Еңлік-Кебек
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Тобықты мен Найман арасындағы рулық тартыстың құрбаны болған қос ғашық Еңлік пен Кебектің махаббат трагедиясын жырлаған өлмес поэма.
ЕҢЛІК —КЕБЕК ӘҢГІМЕСІ
Ту тіккен Тобықтының қос басшысы —
Жуантаяқ1 Тоқтамыс деген кісі.
Бар екен Кебек деген бір інісі.
Тоқан да тастамайды өз қасынан.
Артық көріп не сабаз жолдасынан.
Соғыс десе тұрмайды қойса байлап.
Кішіні іні, үлкенді ағатайлап.
Шын даулескер бақсының өзі нағыз
Жыны айта ма, кім білсін, шыны айта ма,
Айтқаны келеді деп қылады аңыз.
Әдейі іздеп келіпті балгер жаққа.
Бал ашып бер деді де біздің баққа:
«Ей, абыз! Аш балыңды, қобызыңды тарт,
Алар ақың бар болса, мойныма арт.
Жалғыз-ақ сол арасын қыламын шарт».
Ол үшін саған ақыл сала алмаймын,
Жаман айтсам жабығып қала көрме,
Жынның сөзін жасырып қала алмаймын.
Шақырды жындарының атын зарлап.
Қобызына ән қосып кетті сарнап.
Екі көзі баксының тым бұлдырлап.
Сақтанбасақ алғандай ақылды ұрлап.
Ықтиярсыз кетеді бой шымырлап.
Құлағына кеткендей жын сыбырлап.
Сұп-сұр» болып, алартып көзін ашып.
Өзін-өзі тоқтатты әзер басып.
Қарады да сөйледі Кебек ерге:
«Ажалың биік қабақ сұрлау қыздан;
Батырым, ондай жанға көңіл берме.
Жын шіркін осылай деп айтқызып тұр.
Шырағым, сондай қыздан сақтанып жүр.
Кез болсаң, алыс емес, тез боларсың.
Сақтанбасаң артқыға сөз боларсың».
Батса да балгер сөзі шымбайына.
Деді де жынның сөзін тыңдайым ба?
Мұнан кейін азырақ заман өтті,
Салқын түсіп, қар жауар мезгіл жетті.
Кебек батыр құс алып аңға кетті.
Ойлады кетейін деп Ханға шығып.
Бір түлкі және қашты жатқан бұғып.
Түлкіден бұрын шықты Хан басына.
Аң қуған аңғал батыр андасын ба.
Бір жерге жарқ-жұрқ етіп қалды түсіп.
Түлкіні жатса-дағы бүркіт қысып.
Құсымнан айырылдым деп қылды қауіп.
Алыпты күн батқан соң әзер тауып.
Аяқ-бұяқ еткенше түн боп қалды.
Шығыстың бөктерімен қайта салды.
Түн ішінде адасып Кебек кетті.
Қыстаған бір Матайға келіп жетті.
Боз қырау бұрқыраған аттың, тері.
Қара жартас — Кебектің келген жері.
Жатпақ түгіл болған жоқ тамағын жеп.
Ұсынды қарсақ жүн қып езіп әкеп.
Бар екен бір бойжеткен қызы және.
Там, қора жоқ, кісісі төртеу ғана.
Бекітіп шарбаққа аты сайланған соң,
Үй иесі қонақтан жөн сұрады,
Асын жеп әңгімеге айланған соң.
Мен Кебекпін дегенмен білемісіз».
Бағанағы айтылған бойжеткен қыз.
Әлгі қыз Кебектен көз айырмады.
Үй иесі жатуға дайындалды.
Шал айтақтап тыста жүр үйге кірмей.
Қай араға жатарын тұрды білмей.
«Қонағым, неге тұрсың құр бекерге.
Бұрын жатқан жоқ па едің ондай жерге?»
Тең шешіп, мамық көрпе алды тауып,
Кебектің де қызға тұр көңілі ауып,
Бір айтармын», — деді де салды жауып.
Қыз мінезін ішінен қылады есеп.
Көрсеқызар, жеңсікқой ұрғашы — ау деп.
Қорылдап қатты ұйқыға әбден батты.
Кебекті келді-дағы қыз оятты.
— Ей, батыр сен жатырсын, ұйқың қанбай, Мен жүрген бір сорлымын бағым жанбай.
Әдепсіз қыз дейсің ғой әлдеқандай.
Сен қалай деп ойладың, айтшы, мені?
Қыздан сорлы бола ма бұл жалғанда
Кез болмаса өзінің сүйер теңі?
Малы көп, бірақ, еркек баладан кем,
Жасында бұл да өзіңдей батыр еді,
Қор болып, осы күнде әркімге жем.
Шешемді де берген жоқ бай таба алмай.
Жайды білер жақсыға қосақталмай.
Күйеуім өткен жазда ұрын келген.
Білген соң шіріктігін келген жерден.
Бұрын да естуші едім жайын сырттан.
Күндіз асық іздейді ескі жұрттан.
Күңге де есіктегі қылды тәжім.
Осыдан құтылардың бар ма лажым?
Оң қолының бармағы тағы шолақ
Бармақсыз қол ұстауға қандай олақ.
Күйеуімнің болған соң жайы сол-ақ.
Мен ұнасам, алмаймын сені демес.
Байқаймын, бәрі менің теңім емес.
Атын атап не керек пәленше деп.
Өнімсіз іс болмайды өмірге сеп. .
Атыңды естіп жүруші ем сырттан сайлап.
Түні бойы сынадым сізді абайлап.
Міне, осындай ішімде қайғым жатыр.
Беремісің уәде, Кебек батыр?
Кебек мұны есітіп көп ойлады,
Асықпай біраз ғана еп ойлады.
Мен де мұны сынайын деп ойлады:
— Ей, Еңлік! Сөзің рас, нандым саған, Бәрін ұқтым, жерім жоқ байқамаған.
Ойнап-күлсек қайтеді біраз заман?
Қаза келсе малдыдан мал таймай ма,
Ажал жетсе батырдан жан таймай ма.
Жарлы байып, жас өсіп қартаймай ма?
Еңлік айтты: — Таң қалдым бұл сөзіңе,
Ұқсамайды түндегі мінезіңе.
Талап қылма, талпынба деп өзіңе.
Сүйтсе де бізге міндет талап пен іс.
Неге берген аяқ-қол, тіл менен тіс?
Жас түзеліп, түрленіп ержетпей ме,
Бойындағы балалың бір кетпей ме,
Жақсы әйел жаман ерді түзетпей ме?
Талпынғанмен тағдырды бұра ала ма,
Құдай қоспай, басымыз құрала ма.
Бұл дәурен бір қалыпты тұра ала ма?
Күйеуімнің жүрген жоқ жасы жетпей,
Ынжықтық кайтушы еді тентіретпей.
Пендеде күш бола ма құдіреттей.
Оттан қашып кірсем де терең суға.
Қайтіп разы болайын берген уға?
Тобықты неге келді мұнда көшіп,
Мұғаджардан Шыңғысты көзі тесіп.
Келді ғой жайлы қоныс табам десіп.
Барша жан жүрген жоқ па теріп жесіп.
Бермесең уағдаңды мүлде кесіп.
Тең көрмесең телміртіп, тентіретпе!
Қайда барсаң обалым жібермейді,
Бірақ осы сөзімді ұмытып кетпе!
Жал айтқан жауабына қыз тоймады.
Кебек батыр тағы бір ой ойлады:
— Ей, Еңлік! Айтқан сөзің — сөздің шыны, Сөйтсе де бір сөзім бар, тыңда мұны.
Бүлдірмелік Матай мен Тобықтыны.
Ала ғой деп береді кім жесірін.
Қыз болсаң да білесің елдің түрін.
Жиылмай ма бар Матай жалғыз күнде?
Тобықтыдан жылқыны тиіп алып,
Басталмай ма бітпестей бүлік мүлде.
Қанша мал алса аярым жоқ қой менің,
Қызды қайтар, әйтпесе бітпейміз деп,
Жатып алса табамыз қайтіп жөнін?
Азбын деп жанын аяп ар сата ма?
Ауыл шауып, мал алып, қан төгілер,
Ойла! Қалып жүрмелік теріс батаға!
— Ей, батыр, бұл сен айтар сөзің емес, Уайым қып сескенер кезің емес.
Ол сенін, өлшеп сатар бөзің емес.
Теңін тапқан сенімен жалғыз мен бе?
Ел шабысып кетті ме соның бәрі,
Алып қашып алды ғой талай пенде!
Жарастырар табылар аға-жеңге,
Жер өртеуге жетеді бір шағым қy,
Кім кепіл бола алады осы екі елге?
Осы екі елдің түбіне жет демеймін.
Әуре боп саған уағда ет демеймін.
Шала сүйген болады құp алдаған.
Саған сөзім қалмады енді айтпаған.
Бізсіз де таласады жалғыз белге.
Көлең әлде, мал алып біт дегенге.
Сөзін айтып болғанша қызды сынап.
Қол алысып біржола кетті құлан.
Шөлдеп сусын ішкендей мейірі қанып.
Ыстық жасы көзінен кетті тамып.
Кебек тұрды арқандап ат қоймаққа.
Құшақтасып жөнелді жартас жаққа.
Құдай қосқан іс болмай қоймайды аңыр.
Аяңдап үйге таман келе жатыр.
Құрт берді сары майды және салып.
Еңлік Бір табаң ет алдына қойды апарып.
Ұсынды ақсақал мен кемпірге әкеп.
Шақырып ап екеуі отырды жеп.
Ет артынан сорпа ішті бірер аяң.
Еңлік атты ерттеді айтқызбай-ақ.
Өзің таңдап түлкінің біреуін ал.
Жығыт тымақ істетіп сандыққа сал!
Еңлік шығып қонағын аттандырды,
Қоштасып Кебек батыр елге жүрді.
Бел асқанша артынан қарап тұрды.
Еңлікке келіп жүрді дамыл таппай.
Алты ай қыс аттың терін бір құрғатпай.
Қайтарысып барымта, алған малын.
Бүл бітім Еңлікке де болды мәлім.
Ойында бар, ел бітсе, іс қылмағы.
Қара жартас — белгілі табыспағы.
Кел, кетелік кідірмей осындайда.
Дайындап әкеп қойдым, мына сайда.
Онан бері қыс өтіп, шықты ғой жаз.
Құры бүйтіп жүргенге болмалық мәз.
Таң атпай-ақ Ордаға жетіп барды.
Бекініп бір дарада жатып алды.
Күн шыққанша кемпір-шал тұрмай жатты.
«Қызың қашып кетті», — деп шалды оятты.
Қолынан не келеді онан езге.
Матай келді жиылып осы сөзге.
Қайда кетіп, қалайша жоғалғанын.
Қайдан білсін кәдікті кім қонғанын?
Түлкіні бір Матайдың көзі шалды,
«Мынаны кім берген» деп қолына алды.
Атын ұмыттым, бір қонып кетіп қалды.
Сонан соң да осында келмеп пе еді?
Ұмытпасам, соны Еңлік аттандырып,
«Хош аман бол, келіп жүр, Кебек»,—деді.
Матайлар Тобықтыға кісі салды.
Тобықты оны елемей жатып алды.
Не жылқыда, не аңда жүр ғой дейді.
Елден Кебек азықты алып жейді.
Еңлік қашып кеткенге айға жетті.
Матайлар бір қoc жылқы алып кетті.
Жуантаяқ бір ауыл шапты тағы.
Шатаққа соқты сөйтіп сөз аяғы.
Үйге кіріп келді де сәлем берді.
Мен сізден ақыл сұрай келдім» дейді.
Ей, Көбей, сұңқар қалай, тауық қалай.
Сол келгенше өтпей ме уақыт талай?
Көбей4 мұны ұқты да қайтып кетті,
Тобықты кеңес қылған топқа жетті.
Ол сөзінің мағынасы мынау депті:
«Еңлікті алып қашқан Кебек батыр,
Оны айтпай-ақ біздің би біліп жатыр.
Кебек Тоқтамысқа қаратын қой дейді аңыр».
Матаймен байлау қылып, сөз сөйлесті.
Бір ай тоқта, Тоқтамыс келсін десті».
Мақал бар «ел құлағы елу» деген.
Екі елде де адам жоқ есітпеген.
Тоқтамыс Арғын жақтан жүр келе алмай.
Көнбейміз деп мазаққа мұнан былай.
Жиылған соң белгілі қылар ісі.
Тобықтыға жіберді елші кісі:
«Ел бүлдірмей бітелік жөнге келсін,
Еңлік Кебек екеуін ұстап берсін.
Малға бітім қылмаймыз, оған сенсін.
Егер оған көнбесе, дайындалсын.
Не Найман, не Тобықты бірі қалсын.
Ертең, бесін намаздың уақыты кірмей.
Бітімім жоқ не өліп, не өлтірмей.
Бітімі жоқ болған coң мұнан өзге.
Қорықпауға да болмайды көрер көзге.
Біле алмай не берерін, не берместі.
Ақыл сұрай бір-екеу барсын десті.
Сөзін айтып, сәлемін берді-дағы.
Мінеки сондағы айтқан бір жұмбағы:
«Әнет бабаң емес пе менің атам,
Бірақ, ондай қабыл ма менің батам?
Көрсетемін, қайтейін тыныш жатам».
Өзі өлтірмей, амалсыз атқызды өзі.
Көрсетпеуге шама жоқ деген сөзі.
Жұмбағының шешуін айтып келді.
Кебектің жатқан жерін айтып берді.
Үш айдай бір дарада жатқан мүлде.
Айы толып, мезгілі жеткен күнде.
Кезек ұйықтап, сақтанып жүрді сергек.
Қозы күрең кісінеп қағады елек.
Атқа қарғып мінгенше жау да келді.
Баласы бесігімен қала берді.
Кебек қашты, жабылып жау да салды.
Ауып кетіп Еңлік қыз түсіп қалды.
Кім тоқтатар әзелде болмақ істі.
Мінгестіріп алуға аттан түсті.
Әрі-бері қанжарлап соғыс салды.
Көпке топырақ шашсын ба, ұстап алды.
Тамам Найман жиылған қалың дуға.
Елтіген бөрідей боп жеген уға.
Қалайша өлтіруге кеңес қыпты.
Қолға түскен кісіге қатын мықты.
Кейбіреуі дарға да аспаң болды.
Атқа байлап сүйретіп шаппақ болды.
Бейне бір қоятұғын малға балап.
Қасындағы жиылған көпке қарап:
— Ей, жұртым! Бір-екі ауыз сөз айтайын, Әйтеуір өлтіруің тұр ғой дайын.
Құдай үшін, берсеңдер, мен сұрайын.
Өлген соң бірге қосып таспен бастыр.
Мұны өлтірме, Кеңгірбай биге тапсыр.
Бердік деп екеуінің қолын шешті.
«Ал енді өлтіре бер мейлің» десті.
Екі аттың құйрығына байлап алып,
«Матайлап» ұран салып шауып-шауып,
Өлтіріп бір төбеге қойды апарып.
Обалға өшіккен ел қарасын ба?..—
Еңлік — Кебек моласы бүгін де бар
Таймаң пен Ералының арасында.
Қабекеңе тапсырмай аманатты,
Шеткі Ақшоқы басында қалған бала
Шырқырап күн батқанша жылап жатты.
Түн ішінде жиылып атқа мінді.
Қисыны біреу ұрлап кеткен сынды.
Емес қой жастықпенен салған әнім.
Аларсың, көп ғибрат, байқағаның.
Жастарды қызықтырған сөзім емес.
Ойдан жалған шығарған сөзім емес.
Құр ғана қызығымен қызын алма.
Соларды айыра алмай қапы қалма!
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру