан ақын болса, Дулат таптық езгіге, отарлық
тепкіге қарсы шыққан ақын болды.
Шындап келгенде, Дулаттардың отаршылдық қанауды
сынауына тиісті назар аудармау, ол ол ма, осы сынауын

төмендетіп барып бағалау, ал ақынның езгідегі халықтың
жақтасы болуын артықшылығы деп айтқан авторларды сол
үшін кінәлау – патша самодержавиесінің ұлт-отарларды
аяу­сыз қанауын жұқартып көрсетумен, тіпті оны айтуды мін

көрумен бірдей.
Дулат қазақ халқының қорлыққа түскен күні үшін «ел
жақсыларын» аяусыз сынады, «күшік ит», «қорқау қасқыр»,
«жемтікке қонған күшіген», «үйінді тас мола», «өлексе», «ау­

зын буған қой», «жаман ит» т.б. деп бар жағымсыз дүниеге
соларды балап, мазақты образдар жасады.
* * *
Дулат ақын творчествосының өзіндік сипатын белгілейтін

екінші тарихи жағдайлар қайсы? Патша өкіметі өзінің
отаршылдық саясатының бұл кезеңінде қазақ халқының
әкімшілік жүйесін өзгертті, яғни өзінің үстемдік жүргізуіне
қолайлы жаңа әкімшілік жүйесін құрды. Ал жергілікті халықты

сулы жерден ығыстырып, олардың өте мардымсыз болса да
байырғы егіншілік арқылы табатын күнкөріс көзін тарылтты1.
Ең негізгісі, мұның өзі бұқара-халықтың мал шаруашылығына
үлкен соққы болды.

Әрине, отаршылдық бағыттағы саяси шаралардың бұл
кезде әлі өзінің нәтижесін бермеген, бірақ өзі ұрығын еккен
прогрестердің нышан күйіндегі белгілері болды: біріншіден,
рулық-тайпалық түрінде сатылай жіктелген бөлек-бөлек би­

леу жүйесін бұзу арқылы, әрі жерді тарылту арқылы өзара
1 Дулат мұны: Егін салар жерді алып,

Бұрынғысы өтірік,

Шыныменен енді алып, деп дәл көрсетті.

байланысы жоқ, бір-бірінен өте шалғай жатқан ауылдар­ ды (ауылдық жүйедегі қауымдарды) жақындастырды; екіншіден, қазақ халқының саяси бостандығын тартып алу арқылы: жаулаушының семсері ғана дүркін-дүркін зорлап қана біріктіретін, қанша тайпасы, руы болса, сонша әкімі бар, (ханға екінші дәрежелі сипатта ғана тәуелді жағдайда болған әкімдікке бөлінген, сол үшін де өзара жауласып жататын, бұл ұрыс-керісте хан жарлығын күтіп жатпайтын әкімі бар) ру «мемлекеттерін» қиратты, сөйтіп, қазақ халқының сая­ си бірлігіне қарай бір адым ілгерілеу болды. Екіншіден, қазақ даласындағы есепсіз мал, оның өнімдері ежелгі дәуірден бері-ақ айырбас базарына көп түсетін. Бірақ көшпелілік тұрмыс жағдайының қажеттіліктері өте аз әрі қарапайым болғандықтан, айырбастың бұл түрі де өзгеріссіз қалып отыр­ ды. Мұның сыртында Дулат қазақтың өзі өскен өлкесінің Россияға қарағанға дейінгі, осы қарау тұсындағы (оның алғашқы жүз жылдығындағы) ақын: ол, бір жағынан, қалмақ шапқыншылығына ұшырап, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламада» тоз-тоз боп бытыраған қазақ халқының енді ғана басы қайта біріккен, өз алдына ел бола бастаған дәуірінің ақыны; сол жаңа ел болу дәуірінің – өз алды­ на хандық құру түрінде ел болу дәуірінің – хандық дәуірдің ақыны; екінші жағынан, кеше ғана қалмақ қонтайшылары езгісінде болған халықтың, жерден қысым көрген, ерікте бұғаулы болған халықтың еркіндікке түсіп, ен жерді иемденуі тұсындағы идеялары мен ой-пікірінің ақыны; үшіншіден, ол таптық қайшылығы ағайындық салт-санамен бүркемеленген «біртұтас» рулық-патриархаттық қоғамның ақыны; төртіншіден, ол қалмақ қонтайшылары тұсында ондаған жылдар қысымда, езгіде болып, қытай сияқты үлкен, зорлықшыл империяның тізе батыруын көріп, жат ел басқыншылығына деген өшпенділігі, жат жұртқа де­ ген жек көрушілігі үйреткен, осы сырт ел езгісі жұртты жау деп тануға үйреткен психологияның ақыны. Мұнда да толық зандылық бар еді: патша өкіметінің отаршылдық саясатты іске асыру барысында қазақ жұртына қойып отырған шарт­ тары және отаршылдық саясаттың барысы жөніндегі ақын түсінігі бұрынғы болып өткен тарихи тәжірибелердің, ең ал­ дымен, қалмақтардың жаулап, шауып алуы тәжірибелерінің, өткен тарих берген түсініктің ықпалында болды. Осылай­ ша етпей, бұрын болып өткен ұқсас тарихи процесті еске ал­

май тұрып, жаңа тарихи процесті оның жүріп жатқан кезінде
дәл тани қою, өзіне тән ерекше белгілермен алып тани қою
мүмкін емес. Ал қазақ хандары мен сұлтандары, би-бектері
патша өкіметіне елді қаратқан кезде, өзін жат езгісіне сала­

тындай сезінген халықта хан-сұлтанға деген байырғы көзсіз
бас шұлғи сенудің быт-шыты шықты, олардың жат жұртты
жау деп тануға үйреткен психологиясы енді келіп өз хан-
сұлтандарын да жау деп тануға әкелді, сөйтіп, патша өкіметіне

қарамай тұрған кездегі қазақ хандары «жақсы хандар» боп
шықты да, кейінгі хандар «елді сатушы» хандар, елдің жа­
улары болып шықты, – Дулат осы психологияның ақыны;
бесіншіден, патша өкіметіне қарау қазақ шаруаларын жер­

ден айырды, күйзеліске түсірді, ал осы күйзеліске, жер­
ден айыруға қарсылық –қазақтың патриархтық ауылының
қарсылығы – Дулаттың да қарсылығы болды. Дулат жерден
айрылған осы қазақ шаруасының ақыны. Дулат 30-40 жыл­

дарда қазақ ауылын аралап, «тыныштық сақтап» жүрген по­
лиция қызметіндегі казак әскерлерге де, 50-жылдарда өз
күнкөріс көзі болған жерін кесіп алып, орналасып жатқан
қоныстанушы казак-әскерлерге де осы шаруа көзімен, осы

шаруа мүддесі тұрғысынан қарады. Дәл осы себепті де Ду­
лат та, өзі ақыны болған қазақ шаруасы да мына өз жерінің
шұрайлы бөлігін кесіп алып, күнкөріс көзін тарылтып жатқан
казак-әскер қоныстанушыларын патша өкіметінің казақ

даласындағы отарлаушы әскери мекемесінен бөліп карай
алған жоқ. Тіпті олар казак атанып келіп, жаңа қоныстана
бастаған орыс шаруаларын да (оларды жаңа жерге, шұрайлы
жерге орналастырып, әр жақты материалдық көмек беріп,

жеңілдіктер жасап, өзіне үлкен «қамқорлық» көрсеткен,
патшаға деген сенімділігі, ризашылдығы мен жекеменшікшіл
психологиясы, әрі діни көзқарас қайшылығы, әрі пат­
ша насихатшыларының өздерінің санасына еккен бұратана

жұртқа деген өшпенділік салқыны әуелгі кезде жергілікті
халықпен араластыра қоймаған орыс шаруаларына да) жаза­
лаушы казактардан бөліп қарай алған жоқ.
Дулат қазақ даласының патшалық Россияның отаршыл-

дық езгісіне, бұқара халықты қанауына, жергілікті ірі фео-
далдардың
таптық
езгісіне

қарсы
ереуілдер
көбейген
30-50 жылдардың ақыны болғандықтан әрі оның твор-

чествосының дені, тіпті бәрі дерлік осы екі жақты езгіге,
қанауға қарсы идеяға толы болғандықтан, сөз жоқ, ақын
шығармаларындағы бұл батыл үн сол кездегі бұқара

халықтың осы екі жақты езгіге қарсы ниетінің күшеюінің
жемісі, сондықтан да Дулатты, оның творчествосын сол 30-50
жылдардағы тарихи жағдайлардан бөліп алып қарауға бол­
майды. Егер сол кездегі отаршылдық езгіге қарсы ереуілдер,

бұқара халықтың бұл езгіге қарсы ниеті терістелсе, Дулаттың
творчествосы толығымен терістеледі.
Дулатқа қазақ халқының ішкі феодалдық қанауға, сыртқы
отаршылдық езгіге ұшырағаны және оны көруі бәрінен гөрі

қаттырақ батқан әрі осы қатты бату оны үндетпей қалдыра
алмаған ақын ретінде қарауымыз керек. Дулат өз ортасын­
да үстем тапқа қарсы, оның бұқара халыққа жасаған зорлық-
зомбылығына карсы бірінші болып тойтарыс берген ақын.

Дулат бұл тойтарысты, зорлық-зомбылықты жалпылап
сынау арқылы берген жоқ, ол үстем тап өкілімен бетпе-бет
келіп, көзін бадырайтып қойып, атын атай отырып тойтарыс
берді:

Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас:
Қасқыр тартып, қан шықса,
Жаман ит келіп жей берер,

Алды-артына қарамас,
Жақсы иттің белгісі –
Жұлмақ түгіл, жаламас.
Азған елдің бектері,

Қан шықса, елін жұлмалар
Қасқырменен аралас.
Қазіргі қазақ ұлығы
Жаман иттен несі кем?

Жемтік көрсе, қан көрсе,
Айрылар мүлде есінен, –
деп жалпы қазақ ұлықтарын сыпыра сынға алады да, Барақ
төренің өзіне дүрсе қоя береді. Елге жасап отырған зәбір-

жапасын термелеп айтып бетіне басады.
Дулат феодалдық қоғамның барша билеуші үстем тап
өкілдерін сынады:
Шетке қылмай ерлікті,

Ел қорғайтын ер бітті.
Тебінгісін тоздырып,
Құрғатпай тоқым-терлікті,
Қой ұрлыққа мақтанған,

Кептірмей тоқым аттанған,

Ер жиренген ісінен,
Азған елдің ішінен
Қазан бұзар ой тентек
Көрдік шыққан батырды.

Осы үлгімен – «жатып ішер жалмауыз, борсық тұмсық
қанды ауыз» деп ұлықтарды, «дау түйінін шешпей, параны ке­
сектеп жұтқан» деп билерді,
Елін сатып шен алған,

Өлекседен жем алған,
Өлексе көрсе, үңіген
Күшігеннен кем емес, –
деп бекті сыпыра сынайды. Дулатқа тән бұл ерекшелік –өзіне

дейінгі ақындарда болмаған ерекшелік. Бұл – Дулатқа тән
бірінші ерекшелік.
Дулат поэзиясына тән екінші ерекшелік – өзіне дейінгі
қазақ поэзиясында болмаған тақырыпты – патша өкіметінің

қазақ халқын езгіге салуын, қанауын сөз етуі.
Әрине, патша өкіметі тарапынан келетін отаршылдық қыс­
пақты, қанау қаупін Бұқар да сезінді, ол да патша өкіметінің
отарлау саясатына байланысты қазақ даласы­ның тары­

ла түскенін сөз етті. Бірақ Бұқар заманында патша өкіметінің
қазақтың шұрайлы жерін кесіп алуы жаңа басталған еді.
Қазақтардың ішкі билеу тәртібіне араласып, әкімшілік билікті
өз қолына алған жоқ еді. Дулат қазақ даласының отар өлкеге

біріндеп айналу процесін көз алдынан өткізді: қазақтың өз
алдына тәуелсіз елдігінің ақырғы белгісі – хандық биліктің
жойылуын көрді; қазақ даласына хандық билік орнына
бірнеше дуандар құрылып, билікті патша өкіметінің өз қолына

алғанын көрді; дуанда сайланған аға сұлтан мен қазылардың,
билердің қазақ даласында патша өкіметі құрған осы меке­
менің қолжаулығына айналғанын көрді; ол билеушілер қазақ
тағдырына қатысты бір істі де өздігінен шеше алмайтын, тек

патша өкіметінің жергілікті отарлық мекемесінің атар оғы
ғана болып қалғанын көрді; бірақ бәрінен жаманы – осы аға
сұлтан мен билердің, бектердің патша өкіметі құрған қазақ
даласындағы әскери-чиновниктік мекеменің өкілі ретінде ба­

рынша күшті «билеуші» болып алғанын көрді – осының бәрін
өз көз алдынан өткізді.
Осы себепті де Дулат қазақтың билеуші әкімдеріне пат­
ша өкіметінің отаршылдық саясаты зардаптарын қазақ дала­

сында жүзеге асырушы қолжаулық билеуші, патша өкіметінің
қойып қойған қарауылы, атшабары деп қарады да, оларды
патша өкіметінің отаршылдық езгісінен бөліп қараған емес.
Дулат жыраудың өлеңдері отаршылдық езгіге қарсы

халықтық ниеттен туғандықтан, ол ел әкімдерін сынағанда,
жай озбыр, зорлықшы, елді сорушы деп қана сынамайды,
қазақ елін патша өкіметінің езгіге салуына себепші, елді сату­
шылар деп сынайды.

Шен-шекпенге құмартқан,
Қанталап көзі мұнартқан,
Саудалап елін тиынға,
Құмартып ұлық сыйына,

Бек дегенің бек емес –
Хан жалшысы, нөкері.
Дулат жұртты мынау баса-көктей билеп, қатты езгіге са­
лып отырған әскери отаршылдық саясатқа қарсы қоюды

ойлағанда, оны келер күннің әкелер ауыртпалығымен
үрейлендіре отырып, сол ауыртпалықты бар жамандығымен
еске салуды негізгі бір тәсіл ретінде қолданды:
Малыңды салып талауға,

Адамың хаттап санауда,
Ораздың түсіп қалауға,
Көгендей жасты тізілтіп,
Бізден алар солдатты...

Сырғалыңды күң қылып,
Солқылдақты жүн қылып,
Күніңді түман түн қылып,
Қыл мойынға тақалтып,

Шабақтай жемге қақалтып,
Көмейге салар қармақты...
Бұл қауіпті Дулатша сезініп, бұл күнге дейінгі жағдай бары­
сынан қорытынды шығара қояр, бірге қауіп ойлап, сол үшін

қам жер ел басшылары жоғын тағы көрді де, күндік қызықтың
ойсыз құлдарын, ағым ығының құдіретсіз пенделерін:
Бозақор өңшең мастары,
Есерсоқ, ойсыз жастары,

Алжыды деп Дулатты
Келеке етіп күлерсің, –
деп ескерте отырып, өз сөзіне құлақ аса қоймаған жұртқа:

Менің айтқан бұл сөзім,
Саналы болса ой көзің,
Өлең емес, жыр емес,
Құнсыз сөздің бірі емес,

Басыңа түссе, білерсің, –
дейді. Жырау қанша десе де:
Ерте ояндым, ойладым, жете алмадым,
Етекбасты көп көрдім елден бірақ, –

деп Абай айтқандай, етекбасты жұрт, «жатқа зерде кегі жоқ,
өз еліне ебі жоқ» салбөкселердің, ел, халық, жұрт тура­
лы зердесінде зәредей түсінік жоқ, өз қамы – өз малы, өз
қарны болған тоғышарлардың селт етіп шімірікпесін, ездігін,

арамдығын көреді де:
Төсекте жатып керіліп,
Түзге отырса ерініп,
Аяғын буған қойға ұсап,

Мойнын ұсынып беріліп,
Қол созбайды азатқа, –
деп ашынады, ашу-ызаға толы зар сөзін төгеді. Баяғыша
қазақ аты аталған жерде ұранға шабатын ата ұлы батыр­

лардай өз ұранына «мен мұндалап атой берер» ұл көрмей,
күйініп: «Ел қорғайтын ер бітті», – дейді.
Жұрттың ендігі батыр дегені – Дулат сөзімен айтқанда,
«тебінгі тоздырып, тоқым-терлігін құрғатпай, қой ұрлыққа

мақтанған қазан бұзар үй тентектер».
Әрине, Дулат жырау қазақ әкімдерін сынағанда, бірінші-
ден, олардың саяси әрекетін, арамдығын, айла-шарғысын,
осы алуан іс-әрекеттің қазақ ішіне әкелген зардаптарын –

бәрін сырттай көріп қана сынады. Екіншіден, оларды жалпы
қазақтан, бұқара халықтан бөлмей, осы жұрттың шын бас­
шысы деп тани отырып сынады. Сондықтан да Дулат қазақ
ақсүйектерінің таптық мүддесін, осы таптық мүдденің бұқара

халық мүддесінен бөлектігін көре алмады, басқа емес, дәл
осы бөлек мүдде оларды бұқара халық жағында болмай,
патша өкіметінің отаршылдық саясаты жағына шығарып
отырғанын сезе алмады, көре алмады.

Аянбас онан дұшпаны,
Бейне албасты нұсқалы,
Ел ішіне борандай,

Аяздай бүріп қысқаны.
Шет жауға қарсы тұра алмай,
Көтінен қорқып-пысқаны.
Жатып ішер жалмауыз,

Борсық тұмсық, қанды ауыз,
Ұлық қылған, құдай-ай,
Қазақтан шыққан кәпірді, –
дегенде де, Дулат қазақ әкімдерінің қолжаулық күйге түскен

іс-әрекетін көре, оны сынай отырып, мұның өзі олардың «ал­
дануы» ғана, «қорқақтығы» ғана болды, патша өкіметінің
отаршылдық саясатының құйтырқы дипломатиясын білмеуі
ғана болды деп түйеді.

Дулаттың отаршылдық езгіге қарсылығы «Аякөз», «О,
Сарыарқа, Сарыарқа», «Ақжайлау мен Сандықтас» сияқты
туған жер туралы жырларды туғызды. Ақын қазақ халқының
туған жерге деген сезімін оятып, сүйіспеншілігін арттыру­

ды бірінші кезекке қоя отырып, осы жер енді кімдікі... дегенді
айту арқылы ел зердесіне түрткі салып, зығырданын қайната
түспек болды. Жыраудың осы түрткі идеясы туған жерге де­
ген сүйіспеншілік тақырыбын туғызды. Бұл сүйіспеншілік,

мадақтай сүю Дулат поэзиясына туған жер туралы ода түрін
әкелді.
О, Сарыарқа, Сарыарқа!
Самалы салқын жөн едің.

Сырдан ауып келгенде,
Жапырылмай шалғының,
Балауса, балдыр, балғының,
Тимеген ірге соны едің.

Ойың балау шайырлы,
Толықсып толып лықсыған,
Олқы емес едің, толы едің.
Өрісің бейбіт дер едін,

Қонысың иен кең едің.
Тебініңді теуіп ел өскен
Төрт түлікті жер едің...
Бұл жай мақтау емес. Дулат «сондай едің» деп отырып,

енді «сондай емессің», «соларың енді жоқ» дегенге мезгеп
отыр. Мұны ақын әсіресе «Аякөз» өлеңінде ашып айтады.
Аякөз, сенің бойыңда
Несібе, ырыс тегіс қой.

Қырың – малдың кіндігі,
Ойың өнім, егіс қой, –
деп туған жерді соншалық поэтикалық тілмен суреттеп келеді
де, ақын тіліне иланып, оның көркемдігіне шын қызықтай

тербелген тындаушысын осы бір жер сұлулығына еліттіре-
еліттіре келіп, бүгінгі күніне қайта оралтады.
Жер кімдікі дегенде,
Аға сұлтан, қазылар

Не деп жауап береді? –
деп, ары қарай тындаушысын бір өкінішті де, ызалы да күйге
түсірер:
Сауыр жерден айрылып,

Қазақ елі жұқарды,
Сауыр емес, шап болды.
Заманға сай адамы –
Қу заманға сұм басшы

Сорымызға тап болды, –
деген жолдарды айтып кетеді.
Ақын мұнымен де тынбайды, «Ақжайлау мен Сандық-
таста» туған жер дегенде өз қабырғасы қалай қайысатынын

айтып, тыңдаушы көпшілікті өз идеясына тіпті жақын жерден
тартады. Тағы да жоғарғы өлеңдерге қолданған тәсіл. Тағы да
заман мәселесі. Жырау ақын:
Өксігіңді ойласам,

Үйқы беріп, қайғы алам, –
деп күңірене толғайды. Өксігі қайсы? Өксігі – заман жайы.
Қазақ даласы кіріптар болған тағдыр жайы. Тағы да бұл
тағдыр толғандырмаған көзге күйік қазақ әкімдері.

Бірақ Дулат тағы да бір жақты кетіп отыр: ол қазақ жерінің
шұрайлы бөлігін патша өкіметінің отаршылдық мекемелері
кесіп алғанын ғана көріп, сондай жерді азғана ат төбеліндей
қазақ шонжарларының емін-еркін жайпап-төстеп отырғанын,

халық бұқарасының атақонысқа айналған жайлау-қыстауын
күнде тартып алып жатқанын көрмейді.
XІX ғасырдың бірінші жартысында бұрынырақта туған ба-
тырлық және лиро-эпос жырлары сияқты фольклорлық туын-

дылар немесе бірлі-жарым тарихи жырлар болмаса, қазақ
топырағында көне тақырыпты алып, ойдан сюжет құрып, поэ­
ма жанры үлгісінде шығарма жазу дәстүрге енбеген еді.

Дулат өзінің елге қорған ер туса деген идеясын жұртқа
жеткізу үшін, тарату үшін, сондай сананы ел зердесіне құю
үшін, қазақ эпостық жырларына тән қазақ-қалмақ соғысы
түріндегі сюжетті алып, оны желілей дамытып, жаңа үлгіде

батырлық дастан жасаған. Сондықтан да «Еспембет» поэма­
сы – программалы туынды. Поэманың бұл ерекшелігі бірінші
рет академик Қ.Жұмалиевтің «XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ
әдебиеті» (1967) деген монографиясында барынша дәл

көрсетілген. Академик Қ.Жұмалиев: «Поэманың идеялық
мазмұны екі-ақ жолға сыйғызылған:
Еспембеттей ер қайда?
Ер күтетін ел қайда? –

дей отырып, жырау ел, ер туралы идеясын тарата баяндай­
ды да, «елін қорғап, ел үшін жауына оқ ататын батыр ұл, елді
әділ басқарушылар болса» деген арман, тілектерінің сәулесі
ретінде «Еспембет» поэмасы туғанға ұқсайды», – дейді.

Бұл жерде мына нәрсе ескерілуі керек: Дулат «елдің
қаналуын», «елдің талануын» айтқанда да, «елге қорған ұл»
іздегенде де, т.б. жайды айтқанда да, біріншіден, соғысты
үндеген емес, өз кезінің соғыс батырларын мадақтап

жырлар жаратқан емес, өзінің көз алдында өтіп жатқан
көтерілістердің батырларына арнау жырлар шығарған емес.
Қазақ халқының дәл сол тұстағы саяси жағдайында патша
өкіметінің отаршылдық езгісі қазақ поэзиясында батырлық

жыр жарату үшін бірінші кезекте тұрған тақырып болды. Бірақ
осыған қарамай, Дулат «Еспембет» поэмасына қазақ-қалмақ
арасында болған бір шайқасты ғана желі етеді. Соның өзінде,
Нысанбай жырау жасаған соғыс картинасы – батырлардың

білек күші мен найза ұшының қимыл-әрекеті, қыру-жою жоқ.
Екі ел батырының жекпе-жекте күш сынасуымен аяқталған
соғыс бітімі ғана бар. Тегінде:
Өкпеңменен қабынба,

Өтіңменен жарылма,
Орыспенен соғысып,
Басыңа моншақ көтерген
Жұртыңа жаулык сағынба, –

деп Бұқар жырау айтқан ескертуді Дулат та берік ұстанса ке­
рек.

* * * Жыраудың «Әуелгі қазақ деген жұрт», «Атақоныс Арқадан» дастандары өз алдына бөлек-бөлек тақырыпқа құрылған шығарма деуден гөрі, бір тақырыпқа жазылған өзара вариантты шығармалар деген дұрысырақ. Дәлірек айтқанда, жырау бір тарихи дәуірді екі рет жырлаған. Соның өзінде, соңғысы алғашқы жырлауларына түзету енгізу мақсатынан келіп қайта жырланған. Дулат «Атақоныс Арқадан», «Әуелгі қазақ деген жұрт» да­ стандарын 40-жылдарда жазған. Патша өкіметінің отаршылдығы, осы отаршылдық қысымнан халықтың туған жерді тастап көшуі Дулатты туған жер тарихына, туған жер үшін болған күрестер тарихына үңілтті. Дулат «Атақоныс Арқадан» дастанында қазақтың ақтабан шұбырындыға ұшырап, Арқадан Сырға түсіп, біраз уақыт өткен соң Арқаны қалмақтан қайта тартып алып, Арқада қазақ халқының біраз уақыт бейбіт өмір сүргенін, бірақ «Абылай туы жығылып», патша өкіметінің жаулап алуы басталғанын, бұған қарсы шыққандардың өз басымен әлек боп, қаңғып кеткенін баяндайды... Әрине, «Атақоныс Арқадан» өлеңін жырлауына халық ішінде әлі де басыла қоймаған наразылық толқыны се­ беп болды. Ал осындай себеп көздері тартылып, жұрт отаршылдық езгіге бойсұнғандай кезде ақын «Әуелгі қазақ деген жұрт» деген дастанында өткен тарихты басқаша баян­ дайды. Қазақ халқының Сырдан қайыра көшіп, калмақтан туған жерді қайыра тартып алуын да, содан кейін басталған игілікті өмірді де мадақтамайды, оның орнына сол Арқаға қайыра көшпей тұрған кездегі Сыр бойындағыөмірді мақтайды. Ал қазақтың Арқаға көшуін атамекенге көшу емес, қалмақтың жерін тартып алу деп түсіндіреді: опоңай ен қоныс таптым деп, алды-артыңды байқамадың, «жол сауданы олжаладың», патша өкіметінің «сыйы­ на құмарттың», «өзіңнен өзің келіп берілдің» дейді. Патша өкіметінің отаршылдық саясаты әкелетін (әкеліп жатқан да) ауыртпалықтарды санамалап баяндайды. Бұл жерде мына жай анық ескерілмегі қажет. Біріншіден, Дулат өзінің бұл тарихи-баяндау дастанында қазақ хандығының Россия қол астына қарауын, яғни Қазақ Хандығының Россия мемлекетіне қосылуы сияқты жұз жыл бұрын болып өткен тарихи процесті еске алғанда, халық ау­

зында аңыз түрінде айтылып жүрген жеке фактілерді алға
тартады. Дулат бұл жерде қосылудың тарихи себептерін
көрсетпейді (өзі де көрмегендіктен), осы қосылуды до­
кумент түрінде бекіту үстінде жасалатын дәстүрлі сый-

сияпатты, өте болымсыз фактілерді негізгі себеп ретінде
атайды. Екіншіден, жеке фактілерді атауда анахронизм де
бар: Дулат XІX ғасырдың 30-40 жылдарындағы қазақ хан-
сұлтандарының патша өкіметінің отаршылдық саясатын өз

мүддесіне пайдалану ниетімен туған әрекеттерін (сырт­
тай ұқсастықтары болғандықтан) одан көп бұрын болған та­
рихи актының белгілері ретінде атайды. Үшіншіден, ең
негізгі нәрсе мынада болған: халықтың отаршылдық езгіге

түсуі Қазақ Хандығының Россияға қосылуы сияқты тари­
хи прогрестің шын сипатын бүркемелеп тастағандықтан,
Дулаттың отаршылдық езгіні сынауы кейде қарауды сынауға
ұласып кетеді. Мұның тарихи себебі болды. Россияға қараған

соң, патша өкіметі қазақ даласында отарлау саясатын
күшейтті: бұқара халықтың шұрайлы жері кесіп алына баста­
ды; халықта бұрын болмаған құбылыс – жерден айыру, жер­
ден қысым көру, жер ауу дегендер көбейіп кетті; мал есепке

алынды, зорлық түрінде мал тартып алына беретін болды; ау­
ылдарды шауып кету, қырып кету жиі болып тұрды. Сөйтіп,
өзінің барынша ұнамсыз әрі тиімсіз жағымен көрінген осын­
дай зорлық түріндегі құбылыстар көбейіп кетті. Қарау, қосылу

арқылы болатын ізгіліктер туралы түсініктің быт-шыты шықты.
Сөйтіп,бұл қанау қараумен келетін ізгіліктерді терістеп қана
қойған жоқ, қараудың өзін терістеді. Ол ғана емес, қарау
халықты күйінішті өкінішке келтірген зәрлі шындық форма­

сында көрінді.
Әуелде бұл тарихи факторларды поэзияда көрсететін, су­
реттеп көрсететін кісілер болған жоқ. Себебі, әуелде ел бас­
шылары

хан-сұлтандардың
билікке,
саясатқа
қатысты

әрекетін солардың өзінің ғана ісі деген түсінік үстем болды да,
халық өздерін бұл тарихи оқиғалардан сырт уставы, ал бұл
самарқаулық, керісінше, оларға хан-сұлтантардың әрекетін
өзінің таптық мүддесі тұрғысынан қарап барып бағалауына

ерік бермеді. Отаршылдық езгі мен қазақ хан-сұлтандарының
қосыла талауы сияқты зорлық бұл самарқаулықты жой­
ып, халықтың санасын оятты. Бұл сана өткен тарихқа үңілтіп,
қазіргі кіріптарлықтың себебін іздетті. Дулат – осы саланың

бірінші көрінісі.

* * *
Жыраудың енді бір алуандас өлеңдері өз заманы мен
ортасының кемшілік міндеттеріне, халық басындағы тари­
хи трагедияға арналады. Бұл да қазақ поэзиясы үшін бұрын

қозғалмаған мүлде тың тақырып еді.
Ұлы Абай «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Са­
бырсыз, арсыз, еріншек» т.б. өлеңдерінде: ел ішіндегі жағым-
сыз мінез-құлықтар, сыбыршылдық, өсекшілдік, мақтаншақ-

тық, еріншектік, тіленшілік, арамтамақтық, құбылмалық,
өтірікшілдік, даукесшілдік, арызшылдық, пәлешілдік, жауыз-
дық, озбырлық, мықтымшылдық т. б. сияқты ұласқан шым-
шытырық бәлекет жауыздық атаулыны сынаса, енді бір

өлеңінде ақын көп наданмен алысып, өзін күрес майданында
жеңілген жандай сезініп:
Мұндай елден бойың тарт,
Мен қажыдым, сен қажы.

Айтып-айтып өтті қарт,
Көнбеді жұрт, не лажы? –
дейді.
Mінe, Дулат та өз кезінде халықтың береке-ынтымағын

кетірген алтыбақан алауыздығын, «бәленің отын үрлеген» ел
басшысы сан пысықтарды барынша қатты сынады.
Ер шөгіп, есер ер жетгі,
Дұрыс бастар басшы жоқ,

Әділетке шөлдетті, –
деп замана жайын кеңінен тербете сөз қылды.
Бізге қазақ әдебиеттану ғылымында ақынның:
Кешегі өткен заманда

Қасиетті еді хан-қараң.
Мынау азған заманда
Қарасы – антқор, ханы – арам, –
деген сияқты бір-екілі жолдарына сүйеніп, Дулатты «ескіні

аңсайды, келешекке сенімсіз көзбен қарайды, келешектен
үміт күтпейді» деп сынау бар.
Егер анық бағдарлай қарасақ, бұл сөздер – Абайдың
өз кезіндегі халықты жайлап алған мінді мінездерді жер-

жебіріне жеткізе көктей түйрей сынап отырып, бұрынғы ата-
бабалардың артықша мінездері болғанын айтқан сөзінен
бөліп алғысыз сөздер.

Ұлы ақын Абай өзінің 39-сөзінде былай дейді: «...бұрынғы
біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі
мінезі бар екен. Сол екі мінезі жоқ болған соң, әлгі үйренген
өнеріміздің бәрі де адамшылыққа ұқсамайды, сайтандыққа

тартып барады. Жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың
себебі сол көрінеді. Ол заманда ел басы, топ басы де­
ген кісілер болған екен. Көш-қонды болса, жау жанжалды
болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-

жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен. Ол ел басы,
топ басылары қалай қылса, қалай бітірсе, халық та оны
сынамақ, бірден-бірге жүгірмек болмайды екен, екі тізгін
бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ

түгіл, жетпегенінді жетілтемін деп, жамандығын жасырып,
жақсылығын асырамын деп тырысады екен, оны зор тұтып,
әулие тұтып. Онан соң жақсылары да көп азбайды екен».
Ал Дулат не дейді? «Ескіден қалған бәтуалы, ырым­

ды даңғыл жол бар еді, шиырға із салып, сол жолдан ада­
стырып кетті; бұрын сөзінде бәтуа бар еді, биі сенімді, қара
халқы көнімді, «жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре
беретін» еді; сондықтан ел тыныш болатын, сол үшін де ханы

да, қарасы да қасиетті еді, ал қазір «жұрттықтан кетіп бара
жатқанымыздың» себебі: қарасы антқор болып алды,ханы
арам болып алды», – дейді. Абай да, Дулат та бір-ақ жайды
әңгіме етіп отыр.

Дулат дәуірінде экономикалық, әлеуметтік жағдайларда
біраз өзгерістер болып, еңбектің, кәсіптің жаңа түрлері тууына
байланысты халықта таптық жіктелістер айқындала түсті, еңбек
бейнеттің де, баюдың да құралы болды, баюдың жаңа көздері

туды, әкімшілік халықта бұрын қалыптасқан түсініктегі басқару,
қамқоршы «функциясын» жоғалтып, халықты езуші, талаушы
сипатын айқындай түсті, ол ғана емес, халықты өз мүдделері
үшін сыртқы елдерге сатушы іштегі жауы, дұшпаны болып

шықты. Әсіресе соңғысы ә дегеннен өте аз уақыттың ішінде
ел жақсылары дегенге сынай қарауға, оларды осы тұстағы
пиғылына қарай жіктей қарауға үйретті. Сынай қарауға жетісу
олардың бұл күнге дейін «ардақты қамқоршы» деген түсінікпен

бүркемеленіп келген таптық жаулығын көруге санаға caңылау
түсірді. Дулат осы тарихи өзгерістер заманында туды да, бұл
өзгерістерді өз шығармаларында данышпандықпен көрсете
алды, поэзия тілінде айтып бере алды. Сөйтіп, қазақ поэзия­

сында қазақ қауымын өз бейнесінде көріп, жік-жігімен айтып
бере алу заманы басталды.

* * * Дулаттың өзіне ғана тән ерекшелігі — поэзияда бірінші рет қазақ жұртын тұтас алып қарай отырып, оны езушіге, езілушіге жіктеп, ел басшысынан бұқара халықты айыра бөліп алып сөз етуі. Осы айыра қарауы Дулатты, екіншіден, патша өкіметінің отаршылдық езгісін қоса сынау дәрежесіне дейін көтере алды. Болмаса отаршылдықтың салқынын Бұқар да көріп, бұл жөнінде ол да сөз айтты. Бірақ ол қазақ хандарына дәл Дулат­ ша көзқараспен қарай алған жоқ. Дулатқа тән үшінші ерекшелік – ол сыпыра жамандап, түңілудің ақыны емес әрі көзсіз дақпыртпен мадақтауға да жоқ. Дулат қазақтың сол кездегі үстем тап өкілдеріне олардың отаршылыққа көзқарасы тұрғысынан келіп баға берді әрі жоғарғы тап өкілдерінің бұқара халықты езушілігін де олардың осы көзқарасы тұрғысынан келіп сынады. Бірақ Кеңесбай бастаған аға сұлтан, төре, билерді, батырлар мен бектерді сынағанда, Дулат сендер халықты жат жұртқа талаттың, жат жұртпен қосыла таладың, ездің деп сынады. Ал Дулатта жер басып, тірі жүрген үстем тап өкілдерін мақтау жоқтың қасы. Ол осы кезде өзі бүйрек бұрған Кенеса­ ры тағдырына қатысты болған оқиғаны объективті баяндау тұрғысынан ғана келіп, бірде: Хан сарқыты Кене хан Хан жорық боп қаңғырды, – десе, бірде «Кене хан келіп мертінен» деген бір-ақ жол – еске алу жолын арнайды. Тіпті соның өзінде де Дулат Кенесарыға сынай сөз айтқан. Жалпы, қазақ әдебиетінде Кенесарының әрекет-пиғылын көтерілістен бөліп алып, айыра қараған кісі – Ду­ лат жырау. Қазақ ауыз әдебиетінде қазақ руларының өзара ұрыс-төбелесінде я қазақ-қалмақ, т.б. бөтен жұртпен ұрыс-соғысында мерт болған батырдың жұбайы я анасы, қарындасы аузымен айтылатын жоқтау жырларда осы ұрыс басында болған я сол ұрыстың себепкері болған ел басшы­ ларын мінеу, соларды қарғау сияқты жолдар бар. Бұл сияқты өлең жолдарын жеке адамның мүддесі айтқызған. Ал сол өз кезіндегі қоғамдық, ойдың жеткен биігінен келіп, сол кездегі тарихи жағдайдан, тарихи жағдайдың талапта­ ры тұрғысынан топшылай келіп, ел басы, жұрт басы деген Кене ханды, оның әрекетін өз кезінде Дулат қана сөз ете алды.

Қоғамдық пікір келесінде, әдебиетте Кене ханды бірінші рет
тілге тиек еткен Дулат болды...
Кене хан көтерілісін өз кезінде бір жақты мақтауға бейім
болған ғылыми әдебиеттер де, я ол қозғалысты екі кезеңге

бөліп қарап баға берген ғылыми әдебиеттер де Дулаттың
творчествосына назар аударған емес.
Дулатқа тән төртінші ерекшелік – ол бұқара халықты,
езгідегі момын жұртты көріп, солардың мұңын мұндап,

жыртысын жыртты. Жылаулы көпшілікті танып, солардың
тұрмысын сөз етті.
Міне, осы төрт ерекшелік Дулатты өзіне дейінгі ақындар-
дан өте жоғары биікке көтерді. Басқа емес, дәл осы ірі-ірі төрт

тақырып арқылы қазақ поэзиясы профессионал әдебиеттерге
тән сипатқа ие болды.
Зәки АХМЕТОВ

ЕЛДІКТІҢ ЖЫРШЫСЫ, ЕРКІНДІКТІҢ ЖОҚШЫСЫ

Туғанына 200 жыл толып отырған Дулат Бабатайұлы XІX
ғасырдың басында – 1802 жылы дүниеге келді, яғни, ол осы
ауырпалығы да зор, өзгерісі де мол ғасырмен құрдас бол­
ды, заман ағымын, елдің жайын, бұрынғы еркін дәуірдің

өткендігін, патша үкіметінің отарлау саясатының үстемдігін
есейген кезінен бастап-ақ көріп-білді. Қазақ қоғамының
өміріндегі ең үлкен бір өзгеріс – ғасырдың бас кезінде, 1824
жылдан бастап патша үкіметі сахарадағы ел билеу жүйесін

– хан билігін ресми түрде жойып, оның орнына қазақ жерін

округтарға бөліп басқаратын аға сұлтанның билеу тәртібін
кіргізген болатын. Тек ішкі Бөкей ордасында ғана хандық ақ
патшаға бағынышты түрде тағы жиырма жылдай сақталып
келді. Түгелдей алғанда қазақтан шыққан ел билеушілердің

билігі шектеліп, ақ патшаның үстемдігі әбден күшейді. Ел
жақсы қонысынан, жайлауынан айрылып, ығыстырылды.
Дулат міне осы бір жаңа тарихи кезеңнің жыршысы, елдің
еркіндігін шектеген отаршылдықтың сыншысы, елдіктің,

қолдан шығып бара жатқан еркіндіктің жоқшысы, жаршы­
сы болды. Дулаттың ұлылығы да осында еді. Сонымен қатар
өз дәуірінің перзенті, әз заманының жыршысы болған ұлы
ақынды толық танып бағалаудың қиындығы да осыған бай­

ланысты болды.

Дулаттың тарихтағы, қазақ әдебиетіндегі орны, оның
әдеби мұрасының маңызы, қоғамдық мәні үнемі дерлік
идеологиялық тұрғыдан бағаланып келді.
Кеңес дәуірінде патша үкіметінің саясатын сынауға жол

берілген кездерде Дулат шығармалары қайшылықты бол­
ды делінсе де, там-тұмдап болса да айтуға мүмкіндік
туса, ал тоталитарлық жүйе отарлау саясатын сынауға,
әшкерелеуге үзілді-кесілді тиым салған кездерде (мысалы,

50- жылдардың басында) Дулат бірыңғай кертартпа ақын
деп саналды. Қазақстан Россияға өз еркімен қосылды деген
қағиданы желеу еткен кезде хандық билік, бұрынғы ел би­
леу тәртібі, патриархалдық-феодалдық өмір салты ескірген

деген тұжырым жасалды. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер та­
рихи қажеттілікпен, халықтың қалауымен емес, отарлау
саясатының мүддесіне сәйкес жүзеге асырылғаны мүлде
ескерілмеді.

Дулат және басқа сыншыл ақындардың ел өміріне
кіріп жатқан кейбір жаңалық нышандарын (сауда-саттық,
егіншілік т.б.) жатсынып, жатырқап қарағаны оларды қазақ
елінің қалыптасқан өмір-салтын күрт өзгертіп, ақ патшаның

үстемдігін арттыру мақсатына орай сырттан әкеліп, күшпен
кіргізіліп отыр деп түйсінгендігінен болса керек.
Дулат қалайда халықтың өзіндік салт-дәстүрлерін, ұлттық
рухын, әділдік, елдік, ерлік, адамгершілік туралы ұғым-

түсініктерін бұзбай сақтап қалу қажет екенін біле білді.
Би мен бектің сәні жоқ
Елін қорғай алмаса,
Тура жолға салмаса,

Ыстығына күймесе,
Суығына тоңбаса.
Батырлықтың сәні жоқ
Түн ұйқысын төрт бөліп,

Елерген тұлпар ерттеліп,
Толғаулы найза қолға алып,
Тұйғын құстай толғанып,
Сары садақ асынып,

Егескен жауды қашырып,
Ұлын қорып жауынан,
Ерулеген егер дауынан
Тұтамдап оқ жонбаса.

Дулаттың осы сөздерінен-ақ оның өзімен тетелес жа­

лынды ақын Махамбетпен үндес шығатынын аңғарамыз.
Әрине, Махамбет те – Дулат секілді, ешкімге ұқсамай-
тын қайталанбас тұлға. Оның үздік дарыны да, өлең-
жырларындағы күрескерлік сарын да бөлекше. Алай­

да кең сахараның екі өңірінде өмір кешкен осы екі
ақынның ел қамын ойлап шиыршық атып толғанған жыр-
толғауларындағы әлеуметтік әуен, ұлттық идеяның үндес
келетіні кездейсоқ нәрсе емес. Дулаттың да, Махамбеттің

де өзіндік өмір жолы бөлек болса да, олардың ашынған
ащы сынға толы, от-жалынды поэзиясын туғызған заман,
қоғамдық-тарихи жағдай бір болатын. Түптеп келгенде, осы
ұлы ақындардың сыншылдығы да, шыншылдығы да халық

мүддесін жақтаудан туған, еркіндігін аңсаған елінің арман-
мұратының, қысым-зорлыққа наразылығының поэзиядағы
айқын көрінісі болды.
Еркіндігі шектелген, азайған халықтың елдігі, бірлігі де

кемитінін, берекелі бола алмайтынын Дулат терең түсіне
алды. Ақынның:
Елдігің кетіп ыдырап,
Бәйгені өсек-сыбыр ап,

Алтын жығаң сөгіліп,
Абыройың төгіліп,
Барыңнан да жақсы еді
Жоқ болғаның мұнан да, –

деп налитыны сондықтан.
Ел басына туған мұндай қиын жағдай кең сахара­
да еркін өмір кешкен көшпелі халықтың қамсыздығынан,
бейқамдығынан да болды деген ойын Дулат бүкпелемей тура

айтады:
Күн батысқа көз салмай,
Күн шығысты еске алмай,
Бізді алатын жау жоқ деп,

Бізден мықты дәу жоқ деп,
Алды-артыңды байқамай,
Маған не бар дескенсің, –
дейді ақын.

Ал енді елдің билігі өз қолынан кете бастағанда қазақты
басқаратын болыс-билер патшаның ұлық-оязына бағынышты
болып, не ісінде, не сөзінде береке жоқ бишаралық күй
кешкенін қатты сынап-мінейді:

Елін сатып шен алған,
Өлекседен жем алған.
Кебеже қарын, кең өңеш,
Өлексе көрсе үңіген,

Күшігеннен кем емес
Шенділердің қылығы.
Шен-шекпенге қүмартқан ел билеушілердің дәрменсіздігі
халықтың соры болды деп ашынады:

Бай малына сүйеніп,
Нашарға түсті салмағы.
Иен даланды шаңдады,
Еліңді езіп қанады,

Сырғалыңа сұқтанды,
Жеріңе орнап нықтанды.
Тағы бірде:
Сауыр жерден айрылып,

Қазақ елі жұқарды.
Сауыр емес, шап болды,
Заманға сай адамы –
Қу заманда сұм басшы

Сорымызға тап болды, –
дейді.
Дулаттың өлең-жырларындағы осындай ең түйінді, өте
маңызды ой-толғамдар, идеялар тек оның поэзиясына

тән емес, сол дәуірдегі қазақ поэзиясын түгелдей алғанда,
көктей өтіп жатқан желілі, арналы, ауқымды сарындар. Осы
әлеуметтік мәні зор қоғамдык мәселелер төңірегінде әр ақын
өзінің дүниетанымы, ақындық дарыны, шешендік-шеберлігі

жеткен деңгейде заман жайын өзінше толғайды.
Дулатты кертартпа ақын еді деп, өлең-жырларынан кем­
шілік табуға мәжбүр болғандар да оның поэзиясында зарығу,
торығу күшті, ел басына түскен ауыртпалықты асырып айтқан

дегенді алға тартса да, ақындық шеберлігіне шек келтіре
алған жоқ. Дулат қазақтың мандай алды ақындарының бірі
екенін сөз танитын адам жоққа шығара алмайтыны талассыз
еді. Абайдың алдындағы қазақ ақындарының ішінде Дулат

пен Махамбетке иықтас келетіні өте сирек.
Осы орайда Дулат пен Абайдың арасындағы дәстүр
жалғастығы жайында жиі тілге тиек етіліп жүрген мәселеге
азғана тоқтала кетсек дейміз.

Алдымен атап айтатынымыз – қай ақын болсын халық даналығынан сусындайды, сөз байлығы, өнерпаздық үлгісінен нәрленеді. Абайдың жаңашылдығын айту үшін оны бұрынғы ақындардан алшақтатып әкету, тіпті оларға қарамақарсы қою дұрыс емес. Абайдың алдындағы ақындардан Дулат, Шортанбай, Мұратты айрықша бөліп айтуға болады. Әрине, олармен ғана шектелу мағынасында емес. Ірі тұлғаларды толығырақ қамтып айту қиын болғандықтан және осы ақындар Абайдың алдындағы қазақ әдебиетінің басты бағыт-бағдарларын та­ ныта алады дегендіктен. Сонда Дулат, Шортанбай, Мұратты Абайға жақын, тікелей өзара жалғас заманның, сол замандағы қоғам өмірінің күрделі қайшылықтарын айқын көре білген, әлеуметтік мәселелерді терең толғаған ақындар ретінде атаймыз. Осы ақындардың бұл ерекшелігі бұрын да талай айтылды, бірақ көбінесе олар ескі дәуірді көксеген, кертартпа ақындар еді деген тұрғыдан қарап, біржақты бағалауға, қате пікірлерге орын беріліп келді. Егер осы біржақтылықтан арылсақ, олардың әлеуметтік сыншылдығын толық, әділ бағалауға жол ашылады. Сонда олардың творче­ ствосында әлеуметтік сарын Абай поэзиясымен үндес екені өзінен өзі-ақ айқындала түседі. Мұхтар Әуезов «Абай» ро­ маны аталып, 1942 жылы басылған кейінті төрт томдық эпопеның бірінші кітабында жас Абайға үлкен әсер еткен ақын ретінде Дулатты, әрине, жайдан-жай ала салмаған. (Кейінірек айтылған сын пікірлерге орай Дулатты ойдан шығарылған Барлас деген атпен ауыстырды). Бір жағынан, Дулаттың ұлғайған кезінде Құнанбай аулына келіп, жас Абай­ ды көруі шынында да мүмкін екенін ескерсе, екінші жағынан, Абай поэзиясынан Дулаттың ақындық өнегесіне жақындық сипаттар да табуға болатынын ескерген. Сан салалы бұлақтар, өзендер келіп бір жерге құйылмаса, Абай поэзиясы секілді үлкен теңіз де пайда бола алмайтыны анық. Абайдың өзі кейбір ақындарды сынайтыны басқалармен өнер өлшесу, өзінің поэзиядағы ұстаған бағытын, әкелген жаңалығын терең түсіну мақсатынан туғаны хақ. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деген сөзінен біз Абай өз творчествосының жаңашылдық сипатына айрықша мән бергенін аңғарамыз. Ал өзінен бұрынғы ақындарды сынағанына келсек, атын атап, анықтап айтатыны тек Бұқар, Шортанбай, Дулат қана:

Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Өлеңі бірі – жамау, бірі –құрау.
Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде-ақ көрнеу тұр-ау.

Абайдың «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» деген өлеңіндегі
осы сөздері әр жерде әр саққа жүгіртіліп, айтылып келді.
Бұқар, Дулат, Шортанбайды бай-феодалдардың санашы­
лы болған кертартпа ақындар деп қараған біржақты, жаңсақ

көзқарас орын алған жылдарда Абайдың осы сөздерінде
ол ақындарды түгелдей жоққа шығару бар деп түсіндіруге
ұмтылу бой көрсетті. Ал, шынында, Абай өзі атаған
ақындарға идеологиялық тұрғыдан баға берген деп санауға

ешқандай негіз жоқ. Ендеше Абайдың сыны оларға поэзи­
яда қолданылған әдіс-тәсілдерге, нақтылап айтсақ, өлең-
жырларда бұрыннан қалыптасқан нақыл сөздерді, дайын
сөз үлгілерін жиі қолданушылыққа қатысты болса керек. Жа­

мау, құрау деп отырғаны осы мағынада айтылған деп түсіну
қисынды. Сондықтан Абайдың өзін осы ақындарға мүлде
қарама-қарсы қойып бағалауда да ешқандай негіз жоқ.
Абайдың анау-мынау ақындармен өнер өлшеспейтіні айқын

емес пе? Осы ақындарды көпшілік таныған, жақсы білетін
болған соң айтып отыр ғой. Шортанбай мен Дулат өмір
сүрген заманы жағыінан Абайға жақынырақ тұр десек, Бұқар
басқа заманның өкілі ғой. Өзінің маңайындағы жүздеген

ақындарды ауызға алмай, әлдеқайда алыс тұрған Бұқар,
Дулат, Шортанбайды таңдауы тегін емес. Олардың есімін,
сөздерін көпшілік білетіндіктен және таласуға, сын айтуға то­
лымды деп санағаны анық емес пе?

Олардың өнерін мойындамаса несіне таласады?
Қазақтың жайы белгілі,
Өлеңі өңкей құрама, –
дегенді Шәкәрім де айтқан ғой. Осы құрама деп айтқаны не

десек, тағы бір өлеңінде:
Аулым қонды Нұраға,
Мінген атым сұр ала.
Керексіз сөзбен бұрала,

Қазақ сүйтпей тұра ма? –
деп нақтылап айтып береді. Аулының қонған жерін, мінген
атын, қолына ұстаған қамшысын, тағы сондайларды өлеңдегі
негізгі ой-пікірге қатысы жоқ болса да, сөз қосарлап ай­

тып отыру, әсіресе, қара өлеңде жиі кездесетінін Шоқан Уәлиханов та, кейінірек Мұхтар Әуезов те байқаған. Бірақ бұл – көбінесе қатардағы өлеңшілердің, ауыл арасындағы жыршы, ақындардың әдеті. Абай айтып отырған Бұқар, Шортанбай, Дулат секілді майталман жүйрік ақындар тура­ лы мұны айту қиын. Сондықтан оларға қатысты айтылған сөзде қазақтың ауызша поэзиясында – толғау, термелерде бұрыннан келе жатқан дайын нақыл сөздерді еркін, өзінше қолдану дәстүрін мегзеген болар деуге келеді. Абайдың болыстың кескін-кейпін, мінез-құлқын, ісәрекеттерін суреттеуі қазақ поэзиясына үлкен жаңалық әкелгенін айта отырып, алдындағы ақындармен жалғастығы да бұл тұста анық байқалатынын атап кеткен жөн. Осы өлеңдердегі сыншылдығы, сықақшылдығы жағынап алғанда Абайдың, әсіресе, Дулатпен үндес шығатын тұстары жоқ емес. Ел билеушілерді сынап-шенеу – Дулат поэзиясындағы күшті сарынның бірі. Дулат ел билеушіні бетпе-бет келіп те әшкерелей мінездейді: Тістеуік айғыр секілді Үйіріңді сұйылтып, Тай, құнанды қуғансың, Ел билерлік ісің жоқ, Дегдар емес, будансың. Будан дейтін себебім: Айналанды торисың, Түзден тоят тілемей, Өлексені қорисың, Алдыңа келсе жүгініс, Терісті оң деп жорисың. Қолбала құс секілді Биялайға қарайсың. Не тұлғама тұтқа боп, Не керекке жарайсың? Ішің – аяз ақ қырау, Сыртың сұлу сарайсың. Тағы бірде сырттай мысқылдап сипаттайды: Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады-ай, Өзі елді корқытып, Онан өзі қорқады-ай.

Ел пысығының Абай айтқан ұлықтың алдында құрдай
жорғалайтын жарамсақтығын Дулат та тап басып, дәл
көрсеткенін аңғарамыз. Дулаттың:
Қайырсыз, сараң малдыңды,

Еріншек, есер жарлынды,
Халықка емес сыйымды –
Парақор баспақ биіңді,
Ел бүлдіргіш бегіңді

Улы тілмен улаттым.
Сана құйып ойына,
Қуат беріп бойына,
Аққан жасы сел болған,

Етегі толы көл болған,
Беріш боп шері байланған,
Ұйқы беріп, қайғы алған
Қайғылыны уаттым, –

деген сөздеріне көңіл қойсақ, ақынның сыншылдық пенен
адамгершілікті, әділеттілікті жақтауды тамырлас, бір-бірімен
терең байланысты санағанын көреміз.
Абай поэзиясы мен Дулат секілді дарынды, кемел ақын-

ның өлең-жырларындағы үндестік туралы айтқанда жеке­
леген ұқсастыққа ғана назар аудару, әрине, жеткіліксіз. Абай
да, Дулат та өнерпаздық тұлғасы мүлде өзгеше суреткер де­
сек те, олардың өмір сүрген ортасы, заманы жалғас, жақын,

сол дәуірдегі қоғамдық өмірдің кайшылықтарын, әр түрлі
әлеуметтік топтардың мінез-құлқын бейнелеп көрсетуінде де
ұқсастық, сабақтастық бар.
Алдындағы

акындардың
өлең-жырларында,
поэма-
дастандарында сыншылдық дәстүр ерекше күшті болғандық-

тан да Абай заман жайы, ел тағдыры, өмірді шыншылдықпен
бейнелеу әдіс-тәсілдерін жан-жақты жетілдіріп, жаңаша
қалыптастырып, ұлттық поэзияны бүкіл әлемдік деңгейге
көтере алды.

Абайдың даналығы Дулат секілді кемел ақынның бойын
биіктете түспесе, кішірейтпейді. Еліміздің егемендікке қолы
жеткен бүгінгі заманда Дулаттың тұғыры биік зор тұлғасы
толық бағасын алатын кез туды. Қанша жылдар өтсе де, ру­

хымен бізге жақын елдік пен еркіндіктің жаршысы Дулат
ақын!

Рабиға СЫЗДЫҚОВА

ДУЛАТТЫ ТАНЫП БОЛДЫҚ ПА?

Орынсыз күлер күлкім жок,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ...
Қорған құрыш сөзім бар.
Бұлттан өтіп мұнарды

Болжайтұғын көзім бар.
Кеудем – ақыл сарайы,
Кірем десең, кел, міне! –
деп бұдан бір жарым ғасырдай бұрын өзінің ақыл сарайына

кіруге шақырған Дулаттың адамдық, ақындық әлеміне толық
бойлап болдық па? Тіпті, Дулаттың өз сөзімен айтқанда,
«сорғалаған нөсердей жырын» танып-біліп болған күннің
өзінде әр кез сүйіне оқып, осындай да алыбымыз болған деп

сүйсіне атап жүрміз бе? Бұл сауалдарға, тағдыр жазып ара­
мызда жүрсе, Құлмат Өмірәлиев сияқты ғалым жауап берген
болар еді, өйткені ол әрі әдебиеттанушы, әрі тіл маманы, әрі
текстолог болып Дулат Бабатайұлының мұрасын терең зерт­

теп, байсалды талдау жасап, арнайы кітап жазып, дәлелді ой-
түйіндер айтқан ғалым еді.
Ал Құлмат сияқты іздене білетін, кейбір таптаурын пікір-
лерге сынай қарап, соны түйіндер айта алатын зерттеушіні

Дулат мұрасына үңілткен, біздіңше, ең алдымен, ақынның
өзі болса, екіншіден, Мұхтар Әуезов, Қажым Жұмалиев
сияқты қазақ әдебиеті тарихын жақсы танушылардың Дулат
жайындағы оң көзқарастары болған тәрізді. Әсіресе, Дулат­

ты дұрыс тануда Мұхтар Әуезовтің еңбегі даусыз. Оны мына
тұстардан айқын көреміз.
Қазақ көркем әдебиеті тарихын зерттеушілер мен осы
күнгі жас жағынан біраз ұлғайған буынның мына бір жайт

есінде болар, «Абай» романының алғашқы кітабы 1942
жылы шықты. Мұнда Қодар мен Қамқа өлімін көзімен көріп,
әкесі бастаған зорлардың әділетсіздігін, қаталдығын 13 жа­
сар бала психикасы көтере алмай, қатты ауырып қалған

Абайдың дертіне дауа болып, Зере отырған ауылға келген
ақын осы күнгі басылымдардағы Барлас емес, Дулат болатын
(50-жылдардан бастап Дулат, Шортанбай, Нысанбай, Мұрат
сияқты ақындарға «феодалдық салт-сананың жоқшылары,

кертартпа-реакционерлер» деген айдар тағып, жақыннан
жат іздеп, жанашырдан жау тауып, ұлттық мәдениетіміздегі

асылдың бәрін жасық деуге көшкен коммунисшіл солақай
идеологиямыздың тізесі Мұхаңа да батып, Дулат есімін Бар­
лас деп өзгертуге мәжбүр болғанын білеміз).
Әрине, тарихи роман болғанмен, дәл 1858 жылы балаң

Абай мен 56 жастағы «қарт» Дулат бұлайша жүздесті ме,
жоқ па – бұл эпизод шындыққа сай түспеуі де мүмкін,
бірақ жазушыға Абайдың рухани дүниесінің қалыптасуына,
ақындық дарын бұлағының көзі ашылуына әсер ететін фак­

торларды – образдарды іздеу керек болды. Өйткені Абай
қазіргі тарих таныған Абай болып көктен түскен жоқ:туды,
белгілі ортада өсті, айналасынан әсер алады. Жас Абайдың
жан дүниесіне әсер етіп, жақын келер жандар бол­

са, солардың бірі емес, бірегейі Дулаттай ой иесі, сөз иесі
болмаққа керек. Неге? Дулат кім?
Ең алдымен, ол – ойшыл, парасатты, суреткерлік үні
өзгелерден ерекше ақын. Дулаттың өз сөздерін келтіріп

(тырнақшаға алып) айтсақ, «толқынды теңіз заманда» бүкіл
өмірі базардан «құмар ойнап, ұтылып қайтқан сарттай»,
ойы жұртқа «бұзауы өліп, мөңіреп қайтқан сиырдай» ақын
болғандықтан, өз халқының кешіп отырған күйі мен болашақ

тағдырына үңіліп, «ұйқы беріп, қайғы алған», қилы-қилы за­
манды, заманға сай адамды салыстырып қарап, су мүйіз
болған танадай шыр көбелек айналған» Дулат, асылы, балаң
Абайға емес, ес жиған ересек Абайға қатты ықпал етсе ке­

рек. Ықпал етпеуі мүмкін емес: алдымен, зерттеушілердің
айтуларына қарағанда, Абай қазақтың бай ауыз әдебиетін,
Арқа мен Жетісу өңіріндегі бұрынғы және өзімен тұстас ақын-
жырауларды жақсы білген. Ал Дулат болса, Абайға жер

жағынан іргелес, заманы жағынан «күні кеше» ғана жасап
өткен адам. Дулат дүниеден өткенде, Абай отыздарға келіп
қалған сақа жігіт екен, сондықтан Дулаттың өлең-жырларын
ол жақсы білген, сол толғаулары арқылы ақынның азаматтық

толғанысын, саяси-идеологиялық платформасын, суреткерлік
мақсат-мұратын танып-біліп отырған.
Тегі, Абайдың назарына Дулаттың ақындық дүниесіндеті
әлеуметтік үні іліккені байқалады. Әрине, әлеуметтік үн, яғни

қоғам өмірін, халық тағдырын, оның өткені мен болашағын, өз
кезеңдерінің жай-күйін жырлау Бұқар, Махамбет, Мұрат, Шор­
танбайларда да бар. Бірақ сол үннің ащылығы мен ашықтығы,
бояуының (ақындық шеберлігінің) жұқалығы мен қоюлығы,

аумағы мен ауқымы барлығында бірдей болмағаны аян. Бұл
орайда Дулаттың өзгелерден шоқтығы әлдеқайда биік.

Ақын творчествосының дені өткен ғасырдың 40-50 жыл­
дарына тұстас келеді. Бұл – Ресей патшалығының қазақ
жерін отарлаудағы саясатының барлық салада шарықтай
бастаған кезі. Дулат осыны жыр өзегі етсе, өткенді («кертартпа

феодалдық-хандық дәуірді») жоқтағаны емес,тәуелсіздікті,
еркіндікті аңсағаны еді (ол тәуелсіздікке қазақ халқы мейлі
феодалдық дәуірде ме, капиталистік дәуірде ме, социализм
дөуірінде ме – әйтеуір қолы жетіп тұрса ғой!). Ақын:

Сауыр жерден айрылып,
Қазақ елі жұқарды.
Сауыр емес, шап болды...
Заманға сай адамы –

Қу заманға сұм басшы
Сорымызға тап болды, –
десе, тіпті өткен ғасырдың орта тұсы емес, одан 100-150
жыл кейінгі біздің заманымыздағы қазақ халқының, оның

қоғамының күй-қалпын суреттеп тұрғандай. Дулат «жоқтап
отырған» феодализмің түгіл, капитализмді көктей өтіп, соци­
ализмнен бір-ақ шығып, «коммунизмге қарыштаған» біздің
қу заманымызда сұм басшылар: Сталин, Брежнев, Чер­

ненколар сорымызға тап болған жоқ па? Дәл Дулат ақын
айтқандай:
Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан дағы қылықты..

Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын
Ел пысығы жортады-ай, –
сияқты шындық жергілікті басшыларға бұдан бір-бір жарым

ғасыр бұрын ғана емес, «одақтасып» тұрған кезіміздегі біздің
де ұлықтарымызға тән еді ғой. Дулат ақынның бұл жердегі
байқағыштығын кейін ұлы Абайдан да көрмейміз бе?
Отаршылдық қамытын мықтап киген қазақ қоғамының

ащы шындығын жырлауға келгенде, Дулат пен Абай көп
сәтгерде бір-біріне үндес келіп жатады. Дулат суреттеген
өз елін, қазақты қорқытатын «ел пысығы», айталық, болыс
«майырдың бұйрығын алғанда, борбайына құйрығын қысып,

алдына түсіп томпандаса», Абай бейнелеген болыс та:
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап...

Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап, –
деп өзі мойындайды. Абай да:
Мәз болады болысың

Арқаға ұлық қаққанға.
Шелтірейтіп орысың
Шенді шекпен жапқанға, –
деп, Дулат айтқан «шек-шекпенге сатылған, батпаққа елін

батырған» ұлықтар портретін ұқсас етіп беріп тұр. Әрине, бұл
жерде Абай образды Дулаттан «ұрлап тұрған» жоқ: екеуін де
осылайша сөйлетіп қойған – өмір шындығы, олардың сол
шындыққа барған суреткерлік талғамдары.

Абайдың қазақ халқының тағдырын толғаған көп сөзі
жүз жыл кейінгі біздің заманымызға арналғандай көрінсе,
Дулаттың да:
Жеріңнің алды шұрайын,

Дуан салып жайланып.
Датынды айтсаң майырға,
Сібірге кеттің айдалып.
Бейнең кандай болды екен,

Қарасаңшы бір мезгіл
Қолдарыңа айна алып, –
дегенді де бейне бүгінгі бізге айтып тұрғандай: бейнеміздің
қандай болып келгеніне енді ғана егемендік айнасын қолға

алып қарап жатырмыз ғой!
Жалғыз ел билеу, заң-сот істеріне қатысты ғана емес, өзге
сәттерде де екі алыптың үндес, идеялас тұрғанын көреміз.
Мысалы, ақынға, ақындыққа екеуі де қатаң талап қояды. Ду­

лат:
Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнен өлең жаттаса?
Сөз – жібек жіп, жыр – кесте,

Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз қылып баттаса, –
десе, Абай:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы, —
деген талап қояды.
Ұлы Абай «сөзімді айналама жеткізе алмадым, ұғып тың-

дар адам аз» деп күңіренсе, осы ойды Дулаттан да көреміз.
Ол бірде:
Ел құлағы саңырау,
Кімге айтамын сөзімді...

Бәрін айт та, бірін айт,
Ұғынар мұны ел қайда? –
деп, заман жайын толғап, ел билеген ұлықтар мен қадірі
асқан жақсыларды сынап, «қармайтұғын талы қалмай,

тереңге сүңгіген елі» туралы «түнде ұйқы бермеген көзінен
төккен арманын» айтады. Бұл – Дулат пен Абайдың ортақ
зары, заманы, ортасы тудырған шындық үні.
Міне, «отаршылдық езгіге түскен халықтың ар-ұжданы»

(Қ.Өмірәлиев) болған екі алыптың осындай үндестігі жазушы
М.Әуезовке Дулат пен Абайды жүздестіріп, кемеліне келген
ойшыл дана Дулаттың буыны бекімеген, бірақ табиғат «болар
бала» етіп жаратқан балғын Абайдың тән ауруына емес, жан

дертіне дауа болуын қалағаны керек болған.
Жазушы Әуезов Дулатты көркем әдебиетте осылай­
ша бір танытса, ғалым Әуезов ғылым сөзінде Дулатты және
бір «ақтап» шығады. Ол мына жайтқа байланысты. Дулат,

Шортанбай, Мұрат, Нысанбай, Орынбай сияқты ақындарға
«хандықты, феодалдық дәуірді көксеген, үстем тап сойы­
лын соғушылар, кертартпалар» деген ат беріп, айдар тағудың
үстіне олардың суреткерлік дәрежелері де төмен, ақындық

қуаттары әлсіз деп те шатасқан («былжыраған») кезімізде,
бұл бағаны беру үшін тілге тиек етіп Абайдың:
Шортанбай, Дулат пенен Бүқар жырау
Сөздері бірі – жамау, бірі – құрау, –

деген өлең жолдарын көлденең тартқанымыз тағы бар (тіпті,
кейбір басылымдарда «сөздері бәрі жамау, бәрі құрау»
деп жазылғанына қарап, оларды бастан-аяқ жарамсыз
етіп тастағанымызды қайтерсіз!). Абайдың осы екі жолына

қатысты пікір сайысында Мұхтар Әуезов: «Абай «өлеңдері бірі

– жамау, бірі – құрау» дегенде, олардың өлең ұйқастарын,

сөз қиыстырып жүрген ақындығын олқысынып отырған
жоқ, үшеуінің бірдей идеясын, бәріне ортақ ой кедейлігін

әшкерелейді», – дейді. Мұнда автор «ой кедейлігі» деп нені
меңзеп отыр – айқын емес. Егер шығармашылық идея­
сын, азаматтық платформасын көздеген болса, бұл тұрғыдан
аталған үшеуіне де мін таға алмаймыз: үшеуі де ақындық

мұраттары айқын, идеяларында әлеумет мүддесі бар заман
жыршылары.
Сірә, Мұхаңа бұл жерде Абайдың аталған ақындарды
мүлде мансұқ еткен жоқ дегенді білдіру керек болған тәрізді.

Ал бұл әңгімеге қатысты біз мынадай ой-болжам айтқымыз
келеді. Абайдың бұл «сыны» осы үш сөз зергерінің бүкіл
творчествосын жан-жақты талдап барып айтқан ғылыми
тұжырым емес, сөз реті келгенде, яғни өзінің поэзияға қоятын

талабының зор екендігін көрсету үшін айтылған поэтикалық
образ-тұжырым. Сірә, поэзияда айтылған «сындар» мен
ғылыми еңбектерде немесе баспасөз беттерінде талдау
нәтижесінде берілген сын-бағаларды қатар қойып, бірдей

қабылдауға болмайды. Көркем әдебиетте, әсіресе, өлең
сөзде, белгілі біл идеяны айту үшін әсірелеу, ауыстыру, теңеу
тәрізді тәсілдер жиі колданылады. Мысалы, сол Абай: «ел
бүлігі тобықты, көп пысыққа молықты» деген екен деп, өзінің

алтын бесігі тобықты елін «бүкіл ел» деп бағалап отыр деу­
ге бола ма? Сондықтан жоғарғы екі жол өлеңіне қарап, Абай
өзі атаған ақындарды мансұқ етті деп түсінуге мүлде бол­
майды. Қайта, өзіне дейінгі, өзімен тұстас ондаған (мүмкін,

тіпті жүздеген) ақын-жыраулардың ішінен осы үшеуін бөліп
атауы – оларды қазақ поэзиясының ауызға аларлық ең ірі
өкілдері деп ілгені дейді абайтанушылардың бірқатары. Сол
ірілердің өздері сыныма толмай отыр деу арқылы иоэзияның

әлеуметтік қызметіне қоятын талабының тіпті бір екенін
білдіреді.
Ал ақындық қуаты, сөз кестесі жағынан Дулатты Абай
қомсына алмайды. Дулат – Абайға дейінгі қазақ ақын-

дарының ішінде жазба поэзияға біртабан жақын келген, еу­
ропа мен орыс мәдениетінде классикалық поэзия деп атақты
өлең сөздің біраз белгілерінің қазақтағы бастауын танытқан
ақын.

Қазақ поэзиясы Абайға дейін ауызша жаралып, ауызша
таралған, бірақ тіпті ауыз әдебиет (фольклор) тілінен өзгеше
түсетін, авторлы (профессионал) поэзия болды, қазіргі
жоғары үлгідегі жазба поэзияны бастаушы – ұлы Абай десек,

Абайдың тақыр жерден өнер таппағанын және білуіміз керек.
Қазақтың жазба поэзиясының алғашқы нышандары Ду­

лат өлеңдерінен көрінеді. Іргетасты қалаған Абай болса, соны қалау кезеңі туғандығын, қалайша қалаудың алғашқы үлгілерін көрсеткен Дулат деп айтуға әбден болады. Сөзіміз құрғақ болмас үшін, «көзбен көрсетіп, қолмен ұстататын» фактілермен (мысалдармен) дәлелделік. Дулат – жыраулық мектептен шығып, ақындық мектепті күшейткен суреткер. Бұл – жыраулықтың төмендігінен, әлсіздігінен емес, заман талабынан туған бетбұрыс. XІX ғасырдағы қазақ поэзиясы үшін енді өлең сөз арқылы ақыл, насихат айтатын дидактикалық сипат пен заман, қоғам, адам туралы жалпы философиялық толғаныстар аздық етеді. Ендігі жердегі поэзиядан нақтылыққа көшіп, заманға ілесіп оты­ ру, жалпы насихаттан гөрі сынау, күйіну, сүйіну сияқты нақты суреттерге бару талап етіледі. Дулатты кейде тіпті, жырау деп атағанымен және сырт қарағанда өлең-жырлары 7-8 буын­ ды жыр ағымындағы өлшеммен келгенімен, ол жырау емес, ақын. Ал, ақындық жағынан Дулаттың өлеңдері бұрынғы жы­ рауларды былай қойғанда, тіпті кешегі Бұқар толғауларынан, одан қалды өзімен тұстас ақындардың туындыларынан мүлде өзгеше дүниелер. Жазба поэзияның өлең техникасы ауызша дамыған өлеңжырлардан ерекшеленетін болса, сол өзгешеліктің бірі – шығарманың белгі – мақсатпен ажыратылатын ірі бөліктерге, ғылым тілімен айтқанда шоғыр (тирада) дегендерге бөлінуі. Әр бөлік бір шағын идеяны, тақырыпты білдіруі шарт, со­ нымен қатар әр бөлікті шоғыр етіп тұратын құрылымдык белгілері болуы қажет. Шоғырлардың тармақ сандары біркелкі болмайды және әр шоғырдың соңғы жолындағы ұйқаспен бірдей түсіп, сол өлеңді тұтас дүние етіп құрастырып тұруы керек. Демек, өлеңдегі шумақ пен шоғырды шатастыруға болмайды, шумақ (куплет) – қазақ поэзия­ сы құрылымында бұрыннан бар тәсіл, оның тармақ сандары біркелкі болады. Өлеңді шоғырларға бөліп құрастыру тәсілі қазақтың ауыз­ ша дамыған өлең-жырларында жоқ. Ол – жазба әдебиетке тән өлең құрылымы. Бұл құрылым қазақ поэзиясында Дулат­ тан басталады. Мұны ақынның бір өлеңін талдап көрсетелік. «Тегімді менің сұрасаң» деп басталатын өлең 6 шоғырдан тұрады. 1-шоғыр: Тегімді менін сұрасаң, Қалын найман нуынан. Жырымды менің сұрасаң,

Сары алтынның буынан.
Сырымды менің сұрасаң,
Тұманың тұнық суынан.
Кеудеме қайғы толған соң,

Тұнық жырмен жуынам.
Сорғалаған нөсердей
Жырын тыңда Дулаттың.
Мұндағы тақырып – ақынды таныстыру, алдыңғы 8 тармақ

(өлең жолы) екі-екіден бөлініп өзара ұйқасқан (нуынан, бу­
ынан, суынан), ең соңғы 10 тармақ жоғарғы ұйқастан тыс
Дулаттың деген сөзбен аяқталады. Келесі 6 жол бір шоғыр,
мұндағы тақырып – жырын тыңдауға шақырған ақынның

қандай екендігін таныстыру, бұл шоғырдың өз ішінде
ағызып, тамызып, тойында, ойында деген ұйқастары бар, ең
соңғы жолы дулаттым деген сөзбен аяқталады да, алдыңғы
шоғырдың соңғы тармағымен ұйқасады. Алты жолдық

3-шоғыр да ақындық қуатты танытуға арналған, 4-шоғыр
осы ақындық қуатты неге, кімге жұмсайтынын білдіреді,
соңғы тармағы «дулаттым» деген сөзге ұйқасқа шығарады.
5, 6-шоғырлар да осылайша әрқайсысы бір-бір шағын иде­

яны сөз етіп, ең соңғы тармақтары арқылы өзара ұйқасады.
Сөйтіп, алты шоғыр бір ұйқасқа құрылып, өлең тұтастығын
құрайды. Бұл – нағыз жазба поэзия үдесінен шыққан ком­
позиция. Дулаттың едәуір шығармасы осындай тирадалық

(шоғырлық) құрылыммен ұсынылған.
Бұл тәсілдің алғашқы көрінісі Дулаттан басталса, оны
жүйеге айналдырып, әрі қарай бекіткен Абай екенін білеміз.
Жоғары дамыған поэзияның басты белгілерінің бірі –

поэтикалық образдар жүйесінің әр сипатты, алуан түрлі бо­
лып келетіндігі. Поэтикалық образдар жасаудың тілдік
механизмі, яғни, образдың тіл арқылы берілуі де Дулат­
та дағдыдан тыс, жаңа түрлерімен көрінеді. Мысалы,

мағыналары жағынан бір-бірімен тіркеспейтін сөздер бо­
лады. Айталық, дерексіз (абстракт) ұғым атауы мен деректі
(нақты) заттардың немесе адам мен жан-жануарларға тән
сын-сипат пен іс-қимыл атаулары бір-біріне жуыспауы ке­

рек. Ал көркем әдебиетте, оның ішінде поэзия тілінде образ
жасау үстінде мұндай мағыналық кереғар сөздерді тіркестіру

– ұтымды көркемдеуші амалдардың бірі болып санала­

ды. Мысалы, Абай «жүрегім менің қырық жамау қиянатшыл
дүниеден» дегенінде ауылдары алшақ сөздерден қырық жа­
мау жүрек, қиянатшыл дүние деген соны тіркестер жасаған.

Бұл тіркестерді құрап тұрған сөздер тіркесімдік қасиеттері
бір-біріне жуыспайтын элементтер: қырық жамау не киім, не
төсек-орын болса керек, ал бұл жердегі жүрек сөзі «көңіл,
сана-сезім» мағынасында тұр, демек, дерексіз ұғым атауы.

Соған қарамастан бұлар тіркесіп, «көп қапа шеккен, зар иле­
ген көңілім, ішкі дүнием» дегеннің соны образын жасауға
жұмсалған. «Қиянатшыл дүние» де осы іспеттес. Қиянатшыл
адам болса керек еді, бірақ Абайдың дүниесі қиянатшыл

сипатқа ие болып тұр.
Міне, осы тәсілді көпке дейін Абайға орыс әдеби тілінің
әсерінен пайда болған тың амал деп келдік, өйткені бұл XІX
ғасырдағы орыс поэзиясында кеңінен өріс алған ұтымды

тәсілдердің бірі болғаны аян. Пушкин, Лермонтовтарды
оқып, игеріп, оларды аударуға барған Абайдың назарына,
әрине, орыс тілінің көркемдеу амалдары ілігуі мүмкін. Бірақ
дәл осы тұста Абайға орыс көркем сөзі емес, қазақтың төл

поэзиясының тілі үлгі болған, ілгерірек уақыттардағы ақын-
жыраулар тілінде бұл амал ара-тұра кездесетін болса, XІX
ғасыр ақындарында едәуір жандана бастайды. Әсіресе, Ду­
лат өлеңдерінен әділетке шөлдеу, жырмен жуыну (Кеуде­

ме қайғы толған соң, Түнық жырмен жуынам), арманды төгу
(Күндіз күлкі бермеген, Түнде ұйқы бермеген Көзінен төкті ар­
манды), жетімдіктің белі, көңілдің құтысы сияқты тіркестердің
сонылығы осылар қатысқан өлең жолдарының экспрес­

сиясын (әсерін) күшейтіп, бұрын айтылмаған тың образ­
дар жасап тұр. Мысалы, «Әкеңнің айтқан аз сөзін Құтысына
көңіліңнің Төгіп алма, дәлдеп құй» деген жолдарында ақын
көңілдің құтысы, ақылды құтыға құю деген тіркестерді

«қиыннан қиыстырады», өйткені бұлардағы сөздер «түтіні
бөлек» дүниелер: құты – нақты зат, сауыт, ал көңіл қолмен
ұстап, көзбен көріп, құтыға салуға болатын нақты зат емес,
сондай-ақ, оны суша, сүтше құюға да болмайды. Бірақ по­

этика, яғни өлең тілі бұлайша «норма бұзуға» бара алады.
Көркемдеу тәсілдерін іздеу, оларды құбылтып отыру – асқан
зор талант иесінің, қас шебердің, үлкен ақынның арқалайтын
жүктерінің бірі.

Жалпы өлең сөздің, оның ішінде жазба поэзияның да
көркемдік сипатын танытатын тәсілдердің және біреуі –
белгілі бір затты, құбылысты, іс-әрекетті бейнелеп сурет­
теп, өзгеше атау болса (оны ғылымда перифраздар деп атай­

ды), мұнда да ақынның тапқырлық, әр нәрсенің қыр-сырын
танушылық қабілеті күшті болмаққа керек. Бұл орайда да Ду­

лат ақынның сөз құдіретін танушылық қасиетіне тәнтіміз. Мы­
салы, өткен ғасырдың орта тұсындағы қазақ қауымының
мәдени-әлеуметтік күй-жағдайын қалтылдаған қайық деп
бейнелейді: Толқынды теңіз заманнан Сенімді кеме болмаса,

Жел қайықпен өтер ме?
Теңеу, салыстыру дегендер де – қазақ поэзиясы үшін
кәнігі, көне көркемдеу амалдары. Дулат пен Абай сияқты
ақындардағы қазақ құлағы үшін тосын теңеулер мен мета­

форалар да ақындық таланттың күшін танытады. Мысалы,
Дулаттың:
Күнәм – жойқын, тәубем – аз,
Тіршіліктен не таптым?

Дүние – жемтік, мен – төбет,
Соны бақпай, не бақтым?
Ырылдасып әркіммен
Не қапқыздым, не қаптым, –

дсген өлең жолдарындағы теңеулер мүлде тың. Бұрын жалған
дүние, алдамшы дүние, қайран дүние деп сипаттап келген­
мен, дүниені жемтікке балау – қазақтың наным-сеніміне жат
түсінік, ал ақынды сол жемтікті андыған төбетке теңеу тіпті

шеңдестіруді «бастан асырып жіберу» болып көрінеді. Ойшыл
ақын, парасат иесі – төбет бірде өзгелерге өзін қапқызады,
бірде өзгелерді өзі қабады. Бұл –өмір шындығы, бірақ сол
шындықты суреттеу сипаты соны.

Құлмат Өмірәлиев көп еңбек сіңіріп, Дулат мұрасын
бөгде дүниелерден аршып, тақырыптық циклдерге ажыра­
тып, көзі тірісінде баспаға ұсынған ақын жинағы бірнеше
жылдан соң «азар алла деп» 1991 жылы «Жазушы» баспа­

сынан жарық көрді, тиражы 700 ғана дана болып, оны жыр
сүйер оқырмандар «пышақ үстінен талап» алып кетті. Осы
кітаптың 111-бетінде мазмұны (тақырыбы) жағынан да,
композициялық құрылымы жағынан да өте қызық бір өлеңі

ұсынылған. Ол «Біреуге», «Екінші біреуге», «Үшінші, төртінші
біреуге» деп төрт бөлікке бөлініпті (сірә, құрастырушы
қойған болу керек), бірақ бұл – құрылымы жағынан төрт
шоғырдан құрылған бір ғана шығарма. 1-шоғырды мен әйел

сұлулығына арналған гимн дер едім. Бас-аяғы жеті жолдық
бұл гимнді тұтас келтірсек, мына жолдарды оқимыз:
Көргеннің көзі тойғандай,
Топты ортадан ойғандай,

Сәулетіңнің сағымы

Бұтағына шынардың
Күнді әкеп іліп қойғандай.
Сәндісің, жаным, сәндісің.
Сән салмақ сені азапқа.

Біз бұл жерде бұрын жариялаған бір мақаламыздағы
айтқанымызды қайталайық деп отырмыз. Әйел сұлулығын
жырлау қазақ поэзиясы үшін кәнігі тақырып болғанмен, оны
асып кетсе айдай сұлу ақ ерке, ақ жүзің аппақ екен атқан

тандай деген теңеулерден аспай келген-ді, енді Дулат сұлу
әйелдің ажары, ақ жүзі демей, сәулеттің сағымы деп атай­
ды, оның үстіне сол сағымды шынардың бұтағына іліп қойған
күннің өзіне теңейді. Бұндай оқыс теңеу – қазақ поэзиясын­

да бұрын-соңды кездеспеген образ. Мұнда әр сөз қосалқы
образға ие: шынар – ең биік ағаш, сондықтан оның бұтағына
ілінген затқа қол жетпейді – сұлу қыз да екінің бірінің қолы
жете бермейтін жан, демек, бұл жердегі шынардың өзі об­

раз. Сол сияқты күн нұрын шашып, айналасына жарық
түсіреді, сұлулық та күн сияқты нұр себеді – әсемдікке де­
ген сүйсіну сезімін туғызады, демек, мұнда күн сөзі де об­
раз үшін алынған. Сол әсемдік жерде жатқан дүние емес,

ие болғың келсе, қолыңды созып көр, шынардың ең биік
бұтағына жеткізе аласың ба – сұлу да сол деген астарлы об­
разды бұрын-соңды қазақ поэзиясы білген емес. Бұл өлеңнің
тағы бір тосын сыры – мұнда көркемдеу құралдарының

байырғысы мен жаңасының түйістірілуінде. Сырт қарағанда
өлең шу дегеннен баяғы өлеңдер сияқты көрінеді: топты орта­
дан ойғандай, қараса көз тойғандай дегендер бұрынғы таныс
образдар, ал келесі үш жол, жоғарыда көрсеттік, мүлде тың

образдар. Бұл шоғырдағы ең соңғы тармақ – алдыңғы алты
жолдағы тезистің қорытындысы: қол жетпейтін сұлулығың
сені азапқа салады: жұртты қызықтырады, таныстырады, айт­
тыртады, мал берген «мықтылардың» біріне пенде болып

кете барасың деген түйін.
Осы өлеңнің «Екінші біреуге» деп аталатын келесі шоғыры
«үйде батыр, түзде жоқ, тоғында мәз, жоқта мүсәпір»
адамның портреті, бұл тезистің қорытындысы – «қаласың

сүйтіп мазаққа». Қалған екі шоғыр да мінез-құлқы жағымсыз,
іс-әрекеттері берекесіз адамдарға берілген мінездеме, екеуі
де соңғы жолдарының ұйқасы арқылы өлең тұтастығын
құрайды, яғни төрт түрлі портрет тұтас өлеңнің негізгі

тақырыбы.
Әрине, Дулаттың барлық өлең сөзі осындай соны об­

раздардан тұрады екен деуге болмайды... Ол, ең ал­
дымен, өзіне дейін сан ғасыр бойы қазақ қауымының
көркемдік-эстетикалық
қажетін

өтеп
келген
ақын-
жыраулар поэзиясының, бай ауыз әдебиетінің бар­

ша байлығын шебер, еркін пайдаланған ақын. Мыса­
лы, оның өлеңдеріндегі тұғырдан түсу, олжаны ортаға
салу, жығасы сөгілу сияқты етістікті тіркестер де, айбарлы
ақорда, шаншулы найза, алтын қарғылы арлан, кең қоныс,

еркін өріс сияқты эпитетті тіркестер де кәнігі, баршаға ортақ
дүнилер. Ақын құдіреті – осыларды орнымен шебер жарата
білгендігінде ғой.
Сөйтіп,Дулат – Абайдың алдында өткен қазақ сөз

зергерлерінің ішіндегі ең мықтысы. Дулатты ауызша тарап
келген ақын-жыраулар тілі мен Абай бастаған жазба әдеби
тілді жалғастырған көпір деп тану қажет. Дулатқа бұлайша
баға беріп, оның шығармашылығы мен тілін айрықша әңгіме

етіп отыруымыздың себебі бар. Алдымен, қазақтың көркем
сөзінің осы бір алыбы саяси-идеологиялық «қырағылықпен»
көп уақыт шет қақпай болып келіп, заман беті түзеле бастаған
күннің өзінде көпшілік назарына жиі ұсынылмай келе

жатқан суреткер. Ол – мәдени-рухани дүниемізден өз ор­
нын, үлкен орнын алуға тиіс ақын. Дулат мектепте оқылатын
әдебиет пәнінен кеңірек орын алуы керек, университеттер
мен пединституттардың филология, журналистика факуль­

теттерінде Дулат ақынды программа бойынша өтудің үстіне,
оның мұрасын әдеби тілдік тұрғыдан сөз ететін арнайы кур­
стар оку да өте қажет деп ойлаймыз. Оның үстіне тек оқушы-
студент жастарға ғана емес, қалың жұртшылыққа да Ду­

лат сияқты ақындарды кеңірек, жиірек таныстырып тұру да
ұлттық мұрамыз алдындағы парызымыз болса керек. Ол үшін
бұл күндегі танымдық хабар тарататын ең пәрменді каналдар

– радиодан, әсіресе, теледидардан ілгергі дәуірлерде өткен

ақын- жыраулардың, соның ішінде Дулат пен Абайдың да
өлең- жырларын бүгінгі тындаушыға жиірек естіртсек. Әрине,
бұл өлеңдер қазіргі күннің үгіт-насихаты үшін емес, бүгінгі
көпшілік қауымды ұлттық рухани азықпен тойындыру және

ана тіліміздің әсемдік дүниесімен таныстыру үшін қажет.
Соңғы бір-екі жылдың барысында бұдан бірнеше ғасыр
бұрын өткен ақындар мен жырауларымызды, билеріміз
мен батырларымызды, сұлтандарымыз бен хандарымызды

халқымыздың есіне түсіріп, сағана-мазарларын тұрғызып,
ас беріп, мерейтойларын өткізіп жатырмыз. Бұл – өмірдің

өзі туғызып отырған қажеттік. Қазір біздегі тапшылықтың
«көкесі» қант пен шай, ет пен май емес (ерінбей еңбектенсек,
олардың орны ертең-ақ толар), ұлттық мәдениетіміз бен ру­
хани дүниеміздегі жадаулық екенін жақсы сезіп отырмыз.

Жоғарғы іс-әрекеттеріміз тек «біздерде мынадай бар, мына­
дай бар» деп Сұлтанмахмұт айтқандай, өткен тарихымызда
мынадай хандарымыз, батырларымыз, билеріміз болған деп
мақтану үшін емес, ұлттық рухымызды көтеру үшін, мәдени

қазынамызды түгендеп, одан қуат алу үшін істеліп жатқан ша­
ралар.
Сондай қуат көзінің бірі – Дулат сияқты суреткердің қал­
тарыста қалып бара жатқанына әлеумет пен ел басыларының

назарын аудартпақпыз. Рас, «Қазақ әдебиеті» газеті осы
жылдың басында-ақ Дулат Бабатайұлының туылғанына биыл
190 жыл1 болатынын жариялап, бұны атап өту қажеттігін
жұртшылық назарына салған болатын. Бірақ «Дулат жылын»

өткізуге арналған ешбір комиссия құрылған жоқ (мүмкін,
құрылса құрылған болар, бірақ істеп жатқан шаруалары­
нан көпшілік бейхабар) не газет-журналдарымыз бен радио-
теледидар сияқты көпшілік қолды құралдар Дулат есімін жиі

атап, кеңінен хабарлар беріп жатқан жоқ, не Дулаттың туып-
өскен топырағы, ел-жұртты дабыл қағып, ұлы перзенттерін
жоқтап жатқан жоқ (мүмкін жергілікті жерде қам-қарекет бо­
лып жатқан болар, бірақ біз одан да бейхабармыз).

Әрине, Дулат сияқты алыптар тек кіндік қаны тамған ая­
дай бір ауданның не облыстың ардақтысы емес, бүкіл қазақ
даласының, барлық іштегі-сырттағы қазақ атаулының аяулы­
сы, перзенті! Дегенмен, той иесі бір жер болуы керек қой, ол

кіндігіміз – Алматы бола ма, туып-өскен топырағы бола ма –
әйтеуір ұлы ақын есімі бір жерде аталып, аруағына бас июіміз
керек! Сөз жоқ, биыл, 1992 жылы бұл тілек-аңсарымыз
жүзеге аспай қалды, бірақ Дулатты еске алудың бір-екі

жылдық әрі-берісінде тұрған еш нәрсе жоқ қой деймін. Әлі де
кеш емес.
Дулаттарды бүгінгі және бір үлкен «шаруамыздың» кәде­
сіне жаратуымыз керек. Ол – көркем сөз үлгілерін қазақ тілі

үшін қазіргі кезде жүргізіп жатқан күресіміздің бір каналына
айналдыру әрекеті. Ана тілімізді тартысып жүpіп мемлекеттік
тіл дәрежесіне көтердік, енді қазақ тілі сол дәрежеден
көрінуі үшін істеуге тиісті іс-әрекетіміздің «бісмілләсі» қазақ

1 Бұл мақала 1992 жылы жазылған

балабақшаларын ашу, қазақ мектептерін көбейту болса, ол
шаруа біртіндеп жүзеге асып келеді. Дұрыс-ақ! Енді жоғары
оқу орындарында қазақ тілінде білім беруді қамтамасыз
етуді қолға алдық, іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге қам-

қарекет жасап жатырмыз, ғылымның көптеген салаларын да
қазақша сөйлетпек ниетіміз бар. Бәрі де өтe дұрыс, оң іс. Бұл
реттегі жұмыстар мен шаруалардың пәрменді болуына басты
назар аударып жатқан жайымыз бар. Бұған да шүкір делік.

Бірақ осылайша қызмет өрісі кеңейіп келе жатқан тіліміздің
сапасы, табиғи сипаты, әсемдігі қандай? Бұрынғы бабалар
қалдырған байлығы мен көркемдігін күшейтіп отырмыз ба,
жок әлде, біртіндеп жоғалтып жатырмыз ба? Бұл сауалдарға

жауап іздеп, ойлап жатқанымыз шамалы-ау деп қаламыз.
Әзірге біз қазақ тілінің мектептерде оқытылып, газет-жур­
налдар мен радио, теледидарда қызмет етіп отырғанына,
там-тұмдап кеңсе тіліне ене бастағанына, қазақ тілін өзге ұлт

өкілдерінің өтірікті-шынды үйренгісі келіп жатқанына мәзбіз.
Ал осылардың баршасы орындалған күннің өзінде қазақ
тілінің тек қатынас құралы болып, бірақ өзінің ғасырлар бойы
қалыптасқан әсемдігінен, көркемдік қазынасынан, табиғат

берген үнді сазынан айрылып дамыса, ондай тілдің бары­
нан жоғы деу керек. Сондықтан жоғарыда көрсетілген іс-
шаралармен қатар жүргізіп, назардан бір сәт тыс қалдыр­
майтын және шаруамыз болуға тиіс, ол – тілдің тек адамдар

арасындағы күнделікті қатынас құралы ғана емес, сол адам­
дарды белгілі бір халықтың өкілі етіп тәрбиелейтін, ұлттық са­
наны, ұлттық психологияны қалыптастыратын құрал екенін
де қатты ескеру. Тіл соңғы қызметінде қолайлы, әсерлі,

әсем болса ғана қолданыс табады. Ал тілдің қолайлылығы
мен әсемдігін ең алдымен көркем әдебиет, әсіресе, поэ­
зия көрсетеді. Қазақ тілінің көркемдік қазынасы: образды
сөз тіркестері мен тұспалды атаулары, әдемі эпитеттері мен

теңеулері алдымен ауыз әдебиеті үлгілерінде, одан кейін бес-
алты ғасыр бойында ерекше түрде ауызша дамып келген ав­
торлы поэзиясы – ақын-жыраулардың өлең-толғауларында,
бұдан соң Дулат, Абай, Шәңгерей, Ақан сері, Ахмет, Міржа­

қып, Сұлтанмахмұт сынды акындардың мұраларында сақтал­
ған. Сол себептен де олар бүгінде тек сандықта жататын асыл
бұйымдар емес, кәдеге жаратып нәр алатын азығымыз, күш
жиятын қаруымыз, үлгі алатын қалыбымыз болуға тиіс!

Осылай тануын танысақ та, сол танымға сай қызметіміз
шамалы болып жатыр. Әйтпесе Махамбет, Дулат, Абай сияқ­

ты поэзия алыптарының мұраларын көпшілік қауымға тек
кітаптар арқылы емес, баспасөз беттері мен радио-теледидар
үндері арқылы да, арнайы мәслихат-конференциялар өткізу
арқылы да, бұларды білдіруге ұмтылдыратын конкурстар жа­

риялау арқылы да таныстыра түспес пе едік? Айталық, радио
мен теледидардан қазақтың XV-XІX ғасырлардағы поэзиясы
минуттарын жүйелі түрде бағдарласақ қандай жақсы болар
еді, өйткені өлеңді кітаптан оқығаннан алатын әсер бір басқа

да, сахна шеберлерінің аузынан құлақпен тыңдағаннан ала­
тын ләззат бір басқа ғой!
Ұлттық рухани жан дүниеміздің тапшылық қыспағынан
шығудың өзге де амалдарын іздесек. Сондай амалдардың

бірі деп сахна өнерін айтар едім. Бұл орайда М.Әуезов атын­
дағы академиялық драма театры мен Ғ.Мүсірепов атындағы
жасөспірімдер театры жақсы бастаманы қолға алды. Әсіресе,
мен талантты өнер қайраткері Райымбек Сейтметовтің ең­

бе­гін айрықша атаймын. Ол кешегі поэзия заңғары ұлы
Абай мен бүгінгі қазақ поэзиясы биіктерінің бірі – Фари­
за Оңғарсынованың өлеңдерінен жасалған спектакльдер
қойып,поэтикалық сөз құдіретінің күшін сахнадан таныт­

ты. Режиссер екі спектакльде де көп ізденістерге барған.
Абайдың өлеңдері мен қарасөздеріндегі негізгі идеяларын
шеберлікпен қиюластырып, әсерлі етіп ұсынған. Актерлер де
Абайдың жас, ересек, ұлғайған шақтарындағы толғаныс саз­

дарын үлкен шеберлікпен келтіріп, көрерменге ұлы ақын об­
разын әдемі ұсына білген. Абайға арналған спектакльді па­
расат гимні десек, Фариза өлеңдеріне құрылған спектакльді
ойшылдық пен сезімталдық гимні дер едім.

Сөз соңында «Ана тілі» бетінде айтқан ойымызды қайта­
ласақ, биыл (тегі, келер жылы делік) қазақ поэзиясында орны
айрықша ақын «Дулат жылы» болса, 1995 жылы «Ұлы Абай
жылы» болмақ. Бұларды тек осы көрсетілген мерей жылдары

ғана дулап-шулап, ат шаптырып, балуан күрестіріп өткізе са­
латын науқан деп танымай, осы реттегі іс-әрекеттерімізде, ай­
татын сөзімізде, жазатын зерттеулерімізде Дулат пен Абай­
ды қазақтың мәдени-рухани дүниесін биікке көтерген алып­

тар, қазақ тілінің құдіретін танытып кеткен сөз зергерлері деп
біліп, олардың мұраларын бүгінгі ана тіліміз үшін жүргізіп
жатқан күресіміздің мықты бір қаруына айналдырсақ деймін.
Тек тіл үшін емес, имандылық, парасаттылык, ұлтымыздың

ең жақсы адамгершілік қасиеттері үшін күресте де Абай мен
Дулаттардың тағылымы қажет-ақ.

Міне, осы ойлардың баршасы Дулат Бабатайұлы туралы
қайта-қайта мақала жазып, оның қазақ әдебиетіндегі орны
туралы бұрынғы айтылғандарды нығыздай түсуге, қалың
жұртшылықты ақынның сөз кестесі жайында да құлағдар ету­

ге мәжбүр етті. Мәдени-рухани, тілдік-эстетикалық қазына­
мыздың зәредей түйірі де жерде қалмасын деп жатқан бұл
күндерімізде Дулаттың өлең-жырларындай сом алтынды
көрмей, кәдемізге жаратпай, сандықтың түбінде қалдыра бе­

руге болмас деген ойымыз да түрткі болғанын білдіреміз.
Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ

ЕКІ КҮЙМЕК БІР ЖАНҒА ӘДІЛЕТ ПЕ?

Абай «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» деген
атақты өлеңін келер ұрпақ жас буынға қарата:
Сонда жауап бере алман мен бейшара,
Сіздерге еркін тиер, байқап қара.

Екі күймек бір жанға әділет пе?
Қаны қара бір жанмын, жаны жара, –
деп әрі терең, әрі сирек ашылар көңіл назын арнамай ма?
Бұл өлең абайтану тарихында Абайдың айрықша бір терең

ойлы мұңынан туындаған саналы сыры, ойлы жалғыздың
келер буынға шаққан мұңы деп бағаланып келеді. Әрі
М.Әуезовтің сөзімен айтсақ, «Өз халқының кейінгі ұзақ та­
рихына өлмейтін із қалдырып отырғанына сенім сіртады».

Өлеңінде өлімді, күн батарға таялған таусыншық күнді сөз
етіп, өлместің сырын жырға қосады. «Жерін тауып артқыға
сөз болмай ма?» – деп өз мұрасының болашақ тағдырын, та­
нылуын ойлап тебіренгенде, келер ұрпақтың әділет көзімен

бағалауына үміт артады, екі күйгісі келмейді.
Абайтанудың жүз жылдық ұзақ сонар даму тарихына ой
жіберіп, шола қарағанның өзінде ұлы ақын мұрасын бірде
жатырқап, артынан қайта табысқанымыз, немесе бірде жалаң

танып, артынан тереңдей түскеніміз жасырып қалар сыр емес,
кеше ғана көз алдымызда болып өткен тарих сүрлеуі емес пе?
Дәл осылай болмаса да осыған тағдыры ұқсас, бірақ
әдеби мұрасы бір күймей екі рет күйген тағдыр тәлкегін Ду­

лат жыраудан көреміз. Ол Абайға дейінгі ауызша айтылып,
импровизаторлық дәстүр негізінде дамып, жалғастық та­
уып келген қазақ поэзиясы мен жаңаша бағыт-бағдармен

даму жолына түскен жазбаша әдебиетті ұштастырып, руха­
ни көпірге айналды, әдеби мұрасымен өз заманындағы сана­
лы ойдың иесіне айналды. Дулат мұрасы жартылай танылған
«ақтаңдақ» қалпында қалып, аты аталса да әдеби жұртшылық

арасында пікір таласында оқтын-оқтын қозғау да салып от­
ырды. Бірақ ол жайында айтылар шындықтың толық, тұтас
күйінде айтылмай, жартыкеш түрінде орнығуы себепті,
тарихи-әлеуметтік өмір болмысына орай туындаған Дулат

шығармаларының басты да туынды сарыны, яғни лейтмотиві
ғылыми тұрғыдан ашылмай қала берді. Жалпы қазақ әде­
биеті тарихында бұл іспеттес «ақтаңдақ» күйін кешіп, түсі түс­
те­ліп, мағынасы ашылып, түгелденбей жатқан мұраар қан­

шама?
Ал, біз болсақ, әдебиет тарихын, әсіресе көркем шығарма­
ларда өз көрінісін тапқан қоғамдық ой-санамыздың ұзаққа
созылған даму жолын танып-білуде өзіндік ерекшелігі мен

қайталанбас орны бар Дулат жырау мұрасын жан-жақты
терең зерттеп, анықтамай-ақ, оған қазақ әдебиетін зерттеуде
ұзақ тұрақтаған тұрпайы социологиялық таным тұрғысынан
айдар тағып жатырқай қарап келеміз. XІX ғасырдың алғашқы

жартысында ақындық өнердің биік тұғырына көтерілген, за­
мана жыршысы болған Дулат мұрасының бір емес екі күйген
себебін танып-анықтайтын кезең жеткен сияқты.
Дулат ақындық құрған заманда қазақтағы хандық құры­

лыс жойылып, 1822 жыл мен 1867-1868 жылдар аралы­
ғында отаршылдық негіздегі аға сұлтандық жүйесі орнығып,
ел билеудегі жаңа терминдік атаулар дүниеге келді, осыған
орай қазақ атқамінерлерінің жаңа тобы қалыптасты. Ду­

лат өлеңдеріндегі өткір сын нысанасына алынатын қазақ
атқамінерлерінің жаңадан пайда болған типтері де дәл
ағасұлтандық жүйе тудырған билікке орай туындаған құбы­
лыс­тар екенін айна-қатесіз танимыз.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы кезеңде ерекше на­
зар аударар жағдаяттың бірі – отарланған қазақ даласы­
на патша үкіметінің ислам дінін үстемелеп орнықтыру сая­
сатын ұстануында жатыр. Осы кертартпа саясаттың нақтылы

жүзеге асуын өз көзімен көрген Шоқан Уәлиханов: «Ал, біздің
Сібірде үкімет мұсылмандықты бірыңғай қамқорлыққа алды,
соның арқасында біздің облыста ислам ауа жайылып етек
алып отыр. Бүкіл қырда татардың шала молдасы көбейіп,

Орта Азиядан шыққан әулиелер қаптап кетті», – деп жазуы
арқылы осы саясатқа өзінің қарсылығын білдіреді. Өйткені,

осы дін келімсектерінің арқасында халықтың рухани азып-
тозып бара жатқанын сезіне отырып: «...біздің жыршылары­
мыз халықтың батырлар жырының орнына халық өлеңдерінің
түріне айналдырып алған мұсылмандық афокриптерді жыр­

лайды», – деп тіпті халық рухына етене жақын батырлар
жырының орнына мұсылмандық рухтағы исламшылдықты
тартып, күшпен жаюшы дін батырларын, әулие қазыларды
жырмен, қисса-дастандармен насихаттау ісі мендеп бара

жатқанын ашына хабарлайды.
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында етек ала бастаған
патша үкіметінің ислам дінін қазақ даласына жая түсу
саясатының нәтижесі тіпті кітаби ақындар тобына қосылатын

кейбір діндар ақындардың күлдібадам қиссалары арқылы,
баспасөз арқылы насихатталып жатқан кітаптардан да көрінді.
Патша үкіметі Қазақстанды күшпен отарлауды аяқтап,
отарланған жерлердің мемлекеттік шекарасын ресми түрде

нықтап алған соң, бұрын жүргізіп келген ислам дінін қолмен
тарату, ендіру саясатынан күрт бас тартып, XІX ғасырдың
екінші жартысында (1862 ж.), яғни, жер отарын жүзеге асы­
ра бастаған тұста қол астындағы отарланған халықтарды

христиан дініне шоқындыру, орыстандыру саясатын мықтап
ұстанды. Дәл осы мәселеге Ш.Уәлиханов та өз заманындағы
нақтылы мысалдарды келтіре отырып, өзінің «Сахарадағы
мүсылмандық туралы» деген мақаласында баяндап берген

болатын.
Үкімет тарапынан ресми түрде күн тәртібіне қойылып,
қорлықпен ендіріле бастаған шоқындыру саясаты Сібірдің
майда ұлттары тарапынан наразылық тудыра, Орта Азия,

Қазақстан, Поволжье өлкелерінде панисламистік идеяның
өріс алып кетуіне түрткі салған кезең де жетті. Ұсақ ұлттар
буржуазиясы мен дін иелері, әсіресе, олардың ішінен діндар
молда ақындар Қазан, Уфа, Ташкент, Орынбор, Петербордың

өзінде (Ш.Уәлиханов кезінде ескерткендей), батырлар жы­
рын айтудың орнына мұсылманшылдықты дәріптеген діншіл
қисса-дастандардың жариялануы жиілеп кетті. Қазақ елінің
жырқұмар психологиясын шебер пайдаланып, діндарлық

қисса аңыздарды көптеп таратуды мақсат тұтты.
Қазақ еліне ағылып келе бастаған келімсек шала мол­
далар мен қиссашыл кәсіпқой ақындар патша үкіметінің
жат ниетті шоқындыру саясатына қарсы бұратаналардың

наразылығын өз мақсаттарына орай пайдаланып, өз идеяла­
рын барынша насихаттауды көздеген баспа иелері мен діндар

қиссашыл ақындар да көбейді. Солардың арасынан қазақ
ақындарының діни сарындағы өлеңдерін өз танымына қарай
құрап-жамап, текстологиялық жағынан өңін айналдырып,
бұрмалаған өлең жинағы да пайда бола бастады.

Бұл іспеттес сол заманның біз тереңдеп біле бермейтін
белгілі бір саяси-әлеуметтік себептері болғандығын Мұхтар
Әуезовтің: «XІX ғасырдың орта тұсынан бастап... XX ғасыр
басында да Қазан, Орынбор, Петербор баспаларында татар­

дың баспахана иелері, саудагер капиталистері қазақ са­
харасы үшін бастырып таратқан аса көп кітаптар да бол­
ған. Сол кезде басылып, тарап жүрген шала қазақша сек­
сен шамалы кітаптардың көптен-көбі қиссалар болатын. Ол

кітаптардың бәрін де қазақтың діншіл, кітапшыл (ислам­
шыл) молда ақындары шығарған. Осы кітаптардың көптен-
көбі панисламизмді қазақ сахарасына таратып сіңірудің
үгіті еді... мұсылман буржуазиясы мен олардың сыншы­

сы болған әдебиетшілер және баспа орындарының редак­
торлары осы жолда қандай күштерді болса да пайдалануға
тырысқан» (20-том, 147-6.), – деп жазған пікірі арқылы
шындықтың бүркеулі шымылдығын аша аламыз. Мысалы,

Мәулеки «Өсиетнамаға» Дулаттың дінді сынаған «Ишанға»
деген атақты өлеңін ендірмей, назардан тыс қалдырған.
Мұның себебі: дін иесі ишанды өлтіре сынайтын мұндай
өткір сатиралық туынды «Өсиетнамада» көздеген Мәулекидің

бағытына қарама-қарсы мақсаттағы шығарма еді.
Мәулеки жазған, аударған немесе құрастырған тоғыз
кітаптың 1879-1917 жылдар арасында отыз үш рет басы­
лым көруі М.Әуезовтің жоғарыда айтқан пікірін толығымен

айғақтап тұр. Өйткені Мәулекидің өз қаламынан туып,
жарияланған «Сәйтбаттал», «Жұмжұма», «Салсал», «Дариға
қыз», «Наршируан», «Гүлжәмила» қиссаларының бәрі де ис­
ламиятты таратып уағыздауға құрылған басылымдар екеніне

ешбір талас болмаса керек. Ең діндар қисса «Салсалдың»
тоғыз рет, «Жұмжұманың» алты рет қайталанып басы­
луы да осы ойды айғақтап тұр. Бұл қиссалардың бәрінде де
бастан-аяқ исламиятты білектің күшімен, найзаның ұшы­

мен зорлап таратушы фанатик дін қаһармандары дәріптел­
ген. Мұхаммет пайғамбардан бастап, оның күйеу ба­
ла­сы Әзірет Әлі, немересі, Хасан мен Хұсайн, немесе
Сәйт­бат­тал, Жәнәбіл қазылар бірбеткей мадақталып жата­

ды. Бұны жай құбылыс қана емес, бүкіл мұсылман әлемінде
жанданған ислам идеологиясының қазақ арасында көрініс

берген бір белгісі деп білмек керек.Себебі, белгілі мис­
сионер ғалым Н.П.Остроумов (1870 жылы қазақ тілінде
шыққан тұңғыш «Түркістан уәлаяты» газетінің редакторы)
«Исламтану» деп аталатын монографиялық еңбегінде (Таш­

кент, 1914) 1912 жылы бір жыл ішінде ғана шыққан дін
тақырыбындағы 178 кітаптың 1.282.240 дана болып тара­
лу дерегін келтіреді. Мұның сол жылы шыққан бүкіл кітаптың,
яғни мұсылманша 608 кітаптың төрттен бірі болса да, тира­

жы жағынан тең жартысы болып шығуында көптеген астар­
лы сырлар жатыр. Бұл ерекше құбылыстың мән-мағынасын
А.Солнцев «Астраханская Епархиальная Ведомость» (1890,
№ 8–11) журналында жарияланған мақаласында: «...мол­

далардың қазақ еліне еткен әсері біздің үкіметіміз үшін аса
пайдалы емес: қазақтардың ойы мен рухына орыс атаулыға
деген өшпенділікті ендіруге тырысады. Бірақ ислам діні
қазақтардың ақыл-ойына сіңе қойған жоқ. Қазақтардың

мұндай жағдайы орыс миссионерлерінің әрекеті үшін өте
қажетті айтарлықтай мүмкіндіктер береді», – деп арнайы
түрде ескертуінде де көптеген астарлы ойлар төркіні бүркеулі
жатыр.

Мәулеки жайлы архив деректері табылмай тұр, бірақ
оның кім екендігін біз әзірше 1879 жылы Қазанда басылған
«Сәйтбаттал» кітабында жазылған бірлі-жарым, там-тұм
мағлұматтардан ғана білеміз.

Мәулекидің айтуынша, ол – қазақ арасында 1846 жыл­
дан бастап бала оқытып, тілін сындыруға жалданып кел­
ген кірме молда. Басылым көрген кітаптарын тіл жағынан
алып қарағанда – шала қазақша. Аталған тұңғыш қиссасы

«Сәйтбатталдың» кіріспесіндегі мағлұматқа қарағанда, оның
Батыс Сібірдегі Тобыл губерниясына қарасты Жалтыр уезінде
туғаны, ал сол кездегі тұрған жері Семипалат облысы екендігі
көрініп тұр. Семей мен Омбының арасындағы қазақ ауылда­

рында он екі жыл бойы бала оқытып,молдалық құрып келе
жатқан фанатик діндар молда екендігі қиссаның соңында
берілген өзінің мінәжатына енеді.
«Өсиетнама» бойынша берілсе де, Дулат 1962 жылғы

«XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары»
(«Ғылым» баспасы) мен 1965 жылғы «Үш ғасыр жырлай­
ды» жинақтарында жарияланып келді. Ал енді жиырма жыл
өткен соң молығудың орнына тарылып, Дулат шығармалары

1984 жылы жарық көрген үш томдық қазақ поэзиясының
антологиясы ретіндегі «Бес ғасыр жырлайды» жинағы мен

1985 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының «Ғылым» ба­ спасынан жарық көрген «XІX ғасырдағы қазақ поэзиясы» деп ғылыми орталықтан шыққан кітаптан сыпырылып тасталуын қалай түсінеміз? Дулат жайында қалам тербеп, пікір айтқан, бірақ ол мұраны танып-біліп бағалауы әр қилы нысана танытқан зерттеуші тобы болды. Бірақ оларды түгел тізіп, пікір тала­ стырып жатуға орын тар болуы себепті, ең соңғы және де ғылыми басылым ретінде 1985 жылы жарыққа шыққан «XІX ғасырдағы қазақ поэзиясы» деп аталатын кітапта Дулатқа берілген бағаны еске алсақ та жетіп жатыр. Бұл кітапқа да Дулат өлеңдері шамадан тыс сақтық жаса­ лынып кірмей қалды. Бірақ Дулат мұрасына: «Дулат ... өмірге көзқарасы, идеялық позициясы жағынан феодал тобының тілек-мүддесінен, дүниетанымынан аулақ кете алған жоқ (?). Феодалдық өмір салтының қаймағы бұзылуынан қатты қорықты: «Заманның түрі бұзылды, Текеметтің түріндей», «Құрттай нәрсе қалсайшы, Бұрынғыдан ырымға» деп күйзеледі (?), феодал тобы сияқты Россия тарапынан келіп жатқан жаңалықтан (?), патша отаршылдарының қазақ жұртына жасаған озбыр қылықтарынан басқа ештеңені (?) көрмеді» (45-6), – деп таптаурын болған ескі таным тұрғысынан шегелей баға бере кетуді ұмытпаған. Осы бір сөйлемде ғана айтылған айыптай бағалаудың іргелі де жүйелі таным негізінде берілмеуі себепті, автор төрт түрлі қайшылыққа ұрынғаны көрініп тұр: 1. Дулатты феодал тобының дүниетанымынан, тілек-мүд­ десінен кете алмады деп бағалаудың негізі жоқ, шындықтан алыс таным деп білеміз. Себебі, Дулат өз өлеңдерінде мал­ сыздардың, мұңдылардың мүддесі тұрғысынан феодал тобының ел билеуші атқамінерлерін әшкерелей сынаған бірегей ақын болуымен дараланады. Өйткені Дулат өз за­ манында қазақ даласында орын тепкен саяси-әлеуметтік өмір шындығын ой елегінен өткізе суреттеуімен де көп сырға молықтырады. 1752-1755 жылдары Тобыл, Ертіс, Сібір линиясы Орын­ бор линиясымен түйісті. Олардан Бұқтырмаға дейінгі екі аралыққа 141 қорған салынып орнықты. Бұл кезеңде Рос­ сия патшалығы басты назарды Еуропа жағына бұруы себепті, қазақ даласын отарлауды үлкен сақтықпен, асықпай, қазақ жеріне көз алартып отырған Қытайдың қытығына тимеу үшін, аралық жағдайды қатаң есепке алып жүргізді. Мұны

«Жетісу казак әскерінің тарихы» (СПб.,1908) деген кітаптың
авторы Леднев те айтады. Қазақ жерін отарлаудағы аса бір
айлакерлік тәсілді және де мейлінше ащы бір шындықты:
«...қазақтар арасындағы үздіксіз өзара ру таласын пай­

даланып отырады. Олардың билікқұмар ел билеушілері
орыс ұлығының көмегімен билігін сақтап қалу мақсатында
өздерін орыстардың қол астына алуға қол жеткізіп отыр­
ды» (55-бет), – деп жазында тани білген кісіге көп нәрсенің

қатпарлы сырларын ашып береді. Яғни, «бөлшекте де билей
бер», «жабайыларды жабайылардың қолымен табындыр»
дейтін отарлаудың ғасырлар бойы сыннан өткен классикалық
тәсілдерін майдан қыл суырылғандай, ептілікпен жүргізіп,

көздеген мақсаттарына оңай қолмен жетіп отырғанын
көреміз.
1824 жылы орта жүзде бірнеше округтар құрылып, ел
билеудің аға сұлтандық жаңа жүйесі орныға бастады. Бірақ

Қытай мен екі арадағы жағдайға алаңдаған Сібір генерал-
губернаторы Аягөз округын 1831 жылы ғана ашып, оған қоса
Жетісуды отарлап алуды да мақсат етіп қойды.
Міне, осындай ерекшелігі бар саяси-әлеуметтік жағдай­

ларды өз көзімен көріп, оның қайнаған ортасында ғұмыр
кешкен Дулат жырау әскери қызмет адамы Леднев зерт­
теп барып айтқан тарихи шындықтарды ақындық тілмен
көркемдік шындыққа айналдыру арқылы қазақ қауымының

саяси-әлеуметтік
болмысында
орын
тепкен

қосқыртыс
құбылыстарды шыншылдықпен суреттеп бере алды. Мысалы,
ел билеуші үстем тап өкілін:
Малсыздарды таптадың,

Малдыларды жақтадың,
Арамдарды ақтадың,
Өсекшіні мақтадың...
Орыс болды жаққаның,

Қашан сенің ашылар
Мұңдыларға құрылған
Қанды қара қақпаның, –
деп, Леднев айтқан шындықты дәл меңзейді. Дулат өз ішкі та­

нымында «қанды қара қақпанның» иесін іш тартпайды, қайта
мұңдыларды, малсыздарды ашық жақтап, отаршыл орыс
ұлығына иық тірейтінін от ауызды, орақ тілді ақындарға тән
батылдықпен ашық айтады.

Дулаттың әшкерелей сынайтын шыншыл ойының адресі
кімдерге арналатынын көруге болады:
Халыққа емес сыйымды,
Парақор баспақ биіңді,

Ел бүлдіргіш бегіңді...
Улы тілмен улаттым, –
деп кімдерді таңбалап, кімдерді қасқалап отырғанын ашық
меңзейді.

Ал «Кеудеме қайғы толған соң, тұнық жырмен жуы­
нам» дейтін ақиық ақын Дулаттың ұйқы бөліп, қайғы алған
жүрекжарды ақындық ойының қозғаушысы кімдер? Қазақ
қауымының қай тобы, қай жігі десек те бұған жауапты

Дулаттың өзі береді:
Сана беріп ойына,
Қуат беріп бойына,
Аққан жасы сел болған,

Етегі толып көл болған,
Беріш боп шері байланған,
Ұйқы беріп, қайғы алған
Қайғылыны уаттым, –

деп тебіренген ашық таным, айқын ойдың сыншыл жыршы­
сын қалайша феодал тобының тілегін жақтаушы деп көзін
жұмған мысықтай көлгірси қаламыз?

2. «Заманның турі бұзылды, текеметтің түріңдей...» деп,

феодалдық ескі өмірдің бұзылуына күйзелді деп, Шор­
танбай өлеңін Дулатқа тели салу білгірлікті көрсетпейді.
Екіншіден, бұл өлең XІX ғасырдың екінші жартысында Рос­
сияда крепостнойлық правоның күйреуімен-ақ капитализм

өріс жая бастаған тұста қазақ даласын да осы өріске тарту
процесі күшейген кезеңдегі Шортанбай заманының шындығы
болатын-ды. Осыған орай ел билеу жүйесі де жаңа низам
ережесі негізінде жүргізіледі. Ал Дулат болса XІX ғасырдың

алғашқы жартысында өзіндік ерекшелігі бар ел билеудің аға
сұлтандық жүйесі сырттан таңылған заманның ақыны. Осы
себепті екі дәуірдің екі бөлек ақыны әрқайсысы өзі жасаған
саяси-әлеуметтік ортаның шындығын жырлағандықтан, олар­

дың дәуірін алмастыру жаңылыс танымға алып келген. 3. Дулат «феодал тобы сияқты Россия тарапынан келіп жат­

қан жаналықтан (?), патша отаршылдарының қазақ жұртына
жасаған озбыр қылықтарынан басқа (?) ештеңені көрмеді», – деп
айыптаудан екі түрлі қайшылық сезіліп тұр. Біріншіден, «Рос­

сиядан келген жаңалық» деп нені айтамыз? Әлде отаршылдар
сырттан таңған ел билеудің аға сұлтандық жүйесін айтамыз ба?
Мұның өзі Россия империясының үстем табының отаршылдық
мүддесінен туған айла-шарғылар емес пе?

Екіншіден, Дулат жасаған заманда қазақ даласына Россия
отаршылдарының қарулы қолы келсе де, демократиялық азат
ойлы Россияның еңбекшіл қауымы келе қоймаған тұс бола­
тын. Бұл іспеттес аралық жағдайды, ерекшелікті еске алмау да

жаңылыс ұғымға әкеледі. 4. Отаршылдардың озбырлығынан басқаны көрмеді деу­­

дің өзі де біржақты теріс ұғым тудырады. Өйткені Дулат
өз заманы тудырған еңбекші халықтың екі жақты қаналу
процесін айқын түсініп, сырттан енген отаршылдық қанау
мен мүддесі жағынан соларға қосылып, елді қосыла талаған

қазақ атқамінерлерінің қорқау қасқыр құлықты мінезін көріп,
ашық сынға алған шыншыл ақыны болды. Яғни, ол екі жақты
қанауды да көре білген, әрі оны аяусыз ақындық ащы тілмен
әшкерелей алған мұңдылар мен қайғылылардың ақыны бола

білді.
Міне, автор Дулат мұрасына баға берген бір тұтам сөйле­
міндегі танымында төрт рет сүрініп жатқан себебі де айтыла-
айтыла жауыр болған ескі таным тұтқынынан шыға алмай,

тағы да Дулаттай дарынды ақын мұрасын екінші рет әділетсіз
күйдіріп отырған замандасымызды көреміз.
Дулат мұрасының біздің заманда екінші рет жазықсыз
күюінің басты себебін Қазақ ССР Ғылым академиясының

корреспондент-мүшесі, қадірменді жаңашыл ғалым Рабиға
Сыздықова өз мақаласында: «Дулатты тануымыз «Өсиет­
наманың» идеялық-эстетикалық мазмұны мен сипатына
қарай болып келгендігіне көзіміз жетті», – деп тұжырым жа­

сауында қазіргі күнде әдеби оқырман қауым күткен шындық
болмысы жатыр. Әрі бұл расында мойындалған нақтылы
танымға да айналып отыр.
Дулат мұрасын жаңа таным тұрғысынан әділ бағалап,

әдебиеттегі заңды орнын алуына өмірден ерте кеткен аса та­
лантты ғалым Құлмат Өмірәлиевтің 1983 жылы басылым
көрген «Қазақ поэзиясының жанры және стилі» деп аталатын
монографиясының мәні ерекше болды. Өйткені ғалымның

ақын мұрасын танып білу жолында жаңаша зерттеу методы­
на сүйене отыра, Дулат өлеңдерінің басты сарынын тудыруға
себепкер болған сол кезеңнің тарихи жағдайларымен бірлік­
те ала отырып қарастыруы жаңа танымға алып келеді.

Бірақ Дулат мұрасын жаңаша бағалап, әдебиеттегі орнын

анықтау Қ.Өмірәлиевке оңайға түспеді. Мұндай жаңаша
танымға қарсыластар әдеби қауым арасынан шықпай, мүйізі
қарағайдай лауазымды ғылым адамдары арасынан бой
көрсетті. Өз таным тұрғысынан екі жақты қаналып, езгіге

түскен халқын:
Хайуанмен тең саналдың,
Терідей болып тоналдың,
Жол таба алмай қаналдың, –

деп, кеудесіне халық қайғысы тұнған ақын мұрасын терең
зерттеп, бойлай танып білуге ұмтылған ғалымның азаматтық
әрекетіне әр қилы сылтаулармен тосқауыл қоюға тырысқан
ғылым адамына арналған өлеңінде Құлмат:

Азамат ұл тарихтан сыр іздеген,
Сыр іздеген, көнеден тіл іздеген.
Тіл іздесе, көлденең біреу тұрды
Ой-қиялды тарихқа жүргізбеген.

Жүргізбеген, тарихты білгізбеген,
Білсем деген ниеттен кір іздеген, –
деп ашына жазуында күдікшіл, кертартпа жандарды таңбалап
өтетіні бар. Академик Д.С. Лихачев те ескі мұраны бағалауда

мезі болған танымға табынған кісілер жөнінде: «...кісінің
мәдени ой-өрісі қаншалықты тар әрі шектеулі болса, онда
мұндай кісі барша жаңалықтарға және «барынша көнеге»
солғұрлым жаны төзгісіз, мұнымен бірге ол кісі өзінің әдетіне

айналған ұғымның билігіне солғұрлым тәуелді, барынша
күдікшіл жан болып келеді», – деп ескертетіні де жай нәрсе
болмаса керек-ті.
Қазақ әдебиеті тарихындағы ойдым-ойдым ақтандақ бо­

лып жатқан жерлерді танып-білуде, оның жақсы жақтары
мен көлеңкелі тұстарын тұтас алып, шындықты бар болмы­
сымен ашуға тосқауыл болып келе жатқандар да осындай
мейлінше күдікшіл, әдетке айналған ескі ұғым-танымның

тұтқынынан шыға алмаған жандар екені сөзсіз, әрі ондайлар
әлі де ұшырасып отырады.
Қ.Өмірәлиев дайындаған, Дулаттың бүкіл туындылары­
на текстологиялық зерттеулер жүргізіп, оның атына таңылып

келген жамау, жасқаулардан арылтып, асылынан жасығын
ажыратып екшелген Дулат жыраудың «Замана сазы» жинағы
бүгінгі жаңа буын жас ұрпақтың, оқырман қауымның асыға
күткен ырыздығы екендігін жұртшылық есіне тағы да сала

кетуді артық санамадық.

Мұхтар МАҒАУИН

ЖАҢА БАҒЫТ МӘЙЕГІ

Патшалық тәртіпке үстеме ретінде қазақ даласында
капиталистік қатынастар бой көрсете бастады. Ескі хандық,
патриархалдық жол-жора күшінен айрылды, қауым мен
қауым, адам мен адам арасындағы катынас басқаша өріс

тапты. Енді екі жақты езгіге түскен еңбекші бұқара біржола
титықтады. Міне, осы, қайшылығы мол, күрделі кезең кейпі
замана талабын қашанда жіті андайтын дарынды ақындар
өнернамасында мейлінше кең көрініс тапқан еді. Қазак

поэзиясындағы осы жаңа бағыттың ең көрнекті өкілі Дулат
(1802–1871) болды.
Дулат қазақ халқының, бүкіл түркі халықтарының ескі
шежіресінен жақсы хабардар, көне ақын, жыраулар мұра­

сын жете таныған, оның озық қасиеттерінен нәр алған
кең тынысты ақын еді. Дулат жырларының күш-құдіреті
оның көркемдік қуаты, мазмұн байлығымен қатар, зама­
на келбетін бар бедерімен көрсете білген шыншылдығында.

Көркем сөзді халыққа қызмет ететін қару деп ұғынған ақын
өз шығармаларында заманының көкейкесті мәселелерін
қоз­ғай­ды. Бұлардың ең бастылары – патша өкіметінің қанау­
шылық саясатының мәнін ашу, халықты талан-таражға са­

лып, езіп, жаныштап жатқан шенеуніктер мен ел шон­
жарларын сынға алу, жұрт тұлғасы саналатын, бірақ өз
басының ғана күйін күйттейтін ірілерді, құдай атымен
құрмет көретін, бірақ қу құлқынынан басқаны ойламай­

тын дін өкілдерін әшкерелеу. Екі жақты қанауға түскен қалың
бұқара басындағы қиын кепті түсіне білген Дулат тығырықтан
шығар жол таба алмайды. Бұл – ақын өнернамасыңда ашы­
ну, түңілу сарындарының орын алуына себеп болды. Дулат

ел басындағы мүшкіл халді тек патшалық тәртіп зардабы деп
білмейді, қазақ қауымының өзінің де азғындауының нәтижесі
санайды. Әйтсе де, туған халқының болашағынан күдер
үзбеген ақын өзінің кейбір шығармаларында қазақ халқының

өткен тарихына үңіледі, елін сүйген азамат қандай болуы
керектігі жөнінде толғанады. Ақынның көңіл-күй, табиғат ли­
рикасы да сол дәуірдегі қазақ поэзиясы үшін жаңашыл сыпат­
та болды.

Серік НЕГИМОВ

ДУЛАТ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жорықтарда жолбарыстай жорытқан Еспембеттей айбар­
лы һәм қаһарлы ерді жырау:
Ер Еспембет кешегі
Ерекше ер деседі.

Тіл біткеннің шешені,
Топта бермес есені,
Үлгі айтса – көшелі,
Жауға шапса – көсемі, –

деп жүйткіте толғаған ғой. Осынау әуезді, әсерлі жолдар­
да тегеурінді «Өнер желмаясының» нұрлы бейнесі жарқын
түрде сомдалып сипатталған. Ұлттық поэзия тарихында Ду­
лат Бабатайұлының атойлаған ақындық даусы, сан кыр­

лы өзгеше қасиет-өрнегі асқақ үнмен саңқылдап естіледі.
Қазақ халқының басындағы дертті, мұңлы, шерлі сарында­
ры, тағдыр тауқыметі, кер заман кейпі «ағыны тас ағызған»
қанатты ақынның толғау-жырларында шынайы суреттеледі.

Әдебиет әлемінде ұлылығымен де, сұлулығымен де,
тереңдігімен де ерекшеленетін ерен дарын Абайдың ақын­
дық күмбезінің сән-сәулетін Дулат соққан мұнарасыз елес­
тету мүмкін емес. Көркем ой-сана жүйесінде, әдеби да­

му дүниесінде сабақтастықтың, тамырластықтың болуы
заңды да. Хас суреткер көркемдік тәжірибені мұқият сақ­
тап, жаңартып отырады. Асылы, Дулат – қазақ өлеңінің
көркемдік көкжиегін кеңейткен, ішкі ағыс-толқындарын,

нәзік иірімдерін байытқан, сөздік-образдық оқылысын күр­
де­лендірген жырау. Көркемдік шеберлік дегеніміз мей­
лін­ше кең ұғым. Бұл қыруар құбылыстарды қамтиды. Ол
жыраудың

философиялық-эстетикалық
көзқарастарымен,
мәдениетімен, тақырып шеңберімен төркіндес.
Дулат жырау өмір, тіршілік, тұрмыс хақында, қоршаған

орта, әлем жөнінде, өзгермелі, құбылмалы, опасыз, алдам­
шы, жалған дүние турасында толқып тебіренеді. Кең ойлы,
тапқыр тілді ақын заман сияқты алып дененің болмысын та­
мыршыдай дөп басып, болашақты дәл болжап көріпкелдік та­

нытады.
Зобалаңы мен зорлығы, шырғалаңы мен қорлығы асқын­
ған қилы заманды гөй-гөйлетіп сөйлетеді:

Мынау азған заманда
Қарасы – антқор, ханы – арам;
Батыры көксер бас аман:
Бәйбіше – тантық, бай – сараң;

Бозбаласы — бошалаң;
Қырсыға туды қыз балаң;
Нары жалқау, кер табан;
Құсы – күйшіл, ат – шабан,

Жырғалаң жоқ, жобалаң,
Ебі кеткен ел болды,
Енді қайда мен барам?!
Жырау ой-сезімін, заман қайшылығын шебер жеткізу үшін

осындай шендестірулерді туындатқан.
Мұндағы көркемдік куәліктер – жыраудың тұрмыс-тіршілік
толқындарын, замана дауылының қалай соғатынын, дүниенің
құбылмалылығын терең ойшылдықпен барлап, бақылап

түсіндіретіндігі.
Бір кездері Дулат, Шортанбай, Нармамбет, Мұрат сынды
зар заман ақындарын жарқын болашақтан шошынған, се­
скенген, өмірден түңілген деп шенедік. Шын мәнісінде, зар

заман күйін шерткен ақындар аз емес. Оған Сәкен Сейфуллин
мен Мағжан Жұмабаев және тағы да басқа ел ақындары мен
билері де қосылған. Мәселен, Мағжан Жұмабаевтың:
Жүрегім, мен зарлымын жаралы да,

Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да, –
дегенінде қазақ қоғамының ащы шындығы, қасірет-кесапа­

ты боямасыз берілген. Мағжанның шырқыраған даусы – хал­
қының жан айқайы.
1959 жылы әдеби мұраны зерттеуге арналған ғылыми-
теориялык конференцияда Дулаттың шығармашылық еңбегі­

не көлеңке түсірмеуге, қайта әділ бағасын беруге ұмтылыс
байқалды. Сонда да «Дулаттың құлап жатқан жерлерінде
құлағынан тартып, көтере беруге бой ұрды» деген пікір де ай­
тылмай қалмады.

Жер тозып тулақ болғаны, ер азып аруақ болғаны, ел са­
сып отаршылдық саясат құрбаны болғаны, бастан билік, астан
береке қашқаны, «қоңыр салқын самалдың сары ызғырық
желге» айналатыны, caп алтынның сары жездің орнына

жүретіні, «ер шөгіл, есер ержететіні», «тырнадан би сайла­

натыны», «күнбатысқа көз салмай, күншығысты еске алмай»
алаңсыз күн кешкені, бір сөзбен айтқанда, осындай зар заман
күйлері – Дулат жыраудың негізгі тақырыптары.
Дулат жыраудың «Сөзім бар да, көзім жоқ» жырындағы:

Дүние-жемтік, мен – төбет
Соны бақпай, не бақтым?
Ырылдасып әркіммен,
Не қапқыздым, не қаптым, –

деген лебізі құйыны мол, шырғалаң, бұлтарысы есепсіз өмір
жолдарында көрген, түйгенінен туған салыстырулар. Ақын
ойының осы бір дәні Абайда былайша өсіп жалғастырылған:
Дулат:

Мөңіреп жұрттан ой қайтты
Бұзауы өлген сиырдай.
Абай:
Адасқан күшік секілді

Ұлып жұртқа қайтқан ой.
Халықтың көркемдік-эстетикалық ойлау жүйесіне серпін
қосқан, ұлт тілінің негізгі сөздік қорын сарқа пайдаланған
санаткерлер осылайша бірін-бірі толықтырып, ойға ой

үстеп, мысқалдап дамытады. Яғни, халықтық поэзиялық
ой-өрісін, дүние-танымын тереңдеткен сұңғыла жыраудың
даналық мәйегіндей мәнді қорытындылары мен тұрлаулы
тұжырымдары Абайдың ақындық көрігінде құрыш болаттан

құйылғандай жаңарып, толысып, қайта түлеген.
Негізінде, ақыл-ой дүниесіндегі үздік көркемдік табыстар
мен олжалар бірден туа салмайды. Күрделі жолдарды бастан
өткізеді. Поэзиялық образ, эстетикалық мәні терең бейнелі

ұғым, бейнелі сөз, бейнелі сөз-символ әуелде мифологиялық
түсініктерден немесе практикалық тәжірибеден туындай­
ды. Бұл ретте Абайдың «Татьянаның Онегинге жазған хаты»
дейтін тәржімасын, тәржіма емес, төлтума өлеңіндегі мына

бір сөз шолпанының сырына зейін қояйықшы:
Жас жүрек жайып саусағын,
Талпынған шығар айға алыс.
Өрнекті де, суретті сөйлем. Жас жүректе саусақ болма­

са да, саңлақ суреткер қиыннан қиыстырған, сәйкестік тап­
қан. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты атақты

еңбегінде (1922) алты айлық сәбидің айды көрсе әперші
дегендей саусағын ербеңдететіні жазылған. Демек, Абай
жас нәрестенің қимыл-әрекетін бейнелі образға айналдыра
қойған. Жас бала, жас сәби демей, жас жүрек деп бейнелі

сөз төркінінің алдыңғы сөздермен аражігін ұсталықпен
білдірмей кіріктіріп жіберген сияқты. Сондықтан да бейнелі
сездің түп-тамыры негізі бар затта, нақты құбылыста деп
топшылаймыз.

Дулат поэзиясының метафоралық жүйесіне ой көзімен
үңілмеске болмайды. Ақын ой-пікірін, бал суындай лебізін
көрікті жеткізу мақсатында сөз күмісін сұрыптап, ой теңізін
толқындатады. Мысалы:

а) Ішің – аяз ақ қырау, Сыртың – сұлу сарайсың;
ә) Ыдысысың параның, Қотара құйса толмайтын;
б) Алтын зерлі түбімсің, Алтынның айшық буысың;
в) Құтысына көңіліңнің, Төгіп алма, дәлдеп құй;

г) Бақ құсы қонып басына, Еспембет келді еліне;
ғ) Сүйіп алған сұлу жар – жүрегіңнің құрағы;
д) Кеңшілік сүті.
Сондай-ақ, ақын жырларының көркемдік әлемінде әсерлі,

сұлу теңемелер молынан ұшырасады. Мұның өзі Дулаттың
жаратылысты, шаруа-кәсіпті, тұрмыс-тіршілікті, рухани мәде­
ниет тарихын біліктілікпен таразылайтынының белгісі.
Дулат поэзиясындағы оюлы, нақышты, сырты сұлу, іші

ну алтынның қиқымындай айқындау сөздердің ақындық
ойды тірілтіп, түрлендіріп отыруға тигізген септігі зор. Атап
айтқанда: «Қанды қара қақпан», «Қара толқын жауы», «Ай­
барлы ақ орда», «Алтын сапты селебе», «Борсық тұмсық,

қанды ауыз», «Кебеже қарын, кең өңеш», «Томаға көзді боз
тарлан» және т.с.с.
Өлең сөздің көркемдігі, ұшқырлығы, музыкалық сипа­
ты – оның құрылысына да байланысты. Дулат жырау ту­

ындылары жыр үлгісіне негізделген. Жырдың әр тармағы
7-8 буын болып, шұбыртпалы, еркін, егіз ұйқас түрлеріне
құрылады. Ш.Уәлихановтың жазуынша, жыр қобыздың
сүйемелдеуімен орындалады. Жырдың ең негізгі тақырыбы –

халық батырларының өмірі мен қаһармандық іс-әрекеті. Жыр
Жанақ (1770-1856) ақыннан соң дәстүрден қала бастаған.
Демек, Дулат жыраудың да жыр шығарғанда қобызды пайда­
лануы мүмкін ғой деп жорамал жасауға болатындай. Өйткені,

оның жыр-толғауларында әуезділік, саздылық, үнділік ба­
сым. Оның үстіне жаһанды мекендеген халықтардың ішінде

әуезділігі жөнінен фин, итальян тілдерінен кейінгі үшінші
орынды иемденетін қазақ тілінің осындай сыңғыр келісімін
жетік пайдаланғанына мынадай үзінділер дәлел:
Ақтабан боп шұбырып,

Асып асқар таудан да,
Алқа көлді айналып,
Ақ қайыңды сауғанда
Арысын белден омырып,

Қалмақ тартып барды алда...
Дулатта ділмәр сөздер де баршылық. Оны өмір туралы
ғылымның мәнді тарауы десек те болады. Ол философиялық
мәселелерді, этикалық проблемаларды тереңнен қозғайды.

Айталық: 1. Аузыңа ие болмасаң,

Бәле үйір, жалакез.
Аузыңнан шықса, жел естіп,
Жер түбіне жетер тез.

2. Елің үшін еңбек қыл,

Отыра берме бекерге.
Көмбеге таяп қалғанда
Жүйрікке керек көтерме.
Өлеңнің ырғақтық кестесін, экспрессивтік мәнерлілігін арт­

тыратын тәсілдің біреуі – синоним сөздер:
Төрдегі өңшең отырған
Топырыш, топас күшіген.
Жау айбынбас күшінен ...

Дулат поэзиясында паң табиғаттың кербез, келісті суреті де
кестелене бейнеленген. Пейзаж ұлттық тілдің нәзік, мөлдір,
терең сырларын, сөздің музыкалық, поэзиялық, көркемдік
қасиетін жарқырата көрсетуге ұйтқы болса, екіншіден,

шығарманың ішкі мазмұнын, эстетикалық сапасын байытады
(«Сандықтас»),
Дулат Бабатайұлының «Шаштараз», «Айтпасымды айт­
қыз­дың» деген дастан, мысалының да этикалық-филосо­фия­­

лық мән-маңызы, ғибратты тәлімі, өнегелік қырлары ұлан-
ғайыр.
«Шаштараз» дастанында: дүниені уысында ұстаған патша­
ның басында қос мүйізі болады. Оны жан баласы сезіп

қойса, бақыты таяды екен. Сондықтан ол тәжін басынан еш­

қа­шан түсірмейді. Шашы өсіп, патшаның сиқын кетіреді.
Сонда шаһардағы ең епті шаштаразды шақырып алып, сы­
рын сарқып айтады. Біріншіден, басымдағы қос мүйізімнің
барлығын құпия ұстайсың, екіншіден, басқаның шашын

қимайсың, үшіншіден, аузыңнан шыққан сөзге ие боласың
дейді. Таза болсаң, үй де, ділда да, жиһаз да, қызметшілер
де, саят құруға құс та, құралайды көзге ататын мерген де,
құшағыңа сұлу қыз да беремін деп уәде етеді.

Шаштараз міндетін атқарады. Мүйізді көрген соң, есінен
танады, іштей булығып айтқысы келеді. Бірде таң алдын­
да, алакөбеде шаһардан шығып, ен далада етбетінен жатып,
көрген-білгенін шыдай алмай ақыры қара жерге сыбырлап

қояды.
Өзен тасып, сырын төккен ойпаң жерге құрақ өсіп, шаш­
тараздың лебізін құрақ судырлап, жел жыбырлап, жалпақ
әлемге жайып жібереді. Осы бір мезетті жырау былайша ба­

яндайды:
...Көк құрақ басын иеді,
Жылы леп пен жылмақ жел
Бұраңдатып сүйеді,

Сылдырлатып ән салды...
Дүниеге хабар таралды,
Жел айтқанды ел айтып,
Патшаға хабар барады.

Қамыс айтты, жел айтты,
Ел айтқанда, шын айтты.
Серт пен сырға осалдық танытқаны үшін, шаштараздың
басы алынады. «Ешкімді жамандама, қара жер де жеткізіп

қояр» деген аталы сөздің мағынасы мен тағылымына жете
түсінбегендігі ақыры түбіне жетеді.
Ал, «Айтпасымды айтқыздың» деген мысалында мақтан­
гөйлік, тәкәппарлық, даңғойлық, кеудеге нан пісушілік

өткір сынға алынады. Жырау бұл ойын астарлап, ишарат­
тап, жұмбақтап жеткізеді. Тауыс байғыз құсқа менмендік,
өзімшілдік көрсетіп панданады: «Мен асқан сұлумын, сен
қорашсың, елеусізсің», – деп. Тауыс одан сайын күпініп, құс

төресі самұрық пен лашын да менің көркем, тектілігімді мой­
ындайды дейді. Сол уақытта лашын шүйіліп келіп, тауыстың
дәм-тұзын тауысып, түбіне жетеді.
Алды-артыңды барлап, сыр-сезіміңді ішіңе сақтап, біреуді

келемеждемей сөйлегенге не жетсін деген ойды мәлімдейді
жырау.

Жалпы, Дулат Бабатайұлының ақындық мұрасы негізінен
осы алуандас жанды, бейнелі образдық жүйесімен, нақышты,
кестелі тілімен, терең мағыналылығымен, сыңғыр қаққан
келісімімен ерекшеленеді.

Тұрсынжан ШАПАЙ

АБАЙ МЕН ДУЛАТ

Ұзын ғасырлардан созылып аққан қазақ сөзінің мәйегі
Абайға кеп, өзін-өзі танымастай жас қуатпен жайнап, жаңа
арнаға лықсыды. Осы кеп құйған дариялардың толқыны
абайлық ағыстың ұзына бойында арқауын үзбей жөңкіліп

жатыр. Абай мұны сезген жоқ, бағалаған жоқ деуге ауыз
бармайды. Абай «Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жыра­
уды» бекерге ауызға алмайды. Бұлар – сарай ақындары
емес, Абай жек көретін ел ақтап өлең айтқан, сөз қадірін

кетірген қатардағы өлеңшілер емес. Бұлар, күмәніңіз болма­
сын – Абай үшін, өзінің алдында өткен қазақ акындарының
ішіндегі ең қадірлі есімдер. Бұқар, Дулат, Шортанбайлар­
ды «мансұқтау» – таза эстетикалық деңгейдегі «терістеу».

Бұл,
айталық
Шортанбай,
Дулат

шығармашылығының
халықшылдық, әлеуметшілдік сипаттарын, өзіндік шындығы
мен әсемдігін жоққа шығару емес – жаңа поэтиканың
туғанын жариялау. Осы фактіні жұрт санасына сіңіру үшін нақ

солардың беделі қажет болды деп түсіну керек.
Меніңше, кейбір әдебиеттерде, айталық көне шығыс поэзи­
ясында пәленшенің ұстазы (немесе ізбасары, шәкірті) түгенше
деп нақтылап айту тым шартты нәрсе. Мәселен, ортағасырлық

шығыс шайырларының негізгі, анық ұстазы – тұтас әдеби
канондар. Қазақтағы жыраулық поэзия туралы да осыны
айтуға болады. Бұқардың, Махамбетгің ұстазы Шалкиіз, не­
месе Доспамбет еді деу – жеткіліксіз. Оларға ұстаз – тұтас

поэтикалық дәстүр, жыраулық поэзия. Абайдан бастап, жал­
пы поэтикалық үрдістермен қатар ақынға ерекше ықпал еткен,
оның поэтикалық әлемінде үзілмей желі тартып жататын жеке
есімдер пайда болды. Абай үшін қазақ топырағындағы мұндай

ең алғашқы тұлға, даусыз – Дулат.
Абайдағы әлеуметтік сарынға бойлаңыз. Тақырыптарды
шолыңыз, поэтикалық тіл кестесіне, түрлік, бейнелік үлгілер­
ге, кейбір ырғақтық – интонациялық – әуендік құбылыстарға

назар аударыңыз – Абай әлемін зерлеген дулаттық өрнек­
терді жазбай танисыз.
Дулаттағы әлеуметтік Мұң – қазақ санасында бұрын
болма­ған жаңа күй, жаңа сарын. Әуелден бар ел айырыл­

ғанның зары, жерден кеткеннің сағынышы, жаудан көрген
жапаның ыза-наласы, қара орман, қарындастың қайғысы
емес, мынау – бауыры бүтін, бас аман, елде, жерде отырып
елдіктен кетудің күйігі. Әлеуметтік азып-тозудың назасы.

Бұл сарын Абайға да көшті.
Кері кеткен заманын ойлағанда «ұйқы беріп, қайғы ала­
тын» Дулат өзінің әлеуметтік Уайымында – бір сарынды.
Қазіргіні, азған ел, тозған құлықты сыпыра сынау, өткенді –

алтын дәурен, құт-береке заманды таусыла көксеу, талмай
жоқтау. Тұйықтан шығар жол қайсы, тығырыққа қаматпас
айла бар ма – жауап жоқ.
Дулаттың аңсары – өткенде. Абайдың тілеуі – келешектен

күдер үзбейді. Абайдың назары – болашақта.
Дулат, көбінесе, заманның жалпы сипатын мінездейді.
Адамның кемшілігі, кеселді мінез, кесірлі құлық – сол
заманның кейіп-келбетіне детальдар ғана.

Абайдағы зар – адамнан басталады. Тұстастарының на­
дан­дығын, күйкілігін, алауыздығын, ынтасыздығын, пәле­
қор­лығын, кербаққан берекесіздігін... мінеуден бастала­
ды. Пенденің құлқы түзеліп, көкірегіне ғылым, білім шам

жаққанда ғана заман оңалмақ, қазақ теңелмек, Абай шығар­
машылығының әлеуметтік пафосын айқындаған – осы сенім.
Әлеуметтік уайым тұрғысынан Абайға бастау болған Ду­
латта мұндай тиянақ, бағдар жоқ.

Абай жаңа поэтикалық тіл жасақтады дедік. Оның бұл
жөнінде де ең жақын кеңесшісі – Дулат болғаны күмәнсіз.
Дулат: «Ел құлағы саңырау – Кімге айтамын сөзімді?» деп
торыққанда. Абай:

«Құлағын салмас,
Тіліңді алмас
Көп наданнан түңілдім», –
деп налып, бұл қайғыны тұтас бір тақырыпқа айналдырып

жіберді.
Дулат: Абай:
Бай мен кедей аңдысып Аңдыстырған екеуін құдайым-ай
* * * * * *

Үй күшіктей үреді Үйден үрген ит құсап
Отының басын айналып

Осылай жалғастыра беруге болады.
Немесе, мына сияқты ырғақ пен әуен туыстығына назар
аударыңыз:
Қымыз құмар, сөз құмар,

Сор құмар, өңшең сорлылар.

(Дулат)
Не ол емес, бұл емес,
Менің де күнім күн емес.

(Абай)
«Күлембайға» мен «Ойға түстім, толғандымның» да тек-
төркінін Дулаттан оңай тауып аласыз.
Ал, жалпы, мұндай ауыс-түйістерді ізіне түсіп тәптіштеу,

ұқсастықтарды тізбелеу – жеке мақсат бола алмайды және
мұндай «зерттеуде» мағына жоқ. Мағына болады – егер
осы белгілер ақынның әлеуметтік тұрғысы, әдеби санасы,
поэтикалық әлемі қай ыңғайда қалыптасты, қай өрістерден

құнар тартты деген мәселені айқындауға бағытталса ғана.
Абайдың Бұқар, Шортанбай, Жанақтарға қатынасы Пуш­
кин­нің Державин, Жуковскийлерге ілтипатын еске түсіре­ді. Ал
Абай мен Дулаттың қоян-қолтық ымыраластығы Пушкин пен

Лермонтовтың тығыз байланыс, етене жақындығына орайлас.
Дулаттағы көп жүлге Абайда арна тартады. Дулат тілінің
ажары Абай сөзінің шырайында тұр. Дулаттағы уайым Абай­
дың да сыры болып күңіренеді...

Дулат – Абайдың ризашылығына анық лайық ақын еді.
Дулат кемеңгер інісінен мадақ дәметуге толық хақылы кісі
еді. Есіл жырау, керісінше, Бұқар бабасы, Шортанбай заман­
дасымен бір сапта данышпан ізбасарынан аяусыз «сөгіс»

естіді! Жетілген, толған, озған шәкірттің, ұлы дарынның астам­
суы емес (болса да, айып емес), бүл «сөгіс» – поэтикалық
ұлы реформаның декларациясы еді. Ал бұл жарияның фор­
масы – сөгіс бола ма, мадақ бола ма, мәселе онда емес.

«Өлеңі бірі – жамау, бірі – құрауды» Абай анықтап өзі айт­
паса да, Абай шығармашылығының рухы, жаңа поэтикалық
мәдениеттің шырқау биігі айтар еді. Бұл – ескіні жерлеу емес,
жаңаны жарлау. Ал, жарнаманың тілі жақынды, жатты таны­

майды – жарық дүниеге жаңа шығу керек!
«Поэт всегда имеет предшественников, и всегда его с
предшественником соединяет не столько традиция, сколько
отрицание», – дейтін В.Шкловский сөзінде шындық бар.

Өз жаңалығына толғатқан Абай да ескілікті ет жақындарын

«танымай» кетеді. Бірақ, Жаңаның жадында қашанда күңі­
реніп Көне тұрмақ – ескіні жаңа ұмыта алмайды. Абайдың
алуан сырмен жаңғырып, сан бояу, мың сәулемен құбылған
поэтикалық ғажайып ғаламында дулаттық ұлы өнердің де

нұры шалқып жатыр.
Егер орыс поэзиясындагы арнау өлең дәстүрі (ақындар
арасындагы) қазақ поэзиясына сол тұста сіңісті болса, Абай –
Дулат туралы Пушкиннің Жуковскийге арнаған сөзіндей:

Его стихов пленительная сладость
Пройдет веков завистливую даль, –
деген сыңайда ризашылық, құрмет танытар да ма еді деп ой­
лаймын. Кім білген... Қайткенде де, әділеті сол еді.

Бауыржан ОМАРҰЛЫ

ДУЛАТ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ЗАР ЗАМАН ПОЭЗИЯСЫ

Заманның зарын жырлаған ақындар өлең сөзді қадірле­
ген, өз өнерінің бағасын білген. Ақындықтың құдіре­тін
көркем тілмен кестелеп айтқан. Сол арқылы жыр жүйрік­
терінің өз бейнесі танылады.

Зар заманның қайғысын зарлап айтпай, зерлеп айтқан
Дулат­тың «тұнық жыры» – қиыннан қиыстырылып, шебер түзіл­
ген ойлы образдар мен айшықты тіркестерді құрайды. Қазақ
поэзиясын биік белеске көтеріп, қара өлеңге жан бітірген ол

шайырлық өнерді пір тұтты. Ақындықтың жемісі – өлеңге зор
талап қойды. «Сөз – жібек жіп, жыр – кесте, Айшығы айқын
көрінбес, Өрнексіз тігіп баттаса» – оның талғам таразысының
өлшемін көрсететін бейнелі ұғымдар. Дулат осы деңгейден бір

сәтке төмендеген емес.
Дулат өлендерінде дәуірді сипаттайтын «кер заман», «аз­
ған заман» тіркестері қолданылса, Шортанбай кейін тұтас
бір ағымның атауына айналған «зар заман» ұғымын санаға

сіңірді. Халықтың тығырыққа тірелуін «кез болдың кер
заманға» деп ұқтырған Дулаттың дәуірінен соң да елдің аху­
алы қиындай түсті. Отаршылдық қамытын еріксіз киген
жұрттың зары бірте-бірте үдеп, «қайғы-шер» түсінігі замана

сипатын аңғартатың балама мағынаға ие болды.
Дулаттың «толқынды теңіз заманы», Шортанбайдың «теке­
мет­тің түріндей құбылған» заманы Мұраттың (Мөңке­ұлы)

тұсында өңін өзгертіп, басқаша сипатқа ие болған. Дулат осы
ұғым арқылы бағдарсыздықты, Шортанбай құбылмалылықты
аңғартса, Мұраттың бейнелегені – бет-пердесі айқындалған,
нағыз қырсық шалған, қиюы қашқан замана. Дулаттың:

«Осындай заман кез болды, Ер дегенің ез болды», – деп
түйін­деген ойын Кердері Әбубәкір сол үлгі, сол мазмұнмен
«Заманың түгіл ел азды, Ел ішінде ер азды», – деп жалғайды.
Дулат пен Әбубәкірдің заман хақындағы сөз-өрнектерінің

үйлесім табатын тұстары көп-ақ.
Дәуір мен халық тағдырының арақатынасын саралаған
екі ақынның да өзіндік ұстанымы елдің ертеңіне аландау­
шылықтан туындайды. Дулат «жел қайықтың» «толқынды

теңізге» батып кетпеуін, Әбубәкір халықтың «желмаядан»
жығылып қалмауын ойлайды. Сұрапыл теңіз бен тарпан жел­
мая – заман келбетін таныту үшін таптырмайтын балама
ұғымдар.

Дәуір ахуалы, заман өзгерістері адам санасына, мінез-
құл­қына әсер етпей қоймайды. Көшпенді өмірге бой үйрет­
кен қыр қазағы отырықшылық тұрмысқа бірте-бірте көндік­
кені мәлім. Еркіндікке тұсау салған отаршылдық дәуір елді

өз дегеніне бейімдеді. Міне, осы тұста заманына лайық
адамның психологиясы қалыптаса бастады. Мұны зар за­
ман поэзиясындағы образдар галереясынан көреміз. Көш­
пенділік салтын ұстанған еркін дәуір мен халық өміріне жат

жаңалықтар әкелген отаршылдық кезеңнің тоғысуы елді екі
ұдай күйге түсірді. Ескілікке көндіккендер жаңа жағдайды
жатырқады. Жаңа жүйеге тез бейімделгендер ескінің тәлі­
мінен безініп шықты. Алдыңғылары – халықтың бейқам

тобы, әліптің артын бақты. Соңғылары – ел пысықтары, отар­
шылдық коғамға аянбай қызмет етті. Алауыздық осы екі
әлеуметтік топтың мүддесінің әркелкілігінен туындады.
Дәл осы ахуалды Дулат ақын өз өлеңінде мүлтіксіз бей­

неледі:
Ағайын араз болған соң,
Ел екіге жарылды.
Зар заман поэзиясында өтпелі дәуір адамы жағымсыз

кейіпте мінезделді. Бұл әдебиетте, негізінен, тозған заманның
азған адамының бейнесі жасалды. Ол – сұм басшы, жемқор
ұлық, парақор би, жандайшап атқамінер, әзәзіл қу, антұрған
бай, имансыз имам және басқалар. Зар заман жырларын­

да типтендірілген тағы бір тұлға бар. Ол – жоғарыдағы

топтың тепкісіне түсіп, қорлығына көнген, іштей ашынған, бірақ қолдан келер қайраны жоқ қарапайым қазақ. Аталған дәуір ақындарының көзқарасы осы тұлғаның өзіндік үнімен, арман-мұратымен үйлеседі. Зар заман поэзиясындағы ақындық «мен» осы қорғансыз замана адамының мүддесі тұрғысынан ой толғайды. Азған елдің адамы, Апшыған сұмдар қадамы, Жүйрікпін деп шабаны Момынға жапса жаланы, Қулық-сұмдық табады, – деп Дулат ақын бейнелегендей, заманына сай адам сол екіге жарылған елдің арасынан шықты. Бұл – төңірегін түгел қармап, шамасына қарамай жанталасып, жолындағыны тап­ тап келе жатқан кісі. Өз заманы оның осындай «қасиеттерін» ашты. Дәуірі өз халқын «талауға» мүмкіндік берді. Ду­ лат: «Енді қазақ ел болмас», – деп соларға күйінгеннен айт­ ты. Оның ақындық ұстаханасының көрігінен шыққан осынау өшпес бейнелер ел-жұрт іс-қылығынан үлгі алатын тұлғалар емес. Образдар жүйесі ол міндетті арқалап тұрған жоқ. Бұл арқылы халықтың қасіретнамасы, заманның шерлі шежіресі айтылады. Дулат сомдаған бейнелер – отаршылдық кезеңнің қайғысын қоюлата түскен, жау жағадан алғанда, бөрі боп етектен шалған адамдар. Ел бағдарынан жаңылған елең-алаң кезде әрі-сәрі күйге түскен шарасыз кісіні тұлғалайтын образ­ дар да кездеседі. Қазақ жерін талауға түсірген отарлаушының озбыр кейпі де ұмыт қалған жоқ. Ақын жырларында соның бәрі «азған заман» тұжырымын нықтай түсті. Жалпы, зар заман поэзиясындағы образдар арқылы отар­­ шылдық дәуірде ғұмыр кешкен адамның сан түрлі пор­треті жасалды. Замана адамын кейіптеу екі желіге бағынды­рылады: біріншісі – отарлаушылардың қорлығы; екіншісі – ағайынның алауыздығы. Мәселен, Мұрат өлеңінен ел бірлігінің берекесі қашқанын, бітімгерлік бәтуәнің бұзыл­ғанын көреміз. Екіге жарылуды ақын екі адамның жанжалы түрінде бейнелейді. Шортанбай адамның азғандығын елге билігін жүргізетін ақсақалдардың өзара ұстасуынан, өнегесіздіктің тамыр жаю­ ынан көреді. Дау-дамайды әділ шешіп, жұртты жөнге салатын ақылман қария мәртебесінің төмендегеніне, ақсақалдықтың құны түскеніне көңіл аударады. Бұл би-болыстың бейнесін кескіндеуінен көрінеді: «Екі үлкен егесіп, Қошқардай ба­

сын теңесіп, Сол жерде заман оңалмас». Демек, Шортанбай
дәуірдің бұзылуын дәстүрдің де бүлінуі деп біледі. Мұның
себеп-салдары, әрине, отаршылдық жүйенің бір халықты
екіге бөліп, өзара қырқыстырып, араздастыру саясатымен

астасып жатқаны белгілі.
Ел ішінде әлдеқалай дау туындаса, қара қылды қақ жар­
ған әділ биге барып жүгініп, екі жақтың да көңілінен шыға­
тын бітімге тоқтайтын заман өтіп, қазақ ішінде қит етсе

ұлыққа арыз жазатын әдет пайда болды. Қазақтың барлық
мәселесінің отарлаушылар билігіне тәуелділігі осындай ахуал­
ды орнықтырды. Талас-тартысқа не орыс ұлығы, не солардың
ел ішіндегі өкілі төрелік етті. Бұл кең қолтық қазақы мінездің

өзгеше қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ.
Зар заман әдебиетіндегі «екеудің жауласуы» төңірегіндегі
образдар топтамасының өмірге келуі – отаршылдық жүйе­нің
терең ойластырылған тәртібіне, қазақты қазаққа жауықтыр­

ған қитұрқы заңдарға қарсылықтың жемісі. Бірқатар тұста
қазақ тұрмысы тіршілігіндегі екеуара араздыққа себеп болған
үшінші тұлғаның сұлбасы да қылаң береді. Ол Мұратта:
«Екі айырып арасын, Арасынан пара алған», Әбубәкірде:

«Екі достың арасын Айырады оңбаған» түрінде көрінеді.
Бұл – ұлыққа жағынып, өз жұртына жамандық ойлаған
жағымпаздар мен жарамсақтардың бейнесі. Зар заман поэ­
зиясында екеудің қақтығысы сипатталғанда бұлар образдың

өзі емес, көлеңкесі тәрізді кейіптеледі. Бірақ жамандық
атаулының әр кез бой тасалау арқылы жасалынатынын
меңзейтін, мұндай көзге шалына бермейтін жанама бейнелер
екеудің арасындағы тартыстың шоғын көсейді.

Екеудің кақтығысы мәселесі зар заманның соңғы ақында­
рының бірі Албан Асан шығармашылығында айқын бедер­
ленді. Дулат ағайын арасындағы араздықты «Ел екіге жарыл­
ды», – деп аңғартса, Асан: «Ел арасы ашылды», – деп соған

туыстас тіркеспен түйіндейді. Елдің екіге бөлінуін екі адамның
алауыздығын айту арқылы сипаттау жағынан ақын өлеңі
Мұраттың ой пікірімен үндес:
Екі кісі бас қосса,

Жанжалдасып керіскен.
Дулат өлеңінде осынау халықтық трагедия «Ел екіге жа­
рылды», – деген ауқымды өлшемге телінсе, Шортанбай,
Мұрат, Әбубәкір, Асан шығармаларында екі жақтың даралық

бейнесі – екі адамның тәжікелесуі арқылы сипатталса, зар

заманның соңғы өкілі бұл ахуалды мүлде «кішірейтілген» об­
раздар арқылы шебер жеткізді:
Маңдайдағы екі көз,
Бір-біріне қас болды.

«Маңдайдағы екі көздің» өзара жауығуы – мүмкін еместі
мүмкін етіп тұрған деталь. Екі адамның іс-әрекетін бір адам­
ның бір тектес дене мүшесі арқылы көрсеткен Албан Асанның
тұжырымы терең ойшылдыкты аңғартады.

Бұл шығармаларда замана адамының мінез-құлқы отба­
сы­лық тіршіліктің берекесізденуі, үлкен мен кішінің ара­
сын­дағы сыйластықтың бұзылуы арқылы да сипатталды.
Қазақ шаңырағындағы дәстүрлі ахуалдың өзгерісін ақын­

дар айналадағы құбылыстарға еліктеп, желіккен бала мен
қолынан күш, сөзінен бәтуә кеткен қарияның, шалдуар іні
мен шарасыз ағаның, бір-бірін түтіп жеуге даяр ағайынның
өзара қарым-қатынасын суреттеу тәсілімен көрсетті. Бұл,

әрине, дүниенің азып-тозуын бедерлеген ақырзамандық
топшылаулардан алыс кетпейді. Өз тұсындағы адамның іс-
әрекетін: «Бұл заманның адамы, Ұстасады көре алмай, Аз
болса, бөліп бере алмай», – деп зерделеген Шортанбай ел

ішіндегі құбылысты үй ішіндегі тіршіліктен де көреді. Тура
сол үлгіде: «Бірге туған қарындас Отырады үйінде, Бірін-бірі
көре алмай», – деп түюі ақынның ой қайталаушылығы емес,
қоғамдағы адами қарым-қатынастың жалпы қауымға да,

жалғыз шаңыраққа да тән екендігін айтқаны. Дулат поэзия­
сында бұл ахуал «Атаны бала аңдыды» немесе «Атаны бала
алдады, Шешеге назар салмады», – деген тіркестермен бей­
неленген. Осыған ұқсастық Әбубәкір жырынан да табылады:

«Алпысқа келген атадан, Әдепсіз болса бала озды». Мұның
бәрі «заман бүлінген соң, ұрпақ та бүлінді», – деген ұғыммен
үндес ой-пікірлер.
Заман асты-үстіне аударылып түскен соң, кешегі күн

адамы­ның бағасы төмендеп, бүгінгі күн адамының асығы ал­
шы­сы­нан тұрды. Бұл – «дүние кезек» ұғымын аңғартатын
тірші­ліктің заңдылығы емес, тектіліктің табанға тапталуының,
қазақ қоғамындағы ақсақалдық, үлкендік дәстүріне селкеулік

түскенінің белгісі. Әбубәкірше айтқанда: «Сан тимеген
жаман­дардың лақтай басқа секіруі». Зар заман өлеңдерінде
екі дәуір адамы салыстырылады. Байдың да, бидің де,
ханның да, қараның да бұрынғысы идеалдандырылған тұлға

ретінде дәріптеледі. Қазіргісі соның бар қасиетінен жұрдай

болған көлеңкесі секілді сүмірейте суреттеледі. Замана
адамы­ның осындай қарама-қайшы екі типін бейнелеу тәсілі
Шортанбайдың «Әуелгі қорлар зор болды, Сондай зорлар
қор болды» формуласына бағынады. Дулат ақын: «Тырнадан

би сайладың», – деп басынан қиқу кетпеген жұртты аяйды.
Әбубәкір заманындағы тізгінін ұстағандар да «толыққанды»
кісілер емес. «Ханым – қайқы, би – бүкір» – ақынның образ­
ды ойы мен көркем кейіптеуінің жемісі. Дулаттың дәуіріндегі

«тырнадай» қиқулаған би енді қайқиған ханға қарай құныса
түскен. Ханның өзі хан сиқы жоқ, «тағынан түсіп көлбеген»
біреу... Ал Албан Асанның кескіндегені – халықты теспей
сорған «Қудан туған шұнақ би».

«Заманға сай адам» тұжырымын зар заман поэзиясы­
на Дулат енгізгені белгілі. Оның өлеңінде дәуірдің сипаты­
на қарап, тиянақ таба алмай дағдарған адам мен сол кезеңге
бейімделіп, уақыттың ыңғайына көндіккен адам қатар көрініс

байқатады:
Қилы, килы заманды,
Заманға сай адамды
Салыстыра қарасам,

Су мүйіз болған танадай,
Шыр көбелек айналам.
Қоғам адамының әрекетінен қанағат таппай, әрі-сәрі күйге
түскен ақынның ой-толғамы халықтың мүддесімен үйлеседі.

Сөз зергері Дулаттың өлеңдерінде замана адамының
мінез-құлқы мен іс-әрекетін, түр-әлпетін бейнелейтін тың
теңеулер мен сәтті детальдар өте көп. Халықты «қасқырша
талаған», «итше қапқан» ел пысығының бойынан ақын

«күшігендік» қасиетті де көреді.
«Кебеже қарын» мен «кең өңештің» әрқайсысы жеке атал­
са да, кейіпкердің кескін-кейпі, ниет-пиғылы туралы түсінікті
санаға бірден сіңіретін образ үлгілері екендігіне дау жоқ. Ал

осы екеуі тұтасып, күрделі тіркеске айналғанда, қомағайлық
пен жемқорлық жайлаған қоғам адамының тұлғасын толық
танимыз.
Дулаттың

әжуа-образдар
галереясында
«Ке­
беже қарын, кең өңешпен» қатар тұратын, сол үлгімен

жасалған бейне – «Борсық тұмсық, қанды ауыз». Бұл – ұлық.
Алдыңғысы – топастық пен қарынбайлықтың, соңғысы –
жылпостық пен пәлеқорлықтың жиынтық тұлғасы. Әсіресе
кейінгісі қауіптірек. Осыған орай образдың бояуы да басым­

дау.

Борсық тұмсық, қанды ауыз,
Ұлық қылған құдай-ай,
Қазақтан шыққан кәпірді.
Кердері Әбубәкір Дулат-суреткердің тәсілімен тағы бір

сұмпайының
образ-портретінің
нобайын
өмірге

әкелді:
«Қарсақ табан, мысық бас, Не азғындар жетілді». Бұл – кеше
санда бар, санатта жоқ, бүгін әркімнің жетегіне ілесіп, билікке
араласқан, ақылы аз, өресі тар можантопайдың сыртқы түрі.

Енді осы образдарға сүйеніп, зар заман адамының толық
пошым-портретін жасап көрелік. Мысық бас, борсық тұмсық,
қанды ауыз, кең өңеш, кебеже қарын, қарсақ табан... Мұны
Мұраттың «Ел биледі бір сымпыс, Екі бұты таралған», – деген

тіркесі толықтырады. Міне, халықты тәлкекке салып, кесел­
ге ұшыратқан құбыжықтың зар заман поэзиясындағы суреті
осындай.
Заманның оңы сол, солы оң болып өзгергенін, асылдың

азғанын, құнсыздың бағасы артқанын ақындар алуан түрлі
көркемдік әдістерді қолдану арқылы бейнелеп жеткізді. Зар
заман поэзиясында осы ойды білдіру үшін аң-құсты, жан-
жануарды мысал етіп алған өлең тіркестері баршылық. Текті

мен тексіздің, асыл мен арзанның орын алмастыруын Дулат
аққуды ығыстырған қызғыш бейнесіне баламалап көрсетсе,
Албан Асан да құс түрінде кейіптелген образды мол пайда­
ланды: «Ақ тұйғынның баласы Бөктергіге жем болды» т.б.

Осы келтірілген мысалдардың бәрі зар заманның қайғысын
ақындар тұғырдан түскен тұлпарлық және қанаты қырқылған
сұңқарлық ұғымдары арқылы айтқанына дәлел болмақ. Ду­
лат жырындағы сұңқардан туған ителгі, тұлпардан туған

жабы – заманның да, адамның да, дәстүрдің де бұзылып-
бүлінуінің мән-мағынасын толық танытып тұр.
Қоғамның азып-тозуын кейде иттік іс-әрекет арқылы
түсіндіретін Дулат «Үй күшіктей үреді, Отының басын айна­

лып», – деп образды ой айтып, болмыстың құлдырау сипатын
шебер аңғартса, Албан Асан астарлы ұғымды білдіру үшін
қатарға қосылып, әжетке жараған күшікті тілге тиек етеді.
Дулаттың: «Қамқа, торғын бөз болды, Саф алтының жез

болды», – дегені Асанның өлеңінде қайта жаңғырды. Сапа­
лық азғындаудың көрсеткіші – жез бен бөз, құндылықтың
бейнесі – мата мен алтын кеше мен бүгінді салыстырып-
саралаудың өлшемі ретінде қарастырылды.

Дәуірдің сапалық өзгерістері, заманның кері кету бағыты
бағалының құнсыздануы, кендіктің тарылуы, ауқымның кіші­

реюі сипатындағы түсініктермен айқындалса, осыны нықтай
түсетін тексіздіктің төрге шығуы, жаманшылықтың етек жаюы
хақындағы тұжырым-түйіндер түрлі сөз-образ­дарға өзек
болды. Дулат айтқандай, «Тай туып, тайлақ қайыған, Тоқты

қоздап байыған» қазақ қоғамының бұрынғы несібе да­
рып, өсіп-өнген берекелі күйін Әбубәкір енді «Балдағы ал­
тын, құрыш болат Балалар ойнар тас болды», – деп суреттеді.
Дәстүрлі ұғым бойынша құрыш болаттың «балдағынан қанға

боялмай», бала-шағаның ермегіне айналғаны – жауға қарсы
тұрар қайрат-жігердің кемігенінің, бойға – күш, жанға – қуат
беретін рухтың әлсірегендігінің белгісі. Ал Дулаттың «Болатың
босап, болды бор» дегенінің әсері тіпті бөлек. Болаттың бор­

дай езілуі – ел ахуалын мүжіліп-кетілу, тозып-құнсыздану
мағынасымен үйлесетін бейнелі тіркестер арқылы аңғартудың
үлгісі.
Зар заман өлеңдерінде қасірет-қайғы ұғымын білдіретін

тіркестер жеткілікті. Дулаттың «Ұйқы беріп, қайғы алам», –
дегеніне өзек болған ойды Шортанбай: «Түшіркеген ұйқы
жоқ. Қайғының асқан зарлығы», – деп өрнектейді. Ал Мұрат
ақын «Қазтуған» атты жырында «Күндердің күні болғанда,

Қайғыға шіріп өлерсің», – деп ел-жұрттың келешегіндегі
жаманшылықтан
хабардар
етеді.

Осындағы
«қайғыға
шіріп өлу» тіркесі «құса болуды» өзгеше түрлендіру арқылы
жасалған.

Ойы ұшқыр, сөзі сұлу Дулат поэзиясында кең ауқымдағы
халықтық қайғы-шердің мысалы баршылық. Бұған бірінен
соң бірі тақым батырған үлкенді-кішілі ұлықтардың елге
көрсеткен зәбірі астар болған. Ел билеген бектер мен еркінен

айырылған халықтың отаршылдық бодауындағы хал-ахуалы
ақынның «Сүлейменге» дейтін өлеңінде ұтқыр сөз-образдар
арқылы көркем кестеленді:
Аяз қысса мүйізді,

Мүйіз қысып түқылды.
Қанталаса тұқылың,
Алпыс екі тамырың
Қаңсып қалған сықылды.

Дулат кейіптеген аяз – мүйіз – тұқыл желісіндегі ең төмен­
гі­сінің жаншылып-мүжілуі – бейнелі ұғымды ел тағды­рына
орайластырғандығының көрінісі. Тұқылдың қанталауы –
халықтық трагедияның астарлы оймен айтылуы.

Қорыта айтқанда, қазақ әдебиетіндегі күрделі құбылыс

болып саналатын зар заман поэзиясы көркемдік құнды­
лықтары аса жоғары, тың теңеулерге, айшықты образдарға
толы Дулат шығармашылығынан нәр алғаны даусыз.
Қайрат РАЕВ

СӨЗ – ЖІБЕК ЖІП, ЖЫР – КЕСТЕ

Дулат Бабатайұлы шығармашылығының даралық, сурет­
керлік шеберлік қырларын сөз еткенде, оның тіл көркемдігін,
сөз кестесін нысанаға аламыз. Сол арқылы ақынның алғыр
ойын, жүйрік қиялын, талғампаздығы мен шешендігін қатар

танытатын тіл көрнекілігін толық түсінеміз. Ақынның сөз
қолданысындағы шеберлік қыры, тілдегі бар сөзді орынды
пайдалануымен ғана емес, оларды бейнелілік құрал ретінде
алмастырып, ауыстырып жаңа, тың образдар тудыруынан

айқын көрінеді. Бұл орайда троптың түрлері мен байланы­
сына көп мән беріледі. Ақындық қуат, суреткерлік шеберлік
өлшемінің анықтаушы қыры осы сөздерді зергерлікпен ұқсата
білуде.

Дулат поэтикасының мәнін терең түсіну үшін оның
шығармапарындағы жанрлық-мазмұндық жүйесімен байла­
нысты қаралатын тілдік-эстетикалық қырлары шешуші роль
атқарады. Өз ойын тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізудің сан

түрлі әдістері мен тәсілдерін биік өлшеммен саралай білетін
сөз шебері көптеген тапқыр жаңалықтар аша алған. Сөздерді
құбылтып, айшықтап пайдалануда тосын теңеулер, ерекше
эпитеттер, келісімді кейіптеулер, мінсіз метафоралар, алым­

ды аллегориялар, әдемі әсерлеулер өзіндік өрнек жасауға
қызмет етіп тұр.
Дулат Бабатайұлының шығармалары қанық та айқын бо­
яуымен, өзгеше өрімдерімен, сан құбылған сөз сиқырымен

ерекшеленіп тұрады. Әрине, қазақтың жыраулар поэзиясы­
мен таныс әрбір оқырман ондағы тақырыптардың үндестігін,
ой орамдарының ұқсастығын, сарабдал тұжырымдардың
сәйкестігін дәл тани алады. Бірақ осынау ақ нөсердей төгілген

жыр жолдарында әр өнерпаздың өзіндік өмір өлшемдері,
түйінді, тұғырлы таным дүниесі нақтыланып, даралық сипатқа
ие болыл тұрады. Сондықтан да олардың соңында қалған
мұраларын бір-бірімен шатастырмай, дара қолтаңбасына

қарап айыруға әбден болады.

Дулат жырларының жаһұты – «Ақжайлау мен Сандықтас»
өлеңі. Мұнда дауға түскен ата қоныс, туған жер үшін дал
болған адал перзенттің жан айқайы таңғажайып теңеулермен
беріледі.

Көл қорыған қызғыштай
Сен десе, салам байбалам, –
деп, өзінің шарасыз кейпін дәл танытса, жырдың өн бойында
оның себептерін әрі қарай тереңдетіп ашқан сайын ақын об­

разы да күрделене, толыға түседі. Соның барлығын шымыр
шумақтар арқылы өзгеше, бөлек, үлгі жасап шеберлікпен
ширықтыра бейнелейді.
Заманға қарай азған ұрпақтың дәрменсіз күйі – ақынды

ұйқыдан бездірген қалың қайғының басты себебі. Адамның
азуын табиғаттың тозуына ықпал ететін басты фактор дегенді
негіздейді өлең жолдары. Елдің «қарасы – антқор, ханы –
арам, бәйбішесі –тантық, байы – сараң» болған соң, оның жо­

лын әрі қарай жалғайды деген жастарының да кері кеткенін,
бозбаласының бошалаң, қызының қырсық боп туғанын
ашына жырлайды. Осы келеңсіз көрініс табиғатпен тұтасып
берілгенде, жыр бояуы тілті қоюлана бастайды:

Нары – жалқау кер табан,
Құсы – күйшіл, ат – шабан.
Жырғалаң жоқ жобалаң.
Еңсені езген ауыр жай, одан шығудың жолын арпалыса

іздеген ізгі жүрек жырауды бір сәт өз бағдарын жоғалтқандай
күйге түсіреді:
Қилы-қилы заманды,
Заманға сай адамды.

Салғастырып қарасам,
Су мүйіз болған танадай,
Шыр көбелек айналам.
Осы бір образдылықтың, сөз өрнегінің өзегінде тапқыр

теңеу арқылы толғаныс тудырар тамаша түйін де бар.
Ол – туған жер мен ел жайына алаңдаған асыл сезімнің
астарындағы шексіз сүйіспеншіліктің құдіретін мойындатар
тұжырым.

Бұл өлеңде, ата қоныстың сұлу табиғаты да әсем сурет­
теледі:
Атамның қонған қонысы –
Түн асса, тұтам түгі өскен...

Аққан бұлақ сай-салаң.
Шытырман тоғай айналаң,
Жоның жайлау кең алаң...
Өзі туып-өскен жер жаннатының жыл өткен сайын көз ал­

дында талан-таражға түсіп, тиынға сатылған болыстардың
билігіне көнуі, одан қала берді, келімсектердің табанында
тапталуы жыраудың жанына жай таптырмайды.
Осындай ойға жетелейтін көркемдік құрал – ақын сон­

шама дәлдікпен, соншама талқырлықпен берген екі теңеу
бүкіл өлеңнің тініне айналған. Кері кеткен заманның кейпі
автордың өзінің ішкі арпалысымен тұтасып, тиянақ тауып тұр.
Соныдан соны тудырып, өлеңді күшейте береді.

Жалпы,
Дулаттың
шығармаларында
теңеулік

сипат­
та қолданылып тұрған сөздерді шартты түрде бірнеше топқа
бөліп қарастыруға болады. Ойды дәл, нақты, әсерлі жеткізу
мақсатында алуан түрлі затқа тән қасиеттерді дөл басыл, об­

разды бейнеге айналдырады. Және оның барлығы да қазаққа
жақын, жүрекке ыстық, көңілге қонымды, оралымы орынды
тіркес құрап тұрады. Мәселен, ретіне қарай адам характерін
дәл сомдау үшін тұйғын құстай сұңқардайын, аққудайың

қызғыштай, тауыстай сары құстай, т.б. секілді қүсқа теңестіре
отырып, ойын көріктендіре түседі. Әрине, бұлардың ішінде ол
сұңқар, тұйғын сөздерін жиі қолданғанын байқаймыз.
Езді бордай үгілтіп

Тұйғындай ерді ширатып...
Толғаулы найза қолға алып
Тұйғын құстай толғанып...
Тұйғын құстай алыстан

Тоят тілер деуші едім...
Ер қолынан іс келмес
Сұңқардайын түйілмей...
Тояттаған сұңқардай

Құйылып еді жеміне...
Қайырудағы сұңқардай
Мезгілімен жем беріп
Қымтап ұста тізгінді...

Еспембет ер сұңқардай
Алыстан тоят тіледі.
Кейіпкерінің қайраттылығын, тегеурінділігін, қайсарлығын,
тектілігін тереңірек таныту үшін ұлт ұғымындағы киелі деп

саналатын қүс төресі сұңқарды, тұйғынды көзге елестетер

сөзбен әсем сурет салады. Оларға тән дара қасиеттерді адам
мінезімен шебер шендестіреді.
Сондай-ақ, даланың тағылары: аң патшасы арыстаннан
бастап бейкүнә қүмырсқаға дейінгі аралықтағы бөкен, қоян,

құлфын, бұлғын, күзен, сүйріктер де ақын қолданысында жа­
расымды ой желісімен үндесіп, үйлесіп кетеді:
Айбаты өсіп ерлердің
Арыстандай ақырды...

Бәтуасын қайтейін
Тазы ит қуған қояндай.
Құлфындайын құлпырған...
Тәубесі кеміп, күнәсі

Құмырсқадай аңдады.
Теңеу сипатындағы енді бірқатар сездер төрт түліктің мінез-
құлығымен жымдасып тұр. Мейлінше таныс, мейлінше жақын
ұғымдар Дулаттың таңғажайыл зергерлігін жаңа бір қырынан

қамтиды. Төрт түлікке тән белгілерге қарай өлең өру бурынғы
да, кейінгі де сөз сүлейлерінде мол. Әйтсе де Дулат оларды
өзінше дәйектіліклен дәл қолданады. Онда еріншек нар да, ты­
пыршып тарпи басқан бесті айғыр да, тел өскен бота да, бас­

шысынан айырылып босып бара жатқан бөкен де, үріккен қой
да бар. Оның әрқайсысы талауға түскен жерден опа таба ал­
май сенделген қалың тобырдың алуан түрлі жай-күйін бедерлі
тілмен жеткізуде маңызды роль атқарып тұр.

Адам бойындағы ерекше серпілістің күш-қуаттың буыр­
қанып, бұрсанған сәтін суреттегенде, Дулаттың боран, аяз,
нөсер, бұлт, тасқын су,т.б. секілді табиғат құбылыстарына
қатыс­ты теңеу сөздерді іріктеген талғампаздығына таңдай

қағасың.
Тасқын судай ағызып,
Шәрбат балдай тамызып,
Қасқа, жайсаң алдында

Toп жиынды дулаттым...
Сендер атқа мінген соң
Тандыр болып, суалды
Шалқар көлдей несібем...

Екпіні желдей есілген
Төрт аяғы көсілген
Қыр тағысы құлан да...
Ақынның шеберлігін дәл тану ұшін оның қарапайым күн­

делікті тұрмыста қолданылатын сөздердің өзін асықтай үйіріп,
өз мақсатына сай құлпыртатынына тәнті боласың. Мәселен,
қазық, айна, шамшырақ, сүт, тары, жал-жая т.б. толып
жатқан сөздер сөзден соғылған сұлу сарайдың ішіне енгенде,

сыңғырлап өзгеше сипат алады, жанды суретке айналады.
Шешендіктің сәні жоқ –
Сөзіне сүттей ел ұйып.
Қолтығына ел сыйып.

Басына бақыт қонбаса.
* * *
Тарлаулары балдайын,
Балауы жая-жалдайын.

Ойы түрлі кілемдей
Солқылдап қыры кілеңдей,
Салқын самал дала үшін.
* * *

Дұшпанын саздай таптаған
Досын майдай сақтаған, т.б.
Дулат туындыларының ішінде бір шоғыр өлеңдерде асыл
тас атаулары да өзгеше орын алған. Ол әсіресе өз сөзінің

қадірін білер хас жыраудың «Тегімді менің сұрасаң» деп ба­
сталатын өлеңіндегі түйдек-түйдек ой ағымдарында жиі
көрінеді. Сан қырлы алмастай ажарлы жырларының қасиетін
ашу үшін:

Жырымды менің тыңдаған,
Сөз ұғатын соңғы адам.
Тыңдаудан әсте тынбаған.
Гауһардай дүрі бұлдаған.

Сарқырап аққан жылғадан
Жыр арнасы суатпын,
Шашудай болып шашылар
Меруерттей асып сөз деген...

Қосылып алтын қорымас
Мырыш пен мыс, жезбенен –
деп төгілдіреді. Асыл мен жасықтың, арзан мен қымбаттың
қадіріне жетіңдер дегендей ойды меңзейді. Мұнда тек теңеу

сөз емес, салыстыру, шендестіру бар.
Дулат өлеңдеріндегі сындарлы ойға сымбаттылық дары­

татын теңеу сөздер тобы табиғилығымен, тартымдылығымен
ғана емес, тосындылығымен де өзгеше.
Адамның жас кезеңдері жөнінде толғаған философиялық
мағынасы терең caп толғауында теңеу сөздер әрі ұйқасым

жағынан, әрі мәнді мазмұн тұрғысынан түйдектеле әсерлі
қолданысқа енген. Мысалы:
Қырық, астың кезеңнен.
Суырған қыннан қынаптай.

Қырық бес, шықтың кезеңге
Маң-маң басқан бұла аттай.
Елу, қондың ауыл үй,
Тізгіндеп ұстап құлақты-ай.

Алпыс келдің арсаңдап.
Нөсер жауған ылаттай.
Жетпіс, қараң көрінді.
Тұрсам-дағы ұнатпай.

Сексеннен алған хабардың,
Ызғары тұр шыдатпай.
Көргім келмес тоқсанды,
Келіндерге сынатпай.

Жүз, сірә, мені қоймассың,
Қараңғы көрге құлатпай.
«Лақтай», «бұлақтай», «құрақтай», «сынаптай», «қынап­
тай», «бұла аттай», «ылаттай» деген теңеулер өлең өрнегін

өзгеше түрге бөлеп, сыртқы ұйқастық, үндестікке ғана
құрылған десек қателескен болар едік. Мұндағы әр сөз жас
сипатын дәл берумен де, образдылық орамдарымен де іштей
сабақтасып жатыр. Мәселен, «тастан шыққан бұлақ секілді

жиырманың» «толықсыған сынаптай отызбен» арасындағы
айырмашылықты көрсететін суретті сөз өлеңге терең ма­
ғына дарытып тұр. Ақын қолданған теңеулер тек белгілі нәр­
сені, белгісіз нәрсемен салыстыру үшін емес, ең бастысы,

поэтикалық тәсілге бағынып, бейнелілік сипаты бар көркем
теңеу дәрежесіне жеткен.
Дулат жырау бұл өлеңде теңеумен қатар әдемі эпитет­
терді де талғаммен қолданады. Оның лағы «жарға ойнаған»

ерке де еркін, қамсыз, уайымсыз лақ. Ақынның жиырма­
сы – жай бұлақ емес, тасты жарып шыққан асау бұлақ, таза
бұлақ, ішкеннің мейірін қандырар мөлдір бұлақ. Осыншалық
қасиет ақынның тастан шыққан деген бір ғана сөз тіркесінен

туындап жатыр. Өлеңнің құдіреті мен қасиеті – қарапайым

сөздердің орнын тауып қолданғанда суретті, бейнелі образ
тудыратын көркемдік құралға айналуында поэтик тілге тән
сұлулыққа ұласуында. Міне, дәл осы қасиет «тастан шыққан»
тіркесінен бой көтерген. Мұндай эпитет сөздер caп толғауда

«жайқалған жасыл құрақ», «толықсыған сынап», «қыннан
суырған қынап», «маң-маң басқан бұла ат», «нөсер жауған
ылат» тіркестерінде жарыса қолданылып тұр. Бұлардың бәрі
де етістіктің есімше тұлғасында бірыңғай тұлғада жасалып

тұр.
Шын мәніндегі ұлттық танымнан бастау алған тәрбие жас
ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда ғана
өзіндік роль атқарумен шектелмейді, оның жалпыадамзаттық

дүниетанымының бір бөлшегі ретіндегі орнын түсінуінде
де маңызды орын алады. Әр халықтың өзін-өзі тануының
бірден-бір құралы – тіл десек, ол халық тарихындағы да­
рынды тұлғалардың, әсіресе, өмірін сөзбен егіз деп қараған

біртуар өнер иелерінің тапқыр да тағылымды. өрнекті орам­
дары арқылы байып. толығып. жетіліп отыратыны белгілі.
Міне, осындай ойы терең қазына, ақылы дария сөз көсемі –
Дулат Бабатайұлы шығармашылығын зерделегенде, бұл

түйіннің растығына тағы да бір көз жеткізуге әбден болады.
Оның әр жолында жауһардай көз тартқан сұлу сөз де,
жаңаша мәнге ие болған сипаты өзгеше орамдар да жиі
ұшырасады.

Дулат шығармаларындағы эпитеттер де бояу қанықтығы­
мен қатар тосындығымен де ерекше әсер береді. Мысалы, ол
«тұнық су» деп тура мағынада да, «тұнық жыр» деп ауыспа­
лы мағынада да қатар қолданады. Бұлай жарыстыра әкеліп

ой түю – ақынның сол сөзді құбылтудағы әдіс өзгешелігін
көрсетеді.
Мысалы:
Сырымды менің сұрасаң,

Тұманың тұнық суынан.
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам –
деп төгеді сезім жаңбырын ақын Дулат.

Ел ішін бүлдіріп жүрген әлеуметтік топтардың бет-бейнесін
ашардай тіркестерде де эпитет сөздер өз орнын тауып дәл
беріледі: парақор, баспақ би; сараң бай; азған бек; тентек
төлеңгіт, әділ бекзат, алал бекзат, ел қамын жеген ер, сырға

берік сырбазым; қасқыр ұлық, ақылсыз молда, келелі би,

маңғаз бай, мекер би, азғын тек, қазан бұзар үй тентек ба­ тыр, су жұқпас шешен, қайырсыз бай, т.б.Мұндағы бейнелі сөздер сыртқы тұлғасы жағынан да, ішкі мазмұны жағынан да өлең бедерін айқындап, суреткердің айтайын деген ойын одан сайын анықтай түседі. Дулат өмір сүрген ортаның даңғаза тіршілігі де, жеке бастың қамынан өзге ойлары жоқ қырсыз адамдары да бір сәт көз алдыңа келеді. Абай өлеңдерінде заңды жалғастығын тапқан түсінігі таяз, томырық билеуші мен қарапайым ел арасындағы алшақтық сырлары жыраудың жыр өрнегінен бастау алып жатқандығына көз жетеді. «Эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапа­ сын анықтайтын суретті сөз» (З.Қабдолов) екенін ескерсек, жоғарыдағы әр мысал заманына қарай өзгерген адамның болмысын танытып тұрғанын байқау қиын емес. Әрине, бүгінгі күн көзімен қарағанда сан қайталанып, үйреншікті тіркес түрінде қабылданатын бұл сөздер Дулат дәуірі биігінен көз салсақ, әдейі іздеп табылған жаңа сурет, жаңа бейне екені бірден көзге шалынады. Әр эпитет өзі тұрған жерге не ерекше түр, не өзгеше сыр үстейтіндей. Дулат өлеңдерінің барлығына тән ортақ қасиет бүкіл тір­ шілік атаулының тынысын біртұтас қарауында екенін көзіқа­ рақты әр оқырман түсіне алады, Олай болса, адамға тән ерекше сипаттарды дәл тапқан ақын өз кезегінде тылсым табиғаттың тартымды суреттерін беруде де эпитетке мейлінше бой ұрады. Бәлкім, бұл «сөзді – жібек жіпке, жырды кес­ те­ге» балаған дарынды өнерпаздың сөзді қашан да биік талғампаздықпен жұмсар зиялылығына байланысты болар. Ендеше, тау суындай бөгет бермес жырау үніне зер салалық: Қаларсың бір күн, Сандықтас, Құлан жортпас бел болып. Самалың салқын соғатын Сары ызғырық жел болып, немесе: Балауса балдыр балғының Тимеген ірге соны едің Масаты кілем жайғандай Қоныстың шұрай жері едің. не: Жағаңдағы сұлу тал Саясының шөбі бал,– деп жалғаса береді.

Ең ғажабы сол, Дулат өлеңдерінде эпитет сөздер жұп-
жұбымен үндесе, үйлесе беріледі. Жоғарыдағы мысалдар­
да «салқын самал» мен «ызғырық жел» бір-біріне анто­
ним болып, тыңдаушының көз алдына айқын сурет әкеледі.

Сөзді жарыстыра қолдану арқылы жанды құбылысты көзге
елестетеді. Дәл осындай бір мысалды мына өлең жолдарынан
да байқауға болады:
Төрт түлікке толтырды,

Толағай тұлдыр қыратты.
Тандыр болған жылғадан
Сарқырап тұрып су ақты.
Өзен қып өрге ағызды,

Жылжыған жылым бұлақты.
Әбілмансұр хан тұсындағы қазақтың «қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған» бейбіт күнінің туғанын толағай тұлдыр
қырат-түлікке толды, тандыр жылға сарқыраған – суға қан­

ды, жылым бұлақ өрге ұмтылған өзенге айналды деген
ұғым­дармен дәл сипаттайды. Даланың кешегісі мен бүгінін
бүгежектемей, белінен басып, барша шындығымен шеге­
лей айтады. Мұнда қарама-қарсы мәндегі эпитет сөздер

құбылып, нақты суретке ұласады.
Осыншама мамыражай бейбіт тіршілік ес жиып елдігіңді
танытпасаң, аз уақыттың ішінде көрген түстей өте шығарын да
зерлі сөзбен зердеге құяды:

Жібек жалын жайнатып,
Ортекедей ойнатып.
Қабырғаңды сөгілтіп,
Аш күзендей бүгілтіп

Әлі-ақ шауып алады..
Қарт ақын журегінен жарып шыққан жалынды сөздерін
барынша байытып, мазмұндық жағынан тереңдете түскен
бір алуан жыр шумақтарында ықылас пен ыза, сүйініш пен

күйініш қатар көрінеді:
Есерсоқ өңшең мастары,
Бозақор ойсыз жастары.
Алжыды деп Дулатты

Келеке етіп күлерсің...
Toп жарған турашыл ақиық ақын, шешендіктің табиғаты
мен бар болмысына жаңа сипат берген зерек ой иесі – Ду­

лат Бабатайұлының шығармашылық әлеміндегі ерекше эпи­
тет жайы осындай. Сондықтан да мән-мазмұнында танымдық
тағылым жинақталған, көркем де кестелі тілінде эстетикалық
айшықтар дараланған өлеңдердің өміршеңдігі күмән туғыз­

байды.
Ақындық қиялдың ұшқырлығын танытатын тілдік амалдың
бірі – метафоралар да Дулатта жиі ұшырасады. Бір заттың, я
құбылыстың ерекшелігін асқан дәлдікпен көрсету мақсатында

соған ұқсас екінші бір нәрсенің табиғатын нақты тану ғана
шынайы сөз үлгісінің тууына жол ашады.
Әдетте, суреткерге қажетті басты қасиеттің бірі аңғарым­
паздық болып саналады. Бұл – оның өзі суреттейтін нәрсенің

бойындағы ерекше бір белгісі (ол бәлкім, сол заттың не түсі,
не өзгеше қасиеті болуы мүмкін). Дулат шығармаларының
поэтикалық сипатын айқындап тұрған метонимиялар өте мол.
Алдыңа келсе жүгініс,

Қарамай қара, ағына.
Адалды сатып параға.
Болыстың арам жағына.
Көмбеге таяп қалғанда.

Жүйрікке керек көтерме.
Өзің алсаң жүз аз деп,
Берсең бірді қимадың.
Талайын алдың тартқандай,

Кем мен кетік-кенденің.
Қара ісіңе дем беріп,
Қарайтты әдейі ағыңды.
Қанаттан құйрық айрылды.

Елі еркін, кейіс жоқ,
Мыңнан бірді таңдатты.
Қу тұқыл алды қуатты.
Кейіптеу (олицетворение) түрі де Дулаттың өлең жырла­

рында біршама ұшырасады. Әсіресе, табиғатты жанды зат
ретінде сезінетін ақын, оның өмір-тіршілігін адам әрекетімен
салғастыра көрсетеді.
Мысалы, ақын Сарыарқаның төсінен құлай аққан Аягөз­

дей сұлу өзенге тіл қатып сырласады.
Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді,

Аягөз, қайда барасың?!

Сумаң қағып сүйріктей,
Шалқып шапқан жүйріктей.
Екіге бөліп ерке су,
Қас пен көздің арасын.

Міне, жағасында мамыражай ел қонып, берекенің бұлағы
болған Аягөздің бір кездегі сұлу да ерке болмысы ару қыздың
сүйкімді қылығына ұқсайды. Осындай өзгеше бітімді сұлу
өзен тағдыры келімсектердің кесірінен тәлкекке ұшырайды.

Мұны да ақын кейіптеу арқылы әсерлі жеткізеді:
Жағаңа дуан түскен соң.
Суыңды орыс ішкен соң,
Аягөз, суың қағынды.

Бұл жерде үлы ақын Дулат адам – қоғам – табиғат
арасындағы ажырамас бірлікті бір-бірімен шендестіре оты­
рып, ойды шебер жеткізудің жолын орайлы келтірген.
Ел ішіндегі бүтіндіктің сәні кетіп, мазасыз күй кешкен

қалпын суреттеуде де ол тосын тәсіл табады.
Елдік кетіп ыдырап.
Бәйгені өсек сыбыр ап...
Дулаттың тапқырлығы өрттей қаулаған өсек, сыбырдың

өзін шындықтан оза шауып олжа алған опасыз жүйрікке ба­
лап, көз алдыңда жаңа бір бейне туғызады. Бұл – Дулатқа
дейін ешкім айтпаған жаңа айшық.
Жауға арнап соғылған,

Қан ішуге қылыш бар.
Әдетте, ер қаруы бес қарудың бірі – қылыш ауыз
әдебиетінде, өзге де ақын-жыраулар шығармаларында ер
жігіттің батырлығын, ерлігін танытатын құралы, қорғаны

ретінде бейнеленетін болса, Дулат ақын оны басқа қырынан
ашады. Ұста соққан әр заттың міндетіне бөлек-бөлек талдау
жасағанда, қылышты зорлықтың, өктемдіктің құралы деп са­
найды. Сондықтан ол, бұл қаруды қанішер жанға теңейді.

Тіпті, ел қорғау жолындағы күресте де – өлім әкелетін сайман.
Толқынды теңіз заманнан.
Сенімді кеме болмаса
Жел қайықпен өтер ме?

Дулат Бабатайұлы заманды толқынды теңіз кейпінде алып,
ел тағдырын ұшы-қиырсыз асау теңіз өтіндегі шарасыз жанға

ұқсатады. Оның тағдыр тезінен өтуі қай жолды таң­дауына бай­
ланысты деген терең ой жатыр. Ал. келесі бір сәттерде найзаның
ұшында, қылыштың жүзінде тұрған батыр бейнесін тыңдаушыға
жақындата түсуге ұмтылған сәттерінде де кейіптеуді шебер пай­

даланады.
Анталаған аштардай,
Ажал да жетер аңдап та.
Сыңқыл менен сыбырға,

Сұлу әйел секілді,
Өте әуес қой көк құрақ.
«Ән сал» деп сұлу құраққа,
Өтіңді келіп жел сұрап,

Боранға ығып назданып.
Көкқұрақ басын иеді.
Жылы леп пен жылмаң жел,
Бұраңдатып сүйеді.

Сылдыратып ән салды,
Жел естіді желпінді,
Дүниеге хабар тарады.
Ақынның жоғарыдағы айтқанындай, бәйге алған өсек сы­

бырынан да әсерлі бейне сумаңдаған желдің арбауына түскен
көк құрақтың естігенін елге жайып қоюы жай ғана оқиға
түрінде емес, суретті, сәнді, бәлкім, бейкүнә әрекет жасаған
жастың кейпінде берілуі арқылы тағы да мүлде бөлек бітімді

сөз туған. Егер Дулат – реформатор деген сөздің дәлелін
табу керек болса, оны дәйектеуге тірек болатын мұндай жаңа
үрдістер өлең сайын алдан шығып отырады.
Кейіптеудің дамыған күрделі келесі кезеңі өлеңдегі пер­

не­леу яки аллегория, түрінде мысал өлеңдерде жиі кезде­
сетіні белгілі. Дулат ақын – бұл тұрғыда да тымсал өлең­
дердің көшбасшысы ретінде өзіндік жаңалықтарымен. өзге­ше
сүрлеуімен жол салған дарабоз өнер иесі. Дулат кейіп­керлері

халық ертегілеріндегі әбден танымал болған арыс­тан, қоян,
түлкілер емес. Бірақ ел ұғымында өзіндік табиғаты өзгеше аң-
құстар. Мәселен, оның Сарышымшығы – мақтанқұмарлықтың
ғана емес, пасықтықтың, су ішкен құдығына түкіретін опасыз­

дықтың бейнесі. Ақын Сарышым­шықтың әпербақан тірлігінің
бір сәттік қалпын суреттей отырып, астарлы ой айта білген.
Көпке топырақ шашқан жан иесіне бұл дүниеде опа жоқ
дегенді меңзейді. Ал Қарақарға табанының астындағыдан

арғыны көрмейтін. қулығының өзі көзге ұрып бадырай­
ып тұрған орашолақ ойсыздықтың символы. Оның қулығы

Сарышымшықтың опасыздығына астар да болмайды. Бірақ
ол да өзінше бір тип. Дулат Бабатайұлы бейнелеген шағын
сюжетті мысал өлеңдерінде өмірдің осындай көлеңкелі
жақтарын пернелеп көрсете білген. Түрлік, мазмұндық сипаты

жағынан олардың бәрінде сонылық із жатыр.
Ақын қолданатын троптың тағы бір түрі мегзеу /синек­
доха/ ойды жинақы, нақты білдірумен қатар, суретті сөздің
сезімге тигізер әсерін әрлендіре түседі. Мұнда ақын бүтіннің

орнына бөлшекті жай ғана алып қоймайды, сол бүтіннің
жалпы бітімін дәл ашатындай етіп қолданады: Тірі жүрсем
мінермін. Арқар таң күпшек санды да. т.б.
Заманның кері кеткен келеңсіз құбылыстарына күйзелген

Дулат жыраудың сыншылдық реализмінде кейіптеудің, өзгеше
иронияның, сарказмнің жиі кездесуі заңды. Көңілі толмаған
кертартпалық істердің барлығына сынай да, міней де сөз
арнаған ұлы ақынның көзіне қоғамдағы әрбір қисық іс ша­

лынбай қалмайды. Бірде төтелеп, бірде жанамалап тілінің
бізін сұғып, уын төгіп жібереді. Сол өлеңдер сырттай
бақылап тұрған жанның бей-жай көзқарасы түрінде емес,
елінің дертіне жаны ышқына тұрып жүрегіндегі шерді ащы

мысқылмен басуды көздеген көреген көсем кеудеден төгілген
мұң мен зар, өкініш түрінде туындап жатыр:
Жау көргенде көздейсің
Ши бұтаның тасасын,

Жау кеткенде жотада
Кердең-кердең басасың,
Бір күн тойса тамағың,
Тасқын судай тасасың.

* * *
Шешенің судай төгіліп.
Тыңдаушың бордай егіліп.
Өз-өзіңнен іскенсің.

* * *
Айналаңды торисың,
Түзден тоят тілемей,
Өлексені қорисың.

Алдыңа келсе жүгініс
Терісті оң деп жорисың.
Би мен бекке, ұлық пен төреге арнау өлеңдерінің дені уыт­
ты мысқылға негізделген. Дулат өзінен күштіге, бай-манапқа

жағынып сөз айтудан бойын аулақ салған. Ол байлық пен

мансапты, билік пен шенді қолдың кірі деп қараған. Ақын
үшін басты шарт – биік адамгершілік қасиеттің болуы. «Өлі
арыстаннан тірі тышқан артық» деген пәлсапаны мойында­
майды адал болмыс. Керісінше кеудесіне нан піскен азған

ұрпаққа ата-бабасын үлгі етеді. Сондықтан да ақынның ар­
наулары жалған дақпырттан, көлгірсуден аулақ. Ақынның
қырағы көзі шалмаған қиян жоқ десе болғандай. Адамы
да, заманы да тозған уақыт бейнесі әжуаланып әшкере бо­

лады. Сыншыл релизмнің айқын да нақты үлгісі деп Дулат
өлеңдерінің қай-қайсын да еркін көрсетуге болады. Дулат
диапозонының кеңдігі адам баласын таңқалдырады.
Ащы әжуа лирикалық қаһарманның атынан айтылғанда

ерекше ширыға түседі. Тіпті, өршеленіп, өрекпіген көңіл өзін
төбетке де теңестіруден тайсақтамайды. Ойын неғұрлым
ашық беру үшін ақын айшықтау мен ажарлаудың, құбыл­ту­
дың алуан түрлі тәсілдерін қиюластыра қолданып, кекесіннің

бояуын қалыңдата, қоюлата түседі.
Шабытына мінген ақын кей тұстарда әсерлеудің өзгеше
орамдарын ұсынады. Бірақ Дулат қолданатын гипербола
мен литота ауыз әдебиетіндегідей адам нанғысыз деңгейден

оқшау жатыр. Оның суреттеуінде тозған жер, кері кеткен ел
жайы асыра көрініс беріп қалады.
Мысалы:
Ашылған әбден араның –

Түйені жұтсаң түгімен,
Биені жұтсаң бүгімен,
Қақалмай-ақ толғайтын.
* * *

Ақжайлау мен Сандықтас
Атамның қонған қонысы
Түн асса тұтам түгі өскен,
Басылмайтын сонысы.

Бұл жерде әсірелеуге тұрақты тіркестер, мәтелдер құрал
болғаны байқалады. Ал кей өлеңдерде жаңа тіркес, периф­
раздармен келетін жолдар, шумақтар кездесіп отырады.
Өсіріп айтқанда да, өшіре айтқанда да ақын сөзі елітеді.

Мысалы:
Шабаны тұлпар жүйрік боп,
Сайынға шауып шаңдатып,
Шалағайы берік боп,

Шала мерген жамбы атты...

Төрт тұлікке толтырды,
Толағай тұлдыр қыратты.
Тандыр болған жылғадан,
Сарқырап тұрып су ақты...

Абылайдың тұсында осылай шалқыған ел дәулеті Дулат­
тың заманында мүлде кері кетті. Оны ақын былайша бей­
нелейді:
Сендер атқа мінген соң,

Тандыр болып суалды.
Шалқар көлдей несібем.
* * *
Саулықты қысыр қалдырып,

Қошқардың түспей күйігі
Айғырдан бөліп биені,
Бурадан бөліп түйені,
Қайта арқаға көшкені.

Дулат өлеңдері тілінде ажарлаумен, құбылтумен қатар
қол­да­нылатын, сөйтіп, өлең әсерлілігін арттыруға қызмет
ететтін фигуралар мол кездеседі. Соның ең жиі қолданылған
түрі – арнау.

А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов
сияқ­ты ғалымдар теориялық тұрғыдан негіздеп берген арнау­
дың үш түрі де Дулат шығармашылығында кездеседі. Мы­
салы: «Баласына айтқаны», «Кеңесбайға», «Сүлейменге»,

«Бараққа», «Ешенге», т.б. өлеңдерінің бәрі жарлай ар­
нау түрінде болса, «Ақжайлау мен Сандықтас», «Тауды екіге
жарасың», «0, Сарыарқа, Сарыарқа», «Ақтанға», т.б. сұрай
арнау өлеңдері.

Ал, енді бірқатар өлеңдері, атап айтқанда, «Сен туған
жерді тастадың», «Тырнақтай меңі болған соң», «Асқар
таудың сәні жоқ», «Сөзім барда көзім жоқ», т.б. жырлары
зарлай арнаудың үлгісінде жазылған.

Ақын сөз әсерін күшейту мақсатында негізгі ойын тың да­
ушы назарына салу үшін фигураның қайталау түрін де орын­
ды қолданады.
Күндестік те еліңнен,

Міндестік те еліңнен,
Қамалау да еліңнен.
Табалау да еліңнен.
Өсіру де еліңнен,

Кешіру де еліңнен,

Абалау да еліңнен,
Бақыт та елден қонады,
Дәулет те елден болады.
Елменен ер жетіп,

Емендей өсіп алады.
* * *
Қамыс айтты - жел айтты,
Желден естіп - ел айтты,

Ел айтқанда шын айтты.
Көрген сол - шаштаразды
Онан басқа кім айтты?!
Дулат қайталауларының ішінде еспе қайталау, анафора,

эпифора түрлері аралас қолданылады, «айтты» сөзін эпифора
түрінде алған автор барлық түйінді, себепті осы сөзге «байлап
қойған».
Дулат жыраудың поэтикалық тіл кестесіне айырықша

ажар беріп тұрған фигураның бірі – шендестіру яки антитеза.
«Тырнақтай меңі болған соң» деп басталатын өлеңнің бүкіл
өнбойында құбылыстар мен заттарды бір-біріне бетпе-бет
қою арқылы салыстырып, салғастыру арқылы шендестірудің

таңғажайып үлгісін тудырған.
Ал, дамыту тәсілін қолданылу өрісі жағынан қарастыратын
болсақ, оның жалпы Дулат өлеңдерінің табиғатына айырық­
ша тән екенін байқаймыз.

Логикалық ой шымырлығымен қатар, айтқан сайын үдей
түсетін ерекше екпінділік шамырқанған, ширыққан ша­
быт ақынның әрбір өлеңіне тән десек қателеспейміз. Ду­
лат поэтикасының, бәлкім, ең негізгі тәсілі де осы дамытудың

жүйесінен көрінеді.
Аға сұлтан, қазылар
Майырға болды жағымды,
Шайқады қулар тағымды,

Тайғызды бастан бағымды,
Сындырды, елім, сағыңды,
Қара ісіңе дем беріп.
Қарайтты әдейі ағыңды.

Бұл шумақта сатқын ел билеушілердің іс-әрекеттері, опа­
сыз­дығы әр жол сайын тереңдеп дамып бара жатқаны бай­
қалады: әуелі майырға жағынып алған соң-ақ елінің тағын
шайқайды. Басынан бағын кетіріп, елінің сағын сындырады.

Ең соңында өзін жарты құдай сезінген сезімсіз сатқындар ақ
пен қараның мәнін айыра алмас күйге жетеді.
Өлеңнің ырғағына, сазына, ұйқасына қарай поэзия тілінде
инверсия құбылысының тән болуы – табиғи құбылыс.

Ағының тасты ағызып,
Арнаң қалды осылып.
Күркіреген үніңнен,
Аңдар қашты шошынып.

Қырға суың тарады,
Ойға суың барады.
Тоғанменен тосылып.
Елін езіп-жанышқан ессіз билеушілердің образдарын ашу

үстінде Дулат егіздеу /параллелизм/ тәсілін поэтикалық тілдің
таптырмас тетігі ретінде қиюластыра қолданады. Ұлықты жа­
ман итпен, отаршыны қасқырмен бара-бар етіп алатын де­
ректер көз алдына момын елін аямай талаған қорқаулардың

әрекетін әкеледі. Жанды сурет, тұшымды сөз тыңдаушының
әсерленуіне жол ашады.
Қасқыр тартып, қан шықса,
Жаман ит жұлып жей берер,

Алды, артына қарамас.
Жақсы иттің белгісі
Жұлмақ түгіл жаламас,
Азған елдің бектері

Қан шықса елін жұлмалар,
Қасқырменен аралас.
Сонымен, Дулат Бабатайұлы шығармашылығының өзгеше
бітім-болмысын, көркемдік қуатын, эстетикалық нысана­

сын, шеберлік сырын тануға әкелетін көркем сөз бен сындар­
лы ойдың бірлігінен туындап жатқан сан тарау тәсілдер осы­
лайша жалғаса береді. Сөз құдіретін айқын, шын түсіне алған
парасатты ой иесі өзіндік пайымдамаларын өрнекті өріммен

беріп отырады. Троптың түрпері, фигураның түрлі жүйелері
әсемдікке қызмет етіп, әдемі әсер туғызады. Бірде шалқыған
шабыттың қанатына отырғызып биікке самғатқан сөз, енді
бірде қоғамның дертіне дауа іздеп аласұрған ақынның ішкі

мұңының тереңіне тартады. Мұның бәрі кестелі сөздің, өткір
тілдің құдіреті арқылы жүріп жатады.
Дулат өлеңдерін оқығанда оның әр шумағында қайта­
ланбас сөз сиқыры бар екені аңғарылады. Ондай шеберлік

сыры Дулат жыраудың дара танымында, дана байламын­
да жатқаны анық. Сондықтан Дулат шығармаларының
көркемдік ерекшелігін талдау әрі оңай, әрі қиын. Оңай бо­
латыны – кез келген өлеңнің өнбойынан ажарлаудың,

айшықтаудың, құбылтудың үлгісі жиі кездесіп отырады. Ал
қиын болатыны – сөз зергерінің нақышын, өзіндік ерекшелігін
ашып түйсіну үшін көп ізденіс қажет. Әлі де ашылмаған
жұмбағы, танылмаған құпиясы, айтылмаған қыры ұланғайыр

ұлы тұлғаның сөз әлемі нақты зерттеулерге нысана болары
сөзсіз.
Марат БЕКБОСЫНОВ

ДУЛАТ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК САРЫНДАРЫ

Қазақ әдебиеті – өткен күннің белгісі ғана емес, ел рухы­
ның, ар-ожданының да көрінісі. Сол себепті де халқымыздың
заңғар жазушысы, кемеңгер ғалымы М. Әуезов те: “Бұлардың
туысы мен бағыт сарыны ел басына келген тарихи дәуірден

туғандықтан, барлық ақынды тарих көлемінде қарастыру
керек. Бұларды ұғу үшін соларды туғызған ел мен шарт­
ты тарих бетінен ұғыну керек” – деп әдебиетті тарих жолы­
мен қарастыру қажеттігін нақтылап ескертеді.Жер жаһанда

халықтың құрылу, ұлт болып ұйысу, елдік және сол елдікті
ерлікпен қорғау тарихында сөз өнері иелерінің беделі
теңдессіз зор болған жұрттың бірі мен бірегейі – қазақ елі.
Жүрекпен де, білекпен де Отанын, елін, жерін сүюдің тарих

пен әдебиетте өшпестей бедерлі ізін қалдырған Ақтамберді
сынды сөз зергерлерінің:
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап,

Дұшпаннан көрген қорлықтан
Жалынды жүрек қан қайнап,
Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап , –

деген сөздері бұл ойымызға ыспат.
Бүгінде өткенді ұлттық тәуелсіз сана сарабында зерделеу
ниетінен туғанмен, кейбір тарихи ақиқат жағдайларға қайшы
шалыс басқан пікірелер де тарих пен әдебиет беттеріне

арналған зерттеу еңбектерде оқтын-оқтын ұшырасып қалаты­

ны жасырын емес. Егер, “Әдебиет – қоғамдық құбылыс. Оны
тарихи тұрғыдан қарастыру қажет. Мұның кең мағынасы –
әдебиетті қоғамдық дамумен байланысты тарих ғылымының
жетістіктерін пайдалана отырып зерттеу деген сөз. Тарих­

сыз әдебиетті зерттеу жалаңдыққа апарады. Өйткені, тарих
қоғам дамуының ғылыми шежіресі болса, әдебиет – көркем
бейнесі” десек, Әбілқайыр, Бөкей, Жәңгір, Уәлі, Айғаным,
Шыңғыс сияқты ел басқарған төрелер мен Барақ сұлтан,

Абылай хан, Сырым батыр, Кенесары, Наурызбай, Сар­
тай, Бопай ханым, Ғұбайдолла сұлтан сынды тұлғаларды
олардың ел тәуелсіздігі жолында еткен еңбектеріне қарай
бір-бірінен ажырата отырып бағалау орынды. Өйткені,

“Әбілқайыр сияқтылардың Россияға қосыламын деулері өз
халқының келешегі үшін көрегендік, прогрессивтік мәні зор
болғандығын қазіргі өмір дәлелдеп отыр. Қоныстандыру, егін
шаруашылығымен шұғылдану, мәдениетке бой ұру, қазақ

халқы үшін тағы да басқа пайдалы істердің тарихи тамырла­
ры сол Россияға қосылуымызда жатыр” – деп алғашқыларды
жаңалықтың жаршылары, ұлтты орыс мәдениеті арқылы
өркениетке жетелеушілер етіп көрсету – қазақ халқының

мәдени, шаруашылық, тұрмыс қалпын бұзған отарлық езгіні
Кеңес дәуіріндегі великоростық идеологияның прогресс
ретінде бағалаттырған қысымынан туғаны анық. Ал, “Дулат
“Қазақ туралы” атты ұзақ өлеңінде:

Кешегі сенің бір ауызды күніңде,
Үш жүздің басын құраған,
Алдынан соның тараған
Абылпейіз, Абылай,

Екі сұңқар сұлтанға
Еркінше өскен қайран ел,
Дәулетің бейне шалқар көл,
Айбының бейне асқар бел,

Ботадай бұла өскен тел,
Енді келіп қамалдың
Кәуір салған қу тамға, -
дейді. Жыраудың бұл сөздерінен қазақтың Россияға қосы­

луын­да еріктілік жоқ, оны отарлау деп ұғынғандықты, ал
Әбілмәмбет, Абылайлардың хандық құрған кезі ең бір
жақсы кезең еді деген теріс пікірлерді аңғарамыз” деген
түйіннен жоғарыдағыдай халық дербестігі мен сол жолда

күрескен ерлерді күні өткен ескілік пен сол ескіліктің кертарт­

па күштері деп қабылдатқан жалған идиологияның ызғарлы
лебін сеземіз. Бұл жайдың Дулат шығармашылығының зерт­
телу аясына тікелей қатысы бар. Сондықтан, мұның мәнін
ашып көрсету өте қажет. Өйткені, 1947 жылы 21 ақпанда

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің “Қазақ ССР
Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының
жұмысындағы саяси өрескел қателері туралы” қаулысына
орай әлемге түрі ұлттық, мазмұны социалистік, рухы интер­

националистік әдебиеттің артықшылығын танытамыз де­
ген желеумен, космополитизм мен ұлтшылдықты әшкерелеу
мақсатында әдеби мұраны таптық тұрғыда терістеу бастал­
ды. Соған сай Дулат поэзиясы әдебиет тарихынан мүлде

аластатылса, кейін, 1957 жылғы “Қазақ халқының әдеби,
поэзиялық және музыка мұрасын зерттеудің, сын тұрғысынан
қарап, пайдаланудың жайы және оларды жақсарту шара­
лары туралы” қаулысы мен 1959 жылы 15-19 маусымда

Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет инсти­
тутында өткізілген ғылыми-теориялық конференцияда Ду­
лат шығармашылығы ХІХ ғасырдағы тарихи-әдеби процессті
сипаттау үшін, яки жоғары оқу орындарында феодалдық-

буржуазиялық бағыттағы ақын-жазушылардың қайшылықты
кертартпа өкілі ретінде әдебиет тарихына енгізілді. Сөйтіп,
Дулат шығармашылығы жайлы теріс пікір 1989 жылы 9
желтоқсанда “Социалистік Қазақстан” газетінде “Әдебиет

пен өнер мәселелері бойынша 30-40 жылдар кезеңі мен 50
жылдар басында қабылданған қаулыларды зерттеу жөніндегі
Қазақстан компариясы Орталық Комитеті комиссиясының
қорытындысы” жарияланғанға дейін созылып келді.

Дулат шығармашылығына қатысты мұндай теріс көзқарас­
тың қалыптасуына ақынның бүкіл әдеби мұрасының отар­
лық езгіге қарсы бағытталуы мен ұлттық тәуелсіз мемле­
кетті

қалпына
келтіруге
шақырған
күрескер

поэзиясы
себеп болды. Неге десеңіз, тоталитарлық әккі саясат қауы­
зындағы “Совет мәдениеті мен әдебиеті дегеніміз – түрі
ұлт­тық, маз­мұны социалистік, рухы интернационалистік

құбылыс” деген қағида кеңес кезеңіндегі ақын-жазушылар
шығармашылығын былай қойып, социализм елесі де
тумаған ХІХ ғасыр әдебиетінің тарихын зерттеу мәселесінде
де көлденең тартылды. Біріншіден, кез-келген ұлттың өзіне

тән мәдениеті бар, мұны коммунистерше түрі ұлттық де­
сек те, мазмұнын социалистік деу ағаттық. Өйткені, қай ұлт
мәдениеті мен әдебиетінің болса да түп мазмұны адамзат

мәдениетінің биік нысанасы – гуманизмге қызмет ету. Яғни,
адамдық асыл қасиеттер, әділет пен ар ісін насихаттау де­
ген сөз. Сондықтан да Дулат дүниетанымы әлеуметтік тап­
тар мүдделеріне, олардың өзара қайшылықтарын сурет­теуге

негізделеген таптық әдебиеттен анағұрлым биік тұр. Ол – адам­
ды қасиеттеуші гуманист, адам бойындағы пенделік кеселдің
кез-келгені оның жанына инедей қадалады. Сол себепті де
ақын өз кейіпкері атынан:

Күнәм – жойқын, тәубем – аз,
Тіршіліктен не таптым?
Дүние – жемтік, мен – төбет,
Соны бақпай, не бақтым?

Ырылдасып әркіммен,
Не қапқыздым, не қаптым –
дейді. Ал, Дулат өлеңдерінен интернационалистік рух іздеу­
дің өзі ерсі. Елі үшін “ұйқы беріп, қайғы алған” ақын халық­

тың елдігін аяққа таптап, жұртты ұлттық танымнан айырып,
отыршыл ел мүддесіне сәйкес құлдық ұру рухындағы иде­
ология мен әкімшілік саясат жүргізіп отырған елге қалайша
достық ниетпен қарамақ? Қайта:

Батыстан патша түнегі
Жеріңе келіп түнеді.
Жоныңнан таспа тіледі,
Ішіңе әбден кіреді,

Оны Дулат біледі –
деуі орынды емес пе?! Ақиқатына келсек, “интернациона­
лизм” деген таптық тұрғыдағы термин – коммунистердің ой­
дан шығарған атауы. Тілімізде мұның таптық ұғымды емес,

адамзаттың бауырмалдығы деген мәндегі баламасы бар.
Ол – ақ жүректік. Дулат шығармашылығы – тұтастай әділет
ізедеген ақ жүректіктің айнасы. Оның анықтығына Шаһкәрім
қажының: “Ақ жүрек дегеніміз “Ұждан (әмма жанға махаббат,

шапағат, ғаділет)” қазақша тәмәм адам баласын бауырын­
дай көріп, жаны ашып, әділет қуу. Ұлтының келешегін толты­
ру, артықты өзгелерге зиянсыз жолмен табу ақ жүрек (ұждан)
ісі” деген сөзіне Дулат өлеңдерінің сай келуі дәлел. Мәселен,

“Тымсал өлеңінде” ақын былай дейді:
Бекзаданың белгісі –
Қиянатқа баспайды,
Өзі түгіл, басқаны

Жақсылыққа бастайды.

Дулаттың әдеби мұрасын зерттеуге кері әсері болған жо­
ғарыда айтылған жайлардан өзге де қате, кемшіліктер әде­
биет тарихында орын алды. Сондықтан, Дулат ақын шығар­
машылығын отарлық сарын аясында талдаудан бұрын, бұл

кемшіліктерді ақын өлеңдері негізінде терістеу қажет.
Ең алдымен отарлау тарихын кезең-кезеңге бөліп алып,
сол кезеңдердегі саяси-әлеуметтік жағдай тудырған көркем
шығармалардағы басты сарынды ұғынып, соның негізінде

әдебиет
өкілдері
шығармаларындағы
әдеби

байланы­
старды ашудың орнына, оларға әртүрлі ат қойып, айдар
тағу пайда болды. Мысалы, “Қазақ әдебиетінің қалыптасу
кезеңдері” атты еңбекте: “ХІХ ғасырдың І жартысындағы

көрнекті ақындар творчествосының идеялық бағыттарына
көз жіберсек, осы кез әдебиетінде екі түрлі идеялық ағым
қалыптасқаны байқалады. Оның бірі – еңбекші халықтың
мүддесін көздеген бұқарашыл әдебиет (Махамбет, Шерни­

яз, Арыстан, Сүйінбай, т.б.) Екіншісі – феодалшыл идеядағы
ескішіл әдебиет ағымы. Қоғамның жаңа бетбұрысына
наразылық білдіріп, ескі дәстүрді көксеген ақынның бірі
Дулат Бабатайұлы болатын. Ол ежелгі ата-баба жолын,

қашаннан қалыптасқан хандық тәртіпті жақтап, аға сұлтандық
өктемдікті сынаған, елдегі күйзелістің бәрін сол қоғамдық
өзгерістің туындысы деп танып, ескі тәртіпті көкседі” – деп,
дұрысты бұрыс етіп, жоқ ағымдарды бар қылып жазған. Со­

дан келіп, Дулаттың:
Әбілмансұр хан болды:
Хан болмады қазаққа,
Ағарып атқан таң болды.

Мұхитты кезген кемедей
Біраз күн қазақ сайрандап,
Ханталауда, қамалда
Қалды кеме қайраңдап.

Абылай туы жығылды,
Қабырғаң, қазақ, сығылды.
Үріккен қойдай біріңе
Бірің келіп тығылдың –

деген өлеңіндегі негізгі ой “қармайтын тал қалмай, тереңге
сүңгіген” халқын “толқынды теңіз заманнан” “туған жерді
көксетер, халықта сөнбес сыр күшті” ояту арқылы ел болуға
шақырған ойы – ескілікті аңсау, кертартпалық деп бағаланды.

Екінші, саяси-әлеуметтік жағдай тудырған көркем шығар­

ма­ларды отарлаудың тарихымен бірлікте алып, ақын өлең­
деріндегі сарынды басты белгі ретінде ұстанбаудан келіп,
олар­ға кейінгі заман тұрғысынан саяси, әдеби әділетсіз баға
берілді. Бұл жайлы дарынды ғалым, марқұм Қ.Өмірәлиев:

“Біздің міндет – Дулаттың тарихтың ауыр жолында жүріп
жасаған рухани дүниесін өз қалпында тарихпен байланы­
ста алып бағалау керек. Бұл әдеби мұраның ұрпаққа толық
жетуі, олардың өлмейтін мұра болуына емес, сол мұраны

өлтірмейтін ұрпақтың болуына байланысты” – деген. Бұл
жерде мәселенің басты түйіні – мынау. Патша өкіметінің осы
кездегі отарлау саясаты алдаудан күш көрсетуге көшкен,
қазақтың шұрайлы жерін тапа тал түсте ашықтан-ашық тар­

тып алуға кіріскен кезі еді. Мұны Дулат ақын “Ақжайлау мен
Сандықтас” деген өлеңінде:
Ой, Сандықтас, Сандықтас –
Атамның қонған жайлауы!

Қайнардан суың қайнауы,
Шалғынға жонын көмілтіп,
Құлынды қазақ байлауы,
Бал татыған бағланның

Езілтіп етін шайнауы –
Сенің арқаң емес пе
Лықсытып малды айдауы!
Мынау азған заманда

Сөзіңнің кетіп байлауы,
Келелі биде кезек жоқ,
Қоритын болыс сайлауы.
Қаларсың бір күн, Сандықтас,

Құлан жортпас бел болып,
Самалың салқын соғатын
Сары ызғырық жел болып –
деп суреттейді. Ол кезде патша әкімдерін айтпағанда, қазақ

жеріне көшіп келіп жатқан қоныстанушылардың өздері де
жергілікті халыққа жирене қараған, үстем адамдар болатын.
Олар өздерінің орыс ұлықтарынан қолдау көріп, ең шұрайлы
жерге ие болып, қазақтан тартып алынған үй-жай, қора-

қопсы, мал-мүлікті әкелерінен қалған ырыстай иемденді.
Олар таптық жікке бөлінсе, ХІХ ғасырдың аяғына қарай ғана
бөлінді. Сонда да отарлық пиғылдан түбегейлі арылған жоқ.
Сол себепті қандай заман, қандай елде болсын отарлық езгі

жағдайында бұғауға түскен елдің бүкіл ой-пікірі ел-жұрт

төңірегінде отарлық езгіге қарсы бағытталады. Мұны қазақта
“кемедегінің жаны бір” немесе “қанына тартпағанның қары
сынсын” дейді. Сондықтан да: “Дулаттар – отаршылдық езгіге
түскен халықтың ұлттық ар-ұжданы” болған ақындар.

Дулат өлеңдерінің ХІХ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің на­
ғыз мөлдір бұлағы екендігін дәлелдеу үшін бірер шығарма­
ларын мысалға алып қарастырайық:
Сөзім бар да, көзім жоқ,

Көзім жоқ деп жатпадым:
Би мен бекті жақтадым,
Бай, мырзаны мақтадым,
Бәйбішенің мойнына

Жырдан алқа таққаным.
Өсек болды баққаным –
Момынға құрған қақпаным.
Өсекші – тәңірі дұшпаны,

Күнәмді қалай ақтадым?!
Аз нәрсеге ант ішіп,
Аруақты аттадым.
Қылмыстыны қызықтап,

Маңдайынан сипадым,
Қабағынан қақпадым.
Бәріне мен кіріптар,
Қайсысы менің тапқаным?!

Осы өлеңде қаншалықты ащы мысқыл, салмақты ой, сөз­
бен келістіріп тұрып салған сурет, ақындық шеберлік бар.
Саудагер сарттай қайтты өмір,
Құмар ойнап ұтылған –

деген суретті сөздерге көңіл бөлейік. Өзі беттің арын бес
төгіп, жұртты алдап-арбап, өмір бойы арамдық сауып жиған
қазынасын бір сәтте ұтқызған сарттың ұсқыны арқылы арман-
аңсарына жете алмай, тірлікте тапқан жан олжасынан гөрі

өкініші көп, заман жүгі жүрегін жеген ел қамқорының күйін
шебер бере алған.
Дулат өз өлеңдерін оқушысы жоқтың қасы, тыңдаушысы
мол болғандықтан ауызша айтып, біразын жазбаша жа­

зып шығарған. Ол – бір жағы жырау, бір жағы ақын. Бірақ
Дулаттың жыраулықтан гөрі ақындығы басым. Өйткені,
отарлық езгінің өршіген кезінде жалпыдан жалқыға, кеңнен
нақтылыққа ойысу қажет болды. Жоғарыдағы мысалдар

соның айғағы. Жалпы, ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясын­
да Дулат Бабатайұлы тұңғыш рет патша өкіметінің отарлық
езгі саясатының астарын ашып айтып, оның ел ішіндегі
жексұрын жемісі “борсық тұмсық, қанды ауыз ұлық болған,

қазақтан шыққан кәпірдің” образын бірде іс-әрекет, қимыл
үстінде бейнелесе, бірде кейіпкерінің өз сиқын оның мо­
нологы түрінде өзіне әшкерелетіп суреттеген. Осындай за­
ман адамының кескін-кейпін сөз шебері “Әуелгі қазақ де­

ген ғарып жұрт» сияқты жыраулық дәстүрдегі жыр үлгісімен
берілген туындыларының өзінде де ақындық нақтылықпен
қозғалыс, әрекет үстінде көрсеткен қалпын көреміз. Мұндай
өлеңдер қатарына Дулаттың “Ер шөгіп, есер ер жетті”, “Дү­

ние – жемтік, мен – төбет», “Май, май дейсің, май дейсің»
сияқты көптеген туындыларын жатқызуға болады. Дулаттың
ақындық
қарымының

осындай
жаңашылдық
сипатын
Қанипаш Мәдібай: “Дулат – зар заман әдебиеті өкілі делінеді.

Солай болғанымен де зар заман әдебиетінің негізінде зар за­
ман сарыны жатқанымен, Дулат өлеңі Шортанбай, Мұрат
өлеңінен өзгешелік сипат айырмасы көп өлең. Ол айырма –
ең алдымен өлеңнің көркемдік сапасындағы нақтылық: по­

эзия тіліндегі өзгеше қуат-күш. Яғни ақынның өлең жасау
әдісіндегі өзгешелік, аса сауаттылық. Дулат өлеңі өмірді сырт­
тан бағалаушы, сырттан тамсанушы, баяндап, мазмұндап
шығушы емес. Сол өмірдің ішіне еніп, сырын сезіп, соны

өзгеге сезінтіп, өзгеше айқындықпен құбылтып өрнектеген
өлең. Жыр қуатын, сөз қуатын, құдіреттің өзіне сыйлаған өнер
күшін ақын ғажап сезінеді. Дулат сол заман билеген адамға;
оның мінезіне жақын келіп, іштен алып отырып сөйлейді.

Жалпыны жасап, туғызып отырған жалқының өзін ашады.
“Сүлейменге», “Кеңесбайға», “Бараққа» өлеңдеріндегі са­
рын өз тұстастарындағы жалпыдан гөрі Абай сынаған, Абай
кейіптеген ел мінезіне жақын” – деп, ақын шеберлігін баса

жазып, тап басып таныған.
“Ақын жолы халық жолымен, тарих жолымен қабыса
табысқан шақта оның өзіне өлім жоқ, сөзіне заман - дәурен
шегі жоқ” – деп М.Әуезов айтқандай, бүкіл шығармашылық

жолы халық тарихының көркем шежіресіне айналған “күңгірт
тарих ішінен бұлыңғыр бейнедей бұлдырып көрінетін” Ду­
лат тұлғасын ақын поэзиясына алғаш рет кең көлемде зерт­
теу жүргізген көрнекті ғалым Құлмат Өмірәлиев былай деп

ашып берген: “Дулат қазақтың өзі өскен өлкесінің Россияға
қарағанға дейінгі; өз алдына хандық құру түрінде ел болу

дәуірінің, хандық дәуірінің ақыны; екінші жағынан пат­
ша өкіметінің шектен тыс озбырлығына ұшырап, елдігінен,
жерінен,
ата-қонысынан

айырылған
қазақ
жұртының
ақыны”. Яғни, Дулат Ресей империясының ХІХ ғасырда

қазақ жұртының хандық мемлекеттігін жойған, қазақ елін
дуандарға бөлшектеп, кейін оны одан әрі жіліктеп, болыстық
ел басқару жүйесіне дейін ұсақтаған, бодандық бұғауының
бірінен-бірі сорақы екі түрлі саяси-әлеуметтік отарлау

кезеңдерін басынан өткерген ақыны. Сондықтан да, Дулат
шығармашылығы тәуелсіздік идеясымен тығыз байланыста
қарастырылуы қажет.
“Бас-басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басал­

қыңыз бар болса, жанған отқа күймессің” деген берекені,
бірлікті, бірауызды ынтымақты көксеген Дулат осы кезеңдегі
мұндай заңдастырылған заңсыздықтарға бірден қарсы шық­
ты. Ақынның:

Ескіден қалған бұрынғы
Бәтуалы ырымды,
Адаспастай даңғыл сол –
Қасым салған қасқа жол

Шарға соғып із кетті –
деуі сол түста тәуелсіздікке тұсау болған кесірлі шындықты си­
паттайды. Үзіндідегі “шар” сөзі “дау-шар” мағынасындағы
қос сөздің екінші сыңары. Өлеңде аға сұлтандық ел билеу

жүйесінің ел бірлігіне тигізген кері әсері мен отаршылдар
озбырлығынан жерсіз қалған рулар арасындағы алтыбақан
алауыздық сыры сипатталған.
Дулаттың “еркінше өскен қайран елдің” кешегісін үлгі ете

суреттеуі оның келемеске кеткен өткенді аңсауынан шыққан
кертарпалық емес, қайта сол өткенді отарлық езгі кезеңімен
салыстыра суреттей отырып, азаттық күресіне шақыруынан
туған поэзия болды.

Оның Шығыс поэзиясынан, ежелгі түрік әдебиетінен және
жыраулар толғауларынан рухани арна алатын дидактикалық
поэзияны өзінің өсиет мәніндегі жырларында ары қарай
өрістетуі бұл пікірімізге ыспат. Мәселен, Дулаттың “Ақтанға”,

“Асқар таудың сәні жоқ”, “Біреуге”, “Баласына айтқаны” де­
ген жырларында дидактикалық поэзияға тән дәстүрлі өсиет
сөздермен қатар, оларға заманалық рең беріп, өз дәуіріндегі
отарлық езгіге қарсы мәндегі, тәуелсіздік рухындағы өсиет,

ғибрат сөздермен көмкерген.

Істемей қолмен іс болмас,
Құры сөзде күш болмас,
Таңдайға дәмі татымас,
Ауызға салып шайнамай;

Ер қолынан іс келмес
Сұңқардайын түйілмей,
Буынып белін түйінбей,
Зердесі жігер қайнамай –

деген шумақтағы, немесе:
Балам, саған айтқаным:
Даңғыланбай, шаруа жи;
Албырттықты әсерлі

Құрбыңа еріп, көрме сый;
Қолда барың қанағат,
Қолда жоққа құмартып,
Әуреленбе, ләпсің тый;

Әкеңнің айтқан аз сөзін
Құтысына көңіліңнің,
Төгіп алма, дәлдеп құй!
Менің айтқан бұл сөзім

Өміріңе пайдалы,
Басыңда болса егер мый –
деген тармақтардағы ой өзгегі – осының айғағы.
Академик Қ.Жұмалиев: “Өсиетнама” дидактикалық поэ­

зия­ның түріне жатады. Айналасындағы әр алуан құбылыс­
та­рына үңіле қарап, олардан келешек үшін керекті бір
қорытынды шығармақ болған ойшыл жырау өмірмен, адам
тіршілігімен байланысты көп мәселелерді сөз етеді” – дегенде

астарлы мәнде осы жайға жөн сілтегендей.
Осы орайда әдебиеттанушы-ғалым Мылтықбай Қараев­
тың Дулат шығармашылығындағы реализмнің предреа­
листік өтпелі кезеңі жайлы жазған “Дулат реализмі” атты

ма­қа­ласындағы пікірі – ғылыми ізденістің көңіл ауда­
рар нәтижесі. Дулатқа дейінгі қазақ поэзиясында адамға
тән жаман қасиеттер жалпылама түрде алынып, гуманистік
көз­қарас тұрғысында дидактикалық мәнде сынға алын­

са, қазақ әдебиеті тарихында Дулат ақын тұңғыш рет адам
бойындағы кемшіліктерді қоғамдық қатынаспен, әлеуметтік
қайшылықтармен байланыста алып, олардың шығу себебін
аша отырып сынау арқылы, Абай реализіміне жол ашқан

предреалистік кезеңнің өкілі болды деген дұрыс пікірге келген.

Сонымен, Дулат ақын шығармашылығын отарлық езгі та­
рихы шеңберінде, тәуелсіздік идеясы тұрғысында талдау­
ымызды сабақтасақ, қазақ жерін отарлаудың патша өкіметі
жоғарыда келтірілген алауыздық отын жағу әрекетінен

өзге де түрлі жолдарын ойлап тапқанының куәсі боламыз.
Олар: қазақ ішінде ашылған жаңа губернияларға арналған
қамалдар мен шептер тартуға қажет жерлер алу.
Дулат поэзиясының туған жер тақырыбына арналған

өлеңдерінде табиғат адамдандырылып (антропопатизаци­
яланып), яғни адамға тән кейіпте ерекше сүйіспеншілікпен
жырланады.
Тауды екіге жарасың,

Тастың қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді,
Аякөз, қайда барасың?!
Тарбағатай тауынан

Тоқсан сала қосылып,
Тоғыз өзен түйісіп,
Ақтың төмен жосылып.
Ағының тасты ағызып,

Арнаң қалды осылып.
Күркіреген үніңнен
Аңдар қашты шошынып.
Жағаңа дуан түскен соң,

Суыңды орыс ішкен соң,
Аякөз суы қағынды.
Би, старшын мойнына
Жезден қарғы тағынды –

деген өлең жолдары осының айғағы. “Ал заман қайшы­
лықтары оның көзқарысына, творчествасына әсер етті. Жы­
рау әлеуметтік ірі-ірі мәселелерге өзінше жауап беруге ты­
рысты. Кейбіреулеріне тарихи жағынан да келмек болды.

Бірақ, негізгі идеясы ескілікте жатқандықтан, көп жайт­
тарда ол қайшылыққа кездесіп отырды” – деп, Дулаттың
хандық дәуірді дәріптеуі мен өз заманындағы ел билеген аға
сұлтандар және төрелерді сынауын оның қайшылығы ретінде

қабылдауымыз – Дулат поэзиясының мәнін таптық тұрғыда
талдауымыздың кесірі еді. Әйтпесе, ақынның:
Ту ұстап, тұлпар жаратпай,
Алдынан топ таратпай,

Елді ауызына қаратпай,
Жай оғындай оқ атпай,
Анадан тудым дегенмен,
Бастамаса ел, ұлан ба?

Ақсақ Темір көреген –
Аузын айға білеген,
Дұшпанын саздай таптаған,
Досын майдай сақтаған,

Алтын діңгек секілді
Патша өткен Тұранда –
деп, хандық мемлекетті дәріптеуі мен:
Ел тереңге сүңгіді,

Қармайтұғын қалмай тал.
Серпілер күн болар ма
Елге түскен ауыр хал?
Көз жасың да болмады,

Қара қазан, сары бала,
Жетім-жесір, кемпір-шал! –
деуінен халықты қарулы күреске шақыру арқылы “туған жерді
көксетер, халықта сөнбес сыр күшті” оятуды мақсат еткенін

көреміз. Оның өзіндік себебі де болды. Елде мемелекет билігі
отаршылдар қолына көшкенімен, халықтың тәуелсіздікке де­
ген үміті сөнген жоқ. Және ұлттың ұлттық санасын, ұлттық
туды, ұлттық мақсатты асқақтата биікке көтеріп, халықтың

тірегі мен бірлігіне қорған бола алатын ХІХ ғасырға дейінгі
орыс империясының отарлық саясатына қарсы жүргізілген
200-ден аса ұлт азаттық көтерілісінің от жалыны үздіксіз ала­
улады.

Дулаттың “Асқар таудың сәні жоқ”, “Кенесары”, “Сүлей­
менге” сияқты жыр-толғауларында айқын танылады. Мыса­
лы, азат таңға сенімі нық ақын:
Төреліктің белгісі -

Елін жауға бере ме?
Еліне қорған болмаса,
Ел төрені көре ме?
Қаршығаны қайырма,

Қалыңға салса батпаса;
Мергенге мылтық кезетпе,
Атқан оғы айнымай,
Түтінін үзбей атпаса;

Батыр деме батырды,
Шеп құрған жауға шаппаса;
Төре деме төрені,
Ел тілегін таппаса;

Қару деме семсерді,
Шапқанда сүйек қаппаса –
деп, ел жігерін оятып қана қоймай, Ақтамберді, Еспембет,
Баян сынды батырларды үлгі етті.

Дулат қаламынан бұл айтылған отарлық озбырлықтардың
қай-қайсысы болса да тыс қалмады. Өйткені: “Қазақтар
орыс бастықтарының әрбір әрекетін тек қана қастық,
бостандығымызға, тұрмысымызға қол сұғушылық деп білді”

деген Шоқан сөздеріндегідей, ақынның 1850 жылдардан
өмірінің соңына дейінгі күллі әдеби мұрасының мәні осындай
бодандық бұғауының қанды шеңгелін ашына әшкерелеуге
бағытталды. Дулат ақынның:

Бай сатып қыл мен қыбырын,
Кедей бұлдап сыбырын,
Ерсі болып ырығың,
Ішке дуан салған соң,

Шын білдің бе пиғылын?
Бастады тәңірім теріске,
Елің түсіп керіске,
Енді қолың жетпейді

Кең қоныс, бейбіт өріске,
Хайуанмен тең саналдың,
Терідей болып тоналдың
Жол таба алмай қамалдың,

Басшысын атқан бөкендей.
Егін себер жерді алып,
Бұрынғысы өтірік,
Шыныменен енді алып,

Кетірер кәпір сиқыңды.
Қабағың қарс жабылып,
Қарс ұрып қайғырып,
Күле алмассың, қазағым,

Бейпіл тыныш күлкіңді –
деуі осы ойды айғақта тұр. Сондықтан Дулатты «Зар заман»
ағымының өкілі дегенде оны бұрынғыдай күйреуік писсимист
деп емес, отарлық езгі заманының халық басына үйірілген за­

рын ашып көрсетіп, елді жаманнан жиренуге шақырған, өз заманының күрескер рухты көсемі деп тануымыз керек. Біз Дулатты жыраулықтан ақындыққа, жалпылықтан жалқылыққа, ауыз әдебиетінен жазба әдебиетіне көш бастаған өнер иесі болды дедік. Бұл отарлық езгі саясатының қатайып, ел еркіндігінің түбегейлі басыбайлы құлдық қамытына жегілу кезеңінде әдебиетті азаттық күрес құралы ретінде жаңа арнаға бұру қажеттігінен туындады. Өйткені, дүниедегі әр нәресенің өз өлшемі бар. Өз өлшемінен, шегінен шығу – адамды мұның себебін анықтауға итермелейді. Ал бұл өз кезегінде білмекке құмарлықты тудырады. Білмекке құмарлықтың төте жолы – нақтылық. Егер Дулат поэзиясына зейін қоя көз салсақ, оның “Ата қоныс Арқадан”, “Асқар таудың сәні жоқ”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Жапанға біткен жантақты” сынды жырларын­ да ауыз әдебиетіне, жыраулар толғауларына тән ауқымды, ірі мәселелер мен табиғи, адами жайттар жалпылық мәнде айтылса, “Аякөз”, “Ақжайлау мен Сандықтас”, “Туралыққа көшпеген”, “Қалжақ-қылжақ туысқан”, “Тегімді менің сұрасаң”, сондай-ақ арнау өлеңдері жазба әдебиетке тән нақтылықпен, айқын дәлдікпен суреттелген. Өйткені, халқы үшін “ұйқы беріп, қайғы алған” ақын С.Торайғыров айтқандай: “Шын жылаған жастың тамшысы, рас қайнаған сорпаның сөлі көзге қатты, көңілге суық тимейтіндігін” терең ұқты. Шығармаларының өлең құрылысы, поэтикалық жаңа образдар жасаудағы сөз қолданысы, басқа да ақын өлеңдерінің көркемдік кестесін та­ нытатын қырлары – оның жазба әдебиетке жол салған ал­ тын көпір болғанының белгісі. Дулат шығармаларының поэ­ тикасы филология ғылымдарының кандидаты Қайрат Раевтың диссертациялық еңбегінің негізгі тақырыбы ретінде кең де терең талданғандықтан бұл орайда Дулат мұрасының тіл кестесі жайлы қысқа қайырып айтқанды жөн көрдік. Сонымен, Дулаттың: Айбынбас онан дұшпаны, Бейне албасты нұсқалы, Ел ішінде бапандай, Аяздай болып қысқаны, Шет жауға қарсы тұра алмай, Көтінен қорқып пысқаны, Жатып ішер жалмауыз, Борсық тұмсық, қанды ауыз – Ұлық қылған, құдай-ай, Қазақтан шыққан кәпірді!

Немесе:
Көргеннің көзі тойғандай,
Топты ортадан ойғандай,
Сәулетінің сағымы

Бұтағына шынардың
Күнді әкеп іліп қойғандай.
Сәндісің, жаным, сәндісің,
Сән салмақ сені азапқа –

деген өлең жолдарының жазба әдебиет өкілі шығармашы­
лығына еш шеттігі жоқ. Сол себепті де профессор Р.Сыз­
дықова “Дулатты танып болдық па?” атты мақаласында:
“Дулат – Абайға дейінгі қазақ ақындарының ішінде жаз­

ба поэзияға біртабан жақын келген, европа мен орыс мәде­
ниетінде классикалық поэзия деп аталған өлең сөздің
белгілерінің қазақтағы бастауын танытқан ақын” – деп жазды.
Дулат шығармаларының тақырыптары алуан түрлі. Бірақ

олар бір-бірімен тығыз байланыса келіп, бір мақсатқа –
отарлық езгі шырмауына түскен елге “қайғы беріп, ұйқы
алуға”, тәуелсіз ел болу арманына жетуге, яғни отарлау
саясатының қатпарлы қырларын әшкерелеуге бағытталған.

Мысалы, Дулаттың:
Әуелгі қазақ деген ғаріп жұрт,
Миығыңды көрсетпей,
Ұстарасыз өскен мұрт.

Ұйқы басып сезбедің
Шырмағанын жаудың сырт –
Күнбатысқа көз салмай,
Күншығысты еске алмай,

Бізді алатын жау жоқ деп,
Бізден мықты дәу жоқ деп,
Алды-артыңды байқамай,
“Маған не бар?” дегенсің.

Болашақты болжамай,
Жол сауданы олжалай,
Ақбөкендей алданып,
Жылқыдай делбе сандалып,

Ортасына кәпірдің
Аңдамай келіп түскенсің! –
деуінде үлкен сыр бар. Ақынның “Қазаққа” деген осы жы­

рында халықтың Сыр бойынан Жоңғар шапқыншылығына
байланысты Сарыарқаға ауғаны жайлы тарихи шындық бар.
Бірақ, ақын халықтың Сарыарқаға келуінің себебін жұрттың
дәстүрлі шаруашылығын отаршылдардың жер саясатына бай­

ланыстыра ала отырып, туған жерді қорғау мәселесін бірінші
кезекке қойған ғой. Сондықтан:
Сен туған жерді тастадың,
Теріске елді бастадың,

Қаратаудан асқаның,
Арқаға аяқ басқаның –
Түлігі төртеу мал үшін;
Иенді мекен етем деп,

Игілікке жетем деп,
Кеңшілік сүтін ішем деп,
Ойменен тон пішем деп,
Қара қазан, сары бала,

Кемпір-шалдың қамы үшін! –
деп ақынның өзі айтып отырғандай, бабалар жұртын жау­
дан азат етіп, Сарыарқаға келуі ата кәсібінің жетегімен болған
іс деп суреттеген. “О, Сарыарқа, Сарыарқа” толғауында да

ақын Сарыарқаны осы мағынада жырлаған. Өйткені, “Қазақ
бұл күнге шейін ерігіп көшіп жүрген жоқ. Тұрмыс, табиғат
заңдары қазақты амалсыз көшіріп келді. Қазақтың көшуін
“дағды” дей-ақ қоялық. Ал дағдының өзі не? Дағды дегені­

міз – салттың бір атасының ұлы. Ғылым тілімен қысқаша
айтқанда: салт – өндіріс қатынастарының, тұрмыс жүйесінің
үстіндегі бір қондырма нәрсе. Қазақша айтамыз десек:
Тұрмыс жабдығы – адам тұрмысының, салтының, барлық

әдет-ғұрпының, сол айтып отырған “дағдымыздың” бәрінің
қожасы. Көшпелі халық шабағаншыл (жауынгер) болаты­
ны рас. Неге десеңіз, көшпелі ел мал асырайды. Ел көшпесе
малдан өнетін бұйым көшпелілерге жетіспейді, қоныс та­

рылады. Мал жұтап, адам түрлі қиыншылыққа ұшырай
береді. Көшпелі елде қоныс жалпыға ортақ. Олай болса, ерте
замандағы қазақтың қоныс билеуі мен жер пайдала­нуы –
жалпы қоғамға ортақ”. Егер шаруашылығының тұтастығына

орай көшпелі елдегі әрбір азаматтың санасы сол елдің
мүддесін көздеген ұлттық санамен ұштасып жатса, көшпелі
мал шарушылығы елді бір-бірімен тығыз қатынаста, қоян-
қолтық бірлікте болуға ықпал етсе, сол негізде ел бірлігін

нығайтушы, бітімші, рухтандырушы айбынды құрал тіл –

жұрттың бәріне түсінікті, таза, әсерлі, алмастай өткір бол­
са, ол отаршылдар үшін өліммен тең. Ендеше мұндай елдің
тізесін бүктіріп, басын идіру – ең алдымен бірлігінің байла­
уы шарушылығын күйзелтіп, кәсібінен қол үздіруге байланы­

сты. Ол үшін елді дуандарға бөліп, өзара араласуына шек­
теу қою керек. Бұл жайлы Жарғының “Бөліну” атты бірінші та­
рауында былай делінген: “Дуандардың негізінен бір ру не­
месе бір ұрпақ деңгейінде жеке-дара өзіне тиесілі шектеулі

жері болады, оған басқа дуандардың тұрғындары жергілікті
басшылықтың нақты рұқсатымен ғана кіреді. Жер шек­
теу шекара бастығына тиесілі жергілікті әскери бөлімдердің
офицерлері қатысуымен ғана жүргізіледі”. Сөйтіп, ел бай­

ланысына шілдер салып алған соң, енді әрбір округте дуан
әмірлігі орналасатын, ішкі бекіністер мен қамалдар са­
лынатын, әкімшілік қызметкерлеріне берілетін жер, т.б.
қырық сылтаумен қазақтың ең бір табиғаты әсем, тұрмысқа

қолайлы, топырағы қоңды жерлерін тартып алып, елді жер­
ге тарылту арқылы шаруашылық кәсібін өзгертуге бірте-
бірте мәжбүр ету қолға алынды. Міне, осы озбырлықтардың
мәнін біз жоғарыда мысалға алған жырда Дулат былайша

түйіндеген:
Еркінше өскен қайран ел,
Дәулетің бейне шалқар көл,
Айбының бейне асқар бел,

Ботадай бұла өскен тел,
Енді келіп қамалдың
Орыс салған қу тамға.
Осылайша:

Кетемін деген есте жоқ,
Кетірді дұшпан, жауларым! –
деп Кенесары хан айтқандай, күш жұмсап, еп қосудың
арқасында қазақ жерін тал түсте талау басталды. Сондықтан

да Дулат туған жер тақырыбындағы өлеңдерін жайдан-жай
“Бірінші сөз” деп атамаған.
Жан әлемімен туған жерін “Жер – анасы, кісі – баласы”,
“Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті” деп аялай сүйген

халық жерден айырылса, жалғызынан айырылғандай, бо­
тадай боздап өлең шығарған. Қазақтың мұндай жырлары –
өлікті жоқтаудан өткен қайғылы. “Ойыл көздің жасы еді” де­
ген сөздің өзінде қаншама мұңды мағына жатыр. Дулаттың

туған жер қасіретін айтқан туған өлке, жер бесікті жоқтаған
өлеңдері осындай. Дулаттың:
Аякөз, сенің бойыңда
Несібе, ырыс тегіс қой,

Сай-салаң толған жеміс қой.
Қырың – малдың кіндігі,
Ойың – өнім егіс қой.
Айтуға ауыз келе ме,

Аякөз кімнің жері еді?
“Жер сауырын – жайлауды
Ел сауыры” дер еді.
“Жер кімдікі?” – дегенде,

Аға сұлтан, қазылар
Не деп жауап береді?
Жерге қарай мал бітіп,
Малға қарай құт болмақ.

Қонысынан мал тайса,
Құты кетіп, жұт болмақ.
Айтып-айтпай, немене,
Күн өтіп, уақыт біткендей –

Сары аурудай сарылып,
Өлімді аңсап күткендей –
деуі мұның көрінісі.
Дулат ақын ел басыларын суреттегенде антитезаны шебер

қолданған. Бұл, әсіресе, ақынның арнау өлеңдерінен анық
байқалады. Мысалы, “Кеңесбайға” деген өлеңінде автор
кейіпкердің аталары Нарынбай, Құттыбай, Ақтайлақтарды:
Арғы атаң сенің Нарынбай,

Кең қолтық, ұзын қарымдай,
Елдің жүгін көтерген
Ақ өңеш шөңгел нарындай.
Қу дауысты Құттыбай

Қазақ туын көтерді,
Даналықпен айырды
Келер менен кетерді.
Өз әкеңді айтайын,

Қара тіл ділмар Ақтайлақ,
Топта жалғыз сөйлеген
Асыл сөзді тақтайлап –

деп ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер ретінде суреттесе,
Кеңесбайдың өз бейнесі оларға қарама-қарсы мәнде:
Тұқымың дегдар болғанмен,
Кеңесбай, азғын туғансың.

Тістеуік айғыр секілді
Үйіріңді сұйылтып,
Тай-құнанды қуғансың.
Ел билерлік ісің жоқ,

Дегдар емес, будансың –
деп суреттелген. Бұл – бүгінге дейін айтылып келе жатқандай
үстем тап өкілдерін (хан, аға сұлтан) бірін өсіріп, бірін өшіріп
жырлаған ақынның қайшылығы емес, өз кейіпкерлерін ел

мүддесі, мемлекет тұрғысында бағалауынан туған сөзі.
Дулат ақын да әдеби дәстүрге сай өз кейіпкерлерін оның
жеке бас кемшілігі жағынан емес, ұлттық мүдде тұрғысынан,
елге келтіріп отырған зияны не пайдасы тұрғысынан бағалап

бейнелейді. Және оны отарлық езгі саясатының әккі аста­
рын ашу мақсатында орынды қолданған. Дулат поэзиясын­
да Әбілпейіз, Абылай сияқты хандар ғана емес, өз тізгіні
өз қолынан кеткен кездегі отаршыл өкімет аға сұлтан етіп

сайлаған Ғұбайдолла, Кенесары сынды елге тұлға болған
қайраткерлер де ұлттық мемлекеттік мүдде жолындағы
күрескерлер ретінде суреттелген. Ал, бұл – тарихи шындық.
Отаршылдардың алдауына түсіп, туған елін “шенді шек­

пенге” сатпаған аға сұлтандар туған елінің бостандығы үшін
күресуді өздеріне азаматтық сын деп есептеді. Мұны алдын-
ала ескерген империя заңгерлері Жарғының “Сайлау тәртібі”
деген екінші тармағына: “атағынан ажырамағанмен де ел

басқармайтын сұлтанның билікке араласуға хақысы жоқ»
деген бап енгізген. Сөйтіп, Шыңғыс тұқымын ғана емес, кез-
келген ұлтжанды тұлғаны биліктен ысырып, айтқанына көніп,
айдауына жүретін Дулат сөзімен айтқанда “қазақтан шыққан

кәпірді” аға сұлтан етіп бекіткен. Ақынның:
Шен-шекпенге құмартқан,
Қанталап көзі мұнартқан,
Саудалап елін тиынға,

Құмартып орыс сиына –
Бек дегенің бек емес,
Патша жалшысы, нөкері –
деп суреттегеніндей, Жарғыда ел билеушілерінің материал­

дық және моральдық жағынан отаршыл империя­ға тәуел­
дікте болу мәселесі де тыңғылықты түрде заңдас­ты­рылған.
Биліктің болымсыз буымен алдаусыратып, “шенді шекпен”,
жалған қошеметпен өз ісін ел ішінде орындаушы “азғынды

мырыш қолбалаларды” бодандық саясатының соқасына
жегіп алған империя әкімшілігі қазақ даласында тізгінсіз
озбырлықтарын жүргізді. Бұл ақиқат ақын поэзиясында бы­
лайша суреттелген:

Жауға шабар ерің жоқ
Сақадай болып сайланып.
Төсек жанды мырзалар
Ала баспақ байланып,

Үйкүшіктей үреді
Отының басын айналып.
Жеріңнің алды шұрайын,
Дуан салып жайланып.

Датыңды айтсаң орысқа,
Сібірге кеттің айдалып.
Бейнең қандай болды екен,
Қарасаңшы бір мезгіл

Қолдарыңа айна алып –
дейді. Ел болудың бір жолы:
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Елерген тұлпар ерттеліп,

Толғаулы найза қолға алып,
Тұйғын құстай қомданып,
Сары садақ асынып,
Егескен жауды қашыру.

Бірақ ол үміт – Кенесары қозғалысының жеңіліске ұшы­
рауымен бірге сөнді. Ел тұтастығын сақтар келесі бір
белгі – жерге, малға бірлік, яғни шаруашылық, мәдени
ынтымақ болса, ол елдің саяси бостандығы отаршылдар

қолына көшкен соң, халықтың қоғамдық, ұлттық санасы
көмескіленіп, азаматтардың ой ниеті өз руы, қала берді қара
басы мен бірер тұяқ малының қамы төңірегінде тұсауланды.
Сондықтан ақын:

Қонысына қона алмай,
Шаруалары оңалмай,
Бай мен кедей аңдысып,

Арасынан жем тауып
Араласқан сан пысық,
Дөң асқан мал табылмай,
Ашылған етек жабылмай,

Біріне-бірі сеніспей,
Бет-бетімен ел кетті –
деп налыған. “Ал осыдан құтылудың, ел тұрмысын жеңіл­
детудің жолдары қайсы деген сұраққа жыраудың тапқан жа­

уабы, ұсынған жолы ескі хандық заманы, “Қасымның қасқа
жолы” болды. Міне, осы арада оның шығармашылығындағы
қайшылыққа тағы да кездесеміз. Бір жағынан, ол – өз елін
емірене сүйген патриот. Екінші жағынан, ол – ескішіл, өткен

хандық заманды аңсаушы кертартпа ақын”. Міне, Дулат
шығармашылығының терең мәнін таптық тұрғыда біз осы­
лайша үстірт ұғынып келдік. Бірақ, ақын ойына көкірек
көзімен байыптап қарасақ, оның:

Әзірет қонған Қаратау,
Аса алмаған онан жау,
Болмаған онда ханталау,
Ел соқпағы даңғыл жол –

“Қасымның қасқа жолы” екен –
деуінен халықты этнопедагогика, ақылға бірлік арқылы отар­
лық езгіге қарсы рухани күреске шақырған кемел көзқарасын
аңғаруға болады.

Осы жырда Дулат қазақ дүниетанымы мен тарихына
қатысты 3 түрлі ұғымның басын бір арнаға біріктірген.
Біріншіден, “Әзірет қонған Қаратау” дегенде Дулат жер
атын қазақ әдебиетіндегі “Мединеде Мұхаммед, Түркістанда

Қожа Ахмет” деп бағаланған исламның сопылық бағытының
ең көрнекті тұлғасы Қожа Ахмет Иассауи есімімен байла­
ныста алып отыр. Сопылық әдебиетте бойында ақыл, әділет,
рақымы бар кәмалатты адам (“ал-инсан ал-камил”) насихат­

талады. Яки, ақын ары таза, ақылды, халқына рахымы мол
жан жаманатқа баспайды, жұртын жақсылыққа жетелейді де­
ген ойды жеткізген.
Екіншіден,

Аса алмаған онан жау,
Болмаған онда ханталау –
деген жолдарында қазақ халқының тарихындағы хандық
мемлекеттің гүлденген кезеңін, дәстүрлі ел билеу жүйесінің

арқасында қанталау болмағанын, жау ел ішіне асқаннан соңғы отарлық езгінің етек жаюы нағыз қанталау екенін көрсету мақсатында айтылған. Ал, қазақ жұртының Ке­ рей мен әз-Жәнібектен соңғы ел тарихында ұмытылмастай із қалдырып, Әзірет қонған Қаратауда хандық мемлекеттің іргесін нығайтқан адам – Қасым хан. Ол жайлы белгілі ғалым А.Сейдімбеков былай деп жазған: “Қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен-тұрағына негізінен Қасым ханның кезінде орнықты. Тек мекен-тұрақ қана емес, елдік жөн-жоралғылар, билік заң үрдістері, көші-қонның жол-жобалары, рутайпаның қоныс-жайлаулары біртұтас елдік қалпымен осы кезде сараланды. Қысқасы, Евразияның Ұлы даласында мыңдаған жылдар бойы классикалық көшпелілікті өмір сал­ ты еткен ел-жұрт тарихы аласапыран кезеңдерді бастан кеше жүріп, киіз туырлықтылар қайта тұтастанды”. Үшіншіден, жырдағы: Ел соқпағы даңғыл жол- “Қасымның қасқа жолы” екен, – деген тармақтарында Дулат жоғарыдағы біз мысал алған кітаптағыдай, Қасым ханның заманы деген мағынаны емес, Қасым хан басшылығымен жасалған Жарғы деген мағынаны айтқан. Жалпы, қазақ заңдары “Жарғы” деп аталады. Бұл бір затты екі басын тең қылып, бірдей бөлу деген сөз. “Қара қылды қақ жарған” деген мәтел осыдан шыққан. Қазақтың тұңғыш жарғысы осы – “Қасым ханның қасқа жолы”. Бұл Жарғы бүтіндей халықтың ежелгі әдет-ғұрып, салт-сана, дүниетанымына негізделіп жасалған. Міне, сондықтан да ақын оны ұрпаққа үлгі етіп отыр. Дулаттың дінге, оқу-білімге, жаңа заман өзгерістері мен отаршылдар тудырған әлеуметтік таптарды сынауға бағыт­ талған өлеңдерінің бәрінде де ұлттық мүдде – тәуелсіздік рухы басты кезекте тұрады. Ағартушылық идеяның екі түрі бар: бірі – этноцентризм­ ге (ел бойындағы кеселді әдеттерге) қарсы күресе оты­ рып, халықты ұлттық тұрғыда өнер, білімге, басқа халықтың жетістігінен ұлт болмысына сай өңделген түрін үйренуге шақыру болса, екіншісі – ағарту идеясын уағыздау деген же­ леумен ұлттық танымды жойып, сырттан бөтен руханиятты бодан елге зорлықпен енгізіп, нигилистік құлдық пиғылды өрістету. Мұндай ұлт мәдениетіне жат ағартушылық идеоло­ гияны Дулат ақын заманның зары деп қабылдап, оған қарсы

шықты. Ақынның Цин және орыс империяларының отарлау
саясатына меңзей айтылған:
Орыс деген атынан,
Теріс жазған хатынан,

Әуелі құдай біледі
Шығыс, Батыс кәпірді;
Бірігіп атқа мінеді,
Байтақта жатқан қайран ел,

Астын-үстін бөледі.
Ашар шайдай ұйқыңды!
деген тармақтарында осындай астарлы терең мән бар. Ақын
орыстың миссионерлік оқуына қарсы болғанмен, жалпы

жаңа заманмен бірге келген өнер түрлеріне қарсы емес. Жаңа
заман әкелген өнер түрлері дегенде, мынаны ескеру қажет.
Отарлаушы елдің өркениеті, ғылымы мен техникасы отарла­
нушы жұртты езіп-жаншуға бағытталады. Сондықтан қазақ

жеріне орыс империясы әкелген өркениет ұшқындарының
бәрі де – отарлаудың құралы. Дегенмен, ел ішіне ен­
ген өркениет өрісі білмекке құмар, өнерге таңсық халыққа
тез сіңіп, оның экономикасына белгілі мөлшерде өз әсерін

тигізді. Мұны жақсы білген салауатты ақын “Ұста соққан
темірден”деген өлеңінде:
Ұста соққан темірден
Әр түрлі аспап, сайман бар.

Темірсіз теңдік алмайды,
Керектісін сайлаңдар .
Ақтаруға жер қойнын
Арнап соққан кетпен бар .

Кетпен алып қолына,
Мұратына жеткен бар.
Ағаш кессең, арнаулы
Балта менен ара бар.

Түрлі сайман ағаштан
Балта арқылы таралар.
Тетігін тауып темір соқ,
Қысқаш пенен балға бар.

Өнеріңе үйлесіп,
Темірсіз болмас, таңдап ал –

деп өнердің қай түрін болса да жатырқамай, жатсынбай
меңгеруге үндесе, осы өлеңнің келесі шумақтарындағы:
Бір қылыштан басқасы –
Күн көрудің құралы.

Ағаш кес, мейлі жер қаз,
Дайын болып тұрады.
Орындалар қылышпен
Патшалардың ғана мұрады.

Қылыш алсаң қолыңа
Біреуге зорлық істеуге,
Біреудікін тартып ап,
Өзіңдікін күштеуге –

Қайда барсаң, оңбайсың,
Ұшырарсың қарғысқа.
Алдың бар да, артың жоқ,
Шырақ жанбас жарғышқа.

Қылыш алсаң қолыңа,
Қорғау үшін еліңді –
Міндетіңді еліңе арт,
Тәңіріңнен күт өлімді –

деген жолдарында өркениет жетістігін отаршылдар сияқты
қарынның қамына емес, ел бақыты жолындағы күреске, па­
триотизм мен гуманизмге жұмсауға шақырады.
Ақынның азаттық рухындағы “Еспембет” поэмасының

өзінде де өнерге деген құмарлық ерліктен жоғары қойылып
суреттелген. Поэмадағы:
Өнерім болса, еліме
Адал еңбек етсем деп;

Болмаса өнер бойымда,
Қораш құл боп өтсем деп;
Жегідей ерді ой жеңіп,
Түн асқан сайын жүдетті –

деген тармақтар осының айғағы.
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,

Замана оны илемек –
дейді Абай. Осы бір шумақта адам мен дәуір арасындағы

қатынасты дана Абай азаттық идеясы рухына бөлеп ұсынған.
“Әркімді заман сүйремек”. Яки, адам заманнан тыс өмір сүре
алмайды. Егер заман нәрлі болса, ақылмен ойлап, қарекет
қылған кісі оның жетегіне ерер-ақ. Ал заман зарлы болса

ше? Міне, заман осындай болғандықтан да Абай: Заманды
қандай жан билемек?- дейді. Оған жауабы да дайын. Ол:
Көп шуылдақ не табар,
Билемесе бір кемел?!

Бұл – қазақтың ұлттық дүниетанымында бар түйін. Сол се­
бепті де Абай нәр алған үш рухани бастау көздерінің бірі – халық
даналығының әдебиеттегі өкілі Дулат ақын да өз тұстастарын за­
ман шылауында кетпеуге шақырған. Ақынның:

Елің түсті езгіге,
Жол бермей дұрыс сөздіге,
Көр соқыр бермей тізгінін
Көкірегі көздіге;

Елдің қамын жейтұғын,
Мынауың теріс дейтұғын,
Шетке қарсы тұратын
Ішіңнен шыққан адам жоқ –

деуі осындай ой сілеміне жетелейді. Ал, заманның илеуіне
көнген жамандар Дулат шығармаларында тұтас бір образдар
жиынтығын құраған. Және де оларды сын семсеріне алып,
ащы тілмен түйрегенде ақын оларды жеке бас жамандықтары

үшін ғана сынап, мінемейді, отаршылдардың қолшоқпары,
ұртоқпағы болғандары үшін, ата-баба ұлағатын, ұлттық
дәстүрді аяқ асты етіп, ар-ұятты да, туған ел-жұртты да
құлқынның қамы жолына құрбан еткен сатқындықтары үшін

сөздің уын төккен. Ақын “Қазақтан шыққан кәпірді” де­
ген өлеңінде жұрт басқарған “ел жақсыларын” былайша
бейнелейді:
Туралыққа көшпеген,

Өркендеп өніп-өспеген,
Қозы бұты, қой саны,
Сабаздардың пәк қаны,
Момындардың ақ малы

Обал болды деспеген,
Ілік тауып езілтіп,
Дау түйінін шешпеген.
Параны жұтқан кесектеп,

Түспей жатып төсектен,
Жезден қарғы тағынған,
Ақ патшаға жағынған –
“Би” деп атау бердік-ау

Үйіңді тас молаға!
Елін сатып, шен алған,
Өлекседен жем алған,
Кебеже қарын, кең өңеш,

Өлексе көрсе, үңілген
Күшігеннен кем емес,
Тек дейтұғын тегі жоқ,
Өз еліне ебі жоқ,

Жатқа зерде кегі жоқ –
Азған елге бек болды
Азғынды мырыш қолбала.
Шенділердің қылығы,

Елге істеген былығы,
Парақор би мен ұлығы –
Ұйықтасам, кіріп түсіме,
Өңімде қуат-күшіме,

Есерлердің ісіне,
Азған елдің ішінде
Дулат сынды сорлыда
Ұйқы, тыныштық бола ма?!.

“Атаны бала алдады” деп басталатын өлеңінде ақын өз
заманындағы отаршыл саясаттың ұлт дәстүріне, этнопе­
дагогикаға келтірген кесапатын:
Атаны бала алдады,

Шешеге назар салмады,
Теңгерер жақсы қалмады,
Қысқа менен ұзынды.
Лашын өрлеп ұша алмай,

Ер майданға түсе алмай,
Үлкеннің тілін кіші алмай,
Елдегі жақсы бұзылды.
Қызғыштың даусы көбейді,

Көлден аққу сырылып,
Қайырымы кеткен соң,
Мырзадан қоңсы жырылып,
Елім дер ер қалмады

Артына қарар бұрылып.
Тырнадан би сайладың,
Ашпассың, елім, көзіңді –
деп суреттесе, “Қалжақ-қылжақ туысқан”, “Май, май дейсің,

май дейсің”, “Қымыз құмар, сор құмар”, “Ал қарағай сұлу
шынардай” өлеңдерінде кейіпкерлерін әрекет, қимыл үстінде
жанды сипатта әшкерелейді.
Өкпешілін қайтейін,

Тарпаң тайдай қылтыңдап;
Бәтуасын қайтейін,
Тазы ит қуған қояндай
Қаққанша қабақ бұлтылдап;

Келемеж қылып біреуді,
Сыртынан күліп жыртыңдап;
Бетпе-бет келсе, сөз таппай,
Самайы терлеп, мыңқылдап.

Жат жұрт түгіл, әуелі
Қадірі кетті қазаққа.
Төсекте жатып керіліп,
Түзге отырса ерініп,

Аяғын буған қойға ұқсап,
Мойнын ұсынып беріліп,
Қол созбайды азатқа –
деуі осының көрінісі. Тіпті, ақынның мұндай өлеңдерінің

өзінде де азаттық идеясының лебі сезіліп тұрады. Мәселен,
“Май, май дейсің, май дейсің” өлеңінде мынадай шумақ бар:
Қымызы бар хош алса,
Дүрдиесің мінгендей

Қара орын хан тағына.
Қымызға тойып алған соң,
Сөз сөйлейсің қағына.
Қымызы бар құтыртса,

Соқтығасың әркімге,
Қарамай қара, ағына.
Шумақтағы “қара орын” деген тіркес – мемлекет мағы­
насын, ал ертеректе ата-баба моласы жатқан қасиетті жер де­

ген терең мағынаны білдірген. Өлеңдегі ақынның “қара ор­
ман хан тағына мінгендей” деуінде елдікке шақырған осын­
дай астарлы мән жатыр.

Отаршылдық езгі әкелген дәуір ахуалы, заман өзгерістері
қазақ халқының шаруашылық қалпы мен мінез-құлқына
терең жік түсірді. Елдің еркін тұрмысын, ұлттық көшпенді
шаруашылық қалпын сақтап, дәстүрлі өмір салтына берік

көпшілік қауым жаңа заманды темір құрсаулы зар заман
деп қабылдаса, “кебеже қарын, кең өңеш» ел пысықтары
дәстүр тәлімінен бас тартып, отаршылдарға арқа сүйеп, “өз
елін жаудай талап», бас қамын басқадан асыруға жантала­

сты. Сөйтіп ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ел билеу
жүйесінің кесірінен елдің екіге жарылып, екі ұдай күй кешуі
“Дулат өлеңінде осынау халықтық трагедия “Ел екіге жа­
рылды”, - деген ауқымды өлшемге телінді”. Бұл жайдың Ду­

лат шығармашылығының өн бойында желілей тартылып,
өз көрінісін беріп отыруы, отаршылдық езгі кезеңіндегі за­
ман шындығынан туындағаны анық. Мұның нақты жиынтық
көрінісі ақынның “Сауыр жерден айрылып» деген өлеңінде:

Жағаңа дуан түскен соң,
Суыңды орыс ішкен соң,
Аягөз суы қағынды.
Би, старшын мойнына

Жезден қарғы тағынды.
Аға сұлтан, қазылар
Майырға болды жағымды.
Шайқады қулар тағымды,

Тайғызды бастан бағымды,
Сындырды, елім, сағыңды.
Қара ісіне дем беріп,
Қарайтты әдей ағыңды.

Ұзын өріс қысқарып,
Кең қонысың тарылды.
Сөзіңнен кетіп пәтуа,
Құт-берекең арылды.

Ағайын араз болған соң,
Ел екіге жарылды,
Қарайласпай жоғыңа,
Көре алмай, күндеп барыңды –

деп бейнеленген.
Жинақтап айтқанда, Дулат ақын қазақ әдебиетіндегі өзіне
дейінгі дидактикалық үлгіні, этнопедагогиканы, ұлттық дәс­
түрдің озық жақтарын, халқымыздың мәдени-рухани мол

мұрасын өз шығармаларында жаңғырта қолдана отырып,

халықтың ішкі жан тазалығын сақтау арқылы, келешек азат
таңға жетуге болады деп ұққан зерделі ақын, күрескер өнер
иесі болды.
Отаншыл, ұлтжанды Дулат ақынның мысал өлеңдерінің

қай-қайсысы болса да отаршыл өкіметтің қанқұйлы са­
ясатын образды түрде әшкерелеуге қызмет етеді. Дулат
салған мұндай әдеби соны соқпақты кейін патша өкіметінің
қияпатшыл жүгенсіздігін сынауда Сәбит Дөнентаев өзінің

“Бозторғай” атты мысал өлеңінде қолданды.
Дулат ақын өз заманының айнасы ғана емес, сол заман
тудырған халық зарының түп себебін танытқан ойшыл.
Орынсыз күлер күлкім жоқ,

Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ
Қорған құрыш сөзім бар,
Бұлттан өтіп, мұнарды
Болжайтұғын көзім бар.

Кеудем – ақыл сарайы,
Кірем десең, кел, міне! –
деп, ол тегін айтпаған. Елінің ұлттық дәстүрі мен ұлттық
келбетінің, яки халқының ішікі жан-дүниесінің отаршылдар

табанының астында тапталуы оның жанын аяздай қарады.
Ақын үшін халқының ауыр тұрмысынан гөрі, елінің рухани
азып-тоза бастауы оған айықпас қасіреттің қара түнегі болды.
Сондықтан, ақынның:

Бәрін айт та, бірін айт,
Ұғынар мұны ел қайда?
Елді бастар ер қайда?
Аға сұлтан, абыздар,

Еліңді қамап, көрге айда,
Барса келмес жерге айда.
Күш кеткен соң қолыңнан,
Зарлаудан, сарнау не пайда! –

деуі – үмітсіз пессимизмді емес, шерлі дананың соңғы үміті
елі мен сол елінің бас көтерер азаматтарының мінін, ұнамсыз
әдеттерін, келеңсіз кемдіктерін ащы тілмен өлтіре сынай от­
ырып, рухани мәңгүрттік дерті жайлай бастаған жұрттың

көкірек көзін ашуды мақсат етуінен туған ой .
Қорыта айтсақ, Абай алдындағы ХІХ ғасырдың ең та­
нымал дарынды сөз зергері Дулат Бабатайұлының қазақ
әдебиеті тарихында алар орны зор. Ол – әдебиет тарихын­

да отарлық езгіні жеріне жеткізе әшкерелеп, ұлт бостандығы,
ұлт мәдениеті, ұлт тәрбиесі мен рухани жан тазалығы жо­
лында “ұйқы беріп, қайғы алған”, қазақ көркем сөз өнерінде
өшпестей із қалдырды.

Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ

ДУЛАТ – АЗАТТЫҚ АҚЫНЫ

Дулат – орыстың қазақты отарлай бастағанында сахнаға
шыққан үлкен ақын. Кейін Шортанбай, Мұрат шықты.
Десе де, азаттықты олардан әлдеқайда бұрын қозғаған,
оның үстіне өлеңдерінің жаңашылдық сыпаты басым Дулат

шығармашылығының шоқтығы биік тұрғаны анық.
Бірақ XІX ғасырдың алғашқы жартысындағы орыстың
отар­лық езгісін сынға алған ұлы ақын шығармашылығы со­
вет дәуірінде көп қиянат көрді. Расында да, Дулат Бабатай­

ұлы неге осы уаққа дейін өз бағасын ала алмай келді? Дұрыс
айтасыз, өйткені совет заманы оның атын өшіргісі келді.
Өшіре алмағасын қазақ совет әдебиеттанушылары үлкен
қаламгердің ақындық қуатын еріксіз әлсіретіп, өлеңдерін

теріс түсіндірді. Оны «тап қозғалысын жырлаған, феодалдық
езгіні сынаған, ру басшыларын сөккен жырау» деген ыңғайда
тәпсірледі. Тіпті оны советтік дүлей таным бойынша, «ханға
қарсы шыққан, тап күресін қолдаған, революцияшыл ақын»

деп те түсіндіруге келмеді. Қалай ақтап шыға алмақ, шын­
дықты айтып отырса, Кенесарыны мақтап отырса, орысты
оңбаған, басқыншы деп отырса. Сол себепті болса керек, өзге
ақындар «тап жаулары – хан менен байға қарсы шыққандар»

деп совет дәуірінде жаппай дәріптеліп тұрғанда... Дулаттың
аты жеті кат жердің астында жатты. Жалғыз Дулат емес,
Шортанбай да, Мұрат та. Кейінгі Алаш Орданың қалам
қайраткерлері де. Соның залалынан кейінгі ұрпақ (оның

өзінде әдебиетке ынтасы барлар) Дулатты «кертартпа ақын»,
«домбырасын сабалап елді сынаған заржақ ақын» деп
білді.
Дулаттан ұлы Абай үлгі алған (қазір ғылыми түрде дәлел­

денді). XX ғасырдың қылышынан қан тамған 40-50-жылда­
ры ақынның атын атаудан қорыққан ұлы Мұхаңның «Абай
жолына» Дулатты Барлас деген шартты есіммен енгізгені тағы
белгілі.

Басқасын ұмытсақ та, ақынның шын бағасы есімізде тұруы керек: Дулат – ұлт-азаттық қозғалысын жалпыұлттық сы­ патта бірінші болып қозғаған ақын. Деңгейі жағынан қазақ ақындарының өзгелерінен мойны озық тұрды. Өйткені оның шығармаларында жұрттықтан кетіп бара жатқан халқын ойлаған уайым бар. Ақ патшаның ділдасына сатылған қазақтың би-сұлтандарын бетің бар, жүзің бар демей, ая­ май сынау бар. Рас, оның от тілді, орақ ауызды замандаста­ ры аз болмаған. Мысалы, Шөже, Жанақ, Түбек, Орынбай, Сабырбай сияқты ақындар. Көмекейінен жыр төгілген сөз зергерлері болды. Бірақ алаштың азаттығын жалпыұлттық деңгейде қозғай алмады. Бұлардың басты ерекшелігі – айтыс ақындары болуында. Ұлттың XІX ғасыр басындағы саяси танымының, мемлекет құру идеясының ұраншысы – Дулат болды. Оның поэзиясы – азаттық поэзиясы. Тәуелсіздік поэзиясы. Дулат – кестелі тілді, шешен ақын ғана емес, XІX ғасыр басындағы қазақ поэзиясына жаңа форма, соны мазмұн әкелген жаңашыл (новатор) қаламгер. Ол жазып та, ай­ тып та шығарған. Көбіне жазып шығарса керек. Өйткені «Тегімді менің сұрасаң», «Тауды екіге жарасың» сияқты өлеңдері, «Әуелгі қазақ деген жұрт» деген поэмасы, XІX ғасырдағы қазақ поэзиясының өлшемімен алғанда, өзінің күрделілігімен ерекшеленеді (бұл өз алдына жеке әңгіме). «Ата қоныс Арқадан» деген поэмасы – ұлттық идеяны көтерген өз дәуірінің өзгеше шығармасы. Дулат шын мәнінде өз заманының кәсіби жазушысы еді. Дулат– аса өткір ақын. Елдің игі жақсысы, ол елді ашса, алақанында, жұмса, жұдырығында ұстаған Барақ төре бола ма, ол Қытай патшасына елші болып барған ұлы би Қу дау­ ысты Құттыбайдың ұрпағы – Кеңесбай би бола ма, кім болса, ол болсын –қызықтырмайды, халыққа қарсы қиянат, ұлтқа қарсы күнә істеді ме, бетің бар, жүзің бар демей, айтып сала­ ды. Төсекте жатып керіліп, Түзге отырса ерініп, Аяғын буған қойға ұқсап Мойнын ұсынып беріліп Қол созбайды азатқа,– деп ұлтының азаттығына ұмтылмаған ел жақсысын, ол қанша жерден мықты болса да, азамат есебіне кіргізбейді.

Қазақтың жеріне дуан түскенде, енді жерден айырыламыз
деп қауіп айта келе:
Жер кімдікі дегенде,
Аға сұлтан, қазылар

Не деп жауап береді? –
дейді Дулат. Жер – ол заманда әлі де қазақтың меншігі, әйт­
кенмен түбі оның жат жұртқа кететінін жүрегі сезген ақын
алдын-ала дабыл қағады. Сүйткен бабамыз қазақтың казіргі

жерінің телім-телім боп сатуға түскенін көрсе, тіл тартпай ке­
тер еді...
Қолдан келер қайран жоқ:
Сауыр жерден айырылып,

Қазақ елі жұқарды,
Сауыр емес, шап балды,
Заманға сай адамы,
Қу заманға сұм басшы

Сорымызға тап болды...–
дейді ашынып.
Ұлтының бодан болып, талауға ілінгенін, езгіге түскенін
көргенде, шерлі ақын:

Өксігіңді ойласам,
Ұйқы беріп, қайғы алам, –
деп көкірегі қарс айырылады.
Ілгеріде, совет дәуірінде ақынды ақтап алу үшін Дулат Ке­

несары ханды сынға алған деп бір жақты түсіндіріліп келді,
шындығында ол:
Хан сарқыты Кене хан
Хан жорық боп қаңғырды,–

деп Кенесары қозғалысын жақтаған адам. Кенесары көз
жұмғанда «қазақ енді азаттығынан айырылды» деп баға бер­
ген.
Ақын өмірі туралы дерек тым тапшы, оның обалы тағы

да сол совет заманына. Ол заманда өзгелердің аяқ-қолы
жерге тимей мақталып жатқанда, Дулат шығармашылығы,
айттық, шын бағасын ала алмады. Енді тәуелсіздік келді.
Дулаттың өзі «алмай қоймайды-ау» деп қауіптенген орыс

отарлығынан құтылдық. Бірақ осы күнгі азаттығымызды
аңсаған ұлы ақынның есімін елге әлі де таныта алмай жа­

тырмыз. Мектеп бағдарламасына Дулат өлеңдерінің кірмеуі, оның шығармашылығы туралы жиындардың өткізілмеуі – таңғаларлық дүние. Тіпті моласының өзін алдыңғы жылы зорға таптық. Не сұрайсыз енді бізден ? Туған жылы –1802. Өлген жылы әр түрлі айтылып келеді. Былтыр 200-ге толды. Ал тойын... биыл тойлаймыз, бұйырт­ са. Осының өзі де біздің Дулат шығармашылығын жете бағаламайтынымыз (немесе бағалағымыз келмейтіні) болса керек. Осы орайда ақынның ауылынан шыққан жазушы Келіс Рақымжан былай деп еді: «Дулаттың бейіті алдыңғы жылы ғана табылды. Аякөздегі Қабылахмет ақсақал Шәкеров де­ ген кісі бұрыннан біліп жүреді екен. Қазір көзі тірі, 80-ге келді, «Тәубә» деген кітапша шығарған. Сол кісі Аягөзде тұратын Шәкен деген қарияны Ақшатауға ертіп барып, сондағы бұрынғы совхоздың орталығынан жиырма шақырым жер­ ден, ескі қыстауының орнынан тауыпты. Дулат жырлаған Еспембет батырдың сүйегі сол маңайда деп айтты. Сол жылы Қажығұлов Қайыртай деген кісіге жолықтым. Осы кісі Дулаттың қандай ұрпағы қалды, соның бәрін жазып алып, шежіре шығарған екен. Өзі ақыннан тараған елдің біршамасына жолығыпты. Шежіре сол ақсақалдың қолында отыр. 200 беттік қолжазба кітап, Ақын туған жер, қазір әкімі Қанат Жөкіжанов, бұрынғы «Ақшатау» совхозы 600 бала оқитын орта мектебі бар үлкен ауыл еді. Қазір 200-дей ғана бала оқиды. 90-ға жуық шаруа қожалығы бар. Бірақ тұрмыстары тым ауыр. Бір кезде 11 мың гектар егін егілуші еді, кейінгі кезде ол да жоқ. Өйткені трактор, солярка жоқ. Аспан Қажығұлов деген азамат – іскер жігіттердің басын құрап, Дулаттың мазарын тұрғызуға көмектесіпті. Қайыртай ақсақалға «көзі ашық кісісіз, енді Еспембет батырдың зиратын көтеруге мұрындық болсаңыз, Аспан деген азамат ұлыңыз бар, ел бар, батырдың ұрпақтарын жинап, бас құрап» деп айттық. Дулат ұрпақтарының бірі–Қайрақбай Ақбаев деген кісі. «Мыңбұлақта» тұрды. Атақты адам, Социалистік Еңбек Ері болған. Ақшәулінің тауында қой бағып жүргенде жалаң қолын аюдың аузына тығып жіберіп, әлгі аңды соғып алыпты. 60-жылдары ол ерлігі туралы облыстық газет жазған болатын. 90-ға келіп, осыдан екі-үш жыл бұрын қайтыс болды. «Басқа да ақын ұрпақтарын таптық» деп Қайыртай ақсақал айтып отыр. Олар аталарының кім екенін, қандай ақын болғанын

білмейді екен тіпті. Не бір заман өтті ғой бастан. Совет өкіметі
халық жауы деп жариялап, ұрпағын тоз-тоз қылып жіберген
ғой. Дулаттың атын атауға бертінге дейін тыйым салынды
емес пе. Ақынның өлеңдері 80-жылдары ғана толық жина­

ла бастады. Сайлаубай Жақыпов деген ауыз әдебиетін жи­
нап жүретін кісі бар еді. Серікқазы Қорабаев жинады. Қазіргі
алпысқа келіп қалған адамдардың өзі Дулаттың шын мәнінде
қандай ақын болғанын білмейді. Жас ұрпаққа Дулаттың

өлеңдерін оқыту, жаттату керек. Оның өлеңдеріндегі идея­
лар– патриотизмнің негізі. Онда азаттық сөз болады. Осыдан
150 жыл бұрынғы айтқан сөзі әлі шешімін таба алмай отыр
емес пе».

Ақынның бүгінгі ұрпағы осылай дейді.
Рас, былтыр Дулат жырау шығармашылығына байланы­
сты Аягөзде, Семейде конференциялар өткізілді. Былтыр
Алматыдағы «Раритет» баспасы ақын жинағын шығарды.

Алдыңғы жинағынан түсіп калған, әрі бұрын-соңды жарық
көрмеген өлеңдері еніпті. Тамаша кітап. Бірақ жеме-жемге
келгенде біздің қадірлі Үкімет ақынның 200 жылдығын
ойланбай-ақ кейінге шегерді.

«Бұқарды ел біледі, Абай бұрыннан белгілі, ал екеуінің
ортасындағы Дулатты жұрт білмейді. Бұл қалай? Аягөзде,
Семейде, Астанада көшелерге Дулаттың аты берілуі керек.
Ақшатаудағы мектептің аты Айғыз Көшкінбаеваның атында.

Соны Дулаттың атына беру мәселесі Семейде көтерілді, бірақ
ол шешілген жоқ» дейді Келіс Рақымжан.
Сөз соңында айтарымыз: ел есінде Дулаттың аты қайта
жаңғыруы тиіс.

ТҮСІНІКТЕР

Дулат Бабатайұлының алғашқы жыр жинағы 1880 жы­
лы Қазан қаласында «Өсиетнама» деген атпен басыл­ды,
1897 жылы осы баспа ақын кітабын қайта басып шығар­
ды. Ақын өлеңдері кеңес заманында түрлі жинақтарда

жарияланғанымен жеке кітап болып жарық көрген жоқ.
Филолог-ғалым
Құлмат
Өмірәлиевтің

табандылығының
арқасында Дулат шығармалары 1991 жылы «Замана сазы»
деген атпен жеке кітап ретінде тұңғыш рет оқырмандарға
жол тартты. 2002 жылы дулаттанушы-ғалым, филология

ғылымының кандидаты Қайрат Раевтың құрастыруымен ақын
туындылары алғаш рет толық нұсқасында «Тұнық тұма» де­
ген атпен жарық көрді, кітапты дайындау барысында мәтіндік
үлкен салыстырмалы жұмыстар жүргізілді: «Өсиетнама»

жинағы мен Орталық ғылыми кітапханада (ОҒК) және
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
қолжазбалар қорында сақталған ақын шығармаларының
қолжазба нұсқалары негізінде кеңестік саясатқа бейімделіп

бұрмаланған сөздер нақтыланып, түпнұсқадан қысқарып
түсіп қалған жолдар мен шумақтар қалпына келтірілді. 2003
жылы Дулат Бабатайұлының осы жинағы толықтырылып, «Ра­
ритет» баспасынан қайта жарық көрді.

Ақын шығармаларын жинап сақтау ісінде халық ақыны
Шәкір Әбенов, фольклор және ауыз әдебиеті мұраларын жи­
наушы, ақын Ғабділахмет Шәкерұлы елеулі еңбек сіңірді.
Өлеңдері

«Қайғылыны уаттым» – Дулат Бабатайұлының 1880
жылы Қазан қаласында шыққан «Өсиетнама» жинағында
жарияланған өлеңі. Ақынның 2003 жылы шыққан жинағы
негізінде беріліп отыр.

«Бараққа» – «Өсиетнама» жинағында жарияланған ар­
нау өлең. 2003 жылы шыққан жинақта жарық көрген мәтін
негізінде беріліп отыр.
Барақ Солтабайұлы (1809–1862) – ХІХ ғасырда өмір

сүрген белгілі қоғам қайраткері. Болыс басқарушысы, сұлтан.
Жангөбек-Сыбан болысының ең беделді адамдарының бірі
болған. Поляктың жиһанкез революционері Адольф Януш­
кевич «Қазақ даласына саяхат» атты күнделік кітабында

Барақты Құнанбаймен бірге «даланың барлық жұртының
ішіндегі екі ең жарық жұлдыздары» деп жоғары бағалаған.

«Кеңесбайға» – алғаш «Өсиетнамада» жарияланған.
2003 жылы шыққан жинақта жарық көрген мәтін негізінде
беріліп отыр.
Кеңесбай Ақтайлақұлы – ХІХ ғасырда өмір сүрген

белгілі қоғам қайраткері. Жангөбек Сыбан болысының стар­
шыны, құрметті адамдардың бірі. Атақты Ақтайлақ бидің ба­
ласы.
«Сүлейменге» – алғаш рет «Өсиетнама» жинағында жа­

рық көрген өлең. 2003 жылы шыққан жинақта жариялан­ған
өлең мәтіні негізінде беріліп отыр.
Сүлеймен – ХІХ ғасырда өмір сүрген ел билеушісі. Төре
тұқы­мынан.

«Ишанға» – Дулаттың ел аралаған имамға арнап
шығарған өлеңі. Ақынның бұрынғы басылымдарында осы
өлеңнің бас жағында «ел аралаған иманға» деп жаңылыс
берілген. «Иман» деген «ар, ұят» мағынасын білдірсе, «имам»

деген намаз кезінде алда тұратын адам, рухани жетекші,
мұсылман қауымдастығының басшысы. Ал күнделікті өмірде
имам деп мешітте көпшілік болып намаз оқуды басқаратын
жетекшіні айтады. Сондықтан өлең ел аралаған имамға

арналған. Ишан дін қызметкерінің лауазымы емес, осы өлең
кейіпкерінің есімі сияқты. Себебі еліміздің солтүстік-шығыс
облыстарында дін қызметкерін ишан деп емес, имам, молда
деп атаған. Ал діни мағынадағы «ишан» сөзі оңтүстік өңірде

кеңінен қолданылған.
Өлең ел аузынан жазып алынған. 2003 жылғы басылым­
дағы өлең мәтіні бойынша жарияланып отыр.
«Ақтанға» – ақын ауылындағы Ақтан деген жетім балаға

арнап шығарған өлең. Алғаш рет «Өсиетнамада» жариялан­
ған. 2003 жылғы басылымдағы өлең мәтіні негізінде жария­
ланып отыр.
«Баласына айтқаны» – алғаш рет «Өсиетнамада» басыл­

ған. 2003 жылғы жинақтағы өлең мәтіні негізінде жарияла­
нып отыр.
«Сандықтас» – бұл өлең де «Өсиетнамада» жарияланған.
2003 жылғы басылымдағы өлең мәтіні негізінде жарияланып

отыр.
«О, Сарыарқа, Сарыарқа» – алғаш рет «Өсиетнама»
жинағын­да жарық көрген. 2003 жылғы басылымдағы өлең
мәтіні негізінде жарияланып отыр.

«Сауыр жерден айрылып» – бұл өлең де алғаш рет
«Өсиет­на­ма» жинағында жарық көрген. 2003 жылғы басы­
лым­дағы өлең мәтіні негізінде жарияланып отыр.

«Ата қоныс арқадан» – бұл да солай.
«Әуелгі қазақ деген жұрт» – бұл да солай.
«Қазақтан шыққан кәпірді» – бұл да солай.
«Асқар таудың сәні жоқ» – бұл да солай.

«Дүние – жемтік, мен – тәбет» – алғаш рет халық ақыны
Шәкір Әбенов 1918–19 жылдар шамасында Байділдә деген
қарттан жазып алған өлең. 2003 жылғы басылымдағы өлең
мәтіні негізінде жарияланып отыр. Өлең мәтіні ҚР БҒМ ОҒК

қорындағы 1302-папкада сақтаулы.
«Ер шөгіп, есер ержетті» – ақынның бұл өлеңі ел аузы­
нан жазып алынған. 2003 жылғы басылымдағы өлең мәтіні
негізінде жарияланып отыр.

«Атаны бала алдады» – алғаш рет «Өсиетнама»
жинағында жарық көрген. 2003 жылғы басылымдағы өлең
мәтіні негізінде жарияланып отыр.
«Май, май дейсің, май дейсің» – ел аузынан жазып

алынған ақын өлеңі. 2003 жылғы басылымдағы өлең мәтіні
негізінде жарияланып отыр. Қолжазба нұсқасы ҚР БҒМ ОҒК
қорында сақтаулы.
«Біреуге» – бұл өлеңдер циклі алғаш рет «Өсиетнама»

жина­ғында жарық көрген. 2003 жылғы басылымдағы өлең­
дер мәтіндері негізінде жарияланып отыр.
«Осындай заман кез болды» – алғаш рет «Өсиетнама»
жина­ғында жарық көрген. 2003 жылғы басылымдағы өлең

мәтіні негізінде жарияланып отыр.
«Кәсіп туралы» – алғаш рет «Өсиетнама» жинағында
жарық көрген өлең. 2003 жылғы басылымдағы өлең мәтіні
негізінде жарияланып отыр.

«Жас кезеңі» – бұл да солай.
«Алладан сұрап иманды» – алғаш рет «Өсиетнама»
жинағын­да жарық көрген толғау. 2003 жылғы басылымдағы
өлең мәтіні негізінде жарияланып отыр.

«Кенесары» – алғаш рет «Өсиетнама» жинағында жарық
көрген арнау өлең. 2003 жылғы басылымдағы өлең мәтіні
негізінде жарияланып отыр.
Кенесары Қасымұлы – ХІХ ғасырдағы орыс отаршылды­

ғына қарсы ұлт азаттық көтерілістің басшысы.
«Пайғамбардың ұлын айтар он бір деп» – алғаш рет
«Өсиет­нама» жинағында жарық көрген өлең. 2003 жылғы
басылымдағы өлең мәтіні негізінде жарияланып отыр.

«Қан жалаған қаһарлы» – бұл да солай.
«Әуелі Алла айталық» – бұл да солай.

«Иманды бұл дүниеде...» – бұл да солай. «Ер канаты aт болар» – бұл да солай. «Ертуған бұл күнде бай, жасында ұры» – ел аузынан жазып алынған ақын өлеңі. 2003 жылғы басылымдағы өлең мәтіні негізінде жарияланып отыр. Қолжазба нұсқасы ҚР БҒМ ОҒК қорында сақтаулы. Дастандар және мысал өлеңдер «Еспембет» – тарихи тақырыпқа құрылған дастан. Алғаш рет «Өсиетнама» жинағында жарық көрген. 2003 жылғы басылымдағы дастан мәтіні негізінде жарияланып отыр. Еспембет – ХVІІІ ғасырдағы қазақ халқының жоңғар шапқыншы­лығына қарсы күресінде ерекше ерлігімен көзге түскен батыр, қолбасшы, би. Дулат ақынның аталас туысы. «Шаштараз» – алғаш рет «Өсиетнама» жинағында жарық көр­ген ақын дастаны. 2003 жылғы басылымдағы дастан мәтіні негізінде жарияланып отыр. «Сары шымшық» – алғаш рет «Өсиетнама» жинағында жарық көрген мысал өлең. 2003 жылғы басылымдағы мысал мәтіні негізінде жарияланып отыр. «Қара қарға» – бұл да солай. «Бір патша» – бұл да солай. «Тымсал өлең» – ел аузынан жазып алынған мысал өлең. Алғаш рет ақынның «Замана сазы» жинағында (1991) жарық көрген. 2003 жылғы басылымдағы дастан мәтіні негізінде жа­ рияланып отыр. Дулат ақын туралы зерттеулер мен пікірлер М.Әуезов. Абай. Тарихи роман – ұлы жазушының алғаш рет 1942 жылы жарық көрген «Абай» тарихи романының «Қайтқанда» тарауынан үзінді. Дулат Бабатайұлының 2002, 2003 жылдары жарияланған жинақтарында «Абай жолы» роман-эпопеясының кейінгі басылымдарындағы ақын есімі Барлас деп өзгертілген нұсқадағы М.Әуезовтің өзі Барлас аты­ нан жазған ауызша өлеңдер Дулат авторлығымен жаңылыс берілген. Жазушы романының 1950 жылдардан кейінгі ба­ сылымдарында Дулатқа қатысты тұстарды сол кездегі идеологиялық көзқарас талабына сәйкес еріксіз өзгерткен. Ал 1942 жылы жарық көрген «Абай» тарихи романының 1-ші кітабында Дулат есімі сол бетінде аталып, өлеңдері де ақынның «Өсиетнамадағы» түпнұсқасымен бірдей берілген. Кейінгі ба­ сылымдарда ақын есімі Барласқа ауыстырылғаннан кейін жазу­

шы ойдан жазған өлеңдерге басқа сарын енгізілген. Сол себепті бұл жинақты М.Әуезовтің 1942 жылғы «Абай» романының «Қайтқанда» тарауындағы Абайдың Дулат ақынмен кездесуі туралы үзінді сол түпнұсқа күйінде еш өзгеріссіз беріліп отыр: Әуезов М. Абай : тарихи роман. – Алматы: Қазақтың біріккен мемлекеттік баспасы, 1942. – 54-60-бб. Қажым Жұмалиев (1907–1968) – әдебиеттанушы-ғалым, Қа­зақ­стан ҒА академигі. Ғалым зерттеуі «XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ әдебиеті» монографиясында (1967) жарияланған нұсқа бойынша беріліп отыр. Құлмат Өмірәлиев (1930–1985) – қазақ тілі мен әде­ бие­тін зерттеген ғалым, филология ғылымының кандида­ ты. Ғалымның Дулат Бабатайұлының «Замана сазы» кітабына (1991) жазған алғы сөзі сол күйінде беріліп отыр. Зәки Ахметов (1928-2002) – әдебиеттанушы-ғалым, ҚР Мем­лекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі. Дулат Баба­тайұлының туғанына 200 жыл толуына арналып 2002 жылы Семей қаласында өткен республикалық ғылымитеориялық конференцияда жасаған баяндамасы Шығыс Қазақстан облысы Аякөз аудандық «Аякөз жаңалықтары» газетінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі санында жарияланған болатын. Мақала осы нұсқа бойынша беріліп отыр. Мекемтас Мырзахметұлы – әдебиеттанушы-ғалым, ҚР Мем­лекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылым­дарының док­торы, профессор. Ғалымның «Алматы ақшамы» газетінде жария­ланған мақаласы (1988. 21желтоқ­сан) еш өзгеріссіз беріліп отыр. Рәбиға Сыздықова – тілші-ғалым, ҚР Мемлекеттік сый­лы­ ғының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі. Ғалымның бұл мақаласы «Қазақ әдебиеті» газетінің 1992 жылғы 25 желтоқ­сандағы са­ нында жарияланған болатын. Жинақта осы мақала мәтіні толық беріліп отыр. Мұхтар Мағауин – Қазақстанның халық жазушысы. Жазушы­ның Дулат шығармашылығына байланысты пікірі «Бес ғасыр жырлайды» атты екі томдықтың (1989. Т.1.) кіріспе мақаласында жарияланған болатын. Бұл пікір сол күйі еш өзгеріссіз беріліп отыр. Серік Негимов – әдебиеттанушы-ғалым, филоло­ гия ғылымда­рының докторы, профессор. Ғалымның бұл мақаласы «Қазақстан мұгалімі» газетінің 1993 жылғы 2 ақпандағы санында жарияланды. Мақаланың газеттік нұсқасы жинақта сол күйінде беріліп отыр.

Тұрсынжан Шапай – әдебиет зерттеуші, филология
ғылымының кандидаты. Қазақстан комсомолы сыйлығының
лауреаты. Оның бұл мақаласы «Шын жүрек – бір жүрек»
кітабы бойынша (Алматы, 1999) жарияланып отыр.

Бауыржан Омарұлы – қоғам қайраткері, әдебиеттану­
шы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профес­
сор. Ғалым­ның «Зар заман поэзиясы» монографиясындағы
(2000) Д.Бабатай­ұлының 2003 жылғы жинағында жария­

ланған нұсқасы бойынша берілді.
Қайрат Раев – әдебиет зерттеуші ғалым, филоло­
гия ғылы­мының кандидаты. Оның бұл мақаласы «Қазақ
әдебиеті» газетінің 2003 жылғы 29 тамыздағы санында жа­

рияланды. Жинақта мақа­ланың осы газеттік нұсқасы еш
өзгеріссіз беріліп отыр.
Марат Бекбосынов – әдебиеттанушы-ғалым, филоло­
гия ғылы­мының кандидаты. Абылай хан атындағы Қазақ

халықаралық қаты­настар және әлем тілдері университетінің
профессоры. Ғалымның «Тәуекел мен батыр ой» атты
монографиясындағы (Семей, 2007) Дулат туралы тарауы сол
бетінде жарияланып отыр.

Нұржан Қуантайұлы – әдебиеттанушы-ғалым, жур­
налист, ақын, филология ғылымының кандидаты. «Шығыс
ақпарат» медиа холдингінің президенті. Оның бұл мақаласы
«Ақжол Қазақстан» газетінің 2003 жылғы 4 шілдедегі санын­

да жарияланды. Жинақта мақаланың осы газеттік нұсқасы еш
өзгеріссіз беріліп отыр.

МАЗМҰНЫ Қорабай С. АҚЫНДЫҚТЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ ................................... 3 ӨЛЕҢДЕР ҚАЙҒЫЛЫНЫ УАТТЫМ ..................................................................... 10 БАРАҚҚА .......................................................................................... 13 КЕҢЕСБАЙҒА .................................................................................... 15 СҮЛЕЙМЕНГЕ .................................................................................... 18 ИШАНҒА ........................................................................................... 21 АҚТАНҒА .......................................................................................... 22 БАЛАСЫНА АЙТҚАНЫ ..................................................................... 24 САНДЫҚТАС ..................................................................................... 26 «О, САРЫАРҚА, САРЫАРҚА!...» ....................................................... 28 САУЬІР ЖЕРДЕН АЙРЫЛЫП .............................................................. 28 АТА ҚОНЫС АРҚАДАН ..................................................................... 31 ӘУЕЛГІ ҚАЗАҚ ДЕГЕН ЖҰРТ .............................................................. 34 ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН КӘПІРДІ ......................................................... 41 «АСҚАР ТАУДЫҢ СӘНІ ЖОҚ...» ........................................................ 44 ДҮНИЕ — ЖЕМТІК, МЕН-ТӨБЕТ ........................................................ 46 ЕР ШӨГІП, ЕСЕР ЕРЖЕТТІ ................................................................... 47 «АТАНЫ БАЛА АЛДАДЫ...» .............................................................. 48 «МАЙ, МАЙ ДЕЙСІҢ, МАЙ ДЕЙСІҢ...» ............................................ 50 БІРІНШІ БІРЕУГЕ ................................................................................ 51 ЕКІНШІ БІРЕУГЕ ................................................................................. 52 ҮШІНШІ БІРЕУГЕ ............................................................................... 52 ТӨРТІНШІ БІРЕУГЕ ............................................................................. 52 ОСЫНДАЙ ЗАМАН КЕЗ БОЛДЫ ....................................................... 53 КӘСІП ТУРАЛЫ ................................................................................. 56 ЖАС КЕЗЕҢІ ...................................................................................... 57 «АЛЛАДАН СҰРАП ИМАНДЫ...» ...................................................... 58

КЕНЕСАРЫ ........................................................................................ 78 «БАТЫСТАН СОҚТЫ БОРАН БОП...» ................................................. 79 «ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҰЛЫН АЙТАР ОН БІР ДЕП...» ............................. 80 «ҚАН ЖАЛАҒАН ҚАҺАРЛЫ...» ......................................................... 82 «ӘУЕЛІ АЛЛА АЙТАЛЫҚ...» .............................................................. 83 «ИМАНДЫ БҰЛ ДҮНИЕДЕ...» ........................................................... 84 «ЕР ҚАНАТЫ АТ БОЛАР...» ................................................................. 85 ЕРТУҒАН БҰЛ КҮНДЕ БАЙ, ЖАСЫНДА ҰРЫ ..................................... 88 ДАСТАНДАР, МЫСАЛ ӨЛЕҢДЕР ЕСПЕМБЕТ (дастан) .......................................................................... 90 ШАШТАРАЗ (дастан) ...................................................................... 104 «АДАМНЫҢ ЖҮРЕК – СЕНІМДІ...» ................................................. 109 САРЫ ШЫМШЫҚ ........................................................................... 110 ҚАРА ҚАРҒА ................................................................................... 112 БІР ПАТША ...................................................................................... 114 ТЫМСАЛ ӨЛЕҢ ............................................................................... 117 ДУЛАТ АҚЫН ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ПІКІРЛЕР Әуезов М. АБАЙ ............................................................................. 140 Жұмалиев Қ. ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ ................................................ 146 Өмірәлиев Қ. ДУЛАТТЫҢ ДӘУІРІ МЕН АҚЫНДЫҒЫ ...................... 165 Ахметов З. ЕЛДІКТІҢ ЖЫРШЫСЫ, ЕРКІНДІКТІҢ ЖОҚШЫСЫ ........ 186 Сыздықова Р. ДУЛАТТЫ ТАНЫП БОЛДЫҚ ПА? ............................... 194 Мырзахметұлы М. ЕКІ КҮЙМЕК БІР ЖАНҒА ӘДІЛЕТ ПЕ? ............... 209 Мағауин М. ЖАҢА БАҒЫТ МӘЙЕГІ ................................................ 219 Негимов С. ДУЛАТ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .... 220 Шапай Т. АБАЙ МЕН ДУЛАТ ........................................................... 226 Омарұлы Б. ДУЛАТ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ЗАР ЗАМАН ПОЭЗИЯСЫ ........ 229 Раев Қ. СӨЗ – ЖІБЕК ЖІП, ЖЫР – КЕСТЕ ........................................ 237 Бекбосынов М. ДУЛАТ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК САРЫНДАРЫ ......................................................... 254 Қуантайұлы Н. ДУЛАТ – АЗАТТЫҚ АҚЫНЫ .................................... 283 ТҮСІНІКТЕР ...................................................................................... 288

Дулат БАБАТАЙҰЛЫ

ШЫҒАРМАЛАРЫ

(Өлеңдер, дастандар, мысал өлеңдер.
Зерттеулер, пікірлер)
Редакторы Ш.Рахымбекова
Суретшісі Е.Қожабаев

Техникалық редакторы Қ.Мухамедин

ИБ № 997

Басуға 17.07.13 қол қойылды. Пішімі 84 х 108 1/32.
Қаріп түрі «DS FreeSet». Баспа табағы 18,5.
Шартты баспа табағы 15,0. Есептік баспа табағы 14,25.
Таралымы: Мемлекеттік тапсырыспен 2000 дана +

баспа есебінен 150 дана. Тапсырыс №
Қазақстан Республикасы. «Ана тілі» баспасы ЖШС.
050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй;
телефакс 394-42-92.

E-maіl: nurlan.tu@maіl.ru.
«Тамыр» фирмасының компьютерлік-баспа жүйесінде
беттелген. 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143;
тел.: 394-42-95.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙