Бремен музыканттары
Гриммдер Ағайынды
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бремен музыканттары
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды
Ерте-ерте, ертеде, баяғы өткен заманда бір диірменші өмір сүріпті. Диірменшінің есегі болыпты. Еңбекқор, ақылды, күшті есек диірменшіге көп уақыт қызмет етіп қартайыпты. «Есек енді жұмысқа жарамай ды, әлсіреді» деп диірменші есекті үйден қуып жібереді. Есек бір күн тамақ ішпей, екінші күні тағы да аш қалып, үшінші күні: – Қартайдым, әлсіредім деп қарап отырмай, музыкант болайын. Дауысым бар, ән айтып, көше-көшелерді аралап, сонымен нан тауып жесем болады, – деген шешім қабылдап, Бремен қаласына кетеді.
Есек келе жатып, жол бойы Төбетті кездестіреді. Иттің
үсті-басы шаң, екі құлағы салбырап, екі көзі сарғайып
кетіпті. Есек иттен:
– Досым, саған не болды? – деп сұрайды.
– Аңшымен бірге аң аулап, орманның, даланың түкпір-
түкпірін аралап, жақсы көмекші болып жүргенім не
керек! Қартайып едім, керек болмай қалдым. Қожайыным
мені далаға қуып шықты. Енді не істерімді білмеймін! –
деп, Төбет өкпесін айтты.
– Мен Бремен қаласына бара жатырмын. Сен де жүр,
бірге барайық! Сенің дауысың ашық, өлең айтып,
барабан соғасың, мен гитарада ойнаймын. Көшеге
шығып, екеуміз музыкант боламыз.
Есек – ақырып, Ит – үріп, екеуі ұзақ жолға шығады. Есек Төбет ті арқасына отырғызып алады. Екеуі жүріп келе жатып, жолдың жағасында отырған Мысыққа кезігеді. Ағарған мұрты салбырап, құйрығы жалбырап, жасыл көзі уайым-қайғыға толып, көңілсіз отыр екен. Есек пен Төбет бір дауыспен Мысықтан: – О, Мысық! Сен неге сонша мұңайып отырсың? –деп сұрайды. – Мияу! Азапқа түстім ғой! Кезінде тышқан мен егеуқұйрық тарды аулап, өз қожайыныма көп қызмет көрсеттім. Кәрілік келіп еді, көзім жөнді көрмей, тырнағым да, тістерім де өтпей қалды. Мені ешкім өзенге ағызып жібермей тұрғанда, үйден қашып шықтым. Ары қарай не істерімді білмеймін!
– Қайғырма, Мысық! Бізбен бірге Бремен қаласына жүр! Үнді дауысыңмен ән айтасың, скрипкада ойнайсың, біз сияқты көшедегі музыкант боласың! – деген ұсыныс жасайды Есек пен Төбет. Мысық келісіп, Есек оны да үстіне мінгізіп алады. Есек – ақырып, Ит – үріп, Мысық – мияулап, үшеуі жолмен келе жа тады.
Енді олар алды-артына қарамай, жолмен жүгіріп бара жатқан Әтешті кезік тіреді. Әтештің айдары қисайып, құйрығы жалбырап, қанаттары салбырап, үсті-басын шаң басып кетіпті. – Саған не болды? – деп сұрайды Есек, Төбет, Мысық үшеуі. – Ку-ка-ре-ку! Қожайындарым мені қартайды деп, сойып сорпа пі сірмекші! Не істеймін енді? Аман қалу үшін қайда барамын? – дейді Әтеш аптығып.
Есек, Төбет, Мысық үшеуі Әтешті зорға
тоқтатып алады.
– Әтеш-ау! Сорпа болмаймын десең,
бізбен бірге Бремен қаласына жүр. Сенің
даусың таза, ашық. Сондықтан өлең айтып,
сырнайда ойнайсың! Біз сияқты көшедегі
музыкант боласың! – деп, достар өздерімен
бірге Бремен қаласына баруға Әтешті де
шақырады.
Әтеш баруға бел буады. Есек Әтешке: – Кел, арқама мін, – дейді. Бірақ Әтеш отыратын орын болмайды. Сондықтан Есектің арқасына Төбет, Төбеттің арқасына Мысық, Мысықтың үстіне Әтеш шығады.
Сөйтіп, біріне-бірі мінгескен достар төртеу болып: Есек – ақырып, Ит – үріп, Мысық – мияулап, Әтеш – шақырып жол жүреді. Бремен қаласы қашықта, түн болып, қараңғы түсіп келе жатыр. Қар ны ашып, тоңып, түнді қалай өткізерін білмей, «музыканттар» қорқа
бастағанда, бір орманға жетеді. Биік ағаштың
қасына жайғасқан Есек пен Төбет Әтеш пен
Мысыққа:
– Әтеш сен ұша аласың, Мысық сен өрмелей
аласың, сондықтан екеуің ағаштың басына шығып,
жақын маңда түнеп шығатын орын бар ма екен, соны
қараңдар, – дейді.
Әтеш қанатын қағып-қағып, бұтақтан бұтаққа ұшып оты рып, Мысық ағаштың діңі мен өрмелеп, ағаштың ұшар басына көтеріледі. Олар жанжақтарын барлап қарайды. Бір кезде Әтештің көзіне алыстан жылтыраған бірде ңе көрінеді. Әтеш:
– Мысық, менің көргенімді сен де көріп тұрсың ба? – деп сұрайды. – Жоқ, мен ештеңе де көріп тұрған жоқпын, – дейді Мысық. Сөйтіп екеуі жерге түседі. Әтеш: – Алыстан жылтырап бірдеңе көрінеді. Не де болса ол үйдің терезесінен түсіп тұрған шамның жарығы болуы керек. Сол жаққа қарай жүрейік, – деп, Есек пен Төбетке көргенін айтады.
– Мен ештеңе де көрген жоқпын, – деп мұңаяды Мысық. Есек ойланып-ойланып, Әтешпен келіседі. Сөйтіп, достар Әтештің соңынан еріп, ол көрсеткен бағытпен жүріп отырады. Төртеуі осылай жүре-жүре қалың ағаштардың арасында жылтыраған бірдеңені көреді. Бұл расында да үйдің терезесінен түсіп тұрған шамның жарығы екен. Достар сол жарық шыққан жаққа қарай жүріп, үйдің қасына жақын келеді.
Ит – Есектің арқасына, Мысық – Иттің, ал Әтеш – Мысықтың төбесіне шығып, төртеуі терезеден үйдің ішіне қарай үңіледі. Іште ошақта от жанып тұр екен. Үлкен дөңгелек үстелдің жанында айбарлы екі қарақшы ішіп-жеп отыр, әрқайсының қолында жылтыраған өткір пышағы бар.
– Біз де жылынып, ошақтың жанында отырсақ,
жақсы болатын еді! – дейді Есек.
– Шіркін-ай, ұйықтап, демалсақ! – деп, Төбет
қосылады.
– Қарнымыз ашты, тоя тамақтансақ қой, – деп
Мысық жалғастырады.
– Өзімізді ешкім жеп қоймаса болды да, – дейді Әтеш үркіп.
Достар ойланып, ақылдасып, шешім қабылдайды. Есектің
арқасына Төбет, Төбетке Мысық, Мысыққа Әтеш мінген кү
йі, Есек терезеге екі аяғын қойып, бәрі бірден айқай салады.
Есек – ақырады, Ит – үреді, Мысық – мияулайды, Әтеш –
шақырады. Қарақшылар қорқып кетіп, орманға қарай қашып
кетеді.
Есек, Ит, Мысық және Әтеш төртеуі қарақшылардан үйді босатып, үйге кіреді. Қарындары аш достар үстелге айнала отырып, қарақшылар ішіп отырған тамақты тоя ішіп-жеп алады. Содан соң шаршаған «музыканттар» ұйықтауға жатады. Есек – шөпке, Ит – есіктің алдына, Мысық – пештің түбіне, ал Әтеш – дуалға қонақтайды. Ал қарақшылар үйді сырттай бақылап жүр еді. Олар үйдің терезесінен жарықтың өшкенін көріп, жасы үлкені кішісін: – Үйді жаулап алғандардың кім екенін біліп кел! – деп жұмсайды.
Қарақшы ақырын басып, үйдің жанына келеді. Ары-бері жүріп, тың тыңдайды. Іштен ешқандай дыбыс шыға қоймайды, тып-тыныш. Терезеден барып қарайды. Ешкім көрінбейді. Қарақшы үйге кіреді. Шам жақпақ болып асханаға бұрылады. Сол кезде ол пештің қасынан екі жарықты көреді. «Жылтырап жатқан шоқ шығар» деген оймен түрткілейді. Бұл Мысықтың көзі еді.
Ашуланған Мысық қарақшының бетін тырнап алады.
Енді есікке қарай ұмтылған қарақшының аяғын Төбет
тістейді. Оның сүрініп-шалынып аулаға шыққаны сол
еді, Есек артқы екі тұяғымен теуіп кеп қалады. Қақпаны
аша бергенде, Әтеш шақырып, ұшып келеді де басынан
шоқи береді, шоқи береді.
Қарақшының иманы тас төбе
сіне шығып, алды-артына қа
рамай орманға безеді. Ойбайлап
келе жатқан оны көрген жасы
үлкен қарақшы серігінің алды
нан шығып, әрең дегенде тоқта
тады.
– Әй, не болды? Тоқта! Мән-жайды
дұрыстап айтшы, – деп сұрайды.
– Ойбай, кеттік бұл арадан. Үйі де
құрысын, бәрі де құрысын! Қашайық,
қуып жетпей тұрғанда, көзімізді
құртайық! – деп байбалам салады.
– Үйімізді тартып алған кім
дер екен?
– Төрт дәу мақұлық! Көз
дері оттай жанып тұр. Қолда
ры жуан, мықты. Тырнақтары
жезтырнақтың тырнағындай
өткір, қадалған жерді жұлып
алады. Ақырғанда аузынан өткір
тастар атқылайды. Басымды тесіп
жібере жаздады, – деп, дем ала
алмай айтып береді.
– Онда біздің үйімізді құбы
жықтар мекендепті! Бұл жерден
тезірек кетейік! – дейді жасы үлкен
қарақшы.
Сөйтіп, зәрелері ұшқан қарақшылар орманды тас
тап, бастары ауған жаққа кете барады. Ал Бремен
музыкантары – Есек, Ит, Мысық және Әтеш қарақшы
лардың үйін иемденіп, осы күнге дейін бақытты өмір
сүріп жатыр деседі.
Шытырман жол
Шытырман жол
Есек үйіне апаратын жолды таппай
тұр, көмектесіп жібер.
Жұп сан
Жұп сан
Ертегіге қатысы жоқ
кейіпкерлерді тап.
Қалғаны нешеу?
Ғажайып нүктелер
Ғажайып нүктелер
Нүктелерді
бір-бірімен сызық
арқылы қос, пайда
болған суретті боя.
Б К Н Қ Ш Т Т Ы Е E М С Е У Қ К А M Е Р M Ә И Ы Қ Н А Ы З Р А Н Ш Р С O Ы Т M А E Әріптерден сөз құра. Ойлан , тап Ойлан , тап Жауабы: Бремен, есек, орман, мысық, әтеш, музыкант, қарақшы, ит.
Мысықтың суретін
өз бетіңше салып үйрен.
Жас суретші
Жас суретші
Сәйкестендір Сәйкестендір Әрқайсысының көлеңкесін тап. Жауабы: 1-б, 2-в, 3-г, 4-а, 5-ә. a ә б в г
Ғажайып сызықтар
Үзік сызықтарды
бір-біріне қос, шыққан суретті боя.
Ғажайып сызықтар
Айырмашылығын тап
Айырмашылығын тап
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру