TELEGEI

Home

ДАРИҒА, ДӘУРЕН

Несіпбек Айтұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

ДАРИҒА, ДӘУРЕН

Қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, І «Рух» халықаралық әдеби байқауының поэзия: поэма аталымы бойынша бірінші орын иегері Несіпбек Айтұлының бұл кітабына кейінгі жылдары жазылған шығармалары енгізілді. Ақын туындылары ұлттық бояуы қанық, шұрайлы тіл, орамды ойымен ерекшеленеді. Кітап қалың оқырманға арналған.

Несіпбек Айтұлы

Өлеңдер мен мақалалар, этюдтер
Астана – 2018

ӘӨЖ КБЖ А

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді Айтұлы Н. Дариға, дәурен: өлеңдер, төрттағандар, аудармалар, поэмалар. – Астана: Фолиант, 2018. – 240 б.

Қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лау­ реаты, І «Рух» халықаралық әдеби байқауының поэзия: поэма аталымы бойынша бірінші орын иегері Несіпбек Айт­ұлы­ның бұл кітабына кейінгі жылдары жазылған шығар­малары ен­гізілді. Ақын туындылары ұлттық бояуы қанық, шұрайлы тіл, орам­­ды ойымен ерекшеленеді. Кітап қалың оқырманға арналған. © Айтов Н., 2018 © «Фолиант» баспасы, 2018 ІSBN А ӘӨЖ КБЖ

ӨЛЕҢДЕР

АЗАТТЫҒЫМ

Атажұрттың қазығына байланған соң кіндігім,
Арқандаулы арық аттай шыр айналған тірлігім.
Таң атқаннан күн батқанша өз басымен әуре,
Арпалысқан бұл жалғанда ұғып жатыр кімді кім?

Қанатымды шаңға малып тіршіліктің қамы үшін,
Тауық та бір, мен де бірмін теріп жеген тарысын.
Бостандықтың бір тал шашы түсер болса егер де,
Қынабынан суырылар қылшылдаған намысым!

Жеткен жан жоқ қуғанменен сұм дүние шетіне,
Пәни менен бақи барда бөлінесің екіге.
Азаттығым, тиер болса суық ызғар бетіңе,
Жүрегімді қалқан етем соққан желдің өтіне!

ҰЛЫ ҚАЙҒЫ

Өмір өтті арпалыспен, тартыспен,
Кездерім көп артық кеткен, кем түскен.
Бабалардан маған дейін ұласқан
Қайғым ұзақ ұзын аққан Ертістен.

Қасіреттен қаны қайнап қарайған,
Күн астында күңіренген талай жан.
Бізден асып болашаққа жалғасар
Қалған қайғы Әлішерден, Абайдан.

Ұлы қайғы жанымды жеп жегідей,
Жеті түнде ұлиды кеп бөрідей.
Тірлігіме сонда қатты налимын,
Иттің тісі жырымдаған терідей.

Н е с і п б е к А Й Т О В

БІР БЕЛГІМІН

Мен дағы бір белгімін ғасырдағы,
Дүркіреп дәурен көшер басымдағы.
Ұстамын ескі үлгімен өлең соққан,
Көз жазбай көргенімнен жасымдағы.

Өмірім өлеңіммен бірге өрілген,
Өрнегін келтіре алмас кім көрінген.
Ақынның құпиясы өзіне аян
Ұясын жүрегінің мұң кемірген.

Жалықпас қуаныштан, қайғыдан да
Тіршілік мінезінен айныған ба?
Байлығы жолдас болмас бұл жалғанның
Қаламнан қайыр күткен ойлы жанға.

Жан сая іздемедім салқын белден,
Қайтемін рахатты әркім көрген.
Сіміріп сөз тұнығын – шөл қандырғам
Бабалар жүзіп ішкен алтын көлден.

Мұраға баға жетпес ие болған,
Бірімін бақыттының кие қонған.
Алланың әмірімен ойда жоқта
Еншіме ризамын тие қалған.

Асқақтап, асып-таспай әлдекімше,
Жырладым шама-шарқым келгенінше.
Ұлтыма қызмет етсем армансызбын,
Күзетіп босағасын өлгенімше.

Соға ма сөз-семсерін осал адам,
Күнім жоқ жоқтан барды жасамаған.
Дос түгіл, қарыздармын дұшпаныма
Оқ атқан Бекежандай Қособадан.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Халқын кім жақсы көрмес жаны сүйіп,
Безбүйрек болмаса бір қаны сұйық.
Адамның жүрегіне елі сыйған
Кетеді дүниенің бәрі сыйып...

ӨЗІМ БІЛЕМ

Жылаймын, сәлден кейін қайта күлем,
Айтарын жүрегімнің айта білем.
Біреудің жүрген жоқпын жетегімен,
Біреудің үрген жоқпын айтағымен.

Аузыма Құдай салған сөзімді айттым,
Қақаған қысымды айттым, жазымды айттым.
Қаперге көп нәрсені алмадым да,
Қатерге өзім барып, өзім қайттым.

Ұл едім елім аман аттандырған,
Көп жортып, кер жотаға ат шалдырған.
Тірсегін тажалдың да қиып түсер,
Аңшыны талай көрдім қақпан құрған.

Үн-түнсіз бұғып жатқан қанды қақпан,
Сыртыңнан оқпен бірдей аңдып атқан.
Ежелден тізе қосқан осы екеуі
Сұңқарды, тұлпарды да сан құлатқан.

Жылаймын ағайынның азғанына,
Жыртылып ескі тондай тозғанына.
Ор қазып ешкімді де құлатқам жоқ,
Өкінем абайсызда озғаныма.

Бастырса зердесінің көзін Алла,
Парықсыз пенде, шіркін, сөз ұғар ма.
Өлеңнің қазынасы – кеудем менің,
Не барын өзім білем қазынамда...

Н е с і п б е к А Й Т О В

ТҰҢҒЫШ САПАР

Есімде. Әкеме еріп жолға шықтым,
Көрінген көкжиектен белге асықтым.
Шанаменен Шәуешекке келе жатып
Сапардың ұзақтығын алғаш ұқтым.

Сүйреген шанамызды кершолақ ат
Зулайды ұшатындай берсе қанат.
Арқамда Тарбағатай тауы қалды,
Болғайсың дегендей бір сау-саламат.

Жалғасып салған ізім жан-жақпенен,
Жер бетін содан бері шарлап келем.
Келбетін жарық дүние танып білдім,
Сырына ой жіберіп салмақпенен.

Көппенен кемдік көрмес араласқан,
Жақсыға жақын жүрдім бала жастан.
Кең жайып құшағымды жарқылдадым
Есігін адамдарға маған ашқан.

Көргенін мен де көріп сан ұрпақтың,
Іздеген керегімнің бәрін таптым.
Бөлісіп қолда барды достарыммен,
Ащының, тұщының да дәмін таттым.

Жар сүйдім, бала сүйдім ел қатарлы,
Өмірдің өзі түзу жолға салды.
Еліме еңбек етіп азды-көпті,
Менің де маңдай терім жерге тамды.

Жалғанда шыр айналып дөңгелеген,
Періште болған емес пенде деген.
Тапсын деп ырыздығын тіршіліктен,
Тәңірім таңдайыма берген өлең!

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Телміріп түкпіріне қара түннің,
Қаламға сүйеніп сан таң атырдым.
Кім білсін халқым қалай бағаларын,
Өзгеше тағдыры бар әр ақынның.

Кісімін тірі жанға қас қылмаған,
Есесін жіберген жоқ ешкім маған.
Қылтасын қай қазақтың қандамаған,
Ақситқан азу тісін қасқыр заман.

Ұялап, несін айтам, көңілге мұң,
Жүректі жібек құрттай кеміргенін.
Белгісіз қанша жерге созылары
Басталған сол сапардан өмір жолым.

КІНӘЛАЙ КӨРМЕ

Күлімдеп тұрып күндерді қарсы аламын,
Сезбеген болам тағдырдың салқын қабағын.
Арнасы терең, ағыны қатты өзендей
Ағады тулап, барады зулап заманым.

Жұта алмай еркін даламның жұпар самалын,
Арманның құсын кеудеме қанша қамадым.
Туған ел үшін тамыздық етіп жанымды,
Өшкенше атым үміттің отын жағамын.

Өрнегі жұмбақ өмірге қайран қаламын,
Шешуін таппай өтермін мен де, қарағым.
Кінәлай көрме, қайтадан жалғай алмасам,
Ғайыптан бір күн үзілген гүлдің сабағын...

Н е с і п б е к А Й Т О В

АЛЛАНЫҢ ЖҮЗІ ҒАНА

Пенденің қарекеті тұрмыстағы –
Аумаған тасбақаның тырмысқаны.
Алдыңда дайын тұрар қайда барсаң
Терінің сен илейтін бір пұшпағы.

Қашпайды ырыздығың бұйырған бір,
Пұшпақтың қолға тиген иін қандыр.
Ойлама толастамас, тоқтамас деп
Төбеңнен көк нөсердей құйылған нұр.

Дәуренің алтын емес тозбайтұғын,
Шоқ емес үрлей берсең қоздайтұғын.
Күлкіден көбік шашқан көңілге де
Кез келер күзгі желдей боздайтұғын.

Тірлік жоқ күн мен түндей алмаспайтын,
Пәле жоқ жердегіге жармаспайтын.
Көктегі ғайып құсы төмен түспес,
Алланың жүзі ғана шаң баспайтын...

ЖЫЛАЙ БЕРМЕ

Жүз толғанып, мың ойланып,
Жылай берме, мұңлы ақын.
Күн шыққанмен шырайланып,
Қайта келер түн жақын.

Қонбады деп бүгін бақыт,
Жабырқама, налыма.
Кеткенменен күнің батып,
Таң атады тағы да.

Тұрлауы жоқ бұл өмірдің
Таусылмайды күйбеңі.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Кімге керек жүрегіңнің
Жалын шалып күйгені?
Азап пенен сорға батқан
Емессің ғой сен ғана.

Ақ қағазға сорғалатқан
Көздің жасын сан дана.
Мұңын тыңдап жырлағанның
Жан көрмедім иліккен.

Басы айналды бұл қоғамның
Байлық пенен биліктен.
Бал тамызсаң таңдайына,
Кісі бар ма сөз ұқпақ?

Жазылған соң маңдайыңа,
Талқысына төзіп бақ!
Пенделерге тағдырың бір
Берсеңші, ақын, қол ұшын.

Ақыл-ойың қаңғырып жүр
Ақтай алмай борышын...

БҰЛДЫРАЙДЫ ЕЛЕСІ

Күн қылтиып көрінсе ай шөгеді,
Қара бұлттың көбесін жай сөгеді.
Әлдеқашан жұғынын ит жалаған
Қаңсып жатыр жылдардың майшелегі.

Бұлдырайды елесі бұрынғының,
Жұртта қалған жүн-жұрқа жұлым-жұлым.
Көкжиектен арғыны көрсетпейді,
Құрып тастап келешек шымылдығын.

Тіл үйіріп таңдайға тамған шырын,
Емексітіп жетелер алдамшы күн.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Жанға қатер төнерін қайдан білсін
Тәтті балға қанатын малған шыбын.
Бөлеп тұрса тіршілік сәулесіне,

Бұйырған дәм таусылмас пендесіне.
Бұл жалғанның әлегін елең қылмас,
Салып қойған азапты әуресіне.
Түзу түссе Тәңірдің көзі кімге,

Күлкі ойнайды өмірдің езуінде.
Тұңғиығын тағдырдың болжау қиын,
Төңкеріліп түспесе өзі бірде...

ҮМІТІМ МЕНІҢ

Тышқан аңдыған түлкі қулықтың
Құлағы қайда селтимес.
Күрсініп іштен, неге мұң жұттың,
Үмітім менің жел тимес?

Жүдесең, мен де қаламын жасып,
Жүрегім қалай жырласын?
Жадырай салшы, қабағыңды ашып,
Көзімнің жасы құрғасын.

Бақыттың гүлі бүршігін жарса,
Жұпарын оның сеземін.
Егер де сенің кірпігің талса,
Талмай ма менің өзегім?

Дірілдеп тұрған сәулеңді әлсіз
Төксеңші алыс кетпейтін.
Не пайда жарық жұлдыздан сансыз
Жылуы жерге жетпейтін?..

Сөнгенше мынау кеуденің нұры
Түсерміз суға, отқа да.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Үмітпен өтер пенденің күні,
Үмітсіз – шайтан тек қана...

СҮЙЕК АУЫР

Дүр етіп көтерілсе көлдің құсы,
Қанатын кері тебер желдің күші.
Алмасып аласұрған көк толқынның
Жартасқа маңдай соғар алдыңғысы.

Бұрқаса көкте дауыл алай-түлей,
Сығалап бұлт астынан қарайды үрей.
Жаратқан жайдың оғын жарқылдатса,
Түседі тәубасына талай дүлей.

Сімірген айдың нұрын, күн қызуын,
Жалғанның қияр дейсің кім қызығын?
Тілейді жатса-тұрса бір Алладан
Сөнбеуін жарқыраған жұлдызының.

Туған соң жер бетінде әркім жасар,
Арттағы алдыңғының орнын басар.
Бөлісіп қысқа өмірдің қуанышын,
Кәрі шал жас баламен қалжыңдасар.

Белгісіз кімнен кейін кім өлмегі,
Қайғы да – тіршіліктің бір ермегі.
Адымың жазылмаса амал бар ма,
Тұлпардың аяғындай шідердегі?

Алдыңнан атып тұрса жарқырап таң,
Арқаңнан салмақ түсер алты батпан.
Таңдайын тағдырыңның жібітер ме
Қара су кірпігіңнен тамшылатқан?

Шықпаса жел жағыңа жанашырың,
Үзіліп жерге түсер қарашығың.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Сыйлысың сипай кетсең маңдайынан
Мұңайған бір қазақтың баласының.
Болғанда ат көтерем, түйе жауыр,

Қолтықтан бір-біріңді сүйе, бауыр.
Орнынан ешкім қайта қозғалта алмас,
Түскен соң қара жерге сүйек ауыр.

ҚЫМ-ҚУЫТ ҚАЛА

Жалғасқан дүние, алмасқан өмір,
Сырыңды қойдым ұға алмай.
Құлазыр кейде марғасқа көңіл,
Құдыққа түскен құландай.

Сағымдай алдап сырғыта бермей,
Ұстатшы ойдың ұшығын.
Шығайын сыртқа мұң жұта бермей,
Онсыз да жанмын іші мұң.

Қым-қуыт қала, қиырда дала,
Келетін кім бар мені іздеп?
Көл-көсір елес миымда ғана
Шалқиды шалқар теңіз боп.

Күрсініп кеудем ауа жұтады,
Буланды көзім дым көрмей.
Сұлбасы жұрттың қарауытады
Қаптаған қара бүргендей.

Ізіңнен қалмас әр аттағанда
Айдаһар-ажал желді өңеш.
Тұрағың сенің, Жаратқан Алла,
Аспанда, неге жерде емес?..

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

ЖАЗ КӨШІП

Жаз көшіп күлімдеген жарқын жүзді,
Қарсы алдық суық қабақ салқын күзді.
Енді өмір әкеміздей еркелетіп,
Мінгізбес мойынына еркін бізді.

Қар түскен тау жотасы ағарады,
Күн қайда бұлтқа кірген бағанағы?
Жел соқса сары қурай сұңқылдайды,
Жаз бойы қарық болған қағанағы.

Қыстаудай жасап жатқан қыстың қамын,
Көңілің тиянақтар істің бәрін.
Жылжыған мысық табан мыстан уақыт
Көрсете бастағандай тіс-тырнағын...

КӨҢІЛ ТҮБІ ҚАРАҢҒЫ

Лезде лаулап жанатындай
Жаным менің төкті зар.
Үлбіреген қанатындай
Көбелектің от құмар.

Жаға алмадым – жазық менде –
Жүрегіңе шамшырақ.
Төгілмесе нәзік сәуле
Таң көзінен тамшылап.

Торығасың тотықұстай
Тар қапаста қамаулы.
Қаңыраған бос ыдыстай
Көңіл түбі қараңғы.

Омырауды шаң қаппасын,
Жолға шықсам, медет бер.

Н е с і п б е к А Й Т О В Қалбаңдаған қаңбақ басым Енді қайда дедектер? Ұшқанменен бұлтарып сан, Өртенеді көбелек. Құтқармаса бұл тамұқтан Сенің нұрың себелеп. Басқа түскен теперіштен Құтқаратын Құдай бар. Мендей болып, уа, періштем, Жанған отпен кім ойнар?! Жеттім десе, соған күлем, Біреу егер бақытқа. Сұрап келші, ең алдымен, Сордың дәмін татып па?.. ШӨЛ Таң атқалы мүлгиді аспан желдетпей, Төңірегім тұншығады дем жетпей. Көксау бұлттар, күрк-күрк жөтеліп, Сен де көкте тұрып алдың селдетпей. Найзағайдан жарқылдаған от сөнбей, Ой-хой, бұлттар, төгіп-төгіп өтсең ғой. Жер мен көкті тазартып бір кетсең ғой, Беу, дүние, менде құдірет жоқ сендей. Жаумай неге қасарыстың, қырсықтың, Көппен бірге мен де бүгін тұншықтым. Білемісің, керек боп тұр бір тамшы Таңдайына шөліркеген шымшықтың...

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

СЕНІҢ АЛТЫН ЖІБІҢМЕНЕН

Бұлдыраған нәзік сәуле арасынан мұнардың,
Көк пен жерді жалғап тұрған құдіретіңе құмармын.
Көз жұмғанша шұрқ тесік көңілімнің жыртығын
Сенің алтын жібіңменен жамайтұғын шығармын.

Сен болмасаң, аспанымды соқыр тұман тұмшалар,
Жарқыраған Ай мен Күннің қабағын да мұң шалар.
Тас түнектің түкпірінде тастай қатып жатсам да,
Медетіңді күтемін тек, менде қандай мұрша бар?

ОРАЛЫП АЛЫС КҮНДЕР

Оралып алыс күндер неге ғана,
Тынысын тыңдатпайды көне дала?
Жайнаған жұлдыздардың жанарынан
Алланың нұры жауып өліарада.

Күшіне құдіреттің таңғаласың,
Кенеттен жадыратса кең даласын.
Жамандық төніп түнгі бесігіне,
Жыландай арбамаса жан баласын.

Өртеніп өң пен түстің ортасында,
Жасайсың тіршіліктің арқасында.
Мысқалдап үміт шөлін қандырасың,
Батпандап жан азабын тартасың да.

Н е с і п б е к А Й Т О В

ЕЙ, МҰҢЛЫҒЫМ!

Бір түлейін, сілкінейін,
Жалғастырып жолды қашық.
Ақ жаңбырдай сіркірейін,
Кеудемдегі шаңды басып.

Білесің ғой мән-жайымды,
Бетпақ шөлдей қалдым қаңсып.
Жібітейін таңдайымды,
Мөлдірім-ау, алдымнан шық!

Көкте жүрген кезбелердей,
Не сұрайсың көшкен бұлттан?
Жер бетінде аз ба мендей
Жоқты іздеумен бас қаңғыртқан?

Жата алмадым салқын белде,
Ат сауырын күн қақтырдым.
Таба алмаспын, бәлкім, мен де
Құпиясын жұмбақ сырдың.

Тағдыр бізді аяған ба,
Кейпімді кеп көрсең еді.
Ей, мұңлығым, сәл аялда,
Мүсіркегің келсе мені!

АУМАЙМЫН МЕН ДЕ

Мазамды алма сен менің,
Ерігіп жүрген шығарсың.
Өкініш толы кеуденің
Өксігін қайдан ұғарсың?

Дауылға кеуде тоспасаң,
Денеңді суық қарымас.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Тау асып, тасты баспасаң,
Табаның жерді танымас.
Аумаймын мен де, шамасы,
Қойшының мінген атынан.

Шоқтығым жауыр, қарашы,
Сауысқан күнде шоқыған.
Іштегі көңіл жарасы
Оқылар көздің отынан.

Үңілсе пенде баласы,
Жауырды жаба тоқыған.

ЕКІ ТУЫП КЕЛМЕЙСІҢ

Дүние сыры бір ғана Құдайға анық,
Түн айналып келеді, күн айналып.
Қайта тұнар тасыған асау өзен
Арнасынан шалқыған ылайланып.

Жыл құстарын шұбыртып жылап кеткен,
Көктем қайтып келеді шуақ төккен.
Қайталанар өмірде барлығы да,
Еш нәрсе жоқ мәңгілік тұрақ тепкен.

Қайталанар жаз бен күз кезегімен,
Қаһарлы қыс қар бүркіп өзегінен.
Қуаныш та, қайғы да сан тосады
Тар соқпақты тағдырдың кезеңінен.

Тіршіліктің тірегі – адамдықта,
Қайталанар жақсылық, жамандық та.
Сатқындық пен қастықтан көз ашпайсың,
Дос ниеті бұрылса арамдыққа.

Барлығы да кісінің пейілінде,
Қайталанар өмірдің тойы күнде.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Ұшқан бақыт басыңнан қайта қонар,
Жүрегіңді толтырып мейірімге.
Шуақ түсіп тұрғанда көктен жерге,

Қайта келер өкпелеп кеткендер де.
Қайта жібір көңілің тас боп қатқан,
Не табасың жақынды жек көргенде?
Қайда қашып ортадан кетем дейсің,

Атажұрттың төсінде мекендейсің.
Қайталанбас өмірде өзің ғана
Екі туып келмейсің, екі өлмейсің?

АДАСЫП ҚАЛДЫМ

Қызылды-жасыл боянып өткен,
Қай жақта жүрсің, баяғы көктем.
Күлімдеп күнге қарайтын еді,
Ұйқыдан гүлдер оянып еппен.

Ұшатын еді көбелек қалқып,
Биікте құстар әуелеп шалқып.
Сарқырап сулар, жарқырап таулар,
Тіршілік біткен керемет балқып.

Адасып қалдым асыл бейнелі,
Көктемім, сенен жасыл жейделі.
Қарлығаш ұя салмайтын үйде
Тұрамын қазір, кешіргей мені!?

Сені аңсап күнде ойлана берем,
Сиқырлы, сырлы жайнаған әлем.
Қарлығаш болып қалықтап ұшып,
Сәлем айт, барсаң қайда да менен!..

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

БІР АЛЛАҒА СИЫНЫП

Мезгілінде көктем келе қоймастан,
Қыс аяғы қыбырлайды жай басқан.
Күн күркіреп, жасын ойнап кенеттен,
Кір көйлегін ақ жаңбырмен шайды аспан.

Осындайда бір Аллаға сиынып,
Құлшынасың күпірліктен тыйылып.
Кетсе дейсің дүниені тазартып
Құдіреттің көк нөсері құйылып!..

Нұр жаумаса пенде қалай күн көрсін,
Уа, періштем, сен келмесең кім келсін?
Мүсіркесең мүскіндерді жанай ұш,
Қанатыңның ұшын сипап үлгерсін!

МҰҢДЫ ДА АЯ

Тілегім ақтық өзіңнен сұрар,
Көңілім, тоқта, тоятта.
Талығып келіп көз ілген шығар,
Ұйықтасын, мұңды оятпа!

Бере ме Тәңір тілегін әр күн,
Болғанмен пенде жылауық.
Сағыныш буып жүдеді, бәлкім,
Мұңды да ая бір ауық.

Өзіне тиіп өзінің еркі,
Тынықсын түн де мүлгіген.
Саябыр тапсын сезімнің дерті
Жүректің ішін үңгіген.

Меселі қайтып, сынбасын сағы,
Қадірін білу керек қой.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Оянып кетіп жүрмесін тағы,
Әлдиле оны бөбектей.
Жанымды сол ғой жегідей жейтін

Қуалап жүріп түбінде.
Дертімді кім бар менің емдейтін
Өзіңнен басқа бүгінде?
Ырқыма көнген не қыл десем де,

Қиямын кімге жақсымды?
Мазасыз көңіл, дамылда сен де,
Қуыра бермей апшымды.

БІР БАРЫП...

Сарғайып шөліркеген боз даладай,
Сыйғызам сағынышты сөзге қалай?
Жарқылдап төгіп өткен көк нөсердей
Көштің-ау, қайран дәурен, көзден оңай.

Төсінде ойнақтаған торғын белдің
Қадірін білмеппін ғой сол күндердің.
Кетіппін тым алыстап желген сайын
Елпілдеп жетегінде тағдыр-желдің.

Бүлкілдеп қайнап жатқан тұнық тұма,
Шіркін-ай, шыныменен ұмытты ма?
Тамшысы емес пе екен мөлдіреген,
Көзіме келе қалған тұнып мына?..

Кеткенде құлағыма жел сыбырлап,
Қайнайды өн бойымда қан шымырлап.
Неге осы туған жерді аңсай берем,
Кеудемде бозторғайдай жан шырылдап.

Түйінін шешемін деп бұл жұмбақтың,
Қаншама күліп шыққан күнді ұрлаттым.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Жылаған жүрегімді жұбата алмай,
Қосылып домбыраға күмбір қақтым.
Жауабын іздеуменен айналамнан,
Құсқа да құлақ түрдім сайрап алған.

Сылдырап сылаң қағып сайдағы су,
Ойланып жатып алды ойдағы орман.
Тілдестім тауменен де, таспенен де,
Қалмады амал-айла басқа менде.

Бұлттардан сұрап едім жылжып көшкен,
Түнеріп тұрып алды тас төбемде.

Уайымның соққан желі үскірік-ау,
Самайға сағыныштан түсті қырау.
Астында көк аспанның аласұрдым,
Тарылып қара жердің үсті мынау.

Шешімін таба қалсам әлдеқандай,
Боламын өзімді өзім алдағандай.
Түйіні бұл жұмбақтың тарқатылмас,
Бір барып топырағына аунап алмай...

САҒЫНЫШ

Жеткізбей алыс қалған тау етегі,
Бұл күнде сағыныштың зары өтеді.
Секілді жаздың бұлты жайлаудағы,
Ойласам көздің жасы сау етеді.

Жабырқап жаным неге егілмесін,
Ауылым, түсімдесің, өңімдесің.
Қайтейін, тоқтататын дәрменім жоқ
Бұлдырап белден асқан өмір көшін.

Қарашы жүрегімнің ауырғанын,
Қаға алмай қанатымды ауырладым.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Дүр етіп ұшып кеткен бір топ құстай,
Қай жаққа ғайып болдың, бауырларым?..

ТУҒАН БҰЛАҚ

Алыстап кіндік кескен жерден жырақ,
Аңсадым атам Айттан қалған, бұлақ.
Өзіңнен айырылғалы секілдімін,
Қоштасып ұшқан аққу көлден жылап.

Тіршілік кімге тұрақ таптырғандай,
Суыңа балдан тәтті кеттім қанбай.
Шомылған айдың нұры тұнығыңа
Періште түнде келіп бет жуғандай.

Бұралып биге басып балғын құрақ,
Жағаңда жатушы еді шалғын құлап.
Күрсініп көкжиекке қарай-қарай,
Бұл күнде күңгірт тартты көз бұлдырап.

Адам боп жер бетіне жаралғалы,
Дүние мың құбылды жанардағы.
Амал жоқ сылдырыңды сағынбасқа,
Жалбызың болмаған соң жағаңдағы...

АНЫҚТАЙ АЛМАС ЕШКІМ

Арсалаң, Сұлушоқы – жер төресі,
Өткізген балалықты өлкем осы.
Әрқашан өзіне ыстық көрінеді
Арқардың ойнақтаған кер төбесі.

Арқаның аңсағанда сай-саласын,
Жылдарға алыс қалған ой саласың.
Бозторғай боз даласын ұмыта ма,
Төсінде жұмыртқасын шайқағасын?

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Қалдырған қынасында қасқыр түгін,
Білуші ем таудың сырын, тастың тілін.
Қыдырып, қызық қуып жүруші едім,
Сүзілтіп сұлу қыздай ат кірпігін.

Өзекке өкініштен шоқ тамады,
Жастықтың жәрмеңкесі тоқтағалы.
Адасқан үйірінен асау көңіл
Құлындай кісінейді ноқтадағы.

Ұяға балапандай бауыр басқан,
Бұл күнде алыстадық ауылдастан.
Жоқтыққа жомарттықпен жауап беріп,
Пейілдің қара суға балын қосқан.

Әркімге өз мекені – жер шоқтығы,
Анықтай алмас ешкім өлшеп мұны.
Жүрекке алып ұшқан ем таба алмай,
Өлерміз сағыныштан өлсек түбі.

КӨЛ ЖАҒАСЫНДА

Жарық күнді көргеніне көңіл мәз,
Жалт-жұлт етіп өте шықты өмір-жаз.
Сары күздің келгендігін хабарлап,
Көл жағалап қаңқылдайды қоңыр қаз.

Алтын шуақ елес беріп түстіктен,
Жылы жақты ойлап отыр құс біткен.
Етек-жеңін қымтанады кең дала,
Әбігер боп күзден кейін қыс күткен.

Алабұртқан аспан асты көңілсіз,
Іштен тынып, тұнжырайды көл үнсіз.
Қамыс-қурай салғыласып желменен,
Маза бермей ызыңдайды дамылсыз.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Әлдеқашан бесін ауған. Күн қайда?
Көніп алған уақыт айтқан ыңғайға.
Көмейіңе өксік келіп тығылып,

Күзбен бірге күрсінесің мұндайда.

КӨЗ ЖІБЕРІП ҚАРАСАҢ

Жүрек шошып шайлығар,
Жеткен сайын сұм хабар.
Шаттық барда – қайғы бар,
Бал бар жерде – у да бар.

Запы қылған заманның
Қылығы жоқ еш құптар.
Заты қилы адамның,
Достық барда – қастық бар.

Тәңір өзі пенденің
Парасатын пайымдар.
Рас болса көргенім,
Мейір барда – қайыр бар.

Бастау көзі байланса,
Бір жұтым су мұң болар.
Дүние теріс айналса,
Қайырылып кім қарар?

Көз жіберіп қарасаң,
Не жоқ дейсің өмірде.
Бұрқылдайды қара шаң
Құлазыған көңілде...

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

ТҮСКЕНДЕ БЕСІН АУЫП

Бірге өсіп, біте қайнап халықпенен,
Сырына сұм жалғанның қанып келем.
Күн батса табысамын қараңғымен,
Таң атса жарысамын жарықпенен.

Алмасқан сиқыр дүние күн мен түндей,
Келеді кімді туып, кімді өлтірмей?
Алысқан ауыздықпен асау тағдыр,
Қойдың-ау ыңғайыма бір келтірмей.

Кім тойған қызығы мол тәтті өмірге,
Созғанмен қол жетер ме көкте күнге?
Қоштасқан сұлу қыздай қолын бұлғап,
Ғұмырдың жастық қалды көктемінде.

Түскенде, бесін ауып, күн жамбасқа,
Сырлас жоқ сағыныш пен мұңнан басқа.
Үңілер жан табылмас оңашада
Мөлдіреп жанарыңда тұнған жасқа...

КЕЛГЕНДЕР БІЛЕ ЖҮРСІН...

Айтыппыз дастарханға көп тілекті,
Талай той, талай думан өтті-кетті.
Жастықта бабалардың жолыменен
Жастанып таң атырдық ақ білекті.

Толқындай жар кемірген шайқап ағып,
Өтерін дүниенің байқамадық.
Інілер ізімізден қалмасын деп,
Көргенді ағалардан қайталадық.

Тимесе қысылғанда елге себі,
Аз күнгі зая кетер пенде есебі.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Бетімен қара жердің әлі талай
Тау бұзып, тасты жарып сел көшеді.
Түбінде су ағады, тас қалады,

Тұрады мың құбылып аспан әлі.
Қазақтың тал бесігі аман болса,
Тербетер әлі талай жас баланы.
Түссе де ауыр тірлік басқа қандай,

Бірлігі біздің елдің тас қамалдай.
Жерінен айырылған жұрттар қанша,
Жанарын жаспен жуып тостағандай.
Келгендер біле жүрсін жер кімдікі,

Кең байтақ атамекен – елдің құты.
Қорғаны бола алмаса ел мен жердің,
Бес тиын талтаңдаған ердің бұты...

БАТАРСЫҢ УАЙЫМҒА

Тәңірі тілекті бермеген соң,
Тағдырдың азабын тартасың.
Шындықтың шырайын көрмеген соң,
Тірліктің түрінен қорқасың.

Ел-жұрты еншіден құр қалған соң,
Талайлар айқасып алысқан.
Не керек жігерің құм болған соң,
Болсаң да айбатты арыстан.

Жеткізбес арманды қуғаннан соң,
Батарсың уайымға, қайғыға.
Әкеден ұл болып туғаннан соң,
Атаның жолынан айныма!

Ашу мен ызаға уланған соң,
Ащы дәм кетпейді таңдайдан.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Халқыңның бақыты ұрланған соң,
Бақытты боласың сен қайдан?

БАЙ БАЛАСЫНА

Экспромт
Сенің әкең мансапты,
Менің әкем малсақ-ты.
Сенде сарай он шақты,

Менде саулық он шақты.
Сенің әкең халықты
Қан жылатып, жер сатты.
Менің әкем маңдайдан

Тамшылатып тер сатты.
Сенің шешең мойнынан
Ағытқан жоқ моншақты.
Менің шешем қолынан

Тастаған жоқ келсапты.
Жер мен көктей қарасам,
Екі арамыз алшақ-ты.
Сен жалайсың бармақты,

Мен сорамын саусақты.
Саусағымнан сорған сор
Қабырғамды қаусатты.
Аққан байлық сай тапты,

Байдың көңілі жай тапты.
Балпаң-балпаң басасың,
Бай баласы, байпақты.
Байпағым бар екен деп,

Таптай берме Байтақты!
Көлденеңнен ит қосқан
Тоқтат енді айтақты.
Мына заман ырқыңа

Көнбейтінін байқатты.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Шала молда дін бұзар,
Шала қазақ тіл бұзар,
Елді бұзған дәл сендей

Көрмедім мен найсапты!

КҮНГЕЙГЕ ТҮСКЕН ҚАРДАЙ

Алысты жүйрік көңіл арман етер,
Адымдап оған қайсы пенде жетер?
Қанаты қайрылғанша қайран үміт,
Құйындай жел көтерген дөңгелетер.

Таңдайың татпағанның бәрі таңсық,
Жүрегің жоқ нәрсеге шөлдеп өтер.
Жатса да асып-тасып сабасында,
Көктегі бұлттан тамшы көл дәметер.

Қызығын ұзартам деп қысқа өмірдің,
Әуреге тізгін бердім мен де бекер.
Күнгейге түскен қардай ғұмыр, шіркін,
Қызғанда күннің көзі демде кетер...

НӨСЕРДЕН СОҢ

Шіркін-ай, неткен ғажап мына жалған,
Жаудырап көз алдымда тұна қалған.
Әп-сәтте күлімсіреп шыға келді
Көк аспан жаңа ғана жылап алған.

Алысты жақындатып жайнаған күн,
Жарқырап кетті бәрі айналамның.
Ашылып көңілімнің күйсандығы,
Келіп тұр бұлбұл құстай сайрап алғым.

Арылып көкжиек те мұнарынан,
Ап-айқын көрінеді тым арыдан.
Тұныққа шөліркеген қос жанарым
Сусындап шыға алмай тұр құмарынан.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Тау тұнық, орман тұнық, көл де тұнық,
Жібектей желпіп өткен жел де тұнық.
Ішінде мөлдіреген дүниенің,
Дариға, тұра берсем тербетіліп...

ТАҒДЫР

Көшеден кезіктірдім бір бұралқы,
Соншалық аянышты мұңлы қалпы.
Көңілім алай-дүлей бола қалды,
Боранға айналғандай күннің арты.

Қабысқан қос бүйірі үңірейіп,
Тастаған итаяқтай түбін ойып.
Секілді шүңет қасық сынап құйған,
Байғұстың көзі кеткен шүңірейіп.

Қолыңа жаутаң-жаутаң телмеңдейді,
Қуғанға, зекігенге мән бермейді.
Ұрыдай тығып кеткен заты қалған,
Көрінген күресінге өңмеңдейді.

Үйге әкеп байлап едім қыңсылады,
Тарыдай көз жасы тұр ыршығалы.
Тамағын тойдырсам да тыншымады,
Жақпады жіптің мойнын қыршығаны.

Сұмдықтай көрінді оған мұндай шара,
Босаттым, көнбес тіпті жүндей саба.
Өз басын өзі сұрап алғандай боп,
Бүлкілдеп бара жатты бір бейшара...

Н е с і п б е к А Й Т О В

ИТТЕН БӨРІ ШЫҚПАЙДЫ

Кештік дәурен қайран бастан,
Суық қабақ, жат бауыр.
Ит боп қапқан кей жолдастан
Үрмеген ит тәп-тәуір.

Жаманнан кім жапа көрмес
Көңіліңнен дәм татқан.
Арамзалар опа бермес
Арсыз туып, ант атқан.

Шаңның ұшын жел созғанда,
Құйын көкке шабады.
Заман азып, ел тозғанда,
Ит иесін қабады.

Өткен өмір түс емес пе,
Жүз құбылған жалғанда.
Иттің бары түседі еске,
Балағыңнан алғанда.

Сорлы болған пиғылынан
Байғұсқа шыр жұқпайды.
Май құйсаң да құйрығынан,
Иттен бөрі шықпайды.

ҚАРА НИЕТ ҚАР БОРАТСА...

Жағам бүтін көрінгенмен, жырым-жырым балағым,
Оған бола мүсіркеме, жабырқама, қарағым.
Балақ тұр ғой, шұрқ тесік толып жатыр балтырда,
Кесірінен қабағанның тісі батқан жараның.

Ажыратқан алауыздық ағайынның арасын,
Аттан түспей аралап жүр Алты Алаштың баласын.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Бұғып келіп ту сыртыңнан оқ атқанды көргенде,
Ашық келіп ала түскен итке разы боласың.
Жалған күліп, жақыныңсып ашылғанмен құшағы,
Жең ішінде жасырулы жәдігөйдің пышағы.

Даяшыдай құрақ ұшып бір қапыңды тапқанша,
Керек болса, тізе бүгіп, аяғыңды құшады.
Жақсылық пен рақымға адам қашан жариды?
Қара ниет қар боратса, жаныңды ызғар қариды.

Басыңа күн туа қалса, бұралқы да басынып,
Шидің түбі құрығандай іргеңе кеп сариды.
Екі жүзді, айыр тілді бет-бейнесін кескіндеп,
Кім айта алар сұм жалғанның жұмбақ сырын шештім деп?

Шексіз әлем, түпсіз терең тылсымменен тілдескен
Әулиенің көзін көріп, қолын алған ешкім жоқ...

ПАТША СҮЙГЕН ҚҰЛ – ЗАЛЫМ

Ей, жігітім, именбе
Қанат ұшы күйгенге.
Әділеттің басына
Қиянат кеп сигенге.

Көне берме отқа сап,
Тобылғыдай игенге.
Төбесінен жай түсір,
Табанында иленбе!

Назаланып қайтесің
Қу тіршілік күйбеңге.
Дүние кетпес осымен,
Айналаңнан жиренбе!

Алақтайды тажал да
Ажал қабақ түйгенде.
Патша сүйген құл – залым,
Сүйен Алла сүйгенге!..

Н е с і п б е к А Й Т О В

ТОЙДА

Әр түрлі ала-құла жұрт жиылған
Бұл тойға қайдан келдім тұтқиылдан?
Біреулер төңкерді де, теуіп кетті
Көңілдің тостағанын сүт құйылған.

Қазаққа келгенменен пішіндері,
Қазақша бір ауыз сөз түсінбеді.
Бүйрегі шіркіндердің бүлк етпейді,
Білмедім, не бәлекет ішіндегі?

Жас тұнып жанарыма жас ботадай,
Өлеңнен тілген едім таспа талай.
Төгілтіп жыр оқып ем алдарында,
Бетіме бажырайды тасбақадай.

Соғады суық ызғар сөздерінен,
Жылылық көре алмадым көздерінен.
Қарадым мен де оларға ажырайып,
Қалдырмай кесірлерді өз жөнімен?..

Іші арзан, жандар екен сырты құнды,
Болмадық кісінескен жылқы құрлы.
Үн-түнсіз бұрылдым да жүре бердім,
Жасырып жұлықтағы жыртығымды...

АСУҒА КӨЗ ЖІБЕРСЕМ

Айналып арман құсы қонды жерге,
Шым-шымдап шымырлайды шерлі кеуде.
Асуға көз жіберсем – қарлы боран,
Көк тайғақ, қия беткей келдік өрге.

Жоқ шығар таусылмас жол, таймас табан,
Артықпыз алдыңғы өткен қай қасқадан?
Не керек, көп алдында кердең басып,
Болмасақ серке құрлы қой бастаған...

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

ЗООПАРКТЕ

Қара жерде қарап жүріп қайғырдым,
Аманында аспандағы ай-күннің.
Темір торда зарығады мұңайып,
Кәрі арыстан күнін кешіп маймылдың.

Сол арыстан секілдімін кейде мен,
Тар қапаста туған тілде сөйлеген.
Тәңір жазып, темір тордан шығарып,
Кең далаға қоя берсең, қой демен!..

КӨРГЕННІҢ БӘРІ ҚЫЗЫҚ

Аударып назарымның бәрін соған,
Кезім көп табиғатқа таңырқаған.
Жайнап тұр күн астында кең дүние,
Жанымды жадыратып жабырқаған.

Тап-таза дала төсі тұнық қандай,
Дауылды шаң көтерген ұмытқандай.
Құстар да қалықтайды биік шалқып,
Қадірін тыныштықтың шын ұққандай.

Жете алмай қолын созған көңіл талай,
Ақша бұлт үлпілдейді ақ ұлпадай.
Аспанда емін-еркін шарласын деп,
Бостандық берген оған Тәңір солай.

Көргеннің бәрі қызық тірі адамға,
Бұлт қонбас шақырғанмен, сірә, қолға.
Пендедей тірлігіне тәуба қылған,
Жел қуған тағдырына разы ол да.

Н е с і п б е к А Й Т О В

ЖАРАТҚАНҒА ЖЫЛАҒАНМЕН

Көк телегей айдындамын,
Жалғыз өзім зарығатын.
Кім үшін мен қайғырамын,
Кім бар мені сағынатын?

Дж. Байрон
Ей, перизат, сенемісің,
Сенсің жанның әздегі.
Төккен жасын көремісің

Жүрегімнің көздегі?
Қайғы деген бір қанішер
Өзі жұтар өз басын.
Сені іздеумен мұңлы Әлішер

Сорғалатты көз жасын.
Ұқсадың да аспандағы
Жарқыраған сен айға,
Оу, бақыттың қасқалдағы,

Ұстатпадың Абайға.
Таптырмайсың ғұмыры енді,
Тұңғиыққа түстің бе?
Байрон байғұс күңіренді

Көк теңіздің үстінде.
Өмір екі келмейді ерге,
Өлім барда қаскүнем.
Сені аңсаумен Сергейлер де

Болып кеткен маскүнем.
Шырмалмаған пенде бар ма
Сиқырлаған торыңа?
Әлде сені берген Алла

Ақындардың сорына?

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Қалай тірі жүре алам мен,
Елесіңді көпсінсең?
Жаратқанға жылағанмен,
Жер бетінде жоқсың сен!

БІР ҒАЛАМАТ ҒҰМЫР КЕШІП

Арманымды сеземісің, аяулым,
Аққан судай күндіз-түні ояумын.
Бір ғаламат ғұмыр кешіп жүремін
Арасында мың құбылған бояудың.

Бір ғажайып бал жұтамын түнімен
Бұлбұл құстың тамылжыған тілінен.
Менің көзім саған қарап тұрады
Бүршік атқан алма ағаштың гүлінен.

Бір керемет жоқты іздеумен мен жүрем,
Зеңгір көктен саған сұрап зер кілем.
Сайрап жатқан құс жолына құмартып,
Тұңғиықтың түкпіріне телмірем.

Сағымдардың сүзгісінен жүз өткен
Мен бір сәуле аспан астын күзеткен.
Жаратқанға жалшы болып жүремін,
Аруақтарға есік ашып ізетпен.

Рухының рахатына бөлеген,
Ғұмыр, шіркін, қызық еді не деген!
Таң сарғайса, сорғалаған жұлдыздай
Саған қарай салып ұрып жөнелем.

Ойларымды арқалаумен мың батпан,
Әйтеуір мен келе жатам бір жақтан.
Керқұла атты Кендебайдай мұңайып,
Алтын құйрық құлындарын ұрлатқан.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Таң алдында талығып мен қайтамын,
Оның бәрін саған несін айтамын.
Ептеп келіп сені ғана оятам,

Тәтті ұйқысын бұзбасын деп Байтағым!

АЛДАЙ САЛ

Сарсаңға салған сұм жалған,
Болмады дейсің кімге арман?
Күрсінер күзгі жапырақ,
Бүршікті көрсе бүр жарған.

Тиянақ таппай көңілге,
Күндерім қанша мұңданған.
Жынданып кетсем таңданба,
Тағдыр ғой қалған Біржаннан.

Ойнаған қызыл отпенен
Өзімді кейде жек көрем.
Жалт ете түсті бір сағым
Жасымда қуып жетпеген.

Тәтті едің неткен, жастық шақ,
Таңдайдан дәмі кетпеген?
Жауқазын болғам мен дағы,
Жамылып қарды көктеген.

Сарғайып жасыл маңайым,
Сарыуайым түсті ептеген.
Жылытам тоңған жүректі
Іштегі қалған шоқпенен.

Базарлы, шулы дүние
Басынан кімнің өтпеген?
Өкшесі қатты тіршілік
Өзектен кімді теппеген?

Соны ойлап мынау ғаламға
Қараптап-қарап кектенем.
Тонатып нәзік жанымды,
Сүрдім бе ғұмыр текке мен?

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Түсінсең сөздің астарын,
Ұғарсың жайды көптеген.
Шіркін-ай, шерлі кеудеме
Үңілер кім бар деп келем?

Айыпқа, қалқам, бұйырма,
Ақын жоқ сырын төкпеген.
Алдай сал сәби жүректі,
Маңдайдан сипап еппенен...

ТАҒДЫРЫМА АЛАҢМЫН

Көз ұшында толқыған
Көкжиекке талпынам.
Жеткізбейді дүние
Дариядай шалқыған.

Аққу құста арман жоқ
Аспан-көкте қалқыған.
Қайран, көңіл, қайтейін,
Ыстық жалын шарпыған?

Жоқты аңсаймын – шарқ ұрам,
Шаршап бірақ алқынам.
Тағдырыма алаңмын
Тағатымды сарқыған.

ӨЗ ҚОЛЫҢМЕН ӨРТ САЛМА

Қаз қаңқылдар көлінде,
Құлан ойнар шөлінде.
Тарылмасын тынысың,
Қазағым, өз жеріңде.

Қысым түссе жаныңа,
Жарты құртты бөліп же.
Ала қойдың жүніндей,
Бірақ өзің бөлінбе!

Бас-аяғың бірікпей,
Бүтіндік жоқ еліңде.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Ит тұмсығы өтпейді
Ну орманға тегінде.
Бітік өскен бұта да

Жел жібермес көбінде.
Ортаң ойық көрінсе,
Жыртылғанды жама да,
Жарылғанды желімде!

Туған балаң бесікте,
Тумағаны – беліңде.
Болашағы – аманат
Бәйбіше мен келінге.

Күңіренбесін десеңіз
Ата-бабаң көрінде,
Отбасыңа ие бол
Отырғанда төріңде.

Өз қағыңнан жерінбе,
Өз қаныңа тебінбе!
Содан жақын жоқ саған
Бұл жалғанның шебінде.

Өз қолыңмен өрт салма
Өзің еккен егінге!
Алтын буы арбайды,
Дүние жолдас болмайды,

Оранасың небәрі
Екі шаршы кебінге...

ІШ ҚАЗАНДАЙ ҚАЙНАЙДЫ

Жігіт едік өрімдей
Түскен талай тартысқа.
Алты күндей көрінбей,
Келіп қаппыз алпысқа.

Көңіл құрғыр тоймайды,
Қанат қағып әр тұсқа.
Іш қазандай қайнайды
Шықпаған соң жан тысқа...

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

СЕНІМ ТУРАЛЫ

Мен дағы ең алдымен күнге сенем,
Кенеттен күн тұтылса, кімге сенем?
От сөнсе ошақтағы лапылдаған,
Көсеудей қор боламын күл көсеген.

Сонан соң үлбіреген гүлге сенем,
Сенбесем нәзік гүлге, кімге сенем?
Тәңірім, таусылмайтын бақыт сыйла,
Бал жұтқан баларадай бір кеседен.

Тұңғиық көз жіберсем замандарға,
Сенбеске амалым жоқ адамдарға.
Түбінде бір екен ғой кіндігіміз,
Қыбырлап Жер-анадан жаралғанда.

Сенбесем дұшпаныма, досыма да,
Түнерген аспан жайнап ашыла ма?
Сеніңдер бір-біріңе, ей, адамдар,
Сендерден тілейтінім осы ғана..

ТҰНЫҚТАН ҚАНЫП ІШІП...

Көңілім аласұрып көкке өрлеген,
Күлікпін күнде шауып көп терлеген.
Мен дағы өлеңдегі бір патшамын,
Отыз жыл тақымынан тақ бермеген.

Жарысып дауылменен, құйынменен,
Асудан астым талай қиын деген.
Ит қосып, алдымды орап әуре қылды
Кейбіреу көк есектің миын жеген.

Тұнықтан қанып ішіп ел шөлдеген,
Қызықтың бәрін көрдім көрсем деген.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Алайда дүниенің бас-аяғы
Бір сенің көргеніңмен өлшенбеген.
Уақыттың у жұтқызса жылдамдығы,

Пенденің өкінбейді мыңнан бірі.
Теңесер көргенің мен көрмегенің
Көзіңді біржолата жұмған күні.

ТАР НОҚТАСЫ ТАҒДЫРДЫҢ

Біреу ерте, біреу кеш –
Бұл жалғанда кім өлмес?
Қысқа өмірде болғайсың
Бір-біріңе тілеулес.

Тұсау ұзын, шідер бос
Болғанымен түк өнбес.
Тар ноқтасы тағдырдың
Ешкімді еркін жібермес.

ТАҢ АТАДЫ

Таң атады, күн шығады,
Құбылмаса Көк Тәңірі.
Тыныс жетпей тұншығады
Тас астында шөп тамыры.

Шырылдайды босқа жылап,
Оята алмай тау сілемін.
Жоқ қой, әттең, таста құлақ
Еститұғын даусын оның...

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

ТІЛІҢНЕН У ТАМШЫЛАР

Аспан асты ашықта,
Көзіңді сал қашыққа.
Қарауытса көкжиек,
Түн келеді, асықпа.

Күйбеңдеген тұрмыста,
Түн ұзарса, күн қысқа.
Көргенің көп болғанмен,
Көңілде жоқ бір нұсқа.

«Өгіз аттай желмейді,
Өткен қайта келмейді».
Тас санасаң, құм санап,
Заман ырық бермейді.

Тағдыр дәйім күшінде,
Қасарысқан пішінде.
Бірге өлгенің өзің де,
Арман өлсе ішіңде.

Айтсаң ғана зар шығар,
Тіліңнен у тамшылар.
Тән шыдаса шыдар-ау,
Қайтіп бірақ жан шыдар?!

НАЛЫМА БЕКЕР

Аймалап шуақ маңдайын өпсе,
Түнерген жартас жадырар.
Тамыры сусап, таңдайы кепсе,
Жапырақ біткен жабығар.

Жабырқап, жұртым, налыма бекер,
Мейірімге шөлің қанбаса.
Алланың нұры бәріңе жетер,
Адамның нұры болмаса...

Н е с і п б е к А Й Т О В

ТЕҢДІККЕ

Менде бір Теңдік деген іні болған,
Жүрегі мәңгілікке тыным алған.
Салмағы қасіреттің оған жеңіл,
Артында маған ауыр тірі қалған.

Ойласам есіме алып сол інімді,
Өксіген баса алмаймын солығымды.
Ол кезде қара сирақ бала едім мен,
Қажаған қара балшық тобығымды.

Білмеймін нәубет келді нендей ғана,
Себебін қайдан ұқсын мендей бала.
Ажалдың ащы дәмін тұңғыш таттым,
Жазған соң маңдайға да, таңдайға да.

Туып ек Тарбағатай бөктерінде,
Атадан қалған үйдің қақ төрінде.
Томпиған қоян жонды сұр топырақ
Үн-түнсіз қала берді кеткенімде.

Ол үшін таң атпайды, күн батпайды,
Оралып іздеп бардым, тіл қатпайды.
Таба алмай бір тиянақ мендік ғұмыр,
Сынаптың тамшысындай сырғақтайды.

Менде бір Теңдік деген іні болған,
Жүрегі мәңгілікке тыным алған.
Менімен бірге сөнер сағынышым,
Тартылып темекідей күлі қалған.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

АТА-АНАМ ТУРАЛЫ

Әкем Тұрысбек пен шешем Бәйкенге
Астында көк аспанның мөлдіреген
Анам жоқ ақ жаулығы желбіреген.
Әкемнің құр сүлдері қалқияды,

Қарттардың қатарында селдіреген.
Бақиға бірі кетті, бірі – мұнда:
Шал байғұс кәріліктің құрығында.
Кемпірі мызғып жатыр қара жердің

Қақпағы қайта ашылмас құдығында.
Тірліктен орын тауып ең керекті,
Қос жетім қатар жүріп еңбек етті.
Қой бақты, шалғы шапты, орақ орды,

Шаруасын шырқ үйіріп дөңгелетті.
Аямай бір-бірінен бар көмекті,
Бесігін ұл-қызының тербеп өтті.
Төккен тер, тартқан бейнет арқасында

Бастары босағадан төрге жетті.
Ешкімге ақыларын жегізбеді,
Ешкімге «Әй, кәпір-ай!» дегізбеді.
Көтерген он үш құрсақ қайран шешем,

Ғұмыры бала болды емізгені.
Жақсыдан жаралған соң негіздері,
Өмірдің өзегінен нәр іздеді.
Жайылған ақ дастархан кісі келсе,

Анамның ақ пейілі тәрізді еді.
Заманда арлы-берлі ел шұбаған,
Жолаушы мінген атын қамшылаған.
Қонақтан арылмайтын күндіз-түні

Қазаны қазағымның қаңсымаған.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Жаманның ақыл-есі – тамағында,
Жақсының ықыласы – қабағында.
«Қырықтың бірі – Қызыр» деген рас,

Қазақтың бақ-береке қонағында.
Жаңылмай әке-шешем сол дәстүрден,
Сыйласа білді көппен жап-жас күннен.
Шашылған Қарабайдың жылқысындай,

Шіріген байлық түбі қалмас кімнен?
Қызығын бірге көріп қысқа өмірдің,
Шалқыды қанатында құс көңілдің.
Солардың тұла бойы тұңғышы боп,

Шырылдап қара жерге түскен ұлмын.
Әкемдей кершолақпен шапқылаған,
Тағдырды мен де кештім жақсы-жаман.
Он үштен тірі жүрген тоғыз бала,

Мың тәуба, осы күнге жеттік аман.
Көл-көсір кең тіршілік анам барда,
Кенеттен тарылғандай амал бар ма?
Анамның алақаны жұмсақ еді-ау

Майда ескен мамырдағы самалдан да.
Жан сырын жеткізе алмас сарқып адам,
Жалғанда сағыныштың дерті жаман.
Жайдары жаздың таңы секілді еді-ау

Анамның ақ маңдайы жарқыраған.
Қайтейін, келмейді анам енді маған,
Әке отыр қалт-құлт етіп қалжыраған.
Өксимін оңашада ауық-ауық,

Баладай бесігінде көп жылаған.
Ажалдың айласы мен сұмдығы көп,
Алады кімді болсын бір күні кеп.
Әзірге шал мен кемпір тұрып жатыр

Екеуі екі дүние тұрғыны боп...

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н ӘКЕ Төсеніп топырақтан текеметті, Қойнына қара жердің әке кетті. Түгендеп тау мен тасты, ой мен қырды, Күн астын қаншама жыл мекен етті. Әкесі еркелетіп шолжаң ұлды, Жасында жүйрік мінді, жорға мінді. Өскен соң ата көрген азамат боп, Салмайды өмір түзу жолға кімді? Көңілмен биіктетіп аласа үйді, Жар сүйді, еміреніп бала сүйді. Жаратқан қолдамаса қиналғанда, Жалғызға, сірә, кімнің жаны ашиды? Батқанда ауыр тұрмыс жанға қатты, Жер қазды, кетпен шапты, мал да бақты. Біреудің ала жібін аттап бірақ, Ешкімді арбамапты, алдамапты. Шыдапты жоқшылықтың азабына, Арамнан ас салмапты қазанына. Есігін, құшағын да айқара ашқан Құдайы қонақ болған қазағына. Табам деп іздемейтін жоқтың бәрін, Ойлайтын үйде отырып көптің қамын. Сыншы еді, Күреңбайдай болмаса да, Білетін құстың күйін, аттың бабын. Қол соқса домбыраның пернесіне, Алатын елді есіне, жерді есіне. Өзімен өзі жүрген жан еді бір Жаратқан сәуле құйған зердесіне.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Кетпейді өле-өлгенше білемін мен,
Бейнесі орын алған жүрегімнен.
Елеске айналды да көз алдымда,

Қайтейін, ғайып болды бұл өмірден...

ӘКЕ ЖҰРТЫНДА

«Іліндім құрығына кәріліктің,
Барады еті қашып бәр жіліктің.
Шарлаған қазақ жерін қайран басым,
Түбіне түсерсің-ау құр құдықтың,

Түбіне түскеннен соң құр құдықтың,
Құнына татымассың бір шыбықтың».
Ақындай қызыл тілмен сөз күреген,
Әкетай, осылай деп жаздың өлең.

Жылдардың жүгі жаншып езгілеген,
Осы екен есіл ғұмыр тозды деген.
Жамырап қонған қоныс, жүрген жерің,
Жас буды жанарымды бірден менің.

Жалғанда жоқтығыңды шын сезініп,
Секілді тоңған торғай дірдеңдедім.
Ажалға амал бар ма – Хақтың ісі,
Тірліктің сөгілмейтін жоқ тігісі.

Қарадым қыр басына қайта-қайта,
Көрінген өзің бе деп атты кісі.
Жол түсіп келген сайын Сартауқұмға,
Елесің салар мені сарсаң мұңға.

Қадірлі қонағыңдай күтіп алып,
Күлімдеп тұрушы едің қарсы алдымда.

Сөзіңнен санадағы өмір маздап,
Өткеннің отырушы ең бәрін қозғап.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Тиянақ таппай тұрмын кең даладан,
Зар болып көлеңкеңе жаным боздап.
Құлазып атамекен, өскен өңір,
Басынан талайлардың көшкен өмір.

Қасымнан қайта шыға қалатындай,
Іздеймін таңертең де, кешке де бір.
Әулеттің иесі едің ел құраған,
Білемін оралмайсың енді маған.

Ізіңе басып өткен куә болып,
Шарлаған, шиырлаған қалды далаң.
Сарқылып сарқыраған бал бұлағым,
Сүйенер арқамдағы тау, құладың.

Жоқ қазір мені күтіп өзің барда
Ерттеулі тұратұғын арғымағым!..
Алаңсыз еркелікке орын қалмай,
Әп-сәтте кең дүнием тарылғандай.

Түстің-ау от пен суға, қайран әке,
Шырылдап мен дегенде жаның қалмай!..
Білдім бе, қадіріңді білмедім бе?
Жауапсыз бір сұрақ тұр сұм көңілде.

Жаныңды жабырқатсам, кешіргейсің,
Жын қуып, желге мініп жүргенімде.
Өмірдің басы – сайран, аяғы – жым,
Айтқаны тура келді баяғының.

Соққысы кімге болсын ауыр тиер
Тағдырдың тастан қатты таяғының...

Н е с і п б е к А Й Т О В

ӨЛЕҢ-ЕСТЕЛІК

Құрманбай Толыбаевтың рухына
Жан едің жібек мінез, майда қоңыр,
Жан аға, сенен де өтті-ау қайран өмір.
Сыздайды сыр алдырып жүрек, шіркін,

Түскенде жақсы күндер ойға небір.
Шыдаған қиындыққа көнбіс ағам,
Сабаздар некен-саяқ сен құсаған.
Оралмас биік шыңға кеттің шығып,

Жетер ме созсам қолым енді саған?!
Жазушы ең солдан оңға, оңнан солға,
Қағазға үңілуші ең таңнан таңға.
Түбіне мына дүние жеткізбеді-ау,

Теңіздей тебіреніп толғансаң да.
Сағымдай көкжиекте бұлдыраған,
Тар соқпақ өмір жолың мың бұралаң.
Сіркіреп ауық-ауық тұрушы еді

Төбеңде тағдыр бұлты тұнжыраған.
Өткеріп көзден өмір елестерін,
Есімде талай кеште кеңескенің.
Жас алып жанарыңа отырушы ең,

Сағынтса Омарғазы, Дәнештерің.
Өксігі өзекті өртеп қайран жердің,
Жағасын еске алушы ең Сайрам көлдің.
Тартушы ең бар қазақты бауырыңа,

Демеуші ең қай рудан, қайдан келдің.
Келген соң бұл дүниеге өсесің де,
Табанға тағдыр кілем төсесін бе?
Асының жайлауында туыпсың да,

Құлжаның ержетіпсің көшесінде.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Ілінбей қызыл қытай пышағына,
Оралдың атамекен құшағына.
Оқыдың, отау тіктің, төрге шықтың,
Көнбестен қатал тұрмыс тұсауына.

Екшейді өмір өзі кім қандайын,
Сыйлады білген қазақ Құрманбайын.
Үстінен көш өтсе де мыңқ етпейтін,
Қайыспас қара нарым, кең маңдайым!

Кең қолтық, мырза мінез, момын ағам,
Ізіңнің үлгі еді ғой бәрі маған.
Отыз жыл қасыңа еріп еркеледім,
Болдым да әрі бауырың, әрі балаң.

Ойлапсың ұлттың қамын бала жастан,
Кезің көп қиянатпен жағаласқан.
Кісілік көкірегің толып тұрған,
Құдайдың қазынасы едің маған ашқан.

Үйіңде қаламың тұр тыным алған,
Шығатын өзің жоқсың күліп алдан.
Біздерді енді қайта кезіктірмес
Ортада ажал деген ұлы қорған.

Көнбеске амал бар ма мәңгі бұған,
Артыңда медет болып қалды мұраң.
Кіршіксіз жаны таза, жайсаң аға,
Іздеймін елесіңді таң нұрынан!

ӨЗЕКТІ ӨРТЕП...

Өзекті өртеп шыжғырады мұң шоғы,
Аттырмай-ақ білер дейсің кім соны?
Қалың елді жұртқа тастап тағы да,
Белден асты бұлаңдаған жыл соңы.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Елтігенмен елесіне еліктеп,
Келер күннен халқым менің не күтпек?
Жыл айналса, ағайынды жеті жұт

Жетіп келер бір-біріне серік боп.
Қалжыраған көптің қамын кім ойлар,
Көңіл түбін үңгіп жатқан үрей бар.
Ақ бесіктің үкісіндей үмітім,

Сен үзілсең, босағамда жын ойнар.
Сайтан көзі тереземнен сығалап,
Үйге кірер сұмпайылар сұғанақ.
Түскен кезде ортасына екі оттың,

Кімдер келіп жай-күйімді сұрамақ?..

БҮКТЕТІЛІП АТЫЛАРСЫҢ...

Адасқанның көрген күні күн емес,
Қаңғырған жан қайда барып түнемес?
Қайыршының күркесінің шамындай,
Жер түбінен жылтырайды бір елес.

Қайыры жоқ қу тірліктің сәулесін
Қуа берсең құр бекерге әуресің.
Басың еркін болсын десең, бауырым,
Биік ұста намысыңның кеудесін.

Бұға берсең зұлымнан да, зордан да,
Құтылмайсың азаптан да, сордан да.
Бүктетіліп атыларсың бір күні,
Кеудеңе – кек, көзіңе қан толғанда.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

КӨНЕ ҚОРҒАННАН ТАБЫЛҒАН

ТАС БОСАҒАДАҒЫ ЖАЗУ

Ей, жолаушы, жолың болсын әлдеқайда асыққан,
Сыңайың бар суыт жүріп, келе жатқан қашықтан.
Жортқан жанға бұйырады түзден ғана ырыздық,
Сәл аялдап, дәм татып кет мынау қара лашықтан.

Тіршіліктің мұндай сәті келе бермес ұдайы,
Атыңнан түс, беліңді шеш, қонағым бол құдайы.
Пенде тұр ғой мейманына қызмет еткен пайғамбар,
Бәйек болып, мың бүгіліп, зыр жүгіріп жұбайы.

Көкшолақпен көктей өтіп қазақтың кең даласын,
Алды-артыңа қарамастан, қайда шауып барасың?
Мына жолдың бас-аяғын көзбен көрген ешкім жоқ
Мәңгі бақи сабылдырған адамзаттың баласын.

Күймесіне қоңыраулатып қос арғымақ жеккеннің
Осы жолмен құйындатып өткендерін көп көрдім.
Жаяу қалып бір-біріне жете алмаған мұңлықтар
Зар жылаған сәлем жолдап қанатынан кептердің.

Атың арып, тоның тозып, сергелдеңге түстің бе,
Шалдыққанда, шөл қысқанда сусын тауып іштің бе?
Таңырқама қаны бұзық қарақшыға кезіксең,
Өмір деген қатері көп күре жолдың үстінде.

Барар жерге аман-есен тірегенше ат басын,
Көлденеңнің қырсығынан Тәңір өзі сақтасын.
Бәле-жала, байқамасаң, балағыңнан кіреді,
Қоржыныңда ширатылып шұбар жылан жатпасын.

Тиянақсыз бұл ғұмырда тағдыр бәрін билемек,
Қайыршы да жолға шығар құр сүлдерін сүйрелеп.
Айдалада домаланып басы қалған талайдың
Сақалына құжынаған шыбын-шіркей үймелеп.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Сенделгенше сағым қуып сүрлеу-соқпақ ізбенен,
Сұхбат құрып, көңіл көтер біразырақ бізбенен.
Сен ғана емес жұмбақ сырлы, жолы қиын жалғанда,

Диуанадай дүние кезіп, дәтке қуат іздеген.

ПАТША ҚЫЗЫНЫҢ ЗАРЫ

Тұран Жолай ханның тоқалы,
Қытай патшасының қызы Шаңгүлдің сіңлісіне хаты.
Ж.с. 589 жылы
Таң атады, күн батады,

Өмір сырғып жатады.
Қара түнге малынады
Таңның алтын шапағы.
Көктем менен күз алмасар,

Тірлік заңы жалғасар.
Үлбіреген қызыл гүлді
Үсік шалып, қар басар.
Дүние опа таптырмайды,

Байлық мәңгі тұрмайды.
Бір күн сынар быт-шыт болып,
Шөлмек мың күн сынбайды.
Дәурен тайса алшаң басар,

Қасыңдағы жан қашар.
Кедейшілік – қабаған ит,
Етегіңе жармасар.
Бүгін шалқып, шаттанасың,

Бал шарапқа қанасың.
Бәлкім ертең лапылдаған
Қайғы отына жанасың.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Бұлт шақырып күн ашықта,
Көкірегіңді тасытпа.
Шолжаңдаған патша қызы,
Күң боласың, асықпа!

Ақ орданың еркесі едім,
Ақ мамықтан төсегім.
Мүсәпірмін енді, міне,
Көрген түстей кешегім.

Жақындайды кім қасыма,
Қарап көздің жасына?
Жылай-жылай қырау түсті
Мақпал қара шашыма.

Не келмейді қыз басына,
Мені көрсең, шошыма.
Тулап жығып, тастап кетер
Асау тағдыр осы да...

ЖӘРКЕНГЕ

Жазбасаң бұл өлеңді аш қалардай,
Уа, Жәке, жүгірмейсің басқалардай.
Сарқыты жыраулардың жалғыз өзің,
Әр сөзің алынбайтын тас қамалдай.

Жасаурап екі көзің тостағандай,
Жаныңды қырау шала бастағандай.
Көрінер топқа түссең күндік жерден,
Сендегі жырға біткен қасқа маңдай.

Ақынның бағы да өлең, соры да өлең,
Тағдырдың өзі жазған қолыменен.
Тарта бер адамзатты адастырмас
Абайдың салып кеткен жолыменен!..

Н е с і п б е к А Й Т О В

ҰЛЫҚБЕККЕ

Көзді алдап әшекейі жылтыраған,
Қия алмас жас дәуренді шіркін адам.
Өлеңнің ойнақ салып жайлауында,
Су ішкен інім едің бір тұмадан.

Жылдардың жапырағын жұлқылаған,
Заманның жел сапырған құлқы жаман.
Ақ қаптал алпыс деген атқа міндің,
Тұяғы тасқа тисе сырқыраған.

Болсын деп ұлтым есен, жұртым аман,
Жаныңды түсінемін шырқыраған.
Анаңнан айналайын сені тапқан,
Жырыңнан жусан иісі бұрқыраған.

Ақын жоқ десем болмас сенен мықты,
Қай тұлпар көп тұғырды елең қыпты?
Үңілтіп тұнығына бала күннен,
Ұқтырған Ертіс-анаң тереңдікті.

Қаныңа сіңіргенсің тау мінезін,
Алтайсың сөйлеп кетсең жалғыз өзің.
Даланың дархандығы жүрегіңде,
Данаға айналатын келді кезің.

Көрсең де сан қызықты серілікпен,
Көрмедің жеңіл тартып, желігіп сен.
Асулар алдыңда әлі асқақтаған,
Ғасырлар алдыңда әлі сені күткен.

Тәңірдің бергеніне қуанасың,
Біреудің жеген жоқсың сыбағасын.
Өзіңнен үлкендерге Ұлқашсың да,
Өзіңнен кішілерге Ұлы-ағасың!

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Жаманға жақын кел деп кім жалынсын,
Жақсының барлығына шын бауырсың.
Өлеңнен өн бойыңды құя салған,
Еліңнің тілегіне туған ұлсың!

СЕЙІЛҒАЗЫҒА

Әкең тартып домбыра, өзің қалам ұстадың,
Көріп өстің көкөзек кер заманның қыспағын.
Қара пышақ жалғанда қын түбінде қалған ба,
Сертке соққан семсері сенсің шебер ұстаның!

Ертегідей есіңде Емілдегі қыстағың,
Мекен еттің пейіштей кең даланың пұшпағын.
Балапан қаз секілді бергі бетке өткен соң,
Алакөлге белгілі қонғаның мен ұшқаның.

Мың құбылған көрдің бе дүниенің мыстанын,
Көк түтінге ендің де көкіректі ыстадың.
Көз алдыда кешегі көлдей кешіп көшені,
Сейіл сері атанып, айдай ару құшқаның!

Өмір деген, ойласаң, өте шығар қысқа күн,
Алматыда досың көп, жоқ бірақ та дұшпаның.
Ұлы бабаң Қабанбай қуса қалың қалмақты,
Үркіте алмай сен жүрсің жаудың қара тышқанын...

Өле-өлгенше тарқамас көңілдегі құштарың,
Өрнегіне ғашықсың елудегі нұсқаның.
Күдеріңді үзбейсің көк тұлпардан, бауырым,
Жұртта қалған іздейсің алтын ердің пыстанын!..

Н е с і п б е к А Й Т О В

МҰҚИЯТҚА

Сағыныш ұялатқан ішіңе мұң,
Жаныңды түсінемін, түсінемін.
Құлындай үйірінен бөлек кеткен,
Сен мені көре сала кісінедің.

Байқашы, сен де қасқа, мен де қасқа,
Бұртиып бетке біткен мең де басқа.
Танылмай топ ішінен тұра алмайды,
Қасқа боп жаралған соң пенде баста.

Бұйырған оқшау тағдыр қасқаларға,
Қайтеміз айта беріп басқаларға.
Қия алмай туған жермен қоштасқанбыз,
Тамшылап көздің жасы тостағанға.

Таң атса өмір өтер күн кешкіріп,
Қайғы мен қуанышты мінгестіріп.
Жүресің әр күн сайын мен көрмеген
Текестің тауларымен тілдестіріп.

Күрсініп, кісінеме, қасқа құлын,
Білемін қасқалардың басқалығын.
Бетінде піскен сүттің қаймақ болсаң,
Мен оның түбіндегі қаспағымын.

ҚОЛТАҢБА

Әуел бастан дәмді астың тұз – анасы,
Сөздің дәмі – қазақтың Мұзағасы!
Бұл жалғанның онсыз да қиыры жоқ,
Ортамыздан, Мұзаға, ұзамашы!

2001 жыл, 24 қазан

ТӨРТТАҒАНДАР

* * *
Торуда қауіп-қатер, қырғын әлі,
Ойласаң, жігеріңді құм қылады.
Шығады жеңнен кіріп, балағыңнан

Сумаңдап жауыздықтың сұр жыланы.
* * *
Талайлар байлық пенен тақты ойлаған,
Өз жұртын өгейсініп қақпайлаған –

Ел көзі ерге түсер ең алдымен,
Биліктің қазығына ат байлаған.
* * *
Арбаса билік буы, қыздың лебі,

Азамат ел үмітін үздіргені.
Пенденің періштесі некен-саяқ,
Асты-үстін дүниенің біз білгелі.
* * *

Тартылып шалқар тірлік қақ суындай,
Азаптың ащы дәмін таттық удай.
Тіккенше азаттықтың Көк байрағын,
Қырылдық қалың қазақ көк шыбындай.

* * *
Жалақор, парақорлар жайлағанда,
Сенетін жан қалмайды айналаңда.
Қулық пен қиянаттың құрығы ұзын,

Шындықтың қолы қысқа қай заманда.

Н е с і п б е к А Й Т О В
* * *
Өлеңді әуре болма жаза алмасаң,
Біреуге байқап сөйле сөз арнасаң.

Ағайын, көрші-қолаң тазармайды,
Алдымен өзің бастап тазармасаң!
* * *
Барасың бізден қашып, жастық, қайда?

Құдай-ау, асау көңіл бастықпай ма!?
Досымдай көптен күткен есік қағып,
Үйіме енді қайта бас сұқпай ма?
* * *

Көшеді жүйрік жылдар желдей есіп,
Табады тынбай қуған пенде несіп.
Жайнаған жарық ғұмыр бір күн сөнер,
Білтесі жанып біткен шамдай өшіп.

* * *
Сылдырап судай аққан талай заман,
Ашпайды анық сырын сен ойлаған.
Емес ол өз келбетің бір қарасаң,

Көріне салатұғын шарайнадан.
* * *
Пендеге мұрат емес жүз жасамақ,
Өмірі өткендердің – бізге сабақ.

Тарихтың қатпар-қатпар қойнауынан
Табасың керегіңді іздесең-ақ.
* * *
Жылыстап өте шықты, шіркін, жастық.

Алдыңғы керуеннің жұртын бастық.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Тәңірім неге керек бермеген соң,
Өңірін боз көйлектің жыртылмас қып?..
* * *
Домбыра екі ішекті, бір тиекті,

Үніңнен айналайын қасиетті.
Күн сайын көкірегіме құясың сен
Бабалар айтып кеткен өсиетті.
* * *

Дүние бүгін өткен, ертең де өтер,
Көсіліп қай заманаға көрпең жетер?
Жайнаған жас үміттің жапырағын
Тынымсыз жел тербетер, сан шөлдетер.

* * *
Қақ жарып көк толқынды кеудеңізбен,
Болсаң да алып кеме өрге жүзген,
Құлдырап таудан төмен құлағандай,

Түбінде бір қайтасың келген ізбен.
* * *
Әркімнің өзіне ауыр өз қайғысы,
Қозданып қызыл шоқтай маздайды іші.

Көпіріп көп алдында сөйлегенмен,
Халықтың қамын жейтін аз ғой кісі.
* * *
Тарих ізін қарасам басып өткен,

Талайлардың ел үшін басы кеткен.
Жақсылардың көп еді қасы кеткен,
Арыла алмай келеміз қасіреттен!?

Н е с і п б е к А Й Т О В
* * *
Береке мен бірліктің жоғалғаны –
Жағадан – жау, етектен бөрі алғаны.

Жусап жатқан жылқыңды үркітеді,
Көк шегіртке кісінеп көгалдағы.
* * *
Дос сатты, дұшпан қатты, өмір тәтті,

Өткердік мына бастан небір сәтті.
Салыңқы қас-қабағы салқын дүние,
Қызу жоқ, қызық та жоқ – жабырқатты.
* * *

Ит жатпаса іргеңе,
Оған таста бірдеңе.
Бар екеңін білдірер
Ашыққанда бүрге де.

* * *
Қырғанменен күйесін,
Қазан түбі ағармас,
Қырсық шалса иесін,

Құмай тазы аң алмас.
* * *
Айтумен жүрміз Азаттық жырын,
Тартумен жүрміз азаптың жүгін.

Өзінің тілін ит те біледі,
Итке бермесін қазақтың күнін!..

АУДАРМАЛАР

САҚ – СҰҚ ХИКАЯСЫ

Татаршадан тәржіма
Медреселердің төрінде нағыз
Оқылар кітап, айтылар уағыз.
Жиналған қауым әр күні кеште

Сақ пенен Сұқты алады еске.
Жаңғырып әйнек есіктен сыртқа,
Жайылар аңыз естіген жұртқа.
Батасың мұңға, тартасың уайым,

Сақ пенен Сұқты аяған сайын.
Қасірет шегіп ғұмырда қысқа,
Екі ұлы кеткен айналып құсқа.
Сұмдықтың сырын Сақ – Сұқтан сұра,

Шешенің ауыр қарғысы, сірә.
Тыңдаңыз енді, Сақ – Сұқтың жайын,
Кейпінде құстың зарлаған дәйім:
Садақпен ойнап қой десе, қоймай,

Еліре түстік салса да ойбай.
Шешенің орнын білмедік тіпті,
Құлаққа сөзін ілмедік тіпті.
Қарайып қаны, қарғады сілеп,

Кенеттен көкті торлады түнек.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Бір кесе шайды болғанша ішіп,
Жөнелдік біздер құс болып ұшып.
Айымыз сөніп, күніміз батты,

Шешенің қандай қарғысы қатты.
Көк тікен жыртып тонымды жаңа,
Айықпас басты жанымды нала.
Қалсын деп үйде әкем зарлады,

Болсын деп Сақ – Сұқ шешем қарғады.
Оңынан соқпай желіміз енді,
Тарылды жүрер жолымыз енді.
Орманға бардық, бүлдірген тердік,

Көрмеген пенде қорлықты көрдік.
Тиген соң шеше қарғысы бізге,
Азап қой одан арғысы бізге.
Мақұрым қалып алғыстан талай,

Болғанбыз Сақ – Сұқ қарғыстан солай.
Су бойларында тоңып, тоздық біз,
Сақ – Сұқ болған соң дүние кездік біз.
Қондық қырларға, орақ ормаққа,

Құдай жазбады олай болмаққа.
Бардым орманға, кестім қос қайың,
Ақты қанды жас көзден күн сайын.
Су бойларынан балапан үйрек

Көргенде өксіп, жыладым күйреп.
Ақ көйлегімді қайда қалдырдым,
Анамды көрмей көзім талдырдым.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Бір жылға дейін тостым күні-түн,
Бір жылдан кейін үзілді үмітім.
Қайту жоқ бізге енді мәңгілік,
Жүрміз орманда жеке қаңғырып.

Екі туысқан екі бөлекпіз,
Қарғыс атқан соң кімге керекпіз?
Дауыл соққаны талға батады,
Біз кездескенше таң да атады.

Күн шықса көзден қанды жас ағар,
Қиямет келмей бізді кім табар?
Қайың кескелі бардым орманға,
Көрмей анамды қалдым арманда.

Мамық шәліні алып қайтарсыз,
Біздің шешейге сәлем айтарсыз.
Жаңбыр жауады, шеше, басыма,
Жылап келдік біз сенің қасыңа.

Бос қарғадым деп неге жылайсың,
Күнде Құдайдан кешу сұрайсың.
Бардым орманға жидек термекке,
Зарлап жылайсың бізді көрмекке.

Қос қарлығашты көру – арманың,
Шеше, жылама, өзің қарғадың.
Болдық осылай қарғыс алған соң,
Жылап қайтесің, Құдай салған соң.

Біздің киімді басып төсіңе,
Иіскеп қоярсың, түссек есіңе.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Көп жылай берме Сақ – Сұққа бола,
Бізді сағынсаң, кітапқа қара.
Кітап оқырсың, ғибрат аларсың,

Ұшқан құстарға көзің саларсың.
Ақ сүтің беріп өсірген кеше,
Кешіргей бізді, бақұл бол, шеше?!
Өзіңді енді азапқа салма,

Бақида жазсын көруге Алла!
Жанымды отқа салғаным жетер,
Екі баламды қарғадым бекер.
Терекке шықтым, жан-жақты шолдым,

Екі баламды көрмекші болдым.
Жартысы қалды жаймамның ірі,
Екі баламның қалмады бірі.
Дейсің де өстіп зарлайсың күнде,

Біздерді енді көрмейсің мүлде.
Сарғайсын зарлы, мұңдансын мұңлы,
Кінәлі өзің, қарғайсың кімді?
Медресе барсаң айтады тәмам,

Сақ пенен Сұқтың бәйітін саған.
Анадан тудық жазған соң Тәңір,
Тартудай тарттық қарғыстан зәбір.
Бойында Еділ шулар қамысы,

Орманда қалың Сақ – Сұқ дауысы.
Сары көйлегім кеттім кие алмай,
Үйден шыққанда, қош бол дей алмай.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Сайрар сандуғаш, бізді сұрама,
Өзің қарғадың, енді жылама.
Дүние қызығын көрмей барамыз,
Бізді қарғаған ғазиз анамыз.

Әкей қалдырған үйде қалдық біз,
Шешей қарғады – Сақ - Сұқ болдық біз.
Батып ұйқыға бір түс көрдік біз,
Жалғыз жүруге жастай көндік біз.

Су жағасында балалы үйрек,
Сыздады көрсек жаралы жүрек.
Алтыда бірге ұшып-қондық біз,
Жетіде кенет Сақ – Сұқ болдық біз.

Орман ішінен көрдім маралды,
Қарғыс тиген соң қанат жаралды.
Ұзақ тыңдадым сандуғаштарды,
Көңіл бұзылып, көзден жас тамды.

Дейсің қайғының батты салмағы,
Екі баламның бірі қалмады.
Шеше, тоқашты көп қып пісірдің,
Нендей кейіпке бізді түсірдің?

Мешіт ішінде қалды әкеміз,
Шетте телміріп, жүрміз жеке біз.
Жасыл белбеуді байлай алмадым,
Үйден кетерде сөйлей алмадым.

Шеше, кір жудың судың бойында,
Сақ – Сұқ болар деу жоқ-ты ойыңда.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Бардым орманға, қалдым арманда,
Зарлап жүремін күнде сол маңда.
Ойнап екеуміз қайда бармадық,

Шешей қарғар деп ойға алмадық.
Шеше қарғысы сездік төнгенін,
Ұштық қасыңнан, әке, көрмедің...

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Түрік ақыны Жүніс Еміреден

МҰХАММЕДКЕ СИЫНУ

Пәнидегі парызымды өтейін,
Медет тауып өсиетіңнен, Мұхаммед!
Аруағыңның садағасы кетейін,
Айналайын қасиетіңнен, Мұхаммед!

Мейір төктің пендең болған адамға,
Ақыреттен иман бұйырт маған да.
Мұстафасың он сегіз мың ғаламға,
Айналайын қасиетіңнен, Мұхаммед!

Жеті қабат көктен асып самғаған,
Жаратқанға жұрт тілегін жалғаған,
Күнәһарға көз қиығын салмаған,
Айналайын қасиетіңнен, Мұхаммед!

Төрт шадияр – қолқанатың-серігің,
Зауалысың сайтан менен перінің.
Сұлтанысың мынау ғалам төрінің,
Айналайын қасиетіңнен, Мұхаммед!

Пайғамбарсың хақ жолына жұмсаған,
Күмән ойлап, шәк келтірер кім саған?
Жүнісіңе жәрдем бер деп мұң шағам,
Айналайын қасиетіңнен, Мұхаммед!

Н е с і п б е к А Й Т О В

АЛЛА ЫРЫЗДЫҚ ТӨКПЕСЕ ОҒАН

Обал жоқ қой бар өмірін құр өткізген күнәһарға,
Жүзі қара жалқауларды Хақ Тағала ұнатар ма?
Масыл малғұн масайрайды көлденеңнен бұйырғанға,
Алла ырыздық төкпесе оған, зар болады түйір нанға.

Қайран өмір қауыз жарып, гүл жайнаған жас сұлудай,
Бал-шырыны таусылған соң ұсынады ащыны удай.
Ойна да күл, оралыңның барында әсте босқа тұрма,
Әзірейіл алам десе, құтылмайды хас батыр да.

Сорлы Жүніс, сен де бір күн тоналасың түгің қалмай,
Жапандағы бәйтеректің жапырағы жұлынғандай.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

АЙ ЖҮЗІҢЕ ҚАДАЛУМЕН

Сенсің менің шамшырағым жүрегімде сөнбейтін,
Болса, шіркін, ұжмақта да ғазиз жаның өлмейтін.
Ай жүзіңе қадалумен көз сусынын қандырам,
Көкірегім қу медиен ләззатыңа шөлдейтін.

Бұл дүниенің бар байлығы тырнағыңа татымас,
Дел-сал қылған ауыр дерттен өзің ғана емдейтін.
Шершис құсап жетпіс мәрте көр аузынан қайтсам да,
Мен байғұста не шара бар азабыңа көнбейтін?

Жабырқатпа ғашықтықтан ғаріп болған Жүністі,
Ат басындай алтынға да көлеңкеңді бермейтін.

Н е с і п б е к А Й Т О В

СҮЙЕМ СЕНІ ЖАН-ТӘНІММЕН

Сүйем сені жан-тәніммен, сүйгендіктен құлыңмын,
Бір талына айналсам-ау саған біткен бұрымның.
Ғашықтықтың шылбырына өлмесем мен асылып,
Сені қайда қоя аламын өз-өзімнен жасырып.

Дидарыңа пар келетін жан табылмас жаһанда,
Елесіңді қуып жүрген мүсәпірмін жапанда.
Ішке тұнған улы дертті сен сұрама, мен айтпан,
Қапалымын қайғы көлін көз жасымен молайтқан.

Қалың тобыр – қарапайым жанға мойын бұрған ба,
Күні туып сұлтандардың, желі оңынан тұрғанда.
Тәңірінің жазғанынан кімдер қашып құтылар,
Сайтан болып кетпесе егер, түбінде бір тұтылар.

Жаратқанның шапағаты қай пендеге мол түссе,
Күн нұры да жетпес оған шақырайған тал түсте.
Шыбындаймын шырқыраған торыңа әбден шырмалып,
Тәркі болдым – бұл жалғанның қызығынан құр қалып.

Сен деп жүріп шариғаттың жолынан да тайқыдым,
Кім бойлады жүрегіне мендей мұңлық шайхының?
Құдай өзі мүсіркесін махаббаттың мүскінін,
Сүлеймен де ұға алмайды білетұғын құс тілін.

Қарап тұрсам, кәпірдеймін діннен безіп сорлаған,
Қандай сиқыр, уа, құдірет, мені бүйтіп торлаған?
Азғындайды дінді бұзып, әзәзілге иланған,
Нендей жұмбақ түсінбедім, жұрдай қылған иманнан?

Шынын айтса, бұл Жүністі Жаппар ием кешер ме,
Кешірмесе, айықпайтын ұрынғаны кеселге.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

БЕЙІШ НҰРЫ ШЫН ТӨГІЛСЕ

Бұл пәниге келген пенде
Дүние есігін бір жабар.
Қаңғып жүрген елден-елге
Қайыршыдай сырғанар.

Қимай өмір сахарасын
Көзден жасың сорғалар.
Сорайып құр соқа басың
Қалса және сор болар.

Аяңдармыз бірте-бірте
Бәріміз де сол жаққа.
Бейіш нұры шын төгілсе,
Ұжымаққа бармаққа.

Тәуекелге бекінбейсің,
Түспей ауыр азапқа.
Жансаң бірге өкінбейсің,
Ғашығыңмен тозаққа.

Өз қолыңмен өміріңе
Өзің бөгет жасама!
Бір жүректің әміріне
Бағынбасаң не шара?

Қаңғытпайды кімді қайда,
Махаббаттың жарлығы?
Жалбарынар бір Құдайға
Ғашықтардың барлығы.

Мұңға батса нәзік пенде,
Жүніс, сен де аяла.
Іздегенің кезіккенде,
Төк жырыңды, аяма!

Н е с і п б е к А Й Т О В

СЕНСІЗ КҮНІМ – СЕРГЕЛДЕҢ

Бір өзің деп жанын салған,
Бейшарамын сенделген.
Алды-артымды жалын шалған,
Сенсіз күнім – сергелдең.

Сау-тамтық жоқ жүрегімде,
Мұнан ары қинама.
Сенсіз ғаріп мына өмірде,
Мен бір жүрген диуана.

Сенің отты теңізіңе
Батып кетсем кешкенде,
Құтқаратын жер жүзінде
Табылмайды-ау еш пенде.

Сегіз ұжмақ рахатын
Бірге көрер бар ма күн?
Үмітімді жұбататын
Өзің ғана, ардағым.

Уын жұтып мұң-қайғының,
Ғашығыңа еңіре.
Жалғыз қалсаң тыңдайды кім,
Бейбақ, Жүніс Еміре!?

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

ҰЖМАҚ ДЕГЕН ТОЗАҚ МАҒАН

Неге керек қос жанарым,
Дидарыңды көрмесем.
Бұл тірлікті тастағаным –
Елесіңе ермесем.

Қызыл шоққа күйген жаным
Ұжмақ төрін не қылар?
Армансызбын сүйген жарым
Болса, шіркін, табылар.

Тәрк қылсам өмір заңын,
Қай жәннатқа ұшамын?
Толтырардай менің зарым
Абат бақтың құшағын.

Ұжмақ деген тозақ маған,
Оны қайтем мен сенсіз.
Сағат сайын қымбаттаған
Сенің бағаң өлшеусіз.

Өле-өлгенше ғашық еттің:
Өмір бойы сол үшін,
Өкінбеймін қасіреттің
Сүйретсем де кебісін.

Ынтықтырып есімді алған
Нұр сәулеңе сен мені
Бөлемесең, өшіп-жанған
Шырағымның сөнгені.

Жүніс саған ақтарады,
Зарын қосып дертіне.
Күл боп жанып, жоқ болады,
Су сеппесең өртіне.

Н е с і п б е к А Й Т О В

БЕЙНЕҢ КӨЗДЕН БҰЛ-БҰЛ ҰШТЫ

Қасіреттен тынбай жандым,
Жана-жана күлге айналдым,
Не болғанын білмей қалдым,
Көрмеймісің келіп, қалқам?

Басқа жанға көңіл бөлмей,
Қырды кездім қоңыр желдей,
Зарым сел боп төгілгендей,
Көрмеймісің келіп, қалқам?

Көкірегіме тіреліп мұң,
Кешкі бұлттай күреңіттім,
Сенсіз жерде тірі өлікпін,
Көрмеймісің келіп, қалқам?

Өзің сұққан көк жебені
Өзің алып, емде мені,
Сол ғой жанның шөлдегені,
Көрмеймісің келіп, қалқам?

Мәжнүндей мәңгірдім мен,
Тентіретті тағдыр мүлдем,
Тіленшімін қаңғып жүрген,
Көрмеймісің келіп, қалқам?

Бейнең көзден бұл-бұл ұшты,
Кез ғып Алла мың бір істі.
Мүскін болған бұл Жүністі
Көрмеймісің келіп, қалқам?

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

ЕЛЕСІҢ КЕП ТІЛ ҚАТҚАНДА

Сен болмасаң, бұл өмірден
Өтерім хақ тентіреп.
Құрығаным – жүрегіңнен
Таба алмасам мен тірек.

Өзің барда, жан құмарым,
Төрт құбылам сай менің.
Зымырайды арғымағым,
Алдын бермей бәйгенің.

Ішімді өртеп күйдіруде,
Аласұрған от құйын.
Жаралмасаң сүйдіруге,
Өмір құны көк тиын.

Ақыреттен не табамын,
Сені жатқа қиғанмен.
Сенсіз қайда жете аламын,
Боқ дүниені жиғанмен.

Ғашықтықтың дастанынан
Ғибрат алсаң сен егер,
Мейіріміңнің аспанынан
Титтей шуақ себе гөр?

Елесің кеп тіл қатқанда,
Жаным жылар шырқырап.
Ымырт түсіп, күн батқанда,
Жағылмай ма бір шырақ?

Күңіренткен жердің жүзін,
Жүністі ая, жылатпа.
Сүйген жандай хордың қызын,
Жетсін десең мұратқа.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Қытай ақыны Бо Цзюидан

КИІЗ ҮЙ

Киізіне жүні кеткен мың қойдың,
Шаңырағы қайыңынан күнгейдің.
Әрі берік, әрі ыңғайлы, әрі әсем,
Дей алмаймын ағашына мін қойдым.

Сайын дала оның мекен-тұрағы;
Бірде көрсең, терістікте тұрады.
Сарбаздармен бірге көшіп сағымдай,
Бір қарасаң, түстік жақтан шығады.

Шым жібектен мықты желбау байлаған,
Қозғалта алсын қандай дауыл, қай боран?
Кірсең жылы іші қыз-қыз қайнаған,
Көкжиектей дөп-дөңгелек айналаң.

Тауқыметтің көріп едім талайын,
Бұл киіз үй болды менің сарайым.
Айлы түнгі көлеңкесі-ай көлбеген,
Қыста осымен бірге өтеді сан айым.

Туырлықтың сыртын қырау шалса да,
Ызғар өтпес соқсын боран қаншама.
Сән-салтанат іші кірсең шыққысыз,
Көрген пенде таңдай қағар тамсана.

Жыршы төрде бұлбұл құстай сайрайды,
Бақсы билеп от басында ойнайды.
Балдай қымыз балбыратып денеңді,
Алпыс екі тамырыңды бойлайды.

Қою түннің құшағында аунаған,
Қандай ғажап жалынды ошақ лаулаған.
От сәулесі аймалайды іргені,
Дірілдеген қызыл гүлден аумаған.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Кең ашылып түнгі ауаның құшағы,
Қасиетті түтін көлбеп ұшады.
Сәл сейілсе, кенет көктем суындай
Тасқындаған өлең көпті құшады.

Мұнда отырған жанда қандай бар қайғы,
Ұжымаққа шақырса да бармайды.
Шөп күркеде күн кешкендер күйбеңмен,
Май тоңғысыз қыста дағы жаурайды.

Қайыршы да киіз үйді армандап,
Алыпсатар қарызданар қалбаңдап.
Мен осында ұрпағымды өрбітіп,
Дәм-тұзымды жаям келген жанға арнап.

Салтанатты сарайына патша мас,
Сарай барлық үмітіңді ақтамас.
Киіз үйдің құдіретіне жоқ талас,
Сарайыңа бермеймін мен баспа-бас!

Н е с і п б е к А Й Т О В
Қытай ақыны Либайдан
Тымық түнгі сағыныш
Төсегімнің алдына айдың нұры төгілді,

Қырдың беті күміс шық жамылғандай көрінді.
Айға сәлем бердім де, қайта төмен үңілдім,
Туған жерім елестеп көкірегім сөгілді.
Тау басындағы бұтханаға түнеу

Бұтханаға түнедім – биік таудың басында,
Алақанда тұрғандай жұлдыз біткен қасымда.
Шығармадым даусымды, кете ме деп оянып,
Ұйықтап жатқан алаңсыз әулиелер осында.

Мың Хауранды Гуаңлиңге көзден ұзату
Хуаңхы лоу есігінен наурызда аттанып,
Кетті досым Яңжоу жаққа күнбатысты бетке алып.
Көкжиекке сүңгіді де ғайып болды ақ желкен,

Көз алдымда буырқанған асау өзен жатты ағып.
Ваңлунге
Либай едім, қайық мініп аттанғалы тұрғамын,
Естіп қалдым жанға жаққан әсем әннің ырғағын.

Шабдал гүлі сәулесі де су түбінде ойнайды,
Ваңлун емес жан тербетер, оған мойын бұрмадым.
Лушан тауындағы сарқырама суреті
Будданың шамы түтіні нұрымен күннің қосылып,

Құбылып бейне тұрғандай қарасаң көкке асылып.
Биіктен сонау төменге құлаған суды сарқырап,
Құс жолы дерсің аспаннан жөңкілген жерге жосылып.
Тянмыншан тауына қарап

Тянмыншанды Чужияң өзені қаққа жарады,
Шығыстан кері бұрылып, батысқа тартып барады.
Құйттай бір қайық келеді күн шыққан жақтан жақындап,
Жағалай біткен жасыл тау сағына оған қарады.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Байдичың қаласынан ертемен аттану
Сұлу қала Байдичың қалды азанда қол бұлғап,
Мың шақырым Жянлиңге жетіп барам бір күнде-ақ.
Жағадағы маймылдар қайығымды көріп мәз,

Арасынан таулардың өте шықтым мен зулап.
Жиңтиңшан тауындағы жалғыздық
Ұшып кетті құстар да зым-зия боп жан-жаққа,
Көкте бұлттар аунайды әлдеқайда бармаққа.

Тау екеуміз жалықпай мұңдастық та сырластық,
Қалай шыдап тұрған бұл Жиңтиңшаным мен жоқта.
Чюпу
Дүкенінде ұстаның жалын лаулап жатады,

Нұрландырып маңайын қызыл ұшқын атады.
Екі беті алаулап ай сәулесі түскенде,
Түнгі судың бетінде әнін қалықтатады.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Орыс ақыны Михаил Исаковскийден

КӨКТЕМ

Егісті алқап малынды көк майсаға,
Құйылды да қызуы мол көктен нұр.
Терезелерді ашып тастап айқара,
Селоларда серуен құрып көктем жүр.

Өзінше бір әнге басып жырлайды,
Ерке бұлақ арнасында бөгелмей.
Жасыл шие бұтақтарын бұлғайды:
«Достар, өсіп-жетілеміз!» дегендей.

ДАЛАДА

Ымыртта қоңыр салқын жанға жайлы,
Теңіздей бидай басы толқындайды.
Көрінбес кісі бойы бітік егін,
Соқпақ жол жиегінде жалтылдайды.

Бөдене бытпылдықтап қара кеште,
Боларын мол ырыстың салады еске.
Тағы да анау өзен ар жағында,
Дегендей қимас қалқаң бар емес пе?!

Бірге оқып, қатар өстік қаршадайдан,
Бір барып, қайттық бірге егінжайдан.
Туған жер ыстық тартқан одан сайын,
Сонау шақ әлі күнге шықпайды ойдан.

Үйіріліп қараңғылық апақ-сапақ,
Түн төніп келе жатыр жерге тақап.
Жатқандай жақсы өмірдің сырын толғап,
Аулақта алаулайды кешкі шапақ.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Жай таппас басқа жерде жаным мұндай,
Тұра ма туған далаң сағындырмай.
Қиырға көз жүгіртіп, құлақ түрсең,
Сызылтып әнге басар қалың бидай.

ЕКЕУМІЗ

Екеуміз көңіл қосып жүрмеп едік,
Қызығын көктемдердің бірге көріп.
Жанарың жай таптырмай жас жаныма,
Аһ ұрдым от боп жанып, мұз боп еріп.

Көрмесем ұмытармын деп ойладым,
Бойымды аулақ салдым, абайладым.
Болмады қайда барсам алдан шығып,
Еріксіз елесіңе қарайладым.

Мен үшін бір өзіңсіз ашық-жарқын,
Жүрер жол жер бетінде жоқтай бәлкім.
Сәт сайын қабағыңнан сыр ұқпасам,
Өмірдің әр сағаты тартар салқын.

Сен дағы мүмкін іштей мұңданасың,
Дегенмен терең сырдың біл бағасын:
Әйтеуір шешу керек бұл түйінді,
Қалайда табу керек бір дауасын.

Н е с і п б е к А Й Т О В

ШІРКІН-АЙ

Шіркін-ай, жазғытұрым араласаң,
Алапты өзің туған гүл басқанда.
Сарғайып саз бергенде бозала таң,
Шалқытып шұғыласын түнгі аспанда.

Ежелден көрген адам таңдай қаққан,
Қайда бар дәл осындай ашық аспан?
Жарысып жас жігітпен сырнайлатқан
Түн бойы бұлбұл сайрап әнге басқан.

Көрінген сонау қырдың қырқасында,
Қарайсың ғажайыпқа тіл байланып:
Бейне бір ұқсайды аппақ бұрқасынға,
Құлпырған бау-бақшалар гүлге айналып.

Бұтақтар басын иіп сырласады,
Жел соқса бір шулайды, бір тынады.
Ән мен ән қанаттасып үн қосады,
Бір жүрек бір жүрекке ынтығады.

Масайрап күллі дүние көріктеніп,
Қол бұлғап сені өзіне шақырады.
Кеңітіп тынысыңды, желік беріп,
Жаныңды рахатқа батырады.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

ЖОЛ АЙЫРЫҒЫНДА

Әзіл
Көктем күні көңілді,
Аспанда бұлт жоқ еді...
Бастығына сенімді,

Шофер жолда келеді.
Айырылды жол, міне,
Өрге шыға бергенде.
Сұлу қызды көрді де

Тоқтай қалды ол демде;
Бейтаныс жол бұралаң,
Адаспасақ жарады.
Жөн сұрайын мынадан, –

Деді түсіп қабағы.
Жауып машина есігін,
Жол шетіне ол барды.
Сұрап жасын, есімін,

Дереу қызды қолға алды.
Жауап қатты қыз дағы:

– Бойжеткен боп өстім деп,

Сөз салған жоқ ешкім деп.
Таныс дерсің бұларды,
Созылды сөз аяғы.
Шофер естен шығарды

Жол сұрауды баяғы.
Қайта оралған кезінде,
Бастық отыр бұрқырап:

– Ұят бар ма өзіңде,

Неғылған бұл көп сұрақ?..

Н е с і п б е к А Й Т О В
Айтты: – Мұным қате, – деп, –
Тыңдаңызшы, алайда;
Бұрылысты өте көп,

Еске сақтау оңай ма?..

СМОЛЕНСК – ТУҒАН ЕЛІМ

Смоленскі – туған елім,
Өсіп-өнген аймағым.
Жастық шағым мұнда менің –
Салған сауық-сайраным.

Өтті мұнда жас дәуренім,
Ән толқынын аунатып.
Жарқыратып орман төрін,
Костер отын лаулатып.

Балғын гүлден алқа таққан
Әдемі өрнек шашында,
Арманымды алғаш тапқам
Ойда жоқта осында.

Оралмастай қайтып мүлде,
Алыс кетті жырақтап.
Жасырынды қай түкпірге,
Қалды қайда тұрақтап?

Соның әсем әні емес пе,
Көктемгі су сылдыры?!
Соның көркін салады еске
Нарттай қызыл күн нұры.

Қырдағы ізін жаңбыр шайып,
Өшіріпті бүгінде.
Мәңгілікке болды ғайып,
Жел жұтыпты үнін де.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Баяғыдай бола ала ма,
Еске алғанмен еркемді?
Қайтып маған орала ма,
Шарлағанмен өлкемді?

– Енді қайтып бұрылмайды,

Шақырсаң да ол саған, –
Дегендей боп сыбырлайды,
Жапырақтар самсаған.

ШЫҚ БАСҚАН ШАЛҒЫНДЫ АРАЛАП

Шық басқан шалғынды аралап,
Соқпақ жол салып бір әлдиге,
Көмескі тартқанда бар алап,
Жас жігіт шығарып салды үйге.

Айнала жалтақтап, қымсына
Сөз айтты дәл үйдің қасында:
Сүйер ем ерніңнен құлшына,
Ыңғайсыз болмаса расында.

Мен жауап қайтардым табанда,
Әрине, қылжаққа көнбеймін.
Ешқашан ешқандай адамға
Сүюге рұқсат бермеймін.

Ол аяқ астынан мұңайды,
Танытып қоштаспақ сыңайды.
Дегендей шолжың қыз тым әйгі,
Кездесу қажетсіз былайғы.

Шыдасын тап мұндай күйге кім?
Қададым көзіне көзімді:
Үн-түнсіз бас салып сүй, – дедім, –
Күтпей-ақ рұхсат сөзімді.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Түрік ақыны Назым Хикметтен

ӨЛГЕН ҚЫЗДЫҢ МОНОЛОГІ

Ашыңыздар,
Ашыңыздар, мен келем!
Әр есікті қағып шығам – сенделем.
Көрінбеймін көздеріңе бірақ та,

Көру қиын – өйткені мен өлген ем.
Хиросима құрбанымын кешегі,
Мені тоспас, жылдар жылжып көшеді.
Жетіде едім, қалдым жеті жасымда,

Өлген сәби қалай ғана өседі?
Жалын тілі жалмады да шашымды,
Қара түнек көзіме кеп басылды.
Лезде күл боп шыға келдім бір уыс,

Күлді сосын жел әкетті – жасырды.
Жапырақтай өртке жанған балақан,
Тәтті сұрап, жаймас енді алақан.
Өмір үшін зар қағамын өлсем де,

Менің рухым – шырылдаған балапан.
О, адамзат, келісімге келіңдер,
Тыныштыққа төрден орын беріңдер!
Менен кейін өртке бала жанбасын,

Құрғамасын балдан сәби-еріндер!

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Ұйғыр ақыны Тейіпжан Әлиевтен

МӘҢГІЛІК ӘН

Күннің көзі жасырынса,
Өзің жаққа асығам.
Ынтықтырдың осы ғұрша,
Уа, махаббат – асыл ән!

Терезеңе неше келем,
Шыға алмаймын айналып.
Сен тұратын көшеге мен
Қалғандаймын байланып.

Әйнегіңді қағып әнмен
Бүгін түні тағы өттім.
Махаббаттың бағынан мен
Қызыл алма дәметтім.

Ұйқысынан құр қалғандай,
Бір шал шықты күңкілдеп:

– Жеті түнде жынданғандай,

Мазаны алған бұл кім? – деп.
Әр күн сайын тыңдай-тыңдай,
Сарсаң болды құлағым.
Осыншама тынбайтындай,

Неғылған ән, шырағым?
Дедім оған: – Қапаланба,
Болмадың ба сен де жас.
Өмір қызық жас адамға,

Махаббатқа мен де мас.
Қарай-қарай көзің талған
Терезеге тұманды,
Кеше ғана өзің салған

Ұмыттың ба бұл әнді?

Н е с і п б е к А Й Т О В
Сен ғана емес, баяғыда
Сансыз пенде сарнаған.
Осынау ән аяғына

Ешкім шыға алмаған.
Адамзаттың тағдырынан
Бөлінбейтін ешқашан,
Үзілмейді мәңгі бұл ән,

Деме, сірә, қоштасам!..

ҚАЗАҚТЫҢ ӘНШІ ҚЫЗЫНА

Алаулайды ішімдегі от
Өзің жаққан, қарындас!
Өңім бе, әлде түсім бе деп,
Мұңға орандым арылмас.

Қозғадың ғой шер-мұңымды,
Әніңменен жалынды.
Жапырақтай желді күнгі
Тербедің ғой жанымды.

Айналайын таңдайыңнан,
Бұлбұл ұя салғандай.
Жарылқасын маңдайыңнан,
Шолпан жұлдыз жанғандай.

Жүрегіме бойладың сен,
Әнді өзіңдей кім айтар!
Еске түсіп қайда жүрсем,
Әсем сазың мұңайтар...

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

АРША

Сұрадым бір күн Аршадан:

– Қызығам сонша мен саған!

Бұтада сендей бар ма асыл,
Жыл бойы түсің жап-жасыл.
Демейсің қыстан жаз артық,
Ауаны ылғи тазартып,

Жарады иісің мұрынды,
Айтшы сен, кәне, сырыңды?
Сыбырлап Арша тіл қатты:

– Жаралған жерім қымбатты.

Қасиет туған топырақта,
Бас ием осы атырапқа.
Тауымды өзім нәр жұтқан,
Құшақтап өсем сондықтан...

ТОБЫЛҒЫ

Иілгіш деп тобылғыны
Кінәлама, жарандар!
Солай болса оның күні,
Тағдырға не амал бар?!

Өмір қандай қиын еді,
Түсірер әр сарсаңға...
Морт кетпейді, иіледі,
Отқа қанша салсаң да.

Қиналғанда ақыл таппай,
Төзім ерді шыңдайды.
Тобылғы да Ақиқаттай,
Иілгенмен сынбайды...

Н е с і п б е к А Й Т О В

ЖІГІТ ТІЛЕГІ

Жігіт «күйдім» дегенде,
Қыз да тұрса «күйдім» деп.
От лауласа денеңде,
Қайта-қайта сүйгің кеп.

Кете қалсақ алысқа,
Күтсе сұлу мөлдіреп:
Сағынысып табысса,
Жас жүректер елжіреп.

БАҚЫТ ЖҰЛДЫЗЫ

Бала кезден көп қараушы ем аспанға,
Көңілімді күңгірт ойлар басқанда.
Сол биіктен жұлдызымды іздеуші ем,
Бақыт нұрын себетұғын жас жанға.

Қайран жүрек қиялға еріп егілер,
Көк төсінен қайдан жақұт төгілер?
Көзіңде екен мен іздеген жұлдызым,
Қос жанарың қос бақыттай көрінер.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

ҚАЙҒЫ

Лаулап жанып, қызған отты
Су септің де сөндірдің.
Жүрегімді ызғар өпті,
Қалтыратып, тоңдырдың.

Пәк сенімім ұшты желге,
Ғайып болып бар арман.
Ақ жұлдызым түсті жерге,
Махаббатқа жаралған.

Мүсірке деп өтінбеймін,
Жараспайды ол маған.
Айырылғанға өкінбеймін,
Алданғанға қорланам.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Өзбек ақыны Мирпулат Мирзаевтан

НАУАИ ӨСИЕТІ

Мен үшін әйкел тұрғызба,
Көшенің атын сұрама.
Теңеме жарық жұлдызға,
Басыма келіп жылама!

Бұлаңдап заман түлкінің
Алдасын мейлі біразы.
Сақтасаң тілін түркінің,
Аруағым менің разы!..

КЕН ІЗДЕУШІГЕ

Кен іздеп атажұртты ақтарасың,
Өмірдің айырмайсың ақ-қарасын.
Кеніштің алтын кілтін жат қолына
Бергенге масайрайсың, мақтанасың.

Кезуден тау мен тасты жалықпайсың,
Көзіңе түскен затты парықтайсың.
Күміс пе, қорғасын ба, алмас па әлде,
Асылдың құрамын тез анықтайсың.

Түрткілеп сұлу төрді анау жатқан,
Шыға алмай ұзақ жүрдің сол аумақтан.
Белгісіз не тапқаның, білетінім –
Сарқылды мөлдір бұлақ заманғы аққан.

Бермедің өзің туған қонысқа опа,
Кен іздеп басқан ізің қорыс-қопа.
Көргенде өткен-кеткен тұнжырайды,
Ісіңе алыс-жақын тегіс қапа.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Газ тауып не бүлдірдің, біл, қарағым,
Суырып жер қолқасын, жұлмаладың.
Ошағын өшірмеген тезек жағып,
Астында анаң қалды зілзаланың.

Пендедей елін сатып баққа жетер,
Жеріңді күйдіресің отқа бекер.
Сиқың бар саған салса, қыстағың мен
Бабаңның қабірін де таптап өтер.

Кемеңгер Беруниға табынасың,
Хабибты мақтағанда ағыласың.
Солардың құлақ ассаң рухына,
Жұртыңның ортасынан табыласың.

Басыңды айналдырған азғын дәуір,
Мылқаудай тілге көнбей тоздың, бауыр.
Кеудеңе жез қаңылтыр таққанменен,
Жылтырақ жез тісің жоқ аузыңда бір.

Әйтеуір сенің күнің туды аңсаған,
Деуменен далақтайсың уран табам.
Миғұла, ұғасың ба, қаза берсең,
Таусылмас қазына емес Тұран саған.

Жұтатын өз еліңді жайындайсың,
Көрінген жерден көзіңді айырмайсың.
Бәтшағар, бұйрық келсе, Яссауидің
Мазарын тегістеуден тайынбайсың.

Н е с і п б е к А Й Т О В

КӨГІЛДІР ТАУЛАР

Көгілдір таулар,
Көңіліңді аудар,
Тыңдашы нала-мұңымды.
Жас толып көзге,

Іздеген кезде
Қойныңнан балалығымды.
Жолдардан өттім,
Арманға жеттім,

Сыбаға татып сан жылдан.
Құлыншақ күнім,
Шапқылап бүгін
Шығар ма, шіркін, алдымнан?!.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

ТҮҢІЛУ

Зуылдап тасқын судай, жылдар, ақтың,
Ойласам өмірімді, мұңға баттым.
Мен бейне қалың орман ішіндегі
Жапырағы солғын тартқан бір дарақпын.

Жуынып жаздың жылы жаңбырымен,
Тынымсыз тілдесемін таң нұрымен.
Гүлдердің шешек атқан жұмысы жоқ
Жаны пәс жапырақтың тағдырымен.

Жүрегім қалтырайды сондықтан да,
Салғандай сүйегіме зорлық таңба.
Күн шығар, ай да батар өз жөнімен,
Селт етпес жасыл әлем шаң жұтқанда.

Кірлесе табиғатым мөлдір, тұнық,
Жылаймын нәзік гүлдей мен күрсініп.
Жалғанды озандатып, тозаңдатып,
Шығады әлдеқайдан жел жұлқынып.

Өз еркі соқсын өмір ызғырығы,
Қабағын түйіп қыс пен күзді күні.
Әйтеуір құлағанша қарманамын,
Жанымның жұтамаса ізгілігі.

Н е с і п б е к А Й Т О В

АРМАН

Азаттыққа шықса егер де ел-жұртым,
Әттең тыным алмас едім мен бір күн.
Өміріме разы боп өтер ем,
Терсем-дағы қыбырлаған жер құртын.

Халқым үшін тозаққа да төземін,
Әр тынысын қабағынан сеземін.
Көк тасын да гүлге бөлеп қояр ем,
Белім сынып, үзілсе де өзегім.

Кенелсе шын қуанышқа ұлы елім,
Жүрегімді күн ғып көкке ілемін.
Жер бетінде мәңгі ғұмыр сүрсін деп,
Шуақ төгіп, шыр айналып жүремін.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Мари ақыны Сергей Чавайннан

ОТАН ТУРАЛЫ ОЙ

Ұмытам қалай мен сені,
Бесігім – туған мекенім?
Өзіңсің өмір өлшемі,
Өзің деп қана өтемін.

Жазған соң тағдыр маңдайға,
Қайғының дәмін татамын.
Қамығып қазір шалғайда
Сен жайлы ойға батамын.

Көзімді мәңгі жұмғанша,
Көркіңді сенің қия алман.
Араға салып жыл қанша,
Қайтамын саған қияннан.

Өзіңнен, сірә, бар ма асыл,
Кезсем де шексіз ғаламды?
Жібектей жұмсақ, жап-жасыл
Шарлаймын тағы далаңды.

Билейді мені көргенде,
Шалғының баяу сыбырлап.
Тулайды шаттық кеудемде,
Иіскесем қолға гүліңді ап.

Іздерім жайнап қайтадан,
Жатады таныс бақтарда.
Жастығым сонда айтады ән,
Бұлбұлдай сайрап ақ таңда.

Балалық шаққа оралып,
Жалтылдап айдай орағым,
Шұғыласын көктің оранып,
Қайтадан егін орамын.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Ғайып боп мынау сұрқай күн,
Жанса үміт арман әніндей.
Жаныммен сонда шырқаймын,

Бидайдың алтын дәніндей.
Сарғайдым әбден сағынып,
Уа, менің туған мекенім.
Іштегі дерттен арылып,

Қойныңа қашан жетемін?

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

КІМ ҮШІН КЕЛДІМ ӨМІРГЕ

Ойларым еркін, қуатты
Жаһанды тынбай шарлайды.
Сапырып көкті шуақты,
Қырандай биік самғайды.

Шырқаймын асқақ дауыспен,
Көргем жоқ жасып, қорғалап.
Жалғайтын мені ғарышпен,
Табиғат берген бар қанат.

Әлемді түнек тұр басып,
Несіне бірақ опынам.
Жөнелер қара түн қашып,
Көзімнің сөнбес отынан.

Күні-түн арай төгемін,
Ел үшін түсіп тартысқа.
Жаңғыртып дүние көлемін,
Дауысым жетті әр тұсқа.

Жетелеп нұрлы көктемге,
Ойларға толы шақ мына:
Үңіліп терең өткенге,
Болжаймын болашақты да.

Қуамын түнді қараңғы,
Бастаймын таңғы жарыққа-
Қуантып мұңлы адамды,
Шашамын шұғыла халыққа.

Ойларым еркін, қуатты
Жаһанды тынбай шарлайды.
Сапырып көкті шуақты,
Қырандай биік самғайды.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Қырғыз ақыны Омар Сұлтановтан

ЕСКІ ҚАЙЫҚ

Қаңсыған ескі қайық жағада тұр,
Қаусаған шалдай шөгіп бара жатыр.
Қасынан өткендерге күңіренеді,
Басына орнағандай заманақыр:

Білмеймін қандай тағдыр өмір берген,
Жайым бар судан шығып зәбір көрген!
Жатқаным көлге шөкпей, құмға шөгіп,
Бірдей ғой шалажансар көмілгенмен.

Толқында күні кеше жарқылдадым,
Қайғыдан енді, міне, қалтылдадым.
Тірідей көрге кірді деген осы –
Көрген соң айдын көлдің тартылғанын.

Бір кезде көл төрінде сайрандадым,
Тереңнен жұлдыз бенен ай қармадым.
Үмітім ескек болды өміріме,
Көл барда орындалып ойға алғаным.

Толқындар буырқанып шалқығанда,
Зуладым үміт-ескек тартып алға.
Өмірім иірімдей терең еді,
Көл барда көңіліме шаң тұрар ма?

ПОЭМАЛАР

ТУ Төбеңнен елдік нұрын тұрған құйып, Өмірде еш нәрсе жоқ Тудан биік!

Автор

І Шаңқай түс, тамылжыған шілде айында Естіген оқиға еді Ту жайында. Қаз-қатар қона қалған қалың ауыл Биік тау алқымында – су бойында. Көкейде кішкентайдан қалған сурет Жүретін сәуле шашып жылда ойымда.

Алданған жас баладай күнде ойынға,
Заманның кім кетпеген ыңғайында?
Санасаң шаш етектен шеккен бейнет,
Не пайда салынғанмен құр уайымға?

Ер жігіт өле-өлгенше тыным таппас,
Тұрғанда ел парызы қыл мойында.
Гүрілдеп асау өзен таудан аққан,
Толқиды көбік шашып жарқабақтан.

Ышқынып, дөңбекшиді, долданады,
Тастарды домалатып суда жатқан.
Көмілген Тарбағатай басы қарға,
Шешуге ақ тұмағын асығар ма?

Көк өзен көлденеңге өткел бермес,
Ауғанша жаз ортасы тасығанда.
Кербез тау шымылдықтай керіледі,
Қойнында бұққан аю, бөрілері.

Аршыған жұмыртқадай аз боз үйлер

Н е с і п б е к А Й Т О В
Шаңқиып көз ұшынан көрінеді.
Тыпыршып, бөгелектеп желідегі
Байланған жас құлындар зерігеді.

Жотада желдеп тұрған жылқы үйірі
Түсуге төмен қарай ерінеді.
Секірсе тұяқтары сытырлаған,
Ешкі-лақ тас түбінде жыпырлаған.

Бауырына басын тығып бір-бірінің,
Үйезде қой отары бықылдаған.
Ірімшік-құртты аңдиды өредегі
Сауысқан ұшып-қонып лыпылдаған.

Ыстықта әуе айналып жерге түскен,
Жұрт қызу дуылдасып, қымыз ішкен.
Аңқиды саумал иісі самал соқса,
Әр үйден күрпілдетіп саба піскен.

Аспанға түтін созып тезек оты,
Қазанда шымырлайды бағлан еті.
Көкжиек сақинадай дөңгеленіп,
Секілді көрінеді жердің шеті.

Қызыққа көбелектер еркін батып,
Ұшады қанаттарын жарқылдатып.
Салақтап қызыл тілі көлеңкеде,
Соғады ит бүйірін солқылдатып.

Еске алып келмес күнді енді қайтып,
Төрде отыр бір қария әңгіме айтып.
Таңдайын тыңдағанның тамсандырып,
Сөйлейді бір күлдіріп, бір мұңайтып.

Суырып түптен тартып сөз қозғасы,
Сияқты өлең-жырдың бозжорғасы.
Ақтарса көне сырды кәрі жүрек,
Сынаптай сырғанайды көзден жасы.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н Бұл маңда Жақыпбекті1 кім білмейді, Жүйріктей желсе тұяқ ілдірмейді. Қалақтай домбырасын қолына алса, Қосыла көкірегі күмбірлейді. Әсет2 пен Кәрібайдың3 соңына еріп, Ел кезіп, еркін шалқып жүрдім дейді. Алашпыз намыс туын құлатпаған, Көрсек те қанша қуғын-сүргін дейді. Тоқсанға сексен асып аяқ басқан, Ғасыр тұр ар жағында таяқ тастам. Жалтылдап жүні қызыл қайран ғұмыр, Түлкідей бұлаңдайды таяп қашқан. Ақ мамық сақал-шашы үлпілдейді, Қызарған көздің алды кілкілдейді. Сұңқардай мойнын соза сөйлегенде, Тобықтай жұтқыншағы бүлкілдейді. Денесі шымыр біткен шаршы ғана, Ұқсайды құс ішінде қаршығаға. Жалт етіп қарағаны – зердең болса, Дегендей сөзге құлақ салшы, бала! Ол кезде мен – он бесте, ол – тоқсанда, Не деген безер едім жортақ сонда? Енші алып езуінен қалмаппын-ау, Әйгілеп әр сөзіне ен тақсам да. Кезікпес көшпелі алтын енді маған, Дариға, қанша өкініп сан соқсам да! Сарыны әңгіменің қыза-қыза, Ауысты көне жырдың ұзағына: 1 Жақыпбек Кәріпбайұлы (1864-1972) Тарбағатай өңірінде өткен шежіре қарт. 2 Әсет Найманбайұлы. 3 Кәрібай Таңатарлы – репрессия жылдарында Тарбағатай өңірінде қызыл шекарашылардың қолынан мерт болған атақты ақын.

Н е с і п б е к А Й Т О В

– Жалғанда кім бар дейсің, – деп, күрсінді, –

Ажалдың ілінбеген тұзағына?
Баласы Таңатардың Кәрібай-ды,
Айтпасам көпке сөзім дарымайды.
Оғынан опат болған қызылдардың

Арысты бүгінгі ұрпақ танымайды.
Өлшеусіз тартқан азап өмірінде,
Өнері бірге сөнді көңілінде.
Ақын жоқ бұрын-соңды одан асқан

Осынау Тарбағатай өңірінде.
Айтысып Әсетпенен Көктұмада,
Өлеңде оза шауып, өтті дара.
Сұраусыз судай ағып кете барды,

Татымай ердің басы тоқтыға да.
Өлеңмен кіндіктес боп туып іштен,
Жан еді Әбілхаят суын ішкен.
Шаң қаппас шаңқан боздай шыға шауып,

Танбаған топқа түссе жүгірістен.
Келе алмай шалымына жолда қалған,
Талайлар кеуде қағып күбініскен.
Атқандар Шәкәрімді оны да атты,

Жаласып шайтан ауыз ібіліспен.
Шырмауын бұл дүниенің шешу қиын,
Шатысып, шиеленіп, ілініскен.
Түсерсің сергелдеңге ертең оңай,

Мерейің болғанменен бүгін үстем.
Жігіттің сұлтаны еді сол Кәрібай,
Байғұсты жаратыпты сорға Құдай.
Көмуге мұрша бермей қанішерлер,

Кебінсіз бір шұңқырда қалғаны-ай?!

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Жас келіп жанарына қалды отырып,
Көңілдің өткір жүзі сәл кетіліп.
Күрсініп іштерінен мұңға батты,
Тыңдаған құлақ қойып ел де тынып.

Қолқалап қоймаған соң халқы қыстап,
Жалғады сөзін қайта кең тыныстап.
Төгілді таудан түскен тас бұлақтай,
Денесін қыран құстай еркін ұстап:

– Балаған қысылғанда бірді мыңға,

Біздің ел не көрмеді бұл ғұмырда?
Қойнында мына таудың кім қалмады,
Кешегі қазақ-қалмақ қырғынында?
Сондағы шейіт болған марқұмдардың

Үні бар аққан судың сылдырында.
Кәрібай жырлаушы еді таңнан таңға,
Ажалдың кетпегенде шылбырында.
Аузынан көп әңгіме естіп едім,

Күмән жоқ әр сөзінің шындығында.
Бұл таудың арғы беті, бергі беті,
Гуілдеп соғып тұрған желдің өті.
Дүние талай аунап-төңкерілді,

Сөнгенше жыпырлаған жаудың оты.
Ел қорғап, опат болған боздақтарды
Жырлайтын тағы да бір келді реті.
Халықты жаугершілік сан жүдетіп,

Қиямет көпірінен келдік өтіп.
Сұрасаң өткен өмір оқиғасын,
Айтады жер аттары мөлдіретіп.
Тілдесіп тарихымен елестеген,

Күнім жоқ атажұртпен кеңеспеген.
Төсінде Барқытбелдің сайрап жатыр
Соқпағы сұрапылдың әлі өшпеген.

Н е с і п б е к А Й Т О В Тау-тасқа, өзен-суға, тал-қайыңға, Тіл бітсе толғанады сол жайында. Рухы бабалардың жанға жақын, Уақыттың қалса-дағы шалғайында. Қазақты тағдыр қанша тентіретті, Батырлар ат үстінде жортып өтті. «Бөкенбай жазығы»4 деп атайды жұрт Кіші жүз қолы жатқан кең түбекті. Тауы тұр одан бері Жағалбайлы5 Тарихын іздемеген таба алмайды. Жаманның бар мен жоғы кімге керек, Жақсының басқан ізі жоғалмайды. Жаны бір қайран ерлер қандыкөйлек, Ел үшін отқа түсіп көрді бейнет. Бастарын басынғанның табанға сап, Ақырып атажаудан алды ғой кек. Тоқсанда тасырқаған қартқа, мына, Ағайын, жаза бассам, артпа кінә! Алғыдан мирас қалған аманатты, Тапсырсам арманым жоқ арттағыға! Осылай ұзағынан толғап еді, Сүңгітіп тұңғиыққа сонда мені. Шұбырып сілекейім, аузымды ашып, Сусыным шөліркеген қанған еді. Жақаңның жатқан жерін жарық қылсын, Үзілген жіптің ұшын жалғап еді. Берейін кейінгіге қайта жырлап, Жадымда жаңғырығы қалған еді. 4 Бөкенбай жазығы – Тарбағатайда кіші жүз табын Бөкенбай батырдың қолы жатқан ж 5 Жағалбайлы тауы – Жағалбайлы қолы жатқан Тарбағатайдың бір саласы

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н ІІ Ауырлық түсер болса ел басына, Аруақтың жер батады жамбасына. Үңілсең сай-сүйегің сырқырайды, Бабаның тасқа басқан таңбасына. Жерініп жатырынан жүргендердің Тартпаса қары сынсын қандасына! Кім келіп баса-көктеп кідіңдесе, Біздің ел көкке ұшырған күлін кеше. Сарбаздар сайыпқыран атқа қонған, Ақ туы Абылайдың дүрілдесе. Қатерден қорғаймын деп ел-жұртымды, Ерлердің қолтық еті сан жыртылды. Қазаққа қазған көрге өзі түсіп, Жоңғардың жонарқасын тағдыр тілді. Босамай батырлардың буған белі, Жөңкілте жауды қуды Сырдан бері. Бетінде кең даланың жазулы тұр Қынадай әр төбеде қырған жері. Жеткізген жылдар жырлап мұны бізге, Өліміз өсиет қып тірімізге. Алашқа ұран тастап бата берген, Төле би – ел қамқоры Ұлы жүзде. Қаһарлы Хан Абылай ту түбінде, Дұшпанға төнді ажалдың бұлты күнде. Тұтасқан қалың жасақ тынбай жортты, Қонақтап құс ұйқысы кірпігінде. Қазақ пен қалмақ киіз туырлықты, Қайғының екеуі де уын жұтты. Үш жүздің қалың қолы Хантауында, Ойрандап ойраттардың6 туын жықты. 6 Ойрат – қалмақтың бір тайпасы

Н е с і п б е к А Й Т О В
Қалмақтар аңыраған қайғыланып,
Ол жерді «Аңырақай» дейді халық.
Өтті ғой содан бері қанша ғұмыр,

Күн батса, қайта туған ай қуанып.
Жалғанның жұта алар ма бәрін жалмап,
Қорқаудың қай тілегі орындалмақ?
Жетісу, Алатаудан қопарылды,

Теңіздей төңкеріліп қалың қалмақ.
Өлігін жинай алмай отбасынан,
Күйзелді күңіреніп қатты осыған.
Ұлыған иттей шулап қайта шықты

Бір кезде кірген Жоңғар қақпасынан...

ІІІ Шықпаған биігі еді бұрын тіпті, Дарабоз Ақшәуліге туын тікті. Сауыры Барқытбелдің самалдап тұр, Құлпырып көкмайсасы құлын түкті. Жұмсаса жау түсірер күн құрғатпай, Жанында Ақтанберді, ер Дәулетбай. Шыңқожа, Көкжал Барақ, би Боранбай, Жас пері ер Жәнібек, Баймұраттай. Шынтақтап шыңға өрлеген тас-қияны, Ақшәулі аспан тіреп қасқияды. Болдырып Барқытбелге келген жылқы, Аунаса бір-екі күн ес жияды. Қалың қол тыныстады осы арада – Алтайға кірер алтын босағада. Тұнып тұр гүлге оранған сай-саласы Қарақат, таңқурайға, тошалаға. Жалбызын жұпар атқан жанға шипа, Иіскемей пенде зауқын баса ала ма?!

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Болмаса жердің құты, судың сүті,
Табиғат мұнша жайнап жасана ма?
Қазақтың Құдай берген қонысында,
Тайраңдап жүрді-ау қалмақ кеше ғана?!

Боялып ат тұяғы бүлдіргенге,
Сарбаздар сергіп қалды бұл күндерде.
Мың тартқан бейнетіңді айырбастап,
Не жетсін бейбіт жүріп бір күлгенге.

Көзінен күміс моншақ атқылаған,
Тұлпарлар шөл қандырды ақ тұмадан.
Кісінің қылпын көрсе шақылдайды,
Суырлар «Аттан!» салып шапқылаған.

Барқытбел деп атаған арғы бабам,
Шыққан сөз Тарбағатай тарғыбадан.
Суырды «Тарғыбадай аң қайда?» деп,
Қалмақтар қашқан кезде зар жылаған.

Заңғардан көзін салған арқар-құлжа,
Сезбейді не боларын ертең мұнда.
Мәңгілік қозғалмайды қара жартас,
Куәгер көнеде өткен сан тағдырға.

Самғайды көкте қыран желдегендей,
Кеудесін ашу-ыза кернегендей.
«Адамзат, сендер бекер таласасың,
Бұл таудың шын иесі – мен!» дегендей.

Жоңғардың жанталасқан мүшкіл халі,
Жұлқыспақ жұлынғанша тіс-тырнағы.
Айырылса Барқытбелден пана болмас,
Алтайдың теріскейі, түстік жағы.

Нор Зайсан, Қоймаңырақ, Қозымаңырақ,
Айтқандай Бұқар жырау, толы қалмақ.

Н е с і п б е к А Й Т О В Сұстанып қаһарына мінген қазақ, Суырып қолқасынан жанын алмақ. Қарайған торғауыттар7 қандарына, Ұқсайды түздің жыртқыш аңдарына. Өліспей берісетін түрлері жоқ, Шорғаның шоғырланды аңғарына. ІV Ел үшін қанын төгіп, жанын берген, Сұмдықтың қайран ерлер бәрін көрген. Қасына Қабанбайдың туын тікті Бөгенбей бұлттай шөгіп қалың қолмен. Қолдаған жерде әулие, көкте – Құдай, Аспандап ақ байрағы жетті Абылай. Қазыбек, Бұқар жырау қалай жатсын, Жоңғардың туын жығар шақта бұлай?! Намысын жібермейтін жауға тірі, Үш жүздің басын қосты бар батыры. Наурызбай, Бердіқожа бұрын жетті, Білінер осындайда жер жақыны. Жүйріктің бауыры жазық, қолтығы кең, Шапқанда шаң боратар серпінінен. Табын мен жағалбайлы жігіттерін Бөкенбай бастап келді жер түбінен. Батырлар келіп жатыр арт-артынан, Кісінеп тұлпарлары жер тарпыған. Лық толды топан судай қазақ қолы Қойнына Барқытбелдің кең шалқыған. 7 Торғауыт – қалмақтың бір тайпасы

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Кеңесіп шайқас жайын алда тұрған,
Абылай сөз бастады төрде отырған:

– Торғауыт оңайлықпен алдырмайды,

Қоғадай жайпамасақ жел жапырған!
Кететін түрлері жоқ ақылға сап,
Ойрандап, омыртқасын опырмасақ.
Алтайдан ары асыра айдап салып,

Қарасын көрместей ғып батырмасақ!
Деді де батырларға хан қарады,
Қалмақтың жайын білмек Шорғадағы.
Алдымен жауап беріп Ақтанберді,

Қырандай қызыл көрген сорғалады:
Хан ием, бір Құдайдың көзі көрді,
Обалы бұл жоңғардың өзіне енді.
Келсе де жеті атасын түгел жинап,

Торғайдай тоздыратын кезі келді.
Сарбаздар тықыршуда әмір күтіп,
Шап десең, жіберердей жүндей түтіп.
«Бір тосқын мың асқанға» деген рас,

Шыпасы шыныменен тұр ғой бітіп.
Отырмыз хабар алып әр күн сайын,
Абайлап жаудың сырын, жердің жайын.
Қырық жыл қырғын салған ит қалмақты

Тып-типыл қылатұғын келді ыңғайың!
Саңқ етті дүр сілкініп қарт Бөгенбей:

– Несіне бөгелдік, – деп, – атқа қонбай?!

Сөзіне шолғыншының қарағанда,
Торғауыт әлі аяғын тартпағандай.
Қалмақты жүрген жоқпыз жаңа көріп,
Ырқына жібереміз неге көніп?

Н е с і п б е к А Й Т О В
Бөрідей шулап жатқан көрінеді,
Орыстың от қаруын ала келіп.
Төнгенін көріп отыр зауалдың да,

Табандап тұра алмайды олар мұнда.
Ортасын ойрандайық қақыратып,
Ат қойып алагеуім таң алдында.
Ширығып қарт бурадай қаңтардағы,

Бөгенбай турасынан жалтармады.
Қалмақты көгендейтін сыңайы бар,
Құл қылып құлақкесті – ен-таңбалы.
Қабанбай үнсіз тыңдап отыр еді,

Сезгендей бір сұмдықты көкірегі.
Топтанған торғауыттың айдан анық,
Қандасып қырқысуға бекігені.
Абылай жазбай салқын қалыбынан:

– Дарабоз, сен не дейсің, – деді, – бұған?

Қиғылық салатұғын түрі бар ғой,
Асасқан құйрық-бауыр кәрі құдаң.
Бұғыдай мүйіздері сырқыраған,
Құданың, – деді батыр, – сұрқы жаман.

Құйылып үсті-үстіне қиқу салып,
Қазандай қайнап жатыр бұрқыраған.
Соқпасақ көкжелкеден арғы жақтан,
Ауыр қол аянбайды бергі жатқан.

Өздері күткен жерден барып тисек,
Дайын тұр қауып түсер қанды қақпан.
Не керек көзсіз ерлік болсаң майып,
Айланы асыратын жол таңдайық.

Айналып ту сыртынан алдын кесіп,
Біріне бірін қоспай талқандайық.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Кеңесте кең пішілген күні бойы
Бөлінді екі жаққа көптің ойы.
Толғады Бұқар жырау сонда тұрып,
Алаштың артық туған ақылгөйі:

Шөкпейтұғын тау болмас,
Шешілмейтін дау болмас.
Ұран салып шапқанда,
Ұрымталдан соққанда

Шашылмайтын жау болмас.
Керегесі қаңқайған,
Шаңырағы шалқайған,
Жоңғар жұрты енді оңбас.

Ей, Бөгенбай, Қабанбай!
Қалың қолға болған бас,
Қандыкөйлек жан жолдас.
«Аттан!» десең екеуің,

Атқа қонбас ер қалмас.
Қан боп ақты емес пе,
Қара көзден тамған жас.
Өздеріңе аманат –

Соңдарыңнан ерген жас!
Қалмақ қашып сетінер,
Қазақ өсіп жетілер,
Аман болса мал мен бас!

Ей, Бөгенбай, Бөгенбай!
Таусылмасын төзімің.
Аңдап тұрсам, жөні бар
Дарабоздың сөзінің.

Алтай менен Барқытбел –
Атажұрты өзінің,
Қарашығы көзінің!
Бұл араға келгенде,

Жау қарасын көргенде,
Дарабозға дем берер:
Тауда жортқан тағысы,

Н е с і п б е к А Й Т О В Құстың қанат қағысы. Соққан желдің лебі де, Өзен-судың ағысы. Әр бұтасы, әр тасы, Қоғасы мен қамысы. Ей, Абылай, Абылай! Айтсам сөздің қысқасын, Көңілдегі нұсқасын – Ақтық айқас тізгінін Ер Қабанбай ұстасын! Толқымай екі ойлы боп манағыдай, Тоқтады мына сөзге Хан Абылай. Көпшілік қол жайысты: «Қолдай гөр, – деп, – Ғаламға он сегіз мың, пана Құдай!». V Шығыстан таң оянды алтын иек, Кірпігін нұрға малған тауға сүйеп. Алыстан әрең көзге шалынады Зайсан көл тостағандай күміс жиек. Күніне көшкен бұлтпен мың арбасқан, Алтай тұр ар жағында мұнар басқан. Шүйіліп қыран төнсе төбесінен, Шуылдап шыңдарынан ұлар қашқан. Кеудесі кең даланың жұпар аңқып, Мүлгиді ұйқылы-ояу дүние балқып. Бармақтай қоңырауы көк аспанның – Бозторғай шырылдайды биік қалқып. Келеді төңкеріліп қазақ қолы, Төгілген таудан төмен судай шалқып. Еліріп, еті қызған сансыз тұлпар Басады ауыздыққа сүзе тартып.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Өзендер сай-саладан мөңкіп аққан,
Таулардың бұрымындай шолпы таққан.
Үзілмей қалған түннің үмітіндей,
Сарғайып соңғы жұлдыз жымың қаққан.

Тастағы байғұздың да жағы семген,
Ішіне бар сұмдықты бүгіп жатқан.
Бұлттардың жел қуалап таңғы көшін,
Дегендей аспан асты мөлдіресін.

Азанда қалың қазақ тиіп берді,
Шығарып ұйқы-тұйқы жаудың есін.
Бірінен шошынғанда бірі адасып,
Құлады шеттерінен тыраң асып.

Қаңбақтай киіз үйі төңкерілді,
Төсектен қатын-бала тұра қашып.
Ит ұлып, азан-қазан мал шулаған,
Зілзала – жер шайқалып, көл тулаған.

Жандәрмен атқа қонып қарсы шапты,
Қалмақтар татар дәмі таусылмаған.
Өршіді өрттей қаулап қырғын-ойран,
Ажалға жүзді беріп, мыңды жойған.

Кім өліп, кім қаларын бұл айқаста
Білмейді ешкім басқа бір Құдайдан.
Соққандай құйындатып дауыл қатты,
Тулақтай кең даланың шаңын қақты.

Қан бояп ат тұяғын шашасынан,
Өзен-су қып-қызыл боп ағып жатты.
Қаптаған өлік қырдың бетін жауып,
Көрпесін қара жердің қалыңдатты.

Құл-құтан, қойшы-қолаң, қатын-қалаш,
Сағалап сай-саланы жанын бақты.
Шайқаста Қабанбайға жан батпайды,
Соғарын қай жағынан аңдатпайды.

Н е с і п б е к А Й Т О В
«Айналып ту сыртынан тиесің!» деп,
Жұмсаған бес мың қолмен Дәулетбайды.
Олар да ұрымталдан аңдып тұрып,

Жамсатты жер қайысқан жауды ықтырып.
Тасқынын торғауыттың тұншықтырды,
Жан алып, жан беріскен ерлік қылып.
Өшерін білгендей-ақ аты мәңгі,

Жоңғардың көзінде ажал оты жанды.
Ең соңғы тұяқ серпер күшін жинап,
Тапжылмай, табан тіреп жатып алды.
Төсінде Алтай менен Сауыр-Сайқан,

Салмаған торғауыттар тегін тойтан.
Аталған өзен аты «Қандысу» деп,
Бойында қырғын өткен сол бір сойқан.
Тұра ма жауыз түбі зар қақсамай,

Тағдырдан таяқ жеді қалмақ солай.
Бүгінге сол уақыттан қалған белгі –
«Жеменей», «Күршім», «Зайсан», Майқапшағай».
Жүрегі қазақ көрсе дүрсілдеген,

Қалмақ жоқ ол күндерде күрсінбеген.
Жасады көп қарсылық арпалысып,
Батыры күжірейген Күршім деген.
Екі жақ тағы, міне, бетпе-бет кеп,

Талқандап бірін-бірі таптап өтпек:

– Қайдасың, Бөгенбай мен Қабанбай? – деп,

Күжілдеп Күршім шықты, – жекпе-жек! – деп.
Ызадан жарылардай оған қарап,
Атылып алға шықты Көкжал Барақ:

– Қабанбай, Бөгенбайдан садаға кет,

Ит қалмақ, жетемін, – деп, – саған мен-ақ!
Үндемей мұндай сәтте тұра алмады,
Қалың қол «Абылайлап!» ұрандады.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Күршімге Көкжал Барақ тұра ұмтылды,
Ішінен ауызға алып бір Алланы.
Айқасты найза-қылыш сақыр-сұқыр,
Аспаннан жай түскендей шатыр-шұтыр.

Ұршықтай үйіріліп жерді қазды
Тұяғы тұлпарлардың тапыр-тұпыр.
Аюдай ақырысып арпалысты,
Қақырап қолдарынан қалқан ұшты.

Қандары басқа шауып, көз қызарып,
Тарылып тыныстары, қолқа қысты.
Бір кезде Барақ батыр «Қабанбайлап!»,
Сілкінді көк найзасын тез ыңғайлап.

Астынан иегінің ұрғанында,
Сүңгіді қолқасына терең бойлап.
Қорқырап қызыл қаны ыршып аққан,
Дөңбектей дөңгеледі Күршім аттан.

Өлігін итше сүйреп алып келді,
Ізінен бұрқыратып шаң шұбатқан.
Басталды ұлы шайқас кескілескен,
Ала алмай бірін бірі көп тірескен.

Жаңғыртқан айналаны айғай-шуды
Өлгендер ғана жатты естіместен.
Сұмдықтың көрінісі сондай сұсты,
Қырылып екі жақ та баудай түсті.

Майданда мейірім деген атымен жоқ,
Аяйтын Тәңір ғана ел байғұсты.
Соғыстың баяндайсың жайын қалай,
Жасырсаң болған істі мойындамай.

Жау жағы бір мезетте басым түсіп,
Серпілді қайран ерлер кейін қарай.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Торғауыт топырлата қуды келіп,
Көрмеген атқан оғын құр жіберіп.
Кенеттен аттың басын қайта бұрды,

Қашқан қол желбіреген туды көріп.
Қазақтың шыдай алмай соққысына,
Қалмақтар қалжырады қатты, сірә.
Бөлінді бас сауғалап бет-бетіне,

Келгенде Маңырақтың дәп тұсына.
Жау қашты, қазақ қолы тыныстады,
Боялған қанға найза-қылыштары.
Өлігі құрбандардың жайрап жатты,

Біткендей пәнидегі жұмыстары.
Жалғыз тұр ту ұстаушы дөң басында,
Көргендер аң-таң қалды алғашында.
Байрағы қолындағы желбірейді,

Өзінің көрінбейді жан қасында.
Болмастан ойларында ешбір қауіп,
Батырлар сатырлатып келді шауып.
Күйінде ту ұстаған қатып қапты,

Өлсе де құламаған аттан ауып.
Қос жебе қатар тиіп өндіршектен,
Аққан қан омырауын кеткен жауып.
Аты да астындағы қозғалмайды,

Тізгінін тұқыртыпты ебін тауып.
Қаруы жерде жатыр саудыраған,
Екі көз жұмылмапты жаудыраған.
Төбеде туын жықпай қасқайып тұр,

Дегендей «Не қыласың енді маған?!».
Егіліп жан қалмады жыламаған,
Көргенде Қазымбетті құламаған.
Жықпаққа қазақ туын көздеп атқан

Қалмақтың сұрмергені сығалаған.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н Күңіреніп аттан түсті ер Қабекең, Сіресіп Қазымбет тұр ерде бекем. Түбінен тудың сабын қатты қысып, Қарысып саусақтары қалған екен. Қолынан туын алып ел әзерге, Тапсырды қайран ерді қара жерге. Байрақты жас жігітке беріп тұрып, Дарабоз былай деді қарап елге: – Күн туар деген рас ұл туғанға, Түсесің от пен суға жұртың барда. Ешқашан өлмек емес ер Қазымбет, Артында желбіреген ту тұрғанда! Жалауын қатты соққан жел ұшырған, Тарихта талайлардың сағы сынған. Жығылмай тумен бірге тұрып қалған, Қазағым, айналсаңшы арысыңнан!.. VІ Қара Ертіс, Сауыр-Сайқан, Қотанашы, Барқытбел, Шорға, Зайсан екі арасы – Босады тұтас жатқан торғауыттан, Сорайып жұртта қалған атағашы. Кешегі қия шауып ел тонаған, Жоңғардың күні бітті анталаған. Жұрнағы жылай-жылай Алтай асты, Жаяулап ертоқымын арқалаған. Шашылып керегесі, шаңырағы, Артына қарай-қарай аңырады. Айырылып қатындары баласынан, Ешкідей лағы өлген маңырады.

Н е с і п б е к А Й Т О В Тағдырдың кім құтылар кесімінен? Бәрі де пенденің өз кесірінен. Ит ұлып, бота боздап, қозы шулап, Шырылдап сәби қалды бесігімен. Ілбіген ілесе алмай кәрі-құртаң, Ажалдың сығалады есігінен. Тойынып ит пен құсы құла дүздің, Жемтікке қарық болды қарға-құзғын. Олжа боп дүние-мүлік, мыңғырған мал, Талайы торға түсті сұлу қыздың. Күн кешіп бір күн ащы, бір күн тәтті, Ақыры жоңғар жұрты қырғын тапты. Батырлар дүркірете қуып барып, Алтайдан аса бере тізгін тартты... VІІ Өзендей көңілі тасып ұрған жарға, Қабанбай туын тікті бір заңғарға. Үш жүздің қалың қолын түгел жинап, Ас берді шейіт кеткен құрбандарға. Құжынап сан мың жасақ сайда жатты, Табанын көкмайсаға тайғанатты. Сойған мал, төккен сорпа қисабы жоқ, Кілкіген судың беті май боп ақты. Ерлігін бабалардың ел аңсайды, Көненің көмескі ізін заман шайды. «Майлышат» дейді халық осы күні Алқабы ат шаптырым терең сайды. Қазақтың жөні жүйрік сыйға қандай, Ұстады ас тізгінін би Боранбай. Апайтөс алпауыттар алшаңдайды, Барқытбел бөктеріне сыймағандай.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Жыр төкті Ақтанберді судай тасып,
Балуандар күш сынасып күнде айқасып.
Шығарды кең жазықтың шаңын көкке,
Жүйріктер шамаларын бір байқасып.

Түспесе тіршілігі кейде есіне,
Жігітке дүниенің пайдасы не?
Мөлдіреп тұтқын қыздар қарақаттай,
Шетінен тігілді аттың бәйгесіне.

Атағы Абылайдың жерді жарып,
Айтуға құтты болсын келді халық.
Қарыны ақ түйенің ақтарылып,
Шаттанды алыс-жақын ел қуанып.

Олжаны Хан Абылай өзі бөлді,
Үш жүздің қарап тұрған көзі көрді.
Кенеттен көптің көңілін толқытқаны –
Қақ жарған Қабанбайдың сөзі болды:

– Уа, жұртым, қоныс таппай, ел қонбайды,

Атадан келе жатқан жол қалмайды.
Бір тойда екі жар жоқ баяғыдан,
Бұл жолы найман қолы олжа алмайды.
Оңына жауды жеңдік бастап Алла,

Анамыз жеген емес босқа қалжа.
Киелі бабамыздың басы жатқан,
Жоқ бізге атажұрттан асқан олжа!
Кеткенде атамекен жат қолына,

Қанды жас көзімізден ақпады ма?!
Көруге көне жұртты қайта жазған,
Тәңірдің разымыз тоқтамына.
Алдымен тиер болсын мол қазына,

Ұлы жүз, Кіші жүздің сарбазына.
Орта жүз, жаудан қайтқан жер сенікі,
Қалмайық алыстағы ел назына.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Тұлпары астындағы тұлданғасын,
Тіріден дәметеді кім болмасын.
Бөлінсін ине-сабақ жіпке дейін,

Қаралы әр шаңырақ құр қалмасын.
Тұрғыдан табылмаса тұрқы бірге,
Ерлердің арқа сүйер жұрты кімге?
Біріміз ұран салып атқа қонсақ,

Болайық иісі қазақ ту түбінде!
Қашанда болған емес қырғын оңай,
Мың тәуба! Аман қалды ту құламай.
Туған ел ту түбінде тулап өлген

Ұмытар Қазымбеттей ұлды қалай?!
Қайран ер амал тапсын басқа қандай,
Соққанда ажал атты тасқа маңдай?
Өлсе де туын қолдан түсірмеді,

Желімдеп ертоқымға тастағандай.
Біріңе қысылғанда – бірің қорған,
Қазағым, қисаймасын туың қолдан!
Ұшпасын үш қайтара күн туса да,

Басыңа бақыт құсың бүгін қонған!
Қалың жұрт сермегендей шыңға қанат,
Таудағы тағзым етті туға қарап.
Байраққа бата беріп тарап жатты,

Арттағы амандығы ұлға – аманат!..

VІІІ

Айбынды ту көтеріп, тұлпар мінген,
Бабалар ерлігіне іңкәрмін мен.
Тайған соң бастан бақыт, төрден – тақыт,
Бетпе-бет келдік талай сұм тағдырмен.

Кең дала қасіреттен тұрды аңырап,
Халықтың көкірегі құр қаңырап.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Байрағы Бостандықтың көзден тайды,
Басымен Хан Кененің бірге құлап.
Ту үшін қан төгістік, кескілестік,
Көрмеген сұмдық көрдік ешкім естіп.

Тар бұғау желкемізді қиғаннан соң,
Әйтеуір еріксізден көшке ілестік.
Кеудесін атқан оққа төсеп өлген,
Алаштың туы қайда кеше көрген?

Жарқырап Тәуелсіздік таңы атпаса,
Өктемдік бізге қашан есе берген?
Көздеумен шауып шығар көктөбені,
Әркімнің өз тұлпары ерттегені.

Қиылған қыршындардың Желтоқсанда
Елесі түн ұйқымды төрт бөледі.
Жауыздың ешбірі жоқ жаза көрген,
Қашанда қиянаттан қазақ өлген.

Көк тудың қасиетті киесі атар,
Сабынан ұстамасақ таза қолмен!
Жығылмас ешқашан да елі жарға,
Алдында ту ұстайтын Ері барда!

Көтеріп алып Байрақ қазақ отыр,
Тілегін аңсап күткен беріп Алла!
Төбеңнен елдік нұрын тұрған құйып,
Өмірде еш нәрсе жоқ Тудан биік!

Күн туса ел басына Туды қорғап,
Өледі Қазымбеттей кім жан қиып?!
Бола ма ата салтын ұмытуға,
Тағзым ет, бауырларым, ұлы Туға!

Шуағы сұм өмірден шындық таппай,
Мұздаған жүрегімді жылытуда!..
Әумин!

Н е с і п б е к А Й Т О В ҚАРАӨТКЕЛ ҚЫРҒЫНЫ Астана – ескерткіштің ең ұлысы, Ұлт үшін құрбандардың барлығына!.. Автор І Төңкерген әлдеқашан тайқазанды, Япыр-ай, айтсам екен қай заманды? Мияулап тарғыл мысық секілденіп, Алады ұйқы бермей, ой мазамды. Зер салып үңілмесең белгісіне, Заманның арғысы не, бергісі не? Қобыздай күңіреніп қоя берер, Кезіксең көкірегі шерлісіне. Тыныстап уақыт қашан көзін ілген, Тартады өз жолымен өзі білген. Арпалыс адам жүрген жердің бәрі, Тірлікте көбі жылап, азы күлген. Сарынын жеткізгенмен жел ызыңдап, Өткеннің бәрі де елес, бәрі жұмбақ. Сарғайған сарнауменен кәрі тарих Біткен жоқ бас-аяғын әлі жырлап. Тұңғиық дүниенің түбі шексіз, Кім ашар құпиясын құдіретсіз? Сағымға айналмайтын жан болмайды, Бүгін бар көрінгенмен, ертең жоқпыз. Қызығып қайран қазақ дүние-боққа, Жем болып көрінгенге жүрген жоқ па? Қадірін бір-бірінің біле бермес Бас аман, бауыр бүтін, қарын тоқта.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Жайсаңын жарға жығып тобыменен,
Өкіріп өлгеннен соң еңіреген.
Бауырын байлап беріп қолыменен,
Басқаның тұлыбына мөңіреген.

Қазақтың айтып бітем қай қылығын,
Сондықтан сорға батқан қайғылымын.
Жарытпас үйір салып жаман айғыр,
Алдырған топ қасқырға тай-құлынын.

Ел шауып, керуен тонап жау-жаламен,
Мұратқа жеткен жан жоқ олжаменен.
Болмаса кіндігінде бір кінәрат,
Ер жігіт жұртын қорғар қалжа жеген.

«Қазақтың өлісінің бәрі жақсы»,
Дәл басып жаманын кім танымақшы?
Ашпасаң аражігін ажыратып,
Шындыққа ұрпақ қалай жарымақшы?

Қазақтың атасының бәрі батыр,
Көбісі бері де емес, арыда тұр.
Ерлігін Есім ханның еске салып,
Қасқайып Қасым ханның жолы жатыр.

Бабалар сансыз жаудан елді қорып,
Салыпты сар далада шаңды жорық.
Аңсаймын солар мінген тұлпарларды
Ағызған ауыздықтан қанды көбік.

Алқынбас ақын, шіркін, желді көрік,
Сөйлесе еркіне бір ел жіберіп.
Кешегі ақсақалды сағынамын,
Бүгінгі шала қазақ шалды көріп.

Аяймын немересін шүлдірлеген,
Жарытып жатырынан тіл білмеген.
Мәңгүрттер селт етпейді міңгірлеген,
Үніне домбыраның күмбірлеген.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Домалақ, Қызай, Мұрын, Айпара анам,
Кешіргей күнәм болса байқамаған!?
Мүсірке көкектерді секектеген,

Ұяда жұмыртқасын шайқамаған.
Қайдасың, қара қобыз – кәрі жырау,
Алыстан сарыныңды таныдым-ау!
Береді бір күн бетін, бір күн сыртын,

Саудагер, сайқалдардың бәрі мынау.
Кетбұға, Ақтанберді, Дулат бабам,
Сендерсіз таңым атып, күн батпаған.
Түзетіп жібергейсің заман бетін,

Мойнындай жас баланың бұлғақтаған.
Күңіреніп жапан түзде жалғыз өткен,
Жұрт қайсы, Абай ата, сен түзеткен?
Қазақтың мал күзеткен бәрі кетті,

Болмасаң өзің ғана ел күзеткен!
Қазағың кеше де осы, бүгін де осы,
Не болар бүйте берсе, түбінде осы?
Көзді алдап, көңілді арбап құбылады,

Құлпырған қызыл-жасыл ғұмыр көші.
Жалғаннан жақсы да өтті, жаман да өтті,
Қайсысын тоқтатуға шамаң кепті?
Ит қуған асау тайдай ойнақ салып,

Қарамай алды-артына заман кетті.
Ежелден ел қыдырған ескі әңгіме
Аяңдап ақырында маған жетті.
Ұшығын ұстатпаса өзі келіп,

Таба алмас іздегенмен адам жоқты.
Тыңдауға керек сөзді халқым дайын,
Жарқылдап сөйлейтін бір келді ыңғайым.
Толғайын көне сүрлеу сорабымен

Саққұлақ айтып кеткен елдің жайын.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н Ұрпағы Қанжығалы Бөгенбайдың Төгілткен тіл ұшынан сөздің майын. Дүние жүз қайтара өзгергенмен, Сөз қалмас арттағыға кез келгеннен. Тұсында Хан Кененің ғұмыр кешіп, Қым-қуыт зобалаңды көзбен көрген. Аңыз көп ел аузында ескідегі, Түгендеп тауысқан жоқ ешкім оны. Қолымен Ералының хатқа түскен, Шешеннің көргені мен естігені. Ералы – туған ұлы Саққұлақтың, Тұнығын қанып ішкен ақ бұлақтың. Дәметіп Саққұлақтың сарқытынан, Мен дағы біраз жерге шапқылаппын. Әкенің асыл сөзін теріп елден, Ералы ұзақ жасап – бері келген. Жылында мың тоғыз жүз отыз екі, Семейде сексен беске келіп өлген. ІІ Жалғанның қызығына жан тоймаған, Пенде жоқ ажал жетсе жантаймаған. Абылай өлгеннен соң мұрагері – Уәліні Орта жүзге хан сайлаған. Ресей бұл шешімді қабыл көрген, Уәліге шекпен жауып, шенін берген. Тарбиған көк тырнағын жаза түсіп, Есінеп жолбарыстай жонын керген. Алыстан мүлт жібермей көздегенін, Қалайда жасап баққан өз дегенін.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Оятқан түртіп мылтық ұшыменен,
Қазақтың бодандықты сезбегенін.
Даланың қусырылып еркін шағы,

Хандардың қалтылдаған алтын тағы.
Тартылса жөңкіп аққан арынды өзен,
Құрдымға құйылмай ма сарқыншағы.
Төмендеп шалқып-тасып толған айдын,

Кеміген ерден қайрат, елден айбын.
Қалқайып әрең тұрған қара қостың,
Ұшары жұмбақ еді желге қай күн.
Қаһары ақ патшаның сондай қатты,

Уәліні қуыршақтай қолда ойнатты.
Жуаси бастағанда асау дала,
Ішкені судай сіңіп, балдай батты.
Маңдайға бақ қонбайды жазылмаған,

Ұзаққа хан дәурені созылмаған.
Тік басып жүрген жанның жер бетінде,
Тұрады көрі күтіп қазылмаған.
Не шығар жазғырғанмен құдіретті,

Өлетін Уәлінің де күні жетті.
Жалғанды көндіре алмай билігіне,
Хандардың бірі келіп, бірі кетті.
Ақ патша аттың басын шұғыл бұрды,

Көрмеді хан билігін шыбын құрлы.
Даланы барған сайын баса-көктеп,
Қит етсе қисық басып, қырын жүрді.
Хандықты быт-шыт қылып бөлшектеді,

Ыдырап бір-бірінен ел шеттеді.
Қармағын қапқандарға жем лақтырып,
Шықпастай шырғалады шен-шекпені.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Қазақтың ши жүгіртіп арасына,
Май құйды жанған оттың шаласына.
Алакөз иттей болып ырылдасты,
Түскендер байлық-мансап таласына.

Тұратын ер азайып жел өтіне,
Бөлінді үріккен қойдай ел екіге.
Айналды шенқұмарлар зыр жүгіріп,
Патшаның қарғы таққан төбетіне.

Қуылып қазақ атақонысынан,
Қайқайып орыс басты қонышынан.
Ірітті іштен шыққан шұбар жылан,
Жалғасып жандаралмен жең ұшынан.

Басылып бағынышты ел еңсесі,
Өксіді өкініштен кең өлкесі.
Қосылып жылайтындай жер мен аспан,
Көрінсе Абылайдың көлеңкесі.

Амал жоқ ақ патшаның жарлығына,
Бөлінді Орта жүздің хандығы да.
Уәлінің тізгін кетті уысынан,
Бола алмай әке тағы мәңгі мұра.

Кім тұрған дүниенің артын аңдып,
Бұйырды Бөкей ханға жарты хандық.
Қапталды қаракесек ішіндегі
Төре еді шаңырағында шалқыған құт.

Көгертсе көп тілегі, ел батасы,
Жақсының домалайды өрге тасы.
Барақтың бөрі тектес бел баласы,
Бұл Бөкей – Әлиханның арғы атасы.

Талайды душар еткен мазағына,
Тағдырдың дауа бар ма ғажабына?
Бөкей хан қайдан білсін қызмет етіп,
Жүргенін ұрпағының ажалына.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Ақылмен тамсандырып төңіректі,
Өмірден асылдардың көбі кетті.
Уәлінің тірісінде билік тиіп,

Айғаным хан атынан әмір етті.
Айғаным – нақсүйері хан Уәлінің,
Ақ жүзі елестетер таң жарығын.
Ордаға тірек болған әйел заты,

Іргесін түгел қымтап жан-жағының.
Қаларын кім ойлаған қайда кімнің,
Бақ тайған басынан да Айғанымның.
Құлатпай қоймас түбі соққан дауыл,

Сырығы бір қисайса байрағыңның.
Жойылып Уәліден соң хан билігі,
Күзелді тіршіліктің жал-құйрығы.
Ақ патша жарлығынан кем түспеді

Ояз бен жандаралдың әр бұйрығы.
Кемерге соғылғандай толқын қатты,
Екпінін төнген қатер қарқындатты.
Алшаңдап аға сұлтан сайланғандар,

Бурадай басқан жерін солқылдатты.
Апайтөс арда жылдар қалды да алыс,
Жығылды ерлік туы, сөнді намыс.
Жөңкілте жоңғарларды қуғандағы

Сарқырап селге кетті бар қуаныш.
Өзгеріп жылдан-жылға ел сүреңі,
Абылай тұқымдары әлсіреді.
Қырқысып күні біткен хандық үшін,

Текедей бет-бетімен тентіреді.
Басынан бақыт құсы алты айналған,
Қай пенде опа тапқан шалқайғаннан?
Уәлі хан өтісімен дүниеден,

Аз уақыт Абайділдә хан сайланған.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н Алды-артын замананың тектемеген, Ағасы Қасым төре өкпелеген. Түстікке қотарыла көшіп кетті, Өкпесі қазандай боп көпке деген. Қасымның қасарысқан бұл ісіне Бүлк етіп қозғалмады інісі де. Пендені ту сыртынан тану қиын, Шығыпты кімнің кіріп, кім ішіне? Қомдаған балапандай қос қанатын, Ол кезде Кенесары жас болатын. Бір дәуір белден асып бұлдырады, Мұнартып батқан күндей кешке жақын... ІІІ Қанатын қыран құстай жайғанменен, Талайдың өмірі өткен ойранменен. Бар еді ағайынды екі жігіт Арқада Сейтен менен Тайжан деген. Шығармай батырлықтың сертін естен, Көкжалдар кең далада еркін өскен. Ақмола, Қараөткелді қоныстайтын, Самалы салқын жазда желпіп ескен. Күл төгіп жеті атасы кешегі өткен, Жұрты осы әлімсақтан мекен еткен. Дариға, туған жердің топырағы, Аунаса жұмсақ еді текеметтен. Екі өзен – Есіл-Нұра ен жайлаған, Шалғыны керегедей тал бойлаған. Еріксіз қолдан шығып бара жатты, Айрылу атажұрттан қандай жаман?!

Н е с і п б е к А Й Т О В
Күйінді Тайжан менен Сейтен қатты,
Жалмауыз жаттың көзі жайтаң қақты.
Сұм заман сыры бөтен, тізесі ауыр,

Жыландай белге соққан қайқаңдатты.
Орыстың айдарынан жел еседі,
Ол күнде қазақ қайтіп теңеседі?
Әу баста бекініске таңдаған жер,

Бүгінгі Астана орны емес еді.
Салмақ боп қорғанысқа шақ қаланы,
Нұраның жағасына тоқталады.
Жатқанда қазық қағып, қопын қазып,

Тобымен Тайжан батыр кеп қалады.
Өзеннің ну тоғайлы көк саласы,
Қасында Қабанбайдың ақ моласы.
Қаланың аты содан қалғаны рас,

Ешкімнің бұған енді жоқ таласы.
Ішінде көп тобырдың қара сіңір,
Төренің Қоңырқұлжа баласы жүр.
Қарасып, бас-көз бол деп осыларға

Кеткендей аманаттап бабасы бір.
Жүрегі шымыр етті мұны көріп,
Қайнады зығырданы жыны келіп.
Қорлыққа шыдай алмай жер астында,

Жатқандай жеті атасы күңіреніп.
Намыстың жанға батып жаншылғаны,
Қан толып екі көзге қалшылдады.
Ақырып ат үстінен төне түсті,

Ұшындай көк найзаның шаншылғалы.
«Төренің тумай кеткір арам ұлы!»
Деді де, тартып кетті Бегалыны.
Шетінен қара шекпен қан жалады,

Боялып сақалының қаба жүні.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н Жылқысын түре қуып арқандағы, Жаппасын быт-шыт қылып талқандады. Ер, шіркін, алды-артына қарасын ба, Аяздай ашу қысқан қаңтардағы. Бітерін соңы немен кім біліпті, Бастады Тайжан өстіп бір бүлікті. Мұны естіп Қоңырқұлжа ісіп-кеуіп, Қалайда кек қайтарар күнді күтті... ІV Жеткенше тіршілікке осы күнгі, Соқпағы сан тұлпардың өшірілді. Тайжаннан сескенген соң келесі жыл Бекініс Қараөткелге көшірілді. Сайланған аға сұлтан Қоңырқұлжа, Бұл күнде көңілі жай, өмірге ырза. Жүріп тұр ақ дегені алғыс болып, Айтқаны орындалып оның мұнда. Белгілі атам заман – әлімсақтан, Талайлар жерін сатқан, елін сатқан. Биліктің ық жағында ін күзетіп, Қулықтың қилы-қилы жолын тапқан. Кең жазық Қараөткелдің айналасы, Қазақтың жатқа қияр қай баласы? Ойласа осы жайды Тайжан батыр, Суиды алдындағы қойған асы. Адамға не бар екен жерден ыстық? Жер үшін сойылдастық, ерден ұштық. Жер үшін ұлтарақтай ұлы бабам Намысын жауға атылған жолбарыс қып.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Атадан қалған жерді енді өріс қып,
Қуаныш, қайғыны да тең бөлістік.
Алыста талай ерлер көзін жұмған,

Тұмардай топырағын алданыш қып.
Бүйрегі бүлк етпейді қандай кісі,
Қашанда жер қайғысы – ел қайғысы.
Ойланып алсын бір сәт келісімге,

Жер үшін келетіндер қол қойғысы.
Десек те жер сенікі, жер менікі,
Қара жер барлық тірі пенденікі.
Тырс етіп кіндік қаның тамғаннан соң,

Жер – Анаң! Ол сенікі, сен де онікі...
Не келіп ел басына, не кетпеді,
Шайқалған судай толқып шелектегі.
Ақмола бекінісі атанды енді

Әйгілі Бөгенбайдың Қараөткелі.
Өте алмас жаман-жәутік арба айдаған,
Есілдің түбі терең нар бойлаған.
Көмкерген екі жағын қамыс-қоға,

Үкідей желкілдейді желге ойнаған.
Ерлердің жүзі келіп, жүзі кеткен,
Солардың қасиетті ізі неткен!
Жау қуып бара жатып бір жорықта,

Бөгенбай осы арадан жүзіп өткен.
Батырсыз белдескенін ел жыға ма,
Айқаспай алдаспанға қан жұға ма?
Ұрандап иірімге ат салыпты,

Үрленген қарын байлап қанжығаға.
Басынан төмен қарай құлдағанда,
Дүние таусыла ма жырлағанға.
Қараөткел деген атау содан қалған,

Ауысып бір заманнан бұл заманға.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н V Тайжанға Қоңырқұлжа қақпан құрды, Сұмдықтың шоғын үрлеп, от жандырды. Шақыртып казак-орыс жүзге тарта, Бас қылып Бегалыны аттандырды. Шошытып қонған елді жағадағы, Есілді қарулы әскер жағалады. Сезгендей төгілетін қан иісін, Қанатын қарға-құзғын сабалады. Шығыстан көтерілген күн мұнартып, Соққан жел тына қалды ішін тартып. Аяғы жауыздардың жетпесін деп, Кең дала көсіледі жолды ұзартып. Аттылы жасауылдар жүз қаралы, Көз салып көкжиекке сызданады. Қазақтың Құдай берген байтақ жерін Өзінен сол қазақтың қызғанады. Тағдырдың жонын тосып дауылына, Көрінді Сейтен-Тайжан ауылы да. Бегалы қасіретті бастап келді, Кешегі бірге жүрген бауырына. Қиратып кек алғанмен бүгін тез-ақ, Тартарын ойламады түбінде азап. Өкпеге қиғанменен ағайынын, Өлімге қиятын ба бұрын қазақ?! Оралмас кеткен дәулет, өлген әулет, Не шара, келгеннен соң елге нәубет? Тұқымың бордай тозып, тұздай құрыр, Азғындық ұяласа қанға кеулеп.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Тып-тыныш өлген артық жөні келсе,
Өзіңнен өзің безіп жерігенше.
Иттер да ырылдасқан бір-бірімен,

Бірігіп ұмтылмай ма бөрі көрсе.
Қолында қалт жібермес қанды берен,
Бегалы мылтық атты алдыменен.
Қоршауда қалған ауыл тыпыр етсе,

Шапқандай қырып салмақ шалғыменен.
Өшігіп, аямасқа жат бекінді,
Күйдірер тиген жерін от секілді.
Үйінде Тайжан-Сейтен болмай шығып,

Бегалы бармақ шайнап қатты өкінді.
Мылтықпен тізерлетіп сан жігітті,
Тонады іске татыр мал-мүлікті.
Шырылдап қыз-келіншек, бала-шаға,

Қиырға құлын даусы жаңғырықты.
Жарақтың жоқтығынан қазақ – құрбан,
Тағдырдың тәлкегін-ай мазақ қылған.
Аюдай арпалысты Алыпқара,

Мылтыққа қарсы шауып кезеп тұрған.
Қара күш көп қаруға түк қылмады,
Бас салып, байлап-матап тұтқындады.
Бәрінен қорлық болды дүре соғып,

Желкелеп, қара жерге бұқтырғаны.
Әкетті жаяу айдап Ақмолаға,
Неғайбыл бар бола ма, жоқ бола ма?
Желеді ақбас атан сияқтанып,

Көнбеген мұрындыққа, ноқтаға да.
Жұлдыздай жарқыраған топта дара,
Тайжанның сұлу қызы Тоқбала да,
Тотыдай торға түсіп кете барды,

Сақтай көр байғұстарды, Хақ Тағала!

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н VІ Күн сайын қабырғасы қалыңданып, Ақмола бұлдырайды сағымданып. Сорайып мойнын созған мұнарасы, Тұрады қатер төнсе дабыл қағып. Бір үй тұр қақ ортада сәл еңселі, Тал өскен – айналасы көлеңкелі. Осы еді аға сұлтан мекемесі, Ұстаған уысында сол өлкені. Төрде отыр Қоңырқұлжа құжырайған, Тайжанның шығара алмай қызын ойдан. Көз салып, терезеден масайрайды Түрменің төбесіне мыжырайған. Айғайлап шақырғанда ол гүр етіп, Күзетші есіктегі келді жетіп. Күн бата қызды алдырды қамаудағы Мойылдай екі көзін мөлдіретіп. Үзердей қызыл гүлді сабағынан, Иіскеді ақ торғындай тамағынан. Қыз бала шырылдайды бозторғайдай, Қылғытып жұтатындай қара жылан. Артылып әуреленді құр үмітпен, Кәрі азбан көні кеуіп, күні біткен. Әукесін салбыратып құлай кетті, Жоқ еді өзі дағы мұны күткен. Тоқалы сұлу Зейнеп сылқылдаған, Секілді семіз байтал былқылдаған. Батырға бұғаудағы көзі түсіп, «Босат, – деп, – қол-аяғын!» қыңқылдаған.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Диюды бұқа мойын, бура санды
Шыдасын байлап ұстап бұл қашанғы?
Зейнептің қыбын тауып, мауқын басып,

Армансыз Алыпқара бір жасарды.
Ішінен Қоңырқұлжа қанжылады,
Күндіз-түн Алыпқара – аңдығаны.
Құтылмақ болды қызбен екеуінен,

Тарту қып жандаралға Омбыдағы.
Сорғандай уға малып бал қасықты,
Тұтқын қыз өмір сырын алғаш ұқты.
Екеуін бір түйеге мінгестіріп,

Айдаушы – үш жасауыл жолға шықты.
Тірі жан қозғалады жер төсінде,
Түйенің екі мұңлық өркешінде.
Батырдың қолы артына қайырулы,

Күзетші – жалғыз мылтық желкесінде.
Қарасы Тоқбаланың қарғадай-ды,
Қалайша қарғадай қыз зарламайды.
Үрпиіп ұйпаланған балапандай,

Сырғанап көзден жасы сорғалайды.
Құйтымдай жүрегінде қанша қайғы,
Жылаудан қаршадай қыз шаршамайды.
Жылжыған сары уайым секілденген,

Шудасын сары атанның жел тарайды.
Қасқа жол жеткізбейді, шалқалайды,
Қыз байғұс күннен көзін қалқалайды.
Сүйенген қос өркешке қос қайғының

Салмағын атан ғана арқалайды.
Түрі бар созылатын жол талайға,
Түйнектей қатқан шері тарқамай ма?
Салмағын атан ғана арқаласа,

Обалын аға сұлтан арқалай ма?

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Сезбеді Қоңырқұлжа есіргенін,
Аяғын шектен шыға көсілгенін.
Шамына шаң тигізбес қазақ едік,
Қыз түгіл, жатқа бермес жесірлерін.

Азғаны шығар бұл да замананың,
Келмейді бетке басып табалағым.
Сыйлыққа есі дұрыс ел бере ме,
Ұрпағын жарып шыққан қағанағын?

Үш қонып жетті, міне, Ерейменге,
Желдіртіп айдаған соң жол өнбей ме.
Бір қайрат жасамаса тұяқ серпіп,
Тоқтыдай арам қатып ер өлмей ме?

Басына тізгін тартты бір бұлақтың,
Үстінен түсті үшеуі ырғып аттың.
«Шаршадың, шөк!» дегендей сары атанға,
Төбеден телміреді тұнжырап күн.

Екеуі кетті дәрет сындыруға,
Күзетті қалды бірі тындыруға.
Атылды түйе үстінен Алыпқара,
Шамасын келтірместен шыңғыруға.

Батырдың қыз түсе қап шешті қолын,
Зорлықтың зар жылатқан кесті жолын.
Күні-түн жалбарынған медет сұрап,
Жаратқан қабыл қылды жас тілегін.

Ақырды Алыпқара – қолда мылтық,
Зыр қақты жасауылдар қалған үркіп.
Байлатты өздеріне өз қолдарын,
Қайтеді басын оған енді ауыртып.

Көрінген бір биікке бұрып бетті,
Үшеуін алдына сап жүріп кетті.
Найзадай тік шаншылған қара шоқы
Еміп тұр емін-еркін тұнық көкті.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Басына сол биіктің шыға келді,
Айнала көзбен шолып құба белді.
Қылп еткен тірі жан жоқ таяу маңда,

Табатын жөнін біліп сұрап елді.
Алысты біраз тұрып барлағасын,
Байқады қылаңдаған ел қарасын.
Қызды да, өзін де аман алып қайтқан,

Батырдың ерлігіне таңғаласың.
Білдірмей жүдегенде арықтықты,
Тарихын ұмытпаған халық – мықты!
Орнында қара шоқы әлі де тұр,

Еске сап Алыпқара жарықтықты.
Атайды күні бүгін «Алыпқара»,
Сенбесең, Ерейменге барып қара!
Өтті ғой арыстандай қайран ерлер,

Жұлқысып айдауда да, жорықта да...
Қорлыққа шыдай алмай қудалаған,
Қасқырдай Тайжан батыр у жалаған.
Ішіне қалың қаржас ауып кеткен,

Томардай тірек таппай қу даладан.

VІІ Жер үшін жан садаға, мал түгілі, Даланың шамырқанды еркін ұлы. Сібірдің аюына қарсы шапты Көкжалдың көзі қанды бөлтірігі. Аузына аждаһаның жақын бармай, Қарасын дұшпанның кім батырғандай? Бұрқ етіп көтерілді Кенесары, Жанартау жазық жерден атылғандай.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Дүрлікті кең даланың шартарабы,
Кененің қылышынан қан тамады.
Жөңкілді қалың сарбаз жорық салып,
Тасыған көк өзендей Арқадағы.

Дүбірге Сейтен-Тайжан елең етті,
Тілеген жерден берді кереметті.
Мұндайда қимылдамай қалай жатсын
Кигендер кебін емес, кебенекті.

Астыртын Хан Кенеге салды кісі,
Қолында бір Құдайдың ендігісі.
Әліптің артын бақты Шорман, Мұса,
Екі дай – күбір-сыбыр елдің іші.

Қуалап қараңғыны үрке қашқан,
Аясын таң нұрымен сүртеді аспан.
Мұнартты көтерілген шаң көрінбей,
Мезетте жарық пенен түн таласқан.

Сарбаздар суыт тартып сар желеді,
Айбынды ту түбінде хан келеді.
Артында аунап түсіп қалып жатыр,
Арқаның арыстан жон сан белеңі.

Қасында нөкерлері – көкжал бөрі,
Ығады ызғарынан барған жері.
Көзіндей Абылайдың кешегі өткен,
Хан Кене – арқа сүйеп сенгендері.

Батырлар Хан Кенені қалқалаған,
Қарақшы, ұры да емес ел тонаған.
Шетінен еңіреген ерлер еді,
Қайғысын атажұрттың арқалаған.

Орыстың қаптай орнап бекінісі,
Қазақтың өзек жарды өкініші.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Кененің зая кетті ақ патшаны
Шақырған мәмілеге өтініші.
Қорлықты халқы көрген сөзге тіреп,

Хат жазған өз қолымен он жеті рет.
Аранын аша түсті айбат шегіп,
Иілмей империя өркөкірек.
Алыстан демін тартып абжыландай,

Қылт етіп жолын кессең қан қылардай.
Бүкіл ел әрі-сәрі күйге түсті,
Ағайын бірін-бірі аңдығандай.
Адасқан айыра алмай қасын достан,

Қысылмай, қазақ қашан басын қосқан?
Жем болған көрінгенге сондықтан да,
Сүрініп, сордан көзі ашылмастан.
Бөлініп-жарылған жұрт не көрмеді,

Келген жау қойдай тізіп көгендеді.
Сескеніп қарулы әскер қаһарынан,
Көп жерде Хан Кенеге ел ермеді.
Дүние теріс бағып сыңар жақты,

Аспанды айықбастай тұман жапты.
Балқожа, Шыңғыс төре, Қоңырқұлжа,
Түлкінің құйрығындай бұлаң қақты.
Тұрлыбек, Қазанғап би, Шорман, Мұса,

Жалтақтап екі жаққа болған құса.
Бір көзі ақ патшаға алақтады,
Бір көзі толқып тұрған елді аңдыса.
Кінәлап не табамын ол ғасырды,

Сеземін сырқыраған жамбасымды.
Сүйрелеп өрге тартса – өгіз өлді,
Төменге қоя берсе – арба сынды.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Жараспас айтпай тағы болған істі,
Оятып ұйқыдағы ар-намысты.
Байласаң бағындырып ит болады,
Жасқанып жарға бұққан жолбарысты.

Бүтін ел кейін тартса Кенеге ермей,
Кім келіп қысылғанда жебегендей?
Ырқына жүрмегенді шауып алды,
Ақырып Ақсақ Темір – Көрегендей.

Біреуі Балқожа би сүрінгеннің,
Кененің қаһарына ілінгеннің.
Қаржастың Мұсасы еді екіншісі,
Сырт беріп, сырғақтығы білінгеннің.

Қаржасқа келе жатыр, міне, аттанып,
Ел іші қорқып отыр құлақтанып.
Айбынды алты мың қол тоқтамақшы,
Ат басын жетер жерге тіреп барып.

Аяқтан тік тұрғызып тәмам көпті,
«Хан келе жатыр!» деген хабар жетті.
Көш жерден игі жақсы күтіп алды,
Шапқылап шықпасына амал жоқ-ты.

Шалқайып хан келгенде кімі жатар,
Қаржастар абыр-сабыр, жігі-жапар.
Көшпесе Кенеге еріп осы жолы,
Шабылып, шаңы шығып – күні батар.

Демдерін ішке тартқан ел екіұшты,
Ханға арнап тіккен үйге Кене түсті.
Қоршады ақ орданы күзетшілер,
Есікте екі жендет және сұсты.

Жайғасты келесі үйге батырлары,
Шынтақтап құс жастықты жатыр бәрі.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Тайқазан көтеріліп, тай сойылып,
Бал қымыз саба-саба сапырғаны.
Қарауыл қойылды да ауылға сақ,

Алыстау аттан түсті қалың жасақ.
Жаршылар олай-бұлай шапқылап жүр,
Қонақтың жер қайысқан қамын жасап.
Әп-сәтте істің жөні мәлім болды,

Көңілге секем алған сенім қонды.
Бас болып Сейтен-Тайжан жасағына,
Күзетті Алыпқара қалың қолды.
Көрмеген кектескенге іші жылып,

Кенеге келе алмайды кісі жуық.
Жар қабақ, өткір көзді, жал мұрынды,
Шабынған аш бурадай түсі суық.
Кең иық, арты сенек, қасқыр кеуде,

Жемтігін тырп еткізбес тас бүргенде.
Қырандай шамырқанған қызылсырап,
Саңқылдап өктем үні естілгенде.
Шойыннан шаршы дене құйылғандай,

Ішінде бір алапат құйын бардай.
Қабағын қатты түйіп қаһарланса,
Көрген жан Құдайына сиынғандай.
Кененің өзіне жөн өз білгені,

Ойының арғы түбін сездірмеді.
Тайжанды шақыртқызды алдыменен,
Қалғанын кісі құрлы көзге ілмеді.
Еңкейіп Тайжан кірді қара нардай,

Қырық күн бауырынан жарағандай.
Жалын жоқ жанарында, өңі сынық,
Жазылмас жүрегінде жара бардай.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Шиырыққан Хан Кененің жоқ шыдамы:

– Еруге ел дайын ба? – деп сұрады.

– Біздің жақ, – деді Тайжан, – әзір отыр,

Екі ойлы Мұса жағы, тақсыр, әлі.
Шарт етіп мына сөзге шытынады,
Кім енді одан қашып құтылады?
Түскенді шеңгеліне түтіп жердей,

Жалақтап, жалт-жұлт етіп жұтынады.
Ашудан анық еді өртенгені,
Қайырып сөзін келте қол сермеді:

– Мұсаға айт, өзі бастап үйін жықсын,

Көшеді қаржас түгел ертең! – деді.

– Бір күнге, – деді Тайжан, – құтқарыңыз,

Асығыс – ертең үйді жыққанымыз.
Жақында Шорман мырза дүние салған,
Жөн болар бата қылып шыққаныңыз.
Тез ойлап, кең пішетін ақылды еді,

Хан Кене сөзге тоқтап мақұл деді.
Бұйырып есіктегі нөкеріне:

– Билер мен батырларды шақыр! – деді.

Арада қайшалысып шабарманы,
Жүгірді жерге тимей табандары.
Жаңғыртып айналаны желдей жүйткіп,
Жаршылар хан жарлығын хабарлады:

Бүрсігүні ел көшеді,
Түндік бауын шешеді.
Ермеген жан қалмасын,
Басқа жерге бармасын.

Бұған біреу көнбесе,
Қылыш басын кеседі!

Н е с і п б е к А Й Т О В
Жарлықтың салмағы ауыр, зілі қатты,
Тасындай тасқаяқтың зымыратты.
Талайдың тағдырына куә болып,

Тәңірдің тағы да бір күні батты...

VІІІ

Қазақтың көңілі бай кең даладай,
Хан келсе қара тұрмас жорғаламай.
Мұсамен салқын ғана амандасып,
Аттады Кенесары төрге қарай.

Айнымас ата салты іргелі елден,
Ант бұзып, аруақ аттап кім көгерген?
Жайғасып, Құран оқып, көңіл айтты,
Жақсылар қатар түзеп бірге келген.

Ызғарын сезді ханның Мұса дағы,
Кене де келген жерден қысамады.
Біткен соң дастарханға бата беріп,
Билер де айтар сөзін тұсамады.

Манадан іштеріне сақтап еді,
Бұлжымас хан бұйрығы – тоқтам еді.
Алыстан орағытып келді-дағы,
«Қысқасы, ауасың ба, жоқ па?» деді.

Түспей ме жайған торға қыран дағы,
Мұса да енді мойын бұра алмады.
«Алдияр, айтқаныңыз болсын!» деді,
Ант ішіп, ауызға алып бір Алланы.

Кененің жібігенін сезгендейін,
Жалғады сөзін қайта сәлден кейін:

– Хан ием, сұрау – бізден, сауға – сізден,

Болсаңыз тілегімді бергендейін?
Қайғыны көріп тұрсыз басымдағы,
Оның да оңай емес басылмағы.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н Бәйтілге8 түсіп кетіп жүрмесе екен Мал-мүлкі ағайынның қасымдағы. Бір өзім қайда барам асып елден, Қашанда қарашыңмын қасыңа ерген. Келелі кеңесіңнен қалдырмасаң, Шүкірлік, аз ғұмырға осы көрген. Хан Кене: – Тілегіңді бердім! – деді, Мұсаны одан ары желдірмеді. Осымен сөз аяғы түйінделіп, Келгендер ыңғайланды жол жүргелі. ІХ Қара түн тұтқынынан таң босады, Ертемен ел көшуге қам жасады. Шұрқырап иірілген қалың жылқы, Бұрқырап ауыл үстін шаң басады. Қоштасқан азан-қазан, улар шуға, Боздаған түйе даусы зар қосады. Жаңғырып адам менен малдың үні Жырына Нысанбайдың жалғасады. Кеш бата дүркіретіп жөнелді алып, Тұс-тұстан ту көтеріп хан жасағы. Қызарған қызыл шоғы күннің сөніп, Жойқын көш суыт тартты түн бүркеніп. Аспанда ақ жол тілеп аймен бірге, Жайнайды алтын нұрын жұлдыз төгіп. Ұйыған ұйқысына енді ғана, Оянып дөңбекшиді жазғы дала. Алысқа ат дүбірін алып қашып, Соғады сүйіншілеп жел қуана. 8 Бәйтіл – жорықтағы сарбаздар үшін халықтан берсе қолынан, бермесе жо­ лынан алынатын мал.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Қалың қол солқылдатқан сары адырды,
Маңдайға Ақмоланы ала жүрді.
Жортқан аң, қонақтаған құс шошынып,

Қолтығын сай-саланың пана қылды.
Қалдырып сүрлеу-соқпақ ұлы қырға,
Азанда тізгін тартты тынығуға.
Айнала жарқырайды шарайнадай,

Мөп-мөлдір таңның таза тұнығында.
Жайдары жаздың күні тамылжиды,
Хан Кене түске таман қолын жиды.

– Құтырды, – деді, – сатқын Қоңырқұлжа,

Қылығын білесіңдер оның қилы.
Шабуға мен бекідім Ақмоланы,
Бұйырса, жермен-жексен жоқ болады.
Қоңырдың қанын ішіп, көзін жоям,

Жетеді ел намысын таптағаны!
Дегендей қарайсыңдар бұған қалай,
Сөзіне жауап күтті шығандамай.
Жарылып көптің ойы екі жаққа,

Турасын бетіне айтты бұлаңдамай.
Шабуға қышығандай тақымдары,
Жартысы хан шешімін мақұлдады.
«Қоңырды байлап аттың құйрығына,

Қаланы өртейік!» деп лапылдады.
Қосыла кетсін бірден қалай бәрі,
Қалғаны сабыр сақтап абайлады:
«Ауған ел, айдаған мал тұсау болып,

Қырылып қалмаймыз ба?» деп ойлады.
Келе алмай бір түйінге отырғанда,
Үн шықты Алыпқара батырдан да:

– Кетеміз Ақмоланы қалай шаппай,

Күніміз төмен болып қатыннан да!?

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Төндіріп басымызға қорлық күнді,
Талайға Қоңырқұлжа зорлық қылды.
Қорықсаңдар, өзім жалғыз ат қоям! – деп,
Орнынан «Абылайлап!» қарғып тұрды.

Толқымай сарбаз біткен тұра алмады,
Қосыла «Абылайлап!» ұрандады.
Әп-сәтте айбынданып шыға келді,
Ежелгі батырлардай Тұрандағы.

Сартылдап, сауыт киіп атқа қонды,
Сайланып сайысатын құралдары.
Хан дереу тізгіндеді қалың қолды,
Дүйім жұрт не болар деп аңырды енді?

Үш сапқа тұрғызды да сарбаздарды,
Майданның үш тарапқа шебін бөлді.
Кененің тапқырлығын ел біледі,
Жел есіп айдарынан желбіреді.

Ат беріп «Оң» мен «Сол» деп қос қанатқа,
Ортаны «Ұлы ту» деп белгіледі.
Туғаннан бірге беріп қолқанатты,
Құдайым Хан Кенені мол жаратты.

«Қызылжар жағынан кеп тиесің» деп,
Тапсырды Ағыбайға оң қанатты.
Шайқастан батыр, шіркін, шошына ма,
Емес қой бас-аяғы осы ғана.

Шығыс жақ бүйірінен бұзатын боп,
Бекіді сол қанатқа Басықара.
Дұшпаннан кек алатын келді кезі,
Қолға алды қақ ортаны ханның өзі.

Қасында Наурызбай – жас арыстан,
Ежелден оған таныс жау мінезі.
Көк аспан жаңғырықты, жер дүбірлеп,
Ішінен иман айтты ел күбірлеп.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Алдымен көшпен бірге малды қорғап,
«Ұлы ту» түстік жақтан болды кірмек.
Үйректей шұбайды көш балалаған,

Шулайды айдаған мал қоралаған.
Есілдің екі-ақ жерде өткелі бар,
Ұйғарды өткізуге сол арадан.
Өрт қойды ну тоғайға жағадағы,

Бытырлап жанды қамыс-қоға дағы.
Қып-қызыл отқа оранып қара толқын,
Маңайды түтін басты бағанағы.
Су кешті қайран ерлер, жалын кешті,

Басынан қиындықтың бәрін кешті.
Ежелгі Қуандықтың өткелінен
Өткізді аман-есен қалың көшті.
Тыңдасаң дүниені тым ілгері,

Естілер сан қайтара бүлінгені.
«Күйгенжар» деген атау содан қалған,
Бүгінгі Астананың түбіндегі.
Қараөткел Ақмоланың дәл қасында,

Қалған көш тәуекел деп келді осында.
Оқ жетер жерге таман таяғанда,
Көрінді қарулы әскер жар басында.
Шықпаса судан өтіп шеткеріге,

Қырғынның анық еді жеткені де.
Қараөткел қазағына оқ жаудырып,
Айналды қияметтің өткеліне.
Жасағы Наурызбайдың қаны қайнап,

Шеп құрып, садақ тартты «Абылайлап!».
Ішінен бірер адам шығын беріп,
Көш өтті арғы бетке «Уа, Құдайлап!».

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Қалың қол көш өткен соң тоқтамады,
Құрсаулап, қыспаққа алды Ақмоланы.
Лап қойды «Абылайлап!» аққан селдей,
Алдынан бұрқылдады оқ бораны.

Басталды бітіспейтін қанды қырғын,
Түйді ерлер шүберекке жанды бұл күн.
Боздақтар ерден ұшты екпіндеген,
Белгісіз не болары енді кімнің?

Қазақты ат үстінде жаратқалы,
Найзамен қанша жауды шабақтады.
Үш барып, үш серпілді кейін қарай,
Жауған оқ маңайына жолатпады.

Батырлар қайта шапты қолды бастап,
Жебемен зуылдаған жауды жасқап.
Ел үшін еңіреген қайран ерлер
Басына өлетұғын тауды жастап.

Алар деп өзі берген жанды Құдай,
Ағыбай, Басықара, ер Бұғыбай,
Наурызбай, Тайжан, Сейтен, Алыпқара,
Шайқады мүйіздерін кер бұғыдай.

Шайқастың Басықара көк дауылы,
Кененің тумаса да жан бауыры.
Оққа ұшты ұмтылғанда ұран салып,
Қазаның ішіндегі болды ауыры.

Батырдың қаны тамған ертедегі,
Атайтын Басықара сол төбені.
Бұл күнде Қараөткелде жан білмейді,
Жамылған көк торғыннан көрпелері.

Көкжиек көз алдында дөңгелене,
Хабаршы жетті шауып Хан Кенеге.
«Өлгенше Басықара, – деп күйінді, –
Түспейді Қоңырқұлжа көрге неге?!».

Н е с і п б е к А Й Т О В
Жасақтың күні қару-жарақпенен,
Жанарын күреңітті қадап төмен.
Өкінді қапы кеткен қыршындарға,

Қор болып шиті мылтық, садақпенен.
Долданып мінді қайта қаһарына,
Шақырды батырларын қатарына.
Бұзуға жаудың шебін жарлық берді,

Қалың қол атой салып қотарыла.
Ат қойды өзі бастап «Абылайлап!»,
Аспанға қара жердің шаңын айдап.
Киесі аман сақтап бара жатты,

Жүзінде қылышының жалын ойнап.
Тағы да оқ бұршақтай сатырлады,
Қоғадай қалың қолды жапырғалы.
Қарамай өлгеніне басып кірді,

Кененің жүрек жұтқан батырлары.
Тобықтан судай кешіп қызыл қанды,
Сарбаздар бекіністі бұзып-жарды.
Ойқастап ойран салды батыр Тайжан,

Астында күрең төбел ұзын жалды.
Кім білсін, кім құлады, кім жылады,
Шулаған айғай құлақ тұндырады.
Жер таппай жанын қояр өңкей кәпір,

Шошқадай соятұғын шыңғырады.
Қашқаны азын-аулақ тірі қалды,
Тауықтың қырғи тепкен жүні қалды.
Олжа боп дүние-мүлік, қару-жарақ,

Орнында Ақмоланың күлі қалды.
Ағайын жауға айналса бірге жүрген,
Өлгенше ызғар кетпес сұм көңілден.
Тайжанға таптырмады Қоңырқұлжа,

Тышқандай зым-зия боп інге кірген.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Хан Кене кешіре алмай қастандығын,
Қоңырдың естігенде қашқандығын:

– Жылқысын шабыңдар, – деп, әмір берді, –

Түссе де жерге айналып аспан бүгін!
Аттанды Алыпқара мың кісімен,
Айрылды Қоңырқұлжа күлкісінен.
Тігерге тұяқ қоймай шауып қайтты,

Ауылын он екі мың жылқысымен.
Қоздырып ұлы дүбір делебені,
Есілден өте тартты Кене қолы.
Жайланды хан көңілі бір тыныстап,

Тәңірдің шығар бұл да жебегені!..

Х Емес пе елу деген ел құлағы, Өсек сөз, әңгіме-жыр – аңдығаны. Мұсаның ауылына хан келерде Сонда еді Сағыр деген қанжығалы. Сағырдың аты әйгілі ел ішінде, Сыйлайтын үлкен-кіші сол үшін де. Жіберген Саққұлақ та әдейі оны, Бұл жолғы мән бар еді келісінде. Хан Кене көнбегенді аса шалқып, Бурадай бір-ақ шайнар, баса тарпып. Шошынып отыр еді қанжығалы, Қаржаспен кете ме деп қоса шарпып. Ап-айқын арғы жағы енді ұққанға, Сағырдың жүргендігі сондықтан да. Білмегі – ханның ойы қандай екен, Сақтықта қашандағы қорлық бар ма? Сыңайын аңдай алмай ол да бірден, Иіліп көппен бірге ханға кірген.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Танытып Кенесары жылы қабақ,
Сағырды ертіп алған жолда жүрген.
Қасына жақсыларды жинайтұғын,

Қайда екен сол бір жандар қимайтұғын?!
Батырдың бұтағы деп Бөгенбайдай,
Сағырды бұрыннан да сыйлайтұғын.
«Қайтасың рұқсат алып кейін менен,

Барасың Ақмолаға дейін!» деген.
Ізіне түскендерден секем алып,
Кім білсін күдік бар ма сейілмеген?
Еш пенде хан бұйрығын екі етпеген,

Көлденең жақын түгіл, жат өтпеген.
Сағыр да кете барған көшпен бірге,
Тайлақтай мұрындықтап жетектеген.
Қатерден қағып шыбын жанды Тәңір,

Тапқандай көштің соңы енді сабыр.
Күндік жер ұзағанда Қараөткелден,
Қайтуға ханнан мұрсат алды Сағыр.
Қоштасып, қайта тартты бұрылды да,

Қалың көш қала берді сырылды да.
Жолықты Мұса келіп бір бүйірден,
Жол табу қиын емес жырындыға.
«Білемін сөзге берік әдетіңді,

Дос едің кесіп берер қоң етіңді.
Бозайғыр бекетінің орысына
Бере кет мына хатты!» деп өтінді.
Соқты да Бозайғырға жолындағы,

Тапсырды аманатты қолындағы.
Ақ көңіл, адал жүрек аңқылдаған,
Бәлесін қайдан білсін соңындағы.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н Еліне Сағыр сөйтіп кері қайтты, Көргенін Саққұлаққа барып айтты. Әңгіме бірден-бірге үдеп жетіп, Көздерін естігеннің бадырайтты. ХІ Іштегі жібіте алмай шер-шеменді, Хан Кене одан сайын өршеленді. Білдірді Балқожаны тағы шауып, Бетінен қайтпайтынын өлсе де енді. Көкжалдай тілерсегін оқ жалаған, Жақынға жауша тиді қолдамаған. Болмаса туған елі түгел тірек, Барымта не болады олжалаған? Көп жортып шиырынан сыр аңдатқан, Бөрінің жіліншігін қияр қақпан. Жүргенде жорықта өзі патша әскері, Ауылын басып қалды иен жатқан. Тұра ма аңдысқан жау өшін алмай, Кенеге кімнің жаны ашығандай? Таланып хан ордасы, бала-шаға Тау-тасқа безіп кетті есі қалмай. Кісі өлді, қан төгілді қызыл-жоса, Қайтеді заман бұлай бұзылмаса? Жетектеп желмаясын алып кетті, Күнімжан ханымменен ұлын қоса. Жорықтан оралған хан қатты өкінді, Түнеріп, көкірегі кекке тұнды. Алдын-артын билерімен ақылдасып, «Түстікке кетпей болмас!» деп бекінді.

Н е с і п б е к А Й Т О В Үйірді қара бұлтты жау басына, Қоймады ақ бөкендей аумасына. Түсер деп ғазиз басын ойлаған жоқ, Тағдырдың мазағы мен саудасына... ХІІ «Сіз үшін суға түсіп, от кешеміз, Шөгеміз нар түйедей, шөк десеңіз. Түстікке барғысы жоқ біздің елдің, Хан ием, – деді, – қаһар төкпесеңіз!?» Тайжандай қимаса да қабыланды, Тілегін сәл ойланып, қабыл алды. «Қайыр-қош, – деді, – аман жүр көріскенше, Өзіңдей ұмытпаспын бағыланды!». Қияды ерлер қалай өскен жерін, Кір жуып, кіндіктерін кескен жерін. Екеуі бір-біріне байқатпады, Ып-ыстық көздеріне жас келгенін. Арқадан ауды Кене, Тайжан қалды, Күндерге күн қосылып, ай жалғанды. Жұлқысқан екі жақтың бірі қалар, Қоңыр да кек алуға сайланған-ды. Қаржастар қайта көшті қонысына, Даланың мал жүздіріп сонысына. Астыртын хабар берді Мұса дағы, Былтырғы хат жіберген орысына. Залымның арандаған пышағына Аяйсың асыл текті Мұсаны да. Өзімен өзі алысып біздің қазақ, Сыймаған кең даланың құшағына. Сау етті бір топ әскер сартылдаған, Мылтығы үрейді алып тарсылдаған.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Бегалы бастап келген тағы, міне,
Итіндей қуғыншының арсылдаған.

Дегендей қолға түстің сорың қайнап,
Тайжанды тұтқындады қолын байлап.
Дүрелеп ел көзінше алды-дағы,
Жөнелді Ақмолаға – өлімге айдап.

Батырдың көкжалменен серті бірдей,
Өмірден арпалысты ол түңілмей.
Тепкілеп ат арбадан түсірді де,
Қуысқа тықты апарып көр түбіндей.

Не шара, ұшырған соң бастан бағын,
Көрді ғой көресінің жастан бәрін.
Өкініп Кенеге ермей қалғанына,
Жіберді шайнап-шайнап бас бармағын.

Басады төбесінен түрме төніп,
Қамаған Сейтенді де түнде әкеліп.
Соққыдан сілікпесі шыққан Тайжан,
Қиналды бір ыңырсып, бір жөтеліп.

Ұйықтатпай, сұраққа алып діңкелетті,
Кезекпен ырылдатып сұр төбетті.
Беттері шылп етпейді, шіркіндердің,
Шынымен кім кінәлі білсе нетті?

«Еркіңмен Хан Кенеге қосылдың, – деп, –
Сұрайды қасың менен досың кім?» деп.
Сіресіп Тайжан жауап қайтарады:
«Өздерің алдыменен басындың!» деп.

Қуысқа қайта апарып тепкілейді,
«Мойында, қылмысыңды!» деп тілейді.
Қайырып тапаншаның шүріппесін,
Әкеліп маңдайына оқ тірейді.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Күптей боп ісіп кетті бар денесі,
Қалжырап болды, міне, енді өлесі.
Сыймайды таң атқанша тілі аузына,

Құритын шығар мүмкін шөлден осы.
Түрменің үш ай жатты түкпірінде,
Ойласа кінәлі емес тіпті мүлде.
Арса-арса қабырғасы ырсияды,

Кейпі жоқ көрінетін мықты күнде.
Шүмпиіп жақ суалған, шашы қауға,
Тамтық жоқ аяғынан, басынан да.
Әйтеуір кеудесінде шыбын жан бар,

Бір сәтке «Тәуба!» дейді осыған да.
Ақыры сүйретіліп сотқа келді,
Сот емес, жанып тұрған отқа келді.
Шығармақ қайтсе-дағы қылмысты қып,

Куәға шақырыпты топтап елді.

Қараса, Сағыр отыр қанжығалы,
Тайжанға қарай алмай ол бұғады.
«Құдай-ау, мұның қандай қатысы бар,
Жүр ме екен, – деп ойлады, – алжығалы?».

Сары сот ұзын мұртты, қасқа маңдай,
Сөйледі көпті көзбен жасқағандай.
Қасында Қоңырқұлжа сызданады,
Төңкеріп дүниені тастағандай.

Сұққандай қандауырды көк тамырға,
Көрсетті бір қағазды сот Сағырға.
Көрмеген ішін ашып жан білмейді,
Сөз барын май құятын отқа мұнда.

Ұсынып тілмәшына «Оқы!» деді,
Қағазды Сағыр танып отыр еді.
Халқына бір қиянат жасағандай,
Өртенді күйіп-жанып көкірегі.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Сүрініп сөзден бірақ алдырмады,
Бәлеге ешкімді де қалдырмады.
«Берген соң Мұса мырза апардым» деп,
Бұлтақтап, бос шелектей даңғырлады.

Мұса да азу басқан аянбапты,
Ақмола оқиғасын баяндапты.
Кененің жүрген ізін жіпке тізіп,
Тайжанға содан кейін аяңдапты.

Сұрағын жалғады сот әрі қарай,
Қолында билік барға бәрі де оңай.
Тайжан да құрылғанын енді білді
Өзіне зымиянның торы қалай.

Аяйтын түрлері жоқ өлсе тіпті,
Құртуға мұның көзін бел шешіпті.
Боштайы Тұрсынбайдың аға сұлтан
Мөр басып, бүлікші деп көрсетіпті.

Көндіріп қаралауға сан жігітті,
Ақсақты тыңдай қылып желдіріпті.
Тұрлыбек Көшенұлы деген біреу
Бәленің бәрін құстай төндіріпті.

«Мойныңа аласың ба? – деді, – осыны,
Көресің қасарыссаң көресіні!».
Құдай-ау, несін алсын – жазығы жоқ,
Тұрса да жұтайын деп көр есігі.

Ойланбай отқа салып қайран басты,
Жер үшін жұлқыласты, майдандасты.
Қызғышқа көл қорғаған қылмыс па екен,
Қалайша кінәлісің дейді албасты?

«Жоқ, – деді атып тұрып, – қылдай кінәм!» –
Жүзінде түскен таңба сұм қайғыдан.
Түнеріп сала берді қара түндей,
Тіршілік райынан күнде айныған...

Н е с і п б е к А Й Т О В

ХІІІ

Айдалып жаяу үш мың шақырымға,
Қорлықтың Сейтен кетті тақымында.
Баласы Азнабайдың ер Тайжанды
Атуға алып шықты ақырында.

Қиылған кісендеулі қол-аяғы,
Үрейлі үлкен көзі алаяды.
Дегендей қайда апара жатырсыңдар,
Мұржалар мойын созып сораяды.

Алдыда – Ысқақ татар, қолда – Құран,
Аспайды Қараөткелде молда бұдан.
Қандарын ішке тартып, сұп-сұр болып,
Төрт жендет қоршап алған жан-жағынан.

Ажалдың елшісіндей ала баған,
Күтіп тұр анадайда бағанадан.
Ойына оралады Қоңырқұлжа,
«Өзіңе сол керек!» деп табалаған.

Сұм тағдыр тырп еткізбес сорлағанда,
Тайжанды таңды апарып сол бағанға.
Қарады Қараөткелге ақтық рет,
Көрінді боялғандай ол да қанға.

Қауыздай қауқарсыз боп кебектегі,
Япыр-ай, өстіп өлу керек пе еді?
Қараөткел тым болмаса тіл қатпады
Тұрғанда бұл пәниден ары өткелі.

Үміті қалмаған соң тосар басқа,
Амал жоқ бойын тіктеп қасармасқа.
Түбінде бір келетін жерім ғой деп,
Бекінді жанарына жас алмасқа.

Тұрса да қаймықпады тажал мұнда,
Хан Кене елестеді көз алдында.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Адамның арыстаны кезіккенде,
Сәті бар сескенетін ажалдың да.
Кемсеңдеп татар молда дұға оқыды,
Аузына әзер түсіп білетіні.

Үстінен ұшып өтті қоштасқандай,
Қарқылдап қара қарға бір-екілі.
Қорыққанмен жан қалмайды шошып енді,
Өңменін оқ өтеді тесіп енді.

«Молдеке, елге сәлем, – деді, – айтыңыз» –
Ең соңғы шыққан лебіз осы болды.

Жендеттер қақ жүректен қадап атты,
Молданың көзден жасын домалатты.
Қарға адым қара жерді жатқа бермей,
Өлсе де жамбасына ала жатты...

ХІV Осылай ауыр күнді ел өткерген, Кім бізге қысылғанда көмек берген? Ғасырлар қанды судай тасығанда, Қазақпыз кешіп өткен сан өткелден. Кіндігі атажұртқа байланбаған, Талайлар тіршілікті ойрандаған. Қараөткел қасіреті еске түссе, Балықтай тыпырлаймын қайраңдаған. Түсімде жүреді ылғи арыз айтып, Жабырқап Басықара, Тайжан маған. Уақыттың сұмдығына қайран қалам, Япыр-ау, қалайша осы ойланбағам? Тірілер өз атына көше беріп, Заманда емін-еркін тайраңдаған, Астында мынау әсем Астананың Үн-түнсіз жатырсың-ау, қайран бабам!?.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Жұртыңның жазылған соң тағдырына,
Жалғанның налымаңдар тарлығына.
Азғаны дүниенің – азаматтар

Азайса құлақ асар ел мұңына.
Қозғалса қара халық қорған болмас,
Алтыны сақтап қойған сандығына.
Көміліп топыраққа қалған жоқ па,

Айбынды Алтын Орда хандығы да.
Астана – ата-баба арманы ғой,
Бөленген Азаттықтың таң нұрына.
Аққан жас, төгілген қан, қиылған жан,

Айналған ұрпақтардың ән-жырына.
Астана – ескерткіштің ең ұлысы,
Ұлт үшін құрбандардың барлығына!..
Әумин!

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

ЖЕР – ЖАННАН ҚЫМБАТ

Жер үшін жанын берген сан бабалар.

Автор

І Ойласаң не болмаған бұл өмірде, Тарихтың жатыр бәрі түнегінде. Хрущев Қонаев пен Тәшеневті Шақыртып алды шұғыл Кремльге. Мәскеуде күнде жиын, күнде кеңес, Шаршауды коммунистер білмеген еш. Бұйрығы партияның көсемінің Құдайдың бұйрығынан бір кем емес. Никита шапшаң адам қаршығадай, Алдына келгендерден хал сұрамай, Асығыс айтар сөзін бастап кетті, Болғанша сәлемдесіп сәл шыдамай: – Келген соң ақылдасып келісімге, Қарсылық бола қоймас ел ішінде. Одаққа ортақ жер ғой тың өлкесі, Қосқан жөн Ресейге сол үшін де.

Тайынбай саясаттың залымынан,
Тәшенев: – Келіспеймін! – деді, – бұған!
Хрущев айғай салып стол ұрды,
Есірген зор биліктің шалығынан.

Көрінеу зорлық деген осы, міне,
Тағдырдың не шара бар кесіміне?

– Сен кімсің, – деп, ақырды төне түсіп, –

Көнбейтін бас хатшының шешіміне?!

Н е с і п б е к А Й Т О В Төбеден төндірсе де қара түнін, Ер еді тәуекелге баратұғын: – Сен кімсің, – деп түнерді Жұмабек те, – Бөліске қазақ жерін салатұғын? Оянса ел намысы жасын атқан, Тау бұзар көк өзендей тасып аққан. Өз жерін өлсе бермес біздің қазақ, Мың жылғы бабасының басы жатқан! Баққаны бас хатшының қас-қабағы, Басқалар тіс жарып сөз бастамады. Жиналған жұрттың көзі жалтыр баста, Секілді сары күздің асқабағы. Жүргізген өз үкімін сан көпіріп, Хрущев қып-қызыл боп қалды отырып. Сөз бітті. Кабинеттен шыға берді, Орнынан отырғандар демде тұрып. Ағайын қуанса да, жыласа да, Жүгінбей ақиқатқа ұнаса ма? «Жұмабек, жүрек жұтқан жан екенсің!» Деп айтты Дінмұхаммед шыға сала. ІІ Самолет көтерілді көкке бірден, Күн қайда ұшатұғын тоқ көңілмен? Тәшенев алай-түлей ой үстінде, Түрі бар жанып тұрған отқа кірген. Кәнігі уәзірлердей сарайдағы, Қонаев неге сонша абайлады? Түскенде ел тағдыры таразыға, Бірдеңе деу керек қой қалайдағы? Белгілі Кремльдің көне сыры, Ешқашан ұмытар ма ел осыны?

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Айырылса алты бірдей облыстан,
Көреді қазақ қана көресіні.
Намыстан әзер отыр жарылардай,
Тажалдың шын бейнесін танығандай.

Талауға салып берсе атажұртты,
Мәнсаптың мына жүрген мәні қандай?
Ұсынсаң қаны бұзық қасыңа төр,
Қырып сап, өлігіңді басып өтер.

«Бір қарыс жер бермеймін, – деді ішінен, –
Көп болса Жұмабектің басы кетер».
Биіктен шолып отыр қара жерді,
Тау көрді, орман көрді, дала көрді.

Білдіріп ел шетіне ілінгенін,
Жарқырап Еділ-Жайық сала берді.
Таусылып бойындағы бар шыдамы,
Мөлдіреп көзінен жас тамшылады.

«Дариға, азабың көп, атамекен,
Бермеді-ау саған маза әлсін-әлі.
Төзіп ең ойранға да, майданға да,
Тажалға тәлкек болған, қайран дала.

Сорыңды сорпадай ғып қайнататын
Кезіктің қасіретке қайдан ғана?
Сұғанақ сұрқияның салты қандай,
Қоймайтын көзі түссе тартып алмай.

Еркіне салса қазір тарпа бас сап,
Сиқы бар бауыздайтын қан шығармай.
Сұмдық бар «Тың өлкесін» сұрауында,
Кім болдық кете берсек шылауында.

Онсыз да ұлан-байтақ қазақ жері
Тырп етпей тұр емес пе бұғауында?

Н е с і п б е к А Й Т О В
Шаппасаң тізе қосып жауға қатар,
Жыртқыштың тіс-тырнағы елге батар.
Бас шұлғып, қолдан берсек туған жерді,

Киелі аталардың аруағы атар.
Байлықты жерден басқа былай таста,
Жер үшін кім түспеген ұлы айқасқа?
Бұғаудан мойын босар түбінде бір,

Маңдайды тигізбесе Құдай тасқа.

Түнерсе қара түндей қайғы мына,
Шығасың тіршіліктің қай қырына?
Шыдамай тізе бүккен Әбілхайыр,
Ақырған ақ патшаның айбынына.

Мың тәуба, шешесінің жатырына,
Тәңірдің нұры тамған Датұлына.
Сырым да сан шайқасып жете алмаған
Бітпейтін бұл күрестің ақырына.

Қазақтың сүйегі қап сан жырада,
Кетпеген кімнің басы қанжығада.
Хан Кене, аруағыңнан айналайын,
Түсіндім тағдырыңды енді ғана!..

Сарыарқа, самал ескен сайран далам,
Ортаңды орыс келіп ойрандаған.
Өзіңе бұйырмаса таудай бақыт,
Бармақтай бақ бұйырсын қайдан маған?

Түседі осындайда бәрі де ойға,
Қазақтың Көкшетаудай төрі қайда?
Қорланып, күңіреніп көшті-ау содан,
Жаралы жолбарыстай Абылай да».

Жабырқап, бұған дейін жасымаған,
Шапшыды Жұмабектің басына қан.
«Құрысын, – деді, – бүйткен тіршілігім,
Биліктің күшігі боп асыраған!».

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н ІІІ Самолет келіп қонды Алматыға, Жаһанда жердің ғажап жәннатына. Жымиып сұлу қала күтіп алды, Ашпайтын құпиясын албатыға. Жарқырап шашу шашты қала нұрдан, Жұмабек жерге түсті жаны ауырған. Күзетіп айналасын Алатау тұр, Мәңгілік ауыспайтын қарауылдан. Күрсінді аспанға бір қарады да, Тығылды өксік келіп тамағына. «Көк аспан, кеңдігіңді қайтейін» деп, Жас алды тағы да бір жанарына. Тулатып мейманасы тасығанды, Біледі, бір бәлеге басы қалды. Айқасқан Сталинмен өз кезінде Сұлтанбек Қожановты есіне алды. Жамсатқан тұлпарды да, қыранды да, Жауыздық қай жағынан шығар мына? Аяды Сәдуақасов Смағұлды, Ойлады Рысқұлов Тұрарды да... Сұмдық қой жерді сатпақ, елді сатпақ, Қылт етіп, қылдан тайса қарғыс атпақ. Арыстар көз алдына келе қалды, Елестеп қанды қырғын, қанды соқпақ.

Жүректің есеңгіреп жарасынан,
Сытылып шықты топтың арасынан:

– Жұмеке, қиын болды-ау? – деді Димаш,

Танытып достық пейіл жаны ашыған.

Н е с і п б е к А Й Т О В – Қазаққа енді жарық күн туғанша, Замана береді әлі сыртын қанша. Ел аман болсын, – деді, – түк етпейді, Бірігіп күресейік мүмкін болса?.. Соғатын тұтқиылдан долы құйын, Биліктің есігі тар, жолы қиын. Жымиып, болар-болмас басын изеп, Қонаев қомдап қойды кең иығын. Биіктен көріне алмай ел ойлаған, Көп жігіт арт жағына қарайлаған. Әркімнің өз бейнесі көрініп тұр, Жарқырап уақыт деген шарайнадан. Ойлайды кем болам деп пенде кімнен, Талайлар халқын сатып төрде жүрген. Биліктен, байлықтан да қайыр таппай, Кебінмен екі шаршы көрге кірген... ІV Талауға түсті қанша сайын дала, Мойында, шындық осы, мойындама. Тышқанға тыпыр етсе өлім жақын, Керегі тоқ мысыққа ойын ғана.

Қалайша отырасың уайым жемей,
Еңіреп елім демей, жерім демей.
Шабақтай шырылдатып жұтып жатса,
Жалмауыз империя жайын көмей.

Қозғасам Қазтуғаннан бері қарай,
Кешпепті тіршілікті елім оңай.
Еділді, Есілді алды, Ертісті алды,
Көз тігіп қызыққандар жеріме бай.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Қылышын қаһарланса қанға малар,
Жер үшін жанын берген сан бабалар.
Айырылып атажұрттан қаңғып өлсең,
Басыңа қарқылдаған қарға қонар.

Құдайдың жайған байтақ кілеміндей,
Төсінде кең даланың түледім ғой.
Менің де жүрегіме салмақ түсті,
Кек қысқан Жұмабектің жүрегіндей.

Өмірдің босағасын аттағасын,
Жылайсың, қайғырасың, шаттанасың.
Сұмдығын ішке бүккен сол қоғамның
Көрдік қой біз де кеше шет-жағасын.

Тебініп қара түнек бұлты көктен,
Саясат талайларды сілкіп өткен.
Айтқандай Абай атам, қайран қазақ,
Не қылсын өз қолынан ырқы кеткен?

Ел үшін отқа түсер, оққа барар,
Түбінде қазақ өзі жоқтап алар.
Қазандай қайнайды іші Жұмабектің,
Кез емес Хан Кенедей атқа қонар.

Аңсады арыстарды өткен кеше,
Азамат азамат па кектенбесе?
Қоғамның түрі мынау мойнын созып,
Құзғындай қылқылдаған ет көрмесе.

Ізінен қан сорғалар алысқанның,
Сүйегі қайда қалды арыстардың?
Тобымен түсті барып азуына
Ақырған Ресейдей арыстанның.

Ашылды сұм жалғанның жайлап сыры,
Түгендер опат болған қай жақсыны?

Н е с і п б е к А Й Т О В Аяғын үзеңгіге іліндірмей, Тағдыры тарпаң аттай ойнақшыды. V Белгілі биігінен кім құлатты, Төменге Тәшеневті құлдыратты. Бәйгеге басын тіккен батыр ұлды, Пәледен сақта құдай мың бір атты! Жайнайды жақсылармен елдің күні, Сөнбейді халқын сүйген ердің нұры. Бұйрықты үнсіз ғана қабыл алды, Емес пе мәнсап деген қолдың кірі. Саясат сайқалданды, сұрқайланды, «Бұл қалай болғаны?» деп жұрт ойланды. Кешегі өзі өсірген кейбіреулер, Сызданып, сұрғылттанып, сырт айналды. Тарайып тірлігінің керегесі, Сойқанның суырылды селебесі9. Құланның құлағында құдықтағы Құрбақа ойнақ салар деген осы. Қарасам беріге де, арыға да, Жай күнде бәрі батыр, бәрі дана. Иыққа түскен зілдей ауырлықты Жігіттің көтереді нары ғана. Заманда коммунистік көгендегі, Айтулы азаматтар не көрмеді? Мыңқ етпес атан түйе секілденіп, Қызметке кете барды төмендегі. 9 Селебе – семсер сияқты үшкір қару.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Қиянат болмай тұрмас қоғам барда,
Аз емес тоналған да, жоғалған да.
Отыру жоғарыда міндет емес
Жұртына қызмет етем деген жанға.

Боларын тағдырының қандайлығын,
Анықтап алдын ала болжайды кім?
Білгенге төменде де толып жатыр,
Халқының көтергендер таудай жүгін.

Аманда атамекен – бай даласы,
Қазақтың тарлық көрген қай баласы?
Текті екен әкесі де – Тәшмұхамбет,
Тәшен деп атап кеткен айналасы.

Жабылса бір естіге мың құтырған,
Қатерден тура келген кім құтылған?
Есімі Гүлсім екен шешесінің,
Жүректі, жолбарыстай ұлды туған.

Кімнің кім екендігін ел біледі,
Қайтпайтын қайсар дейді ердің ері.
Тай күнгі тұрпатынан танылыпты,
Қанатты хас тұлпардың белгілері.

Туыпты Сарыарқада салқын белде,
Кең ашып омырауын еркін желге.
Талаптың тұлпарына ерте мінген,
Қаратпай үміт күткен халқын жерге.

Ержеткен келешегін ойлап жастан,
Алаңдап от басына айналмастан.
Кемедей толқын жарып өрге жүзген,
Тосылып, тас қазыққа байланбастан.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Ез болса, еске алады ел несіне,
Құдайдың кім таласар бермесіне?
Жұртының мұң мен зарын жыршы дала

Құйыпты құйттайынан зердесіне.

Тіршілік бабалардан қалған талақ, Бір ғасыр бір ғасырдан алған сабақ. Санасын атқан таңдай ерте оятқан, Әндері Иманжүсіп, Балуан Шолақ. Білсе де көкке биік шарықтарын, Есінен шығармаған халық барын. Құстар кеп құлағына сыбырлаған Абылай, Кенесары жорықтарын. Көргендер дейді жарқын келешегі, Жігіттің төрге шыққан төресі еді. Езіліп ел дегенде ет жүрегі, Үзіліп тұратұғын емешегі. Бесігін байтақ дала тербеген ер, Бойдағы бар асылын елге берер. Қыран құс торға түсіп құсаланған, Өлсе де бостандыққа шөлдеп өлер... VІІ Азулы, алған беттен тартынбаған, Алмастай сөз сөйлесе жарқылдаған. Сөзі мен ісі бірдей азаматты Әрқашан аға тұтып ел тыңдаған. Билікте төмендеген, аспандаған, Қазақ жоқ Жұмабекті еске алмаған. Алдында Әзірейіл тұрса-дағы, Айтарын бетіне айтқан – жасқанбаған.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Мақсаты, мұраты да айқын адам
Жолынан ақиқаттың тайқымаған.
Барынша от пен суға салды оны да,
Зымиян, тас маңдайы тайқы заман.

Биліктің салқын төрін саяламай,
Күрескен, арпалысқан жан аямай.
Өз халқын жан-тәнімен сүйе білген,
Жақсыны жұрт тұра ма аяламай?

Бастайды ақиқатқа жұрт аңызы,
Өшпейді оза шапқан тұлпар ізі.
Тайқымай ар жолынан Жұмабектей,
Ұлтына адал болу – ұл парызы!

Еңкейіп есігінен жылап кірген,
Әрқашан ел мұңына құлақ түрген.
Ұлтына қызмет еткен аяулыға
Қамқорлық көрсетіпті құлап бірден.

Болса да біреулердің қызғанышы,
Ойғандай тасқа таңба қылған ісі.
Халқының келешегі қамықтырған,
Осқылап ет жүрегін тіл намысы.

Тұрғанмен аспан төгіп нұр шұғыла,
Тағдырдың ұрындық сан қырсығына.
Сол тұста Жұмабектей жігіт бар ма
Ұлтының жамау болған жыртығына?!

Жақсының жаны бар ма елден аяр,
Қанатын алып қыран кеңге жаяр.
Болды деп мейірімді де, қайырымды да,
Көргендер ішкен асын жерге қояр.

Асаудың құйрық-жалын күзегендей,
Ол күнде заманды кім түзегендей?

Н е с і п б е к А Й Т О В
Айтайын ерлігінің бір-екеуін,
Моншақтай бәрін жіпке тізе бермей.
Талайды тосын келіп өкіндірген,

Сұм ажал рұқсат сұрап жатыр кімнен?
Мерт бопты ақтөбелік Әли қарттың
Баласы Алматыда оқып жүрген.
Қақырап көкірегі сонда қатты,

Әлидің көзден жасы сорғалапты.
Мәйітті жеткізе алмай Ақтөбеге,
Қолының қысқалығы жанға батты.
Тізгінін қасіретке берген ғаріп,

Жағалап сан есікті көрген қағып.
Қасқаның селт етпепті бірде-бірі
Сіресіп орын алған төрден барып.

Мынаның безді ме деп бәрі иманнан,
Алдына Тәшеневтің Әли барған.
Жарқырап сала берген кең ашылып,
Қуықтай қусырылған пәни жалған.

Келген соң арқа тұтып, сенім артып,
Жылатып қайтарады оны қайтіп?
Беріпті мініп жүрген самолетін,
Қайғылы қарияға көңіл айтып.

Биліктің отырмын деп биігінде,
Кейбіреу мұрнын көкке шүйіруде.
Бөлісіп көтеруге жүрек керек,
Халықтың қайғысын да, күйігін де.

Төріне шығармайды күнде жалған,
Түгескен тіршілікте кімнен арман?
Екі елдің басшылары кездескенде,
Пекинге Хрущевпен бірге барған.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Қанатын қаққанменен нұрлы аспанда,
Құс біткен жерге түсер түн басқанда.
Шын көрші болғанменен шекаралас,
Саясат жүрген жерде шын дос бар ма?

Қулықтың әр тал шашын санап өрген,
Қытайлар тау тұрғызар қара желден.
Маркстен қайта-қайта мысал айтып,
Сырғытып, сылдыр сөзге сала берген.

Тәшенев бұған қатты шамданыпты,
Саңқ етіп, тыныштықты қақ жарыпты.
«Біз осы, қайда келіп отырмыз?» деп,
Ширығып, сөз тізгінін қолға алыпты.

Шешенге шүйіліпті: «Тыңдаңыз! – деп, –
Уақытты рәсуа қылмаңыз? – деп, –
Негізгі мәселеге көшіңіздер,
Оқуға келгеміз жоқ мұнда біз!» деп.

Сөзіне Жұмабектің тіліп өткен,
Сүйсініп Никита да жымың еткен.
Қатерлі – көсемдердің алдын орау,
Өздерін кем көрмейтін құдіреттен.

Нөсерде жарқылдамас жасын бекер,
Асылдар байқамасаң қасыңда өтер.
Кім мұндай тәуекелге бара алады,
Тұқымың тұздай құрып, басың кетер.

Аспандап қонған жігіт басына бақ,
Жайнаса нұры көпке шашырамақ.
Бірін айт, бәрін айт та есіл ердің,
Көрінер кім екені осыдан-ақ!..

Н е с і п б е к А Й Т О В

VІІІ

Алдыңғы жолын қуып арыстардың,
Жер үшін естен кетпес алысқан күн.
Сары аю сескенді де тартты аяғын,
Сұсынан айбат шеккен арыстанның.

Қиянат қай заманда тоқтамаған,
Ел ме екен өз арысын жоқтамаған?
Кез келсе отыз жеті қырғынына,
Тәшенев қалмас еді оқтан аман.

Қараса дүниенің беті бері,
Халықтың орындалмас не тілегі!..
Қанатын қырыққанмен қырандардың,
Тебіндеп қауырсыны жетіледі.

Қаһарман керек етпес арашаны,
Жақсыға Құдай өзі жол ашады.
Оңтүстік хан көтеріп күтіп алды,
Тіріліп келгендей бір Кенесары.

Күрестен қайда жүрсе тайынбады,
Бар қазақ Жұмабекті мойындады.
Елі мен жерін қорғап табан тозып,
Түк емес өкшесінің ойылғаны.

Беделі бұлтты жарған шың басындай,
Абырой бұйырады кімге осындай?
Ішінде қалың көптің жүрді ерекше,
Арқардың таудан түскен құлжасындай.

Жалғанның сырын білді, түбін көрді,
Сұмдарға халқын сатқан қырын келді.
Сыйлады бірге туған бауырындай,
Алдына ақиқаттың жүгінгенді.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Жамандар жолдастыққа жарамайды,
Құзғынды қарға ғана сағалайды.
Қыранды қыран танып көк аспанда,
Батырды батыр ғана бағалайды.

Анықтап әлі түгел болғамыз жоқ,
Талықпас тарландардан қалған із көп.
Жабырқап жан бауырым жүр ме екен деп,
Соңынан Момышұлы барған іздеп.

Сырласқан екі батыр оңашада,
Батырды батыр күтпей жараса ма?!
Баһадүр бабаларға тартып туған,
Шіркін-ай, осылардан ер аса ма?!

Айналған ұлы ерліктің құдіретіне,
Келеді Бауыржанның кім бетіне?
Ризалық білдіріпті інісіне,
Халқының ие болған құрметіне.

Көпшілік Жұмабекке үйірілген,
Алдына ақсақалдар жиі кірген:
«Түссең де, – депті Баукең, – мәнсабыңнан,
Түспепсің азаматтық биігіңнен!».

Елдіктің балта шапсаң кіндігіне,
Шалқыған зар боласың бұл күніңе.
Қазақты сырттан келіп жау ала ма,
Тілекші болса бәрі бір-біріне.

Тәңірі жұртқа шуақ шашқан жанға,
Жерден де нұр сыйлайды, аспаннан да.
Мөлтілдеп жанарыңа жас келеді
Баукең мен Жұмабекті еске алғанда.

Тоқтамай жылдар жылжып, сырғанар күн,
Өмірі кейінгіге үлгі олардың.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Еңсесі биік болса, ел де биік,
Ұлтына ұстын болған тұлғалардың.
Өлместей көрінгендер кеше мықты,

Жамбасқа қара жерді төсеніпті.
Ұмыта бастаса да аққан жылдар,
Оңтүстік ұмытқан жоқ Тәшеневті.
Желкелеп арсыз билік шынжыр балақ,

Алмады жерімізді кім жырмалап.
Өзбек те, түркімен де ауыз салды,
Қойдай ғып қасқыр тартқан шын жұлмалап.
Өз еркің болмаған соң өз басыңда,

Қайнайды ашу-ызаң көз жасыңда.
Қайратты қалың шашың тік тұрса да,
Құның жоқ көк тиындық таз қасында.
Белгілі шабақ қандай, жайын қандай,

Күн қайда жаудың бетін қайырғандай.
Өзбекте кетті қанша қазақ жері,
Баласын анасынан айырғандай.
Құлдырап жан даусы құлындағы,

Тәшенев тағы жалғыз шырылдады.
Бірақ та өз дегенін істеп баққан,
Тоң мойын, тасыр билік бұрылмады.
Сөзіне түрмесе де заман құлақ,

Жабырқап, жасымады оған бірақ.
«Қалың ел аман болсын, – деді ішінен, –
Көп болса қатын-бала қалар жылап...».
Қазақтың жоқ десек те шын дұшпаны,

Бүйірлеп жан-жағынан кім қыспады?
Айырылған ұлан-асыр сол аймақтан,
Қайтқаны – ұлтарақтай бір пұшпағы.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Сұғанақ көзін сатпай отыра ма,
Азуын басынбаса батыра ма?
Көп жерін алып қалды кең даланың,
Әйтеуір қайтты деген аты ғана.

Жолыңнан адал жүріп жаңылсаң да,
Халқыңа қызмет ет не қылсаң да.
Түгендеп қайтып алса кеткен жерді,
Кім қақты Қонаевтың қолын сонда?

Бұйырмас ашық айтсақ ел айыпқа,
Сүттен ақ, судан таза болайық та.
Әулие тұтқанменен айналасы,
Халықтың өкпесі көп Қонаевқа.

Өтірік өрге басып өрістемес,
Көпшілік тура сөзді теріс демес.
Еңбегін ешкім жоққа шығармайды,
Пенде ғой бірақ ол да періште емес.

Жер кетті, ел де кетті зар еңіреп,
Сол үшін сыздамасын неге жүрек?!
Төрт болып екі көзі күтіп отыр,
Ер туса, елін сұрап келеді деп.

Жүгірген жеткіншегі жер танымай,
Шашылып жатыр әлі ел тарыдай.
Батырлар көрінбей тұр баяғыдай,
Қайырсыз көбейгелі қалталы бай.

Ұлтыңа сүйінбесең, күйінбесең,
Қалайша дейсің ердің күйін кешем?
Жамылып алтын көрпе кімге керек,
Бақытқа бөленгенің үйіңде сен?

Ұшы ұзын замананың құрығының,
Жұмабек сезген мұны күні бұрын.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Тірлікте теріс қадам басқандардың,
Балшығы жуылмайды жұлығының.
Талайлар тазарта алмай былғанышын,

Өкінген анасынан туғаны үшін.
Алдыңнан шығады ертең айдай болып,
Аңдамай пенделікпен қылған ісің.
Киесін қадір тұтып ел мен жердің,

Ұлт үшін арманы жоқ өлгендердің.
Аузынан көп естідім осы сөзді
Ерлігін Тәшеневтің көргендердің.
Халықтың қасіретті толғайды іші,

Қияды жатқа жерін қандай кісі?
Жер үшін жан беріскен, жан алысқан,
Ежелден жер қайғысы – ел қайғысы.
Кең дала, асқар таудың қорғаны боп,

Қан кешіп, біздің қазақ сорлады көп.
Құлдасақ әлімсақтан бері қарай,
Тоқымдай жер сатқанның оңғаны жоқ.
Атады жер сатқанды жер киесі,

Қалың ел – атажұрттың мәңгі иесі!
Тағзым ет, туған жердің топырағын сүй,
Болсаң да адамзаттың әулиесі!
Туған жер жұпар атқан жөргегің боп,

Жыласаң сусын берген шөлдедім деп.
Ұл болып жаралған соң бөрік киген,
Қорғамақ ел мен жерді – ерге міндет!
Жер үшін басын тіккен тәуекелге,

Кезінде Тәшеневтен ер өтер ме?
Болғандар бәсекелес онымен,
Түседі бостан-босқа қара терге...

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Жұмабек жасап кеткен ұлы еңбектің
Шығады бас-аяғын түгендеп кім?
Күрмеуге келмей жатқан қысқа жіптің
Ұшына шылбыр жалғап жібермекпін.

Ісінен танылады ер мінезі,
Айқындап айтатұғын келді кезі.
Зорлықтың қанды көзі қадалғанда,
Сескенбей қарсы атылды жалғыз өзі.

Жарқылдап ұқсамаса ақ алмасқа,
Аяулы атажұрты тоналмас па?!
Қан тамған қылышынан сол заманда,
Кім барды бұл ерлікке одан басқа?

Бас бағып, бұға берсең, сірә, қазақ,
Алдыңнан қайда барсаң шығады азап.
Үн қосар есіл ерге әттең сонда,
Неліктен шықпады екен бір азамат?

Қарасақ өлімізге, тірімізге,
Осы әдет жеткен біздің түбімізге.
Қонбайды бақыт құсы басымызға,
Біріміз тірек болмай бірімізге.

Болмаса қалың қазақ ала-құла,
Тепкіге түсер ме еді дала мына?
Қоржында Хан Кененің басы кетіп,
Сүйегі айдалада қалады ма?

Қайран ер қысқа өмірге болды қонақ,
Не пайда айтқанменен енді мадақ?
Қалдырдық біз де жалғыз Тәшеневті,
Жауызға жұлмалатып қанды балақ.

Биліктің белгілі ғой сыры мәңгі,
Өлгенше қуғындады – қырына алды.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Халықтың жаны ашыды іштен тынып,
Тасада әлдекімнің қыбы қанды.
Өксіген өкініштің уын ұрттап,

Қайғысын кешегінің кім ұмытпақ?
Қазақтың қанға сіңген әдеті ғой,
Жататын жығылғанын жұдырықтап.
Көз жетпей бұл жалғанның түбіне шын,

Еріксіз тұңғиыққа үңілесің.
Зымиян, қара жүрек пенделердің
Келбетін танығанда түңілесің.
Мүсіркеп тірі жанды аяған ба,

Әркімді өз орнына қояды Алла!
Құсадан Жұмабектің жаны күйген
Соңына өмірінің таяғанда.
Дүние көрінгенмен көңілге бай,

Ойпыр-ай, құбылады өмір қалай?
Бір кезде өзі отырған кабинеттер
Есігін тарс жауыпты, қабылдамай...
Сейілтер заман қайда ой түнегін,

Адамның берген Тәңір қай тілегін?
Жарыса мәнсап қуған жандайшаптар
Таптаған ар-намысын сөйтіп оның.
Қайтеміз айғай салып жыртып өңеш,

Шындықты, адалдықты кім тілемес?
Халықтан жасырғанмен көп нәрсені,
Тарихтан бүгіп қалу мүмкін емес.
Жарқырап күн шығады, ай туады,

Болады күңгірт дүние айқын әлі.
Жасалған Жұмабекке қиянаттар
Аузымен ақиқаттың айтылады.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н Кім үшін от пен суға түсіп еді, Кім оның қасіретін түсінеді? Қиянат Жұмабектің жанын қысқан Қазаққа көрсетілген қысым еді... Келетін зарықпай-ақ күнді күтіп, Ерітер тағдыр мұзын кім жібітіп? Түскендер құлғанадай қыр соңына Ақыры есіл ерді тынды жұтып... ІХ Мәңгілік орын тепті Шымқаладан, Шырылдап қазақ үшін туған адам. Көкжалдай үн шығармай көз жұмыпты, Қасарып тістілерге жұлмалаған. Түссе де империя тепкісіне, Жасырып жан азабын кетті ішіне. Тапсырып атажұртын артындағы Алаштың адал туған тектісіне. Біртуар ондай қазақ бұл өмірге, Қаймықпай қарсы шапқан «Кремльге»! Бейнеті өзіменен бірге кетті, Бейнесі қалды елінің жүрегінде! Баһадүр бабалардың жолын жалғап, Ол кетті ұлан-байтақ жерін қорғап. Ұлтына тірек болған ұландардың Тілегі әрқашан да орындалмақ.

Ықтырып аласұрған көксоққанды,
Жерінің тұтастығын сақтап қалды.
Айбатты арыстандай азаматын
Кең дала күрсінеді жоқтап мәңгі!

Н е с і п б е к А Й Т О В
Разы атамекен батыр ұлға,
Диюды жеңіп шыққан ақырында.
Кеткенде алты облыс қайтер едік,

Алпауыт Ресейдің тақымында?
Түскенде тар кезеңде ерегеске,
Қорғайтын туған елін ер емес пе?!
Сарыарқа сағым ойнап шалқып жатқан

Күн сайын Тәшеневті салады еске!
Тарихи куә болып ерлігіне,
Ағыттық жыр тиегін енді, міне.
Үлесі қосып кеткен ұшан-теңіз

Халқының мызғымайтын Елдігіне!
Қиянат қараңғыға жасырынды,
Ел үшін өлген ердің басы құнды.
Жанары жұмылғанша қайран сабаз

Ішінен тынды көксеп осы күнді!
Қиюын келтіруге Тәңір епті,
Мұратқа ол жетпеген елі жетті.
Рухы разы боп жатқан шығар,

Түгендеп төрт құбыла – төңіректі!

Өткізген елегінен сан сүзгінің,
Көргенбіз саясаттың арсыздығын.
Ойнатқан әңгіртаяқ төбемізде,
Өзіне бермей елдің өз тізгінін.

Тұрғанда арман гүлдеп, үміт көктеп,
Тектінің қисыны жоқ құрып кетпек.
Қисаймай аузы-мұрны кім айтады,
«Қазақта көш бастайтын жігіт жоқ» деп?

Жарасқан тал бесігі кең далаға,
Бақыттың құсы қанша қонды анаға.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Аманда асыл кіндік, алтын құрсақ,
Көшелі ұл тумайтын ел бола ма?
Дүние төңкерілер толқындаса,
Кім туды Абылайды ел тумаса?

Буаз бұлт буырқанып бусанады,
Найзағай жасын атып жарқылдаса.
Ездерді ешкім жоқтап сұрамайды,
Ерлердің тіккен туы құламайды.

Даланың дара біткен данышпаны –
Кім туды, қазақ тумай, ұлы Абайды?!
Тереңнен сөз шықпайды толғанбаса,
Бір асыл бір асылға жалғанбаса.

Алаштың арманда өткен ардагері –
Әлихан қайдан туды, ел болмаса?!

Өткердік үдей соққан дауылдарды,
Арқалар ердің жүгі ауыр мәңгі...
Айтайын қайсыбірін арыстардың –
Кім туды, қазақ тумай, Бауыржанды?!

Алқынбай өрге сүйрер көшін анық,
Бұл қазақ, ұл тумаса, несі халық?
Картасын Қазақстан көрген сайын,
Толғанам Тәшеневті есіме алып...

Күндерге көз жіберсем алыс қалған,
Ақмола әркімдерге қоныс болған.
Тәуелсіз Астанаға таңырқайды
Кешегі қайран дала жанышталған.

Кезінде селт етпеген мына көпке,
Кеудеңе запыран боп тұнады өкпе.
Даласын кескілетпей қорғап қалған,
Қарыздар бүкіл қазақ Жұмабекке!

Н е с і п б е к А Й Т О В
Жер үшін ұйқысыз таң атырды елім,
Ұрпаққа үлгі етейік батыр жолын.
Өзі аман алып қалған алты бірдей

Облыста бір аудан жоқ атында оның...
Өткеннің бүгінге де қатысы бар,
Ерлердің елін сүйген аты шығар.
Қасқайып Астананың қақ төрінде

Тұруға ескерткіші қақысы бар!
Құласа қызметінен күні батып,
Аты өшер талайлардың тірі жатып.
Мәнсаптың құлы болу – зор қасірет,

Ұлтының ұлы болу – ұлы бақыт!

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

ҚҰЛАНАЯН ҚҰЛМАМБЕТ

І Даңқымен қашықты да жақын еткен, Өмірден небір жүйрік ақын өткен. Жыр төгіп көмейінен бұлбұл құстай, Шарлаған шартарапты аты жеткен. Сыя алмай бұл жалғанның шеңберіне, Ақыры орын тепкен ақыреттен. Құлмамбет Құланаян соның бірі – Үзіліп орта жолда қапы кеткен. Еске алып артта қалған баяғы істі, Шолады көз жіберсек ой алысты. Тәңірі жақ бергенмен, бақ бермеген Тағдыры Құлмамбеттің аянышты. Баураған топты жерде тілмен көпті, Бар қазақ танып-білген Құлмамбетті. Әсеттей аласұрып өлерінде, Айтарын түгел айтып үлгермепті. Жалғыз қыз кіндігінен – Арзыханы, Байғұстың маңдайына ұл бермепті. Кегенге Шымкенттен келе жатып, Кенеттен көкірегін мұң кернепті. Түс көріп Қастекке кеп қонған күні, Жалғанның айқын бопты жалғандығы. Әкесі аян беріп білініпті, Үш күндік ғұмырының қалғандығы. Тағдыры тасқын судай үйіріпті, Құлмамбет қатты шошып күйініпті. Нышаны көрген түстің аумай келіп, Түргеннен топырағы бұйырыпты. Қоштасып өтерінде ел-жұртымен, Көзінен қанды жасы құйылыпты.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Жете алмай туған жерге, жалғыз қызға,
Еріксіз көрге басы иіліпті.
Хабарын естігендер Түргендегі

Үйіне Әлібектің жиылыпты.
Қоя ма алды-артыңды ойланғанша,
Сұм ажал қуып жетер қайдан болса.
Бір жүрген жақсыларға сәлем айтып,

Сайрапты қызыл тілі байланғанша.
Не күтіп тұрғандығын кім біліпті,
Дүние артына бір айналғанша.
Дариға, болжаған ғой шын ақындар,

Барлығын күні бұрын пайғамбарша.
Марқұмды топырақ тартып елге келген,
Ел-жұрты жылап-сықтап жерге берген.
Үзілген алтын жібін ғұмырының

Өлеңмен қайран ақын жалғап өлген.
Өмірдің айдынында еркін жүзіп,
Көріпті Құлмамбет те сансыз қызық.
Киілген сол қолының саусағына,

Көмілген бірге өзімен алтын жүзік.
Сыйлаған Құлмамбетке жүзікті кім,
Айтайын тереңдегі сүзіп түбін.
Бас қосып ас пен тойда қазақ-қырғыз,

Өткізген талай-талай қызық күнін.
Ежелден қазақ көрші қырғызбенен,
Туыстай бірін-бірі күнде іздеген.
Құлмамбет Ыстықкөлде айтысыпты

Қаламқас деген ақын бір қызбенен.
Айтыста өлең шалқып төгіліпті,
Қолтығы саңлақтардың сөгіліпті.
Болса да сонша жүйрік, сөзге шебер,

Қаламқас Құлмамбеттен жеңіліпті.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Шірімес алтын жүзік жалғанда енді –
Әйгілі сол айтыстан қалған белгі.
Жақсының басқан ізі жоғалмайды,
Асса да өмір көші белден-белді.

Қара жер бүтін тұрса, аспан аман,
Адамды құдай қайда бастамаған.
Көзіндей Қаламқастың сол жүзікті
Өлгенше саусағынан тастамаған.

Жастықта көңіл көлдей тасып-толды,
Құлмамбет талай жерге көшіп-қонды.
Әркімнің ішкі сыры өзіне аян,
Кім білсін, Қаламқасқа ғашық болды.

Ұстара бірдей болмас бәкіменен,
Әр нәрсе келеді өзі сәтіменен.
Сол жолы танысыпты деп айтады,
Қосағы қырғыз қызы – Бәпіменен.

Сабылып сан жылдардың сарсаңында,
Ел батты содан бері қанша мұңға.
Қабірі белгісіз боп қалар ма еді,
Болмаса алтын жүзік саусағында.

Тереңге үңілмеген не біледі,
Өлеңдей өмір, шіркін, өріледі.
Қайта ашып, жатқан жерін анықтаған,
Жігітек деген кісі көрінеді.

Жақсылық кеткен емес түбі текке,
Алланың нұры жаусын Жігітекке.
Болмаса арт жағыңда бір жоқтаушы,
Көп нәрсе келешектен үміт етпе.

Пендені салған талай азабына,
Таңғалам бұл тағдырдың ғажабына.
Қорғайды сол жүзігі Құлмамбетті,
Түсірмей қияметтің тозағына...

Н е с і п б е к А Й Т О В
Ашпаған құпиясын елге бірден,
Жүрегін ғашықтардың шер кемірген.
Кейінде Естай ақын дәл осылай,

Хорланның жүзігімен көрге кірген.
Өткеннің сайрап жатар ізі, міне,
Татымсыз тіршіліктің қызығы не?
Аруағы ақындардың мәңгі разы,

Хорлан мен Қаламқастың жүзігіне!..

ІІ Баяғы жұтқан уақыт Құлмамбетті, Жүгіріп біздерге де жылдам жетті. Бүгінгі көрген адам ертең елес, Кезекпен кімдер кетіп, кім келмепті. Ақылы дариядай данаға тең, Жан екен жаратылған алабөтен. Қой көзі қысыңқылау, сарғыш келген, Жалтыр бас, сида бойлы адам екен. Тұра ма төске өрлемей асқан дарын, Қондырған зердесіне жастан бәрін. Ай бойы тапжылмастан жырлайды екен, «Мың бір түн», «Көрұғылы» дастандарын. Тіл бітіп домбырасы қағып қалса, Сайрапты ән мен күйді төгіп қанша. Сыртылдап саусақтары перне бойлап, Тартыпты бақайымен шабыттанса. Құлмамбет қара өлеңнің ақтаңгері – Құйғытып оңды-солды соққан желі. Иманын мәңгі-бақи жолдас қылып, Марқұмның жарық болсын жатқан жері.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Өшпестей ізін артқа қалдыратын,
Жақсылар шығарады елдің атын.
«Дастанын «Көрұғлы» Құлмамбеттен
Үйрендім» деп кетіпті Жамбыл ақын.

Жамбылға жалаң болса құт қона ма,
Қадірлеп, Құлмамбетті тұтқан аға.
Жүйрікке қашқан да бір, қуған да бір,
Тұлпарлар бірін-бірі құтқара ма?!

Ақындар дархан көңіл, кең жүректі,
Байрағын парасаттың желбіретті.
Жаздырмай құлашын кең, бауырын еркін,
Амал не тағдыр дәйім тарлық етті.

Айналған бірде көлге, бірде шөлге,
Заманның мінезіне мүлде сенбе.
Үміттің оты жанбас қырсыққанда,
Ышқынып қызыл шоғын үрлесең де.

Халқының арман-мұңы тербеткенде,
Ақынның көкейінен зар кеткен бе?
Құлмамбет айтысыпты Жамбылменен,
Тұсында Қапшағайдың Арбаөткелде.

Бас қосқан Үйсін, Дулат, Суан, Албан,
Думанға жиналған жұрт куә болған.
Ақынды тоғыз бірдей жеңгеннен соң,
Құлмамбет Жамбылды өзі сұрап алған.

«Құлмамбет – менің атым, Құланян,
Менің Құлан екенім Тәңірге аян.
Албан, Дулат жиналып бата берсе,
Кеңес айтып жырлайын етіп баян.

Біреуді Жамбыл деген ел мақтайды,
Еркек қойдай құйрығын салмақтайды.
Ақын болса қайда отыр ол немесі,
Болар-болмас немесін ардақтайды.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Жамбылды болады ма алдыруға,
Сол неме жарар ма екен пар қылуға.
Төрт аяғым тең жорға бірдей шалыс,

Менімен болар ма екен салдыруға?».
Айтыстың қызығына шөлдеген ел,
Жамбылды алдырыпты сонда жедел.
Ұйтқыпты екіленіп соққан желдей,

Құлмамбет ойға жүйрік, сөзге кемел:
«Үндемей кіріп келдің, тайпақ қара,
Мен қандай, өзің қандай байқап қара.
Үлкенге сәлемің жоқ, аманың жоқ,

Не басыңа күн туған осыншама.
Мен айтсам, айтам қалың байлығымды,
Дулаттан жиып жүрсің шайлығыңды.
Албан, Дулат жиылып бата берді,

Бұзбайды жандарал да жарлығымды.
Ашулансаң, аспанды тастап жібер,
Сен де білдір қимылдап барлығыңды!».
Шалғынды жапырғандай шалғыменен,

Құлмамбет соқтықты өзі алдыменен.
Байлықты, батырлықты салыстырып,
Жалдыны жарыстырды жалдыменен.
Айтыстың алды-жарыс, арты-намыс,

Шығаннан шығу керек шалқып алыс.
Опырып, ойып түсер, орып түсер,
Азуы Жамбылдың да алты қарыс.
Жамбыл да қарсы шапты салған жерден,

Көкжалдай өзі теңдес арлан көрген.
Селдетіп, сарқыратып төкті өлеңді,
Тасқындай нөсерден соң таудан келген:
«Құлмамбет сөз сөйлейсің анықтамай,

Салмақтап алды-артыңды парықтамай.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Айтатұғын кісіңе өзің айтқын,
Делбе кезек кісідей шалықтамай.

Ыстыда толып жатыр қой мен жылқы,
Қасабек, Дәулетбақпен қызыл түлкі.
Бабаның ата қойын маған балап,
Досқа – таба, дұшпанға болма күлкі.

...Пар келмес сенің байың Медеу байға,
Бұл Жамбыл Медеуді айтпай кетпес жайға.
Тоқсан екі шолақты жинағанмен,
Жазған-ау, бұған жетер байың қайда?».

Бұтарлап, бөлшектемей сөз бүтінін,
Жамбыл да Құлмамбеттің қазды түбін.
Екеуі екі жақтан жарқылдады,
Найзағай ойнағандай жазғытұрым.

Біреулер жақтырмаған ыңыранды,
Жымыңдап біреулердің қыбы қанды.
Ешнәрсе айтылмаған қалмаған соң,
Әйтеуір сөз атасы тірі қалды.

Маңайын қызыл өрттей шарпып өткен,
Алысқа осы айтыстың даңқы жеткен.
Тәңірі Құлмамбетке қырын қарап,
Жамбылға абыройды тарту еткен.

Қос жүйрік сүрінбеген сан күдірден,
Жері жоқ бір-бірінен кем жүгірген.
Тиегі домбыраның тайып кетіп,
Құлмамбет кібіртіктеп сәл кідірген.

Тарихтың тереңіне барып шөккен,
Бұл жайды жыр қылады халық көптен.
Тиектің тайғандығын сылтау етіп,
Жамбылды көтермелеп алып кеткен.

Айтыста талас-тартыс, болған егес,

Н е с і п б е к А Й Т О В
Көңілге оны ақындар алмаған еш.
Құлмамбет шындығында жеңілмеген,
«Жеңдім!» деп Жамбыл да айтып көрген емес.

Ақынды сөйлететін ел намысы,
Бұлбұлдың сайрай алмас тордағысы.
Кім білсін Құлмамбетке елестеді,
Жамбылдың қызыл шұбар жолбарысы.

Тілегі баспаған соң тегіс оңға,
Батыпты жайсаңдардың көбі сорға.
Көп сөзі Құлмамбеттің жиналмаған,
Ең қиын, өкінішті жері сонда.

Қырандай қатты серпіп қанатын кең,
Құлмамбет айтысыпты сан ақынмен:
Сүйінбай, Түбек, Тезек, Жамбыл, Майкөт,
Тілдері тиген жерін сара тілген.

Бұл жалған мәңгі тұрақ таптырмаған,
Басында бағландардың бақ тұрмаған.
Кешірсін Абай атам аруағы,
Ежелгі ескі ақынды жақтырмаған...

Көзбенен көрмесек те тірі қалпын,
Ескінің елес болған сынығы – алтын.
Маржандай асыл сөзін жіпке тізіп,
Жеткізген мына бізге ұлы халқым.

Заманның бұзылғанда сиқы мына,
Сиреттік күлкіні де, ұйқыны да.
Жаңаның бәрі жақсы дей алмаймын,
Көненің зар болдық қой қиқымына...

ІІІ Өлшеніп қас-қағым сәт мезетпенен, Дүние алмасады кезекпенен.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Ақындар қырғыз бенен қазақтағы
Сыйласып, жақын жүрген Тезекпенен.
Жалт етіп өте шығар жалғандағы,
Таусылмас айтса адамның армандары.

Аузымен құс тістеген өнерпаздың
Тезектің маңайында болған бәрі.
Иіріп бір шыбықпен бай-манапты,
Көк мұзда заман кеше тайғанатты.

Тезекті атқа теріс мінгізгендер
Тезектей бола білсе қайда қапты?
Болған соң қолда билік кере құлаш,
Батырған көпке тізе Тезек, рас.

Тірілсе зәбір көрген замандасы
Еңіреп, жанарынан төгеді жас.
Түскенде ел басына қысым жаман,
Жаладан жақсы бар ма ұшынбаған?

Сүйінбай, Түбек, Жамбыл, Құлмамбеттің
Хан Тезек үстінен құс ұшырмаған.
Жан тартар болмаса да жекжаттығы,
Жақсының жайсаңдарға жоқ жаттығы.

Төре де керек жерде тізгін тартқан,
Білінген осыдан-ақ бекзаттығы.
Жығылып әділдіктің ыңғайына,
Көтерген батқан сөзді шымбайына.

Өзі де әжептәуір ақын болған
Тоқыған жас күнінен жырды ойына.
Ғасырға қарап тұрсақ алыстаған,
Күшті жоқ алыспаған, шалыспаған.

Бай болсын, батыр болсын, төре болсын,
Солар ғой, түптеп келсек, ел ұстаған.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Қылыштай өткір тілі қышығанда,
Ақындар арындаған түсіп алға.
Шамданбай, шамырқанбай осы күні

Тезектей сөз тыңдайтын кісі бар ма?
Түрленіп тілдің майын тамызғаннан,
Артқыға алдыңғыдан негіз қалған.
Кезінде Түбек деген ақын өткен,

Арқа мен Жетісуға аңыз болған.
Білетін алыс-жақын түгел атын,
Түсірген сөздің түбін Түбек ақын.
Сексенде Жетісуға сапар шеккен,

Іштегі елең қылмай кінәратын.
Түбектің жүрген жері жырға мекен,
Қынадай айтысқанын қырған екен.
Жалайыр Асан тәуіп емдеп жазып,

Шемен боп, үш жыл жатып тұрған екен.
Аралап қалың елді жол-жөнекей,
Ат басын Тезекке де бұрған екен.
Сұраншы бір жыл бұрын опат болған,

Орнына барып, бата қылмақ екен.
Ақбақай астындағы ойнап желмен,
Сұраншы небір сұмдық ойран көрген.
Қоқанды түре қуып Алатаудан,

Қапыда қоршауда қап, Сайрамда өлген.
Айналар есті қазақ батыр ұлдан,
Өшпейтін өмір бақи аты жырдан.
Асына сексендегі Түбек келген,

Арнайы болмаса да шақырылған.
Жылыстап өте шығар бұл бір заман,
Жақсыңды жаныңдағы күнде ұрлаған.
Ерлігін Сұраншыдай сұрапылдың

Жамбыл мен Сүйінбайдай кім жырлаған?

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Біз бүгін қаптап өскен ормандаймыз,
Біріміз бірімізге қорғандаймыз.
Бірақ та кешегі өткен Сұраншыны
Шығарып жадымыздан алғандаймыз.

Сұраншы батыр ма еді ұмытылар?
Білемін, оның да бір күні туар.
Алдында аруағының қарыздармыз,
Қазақтың өлісі бар, тірісі бар...

Түбекті қадір тұтып соншалықты,
Тезек те түстік жерден қарсы алыпты.
«Алтайдың ақиығы келеді!» деп,
Айнала ат шаптырып, жар салыпты.

Абырой, несібесін алдан тілеп,
Үстінде көкжайлаудың келген Түбек.
Ат соғып алыс жолдан айлап жүрген,
Ақсақал қалған екен шөлдеңкіреп.

Арнайы үй тіктіріп күткен дейді,
Жақсыға Тезек төре болған тірек.
Балуандай айтысқанын атып ұрған,
Түбекті көріп халық жапырылған.

Көк қасқа тай сойылып құрметіне,
Сары қымыз саба-саба сапырылған.
Түбекке түгел келіп сәлем берген,
Ақындар үлкен-кіші шақырылған.

Тезекке әр сөзіне құн төлеткен,
Сүйінбай келе алмапты бір себеппен.
Сүйінбай жүйрік ақын депті Түбек,
Шапса озған қатарынан, қуса жеткен!

Тезектің ел жиналып ордасына,
Аламан айтыс болған сонда, сірә.
Кездескен Құлмамбеттей хас жүйрік,
Түбектей қара өлеңнің жорғасына.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Айтыста қарсыласын кім аяған,
Бермесе өзі жәрдем құдай оған.
Құлмамбет Түбекпенен сілкілескен,

Сиынып атасына Құланаян.
Атаудың Құланаян баяғыдан,
Ақсап тұр мағынасы аяғынан.
Дегендей бөкен желіс, түлкі бұлаң,

Құланның шыққан болар аяңынан.
Белгілі сөз төркіні енді ұққанға,
Дұрысы – Құланаяң сондықтан да.
Жапанда желдей есіп аяңдаса,

Құланның шашасына шаң жұққан ба?!
Жүйріктер көтеріліп шабыс алған,
Қиынға ары салған, бері салған.
Төгіпті кер дөненнің ащы терін,

Келтірмей қапталына кәрі тарлан.
Шайнасқан секілді екі кекті құлан,
Алыпты бірін-бірі шоқтығынан.
Төбе би өзі бопты Тезек төре,

Куә ғып қарақұрым көпті бұған.
Алған соң көзден көшіп тыным бүгін,
Өзінде өз қызығы бұрынғының.
Айтыстың алыптарын тыңдапты жұрт,

Орданың түріп тастап туырлығын.
Өлеңге машық болған бала жастан,
Тезек те бұл айтысқа араласқан.
Айтысты Түбек бастап былай депті,

Төренің бет-жүзіне қарамастан:
«...Қылмай ма төре тәубе бір Құдайға,
Жаратты ие қылып ақыл-ойға.
Сыртыңнан сені халық ұры дейді,

Осы сөз лайық па Абылайға?

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Арғы атаң Абылайға қазақ жетпес,
Жан келмес дүниеге олар тектес.
Солардың орнындағы қарақшысың,
Болмаса ұры екенсің тоқым кеппес.

Қараны хан жылатпас, батыр Тезек,
Адам жоқ өлмейтұғын темір өзек.
Зарлатып момындардың малын жесең,
Бір күні өзіңе де келер кезек.

Хан Тезек, төремісің, қарамысың,
Сөзіме құлағыңды саламысың?
Болғанда тас таразы, Тәңірім – қазы,
Сен дағы сол араға барамысың?»...

Ұстайтын жерін білер әрқашан да,
Кірісті Құлмамбет те сөзге сонда.
Түбекті алқымынан ала түсті,
Дегендей Тезекті көп тезге салма:

«Міндет қып неменеңді келдің, Түбек,
Көтерем секілденіп қотыр үлек.
Дау іздеп, қайыр сұрап жүруменен,
Қалыпсың сұқырдай боп мұнша жүдеп.

Қадірлеп басын сыйлап шақырғандай,
Аяқты күшенесің сонша тіреп.
Аузыңнан отты жалын сөз шығады,
Аспанды тұрғандай-ақ қолмен тіреп».

Жарқылдап шапқан аттай, атқан оқтай,
Айқасты, қызды шайқас бет қаратпай.
Шын ақын арқаланып арындаса,
Тұра ма көмейінен от боратпай?!

Шарпысты әлмек-сәлмек кезек бере,
Шоқ түсті жүрекке де, өзекке де.
Су сеуіп қызыл өртке лапылдаған,
Тежеді Құлмамбетті Тезек төре.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Ақындар тізгін тартты барып-барып,
Сүйсінді жүйріктерді халық танып.
Тезек те біраз жерге жорғалады,

Қомданып, қанаттанып, шабыттанып.
Сөз соңын Түбек өзі түйіндеді,
Қалақтай домбырасын қағып-қағып:
«Қош енді, Абақ, Тарақ, Албан, Суан,

Абылай қай қазаққа болмады ұран.
Матай мен Алтынемел, Шаған анау,
Жошы хан мекендеген, ақсақ құлан.
Қарақараш барғанда Хан Абылай,

Шыбық қиып, нан жеген, ұстап құран.
Түбің бек, едің төре, халқы жоқтар,
Саған келіп тоқтайды ұшқан қыран.
...Хан болсаң, ғаділдік қыл қарашыға,

Аударма табаныңды таласыңа.
Қақ жарған қара қылды әкім болып,
Тең қара атасы мен баласына.
Хан Тезек, сен де аман, ел де аман бол,

Қонақпын бұл үш жүздің арасына!».
Бес күндік тіршілікте базарлаған,
Осылай Түбек көпке сөз арнаған.
Қол жайып Құлмамбетке бата берген,

Ізінен ұшқан шаңы тозаңдаған.
Тарасқан игі жақсы мәз болысып,
Дүниеге жалт-жұлт етіп көз алдаған.
Арман жоқ ақындарда бір есептен,

Өлеңмен өмір көркін ажарлаған.
Самсаған самырсындай сол ерлерді,
Жым-жылас жұтып қойды-ау тажал заман.
Кең пішіп, кесек турар мінезімен,

Қалайша бола қалмақ Тезек жаман?
Құлмамбет қырық бестер шамасында,
Кезі екен сақал-мұрты бозармаған.
Түбекті күндік жерге ұзатып сап,

Қарасы үзілгенше көз алмаған...

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н ІV Ән-күймен, өлең-жырмен шаттандырған, Ақынын қазақ қашан шет қалдырған. Түбекке разы боп Тезек төре, Үш тоғыз, бір қыз беріп аттандырған. Айтыстың жайып Түбек даңқын көпке, Жол бойы талай жерге ат шалдырған. Аузының суы құрып естігендер, Тезектің жомарттығын мақтан қылған. Абайдан басқа ақындар сол заманда, Несібе, нәпақасын тапқан жырдан. Жаманға жорып қалма жетесі жоқ, Ағайын, бұл сөзімнің қатесі жоқ. Алаңсыз өлең жазып жататұғын, Олардың Құнанбайдай әкесі жоқ. Жаманды Тезек төре тең қылмаған, Қасынан Құлмамбетті қалдырмаған. Жығылып сөзге тоқтар мәрттігіне, Сүйсінген Сүйінбай да, Жамбыл да оған. Қол созған қиянаттың құрығына, Налисың Құдай сүймес қылығына. Айыбын ақын біткен бетке басып, Айылын жинаттырған ұлығына. Алайда арпалысқан сұм жалғанда, Жан бар ма кір жұқпаған жұлығына? Тезектен суынасың сыйлай тұрып, Ұстаған қарақшыны, ұрыны да. Тазарып шыға келер бір қарасаң, Өлеңнің шомылғанда тұнығына. Сүттен ақ, судан таза хан болмаған, Үңілсең ғасырлардың құдығына. Жемқоры ол заманның жалғыз сол ма, Жұтқаны жұқ болмаған жұмырына.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Бір жақты баға беру қиын шығар,
Қым-қиғаш, көпке жұмбақ ғұмырына...
Көп жайға қазірде де көзің жетер,

Халықтың құлақ түрсең сыбырына.
Тезекті қондыратын мезгіл жетті,
Өзінің тарихтағы тұғырына.
Кешегі болған жемқор бүгін де бар,

Түрі жоқ қой дегенге тіліңді алар.
Борсықтай ұрған сайын семіретін,
Жонданып, жеген сайын күлім қағар.
Айранды солар ішіп шелектегі,

Қашанғы қара халық түбін жалар?
Сүйінбай, Құлмамбетін қазіргінің,
Көрсе де көрмегендей қырын қарар.
Түседі осындайда Тезек еске,

Өнерге орда тігіп, туын қадар.
Тажалдың тойымы жоқ, уайымы жоқ,
Күн бар ма кеңірдегі тығындалар?
Түбекке, Құлмамбетке, Сүйінбайға,

Тезектей төр беретін жиын қайда?
Топырлап көк аспаннан тері жауса,
Пақырға қатқан пұшпақ бұйырмай ма?
Тірлікте Құлмамбет те жарымаған,

Бірақ та жасымаған, арымаған.
Аяғын тарта басқан оны көрсе,
Құдайын кейбіреулер танымаған.
Өлеңмен ырыздығын ол да тапқан,

Қақтығып, тасқа пышақ жанымаған.
Тәңірі үйіп берген, жиып берген,
Байлықтан басқасының бәрін оған.
Жасы үлкен болса-дағы ірісінбей,

Жамбылды көрген туған інісіндей.
Ақ көйлек, аңқылдаған көңіліне,
Өтіпті пенделіктің кірі сіңбей.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Шын ақын төмендер ме, мәйпектер ме,
Қағысқан Бақтыбаймен, Майкөтпен де.
Құлмамбет отырғанда топ ішінде,
Өзгелер шығады екен байқап төрге.

Бағынған басқаға емес тек құдайға,
Дариға, сол ақындар кетті қайда?
Құлмамбет Сүйінбайды ұстаз тұтып,
Ілтипат білдіріпті Бақтыбайға.

Шіркін-ай, сол сыйластық бар ма бүгін, Қашанда қадірі жоқ қолдағының. Жатады үйдей пәле біреулердің, Астында бүгіп жүрген бармағының. Көрмеген жарасымды жұбын жазып, Үлгісі бұрынғының бүгінге азық. Қазақтың бетке ұстары барлығы да, Қайтеміз жақсылардың түбін қазып... V Ақынды Алла бекер жаратпаған, Ол кезде өлең-жырсыз таң атпаған. Ер туып, ел тізгінін ұстағандар Қыранды құзғындарға талатпаған. Сыйлапты Құлмамбетті қырғыздар да, Айтыссыз ас пен тойын таратпаған. Тау асып, тасты басып жер шалғында, Қадірсіз болсаң қырғыз қарсы алған ба?! Құлмамбет әдейі арнап шақырған соң, Барыпты Жамбылды ертіп ер Шабданға. Құлмамбет жырлағанда таңнан таңға, Тыңдапты талықпастан Шабдан сонда. Ай бойы айтқан екен «Мың бір түнді», Өзің біл, сенбей бұған шамдансаң да.

Н е с і п б е к А Й Т О В Жырауды тірі көрген бұл жалғанда, Шабданда арман жоқ қой білген жанға. «Аяғы мұның қашан бітеді?» деп, Сұрапты он жетінші күн болғанда. «Тақсыр-ау, саусағымның әлі кетті, Жырлаймын он алты күн әлі!» депті. Шабданның жалғыз өзі отыр дейді, Құлмамбет көзбен шолса төңіректі. «Тыңдаса жырды, Шабдан тыңдасын!» деп, «Жырласа, Құлмамбеттей жырласын!» деп, Айтады қазақ-қырғыз әлі күні, Кетсе де содан бері бір ғасыр боп. Таңдайға Тәңір берсе несібені, Ақынның мәртебесін өсіреді. «Мың бір түн», «Көрұғылы» дастандарын, Үйреніп қайтқан Жамбыл осы жолы. Сақтаймыз жыр болмаса немізді ойға, Жас толқын тілдің майын тамызбай ма? Айдыны ақ көбік боп шалқып жатқан, Дариға, Құлмамбеттей теңіз қайда? VІ Таяқ жеп тар кезеңде тағдырдан көп, Халқымның төккен жасы жаңбырдан көп. Сырқырап құмға сіңген судай болып, Сұраусыз кетті емес пе сан Құлмамбет. Қызылдың желі соғып азынаған, Айырылдық қаншама асыл қазынадан. Меңіреу, мылқау тарих мелшиеді, Өтпейді айтқанменен сөзім оған. Қым-қуыт басымыздан күндер өткен, Қызығы қысқа өмірдің кімге жеткен?

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Қазына Құлмамбетпен кетті қанша,
Жүзіктей саусағында бірге кеткен.
Келмеске кеткен дүние қанша бізде,
Іздесең соны, халқым, шаршап ізде!

Сары аяз сақылдаған қыстың қамын,
Жасаған ата-бабаң ерте күзде.
Тоналған тарихымыз, тіліміз де,
Түгендеу парыз оны тірімізге.

Жоғалтқан алтын киген аруақтарын
Қорғандар ескертеді мұны бізге.
Өзгеше тұрқы бөлек, үні дара,
Жоқтайды арыстарын ұлы дала.

Құлаған ата қыстау – ескі жұрттың
Орнында жатыр төккен күлі ғана.
Бұл күнде Тезек қайда, Шабдан қайда,
Үзілген ұлы дәстүр жалғанбай ма?

Адасқан соқыр болсаң өз ұлтыңнан,
Қаңғырған тас тиеді сор маңдайға.
Сөгетін тар қолтығын кең құлашы,
Қайда екен Құлмамбеттің домбырасы?

Қамқорсыз қариядай күрсінеді,
Қазақтың күй мұрасы, ән мұрасы...
«Ақынның домбырасы осында!» деп,
Алтайдың айғай салды қарлы басы.

Өлгені тірілгендей тебіреніп,
Көзінен Жақыпжанның тамды жасы...
Хасеннің қабыл болсын жұма сайын
Ақынға бағыштаған әр дұғасы!

Азаттық алтын нұрын таңдай құйып,
Тұрғанда төмендесең қандай күйік?
Еңсесі туған елдің биіктемес,
Тұғыры төл өнердің болмай биік.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Халықтың жаны – ұлттық өнерінде,
Құлмамбет айтып кеткен өлерінде.
Жұртының керегіне жарамаса,

Құны жоқ қараның да, төренің де.
Алдыда күдік қанша, үміт қанша,
Өткенді өмір өтер ұмытқанша.
Түбінде Көк байрақтың түзу тұрсын,

Халқының қамын ойлар жігіт болса!
Жын-шайтан баса-көктеп кіре алмайды,
Есігі періштенің құлыпталса.
Құдайым, ұлтпен көрсет не көрсетсең,

Күшіктей көштен қалған ұлытқанша.
Ызадан, өкініштен ішім жанар,
Айтар сөз өткір тілдің ұшында бар.
Қазақ боп қала алмасаң жібі түзу,

Шайнаған бармағыңда тісің қалар...

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н Әлібек – Құлмамбет Түргенде қайтыс болған үйдің иесі. Жігітек – Құлмамбеттің мұрасына жанашыр ағайыны, ақынның қабірін тапқан кісі. Жақыпжан – Нұрғожаев, белгілі журналист, Құлмамбеттің мұрасын зерттеуші. Хасен Смағұлов – ақынның басын көтерген аталас ағайыны. СҮЙІНБАЙ Бөрілі менің байрағым, Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып кетер қайдағым! Сүйінбай І Жібермей сөзден есені, Жыраулар ғұмыр кешеді. Кіндігін кескен Қызыр кеп, Сүйінбай ақын кешегі, Шешесі жырға жерік боп, Дүниеге келген деседі. Өлеңнің сүті – емгені, Өлеңнен екен жөргегі, Өлеңнен екен жібектей Кестелі көрпе, төсегі! Айтысқа түссе көшелі, Көрмеген қайтып меселі. Ақтарса алтын сандықтай, Кеудесі жырдың кешені, Толғанып кетсе бір өзі, Шұбырған қалың көш еді. Жақсыға жолдас, дос еді, Наданға нағыз өш еді. Сүйінбай іздеп келгенде, Тезектей тентек төренің

Н е с і п б е к А Й Т О В
Тарылған алды кең еді,
Төрінде орын бос еді...
Сүйектен сөзін өткізсе,

Шындыққа көзін жеткізсе,
Тарқаған бойдан кеселі.
Өмірде кедей болса да,
Өлеңнен ақбоз үй тіккен,

Ақынның сойы осы еді.
Жамбылдың өзі пір тұтқан,
Сүйінбайы бар қазақтың,
Маңдайда бағы бес елі!

Тұяғы тасқа ілікпей,
Құйғыта шапқан күліктей,
Сүйінбай қайта туар ма,
Әр сөзді шаққан жіліктей?!

Артында қалған мұрасы,
Мың жылда тозбас мүліктей.
Өріске сыймас өлеңі,
Мыңғырып жатқан түліктей.

Осынша байлық бітсе де,
Сарғая қанша күтсе де,
Оңынан бермей тілегін,
Оның да қайғы жүрегін

Сорыпты қара сүліктей.
Әр жаққа тартқан қазақтың,
Бір жерге басы бірікпей...
Болысса Тәңір кедейге,

Бәрін де берер демей ме?
Батырдың күші – білекте,
Ақынның күші – көмейде.
Айтылмай іште сөз кетсе,

Жегідей жанды жемей ме?..
Менің де өлең – өз әкем,
Сүйінбай маған өгей ме?!
Сүйекем құсап суырылсам,

Тірі жан мені бөгей ме?!

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Қаратау көрген атасын,
Алатау берген батасын,
Сүйекем жастан шиырған,
Өлеңнің алтын сақасын.

Алдына келген кісінің
Көркіне емес айырған,
Сөзіне қарап сапасын.
Ұрандап аруақ шақырып,

«Бөрілі байрақ көтерсе»,
Бұғынып қалай жатасың?
Өлеңді судай сапырып,
Теңіздей толқын атасың!

Шұбырған ізі шиыр боп,
Шешілмей жатқан түйін көп.
Дүние бақса теріске,
Бір езу аттай бүйірлеп,

Зорлықтың зұлым басына,
Сүйінбай құсап кімің бар,
Суырып сөздің қылышын
Қасқайып тұрып үйірмек?!

Ұйтқыған заман құйындай,
Пендені көрмес бұйымдай.
Қайратың барда жасқанба,
Қанатың барда аспанда,

Әйтпесе қор боп өтерсің,
Көзіңнің жасы тиылмай.
Тентіреп жүріп тапқаның,
Тісінде кетер тістінің,

Қолында кетер күштінің.
Өзіңе түйір бұйырмай.
Осыны білген Сүйінбай,
Қырандай қанат қомданып,

Домбыра – досын қолға алып,
Төбеге шықса толғанып,
Саладан аққан судай боп,

Н е с і п б е к А Й Т О В
Қапталға біткен нудай боп,
Тұрған ба жұрты жиылмай?
Халқының болып қорғаны,

Көкейде тұнып арманы,
Көмейден маржан төгіпті,
Өлгенше сөзі сұйылмай...
Шалықтай бермей жөнге кеп,

Сөйлеп бір кетсем термелеп,
Таңдайым кеуіп кеберсіп
Маңдайым тепшіп терлемек.
Сүйінбай салған сүрлеумен,

Биікке тартсам өрмелеп,
Қолтықтан келіп демейді,
Аруағы «Құлай көрме!» деп.
Құласам дұшпан аямас,

Екі де күннің бірінде,
Көрімді қазып тірімде,
Болғалы жүрген жерлемек.
Сүйекем көрген сұм тірлік,

Бізге де жетті дөңгелеп,
Бізден де өтер дөңгелеп.
Дауасыз дерттен іштегі,
Сырттағы қайғы-шер бөлек.

Айналып тұрған дүние,
Өзінде жоққа шөлдемек...
Аңсаған асыл мұратың,
Аспанда болса, жерде жоқ,

Жерде жоқ болса, елде жоқ,
Елде жоқ болса, сенде жоқ,
Сенде жоқ болса, менде жоқ,
Сағымдай сиқыр жалғанда

Арманға жеткен пенде жоқ.
Қазақта жоқты табуға,
Қарасам түптеп, зерделеп,
Сүйінбай сынды ер керек!

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Жүректің көзін тазалап,
Алысқа қара, азамат!
Жоғалту барды оп-оңай,
Жоқтан бар жасау ғажап-ақ!

Жетем деп жоққа жүйрікпен,
Қырандай жауға шүйліккен,
Баяғы батыр бабалар
Жорыққа мініп қазанат!

Өлшеулі мынау жалғанда,
Өлшеусіз бақыт болған ба?
Мәңгілік, шексіз еркіндік
Бұйырған, шіркін, ел бар ма?!

Іздеген жоғым осы ғой,
Қол созып биік арманға.
Баянды, мәңгі бостандық
Аңсаған барлық жандарға,

Талмайтын қанат бітсейші,
Кеудеде шыбын жан барда!..
Ақынға біткен тіл мен жақ,
Сүрінсе сөзден мін болмақ.

Алысқа ұзай алмассың,
Айтпасаң ойды сындарлап.
Өткенге құлақ түрмеген,
Олжадан қымбат құр қалмақ.

Ақын мен жырау болмаса,
Көнеден қалған жұрнақты,
Жеткізер бізге кім жалғап?
Солардың бірі – Сүйінбай,

Өлеңнен өзен тасытып,
Дәрия кешкен, су жалдап...
Сүйінбай ақын ер еді
Бір өзі мыңға тең еді.

Босаға емес, төр еді,
Шұлғытқан хан мен төрені.

Н е с і п б е к А Й Т О В Халқының жоғын жоқтаса, Кереге қанат, кең құлаш, Серпіні қатты зор еді. Билікке салса бел еді, Айтысқа түссе сел еді, Ашынған жері болса да, Тосылған жері жоқ еді. ІІ Қырғызда ақын Қатаған, Жүйрік те болса жатаған. Шешесі де оның қалжа жеп, Ұл болып туған атадан. Ақынның асау тарпаңы, Алдына келсе тарпыған, Астына түссе тапаған. Қырғыздың талай ақынын, Тобымен тұсап, матаған. Орақтай өткір тілімен, Ормандай кесіп отаған. Жарылып өле жаздаған, Жеңілген ақын қападан. Өзіне жанды теңгермей, Маңына тіпті мән бермей. Сүйінбай кіріп келгенде, Құтырды жынын көргендей. Алыстан атқан мергендей, Айтыспай жатып жеңгендей. Аспанның астын сапырып, Қара бұлт болып төнгендей, Асып та тасып сөйледі, Құдайға барып келгендей. Тезекке қарап төрдегі Құлашын кеңге сермеді. Қазақтың қасқа-жайсаңын Шыбындай құрлы көрмеді.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Үзетін аттай шылбырын,
Жұлқына тартты кермені.
Бетіне кісі қаратпай,
Биікке шапшып өрледі.

Шапшыған сайын шалықтап,
Тасыған судай селдеді.
Сұрқынан шошып мынаның,
Сұрланып Тезек терледі.

Арқасы қозған Қатаған,
Шамына тиіп қазақтың,
Кеудесін желік кернеді.
Көптігін айтып көпірді,

Көбіктей көлкіп көлдегі.
«Сүйінбай ақын сен! – деді, –
Қатаған ақын мен! – деді, –
Ырқыма менің көн!» деді.

Қоянға төнген қырғидай,
Бүріле түсті шеңгелі.
Әр сөзі бастан ұрғандай,
Назарын көптің бұрғандай,

Қатаған ұйтқып тоқтады,
Орданы ойран қылғандай.
Шалқая қалды шіреніп,
Айтарын айтып тынғандай.

Дүр ете түсті қырғыздар,
Қазақтың сағы сынғандай.
Сүйінбай сонда саңқ етіп,
Сілкінді дауыл тұрғандай.

Қысылма деді төреге,
Ілінді өзі жебеге.
Жеңілсем құл ғып байлап бер,
Ербиген осы немеге.

Құйғыта шауып жөнелсем,
Шаңымды, сірә, көре ме!?
Ол тұғыр болса, мен – тұлпар,
Ол тұйғын болса, мен – сұңқар,

Н е с і п б е к А Й Т О В Шеніме жақын келе ме?! Тигізіп тілін несі бар, Науырбай менен Кенеме? Жазуы солай тағдырдың, Шаңырақ күйреп түспей ме, Қиыраса уық, кереге... Тулақтай сілкіп, бағайын, Қазықтай жерге қағайын, Бір ұрып өзін төбеге. Тірі жан – тісті бақа да, Ажалы жетпей өле ме? Жалынып жаны қалмайды, Сүйінбай оған көне ме? Терісін сылып тұлып қып, Қояйын іліп шегеге. Ормандай қалың қазағым, Қырғызға теңдік бере ме? Болғанда қазақ Алатау, Ұқсайды қырғыз төбеге. Теңіздей қазақ тұрғанда, Көл емей қырғыз немене?.. Қатаған сөзден жаңылды, Сүйінбай судай ағылды. Қазақтың асып мерейі, Қырғыздың тауы шағылды. Қатаған бекер қағынды, Жеңіліп, аузы жабылды. Тезектің туы желбіреп, Ашудан Орман жарылды. Жер шұқып қалған Қатаған, Жонына қамшы тигенде, Қазықтай жерге қағылды... ІІІ Етегің жасыл, басың қар, Тарихқа куә тасың бар,

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Алатау, сенің бауырыңда,
Туыпты не бір асылдар.
Талайды бастан өткерген,
Белгісіз бізге жасың бар.

Сөйлесе сансыз сай-салаң,
Қасқайып жатқан асулар,
Сенімен бірге тебіреніп,
Шертеді сырын ғасырлар.

Жадында әлі қазақтың,
Көгінде ойнап найзағай,
Жарқылдап түскен жасындар,
Сондықтан болар үзілмей,

Кірпікте жүрген жасым бар.
Күрсінсем еске түседі,
Махамбет, Мұқағалилар,
Абай мен Мағжан, Қасымдар!..

Сүйегің асыл Сүйекем,
Қазағың үшін сенің де
Ағарған ерте шашың бар,
Сарп боп өткен ғұмырың,

Бәйгеге тіккен басың бар!..
Сүйекем, сұңқар, саңлағым,
Өліде асып аруағың,
Тіріде биік самғадың!

Шалқыған шалқар жұртыңның
Бірлігі болып арманың,
Қазақтың тау мен даласын
Ойменен шолып шарладың.

Шыбындай жаның шырқырап,
Шындықты айтып зарладың.
Шырылдап қайда бармадың,
Ел үшін тал да қармадың.

Ұқтырдың алыс-жақынға,
Қатаған сынды ақынға,
Тұтасқан қалың қазақтың
Төңкеріп тастар салмағын...

Н е с і п б е к А Й Т О В
Жырымдап тілмей сырмағын,
Жұртыңды бөлмей жырладың.
Сол үшін саған ырзамын!

Тіледің атты қазақтың
Қылғай деп түгел тұрманын.
Туысқа тартып бұрмадың,
Төбеңе тудай көтердің

Алаштың оза туғанын.
Халқыңның болды айбаты,
Қажымас, қайсар қайраты,
Алдында кімнің болса да,

Қасқайып сенің тұрғаның!
Бес күндік ойлап тірлікті,
Ұмыттық кейде бірлікті.
Бөлініп жүріп жем болдық,

Бөрідей талап кіл мықты.
Үзілген жалғап кіндікті,
Сен айтып кеттің, Сүйекем,
Удан да ащы шындықты.

Көз жұма қарап шындыққа,
Тап болып талай сұмдыққа,
Кіршіксіз арға кір жұқты.
Үңілген кезде осыған,

Түңілген кезде осыдан,
Қаңғырып кеткім келеді,
Айналып алты құрлықты.
Жұртымен бірге күн кешер,

Жапанда жалғыз жүрмес ер.
Алауыз болып ағайын,
Шықпаса іштен бір кесел,
Кененің басын кім кесер,

Кейкінің басын кім кесер?
Ойлап бір кетсем осыны,
Қайғыға қайғы мінгесер.
Күңіреніп бүкіл аруақтар,

Бірімен бірі тілдесер.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Тағдырдың тартыс, таласы,
Сарсаңға салды, қарашы.
Ел үшін кеткен еңіреп,
Ерлердің қайда моласы?

Іздейді жоқтап соларды,
Атырау, Алтай арасы –
Қазақтың байтақ даласы!
Байтақты жырмен тербеген,

Жасқанып жаттан көрмеген,
Рухыңа тағзым етемін,
Аронның ақын баласы!
Жырлаған өзің ел мұнда,

Жырлаған өзің жер мұнда.
Бата алып сендей данадан,
Үш жүзден өріп тараған,
Қазағың отыр орнында!

Қайтармай бетін кектінің,
Тірлікте мынау жоқ тыным.
Қарасай бабаң жебеген,
Қаблиса жырау демеген,

Тұяғы сенсің тектінің!
Аспанның жүзі ашылып,
Алланың нұры шашылып,
Тұманды сонау өтті күн,

Тәуелсіз, азат жетті күн!
Төрт құбыла түгел болса да,
Білінер кейде жоқтығың.
Тілегің бірақ қабыл боп,

Бөрілі байрақ үстінде,
Желбіреп тұр ғой Көк Туың!
Көк Туың аман тұрғанда,
Мәңгілік биік шоқтығың!..

2015 жыл, 16 қазан

Н е с і п б е к А Й Т О В

ЖАҢҒЫРУ ЖЫРЫ

Туған жерге деген сүйіспеншілік туған елге – Қазақстанға
деген патриоттық сезімге ұласады.
Н.Ә. Назарбаев
Жырлаймын заманымды жаңа туған,

Азаттық кіндігінен жаратылған!
Елбасы бағдарымды айқындады,
Төрт бөліп түн ұйқысын таң атырған.
Шаттығым нұрға бөлеп шаңырақты,

Көңілдің көк аспанын жадыратты.
Асқақтап Бәйтерегім одан сайын,
Жайқалып жапырағын жамыратты!
Жүректің маздап үміт төріндегі,

Табылды ең керегім өмірдегі.
Асқар тау, байтақ дала тебіреніп,
Тірілді кепкен тамыр шөлімдегі.
Арманның көппен бірге астым белін,

Берекем – ортамдағы тас діңгегім.
Шаппайды бірлік барда – іргем берік,
Қойыма қорадағы қасқыр менің.
Жасымнан елім дедім, жұртым дедім,

Ішімді қайдан ұқсын сыртым менің.
Ұлтымның өкпесіне құрт түскенде,
Көксаудай күндіз-түні күркілдедім.
Айтпасаң ұлттың сөзін не боласың,

Судай боп құмға сіңген жоғаласың.
Қырандай көкке шырқап шыға алмайды,
Қанатын қарға қанша сабаласын.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Ежелгі елім де азды, жерім де азды,
Ата салт қашан еркін белін жазды?
Бір-бірін оққа байлап күні кеше,
Бір қазақ бір қазақтың көрін қазды.

Сан қилы басымыздан заман өткен,
Таптырмас құстың сүтін талап еткен.
Қайтадан оралмасын ол зобалаң
Сұмдығын су түбіне ала кеткен.

Тағдырдың қатуланса қас-қабағы,
Үйірер қара бұлтын аспан әлі.
Болжаған Елбасымыз болашақты
Бекерге жаңартқан жоқ астананы.

Дүние жаңарады, ескіреді,
Біреулер ескіргенін кеш біледі.
Еліне тұтқа болған ерте туып,
Ерлердің даңқы алысқа естіледі.

Айналса шәуқарғаға қыран-намыс,
Басынар қызыл түлкі бұлаңдағыш.
Іркіттей ірітеді берекеңді
Ұрда-жық әулекілер ұрандағыш.

Киелі елім аңыз, жерім аңыз,
Қайталап айта беріп неғыламыз.
Азайып ақсақалдар сөз ұстаған,
Көбейді көксақалдар көбік ауыз.

Жарқырап жайнамаймыз жаңармасақ,
Ескіні ерегескен табанға сап.
Көлденең жұрт күлмей ме жүрер жолды,
Адасып ашық күнде таба алмасақ.

Жас ұрпақ, түптегі асыл затыңды ізде,
Жалғасқан бабалардан хатыңды үзбе!

Н е с і п б е к А Й Т О В
Жаһандық ұлы көшке ілесе біл,
Жат емес кеше көрген «латын» бізге.
Өзінен көрсін әркім көз алдаса,

Заманның өзгергенін сезе алмаса.
Шаң жұтып ескі жұртта отырамыз,
Санамыз саф алтындай тазармаса.
Қазағым, ортаң ала, тілің шұбар,

Болғанда бірің егіз, бірің сыңар.
Көсіліп өз тіліңде сөйлемесең,
Таң атып, қалай ерте күнің шығар?
Жұмылсақ қайсымызға тіс батқандай,

Бірліктің білегінде күш батпандай.
Елбасы кемеңгерлік ойын айтты,
Күңгіртте қолыңа шам ұстатқандай.

Бабалар бүгінгі ұрпақ ұмытпасқа,
Тағдырын жазып кеткен тіліп тасқа.
Түскенде ұлт мүддесі таразыға
Өзара өкпе-назды сырып таста!

Қайтеміз мақтан етіп жер өлшемін,
Киелі әр сүйемі кең өлкенің.
Болғаны жұртың азат аздық етер,
Болмаса рухың азат егер сенің.

Алаштың ашылмаған кімге есігі,
Дәстүрлі құрғамасын жыр бесігі.
Сақта деп Елбасымыз елдігіңді,
Құлаққа құйып отыр күнде осыны.

Іштегі айықтырып мың күмәнді,
Бұл жолы күллі қазақ шын қуанды.
Сүйініп тілеулестер сәлем жолдап,
Дұшпандар бір қабарып, бір қуарды.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Елбасы жөнге салып, «әй» демесе,
Қайтады жатқа кеткен қайдан есе?
Елшіңде не қасиет, не қадір бар,
Тіліңде мемлекеттік сөйлемесе?

Асатын қиын кезең, алда белес,
Жолыңнан тайдырмасын алдап елес.
Өз тілін өгейсіткен мемлекет
Тарихта бізден басқа болған емес.

Белгілі барар жері әлімсақтан
Сатқынның Отаны мен жерін сатқан.
Тұқымы қаскүнемнің құрыған жоқ,
Абай бол жан-жағыңа, елім, сақтан!

Басып жүр бұл жалғанды қонышынан
Жалғасқан парақорлар жең ұшынан.
Байындай баяғының жылжымайды
Құйқалы, шөбі шүйгін қонысынан.

Шетінен ел оңбайды ұры болған,
Құлқынның ер оңбайды құлы болған.
Бойына қалай сіңер арам байлық
Аузынан өз халқының жырып алған?

Уақыттан желден жүйрік озарсың ба,
Қалады байлық емес сөз артыңда.
Жұртының жүрегінен орын алса,
Кісінің айналады өзі алтынға.

Арзанға таптырмайды қымбат бақыт,
Жіберсең сайтан менен жын қаптатып.
Отырар ару қызың албасты боп,
Көмейден көк түтінін будақтатып.

Дұшпаны бейғам елдің жалақтамақ,
Қасқырдай қозыңды кеп тамақтамақ.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Дәстүрлі дініміздің шырқын бұзды
Шошайған теке сақал, шолақ балақ.
Күрсінем осыларды ойлағанда,

Бұрқылдап іш қазандай қайнағанда.
Жерінген жөргегінен мұндай сұмдық,
Япыр-ау, болып еді қай заманда?
Озам деп өзгелерден таласпағай,

Індетті ірткі салған аластамай.
Жұмылған ашылмайды гүлдің көзі,
Ұйтқыған қара құйын толастамай.
Арылып шаң-тозаңнан, қыл-қыбырдан,

Қырсықтан құтылайық тілді буған.
Құрдымға кеткеніміз көне берсек,
Қоғамның мінезіне мың құбылған.
Елбасы сілкінбесе тосын бүгін,

Жұртым-ау, жиғызады есіңді кім?
Қадірін тал бесіктің қайдан білсін
Ұланың естімеген бесік жырын.
Көбеймес төрт түлігің төлдемесе,

Шөп шықпас көктен жаңбыр селдемесе.
Уызға ұл мен қызың жарымайды,
Үкілі өз бесігің тербемесе.
Ұрпағың бойламаса асыл ойға,

Көңілің жарқылдаған жасымай ма?
Білмесе немереңе өкпелеме,
Жатқанын бабасының басы қайда.
Кінәлі кешегі өткен ғасыр бұған,

Көл-көсір төгілді жас, шашылды қан.
Атаңның ұмыт қалған басы түгіл,
Атаусыз қалды қанша асыл мұраң.

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Тұншығар тығырыққа тірелген ой,
Жоғалған жоғымызды түгендемей.
Тәуелсіз көштің жолы түзелмейді,
Жүгенсіз кеткендерді жүгендемей.

Шалқымай күй-мұрамыз, ән-мұрамыз,
Біз қалай жаңарамыз, жаңғырамыз?
Төріне салтанатты сарайлардың
Алдымен шыға алмаса домбырамыз?

Жалғасқан бабамыздан тұнық өнер,
Былғанса тұқымыңнан түңіле бер...
Халықтық қасиеттен жұрдай болсаң,
Жеті атаң жер астынан күңіренер.

Баласы әкесінен туған аса,
Биікке арман болмас ту қадаса.
Қазақпын дегеніңе кім сенеді,
Қазақы қаның бойда туламаса?

Жайлаған еркін қонып, еркін көшіп,
Атажұрт – күміс құндақ, алтын бесік.
Құсадан жарылады нағыз қазақ,
Тұрмаса дала тербеп, тау тілдесіп.

Халқының қасиетін таныта алған
Қазақтың бәрі – көкжал, бәрі – тарлан.
Топырақ олар үшін құдіретті
Бір тамшы кіндігінің қаны тамған.

Аралап туған жердің сай-саласын,
Ұрпағың ата жолын қайталасын.
Ізіңді іштен шыққан ұлың қумай,
Қалайша қазақпын деп айта аласың?

Әкенің ізін бала танымаса,
Атаға тартпағаны оның аса.

Н е с і п б е к А Й Т О В
Кім болар көкірегі нұрға толып,
Даланың дархандығы дарымаса?
Әлемді кезбе болар шиырлаған,

Көзіне жат көрініп қиыр далаң.
Бейшара атанады елден безген,
Бақыттан бір түйір дән бұйырмаған.

Балаңның туған жерге көзін үйрет,
Атадан қалған асыл сөзін үйрет!
Мен кепіл, топ жармаса, бәйге алмаса,
Бозөкпе болмаса егер өзі күйрек.

Қамшылап сүйресең де неше жерден,
Шыға алмас тұлпар шыққан есек өрден.
Нар ұлдар әке көрген оқ жонады,
Арулар тон пішеді шеше көрген.

Білімнің биігіне құлаш ұрған,
Күтеді халқым үміт шын асылдан.
Алысқа ұзай алмас алаяқтар
Қулығын қысқа күнде мың асырған.

Шарлаған шартарапты ұландарың
Ойға алған орындасын ұлы арманын.
Алайда естерінен шығармасын
Шағатын тобығынан жылан барын.

Қасқайып қарсы жүрсе дауылға кім,
Көтерер қиындықтың ауыр жағын.
Сақтай біл бет-бейнеңді қазаққа тән,
Түссең де от пен суға, бауырларым!

Сүймейді сергек халық жалғандықты,
Тектінің тұқымында талғам мықты.
Алып шық асқар таудың жотасына
Отаның иығыңа салған жүкті!

Д А Р И Ғ А , Д Ә У Р Е Н

Төгіліп зердесінен алтын бұлақ,
Қазаққа күллі дүние салсын құлақ.
Жүрсең де қай қиырда, қай түкпірде,
Туған ел жүрегіңде болсын бірақ!

Жайнасын жеткіншектің бәрі түлеп,
Құдайдан жалынамын соны тілеп.
Тұрса екен кеуде керіп, асқақ қарап,
Мына тау, мына дала менікі деп!..

Өз ұлың бастап отыр жарқын жолға,
Түпкі ойын түсіне біл, халқым, қолда!
Зердесі зеңгір көктей тұнық елге
Берері Тәңірінің таусылған ба?!

Биіктеп ұшам десең алға, сірә,
Қам жаса қанатыңның талмасына.
Қырандай дүр сілкініп қайта түлеп,
Серік бол самғағанда Елбасыға!..

Астана қаласы.
2017ж ыл, 9 мамыр

МАЗМҰНЫ ӨЛЕҢДЕР Азаттығым...................................................................... 5 Ұлы қайғы...................................................................... 5 Бір белгімін.................................................................... 6 Өзім білем....................................................................... 7 Тұңғыш сапар................................................................. 8 Кінәлай көрме................................................................. 9 Алланың жүзі ғана.......................................................... 10 Жылай берме................................................................. 10 Бұлдырайды елесі........................................................... 11 Үмітім менің.................................................................. 12 Сүйек ауыр.................................................................... 13 Қым-қуыт қала............................................................... 14 Жаз көшіп..................................................................... 15 Көңіл түбі қараңғы......................................................... 15 Шөл.............................................................................. 16 Сенің алтын жібіңменен.................................................. 17 Оралып алыс күндер........................................................ 17 Ей, мұңлығым!............................................................... 18 Аумаймын мен де............................................................ 18 Екі туып келмейсің......................................................... 19 Адасып қалдым.............................................................. 20 Бір Аллаға сиынып......................................................... 21 Мұңды да ая................................................................... 21 Бір барып....................................................................... 22 Сағыныш....................................................................... 23 Туған бұлақ.................................................................... 24 Анықтай алмас ешкім..................................................... 24 Көл жағасында............................................................... 25 Көз жіберіп қарасаң........................................................ 26 Түскенде бесін ауып........................................................ 27 Келгендер біле жүрсін..................................................... 27 Батарсың уайымға.......................................................... 28 Бай баласына................................................................. 29 Күнгейге түскен қардай................................................... 30 Нөсерден соң.................................................................. 30

Тағдыр.......................................................................... 31 Иттен бөрі шықпайды...................................................... 32 Қара ниет қар боратса...................................................... 32 Патша сүйген құл – залым............................................... 33 Тойда............................................................................ 34 Асуға көз жіберсем.......................................................... 34 Зоопаркте...................................................................... 35 Көргеннің бәрі қызық...................................................... 35 Жаратқанға жылағанмен................................................. 36 Бір ғаламат ғұмыр кешіп................................................. 37 Алдай сал...................................................................... 38 Тағдырыма алаңмын....................................................... 39 Өз қолыңмен өрт салма.................................................... 39 Іш қазандай қайнайды..................................................... 40 Сенім туралы.................................................................. 41 Тұнықтан қанып ішіп...................................................... 41 Тар ноқтасы тағдырдың................................................... 42 Таң атады...................................................................... 42 Тіліңнен у тамшылар....................................................... 43 Налыма бекер................................................................. 43 Теңдікке........................................................................ 44 Ата-анам туралы ............................................................ 45 Әке............................................................................... 47 Әке жұртында................................................................ 48 Өлең-естелік.................................................................. 50 Өзекті өртеп................................................................... 51 Бүктетіліп атыларсың..................................................... 52 Көне қорғаннан табылған тас босағадағы жазу.................... 53 Патша қызының зары..................................................... 54 Жәркенге...................................................................... 55 Ұлықбекке..................................................................... 56 Сейілғазыға................................................................... 57 Мұқиятқа...................................................................... 58 Қолтаңба ....................................................................... 58 ТӨРТТАҒАНДАР........................................................... 59

АУДАРМАЛАР Сақ – сұқ хикаясы........................................................... 67 Мұхаммедке сиыну......................................................... 73 Алла ырыздық төкпесе оған ай жүзіңе қадалумен............... 74 Сүйем сені жан-тәніммен................................................. 75 Бейіш нұры шын төгілсе.................................................. 76 Сенсіз күнім – сергелдең.................................................. 77 Ұжмақ деген тозақ маған................................................. 78 Бейнең көзден бұл-бұл ұшты............................................ 79 Елесің кеп тіл қатқанда................................................... 80 Киіз үй.......................................................................... 81 Көктем.......................................................................... 85 Далада........................................................................... 85 Екеуміз......................................................................... 86 Шіркін-ай...................................................................... 86 Жол айырығында........................................................... 88 Смоленск – туған елім..................................................... 89 Шық басқан шалғынды аралап......................................... 90 Өлген қыздың монологі................................................... 91 Мәңгілік ән.................................................................... 92 Қазақтың әнші қызына................................................... 93 Арша............................................................................ 94 Тобылғы........................................................................ 94 Жігіт тілегі.................................................................... 95 Бақыт жұлдызы............................................................. 95 Қайғы........................................................................... 95 Науаи өсиеті................................................................... 97 Кен іздеушіге................................................................. 97 Көгілдір таулар.............................................................. 99 Түңілу........................................................................... 99 Арман..........................................................................100 Отан туралы ой..............................................................101 Кім үшін келдім өмірге...................................................102 Ескі қайық....................................................................104 ПОЭМАЛАР Ту................................................................................107 Қараөткел қырғыны.......................................................130

Жер – жаннан қымбат....................................................169 Құланаян Құлмамбет.....................................................193 Сүйінбай.......................................................................213 Жаңғыру жыры.............................................................224

Редакторы Айдана Сыдықбай
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Асет Салиев
Корректоры Шолпан Оразбаева

Компьютерде беттеген Ақерке Сқақова
Несіпбек Айтұлы

Басуға 05.03.18 қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 15,0.
Тапсырыс №. Таралымы 200 дана.

«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
«РЕГИС-СТ Полиграф» баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙