«Автомобиль құрылымы» пәні бойынша бақылау материалдары
В.П. Митронин
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Оқу құралы «Автомеханик» оқу-әдістемелік жиынтығының бөлігі болып табылады. Студенттердің білімін бағалау үшін бақылау материалдары ұсынылған. Еңбекте автомобильдердің құрылымы және жіктелуі, ішкі жану қозғалтқыштарының құрылымы мен жұмысы, автомобильдердің электр жабдықтары және шассиі бойынша с...
В.П.МИТРОНИН, А.А.АГАБАЕВ
Кәсіптік білім беру
1
Құрметті оқырман!
Алғы сөз
1 тарау
2 тарау
3 тарау
4 тарау
5 тарау
6 тарау
7 тарау
8 тарау
Тест тапсырмаларының, бақылау сұрақтарының және тапсырмалардың жауаптары
Әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Оқу баспасы
В.П.МИТРОНИН, А.А.АГАБАЕВ
«Білім беруді дамытудың федералды институты» федералды мемлекеттік мекемесі тарапынан бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінде оқу үдерісінде пайдалану үшін оқу құралы ретінде
ҰСЫНЫЛҒАН
Пікірдің тіркеу нөмірі 134
28 сәуір 2009 ж. фГУ «фирО»
4-ші басылым, стереотиптік
ACADEMA
Москва
«Академия» баспа орталығы 2014
ӘОЖ 629.113/.115(075.32)
КБЖ 39.33я722 М671
Пікір беруші —
Москва автомобиль құрастыру колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, техн. ғыл. канд. А. А. Милов
Митронин В.П.
М671 «Автокөлік құрылымы» пәні бойынша бақылау материалдары: орта кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған оқу құралы / В.П.Митронин, А.А.Агабаев. — 4-ші басылым, стер. — М.: «Академия» баспа орталығы, 2014. — 80 б.
ІSBN 978-5-4468-0954-7
Оқу құралы «Автомеханик» оқу-әдістемелік жиынтығының бөлігі болып табылады.
Студенттердің білімін бағалау үшін бақылау материалдары ұсынылған.
Еңбекте автомобильдердің құрылымы және жіктелуі, ішкі жану қозғалтқыштарының құрылымы мен жұмысы, автомобильдердің электр жабдықтары және шассиі бойынша студенттерді жазбаша сұрастыру үшін жауаптары бар тест тапсырмалары мен бақылау сұрақтары келтірілген. Оқу құралын «Автомеханик» мамандығы бойынша ПМ.01 «Автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету» (МДК.01.02) кәсіби модулін игеруде пайдалануға болады. Орта кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған. «В» және «С» санаттары бойынша көлік құралдарының жүргізушілерін дайындауда пайдаланылады.
ӘОЖ 629.113/.115(075.32)
КБЖ 39.33я722 Бұл басылымның түпнұсқа макеті «Академия» баспа орталығының меншігі болып табылады, және оны құқық иесінің рұқсатынсыз кез-келген жолмен қайта шығаруға тыйым салынады.
ІSBN 978-5-4468-0954-7
© Митронин В.П., Агабаев А.А., 2010
© «Академия» білім беру-баспа орталығы, 2010
© Безендіру. «Академия» баспа орталығы, 2010
Құрметті оқырман!
Бұл Оқу құралы «Автомеханик» оқу-әдістемелік жиынтығының бөлігі болып табылады. Оқу құралы ПМ.01 «Автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету» кәсіби модулін оқытуға арналған. Жаңа заманның оқу-әдістемелік жиынтықтарына жалпы білім беру және жалпы кәсіби пәндер мен кәсіби модульдерді оқытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дәстүрлі және инновациялық оқу материалдары кіреді. Әрбір жиынтыққа жалпы және кәсіби, оның ішінде жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, құзыреттерді игеруге қажетті оқулықтар мен оқу құралдары, оқу және бақылау тәсілдері қамтылған. Оқу баспалары электронды білім беру ресурстарымен толықтырылады. Электронды ресурстарға интерактивті жаттығулары, мультимедиалық нысандары, Интернеттегі қосымша ресурстар мен материалдарға сілтемелері бар теориялық және тәжірибелік модульдер кіреді. Оларға терминологиялық сөздік және оқу процесінің негізгі параметрлері: жұмыс уақыты, бақылау және тәжірибелік тапсырмаларды орындау нәтижелері тіркелетін электронды журнал енгізілген. Электронды ресурстар оқу процесіне жылдам енеді және әртүрлі оқу бағдарламаларына бейімделе алады. Оқу-әдістемелік жиынтыққа «Автомеханик» мамандығы үшін «Автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету (екі бөлімде)» атты элетронды білім беру ресурсы кіреді.
Алғы сөз
«Автокөліктің құрылымы» пәні бойынша бақылау материалдары» атты оқу құралында пәннің барлық тақырыптары бойынша студенттерге тесттер, сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылған. Бақылау материалдары студенттердің білімдерін оқыту сатылары, оқылатын пәннің бөлімдері мен тақырыптары бойынша шынайы бағалауға мүмкіндік береді. Білімдерін бағалауда рейтингтік жүйені пайдалану ұсынылады, оның жоғары ұйымдастыру қабілеті студенттерді білім алуға ынталандыруға бағытталған. Студенттердің ағымдағы, аралық және қорытынды бақылаудың әрбір сатысындағы барлық жеткен жетістіктері баллмен бағаланады. Мұндай әдіс студенттердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, оқу үдерісіндегі бәсекелестікті арттырады. Сынақтар мен емтихандарды кездейсоқ тапсырудың мүмкіндігін жоққа шығарады.
1 тарау
АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ
1.1. «АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Автомобиль қандай негізгі бөліктерден тұратынын көрсетіңіз.
а) шанақ, шасси, қозғалтқыш, жүретін бөлік;
б)шанақ, шасси, қозғалтқыш;
в)шанақ, трансмиссия, жүретін бөлік.
2. Шассидің негізгі бөліктерін көрсетіңіз:
а)трансмиссия, жүретін бөлік, басқару механиздері;
б)трансмиссия, рөлмен басқару, жүретін бөлік;
в)трансмиссия, тежеуіш жүйесі, жүретін бөлік.
3. Автомобильдің жүретін бөлігінің құралатын бірліктерін көрсетіңіз: а)рама, амортизаторлар, аспалар, дөңгелектер, алдыңғы және артқы белдіктер, кардандық беріліс; б)рама, амортизаторлар, аспалар, дөңгелектер, беріліс қорабы, алдыңғы және артқы белдіктер;
в)рама, амортизаторлар, аспалар, дөңгелектер, алдыңғы және артқы белдіктер. 4. Автомобильді басқару механизміне не кіреді:
а)автомобильдің аспасы;
б)автомобильдің жүретін бөлігі;
в)рөлмен басқару;
г)дөңгелектердің тежеуіш механизмдері;
д)тұрақтық тежегіш жүйесі? 5. Толық жетекті автомобильдің дұрыс шартты белгіленуін көрсетіңіз:
а)4 х 2;
б)6 х 4;
в)4 х 4.
6. Толық жетекті емес автомобильдің дұрыс шартты белгіленуін көрсетіңіз:
а)4 х 2;
б)4 х 4;
в)6 х 6.
1.2.«АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.3.«АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР
№1 тапсырма 1.1 суретте көрсетілген құрамдас бөліктердің атаулары мен олардың орналасуының арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:
а)қозғалтқыш —;
б)рөлмен басқару —;
в)кабина —;
г)артқы белдік —;
д)беріліс қорабы —;
е)кардандық беріліс —
1.1 сурет
1.2 сурет
№2 тапсырма 1.2 суретте көрсетілген автомобиль трансмиссиясының құрамдас бөліктері қандай позициялармен белгіленгендігін көрсетіңіз:
а)1, 10, 11, 9;
б)3, 4, 5, 6, 7;
в)2, 3, 4, 5, 6;
г)4, 5, 6, 7, 8;
д)6; 8; 9; 11.
№3 тапсырма
1.2 суретте рөлмен басқару, ажыратқыш және беріліс қорабы қандай позицияда белгіленгендігін көрсетіңіз:
а)11, 4, 3;
б)11, 3, 4;
в)11, 5, 4.
2 тарау
ІШКІ ЖАНУ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЖҰМЫСЫ
2.1. «ІШКІ ЖАНУ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЖҰМЫСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Ішкі жану қозғалтқышының құрамына кіретін механизмдер мен жүйелерді көрсетіңіз: а)қосиінді-бұлғақты механизм, салқындату, майлау, оталдыру және іске қосу жүйесі; б)қосиінді-бұлғақты және газ тарататын механизмдер, салқындату, қуат беру, оталдыру, іске қосу және майлау жүйесі; в)қосиінді-бұлғақты және газ тарататын механизмдер, салқындату, қуат беру, оталдыру, іске қосу жүйесі. 2. Қозғалтқыштың жұмыс циклі болып не саналады; а)поршеньнің ілгерілемелі қозғалысын иінді біліктің айналу қозғалысына өзгерту;
б)жылу энергиясының әсерімен поршеннің жылжу процесі;
в) жылу энергиясы механикалық жұмысқа айналатын процесстердің жиынтығы?
3. Цилиндрдің жұмыс көлемі болып не саналады: а)жоғарғы өлі нүктеден (ЖӨН) төменгі өлі нүктеге (ТӨН) жылжу кезінде поршень босататын жану камерасы мен кеңістік көлемі;
б)ЖӨН ТӨН жылжу кезінде поршень босататын цилиндр көлемі;
в)ЖӨН ТӨН жылжу кезінде поршень босататын кеңістік көлемі?
4. Сығылу деңгейі деген не:
а)цилиндрдің жұмыс көлемінің жану камерасының көлеміне қатынасы; б)қозғалтқыш цилиндрінің жұмыс көлемі жану камерасының көлемінен қанша есе кіші екендігін көрсететін сан;
в)цилиндрдің толық көлемінің жану камерасының көлеміне қатынасы? 5. Қозғалтқыштың литражы деп нені атайды: а)литрмен көрсетілген қозғалтқыштың цилиндрлерінің барлық толық көлемдерінің сомасын;
б)қозғалтқыштың цилиндрлерінің жұмыс көлемдерінің сомасын;
в) литрмен белгіленген қозғалтқыштың бір цилиндрінің жұмыс көлемін?
6. КамАЗ автомобильдерінде қозғалтқыштың қандай түрі орнатылады:
а)төртцилиндрлі, төртконтактылы, цилиндрлері бір қатармен орналасқан;
б)алтыцилиндрлі, төртконтактылы, цилиндрлері V-тәрізді орналасқан;
в)сегізцилиндрлі, төртконтактылы, цилиндрлері V-тәрізді орналасқан?
7. Цилиндрлері V-тәрізді орналасқан сегізцилиндрлі төртконтактылы қозғалтқыштың жұмыс тәртібі қандай;
а)1 —4 — 5 — 2 — 6 — 3 — 7 — 8;
б)1 — 5 — 4 — 2 — 6 — 3 — 7 — 8;
в) 1—3—5—2—6—4—7—8?
2.2.«ІШКІ ЖАНТЫН ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
2.3. «ІШТЕН ЖАНАТЫН ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР
№1тапсырма 2.1 суретте ішкі жану қозғалтқышы ұсынылған. Келесі позициялармен не белгіленгенін көрсетіңдер:
№2тапсырма
2.1. кестені толтырыңар
2.1 сурет
2.1 кесте. Цилиндрлерінің жұмыс тәртібі 1—3—4—2 төртконтактылы төртцилиндрлі қозғалтқышта тактілердің кезектесуі
3 тарау
ІШКІ ЖАНАТЫН ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫҢ ҚОСИІНДІ-БҰЛҒАҚТЫ ЖӘНЕ ГАЗ ТАРАТАТЫН МЕХАНИЗМДЕРІ
3.1.«ІШКІ ЖАНАТЫН ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫҢ ҚОСИІНДІ-БҰЛҒАҚТЫ ЖӘНЕ ГАЗ ТАРАТАТЫН МЕХАНИЗМДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. ЗИЛ-433100, КамАЗ-5320 қозғалтқыштарының цилиндрлер блогын жасайтын материалды көрсетіңіз:
а)қосындыланған болат;
б)алюминий қорытпасы;
в)қосындыланған сұр шойын.
2. Поршень мен цилиндр арасында қай жерде кішкене саңылау бар:
а)поршень етегінің жоғарғы жағында;
б)поршень етегінің төменгі жағында;
в)поршень бастиегінде?
3. Шатун бұрандасының сомындарын бұрап қатайтатын күш сәтін көрсетіңіз:
а)6,8...7,5 Н• м;
б)3,5.4 Н • м;
в)9,5.10,3 Н • м.
4. ЗИЛ-433100, -5301 автомобилінің иінді білігі осьтік жылжудан қалай ұсталып тұрады:
а)биметалды тірейтін тығырық көмегімен;
б)болаталюминий жартысақиналарының;
в)екі тірек жартысақиналардың;
г)болат-баббит тығырықтардың?
5. ВАЗ-2110; -2111; -2112; -1111 автомобильдерінде газ тарататын механизидердің қандай түрі орналасқан:
а) клапандар мен үйлестіруші біліктің жоғары орналасуымен; б)клапандардың жоғары орналасуымен және үйлестіруші біліктің төменгі орналасуымен;
в) клапандар мен үйлестіруші біліктің төменгі орналасуымен? 6. КамАЗ, «ГАЗель» автомобилінің иінді білігі осьтік жылжудан қалай ұсталып тұрады:
а)тірек мойынның алдыңғы төлкесі арқылы;
б)тірек фланецтің және керме төлкесі;
в)фланец?
3.2.«ІШКІ ЖАНАТЫН ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫҢ ҚОСИІНДІ-БҰЛҒАҚТЫ ЖӘНЕ ГАЗ ТАРАТАТЫН МЕХАНИЗМДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
3.3.«ІШКІ ЖАНУ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНЫҢ ҚОСИІНДІ-БҰЛҒАҚТЫ ЖӘНЕ ГАЗ ТАРАТАТЫН МЕХАНИЗМДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР
№1тапсырма 3.1 суретте карбюраторлы қозғалтқыштың қандай тетіктері көрсетілген? Олардың атауларын жазыңдар:
1_____________________________________________________;
2_____________________________________________________;
3_____________________________________________________;
4_____________________________________________________.
№2 тапсырма
3.2 шатун бейнеленген. Қандай позициялармен белгіленгенін көрсетіңдер:
а)шатунның жоғарғы бастиегі —_____________;
б)шатун өзегі —________;
в)шатунның төменгі бастиегі — ____________;
г)шатундық мойынтіректің астары —______________;
д)шатунның төменгі бастиегінің қақпағы — ________
№3 тапсырма
3.3 суретте газ тарататын механизмнің сызбасы бейнеленген. Олар қандай позициялармен бейнеленгенін көрсетіңдер:
а)қарнаққа әсер етуші тетік, —;
б)клапанға әсер етуші тетік, —;
в)реттейтін бұрандаға әсер етуші тетік, —
3.1 сурет
Сур.3.2
Сур.3.3
3.4 сур.
г)клапанды жабуға қажетті күш тудыруға арналған тетік, — _______________
№4 тапсырма
3.4 суретте ЗИЛ-508 қозғалтқышының газ тарататын механизмі суретте. Қандай позициялармен белгіленгендігін көрсетіңдер:
а)шығарушы клапандардың жұдырықшалары —___________;
б)енгізу клапандарының жұдырықшалары —_________;
в)үлестіруші біліктің тірек мойындары — _________;
г)бензин насосының жетегінің эксцентригі — ________;
д)май насосының және үлестірушіні ажыратқыштың жетегінің тегершігі — __________.
4 тарау
ІШКІ ЖАНУ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫНЫҢ САЛҚЫНДАТУ ЖӘНЕ МАЙЛАУ ЖҮЙЕСІ
4.1.«ІШКІ ЖАНУ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫНЫҢ САЛҚЫНДАТУ ЖӘНЕ МАЙЛАУ ЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Қозғалтқыштың қалыпты жұмыс істеуі үшін салқындатқыш сұйықтықтың температурасы қандай болуы қажет:
а)65...70 °С;
б)70.75 °С;
в)80.95 °С?
2. «ГАЗель» автомобилінің қозғалтқышында қандай қысымда бу клапаны ашылады:
а)60.70 кПа;
б)40.50 кПа;
в)80.110 кПа?
3. ЗИЛ-433100, КамАЗ автомобильдерінде май насосының қандай түрі орнатылады:
а)бірсекциялы;
б)екісекциялы;
в)үшсекциялы?
4. ЗИЛ-645 және ЯМЗ-740 қозғалтқыштарында центрифугалар қалай қосылған:
а)ауыспалы сүзетін элементтері бар сүзгілермен бірізді;
б)ауыспалы сүзгі элементтері бар сүзгілермен параллельді;
в)ауыспалы сүзгі элементтері бар сүзгілерсіз жұмыс жасайды?
5. ЯМЗ-740 қозғалтқышында картердің қандай желдеткішті қолданылады:
а)ашық;
б)жабық, шығаратын трубкаға картер газдарын шығарушысы бар;
в)кәдімгі лабиринт типті ауашығарғыш?
4.2. «ІШКІ ЖАНУ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫНЫҢ САЛҚЫНДАТУ ЖӘНЕ МАЙЛАУ ЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
4.3. «ІШКІ ЖАНУ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫНЫҢ САЛҚЫНДАТУ ЖӘНЕ МАЙЛАУ ЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР
№1 тапсырма 4.1 суретте ортадан тепкіш насос пен желдеткіш ұсынылған. Олар қандай позициялармен бейнеленгендігін көрсетіңдер:
4.1 сур.
а) желдеткіш —_______ ;
б)желдеткіштің белбеу-тегермеш жетегі — _______;
в) қалақты аспап —_______;
г)мойынтірек тұрқысы —_______;
д)нығыздайтын шайба — _______.
№2 тапсырма
4.2 суретте радиатор мен қозғалтқыштың салқындату жүйесі ұсынылған. Олар қандай позициялармен белгіленгендігін көрсетіңдер:
4.2 сур.
а)радиатордың жоғарғы шаны —_______;
б)радиатортың өзегі —_______;
в)радиатордың төменгі шаны —_______;
г)ағызу шүмегі —_______
№3 тапсырма 4.3 суретте май насосы ұсынылған. Олар қандай позицияларда белгіленгендігін көрсетіңдер:
Сур.4.3
а) май насосының тұрқы —_______;
б)насостың жетегінің тегершіктері —______;
в)енгізу тығыздығы —;
г)айдау қуысы —_____;
д)білік —_____
№4 тапсырма
4.4 суретте ортадан тепкіш май сүзгісі ұсынылған. Олар қандай позициялармен белгіленгендігін көрсетіңдер:
а)қақпақ —;
б) сүзгі тұрқы —;
в)ротор тұрқы —;
г)сақтандыру клапаны —;
д)сүзгі тор —;
е) ағызу клапаны —;
ж)радиаторға май жеткізу трубкасы —
Сур.4.4
№5 тапсырма 4.5 май радиаторы ұсынылған. Олар қандай позициялармен белгіленгендігін көрсетіңдер:
а)май радиаторы —;
б) май жеткізуге арналған майтүтік —;
Сур.4.5
в)май радиаторын басқару шүмегі —;
г)сақтандыру клапаны бар келтеқосқыш —
№6 тапсырма
Келесі суреттерде ұсынылған май радиаторының күйін атаңдар:
4.5, б сур. —____________________________________________
4.5, всур. — ____________________________________________
5 тарау
ҰШҚЫНМЕН ТҰТАНДЫРУ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНДА ҚУАТ КӨЗІ ЖҮЙЕСІ
5.1. «ҰШҚЫНМЕН ТҰТАНДЫРУ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНДА ҚУАТ КӨЗІ ЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. 1 кг жанармайға ... келетін қоспа жұтаңдатылған деп аталады:
а)15,5... 16,5 кг ауа;
б)15 кг ауа;
в)13,5... 15 кг ауа.
2. Қандай қоспа қалыпты деп аталатынын көрсетіңдер:
а)1 кг жанармайға 13,5... 15 кг ауа келетін қоспа;
б)1 кг жанармайға 15 кг ауа келетін қоспа;
в) 1 кг жанармайға 15,5.16,5 кг ауа келетін қоспа;смесь.
3. 1 кг жанармайға ... келетін қоспа байытылған деп аталады:
а)15,5.16,5 кг ауа;
б)15 кг ауа;
в)13,5.15 кг ауа.
4. Үлкен жүктеме кезінде:
а)жұтаңдатылған қоспамен;
б)байытылған қоспамен;
в)қалыпты қоспамен жұмыс жасаған дұрыс.
5. Карбюратордағы экономайзер қандай қызмет атқарады:
а)жұтаңдатылған қоспа алу үшін;
б)жұтаң қоспа алу үшін;
в)байытылған қоспа алу үшін?
6. «Волга» және «ГАЗель» көліктерінің қозғалтқыштарына қандай карбюратор орнатылады:
а)К-135М;
б)К-151;
в)К-151Д?
7. Қозғалтқыштың иінді білігінің максималды айналу жиілігін пневмоинерциялы шектегіштер қандай автомобильдерде орнатылады:
а)жүк автомобильдерінде;
б)жеңіл автомобильдерде;
в)жүк және жеңіл автомобильдерде?
8. Карбюраторлы қозғалтқыштардың қуат көзі жүйесінде жанармай сүзгі-тұндырғышы қандай қызмет атқарады:
а)жанармайды толықтай тазалау үшін;
б)жанармайды механикалық қоспалардан алғашқы тазалау үшін;
в)жанармайды толықтай және үстіртін тазалау үшін?
9. Жеңіл автомобильдердің қозғалтқыштарында негізінен карбюраторлы қозғалтқыштардың қуат көзі жүйесінің қандай ауа сүзгілері пайдаланылады:
а)инерциялы-май сүзгілері;
б)құрғақ ауа сүзгілері;
в)инерциялы-ауа сүзгілері?
10. Бензин бүрку жүйесінде электрлі-магнитті форсунка қандай қызмет атқарады:
а) енгізу клапандары зонасына ауа бүрку үшін;
б) енгізу клапандары зонасына жанармай бүрку үшін;
в) енгізу клапандары зонасына жанармай-ауа қоспасын бүрку үшін?
5.2. «ҰШҚЫНМЕН ТҰТАНДЫРУ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНДА ҚУАТ КӨЗІ ЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
5.3. «ҰШҚЫНМЕН ТҰТАНДЫРУ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНДА ҚУАТ КӨЗІ ЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР
№1 тапсырма 5.1 суретте жанармай жүйесінің құрылымы көрсетілген. Олар қандай позициялармен белгіленгендігін көрсетіңдер:
а)карбюратор — ____________;
б)бензин насосы —____________;
в)сүзгі-тұндырғыш —____________;
г)ауа сүзгісі —____________.
№2 тапсырма 5.2 суретте экономайзер құрылымы ұсынылған. Олардың келесі позицияларда белгіленген элементтерін атап беріңдер:
1 —_________________________________________________;
6 —_________________________________________________;
8 —_________________________________________________;
9 —_________________________________________________.
№3 тапсырма 5.3 суретте насостың жеделдеткішінің құрылымы бейнеленген. Олардың келесі позицияларда бейнеленген элементтерін атап беріңдер:
3 —_________________________________________________;
5 —_________________________________________________;
7—_________________________________________________;
8—_________________________________________________.
№4 тапсырма 5.4 суретте бензинді насостың құрылымы ұсынылған. Қандай позициялармен бейнеленгендігін көрсетіңдер:
а)диафрагма —________;
б)енгізу клапаны —________;
в)шығару клапаны —________;
г)тікелей үлестіруші біліктің эксцентригінен қозғалысқа келтірілетін тетік, —________.
Сур. 5.1
Сур. 5.2
Сур. 5.3
Сур. 5.4
№5 тапсырма 5.4 суретті пайдаланып, диафрагманы төмен жылжытқанда қандай өзгеріс болатынын көрсетіңдер:
а)енгізу клапанының ашылуы;
б)шығару клапанының ашылуы;
в)екі клапанның да ашылуы.
№6 тапсырма
5.5 суретте жанармайды бүрку жүйесінің құрылымы ұсынылған. Қандай позициялармен белгіленгендігін көрсетіңдер:
а)бүрку форсункасы —_______;
б)жүйеде жанармай қысымын реттегіш —_______;
в)жанармай электрлі насосы —_______;
г)жанармайды толықтай тазарту сүзгісі —_______;
д)тарату магистралі —_______.
5.5 сур.
Сур. 5.6
№7 тапсырма 5.6 суретте жабық магистральды шұрада қос сатылы редуктордың жұмыс жасау жүйесі ұсынылған. Олар қандай позицияларда белгіленгендігін көрсетіңдер:
а)редуктордың алғашқы сатысының мембранасы —_______;
б)редуктордың екінші сатысының мембранасы —_______;
в)алғашқы саты клапаны —_______;
г)екінші саты клапаны —_______;
д)дроссельді жапқыш —_______.
6 тарау
ДИЗЕЛЬДІ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДАҒЫ ҚУАТ КӨЗІ ЖҮЙЕСІ
6.1. «ДИЗЕЛЬДІ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДАҒЫ ҚУАТ КӨЗІ ЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Дизельді қозғалтқыштардың қуат көзі жүйесіне қандай құрастырма бірліктер жататынын көрсетіңдер:
а)жанармай шаны;
б)толықтай және үстіртін тазалау сүзгілері;
в)жанармайды қолмен айдау насосы;
г)жоғары қысымның жанармай насоссы;
д)ауа тартқыш;
е)қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігін реттегіш;
ж)ауа сүзгісі.
2. Дизельді қозғалтқыштарды ауамен қамту жүйесіне қандай құрастырма бірліктер жататынын көрсетіңдер:
а)толықтай және үстіртін тазалау сүзгісі;
б)қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігін реттеуші;
в)ауа сүзгісі;
г)ауа тартқыш;
д)шаң соруға арналған эжектор. 3. ЯМЗ-236 және КамАЗ-740 қозғалтқыштарында орнатылатын айдайтын помпаның түрін көрсетіңдер:
а)плунжерлі;
б)поршеньді;
в)диафрагмалық.
4. ЗИЛ-645 қозғалтқыштарында орнатылатын иінді біліктің айналу жиілігін реттеушінің түрін көрсетіңдер:
а)біррежимді;
б)екірежимді;
в)барлық режимді.
6.2.«ДИЗЕЛЬДІ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДАҒЫ ҚУАТ КӨЗІ ЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
6.3. «ДИЗЕЛЬДІ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДАҒЫ ҚУАТ КӨЗІ ЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР
№1 тапсырма 6.1 суретте дизельді қозғалтқыштың қуат көзінің сызбасы ұсынылған. Құрылғылар қандай позициялармен белгіленгендігін көрсетіңдер:
а)жанармайды толықтай тазарту үшін —___________;
б)жанармайды үстіртін тазарту — ___________;
в)қысым астында жоғары қысымды жанармай насосына жанармай жеткізу —___________;
г)жанармайды жоғары қысым астында форсункаға жеткізу — ___________
д)жанармайды бүрку — ___________;
е)ауаны тазарту — ___________;
ж)ауаны цилиндрлерге қысым астында жеткізу
Сур. 6.1
№2 тапсырма 6.2 суретте форсунканың құрылымы көрсетілген. Келесі тетіктер қандай позициялармен белгіленгендігін көрсетіңдер:
а)реттегіш бұранда —_______;
б)қарнақ —_______;
в) форсунка тұрқы —_______;
г) бүріккіш инесі —_______;
д)торлы сүзгі —_______.
№3 тапсырма
6.3 суретте жанармайды үстіртін тазалау сүзгісінің құрылымы ұсынылған. Қандай позициялармен белгіленгендігін көрсетіңдер:
Сур. 6.2
Сур. 6.3
а)тұрқы — _________;
б)жанармай легін таратушы — _________;
в)торлы сүзуші элемент — _________;
г)тыныштандырушы — _________;
д)жанармай келтіруші трубка — _________;
е)жанармай әкетуші трубка — _________;
7 тарау
АВТОМОБИЛЬДІҢ ЭЛЕКТРЖАБДЫҚТАРЫ
7.1.«АВТОМОБИЛЬДІҢ ЭЛЕКТРЖАБДЫҚТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Автомобильді орталық климаттық ауданда пайдаланғанда зарядталған батареяның электрлитінің тығыздығы қандай болуы қажет екендігін көрсетіңдер:
а)1,30 г/см;
б)1,27 г/см;
в)1,25 г/см;
г)1,23 г/см.
2. Электрлитті дайындағанда аккумулятордың күкірт қышқылын тазартылған сумен қалай араластырады:
а)қышқылға суды құю арқылы;
б)суға қышқылды құю арқылы;
в)кез-келген әдіспен?
3. Үзгіш-таратқыштың ортадан тепкіш реттеушісі қай жағдайда іске қосылады:
а)иінді біліктің айналу жиілігі азайғанда;
б)иінді біліктің айналу жиілігі көбейгенде;
в)кез-келген жағдайда?
4. Қандай себептерге байланысты үзгіш-таратқыштың вакуумды реттегіші іске қосылады:
а)қозғалтқыштың жүктемесіне;
б)иінді біліктің айналу жиілігінің көбеюіне;
в)иінді біліктің айналу жиілігінің азаюына?
5. Батареялы оталдыру жағдайында оталдыру білтесінің орталық және жанғы электродтары арасындағы номиналды саңылауды көрсетіңдер:
а)0,5 ...0,6 мм;
б)0,4...0,5 мм;
в)0,3.0,4 мм;
г)0,7...0,9 мм.
6. Оталдыру білтесінің орталық және жанғы электроды қандай металлдан жасалған:
а)никель-марганец болатынан;
б)хром-никель болатынан;
в)және никель-марганец, хром-никель болатынан?
7. Жүк автомобильдерінде қандай типті генератор орнатылған:
а)тұрақты тоқтың үшфазалы генераторы;
б)ауыспалы тоқтың екіфазалы генераторы;
в)ауыспалы тоқтың үшфазылы генераторы?
7.2. «АВТОМОБИЛЬДІҢ ЭЛЕКТРЖАБДЫҚТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
7.3. «АВТОМОБИЛЬДІҢ ЭЛЕКТРЖАБДЫҚТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР
№1 тапсырма 7.1 суретте аккумулятор батареясының құрылымы ұсынылған. Олар қандай позициялармен белгіленгендігін көрсетіңдер:
а) оң пластиналар —___________;
б) теріс пластиналар —___________;
в)сепараторлар —___________;
г)біріктіргіш маңдайша перемычка —___________.
№2 тапсырма 7.2 суретте генератордың құрылымы ұсынылған. Олар қандай позициялармен белгіленген:
Сур. 7.1
а)ротор —___________;
б)статор —___________;
в) қоздыру орамы —___________;
г)орамның басы мен аяғы қосылған тетіктер, —___________;
д)түзеткіш блок —___________.
№3 тапсырма
7.3 суретте батареялы оталдырудың контактылы жүйесінің сызбасы ұсынылған: Олар қандай позициялармен белгіленгенін көрсетіңдер: а)төменгі кернеу тоғын жоғары кернеу тоғына түрлендіретін құрылғы, —___________; б)төменгі кернеу тізбегін тұрақты түрде ажыратып тұратын құрылғы, —___________;
в)таратқыш —___________;
г)оталдырғышты қосқыш —___________;
д)оталдырғыштың ұшқын білтесі —___________.
№4 тапсырма
7.4 суретте оталдыру катушкасының құрылымы ұсынылған. Олар қандай позициялармен белгіленгенін көрсетіңдер:
а)оталдыру катушкасының алғашқы орамы —___________;
б)оталдыру катушкасының екінші орамы —___________;
в)үстеме резистор —___________;
г)кіндік темір —___________.
Сур.7.2
Сур. 7.3
Сур.7.4
Сур. 7.5
Сур. 7.6
№5 тапсырма 7.5 суретте оталдырудың конактсыз жүйесінің құрылымы ұсынылған. Олар қандай позициялармен белгіленгенін көрсетіңдер:
а)датчиктің статорының кіндік темірі —___________;
б)датчиктің статорының орамы —___________;
в)датчик роторы —___________;
г)транзистор (коммутатор) —___________.
№6 тапсырма 7.6 суретте стартердің құрылымы ұсынылған. Олар қандай позициялармен белгіленгенін көрсетіңдер:
а)статордың қоздыру орамы —___________;
б)якорь —___________;
в)жетек тегершігі —___________;
г)еркін жүріс муфтасы —___________.
8 тарау
АВТОМОБИЛЬ ШАССИІ
8.1.«АВТОМОБИЛЬ ШАССИІ» тақырыбы бойынша тес тапсырмалары
1.Автомобильдің 4 х 2 дөңгелек формуласы қандай мәнге ие:
а)4 — дөңгелек саны, 2 — белдік саны;
б)4 — дөңгелек саны, 2 — жетекші дөңгелек саны;
в)4 — белдіктердің жалпы саны, 2 — жетекші көпір саны?
2. ЗИЛ-431410 автомобилінде ажыратқыштың қандай түрі орнатылғанын көрсетіңдер:
а)ілінісуді ажыратудың механизмін гидравликалық іске қосатын екі дискілі;
б)ілінісуді ажыратудың механизмін пневматикалық іске қосатын бір дискілі;
в)ілінісуді ажыратудың механизмін механикалық іске қосатын бір дискілі?
3. «ГАЗель» автомобилінде ажыратқыштың қандай түрі орнатылған: а)ілінісуді ажыратудың механизмін механикалық іске қосатын бір дискілі құрғақ; б)ілінісуді ажыратудың механизмін гидравликалық іске қосатын иінтірек типті;
в)ілінісуді ажыратудың механизмін пневматикалық іске қосатын екі дискілі? 4. Ажыратқыштың механикалық жетегінің артықышылқтарын көрсетіңдер:
а)ілінісудің бірқалыпты іске қосылуы;
б)құрылымының қарапайымдылығы;
в) ажыратқышты іске қосу үшін азғантай күш салу;
г)жұмыстағы сенімділік;
д)құрылымының күрделілігі. 5. Қандау ақау кезінде ілінісу толықтай ажырамай қалады:
а)жетектегі дискінің фрикциялық қаптамаларының тозуы;
б)ажыратқыш педалінің еркін жүрісінің болмауы;
в)ажыратқыш педалінің үлкен еркін жүрісі?
6. Беріліс қораптары басқаруы бойынша қандай түрлерге бөледі:
а)сатылы;
б)гидравликалық;
в)автоматты емес;
г)сатылы емес;
д)электрлі;
е)жартылай автоматты;
ж)автоматты?
7. ЗИЛ-431410 автомобилінде орнатылған беріліс қорабының түрін көрсетіңіз:
а)төрт сатылы;
б)бес сатылы;
в)екі білікті;
г)он сатылы.
8. Қай автомобильде берілістерді қашықтықтан іске қосу жетегі бар:
а)ЗИЛ-433360 дөңгелек формуласы 4x2;
б)ГАЗ-3302 дөңгелек формуласы 4x2;
в)«ГАЗель» дөңгелек формуласы 4x4;
г)КамАЗ-5320 дөңгелек формуласы 6x4?
9. Жүріп өту қабілеті жоғары автомобильдердің тарату қорабының төменгі берілісін ... ажыратуға болады:
а)алдыңғы белдік өшіп тұрған жағдайда;
б)алдыңғы белдікті өшіру кезінде;
в)кез-келген жағдайда.
10. Жүк көліктерінің бас берілісінде айналу кезеңі қалай беріледі:
а) 45° бұрышпен;
б) 90° бұрышпен;
в) 180° бұрышпен?
11. ВАЗ-2110, -2111, -2112 автомобильдерінде қандай басты беріліс белгіленеді:
а)қос;
б)дара;
в)алшақтатылған?
12. Дөңгелек формуласы 6 х 4 КамАЗ текті автомобилдерде қандай типті дифференциал орнатылады:
а)конусты симметриялы;
б)жұдырықты;
в)білікаралық бұғатталатын?
13. Заманауи автомобильдерде дөңгелектің тігінен орналасу (развал) бұрышы қандай екенін көрсетіңдер:
а)0...2°;
б)3.4°;
в)5.6°;
г)7.8°.
14. Кардандық берілістерді шарнирлерінің түрлеріне қарай қалай бөледі:
а)бір білікті;
б)бірдей емес бұрыштық жылдамдық шарнирлары бар бір шарнирлі;
в)көпшарнирлі;
г)тең бұрыштық жылдамдықты шарнирлері бар;
д)көпбілікті? 15. Қандай мақсатпен дөңгелектердің қозғалыс бағыты мен айналу жалпақтағының бұрышын (схождениені) бекітеді:
а)дөңгелектің ступицасының мойынтірегін жеңілдету үшін;
б) рөл механизміне берілетін дөңгелектердің соққысын азайту үшін;
в)дөңгелектердің параллельді қозғалуын қамтамасыз ету үшін.
16. Автомобильдің аспасы деп нені атайды:
а) қозғалтқыштың рамамен серпімді қосылысы;
б) белдіктердің рамамен немесе шанақпен серпімді қосылысы;
в) раманың трансмиссиямен серпімді қосылысы?
17. «Волга» автомобилінің алдыңғы дөңгелектерінің аспасы қандай типті:
а)тәуелсіз;
б)тәуелді;
в) тәуелді де тәуелсіз де аспа орнатылуы мүмкін?
18. Жоғары қысым шинасындағы қысым көлемін көрсетіңіз:
а)0,15.0,5 МПа;
б)0,5...0,7 МПа;
в)0,1 .0,2 МПа.
19. Автомобиль белдіктерін орнатылатын дөңгелектердің қандай типіне қарай бөледі:
а)алдыңғы;
б)басқарылатын;
в)жетекші;
г)артқы;
д)аралық;
е)біріктірілген?
20. 13,6R38 шинасының белгіленуіндегі R әрпі нені білдіреді:
а)дюйммен белгіленген профиль ені;
б)кордтың радиалды қосылысы;
в)дюйммен белгіленген тоғынның қондырылатын диаметрі?
21. «ГАЗель» автомобильдерінде рөлдік механизмнің қандай түрі орнатылғанын көрсетіңіз:
а)тегершік — рейка;
б)бұрамдық — ролик;
в)шарикті сомын-секторы бар бұранда.
22. Дара бас беріліске бас берілістердің қандай түрлері жатады:
а)цилиндрлі бас беріліс;
б)конустық бас беріліс;
в)орталық бас беріліс;
г)алшақтатылған бас беріліс;
д)гипоидты бас беріліс? 23. ВАЗ-2110, -2111, -2112 автомобильдерінде рөл механизмінің қандай түрі орнатылған:
а)тегершік — рейка;
б)бұранда — сомын;
в)бұрамдық — ролик?
24. ЗИЛ-433100 атомобилінің артқы тежегіш механизмінің жетегі қандай:
а)механикалық;
б)гидравликалық;
в)пневматикалық;
г)аралас?
26. «ГАЗель» текті автомобильдердің артқы тежегіштерінің жетегі қандай:
а)пневматикалық;
б)гидравликалық;
в)механикалық;
г)біріктірілген?
8.2.«АВТОМОБИЛЬ ШАССИІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
8.3.«АВТОМОБИЛЬ ШАССИІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР
№1 тапсырма 8.1 суретте ажыратқыштың құрылымы берілген. Келесі позицияларда белгіленген тетіктердің атауларын жазып беріңдер:
1 — _________________________________________________;
2 —_________________________________________________;
3 — _________________________________________________;
4 —_________________________________________________.
№2 тапсырма 8.2 суретте ГАЗ автомобилінің беріліс қорабы ұсынылған. Екінші берілісті беріліс қорабының жетекші білігінен жетектегі біліктің айналу кезеңін жеткізетін тегершіктер белгіленген позицияларды көрсетіңдер:
8.1 сур.
а)17, 14, 8, 11;
б)17, 14, 3, 5;
в)17, 14, 11, 4, 5;
г)17, 14, 8, 10.
№3 тапсырма 8.2 суретте төрт сатылы беріліс қорабы ұсынылған. Келесі элементтер белгіленген позицияларды көрсетіңдер:
а)берілістерді ауыстыру иінтірегі —________;
б)ІІІ беріліс тегершіктері —________;
в)ІІ беріліс тегершіктері —________;
г)І беріліс және артқа қарай қозғалыс тегершігі —________;
д) екінші білік —________;
е) алғашқы білік —________;
ж) аралық білік —________;
з)аралық біліктің жетек тегершігі —________;
и)артқа қарай жүрістің тегершіктер блогы —________;
к)муфта —________.
8.2 сур.
№4 тапсырма 8.3 суретте ГАЗ-3308 «Садко» автомобилінің тарату қорабының құрылымы ұсынылған. Келесі позицияларда белгіленген тетіктердің атауларын жазып беріңдер:
1 — _________________________________________________;
2 —_________________________________________________;
4 —_________________________________________________;
7 —_________________________________________________.
№5 тапсырма 8.4 суретте ЗИЛ автомобилінің артқы белдігінің құрылымы ұсынылған. Келесі позицияларда белгіленген тетіктердің атауларын жазып беріңдер:
8.3 сур.
1 — _________________________________________________
4 —_________________________________________________
8 — _________________________________________________
9 — _________________________________________________
11 — _________________________________________________
12 — _________________________________________________
15 — _________________________________________________
21 — _________________________________________________
22 — _________________________________________________
№6 тапсырма
8.5 суретте рөл механизмінің құрылымы ұсынылған. Келесі тетіктер белгіленген позицияларды көрсетіңдер:
а)рөл шеңбері —________;
б)рөл бағанасы —________;
в)рөл механизмі —________;
г)сошка —________.
8.4 сур.
8.5 сур.
д) бойлық тартпа —________;
е)бұралатын шетмойынның жоғарғы иінтірегі —________;
ж)шетмойын —________;
з)бұралатын шетмойынның төменгі иінтірегі —________;
и) көлденең тартпа —________;
к) алдыңғы белдіктің арқалығы —________;
л)шетмойын өсі —________.
№7 тапсырма
8.6 суретте жұмыс тежегіш жүйесінің екі сатылы сызбасы ұсынылған. Олар қандай позицияларда белгіленгендігін көрсетіңдер:
а) алдыңғы тежегіш механизм —________;
б) белгі беру құралы —________;
в)вакуумды күшейткіш —________;
г)қысымды реттегіш —________.
№8 тапсырма 8.7 суретте гидравликалық жетегі бар тежегіш жүйесінің дөңгелек цилиндрі ұсынылған. Қандай позициялармен белгіленгенін көрсетіңдер:
а)поршень —________;
б)тығыздағыш —________;
8.6 сур.
8.7 сур.
в)қорғаныс қалпақша —________
г)ауа шығаратын штуцер —__ ________
Тест тапсырмаларының, бақылау сұрақтарының және тапсырмалардың жауаптары
Тест тапсырмаларының жауаптары
1-ші тақырып бойынша тест тапсырмаларының жауаптары
б; 2, а; 3, в; 4, в, г, д; 5, в; 6, а.
2-ші тақырып бойынша тест тапсырмаларының жауаптары
б; 2, в; 3, в; 4, в; 5, б; 6, в; 7, б.
3-ші тақырып бойынша тест тапсырмаларының жауаптары
в; 2, в; 3, а; 4, б; 5, а; 6, б.
4-ші тақырып бойынша тест тапсырмаларының жауаптары
в; 2, в; 3, б; 4, б; 5, в.
5-ші тақырып бойынша тест тапсырмаларының жауаптары
в; 2, б; 3, в; 4, б; 5, в; 6, б; 7, а; 8, б; 9, б; 10, а; 11, б.
6-шы тақырып бойынша тест тапсырмаларының жауаптары
а, б, в, г, е; 2, в, г, д; 3, в; 4, б.
7-ші тақырып бойынша тест тапсырмаларының жауаптары
б; 2, б; 3, б; 4, а; 5, г; 6, в; 7, г.
8-ші тақырып бойынша тест тапсырмаларының жауаптары
б; 2, в; 3, б; 4, б, г; 5, в; 6, в, е, ж; 7, б; 8, г; 9, а; 10, б; 11, б; 12, в; 13, а; 14, в, д; 15, в; 16, б; 17, а; 18, б; 19, б, в; 20, б; 21, в; 22, а, б, д; 23, а; 24, в; 25 б.
1-ші тақырып бойынша бақылау сұрақтарының жауаптары
Жүк көліктеріне (1 балл); жолаушы тасымалдайтын (1 балл); арнайы көліктерге (1 балл). Жүк көліктерінің белгіленуі өндіруші зауыттың атауының қысқартылуынан (ГАЗ, ЗИЛ, КамАЗ) автомобильдің маркасының нөмірін көрсететін саннан тұрады (2 балл). Бағалау 0-ден 5 баллға дейін.
Қозғалтқыш (1 балл); шасси (1 балл); шанақ (1 балл). Бағалау 0-ден 3 баллға дейін.
Рамалы (1 балл); Рамасыз (1 балл). Бағалау 0-ден 2 баллға дейін.
Қозғалтқыштан жетекші дөңгелектерге айналым кезеңін жеткізу үшін (2 балл); айналу кезеңінің көлемі мен бағытын өзгерту үшін (1 балл). Бағалау 0-ден 3 баллға дейін.
Трансмиссиядан (1 балл); басқару механизмдерінен (1 балл); жүретін бөліктен (1 балл). Бағалау 0-ден 3 баллға дейін.
Алдыңғы жетектіге (1 балл); артқы жетектіге (1 балл); толық жетектіге (2 балл). Бағалау 0-ден 4 баллға дейін.
Жылу энергиясын механикалық жұмысқа түрлендіру үшін (2 балл). Бағалау 0-ден 2 баллға дейін.
Қозғалтқыштың иінді білігінен айналу кезеңін жетекші дөңгелектерге жеткізу үшін (2 балл); айналу кезеңін көлемі мен бағыты бойынша айналу кезеңін өзгерту үшін (2 балл). Бағалау 0-ден 4 баллға дейін.
Берілістерді ауыстыру кезінде қозғалтқыш пен трансмиссияны қысқа мерзімге ажырату және орнынан қозғалғанда бірқалыпты қосылыс үшін (2 балл). Бағалау 0-ден 2 баллға дейін.
Жетекші дөңгелектерде айналу кезеңін өзгерту үшін (2 балл); қозғалыс жылдамдығы мен бағытын өзгерту үшін (2 балл). Бағалау 0-ден 4 баллға дейін.
Автомобильдің қозғалуы үшін (1 балл). Бағалау 0-ден 1 баллға дейін.
Қозғалыс бағытын өзгерту үшін (1 балл); қозғалыс жылдамдығын төмендету (1 балл); автомобильдің толықтай тоқтауы үшін (1 балл). Бағалау 0-ден 3 баллға дейін.
Автомобильдің алдыңғы бөлігінде (1 балл); жетекші дөңгелектер — артта (1 балл). Бағалау 0-ден 2 баллға дейін.
2-ші тақырып бойынша бақылау сұрақтарының жауаптары
Цилиндрлері бірқатарда вертикалды орналасқан (1 балл); цилиндрлері бірқатарда вертикальді осьтен ауытқи орналасқан (2 балл); цилиндрлері екі қатарлы V-тәрізді қарама-қарсы орналасқан (2 балл). Бағалау 0-ден 5 баллға дейін.Қосиінді-бұлғақты механизм (1 балл); газ тарататын механизм (1 балл); салқындату жүйесі (1 балл); майлау жүйесі (1 балл); қуат көзі жүйесі (1 балл). Бағалау 0-ден 5 баллға дейін.
ЖӨН ТӨН жылжу кезінде поршень босататын кеңістік көлемі (2 балл); цилиндрдің жұмыс көлемі көп болған сайын, қозғалтқыштың литражы да көп болады (2 балл); литраж көп болған сайын, қозғалтқыштың қуаты да күшті болады (2 балл). Бағалау 0-ден 6 баллға дейін.
Сығылу дәрежесі — бұл цилиндрдің толық көлемі жану камерасының көлемінен қанша есе үлкен екендігін көрсететін сан (2 балл); сығылу дәрежесі үлкейген сайын ішкі жану қозғалтқышының қуаттылығы мен жылу үнемділігі артады (2 балл). Бағалау 0-ден 4 баллға дейін.
Іске қосу (1 балл); сығылу (1 балл); жұмыс жүрісі (кеңею) (1 балл); шығару (1 балл). Бағалау 0-ден 4 баллға дейін.
Жұмыс циклы поршеньнің екі жүрісінде (1 балл) және иінді біліктің бір айналымында жүретін қозғалтқыш (1 балл). Бағалау 0-ден 2 баллға дейін.
Сығылу (1 балл); шығару (1 балл). Бағалау 0-ден 2 баллға дейін.
Үнемсіздік (1 балл); цилиндрлерді газдан толықтай тазартпау (1 балл). Бағалау 0-ден 2 баллға дейін.
Қарапайым құрылымы (1 балл); пайдалануда қарапайымдығы (1 балл); жоғары айналымдығы (1 балл); литражы бірдей болған жағдайда төрт контактылы қозғалтқышқа қарағанда жоғары қуатты дамыту (2 балл). Бағалау 0-ден 5 баллға дейін.
Сығылудың үлкен дәрежесінің есебінен үлкен үнемділік (1 балл); жанармайдың арзандығы (1 балл); өрт қауіптілік деңгейінің төмендігі (1 балл); жанармайда канцерогенді заттардың аз шоғырлануы (2 балл); иінді біліктің төмен айналу жиілігінде үлкен айналу кезеңін дамыту (2 балл). Бағалау 0-ден 7 баллға дейін.
Карбюраторлы қозғалтқыштарға қарағанда қуаттылықтың бірлігіне металлдың шығыны 30 %-ға артық. (2 балл); іске қосу қиындаған, әсіресе қысқы кездері (1 балл); дыбысы қаттырақ шығады (1 балл) және жұмысы қатты (1 балл); қызмет етудің күрделірек процесі (2 балл). Бағалау 0-ден 7 баллға дейін.
Цилиндрді ауамен салмақтық толтыру үшін (1 балл); себебі ауа қысыммен беріледі 0,15... 0,17 МПа (2 балл); дизельді қозғалтқыштың қуаттылығын арттыру (2 балл); жанармайдың толығырақ жануын қамтамасыз ету үшін (2 балл). Бағалау 0-ден 7 баллға дейін.
3-ші тақырып бойынша бақылау сұрақтарының жауаптары
4-ші тақырып бойынша бақылау сұрақтарының жауаптары
5-ші тақырып бойынша бақылау сұрақтарының жауаптары
6-шы тақырып бойынша бақылау сұрақтарының жауаптары
7-ші тақырып бойынша бақылау сұрақтарының жауаптары
8-ші тақырып бойынша бақылау сұрақтарының жауаптары
Тапсырмалардың жауаптары
1-ші тақырып бойынша тапсырмалардың жауаптары
№ 1 тапсырма. а, 7; б, 9; в, 1; г, 6; д, 4; е, 5.
№ 2 тапсырма. б, 3, 4, 5, 6, 7.
№ 3 тапсырма. б, 11, 3, 4.
2-ші тақырып бойынша тапсырмалардың жауаптары
№ 1 тапсырма 1 — жану камерасының көлемі; 2 — жұмыс көлемі 3 — толық көлем; 4 — поршень жүрісі.
№ 2 тапсырма.
2.1 кесте. Цилиндрлерінің жұмыс тәртібі 1—3—4—2 төртконтактілі төртцилиндрлі қозғалтқыштарда такттардың алмасуы
3-ші тақырып бойынша тапсырмалардың жауаптары № 1 тапсырма. 1 — белдемше; 2 — түбі; 3 — компрессиялық және май сылғыш сақиналардың жырашықтары; 4 — поршнньді орнату белгісі.
№ 2 тапсырма. а, 1; б, 3; в, 4; г, 5; д, 6.
№ 3 тапсырма. а, 6; б, 16; в, 5; г, 15.
№ 4 тапсырма. а, 6; б, 7; в, 4; г, 5; д, 13.
4-ші тақырып бойынша тапсырмалардың жауаптары
№ 1 тапсырма. а, 1; б, 14; в, 5; г, 10; д, 17.
№ 2 тапсырма. а, 4; б, 7; в, 6; г, 9.
№ 3 тапсырма. а, 2; б, 1; в, 10; г, 11; д, 9.
№ 4 тапсырма. а, 4; б, 10; в, 17; г, 7; д, 5.
№ 5 тапсырма. а, 2; б, 4; в, 5; г, 6.
№ 6 тапсырма. б — шүмек жабық; в — шүмек ашық.
5-ші тақырып бойынша тапсырмалардың жауаптары
№ 1 тапсырма. а, 4; б, 1; в, 19; г, 3.
№ 2 тапсырма.
1 — бүркігіш; 6 — клапан; 8 — экономайзер жиклері; 9 — негізгі жанармай жиклері.
№ 3 тапсырма. 3 — кері клапан; 5 — поршень; 7 — айдау клапаны; 8 — жеделдеткіш насостың бүріккіші.
№ 4 тапсырма. а, 6; б, 8; в, 2; г, 15.
№ 5 тапсырма. а — енгізу клапанының ашылуы.
№ 6 тапсырма. а, 3; б, 2; в, 5; г, 6; д, 4.
№ 7 тапсырма. а, 10; б, 1; в, 11; г, 7; д, 5.
6-шы тақырып бойынша тапсырмалардың жауаптары
№ 1 тапсырма. а, 9; б, 11; в, 10; г, 7; д, 4; е, 1.
№ 2 тапсырма. а, 11; б, 9; в, 8; г, 6; д, 3.
№ 3 тапсырма. а, 2; б, 4; в, 7; г, 8; д, 1; е, 3.
7-ші тақырып бойынша тапсырмалардың жауаптары
№ 1 тапсырма. а, 3; б, 1; в, 2; г, 11.
№ 2 тапсырма. а, 12; б, 13; в, 5; г, 6; д, 14.
№ 3 тапсырма. а, 6; б,8;в,7;г, 3;д, 10.
№ 4 тапсырма. а, 6; б,5;в,3;г, 4.
№ 5 тапсырма. а, 11; б, 12; в, 12; г, 1.
№ 6 тапсырма. а, 10; б, 7; в, 15; г, 13.
8-ші тақырып бойынша тапсырмалардың жауаптары
№ 1 тапсырма. 1 — жетекші (қысатын) диск; 4 — сықпа мойынтірек; 9 — жетектегі диск; 10 — сермер.
№ 2 тапсырма. в, 17, 14, 11, 4, 5.
№ 3 тапсырма. а, 1; б, 8, 12; в, 4, 11; г, 5, 8; д, 6; е, 18; ж, 15; з, 14; и, 9; к, 16.
№ 4 тапсырма. 1 — тура және төмендеткіш берілістердің тегершігі; 2 — жетектегі валдың тегершігі; 4 — аралық білік; 7 — алдыңғы белдіктің жетегінің тегершігі.
№5 тапсырма. 1 — жетектегі цилиндрлі тегершік; 4 — жетекші (кіші) цилиндрлі тегершік; 8 — реттейтін тәжді сомын; 9 — жартыось; 11 — жетектегі білік; 12 — қақпақ; 15 — жетекші (кіші) конустық тегершік; 21 — жетектегі конустық тегершік; 22 — артқы белдік тұрқы.
№6 тапсырма. а, 1;б,2; в, 3; г, 4; д,5; е, 6; ж,7; з, 8; и, 10;к,9; л, 12.
№ 7 тапсырма. а, 1;б,2; в, 3; г, 6.
№ 8 тапсырма. а, 2;б,3; в, 1; г, 1.
Әдебиеттер тізімі
Адаскин А. М. Материаловедение (металлообработка): учебник / А. М. Адаскин, В. М. Зуев. — М.: Издательский центр «Академия», 2007. — 240 с.
Баловнев В. И. Автомобили и тракторы: справочник / В.И. Баловнев, Р. Г. Данилов. — М.: Издательский центр «Академия», 2008. — 352 с.
Вахламов В. К. Автомобили: Теория и конструкция автомобиля и двигателя: учебник / В. К. Вахламов, М. Г. Шатров, А. А. Юрчевский; под ред. А. А.Юрчевского. — М.: Издательский центр «Академия», 2003. — 816 с.
Круглов С. М. Все о легковом автомобиле: учеб. пособие / С. М. Круглов. — М.: Высш. шк., 2002. — 539 с.
Нерсесян В. И. Устройство легковых автомобилей: практикум: учеб. пособие / В. И. Нерсесян. — М.: Издательский центр «Академия», 2008. — 192 с.
Панов Ю. В. Установка и эксплуатация газобаллонного оборудования автомобилей: учеб. пособие / Ю.В. Панов. — М.: Издательский центр «Академия», 2007. — 160 с.
Пехальский А. П. Устройство автомобиля: учебник / А. П. Пехальский, И. А. Пехальский. — М.: Издательский центр «Академия», 2006. — 528 с.
Пузанков А. Г. Автомобили: Конструкция, теория и расчет: учебник / А. Г. Пузанков. — М.: Издательский центр «Академия», 2007. — 544 с.
Родичев В. А. Грузовые автомобили: учебник / В. А. Родичев. — М.: Издательский центр «Академия», 2002. — 256 с.
Техническое обслуживание и ремонт автомобилей: учебник / [В. М. Власов, С. В.Жанказиев, С. М. Круглов и др.]; под ред. В. М. Власова. — М.: Издательский центр «Академия», 2007. — 416 с.
Шестопалов С. К. Устройство, техническое обслуживание и ремонт легковых автомобилей: учебник / С. К. Шестопалов. — М.: Издательский центр «Академия», 2003. — 544 с.
Мазмұны
Алғы сөз
1. Автомобильдердің жалпы құрылымы және жіктелуі
1.1. «Автомобильдердің жалпы құрылымы және жіктелуі» тақырыбы бойынша тест тапсырмалары
1.2. «Автомобильдердің жалпы құрылымы және жіктелуі» тақырыбы бойынша бақылау сұрақтары
1.3. «Автомобильдердің жалпы құрылымы және жіктелуі» тақырыбы бойынша тапсырмалар
2. Ішкі жану қозғалтқыштарының жалпы құрылымы мен жұмысы
2.1.«Ішкі жану қозғалтқыштарының жалпы құрылымы мен жұмысы» тақырыбы бойынша тест тапсырмалары
2.2.«Ішкі жану қозғалтқыштарының жалпы құрылымы мен жұмысы» тақырыбы бойынша бақылау сұрақтары
2.3.«Ішкі жану қозғалтқыштарының жалпы құрылымы мен жұмысы» тақырыбы бойынша тапсырмалар
3. Ішкі жану қозғалтқыштарының қосиінді-бұлғақты және газ тарататын механизмдері
3.1.«Ішкі жану қозғалтқыштарының қосиінді-бұлғақты және газ тарататын механизмдері» тақырыбы бойынша тест тапсырмалары
3.2. «Ішкі жану қозғалтқыштарының қосиінді-бұлғақты және газ тарататын механизмдері» тақырыбы бойынша бақылау сұрақтары
3.4. «Ішкі жану қозғалтқыштарының қосиінді-бұлғақты және газ тарататын механизмдері» тақырыбы бойынша тапсырмалар
4. Ішкі жану қозғалтқышының салқындату және майлау жүйесі
4.1.«Ішкі жану қозғалтқышының салқындату және майлау жүйесі» тақырыбы бойынша тест тапсырмалары
4.2.«Ішкі жану қозғалтқышының салқындату және майлау жүйесі» тақырыбы бойынша бақылау сұрақтары
4.3. «Ішкі жану қозғалтқышының салқындату және майлау жүйесі» тақырыбы бойынша тапсырмалар
5. Ұшқынмен тұтандыру қозғалтқыштарында қуат көзі жүйесі
5.1. «Ұшқынмен тұтандыру қозғалтқыштарында қуат көзі жүйесі» тақырыбы бойынша тест тапсырмалары
5.2.«Ұшқынмен тұтандыру қозғалтқыштарында қуат көзі жүйесі» тақырыбы бойынша бақылау сұрақтары
5.3.«Ұшқынмен тұтандыру қозғалтқыштарында қуат көзі жүйесі» тақырыбы бойынша тапсырмалар
6. Дизельді қозғалтқыштардағы қуат көзі жүйесі
6.1. «Дизельді қозғалтқыштардағы қуат көзі жүйесі» тақырыбы бойынша тест тапсырмалары
6.2. «Дизельді қозғалтқыштардағы қуат көзі жүйесі» тақырыбы бойынша бақылау сұрақтары
6.3. «Дизельді қозғалтқыштардағы қуат көзі жүйесі» тақырыбы бойынша тапсырмалар
7. Автомобильдің электрлі жабдықтары
7.1. «Автомобильдің электрлі жабдықтары» тақырыбы бойынша тест тапсырмалары
7.2. «Автомобильдің электрлі жабдықтары» тақырыбы бойынша бақылау сұрақтары
7.3. «Автомобильдің электрлі жабдықтары» тақырыбы бойынша тапсырмалар
8. Автомобиль шассиі
8.1. «Автомобиль шассиі» тақырыбы бойынша тест тапсырмалары
8.2. «Автомобиль шассиі» тақырыбы бойынша бақылау сұрақтары
8.3. «Автомобиль шассиі» тақырыбы бойынша тапсырмалар
Тест тапсырмаларының, бақылау сұрақтарының және тапсырмалардың жауаптары.
Тест тапсырмаларының жауаптары
Бақылау сұрақтарының жауаптары
Тапсырмалар жауаптары
Әдебиеттерт тізімі
Оқу баспасы
Митронин Виктор Петрович,
Агабаев Алимагомед Агамурадович
«Автомобиль құрылымы» пәні бойынша
бақылау материалдары
Оқу құралы
4-ші басылым, стереотипті
Редактор Е. Б. Махиянова
Техникалық редактор: О. Н. Крайнова
Техникалық редактор: О. Н. Крайнова
Компьютерлік беттеу: Г. Ю. Никитина
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру