TELEGEI

Home

Қоғамның тарихи жады

Мәмбет Қойгелдиев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қоғамның тарихи жады (Мәмбет Қойгелдиев, #6472)

Кітапта Алматы облысы Ескелді ауданы Н.Алдабергенов атындағы ауылдың 1930 жылдардан бергі тарихы ұжымның жүріп өткен жолы мұрағат деректері мен өңір тұрғындарының биографиялық әңгімелері негізінде баяндалады. Сонымен бірге шаруашылықтың өсіп-өкендеуіне тікелей атсалысқан қарапайым еңбек адамдарым...

Қоғамның тарихи
жады: ХХ ғасыр Алматы
облысы Ескелді ауданы
тұрғындарының

өмірбаяндық
әңгімелерінде

АЛМАТЫ

«Дәстүр»

2015

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
«Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы
Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы

ӘОЖ 94 (574)

КБЖ 63.3(5қаз)

Қ54

Кітап «Халық тарих толқынында» атты
мемлекеттік бағдарлама бойынша жарық көрді

Жалпы ғылыми редакциясын басқарған
ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі М.Қ.Қойгелдиев
Рецензенттер:
Тарих ғылымдарының докторы А.Тоқтабай

Тарих ғылымдарының докторы Г.Төлеубаева
Қоғамның тарихи жады: ХХ ғасыр Алматы облысы Ескелді ауда-
ны тұрғындарының өмірбаяндық әңгімелерінде. Ғылыми басылым /
М.Қ. Қойгелдиев, Б.О. Жангуттин, Ш.Б.Тілеубаев, Н.Д.Нұртазина,

Ш.Т.Нұрман, М.Ш.Қалыбекова, З.Б. Мырзатаева, Е.Ә.Жалмағамбетов,
Л.А.Бисембаева, Ә.Болатхан/ – Алматы: «Дәстүр» баспасы, 2015. – 240
бет.

ІSBN 978-601-298-482-8

Кітапта Алматы облысы Ескелді ауданы Н.Алдабергенов атындағы
ауылдың 1930 жылдардан бергі тарихы ұжымның жүріп өткен жолы
мұрағат деректері мен өңір тұрғындарының биографиялық әңгімелері
негізінде баяндалады. Сонымен бірге шаруашылықтың өсіп-өкендеуіне

тікелей атсалысқан қарапайым еңбек адамдарымен жүргізілген сұхбат
материалдары берілген. Онда кеңестік кезеңдегі еңбек адамдарының
күнделікті өмірі, тұрмыс-тіршілігі, материалдық жағдайы, көңіл-күйі
сөз болады. Аға ұрпақтың жалпы қоғам игілігіне айналған еңбектегі

жемісі бүгінгі жас ұрпаққа үлгі болуға лайық.
Басылым көпшілік оқырман қауымға арналған.

ӘОЖ 94 (574)

КБЖ 63.3(5қаз)

Қ54

ІSBN 978-601-298-482-8

© Абай атындағы ҚазҰПУ, 2015
© Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы, 2015

Қ 54

3

АЛҒЫ СӨЗ

Еділ Ерғожин, Мемлекеттік сыйлықтың
иегері, химия ғылымдарының докторы, про-
фессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының
академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғы-

лым қайраткері, Ә.Б.Бектұров атындағы хи-
мия ғылымдары институтының президенті.
Нью-Йорк академиясының академигі, «Ғы-
лым» номинациясындағы «Тарлан» платина

ең жоғары сыйлығының, Өндіріске қолдау көр-
сету ассоциациясының Наполеон медалінің
(Франция), "Ғылым маршалы" құрметті ата-
ғының (Франция) иегері. Дүние жүзіне та-

нымал ғалымдардың Оксфорд саммитінде
Сократ комитетінің арнайы шешімімен оның
есімі әлемдік атақты ғалымдардың Дүние-
жүзілік реестіріне енгізілген. Қазақстандағы

ион алмасу химиясы мен мембраналық тех-
нологияның негізін қалаушы.
Ескелді ауданының және Алматы облысы-
ның Құрметті азаматы.

---------------------------------------------------------------
Ескелді, Балпық, Сиық, Қабылиса
Жарлыны жарға теуіп құлатпады.
Бақтыбай ақыннан

Ескелді ауданы Жетісу өңіріндегі шаруашылыққа өте қолайлы
аймақтардың бірі. Аудан орталығы – Қарабұлақ кенті. Ауданның
әкімшілік аймақ ретінде қалыптасу тарихы ХІХ ғасырдың ортасынан
басталады. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Ескелді ауданы Тал-

дықорған ауданы деп аталып, орталығы қазіргі Талдықорған қаласы
болған. Ал 2000 жылы 10 наурызда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Талдықорған ауданының атын Ескелді ауданы деп өзгерту туралы
жарлығы шықты.

Еділ Ерғожин

4

Аудан халқы, әрине, ерте кезеңдерден бері қалыптасқан. Оның
тарихындағы күрделі кезеңдердің бірі – қазақ жеріне Жоңғар
шапқыншылығы. Осы кезеңге тән трагедиялы оқиғалардың
жаңғырығы әлі күнге дейін байқалады. Мәселен, жергілікті тұр-

ғындар арасында сол бір ауыр тарихи кезеңдегі Ескелді бидің
елдің қоғамдық өмірін ұйымдастыру ісіндегі қызметі жөнінде
біраз әңгімелер айтылады. Сондықтан да жергілікті халық бидің
елдің басын біріктіріп, күнделікті тіршілігін ұйымдастыру ісін-

дегі еңбегін жоғары бағалап оның есімін аудан атына беріп, өзі-
не ескерткіш қойды.
Кеңес үкіметі тұсында еліміздің өркендеуіне барша аудан хал-
қы бір кісідей жұмылдырылды. Соның ішінде ауданның атын

республика, одан әрі Одақ көлеміне танытқан қазіргі Алдабер-
генов (бұрынғы Шұбар ауылы) ауылы тұрғындарының еңбегі
ерекше.
Алғашында 40 шақты ғана үйдің басын құраған ұжымшардың

жағдайы өте ауыр еді. Жұмыс күші, мал басы, жайылымдық
және егістік жер көлемдері мардымсыз болды. Бұл жағдай өз
кезегінде социалистік шаруашылықты дамытуға кедергі келті-
ретін еді. Ал үкімет пен партияның тапсырмаларын (бесжылдық

жоспарларды) бұлжытпай орындау міндетті болды. Сондықтан
білгір басшы Нұрмолда Алдабергенов колхоз мүшелерінің нә-
тижелі еңбегінің алғы шарты ретінде олардың тұрмыстық жағ-
дайын көтеруді бірінші кезекке қойды. Колхоз председателінің

қажырлы еңбегінің арқасында Ресейден 20-дан астам неміс ұл-
тының отбасы көшіріліп әкелінді. Олар ауылшаруашылығы тех-
никасы мен құрылыс ісін жақсы меңгерген мамандар еді. Ауыл
тұрғындарының өзара тату және қажырлы еңбегінің арқасында

елді мекен адам танымастай өзгерді. Н.Алдабергеновтың бел-
сенді қызметінің нәтижесінде Жетісу өңірінде тұңғыш су электр
станциясы салынады. Ауылға электр жарығы, радио торабы
тартылды, көшелерге тас төселінді. Ауылда қала үлгісіндегі

құрылыс салу тұңғыш рет қолға алынды. Мысалы: шатырлы
тұрғын үйлер, бала бақша, орта мектеп, мәдениет үйі, тұрмыс
қажетін өтейтін орталық, сауда орталығы салынып, халық
игілігіне берілді. Нәтижесінде, жоғарғы еңбек өнімділігіне қол

жеткізіліп, ауыл экономикасы күрт өсті. Егіншілік мәдениеті

5

жаңа тыныс алды. Мал тұқымын асылдандыру қолға алынып,
асыл тұқымды мал фермалары құрылды. 1948 жылы қант қы-
зылшасының әр гектарынан 700 центнер өнім алынып, алғашқы
Социалистік Еңбек Ерлері шықты. Осы істердің барлығы 1930-

1960 жж. аралығында жүзеге асырылды. Еңбек ұжымынан осы
мезгілде жиырмаға жуық еңбек ерлері шықты. Бұл осы кезеңде
өте жоғарғы көрсеткіш еді.
Алдабергенов атындағы ауылдың әлеуметтік жағдайы со-

веттік кезеңде ең үздік деп танылғаны мәлім. Қазіргі кезде де
ауыл бұрынғы қарқынынан жаңылған жоқ. Нарықтық экономи-
ка жағдайына тез бейімделіп, ауданның қарышты өсуіне үлес
қосып келе жатқан ұжым. Ауылда мемлекеттік кәсіпорындар-

мен қоса нарық заманының талаптарына сай кооперативтер мен
жеке шағын кәсіпорындар құрылып, халыққа өз қызметін ұсы-
нуда. Олар ауыл тұрғындарын жұмыспен және күнделікті тұр-
мыстағы қажеттіліктерімен қамтамасыз етуде.

Ескелді ауданындағы Н.Алдабергенов атындағы ауыл тұрғын-
дарының жаңа сипаттағы қоғамдық еңбек қатынасы мен мәде-
ниетін қалыптастыру ісінде қол жеткізген жетістіктері тарихи
тұрғыдан талдауға алынуға лайық. Бұл тәжірибені түгелдей

жоққа шығарып, жылы жаба салу қателік болар еді. Міне, осы
тұрғыдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ-
ситеті жанындағы «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы
қызметкерлерінің Н.Алдабергенов атындағы ауылдың советтік

кезеңдегі тарихын осы ауылдың тұрғындарынан сұхбат алу ар-
қылы жүргізген зерттеуі ғылыми және танымдық тұрғыдан пай-
далы еңбек деп білемін.
Іске сәт!

6

Кіріспе
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих
және құқық институты академик Т.С.Садықов атындағы «Қазақстан
тарихы» кафедрасы әлеуметтік тарих, оның «күнделікті тарих» және

«айтылған тарих» сияқты салалары бойынша ғылыми-зерттеу жұ-
мыстарын жүргізіп, бұл бағыттар бойынша оқу жоспарына арнайы
пәндер енгізген.
Ғылымның аталған бағыттарын меңгеру, әрине, оқу бағдарламасы-

на жаңа пәндерді енгізумен аяқталмайды. Бұл арада магистранттар
мен докторанттар тарапынан белсенділік және мүдделілік туғызу аса
маңызды. Осы мақсатта жаңадан оқуға қабылданған магистранттар
мен докторанттардың белгілі бір бөлігіне ғылымның аталған бағыт-

тарына сәйкес диссертациялық тақырыптар бекітіледі.
Осы арада қысқаша болса да, күнделікті өмір тарихы мен айтылған
тарихқа, яғни ХХ ғасырдың орта тұсына дейін кең өріс алған макро-
деңгейдегі тарихтан соңғы мезгілде біршама екпін ала бастаған мик-

родеңгейдегі тарихқа бет бұрыстың себеп-салдарына тоқталған жөн.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысына дейінгі уақытта қоғамдық жағдай
макродеңгейдегі тарихтың (мемлекет, ұлт, таптар тарихы сияқты) ба-
сымдылық алуына негіз болды. Тарихи ой осы бағыт және мазмұн-

дағы тақырыптарды игеруге басымдылық берді. Жеке елдер мен қо-
ғамдардың әлеуметтік, экономикалық және саяси тарихын зерттеу
процесі де осы арнада жүрді. Бұл, әрине, қоғам өмірін, оның жүріп
өткен жолын түсіну және қорыту ісінде аса маңызды кезең болғанды-

ғы анық.
Сонымен бірге макротарихтың жеке адамның, әсіресе қоғамдағы
«кішкентай» адамдардың күнделікті өміріне, оның өміріндегі өз-
герістерге жете көңіл аударуға мүмкіндігі шектеулі болды. Әлемдік

тарихнамада «антропологиялық бетбұрыс»* әкелген жаңа, яғни мик-
ротарих атанған бағыттың ерекшелігі тарихи зерттеулердегі акцентті
глобальды құрылымдардан күнделікті өмір тіршілігіне аударуында
еді. Яғни, бұл адам феноменіне, оның тарихи процестегі орнына жаңа

баға беру әрекетінің көрінісі болатын. Басқаша айтқанда, ендігі уа-
қытта, тарихнама қарапайым адамдардың күнделікті өмір тіршілігіне
--------------------------------------

*Антропология, тарихи антропология (грек сөзі – anthropos-адам) – адамның табиғаты туралы ілім, тарихнамада зерттеу объектінің өзегі реінде адамның күнделікті өмірін, ондағы материалдық және мінез-құлықтық, әдет-ғұрыптық ерекшеліктер мен өзгерістерді зерттеу нысанына ай-

налдырған бағыт.

7

бет бұруға тиіс еді. Ал осы қарапайым адамның өткен өмірін танып
білуде сол адамның өз аузымен баяндаған куәлігінің орны ерекше
бағалы екендігі айқын. Яғни, күнделікті тарих пен айтылған тарих –
бұл әлеуметтік тарихтың өзара байланысты таным құралдары, өмірді,

соның ішінде қарапайым қоғам мүшесінің, шағын әлеуметтік топтар
мен құрылымдардың күнделікті тіршілігін неғұрлым жақыннан та-
нып білуге бастайтын жол.
Қазақ қоғамының тарихын жаңа сапа және жаңа мазмұнда зерттеп

білуде күнделікті тарих пен айтылған тарихтың жаңа методология-
лық таным құралы ретінде маңызын асыра бағалау қиын. Өйткені
ұлттың өткен жолы осы уақытқа дейін макротарих тұрғысынан зерт-
теліп және баяндалып келді, сондай-ақ ол кеңестік кезеңде дербес ғы-

лым және білім саласы ретінде қалыптасып, белгілі себептерге бай-
ланысты идеологиялық тапсырыстарды орындауға тиісті болды. Ұлт
тарихын, оның түрлі кезеңдері мен саяси жүйе жағдайында жүріп өт-
кен жолын түрлі идеологияланған және саясаттанған талдаулар мен

тұжырымдардан аршып алудың бірден-бір тиімді құралы тарихнама-
ның осы жаңа бағыттарына жол ашу болса керек.
Күнделікті тарих пен айтылған тарихты ғылыми тарихнаманың
мүлдем жаңа бағыты және сатысы ретінде қарастыру да ағаттық бо-

лар еді. Аталған екі бағыт та тарихи зерттеулерді әлеуметтендіре (со-
циализация) түсу үрдісінің кезекті кезеңіндегі көрінісі ретінде баға-
ланғаны жөн.
Батыста бұл зерттеу әдісі қоғам тарихын танып білудегі бұрын-

ғы жоғарғы әлеуметтік қабаттардан төменгі әлеуметтік қабаттарда-
ғы адамдар өмірін жете назар аудару қажеттілігінен туған әрекет
есебінде бағаланады. Отан тарихнамасында да күнделікті тарих пен
айтылған тарих бағыттары ұлт пен мемлекет тарихына қоғамдағы қа-

рапайым адам өмірі тұрғысынан келу әрекеті ретінде қабылданғаны
жөн. Басқаша айтқанда, қазіргі таңда әлеуметтік тарих жаңа мазмұнға
ие болып, ендігі уақытта таптар, ірі әлеуметтік құрылым және инсти-
туттармен қатар отбасы, әулет, шағын қауым сияқты әлеуметтік мик-

ро-құрылымдар тарихы да зерттеу объектіне айналу жолында тұр.
Соңғы уақытта Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни-
верситеті Тарих және құқық институтының «Қазақстан тарихы»
кафедрасының ұжымы Алматы облысының Көксу, Ескелді, Жар-

кент, Жамбыл аудандарына, сондай-ақ, Шымкент қаласына ғылы-
ми экспедицияға шығып, ел арасындағы жеке адамдармен түрлі

8

тақырыптарға сұхбат өткізіп, социологиялық сауалнама
жүргізді. Экспедиция жұмысына кафедра профессор-оқыту-
шылары М.Қ. Қойгелдиев, Б.О.Жангуттин, Г.А.Сексенбаева,
Ш.Б.Тілеубаев, З.Б.Мырзатаева, докторанттар Д.Хамидулли-

на, Д.Асымова, Тарту университетінің профессоры А.Вентсел,
магистранттар Б.Сапарғалиева, З.Ботбаева, Р.Жазылбекова,
З.Пангиреева, А.Бимолданова және Ә.Болахан қатысты.
Ал Жаркентке барған екінші экспедицияға магистранттар Ж.С-

пабеков, Г.Жұматаева, Н.Яхияева, Б.Сапарғалиева, З.Ботбаева, Р.Жа-
зылбекова, Н.Келемсеит қатысты.
2013 жылы маусым айында Алматы облысының Жамбыл ауда-
нына «Ұзынағаш ауылының тарихы жергілікті тұрғындар жадын-

да» атты далалық зерттеу экспедициясы ұйымдастырылып, оған
М.Қ. Қойгелдиев бастаған кафедраның профессор-оқытушылары
мен магистранттары (Ш.Б.Тілеубаев, Ш.Т.Нұрман, М.Ш.Қалыбе-
кова, З.Б.Мырзатаева, Ә.Болатхан, Н.Е.Келемсеит, З.Н.Ботбаева,

Л.А.Бисембаева, А.Қали, Л .Б.Абдильдинова, Е.Т.Тұрсынова) қа-
тысты. Экспедиция барысында 46 адамнан сұхбат алынды.
2014 жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысы бойын-
ша жүргізілген экспедиция құрамында М.Қ. Қойгелдиев,

Б.О.Жангуттин, Ш.Б.Тілеубаев, З.Б. Мырзатаева, Л.А.Бисембае-
ва, Ә.Болатхан, С.Белоус, Н.Даутов және Ш.Жексембаев болды.
Жамбыл облысы бойынша жүргізілген экспедиция барысында Та-
раз қаласы, Байзақ, Шу, Меркі, Мойынқұм, Қордай аудандарының

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы 39 тыл және соғыс ардагерлері-
мен сұхбат жүргізілді.
Ғылыми экспедиция «1930-50 жылдардағы Қазақстандағы бала-
лық шақ», «Ауыл тұрғындарының күнделікті өмірі», «Басқа елдер-

ден қоныс аударып келген отбасыларының жаңа орта және жағдайға
бейімделуі», «Өткен ғасырдағы қазақ ауылы оның тұрғындарының
көзімен» деген тақырыпта ел арасындағы қарапайым тұрғындардан
сұхбат алу арқылы материалдар жинастырды.

Алғашқы сұхбаттар Алматы облысы Көксу ауданы Талапты ауы-
лының тұрғындарынан алынды. Аудан орталығы Балпық би ауылы.
Аудан солтүстік бетінде Қаратал ауданымен, шығысында Талдықор-
ған қаласымен, оңтүстік-шығысында Кербұлақ, батысында Балқаш

аудандарымен шектеседі. Аудан арқылы 2 үлкен, 7 кіші өзен ағып
өтеді. Алатаудан бастау алатын Көксу өзені өңірді суландыру жү-

9

йесінің басты көзі болып табылады. Талапты ауылы 1934 жылы Жар-
шапқан ауыл советі болып құрылып, кейінірек Құрақты ауылы бо-
лып өзгертіледі, онда бастапқы кезеңде 50 отбасы тұрған. Ауыл 1952
жылы «Талапты» атын алды. 1960 жылы ауыл Ленин совхозының бір

бөлімшесі, ал 1991 жылы жеке елді-мекен шаруашылық болып қайта
құрылған. Қазіргі кезде ауылда 1500-дей адам тұрады.
Талапты ауылынан мына тізімдегі кісілер сұхбат берді:

1. Жұматова Балжан, 1927 жылы қазіргі Алматы облысы Ескелді

ауданы Шұбар ауылында туылған, ҰОС-нан кейінгі кезеңдегі ел-
дегі өзгерістердің куәгері, «Алтын алқа», «ҰОС-ның 50 жылдығы»,
«ҰОС-ның 65 жылдығы» медалдарымен марапатталған;

2. Жақсылықова Әсемхан, 1927 жылы ҚХР, Шыңжаң ұйғыр авто-

номиялық облысында туылған. 1955 жылы Ош облысына, бір жылдан
соң қазіргі Алматы облысы Көксу ауданы Талапты ауылына көшіп
келген. Сол кезден бері осы ауылдың тұрғыны. «Еңбек ардагері»,
«Алтын алқа», «Күміс алқа» медалдарымен марапатталған;

3. Дүйсебаев Оңалды, 1936 жылы Алматы облысы Көксу ауданы

Талапты ауылында туылған. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда
елдің шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан. «Ең-
бек ардагері», «ҰОС-ның 65 жылдығы» медалдарымен марапатталған;

4. Манапов Тоқберген, 1951 жылы туылған, Талапты ауылының

тұрғыны, фермер;
5.Шайықов Кенетай, 1946 жылы туылған, Талапты ауылы-
ның өндірістік кооперативінің төрағасы. Көксу ауданының Құр-
метті азаматы, «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы»,

«Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медалдарымен марапатталған.
Бұл кісілерден сұхбат алу биографиялық сипатта жүрді. Сұхбат бе-
руші кісілер егде тартқан жастарына қарамастан өздерінің қиын да
күрделі балалық шағы, одан кейінгі өмірлерін баяндау арқылы өткен

тарихымыздың белгілі бір кезеңдерінен мәлімет берді.
Ал, 2012 жылдың сәуір айында Панфилов ауданына жүргізілген
экспедиция бойынша мына тізімдегі кісілер сұхбат берді:

1. Жылқыбаев Омарбек, 1935 жылы туылған, Панфилов ауданының

орталығы Жаркент қаласының тұрғыны. Абай атындағы Қазақ педа-
гогикалық институтын география мамандығы бойынша тамамдаған;

2. Жарылқапов Молдамырза, 1936 жылы туылған, Панфилов ауда-

нының орталығы Жаркент қаласының тұрғыны. Жоғары білімді эко-
номист;

10

3. Айтжанова Күләш, 1939 жылы туылған, Панфилов ауданының

Үлкен Шыған ауылының тұрғыны, қарапайым еңбек адамы; 4. Жұмабаев Дауысқожа, 1939 жылы туылған. Панфилов ауданы-

ның тұрғыны, есепші; 5. Иманғалиев Нұрбосын, 1943 жылы туылған, Панфилов ауда-

нының Сарыбел ауылының тұрғыны, жоғары білімді зоотехник, мал
дәрігері;

6. Мұсаханов Мұхтар, 1937 жылы туылған, Панфилов ауданының

Кіші Шыған ауылының тұрғыны, жоғары білімді педагог; 7. Жақсылықов Жұмабай, 1950 жылы туылған, Панфилов ауданы-

ның орталығы Жаркент қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер; 8. Үркімбайұлы Исламғали, 1953 жылы туылған, Панфилов ауда-

нының орталығы Жаркент қаласының тұрғыны, жоғары білімді пе-
дагог;

9. Құрсақбай Болат, 1963 жылы туылған, Панфилов ауданының

Алмалы ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер; 10. Изимова Суриям, 1959 жылы туылған, Панфилов ауданының

орталығы Жаркент қаласының тұрғыны, жоғары білімді экономист; 11. Солтанаев Молот, 1950 жылы туылған, Панфилов ауданының

тұрғыны, жоғары білімді педагог; 12. Жақыбай Әдепқан, 1940 жылы туылған, Панфилов ауданының

Көктал ауылының тұрғыны, Абай атындағы Қазақ педагогикалық
институтын бітірген, педагог.
Осы ретте мынадай жағдайды ескерген жөн. Сұхбат алған оқы-
тушылар мен магистранттардың сұхбат алу тәжірибесі аз. Жинаққа

енген сұхбат мәтіндері олардың бұл саладағы алғашқы тәжірибесі.
Сол сияқты, сұхбат берушілер де бұрын мұндай сауалдарға жауап
беріп жаттықпаған. Ал, мұндай жұмыс кемшіліксіз болмайды, сон-
дай-ақ мұндай даярлықсыз алынған сұхбаттың жағымды жақтары

да болмақ. Мәселен, сауал қоюшының төтеннен берген сұрауларына
сұхбат беруші көп жағдайда ойындағысын еркін айтып салатынды-
ғы бар. Мәтіндермен танысу барысында оны жеңіл байқауға болады.
Мәселен, Жаркент кентінің тұрғыны Молдамырза Жарылқапов (1936

ж.т.) сұхбат алушының соғысқа тұс келген балалық шаққа байланыс-
ты қойған сауалына «Тойып нан жемедік, бүтінделіп киім кимедік.
Әйтеуір тапқанымызды киеміз, қойдың терісінен әжелеріміз желеткі,
шалбар тігіп береді, қаптан костюм тоқып береді. Кәдімгі алашадан

тігілген киім де кидік» – деп көрсетеді. Ал, мектепке барған сәтіне

11

байланысты «жазатын қарындашымыз, қаламсабымыз болған жоқ»
деген естелік айтқан.
Соғыс жылдарындағы балалардың тұрмыс-жағдайын көзге елесте-
ту үшін бұдан артық мәліметтің, фактілердің қажеті де бола қоймас.

Қарапайым ауыл еңбекшілерінің көңіл-күйін дәл беретін сұхбат қа-
тарына Айтжанқызы Күләш апайдың (Үлкен Шыған ауылы) айтқан
әңгімесін жатқызуға болады. Бұл кісінің, мәселен, егіс даласындағы
мемлекет басшыларымен кездесу сәтіндегі ішкі әлемін кез-келген ша-

руашылықтағы қарапайым еңбек адамының басынан кешірген жағда-
йы десе де болады. Күләш апай естелігінде шаруашылықпен таныса
келген мемлекет басшыларының алдында күнге қақталған «қап-қара
қаңылтыр сияқты» жүзімен, аяғындағы қырықыншы размер резеңке

етігімен, қолына көтерген ауыр кетпенімен көрінуге қысылып, қара
күс қолын артына тығып, ұстап тұрады. Сонда басшылардың жа-
нында жүрген кісінің «Сен неге бүйіріңді таянып, Колбиннің алдына
шықтың?» деген сын-пікіріне байланысты «Мен аппақ сазандай бол-

ған кісілердің алдына қап-қара болып шығуға ұялдым, бірақ жүрегім
таза, адал еді ғой» деген ойын білдіріп, артын ала «...шындығында
Колбиннің кім екендігінде жұмысым қанша, мен тек өз еңбегімді,
өзімнің қарапайым ғана жұмысымды, кептенімді көтеріп, мына жү-

герімнің өсіп жатқанын көрсетсем болғаны емес пе?»,– деген негізгі
тұжырымға келеді. Міне, бұл сол тарихи кезеңдегі қарапайым еңбек
адамына тән мінез еді.
Күләш Айтжанқызының осы көрсетулерінен-ақ, кезінде аспандата

мақтаған кеңестік социалистік қоғамның әйелдер еңбегіне байланыс-
ты көлеңке тұстарын анық байқауға болады. Ресми құжаттарда мүл-
дем кездеспейтін мұндай фактілерден кеңестік қоғамның қарапайым
еңбек адамының өміріне байланысты ұмыт қалған қырларын тереңі-

рек түсінуге мүмкіндік туады. Бұл ретте сұхбат алушының да, сон-
дай-ақ сұхбат берушінің де ақиқаттан аттамауы парыз әрі міндет.
К.Айтжанқызының көрсетулерінен кеңестік билікте еңбек адамы-
на жақын да түсінікті басшылар типі болғандығын да аңғару қиын

емес. Олар – Д.А.Қонаев, Н.Н.Головацкий сияқты тұлғалар. Күләш
Айтжанқызы Қонаевпен кездескен сәтін еске алғанда «Іле көпірін
ашқан кезде Д.А.Қонаев ақсақалдың алдынан нан алып шыққанмын,
дәм-тұз татыңыз» деп көрсетіп, «бұл кісінің қарапайымдылығы, қа-

рапайым халыққа жақындығы сондай, мен үшін ол әкемдей жақын,
ақылшым болып көрінді» дейді. Ал шаруашылық басшысына қатыс-

12

ты: «Ал, Николай Никитич Головацкий мені Күләш деп атамайтын,
«Айтжан» дейтін, ал әкемнен жалғыз болғандықтан маған бұл атау
қымбат еді» дейді.
Міне, осы Молдамырза Жарылқапов пен Күләш Айтжанқызы сияқ-

ты кісілердің баяндаған әңгімелерін оқығанда олардың кейбір тосын
айтқан пікірлері елеусіз су астында шашылып жатқан маржанды еске
салары бар.
«Айтылған тарих»* – бұл ХХ ғасырдың ІІ-жартысынан бастап жақ-

сы өріс алып келе жатқан ғылым бағыты. «Айтылған тарих» ұғымын
батыстың ғалымы Барбэ д` Оривелли 1852 жылы енгізген, бірақ кең
қолданысқа Колумбия университетінің профессоры Аллан Нэ-
винстің еңбегінен кейін ие болған. Ол 1948 жылы сейсмология және

теңіз геофизикасына арналған зерттеулеріне байланысты айтылған
тарих бойынша зерттеулер ұйымдастырған. Ал, кейінірек айтылған
тарихты түрлі ғылым салаларын, әсіресе жаратылыстану ғылымда-
рын зерттеу ісінде белсенді түрде қолдана бастайды. Айтылған тарих

әдісіне әскери тарихшылар жиірек жүгінді. Естеліктер, куәгерлердің
әңгімесі, т.б. жазу ХІХ ғасырда-ақ басталған, бірақ аудиотехниканы
қолдану ХХ ғасырдың ІІ-жартысында өріс алды. Еуропа ғалымдары
бұл сала бойынша ірі ғылыми орталықтар ашып, кең түрде зерттеу-

лер жүргізіп көптеген ғылыми еңбектер жариялауда. Ресейде де бұл
бағыт жақсы жолға қойылып, арнайы «Айтылған тарих» орталықта-
ры жұмыс істеуде, бірқатар еңбектер жарық көрді.
Ал, біздің отандық тарихтану саласында ғылым бағыты ретінде

ауызша тарих кейінгі жылдарда ғана қолға алынды. Қазіргі уақытта
«айтылған тарих» жеке тұлғаның өмір сүрген кезеңі, көрген-білгені
туралы оның субъективті көзқарасы жазылып алынатын өзіндік әдісі
бар пән ретінде қарастырылады. Бұл ғылыми бағыттың өзегі куә-

гердің белгілі бір кезең немесе оқиға туралы аудио және видео тех-
ника арқылы тарихшымен (берілген тақырыпқа немесе өмір сүрген
кейбір кезеңдері жайындағы естелігі) екеуара жүргізген сұхбаты.
Қазақ қоғамында ауызша тарих айтудың ертеден қалыптасқан дәс-

түрі бар. Қазақ халқы – ерте замандардан өзінің тарих айту, оны сақ-
тап ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мәдениеті бар халық. Өткен тарихын-
да көшпелі өмір салты басым болған қазақ қоғамында ауызша тарих
айту дәстүрі белгілі бір дәрежеде, отырықшы елдердегі кітапхана мен

____________________________________________________ *Қазақ тіліндегі еңбектерде бұл бағыт «ауызша тарих» деп аталып жүр. Бізге оның «айтылған

тарих» деп аталғаны жөн көрінеді.

13

мұрағат қызметін атқарып келген. Ұлтымыздың бай тарихы, мол ру-
хани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа осы айтылған тарих дәстүрі негізінде
жетіп отырған. Мәселен, өткен ғасырдың 30-жылдары ұлт зиялыла-
рының ұйымдастыруымен сол кездегі қазақ студенттері демалыс уа-

қытында заманның қиындығына қарамастан ел аралап, 1916 жылғы
ұлт-азаттық көтерілістің, 1917 жылғы күрделі өзгерістердің куәгер-
лерінен естелік жинаған.
Қоғамда «Тарихты жасайтын тарихшылар» деген де пікір бар, ол

белгілі бір дәрежеде солай да шығар. Бірақ, шынайы тарихты қалып-
тастыратын да, оны жасайтын да қарапайым халық. Олай дейтініміз,
шынайы ғылыми тарих халықтың өмірінен бастау алып, онымен бір-
ге тұтасып жатады. Ал, нағыз ғылыми тарих, шындықты ғана баян-

дап қоймайды, қарапайым халықтың жүрегінде, дүниетанымында
шындыққа деген ынтаны, құштарлықты тәрбиелеп, халықты әрда-
йым ақиқатқа ұмтылуға жетелейді. Тарихи шындық пен халық өмірі
егіз ұғым. Халық қашан да шыншыл тарихты ғана мойындайды, оны

қадірлеп, қастер тұтады. Бұл заңды құбылыс, барлық өркениетті ел-
дерде солай. Қарапайым халық өмірінен бастау алатын айтылған та-
рих дәстүрі негізінде ғылыми тарих жазу батыс елдерінде кең тараған
үрдіске айналып отыр.

Қорыта айтқанда, бүгінде біз түбегейлі өзгерістерге толы, күрделі
заманда өмір сүрудеміз. Олай болса, өткенді көзімен көрген қариялар,
жаңа қоғамды, жаңа тарихты жасаушы тұлғалар арамызда жүрген
тұста олардың тағылымы мол тәжірибесі жинақталып, кейінгі келер

ұрпаққа қызмет еткені жөн. Яғни, еліміздің ауылдары мен қалаларын-
да, жеке адамдардың күнделікті өмірінде болып жатқан өзгерістер,
атқарылған істер қағаз бетіне түсіп, фото-аудио-видеоматериалдар
арқылы жазылып, мұрағат қорларына түскені абзал. Сол арқылы жеке

тұлғаның, отбасының, әулеттің, жалпыға ортақ қоғамның ғылыми та-
рихының деректік негізі жасалмақ.
Айтылған тарих материалдары тарихи оқиғалар мен процестерге
байланысты жеке адамның көзқарасы ғана, яғни ол жалпы қоғамның

көзқарасы, ұстанымы дегенді білдірмейді, басқаша айтқанда ол тари-
хи факті ретінде кәсіби зерттеушілердің талдауынан өтуі қажет. Бұл
жолғы біздің мақсатымыз оқырманды ауызша тарих айтудың кейбір
элементтерімен таныстыра отырып, басқа да азаматтарды тарихшы

мамандармен өзара осы мазмұндағы сұхбатқа шақыру болып табыла-
ды. Яғни, бұл жұмыс өз жалғасын табады деген үміттеміз.

14

1 Н. Алдабергенов ауылы: қалыптасу
және өсу жолдары тарихынан
Алматы облысының Ескелді ауданының тарихы өте бай да мазмұн-
ды. Ауданның әкімшілік орталығы Қарабұлақ кентінің іргетасы 1855

жылы қаланады. Ескелді ауданы бұрын Талдықорған ауданы деп
аталған [1]. 1928 жылдың 17 қаңтарында жаңа әкімшілік-аймақтық
реформалар аясында Талдықорған уезінің бірнеше болыстарынан Қа-
зақ АССР-інің Алматы округінің Талдықорған ауданы құрылады [2].

Аудан орталығы Талдықорған ауылы (бұрынғы Гавриловка ауылы)
болды. Сол кезде аудан құрамына қазіргі Талдықорған қаласы, Қа-
ратал ауданы, Көксу ауданы және бұрынғы Гвардейский ауданы кір-
ген болатын. 1940 жылдың 1 шілдесінде аудан орталығы Талдықор-

ған ауылында 11300 адам тұрған болса, ал қазір Қарабұлақ кентінде
16142 адам тұрады [3].
ҚР Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы жарлығымен Талды-
қорған ауданының аты Ескелді ауданы болып өзгертілді. Ескелді ау-

даны Статистика басқармасының 2015 жылғы 1 қаңтарға берген мәлі-
меті бойынша ауданның жер көлемі – 4,29 мың км2, халық саны – 49,6
мың адам, халықтың орналасу тығыздығы – 11,6 адам/км2, аудандағы
елді мекендер саны – 33, ауыл округтерінің саны – 11 [4].

Ескелді ауданындағы іргелі шаруашылықтардың бірі Н.Алдабер-
генов атындағы ауылдың қалыптасу және өсу тарихына тоқталатын
болсақ, алғашында бұл жер Шұбар аталып, жұпыны ғана он шақты
үйдің басын құраған. Кейіннен ішкі Ресейден қоныс аударып келген

орыстар орналаса бастаған [5].
1927 жылы 2-19 желтоқсан аралығында өткен Бүкілодақтық ком-
мунистік большевиктер партиясының XV съезінің шешімдеріне сәй-
кес Қазақстанда ұжымдастыру кезеңі басталып кетті. Ұжымдастыру

1928 жылғы ірі бай қожалықтарын тәркілеу, оның орта дәулеттілерге
де қолданылуы, астықты күштеп дайындату және күштеп отырық-
шыландыру саясатына қарсы жер-жерде халық наразылықтары орын
алғаны белгілі.

Кеңес өкіметінің ұжымдастыру саясаты Шұбар халқының да күн-
делікті тіршілігіне, көңіл-күйіне мейілінше қатты әсер еткен. Оның
дәлелі – 1930 жылдың 20 наурызындағы Шұбарда болған халық на-
разылығы. Халық «бай» деген айыппен тұтқындалған, бірақ Кеңес

өкіметіне қатысты ешқандай қылмыс жасамаған адамдарды тез арада
түрмеден босатуды және халықтан тұқымдық астықты тартып алуды
доғаруды талап етеді [6].
Ашынған халық аудандық атқару комитетінің үйі алдына жиналып

астық даярлау науқанында өздерін әбден қинаған аудандық атқару
комитетінің уәкілі Поповты қолдарына беруді талап еткен. Әрине,

15

басшылар халықтың ол тілегін орындамаған. Наразы жұрт 21 наурыз
күні колхоз кеңсесіне басып кіріп Исаев атындағы колхоздың басты-
ғы Шымбұлақовты, уәкіл Молдабергеновты тұтқынға алып, белгісіз
жаққа алып кеткен [7].

Шұбар өңірінде халық наразылығының өшпенділікке ұласқанын сол
ауылдың тұрғыны Махметов Қыдырбек ақсақалдың естелік әңгімесі-
нен де байқауға болады: «Ертеректе, аштық кезінде «астық тап» деп
халықты қинаған заманда осы елде астына жүйрік ат мініп, қолына

бесатар мылтық ұстап жүретін Балабеков деген үкіметтің адамы бол-
ған. Сол Балабеков бетіне қарағанды «халық жауы» деп айдатып отыр-
ған. Үлкендердің сақалынан сүйреп, елді зар қақсатқан қатыгез адам
болған екен. Балабеков ел аралауға тағы шықты дегенде Хамза деген

атамыз: «Елдің бәрін қырып бітті ғой, бізде бас көтеретін адам бар
ма?» – деп қасына жігіттерді жинайды. Балабеков келіп «астықты тап-
тыңдар ма?» дегенде, «Иә, таптық. Құмда, сексеуілдің ішінде, көміп
тастағанбыз» – деп, сезік тудырмау үшін астық тиеп беруге қажет құ-

рал-саймандарын ала Ақтөбе-Шұрыққа ертіп келеді. Хамза келе бере
Балапановты алып ұрады. Ол бесатарына жармаса бергенде, қаруын
қағып түсіреді. Оны сексеуілге байлап қойып: «Әй, иттің баласы,
мына құмда қандай астық болады. Сен – үкіметсің, біз – халықпыз.

Саған – жаза» – деп оны өртеп жібереді. Ақырында үкімет адамдары
Хамза бастаған 35 адамды бір күнде ұстап әкетіп, атып тастайды» [8].
Шұбар Талдықорған өңіріндегі халық наразылығы тұтанған алғаш-
қы ошақ болғандықтан ОГПУ органдары бұл жерде Головков басқар-

ған тұрақты қарулы отряд ұстады және оларды қару жарақпен, оқ-
дәрімен жеткілікті түрде жабдықтап отырды [9].
Бұл жағдайлар Шұбар өңіріндегі халықтың ұжымдастыру кезіндегі
өмірі мен Кеңес өкіметінің халыққа қатысты ұстанған саясатының

бір көрінісі.
Балта, шоқпар, ашамен қаруланған қара халыққа қарулы әскери от-
ряд қарсы шығып, соңғысының жеңіске жеткені тарихтан белгілі.
Басқа амалы қалмаған қара халық біртіндеп жаңа шаруашылықтар-

ға кіре бастады. Ұжымдастыру аясында 1930 жылы Шұбар өңірін-
де бірнеше шаруашылықтар ұйымдастырылады. Соның бірі «Жаңа-
талап» колхозы. Колхоздың алғаш құрылған кездегі меншігі туралы
Алдабергеновке қатысты естеліктер жинағында «небәрі 40 үй, 500 га

жер, 14 жылқы, 3 түйе, 2 арба, 1 ағаш соқа, 10 тырма болған» [10] –
десе, келесі бір еңбекте «200 га егістік жер, 14 ат, 3 түйе, 2 арба, 7
ағаш соқа, 10 тырма» – деп көрсетеді [11]. Ал мұрағат деректері 1950
жылғы шаруашылықтардың ірілендірілуінің қарсаңындағы ауыл ту-

ралы «Колхоздар қосылмастан бұрын «Жаңаталап» колхозында үй
саны 150, жер көлемі 800 га болды. Ал колхоздар қосылғаннан кейінгі
егістік жер 300 га болды» – дейді [12]. Осы деректерді салыстыра

16

отырып, 1930-1950 жж. аралығында ауылдағы үйлердің саны мен
жалпы жер көлемі, егістік жерлерінің көлемі артқанына куә боламыз.
Алғашында жаңадан құрылған шаруашылықты басқару, әртүрлі
көңіл-күйдегі халықты еңбекке жұмылдыру оңайға соқпады. Жұмысқа

қажетті құрал-саймандардың жетіспеуі мен халықтың колхоз жұмы-
сына, санаға жат «ортақ меншік» дегенге қатысты қарым-қатынасы
шаруашылық жұмысының алға басуына ең үлкен кедергі болды. Ша-
руашылық жағдайы дағдарысқа ұшырап, соның салдарынан 1930-1935

жж. аралығында «Жаңаталап» колхозында бірнеше басшы ауысады.
Болашақ басшы Нұрмолда Алдабергенов 1930-1933 жылдар аралы-
ғында осы шаруашылықта колхозшы, ал 1934 жылы бригадир қыз-
метінде болды. Ал 1935 жылдан бастап колхоз төрағасы қызметін ат-

қара бастайды.
Н.Алдабергенов шаруашылық жұмысын ұйымдастыруда ең алды-
мен еңбек тәртібіне баса мән берді. Жұмыс тоқтап қалмауы үшін, құ-
рал-саймандардың жеткілікті болуы қажет екенін түсінген басшы, ол

мәселені өз іштерінде шешті. Ауданға қол жаймай ел ішіндегі шебер-
лерді жұмысқа тартты. Олардың тұрмыстық жағдайын жасай отырып,
жұмысқа ынталандырды. Ауыл ұсталары кетпен, аша, қамыт сияқты
саймандардан бастап, арба, шананы да, бұзылған шөп машинасын да

өздері жөндеді. Бір жағынан, ұжымшар қазынасына қосымша табыс
түсіру мақсатында, екінші жағынан, халықтың сұранысын қанағат-
тандыру үшін ұсталарға тұрмысқа қажетті бұйымдарды да қолдан
жасауға кеңес беріледі.

1936 жылы сталиндік репрессия кезінде Қазақстанға жер аударыл-
ған немістердің бір тобы кейін осы «Жаңаталап» ұжымшарына келіп
орналасқан. Балалары да өте тәртіптілігімен, өздері тазалығымен, ең-
бек сүйгіштігімен, ұқыптылығымен, шеберлігімен бірден көзге түседі.

Олар құрылыс ісін өте жақсы білген. Олардың жұмысқа ептілігін бай-
қаған Алдабергенов Рехт деген немісті завхоз, Патос пен Гайдарды құ-
рылыс бригадирі қылып тағайындайды. Шұбарда құрылыс ісі қарқын
алып, немістердің әдемі, сәнді үйлері бой көтере бастайды [13].

Нұрмолда Алдабергенов өз ұлтын өте жақсы көрген, халқының
болашағын болжай білген көреген басшы болған. Ауыл ақсақалы
Махметов Қыдырбек: «Бірде ауылға көшіп келген неміс балалары-
мен төбелесіп қалдық, Алдабергенов қазақтардың барлығын жинап

алып «Әй, бәріңді қамшының астына алып сабаса ғой, сендер түк біл-
мейсіңдер. Мына неміс өнерлі халық, олардан үйреніңдер, шаруақор
болыңдар. Сендер үйренсін деп алдырып отырмын. Кейін бәріміз ке-
теміз, заман сендерге қалады, сонда ағам дұрыс айтыпты ғой дейсің-

дер» – деді. Беріректе ауылдағы немістердің бәрі Германияға көшіп
кетті. Кетерлерінде оларды үйлерімізге шақырып, қимай, жылап қош-

17

тастық. Ал, енді, солардың орнына орыстар келді. Арақ ішіп, у-шу
болып жатады» – дейді [14].
1940 жылы ұжымшар егістік жердің әр гектарынан 12.4 центнерден
астық, 311 центнер тәтті түбір жинап жоспарды артығымен орындай-

ды. Жаңадан құс фермасын ашады, қой басы – 354-ке, жылқы – 58-ге,
ірі қара – 176-ға жетеді [15].
Бұл Ұлы Отан соғысының қарсаңындағы көрсеткіш. Ал, соғыс
жылдарында ер азаматтардың жаппай әскерге алынуына байланыс-

ты жұмыс күші азайып, мемлекетке өткізетін міндетті салықтар кө-
бейеді. Соған қарамастан 1942 жылы ұжымшар еңбеккерлері қант
қызылшасының әр гектарынан 365 центнер, астықтың әр гектарынан
13,7 центнер өнім жинаған. Қант қызылшасы егілген жеке тәжірибе

учаскесінің (10 га) әр гектарынан 834 центнер түсім алған [16].
Шұбар ауылынан майданға 250 азамат аттанған [17]. Олардың ішінде
Н.Алдабергенов те бар еді. Ол соғыста 1942-1945 жж. аралығында бол-
ды. Майданнан оралғасын қайтадан колхоз бастығы болып сайланады.

Колхоз мүлкіне аса жауапкершілікпен қарап, еңбеккүннің дұрыс
жазылуын жіті қадағалады. Соғыстан әбден тұралап шыққан шаруа-
шылықты қалпына келтіру үшін егістік көлемін арттырып, мал басын
көбейтті. Ауылда құрылыс ісін дамытты.

1947 жылы Нұрмолда Алдабергеновтің басқаруымен «Жаңаталап»
ауылында Жетісу өңіріндегі тұңғыш су электр станциясының құры-
лысы басталады [18]. Су электр станциясының құрылысына байла-
нысты мәселелер 1948 жылы да колхоздың негізгі мәселелерінің бірі

болды. Тас тасу, жер қазу жұмыстарына байланысты қосымша жұмыс
күшімен қамтамасыз ету, көмекке адам сұрау сияқты, т.б. мәселелер
колхоз жиналыстарында үнемі назарда ұсталды [19].
Шаруашылық ағашқа өте мұқтаж болды, сондықтан 1948 жылы МТФ-

да мал қораларын, баздар салу үшін Сібірден 10 мың сомға ағаш әкелі-
неді. Оның ұжымшарға дейінгі тасымалдау құны әрбір м³ үшін 400 сом
болды [20]. Ұжымшар осы жылы аудандық партия комитетінің нұсқауы
бойынша Нұра ұжымшарын социалистік жарысқа шақырады [21].

1948 жылы 250 га жердің әр гектарынан 435 центнерден тәтті түбір,
егіннің әр гектарынан 15 центнерден астық жиналды, 30 үй тұрғы-
зылып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде қызылшашылар Саумал
Ноғайбаева, Зәріш Дайырова, Сара Әлімбаева, Тәжібала Айдарбеко-

ва, егіс бригадирі Аппақ Мүсәпіров, колхоз бастығы Нұрмолда Алда-
бергенов Кеңес елінің ең жоғарғы марапаты – Социалистік Еңбек Ері
атағына ие болады [22].
Н. Алдабергеновтың 1948 жылғы Социалистік Еңбек Ері атағын

алуы туралы қызы Күләш Алдабергенова: «осы жылы қант қызылша-
сының әр гектарынан 700 центнерден өнім алынып, электр станция-

18

сы салынды, ауылға электр жарығы берілді, радио торабы тартылды,
телефон орнатылды» – дейді [23].
Бұл табыстардың бәрі оңайлықпен келген жоқ. Ел ішіндегі ұрлық, тө-
белес, арақ ішу сияқты жаман әдеттерді тоқтату мен халықты жұмысқа

ынталандыру өте зор іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетті талап етті.
«Жаңаталап» ауылында немістермен қоса Кавказдан жер аудары-
лып келген шешендер де тұрған. Олар комендатуралық тәртіпте тұрса
да ұрлық жасап, тентек мінездерімен жергілікті халыққа тыныштық

бермеген. Жұмыс істемеген. Тәртіпке шақырғандарға «Бұл жерден
кет. Егер Кавказда болсаң, басыңды кесер едім» деген сияқты қоқан-
лоққы көрсететін. Бұл әрекеттерінен олардың туған жерінен бір күн-
де жер аударып жіберген Кеңес үкіметіне деген ызасын байқауға бо-

латын еді. Депортациялау саясаты шешен халқының психологиясына
өте ауыр соққы болып тиді. Қазақ халқы қанша құшақ жайып қар-
сы алып жатса да, олардың сол кезеңдегі қазақ қоғамына бейімделуі
қиынға соққан. Колхоз жиналысында бұлардың тәртіптері жиі қара-

лып, шаруашылыққа келтірген шығындары төлеттіріліп, тәртіпке ба-
ғынбаған кейбіреуінің ісі заң орындарына тапсырылып отырған [24].
Бірақ шешен халқының бір ерекшелігі өздерінің жасы үлкендерін
өте қатты сыйлап, айтқандарынан шықпайтын болған. Олардың мі-

нездеріндегі осы қасиетін байқаған Алдабергенов, шешендердің
ақсақалдарын кеңсеге емес өз үйіне қонаққа шақырады. Дастархан
басындағы әңгімеде «Бәріміз мұсылманбыз, Құранда ұрлық қылмау,
өтірік айтпау, бұзақылыққа бармау туралы айтылған. Бүгінгі партия-

ның да талабы сол. Балаларыңызды түзеңіздер. Соғыстан қалжырап
шыққан елге бейбіт өмір, тыныштық керек. Еңбекке жарайтын жаста-
рыңызды ертең кеңседе күтемін. Оқимын, мамандық аламын дейтін-
дер болса, көмектесеміз» – дейді. Көп ұзамай өздері өмір сүріп отыр-

ған ортаға қалайда бейімделудің қажеттігін түсінген шешендердің ел
ішіндегі бұзақылығы тиылып, еңбекке араласып кетеді [25].
1950 жылы өнімді арттыру үшін ұсақ шаруашылықтарды ірі ша-
руашылықтарға қосып, қысқа мерзім ішінде ірілендіру жаппай сипат

алғаны белгілі. Сол жылы «Жаңаталап», «Жаңалық», «Қызыл Ту»
колхоздары біріктіріліп, жаңа шаруашылыққа «Сталин» аты беріледі.
Жаңа колхоздың басшысы болып Н.Алдабергенов сайланады.
Шаруашылықтың ірілендірілуі өнім көлемін арттырып, жаңа

мүмкіндіктердің көзін ашты. Еңбеккерлердің әлеуметтік жағдайы кө-
теріліп, еңбекке деген құлшыныстары арта түседі. Мысалы: Сауын-
шы Шайбала Тергеуова жылжымалы аппараттың көмегімен 2 сағат
ішінде 111 сиыр сауады. Социалистік Еңбек Ері Ақық Нұрманбетов

1950 жылдың өзінде 50 га плантацияның әр гектарынан 530 центнер-
ден тәтті түбір жинаған. Төл алу шаруашылық бойынша 100 саулық-
қа шаққанда 150-ден асады. 1950 жылдардың соңында Сталин кол-

19

хозының 14 мүшесі Социалистік Еңбек Ері атағын алса, 100-ге жуық
адам ордендермен және медальдармен марапатталады [26].
1951 жылы колхоздың қант қызылшасынан алған өнім көрсеткіші
төмендегідей:

Терлікбаевтың бригадасы 65 га жерден 26635 центнер өнім алып,
оның 15225 центнерін қант зауытына өткізген;
Исаевтың бригадасы 62 га жерден 28160 центнер өнім алып, қант
зауытына 25800 центнерін тапсырған;

Отарбаевтың бригадасы 63 га жерден 22680 центнер өнім алып,
қант зауытына 16482 центнерін тапсырған;
Мүсәпіровтың бригадасы 61 га жерден 30718 центнер өнім алып,
оның 26218 центнерін қант зауытына өткізген.

Бригадирлер қызылша қазу жұмыстарын аяқтаудың кешеуілдеп
жатқанына еңбекшілердің аяқ киімдерінің болмауы да себеп болып
отырғанын айтады [27].
1952 жылдың 1 қаңтарында колхозда төлдерін есептемегенде 11782

бас қой, 584 бас жылқы, 1182 бас сиыр болған. Жыл басынан ақпан-
ның аяғына дейін шығын болған 50 бас қойдың 48-і айналма (вер-
тячка) ауруынан өлген. Аталған уақыт аралығында 2 жылқы, 29 сиыр
шығын болған. Мал басының шығынға ұшырауына табиғи жағдай-

лардан бөлек тұрғындардың оларды ұрлап сойып алуы да себеп бол-
ған. Бұзаулардың шығынға ұшырауына олардың күтімінің нашар бо-
луы себеп болды. Ал ветеринарлық шаралардың дұрыс жүргізілмеуі,
дер кезінде ем қолданылмауы бұзауларда қотыр ауруының таралуына

әкеліп соққан [28].
Колхозда әйелдер кеңесі (председателі Шаймерденова) жұмыс істе-
ген. Кеңес қыз-келіншектер жұмыс істейтін бригадалар арасында бел-
сенді идеологиялық жұмыстар жүргізген. Оларды қант қызылшасынан

мол өнім алуға, сауылатын сүт мөлшерін арттыруға байланысты алған
социалистік міндеттемелерін орындауға жігерлендірді. Қазақ қызда-
рын жоғары оқу орындарында оқытудың қажеттілігі, оқуға қайда жібе-
ру керектігі жөнінде олардың ата-аналарына бағыт беріп отырған [29].

Әйелдер кеңесі сонымен бірге ауыл әйелдерінің өз үйлерін, үйлерінің
ауласын, көшелерін таза ұстаулары үшін жарыс ұйымдастырып отыр-
ған. Мектеп жасындағы балалардың мектепке баруын қадағалау, мек-
тептер мен балабақшалардың тазалығын, ол жерлердегі тамақтардың

дұрыс берілуін қадағалау сияқты жұмыстарды назарда ұстаған [30].
1952 жылдың көктемінде Сталин атындағы колхоз Солтүстік Қа-
зақстан облысы Полудин ауданының Токушин ауылдық кеңесінің
депутаттары мен активтерінің барлық Қазақ ССР еңбекшілеріне ар-

наған үндеуін талқылап, соған байланысты өзінің міндеттемелерін
қабылдайды.

20

Үндеуді қолдаған Исаев Байбатыр күздік бидайдан 22 центнер, жаздық
бидайдан 18 центнер, сұлыдан 20 центнер, қант қызылшасының әр гек-
тарынан 550 центнер өнім алуға; звено жетекшісі, Социалистік Еңбек
Ері Нұрманбетов Ақық «егістіктің барлық түрінен мол өнім алуға атса-

лысамын» десе, МТФ бригадирі Алдашов «мал басының, мал азығының
жоспарын артығымен орындаймын» – дейді. Ал, ұжымшар басқармасы
Н.Алдабергенов «Біз Токушин ауыл советінің бастамасына қосыла оты-
рып, егіс шаруашылығы мен малшаруашылығының міндеттемесін ойда-

ғыдай орындап шығуымыз керек» – дейді. Сталин колхозының ұжымы
токушиндіктердің бастамасын қолдай отырып, Талдықорған ауданының
Киров атындағы колхозын социалистік жарысқа шақырған.
Колхоздың әрбір бригадасы мен звеноларының арасында социа-

листік жарыс басталады. 1952 ж. сәуір айының 14-і күнгі колхоз жи-
налысында осы жылдың 1 мамырына дейін балалар яслиін іске қосу
туралы қаулы қабылданады және тұрғындарға ауыл көшелеріне, үй-
лерінің маңына ағаш егу тапсырылды. Ең бастысы жаңадан қабылда-

ған социалистік міндеттемелерді қалайда іске асыру керек болды. Осы
мақсатта халықты еңбекке жұмылдыру үшін идеологиялық жұмыстар
бұрынғыдан да күшейтілді. Ауылдық кеңестің төрағасы Мырзабеков-
ке, бастауыш партия ұйымының хатшысы Шаймерденоваға, комсомол

ұйымының хатшысы Мамырайымовқа ұжымшардың қабырға газетін,
еңбекшілердің жұмыс үлгерімі көрсеткішінің тақталарын шығарып
тұру, спортқа жұмылдыру, кино-концерт қоюды ұйымдастыру, үгіт-на-
сихат жұмыстарын толық жүргізу міндеттелді. Егістік науқаны кезінде

алыстағы егіс басында бригадирлер мен звено жетекшілері еңбекші-
лер арасында күнде кешкісін үгіт-насихат жұмысын жүргізуге, оларға
газет-журналдардың жаңа нөмірлерін жеткізіп беруге, аптасына 1 рет
кино көрсетіп тұруға міндетті болды [31].

1952 жылы маусымда колхоз мүшелерінің саны – 589 адам бол-
ған. Колхоздың төмендегі аты-аталған еңбекшілері жұмысқа жауап-
кершілікпен қарап, социалистік міндеттемелерін орындауға бар
күшін салған. Мысалы малшылар: Отарбаев Қ., Қиялбаев Сейсекбай,

Иманқұлов, Әбділденов Н. (қойшылар); Дәниев Солта (сиыршы);
Аязбаев А., Қозыбақов Бұтақбай (жылқышылар). Шопан Отарбаев
100 саулықтан 119 қозы алған. Көктемгі егісті дер кезінде аяқтап
шыққандар: №1 бригада бойынша Нұрманбетов А., Якупов Д., Сері-

ков Д.; №2 биргада бойынша Функ А., Маулинова Ш., Кицман Ю.;
№3 бригада бойынша Нұрпейісов Н., Шпренгель Л., Вочел С.; №4
бригада бойынша Дуткеевич, Пацер, Кригер Э. Бау-бақша бригада-
сынан Блудова А., Микеев С. Басқа да жұмыс түрлерінен Гайдер Г.,

Эске, т.б. Ал, тәртіпке бағынбаған еңбекшілерді жалпы жиналысқа
салып колхоз мүшелігінен шығарып отырған [32].

21

Шаруашылық қанша жерден табысқа жеткенімен жұмыс барысы
кемшіліксіз болмаған. Оған шаруашылық артелінің басқарма жина-
лысы мен колхозшылардың жалпы жиналысының хаттамалары арқы-
лы көз жеткізуге болады. Барлық жиналыстарда еңбек тәртібі туралы

және еңбек тәртібін бұзушылар туралы акт мәселесі күн тәртібінен
түспеген. Сонымен бірге колхозшылардың еңбеккүндерін дұрыс есеп-
теу туралы мәселе ең басты мәселе болған. Еңбеккерлердің еңбеккүнін
дұрыс жүргізбеген жауапты адамдарға оны қайта есептеуді міндетте-

се, дұрыс жазған бригадирлерге қосымша еңбеккүн жазған. Әсіресе,
егіннен түсетін өнімге аса мән берілген. Жиналыста қабылданған
қаулыларда егістікке жайылған сиыры үшін иесі шығын болған егін
көлеміне қарай әртүрлі мөлшерде айыппұл төлеп отырған. Мысалы:

сиыры 0,08 соток бидай жесе, 100 сом және 1 еңбеккүн айыппұл; егер
0,10 соток жердің бидайы желінсе, 200 сом ақша, 2 еңбеккүн айыппұл;
екінші рет қайталанып, тағы да 0,10 соток жердің бидайы шығын бол-
са, ол үшін сонша жердің түсімі ретінде 4 центнер бидай өндіріліп

алынған және 5 еңбеккүн айыппұл қоса салынған [33].
Келесі бір қаулыда 0,08 соток жердің бидайын жеген сиыр иесіне
150 сом және 3 күн еңбеккүн айыппұл салады, себебі иесі сиырын егіс
алқабынан айдап жібергені үшін бригадир көмекшісімен төбелесіп

еңбек тәртібін бұзған. Осыған қарап отырып, кейбір колхозшылар-
дың сауын сиырларын егіс алқабына әдейі түсіретінін байқауға бола-
ды. Себебі, тойып жем жеген сиырдың сүтті көбірек беретіні белгілі.
Осыған орай қабылданған қаулыда егер колхозшылар сиырларын

егіске жібермей табынға қосып бағатын болса, барлық айыппұлдарды
төлеуден босатылатыны туралы айтылады [34].
Егінді сусыз қалдырып, рұқсатсыз 2 күн жұмысқа шықпай қалған-
дар үшін 97 сомнан – 162 сом аралығында айыппұл өндірілген. Жұ-

мыс атын жауыр қылып, жұмысқа жарамсыз қылғаны үшін аттың әр
бос тұрған күніне 2 еңбеккүннен айыппұл салынған [35].
Колхозда еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға зор мән
берілді. Салынып біткен үйлер шаруашылықты ірілендірген кезде

қосылған ұжымшарлардан көшіп келгендерге, жесір қалған әскер
отбасыларына, үйлері құлап қалғандарға арыздары бойынша белгілі
тәртіппен сатылған. Жаңа үлгідегі үй салып беруді сұраған Саркөбе-
нов Мәңке, Иманқұлов Кер....( аты қысқартылып жазылған), Қынал-

баев С., Андасбаев Б., Серіков, Жидебаеваларға қолма-қол ақшасына
үй салып беруге; үй салып алуға қажетті материал беруді сұраған 5
адамға, қолма-қол ақшасына қажетті материалды беруге, ол мате-
риалды жеткізіп беруді бригадаларға жүктеген қаулылар шығарыл-

ған. Сонымен бірге жақсы жұмыс жасайтын еңбекшілер қарызға ас-
тық сұраса, өтініштері қанағаттандырылып отырған [36].

22

Ауылға көше салу, көшелерді тас төсеп тегістеу, көшенің екі жа-
ғына ағаш отырғызу және халықты сумен қамтамасыз ету үшін ауыл
ішінен құдықтар қазу, көпір салу мәселелері 1950 жылдардың өзінде
шешімін тапқан. Құжаттарды қарап отырып, колхоз жұмысы бірнеше

бағытта: шөп шабу, қант қызылшасы, мал шаруашылығы, егін, құры-
лыс салалары бойынша қызу жүргізілгеніне куә боламыз.
Колхоздың 4 егін бригадасының 1952 жылдың егін жинау науқа-
нында мемлекетке тапсырған өнімдерінің көрсеткіші төмендегідей:

№1 бригада (бригадирі Отарбаев Ізбасар) бойынша: барлығы 194 га
жердің күздік бидайы шабылып, 3897 центнер өнім алынған. Оның
1589 центнері үкіметке өткізіледі. Тұқымдыққа 170 центнері тапсы-
рылған. 150 га жердің сабаны жиналған.

№2 бригада (бригадирі Мүсәпіров Әппақ) бойынша: барлығы 215
га жердің күздік бидайы шабылып, 3064 центнер өнім алынған, 7
га жердің жаздық бидайы жиналып, одан 70 центнер түсім алынады.
26 га жерден сұлы жиналып 350 центнер өнім алғын. Үкіметке 2090

центнер, тұқымдыққа 300 центнер өнім тапсырған.
№3 бригада (бригадирі Кушенов) бойынша: 215 га жерден күздік
бидай жиналып, оның түсімі 4300 центнер болған. 10 га жердің сұлы-
сы жиналып 194 центнер өнім алынады. Үкіметке 2375 центнер өнім

тапсырып, 175 центнер тұқымдық өнім дайындаған.
№4 бригада (бригадирі Казишкин) бойынша: 240 га жерден күздік
бидай жиналып, 3772 центнер түсім берген. 20 га жерден сұлы жи-
налып, 280 центнер түсім алған. Үкіметке 2165 центнер өнім тапсы-

рылып, тұқымдық үшін 300 центнер өнім дайындаған. 180 га жердің
сабаны шабылған.
Колхозда 290 га жерге қант қызылшасы егілген [37].
Хаттамаларды қарап отырсақ, ауылдың моншасы мен кеңсесін күй-

ген кірпіштен салу қажеттігі туралы мәселе көтеріліп, бірақ материал-
дың жетіспеуіне байланысты оның құрылысы 1953 жылға қалдырыл-
ғаны айтылады. Малшаруашылығы ешқашан назардан тыс қалмаған.
Тамыз айының өзінде 970 центнер сүт сауылып, мемлекетке өткізіл-

ген. Бірақ, бұзауларын еміздірмей бөлек ұстағандықтан, сауын сиыр-
лары тез суалып кететін болған. Ірі қара малда бруцеллез ауруы көп
кездескен (ауруға ұшыраған сиыр сауылмайды), өлген малдардың құ-
жаттары дұрыс толтырылмағаны туралы да айтылады. Бірақ, мал ша-

руашылығының жағдайы қандай болса да, колхоз мемлекетке тапсы-
рылатын сүт жоспарын қалайда орындауға міндеті болған. Сондықтан
да мал басын өсіру, оның тұқымын асылдандыру жұмыстары ең басты
мәселеге айналды. 1952 жылы тамыз айында 28 Гвардия атындағы ау-

даннан асыл тұқымды сиырлар алуға шешім шығарылады [38].
Колхоз жиналысында Көптілеуов: «мемлекетке жоспар бойынша
650 бас жылқы тапсыруымыз керек, ал қолда бар жылқы 643, бірақ

23

Сталин жолдасқа берген міндеттемемізді қалайда орындаймыз» –
дейді. Осы жиналыста Көптілеуовке: «биылғы Сталин жолдасқа жаз-
ған хатты және алған міндеттемелеріңді орындайсыңдар ма?» – деген
сұрақ қойылады. Ол: «орындауға көңіл бөліп, сауын сиырды күніне

3-4 рет сауып алып, міндеттемемізді орындауға тырысамыз» -деп
жауап берген. Ал, әрбір сиырдан 1200 литр сүт аласыңдар ма? – деген
сұраққа «әлі ала алмай келе жатырмыз» –деп жауап береді [39].
Колхоздағы мал басының саны туралы Сасықовтың берген мәлі-

метінде сиырдан 146 бас, қойдан 650 бас, шошқадан 72, тауықтан
900 бас жетіспейтіні айтылады. Ал, Иманалинов: «Қолда бар барлық
мал саны-1083. Мал жоспарының орындалмау себебі, мал аурула-
рына ұшыраған 54 сиырды және бруцеллезге шалдыққан 15211 бас

қойды сатып жібердік. Шошқадан орындаймыз, өйткені балалайтын
12 аналығы бар. Тауыққа келер болсақ, көктемде инкубатордан са-
тып алған балапандардың көбі өліп қалды. Тауық жоспарын қалай
орындайтынымызды білмеймін» – дейді. Асанбаев: «мал азығы жос-

пары бізде жылма-жыл орындалмай келеді. Мал шаруашылығында
жүргендер жауапкершілікті сезінуі керек, жоспарды қайтсек те орын-
дауымыз керек» – десе, ферма бастығы Терлікбаев: «біз де сүт жоспа-
рын орындай алмай отырмыз, былтырғыға қарағанда биыл сиыр басы

кем» – дейді. Қызылша қазу жұмысы мен трактор бригадаларындағы
келеңсіздіктер туралы да айтылады [40]. Осы мәліметтердің өзінен
колхоздағы ауылшаруашылығының жағдайы қиын болғанын, мем-
лекетке тапсырылатын ауылшаруашылығы өнімдерінің жоспарын

орындау аса қиындықпен жүргізілгенін аңғаруға болады. Жоспар мен
оның орындалуы шаруашылықтың мүмкіндігін ескермей жоғарыдан
таңылып, оны орындау халыққа еркінен тыс міндеттелген (халыққа
социалистік міндеттемелер қабылдатқан). Алдабергенов жиналыста

еңбекшілер арасында жаппай үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді,
алынған міндеттемелерді орындауды қатаң талап етіп отырған.
Колхозда еңбек тәртібінің осылайша қатаң бақылауда ұсталуын жа-
ңадан қабылданған социалистік міндеттемелердің қалайда орында-

луы тиіс болғандығымен түсіндіруге болады. Себебі, 1951-1955 жж.
арналған бесжылдық жоспар ауылшаруашылығының алдына егістік
өнімдерінің түсімін және мал басын арттыру міндетін қойған болатын.
Сталин атындағы ұжымшарда ауылды көркейту, мәдени жағдайын

көтеру мақсатында 1952 жылға дейін 20 га жерге ағаш отырғызылған.
Олардың ішінде жеміс ағаштары да болған. 1952 жылы ғана 2 га жер-
ге 30 мың түп ағаш отырғызған. Өкінішке орай, оларды тұрғындар
рұқсатсыз кесіп алып кетіп отырған. Бұл мәселе ұжымшар жиналыс-

тарында қызу талқыға түсіп, бау-бақша бригадирі Рек ескерту алған.
Мал қораларының терезесін, қоршалған ағаштарын ұрлап алған тұр-
ғындардан оның құны өндіріліп алынған. Сонымен бірге ұжымшар-

24

ға кіргісі келетіндер мен оның мүшелігінен шыққысы келетіндердің
арыздары да қаралып, талқыға салынған [41].
1952 жылдың қорытындысы бойынша ұжымшардың мал шаруашы-
лығы мен егін шаруашылығының, құрылыс саласының жұмысы қа-

нағаттанарлық деп табылады.
1952 жылы 1870 га жерге дақыл себу жоспарланған болса, 1916 га
жерге себіліп, ол артығымен орындалған. Күздік бидайдан жоспар
бойынша 16,2 центнер түсім алу керек болса, артығымен 17 центнер

өнім алынған. Жаздық бидай жоспар бойынша 18 центнер болса, 19
центнер өнім алынған. Шаруашылықта дақылдар себу жоспары ар-
тығымен орындалғандықтан еңбекшілерге қосымша ақы төлену үшін
365 центнер бидай бөлінген. Оны ұжымшардағы төрт егіс бригадасы-

на бөлетін болса, №1 бригадаға-87 центнер; №2 бригадаға-99 цент-
нер; №3 бригадаға-181 центнер; №4 бригадаға-181 центнер болған.
Осы бригадалардың бригадирлеріне де қосымша ақы төленген. Ал,
әрбір егіс бригадаларына бөлінген қант қызылшасынан түскен түсім

мөлшері мынадай:
№1 бригада орта есеппен 424,90 кг -106%;
№2 бригада орта есеппен 431,40 кг -108%;
№3 бригада орта есеппен 407,90 кг -102%;

№4 бригада орта есеппен 459,00 кг-114%.
Барлық дақылдардан бригадалар бойынша:
№1 бригада -105%;
№2 бригада -108%;

№3 бригада -111%;
№4 бригада -107%.
Барлық дәнді дақылдардан ұжымшар бойынша – 114%.
Төмендегі кестеде 1952 жылы Сталин атындағы шаруашылықта құ-

рылысы аяқталып, қолданысқа берілген нысандар көрсетілген:

25

1952 жылдың желтоқсанында ауылға электр жарығы тартылып, ра-
дио қосылғанына 8 ай болған. Одан түскен пайда 27527 сомды құра-
ған. Ұжымшар 1953 жылға арналған жұмыс жоспарында:
-100 басқа арналған 1 сиыр базын, 80 басқа арналған 1 бұзау базын

және 100 басқа арналған 1 ат қора; 10 ат сиятын 1 изолятор салу;

– 10000 центнер астық сиятын 1 қойма;

– 25 адам сиятын 1 монша;

– малшыларға арнап 4 фин үйін сатып алу;

-МТФ-да 16889 сомға 1 құдық қаздыру;шаруашылық қорынан 50
000 сом бөлініп малшыларға арналған 3 құдық қаздыру;

– ауыл тұрғындарын түгел электрмен, радиомен қамтамасыз етуді

аяқтау;

– 125 кВт электр станциясының құрылысын аяқтауды;

– жоғарғы вольтті линия тартуды аяқтау;

– 500 Ваттық радио торабын сатып алу;

– сиыр фермасын толық электрлендіру (электрмен суару, электрмен

сауу);

– егіс даласында екі стандартты қырман салынып, электр жарығын

тарту, астық ұшыруға, т.б. қажеттіліктерге арналған электр тогын
салу;

– қолда бар телефон мүмкіндіктерін толық пайдалану сияқты

қазіргі кездің өзінде толықтай шешімін таппаған кейбір мәселелердің
орындалуын өзіне міндет етіп қойған. Сонымен бірге еңбекшілердің
ұжымшардан жолдама алып шипажайларда демалуына да жағдай жа-
салған. Мысалы, 1953 жылы кем дегенде 3 адамды жолдамамен дема-

луға жіберу жоспарланған [42].
1953 жылы қызылшашылардың республикалық кеңесінде Жам-
был облысының Жамбыл ауданына қарасты Октябрь колхозы Сталин
атындағы колхозды қант қызылшасынан мол өнім алу үшін социа-

листік жарысқа шақырады. Осы кеңесте Сталин атындағы колхоз
қант қызылшасының әр гектарынан 600 центнер өнім алуға міндетте-
ме қабылдайды. Кейін осы мәселені колхозшылардың жиналысында
талқылай келе Жамбыл облысының Октябрь колхозын тек қана қант

қызылшасы бойынша емес, егіншілік, мал шаруашылығы, құрылыс
саласы сияқты ауылшаруашылығының барлық салалары бойынша
социалистік жарысқа түсуге шақырады [43]. Нәтижесінде, колхоз қо-
ғамдық шаруашылықты дамытудағы 1953 жылдың жоспарын асыра

орындап, 4301000 сом пайда табады [44].
1954 жылы ұжымшар қант қызылшасынан 345 гектардың әр гекта-
рынан 468 центнерден жинап, барлығы 165058 центнер өнім алған.
Осы жылғы қант қызылшасынан ақшалай тапқан пайдасы 2635000

сом болды [45].

26

Колхоздың шарушылықтың барлық түрі бойынша 1954 жылғы пай-
дасы – 6819,6 мың сом болды [46].
1955 жылы колхоз тұрғындарының саны– 1479 адам (712 үй) болды.
Олардың ішінде жұмысқа жарамдылардың саны – 777. Оның 357-сі

ерлер болса, 420-сы әйелдер еді. Колхозға бекітілген жер көлемі 8510
га. Оның 2945 га егіндік, 3314 га жайылымдық, 295 га шабындық жер-
лер болды, ал қалғаны пайдалануға жарамсыз жерлер болып табыл-
ған. Шаруашылықтың 1955 жылы егіншілік бойынша қол жеткізген

табыстары: күздік бидай 920 га жерден 16,7 центнер алынған; жаздық
бидай 490 га жердің суармалы жерлерінен 10 центнерден өнім алса,
242 га сулы жерден 4,4... центнер өнім алған. 365 га жердің әр гекта-
рынан 458 центнер өнім алған, яғни жоспарды 156%-ға орындаған.

Бригадалар бойынша:
№1бригададан (бригадирі М.Терлікбаев, көмекшісі К.Әкімжанов)
А.Нұрманбетовтың звеносы әр гектардан 455 центнер қант қызылша-
сын жинаған. Д.Серікова әр гектардан 410 центнер, звено жетекшісі

Қ.Есболатова – 380 центнер жинаған.
№2 бригададан (бригадирі Ә.Мүсәпіров, есепшісі Кушенов) Т.Ай-
дарбекованың звеносы 30,42 га жердің әр гектарынан 522 центнер
қант қызылшасын алған. Мысалы, С.Ноғайбаева әр гектардан 481

центнер, ал Ю.Миллер – 438 центнер өнім алған.
№3 бригададан (бригадирі Казышкин Йонат, есепшісі Анарбаев)
звено жетекшісі Л.Шпренгель қант қызылшасының әр гектарынан
орта есеппен 547 центнер, К.Шағанбаева – 477 центнер, Зельмуханов

– 406 центнерден өнім алған.

№4 бригададан (бригадирі Ш. Сасықбаев, есепшісі В. Казышкин)
звено жетекшісі Елена Шперлинг қант қызылшасының әр гектары-
нан орта есеппен 514 центнер, Нареса Шульц – 466 центнер, Аль-
берт Пацер – 483 центнерден өнім алады. Бұлардан басқа ауа-райы-

ның қолайсыздығына қарамай Ж.Жапсарбаев, Б.Құлбеков, В.Цетлер,
Н.Халидов, Көкіров, П.Жаров, Э.Эльфман, Э.Шимих, Ф.Заржитский,
т.б. сияқты ұжымшардың алдыңғы қатарлы еңбекшілері аянбай еңбек
етіп, өздеріне бекітіліп берген жерлердің әр гектарынан 20-25 цент-

нер дәнді-дақыл алған. Сонымен бірге Югана Кицман, Грейта Фишер,
Има Абдулхажиева, Лиля Потрац, Адина Шашнайдер, Зара Ристав,
Грейта Шульц, Лиля Рецлав, Сара Астамбекова, Дариға Тайбағаро-
ва, Александра Шахворостова, Анна Найденова, Лиля Шульц, Зель-

ма Пейтерс, Грейта Цандер, Марта Шент, т.б. жұмысқа асқан жауап-
кершілікпен қарап, күндік нормаларын 150-200%-ға дейін орындап
ерекше көзге түскен.
Мал басын өсіруде де барлық түрі бойынша жоспар орындалған.

Ең көп өсірілген мал – мүйізді ірі қара, ең аз өсірілгені – түйе болды.

27

Шарушылықтың 1954 жылғы пайдасы – 6819,6 мың сом болса, 1955
жылғы табысы 8551 мың сомболды [47].
1955 жылы колхоз техникалық дақыл қант қызылшасынан 370 гек-
тардың әр гектарынан 455 центнерден (1954 жылмен салыстырғанда

егістік көлемі артқанымен өнім көлемі төмен) жинап, барлығы 167410
центнер өнім алған. Осы жылғы қант қызылшасынан ғана ақшалай
тапқан пайдасы 2556000 сом болды [48].
1956 жылы Алдабергенов колхоздың 10 айлық жұмысы бойынша

колхозшылардың жалпы жиналысында баяндама жасайды. Онда
егіншілік, мал шарушылығы, құрылыс саласы бойынша атқарылған
жұмыстарға тоқталып, төмендегілей мәліметтер береді:
Егіншілік бойынша: күздік бидайдың (барлығы 1055 га) әр гекта-

рынан 16,7 центнер, жаздық бидайдың (барлығы 460 га) әр гектары-
нан 14 центнер, сұлының (барлығы 174 га) әр гектарынан 27,5 цент-
нер, жүгеріден (барлығы 144 га) әр гектарынан 62,4 центнерден өнім
алды. Күнбағыс (барлығы 10 га) әр гектардан 7,82 центнер, жоңышқа

(барлығы 633 га) әр гектардан 48,5 центнер өнім берсе, шөп шабу-
дан (барлығы 3000 га) әр гектарынан 1,56 центнер өнім алынды. Қант
қызылшасы 375 га жерге егілген, оның әр гектарынан 550 центнер
өнім алынып, жоспар 137%-ға орындалған. Картоп (барлығы 14 га) әр

гектарынан 100 центнерден өнім беріп, жоспар 100%-ға, бау-бақша
өнімдері (барлығы 18 га) әр гектарынан 234 центнер өнім беріп, жос-
пар 166%-ға, көкөністің (барлығы 7,85 га) әр гектарынан 185 центнер
өнім алынып, жоспар 85%-ға орындалған [49].

Қысқаша айтсақ, 1751 га дәнді дақылдардың (мұның ішінде жүгері
қосылмайды) әр гектарынан орта есеппен 19,5 центнер түсім алы-
нады. Астықтың жалпы түсімі 1955 жылмен салыстырғанда 9 мың
центнерге арттырылады. Қазақстан өткізген миллиард пұт астықтың

ішінде Сталин атындағы колхоз мемлекетке 98 мың пұт тазартылған
астық өткізген (өткен жылғы осындай егіс көлемінен алынған астық-
тан 29 мың пұт артық). 1956 жылы жүгері егісінің көлемі арттыры-
лып, өнімділігі көбейтіледі. 1955 жылы жүгері егісінің көлемі 125 га

болса, әр гектарынан орта есеппен 47 центнер өнім алынған, ал 1956
жылы егіс көлемі 3 есеге арттырылып, әр гектардан 62 центнер жү-
гері алынды [50].
Мал шаруашылығы бойынша:

– мүйізді ірі қара санын жоспар бойынша 820-ға жеткізу керек бол-

са, ол 820 болып орындалады (оның ішінде сиыр санын 225-ке жеткі-
зу жоспарланған, ол 242-ге жеткізілді);

– шошқа жоспар бойынша 377, орындалды-377 (оның ішінде ана-

лығы: жоспар бойынша-30, орындалды-30);

– жылқы саны жоспар бойынша -500, орындалды-500;

– қой саны жоспар бойынша 14904 болса, 14928-ге жеткізілді;

28

– түйе саны жоспар бойынша -39, орындалды-39.

– ешкі саны 105-ке жеткізіледі (жоспарланғаны көрсетілмеген);

– тауық саны жоспар бойынша 1500 болса, 1673-ке жеткен.

Осылайша колхоздың ауылшаруашылығы саласындағы жоспары
артығымен орындалады.
1950 жылдардың басынан бастап шаруашылықта мал басын артты-
ру мен оның тұқымын асылдандыруға бірдей көңіл бөліне бастайды.

Нәтижесінде мал тұқымының асылдандырылуы оның тауарлылығы-
ның артуына ықпал етті. Ет және жүн өндіру бағытында жергілікті
құйрықты саулықтарды прекос және «америка рамбульесі» қошқар-
ларымен будандастыру арқылы биязы жүнді қой тұқымы алынады.

Жоғары сапалы жүн өндіріле бастаған. Биязы жүнді қойлардың саны
1950 жылы 522 болса, 1956 жылы 5787-ге жеткен. 1950 жылы бір қой-
дан қырқылатын жүннің салмағы 1,63 болса, 1956 жылы орта есеппен
3 кг жеткен. Мысалы: Қапашев Иемберген 675 қойдың әрқайсысынан

3,9 кг жүн алса, Мамаев 485 қойдың әрқайсысынан 4 кг жүн алған.
Шаруашылық бойынша жүн қырқу жоспарын артығымен орындаған
14 шопанға қосымша ақы ретінде барлығы 179 кг жүн берілген. 1956
жылы колхоз 30779 кг жүн алған. Осы жылы колхозда 22 отар болған.

100 саулықтан орташа 112 қозы алынып, жоспар 106%-ға орындал-
ған. Мал басын аман сақтап өсіргені үшін Ш.Қыдыров, А.Жетпіс-
баев, Н.Сарымбеков, Т.Қазанғапов, т.б. шопандардың әрқайсысына
қосымша ақы орнына 30-35 қозыдан берген.

Колхозда қой басымен бірге мүйізді ірі қара мал тұқымын да асыл-
дандыру жүзеге асырылып, 1952 жылдан бастап алатау сиырының
тұқымын ала бастаған. 1956 жылы таза асыл тұқымды ірі қараның
саны 455-ке жеткен. Асыл тұқымды ірі қараның тірідей салмағының

1 кг 7-9 сом аралығында болған. Сүт сауу күрт арта бастайды. Мы-
салы: 1950 жылы бір сиырдан 695 литр, 1951 жылы 590 литр, 1955
жылы 2625 литр сүт сауылса, 1956 жылы 3083 литр сүт сауылған.
1956 жылы жоспар бойынша 501300 литр сүт сауылу керек болса, ол

610484 литрге асыра орындалған. Осылайша колхоз мемлекетке сүт,
ет тапсыру жоспарын артығымен орындап отырған.
Құрылыс саласы бойынша: толық механизацияланған 2 сүт фер-
масы, қуаттылығы-150 кВт су электр станциясы, 10 мың центнерлік

астық қоймасы, 100 басқа арналған шошқа қорасы, 40 шақты су қон-
дырғылары, 28 көпір салынып, тас жол жөндеуден өткізіледі және
ауыл ішіндегі 6 км жолға шағыл тас төселеді. Өз күшімен құрылыс
жүргізушілерге де көмек көрсетілген. Мысалы 1950-1956 жж. ара-

сында ұжымшарда 300 стандартты үй тұрғызылса, 1956 жылдың
өзінде 76 үй салынған [51].
Осылайша колхоздың 1956 жылғы табысы 10 млн. сомнан асты [52].

29

Еңбек өнімділігін арттыру мен еңбекшілерді белсенді жұмыс іс-
теуге тартудың бір әдісі өндіріс орындарында социалистік міндетте-
мелер қабылдату болғандығы белгілі. Ал қабылданған социалистік
міндеттемелердің орындалуына, тіпті асыра орындалуына еңбек

тәртібінің қатаң сақталуы мен басшылықтың өте жоғарғы дәрежедегі
ұйымдастырушылық қабілетінің, сонымен бірге еңбекшілер арасын-
да күнделікті жүргізіліп отырған жаппай саяси, мәдени-ағартушылық
жұмыстардың нәтижесінде қол жеткізілгенін жоққа шығара алмай-

мыз. Колхоз белсенділеріне арқа сүйеген басшылық пен партия ұйы-
мы еңбекшілер арасында қабылдаған міндеттемелерін орындату үшін
социалистік жарысты кеңінен ұйымдастырды. Шаруашылықтың бар-
лық жұмысы бригадалар, звенолар, фермалар мен жеке еңбекшілер

арасындағы социалистік жарыстарға негізделді. Социалистік жарыс-
тар колхоздағы әрбір жұмысты, жалпы еңбек өнімділігін көтерудегі
ең мықты әдіс болды. Партия ұйымдары ай сайын бригадалар ара-
сындағы, 10 күн сайын звенолар мен фермалар арасындағы (бригада

және ферма жиналыстарында талқылаудан кейін) социалистік жарыс
қорытындыларын жариялап отырды. Жеңімпаз бригадалар мен фер-
маларға колхоздың көшпелі Қызыл Туы тапсырылған. Ал үздік звено-
лар мен сауыншыларға, шопандар мен механизаторларға социалистік

жарыстағы үздік көрсеткіштері үшін «Передовику соцсоревнова-
ния», «Лучшей доярке», «Лучшему звену», «Передовой тракторной
бригаде», т.б. көшпелі вымпелдер тапсырылатын болған.
Алдыңғы қатарлы колхозшылардың аты-жөні мен олардың еңбектегі

көрсеткіштері колхоздың Құрмет тақтасы мен қабырға газетіне жазыл-
ған, олардың жетістіктері ауылдағы радио торабы арқылы хабарланып
тұрған. Ал, үгіт-насихатшылар болса олардың жетістіктерін басқалар-
ға үлгі ретінде ұсынған. Колхоз партия ұйымының жанынан құрыл-

ған үгіт-насихатшылар ұжымында 36 адам болды. Олар еңбекшілер
арасында күнделікті жұмыс жасап, колхоз өндірісінің алдыңғы қатар-
лы іс-тәжірибесі, бригадалардағы үздіктер, олардың еңбекте табысқа
жету жолдары туралы айтып отырған. Ауылдағы қабырға газеті мен

радио торабы колхоз өміріндегі негізгі идеологиялық құрал болды.
Ауыл үйлері радиомен қамтамасыз етілгендіктен, колхозшылардың
алдыңғы қатарлы тәжірибелері үздіксіз беріліп тұрды. Өйткені газет
пен радио арқылы берілген хабарларда өздері көзімен көріп жүрген

нақты фактілер айтылғандықтан колхозшылардың жұмысқа, табыс та-
буға деген қызығушылықтары артты. Себебі, өндіріс жоспарын орын-
даған колхозшыларға сүт, жүн, тұқым, қант, т.б. түріндегі қосымша
ақы төленген. Қосымша ақы төлеу де социалистік жарысқа тартудың,

жұмыс жоспарын орындатудың бір тәсілі болды [53].
1957 жылы колхоз техникалық дақыл қант қызылшасынан 375 гек-
тардың әр гектарынан 470 центнерден жинап, барлығы 176305 цент-

30

нер өнім алған. Осы жылғы қант қызылшасынан ғана ақшалай тапқан
пайдасы 3984639 сом болды. Колхозшыларға еңбекақы 1950 жылы
астықтай 2 кг., ал ақшалай 5 сомнан берілетін болса, 1957 жылы ас-
тықтай 3 кг., ақшалай 18,5 сомнан берілді [54].

1957 жылы колхоздың қоғамдық шаруашылықты дамытудан тапқан
пайдасы 11 млн. сомнан асты [55].
Алдабергенов басқарып отырған Сталин ұжымшары 1958-1959 жж.
ауылда құрылыс саласын жандандырып, 1960 жылы агроқалашық құ-

руды аяқтау туралы шешім қабылдайды. Сол үшін төмендегідей ны-
сандар тұрғызу жоспарланады:

– екі қабатты мәдениет үйі;

– екі қабатты қонақ үй;

– екі қабатты 100 орындық балалар бақшасы;

– 100 орындық интернат-пансион;

– мұғалімдерге арнап екі бөлмелі 25 үй;

– су құбырын тартып, канал қазу, барлық үйлерді бумен жылыту.

Шарушылыққа 1947 жылдан бері сол кездегі одақтас республика-
лардан қонақтар көп келетін болған. Сондықтан Алдабергенов ауыл-
да 1960 жылға дейін агроқалашық жоспарын аяқтау үшін Қазақ ССР
Министрлер Кеңесінің председателі Д.А.Қонаев пен Алматы халық

шаруашылығы кеңесінің председателі С.Палымбетовке хат жазып
жоғарыдағы жоспарды іске асыруға көмек берулерін өтінеді. Соны-
мен бірге колхоздағы 50 мұғалімнің тұратын үйлері өте нашар екенін,
саман кірпіштерден салынып, төбесі топырақпен жабылған үйлердің

біразы жаңбырдан құлап қалғандықтан, мұғалімдердің өтініші бо-
йынша екі бөлмелі 25 үй салуға шешім қабылданғанын айтады.
Шаруашылық 1953 жылдан бастап Мәскеу түбіндегі Сталин атын-
дағы колхозбен (төрағасы 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері Генералов),

1958 жылдан бастап Өзбекстанның Ярик Жулдыз колхозымен (төра-
ғасы 3 мәрте Социалистік Еңбек Ері Тұрсынқұлов) социалистік жа-
рысқа түскен.
1958 жылы Сталин атындағы колхозда 440 орынға арналған екі қа-

батты орта мектеп құрылысын аяқтау жоспарланады [56].
1958 жылы колхоз ауылшарушылық дақылдарының барлық түрі-
нен, мал шаруашылығынан айтарлықтай табыстарға жетеді. 470 га
жерге қант қызылшасын өсіріп, әр гектарынан 570 центнер өнім

алды. Дәнді дақылдың әр гектарынан 20 центнерден өнім жиналып,
астықтың жалпы түсімі 40205 центнерге жетті. Ал 1957 жылы бұдан
10865 центнер астық кем өндірілген болатын. 1957 жылы жүгері 215
га жерге егілсе, 1958 жылы жүгері егісінің көлемі 1,5 есе кеңейтіліп,

әр гектарынан 56 центнер өнім алған.
Мал шаруашылығы бойынша: ірі қараның саны 795-ке (оның ішін-
де сиыр саны-240) жетіп, жоспар 114%-ға орындалды. Қой саны

31

17938 болды, жоспар 105%-ға орындалады. Жылқы саны 551 болды,
жоспар 105%-ға; құс 624-ке жетіп, жоспар 108%-ға орындалады. 100
саулықтан 122 қозы, 100 сиырдан 90 бұзау, әрбір мегежіннен 20 торай
өсіріледі. 1958 жылы алынған мал өнімдерінің көлемі: 778832 кг сүт,

320000 кг ет, 55646 кг жүн. Осылардың ішінен мемлекетке 431262 кг
сүт, 256300 кг ет, 55423 кг жүн сатты. 25662 кг сүт және 14523 кг жүн
жоспарланғаннан артық сатылады. Мал өнімділігінің артуына үлес
қосқан шопандарды айтар болсақ, аға шопан А.Имағанбетов 100 сау-

лықтан-144 қозы, Т.Қазанғапов-134 қозы, Н.Сарымбеков-133 қозы,
Ж.Бәйімбетов-129 қозы алған. Шопандар Е.Қапашев, Қ.Қарабаев,
Ыдырыс Қарабаевтар әр қойдан 4,5-5 кг жүн алған. Әрбір сиырдан
орта есеппен 3508 литр сүт, әр қойдан 3,7 кг жүн алынған.

Социалистік Еңбек Ерлері Нұрманбетов Ақық, Серіков Дәуітәлі,
Нұрпейісов Нұрғали, Айдарбекова Тәшенбала, Әлімбекова Сара, Но-
ғайбаева Саумал, Әбдірахманов Мақсұм, Бәйімбетов Жаманқұл, Қа-
рабаев Құрманбек, Власов Жунус, Дәуренбеков Байтұрбай, Байженов

Өмірбек, т.б. ардагерлер жастарының ұлғайғандарына қарамай (55-77
жас аралығында), колхоз өміріне белсенді араласып, адал еңбек еткен.
Құрылыс саласына келер болсақ, 1958 жылы 10 тұрғын үй салынып,
иемденуге беріледі. Сонымен бірге жоғарыда жоспарланған құрылыс

нысандарын салу басталған. Осы жылдың өзінде колхозда 2 қабатты
контор, 400 орындық қыстық клуб (кітапханасы және оқырман залы
бар), 600 орындық клуб және көмекші кәсіпорындардан тігін шебер-
ханасы, етік шеберханасы, шаштараз, қонақ үй, стандартты дәріхана,

радио торабы, 20 адамдық монша, диірмен, 150 кВт электр станциясы
жұмыс істеп тұрды. Колхоздың 1958 жылы ғана құрылысқа жұмсаған
ақшасы 4 млн. сомды құрады. Бұл 1953 жылмен салыстырғанда 3,5
есеге артқан. Яғни, 1953-1958 жж. арасында құрылысқа 12,5 млн. сом

ақша жұмсалған [57].
Бірнеше ұлттардың басы қосылған шаруашылықты басқарудың
өзінше қиындығы да болатынын жоғарыда айтып кеткен болатынбыз.
Қазақстанға жер аударылған шешендердің жергілікті халыққа сіңісіп

кетуі өте қиын болды. Бірақ шешен ақсақалдарының жастарға ықпа-
лы мен Алдабергеновтың шебер ұйымдастырушылығының, ең бас-
тысы діни бірегейліктің (олардың да мұсылман дінінде болуының)
арқасында олар көп ұзамай қоғамдық өмірге араласып кетеді. Ал, сол

кезде Сталин колхозына қоныс аударған неміс халқы еңбекқорлығы-
мен көзге түсіп, жергілікті халыққа үлгі болғаны да айтылды. Бірақ,
мұрағат деректеріне қарап отырсақ, колхозда еңбек тәртібін бұзушы-
лардың қатарында неміс ұлты өкілдерінің де аты жиі аталғанына куә

боламыз. Олар еңбек тәртібін бұзғанымен қоймай, басқаларды тиым
салынған діни сектаға кіруге үгіттеген. Мысалы, 1960 жылы Шұбар
ауылында Шпицер Эвальд басқарған пятидесятниктер деп аталатын

32

діни ұйым жұмыс істеген. Аудандық атқару комитетінен ұйымдасты-
рылған комиссияның ескертулеріне қарамай жұмыстарын жалғастыра
берген. Э.Шпицерден жауап алған кезде ол «Ленин ваш, а не наш. Я
Ленина не признаю, я признаю только сына бога Иисуса Христа и под-

чиняюсь закону божьему. Вы Гитлера победили с божьей помощью, так
как все офицеры и генералы Советской армии стоя на коленах моли-
лись богу» деп жауап берген. Оған діни кітаптарды Батыс Германиядан
Карл Розе деген жіберіп тұрған. Шпицер Эвальд пен Шпицер Густав өз

балаларын мектепке бармауға үгіттеген. Үйлеріне радио торабын тарт-
тырмаған. Еңбекшілерді өздерінің дініне үгіттеп, соның салдарынан
1960 жылы 5-12 маусым аралығында Сталин атындағы колхоздың №5
бригадасында бір күнде 80 адам қант қызылшасына жұмысқа шықпай

қалған жағдай орын алған. Кауц Эрих, Моор Фридрих, Машаровтар
осы сектаның белсенді үгітшілері болды. Олар откябряттар мен пио-
нерлердің төсбелгілерін жек көрді, балалары оларды тағып жүргенін
көрсе, тартып алып бірден жойып жіберіп отырған. Секта мүшелерінің

ішінде колхозда тракторшы, қызылшашы, бригада күзетшісі, ауруха-
наның шаруашылық бөлімін басқарушы болып жұмыс істейтіндермен
бірге мүгедектер мен үй шаруасындағы адамдар да болған. Бұларға
колхоз мүшелігінен шығару, 20 күнге дейін ауыл аймағына кіргізбеу,

т.б. сияқты әртүрлі әкімшілік шаралар қолданылып отырған [58].
Осы деректерге қарап отырып, қазақ жеріне әртүрлі жағдайда қо-
ныс аударған басқа ұлт өкілдерінің тұрмыс деңгейі, салт-дәстүрі,
дүниетанымы бөлек қоғамға сіңісіп кетуі қиынға соққанын көреміз.

Оның үстіне діні басқа халықтардың көзге көрінбейтін ішкі жан-дү-
ниесінің күйзелісі тереңірек болғаны байқалады. Оны жоғарыда ай-
тып кеткеніміздей, кеңес үкіметінің қатал еңбек заңы жағдайында да
жаппай жұмысқа шықпау сияқты әлеуметтік қарсылық көрсеткенінен

байқаймыз. Ал, жергілікті қазақтар мен қоныс аударған басқа халық-
тар тарапынан бұндай әрекеттер байқалмайды.
Кеңес үкіметі тұсында ауылдағы ең күрмеуі шешілуі қиын мәсе-
ленің бірі-жұмыс күшінің тапшылығы еді. Себебі, мемлекетке тапсы-

рылуы тиіс ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі жыл сайын артып
отырды. Соған сәйкес егістік көлемін арттыру, мал басын көбейту
мен оның тұқымын асылдандыру сияқты жұмыстар үнемі назарда
ұсталды. Сондықтан да қосымша жұмыс күші өте қажет болды. 1950-

1960 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасынан Қазақстан-
ға қазақ, ұйғыр отбасыларының қайтып келуіне мүмкіндік берілгені
белгілі. Сол тұста 1960, 1962 жылдары КПСС-тың ХХІІ съезі атын-
дағы (бұрынғы Сталин атындағы) колхозға да бірнеше қазақ және

ұйғыр отбасылары келеді. Бұл кезде Нұрмолда Алдабергеновтың ор-
нына колхоздың председателі болып Қасым Асанов келген болатын.
1962 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мәлімет бойынша колхозға 36 от-

33

басы көшіп келген. Ол отбасыларындағы барлық адам саны – 175,
оның ішінде жұмысқа жарамдысы – 78, мектеп жасындағы балалар
саны – 28. Сол 36 отбасының 28-іне үй, 18 отбасына мүйізді ірі қара
берілген. Ал, 1962 жылдың бір ғана мамыр айында колхозға 16 отба-

сы қоныс аударған. Барлық адам саны-78, жұмысқа жарамдылары-31,
мектеп жасындағы балалар саны -21. Мамыр айында 1 отбасына ғана
үй бере алған, мал берілгені туралы ақпарат жоқ. Барлығын қосып
есептегенде 1962 жылдың мамыр айына дейін колхозға көшіп кел-

гендердің жалпы саны -253 (52 отбасы), оның ішіндегі жұмысқа жа-
рамдысы 109, ал мектеп жасындағы балалардың жалпы саны-49. Қал-
ғандары жас балалар немесе қарт кісілер. Деректерге қарап отырсақ,
колхозға 100-ден аса (бұл толық мәлімет емес, себебі мұрағаттағы

алдыңғы жылдарға қатысты ақпараттардың оқылуы нашар) жұмыс
күші келіп қосылып, шаруашылық жұмысының өркендеуіне өз үлес-
терін қосқан. Олар негізінен әртүрлі жұмыстар істеген [59].
Колхоз басшысы ауысқанымен еңбек тәртібі мен талабы бұрынғы-

сынша қатаң сақталды, себебі, мемлекеттік тапсырыстарды орындау
басты міндет болды. Осы жолда социалистік жарыстар ұйымдастыру,
жеңімпаздарды әртүрлі ақшалай, заттай сыйлықтар арқылы еңбек ету-
ге ынталандыру үздіксіз жүргізіле берді. 1964 жылы қызылшашы бри-

гадаларды әр он күн сайын марапаттап отырған. Мысалы 1-орын алған
бригаданы көшпелі қызыл тумен және 200 сом рубль ақшалай сыйа-
қымен марапаттауға, ал, 2-орын алған бригадаға 150 рубль ақшалай
сыйақы беруге шешім шығарылған. Колхоз комиссиясының шешімі

негізінде озат қызылшашыларға 700 (жеті жүз) рубль сыйақы берілетін
болған. Сонымен бірге қоғамдық мал шаруашылығында да тәртіп пен
талап қатты болды. Әрбір шығын болған малдың құны, дәлелді құжат-
тары болмаса, жауапты адамдардан өндіріліп алынды. Мысалы, бір

жылдық бұзаудың құны125-150 рубль аралығында болған.
Колхоз ауылшаруашылығына керекті тракторшы мамандарды өз-
дері дайындағаны белгілі. 1963 жылы 20 адам тракторшы куәлігін
алған болса, 1964 жылы 34 адам тракторшы мамандығын меңгеріп

шыққан. Колхоз тракторшы дайындау курстарында оқытқан маман-
дарға және үйренушілерге төмендегідей ақы төлеген: үйретуші-ма-
манға сағатына 1 рубльден, ал үйренушіге 50 копеек төлеген. Сонда
1963 жылы 669 сағатқа, ал1964 жылы 740 сағатқа ақы төлеген.

Колхозда ауылшаруашылығы саласынан жоғары білімді мамандар
жетіспегендіктен ауылшаруашылығы институтында оқитын кейбір
студенттерге ай сайын колхоз есебінен стипендия аударып тұруға
шешім қабылданған [60].

Қасым Әбуұлы Асанов колхозды Н.Алдабергеновтен кейін 1961-
1969 жж.басқарған. Ол Қазақ ауылшаруашылық институты мен Моск-
ваның Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясын бітірген.

34

Ғылым докторы, профессор болған. Қ.Асанов басқарған кезде де
колхоздың экономикасын өркендетуге күш салынып, Н.Алдаберге-
нов салған жол жалғастырылды. Бұл туралы 1966 жылдары Нұрмол-
да Алдабергеновтың өзі: «Колхозға Қасым Асанов председатель бо-

лып сайланғаннан кейін оның шаруашылығы бұрынғыдан да шалқи
түсті. Артель 1962 жылы 2 миллион 640 мың сом кіріс келтірді. ХХІІ
партсъезд атындағы осы колхоздың орталығы болып саналатын Шұ-
бар селосының бейнесі ауылдан гөрі қалаға көбірек ұқсайды. Қазір

мұнда ұлттық өрнектермен нақышталған 560 орындық екі қабатты
мәдениет үйі, аурухана бой түзеді. Еңбекшілердің әл-ауқаты арта түс-
кен. Қазір орта есеппен әр колхозшы айына 100 сомнан аса, ал меха-
низаторлар 150 сомнан аса табыс табады. Еңбекақы негізінен ақша-

лай төленеді. Әрбір үшінші артель мүшесі механизатор мамандығын
игеруде. Осының бәрі коллективтік шаруашылықтың, коллективтік
меншіктің, қоғамдық еңбектің, социалистік қуатты техниканың ар-
тықшылығын көрсетеді. Колхоз жасының ұлғаюына немесе денсау-

лығына байланысты еңбектен қол үзген артель мүшелерін де естен
шығармайды. Қазір шаруашылық бойынша 250 адам пенсия алады.
Сүйікті партиямыздың қамқорлығының арқасында оларға берілетін
жәрдемнің мөлшері жаңа жылдан бастап едәуір көбейтілмек» – деп,

колхоз өмірінен біраз маңызды ақпарат береді [61].
1963 жылы егістік көлемі 820 гектардан 1000 гектарға дейін
жеткізіліп, әр гектарынан 464 центнерден 529 центнерге дейін тәтті
түбір жиналды. Шаруашылық 1965 жылы мемлекетке тәтті түбір өткі-

зу жоспарын 132 %-ға орындады. Колхоз қант қызылшасын өндіруде
жоғары көрсеткішке жеткені үшін 1965 жылдың 31 желтоқсанында
Қ.Асановқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді [62].
1966 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен егіншілік пен

мал шаруашылығында өндірістік жоғары нәтижелерге жеткені үшін
КПСС-тың ХХІІ съезі атындағы колхоз Еңбек Қызыл Ту орденімен
марапатталып, бір топ еңбеккерлер ордендер мен медальдар алды.
Қ.Асанов шаруашылықты басқарған 8 жыл ішінде Н.Алдабергенов

тұсында құрылыстары басталған ұлттық өрнектермен нақышталған екі
қабатты мәдениет үйі, мектеп-интернат жатақханасы, аурухана және үш
қатарлы мектеп үйінің құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді [63].
Қ.Асанов туралы ауыл тұрғыны Жакупова Қамаш былай дейді:

«Асанов өте қарапайым, мейірімді кісі еді. Керемет алғыр болатын.
Өзі ғылымнан келген кейін ба, көп ұзамай кетіп қалды. Өте қуатты кісі
еді. Шұбар мен 46 разъездің арасы шамамен 8 шақырымдай, сонда да
таңғы сағат 5.30-да разъездге келіп алатын. Сағат 7-де малшыларды

оятып, бәрін тексеріп кететін. Қолымызды алып амандасып, жеке-же-
ке жағдайымызды сұрайтын. Бригада үлкен болатын, соған қарамас-
тан қажеттіліктің бәрімен қамтамасыз ететін. Жұмыс істесең болды,

35

жеміс-жидек керек па, қой керек па, сұрағанныңның бәрін жеткізіп бе-
ретін. Мен Асановтың адамгершілігін, адалдығын, еңбек сүйгіштігін,
қарапайымдылығын ұнататынмын. Жұмыс істеген адамның еңбегін
бағалайтын, міндетті түрде марапаттап отыратын еді. Шетелге барған

сапарларынан кімге болсын сыйлық әкеліп тұратын» [64].
1969-1973 жылдарда КПСС-тың ХХІІ-съезі атындағы колхозды Ақ-
шанов Төлеген Сандыбайұлы басқарған. Т.Ахшанов басқарған жыл-
дары әрбір 100 саулықтан орта есеппен 125 қозы алынды. Мал басы,

егістік көлемі артады. Колхоз жұмысын ұйымдастырып жүргізуде бұ-
рынғы басшылардың ісін жалғастырды. Сонымен бірге Т.С.Ақшанов-
тың тікелей басшылығымен 1952-1955 жж. Н.Алдабергеновтың өзі
ұйымдастырған колхоз кеңсесіндегі мұражай колхоз мәдениет үйінің

екінші қабатына көшірілді. Алматыдан арнайы мұражай көркем-
деушілері шақырылып, олар мұражай ішін безендіріп, жәдігерлерді
орналастырды.
1973-1978 жж. аралығында колхозды Кітапбаев Бошай басқарады.

Бұл жылдарда да шаруашылықтың экономикалық көрсеткіштері дами
түсті. Ет, сүт, жүн және астық едәуір мөлшерде артты. Мемлекетке ас-
тық тапсыру жоспары 2-3 есе артығымен орындалды. Ет, сүт тапсыру
жоспарлары (бесжылдық жоспарлар) мерзімінен бұрын орындалды.

Шаруашылықтың табысы 6млн.-нан асты. Әр сиырдан сауылтын сүт
мөлшері 1700 (бір мың жеті жүз) литрге жетті. Б.Кітапбаев ауылша-
руашылығын арттырудағы табыстары үшін Ленин, Октябрь револю-
циясы ордендерімен, көптеген медалдармен марапатталған [65].

Осы жылдар ішінде, нақтырақ айтсақ 1977 жылы 5 желтоқсанда
ҚазКСР Жоғарғы Советі Президиумының жарлығымен екі мәрте
Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың құрметіне Шұ-
бар ауылдық советі Алдабергенов ауылдық советі болып, ауылдық

советтің орталығы Шұбар ауылы, Алдабергенов ауылы болып өз-
гертілді [66].
1978-2006 жылдар аралығында Алдабергенов ауылдық советінЖа-
натов Көшкінбай Жанатұлы басқарған. Шаруашылықтың төрағасы

болып сайланысымен ауылдың мәдениетін, тұрғындардың тұрмыс-
тық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастырды.
Ауыл көшелеріне асфальт төселіп, сауда орталықтары салынып, пай-
далануға берілді. Мектеп үйінің ғимараты кеңейтілді. 1982 жылы жеті

жылдық «Балалар музыка мектебі» ашылады. Ауыл тұрғындарына
арналып көптеген жаңа жобалы үйлер бой көтерді. Ұлы Отан соғы-
сынан оралмаған ауыл жауынгерлеріне арналып, үлкен мемориалдық
ескерткіш орнатылды. Ауылдың саябағында «Батырлар аллеясы» ор-

натылып, ол жерге ауылдан шыққан 20 батырдың (19 Социалистік
Еңбек Ері, 1 Ұлы Отан соғысының батыры) мүсіндері орнатылды.
Сонымен бірге ауылдың өткені мен бүгінгі тарихын баяндайтын Нұр-

36

молда Алдабергенов атындағы мұражайды 1958-1961жж. Н.Алдабер-
геновтың өзі тұрған екі қабатты үйге көшіреді. Ол үйді облыстық
оқу бөлімінен сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізеді де, колхоз
жәдігерлерін мәдениет үйінің екінші қабатынан осы жерге әкеліп ор-

наластырады.
Кеңес Одағы құлағаннан кейінгі өтпелі кезеңнің қиындықтарын Ал-
дабергенов ауылы да басынан кешірді. Бұрынғы неміс жұрты өз ата-
мекеніне қоныс аударды. Білікті мамандар азайып, жұмыс күші сиреді.

Осындай жағдайда дұрыс жол табу, оны үйлестіретін әдіс қалыптас-
тыру тіпті де оңай емес болатын. Шаруашылық басшысы К. Жанатов
техника, басқа да құрал-жабдықтардың басқа жерлердегідей талан-
таражға түсуіне жол бермеді. Шаруашылықтың ендігі жерде өз күнін

өзі көруге тиіс екенін түсініп, ауылды дамытудың нарықтық жағдайға
арналған жаңа жоспарын дайындады. Ауылшаруашылығы өнімдерін
өңдейтін шағын нысандар ашып, ауылды агрофирмаға айналдырды.
Сүт өнімдерін өндіруді жолға қойды. Соя өсіру қолға алынды. Жұрт

еңбек етудің байырғы табысты жолына түсіп, тұрмыс жағдайлары
жақсара бастады. Жаңадан техника сатып алынды. Осылайша, Ал-
дабергенов атындағы агрофирма нарық заманының талаптарына сай
қайтадан құрылып, халықты өтпелі кезеңнің қиындықтарынан алып

шықты. К.Жанатовтың осы жылдардағы еңбегі бағаланып 1994 жылы
«Құрмет», 2005 жылы «Парасат» ордендерімен марапатталды [67].
Алдабергенов ауылдық округін 2007 жылдан бері Социалистік Еңбек
Ері (1948 ж.) Әппақ Мүсәпіровтың ұлы Мүсәпіров Төлеген Әппақұлы

басқарып келе жатыр (2013 жылы қайта сайланған). Т.Мүсәпіров те
бұрынғы басшылардың ізімен ауылдың мәдениетін, тұрғындардың
әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында тынбай қызмет етуде. Оның
айтуынша (2012 жылғы сұхбат): Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын-

да өте қиын болған. Ауылдың жағдайы құлдырап барып, 2000 жыл-
дан бері қарай қайтадан жақсарады. Ауылда бұрынғы мәдениет үйі
жөнделіп, қайта жұмыс жасап жатыр. Бес жылдай жабылып қалған
балабақша қайтадан ашылды. Ауылда үш мектеп бар (біреуі аралас,

екеуі қазақ мектебі). Мектептеде екі рет күрделі жөндеу жұмыстары
жүргізілді. Амбулатория, екі фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Бұл
аталғандар мемлекеттік мекемелер, сонымен қоса ауылдың негізгі
кәсібі егіншілік жұмыстарымен айналысатын жауапкершілігі шек-

теулі серіктестіктер де бар. Олар жеміс-жидек, арпа-бидай, соя өсіреді.
Сояны Көксу ауданындағы соя зауытына өткізеді. Бұлар жеке меншік
ұйымдар, мемлекеттен ақша (субсидиялар), арзандатылған тыңайт-
қыш, арзандатылған жанар-жағар май түрінде көмек алып тұрады.

Ауыл халқының саны – 5287. Оның ішінде жұмысқа жарамсыздардың
саны – 2600. 1400 адам жұмыспен қамтылған. 1300-ға жуық адамның
өзін-өзі қамтамасыз ететін ақшасы, сиыры, ұсақ малы, құстары бар [68] .

37

Осы жерде айта кететін жәйт, тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1999 жыл-
ғы жүргізілген бірінші халық санағы бойынша ауыл тұрғындарының
саны 3679 (1814 ер және 1865 әйел) болса, 2003 жылы 2,8 мың адам
болған. Ал 2009 жылғы жүргізілген екінші халық санағының мәліметі

бойынша ауылда 3669 (1787 ер және 1882 әйел) адам тұрған [69].
Ауылда жоғарыда аталғандардан да басқа кооперативтер мен жеке
шағын кәсіпорындар халыққа өз қызметтерін ұсынуда. Мысалы: қант
қызылшасын және оның тұқымдарын өсіретін, мал басын асылдан-

дырумен айналысатын, фармацевтикалық және басқа да тауар түр-
лерінің көтерме саудасымен, электротехникалық және монтаж жұ-
мыстарымен айналысатын, т.б. көптеген шағын кәсіпорындар жұмыс
істейді. Ол кәсіпорындардың кейбіреулері 5-10, 10-20 адамды жұмыс-

пен қамтып отырса, келесі біреуінде 30-40 адам жұмыс істейді [70].
2016 жылы Нұрмолда Алдабергеновтың туғанына 110 жыл толмақ,
соған орай кезінде негізін қоғам қайраткерінің өзі қалаған ауылдағы
Н.Алдабергенов мұражайы жаңартылды. Н.Алдабергеновтың қызы

Рәбиға Алдабергенова: «1986 жылы ашылған мұражай 31 жыл ішінде
бірнеше рет күрделі жөндеуден өткен. Биыл жаңаша кейіпке енген
ғимарат іші жаңа жәдігерлермен де толықты. Келушілер назарына
тың дүниелер ұсынылатын болады. Жалпы, мұнда қазір нар тұлға-

ның өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін 5 мыңнан астам құнды
дүниелер бар» дейді [71].
Қазіргі Н.Алдабергенов ауылының қалыптасу және даму тарихы
осылайша сан қилы жолдан өтті. Ұжымдасыру кезеңінің қиындықта-

рын еңсеріп, еңбекшілердің ерен еңбегінің нәтижесінде Одақтық дә-
режедегі үлгілі шаруашылыққа айналды. Өптелі кезеңнен де сүрінбей
өтіп, нарықтық экономика жағдайына тез бейімделді. Қазіргі кезде де
ауыл бұрынғы қарқынынан жаңылған жоқ, ауданның дамуына қомақ-

ты үлес қосып келе жатқан ұжым.
Қолданылған әдебиеттер мен дерек көздері

1. alm.sud.kz/kaz/sub/eskeldі/tarіh 2. https://ru.wіkіpedіa.org/wіkі/Ескельдинский_район 3. alm.sud.kz/kaz/sub/eskeldі/tarіhy 4. www.almatyobl.stat.gov.kz/.../7733-eskeld-aud.. 5. Шынайы шындық: Нұрмолда Алдабергенов туралы ғұмырнамалық ма-

қалалар, естеліктер мен эсселер. Құрастырғандар: Ә.Ысқабай, Ш.Тергеуова,
Ж.Жетпісбаев. Алматы, 2007. -6б.

6. Омарбеков Т. Зобалаң. Алматы, 1994. –229б. 7. Омарбеков Т. Зобалаң. Алматы, 1994. –225-226, 228бб. 8. Махметов Қыдырбекпен сұхбат // Осы кітапта. 9. Омарбеков Т. Зобалаң. Алматы, 1994. –235б. 10. Шынайы шындық: Нұрмолда Алдабергенов туралы ғұмырнамалық ма-

қалалар, естеліктер мен эсселер. Құрастырғандар: Ә.Ысқабай, Ш.Тергеуова,
Ж.Жетпісбаев. Алматы, 2007. -8б.

38

11. Баяндин Қ. Нар тұлға. Алматы, 1996. -41 б. 12. АОММ. 1081-қор, 1-тізбе, 8-бума,92-іс. Алдабергеновтың 1957 жыл қоры-

тындысы бойынша радиодан берілген баяндамасы 13. Баяндин Қ. Нар тұлға. Алматы, 1996. -55 б. 14. Махметов Қыдырбекпен сұхбат // Осы кітапта. 15. Баяндин Қ. Нар тұлға. Алматы, 1996. -55 б. 16. www.tarіh.sprіng.kz/kk/hіstory/.../aldabergenov. 17. Шынайы шындық: Нұрмолда Алдабергенов туралы ғұмырнамалық ма-

қалалар, естеліктер мен эсселер. Құрастырғандар: Ә.Ысқабай, Ш.Тергеуова,
Ж.Жетпісбаев. Алматы, 2007. -14б.

18. www.tarіh.sprіng.kz/kk/hіstory/.../aldabergenov 19. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 1-бума,10-іс.№11хаттама, колхоздың басқарма

жиналысы, 19/ІV. 1948ж. 20. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 1-бума, 10-іс.№4 хаттама, колхоздың басқарма

жиналысы, 17/І. 1948ж. 21. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 1-бума, 10-іс.№9 хаттама, колхоздың басқарма

жиналысы, 18/ІІІ. 1948ж. 22. Баяндин Қ. Нар тұлға. Алматы, 1996. -56 б. 23. Алдабергенова К. Әке туралы естелік//Шынайы шындық: Нұрмолда Алда-

бергенов туралы ғұмырнамалық мақалалар, естеліктер мен эсселер. Құрастыр-
ғандар: Ә.Ысқабай, Ш.Тергеуова, Ж.Жетпісбаев. Алматы, 2007. -117б.

24. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 2-бума, 26-іс.№44 хаттама, колхоздың басқарма

жиналысы, 9/ХІІ. 1951ж. 25. Алдабергенова К. Әке туралы естелік//Шынайы шындық: Нұрмолда Алда-

бергенов туралы ғұмырнамалық мақалалар, естеліктер мен эсселер. Құрастыр-
ғандар: Ә.Ысқабай, Ш.Тергеуова, Ж.Жетпісбаев. Алматы, 2007. -117б.
26 . Алдабергенов Н. Колхоз-менің өмірбаяным. 1966ж.//Шынайы шындық:
Нұрмолда Алдабергенов туралы ғұмырнамалық мақалалар, естеліктер мен эс-

селер. Құрастырғандар: Ә.Ысқабай, Ш.Тергеуова, Ж.Жетпісбаев. Алматы, 2007.
-16-17бб.

27. АОММ. 1081-қор, 1-тізбе, 2-бума, 26-іс.№36 хаттама, колхоздың басқарма

жиналысы, 26/Х. 1951ж.
28 .АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 2-бума, 26-іс.№3 хаттама, колхоздың басқарма
жиналысы, 29/ІІ. 1952ж.

29. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 3-бума, 30-іс. №1 хаттама, колхоздың жалпы

әйелдер жиналысы, 18/ІІІ. 1952ж. 30. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 6-бума, 74-іс. 31. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 3-бума, 31-іс№4 хаттама, колхозшылардың жал-

пы жиналысы, 14/ІV, 1952ж. 32. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 3-бума, 31-іс.№5 хаттама, колхозшылардың жал-

пы жиналысы, 7/VІ. 1952ж. 33. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 3-бума, 31-іс.№17 хаттама, шаруашылық ар-

телінің басқарма жиналысы, 6/VІ. 1952ж. 34. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 3-бума, 31-іс.№16 хаттама, шаруашылық ар-

телінің басқарма жиналысы, 4/VІ. 1952ж. 35. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 3-бума, 31-іс. №17 хаттама, шаруашылық ар-

телінің басқарма жиналысы, 6/VІ. 1952ж. 36. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 3-бума, 31-іс.№19 хаттама, шаруашылық ар-

телінің басқарма жиналысы, 11/VІ. 1952ж.

39

37. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 3-бума, 31-іс.№27 хаттама, шаруашылық ар-

телінің басқарма жиналысы, 6/VІІІ. 1952ж. 38. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 3-бума, 31-іс.№29 хаттама, шаруашылық ар-

телінің басқарма жиналысы, 24/VІІІ. 1952ж. 39. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 3-бума, 31-іс.№30 хаттама, шаруашылық ар-

телінің басқарма жиналысы,4/ІХ.1952ж. 40. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 3-бума, 31-іс.№31 хаттама, шаруашылық ар-

телінің басқарма жиналысы, 14/ІХ.1952ж. 41. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 3-бума, 31-іс.№36 хаттама, шаруашылық ар-

телінің басқарма жиналысы,16/ХІ. 1952ж. 42. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 3-бума, 31-іс.№9 хаттама, колхозшылардың жал-

пы жиналысы, 30/ХІІ.1952ж. 43. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 4-бума, 49-іс. 44. АОММ.4-қор, 1-тізбе, 1-бума, 3-іс. 45. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 8-бума, 92-іс. 46. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 6-бума,75-іс. 47. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 6-бума, 75-іс. 48. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 8-бума, 92-іс. 49. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 7-бума,81-іс. 50. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 8-бума, 92-іс. 51. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 7-бума, 81-іс. 52. АОММ.4-қор, 1-тізбе, 1-бума,3-іс. 53. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 8-бума, 94-іс. 54. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 8-бума, 92-іс. 55. АОММ.4-қор, 1-тізбе, 1-бума,3-іс. 56. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 8-бума,92-іс. 57. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 9-бума, 109-іс.

58.АОММ.15-қор, 3-тізбе, 5-бума,76-іс. 59. АОММ.15-қор, 3-тізбе, 5-бума, 15-іс. 60. АОММ.1081-қор, 1-тізбе, 17-бума, 187-іс.

61.Н.Алдабергенов. Колхоз-менің өмірбаяным//Шынайы шындық: Нұрмолда
Алдабергенов туралы ғұмырнамалық мақалалар, естеліктер мен эсселер. Құрас-
тырғандар: Ә.Ысқабай, Ш.Тергеуова, Ж.Жетпісбаев. Алматы, 2007. -17б.

62. Алашбаев Ә. Ата қонысым-құт мекенім. Талдықорған, 2002. -71б. 63. Шынайы шындық: Нұрмолда Алдабергенов туралы ғұмырнамалық ма-

қалалар, естеліктер мен эсселер. Құрастырғандар: Ә.Ысқабай, Ш.Тергеуова,
Ж.Жетпісбаев. Алматы, 2007. -26-27 бб.

64. Жакупова Қамашпен сұхбат// Осы кітапта 65. Шынайы шындық: Нұрмолда Алдабергенов туралы ғұмырнамалық ма-

қалалар, естеліктер мен эсселер. Құрастырғандар: Ә.Ысқабай, Ш.Тергеуова,
Ж.Жетпісбаев. Алматы, 2007. -28, -31 бб.
66.Справочник по истории административно-территориального деления Ал-
матинской области (10 марта 1932г.-1 января 2000г.)/ Под ред. Чл.-корр. НАН

РК, д-р ист. Наук, засл. деят. Науки К.Нурпеис. Алматы, 2002. -485 с. 67. egemen.kz/old/?act=readartіcle&іd=1330

68 .Мүсәпіров Төлегенмен сұхбат//Осы кітапта
69.https://ru.wіkіpedіa.org/wіkі/Алдабергеново
70.stat.gov.kz/getІmg?іd=WC16200008831

71. http://zhetysutv.kz/news/Н.Алдабергенов музейі жаңартылды.

40

2 Н.Алдабергенов ауылы
тұрғындарынан
алынған сұхбаттар
(Сұхбат берушілер тізімі қосымшада тіркелген. 6 кесте)

Қыдырбек Байқалықұлы
Махметовпен сұхбат

– Әңгімемізді өзіңіздің балалық шағыңыз, ата-анаңыз жайлы

айтудан бастасаңыз дұрыс болар еді.

– 1937 жылы қазан айының 5-інде Гвардия (Кербұлақ) ауданының

Көксай бөлімінде туылып, сонда ержеттім. Әкеміз соғысқа кетіп,
қайтпай қалды. Соғыста қаза болды. Шешеміз Нүрипа бізді асы-
рап, жеткізді. Мен Ақжар ауылдық кеңесінің жеті жылдық мектебін
бітірдім, одан кейін Қоғалы қазақ орта мектебінде 8-ші кластан оқи

бастадым. «28 Гвардияшыл панфиловшылардың» алтауы ма, жетеуі
ма сол Қоғалыдан шыққандықтан, ауданды «28 Гвардияшыл ауда-
ны» деп атады. Гвардия ауданының тұрғындарының көбі орыстар, қа-
зақтар 7-8 шағын колхоздарда ғана тұрған. Қазақ мектебінен бір ғана

Қоғалы қазақ орта мектебі болды. Сол жылы Алматы жанында Қара-
шоқы деген совхоз құрылып, ересек балалардың барлығын сонда тың
көтеруге жіберді. Қыркүйекте сабақ басталған жоқ, біз қарашада әлі
жер айдап, тракторшыға көмекші болып жүрдік. Арқарлыдан түскен

жерде екі-үш шақырым жер тегіс қой, сол жерді біз 1953 жылы айда-
дық. Соның аяқ жағында тамақ ішіп отыр едік, «ЗИМ» деген маши-
на келді. Ішінен, Құдай сақтасын, басы дәу, омырауы толған орден,
өзі герой, бір кісі түсе бастады. Бригадиріміз орыс болатын, ол қор-

қып орнынан тұрды да, «барлықтарың жұмыстарыңа шығыңдар» деп
бізді де көтерді. Машинадан түскен кісі: «Өй, тоқтаңдар, тоқтаңдар,
қарақтарым! Мен сендерден жөн сұрайын деп тұрмын. Сталин атын-
дағы колхоздың бастығымын, Алдабергенов деген менмін» – деді. Ол

кезде орден дегенді білмейміз ғой, көзіміз орденді тесіп барады.

– Сіз ол кезде нешеде едіңіз?

– Мен 16-да едім. Алдабергенов ол кезде жігіт ағасы еді, жасы отыз-

дың ішінде. Содан ол: «Әй, мына жерді кім айда деді сендерге» – деді.
Бригадиріміз: «Үкімет, бұл жерде совхоз ашылған» – деп жауап берді.
Алдабергенов: – «Мына жер менің ата-бабамның жері, бұл жер тек
қана жайылым, бұл жерге бидай, астық шықпайды. Босқа жыртып

жатырсыңдар ғой. Мен басшыларға айтамын» – деді.
Біз оны білмейміз, шыға ма, шықпай ма, бізге берілген нұсқау солай еді.

41

Содан кейін Алдабергенов жас жігіттерге қарап: «Сендер неге оқы-
мағансыңдар? Неге жұмыс жасап жатсыңдар?» – деді. Сонда мен
тұрып: «Бізді екі ай оқудан босатып, тың көтеруге кәдімгі оқу ми-
нистрінің нұсқауымен жіберген» – дедім.

– «Жас екенсіңдер, егерде оқи алмасаңдар, менің ауылыма келіңдер,

мен көмектесем» – деді. Сосын «Сен кімнің баласысың? Қай жақтан-
сың?» – деп сұрай бастады. Мен: – Махметов – дедім.

– Махметов Жөңкебайдың баласысың ба?

– Иә, – дедім.

– Шебердің тұқымы екенсің ғой! Қарағым, туыс екенсің ғой, егер де

оқуда қиыншылық болса, кел деді.
Біздің бабамыз, үлкен атамыз, алтын ер жасаған кісі. Біз жалайыр-
дың ішіндегі андасы боламыз. Бұлардың аталары бізге қарама-қарсы
үйде, көрші болып тұрған. Бұл кісілер андас ішінде дербісәлісі, біз

жетімәліміз.

– Жарайды, аға, – дедім.

– Жарайды, жақсы, балалар. Жолдарың болсың, – деп машинасына

мініп кетіп қалды.
Біз қараша біткен соң қайтадан Қоғалыға келдік. Кілең жетім ба-
лалар, барлығы интернатта. Интернат болғанда қазіргі ат қора дұ-
рыстау одан. Балалардың барлығының оқығысы келеді, бірақ интер-

натқа сыймайды. Содан коммисия шығып, үйінде жұмысшысы бар
балаларды, оның ішінде мені де интернаттан шығарып тастады. Орта
мектепте завуч болған біздің туысымыз кірісіп еді, коммисия бой бер-
мей қойды. Содан кейін завуч туысымыз: – Әй, Қыдырбек! Ағаң да

оқымай бастық болып, қожайын болып жүр ғой – деді. Амал жоқ,
ауылда біраз жұмыс жасап жүрдім. Бір күні шешеме «Апа, мен бұл
жерде болмаймын, кетем» – дедім. Шешем мен бір әпкем ғана бар
еді, олар: – Ойбай, қайда барасың? – деп жібергілері келмеді. Қыс-

қасы, мен ауылдан кетіп қалдым да, 1955 жылы осы колхозға келдім.
Алдабергенов мені бірден танып: – «Сен Арқарлы жақта жер айдаған
бала емессің ба? Үй-ішіңді көшіріп алып кел. Мына жерде мектеп-
интернат бар, оқы» – деді. Оқыдым. Кейін институтты сырттай оқып,

оны бітірдім, жұмыс істедім. Бұл жерде немістер бар. Бәйбішем сиыр
сауатын агрегат машинамен 150 сиыр сауып депутат болды. Бүкіл
Қазақстаннан келді, көреміз деп. Өмір бойы мал шаруашылығында
істеп, зейнетке шықтық. Қысқаша өмірбаян осы.

– Мектепте қалай оқыдыңыз?

– Мектепте жақсы оқыдым. Ақжар ауылдық кеңесінің мектебі бол-

ды, соның кітапханасы болды. Менің бір жолдасым бар еді, екеуміз
сол кітапхананың кітабын бітірдік. Сабақ оқимын, өмірі ойнаған
емеспін, шешеме үй шаруашылығына қолқабыс етемін, үй сыпыра-
мын, інімді жетектеп үйде ойнаймын. Мектеп кітапханасындағы бар-

42

лық кітапты тауысқан соң ауылдық кеңестің кітапханасына бардым.
Барып, кітап жаздырып алып жатыр едім, кітапханашы қария кісі
екен: «Әй, не істеп жүрсің?» –деді.

– «Ағай, кітап алайын деп едім», – десем, «Әй, боқмұрын, кітап оқу

үшін жағдай керек, жоғал, көзіңді құрт!» – деді. Содан кейін желкеден
бір түйді де, қуып шықты. Ақырын далаға шықтым. Кітапхананың есігі
тарс-тарс етіп сылқылдап бос тұр. Досыма келіп: «Кітап ұрлайық» –
дедім. Ол: – «Жаздырып алмаймыз ба?» – деді. Мен оған кітапханашы-

ның қуып шыққанын айттым. Қысқасы, түнде барып кітап ұрладық.
Біздің туысымыз мектеп директоры еді, сол шақырып жатыр деді,
бардым. Ол: «Әй, Қыдеке (мені Қыдеке дейтін), жоғары шық» –деді.

– «Ауылдық кеңестің кітапханасына ұры түсіпті, кітап ұрланды деп

естігенімбірінші рет. Мал ұрлаушы еді, жинақ кассасын ұрлаушы еді,
кітапті кім ұрлайды? Сен білесің бе?» – деді. –«Білмеймін» –дедім.
Содан көздің жауын алатын шақшаны алып шығып, насыбайды сал-
ды да:

– «Мынаны кім жасағанын білесің ба?» – деді.

– «Қайдан білейін, аға» – дедім.

– «Сенің бабаң жасаған. Атама сыйлыққа беріпті, насыбай атады

екен. Одан әкеме келді, енді маған тиді. Сенің атаң жасаған ғой, ала-
сың ба?» – деді.

– «Мен насыбай атпаймын ғой, алмаймын» – дедім. Отырды да:

«Әй, Қыдырбек, мен мектептегі кітапханадан кітап алатындарға са-
раптама жасадым. Кітапты ең көп оқитын сен екенсің. Кітапты сен
ұрладың-ау» – деді. Сонымен жанымды қоймады: «Ешкімге де айт-
паймын, екеуміз туысқанбыз ғой. Кітабың таусылса, мен тауып бе-

рем, ауданнан алып берем. Шыныңды айтшы?» – деді. Ақырында,
«ұрлағаным рас еді» – деп мойындадым.

– «Жарайды, болған іс болды, жаман үйреніп кетесің, ұры болма, қа-

рағым. Маған кітаптарыңның тізімін жазып бер, мен тауып берейін»

– деді. Сол кісі тауып беріп жүрді, мықты кітаптарды. Міне, содан

оқып, интернатта жүріп мектеп бітірдім, сосын институтқа түстім.

– Арғы атаңыз шебер болған дедіңіз, оған қосарыңыз бар ма?

– Менің ата-бабаларым кітапта бар. Мен – Махметовпын, Махметтің

әкесі Жөңкебай деген кісі. «Жөңкебай еспесі» деген жер атамның аты-
на байланысты айтылады. Суы таза, тұщы. Сарыбұлақ совхозының
тұрғындары: «тазалығы сонша, аккумуляторға құямыз» – дейді. Сол
Жөңкебай деген атам шебер, алтын ер жасаған кісі. Жерді зерттеуші

бір орыс, жасаған бұйымдарын көріп, атамызды іздеп келген. Бір ер
жасауға бір жыл уақыт керек екен. Атам жасаған ерді көрген орыс таң
қалып: «Сен, маған бір ер жасап бер, мен саған киім тігетін машина
берем» – дейді. Сөйтіп, «Зингер» тігін машинасының алтауын ба, же-

теуін ба алып келіпті, жаңағы орыс. Ол орысты Мұқаш деген бастық

43

ағамыз болған, сол Семенов-Тянь-Шаньский дейді, ал енді біреулер,
жоқ, ол Пржевальский дейді. Сталинге ұқсайды дейді. Сол әкелген
машинасымен киім тігіп көрсетеді, барлығы таң қалады да, қалаған
ерін береді. Сол тігін машинасы баласы Махметке, Махметтен менің

шешеме тиеді. Қотырқай деген жайлаудан көшіп келе жатқан кезде,
түйе тайып жығылып, түйе аударылғанда жанағы машина қылта мо-
йынынан сынған. Менің әкемнің әкесі соны жасаған. Қалай жасағаны
белгісіз? Соны апам айтады, сынғаны білінбейді деп. Оның сырты

шойын, оны қалай балқытты, қалай жасады? Сол машинаны 1932
жылы сатып, жарты қап арпаға айырбастайды. Кеңес Үкіметіне дейін
болды. Үйде екеуі тұр.
Менің кіші қызым, мектепті алтын медальға бітірді. Турист болып

Хельсинкиге барды. Эрмитажға барғанда бабамыздың ертоқымын
көреді. «Қазақ, бәлембай жердің, бәлембай ауылы, жасаған Жөңкебай
Асанов» деген тұр дейді. Қазір ол бар ма, жоқ па? Білмеймін.

– Алдабергеновтың жеке бас қасиеттері туралы не айтасыз?

– Қазақта «таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін» деген

мақал бар ғой. Жаманшылық пен жақсылық егіз болады. Өмірің бі-
рыңғай тәтті бола бермейді. Алдабергенов керемет адам болды. Ба-
тыр десе батыр, шаруақор, елдің барлығы ол кісіні жақсы көрді. Ор-
нынан түсірген уақытта елдің бәрі жылады. Еңбегін үкімет бағалап,

орден берді, жұлдыз берді. Екі жұлдызы бар, төрт Ленин ордені бар.
Одақтың Жоғарғы Советіне бір рет депутат болып сайланды. Қазақ
КСР-на депутат, пленум мүшесі болды. Бір қасиеті – қазақи, елін
сондай жақсы көрді. Колхозымыз басым түрде қазақтардан тұрды.

Гайворонская деген Еңбек Ері болған, бірақ бұлардың ата-бабалары
осы жерде өскен. Бұл кісі колхозға немістерді көп тартты. Біз алға-
шында немістерді жек көрдік, қазақ жігіттері мен неміс жігіттері екі-
ге бөлініп алып төбелестік. Бір күні Алдабергенов қазақтардың бар-

лығын жинап алып: «Әй, бәріңді қамшынын астына алып сабаса ғой,
сендер түк білмейсіңдер. Мынау неміс өнерлі халық, немістерден үй-
реніңдер, шаруақор болыңдар. Сендер үйренсін деп шақырып отыр-
мын, кейін бәріміз кетеміз, заман сендерге қалады. Сонда ағам дұрыс

айтыпты ғой дейсіңдер» –деді. Немістерді керемет жақсы көрді. Мен
немістермен көрші болдым, бұлардың бір қасиеті – керемет таза. Таза
тұрады, таза жұмыс жасайды. Көршілермен тату тұрады. Немістің ба-
лалары сондай тәртіпті, ауылда өсіп тұрған алма ағаштарға қолдарын

созып бір алма алмайды. Сөйлегенде дауыстарын қатты көтермейді.
Үлкендердің сөзіне иіліп тұрады. Сосын олар күніне үш рет аман-
дасады – ертеңгісін, түсте, кешке. Күніне бір рет амандасатын біз,
алғашында оны түсінбей жүрдік. Ал, олардың балалары болса әке-

шешелеріне «мына аға сәлемімізді алмайды» деп айтып барады екен.
Бір күні көршім «әй, неге біздің балалардың сәлемін алмайсың? Өзің

44

болсаң, «ассалаумағалейкүм»дейсің» – дейді. Мен: «таңертең ғана
амандастық қой» десем, ол: «бізде күніне үш рет амандасады» дейтін.
Мен 1955 жылы осы колхозға келгенше, оларды комендатурада ұста-
ды, кейінірек босатты.

Қазір солардың бәрі Германияға көшіп кетті. Кетерлерінде оларды
үйлерімізге шақырып, жылап қоштастық. Ал, енді, солардың орнына
орыстар келді. Арақ ішіп, шу-шу болып жатады.
Ал, енді, Социалистік Еңбек Ері атағын алуына келер болсақ, бар-

лық бригадаларда немістер де жұмыс жасады ғой. Звено жетекші-
лерінің бәрі қазақтар болды. Кейін немістер ренжіңкіреп «күріш ар-
қылы күрмек су ішеді» деген мақал бар ғой қазақтарда. Біз еңбек етіп,
атақты сендер алдыңдар ғой, әәә» деп айтып жүрді.

Алдабергеновты Хрущев қаралап, орнынан түсірді. Кейін Брежнев
пен Димекең қайтадан орнына қойды. «Мұқырыда» екі-ақ жыл бас-
тық болды да, екі жылда колхозды өзгертіп жіберді. Сонда Димекең-
дер жағасын ұстап: «Ойпыр-ай, мынандай да шаруашылық болады

екен ғой» – деген.

– Неліктен ол кісі барған жерде колхоз көтеріліп жүре береді,

оның сыры неде?

– «Бақ шаба ма, бап шаба ма» дейді ғой. Өз ойым, өз пікірім. Біздің

жалайырдың ішінде Балпық деген би болған. Нұрмолда сол кісі-
лердің тұқымы. Ата-бабасының қасиеттері кейінгі ұрпағына қонады.
Бір әңгімесін айтайын: «Менің бәйбішем музейде ұзақ жұмыс істеп
жүргесін, ауыл арасында: «Мына Шайбала өмір бойы музейде істей

бере ма?» – деп күңкіл шыға бастады. Сосын мен: «Әй, бәйбіше!
Елдің барлығы «кемпір болды, пенсияда деп» сөз қылып жатыр, сен
жұмысты қойсаң қайтеді» – дедім. Ол: «Қойсам, қояйын» – деді.
Содан бірде түсімде Нұрекең тарс етіп есікті ашып кірді де: «Мені

талан-таражға салатын болды, менің ең жақсы көретін қызымды сен
алдың. Неге музейді босат дейсің? Ол музей емес, менің шырақшым.
Егер де осыдан Шайбаланы алатын болсаң, жақсылық болмайды са-
ған» – деді. Ертеңгісін тұрып, құран оқып, бәйбішеме айттым: «Ай-

налайын, түнде аға түсіме кіріп, қатты ренжіп, ұрысты. Сен қашан
әлің кетеді, сол уақытта босарсың. Мен енді саған жұмыс істеме деп
айтпаймын» – дедім. Содан зейнетке шыққаннан кейін 25 жыл істеп,
былтыр күзде ғана орнын босатты. Соған қарағанда, Алдабергенов-

тың өзінің әулиелігі бар ма деймін! Әйтпесе, нелер пысық, нелер
мықты жігіттер бар ғой. Үлкен кісілер айтады қызметінен түсерде
жанында жолбарысы бар еді, сол кетіп қалды деп. Содан қайтып келді
дегендей сөз айтады. Мен енді 40 жылдай партбилет арқаладым да,

дінге аса сенбейтінмін, әлгі Лениннің айтқанындай, «Дін – апиын» –
деп. Түс көргеннен соң мойын бұра бастадым».

45

– Жұбайыңызбен қалай таныстыңыз, қалай үйлендіңіздер? От-

басыныз, балаларыңыз жайлы не айтасыз?

– Бұл кісі жетім қалған бала еді. Әкесі де, шешесі де өте мықты кісі-

лер болған екен. Әкесі соғыста өлген. Шешесі үш жасында қайтыс
болыпты. Бір апалары ерте қайтыс болған, бауыры болған. Туысқа-
нының үйінде тұрып, оқыған. Ағасы Әділбаев Мерзакерім деген ин-
тернатта оқыған, «чрезвычайный детский дом» дегенде. Жетім бала-

ларды Совет өкіметі жинатқан ғой. Ағасы 10-ды бітіреді, бұл кісі 7-ні
бітіреді. Оқуға қаражат жоқ, содан бұл кісі фермаға сауыншы болып
кіреді. Ағасы Киров атындағы университеттің заң бөлімін бітіріп,
Моңғолияға барады. Улан-Удэге прокурор қызметіне жібереді. Кейін

Талдықорған облыстық юстиция бастығы болып пенсияға шықты. Ол
фермада жүрген уақытта мен зоотехникпін. Шындығы керек, біздің
бір туыс атамыз болған, малшы, сол атамыз айтатын көрінеді «Тоғұл-
дың қарындасы бар, Қыдырбек болса ержетті» –деп. Содан келсем

шешем: «Қанша қиыншылық көрдім, келін жұмсағым келеді, маған
келін алып бер. Мен барып қызды көріп келдім, бізге келін-бала бо-
лады екен» – деді. Бір немістің қызы бар еді, Эльмира деген, сол мені
жақсы көріп, келін болам деп үйге келгіштеп жүретін. Енді қазақ

қызы пайда болып, екеу болды. Не істеймін? Осының бәрін шеше-
ме айтып едім, шешем: «Жоқ, мына қызды аласың, алмасаң мен ке-
темін» – деді. Інім бар менен сегіз жас кіші, соны алып кетем деді.
Сосын барып сөйлестім. Міне, қосылған себебіміз сол. Рая деген

туысқан қарындасым бар еді, соны ертіп барып алып келдік. Әңгіме
күйеуде емес, әңгіме ене мен келін арасында. Шешем қатты қуанды,
шешеммен керемет тату тұрды. Шешем 1986 жылы қайтыс болды.
Ең алғаш Москваға барады, бірақ шешем оған қарсы болмады. Екі

рет фестиваль дейді, Хельсенкиге, Москваға барды. Жоғарғы Советте
пленум мүшесі болды, ЦК комсомолдың бюро мүшесі болды. Кейін
депутат болғаннан кейін оқуға жіберді, сөйтіп Жоғарғы партия мек-
тебін бітірді. Содан кейін 10 шақты жыл ауылдық кеңесті басқарды

да музейге жұмысқа ауысты. «Қызмет жасау керек» деп әр жерден
айтып, қатты айналдырып еді, шешем рұқсат бермеді. Кеңес үкіметі
кезінде қызметке отбасының келісімін алатын еді ғой, сондықтан ол
«шешеміз рұқсат бермеді» деген себебін айтты.

Қазір бес баламыз бар. Үлкен баламыз аурушаң болды да оқымады,
қазір кәсіпкер. Жанымызда тұрады. Оның төрт баласы бар, үлкен ба-
ласы үйленген, үш шөбереміз бар. Кіші бала Политтехтың мұнайын
бітірген. Қазір бизнесмен дей ма, крестьянское хозяйство дей ма?

Адам түсініп болмайды, қарағым. Ауылда әлі де қиыншылықтар бар.
Бізге жайлы қоғам бұрын біз істеген социализм тұсында болды. Осы
колхозда мысалы 2,5 мың га. жерге қызылша егілді, 30 000 қойы бол-
ды, 1000-ға тарта жылқысы болды, 4000-ға тарта сиыры болды. Ал,

46

қазір, 50 га. жерге қызылша еге алмайды. Мына Талдықорған облы-
сында төрт қант зауыты болатын, тоқтаусыз жұмыс жасайтын. Қазір
бір-ақ зауыт бар, бір-екі ай ғана жұмыс жасайды. Қанттың қабы 10
000 теңгеге жетті. Ал бұрынғы уақытта 1 кг. 20 тиын болатын. Ешкім

алмайтын, немістер ғана пайдаланатын – самогон, варенье жасайтын.
Ал қазақ оны алмайтын да, өткізбейтін де. Колхоз өзі сатып, ақшасын
беретін. Ал қазіргі ауыл басқа жағдайда өмір сүруде, қарағым. Біз дү-
ниенің барлығын көрдік қой... Жаңа Алдабергеновтерді көргің келеді

екен. Олар қайда? Солар келсе екен деп үміттенеміз. Совет заманын-
да РайПО, Райфинотдел деген болған, сауда жасағанды «спекулянт»
деп есептеген. Қазір ай сайын қымбаттай түсуде. Бір кг ұрпақ 45 тең-
ге, бір түк шөп 5 000 теңге. Кеудем қанша қомпайғанымен, ішімде

ештеңе жоқ болса, не болады. Кемпіріміз екеуміз тату тұрдық. Теле-
визорды қарап отырғанда жылағандарды, қайыр сұрағандарды, жетім
балаларды көрсеткенде жүрегің керемет ауырады екен.
Қазір осы ауылды ұстап тұрған – соя. Ауылдың бәрі Мұқырыдан

түскен жердегі ойпатта соя егеді, сол. 10 жыл болды, бір дақылды
сала бергеннен не болады, енді 5 жыл ма, 10 жыл ма, түк шықпай қа-
лады ғой. Баяғыда Кеңес үкіметі кезінде қызылшаны салдырып-сал-
дырып, кейін бәрі шіріп кететін болған.

– Социалистік жарыс туралы айта отырсаңыз?

– Социалистік жарыс деген – адамды жұмысқа ұмтылдыру. Құл-

шындыру, марапаттау.

– Қоғалыдан не үшін көштіңіз? Интернаттан шығарып жібер-

генін айтпағанда, әлеуметтік жағдай қандай еді?

– Халықтың жағдайы нашар болды. Ол кезде ақша берілмейді,

қиыншылық жағдай болды ғой. Сталиннің темірдей тәртібі – ел аш,
бір уыс бидай ала алмайды. Бір қасқа сиырымыз болды, сонымен күн
көрдік. Ал, Алдабергенов ең алғаш авансқа ақша бергізген. Сталин
колхозына көшіп келгесін жағдайымыз дұрыстау болды.

–Соғыс жылдарында ауылдағы өмір қандай болды, соны ай-

тып берсеңіз?

– Ұлы Отан соғысы жылдарында жағдай өте ауыр болды ғой, бар-

лығы майданға жіберілді. Қалай өмір сүресің? Сталин тұсында ке-
ремет салық түрлері салынды: бойдақ салық, жүн салық, азық-түлік
салығы, т.б. салықтар. Бірақ, әскерге барғандарға салық салынбады.
Менің бір жездем болды, соның қасқа сиырының бұзауы емеді, бір

жылда дәу болады, сол салыққа бұзауды өткізетін. Қалай Сталин
өлді, Маленков тұрды салықтың барлығын алып тастады. Хрущев
келді де, жағдай қайтадан нашарлап кетті. Маленков болғанда жағда-
йымыз жақсы жаққа өзгере бастаған еді.

– Сіз әңгіме барысында соғыс жылдарында өмір қиын болды

деп айттыңыз, соның, мәселен, бір күнін айтып өте аласыз ба?

47

– Ол уақыт адам айтқысыз қиын болды. Өңшең жетім бала, балық

аулаймыз. Мына Көксудың басында бір ноғай отбасы тұрды. Сол
үйдің отағасы айтатын: «Балам жылайды үш күн болды, нәр татпай-
ды. Ауызы толып нан жеген адамның арманы бар ма?!» –деп. Соның
бір баласы аштан өлді, қалғандарын әйтеуір қазақтар сүт беріп асы-

рап алып қалды. Кейін 50 жылдан кейін Алматыда сол ноғай отбасы-
ның бір баласымен кездесіп қалдым. Ол мені құшақтап, еңіреп тұ-
рып: «Менің жанымды қасқа сиырдың сүтін беріп алып қалған сенің
апаң ғой» – деген еді. Мен ол кезде жаспын, жұмысқа бармаймын.

Апам таңда, бозторғай шырылдаған уақытта жұмысқа кететін. Соқа
айдайды, астық дайындайды, шөп шабады, егінді орады. Қоғалы жақ-
тың жұмысы сол. Жұмыс көз көрместей қараңғы болған уақытта тоқ-
тайды. Соғыста сондай еңбектің арқасында жеңді. Тек Қоғалыда ғана

емес, жалпы Кеңес Одағындағы жағдай солай болған.

– Күніне неше рет тамақтандыңыздар? Қандай тамақ түрлерін

ішетін едіңіздер?

– Дұрыс қойдың сұрақты. Ертеңгі тамаққа шай ішеді. Бидай қуы-

рады, соны жейді, сүт ішеді немесе сүт қосқан шай ішеді. Түсте, 200
адам жұмыс жасайды, дәу тайқазанға бір шелек арпа (оның ішіндегі
жасылын алып тазалайды) және тұз салады. Әбден қайнатқан кезде
жаңағы арпа езіледі, соны түскі тамаққа береді. Қоладан жасалған бір

литрлік сары ожау болатын, сол әлі менің көз алдымнан кетпейді, со-
дан құйып береді. Бар тамақ осы, нан жоқ.

– Социалистік заманда жеткен жетістіктеріңіз бар ма?

– Мен бас зоотехник болдым ғой. Біз Одақта алдыңғы қатарлы

болдық. Мысалы, 120 қойдан орта есеппен 120 қозы алып отырдық.
Сауынды сиыр 3000, 4000 литрге шейін сүт береді. Менің бәйбішем
4000 литрге дейін сүт сауды. Қойдың жүнінен 4 кг. дейін алып отыр-
дық. Мал шаруашылығында үлкен табыс, жетістікте жүрдік. Жүнді

біз Латвияға өткізіп жүрдік, текстиль заводтарының барлығы Латвия-
да екен. Шикізатты біз шығарамыз, ал пайдасын латыштар көреді.
Қазір ойлап қарасам, оларды ұстап тұру үшін солай жасаған екен ғой.

– Кеңес заманында жабық есік саясаты болғаны белгілі. Өзге

мемлекеттермен қатынас жоқ, сонда шетел мемлекеттері туралы
не ойлайтын едіңіз?

– Радиодан «Азаттық», «Свободный голос Европы» деген бар, со-

ларды көп тыңдадым. «Азаттық» радиосының қазақ бөлімінің басты-
ғы Хасен Оралтай деген қазақ болған екен. Ол кісіні мен Алматыда
кездестірдім, сөйлестік. Өте мықты адам екен. Сол кісі біз білмейтін
барлық шындықты айтып отырды. Ал, оны Кеңес Одағы халықтан

жасырды. Қазір бір жақсы жері шекараның барлығы ашық қой.

–Алдабергенов атындағы колхоздың тарихын айтып берсеңіз?

48

– Мынау мықты жер, қандай ағаш ұрық тастаса, оны екпей-ақ, ке-

лесі жылы өзі өсіп шығады. Бұл колхоз 1933 жылы құрылған екен,
Сталиннің нұсқауымен. Менің естуім бойынша, колхозды ұйымдас-
тыру уақытында Ораз Жандосов жетекші қызметтерде болған. Ол
Қазақстанда колхоз болмайды десе, Сталин Оразға ұрсатын көрінеді.

Ол кісі керемет адам болған ғой, атып тұрады да: «Жетісу казактары,
орыстар қазақтарды жерінен неге қуады, орыстардың қолында мыл-
тығы бар, қылышы бар, ал қазақтарда шоқпардан басқа ештеңесі жоқ.
Барлығын құмға қуған» –дейді. Бүкіл империя бойынша, Қытайға

дейінгі шекара «Патша трассасы» дейді екен. Әрбір 20-30 шақырым
жерде орыстың селосы болды. Онда кәдімгідей жүздеген әскер тұр-
ған. Қазақтың малдарын әкесінің малындай сойып, атып алатын бол-
ған. Сол атылған оқтан талай қазақтар да өлген (Алдабергенов бала

кезінен соның бәрін көріп өскен ғой). Сталин осыдан кейін Жандо-
совты орнынан алып тастайды.* Мына жер жалайыр ішіндегі сиыр-
шылар жері. Жаңаталап, Қызылту, Жаңалық деген үш колхоз болды.
Алдабергенов Жаңаталапта бригадир болады, алдыңғы қатарлы

бригадир болады. Содан бастық болады. Ол бастық болысымен, кол-
хоздың шаруашылығы қарқынды дами бастайды. Колхоздарды ірі-
лендіру басталғанда, үш колхоз Жаңаталап колхозына біріктіріліп,
«Сталин» атындағы колхоз деп атала бастады. Сталин өлген соң

«жеке басқа табынушылықты жою» науқаны басталып горкомның
хатшысы болған Балапанов деген ХХІІ съезге делегат болып қаты-
сады. Сол съезд Сталинді қаралайды. Балапанов келгеннен соң Ста-
линнің ілулі тұрған суретін алып, колхоздың атын «ХХІІ партсъезд»

деп өзгертеді. Кешегі Қазақстан егемендік алғанша «ХХІІ партсъезд»
атанды. Қазір елдің сұрауы бойынша ауылды «Алдабергенов ауылы»
деп атады. Міне, колхоздың тарихы сол. Колхоздың табысы Алдабер-
генов тұсында өте жоғары болды, рубльмен 4 000 000-ға шейін жетті.

– Нұрмолда Алдабергеновтың балалық шағы жайлы білесіз ба?

Шыққан тегі?

– Шыққан тегі Ескелді би мен Балпық биден тарайды. Ол кісілер әу-

лие болған. Балпық атамыздың бейіті Қаратал ауданының Оян деген
жерінде. Балпық би әулие адам болған. Түрксіб темір жолы бейітке
бір шақырым жер қалғанда эксковатор сынады, адам шығыны бола-
ды. Жұмыс жүрмей қояды. Бұның себебін түсінбеген орыстар не бол-

ғанын сұрастыра бастайды. Сол жерде Айнабұлақта жолдың бастығы
болған Байшапанов деген кісі болған екен, сол: «Себебі, мына жер
тура менің атамның тұсына келіп тұр, сол кісінің әруағы. Жолды 200
метрге бұрып, басқа жақтан салу керек, сонда жұмыс жүреді» – дейді. Со-

_____________________________
*) Респондент бұл арада, әрине 1921-1922 жж. Жетісуда жүргізіген жер-су ре-
формасы туралы айтып отыр.

49

лай жасайды. Осыдан кейін жұмыс жүріп кетеді, орыс-қазағы түгел таң
қалысады. Бір әулиелігі сол. Қосымша айта кетейін дегенім: Түріксібте
Тынышпаев па, әлде Әбдіқанов па, біреуі инженер болған екен.
Нұрмолда Алдабергенов оқымаған, мал баққан. Кеңес үкіметі орна-

ған соң Түрксібте жұмыс істеген. Одан кейін Жаңаталап колхозына
кіріп, жұмыс істеген. Колхоздастыруда құмдағы халықты ру-румен ай-
дап әкеліп, әр рудан бір колхоз жасады ғой. Сонда Дербісәлі андастар-
ды осында орналастырған. Ал, бұрын бұл сиыршылардың жері болған.

– Социалистік Еңбек Ерлері туралы не айта аласыз?

– Олардың барлығы еңбектің адамы ғой. Олар Еңбек Ері атағын

соғыстан кейін алады. Талдықорған ауданы мен Киров ауданы-
ның екеуінің арасы 20 шақырым, осы өңірде қант зауыты салынды.
Зауыт салынғаннан кейін қызылша егу керек. Оны мамандар арнайы
Москвадан келіп үйреткен. Мен оны 1955 жылы көрдім. Жерді гек-

тар-гектарга бөліп, үй, бала-шаға демей жұмыс жасады. Тың жерде
қызылшадан өнім өте мол алынды, әр гектардан 800 центнер өнім
алғандарға Еңбек Ері атағы берілді.

– Сіз әлгінде үй, бала-шаға демей жұмыс істеді дедіңіз. Сіздің

ойыңызша осы дұрыс па?

– Дұрыс, дұрыс! Үкіметке деген сенім болу керек қой. Үкімет мық-

ты болу үшін халықтың үкіметке деген сенімі болуы қажет.

–Сіз халық үкіметке сенуі керек дедіңіз, ал халықтың сеніміне

ие болу үшін үкімет не істеуі керек?

– Әлеуметтік жағдайды жақсартуы қажет. Мысалы, менің риза бо-

латыным, соғыс қалай бітті, техника да келе бастады, комбайн да келе
батады, авансты да бере бастады.
Колхоздарда жылдың аяғында малдың етке өткізілетіні өткізіледі, са-
тылатыны сатылады және солардан келесі жылға артық мал қалады.

Осы артық қалған малдар үшін Москвадан арнайы комиссия келіп,
есептен артық қалған малдың бәрін төбесінен ұшқан құсты өткізбейтін
53 шақырымдық мемлекеттік шекара (красная граница) «красный зона-
ға» жібереді. Мен оны заставаға барғанда көзіммен көрдім. Осылайша,

малдың барлығын құртты. Колхоздың малы жұмысшылардың біреуіне
де, қарапайым егіншілерге де берілген жоқ, Ресейге айдалды. Кеңес
Одағы тұсында халықтың үкіметке деген сенімі әлсірей бастады.
Кеңес Одағының құлауына да көбірек себеп болған – пара беру. Ең

мықты дегендер – колхоз бастықтары болды. Өйткені, тамақ өндіреді
ғой. Солардың барлығын пара ұстайды. Алдабергенов заманы кел-
меске кетті. ЦК-да, облыста байланыстары болады, сонан соң шаруа-
ны қарауды қойды. Мына жерден арыз түсіп қызметтен кетсе, басқа

жаққа барып отырады.

– Асанов тұсында колхоз шаруашылығының жағдайы қалай

болды?

50

– Ғабиден Мұстафиннің «Шеңгел өз құмында мықты» деген сөзі бар

еді. Әр жерді өз азаматтары басқаруы керек. Асановты Нұрмолда аға-
мыздан кейін әкеліп қойды. Ол бұл жердің адамы емес. Нұрмолда Ал-
дабергенов тұсында «бәрі халықтың игілігі, халықтың еңбегі шығын
болмау керек» деп отыратын. Асанов тұсында шаруашылық құлдырай

бастады. Жұмыс жөніне қалды. Шаруашылық кері кете бастағанда ар-
тық жерлер ұстай бастады. Іс жүзінде 11 га жер, бірақ жоспарға 10
га жер деп көрсетеді де, 1 га жерді көрсетпейді. Бірақ, алынған өнім
көрсеткіші 11 га жердікі. Қулықтың неше түрі болды. Шақан, Рысбай

қариялардың оның үстінен арыз жазатыны осы кезде. Асановты Об-
комның хатшысы, Министрлер Кеңесінің председателі, Прокурорлар
сүйеп тұрды, сосын ол шалқыды. Бес жыл Шұбарда дүниенің қызығын
көрді. Бейсебаев Министрлер Кеңесінің председателі болып тұрған

кезде оған Социалистік Еңбек Ері атағын алып берді. Алдабергенов
орнынан түсерде Бейсебаев Обкомның хатшысы болды, содан кейін
1-2 жылдан кейін Министрлер Кеңесінің председателі болып кетті.
Жоғарыда айтып кеткенімдей, Асанов бастық болған кезде Шақан

Сасықбаев (Шақан Алдабергеновтың інілері, бұрын бастық болған,
коммунист болған) шаруашылықты дұрыс жүргізбеді деп оған қарсы
шығады. Асанов содан кейін Шақан ақсақалмен арыздасып, шатақта-
сады. Ақырында ол Шақан Сасықбаевты соттатады. Таққан кінәсі не?

Асановтың бір баласы мектеп-интернат салған кезде смоланы сағыз
деп шайнап, сол смола ішіне тұрып қалып, қайтыс болған. Баланы
Шұбардың аяғындағы бейітке жерлеп, басына мрамордан ескерткіш
қойды. Сол мраморға алтыннан желімдеген жазуын шағып алып ала-

ды да: «Менің баламның басындағы жазуды Шақан шапқан» – деп
үкіметке арыз берген. Есі шамалылау бір кісі бар еді, атын ұмытып
отырмын, соны: «Мен атпен келе жатқанда Шақан бұзып алып жатыр
екен» –дегізіп, куәгер болғызады.

Осылайша Шақанды түрмеге қамайды. Кінәсі жоқ деп босатып жі-
берсе, қайтадан алып барып қаматады.
Ол кісі соттасып жүргенде, Нұрекең бастап юстицияның орынба-
сары болған Бөлекбаевқа барады: «Бұл бір азамат еді, Ұлы Отан со-

ғысына қатысқан, кейін колхоз бастығы болған. Өзі инвалид, бұл қа-
лай болғаны» – деп. Ақырында Шақан ақсақалды Қонаевқа кіргізеді.
Кейін Шақанның айтқаны: «Кабинеті керемет екен. Төрт жыл айтыс-
қаннан әбден қажыған мен, Қонаевты көрген уақытта, есіктен кіре,

еңіреп тұрып жыладым» – дейді. Қонаев қолтықтап, жанындағы үс-
телге апарып отырғызды. Мен әкемді көргендей сонша көңілім босап,
жыладым. Жылап отырып ақырын қарасам, ол кісі (Қонаев) бірдеңе
жазып отыр, көзінің астымен маған қарап қояды. Бір сағат отырдым,

өксігімді басып, жылап болғаннан соң ақырын маған қарап, қария,
ашуыңыз басылды ма? Әңгімеңізге көшіңіз» – деді. «Қарағым, Ди-

51

меке, – айта алмай, көзімнен жас ыршып кетті дейді – қарағым, менің
жазығым жоқ еді. Алты бірдей балам бар, жұмыстан қуып, босатып
жіберді, оның үстіне түрмеге қаматты. Мынау прокурор, мынау облыс-
тың басшылары барлығы түгел жабылып, баяғы Алдабергеновтың кол-

хозын...» – дей беріп едім «жарайды, қария, ұқтым» – деді де, кнопка-
ны басып жіберді. Көмекшісі келді, татар әйел екен. -«Республикалық
прокурорды шақыр! Шақан Сасықбаевтың делосының барлығын алып
келсін деп айт»– деді. «Обком басшысын шақыртты (фамилиясын

ұмытып отырмын). Ол жоқ екен, Талдықорғанға жиналысқа кетіпті.
Ол жоқ болса Облисполкомның председателін (ол кезде Жұмақан Бала-
панов болған) шақыр деді» –дейді. «Республикалық прокурор келеді,
делосы 12 том болған екен» –дейді. «Делоны қой деді» – дейді. Мен

қасында отырмын, республикалық прокурор жанымда отыр. Бір уақыт-
та делоның барлығын ашып, қарап отырды. Бір сағат қарады» – дейді.
Сосын: – «Жолдас прокурор мына делода Асановты сабады деп, ол
Асанов 30 жастағы жігіт, 70 жастағы шал қалай сабайды, қарағым-ау?,

қаралаған адам жаныңда отыр, 40 жыл коммунист болған адам, 30 жыл
колхоз бастығы болған, 5 жыл соғыста жүріп, бір аяғын берген (бір
аяғының буыннан төменгі жағы жоқ еді)» – деп, Димекең ашуланып:
«істі жап», – деп айтты» – дейді. Сол уақытта Балапанов келді дейді.

Амандасқан соң: – Мына кісіні білесің ба? – депті. – Білемін – депті.
Олай болса, колхоз бастығына айт, обком секретарына айтып, мына
кісіні 24 сағаттың ішінде жұмысқа қойдыртыңыз. Жұмыстан босат-
қаннан бері қарайғы айлығын төлеңіз. Қария, басқа айтарыңыз бар ма?

– дейді. 12 томдық делоны қызыл крестпен, қызыл карточкамен салды

да: «Мынаны архивке алып барып, өртеп жібер!» – деген. Сосын: «Қа-
рия, сау болыңыз, бір жағдай бола қалса, мына телефонға звондаңыз»

– деп визиткасын береді. Содан есіктен шығып бара жатқан уақытта:

«Қария, тоқтай тұрыңызшы, алты балаңыз бар екен, мына кісімен төрт
жыл айтыстыңыз, жағдайыңыз қалай?» – депті. «Төмен қарап тұрып
не айтарымды білмедім» – дейді. «Енді, жағдайым, алты балам бар,
өзіңіз білесіз ғой, қаңғып жүрген адамда не жағдай болады?» – десе,

кнопканы басып жібереді де, хатшы әйелді шықыртып: «Фатима, мына
кісіге ЦК-ның өзара көмек қорынан 4 000 сом ақша беріңіз» – дейді.
Мен:«көп ақша ғой, мен ондай ақша ұстамаймын дегенде: Қария, алты
балаңыз бар, алыңыз. Сау болыңыз", – деп жаңағы ақшаны қойыныма,

қолтығыма тығып-тығып жіберді» – дейді.
Алдына сан рет келгенде есігінен кіргізбей қойған Балапанов, сол
сәтті байқап қалып: – «Қария, қолтығыңызға не тығып жатыр?» – дейді.
Шақан қария сауатсыз адам еді. Содан Шақанды Алматыдан об-

лисполкомның «Волгасына» отырғызып алып Талдықорғанға алып
келеді. Бұл кезде Талдықорғанда мал шаруашылығынан үлкен жина-
лыс болып жатыр екен. Обком секретары бар, горком секретары бар,

52

Асанов бар – барлығы фойеде тұрады. Балапанов оларға барып: «Ди-
мекең мына кісіні 24 сағаттың ішінде жұмысқа қойсын деп айтты.
Мен жауабын жеткізуге тиіспін» – деген. Содан шаң-шұң еткен дауыс
шықты, шаңқылдап ұрсысып жатты дейді. Асанов: «Қонаев бұны

менің орныма қойсын» – дейді.
Балапанов өте қу адам. Содан: «Шәке, машинаға отырыныз» – деп,
отырғызып алады да, қарияның үйіне келеді. Қалтасында 1 000 сомы
бар, соны жеңгейге «бала-шағаға» деп береді. Шақан ақсақалға: «Қа-

рия демал, мен жеңгемен ептеп сөйлесейін» – дейді. Сөйтіп, Шақан-
ның әйеліне: «Бұл кісі сауатсыз адам, «Асановтың орынбасары болып
неміс отыр. Мен не орынбасары болам, не бастық болам» деп жа-
тыр, бұл қалай болады. Мынау бірінші фермаға немесе екінші ферма-

ға ферма меңгерушісі болсын, еңбекақысын береміз» –дейді. Әйелі:
«Не, оны істемеймін деді ма, шал?» – дейді.

– «Істемеймін деп айтты» – дейді, Балапанов.

Шақан қарияның әйелі келіп оған: «Қаңғып жүргеніміз аз ба еді?
Мен мына алты баланы қалай асырап жүрмін, сен беріп тұрған қыз-
меттен бас тарттың» – деп, ақсақалмен айқаса кетеді. Балапанов Ша-
қанның әйеліне: «шалды көндір» – дейді. Ол: «көндірем» –дейді. Со-

нымен, шал көнеді. 1962 жылы Нұрмолда атамыздың үлкен фермасы
болатын. Балапанов оны осы фермаға алып келеді. Ал, мен сол фер-
мада механик болатынмын.
Ферманың үлкен есебі бар. Еттің, малдың, азық-түліктің есебі де-

гендей. Оның үстіне еңбек ақыны да жазады. Ал, ферма меңгерушісі
болған мына кісі болса, шала сауатты, ферманың есебін жасау оңай
шаруа емес, оны жасайтын адам керек. Асановтың: «ол кісі сауатсыз
істей алмайды» –деп айтқаны бар. Шақан ақсақал маған келіп: «Інім,

Асановтан қорқасын ба, қорықпайсың ба?» – деді.
Ол кезде менің бәйбішем Одаққа депутат. Алдабергенов бесінші ша-
қырылымда депутат болды, ол түскеннен кейін менің бәйбішем алтын-
шы шақырылымға депутат болды. 120 сиыр сауған сауыншы болатын.

Мен: «Жоқ, аға, қорықпаймын, ферманың есебін жасаймын» – дедім.
Сонымен бұл кісі көшіп келіп, ферма меңгерушісі болды. Мен фер-
маның есебін жасап берем. Ол дайын есепті Виж деген экономист
досы бар, соған апарып береді де, қайтып келеді. Ал, Асанов содан

кейін сол фермаға ат ізін салған жоқ.

– Асанов ол кезде колхозда председатель ма?

– Иә, ал бұл ферма сол колхоздың бірінші фермасы болатын. Бір

күні, ферма меңгерушісі (Шақан Сасықбаев) құбылып тұратын әдемі
қытайлық жасыл қалпағы мен қытайлық қымбат макинтошын киіп
шығыпты (оны ертеректе Алдабергеновке Қытайдан «Жэньминь жи-
бао» газетінің бас редакторы, жанында 7-8 адамы бар коммисия келіп,

риза болып Шақановқа сыйлап кеткен).

53

Өзі мысқылдап сөйлейтін кісі еді. Мен: «Қария, ажар беретін
киіміңізді киіпсіз, бір жағдай болып қалды ма?» – деп едім, сонда
оның айтқаны: «Әй, Қыдырбек, бір Тәңір келіпті ауылға, соны қо-
наққа шақырайын деп едім. Сен облыстық тұтынушылар одағының

бастығын білесің ғой, содан барып машинаңмен бір жәшік қымбат
арақ алып кел (мен ол кезде бәйбішем депутат болғандықтан, ауылда
ең алғаш жекеменшік «Москвич» машинасын алғанмын). Жалайыр-
дың жақсыларының барлығын шақырам, тай соямын» – деді. Арағын

алып келдім, түске жақын «Волга» келді. Ішінде біздің жалайырдың
біраз адамдары бар. Тай сойылды, екі жәшік коньяк пен шампан құ-
йылды. Қонақтардың ішінде Нұрмолда Алдабергенов, ауылда қызмет
жасаған тағы оншақты адам, олармен бірге үлкен бір сары кісі (Тәңір

дегені осы кісі) мен әдемі келіншек және өзбек бәйбішесіндей жау-
лық салған, аппақ, сондай әдемі тағы бір әйел кісі болды. – «Бұл кісі
кім?» – деп сұрастырсам, бұл кісілердің әкелері ертеректе бай болған,
өзі Ленинградта оқып, Сауда институтын бітірген екен. Содан бір ев-

рейдің қызын алып, осы Жетісуға келеді. Келгеннен кейін қызметте
көтеріліп, обкомның екінші хатшысы болады. Осы кісі екінші хатшы
болған уақытта геройлардың герой болып, орден алып, алдыңғы қа-
тарға шыққан кездері. Оған осы кісі қатты көмектеседі. Ал, ол кезде

обкомның бірінші хатшысы кіші жүз Артығалиев деген кісі.

– Қонақ болып келген кісі қазақ қой?

– Қазақ, жалайыр. Жалайырдың ішінде орақты екен. Малайсарының

күнбатысының күнгей жағын орақтылар мекен етсе, күн шығыс жағын
андастар мекен етеді. Андастар болғанда ішіндегі дербісәлі мекендейді.
Қонақтар арақты ішті, қазы-қартасын жеді. Ет жеп отырған уақыт-
та бір кісі келді де: «Ассалаумағалейкум» деп амандасты. Қонағы-

мыз оған қолын селқос берді. Тұрды да айтты: «Нұреке, – деді тәңірі
(фамилиясы Құлынбаев, аты Маулен), – Нұреке, апиыншыдан қандай
бала туады? Сөйтсе жанағы келген кісінің әкесінің аты – Дайыр деген
кісі, апиын ішеді екен. Сол Дайыр жалайырдың шежіресін көп білген.

Бұл – соның баласы Әбдіқадыр Дайыров деген кісі екен. Нұрмолда
Жаңаталапқа бастық болғанда, ол Жаңалыққа бастық болады. Герой-
дың көбісі Дайыровтың совхозынан шыққан. Жаңаталаптан алты ге-
рой, Жаңалықтан тоғыз герой шықты. Кейін колхоз қосылған уақыт-

та, өзі бастық болуы үшін Әбдіқадыр Дайыров Нұрекеңнің үстінен
арыз жүгірткен. Өйткені, Нұрекеңнің колхозы көтеріле бастайды. Сол
кезде электростанция салынған, қазір қаңқасы жатыр. Сонда обком
секретары Артығалиев Дайыровты қолдайды. Дайыров Артығаливқа

қонақтап, жиі барады деп естиміз. Обкомның басқару бюросы: «Қа-
лай Дайыров болады, шаруашылықты көтерген мына Алдабергенов»

– дейді. Айтыс-тартыс болады да, ақыры обком хатшылары Нұрмол-

54

даға тоқтап, үш колхозға бастық болып қалдырады. Ал Әбдіқадыр
Дайыровты Жетісуға жібереді.
Ал, апиыншыдан қандай ұл туады деп неге айтты? Бұл кісі (Құ-
лынбаев Маулен) обком хатшысы болып жүрген уақытта еврей әйелді

тастады, Алакөлде найманнан Дәмелі деген райкомның үшінші хат-
шысы болған қызды алады. Әйелді алғаннан кейін жұмыстан босай-
ды. Бұл кезде Нұрекең Одаққа депутат болып, дүрілдеп тұрған кезі.
Алматыда ол кезде бұрышты экспортқа шығаратын бұрыш заво-

ды бар екен. Оның бухгалтері еврей, инженері дүнген, бастығы кім
екенін білмеймін. Сол кезде Мауленді сол бұрыш заводына директор
етіп жібереді. Директор етіп жібергенде, жанағы еврей мен дүнген
келіседі де «махинация» жасайды. Бұл бұрышты Жапонияға жібе-

реді екен. Бұрышты уатқанда дүнген кішкентай қызыл кірпішті уа-
тып, салмағын арттыру үшін бұрышқа қосады екен. Содан есептеп,
қызыл бұрыштан түскен ақшаны еврей екеуі пайдаланады екен. Ал
жапондар бұны біліп қояды. Соның кесірінен екі ортадағы сауда тоқ-

тап қалады. КГБ тексерген уақытта Құлынбаев Мауленді, директор-
ды, еврейді, дүнгенді ұстайды. Үшеуін ату жазасына кеседі. Ал, бұл
кісі қалай атылмай қалды? Баяғыда үкімет басына (Жоғарғы Кеңестің
төрағалығына) Ниязбеков деген келіп еді ғой, ол Ақтөбеде обком сек-

ретары болған екен. Құлынбаев жас кезінде Сауда институтын бітіріп
келді ғой, кейін Москвада жоғары партия мектебінде, Ниязбеков пен
кейінгі әйелі де (Дәмелі) сонда оқиды. Қиыншылық уақыт, Дәмелі
тамақ жасайды. 4 жыл оқи жүріп бұлар дос болады. Содан Дәмелі

Талдықорғанға, Ниязбеков Ақтөбеге кетеді. Қоштасар уақытта Нияз-
беков: «Дәке, өлсем жақсылығыңды ұмытпаспын. Жағамның кірін
жуып, үтіктеп, күйеуіңнен кем көрмедің. Жақсылығың менен қайтар,
менен қайтпаса да құдайдан қайтар» – деген екен.

Құлынбаев сотталып, ату жазасына кетіп тұр. Әйелі Дәмелі қазіргі
әл-Фараби атындағы университеттің партия ұйымын басқарады. Сол
тұста Ниязбеков Жоғарғы Кеңеске төраға болып келеді. Дәмелі осы
кезде Ниязбековке келіп, күйеуінің жағдайын айтады. Ол: «Ату жа-

засына жібермеймін, оған шамам келеді. Бірақ түрмеге қамалады, 3-4
жылда, құдай қаласа, босаттырам» – дейді. Айтқанын жасайды. Бұл
кісі төрт жыл түрмеде «одиночкада» отырады. Еврей мен дүнген Қа-
рағандыда түрмеде атылып кетеді.

Сол келгенінде түрмеден босап келгеніне бір ай болған екен. Ал-
матыда тұрады, Шақан ақсақал қонаққа шақырып, ел-жұртқа келіп
отырған беті екен. Содан тамақ ішіп отырып, «Нұреке, апиыншыдан
қандай бала туады? – деуінің себебі: Өзі түрмеге қамалып, әйелі қиын

жағдайда қаладысол кезде: «Менің тусытарымның барлығы Көксу
мен Қараталдың ішінде, кез-келгеніне барсаң, көмектеседі, ең жақын
туысым, Жетісуда бастық Дайыров деген, сосын досым Шақан деген

55

бар, Нұрмолда бар, нағашыларым бар – осының барлығы көмекте-
седі»– деген ғой. Содан әйелі қиыншылық уақытында келсе, Дайы-
ров бұны қарсы алмай қояды. Одан жылап шығып, Нұрекеңе барады.
Нұрекең бір машинаға (ГАЗ 51) не тамақ бар, барлығын тиеп береді,

ақшасын береді. «Күйеуің босап шыққанша мен аман болып тұрсам,
соғымың, ақшаң менен» – деп, Нұрекең болысқан екен.
«Апиыншыдан қандай бала туады?» дегені – Әбдіқадыр Дайыров-
тың әйеліне көмек бермегенін меңзеп, кекеткені екен.

– «Ол кезде қиыншылық заман, анау-мынау» –деп Әбекең жуып-

шая бастаған уақытта Маулен тік сөйлеп: «Жоқ, Әбдіқадыр! Нұре-
ке, мына Әбдіқадыр сенен маған бір табан жақын болды (Маулен де,
Әбдіқадыр да орақтылар), сенен гөрі осыған көбірек болысушы едім.
Жылап келіні келген уақытта үйден айдап шығыпты, сол адамшы-

лыққа жата ма, әділін айтшы» – деді.
Дайыров отыр. Сонда Нұрекең: «Енді, Мауке, не дейсің? Туысың
ғой сенің. Бірақ қазақта: «Кең болсаң, кем болмайсың» деген мақал
бар. «Ер адамның басына не келіп, не кетпейді» – деді.

Маулен: «Әй, Нұреке, Алла Тағала бақты саған осы кеңдігіңнен берді
ғой. Жарайды, апиыншының баласы, отыр орныңа, жарайды» – деді.

– Сонда Дайыровтың әкесі апиыншы болған ғой?

– «Әбдіқадырдың әкесі Дайыр деген кісі апиыншы болған. Жаңалық

колхозында тұрған ғой, Жаналықтың шалдары «бастықтың әкесі» деп
апиын тауып береді екен. Апиыны жоқ болса, кұрысып, тырысып қа-
лады екен.
Сонымен тамақ ішіп отырған уақытта, бір жылқышы шал келіп

(күзді күні, мал айдасып жатқан уақыт болатын) барлығымен аман-
дасты. Шақан ол кісіні дастарханға отырғызды. Осы отырыста Мыр-
захан деген кісі туралы естідім.
Құлынбаевтың қасындағы екі әйелдің біреуі келіншегі де, екіншісі

– өзбек бәйбішесіндей жаулық салған, аппақ әдемісі – апасы, Кәду-

шей деген кісі екен. Шалға барлығы амандасып жатқанда жаулық
салған кісі:

– Әй, Қашқармысың? – деді.

– Иә, Қашқармын, сіз кім боласыз? – деді.

– Мені танымадың ба? Мен Кәдушеймін ғой, – деді.

«Ойбай-ау, Кәдушей» – деп құшақтап, амандасты. Оны қайдан тани-
сың дегенде: «Айтайын, бұл көп әңгіме. Мына Маулен Ленинградта
оқып жүрген уақытта, әкеміз бай, кәмпескеленіп кетті. Күйеуім Мыр-
захан Талдықорғанда ОГПУ-дың орынбасары болған. Мырзаханның

Тоқберген деген нағашысы керемет бай болды, Лабасының тұмсы-
ғында тұрды. ОГПУ байлардың барлығын кәмпескелеп, ірі байларды
атты ғой. Сол Тоқбергенді де атуға үкім шығарылады. Сонда Мырза-
хан Талдықорғаннан атпен шығып, Тоқбергенге барып, бүгін түннен

56

қалмай Қытайға өтіңдер, ертен сені ұстап атады дейді. Тоқберген бір
түнде Лабасы тауынан Шаңырақтан өтіп, 1928 жылы көктемде ма,
күзде ма, кәмпескенің алдында Қытайға өтіп кетеді. Ертеңінде ОГПУ
оны ұстайын десе, жоқ, орнын сипап қалады. Олар: «бұл кім, бұл

қалай болды, яғни біздің арамызда тыңшы бар» – деп, сұрастырған
уақытта таңға жуық атпен қайтып келе жатқан Мырзаханды көрген
адам бар болып шығады. Содан Мырзахан ұсталып, атылып кетеді.
Тоқбергеннің үш баласы болған – Қашқар, жаңағы жылқы бағып кел-

ген, сосын Омарбек пен Қасымбек деген» –дейді. Мырзахан атылып
кеткеннен кейін оның әйеліне ешкім көмектеспеген. Кейін інісі Мәу-
лен сотталып кеткенде келіні Дәмелі екеуі елге келгенде, ешкім де,
туыстары да мойын бұрмайды. Қашқарға да барды, әкесін атудан құт-

қарып жіберді ғой деп, ол үйіне де кіргізбейді. Сол кезде Нұрмолда
ағамыз ғана көмектескен екен. Одан кейін ол кісі тұрмысқа шықпап-
ты, бала да көтермепті. «Неге тұрмысқа шықпадың?» деген уақытта:
«Мырзахандай адам кездеспеді, екеуміз қосылған уақытта ант беріп

едік» – деп, Мырзахан* туралы жылап тұрып айтты.
Ертеректе аштық кезінде«астық тап» деп халықты қинаған заман
болған ғой. Сол кезде осы елде астына жүйрік ат мініп, қолына беса-
тар мылтық ұстап жүретін Балабеков деген үкіметтің адамы болған

екен. Сол Балабеков бетіне қарағанды «халық жауы» дегізіп айдатып
отырған. Үлкендердің сақалынан сүйреп, елді зар қақсатқан қатыгез
адам болған екен.
----------------

*Мырзаханның кім екені туралы қысқаша мәлімет. Мырзахан Төлебаев Алаш
қозғалысында Мұхамеджан Тынышбаевпен бірге жүрген. М.Тынышбаевтың ұсы-

нысымен Жетісу өңірі жігіттерінің 1916 ж.қара жұмысқа бастап барған Мырзахан-

ның туған інісі Керімбек те репрессия құрбаны болған. А.Байтұрсынов «Қазақ» газетінде Жетісу жігіттерін майданнан бері бастап келе жатқан Мырзахан Төле-

баев деп жазды. Ол оқудағы қазақ жастары үшін Ә.Бөкейханов атындағы стипендия белгілеңіз деп, майданнан қайтып келе жатқан уақытта жігіттерден ақша жи-

нап (майдандағы жұмыстары үшін берілген ақшадан) Орынборда пойыздан түсіп,
А.Байтұрсыновқа арнайы сәлем беріп, қаржысын табыстайды. Өйткені Ә.Бөкей-

хановтың майдандағы қазақ жігіттеріне көмегі көп болған. «Қазақ» газеті арқылы Ресей қалаларында, Қазанда оқып жүрген қазақ студенттеріне Үндеу тастап, оқуды қоя тұрып әскерге алынып жатқан қазақ жігіттеріне көмекке келуге шақырды. Олар орысша білмейді, сауаттары жоқ, босқа қырылып қалатын болды, тілмаш, аударма-

шы болыңдар, дәрігерлерің болса, емдеңдер дейді.
М.Тынышбаев Түркістан генерал-губернаторына Мырзахан Төлебаевтың, халық-

ты көтеріліске шықпауға үгіттеп, 1916 жылы қара жұмысқа Жетісу жігіттерін өзі бастап барып келгенін, өте ақылды, қабілетті адам екенін, оның ата-анасының ауыр материалдық жағдайын айтып оған көмек беруін өтініп хат жолдаған. Кейін патша

үкіметінің генералы Анненковқа оған көмектесуін сұрап өтініш айтқан.
Мырзахан Төлебаев інісі Керімбекпен бірге Азамат соғысы жылдары Жетісуда
қазақ ауылдарын ақтар мен қызылдар талауынан сақтау жолында жүріп мерт бол-
ды. Осындай тұлғалардың есімдері ұмыт болуы тиіс емес, көше аттары беріліп,

олар туралы зерттеу жұмыстары жүргізілгені жөн болмақ.

57

Балабеков ел арасына тағы шықты дегенде Ақтөбе-Шұрықта отыр-
ған Хамза деген атамыз: «Елдің бәрін қырып бітті ғой, бізде бас
көтеретін адам бар ма?» –деп қасына жігіттерді жинайды. Бәрі са-
қадай-сай, дайын отырады. Балабеков келеді, өзі бесатарын қысып

ұстап сақтанып жүреді екен. «Астықты таптыңдар ма?» дегенде, «иә,
таптық. Құмда, сексеуілдің ішінде, көміп тастағанбыз» –деп, сезік
тудырмау үшін астық тиеуге қажет құрал-саймандарын ала Ақтөбе-
Шұрыққа ертіп келеді. Келе Балапановты алып ұрып, ол бесатарына

жармаса бергенде, қаруын қағып түсіреді. Оны сексеуілге байлап қо-
йып: «Әй, иттің баласы, мына құмда қандай астық болады. Сен-үкі-
метсің, біз-халықпыз. Саған – жаза» – деп оны өртеп жібереді. Түтін
шығып жатқанын бір қойшы көріп, тамақ пісіріп жатыр екен деп кел-

се, жанып жатқан адамның сүйектерін көреді. Қойшы қорыққаннан
безіп кетеді. Кейін Балабековтің Ақтөбе-Шұрық жаққа кеткенін бі-
летін үкімет адамдары іздеп шықса, жаңағы қойшыны кездестіреді.
Қойшы Ақтөбе-Шұрықта жанып жатқан адамның сүйегін көргенін

айтады. Қойшының айтқан жеріне келсе, мылтықтың темірі жанбай
қалған екен. Балабеков екенін біледі. Ақыры Балабековты өлтірген-
дерді табады. Хамза бастаған 35 адамды бір күнде ұстап әкетіп, атып
тастайды. Бұл әңгімені үлкендерден естігенбіз. Мен өзім бала кезімде

Хамзаның баласы Әнуарды көргенмін. Аралтөбеде тұрды. Өте сұсты,
өзі де, әйелі де ешкіммен көп сөйлеспейтін еді. Үйінде тазы ұстай-
тын, тазысы таза төсектің үстінде жататын еді.
Менің бәйбішем сельсовет болып тұрған уақытында Обкомға шақыр-

тады да «Шұбардың бір көшесіне Асылбеков деген кісінің атын бер»–
дейді. Бәйбішем -«Жарайды» дейді. Ауылға келгесін Нұрғали ақсақал-
ды шақырып алып, Асылбеков туралы сұрастырады. Сонда Социалистік
Еңбек Ері Нұрғали ақсақал өзі куә болған бір оқиғаның шетін тарқатты:

Ол кезде Шымыр деген жерде тұрамыз, мына аудан жоқ, Қаратал ауда-
нына қарайды. Асылбеков үлкен органда істеген адам екен. Ол: «Ескелді
деп жалайырлардың сиынып жүрген құдайы кім? Мені соған апар деді»

–дейді. Содан Асылбеков Үштөбенің бергі жағындағы Ескелді бабаның

мүрдесінің басына келіп, аттан түсіп, сол жерге дәрет сындырады. Әрі
қарай атына мініп жүріп кетеді де Талдықорғаннан өтіп, Шымырға жет-
кенде мүрделердің тұсында аттан жығылып, сол жерде қайтыс болады.
Нұрғали ақсақал сол сапарда бірге болады. Асылбеков те талай адам-

ның көз жасына қалған, қарсы келгенді үкіметке қарсы деп соттатқан
адам болған екен. Ақыры, облыстан қысым жасай отырып Шұбарда бір
көшенің атын бергізді. Ол көше қазір де бар.

– Әңгімеңізге рахмет! Аман болыңыз.

Сұхбатты жүргізген: Қойгелдиев М.Қ.
Өңдеген: Бисембаева Л.А.

58

Бимұрат Боранбаевпен сұхбат

– Өзіңізді таныстырып өтіңізші, қай жерде, қашан өмірге

келдіңіз?

– Аты-жөнім Боранбаев Бимұрат Көпбайұлы, Алматы облысының

қазіргі Ескелді ауданына қарасты Жетісу ауылында 1942 жылы дү-
ниеге келіппін, бірақ құжат бойынша 10.04.1943 жылы туылған деп
көрсетілген. Ол кезде құжатты уақытында алмайды ғой.
Мен 1968 ж. Семей зоотехникалық мал дәрігерлік институтында

мал дәрігерлік мамандығы бойынша жоғары білім алып шықтым.
Қазіргі таңда мен Ескелді ауданында ардагерлер ұйымының төрағасы
болып 1 жыл көлемінде жұмыс жасап келемін.
Мен 1942 ж. Текелі каласының кіреберісінде станция бар, ол жер-

де 1942 жылға дейін Қызыл Күншығыс колхозы болған. 1942 жылы
Кеңес үкіметінің шешімімен сол жерде шахта ашылды да, колхоз та-
ратылды. Жапондар келді. Осы шахтада жұмыс істеймін десеңіздер
қала беріңіздер, жұмыс табылады деді. Бірақ біз орыстармен бірге қа-

лай жұмыс істейміз деп көшіп кеттік. Туған жерім Қызыл Күншығыс,
қазір Текелі қаласы деп аталып кетті.
Әкемнің аты Көппай. Көппайдың сайы деген бар осы күнге шейін,
менің әкемнің атына байланысты солай аталады. Әкемнің малы бол-

ған жоқ, егін шаруашылығымен айналысып, қызылша, бидай өсір-
ген. 1981 жылы қайтыс болды. Анамның аты – Нурбала. Біз Нұртай
дейтінбіз. 2001 жылы 11 қыркүйекте қайтыс болды. Анам он төрт
құрсақ көтерген. Мен жетінші баламын. Содан үшеу қалғанбыз, был-

тыр інім қайтыс болды. Қазір қарындасым екеуіміз ғана қалдық. Қа-
рындасым – зейнеткер. Күйеуі, бір ұлы, екі қызы, немерелері бар.

– Сіздің балалық шағыңыз қандай болды? Еске түсіріп

көріңізші.Ойыншықтарыңыз болды ма?

– Балалық шақты қуанышты болды деп айтуға болмайды. Тура со-

ғыс уақытында тудық. Балалар үйде отырамыз. Әке-шешеміз таңғы
7-де кетеді, содан түнгі 10-дарда келеді. Сонда келгенде, құр келмейді,
өзімен бірге сабанын арқалап келеді. Сабанды жағып, тамақ-шәйін
береді. Ертеңгісін тұрғанда әке шешеміз жұмысқа кетіп қалатын.

Бір жақсысы ясли деген болды. 4 класта оқып жүргенде көлік жоқ,
жаяу, бір шақырым жердегі яслиге інімді мойныма отырғызып алып
барамын. Әпкем болатын, қыз бала емес пе, мектептен келген соң
шешеме жеңіл болсын деп үйдегі шаруаға көмектеседі.Сөйтіп жүріп

әпкемнен айрылдық. Онжылдықты бітірем деп жүргенінде әпкемнен
айырылып қалдық. Неден қайтыс болғанын білмейміз, 1952-1953
жылдар ғой. Қазақшылыққа салып, көз тиді деп ойлаған. Ал, енді,
қазір ойлап отырсам, өкпесіне суық тиген бе, мүмкін, туберкулез шы-

ғар. Ауруы өткір болғаны рас.

59

Ойыншық дегенде, мектепте оқып жүргенде асық, ләңгі ойнайтын-
быз.Содан соң көктемде сиыр түлейді ғой, соның жүнін сипап-сипап
доп-домалақ қылып доп жасап, сонымен ойнайтынбыз. "Қашпа доп"
дейді. Біреу ұстап тұрып соғады, біреуі қуып кетеді. Екі команда бо-

лып, бірін-бірі қуып жүріп соғады. Қуып жетіп доппен соқса, сол ко-
манда жеңіледі. Сондай ойындар болды.

– Сіздер тұрған үй қандай еді, сипаттап беріңізші.

– Ол уақытта мемлекет ештеңе бермейді ғой, саман кірпіштен қа-

лап, балшықпен сыланғанекі бөлмелі үй. Әке-шешем оздері салып
алған. Кіреберісті ауызғы бөлме дейді, содан кейін жататын бөлме.
Ауызғы бөлмеде пешің, тамақ ішетін жерің. Түпкі бөлмеде жататын
жер. Кішкентай ғана үстел, бір темір төсек және біраз көрпе-жастық.

Сол темір төсекте үлкен әпкем мені алып жататын, енді ол уақытта
мен алты-жетідемін. Шешем жерде жататын.

– Алғашқы мұғаліміңіз есіңізде ме? Мектепте дәптер, қаламда-

рыңыз болды ма?Мектепте қалай оқыдыңыз?

– Есімде, аты-жөні Қожагелдинова Рабиға деген кісі болған, қазір

қайтыс болды. Бастауыш мектептің меңгерушісі Төлбаев Нұрахым
деген болған. Жетісу ауылын ғалымдар ауылы деп атайды. Жиырма
төрт ғылым кандидаты, он ғылым докторы және Еділ Ерғожин деген
бір академик шыққан, ол мектепті менен үш жыл бұрын бітірген.

Бізде дәптер, қалам деген болмайтын, сия сауыт алып жүретінбіз.
Сиямыз сөмкеміздің ішіне төгіліп қалатын. Өз басым бастауышты
жақсы оқыдым. Бастауыштан кейін Жетісуға ауыстым. Содан жетінші
сыныпты бітіргенше Жетісуда оқыдым, үздік деп айта алмаймын,

бірақ ортадан жоғары оқып жүрдім. Одан кейін бір жағдайлар бол-
ды да, бұл жерде де (Жетісуда) он жылдықты бітіре алмай, Шұбарға
ауысып кеттім. Шұбарға барып, сол жерден он жылдықты отбасылық
жағдайға байланысты екі жыл кеш бітірдім.

– Ол қандай жағдай, айтуға бола ма?

– Әкем отыз үш жыл осы жерде қой бақты. Бір қыста малшылардың

балаларын ашық машинамен жайылымға алып барады. Әкемнің жағ-
дайы жаман емес, бірақ көмектесетін адамдары дұрыс емес екен. Он
екі күн жатқанда қараймын ғой енді. Әкем таң атқаннан кешке шейін
далада малда жүреді. Содан қайтатын уақыт жақындап қалды. Содан

бір-екі жылдан кейін оқырмын деп әкеме көмектесіп қалып қойдым.
Мектепті 1961 жылы бітіріп, Киров атындағы ҚазМУ-дың журналис-
тика факультетіне тапсырып көріп едім, түсе алмадым. Сосын қайта-
дан әкеме көмекші болып бардым. Екі жыл қой бақтым, 1963 жылы

Семей зоотехникалық мал дәрігерлік институтының мал дәрігерлік
мамандығына оқуға түсіп, оны 1968 жылы бітірдім. Дипломмен бірге
жолдама беріп жұмысқа жіберді, бір жақсысы ол кезде оқу бітірген-

60

дердің бәрі жұмысқа орналасатын еді ғой. Мен Жетісуда мал дәрігері
болып жұмысқа тұрдым.

– Стипендияңыз қанша болды?

– 150 рубль алдым.

– Ең алғашқы айлығыңыз қанша болды?

– Өте мәз емес. Одан кейінгі екі жалақымды қосып, анам диван са-

тып алды.

– Кәсіподақ жолдамасымен демалыс орындарына бардыңыз

ба?

– Жаркент-Арасанға екі рет, Барлық-Арасанға бір рет бардым. Кол-

хоз арқылы туристтік жолдамамен Мысыр, Түркия, Грекияға бардым.

– Бүгінгі мал шаруашылығына туралы ойыңыз қандай? Мал-

шаруашылығында кездесіп тұратын жұт жайлы не айтасыз?

– Мал шаруашылығы өте бір жақсы дамып жатыр деп айтуға бол-

майды. Қазірмал дәрігерлерінің қажеттігі артып отыр. Ауылшаруа-
шылығын дамытуға қаржылай көмек беру мақсатында ашылған
«Сыбаға» бағдарламасын білесің. Сол арқылы несие алып мал басын
арттыру, асылдандыру мақсатында жұмыс істеп отырғандар мал дәрі-

герінің рөлін өте жақсы түсінуде. Жалпы, малдың бәрі жеке адамдар-
дың қолында. Мал ауруы өршіп тұр деп айтпаймын, бірақ анда-санда
шығып тұрады, оны мал дәрігерлері, әрине, қадағалап отыр. Ал, енді
жұт жайлы әңгімеге келер болсақ, енді бұл малдың иелеріне байла-

нысты. Олар қыстың қамын ойлап, жақсы жағын емес, жаман жағын
қарастыру керек. Біреуге артып қоятын заман жоқ, әркімнің өзіне бай-
ланысты. Адам шамасына қарай бағып, шамасына қарай ұстау керек.

– Мал өсіру қай кезде жеңіл болды? Одақ кезінде ме, әлде

тәуелсіздік алғаннан кейін бе?

– Одақ кезінде жеңіл болған, онда мемлекет тарапынан көмек көр-

сетілетін, қазіргідей жекеменшік жок, ұжым болып кірісетін. Бүкіл
техниканы колхоз беретін. Қазір өз күшіңе ғана сенесің.
Сұхбатты жүргізген: Ботбаева З.
Өңдеген: Қалыбекова М.Ш.

61

Жексембай Тәттібекұлы
ЖетпісбаевПЕН сұхбат

– Жексембай аға, әңгімеңізді өзіңіздің туған жылыңыздан, туған

жеріңізден бастап айтсаңыз?

– Мен, Жетпісбаев Жексембай Тәттібекұлы, 1938 жылы 21 қаңтарда

Алматы облысы Ескелді ауданы Шұбар ауылында дүниеге келдім.
Осы ауылда 1946 жылы мектепке бардым, 1956 жылы 10 жылдық мек-
тепті бітірдім. Әкем әскерден қайтып оралмады. Шешемнің жалғыз
ұлы болған соң «кішкене қолғабыс жасап, көмегімді тигіземін» деп

осы ауылда жұмыс істеуге кірістім. Содан кейін, машина айдаушы
«шопырлық» (шоферлық – Ш.Т.) оқуын оқып, Талдықорғанда 1957
жылдары машина жүргізуші болып жұмыс бастадым. Алғашында
жүк машинасын жүргіздім, кейін жеңіл машинаға ауыстым, колхоз-

дың («коллективное хозяйство», қазақша – ұжымдық шаруашылық,
қысқартып айтқанда «ұжымшар» – Ш.Т.) бухгалтерлерін тасыдым.
Одан кейін «семдесять два» «джип» деген машина айдадым. Ол осы
өңірге, Қазақстанға алғашқы келген машиналардың бірі болатын.

Ол машина Нұрмолда Алдабергеновтың машинасы еді, соны айда-
дым. Сол кісінің «шопыры» (шоферы – Ш.Т.) болдым. Бала кезім-
нен техникаға құмар едім, өте қатты құмартатынмын, осы майлап,
сылап-сыйпағанды жақсы көретінмін. Оның үстіне мынадай машина

Қазақстанда жоқ болатын. Қай ауылға барсақ, сол ауылдың үлкен-
кішісі, бала-шағасы түгел машинаны көруге келетін. Ол кезде 1957-58
жылдары ондай «радиоприемнигі» бар ерекше машина жоқ болатын.
Содан бері Нұрмолда ағаның еңбекке деген үлкен қабілеті, іскерлігі,

абырой-атағының қандай екенін күнделікті көріп жүрдім. Ол кісінің
партия, өкімет басшыларымен, ауылдың белсенді іскер азаматтары-
мен, қарапайым халықпенен қалай жұмыс жасау керектігін білетін
ерекше қабілетін көзіммен көріп, қасында жүріп тәрбие алдым десем

болады. Менің техникаға деген «құмарлығымды» ол кісі біліп, сезіп
жүрсе керек, бір күні маған айтты: «Әй, балам сен осылай жүре бе-
ресің бе? Осы ауылға да білімді инженер керек, жоғары оқу орнына
оқуға бар» деді. Ашығын айтқанда біз Нұрмолда ағаға жақын аза-

маттар болатынбыз, туыс болып келетінбіз. «Жалайырдың» ішіндегі
«Андас» өте көп тараған ру болатын, көп рулы болып келеді. Соның
ішінде «Дербісәлі» деген үлкен атадан тараған. Дербісәліден тараған
ұрпақтар Нұрмолда Алдабергенов, біздер, біздің әкеміз сол кісімен

жақсы араласатын бауырлары болған. Содан ол кісі мені бір жағынан
жұмысқа деген ұқыптылығымды, тазалығымды жақсы көрді де, ойда
жоқта «институтқа барып оқы» – деді.

62

Ол кісінің кіндігінен Күлән деген жалғыз қызы болды, екеуміз
бір мектепте оқығанбыз. Осы кезде «ЗИМ» деген машина болатын,
оны тек қана өкімет басшылары мінетін. Соған екеумізді отырғызып
алды, Алматыға тарттық. Алматыда «партшкол» (Жоғары партия мек-

тебі – Ш.Т.) бар еді «Ленин проспектісінің» бойында, соның қасын-
да «Арычный» деген көше бар болатын, қазіргі «Абай проспектісі»
сол тұсқа келдік. Одан соң «ЗИМ-нен» түсіп ары қарай жаяу бардық.
Сонда «Ауылшаруашылығы институтының» жанына машинамен

бара алмайтын, тас жол жоқ еді. Енді Нұрмолда аға Алдабергенов ба-
бамыз жайында, сол кісі жайында айтайын.

–Ауылшаруашылығы институтына келдік деп едіңіз ғой, соны

жалғастырып айта беріңіз?

–Енді, менің ойым, ауылшаруашылығы инстиутынан басқа маман-

дықты таңдаймын деп ойлағанмын, «экономист» немесе «юристке»
барсам ба деп, бірақ менің техникаға деген құмарлығымды, техника-
ны күтіп-баптап ұстағаныма қызықты-ау деймін, Нұрмолда аға «әй,
сен инженер бол» деді. Содан «мехфакка» (Ауылшаруашылығы инс-

титутының механика факультеті – Ш.Т.) түстім, 5 жыл оқып механика
факультетін бітіріп, жоғары білімді дипломымды алып, 1963 жылы
қайтадан ауылға келдім.

– Қайтадан өз ауылыңызға келдіңіз ғой?

– Иә, ауылға келдім, ол кезде Нұрмолда ағамыз қызметінен ауысқан

еді. Ауылды Қасым деген кісі басқарады екен, «ауылшаруашылығы
ғылымдарының кандидаты», кейін «доктор» болды, «Социалистік
Еңбек Ері» сол кісінің қарамағында қызмет жасадым. Біраз жыл Бас
инжинер болдым, одан кейін партия ұйымын басқардым. Содан 1973

жылы мені Облыстық партия комитеті мынау Ақсу ауданындағы
«Жансүгіров» деген колхозға бастық қылып жіберді. Ол артта қалған
шаруашылық еді, сонда 10 жыл жұмыс істедім. Обкомның Бірінші
секретары Албаев өзіне қабылдап, ақылын айтып «Нұрмолданың

тәрбиесін көрдің, қант қызылшасын қалай өсіру, көбейту, содан мол
өнім алудың қыр-сырын білесің» деп, «дұрыс енгізсең көмек болады»
деген. «Қант қызылшасының халыққа беретін табысы, абырой-атағы
өте үлкен. Біздің облыс бойынша қант қызылшасын көбейтуіміз ке-

рек. Осы Ақсу өңірінде қант қызылшасын жолға қою керек болды.
Сондықтан, қарағым сені таңдап отырмын» деді. Енді, шынын айт-
қанда, бұл партияның алға қойған негізгі тапсырмасы еді. «Құдайға
тәубә» бір жылдан кейін қызылшаны жөнге келтірдік. Облыс бойын-

ша бірінші орынға шықтық. Ол жерге 1973 жылы бардым, 1975 жылы
бірінші орын алдық. Одан кейін 3 жыл қатарынан «ЦК-ның» (Комму-
нистік партияның орталық комитеті – Ш.Т.) «ауыспалы Қызыл Туын»
жеңіп алдық. «Құдайға тәубә», сол жерден депутат болдым. Көпте-

63

ген «звеновойларымыз» (бөлімше басшылары – Ш.Т.) Облыстық Со-
веттің, Қазақ ССР Жоғары Советінің депутаттары болды. Сол аудан
бойынша көп орден, медальдар алдық. Одан кейін мені Көксу аудан-
дағы «Куйбышев» атындағы колхозға ауыстырды, ол колхозда 15 жыл

басшы болдым. Сонымен барлығы 25 жыл басшы болып, «пенсияға»
(зейнеткерлікке – Ш.Т.) шықтым. Қазір «Құдайға тәубә» балаларым-
ның қолындамын. Облыстық «ветерандар» (ардагерлер – Ш.Т.), ақса-
қалдар кеңесінің мүшесімін. Мектеп, «детсад» (балабақша – Ш.Т.),

басқа да мекемелерге анда-санда шақырады. Онда ақылымызды ай-
тып, өмірдегі көрген білгенімізді айтып отырмыз.

– Қай жылы үйлендіңіздер?Апамыздың аты-жөні кім? Қанша

балаларыңыз бар?

– 1963 жылы, институт бітірген жылы үйлендік. Сыдықова Ханша-

йым.Қазақтың қыздар педагогикалық институтын қызыл дипломмен
бітірді. Педагог, ол кісіде мектепте директор болған. Сол ауданда, сол
шаруашылықта. Бес баламыз бар. Екі қызым, үш ұлым бар. Барлығы
да семья құрған, 15 немерем 2 шөберем бар, «Құдайға тәубә».

– Балаларыңыз қай салаларда жұмыс істейді?

– Үлкен ұлым инженер, Алматы қаласындағы «Құрылыс инсти-

тутын» бітірген, қазір Ақтаудың құрылыс фирмасын басқарып жүр.
Екінші ұлым қолымда, қаржы саласында істейді. Үшінші ұлым Ас-
танада, Жер комитеті басшысының орынбасары. Астана қаласында
тұрады. Үлкен қызым Алматыда, «Үлкен фирмада» бас экономист бо-

лып жұмыс істейді. Екінші қызым дәрігер. «Наркологический боль-
ницаның» (Наркологиялық аурухана, диспансер – Ш.Т.) «главврачы-
ның» (Бас дәрігерінің – Ш.Т.) орынбасары.

– Нұрмолда ақсақалдың тәрбиесін көрдім дедіңіз ғой? Ол кісінің

еңбегі туралы, қандай тәрбие алдыңыз, сол жөнінде айтып бер-
сеңіз?

– Нұрмолда Алдабергенов біріншіден, «Гвардия геройы» ретінде

қазақтың мақтанышы, екіншіден бұл кісіге Құдай табиғатынан да-
рын берген адам. Олай дейтініміз бала кезімнен бастап айтайын, 1950
жылдары 12-13 жастамын. Қазақстанда бірінші «Домкультура» (Мә-
дениет үйі – Ш.Т.) дегенді, «Летний кинотеатрды» (жазғы кинотеатр

– Ш.Т.) бірінші рет ашқан осы кісі болатын. Кинотеатрдың қасында

аздаған «садтар» (бау-бақша – Ш.Т.) болатын «Жаңаталап» колхо-
зында. Сол баққа су жайылып, «көкпеңбек кілем» сияқты бір тықыр
шым шығатын. Соған біз ауылдың балалары келіп ойнайтынбыз,
күресетінбіз, 10-12 жасымызда ғой. Бір күні Нұрмолда ағамыз бізді

күрестірді, жеңгеніміз тура бір «олимпийский» емес, бір «чемпион
мира» болып келгендей үйге қуанып баратынбыз, жолдастарымызға
қуанып айтатынбыз. Сонда ол кісі бізге «мықты жігіт боласыңдар,

64

атқа мінесіңдер, бәйгеге шабасыңдар, көкпар тартасыңдар» дейтін.
Одан соң, «ой, жарайсың» деп жыққанымызды қасына отырғызатын.
Бізді қасына отырғызғанға «қола медаль» алғандай боламыз. Бәрін
жыққанды тізесіне отырғызады, маңдайынан сыйпайды. Оған біз

тіпті «алтын медаль» алғандай боламыз. Айына бір-екі рет уақыт
тауып «көкалға» өзі келіп, бізді сол жерге жинап, өзі біздің ішімізге
кіріп, малдас құрып отырып алады да, жеңгенімізді қасына отырғы-
зады. «Ой, міне, әкеңе тартыпсың, сен өте мықты жігіт боласың» деп

қоятын, біз соған мәз болатынбыз. Қазір ойлаймын соның өзі дана-
лық қой. Кейін шопыр болғанда қасында жүрдім.
Бұл кісінің бір «әулиелігі» бізде немістер өте көп болды, депорта-
циямен көшіп келгендер. Шешендер де көп болды. Содан кейін тұр-

ғылықты қазақ халқы. Солардың біреуін оң жағына, біреуін сол жа-
ғына тұрғызып ақылдасады. «Не деген кереметсіңдер» деп оларды
(шешендер мен немістерді – Ш.Т.) мақтайтын. Жүгеріні солар өсі-
ретін, керемет қылып өсіретін. Олар жүгерінің дәнінен неше түрлі

тамақ жасайтын. Жасыратыны жоқ, сол кезде еститінбіз шешен мен
қазақ, қазақ пен неміс болып басқа ауылдарда «қырлысып, соғысып»
жатыр дегенді, ал біздің ауылда ондай болған жоқ. Бұл – ол кісінің
әулиелігінің арқасында еді.

Одан кейін Нұрекең осы 1958 екінші «жұлдызын» алды. Бұл кісіні
«әулие» адам дейтінім 1957 жылы Каирде (Египетте) Орта Азия
мемлекеттерінің конференциясы болды. Сонда 1957 жылы Советтер
Союзының делегаттарының ішінде Нұрмолда Алдабергеновте барды.

Онда өкімет басшыларын қабылдағанда, ол жерде протоколы бар,
тәртібі бар, кімді қалай қарсы алады, қанша уақыт береді дегендей
барлығы жазылған, есептелген. Сонда Америка, Англия, Франция,
Советтердің өкімет басшылары мен 5-6 адам қатар тұрады. Сонда

Гамаль Абдель Насыр деген Президент ол «национальный герой»
болып, түгел Египет халқы, араб халқы, жаңағы Насырды күндіз-
түні соның атын атап еңбек етіп, ерекше құрметтеген. Конференция
Каирде, сол Насырдың тұсында болды. Сонда Насыр тек қана өкімет

басшыларымен амандасу керек екен. Басқа елдердің өкімет басшы-
ларымен амандасып, енді біздің Советтер Союзына келгенде өкімет
басшысымен амандасады, Нұрмолда ең соңында тұрған. Ол кісі өмірі
шаш қоймайтын, шашын тақырлап ұстарамен алғызатын. Түріде

төртпақ, басы жылтыр, тапал болатын. Насыр келгенде «Ассалаума-
ғалейкум» деп құшақтап алыпты ана кісіні. Елдің бәрі таң қалыпты,
протокол бойынша ондай жоқ, тек қана өкімет басшыларымен ғана
амандасу керек. Насыр анаған келгенде құшақтап, көптен бері жо-

ғалтқан бауырын тапқандай құшақтап, кеудесіне қысыпты. Ол әңгі-
мені Москваға айтып келіп, содан кейін ЦК-ның инстукторы Алма-

65

тыға келіп, Алматыдан осында келгенде Нұрмолда ағамыздың тұрған
жеріне барып, бүкіл Жетісу болып қарсы алғанбыз. Мен сол кезде
«джипті» айдап жүрген кезім еді. Мына үйге келгенде енді елдегі
керемет қуаныш Нұрмолданың екінші «жұлдыз» алды дегені, бүкіл

қазақты сыйлағандай болды ғой. Нұрекең «еңбек ардагері ғана емес,
«ауылшаруашылық академигі» бұл кісі әулие адам. Оған бір себеп:
Гамаль Абдель Насырды дүниежүзі сыйлаған, халқы түгелдей күндіз-
түні еңбек етіп отырған Египет халқының президенті басқаның тек

қолын алып амандасқанда, Нұрмолда Алдабергеновты кеудесіне қы-
сып сәлем берген екен. Сондықтан Нұрекеңнің келешегі алда» деп,
сондай әңгіме айтқан. Нұрекеңнің өзінде таза мұсылмандардың түрі
бар сияқты. Кеуделі, алқымы кең, басы жылтыр, мұрынды, жалпы қа-

зақтың бет-бейнесін пішіндегенде Нұрмолдаға тура келеді.
Одан кейін тағы бір айтатын қызық әңгіме, кішкене балалардың
күресі. Балалар жиналып күресетін дедім ғой. Сонда біреуі жеңіліп
қалып, желкесін қасып тұрғанда, Нұрекең: «Әй, саған не болды, бүгін

онша емессің ғой. Не, үйде дұрыс тамақ ішпедің ба, ұйықтамадың
ба?» –деп сұрайтын. Жеңілген бала «Папам мамаммен ұрысты» дейді.
Нұрекең: «Неге ұрысады?» –деп сұрайды. Жаңағы бала «папам арақ
ішіп келді» дейді. Сөйтіп балалардан үйдегі барлық «информация-

ны» жинап алады да, айына бір рет керемет «правление» («правле-
ние» колхоз басқармасы, «правление» өткізу-басқарманың жиналы-
сын өткізу – Ш.Т.) өткізетін.

– «Балалы үйдің – ұрлығы жатпайды» деген сол ғой?

– Сөйтсек бізден біліп алады екен ғой, кіммен кім арақ ішеді, қашан

ішкенін, кім әйелімен ұрысқанын. Бұл кісі әйел адамға қол тигізген,
әйелді ренжіткен адамның «жанын» шығаратын. «Ол сенің әйелің,
анаң, сенің үрім-бұтағыңды дүниеге келтіріп жатыр» дейтін. Ол кісі
қыз балаға, әйел адамға, анаға деген құрметі ерекше болатын. Енді

біздің шешеміз, оның туған жеңгесі ғой жақын. Ары өткенде бері өт-
кенде «ой жеңгемнің бидай көжесін ішсем, бір жетіге дейін шөлде-
мей жүрем» деп мақтап кететін. Соған шешеміз мәз болып қалатын.
Өзі адамдардың кілтін таба білетін. Адамды осы бір ауыз сөзімен, кө-

жесімен мақтап, сол көжені керемет жасауға, соны дәмді қылуға не-
месе қыздардың әдемі болып жүруіне ықпалын тигізетін. Сол кісінің
тұсында бір адам «төбелесіп, сотталыпты, ішіп-қойыпты» деген еш-
қандай факті болмаған. Міне осының бәрі сол кісінің даналығының

арқасында. Апаларымыз Нұрмолда ақсақалдың «көжең дәмді» бо-
лыпты деген сөзін бірінен-бірі естіп дәмді қылып жасап отырған шы-
ғар. Ол кезде құрт, ірімшік деген, айран, қатық деген көп еді ғой. Сол
кезде ішетін тамақтың мықтылығынан, тамақтың тазалығынан ауру

сырқау, суық тию дегенді білмеген ғой. Қазір, әйтеуір, әлгі сусын-

66

дарымыз неше түрлі қоспа. Ал, ол кезде шалап, қатық, айран, бидай
көжелердің барлығы таза ғой. Ауылға бара қалсақ, таза тамақ ішіп
бір жасап қаламыз ғой. Ал енді, бала кезімде бидай көже, тары көже,
қатық, айран дегенді ішіп өстік қой. Бізде мынандай «кәстрөлге»

(кастрюль) жасап қоятын, қарнымыз ашса, бидай көже ішіңдер дейді.
Бидай көжеден бір кесе ішіп, ары қарай ойнауға кететінбіз.
Нұрмолда ақсақалдың ұйымдастыру қабілетіде керемет қой. Міне,
осы ауыл қазір осы Қазақстандағы «қала тектес» ауылдардың бірі. Ал

енді 1950-ші жылдары колхоз қосылғанда мына «парк, Домкультура»,
мына «Геройлар аллеясы», қонақ үйлер, детсадымыз (балабақша) бұл
жерде болмаған. Мына «Жаңаталап» деген Нұрмолда Алдабергенов
басқарған колхоз. «Жаңалықта», «Жаңаталапта» Нұрмолда Алдабер-

генов басқарған колхоз. «Жаңалық» деген колхоз 3 жарым километр
бөлек болатын. Біріккеннен кейін «Сталин» атындағы колхоз болды
да, оған Алдабергеновты бастық қылып сайлады. Содан соң ол кісі
ақылдасып-ақылдасып 1-2 айдан кейін «колхоздың орталығын «Қы-

зыл Ту» мен екі ортаға жасаймыз» деді. Соны тағы да біздің үйге
келіп, жаңа менің шешем Нұрмолда Алдабергеновтың жеңгесі ғой,
сонда отырып сол әңгімені айтты. Сонда шешем бар, Ноғайбаев Са-
мал, Әлімбаева Сара сияқты «геройлар» (Социалистік Еңбек ерлері

– Ш.Т.) тағыда басқа кісілер барлығы қаз-қатар отырып «шу» ете қал-

ды: «Ойбай, айдаладағы Шұбар деп қойылған, ағаш, қурай, тал осы
шұбарала ылғи жабайы иттер, мысықтар қаптап шулап, осы жерде
бірін-бірі жеп, қырылысып жататын жер. Бұл жерге ешкім келмейді.
Айналайын-ау, салсаң мына «Жаңаталапқа» салмайсың ба немесе

«Қызыл Туға» сал» деп апаларымыздың барлығы да. Сонда Нұрекең:
«Біз өсеміз, елдер жетіледі, оларға мәдениет орталығы, детсад керек.
Оны мына екі ауылдың ішіне жаңа ауыл ретінде саламыз, ортаның
бәрі көше болады, үй болады» деді. Әулиелігіне таң қалғаным сол,

шынында да осы конторы, домкультурасы, гостиницасы, детсадтан
бастады. Содан бастап осы жер қалаға айналды. Ол кезде құрылыстар
салатын мекемелер жоқ, сонда жаңағы шешен мен немісі бар, солар-
дың өзіне қазығын қаққызып «мына көшенің ені мынандай болсын»,

«мына домкультураның үлкендігі мынандай болсын» деп парк, ес-
керткіш бәрін өз қолымен жасатқызған. Біреуін жасау үшін алдымен
қағазы болуы керек. Проектісі, сметасы болу керек қой, оны архи-
текторлар проектісін жасамаса, анау сметасын жасамаса оған қарай

қанша материал, қанша қаражат керек, оның бәрін есептемесе бол-
майды ғой. Ал, оны Нұрекең өзі ойыменен есептеп, «міне, оған биыл
ақша табылады, биыл бітіреміз» деп бітіреді. Сондай әулиелігі бар
еді. Одан кейін бұл кісінің бізде ауылшаруашылығын көтеріп кеткені,

оның бригадирлері мықты болды. Жетпісбаев Тәттібек деген бригадир

67

болды, бұл кісілер нағыз оң қолы болды оның. Нұрмолда ағаның екі
кластық ғана білімі болды. Жаңағы Жетпісбаев Тәттібек деген менің
әкем, үш айлық ғана агрономның оқуын оқыған. Сол кісі осы қызыл-
шаны бірінші болып енгізіп, соны қалай өсіру керегін барлығын осы

елге үйретіп, 1948-ші жылдары бірінші «герой» (Социалистік Еңбек
ері – Ш.Т.) болды. Енді ол кезде өкіметтің саясаты болған ғой. Жетісу
өңірінде су мол, жері шүйгін, қант қызылшасын өсіруге ұлан ғайыр
жер бар. Мынау Көксу ауданындағы «Киров» атындағы колхозда қант

қызылшасын өсіруді бастады. Алғашқы кезде жоғары өнім көрсетіп,
қант қызылшасының өнімінің мол екенін, халыққа пайдасының бар
екенін басқаларға көрсетіп, ынталандыру үшін жақсы қолдау болды,
«геройлық» атақтарды берді. Сол кезеңде Тәттібек ағамыз қай брига-

даның көрсеткіші төмен болса сол бригадаға жіберіліп, оны бір жыл-
да бірінші орынға шығарып отырды. Ашығын айтқанда сол Тәттібек
аға бас агроном болып немесе біз жақын туыс болғаннан кейін «ге-
ройлықты» алған жоқ. Ол кісі әркез «басқалар алсын» деп отырады

екен, көрдіңізбе, сол кезде «іштарлық» деген жоқ. «Міне, туыстан сен
алдың, енді басқалар алсын» деп Нұрмолдаға ақыл қосып отырып-
ты. Басшыларға рахмет, кейін ол қайтыс болғанда да домкультурадан
«арулап» шығарды, «Жетпісбаев» деген көшесінің атын беріп, құр-

мет жасады. Енді Нұрекең өзі кадр таңдай білетін адам. Жолдыбаев
деген жас жігіт инжинер болып келді. Ең бірінші 1958 жылы мына
Жанат Көшкінбай, Мыңбаев Рысбай деген «ветврачтар» (мал дәрігері

– Ш.Т.) институт бітіріп келді. Оның жолдасы Шәкен деген осында

алғаш «аптека» (дәріхана – Ш.Т.) ашты. Нұрекең оған осы жерден
аптеканың бірінші «зданиясын» (ғимаратын –Ш.Т.) салдырды, (ол
кезде қалада мұндай здания жоқ), сол аптекаға ие болатын «фарма-
цевт» адамға үй тұрғызып берді. Сөйтіп, 1958 жылы жоғары білімі

бар адамдарды жинады.

– Адам тани біледі екен ғой онда?

– Иә, адам тани біледі. Кадрға деген ол кісінің көзқарасы ерекше

болды. Ерекше қамқорлық жасайтын өзінің туған баласындай, бауы-
рындай сыйлайтын. Құдайға тәубә, содан тәрбие көріп өскен азамат-
тар Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек етеді.

– Ол кісінің өз кіндігінен ұл жоқ па?

– Ол кісінің кіндігінен ұл жоқ, сол бір қыз. Бір ұл асырап алған еді,

Төлеген деген, ол қайтыс болып кетті. Бірақ қызынан үш ұл, бір қыз
бар. Олардан немерелері бар. Барлығыда Алматыда тұрады. Ол қызы
1938 жылғы, менімен жасты.

– Жексен аға, енді жанында бірге жүрдіңіз, жүргізуші деген бас-

тықтың «көлеңкесі» сияқты дейді. Ол кісі мына адами өмірінде

68

қандай еді, бір-біріңізбен араласу, қонаққа бару сияқты, басқа да
қандай қасиеттері бар еді?

– Енді бұл кісі барлық ұлтпен жақсы сыйласты. Міне осы күнге

шейін сол Шешенстандағы шешендеріміз, бауырларымыз осы ауыл-
дан азаматтар барса, тура бір айсыз қайтармайды. Түгел аралатады,
аяқ қолымызды жерге тигізбей керемет сыйлайды. Немістер де со-
лар сияқты. Барғандарды жақсы сыйлайды екен. Көшкінбай барып

еді Германияға, аяқ-қолын «жерге тигізбей» күтіпті, Жаңабек деген
жігітте Германияға барып қайтты.
Ал енді бұл кісі Сәбит Мұқановпен жақсы араласты. Ол Алдабер-
генов туралы аңыз әңгімесін шығарды. Қаныш Сәтбаевпен де жақсы

араласқан. 1961 жылы бұл кісі қызметтен босағанда мен институтта
оқуда болатынмын. Каникулға ауылға келгенде Нұрекең «мені Алма-
тыға алып бар» деді, өзінің жеке меншік «Волгасымен». Алматыға
алып бардым. Алматыда Қаныш Сәтбаев, Бауыржан Момышұлы со-

ларға барып, жолығып амандасып, ішіне сыймай жүрген «бұл қалай
болды, ішіп-жейтін ештеңе жоқ дегендей» сұрақтарымен бөліскен
ғой. Сонда ол кісілер ақыл айтып «еңбегіңіз бар, халық сізді біледі,
сыйлайды, бір ғана Қазақстан емес бүкіл дүниежүзі біледі. Енді кей-

де қазақсың деп сізге тиседі, осындай «үш жұлдыз» алатын болғанда
соған іштарлық жасап, мына «оңбайтындар», қолынан түк келмейтін-
дер арыз ұйымдастырып, содан қызметтен босатқан ғой. Сол негізгі
себеп» дейді. Содан Қаныш Сәтбаев үйінде күтіп, ешқайда жібермей

«ЦК-ға» (ЦК - Орталық комитет) арыз жаздырмай бір тайды сойып
«дачада» күтіп, демалдырып қайтарды. Ол кезде Хрущев болатын,
оның да уақыты жетіп енді қызметтен босайтын кезі болса керек.
Одан кейін Нұрекеңді қайтадан артта қалған ауылға бастық етіп сай-

лады. Ол ауылды 2 жылдың ішінде Қазақстандағы ең алдыңғы қатар-
дағы шаруашылыққа жеткізді ғой.

– Сіз қанша жыл ол кісінің «шопыры» болдыңыз?

– Мен бұл кісіні бір жыл тасыдым, 1957-58 жылдары.

– Ол кісінің араққа, темекіге деген әуестігі болды ма?

– Жоқ ол кісі темекі тартпайтын, арақ ішсе тек қана үлкендермен

ішетін кейде, ал жалпы ішпейтін. Бірақ қымызды жақсы көретін.
Одан кейін ол кісі жүргенде қарқындап, асығып жүретін. Сонау Қо-
наевқа барғанда, өкімет басшыларына барғанда қағаздарын папкаға
салып алып барамыз ғой. Көбінесе ол кісі үлкен мәселемен баратын.

Жоғары Советтің депутаты болды ғой. Халықтың атынан барған "на-
каздар" бар, соны жеткізу үшін барады. Кейде ол папканы алмайды,
мен машинадан шыққанша ол кісі «ЦК-ның» есігінен кіріп кетеді.
Онда барғанда «охраннигі» мені жібермейді, ал ол кісі ар жағынан

«әкел-әкел» дейтін папканы. Сөйтіп артынан жүгіріп жүретінбіз.

69

Ол кісінің тағы бір қасиеті халықты да, ешкімді де бөлмейтін, әді-
летті болатын. Осы кемпірмен де, келінменде, үлкенмен де, кішімен-
де тіл табыса алатын. Құдай берген ерекше дарындылық қой бұл.

– Басқа замандастарымен ара қатынастары қалай болды?

– Жақсы болды. Енді олардың барлығы «герой» болғандығы, ең-

бегімен «герой» болды ғой, көбісі «звеновойлар» еді. Осы ауылдың
атын шығарған бригада басшылары, біздің әкеміз Жетпісбаев Тәтті-
бек барлығы ол кісінің бір жағын «сүйреген» азаматтар ғой. Олардың
балаларының тойы болса немесе басқа қуаныштары болса бас көз бо-

лып, керегін беріп, барынша көмектесетін.

–Той-томалақтарда, өлім-жітімдерде ма?

– Иә, әрине. Мысалы, Кеңесбай деген жігіт келді Бақанастан, өзі

жетім екен, ауылға «ветврач» болып келді. «Мына жігіт қатарымызға
қосылсын» деп үй беріп, оның жағдайын жасап берді. Бірінші еншісін
беріп үй қылып шығарды. Қазір ол пенсияға шығып кетті, балалары
үлкен қызметте, Президент аппаратында қызмет істейді, Астана қала-

сында тұрады. Нұрекең бір ғана қазақ емес неміс, шешен, адал еңбек
еткендердің барлығына қамқорлық жасады.

– Демалыс күндерін қалай өткізуші еді?

– Бұл кісі бригадир мамандарды жайлауға алып барып, 4-5 күн де-

малдыратын. Қымыз ішкізетін, атқа мінгізетін. Жайлауда қозы бө-
летін, «қазақи» қойларды бір рет қырқатын. Кісілердің күш қайратын,
ептілігін сол жерде байқап отырады екен. Одан кейін бір жағынан мал
сойғызып, қымыз ішкізіп, жақсылап тұрып демалдырып қайтаратын.

Енді дарынды адам ғой. Адамдардың «бабында» табатын, сұрайда
білетін, ел ішінде болып жатқан «жаңалықтарды» балалар арқылы
біліп отырады екен.

– Жұмыс күндеріңіз қалай басталатын еді? «Шофер» болған

соң күндіз-түні жүресіздер, жұмыс уақытыңызға қанша айлық
төленетін? Еңбек демалысына шығатын ба едіңіз?

– Ол кезде «отпуск» (еңбек демалысы – Ш.Т.) дегенді білмейтінбіз.

Әйтеуір біреудің тойы болса, демалыс болатын. Бізге қонақ көп ке-
летін, шетелден өте көп келді. Атақты колхоз болғаннан кейін жастар
ұйымынан, оның ішінде шетелден Румыния, Югославия, Қытайдан
көп келетін. Сол қонақ күтумен-ақ күніміз өтетін. Ауылшаруашы-

лығы айында демалатын. Жазда қант қызылшасын қамбаға жинап,
астықты түгел жинап қамбаға құятынбыз. Ол кезде сұрану, демалу
деген болмайтын. Кейіннен ғой демалыс алу, отпуск алу деген болды.

– Ол кісінің жеке үйі болды ма?

– Ол кісінің жеке үйі осы күнге шейін бар, кейіннен екі этажды үй

салдырды. Бұл кісіге сырттан келетін Индиядан, Пакистаннан, Аме-
рика, Англиядан өте көп делегеттар келетін. Қала сияқты ауыл бол-

70

ғаннан кейін өкімет басшыларына көрсететін. 1953 жылы бірінші
«свет» жағылды, бірінші радио келді, бірінші асфальт төселді, бірінші
болып детсад, домкультура салынды. Барлығы Қазақстан бойынша
бірінші еді. Соны көруге келетін, сондай-ақ енді басқа облыстың аза-

маттары келетін.

– Үйінде қандай заттар болушы еді?

– Үйінде жалпы ел қатарлы, артық ештеңе болған жоқ. Шетелден

бірдеңе алып келсе, «подаркінінің» бәрін түгел таратып беретін.
Менің өзім де ол кісі берген бірнеше алтын ручкалар, жақсы сағатта-
ры болатын. Қазір сол кісі берген «Победа» деген бір ғана сағат қал-
ды. Сырттан бір «подаркі» алып келсе оны ортаға салатын «көріңдер,

алыңдар» дейтін.

– Сонда үйге бір жиһаз жинап, мен бастықпын деген жоқ па?

– Жоқ, ондай ештеңе де болған жоқ. Қарапайым тұрды, диваны бол-

ды. Жағдайы басқаларға қарағанда тәуір болды, бірақ ерекше заттар
болған жоқ.

– Орысшаға қалай болды, орысша білді ме?

– Орысша бұл кісі өте мықты болған жоқ, бірақ орысша қазақшаны

араластырғанда ойын жеткізе алатын. Алдына жазып береміз, соны
оқып келе жатады да, содан өзі «олай болу керек, бұлай болу керек»,
«мынаны шешу керек» деп өзінің «жүрегіндегісін» айтып кететін.

– Осы ауылда қант қызылшасынан қанша өнім алатын? Қан-

ша гектар жерге қызылша екті?

– 1200 гектарға дейін себілді ғой қант қызылшасы. Ол кезде көлемі

800-900 гектарға дейін болды. Сонда 400 центнерден алатын өнімді,
350 центнердің өзі жоғары көрсеткіш болатын. Ол кезде осы күндегі-
дей зиянкестерді өлтіретін дәрі-дәрмек жоқ, агротехника жоқ. Бала
кезімізде есімде «жорғалайтын зиянкестер қызылшаға зиянын тигіз-

бесін» деп, қызылшаның төңірегін күрекпен тереңдеп ор қазатын-
быз. Әлгі зиянкестер сонда түседі де, шыға алмайды. Ал енді ұшатын
зиянкестер болса, бір үлкен табақ болатын, соған қатық құятынбыз.
Соған көп көбелек, басқа зиянкестер түседі де ұша алмай қалады.

Ал қолдың күшімен арам шөптерді шауып, суарып үлкен еңбекпен
өнім алатынбыз. Осы күні барлығы да жоғары агротехниканы пай-
даланады, дәрі-дәрмек шашады, арамшөптерді өлтіреді, зиянкестерді
өлтіреді. Тыңайту үшін себетін неше түрлі тыңайтқыштар бар. Ал ол

кезде тек қана «науоз» («навоз», малдың қиы – Ш.Т.) себілетін, содан
кейін қолдың күшімен арамшөптерді тазалап сапалы жұмыс жасай-
тынбыз.

– Халықтың жағдайына қалай қарайтын еді? Екінің бірінің

үйінде отын, көмір болмауы мүмкін дегендей... Оған басшы ретін-
де қалай қарады?

71

– Енді бұл кісінің үлкен беделді мықты болды. Марганс деген еврей

шаруашылық жағынан экспедитор болды. Сол бұл кісінің беделімен
сонау Ресейден өте сапалы көмір алып келетін, вагон-вагонмен ке-
летін. Осы біздің колхоздың адамдары ғана емес, басқа аудандар да
алатын. Сібірден ағаш келетін. Осы ауылды салу үшін қанша ағаш,

қанша қаражат керек еді. Оның барлығы бізге түсетін, сонда менің
жалғыз ағайым болды, сол кісі «завсклад» (қойма меңгерушісі) бо-
латын. Мына жақта бір облысқа жететін ағаш болатын. Труба дейсіз
бе, ағаш дейсіз бе, темір, уголок барлығы болатын еді ғой. Бұл кісінің

беделінің арқасында халық мұқтаждық көрген жоқ. Шетінен стан-
дартты үйлер салынды. Сол кісінің арқасында ағаш та мол болды,
шифер де мол болды. Бірінші осы ауылда шиферланған үйлер 50-ші
жылдан кейін салынды. Бірінші ГЭС салынды.

– Қай жерде салынды?

– Мына Қусақ деген өзеніміз бар, сол жерде салынды. Кейін оны

үлкейтіп салды. Бұл кісі шетелге барғанда бір жерден бір нәрсе көрсе,
келе салып соны енгізетін. Москвада «Сталин» атындағы колхоз бола-
тын, Генералов деген бастығы болды, Социалистік Еңбек ері. Оларда
сауын сиырдың «азық-түлігін» булап, дәмді қылып береді екен. Соны

көріп келіп, 1958-59 жылдары бізге де жасады ғой.

– Адам болған соң ауырып, басқа да жағдайлармен жұмысқа

шыға алмай қалуы мүмкін ғой. Ондайға қалай қарады?

– Бұл кісінің «правлениясына» (басқарма жиналысына – Ш.Т.) «құ-

дай түсірмей-ақ қойсын», біреуді «правленияға» салу үшін оның өмір
бойы қалай өскенін, қандай адам болғанына дейін еске түсіретін. Жи-
налысты кешкі сағат 8-де бастайтын, түнгі сағат 1-де бітіретін. Енді
онда барлығы айтылады. Бірінші шаруаның барлығын бітіріп алады,

одан бір-екі күн жұмысқа келмей қалған, арақ ішкені болды ма не-
месе бір-бірімен «шекісіп» қалғандар болды ма, оларды сағат 12-ден
кейін «правлениеге» салады. Нұрекең осында Қарабаев Құралбек,
Тәттібек аға, Ыдырыс деген кісілерге, «Әй, сенің балаң нашар оқи-

ды» деп ұрсатын. Мектептен жақсы оқитын, жаман оқитын балалар-
дың мәліметін алдырып, соны да жиналыста айтып отыратын. Елдің
көзінше айтып тұрса, содан ол кісі барып өзінің баласына, немересі-
не «әй, мынау ұят болды ғой» дейтін. Енді бұл кісі, сөздің қысқасы,

ауылдың ұлын да, қызын да барынша тәрбиеледі ғой. Соған уақыт
табатын, кімді қалай тәрбиелеудің есебін табатын.

– Қанша уақыт ұйықтайтын?

– Ой, ол кісі ұйықтамайтын, сағат түнгі 1-де «правлениеден» кет-

се, ертеңгісін таңғы сағат 5-те көшемен өтеді. Ауылдың төмен жа-
ғында ферма болатын, соған жаяу баратын. Біздің шешелеріміз ер-
теңгісін сиырларын «бадаға» (жайылымға – Ш.Т.) айдайтын, сонда

72

сиырдың «қиы» көшеде жатса «Нұрмолда өтсе ұят болады» деп тез
жинап алатын. Міне, халықтың өзі Нұрекеңнің көзіне түспей, Нұре-
кеңді ренжітпей жүретін. Нұрекең келсе, тап-таза болсын деп, есіктің
алдын көшеге дейін сыпыратын. Сондай бір береке болған. Ол кісі

шаруашылықты аралағаннан кейін басқалар ол кісіден қалмай, ерте
тұруға тырысатын. Жалпы сол кезде, соғыстан кейінгі жылдары, біз
бала болсақ та, соның бәрін көріп өстік қой. Біздің ұлтымыз, қаза-
ғымыз айналайын қайратты, қажырлы халық қой. Әкеміз әскерден

келмеді, бізді шешеміз адам қылды. Кешкісін сиырын сауып, бізді та-
мақтандырады да, қырманға барып жұмыс жасап келеді. Адам жетіс-
пейді, сонда түнде барып қырмандағы күндізгі жиналған астықты
ұшырады. Түнге қарай жел соғады, күндіз жел соқпайды ғой. Астық-

ты қолмен лақтырады, жан-жағындағы шөптерді сыпырып тазалай-
ды. Оны бітіріп түнгі сағат бірлерде шешелеріміз келеді. Біз ол кезде
шешеміздің қай уақытта келгенін де білмейміз. Ертеңгісін таңғы са-
ғат 5-те қайтадан қант қызылшасына жұмысқа кетеді.

– Өздеріңіз қанша ағайынды болдыңыз?

– Шешем 13 бала «көтеріпті», содан ағам және мен ғана қалыппын.

Ол кезде тұмаудан да, соқыр ішектен де қайтыс болып жатады екен.
Мен 9-шы класта бірінші рет еңбек етіп, содан ақша алып шешеме бір
шәлі сатып әкелгенмін. Шешем соны той жасап, ағайын туысқа жуып
берген: «міне, балам ақша тауып, маған шәлі әкеп берді» деп. Ал, на-

ғыз жұмысқа мектепті бітіргеннен кейін, 1956 жылдан бастап аралас-
тым. Ол кезде бір жапырақ нанның қадірін білетінбіз. Бір тиын ақша
тапсаң, соны өзіңнің теріңмен, еңбегіңмен тапқаныңды түсінесің.
Сол бір тиынның қадірін білесің, ол қалай келеді. Қазір бара салып,

бәрін сатып ала саламыз деп ойлаймыз. Сол нанға қанша еңбек кетті,
оны қазір білмейді ғой балалар. Еңбектің құдіреттілігі, өзің еңбек
етсең, қолыңмен істеп көрсең, еңбектің қадірін түсінесің.

– Сол жылдары тапқан табысыңыз жанұяңызды асырауға же-

тетін бе еді?

– Енді ол кезде семьяның табысы мөлшерін жылдық есеппен есеп-

тейтінбіз ғой. Біздің колхоз атақты колхоз, табысы мол болды. Колхоз
болғаннан кейін тәртіп бойынша еңбек істеген соң еңбекақы жаза бе-
реді, жылдың аяғында сол «трудовойға» тапқан өнімімізден, қызыл-
шамыздан қант қанша болды, соған бөліп беретін. Сонда бір үйге бір

тонна ма, екі тонна ма бидай тиетін, қантта да сондай тиетін. Біздің
колхозда табыс болғаннан кейін ақшалайда табыс тауып тұрдық. Шы-
нын айтқанда мына төңіректегі көршілеріміз «балаларымыз ауырып
қалып еді, дәрі-дәрмекке ақша керек» деп біздерден қарыз алатын, кө-

мектесетінбіз. Ал, негізгі табысты жылдың аяғында бірақ алатынбыз.

73

Мол бидай алсақ, соның жартысын ішіп-жеуге қалдырып, жартысын
сатып, бала-шағаға киім-кешек алатынбыз.

– Сіздің алғашқы еңбек ақыңыз қанша болды?

– Онда мен осы колхозға келіп инженер-контролер болып жұмыс іс-

тедім. Ол кезде сондай мамандық болатын. Инженер-контролер ауыл-
шаруашылық техникасын, орысша айтқанда, «анализ» жасап, «анау
дүниесі жарайды, мынау дүниесі жарамайды» дейтін. Мен соны жа-
садым. Институтта оқып алған «жоғары білімді контролер» деген

мамандық өте пайдалы болды. Таңертең машинаның бәрін тексеріп,
бөлшектерінің қайсысының «желініп» кеткенін, жарамайтынын шы-
ғарып орнына қайтадан қалпына келтіру немесе жаңамен айырбастау
керек болатын. Ол кездегі айлық табысым 50-60 рубль болды. Бас ма-

мандар 120 рубльден алды. Онда 1 рубль 1 доллардан қымбат еді ғой.
Ол көп ақша болатын. Оның үстіне жолдасым да жоғары білімді пе-
дагог болды. Ол ай сайын «айлық» алатын. Ол біздің қант-шәйімізге,
семьямызға жарады ғой. 1963 жылдары болатын.

– Тұңғышыңыз қай жылғы?

– 1964 жылғы, есімі Нұрлан.

– Осы жерге келген соң үй алдыңыздар ма?

– Жоқ, ағайымның үйі болды, ағаммен бірге тұрдым. Ағайыммен

10 жыл тұрдым. Мына ауыл – киелі, берекелі ауыл. Шынында да
өте мықты, білімді мамандар жиналды. Содан кейін 1963 жылы оқу
бітіріп келгеннен кейін, 1-2 жылдан соң бізге қыдырып келетін қо-
нақтар көбейді. Содан біз ақылдасып, «бір-бірімізге көмектесейік,

үй салайық» дедік. Мыңбаев Рысбай, Жанатов Көшкінбай осы ауыл-
ды 30 жыл басқарған. Бәріміз бірдей қылып 15-те 13 қылып қызыл
кірпіштен үй салуды бастадық. Мен сол кезде инженермін, қарама-
ғымда техника бар, эксковатор бар. Есік, терезе жасайтын «плотник»

(ағаш ұстасы – Ш.Т.) ұсталардың барлығы менің қарамағымда болды.
Сонымен не керек, 2-3 жылдың ішінде бір-бірімізге көмектесіп, фун-
даментті өзіміз құямыз, кірпішін алып береміз, құрылысшыларды
мен берем. Төбесінің шиферін жауып, еденін, есік-терезесін салатын

немістер болды. Олардың ақысын төлейміз. Неміс бауырларымызға
рахмет, барлығымызға жақсы, әдемі, стандартты үйлер салып берді.

– Алғашқы үйіңізді қай жылы салдыңыз?

– 1965 жылы.

– Өзіңіздің жеке үйіңіз қай жылы болды?

– Мен ең соңынан салдым. «Сварщик» (дәнекерлеуші – Ш.Т.),

«плотник» менің қарамағымда болды. Бірінші ветврач, зоотехник, аг-
раном солардың үйін біткеннен кейін менің үйімді бітірді. Ал, бірақ
біз сенбі, жексенбі демалыс күндері заңды демалатынбыз.

– Сол демалысыңызды қалай өткіздіңіз?

74

– Бір үй біткенше демалыс сенбі күні түгел фундамент құятынбыз,

қабырғасын қаладық. Үйлерімізді салып болғаннан кейін төңірегін
тегістеп, тас тасыдық. Бір-бірімізге өте үлкен көмек жасадық. Кейінгі
жылдары бала-шағамызды алып семьямызбен Көксу өзенінің жаға-
сына барып балық аулап, айына бір-екі рет демалатын болдық. Көксу

өзені керемет қой, суы көкпеңбек, өте мөлдір.

– Бір күндік өміріңіз туралы айтып берсеңіз, сағат қаншада тұ-

расыз, не істейсіз деген сияқты?

– Мен жұмысты осы ауылдан бастадым. Одан 25 жыл шаруашылық-

ты басқардым. Жалпы инженердің жұмысы ауыр, себебі барлық егін
шаруашылығының жауапкершілігі, оның техниканың күшімен уақы-
тында жасалуы. Мал шаруашылығының жем-шөбі, малдың сауылуы,
оның дайын аппараты бар. Менің енді басқа мамандыққа қарағанда

олай-бұлай қарауға мұршам болған жоқ. Өз ауылым болғаннан кейін,
ұятқа қалмайын деп жұмыс істедім. Жалпы біз сағат 7-ден бастап ер-
теңгісін өзімнің қарамағымдағы механиктерді жинап күнделікті жұ-
мыстарды пысықтап, «не істелді, не қоямыз» деп 15 минуттай шағын

жиналыс өткізетінбіз. Одан кейін сол барлық ауылға керекті қосалқы
бөлшектер бар, техниканың басқа шаруасы бар, әйтеуір жұмыс көп
болатын. Одан кейін түскі тамаққа кейде келем, кейде келе алмай-
мын. Кешкісін міндетті түрде сағат 6-да МТМ-ға (машина-трактор-

ная мастерская, машина-тракторларды жөндейтін шеберхана – Ш.Т.)
келіп, механиктермен тағы жолығатынбыз. Жұмыс қалай жүріп жа-
тыр, сынғаны бар ма, жұмысын бітірді ме дегендей. Сонымен кешкі
сағат 7-де конторға келіп,күнделікті істелген жұмыстарды қорытын-

дылайтынбыз. Осында келген соң бір сағаттың ішінде барлығын қор-
тындылап, сонда не жасалып жатқаны туралы айтылады. Содан кешкі
сағат 8-де үйге қайтатынбыз. Күнде осы тірлік қайталанып тұратын.

– Үйге барғаннан кейін не істейсіз?

– Үйге барғаннан кейін жуынып-шайынып, тамағымызды ішіп, ба-

ла-шағамызды есіктің алдындағы шаруаларға шығаратынмын. Жал-
пы мен есіктің алдындағы шаруаға ұқыпты болдым, өте жақсы бақ
өсірдім. жақсы ағаштар өсірдім. Үйдің айналасын таза ұстауға ты-
рыстық, арықты тазалап дегендей, семьямыздың барлығы тазалыққа

құмар еді.

– Газет, журнал, кітап оқуға уақытыңыз болды ма?

– Газет, журналды жібермей оқимыз. Кітапты да оқимын.Жалпы

мен тарихи кітаптарды жақсы көретінмін. Енді Абайдың түгел кі-
таптарын оқыдым. Есенберлиннің, Саттар Ерубаевтың кітаптарын
оқыдым.Ең сүйіп оқыған кітабым Саттар Ерубаевтың «Менің құрдас-
тарым» деген кітабы, соны оқыдым. Осы күні деректі, тарихи кітап-

тарды көп оқитын болдым.

75

– Алғаш отбасы құрған кезде телевизор, радио сияқты күн-

делікті өмірге қажетті қандай заттарды алдыңыздар?

– Ол кезде не алдым «құдай ау», бөлініп шыққанда ағамыз өзіміз-

ге деген еншімізді берді. Төсек-орын дегендей, шешем екеуміз-ақ
болғаннан кейін дүниенің бәрін түгелдеп берді. Ал кейіннен өзіміз
бөлініп шыққаннан кейін мынау мебель дегенді кейіннен ала баста-
дық. 1967жылдары телевизор мен тоңазытқышты бірге алдық.

– Бағасы қанша еді сол жылдары?

– Есімде жоқ, жолдасым жалақысын жинап-жинап алатын. Ал мен

енді жылдың аяғында жылдық табысымнан әлгі «спальный» гарни-
тур, кухняға да мебельдер алдық. Сөйтіп 1-2 жылда түгелдеп алдық.
Ол кезде кредит деген жоқ, дүкеннен толық ақшасын төлеп алдым.

– Ол кезде ондай тауар дүкенге көптеп түспейтін еді ғой, оны

таныспен алдыңыз ба?

– Енді бұл ауылда облыстық, республикалық семинар көп болатын.

Қант қызылшасын өсіру, оны жаңа техникамен жинау немесе мал
шаруашылығын асылдандыруға байланысты. Шайбала Тергеуова
Жоғарғы Советтің депутаты болды. Соны көрем деп келетіндер көп
болды. Сол кезде семинарға облыс басшылары келеді, қатысады. Со-

дан бізді жақсы таниды. Ол кезде коньякқа дейін сол складтан ала
беретін. Дүкенге түспейтін. Таныс арқылы алатын едік. Диван, стол,
орындық, кесе, шыны аяқ дегеннің бәрін солай алдық.

– Сол кезде машина алдыңыз ба?

– Машина алған жоқпын. Бірақ кіші әкем Жетпісбаев Тәттібек алды.

Албаев деген бастық айтты: «қант қызылшасынан бес жүз центнер-
ден өнім алсандар, машина береміз» деді. Содан бұл кісі бірінші орын
алды, 575 центнер алды. «Аққұмға» барып бірінші «Москвичті» 1971
жылы алып келді.

– Қандай маркалы «Москвич»?

– «Москвич 400». Ал мен 1961 жылы институт бітіріп келгенмін.

Келгеннен кейін инженер болып жұмыс істедім. Сол кезде бұрын мен
айдаған «Е-72» машина гаражда тұр екен. Әбден тозып кеткен, га-
ражға кіргізіп құлыптап қойыпты, көзіме оттай басылды. Содан бір
күні бастыққа барып, «мына машина жүрмей тұр екен, енді ешкім

жүргізбейді ғой, осыны кезінде өзім айдап едім, осыны маған еңбегі-
ме жазып жіберсеңіз» дедім. Ол «оны қалай жүргізесің» деді маған.
«Берсеңіздер жүргіземін» дедім мен. Сондағы бар ойым жалғыз бауы-
рымды, риза қылайын дедім, кезінде маған той жасап беріп барлық

қамқорлығын көрсетті ғой. Сол үшін бастықтан сұрап алдым. Маши-
намды қарамағымдағы немістер жақсылап жөндеп берді. Соны 1965
жылы бауырыма мінгіздім. Ол менің жеке меншік машинам болған.

– Қай жылы зейнеткерлікке шықтыңыз?

76

– 1996 жылы. Зейнетақы ол кезде 17 мың болған, қазір 55 мың, Пре-

зиденттің қосқаны бар.

–Қазір зейнетақыңыз күнкөріске жетеді ма?

– Қазір облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесімін, бізді көп жерде

құрмет тұтып, шақырып отырады. Енді облыс орталығы болғаннан
кейін бұрынғы араласқан, шаруашылықты басқарған біраз танитын
азаматтар бар. Енді соның тойы, юбилейі болса бізді шақырады. Ша-
қырғанға «бос» бармаймыз. Бірақ жетеді, құдайға тәубә, балалары-

мыз бар көмектесетін.

– Жексен аға, кеңестік кезеңді де көрдіңіз тәуелсіз заманды да

көріп отырсыз, не айырмашылығы бар екен?

– Енді айырмашылығы үлкен ғой, кеңестік заманда барлығы пар-

тияның басшылығымен, партияның нұсқауымен барлығы шаруа
жоспарлы түрде жасалатын. Сол кездегі заманда тегін оқыдық, тегін
емделдік, балабақшалар түгел тегін болды. Келешегімізге ешқандай
алаңсыз өмір сүрдік. Осы «байып, миллионер болайық» деген ой бол-

ған жоқ. Өкімет алдында, партия алдында адал қызмет етейік деген
оймен өмір сүрдік.

– Тәуелсіздікті қалай түсінесіз?

– Тәуелсіздік деген, жалпы тарихқа жүгінсек ата-бабамыздың аң-

саған үлкен арманы. Бұл тәуелсіздікке деген ата-бабамыздың қолы
жетпей кеткен, енді ғана қолымыз жеткен арманымыз ғой, ендігі жет-
кен бақытымыз деуге болады. Бірақ, енді, тәуелсіздікті дұрыс түсініп
жүргендер де, бұрыс түсініп жүргендер де бар. Мысалы, тәуелсіз қа-

зақ елі болғандықтан қазақтың жерінің берекесін, ауыз біршілігін,
қазақтың етегі кең, мықты үрім-бұтақтың тұқымы екенімізді көрсете
алмай келе жатырмыз. Олай дейтінім бір-бірімізге деген қамқорлық,
адалдық жоқ. Ашығын айтсақ, «бір-бірінен қайтсем асып кетсем

екен» деп, «қайтсем ұрлап алсам ба, алдап алсам ба» деген баюдың
көзіне көбірек кішкене көңіл бөліп жатқан сияқты. Шынында да көп
жастарымыз бар білім алып, көп тілді біліп, дүниені танып жүрген.
Бірақ, қазір көп адамның сауда-саттықтың төңірегінде жүргені жаны-

ма батады.

– Жексен аға, Кеңес өкіметі кезіндегі ашаршылық туралы есті-

гендеріңіз, Алаш зиялылары туралы, Алашорда туралы естіген-
білгендеріңіз бар ма?

– Енді ол кезде біз баламыз ғой, бірақ сол кездегі біздің ата-баба-

ларымыздың береке-бірлігі керемет еді. Атқа мінетін іскер азамат-
тардың бәрі соғысқа кеткенде үлкен қариялар мен аналар, бала-ша-
ғалары қалды. Сонда сол барлық ауыр жұмысты, ер азаматтардың
жұмысын аналарымыз жасаған. Бір мысал, елге шетінен «қара қағаз»

келіп жатты. Жарақаттанып, аман келіп жатқандар да болды. Содан

77

аман келгендерге әлгі «құдайы» деп, ол кезде қой да жоқ, ешкі соя-
тын. Содан Нұрмолда аға басқарған колхоз «Жаңаталап» колхозы
онда екі-ақ көше болатын. Содан аман-есен келген адамға мал беріп,
сол үйге шешемізбен барамыз. Содан келгендер анау құлағын менің

балама берші, екінші шал ананы менің балама берші дейді. Менің
әкем соғыста қайтыс болып келмей қалды, сол үшін маған құлақ жоқ.
Бір күні әбден қапаландым. «Еее... әкемнің жоқтығы осы екен ғой,
әкем болса мен де құлақ жер едім» деп. Оны шешем бірден сезіп қой-

ды: «Не болды балам» деп. Шешемнен ештеңе жасырмайтынмын.
Осындай елдің әкесі бар балалары құлақ жеп, маған тимей қалды
дедім. Содан шешем жаңағы үйге барып айтқан ғой. Ертеңіне олар
қалған бір ешкісін сойып, өзінің екі-ақ ешкісі болатын, ананың бала-

сы ренжімесін деп маған екі құлағын да кесіп берді. Көрдіңізбе, сонда
бір-біріне деген қатынасы, көңілдерін қалдырмайтын. Мұның бәрі ке-
ремет береке ғой. Менің әкем соғысқа дейін осы ауылдағы берекелі,
малды кісі болған,мұқтаж семьяларға көмектескен адамдардың бірі

болған. Барлығы осы мені сол үшін қатты сыйлайтын. Міне, соғыс
кезіндегі сондай ауыртпалыққа қарамастан ауылда береке болған.
Қазір сол береке керек, қазақтың сол берекесі болса, үлкен-кішімізді,
қызымызды дұрыстап тәрбиелесек. «Қызды қырық үйден тию» деген

бар. Тәуелсіз болғаннан кейін мына көшемізде, тал-ағашымызда бар-
лығы бірінші орында болуы керек. Құдайға тәуба біздің жеріміздей
жер жоқ. Біздегідей даналық деген, мақал-мәтелдеріміз, әдет-ғұрып-
тарымыз бір халықта жоқ. Осыны бала-шағамыздың миына сіңіруіміз

керек.

– Осы миға сіңірудің, сақтаудың қандай жолдары бар?

– Оның жолдары барлығы семьядан басталады ғой. Туғаннан бас-

тап балаға осындайдың баласы, осындай әулеттің ұрпағы деген на-
мысқа тәрбиелеуіміз керек.

– Қазіргі жастарымызға көңіліңіз тола ма?

– Онша толмайды. Толмайтыны, қазіргі заман талабына талпынып,

бір кәсіпті алып жүргендер аз. Қазір барлығы да қытайдан келген зат-
тар. Оны базардың қасынан біреу алады, ол базарға отырғанға сата-
ды. Бір затты төрт-бес адам шыр айналдырады. Одан да осы елімізге,
жерімізге завод, киім тігетін цех ашсақ, не болмаса кірпіш зауытын

ашса болар еді. Теріден, киізден неше түрлі заттар жасауға да бола-
ды. Жоқ, тауарды бірнеше қолға өткізіп, сауда жасау деген бұл өзі
қайда барады. Біз дүниемізді дүниежүзіне танитын қылып, осы жеке
шаруаларды көбейтіп, малды асылдандырса, жеріміз құнарлығын жо-

ғалтпаса. Келешегімізге мына жайнап тұрған жақсы дүниені жасап
кетсек, бір үлкен-кішіміз болып соны қолға алу керек.

– Оны қалай қолға аламыз?

78

– Соның бәрі мына семьядан бастап, екінші мектеп, үшінші мына

қызметте жүрген мекемедегі басшылар. Тек қана сол мекеменің ғана
табысы ғана емес, сол азаматтардың еліне жасаған жақсылығын кө-
бейттіру керек.

– Қазіргі білімге көңіліңіз толады ма?

– Жоқ, толмайды. Кішкене әділетсіздік бар. Баға қою жағынан, са-

пасы нашар. Өзімнің қыздарым мединститут бітірген, соларда айта-
ды: «қорқамыз» деп. Басқа мамандықтарда сол. Қазір диплом сатып
алып жатыр, «шопырлық праваны» сатып алып жатыр. Міне осы «бы-
лықбайлардың» бәріне тиым салу керек. Коррупцияны байланысты

Президентіміз «шырылдап» айтудай айтып жатыр ғой. Мына тәртіп
болмаған жерде ештеңеде болмайды. Тәртіп, әділеттілік болмаса, ке-
лешегіміз не болады.

– Мысалы, Кеңес үкіметі кезіндегі білім жақсы болған ғой,

қазір білімнің сапасы нашарлап бара жатыр дегендер бар. Сіз сол
кезеңді көрдіңіз ғой қазіргімен салыстырғанда неге олай болып
кетті?

– Енді ол үлкен шаруа ғой. Бірінші мектептің өзінде сапалы білім

берілмейді. Бұрындары институттарда да екі алсаң оқудан шығарып
жіберетін. Біз қазақша оқыдық, екі жыл жұмыс істеп, сосын инсти-
тутқа түстік. Біз таңғы 5-ке дейін оқыдық, намыстанып оқуға тыры-
сатынбыз. Кезінде кітапханаға барып, түнімен дайындалатынбыз.

Қазіргілер ауылда қыдырып-қыдырып, "5" алып келеді. Содан ойлай-
мын бұлар сапалы білім алмайды деп. Әділеттік жоқ деп ойлаймын.
Институттың өзінде білімі нашар адамдар сабақ беріп жүрген сияқ-
ты. Енді бұлардың бәрі не болады?

– Қазіргі кезде «Наурыз» мейрамы, тағы басқа мейрамдар бар.

Нұрмолда ақсақал басқарған уақытта «Наурыз» сияқты қазақ-
тың ұлттық мейрамдары, «наурыз» көже беру дегендер болды

ма?

– Енді наурыз көже берілетін, бірақ қазіргі кездегідей тойланбай-

тын. Ал, бірақ, Нұрекең келіп өзі ұйымдастырып, жас жігіттер мен
балаларды күрестіріп, түрлі шаралар жүргізетін, парад жасайтын, со-
ған мән беретін. Бірақ қазіргі деңгейдегідей емес. Ал, қазір өте дұрыс,
«наурыз» деген ерекше айтылатын да болды, оған мән берілетін де

болды. Ол тіршіліктің, жаңа жылдың басы ғой.

– Қазақ тілінің мәселесіне қалай қарайсыз?

– Енді мен осыны түсінбеймін. Кейде театрға барсаң, моншаға бар-

саң, үлкен кісілер немересімен орысша сөйлеседі. Мен шыдамаймын
да айтып тастаймын. Қазақ тілі жөнінде жақсы айтылып жатыр. Те-
левизордан айтып жатыр, хабарлар беріліп жатыр. Тіл болмағаннан
кейін ұлтта болмайды ғой, тіл болмағаннан кейін береке болмайды.

79

Бұл тілге үлкен мағына бермесе онда өзіміздің тамырымызға балта
шапқандай боламыз. Қазақпын деп өз тілімізде басқа ұлтқа айта ал-
масақ, несіне қазақпыз. Қазақтың әдет-ғұрпын, мәдениетін білмесек,
несіне қазақпыз. Сондықтан тілдің орны бөлек. Тіліміз болмаса тари-

хымызды білеміз ба, тіліміз болмаса бұрынғы данышпандарымызды
білеміз ба?

– Жексен аға, қазір өздеріңіз тұрасыздар ма, балаңыздың қо-

лында тұрасыз ба?

– Баламмен бірге тұрамын. Екінші ұлымның қолында тұрамын.

Ұлымның екі қыз, бір ұлы бар.

– Келініңіз не жұмыс істейді?

– Келінім ауруханада психолог.

– Жексен аға, әңгімеңізге Рахмет! Бізге ойыңызды бөлісіп, Нұр-

молда ақсақал туралы көрген-білгеніңізді, оның өмірлік тәжір-
биесі туралы жақсы айтып бердіңіз. Көп рахмет! Деніңіз сау бол-
сын! Немере-шөберелеріңіздің қызығын көре беріңіз!

– Айтқаның келсін. Енді өз тарапымнан айтарым айналайын, бұл

тарих деген үлкен ғылым. Егер тарихты білмесек өткен өмірімізді
дұрыс білмегеніміз. Сондықтан біздің мақтанышымызда, біздің арқа
сүйерімізде тарих болуы керек. Менің өзімнің тарихқа деген ниетім
дұрыс. Сізге айтайын, айналайын, Мәмбет бауырыма да мына баста-

рыңызды қосып, "тарихты осы ауыл шаруашылығында еңбек еткен
азаматтарымызды кім қайда, қандай еңбек етті" дегенді іздеп жүрген-
деріңізге риза болып отырмын. Егер сіздер осының барлығын мынау
таспаға, қағазға түсіріп қалдырмасаңдар, осындай ауыл болыпты, бар

екен екі ауыз сөзбенен қала беретін еді. Сондықтан үлкен шаруаны
іске алып отырсыңдар, айналайын. Әсіресе, тәуелсіз ел болғаннан
кейін тарих талайдың көзін ашуы үшін керек. Тарихты білмесе көрін-
ген діннің, көрінген ұлттың жетегінде кететін еді. Біздің тарихымыз

мықты. Ата-бабаларымыздың осыншама жерді алып қалуының өзі
оңай болған жоқ. Сондықтан да тарихымызды сақтайық. Сендерге
үлкен денсаулық тілеймін, айналайын. Үлкен табыс тілеймін. Тари-
хымызды аша беріңіздер, дамыта беріңіздер. Абыройлы болыңдар,

айналайындар!

– Рахмет сізге!

Сұхбатты жүргізген және өңдеген:
Тілеубаев Ш.Б.

80

Тұрсын Болысбекқызы
Ізбасаровамен сұхбат

– Өзіңіз, ата-анаңыз жайлы айтсаңыз.

– Мен, Ізбасарова Тұрсын Болысбекқызы, 1943 жылы 20 январьда

дүниеге келгенмін. Әкемнің аты – Болысбек, шешем – Әсия. Әкем
ветеринар-дәрігер болған. Анам жасынан сауыншы болды. Туған
жерім -Пенжим ауылы. Жаркенттің арғы жағында 20 шақырымдай.
Қорғастың бергі жағында, екі ортада орналасқан. Мен 13-14 жасқа

келгенде біз ол жерден осы Шұбар ауылына 1957 жылы көшіп келдік.

– Не себепті көшіп келдіңіздер?

– Әкем қайтыс болғаннан кейін көшіп келдік. Ол кісі соғыстан бір

аяғынан жараланып қайтты, елу жетінші жылдан бұрын қайтыс бол-
ды. Көшіп келгенде шешемнің әке-шешелері, туған-туысқандары
осында болды.

– Бауырларыңыз, әпке-сіңлілеріңіз бар ма? Қанша бала болды

отбасыңызда?

– Мен үлкені болдым. Менен кейін інім бар. Текеліде тұрады. Ол

үлкен оқу орнында тау-кен инженері мамандығын бітірген. Қазір ол
да зейнеткер. Одан кейінгі сіңілім 23 жасында қайтыс болып кетті. Ал
одан кейінгі сіңілім Талдықорғанда тұрады. Бала бақшаны басқарады.

– Көшіп келгеннен кейінгі жағдайларыңызды толығырақ ай-

тып берсеңіз.

– Біз көктемде көшіп келдік. Ол уақытта қоржын үйлер ғой: екі жа-

ғында екі бөлме, ортасындағысымен үш бөлме ғой. Соның кіре берісі
коридор сияқты болады. Қазан-ошақ сол жерлерінде орналасады да,
пешпен от жағылады. Біздің үйдің алдында шешемнің бөлесі тұрды.
Артқы жағында Қошақан деген кісілер тұрды.

– Бір үйде екі-үш отбасы өмір сүрген бе?

– Жоқ, екі-үш отбасы емес, біз өзіміз тұрдық. Ол үй біздікі де емес,

ол уақытта бір кісінікі болатын. Кім екенін ұмытып қалдық.

– Сонда жалға алдыңыздар ма?

– Жоқ, жалға емес. Ол уақытта жалға алу деген жоқ қой. Бос тұрған

соң, біз бір-екі жыл тұрдық сол жерде. Сонан кейін екі бөлмелі үй
сатып алдық.

– Ол кездегі үйлердің барлығы қоржын үй болды ма?

– Жоқ, 1958 жылдары стандарт салды ғой. Ол уақыттағы үйлерде

шатыр болмайтын, жайпақ тамдар болған. Кейіннен шатырлы үйлер
пайда болды. Мына контордың өзі сол уақытта салынды.
Ол кезде әркімнің қолы стандартқа жете бермейді. Үйі жоқтар тұр-
ды. Ал біз шешендер салған екі бөлмелі үйді сатып алып, сонда тұр-

дық. Қаншаға сатып алғанымызды да білмейміз, баламыз ғой. Онда
шешемнің шешесі бар болатын, бізбен бірге тұрды. Менің шешем

81

жалғыз қызы болатын. Соныменен үлкен шешем, мен, шешем, інім,
екі сіңілім. Онан кейін шешем басқа біреуге тұрмысқа шығып, екі-үш
балалы болды. Оның барлығын айта беруім керек пе?

– Өз еркіңіз. Шешеңіз екінші рет отбасын құрған кезде сіз қан-

шада болдыңыз?

– Тәтем елу сегізінші жылдары Қырғабақов Асанбек деген кісіге

тұрмысқа шықты. Осы жерде ол кісі мал бақты, түйе бақты. Кәдімгі-
дей еңбегін сіңіріп кетті. Ол кісінің осы жерде суреті де бар. Ол кісі
де соғыстан келіп, жөндеп отбасын құра алмай жүргенге ұқсайды.
Сонымен менің шешеммен отбасын құрып, екеуі мал бағып кетті ғой.

– Анаңыз екеуі ме? Ал сіздер қайда тұрдыңыздар?

– Біз үлкен шешемізбен, әжемізбен, тұрдық. Бауырымыз үшеуміз

мектепте оқыдық. Біз 1957 жылы, мен 5 класта оқығанда келдік.
Қазіргі аурухананың орнында екі корпусты мектеп болатын. Соны-
мен, 6-7 класты осында оқыдым.

– Жалғыз мектеп па колхоздағы?

– Иә, жалғыз мектеп. 1958 жылы үлкен мектеп салынды, мектептің

арғы жағына. Бұрын мектеп-интернат болған, балалардың санатория-
сы сияқты. Сонда оқыдық, 7-ші класты сонда оқып бітірдік. Класта
20 шақты бала оқитынбыз.

– Сізбен қатарлас бірнеше сынып болды ма, әлде жалғыз сы-

нып болды ма?

– Жалғыз-жалғыздан болды. Онда балалар көп емес қой, балалардың өзі

әртүрлі, ортасында оқымағандары да болды, үлкен болып келгендері бар,
кішкентай болып келгендері бар, орташасы бар, солай-солай оқыдық.

– Ал ол кезде үлкендер үшін сауат ашатын кешкі мектептер бол-

ды ма, білмейсіз бе?

– Болды. Үлкендер жаңа мектепте оқыды. 1958 жылы салынды ғой

жаңа мектеп. Сонда кәдімгі сауат ашатын кешкі мектептер ашылды,
ол уақытта біз мән бермедік қой, жас болдық.Үлкендер арасында
кеттік деп кетіп қалатын әйтеуір, оның рас-өтірігін қайдан білеміз,
оқып жатқанын, оқымай жатқанын.

– Мектепте қанша мұғалім болды, қанша пәндер оқыдыңыздар?

– Жетінші класта физикадан мұғалім болды, математикадан болды,

геометриядан болды, алгебрадан Қосыбай деген кісі болды, тарихтан
болды, неміс тілінен берді, бар болатын талай мұғалімдер. Әр пәннен
бөлек-бөлек мұғалімдер берді.

– Есіңізде қалған мұғалім бар ма?

– Қалқанбай Сәбиев деген кісі болды, біздің класс жетекшіміз бол-

ды. Тарихтан берді. Ол кісі соғысқа қатысқан болатын, білімді. Сонан
кейін бізде орыс тілінен Галина дейтін кісі берді, кейіннен директор
болды. Ал физикадан Дабыр дейтін өте қатал әйел болатын. Қатты
қорқатынбыз. Географиядан беретін жас мұғалім болатын. Әр бірінің

82

фамилиясы есімде жоқ. Мен бітіргелі қанша заман болды.Ұмытып
қалдым бәрін. Әр пәннен әр түрлі мұғалімдер берді. Ол кездегі мұ-
ғалімдердің бәрі білімді болатын, әйбат болатын. Қазір білімділер бар
ғой, дегенмен мұғалімдер ұсақталып кетті.

– Қазіргі мұғалімдерге сіздің көңіліңіздің толмау себептері қандай?

– Көбісіне көңілім толмайды, қазір заман да өзгерді, білім де өзгерді.

Ол уақытта, біздің заманда, білім берушілер өте-өте білімді болды.
Біздің көңіліміз толмайтыны, біз өзіміз мұғалімдерді қандай сыйлай-
тынбыз. Келе жатқанда алдынан кесе-көлденең өтпейтінбіз.Тұра қа-
лып амандасатынбыз. Керемет құрметтейтінбіз. Қазіргі жастарда он-

дай жоқ қой, ойлап тұрсаң бүгін балалар мұғалімнен қорықпайды.

– Өзіңіздің пікіріңіз бойынша, бұл қай жақтан кеткен қателік?

Мұғалімдерден бе, балалардан ба, әлде ата-аналардан ба?

– Ата-анадан да емес, мұғалімдерден де емес. Қазір неше түрлі ки-

нолар көреді, неше түрлі видео деген. Телевизордан неше түрлі нәр-
селер көрсетеді, соның бәрі бұзды ғой балаларды. Солай ойлаймын
өзім. Қазір көрмейтін нәрсені көреді ғой, соған еліктеп балалардың
барлығы не жасамай жатыр деп ойлаймын.

– Қай пәнді жақсы көруші едіңіз?

– Мен өзім жеті-ақ сынып оқыдым. Математикадан жақсы оқыдым.

Қазақ әдебиетінен сабақ беретін Бибі деген тәте бар болатын. Ол
кісінің күйеуі атақты болды, сол кісінің сабағынан жақсы оқыдым.
Алгебра-геометриядан да жақсы оқыдым. Шынымды айтсам, орыс
тілінен нашарлау болдым. Басқа пәндерден орташа оқып шықтым

енді. Өте жақсы оқымасам да, оқып шықтым.

– Ал оқу құралдары жеткілікті болушы ме еді?

– Оқу құралдарының барлығын өзіміз сатып алушы едік қой. Біздің

балалардың тұсында тегін беретін болды. Ол кезде де көпшілігін сатып
алатын болды. Кейіннен балалардың баласында тегін беретін болды, бір
кітапханадан алатын болдық қой. Оған дейін өзіміз сатып алатын едік.

– 6-7 сыныпта қандай киімдер киетін едіңіздер?

– Ол уақытта қоңыр көйлек форма болды. Әркім барын киіп жүрді,

шынын айтқанда. Әртүрлі көк, қоңыр көйлек емес бірыңғай бір түс-
тес киетінбіз. Кейін біздің балаларымыздың тұсында бірыңғай форма
болды ғой: қоңыр қөйлек, ақ фартук. Ол уақытта 1-ші майға шыққан-
да барлығымыз ақ көйлек киіп шығатынбыз. Бір бар, бір жоқ заман

ғой, барын кидік енді.

– Сіз алғашында басқа мектепте оқыдыңыз ғой. Ол мектептің

Панфиловтағы мектептен айырмашылығы болды ма?

– Біз інім екеуіміз сол жақта оқыдық, оқығанда алыс, бұрын бай-

дың тамы болған ғимаратта оқығанбыз. Бұрын ол байлардың тамы
болады екен ғой. Бір ұзын есіктері бар там еді. Бұл жаққа ол бірінші
класында, ал мен бесінші класымда келдік. Бауырым осы Шұбарда

83

он бірді бітірді. Содан кейін политехникалық институтқа оқуға түсті.
Содан кейін жеті кластан кейін шешем күйеуге тиіп кеткеннен кейін,
өзімізше отбасы боламыз, үлкен шешем мен бауырларымды асырай-
мын деп мен жұмысқа шығып кеттім.

– Мектепті тастап кеттіңіз бе?

– Мектепті тастап, қызылшаға шығып кеттім. Бір жыл қызылша-

да істедім. Қызылшада істеген жылы күздігүні, осы кісі сол жерде
бастық болатын. Қайын атам Нұрмолда Алдабергеновтың інісі. Құда
түсіп жайлауға кетіп қалды. Сол күзді күні, қызылшада істеп жүр-
генімде, менің жолдасымның шешесі қайтыс болады да, 60-шы жыл-

дары қыркүйектің 10 күні мені алып келді. Сонда менің жолдасымның
шешесі қайтыс болғанына үш-ақ күн болған. Үйді бос қалдырмаймыз
деп, он алтыдан аса бергенімде бой алдырмай мені алып келді. Енді
ол уақытта қарамайды ғой, алып қашып кетеді ғой. Мені алып-қашып

кетті, бой бермей.

– Мектепті тастап жұмысқа шықтыңыз, сонда ешкім қарсы

болған жоқ па?

– Кім қарсылық білдіреді ол заманда? Шешем тұрмысқа шығып,

екінші әкеммен бірге мал бағып кетті. Өзіміз ол үйде қалғаннан кейін
жан бағыс керек қой, содан кейін мен де жұмысқа шығып кеттім.
Онда бұл жердің бухгалтері Түзен деген кісі болатын. Ол кісінің әйелі
мына менің тиген күйеуімнің әпкесі болатын.

– Қалай алып қашып кетті, есіңізде ме?

– Кешке жақын қызылшадан келсем, "саған көктемде құда түскенбіз,

енең қайтыс болды, үйде әйел болу керек, сені алып кетемін" деді Жә-
кемнің әйелі. Жеңеше дейтінбіз, Күлдібай деген ағамыз болған соның
әйелі, Жәмеш деген абысынымыз. Қазақ үйде тамақ ішетінбіз, сонда
бухгалтердің әйелі үшеуі отыр екен. Қарадым да «бармаймын» дедім.

Басқа үйге кіріп кеттім. Сонан ол Жәкеңнің мәшинесін алып келді.
Шофермен екі жігіт келді де, "сені алып кетуіміз керек" деп бой бер-
мей бір қолымнан біреуі, екінші қолымнан біреуі, бір аяғымнан біреуі
ұстады да қой құсатып мәшинеге салды да алып келді.

– Ал апаңыз ше?

– Олар бере береді ғой. Құда түсіп келісіп отырған, мен келіспей

жүргенмін. Ол да жас, мен де жас, ол – он жетіде, мен он жетіге әлі
толмағанмын.
Ол кезде стандарт дейді, үш бөлмелі там ғой, сол тамға алып келді.
"Түсесің де түсесің" деп, алып келді қайтарға жол жоқ. Ол уақытта

қыздар сондай, қазіргідей қаша алмайсың, заман басқа «келдің келін
болдың» десе, жылайсың-сықтайсың, отырасың шымылдықтың ар-
тында. Сонан кейін тойын жасады, болды.

– Ал жолдасыңыз не істеуші еді?

84

– Жолдасым ол уақытта осы жердің ұстаханасы бар болатын, сол

жерде ұста болып жұмыс істейтін. Ол уақытта не керек барлығын
ұста жасайды ғой. Сол кезде жас болса да үлкен ұстаның балғасын
ұстап, сол жерде жұмыс жасаған.
Жұбайымның әкесі жоқ болды, шешесі қайтыс болды. Әкеміз, біздің

атамыз, қырық бесінші жылы қайтыс болып кеткен, содан кейін жеңгесі.
Күйеуім әке-шешесімен мына Қарабұлақтың арғы жағындағы Жетісу
деген жерде тұрған. Жәкең мына жеңгемді бір ұл-қызы болғаннан кейін
көшіріп алған. Сонымен, бұл кісілер жоғары жақтан, үйінің жанынан

екі үйден кейінгі жерге бөлек там салып берген. Сол жерде тұрған.

– Сонда Нұрмолда атамыздың бауырының балалары ғой, бұл

кісілер?

– Бауыры болғанда ағайындас болып келеді. Бұл кісілер тарам-та-

рам ғой, бір атадан екі кісіден тарайды ғой енді. Сонда бұл кісілер
мен менің күйеуім бір атадан тараған. Сонда ағайынды кісінің бала-
лары болған. Сонымен үйлендік те адам болдық, үй болдық.

– Қанша балаларыңыз бар?

– Алты қыз, бір ұлым бар. Мен 19 жасқа толмай ана атандым. Біріншім

егіз болды, егіз қыз. Ұлым Алматыда жұмыс істейді, ішкі істер қыз-
меткері. Келінім жүрекке операция жасайтын жерде медсестра сол
жерде істейді. Алты қызым алты жақта. Екеуі-Талдықорғанда, екеуі

– Андреевкіде, екеуі – Өскеменде. Үшеуі жоғары оқу орнын бітірген.

Үшеуі – техникум бітірген. Өскемендегі бір қызым заң орнын, Орта
Азиялық университетті бітірді. Мына Талдықорғаннан техникумды
бітірді де, осы жердегі Орта Азиялық университетті бітірді. Ол жер-
дегі кіші қызым қазақ тіл-әдебиетін орыс класына береді. Балам да

осы жердегі Қонаев атындағы университетті бітірді, заң орнын мына
Талдықорғаннан бітірді. Ол Алматыда, ішкі істер қызметкері болып
істейді. Одан кейін техникум бітіргендері бар, қазір олар да әке-ше-
ше. Немере қарап кетті ғой көбісі. Қаладағы қызда мына техникумды

бітірді, өзіміздің техникумның агрономын бітірді. Екі қызым агро-
номды бітірді, бір қызым медучилищені бітірді. Ал бір қызым – тех-
нолог, Талдықорғаннан бітірді.

– Ол кезде тәттілердің түрі де қазіргідей емес қой. Бала үшін

қандай қол жетпес тәттілердің түрлері болды?

– Кәмпиттің түрлері дегенде, дәу-дәу қант бар болатын. Оны бөліп-

бөліп шағып жейтін. Біздің жақта, Панфиловта, қант салмайды ғой.
Ал, бұл жерге келгенде қант деген егін-тегін. Қантта істегеннен кейін
қап-қабымен аласың. Қанша жесең де, емін-еркін. Қызылшада істе-
геннің үйінде қант толып жатыр.

– Ал дүкендерде не сатты? Сіз мектепте оқып жүргеніңізде қан-

ша дүкен болды?

85

– Мектеп оқып жүргенде бір дүкен, селмаг болды. Бір жағында кәм-

пит, қант сатады. Бір жағында киім сатады. Содан кейін хозмаг бол-
ды. Хозмагта темір-терсек сатады. Жетімдер тұратын интернат бол-
ды, ол кәдімгі техникум мен Шұбардың екі ортасында еді. Сол жерде
бір дүкен болды.

– Сіз мектепте оқып жүргенде немен күн көрдіңіздер? Әжеңіз

зейнетақы алып жүрді ме?

– Әжемнің зейнетақысы 20 сом ба, 14 сом ба, аз-ақ алатын. Тәтем

жібереді малын сойып, ұн-қант, бәрін тәтем жібереді. Сонда да со-
ларға масыл болмайын деп, өзімше мен асыраймын осы отбасын деп
жұмысқа шықтым ғой, жетінші сыныпты бітіріп.

– Сол кезде дүкенге барып, бір нәрсені алғыңыз келіп ала алма-

ған күніңіз болды ма?

– Жоқ. Кейінгі әкем не керектің барлығын, көйлегімізге дейін алып

беріп тұрды. Жаман киіндік демеймін, барынша алып беріп тұрды.

– Күнделікті тамаққа не іштіңіздер? Таңертең тұрасыз, сабақ

нешеде басталады?

– Сабақ сегізде басталады. Біз таңертең тұрғанда онда мал ұстайды

ғой. Айран, ірімшік, құрт деген бар. Жаздыгүні көжені ашытып қояды.
Жейтініміз ет, май, барлығы бар. Нанды үлкен шешеміз табаға жабады.

– Ал ұнды қайдан аласыздар?

– Колхоз еңбек ақысына бидай береді ғой. Кейінгі әкем малшы бол-

ды ғой. Ал онан бұрын, ол кісіге тұрмысқа шықпай тұрғанда, тәтем
қызылшада жұмыс істеді ғой. Ол кісілерге де еңбек ақыға бидай, қант
беріп тұрды.

– Сіз мектепті бітіріп қызылшаға келдіңіз. Ең бірінші күніңіз

есіңізде ме?

– Ол бізге таңсық нәрсе емес еді. Бізді кішкентай күнімізден жұмыс-

қа салды.Таңғы алтыда оқушыларды жинап алып кетеді. Түскі асы-
мызды алып барамыз да, жүгеріні шөптейміз. Түскі ассыз келген қыз-
дар-балалар ойнап жүріп жүгеріні шөптейміз.Ұзын-ұзын жол салады
ғой. Соны ойнап жүріп кетпенмен шөбін қалдырмай шабамыз. Істе-

геніңше істейсің, түске дейін бір жол, түстен кейін бір жол бітіреміз.

– Таңертең келесіздер, қаншада шығасыздар үйден?

– Таңертең жеті болмай біз шығып кетеміз. Бұрылма-бұрылмада

тұрамыз. Машина жинап алып кетеді. Звеношы бар, жолды бөліп бе-
реді. Тәшенбала деген бала болды. Біз соның қол астында жұмыс іс-
тедік. Самал деген апай болды. Сол уақыттағы звеношылар.

– Бір звеношыда қанша адам істеді?

– Білмеймін, талай адам істейтін. Қанша адам істейтіндері ойымызда

жоқ. Осы Шұбарда жыбырлағандардың бәрі бір машина адам қызыл-
шаға барады. Үлкен-кіші демейді барлығы қызылшаға барады. Түс-
ке дейін сонда барып, түстен кейін жаяу келіп мектепке баратынбыз.

86

Кешкі уақытта сағат жетіде келіп жинап алады. Қайтатындарға түсте
де машина барады. Түсте баласы барлар ғана қайтады. Қайтпайтындар
сол жерде тамағымен қалады. Түскі асымызды апарып, сонда жатамыз.

– Өздері бөліп берген арнайы жолдары болды ма?

– Қаз-қатарынан бір-бір жолдан алады, соның басына шығады.

Арғы жақтан шыққаннан кейін, қайтадан бері қарай түседі. Бірінші-
лер солай болды. Кейіннен он жолдан алу шықты. Кейде отбасы, ба-
ла-шағасы болса, өзіміз істейміз деп 24, 48 жолдан алатын болды.
Мен кейіннен үй болғаннан кейін 5 жыл қызылшада істедім. Сонда

бала-шағамызбен келеміз он жолдан немесе он бес жолдан алып ала-
мыз. Соны істеп бітіресің, сонан кейін ары қарай жүре береді.

– Менің білуімше, қызылшаның бірінші шөбі, екінші шөбі бо-

лады.

– Сол жолымызға өзіміз қайтадан келіп түсетінбіз, сол жолымыз-

дың бірінші, екінші, үшінші шөбі біткенше сонда істейміз. Демалыс
жоқ. Біріншісін бітіргенше, екіншісінің шөбі өсіп тұрады. Демалыс-
та демаламыз. Демалыссыз істейтін күндеріміз болды. Шөп баспаса,
3-4-ші күні демалыс беретін.

– Бірінші жалақыңыз қанша болды? Күндік жалақы берді ме?

– Есімде жоқ. Істеген еңбегіңе қарай айлық беретін. Енді кейін

айына бес жүз, төрт жүз сомнан алдық қой.Ол уақытта керемет ақша
болатын. Бала-шағамызбен, күйеуіммен істедік қой. Тиген күйеуім
шофер болды. Водовоз айдады, самосвал айдады.Арасында қызыл-
ша суарды, бос жүргізбейтін. Қызылшаның шөбі өсіп кетсе шоферің,

сауыншың, барлығын апарып салатын.

– Денсаулығы жоқ болса ше?

– Ондайды білмеймін. Денсаулығы жоқ болса, әрине анықтамаң бол-

са шығармайды. Сауыншыларды сауыннан кейін түстен кейін шығара-
тын. Түске дейін қалсақ, түстен кейін жұмысқа шығамыз.Түстен кейін
қалсақ, артымыздан бригадиріміз, шөтшігіміз (есептеуші) есігіміздің
алдына келіп тұратын. «Ей, сен бүгін неге қалдың, қайда жұмысың?»

–деп. Содан ұялатынбыз қалуға. Ылғи да жұмыста жүретінбіз.

– Сіз бала кезіңізден бастап, тұрмысқа шыққаннан кейін де қы-

зылшада істеуді жалғастыра бердіңіз? Қай жылға шейін қызыл-
шада істедіңіз?

– Қызылшаны қай жылға дейін істедім деймін. Арасында босана-

сың, үйде қаласың. Енді балаң бір жасқа дейін қызылшаға шыға ал-
майсың, бір жастан кейін емізіп отырып арасында шығасың, енді үйде
қарайтын кісің болмаса. Менің енем болмады. Сонымен арасында,
кейде күзге ілінесің, кейде көктемде қызылшаның бүрлеуіне, не бол-

маса әлгі шөбіне ілінесің. Әйтеуір, алты-жеті баланы тауып, жетпіс
төртінші жылы отыз бірімде соңғы кіші қызымды таптым. Соныме-
нен жеті балам болды, біріншім – егіз, одан кейін мен жұмысқа жа-

87

рамадым да, бүйрегім ауырып, бала бақшасына кірдім. 1976 не 1977
жылы соған кірдім. Бала бақша қазіргі орнында, сол жерде күтуші-
няня болып істедім. Аспаз болып істедім, әйтеуір несін істемедім,
бала бақшаның барлық қызметін істедім. Кірін жудық, бала қарадық,

аспаз болдық, не керек барлығын істедік. 1999 жылы осында келдім,
соған дейін сол жерде істедім. Сонда, талай жыл сол жерде істедім.
Содан кейін келіп 1998 жылы осы жерге келіп істедім.Мұнда да жа-
рамадым. Денсаулығым болмады. Бүйрегім, қан қысымым көтерілді.

Осы жерге келіп директормен сөйлесіп, неде болса осы жерде істейін
мен деп, осы жерге күзетші болып кірдім. Онда бұл жерде бес-алты
әйел істейтін. 2007 жылға дейін бе, 2008 жылға дейін бе істедім.

– Жалақыңыз канша болды бұл жақта? 1991 жылдары ше?

– Ол уақытта елге ақша бермей, қиын болып кетті ғой. Аз-ақ болды

жалакымыз.

– Ал колхоз қай уақытқа дейін жұмыс жасады?

– Колхозды Жанатов Көшкінбай бастық болып тұрғанда агрофирма-

ға ауыстырды ғой.

– Ал жұбайыңыз сол колхозда істеп жүрді ме?

– Ия. Сол жерде шофер болып жүрді. Су тасып жүрді. Осы жердің

молоковозы болды. Онда бізде төрт ферма бар болатын.

– Ал сол агрофирма болып ауысқан кезде жағдайы төмендеме-

ген шығар?

– Төмендеді ғой. Өйткені, сиырдың барлығы сол уақытта құрыды

ғой. Ферманың барлығын құртты ғой. Қайдан білейін, енді азайды
ғой, әйтеуір.

– Енді атаңыз туралы. Ең бірінші рет ол кісіні қай уақытта

көріп едіңіз?

– Мен келін болып түскенде ол кісінің атағы жер жарып тұратын.

Мен ол кісінің бетіне карай алмайтынмын. Арамызда екі үй ғана бар
болса да, сөйлегенде дауысы біздің үйге естіліп тұратын. Мен келін
болып түскенде, ол кісіні көрсем тығылып қалатынмын.
Неге екенін білмеймін. Қорқатынмын. Білмеймін,түсінен қорықтым

ба, әлде атағынан қорықтым ба? Не де болса, әйтеуір, сондай болдым.
1960 жылы ма, әлде 1961 жылдың ба, қараша айында бұл кісілер
осы жерге көшіп келді, осы үйге келді. Мен алпыс екінші жылы бо-
сандым, біз содан кейін ол жақтағы үйді тастап, мына жерге, мына

үйде бұрын айттым ғой әпкесі тұратын деп, сол үйге көшіп келдік.
Анау үйді сол кісілерге бердік. Екеуі де стандарт үйлер. Сонда тағы
да көрші болып тұрдық қой. Келіндер барып сол үйдің еденін жуып,
тазалап, қазан-ошағының отын жағып сөйтетінбіз. Кісі шақырса, қа-

зан ошақтың қасында сол отын жағып, самаурын қойып, содан кейін
тарысын түйіп қызмет қылатын едік. Ылғи да жент жасайтын бұл
кісілер, үйлеріне кісі көп келеді.

88

– Ал жолдасы қандай кісі еді? Жұбайы?

– Жақсы кісі болатын, өзіме жақсы болды. Туған-туысқандар келіп

жататын ол үйде.

– Сіз атамен өмірі бір рет те сөйлеспедіңіз бе?

– Жоқ. Атаның алдында тұра алмайтын болдым. Ол кісі мына жақ-

тан келе жатса, мен мына жақтан үйге қарай кіріп кететінмін. Сондай
сыйлағандық шығар. Ол біздің сыйлағанымыз. Қорыққандығымыз
емес, сыйлағандығымыз. Ол уақытта қайын ағаның алдында жүр-
мейді деп, келе жатқаннан ары жаққа қашып кететінмін.

– Ол кісінің өмірінде қиын кездер болды ғой. Жұмысынан түсіп

қалған кездері, сол туралы не айта аласыз?

–Жұмысынан түсіп қалған кездері болды. Ондай қиыншылығын

көрсетеді дейсің бе? Ештеңе сезгеніміз жоқ. Ол кісі осы үйде тұрды.
Содан кейін барып мына жақта сельсовет болды. Одан кейін барып
Мұқырға қайтадан бастық болды. Сол жерде екі-үш жыл істеп, содан
кейін қайтыс болды ғой. Аурудан қайтыс болды. Қатерлі ісік ауруы-

нан қайтыс болды.

– Сіз сол колхозда жұмыс жасап жүрген кездеріңізде атаның

туыстығының пайдасы болды ма?

– Не пайдасы болады. Мен келін болып түскеннен кейін, бір жылдан

кейін бұл кісі бастықтан түсіп қалды ғой. Еркінге әкім болып кетті ғой.
Әкімді Сельсовет деуші еді ғой ол кезде. Содан кейін барып Мұқырыға
кетті. Енді күйеуім барып келіп тұратын.Ол уақытта мен жас балалы-
мын. Қайда шығамын? Шынымды айтсам, ешқандай ешқайдада шыға

алмайтынмын. Үйде отыратын енем жоқ. Күйеуім өзі барып келетін.

– Сізге ештеңе айтпайтын ба еді?

– Не айтады маған, ештеңе де айтқан жоқ. Келін болып түскеніме

сыртымнан қуанып, сыртымыздан қарайлап жүретін бауырын, өзінің
қолында оқыды ғой. Мен де, күйеуім де сол жеті-ақ класс бітірдік. Ол
заман сондай заман болды. Ол да кішкентайынан жұмысқа шығып
кетті. Отбасын асыраймын деп шықты ғой енді. Екеуіміз қатар бол-

дық. Сонымен ол ұстаға кіріп кетті, сол жерде жүргенде екеуіміз үй-
лендік қой, Алланың әміріменен. Екеуімізді адам қылған осы кісілер.
Қолына түсіріп, қарайласып, әйтпесе қайдан...?

– Нұрмолда атаның аға-бауырлары болды ма?

– Аға-бауырлары болған жоқ. Осы жерде өзіне қарасты туыстары

бес-алты-ақ кісі ғой. Содан кейін қызы болды. Соныменен Сексенбай-
ды бауырымның баласы деп қолына алып келіп өзі оқытам десе де,
оқығысы келмеген адам оқи ма? Оқымай қашып жүріп, ол да оқымады.

– Рахмет әңгімеңізге.

Сұхбатты жүргізген: Болатхан Ә.
Өңдеген: Нұрман Ш.Т.

89

Тоқтасын Ізбайырұлы
Кенжебековпен сұхбат

– Алдымен қай жылы, қай жерде туылғаныңызды айтсаңыз?

– 1941 жылы 6 тамызда туылғанмын. Осы ауылда, осы жерде туып-

өстім.

– Әке-шешеңіз туралы айтып беріңіз?

– Әкем Ізбайыр деген кісі 1932 жылдан бері осы жерде «Сталин»

атындағы колхозда еңбек еткен адам, содан бері осында болды.

– Ол кісілер кім болып жұмыс істеген?

– Жай, қарапайым жұмыстар істеген. Нұрмолда Алдабергенов ата-

мызбен менің әкем екеуі түйдей құрдас болатын. Ол кісілер екеуі
қатты қалжындасатын еді. Кезінде «сұмдық» ойнайтын бір-бірімен.
Нұрмолда Алдабергенов атамыз екінші рет «Социалистік Еңбек Ері»
атағын алды. Атағы шықты, сол жылдары депутат атанды. Соған

қарамай екеуі бір-бірімен қалжыңдасып ойнайтын. Қазір мына му-
зейде бар 1948-49 жылдардағы «актив» («актив» – кейде еңбекке де,
қоғамдық өмірге де белсенді араласқан, басшылық қызметте болған
адамдарды солай атайтын - Ш.Т.) дейді. Ол кезде колхозды«актив»

басқарады. Сол «актив»болған менің әкемнің Нұрмолда Алдабер-
геновпен бірге түскен суреті тұр музейде. Мен өзім 1958 жылы оқу
бітіргеннен кейін 1 жылдай ғана Нұрмолда атамыздың қол астында
жұмыс істедім. Сосын ол кісіні орнынан алып, басқа жаққа ауысты-

рып жіберді. Ол кісі мені баласындай көретін, әкемнің құрдасы бол-
ғаннан кейін жақсы араласатын едік.

– Сіз не жұмыс істедіңіз?

– Мен енді өмірбаянымды айтайын, қысқаша болсада. Мектеп бітір-

геннен кейін Қазақтың ауыл шаруашылық институтының «инженер-
механик» факультетіне оқуға түстім. Бірақ ол кезде жағдай өте қиын
еді. Соғыстан кейінгі жылдар ғой. Әкем жақсы жұмыс істеді, ферма
(ферма – ұжымшар, кеңшарлардың жанынан құрылған мал шарушы-

лықтары) басқарды, Нұрмола Алдабергеновпен бірге. Оқуға түскен
соң Алматыда 3 ай ғана оқыдым. Пәтер жалдау қымбат, жағдай қиын-
дау болды. Ақша аз, кейін оқуды тастап қайтып кетуге тура келді.
Содан 4-5 жылдай оқымай жүрдім. Әкем туғаннан бір қолы «кемтар»

болатын, шешем ол кезде науқас еді, жұмыс істемейтін.

– Сіздің бауырларыңыз бар ма?

– Бар әрине. Содан қайтып келіп 4-5 жыл жұмыс істедім. Тракторшы

болып жұмыс істедім. Баяғыда 5-ші класта оқып жүргенде «Социа-
листік Қазақстан» газетінде менің ең алғашқы мақалам шықты. «Ле-
ниншіл жас» газетіне көп тақпақтарым, өлеңдерім шықты. Енді сол
оқушы кезімде кішкене өлең жазатыным бар еді. Менің журналисти-

90

каға бейімдігім бар болатын. Сол трактор айдап жүрген кездерімде
аудандық, облыстық газеттерге әркез жазып тұрдым. Олардың штат-
тан тыс тілшісі болдым ғой, тілші болып кәдімгідей жазып жүрдім.

– Халықтың өмірі туралы мақалалар жаздыңыз ба?

– Мен сол 4 жыл механизатор болып жұмыс істегенде күніне бір

сағат кешкі тұрым, кешкі сағат 10-11-лерде, бір сағат дайындалатын-
мын институтқа оқуға түсуге. Сол жылы өзім жұмыс істеп, еңбек етіп
жүріп оқуға түсуім керек болды. Ол кезде бізбен бірге жұмыс істейтін
неміс жігіттері болды. Олар көп еді. Солардың ішінде бір жақсы жігіт

бар болатын Шульс Гельмут деген, үнемі газет оқып отыратын. Бір
күні түсте алқаптың басында отырамыз ғой, танаптың басында тамақ
ішетінбіз, онда үйге келмейміз. Сол отырып маған «сен журналист
сияқтысың ғой, сен жазып жүрсің, мынаны қарашы» деп күлді. Қара-

сам «Заря коммунизма» деген газет шығатын облыстық. Сонда былай
жазылған: «своевременно провели межрядовые обработку озимой
пшеницы» депті, ол мына Үштөбе, Қаратал ауданының бір колхозы-
ның түбі. Ал, ол енді «сұмдық қате» анау күздік бидайдың ішіне еш-

қандай «обработка» (өңдеу) жасалмайды. Соған жігіттер күліп алды,
ол маған да тиіп кетті, шынын айту керек қой. Содан бір жарты жыл-
дан кейін бе екен бір аудандық газетті оқып отырсам, «Хождение по
мукам» деген кино шығыпты, «Хождение по мукам» дегені қасірет

қой... түсіндің ба?

– Иә-иә, түсіндім.

– Ал оны аударғанда «Мұң жолындағы саяхат» деп аударыпды.

Оны оқып, сол жердегі жігіттер әбден күлді ғой. Содан соң мен ин-
женерлікті қойып, 4 жылдан кейін КазГУ-дың журналистика факуль-
тетіне барып оқуға түстім. Ташкенттен Бұхарбаев деген қазақ жігіті
келді. Сол кезде Ташкентте «Қазақ радиосы» бар еді, ол соның ре-

дакторы екен. Екеуіміз оқуға түсерде көп «жоғары балл» алдық.
Кейін екеуміз телевидениеге бардық, сонда сөйледік. «Сендер оқу-
ға қабылдандыңдар, жақсы» ең үлгілі депті. Менің оқуға түскенімді
ауылдағылар радиодан естіп біліпті. Оқуды Алматыда «Лениншіл

жас» газетінің бір бөлімінде біраз жұмыс істеп жүріп оқыдым, ол кез-
де әйелім, балалар бар болатын. Жағдай қиын болды, өте қиын. Ол
оқуды бітірдім, бітірген соң ауылға келдім, келгеннен кейін ауылда
қалуға тура келді. Содан осы ауылда міне 49 жыл жұмыс істедім. Осы

ауылда, колхозда төрт-ақ агроном бригадасы болды. Өте үлкен кол-
хоз, белгілі атағы шыққан «Еңбек Қызыл Ту» орденді колхоз ғой. Сол
төрт бригаданың бірінде агроном болып жеті жылдай істедім. Брига-
диры болып 11 жылдай жұмыс істедім. Кейін «үлкен сүт комплексі»

ашылды. Ол кезде сондай бір қосалқы шаруашылықтар ашылып жа-

91

татын. 600 сиырлық үлкен комплекс болатын, соны басқардым. Қазір
оның орны ғана қалды.

– Қай жылы ашылды, қанша жыл басқардыңыз?

– 3 жылдай басқардым. Сондай-сондай жұмыстар істедім ғой. 4-5

жыл тракторда істедім, қалған уақытта елмен жұмыс істедім. Маған
осы уақытқа дейін талай сұрақтар қойылды. «Сіздің кәсібіңіз не?
Профессияңыз не?» деген сияқты. Сонда мен не айтарымды білмей,
ақыр аяғында «менің шын еңбегім мына халықпен жұмыс істеу»

дейтінмін. «Мен журналиспін» дегенім жоқ. Өзім механик та бол-
дым, агроном, зоотехник те болдым, бәрін істеуге тура келді. Ол да
халықпен жұмыс істеу, осы ауылда 40 жылдан аса халықпен жұмыс
істедім. Міне, өмірім осы. Ал семьялық жағдайыма келетін болсам, 4

ұл, 1 қызым бар. Балалардың бәрі өсіп, оқуларын оқып, көбісі қазір
қалада тұрады. Ең кішісі ауылда тұрады, қолымда. 11 немерем бар, 3
шөберем бар.
Ал енді Нұрмолда атамыз туралы айтатын болсақ, ол кісінің қол

астында көп жұмыс істей алғаным жоқ. Бірақ бала болған кезімде
үйге келіп тұратын. Жақсы араласып жүрдік. Ол кісінің мінезі сон-
дай ашық еді ғой. Айқайлап-айқайлап қойғанымен арғы жағында
ешқандай зілі жоқ болатын. Бірде конторына келіп әкеммен бірге

отырмын, жас баламын ғой, еріп келгенмін. Нұрмолда атамыз сонда
бір жігітті ұрсып-ұрсып қуып шықты. Сонан кейін әкемді шақырып
алды, ол кезде әкем зоотехник болатын. Анау қой бағатын жігіт екен.
«Әй, мен мына жігітті қатты ұрыстым, менікі дұрыс па, дұрыс емес

па» деп сұрады. Сосын «Сен қазір атыңа мін де бірінші оның үйі-
не бар, үйінің жағдайын біл, семьясының жағдайы қалай екен, соны
біл. Оның ақшасы, «анау-мынауы» бар ма екен, бәрін біліп кел» деді.
Ұрысып отырып, артынан олардың бәрін тексеріп, оған көмектесетін

адам болатын Нұрмолда Алдабергенов.

– Ол кісіге не үшін ұрысқанын білмедіңіз ба?

– Ол шопан екен, қойларынан 117-ден қозы алыпты. 100 саулықтан

117 ден, ал колхоз бойынша 136 болу керек екен. Сонда жаңағының
алғаны 117 қозы болған, ол төмен ғой. Сол себепті ұрысқан, «саған
сендім ғой мен» деп ұрысқан. Ұрысқанда да боқтау, балағаттау емес.
Артынан ол кеткен соң әкеме «оның жағдайын біл» деп отыр. Содан

кейін құрметтеп кеттім ол кісіні. «Міне, мен саған жұмыс бердім,
енді мынауың не? Шалдар да озып кетті сенен» деп ұрысқан. Сонан
кейін әкем ол жерден шықты да кетті. Барып жаңағы жігіттің үй жағ-
дайларын біліп, көмектесіп қайтты. Мінеки сондай адам болатын.

Мысалы Нұрмолда атамыздың бір қасиеті, ол бір кісіні бір жаққа
жұмсап, не бір командировкаға немесеқиындау жұмыстарға жіберу
үшін ең бірінші оған айтпайды. Жіберетін ер адамның үйіне барып

92

әйелімен сөйлеседі, баласымен сөйлеседі, содан кейін ғана жіберетін.
Сонда барып бірінші барлық жағдайын жасап, сосын баратын жігітті
шақырып алып «сен мынадай жұмысқа барасың» дейтін. Жігіт бара-
мын демейді, өйкені барлығын көндіріп қойған, бар жағдайын жасап,

мәселесін шешіп қойған.Соғыстан кейінгі қиын кездер ғой. Менің ай-
тып отырғаным 50-60 жылдардың ар жағы ғой.
Тағы бір мысал. Біздің «Панфилов» ауданынан көшіп келген
көршіміз болды. Өзі былай орта жастағы жігіт екен. Соны команди-

ровкаға жіберетін болды. 5-6 жігіт жиналып Сібірге барып, ағаш да-
йындап, оны тиеп алып келулері керек. Ол жақта бір айдай уақытқа
енді кетуі керек. Ал оған көбі бара бермейді, барғысы келмейді. Ол
жақта күн суық, киім керек дегендей. Сол жігіттің үйіне келді ол кісі.

Біздікіне де келді. Әкеммен бірге шәй ішіп әңгімелесіп, қалжыңдасып
отырды. Сосын жаңағы «көрші жігіттің үйіне барайықшы» деп, екеуі
сол үйге барды. Мен де олардың артынан еріп жүрмін, кішкентаймын
ғой. Көрші кісінің әйелімен сөйлесіп, сосын келіп, ақшаға ұн, қант

басқа да ұсақ-түйегінің бәрін алып берді. Күйеуіне жылы тон алып
берді. Содан соң жігітті шақырып алып «енді Сібірге барып ағаш
дайындап, алып келіңдер. Мына жерге үй салуымыз керек. Халқы-
мыз үйсіз отыр» – деді. Нұрекең салғызған үйлерден дәл осы көше-

де, қазіргі «Алдабергенов» атындағы көшенің аяқ жағында екі-ақ ақ
үй қалыпты. Кішкентай ғана болатын екі бөлмелі. Міне, сондай адам
болатын ол кісі. Осындай мысалдар өте көп. Бірақ хат тану дегенде
кішкене нашарлау болды, бірақ оқитын, жазатын.

– Хат танушы ма еді, оны қайдан білдіңіз?

– Хат тануы жағы нашарлау еді. Қалай түсіндірсем екен? Мысалы,

ол кісі енді үлкен-үлкен съездерге қатысатын, сонда депутат болып
сөйлейді ғой. Жоғарғы Советтің де депутаты болды. Сонда оған жа-
зып береді. Ал былай енді сөйлегенде жақсы сөйлейді, мысалдарды
келтіріп тұрып керемет сөйлейді.

– Кім жазып береді?

– Белгілі ғой енді, Қазақстаннан даярлап жібереді.Ол кісі оқымай-

тын, оқи да алмайтын. Жазып бергенді айтып береді. Жанында сек-
ретарь бір адам міндетті түрде жүреді. Оны Москваға ертіп барады.
Чемодан, киім алысып көмектесіп жүреді, адасып кетпесін деп жол
көрсетеді деген сияқты. Сол жанында жүрген адам екі-үш рет оқып

береді. Ал қалғанын былай өзі-ақ айтып береді.

– Оны сіз өз көзіңізбен көрдіз ба, әлде әкеңіз айтты ма?

– Енді осы жерде жүрміз ғой, бәріміз білеміз естідік қой. Әкеміз

де айтты, басқалар да айтатын, белгілі ғой. Жиналыстарда өзіміз де
көрдік, қағаздарын дайындап береді. Бірақ ол қағазына да қарамай-

93

тын, бәрін басында сақтайтын. Шыны керек, енді, білімі аз адам бол-
ған.

– Сіздің әкеңіз қанша сынып бітірген?

– Менің әкем хатты жақсы таниды, жақсы жазады, кезінде арабша

оқыған. Ол кезде оқу жоқ қой. Кейбіреулер әлгі орыс мектептерінде
оқыпты. Нұрмолда Алдабергенов әшейін хат таныған ғой. Бұл кісі-
лер 1932 жылы үлкен адамдар ғой. Менің әкеммен Нұрмолда атамыз
екеуі де 1906 жылы туылған. 1906 жылы, сонда өзің ойлап көр, жас

кезінде мысалы, 20 жыл қосайық, сонда 1926 жылдар болады ғой.
Онда қайдағы оқу. Нұрмолда атамыз да, менің әкем де байлардың
қойларын бағып күн көрген адамдар. Қайдағы оқу оларға. Өздері тал-
пынып барып оқыған ғой. Әйтпесе, біздің уақыт болса олар оқуды

бітірер еді. Міне, солай жағдай.

– Сіздің әкеңіз қартайған шағында немесе сіздің ес білген кезіңіз-

де өзінің балалық шағы туралы әңгімелер айтушы ма еді?

– Айтады ғой, айтатын.

– Байлардың қойын бағу деген сияқты әңгімелерді мысалы сол

кісінің әңгімесіне сүйене отырып айтып отырсыз ғой, солай ма?
Есіңізде бар ма, әкеңіз қандай әңгімені жиі айтатын еді?

– Ол кісінің, бір айта кететін мына жағдай, халықпен жақсы болуы.

Мысалы, Нұрмолда атамыздың өзі қандай болды, халықпен қалай
сөйлесті, халықты қалай ұйымдастырды, халық қалай оған сенді де-
ген мәселелер. Бізге шешендерді алып келді соғыстың кезінде қап-
татып, осы жерге. Немістерді алып келді, осы ауылдың жартысы

немістер болды. Ішінде қазағы бар, татары бар бәрі бар, көбісі ше-
шендер. Осы халықты бір-бірімен араздастырмай, қырылыстырмай
ұстаудың өзі өте қиын дүние ғой. Сол кезде мына Нүкеңнің бір өзінің
әдісі, тәжірибесі болды. Егер бір конфликт бір жерде болып қалады

ғой кейде, балалар төбелесіп қалады немесе үлкендер ұрысып қала-
ды. Неміс пен шешен, не қазақпен басқалар деген сияқты. Солардың
үлкен кісілерін конторына шақырып алып, бәрін жинап сөйлеседі.
Шатақ шығарған бұзықтарды анадай жерге отырғызып, үлкендерін

алып келіп солардың көзінше сөйлеседі. Ал, ол, өте пайдалы әдіс бо-
латын. Мысалы, ол кісі қанша жыл осында қызмет істеді, сонша жыл
ешқандай күрделі мәселе туындамаған екен. Менің әкем де айтып
отыратын, кейін өзім де естіп жатырмын ғой. Ол кісі мен жасырақ

кезімде кетіп қалды ғой. Бірақ жұмыс істеп жүрген кезде бір адамды
да соттатпаған. Ол деген үлкен жұмыс қой, оны дұрыс түсіну керек.
Бәрін тәрбиелеп отырған. Мен өзім білетінім, бізде бір Лонский деген
поляк болды. Қазір тұқымдары ауылда әлі бар, немерелері тұрады.

Ол кісі автопарктың бастығы болатын. Сол бір шешенмен төбелесіп
қалыпты. Кәдімгідей төбелесіп, бір-бірінің жағаларын жыртып, мұ-

94

рындарын қанатып төбелескен. Ол кезде қабырға газеті шығады ғой,
қазір сондайдың жоғы өкінішті. Ертеңіне жаңағы екеуінің төбелесіп
жатқан суретін сол газетке салып, шығарып қойды. Ал, кешке қарай
колхоздың барлық белсенділерін жинап, ана екеуін де шақырады.

Сонда поляктың ағасы бар болатын, бас агроном болып жұмыс іс-
тейтін. Ал шешеннің әкесі үлкен ақсақал болатын, ағарған шашы мен
сақалы бар еді. Үлкен беделді адам болатын. Екеуін шақырып алып
елдің көзінше айтады «ұятқа қалдырдыңдар ғой» деп. Сонан кейін

төбелес үлкен адамдардың арасында болған жоқ. Ал, біздер, жастар
кейде төбелесіп те қалып жүрдік, сонда бәрімізді тұрғызып қойып
шалдарды жинап алып тұрып әкемізді танытатын. Ұрысып, «мына-
ларың не, сендерге не жетпейді» деп. «Соғыс болды, бұл кісілер бұл

жерге қазақ деп, ел бар» деп келді. Бізге көмектесудің орнына сендер
бізді ұятқа қалдырасыңдар. Екінші жаққа да айтып, бәрін тыныштан-
дыратын. Міне, сондай адам болатын Нүкең деген. Енді әкем ол кісіде
қызметте істеді, әкем болғаннан кейін маған айтатын «мына халықты,

әрбір адамды бірінші сен басқардың ба, басқарғаннан кейін сен ол
адамға жауаптысың. Ол адамды сен біл, Нүкең сияқты үйін барып
көр, жағдайын түсін, бірінші оның жағдайын жаса. Содан кейін ба-
рып жұмыс сұра. Бостан босқа ешнәрсе болмайды» деуші еді. Сосын

әкемнің өзінің айтатын қағидасы «Ең бірінші көршіңді өкпелетпе,
екінші қыздарды өкпелетпе. Қыздардың жолы жіңішке болады. Еш
уақытта өкпелетпе, өліп бара жатсаң да, өкпелетпе» – деп отыратын.
Ол әкемнің өзінің айтқан пікірі.

– Мектепті 1 кластан 10 класқа дейін осы жерде оқып бітірдіңіз

бе?

– Иә, енді қай жақта бітіремін. Бұл жерден, ауылдан шығып көрген

жоқпын. Басқа жақта әлгі КазГУ-дың, университеттің журналистика
факультетін бітірдім ғой. Алты айдай «Лениншіл жас» газетінде жұ-
мыс істедім, сосын қайтып келіп, ешқайда шыққаным жоқ, осы жерде
жұмыс істедім.

– Сіз енді Кеңес өкіметін көрдіңіз, кеңестік жүйені көрдіңіз, сол

кезеңде жұмыс істедіңіз. Қазіргі уақытта Егемен Қазақстанда
өмір сүріп жатырсыз. Айтыңызшы, қай жүйеде, қай кезеңде өмір
сүрген дұрыс болды? Сізге таңдау берсе қайсысын таңдар едіңіз?

– Мен түсіндім сұрағыңды, дұрыс түсініп отырмын. Бірақ Совет

үкіметі кезінде өте дұрыс болатын. Қазір СССР-ды, Совет үкіметін
өте қатты кінәлап жатыр «солай болды, бұлай болды» деп. Мен әңгі-
менің басында айттым ғой Совет өкіметіне дейін әкеммен Нұрмолда
екеуі жай ғана басқалардың қойын бағып күн көрген адамдар. Сондай

адамның баласы мен университет бітіріп, білім алып жұмыс істедім,
адам болдым. Оларды, мені адам қылған кім? Мен бұл ойымнан, не

95

істесе де бәрі бір, қайтпаймын. Совет үкіметі кезінде біз жақсы тұр-
дық. Мысалы, колхоз дегеніміз «коллективтік хозяйство» дейді иә,
ұжым ғой. Ешкімге зияны жоқ еді, үкіметке де зияны жоқ. Үкіметке
салықтарының бәрін төлеп тұрады. Алған өнімдерін беріп тұрады.

Ал қалғаны колхоздың өзіне жетіп жатыр. Өзінің колхозшыларына
бөліп береді, жетеді. Ал қазір ше?
«Алдабергенов» деген ауыл бар, баяғыда «Шұбар» ауылы бола-
тын. Осы ауыл қанша рет 1,2,3 орындар алды тазалығынан, ауылдың

әдемілігінен. Сондай атақты ауыл болды, 20 «Герой»(«Герой» деп –
Социалистік Еңбек Ерлерін айтып отыр) шыққан ауыл, оны білетін
шығарсың, естіген шығарсың. Ал қазір не болды? Жұмыс жоқ. Мы-
салы менің 4 ұлым бар, 4-і де осында қалып жұмыс істер еді, жұмыс

жоқ. Амалсыздан қалаға кетті. Кіші ұлымды ұстап отырмын осында,
бірақ мұнда жұмыс жоқ, қалаға барып жұмыс істейді. Түсінесің бе?
Жұмыс жоқ. Егер жұмыс бәріне болса, неге ауылда тұрмасқа! Жоқ
жұмыс, бітті! Ауылымызда қаншама үйлер қаңырап бос тұр. Жастар

кетіп жатыр, «қалаға барып, әйтеуір бір жұмыс табамыз ба» деп. «Бір-
деңе қылып күн көрерміз» деп кетіп жатыр. Міне, жағдай осылай.
Сол себепті мен Совет үкіметін кезінде жақсы тұрдық деп ойлаймын.

– Ал Сіз жұмыс істеп жүрген кезде өзіңіздің колхозыңыз бен бас-

қа колхоздардың өмірінен хабардар болдыңыз ба? Жағдай бірдей
ме еді, қалай еді?

– Иә, әрине енді. Бізде колхоздар болды, совхоздар да болды. Сов-

хоз деген енді, ол үкіметтікі. Үкімет өзі соның ақшасын беріп, бәрін
жасады, пайдасын өздері алып отырады. Ал колхоз мысалы, тиістісін
береді де қалғанын өздері бөліп алуға болады. Колхоз дегендер көп
болды. Әртүрлі колхоздар болды, жақсысы да болды, мықтысы да

болды, нашарлауы да болды. Бірақ, дегенменен колхоз халқы, мен
Нұрмолда Алдабергеновтен тәрбие алғанмын. Яғни, сол кезде мен-
дей тәрбие алған адам жұмысты еш уақытта жаман істей алмайды,
өйткені біз солай үйреніп кеттік. Қанымызға сіңіп кеткен. Ал қазір,

әйтеуір ақша табу керек. «Не болса ол болсын, бірдеңе қылу керек»,
ал ол кездегі колхоздар мықты болатын.

– Совхоздардың жағдайы ше, олардың жағдайы басқаша болды

ма? Сіздер сияқты жеткілікті жағдайда өмір сүрді деп ойлайсыз ба?

– Қазірге қарағанда он есе бізден жақсы тұрды. Совхоз ол үкіметтікі.

Үкімет өзі реттеп отырады оларды. Мысалы, директорын сайламай-
ды, өздері жібереді, нақты айтқанда тағайындайды. «Қызылшаны
өсір, бидайыңды өсір», ақшасын беріп отырады. Барлық табысын өкі-
мет алады, жұмыс істегендерге тек қана жалақы береді, болды. Кол-

96

хоз деген өзіне алады, барлығын өзіне алады. Колхоз бастығын өздері
сайлайды, яғни халық сайлайды.

– Онда неге осынша деңгейге жеткізген Нұрмолда Алдаберге-

новты Сіз айттыңыз «орнынан түсіп қалды» деп, егер де колхоз
басшысын сайлайтын болса, Нұрмолда Алдабергеновтың еңбегі
сіңген, халық жақсы көретін адам болса оны неге қайта сайла-
мады?

– Неге қайта сайламады дейсің бе? Жұмыстан кеткенін айтып отыр-

сың ғой, сұрағың қиындау. Қалай айтсам екен? Қайран қазақ халқым,
бірін-бірі жамандамай жүрмейді ғой қазағым, бірін-бірі жамандап
бірін-бірі көре алмайтын қазағым, әйтпесе ол кісідей адам одан кейін
колхозға басшы болған емес. Мысалы, бірде жиналыс болды. Кішкен-

тай ғана клубымыз бар болатын. Сонда сол жиналысқа Талдықорған
ауданының парткомының және райисполкомының бастықтары келді.
Мақсаттары – Нұрмолданы жамандап, орнынан алу керек, бітті. Сол
кісінің сөйлеген сөзін естіп, халық қалай шулады десеңші?! «Нұр-

молданы бермейміз, мынауың не айтып тұрған деп. Оған бәрібір көн-
ген жоқ, шығарып жіберді жұмыстан. Халықтың қарсы тұрғанын мен
өз көзіммен көрдім. Біз есік алдында тұрдық, клубтың ішіне сыйма-
дық, халықтың көбі далада тұрды. Шулағандарын көрсең «Нұрмол-

даны бермейміз, не деген сұмдық?». Сондағы қойған кінәсі «мынаны,
мынаны колхоздың ақшасына салды» деп. Ол колхоздың ақшасына
салған жоқ. Оның өз ақшасы бар. Ол кезде оның депутаттық ақша-
сы былай да жетіп жатыр. Халыққа көмектесті. «Бұл қандай сұмдық,

не деген сұмдық 2 қабатты үй салып алған, бұл кім соншалық» деп
жұмыстан шығарып тастаған. Ал қазір 10 этаж үй салған өңшең әлгі
миллиардерлер, «жұтып» отырған адамдар бар ғой. Ал, енді, өзің айт-
шы Совет үкіметі жақсы ма, қазір жақсы ма? Нұрмолда кейін «Еркін»

деген жерде «сельсоветтің» (ауылдық кеңестің) бастығы болды. Одан
«Мұқыры» деген жерге колхоздың бастығы болып, оны қалай кө-
теріп кетті, оның кезінде колхоз қандай көтеріліп кетті?! Қазір барып
көрші, бұрын қандай болатын, қазір қандай? Ол ауылдағы халық қазір

Нұрмолда десең, елең ете қалады. Енді шынын айту керек, ол өзін-
өзі асырай алмай жүргенең нашар колхоз болатын. Соны құлпыртып
кетті ғой. Қазір ол кісінің бейіті сол ауылға жақын жерде, Мұқырыдан
шығатын жердегі жолдың бойында тұр.

– «Мұқырыда» қанша жыл істеді?

– 4-5 жыл-ау деймін, солай болу керек. Менің дәл есімде жоқ. Бі-

рақ оны қалай көтеріп кетті?! Халқы осы уақытқа дейін ұмытпайды,
үлкен адамдары «кетіп» жатыр ғой, бірақ бәрібір жастары да ұмыт-
пайды.

– Сталиннің өлгені туралы қалай, қайдан естідіңіз?

97

– Мектепте отырдық. Ол мектебіміз қазір амбулатория. Сол жерде

біздің мектебіміз болатын. Сонда бір ағайымыз бар болатын, сол кісі
келіп «Сталин қайтыс болды, тұрыңдар!» деді. Бәріміз тұрдық. «Жы-
лаңдар!» деді. Бір «тәтейіміз» («тәтейіміз» деп әйел мұғалімді айтып
отыр) бар еді, арғы жағындағы мектеп-интернат болды келіп оқитын.

Сол кісі келіп көзінен жасы ағып, «Сталин қайтыс болды» деп шүбе-
рекпен көзін басып дауысын естіртіп жылады. Біз баламыз ғой, Ста-
линнің өлгені не бізге?! Сөйтіп, біз өтірік болса да жылағанбыз.

– Ешкім сұрақ қойған жоқ па «не үшін жылаймыз» деп, жыла

деді – жылау керек пе еді?

– Жыла деді, жылау керек. Бітті, ол көсем!

– Содан кейін қанша уақыт жыладыңыздар?

– Ой, бір жарты сағаттай болды-ау деймін. Содан кейін отырыңдар

деді. Кейін айтты «біздің елімізді басқарып отырған көсеміміз қай-
тыс болды» деп. Ол кезде «Сталин» деген сөз – бір ауыз сөз сұмдық
болатын. Біз балалармыз, бір сағаттан кейін ұмытып, далаға шығып
кеттік. Содан кейін ғана еске түсті. Мінеки, сол «Сталин атамызды»

жамандасаң, басың бәлеге қалады. Өзім үшін қорықпас едім, бірақ
балаларыма тиіп кете ме деп қорқамын.

– Тоқтасын ата, Рахмет әңгімеңізге!

Сұхбатты жүргізген:Болатхан Ә.
Өңдеген: Тілеубаев Ш.Б.

98

Төлеген Мүсәпіровпен сұхбат

– Аға, өзіңізді таныстырып кетсеңіз, қай жерде, қашан туды-

ңыз?

– Мен, Мүсәпіров Төлеген Аппақұлы, 1955 жылы желтоқсан айы-

ның 13-інде бұрынғы Шұбар, қазіргі Алдабергенов ауылында дүние-
ге келдім.

– Мектепте қалай оқыдыңыз? Мамандығыңыз қандай?

– Мен мектепке жеті жасымда бардым. Осы ауылда Матай Байысов

атындағы орта мектепті бітірдім. Мектепте жаман оқыдым деп айта
алмаймын, жақсы оқыдым. Мектепті бітіргенде аттестатта бір ғана
төртім болды. Одан кейін Алматыдағы ауылшаруашылық институ-
тына 1973 түсіп, 1978 жылы жақсы бітірдім. Кейін осы институтта

жұмыс істеуге шақырған. Анам: «сені бес жыл күттім, енді қасымда
екі жыл бол, содан соң қайда барсаң да, ұстамаймын» – деді. Содан,
ауылға келіп, жай агроном болып жұмысқа кірдім. Бір жыл жай агро-
ном болдым, бес жыл бригадир болдым, тағы төрт жыл бас агроном

болдым. 1987 жылдан – 2006 жылға дейін жиырма жыл колхоздың
төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істедім. Содан ре-
формаға байланысты бұрынғыдай бір колхоз болған жоқ, бәрі ыды-
рады. 2007 жылдан бастап осы уақытқа дейін ауылдың әкімі болып

жұмыс істеп жүрмін. Институт бітірген 1978 жылдың тамыз айынан
бері жұмыс жасап келемін.

– Аға, ең алғашқы жалақыңыз қанша болды?

– Ең алғашқы жалақым 120 рубль болды. Студент кезімде 40 рубль

де көп ақша болып көрінетін. Бірінші алған жалақымды анама әкеліп
бердім. Анам: "балам-ау, бізге 25 рубль бір айға жетеді, қалғанына
өзің киін, жора-жолдастарыңды шақырып, той жасап бер",– деді. Ол
кезде ақшаның құны бар ғой.

– Балалық кезіңіз туралы не айтасыз? Балалық шақтағы ойын-

шықтарыңыз есіңізде қалды ма?

– Ол кезде ойыншықтар аса жақсы болмады, бірақ мектеп жылда-

ры қызық болды, бірінші класта октябрятқа, бесінші класта пионерге
өттік, одан кейін комсомолға өтесің, әрқайсысының өзінің бір ерекше
қызықтары болатын. Спортпен, оның ішінде футболмен көп айналыс-
тым, мектепте үйірме деген көп болатын, домбыра үйірмесіне қатыс-

тым. 1982 жылы комсомолдың ХІХ съезіне Мәскеуге делегат болып
бардым. Соның өзі адамның көзқарасын кеңейтеді. Сонда көптеген
жора-жолдастармен танысып, әлі күнге дейін достығымыз жалғасуда.

– Кезінде институтта қалмағаныңызға өкінбейсіз ба?

– Мен өміріме өкінбеймін, қалған жағдайда ғылым кандидаты ма,

ғылым доктары ма болып жүрер ме едім.

– Жеңгемізбен қалай таныстыңыз? Қашан үйлендіңіз?

99

– Жеңгеңізбен мектеп қабырғасында танысқанбыз, бұл ауылдікі

болмаса да, институт бітіріп келгеннен кейін, 1982 жылы үйлендім.

– Сіздер бірге оқыдыңыздар ма?

– Жоқ, ол Алматыда Эстрада студиясында оқыды. Талдықорғанда

институтта музыка факультетін бітірді. Алғашында ән-күйден сабақ
берді, мектептің директоры болды. Одан кейін ауылдағы атамыздың
мұражайында жұмыс жасады, кейін осы ауылда жеті жыл әкім болып
істеді. Одан соң екі жыл көлемінде балабақшада меңгеруші болып

істеді, қазір облыс орталығында кәсіпкер болып жұмыс жасайды.

– Ата-анаңыз жайлы айтсаңыз, олар қандай адамдар еді?

– Анам, Мүсәпірова Нұржамал, осы ауылда зейнетке шыққан-

ға дейін жай қызылшашы болып жұмыс жасады. Әкем, Мүсәпіров
Аппақ, Нұрмолда атамызбен бірге еңбек еткен, 1941– 1945 жылдар
аралығында Ұлы отан соғысына қатысты.1945 жылы соғыстан кел-
геннен кейін Жаңаталап кохозында еңбек етіп, 1948 осы ауылда сегіз

адам Социалистік Еңбек Ері атағын алды, соның біреуі – менің әкем,
Мүсәпіров Аппақ. Нұрмолда атамен бірге болды, соғыстан кейін де
осы ауылға келіп бірге еңбек етті. Негізі істеген жұмысы №1/2 бри-
гаданың бригадирі болып егістікте жұмыс жасады. Сол 1948 жылы

қант қызылшасынан жоғары өнім алғаны үшін (әр гектарынан 612
центнер) КСРО пленумының жоғарғы кеңесінің бұйрығымен 1948
жылы 26 наурызда Социалистік Еңбек Ері атағын алды.

– Әкеңіздің еңбектегі ерлігін сіздің балаларыңыз біле ма? Бала-

ларыңыз туралы да айтып берсеңіз.

– Менің үш балам бар: бір ұл, екі қыз. Олар туғаннан аталарының

суреттерін көрсетіп, сендердің аталарың батыр болған деп құлақта-
рына құйып отырдық. Тәрбиелі, жақсы азамат болындар деп айтып
отырамыз.
Балаларымның үлкені – Олжас, жасы 30-да. Үйленген. Әл-Фараби

атындағы ҚазҰУ-інің ақпараттық жүйелер факультетіне түсті, кейін
олардың жүйелері дұрыс болмады да, бітіргенде математик-компью-
терші мамандығын алып шықты. Оған жұмыс істеуге екі жол бол-
ды: мектеп немесе фирма. Фирмаға кіруге тәжірибесі болмады, ал

мектепке барғысы келмеді. Бір жыл темір жолда компьютер маманы
болып жұмыс жасады. Кейін темір жол мамандығы ұнап, қайта Ал-
матыдағы Тынышбаев атындағы темір жол институтына түсіп бітіріп,
қазір теміржолшы болып жұмыс істеп жүр. Өзіне ұнайды. Жұлдыз

тұрмыс құрған жоқ биыл 27-ге толады, пед.институтты бітірді, қазір
Талдықорғанда психолог болып жұмыс жасайды. Кенжем Наргүл 23-
ке толады, ол Шет тілдер институтына оқуға түсті, төртінші курсы-
нан бастап Алматыда тілдер орталығында сабақ берді, қазір өздері

Талдықорған облыс орталығынан тілдер орталығын ашып өз маман-
дығы бойынша жұмыс істеп жатыр.

100

– Ата-анаңыздан қанша баласыздар?

– Төртеуміз: екі әпкем, бір інім бар.

– Бауырларыңыздың есімдері кім? Олар немен айналысады?

– Әркім әрқалай тіршілік жасайды. Үлкеніміз – Лиза, үй шаруа-

сында болды, күйеуі қайтыс болғаннан кейін сауыншы болып жұмыс
жасады. Күлзипа медициналық білім алған соң, осы ауылымызда
жиырма бес жыл фельдшер болып қызмет атқарды. Інім Көбеген ол
да ауылшаруашылық институтын бітірді, осында ауылшаруашылық

колледжі бар, сонда мұғалім болып жұмыс істейді.

– Сіз мектепте жақсы оқыдым дедіңіз, бауырларыңыз ше? Ана-

ңыз сабақтарыңызды қадағалап тұратын ба еді?

– Мектепті бәріміз жақсы оқыдық. Әпкеміз бен анамыз: «Балам

оқы, оқымасаң кейін біз сияқты қарапайым жұмысшы болып жүресің.
Болашағың, тұрмысың дұрыс болу үшін оқы», – деп ақыл айтатын.
Анам өте сауатты болатын, біздің сабағымызды қадағалайтын, ол
кісінің жұмыстан бос уақыты болмайтын. Біздің заманда қазіргідей

репетитор деген болмайтын, мектепте мұғалімдердің деңгейі, талабы
өте күшті болды. Мұғалімнің дәрежесі өте мықты болды, біз ұстаз-
дарымызды жүз метр жерден жолда көрсек, бұрылып басқа жолмен
жүретінбіз, ол – біздің сыйлағанымыздың белгісі.

– Әкеңіздің атақ алуына ауылдастары көмектескен бе?

– Мен ол кезде әлі өмірге келмегенмін. Осы ауылдың қариялары-

ның айтуы бойынша, әкем халыққа сыйлы, қарапайым, еңбекқор
адам болған.Тұрмысы төмен отбасыларға, жетім-жесірлерге көмегі
көп болған.

– Әкеңіздің еңбекке деген ынтасын қалай түсіндірер едіңіз?

Әлде атақ керек болды ма екен?

– Ол кезде айтарлықтай материалдық ынталандыру болмаған. Со-

ғыстан кейінгі ауыр жылдар, барлығының ойлары халыққа еңбек
етіп, қайтсек осы ауылдың жағдайын көтереміз деп еңбек еткен қара-
пайым адамдар болған.

– Сол тарихи кезеңдегі тәртіп жайлы не айта аласыз?

– Нұрмолда Алдабергенов атамыздың тарихи салып кеткен жолы

деп осы уақытқа дейін айтады. Тәртіп те күшті болған, халықтың
еңбекке деген ынтасы да керемет болған, халықтың ауызбіршілігі
күшті болған.

– Күшті болған дегеніңізді қалай түсіндіресіз, қатал болған ба?

– Ол кезде Кеңес заманы, еңбекшілердің барлығында қайтсек ауы-

лымызды көтереміз, қайтсек тұрмыс жағдайымыз жақсарады деген
бір-ақ ой болған. Сол жолда аянбай еңбек еткен адамдар. Соғыстан
кейінгі жылдар, еңбекақыларын тек жылдың аяғында ғана алып отыр-
ған, жұмысқа шықпай қалу, бармай қалу деген болмаған. Жұмысқа

шықпай қалса, алатын ақысы кемитін болған.

101

– Отбасы жағдайымен жұмысқа бара алмай қалатын жағдай

болса?

– Ондай жағдайды түсінетін болған,тек ішкілік ішіп, әдейілеп жал-

қауланып жұмысқа бармай қалуға болмайтын болған. Ең бірінші өзі-
не деген, одан кейін жұмысшыларға деген талабы мықты болған.

– Еңбекті ұйымдастыру мәдениеті қалай болған?

– Ғылыми жетістіктер аса көп болмаған. Ол кісілер өздерінің істе-

ген жұмыстары бойынша қайтсек көп білім аламыз деп, соған тал-
пынған. Жерге органикалық тыңайтқыштар берген, егістікті мезгілі-
мен суарған, әр агротехникалық іс-шараларды уақытымен жасаған,
соның арқасында жетістіктерге жетіп отырған.

– Әкеңіздің тапқан табысы отбасына жеткілікті болды ма?

– Кеңес өкіметі заманында қанша жерден мықты жұмыс жасасаң да,

казіргі замандағыдай байып кету деген болмаған, деңгейлері бір, тең
дәрежелі болған.

– Колхозда жұмысқа шықпай қалғандар болған ба? Болса, олар-

ға шара қолданған ба?

– Әрине себепсіз шықпай қалғандар болады деп естігенмін.Олар-

мен жеке сөйлеспей, бүкіл халықтың алдына шығарып айтып, ұялт-
қан.Солай тәрбиелеген. Бүкіл елдің алдында ар-намысын оятып,
артындағы балаларыңды ойла, саған бостан-босқа ешкім еңбек ақы
төлемейді деп айтып отырған.

– Мемлекет тарапынан сіздің отбасыңызға әкеңіздің Еңбек Ері

екендігіне байланысты қандайда бір көмек немесе қамқорлық
жасалды ма?

– Менің әкем 1964 жылы қайтыс болды, қайтыс болған адамның от-

басына еңбекақы төленбейтін, ал менің әкем Социалистік Еңбек Ері
болғаннан кейін біз 18 жасқа толғанға дейін отбасымызға зейнетақы
төлеп тұрды. Жай отбасыларға 40-50 рубль төлесе, бізге 120 рубльге
дейін төлеп тұрды.

– Әкеңіздің көзі тірісінде мемлекет тарапынан жеңілдіктер жа-

салып тұрды ма?

– Ол кезде ешқандай қаржылық көмектер болған жоқ. Одан соң

1970 жылға қарай жағдай жақсарғаннан кейін көзі тірі Социалистік
Еңбек Ерлеріне өзі жоқ болса да, отбасыларына пәтер берілді. Бірақ
біз ол көмекті іздеп қолға алғанымыз жоқ, сондықтан пайдаланбадық.

– Сіздер беріліп жатқан пәтерді неге алмадыңыздар, ол сіздің

әкеңіздің еңбегі емес па?

– Ол кездегі біздің өзіміздің көзқарасымыз солай болды.

– Социалистік жарысты сипаттап айтып бере аласыз ба?

– Кеңес заманында өмір бойы социалистік жарыс болды. Жай бір

дақылды алайық, мысалы, қант қызылшасын. Сонау еккеннен бас-
тап ауылымызда бес бригада жұмыс істеді. Бес бригада кім бірінші

102

жерін жинап бітті, қорытындысын шығарып, ауыспалы қызыл ту
беріп, ақшалай сыйлық беретін, қант қызылшасының жұмысы өте
қиын жұмыс болатын. Оның тағы қорытындысын шығаратын,жазда
күтім кезінде әр ай сайын қорытынды шығарып тұратын. Ең негізгі

қорытындысы жылдың соңында алынған түсімге байланысты бола-
тын. Социалистік жарыстың жеңімпазы деп алдыңғы қатарлыларға
ақшалай сыйлық беретін, әрбір қатысушыға ақшалай немесе заттай
(тон, әйелдерге салы орамал,термос, т.б.) жеке сыйлықтар берілетін.

Көзге түскен жұмысшыларды колхоздың есебінен санаторияларға,
курортқа, Москвадағы халық шаруашылық көрмесіне жіберетін.

– Сіздің әкеңіз қандай сыйлық алды?

– Менің есімде қалғаны 1960 жылы жарыс жеңімпазы деп он алты

калибрлі мылтық беріпті, оны осы күнге дейін сақтап отырмыз. Моск-
вадағы ауыл шаруашылық көрмесіне екі рет барып, сол көрменің екі
рет алтын және үш рет күміс медалін алған. Қосымша ұсақ кілемдер
алған болар, бірақ ол есте жоқ.

– Қазір өзіңіз бір ауылдың әкімі болып отырсыз, сол кездердегі

жарыстар дұрыс ұйымдастырылған ба, қазір ол бізге керек па?
Қалай ойлайсыз?

– Ол заманда, әрине, керек. Бәрі тең, бірдей, ол кездегі өмір ағымы

бөлек еді. Қазір жай қарапайым еңбек адамының жарыс жеңімпазы
деп алған өніміне, жасаған жұмысына байланысты көрсеткіштер жа-
сау, әрине, оның бәрі керек. Ол да адамды еңбекке ынталандырады.
Оның өзі қарапайым еңбек адамына деген құрмет.

– Социалистік жарыстарда белгілі бір жоспар болған ғой, сол

жоспарды орындай алмай қалған ауылдар қандай жағдайда бол-
ған?

– Көрсеткіш болмағаннан кейін экономикасы төмен болды, олар-

дың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары да нашар болды, жоғары
көрсеткіш – жоғары жалақы.

– Аға, әкеңіздің айтқан сөздері есіңізде бар ма? Оның көзін көр-

гендер не дейді?

– Әкем менің тоғыз жасымда қайтыс болды. Одан бері шешемнің

тәрбиесінде болдым, кім баласын жаман болсын дейді. Негізінен,
есім кіргеннен кейін әкеме ұқсағым келді. Елден естігенім бар, өзім
көргенім бар, шын халыққа қызмет жасасам, шын еңбек етсем деп,
сол кісідей болғым келді. Маған адамдардың көзқарастары жақсы

болды. Егер әкем жаман адам болғанда, халыққа жақсы жағдай жаса-
мағанда, ұрпағына да ешкім жақсы сөз айтпас еді. Жалпы бәрі "әкең
жақсы, адал, еңбекқор, ешкімнің ала жібін аттамаған, әсіресе, жетім-
жесірлерге көп көмек берген адам болған" –дейтін.

– Әкеңіз неше жасында қайтыс болды? Зейнеткерлікке шықты

ма?

103

– Әкем зейнетке 55 жаста шыққан. Бірақ сонда да, ауыл адамдарына

суды бөліп беріп үш жылдай жұмыс жасап, кейін екі жыл ауырып,
содан кейін қайтыс болды.

– Бүгінгі күнде отбасын құру оңай, үй болу қиын, қазіргі жас-

тардың бір-бірін жақсы көріп, ертеңгі күні ажырасып жататын-
дай жағдайлар көбейіп кетті, сол жағдайлар не себепті болып жа-
тыр, қалай ойлайсыз?

– Біздің тәрбиеміз бөлек. Кеңес тәрбиесін алдық, үлкен кісілердің

сөзін тыңдайтынбыз, бір-бірімізді шын сүйіп, шын жақсы көріп үй-
лендік. Ғашықтық, махаббат дегенді әркім әртүрлі түсінеді. Біздің
кезімізде ажырасу деген өте аз болды, ажырасқан адамға жағымсыз,
қоғамның дұрыс емес мүшесі ретінде қарайтын. Ол жылдары елдің

тұрмыс жағдайы бірдей болғаннан кейін, материалдық жағдай аса
әсер еткен жоқ. Ал қазір біреу жақсы, екіншісі орташа немесе төмен
тұрады, қазіргі ажырасуға ол да әсер етеді, оның үстіне сезім жоқ шы-
ғар деп ойлаймын.

– Қазіргі жастар сіздің қатарыңыздағы адамдардан тәрбие ал-

ғандар, сонда сіздер дұрыс тәрбие бермедіңіздер ма?

– Ол тек тәрбиеден деп ойламаймын. Біз қазір өтпелі қоғамда өмір

сүріп жатырмыз. Бір қоғамнан екінші қоғамға, яғни социализмнен ка-
питализмге өтіп жатырмыз, көбі сол өтпелі кезеңнің қиыншылығы-
на (материалдық жағдайларының төмен болғанына) шыдамай жатыр
ма деп ойлаймын. Ал, ешкім баласына жаман бол деп айтпайтыны

белгілі.

– Балалық шағыңыздағы үйіңіз қандай еді, сипаттап бере ала-

сыз ба?

– Әкеміздің салып берген үйі, осы уақытқа дейін бар.

– Әкеңіз үйлеріңізді өз қолмен салды ма?

– Жоқ, ол уақытта шаруашылықтың тұрмыс жағдайы жақсы бол-

ғаннан кейін, ауылда үлкен құрылыс бригадасы болған, сол бригада-
ға колхоз тарапынан салдырған, бірақ та өзінің еңбекақысынан бәрін
төлеп отырған. Ол үй мен туылған кезде, 1955 жылы, салынған, 1957
жылы сол төрт бөлмелі үйге кіріппіз. Алпысыншы жылдан бастап

үйімізде теледидар болды, сол заманның алдыңғы қатарлы диванда-
ры, жиһаздары болды. Әкеміздің аруағы қолдаған шығар осы өскенге
дейін ешбір кемшілік көрген жоқпыз.

– Ауылдың жағдайын жақсы білесіз. Тәуелсіздік алғанға дейінгі

және тәуелсіздік алғаннан кейінгі ауылдың жағдайын салысты-
рып көріңізші?

– Тәуелсіздік – барлығымыздың аңсаған арманымыз, оған да қол

жеткіздік. Басында, әрине, қиын болды. Себебі барлық байланыстар
үзілді, жасыратыны жоқ, құлдырап барып, жағдайымыз 2000 жыл-
дан бері қарай қайтадан жақсарды. Бұрынғы мәдениет үйіміз жөн-

104

деліп, қайта жұмыс жасап жатыр. Балабақша бес жылдай жабылып
қалған болатын, оны қайта көтеріп аштық. Үш мектеп бар: біреуі ара-
лас, екеуі қазақ мектебі. Мектепте екі рет күрделі жөндеу жұмыста-
ры жүргізілді. Ауылда амбулатория, екі фельдшерлік пункт жұмыс

істейді. Қалғаны – жеке меншік ұйымдар.

– Ауылда қандай жеке шаруашылықтар бар? Бар болса, олар

мемлекеттен көмек ала ма?

– Жауапкершілігі шектеулі серікестіктер бар. Ауыл шаруашылы-

ғымен айналысатын серіктестіктер жеміс-жидек, арпа-бидай өсіреді.
Соя өсіреді, оны Көксу ауданында соя зауыты бар, соған өткізеді.
Олар негізінен ауылда егін шаруашылығымен айналысады, мемле-
кеттен жәрдем ақша (субсидиялар), арзандатылған тыңайтқыш, ар-

зандатылған жанар-жағар май алады.

– Ауылда жұмыссыздар саны көп пе?

– Халық саны – 5287. Жұмысқа жарамсыз халық – 2600. 1400 адам-

ның жұмысы бар.1300 адамның өзін-өзі қамтитын ақшасы, сиыры,
ұсақ малы, құстары бар.

– «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарлама бойынша жас-

тар ауылға келіп жатыр ма? Жалпы бұл бағдарлама керек па?

– Жастардың ауылға келуі өте аз. Жастар өз мамандығы бойынша

жұмыс таппаса, сыртта басқа мамандық бойынша жұмыс жасай бе-
реді. Былтыр осы бағдарлама бойынша алты жас маман келген бола-
тын, оның 4-ұстаз, 2-дәрігер. Олар 0,01%-бен үй алды. Олар ауылға
келгені үшін жетпіс айлық көрсеткіш төлемақы төленеді. Ал, үйдің

ақшасын қайтарады.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы керек, біздің ауылда мұғалім-
дер артығымен тұр. Бізге қазір дәрігерлер жетіспейді. Балалар дәрі-
гері зейнетке шықты, енді орнына адам таппай отырмыз. Соған бай-

ланысты бас дәрігер Алматыға барып бітіруші дәрігер мамандармен
сұхбаттасып, ауылға шақырды, жеңілдіктер, пәтер алатындары тура-
лы айтты.

– Мүмкін жалақылары аз болар?

– Керісінше, ауыл дәрігерлеріне ауылда жұмыс жасағаны үшін 25%

үстемақы төленеді.

– Ауылда жеке халық үшін қандай көмек жасалуда?

– Халыққа, жеке адам үшін туғанға дейін, туғаннан кейінгі бері-

летін қаржылай көмектер, аз қамтылған отбасыларға төленетін төлем
ақы бар.

– Ауыл тұғындары, жастар осында тұрып жатқандарына қана-

ғаттана ма, қалай ойлайсыз? Қалаға кететін жағдайлары бар ма?
Егер де бәрі қалаға көшсе, ауылдық шаруашылықты кім басқа-
рады, кім дамытады?

105

– Дамыған мемлекеттерде халықтың 10-15% ғана ауылда, қалғаны-

ның барлығы қалада тұрады. Егер қалада жақсы жұмыс істейтін фаб-
рикалар жұмыс жасап тұрса, неге сонда жұмыс жасамасқа. Мұнда 8
сағат жұмыс жасап, аз айлық кімнің алғысы келеді? Ауылшаруашы-
лығы – ол оңай шаруа емес. Ауылда барлығымыз қалғанмен бәріміз-

ге жұмыс табылмайды. Жаңа технология, жаңа техника керек. Еңбек
өнімділігін арттыру керек. Бір адам жұмыс жасайтын жерде ауылда
үш адам жұмыс істеп жүрміз. Шетелде ауылшаруашылығында жұмыс
істейтін бір адам техниканың көмегімен 10 000-нан аса өнім өндіреді.

Сондықтан халықтың барлығы ауылда қалсын деген сөз дұрыс емес.

– Біздің өсіп келе жатқан жастарымызға қандай өнегелі сөз ай-

тар едіңіз?

– Біріншіден, жас болсын, кәрі болсын, әрқайсысымыз өз еліміздің,

өз жеріміздің адал патриоты болуымыз қажет. Екіншіден, білім керек.
Туған-туыс, таныс деген болмайды, тек шын білімсіз ешқайда бара
алмаймыз. Үшіншіден, еңбек жасау керек, бос сөзбен алысқа бара ал-
маймыз. Дамыған мемлекеттерде он сағатқа дейін жұмыс жасайды.

Тек білім, еңбек керек.

– Әңгімеңізге рахмет

Сұхбатты жүргізген: Ботбаева З.
Өңдеген: Қалыбекова М.Ш.

106

Құлтай Нұрқалбайұлымен сұХбат

– Өзіңіз, туған жеріңіз, ата-анаңыз туралы қазіргі тұрғылықты

мекен жайыңыз туралы айтып бересіз ба?

– Менің аты-жөнім Нұрқалбайұлы Құлтай, Алматы облысының

Көксу ауданында туылғанмын. Қазір Талдықорған қаласында тұра-
мын. Негізі мен сіздердің келгеніңізді естіп, әдейілеп келдім. Сіздер
Ескелді ауданына келген тарихшылар деп айтқан еді, соған арнайы
Талдықорған қаласынан келдім.

Менің әкем 80 жасқа дейін өмір сүрген.Тек бір ғана мейрам күнін
тойлайтын. «День Конституции» немесе оны басқаша «день сталинс-
кой конституции» дейтін. Бірақ қазір, енді, олардың бәрі кетті ғой.
Менің әкем тек қана сол мейрамды мойындайтын еді. Ол 5-ші жел-

тоқсан болатын. Алдын ала бір күн бұрын моншаға барып келетін. Біз
сол күні, мерекелік дастарқан жаямыз. Бір жүз грамм дайындап қоя-
мыз. Менім анам байдың қызы болатын. 1928 жылы нағашы атамның
барлық малын тәркілеген. Менім атам бай болатын, ол қарамағын-

дағы адамдармен бірге бір табақтан тамақ ішіп отыра беретін. Кеңес
өкіметі бәрін құртты ғой. Бізде 1928 жылға дейін кеңес өкіметі болма-
ды. Тек қана «коллективизация» мен «конфискациядан» кейін орната
бастады ғой. Мен сұрадым: «сонда ол өзінің жұмысшыларын ұрады

ма» деп, сонда анам: «жоқ ұрмайтын, қайта олармен бірге тамақ ішіп,
бірге жұмыс жасайтын» деп айтатын. Тәркілеуге келген адамдарды
(тойкаларды) алдап-сулап, құмға апарып өртеп жіберіпті. Аналар
келіп, туысқандар ғой сатып жіберген. Еркектердің бәрін атып жібер-

ген. Тек қыздар қашып кетіп, аман қалған. Сегіз ұлы болған, тройка
бәрін атып тастаған.
Негізі өзімнің мамандығым – тарихшы. Мектепте тарих пәнінің мұ-
ғалімі болдым. Сен М.Ақынжанов деген тарихшыны білесің бе?

М.Тынышбаевтан кейін қазақтың тегі туралы кітап шығарған еді.
М.Тынышбаев 1925 жылы өз кітабын шығарған еді ғой. Ал М.А-
қынжанов "Қазақ тегі туралы" атты кітабын 1958 жылы шығарған.
Бұл кісінің өмірі қиындау болды. Бұл анау Е.Бекмахановты қудалау

кезінде даттаған топтың бастығы болатын. М.Ақынжанов Қазақстан
коммунистік партиясының ОК мүшелікте тұрған. Оның қыпшақтар-
дың тарихы туралы жазған тарихшы баласы болған. Бекмахановтар
қайтып келгеннен кейін, анау кісіні де көтермеді, ғылым докторын

зорға алды.
Мұсатай Ақынжанов менің дипломдық жетекшім болған. Мен То-
қаш Бокиннен тақырып алып, қорғадым. Кейіннен мектепке тәрбие
жұмысы жөнінен директордың орынбасары болып қызметке тұрдым.

Ол Талдықорғандағы орта мектеп болатын. Одан кейін орта білім бе-

107

ретін училищеде жұмыс жасадым. Сол жылдары 2 ықшам аудан ба-
лалары, орыс балалар мен қазақ балалар төбелесіп, көп шу көтерілді.
Негізінен бұл төбелесте орыс балалары қазақ балаларына қарсы
шығып, оларды балағаттаған. Сол кезде мен қазақ балаларына жақ-

тасып, төбелеске қатысқан адамдарды жазаға тарттым. Бұл, әрине,
билік басындағыларға ұнамады. Өйткені кеңес үкіметі кезінде басшы
ұлт – орыс ұлты болатын. Кейіннен мені партия комитетіне шақырып,
ұлтшылдық көрсеткені үшін деп жұмыстан шығарып жіберді. 1977

жылы КСРО дүрілдеп тұрған уақытында партия катарынан шығарды.

– Сонда сіз не жасап қойдыңыз?

– Анау мектептегі төбелес кезінде орыс пен қазақ балаларын ажы-

раттым ғой. Сонда мені соны ұйымдастырдың деді ғой. Мен сол кезде
директор болайын деп жүрген кезім еді. Әдейі істеген ғой. Келді де
комсомолдан бір баланы әкеліп қойды. Мені солай қызметімді алып
қою үшін әдейі жасаған еді. Солай партиядан шығарды. 7-8 жыл жұ-

мыссыз қаңғырып жүрдім. Партиядан шығарғаннан кейін жұмысқа
ешкім алмайды ғой. Содан кейін саудаға кеттім. Сосын орг отделдің
бастығы қызметіне кірдім.
Бірақ мен тарихты өмір бойы ұмытқан жоқпын. Мен жалайыр руы-

ның тарихына қатысты кітап шығардым. Шежірені жақсы көремін.
Үйде кітаптарым көп. Өзімнің шығарған 10 шақты кітабым бар. 600-
ге жуық әйгілі адамдардың өмірі туралы жазылған кітаптар бар. Петр
І, Екатерина туралы кітаптар ғой. 70 пайыз кітаптарым орысша, өзім

орысша оқыдым ғой, қалған кітаптар қазақша. Қандай сұрақ қоямын
десең, қоя бер.

–Ермұхан Бекмахановтың ісіне байланысты сұрақ қойғым ке-

леді.
Бек Сүлейменовты білесіз бе? Оның Е.Бекмахановқа қарсы
шығуының себебі неде деп ойлайсыз?

– Иә, Сүлейменовты білем. Ол кісі тарих институтында директор

қызметін атқарған еді. Ол кісіні де соттап жіберді гой. Бізге кеңес
өкіметі келгенде, баяғы хан, билер халыққа қарсы адамдар деп қойған
еді ғой. Баласын әкесіне қарсы қойды, қызын әкесіне қарсы қойды,
бауырын бауырына қарсы қойды. Жікке бөлді ғой. Білдің бе, алты-

ным. Е.Бекмаханов Кенесары ханды қолдады. Сол кездегі көзқарас-
пен қарағанда Бек Сүлейменовтікі дұрыс. Партиялық көзқараспен
қарағанда.
Негізі социализм жақсы ғой. Мен өзім қойшының баласымын. Қазір

мен осындай жағдайда болсам, үш жоғары білім аламын ба? Жоқ, ала
алмаймын. Ол кезде интеллигент партияға кіру үшін екі жұмысшы-
ның, бір интеллигенттің дауысы керек болатын. Ол кезде ауылға жі-
беріп, подъемный береді, екі жылдан кейін пәтер береді.

108

– Сіздің тарихты таңдауыңызға не себеп болған?

– Менің жездем. Ол өзі тарихшы болған. Осы Көксу ауданында жұ-

мыс жасаған. Қазақстан тарихына байланысты кітаптар болмады. Тек
қана 100 беттік Бекмахановтың "История Казахстана" деген кітабы
болатын. Сол тәуелсіздікті алғанымыздағы бір жемісіміз қазақтың та-
рихын ашық жазамыз және оқимыз. Бірақ неге біз Қазақстан тарихы

дейміз? Неге Қазақ тарихы демейміз. Анау орыстар "история России"
дейді ғой. «История РФ» деп атамайды ғой. Анау "стан" деген сөз дұ-
рыс емес. Менің есімде, кішкентай бала кезімізде, біздерге айтатын,
анау орыстардың "станына" барып қайтыңдаршы деп. Сондықтан

"стан" деген сөз дұрыс емес. Ол қазақтың жері болғандықтан, "Қазақ
елі" деп айтуымыз керек қой. Солай емес пе?
Менің әкем кедей болған. Мен интеллигент болдым, партияға мүше
болдым. Жұмыс жасадым, саудада жұмыс жасадым. Өзім жақсы оқы-

дым. Ерінбеймін, кітап оқимын, жазамын.
Қазақта қазақшылдық бар ғой. Мысалы менің құдам бар, ол – адай.
Мен сонда қалай кіші жүзбен жау болуым керек. Осы жерде найман-
дар мен жалайырлар тұрады. Үш ауданда. Жеті атаңды білген дұрыс.

Ал шешініп тастап төбелескен дұрыс емес. Мен ондайды қолдамай-
мын, жек көремін.

– Сұхбат бергеніңізге рахмет.

Сұхбатты жүргізген: Жалмағамбетов Е.Ә.
Өңдеген: Нұрман Ш.Т.

109

Шәкен Қошақановпен сұхбат

– Аты-жөніңізді атап, өзіңізді таныстырсаңыз?

– Менің аты-жөнім – Шәкен Қошақанов. 1937-ші жылы Шұбар ауы-

лында тудым.Әкем Жұмалиев Қошақан, осы совхоздың қойшысы
болды. Шешем Қошақанова Қайша, осы жерде қызылшада, сонан соң
сауыншы болып жұмыс істеді. Бірге туған төрт бауырым бар. Біреуі
Өскеменде, біреуі Талдықорғанда, қалғаны осы жерде тұрады. Үйдің

тұңғышымын, бізден үлкен тәтем болған, ол қайтыс болды.

– Әкеңіз соғысқа барған ба еді ?

– Еңбек майданына (трудармия) алып кетті ғой, сонда болды әкем.

Соғыс біткен соң келді ғой.

– Сіздің оқыған мектебіңіз есіңізде қалай сақталып қалды? Са-

бақ қашан басталатын еді? Кімдер сабақ беретін еді? Кластаста-
рыңыз? Қандай пәнді сүйіп оқыдыңыз?

– Мен жалпы мектепте жақсы оқыдым. Ал енді пәндерден бөліп жа-

рып айтатыны жоқ, бірақ жақсы оқыдым, жақсы бітірдім, кейін оқуға
түсіп кеттім. Қатарларым осы жерде оқып қалды, мен 7-ні бітірдім де,
техникумға кетіп қалдым. Ол уақытта Шәпиев Талқанбай дейтін мұ-
ғалімім есіме сақталып қалыпты. Мектепке бірінші сыныпқа қашан

барғаным есімде жоқ, соғыс кезінде болу керек. Соғыстың қиыншы-
лығын көп көрдік қой.

– Техникумды бітіргесін не істедіңіз?

– Оны 1958 жылы бітіріп, ауылға келдім. Біраз малда жүрдім де,

содан кейін зоотехник болдым.

– Жұмысқа қалай орналастыңыз? Кім көмектесті?

– Ешкім көмектескен жоқ. Бірнеше адам оқу бітіріп келген бола-

тынбыз, бәріміз арыз жаздық жұмысқа алуды сұрап. Содан бір жи-
налыста барлығымызды алды жұмысқа. 7-8 маманды жұмысқа алды:
электрик, монтажник т.б. Мен содан күні кешеге дейін зоотехник
болдым ғой.

– Жұмысыңыз неден тұрды?

– Біздің міндет малдың амандығы, ұрықтандыру, асылдандыру,

малдан көп өнім алу. Етті, жүнді, сүтті көп өткізу, біздің жұмыстың
бағыты осы. Мысалы қойларды, сиырларды ет комбинатына өткізу.
Жақсы бағаға өткізу.

– Бала кезіңізде қиыншылықтарды көп көрдік дедіңіз? Нақты-

рақ тоқталып кетсеңіз?

– Аяғымызға шәркей киіп жүрдік, қысты күні киіз байлап алып

өткізген күндеріміз болды. Кейін немістер келгеннен кейін, сандал
киіп жүрдік. Әке-шешеміз таңертең жұмысқа кетеді, олармен бірге біз
де еріп кетеміз. Қысты күні, көктемде, күзде осындай уақытта топан
астын тазалап, бидайдың дәндері түсіп қалады ғой комбайннан, ма-

110

сақ тереміз. Біз сияқты балалар, барлығы соғыс балалары ғой, жетім
балалар, барлығы жайылып, қазып, қалған сабанның астын ашамыз.
Сабанның үстінен қалған масақтарды теріп, үйге әкеліп, қуырып
жейміз немесе кептіріп жейміз. Қарақұмық дегенді білесің бе? Орыс-

ша гречка деп атайды ғой. Соны бидайдың арасынан тереміз, содан
көже жасап ішетінбіз қиыншылықта.

– Сонда бір адамның күндік олжасы қанша болады? Енді масақ

деген қиын ғой, сирек жатады.Бір кеседей шыға ма?

– Енді кешке дейін тереміз соны. Ол кезде қай бір сапалы комбайн

бар дейсің, масақ көп шығатын. Шауып кетеді, көбісі түсіп қалады,
соны тереміз. Жалғыз комбайынның артынан ғана емес, ана жақтан
орылмай қалған дәндер болады, соларды теріп, күнкөріс қамымен бір
күндік табысымызды әкелеміз.

– Қыста да масақ тересіздер ме?

– Қысты күні тере алмаймыз, қар қалың ғой. Қыстың соңын ала,

көктемде, қар кеткенде тереміз.

– Сонда қыста не істейсіздер? Қыста қалай күн көресіздер?

– Менің шешем сауыншы болды, соның сүтімен күн көреміз.

– Өздеріңіздің малдарыңыз болды ма?

– Жоқ, болған жоқ. Мына жерде Текенбаз деген болды, осы Шұбар-

да. Шешем, жесір әйелдер сонда сауыншы болды. Ол жерде 30 шақты
мал басы болды-ау деймін. Бәрі қолмен сауады, қолмен тартады. Біз
бұзау тартамыз, әкеліп береміз. Қанша мал бар екенін білмеймін, енді
7-8 сауыншы болды-ау деймін. Аттарын да ұмытып қалдым бәрінің.

– Аналарыңыз жалақысын сүттей алған шығар? Ақшалай бер-

ген жоқ қой?

– Ол уақытта еңбек ақы жазылды дейді, бірақ мен алғанын көрген

емеспін.

– Сонда күнделікті қанша литр сүт әкеледі?

– Енді, қолдарында ғой, ұрлап әкеледі, сұрап алады. Біз аш болмай-

мыз, әйтеуір.Айран ұйытып береді.Сонымен жабылады сол еңбегі.

– Сол кезеңдерде осы ауылда дүкен болды ма?

– Есімде жоқ, дүкен көргенім жоқ. Кейін білдік қой.

– Бала кезіңізде ойынның қандай түрлерін ойнадыңыздар?

– Асық ойнайтынбыз, түн болса ақсүйек, бұғыншақ ойнайтынбыз,

солтүстік-оңтүстік ойнайтынбыз. Бұғыншақ деген – тығылып қала-
ды, соны іздейсің. Бір-бірінің көйлегінен ұстап алып, мен оңтүстікте
кетіп барам деп хабарлап ойнайтынбыз. Сондай ойындар ойнайтын-
быз. «Ақсүйек» деген ойынды білетін шығарсың? Сүйекті лақтыра-

ды, соны іздейміз. Бірінші тауып келгенді құттықтап, «ой, жарайсың»
дейміз. Сосын ләңгі тебеміз. Доп ойнаймыз, добымыз шөптен немесе
арқаннан буылып жасалған болатын, жүннен де жасайтынбыз.

111

– Сіз осы жерге немістер келді дедіңіз. Олар жергілікті халық-

пен қай тілде сойлесті, халықпен қарым-қатынасы қалай болды?

– Онша білмеймін, біз орысша білмейміз, әке-шешем де орысша

білмейді, олар да орысша білмейді. Бірақ, жалпы жақсы болдық,
немістер жақсы халық болды. Қолынан келгенше бір-біріне көмек-
тесті. Біз айран, басқа тағам беріп, олар тапқанын беріп, «неміссің»
деп, анау-мынау деген болған жоқ. Аралысып тұрдық, шәркей жасап

береді, жақсы жұмыскер болды олар. Олардан онша жамандық көр-
ген жоқпыз.

– Кішкентай кезіңізде қатты ауырған кезіңіз болды ма? Жалпы

сол кезде ауру көп болды ғой?

– Мен ауырған жоқпын, мықты болдым. Кейіннен жабысты ғой

мына қан қысымы мен жүрек ауруы деген.

– Балалар қандай ауру түрлерімен көп ауыратын еді, есіңізде

ма? Кең таралған қандай аурулар еді?

– Ол уақытта қызылша көп болды, мен ауырып, тез айығып кеттім.

–Ал дәрігерлер болды ма? Дәрігерлік көмек алдыңыздар ма?

– Болған жоқ ол кезде, көрген жоқпын. Бір рет дәрігерді аяғым құрт-

тағанда көрдім. Кішкентай кезімде түйе жеккен арбамен сүт тасып
жүргенде, өкшемді кесіп кетті. Сол кейін асқынып, құрттап кетті.
Мұнда Қарабаев Ыстыбек деген ағам болды, сол кісі Кировскіге алып
барды. Бірінші рет дәрігерді сонда көрдім. Әйтпесе, былай онша ауы-

рып көрген жоқпын.

– Қандай үйде тұрдыңыздар? Қандай мүліктеріңіз болды?

– Қоржын үй. Екі жағында екі отбасы тұрады. Ортасында кіре беріс

коридор болады. Үйдің төбесі тегіс болатын, кәдімгідей сылақпен
тегістелген. Ешқандай дүние жоқ, жиһаз дегеннен дым жоқ. Жата-
тын орның темір төсегің болса болды, болмаса қолдан жасап алады.
Дөңгелек стол ортаға қойылып, жерге отырып ішеміз. Киіз төселген

болса болады,болмаса отыра кетесің.

– Қандай тамақ ішетін едіңіздер?

– Сүт, көже, айран ішеміз. Қазақтың еті баяғы, көже. Қазіргідей та-

мақ істеп ішу деген жоқ. Шешелерімізді «трудовойға» алып кетеді.
Канал қазуға алып кетеді. Қараталдың басынан канал салады, бері
қарай су шығады. Сонда бірінші рет есімде бөлке нан алып келді. Сол
жақтан беретін көрінеді, соны тығып алып келді шешем. Сол наннан

уланып, бір күн жаттым, сөйтсек мия нан екен. Көп жеп қойсам керек,
қызығып. Соны анау Текеліден тығып алып келді. Жетісіне бір рет
келеді сонда.

– Анаңыз жұмыста жүргенде сіздерге кім қарады?

– Әкемнің шешесі бақты. Баян дейтін әжем.

– Сіз Кировскіге де жаяу бардыңыз ба? Атпен бардыңыз ба?

112

– Жоқ, жаяу. Талдықорғанға да жаяу барамыз. Төте жол бар, бір

аяқ жол, қазіргідей жолдар жоқ. Базар күні мынау Кировскіге бара-
мыз. Ол кезде жаяу жүру біз үшін үй арасымен жүрген сияқты. Анау
Текеліден жаяу келетінбіз. Менің мына Екпінді де нағашым болды,
жаяу қатынайтынбыз. Онда мынандай тас жол жоқ, Текеліге қарай

темір жол салынған. Қай жерде бұрылатынымды біліп алғам. Темір-
жолды қуалай, келем анау Текеліден, қайтадан сонымен кетіп қалам.

– Жалғыз жүру қауіпті емес пе?

– Қауіпті. Қауіпті болса да үйді сағынасың, келесің.

– Қауіп неден туады? Қасқырдан немесе адамнан?

– Біз төбелеске жақын жас балалармыз ғой. Қарабалықтан өткенше,

онда орыстар көшіп келген, солармен төбелеспей өтіп кетсең, өттің.

– Сонда не үшін төбелесесіздер?

– Сол, баламыз ғой, бір нәрсеңді тартып алғысы келеді, келіспей

қаласың, әйтеуір. Қорқытып, соққысы келеді.

– Қатты төбелескен кезіңіз есіңіз де ме?

– Есімде жоқ. Қатты төбелескенім, мына жерімнен темірмен ұрға-

ны, қанатып алдым, соны білем. Жалпы онша қатты төбелескенім
жоқ. Тауықтың балапанындай бір-бірімізді шұқып, төбелесетінбіз.
Әкем қойшы болды менің. Шешем, жаңа айттым, ғой сауыншы бол-
ды, қызылшада істеді.

– Әкеңіз трудармияда қайда болды? Әңгімелерін айтпайтын ба

еді сіздерге?

– Сібір жаққа апарыпты ғой, сонда теміржол салысқан ба... Содан

кейін мына Текелідегі теміржолда болды. Анау Көксудан бері қарай
теміржол болмаған ғой, содан бері жеткізді. Сонда жұмыс істеді, со-
сын қойшының көмекшісі болды.

– Қой бағуға отбасы мүшелері түгел көмектесетін бе еді? Мек-

тептегі оқу ше?

– Үйде қалатынбыз, тек қана бос уақытымызда ғана қой бағып жү-

ретінбіз.

– Сіздердің кезіңізде үйде де, мектепте үйрететін тәрбиенің

негізгі қағидалары не болды? Сол кездегі қоғамның түсінігі бо-
йынша?

– Қоғамның түсінігі бойынша, мысалы: үлкенді сыйлау, қарсы сөй-

лемеу, үлкеннің алдынан өтпеу, үлкен не айтса, соны орындау заң,
бітті.

– Оны орындамайтындар болды ма?

– Болды ғой ондайлар.Үлкен не десе, сол бізге заң, сосын Құранды

сыйлау, Алла Тағала деп сыйыну. Мен сол жаратушы күш барына сенем.

– Ал, кеңестік кезеңдегі атеистік қағидалар кедергі келтірмеді

ме сіздің сеніміңізге?

113

– Кедергі келтірсе де, бәрі іште болды, сыртқа шығармадым. Өз

білгеніммен жүрдім. Дұрыс жағымен жүрдім, мынау дұрыс емес деп
қарсы шыққаным жоқ.

– Сталиннің өлгенін қалай естігеніз есіңізде ме?

– Сталин өлген кезде жыладық. Қалай болғаны есімде жоқ, бірақ

айтты «Сталин өлді» деп, жыладым, енді. Әкем өліп қалғандай тура
жыладым (күлді). Ол кезде айтады ғой «сенің бүйтіп жүргенің Ста-
линнің арқасы» деп. Ойбай, әкеміз өліп қалды, енді құримыздеп ой-
ладық. Не болады енді, деп жыладық.

– Қандай тәттілер болды сіздердің бала кездеріңізде?

– Менің көргенім, шақпақ қант дейтінді, көкпеңбек болатын. Соны

шағып әкеледі, оның өзін жылына бір рет көресің. Соны көрдім, мы-
нау қант деді, содан басқа тәтті көрмедім. Жылына базарға, бір жаққа
барғанда мәмпәси әкеліп береді. Қазіргі анау қағазға оралған ішінде
балы бар тәттілерді көрдім.

– Бағана сіз «базар күні» дедіңіз? Аптасына бір рет болып тұр-

ды ма, әлде мерзіммен бе?

– Аптасына бір рет, жексенбі күні базарға барамыз. Барып, кө-

ретінбіз. Мысалы бір сом береді, ол кезде ақша құнды, соған мәз-мей-
рам болып, шемішке шағып қайтамыз.

– Қой бағып жүрген кездегі бір күніңізді елестетіп бере аласыз ба?

– Таңертең тұрамыз, асымызды ішеміз.

– Нешеде тұрасыздар?

– Сағат жоқ қой енді, ертемен тұрамыз, жайылымды білеміз, аты-

мызды ерттеп мінеміз. Ертеден қара кешке дейін күн өткізе алмай жү-
ресің. Уақыт өтпейді.

– Кітап оқымайсыздар ма?

Қайдағы кітап, аттың үстінде жүресің, қой қайырып, қосылып кет-
песін, алып кетпесін деп.

– Ал қыста ше?

– Қыста да қой бағам, итті ертіп алам. Сөйтіп кешке дейін қойдың

соңында жүрем, қасқыр жеп кетпесін деп. Жатады қой, ана шатқалда,
мына шатқалда.

– Қыста өзіңіздің қыстауларыңыз болды ғой? Сипаттап бересіз

бе? Қоралары қандай болды? Тұрған үйлерің қандай болды?

– Төбесін тегістеп жапқан, жерден қазылған, бір бөлмелі үй. Соның

бір бұрышында жатамыз, бір жағында тамақ ішеміз. Жерге киіз тө-
селген. Қораларымыз қидан ойып жасалады, төртбұрышты етіп құя-
ды. Қилардан қоршалып қаланған қора ғой.

– Ал, құлап қалмау үшін қидың арасына не салады?

– Ештеңе салмайды, бірінің үстіне қалап салады. Кейіннен ғой мы-

нау сыртта жататын, мынау қыста ішке жататын деп салатын болғаны.
Бұрын қысы-жазы сыртта жататын. Үстіне ештеңе жабылмайтын, тек

114

қоршаулы ғана. Жаңағы жер үй болады, сонда жатамыз. Қойшы, оның
көмекшісі болады, бәрі бір үйде жатады. Кейіннен шатырлы үй шықты.

– Қой бағып жүрген кездегі қатты қыс есіңізде ма? Немесе қас-

қырлар шапқан жәйт?

– 1959 жылы мал аштан қатты қырылды. Қар қалың түсті де, мал

жайылатын жер болмады. Аштықтан өліп қалды ғой, сосын терісін
жинап қоямыз, алып кетеді терісін. Сондай қиыншылықтар болған.
Оны көрдік енді.

– Ал зоотехник кезіндегі жалақыңыз күнкөрісіңізге жетті ме?

– Жетті, әкеміздің де жалақысы болды, ол кезде соғыс бітті ғой.

– Отбасын қашан құрдыңыз? Айттырып алдыңыз ба, әлде

алып қаштыңыз ба?

– Отбасын 1959-жылы құрдым-ау деймін. Ата-анам айттырып алып

берді. Шешем де ауру болды.Білмеймін енді,«біз құда түстік, аласың»
деді.Алдым, болды.

– Алмаймын деуге болмайтын ба еді?

– Жоқ, ол не дегенің. Үлкен кісінің сөзін тастау деген бір қасірет

қой. Тек қана үлкендерді сыйлаубізге заң ғой. Үйде ешкім жоқ, үлкені
мен, тәтем тұрмыс құрып кетті. Менің артымнан ерген балалар бар
ғой, қиын болды, болса да алдық қой. Маған айтты бәленшенің қы-
зын аласың, әке-шешесі жақсы адамдар, мен соған құда болдым деді,

алдым. Болды. Кітапта суреттері бар, Терлікбаев Мырзақұл деген ге-
ройдың қызын алдым, әкем сол кісінің қызын аласың деді. Өйткені
үйдегі жағдайды көріп отырсың, алмасаң болмайды, амалсыз алдым.

– Ол кезде колхоздың жағдайы көтеріліп келе жатқан кезі ғой?

– Социалистік Еңбек Ері атағын алғандар көбейді, халықтың еңбек-

ке ынтасы артты. Социалистік еңбек ерлеріне деген халықтың құр-
меті сұмдық болды.

– Халық Алдабергеновты не үшін сыйлайтын еді?

– Еңбегі үшін сыйлайтын барлығы. Алдабергенов деген кісі жатпай-

тын кісі еді ғой. Ол кісі таңғы бестен тұрып алып, жаяу көшені ара-
лап, «не жатыс» деп ұрысып, сағат кешкі сегізге дейін жатқызбайтын.
Үйдің іші «ойбай, Молдекең келе жатыр» деп, барлығын тұрғызатын.
«Мал өсіріңдер, мына жерге жеміс ағашын ек, мына балаларыңның

балалары жейді.Үйдің мына жерін сылаңдар» – деп өзі аралап жү-
ретін. Тал жоқ жерлерге алма ағаштарын ектірді. Бір екі жерде ғана
тал болды, соның бәрін ектірді ғой. Қазір міне сол алмасын жеп отыр-
мыз. «Балаларың жейді» –депжүретін. Радио сияқты дауысы зор еді.

Алыстан дауысы естіледі, содан халық жыбырлай бастайды, «бы-
лай қазыңдар, су келсе былай жүреді» –деп, кеңес беріп жүретін. Ол
кісіні құдайдай күттік қой. Ол кісінің айтқаны заң болды, одан ешкім
жаман болған жоқ. Бәрінің балалары өсіп-өніп жатыр, сол кісінің ар-

қасында аулаларында алма, жүзім өсіп тұр.

115

– Алдабергеновтың жетістігінің басты себебі еңбекте ғой? Сіз ол

кісіні көрдіңіз ба? Сізге немесе отбасыңызға жасаған жақсылы-
ғы, қысылып тұрған кезде берген ақыл-кеңестері болды ма?

– Еңбек. Атақ алайын деп жағымпаздық жасаған жоқ, ол кісінікі тек

қана еңбек. Сол кісінің айқайымен өстік қой. «Жақсы болыңдар, арақ
ішпеңдер, жақсы болыңдар» –деп өтті ғой.

– Ал егер сондай бір ағаттық болса, қандай әрекет жасайтын

едіңіздер?

– Қашатынбыз, сол кісінің көзіне түспей тығылып жүретінбіз. Кон-

торға келсек де тығылып, көрмесе екен, көрсе ұрысып тастайды деп,
тығылып, әйтеуір, өмір сүрдік қой. Олардан сұмдық қорқатынбыз.
Бір ағаттықты біліп қойса, ол кісі кез-келген жиналыста «бәленшенің
баласы бәленше жерде сөйтіпті, ол ұятсыз, тәртіпсіз мынау» – деп

жиналысқа салып ұялтатын. Үй-іші тыныш жүріңдер деп ұрысатын,
бұғып өстік қой. Сол уақыттағы жастардың үлкендерге тік қарағанын
көрген жоқпын. Бәріміз тұйық болып өстік. Орыстар сияқты бетке
айтып тастау, ашық сойлесетіндер жоқ. Тәртіп қатты болды, үлкен-

дерден қаймығатынбыз.

– Қазақ жастары мен осындағы өзге ұлт жастарының тәрбиесін-

де, өзін-өзі ұстауындағы айырмашылығы болды ма?

– Мынау шешендер арасында бұзықтар көп болды. Сонда Алдаберге-

нов шешендердің ақсақалдарын шақырып алып:«мыналарың болмай-
ды, мына бұзықтықтарыңды тыйыңдар» дейтін. Шешендердің үлкен-
дері де«ана кісіге жетпесін, бізге айтыңдар» дейтін. Немістерің онша
бұзық болған жоқ, жеңілді, білді. Шешендермен төбелесіп қалатынбыз.

Кісі өлтіруге шейін барғандарды да өзі соттады. Конторында, осы
маңайда жауып тастайтын. Кейбір адамдардың өздері: мені ана кісіге
апармай, сотқа апарсын дейтін. Ол кісі кешіретінін кешіретін, кешір-
мейтінін мынаның көзін құрт деп сотқа апарып беретін.

– Біреуді өлтірген жағдай болды ма?

– Болды. Бір орыс жігітті қазақ жігіті өлтірді. Адам өлтірді деп есті-

геніміз сол ғана. Қазір адамдардың еті үйреніп кеткен ғой, ол кезде
жағамызды ұстадық. Бұрын сотталған, менімен жасты бір жігіт бола-
тын. Соның әкесі барып өзі айтты «мынаны құрт» –деп. Алдаберге-
нов сотқа өзі апарып, соттады.

Қылмыс жасаған адамның мені сотқа апарсын, Нұрмолдаға апарма-
сын деп айтуының себебі, бұл кісі қылмыскердің намысына тиетін.
Кез-келген мәселені өзі шешетін, шешілмейтінін сотқа апаратын.

– Рахмет!

Сұхбатты жүргізген: Болатхан Ә.
Өңдеген: Нұртазина Н.Д.

116

Күлману Есбосыновамен сұхбат

– Өзіңіз және отбасы жөнінде айтсаңыз.

– Мен, 1939 жылы Ескелді ауданындағы, Өтенай деген жерге көшіп

келе жатқанда, жолда туылған екенмін.
Әкем Шырынды деген жердегі мал фермасында меңгеруші болып
жұмыс істеді. Ол онда ферманың төрт қора малына жалғыз өзі қа-
рады, көмекші жіберілмеген еді. Қыстың суық аязында да өзі ғана

болды. Сондай ауыр жұмыстың салдарынан бүйрегі суықтап, опе-
рация жасатқан болатын. Бір күні малды аштан қырып алмайын деп
үлкен-үлкен маяны бір өзі бұзғанда, бүйрегіне салмақ түсіп жасалған
операция орны жыртылып кеткен екен. Ауылда ауруханада алты ай

жатып, жараның орны іріңдеп, содан қайтыс болады. Сөйтіп, он бір
жасымда жетім қалдым. Сол уақыттан бергі көргенім бейнет, ал анам
болса төрт қызбен жесір қалды. Одан кейін үлкен анам, оның артынан
үлкен әкем қайтыс болды.

Мен нағашы атамның бауырында өстім. Атам – Нұрпейісов Нұр-
ғали «Социалистік Еңбек Ері». Бюст тұрған алаңдағы батырлардың
ішінде менің де атамның есімі бар.
Анам тұрмыс құрмады. Ол тым қатал болатын. Не істесек те, қалай

істесек те оның ойындағысындай болмайтын. Төрт қыздан үшеуміз
қалдық, бір қызымыз қайтыс болды.

– Сіз мектеп бітірдіңіз бе?

– Тоғызыншы сыныпқа дейін оқыдым. Анама көмектесуім қажет

болды, сосын анам менің тұрмысқа шыққанымды қалады. Сондықтан
онға дейін оқи алмадым.

– Өміріңіздің қай кезеңі ерекше есіңізде қалды?

– Ашаршылық жылдар есімде ерекше қалыпты. Көршіміздің ұлы

болатын, екеуімізді бір бөлмеге қамап, сыртымыздан құлып салып,
бір тәрелке бидай қуырып беріп кететін. Анам жұмыстан келгенше
біз сонымен ауқаттанып отыратынбыз.

– Анаңыз қандай жұмыстар істеді?

– Қызылша жинайтын. Арасында сауыншы болып жүрді. Кейіннен

мұражайда күзетші, үлкен конторда еден жуушы болып істеді. Ол
тұрмысқа шықпай тағы да үш балалы болды, әкем (нағашы атасы)
оның жүріп-тұруына өзі рұқсат беріп қойды

– Қазақ қоғамы үшін некесіз бала табу жат қой, қоғам оған қа-

лай қарады?

– Қоғам оны сөккен жоқ. Ауылдың өмірі тым ауыр болатын. Балала-

ры үшін мемлекеттен көмекке қаржы алып тұрды. Ол балалар бүгінде
ер жетіп азамат болып өсті, әрқайсысы үйлі-баранды. Мен олардың
ең үлкенімін.

117

– Сіз он сегіз жасыңызда отбасын құрдыңыз, жолдасыңызбен

қалай таныстыңыз, қандай жағдайда?

– Үлкен анам маған бұл тұрғыда көп кеңестер айтатын. Анам жаста-

йынан жесір қалғаннан кейін, оның мінезі де қатты өзгеріп кетті. Ерте
жетім қалу балаға да оңай емес екен. Небәрі он бірдемін ғой.
....Күн көрудің қамы еді, біреу көмір, біреу ұн әкеліп беретін бізге.
Ал сол қамқорлық көрсеткендер бергенін міндетсініп, түн ортасында

тереземізді тоқылдататын. Анама оның еркінсіз күш көрсететін. Ана-
мызға болыссақ, бізге, қыздарға, бой бермей анамызды алып кететін.
Бір күні анамыз сандықтың ішіне тығылып қалды, сол жерден тауып
алып кеткен кездер де болған. Қазір ол адам қайтыс болып кетті, ол

сельсовет болатын. «Қолы шолақ молда болады» деген осы ғой.
Одан кейін тағы бір Ш. деген біреу болды колхозда, ол да көмірдің
меңгерушісі болған. Ол да талай келді. Сондайларға қатты ызам ке-
летін. Мен тым жаспын ғой, анамды жібермедің деп маған қол да

жұмсаған. Осының бәрін ішімде сақтап жүретінмін, бірақ бір күні
үлкен анама (әжесі) барлығын айтып бердім.
Содан анам да, үлкен анам да мені ертерек болса да бағы ашылсын
дейтін болу керек, «тұрмысқа шықсайшы» деп көп айтатын. Сөйтіп,

қай-қайдағы бозөкпелерді көрсететін. Мен ылғи да қарсы болатын-
мын. Сөйтіп жүргенде әйелі жүргіштеу болды ма, ажырасқан екен
сол біреу сөз салды. Ол менің сыртымнан торуылдап та жүрген екен.
Бір күні киноға шақырды, мен бармай қойдым.

Өзі менен екі жас үлкен. Бармай қойғаннан кейін, бұл үйге келді.
Үшеу болып келіпті. Мен ойда жоқта бір көршіміздің өтінішімен
кетіп қалған едім көмектесуге, «әжем шақырып жатыр» – деді, өзім-
мен тете сіңілім. «Өзі жіберіп алып неменеге шақырды екен», – деп

үйге келсем, ештеңе айтпайды. Екі үйіміз бір-біріне қарама-қарсы ор-
наласқан, оның біреуінде – шешем тұрады да, біреуінде – нағашым
тұрады: «ана үйден мен тамақ алып келем, сен пешке от жаға бер»,

– деді.

Үйіміз кішкентай-ақ. Содан кейін плитаға от жағып отырдым, әжем
қазанға тамақ салып жатып: «Іздегенің табылды!», – деді. «Немене
іздегенім табылды?», – дедім. «Өзің сондайды ғана іздеуші едің ғой?

– деп, – енді бағың ашылсын, дұрыстап сөйлесе біл», – деді де шығып

кетті, мен түк те түсінбедім. Содан соң, әлгіге сасқалақтап жүргенім-
де отым жанбай қалды. Әлгі отты қайтадан алып жатқанымда, жаңа-
ғы жігіт үйге кіріп келді, өзім не істерімді білмей қалдым. Алдында
ол бірнеше рет киноға шақырған болатын, мен бармай қойғанмын.

– Сіз неге барғыңыз келмейтін?

– Ер адамның артынан қалай болса солай жүруге болмайды ғой,

сөзге қаласың, содан кейін шықпаймын. Әңгіменің астында қала-
сың ғой! Содан 1-2 күннен кейін енем келді. Соның алдында ғана бір

118

кемпір келіп отырған, жаңағы үлкен шешемнен мені сұрап. «Мына
қызыңды маған бер», – деп.

– Ол басқа ұлдың анасы ма?

– Ол басқа, соның үстінен енем келіп, екеуі бір дастарханнан тамақ

ішті, екеуінің әңгімесі де мен туралы болып отырды. Мен тамақ жа-
сап тиіп-қашып, тамақ дайындап жүрмін, олармен бірге отырғаным
да жоқ. Екі анам сөйлесіп отыр, жеңгем бар, мен тамақ жасап беріп,
кетіп қалам. Сөйтсем енем үйіне барыпты да, күйеуіме әкеңнің... (ол

кісі солай сөгетін) «саған осы қызды ал дегеніме қанша болды, әне
анау да құда түсіп келіпті, ертең сол түсіріп алады, сен қаласың, одан
басқа қызды мен келін етіп түсірмеймін, маған басқаның керегі жоқ!»

– деп ұрсыпты.

– Неліктен деп ойлайсыз?

– Мені ұнататыны менің анам біріншіден, көп балалы ана, екінші-

ден, ол кісі тон да тігеді, көйлек те тігеді, өзі шебер кісі болатын. Көр-
пеңді де, құрақты да тіге береді, қолынан бәрі келеді. Нәскиіңді де
тоқиды, жемпірдің неше түрлісін тоқиды.

– Туған анаңыз қазір қайда?

– Ол қазір 93 жаста. Соның өзінде әлі күнге дейін ине сабақтап оты-

рады, кішкене алжып қалды. Қартайса да сол өнерін жақсы көреді, ал
өз енемнің қолынан ештеңе келмейді. Көрпе де тіге алмайды, керек
десең әлгі ол кезде әйелдердің ішінен киетін шалбары бар ғой, сон-
дайды да тіге алмайды. Керек десең ине ұстай алмайды екен. Енемнің

әкесі қатты болғанда, ештеңеге қаратпаған ғой, еркек сияқты жұмса-
ған.
Мен келін болып түскенде үйлері шашылып жататын, өзім тазалап,
үй болып кеттік қой. Екі кісі теңдей болса, демде-ақ түзелесің. Ол көп

балалы отбасынан деп маған қызығыпты. Өзінің қолынан келмеген
соң елге жалынады екен, көрпе тігіп берші деп, сөйтсе әлгілер ма-
тасын еселеп сұрап пайдаланып кететін көрінеді. Соны маған айтып
шағымданып, есемді қайтарып берші дейтін.

– Сөйтіп жігітті көріп, сасқалақтап қалып едіңіз, әрі қарай не

болды?

– Ия, кейін анығын айтты ғой «қанша шақырсам да келмедің, енді

үйге келуге тура келді, сенімен сөйлесуге, кеше шешем ұрсып ма-
замды алды, содан кейін сенен айырылып қалмайын деп, үйіңе келдім,
айып етпе», – дейді. Содан кейін ғана кездесуге шығып жүрдім. Сон-
да қақаған аязда бір бұрышта тұрамыз да, тараймыз. Аяз қатты еді,

үстімде жеңіл плащ болатын, қытыр-қытыр етіп тұрады. Ол жаура-
майды, ал мен жаурап қаламын. Менің соңымнан жүгіргендерді қуып
жіберіп жүрді. Ол қалай менімен сөйлесе бастады, жігіттердің барлы-
ғы өздерінен-өздері ысырылды. Одан елдің бәрі қорқатын. Осы жер-

дегі немістерді де қуып тығатын. Мұражайдың бастығы Шәйбаланың

119

күйеуі Қыдырбек екеуі барлығын бағындыратын. Әсіресе немістер
менің күйеуімнің дауысы естілсе болды, көшеден жоқ болып кететін.

– Немістерді неге ұрады?

– Ұрғанда қандай, немістер бұзық болатын, қазақтардың балала-

рын кемсітіп, Индияның киносына барған қазақтардың билетін алып
қоятын, о-о-о, қырғын болатын. Сондайларды бұлар қадағалап, қа-
рап жүрді де қайсыбірін ұрып, жығып тастап жүрді. Мына жерде
ескі құлып (клуб) бар. Екі неміс бір күні жеті адамымызды ұрыпты.

Немістердің бір жаман жері әйел-қыздарына дейін жабылып кетеді.
Күйеуім бір тасты соларға қарай қатты лақтырып кеп берсе, немістің
шүйдесіне тиіп, есінен танып құлап қалыпты. Содан оны ауруханаға
алып барып, мыналарды милицияға береді. Олар: «Немістерді бағын-

дыра беріңдер, оған рұқсат, бұлар әбден басымызға шығып бара жа-
тыр» – депті.
Нысанбай, Сидақ, Намысбаев Есекей деген кісілер болды. Сол Си-
дақ Алдаберген ағаймен бірге жүретін, ол күйеуіме «анау-мынау

артыңа түсетін болса сені өзіміз қорғап аламыз», – депті. Сонымен
Құдайбергенді қамауға алғанда, менің күйеуім аналардың сөздеріне
рухтанып, «сен немісті құртамын мен, қазір өзің барып, бұлардан
кешірімін сұрап, шығарып аласың», – десе, таяқ жеген немістер шы-

нымен өздері кешірім сұрап, қамаулы жерінен Құдайбергенді шы-
ғарып алыпты. Сонда немістің жеті тісін түсіріпті, тас лақтырғанда
аузына тиген ғой. Сөйтіп немістерді әбден бағындырып алған. Менің
шалым өжет болған. Қызымның да сондай мінезі бар, әкесіне тартқан

ғой.

– Апа, өзіңіз қандай жұмыстар істедіңіз?

– Балам қырқынан шыға сала, сауыншы болдым. Енем жұмыстың

басына баламды кіп-кішкентай етіп орап әкеледі де, сол жерде емізіп,
қайтадан алып кетіп жүрді.

– Сонда жетіспеушіліктен істедіңіз бе? Әлде колхоздың талабы

ма?

– Жетіспешілік те бар енді, өзімізде үй жоқ, сосын колхоздың үйін-

де отырғаннан кейін жұмыс істейсің ғой. Үй аламыз деп, әйтеуір
барлығы өз отбасыңа байланысты ғой. Балалы-шағалы боласың, оны
асырау керек. Сауыншының жұмысы ауыр, таңертең төртте тұрасың,
түнгі тоғызда келесің. Түнімен жалғыз өзім жүретінмін сол сауында,

өзім аға сауыншы болдым.
Саған айтайын, «тфу дегенде, түкірігім жерге түскен жоқ», мақта-
нып қояйын. Соның арқасында төрт жыл ауылдық депутат, сосын ау-
дандық депутат болдым.

– Ол депутат болғанның артықшылығы неде?

– «Депутат» деп бағалағаны ғой, енді өзінше. Содан кейін өздері,

ана жолды жөндетесің, ананы істетесің, мынаны істетесің дейтін, мен

120

оның ешқайсысына қатыспайтынмын, сауынымда жүрдім. Тек сол
сессиясына барамын, жиналысына, болды.

– Депутат болғаныңыз үшін сізге бір белгілі мөлшерде сыйақы

немесе құттықтау берді ме?

– Палас алдым. Ол уақытта сыйлықтың ең үлкені палас болды ғой.

Содан кейін материал беретұғын, әлгі мақтау қағаздарын берді, оның
бәрін «неменеге сақтаймын», – деп баяғыда тастай салғанмын. Әрі-
беріден соң, тұра-тұра, жазулары өшіп қалады екен ғой. «Еңбек қы-
зыл ту» орденін алдым, екі қола медаль алдым. Бәрі мыналардың

ішінде.

– «Еңбек қызыл ту» орденін қандай еңбектер үшін беруші еді?

– Сол сауыншы болып жүргенде, ең жоғарғысы Ленин ордені еді,

мені соған ұсынайын деп отырғанда, осы жерден өзіміздің бас бух-
галтер бар болатұғын, соның балдызы келіп, осы жерге сауыншы бо-
лып, кірді де, ебін тауып менің алдыма соны шығарып жіберді. Со-
нымен Ленин орденіне жете алмай қалдым. Бірақ «Еңбек қызыл ту»

орденін алдым ғой.

– Біреулердің еңбектерін асыра бағалап, көрсеткіштерін жал-

ған беру ісі кездесті ме?

– Ия, болып тұратын.

– Ал ол кезде жаңағы қарапайым халық немесе қасыңызда

жүрген қызметкерлер ешқайсысы шағымданбайды ма?

– Шағым айтқанда не істейді? Главный бухгалтердің сөзі жүріп тұр-

ғаннан кейін, ешкім ештеңе деген жоқ оған. Бір балалы болған соң,
сол фермаға кірдім. Осы жерде Рақымбай деген бригадир болған, сол
қайта-қайта шақырып қоймады, содан орналастық қой. Алғашқыда
кешегі әйелдің үйі бізге қарама-қарсы жерде болған. Сол жерде тұр-

ғанымызда бұл кісілер маза бермеді. Абысын болғаннан кейін «күн-
дестің аты күндес» екен. Атам марқұм кішкене мені мақтаса, өшін
аламын деп, маған білгенін жасап, атамды да, енемді де маған қарсы
қойды. Ылғи екеуінен сөгіс естіп, жылап жүрдім. Ақыры шығыса ал-

маған соң басқа жерден үй салып алдық.
Нұрмолда ата өзім көмектесем деп, бізге колхоз атынан үй салып
берді. Үйді салып бітіп, 1 қыс қыстадық. Биғаштың немістері Нұр-
молда атамен сиыспады да, оның артына түсті ғой. Мына музей Нұр-

молда атаның өзіне арналған үйі болған. Менің бала кездегі өмірім
қарама-қарсы жердегі мынау үйде өтті. Осында болдым мен, сонда
шешем бақша тегістетеді, есігінің алдын тегістетеді, кірпіш құйғы-
зады, небір ауыр жұмыстарды істететін. Сонда Нұрмолда атамның

мына жерден бұрылып бара жатып, «ей Дәрден сен оңбайсың, оң-
байсың. Мына балалардың бәрін әбден жұмысқа салып, қинадың
ғой, бұлар кейін өспей қалатын болды ғой!» – деп ұрсып кететін. Сол
мен үйленгеннен кейін ол кісі менің өмірбаянымды білген соң, маған

121

жұмсақ қарады ғой, күйеуіме де, маған да, «екі жетім жақсы қосыл-
дыңдар, жақсы отбасы болып кетесіңдер» – деп, үйді өзім салып бе-
ремін дейтін. Салғанын қайтейін, ана жақтан жер алды да, ол жақтың
немістері бұл кісінің артынан қуалап, «мынау өзі байығаннан кейін

үй салып жатыр, колхоздың бәрін өзі жеп жатыр» – деп, бұл кісіні
бастықтықтан түсіртті. Кейінгі бастықпен шалымыз екеуміз шығыс-
падық, анау үйді сатып жіберіп, Сарыбұлақ совхозына көшіп кеттік.
Ол жақта бір жыл тұрдық та, бұл жердегілер «ауылдағы белсенді,

бетке ұстар жігіттерімізді шетінен қуып жатсың» – депті. Күйеуім
осында бір келгенде кейінгі бастық шақырып алып, «әй қайтып кел,
адасқанның айыбы жоқ, мен де білмеймін сенің өмірбаяныңды, мына
ауылдың адамдарынан көп сөгіс естіп жатырмын, ауылға қайтып кел,

өзіңнің орныңа» – деп қайтадан шақырды. Соған сеніп келгенімізде
үйсіз қалдық қой, анау үйді сатып жіберген едік. 46 базда дайын үй
бар екен, сонда қалдық. Мен сауыншы болдым, ол алғашында мал-
шы, кейін электрик болды.

– Ол кісі оқымады ма?

– Оқыған жоқ, ол төрт-ақ класс бітірді, жеті бітірдім деп есебін

тауып, докуметін жасатып алды. Сонымен-ақ шығысып кеттік
екеуміз, жаман болғанымыз жоқ.

– Сауыншы болып жүргендегі өміріңізді айтып беріңізші?

– Сауыншыға алғашында барсам, Шәйбала жүрген, сол жерден кө-

терілді ғой ол, депутаттыққа сайланды, үлкен совет депутатына. Ол
жерде агрегат деген болды, бір сауғанда сегіз сиыр сауасың. Сегіз
сиырға аппарат саласың.

– Сізге қанша сиыр бөлінді?

– Бір баздың сиырын жалғыз өзім саудым. Шәйбала 132 сиыр ма

172 сиыр ма, соны ертеңгісін 7 де бастайды, соны кешкі сегіз жа-
рымға шейін сауады. Соны маған үйретті, өзі былай-былай кеткенде
мен сауып жүрдім. Содан көтерілдім. Сол жерде депутат болғаннан
кейін мына жерден үй салды, сол үй салып жатқанда, музейге шақыр-

ды, содан кейін осы музейге келіп орналасты. Ал мен соның орнында
қалдым.

– Сіз қай жылдары сауыншы болып жұмыс жасадыңыз?

– 1956 жылдан бастап. Тоғызыншы класта оқитынмын, сонда мен

кәдімгі белсенді жұмысшы болатынмын колхозда, анам декретке шы-
ғып кеткенде, оның орнына қызылшашы болып та істейтінмін. Сөйтіп
жүріп тоғызды кешкілік мектепте оқыдым, одан кейін тұрмысқа шы-
ғып кеттім. Содан кейінгі өмірім №46 базда сауыншылықта өтті ғой.

– Кешкі мен күндізгі оқитын сыныптардың айырмашылығы

болды ма?

– Айырмашылығы болды, кешке жақын оқу деген аты ғана ғой,

жеңіл ол, программасын аласың да үйден келіп дайындаласың. Ол

122

жерде сұрақ қояды, әйтеуір бар ма бар, белгілеп қояды, оқып жатпай-
сың, адамның санын толтырып қояды, болды.

– Қанша адам, көп болды ма?

– Ол жақта бір сыныпта 10-15 адам оқиды, жалғыз бір сынып емес,

бірнеше сынып оқыды. Кешкілік мектепте үлкен адамдар оқыды,
ішінде өзім жас болсам да оқыдым. Мен онда бір-ақ жыл оқыдым,
тоғызды. Оныншы класты оқығаным жоқ.

– Кітап оқыдыңыз ба?

– Неше түрлі томдарды оқып тастағанмын, жаңа кітап дегенді жі-

берген емеспін. Кітап оқимын деп анамнан талай таяқ жейтінмін,
«сен кітап оқығаннан басқа дым білмейсің, үйдің шаруасына қара-
майсың, тап-таза болып тұрмайды» – деп ұрсатын. Анаған да, мына-
ған да үлгеруім керек қой. Ол кісі қанағаттанбайтын. Ұрып-соғатын.

– Ең сүйікті жақсы көріп оқыған шығармаңыз, кітабыңыз қан-

дай еді?

– Ең сүйікті кітабым «Ботагөз» болды, Ботагөзді көп оқыдым. Ас-

қарды, Амантайды, кейіннен киносы шықты, бірақ, киносы аса мәз
емес. Көңілімнен шықпады, қысқартып шығарған ғой. Кітабында то-
лық айтылған.

– Балалық шағыңызда қандай арман болды?

– Арманым көп болды ғой! Анам оқытпай қойды. Мен адвокат бол-

ғым келетін. Анамды адвокат болып қорғағым келетін. Ол күйеуден
ерте қалып қорлықты көп көрген соң, бізді оқыта алмады ғой, бізді
қорғайтын ұлдары да болған жоқ, тек қыздармыз. Өзім ұл да, қыз да
болдым, бар ауыр жұмысты жасадым. Ең тұңғышы мен болғаннан

кейін мені жұмсайтын. Сауыншы болып он екі жыл істедім, қызылша-
да алма-кезек істедім. Екі жылдан кейін күйеуім ферма меңгерушісі
болды. №46 бұзаубазда істедім, сиыр бұзаулатып жүрдім. Ол жерде
екі жыл істедім, одан кейін қайтадан қызылшаға келдім. Қызылшада

жалғыз емеспін қасымда екі ұлым, екі қызым бар болды.

– Қазіргі күндегі арманыңыз не?

– Арман бар ғой, орындалады дейсіңбе? Шалым ерте өліп қалды,

менің арманым сол, неге жанымда ұзақ жыл жүрмеді деймін ғой.
Мені тастады да, өзі ерте, алпыс төрт жасында кете барды.

– Апа, өнегесі мол әңгімеңіз үшін Сізге бас иіп, көп рахмет ай-

тамыз!
Сұхбатты жүргізген: Болатхан Ә.
Өңдеген: Мырзатаева З

123

Қадыржан Кенжебайұлы
Жексеновпен сұхбат

– Аты-жөніңізді атап, өзіңізді таныстырсаңыз?

– Жексенов Қадыржан Кенжебайұлы, 1949 жылдың 1 ақпанын-

да Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жетісу ауылында дүниеге
келдім. 1966 ж. «Жетісу» орта мектебін бітіріп, сол ауылда 1982 ж.
дейін ауылдық атқару комитетінің кеңесінде басшылық қызмет еттім.
Оған дейін комсомол комитетінде жұмыс жасап, аудандық партия

ұйымының нұсқаушысы болдым. Сауда мекемелер қызметкерлерінің
кәсіподағын басқардым. Аудандық жұмысшылар қоғамын 2000 жыл-
ға дейін басқарып, кейін Кенттік округінде зейнеткерлікке дейін әкім
болып қызмет еттім. Отбасында бес балам бар, Талдықорған қала-

сында тұрамын.

– Мамандығыңыз кім?

– Екі жоғары білімім бар. Біріншісі: І.Жансүгіров атындағы Талды-

қорған педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиет маман-
дығын алдым, екіншісі: Т.Рысқұлов атындағы университетте сауда
экономикасын бітірдім. Сауда саласында 32 жыл жұмыс жасадым.

– Ата-анаңыз туралы айтып берсеңіз.

– Әкем, Жексенов Кенжебай – Ұлы Отан соғысының ардагері, 1919

ж. туылған. 1931 жылғы ашаршылықта бір әулеттен ешкім қалмай,
әкесі жалғыз әпкесіменен аман қалған екен. Ауылда әркімнің есігінде
жүріп, кейін 1938 ж. армия қатарына жасын өсіріп айтып, өзі өтініп,
кейін соғысқа қатысқан екен. Соғыстан бір аяғынан айырылып, 1945

жылдың қазан айында елге оралыпты. Сол әкеден 8 бала өстік, ең
үлкені мен. 56 жасында дүние салды. Әкем 1950 жылдары колхоз
бастығы, 1951-1954 жж. ауылдық партияның хатшысы болды. 1954
ж. бастап қой фермасының меңгерушісі болған. 1975 ж. аяқ астынан

дүние салды. Анам колхозшы, қарапайым отбасынан шыққан адам,
бүгінгі күнде 90 жасқа келіп отыр. Әкем орта білімді. Өз ортасында
сыйлы, еңбекқор, социалистік құрылысқа белсене ат салысқан адам
еді. Қой фермасында жүргенде, 1954 жылдарда жұмысшылардың,

малшылардың жағдайына қарайласатын. Балқаш бойында колхозға
бекітілген қыстау болатын. Сол жерде 30-40-қа жуық мал қыстайды,
80-дей адам қызмет етеді. Сол әрбір қыстауға әкем монша салғызып-
ты. 1954-1956 жж. бұл үлкен жаңалық қой. Ол моншалар біз өскенге

дейін жұмыс істеп тұрды, кейін жөндеуден өткізілді. Сөйтіп, әр база-
да бір-бір монша болды. Әкем өзі арнайы демалыста көлікпен жүріп,
малшыларына суық тиіп қалса, моншада емдеткізетін. Өзі офицер
болған ғой, моншаны жақсы көретін.

– Қыстау аймағы қалай аталды?

– Үшкөл қыстау, Аяққара қыстау.

124

– 1930 – 1950 жылдар тарихымызда ең әлеуметтік күрделі уа-

қыт. Әкеңіз «ашаршылық» трагедиясы жөнінде әңгімелер айту-
шы ма еді?

– Ашаршылық жөнінде көп естелік қалмады. Бір әулетте сол 40-

50 жан, 6-7 отбасы болса, алапат ашаршылықтан өзі ғана аман қал-
ған екен. Жиендерінің қолында жүріп, әйтеуір білім алған. Ал, соғыс
жылдары туралы көп айтқысы келмейтін, «бастарыңа келмесін, біз
көргенді сендер ешқашан көрмеңдер», – деп айтып отыратын. Ең ке-

реметі ол соғыстың басынан, аяғына дейін болған. Калининград қа-
ласын қорғаған. Сол жерде бір жанбасына оқ тиіп, госпитальда ауы-
рып жатыпты. Кейін Горький қаласында 1,5 жыл госпитальда жатқан.
Сол жанбасына ұршық салып, бір аяғын әйтеуір жөндеп, содан 1945

ж. күзінде қасына медбике қосып, ауылға таяқпенен, балдақпенен
жетіпті. Ауылға жеткен соң әкемнің әңгімесі, әсіресе, соңғы жыл-
дарында елдің, халықтың, жұрттың жағдайын қалай жасаймын, со-
лардың балаларын қайда оқытамын, интернатқа жіберейін деп үнемі

ойланатын да жүретін, олардың көшу-қону, қыстау-жайлау жағдайы
жөнінде көп әңгімелер айтатын отбасында. Ол кісіде демалу деген
болмайтын. Ұлы Отан соғысына қатыстым деп, көкірегін керген
емес. Өмірден осылай кетті. 8 баласы қалды, ең кішісі 4 жаста еді.

– Әкеңіз соғыста қандай әскери қызмет жасады?

– Әкем рота командирі болыпты, соғысқа дейін кадрлық офицер

болған ғой. Талдықорған ауданындағы совхоздардың басшыларын
сол жылдарда резервте қалдырады екен. Совхоз басшылары ол кезде:
1942 ж. екі дүркін «Социалистік Еңбек Ері» атанған Н.Алдабергенов
және «Социалистік Еңбек Ері» – Дайыров. Содан кейін осы төңірек-

тегі колхоздар бар, олардың басшыларын – Баспанов Манарды, тағы
сондай-сондай кісілерге «броньдар» беріледі де, соғысқа алып кетеді
ғой. Аягөздің қасында әскер жинақтаушы үлкен пункт болыпты. Сол
жерде соғысқа дайындық жасалады, мылтық атуды үйретеді. Дайы-

ров 40-қа келіп қалған, ал, Оспанов Марат 40-тан асқан көрінеді.

– Әкеңіздің әріптестері, замандастары ғой?

– Олар осы төңіректің адамдары болғанымен, дайындықтан өтеді

де менің әкем оларды алып кетеді, ол кезде кадрлық офицер, соғысқа
жалпы кіріп кеткен адам. Сатып алушы дейді екен оларды.

– Броньдалғандар ел ішінде қала ма?

– Қалып қойғандар. Броньды алып тастап, бұларды дайындаған кез-

де менің әкем келіп соғысқа алып кеткен екен.

– Сіздің әкеңіз ол кісілерден жасы үлкен бе еді?

– Менің әкем кіші, бірақ кадрлық офицер ғой. Енді біреу келіп, алып

кету керек қой, мәселе сонда, соғысқа адамдарды дайындап жатыр
ғой. Аягөздің маңында броньдалғандардың барлығын алып тастап

125

жинаған ғой. Сондағы әңгімелерін естуші едім. Екі рет келіп алып
кетіпті.
Менің әкем рота басқарған. Өзбекстаннан келген азаматтарды бас-
қарған, себебі, олар орыс тілін білмейтін, ал менің әкем – қазақ тілді.

«Жалпы қиыншылықтар көп болатын», – дейтін. Біріншіден, бұлар
арнайы әскери дайындықтардан өтпеген, екіншіден, біреуі жарала-
нып қалса, мылтықты тастай салады да, досының қасына жүгіріп
келеді екен. Соғысып жүргендердің басым көпшілігі жап-жас бозба-

ла жігіттер ғой. «Содан оларды әскери тәртіпке даярлаған соң, бірге
ұрыс даласына шығамыз» – деп, әңгімелейтін.
Соғыс жағдайында Ашхабад қаласына жақын жатқан ирандықтар,
түріктер арасында соғысқа қатыспау туралы іс-әрекеттер көбейіп,

тәртіп бұзыла бастаған екен. Сонда Ашхабад қаласының коменданты
болып менің әкем тағайындалыпты.
Біз мектеп қабырғасында оқып жүргенде, Баханбаев Үмітбек деген
бір ағамыз, ұстазымыз болды. Ұлы Отан соғысына қатысқан тарих-

шылардың бірі еді, ол кісі. Тарих кітабында айтылмайтын көп әңгі-
мелерді сол кісіден естуші едік. Мәселен, «Ресейдегі патшаның тақ-
тан құлауы туралы, оның отбасының қырылуы, сосын оның атылуы
туралы. Сол кісі бір күні мен сабақта отырғанда айтты: «Сен әкең

туралы білесің бе?» – деді. Мен: «Білмеймін» – дедім. «Мен соғыс
жүріп жатқанда Ашхабадта болғанмын. Көшеде келе жатсам екі адам
мені ұстап алды», – деді. Сөйтіп тәртіпті бұзғандықтан құжаттарын
сұрапты. «Ал сенің әкең Ашхабадтың коменданты екен. Мені сол кісі

босатып алған еді» – деп, ризашылығын білдіретін. Менің әкем «Ұлы
Отан соғысына қатыстым!», – деп бір рет санаторийге, не курорттық
орындарға ем алып, мемлекеттен жеңілдік алып, қызығын көрген
емес. Тіпті ондайды айтып, ренжімейтін.

– Майдандағы интернационализм, ұлтаралық араздық туралы,

жалпы азияттықтардың жағдайы қандай болғаны жөнінде әңгі-
мелер айтушы ма еді?

– «Белоруссияда тоғайдың ішінде келе жатқанымда, домбыраның

үні құлағыма естілді, селк ете қалдым. Ауылды да қатты сағынып
жүрген кезім болатын. Түнгі шолу ақпараттарын (разведка) басшы-
ларға жеткізіп, келе жатқанмын, енді блиндажға барып демалуым ке-
рек. Домбыраның үні естілген жаққа қарай тұра ұмтылдым. Барсам,

жер кепенің алдында жасы 50-ден асқан, малдас құрып отырған кісіні
көрдім. Жалпы соғысқа 50-ге дейінгі адамдарды алған ғой, 50-ден
кейінгілерді алмаған. Домбыраны шертіп қазақша ән салып отырған
қазақты көрдім. Сонымен әнін бұзбай жақындап келіп едім, ол сә-

лем бермек болды, «отыра беріңіз», – деген ишарат білдірдім. Дом-
бырасын тартып болған соң, әлгі кісімен сөйлестім. Сөйтсем, Тор-
ғай даласынан келген ақсақал екен. Екі баласы соғыста мерт болып,

126

жаудан ұлдарының өшін алуға, жасын қырықтамын деп жасырып,
соғысқа сұранып келген көрінеді. Кішкентай домбырасын ала келген
екен. Құралайды көзден ататын мерген, станокты пулеметтен керемет
мергендікпен дәл ататын кісі екен. Сол кісімен 4-5 ай сұхбаттасып

жүрдім», – дейді. Ол жас кезінде Амангелді Имановтың сарбазында
болған адам екен.

– Аты-жөнін айтпады ма?

– Аты-жөні менің есімде қалмапты. Әкем: «Бір күні келсем, таныс-

қан кісім ренжіп отыр. «Не болды?» – десем, мені күнде сапқа тұрғы-
зады, маған оның қажеті не, мені жауға жіберіңдер, өшімді аламын,
соғысамын, деп, ренішін білдірді. Содан кейін «мен табақтан тамақ
ішпеймін, 5 уақыт намаз оқимын», – деді. Менің осындай әрекет-

терім үшін орыс командир тепкінің астына алып, күн көрсетпейді.
«Сен айтқанымды істемейтін қандай адамсың, әскердің тәртібі, міне
осындай!», – деп, ұрғаны былай тұрсын мені блиндаждан қуып жібе-
реді», – деп, маған ашылып, ішкі мұңын ақтарды – дейді. Содан әкем

жоғарғы шенді командирге кіріп, жағдайды түсіндіріп айтқан соң ақ-
сақалға ешкім тиіспейтін болыпты және оны ұрыс даласына шығуға
рұқсат беріпті.
Күз кезінде майданда «теңестіру» деген болады. Алға шыққандар

артқа шегінеді, артқа кеткендер алға барып теңестіріліп сап түзейді.
Өйткені жаудың тылында қалып қою қауіпті болатын. Сонда жаңа-
ғы станокты пулеметшінің жанында қорғаушы көмекшісі болады.
Бір кезде «Шегін!», – деген бұйрық келіпті. «Шегінбеймін!», – деген

екен, ақсақал. Содан немістер топырлап келіп жатыр, бұл қыр үстінен
кетпей қойса керек. Тәртіп бойынша шегіну керек қой, шегініп ба-
рып, теңестіру керек адамдарды. Содан бүкіл майдандас серіктері ана
кісіге еріп, шегінбей қойыпты, ана кісінің немістерді қырып-жойып

бара жатқанын көріп, олар да жапа-тармағай соңынан ілессе керек.
Сосын ол кісі «ертеңіне ойладым, енді не болар екен, қандай жаза
күтіп тұр екен мені?», – деп жүргенде, оны сапқа тұрғызып, әскердің
алдында алғыс жариялапты. Содан кейін бұл кісіні қайта кездестір-

мепті. Қазақ батырлары майданда осындай ерліктер көсетіпті. Ал
бірақ, менің әкем ешқашан «немістерді қырдым, жойдым», – деген
әңгімелер айтқан емес.

– Анаңызбен қандай жағдайда кездескен екен?

– Соғыстан келгеннен кейін, 1947 ж. үйленіпті анамызға. 1949 ж.

дүниеге біздер келдік. Анам комбайншының көмекшісі болған, соғыс
кезінде еңбек еткен. Қызылшашы да болған.

– Қызылшашылардың еңбек тәртібі туралы айтыңызшы?

– Әкем мүгедек болғандықтан мен 2-3 кластан бастап, жаз бойы

қасында көмектесіп жүретінмін. Ауылдан 25 шақырым қашықтықта
жайлауға шығамыз. Малшы қауым жайлауға көтеріліп, көшіп-қонып

127

алатын. Жаздай есеп алады әкем, малшылармен жұмысын жүргізеді,
сондай кезде қасында жүрдім. Кейін өскен соң, ат жалын тартып
мініп, өзім қызмет еттім. Ол уақытта адамдардың еңбекке деген көз-
қарастары басқаша болатын, өкіметтен ештеңе сұрамай еңбек ететін.

Бір малды шығынға ұшыратпауға тырысатын.

– Еңбек күндеріндегі ауылдың тыныс-тіршілігін толықтай су-

реттеп беріңізші. Балалар бақшасы болды ма? Аналар қалай әрі
балаға қарап, әрі еңбек етіп үлгерген?

– Бала-бақша деген болатын, ол кезде «детская площадка» деп ай-

тылатын 1954, 1955, 1956 жылдары. Ол жерге бүкіл ауылдың қы-
зылшаға шығатын адамдарының балаларын жинайды. Егер емізулі
бала болса, сол егістіктің басына апаратын. Баланың анасы келмейді,
керісінше баласын егістік басындағы анасына алып барады. Жұ-

мыстан ешқандай еңбеккер қалмайтын. Балаларды алып барып, 2-3
мезгіл еміздіреді де, баланы қайтадан жаңағы арбаға салып жібереді.
Сол арба баланы «детская площадкаға» жеткізеді. 1962-1963 ж. дейін
осылай болды біздің төңіректе.

– Сіз де солай өстіңіз ғой?

– Ия, біз де солай өстік. Мен 1956 ж. мектепке бардым. 1961-1962

ж. біздің өңірде оқушылардың өндірістік бригадасы деген үлкен бір
бастама болды. Мектепте жақсы оқитын, жақсы еңбек ететін балалар
өндірістік бригадаға мүше болады. Мәселен, біз 30 бала өндірістік
бригадаға мүше боламыз да, бізге 50 гектар қызылша бекітіп береді.

Мамырдың аяғында оқу бітетін кезде мектепте, біз үш ай еш жаққа
бармай жаңағы жұмысқа жегілеміз. Қызылшаның жұмысы ауыр бо-
латын: өзіміз шөп тиейміз, суарамыз. Басқа механикалық жұмыстар-
ды трактордың көмегімен жасайтын. Балаларды қызықтыратын бір

нәрсе – ол Алматы сияқты үлкен қалаларға пионер лагерьлеріне 10-15
күнге жолдама алу болатын.

– Балаларды еңбекке талпындыру тек қана пионер лагеріне жі-

берумен шектелді ме? Еңбекақысы берілді ме?

– Еңбеккүнін жазады, 60 еңбек күн болса, оның бір айы – 40 ең-

бек күн. Сонымен жылдың аяғында еңбеккүннің ақысын, колхоздың
түсірген табысына қарай бөледі. Кейін жақсы істеген шараушылық-
тарға 10 рубль бір еңбек күнге, нашарлау жасағандарына – 5 рубль,
өте нашарларға – 2 рубль, тіпті 1 рубль беріледі.

– Оқушылар мен мектептегі жағдай қалай болды?

– 50-жылдардағы мектепке барған балалардың барлығының әке-

лері Ұлы Отан соғысында болған құрбы-құрдастар еді. 1919-1922
жылдарда туылған азаматтар, содан туылған біздер едік. Менің әкем
соғыстан бір аяғынан айырылғандықтан, 2-топтағы мүгедек болып
есептелді. Ол үшін төленетін зейнетақысы болды. Жалпы колхозда

1965 жылға дейін еңбеккүніне ақшалай ай сайын жалақы төлеген

128

жоқ. 1965 жылдың тамыз айынан бастап міндетті түрде колхозшы-
ларға арналған жалақы деген шықты. Содан кейін барып қана ай са-
йын істеген еңбек ақысы төлене бастады. Оған дейін колхозшылар
ақша көрген емес. Жылдың аяғында заттай төленеді, еңбек ақыға: би-

дай, ұн, ет, бал береді.

– Ауыл адамдары үй-ішіне тұрмыстық заттар, балаларына

киім-кешекті айлық ақша алмаса, қайдан алып отырған?

– Сол үй іргесіндегі бақшасын өсіреді, малын өсіреді, сосын жаңағы

еңбеккүніне алған табысын сатады ақырындап, тауығын сатады, жұ-
мыртқасын сатады, сонымен күн көреді. Дегенмен, нашар өмір сүрді,
тамақтың өзіне зәру болды. 1965 жылға дейін қиындау болды.
Бірақ, бәрібір біз туылып өскен ауыл ерекше еді. Өйткені біз туылып

өскен Жетісу ауылының басшысы ерекше болды. Ол ауылды «Социа-
листік Еңбек Ері» Әбдіқадыр Дайыров деген кісі басқарды. Бұл кісі
1940 ж. колхозды қабылдап алыпты да, 1942 ж. соғысқа кетіпті. Со-
ғыстан келгеннен кейін «Жаңалық» ауылына жіберіледі, сосын бізге

қайтып келмейді. Сол 1945-1950 жылдардың аралығында 21 «Социа-
листік Еңбек Ерінің» біреуі осы кісі болыпты. 9 адам 1947 ж. «Социа-
листік Еңбек Ері» атағын алыпты, 7 адам Шұбардан алыпты. Шұбар-
дың бастығы Н.Алдабергенов, «Жаңалықтың» бастығы Ә.Дайыров

болған. Н.Алдабергенов пен Ә.Дайыров ауылдас, бірге өскен азамат-
тар, бір-ақ жас айырмашылығы бар екен. Кейін 1950-ші жылы менің
әкем Жетісуда бастық екен де, колхоз біріккен кезде партия ұйымы-
ның хатшысы болып қалыпты. Ал Ә. Дайыров 7 колхозды біріктіріп,

бастық болып келіпті. Әбдіқадыр Дайыров 1905 жылы туылған, сол
кезде алдыңғы қатарлы азаматтардың бірі болса керек. Өйткені мә-
дениетті, әдебиетті, шығармашылық адамдарды, ақын жазушыларды
сыйлап, құрметтейтін, дарынды адамдарменен жақын болатын. Сон-

дай адамдарды ауылға шақырып, халықпенен көп кездесу өткізетін.
Сондай білгір азамат болған. Ауылды да ақсақалдардың ақыл-кеңесі-
мен басқарып, оларға арқа сүйеп отырған екен.
Ауылда сол кезде ұрыс-керіс, төбелес, макүнемдік деген болмай-

тын. 1954 жылы біздің ауылға электро-энергияны алып келіп, көше-
лерге жарық жеткізді. 1954 жылы емес, қазір қарап отырсаңыз 1960
ж., 1965 ж. кейін шам жарығын көрмеген ауылдар көп болған. 1954
ж. көшеге тротуар салып, асфальт төсеп, ескі ауылды жаңа ауылға

көшіріп, стандартты үйлер тұрғызды. Одан 640-орындық орта мек-
теп ашты. Бәрі сол кісінің арқасында деп ойлаймын. Қазір қарасаң,
қырыққа жуық ғылым кандидаты, соның ішінде 5 ғылым докторы, 2
мемлекеттік сыйлықтың лауреаты бар. Біреуі – «КСРО мемлекеттік

силығының лауреаты», біреуі – «Қазақстан мемлекеттік сыйлығының
лауреаты» – «Жетісу» мектебінен шыққан. Н. Алдабергенов ауылын
«Батырлар ауылы» десе, Жетісу – «Ғалымдар ауылы» делінеді. Өйт-

129

кені алақандай ауылдан, 400 түтін тұратын ауылдан 40-қа жуық ғы-
лым кандидаты мен ғылым докторы шыққан, оның үстіне ол қандай
ғылым кандидаттары, қандай ғылым докторлары десеңізші!
Сол жерден біз тәрбие алдық, сол жерде өстік. «Культура казахского

аула» деген үлкен кітап жазылды, екі ауыл мәдениеті салыстырмалы
түрде қарастылып, жазылған.
Әр саладан еңбек адамдары көп шықты бізден. Осы Талдықорған
ауданында бас мамандар оқып шыққан.

Енді Әбдіқадыр Дайыровтың еңбегі жөнінде айтып берейін.
1950-шы жылдың аяғында «Жаңалықтан» «Жетісуға» бастық болып
келеді. Содан бұл кісі 1969 жылдың сәуір айына дейін Жетісу кол-
хозын басқарды. Орта мектеп, үлкен монша салынды, 1958 ж. мәде-

ниет үйі тұрғызылды. Ә.Дайыров екі «Еңбек Қызыл ту», екі «Құрмет
белгісінің иегері», үш «Ұлы Отан соғысының иегері» ордендерінің,
33 медальдіңиегері. Күләш Байсейітова, Қанабек Байсейітовпенен
араласатын. К.Байсейітова көзі тірісінде бізге көп концерт қойып

тұрды. Ол кезде мен 4-5 жаста болатынмын. Қанабек Байсейітов те
көп келетін. Біздің ауылдағы мәдениет үйі салынып біткеннен кейін
Қазақ драма театрымен тығыз қарым-қатынас орнады. Мәдениет үйі
1958 жылы ашылды, Қазақ драма театрындағы әртістердің киетін

костюмдерін, қазақтың сәукелелерін, ұлттық киімдерін алып келіп,
бізге сыйға тартты. Сонда ауылға Серке Қожамқұлов, Қапан Батыров,
Қанабек Бәйсейітов жиі келіп тұрды. Апта сайын халықпен кездесу
өткізеді.

1960 ж. біздің ауылда Қанабек Бәйсейітов пен Қуандық Шанғытбаев
бірігіп «Беу, қыздар-ай» деген пьеса жазды. Сол пьесаны жайлауда жа-
тып жазды, мен сол кісілерге атпен жүріп қымыз тасығанмын. Ол кез-
де мен 11-12 жаста болатынмын. «Беу, қыздар-ай» атты – классикалық

шығарманың қойылымы, ең көп көрерменін жинаған Қазақстандағы
белгілі пьеса. Пьесаның мазмұнындағы кейіпкерлері, барлығы біздің
төңіректен алынған адамдар. Бұл пьеса – керемет пьеса.

– Ауылда Ә.Дайыровтың өмірі мен қызметіне арналған мұра-

жай бар ма?

– Жоқ, мұражай жоқ. Ә. Дайыровтың жеке дүниелері М.Тыныш-

баев атындағы облыстық мұражайда сақтаулы тұр. Қайтыс болғаннан
кейін 1972 ж. сол кісіге байланысты барлық дүниелері облыстық мұ-
ражайға өткізілген. Енді бұл кісі туралы айтып кетсек, 1905 ж. туған.
1922 ж. «Ленин» атындағы қазақ-орыс үш жылдық мектебіне 17 жа-

сында оқуға түсті. Шешесі қайтыс болып, 2-3 жыл оқи алмай қалып,
молдадан хат таныған адам. 1925 ж. көктем айында оқу бітіреді. Осы
жылы Ораз Жандосов – облком-ның төрағасы – келіп бітірушілер-
мен кездесу өткізеді. Одан кейін мектеп директоры үш жақсы оқып

бітірген баланы О.Жолдасовпен шай ішуге алып кетеді. «Сол кезде

130

О.Жандосовпен алғашқы кездесуім», – дейді Ә.Дайыров. Ол 20 жаста
болған екен. О.Жандосов айтты, – дейді, алдымызда екі үлкен іс тұр,
соған сендерді дайындап жатырмыз, ат салысыңдар. Біріншісі – санақ
мәселесі, екіншісі – қазақты жерге орналастыру мәселесі. Сол 1925

ж. № 6-ауылға бара салысымен хатшылық қызметке орналастырды,

– дейді. Аз уақыттан кейін ауыл кеңесінің бастығы болады. Содан

Түрксіб жолын салу басталған кезде, Түрксібке жұмысшыларды да-
йындайды. Солай ат салысып жүргенде, өзімен бірге қызмет жолында
жүрген Н.Алдабергеновты Түрксібке жұмысқа баратын адамдардың
тізіміне жазып жібереді. 1929 ж. жер үлестірген кезде О.Жандосов

кездесуде «қазақтарды нулы, сулы жерге, таудың етегіне қарай орна-
ластырыңдар» – деген екен. Сөйтіп, 1929 ж. олар Шұбар ауылын-
да, ол кезде орыстар тұратын мекен еді, оларға үйлерін босаттырып,
қазақтарды кіргізіпті. 1931 ж. аштық басталды. Сол жылы Түрксіб

жолы бір нүктеде түйісті дейтін ертеректе. Түрксібтің түйіскеніне
шақырған. Сол кезде Т.Рысқұловты да көрген екен. Ол – РСФСР Сов-
нарком-ның орынбасары. Қол алысып, сәлемдесу мүмкіндігі де бол-
ған. М.Тынышбаевты да көрген, тіпті, бірнеше рет көріп тілдескен

көрінеді.
1931 ж. Н. Алдабергенов Түрксібтен келгеннен кейін Дайыров оны
қасына қызметке алады, үлкен қызмет ол кезде – «шабарман атқа-
рушы». Ауыл кеңесінің іс-қағаздарын жеткізіп, оның орындалуын

қамтамасыз ететін қызмет екен. Содан бірнеше колхоз ауыл кеңесіне
қарайды, кадр мәселесі, барлығы ауыл кеңесінде атқару комитетінің
отырысында шешіледі. 1932 ж. Нұрмолда Алдабергеновты колхозға
бригадир етіп бекітеді. Келесі жылдың қысында сол Шұбар ауылына

бастық етіп сайлайды. 1934 ж. Ә.Дайыров Мұқыры кеңесіне бастық
болып ауысады. Сол жерде көп адамдармен жолығатынын айтушы
еді Ә.Дайыров.
1935 ж. Воронеждің бе, Бішкектің бе ауылшаруашылық институтын

бітірген бір жас жігіт қызметке келген екен. МТС-те жұмыс жасайды.
Сол баланы Әбдіқадыр өз қамқорлығына алып, үйіне әкеліп орналас-
тырады. Содан ол жігіт үйленеді, кішігірім тойын да жасап беріпті.
Есімі Левенцов Василий Андреевич – үш облысты басқарған, бірінші

хатшы болған, кейін мемлекет қайраткері болып шықты. Жалпы әркім
осындай қамқорлық жасай бермейді ғой. Сонда Ә.Дайыров «бұлақ
көрсең, көзін аш» дегендей, баланың қабілетін бірден көрген секілді.
1967 ж. мен комсомол ұйымының хатшысы болып жүретінмін.

Ауылымызға ақын, жыршылар көп келетін, кездесулер көп болатын.
18 ақпанда 1967 ж. ауылға Сәду Машақов, Ғали Орманов, Сайын Мұ-
ратбеков, Мұқағали Мақатаев келді. Ол кезде М.Мақатаев халыққа
танылып үлгермеген болатын. Ғ.Орманов, С.Машақовтар ол кезде

көпке белгілі тұлғалар еді. Содан мен оларға қызмет көрсетіп жүрдім.

131

Сонда Дайыров Ғ.Орманов пен С.Машақовқа: «Сендер сыбағаны көп
көргенсіңдер, ал енді бүгін мен Мұқағалиға әдейілеп, арнап бір тай
сойғызып отырмын. Ол болашақта үлкен азамат болады деп» – деді.
Сонда ойлаймын, бірінші Левенцовқа баса назар аударуы, сосын

Мұқағалиді ерекше жақсы көргені тегін емес екен ғой, жастардың
болашағын алыстан болжай алған екен-ау! Міне, Әбдіқадыр Дайыров
осындай адам болған. Біздің ауылға көп еңбегі көп сіңген. Ауылдың
400 түтінінен білім алмаған кісі жоқ. Бір ауылдан 40-қа жуық ғылым

кандидаты шықты, бірі ақын – Жұматай Жақыпбаев, бірі жазушы –
Ораз Майлов, дүние салды ол кісі. Жақыпбаев 45 жасында дүние сал-
ды. «Қарабұлақта» Жұматайдың атында орта мектеп бар, сосын көше
бар. «Жұматай оқулары» болып тұрады.

Ә.Дайыровтың өзі «халық жауы» атанып, қамауға алынған кезі де
болыпты. 1937 ж. Ұзақбай Құлымбетовты – Министрлер кеңесінің
төрағасы – осы жерге келгенде қарсы алған. Содан Ұзақбайды ұста-
ған кезде, Дайыровты да онымен кездесіп тұрғансың, бірге шай іштің,

қасында болдың, – деп 22 маусым 1938 ж. ұстап, қамауға алыпты.
Содан 1939 жылдың желтоқсанының 27-не дейін Алматыда түрмеде
сұраққа алады. Түрмеде Әлімхан Ермековпен бірге болыпты, бұл кісі
1921 ж. Ленинге қазақтан алаштың хатын апарып, делегацияның құ-

рамында болып, Ленинмен 2 сағаттай сөйлескен адам екен. Жоғары
білімді, кандидаттық диссертация қорғаған, математик болған адам
екен. Сол Ермековпен достық қатынаста болған. Сонда Дайыровтың
өзі Т.Рысқұловпен, М.Тынышбаевпен, Ә.Ермековпен жақсы қатынас-

та болған.
Мемлекет басшысы Д.Қонаевтың өзі де оны жақсы танып, сыйла-
ған. Бір күні Д.Қонаев Үшаралдан шығып келе жатқан кезінде, Ә.Да-
йыров оның алдынан даярлық жұмысын жүргізіп, арнайы сәлем бер-

мек болып, Аяққара деген мекеннен жер дайындап күткен екен. Содан
Сарқоңыр жолынан Қызылағаштың қасында күткен көрінеді. Бірақ
облкомның қызметкерлерінен Д.Қонаев жөнінде сұрағанда, олар
«мазасын алмаңыз, сіздің айтқаныңызбен жүрмейді, өзінің жүретін

жолы бар, кездесетін жерлері бар» деген екен. Содан Ә.Дайыров Қы-
зылағаштың маңынан күтпек болады. Бір кезде 20 шақты көлік келе
жатқанда қолымды көтеріп едім, өтіп барып тоқтады дейді. Сөйтіп,
«Әбеке, не істеп тұрсыз?» деген екен. «Сіздерге сәлем берейін деп

едім. Сіз шаршап жүрсіз, сізге Аяққара деген қыстауды көрсетейін
дегенмін» – дейді Ә.Дайыров. Сөйтіп, 107 шақырым жерге қыстауға
Д.Қонаевты алып кетіпті. Бұл 1962 ж. маусым айы, жайылымда мал
жоқ, жұпар иісі аңқыған, керемет уақыт. Сол Аяққара жерінде мәде-

ниет үйі, дүкен, фельдшерлік пункт, малшыларға арнап төрт үй сал-
ғызыпты. Сондай жерге Д.Қонаевты алып барып, қонақ еткен.

132

Әбдіқадыр Дайыров осындай тарихи ірі тұлға. Менің әкем сол
кісінің әріптесі, көмекшісі болған. Ол кісі туралы көп еңбектер жа-
зылды, әңгімелер айтылды, кітаптар шықты. Тіпті, «Культура и быт
казахского аула» кітабы және пьеса «Беу қыздар-ай» сол кісі туралы

жазылған.
Бұл кісінің өмірі мен қызметі туралы көп айтылмай жатыр, бірақ
оның туған-туыстары мен бала-шағасы 100 жылдық мерейтойын
өткізді.

– Әңгімелеп отырған колхозда шаруашылықтың тағы қандай

түрлері болды?

– Барлығы: егін шаруашылығы, дәнді дақылдар, одан кейін мал ша-

руашылығы, сүт, ет өнімдері болды. Мұнда 900 жылқы болды, себебі
ол жылқы малын жақсы көретін. «Социалистік Еңбек Ері» атағын ал-
ған, үш «Ленин» орденімен марапатталған. Бұл кісі елде мәдениетті
де, ғылымды да, шаруашылықты да дамытқан.

– Ел басқаруда қаншалықты қатал болды?

– Ел ішінде осы күнге дейін айтылып жүр, Дайыров 20 жыл бастық

болғанда бірде-бір адам ұрлық, бұзақылық жасап сотталмапты. Бірақ
ол кісіден қорқатын: біздің ауылда той-думанда спирттік ішімдік бол-
майтын, еңбек тәртібі қатты сақталған екен.

– Ол кісінің тұсында ауыл адамдарының әлеуметтік жағдайы,

тұрмыс-тіршілігі қандай деңгейде болды?

– Жақсы болды. Ауыл адамдарына жақсы жағдайлар жасады.

– Сол кезеңдегі орын алған «социалистік жарыс» шараларына

Сіздің көзқарасыңыз қандай?

– «Социалистік жарысты» қазіргі «бәсекелестікке» теңеуімізге бо-

лады. Бірақ бүгінгі күн басқа. «Социалистік жарыс» қоғамдасқан түр-
де еңбек етеді, жеке адамның жағдайына қарамайды, қоғамның даму
үрдісіне сәйкес ұйымдастырылған. Қазір бәсеке деген жеке ұйымды,
жеке адамды, жеке қоғамды, мемлекетті бәсекелестікке тартып, даму

жолына түсіру деген сөз ғой. Ал ол кездегі социалистік жарыс бүкіл
тұтас қоғамның белгілі бір мүддесін ойлайтын жарыс болды деп ой-
лаймын. Сол жарыстың өзі алға сүйрейді.
Мен комсомол хатшысы болып жүргенде «Ұшқын» газетін шығара-

тынмын. Қыстауда мал төлдету басталады, бірақ қазақ төл санатқыз-
байды, ырым қылады, ал бізге статистикалық есеп беру керек. Сөйтіп
малшыларға қызмет көрсететін водовоз болатын, соған үлкен қағазға,
газетке шыққан ақпараттарды, мысалы: «Баяхметов Ахмет – 100-120-

дан төл ала аламын деп уәде етті. Ахметке теңелейік!» – деп жазамын.
Ол водовоз барады да, басқа малшыларға су апарып береді. Олар жа-
зуды көріп, «сонда Ахмет 120-дан төл аламын деп мақтанып отыр ма,
мені айт комсомолға 125-тен алады», – деп айтып жібереді. Сөйтіп

мен «Ал, анау кісі (аты-жөнін айтып) 125-тен төл аламын деді», – деп

133

жазамын. Оны басқасы көріп, «мынау не дегені, мен 135-тен төл ала
аламын ғой», – деп бастайды. Сөйтіп бәсекелестік басталады. Содан
мамыр айында төл санаған кезде бұлар уәдесінде тұрады, содан қо-
рытындысы бойынша жеңімпаз атанып жатады.

– Еңбектегі жарыстың жеңімпазына қандай мемлекеттік қол-

даулар болды?

– Біріншіден, олар сол жарыстар нәтижесінен 135-тен қозы алса,

жүзін колхозға беріп, 35-ін өзіне қалдырады, малын көбейтеді.
Екіншіден, социалистік жарыстың жеңімпазын Мәскеуге жібереді,
Одақ бойынша көрмелер болатын. Одан соң ол лауреат атанып алса,
оған ақша бөлінеді. Сосын кілем, мұздатқыш, теледидар, мотоцикл,

автокөлік, барлығын кезексіз алатын боласың.
1965 жылға дейін тұрақты ай сайынғы еңбекақы болған жоқ. Сен
100 күнгі, 200 күнгі еңбек табысын, жылдың аяғында кейде, жылы-
на 1 рубльден төленетін, кей жылы өнім болмаса еңбегіңе ештеңе

төленбейді. 1965 жылдан бастап «гарантийная оплата труда» деген
шықты одақ бойынша. Содан кейін қазақтың көзі ашыла бастады.
1965 ж. кейін жағдай мүлдем өзгере бастады.

– Жолдасыңыз туралы айтыңызшы.

Жолдасымыз екеуміз бір мектепте оқығанбыз. Ерте үйлендік. Өйт-
кені әкем жетімдіктің зардабын көп көргендіктен бе, немере сүйгісі
келді ме, құлаққа көп құя берді. Ә.Дайыровтың қызы – менің жолда-
сым болып келеді. 20 жыл көрші болып тұрдық, бірге өстік дегендей.

Содан мектеп бітірместен екеуміз үйлендік. Бес балам бар, 15 неме-
рем бар, шөбере сүйдік.

– Өз ортаңыз бен замандастарыңыз жөнінде әңгімелесеңіз.

– Ол кезде көп тәрбиені, көп жаңалықтарды кинолардан алатынбыз,

сосын әсіресе театр көп келетін бізге: қазақ театры, қырғыз театры,
қарақалпақтың театры. Бір-екі күн жібермей қоятынбыз оларды, бас-
қа да қойылымдарын көргіміз келетін. Біздің замандастарымыз және
орта мүлдем басқаша болатын, ал қазіргі жастар ортасы басқа. Қазіргі

құндылықтар өзгеріп кетті. Ол кезде «ұят» деген мәселе біздің сана-
мыздан үлкен орын алатын, салт-дәстүр, қыз баланы қадірлеу, сый-
лау, құрметтеуге үйрететін.

– Сіз әдебиет әлеміне жақын сияқтысыз. Ол кісі де солай ма?

– Ия, ол да көп оқиды. Үйленгеннен кейін жолдасым сырттай оқыды

Журнал, газеттерлі оқып, киноларды көріп немерелеріне айтып оты-
рады. Өнер адамдарының өмірлерін, керемет біледі. Қазіргі жастар
көп оқымайды. Біздер кітаппен өстік, ақын-жыршылармен өстік, жа-
ңағы керемет адамдарды көріп өстік. Ғ.Мүсіреповты көрдім, үйінде

болдым, С.Мұқановты көрдім. Алдабергенов қайтыс болғанда Б.Мо-
мышұлыны кездестірдім. Сондай ұлағатты, керемет адамдар біздің
қалыптасуымызға үлкен әсері болды деп ойлаймын.

134

– Ә.Дайыровтың ең жақын тұтқан кісісі кім болып еді? Жан

досы, ақылшысы, кеңесшісі, сырласы?

– Алдабергеновпен Жапарқұл Алишпанов, Сәкен Есетов деген мық-

ты азаматтармен достық қатынаста болды. Осы ауданның жастарын
тәрбиелеген Н.Алдабергенов, Ә.Дайыров, С.Есетов болған, әсіресе
қазақтардың еңбекке орналасуына көп көмектесіп жүрген екен. Олар-
ға орыс басшылары тиісіп, сөз қылатын болса, бірін-бірі қорғайды

екен.
Осы өңірге 1959 ж. Брагин деген аудандық хатшыны алып келіпті.
Оған дейін ол көрші ауылда хатшы болған, қазақтарды жек көреді
екен. Енді жаңағы үш ақсақал, үш ауылдың бастығы мынау жерде де-

легатты ұйымдастырып Брагинді сайламай кояды. Брагинді өткізбей,
осы ауылға Ғалымжановты хатшы етіпті. Сонда олардың Брагинмен
қарым-қатынастары жаман емес, Брагиннен жеке өз бастарына еш-
қандай жамандығын көрген емес, бірақ өсіп келе жатқан қазақ жас-

тарына, мамандарға дұрыс көзқараспен қарамағаны үшін жолатпай
отыр ғой орталарына.

– Қалай ойлайсыз, еңбек жолында жетістікке жету үшін адам

бойына не қажет?

– Еңбек деген жай адамның өзінен шыға беретін іс емес қой. Ең-

бек ету үшін сол саланың маманы болу керек, ең бірінші, сол саланы
иегеру керек түбіне дейін, қажет жеріне дейін игеруге тырысу керек.
Содан кейін оған ерінбей еңбек ету керек. Өз мамандығыңның күшті
маманы болуың керек. Сонда ғана еңбегің жемісті болады.

– Аға, сіз басқарушылық қызметке көп араласқан екенсіз. Өз

түйгеніңіз бойынша азаматтық парыз дегенді қалай түсіндірер
едіңіз?

– Азаматтық парыз деген үлкен көлемдегі, ауқымды түсінік қой. Әр

азаматтың парызы бар, ол ең бірінші отбасынан басталады. Отбасына
ие болып, жағдай жасап, тәрбиелеп шықпаған адам – ол азаматтық
парызды өтедім деп айта алмайды. Енді өз үйінде, өз отбасында аза-
маттық парызымды атқардым деп, ал өз төңірегіне ортасына еңбегін

сіңірмеген адам – ол да азаматтық парызын өтей алмайды. Азаматтық
парыз деген түсініктің өзі өте кең. Ол ортаға да байланысты.

– Адамгершілік парыз ше?

– Адамгершілік ортадағы азаматтармен санасудан, қарым-қатынас-

тан басталады ғой. Осы жерде әділ болу, әрқашан әділеттік істі мо-
йындау, мен білемін деген әңгімені қоя тұрып, әділетсіз ісіңді мойын-
дау да адамгершілік. Мойындамасаң сені орта, халық қабылдамайды.

– Осындай қасиеттерді өзіңіз әңгімелеп отырған тұлғалар,

Жетісу ауылының мақтан тұтар ер азаматы Дайыров бойынан
көре аласыз ба?

135

– Әрине, әрине. Ол кісі ұлттың азаматы болған, ұлт азаматтарын

тәрбиелеуде, өз халқы үшін еңбек еткен адам болған. Орталарында
қызғаныш болмаған. Мәселен, 1945 ж. Алдабергенов соғыстан аман-
есен оралғаннан кейін, тәртіп бойынша өз қызметіне тұру керек бола-
тын. Бірақ жергілікті шенеуніктер, жергілікті ауданның хатшысы оны

мойындамапты. Дайыров та 1-2 айдан кейін соғыстан оралады. Содан
Нұрмолда «...біз жұмыссыз қалдық, екі колхозды басқарып едік, енді
орнымызды басқа адамдар алды» – деп реніш білдірген екен. Сонда
1945 ж. Дайыров Жалғаспай деген кісіге барады, ол – ауыл шаруашы-

лық министрлігінде бас агроном қызметін атқарған. Сөйтіп ол обл-
ком-ға кіргенде Дайыров қасында тұрған: «Нұрмолда соғысты басы-
нан өткізіп, қайтып келді. Неге жұмысын алып бермейсіңдер» – деген
екен. Онымен «олар білгеніміз жоқ», – деп хатшымен хабарласады.

«Ал өзіңізге қандай жұмыс табамыз? – дегенде, – мені қоя тұр, Нұр-
молдаға бірінші жағдай жаса» – деген екен. «Маған «Жаңалық» та
жарайды, мен соған бара салайын», – деген. Міне осы – адамгершілік
парыз. Сөйтіп екі ауылға барған екен. Содан халық үшін үлкен еңбек

жасайды. Рекордтық өнім алады. 1947 ж. екі ауылдан 16 адам «Со-
циалистік Еңбек Ері» атанған. Шаяхметовтың өзі келіп – Қазақстан
компартиясының бірінші хатшысы – бұларға 1947 ж. орден тағыпты.

– Зейнеткерлікке қай уақытта шықты?

– 1969 ж. 14 сәуірде шықты. 1955 ж. екінші жұлдызға ұсыныпты

Дайыровты. Бірақ 1955-1957 ж. орыстар «үш акула» деп Мәскеуге
арыз жазады екен. Үш акула – Дайыров, Алдабергенов, Есетов бола-
тын. Бойынан кемшілік іздеп жүрген адамдар ғой енді. Сонда екінші
жұлдызға ұсынып тұрып, кейін алып тастаған. Бірақ «Ленин» орденін

беріпті.

– Аға, жадтағы тарихи, құнды әңгімелеріңіз үшін алғыс айта-

мыз!
Сұхбатты жүргізген және өңдеген:
Мырзатаева З.Б.

136

Түймеш Құлбековамен сұхбат

– Өзіңіз жөнінде айтып өтсеңіз.

– Мен Құлбекова Түймеш, 1924 жылы туылғанмын. Әкемнің аты

– Жалдыбек, Анам – Алтыншаш. 10 жасымнан еңбекке араласып,

өстім, аштықты да, жалаңаштықты да бастан өткердік. 2-ақ сынып-
тық білімім бар, ол заманда оқитындай болған жоқпыз.

– Сіз 1924 жылы Алдабергенов ауылында дүниеге келдіңіз бе?

– Жоқ, мен Абай ауылында дүниеге келдім. Ол Ескелді ауданының

Қарабұлақ деген жеріне жақын орналасқан. Сонда жүріп, өзіміз өгіз-
бенен жер жырттық, соғыстағыларға арнап қолғап, шұлық тоқитын-
быз.

– Апа, ең бірінші әкеңіз туралы айтыңызшы?

– Ол кісі тракторшы болған, ал анам қызылшашы болды. Бауырым

жоқ, анамнан жалғызбын. Әкемнің ағалары, қарындастары бар. Ол
кісілер қазір дүние салған, олардың артынан қалған балалары бар.
Әкем 54 жылы, шешем 73 жылы қайтыс болды.

– Мектепке бардыңыз ба?

– Мектепке 8-9 жасымда бардым. Мектебіміз «Жетісу» деген жер-

де еді, оның үймен (Қызыл Октябрь) ара қашықтығы 2 км. Есімде
анамыз сөмкемізге бір уыс талқан салып беретін, сонымен алданып
барып-қайтатынбыз.Екі-ақ класс оқыдық. Аштық болды ғой, содан
оқитындай заман емес еді.

– Отбасыңыздағы тұрмыс жағдайы туралы айтсаңыз?

– Әкем трактор айдады, ол кісіге аштық уақытында өлшеп тамақ

беретін, троктаршы деп. Отын-суымыз бар болды, трактордың арқа-
сында келілеп бидай беретін, кезекке тұрып, арпа алатынбыз, адам
басына 1 кг-ға толмайтын 500 граммдай қара ұн беретін. Оны суға
салып илеп, пешке қақтап жеуші едік.

– Колхоздағы қанша троктарист болды?

– 2-3 тракторист болған. «Жетісуда» 1 тракторист, «Қызыл Октябрь-

де» 1 тракторист, «Абайда» 1 троктарист. Әкем оны қалай алғанын
білмеймін, кішкентай ғана трактор еді, онымен жазда жұмыс істейді,
ал қыста мал бағатын. Бидай дақылдарын себетін, аштықта әкеміз
дақылға араласып жүрген соң, оған тарының қоқымын беретін, біз

солай күнелттік.

– Сиырларыңыз болды ма?

– Сиырымыз болды, бірақ ол аштық кезінде өліп қалды. Малың

болса оны ұрылар қоймайтын. Аш кісілер не істемейді. Есімде, ана-
мыз дорба тігіп беретін, оған 1 дәптер және сиясауыт салатынбыз
(сиясауыттың бөлек қапшығы болатын). Сия сауытты апамыз тігіп
беретін. Сия сауытты сияға батырып жазатынбыз. 2-класты бітірген-

нен кейін әке-шешем малға шығып кетті. Мен сол кезде әкемнің қа-

137

рындасының қолында қалдым, ал жазда малға кетемін. Осы заманда-
ғыдай оқу қуатындай болмадық. Соғыстан кейін білімі барлар кешкі
мектепте оқыды, үлкен-үлкен кісі болса да. Біз анамыз екеуіміз мал
бақтық, әкеміз трактор айдады. Малды өкіметке өткізгеннен кейін

анам соқа айдады, мен өгізге мініп отыратынмын, бидай себетінмін,
үнемі анаммен бірге жүрдім, көмектесіп. Бидайдың шетін орақпен
орып оны баулайтынбыз сосын оны қырманға жиюшы едік. Арбаға
комбайн қалдырған шөптерді ашамен алып тастайтынбыз. 10-15 жа-

сымнан жұмысқа араласып кеттім.

– Апа 30-жылдардағы ауыл көрінісін айтып суреттеп беріңізші?

– Ауыл адамдарының бірі тауда мал бақты, бірі колхоздың шаруа-

шылығын жасады. Мынадай әдемі үйлер болған жоқ. Әкем байлар-
дан тартып алынған малдарды бақты. Әлі есімде милициялар әлгі
байлардың малын тартып алып жатқанда аналар «бермейміз», – деп
шыр-пыр болып жататын. Соны көргенмін. Бірақ оны қай жаққа алып

кететінін біз білмейміз. Баламыз ғой ол уақытта. Өкімет алғашқы 30-
шы жылдары сол байларды қатты қудалады, бірін жер аударса, бірін
қамап тастады. Біздің бір туысымыз болды. Ол кісі малын бермеймін,
«көшемін», – деп түн ішінде мал-жанымен қашып бара жатқанда ұс-

талып қалған. Қолындағысының барлығын сыпырып алып, өздерін
Қытай жақтағы жұмысқа салған көрінеді.

– Суды қайдан тасыдыңыздар?

– Суды ана Қусақ өзенінен тасимыз. Қызыл Октябрьдің мына жа-

ғында Текеліден ағып жатқан Қусақ деген өзен бар. Көктемде су та-
сиды содан алып, мойын ағашпен тасимыз. Байлардың үйіне апарып
тегеш-тегештеріне толтырып беретінбіз. Олар бізге сол үшін 1 сом
беретін. Ол кезде 1 сомның құны жоғары болатын. Сондай өмірді де

көрдік. Кейін-кейін кәмпескесі тоқтап, елдің малын бағып кеткеннен
кейін қаражат жинадық, әйтеуір тамағымыз тоқ, киіміміз бүтін бола
бастады. Тіпті, өзіміздің ағайындарымызға да бөліп бере бастадық.

– Қуғын-сүргінге ұшыраған ағайындарыңыз болды ма?

– Бір туысымыз бар еді, өзі үлкен қызметкер болып істейтін. Тері

жинайтын. Байлардың малының терісін жинап, жүнін өткізетін.

– Аты кім ол кісінің?

– Аты Тілепалды. Ол кісіні қудалап жіберді. «Байсыңдар, тері ала-

сыңдар, жүн аласыңдар сенде ақша бар», – деп. Сонда ол кісінің 2-ақ
жылқысы бар еді. Жылқыны арбаға жегіп, көше-көшеден тері жинай-
тын, байлардың ауылдарына барып, жүнін алып, Ресей жаққа өткі-
зетін, білмеймін, әйтеуір, Семейге кетті деп жататын. Кейін сол кісіні

компескелеп, Панфиловқа айдап жіберді. Ол әкемнің ағасы еді. Екі-ақ
жылқы үшін кетті.

– Өздеріңіздегі сиыр өлгенде, тауып отырған тамағыңыз еді,

анаңыз, отбасыңыз қатты қапаланған болар?

138

– Енді қайтейік, бір тал таңдайымызға татып отырғанымыз еді. Бі-

рақ малды сойып, ағайын туысқа жіліктеп үлестірдік. Тамағы жоқ
адамдарға, сол уақытта әкемнің қарындасының бақандай 5 баласы
бар еді, соларға бөліп бердік. Өзіміз 1 кг. алсақ жартысын соларға
бөліп бердік. Біз үшеу едік. Кейде бәріміз 1 жерден ас ішетінбіз. Ыс-

тық тамақты күніне бір-ақ мезгіл ішетінбіз, ішсек шай ішеміз, ішпе-
сек ол да жоқ.

– Аштық кезіндегі өмір туралы айтыңызшы.

– Ия, айтатын, біздің көршінің үлкен баласын біреулер, «анда би-

дай бар екен», – деп алып кетіпті. Сонда оның отбасында 1 інісі мен
әйелі ғана қалды. Өз көзіміз көрмегенмен әке-шешелеріміз адамдар
бір-бірін аштықтан жеп қойып жататын дейтін. Баласы мен әйелін
көршілері жеп қойған жағдай болған. Әлсіз адам өзін-өзі қорғай ал-

майды. Масағын теріп келгенде күйеуі үйіне келсе ешкім жоқ, сөйтіп
көршілеріне «әйелім, балам қайда?», – дегенде әлгілер «әйелің де, ба-
лаң да аштан өліп қалды, біз ана жерге апарып көміп қойдық», – деп
топырақты көрсетіпті. Содан өзі сонда барып, мәйітті ашып көрсе,

онда ешкім болмай шыққан. Содан ол кісі үлкен баласы мен екеуі
ғана қалды.
Сол күні теріп алып келген бидайы осындай екі-ақ табақ екен.
Бәрімізге бір-бір кеседен 4 үйге төрт ақ кесе шықты соны таратты.

Сөйтіп көршілерінен сезіктенді.

– Сіздер ол кісілерді білесіздер ме?

– Ауыл кішкентай, білеміз ғой. Аш болған соң жеген ғой деп, ойлай-

мыз да қоямыз.

– Кейіннен ол кісілер сол ауылда қалды ма?

– Сол ауылда қалды. Оны даулап алатын заман емес. Бізге де айт-

паңдар, сөйлемеңдер дейтін.

– Неге айтпаңдар дейді?

– Өйткені бандылар бізді жеп кетеді ғой. Баукеспе ұрыларды «бан-

ды» дейді екен. «Бір уыс бидайың болса да айтпа», – дейтін. Айтсаң
басың бәлеге қалады. Бандылар келіп алып кетеді. Болмаса өзіңді жеп
қояды. Балтамен бір қояды да, жей салады екен. Дәу қазандары бар
екен, соған асып пісіреді. Солай кісі жеген адамды да көрдік.

– Енді 30-жылдардың соңында өзіңіз 12 жастағы баласыз, ес

жиып қалған кез, сол кезең туралы айтсаңыз.

– Онда есімізді жинап адам болып қалған уақытымыз ғой. Ол

уақытта сол әлгі Ресейден кісілер келіп бізді ұжымға біріктірді, соған
кірдік біз жұмыс жасадық, астығын берді. Кім жұмыс жасаса соған
берді. Бидайдың төңірегінде комбайын болды, «косилкамен» шаба-
мыз, оны баулаймыз, арбаға тиейміз, арбамен апарып қырманға тө-

геміз. Соны түнімен комбайынмен басады. Біз күндіз жинап береміз,
түнгісін басқа сменмен барып, істейтін, сонда 1 уыс бидай алуға рұқ-

139

сат жоқ болатын. Бір уыс бидай алсақ, оны көрсетпейміз. Ол уақытта
жер там ғой, жерді қазып бет орамалға түйіп көміп тастаймыз, оны
түн ішінде әкелеміз де қуырамыз.

– Бидай ұрлап сотталғандар көп болды ма?

– Көп болды, бидай ұрлағандар ұсталып қалсақ, біздей балаларды

5-10 күн қамап тамақ бермей қояды. «Сендер ұрысыңдар» деп тамға
қамайды. Өзім бір қамалғаным бар. Бидай теру кезінде бір күні анам-
ның кең етек көйлегін киіп шыққанмын, оның ішіне ұзынша дорба-
ны байлап алып соның ішіне бидай салып алып шықпақ болған едім.

Сыртынан ештеңе көрінбейді. Бұл 15-16 жас кезім, ұсталдым. Үлкен
әпкеміздің қызы қолымызда болатын, екеуімізді бас көтерер охран-
ник болатын бір шал, сол мені ұстап алып, бидайымды тартып алып,
өзімді көкала қойдай ғып соғып, сіңілім екеуімізді 5 күн қамап қойды.

– Қамап қойғаны аздай, ұрып-соққан ба?

– Ұрды ғой, бәрін көк-ала қойдай ғып қамшымен соғып-соғып,

5 күнге қамап қойды. Қамауда жатқанда не тамақ бермейді, құр су
берді, оның ішінде 3-4 арпа ма, білмеймін қара бидайдың ұны ма біл-
меймін, соны салып бізге бір мезгіл тамақ әкеліп беретін, бір күрешке
(кружка) ғана, соны жеп, 5 күнде қатты әлсіреп кеттік.

– Қай мезгіл еді ол уақыт?

– Күз кезі ғой бидай пісіп, жинап жатқан уақыт. Сосын соғыс бас-

талды, соғыста ең бірінші әкем кетті. Сол жерден өңшең жастар
аяғымыз жалаң аяқ, Қарабұлаққа жаяу өзіміз шығарып салдық әке-
лерімізді. Көп адам кетті көшеге толып кетті, ауылда ештеңеге жара-
майтын шалдар ғана қалды ғой.

– Соғыс басталды дегенді қалай естідіңіздер? Радио жоқ шығар.

– Радио жоқ, ол уақытта кім айтқанын білмеймін. Соғысқа шақыр-

ды сендерді деп, бір-бір жапырақ қағаздарын алып бізбен қоштасып
кетіп қалды ғой.

– Сіздер жағдайды қалай қабылдадыңыздар?

– Түсіндік, бірақ не соғыс екенін білмейміз. Көргеніміз жоқ. Қазіргі-

дей телевизор жоқ, радио жоқ айтып хабарлап тұратын. Не соғыс
екенін де білмейміз. Алдында әкеміздің ағаларын Панфиловқа айдап
жіберген, ол кісінің бір баласы біздің қолымызда қалды. Ал қызы
мен екінші баласын жұмыс батальонына алып кетті.

– Олар қаншада еді?

– Олар менен бір жас үлкен болатын, сонда ер балаларды да, қыз-

дарды да соғысқа алды, мені алмады, әйтеуір неғып алмағанын
білмеймін. Соғысқа әкеміздің жалғыз баласы да кетті. Рабочий ба-
тальонға мені ұрған шалдың қызын әкетті. Еңгезердей дәу қыз еді,
«кәдімгідей олар жұмыс істеп жатырмыз, жол салып жатырмыз» –

деп айтып тұратын.

– Соғыстағы әкеңізбен хабарласып тұрдыңыздар ма?

140

– Хабар алып тұратынбыз. Әкем бір сулы жерге түсіпті. «Ағаштары

қалың, астымызға соны төсеп-төсеп жатамыз, пима береді аяғымыз-
ға сырты галош», – дейтін. Әкеміз келгеннен кейін «біреудің басын,
біреудің қолын жұлып кетіп жатыр, мынау өліп жатыр екен деп өлген
кісіге қарау жоқ» – деуші еді. Бір жылдан кейін қолынан айырылып

елге оралды.

– Қалай жарақаттанған?

– Зеңбіректің оғынан, «қасымызға бомба түсті. Сонда топырақтың

астында қалып қойдық, бізді майдандас серіктеріміз қазып алды»

– дейді. Ол кісі 6 ай госпитальда жатыпты. Соғыс үстінде жаралан-

ғандарды итарбамен келеді екен де тез жинап алып кетеді екен. Өзің
жараланып жатып, домалап мінсең мінесің, мінбесең сонда қалады
екенсің. Сөйтіп өлім мен өмір арасында жанталасып жатқанда ав-
томатқа да ие болуың керек екен, өйткені кейін оларға ауылдарыңа

қайту үшін өз-өздеріңді жарақаттадыңдар деп жала жабады екен. Сол
үшін қайда жүрсе де тастамауға тырысатын көрінеді. Сол жерде бом-
ба жарылысынан жан тапсырған адамдардың түрлі ауыр жағдайла-
рына куә болыпты. Адамның тілі қаны таусылғанша сайрап жатады

дейтін. Жарылыс басты жұлып кеткенде дене, екі аяқ тыпырлап, қаны
ағып болғанша, тіл салдырлап сөйлеп жатады екен. Қан қай уақытта
бітеді, сол уақытта тіл де сөйлегенін тоқтатады – дейді, екі аяғың,
екі қолың да сөйтеді екен. Бомба түскенде бірталай әскери серіктері

жараланыпты. Сонда біреудің басын жұлып кеткенде, бас балдырлап
жатқанын көрдім – дейді. Ит шана келді соған сумкамды ұстап, қо-
лымды белімдегі белдікпен байлап, аунап түстім, – дегені бар-тын.
Автоматын сол кезде ұмытпай алып үлгерген екен.

– Ол кісі госпитальда қай жерде жатты?

– Лениградта болған, Ленинградтың Дзержинский деген қаласын-

дағы госпитальда болған.

– Бала күніңізде қатты ауырған кезіңіз болды ма?

– 2 жасымда қызылшамен ауырдың дейтін анам. Үстімнің бәрі қып-

қызыл болыпты, үйге жатқызып қойып, терезеге қызыл нәрсе ұстап
ырымдайды екен. Қызыл шүберекті ұстап, қып-қызыл шаймен сүр-
теді екен, бір жетіде төгіліп шығып содан жазылыппын. Содан кейін
ауырғаным жоқ, ауыруды да білмейміз ауыратындай болғанымыз

жоқ, тымау да болған емес.

– Аурудың неше түрлері болады, адам болған соң, суықтайды,

жұқтырады, қарапайым тіс, бас т.т ауырған жағдайда, кімге қа-
ралады?

– Дәрігер жоқ, оны бақсылар емдейді, бақсыларға барады үлкен

әжелер, апалар болады, сол кісілерге барып ұшықтатады. Ол кісі-
лер әйтеуір білген дәрісін жасап береді, әйелдерді босандырады, мен
өзім үшеуін де үйде босандым, 1952 жылы үлкен ұл тұңғышымды

141

босандым. Осы Шұбарда жаңадан салып жатыр еді. Онда да салы-
нып бітпеген, енді мені апарған жоқ, неге апармағанын білмеймін.
Бүткіл әжелер жиналып алып, қазан жарысын жасайды, әңгімесін ай-
тып отыра береді, әйел толғата береді екен, «түсті ма?» дейді екен,

содан зорға таңғы төртте босандым. Үйде болдым ертеңіне тұрып,
тамағымызды жасап, тіршілігімізді істеп жүре береміз. Қазір ол ба-
лам Астанада. Ал, біреуін жайлауда босандым. Ол екеуінің арасында
Орынбасар деген 1954 жылғы балам бар. Әкем қайтыс болған жылы

тудым, жайлауда көшіп келе жатып, жолда туып қалдым, екі кештін
арасында босандым, ертеңгісін атқа мініп көштік.

– Кіндігін кім кесті сонда?

– Кіндігін сол жердегі кемпірлер кесті, үш баламның кіндігі де сол

кісілердің қолымен кесілді.

– Негізгі аурухана орталықта болды ма?

– Аурухана Талдықорғанда ғой, сосын Крупскийде бар екен, ал

кейінгісін білмеймін. Ол кезде доғдыр жоқ кішкентай-кішкентай
медпункттер болды, ол бәрін бірдей қарамайды, қаралатындар ғана
баратын.

– 30-40 жылдары медпункттер болды ма?

– Жоқ, ондай ештеңе болмады. Ол уақытта доғдыр дегенді есті-

медім, шешем де үйде босаныпты, 5-6 жылға дейін бала көтермей
жүріпті. Күйеуі көкпар шауып мойын омыртқасы зақымданып, 6 ай-
дан кейін қайтыс болған екен, ол уақытта мұндай жағдайда қайнысы-
на қосқан ғой.

– Әмеңгерлік әдіспен.

– Қайтыс болған соң жаңағы менің әкеме беріпті ғой, содан бала

көтермей жүріп-жүріп, ол уақытта «әруақ бар» деп атамның басына
барып мені тілеп алыпты, әкем мен анам. Әкем сол жерге барып тү-
негенде, түсінде жалғыз ғана түйме беріпті. Содан анам аяғы ауыр бо-
лып, мені босанып, атымды «Түймеш» деп қойған екен. Жеңгелерім

Түймеш, – дейді мені. Әкем Түйме дейтін.

– Мектепте қанша мұғалім болушы еді мектепте?

– Бір мектепте 2-3 мұғалім бар, әрқайсысы оқытады. Бізді бір-ақ мұ-

ғалім оқытты. Басқа кластарда басқа балалар оқыды.Қыста оқыдық,
жазда демалдық, жазда 3 айлық каникулға кетеміз, алды-артымыз-
ға қарамай, ал күзде сабақ басталады. Күзде барып оқыдық, 1 класс
оқыдық Жетісудан 2 километр.

– 4-ші сынып деген болушы ма еді?

– Болса болған шығар, өзім оқыған жоқпын.

– Қандай пәндер оқушы едіңіздер

– Ойбай-ау, әліппе оқыдық қой. Оны ұмытып та қалдым.

– Есептеу оқыдыңыз ба?

142

– Есептеу оқыдық па, 1 класста есеп болған жоқ. Әліппе оқыдық су-

ретін көрсетеді, әріптерді үйретеді, соны білетінбіз, 2 класстағыларға
есеп көрсетіп, соны оқытты. Жөнді мұғалім де жоқ қой.

– Киімді анаңыз тігіп берді ме?

– Анамыз мәшеңкемен тігіп беретін, соны киіп өстік.

– Матаны қайдан алды?

– Матаны сатып аламыз.

– Машинканы қайдан алатын?

– Машинка бұрынғы уақытта өзімізде болған, аталарымыздан қал-

ған диірмен болатын. Бір уыс бидайымызды тас диірменге қуырып
тартып, талқан жасап, шәй ішетінбіз. Түнде тығылып тартамыз, оны
бауға тығып тастаймыз, көрсе алып қояды.

– Үй-үйді аралап тексерген кезі болды ма?

– Тексерді. Тас диірменімізді барлығын сол бауға тақтай салып,

кішкентай аузы бар соған тығып түн ішінде жасаймыз. Терезе есіктің
бәрін ашып қоямыз анау тез кепсін деп. Кейбіреуі аңғарып түгел қа-
райды кейбіреулері онша қарамайды.

– Қаншалықты жиі тексеріп тұрушы еді?

– Жиі тексерген жоқ, жылына 1-2 рет тексеретін. Онда да ана әкем

трактор айдап жүргенде тексеретін. «Трактормен бірдеме әкеледі
ме?», – деп. Тракторды жастарға бергеннен кейін, малға шыққаннан
кейін тексерген жоқ.

– Әкеңіздің балалары бар ма еді?

– Мен әкемнің қарындасының қолында тұрып оқыдым. Ол кісінің 5

баласы бар, бірге барып оқыдық, бірге жүрдік, бірге жаттық қыстай
оқимыз, жазда жайлауға шығамыз апамыздың балалары мен бәріміз.
Әкеміз жазда трактор айдайды, балаларды үйретеді.

– Ауылда қанша үй болды?

– Кім біледі ауылда қатар-қатар үй тұрмайды ғой, қай жерде мал

бағады жота-жотада қора салып қыстайды, ауылда малы жоқ қара-
пайым адамдар тұрды. Кірпіштен салдық үйді. Байлар мынандай үй
емес жаппада тұрды. Қазақ үйде қыста қыстауға кетеді.
Соғыс басталғанда ер адамдардың барлығы кетті, ауылда тек қана

әйелдер қалды. Әйелдер, шалдар ештеңеге жарамайтындар, мені ұр-
ған шал Ахмет деген аттан жығылып, аяғы сынып соғысқа жарамай,
ауылға бригадир болып қалды, кейін мен үйленіп, 1-ші баламды туып
әкеміздің ағасының баласының үйіне барғанымда сол кісі қатты ауы-

рып жатыр екен, өзі бізге туысқан болып та келеді. Әкемнің әйелі
айтты «қатты ауырып жатыр, барып көңілін сұрап кел» – деп, «мені
өлгенше сабаған, мен барғым келмейді» – деп едім, «құдай үшін бар,
неғыласың» – деп ол кезде кешірімді еді ғой адамдар. Барып едім,

«Түймешпісің, Жалдыбектің жалғыз қызымысың?», – деп сұрады
«иә, солмын» – дедім. «О дүниеге кетейін деп жатырмын, қарағым

143

кешір!, деді, заман солай болды ғой қарағым» – деді. Сонда 89-90-да
екен. Көрмегенді көрдік ойымнан кетпейді.
Үйленгеннен кейін бес жыл колхозда қызылша суардым, ол уақытта
туғанша 40 күн беретін. Шалыммен 50 жыл бірге тұрдым. Шалым ме-

нен бір жас үлкен. Менің жұбайым «Ленин орденін» алған кісі «Со-
циалистік Еңбек Ері» ол кісі ұзын бойлы. Сөйтіп жүріп, 10 құрсақ
көтердім.
Ол кезде машина жоқ, арбаға мінгізіп, келін ғып түсірген. Ол кезде

қандай той, шашу шашады, болды сол той.

– Орыстардан самагон алдыңыздар ма?

– Жоқ, бізде ішетін ешкім болмады, бидайдан пиво ашытып, кейбір

шалдар ішетін.

– Отбасын құрғанда 24 жаста болыпсыз, ол кездегі қыздар үшін

үлкен жас па еді? Туған-туысқандарыңыз ештеңе демеді ме, «кәрі
қыз» боласың деген сияқты?

– Қыздар үшін үлкен ғой. Кәрі қыз деп айтпады. Қазір қызым 61 ге

келді. Крупскийдің бухгалтері, жолдасым отан соғысының ардагері,
жоғарыда айттым, ол кісі ауылға келген соң ауырған жоқ. Кейіннен
аяқ-қолы тартылып, қатты ауырды, 4 жыл күттім содан қан қысымы-
көтеріліп, ес-түсін білмей құлап 10 күн жансақтау бөлімінде жатты.

Кейін балам әскери адам, сол үлкен дәрігер әкеліп, қаратып, содан
жақсы болып, қыздың үйінде болды. Ой, байғұс шалым 45 жыл сушы
болды. Сонда ол балаларға «оқыңдар-оқыңдар, мен ұстаған кетпенді
сендер ұстамаңдар» – деп балаларының бәрін оқытты. Бәрі жоғары

оқу бітірді. Кейінгілері техникум бітірді колхоз тарап кеткенде екі ба-
лам оқымай қалды, ол екеуі техникумды бітіріп, агроном болды. Ол
кезде Көксудың техникумын оқитын еді жастар.

– Сіз енеңіздің қолында тұрдыңыз ба? Үйлері қандай еді?

– Иә мен енемнің қолында тұрдым. Мен келген кезде 3 ақ бөлмелі

үй болатын, 3 бөлмеге қатар-қатар төсек салып, ата-енем,екі қайын
сіңілім, 2 қайын інім бәріміз жатып ұйықтайтынбыз. Бәріміз қызыл-
шада істейміз. Атам-енем пенсияда екен. Атам Отан соғысы ардагері
болды, алатыны – 18 сом, енем 12 сом алады. Бізде жалақы жоқ, оның

орнына қант, бидай, қызылша аламыз, онда да күзде жиын терін
кезінде ғана. Сушының жалақысы 50 ден аспайды, сол бір 61-62 жыл-
дары ғана ақша бере бастады, 52 жылдары 200 тенгеден, 100 тенге ай
сайын беріп тұрды. Балалар оқу оқыса да қызылшаға апарамыз. Мен

сауыншы болдым, 8 жыл істеп «Еңбегі сіңген сауыншы» болдым,
64-жылдары «Жаңалықта» жаңадан база салынған еді, сонда «трак-
тор үйреніңіздер» деген талап қойды, түн ішінде трактор айдауды
үйрететін. Шайжан деген келіп трактордың оқуын оқытты. Мақтау

қағаздарым, марапттауларым бар. Шалым науқастанып қалған соң,
«Жаңалыққа» балалардың қолына көшіп келдік. Немерелеріммен

144

отырғанмын. Бір қызым Алакөлде, бір балам Астанада, «Жаңалық»
үш-ақ километр жерде, 50-жылдары мен келгенде «Жаңалық» пен
«Шұбар» қосылды, ал бұрын бөлек еді. Қазір онда Әбдіразақ бастық
екен, ол кісі батыр адам. Нұрмолда 51 жылы Жаңалыққа жүретін жол

салдырды. Нұрмолданы менің тұңғышым да көрді. Біз мал баққан-
да ол кісі келіп, тексеріп тұратын. Сол кезде бір қозымызды сойып
күткенбіз ол кісі барлық азық-түлігін алып, ол кезде автолавка ғой,
сонысымен келіпті, сонда балам еркелеп, алдына отырып алатын. Ба-

лам-ау, біз Қонаевтың да көзін көріп, дастархандас болдық. Осы Жа-
ңалықта аккумулятор зауыты салынып, соның лентасын қияды деп,
Қонаевты шақыртқан екен. Ал бізді «үлгілі сушы» деп шақыртқан бо-
латын. Сол кезде Нұрмолда Алдабергенов Д.А. Қонаевтың шәй ішкен

кесесіне, кәмпит салып, «мына кесемен балаңа шәй бер-гін, Қонаев-
тай болсын» – деп беріп еді. Артынан қалып Қонаевтың сарқытын
ішкенбіз. Солай балам 8 балам аман-сау, біреуі туыла салып қайтыс
болды, біреуі әскерден келіп, қайтыс болды.

– Апа өмірлік тарихыңызбен бөліскеніңіз үшін мың да бір ал-

ғыс айтамыз. Сізге Алланың нұры жаусын!
Сұхбатты жүргізген: Болатхан Ә.
Өңдеген: Мырзатаева З.Б.

145

Жаңабек Жетібайұлы
Шатырбековпен сұхбат

– Колхоздың құрылуы жылдарындағы еңбек жөнінде әңгімеле-

сеңіз.

– Біздің алдыңғы буындағы аға-апаларымыз туралы айтқанда, мен

олардың еңбекке деген ынтасын, отаншылдық қасиетін ерекше атап
өткен болар едім және ол бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болуы керек.
Өйткені біріншіден, олар заманның күрделілігіне қарамастан қа-
жырлы еңбек етті, соның арқасында ауылымызды Қазақстанда аты

әйгілі шаруашылық ұжымына айналдырды. Екіншіден,ауылдың бас-
шысы Алдабергенов Нұрмолда ағамыз 1953 жылдардағы экономи-
калық әлсіз ауылымызды шебер басқарушылықпен гүлдендіріп, үл-
кен жетістіктерге жеткізгенін айтқым келеді. Ол үйлер тұрғызу үшін

сібірден ағаш дайындатты, көшелердің арнайы сызбасын жасап, құ-
рылымын анықтады. Мұның барлығы колхоз еңбеккерлеріне жаса-
лынған жағдайлар еді. Өзім бригадада инженер-механик, колхоздың
орынбасары, партия ұйымының хатшысы және профсоюзда әр ша-

руашылық саласында жұмыс жасадым.
Еңбекшілер ішінде «Ленин», «Қызыл Ту» орденімен наградталған-
дар болды. «Батырлар алаңын» кештеу жасап бітірдік, сәтті шықты
деп ойлаймын, ол жерге бір рет келіп көрген адам ауылдың бүкіл

тарихын көргендей болары сөзсіз. Себебі онда аға-апаларымыздың
мүсіндері орнатылған.
Ауыл бұрын Шұбар деп аталған, кейін «Н.Алдабергенов» ауылы
болды. Ауылда Н.Алдабергенов мұражайы бар. Ол кісінің ғұмырымен

қатар өрбитін ауыл тарихынан бай материалдар қоры жинақталған.
Ауыл құрылысының жобасы да керемет, үйлердің ара-қашықтығы
кең, таза, тас жолдар түп-түзу, теп-тегіс, сәулетті үйлер, көгалданды-
ру, ағаш отырғызу бәрі ескерілген. Мәдениет үйі, екі қабатты контор

үйі, қонақ үй, сауда орталығы, барлығы сол уақытта салынған. Ауыл-
да төрт бригада болатын әрбір бригадада үлкен, кезінде «бригадный
стан» деп аталған ат қоралары болды.

– Сіз ауылда қай жылдан бастап жұмыс істей бастадыңыз?

– 1959 жылы техникумды бітіріп келген соң, жұмысқа қабылдау

туралы Нұрмолда ағама өтініш жаздым, негізі ол кісімен бұрыннан
таныспыз ғой, мені жұмысқа алып, бригадаға есепші етіп жіберді.
Ол кісінің біздерге, жастарға үнемі айтатыны: «Техниканың тілін
біліңдер, үйреніңдер», – дейтіні бар еді. Жаңашыл болатын. Мен ал-

ғашқылардың бірі болып «Ауылшаруашылық техникумын» бітірдім.
Жігіттер жүргізушінің, механизатордың, инженер-механик, энерге-
тик мамандықтарын бітіріп келіп, сол кісінің айтқан жолымен жүрді.

– Жас күндеріңізді еске алып, әңгімелесеңіз.

146

– Мектеп қабырғасынан есімде қалғаны – ауыл орталығында, яғни

шаруашылықта бір ғана клуб болатын, жастардың барлығы сонда жи-
наламыз, ол жерде кино қараймыз, ашық алаңда би кеші өтетін. Жыл
мезгілдеріне байланысты, ашық алаңға сағат жеті-сегіз шамасында
жастар келе бастайды, ал үлкен адамдар кешірек келеді, себебі бас-

қа баратын ойын-сауық орталығы болмаған. Ол бір жағынан жақсы,

– деп ойлаймын, бір-бірімізді сыйлаймыз, бір-біріміз туралы жақсы

пікірде болатынбыз. Сол уақыт маған ұнайтын.
Ағамыз жастардың тәрбиесіне үлкен көңіл бөлетін. Ол кісі бала
күнімізде ешқашан дауыс көтеріп бізге жекіген емес, егер баланың
тәрбиесі нашар болса, онда оның ата-анасын шақыртып, бала тәр-

биесін қадағалауын ескертетін және ағамыздың тағы бір жақсы қа-
сиеті – кез-келген істе өзімен қатар немесе жасы үлкенді-кішілі дос-
тарымен ақылдасып отыратын.

– «Еңбер Ері атағын» алудың сыры неде?

– Біріншіден еңбексіз ештеңе бітпейді. Адалдық, тазалық, еңбек-

қорлық керек. Батыр апаларымыз қол еңбегі арқасында жетті ғой.

– Ауылдағы кеңестік еңбек тәртібі туралы айтыңызшы?

– Оларда еңбек күн мерзімінде шектеу болмаған, таң атқаннан кеш-

ке дейін жұмыс жасаған. Ауылдағы үйлер мен егістік алқабы арасы
жақын, ал еңбеккерлер шаруаны бітіргенше сонда қонып, жұмыс іс-
теген, соның арқасында жақсы өнім алып отырған. Ал «Еңбек Ері»
атағын алғандардың басым бөлігі қызылшашылар еді, тек бір-екеуі

ғана басқа шаруашылықтан болды.

– Адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы айтсаңыз.

– Қарым-қатынаста ел-жұрт тым тату болатын, бір-біріне сыйлы, се-

бебі таршылықта өскен адам сый-құрмет жасауға жақын болады, мы-
салы ауылда көп ұлт өкілдері өмір сүрді, шешендер, т.б. Егер, «Айт»
мейрамы болса бір-бірінің үйіне қонаққа барып қыдырып жүретін.
Сондай мерекенің бірі – «Наурызда» әр үй көжелерін дайындап, қона-

ғын күтіп, көңілді, ел іші арқа-жарқа, кәдімгі той болып өтетін.

– Ауыл адамдарының тұрмысы қандай деңгейде болды?

– Соғыстан кейінгі жылдары аса байлық болған жоқ, 1947-1948 ж.

мектепке барған жылдары апаларымыз киімдерді, сөмкемізді қолдан
тігіп беретін. Сия сауыттарымыз болатын, төкпей-шашпай дорбаға
салып жүретінбіз. Аяқ киімді көбіне тігіп беретін, бірақ сатып ала-
тындар да болды.

– Күнделікті ішетін тағамдарыңыз қандай болды?

– Ауылда еңбек жасағаннан кейін астық беріп тұрды, біз 1960 жыл-

ға дейін ақша көрген жоқпыз. Тек еңбекақы алатын. Бірінші еңбек
күнін жазатын, кейін еңбек құнын жазатын болды. Жыл аяғында та-
бысқа қарай бидай немесе қант, т.б. заттар бөліп беретін.

147

– Мұндай еңбекақы тұрмыс-тіршілік үшін қаншалықты қолай-

лы?

– Әрине, қолайсыз болды, бірақ жағдай жаман болған жоқ, 1960

жылдан кейін халықтың тұрмысжағдайы жақсара бастады. Үйлерін
салды, еңбек ақысын да көбірек алды.

– «Социалистік Еңбек Ерлерінің» тұрмысы қандай болды?

– Жай колхозшылар мен атақ алған адамдар бірдей өмір сүрді, ар-

тықшылығы болмады.

– Еңбек жолыңызда, маман ретінде қалыптасуға ықпал еткен

кімдерді атар едіңіз?

– Мен алғаш жұмысқа кірген кезімде, бірінші бригадада есепші, ме-

ханик болдым, сонда жұмыс жасаған батыр ағамыз бригадир Асан-
бай Базарбай деген кісі болатын. Звено жетекшісі Бақыт Тұрманбетов
деген жасы үлкен атамыз болды.Ол кісі жасы алпыстан асып, жетпіс-
ке жетіп калғанға дейін қызылшадан шыққан жоқ. Қызылшадан мол

өнім алуға өзі көп ықпал етіп отырды. Базарбай, Асанбай ағамыз өте
қабілетті, ұйымдастырушы, жақсы адам болды. Кейін зейнеткерлік-
ке шықты. Әрбір батырларымыз туралы бөлек-бөлек тоқталып өтуге
болады, әрқайсысының орны бөлек. Бірақ, барлығын тәрбиелеген бір

еңбек.

– Еңбектегі малшылар өмірінен не айтар едіңіз?

– Ұсақ мал шаруашылығы өркендеп өсе бастады, біздің шаруашы-

лықта 25000-ға дейін мал басы болды. Мал шаруашылығында Еңбек
Ері атанған Батыр Байдуллин шопан атамыз болатын, Ленин ордені-
мен марапатталған, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған
адамдар көп болды. Мысалы Имағанбетов Әбу, тағы басқа да шопан

ағаларымыз көп.
Біз сол кісілердің ортасын көріп өстік, 1960 жылдардағы жастар
Шайбала, Махметов Қыдырбек, Жетпісбаев Жекен барлығы да ағала-
рын көріп өскен, Шайбала фермаға сауыншы болып кетті, он шақты

адам шофер болды, училище бітіргендер механизатор болды, барлық
жастардың еңбекке деген құлшынысы жоғары еді. Ауылда жоғарғы
советтің депутаты болған Шайбала, 20-30 жыл музей басқарды, бір
жыл ауылдық советті басқарды, профсоюзды басқарды, жасынан

сауыншы болды, КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды. Ол кісі
үлгі тұтатын азаматтарымыздың бірі. Тергеуова Қалдыбала да «Еңбек
Ері» атанды, оның қызы Тергеуова Шәйзам звено жетекшісі, «Қызыл
Ту» иегері болды. КПСС-тің 26-съезіне депутат болып сайланды.

– Социалистік жарысқа деген көзқарасыңыз қандай?

– Ол адамды еңбекке ынталандыру болып табылады, «Еңбек Қызыл

Ту» орденін беріп жатады, тағы да басқа марапаттаулар береді, жақсы
емес пе?

148

– «Қызыл Ту» ордені адамға не әкеледі? Қазіргі таңда сондай

марапаттаулармен жұмыскерлерді қанағаттандыра аласыз ба?

– Үлкен жауапкершілік артады, еңбектің қорытындысын көрсетеді.

Жоқ, қазір олай жасай алмаймыз. Қазір өмір басқаша, нарық заманы.
Ауылдан қалаға жастар кете бастады, үкімет бағыт бағдарлама жаса-
ды, ауылға жақсы бетбұрыс жасап жатыр.

– Отбасыңызда ұзақ жасағандар бар ма?

– Әкем 49 жасында қайтыс болып кетті. Анам 87 жасында қайтыс

болды, мен үйдегі жалғыз баламын.

– Өзіңіздің анаңыз өз заманы мен ортасы туралы әңігімеледі

ма?

– Басынан кешкен ауыр жағдайлар туралы айтатын, сол жылдары

бір жерлерге егістік, картоп егілетін, оны да қолмен орып, жинайды
екен.

– Анаңыздың Алдаберген аға туралы айтқан әңгімелері есіңізде

бар ма?

– Анам жай колхозшы болды. Әкемнің қол астында жұртпен қатар

жұмыс жасады. Қызылшашы, сауыншы болып жұмыс жасады. Ал-
даберген атамыз бар кезде шағын екі гидроэлектростанция салынды.
Еш жерде жарық жоқ, тек бізде ғана болды. Одан кейін қуатын кө-
бейтіп, үлкендеу етіп салды. Ол демалыс (ойын-сауық орталықтарын

кеңейтіп қолынан келгенін аямады) үлкен стадион алаңы болды. Ол
кезде үлкен алаңдар тек бізде ғана болатын. Саябақтарға ағаш отыр-
ғызу қатты қадағаланатын. Сол жылдары әрбір отбасына он шақты
түптен кем емес алма ағашын отырғызу міндеттелетін.

– Жетісу жер жаннаты, еліміздегі ең бір шұрайлы орындардың

бірі. Қазақта әрбір жер қасиетті, өңірлік тарих ерекшелігіне тоқ-
талсаңыз.

– Біз қазір таудың бөктеріндеміз. Ешкіөлмес деген шағын тау бар,

оның атауы қыс мезгілінде ұсақ малдарды бағып шығуға болады де-
ген мағынада қойылған, яғни, тіпті ешкі де өлмей, аман шығады де-
генді білдіреді. Тоқбикенің асуы деген атау да кездеседі.

– Әжеңізде, анаңызда емшілік қасиеттер болды ма?

– Жоқ, ондай болған жоқ.

– Ел ішінде емшілікпен айналысатын адамдар болды ма?

– Иә, ауыл ішінде тәуіп дегендер болатын, бірақ мен оларды біл-

меймін.

– Медициналық қызметтің деңгейі қанағаттанарлық болды ма?

– Болды, шағын болса да жақсы, бір дәрігер бір ауылға жетеді ғой.

– Өз өміріңізде есте қалған қандай оқиғаны айтар едіңіз?

– Мен бірінші сыныптан бастап жақсы оқыдым, мектеп қабырғасын

үздік бітірім. Алысқа бармадым. Бірінші техникумды, кейін инсти-
тутты бітірдім. Өз басым туралы сырт көзбен қарасам менде әрдайым

149

ұқыптылық болыпты, бұзақылық, темекі тарту болған жоқ.Өз отба-
сыма, балаларыма ақылымда айтып отырамын.

– Бала кезіңізде нені арман еттіңіз?

– Жас кезде әр түрлі арман жетегінде боласың, бірақ қалыптасқан

бағыт бойынша оқуға түсесің, сол мамандықты игеріп, жұмысқа ор-
наласасың.

– Жұбайыңызбен қалай жолықтыңыз? Ол кісі қай жерден?

– Жұбайыммен бірге оқыдық, бірге оқу бітірдік. 1961жылы үй-

лендік.Өзі осы жерден, ата-анасы Ақтөбенің Шалқар деген жерінен,
кіші жүз. Осы жерде бухгалтер болды. Екеуміз осы жерден зейнетке
бірге шықтық.

– Балаларыңыз туралы бірер сөз айтсаңыз.

– Бір қызым Талдықорғанда, бір балам Алматыда тұрады, бір неме-

рем Алматыда жұмыс істейді. Бәрі де қызметтегі адамдар.

– Сөзіңізде Нұрманбетов Ақық ата туралы айтып кеттіңіз. Сол

кісі туралы тереңдетіп айтып бере аласыз ба?

– Ағамыз өте бір сабырлы, ұстамды адам болатын. Тарихты да көп

білетін, әңгімешіл адам еді. Балалары бар, олар жоғары оқу орнын
бітірген.

– Сол кездегі жастар мен қазіргі жастардағы құндылықтар ту-

ралы не айтасыз?

– Бізге өз заманымыз өте жақсы ыстық көрінеді, әр іске тәрбиелік

көзқарасымыз болды, заманына қарайды деп жатады, шүкіршілік
қазір де жақсы. Өркендеп өскен заманды кім жаман дейді. Жастары-
мыз шет елдерде оқып жатыр, білім жағына да көп көңіл бөлінуде.

– Еңбектегі адамның адамгершілік парызы қандай болу керек?

– Еңбексіз ештеме бітпейді, еңбек етпеген ішіп жемейді. «Оқу

өмірдің сәні– тіршіліктің дәмі» – деген мақал бар. «Оқымаған адам

– қор болған адам», – деген ата-бабаларымыздың сөзі бар емес пе!

Тек қана оқып, қай қызмет саласында жүрсе де еңбек ету керек. Адал
еңбек адам адамгершіліктен аттамағанын білдірсе керек.

– Ұлттық рухты көтерудегі әрбір еңбеккерлердің қосар үлесі

қаншалықты деп білесіз?

– Кез-келген халық өзінің рухын сақтап, жоғары көтере білу керек.

Тіпті өзіміздің қазақ екендігіміз туралы ұмытып бара жатқан кездер
де болған, ал қазір ана тілімізді жаңғыртуымыз, бәрі де ұлттық рух,
намыс биік болсын демекпін.

– Қазіргі қыздармен жігіттердің салт-дәстүрге, дінге деген көз-

қарастарына қандай баға берер едіңіз?

– Барлығы да әрбір отбасының жеке тәрбиесінен шығады. Әр заман

әр түрлі болады, мысалға кезінде қыздарымыз бұрымды еді, қазір ол
жоқ. Кимешек кию дегенді ұмытқанбыз.

150

– Көп еңбек етіп «Еңбек Ері» атағын алған адамдар қарапайым

тұрмысымен қанағаттанды және ол ел алдында үлкен беделге ие
болды дейсіз. Сол еңбегінің негізгі қорытынды жемісі неде деп
білесіз?

– Беріп жатқан атағы мен жеткен жетістіктері адамның рухани бай-

лығы. Ол өзіне деген сенімділікті ұялатады, жауапкершілік басым бо-
лады, сонысымен ол адам бақытты.

– Отбасында ұрпақ тәрбиесінде ата-әженің үлкен орны бар,

әсіресе көкірегіне медаль таққан кісілердің өнегесі зор болмақ.
Өзіміз расында бала кезімізде орден таққан кісілерге қызығып
қараушы едік қой.Немерелеріңіз туралы айтыңызшы.

– Бір немерем Алматыда, үйленген. Ұлттық өнер институтын бітір-

ген, үлкен фирмада жұмыс жасайды. Екіншісі заңгер, қазір бес жыл
болды, қалалық әкімшілікте бөлім меңгерушісі болып жұмыс атқара-
ды. Үлкен қызым – Алматыда, фирмада бухгалтер.

– Өзіңіз өскен ортада Еңбек Ерлерінің көпшілігі қарапайым

адамдар болған. Ғылым атағын алған Асанов Қасым Әбуұлы
ағамыз жайында не білесіз?

– Нұрмолда ағамыз жұмыстан 1962 жылы кеткен кезінде, біздің

шаруашылыққа Асанов Қасым Әбуұлы бастық болып келді. Ол отыз
жаста болатын. Ауыл шаруашылығының ғылым кандидаты болатын.
Ол өте іскер, жақсы басшы болды. Біздің шаруашылықты үлкен жо-
ғары көрсеткіштерге жеткізіп, оны сол деңгейде ұстап тұрды. Жер

шаруашылық институтымен механизация, энергетика мамандарының
барлығын осында шақырды, біздің шаруашылық – облыстық ауыл-
дық тәжірибиелі шаруашылық болды. Көп жылдар бойы ауылшаруа-
шылығына агрохимиялық анализ жасады. Суармалы жаңа техникалар

(шланговый полив), соның барлығын ендірді, осы жерден тәжірибе
өткізді. Алматыдан ғылым кандидаттары келіп, жер, су құрамын зерт-
теуге алатын.

– Ауыл өз жетістігімен Қазақстан жұртшылығына кеңінен та-

нылды, мемлекет басшыларының ауылға ат басын бұрған кез-
дері болды ма?

– Әрине, тіпті Нұрмолда ағамыздың тұсынан бастап шет мемлекет-

терден, Индиядан, Қытайдан делегациялар келе бастаған. Біз оларды
қарсы алатынбыз. Музейде сақталған суреттері бар. Өзіміздің Қа-
зақстан үкімет басшыларының ішінде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
ағамыз екі рет келді. Ниязбеков, Сәбит Мұқанов секілді ұлағатты

адамдарымыз көп келді. Сәбит Мұқанов Нұрмолда ағамыздың досы
еді. «Батырлар аллеясын» жасаған марқұм Хакімжан Наурызбаев та
келетін, мен онымен жақын таныс болдым.

– Ауылды көрші ауылдармен салыстыра қарасаңыз?

151

– Қанша айтқанмен ауылдың орналасқан жері жақсы, екіншіден

ауылдың құрылымы керемет шыққан, үйлердің барлығы да сапалы,
жақсы соғылған. Көшелер тегіс, тас жол төселген. Ауылға кірген
адам Алдабергенов ауылының жақсы шаруашылығы бар екенін бір-
ден байқайды.

– Ағамыздың ел басқарған кезіндегі қиыншылықтары туралы

айта аласыз ба?

– Ол туралы білмедім, бірақ ол кісінің еңбек жолы ауыр болғаны

туралы тарихтан өзімше білемін. Ол кісі Айнабұлақта қарапайым
темілжолшы болатын. Қарапайым адамдардың арасынан ағамызды
таңдап алған екен, расында басшы болуға әбден лайық кісі еді, еті-
ширақ, жүрісі тік, әрі тез қимылдайтын.

– Аға уақыт бөліп, бізбен әңгімесекеніңіз үшін көп рахмет, тағы

қосарыңыз болса айтыңыз.

– Жаңа, профессор М.Қойгелдиев айтып жатыр ғой, «тарихты жа-

зып алайық, «Еңбек Ерлерінің» жүріп өткен жолын болашақ ұрпаққа
куәгерлері аузынан жазып алайық, жаңа технология құралдарымен
дұрыс жеткізуіміз қажет деп отыр, ол өте орынды. Өзіміздің еліміз,
халқымыз үшін, өсіп келе жатқан жастар үшін бұл, расында, керек

дүние. Мен оған өте қуаныштымын, шындығында өздеріңіз жақсы
жұмыс жасап жатыр екенсіздер. Сол жұмыстарыңызға, Сіздерге үл-
кен шығармашылық табыс тілеймін!

– Рахмет!

Сұхбатты жүргізген және өңдеген:
Мырзатаева З.Б.

152

Захан Сасықбаевамен сұхбат

– Апа, алдымен аты-жөніңізді, әкеңіздің атын айтсаңыз?

– Менің әкем Қыдырбай, мына «Жетісуда» (колхоздың аты – Ш.Т.)

туып-өскен. Өзімнің атым Захан, 1923 жылғымын. Осы жерде тұра-
мыз. Біздің қария 1912 жылғы. Мен кейінгі, екінші әйелімін, содан 6
баламыз болған. Ол кісі 1968 жылы қайтыс болды, 56 жасында. Мен
6 баламен жесір қалдым. Өзің көрген, көрші бөлмеде жүрген ағаң сол

кезде 1,5 жаста болатын. Сонан кейін колхозда жұмыс істеп жүріп
1975 жылы пенсияға шықтым. Содан бері пенсиядамын. Күйеуім
Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соған байланысты жеңілдік берілген,
жерге, үйге салық төлемеймін, барлық мүлік менің атымда, сонымен

күн көріп отырмыз.

– Еңбекке қанша жасыңыздан бастап араластыңыз?

– 14-15 жасымыздан араластық қой.

– Осы колхозда ма?

– Иә, осы колхозда.

– Не жұмыс істедіңіз? Қызылшада ма, сауыншы болдыңыз ба?

– Ол кезде жас едік қой. Қызылша да ғой, одан басқа не бар дейсің?

Кейін 1964 жылы менің жолдасым фермаға барып ферма басшысы-
ның орындасары болды. Сол жерде сиыр бақтық, мен бұзау бақтым.
Онда 5 жылдай отырдық. Содан кейін 1968 жылы осы үйді салып,
көшіп келдік. Сосын май айының 20-ларында 1968 жылы, жолдасым

қайтыс болды. Алты-ақ ай отырды мына үйде. Содан кейінгі билік
маған қалды. Ой, көресімді көрдім. Үлкен қызым 1969 жылы тұр-
мысқа шықты. Ол 49 жасында қайтыс болып кетті. 1961 жылғы ұлым
бар еді, асқазаны ауырып, 1985 жылы ол да қайтыс болды. Қазіргі

тірі балаларым төртеу, екі ұл, екі қыз. Мынау баланың кішісі, 1967
жылғы. Біреуі «Қарабұлақ» ауылында тұрады. Ол 1965 жылғы, оның
екі баласы бар, үйі бар, жайы бар кәдімгідей. Басында әлгі «Ақмола»
(қазіргі Астана қаласы – Ш.Т.) еді ғой, сол жақтан оқу бітіріп келіп,

қазір мына «Қарабұлақта» істеп жүр. Екі ұлы бар. Біреуі 22-ге келді,
біреуі 21-ге келе ме?

– Өзіңіздің бауырларыңыз бар ма?

– Менің бауырым ба? Жалғыз бауырым болған, 1992 жылы қайтыс

болды. 1990 жылы әйелі қайтыс болған, «рактан» (рак - аурудың түрі,
қазақтар жаман ауру дейді - Ш.Т.). Олардан 6 қыз, 1 ұл қалды, жетеу-
ақ. Олардың көзі тірісінде 2 қызы тұрмысқа шықты, қалған 5 баласы
менің 6 балаларыммен қатар өсті. Олардың бәрі қазір ер жетті. Бір

қызы осы жерде, мына менің қызыммен қатар. Ең үлкен қызы 1959
жылғы, 5-6 күн болды Алматыдан осы ауылға көшіп келді, ауылдың
төменгі жағынан үй алды. Келініміз 50 жасында қайтыс болды. Бауы-
рым менен 4 жас кіші болатын. Оның мына жерде кішкентай ғана үйі

153

болды. Мына «Жетісу» деген колхоздың сиыршысы болатын. Бауы-
рым 1970 жылдары көшіп келген, жоқ қателесемін, 1962 жылдары
көшіп келді осы жерге. Екеу-ақ болатынбыз өзіміз, бауырым екеуміз-
ақ. Шешеміз болды.

– Апа мектепте оқыдыңыз ба?

– Оқыдым.7 сынып бітірдім.

– Осы ауылда ма?

– Жоқ, Шұбарда оқығаным жоқ, Жетісу ауылында оқыдым.

– Қанша жасыңызда бітірдіңіз 7 сыныпты?

– 14-15 жасымда бітірдім-ау деймін, сол уақытта бітірдік. Міне,

қазір 83-ке келдім, қартайдық.

– Соғыс кезі есіңізде ме?

– «Ойбай, соғыс болып жатыр» дейді. Шешелеріміз түнде бір үйге

жиналып отыратын, онда бала кезіміз. Біз де қасына барып отырып,
ұйықтап қалатынбыз.

– Онда ол кісілер не істеуші еді?

– Тігін тігетін. Соғысқа киім тігетін.

– Әкеңіз соғысқа барды ма?

– Әкем соғысқа барды. Соғысқа барып келіп, майданда жүрген

кезінде жанына бомба құлап жарылған екен, соның астында қалып
екі құлағынан айырылып, керең болып келді. Әкем 74 жасында қай-
тыс болды.

– Соғыс кезінде жағдай қалай болды, есіңізде ма? Жетіспеушілік,

аштық болды ма?

– Болды ғой, жалғыз сиырдың сүтін апарып соғыс қажетіне өткі-

земіз.Бір-екі қойың болса, шешеміз соның жүнін «соғыстағыларға
керек» деп айтты деп өткізетін. Қиын болды ғой ол кез.

– Қалай күн көрдіңіздер?

– Ол уақытта кішкентай бақшамыз болатын, соған картоп егіп күн

көрдік. Сол кездері шешендерді көшіріп алып келген, содан кейін
қиындықтар болған.

– Қандай қиындықтар?

– Шешендер, әлгі Кавказдың шешендері жер ауып келген, сонда

картошканы кішкентай жерге саламыз, олардың кішкентай балала-
ры ұрлық жасайды. Үкімет бидайдың жармасынан кісі басына жарты
(0,5) келіден беретін. Шешем үшеуміз соны ауқат қыламыз, сонымен
қатар бір сиырымыз болды. Ол «сиырды ұрлап кетеді» деп шешем

түнде тұрып қарап жүреді. Ой, қайсы бірін айтамыз, қиын болды ғой
соғыс жылдары.

– Ал ашаршылық кезі есіңізде бар ма? 1930-шы жылдардағы

ашаршылық?

– Оны білмеймін, есімде жоқ. Ол кезді білмеймін, соғыс уақытын-

дағыны білемін. Соғыс кезінде бидай салатын, ол кезде колхоз болды

154

ғой. Бидайды соқамен шабады, оны шешелеріміз баулайды. Сосын
«масақ теріп кел» деп бір-бір дорба береді. Бидай жинап жатқан кезде
басы қиылмай қалған бірен-саран бидай қалады, соны теріп алып ке-
леміз. Содан оны үгітіп талқан қылып, бір-екі түйір картошка салып,

«атала» дейді соны жасап береді, соны жейміз. Сөйтіп күн көрдік.

– Бала кезіңізде Сіз үшін қымбат, жақсы көретін киіміңіз немесе

ойыншығыңыз, қандай да бір затыңыз болды ма? Ондай есіңізде
бар ма?

– Ой, ондай қайдан болды дейсің?! Ондай ойыншық та, зат та есім-

де жоқ.

– Ал мектепте оқыған кезде мұғалімдеріңіз қандай кісілер еді,

олар туралы не айта аласыз?

– Мұғалімдер..., ол мұғалімдерден қазір біреуі де жоқ қой. Сүлей-

менов, Карипов дегендер болған. Марфуға деген болған, бір аяғын
сылтып басатын әйел еді. Жақсы оқыдым.

– Мектепте қандай пәнді жақсы көрдіңіз?

– Мектепте тетрадь қайда бізде? Ескі кітап, сол кітаптың бетіне жа-

зып, сонымен оқыдық. Жеті жылдай оқыдым. Осы мына «станция»
менің туған жерім. Қазір Сырымбет ауылы дейді ол жерді. Мен өзім
«Сиыршыданмын» (Сиыршы рудың аты – Ш.Т.). Сиыршының 5 бала-
сы болыпты, соның ең үлкені Сырымбет екен, сол Сырымбеттің бала-

сынан мен тараймын. Біз тұрған жерді «Горный, Моловодный» дейді,
біз сол «горныймыз» таудікіміз. Туып өскен жерім сол жер «Жетісу»,
содан келгенмін осы жерге.

– Бұл жерге тұрмысқа шыққаннан кейін келдіңіз ба?

– Бұл жерге 1950 жылы келдім ғой.

– Не себеппен?

– Күйеуім соғысқа барып келген, өзі үлкендеу кісі болатын, соғыс-

тан келсе әйелі қайтыс болыпты. Содан кейін мен келдім, 1950 жыл-
дан бері осы жердеміз.

– Ол кісіге өз еркіңізбен тұрмысқа шықтыңыз ба?

– Енді ол кезде уақыт та тапшы ғой. 1950 жылдары онша оңала

қойған жоқпыз. Бірде бар, бірде жоқ. Менен үлкендеу кісі, 18 жас
үлкен болатын. Тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, «жарайды» дедік.
Екеуімізге Құдайдың берген 6 баласы болған. Алтауының төртеуі
бар, екеуі қайтыс болды.

– Сіз Нұрмолда Алдабергеновты білдіңіз ба, ол кісінің көзін

көрдіңіз ба?

– Нұрмолда Алдабергенов 1967 жылы қайтыс болды, менің кіші ба-

лам туылғанда.

– Ол өзі қандай кісі болатын?

– Ой, ол кісі керемет болды. Екі мәрте «Еңбек Ері» атағын иеленген.

Біздің жақын қайын ағамыз болатын, бір ағайыннан. 1967 жылы екі

155

мәрте «Еңбек Ері» еді. Екі қабатты үй салды, ойбай сөйтті деп, бәлеге
қалып, үшінші «Еңбек Ері» атағын ала алмай қалды. Мәскеуге барып
келгеннен кейін алып тастады. Екі қабатты үйі қазір колхоздың музейі
болып тұр. Ол кісінің жалғыз-ақ қызы болған. Ағайыннан бір бала

алып еді, ол 12-13 жасқа келгенде қайтыс болып кетті. Қызы осыдан
біраз жыл бұрын үйінде қайтыс болды. Ол 1938 жылғы болатын, 3
ұл, 1 қызы артында қалды. Осы жерде Рахымбай дегеннің баласына
тұрмысқа шығып, содан 1 қыз, 3 ұл тапқан. Бір ұлы «соттың» оқуын

оқыды, ана кісінің атағымен, оқуға түсу де оңай болған жоқ қой, енді.
Сонымен Алдабергеновтың фамилиясына жазылып, оқып, «сот» бо-
лып, мына жерде дүркіреп тұрған. Кейін жаңағы бала Алматыға ауы-
сып, сол жерде біреулер өлтіріп кетіпті, өлігі алты айдан кейін табыл-

ды. Алты айдан соң әкеліп жерледі. Содан шешесі ары жылап, бері
жылап соның күйігінен ба, кейін шешесі де қайтыс болды.

– Апа, балалық шағыңызда қатты ауырған кезіңіз есіңізде ме?

– Ой, ауырған кезім есімде жоқ қой.

– Сіздің өміріңіздегі ең бақытты кездеріңіз қай кез деп ойлай-

сыз?

– Қазір енді бала-шаға ғой, 2 ұл, 2 қызым бар. Біреуінің үйі анау үй.

Ол 1956 жылғы, «інілерім жас осыларға көмектесемін» деп тұрмысқа
кеш шықты, 27 жасында. Оның 1 қыз, 1 ұлыбар еді. Ұлы доп ойнай-
мын деп жүргенде дөңгелек темірге ілініп қалып, содан 13 жасында
өліп қалды. Бір кішкентай қызы қалды артынан. Ол қызы жақында

18-ге толды. Қызымның күйеуі баласы мерт болғаннан кейін, өзі де
көп ұзамай қайтыс болды. Он жылдан асып кетті.
Сол енді, ол уақытта колхоз ғой, колхаздан қант аламыз, бидай ала-
мыз, ұн тартып береді, бірдеңе қылып күнімізді көрдік.

– Апа, уақытыңызды бөліп бізге сұхбат бергеніңізге көп-көп

рахмет! Деніңіз сау болсын!
Сұхбатты жүргізген: Болатхан Ә.
Өңдеген: Тілеубаев Ш.Б.

156

Ұлтай Кенжебековамен сұхбат

– Аты-жөніңізді атап, өзіңізді таныстырсаңыз? Ата-анаңыз кім-

дер болған?

– Менің аты-жөнім Кенжебекова Ұлтай, 1942 жылы Киров ауда-

нына қарайтын Жеңіс деген жерде дүниеге келгенмін. Соғыс қызып
жатқан кезде дүниеге келдің деп айтатұғын анам. Жеңіс деген мекен
ертеректе Қаражырық деп аталды, сосын Жеңіс болды, одан кейін
Мұсабек болды (Сеңгірбай Мұсабек деген герой біздің ауылдан шық-

қан, сондықтан сол кісінің аты берілді). Менің туған шешемнің аты
Жамал деген, асырап алған шешемнің аты Несіпбала болатын. Туған
әкем1952 жылы қайтыс болды. Өз әкем діндар кісі болатұғын, бес уа-
қыт намазын жібермейді екен. Дәретсіз жер баспаған, оразасын қаза

жібермеген кісі екен. Әкемнің екі-ақ қызы болған екен.Мені шешем
көтергенге дейін төрт қызын, бір ұлынжерлеген екен.Баласы өліп тұр-
мағаннан кейін, шешем мені көтергенде «үлкен үйге байладым» де-
ген екен. Сондықтан мен үлкен үйде өстім, бірақ 1-класта өз әкемнің

үйінде оқыдым. Мені асырап алған әкем де діндар кісі болған. Ол кісі
де арабша оқыған, дінді оқыған.

– Ашаршылық кезінде сіздің отбасы қалай күн көрді, нәубеттен

қалай аман шықты? Қуғын-сүргінге ұшыраған, майданға аттан-
ған жақындарыңыз болды ма?

– Енді бұл тарих ғой, жаңағы мені асырап алған әкеме өгей шешем

бір баламен келіп тиген екен, 1937 жылы. Бір бала, жалғыз баласы.
Сонда ашаршылықтан бәрі қырылып қалған екен. Қиыншылық көп
көрген. Балам, мен, күйеуім-үшеуміз Балқаш жаққа бөлемізге кетіп
бара жатқанда күйеуім жолда өлді дейді. Сол жақта балық зауытына

кіріпті. Балқашқа бара жатқан жолында енді баласы өліп қалмасын
деп жаужұмыр жегізген екен. Жаужұмыр деген біздің құмда көп бо-
лады, картоп сияқты. Сырты қоңыр, бірақ өскенде жүн жүн боп өседі.
Жаужұмырды қазып алып, шоққа көміп жейтінбіз, жолда кетіп бара

жатқанда асып жеп бардық қой деп отыратын. Күйеуі аштыққа шы-
дамай, қайтыс боп кеткесін, баласы ішсін деп соның аузына тыққан
ғой.Бауырымыздың аты Хамза екен, оны Балқаш жаққа барғанда ба-
лық зауытының интернатына береді. Өзін балық зауытына жұмысқа

кіргізген екен. Сол жерде балық береді дейді, бірақ балықтың етін же-
сем, үстім қышиды деп айтып отыратын апам. Өзі балықтың етін жей
алмайды екен,содан кейін балықты пісіріп, интернатқа балама апарып
беремін дейтін. Енді, жалғыз баласы ғой, сөйтіп жүргенде менің әке-

ме күйеуге тиген екен. 1932 жылы ашаршылық болды деп шешем ай-
тып отыратын. Ол кезде әкемнің інісі бастық боп тұрыпты. Дүйсенбі
деген кісі. Әкем: «1937 жылы Несіпбаламды түсіргенде інім «жеңге,
балшықтан бала жасай алмай отырмыз, бала жатсынбаймыз» депті.

157

Сол ағамызды 1937 жылы біреулердің жала жабуымен, кешке жақын
екі милиция келіп тамақ ішкеннен кейін алып кетіпті, сол бауырымыз
содан жоқ. Ол кісі өзімнің туған әкемнің кенже інісі екен. Әкемнің інісі
болғанда, ағасының баласы ғой жетім қалған. Сонда Архангельскіде

ме, ағаш кесетін жерде болыпты, өз әкем іздеп барыпты. Сол іздеп
барған кезде айтыпты ғой: «аға, енді сізді көре аламын ба, көре ал-
маймын ба, тағдырым енді осы» депті. Өз шешем айтады сонда, жа-
ңағы ашаршылықта адамдар бір-бірін көме алмады дейді, күш жоқ,

тамақ жоқ дейді. Әкем жинаған астығын елге сатпай, алдын ала жа-
сырын ұраға көме берген екен ғой. Сол кешке жақын әкем отын әкел-
ген болып отынның арасынан бидай алып келеді дейді. Сол бидайды
қол диірменге тартамыз дейді. Сонда қатық та жоқ, ет те жоқ екен.

Ұлпағымен қайнатып 1929 жылғы өзіммен бірге туған әпкем болған
соған, сосын жаңағы сотталып кетті деген Дүйсенбі деген ағамыздың
баласын тойғызып қояды екен, осы екі баласы болыпты. Күндіз жа-
сауылкеліп не ішіп отырсың, не жеп отырсың деп, үйді бәрін тексе-

реді дейді. Тамақтың қалдықтарын көміп отырамыз дейді. Сонда ба-
лалар кешке дейін қозғалмай отырады екен. Шешем айтатын, әкеңнің
қасиетінен айналайын, ит жегізген жоқ, адам жегізген жоқ, мысық
жегізген жоқ, солай аштықтан шықтық деп. Апамның артынан еріп

келген бала өте сауатты болыпты, сол баласымен тиген екен дедім ғой
мені асырап алған әкеме. Оқып жүрген кезінде 17 жаста екен, соғыс
басталғанда жасын 20-дамын деп жаздырып соғысқа аттанып кеткен
ғой. Ашхабадта алты ай автомат атуды үйретеді, сосын соғысқа кірі-

семіз деп хат келген, бір баламен бірге түскен суретін жіберген екен.
Апам марқұм жаным-ау, балам-ау деп жүріп, ақырында сол суретін де
жоғалтып алды ғой. Мен 1942 жылы соғыс уақытында туылдым ғой,
сонда әкем сол бауырыма «шешең қыз тауып алды, асырап алдық»

деп хат жазыпты. Содан бауырымнан хат келіпті,онда: «қыз да болса,
апа, екеу болыппын ғой. Атын айтып, суретін салмағаның-ай» –деп
жазыпты. Содан кейін хат келмепті. Енді ол кісі бар ма, жоқ па, қазір
құран бағыштап қоямын. Өз әкесі Бибол деген кісі екен, «Бибол бала-

сы Хамза ағаға» деп Құран бағыштап қоямын.

– Сіз өзіңіз қашан тұрмысқа шықтыңыз?

– Мен 1958 жылы, ерте ұзатылып кеттім. Құда түсіп келді. Ол уа-

қытта қыздарды ерте ұзататын. Үйде жүріп бірдеңеге ұрынып қал-
масын дейтін. Содан 15-16 жасқа шығарымда қарияма күйеуге шық-
тым, Кеңарал деген жерге. Мені кәдімгідей қолдан ұзатып, жүгімді
екі арбаға тиеп әкелді. Кеңаралдың бір жағы Қаратал мен Көксудың

қосындысы, екінші жағында Тентек өзенінің суы қатты ағып жата-
ды. Алғашында Қарасу деген разьезд болған, кейін Жота деп, сосын
Аманкелді деп аталған, Зылиха Тамшыбаева басқарды ғой. Сонда
қазіргі Амангелді ауылына (бұрынғы Кеңарал Амангелді ауылына қа-

158

рады) келін боп түстім. 1964 жылы ол жерде ештеңге болмады. 4-ақ
кластық мектеп болды, бір ғана көше болды.
Кеңаралда жеті жыл тұрдық. Үш баламды осы жерде, төрт баламды
Шұбарға келгенде дүниеге әкелдім.

– Ары қарай өмірлеріңіз қалай болды? Қайда жұмыс істедіңіз?

– Тұңғышым ұл бала еді, бір жастан асқанда шетінеп кетті. Екінші

қызым 1964 жылы туылды. Күйеуім Шұбарда туып өскен екен. Қы-
зыл Ту, Жаңаталап деген әр жерде колхоздар болған ғой. Қариямның
әкесі соғысқа (ол да соғыс қой – «трудармия») кетіп, сол жақта қайтыс
болған екен. Осы Қарағанды жақта болды ма екен, жарықтық, содан

қара қағаз келіпті ғой. Менің күйеуім жалғыз еді. Күйеуім 1936 жыл-
ғы, әкесі кеткенде әжептәуір жаста болған ғой. Шешесі басқа кісіге
тұрмысқа шыққан. Біз 1964 жылы осында қоныс аудардық, оның се-
бебі, бұрынғы жерде 4-кластық қана мектеп болды. Күйеуім звеновой

болып істеді, мен өзім бала бақшада меңгеруші болдым. Дұрыс мек-
теп болмағаннан кейін, шынын айту керек, өзіміз оқыған жоқпыз, ба-
лаларымыз дұрыс білім алсын деп, солар үшін 1964 жылы октябрьдің
24-інде осы жерге көшіп келдік. Сонымен бір кішкентай үй алдық.

Сол1964 жылдан бері қарай осы көшеде тұрамыз. Күйеуімнің шешесі
осы жерде, әлі бар. 93-ке келді қазір. Кейінгі күйеуінен балалары бар,
осы ауылда. Осы жерге тартты ғой деймін, біз де осы жерге көшіп
келдік.

– Өзіңіз қанша сынып оқыдыңыз?

– Мен 1952 жылы 1-класс оқыдым. Жалпы, 5-ақ класс бітірдім. Оқи

алмадық. Әйтпесе мен жақсы оқыдым. Жеңіс деген жерде, өзімнің
ауылым ғой, 4 класты жақсы бітірдік. 5-ші класты мына Мұқыры-
ға келіп оқыдым, әке-шешем малда болды. Каникулда алып кетсе,
каникул біткен кезде 1 ай өткізіп, 2 ай өткізіп алып келеді. Сол се-

бепті сабақтан ақсап қалып, 6-шы класты оқи алмадым. Жарайды,
енді оқымаймын деп тастадым, шынын айтқанда. Мұқырыда Қалқа
Жапсарбаев деген ақын болған ғой. Сол кісінің қарындасының үйінде
тұрып оқыдым. Қалқа Жапсарбаев атамыз өлең жазатын, үйге ылғи

кісілер келеді, түнде келеді. Шығарған өлеңдерін, поэмаларын жазып
алады ғой. Бірде үйде келіні босанып жатты. Қарындасы болса кәрі
кісі, мен 5– класс оқып жүрген кезім. Түн ішінде ата жүгіріп келеді.
Жүрші, Ұлтай, жүре қойшы. Ұлтай, кісілер келіп қалды, сен тамақ

жасап жіберші дейді. Сонда мен тамағын жасап, шайын қайнатып бе-
ремін.

– Соғыс жылдары және соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда-

ғы тұрмыс-тіршілікті сипаттап берсеңіз, қандай қиындықтар
болды?

– Біз қиыншылықты көп көрдік, әке-шешем 40-шы жылдары, 1948,

1949, 1950 жылдары малда болды. Кішкентай қыз болдық ғой ол

159

кезде. Сонда шешеммен бірге жүріп қой қосақтаймыз, қой бағамыз.
Сонда қойды қосақтап, қозысынан айырып, 1 қосақты мен сауып шы-
ғамын. Онда мен кішкентаймын. Шелекті беріп сау дейді, өздерінің
жандары қиналады ғой. Солдаттарға тамақ керек деп, сүт өткіземіз.

Сол 1948-50-ші жылдары кішкентай қыз болсақ та, біздерді жұмыс-
қа салды ғой. Сондықтан мен оқуға кеш,1952 жылы бардым. Жеңіс
деген агент болған, Зейнеп деген апамыз да, фамилиясын ұмытып
қалдым, агент болған. Олар әр үйден 20 кг май, 120 жұмыртқа, 20 кг

ет алады. Сонда адамдар өздері жемей, жұмыртқаны, майды жинап
өткізуге тиісті агентке жылына бір рет соны өткізеді.

– Ол міндеттер кедейленген халық үшін ауыр тиген шығар?

– Енді кейбіреулері шамасы жетпей өткізе алмай қалады ғой, өткі-

зе алмай қалған уақытта үйдегі ескі көрпелерімізді алып кетеді, ол
уақытта дүние жоқ ғой. Жаңағы айтқан себепті келіп жаман көрпе-
лерімізді алып жерге жатқызып кетеді. Жамылатын түк жоқ. Тақыр
жерге тастап кетеді. Сендер май өткізбедіңдер, ет өткізбедіңдер, жұ-

мыртқа өткізбедіңдер деп. Сонда жұмыртқаны жемей жинаймыз, інім
екеуміз. Шешем айтады, Зейнеп апамыз еркек кісідей боқтайды деп.
Орысша боқтайды екен. «Ана қызыңды жібер, үйімді жинап қойсын.
Кісілер келеді, үлкен органдардан келеді» дейді. Мен барып үйін жи-

нап беремін. Нанын жайып беремін. Ол кезде жер үй ғой әлгі, шатыр
үй жоқ,еденнің орнына лай саламыз ғой. Лай салып жаңғыртып бе-
ремін.
Ол кісі келеді де «ет асып қой» деп тапсырма беріп кетеді. Етін

асып, нанын жайып өзім кетіп қаламын. 4-класс оқимын сол кезде.
Содан етін, бәрін жайнатып жасап, өзім кетіп қаламын.

– Ол үйде қандай дүниелер болып еді, есіңізде ме?

– Ол үйде темір төсек, үстел, шыны вазалар болғаны есімде. Бір

күні шыны вазасын жинап жүріп сындырып алдым. Сыпырып, сыпы-
рып үйдім де, өзім қашып кеттім.

– Яғни балалардың тұрмысы ауыр болған, жастайынан ауыр

еңбек еткен дейсіз ғой. Оған қандай мысалдар бар тағы? Жақсы
көретін ойындарыңыз, жануарларыңыз болды ма?

– Қи жинаймын. Мен өзім кетпен, күректі көп ұстадым. Әкем жал-

ғыз, ұл жоқ. Айтып отырмын ғой, әкеме болысып оқуды да тастап
кеттім. Қи жабамыз, қиды жинаймыз, қойды қоздатамыз, сақпан бас-
талады. Сақпан деген жаңағы қойлар қоздайтын кез. Содан соң сабақ-
ты тастап кеттім. Әлгі агент болған Зейнеп апаның үйінде асыранды

баласы болған Марат деген. Ағасының баласы ма екен, жетім қалған
екен. Менен бір жас үлкен еді, 1941 жылғы, жақсы бала болатын. Ол
әлгі баланы шаруа істемедің деп ұрады, соғады. Ана баланы қатты
ұрады да, «осы Ұлтайды келін қылып аламын» дейді. Құдай сақтай

гөр! Мына кісіге келін болсам, қандай боламын деп қорқамын. Ойбай,

160

керегі жоқ десем, марқұм болып кеткен иманды болғыр Марат:«Ұл-
тай, қашып кетеміз ба» –дейді. Мен: «ойбай, қой» –деймін. Отын жа-
ғып, етін асып қояды,сонда да сол баланы басынан тақтаймен ұрады.
Бала ғой, кейін оны ұмытып ойнап кетеді. Зейнеп апамыз өзі бала

тумаған кісі,баланы қатты ұрады. Марат талай таяқ жеді. Сонан бір
күндері 4-класс оқып жүрген кезім, кейінгі тоқсанда Марат қашып
кетті. Бала қашып кетті, жоқ. Сөйтсе ол товарный поезға жармасып,
қашып кеткен ғой. Ол уақытта поездың артында кондуктор отыратын,

Марат сол кондукторға жылап «мен жетіммін» деген соң көмектесіп,
Жамбыл облысына апарып, оны балалар үйіне өткізеді ғой. Бірақ ана
апамыз оны қоймай жүріп, енді грамотный ғой, хат жазып жан-жақты
іздеп жүріп, әлгі баланы қайтып алып келді.

Менің жақсы көретін көк жал атым болған. Керемет, мен енді ылғи
сонымен жүретінмін. Енді шапқанда, мен өзім атқұлағында ойна-
дым,атпенен өстім ғой. Әкеме көмектесіп қой да қайырдым. Қия тас-
тардан елдер жаяу түссе, мен атпен жүре берем. Бала кезім ғой,елдер

айтатын мынаны қарашы деп. Атым болды, сол атым есімде.
Жалпы, баланы жәбірлеу жиі кездесті, үлкендер ашулы, жандары
қиналады әбден.

– Бала-шағалы болдыңыздар, олар оқу оқыды ма, қайда қазір?

– Асан деген 1963 жылғы балам мектепті алтын медальға бітіріп,

ауылшаруашылығы институтын бітірді. Казір осы төрт-бес облыстар-
дың үстінен қарайтын жұмыста. Бұрын келін екеуі Шортандыда все-
союзный институтта жұмыс жасаған. Одан кейін Көкшетауда істеп
еді,кейін Шымкентке ауыстырды. Қазір Шымкентте тұрып жатыр.

Екі баласы бар, бір немересі бар, үйленді балалары. Айдар деген ба-
лам бар, бензовоз айдады. Онан кейінгі балам мына бақшаның түбін-
де тұрады. Асқар деген балам, трактор айдады, шофер болды. Одан
кейін балам дәу бензовоз айдады. Енді ол уақытта әлгі қысқа оқулар

болушы еді ғой, әлгі өздері оқытатын. Ақша төлегеніміз жоқ, өздері
стипендия алып, оқыды енді. Жоғары оқуға аса көп оқыта алмадық.
Бірақ балалардың бәрі жақсы оқыды. Одан кейін Ақан деген балам
1969 жылғы, ол да армияға барды. Армиядан Сізге осындай бала тәр-

биелегеніңіз үшін алғыс айтамыз деп хат келген. Ондай қуаныштар
да болды. Онан кейін енді бір қызым бар, бес ұлдың ортасында. Қа-
лада тұрады, күйеу баламыз бар, төрт баласы бар.

– Бұл өңірде қант қызылшасы өндірілді ғой, жалпы ауылдың

жағдайы, шаруашылығы, халықтың тұрмысы жайлы әңгімеле-
сеңіз.

– Иә, осы жерге келдік, қызылшада істедік. Қызылшада өмір бойы

істедім. Қыс қызылшада істедім. Жаз алты ай бізде сезонный ғой,
алты ай қызылшада істедім. Алты ай мына складта машинист болып
істедім. Әйтеуір, сөйтіп-сөйтіп, пенсияға шықтым. Енді отырмыз,

161

«Алла» деп. Жұмыс жасадық, іс-шараларға қатысып, колхоздың ор-
тасында жүрдік. Кезінде әжелер ансамбліне қатысқаным бар. Колхоз
жаман болған жоқ, бұл жер жақсы. Бұрын бұл жердің халқы жақсы
тұрды. Нұрмолда Алдабергенов ағамыз осы жерді көтерген. Бала кез-

ден естиміз ғой, бұл Сталин колхозы болған. 1930 жылы құрылған.
Сталин колхозы деген дүрілдеп тұрды ғой. Бұл жерде астық та мол
болды. Нандары мынандай-мынандай, әлгі бөлкелері (үлкендігін қо-
лымен көрсетеді). Елде свет болған жоқ, Алдабергеновте свет бар екен

деп еститінбіз. Біз 1964 жылға дейін Кеңаралда тұрғанда свет көр-
геніміз жоқ. Бір күні әкем базарға барып керегіңді алып кел деп, мені
тәтемізге қосып жіберді. Ол уақытта машина жоқ қой, атпен, баяғы.
Жеңісте тұрамыз өзіміз, әкем малда. Менің 12-13 жастағы бала кезім

ғой деймін. Содан атпен келіп, светі бар үйге қондық. Свет жанып
тұр, қалай деп таңқалып қараймыз. Светті түнгі 12-ге дейін береді
екен. Ал, біздің Мұсабек жақта, Жеңіс жақта бастықтар бірі келіп,
бірі кетеді. Шешелеріміз ертеңнен кешке дейін жұмыс жасады. Менің

асырап алған әкем қызылша салды, ол кезде мен баламын, кішкентай-
мын. Сонда машина жоқ ғой, кешке жақын қызылшаны арбаға тиеп
қояды да, әке-шешем екеуі түнде өгіз арбамен Көксу станциясына ке-
теді. Қант қызылшасы ғой. Өгіз арбамен жүру оңай емес. Кеткен уа-

қытта кешкі салқынмен кетеді. Түнімен ана қызылшаны поезға тиеп,
өткізеді. Тек менің әке-шешем ғана емес, ауылдағылардың бәрі өгіз
арбамен сол жаққа таситын. Мені үйге қамап кетеді, сонда мен жал-
ғыз өзіммін. Кішкентай жер үй ғой үйлер сол кезде, шатырлы үй жоқ.

Қамап кетеді, түнде жалғыз ұйықтап жатам. Ертеңгісін әке-шешем
келіп, есікті өздері ашады. Бір күні қорқып қатты жыладым, сөйтсем
өзімнің туған әкем екен келіп тұрған. Біз көшенің бас жағында тұра-
мыз, ал туған әке-шешем ортасында тұрады. Асырап алған шешем

қызғанып мені ана үйге жібермейтін.
Ауыл адамдары осылай суық күзге дейін қызылша таситын. Адам-
дар сондай еңбекқор болды, ол кісілердің бәрі дүниеден өтті ғой.
Өзімнің шешем де арық қазатұғын, бидай тазалайтын. Ол кезде бәрін

қолмен істейді ғой. Содан міне, мен қой бақтым. Әкеме болыстым,
шешеме болыстым. Мені қатты ұстады. Барлық жағынан асырап ал-
ған шешем үйретіп, тәрбиеледі. Мен осы жолдасыма қосылғаннан
ешқандай опық жемедім. Өзімнің қолымнан да бәрі келетін, шаруа-

ның бәрін істедім.

– Балалық шағыңызда дәрігерлік көмек алдыңыздар ма?

– Ауылда дәрігер болған жоқ ол кезде. Жетіжал совхозында бір

дәрігер келіншек болатын,сол ауылға, әйтеуір, тексеруге келетұғын.
Бірақта мен біздің ауылда тамыршы кісі болды, соған жүгінетінмін.
Баяғыда кішкене кезімде жайлауда аяғымның үзеңгілігінен жылан
шағып алды, орны әлі бар. Апам маған аяғыңды бірдеңе шағып алады

162

деп бәтеңке кигізіп қоятын, сол күні қыздармен ойнап келдім де, аяқ
киімімді шешіп тастаған едім. Қыздармен ойнағанда қымыздық деген
шөп болады, қымыз сияқты дәмі болатын, соны шайнаймыз, рауғаш
сорамыз. Жайлаудың шөптері ғой. Келсем шешем нан пісіріп жатыр

екен, нан сұрадым. Шешем: «Қазір, жауып жатырмын.Сен көрпелерді
таси бер, әкең жұртты жаңалап тігеміз деп отыр»– деді. Көрпе дейтін
көрпеде жоқ, құрақ, жаман көрпелер ғой. Жоқ қой ол кезде, 1952-53
жылдары тіпті жоқ. Сонда көрпені қағып жіберген уақытта жылан

сарт еткізіп аяғымнан,үзеңгілімнен, шағып алды. Жыланды ұйықтап
жатқанда мазалауға болмайды екен ғой. Мүмкін, кім біледі, жазым
ғой. Кешке жақын жаңаламай шешем екеуміз жата салсақ, түнде ша-
ғып алуы да мүмкін бе еді? Содан «ойбай, жылан шағып алды аяғым-

ды» – деп жүгіріп шешеме бардым. Шешем жылап, еңіреп «ойбай,
сені Құдайдан бір, адамнан екі сұрап алып едім. Енді сен өліп қалсаң
қайтем» – деп, басындағы орамалды жыртып жіберіп, ісікті жоғары
жібермеу үшін, аяғымды үш жерінен байлап тастады. Әйтпесе у кетіп

қалады ғой. Мен жылап отырмын. Апам да жылап отыр. Онда Мұса-
бектегі жайлауымызда отырған едік. Кейін апам айтады ғой, елдер:
«жылан шаққан адам тамаққа тоймайды, көзі атысып кетеді,тамақты
көп ішуі керек екен» – деді деп.

– Сол сәтте Сізге ешқандай медициналық көмек көрсетілмеді

ме?

– Боранбай деген ата болған. Ол кісіні санитар дейтін. Бәріне бе-

ретіні тек марганцовка. Ел жиналды. Тұсыма ақ қой мен қара қой
әкеліп байлап қойды. Ақ қой, қара қой жыланды оқиды деген сенім
ғой, енді. Ертеңіне есімді білмей талып қалыппын. Апам жылаған
«алатын болсаң, мені ал, бұны алма» –деп, ал асырап алған әкем мой-

нына көгеннің бұршағын салып алыпты.
Әкемнің басында кішкене жарығы болған, басында шашы түсіп
қалған еді. Сонда апам, марқұм қызық кісі еді, әкеме:«Әй, қу таз, бо-
сағаңда балалар өле беруші еді (мені асырап алған үлкен үйдің ба-

лалары бұрынырақта 13-14 жастарында өле берген екен, тірі қалған
мені асырап алған әкем ғана екен), мынау да өлейін деп жатыр» де-
ген екен. Сонда әкем қолтығына тігіп алып жүретін апиыннан маған
тарыдайын езіп береді. Оны Аманбай деген ағамыз болған, ол кезде

ол кісі бойдақ еді, бір ел боламыз, сол кісі келіп айтқан ғой. Оянып
есімді жисам, үйде адамдар толып отыр, жылап отыр. Есімді жия са-
лып көргенім, әкем мойнына бұршағын салып кіріп келе жатыр екен.
Жыланның уы жоғары жайылып кетпеуі үшін, аяқты байлап таста-

ған. Аяғым күп болып істі. Амалбек дейтін көрші ағамыз пышақпен
тіліп, міне орны бар (көрсетеді), осы жеріне апиынды жабыстырып
байлап қойды. Марганцовканы құйып жатыр, қанша езу керек екенін,
мөлшерін білмейді ғой ол кезде, қып-қызыл қылып салады. Содан ая-

163

ғымның бір қабат терісі түсіп қалған. Содан апам (асырап алған ше-
шем) «іш деймін, өліп қалма деймін» деп ылғи майлы тамақ береді.
Сөйтіп жүріп жазылып кеттім. Содан ба, әлі күнге дейін жыланнан
қорқамын.

Одан кейін 13 жасымда бір ауырдым, доктор жоқ ғой онда, тексеру
де жоқ аса. Күзде, сабақтан келген кезім ба, безгек ұқсап бір ауырдым.
Дәрі жоқ. Селкілдеп жатырмын ауырып. Күзді күнгі түн суық. От жа-
ғып қойды, қазан асып қойды. Асырап алған әкемде апиын бар ғой,

апиынды төске байлап жүрсе төске, құрт-құмырсқа жоламайды екен
ғой. Жылан жоламайды екен. Шешем мені өліп қала ма деп қорқып,
тағы жылайды. Әкем бұл жолы да тарыдай ғана апиын езіп ішкізіп,
ыстық сорпа беріп жатқызып тастайды. Содан қатып ұйықтап қалып-

пын. Ертеңгісін денем су боп терлеп, көзім кіртиіп тұрдым. Тұрсам
әкем кіріп келе жатыр екен, Алладан менің амандығымды сұрап, мо-
йынына тағы бұршақ салып алыпты.

– Көрші ауылдан келетін әйел дәрігер қай жылдан бастап тексе-

ре бастады, Сіз қаншаға келгенен бастап?

– Ол кісі 1953 жылдан бастап тексерді ғой. Келіп тексеріп, жазып

кетеді, әйтеуір. Анда-мында дәрісі болса болады, болмаса болмай-
ды. Дәрі де жоқ заман еді. Аспирин, анальгинді де білмейміз. Бала
кезімізде дәрі ішіп көрмедік біз. Біз дәрі ішкеніміз жоқ. Біздің жақта
бужусан деген өсіп тұрады. Жөтелсең, бужусанның басын кесіп әкеп

қайнатып беретін. Біз соны ішетінбіз, содан жөтеліміз сап қояды. Со-
дан енді қызығын айтайын, кішкене кезімде 5-6 жасымда ғой деймін,
менің басым сұмдық ірің аққан жара болды. Елдер жұғып кетеді деп,
балаларын маған қоспайтын болды. Ешкім менімен ойнамай қойды.

Содан өз шешем асырап алған шешеме қара қойдың нәжісімен жу
дейді. Шешем жуғанда екі аяғының арасына қысып алады. Шырыл-
дап жылаймын, басыма орамал тартып қояды, ол жабысып қалады.
Бәдік өлең айтқызып та емдетті. Біздің көшенің аяқ жағында тұратын

бір әжеміз бар еді, ақ орамал жауып қойып,сол кісіні әкеліп бәдік өлең
айтқызатын. Одан да қойған жоқ бұл басым. Қолданбаған емдері қал-
мады. Күл жақ десе, күл жағады. Топырақ жақ десе, топырақ жағады.
Бір күндері ауылға тамыр ұстайтын бақсы келіпті деді, өз әкем. Ол

кезде өз әкем тірі еді, 1952 жылы қайтыс болды. Асырап алған шешем
алып келді де менің тамырымды ұстатты. Тамырымды ұстап отырып,
басымдағы жарамды «түйе қотыр» екен деді. Өз әкеме қой сойды-
рып, оның төстігіне күкірт сеуіп беріпті. Мынау 15 күн ашиды, сосын

қуырып, қуырдағын балаға жегізіп, майын басына жақ деп кетіпті,
тамыршы. Баламын ғой, ана төсті ашыды ма деп барып тұрам. Сосын
ақыры қазанға қуырып жіберіп, әлгінің қуырдағын жегізді. Күкірттің
иісі сасық болады екен. Сол тамыршының айтқаны бойынша ем жа-

сады, содан жазылып кеттім. Бұрынғы емшілер бәрін білген.

164

Кейін де шошынып, ұшынып ауырғанда тек ел ішіндегі емшілерден
жазылып жүрдім. Дәрігерге қазір ғой қаралып жүргеніміз.

– Сіздің бала кезіңіз бен жастық шағыңызда тұрғындардың

күнделікті тұрмысы мен әдеттері қандай еді? Бос уақытын қалай
өткізетін еді?

– Адамдар шылым шегетін. Мәселен, соғысқа барып келгендердің

жүйкесі ауырады ғой. Менің әкем шылымды көп тартты. Темекіні ба-
зардан сатып алатынбыз. Махорканы базардан қаппен әкеліп қоямыз.
Қолдан орап тартады ғой. Әкем қойдан келеді, маған айтады махор-
каны тұтатып берші дейді, шаршап келеді ғой. Мына қағазды жыр-

тып жіберіп,тұтату үшін өзім бір-екі сорып, апарып беремін. Күйеуге
кеткенше солай істедім, тіпті кейде сорып алған түтінді мұрыным-
нан шығаратынмын. Шешем: «Ой, құдай, мұрныңды құрт жегір қу
таз, мына қызды шылымға үйрететін болдың» деп ұрсатын. Мен одан

темекіге үйренген жоқпын. Кейбіреулер сондайдан үйреніп те кетеді
екен. Бос уақыт деген ол кезде жыл мезгіліне байланысты. Қыста
қыстауда боламыз ғой, қазіргідей телевизор жоқ, кітап оқимыз, қисса
оқимыз. Кешке жақын тамақ ішіп болғасын «Қыз-Жібек», «Алпамыс

батыр» туралы кітаптарды оқып берем.

– Май шаммен оқып бересіз ба? Кітапты қайдан аласыз?

– Май шаммен оқып беремін. Кітапты бір бауырым болған сол

алып келетін. Менен басқа ешкім жоқ, отырады, уақыт өтпейді. Со-
дан әкем өзімен бірге карта ойнатып, былай бас, былай бас деп мені
карта ойнауға үйретті. Мен карта ойнағыш болып кеттім. Шешем ұр-
сады, бәрібір ойнағым келіп тұратын.

Күйеуге тигеннен кейін күйеуім, Оңғар деген қайным, мен үшеуміз
карта ойнап отыр едік, картаны дұрыс баспадың деп күйеуім қайным-
ды сабап тастады. Мен келін болып өз енемнің емес, нағашы енемнің
(енемнің шешесінің) қолына түскенмін. Оңғардың шешесі осы кісінің

қызы (өз енемнің сіңлісі) болатын, баладан қайтыс болған. Содан
Оңғар осы үйде (нағашыларының қолында) еді. Күйеуім қайнымды
ұрып тастағаннан кейін нағашы енем маған карта ойнадың деп қатты
ренжіді. Содан кейін картаға жоламайтын болып кеттім. Ойна десе де

ойнамайтын болдым.

– Сіз тұрмысқа шыққанда қалың мал берді ма? Жасау берді ма?

Қандай ырымдар жасалды?

– Қалың мал берді. Бірақ өзімнің асырап алған әкем қалың мал сұ-

рамады, балам бақытты болса, жыламаса болды деді. Жүгімді екі ар-
баға тиеп келдік. Ол кезде арба да тапшы кез болатын. Күйеуім екі
ақ боз ат жегіп келіп, мені алып кеткен. Жасауыма темір төсек, боя-
ма түс киіз, бес-алты көрпе, текемет, алаша, самаурын, ақ бәтестен

кестелеп тігілген терезе, есік перделер, төсектің аяқ жағына бізбен
тоқыған шілтер т.б. сондай заттар берді. Арбада шешем бар, жүгім

165

бар, келе жатырмыз. Мені алып келе жатқанда алдымыздан екі абы-
сыным ақ шымылдық алып шықты. Бұрынғы уақытта бір бөлмеде
жатамыз ғой, сондықтан шымылдық құрып қоятын. Нағашы енем ақ
шымылдық ұстатыпты. Сонан кейін бір тәтеміз шықты алдымыздан,

бір апа шықты, кәрі кісі, Рахия апа деген. «Бисмиллә», келіннің бетін
кім ашса, сол ыстық деп, бетімнен сүйіп, арбадан түсіріп алды. Отқа
май құйып жатыр, қазан тұр екен кіре берісте. Қазақи үй ғой, баяғы.
Қарағым, келін-ау, мына үйге кір, сәлем жасап кір деп, сәлем жасат-

ты. Сәлем жасап үйге кіргізіп,абысындарым шымылдықты құрып
жіберді. Енем, келінім жұмсақ болсын деп, қалың, биік етіп көрпе
тігіп қойыпты, соған отырғызды. Мені көруге ана ауылдың жастары,
қыздар келіп жатыр, үйге сыймай жатыр. Келін боп отырмын ғой,

өзім жаспын. Қазір ойлаймын, сол кезде неге қарсы болмадым екен
деп. Шешем айтатын, егер менің рұқсатымсыз қашып кетсең, теріс
батамды берем, құдаларыңды қарсы алмаймын. Менің өгей атым бар,
сені асырап алғанмын. Сен қашып кетсең, мені күн көрсетпеді, қатал

болды, ұрды-соқты деп ел сөз қылады дейтін, жарықтық.
Кейін Несіпбала апам (асырап алған шешем) осы 1976 жылы кен-
же баламды туғанымда бір қойын сойып алып келді. Сол келгенінде
айтады: «Ұлтажан, сен киелісің. Сен маған шай да қайнатып бердің,

бәрін де жасап бердің. Мен сені ұрдым да, сені соқтым да, жәбірледім
де. Сен менің бетіме де қарамадың. Сенің әкең ақ атқа мініп, дәретін
алып сені жалғыз бала, әулиенің басына алып жүр дегенде (асырап
алған әкем де діндар, нәресте кезімде мен ауырып қалған кезде мы-

наны әулиенің басына апарайық, сен де жүр, депті апама. Несіпбала
апамның еріп келген жалғыз баласы сол кезде соғысқа кетті ғой) мен
бармап едім. «Қойшы әрі, қу таз, бара бер өзің. Осы соқыр қыз қашан
маған «апа-ау» деп шай қайнатып берер дейсің» –деп едім. Сонда

сенімен барсам, сенімен бірге тілесем, жалғыз балам аман келерме
еді соғыстан» деді. Мені «соқыр қыз» деуінің себебі, асырап алып
келген кезде ауырып көзімді ашпаған екенмін. Қара жер хабар айтып
бармасын, «сені алып едім, өз жолым болмады, балам келген жоқ»

деп мені ұратын, ұрсатын еді. Содан қойды қайырып жүріп те «апам-
ның баласы келсе екен деп» деп жылайтын едім. Жатсам да, келсе
екен деп тілейтін едім. Бір күні түсімде ағамды (апамның баласын)
іздеп әскери адамдарға барып, менің Хамза деген бауырым болып еді,

соғысқа кетіп еді деп сұрастырып жүріп, архивтен іздеп жатып оянып
кетіппін. Сол, келген жоқ ғой, мінекей.

– Сізді ұзатқан кезде дастархан жайылды ғой, дастарханның

үстінде қандай тағамдар болды?

– Дастарханның үстінде құрт-ірімшік, бауырсақ. Ол уақытта ша-

шып жіберіп дастарханды жерге жасайды ғой. Құртты, ірімшік, сары
майды қояды. Қант, тәтті аз-ақ болды ол кезде. Қант болғанда шақ-

166

пақ қант қой. Несіпбала апам ұқыпты кісі болған. Жайлауға барғанда
қойды сауып, сүтінен сап-сары қылып ірімшік қайнатамыз. Ірімшікті
алғаннан кейін суы қалады ғой, қайнатып сығып-сығып аламыз, ол
қант сияқты болады. Сығып, кептіріп, шай ішсең аузыңның дәмі бал-

дай болады. Құрт жаямыз, дәу құрт. Дәу сандығы бар апамның, сол
сандыққа қойдың сары майын тұздап салып аламыз. Сары май қан-
дай, қойдың құрты қандай! Қойдың уызын қатырады апам. Бүйенге
уызды қатырып, сүр етті асып кояды. Уыз бен сүр етті жесең, тоймай-

сың. Ол кезде бала кезіміз ғой, наурыз көже береді.

– Мейрамдар мен басқа ғұрыптық жоралғылар қалай атқарыл-

ды?

– Наурыз мейрамында көжені барлық үй басы беретін. Сопақ астау,

кішкене астау соған құйып береді.
Апам кешке жақын қайтыс болған, жаңағы нағашы енем жуынды-
рып, оң жаққа қойдық. Есіктің алдында Мейіз апа деген болған жа-
рықтық, кәрі кісі еді, сол кісі таба нанын, сары майын, шақпақ қан-

тын, шайын шығарып, самаурынмен шай алып келді. Содан мәйіт
шыққанша 3 күнге дейін тамақ астырмады. Үш күнге дейін тамақ
астырмайды, сондай салт болды. Сонда апамды шығарарда бір қой
сойдық та, ертеңіне «үшін» беріп, шығарып салдық. Елдің бәрі тамақ

әкелді. Кімнің үйінде бір асым еті, бар соны асып, алып келеді. Үйден
от жағып тамақ астырған жоқ. Апам ауырып жатқан кезде 25 жастағы
Естай деген жігіт қайтыс болды, «ақ қан» ауруы деді. Әке, шешесі,
екі баласы мен келіншегі қалды. Сонда нағашы енеміз бір қойды сой-

ғызып, маған етін асқызып, нанын, жаймасын түгел салып, сорпасын
құйып әлгі үйге тамақ алып бардық. Бұрында адам қайтқан үйден та-
мақ астырмайтын. Қаралы үйде тамақ ішуге болмайды дейтін, шырақ
жағып қоятын.

Кейін біз осы жерге көшіп келгенен кейін 1970 жылы қызым қай-
тыс болды. Осы жерде ұйғырлар көп болды. Татарлар көп болды. Қа-
зақтар да болды, немістер аз-ақ болды. Бір-екі қазақ, мына үйде апа-
мыз болды. Сонда менің қызым қайтыс болғанда да тамақ астырған

жоқ. Есіктің алдында татар көршім болды. Олар палауын пісіріп алып
келіп жатты. Кімнің үйінде не бар, ол таңдамайды. Ана жерде ұйғыр
апамыз бар еді. Ет, жуа қосқан орама нанын пісіріп алып келді. Тамақ
әкеліп тұрмыз, мынадан ауыз тиіңдер, ішіңдер дейді, шай, тамақ алып

келгендер. Мына үйдегі апамыз қазы-қартасымен ет асып алып келді.
Сол жылдар осындай салттың соңы болды ғой деймін. Содан кейін
ешкім тамақ әкелмейтін болды, ақша апаратын болды.

– Халық сол кезде де дәстүрін, сенімдерін сақтап отырды ма?

Өзіңіз қазір дінді ұстанасыз ба?

– Иә, көбі сақталды. Казір осы кезде емшілер шығып жатыр ғой

енді. Емшілерге көп бардым мен өз басым. Талай адамдардың алдына

167

барсам сізде қасиет бар деп жібереді. Осы жерде бір жас жігіт шық-
ты, соған бардым, сонда аталардың басына барып Құран бағышта-
дық. Содан Түркістанға екі бардым. Әулие аталарға бардым. Тәуба
деп айтайын.

Баланы бесікке бөлегенде ер бала болса, ноқтасыз, жүгенсіз өсті де-
месін деп еркек балаға жүген, ноқта қоятын. Қамшы қоятын, қамшы
тұрған жерде жын-шайтан жоламайды. Үлкен кісінің 80-ге, 90-ға кел-
ген, намаз оқитын шалдардың ішігін әкеліп жауып қоятын. Қызға

айна қоятын, айнаға қарап жүрсін, шашын тарап жүрсін деп тарақ
қоятын. Ізетті болсын, инабатты болсын деп қызға да тілек айтатын.
Кішкентай баланы суға түсіргенде қол-аяғын созып шешем: «Құдай-
дың құлымын де, Мұхамбеттің үмбетімін де» – деп үш рет айтатын.

Тәуба де, осы өмірге келдім, алдым жарық деп шешем тілек айтатұ-
ғын.

– Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет.

Сұхбатты жүргізген: Болатхан Ә.
Өңдеген: Нұртазина Н.Д.

168

Қалабек Тастанбаевпен сұхбат

– Өзіңіздің аты-жөніңізді, туған жылыңыз, туған жеріңіз тура-

лы толық айтсаңыз.

– Аты-жөнім Тастанбаев Қалабек Тастанбайұлы.Алматы облысы,

Ескелді ауданының Еңбек ауылында 1948 жылы туылғанмын.

– Жалпы өзіңіздің отбасыңыз, ата-анаңыздың, бауырларыңыз-

дың аты-жөні, туған жерлері.

– Бәріміздің туған жеріміз осы Ескелді ауданы. Осы жерде туғанбыз,

ата-аналарымыз да солай. Ол кісілер өмірден ертеректе өтіп кетті.
Әкемнің аты-жөні Тастанбай Жансеңгіров, ауылдық советтің хатшы-
сы болған. Төте жазуды білген, соғыстың алдындағы жылдары ондай
білімі барлар сауатты адамның қатарына жатқызылды ғой. Әкем 1908

жылы туылған еді, 63 жасында қайтыс болды. Шешемнің аты-жөні
Жансеңгірова Рәпіш, 1924 жылғы болатын, 2004 жылы қайтыс бол-
ды. Бірге туған бауырдан бір апайым бар, Нұрқалбаева (жолдасының
тегімен) Нағима деген. Жездем бар Нұрқалбаев Құлтай, тарихшы. Ол

кісінің зерттеу шығармалары, өте бай кітаптар қоры бар. Үйінде үл-
кен 2 бөлме кітапқа толып тұр, оның құндылығын да, құнын да, ба-
ғасын да біледі. Таза тарихи кітаптарды жинайды. Өзінің мамандығы
библиограф, мәдениет саласында істеген. Зерттейтіні бір-ақ сала – та-

рих, басқа ештеңемен айналыспайды.
Талдықорған қаласында тұрады.

– Мектепте қай жерде оқыдыңыз, қандай оқу орнын бітірдіңіз?

– Талдықорған қаласында мектеп-интернатта оқыдым. Одан кейін

балалық шағымда мал дәрігерлік техникумға оқуға түстім. Менің екі
жоғары білімім бар: біреуі – мал дәрігерлік, екіншісі – саясаттанушы.

– Мал дәрігерлігін қай жоғарғы оқу орнында бітірдіңіз, осы

біздің Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ма?

– Иә, бірақ ол кезде Алматы мал дәрігерлер институты жанындағы

зоотехникалық мал дәрігерлер институты деп аталатын. Ал саясатта-
нушы мамандығын Алматыдағы жоғарғы партия мемлекеттік инсти-
тутынан алдым.

– Мамандығыңыз бойынша қызмет жасадыңыз ба?

– Ертеректе мал дәрігерлік қызмет атқардым, одан кейін 1991 жылы

партия тарағанға дейін партия қызметінде болдым. Одан кейін Көк-
суда мал бордақылау шаруашылығының директоры болдым. Содан
кейін қант зауытының директоры болдым. Кейін 1999 жылдан мем-
лекеттік қызметте жүрдім. Қазір Ескелді ауданында аудандық мәсли-

хаттың хатшысымын.Негізгі еңбек жолым осы Алматы облысында
ғой. Талдықорған облысының Сарқан және Көксу аудандарында, об-
лыс орталығында қызмет атқардым. Мен Көксу ауданында қызмет
істедім, облыс орталығында істедім қызмет.

169

– Өзіңіздің еңбек жолыңыз туралы айта отырсаңыз дұрыс бо-

лар еді.

– 1968 жылы техникум тамамдағаннан кейін Сарқан ауданындағы

халық арасында «Черкасская оборона» деп аталып кеткен Черкасск
селосына жұмысқа бардық. Бір жыл қызмет істеген соң ауылға қайт-
тық.
Н.Алдабергенов атамызбен Еңбек Ері атағын қатар алып, бірге қыз-

мет істеген Әбдіқадыр Дайыров деген атамыздың алдынан тәрбие
көрдім, сол кісіге жұмысқа тұрдым. 1969 жылы жұт жылы болатын,
ауыл шаруашылығында, соның ішінде мал шаруашылығының жағда-
йы қиын болды. Еңбектің не бір сынынан өттік. Бір малшы-шопанға

көмекші қылып жіберді.
Содан наурыздың 14-де Қазақ ССР Жоғарғы Советінде сайлау бол-
ды. Депутаттарды сайлауға «Заря коммунизма» деген ауылға барып
дауыс бердік. Силакова Мария деген қызылшаның звено жетекшісін

депутаттыққа ұсынып, дауыс бердік. Бұл менің жоғарғы сайлауда
бірінші рет дауыс беруім еді. Шопанның көмекшілігімен келгеннен
кейін мамандығым бойынша қызметке қойды. Сол ауылда 1978 жыл-
ға дейін қызмет атқардым, арасында аудандық мал дәрігерлік стан-

циясында жұмыс істей жүріп, негізгі мамандығым бойынша сырттай
оқып институт бітірдім. 1978 жылдан партия қызметіне ауысып, ау-
дандық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі болып
қызмет атқардым. 1983 жылы осы қазір өзіміз отырған Н.Алдабер-

генов ауылында партия комитетінің хатшысы болдым. Осыдан кейін
бір жыл, бір ай бойы осы ауылда қызмет істедім. Комсомол, партия-
ның жетекшілік қызметі деген тақырыппен облыстық партия коми-
тетінің бюросында есебімізді тыңдады. Сонда облыстың басшылары-

ның назарына түсіп қалсам керек, ертеңіне шақырып алды да қазақ
тілінде жазу жаза аласыз ба, баяндама жасай аласыз ба деп сұрады.
Содан бастап 1986 жылдың қараша айына дейін облыстық партия ко-
митетінде қызмет атқардым. Бұдан соң Сарқант ауданындағы партия

ұйымының екінші хатшысы қызметіне сайландым.
Партия тараған соң, ол жылдары облыстың әкімі (онда әкім демейтін
«глава» дейтін) Сағынбек Тұрмысов деген азамат болатын, сол кісінің
шешімімен 1991 ж. қыркүйекте мен көрші Көксу ауданының (онда

Киров ауданы деп аталатын) мал бордақылайтын совхозына директор
болып тағайындалдым.Көксу қант зауыты мен мал бордақылайтын
шаруашылыққа, яғни екі мекемеге бірдей директор болып қызмет
атқарып жүрдім. 1992 жылы Көксу қант зауыты акционерлік қоғам

болып құрылды. Осы кездеРеспубликамыздың басшылары да ауысып
жатты. Сосын бір себептермен қызметті өткізіп, Ескелді ауданының
әкіміне орынбасар болып келдім. Сонымен 2003 жылға дейін әкімнің

170

орынбасары қызметін атқардым. Одан кейін 2003 жылдан бері, қазір
міне 10 жыл болды, аудандық мәслихаттың хатшысымын.
Қысқаша айтылған еңбек жолым – осындай. Өмірде үлкен-үлкен аға-
лармен қызметтес болдым. Жетісу өңірінің, Қазақстанның ең атақты

адамдарының бірі – Нұрмолда Алдабергенов атамызды көзі тірісінде
көрдім. 1964 жылы Талдықорғанда емханада, көптің ішінде кезігіп
қалдым. Ол атамыздың басшылықтан, биліктен кетіп, сағы сыныңқы-
рап жүрген кезі еді. Сондай бір кеуделі, маңдайы жарқыраған, екпінді

кісі екендігі көрініп тұрды. Кейін мына жерге келіп қызмет істеген-
де ол кісінің еңбек жолын, атқарған істерінің, жақсы қасиеттерінің
бәрін өзіміздің алдымыздағы үлкен кісілерден естідік. Бұл кісі таза
еңбегімен, халықты ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленген

адам екен. Ол кезсоғыстан кейінгі халық шаруашылығын орнына
келтіру кезеңі ғой. 1948 жылы осы ауылдың «19 геройының» 9-ына
Еңбек Ері деген атақ алып берген. Одан кейінгісі 1949 жылы, 1950
жылы, одан беріде алғандар. Мені де, басқаларды да жұмысқа ын-

таландырып жүрген сондай ағаларымыздың еңбектегі өнегелі өмірі.
Мен осы ауылға партком хатшысы болып келгенде, 6-7 Еңбек Ері
апаларымыз бен аталарымыздың көзі тірі болатын. «Жаңалық» ауы-
лынан Еңбек Ері атағын алған Асанбаев Базарбай деген атамызбен

әңгімелескенмін. Ол кісі осы жердің халқын отырықшылыққа көші-
ру жолындағы Ораз Жандосовтың еңбегі туралы айтып берген еді.
1930 жылдары қазақтарды отырықшылыққа көндіре алмаған үкімет
халықтың малын тартып алып, ашаршылыққа ұшыратқаны белгілі

ғой. Сонда жаңағы Асанбаев Базарбай ағамыздан естігенім, 30-жыл-
дары осы жерге қасында әскерлері бар Ораз Жандосов келіп «орыс-
тарға, казактарға 24 сағаттың ішінде үйлеріңді босатып, жолдың арғы
бетіне көшесіңдер» деп, оларды кәдімгідей күштеп көшірген. Сосын

киіз үйде көшіп жүрген адамдарды әкеліп, жаңағы орыстардың үйі-
не орналастырады. Орыс, казактардың үйлері әктелген, пештері бар,
есігінің алдында алма ағаштары өсіп, бау-бақшалары жайнап тұр-
ған. Қазақтарды 24 сағаттың ішінде сол үйлерге орналастырған ғой.

Сонда біздің ағайындар түнде аналар бізге залал істеп кете ме деп ол
үйлерге кіруге қорқады екен. Көрші Бақтыбай ауылында да сондай
болған екен.
Сонымен бірге Асанбаев Базарбай осы өңірге қант қызылшасының

келу тарихын айтып берді.
Алматы облысындағы осы Көксудағы қант зауыты мен Жамбыл
облысында Меркідегі қант зауыты 1934 жылы салынған. Көксу қант
зауытын іске қосу үшін бір жетіспейтін құрылғысын сол кезде пар-

тияның қолбасшыларының бірі болған Кировтың өзі алып келген.
Содан кейін зауыт іске қосылып, аудан мен колхозға Кировтың аты

171

берілген. Ауданның аты тәуелсіздік алғанға дейін «Киров» болып
тұрды да, кейін Балпық би атамыздың аты берілді.
Алғашқы кезде химикаттар жоқ, егістікті зиянкестерден арылту жұ-
мыстарының бәрі қол күшіменен атқарылған. Жерді 7-8 гектардан,

1-2 гектардан бөліп берген, сол жерлердің өнімін өздері өндіріп, күз-
де арбаға тиеп, тасымалдап өткізген ғой. Аудандағы 33 Социалистік
Еңбек Ерлерінің басым көпшілігі, 20-дан астамы осы қант қызыл-
шасында жұмыс істегендер. 5-6 адам шопандар болса, қалғандары

басқа жұмыстар істегендер. Қант қызылшасы Жетісудың төл дақылы
болғандықтан батырлар осы саладан көп шыққан. Жетісу өңірінің
қант қызылшасының тарихы сондай.
Ауданымыздан Еңбек Ерлерімен қоса көп жылдар бойы Қазақ ССР-

інің Мәдениет министрі болған Жексенбек Еркінбеков пен Академик
Еділ Ерғожин бастаған көптеген ғалымдар шықты.
Екінші әңгімем: Нұрмолда Алдабергеновке қызметтен шеттетілген-
нен кейін қазіргі өзінің мүрдесі жатқан Мұқыры ауылынан қайтадан

қызмет беріп, колхоз басшысы болады ғой. Сонда артта қалған ша-
руашылықты тез арада түлетіп, күре жолдың екі жағына сәнді үй-
лер түсірген. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы жақсарып,
тәртіп түзелген, мәдени деңгейлері көтерілген.

Есіме түсіп отырғаны, осы ауылда партия комитетінің хатшысы
қызметінде жүргенімде, бұрын да, Дінмұхамед Қонаевты көрген едім.
Қазіргі басшылардай жанында көп адам жүрмейді, машинасының ал-
дында бір МАИ машинасы жүрді, болды. Ауылдағы жүгері алқабын

көруге келген. Жүгерінің ұзындығы төрт метрден биік болып өсті. Ол
кісінің өте мәдениетті адам екенін білетінмін.Үнемі інішек, сіз деп
сөйлейтін. Сол келгенінде 20-30 метрдей жүреді де«қарағым, мына
жүрек кішкене сыр беріп жүр, Зухра Шариповнаның өмірден өткенін

естіп жатсыздар ғой. Емделіп жүрмін» деген еді. Қасында дәрігері
болды. Сол кездесуде қазіргі заман біздің көркейетін, өсетін, өнетін
заманымыз деп сондай жақсы, көтеріңкі көңіл-күйде әңгіме айтып
еді.

– Жұбайыңызбен қалай таныстыңыз, қашан отбасын құрды-

ңыз? Балаларыңыз туралы не айтар едіңіз?

– Жұбайымның аты-жөні – Аязбаева Ғалия Аязбайқызы. 1970 жылы

политехникалық институттың энергетика факультетін бітіріп, Тал-
дықорған қаласында құрылысы басталған партияның 25-ші дерек-
тивалық құрылыс деп аталатын аккумулятор заводына жолдамамен
келген екен. Әкемнің інісі Семей облысының Шұбартау ауданының

қызына үйленген еді, сол кісі жұбайымның апайлары болып келеді
екен. Бір күні жаңағы әкемнің інісінің әйелі институт бітірген сіңлісі-
мен үйге келіп отыр екен, таныстық. Таныстықтың нәтижесі – Жетісу
ауылында 1972 жылы отбасын құрадық. Осылайша, менің қасымда

172

қанша жыл бірге жүріп келе жатыр. Негізгі мамандығы бойынша жұ-
мысы менің қызметіме байланысты болды. Мен барған жерде қандай
қызмет болады, соны атқарып жүрді.
Үш баламыз бар, олардан жеті немере көрдік. Балаларымыздың үл-

кені– Сәкен Тастанбаев, 1973 жылғы, қызымыз – Толқын 1975 жылы
туған, кенжеміз – Сәбит 1978 жылғы. Үшеуі де жоғары білімді.Үл-
кен ұлым Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет істейді, Астанада
тұрады. Қызым – мұғалім, Текеліде. Кіші баламыз елшілікте істейді,

Германияда. Қазақстанның Германиядағы елшілік қызметінде. Иран-
да болды. Үшеуінің де туған жерлері Жетісу ауылы.

– Қарабұлаққа қашан көшіп келдіңіздер?

– Қарабұлаққа біз 2003 жылы көшіп келдік. Оның алдында қызмет

бабына байланысты Көксуда, Сарқантта, Талдықорғанда тұрдық.

– Жеке бас жетістіктеріңіз бар ма, марапаттар, құрметті атағы-

ңыз?

– Президенттің жарлығымен берілген парламенттің 10 жылдығы,

тәуелсіздіктің 15 жылдығы, конституцияның 15 жылдығына арнал-
ған 3-4 медалім бар. Мерекелік медальдарым да бар, Ескелді ауданы-
ның құрметті азаматы, ірілі-ұсақты жетістіктер.

– Кеңес үкіметі кезіндегі еңбек пен қазіргі кездегі еңбектің ма-

ғынасы өзгерді ме?

– Түпкі мағынасы өзгерген жоқ. Бұрын үкімет тарапынан мадақ-

тап, марапаттап, еңбекке сонымен ынталандырып отырса, қазір ең-
бекті нарық ынталандырып отыр. «Есектің артын жусаң да, мал тап»
дейді ғой, сол заман қазір. Ал енді кәсіби мамандығына сай жұмысқа
орналасқандар ол жұмысынан айрылып қалмауға тырысады. Себебі

нарық заманының талабы басқа. Қазір мына мемлекетімізде шығары-
лып жатқан заңның бәрі адам жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп жатыр.
Біреу жетік меңгереді, біреу жетік меңгермейді. Біреу заңды біледі,
біреу заңды білмейді.

– Кеңестік кезең мен қазіргі кезеңдегі ұлттық сана деген ұғым-

ның айырмашылығы қандай деп ойлайсыз?

– Кеңес үкіметі кезінде ұлттық деген ұғым емес, орыс, әзірбайжан,

қазақ, қырғыз, латыш, т.б. – бәріміз бір Кеңес одағының азаматымыз
деген ұғыммен «Советские народы», «Кеңес халқы» деп тәрбиеледі,
сондай ұғым қалыптастырды. Бәрімізге мектеп қабырғасында жүр-
генде бүкіл 15 республиканың билерін үйретті, бәріміз бір «универ-

салды» ұлт боламыз деген сияқты ұғым болды. Енді оның жақсы
жерін айтайын, көп өнер білсең, соғұрлым бай боласың, қанша тіл
білсең, соғұрлым бай боласың. Осы ауылға көп ұлтты алып жама-
нынан жирендік, одан қоғам бұзылған жоқ. Қоғам жаманның өзін

апарып тастайды, жақсысы қалды. Мысалы, біздер, біздің заманы-
мыздың адамдары орыс тілін білмесек, нанымызды тауып жей ал-

173

майтындай болдық. Ал қазір ағылшын тілін білу керек, ана тілімізді
білу керек, орыс тілін білу керек, тағы да жапон тілін білу керек, т.б.
Кім қай елдің тілін жақсы білсе, сол елдің мәдениетіне де жол ашады.
Басқа елдің өнеріне де жол ашады. Одан залал жоқ. Мен өзім «Ана

тілі» деген газетті тұрақты түрде оқимын, өзімнің сүйіп оқитын га-
зеттерімнің біреуі. Сонда жақсы мақалалар, шығармалар, тәлім-тәр-
биелік әңгімелер шығады.
Менің ойымша көп ұлтты облыс болып, көп ұлтты аудан болып тұр-

сақ, ұлттың өзінің дәрежесін көтере түседі деп ойлаймын.
Ал, енді, салт-дәстүрді, әдет-ғұрып сақтау– ол әрбір отбасының
өзінен басталады ғой. Әрине, кеңестік дәуірде көптеген шектеулер
болды. Жаназа шығарып жатса, шетке барып тұратынбыз. Марқұм-

дардың басына қорған соқса, сүндетке отырғызса, тасаттық беріп
жатса, жазалады. Шетелге жібермейтін, ол жақтың жақсысын көрсең,
көрдім деп айтпа, көрдім деп келсе, таң қалма деп ұрсып жүретін еді.
Шет мемлекеттің жағдайы жақсы, біздікі жаман деп айтып келмеңдер

дейтін. Талай-талай ондай да өмірден өттік.
Қазір тәуба дейтін жағдай, кең байтақ жерімізді алып қалған ба-
баларымыздың аттарын жаңғыртып, шығарып жатыр. Қай жерге
барасың, қай жерде оқисың өз еркін, ешкім шектеу қоймайды. Бұл

–тәуелсіздіктің арқасы. Сондықтан келешек заман бұдан да жақсы

болады деп ойлаймын. Білімге деген құштарлық, білім деген еңбек
қой ол да.

– Қазір үлкен кісілермен сұхбаттаса қалсам, кеңес үкіметі кезін-

де жақсы еді деп аңсап жатады. Сіздің көңіліңізге қайсысы жа-
қын? Тәуелсіз Қазақстан ба, әлде Кеңестік кезең ба?

– Мен Тәуелсіз Қазақстанды таңдар едім, осы кезді. Кеңес үкіметін-

де жақсы болды, жалпы жоққа шығарып, барлығын сызып тастауға
болмайды. Қазіргі тәуелсіздік алғанымыздың өзі байлық. Тәуелсіздік
жолында қанша халық, қанша ғасыр бойы қол жеткізе алмай құрбан
болды. Ең соңғы ханымыз Кенесарыға дейін не үшін соғысып жүрді?

Тәуелсіздік үшін. Тәуелсіздікті алдық, енді осының туын берік ұстап,
іргесін шайқалтпайтын жақсы жастар өсу керек. Ол үшін жастарға
бұрынғы тарихымызды жақсылап жеткізу керек. Қазіргі жастар кі-
тап оқымайды. Қазір сіздер осыны жазасыздар, еңбек қылып осыны

кітап қылып шығарасыздар, соны оқимын деген зердесі ояулары оқи-
ды. Оқымайтындар оқымайды да. Сондықтан жастарды баулу керек.
Таңдасам, тек осы заманды таңдаймын. Елде тыныштық болса – бас-
тысы сол.

– Әңгімеңізге рахмет, аман болыңыз.

Сұхбатты жүргізген: Жалмағамбетов Е.
Өңдеген: Қалыбекова М.Ш.

174

Шайбала Әміржанқызы
Тергеуовамен сұхбат

– Өзіңізді таныстырып өтсеңіз, аты-жөніңіз, қай жылы, қай

жерде туылдыңыз?

– Тергеуова Шайбала Әміржанқызы. Мен 1937 жылы Шұбар ауы-

лында Жаңалық бөлімшесінде, колхозшы шаруаның отбасында дү-
ниеге келдім. Әкем 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанды. Мен
онда 4 жастамын. Көп нәрсе есімде жоқ. Тек бір білетінім, көп адам-
дар арасында әкем мені мойнына мінгізіп кетіп бара жатыр. Үш-төрт

қатар сапқа тізіліп тұрған болашақ солдаттардың жанына келгенде,
әкем мені анамның қолына береді де, қош айтысып ары қарай топпен
бірге кетіп қалды. Осы мезет қана есімде. Одан кейінгі кезеңдерден
колхоз шаруасы, егістік, қызылша егу сияқты еңбекпен байланысты

науқандар әлі көз алдымда. Соғыс жылдарында да жұмыс тоқтатыл-
ған жоқ.

– Әкеңіз соғыстан қайтып оралды ма?

– Ол кісі соғыстан қайтып келген жоқ. Ол уақытта қаралы қағазды

«қара қағаз» дейді. Ағайын-туыстар келіп, көңіл айтып, жылап-сық-
тап жататын. Біз 5-6 жастағы баламыз. «Өлді» деген хабарды білеміз.
Одан бір жылдан кейін, жаңағы байқасам, 1943 жылы қайтыс болған
ғой деймін. 1944 жылы анам қайтыс болады. Суық тиген. Ол кезде

дәрігер жоқ. Уақытымен қаралмағандықтан ауруы асқынып кетіп,
кейін дәрігерге барғанмен ем қонбады. Содан анам қайтыс болды да,
жеңгемнің қолына келдім.

– Сіз отбасында қанша ағайынды едіңіз?

– Біз екі ағайынды едік. Өзімнен сегіз жас үлкен бауырым бар еді.

Ол шаруа-жастар мектеп-интернатында болды. Жетім балалар, отба-
сы аз қамтылған адамдардың балалары оқитын мектеп болған. Соған
кіріп кетті де, мен жаңағы аға-жеңгемнің қолында болдым. Ағам да
әскерде Жеңгемнің қолында бір қыз болды. Мен-Шайбала, ол-Шай-

жан, сол екі қыз жеңгеммен бірге қызылшада болдық. Бірге жүрдік,
бірге тұрдық. Мектепке кеш бардық. 9 жасымызда ма, 10 жасымызда
ма мектепке бардық. Ол уақытта бізден есеп алып жатқан уақыт емес.
Әркім жан бағыс, соғысқа жабдық дайындау, сондай сияқты шаруа-

шылықтың шаруасын ақсатпай ұстап тұру. Сондай ұранмен еңбек
етіп жатты. Еңбек, еңбек ақы айналып жатқан жоқ. Заем, облигация
дейді. Қалай өмір сүріп, қалай жеткенімізді білмейміз. Бір сиыр бол-
ды. Жылдың аяғында шамалы бидай береді. Соны қуырып, сондай-

сондаймен өлместің күнін көріп, сөйтіп жүріп жеңіске жеттік. Жеңіс-
тен жараланған, тірі қалған азаматтар ауылға қайтып келіп, ауыл
шаруашылығын көтере бастады. Қазіргі ауылымыздың атын алып
отырған Дайыров ағамыз басшылығының арқасында осы ауыл ша-

175

руашылығын қатты көтеріп, союзды дүрілдеткен ауылдың бірі бол-
ды. Сол кезде тер төккен еңбек батырларын «Социалистік Еңбек Ері»
дейміз. Бәрінің артынан 1-2 ден балалары болды, солардың бәрі де
еңбек етуге жалыққан жоқ. Аналарымен бірге жүрді, бірге тұрды. Ол

уақытта бала бақшасы жоқ. Жастайынан таңның атысы, күннің ба-
тысы үйдегі жұмысты да, даладағы жұмысты да тек еңбек етіп жүріп
бітірдік. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей» деп айтқан
қазақ аталарымыз. Сол еңбектің арқасында осы ауылдың көркеюі.

Біздің аталарымыздың арқасы деп ойлаймын.

– Әкеңіз туралы ол кісінің кетіп бара жатқаны ғана есіңізде ғой.

Сол кездерден есте қалған тағы бір күнді сипаттап бере алмайсыз ба?

– Біз кішкенеміз. Жалғасбай деген ағамыз, ол 15-16-ға келіп қалған

азамат ғой деймін. Көйлегін шешіп алып, жаңағы, қызылшада істеп
жатқан адамдарға қарай жүгірді ғой. «Жеңіс! біз жеңдік, біз жеңдік!»
деп айқайлап. «Ойбай. Не жеңдік? Не болды?» деп аялдап бәріміз
тұра қалдық. Бала-шаға бәріміз тұрмыз. Содан кейін ол: «Біз фашисті

жеңдік» деді. Ол кезде баламын, 1945 жылы жеті жастамын ғой. Жеті
жастағы қызбын, есімде қалғаны сол. Ауылда кішкене ғана радио,
қалпақ радио болатын. Радиодан естіді, не болмаса, почтадан естіді
ме білмеймін. Интернатта оқып жүрген балалар бір хабар естіпті.

Қайдан естігенін білмеймін. Біздің ауыл Жетісу өңіріндегі бірінші тоқ
келген ауыл болатын. Сол кезде ең алғашқы электр станциясын сал-
ды. Радиоларды көшеге қойып қоятын. Ал соғыстан кейін бірінші ра-
дио қораптарын тұрғызған. Кейіннен атамыз үш колхозды біріктіріп

колхоз құрып алды ғой.

– Сонда сіздің көңіл-күйіңіз қандай болды? Нені ойладыңыз?

– Елдің бәрі аңырап қалды да, балаға қарай қарсы жүрді. Біз енді

аналарымыздан ажырамаймыз ғой. Анамның артынан қалған жең-
геміз ғой. Сол жеңгемнің артынан біз де жүрдік. Ол кезде Шайжан
менен бірер жас кіші еді, ол үйде қалып қалған. Келсек, жаңағы, бәрі
қарсы алып құшақтап, «фашисті жеңдік» деп заттарын лақтырып,

бірін-бірі құшақтап алыпты. Қуанғандарынан көздеріне жас алып,
бірімен-бірі көрісіп, сөйтіп жатты. Әр үйде аман-есен келген азамат-
тар біреуі аяғынан, біреуі қолынан айрылып, біреуі төрт мүшесі түгел
келіп жатқан азаматтар көп. Кешке қарай той. Той деген не, бір қазан

көжесін жасап, соны бөліп ішеді. Соның өзі таңдайдан кетпейтін той
болатын. Өлеңін айтады, биін билейді, жырын жырлайды. Әйтеуір
керемет. Ол кезде ішімдік деген жоқ. Көжені ішеді.

– Көже неден жасалады?

– Жаңағы бидайдан жасайды не болмаса диірмендер болады. Қол

диірмендермен бидайды тартып, елеуішпен елеп ұрпағын алып тас-
тайды. Нанды илейді де, көже жасайды. Сүт көже жасайды, сиыр

176

сауып сүт көже жасайды. Ол кезде ет қайда, май қайда? Бір қазан
көже жасап немесе бидайға айран қосып көже жасайтын. Ыстық көже
болады. Оны суытып, жаңағы, ыдысқа құйып егіс басына да алып ке-
теді.

– Бидай, айран, тұз үшеуі ғана ма?

– Иә, соған қарны тойып ішеді. Соның өзі жетіп жатыр. Ашаршы-

лықта ішкен тағамның таңдайдан дәмі кетпейді дейді ғой, ботқа да
жасайды. Сондай-сондай тамақ болды. Тұзсыз тамақ дегеніңіз су та-
тиды, жегің келмейді, бірақ өліп бара жатсаң, жейсің. Қарының аш
болса, не болса да жейсің.

Иә, тұздың қадірін білесің. Тұз аз болса да, дәмін келтірейік деп, са-
лады. Таусылып қалса, жоқ болса, бірінен-бірі сұрап алады. «Алғанда
береміз» деп бірімізден-біріміз сұраймыз. Қазір ондай жоқ қой.

– Тұзды қайдан аласыздар?

– Дүкен бар. Дүкенде шақпақ қант болады, сол тұз болады, содан

кейін керосин болады, май шам жағады ғой. Ең қажеттісі солар ғой.
Ол кезде барлық дүниені соғысқа жібереді.
Ол уақытта көлік жоқ. Көксудың орталығында үлкен базар болды.
Соған тауығы болса тауығын сатады. Бидайы болса бидайын сатады.

Сол жерден азын-аулақ тиын-тебен жасайды. Шай алады, тұз алады.
Ол кезде ақша берілмейді. Ақша жоқ, ақша айналымы жоқ. Ақша
бері таман, мына 1960-шы жылдары, 1963-1964-шы жылдардан ба-
рып бола бастады. Ол уақытта жылдың аяғында бір-ақ айлық беретін.

Еңбек ақының өзінің нормативі болды ғой. Сол еңбек ақыға 1-2 ки-
лограмм бидай береді.

– Бір жылда қанша еңбек ақы шығады? Орташа мөлшері қан-

ша?

– Кім білсін енді, жылына әйелдер 5-6 ай істейді. Көктемде сәуірде

шығады, қарашада бітеді. Сол екі ай арасында істейді. Сонда қара-
шада еңбек ақы орнына қызылша, қант, бидай береді. Оны алады да,
жыл бойына жеткізеді.
Енді орташа мөлшері 1 тонна болып қала ма, 7-8 центнер болып

қала ма? Бидай, қант қызылшасында еңбек еткендер әжептеуір ала-
ды. 3-4 центнер алады ма? Бір жетекшінің қарамағында 3 га жер қан-
ша өнім алады? Онда 5-6 адам жұмыс істейді. Олардың еңбек ақысы,
колхоздың кірісінде қалады. Ол кездегі еңбек ақының нормасы бар.

Менің есімде жоқ. Мен баламын ғой.

– Сонда жыл бойы жұмыс жасайды да, жылдың аяғында ғана

еңбек ақы алады ма?

– Қазіргі кезде 5 теңгем кем болып қалды деп айқай саласыңдар не-

месе «неге кем алып қалдым» деген сияқты. Ол уақытта тек қана жұ-
мыс істеу, анадан бірдеңе аламыз-ау, анау-мынау деген болмаған. Біз
еңбек етіп жүрміз. Бізге тек Отан үшін еңбек ету керек. Халық үшін,

177

әскер үшін, майданға еңбек ету керек деген мақсат болған. Ұраны да
сол, тек жеңу керек. Тылдағылардың соғыстағы азаматтар үшін еңбек
етулері керек болған. Қыстай отырып тоқыма тоқитынбыз. Жіптің
бәрін иіреді солардан шұлық, қолғап тоқып жаңағы сельсоветке әкеп

өткіземіз. Сельсоветтегі әскери комитет ауданға өткізеді. Кеудеше т.б
сондай-сондайларды жібереді.

– Сіздің үй майданға не жіберуші едіңіздер, әлде жібермедіңіздер

ме?

– Енді біз көпшілікпен бірге беріп жаттық.Тоқып жататынбыз.

Өзіміздің аяғымызға да тіземізге дейін соны тоқып киетінбіз, өйткені
басқа аяқ киім жоқ. Киізден байпақ тоқып беретін сыртынан галошты
іле саламыз. Ауылда қалған шалдар бар, соғыстан қайтып келген жа-
ралы азаматтар да бар, солар жаңағы ауылда қалған әйелдер мен ба-

лаларға бас-көз болды. Кем-кетіктерін толтырып отырады. Жыртығы
болса жамап, жоғы болса көмектесіп отырды. Бір сиырымыз болды.
Сол сиырдың сүті ішуге талшық болды. Құртын алып, майын алып,
сусын еттік не болмаса көжеге қостық. Салық болды. Бұзауын өскен-

де ет болады деп орталық колхозға береді ме, өздері біледі. Соғысқа
алып кете ме, әр отбасынан бәлембай килограмм ет өткізетін. Сондай
салықтар болды.

– Жыл сайын бұзауын салыққа берсеңіздер, өздеріңізде не қал-

ды?

– Мал қосылып жатты. Сатылады, бірінен-бірі алады. Еркегі бар-

лардың малы молырақ болды, өйткені ол баға алады ғой. Жалғыз әйел
қайтып бағады. Жалғыз әйел баға алмайды ғой. Жазда табынға жібе-
реді, колхоз тегін бағып беретін. Қысқа қарай шөптер түсіріп беретін.
Жоңышқа егетін.

Балаларға да бала бақша тегін. Колхоздың есебінен ұстаған. Біздің
егемендігімізді алғанша тегін болатын. Колхозшының қаражатымен,
балаларын тегін қарайтын.

– Әкеңіз, анаңыз жайлы қандай естеліктер айта аласыз?

– Әкемнің түрі есімде жоқ. Ол тұлғасы өте зор еңгезердей кісі бо-

лыпты. Өзім де әкеме тартқанмын. Ол кісі де мен сияқты ақсары бол-
ған. Сен анаңа тартқансың деп те айтады. Анам да үлкен кісі болған
екен.
Анам есімде жоқ. 6 жасымда дүние салды ғой. Бірақ анамның ең-

бек еткенін білемін. Ол кісі насыбай ататын. Ауырып қалғанда ба-
лалармен тауға барып, насыбай ататын. Қызылша дейтін шөп алып
келетінмін, сонда анам «қызым мені асырады» деп бетімнен сүйіп,
басымнан сипағаны есімде. Мені еркекше киіндіріп қоятын. Үстім-

де шалбар, тіземе жетпейтін бешпет. Жазда да, қыста да солай жү-
ретінмін.

– Неге ол кісі сізді еркекше киіндірді?

178

– Білмеймін. Жылы жүрсін дегені шығар, ашық-шашық болмасын

дегені шығар. Екі матаның арасына жүн салып, сырма фуфайка дейді
ғой, соны сырып-сырып тігіп беретін. Сол есімде бар.

– Әрбір бала үшін анасын жоғалту үлкен қасірет. Сіз қайғылы

хабарды қалай естідіңіз?

– Мен тек Талдықорғандағы ауруханаға алып кеткенін ғана білемін.

Ауруханада қатты ауырып төсек тартып қалады. Жетісу колхозын-
да тұратын Нұрбике деген әпкем болды. Қыстыгүні, ақпан айы ғой
деймін, анам төсек тартып қалғанда, жаңағы әпкем, әкемнің қарын-
дастары ғой, сол кісі келіп, шешемді Талдықорғанға ат шанамен алып

кетті. Сонда ауруханаға жатқызды. Отыруға шамасы жоқ, шанаға
жатқызыпалып кетті, сол есімде. Әпкеміздің күйеуі үлкен кісі бола-
тын. Мүгедек болып туылғандықтан, ол кісіні соғысқа алмады. Жал-
ғыз ұлы болды. Комендантта жұмыс істейтін. Мені «жалғыз қалып

барады, мен келгенше бас-көз болыңдар» деп жеңгеме табыстап, әп-
кем шешемді алып кетті. Сол кезде ауруы асқынған екен, жазылмады.
Сол ауруханада қайтыс болып кетті. Оны ауылға алып келе алмады,
оған көлік болмады. Талдықорғанның ар жағында Еркін деген ауылда

Рысбике деген апамыз болған. Сол кісінің шалы – механизатор-трак-
торист. Рысбике апам шешем ауруханада жатқанына бір ай өткеннен
кейін келгенде терезеден қараса, шешемнің кірпігі әрең қимылдап
жатыр екен. Палатаға кіргенде шешем: «мен бұл дүниелік емеспін,

мен кетемін, қош бол, балаларыма бас-көз болыңдар» деп қоштас-
қан екен. Содан әпкем жылайды да ол кісімен қоштасып, қыстыгүні
Қаратал өзенінен жаяу өтіпті. Ол кезде көпір жоқ екен, кешіп өтіпті.
Жездем ертеңгісін өгіз арбамен, одан күшті көлік жоқ, алып қайтайық

деп келсе, апам қайтыс болып кетіпті. Оның сүйегін моргқа шыға-
рып тастаған. Кешке дейін жүріп сүйегін алып, Еркінге қояйық деп
шешеді. Мына жаққа алып келуге көлік жоқ қой. Әйтеуір, февраль
айында кеткен, марттың аяғында қар еріген кездерде қайтыс болған.

Ауруханада жыладым, айқайлап жыладым, қайтып келмейді деген-
нен кейінжыладым да қойдым. Алдында бір жыл бұрын әпкем өлген
Назипа деген.

– Туған әпкеңіз ба? Ол кісі неден қайтыс болды?

– Туған әпкем, суық тигеннен ауруы асқынып. Қарайтын жаңағыдай

тамақтың реті жоқ, дәрігерлік көмек те жоқ, содан асқынды. Ауыл-
да ары-бері апарып жүретін азаматтар жоқ. Бәрі – бала-шаға. Әйел-
дердің тірлігі бар. Қыстыгүні от жағады. Ол уақытта тезек тереді,
ағаш, қурай ғой, қазіргідей батарея деген жоқ жылу беретін. Бөлме-

де қазан-ошақ тұрады, бір төсек пен сандық тұрады. Оның үстінде
көрпе жиналып тұрады. Ортада кішкене дөңгелек үстел тұрды. Дас-
тарқан жаяды да, тамағын ішеді. Өте бір қиын жағдайлар ғой. Соғыс
жылдарындағы адам өмірі ғой, қандай екенін білмейміз,ол кезде ба-

179

ламыз ғой. Ауыз толтырып тамақ ішпесе де, жылы киім кимесе де,
жыртық киімді жамап-жақсап жүрсе де ауру өлмес, ажал келмесе.
Жасына-кәрісіне қарамай талпынып еңбек етіп, ары қарай өмірімізді
жалғастыра бердік. «Өлмектің артынан өлмек жоқ» деп ақыл айтып

жатады ғой. Бекем болыңыз деп. Сондай айтып жататын, соны дұ-
рыс деп ойлаймын. Бүгін жерлеп келсе, ертең ары қарай күн көріс
тіршілігін жасайды. Сол қиын жағдайда анаң, не әкең ешқашанда
адамның түпкі ойынан кетпейді ғой. Ойыңның түбінде жатады. Жоқ

екені бір Аллаға, бір өзіңе аян.

– Жеңгеңіз туралы айтып өтсеңіз.

– Жыл өткен сайын өзінің жақсылығымен, қиыншылығымен ондай

жағдайлар кездесіп тұрады. Әр адамның басына жақсылық келіп туа
бермейді. Ақыл мен салмақ керек, жанашыр оған төзім керек, сабыр-
лық керек. Бұдан кейінгі өмірді бір Алла біледі ғой. Еңбек біздің іс-
тейтініміз. Әйтеуір алға қойған мақсатымыз – көзіміз жұмылғанша

еңбек етуіміз керек. Үйде де қарап отырмаймыз. Әйтеуір, бір тама-
ғыңды істеп ішсең де, ол да еңбек қой.
Ол уақытта әйелдердің бәрі ерлердің жұмысын істеді. Қызылша
екті, бірақ тракторға отыра қойған жоқ. Шаруашылықтың бәрін қо-

лымен істеді. Қызылша деген өте күрделі егістіктің бірі, өте нәзік жер
бетіне шыққанша топырағын босату керек. Уақытылы суару керек.
Біз де анамызға көмектесіп қолымызбен істедік. Қолмен істеудің қы-
зығын көрдік. Қазір бәрі механизмге көшті ғой, қазір жұмыс жеңіл-

денді. Осының бәрін адамның меңгеруіне ғылыми тұрғыда тәжірибе
керек. Оны үйрену керек. Адам соған бейімделуі керек деген секілді.
Бұл кісілер де күш-қайратын еңбекке салды. Соның нәтижесінде қы-
зылшадан мол өнім алып, Социалистік Еңбек Ері атағын алды.

– Сол жеңгеңіз бе?

– Иә, Социалистік Еңбек Ерінің біреуі. Анамыз 80-ге таяп қайтыс

болды. Ол кісінің жолдасы әскерден келген. Біздің жанұямыздан 6
кісі аттанып, соның төртеуі соғыс даласында қалды, екеуі келді.
Мырзахан деген бауыры екеуі келіп, жаңағы ағамыз анамызбен бір-
ге колхозда еңбек етті. Қызылша алқабында жұмыс істеп, Қызыл Ту

орденімен марапатталды. Жолдасы әскерден келген соң екі ұл туды
анамыз. Әлімсейіттің бір ұлы мен бір қызы қалды. Менің әкемнен
мен қалдым және бір ұл қалды.

– Бауырыңыз туралы айтсаңыз.

– Мырзакерім интернатты бітіріп шыққан соң Алматыдағы ҚазГУ-

дың математика факультетінде оқып, оны сырттай бітірді. Кейін юр-
факқа түсіп, оны бітіргеннен кейін математикадан сабақ берді. Мате-
матиканы қатты ұнатты. Сөйтіп жүргенде Моңғолияға маман керек
болды да, сол жаққа жіберді. Ол жақтан қайтып келгеннен кейін, ол

кісіні Қостанайға сот етіп жіберді. Қостанай облысының Арқалық ау-

180

данына сот болды. Сол жақта 10-12 жыл қызмет істеді. Одан кейін
Қостанай облысында, Торғай облыстық соттардың бастығы болып
жұмыс істеді. Қазір зейнеткер.

– Сіздің анаңыз, әрі жеңгеңіз Социалистік Еңбек Ерін қай жыл-

дары алды?

– 1948 жылы. Біздің Шұбар ауылынан 13 адам Социалистік Еңбек

Ері атағын алды. Келесі жылы 3 адам алды. Сонымен қосқанда 16
адам Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Нұрмолда атамыз 1948
және 1958 жылы екі рет Еңбек Ері атанды. Бір Совет Одағының ба-
тыры - Матай Байысов бар. Ол кісінің есімі мектепке берілген. 1955

жылы, жеңістің 10 жылдығында, сол кісінің атын Шұбар орта мек-
тебіне берді. Бұл орта мектепте атақты үлкен азаматтар білім алған.
Қазақстанның түпкір-түпкірінде лауазымды қызметтер атқарып, ғы-
лым жолында да доктор, академиктер болғандары бар. Осылар мек-

тептің тарихында бар. Сол мектепті бітіргендердің ішінде мұғалім
болып қайтып келгендері де бар.
Анамыз қалай Еңбек Ерін алды десең, ол уақытта жоспар беретін
«соцалистік міндеттеме» деген. Әр гектардан 500 центнер өнім алу

керек. Берілген міндетті әр адамға орындамау намыс, орындау алды-
на қойған мақсат болды. Сол үшін еңбек етті. Міндетті орындау үшін
24 сағат жұмыс істеді ме, 20 сағат жұмыс істеді ме?! Ол кезде ойын
да, той да жоқ. Қазіргі кезде 8 сағаттық жұмыс істейді ғой. Қазіргі

адамдар өз пайдасына қарай қызмет жасайды. Онда халық үшін, Отан
үшін жұмыс жасайтын.
Ол кісінің Отанына деген, өзінің халқына деген, досына деген адам-
гершілігі деп ойлаймын. Оның жауапкершілігі, азаматтығы ғой. Қата-

рынан қалмау үшін, кейінгіге үлгі болу үшін, ойлап тұрсаң артынан
іс қалдыру үшін, менің артымда мынау қалсын деген ойда болды ғой.
Елім үшін, Отаным үшін, соғыс жылдарындағы азаматтар үшін деп,
бір-ақ мақсат болды. Соғыстан кейін ауылда бәрі құлазып кетті ғой,

ауылдың жағдайын көтеру, халықтың экономикасын көтеру үшін жа-
сады. Мынандай ақша таза табыс, оған биыл клуб саламыз, электр
станциясын саламыз дейді.Таза табысты машина не болмаса трактор,
т.б. бөлетін. Халықтың әл-ауқатын көтеру үшін халыққа берді.

– Қалдыбала апа қандай адам болған? Ата-анасы кімдер? Осы

елдің тумасы ма?

– Көксу ауданының тумасы. Әке-шешесі ертеректе қайтыс болған.

1932 жылы ашаршылық болды. Сол кездері малынан ұжымдасты-
ру барысында айрылған адамдардың көпшілігі қырылып қалды ғой.
Әке-шешелері сондай қырғынға ұшырайды. Артында екі қыз қалады.
Оның бәрі артта тарих болып қалған. Қазір біз сөйткенбіз десек, ол

сіздің заманыңыз дейді. Әрине ол біздің заманымыз. Ол біреулерге

181

ертегі секілді естіледі. Қазіргі балалар ондайды көрмей-ақ қойсын.
Әр заманның қиындығы мен қызығы бар.
Бір ғана сіңілісі болған. Қаратал ауданында тұрады. Бала-шағалары
жан-жақта, әркім қай жерде еңбек етті, сол жерде қалды ғой.

Анамыздың мінезі салмақты кісі болды. Көрші-қолаңмен, жол-
дас-жоралармен, ағайын-туыстармен жақсы қарым-қатынастарынан
ешқашан ажыраған жоқ. Апалары ма, жезделері ме, құда-жекжатта-
рымыз ба келіп 2-3 күн жатып кететін, құдамыздың үйінен қайтып

барамыз деп. Ол уақытта ат шана не болмаса ат арбамен жүреді. Мал
ұстаған ел ғой, құдамыз келді деп қой сояды, көрші-қолаңдарды ша-
қырады, ал көршілері құдасы келіпті деп, шайы болса шайына, еті
болса етіне шақыратын. Сондай қарым-қатынаста болатын. Қазір құ-

дайға шүкір баршылық заман ғой. Қазіргі заманда қол тимейді.

– Еңбек күні кешкі сағат 8-ге дейін ба еді?

– Қазір 7-ге дейін ғой. Қызылша уақытында кешкі 10-ға дейін іс-

тейміз, ертеңгісін 7-де кетеміз. Нәтижесін шығару үшін қиын жұмыс-
тарға барды ғой. Жеңіл нәрсе жоқ, қыс бойы жоспарларын алу, тұ-
қымдарын даярлау. Ол кезде жиналған қызылшаларды арбаға тиейтін,
қазір машинаға тиейді ғой.

– Ол кісі звено жетекшісі болды деп айттыңыз. Звеносында қан-

ша адам болды?

– Звено жетекшісі болды. Звеносында 3 адам болды. 3 га жер берді.

Бәрі үшін біреуі, бірі үшін бәрі жауап берді. Жиналыс болып тұратын,
план бөлетін, міндеттерін өздерің алыңдар дейді ғой. Көпшілік ал-
дында сөз береді. Көпшілік дегенде, бұрынғы бабаларымыз айтатын
«көпшілік құдайдан бір жас кіші» деп, көпшілік деген сөзде үлкен

жауапкершілік ұғымы бар. Оны ақтау үшін жігер керек, намыс керек,
намысты қолдан бермеу керек. Солай жұмыс жасады.

– Ол кісінің Еңбек Ері атағын алған күні есіңізде ма?

– Ж. Шаяхметов Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы бол-

ды. Сол кісі еңбек атағын өзі тапсырған екен. Әрине, барлық ауылмен
бірге қуанады ғой, билеп, әнін айтып қуанышын ортаға салып жата-
ды. Ат шаптырып той жасамағанымен, жаңағы өз көшесімен, ауылы-
мен қуанышын бөліскен. Қалай қуанышта болғаны менің есімде жоқ.

Медаль таққанын білеміз, ол костюмінің омырауыннан түскен жоқ.
Бір костюмге тағып қоятын. Бір жаққа барғанда көйлегінің сыртынан
киіп шығатын.
Оны көрген адамдар сыйластықпен «герой» апамыз келе жатыр,

абысындары «батыр жеңгей» келе жатыр дейтін. Халық арасында қо-
шеметке бөленді.

– Ал ақшалай, материалдық тұрғыдан жағдайы қандай болды?

– Материалдық тұрғыдан аса жағдайы жоқ болды. Кейігнен өзі ау-

рушаң болды. Үкімет оған зейнетақы тағайындады. 50-60 сом алып

182

тұрды. Жұмыстан қалды да, қызына өткерді. Ол кезде Шайжан деген
қызы болды, мен мал шаруашылығына кеттім.

– Мал шаруашылығына кету себебіңіз не?

– Не себеп болғанда, үш колхозды біріктірді ғой. Жаңағы үш кол-

хоз біріккенде адамдарды араластырды. Тәтем үйден көп шыға ал-
май, балалы болып қалды. Ағамызды мал шаруашылығына жіберді.
Содан кейін ағамның жанына барып, каникулда сол кісіге тамақ іс-
теп, қарасып жүрдім. Сол жердегі сауыншы апайларға көмектесіп,

сиыр сауыстым. 1952-ші жылдары, 7-ші кластың каникулында сол
жаққа бардым. Сонда менің зырылдап, тарсылдатып жұмыс істеп
жүргенімді, келіп-кетіп жүрген адамдар көрген екен. Мені шақырып
алып «Қарағым, мыналардың бәрі қартайып келеді. Сауыншылар

сияқты еңбек ет, оқу оқы, жаныңа жастарды жина. Еңбек деген сен-
дердікі, жұмыс істеу сендердікі, барлық дүние сендердікі және мына
жастарды үйрету керек» деп мені шақырып алып айтты. Комсомол
деген алға жүреді деді.

7-ші класты 14-15 жасымда бітірдім де, содан қалып қойдым. Бі-
рер жыл істеп, жастар келе бастады үлкен топ болды. Колхоз болып
Москва облысындағы Сталин колхозымен жарысқа түстік.
1955 жылы ғой деймін Сталин колхозына бардық. Сол жерлердегі

механизмдерді көрдік, аппаратпен сауатынды көрдік. Жаңағы меха-
низмдердің бір-біреуін алып келдік. Бізде Прибалтика, Сібір жақтан
жер аударған немістер бар. Сол немістерді техникалық жағын жасау-
ға жұмысқа алды. Электр механизмдерімен суымызды шығарды.

– Немістер қай тілде сөйлеуші еді?

– Прибалтика жақтан келгендер орысша сөйледі. Ал білмегендері

орысша үйреніп кетті. Олар тәртіпті, істеген жұмыстары тыңғылық-
ты болды. Уақытымен жүретін, кешікпейтін. Қызылшада керемет іс-
тейтін. Бидай алқабында, машинаға тиегенде, арбаға тиегенде, мая-
мая шөптерді тиегенде керемет жұмыскер халық болды. Әйел демей,

қыз демей, ұл демей сондай жұмыстарды істеді. Соғысқа дейінгі
өзіміздің ауыл тұрғындары болса, соғыстан кейінгі қалыптасу, елдің
экономикасын көтеруге тұтас халықтың еңбегі көп сіңді.
Біздің ауылға қарап тұрсаң шахматтың тақтасындай, былай-былай

қиылысқан көшелер. Атам бас сәулетші, әр үйді салғанда аттап-аттап
қазық қағып беретін.

– Нұрмолда атаны ең бірінші рет қалай көрдіңіз?

– Ол кісімен фермада кездестім. Мектепке келіп кететінін алыстан

көретінбіз. Онда баламыз ғой. Ол кісінің түрінен адам сескенетін.
Айбатты болатын. Батыр тума, ертегінің батырлары секілді. Ол кезде
біздер үшін таудай атақ даңқының әсері болар, бұрынғының баты-
рындай сезінетінбіз. Алып тұлғасы, бет-бейнесі келісті бір керемет

кісі еді.

183

– Мектепке 9 жасыңызда бардыңыз ба?

– Жаңалықта 4 кластық мектеп болды, одан кейін келіп-кетіп Шұ-

барға барып оқыдық. Жаңалық пен Шұбардың арасы төтесінен жаяу
жүрсең 3 км, айналып жүрсең 4-5 км. Ол кезде көлік жоқ. Қысы-жазы
төтесінен жүре беретінбіз. Қарды белшеден омбылап, аяғымыз мұз
боп қатып қалатын, оған қарамаймыз. Не киім жоқ, жүннен шұлық

тоқып аламыз. Резеңкеге бастырып қоямыз. Онда колготки деген жоқ.

– Бастауыш сыныпта қанша бала оқыдыңыздар?

– Бастауышта сабақтар параллель өтеді. Ол уақытта бала жеткіліксіз

ғой. Бір класта 30 бала отырсақ, 1-2-ші класс бірге, 3-4-ші класс бірге
отырып, бір мұғалім сабақ береді.
Ол кезде мектеп жоқ. Кішкентай екі бөлмелі үй, ортасында ұзын
коридор, мына жағында бір класс, мына жағында бір класс болды.

Үзіліске шыққан уақытта, мына жағына шығамыз, далаға ойнап ке-
тесің. Одан кейін екі бөлмеде екі пеш тұратын, қолымызды жылытып
алатынбыз. От жаққанда жылынады, таңертен-кешке жағады. Таңер-
тен келгенде бөлме суық болып тұрса, пеш жылы болып тұрады, сол

есімде.
Мен 7 кластан кейін атаның өтінішімен оқуға бара алмадым. Жұ-
мыс жаса деді, мен жұмыс жасадым. Кейіннен сырттай оқыдым.
Техникумда сырттай оқыдым. Еңбек етіп жүргенде үкіметтің бірне-

ше марапатына ие болдым. КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат сайла-
ды, 1957 жылы Москвада өткен фестивальға қатыстым. 1962 жылғы
олимпиада дүние жүзілік жастар мен студенттердің фестивалы деп
аталатын, оған жастар, спортшылар, мәдени қызметкерлер де, еңбек

озаттары да қатысатын, соған қатыстым.

– Москваға барғанда қанша жаста едіңіз?

– Мен 1957-ші жылы 20-ға шыққан кезім болатын, осы апрель

айында болды. Сол жылы мен тұрмысқа шықтым, содан кейін 1-2
айда мені делегатқа шақырды.
Жұбайым қарсы болған жоқ, көпшілік оған айтатын ақылын айт-
ты. 5-6 жыл сауыншыда істеп комсомолдың, делегаттың, ауыл шаруа-

шылық жиналыстарына, басқа да қоғамдық жұмыстарға көп қатыс-
тым. Н.Алдабергенов: "біздің озат сауыншымыз Тергеуова, осыдан
үйреніңдер, мынандай жұмыс атқарып жатыр, қажымай-талмай, түн
демей, күн демей, ерінбей" деп ол кісі менің еңбегімді дәріптейтін.

Тәубә, ол кісіні ұятқа қалдырып көрген жоқпын. Сол еңбегімді жал-
ғастырып, Москвада фестивальда бірнеше медаль алдым, сүт өңдеу-
дегі еңбегімді бағалады. 1962 жылы фестивальға барған кезде қазіргі
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та сонда болды. Москвада 14 съездге де-

легат болды. Ол кісі комсомолдың туын апарып қадады, сөз сөйледі.
Оның бәрі есімде. Газеттерге мақала жаздым, естеліктерге, кітабыма
арқау еттім. Ол кісімен кездескенімді ойымда қалдырдым.

184

– Айтып берсеңіз?

– Москвада съездге қатысқан делегаттар, комсомолдар үзіліске

шыққан кезде жиналып Юрий Гагаринмен бірге суретке түстік. Қа-
зақстан орталық комитетінен Өзбекәлі Жәнібеков болды, сол кісінің
ұйымдастырумен жаңағы суретке түстік. Елбасының сөйлеген сөзі
есімде. Ол да мен секілді «Соцалистік Қазақстанға» мұрағаттан су-

ретін салып мақала жазған екен. Гагариннің қасында мен отырдым,
мына жағында Күләш Құнантаева, комсомолдың үшінші хатшысы
болды. Жаңағы Гагаринді ортаға алып түскен суретімізде Елбасы да
болды. Көп адамдар болды, журналистер, комсомол қайраткерлері,

хатшылар, қарап тұрсаң көпшілігі дүниеден озып кетіпті. Көп нәрсені
көрдік, көп кісілермен араластық. Айта берсең көп қой. Театрларға да
бардық, көптеген концерттер көрдік.

– Жұбайыңыз қандай адам,ол кісімен қалай кездестіңіз?

– Фермада жүргенде кездестім. Жомарт деген атасына келіп тұра-

тын. Комсомол жиналысына келетін. Сүт таситын шофер болатын.
Орталықтағы жиналысқа апарып-әкелетін. Сөйтіп жүргенде сөз сал-
ды. Жаяу-жалпы фермаға баратынбыз, жаяу қайтатынбыз. Ол кезде
Жаңалықтан Шұбарға жаяу барып шаршамайтынбыз. Оның бәрі ең-

бек қой, жаяу жүрсе адамның қаны тарайды, адамның ағзасына жақ-
сы. Кейін сөз байласып үйлендік. Москваға Ғабиден Мұстафин, Қа-
ныш Сәтбаев бәріміз халықаралық вагонмен бірге бардық. Олардың
жолдастрымен қарым-қатынас жасадық. Жаңағы үлкен кісілердің

батасын алдық. Әрбір станцияға тоқтағанда қажетті заттарын, газет
деген сияқты алып беретінбіз.

– Қанша балаларыңыз бар?

– Бес баламыз бар. Алды елудің бесеуіне келді, арты қырықтың

ішінде. Төртеуі жоғары білім алды. Ұлым химия ғылымдарының кан-
дидаты, қалғаны осы заманға сай әр жерде жұмыс атқарып жатыр.

– Балалық шағыңызда қатты ауырған кезіңіз болды ма?

– 1947-1948 жылдары қатты ауырдым. Ол кезде безгек ауруы болды

ыстығыңды 40 градусқа көтереді, жаурайсың, безгек деген өзі түнде
ұстайды. Бір ғана медпункт ауыл шаруашылық техникумында болды.
Онда өте бір жақсы кісі болды, соған Жаңалықтан жаяу келеміз. Сап-
сары дәрі береді, соны алып кетеміз, ішеміз. Неше күн ауырғаным

есімде жоқ, одан кейін аяқ-қолымның буындары ауырып жүре алмай
қалдым. Бақтыбай ауылында ауруханада 10-15 күн жатып тәуір бол-
дым. Одан кейін курортка жіберіп тұратын, 2-3 жылда бір рет, қазір
қойдық қой және де көп қаражатты талап етеді.

Атам өзім оқытамын деп жүргенде ес жидық, одан кейін балалы
болдық, сырттай оқуға мүмкіндік жоқ болып қалды. Сөйтіп жүргенде
Нұрмолда атам жұмыстан шығып қалды. 1961 жылы жала жабылды
ма, әйтеуір жұмыстан босап қалды.

185

– Кім босатты?

– Үкімет, Н.Хрущев босатты. Хрущевтің құрығына ілініп қалды

ғой. Жамандаушылар бар, көре алмаушылық болды. Индияға сол
кісімен барған сапарында сәтсіздік болды ма, алып қашпа сөз көп.
Мен оның тоқетерін бәлен деп айта алмаймын. Кітапқа да жазылған,
ағаларымыздың естеліктерінде бар, көптеген жазушылар да жазып

жүр. Еңбек адамдарының еңбегін халыққа жария ететін журналистер
деп қатты сыйлайтын. Журналистермен көп байланыста болғандық-
тан, көптеген естеліктер жазылды. Бақберген Сауырбеков, Ұзақбай
Доспамбетов екі томдық кітаптар жазды, кейін бір «Нартұлға» деген

кітап жазып шығарды. Бастан-аяқ балалық шағынан бастап дүниеден
өткенге дейінгі естеліктер кірген. Авторы бізбен қатарлас, дүниеден
өтіп кетті. Атамыз 4-5 айдай жұмыссыз жүрді. Еңбекші деген совхоз
бар, ол кісі сол жерде қалып істей беретін еді, көптеген колхозшылар

атаның артынан ауа бастады, содан кейін бұл жақтағы бастықтардан
шағым түсті үкіметке мына кісінің артынан бәрі кетіп жатыр деген.
Содан кейін ол кісі мына шаруадан кетейін деді. Ел ауызынан естіген
сөздер ғой, оның жанына бара алмаймыз. Одан кейін Талдықорған

облысындағы Еркін советіне төраға етіп сайлады. Д.Қонаев атамыз
Орталық Комитеттің хатшысы болып қайта сайланғаннан кейін, хат-
шыларға айтып, Нұрмолданы іздестіреді. Нұрмолда ата ол кісінің
айтқанын екі етпей барады. Оған Карл Маркс колхозы артта қалған

шаруашылық, соны көтер, ұйымдастыру қабілетіңді көрсет дейді.
Сол колхозға барады. Екі жыл бастық болады. Қотыр-қотыр, сабан
кірпіштен салынған үйлер, соны екі жыл ішінде көтерді. Жерлерді
тегістеп, үйлер тұрғызып, мәдениет ошағын, адам баласына не қа-

жет соның бәрін салады. Адамдардың бәрін сол жаққа көшіреді. Өтіп
кеткен қайғы-қасыреті бар, батырлығына қарамады, еңбегіне қарама-
ды,соған іштей уайымдады ғой. Ауырып 5-6 жылдан кейін қайтыс
болды. Соның өзінде де халық театрын құрып кетті. Мәдениетке де,

ауылдың көркеюіне де жан-жақты жағдай жасаған.

– Жасаған қызметтеріңізді тізіп айтып берсеңіз.

– Еңбек жолын сауыншы болып бастадым. 7-ші класты бітіріп, 14

жасымда сауын сауып, атамның қамқорлығымен, батасымен үлкен
дәрежелі адал еңбек еттім. Келесі жұмысым, мен Жоғары кеңеске 4
жылға депутат болып сайландым. Соны алдыма тартып партия ұйы-
мына шақырып алып, «сен енді совет жұмысын біліп қалдың, Шұ-

бар ауылына сельсовет боласың» деді. Ел басқарған жоқпын, мен тек
ғана қоғамдық жұмыстарға қатыстым ғой деп едім. Өзіміз болысамыз
деді. Ол кезде мал шаруашылық техникумда оқып жүргенмін. Қолың-
нан келеді, халық сені қолдайды деп мені сайлап жіберді. Сегіз жыл

осы ауыл шаруашылығын басқардым.

186

Бір күні Ахметов деген кісі аудандық комитеттен хат жазып жі-
беріпті, партия мектебінен кісі келе жатыр, партияға адамдар керек.
Сен барып көр, емтихан тапсырып бағыңды сына, жоғары білім керек
деп, ақыл айтты. Үйге келіп отбасыммен ақылдастым. Олар қарсы

болған жоқ. Жолдасымның анасы балаларға мен қараймын деді. Ба-
рып едім, өтіп кеттім. 5 жыл Москва партия мектебінің Алматыдағы
филиалында оқып, бітіріп шықтым. Еңбек ақы – 100 сом. Ауыл со-
ветін көтеру туралы жаңа заң шықты. Жаңадан сайланған бастықтар

қай жерде қандай еңбек ақы алып жүр 200 сом ба, 300 сом ба сол ақша
сақталады деген.
Бір күні аудандық кәсіподақ бастығы Тайшынов деген кісі шақыр-
ды. Кәсіподақты берейін деп жатырмыз, еңбек ақысы ұнамай бара

жатса, ұйымдастырып береді деді. 5-6 ай істегеннен кейін сельсовет
Панфиловқа хатшылыққа баруымды сұрады. Көшіп-қонып жүру қо-
лайсыз, менің бала-шағам бар, осы ауылдан жұмыс табылатын шы-
ғар деп алысқа ұзаған жоқпын. Колхозшылармен жұмыс істедім,

кәсіподақ ұйымдастырып, колхозшыларды соған кіргізіп, олардың
демалысын, курортқа бару секілді, өнім алу жарыстарын ұйымдас-
тырып көптеген жұмыс атқардым. Сөйтіп 7-8 жыл жұмыс істедім.
Содан кейін бастықтар бірі келіп, бірі кетіп жаңағы Кітапбаев Бошай

ағамыз Өскеменнің азаматы еді, ол кісі ауылына кетіп қалды. Содан
Көшкінбай Жанатұлы келді. Сарқант ауданында істеп жүрген. Ата-
ның бұрынғы жасап кеткен мұражайы колхоздың конторының ас-
тындағы бөлмеден колхоз мәдениет үйінің екінші қабатындағы үлкен

бөлмеге көшірілген еді. К. Жанатұлы колхозға бастық болып келген-
нен кейін мұражайды атаның өзі тұрған екі қабатты үйге ауыстырды.
Ол үйді Нұрмолда ата тірі кезінде мектеп-интернатқа беріп кеткен
еді. Мұғалімдерге үй беріліп, үйді босатып мұражай жасады. Оған

әркім-әркімді қойып еді, ие бола алмады. Енді мына жұмысты сен
алсаң, кәсіподақта алып жүрген еңбек ақыңды төлейміз деді, тағы да
көндім. 1982 жылы қабылдап алып сонда істедім. Жөндеп, көркейтіп
болғаннан кейін ауылдан келген, облыстан келген, түпкір-түкпірден

келген қонақтар сол мұражайды көрді. Қолтаңбаларын қалдырды.
1986 жылы Нұрмолда атамыздың 80 жылдығы болды, Қонаев ата-
мыз келді. Ризашылығын білдіріп, бұл мұражайды мемлекет есебі-
не аударамын деді. Кейін мемлекет бюджетіне қарайды деген қаулы

шықты. Сол мұражайда жұмыс жасап келдім. Зейнеткерлікке желтоқ-
сан айында шықтым. Мұражайды сол ауылдың баласына өткіздім.
Мұғалім болатын, қол өнер ұйымдастыру қабілеті жақсы болғандық-
тан, осы баланы таңдадым. Жанында болып, істейтін жұмыстың жос-

парларын көрсеттім.

– Мұражайдың негізі қашан және қалай қаланды?

187

– 1955 жылы мұражай негізі қаланды. Колхоз Нұрмолда Алдабер-

геновтың 1958-1961 жылдар аралығында тұрған үйін мұражай етіп
ашты. Музыкалық қорды Нұрмолда Алдаберген өзі жасап, тұрған
үйінің екінші қабатының бір бөлмесін колхоз мұражайына арнап құр-
ды. Музыкаға қатысты жәдігерлер, еңбек адамдарының қол жеткен

табыстарының көрсеткіштері, ұстаған бұйымдары, ата-бабалардан
қалған, өзіміздің ауылдан шыққан ұлттық шеберлердің қолынан шық-
қан өнер еңбектері қойылған. Шетелден, яғни Қытай, Корея, Үндіс-
тан, Батыс Арабстаннан,Совет Одағының барлық түкпірінен озаттар

озық тәжірибелер алмасу үшін келіп жатты.
Колхозымыз елдің ішіндегі алдыңғы қатарлы шаруашылық болды.
Ол уақытта партия бағыт-бағдар беретін. Осы мәселе бойынша озық
тәжірибе алушылар ауыл шаруашылығын дамыту туралы бағдар

берді. Олар келгенде босқа келмеді және қолтаңбаларын ала келді.

– Сізге дейін мұражайды кім басқарды?

– Менің алдымда оның басқарушысы ешкім болған жоқ. Ол кол-

хоздың мұражайы болды. Сол жерде отырған кадр бөлімі басқарды,
арнайы айлық ақша алып басқарған адам болған жоқ. Мысалы, кәсі-
подақ ұйымы келген делегацияларға көрсетіп, жәдігерлермен таныс-
тыратын. Нұрекең атамыз 1967 жылы 61 жасында қайтыс болғаннан

кейін, 1982 жылға дейін колхоздың қорында болды. Сегіз жылдай
жұмыс істедім. 1982 жылдан бері Алдаберген мұражайын көркем-
дедік.
Иә, бұл колхоздың өткен өмірін, тарихын және қол жеткен табыста-

рын баяндайтын мұражай болды. Сосын Нұрмолда Алдабергеновтан
кейін колхоз бастығы Асанов, онан кейін Ақшанов Төлеген Санды-
байұлы болды. Ақшанов басқарған уақытында мұражайды колхоз мә-
дениет үйінің екінші қабатына көшірді.

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбатты жүргізген: Болатхан Ә.
Өңдеген: Нұрман Ш.Т.

188

Сайлаубай Жабынаевпен сұхбат

– Сайлаубай аға, әңгімеңізді қай жерде, қай жылы дүниеге кел-

геніңізден бастап айтсаңыз?

– Менің аты-жөнім Жабынаев Сайлаубай, 1938 жылы 20 мартта

туылыппын. Мен туылған уақытта Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне сай-
лау өтіп жатыр екен, сол сайлаудың өткеніне ырым қылып атымды
Сайлаубай деп қойыпты. Көп қиыншылық көрдік, оқу бітіргеннен
кейін де қиыншылық көрдік. Әке-шешеміз ауыр жұмыстар істеді.

Әкем училище емес, мына Қапалдағы курсты бітірген. Содан кейін
мұғалім болып жұмыс істеді. Ол кезде латын әрпімен оқытқан, соғыс
басталғанға дейін. Соғыс басталған соң 1942 жылы әскерге шақыры-
лып соғысқа кеткен. Сталинград майданына қатысып бір жылдай, со-

ғыста жараланып «Куйбышев» деген жерге келіп емделеді, сол жер-
ден елге қайтарып жіберген. Өкпесін оқ тесіп кеткен екен, бір қолын
тесіп кеткен, содан қайтарып жіберген. Ол кісі ерте қайтыс болды,
жас кетті 1970-ші жылдары, 57 жасында. 1913 жылы туылған еді, ал

шешем 69 жасында қайтыс болды.

– Сайлау аға мектепке қай жылы бардыңыз?

– Мектепке 46 жылы бардым. Әкем соғыстан кейін «района»(райо-

на - аудандық оқу бөлімі - Ш.Т.) болып «Екпінді» деген жерге көшіп
кетті.

– Өзіңіз қанша ағайынсыз?

– Мен әкеден жалғызбын. Егіз екем доктор (дәрігер – Ш.Т.) жоқ,

шешем босанғанда мен бірінші туылыппын да, екіншіне толғақ дұ-
рыс болмай, босана алмайды. Содан бір күн толғатады, екі күн толға-
тады, «кемпірлер шиге орап тепкіледі» дейді ғой шешем. Содан кейін
«шықты», бірақ өлі туылған дейді. Атын Базарбай қойып, жерлепті.

Мен Сайлаубай, ол Базарбай болыпты. Осылай егіз туған екен, сол
егіздің сыңарымын ғой.

– Егіздің сыңарысыз ба, шиге орағаны қалай сонда?

– Менің «сырттан» естігенім (елден естігенім болса керек – Ш.Т.)

ұзақ толғатқан әйелді жатқызып қояды да киізге орайды екен, сырты-
нан шиге орап, байлайды да, домалатады екен, көрдің бе? Киіз басқан
сияқты, киіз басқанды көреп пе едің?

– Иә, киіз басқанды бала кезімде көрдім.

– Сол киіз басқан сияқты домалатып тепкілейді екен, сосын керіп

кояды екен. Доктор жоқ, ал доктор болса мүмкін сыңарым тірі қалар
ма еді, екеу болып жүретін едік.

– Мектепке барған кезіңіздегі өмірден әңгіме айтып берсеңіз, ба-

лалық шағыңыздан?

189

– Айтайын, бірінші класқа барғанда Орынбек деген мұғалім бол-

ды. Бір класта 14-15-тегі жігіттер де отырды, әлгі жеті жастағы бізде
отырдық. Бір-ақ класс болды.

– Мектеп қай жерде еді?

– Мынау, төменгі «сельсоветке» (ауылдық кеңес – Ш.Т.) қарайтын

«Екпінді» деген жерде. Сол мектепте 4 класс бітірдім.

– Қандай пәндерден сабақ оқыдыңыздар? Қандай сабақтар

өттіңіздер?

– Сабақ оқығанда «Ана тілін» оқыдық, кластағы барлық оқушыға

бір кітап болды. Кешке жақын бәріміз жиналамызда оқимыз, ішімізде
Ерғожин Еділ деген бар, оны білесіз ба?

– Иә, академик Еділ Ерғожин ғой, білемін.

– Қазіргі академикЕрғожин, оның жасы менен кіші. Соның «Екпінді-

дегі» үйіне жиналамыз. Оның Зейнеш деген «тәтесі» (әпкесі – Ш.Т.)
бар, жақсы кісі еді. Сол бастап оқиды біз тыңдап, жазатынын жазып
отырамыз.
Ал, енді «тетрадъ» (дәптер – Ш.Т.) дегеніңіз болған жоқ бізде, кейін

4 класс бітірген соң ғана тетрадъ пайда бола бастады. Қарандаш деген
болды, сиялы қарандаш. Соны үгітіп-үгітіп бір ыдысқа, «сия сауыт»
дейтінбіз, соған салып, езіп, соны пайдаланамыз. Құмыра тауып ал-
сақ, тіптен қуанатын едік.

– Сия сауыт дегенді білемін, кішкене бала кезімде көргенім бар.

– Сол сиямен жазамыз. Ал, маған дәптерді «тәтем», шешемнің

сіңлісі ескі кітаптан, газеттен тігіп жасап беретін. Ондай жалғыз мен
ғана емес, балалардың көпшілігі газет тапса қуанады, соны сызып бе-
реді, соған жазады.

– «Ана тілінен» басқа қандай сабақтар оқыдыңыздар?

– Арифметика, әлгі «бөлу-қосу», соны оқыдық. Сонан соң «Екпінді-

ден» кейін, мынау «Жеңіс» деген жерде жеті жылдық мектепте оқы-
дым. Қазір ол жер «курорт» (демалас орны – Ш.Т.) болды. «Жеті
жылдықты» бітіргеннен кейін Талдықорғанда қазақ мектебі бар еді,
мені сонда оқуға апарып тастады, бір «мөшек» (мешок, қазақша қап

– Ш.Т.) ұн, бір мөшек «кәртөшкемен» (картошка). Онда бір орыстың

үйінде тұрдық, оның үйінде бізден басқа тағы бір татар тұрады екен.
Татарлар бір комнатада (бөлмеде) әйелі, бір кішкентай қызы бар екен,
«құртымтай» (кішкентай деген мағынада –Ш.Т.), соның ішінде менде
тұрамын. Ол үйге жақындау жерді магазин бар, онда нан кесіп бе-

ретін, «граммдап» қана, «весовый грамм» дейтін.

– Нанды өлшеп қана береді ма сонда?

– Бір бөлкені сатып жатқан жоқ, елдін бәріне кесіп береді.Аштық

болып жатқан кез ғой, кішкене кәртөшке куырып жейміз. Мен Ста-
лин өлгенде 1953 жылы 8-ші класс оқып жүрген едім. Сол кезде қат-

190

ты ауырып ісініп кеттім, «күп» болып, соның бәрі аштықтан болды
дейді.

– Аштықтан дейсіз ба, сонда адамдар аштықтан ісініп кететін

болғаны ғой?

– Иә, аштықтан ісініп ауырғаннан «почки начали отказывать» (бүй-

ректің жұмыс істемей қалуы – Ш.Т.) дейді. Содан «Тельман» деген
жердегі үйге жету қиын болды. Ол кезде автобус жоқ, анда-мұнда ма-
шиналар өтеді «по пути»(жол жөнекей), солар алып кетеді дегендей,
сонымен бардым. Соның ертеңіне «Тельманға» жақын «Текелі» деген

жер бар ар жағымызда, соған апарып дереу больницаға (ауруханаға –
Ш.Т.) жатқызып қойды. Ауруханада бір жарым ай жаттым. Ол кезде
«пенициллин» (дәрінің бір түрі – Ш.Т.) деген шыққан екен, соны егіп,
содан жазылдым. Ауруханадан өзім әлсіз болып шықтым, оқу қайда,

оқу жайына қалды... Сол жылы оқуға бара алмай, 53 жылға қалдым.

– Бұл мектепті қай жылы бітірдіңіз?

– Бұл мектепте 1950 жылы 8-ші класс ашылған, оны бітірдім. 54-

ші жылы 9-шы класс ашылды, оны бітірдім. Ал, 1956-шы жылы 10
жылдық болды, оны бітірдім. Осы жылы 20 ұл, 10 қыз «Жетісудан»
бірінші «выпускі» (оқу бітіруші) болып бітіріп шықтық. Жақсы
бітірдік, бітіргендердің ішінде үш академик бар, Ерғожинді санама-

ғанда. Менімен бітірген бір кластасым бар, енді қалғандарының бәрі
мықты болды. 20 ұлдың қазір 9-зы «бұл дүниемен қоштасып» (қайтыс
болып кетті деген мағынада - Ш.Т.) кетіп қалды. Қалғандары «қың-
қыл-сыңқылмен» (аурушаң, ауру-сырқау деген мағынада – Ш.Т.), сол

қыңқыл-сыңқылдың бірі менмін.

– Жаңа Сталин қайтыс болды дедіңіз ғой, оны халық қалай қа-

былдады?

– Иә, қайтыс болды. Сталин қайтыс болғанда ел жылады, қазіргі

«акимат» (жергілікті басқару органы ауылдық әкімдік орналасқан ғи-
марат – Ш.Т.) бар ғой сап-сары топырақ болатын, алдында «здания»
(ғимарат) жоқ еді. Ол жер «площадь» (алаң) сияқты болатын, сол
жерге Бектасова деген директорымыздың басқаруымен «строймен»

(саппен) апарып митингі өтті. Ел жылады, бізде жыладық.

– Не үшін жылып жатқандарыңызды білесіздер ма?

– «Сталин өліп қалды» деп ел жылады, бізде жыладық.

– Халықтың көңіл-күйі қалай болды?

– Бәрі жылап тұр, директорымыз айғайлап тұрып жылады. Соларға

қараймыз ғой, бізде жыладық.

– Митингіде не айтылды, есіңізде ма?

– Бірдеме айтып жатыр, естімейміз айғай салады, ел көп, микрофон

деген жоқ, не айтып жатқанын білмейміз. «Аш бала, тоқ баламен ой-
намайды» дегендей ғой.

– Мектепте оқып жүргенде киім-кешек жағы қалай болды?

191

– Нашар болды.

– Қандай киімдер кидіңіздер?

– Шешеміз мата болса «дамбал» сияқты бірдеңе тігіп береді, соны

киеміз, кейін әлгі «сымдар» (шалбар) болды. Аяғымызда «бәтең-
ке», 4 класс бітіргенде маған қызыл «бәтәңке» алып берді. Мектепке
киіп барам, қайтқанда шешіп алып «мойныма іліп» қайтамын. Сон-
дай жағдай болды. Мен 10 жылдықты бітіргенде, әлгі «штапеллден»

(матаның түрі –Ш.Т.) «бриджі» (балағы қысқартылған шалбардың
бір түрі – Ш.Т) дей ме, сондай кидім. Балалардың бәрі соны кидік
қой, түгел. Ал, 1955 жылы нанға тойдық, мен шынын айтайын, 1955
жылы. Сол біздің еңбек ақымызға бір кесе бидай береді, енді соғыс

қиын заман еді ғой. Сосын «полядан» (егін алқабы –Ш.Т.) масақ те-
реміз. Тары себеміз, соның масағын тереміз, оны колхозға өткіземіз
қаппен. Ел масақты ұрлайды, теріп жүргенде масақты тығып кетеді.
Сонда шешеміз бізге айтады «сендер де тастай беріңдер, кешке жа-

қын аламыз» деп. Менде тастай берем, содан шешеміз екеуміз түнде
барып қаппен алып қайтамыз.

– Ауылда ондайды ұстайтын, жазалайтын адамдар болды ма?

– Бригадир ғой енді, ол біледі, білседе байқамаған болады, ел аш

қой, сондықтан үндемейді.

– Кім деген кісі еді бригадир?

– Бригадир Керімбеков Ешпай деген болды. Міне, жағдай солай

болды. 1960 жылдан бастап мен жұмыс істедім, техникум бітіргеннен
кейін.

– Мектеп бітірген соң бірден техникумға оқуға түстіңіз ба?

– Жоқ алдымен институтка түстім, кішкене бұзықтық жасап шығып

кеттім.

– Қандай бұзықтық, айтуға бола ма?

– Аудиторияда темекі тартып отырсам, бір кісі келіп «неге тарта-

сың, молодой человек, нельзя курит, это аудитория» деді. Қарап отыр-
дым да оған: «какое твое собачье дело» дедім. Ол: «что, что повтори»

–деді, мен «что слышал, какое твое собачье дело» дедім. Сосын ол

мені жетектеп деканатқа алып барды, Құрманов деген «зам.декан»
(факультет деканының орынбасары –Ш.Т.) бар екен. Сол Құрманов
менің документімді беріп, оқудан шығарып жіберді.

– Жетектеп алып барған кім екенін білген жоқсыз ғой?

– Фамилиясы Гарбузов деген екен, факультеттің «партийный орга-

низацияның секретары» (партия ұйымының хатшысы – Ш.Т.)

– Ол қай институт еді?

– «Зооветеринарный» (Бұрынғы Алматы мал дәрігерлік институты

– Ш.Т.) институт, соның «ветеринарный» факультеті болатын.

– Оқуға түскеннен кейін сол жылы қайтадан оқудан шығарып

жіберді ма?

192

– Иә, шығарып жіберді. Олардан кешірім сұрап «жыладым», «ең-

бектедім», қараған жоқ шығарып жіберді. Одан соң үйге келе алмай,
біраз қашып жүрдім. Ақша бітті, қарын аш, енді қайтем, ауылға қай-
тып келдім де қызылшада жұмыс істедім. Келесі жылы тағы сол инс-
титутқа бара алмайсың, оқуға түсірмейді. Бірінші жолы «без экзамен»

(емтихансыз – Ш.Т.) түсіп кеттім ғой, техникум «международный»
(халықаралық) оны жақсы бітірдім. Сосын әлгі «заочныйға» (сырт-
тай оқуға – Ш.Т.) тапсырып түсіп кеттім оқуға. Содан соң жұмыс
істеп жүріп оқыдым, жақсы бітірдім, факультетте «наши отличники»

(біздің үздіктер) деген тақтаға суретімді іліп қойды.

– Сол институтқа сырттай түстіңіз ба? Ол қай жылы?

– Иә, 1963-ші жылы. Мен 60-шы мектеп бітіріп келіп, 63-ші жылы

түстім «заочный», арасында сессияға барап-келіп жүріп бітірдім.
Содан кейін Ленинградқа жіберді «руководитель кадров» (кадр же-
текшісі) боласың деп, 1971 жылы.

– Студенттік өміріңізді туралы не айтар едіңіз? Ол кез қалай

болды?

– Техникумда оқып жүргенде степендиямыз 15-ақ рубль болды.

– Ол жетеді ма бәріне?

– Жетпейді ғой, қайдан жетеді...

– 15 рубльді неге жұмсайсыз?

– Техникумның общежитиесі (жатақханасы) жоқ. Пәтер жалдаймыз,

7 сом төлейміз де, 1 бөлме алып, 4 бала жиналып тұрамыз. Қалған
ақша сол жиналады, ауыл жақын, демалыста ауылға барамыз, кәр-
төшка әкелеміз, бірдеме-бірдеме әкелеміз. Сонымен әлгі нанды «как
раз» Хрущев студенттерге «бесплатно» (тегін) береді дегенді шығар-

ған кез. Асханада жұмыс істейтін орыстың әйелдері дұрыс бермейді,
тегін нанды. «Пятьнадцать, чай» деп заказ береміз, «хлеб есть, по-
чему только чаю даешь, хлеб давай, почему хлеб не даешь, это Хру-
щев сказал попробуй хлеб не давать» деп ұрсысып жүріп асханадан

тегін нанды аламыз. Сонымен нан жейміз, 15 копеек «каша рисовый»
бар, соны жейміз. Сөйтіп өстік қой бәріміз. Қазір 1 бөлмеде тұрған 4
баладан Әсет деген «Алғабастан» еді қайтыс болып кетті. «Панфи-
ловтан», «Октябрь» деген жерден Амангелді деген жігіт болды, ол да

қайтыс болып кетті. Қазір мына «Октябрьде» Сманқұлов деген бар.
Үйінде отыр, ауырады. Төртеумізден сол екеуміз тіріміз.

– Ал, мал дәрігерлік институтта оқығанда қалай болды?

– Е, онда мен бір айға барып келем ғой сессияға.

– Бір айға ғана барасыз ба?

– Иә, бір айға барам, емтихан тапсырып қайтып келемін.

– Қайтып келесіз де жұмыс істейсіз? Оқуды қандай дипломға

бітірдіңіз, «қызыл» диплом, «көк» диплом ба?

193

– Жоқ қызыл диплом емес, менде физикадан «үшім» бар, тағы бір

сабақтан үш бар. Екі «үш» болды, оны алдын-ала «пересдача» (емти-
ханды қайта тапсыру – Ш.Т.) жасайды екен ғой, мен оны білмеймін.
Менің «группамда» (группа – топ) ешкім бітіре алмады қызыл дип-
ломмен. Ал, бір-ақ «отличник» (үздік) болды, «госэкзамендерден»

(мемлекеттік эмтихан) бәрін 5-ке тапсырды, біреуін 4-ке тапсырды.
«Гостың бастығы» (мемлекеттік емтиханның төрағасы– Ш.Т.) Горь-
кий қаласынан келді, өзі орыс, біздің комнатаға шай жасап қойған,
әлгі комнатаға кірмей қойды.

– Алған мамандығыңыз, сол бала кезден армандаған, қалаған

мамандығыңыз ба?

– Иә, армандағаным сол еді. Маған оқу бітірген соң «қал» деп енді,

мен қалмадым, 61-ші жылы «Ленин» колхозынан «Жетісу» колхозы-
на бөлініп кеттік. «Тельманда» немістер көп болды. 12 жыл немістің
ішінде жүрдім, немісше сөйле үйрендік.

– Ол кезде немістермен, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас-

тарыңыз қалай болды?

– Немістің бірталай жігіттері жақсы жігіттер, көбі қазақша сөй-

лейді. Мен немістердің айтқанын бәрін түсінемін, өзім сөйлескем
жоқ. Әйелім немісше сөйлейді, ол да сол жерде өскен.

– Әйеліңізбен қалай жылы таныстыңыз, қай жерде танысты-

ңыз?

– Әйелім«Тельмандікі» ғой, «средный образования» (орта білім)

бітірген, техникумды бітірген. Мен оқыдым, ал ол ары қарай оқыған
жоқ.

– Қай жылы үйлендіңіздер?

– Мен көп жүріп қалдым ғой,1966-шы жылы үйлендім, 1966 жылы.

Үлкен қызым 67-ші жылы туылды.

– Апамызбен екеуіңіздің араларыңыз неше жас?

– Ой, бірталай бар, он жылдай. Ол 48-ші жылғы, мен 38-ші жылғы-

мын.

– Он жыл екен жас ерекшеліктеріңіз. Ол кісі қай мамандықтың

иесі?

– Бухгалтер.

Талдықорғандағы техникумды бітірді. Мен
«пенсияға» шығарып жібергеннен кейін колхоз бастығы болып кеттім
ғой, 10 жыл колхоз бастығы болдым.

– Қай колхоздың?

– «Октябрь» колхозының, кейін оның атын «Бақтыбай» деп қойдық.

– Қай жылы?

– 1989-да бардық, 1987 жылы қайтадан келдім, «Главный вет врач»

(ауданның Бас малдәрігері) районда болдым. Кейін ауырдым, көп
ауырдым.

194

– Сайлау аға, үйленген кезіңізде өздеріңіздің үйлеріңіз болды ма,

тұрмыстарыңыз қалай болды?

– Енді ол кезде әке-шешем тірі. Өзіміз салғанбыз, ағаш алып келіп.

Бір өгізбен, бір атпен, биемен қарағай кесіп тасыдық, соны әкеліп со-
дан салдық. Қарағайдың үстінде мынандай темір бар. «Шерипица»
дей ме, темірмен жауып берді орыстар. «Стенасын» (үйдің қабырға-
сын) сол жердегі ағайындар жабылып жүріп өзіміз құйдық. Екі бөл-

мелі үй болды. Сондай «қатқан» («қатқан» – жақсы, керемет деген
мағынада түсінген жөн) үйім болды, өзіміз кіретін жеріміміз бар.

– Ал, үй ішіндегі тұрмыстарыңыз қандай болды?

– Менің жұмыс істегенім жақсы болды. Ауданда «Халком» (аудан-

дық атқару комитеті) өкпелеп қалды, «сен бізде қал» деп. Оның ка-
бинетінде 1 ай отырдым. Ертең ерте «планировкасы» («планировка»

– шаруашылықтарда күн сайын таңертең болатын ұйымдастыру жи-

налыстары) біткен соң ол кісі кетіп қалады. Ауылға «налоговый зван-
даса» маған айтып отыр деп. Не деген «авторитетный» адам («автори-
тетный» – беделді адам дегенді білдіреді) еді. Сонда көрдім Бейсебаев
деген кісіні... Қазақстанның«Совет министрлігінің» (Министрлер

кеңесі) бастығы, екі күнде бір «звандайды» («звандайды» -телефон
соғады) «Дайыров қайда?» деп. Мен «білмеймін» деймін.Сосын ол
«айт, Бейсебаев, мен звандады деп». Ал Дайыров келген соң «ай, бала
кім звандады» – дейді ғой, мен «Бейсебаев деген қайта-қайта зван-

дайды» деймін. «Ей, сен оны білмейсің ба?» дейді, мен«білмеймін»
деп айтамын. «Сен неге білмейсің? Ол Қазақстанның Министрлер
кеңесінің бастығы емес па?» дейді... Сонда ол сондай қызметте бола
тұра, колхоздың бастығына телефон соғып жатыр ғой.

– Дайыров деген кісі басшы ретінде қандай адам еді?

– Ол «Председатель колхоза» (ұжымшар төрағасы).

– Нұрмолда Алдабергенов деген кісіні білуші ме едіңіз?

– Ол мен кеткенше сол жерде бастық болды. Енді "авторитеті" (бе-

делді) мықты болатын ешкім батып сөйлей алмайтын... Мына аудан-
дағы адамдар да сөйлей алмайтын оған...

– Ол кісі басшы ретінде, адам ретінде халықпен қарым-қатына-

сы қалай болды?

– Ол авторитет болды, «Ордендерін»таққанда костюмі күшті болып

тұратын. Екі ме, үш пе «Ленин» ордені бар еді, «Октябрьский» бар,
«Трудавой класность знания» бар еді. Сөйлесіп көріңіз онымен. Қан-
шама ретдепутат болған «Верховный Советтерге», оқып жүргенде
көрдім Алдабергеновты.

– Қай жылы?

– Сол ұмытпасам 59 ба? 60-шы жылдарға қарай...

– Қандай әсер қалдырды, ол кісіні көргенде?

195

– Ол кісі қабылдады бізді, бір топ адамды шығарып салған соң қа-

былдады. Біз оған кіргенде «Никита Сергеевич, вот так сделай, вот
так сделай» – деп телефонымен Москвамен сөйлесіп отыр екен...

– Мәскеумен сөйлесіп отыр ғой?

– Иә,Мәскеумен сөйлесіп отыр. Кейін Хрущевпен жүргенін де

көрдім.

– Қай жылы?

– Қай жылы еді, құдай-ау! Анық білмеймін оны. Кейін орнынан

алып тастады, үш күн жиналыс болды.

– Неге алып тастады екен?

– «Националист» (ұлтшыл) деп пе? Бірдемесі болды... Хрущевтың

тапсырмасымен алып тастады, қысқасы

– Жоғары жақтан тапсырма берілді ғой?

– Хрущевтың тапсырмасы. Димекеңмен (Қонаевпен) Хрущев келу

керек болған ғой Қазақстанға, Димекең «Медеу» жақтан ба, «Талғар»
жақтан баоған үй тіккізеді ғой. «Хрущев келе жатыр, сен үйіңде қар-
сы аласың» деп. Ол (Нұрмолда Алдабергенов) үйді тігіп сол жерде то-
сып отырады. Олар жоқ, Димекең айтқан «ертең Хрущевпен келеміз»

деп, өзі шыдамсыз кісі еді, тыпырлаған. Кешіккен соң машинаға
отыра салып «мен Алматыға барып келемін қазір» деп тарта жөне-
леді. Олар болса бері қарай келе жатыр екен. Оларды көрмей қалады,
Алматыға барып іздейді ғой, «қайда олар, Димекең Қонаев қайда?»

дейді ғой. Алматыдағы көмекшілері «Сізге кетіп қалды ғой» дейді.
Қайтып келсе олар кетіп қалыпты. Сөзі былай болған ғой «Чего, это-
го казаха ждать, что ли» депті Хрущев... Содан кейін барып ол кісіні
орнынан алып тастады ғой. Кейін мына жақта «Еркін» деген жер бар,

сол жерге сельсоветтің бастығы етіп койды. «Сельсовет» аты ғана...
үш-ақ адамы бар. «Секретары» (хатшысы), «заместитель» (орынбаса-
ры)бар, аппараты сол үш-ақ адам. Соның бастығы қалып қойды. Ол
кәдімгідей атағы бар, «дважды герой» (екі дүркін Социалистік Еңбек

Ері)деген атағын алған. Мына жақта «Амангелді» деген колхоз бар
«Киров» ауданында, жаман колхоз соған бастық етіп қойды.

– Неге жаман колхоз, не үшін жаман?

– «Амангелді» деген жаман колхоз ғой... . Экономикасы артта қал-

ған колхоз... Соған қойған ғой. «Бағанағы академикке (академик деп
Н.Алдабергеновты айтып отыр) нашар артта қалған колхоз беріңдер»
деген ғой. Содан бір жылдай істеді ме, істемеді ме? Марқұм сол жерді
«дүрілдете» (жағдайын жақсарта бастаған деген мағынада айтып

отыр) бастаған. Ол жердің аты кейін «Мұқыры» деп қойылды ғой.
Мұқырыға келген соң жаңадан үйлер салды, ауылды көркейтті. Күз-
де қар бір жауған кейін қайтыс болды. Ол жылы мен машина сатып
алғамын.

– Қандай машина?

196

– «Москвич», «четвертый сто», ал «три» деген, ол кезде ондай ма-

шина ешкімде жоқ болатын. Райисполком соны берді,өздері сөйтіп
шешім қабылдайды екен ғой, «жақсы жұмыс істейтін жігіт мынау,
сондай жұмыс істеп жүр» деп бұйырады. Райисполкомның тапсыр-
масы бойынша солай екен.

– Өз қаржыңызға алдыныз ба?

– Иә, өзіме жеке меншік, екі мың төрт жүз сомға, бағасы 2400 сом...

«Импортқа» кетіп бара жатыр екен, спидометрі істемей өтпей қалып-
ты. онысы маған жақсы болды, соны мініп жүрдік.

– Қандай қызметтер атқардыңыз?

– 1971 жылы «курс повышения руководящих кадров» (басшы кадр-

лардың білімін жетілдіру) болатын, соған Ленинградқа жіберді. Үш
ай оқып оны бітіріп келдім, «отличныйға», содан кейін жұмысқа
кірістім. 12 жыл «главврач» (ауданның бас мал дәрігері) болдым, 3-4
рет келдім осы ауданға, «главврач» болып. Басқа жұмыс дажібереді,

айналып қайтадан осында келемін. «Коминтерн» колхозында 3 жыл
«парторг» (колхоздың партия ұйымының хатшысы) болдым, 4-ші
жылы «зампредколхоза» (колхоз төрағасының орынбасары) болдым.
Мынау Қарабұлақта «отқорм» («откорм» – мал бордақылау, семірту

деген мағынада) жасайды, сиыр,шошқа, қой бар. Міне «ЛСП» деген
жерге 16 000 қой ұстадық. Біздің ауданда 286 отар қой болды. Енді
біздің аудан негізінен қызылша себеді ғой.

– Сонда 286 отарда қанша мың қой? Бір отарда қанша қойдан

еді?

– Бір отарда 500 қой болатын. Саулық қойдың өзі 115 мың болды.

Оның бәрінмен «жатқа» білемін. 186 мың бойдақ мал қыстауға ба-
рады. 115 мың қой қыстауға барады, сонда қыстап шығады, сонда
төлдейтін.
Сондай заманнан өттік. Ол заман сондай қатты заман болатын. Бір

қой өлсе «бәле» болады. Бір қой тұрмақ «тышқақ» лақ өліп қалса
«әкеңді» танытып, партиядан шығарамыз, «қой өлгенше сен өл» деп
айтқан сөзді де естідік басшылардан. Ол кездері Қазақстанда 40 мил-
лионнан аса қой болатын, Брежневтің тұсында 50 миллионға жеткі-

земіз деп күресті ғой. Сондықтанда бір тоқты өліп қалса, әкемізді
танытады. Ал, жаман тоқтылар жайлауға бара жатып өліп қалады.
Сонымен бірде «райкомға» (райком-аудандық партия комитеті) әлсіз
тоқтылардың бәрі босқа өліп жатыр, «ЛСП» деген салайық деп ұсы-

ныс жасадым, соған тоқтылардың бәрін алып қалайық дедім.

– «ЛСП» деген не ол?

– «Лечебный-санитарный пункт» деген жер ол. Сол жерде асыра-

йық,жаман тоқтылардың бәрін тауға апарып «қырасыңдар», өзім
«ветврачпын» (ветврач-мал дәрігері) ғой, қырылып жатыр, көріп

197

жүрмін. Сондықтан «ЛСП» салайық дедім. Ол өз басыма кейін «шоқ-
пар» болып тиді...
Ол жерге жұмысқа өзім баратынымды білмедім, жұмысқа өзім бар-
дым ғой. Жаңағы айтқан «ЛСП-ны» жасадым, онда 16 000 қой ұста-

дық, «жаман» тоқтыларды.

– «Ауру-сырқау» қойлар ғой өңкей?

– Иә, олардың салмақтары 13-14 кг ғана болады. Содан 1980-ші

жылы «Московский олимпиада» болғанда қой таба алмай, менің қо-
йыма келіп жармасты. Сол 16 000 қойды сойып, «Үштөбеге» маши-
намен тасып сойғызды, мен тек өлшеп отырдым. Пакеттерге салып,
Москваға алып кетті. Маған «омырауыңды орденге толтырамыз»

деп уәде берді, онысын кейін ұмытып кетті. Сөйтіп 16 000 қойды
1980 жылы «Москва олимпиадасына» бердік. Мені кейін, іле-шала,
«Партсъез»колхозына парткомның (партия ұйымының) хатшысы етіп
жіберді. Сондан порткомның хатшысы болып кеттім, ол жерде 5 жыл

істедім.

– Зейнеткерлікке қай жылы шықтыңыз? Қанша зейнетақымен

шықтыңыз? Қазір қанша?

– 2001 жылы шықтым, жас келген соң. 8300 теңгеге шықтым. Қазір

51 мыңға көбейді. Осы ауданда 45 жыл істедім. Пенсияға шыққан соң
3 жыл істедім.

– Қанша балаңыз бар?

– Екі қыз, бір ұлым бар, кештеу үйлендім ғой... Үлкен оқуды қызым

Москвадан бітіріп келді. Ұлым «Жетісу» университетін бітірді. Соны
бітірген, өз мамандығымен істеп жүрген жоқ, «мұғалім болмаймын»
дейді ғой. Өз мамандығы механик па, инженер ма дұрыс білмеймін.

– Ата-әжелеріңіз шежіре, халықтың тарихына байланысты

әңгімелер айтушы ма еді?

– Әкем 6 айлық курс бітірген. Әкем жақсы әңгімелер айтатын. Біз

«Сиыршымыз»(Сиыршы-жалайыр тайпасының ішіндегі ру)ғой,
Сиыршының ішінде Жақсымбет, Сиыршы беске бөлінеді. Оның
ішіндегі «Жақсымбетпіз». Жақсымбет, Сырымбет, Тоқымбет және
Жәнібек,содан кейін Шәлімбет болып беске бөлінеді. Шәлімбет қазір

Сыпатай болып жүр.Еділжан академигіміз (академик Еділ Ерғожинді
айтып отыр)Тоқымбетке жатады.

– Шежірені сол бала күніңізден біліп өстіңіз бе?

– Жоқ, кейін білдім ғой, кейін біліп жүрмін ғой.

– Қариялар, ақсақалдар шежіре-әңгіме айтпаушы ма еді?

– Олардың әңгімесін көп естімеген екенбіз. Атам бақшаға мықты

болды. Жас кезінде татармен орыстың «малайы» (малай-үй шаруа-
сын істейтін адам) болған екен. Менің әкем Бекбосын, Бекбосынның
әкесі Сейсенбек, Сейсенбектен Елікбай, Елікбайдан Құлақ, сосын
Игіс, Игістен Қоянаяқ, Қоянаяқтан Жақсымбет.

198

– Атаңыз «малай» болды дедіңізба, не жұмыс істеген екен ол

кісі?

– Енді малай не істейді? Бақшасына қарайды,шөбін шабады. Мал-

дың астын тазалады, мал суғарады. Қарын да күрейді. Атам тамақты
да жасаған екен.

– Сайлау аға, өзіңіз жұмыс істеп жүрген кезіңізде «Еңбек Ер-

лерінің» біразын көрдіңіз ғой, біразымен қызметтес болдыныз,
бірге жұмыс істедіңіз. Ол кісілердің жұмысқа деген ынта-жігері,
жұмысты ұйымдастыруы қандай еді?

– Досқожанова Нүрипаны білемін, «Екпіндіден». Верховный Со-

вет Қазақ Кеңесті Социалистік Республикасының Жоғары Кеңесінің
бірінші депутаты. Шұбарда «20 герой» дейміз ғой. Оның біреуі Кеңес
Одағының батыры, 19-ы «Социалистік Еңбек Ері». Оның біреуі Өске-
мен жақтан келген Кітапбаев деген кісі. Біреуі Аскаров деген болған,

ол кісі қайтыс болып кетті. Тағыда бір орыс «Герой» болған.

– Кім деген?

– Мына жерде портреті тұр, оның ұлы медальін жоғалтып алып,

кейін қайтадан тауып жасап берді ғой. Нұрекеңді де (Нұрмолда Алда-
бергеновты айтып отыр) көрдім дедім ғой.

– Апамыз зейнеткер ма?

– Иә, пенсияда

– Ол кісі қаншаға келді қазір?

– 1948-ден есепте, қанша болады?..

– 65-66 жаста екен, қанша немереңіз бар, қазір балаңыздың,

келіннің қолында тұрасыз ба?

– Жоқ, олар Талдықорғанда тұрады.

Екі немерем бар. Үлкен не-
мерем кішкентай кезінде менің алдымнан түспейтін. 2000 жылы 30-
шы августе туған. Әлгі лицей бар ғой Талдықорғандағы, сонда оқи-

ды.

– Сайлау аға, жақсы әңгімелер айттыңыз. Рахмет!

Сұхбатты жүргізген және өңдеген:
Тілеубаев Ш.Б.

199

Шара Андасбековамен сұхбат

– Аты – жөніңізді айтып, өзіңізді таныстырып отырсаңыз жақ-

сы болар еді. Қай жылы өмірге келдіңіз?

– Аты-жөнім Андасбекова Шара, 1937 жылы дүниеге келдім. Біз

бұрын Сарыөзекте тұрдық, өйткені жұбайым теміржолда бас кон-
дуктор болып істеді. Ал, мен үйде отырдым. Менің төркіндерім осы
колхозда қойшы болды. Төртінші балам туылғанда әкем: «бір кісінің
табысы не болады, қарағым ? Ауылға жүр, біздің колхоздың еңбегі

жақсы айналады. Балаларың да, өзің де еңбекке араласасыңдар», –
деп 1966 жылдың тамыз айында осы колхозға көшіріп алды. Көшіп
келе салып бастыққа кіріп колхозшылар қатарына алуды сұрап едім,
тұруға беретін дайын үй жоқтығын айтып, уақытша әкемнің үйінде

тұра тұруыма кеңес берді және сатылатын үй шықса бірінші маған
беретіндерін айтты. Немістердің келуіне байланысты ауылда баспана
тапшылығы болды.
Мамандығым болмағандықтан мені Жетпісбаев деген кісі басшы-

лық ететін бригадаға қызылшашы ретінде жұмысқа алды. Өйткені,
әкем сол бригадада еді. Бұрын қызылша істеп көрмегендіктен бір ап-
тадай қиналдым. Қасымдағы кісілердің көрсетуімен бірте-бірте шөп-
теуді үйреніп, алып кеттім ғой. 1966 жылдың тамыз айынан бастап

1987 жылға дейін 21 жыл қызылшада істедім. Жұбайым 1972 жылы
қан қысымынан қайтыс болғанша колхоздың қай жұмысына жіберсе,
соны тартынбай істеп жүрді; қызылша суарды. Қасына қосып берген
екі неміспен үшеуі бірге жүріп 3-4 жыл сушы болды. Жазда қызыл-

ша суарды, қыста бойдақ сиыр ұстайтын фермада бір шалға көмекші
болды. Өзі партияда болды. Өкінішке орай, ерте қайтыс болды. Бала-
ларымды жалғыз өзім өсіріп жеткіздім, тартынғаным жоқ.

– Колхозға мүше болып кіру қиын болды ма?

– Қиын болған жоқ. Әкем осы жерден болғандықтан, ешқандай

қиындықсыз қабылдандық.

– Сіздің қанша жылдық біліміңіз бар?

– 5 сыныптық білімім бар. Біз тұрған Мұсабекте 4 жылдық ғана

мектеп болды. Басқа ауылға барып оқуды жағдай биледі: жататын үй
керек, таныс біреудің үйінде тұрып оқиын десең, жақтырмайды. 5-ші
сыныпты бір алыс туыстарымыздың үйінде тұрып оқып едім, қаққы-
лап есімді шығарды. Сабақ жаттауға мүмкіндік жоқ. Қыз болған соң

ары-бері жұмсай берді. Кешке үй тапсырмасын қарап отырсаң, шам-
ның майын тауысасың жат деп есіңді шығарады. Ол кезде үйлерде
жарық жүргізілмеген ғой. Майшам қолданамыз. Ол үйде тұрғым кел-
мей, оқу жылының екінші жартысынан оқуды тастап кеттім.

– Бастауыш сыныптарын оқыған мектебіңізді сипаттап

беріңізші?

200

– Бір сыныпта 30 шақты оқушы оқыды. Шөмішбай Хамза деген кісі

әрі директор, әрі мұғалім болатын. Негізінен сабақ берген бір-ақ кісі.
Мектептің ғимараты үлкен, 3-4 бөлмеден тұратын: балалар көп болса
да 1 бөлмеде оқыдық. Неге екенін білмедім.

– Сабақта үлгеріміңіз қандай болды?

– Орташа, онша жақсы емес (күледі). Үйдің үлкені мен болдым.

Көңілің орныңда емес қой, қарағым. Шешем ерте өліп қалғандықтан
үйдегі кішкентай інім мен сіңілімді ойлап, ерте есейдім ғой (жыла-
ды). Анам көп ауырып, қайтыс болды. Қай жері ауырғанын өзім де
білмеймін, бізге айтпайды. Әйтеуір, ауырып отырады. Ол кісі де жұ-

мысты жақсы істеді. Қызылшаны да, тарыны да, бидайды да қолмен
оратын. Комбайн жоқ. Суық тиді ма ? Білмедім. Шешем күзде қайтыс
болғаннан кейін әкем бір жылға дейін үйленген жоқ. Бауырларыма
өзім тамақ жасап беріп, бас-көз болдым. Үйде көмір жақпаймыз. Бі-

рен-сараң ауқатты адамдардың ғана көмір пешін жасап, отын ретінде
көмірді пайдалануға мүмкіндіктері болды. Біз қи, сексеуіл, жусанмен
қыстан шығатынбыз. Жусанды таудан шауып, арбамен түсіріп жинап
алып, қыс бойы темір пешке жағамыз. Ол кезде мынандай бөлек бөл-

мелері бар үй жоқ. Үй екі бөліктен тұрады: пештің орны және негізгі
бөлік. Отты да өзім жағамын, тамақты да өзім жасаймын.

– Қандай тамақ түрлерін жасайтын едіңіз?

– Кеспе көже жасаймыз. Ет болса, кішкене ет асып жейміз. Ерте-

рек, жарықта, кешкі тамағымызды ішіп аламыз. Білген тамағымды
жасадым. Нан жабамын табаға. Нан ашытуды шешем ауырып жүрген
кезде үйретті: былай иле, суды көп құйма, тұзын көр деген нұсқаулар-
мен. Кеспе көжені дәмді даярлайтынмын: етті уақтап турап, жуамыз.

Одан кейін жуа тураймын. Тоң майды салып баяу отта дайындаймын.
Қамыр илеп, жұқалап жаямын да ұсақтап кесемін. Дайын болғанда
дастархан жайып нан тураймын. Сол кезде мен 9-дамын. Қазіргі ба-
лалар еркелеп түк істемейді ғой. 17 жасымда әкемнің қарындасының

жеңгетайлығымен тұрмыс құрдым.

– Той жасадыңыздар ма?

– Той болған жоқ. Жақын туыстар мен жолдастар арасында атап

өттік. Үлкен той жасаған жоқ. Кедей жігіт, жетім қыз. Бір жалақымен
жүрген адам.

– Қонақ күткенде дастарханға қандай заттар салынды?

– Базардан салат сатып аламыз. Ет асып, бауырсақ пісіріп шай қоя-

мыз. Сырасын ішіп тойлады.

– Балалық шағыңызда қатты ауырған кезіңіз болды ма?

– Қызылша шығып ауырдым. Сіңліме де, маған да қызылша шы-

ғып, бір апта бойы үстімізден төгіліп кетпей ауырдық. Әкеміз көрпеге
орап, терлетіп, сорпа ішкізіп, ыстық шай беріп қарады.

– Дәрігер болмады ма?

201

– Дәрігер жоқ ауылда. Дәрігердің көмегі керек болса Кировск деген

елді мекенге бару керек. Сөйтіп өзінің қазақша емін жасап жазылып
кеттік, кейін ауырғанымыз жоқ.

– Ауылда дүкен болды ма?

– Дүкен болды. Пірәндік (пряник), кәмпит сатады. Толып тұрған

бірдеңелерді сатады. Баллар үзілісте барып тоқаш, нан алып жейді.
Қыздар лента алып шаштарына тағатыны есімде. Ол кезде ақшаның
өзі де тапшы ғой. Ақшаны ұстамаймыз өзіміз. Керек заттарды әке-
шешеміз әкеліп береді. Малды сатып ақша жасайды.

– Бала болып нені армандайтын едіңіз?

– Ертерек шешем өліп қалған соң, артымнан ерген бауырларым

аман болса екен дедім. Бір жаққа барсам деп ойламайтынмын.

– Колхозда қызылшашы ретінде қанша жалақы алдыңыз?

– Жалақы әр қалай болды. Алғашқы кезде 33 сом ғана жалақы ал-

дым.Ақшаны алғашқыда білмедім. Жыл аяғында қант, бидай береді.
Ерен еңбек еді ғой ол кезде. Қызылшаның шөбін сағат танғы 7-ден
шабамыз. Түскен суық шықтан санымызға дейін шылқылдап, бас-
таған жолдың бір шетіне батпақ-батпақ болып сағат 12-де жетеміз.

Суық суға батпақты жуамыз да, кеуіп үлгермей жатып су күйінде киіп
аламыз. Содан машина келіп ауылға апарып тастайды. Апыл-құпыл
асығып шәйді іше саламыз да бір сағатта қайта келген машинаға оты-
рып қызылшаға қайта барамыз. Енді, қызылша қазу кезінде, керзі

етік киіп алып масақ тереміз. Колхоз жұмысшыларының бәрі жақсы
жұмыс істейтін. Бір-бірін сыйлап тұрды. Жұмыс барысында реніш,
ұрыс болған жоқ. Ауызбіршілікпен барлық жұмысты уақытымен, ар-
тығымен орындайтынбыз. Біреу қалып бара жатса, өзгелері көмекке

келетін. Басқа бір орындарда кездесіп қалсақ туыс адамдай аманда-
сып, құшақтасып, қал – жағдайымызды сұрасамыз. Әлі күнге дейін
сөйтеміз.

– Сізге қолдау көрсеткен адамдар болды ма?

– Жақсылығы өткен Бәкір деген бауырым болған, қайтыс болып

кетті. Кассир еді. Үнемі өтінішімді тастамай, қолынан келгенше кө-
мек беретін. Шөп түсірісуге, жинауға, қар күреуге үнемі болысатын
екі бауырым: біреуі немере бауырым, екіншісі туған бауырым. Қазір
екеуі де жоқ.

– Арманыңыз бар ма?

– Арманым бала-шағамның амандығы. Басқа менде арман жоқ.

– Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!

Сұхбатты жүргізген және өңдеген:
Болатхан Ә.

202

Күлжамал Онбаевамен сұхбат

– Аты-жөніңізді айта отырсаңыз. Қашан және қайда өмірге

келдіңіз?

– Аты-жөнім Күлжамал Онбаева, 1936 жылы Ленин колхозында ту-

дым. Әкем 1951 жылы Ленин колхозынан осы Алдабергенов колхо-
зына көшіп келді, әкеммен бірге біз де келдік. Еңбек жолымды 16 жа-
сымда мектепті тастап осы колхозда бастадым. Өйткені, әке – шеше
ауру, ұлы жоқ, басқа қызы жоқ, отбасында бір мен. Сол кісілердің бір

жағына шығып асыраймын дедім де №46 разъезд деген осы колхоздың
сиыр фермасына сауыншылыққа 10 қыз даярлап жатқандығын естіп,
солардың қатарына қосылдым. Сөйтіп, 1951 жылы сауыншы болып
жұмысқа тұрып, 4-5 жыл бойы төрт мезгіл сиыр саудым. Сауыншы-

лардың алды болдым. Алматыдан комиссия келіп, сауған сүтімді 2
күн жатып өлшеп, жұмысымды оңды бағалап, мақтаулар жазды.
Менің қарауымда сауатын 20 сиыр болды. Бір сиырдан, кейбір жақ-
сы сиырлардан, бір сауғанда 8-10 литрге дейін сүт шығады. Дорожка

деген сиырым болды. Атын әлі ұмытпаймын. Сол сиыр бір сауғанда
10 литр сүт беретін. Кейбіреуі 7, кейбіреуі 8 литр береді. Жаман бер-
ген жоқ, жақсы берді. Майлығы 3, 3/5 % болатын. Осындай жақсы
көрсеткіштердің арқасында 100 сомнан асырып жалақы алып жүрдім.

Еңбек істеп қыз күнімнен зорыққан болуым керек, кейін науқаста-
нып ауруханада жаттым, үйде болдым. Науқастанып қалған кезім-
де дәрігердің бюллетенімен колхоз кішкене процентпен ақша беріп
отырды. Сонымен күн көрдік қой.

– Немен ауырдыңыз?

– Жүрегім ұстап, кеуде тынысым тарылып ауырдым. Тәуір болған-

нан кейін, бір ер адамға қосып, сушы боласың деп, Нұрмолда ата суға
жұмсады.

– Неге сауыншы болып қайтып бармадыңыз?

– Қайтадан қатыспадым сауыншылыққа, жағдайым болмады оған.

Дәрігер ауыр жұмыс істеуге болмайды деді. Сауыншының жұмысы
сушы көмекшісінен гөрі ауыр ғой, өйткені жем-шөбін өзіміз салатын-
быз. Оны жуасың, тазалайсың.

– Сауыншы болып жүрген бір жұмыс күніңізді сипаттап бере

аласыз ба ?
Таңғы 3:30 тұрып, сағат 4:00 таңғы сауынды бастаймыз. Кешкі са-
ғат 10-да бір-ақ қайтамыз барақтарымызға. Екі қыздан тұрдық қой.
Өзіміз тамақ жасап ішеміз. Концерт немесе кино болса ферманың ма-

шинасымен анда-санда ауылға келеміз.1960 жылы қыз-келіншектерді
трактордың оқуына шақырды. Сол оқуды 3 ай осы Шұбарда 12 сом
стипендия алып оқыдым. Мамыр айында қолыма тракторист права-

203

сын алған соң, бір немістің қасына қосты. 6 ай соның қасында стажер
болып жүріп, тракторды айдауды үйрендім.

– Қай тілде сөйлестіңіздер?

– Орысша сөйлесеміз, ол қазақша білмейді. 1964 жылға дейін үш

жыл тракторист болып істеп, күйеуге тидім. Тұрмысқа шыққан соң
шабан болып кеттім. Шабандықты өз атыма берді. Жолдасым кө-
мекші болды. Онда да жаман істеген жоқпын. "Чемпион" атағын ал-
дым. 1 қойдан 6 келіден жүн алып, атақты болдым. Колхозда шабан

болып істеген 20 жыл ішінде менің қолымнан дәм татқан адамдар көп
болды.

– Марапаттаулармен қатар ақшалай ынталандырулар алған

кездеріңіз болды ма?

– Ақшалай ештеңе бермейді. Менің қамқоршым, көтермешім жоқ,

жалғызбын. Мына жерде туысқандарым жоқ. Кейін білетін адамдар
маған жұлдыз келгендігін айтты. Бірақ, оны біреуге аударған екен.
Тек Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендері бұйыртыпты.

– 20 жыл шабан болғанда менің қолымнан дәм татқан адам көп

болды дедіңіз. Өзіңізге жақсы әсер қалдырған, құрметті қонақта-
рыңыз кімдер еді?

– Суворов деген райисполком болды. Обкомның екінші хатшысы

Тұяқбаева деген әйел бірнеше рет келіп дәм татты. Аудан, облыс дең-
гейінде қызметте болған қонақтар көп келді.

– Шабан болып жүргенде жұбайыңыз көмекші болып тіркел-

генін айттыңыз. Басқа да көмекшілер болды ма?

– Жоқ, одан басқа көмекші болмады. Қой төлдейтін уақытта бір

айға 5-6 адам аламыз, уақытша көмекшілікке. Басқа кездері малды
бала-шағамызбен өзіміз бағып жүрдік.

– Шаруашылықта мал басы қанша?

– Колхоздың 600-ден аса және өзіміздің жеке меншіктегі 20-ға жуық

қойымыз болды. Жылқымыз болды.

– Сіздің балалық шағыңызға, отбасыңызға тоқталсақ.

– Әкемнің аты Сансызбай, шешем Зейнеп. Бауырларым жоқ. Әкеден

мен жалғызбын. Ата-анам ертерек қайтыс болып кетті. Мен шалға қо-
сылғаннан кейін, бірінен соң бірі қайтыс болды. Әкем колхозда сушы,
анам колхоз жұмысшыларына қырманда тамақ даярлаған. Әкем кейін,
1951 жылы осы колхозға көшіп келген соң қой бақты. Нұрмолда атам

жақсы қарады бізге.
Әкем сылқым болған кісі екен. Көп уақытқа дейін үйленбей жүріп,
кейін өзінің жеңгесі-менің анама үйленіпті, әмеңгерлікпен. Тұңғы-
шы мен, менен кейін шешем бала көтермепті. Артымда бауырларым

болса, істеген еңбектерімді бағалатып, артынан сүйреп жүрер еді ғой.
Колхозда менің еңбегімді көтеріп, өз деңгейінде адал бағалаған жоқ.
Мен канша еңбек істедім, керемет көрсеткіштерім болды.

204

– Жұмыс кезінде әділетсіздік көп кездескен сияқты. Еңбегіңіздің

дұрыс бағаланбағанына қатты ренжіген кездеріңіз болды ма?

– Болды. 1963 жылы Қырғызстанға делегация жіберді. Менің трак-

тор айдап жүрген кезім. Жақсы еңбек істеген 15 адамнан тұратын де-
легация құрамында мен де болдым, жақсы барып қайттық. Сондай та-
лаппен Мәскеуге бүкілодақтық жиынға делегация қатарына жазылған
правосы бар тракторист қыздардың бірі менмін. Мені Талдықорғанға

апарып тіркетті. Бірақ, менің орныма осы ауылдан біреудің сіңілісін
тіркетіп жіберіпті. Мен сол себепті Мәскеуге бармай қалып қойдым.
Ол қыз трактор айдаған жоқ, дипломы жоқ, оқыған жоқ, ондай жағдай
болмайды ғой. Өзім кішкене ренжідім. Басшылыққа кіріп: «Трактор

айдаған мен. Тракторист правосы менің қолымда. Мына кісіде трак-
торист правасы да жоқ» деп айтуға батылым жетіңкіремеді. Басқалар
кетті, менің еңбегімнің орнына. Атаққа алдау жолымен ие болуға бол-
майды, адал істеу керек.

– Қашан чемпион атандыңыз?

– Шопан болып жүрген соңғы жылдары саулық емес, тоқты бақтық.

Бір тоқтыдан 6 келі, кейде 9 келіден жүн алдық. Осы нәтиже үшін
чемпион атағын лентасымен, мақтау қағазымен берді. Артық берген
жүннің пайызына ақша төледі. Ақша жақсы алдық.

– Сіз сондай нәтижелі өнімге қалай жеттіңіз?

– Жақсы, суы мол жайылым жер. Малды үнемі тойдырып, тұзы мен

суын уақытымен беру. Қыстан аман шығару. Бала-шағамызбен бақ-
қан еңбегіміз ғой.

– Ұзақ жыл еңбегіңіздің нәтижесі ретінде қазіргі уақытта ала-

тын зейнетақыңызға көңіліңіз толады ма?

– Көңілім толмағанда не істейміз? Зейнетақымның жартысы дәрі-

дәрмегімізге кетеді.

– Қанша сынып бітірдіңіз?

– 6 жылдық ғана білімім бар. 6-ншы сыныптан кейін тастап кеттім.

16 жасымда осы жаққа көштік ғой. Көшіп келгеннен кейін мектепке
бармай сауыншылыққа кіріп кеттім.

– Жан-жағыңызда оқуды жалғастыру, мектепті толық бітіру ке-

рек деген пікір айтқан адамдар болмады ма?

– «Жассың ғой әлі, оқымайсың ба, еңбекті қайтесің?» –деп кеңес

берген жігіттер мен қыздар болды. Бірақ олар менің жағдайымды біл-
мейді ғой. Әкем кәрі, шешем кәрі, әрі ауру. Кәрі болған соң ауырады.
Амал қанша? Еңбек істедім.

– Сушы ретінде қанша жалақы алдыңыз?

– Жалақы ғана, артық пайыздық көрсеткіш үшін қосатын ақша

болмайды. Ұмытпасам 100 сомдай жалақы алып отырдым. Нұрмол-
да атаның уақытында жақсы жалақы алып отырдық. Өйткені, ол кісі
тұрмысы төмен, жағдайы жоқ адамдарға көмектің жақсы жасалуын

205

қадағалап, халыққа көп көмек тигізетін. Ол кісінің топырағы торқа
болсын деп тілеймін. Үнемі жүрегімізде тұрады. Жақсы кісі еді, жа-
рықтық.

– Сіздің Нұрмолда атаға деген алғысыңыз үлкен екендігін көріп

отырмын. Сол кісінің сізге жасаған жақсылығы есіңізде ме?

– Ол кісінің жақсылығын ұмытпаймыз ғой. Маған жасаған жақсы-

лықтары көп. Енді, ауыр жұмыс істеткен жоқ. Шалым малдың бар
жұмысын өзі жасады, малды өзі бағады. Енді үй шаруашылығын мен
өзім жасап жүрдім. Жаман жағдай жасаған жоқ. Қайда барсақ та бос-
пыз. «Неге бардың? Неге кетіп қалдың, рұқсатсыз?» деп айтқан жоқ.

Нұрмолда ата жақсы қарады. Мен сиыр сауып жүрген уақытта үйіміз
болмағасын анау-мынау кішігірім тамдарға кіріп жүрдік. Нұрмолда
атам айтты: «Мен ағашты да, басқаны да берем, әке-шешеңе үй сал»
деді. «Жалғызбын, қалай салам?» десем, «Бәріне өзім көмектесемін»

деді. Содан ол кісі маған көмектесті. Ертелі-кеш тракторшыларға:
«Мына кісіге сен жұмыстан кейін, кешке жақын бір телешке тас әке-
лесің», тағы бір тракторшыға да: «Сен жұмыстан кейін мына кісіге
бір телешке тас әкелесің» дейді. Мен сөйтіп, 2-3 адам жалдап, әке-

ме 4 бөлмелі үй салдым. Ағашына, ақшасына көмектесті. Нұрмол-
да атаның арқасында әкемді жаңа үйге кіргіздік. 1-2 жылдан кейін
әке-шешем ауырып қайтыс болды. Шешем бір жылдан кейін, әкем
бір жылға толмай қайтыс болды. Ол кісіге мен өте разымын. Ақша

жағынан, тамды жабатын ағашқа көмектесті. Арзан бағамен дайын
жаба салатын ағаштарды сүргілетіп әкеліп, түсіріп берді. Кісі кере-
мет, сондай күшті кісі болатын. Ризамын ғой ол кісіге, жақсы көремін
мен. Әкемдей жақсы көретінмңн. Көмегі қатты тиді. Жесір, тұрмысы

нашар адамдарға қатты көмектеседі.

– Тұрмысқа қай жылы шықтыңыз? Жолдасыңыз кім болып

жұмыс жасаушы еді? Қалай кезіктіңіздер?

– 1964 жылы шықтым.Шалым мынау Мұқырынікі. Енді, адам бол-

ған соң бір жерге барасың, тойға дегендей. Сол уақыттарда кездесіп,
бірімізбен-біріміз тіл табысып, қосылдық. Ол кісінің бірінші әйелі
болған екен. Бірінші әйелі бес жылдай бала көтермегендіктен ажы-
расып жүр екен. Содан менімен қосылды. Жаман болғанымыз жоқ,

жақсы болдық. Шаруашылығымыз да бәрі жақсы, көлігіміз де бар.
Немереміз айдайды үйдегі.

– Нұрмолда Алдабергенов сіздің есіңізде қандай адам ретінде

қалды? Қандай адам еді негізі? Мінезі, тұлғасы.

– Мінезі жақсы ғой, онша жұмсақ емес. Дұрыс жүрмін ба, жоқ, дұ-

рыс емес, теріс жүрмін бе, соның бәрін ол кісі бақылап жүреді. Кім
қалай істейді жұмысты. Түнда жүріп, басына басқа бірдеңе киіп алып,
елді аңдып жүреді. Кім қай жерде жүр, не істеп жүр. Үйінде ме, жоқ,
далада анау-мынау жасап жүр ме, соның бәрін аңдып жүреді ол кісі.

206

Сонан ол кісі өз жолымызды адал алып жүргенімізді тексеріп жүр.
Бұзықпын ба, әлде ел аралап кетіп жүрмін бе біреуді жетектеп – со-
ның бәрін ол кісі бақылайды.
Осы өткен өмірім, басқа жерге барғаным жоқ. Осы жерде тудым,

осы жерде еңбек істедім, осы жерде балаларымды өсірдім. Жаман
емеспін, қазір де жақсымыз.

– Бізге, мына келешек ұрпаққа айтатын ақылыңыз, өсиетіңіз

бар ма?

– Жақсы жүріп, жақсы тұрсын. Ақыл-кеңесіміз сол. Тәртіпті бол-

сын. Үлкендерді сыйлап, алдарын кесе өтпей, үлкендердің ақылын
құлақтарына құйып жүрсін балалар. Не дейміз жастарға.

– Сіз мына екі жүйенің куәгерісіз. Кеңестік кезеңде өмір сүрдіңіз,

еңбек еттіңіз, қазір Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырсыз.
Айырмашылығы барма? Қай жүйе сіз үшін жақсы?

– Айырмашылығы бар ғой, айырмашылығы көп. Қазіргі Егемендікті,

Тәуелсіздікті қолымызға алғалы бері жақсы. Бұрын Совет уақытын-
да жүрдік, әйтеуір еңбек істеп, қолымызға тигенін алып. Қазір ешкім
былай жүр, былай істе деп жатқан жоқ. Малымызды бағып жатыр-
мыз. Берген жеріне жемісімізді салып жатырмыз. Жоңышқамыз бар,

бидайымыз бар, соямыз бар, салып, өнімін алып жеп жатырмыз. Не
дейміз? Жаман емес, жақсы. Қазіргі заман бақытты заман. Не киемін
демейді, не ішемін демейді.

– Сізге үлкен рахмет!

Сұхбатты жүргізген және өңдеген:
Болатхан Ә.

207

Күлипа Оңғарбаевамен сұхбат

– Аты-жөніңіз, ата-анаңыз, өзіңіз туралы айта отырсаңыз дұ-

рыс болар еді? Қай жылы өмірге келдіңіз?

– Аты-жөнім Оңғарбаева Күлипа, 1944 жылы Киров ауданы, Октябрь

селосында дүниеге келдім. Әкем колхоздың тауық фермасында меңге-
руші болды. Анам үйдегі балаларға қарап, әкеме серік болды. Өйткені,
әкем мүгедек, аяғынан жүре алмайтын еді. Сол себепті соғысқа бармады.

– Біліміңіз қандай? Отбасын қай жылы құрдыңыз?

– 11 жылдық білімім бар. 9 сыныпқа дейін толық, 11 сыныпты кешкі

мектепте оқыдым. Одан кейін кооперативтік училищеде бір жылдық
курс бітірдім. Нұрмолда Алдабергенов колхозына келін болып кел-
геніме қуаныштымын. Өте жақсы, сыйлы колхоз болатын. Басқа елді
мекендердің барлығына танымал, еңбегіміз еш уақытта еш кетпейтін

тамаша жер болатын. 1962 жылы отбасын құрдық.

– Дүкенде қанша адам істеді? Сатылымда қандай тауарлар болды?

– Бір дүкенде 3 адам істедік: меңгеруші және 2 сатушы. Түрлі маталар

саттық. Ең құндылары крепдешин, атлас болатын. Заттар тапшы болды.
Біз үнді шәйін ала алмайтынбыз. Жақсы заттар тек қана прилавканың
астынан кететін. Өтірік айтпайын, кеңестік кезең солай есте қалды.

– Прилавканың астынан кетеді дегенді қалай түсінсек болады?

– Енді, тауар аз мөлшерде келеді. Оны үлкен қызметтегілер, сыйлы

зейнеткерлер алатын. Жәй адамдарға қол жетімсіз еді.

– Жәй адамдардың қатарында кімдер болды сонда?

– Малшылар, қызылшашылар. Мен осы ауылға үйлендім де қызыл-

шаға шықтым.

– Неге дүкенде істей бермедіңіз?

– Бұл колхоз өте атақты үлкен болғандықтан дүкеншілері сайма-сай

болды. Орын бермейді ғой ол уақытта. Колхоз қаламен бірдей болып
тұрды. Біз тек қана қызылшада істейміз демесек, одан басқа жерде
орын болмады. Уақытымен ақшаны төлеп, астығымызды беріп тұр-
ды, барлық жағдай жасалғандықтан жоғары өнім беріп еңбек еттік.

– Қанша жыл істедіңіз қызылшада?

– 1996 жылға дейін, пенсияға шыққаннан кейін бірнеше жыл қы-

зылшада қиналмай істедім, өте жақсы болды. Бірақ, кейін өкімет
ауысқаннан кейін түсінбей қалдық. Ештеңеден хабарымыз болмай,
түсінбедік. Н.Назарбаев: «Енді өзімізбен өзіміз егеменді ел болдық.
Біз енді адам болдық, ел болдық» дегенде не ойларымызды білмей

біраз тұрдық қой. Содан кейін өз-өзімізбен тіршілік жасай бастадық.

– Қандай тіршілік еді?

– Мал асырадық, тауық асырадық. Қариямыз екеуміз базарға шық-

тық. Қазір жағдай жақсы, Елбасы аман болсын, осындай дәрежеге
жеткізді бізді, жаман емеспіз.

208

– Кеңестік жүйе кезіндегі өміріңіз бен қазіргі уақытты салыс-

тырғанда қайсысы жақсы сіз үшін?

– Қазіргі өмір. Егер балалар түсіне білсе, қазір бізде бәрі жақсы. Жұмыс

жасаймын десе, мүмкіндік бар. Дәл қазіргі мына заманда бәрі бар, балам.
Оқимын десе, оқиды. Институт бітіремін десе, институт бітіреді, машина
мінемін десе, машина мінеді. Ол өзіңнің тіршілігіңе байланысты.

– Ал, кеңестік кезеңде ондай мүмкіндік болған жоқ па?

– Болған жоқ. Мәселен, машина алу үшін кезекке тұрасын, содан

кейін жоғарыдан «берілсін» деген қаулы шыққанша тосасың.

– Ал, училищеге түсу қиын болды ма?

– Қиын. Ол уақытта оқуға түсу өте қиын болды. Емтихан тапсыру

міндетті, одан өтіп оқуға түссең түстің, түсе алмасаң төмендеп ке-
тесің. Ал ол үшін сен жақсы оқуың керек. Мен математикадан жақсы
баға алғаным үшін ғана мына кооперативке түстім. Кеңес үкіметін де
мен жамандамаймын, өйткені әкем үлкен тауық фермасында меңге-

руші болды. Ешқандай тамақтан қиыншылық, тарлық көрмеппін. От-
басын құрып мына қайырлы, дүрілдеп тұрған колхозға келдім. Бірақ
менің бұл жерге келуім Нұрмолда атамыз ауысып Мұқырыға кететін
уақытқа тұс келді. Әйтеуір, Асанов келгенде мен осы жерде болдым.

– Социалистік Еңбек Ері атағын алғандар көп болды ғой. Сол

кісілерге деген өзіңіздің көзқарасыңыз қандай болды?

– Колхозшылардың еңбек ету қабілеті күшті еді ғой ол уақытта. Еңбек

ерекше, керемет болды. Мысалы, су суарған кісілер "геройлық" алды.
Еркек демей, әйел демей жұмыс жасайтын. Мен жұмыс жасаған тұста
Батырбаев Дубек деген кісі мал жағынан, Нұрманбетов Ақық деген кісі
сушы ретінде Еңбек Ері атағын алғаны есімде. Суару жұмысы өте қиын

әрі жауапты жұмыс. Бүкіл өнімнің шығуы суарылу деңгейіне байланыс-
ты. Қазір мына халықта жеке меншік. Жеке шаруашылықта дұрыс суара
алса ғана нәтиже болады. Ал суарылмаған жерден дым шықпайды, тек
шығын шығып кетеді. Мысалы, кейбір адамдар суару тұрмақ себу біл-

мейді, өткені жерді түсінбейді. Жердің не екенін білмейді.

– Осы еңбегімен ел танығын азаматтарға еліктеп, нәтиже көр-

сем, атақ алсам деген ұмытылстар сізде болды ма?

– Өз балаларым өскен соң, немерелерім оқыса екен дедім. Ешқандай ма-

рапаттауларға қызықпадым да, ойламадым да. Бірақ еңбек еттім, тек қана
қызылшада жүрдім ғой, сонымен зейнеткерлікке шықтық та кеттік, болды.

– Сіз соңғы екі жылды кешкі мектепте оқыдыңыз, онда берген

білімге көңіліңіз толды ма?

– Біздің сыныпта 20 оқушы болды. Біліміне көңілім толады. Жақсы

оқыдым, мұғалімдер бізді күндіз қалай оқытса, кешке де солай оқытты.
Сыныптастарымның да ынтасы жақсы болды. Менімен бітірген сынып-
тастарымның бірнешеуі қызметкер болып кетті. Октябрьде оқығандар.

– Өміріңізде қатты қуанған кезіңіз есіңізде ме?

209

– Балалық шағымда мен ылғи қуанышты өмір сүрдім. Әкем бар,

шешем бар, менен үлкен бауырларым бар, барлығымыз сондай жақ-
сы тұрдық. Қазіргі уақытқа дейін, міне, 76-дағы жеңгем бар. Сондай
бір жақсы адамдарға кездестім, балалық шағым менің өте жасы өтті
десем қателеспеймін.

– Адамның өмірінде қуаныш пен қайғы қатар жүреді ғой. Қат-

ты қайғырған кезіңіз болды ма?

– Қайғырған кезім – енем қайтыс болғанда, менің енем бір тамаша

кісі болды, сондай пысық, сондай таза адам еді. Маған анамдай болды.
Менің қайғырған уақытым сол ғана. 5 баламның бәрін енем тікесінен
тік тұрғызып өсірді. Біреуінің бейнетін көрмеппін, біреуін маған қар-
сы өсірген жоқ. Балаларымның бәрі жақсы. 13 немерем бар, шөберем

бар. Өзім, мінекей, 70-ке келдім, қариям 70-тің бесеуіне келді.

– Сіздің балалық шағыңызда қандай тәттілер болушы еді?

– Бор кәмпит есімде. Атамыз бор кәмпит жасап сататын, өйткені ол

дүкенде көп бола бермейтін. Өзі жасап, әкеліп сататын. Ол кезде мик-
роб бар деп ойламайды екенбіз. Қазір ғой дорбаларға келілеп салып
сататыны. Кәмпит алып жеуге әрбір баланың жағдайы келген жоқ.

– Қандай ойындар ойнаушы едіңіздер?

– Доп ойнайтынбыз, қабырғаға ұрып. Ешкім оларға қабырғаны құ-

латасың деп айтпайтын сонда.

– Медициналық көмекті қайдан алатынсыздар?

– Медициналық тірек болды. Бір үлкен орыс ата отырып қабылдай-

тын, керемет білімді еді. Мен бірінші сыныпта оқып жүргенімде, арық
болғандықтан болар, мына қабырғам жабысып қалды. Өлетін шығар-
мын деп ойладым. Сонда ол кісіге барғанда маған ештеңе жасаған жоқ,
өзінің қолымен массаж жасап берді де, жазыласын деп, жібере салды.

Үйге келіп жарты сағаттай терледім де, тұрып доп ойнап кеттім.

– 1-інші сыныпқа қанша жасыңызда бардыңыз ?

– Мен егер қателеспесем, 9 жасымда, 1950-ші жылдары бардым.

Еркелеп жүріп қалдым. Кеш барсам да мен мектепте жақсы оқыдым.

– Сталин өлген жыл есіңізде бар ма?

– Сталин өлген жыл өте жақсы есімде. Мектепте үлкен радио бо-

латын. Сабақ арасындағы үзілісте далаға шықсам, бір орыстың қызы
бар болатын, сол солқылдап жылап тұр. Ойымда ештеңе жоқ, қасына
бардым да әкесі өліп қалды ма деп жұбатып тұрмын, адам әкесі өлген-
де жылайды ғой енді. Сталин өліп қалды деп ойламаппын. Сталинді

халықтың бәрі біледі ғой, содан құдай сақтасын, маған «сенің әкең
өлді, Сталин өліп қалды» дейді. «Сталин кімнің атасы, сенің әкең бе
дедім»– мен. Мен шынымен сұрадым, енді. Сол-ақ екен, ана орыс қыз
мені директорға апарды, сөйтіп масқара болып қала жаздағанмын.

– Бізге уақытыңызды бөлгеніңіз үшін үлкен рахмет!

Сұхбатты жүргізген және өңдеген:
Болатхан Ә.

210

Бикен Жазықбаевамен сұхбат

– Сәлеметсіз бе! Сұхбатымызды өмірбаяныңыздан бастағаны-

мыз жөн болар еді.

– 1936 жылы 5 маусымда Екпінді деген колхозда дүниеге келдім.

Бір үйдің жалғызымын. Жеті жылдық мектепті Жетісу және Екпінді
мектептерінде бітірдім.

– Бұл соғыс жылдарымен тұс келді ғой ?

– Жоқ, мен мектепті 1954 жылы бітірдім. Бірақ, соғыс жылдары әкем

қызмет істесе де масақ теріп, арық қазып, жұмыс жасадық. Майдан-
дағы әскерлерге деп жүн түтіп, носки, қолғап тоқытатын, жұмыртқа
жинататын, жүн және ет алатын кез еді ғой.

– Әкеңізді не себепті майданға шақырмады?

– Әкем соғысқа барған жоқ. Неге шақырған жоқ, мүмкін жасы үлкен

немесе қызмет істегендіктен болар. Әйтеуір шақырмады. Ол уақытта
да таныс-тамыр ғой.

– Бала кезіңізден жақсы көріп жейтін қандай тәттілер болды ?

– Ол уақытта тәттілерден тек қант болды ғой. Қант болғанда қазіргі

қант сияқты емес, үлкен көк кесектермен шығарылатын қант. Шама-
мен 1955-ші жылдан бастап шақпақ қанттар шығарыла бастады. Бір
күні шешемнің Жаркентте заготовитель (жүн-тері жинаушы) болып
істейтін бауыры Текеліге мал өткізіп, қайтар жолда біздің үйге жаңа-

ғы айтқан кесек көк қанттан үш-төрт келі алып келген. Мен сол қант
тұрған қоржынның түбін тесіп, өтірік айтпасам, бір келісін бірден
жеп әбден тойған едім тәттіге.
Дәмді тағамдардан науат, жеті нан, бауырсақ, жүгеріден нан жасай-

тын. Жаңағы жүгері ұнынан қамыр ашытып, доғалап алып ыстық қа-
занды жағалата жабатынбыз.

– Неге жүгері ұны? Бидай болмады ма?

– Бидай болды, бірақ соғыс деп, барлық астықты үкімет қамбасына

құямыз деп, халыққа бермейтін. Халық қырман жинап биткен соң,
масақ тереді. Кейде ұрлыққа түседі. Өйткені, жағдай нашар, адамдар-
дың амалы болмады ғой.

– Ұрлық үстінде ұсталып қалсаңыздар не болады?

– Енді, негізінен өзіміздің ауылдың адамдары ғой. Қырманда ми-

лиция болған жоқ. Жаспыз ғой ол уақытта, ондай жағдайға куә бол-
мадым. Әкем дүкенді ұстаған кездері жасырып, жас балалары бар
жесірлерге қажет заттарды беріп тұрды. Әкемнің қол өлшемімен өл-
шеп маталарды бөлуі әлі күнге дейін көз алдымнан кетпейді.

– Қандай мата?

– Сәтен, бәтес, атлас, сары атлас, жасанды жібек.

– Ол кезде дүкенде тағы қандай тауарлар болушы еді?

211

– Сүт, мата, қант, бір жағы қызыл, екінші жартысы ақ болып келетін

бор кәмпиттер. Қазіргідей мол тауар қатары жоқ. Мәселен, әтірсу
болмайтын.
Ол уақытта зауыт дегенді білмейміз. Көретініміз тек қызылша. Оны
арбамен Қарабұлақтағы зауытқа апарып өткізетін. Сонда жақсы жұ-

мыс істегендерге бір көйлек шығатын мата, 2-1.8 метр, беретін. Сол
маталардан мектепке киетін қара сәтен белдемше, ақ кофтаны қолдан
тігіп беретін. Шашымызға матадан жыртып, лента жасап алып таға-
тынбыз. Сондай заман болды.

– Мектеп формасынан басқа, ең жақсы көретін киіміңіз болды

ма?

– Түсті көйлегім болды. Ол уақытта алты қиық киеміз. Етегі тік екі

жағынан тігіледі. Етегін қиықтап тігетіндіктен алты, он екі қиық деп
аталатын. Бұл менің 6-7 сыныпта оқып жүрген кезімде болды. Көрші
мектепте не кисе, соны қайталап кидік қой. Мұғаліміміз әрі мектеп
директоры, соғысқа барып бір көзінен айырылып келген, не киіп бар-

сақ та білмейтін, үлкен кісі болды. Карта ойнағанды жақсы көретін,
қиын адам болатын.Ашуланғанда балаларды қолында бор болса бор-
мен, қоңырау болса қоңырауды жіберіп ұратын. Жүйкесі жұқа адам
еді. Енді бір көзінен айырылған оңай ма?

– Сізді де ұрған кезі болды ма?

– Жоқ, ұрған жоқ. Ұлдарды ғана ұрады.

– Неге?

– Олар: «Ағай көзіңнен жас, мұрныңнан су ағып тұр» деп келеке

еткендіктен ашуланып ұратын. Сондай заман. Ол кезде де сондай жү-
гермектер болды.

– Барлық пәннен сол бір мұғалім берді ме?

– Төртінші сыныпқа дейін бір мұғалім берді. Басқа әйел мұғалімдер

де болды. Олар қазақ тілі және тағы бір сабақтарды жүргізді. Қазір
толық есімде жоқ.

– Сіз үшін қандай сабақ қиын еді?

– Барлық сабақтар қатты қиын болмады. Бірақ мен математиканы

қатты жақсы көріп оқыдым. Есепті жақсы шығаратын едім сыныпта.

– Балалық шағыңызда қатты қуанған кезіңіз есіңізде ме ?

– Қуанғаным емес, қатты есімде қалған бір оқиғаны айтып берейін.

Төртінші сыныпты бітіргенде мектепте той жасайтын дәстүр болды.
Қой әкелемін деп өзім сұрап алдым. Қуанып келіп үйге айтқанымда
әкем қойды бермей қойды. Содан қой әкелмегенім үшін мені төртінші
сыныпқа екінші жылға қайта қалдырып қойды. Сөйтіп басында ме-

нен бір жыл төмен оқыған Ерғожин Еділмен бір сыныпқа түстім.

– Әкеңіз мектеп ұжымына барып ештеңе айтпады ма?

– Ешкімге барып, неге қалдырдың деген жоқ. Қайсыбір оқиды

дейсің? Өзім бір үйдің ерке жалғызы болдым. Атқа қарғып мініп

212

алып, ер балалармен ойнап кететінмін. Ақсүйек, ләңгі, қашпа доп де-
ген ойындар қуып кешке дейін жүретінбіз.

– Қашпа доп деген қандай ойын?

– Ол уақытта қазіргідей арнайы доп болмағандықтан сиырдың

жүнінен жасалған допты пайдаланатынбыз. Екіге бөлініп қарсылас
топ мүшелеріне лақтырып кезекпен бір-бірімізді ұрамыз.
Ақсүйек ойнаймыз. Сүйекті лақтырып, оны іздеуге қыздар мен ба-
лалар бірлесе шығып, артынша сөз табысатын. Мен ол кезде ондай

мағынаны білмеймін. Маған сөйлегендерге әкеме, атама айтамын деп
төбелесе кетемін. Бірдеңе болса әкесіне айтып соқтыртады, Бикенге
тиіспеңдер деп балалар мені келеке ететін.
Әкемнің өзі де бір үйдің жалғызы болған. Інісі ашаршылық жылда-

ры сүзек ауруынан қайтыс болыпты. Жеті әйел алған. Он бес баласы-
ның ішінде алтыншы әйелінен туған мен ғана аман қалыппын.

– Өзіңіздің жақсы көретін жануарыңыз болды ма?

– Бір өте жақсы көретін биеміз болды. Көршіміз аша тығып өлтірді.

Көрші лақтырған аша биеге қадалған. Оны біз білмей байқұс жануар-
ды арбаға жегіп қызылша жапырағын тасыдық. Үйге келген бетте
құлап түсті. Демде бауыздап етін шикідей тараттық. Әкем ауырып
жүргендіктен құдайы болсын деп.

– Бұл қай жылдары орын алды?

– 1952-1953 жылдар ғой деймін. Сол Сталин өлген жыл.

– Сталиннің өлгенін қалай естідіңіз ?

– Радиомен хабарлады. Үш күн қаралы күн болғаны есімде. Ха-

лық қайғырып, мектепте оқушылар «Сталин өліп қалды» деп жылап
жерлегенше сабақ оқытпады. Сталинді жаман дейді. Жаман болса да
халық жылады. Сталин қатыгез болды. Сол қатыгездігінен жеңді ғой.
Бірақ, Сталин біздің байлардың немесе кедейлердің мән-жайын өзі

көрген жоқ қой. Оның жан-жағындағылары жеткізіп отырды, жағдай-
дың барлығын. Соғыс кезінде жүн, қолғап сияқты заттай дайындау-
ларды былай қойғанда жұмыртқа, май, ет, бидай сияқты тамақ салы-
ғын салса, жеңіс үшін салды. Енді оны жол бойы жеткізбей жатса

білмеймін. Әйтеуір, үйде барын алып кететін.
Шешем түн демей, күн демей соғысқа деп бірдеңе тоқып отыратын.
Менің әкем де, шешем де қолынан іс келетін адамдар болды. Теріні
илеп, алма ағаштың қып-қызыл қайнақ суына оны салып бояп, сар-

баздарға фуфайка тіккен менің шешем болатын. Ол еңбегі бағаланды.
Оны жасырып өтірік айтуға болмайды. Ақшадай емес, пұлдай берді.
Еңбегі үшін көйлек пен шәлі сыйлыққа алды.

– Ауылға келіп кино қойылытын кездер болды ма?

– Кино болды. Керегеге түсіріп көрсететін. Маңайына төсеп тас-

таған сабанға отырып кино көреміз. Мен үнемі алдына отырып ала-
тынмын. Бір күні «Амангелді» фильмін көріп отырғанда балалар:

213

«Ойбай, Бикен, ат басады!» десе сеніп қалып, қашқан жағдай болған.
Қазіргілер «ужас» киноларды қорықпай көреді. Ешкім сенбейді. Ол уа-
қытта қорқатынбыз. Екі алып қалсақ кабинетте қамап қояды да мұғалім
«дүңгір бабай» бар деп қорқытады. «Дүңгір бабай» дегеннің не екенін

де білмейміз. Әйтеуір, қорқамыз. Кеш батқанша қамалып, қарнымыз
ашып, қозғалмай тұрамыз орнымызда. Түстен кейін оқитын балалар-
дан есіктің тесігінен нан сұрап жейміз. Еее шіркін, жақсы уақыт еді.
Менің әке-шешем қолдарынан келгендіктен маған өрнекті пима ті-

геді. Басқа оқушылар аяқтарына резеңке етік киеді. Сөйтіп жүріп мек-
тепті де бітірдім, 1954 жылы. Сол жылы 5 маусымда соңғы емтихан
тапсырдық. Орыс тілін білмейміз. Мұғалімнің өзі қазақша сөйлейтін.
Ұлты кәріс жақсы кісі болатын. Орыс тілінен мен диктант жаза алмай

күзгі сынға қалдырылыппын. Бірақ оны мен білгенім жоқ. Сол жылы
18-ге толғандықтан артымнан тапсыр деп қуған жоқ. Артынша, әкем
жалғыз, әрі ауру болды да тезірек немере сүйсем деп мені айттырып,
тұрмысқа берді.

– Кімге айттырды?

– Осы жерге, ол да бір үйдің жалғыз баласы екен.

– Сіз бір үйдің жалғызы, еркетотайы болдыңыз. Тұрмысқа

шықпаймын деп қарсылық білдірмедіңіз бе?

– Осыдан осыған тимесең қарғаймын, теріс батамды беремін, көр-

мей кетемін деді. Ол уақытта үлкенге бағынамыз. Бірақ-ақ рет көрдім,
болашақ күйеуімді.

– Үйлену тойы болды ма?

– Үйлену тойымыз болды. Кәдімгідей ат шаптырып, көкпар беріп,

жеті колхозды шақырып, 1954 жылдың қараша әкем атақтап той берді.
Мені кәдімгідей құда түсіп, той жасап алды.

– Сіздің үйлену жағдайыңыз туралы мұғалімнің әйелі газетке

қызын сатты деп жазуына не себеп болды?

– Мұғалімнің әйелі оқуын оқысын деген болар. Мүмкін көре алма-

ғандық та болған шығар. Әйтеуір, сөйтіп осы Қарабұлақтан шығатын
газетке берді.

– Қандай тақырыппен?

– «Биболаттың қызының хикаясы». Мақалада қызын 47 малға сат-

ты деп жазды. Қалың малды баяғыда 47 басқа толтырып береді екен
ғой. Мақалада берілген ақпарат толығымен шын емес еді. Мен сыңсу
айтып ұзатылып шықтым.

– Қазір сыңсу жолдары есіңізде қалды ма?

– Иә, толығымен айтып беруге тырысайын:

Адырдан жылқы қумадым,
Әкеден ұл болып тумадым,
Айналайын жан әкем, өзіңе серік болмадым.
Былғарының қиқымы пұл бола ма дедің бе?

214

Еркелетіп өсіріп ұл болама дедің бе?
Қапсырма белді қапсырдым,
Дәнекерлеп жапсырдым,
Әкем менен шешемді бір Аллаға тапсырдым, – деп жыладым.

– Өзіңіз шығардыңыз ба?

– Шешем үйретті:

Қусақтың бойын қыстаған,
Шәйіден бөрік тыстаған,
Айналайын жан әкем,
Есіне ойлай ұстаған

Есіктің алды ақ балшық,
Бәсміллә деп аттап шық.
Аттап бір шыққан босағаң,
Көрер ме Аллам жасаған?

Есіктің алды ми еді,
Көктемде жылқы жияды
Көтеріп атқа салғанда
Ел-жұртың қайтіп қияды ?

Әуеде торғай өріп жүр,
Балапанын көріп жүр
Атқа да тақтым құйысқан
Тарамай шашым ұйысқан

Атқа да тағар таға жоқ
Арттан да келер аға жоқ
Үйден де шығып кеткен соң
Қыз сорлыда баға жоқ

Сары атқа міндім қамшылай
Көзімнің жасы тамшылай
Бөтен елге барамын
Күңге біткен жалшыдай

Шыңырау деген құдықтың суы ащы
Әкем менен шешемнің мейірі қатты
Қаттылығы мейірінің осы емес пе?
Әлпештеген жалғызын бөтен елге сатты, – деп бүкіл елді жылатып

осы жолдарды айтқызды маған.
Екі жағымнан екі бауырым жетектеп есіктен шығарда айтқан өлең
жолдары осы.

– Әңгімеңізге үлкен рахмет !

Сұхбатты жүргізген және өңдеген:
Болатхан Ә.

215

Қамаш Жакуповамен сұхбат

– Өзіңіз, ата-анаңыз, балалық шағыңыз туралы айта отырса-

ңыз.

– 1944 жылы туылғанмын. Әкемнің аты – Ештай. Анам мен жас

күнімде қайтыс болған екен, мен әкемнің шешесін анамдай көрдім.
Ол кісі өте ақылды, дана кісі болатын. Маған «аш болсаңда тойған
қозыдай томпиып тұр. Ешкімнің тамағына көзіңді салма. Ешқашан
жоқ деп айтпа, жоқтан бар жасап ал, өтірік айтпа» дейтін. Сол сөз са-

намда қалып қойыпты. Әкемнің екінші әйелі өгейлігін көп көрсетті.
Мені көп ұратын, оның ұрғанын әжеме айтпайтынмын. Айтсам, екеуі
ұрсысатын. Әжем сонда да денемдегі көгерген жерлерді көріп қоя-
тын, сондай кездерде «балам-ау, сенің обалыңа қалдым-ау» деп жы-

лайтын. Себебі, анамның туған сіңлісі өзінің баласы жоқ болғасын
мені кішкентай кезімде асырап алғысы келеді. «Әпкем жоқ қой, мен
алайын» деп келіп сұрағанда әжем бермей қойған екен.
Әжемнің маған күн сайын «шешең келеді, келеді» деп айтатыны

есімде. Мен шешем қандай кісі екен, қашан келеді екен деп ойлай-
тынмын. Мені келіп құшақтайтынын елестететінмін. Үйге келген
келіншектерді құшақтап алып, омырауын емуге ұмтылады екенмін.
Сондай кездерде әжем, ана келіншектерге айтқаныңды істейін, бір

кішкене ғана емізші деп жалынып, маған қарап «ақуызға жарымаған,
жарығым-ай» деп жылайды екен.
Қанша жасымда екенін білмеймін, әжем мені кейінірек өзінің жал-
ғыз қызына берген екен. Яғни әкемнің туған қарындасына берген. Ол

әпкемнің өзінің қызы болған екен, 5 жасында ауырып қайтыс болады.
Әкемнің екінші әйелінен бір ұлы болған еді, екі жыл бұрын қайтыс
болды. Мен ол бауырыммен де, өзімді асырап алған әпкеммен де бір
үйде өскен жоқпын. Әжем, әкем, екінші әйелі мен ұлы бәрі бір үйде

болды, мені әпкем алып кеткен.
Әпкем кейінірек көп жыл отасқан бірінші күйеуінен ажырасып,
екінші рет тұрмыс құрып кетіп қалды.

– Мектепте қай жерде оқыдыңыз?

–Сарыөзекте 270-ші мектепте оқыдым. Шкарлетт Иван Иванович

деген мектеп директоры болды, керемет кісі еді. Мектеп өте үлкен еді.
Біз оқығанда да мектеп 11 жылдық болатын. Оны бітіргеннен кейін
мамандық алып шығуға болатын еді: оператор ма, слесарь ма деген-
дей. Интернатта жатып оқитын едік, үйімізге тек сенбі, жексенбіге

барып, жуынып-шайынып келетінбіз. Демалыс күндері әкемнің үйіне
әжеме баратынмын.

– Интернатта жуынуға мүмкіндік жоқ па еді?

–Керісінше, ол жерде бәрі болды, барлық жағдай жасалған еді.

216

– Үйіңізге жиі бардыңыз ба демалыс күндері? Интернатта жүр-

ген бір күніңізді сипаттап беріңізші.

– Сенбі күні баратынбыз, өйткені демалыста интернатта қалуға

болмайтын еді. Крушова Марина Ивановна деген тәрбиешіміз болды,
тағы да Валентина ма, әлде Людмила Александровна деген бір тәр-
биешіміз болған, атын ұмытып қалдым.
Жоғарғы кластың балалары төменгі кластың оқушыларын сыйлайтын.

Ол кезде қыздар инабатты болатын. Сенбі, жексенбіде клубқа барамыз.
Балалар жиналып гитарамен ән айтатын. Сыртқа шығып ойнайтынбыз.
Жоғарғы кластың қыздары нашар оқитын балалардың сабағын қада-
ғалап, солармен бірге дайындалатын. Тәрбиешілеріміз өте мейірімді

болды, барлығымыздың жағдайымызға қарайтын. Кешкі сағат 9.00-де
ұйықтатуға жатқызатын. Тәрбиешілеріміз бен интернат күзетшісі бала-
лардың бәрін тексеріп, бөлмелердің светтерін өшіріп шығатын.

– Орысша оқыдыңыз ба?

– Ол жерде орысша оқытты, ал мен қазақша оқыдым. Қазір мені

бәрі орысша оқыған деп ойлайды, жоқ, маған орысша білмеген ұят
сияқты көрінді де мен орысша сөйлеуге тырыстым.

– Бір бөлмеде қанша бала тұрдыңыздар?

– 6-7 қыз тұрдық, бәріміз тату болатынбыз. Ол күндер менің өмірім-

дегі ұмытылмайтын ең қызықты күндер. Үнді киноларына баратын-
быз.

– Еңбек жолыңыз туралы не айтасыз.

– Колхозда 46 разъезде сауыншы болып істедім. 16 сауын сиыр

берді, басында қолмен сауып жүрдік, кейін агрегат келгеннен кейін
220 сиырға дейін сауылды. Оны сиырдың емшегіне кигізу арқылы бір
сауғанда 4-8 сиырға дейін саууға болады.

– Сиырды бір күнде неше рет саудыңыздар?

– Күніне 3 рет сауатынбыз. Ертемен тұрамыз, сағат 5-те жұмысқа ба-

рамыз. Сағат 6-ға дейін сауып боламыз, 6.30-дан бастап 2 сағат агре-
гатты реттеп, жинастырамыз. Аппаратпен алынған сүттің бәрін багқа
құямыз, сүт таситын машина келеді де оны флягқа құйып алып кетеді.

– Агрегат қай жылы келді?

– 1965 жылдар шамасында. Колхоздың атағы шығып, абыройы ас-

қақтап тұрған кез. Ол кезде Асанов председатель еді. Нұрмолда аттан
түсіп, кім біледі неге екенін, әйтеуір Асановты қойған кез.

– Асанов қандай кісі еді?

– Асанов өте қарапайым, мейірімді кісі еді. Керемет алғыр болатын.

Өзі ғылымнан келген кейін ба, көп ұзамай кетіп қалды. Осы жерде
қызмет істеп жүргенде 8 жастар шамасындағы бір баласы қайтыс
болды. Мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатқан болатын, сол жер-
ден смола жеп қойған десті.

217

Әйелі де жақсы кісі еді. Жоғары білімді, өте сауатты адам болатын.
Асанов өте қуатты кісі еді. Шұбар мен 46 разъездің арасы шамамен
8 шақырымдай, сонда да таңғы сағат 5.30-да разъездге келіп алатын.
Сағат 7-де малшыларды оятып, бәрін тексеріп кететін.

Бізге келіп, қолымызды алып амандасып, жеке-жеке жағдайлары-
мызды сұрайтын. Әркімнің қажеттіліктерін, мысалы, маған киім керек
па, тамақ керек па бәрін жазып алады да автолавка жіберетін. Бригада
үлкен болатын, соған қарамастан қажеттіліктің бәрімен қамтамасыз

ететін. Жұмыс істесең болды, жеміс-жидек керек па, қой керек па сұ-
рағанныңның бәрін жеткізіп беретін. Мен ол кезде колхозшылардың
еңбек ақыларын еңбеккүн дейтінін білмейтін едім. Жаңағы алған зат-
тарымыздың ақысын кейін сол еңбеккүннен ұстап қалатын. Тәртіп

өте қатал, әскери тәртіп еді. Ауыл қала типті болған, көшенің бәрінде
свет жанып тұратын.
Шұбардың адамдары еңбекке өте ынталы, белсенді болды. Таңер-
темен 6-7 машина қызылшаға жұмысқа кететін. Біз жұмыс істеп жүр-

генде Шұбарға бүкіл делегаттар келді. Колхоз бидайды да, қызыл-
шаны да жоспардан тыс артығымен жинап, керемет атағы шықты.
Еңбек озаттарының бәрін марапаттап, сыйлықтар тапсырып жататын.
Талғат Бигелдинов пен Дінмұхамед Қонаевтың өзі келіп, қолымызды

алып амандасқан.
Мен Асановтың адамгершілігін, адалдығын, еңбек сүйгіштігін, қа-
рапайымдылығын ұнататынмын.

– Асанов қатал болды ма?

– Қатал кісі болды деп те айта алмаймын. Жұмыс істеген адамның

еңбегін бағалайтын, міндетті түрде марапаттап отыратын еді. Бір оқиға
есіме түсіп отыр, бірде комсомолдық жолдамамен Хельсинкиге барып
келгеннен кейін оған Жоғарғы Кеңестің депутаты «Заман сенікі, құр-
мет, атақ сенікі. Неге сен бұл қызға кішкентай сыйлық ала келмейсің?

Осының еңбегінің арқасында барып жатырсың, ол ешқайда барып жат-
қан жоқ, бір түпкірде тұрып жатыр» деп ұрысқан екен. Бригададағы
жас қыз болғаннан кейін ынталандыра түссін дегені шығар. Кейін ол
кісі кімге болсын сыйлық жасап тұратын болды. Кейбіреулердің күйеу-

лері көмектесіп, екеулеп сауып жүрген сүтін мен бір өзім сауып, қатты
шаршайтынмын. Ол кезде жас қыз едім, тұрмысқа кейін шықтым.

– Тұрмысқа қай жылы шықтыңыз?

– 1963 жылы, 46 разъездге көшіп барғаннан кейін. Күйеуімнің от-

басы 46 разъездге Еркін ауылынан көшіп келген екен. Біреулер мені
«мына қыз жақында күйеуге кетейін деп жүр» депті, содан ол мені
машинаға салып алып қашып кетті. Ол өзі арбамен шөп тасушы бо-
лып жұмыс істейтін. Қайтейін, жылап-жылап көндім ақырында. Ше-

шем өгей, қайда барам, көндім.

218

Күйеуім қызғаншақ болды, партия жиналысына, сессияға бару ке-
рек болып сәнденіп жатсам, шашымды жұлып алып, киімімді жыр-
тып тастайтын. Сонда да білдірмей, көзіңді сүрте салып, күтіп тұрған
машинаға (ГАЗ-69) отырып барасың ғой. Орден алсаң, жуу да жоқ,

құтты болсын да жоқ, «саған қалай берді, неге берді» –деп мазаңды
алатын. Екі енем болды: үлкен енем және күйеуімнің шешесі (кіші
енем). Кіші енемнің ұлты татар болатын. Күйеуімнің 4 кластық қана
білімі бар еді. Бес қыз әкелдім өмірге. Балаларды жаңадан туылғанда

жуындыру қиынға түсетін маған, көрші әйел келіп бір ай жуындырып
беретін. Екі енем қой бағып, ерте кетіп қалатын еді. Екі қайын інім,
қайын сіңлім болды. Бәріміз бірге тұрдық. Ол кезде енелер қатал бо-
латын еді ғой, сонда да «сен» – деп сөзге келіп көрмеппін. Сонымен

өмір өтіп кетті.

– Сауыншы болып істеп жүргенде жалақыңыз қанша болды?

– Жалақыны анық айта алмаймын. Міне, партиялық билет, осы жер-

де жазылып тұр. Міне, айлық 86-116 сом дейді. Бұл Шымкент жақта
жүргендегі айлық қой деймін. 1973 жыл деп тұр ғой.

– Еңбек ақыңызды қайдан, қалай алатын едіңіз?

– Қазір айтсам, күлесің ғой, қызым. Мен Шымкентке кеткенге дейін

ақша ұстап көрген жоқпын. Кейін Түлкібаста жұмыс істеп, алғаш ақша
алғанда оны не істейтінімді, қалай жұмсайтынымды білмейтінмін.

– Неге?

– Айлық ақшамның бәрін конторға барып енем алатын.

– Енеңізге сіздің ақшаңызды бере беретін бе еді?

– Иә, бере беретін.

– Комсомол, партия қатарына қалай қабылдандыңыз? Емти-

хан тапсыратын ба едіңіздер?

– Иә, тапсыратын едік. Уставты сұрайтын. Комсомол қатарына өтер

кезде Сарыөзектегі (мен сол жақтан келгенмін ғой) комсомол ұйы-
мының жоғарғы органына апарып, арнайы кабинетке кіргізіп сұрақ-
тар қояды. Ол кабинетте арнайы қабылдау комиссиясының мүшелері
отырады. Бәрі сұрақ қоятын. Ең алдымен үлгілі, әдепті, саяси сауатты

болуың керек болды.

– Емтихан тапсыру міндетті ма еді?

– Әрине. Сұрақтар өте қиын, күрделі болатын. Емтиханнан өте ал-

мағандар да болды. Партияға 1965 жылы Шайбала бәріміз бірге өттік.
Уставты оқыдық. Комиссия мүшелерінің кез-келгені сұрақ қоятын.
Партия қатарына сондай жолдардан өтіп мүше болдық. Партия қа-
тарына өту деген қандай мақтаныш болса, сондай жауапкершілігі де

ауыр еді. Өтірік айтпау, ешкімді алдамау керек. Артық айтқан сөзің
мен ісің үшін партия қатарынан шығарып жіберуі де мүмкін еді. Пар-
тия қатарынан шығару деген өте ауыр жағдай болатын, өмірден кету-

219

мен бірдей еді. Партиялық тәртіп бойымызға сіңіп қалған, балаларды
да солай тәрбиеледік.

– Ол кезде партия қатарына өте алмаған, партияда жоқ адам-

дар көп болды ма?

– Колхоздың адамдарының бәрі партия мүшесі емес еді. Алдыңғы

қатарлы еңбек озаттарын өткізді ғой.

– Партия қатарынан шығарып, билетін алып алған жағдайдың

куәсі болдыңыз ба?

– Жоқ. Жоқ, құдай сақтасын!

– Разъезде қанша отбасы тұрдыңыздар?

– Қателеспесем, төрт үй болды. Бір үйде бірнеше (2-4) отбасы тұра

беретін. Мысалы, бір үйдің 2 бөлмесі менікі болса, 2 бөлмесі біреудікі.

– Көршілеріңізбен келіспей қалған кездеріңіз болған жоқ па?

– Жоқ, жаным, құдай сақтасын ондайдан! Бір кездерде мен ол жерде

бас сауыншы болдым. Ол маған қосымша жауапкершілік жүктеді. Біздің
қазақтар өзінің не нәрсеге мұқтаж екенін де айтпайды, жуас қой. «Тәу-
бе» деп жүре береді. Бастықтар келіп жиналыс ашып, не қажет екенін
сұрағанда мен еңбекшілердің мұқтаж нәрселерін айтып отыратынмын.

Ізінше сол заттар келетін. Соған риза болған бір қария батасын беріп
жүретін. Сол кісінің ризашылығы жүрегімде қалып қойыпты.

– Шұбарда фермада қай жылға дейін істедіңіз?

– Шымкент жақта 14 жыл болып, 1980 жылы Шұбарға қайтып

келдік қой. Сонда қай жылы кеткен боламыз? 1966 жылдар ғой.

– Шұбардан кетіп қалуларыңыздың себебі не?

– Себебі, күйеуіме колхоздан жұмыс бермей қойды. Ол бір ұзақ

әңгіме. Колхоздың сиыр базасының шөбі түгел өртеніп кетеді. Соған
байланысты үлкен жиналыс болды. Милициялар келді, ішінде шенді-
лері де бар. Менің әкем шөптің күзетшісі болатын, сондықтан әкемді
10 жылға соттаймыз деді. Жүрегім ауырып кетті. Ешкім жақтап сөй-

лемейді. Мен тұрып: «бұрын өртенбеген шөп неге өртеніп отыр, әкем
қалай, не үшін өртеуі тиіс? Мүмкін бұл балалардың ісі шығар» дедім.
Балалардың ісі шығар деп неге айтқанымды өзім де білмеймін. «Сен
кімсің, өйтіп сөйлейтін, отыр» –деді. «Мен осы жердің сауыншысы-

мын, мен де адаммын» –дедім. Менің сөзімді елеген адам жоқ.
Жиналыс ашып отырғандардың бәрі шығып кетті. Бір кезде ма-
ған есепші айтады, енді сені алып кетеді дейді. Мен «мені алып ке-
тетіндей не істеппін» деймін. Әкем күзетші, күйеуім Рахметолла мен

Амантай аула сыпырушы болатын. Амантай темекі тартпайды, ал
менің күйеуім тартатын.
Үйімізге кетіп қалдық. Тамақ жасап жатсам, Рахметолланың жол-
дастарымыз деп жаңағы отырған үш милиция келді, бірақ үстеріндегі

милиция формаларын шешіп, жәй киімдер киіп алған. Сынауға кел-
ген сияқты. Тамақ ішті, кетті.

220

Ертеңіне жұмысқа келсек, кешегілер келіп Рахметолла мен Аман-
тайды шақырып алды, мен жұмыстан босай алмай жатқам. Бір кезде
Рахметолланы үлкен мотоциклге отырғызып алып бара жатыр. Мен
жүгіріп шығып «қайда алып бара жатырсыңдар» десем, «мотоцикл

жууға» деп жауап берді. Содан оны апарып жиналыс жасаған, сосын
сен темекі тартасың, атаңа қастық қылып шөпті сен өртедің деп, қо-
лына кісен салып қамап қояды. 10 жылға сотталып кететін еді. Ер-
теңіне барсам, кешегі Рахметолла емес, мүлде басқа адам. Кінәні

мойындап, қол қойып қойған. Бір күнге босатты, дем алсын, шашын
алсын деп. Ертеңіне алып кетіп қамап қойды. Сол күні сиырды тез-
детіп, ертерек сауып бітірдім де, кетіп қалдым. Келе балаларды жинап
алып, қалтама салып алған кәмпиттерімді оларға үлестіріп беріп «Ба-

лалар сендер қайда ойнадыңдар, айта қойыңдаршы» –десем, «Тәте,
біз көп балық ауладық, оны қуыру үшін бұзау баз жақтағы шөп жаққа
бардық. Сабан бір жаққанда жанбады, үшінші рет жаққанда лап ете
түсті, біз тесіктен шығып, әрең қашып құтылдық» –деп қарап тұр.

Балалармен сөйлесіп шығып келе жатсам, Шайбаланың күйеуі Қы-
дырбек партия көпірінен өтіп, үйіне қарай келе жатыр екен. Аға, тоқ-
тай тұрыңызшы, мына балалардың сөзін тыңдаңызшы. Мына балалар
шындықты айтып жатыр дедім. Солар өртепті, мен балалардан келді

дегенде ешқайсысыларыңыз үндемей қойдыңыздар ғой дедім.
Ол кісі «ой, көке, әркім басын сауғалаған заман ғой» –деді. Қыдырбек
аға екеуміз кіріп қайта сұрасақ, балалар тайсалмай тағы қайталап тұр.
Қыдырбек аға, сен милицияға бар, мен балаларды ұстап тұрайын

деді. Подполковник балалардың бәрін шақырып жатыр, кейбір ата-
аналар балаларын жібермей жатыр. Құдайберген аға иманды болсын,
баласын өзі жетектеп келді. Нұржанға "маған айтқаныңды мына аға-
ңа да айт, қорықпа, қасыңда мен тұрмын" деп баласына дем беріп

жатыр. Нұржан бәрін айтып берді. Сонымен, қысқасы, бұл не мас-
қара, балалардың білместігінен болған деп, Рахметолланы босатты.
Подполковник: «мына баланы әбден қинадық, обал болды, отбасын-
да екі анасы, балалары бар екен» деп Рахметолланың қолындағы кі-

сенін шешіп үйге жіберді. Балалардың өртегенін дәлелдей алмасақ,
10 жылға сотталып кетейін деп тұр еді.
Бірақ осыдан кейін колхоздан бір жыл бойы жұмыс бермей қойды,
адам деп қараған жоқ. Мен ашуланып, ордені де, медалі де құрысын

деп олардың бәрін Айшаның шешесіне бере салдым. Оның фамилия-
сы Есбосынова, менің фамилиям Естемесова ғой. Отбасым мынандай
жағдайда тұрғанда маған медаль не керек, орден не керек. Жаңадан
бастық келіп жатқан, танымайды ғой, жұмыстан шығу туралы ары-

зыма қол қойып бере салды. Осылайша Шұбардан кеттік те қалдық.
Екі кемпір де жібергісі жоқ, мал сатайық десек кету үшін, ел ал-
майды. Біздің екі кемпірді тастап көшіп бара жатқанымызды ешкім

221

қаламады. Бір бұзауды саттық та кетіп қалдық. Бес баламыз бар, кіші
қыз 2 жарым жаста болатын, енелерім бізге қалдыр дегесін, сол қыз-
ды қалдырдық. Төрт баламен кеттік Түлкібасқа. Жамбылдан асқан-
нан кейін Рахметолла «біз қай жаққа бара жатырмыз, әкеміз бар ма,

шешеміз бар ма ол жақта? Біздің мамандығымыз да жоқ, кімге бара
жатырмыз?» –деп жылады. Мен еркектің жылағанын сонда көрдім.
Мен шынжырдан босаған ит сияқты, бостандыққа шығып қуанып
келе жатырмын. Басымда ми жоқ па сонда, әкемнің үйіне бара жат-

қандай қуаныштымын.
Түлкібаста әпкем тұратын. Күйеуі өте сауатты еді, үлкен қызметте
істеген. Балалары қазірге дейін жақсы қызметтерде істейді, әкесінің
арқасында тұрып алған. Әпкем бірден менің қолымнан ештеңе кел-

мейді. Саған материалдық жағынан ешқандай көмектесе алмаймын,
тек моральдық демеу ғана бола алам деді. Әпкем екеуміз бірге тума-
ғанбыз ғой, оның үйінде сол күні бір күн ғана түнедік те, мен сізбен
тұрмаймын дедім.

Сіз бастықтың әйелісіз, менің бес балам бар, мен жұмысшының
адамымын. Менің балдарым бір нәрсе ұстаса, сіз тамақ ішпейсіз,
оданда пәтер жалдап тұрғаным жақсы деп кетіп қалдым. Өкіл әке-ше-
ше тауып алдым, солардың үйін жалдап тұрдық. Сол жақта тұратын

бауырым Рахметолланы ол ішіп алады, маған ұят келтіреді, жұмыс-
қа алмаймын деді. Енді не істеймін, қайда апарамын деп жүргенде
известь зауытына жұмысқа кірді ғой. Мен де жұмыс істеуім керек
болды. Құжаттарымды жинап алып Түлкібасқа келдім. Құжаттарым-

ды қарап, еңбектегі жетістіктерімді ұнатқан меңгеруші медициналық
тексеруден өтіп келу үшін Шымкентке жіберді. Пәтердің иесінен
ақша алып, пойызбен Шымкентке келдім. Келген шаруамды бітіріп,
қайтуға билет алу ойда жоқ, бар ақшама балаларыма киім, т.б. заттар

алып тастаппын. Басында айттым ғой, Шұбарда жүргенде ақша ұстап
көрген жоқпын, ақшамды енем өзі барып алып алатын деп. Енді не
істеймін, кері қайтуым керек. Пойыз тұр екен, жолсерік қызға келіп,
ақшам жоқ, жұмсап қойыппын деп едім, купесіне отырғызып, шай,

тамақ берді. Осылайша, рахметімді айтып, үйіме жетіп алдым. Жұ-
мысқа тұрдым. Оқуға жіберді, бір жылдан кейін мастер болдым. Бар-
лық дүкендердің меңгерушілерімен таныс болып алдым. Түлкібаста
жағдайымыз жақсы болды.

Бірақ Шұбарға қайтып оралдық, күйеуімнің туған жері ғой. Оның
үстіне бауырлары мен анасы осы жақта еді.

– Бұл жерге келгесін жұмыс істедіңіз ба?

– Партияның тапсырмасымен бірден өзім істегендей жұмысқа қа-

былдандым. Наубайханадан орын берді.

– Күйеуіңіз жұмысқа тұрды ма?

222

– Ол да бірден жұмысқа тұрды, бірақ көп ұзамай қайтыс болып

кетті. Жолдасым 1964 жылғы туылған үлкен қызымыз Ғалия аттестат
алысымен 37 жасында өтті өмірден. Бес баламен қалдым, одан кейін
екі есе жұмыс істеуге тура келді.

– Зейнетке қашан шықтыңыз?

– 45-46 жасымда 5 баламмен ерте шықтым. Бірақ, ешқандай орден-

ге де, медальға да қарамайды, 36 жыл жұмыс істеп 25 мың ғана зей-
нетақы аламын, соған көңілім толмайды.

– Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары елдің жағдайы

қалай еді, есіңізге түсіріп көріңізші.

– Ой, қиын болды, еңбек ақының орнына картоп берсе де жұмыс

істей бердім. Онда әлі зейнетке шыққан жоқпын. Істеген айлығыңа
шағып бидай, ұн, қант береді. Елмен бірге күн көрдік ғой.

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбатты жүргізген: Болатхан Ә.
Өңдеген: Жангуттин Б.О.

223

Интервью с Алексеем Михеевым

– Я, Михеев Алексей Дмитриевич, родился в 1925 году, 4 сентября.

Отец мой – бывший путевой обходчик. Жили мы в Забайкалье Читинс-
кой области Чернышевского района. Где-то в тридцатых годах отец
уволился с железной дороги и купил в поселке дом – хотел заниматься
хозяйством, так как у нас была большая семья. Нас было 10 детей – 4

дочери и 6 сыновей. Вот он хотел вести свое хозяйство, потом что-то у
него не получилось, чтобы вести хозяйство. И он всю семью забрал и
уехал в Россию, в Кировскую область, там его родина была. Он туда уе-
хал, там тоже в то время уже везде коллективизация шла, ну и в колхоз

его не приняли, там как-то было строго – не принимали, если человека
не знают, откуда он. А он жил далеко, где-то около Дальнего Востока,
его не принимали, при том у него специальности никакой не было. Он
был простой путевой обходчик. Он поступил работать на стройку –

сторожем. Дети сами по себе, кто где, тоже разъехались. Я тогда еще
маленький был, где – то уже к сороковым годам происходило это. Мы
с его родины уже попали в город Свердловск. В Свердловске я пошел в
школу, там начал учиться. Где-то перед войной старший брат, он у себя

в Забайкалье жил, он нас пригласил, а тогда нас осталось только те, ко-
торые жили с отцом и матерью, 2 сестры, 2 брата и я – пятеро нас было.
Старший брат его звали Николай, он пригласил нас опять в Забайкалье
и мы вернулись. Я окончил всего 6 классов – неполное начальное обра-

зование. И тут война началась в 41-ом году.

– Как вы узнали о начале войны?

– Война началась в июне, объявили ее. Просто в домашних усло-

виях узнали, что война началась. А в сентябре мне надо было идти в
школу учиться, продолжать учебу. Я только 6 классов закончил, в 7
перешел, а тут отец умер, мать осталась с нами.

– Сколько ему было лет тогда?

– Отец умер по болезни, ему было 57 лет всего. Туберкулез легких.

И что же делать, война началась. Старшего брата в армию забрали,
тогда страшно мобилизация шла. А мне 16 лет – меня в армию не взя-
ли. У меня на моем иждивении остались – младшая сестра и два бра-
та, трое и мать. Я старший. Мне пришлось идти работать в паровоз-

ное депо, там было такое большое паровозное депо и во время войны
его перевели на заводской ремонт, расширили. На западе немцы все
позанимали, паровозы ремонтировать негде, все к нам посылали. Я
пошел туда работать слесарем. Жили мы тогда бедно во время вой-

ны. Работал сторожем, покойный отец зарабатывал мало, но правда
у нас был свой домик, огород. Сеяли овощи, но скот мы не держали,
а война началась, тем более уже трудно с питанием, то что в огоро-
де вырастешь – овощи разные, картошку. Конечно хлеб мы получали

224

карточной системой, по карточкам хлеб давали. Я работал в депо, мне
800 грамм давали, а иждивенцам моим по 400 грамм. Вот так жили.
Получали хлеб, еще маленько было других продуктов. Жир, где-то
полкилограмма, потом крупа разная, немножко крупы, ну и все.

– Работа была тяжелая?

– Да, я тогда был ростом не большой, худенький и как раз когда я

поступал в Депо, у меня было желание поступить учиться на токаря.
Но в отделе кадров сказали: на токаря место занято, нам слесаря толь-
ко нужны. Ну и я согласился. И как раз паровоз ремонтировать, там
тоже он делится по узлам – одна группа слесарей ремонтирует, вот

взять колеса, рама, которая навешивается на колеса, это называлась
ведущая часть. Экипаж паровоза. А все детали тяжелые – рессоры,
буксы, на колеса одеваются, подвеска – тяжелая работа. А еще работа
грязная, с одеждой было плохо. В то время должны были выдавать

спецовку, спецовку негде брать, не дают. В своей одежде работал,
весь грязный идешь домой. А фактически там условия созданы. Идти
в чистой одежде надо, там шкафы есть, у каждого слесаря, группами
работали, у них свои комнаты там. Переоденешься, грязную одеж-

ду оденешь, работаешь, потом, когда закончишь работу, придешь в
чистое оденешься, под душ и домой. Такие условия были, но у меня
не было таких условий, чтобы переодеваться, но я тогда как моло-
дой ученик слесаря, без разряда я работал. Через шесть месяцев мне

присвоили третий разряд слесаря, я уже начал больше получать денег.

– Какая у вас была зарплата?

– Тогда были рубли – разная была, шла от выработки, не оклад. Если ты

больше отремонтируешь, больше получаешь. Ну где-то 300-400 рублей.
Даже опытные слесаря 800 рублей получали в то время, на советские
деньги. Вот так я работал в экипаже. Жил я у паровозного Депо, там был
специально поселок в стороне. Вот как поселок Жаналы, километра 3

наверное, пешком ходил. Нужно прийти на работу утром. Нас еще учили

– техучеба, полчаса, техучеба, а потом идет политинформация. Передача

с фронта, как идет война. Партийный руководитель, секретарь партий-
ной организации, он проводит беседу. А после этого уже идет планерка,
слесаря устраиваются в большом корпусе, а бригадир назначает, наряд
дает: вот это нужно ремонтировать, вот это, вот это. Потом на этой рабо-

те я совсем устал. А мне потом понравилась на паровозе будка машинис-
та, там вот эти все приборы, детали. Там чище работа. И я попросился
чтобы меня перевели туда, она называлась слесарь-арматурщик. В ком-
сомол вступил я. Но как комсомольца они меня маленько поддерживали.

Мне условия создавали. Дали рабочий костюм как премию.
Объявлено было соцсоревнование, для тех, кто выделяется, честно
работает, нарушений не делает, его отмечают денежной премией к
концу месяца.

225

Когда началось наступление советской армии в 1943 году, из Москвы
погнали немцев, в то время по итогам года профсоюзной организации,
выделила передовых людей. У нас 18 слесарей премировали отрезами
на костюм, в том числе меня. Отрезы были какие – черная диагональ,

чистая шерсть. А там их было 2 сорта – диагональ и синее сукно. Ког-
да так эти отрезы лежат, собрание идет, потом председатель профсою-
за вызывает по фамилии и говорит: ты какой отрез возьмешь? А боль-
шинство старались брать синий, выбирают синий, а я сижу, знал, что

получу, мне сказал бригадир, что ты тоже будешь получать премию. И
когда 2 черных осталось отреза и меня вызывают, я получаю черный
отрез, вот я обрадовался. И этот отрез до конца войны у меня лежал,
когда война кончилась, тогда материал еще не продавали, нигде ниче-

го не купишь. Под костюм подклад не найдешь нигде.
С запада войска немцев разбили, войска перебрасывали на восток,
на японцев. Тогда Россия сама объявила японцам войну, потому что
они угрожали Советскому Союзу и хотели тоже напасть, они ожи-

дали, дескать, если немец победит, они хотели на Советский Союз
напасть с востока. Они хотели взять часть завоевать, а когда полу-
чилось, что союзники помогли тогда, союз был – Америка, Англия и
Франция – союз заключили, воевали против немцев. Второй фронт

открывали союзники.
Я ходил на работу мимо вокзала, мимо станции. Идут эшелоны, а
там, смотрю, один солдат палатку маскировочную продает, она из то-
ненького материала была. Я купил палатку и сшил себе костюм. Мне

сшили костюм, я в этом костюме приехал в Казахстан.
А почему я приехал в Казахстан? Как раз после войны меня медко-
миссия, на производстве есть комиссия труда. Слесари наши каждый
месяц проходят медосмотр, а во время войны это все забросили и

не проводили. Не проходили никакие медосмотры, не до этого было.
Когда война кончилась, комиссия медицинская приехала, давай про-
верять и у меня признали больные легкие. И мне пишут заключение:
нуждается в смене работы, не связанной с физическим трудом, запы-

ленностью воздуха и газами. А паровозы надо останавливать, гасить,
и там газы и шлаки.
Поэтому я там работал, поэтому легкие заболели тоже, отец-то от
туберкулеза умер. А у меня сестры жили в Казахстане.

– Когда они переехали в Казахстан?

– Они переехали в 1937 году. Когда отец повез нас в Россию, в то

время у нас получилось так: две сестры остались в Забайкалье, как
раз в нашей семье такая болезнь – брюшной тиф почему то был, одна
сестра брюшным тифом болела, а вторая как раз работала в больнице
медсестрой. И они две остались. И во время войны они не могли хо-

рошо жить и каким-то образом за китайцев вышли замуж.

226

– А их как встретили?

– Их в России много было. Их в те времена преследовали, ловили,

и потом в милиции вели следствие – по какой причине он там жил.
А мне когда с депо предложили уволиться перейти на другую рабо-
ту, я в отдел кадров отнес это заключение. А начальник отдела кадров
говорит: я где вам такую работу легкую найду, у нас же в Депо нет

легкой работы. А я сказал: вы меня в бухгалтерию учеником пошли-
те. Он говорит в бухгалтерии места заняты. А в то время был подхоз
при депо – подхозное хозяйство, а вот оно было от станции, где мы
жили – 15 км, около тайги. Туда бухгалтером я тебя возьму, – говорит.

Я сказал, что не могу семью туда везти. А потом в разговоре со своим
сватом, он мне говорит: слушай Алексей, ты молодой, у тебя же сест-
ры в Казахстане, ты езжай туда, они тебе помогут. Ну и я послушал.

– Сестры при каких обстоятельствах переехали в Казахстан?

– Китайцев преследовали, некоторых садили, некоторых ссылали. И

начальник милиции посоветовал: вы давайте уезжайте отсюда в Казахс-
тан. И они приехали в Казахстан. В Чубар. Одного звали Хакалю Бука,
дети его здесь живут даже, в Кировске один, один в Талдыкоргане.
Они оказались земледельцы, они стали в колхозе бахчи сеять, арбу-

зы, овощи разные. А в то время, после войны, когда я приехал, свой
домик и приехал к ним в Чубар. В Жаналы, где мост через речку, воз-
ле моста дома были земляные, однокрышные, смазанные глиной, ши-
фером не было покрыто ничего. В такой землянке жили. И второй

зять в Жаналыке, но не в самом колхозе, а около 40-го км, там у них
бригада была, тоже землянка, там жила мать с двумя братьями. Я у
Хакалю зимовал. В сорок седьмом или сорок восьмом году приехали
сюда в Казахстан. В сорок восьмом году я поступил в колхоз Жана-

лык, где китайцы работали, председатель колхоза Заиров Абдыхатыр,
когда я приехал он был уже героем соцтруда. Тогда надо было поды-
мать сельское хозяйство. Была такая политика.
Награждали их за хороший урожай и там было много. Вот я туда

поступил на работу. Теперь я там с девушкой, она работала на фер-
ме учетчицей. Она русская, но среди казахов, хорошо казахский язык
знала. Молоко принимала и возила сюда в Чубар. Тут приемный пункт
молочный был. На быках, телега на двух колесах. Я с ней познако-

мился. Ну и пришлось через год жениться, женился. Себе построил
тоже землянку. И у нас через год появился ребенок – девочка, ну она
правда не выжила. Простудили мы ее наверное. Годик ей исполнился

– она ушла из жизни. Так жили, работал.

– На жизнь хватало?

– Тогда уже хорошо, пшеницу получали в колхозе, свой огород – вы-

ращивали и продавали на базаре. Ездили на подводах, возили продук-
ты продавали, деньги были.

227

Потом стали деньги давать, пошло дело. Ну и дети пошли у меня. В
1955 г. а я пропустил один момент, жена, когда в первый раз в декрет
ушла, а молоко надо кому то отдавать, а там никого такого не было. Я
сам начал принимать, возить. Председатель согласился – работай гово-

рит. И я учетчиком начал работать. Зиму скот стоял на ферме, неболь-
шой, саманной. А летом на пастбище гоняли скот. Был такой Утинай,
там были луга, болотистые места, там у нас был отведен участок, туда
со скотом выезжали. У доярок юрты были, у кого палатка. А у меня

ничего не было. Один раз на своей телеге бричке спал, дождь пошел. И
одна доярка одиночка была. Казашка. Ночью она спит, а я потихонечку
залез туда, лег и давай спать. Потом она согласилась, когда такая пого-
да, чтобы я там спал. А потом меня огородная бригада китайская, кото-

рая была. Мой зять бросил эту работу и уехал в Кировск. Они перееха-
ли. В 1952 г. колхозы объединили, три колхоза: Жаналык, Жанаталап и
Кызылтум. Укрупнение колхозов было. Вот тогда китайцы уехали. А я
остался. Туда прислали корейскую семью. Хат Тин Гу бригадиром был,

а я у него учетчиком. До 1955 г. поработал я, в пятьдесят пятом году
меня перевели в Чубар обратно учетчиком в полеводческую бригаду. В
третьей бригаде я работал учетчиком. Научился ездить верхом. Здесь
был такой момент, бригадир был немец, а я русский. Большинство на-

селения были казахи, но они какие-то все были хорошие, по – русски
знали, работали все дружно. Когда я верхом сел, а еще не знал характер
коня, какой он есть, а попался ретивый конь. Я не мог сесть, ребята
подвозчики помогли мне, только я сел, ноги в стремена поставил, он

меня как потащил. Прям с ворот, с базы и по полям. А на встречу едет
бригадир, а я не могу остановить его, он меня тащит. А бригадир я
только видел, что он повернул голову и смотрит, что дескать мой учет-
чик так бежит. А там есть 46 разъезд, до него шесть километров, он

меня туда тащил, а там уже он устал, и уже назад я вернулся, так и нау-
чился ездить. Я 21 год верхом ездил. Потом у меня уже радикулит силь-
ный, потом я попросился чтобы мне другую работу дали. Дали потом.
Работал учетчиком с немцем, бригадиром, а председатель Алдабер-

генов. Нас тогда объединили, а Даирова в другое хозяйство направили.

– Каким человеком вам запомнился Алдабергенов?

– Как я понимаю, он был умный человек и он разбирался в кад-

рах. Он подбирал людей, которые действительно работали хорошо,
честно. Таких людей подбирал себе в руководство. Когда я в третьей
бригаде работал с немцем, а в первой бригаде каким-то образом было
два бригадира – Асанбаев Базарбай, во второй бригаде Телепаев Мур-

закул. Тоже оба герои соцтруда.
Меня с третьей бригады Алдабергенов направил в первую учетчи-
ком, сам лично сам, зимой было дело. У него были специально сан-
ки такие, кучер был. Он вечером сказал, он называл меня Михеев, я

228

тебя в первую бригаду пошлю работать. Приходи утром в контору,
поедем. Ну я и пришел. Он посадил меня рядом, «вот я тебя везу,
представлю сейчас колхозникам, ты будешь учетчиком». А Асанбаев
Базарбай скоро на пенсию пойдет, ты бригадиром будешь там, вот

так он сказал. Он меня отвез, у них в саду был клуб, в конторе уже
народ был собран, ждали. Он сам открыл собрание, меня представил,
колхозники все согласились. Приняли меня учетчиком. Работал, по-
том действительно Асанбаев Базарбай уже заболел, у него что-то с

желудком не ладно было, операцию сделали. А туда послали бригади-
ра Жетписбаева Толебека, участник войны на протезе и я с ним стал
работать. Ну с кем бы я не работал, Асанбаев Базарбай тоже бригадир
умный хороший и Жетписбаевым работал, он тоже человек хороший.

Даже было такое дело, когда мы с ним работали, это я уже не в пер-
вой, а здесь в третьей бригаде, его потом сюда перевели.
Тогда сахарная свекла распространенной была. В хозяйстве было
много свеклы. Крупский тоже много свеклы сеял, соревнование было.

Секретарь Обкома приехал, проверяли состояние посевов, приглаша-
ли бригадиров, учетчиков, чтобы присутствовали там. И он высту-
пает и говорит: кто в этом году 500 центнеров с гектара урожай даст –
получит машину Москвич, тогда только первые вышли, без очереди.

Привилегия такая. И как раз получилось наша бригада, мы урожай
больше дали, чем остальные наши. И теперь они сказать сказали, а
теперь как это не сообщают – приезжайте, вам машины выделим. И
мне говорит, поедем в Обком машины просить, ну я говорю поехали,

а у нашей звеньевой тоже была старенькая машинка тоже выпуска
Москвич. Она умела водить машину, она нас повезла. Мы приехали в
Обком, заходим в приемную, секретарь говорит: – Вы к кому?
Мы говорим:

– К секретарю обкома.

– А его, – говорит, – нет, заместитель только.

Бригадир у меня говорит, ну и что, к заместителю пойдем. Но она
сказала: – Посидите.
Она зашла и доложила, как раз заходит к нам, секретарь райкома
нашего, а как раз тот год, я уже забыл какой, наше хозяйство зак-

репили за Кировский район. Почему. Секретарь Кировского района
Махметов был. Одноглазый. Он заходит и спрашивает по-казахски,
и сразу сказал: пошли и завел нас, там был еще второй секретарь.
Заходит и говорит, вот приехали за машинами, они урожай дали. А

тот говорит: две сразу машины в одно хозяйство я не могу дать. А
у нас как Федофья Ивановна получила Героя Соцтруда в тот год, а
я уже Гайворовской одну машину отдал. Одну машину бригадиру я
дам, ему говорит попозже дадим. А бригадир говорит: ему не дашь

и мне не надо. А Махметов говорит: ну что ты дай обоим, что тебе

229

жалко деньги что ли. Тот говорит ну ладно, берет телефон набирает
и говорит, это председатель облпотребсоюза, забыл как его фамилия,
ему звонит и говорит: приедут двое, им машины оформите каждому.
И я получил машину и он получил. Вот так.

Я заочно в техникуме учился на агронома и в 70 –м году мой брига-
дир умер, а как раз перед тем как, он утром собирается ехать на сове-
щание в район, а я наряд раздал и заехал к нему. Он говорит: слушай
Михеев, езжай за меня на совещание, что-то я себя плохо чувствую.

Я говорю: да нет, я то что, вам же надо, вас же пригласили. Он уехал
и на совещании умер.
Там их районный начальник делал доклад, свои хозяйства все хва-
лил, а про наше ничего не говорил. Он попросил слово и говорит, а

мы что не работаем! Потом в кресло сел и умер. Вот потом я остался
бригадиром, меня, когда Асанов назначил бригадиром. Я начал ра-
ботать бригадиром и первый орден «Трудового Красного Знамени»,
когда был закреплен в Кировске, район мне дали, я перешел учет-

чиком работать, а бригадиром работал «Орден Ленина получил». А
остальные все медали юбилейные. А где Сталин, это за доблестный
труд в Великой Отечественной войне.
А в армию меня не взяли почему. Я в паровозном депо работал, в

16 лет пошел работать. В то время я не подлежал приему в армию. С
18-ти лет же, не взяли поэтому. Когда 18 лет исполнилось, военную
комиссию прошел меня признали годным, уже выписали мне повест-
ку, явиться на сборный пункт 6 дней дали отгула. А через 6 дней пое-

дешь в часть уже служить. 6 дней прошло, а нас двоих, сосед еще
жил 25 года и я, Рисенко, у него тоже бронь была, молодые слесаря,
перспективные работники. Поэтому я в армию не попал, я участник
тыла. А в 53 г. меня брали в армию на сборы и увезли меня и еще Ка-

расаева, Акимжанова, сейчас уже нет в живых. Нас троих тут, Алда-
бергенов даже нас провожал, нас взяли на сборы, но в то время была
обстановка напряженной, в Германии переворот готовился. Хотели
объединить они при помощи американцев, но не получилось, я дета-

ли тоже все не знаю. Но знаю, по этой причине нас увезли на сборы. В
Узбекистане мы проходили подготовку, там нас учили артиллеристов,
мелкокалиберная артиллерия – сбивать самолеты учили нас 3 месяца.
Потом там все успокоилось, переворот был, наши войска сумели все

это. И нас отпустили домой.

– Опишите день, когда вы работали учетчиком. Какой оклад

был у учетчика?

– У учетчика какая работа? Такая: у нас в каждой бригаде конторка,

там бригадир, я, звеневые. Бригадир распределяет работу колхозни-
кам, я себе делаю записи – кого и куда он послал. Мы расходимся
домой, чай пьем и потом едем, проверяем – где и кто работает и ре-

230

гистрации делаем. Проверялось качество работы, мы тоже бригадиру
помогали. Бригадир тоже проверяет и мы учетчики, потом поручаем
звеньевой. Когда посеешь поле, замеряем длину и в каждом листке
сколько соток стоит, потом звеньевой даем, вот это поле, по бороздам,

вот первая борозда, длина такая-то рядка, столько соток.
Вот она женщин распределяет тоже, дает, смотря сколько может
сделать, – пять рядков, значит пять рядков даст, запишет. Как закон-
чили, она дальше ставит. Потом эти записи она нам представляет, а

мы их собираем из месяца в месяц, делаем начисления. Закрепили
поле, столько-то гектар, едем днем проверяем качество, правильно ли
поливают, хорошо ли. Подсказывает, как делать. Вот это была моя
работа. Также полив зерновых проверял, чтобы огрехи не оставались,

не политые места.
У учетчика оклад был небольшой, вот когда на деньги перешли 110
рублей. И еще зерно получали.

– Расскажите про первую встречу с Алдабергеновым

– Человек хороший, понравился мне. Человек, который понимал,

разбирался в людях, он, сколько тут я знаю руководителей разных,
бригадиры, учетчики, в животноводстве, ветврачи, зоотехники, всех
он подбирал действительно – люди достойные. Почему-то во мне
что-то нашел хорошего. Меня он повез в первую бригаду, а потом на

него были же жалобы написаны, его же сняли с работы бригадира. Он
построил себе дом, где музей, забор высокий загородил, все на него
жалобы. Но потом признали, что его неправильно сняли с работы.
Но он попросил, к Кунаеву ездил на прием – его направили, вот этот

Веркин, я иногда встречался с ним, на совещание приглашали, потом
он попросил – дайте мне отстающее хозяйство – я вам покажу и вот
он показал, в Мукры направили его и он поднял это хозяйство. Был
человек действительно организатор того времени. И вел политику

сельского хозяйства, которая нужна была, я так понимаю.

– В этот дом вы когда переехали? А до этого где жили?

– Мы переехали 1987 году.Мы сами строили вдвоем (жена). Этот

домик я строил для сына, у меня сын Дмитрий, а сам жил по улице
Мусапирова, там сейчас сын живет, я ему отдал. Поменял, потому что
нас двое, а он уже в годах, надо было его женить. А потом подумал, у
него семья будет и тот дом ему отдал. Тот дом большой кирпичный. И

этот тоже хороший, шлакоблочный.

– Спасибо большое!

Интервью провела:А.Болатхан
Стилистическая правка: Б.О. Жангуттин

231

Қорытынды
Ескелді ауданында жиырмаға жуық «Социалистік Еңбек Ері» шық-
қан атақты «Н.Алдабергенов» ауылының тұрғындарынан сұхбат
алынды. «Тарих айтушылармен» жұмыс жүргізе отырып, біз аталған

колхозшылардың өмірінде орын алған күндері тіралы үлкен құлшы-
ныспен айтқан әңгімелерінің куәсі болдық. Соғыс жылдарындағы 5-6
жас шамасындағы бүлдіршіндер, бүгінде 80-ге таяп қалған ардагер-
лер. «Өткен өміріңізді әңгімелеңізші» деп басталған сұрауларға бұл

кісілер кеңестік жүйе жағдайында өткен ауыр балалық шағы, тауқы-
метпен өткен жастық шағы, күрделі еңбекпен есейген өмірі жөнінде
айта бастайды. Олар өмір сүрген кезеңде мемлекеттік организм ор-
талықтандырылған кешенді жоспарлар негізінде жұмыс істеп тұрды.

Биліктің коммулятивтік ықпалы кеңес адамының күнделікті өмірімен
біте қайнасып кетті. Коммунистік тәртіп ел ішінде «салтанат» құрды,
яғни «Сталинге» тіл тигізбеу, социалистік міндеттемелерді мүмкін
болғанша орындау, демалыс дегенді білмей, ашығуды сезінбей, тіп-

тен сәбиінің жанында уақтылы бола алмай, жаппай еңбекке жегілген
аналар тұрмысы, еңбек заңдарына сәйкес өкімет жұмысына басыбай-
лы тәуелді болу – міне, советтік жүйедегі еңбек адамдарының күн-
делікті өмірі осы арнада жүрді.

Әңгімеге тартылған 65-80 жастағы респонденттер белсенді еңбек-
те жүрген кезіндегі естеліктерін әңгімеледі. Мысалы: Шатырбеков
Жаңабек (1938 ж.т.): «…еңбек күн мерзімінде шектеу болмаған, таң
атқаннан кешке дейін жұмыс жасаймыз. Ауылдағы үйлер мен егістік

алқабының арасы жап-жақын, ал еңбеккерлер шаруаны бітіргенше
сонда қонып қалып та жұмыс істей беретін. «Социалистік Еңбек Ері»
атағын алғандардың басым бөлігі осылайша қызылша өндіріп, жұ-
мысты аянбай жасады…» дейді.

Колхоздық, совхоздық құрылымды күшейтуге атсалысқан адамдар-
дың 40, 50, 60-шы жылдарға дейінгі өмірі мазмұндық тұрғыдан жа-
қын болды. Еңбеккерлер мемлекеттік жоспарға сәйкес түскен өнім-
ге ортақ байлық есебінде қарады. Жылқыбаев Омарбек (1935 ж.т.):

«Өзіміз қанша ашықсақ та, қанша астық жиналғаныменен, сол астық-
тан өзімізге алуға хақымыз жоқ. Соның бәрін ол кезде мемлекетке
тапсырамыз, жас кезіміз, міне, өмір осылай өтті» деп әңгімелейді.
Жоғарыдағы аталған ауыл тұрғыны О.Жылқыбаев әлеуметтік ахуа-

лын мынадай ғұмырлық тарихи-кезеңдеулер арқылы көрсетеді: «Екі
бөлмелі үйіміз болды, соның бір бөлмесінде мал ұстадық, ал екінші
бөлмесінде өзіміз жатамыз, сонымен кәдімгідей 10 шақты сиырымыз,
жылқымыз, 20-30-дай қойымыз болатын. Бұл – соғысқа дейінгі жағ-

дайымыз. Ал енді негізгі біздің ол кезде киіміміз малдың терісі, жүні,
соны пайдаланатынбыз. Ал соғыс басталғаннан кейін осы малдың
бәрі түгел соғысқа берілді, салық салады, «заем» дейді. Соғыс біткен
кезде ешқандай мал қалмады. Бір үй 58 кг. ет өткізу керек, 8 кг. тұш-

тырылған, яғни қайырылған май, 90 жұмыртқа, 5 тері өткізуіміз ке-

232

рек. Оған жағдай бар ма, жоқ па ондай мәселе болмайды, бәрін өткі-
зуіміз керек. Сонда бір сиырдан 8 кг. қайырылған май (топленный)
өткіземіз, қалғанын ғана өзіміз пайдаланамыз» деп әңгімелеген ол әрі
қарай: «Тамақ жоқ, шай жоқ, жүгеріні суға салып, сөлін іше береміз,

іше береміз, міне, біздің балалық шақ, қыстыгүні әке-шешемізге кө-
мектесеміз, онда «кендір» деген өсімдік бар, қазіргі уақытта «мари-
хуана» деп жүр ғой, ал ол кезде кендірді жинап, оның қабығын сын-
дырып, өткізуге даярлаймыз. Көктемде соқамен жер жыртуға, жазда

шөп шабуға әке-шешемізге көмектесетінбіз. Міне, бұл біздің жастық
шағымыз…» – деп бейнетпен өткен есею кезеңдерін еске алады [1].
Сол заман адамдарының айтқан тарихынан олардың күнделікті
өмірінің еңбекпен өткенін байқау қиын емес. Қыруар атқарылған ең-

бек мардымсыз еңбек күнімен өтелетін еді. Сондықтан да колхоздағы
жұмысымен бірге әрбір адам өз үлесіндегі жерде қам-қарекет етуді
әдетке айналдырды. «Адамдар сол, үй іргесіндегі бақшасын өсіреді,
малын өсіреді, сосын еңбек күнге алған заттай табысын (азық-түлік-

терін) сатады ақырындап, тауығын сатады, жұмыртқасын сатады, со-
нымен күн көреді ғой. Дегенмен, адамдар нашар өмір сүрді, тамақтың
өзіне зәру болатын. 1965 жылға дейін қиындау болды» деп жұмсарта
жеткізуге тырысады. Шатырбеков Жаңабек: «Соғыстан кейінгі жыл-

дары аса байлық болған жоқ, 1947-1948 ж. мектепке барған жылдары
апаларымыз киім, сөмкемізді қолдан тігіп беретін. Сия сауыттарымыз
болатын, оларды да үнемдеп, төкпей дорбамызға салып жүретінбіз»
деген ойды айтады. Ауылшаруашылығындағы еңбектердің басым

бөлігі қол еңбегіне бағытталған. Мектеп қабырғасындағы оқушылар-
дың еңбегін пайдалану сияқты арзан жұмыс күші сол кезеңнің эконо-
микасында орын алды.
Ұжымдық шаруашылықтарда еңбекшілер бригадаларға бөліну ар-

қылы басқарылатын. Сондықтан бригадирлер еңбек күнделіктілігін-
де басты фигураға айналды. О.Жылқыбаев: «Өзіміздің бригадир те-
резені қамшымен тақылдатып, «сабақ бітті ме?» деп, сабақ біткен
бетте бәрімізді алдына салып, жұмысқа әкетеді. Ол кезде ең бір…

(үнсіздік)… бидайдың арам шөбін жұламыз, отаймыз, бидай піскен
соң оны қолмен орамыз, ол кезде бар, қазір жоқ «малта тас» деген
болады, бидайды сонымен жинаймыз, үш ай бойы мектепті, үйді көр-
мейміз» деген естелік жоғарыда айтылған тарихқа сарындас болып

келеді.
Әсіресе қоғам күнделігінде балалы аналардың еңбегі айтарлықтай
орын алады. Тарих айтушылар: «сәбиі бар аналар, баласына екі ай
толған бетте-ақ жұмысқа шығуға тиіс болған» дейді. Балалар бақша-

сында қалдырып, күні бойы өзі егістік даласында жүрген. Тәрбиеші-
лер сәбиді арбаға орналастырып, егістіктегі анасына апарып 2-3 рет
емізіп алған соң кейін алып кететін. Бүгінде біздер қоғам күнделігін-
дегі қарапайым адамдардың тіршілік-тынысындағы осындай фраг-

менттерді тек көзкөрген адамдардан сұрамасақ, мұрағаттардан кез-
дестіре алмайтынымыз анық.

233

Бұл арада алған фактілерге үзілді-кесілді баға беру артық. Жалпы,
тарихшы баға беруден қашып, тек фактіні баяндаумен шектелгені
жөн. Баға беруді оқушыға қалдырған дұрыс.
Тіршілік үшін аянбай тер төгіп, күреспен шыныққан адамдар,

бүгінде сол заманын тек күрсінумен ғана емес, сағына да еске алаты-
ны байқалады. Соған қарағанда қандай жағдайда өтсе де адамның өз
балалық шағын, жастық шағын, есею шағын еске алу жағымды сәт
екендігі хақ.

Жоғарыдағы «Айтылған тарихтан», колхозшылардың күнделікті
өмірінде «энтузиазмға беріле» еңбек ету дәстүрінің мықтап тұрып
орын алғанын көреміз. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады:
республика еңбеккерлерінің тәжірибесінде еңбек тәртібіндегі қысым-

шылыққа әлеуметтік қарсылықтар көрсету орын алып көрген емес.
Мысалы, жұмысшылар табы әлдеқашан ертерек қалыптасу, даму жо-
лынан өткен елдерде, ауыл шаруашылығындағы еңбеккерлердің де өз
талап-мүдделерін батыл қоя білгендігін біз тарихтан жақсы білеміз.

Ал қазақ қоғамындағы жұмысшылар да, ауылшаруашылығындағы
еңбеккерлер де мемлекеттік тапсырысты мұқият орындау жолында
тұрды. Өйткені Қазақстанда революциядан кейінгі кезеңде (40-60
жылдарда) қатал заңдық тәртіп үстемдік құрды. Басқа еңбек тәртібін

талап ету халықтың ойында болды деп айту да қиын.Қоғам санасын
ауыр тұрмыстық өмірге бейімдеу, оны ырықсыз мойындату – 40-60
жылдардағы өкімет үшін аса қиынға соққан жоқ.
«Айтылған тарих» жанрындағы зерттеу жұмыстары – халықтың

тарихи жадын жаңғыртуға бағытталған жаңа зерттеу құралы. Жан-
ды дауыспен айтылатын тарих өз зерттеушілері мен оқырмандарын
бейжай қалдырмасы анық. Сондықтан халық жадында сақталған ес-
теліктердің ғылым үшін маңызы жоғары. Сол арқылы түрлі кезеңдер-

де артында із қалдырған, бірақ есімі елеусіз қалған тұлғалар тарихи
санадан орын алары хақ. Сондықтан ХХ ғасыр тарихын толыққанды
зерттеу үшін ортамызда жүрген тарихи оқиға куәгерлерінен сұхбат,
жанды-дыбысты естеліктер, күнделіктер жинау қажет-ақ. Бұл біздің

еліміздің өткен өмірінің бейнесін жадымызда сақтауға жол ашатын
үлкен мүмкіндік. Осы тұрғыдан айтылған тарих бағытының болаша-
ғы зор. Оны дұрыс ғылыми негізге қою бүгінгі маман тарихшылар-
дың міндеті.

____________
1 Омарбек Жылқыбаевпен сұхбат //Қазақстан қоғамының әлеу-
меттік тарихы (ХХғ.). Алматы, 2013. -77б.

234

ҚОСЫМШАЛАР

1-қосымша
Ірілендірілгенге дейінгі және ірілендірілген кездегі ұжымшар мүше-
лері мен олардың құрамы, әр жылдардағы саны
(АОММ, 1081-қор, 1-тізбе, 2-бума,21-іс. -1б.)

2-қосымша
1949 жылғы қосымша еңбек ақыны қосқанда колхозшыларға орта
есеппен берілген бір еңбеккүн мөлшері
(АОММ, 1081-қор, 1-тізбе, 2-бума,21-іс. -4б.)

235

3-қосымша
«Жаңа талап» ұжымшары бойынша ауылшаруашылық машиналары
мен құралдары
(АОММ, 1081-қор, 1-тізбе, 2-бума, 21-іс. -2б.)

236

4-қосымша
Сиырды 3 рет сауатын кезеңдегі МТФ жұмыс кестесі (14/ХІ-1950ж.)
(АОММ, 1081-қор, 1-тізбе, 2-бума,21-іс. -6б.)

237

5-қосымша
Көмекші кәсіпорындары мен құрылыстар
(АОММ, 1081-қор, 1-тізбе, 2-бума, 21-іс. -3б.)

238

6-қосымша
Н.Алдабергенов ауылындағы сұхбат берген
еңбек ардагерлерінің тізімі

239

240

241

7-қосымша

Шежірелі мекен

Ақ сәлделі Алатау төбесінен төнген кең,
төсінде Балқашы жалтыраған,
омырауында Ілесі аққан, шіркін
Жетісуым,шынында жер жаннаты ғой!

Менің осы кең байтақ құтты мекенімді,
өзім шыр етіп дүниеге келген туіан елімді,
асқарлы Отанымды ән ғып өтер ем,әттең дауысым жоқ.
Бірақ, ол ән менің көкірегімде сайрайды,

жүрегімде тулайды, құлағымнан кетпейді.
Н.Алдабергенов

Қазіргі Ескелді ауданындағы бұрынғы Шұбар, бүгінгі Алдабергенов
ауылынан колхоз құрылысының академигі, Екі мәрте Социалистік
Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов бастаған 19 Еңбек Ері шыққан.
Ауыл аудан орталығы Қарабұлақ кентінен 17 шақырым жерде орна-

ласқан.
Одаққа әйгілі болған осы ұжымның іргесі 1930 жылдың қазан айын-
да «Жаңа талап» колхозы негізінде бастау алды. Колхоздың «Жаңа
талап» деген атының өзі колхозшылардың жаңаша өмір сүріп, еңбек

етуіне құлшынысын әйгілеп тұрды. Сол кезде шаруашылықтың ор-
талығы Шұбар ауылы деп аталады. Шұбар революцияға дейін және
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында көктеуден жайлауға көшкен
малшылардың бір-екі күн қонып кететін жері еді. Оның бүгінгідей

мол байлығы, қонысқа құнарлы жері барын ешкім аңғара қойған жоқ.
Адам қолы тимегендіктен таудан құлаған тасқа, ағаш бұталарына
толы болатын, сондықтан бұл жер Шұбар деп аталса керек.
1934 жылдан бастап колхоздың іргесі нығая түсті. Бұған бір жағы-

нан еңбекті ұйымдастырудың жақсаруы себеп болды. Колхозшылар
өздерінің қатарындағы сушы Нұрмолда Алдабергеновты бригадир
етіп сайлады. Н.Алдабергенов 1906 жылы 20 желтоқсанда Кербұлақ
ауданындағы Малайсары ауылында кедей-шаруа отбасында дүниеге

келген. 12 жасынан байдың малын бағып, еңбекке араласады. 1927
жылы Түріксіб темір жолы құрылысын салуға қатысып, құрылыс
аяқталған соң 1930 жылы осы «Жаңа талап» колхозына мүшелікке
кірген.

1935 жылы колхоз Жетісу өңірінде алғашқылардың қатарында қант
қызылшасын өсіруді бірінші болып қолға алды. Бұл колхоз табысын
молайтудың қайнар көзі болды.
1936 жылы колхозшылар Н.Алдабергеновты колхоз председателі

етіп сайлады. Колхозшылар қызылша өсірудің агротехникасын да
шебер игеріп, 1940 жылдары әр гектардан орта есеппен 450 центнер-

242

ден түсім алып отырды. Ал, алдыңғы қатарлы звено жетекшілері мен
бригадирлер қызылша шығымдылығын бұдан да арттырды. Колхоз
табиғи климаттық жағдайға қарай ауыл шаруашылығының басқа да
дақылдарын өсіре бастады. Бұл жерде 1930-1934 жж. ауыспалы егіс

жүйесі берік қалыптаса бастады.
1940 жылы колхоздың егістік алқабында 6 трактор, 4 соқа, 4 дән
сепкіш, 1 автомашина болды. Егістік көлемі де ұлғайды, жоғары көр-
сеткіштерге жете бастады. Жылдан-жылға өсіп көркейе берді.

Бүкіл Кеңес адамдарының бейбіт өмірін бұзған қаралы соғыс кол-
хозды да айналып өткен жоқ. Жеңістің әр сағатын, әр минутын жа-
қындату үшін колхоздың қарттары, әйелдері мен балалары, ер азамат-
тары өз еңбектерін аяған жоқ.

1941 жылы осы ауылдан соғысқа 250 адам аттанып, оның 64-і ғана
тірі оралды. Майданға аттанғандардың қатарында Украина жерін қор-
ғауда қаза тапқан біздің жерлесіміз Матай Байысов. Оған 1944 жылы
10 қаңтарда Совет Одағының батыры деген жоғарғы атақ берілді.

Н.Алдабергенов Кеңес Әскері қатарындағы жауынгерлік міндетін
1942 жылдың сәуірінен 7 шілдесіне дейін Аягөз қаласында әскери
дайындықтан бастап, кейін майданға аттандырылады. Н.Алдаберге-
нов майдандағы әскери жорықтарын былайша еске алатын еді: «1942

жылдың 9 шілдесінде біздің бөлімді жақсы тамақтандырып, екінші
күні майданға аттандырды. Жолда Жамбыл қаласына тоқтадық. Бұл
жерде де жылы қарсы алды. Содан кейін Куйбышевтан Калининг-
рад қаласына дейін бардық. Біз 1800 адам едік. Великие Луки қа-

ласын фашисттерден азат етуге қатыстық. 1943 жылдың 20 тамы-
зында Смоленск облысы фашисттерден толығымен азат етілген соң
біздің полкті Тибетск қаласына жіберді. 1944 жылдың қарашасында
Эстония, Латвия, Литва қалаларын жаудан тазарттық. 1945 жылдың

басында біздің полк Балтық майданында Кенигсберг қаласында 40
неміс полкін тұтқындады».
Н.Алдабергенов жауынгерлік тапсырманы үлгілі орындағаны үшін
«Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан

соғысында Германияны жеңгені үшін» үкімет марапаттарын алды.
1945 жылдың қараша айында Кеңес Әскері қатарынан оралып, осы
жылы «Жаңа талап» ауылшаруашылық артеліне қайтадан төраға бо-
лып сайланды.

Соғыстан кейін ауыл шаруашылығын қалпына келтіруде ұйымшыл-
дықпен еңбек етіп, егістіктен, оның ішінде қант қызылшасын өсіру-
ден жоғары өнім алғаны үшін 1948 жылы Н.Алдабергеновпен бірге
13 колхозшыға, ал 1949 жылы 3 колхозшыға КСРО Жоғары Кеңесінің

Президиумының бұйрығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Н.Алдабергенов 1950-1961 жж. аралығында Сталин атындағы кол-
хоздың председателі қызметін атқарды. Колхозда егіншілікпен бірге
мал шаруашылығы да дамытылды. Бұл өз кезегінде колхоздың жалпы

табысын көбейтіп, негізгі бөлінбейтін қорды молайтты.

243

Н.Алдабергенов 1962-1965 жж. Еркін селолық кеңесін, 1965-1967
жж. Көксу ауданындағы артта қалған К.Маркс атындағы шаруашы-
лықты басқарды.
Шаруашылық 1967 жылы 25 мамырда КСРО Жоғары кеңесінің

жарлығымен «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталып, 3 колхоз
мүшесі Еңбек Ері атағына ие болды.
Колхоз қозғалысының тарихын осы ауылдағы Н.Алдабергенов ме-
мориалды мұражайынан көруге болады. Мұражайдың тарихы 1950-

1955 жж. басталады, оның негізін Н.Алдабергеновтың өзі қалаған.
Оған сол кездері колхозға келген қонақтардың пікір жазатын кітапша-
ға қалдырған қолтаңбалары дәлел бола алады. Н.Алдабергенов кол-
хоз жетістіктері үшін тапсырылған үкіметтің жоғарғы марапаттарын

колхоз басқарма үйінің бір бөлмесіне жинақтап, мұражай жасаған.
Қазіргі таңда колхоз тарихын баяндайтын мұражай қорында содан
бері жинақталған заттар мен құжаттарды қосқанда 4700-ден аса та-
рихи жәдігерлер сақталуда. Мұражайға келіп кеткен қонақтар саны

мыңнан асады. Ал, көрермендердің ішіндегі мұражай тарихында зор
құрметпен сақталатын ұлы есімдерге тоқталатын болсақ, олар:
1986 жылдың 23 шілдесінде Д.А.Қонаевтың мұражайға келуі. Ол
кісі осы ауылға бұдан бұрын да бірнеше рет келген болатын. Бұл кел-

генінде колхоздағы Н. Алдабергеновтың 1960-шы жылдарда өзі тұр-
ған үйінен мұражай ашылғанына өте риза болып, қолтаңбасын қал-
дырды және бұл мұражайды мемлекет қаржыландыруы тиіс екендігін
айтқан еді. Сол жылдың 18 тамызынан бастап Министрлер кеңесінің

қаулысына сәйкес облыстың мәдениет басқармасына тікелей қара-
тылды. 1988, 1995, 2002 жылдары Елбасы Н.Ә. Назарбаев батырлар
ауылына келіп, мұражайдағы атамыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған
мол мұрасына ризашылық білдірді. Өз қолымен естелік жазып, кітап-

қа қолтаңба қалдырды.
Мұражайға Қазақстанның ұлы жазушылары Мұхтар Әуезов, Ғаби-
ден Мұстафин, Сәбит Мұқанов, Бауыржан Момышұлы басқада жур-
налисттер келіп өздерінің қолтаңбаларын қалдырған болатын. Қа-

зақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров пен
Талғат Мұсабаевтар да келіп мұражайды тамашалап, ауыл тарихымен
және Нұрмолда Алдабергенов есімімен танысты.
Ал, шет елдерден келген қонақтардың шаруашылықты көруі мен

мұражай тарихымен танысқандарында есеп жоқ. Өйткені, шетелдік
қонақтардың сонау 1955 жылдан бастап шаруашылықтың озат тәжі-
рибесін көріп, оны үйренуі Нұрмолда Алдабергеновтың жұмыс жа-
сап тұрған кезінен сақталған.

Н.Алдабергенов екі мәрте Социиалистік Еңбек Ерлері Ыбырай Жа-
қаев пен Жазылбек Қуанышбаев, Қазақ бейнелеу өнерінің негізін
қалаушы Әбілхан Қастеев, қазақтың сәулет өнерінің шебері К.Нау-
рызбаевпен бауырластық, достық қарым-қатынаста болған. Олармен

бірге түскен суреттері мұражай қорында сақталған. Көптеген әдеби

244

шығармаларда Н.Алдабергенов туралы естеліктер бар. Жерлес жазу-
шымыз, Алдабергенов ауылының тұрғыны, бұрынғы ауыл мектебінің
мұғалімі Мұхаметжан Мырзақұлов «Өмір дастаны» повесін, жазушы
Сәуірбек Бақбергенов «Адам және көлеңке» романын, жазушы Ұзақ-

бай Доспанбетов «Шың мен Шыңырау» екі томдық романын, жур-
налист-жазушы Құттыбек Баяндин «Нар тұлға» романын, қазақтың
көрнекті жазушысы Сәбит Мұқанов «Н.Алдабергенов туралы аңыз»
поэмасын жазды. Н.Алдабергеновтың өзі болса «Сталин атында-

ғы колхоз» деген деректі кітаптың авторы. Сұлтан Ілиясов бірнеше
естелік кітап жазды. Атаның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында
«Шынайы шындық» атты кітап құрастырдық. «Ата ақылы» кітабы-
мен бірге бірнеше буклеттер баспадан шықты.

Н.Алдабергеновтың ізгі бейнесін халық әрқашан есте сақтайды.
1977 жылы Қазақ КССР Жоғарғы кеңесі президиумының жарлығы
бойынша Шұбар селосы мен Шұбар селолық кеңесі, Алдабергенов
селосы мен Алдабергенов селолық кеңесі болып жаңа атауға ие бол-

ды. Кейіннен ол Алдабергенов селолық округі болып өзгертілді. Ша-
руашылық 1992 жылдан «Алдабергенов атындағы агрофирма» бо-
лып аталады.
Қарабұлақ кентінде 1 орта мектепке, Балпық би кентінде 1 орта мек-

тепке Н.Алдабергенов есімі берілді және Алдабергенов ауылында,
Талдықорған қаласында, Қарабұлақ кентінде көшелер Алдабергенов
есімімен аталады.
Н.Алдабергеновтың есімі бүгінгі ұрпақтың жадынан ешқашан өш-

пек емес. Нұрекеңді іздейтін де сол ұрпақтар.
Осы Ұлы есімді кейінгі ұрпақтың санасына құйып, «Нұрағаша
еңбек етіп, Нұрағаша өмір сүруді» насихаттау мұражай қызметкер-
лерінің басты мақсаты деп, Елбасының «Мәдени мұра» бағдарлама-

сын, жаңа ғасыр ұрпағына жаңаша қызмет көрсетіп, халқымыздың
тарихи мол мұрасын жүйелеп, сақтауды, одан әрі дамытуды жалғас-
тыра бермекпіз деп мына өлең жолдарын арнаймын.
Ұрпақтар ұмытпайтын ғажап атын,

Нұрмолда нұрға шомған азаматы.
Бұл күнде елің сізге бас иеді,
Еңбекпен асқақ еткен қазақ атын.
Шайбала Әміржанқызы Тергеуова, 1937 ж.т.

Н.Алдабергенов атындағы
мемориалды мұражайының алғашқы директоры
КСРО Жоғары Советінің депутаты болып сайланған (1962 ж.).
Есімі Қазақстан Республикасының Алтын кітабына жазылған.

Алматы облысының және Ескелді ауданының құрметті азаматы.

245

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз .......................................................................................................3 Кіріспе .........................................................................................................5 1. Н. Алдабергенов ауылы: қалыптасу және өсу жолдарытарихынан............................................13 2. Н.Алдабергенов ауылы тұрғындарынан алынған сұхбаттар............45 1. Махметов Қ. ..........................................................................................45 2. Боранбаев Б. ..........................................................................................62 3. Жетпісбаев Ж. .......................................................................................65 4. Ізбасарова Т. ..........................................................................................83 5. Кенжебеков Т. .......................................................................................92 6. Мүсәпіров Т. .......................................................................................100 7. Нұрқалбайұлы Қ. ................................................................................107 8. Қошақанов Ш. ....................................................................................110 9. Есбосынова К. ....................................................................................117 10. Жексенов Қ. ......................................................................................124 11. Құлбекова Т. .......................................................................................136 12. Шатырбеков Ж. .................................................................................144 13. Сасықбаева З. ....................................................................................150 14. Кенжебекова Ұ. ................................................................................. 154 15. Тастанбаев Қ. .................................................................................... 165 16. Тергеуова Ш. ......................................................................................171 17. Жабынаев С. ......................................................................................184 18. Андасбекова Ш. .................................................................................194 19. Онбаева К. .........................................................................................197 20. Оңғарбаева К. ....................................................................................202 21. Жазықбаева Б. ....................................................................................205 22. Жакупова Қ. .......................................................................................210 23. Михеев А. ...........................................................................................217 Қорытынды...............................................................................................225 Қосымшалар.............................................................................................228

Қоғамның тарихи жады: ХХ ғасыр Алматы
облысы Ескелді ауданы тұрғындарының
өмірбаяндық әңгімелерінде
Ғылыми басылым

(Қазақ, орыс тілдерінде)
«Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр» баспасының директоры:
Қасымхан БЕГМАНОВ
Сереттерді сараптаған: Ә.Болатхан

Техникалық редакторы: Т.Әлімжанұлы
Безендірген: М.Еңсепбай
Басуға 20.12.2015ж.қол қойылды
Қаріп түрі «Tіmes New Roman». Офсетті басылым.

Пішімі 60х90 1\16. Баспа табағы 15
Таралымы 500
Тапсырыс №
«Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр» баспасы

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
Абай даңғылы, 143. офис 400
Тел.: +7(727)3944293, Ұялы тел.: 87772119934.
Эл.пошта: dastur_09@maіl.ru

Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙