Көгілдір шабыт
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Сұраған Рахметұлы
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 Р 24 Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды. Сұраған Рахмет. Көгілдір шабыт. Өлеңдер жинағы. Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2011. – 192 бет. ISBN 978-601-7023-37-9 Моңғолияда өмір сүретін кандасымыз, талантты ақын, зерделі ғалым Сұраған Рахметтің «Көгілдір шабыт» атты жыр жинағындағы өлеңдер өзінің ойлылығымен, өмір шындығына жіті бойлай білуімен құнды. Кітап өлеңсүйер қауымның көңілінен жылы орын аларына сенім мол. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 ISBN 978-601-7023-37-9
© Сұраған Рахмет, 2011 © Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2011 Р 24
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ЛАҒЫЛ ДАЛАНЫҢ ЛАҒЫЛ ЫРҒАҚТАРЫ * Қырбақ қар өлең шумақтарындай, Мейірімді дала кірпігі. Қаздың қаңқылы ұшады қалқып құндақтағы ұлдан Əуенін санамда іркідім. Жып-жылы нəрлер ойнайды құрғақ қанымда, Қайыңдар су жағалайды балағын түріп. Күллі жұлдыздар кілкіп, жəудіреп, қырбақ қарымда. Шиырлы ізімен шумақ зерлейді қарала ит үріп. Дауыл шұлғиды зауда, Күн қатпарында, Қағазға тамады шаршаған сана титығы. Бақидың суреттері тұр, қырбақтың жұмбақтарында, Күн түндіктен құлайды шала ұйқылы. Ақ өлең – Алтайдың ала күртігі, Тамырдың табанын жалайды құндақта дымдар, Теректің бұтағын ырғайды самал ұмтылып, Лағыл даланың лағыл ырғақтарындай. *** Армандар көгімді тырналап ұшады, Кешіккен, келмеген іңірлер еседі кітаптың бетіндей. Мойнымнан су кетіп… мысалы, кесе көлденең, Белгісіз белдердің бедерсіз шетіндей. Қиялдар шашылып, төгілмей еңбектеп жүргенге. Ақиқат кеселі күлдіріп келмейді үнемі, Сындырып, бүлдіріп, кейітіп… Айталық, көлбеңдеп сүрлемдер Қапырық үрлейді түріп ап білегін. Қасыңда əдепсіз кесілген бұрымдар… Етегін түргендер. Бəрі де қажетсіз. Араның жүзінен шашырап сұм сөздер ұнтағы,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Сыбырлап құр демдер, Мүрделер алдыңнан ойқастап сəл епсіз. Шараптың буынан кермектер жаныңды жылтады, Дəнектің нəріндей көз жасы. Дүние бошалап, іңгендер боздасып… Тағы да су кетіп мойныңнан, қағады қаңбақтар қылтаны. *** Боз талдар күлтелі бүр тағып, Əулие даланың сағымын түйелер кешеді. Бозторғай зар илеп, шырылдап төбеде, Тамағын жыртады. Иесіз əуендер неше мың, Киесіз түземді мекендеп. Құстармен алысқа көшеді үн… Өседі… өшеді… Құсни саздардың ізінде өртенсем екен деп. Құс əні – құсалы… Ойпыр-ай, мəңгі үздік. Тірліктің басқасы бекер де, Тырнақтар жүректе, жұрнақтай жалғыздық Жаныңды сетерлеп. Жап-жасыл өңірдің жап-жасыл жаңбыры жағаңнан нөсерлеп… «Кетер» деп… «өтер» деп… Тəп-тəтті ойларың қаңғырып, Ызалы ұшқындар алыста, Осы маң, Бəлкім, ық. Батысты шығысқа бағыштап, алқынып. Күліктер ұшады іштері қабысқан, Қыл қалам секілді жалқылық.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ БƏДІЗ ӨКСИДІ Құстар қанатын жыртады көкте, Аспан ашулы. Ана құрсағын өпкен қасыңда, Басқа ғасыр жүр. Өктем тұрпаттар кілең дестеге жасырынады, Ішінде цифрлы құрттар құжынап, Бастар ашылды. Топшысын бұлт қаққан құстар ашулы, Бізді қорғайды екен-ау ауа қабатындағы сүзгі. Күннің қабығын сыпырып алады, Шыңдар ұстара сынды. Қимыл. Мидың өзектерінде құзғын, Батпаққа сүйрейді бағзы нұсқа басыңды. «Мəселе шешілді дедің бе?» – жұмбақтар жасырған, Діңгектер кесінділерінде басылған ғасырлар. Ғасырлар қабаты – уақыттар шеңбері, Сөйлейді алыстан, кесілген діңгектер меңдері. Кетпейтін кесепат есіңнен, Ницшенің Сорабы меңгерім. Белгісіз. Қанаттар жұлынды түлеп, Аспан ашулы. Өлеңдер етпеттеп құлайды, тасқа басулы. Жылайсың бір сəтке құлаған құныңды сілеп, Өмір болмаған мүлдемге, Көңіл бəс таласулы. Бəдізден оянды құлын кісінеп…
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ӨЛАРА САЛЫСТЫРМАСЫ Көк Тəңірдің кірпігінде өлімсіреп, Өлі өңдер. Қамыстың көз – өзегінде қалғиды ел, Соқыр қаздың қанатынан қаңғып жеткен өлеңдер, Бұйра талға қонды солай сəн киген. Моншақтарын шашып тастап жер – түндік, Қызыл таңның қойынында шырқыраған əлдилер, Көк шоқының ұялайды бөркінде. Қиялайды қоңыр шуақ жақпардан, Жүрегімнің ұясынан ұшып шыққан еркіндік. Қобыз сыңсып, сойы ұзақ-ұзақтардан, Қалауымды іліп кеткен қаршыға, Қақ айырып бөліп берді сертімді. Көз жасыммен ойып-ойып, шым қабатын ақтарғам, Қарашығым жабысады шаршыға əр. Үш кеңістік хайку сызып, мəн із десте ақ қарға, Бір біріне жұптаса алмай, адасады сан сыңар, Уысыма тамады арық тамшылар. Қызыл тұман шөккен жолмен, Ілбиді пəк атты арба. Күлгін түстен шошынғаннан жан шығар, Уыз уақыт нəрін сақтап қатты арға. Қу жанымда қураған шөп – азу тістің қыршылы, Тағы бір топ өзегімде… Аңшылар. Жұлдыз болу кезегінде тізілген мың тіршілік, Жұтқыншақ пен көмейдегі тұтылған аз кемеңгер, Кетік тістер жыртығында қыршылып. Ең бір ауыр түн көрпесін сілки алмай елеңдер, Кешу тілеп, кеше қайтқан сағыныштар сарылған. Беу, Сарыарқа, Құрманғазы-ай, Күй ата-ай, Құрғақ милар қуысынан жалығып, Уысымда жарылған. Беу, жарасым кеңістік, Сен бармысың арымда?! Құнанбайдың оң көзінен ұят-ай…
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ «ЖҰЛДЫЗДЫҢ ЛАҒЫЛ ЕЛЕСІ» ЖИНАҒЫНАН... * Сен маған неге, У сіңген көзбен қарайсың? Қарайсың, сосын, бастағы қанға тарайсың. Қабағын түйген қап-қара ойға үңілсем. Масқара түнге малшынған майда арайсың. Қыршынды қидың қыл бұрау арқан салдың да. Мұң жанып жатыр Мұқандар өлген шалғында. - Кісімін десем... - Жылқысың дейсің ... Ендеше: Мінетін болсаң кісінеп тұрмын алдыңда.
- * Қыс көзі қырау, жел есті Қиын қиыннан. Албасты үрікті, ырыстар ықты Тыйымнан. Ұясын бұзды-ау ұшынған ойлар ақыры, Қи сасып тұрған қып-қызыл шикі Миыңнан. Шолақ тай міндің шоқиып оның іш қанын... Көрелік сосын заманның Іспар Тышқанын. Жетісіп жүрмін дейсің бе,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Сорлы, жетісіп? Тырнақтың кірін жедің де қайта құспадың. Меңсіз де меңсіз, даласыз туған меңіреу Кəсібің сенің ірің жеп һəм еңіреу. Өз басын өртеп құл болған Күнсіз күстана, Көзіңді түртті-ау сөзімен жерік Не біреу... Жалғанда мынау масылдарасыл, ақын ақ. Ермек қып кеттің есектің артын бақылап, Қаймана саған қатқылдау жүзін бұрып тұр. Айнаға қара ақымақ! 1998 жыл. * ...Терең ойлап тесіле қара... М.Құрманхан Еске түсті есіл күндер талайғым, Самайымда ізі қалды сан айдың. Жалпақ дала, жарты пəни - жомарттық, Сана қырсау, жатыр толқып жан-айдын. Дүние кең сол жалғаннан тарайды Үн. Сал əуені құтырады сарайдың... Іріген құм, ашыған су ал сосын, Шіріген бір жұмыртқа тұр қараймын. Солар үшін қаншама мұң жазды адам? Дейді мылқау: -Мың да адаса жаздаған! -Мен ғашықпын!-десем қызға, Ол үнсіз.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Аяды ма ақша берді аздаған, Кешір дейді кесірі мол кеңес күн. Керемет не, мүмкін соған теңестім. Ең алғашқы ермек үшін тудым да... Айқайладым. «Ең соңғысы емеспін!, Есек дəме: Желге ұшты ма жаздағы Əн. Отың қайда тозақтағы маздаған? Десем мылқау: (тағы, тағы таңданыс) «Шоң бабалар шоқтан сүйе жаздаған!» Ең ыңғайсыз, ең тебірік тұңғиық. Олай болса алға қарай ілбиік. Мен таусылдым. Ертең тура осылай: СЕН ТУАСЫҢ АШАҢ ҚАРНЫҢ ІЛМИІП.
- * Сайдың ыстық қолтығына құлап түн, Сілекейін сорып жатыр бұлақтың. Бірақ, мұнда бір ғажайып əн бастап: Жетім даусы жаңғырады лақтың. Əлсіз зарлау, əлсіз маңырау жылап тым, Құрышына жабысады құлақтың. Ел қыдыры соңғы əуенге басты ма? Ен дүбірі таяп келді жырақтың. Шекесінде бақыты жоқ кертік қыр, Сол лақтың көмекейін шертіп тұр. Ес түбінен қос иінін қозғап Ой: - Семсерге де дейді берік серт ұқтыр. Сақал шашы жалбыраған қара аспан, Сыр тартады Шам, Самара Тарастан. Көз түбінен қос иінін қозғайды Ой, Өз тілегі, өз қарнына жарасқан! Лақ мұңы: Жел қайғырып, құм күлер,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Лақ мұңы - түнгі шипа, түнгі мөр. Осылайша Рим қайта түлеген, Осылайша маңыраған Үнділер! Алыс менің сəттік, сəттік, Жұмағым, десем тағы маңырайды лағым. Құшып сүйген бабам неткен мəрт еді Махамбеттің тұлпарының құмағын. Лақ мұңы – мені жынды қылатын, Мұнарыңа ора, ой-хой, бұла түн! Құйлқылжытып қайда қашып барасың? Құйрығында жұлдызы бар құла атым. Амал бар ма ақ лақтың «күшіне». Тартты мені тау киенің ішіне. Сол дауысты, жібек қанат дауысты, Түйіп алдым қаламымның үшіне.
- * Желөкпелік Желбіреген желбезек, Төңкерістің көсемдері елгезек. Ер кезегі үш қатердің бірінде, Ең соңғы рет түңілмей Ет, тіліңе бер кезек. Ой нөсері жаусын бір. Қоздырғышы Қорасанның, Аусылдың. Жаның-үрей, Ойың - нала, даусың-мұң. Көмейіме қорғасын құй, оңбаған, Көлеңкедей түн астында Таусылдым. Көл бетінде нұр шуақтай Қорғалап, Қырсық Ай тұр
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Дір-дір етіп жол қарап... Қанша жұлдыз ағып түсті, білмеймін, Саусағымның саласынан Сорғалап... Бақыт... Уақыт... Нəрсіз несіп бір игі, Ақыт рухынан Жаһил жаным жылиды. Ғасыр дəмі «Топырақ» деп ойласаң Басындағы шөкім миың Шіриді... Өкіну де керек емес Өкінбеу... Тірлік деген су қайнату, от үрлеу, Өтіп барам ар таянып, Тəн сүйреп, Сан миллиард нөпір өткен, Көпірден. Қиял шегі жасыл жұлдыз, Салқын бақ, Əлем күйіп жатқан сынды артымда...
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ КҮЙІК БАҚЫТ «Өмір дегеніміз біз ойлағандай жақсы да, жаман емес» Мопассан. ...Əлдекімдер əн шырқайды, азынайды, жылайды, Салқын қайғы мəңгі-бақи Адам жанын сынайды. ...? Бақыт қайда?- - Ит біле ме?... Аясында сұр Айдың Құдіреті ол құдайдың. Дəулет, үмбет, Нəубет үрлеп бір айбын, Арсыз маймыл ағаш бүрін сыбайды. Зəр шашырап, Тал шашына былайғы Мұң айығып, Ар жасыған сыңайда. Пышағының жетесі алтын қарақшы Қан сасыған құшағыңа Құлайды. Жер қатына, Жер қатына қабағат, Тер татыған өседі аппақ, Таба нан. О, тағылым, Мүрдем, тегім, садағаң, ...бірақ, Бірақ, Түсінбеймін Мүлдем сені, Адам-аң. Аулақ ібіліс.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Өшір қазір қараңды. Тау манаурап, Көсілді түн қараңғы. Аумақ-саумал, Айдан тамған атау-нəр. Сұм бостанды, Аулаңа кеп қамалдым. ...Қапас түнек, Өлара шақ таң алды. Таң алдында, Жаның-жасық, Жанар-мұң. Қаның қашып, Қайнап-қайнап аласың. Жан-тəніңді арбап жатса арамдық, Қарсы алдымда, Тамсандырған қараң күн. Келешегім келте құйрық, Алаңмын! Ұйықтамаймын бақан тіреп Кірпікке: Юстиция аң-ойымды Үркітпе... Ит жалайды жарамды, О, рухым, Шарықта əм шарықта, Еменжарқын, Пендеге тəн жарықта. Жерік жерде діні берік, ділі кемік тобырмен, Тірі өлік – денем қалсын тамұқта...
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ АТАВИЗМ «Еркіндік дегеніміз заң бойынша ұйғарылған нəрсені ғана айта білу» Екетарина ІІ Амур сарайының алтын есігі ақырын ашылып іштен имек танау, салбөксе азамат шығып, аула алдында қалғып тұрған шабарманның барбиған саусағынан сипап бірер бақыр ұсынды... Кенет дуалдың түбінен белгісіз күйшінің зарлы үні қобыздың қоңыр даусымен қосыла сыңси жөнелді... ...Құлағында Жел ғана ойнар, Шу асау. Ноқтаға кеп бас иері рас-ау! Құдай берген ШАХАДАНЫ Қайталап, Хайыз күні харам болмай Дұрысы. «құлқыныңмен молырақ қып бір аса...» Нəжіс арам Нəпсіге үздігуүзілмесін сəтір көрсе, тізгінің! Құраулап кеп, Мияулап жеп көз жұмып, Миын жала Мысыр кезген жындының!!! -?... Құзғыным! Түндей тыныш дүниені, бұзды кім?!
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Тілдей қылыш турап-турап тəніңді, Тікен тірлік құшағында мызғыдым. Ы-ым... Зəнталақ, зəмзəм емен Тəттің, балың, тұздығың... Маған десе манаураған манапқа ашқан қыздығың... Қобыздың қоңыр үні толастар емес! Тəбетін нəпсіге тəрік еткен есер ебедейсіз жұтынып тəнін сипайды... Сұбханыңды, отпен осқан қамшының, Тілген жері, тізілген су, Тамшы - МҰҢ. Ақша, шарап, Алтын, күміс, бал, шырын! Апырай, ə? жапырақтай абұйырыңа «Жалшымын»... Қыңсылауың, қып-қызыл от, Ал, сұғың, өңменімді түйреп өтті-ау, ҚАНШЫҒЫМ. Кешір Ханша, кеш «жеңгей», Көңіл – дөнен ала қашты, Дес бермей, «...Əз бабамның сары кітабын қайтарсаң, Сағдиға Ару белін шешкендей. Саз ерніңнен сүйер едім, сескенбей!
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ...Мəуелі Еса, мəрт бұйдалы Мəдінің, қидаласқан қырық шілтен бəдігін, Мəстек мінген қысық көздер, бəрібір, Қызыл күрең қанмен айтқан, əділін!
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ АЛЛЕГОРИЯ немесе ақырғы сөз Тағы да алапат тағдырдың ұждансыздығы! Көмейге тірелген көп ойлар көлкілдеген ісікке айналған. Көзі қызарып көкірегі жасыған əлжуаз күйші əлі отыр?! Демек, оның көз алдынан оқ-ғасырлар зулап өтуде... Ұждансыздық! Құтыламын кімге ерсем? Жұмақтай, (сенесің бе?) күн көрсем. Тасбақаның жүрісімен зымырап, Тас дəуірін қайта көрем Үлгерсем... Ынжық кеуіл, Лай «ауа», ыстық дем. Сахар шөлін шарлап өтер құс біткен Пак Афридуй мен Фарабидың «айғырын», Арқыраған азбан еттік піштік те! «...Ай, Азия-ай! От тамызып ОЛЖАСПЕН, ҚАЗ-дың етін АҚ-көз мəңкүр қақтап жұлар, істікпен...» Төсін ашып, бар əлемге аңқылдап, Ит жетектеп, бит терген жыл Там-тұмдап. Айша Бибі, ақ арулар. марқұмдар, Сопақ дəуір содыры мен Заққақ ерді-ау артыңнан.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Сезім құрсын, тəнім міне... Сыпырдым! /көз алдымда, жын ойнағы, шытырмық. Тілді, соған түкірдім!/ Көр соқырлық... Рəсуə етіп рəсімді. РЕСЕЙ боп іріңдедім, Құтырдым: «ОТАН ҮШІН» оттау керек УРА-лап... ...Дəруіш ойдың шырқау шегі! Дəл айтсам ХХІІІ ғасырдың басы. Маң даланың төсінде маймылдар көбейген. Олар асыранды ана қаздың аппақ жұмыртқасымен атысуда... Қызыл ғасыр, тоқ кекірем, Аш келіп, Сын тасыңа сидім тағы, Мас келіп?! /Құрдым аузы аш бөрі/ Əкесінің жылдығына, шошқа сойып, -? АС беріп... Ыржияды бас тері! Қа-аш бер-рі-і... 1989 жыл.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ЕМЕС Эдгар По Легран пайымына қарай... «Алтын қоңыз». Емес, емес ерегес Секем бойлап жүгіреді Сері Елес, Айға өкпелі алып дене Бірдеме... Ғарыш емес, Керіш емес, Жер емес! Мəңгілік түн Маужырайды ерте кеш, Ені тарлау Екі ұшығы келте емес? Өңсіз, Түссіз, Нəрсіз, Əлсіз нəсілдер жастанады зер тегеш... Ешбір меңсіз, Ешбір теңсіз тыс ұғым. Жаралы ағаш Жалайды аппақ Ісігін. Барады үркіп аспан жаққа Сансыз кит, Бауырына сақтау үшін Түсігін. Жолдар қиыр қиыр басы ілмек-ті, Сол ілмектің шырмауында,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Жыл да өтті. «Ібіліс қалың» дегені үшін Елеусіз, Құмырысқаның тістеуінде Піл кетті... Жылқы күліп, тау кісінеп, Құс ұлып. Тағы келді бір тамаша түсінік. Жылан көктеп, ран өскен далада Көкала тас өліп жатыр Ұшынып. Мəжуси мен қысқа қарын Мүсілім, Нұсқаларын шұқып жейді кісінің. Ұстағаның ұлпа болып, Құдірет, Қара бүркіт емізеді күшігін. Жел – жерік ас, Жел емес. Есеңгіреп есінейді денеде ЕС. Шошынарда қуанып, Бек жылаған... Қуанарда шықшытынан жын ағар Осыларға қарап тұрған мен емес!
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Макромир немесе ірі əлем Ресурстар дорбасы кіріс тілеп, Сірне - індет. Санаға сіңісті кеп. Ең көңілді бейжомарт, Жер – қарабет, Ең шөгірлі зұлымдар - «құрыш білек». Қызыл шалқып, ақ сынып, жылайды көк, Өң менен түс бір-бірін жүр əйгілеп. Қара сенім əйгілі қызыл тиын, Күн – əлемді жалмайды құдай білед... - Кімнің нəрін кім жеді, Кім ішті? – деп, Тың тыңдайды əлемет сыбыс тілеп. Е, құдайым, бір мысық, Келеді, əне Емхананың есігін тіміскілеп. Мезомир немесе орта əлем Жаратушым сақтағай Кем етуден, Рухымды, санамды Жебетуден.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Тұл өңірдің қураған бұтағындай Жүрегімді түртеді Жер – Етуген. Жер - Етуген бабалар құрбан шалған, Жер етілген дəл сонда Бір қанша арман. Тауға өрмелеп, Тас сүйреп, Тамұқ кешіп, Балық төстер қаңсыған, Ылғал – шаңнан. Зауза – муза баз кешкен, Сарыатанда. Жалбарынған қызыл қан алақанда Жалмағанын тас етіп, Құбылтатын Таң қаламын сол кезгі Тараханға. Микромир немесе майда əлем Микромир-мипалау, Күйкілі өмір, Күйе жалмап күйген құм Шикілі өңір, Ирең-ирең ілбіген, Жұлдызқұрт көп, Имек айдың соңынан ит үреді.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Заман өңдеп бастағы Күн қалпағын, Зулап өтіп барады, Мың қанша ағын. Ілбіп, сырғып, Түшкірген олар үшін Бұла тірлік құмдағы - Тұнған сағым. Ел тарахан, патшасы - Қара мысық Өлетіндер өтеді дала құшып. -?... Жырға оқталған қаламның ізіменен Күл боп қалған аққулар барады ұшып...
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ МАШАҚАТЫ КӨП КҮНДЕР Доңыз жылғы көктем Сайын сағым – самал кешкен Сары елік, Жатыр дала мың əуеннен нəр егіп. Көкше мұздың көк бетіне Тамады, Аққулардың қанатынан əн еріп. Мөңкіп аққан бастау беті Мың іртік, Мешел талдар кемсеңдейді сіңір түп. Қоңыр қаздар жұп боп ұшып келеді, Жұмекеннің қоңыр үнін Шұбыртып. Өлкетану үйі сынды Көлемім, Көр тірлікті тірілтеді Бəлек үн. Сал қайыңдар жас моншағын, Іркіп ап, Жатқа айтып тұр Төлегеннің өлеңін. Құла дала төсі толы бесік жыр, Құлағыңды қытықтайды не сыбыр? Махамбеттің «Қызғыш құсы» шырылдап,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Мұқағали Қарасазын кешіп жүр. Еске құйып кетер менен Өтерді, Есіл көктің жиегінен от өрді. Жан дауысымен: «Дала, дала, дала» деп, Сағи ағам жерден басын көтерді. 04.01.1995 Əжем Əштəри Сəріпқызына Көңілімді көл-көсір ғып, жүр ағын, Алға қарай баса алмаймын бір адым. Алмағайып азап шеккен сəтімде Əжемді ойлап таусылады шыдамым. Жүрегімді жұлқылайды бұла ағын, Орта жолда кесе басты құнаным. Ақтаратын жырым мұң боп Төгіліп, Қап-қара түн құшағында тұнамын. Жетер жері қу мекиен Құладын, Құладынның қанатынан тұнады үн.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ - Медет бер деп мендей пақыр ұлыңа Əжем жатқан қабірге кеп жыладым. -Келдің бе?-деп, Салқын ұлым сары ізді, Аппақ əжем ойыма елес тамызды. Ұмытпас ұл бергеніне Қуанып, Құлпытасы жылап тұрған тəрізді. Басып қойып сезім деген Пернені, Аяйтындай əжем жатқан жер мені. Сүт иісін қайталайды, Құдірет, Қоршай өскен жусаны мен ермені. Қайтам үйге əжем маған ермейді... Көкірегімді сағыныш-мұң кернейді. Көз алдымда көк аспанда ілінген Бір бозторғай тамшы-əуенін тербейді. Жыл соңынан жылдамдықпен сырғиды Ай, Тұл күндерім қоян бүрген қырғидай.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Сол бозторғай əнін алып Қонады, Жүрегіме əжем айтқан- «Бір бидай» Кеудесінде кісінеген құлынжыр, Келешегі боз тұмандай бұлыңғыр. Осылайша «қайран əже, əже» деп: Қайманалар арасында ұлың жүр. Санасында қауыз жарып бидай-жыр, Жаман ұлың терісіне симай жүр. Баз кешсе де біреулердің сөзімен, Мəз өмірін, аз өмірін қимай жүр! 29.03.1995
- * Алыстар дəйім жақындап келді біршама Бақыттар бірақ баласын күткен тұмса ана. Толғағы жеткен құрсақтың жарық аузында Жақұттай жанып, Жапырақтай нəзік тұр Сана!
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Ақ қардың ерні жабысып бір сəт шыршаға, Ақпанның жанын ерітеді екен бір Шама... Көктемнің сынық көгілжім Мөрі де көрікті. Аппақ аяздың алақанында тұрса да. «Кек дəмі келер тамаққа шыққан баспаңнан», «Қызылдың бəрі қыс қылауынан жасқанған». Жердегі тойдың жемісін терген тентекке, Ернін шығарды əлде бір күшті аспаннан. 1995 жыл, 10-маусым
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ АУЫЛ ...Сені үнемі сұрастырып отырамын, құлыным.... Кіші апамның мейірімі О, кішкентай ауылым, Құшасың сен жел əуенін, тау үнін. Марқа қырдың сеңсеңіне Оранып, Еміп жатсың Мама бұлттың сауынын. О, шап-шағын мекенім, Сезінбейсің өркениеттің не екенін. Бал ай үшін Күреспеген, тіреспеген Басқамен, Сарайысың махаббат пен некенің. Қызығынан, қылығынан текенің, Білеуленіп тамыры өсті шекенің. Еске қарай ентелеген ойлардың Түсінбедім, өң менен түс екенін. О, ауылым! Шапағаттым, сорлым-ау, Өкінтпей ме миға құрған тор мынау?! Сенің құтты, сенің сүтті жұртың да.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Отырғанның басы шірік, Орны дау. Қайран ауылым, тың жоқтауым, тұл əнім. Алдаспанның жүзінде бақ сынадың. Жерде отырып Көк Тəңірін қия алмай, Дүркін-дүркін сілкінеді Қыраның. Менен басқа бейкүнəнің ауылы Ести ме екен жел əуенін, тау үнін. Оның құрғақ, оның сұңғақ ақымағын жібіт деп Шақырамын Бессаланың жауынын. Ауылым! Ауылым! АуылымІ 1995. Тамыз
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Қара өмірде қарындас көп, Апа, мың Бірақ, ару астында тұр Тақаның. Сені өртер ед бар жылуы Жетпей жүр, Көлеңкеден тігіп киген шапаның... Мекен етіп көк бөрінің Апанын, Шігесіне ас салып жеп сақаның. Үлесіңе тиген үзім тандырмен Атып жүрсің əлсіздердің нақ ағын. Қызықтырды қызыл ала қына сан, Тасқа келіп тағзым етіп тұр Асан. Көл айтады сол Асанды көрсетіп, -Көп жүрмейсің, көпшілікке ұнасаң. Көрің əзір, көлбеп жатыр ұрасы əм. Аттап өтсең осылардан «жақсы ағаң», Ине шаншып ет береді бір асам.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ БЕЙТАНЫС АҒА
Зардыхан Қинаятұлына Бейтаныс аға, Түсінесіз бе сіз мені? -Мен жалқы жапырақпын Жасын шақырған түздегі, От балапандаған орынсыз Сəттердің Орынсыз сəттердің салауаты ма? Білмедім... Əлде бір күшті, Əлде бір сұсты есірік Естен іздедім. Арды қамады һəм Алаусыз, жансыз мол арсыз Солардан лайым, уайым ішке толар сыз Бейтаныс, аға! Сіз де солардың ғайфи құрбаны боларсыз. Күліктің оймалы ізінде Туған ұл-қызға бір лағылбілтесін жаққан Шырақсыз «олсыз, оларсыз». Бейтаныс, аға, Бей сəтте неге қондыңыз ойға жүріп кеп, Мен топқа бөлген ем Абайдан соңғысын іріктеп. Үндінің Тагорын, Донның Пушкинін, Күнзінің ойларын жіліктеп.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Кісінеп едім иен далада кісенін сілікті Білікті Һаям, Тұнықтығы аян Ұлықбек. Бейтаныс, аға, Берекетім қашып тағы да, Түкірдім қолға қамшының сендім сабына. Жалаусыз ілген Жанымның жыртық қабығын Қақтап ем талай Алаусыз шоқтың табына. Зарығам солай, - Аяғы кім? Деп алыптың, Үр дүниеде үрлеген шардан жалықтым. Көбіктің бəрін көр жақтан Іздеп, Төр жақтан іздеп, Құдай-ау, Жерікпін миына көлдегі əзиз балықтың. Зарықтым аға, Запыран жалғанның тысы көк. Тыс пен астардың арасындағы иттер, Семірді талай кісі жеп. Білікті Һаям, Тұнықтығы аян Ұлықбек. Сосын сіз үшін құммен Тілдесіп,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Тосын санада тұрмын кісенді аттай кісінеп. Бейтаныс, аға, Жауымсың, жақын дос та өзің, Бошалап кетеді бордақы сайға бос сезім. Сені көруге мұршасы мəңгі жетпейді, Жазық маңдайда, мұрнымнан түскен Құрттарды санап Қос көзім!
Алматы, 1995. Тамыз. * Қызыл күннің соңында іңір кешіп, Қылғып жұтып жүргенім сіңір-несіп. Түстен шошып «түлкілер» түнереді Түңіл, түңіл тірліктен түңіл десіп. Бір ай қара, бір ай ақ, Бір ай жарық, Алып дала сілкінді шыр айналып. Күн, күн санап түтігіп Түтеленіп, Түлен тұтып тұрғаным құдайға анық. Күнім сынап, тінім кір түнім жабыр, Əжем аян береді жылында
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Бір. Менің əлсіз білтемді ыққа сүйреп, Жел дауылдан қорғайды тұлымды ақ ұл. Кекілді інім сырымды білген емес, Секілдімін, əйтеуір, жүрген елес. Күрмеу-күрмеу күрделі мезет-сызат , Күзім жазым, көктемім - күл көмелеш. Мен - күйрекпін, Айтпайды, ел біледі. Тысқа шықсам ай аяп, жел күледі. Жыр болмаса бір шоғыр, Нұр болмаса Менің тірі жүрмесім белгілі еді. Жақсы күнге жанымды жалғады Асан, Бастан тиген қисапсыз балға да сан. Айтыс қонған жұртымнан бездім мəңгі Қайтыс болған жандаймын Əлдеқашан! Асау рух, аялы шағала – шық, Қан шуақпен келеді жағаласып. Ит пақырлар
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Кит болды араны ашық Пенде – иттер үреді абаласып. Табаласаң өз еркің бағаласаң, Мағына - шын, сөз – жалған, Сана – қасаң. Құмнан өрген өлеңдей биік болғай, Жырдан өлер ақынның Сағанасы əм. ЖАЛҒЫЗДЫҚ Уақытша мұңды ысырып жүрген кезде Сеніп ем: Бір өткелім жақын деп. Жүрек Перім жүр қысылып Дір етпейді ақыл көп. Құлын жаным осқырынар Ұзамаймын желіден. Шын ықылым Пысқырады Қандай құдай маған əкеп теліген Жыр «қартасы түскірді...» Басталмаған басы шикі, Еш белгісіз аяғы. Алды бұлдыр, Арты - тұздық, Құбылыстың құбылысы баяғы Басымды жүр қарбыз ғып. 16.10.1995
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Ертең болар күні бар Тоңбас адам, Бірақ, жер алыс жеткізбес Жол қашаған. Құйысқанда байланған Құмақ – Жұлдыз. Шырақ айды кідірткен Оң босағам. Оң босаға, тезектің қанарында Ай, Жез ошақтың сипайды балағын жай. Ай, ай керемет мөлиген Сағанақтан, Ас дəметкен күшіктің жанарындай. Жер шарана жып-жылы Мұйықтағы, Жаңа ғана тыныстап ұйықтады. Ат тұмсығын қытықтап оятады-ау, Ақ байғыздың шырқаған сүйікті əні. Қора бейбіт, қой аман, қасқыр игі Шық дымдаса жайлауда, Тас жібіиді. Қашан қымтар екенбіз Біз осындай, Масаң жерге тігілген Хас жылы үйді. 16.10.1995
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Римдіктер даладан ажырап, қалаға келгеннен кейін еркін құлдырауға жетті... Əлемдегі бір шимайды көзімізбен Кермелеп, Өзімізден жаңалықтар Жазуға, Сөз түбірін термелеп, Ой қыстырдық азуға. Жалған жүрек, Ертегі Өмір мəнін еркелетіп санаға Тілін аңдып кері айланбас сағаттың кезіп кеттік далаға. Барлық болмыс əділетке еретінін ұға алмай Денелерді неге кері тартамыз? Жарлық жүгін өрге тартып шыға алмай Қызыл ала жауыр болды арқамыз. Басқа келер жақсылықтың өзімізден кеткенін Лаңы деп түсінеміз Алланың. Несіп етіп ұлы үлестің жеткенін Медет тұттық қалғанын.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Ұлық малдың басын мүжіп, табанын Ұяң бетке жапсырар: кімдерміз біз Баба - Ғұн. Кімдерміз біз тақсыр Ар? 16.10.1995
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ БАЛА САЛҒАН ƏН немесе əн салған бала /баллада/ Кіп-кішкентай баланың Кеспіріне қарадым. Кең етігі Жемтір-жемтір балағы, Таңсық Əлем саналы, бұзылмаған ниеті сызылмаған жаны əлі. Сезінбеген өзін жейтін тозақты Жаңа, жаңа Жаңа Діл. Танауынан салбыраған «боз атты» Тіліменен жалады ұл. Жер кіндігін жалғыз басып, тұрғандай Еркіндігі аламан. Қызарақтап, қымқырылып Ұрланбай, «Еркін бе екен, есен бе екен, жан анам..» Ерен ұлдан жанарымды үзбедім, Ғажап, ғажап оның бейжай кескіні. Мұндай үннің, мұндай мұңның тізбегін қашан, қайда естідім? Түн...Үміт... Сəтсіздік ... Маңқ-маңқ етіп, майда үнімен жайлана
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Көмейінде тау үреді төбеттің... Айдынына шомылады Ай ғана Көл дейтұғын Құдіретті бөгеттің. Бей пейіштей берекетті түн бүгін Күндегідей жылы Сай. Лағыл көлге, Лағыл көлге сүнгідім Көзімізді арбап Көлбей жүзген күміс Ай. Судың беті ақ ұшық, Күпірлікке жазбағайсың бір Құдай. Күлген көлдің езуіне жабысып, Толқындардың əжімінде сырғыды Ай. Табылмады мен іздеген күміс Ай, Лағыл көлге неге ғана сүңгідім? Тітіркенді жылы Сай. Сəл қатылдау Түн бүгін Мазақ етер жағалауда Шалғын көл, Бір ай көлде, Бір ай көкте, Жетпеймін! Құрсағыңа ай мен, мені алғын деп, Жусанына жалынамын беткейдің. 28.10.1995
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ТОҒЫСАЙҒА Неге ішесің мұншама қайран ақын, Жібекке де, тасқа да қайралатын. Сен тастаған өлеңнің Белдеуіне. Белді аспаған біреу кеп байлады атын... Қуып тынды «жыр» деген сахнадан Сені ішуге баулыған ақын ағаң. Сенің көшкен жұртыңа күрке тікті Бояулы сөз, бос мылжың ақымақ-əн. Қайран ақын бүгілді қай қанатың? Қайда жырың қатқылдау қайда дəтің. Сарайыңды сарқыттың буы бітеп, Маңайыңды торлады май-қара түн. Соқыр есен, амал не ақсақ тыңды Сен ішті деп бозқурай Сақ-сақ күлді. Біреулердің ішінде бөрі ұлып, Тірі ақынды жұтатын мақсат тұрды. Ақын едің таза едің тағылымды ең,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Арша исі аңқитын ақ үніңнен. Мақта-пышақ, мақтау-сөз Бəрін əкеп, Масыл ағаң ойнап жүр Тамырыңмен. Жұрт «тіседі» деуші едің жұрт «тіседі», Бірақ сол жұртың жыр емес, Іріткі ішеді. Пəк жаныңа у сеуіп жалбыр бастар Үніңді ұрлап құдай-ау құртты сені. Жалғыз қайың, жап-жарық гүлдей мүсін, Неге ішесің ел жырғап жүр деймісің. Мұқағали, Чойномдар түскен Жолдың, Құрманханды жұтқанын білмеймісің. Неге ішесің, бауырым, Неге, неге? Қасіретті у ішіп шегере ме? Жеңіс тілеп жалғаннан Мұңданасың. Сен ішті деп он саусақ теңеле ме? Неге ішесің мұншама қайран ақын. Жібекке де, тасқа да қайралатын. Сен тастаған Өлеңнің белдеуіне
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Белді аспаған біреу кеп байлады атын. 19.09.1995 * «Мен – бөтенмін...» Франц Кафка Күн ыстық Күрең ойдың шоқ жалмайды Икемін, Қимылдардың алдындағы тыныштық, Қабығында қалғып отыр жүйкенің. Құр шындық, сыртқа шықпас суда жүзген балықтай. Өзгерістер шегіністің сырынан. Қалыптасты, қалыптасты жалықпай. Тірлігім, Бірлігі жоқ өзендердей мың сала, Қара таспын бүгін кезеңге өрлей, кезеңге өрлей жусаған. Кетсем бе екен ең ақырғы нүктесі боп Шимайдың. Өкінбеймін, тірілердің санасында Мəңгі көктер бидаймын. Бидаймын, Өнімімін игі жылдың, сыйлы айдың
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Құлағымнан төмен тартты құйды Мұң. Өмір жаңалық емес Бірақ, Мені көміп жатқандарды қимаймын! 30.10.1995 * Қара жерменен ғазиз де қарбыз басым тең. Сана жұлдызы жарқырап аққан жасыл сең. Алғашқы заңдылық жазылған тастар айтады: «Қаймана халық құдайдан жалғыз жас үлкен...» Алты құрлығым ауаның, будың Күшінен, Тұрса да оның өлімі қос аяқ малғұн-Кісіден. Екінші формула: Етпенен жүрекке қатыссыз: Жалпы жұртымды-жарты құдай деп түсінем! Себебі, дейсің бе, себебін сұрасаң Ол былай: Қандай бір күштен миымыз қалған сорғымай. Жер ҚҰПИЯСЫН саған қақ бөліп Ашып берер ем, Қолымды қаққан инеліктердің қорлығы-ай. 20.11.1995
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Кейіпін көремін елден Арыған аңның Неліктен бұлай некесіз туып Жарымағанмын. Марғасқаларын масаққа алмасып Қасапқа қиған, Жар мен сең соққан Қан мен тер соққан, Тінімін шаруалардың. Өлгесін естіп əке тағылымын зарын ананың, Біреудің қолын біреудің адал қанына малдым. Оңала бастаған орданың Отына түкіріп, Ойпаңдау жерде ойылған ошақтай адыра қалдым. Аласы басым көзімнің Ақ қарасынан Халықтың миын жеп (қағынып...) таққа бас ұрам. Тозаққа күйгеннен бетер азапқа түсетін Менмін... Бір сүйем қалса өзінің бақталасынан. Қылшығы сынық, іші лаң қыршыны надан Қыраны емес басқаға қырсығы ұнаған. Өзімнен адасқан өлексе маған Не дейсің, Құрмаш.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Өңімде жаман түс көріп жүрмін... Тұршы, Ғұламам. ...Жүз грамм арақ соңынан Бір шылым алам, Ойымды бөлді ойыншық еткен Тіршілік-алаң. Жең ұшын бер деп жетім Еліңе жалынып тұрып, Сен үшін жұтам, Сен үшін тұтам, Сен үшін бір сəт күрсініп алам. Ұлтым, қызарған өкпесің күлкілі Мисың. Саған өкпелегеннің өті іріп, Құлқыны күйсін. Өтірік айтамын, «Жек көру деген жақсы көрудің тегі», Бойына сіңірген елсің арғымақ жылқының исін. 17.11.1995
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Қара жердің үстінде қара ноқта Жан Байғұс, Қазан Мейрім жұтса да, қанағат қып қанбайды Іш. Арлан кетті алысқа Үздік-үздік бұлттарды жалғайды екен қандай күш? Ай шуағы домалап, шөп басына Шырмалап, Бір қалыпты жояды, бояуы мол бір Қалып. Шегір Үкі шерменде Күйден безіп, ырғалып. Шегірткенің шырылы Шетсіз тұстан тұрды ағып? Тас атып ем Айдынға: қасын керіп, күлді Көл. МƏРТТІК ПЕНЕН КЕҢДІКТІҢ, Кереметтей бірлігі Ол. Мыс қызыл түн жиегін МЫСЫҚ ТЫРНАП ақыры, Масаты бел кекілін, Сипалап тұр Кірлі қол. Жас кетпейтін хас Жанар жабығыңқы, долы Шық. Өзін құртып, өзгені таза ұстайды Ел болысып, Сезім Құртын өңгеріп тəккаппар сəт келеді. Ай секілді орталап, Ай секілді толысып! 20.01.1995
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Түн деген... соқыр алыптың қасынан тұрып аппақ Таң кірпігін қақты. Іргеден ыңыранып құр, Мақта-ақпан, Жыр құлындатты... Таң деген тірлік Шырағы. Құлын Жанарда жер кішірейді, Көлеңке көрге құлады. Көрбілте шақтың белгісі дейді, Үн. Аспанда Өлеңдер, Бебеулер домбыра Мұңдар... Сүйейді Белгісүрейді белгісіз ағымдар О, құдірет сорлағаным ба? Оң құлағымда Жел кісіндейді? 19.01.1995 Аппақ қорған, Қырғын жер Мұңғыл Анар Арылмайтын Хандықта бір күнə бар. Теріс сиген тебеген қалпымен жүр, Керіш күйген аумақта Сұңғылалар. Сорға асыққан түйедей Жаны ашылып, Соқыр Ілім жалғайды данасымақ...
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Үзеңгімен тілдескен шилер сыңсып, Күн өледі, ал сосын Қара Шырақ. Қара шырақ Жабылған қара Кірпік тартады сананы іркіп. Жекен-жекен түз жолын иіскеп қойып Жетім өскен күліктер барады үркіп. Балбал тасқа оралып Шылбыры əмен Шідерлеулі, арғымақ ырғымаған: Төрт тағанын көсіліп аспан жаққа, Төс табанын көк бұлтқа ұрғылады əм. Көлеңкесін өзі жеп, өзі жалмап, Желігеді желкеде көзі бар Дақ. Сүңгісімен іскегін Тасқа ұрады ол, Қырғышы мен піспегін өзіне арнап. «Құдай оңдар соңынан төзіңіз»-деп, Құр жебеуші себезгі сөзін үзбек. Қыш Моладан қарайды Секем Тұяқ, Өзгелерге сақтатқан Өзін іздеп. Жарты бақыт тұтпақ боп Ең кемінде.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Жадағай Жел жортады Еңбегімде. Жас іркіп тұр көзіне ақ жапырақ. Жасыл Шықтың жұп-жұмыр шеңгелінде. Шеңгел үлкен, ел кіші тулақ ескі Көксеркенің көгінен думан өшті. Көл бетіне жыр жазып Беріш - Ақын Теріс аққан ылайлау суға ілесті. 17.02.1995 * Кісінейді тау бұлағы. Жырақ қыр, Тəңір үнін шеккің келсе құлақ түр. Ұлы түннің мысы басқан ұлылық Сəмбі талдың мəуелері жылап тұр. Аппақ Жусан самалға еріп желікті. Ана Дала аялайды елікті. Жүрегі аман үр дүние толғатып, Бір əдемі Əн дүниеге келіпті. Қара түннің кейіпіндегі «зімістан» Сары атымның төбеліне сіңісіті əм.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Құлындайтын қулық биеуақыт. Либайдың сақалындай күміс Таң. Аунап түсті ірге жаққа сұлық Түн. желбірейді ақ кекілі Шіліктің. Түн дегенің тек түн емес атар Таң. Ұлы Абайдың сезіміндей тұнық-Мұң.
- * Алысқа алыс жүргізді заңи қысқа адым. Ойымда жойқын үш түрлі құдай, Үш қадым. Реңім – тулақ, жүрегім тулап, Сенделіп, Иен Моланың есігін қағып тұр едім, Сен келіп, Жұлдызды көкті нұсқадың... Жұлдызды көкте жыр болса бəрін тыстадым. Тəрк етем елдің тəңірісі менен ұшпаған. Ескі сахара сүйей гөр мені, мыс-бағым, Бесті тарпаңның жалынан мықтап ұстадым. 01.04.1995
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Мұңаймадың бетіңді жас тілмеді, Мастандырды май сіңді астың демі. Сен шабар ең армансыз алыстарға Астыңдағы есегің бас білмеді. Егілмедің азырақ Шегінбедің, Шегінбедің, əйтеуір, не білгенің? Басқаны осқан шылбырың басыңды орап, Таспа айылды жүн етті тебегенің. Күңіренді, күн өтті, күй тыңдалды, Өрге салып жүргенде китің жанды. Мен де кеттім, ел кетті, Ал, қасыңда Сені ешкімге сатпайтын итің қалды. Жыр жазасың көк итің күнге үреді. Бір жақсылық тілей ме, Кім біледі? Өскен түгің сəл ғана Тікірейсе, Жел пысқырып, Тоқым - бұлт сіңбіреді. Қай маңай бұл?
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Ілбіген тайрағай жыр, Жай жапырақ көңілді қайрамай жүр. Тегеш сынды аспанның көбесінен Көзі ештеңе көрмейтін Ай қарайды.
02.01.1995 * Күздің жұтып салқынын Еккен гүлім қайта оңды. Ел ұйқыда, Жалқымын Ен даламда ай тоңды. Ат кісінеп, мөп-мөлдір Үркер үрікті төбемде. Өлең жазам өктем бір Көз жасымды төгем де. Қашқақтайды жыр, тегі Сағынады ол Сəуірін... Құртқа-жұлдыз Түртеді, Көкжал түннің бауырын... Бір қиялды бітіріп, Бір қиялға тағы енем. Құлын ойды «құтырық», Шайнап кетті ақ өлең. Жалқы құстың етінен Бір мəзірің азырақ?
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Паң Шыңғыстың Шетінен Таң атады қазір-ақ. Жалған үміт жан үрлер Бұрынғы сəт - қолтаңба. Жалбарынып тəңірге Мұң шағамын сол Таңға. * Қайыршы отыр сілеп таңмен Құдайды, Күйттейтіні асқазаны ұдайғы. Жас домалап көзінен Менен тартып алған несібесін өзінен: Өмешегі құрып тұрып сұрайды. Еге құдай, Неге бұлай, неге?-деп, Тыпырлайды жұмырықтай денеде ет. «...Есіл керім, бір-екі сом бере кет...» (əл сақтаған əлеметтің сөзі ерек...) Саусақтары дірілдейді, керемет. Бас терісіз самайының сүйегі, Төбесінен төнген күнге Күйеді. Берсең мейлі, бермесең... Кемсеңдейді иегі. Бір үгім нан тастасаң да тіліне
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Жұлығыңнан сүйеді. Сүйеді де алақанын Жазады, Сөзі тірі Абыз сынды азалы; ...Ай күймесін, Күн тимесін, Аман болғай, Қазағым! Əумин!-дейді... Мас əлемнің кіп-кішкентай мазағы. Қызыл іңір, Ызың-ығыр қаралы (Бүгінгі кеш қаралы!) «... Сараңынан басқалары жарады ...» де-е-п қайран, Қайран «халалың» Қара түнге сіңіп кетіп барады. Қайтты мүскін есіне алып Құдайды, Күйттейтіні күрең жаны былайғы. Жас боталап көзінен Менен тартып алған несібесін өзінен Ертең қайта сұрайды? Кімді көрдім өз басына шот ұрған, Кешір мені, Кешір мені, оқырман... Өзі бөтен бір адамды Айтты деме «кіді» деп, Көзім екен мені алдаған, Құдірет, Өзім екем қайыр сұрап отырған!!! 08.01.1995
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Бір түп шидің түбіне, Паналаған көжектей. Жыртық күйдің түбіне Күртік үйдім, Сөз өтпей. Сыбызғының үңгісін Жаспен дымдап ақырын. Күйін шегіп жындының Күйіп отыр пақырың. Көрбілте боп көрге енбей, Ұшып кеткім келеді. Зираттарды көргенде, Ішіп кеткім келеді. Сақшысындай қатыгез Түрменің кең, Баһадүрлік сеземін Күндерімнен. Атей дəуірін əдейі ат баурына ап, Ата тірлік, Ақ ниет «інге» кірген. Мұра! Мұра! Мұқтаждық үйін тігіп Мүсілім жұрт Мір құшып, Мұң кемірген. Түріме күлме! Сойылған мүрдемін мен, Байлауым тар,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ бақилық күрмеуім де. Бойым мыртық, Енім тар, Бетім тыртық, Менің жыртық ойымнан Күн көрінген... Жүрегім – мұз, Жүзім – сыз. Тірі денем... Бірі өткелек, жолымның бірі кеден. Пəни мəнін мəңгілік ұымтқам жоқ, Зариналық əңгүдік рухтан боп. Түнекке кеп тірелгем түңіле бер, Ассирия көгінен жұлдыз ағып. Азияда шіріген жүз мың алып, Ен дүние қауыз боп елеуіште. Египеттер жартасты сүзді барып, Тіресіп сұм жауыздар өлген көлде. Гүл өсіп тұр құдірет мұзды жарып, Мына заман мамығы ақ қарғаны. Адам сыңар Жер обыр, Аспан залым. Тұран-абам жөтеліп ұйқылы ояу. Жылан-анам көтерген Сақтар жанын. Кешір, кешір, кең əлем, кесір əлем Есіл болған елімнің аққан қаны. Есігі ашық О, тоба, ұжымақтың Есі кеткен Эллиндер құжынап тұр. Тесік өкпе тексіздер Тек Тамұқта. Ал, мен болсам... Азырақ қызып аппын. Кекшіл Хүннү көгінде ҚЫЗЫЛ АҚҚУ.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Шаңқай түс исін шашады, Бұтақтар күнге тырмысып. Өседі кесек тамырлар Өлкесіз жұрттың іргесін қысып. Өзексіз өлексе өртпен ойнайды, Өзінен биікпен бірлесу үшін... Сеңгірлер селкемденеді, Аспанның бұлт торлап мөлтең бедерін. Жас талдың кəрі бетінде Кəнігі жел тербеледі. Көк есек тірліктің күймесін сүйретіп, Келешек Ертеңді емеді. Шаңқай түс алаудай төнеді, Сарғайып күні өтіп пүліш Түз. Марғаулық көгінде маталған ҒҰН – ҮШ ЖҮЗ. Құлқыны құм-батпан Қайтқан жел қадірін шайқаған, Бұтақсыз емендер тынымсыз. Шаңқай түс ауып барады, Қапырық жамылып жұрт ұдай. Сабылып тарады жел үрген шырпыдай, Тегімнің теңбіл бел аты əзір... ЕРКІНДІК - ШІДЕРЛІ ЖЫЛҚЫДАЙ. 14.11.1994
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Жаратқаным қолдасын Жүрегіммен көтермейін қорғасын. Мен ер жеткен мынау лайсаң өмірде Біреулердің бақытына біреулер кеп Қонбасын. Сапарласым, жолдасым, Біздің үйге жақсы Шаттық орнасын. Пəниліктің нұр-көпірі, Жүрегімнің жыр-кепілі, Олжасың. Осы Олжасқа еш жамандық болмасын, Жаппар ием қорғасын. Жалғыздардың жары құдай, лəйім, Ғұмыр бер деп бұршақ салып жылайын. Мен өтпеген теңіздерден, Мен жетпеген жолдармен, Осы ұлымды жүргізе гөр, құдайым! Періштем кеп аян берген, Пешенеме бұйырған. Менің ұлым ұласады, Қыр асады қиырға əм. Əкесінің əз іздерін ажыратып, Сансыз сұлба шиырдан. Ертең менің екінші өмірім басталар, Қайта айналып жиырмам. Өлмейтінім – туымды ұстар балам бар, Ұлы өмір жеңбей тұрып бірін-бірі жаралған АДАМДАР екендігін түсінеді Ол, қараңдар. Жеңіс болса жеңілістің өлімі деп
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Бағамдар, Маубас ұлың екеніне күманданба, адал жар. Мен ақынмын, ақын болар тағы ұлым, Оны бейжай қалдырмайды елден жұққан, Жерден жұққан ТАҒЫЛЫМ. Мен жаныма үйретемін Тектің ТЕМІРҚАЗЫҒЫН. Бабаларым жүрген жолдың күллі рухХақ үнін... Менсіз ұлым, ұлым сенсіз, сен бізсіз Тұрмайтының тағлым Екеуімізді жарастырған, айналайын, ақ ұлым. Пейілі арам, мейірі қараң «бақтасым» Мейілі даттап, мақтасын. Етім жердің қойнауына сіңгенше ПƏК БАСЫМ, Жетім жастық жастанғаннан сақтасын! * Мен жанартаумын, Екінші рет жанбаған, От исіне жерік, лайым оған қанбаған. Қысқармайтын уақыттың Күрмеуінде күн соғып, Күңірену, тебірену керектігін санға алам. Емексумен еліктеумен ең бір күңгірт ШАМ ЖАҒАМ, Күңгірт күймен күн шұбырту заң маған. Қысқармайтын уақыттың Шамасынан шаң қабу Һəм аздап таңдану үшін Жан бағам.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Күн кемсіткен күңсе ойларды жалмаған, Хал айдарлы харекеттің салмағы. Ауыр екен балғадан... Сырын айтар құбыладан ескен самал ақыры. Бұрыңқырап кетпес пе екен Алладан... Қарашаның ертіндісі кеудесіне тамбаған, Талашаның дəл түбіне келіп түсер Əн БАҒАМ. Келер күздің қызығы үшін маңдайымның сызығы Сын, əрине, Саған айтар сəлемімді құстарға айтам самғаған.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ БҮГІНГІ ƏУЕН Бүгінгі əуенді құбылтуға шын, Самалды кеште қас қақты. Көкжиек көктің қызыл тұлғасын Көкбілте бұлттар жасқап тұр. Қасіреттермен бататын бірге Қара ала тылсым нұр – ғаріп. Жұлдыз сілемі жатады үңгірде Тұма бетінде ырғалып. * Бір гүлінен бір гүлі Мөлдіреген жаңаша. Бұлағының сылдыры Бұла əуеннен тамаша. Гауһар тұнған шөп іші Анам тіккен алаша. Жұлдыздардың көбісі Маңдайымнан аласа. Есінейді биік қыр Аунап алып жас құмға Имек шыңдар иіп тұр Иегімнің астында.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Ескі өңірдің не түрлі Жаңа шапан кигені. Құрғақ ерін секілді Құба желдің сүйгені. Күрсінумен бірге кеп, Көлдің жайлы дым, шығы. Күй шертеді бір бөлек Сағыныштың шымшығы. Үйрек ұшты барқылдап, Жардың шетін белдеулеп. Бұлт үдерді жарқылдап, Екі етегін жел кеулеп.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Қыз қолымен жазылған хат, Періштенің сөзіндей, Тереземнің ар жағынан Көрінетін көзің бе, ей? Көйлегіңнің тек сыртынан сипалаған Секілді Бəрі əдемі... Бірақ, нəрсіз сезімдей. Бар денемде сұрқай үрей, суға тамған Сиядай, Сенің жүзің жауын шалған жылуы жоқ Ұядай. Ағып түскен ғайыпи бір Үмітім, Себелеп тұр Себелеп тұр... Күні-түн!
08.11.1999 * Шарап ішкем, дəмі қалай? Ұмыттым, Ерінің де есімде емес, Қылықтым. Өлеңіңді естімегем, бəрі аулақ, Қалғаны тек қасаң қайғы, Сынық мұң. Тұманды таң бүгінгі емес Сəрі де, Манаураған сағым ойнап Əбігер. Ұмыт қалған, беу, сұлулық
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Ақ жаңбырдың иісі, Мүмкін, мені мазалаған келер қыстың Зəрі де. Ғұмырымда маған ерген, баба рухы емес пе? Кездеспеген кесапат үн елестетем Сені еске. Қайран түсім! (Қайда адастың?) Жаңа ғана жайнап тұрған Емес пе ең... Ақ жауынның аяулы үні кейін қалды Күз жетті, Ақындықтың парағында құстар қайтты Тізбекті. Құстар қайтты, əн-майдан Бүгін тəмам. Тұман түсті маңдайға Ертең мүмкін жарылады Жүрегім! Мың сəттердің игілікті легі Ұмыт қалды Шалғайда.
27.09.1999 * Келешегім көмескі, Кешегі ісім жаңалау. Өңмеңдейді өңеш күн, Өрт сүйрейді сан алау. Миым тола сұрақтар Көрсетпеді бір тыным. Басса дағы ысырап қар, Майыспады кірпігім.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Айтақ рух кеулесін, Серелей бер керім қар. Тірілерге һəм кеудесін, Ашпайтұғын жерім бар. Тамылжиды мамық қыр, Сор кеткендей жетімнен. Самала нұр тамып тұр, Анам сүйген бетімнен. * Қарала Ай туғанда армандай Боп, Қарашығың қадалсын Тəңір көкке. Гүл дестесін айырып жарғандай Оқ, Əлсіздердің барлығын жəбірлетпе, Құдай! Жалғыз көзді қараңғы қылаңданса Білегіңді жастанып, Құла мұңға, Шолпан жұлдыз маңдайда Сыланғанша. Бағына тұр іштегі ұлы Ағынға Дұғай!
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Жасырып жаққан май шамнан, Жалғанның гауһар шынысын. Көреміз тағы жай шалған, Алманың соңғы тынысын. Табылған тамыр тайпадан, Мақұрым болған бойдағы із. Алкеуде бойдақ жайпаған, Алғашқы түнді ойла, қыз.
25.09.2004 * Таңданбасын, жаның шын Танымыңның парағынан жұл да жаз. Кер даланың құлағына шалынсын, Шалқасынан жатып сарынар бұл қағаз. Кемдігің не жаның күйге бөленер, Ұмытылу үшін туған елміз бе? Күн көруге үлгермесең өле бер, Ал, немесе Сен бізге. Ой түбінде мұз құрсанған алау бар, Кешікпесең табылады Кесім де. Ұлы сөздің ұяты арбап жүргенде, Ұйқысырап айтқан сертің Есімде. Ол не?
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Қар аралас жауған жаңбыр сый-қатық, Көңіл-күйге райлас па ауа да? Біреулерді, дауыл соқты қиратып, Біреулерге зəйтүн нұры жауады, ə! Жаз соңынан мұз жауса да бəрібір, Еш нəрсені алмасың хақ өзгерте. Саф алуан, қайқы кірпік, сары қыр, Салқын түсте желбірейді бөз көрпе. Сауады аумақ сала желіп көк сүтін, Сан мың тылсым бірін-бірі асырап... Жапырақтарды жылатады өксітіп, Күміс сырнай күзгі құстай шашырап. Сан ғасырлар тоздырған Итарқада Көрген түсті жүйелеп, Қиялды ақтап. Өтпелі əннің барлығын жүйке арқалап, Бұлқынады тамырда «зиянды аптап». Кəрі əженің жүзіндей қараңғы-арай, Самайында сан жылдың Ізі қалған. Лақтырамын, лəйім, саған қарай Боз тұманды, күздерден үзіп алған. Қызыл бояу əрлеген пайда несіп, Ала сырмағы апамның Көшіпті айға. Бұлттың сауырын шықпыртар жайдан Есіп Пəктік үнін сүйрейтін көсік қайда?
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Сыртқы лəззат, көңіл қапы андағай Жалған күлкі езуімде өшкін бір. Тоңған күзге сынып түсті жанған Ай Көгал бетін желпіп күшті көш-күмбір. Құйын төсін ала қашқан сай құрғақ Жалқылығы қандай ғажап! Қандай мұң? Тоңған күзді, суға түскен Айды ұрлап, Торғай шаққан сынық сырды Талмаймын. Тау жотасын, көл жағасын жиектеп, Топ шеңгелдің қасиетті Түбінде. Өз басымды өзге күймен сүйеп кеп, Бір шуақты күтіп тұрмын бүгін де. Қыран қайтқан құзарында, мұз айдарлы құзға жет Қиырлардың ақтығы үшін қимыл жаса, Жол қанды. Қолдыраған жарақатқа қосатұғын тұз қажет, Қолыңды алып қоштасқаным – суырғаным қолқаңды. Кеңістікке сіңем сосын, ұшам бірақ түсіңде Ең жабайы жырын сыйлар қыр маған. Бір дана жүр ырғақтағы пішінде Кемпірқосақ мейірімен қасиетін шырмаған.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Көкше талдың бұтағынан балдай əуен құйылса, Күй соңында шалықтайды нан иісі. Көк үніне кəрі əжеңдей сиынсаң, Көш дыбысын, мал жүрісін танисың. Қаннан жиған, наннан қиған қоқымнан Шаңырағым көтереді бос ғұрып. Өткенге елес, келешекке шоқынған Марш қызды Ми ішінде осқырып. Барлық озан кері кетіп, есебі Рухтардың ой ұясы кейде бей. Таныс əуен тағы келді кешегі Айналдырып киетұғын жейдедей. Түсуін-ай, еңсенің Несібеңде не ақым бар харам бақ, Іші-бауырыңды ақтарамын Мен сенің Ұйып қалған тамырыңды тарамдап. Ұсқыным мен у жайлаған ұнжырғам, Желкемдегі мінгескендер тебінді. Жалғыз қаймақ – сөз іздеймін Мың жырдан, Жұдырыққа артып алып иегімді. Есімді алып ебелектің кері ісі, Еңсе тұста етегімнен шарпыды от. Жасын түскен жалғыз аттың терісі – Қамшыңменен құйрығымнан тартып өт. Шабайын...
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Сөзі емес бұл, лəйім сау адамның Лас көзі табылды ауадан мың. Ұстараның жүзіндей сауал Қойдым, Жарақаттың аузындай жауап Алдым.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ЖЕБЕ – УАҚЫТ Мал басыңды сақтаған, Жалғасыңды, Миға соққан бəкене балға Сынды. Сол соққының табында сарын қақсап, Тас бетіне тамаша таңба Сіңді. Асықтырды сол таңба тағат Тартып, Түн кеміді, есесі таң атты Артық. Маң уақыт арбасы батады Аунап, Күн астына біреу тұр Садақ тартып. Оқ – уақыт өткен шақ, Тастан шұбап, Сана затыңа демеу бер, Бас қамшылап. Ұлып барып ұшқындай сөніп Жатыр, Суылынан жебенің Жас тамшылап.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ НƏПСІ Тонның іші қызыл өрт, Жалын... Қырсық... Қасиетсіз нəпсі жүр қаныңда ыршып. Бұлт шабынды бурадай Көбік атып, Бір-бірінің ұлпадай санын Қыршып. Жер сілкініп, төбеде Тəңір көші, Бей лəззат билейді тəн іргесін. Өткінші шақ, сайран шақ Біткеннен соң, Тағы бір жоқ өз ісін жəбірлесін.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ АЗУ ТІСТЕ ҚАЙТЫС БОЛҒАН АЛМАЛАР Іші-бауырын «бір жендетке» жарғызған Ұқсаңқырап барамыз ба? Қарбызға əм. Жастық шақтың жалынынан жырымдап, Өлең шашып өткеміз бе əр қызға. Бетховенді сүйкегендей тасқа Нəл, Төбе құйқаң шымыр етеді қас қағым. Арманыңның орындалып Бітуін, Сездіреді басқа күдік, басқа Амал. Мұратыңа жету ме еді Бұ тегі... Даңғазадан қос құлағың бітеді. Асқазанда қайнап жатқан Ниетің, Сенің кенет өлуіңді Күтеді. Бар сүлдерің құрып солай Түпке ағып, Жүндей түттің жүрегіңді Шыпта ғып. Жалған бақтың астына Кеп тұрсыз сіз, Мойыныңызға ілмегі бар Жіп тағып.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Қарасудан əуен қайтты жазғы əр мен Əжімдері жүзін басып, Саз қалды. Е-е-е! Жылап-сықтап жылы жаққа Ауған əн, Көк сұр бұлттың жалындағы Қаздар де! Күбір қалды, дүбір қалды көктемнен. Үнің қалды мамырдағы Шөпті емген. Тауық құрығыр уақытты Шақырды-ау, Жауып тұр бір ермен иісі өткеннен. Қай құлағың ызыңдайды жаңылып... Бөлтіріктің көмейінде таң ұрып. Жыртық бүрген қамын қыстың Жасайды, Жылқылардың май құмағын жамылып. Тағдырымен келісе алмай тістеніп Ескі жұртқа қарайды атам Үш бөлік. Бессаланың берекеті керемет Азаны арай, кеші мерей, түсте құт. Бұлғын, Шіңгіл, нəн Көксерке Күртіден Көкейінде жатады оның Бір тілек.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ «Анау жатқан үлкен үйдің жұрты»- Деп, Жасаураған көзін əпкем сүртіп ед... Үшқыз, Сауыр, əн Түбшінкөл, Ойқорым Оу, Боршатау, Түрген, Бұғы Ой,Нəрін. Кеудеме кеп асыр салған ойларым, Жүрегіме айдап келді Қойларын... Көзбен кешіп сол мекеннің əр құмын, Тыңдап тұрмын Сұлубайдың зарлы Үнін. Бергеніңнің түгеліне шүкірмін Бермегенің болса соған Жарлымын, Тағдырым.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ТІЛ Қасірет пен бетпе-бет кеп Соғысып, От шайнайды, опық жейді ол Жоқ ішіп. Қара күндер, Қара діндер Мас сəттер, Қарақұрақ қарманады боқ үшін. Кеңірдекте тірелген кеп Түйткілдер, Жүректерде құлдырау бар, миыңда өрт. Өңшең тірі өліктермен біргесің Жаның жалын, Заманың қас Күйің дерт... Бұдан əрі бұрқай соғып Не дерім? Жабырқау күз, жуды жаздың бедерін. «Тілің қайда, қарағым-ау?» деп едім «Жұмыршақта ұйықтап жатыр»- Деді Ерін...
06.10.2005 * Билеп жүрген жеңгедейін Бір іс қыл, Сан сазды əуен ойнап кетсін күміс тіл. Басыңа кеп қалтаңызға үңілсін Басқа ортада діл қайраған жымысқы ұл. Торда отырып тотыға ұқса, былдырлап,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Мақтан тұтып майса оянсын Түн жырғап. Кірпіктегі кіреуке бұлт – мың жұмбақ Ашылсын да, Алау болсын құрдым жақ. Бір пенденің жастығы боп Не етеді? Өз үнің мен өршіл болсаң жетеді. Мас ауадан айқайлайды Бір шындық: «Аямасаң алтын сасып кетеді?!...» Кімдер сізге бата берсін, басынсын, Көмейіне құм тығылған Пəс үнсің. Сірі жаныңмен тұрғаныңды Түсінем, Тырнағымен қан ұстаған лашын сұм.
- * Күн батыс жақ қызыл қан, Қызыл бас тау, қызыл қыр сұлап жатыр Ұзыннан. Қара ала бұлт жалбырап, сақал-шашы жұлынған Айыр өркеш құздар тұр, Арасында Ай мыжылған. Сурет көрдім қырға кеп: Көздің жасы секілді гауһар аққан сырға бет. Күміс тамшы үн қосқан Іңірдегі нұрға кеп, (Өткен жолы аққуулар əуенімен тырнап еді...) Жусандардың иісін сүйрелеген жылға леп, Өңешіңе Өлеңнің өртін құйды
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ «Жырла» деп. «Айыр өркеш құзар тұр, арасында Ай Мыжылған» Мен ойлаймын, Сол уақыт «Қол шығарып тұр ма?» деп... Аққулардың қанаты қып-қызыл өрт, Қызыл қан. Ашулы аспан «үһ» дейді. Жиегінен сызылған «Қаратаудың басынан көш келеді, ботасыз...» Құлағымда бір үн тұр Кешегі өткен ызыңнан.
- * Күндермен шыққан таласып, Буланған таулар Таң асып. Əлемнің үнін шертеді ол Гүлдерін шашып, Бал ашып. Езуі көбік... Жағашық. Уақыт сынды тағы асық. «Сəт жетті» дейді « ақырғы» Аспанда қалған Тағашық. Есік пен төрді Желімдеп, Қазанға ошақ жанасқан. Бесік пен төрді телім деп, Тынады тылсым ана – Аспан.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Естілмей солай еш дүбір, Естелік өлді ескі бір, Сіңіріп жатқан күндізді Қараңғы неткен... Кешкі іңір.
- * Жалғызсыраудан шығар жол Қалай? Сандалып уақыт... Сенделіп, Бошалап қайтты Толғақ Ай. Бітпеді солай бұнымен, Қызыл ит үрді Қызғаныш... Абалап шықты түнімен, Аңызғақ тырнап, Мұздады іш. Іргеңде жатқан мүрдедей Ырылдап тұрған бірдеме.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Сөз – рух, ал рухсыз қуат жоқ. Мұхтар Мағауин Көзі өткір, көмейі мұз, Реңі тік, Кірпігі кіреуке мұң Жүрегі түк. «Сен бала, ақиқаттан қайттың ба?..»- Деп, Қарайды маған бір түн Күреңітіп. Жасыл өң, жастық шағым, Жасыл жейдем, Айналып артқа барар Басым кейде. Тектінің тепкісінен Піскен алма, Нəлінің ізіндегі нəсілдей Кем. Жемтіктей жеп тауысқан Талайды күн Оң көзін омыртқаңа қадайды «ұлың». Шұбырған уақыттың ізіне ұқсас Шұп-шұбар толқын қуды Жан-айдынын. Қалай бүгін?!
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ҚҰДІРЕТТІ КҮШ НЕМЕСЕ... (Providentia gudernatrix) Бұталардың кірпігінде ілулі тұр Күміс жас, Мұндай сəтте маңдай жазық, дұрыс қас. Бағалыңның бəрін алған, (зəрі қалған) түнді ойлап, Жанарыңның аясынан жат əлемге мұң ұшпас. * «... Отаудың кілті аспанда Орданың жұрты басқада...» Д. Урианхай Ширықпай жатыр жан əлі Шықшыттың етін, талдырып, Сөзінің асыл лəмі Өзіңнен кетсе жаңғырық. Сезінген болса сəл біреу Көзіңнің жалқын шырағын. (Қаперге жеткен зəрлі дем...) Əкеңнің аузы кінəлі! Бақытың – балық құйрығы Балдырлы лай судағы. Тағдырдың бұ да бұйрығы Жақұттың бəрін жуды ағын. Майда жал толқын уланып, Майсалы тоғай шулады! «Марқаның»етін турады Маймыл мен иттің буданы. Тірліктің мəнін «түсінген»
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Жылтырақ жанды қастерлеп. Жылы май акқан ішіңнен – «Балақтың биті басқа өрлеп...» Барқыннан басым, күшің кем, Асқынған кеудең шарасыз... Жалынсыз отқа пісірген Дарынсыз елміз, панасыз. Сабағын шықтан сақтаған Залалдың бұлты шөкпеген. Қабағын шытқан тасқа да Даланың гүлі көктеген... Өкірек өкпек қабады, Өкініш толы өкпеден. Жараның аузын жаладым Жазылыңқырап кетпеген! Қаймықпай жатыр қаралық Айрықша мəн жоқ түйсікте Ақ сүттен мəңгі нəр алып Асыралған едік үйшікте... Сандалып өттік қисықпен – Сахара кезіп неге біз? Сау басты қорғап келеміз Сауырдан осқан бишіктен! 1993 жыл, 28-маусым. * Жадау бұлт жапсарынан Ажарсыз ай терлейді, ағызып... Ақ сары қан? Қайтер... Мейлі??? ...Адымың аршын емес алаштан құлашың кем.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Адалдың жан сыры елес Арың бар күнə сіңген... -?... «Ақ қара рəсімдер» Қиыннан тесіледі-ай Биікте аласа мұң. Бұйырған несібедей Құйылған қара сағым. -?... «Сана – сабын»… Кереңге тесік зерен, опынған Соқырға нан. Опырған омыртқаны, оу, Тағдыр, осындама ең? Сенделме сепелегім Түнейді шекеде күн. Делбені демегендей. Кел мені.. Жетелегін... Жадау бұлт жапсарынан Ажарсыз ай терлейді, ағызып... Ақ сары қан. -?... 20.08.1993 Өлгий
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Құрлықтың самалды қырында Күңгүрт нұр тасқа қонақтап. Тірліктің табалдырығында Бір мықты басқаға оқ атпақ. Пендеуи терең теңізде Түршігу басым келеді. Жердегі көлеңкені үрлеп, Күн сұлу қасын кереді. Шулыққан сорпа - ғұмырмен Мұңлықтың жасығын жемдеп. Мың жұптың орталығында Бір мықты асылып өлмек. Еметін еменнің нəрін Ербиген жапырақ сары. Жеңетін кемелдің бəрін Елімнің «ақымақтары»...
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ҚАРА Ақтан көрген пайдам не? Арақ іштім, қара ұштым ар аттап, Тарамыстың қара ұшығын сабақтап. Жаздым жамап қаламұш пен жүректі Қара суды жұтып жүріп қалақтап. Қара ниет, мансұқ əлем адами Қара желең жамылады қаралы үй. Қара Дантес қара оғындай ышқынад, Алъбертаның қобызынан қара күй. Жаңа туған айдың жүзі ақ қара, Тағатың да аман емес батқадан. Таң атырдым табынғаным тағы түн Қара түннің сілекейі қап-қара. Қара сəуле, қара алау, қара іңір Қара жанар, кара өмір, қара жыр. Қара деген қағы темір сананың Қара бастың қара шашы қара мұң. Қасіреттің кара бауырын балақтап Қара ажал қасында тұр жалақтап. О,жаратқан қара құрттың ақырғы Ақыреті ғана аппақ.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * ЭЛЕГИЯ -Халің қалайдейді бір əлемет. -Несін сұрайды екен?! Тыпырлаған жүрегім Тыр жалаңаш күйіммен. Жылы сумен «жуылған» Жыл тоздырған миыммен. Жүрек мола басында, Құлпы тас боп елеске . Шекелесіп келемін Шешілмейтін түйінмен. Қап-қараңғы жанардан Қып-қызыл жас жосылып. Бəтшағардан аларған, Ақшалы аңнан шошынып. Ақша қардың жүзіне, Айдан тамған алаудай. Жылу сеуіп жылтырақ Жылым кештім «Тосылып». Күнін кешем азардың Жүрегі күп пендедей. Шүленімін базардың Құны түскен теңгедей. Ұры тістен у шыққан Тəйтік... Нəумез пəниден Тайқып, тантып танаптап Қайтып барам желбегей. Кек-келдектен көбліккен, Кекілдігім, күлкілі,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Шектен кеткен ерлікпен Шермендікті сілкідім. Құдай берер үмітім Құйырығында түлкінің. Күйсіз күлік, күн түні Сүлік сорған сүлкінім! 1993 жыл, көкек
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Хақ төбеде Қалың жұлдыз «Микроп!» «Қаз бауырын күйдіреді шикіл от...» Бəз кейпіне тағы келді-ау, Тағдыр-ай! Əз Бейбарыс əлсізденіп Күлкі боп... Қолаңсаны қолтығына жиып ап, Қорамсаның оқтығына от ұйымақ... Толарсағым борық құмда тұрғанда Жон-арқаны азат ету қиын-ақ! Доңғалақ күн Жұпынылау жуас көк. Сор зұлматты қорғалатқын дуа істеп. Естай əнін жұтып қойды Көзсіздер Кесті аяғын ессіз сұлтан шуаш деп.... Төр... Мөр... Алтын... Төр алдында əн күй көп, Көр аузында көз ойнайдыТəн билеп. Мөндібас шөп соған бодан секілді Мөлдір шықты əлдилеп тұр Əлдилеп...
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * ШІЛДЕ, 92 ...Гүл өсіп тұр... Ешқашан кездестірмеген бейбақ гүл өсіп тұр
Құйрығы қар, Ақ жаңбыр селдетулі. Биылғы жаз тағы да кенже туды. Бұйырғыны аз бұталы белегірде Желпіп өтті жұп-жұмсақ жел бетімді. Шілде, шілде сіркіреп боталады Найзағайдан Көңілім от алады. Бұлт иіген бұйраттың баурайында Булы аспанды жаныма қотарамын. * Қарға тамыр кағажаулы кептермен, Нарға тағым ала бұйда Ақырғы ұшы септелген. Қол қыранның саңқылынан Түз сілкінген секілді, Бір танық күй домбыраның алқымына кептелген. Басқа оранған таспа дилы жағал ми, Ащы оңбаған сал етеді санаңды и. Қашқаридың басын тұтқан шын тамұқ «Қазақсырап» қаңырап тұр қараңғы үй. Оразасын отпен ашқан қанқұйлы, Бал сыраның иісіне балқиды.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Шоң азабын жерге көмген тең бөліп, Паң шығыстың Тірі оттары шалқиды. Өтірікке тояттаған теліме Өрік көзді бүркейді аппақ шелімен. Сірке сығып бодаулыққа боқ қимас, Білтешінің бойы тапал, Ені кең. Салқын күлкі үйіретін ызбалап, Нарқы сылқым, нан айырған тұз жалап. Қамыс үйіп қаңтар кешкен үйек бұлт, Ол, үнсіз мұң - ...Намыс құзын түйіп өтер мұзбалақ. Хан нəдүріс, Қара ібіліс шетінен, Жан сабылған жала желдің өтінен. Өз күйігін шуағымен тырналай, Көз қиығын сұққылайды тұнған Ай, Арқар пана серкешенің бетіне. Бөрі құқай, өлі сусын шағырмақ, Жер ширығар тас түбірі тамырлап. Ен ғибрат кең шығысқа көшпей тұр Қарашаның қабағындай қалыңдап. Сары тұман... Сары кағаз... Сары сəрі... ақ сұбап, Жын-иеден нəр жұғады бақсыға. Жапырақтан оқығаным ең соңғы Дүниеге келмегендер жақсырақ.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Шомбал айғыр шабады ылғи кісінеп... Біздің жақта тəңірінің түсі көк! Тағылымның тынысын ал, Үш рет, таққа сиын, (түсінем...) Паһ! баһадур..- Мендегі иман ғайып боп, Пап – Христос кіреді ылғи түсіме. Тынысы тар Ана-жердің кепті іші.. «Бұғы ұстады сауысқанның ептісі». Будда деген... Көк пішіні, (көп мүсін.) Славиянның сырмағынан нəр тұтқан Теке сақал-Тибеттердің «тектісі». Жазира түн... Жарык каноп, Ащы дəм... Өз уына өзі өртенді мас жылан. Тұз, Таба нан, Жұдырықтай жұтқыншақ. Тұрақсыз қыз шақырады, Тұзақ құрып астына. Қас қағым сəт, Қас тұман, Хақтан безіп қара албасты басты ма? (Бата қылдық Бабай Түкті Шаштыға») Құл иесі... Шамал... дей ме, япыр ау, Дүиені ырғап қойып «тасқұлақ». Беті тілік, еті тірі даланың, Тарпаңынан түсірді кім талағын?
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Жүрегімде – Сал насыбай, ойымда, Сүре қырғын Тірі Еділдің «тəжірибе алаңы». Балапанның қанатындай кішірек, Баба-атамды басқа ілімнің мысы жеп. Батар күннің «нұр»- кебінін Жамылып тұр Фараби, Сағди əм Сімет... Қыш моласы тұмағындай қыпшақтың, Үш тарих, Үш келешек, Үш леп!!! Амал бар ма ? Жаратқанның ісіне!
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ МЕҢ-ЗЕҢ КҮЙ Қармақ сынды Қайқы тілді үтірдің. Қалдық жемін, Қайтардым да түкірдім... Əбжыландар қақ қанымды жұтса да, Көк тəңірім көлбеткен жоқ Шүкірмін! Көне дəріс, Көне теңіз ақтаңдақ, Көр қоқыста шауып қалды Қақпандар... Ақылынан алжасып жүр бүгіндер, Көк түріктің кермек қанын татқандар. «...Шемен болдым...» Төзім - тершең, Сөз - ылғал, «...Керең болдым...» Көңіл-кебең, сезім-бал. Менің жұмсақ сор денемді айланып, Көкірегімді тесіп тұрған Көзіңді ал... Өмір өрме... Өмірем қап, сірі ұғым! Өлілерден сəл ғана артық тірімін! Қолаумын мен қолтығының безі өскен. Көлеңкеге ораулыКөп сəуленің бірімін. Қармақ сынды, Қайқы тілді үтірдің Қалдық жемін қайта шайнап түкірдім. Көк тамырым, көбік шашқан көк өзен, Көк желкемнен көтеріп тұр бүкір мұң. 01.01.1993
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Сөкпе бізді аялы шық сөкпе дөң Тамшы жаспен тамыр жайып көктемен. Таянышым шаршы аспан шалғайлы Ая мені, ая мені, өкпелі өң. Ай етегін алау жейді лапылдап, Бір жаңалық бар-ау деймін жақында. Еш жылусыз ошағында орданың От күледі сақылдап. Жер шеңбері буынады ақылдан, Жұқа көкке шашқан жұлдыз дақыл дəн. О, қызыл қалам кеңістік, Кеплердің рухымен шақырған. Гомер деген баһадүрдің төбесінде төнер күн, Көнермеген мақамымның көбесін де сөгермін. Итсигекті паналауы қызық, ə? Иллиаданы ермек еткен жөлердің. Көкіректің көпшігі емес, көз суарар жыр мəні, Көлбегенім көңдей жайлы Абылайдың сырмағы Адасудың əліппесі шық тəріздес қып-қысқа Жан-ашудың əріптесі Шыңғысханның жұрнағы. Ай етегін алау жейді лапылдап Бір жаңалық бар-ау деймін жақында Еш жылусыз ошағында орданың От күледі сақылдап.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * ...Бұрынғының көсемі шаңырақтан қарайтын, Бүгінгінің көсемі жабықтан сығалайды. Демек, менің көңілім ертеңгі көсемнің қайтеріне алаң...
(біреудің əңгімесінен...) Əділдіктен, үміттен Əсіре жеп əдетте. Сырты қара жігіттің Ішкі өңінен «дəметпе». Көкірегі мəкүрік Көл орнатқан нəлетпен. Көк аттының көлденең, Көзі түсіп, зəрі өткен! Ұлы дүбір дүние Ұясындай араның... Ала қарға бүйілер Ақы иесі даланың. Нəн шеңгелді нəнкүрлер Тəнін сорып қараның. Тұзбен піскен тұқымы Қасиетті бабаның. Тəңіріні тəркілеп, Тəпсірі ілмек тəбетпен. Жаннат іздеп əлемнен, Сəлем емес бəле екен. Бəсіремен бəс ойнап, Бəдəуидің басын ап. Əз тірлігі міскіннің, Əмсе өткен əлекпен.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Үлпершегі үлбірек Үзілердей үдеуден. (Кереңменен керіскен) Не көрмеген бұ кеуде?! Майда сөзбен ағылған Малта тасы үгілген. Мал тұмсығын сағынған Марғау дала жүдеу ме? Арға аунаған қаланың Түгі жылтыр момақан. Момақан ел болғасын, Мол-мол ақыл боратам. Түн көрмеген қаймана Үлгермеген жерге кеп. Бүтінменен, жартыны Бүрлі оймен «оратам...» Таң бұрымын тарқатса, Тамсануға шағыр-ау. Таңдануды тəйтікке Қамсау қылған тəңір-ау?! Жай десеңіз, Жай түсер – Жайма десең тағы дау... Жаза бассаң құрт өлер (аза соңғы аңырау...) ...ай көсемнің жолында Май кесеміз ертең біз «Мал құлағы саңырау!»
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ШҮБƏ Абай мінген жыр пырағын абайсызда басқа ұрдым, Тыншымадым, батты ма əлде жыр кегі?! Таса жерде қасқыр мұң – Талай жаздап жүр мені. Тағдыр деген тас жазудың шешімі өте күрделі Олай болса несіне үміт шоғын үрледім? Қынжыламын! Айырып көр Танымыңнан табиғаттың түрлі өңін. Миғұламын! Неке қиған несібем. Тікенек бар тілде мың... Санамыздың бақытына ұят кеткен келмеске Қара! Қыздың ақ етегін көз алдыңда түргенін. Ау, естілер кереңсің бе? Күлмегін. Тыңдашы əне, Бай-Өлкеде барқындардың Банқырларша үргенін. Жарамсақтық, естімедім, білмедім. Жаратылыстың маймылы аунап жатыр күлде кім? Тағдыр деген тас жазудың шешімі өте күрделі Сол жазудың тасасында ажал күтіп тұр мені. Ақ төс үміт, алып қақпа ой қамаған түрменің Қақшы есегін, - Қап, не деген жынды едім?! Құрып қалсын! Дəруіш ой дəмеңнен... Əулие ата жасқап жібер пəлеңнен Айналайын, гүл жайнаған əлемнен Тарихты мұтпасын деп əреңдеп, Тартып тұрмын сол қақпаның тұтқасын.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Ақиқатты басып біреу Құлақтап, Жалған қылыш суырылған қынаптан Есі ауысып ерте жеткен мұраттан – Жұқпалы дерт пəнидегі «жұмақта». Түпсіз құрдым тірлік соңы бір аттам Сəуір сауық, жылы ақпан. Ауырсынып аһ ұрады тірі оттар, Қақ тағылым өзің шашқан шуақтан Қан тамып тұр бірақ та... Сұмдық ауа оттың демі, тамұқ тола жын екен, (Тамұқ бары шын екен) Дір-дір етем, дір етем. Ділсіз жандар түлкі қуып жүр екен... Бұрынғы өткен адамдар О, ғажайып, тірі екен! Бірін-бірі жəбірлеп отқа қақтап жүр екен. Төр алдында (бағын, ə) Топас ұғылы Тағы бар. Масайрайды ол, не десін? Махамбеттің жебесін Боққа шаншып тұр екен... 1991 жыл
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Заман талабы – Сана бұйығы. Зар қақсайды һəм жаралы иығым. Талан таражы қара киімім. Қараң қаламын алдымнан жасқап Адам-даланың ала құйыны. Ақпан арғымақ уақытқа налып Басқаға қалдырған бақытқа жалынып. Бақ таралғыда аяғым маталып, Жанардан аққан жасқа қақалып, Ақ-қараңғыға батып барамын. Сортаңға сіңіп жылымшы қаным Жемсауда құрып құлын сұбабым. Ең соңғы əнім Кеңірдек түбінде кертолғау болып, Кемтар көңілден бір үн шығады. Сол үнмен алам даланы жаулап, Көз ілмейді аумақ, сананы ылаулап. (Боз інген айдай барамын аунап) Бұта бүргеннің бұтары нұрлы Түндер жиегі жанады лаулап. Іңірде кімдер шырақ шағарды, Тілінген тіндер құрақсыз қалды. О, жұмыр жер-бесік – Тастадым саған тұрақсыз арды.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Теңсіздікпен терісті Тезге салып бұқара əм! Телім-телім жер үсті Жетім бауыр жұқарар. Түрме-жалған түгі жоқ, Күйде шалған «Жын шалған». Көзін сүзген ажалды Кейін қуды келешек. Төзімсізден Сазарған, Төмен қарай жел есед... Сезімсізге серік боп Жарытпасақ жаһанды Қалыптағы қаңғыбас Көп «несептер...» Неге сеп?! Ақтан берген бақытты Ауыз жалғыз талмайтын. Алғашқы əні уақыттың Аш өзекті жалғайтын. Түкірігі түрлі əуен, Қақырығы қара өлең. Халық қайда сарнайтын? Қалт есіңнен қалмайтын. Дөңгелеген əлемде Шөлдегенге шөлмек ем. Шөкім алтын қадірін Көрмегендер шөңге дер! Ұлы менен уақтың басын білсең «Қол көтер...» Жылыменен жарықтан Қашып жүру жөн бе екен?..
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Басқа шалма, Шапқа айыл төніп келсе, «Шұлғып қал...» Қашқан арға бірақ та. Сезімің кең, құрлық тар, Құрлық тар! Ғұмырыңда тұрақты мəн болмаса «Құм жұтпа! Мəкүріктей жиналған» Жұмырыңда шындық бар. Жұқа жүйке жүгі де Жұмыр жерден ауыр тым. Жұмсақ жұмақ түбінен -Аһа!- дейді жауыр түн! Бақа жейтін ел-елес Есек мінген ай жайлар... Екі дүниеге ерегес Кесекті үрлеп дауыл тұр. Бауыр жыртар тағдырдың Тауын құртар зағип мың. Адамға тəн алғырлық Қанында екен сақ-иттің. О, заңдылық, заңдылық, Сенің дара жолыңда Қара шыбын қаптаған Қаңқасына тарихтың...
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * О, пəтшағар Не деп көйіттің? Нені меңзеп отырсың? Соқа жанды сортаңға Орап, Сор қайнатқан бопырсың! Морға піскен Моданадай өлі жүзің Тамырда қан ірітіп, Қабырғама сүйкенетін қотырсың. Сан əлемет илеп жүрген, Билеп жүрген, Салынды-ау, Сүймен тілмен. Сүйреп жүрер жаның-дау О, саспақ ит! Əркім сиген сарынды-ау, Жалғыз ғана қасиетің Жақсылыққа бағынбау Сенің бетің сал – Атанның табанынан қалыңдау...
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Қара құмда... Қара суда... Қара көлде... Күйлі, аман... Өңді кемпірқосақты да, Өз қолыммен жинағам... Біздің жүрек жарлығымен Ойдың, мұңның барлығын, Күздің күрең айларына Сыйлаған... Ала таңның самаласын Саумал дейді маған кім? Көкжал Бөрі үн қосады Уіліне сабаның. Қан қысымға ем болғызып, Осы аламан даламның Есін аман... Денін аман сақтағансың Замана! Беу, Тағала! – Менің жаным тек осыған Садаға! Бірақ жалғыз айтарым бар Датым бар: - Сенің маған қарағаның Қарғысындай бабамның... Көктем алыс көктемеген бау іші Шөпке неге шық тұрады «Қауышып». Ұқшы, жаным! Күмбірлеп бір оқышы Пəктік əнін,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Құранын. Аспан үшін, тастар үшін, тау үшін, Санаңдағы түнді үрлеп тұр Сал байғыздың дауысы... * Қызыл қыздың реңіндей Азандағы қуақы. Күз шөбінен жатырқайды Амалы жоқ Уақыт. Жапа шеккен жан Ибасы Жай сыңай, Апа-жеңгей айқайлайды: - Ауладағы азап шеккен қайсың, əй?... Балағымда бірдеңе жүр, Бағзы құтым болар ол. Тамағымда үрлеме жыр... Келген шығар хал сұрай. ...Пəк даланың қақ пердесін айпарып, Ақ адырдан біреу келеді Ақзу қиған қайшыдай. Тұл інгеннің жанарынан Домалайды жұлдыз жас. Түн іргесі түнек екен Ертең, мүмкін, Күн қызбас! Ертегі - əлем нақ елесін жасау Біздің еркіміз (Тек сол үшін көрпені сəл желпіңіз.) - Төңкергені қыпшақ текті қырғыз бас Көкке қарап шөп жұлады бір қыз мас. Жомарт ауыл тұнжырайды, Дəнеңе емес «жоқ» деген.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Жоғарғы үйде бір адам бар Жылан-бауыр, Шоқ дене... Кісі киік кеше жазған өлеңім ғой ойласам, Күшік иттің қыңсылауы О, ғаламат, Бетховен! * Ай аунаса, ай аунаса артынан ұл туады, Ала бұлттар жөңкіліп кеп, оны нұрмен жуады. Бұрынғы ойлар жетім бұғы Көзіңдей еді пірадар. Менде соған қарайтын ем қуанып. Қазір мұның бірі өшкін, бірі анық (Əзірейіл билейді алда бұралып...) Уа, дара Аспан Дуалы, Сенен жауған нəр түйіршік Рухым боп туады. Ақ шоқының аясында Алысты аңсап… жыладым! - Адам деген жалғыз парақ ақ қағаз ғой, шырағым! Жаман менен жақсы Жортқан сілемдер, Алыс… алыс… соңы сусын «қу адыр». «…Құрлық – ардың бір сынығы» деуші еді Тірлік деген қандай əсем – Жұмағым! Таң атады, тамаша арша иісіндей Күрсінемін, Күпті ойыма түнде естіген Күй сіңбей... Ат ізіне тығылады аппақ Көжек «исінбей».
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ КҮПІРШІЛІК Тағдыр талайы мазамды алады, Мейлі, ол менің тазармағаным. (Талып естілген азандағы ағын...) Тазару шарт емес, Жақсы болам де, Ажалға бағын... Адырға орнатқан алтын моласын. Жұмақтың жайлап салқын қорасын. Пəниде жүргеннен рухың жарқын Теңдессіз өткен «марқұм» боласың. Күй теңгелейді, Күн күліп тымық. Қажаламайды, дəйім Жынды үміт қылық. Ойнайтын дауыл жоқ Білтеңді жасқап, (ауаға сіңесің тəніңді тастап...) Жолыңа шалынған күлікті мініп. Ақын білмейді тоқырап басуды, Үйренген тағдырдың отын ап қашуды ол. Өресін, өндірін кебінмен қаптаған Көресің ең сорлы тобырдан, Ең соңғы реткі топырақ шашуды.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Құзғындар жапалақпен соғысты? Неге? Хош иісті Қорлығайың түнде «бүрін» Жарады, Тарыдай мұң сенің тұнық жанарыңнан Жаныма у боп тарады. Шам отына Тау иесі жақындаса, Шамалы Бір ой оны Бір ой мені бұралқы итше қабады... Көктем алыс,. Көктеген жоқ ...Сынық талды бақ əлі, Бұлбұл құстың «жұмыртқасы» Бір тамаша əн салады... Қыз шашындай толқындатып өмір ағып барады... Бұла-бұла үміт көшкін сабаған өгіз тері-сірі, жаным жаралы. Қайыңдардың қабығы да қызыл аймен Өртенген, Ескі досым елестейді, Бақытынан ерте өлген. Пейіл... Мейір қайда екенін білмедім, Шайтан мінген Алдардайын. Зіл түспеген желкемнен, Зейін деген зекетім де Науқас-ты. Төңкерістен кейін келген Зертеңмен, Мен аузымды толтырғанда
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Сенің аппақ сүтіңмен. Беу алыстан бір шөкім бұлт Маған қарап, Түтілген. Шаршы көктің қақ жарымы Парсынама секілді еді, Жолым опық-қор болғасын, Оны да оқып «бітіргем». * Қылықты өлең көріп пе ең? Қылықты, бірақ, Кекілді... Көп басқан қара көрікпен Балқытқан темір секілді Қылықты өлең көріппе ең? Қызарған сенің кейпіңді таңбалап қойсам дұрыс ұқ, Сазарған кебір-бей түнді азаннан атар жыр ұшық. Қызарған сенің кейпіңді таңбалап қойсам дұрыс ұқ, Ұртыма шыққан ұры тіс, сені де өртер бір əнім. Құлқыма енген тірі-түс аулақтау жүрші сұрарым. Құлқыма енген тірі түс... Көгілдір өлең бал-бұла, Көк ала көкте ай тандыр. Өткен мұң басы салбырап, Əуенсіз кеште сайтан жүр. Көк ала көкте ай тандыр...
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ МАШАҚАТ Шырғалама, шымшыма басымды ұдай Амор-Лай кəнігі Асанға жай. Салмағымен айырған сары көлеңке Жан-жағымнан ызыңдар жасыл құдай. Амор, сенің қорқамын Сыңқылыңнан. Кеудең кейкең, Түсің – қан. Мықының нəн... Жарты мұңлық, жарты кеш Күнге сəлем. Алты құрлық, жеті əлем Ықылымнан. Алты құрлық, жеті əлем Ызың Елес, Тін апанның аузында Тізіледі Ес. Біздің жаққа қаптаған Сызық бойлай Сорғыған ми Сормаңдай қызыл өңеш... Сорғыған ми, Сормаңдай нəсілім кем, Асылымның барлығын Жасын ілген. Пəс үнімен желіккен Жасығым бар, Желінінен сүт аққан Мəші мінген. Мың ықылым
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Ынжықтау қызыл өңеш, Ебесіңдер ескінің ізімен өш... Бір қырсық жүр кезеген Кеңістікте Келте де емес, Керемет ұзын емес.
З.РЫСБЕККЕ Милау халге тап боламыз, Шақша басты ми қызып. Жүрегіміз алаулайды, Əз денені күйгізіп. Көксау заман өкпесімен, Қағып-қағып ұшықтап. Оқшау пана көрсетеді Қара құрым кигізіп... Қыңыратқан қырат асқан Ұзын сонар қимыжық. Мимырт-мимырт заңды қуған Тамыр ауыз Күй қызық! Ұшқан құстың көлеңкесі Соғып өтер бейуақыт. Басқалары ашқарақ үн, қилы ызың. Ақ боламыз, сақ боламыз, Теңіз суын бір құманға Сыйғызып. Асыл тастан мүсін қашап, Асығамыз үй бұзып. Бас ұр мейлі баһадүрге, Аллаға тіл тигізіп. Сый құлына айт сырыңды бұрма сөзін, Бұйрығын, Кетсін солар құйрығынан сүйгізіп. Қауым бүгін ыбыр-жыбыр балға қонған арадай. Ауыр жүгім, тауық жылы жанға шыққан жарадай. Жеңесіңдер! Жеңесіңдер! Деймін де,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Келер түнге қарап тұрып, жан аға-ай... Алақанға түкіремін қарадай.
04.01.1994 * Дымқыл шықты шөп басынан Сүртеді із, Кебе құрғақ көз жасы мен күлкі егіз. Ақ мамығын жайып, жиып Таранып, Аунақшиды құс жастықта бір теңіз. Бақталасқан өңсіз өрт пен Керіш мың, Арғы түбін сыздатады беріштің. Бей молада перімен, Жын айқасып, Қап-қара аспан ұшықтайды жер үстін. Арда үрей баба-сілем Тұрақты із, Жыл соңынан жылыстаймыз Жылап біз. Жыр екпінін өшірмеген өшпеген Түнек түнде сығырайған шырақпыз! Тікен кірпік, бүбі қыздар «тірі» ұлдар, Мəңгі мұздан айнымайтын Түрің зəр. Барлық заңның ең əділін Таңдап ап, Балбалдардың бəдізіндей Тұныңдар.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ТЕҢСІЗДІК Естілер не үшін таласады екен? Ешкім де озып кетпеген, сірə. Ешкім де қалмай кешіккен Сан пенде туып аяқтанар алып жер бесіктен. Алақанын жайып аспанға Жұдырығын түйіп əлде біреуге өшіккен. Сорлы жаһилдер таласады сорлы қылықпен Жалаң жапанда қалған, Кері кесапаттар мен кермек несіпке. Арғымақтардың аламан дүбірін, Алғаш естіген саққұлақ иттен адамға пайым Жетті ме? Дүние сілкінді, Дүрлікті бір сəт нəубет рух иелері өз машақатымен өшті де. Алма ағаштары бұтағын қорғап ешкіден Көкке тырмысқанда ...Жалған дүниенің теңсіздігі басталған дейді Естілер.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ НƏУБЕТ ҺƏМ CIVILIZATION
Топырақпен жүректің түрі бірдей
Түбін қайдан білейін... Ырыс, бақ қонған дала төсінен, Гүл ұстап келеміз шынтаққа дейін қан жұққан əлсіз қолдармен. Тыныстап келеміз сол естілер жасаған Жансыз долбармен, Сорғалап барып сарқылуға дəс қалған ба? Адамзат - тобыр не бір тəсілмен өздері салған жолдармен жүріп. Жер – деген нардың арық арқасы бытырлап, Пенделерді артып барады... (Жұптардан жалғыз үтір қап...) Өркениет кімнің болашағын болжары шытырман... Тек қана бізді ғайпи бір күш Құт ұрмақ, Талайды көрген мүскіндер үш бірдей тұста құтырмақ. Жер деген нардың арық арқасы сыздайды дəйім бытырлап. Абайды көмген ақ топырақтың үстінде Олжас ағамның жүрегі жатыр тыпырлап!
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ МАХАББАТ ЖƏНЕ ЫНДЫН
Тірліктің бəрі өз қанына мас. Зəр нəпсісі қызыл көрген «қаршыға» (Сұлулық та сұқтануға таңсық, ə?) Ар сабынын көбік етпей езе біл Аңсарыңды сəл тежегін, сəл шыда. Ақыл есті, ақыл есті қамшыла! Ахилестің өкшесімен жаншыма... Обал-сұбап жатқан орын бей таныс. (Қолаңса ма қауып тұрған қолқаны) Тобарсыған махаббат па қаңсыған... Ұшыну ма, тұшыну ма дуалы? Қысылудан, қыстығудан қуарып, Мүсілімдік, мүскіндікті қуады. (Уа, бір сəттік шала өлім...) Ұят сіңген беттің арын ең соңғы, Көздің жасы жуады. Тəн желігіп, Ышқынуда қан ысып, Ышқырыңда сансыз пəле алысып... Тулаған соң бар тамырдың ағысы Буланасың – Уға қосып бал ішіп. Ожданыңның «бел күшіндей» Зар илеп: Қозғал ындын, боздақ өскен бос теріні шала илеп. Тозғаныңның белгісіндей мəңгілік, Өз қаныңның дəмін тату ғанибет!
Бодаухан Тоқанұлына Есуастар, буддалар, «Геркулестер» Тал бойыңа тұтқан ар-сертіңді ескер. Ес түсіңнен қалмайтын назды түндер Есірткі ішкен есіріп еркін кештер. Бұратылған бурхандар Мір - Зевстер «Бұрымымды қиғызды түндегі істер...» Пір-бандида Шығыстан есінеп еді, Бір бандының несебін үрлеп ішті ел. Шамандар-ай, Үндістер, заманға жай, Толғанайын мұрсат бер алаңдамай. Қыр басынан қыдиып көрінеді Қырық ғасыр бұрынғы қараңдағы Ай... СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ БƏБИ (Бабий) баллада
Бүкіл дүниенің кілті тек өзіңде ғана ...Жағасында бұлақтың несібі жоқ артықша, Кесібі жоқ қызығар... Шөп күркеде кемпір мен шал тұрыпты. Ай маңдайлы қызы бар, Күнделікті мəзірі, үш балықтан аспаған Үш мүскіннің жазығы, Ешбір жерді баспаған, Еш белегір аспаған. Ішетінің суы сортаң теңіздің, Киетіні жемтірі. Күйбең тірлік қыздың ісі негізгі Шалдың есі – кемпірі. Аян берді əлде бір күш, əлде бір күн əманда. Кемпір келіп шалына: -Муса деген əз Пайғамбар бар дейді мынау Пəни-ғаламда, Тілеу тіле құдайыңнан Медет қылар саған да. Шал таңданып кемпіріне... Қыз да үзген бір əнін. Сөз қытықтап құлағын: Кемпір айтты Бақтың бəрі Құладын, Бір қимыл қыл, шырағым? «Біз де сенің құлыңбыз ғой бақыт бер» деп жылағын. Шал айтады: Бұл əнің қызық екен, қыраным, Бірақ, артығы жоқ ғұмырдан, Алтын дəметкенің бе?
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Маңдайдағы бағыңмен, осы десе тұрағың. Нендей амал қыламын? Кемпірінің кемсеңдеген иегі. Шал санасын иітті... Тірлік деген Үмітімен сүйікті -Ей, мұңдасым: Көрінбеген сұлбасы, Көмілмеген сүйегі, Қалай табам? Муса деген биікті. Кемпір жасын сүртті де: -Қалай айтқан сөзің бұл? Жаббар ием жаратыпты бізді де, Жалпы дүниенің сұра дедім бе? Тізгінін. Қалай жауап қатарыңды өзің біл. Бүкіл дүниенің маңдайшасына кемпірдің Бұйрығы ілінді, -Бозқурайға үнін қосып, Түздегі. Кəрі жүзін үміт шалып, нұр жұққан Шал Мусаны іздеді судан, нудан, құрлықтан. Жол нұсқады жомарт белдің жусаны. Жел жетелеп қолынан. Тапты ақыры қария, Аңыз Мусаны хақ салауат жолынан. - Алдияр, Шөптен тіккен күркеміз, Несібеміз үш балық. Ажал жақтан хат келер деп үркеміз. Кемпір қартаң, қыз да қалды тіс қағып, Ғұмырды да жаратыпты жаратқаным қысқа ғып. Қысқалықтан тартып жүрміз сазайды, Бір бақыттың «Илетпесең пұшпағын»
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Бізде үміт азайды. -Бізді неге мүскін етіп жаратты? Жарымайтын жалғаннан, деп шалдың кəрі жанарынан, Жас аралас қан ақты. Бүкіл дүниенің табалдырығында шалдың сақалы жатыр. Пайғамбардың санасына түнеді үн, Таппай болмас бір емін. Жылтпай болмас мəңгі – қыңыр шалдың Реңін, Қос мұңлықтың жүрегін. Жас өмір, кəрі дүние үшін пайғамбардың да айтары бар. Тірлік деген заңы қатал райдың сезінді ме Сүреңін, Алдына кеп қақ пайғамбар құдайдың, «Үш мұңлықтың тілегін қабыл ал» деп сұрайды. Əлқисса үн: -Ей, пайғамбар несібесі олардың Маңдайына жазылыпты емес пе! «Мəңгі жарымасын» деп... Пайғамбар кеп табанда баян етті бір істі. Жарлық біреу адамға, қимыл шекті жан Ұшты, Жасымасын жарандар, тілек қабыл болмайды. ...Бұны естіген қария, қайғы талмап зəр Ішті, «Өз жарлығын жаратқан, қайтарар» деп қарысты.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Жалынған сөз жалынды, жалған өмір ылай-ды, Құлағына шалынды осы бір сөз құдайдың, Тілек қабыл... Бүкіл дүние тілегі үшін жаратқанның берген жауабы. Шарт бір ғана, ай тыңдап, Күн жебейді іс басын. Үшеуінен айтылмақ, үш өтініш қысқасы. -Аналардың жолы қақ, сен тілек қыл қосағым-деді шалы кемпірге. ...Саусақтары дірілдеп, кəрі көзі іріңдеп, Қолын жайды кейуана: -О, тағала сен мені, жараттың ба? Жараттың. Құзырыңнан пайда болған құлыңмын. Қыбырындай тарақтың. Мəртебелі, Раббым, Əм жылуым, Дүниеде жан жетпеген сұлу қыл. Ал, сосын: Патшаның оң көзіндей серке ұлына қаратқын... Бүкіл əлемнің назары кемпірдің тілегіне ауған... Биіктеді бір төбеден бір төбе. Теңіз қашты сіркеден. О, құдірет сұлу қыз тұр кейуананың орнында. Судан, нудан жаралғандай жалқыннан. Шыбын қонбас күркеге, Қонды қыран Лашын аяқ бауы алтыннан. -Төбемізге құс қонды, мүмкін менің махаббатым болар деп Сұлу Үш секіріп, үш қонды, (Бұ керемет іс болды.)
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Ал расы жел аударып, жем іздеген Лашын Ұлынікі болатұғын Патшаның. Түрі де асыл, шын асыл, Ханзада Кінəшіл, Кеңге жайып құлашын, қуып арттан мұрасын. Қамшылаған ат санын. Махаббаттың алдында мас болмаған аз ба адам? Ол керемет үміт-тін. Қыз жындана жаздаған мысы тартып жігіттің. Үнсіз ғашық тілдескен, жүректерді аялады мың кесте. (Жел қақпаған боз ұлдың қолы қызға созылды...) -Мінгес маған, мінгесдеп, Қыз мінгескен жігітке. Мұны көрген шал байғұс: -Кемпірімді əкеткен қандай пəле, қандай Күш? (Қапелімдегі үміттен қан қарайып, сарғайды іш...) Шал зарлайды тілек тілеп құдайдан: -Мені тастағаны үшін бараққа, Уа, жаратқан тілегімді қабыл ал? Арсыздықты бастағаны шын. Талақтың бетін қайтар. Қызыл ит үрді ұзын өңешімде, Осылып қалды тасқа намысым. Сол үшін Доңыз болсын арапшы. ...Тілеу қабыл, кемпір – Доңыз, қыз – ада, Ояулар түс көреді, бояу оңды ызадан. Соңғы өтініш қыздікі: -Иə, құдайым! Ернеуі есен кесемнің, кетіктігі сіздікі,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Құр далбаса екен біздікі. Бетін қайтар кеселдің. Кейпін қайтар шешемнің. (Əлқисса ол да қабыл болған...) ...Жағасында теңіздің несібі жоқ артықша, Кесібі жоқ қызығар. Кемпір мен шал тұрыпты. Ең ақылды қызы бар. Бүкіл дүниеге сотқарлықпен сұқтану аса қатерлі.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ДУА
...Өткізер шағыл ғұмырын Сынаптай сырғып құбылып... Фариза. ...Петроның басы шыр Айланып не болғанын білмей тұр.
Н.В.Гоголь Құрбандарды ықласпен қабылдап, Шырмалған мың құбылыс тұр. Сағымда... Ақыл есі жаңылған. Сұм жалғанның жұлдыздары ағылған бөгде əлемнің жанында. Ойсыз қимыл құдіретін жасаушы нүктелердің кеңістігі сабырлы, ə? Полеозой кім? Қураған піл сүйегі. Сауыт киген мақұлықтар киелі. Қилы аңдардың қыдыратын тұсында Пəтуа мен имандар бар жүйелі. Ешбір мықты еңсермейтін бес құрлықтың қысында. Бибондардың табанынан гүл сүйеді. Шабыт – деген изен иісі масағы. Бір табытты екіншісі басады. Тоғыз құрлық төресімен жасанып: Төбесімен жүргендерден қашады. Жалқыстанның мұзы қызыл, жасаңы: Тартыстардың нəжісімен арам сəуле шашады. Рухтар əсерімен жер аунар, Жылы құрттар кесенесі ен аула.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Үр-дүние, кір-дүние теңі ауған. Тірлікке ие һəм сеңі алуан. Апат-əлем дамысынан десе де, Əлем пірі, өлі аруақ. Кісі киік клеткасыз кінарат, Бұрын соңды бұрдықпаған тұралап. Ғұмыр сорды езуінен ағызып, Плутонды Пір тұтасың жүрегі ақ. Мың мұрағат бір сұмдыққа сына һақ. Сұңғыла боп жаралған ол туада. Шертеді өзін жеті шаршы ықылым, Ертеді арттан еңкіш баба тұқымын. Сес: ай маңдай, шексіз күбір үкімі. Ес рахат тағдырыңа түкіру, Ал саназаттың дүбірі-кесірткенің кердеңдеген тыпыры. Қаныңдағы бар түйіршік жүйелі Ғаділет пен қасіреттің жиені. Жасырын жау түлкі кейпін киеді. Құбылыстар құдіретіне мастанып, ібіліс хан Табытыңа сиеді. Құмырысқа Империясы – улы ілімді бүйі елі. Сендегі ойдың ағытады тиегін. Сосын соғыс басталады қабатында милардың. Тосын сауал тағатын ап санатыңнан дилы ардың. Ашқарақ паң, харамдық һəм жалақы. Қол иненің көзеуіне сиғанда тас параққа жазылады бір ақыл.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Кесір жайлап ұлы төрін кең үйдің Мұз таулардың дымы қалмай ериді. Есіл майдан жібітеді еркіндіктің қасаңын Жалғыз ғана далбаса өмір лебі игі... Бөгде заман бөстегін сол жалмаса, жер мен адам бір-бірінен жериді. Жын айдаған жылдың басы жылу тым Лайланған көлде өшер сұлу түн. Құдай қағып құлдың таңы атпаса Күнə арқалап күн кешесің жылымшы. Мен де ғалам ғажабынан айниын, сен де маған көрінбессің рухым, Шеңбері арам сұры аспан, сұры аймақ. Шер наладай гүл табады мұңайған. Кең даланың кері желінін у кернеп, Кейуана алап еңірейді құдайлап. Шауқарға бақ, шарлап шаңыт аспанды Ақылға ол құлайды. Естің мəні ақ баран, Ешбір ғалам аша алмаған қақпада. Аузы ірің, араны аш афталар, дүниенің езуіне қаптаған. Ол, ол түгіл тандыр жалпақ тақтада, жан арбаған сұлу жүрер жалғыз көзі қап-қара. Түкті əлемнің сүт кенжесі сүліңгір, Буддалардың кірпігі де жұмулы Тін сорасы құмға тамған үгінді, жын сорады тіліңді. Ай түнерген, күн білтесі бұлыңғыр құлағыңның арғы түбі құр үңгір.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Жұғың да жоқ жұмақтағы жұптардан, Тек құбыжықтарға құт дарыған. Бал ма, у ма келер несібең беймəлім Сандалуға сарып болған мықты арман. Қандауыр, қап, жарты құлаш ала жіп, Арланудан құтқарған. Аппақ дала ақ кебінді азынар Африкалар ақырады жазы қар. Күлгін жейде күллі əлемге жабысып, Бір күн мейлі: күлге айналар қазына. Қан топырақ қабатына мың жылғы із сақталып. Жапыраққа жаспен өлең жазылар. Бір ғажабы бей уақыт қабағы, Қаһарланса жан оттығын шағады. Жасыл мəрмəр үлбіреген жабағы, Отқа қызыл күн кетігін жағамыз. Оқ тағылым жаңармайтын күн тізбесі не түрлі. Көк тамырдан нəр алмастан лепірді. Мəңгі ғұмыр кестесінің сабағыХан мейірі ұсынады дананы. Сол ғайыптан бір шөкім от жанады Тағдыр күлік таста ойнаған тағалы. Қарсы алдымда қасиетті самала Жалғыз дана жұмыртқа өсер жағада. Міз бақпаған ыждаһатсыз мүскін бе ем? Сыздап ғана түшкірген. Без қатпарың су жайлаған күшті індет. Боздақтарды алды олар үш бірдей Жез батпанды дулығалы бас жатыр Мезбақ тағы үстінде.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ӨТІНІШ Ай туа алмай, алқапты шымырлатып, Жез қырлар «аһ» ұра ма? Тайқы маңдай. Бұғып жатыр бұйра жал бұла самал Бұйыққан жұма күнгі шайқылардай. Өліара күлсейші бір сайқыланбай Көңіл кетсін ойнақшып Тай шұбардай. Қайшы жалған тас қауып жатқан кезде Телім-телім қанатты жайсын арман. * Секпіл қағаз сені мен не қылайын Жаһан кезген жебір ой Жеді, лайым. Жел, жел маған қабағат сұғын қадап Жетім күймен «желе бер» деді қайың. Секпіл қағаз мен саған жалынайын Жұқарып жүр күн санап Қалың айым. Тау сағымын сағалап жүргенімде Саусағымен түртеді сал уайым. Сал уайым. Бəлки, мен құсамын ба? Қайда кеттің санамды тұсадың да. Жаның тыныш, жағаң бос, налаң қашқақ Жатырсың ба залымның құшағында. Гүл ыстығын көрмедім, Түн ыстығын.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Бір торғайдан естідім дыбыс тыңын. Жүрегімді осады сол бір үндей, Сенің марғау күйдегі тыныштығың. Гүлсіз көктем келіпті зілсіз көктем Нəр күтемін құдай-ау, дымсыз көктен. Көзі егілген көңілден неге кеттің Өзегінде жібі жоқ діңсіз деп пе ең. Сабыр түні елді ырғынға салдың ба Ырыс болсаң пайым сыйла малғұнға. Ренжудің қажеті жоқ Бұл түні: Репиннің мүсіні тұр алдыңда. Репин асқақ, реңі пəс бар мұң да Сағынышың сіңіп кетті Сарқұмға. Жетім үркер, жердің жүзі желсіз кеш. Тағы сезім жетелейді əн жырға. Сабыр түні, Қандай сезім тұсады Балдай тəтті сол мүсіннің құшағы. Өліп-өліп жалқы қалған аспанда, Андыз жұлдыз жалғыз көзін қысады. Толған гүлдің дестесіне Тоған дымы жетпесе. Топырақтың қабатымен мен не үшін Кектесем?
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Тобылғының торы өңі тоңып қалған сəуірге, Тозаңың да қажет екен тектесем. Бауырымен жорғалайтын хайуанда бармақтай Баданаға жабысады жарғақтай. Бар дүние тыныштыққа тұншығып, Қарайды иен қара тірлік Зар қақпай. Ықлымның зарламауы тек өзіне жарақат Барлығынан тыныштықтың шапағаты барақат. Жалғыз ғана арбайтыны тəбеттің, Тікенектің уысындағы қарақат. * Күн жамылған алаңымда сұм көлеңке қағынды. Қырқа шыңның сұрқы жүдеу, қуып жүрмін сағымды. Тасып өткен сезім нөсер толассыз-ау, Толассыз, Қасиеттің өткелі де, өткені де ағынды. Қыналы түн, қилы күндер ағылды Дəт-тағаты кімге қалай бағынды? Аунап қалған жапырақтың болмысындай боз жүрек Аулақтанған, жаурап қалған ақ елігін сағынды. Сағынышым, шырағданым шалқып кеткен жарығым. Күндер марғау, түндер алау, таң ірің. Сенің жүрер жолдарыңда адасып, Қауызына түнеп шықтым тарының.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Шалғайымен орай шауып аунатып... Шалқыма жел шарпып өтті жауратып. Барақат нұр, мизан соңы, Батқа түн. Алапат бір үн еседі за-у-ла-тып... Мизан соңы барақат жыр «Батқа түн» Отыра алмай омалу бар атқа тік. Жұмақ төрі-жұмсақ шөгір жалғыздық. Ауыз сасық, Қолтың шірік, Шатта түк. Бадамша дүр, Мамық бала тұрлаулы. Қыз шашында күдері емес құр бау жүр. Ертең бəлки таң атпайтын секілді Себебі ме? Күннің көзі шырмаулы. Шикі бидай, шикі өтірік насыбай, Қатқан жерде қарбыз болған басым-ай. Жау кетіп еді жарты əлемді арқалап Тау бетінен домалайды тас ұдай. Жер Тəңірі жаратушы күштерден Құзырыма қоңыр өкпе, тіс берген. Сол тісіммен жүз ғасырды Кемірдім, О, құдірет не деген көп түс көргем...
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ЖОЛДАР ҚИЫР... Күн ұзақ, күрең жолдар Ақ бөкендей өтті өріп, Күйдіреді күпсе құм да табанына бек төніп. Шабдар күннің мыс тозаңы-ай Кешу сені шын азап, Қанжығаға үрей қоржын бөктеріп. Қайда мекен, қайда жұмақ, қайда ауылым? Қайда ақ боз үй, аққулы көл жайлауым. Дармакрити даңғазасы тым-тым бөтен екен-ау, Далон семсер есен бе екен қайраулы. Қабақ басқан салмақты ойды Сəл көтеріп белсеніп, Көкке қарап тамсанамыз кербез бұлт жүр теңселіп. Е, жасаған! Келем міне сапарыңда (Асалай гөр еңсені), Құмырысқа денемізбен пілдің жүгін еңсеріп. Кең сахара тым алыссың тарсың-тарсың кейде шын. Жан сірнеге нəр тигізбей мазақтайды-ау кей кешің. Тентіреткен тесік тағдыр бізге берген... Мейлі, өші, Тер-тер сіңген Ұлы Абайдың жейдесін. Жұтам ылғи содан кейін сынық айдың суға түскен бейнесін Көк кенезе қаңсық-аңқа Алыс сілем мен жолаушы жетпеген. Жол торабын жоңқалаймыз жомартқа тəн ниетпенен.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Тағатымды тарғыл мысық тырналайды мияулап. Қара тілді дарақы арман иесіміз текті емен, Өмір хақтан өлім жаққа беттеген. Ең кесірлі ен далада қалармыз ба текке өліп, Еңкім тұста есіл самал ерке өсірді серт беріп. Құйма сапты сауысымен өтпелі, Сыйға арсыздық жасағандай зəрлі қыста өкпелі. Салқын тұма ой, миға шапқан секілді, күні бойы күн жұтса да, Тіске ызғарын өткеріп. Дармакрити даңғазасы тым бөтен, Далон-семсер есен бе екен қайраулы, Қайда мекен, қайда жұмақ, қайда ауылым? Қара қобыз үнін шертіп тұр ма екен?! Аппақ бота аяғынан байлаулы.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ЖАҢЫЛУ Күндерді аңсаған айды алыс көрмей, Күптей көбіліктік майға піскендей. Ғайбаттың өртімен қалқан жасадық, Ғаламды ойнатқан Қайлалы іскердей. Арзандау тамсанып талықсып келеміз Асаулау ұйыған айран ішкендей. Күл шашып күндейді жақын адамың Əңгүдік бұлты ұрды қапы-наланың. Заңдылық шарттары тар қылып тұсайды жүйкеңді. Малғұнды мақтайды, (Масқара!) Сахнада кім? Пəтуə демінен дəмету қызық Артынан қуалай ақыл-аданың. Алдыңда кəдімгі бақстан өткелі Сол өткел болмаса шатысқан ек тегі... Насыбай жегізіп, нанды тепкізді, Нарқы ақымақтардың нақышты əлектері. Ая, алып тарақан, Бая сары күн бұйдасын сүйретіп, Бағзы сүрлеумен батысқа беттеді. Сахара айналып барады-ау, Сайра құс керней, Жападан сауға тілейміз жай намыскердей. Шашылған тары жеп, топырақ танимыз Ұжымақтарда, Сəлем Сардала жайдақ үстелдей. Ақ бұлақ ауады бұл жақтан Алаңы тарлау сайға күш бермей.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Мас болып мейіріміне алап қырдың ұйқысыз бір түн кешіп, Таң аттырдым. Шығыстан шыққан күнге тағзым етіп Телміріп Бүркіт жаққа қарап тұрмын. Теңіз ой түбі құрдым Терең лай. Жұтасың сорлы ақынды неге бұлай? Еркіндік таланында жүрген жанның Ес түсін жаңылтпашы, Еге Құдай. Жүйкеңді жұқартады жеңіп бір мұң Жанарда жасыл тұман, елік кірбің. Кемді күн керіш сөзден жеріп, қашып. Мен бүгін Қарасуға келіп тұрмын. Көтеріп Көксеркеден шөккен нұрды Көк таудың бөктерінде көктем жүрді. Өріктің қарағындай көздері бар Көрінді сыңар аққу өткен жылғы. Келетін аққуымен, дауылменен Не деген тамаша еді сəуірде өлең. Сыңарын іздеп жүрген аққуды ойлап Сəл ғана жеңілдеді ауыр денем. Мауқара Абай досым айтқан... Өтпелі шақ кездессін, Аспалы шақ. Сұрағанның жері кең, Аспаны сақ. Шатақ үшін, тырнақтай атақ үшін Қазан шұңқыр қазбайды ол Басқаға ұқсап.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Қоламтаны қолымен, Көсеп түбін, Қопармайды біреудің Кесектігін. Есірмейді күшіктей төбетке ерген, Кешірмейді ол ақынның есектігін. Бір досы нар, əрине, бір қасы бар, Бірақ оның ерекше, Сұлбасы – ар. - Есен жүрсін ақын боп өлердейді Ол: -Еркектерге бергісіз ұрғашылар...
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ТҮН Түн емес қара шуақ – түн дегенім. Басымнан жауып тұрды Бүлде мен Үн. Қасымнан сылдыр қағып қашады арық, Үнсіз мұң, Тілсіз əуен Үндемегін... Тірлігім жалғасады түнде менің! Түн болса майда қоңыр зілді емемін. Нілсіз дым, шыңсыз дауа, масаң арық... Сүлдерін үнге сүйеп – сүмбе кебім. Бір сəтке ішке бүгіп жүлге демін. Алыста кісінейді Құр дөненім. Жұлдыздың шырағымен Жанданайын, Күндіздің лаңымен күнде өлемін. Түн болса басталады еркіндігім. Түн деген – тылсым ғұмыр серпінді ұғым. Егілем ернеуінен тістеп тұрып – Жыр деген түннен тамған «ертіндінің».
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ҚАЙТА ТУУ Ақиқат. Тұзым, дəмім Аспанда тудым ба?– деп ызыңдадым. Ыстық жырлар көз ілді бұзылды ағым; Ай бетінің көрдік біз сызылғанын. Сызылғанын байқадым сүйелденіп. Бұлқынады жүрегім қызыл қаным. Қысқанда қабырғадан кием келіп. Көктегі сан жұлдызды иемденіп; Мылқау түн, бейжай ағым, тоқырады үн. Күз жанды күйдіріп көк топырағын. Ақиқат, бұзылғаным, Кеуде ішінде тыпырлап отырамын. Жанға жинап жаһанның сынықтарын, Керіледі кешегі кіріптарым. Өрт кемірген бұтағым бұтар, бұтар, Сұлап жатыр əр жерде сынықтарым. Басы күйген кенже гүл мұңаяды, Бірдемені түсініп, шын аядым. Сары ауаны тіреп тұр бір аяғым, Қаңғып түскен қабықтан
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ қайта көктеп, Өз қабымнан шығамын шайқап, ептеп... * «Мен Гамлет емеспін, Гамлетке ұқсағым да келмеген» Томас Стернз Элиот Арс-арс етіп тас жолда қаншық етік, Жүрегімді барады жаншып өтіп. Күн кетеді осылай күрең жолмен, Əр сақалдың талшығын мансұқ етіп. Көсе болар сол уақыт түбі тегі, Уақытқа дарымас үміт ебі. Келер шақтың əуені сол кейіппен, Кезеріңкі ерінін жібітеді. Арс-арс етіп тас жолда қаншық етік, Ардың бетін барады жаншып өтіп.
Алматы, 26.10.2006
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * «Қол-жетпес» деп аласаны заңғар қып, Кеудемізге шоқ тұтатып, Нан қарыдық. Кəрі атаңның Сақалында ілбиміз Сары атанның табанына жалбарынып. Шалдар сілем, Шалдар бағыт, Шалдар Ұлық. Сол үшін де Сан шиырды аңғардық. Құн өскінін Құрым кигізге жазамыз. Ту ешкінің көн тұлыбын Шалбар ғып. Миын көсеп, селебемен, Істікпен. Үзеңгімен қисын сыздық Үштікте ең... Тарихтың арам шөбін шайқалтып Жел соғады, Сең соғады түстіктен.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Аяз деген – ең керемет түзгі іспар Тереземе өрнек салды Күзгі үш қар... Беу қараша, қайран желді қаймақты. Зəрлі аспанда қалқақтады «қызғыштар». Аяз деген – ең ғажайып Мұз құстар... Сансыз өлең, Қисапсыз əн – Жүз мысқал. Айқайлайды сайдан соққан Із... Қысқы əр... Ай бетінен жерге тамған «қызғыштар»...
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Мұң Қарасу, Мың үйрек, құрақ аумақ, Бүйірінде Бүркіттің қыран аунап... Шыңның күміс төбесін Желпіп қойып Уыс бұлттың Жиегі тұр алаулап. Ала мұзарт, Ақзеңгір Жалғыз өңді. Ай табанын тірейтін Мəңгі үзеңгі. Менің мұңлы жырыма Үн себеді. Кең жағалы зерең көл – Шалғы жеңді. Алақанында айналып Сан жүз өңнің. Нəн түземнің күшімен Сəл түзелдім. Бөктерде өскен ерменнің əнін тыңдап, Жағасынан Бұлғынның Жалбыз емдім.
Оныншы тілмен жазбағын... Расул Ғамзатов Ол зіл атты, көп қаздар Оққа ілінді. Оққа ілінді, от ойнап, Шоқ бүлінді, «Мергендігі» – дейді оны Жерленді ұғым: Көкке ұшқан көрсетіп Көк күліңді. Көкжиекті қан бояп Таң райды. Жетім қалған қоңырқаз «маңырайды». Жел үрлеген əжімін Сеңге тығып, Сұрқай көкке ымдайды Тəңір айдын. Қаз бауыры, қара əуен – Дара түрен. Қара сұр өң – Ақылдың жанашыры... Ең... Қаз бен əнді жалмаған Тілге шауып, Мылжалайды темірдің арасымен! Ол тіл тартты, күйреді Мың ізгілік Қара өлеңді қарғайды Сұм үздігіп. Ас... Си... СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Ми... Лация... төрінде сөнеді Үміт. Əр ерменнің бүрінде сыбызғы Ұлып!
14.02.2007 * Бұрыс қарап жүрсем де Дұрыс деймін. Көрінбейді бір түйір күріштей Мін. Құс жолында құлын жыр Құйғытады. Кештің мөлдір кірпігі Күмістей мұң. Ат тұяғын айланып Ұшқан жұлдыз. Айдың жүзін аймалап Құшқан күндіз. Бура шыңның ақ жолақ Шудасына, бəдіз қонды баяғы Тышқан жылғы із... Осы ендікте мəңгілік Қаңғырсақ та. Бір керемет күй шалқып Жан құрсақта. Бізге дұрыс əуенді үйретеді. Үйректердің үнінен əн Бұршақтап.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Бей бұлдырық жел құсы... Бас жағымнан ұшып өткен Сенбісің? Ғұмырымның зырлап қайтқан қайығы: Менің тірі жүргенімнің ең кіші – Ғаламаты сенбісің? О, бұлдырық Жел құсы: Екі келмес уақыттың сел – Күші Өлеңдердің өртеп өткен шақтары, Анашымның самайының ақтары: Менің сонша сүрінгенімнің Белгісі. Бей бұлдырық Шабыттардың шалқып ұшқан Шақтары Нақ, нақ, нақ, нақ бəрі? Қанатыңнан қайрылатын Жел күші. Жерге тамған шырақтарым Мың: Ең күрделі Сұрақтарымның белгісі. Бей бұлдырық... Ең кіші.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Атырап тылсым... Япыр-ау, атырап тыным. Аптаның бояуы жұққан Бедерлі: Алақан жаяды жапырақтарым. Тамырдың соғысын тыңдайды Басқадан, Бақылап жаным. Жапырақ талында жарты Үнім бар. Ақымақ бағым. Ақымақ бағым, тынысым Сиынам бұл үшін Тағы. Үгіліп түседі түйсіктен Пыраққа Тыныс ұнтағы. Солай, көңілге қайрап Келеміз Тінінен алыстап қалған Қылыш – ынтаны? Атырап жаным... Бояуы қалды арқамда Ақыры аптаның.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Near-death Exsperiences (Өлімнен бұрынырақ...)
Үрленіп келген үні мен Шырақтары ұдай. Үстінде түгі жоқ, бірақта: Тұрақтары бай. Тереңде сылдырап ақса да Кереңге естілмей Теңізге қашқан тентек Бұлақтарым-ай. Қобыздың үнін қайталар Қызыл құрақтарым-ай! Басқаны жарық қып, өзі өшкен тірі – шырақтағы май. Талай платформаларға, қандары Жабысып... Қаңқасы шіріген Аңқыл «дурактарым-ай...» Маңдай терімен тас қашап, Арпа суарған, Бір кесел кезіге беретін еді солай, Жарқа сыңарға əм. Қолқасын қиса да Қолынан ала алмай, Қорқатын жауы. Қолдырап қалған даласын Қорыған «арты ашық» Аңнан. Асқазанында артықша қалтасы бардан: Арқасы қалған бəдіз-ді,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Мойыны кесілсе де: Əйтеуір, арқасы қалған. Жартасы қалған Ұятын сақтап, ұрықын Қорғаған. Осы «арты ашық» аңнан. Бұл дала, дала емес – бабаның Ашыған Миы, Пернеге тоқтаған сан ғасыр Тасыған Күйі. Тұманды көктен мөп-мөлдір Жас болып тамады. Бүгін. Жасаған Тəңірдің жасыл Əлдиі. Шалғайда жатса-дағы шаранасы мен Шашырандысы. Бал қаймағына батады санасыз Асырандысы. Ішінен іруге жақынбыз Ілкіде оянған. Ғасыр шыңдаған алауы – Запыран құсып. * Ой түбінде күбірлеп... Жынды қисын... Сан мың жұлдыз кезіп жүр Түнгі Ми ішін. Бозамық бұлт ай жүзін Жасырады Самал ғана сүйрейді жыңғыл иісін.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Мұз қабатын қақ тіліп Тамыр ағып. Сыздың сырын сыртқа айтты ол Дабыра ғып. Түйекөлдің жанары түпсіз, Үнсіз. Алатаудың аялы шаңырағы Ық. Көмейінде байғұздың күй Кісінеп. Қилы сурет үрейің, қилы Үш леп!!! Мəжнүн талдар мəңгіріп Сілейеді, Көксеректің ернінен сүйгісі кеп. Бұлт бетінен тамады Алғашқы ұғым, Сол арқылы тастайды жанға Ұшқынын Жұлдыз кешіп қаңғырған Ес жүзінде: Қалам жортты ізіндей Албастының. Өскемен, 02.05.2007
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ТАҢ - ӨЛІАРА Қарасудың беті, өңі Баяғыдай мөп-мөлдір. Ала бұлттың етегі – Көлбірейді көк теңбіл. Жел өтінен қаңғырған Оқ секілді жас тамып. Жаңбырменен жаңғырған, Көксеркенің аспаны. Ми ішінде абалап, Азған иттің үргені. Үзік бауын сабалап Жел түртеді іргені. Бауырында түлкінің Бұйығады мығым қыр. Сауырында жылқының Ай түнейді бұлыңғыр. Есінеген торы аттың Езуінен нұр құлап. Торғай күйін боратты, Шиқылымен ұрғылап. Торсықтағы іркіттің Шулағаны басылып. Күн күледі Бүркіттің Иығынан асылып. * Ала қыстан арқасы тозып өткен Борша-борша жылап тұр Көзі көк Тоң.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Ең жылы шың еңкілдеп Елжірейді Елтірісі бұп-бұйра қозы-көктем. Бүршігімен əн салып мың шіліктер, Көк пен жерді қосады, Жыршы «іліктер». Мінер жағын күн қағып Жүр күліктер... Жүрек жақтан ағады Бір Сынық тер. Қазір аман, бостанмын қауіпті Ойдан. Шешіледі естен кек, Сауыт бойдан. Сан жүз жұлдыз сөніп кеп, Сəл тыныққан Ақ кітап қой, мына қар Жауып қойған. Көбең белдің жонына Шыққан ыстық. Сол қыраттың шоқтығын ықтап Ұштық. Көктем келді! дедік те Көкірекпен... Көк шалғынға жабысқан Шықтан іштік. * Əлем шұбап барады жан-жағымнан Бал жағылған, бір жағы Қан жағылған... «Жəннат жоқ» – деп жылады Жалқы Тəңір,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Жалғыз түйір масақты қалжа қылған. Мұз қарасұр маңайым – Темір алаң Жазу үшін оған жыр, Желім алам. Тірі жандар сілтідей ой салады, Өзіне емес, Өзге емес, Өлі маған. Өлең өтіп барады Либай мен Күндер үріп... Сəт сайын ұлиды-ай... «Ме-е-н...» Қап-қара түн... Ауылым... Мың үй... Сай... Иен... Қаратастың сауыры жылиды Аймен. Ай шуағын сіміру істейтінім, Күй, Күй маған сыйлайды. Іштей тыным. Ең тəуірі – оны мен көрмейтінім... Ең ауыры – азырақ Ішпейтінім... * Қайда толқып барады мына ғалам! Жынды əуен жылымшы үн, Жылаған əн. Кермек судың кекілі Қызыл бұйра. Көңіл жүдеу, көз соқыр, Құлақ аман.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Мөлдір шулар, қылыштай Азуда тұр, Миға сіңді мың түрлі Аз... Улы «əтір» «Əжім-əжім əжеңнің Əлемі - əуен!» Қар бетінде осындай жазу Жатыр. Сол жазуды кім оқып, кім Түсінген? Түсін салып қарайды, бұлт Ісінген. Бір із алып жанымның Жотасынан, Жалғыз өлең жазайын Ұлт үшін Мен. * Өлең сырғып барады темір мінген, Тозаң қалмай тарады, Небір күннен. Сүйек артқан арбалар барады Аулақ, Иек артқан тіземді Кемірдім Мен. От шашырап оңбай бір шапалақтан Қан саулайды қарадай Нақақ ақтан. Мың тамырдың төбесін тесіп Тұрып, Жыр сауынын жауады шапағы Ақ таң.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Жанның бəрі содан соң жырға Ащылап. Тəнін басып күледі ұрғашы Бақ. Шын күшімді сарқып бір Күшенемін... Тіл қыстырған құйрықтың Жырмышынан. * Жалғыз өлең оқыдым Тістеніп ап. Жүре алмадым Шын ойды Ішке нығап. Көбесінен шіріп тұр, көкше тұяқ, Төбесінен іріп тұр Пістелі бақ. Май сорғалап қазақтың Мақалынан. Шоқта аунап піседі қапалы Мəн. Ақбұйра өлең киеді бір Түземдік. Абылайдың күмістей сақалынан. Өлең қайтты... Өңшең түс... қасыңда еріп, Өз жаның жоқ кеудеңде, Басыңда ерік. Бұйрығына алланың бас ұрасың. Құйрығына тарпаңның Шашыңды өріп.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Үнсіз үйлер үрейлі Ит үрмейді жағы ісіп. Біздің жаман көлеңкеміз Қабырғада жабысып... Əзəзілдің əптігіндей жел Гулейді əредік. Күздің күрең қабағымен Күңіренді бақ іші. Қырау болып, қырсау қонды, Гүл бетіне жабысып. Бұтақтардың жапырағы – Жерге қайтты тағы Ұшып. Жер мен аспан Желімделіп, көңнің Көбіс иісімен. Аптығың да шапқылаған Ай дидарлы Ақ ұшақ. Аспан мен жер бусанады, Бұлт жамылып табысып. Алатаудың мейірімі кең, шалқаяды Ақ ішіп... Мылтық аттым, сол беймаза Іңірде: «Мə, бөлтірік! Мə, қортық ит! Мə, күшік!»
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ АҢЫРТАС Жарқан, Тарқан, Тутұғыр... Құмдағы Ұлан. Керіөлеңде кейре ізі, Мың бағылан. Қыпшақтардың үш бауы Салбырап кеп Күлтегіннің табылды сырмағынан. Қаржаубай Сартқожаға О, Аңыртасым! Мына ғалам таңдансын, таңырқасын. Көк ала Орхон көйлегін Көгелдетіп, Көкжиектен көтерсін таң Лыпасын. Беу! Аңыртас-бауыртасым Жүрегімді жылатып, Ауыртасың. Барығыңда баһадүр батпан Сылап, Сауырыңа жазыпты дəу Ырқасын. Алачу хат, нəн бекет Жаралы Алаш Жозатаққа тамған сүт, қан аралас. Бақатақтың үстінде бірлік Жатыр. Төбесі көк... Төрі нұр... Араны ағаш... Жолы бəдіз... Жозы үн,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Көрі мірлі Үй... Бөрі қаған тіл қатқан Бөрі-қырғи Алты Есір, Он оқты, Отыз оғыз... Қобыз үні аңқыған қорымың күй. Жарқан... Тарқан... Тутұғыр... Құмдағы ұғым Ми ішінде сілкінді мылжа ғылым... Кəрі Орхон тулап кеп Бетін ашты, Күлтегіннің ең соңғы жұмбағының... Жуып жайған ескі көйлек Оңыпты. Сəнді бедер күз келерін Соң ұқты. Биылғы жаз... Кер биеден қоң ықты. Паң даланың Маң келбеті солыпты. ...Кенже құлын тоңып тұр?! Аяғымды етік қажап, Баяғымды ой қажап. Іңірінде қамап қойды, Қамап қойды Азап. Жалаңаяқ жорту керек... Жаңа жауған күртікке, ...Ой, керемет! ...Ой, тамаша! ...Ой, ғажап!
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Беті секпіл қар жатыр, бел демалып. Зəулім шынар төбесін көлге Малып. Көш жүзеді түйенің өркешімен Көк күмбезі көңілсіз Өлген алып... Жел үреді, тау жақтан, Жел үреді. Жел ысқырса ақ бозым Еліреді?! Беу ақбоздың апайтөс Сауырындай Еңсесі кең ен жайлау Керіледі! Көш жүзеді түйенің өркешімен. Бір күн қайтты, бір Күйдің Күмбірімен Құлағымда əн қалды... Сан мың ұшқын шашырап өлең келді. Таңмен тұрып тамаша Сіңбіріп ем. Өлең кетті күл қылып Күллі үнімен. Дала көшті мың түрлі Қыр гүлімен. Қала көшті бір түрлі
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Тұрғынымен. Бір күн қайтты... Шеру кетіп барады Тыржалаңаш... Айқайлайды аяғы сынған ағаш? Қызықтысы - кешегі мырза аға Мас. Қызықтысы - бүгінгі мың қазан аш. Улыға ықтап, сарғайған шулыға ықтап. Мейлі... дейміз Жөтелге булығып қап... Ар тұралап... əрең келем ат өліп «Мұрат» – деген осы ауыл ма? Мə... Тегі... Уһ!... Əрең жеттім «Əкесінің ауызын» Есалаңдай ирелеңдеп Сау ізім. Неліктен біз тезге салдық Уақытты? Ар тұралап, зорға жеттік Ат өліп, Мұратты іздеу: Қандай ғажап қателік... «Мұратына жетпегендер бақытты» – Бұл – уақыт мəтелі...
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ УАҚЫТ, ТАҒЫ ДА ҚАР Қапалақ қар бетімді тырнап Қалып; Көшіп барам əйтеуір бір жаққа Лағып. Жаңа жауған күртіктің Уысында Қара бұлақ ағады сырғақ Қағып. Дүрс-дүрс соққан жүректі Қолға ұстап, Біреуге айтпай, біреуге жол Бағыштап. Еру жерге жеттік-ау Мол қарыштап... Бірақ жаным өзімнен Қонды алыстап.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ЖАН ЖҮРМЕГЕН БІР ІЗДЕРДЕ * Жан жүрмеген бір іздерде, Ай түнейді күн ықтап. Жомарт уақыт қымыз берген, Ми ішінде тұнып қап. Таң ертеңгі ауаны алып, Келесіз бе тəтті жыр? Тазаланып, дауаланып... Санамызда ат дүбір. Мұңмен кепкен сыпсың іңір, Қаламымның сиясы. Маңдайымда жып-жылы бір, Бозторғайдың ұясы. Жан баспаған бір іздерде, Жыр түнейді, жоза мың... Ат жалына сыбызғы ерген, Сыбызғы өрген бозамық. Сыртым солай, мың күнгі елес, Ізде жатқан жыр шеті. Ешбір күштің ырқында емес Тамшы ағады тырс етіп.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ БИІК ҮЙ-МАЛИЛЕР Биік үйлер, үрейлі үйлер иен молаға ұқсаған Тірі өліктер ұйығы. Айқайлайды асқазандар қасап жақтан шықса қан, Өркениеттің сыйы бұл Биік үй. Ызғар, аптап, сазды қыртыс, əуен қайтқан құстармен... Жан тынысы-көлеңкенің ұйығы Əр қызығын өлшеп, өңдеп өңшең градустармен, ықтап жатады тұйығын. Биік үйлер, үрейлі үйлер иттері нəн үретін; Кабурлерде күшіктер... Тас балшықпен тас сана өсіп тас сорады тірі етің. Тор ішінде түсіктер. Биік үйлер, биік таусыз, жансыз, нəрсіз, жусансыз, Сыра жалап жəндіктер... Қан базарда зəр де, зар да, мал да мұнда шу сансыз, Бұратана бандиттер, Құла алаңды күреп-күреп, тұрақ соққан ісімер; Күн көсемнің балиі... Кеудедегі түрмелерге шырақ жағып кісілер... ?... Лə-ми-ім...
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Көзімнің алды көгілдір оттар Жалқын əн... Еріні кезерген кең іңір. Етегі көлбең, көл-көсір мейірім, бал тұман?! Желкесі жібек, жеңі нұр. Қара түн мүлгіп жаяды шашын Мұң – ару Өліара өңді шың, құздар Мың ғасыр бұрын жазу боп сөнген сыңарың... Кірпікте шықтар, жұлдыздар... Кеңістік алдың, өрмекші торы ай ізі. Аяулы шөптер, тай жалы?.. Жиекте жібек жиденің қызғылт қайызы; Ай ізі сансыз найзалы. Жып-жылы шығыс, көгілжім ұлпа жабағы, Үркермен жусап Иек қыр Жаудырап тұрған аршаның бір тал сабағын, Қобыздың үні сүйеп тұр.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Аспанымнан ағады өнімі жоқ татыр Ай. Мезгілі бар екі өңмен Мың шегіртке секілді, Уақыт-ай, апыр-ай! Қарғып өткен шекемнен. Уақыттан ұрлап ем, ұзақ тұрмас таңды бір. Қоразы кеп шақырды, Үзігіндей өлеңнің. (Қызыл шоқ боп жанды қыр). Шырағдандай ақырғы... Көздің алды бағалы – өрнегі сəн күміс қар, Ши басына күйреген Жасыңды кеп сүртетін, көлбеген сан дыбыстар Естілмеген сирек ең. Таң бедерін жалады жан бітіріп жыр кеме, Тағы мұнар дымы... Сай бұлағы кісінеп жетіп келді іргеме Ағыны бар жылы.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Бұлттар қалқиды биікте көлеңкесі ауыр Көкек еңіреп оянды ана талдағы Сəуір кісінеп бір сəт, Алақандағы. Тұмса бұталар жанары балапандады, Сағымдар жұп-жұмсақ көрпесін жабады, Иісі нəр дала демінің. Бидай сабанында жаны, Сорады таулардың сала желінін. Қаздар қаңқылын лақтырды төбеден Тамшыға байлап. Өлең боп өреді сосын, өлеңмен Қаңсыған аймақ. Аппақ пырақтар бусанып, жусайды табаны балқып. Айдың арайын төгеді шаршы маңайға Тізбегі құстың – түздегі ұлар-шу, іздегі жаршы. Жапырақ жаныңды жалына тартады біздегі əр шың. Сағыныш самайдан баяу сипайды Кезең жақтағы. Ақ үйлер. Салт аттар кермеде Көк ала желегін көкке жаяды Тезек жаққан үй. Күй сыңсып пернеде. Белегір, тоңғақты қозы, ырысты үйлесім, Өлең ырғақты Көк жиегінде əжем түймесі, Сере құндақты.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ШЕГІНІС АБСУРДЫ Қиял жаныңа естелік қалдырды Жүрегім жұлым. Аунаған толқындай санам да сан қырлы... Білемін, Зіл. Үн... Жаңбырлы. Ашық терезе. Жауынның иісі. Бір түрлі əн демі жоғалған. Ескі белгілеу, жыртылған. Ескі сағыныш, іркінді. Паршамын. Кей сөзім əлемнен алыс, Бей сезім аяп аршаны Мың ғасыр бұрынғы жазылған хаттай Шаршадым. Уақыт сыңар қанаттай. Маңдай да қатпар. Жыртық кеспірде жыртың күлкінің үзігі, Таңдайда дəт бар. Зағип бөкендей жалғыз жол, бұдырсыз, сызығым Жұлдызын теремін жұлдызды жылқылар ізінің? Өткен шақ өзіне сіңіріп алады, өкпектің ызыңын. Кей сезім өзімнен алыс піседі... Мүседі ми үстеп. Раушан гүлінен азырақ үзіп ап иіскеп... Талшығым. Кешегі ізімнен, кешегі мүйісте. Өзім тығылып, өз табаныма. Өзім жаншылып... Жолдармен адасам мүлде созылған сұлық. Қиял жанымда естелік жылайды, Жұмыртқасы ұлып.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Күнім өртеніп батады ымыртқа сіңіп Тозған суреттей; Əуенім – қателік, қаперім – қасырет, тұман. Түн ауып барады, құлақта желік, Тас леп. Дүрмектей. Тамшы жұлдыздар əлдилеп жылауық даланы... Бəрі де күмəн! Бəрі де Лаң! Соқыр тауықтар маңым, шашылған тары, торыған мысық. Құнарсыз қыртыста құлаған сары қар – құсық. Есік көзінде жер ошақ. Төрт көзді... төрінде ұшық. Қиял жалауы желбірейді алыста. Бағыштап. Мəлім... Күш... Ақпар... Құрттаған сөйлемдер, қалың кітаптар... Жалын. Жаныңды ұсақтар. Залым құшақтар! Өлі жанарлар, қайраулы азулар, байлаулы жазулар. Жетім нысаптар. Өрді, өрді ұмытып, сырғимыз, ылғи біз тегін ылдимен. Шегініс секілді жылдамдық ілбиді Ең...
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Шағыл кезіп қаңғып жүрген қай күлкі? Жыл жығылған етегіне теректің. Сағым сайдың кекілінде Ай кілкіп, Боз шоқтығын сипап қайтты серектің. Киіз үйдің түндігіне шырмалып, Түз дүниенің жабырқауын-ай жаяу! Шағылдағы сол күлкінің жұрнағы Таң ұнтағындай-ау. Бүрлі талдың бұтағында сан түрлі Балапанның шиқылындай «іңгə»-лар... Бал қайыңдар аппақ жұмыр балтырлы Балағына жармасады жылғалар. Бүрлі талдың бұтағында Ай кілкіп!...
Шопенгауэр Ай мінгізіп күйсейді мүйізіне, Ақ сақалы салбырап арқар түлік. Малдас құрып алты қат кигізіне, Атам отыр тамшыдан арқан тіліп. Бұлт еңбектеп жетеді белге білем, Арқан ұшын тарқатып қылдан ескен. Иіс желеді изеннің еңбегімен, Мыс кемігі күледі жылдан өшкен. Кеш жантайған жартас дүр, мыртық, кетік Ат шылбырын сүйрепті шық үстімен, Гүл айқайлап қашады жыртып бетін.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ МАТИСС ҰШҚЫНЫ Құстар сағым алыстады, алыста Балапаннан бала үнім бүрледі. Күліп тұрып жылайтұғын қуаныштай, Балағымнан құпия жел үрледі. Жылау, күлу керек емес, қазіргі ем: Матисс жолы – басын иген бөрте егін Ақ күшіктің көмейінде жаз үрген, Жағалау мен жалдың үсті өртеңің. Құстар қашты күзден аттап қыр асты, Қанатында құрастырған бояулар. Ғаламда жоқ реңдер мен құба ұшқын, От үстінде жылап тынған ояу қар. Сансыз жұлдыз шөп ұшына жайғасқан, Тірі шырақ шоқ ішінде сөндірген. Күн шетінен көсіп алып айлы аспан, Түз бетіне төге салған өндірден.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ МƏН НЕМЕСЕ ТҮСТЕР ИЛЛЮЗИЯСЫ Қараңғының ойығында тұр шырақ, Қара ағындар тəуелінде шылғи Мəн. Жапырақтың əуенінде мұң сұрақ, Құлағыма қазық қағып, Құм құйған. Темір торға арқандаулы дəріптер Əріптерді нұсқайтынның тілі Мөр. Түстеріне енетіні ғаріптер, Түс үзілсе ғалам түгел бүлінер. Түз оянар сансыз түске қақалып, Бояуына тайғанақтап жер-көктің. Қыл қаламы қара шалдың сақалы, Қимылына аялдайды жөргектің. Кеудешенің түймесінде кідірген, Түз үзігі түнеріңкі – күлте түр. Ай табанын сүйіп қойып күдірде Таң мен түнді қақ айырып білте тұр.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ТҰМАННЫҢ МҮЙІСІНДЕГІ ƏН Көңіме арбалам қырдағы өңімді сағынам. Саулаған бұлдырық ұшады Тырнаның ізіне шырмалып. Əлсіз ғасырлар былдырлап тіл қатқан Жерошақ табынан, кəрілер ізінен. Құздардан жұққандай тəкаппар жүзінен Жолдардай мың қатпар Ішіне сақтаулы ғұмырлық сипаты Тірлігі баяғы, көңілі құндақты. Жаныңды ұйытатын Ғажайып жұмбақтар. Мəңгілік асқақ тұр Шағындау шағылдар. Бергісі Эверест, арғысы – Жер жүзі; Айналған меңге өшкін лағылдар Теңтессіз құбылыстар. Кері қызыл жанартау – жарақат, Аялы қарақат, Баяғы құмырсқа... Көзімнің жасында мөрдей ой, Белгім де. Торғайлар ойбайлап қасымда «Қош – аман келдің?»- деп. Бусанған далада Ашқарақ қисын бей, Жусанның жиегі. Сауыры терліктің иісіндей, Саумалды – Күнгейім киелі. Түсіме жүруші ед жиі еніп. Тұрмыз біз тұманның мүйісінде Жартасқа маңдаймен сүйеніп.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Ағам қайтқан сұлық таң, Маған мұңын жайды ымдап Ат су ішті тұнықтан, Шеңбер сызып айдынға ақ. Ести ме екен зейіні, Көрер ме екен бұл өңді ол. Өткелге кеп иіліп, Басын тықты жылан жол. Шидің басы сабалақ, Саздың беті ұйқылы, Көкке ілінген шағала Ақша қардың қиқымы. Таныс еді барлық таң, Бүгінгіні күтпеп ем. Күйсеп тұрған сарлықтан, Күрпілдейді сүтті өлең.
24.10.2010 - сарлық-қодас
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Теңіздің көк бет толқыны келіп, Жуады жалаң аяғым ізін. Даланың қолтығына еніп, Ұлиды жүдеу аялы жүзі. Толқындар жырлайды теңізгі ащы үн, Өлген таулар тырнайды сөнген теңіздің астын. Толқындар тасқын, мөп-мөлдір бөрте шілде іші. Жағалау кешіп, көшіп жүреді көсік күнге мінгесіп. Жетім шағала безілі бесік жыры еді, Шарлаған тұтқын шыңдардың жүлгесін. Теңіз етпеттеп сүзеді еге дала іргесін, Бақаның аузында өрнек-балшық ашылды. Жұлдыздар адасып қонады түнде, Тасқа түнеген қаршыға сынды. Қонады ұшқындар мүлде Кетік өлеңдей. Тəңір қол созым нұрдан шаршыға сіңді. Шетінен сетінегендей. Бұлттар айдың бетімен би билеп, шығыс батысты шашады тізесімен илеп. Дала жүдеулеу, жылы аялы жүзі Теңіздің көк бет толқыны – Жуады жалаң аяғым ізін.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Ұзап кеткен күндерімді қуалап, Өкпем қара қазандай. Ішкі тысым, ішірткілеп дуалап, Байлап қойған ғазалдай. Жолдарымды жұтып жатыр қатпар қыр Кеудешемнің түймелерін ағыттым... Көл шетінде шыбындаған аттар жүр, Шуағындай шабыттың. Енесіне еркелеген құлынның, Жалын үрлеп тау іші. Самайымның ағына кеп ілінді Сағыныштай қоңырқаздың дауысы. Жігеріңді қайра осылай керең Ес! Нажағайдың ұшқынынан ал қиып Өлең деген – өлең емес ерегес, Арғымақтың ізіндегі сан қиық. Күдер үзбе сен пырақсың, бостансың Ой – жер жүзіндегі кенің Төне берер дұшпаннан кек, достан сын Қайта оралуымен сенім!
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Қаңғыбас ізден сескенген құстар, Мешіт мұнарасына малдас құрады. Бұрымы бурыл талдарды қыстап, Аспанның албастылары. Кешегі кереметтерден қалғаны із бүгін, Көне кент пен кешен үлгісі. Алжастырады жалған ұғымың, Жалған ұғымың – кешенің құны. Умаждап лақтырған хатта, Уайым тұтқан жүзімнің қаны. Мəңгілік дүние боқтығын ақтап, Қаңғырып солай жүзің былғанып. Кірпікке ілулі ғаламды нəр ғып, Қарша борайсың тəңірің жадау. Лайсаң жолдарда құлайсың тарығып, Жылайсың жұлыс, тамырыңда дау. Құлайсың солай əмірмен тасқа құлайсыз, Бұрдыққан бала киіктей. Құлқыңда жайсыз сұрықсыз аспан айсыз, Шырағдан шала жанады, шала биікте. ...Ей!
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ АЯН, КӨШ, УАҚЫТ Кері басты, кетті. Өрге асты. Теңдессіз төрлер қапас көрге ұласты Ат сауырында некелер қиылды талай, Қазақтың төрт қанат керегесімен ғажап. Төрткүл дүниеге қазақ дөңгелек мөр басты. Жер басты. Жетті. Ұлт еске ілесті. Көшке ере алмағандар езуін кере сілесті. Саптама етіктің табанын сүйген Қырлары бошалап, сансыз да əлсіз салалы, жансыз діл өсті. Арқадан жел үрді, бөлтірік ұлыды, Кіріптарлықтан. Қарлы қабақтан зілдер құлады сұлық ымырттан. Əр төбе басында буалдыр обалар Тіл қатты ерен, Тұяғын құртқан қасаң тағалар, жұлығын жыртқан жұртта. Оқырана беретін қанатты уақыттар, ымдай Жұлдыздар жанады көкте Жаннаттың жаһұттарындай. Сазарған аспан сақалын өртеп Күйеді батыста, Назы алуан іңір мекіренеді Жұбанып, тарылмай. Дана тəңірім, ана даламның көз жасымен Санамды дымдашы, Ақтабан ғұндар қайта қайтам деп алаң қылмашы. Алыстан ауған аң біз емес, Тарымыз шашылған. Алатауға ұқсас көрінер Кешегі кесілген бабамның басы. Біз бүгін сол бастардың киелі уысындамыз,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Тырнайды Қорқыт қобызымен қу ішімді... Абыз. Сəт сайын жанымда жылқы кісінеп Аян береді даламда қалған қанды ту, сынған із. * Ақ параққа жұққан қырау – күз өңі, Қайтқан қаздар қанатынан құлап мұң. Боз даланың боза түкті күземі, Бүршігіндей сынаптың. Қоңыраулы, омыраулы, Қыр. Ауыл. Теңбіл айдың секпіл жүзі көзеңде. Тырналардың сыбырындай тырауы; Қыл қаламның қыбырындай өзендер. Таңғы Бүркіт талас басы – тоғыз түр, Шарбы бұлттың көрпесінде бүлініп. Бозінгеннің көмейінде қобыз тұр, Ботасының өркешінде ілініп. Боз шудалы сағыныштар – жыл үні, Гомер басы тоз-тоз болған, желеді. Аққулардың қанатынан жұлынып, Шаң қыраулап, мұң қылаулап келеді. ...Күз!
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ІҢІРДЕГІ БҰТАҚТАР Бір жасымды өзімнен үзіп беріп жайыммен, Шоқ жұлдыздың сəулесін жамылып ап ымыртта. Бұтағына ай ілген, ақылдасып қайыңмен, Құшақтасып, құлақпен Мыңбұлақтан мұң ұрттап. Оқыс жанған ұшқындар, осы күткен жағымнан, Жеті қабат шекпенін шешіп тастап жұмыртқа; (Шақыра ма кім білсін?) Бақырады қабынан. Сол бұтақтан жұлынған жапырақтар қабірсіз, Табанымның астында аһ ұрады, сабы үнсіз. Етегімді жұлқыған есалаң жел сабырсыз. Жүз жасауды армандап бақытты аңсап уайыммен, Уақытым тоқтап тұр мағынасыз, ағынсыз. Кеше біреу тастаған кемтар жаңсақ пайыммен, Иіс келеді маңымнан... Неғыласыз...Жағымсыз... Іңірдегі бұтақтар мүйізіне ай ілген.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Қараңғының уысында құсық арман аһ ұрды, Қыл қобыздың шектерін мысық тырнап; «ы-ыр» ышқын. Кеше басқан іздерін іздеп барған пақырдың, Өкшесінің мөрінен бір бозторғай пыр ұшты. Дір еткізіп жүректі. Тұрақтамай жүретін мұраттардай ақырғы. Ескі жара аузында қармақ ұстар малғұн-ды, Төбесінен төпештеп көбесімен жапырды ол; Жаңа жолдың үстіне шала өскен шалғынды, Жас томардың түбіне «кір-р» еткізіп күректі. Тас қабірдің жігінде бұралқы ойлар жорғалап, Ырылымен ырғынмен... (Мұндай жолмен кім жүрген?) Зорға шықты ай қорғалап. Күрегімнің түзінен жүрегімді аластап, Маңдайымнан, жонымнан жаңбыр суы сорғалап... Ескі жоба, Ескі жол жетегінде жүрмін мен. Жұлқынар да халім жоқ, шамасызбын бұлқынар. Тұяғының ұшқыны ұланғайыр жалын боп,
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЖАЛЫ ӨРТЕНГЕН ЖЫЛҚЫЛАР * Құрақтың соңғы құшағында жатып, Шық теріп, Жырлар шырқау көкке тарайды алыс. Тамырлап бағыс түптері. Күз шырақ білтесі – жанып жаһұттай Кебіс жұлығында көмілген дестелер, Жеңістен өлген уақыттай. Құстар ұзаққа ұшады айлап, мамығы қайсар, Жолдар тағдыр қиылысындай, кештер – тамұқ лайсаң. Тағдыр қиылысындай. Құздары ызғарды иектеп жататұғын-ды, Иіні сымдай. Күн жиектен соған батады мұңлы қыздың соңғы жымиысындай. Шиқылдап ойлар ғасыр запыранында, көнелеу бағыты. Көктемнің жасыл жапырағында көбелек табыты. Өкініш өлшемдерінен көлемдер Шалқып, күшеніп, қардың талшығындай Таза өлеңдер қалқып түседі Күз шырақ білтесі – жанып жаһұттай Кебіс жұлығында көмілген дестелер, Жеңістен өлген уақыттай.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ТҮНГІ ӨҢ Шағаланың қанатынан дауыл иісі бұрқырап Толқын желпіп жағаны, Көл мен көктің арасында сансыз қиқу Шырқырап, Көкке қарап қол жаяды сабаны. Жүз жыл бұрын көмген əуен қайта ұлып, Түн құшағы түрен жыр. Қасқа тайдың кекілінде ай туды, Күлте жалды – күрең қыр. Жағыланның шалғайынан сəн үзілді шаршаған Ғазал жаңбыр – кешкі мұң. Борхес сезген үйлесім; «Ажал мені іздеп жүрсе, мен де оны қарсы алам...» Қош! Ес түбі, барша мəн. Толғақ біткен жиілесін. Жүрегімнің орнын алған таудың кейіп-кескіні. Ертеңгі күн əнімбей, Сүйретеді ескілік. Ұстараның жүзіндегі өрік көзді кешкі үнім, Ақ жалаттың тоқымынан аққан тердің дəміндей. Бұлақтардың тұмасынан естеліктер ышқынып Құлағыма асылды... «Е-е-е!» Көзім тұман – бір ғасырдың ұсқыны, Тағы бір бет, тағы бір мəрт ашылды. Зиынында асқынып. Ши түбінен қоян қашты... «Ой, албасты!» Ояуым... қалқып өтті жасыл жел. Аққулардың қанатында қызғалдақтың бояуы.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ҚАРА ӨТКЕЛ, ҒАРЫШ, ӨЛШЕМ Жадау ай жамаулы ыдыстай, кейде ашу боранды. Тордағы қамаулы құстай жан-айқай үзік. Беу! Күллі тораңғы. Бұлт көкжиегінде булығып өлердей, арай тамызық. Жай тағылымдардың бəрі күрделі, жанды тарайтар ызың. Өңір өртеніп жанады алаулы мыстай, Жапырақ табыты мұздақ бетінде шашылып қалған. Көксерке қадаулы қылыштай Мəңгілік басы ұлықталған. Мың жыл бұрынғы жазулы қыштай. Етегін қағып сұлба жол тұрады басы құт қардан. Жақын сылдырлар, алыс сарындар сондай мұң ізді. Таулардан тамады үнсіз мейірім байғұз-сыбызғы. Тілсіз өлеңге мінсіз бей үнін қарыздар... (Ғарышта кім бар?) Діңіңде сауалды ең жақын сыбдыр, таныс сарындар... Иə, құдай-ау! Қара түн салбырап төнеді, мүрдесі барады қалқып. Самалдың сақалы көл бетін үрлеп, үйрекпен сызады баяу. Біздің үй. Ен жайлау. Дара мұнартып... Көңілде кірбің сынады, жаяу. Өмілдіріктен асқан өзеннің өркешін зерлі үзеңгі қауып, Қара өткел қол бұлғап ағады... Ұзады... Аяу... Боз жал толқынның көкжал күшімен түзелдік, ауып. Заман таяқ жеп өтеді осылай өткелден, түзем жылауық. Сан мың күліктің ізінде əн-мұң ұялап, Балапан шиқылы; Жағалау өзімен мазасыз, шағала – өзімен күйкілі. Көне дыбыстай тілдесіп, үндесіп Көң менен көк аспан; КӨГЕННІҢ БАСЫНДА ТҮНЕЙДІ КӨБІК БҰЛТ ҰЙҚЫЛЫ.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ СЕНЕН... Жанымен сезінер ғаламның өлең-дастанын, Санама көтерген жерің кең, көлемді аспанын. Даланың үнімен қаламым жортады, əнімен жаныммен, Сөнемін қас қағым. Алмаған басқадан қол ұшын, таңдаған тон ішін, Қазақтың қайғысы – соғысым, қонысым; Сол үшін – сенен басқамын бауырым. Сан қилы баста мұң, діңімде сау ырым, Шыныммен таусылам түнімен тамшылап, Тұнатын таң шығы жаралған тамшыдан дəуірім, Белдерден асқамын сан ғұмыр қаңсыған, Сол үшін – сенен басқамын бауырым. Тəніме таңбалап мың сырлы баспа ығын, Жібінде өрілген мың түрлі таспаның. Түбіме жететін жегі кем – борышым; Сол үшін – өзіңнен басқамын бауырым. Көзімде аулағам мекиен сор ішін, Көтеріп қайысқан көкөрім жауырын, Гүлдерден жан сұрап... Жырымен аршыған жылқының сауырын. Нəр алған парсыдан сан ғасыр – сау ұғым; Сол үшін – сенен басқамын бауырым.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ * Ойын өмір. Теріс көштік... Оң көштік... Миымызды қырқып түсті соңғы өштік. Қарашірік қаймағы май сайда емес, Қайдағы бір қасат-қасат тоңда өстік. Аязға ықтап, тамыр терең сіңбеген, Таяз жерден нəр келеді дінге кем. Көштің жолы көп-көп айшық, жүз өрнек, Бара жатыр көктем қайтып... Күз өрлеп... Ор шудасы орқаш-орқаш шыңды орап, Бұлт шөгеді бұйра жонға тізерлеп.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ БОЯУЛЫ МАУСЫМ Жібек бұлттардың шеті сөгілген, Жерошақ түтінімен жамап, Ауылда. Тастардың секпіл бетіне сіңген, Сезім қынасы ғажап... Жауында. Дала əлдиі жүдеп түнеді, Бозала биедей құлынды таңым – бие бауында. Дір етті демім, самал жел баяу бұлқынып, Қызыл шырақтай жүректің өңі. Тана гүлдер де жаутаң аяу – нұр тұнып, Түте бұлт жылап өледі, Найзағай шықпыртып тіліп; Сұрғылт желеңі – өңірін өрт шалған, Тұтқыр түнектен. Түте бұлт жылап өледі, тəңір айығып. Меруерт тісінен күлкісін төгіп, Шие ернінде қира дауысы таң райының. Мейрім жылуын жинаған тау іші. Бота көзіне мамыр айының, Майса шықтарын сыйлаған маусым.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ТҮСКЕ ОРАУЛЫ КҮЗ Күздің жауһар жаңбыры күз бұрымында, Жапырақ жездей салмақты. Түсіңде қаңбақ ығады, ызғырық тұманын басып. Жүлгелер үнсіз сан дақты, су аяңдайды. Таулар түксиген абыз, сақалы белден Өкпелі өткінші өксіп жылай алмайды. Қайтқан шілденің қапырық ауа райында Қақалып өлген. Зіл батпан төбеден өкшемен ұрады, Өкпең өрт болып лаулайды Парақтар шырағында ұшып. Жастық шақ көрген түсіңдей ұмыт қалады. Сарыала сағыныштар жұмағы ұрғашы; Еміс естисің ешкім еместігіңді, Сұлық айналаң. Діңі байланған талдар мен бұлақ ымдасып. Өзіңді көресің судағы сынық айнадан, Сөзіңді тыңдайсың іштегі құлағыңды басып. Өзіңді қинайсың солай сана ғаламатымен Түсіңде тағы көресің жалғасын жұлдыз-ғұмырдың Маңырап қайтады кешегі ойың далаға түнеген, Күздің суық жүзінде күндізгі кірбің.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ ӨЛЕҢ ЕМЕС ӨЛЕҢ Тау бағып Абай, жаурадың талай Арқаның зəрлі сан «ақпанында». «Қан теңіз» кештің сен қабағат қанат қағымда. Қайта келдің бе замана абызы-ау «қалың жұртыңа» Қазақ сорлының абат таңы атқанында. Жығылып жүдедің алақан жайып ажал соңынан, Жылылық тіледің тас тінділердің тажал тоңынан. Арландар тістеп, қайран бауырларыңның қоңынан Арманда кеткен артыңнан бір топ қоңыр аң. Сен бастарды көрмедің əйтеуір ағат кесілген, Тағат таппаған елің, айырылып ерден Есілден. Жұлдыздар бытырап ақыретсіздер сіңген мынау далаң да Аһ ұрып жатыр анары шұрқ-шұрқ тесілген. Сол дала төсінен сүт деп біз ірің емеміз, Сор, нала шырмаған шоқынды дүрмек, тірі денеміз. Қиылған тілінің қырқыны қалған жұртқа жапақтап, Домбыра пернесін кезіп күңіренеміз. Күйерміз осылай, күнсіздің мəңгі мінін сілерміз, Кеш құдай, біздердей топтарды, Кеш Абай күлімсілерді. Батырын табалап, жақынын жер еткендерміз. Ақынын сабаған ғаламда бірінші елміз. О, мəрт Абай жүрекке таңба иттерге талатқаның да Жаурадың талай Арқаның зəрлі сан «ақпанында» Бармағым айтады тістеуден мəңгі қажыған; Қазақтың қатесі – Абайды сабатқанында.
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ МАЗМҰНЫ Лағыл даланың лағыл ырғақтары.........................................3 Бəдіз өксиді..............................................................................5 Өлара салыстырмасы.............................................................6 «Жұлдыздың лағыл елесі» жинағынан ..............................7 Күйік бақыт............................................................................12 Атавизм ................................................................................14 Аллегория..............................................................................17 Емес.......................................................................................19 Машақаты көп күндер..........................................................24 Ауыл......................................................................................29 Бейтаныс аға.........................................................................32 Жалғыздық.............................................................................36 Бала салған əн.......................................................................40 Тоғысайға..............................................................................42 Бүгінгі əуен...........................................................................63 Жебе – уақыт ........................................................................73 Нəпсі.......................................................................................74 Азу тісте қайтыс болған алмалар........................................75 Тіл .........................................................................................78 Құдіретті күш немесе...........................................................83 Қара.......................................................................................87 Элегия....................................................................................88 Шілде, 92...............................................................................91 Мең-зең күй..........................................................................95 Шүбə......................................................................................99 Күпіршілік...........................................................................108 Машақат...............................................................................111 З.Рысбекке ..........................................................................113 Теңсіздік...............................................................................115 Нəубат һəм Civilisiation......................................................116 Махаббат жəне ындын........................................................117 Бəби.....................................................................................119 Дуа.......................................................................................125 Өтініш..................................................................................129 Жолдар қиыр...................................................................... 133 Жаңылу............................................................................... 135 Түн.......................................................................................138
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Қайта туу.............................................................................139 Таң – өліара...................................................................151 Аңыртас..............................................................................157 Уақыт, тағы да қар..............................................................161 Жан жүрмеген бір іздерде...................................................162 Биік үй – малилер................................................................163 Шегініс абсурды..................................................................167 «Дүние – елес».....................................................................170 Матисс ұшқыны..................................................................171 Мəн немесе түстер иллюзиясы...........................................172 Тұманның мүйісіндегі əн....................................................173 Аян, көш, уақыт...................................................................178 Іңірдегі бұтақтар.................................................................180 Қаламының ұшында жалы өртенген жылқылар...............182 Түңгі өн................................................................................ 183 Қара өткел, ғарыш, өлшем.................................................184 Сенен...................................................................................185 Бояулы маусым...................................................................187 Түске ораулы күз ...............................................................188 Өлең емес өлең...................................................................189
СҰРАҒАН РАХМЕТ КӨГІЛДІР ШАБЫТ Теруге 03.20. 2011 ж. жіберілді. Басуға 22.08. 2011 ж. қол қойылды. Пішімі 84х100 1/32 . Шартты баспа табағы 10. Есепті баспа табағы 12. Таралымы 2000 дана. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, Алматы қаласы, Ш.Уəлиханов көшесі, 43 А СҰРАҒАН РАХМЕТҰЛЫ КӨГІЛДІР ШАБЫТ (Өлеңдер жинағы) Редакторы Серік Рəсілов Суретшісі Бейсен Серікбай Корректоры Жанар Мұқашева Беттеген Айнагүл Ауанова
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру