Мазмұнға өту
Home

Шенеунікше тактика

Өріс Яшүкірқызы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Шенеунікше тактика

Авторы: Өріс Яшүкірқызы

Өріс Яшүкірқызы Отырар кітапханасы

ШЕНЕУНІКШЕ ТАКТИКА

(Әзілсықақ, сатиралық әңгімелер жинағы) «Ұмай» баспасы 2007 жыл ББК 84 Қаз 7-44 Я 96 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің бағдарламасы бойынша шығарылды Я 96.Яшүкірқызы Ө. Шенеунікше тактика: Әзіл-сықақ, сатиралық әңгімелер,өлеңдер-Алматы: «Ұмай» баспасы»2007,-136 бет

ISBN 978-001-7056-02-5

Өріс Яшүкірқызы “Айна көңіл”, “Боямасыз өмір, “Сексеуілдің шоғы” кітаптарының авторы. Бұл жаңа кітабында әр жылдары жазылған сатиралық туындылары, әзіл-сықақ әңгімелері мен өлеңдері беріліп отыр. Автор сын-сықақтарында өмірдің сан қырларында кездесе беретін жықпылтым тіршіліктерді сыни көзқараспен әжуалайды. Шығармаларының қай-қайсысында астарында жатқан мысқалдай мысқылына мырс етіп, кекесін күлкісіне келісесің. Кітаптың тілі жеңіл әрі тартымды. ББК 84 Қаз 7-44

Я 4702250201 00(05)-07

ISBN 978-001-7056-02-5

Яшүкірқызы Ө.2007 ж. «Ұмай» баспасы 2007 ж.

Ә Ң Г І М Е Л Е Р

Музыкалық сәлем

Қазақ радиосынан жүргізуші: - Сонымен, тыңдармандар, тағы да назарларыңызды аудара отырайық. Кәне тыңдаңыздар. Бүгін кішкентай Бораш бір жасқа толыпты. Оған ата аналары Қараш пен Жарас әжесі мен атасы Жанай мен Қанай, нағашылары Орай мен Сорай, бала бақшасындағы әпкелері Таңсық пен Қалшық, мектепте оқитын ағалары Мәулік пен Тәулік, құда-құдағилары (бір жастағы Борашта құда-құдағи болғаны ғой) Орамал, Жорамал, жиен апалары Алмалы, Салмалы, нағашы ағалары Одағай және Жадағай, кіндік шешесі мен әкесі Жарлық пен Зарлық тағы да басқа көптеген туысқандары қуанып, Борашқа Қазақ радиосы арқылы өзінің сүйіп тыңдайтын әні “Бұлбұлды” Бибігүл Төлегенованың орындауында (ойпыр-ай, ә, бір жастағы баланың әнге деген талғамы қандай күшті) беруді сұрайды. Қадірлі Қараш пен Жарас! Бұл ән сіздердің өтініштеріңіз бойынша бір жасқа бүгін толған, Борашқа жолданып отыр. Бораш, кәне тыңдай ғой, бұл музыкалық сәлем саған арналады. Емізік сорып отырған балаға Бибігүлдей бұлбұлға ән салдырған атаанасы қандай десейші. “Бұлбұлды” тыңдайтын Бораш қандай керемет. Қазақ радиосын ден қойып тыңдасаң осындай кереметтер көп.

Айдаша және Пайдаша

Хабарландыру: “30-ншы ақпанда Алматыда, 8 наурызда Астанада “Конгресс холда” атақты әнші Айдаша және Пайдашаның үлкен концерті болады. Концертке есімдері республикамызға танымал “МузАрт” тобы, “Наз”, “Салтанат” би ансамбльдері мен “Жігіттер тобы”, “Қыздар тобы”., “Па-Па”, “Ма-Ма”, “Еһе-ЕҺе” “Ха-хаХа-ха” топтары қатысады. Осы жерде ерінбей санаған адам 15-тен асатын өнер тобының тізімдерін оқыр еді. - Құдай-ау, Айдаша кім еді? Пайдаша кім еді? Ешкім біле қоймайды. Өзің де танымай дал боласың. Кейін белгілі болады. Олар өнерге ешқандай сорпасы қосылмайтын ірі банкир екен. Оның сүйікті жарына, баласына арнаған өлеңдері орыс тілінен қазақшаға аударылған.

Біздің “талғампаз” сазгерлеріміз өлеңдеріне ән шығарған. Банкир ақын да өзі, сазгер де өзі, әнші де өзі болып шығады. Құдай берейін десе осы. Міне, керемет! Кресломен туғандар

Атасы 65-те. Парламентте. Коммунистік партия кезінде халық қалаулысы болған. Қазір де солай. Өмір бойына халық қалаулысы. Өз қамын ғана жеген адам. Қалаулы халыққа емес, халық қалаулыға жұмыс істеп отыр. Бір өзінде бір хатшы мен бір көмекші. Астында жұмсақ кресло. Атасының баласы 45-те. А -на- у жоғарыда. Бері, саусағыма қара. Мына жақта. Көрдің бе. Сонда. Оның да креслосы мықты, отырған орнынан мызғымай келеді. Нық отыр. Кресло емес, тақ сияқты. Бір өзінде 2 көмекші, 2 хатшы. Барлығы тік тұрып Атасының баласына қызмет етеді. Астында жұмсақ кресло. Атасының немересі, 24-те. Білдей Министрлікте. Білдей қызмет басқарады. Болашақтың тұтқасы. Тіл-аузымыз тасқа маңдайға сыйса, болайын деп тұр. Астында жұмсақ кресло. Америкада оқып келген. Өте білімді. Қазақ тілінен басқа білмейтін тілі жоқ. (қазақ тілі өзіміз ғой, білмесе де бәрі бір). Дүниежүзі тарихын зерттеп жүр. Ал, Қазақстанның тарихы барына әлі де күмәнмен қарайды. Астында жұмсақ кресло. Атасының шөбересі. Жақында ғана Америкада дүниеге келді. Жаңа туатын нәрестеге стерилизованный ауа қажет екен. Атасының келінінің Мұхит асып босануы сондықтан. Қандай ақылды десейші. Ал біздің елде білесіздер, қазір бәрі қауіпті. Бұрынғы советский микроб, стифиликок деген көзге көренбейтін пәлекеттер айналып кетейін екен. Қазіргі әнебір ауыз бармайтын Вич-ті айтсайшы. Кейбір перзентхана үйлерінде осы сұрқылтай сұмдықтан сұлап жатқандар қаншама. Қазақы өлкеміз ОҚО-дағы жәйлер ше. Бұл өзі Америкадан оқып келген билік тұтқасында отырған Атасының немересін қатты шошытып, “Вдруг. .. басқа да перзентханаларда болуы мүмкін” деген күмән туғызған. Сол себепті келіншегін шетелде бошалатқан. Сөйтіп, Атасының шөбересі Америкаға барып құрсақтан шықты. Жаңа туған нәрестенің салмағын біз айтпаймыз, сен білмей-ақ қой. Американдық акушерлер: “Мұндай салмақпен американдық әйелдер бала туған емес, қазақстандықтар қалай ірі туады-ей, керемет қой мынау, - деп таңқалыпты. Әрине, керемет. Ондағылар баланың көрінбейтін кресломен туылғанын біліп отыр дейсің бе. Білмейді. Ал, біз біліп отырмыз. Асты сызылғандарға зер салшы. Барлығы да кресломен туылған. Шөбере перзент те бесікке бел тигізбейді, бірден креслода тербеледі. Ал, ендеше!

Содан соң ернінде уыз сүті кеппестен билік ете береді. Мұндай кереметтер көп қазір. Қызмет бабы Ол - қызмет бабын пайдаланып мемлекеттің миллиондаған қаржысын жеп қойды... Ол - қызмет бабын пайдаланып мемлекеттің миллиардтаған меншігін өзіне жекешелендіріп алды...

Ол – қызмет бабын пайдаланып Атадан мұраға қалған жердің құнарлы бөлігін сатып жіберді.... Ол – қызмет бабын пайдаланып өйтті..., бүйтті..., қырды..., жойды..., өртеді... Ол - қызмет бабын пайдаланып қарапайым адамдарды соққыға жықты... Олқызмет бабын пайдаланып кісі өлтірді... Ол – қызмет бабын пайдаланып.... Мұның аржағы тізіле берсе 99 тізім болып кете береді. Ол – кім? Ол - Ол Солайұлы. Біздің елдің азаматы. Ол отанында. Бәріне пысқырғаны бар. Қызметте... Керемет, ә? Құрметті көкелер

Газетте хабарлар беріледі. “Пәлен деген облыста немесе пәлен деген ауданда Пәленшеев Түген көкеге “Құрметті азамат” деген атағы берілді.” Пәленшеев Түген көке ауданда 40-50 жыл бұрын туылғаны рас. Ал, бірақ сол ауданға еңбегі сіңіп, тамшы тері төгілмеген.Тіпті сол жерді білмейді де. Ал өмір бойы аталған елдің ыстығы мен суығына күйіп, барын салып, жанымен еңбек еткендер мұндай құрметтен аулақ. Жергілікті мәслихат шешімдері арқылы берілетін осындай құрметті азаматтар атағын алғандар “құрметсіздерден” көбейіп барады. Бағасы қандай? Әлду мен Дәлду

Қазақ радиосы, шынында қызық. Мұндағы Әлдулер мен Дәлдулер еріксіз елеңдетпей қоймайды. Оның қайсыбірін айтайық. Ерінбесеңіз тыңдап көріңіз. Әлду: - ...Кәне, кәне біз Сіздердің звоноктарыңызды күтіп отырмыз. Кім бізге телефон соғады. Аржағынан телефонның шырылы сияқты бір дыбыс естілерестілместен. - Кіммін дейсіз? Өте жақсы. Айдобол. Атыңыз да келісті екен. Сирек кездесетін ат дегенім бой баяғы. Өйткені менің әжем айтатын. “Айдобол, Айдобол, ас ішкенде пайда бол деп... Ихх и их.. и хи-хи-ка... Әлду өзі әбден күліп алады. Аржағындағы да күлетін шығар, ол естілмейді ғой бер жаққа. Содан соң барып: - Сонымен негізі тақырыпқа көшейікші. Айтпақшы біздің тақырыбымыз қандай еді? Ымм.. а..а.. Иә.. мақал сөздің жартысын табу екен ғой,- Әйелдің шашы ұзын... деген.. Сіз не айтасыз... Әл-л-оу, тыңдап тұрсыз ба. Сіз не айтасыз, деймін, Айдабол? Ол қасқа аржақта әбден ойланып жатса керек. Мына жақтан Әлду тағы да: -Айдобол таппадыңыз, иә? Айдобол, ұйқысы қанбаған шығар, таппай отыр. Кәне, радотыңдаушылар одан әрі кім бізге телефон соғады... Шыр...р..р.. Телефон естіледі. - Кім екен?... - Әсем-ай.. - Қалай, Әсем-ай, біз сені ерте оятқан жоқпыз ба? - Жоқ.. - Не істеп отырсыз, қазір. - Шәй ішіп... - Шәй ішіп, бізді тыңдап отыр екенсіз ғой. - Иә... - Ал, енді айта қойшы.. Мақалымызды қайталап жіберейік, пе? “Әйелдің шашы ұзын.... Иә, аржағын айта аласыз ба?... - Шаштаразға баруы керек шығар... -Таппадыңыз, таппадыңыз. Онда өзіміз айтайық, ә? Қазақта мақал бар. “Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа” деген. Бұған әрине, қыздар мен әйелдер ренжімейді деп ойлаймын... Қазіргі қыздардың онсызда шашы қысқа, ал ақылдары ұзын...ұзын.. ә?. Тағы да сыңғырлаған күлкі... Радиода Әлду мен Дәлду күліп болмайынша хабар жүрмейді. Бұдан кейінгі кезек әнші Дәлдуге беріледі. Ол: Арманым менің, Арманым менің, Аңсадым сені, Аңсадым сені, Гүлдей құлпырған, Көктем жарасқан,

Жұлдыздар сені Күнге таласқан, Айым-ай, Асыл бағым-ай, Айым-ай, айым-ай, Айым-ай... Айым-ай... деп табандап тұрып алады. Әлдудің әлгіндегідей шатпағынан, Дәлдудің дәләку әнінен құлақ әбден сарсып бишара радионың құлағын жаба қоясың. Кемпірлер командасы Құдайыда отырған кемпірлердің арасынан шу шықты.

- Ай, Сары қыз, ана балаңа айт. Кәмандасына менің баламды алсын. Қызметі өсіпті. Құтты болсын. Жаңа аптозауыт ашып, директір болыпты. Естіп қуандым. Қызыл дипломы бар балам мамандығына сәйкес жұмыс таба алмай жүр. Екеуінің әкесі тай-құлындай тебісіп, бірге өсті емес пе. Қолдаушы жоқ. Май құятын стансадағы әне бір бастығы күнде “құртамын” деп қоқаңдайтын көрінеді.Қазір жұрттың барлығы да кәмандамен жұмыс істейді дейді. Енің баламды алсын қасына.

- Өз ата жүзімізді түгендеп алайық та. Менің баламды алсын кәмандасына. Осы сенің балаңды өзім оқытып, мектепте завыш кезімде аттестатын өзім кілең 5-пен реттегенім есіңде ме. Білесің ғой. Одан жаман болған жоқ. Осындай дәрежеге жетіп отыр, - деген екінші дауыс қапталдасты. - Қайдан білейін. Жоғары жақтан да кәмандаға нұсқаулар түседі дейді. Қызметке енді барып... нетіп жатыр ғой өзі. Айтқанымды істей қойса... Сары қыз кемпірдің даусы күмілжіңкіреп шықты. Үшінші дауыс өктем естілді:

- Өмір бойы сауын пермада бір кәмандада жұмыс істедік. Екеуміз де селсәбетке депутат болып бірге әктебіс болдық, пенсияға да бірге шықтық. Қанша ақшамен оқып, табақтай дипломын құшақтап, үйде өзің кіндігін кескен қызың отырғанын көріп жүрсің. Біздің қызды алсын кәмандасына, балаңа айт. Әйттпесе өзім-ақ айтам..

- Сары қыз, анау-мынауды қой. Қашаннан біз бір кәмәндада келеміз емес пе.. Өзіміздің кәмандамыздың ұл-қызын түгендейік. Мыналардың бәрі дуылдап барады ғой, түге... Түкірден өлмеші болып бір дауыс ол да қалыспады. Бұл даудың аяғы айқай, ұрыс, ұрыстың соңы жылап-сықтау, жоқтау болды. Бір-біріне дауласып дес бермеген кемпірлерді шет жақта құдайыға келе сала карта сызып отырған, иегіне жарты қылтық тұрақтамаған ақсақал жасындағылар өз кемпірлерін өздері бөліп әрең ажыратты. Ру, туыс-жекжат, құда-құдағилық қатынастар жілік-жілігімен бөлінді. Сол жерде балалары әртүрлі қызметте істейтін кемпірлер командасы құрылып, оған кәдімгідей жазбаша тізім жасалды.

Сөйтіп, қырық жыл көрші тұрып, құдайыға бірге барған екі кемпір, кетерінде екі бөлек қайтты. Өйткені екеуі екі бөлек командаға қосылды. Шенеунікше тактика

Жанайдың бағы жанды. Сәттілік дегенді қойсайшы. Бір айдың жүзінде жеке бизнестен “ММ”-нің (мәдениет мекемелері) Төрағасы болып мемлекеттік қызметтің ең төріне шіренген шенеунік болып шыға келді. Бүгін алғашқы шенеуніктік жұмыс күнді аяқтады. Күні бойғы құттықтаулардан уақыт тез өткен сияқты. Қолпаш деген қотарылып, аста-төк арнасына жеткендей. Негізі адамның құлағына естілген мақтау, мадақтау сөздер психологияға өте үшті әсер етеді екен. Жанайдың көңілі көтеріліп-ақ қалды. Енді міне, жұмсақ креслода көзін жұмып, қас-қағымдай болған осы бір сәттіліктен ләззат ала, қалтасындағы тәтті сағызды тіліне салды. Сөйткенше болған жоқ шалбарының қалтасындағы телефоны борбайын жыбырлатып зарлап қоя берді. Жалт-жалт көк нүктені басқанда аржағынан әйелінің даусы шыға келді. - Сен бүгін қашан келесің. Далайдың додабасы звондап, үйге құттықтап келеміз деп жатыр. - Енді сен, нете бер, барамын ғой. Далай қалай жылмаңдай қалды, ей. өткенде сәлем беруге шіреніп қалып еді. - Мен не айттым саған. Далай енді сенің алдында танцевать етеді. Қара да тұр. Әйелімен қысқа диалог осылай аяқталды. ...Жанай әуелде шағын бизнеспен айналысып, шақша басы шарқ ұрған. Бұл бизнес дөңгеленген дүниені кездірді. Бармаған, араламаған жері жоқ. Өзгелерден таяқ та жеді. “Бұға бермейін” деп өзі таяқ та жегізді. Ұйқыдан да, күлкіден де айырылған күндерді өткізді. Бірақ шыдамдылық жеңіп, шыдап бақты. Осы бизнесте адалдық пен арамдықты шегін ажыратты. Бәрібір қанша төбеңде ақшадан жаңбыр жауып тұрса да, “крышасыз” қиын екенін ұқты. Сөйтіп жүріп ақшаның күшімен жоғары жақтан өзіне “крыша” тапты. Міне, енді осы крышаның арқасында бүгінгі қызметке келіп отыр. Мұның да әлібінің артын бағып көрмекші. Кабинеті доп ойнағандай кең екен. Төбеде қымбат люстра жарқырайды. Ұзын столдың үсті айнадай. Еңкейіп қарасаң суретің көрінеді. Бір жақтағы кішкене столда компьютор. Қарсы қабырғада киім ілетін шкаф. Өзін отырғызуға жоғары жақтың өкілі Сілтеме Білтегенович келді. Бойы ортадан жоғары, көк көз, шикіл сары бұл кісі жан-жағына маңғаздана қарап, бөлме ішін шолып өтті. Шыбын тайып құлағандай жалтыр басындағы төрт тал шашты быртиған саусағымен салалап тұрды да, қаумалаған көпшілік алдында сырбаздана сөз бастады.

Жанай Канаевичтің жеке басына көптеген мақтаулар айтты. Қазіргі келген жұмысын да қарқ қылатындығына сенім артты. Әлі бұл салада еш нәрсе тындырмаған Жанай, құрғақ мадақтаудан аздап қысылайын деді. - Вот, Жанай Қанаевич молодой, энергичный, очень способный. Бүгіннен бастап с Вами будет работать. Давайте поможем, ему. На этой сфере много ему не знакомо. И Желаем ему удача!- деп сөзінің соңын леппен аяқтағанда, жұрт ду қол шапалақтады.

- Много ему не знакомо болса, не басқарып жарылқар дерсің, бұл жерге кімдер келіп-кетпеді, бір жылға жетпей кететін бастық болды ғой,- деп көп ішінен біреу қасындағыға күбірлеп еді, ол жан-жағына жалтақтап, біреу естіп қоймады ма екен, мынаның қасында тұрып “кесепат” сөзіне соучастник болып кетпейін дегендей, қашыңқырап, бір қадам әрірек жылжыды. Анау да оның соңынан қалмай: “Дегенмен, опыты бар біреу сияқты” деді тағы да. Басқа жиналғандар үнсіз, мектептің оқушыларындай мойындарын төрге созып, зейіндерімен тыңдай қалған.

Таныстыру, төрге отырғызу көп уақыт алған жоқ. Жұрт келген жақтарына топырлай қайтадан тарады. Кабинет босаған кезде Сілтеме Білтегенович Жанайға қарады. Жаңа Төраға анау түрекеліп тұрғанда, қысылыңқырап, ол да түрекелді. - Отыр, отыра бер,- деді Сілтеме Білтегенович,- ешнәрсе жоқ, қысылатын. Замдарыңды тастай ғып жұмсай біл. Кез келген уақытта ситуациядан алып шығатын сол Замдарың. Әуелден оларға осыны ұқтыр. Қай жақтың қолдауымен келіп отырғаныңды Министр де біледі. Так, что дейстствуй, как надо ,- деп иығынан қақты. Сол күні есікте де, телефонда да дамыл болсайшы. Бәрі де құттықтау ғой баяғы.

- Құтты болсын жаңа қызметіңіз, Жанай Қанаевич,- деп өздерінің ілтипаттарын білдірді. Оған қоса тағы да:

- Бұл Сіздің нағыз орныңыз. Бұрынғы көзілдірікті секпіл бет қара шал осы кабинеттің қарадай ұсқынын алып отыратын. Кеткені жақсы болды. Темекі тартқышын өзінің, туу, қашан келсең де көк түтіннің ортасында қақталып отырушы еді. Міне, енді тіпті басқаша. Бөлме іші жарқырап, мүлде жайнап кеткендей,-деп басталды алғашқы жарамсақтық сөздер. - Жанай Канаевич, төр жақта тынығатын бөлме бар, әжетханасы да сонда. Мұздатқышта сусындар тұр. Сізге қандай сусындар ұнайды, айтып қойыңыз, бәрін реттейміз,- деді бірінші Замы ең бірінші рет қолына папка көтеріп келіп, арнайы жұмыспен келгендей ішке енгенде оңашалықты пайдаланып. - Қабылдау бөлмесінде отырған қыз, жәй специалист, Өзіңіздің таңдауыңыз болсын. Оны өзгертемін дейтін болсаңыз, басқа бөлімге ауыстырамыз. Оны да қалауыңыз білсін – деді тағы да сөз арасында. Қазір Сізге, кофе әкеледі. Сөйткенше болған жоқ, бойы екі метрге жуық, көкқұтандай сорайған, арық, тізеден жоғары қысқа юбканы тырыстырып киген, омырауы мен

кіндігі ашық, көк ала шашты сары қыз көзін мөлдірете аударып, подноспен екі кофе әкелді. - Есімің кім?- деді жаңа Төраға подносты еңкейіп қойып жатқан қызға, атын сұрағанмен аса мән бермеген сыңаймен. - Айнара... Қыз тақ етті. Қысылған жоқ. “Сендейдің талайын көргенмін” дегендей су жаңа Төрағаға тесіле қарады. Мұны күтпеген Төраға: - Жақсы, жақсы... рахмет, бара бер, - деді міңгірлеңкіреп. Әшейінде бөксесін бұлтылдатып жүруді ұнататын Айнара әдептілік көрсеткен болып, шегінді де, сырт жағымен есіктен шықты. “Мына қыз бұрынғы жүрісін 360 градуска өзгертіпті ғой. О, тоба десейші “- деп Зам ішінен таң қалды.

Соғылған телефонның көптігінен Жанай Қанаевич Заммен жөнді сөйлесе де алмады. Міне, тағы звонок түсті. Бұл әрине, курстасы Далай еді. - Жәке-ау, орның құтты босын! Ай, жарайсың! Жігіттерден жаңа естіп қуанып жатырмын. Ол жерге жақсы бардың. Бизнесті сол жерден өрге бастыра бересің енді. Өз бизнесіңе өзің крыша боласың дегендей ғой... Хаха-ха... Тендер кезінде... Беделді орын, құттықтаймын,- деп, даусы еменжарқын қарқылдаған күлкісі бөлмеге естіліп жатты. ...Өткенде өзінен талай қарыз ақша сұрап, жырымшылып әрең қайтаратын осы Далай Жер Комитетіне бастық болғалы мұрынды аспанға көтеріп кеткен. Бір институтта оқып, жатақхананың қара көжесін бірге ішкені мүлде есінен шығып, кездескенде сәлемдесу түгілі сәлем алған түрі бүртүрлі бола бастаған. Енді сөзінің кейпі мүлде бөлекше бола қалуын... Соңғы рет бір тойды екі сағат күттіріп қойғызғаны бар жұртты. Далай есіктен төбесі көрінісімен қолпаш деген басталды. Екі жастың үйлену тойы далада қалды. Барлық айтылған сөз Далекеңе бағышталды.

- Қазір Далекең сөз сөйлейді..., Далекең айтқан еді... Далекеңнің айтқан мынадай сөзі бар..., Ойбай, Далекең болмағанда күйіп кетер едік қой, туу сондағыны айтсайшы... Далекең..., Далекең болды да төрде тұрған екі жасқа салиқалы бір тілек айтылмай қалған. Жанайдың келіншегі бұған қарадай ыза болды. - Осы біз екі жастың тойына келдік пе, Далайдың мақтауын естуге келдік пе. Мына жұрт лағып кетті ғой түге,- деген. Қолпашқа қызып алған Далай Жер комитетінде өзінен төмен қызметте істейтін жігіттерден берілген тапсырманың орындалуын бұйрық раймен сұрай бастады.

Біраздан соң олардың берген жауабына ма, жоқ атқарған жұмыстарына ма көңілі толмай айқайлап бір берсін. - Слушай, сендер осы тойда неғып жүрсіңдер, а? Неғып жүрсіңдер?! Мен ғой сендерге сеніп жүрмін. Ал сендер ше?! Той иесі дереу жетіп келіп, қысыла, екі жаққа бірдей жалтақтап: -Қойыңыз енді, Далеке, екі жас үшін кешіріңіз. Ертең де күн бар дегендей, бұл кісілер де менің қонағым, балаларға бақыт тілеп келіп отыр дегендей... , деп араға түсті. Осы көріністен кейін-ақ Жанайдың келіншегі:

- Давай, сен де беделді қызметке ізде. Бизнес-бизнес деп қара басымызды ойлаппыз. Обществоға оның авторитеті шамалы. Қалай крутить етесің, оны өзің біл. Ақшаң жетеді. Жасың да келіп тұр. Шенеуніктік қызметте кілең жастар жүр дейді ғой. Бірнәрсе біліп жатыр жейсің бе солар. Гинеколог та қазір ауыл шаруашылығын басқарып жатыр. Далайдан кем емессің. Өзіңдей мал дәрігері қазір жер қызметінде дөңгелентіп жүрген жоқ па. Ол бітірген нститутты сен де бітірдің, - деп келіншегі осы тойдан кейін арадай ызылдап дамыл бермеген. Мал дәрігерлік дипломмен осы отырған қызметке шынын айтқанда келіншегінің құлақ етін қыршуынан құтылмаққа, әрі шенеуніктік қызметтің де түрін көру үшін келіп еді. Не болса да Далайдың иілмейтіндей басы бірінші күннен-ақ, иілуін қарашы. Енді соңы не болар екен.

- Сізге жолығуға, сыртта бір кісі күтіп тұр. Рұқсат бересіз бе?- деп бағанағы сорайған қыз ішке енді. -Жұмыс аяғы біткен кез де ме? - Жанай Қанаевич, онда қайтарайын ба? - Қайтару ыңғайсыз шығар. Не шаруамен келіпті. Менің жұмысқа шығып, креслоға отырып отырғаным бүгін. Оның сұрағын мен шеше алам ба? Хатшы қыз жол тапты. - Бірінші Замды қоса шақырайын ба? - Шақыр. Есіктен ескі көнетөз боз костюм киген, қырғауылдың мойнындай қылқиған мойнына сарғыш галстукты қылғындырып таққан, қолына бояуы кеткен тері папка ұстаған бір ер адам кірді. - Қарағым, келген орның құтты болсын, - деді ол төрдегі отырған Жанайға қолын созып - Сені жаңа бастық деп жатыр, былтыр да осы жерде жаңа бастық отырғанда келіп едім.Мейлі ғой, жастар басқарып жатқан заман, отырған орның құтты болып, көсегең көгерсін... Осы кезде телефон шылдырлады. Жанай көтерер көтермесін білмей састы. Келген адам телефонды естімемегендей, сөзін жалғастыра берді. Желдірме Жекенұлы деген атағы жер жарған жазушы екенін, дүниеде атақты үш жазушы болса соның бірі өзім деп, пәленбай томдары жарыққа шыққанын, енді алдында 70 деген жасы келе жатқанын, оған 7 томдығын әзірлеп қойғанынын, тағы да 7 томдық ғұмыр-баяндық естелік кітаптарын шығарғысы келетінін, алайда бұған ешкімнің қолдау көрсетпей отырғанын, т. с. нүктесі мен үтірін қалдырмай асықпай айта бастағанда Жанай Қанаевич жалығып, орнынан түрекеліп кетті. “Причем кітап, причем мен. Менің қатысым қанша”- деді іштей. Осы келген қызметінде кітап шығаратын отрасль болғаны ма, осы мәдениетке де қосылмайтын нәрсе жоқ екен. Сұрап та білмепті.”

Осы кезде Зам да есіктен басын көрсетті. Замы әккі ме, жоқ мына келген кісіні бұрын біледі ме, есіктен кіре бере бұрылып: -Ас-салаума-ғалей-кум, ағасы, келіп қалдыңыз ба тағы?- деді қолын қысыңқырап. -Енді келмей, не істеймін, үйде отыра берсем іс біті ме. Биыл 70 жасқа толамын. Естелігімді шығарайын деп... Зам төрдегі бастығына қарап ым қаққандай болды. “Маған жібер” дегендегісі.

Жанай Канаевич те осыны күтіп еді. - Аға, Сіз шаруаңызды менің Замыма асықпай айта беріңіз. Мені жоғары шақ шақырып жатыр,- деп қолына папкісін ұстап бөлмесінен шыға бастады. Желдірме Жекенұлы қопырсытқан құжаттарын алдына қайта жиыстырып жатып: - Ал мен ертең өліп қаламын, өстіп жүріп. О, несі-ей, а? Естелігімді сонда кім оқиды. Менің естелігімнен ғибратты кім алады, а? -деп қасында қалған Замға бұрылды. - Ой-бой, ағасы, өле көрмеңіз 70 келіп, әлі 80-ніңізді тойлаймыз, 90ңыз бар дегендей, оныңыз не шошытып...,-деп Зам әлгі кісіге бәйек болды. Бәрін де қатыратын болып жатыр. - Е, өстіп жөнге келмейсіңдер ме? - Өзіңіз келген соң шешілмейтін мәселе бола ма, бәрін де реттейміз, - деп жылпылдатты Зам. Желдірме әжептеуір болып көтеріліп қалды. - Міне, нағыз азамат. Өзіңдей түсінетін балалар жоқ қой қазір, -деп желпінді. Ертеңіне Замды шақырған Жанай Канаевич: - Бұл “ММ” деген қызметте кітап қалай қосылып отыр. Кітаптың мәдениетке қатысы қанша. Честно говоря мұндай сала полиграфический өндіріске қарамай ма? Мәдениетте неғып жүр? Мен ойлағанмын “ММ” де әртістер ғана бар шығар деп.- деді мойындап. Замы түсіндіре бастады. Анау көпке дейін түсіне қоймады. - Қазіргі кезде полиграфия көп, барсын да шығара берсін. - Жанай Канаевич, біз мемлекеттік қызметтеміз ғой, “ММ”-біз. Мемлекеттік ақша бізде.. Мемлекеттік тапсырыс деген тағы бар. Ол бөлек. Бізде бұл үшін жылына мынадай қаражат бөлінеді. Бұл кісілер сол қаражатқа шығарғысы келеді естеліктерін. - Миыма кіріп шықпайды. Кітапдеген бумажный предпретия емес пе. Ал жазушылар бұған неғып қатысады. Жазушы, ақын дегендерді бұрыннан суқаным сүймейді. Өздерінің бастары нелеу, шарикі кем адамдардай көбісі. Ол басына сұқ саусағын апарып шекесін шұқыды. -Ойбай, олай демеңіз, оларды ерекше адамдар деп атаңыз.... Жазушы

қауым дегендей. Халқымыз қаламгерлерді қолдайды. Олармен байқамаса болмайды, Жанай Канаевич. Кәнешно, барлығы бірдей емес. Жақсы адамдардың арызданбайтынын білесіз. Ертең келеді әлі “Мен тұлғамын”, “Мен сирек дарынмын “ дегендер. -Білмедім.. Кешегі келген кісі кім? Желдірме Жекеновпін дейді. Бірінші рет естіп отырмын атын. - Жанай Каневич, әрине білмейсіз. Мұндай жазушылар Қазақстанда 700-ден асады. Біздің ұлт құдай бере салған ғой, ақын мен жазушылардан тұрады емес пе. - Что за народ жазушы... Вообще олармен бұрын сөйлескен емеспін.. Сілтеме Білтегеновичпен ақылдасамын. Жазушылар деген чокнутый народ, по-моему.. - Жазушылармен байқау керек. Олар арызды жақсы жазады. Бұл кісі ертең жоғары жақтың бәріне арызданады. Депутаттарды подключать етеді. - Оларға енді не істеуіміз керек? - Сылап, сипап шығарып салу керек. Ауыздан шыққан бір ауыз сөз кетеді шарықтап.. Пәленше сонда маған өй деп айтты, пәлені күні пәлен сағатта деп көрсетеді арызында. -Жаза берсін. -Ойбай, Жанай Канаевич, олай демеңіз. Өйтуге болмайды. Бұл этика. Әр арызда аты-жөніңіз аталып жүрсе нелеу ғой... ыңғайсыз... Біреу болмаса біреу басқаша түсінеді. -Ымм.. Общем келген адамды мен саған жіберем, сен өзің шешесің. Есіктен хатшы қыз басын сұқты. - Бір апа келіп тұр. Сізге жолыққысы келеді. Күтсін бе? - Аты-жөнін айтты ма? - Жазушымын дейді.. “Сендер адамды танитын ба едіңдер. Бастығыңа кірем” деп болмай отыр. Блатная бабушка. Не айтайын. Күтіңіз дейін бе? - Жиналыс өтіп жатыр,- демейсің бе?! Осы сендерге қашанғы түсіндіруге болады. Зам қызға алара қарады. Хатшы қыз қайта шықты. Оның даусы есіктің ішіндегілерге естіліп жатыр. - Жанай Канаевич бүгін босамайды. Жиналыс өтіп жатыр. Түстен кейін іс-сапарға аттанады. Уақыты жоқ, тығыз. - Мен асықпаймын. Күтемін. Обедке осы есіктен шығатын шығар. Подумаете, алдаймын деп отырсыңдар ма?! Жасы алпысты алқымдаған егде тартқан әйел өзін өте еркін сезінді. “Мен де кем емеспін” дегендей үстемдік бар. Шашын ақсары түске боятып, ерніне қып-қызыл далап жаққан. Омырауы алқаға, білегі мен саусағы алтын білезік пен жүзікке толы. Жеңі шолақ көгілдір кастюмінің жағасында бір медал жарқырайды. Жаңа келген жұмыс орнында қандай қызмет саласы бар, анықтап

отырған Төрағаны енді ішкі телефоннан жоғары жақ шақыра қалсын. Апылқұпыл сыртқа атыла шыққан Төрағаны қабылдау бөлмесінде күтіп отырған әлгі әйел тоқтататамын деп қақтығысып жығыла жаздады. - Слушайте, қайда ұшып барасыңдар түге,!- деді ол, бұдан кейін асықпай шыққан Замға бұрылып, - бәрің бірдей неге қашып бара жатырсыңдар. Мұнда Адам күтіп отыр емес пе. Сендер білесіңдер ме, мен Босиктің әжесімен, әлем чемпионы Босиктің! Бүкіл газет-журналдарда менің суретім Босигіммен жүргенде танымадыңдар ма?! Мен шетелдің журналистеріне интервью берген адаммын. Суретім барлық жерде басылды.Неужели танымайсыңдар?

-Я не простая женьщина... Бұлай етуге болмайды. Анау жаңа бастық неге менімен сөйлеспейді. Какой он имеет право, азаматтарды қабылдамауға. Мен жалобо жасаймын. Преставляешь, тіпті мені басып кете жаздады. Иығымен қағып жіберді. Осылардың бәрін мен жазамын Выше стоящий органға. Шенеунікский замашкаларыңды білмейді деп отырсыңдар ма?! Барлықтарыңды орындарына алып тастатамын. Мендей ақын апаларыңды білмеу деген ұят! Көзге елемеу екі есе ұят! Шетелдер, бүкіл Қазақстан, даже Қырғызстан, Өзбекстанға дейін білмейтін адам жоқ мені. Шенеунікше шәнигендеріңді мен көрсетемін әлі.. - Апай, енді көріп тұрмыз ғой. Сізді ешкім иығымен қаққан жоқ. Ол кісіні өзінен жоғары бастық шақырып жатыр. Сіздің аты жөніңіз кім еді осы?

- Почему мен фамилиямды қайталай беруім керек. Зибаш Қиғашовнамын. Босиктің әжесімін! Мақалдар-мәтелдер жинақтап жүрген жанмын. Ән саламын. Ән шығарамын. Сөйтсем де Мәдениет қайраткері деген атақты ала алмай жүрмін, сен сияқты шенеуніктердің кесірінен. Міне, мені ұсынған адамдардың тізімі. Ардагерлер кеңесі, Оңтүстік аймақтағы жазушылар одағының филалы, көкөніс өсірушілер мен жесім-жидек базасының ұжымы, көп балалы әйелдер кеңесі бәрі де мені бірауыздан Мәдениет қайраткері атағына ұсынып отыр. Ән салғанымды көрсең, мына жерде отырып алып нені көрейін деп едіңдер, біле білсең мен жақсы Тамадамын. Өзім медицина саласының маманымын. Пенсияға шықсам да қоғамдық жұмыстан қалған жоқпын. Бәрі мені уважать етеді, сыйлайды..А, про Босике ничего не говорю. Он тоже знатный чемпион мира. - Дұрыс қой, апа, енді жинақтаған әкелген құжатыңызды көруге бола ма? - Апа деме мені. Айттым ғой, Зибаш Қиғашовнамын деп, даже обращенияларың дұрыс емес. Мендей адамға Мәдениет қайраткері атағы беріле ме, жоқ па соны айтыңдар. Тура айтыңдар. Мөлтектемеңдер. Баяғы коммунистік қоғамда автоклубта елді аралап ән шырқағанымды білетін сендер ме. Сөйтіп сөйлеп тұрып, бірден диванға отыра қалды. - Ой, давлением, көтерілді. Міне... Сендердің кесіріңнен. Ол бірден

қаласындағы ұялы телефоннның нөмірін тере бастады. - Босик, ботам тез жетші машинаңмен. Бағанағы келген жерге. Екі шекем лықылдап барады. Давлением көтерілді.... Құртты мыналар мені...Бұл жерге бекер келдім.... Зам сасайын деді. Хатшы қызға дереу су алдырды. Шекесіне орамалмен су басты. Жалт-жалт алтыны жарқылдаған апа тіліне дәрі салды. Сол кезде ұзын бойлы, бұлшық еттері бұлтылдаған, денесі тығыршықтай, спорттық киім киген, әлем чемпионы Босик те жетті. - Ну, Аже, зачем нервничать еттіңіз, айттым ғой Сізге ешжерге бармай-ақ қой деп едім, -деді де әжесін екі қарына оп-оңай көтеріп алып, шығып бара жатып: - Вообще-то үлкен кісімен байқамайсыздар ма?,- деді. -УҺ!- деді Зам хатшы қызға қарап, бет орамалымен терін сүртіп - немересі қайта түсініктілеу-ау деймін. Сырын білетін болар, сірә. Әйтпесе үлкен кісіні мынадай халге неге жеткіздіңіздер деп дауласса қайтер едік. Әлем чемпионы Бостандық осы екен ғой.. Құдайға шүкір! Жанай Канаевичке шенеуніктік мына жұмыс ұнай қойған жоқ. Жарты жылдың ішінде кімдермен бетпе-бет кездеспеді дейсің. Кілең қыңырайған қырсықтар. Барлығы да қырып-жойғыштар. Үстінен алғашқы арызды да түсірді. Сілтеме Білтегеновичке бұл жөнінде естігенде ішек-сілесі қата күлсін бір. - Эта ерунда.. Сен өзің білмейсің бе, стратегия деген бар, тактика деген болады. Шенеуніктік тактиканың өзі түрге бөлінеді. Бұл қызметте ішің өртеніп тұрса да сыпайы бол. Ағалаған, апалаған сөздермен келген адамның үстеріне ақ құйып жіберсең ғана ұтасың. - Сілтеме Білтегенович, олардың көбісі реальный шындықпен келмей тұр ғой. Өздерін өздері керемет санайтын біртүрлі адамдар.... - Именна осы біртүрлі адамдармен жұмыс істеуге сені қойып отырған жоқпыз ба. Кстати, осы сендерде пропуск деген режим болмаушы ма еді. Ішке кім болса, соны жібермеудің бұл жақсы әдісі. Тероризмге де жол берілмейді. Мүмкін оның қолында қару болуы әбден мүмкін емес пе. Сақтанбаса тағы да болмайды. Баяғы ата-бабадан боқтап шығып кететін қазекем жоқ қазір. Сені атып, немесе пышақтап кетсе кім жауап береді. Ал, пропуск ондай қарулардан сақтандырады. Әрі уақытыңмен санастырады. Келушілер жозықсыз топырламайды. Мәселен, сен бір апталық командировкаға кеттің. Жоқсың дейікші. Бір апта сені күтпейді ғой, еліне қайтады. Немесе азаматтарды қабылдайтын күн режимін жасатқыз. Міне, мұның бәрі тактика. Жанай Канаевич тактиканы тапты ма, жоқ тактика Жанайды тапты ма “ММ” қызметінде бұдан кейін қатаң пропуск режимі жұмыс істеді. Келушілер Төраға түгілі жәй қызметкерге рұқсат қағазынсыз кіре алмай алмайтын күйге жетті.

“ММ” қызметінде әр жыл сайын бастық ауысып тұратын әдет болғанды. Жанай Канаевич та көп болған жоқ. Жоғары қызметке кенеттен өсті де кетті. Бұған қызметтегілердің ешқайсысы таң қалмады. Енді “ММ” қызметіне кім басшы болып келеді екен деген әрсақтағы болжаулардың біреуі де болмай, әлем чемпины Бостандық Еркінұлы ( сол Босик) Төраға болды. Өрелі жас емес пе “ММ” қызметіне оны алып келген өкіл 25 жаста деп ерекше атап өтті. “Жастарға сене білу керек” дегенді түйіп айтты. Расында Босик келген орынға бірден жаңа өзгерістер енгізді. Мамандарға қызметте де, бос уақытта дзюдомен шұғылдану талаптарын қойды. - Бұл әрі денсаулыққа пайдалы. Компьютер құрсаулап қойған денелер үшін аса керемет тәсіл. Ми да шынығады, - деп түсіндірді. Мұны естіген Зибаш Киғашовна Босигіне: - Босик, бұл талабың өрескіл емес пе. Жаңалықтың басқа бір түрін ойлап тапсаң нетті. Қыз-келіншектер ол спортқа қалай бармақ.?- дегенде Бостандық Еркінович: - Туу, Аже, бұл тактика. Әр бастықтың өз тактикасы бар. Мен ұлы спорттан барып отырмын. Бүйтпесем, дзюдоның ұлылығын қалай насихаттай аламын. Вечный отырмаймын ғой “ММ” қызметінде. Например, ертең менің орныма скрипач баруы да мүмкін. Сөз жоқ барлық мамандарды скрипка ойнауға үйретеді. Операдан біреу болса. Бәрі ән салады. Сондықтан Сіз, жаңа заманды түсінуіңіз керек,- деді Босик, то есть Бостандық Еркінович. - Қанша жылдан бері Мәдениет қайраткері атағын ала алмай жүргенімді білесің. Маған сол атақты сен алып бере аласың ба, ұлым?- деп сұрады Зибаш Қиғашовна, туған әжесіне алып берді деп ешкім қудаламай ма? - Қазіргі принцип бойынша әркім өзі билікте тұрғанда жағдайды өзіне жасайды. Бұл шенеуніктік тактикалардың ең бастысы. Мен неге осы қызметке тұруға күш салдым. Для себя, для нас. Сіздің ала алмай жүрген атағыңыз қандай еді. Барлығын жасаймын. То есть, біздің Ата тоже знатный коммунистом был. Атаға ескерткіш орнатамын. Көше атауын бергіземін. Высоком уровне юбилейін отмечать еткіземін... - Ах, мой Босик, Босик! Чемпионым менің. Мынадай шенеуніктік тактикалар қандай тамаша! Мен барғанда әнебір жігіт шәниіп қабылдамай қойып еді. Есің де шығар, мен ауырып қалатын да ше?.. Вот, сен де шенеунікше шәниіп отыр. Әбден сандалтып қой. Әйтпесе сені бағаламайды ешкім, - деп Зибаш Киғашовна немересіне тегін ақылынан аямай-ақ бере салды. Ал өзінің “Мәдениет қайраткері” атағын алатындығына көзі әбден жетіп, риза болды. Енді марқұм күйеуі де атаусыз қалмайтын болды.

Босигінің ақылын қарашы. Жастарды тектен текке билікке қойып отырған жоқ қой Үкімет. Олар да біледі. Мәселен қарашы Босикті. Жақсы ойлапты. Атасының мерейтойын өткізу керек. Ол туралы естеліктер жазу да ойға орала кетті. Рас, дәл осы жерде шенеунік тактикаларын пайдаланбаса болмайды... Ұшық пен пұшық

“2003-2005 жылдары Ауыл жылы” деген ұран аттандап кетті. Газеттің ішкі қос бетінде аншлакпен “Ауыл назары Үкіметте! Көркейтеміз ауылды. Ел тіршілігіне қып-қызыл қан жүгірді” деген қаратпа сөздер айқайлап тұрды. Әншілерге де тапсырма берілсе керек. “Ауылға! Ауылға! Мен барам ауылға!” деген ән салуды радиода, теледидарда жиілетті. Оң жағыңа қарасаң да Ауыл. Сол жағыңа қарасаң да Ауыл деген плакаттар ілініп, баяғы кеңестік кездің “Родина зовет!” деген жігерлі шақырауын көзге елестетті. Теле арналардың бәрін де ұжымшарлар, кеңшарлар насихатталып, тырылдаған тракторлардың дауысы фонында қолына күрек, сайман ұстаған егіншілер көрсетілді. Тілші: - Қалай, ағай Ауыл жылында шаруашылықтарыңызға көмек болып жатыр ма? - Енді нетіп жатырмыз ғой. Әкімдер несиеге көмектесеміз деп жатыр... Қазір жақсы.. Иә...бала-шағамызбен .. - Сіздер егінмен айналысыздар ғой деймін. - Жоқ қарағым. Бір-екі мал тұяғы бар соған нетіп... Әрмен қарай Тілші сусылдап, ой, бір дүрілдетіп жібереді дейсің. Барлығы қарқ болып жатқан жағдай паш етіледі. Ауданның әкімінсіз хабар қорытындылана ма. Ақ көйлек, ақ костюм киген Әкім малшылармен қоянқолтық араласып “еңбек” ете қалады. Тағы да тілші шолу жасап, Әкімнің ауылға жасап жатқан ұшан-теңіз жақсылығын баяндағаннан кейін: - Енді міне, ауыл жылы атқарылып жатқан тамша жұмыстар туралы Әкімнің өзі айтсын деп, микрофонды ұстады. Ол да сайрап береді. Сөздің түйінінде бәрі дұрыс, бәрі қарқ. Бір инедей кемшілік деген болсайшы. Жанар май дегенің ой-бай-ау, су тегін. Кім алғысы келсе алады. Ауданда пәлен жанар май стансасы “Кәне келсең кел” деп мөлтілдеп тұр. Бірақ солардың сөйлеген сөздерінде жаттандылық барын біреу аңғарды, біреу аңғармады.

Шаруалар алақандары қышыса жақсылыққа жорыды. - Ойпырым-ай, шаруашылығымға аз-мұз тиын-теңге түсіп қала ма екен. Мына алақаны неғып қыши қалды. Әнебір ескі трактордың доңғалағы

кетіп тұр. Ең болмаса жер жыртып алуға дейін шыдаса етті. Апырайай, тұқым-сұқым сатып ала алмасақ тағы қиын-ау,...-деп таңның атысы мен күннің батысы ауылға бөлінетін қаражаттан хабар күтті. Алғашқы жылы ешнәрсе болмады. Шаруалар келесі жылға нық сеніммен қарады. - Үкімет қатаң көз қадап отыр ғой ауылға. Өткен жылғы нете алмағандарын биыл нететін шығар,-деп келесі жылға иектерін артты. Бұл кезде ауылдың астарлы мафиясы қызу жүріп жатты. Мемлекеттен бөлінген миллиард несие Ауыл бишікештерінің керек жеріне саймен де жағалады, оймен де жағалады. Мәселе, кім соның есебін таба алады де. Ешкімі жоқтар еңіреген күй кешті. Әр ауылда жанар май стансасын ашып алған әкімнің жақын-жуығы несиеге процентсіз бөлінген жанар майдың бағасын жандырды. Арызданғандардың арызы ауданнан ауылға беті “аймандай “ болып қайтып келетінін қайдан білсін. Үкіметке деп қол қойып, шаруалар енді бірлесіп жоғары жаққа хат жөнелтті. “Осылайда осылай, миллиондап қаржы бөлінді деп жатыр, оны көрмей отырмыз. Көрсетіп кетіңдер, түге” деп. Ия, көрсетті. Жергілікті әкімдер шаруалардың өз арыздарын өздерінің көздеріне шұқыды. -Неге тыныш отырмайсыңдар, а?! Неменені бүлдіріп жүрсіңдер, а?! Менің үстімнен арыз жазып оңа қоямын дедіңдер ме, а?! Біздің кеңшарға бөлінгені 100 миллионнан 100 мың теңге ғана. Қайсыңа бөліп берем, а?! Арқа етім арша, борбай етім борша боп сендер үшін әнебір май құятын станса салып едім, көре қалдыңдар а?! Ал, енді менің үстімнен аттап арызданып, қаржыға қарқ бола қойыңдар..- деп үлкенді-кіші деместен ұрсып бергенде ауылдағылар әкімнің өзін аяп кетті. -Сен ғой жазайық, деген, мен ғой қол қойғанмын. Бишара біз үшін май бекетін салдырғанын кім білген. Рас-ау, әйтеуір алысқа бармай тракторға осы жерден құйып алады дегені екен ғой. - Жоқ, Бекеңнің біз үшін шырылдап жүргені рас. Ай, біз де түсінбей, қой кешірім сұрайық. Бір білместік болды дейік. - Ертең малымызға шөп сұраймыз, жем сұраймыз дегендей, бәрібір күніміз әкімге қарайды. Өстіп мәмлеге келген шаруалар ақсақалдарын алдына салып ауыл әкімінен кешірім сұрауға кезекке тұрады. -Қарағым, Бекен, біз қателесіппіз. Қара бастырса адамды солай болады. Өзара татулығымыз бен ауыз бірлігімізге не жетсін. Біздікі Үкімет қаржысынан ернімізге бірнәрсе көппен бірге тиеме деген ғой. Тимесе әдірам қалсын.Осыған дейін де өлген жоқпыз, бұдан кейін де өлмеспіз. Сен бізді кешір!- деді. Ауыл әкімі енді кешіреме. Жәупілдемеде кешіре қоймайды. “Жыны” одан әрі қозады. - Бірде жүретін, бірде жүрмейтін тырқылдақ “Пазмен” күнара қалаға қатынап, базарға барасыңдар. Сатып жатқан сүт-майларың жоқ.

Шаршайсыңдар, шалдығасыңдар. Сондағы алатындарың күнделікті қант-шай ғана. Сендер жүгіріп дедектемесін деп, үйдегі келіндеріңізге осы ауылдан дүкен ашып берейін десем, ақша болып тұр ма? Несиеге бөлінген азмаз ақшаның үстіне қосып, соны да неттірмей отырсыңдар. Көп ішінен біреудің көңіле түсе қалады. -Ойбай-ау, ондай дүкен ашылатын болса, алысқа шапқылап неміз бар, келіннің дүкенінен осы жерде нете берер едік те. - Келін өзіміздің адам кейде қарызға да қарасып, беретін шығар...Әкім одан сайын қоқиланады. - Әрине, сол үшін ғой. Сіздер үшін. Ертең біреу келеді, басқа жақтан аудан әкімінің туысқаны. Осы жерден дүкенді ашады да, аузымыз аңқиады да қалады. Итак, күнде сұрайды. “Ауыл жылы ауылда дүкен ашылды ма?” деп. Мен айтамын, “ашылайын деп жатыр” деп. Көкірегіндегілерін сезіп отырмын. - Қой, ойбай, қарағым, онда тездетіп келін дүкен ашсын, өзімізді білетін. - Е, өстіп жөнге келмейсіңдер ме. Ауданға арызданғанша. Май құятын стансасы бар баласында, қатынында дүкен бар деп тағы да әрнәрсені жазып жүретін болсаңдар, оны айтыңдар қазір көзбе-көз. Ал, араларыңда дүкен ашатын біреу болса, пожалыста. Бірақ мен білем ғой, сіздердің халдеріңізді... Артық ауыс ақша жоқ екенін... -Ойбай-ау, қолда тиын-тебен болса, мал сатып алар едік қой... Дүкен ашу қайда... Ауыл әкімі содан кейін барып қабағын ашты. -Көкелер-ау, міне өстіп түсінсеңдерші. Менен де жоғарылар бар ғой. Олар өздеріне нетеді. Өздеріне неткеннен қалғанды біздерге нетеді. -Ия, қалқам, түсіндік, түсінеміз ғой. Алдымен сендер нетіп алсаңдаршы, бізге сол сендерден қалған ұшықтың пұшығы болса да жетеді,- деп қанағат етті шаруалар. Қайтсін, өйтпеске амал да жоқ.

“Хватитің” құрғыр, можно! Әй… қу тіршілік-ай. Қу жанға қашан қанағат табар екенбіз. Біреуден алда, біреуден кейін бірде бар, бірде жоқ бола жүріп ішімізден шыққан екі-үш баланы әупірімдеп өсіріп, оларға жоғары білімді қызыл дипломдарын алып беріп ес жиямыз ба деген едік. Қ-а-й-д-а-ғ –ы. «Атаңның басы!» деген бір құрдасымыз. Расында соның айтқаны келді. Мына қу түлкі заман қаңбақтай дөңгелентіп есімізді әлі жиғызбай келеді. С-о-д-а-н әлгі дипломының қызылын көрсетіп, біраз жерге кіріп шыққан Оңғарбай меселі қайтып, жұмысқа орналаса алмаған соң,

амалсыздан пара беретін сара жолға түстік. Жоқаш деген күйемнің курстасы Боқаш деген жоғарыдағы жездесіне шықты. Ол Томажня бастығының орынбасары боп істейтін жездесі Тоқаш дегенмен сөйлесті. «Бір ай күтіңдер» деді. Күттік. «Бір апта күтіңдер» деді. Күттік. Оған не беріп не қойғанымызды айтпай-ақ қояйын. Ақыры қайыр боп Оңғаржан Томожняға тұрды. Енді табақтай дипломын күнде жалап отырған екінші ұл Аңғарбайды Салық полициясына орналастыру жорығы басталды. Анда бардық, мұнда бардық. Каналдың көзін іздеумен шаршадық. Арадағы кісінің арасына кішкентай жол көрінгенде мұндай қуанбаспыз. «Анша беру керек» деді, аншасы берілді, «Жоқ ол аз, мұншаға көтеру керек» деді. Мұншаға көтердік. Ол мұнша жетіңкіремей, тағы да жоғарылады. Сәті түсті. Екінші ұл бірден Салық полициясы бастығының төріне жақын жерден орын алды. Қырық жыл коммунистіктің қызыл галстугін мойнына қылғындырып таққан, қазір де жүрегі лүп-лүп етіп коммунист деп соғуын тоқтатпай тұрған менің отағасым жұмысқа орналасудың мұндай құйтырғысынан шаршап, дүниеге жаңа келгендей күйінді, пісінді. Бірақ қолынан келері жоқ. Қарадай әлдекімдерді боқтап, боралап барып басылды да, есіне әлдене түсіп кеткендей жұмысқа тұрған балаларды алдына шақырып, бүй деді: - Оңғарбай, Аңғарбай, сендер енді азамат болдыңдар, Тазажүреков деген пәмиләларыңды давай таза ұстаңдар. Армиядан алып қал дедіңдер, алып қалдым. Осы жұмысқа тұрам дедіңдер, тұрдыңдар. Пәленшекеңнің баласы сондай екен деген жаман аттарың шықпайтын болсын. Тазажүрековтер әулеті таза жүру керек. Талай жыл зауытты басқарғанымды білесіңдер. Тинамдай нәрсе жеп көрген емеспін. Таза жүрдім, таза тұрдым… - Бәрібір, Қазақ энциклопедиясында ең таза Адам деген ешкімнің есімі жазылған емес. Мен оны сөзінен бөліп жібердім. Аңғарбай ұлым мырс етіп, бетін бұрып әкетті. Оған қараған әкесі жоқ, сөзін жалғастырып жатыр. - Содан соң ба жалтағым болған жоқ. Кісінің бетіне тура қарадым, тура сөйледім. Сендер де арам дүние-мүлік жинауды мақсат тұтпаңдар. Қызметтеріңе әрқашан адал болыңдар. Бұл орындарың өздеріңе құт болсын. Тек адалдықтан айнымай жүріңдер. Пара-сара алу дегенді исключить! Қазіргі сен сияқты жастардан адам шошиды. Қу құлқындарын ойлайды да тұрады. Жүзге, мыңға бас қатырмай бірден миллиондап жегісі келеді тұрады. Безабразие бәрі. Все, осындайдан қашық болыңдар, ақылым осы!- деді. Кіші ұл: - Пап, өзіміз де пара бердік емес пе, осы жұмысқа тұрарда, бұл заман басқа ғой…, қай тіл басым болса, сол тілде сөйлесу керек. Пара алу тілі сумаңдап тұрса, оны жалғыз мен тоқтата алмаймын,-деп келе жатыр еді , әкесі: - Кәнчат! Мен саған не айтып тұрмын! - деп ақырды. Үлкені үндеген жоқ. Зейінімен тыңдағансып тұрды да, «мейлі, айтып болыңыз» дегендей, басын төмен салбыратты. Мен де жапсарласа кеттім.

- Аңғаржан-ау, Оңғаржан-ау, байқап жүріңдер. Ана наркомандармен күрес бөлімінде істейтін, әлгі кім еді Жәпектің баласы Тәпек құсап тапа тал түсте ұсталып қалмаңдар, біреуге сеніп деген ғой.. Жұрттың бәрі дұшпан, қазір дос жоқ. Байқаңдар. Адалдық керек қой… Расында адалдығымыздан аштан қатқан жоқпыз…Жұрт құсап бір ауданның жерін сатып алмадық, 2-3 зауытты жекешелендірмедік демесек. Сонда да қатардан қалған жоқпыз..… Әкелеріңдікі дұрыс қой… деп көзіме жас алдым. Балаларым мені аяп-ақ кетті. -Уһ!- деді сол күні отағасы маңғазданған қалпы, маған көзінің арғы жағынан талай жылғы өшіп, сөніп қалған болар-болмас бір ұшқынның шетін көрсетіп ыржың етіп. Менің де езуім күлімсіруге илікпей, қатыпсеніп қалған екен, еріндерімді әрең деп қозғап күлімсірегеннің рәсімін жасадым. Екеуміз де иығымыздан салмақ азайғандай жеңіл күрсіндік. Балашағаның қамымен сүргіндеп жүргенде бір-біріміздің төлқұжаттағы атымызды ұмытып, қай ғасырдың қай жылында тұрғанымыз да еске келмеген екен. Мезгіл мен уақытты да сұрастыра бастадық. Сөйтсек жиырма бірінші ғасырдың басына көтеріліп барады екенбіз ғой. О, тоба десейші. Егемендіктің есік ашқанына бір қуанғанымыз есімізде, содан бері уақыт шіркіннің жөңкуін қарашы. …Томожныйдағы үлкен ұл арсалақтап алғашқы айлығын әкелді. -Балам-ау, мынауың көп ақша ғой…- деп мен әлденеден сезіктеніп, аса сақтықпен сыбыр ете қалдым. - Ну, мам… неменеге сыбырлайсың… Ұрлаған жоқпын, шамалы левыйлар болады енді.. Онсыз болмайды.. Жұртпен бірге көретін нәрсе... Ешкімнен тартып алынған жоқ, - деп ұлым күлімсіреген соң, «шүкір, құдай шүкірлеп» ақшаны дәмәшній халатымның қалтасына сүңгіттім, - ел қатарына жетті деген осы. Екінші күні Салық полициясына орналасқан ұлым айлығын әкелді. Өзі сәл-пәл қызулау ма, беті нарттай қызарып кетіпті. - Алғашқы айлығымызды жу,- деген соң…жудық. Мынау, жуғаннан қалғаны… бірденнен дөңгелектеп долларға айналдырып алып келдім… -Ойбай-ау, не дейді… балам-ау… таза айлығың осындай ма еді. Қалбалақтап, қолым қалтылдап сала берді. - Туу, мама, үндемей ала берсеңізші енді… Кіші ұлдың дауысы жарықшанып кетті. Папам екеулерің бізді не үшін өсіріп, оқыттыңдар….. бақтыңдар... - Ия, рас-ау, баланы не үшін өсіріп, оқыттық. Олар енді ақша тауып жатса неміз бар-ей… Мен де ойландым. Обалы нешік, балаларым жарты жыл сыр бермей жұмыстарын істеді. Үлкен ұл астына бір машина мінді. «Мама, бір сделкадан алдым» деді. Кіші ұл жер сатып алып, үш қабатты үй салып бітіруге жақын. Коммунист әкесіне айтқан жоқпыз. Коттежге көшерде бір-ақ білсін бәлем. «Балам-ау,

байқап жүрсіңдер ме, өзі» деп мен де сақтықпен сұрап қоямын. - Мама, қорқа бермесей, бізге енді можно, жұрттың бәрі де осыны жасап жатыр,- дейді екеуі де. Туған күніме екі ұл бірігіп саусағыма брилиант жүзік таққан күнді айтсайшы.. Дүниенің тап үстінде қалықтап жалғыз өзім ғана тұрғандай болдым ғой. Балаларымның бұл ісіне отағасы не істеді де. Қуанудың орнына ер тоқымын бауырына алып, ашуланып айқай көтерсін. - Әй, айт ана ұлдарыңа. Хватит, служебный қызметтерін пайдаланып жүргендері. Тегіннен тегін дүние шашылып жатқан жоқ. Айтпады деме, бір күні.. қызметтерінен босайды…Әкелерінің аузын… кімге ұқсаған өздері… - О, жағың қарысқыр! Тілің қалай жаман. Замандары солай болса, біздің балалар қайтпек енді?! Көп емес, ептеп-ептеп можно деп жатыр ғой. - Можноң құрғыр! Хватить! - дедім ғой мен сендерге! Отағасы бұлқан-талқаны шықты. Мейлі, айқайлай берсін. Жұрттан бөлініп қайда барады Аңғарбай мен Оңғарбай. Барлығы можно жасап жүр, біздің балаларға неге можно емес? Айтыңдаршы, а? Ана біздің Отағасы құр хватитімен кімді қырмақ?! Кебірсіген ерніміз енді майлана бастағанда можноны кім тоқтатады. Мен де дауыс көтере бастадым: - Хватитің құрғыр, можно! Білдің бе, можно! Сен басқарған зауытты бас инжинерің бар, бас бухың бар жекешелендіріп байып, сонау Ресейге бірақ өткенде осы хватитіңмен тақырда қалғаның есіңде ме?! Күшті болсаң өз заманыңда соларды неге тоқтатпадың? Тиіспе балаларға… заманымен өмір сүрсін! Көппен көрген ұлы той. Қара, айналаңның бәріне… О, несі-ей келіп…

Күнтізбек Бұл өзі қашаннан ірге тасы берік мекеме. нарықта небір мықты деген мекемелердің тамырларынан қан жүрмей , миы айналып қалған шақта "Күнтізбек" аман-сау тіршілік етті. Қазір де жаман емес. Әкімшіліктің қолтығының астында, жылы пештің қасындағы мысықтай қаперсіз өмір сүріп келеді. Қаптап кеткен "ТОО", "ЖШС", "АО", "АҚ", "ЖАҚ"-дардың арасында да құдай беделін сақтауда. Өйткені "крышасы" бар. Ол – басқадай болса да, қаржылай қолдаушылық көрсететін әнебір ақ ғимараттағы әкімшілік, оның ішіндегі екінші қабатта жұмсақ креслода отырған ақкөке. Осы бір ақкөке тоқкөке болған соң ба, көп көкелерден оқ бойы озық, арқан бойы биік, сол себептен де жоғары жаққа басқалардан жақын. "Күнтізбектің" бар бақыты бұрынғы бастығы Тұңғыш Кенжетайштың кезінде болғанын жұрт аузының суын тамшылатып әңгімелейді. Әсіресе, оның керемет демократияшылдығы естен кетпестей екен. Өзі ақаң деген жарықтық қызуы күшті сусынға кет әрі емес, керісінше келсең-кел, құйсаңқұй, жұтсаң-жұт басшы болып, талай қызық дәуренін осы ақаңның арқасында өткізіп, басынан бағы тайғанда барып, көзін ашып, маңдайын тасқа ұрыпты

деседі. Демократияшыл бастықтың жазығы жоқ. Ол қол астындағы адамдардың емін-еркін жұмыс істеуіне рұқсат беріп, жағдай туғызғандығы. – Сендер ертелі-кеш үстелде қадалып отырғанша, жүріп-тұрыңдар. "Күнтізбектің" бетіне шығатын лайықты материалдар жинаңдар. Біздің жолымыз басқалардан әрдайым басқаша, жаңаша болуы тиіс. Халық дегенің бәрін көріп-біліп отыр. Бұрынғы "Күнтізбекке" қараңдаршы көз салып, қандай таптаурын. Адам оқығысы келмейді. Әр бетін парақтар. "Күннің шығуы 7.00-ден 7-01 минутқа созылады. Бүгін атақты ғарышкер Юрий Гагариннің туған күні – 7 ақпан, Мың да пәленбайыншы күні бір ғалым ракетаны ойлап шығарған. Осы ғана. Бұл оқушыларды да жалықтырады. Дабай, әр күнді көрсететін бетке, әр анекдот саламыз. Содан соң, сырттың адамдары осы бізге неге керек? Өзімізді өзгелерге неге танытпаймыз. Мәселен, біздің "Күнтізбегімізді "желеп-жебеп, қаржымен демеп отырған әкім Біргебаевтың туған күнін неге жарқыратып көрсетпейміз? Халыққа сіңірген еңбегіне аннотоция жазу керек. Осы сияқты керекті адамдарды көрсетпесек неғып отырмыз осы жерде. Айтпақшы Біргебаевтың үйіндегі жеңгей, ажар десең ажары, ақыл десең ақылы бар әйел. Осы қаладағы жалғыз ұлт бақшасының меңгерушісі. "Күнтізбек" неге шығармайды жарқыратып. Қысқасы, ізденіс жоқ. Ал, іздесек бар ғой. 366 күнімізге кезекке тұратындар жетерлік,- деп бастық Тұңғыш Кенжетаиш шығармашылық ұжымның ақсақалдары мен табақтай дипломдарын тілімен жалап отырған шикіөкпе шабармандарға ашық нұсқаулар берді. Келесі күні қолдарына табақтай тізім ұстаған олар, қаладағы ұсақ-түйек кәсіпкерлікпен айналысатын бастықтардың туған күндерін білуге жанжаққа бытырады. Кеңседе 2-3 бас бөлім бастықтары қалды қоқиып. Олардың іші пысады. Орталарына бір жартылықты алып отырып "Күнтізбектің" келер жылғы жоспарын сызды. Түс ауып, бесіндіктен өткен соң қоқиған 2-3 бас мойындарына зорға ілініп, есіктен шығып бара жатты. Демократшыл Тұңғыш Кенжетаиштың мұндай іс басқару тәсілі жетер жерге жетіп отырды. Әсіресе айықтырғыш мекемесінен келіп түскен мәліметтердің бел ортасында Түңғыш Кенжетаиштың пәмилиясы тұрақ тауып, өмірі өшірілмейтін. Шіркін, сүйейтін адам болса Біргебаевтай болсын. Аз-а-м-а-т, деп әкімді айт. – Пәдеріңе нәлет! Осы сен ішкенде әбизателнө анау үйге түнеуің керекпе-ей? Содан соң ел-жұртқа әкіреңдемей "Көкем Біргебаевтың арқасы" деп, менің атымды атамай жүре аласың ба, жоқ па? Жайшылықта ғой Қыз Жібектейсің, аузыңа бір нәрсе тисе неге Қодар боп қодыраңдайсың, а?- деп кәдімгідей батыра ұрсады. – Құдай-ау, көке-ау, ол полковниктің өзі ғой, алдымнан шыға беретін. Мен айттым оған, осы мен жүрген жерде сен неғып жүресің деп. Әкіреңдеп күшін көрсетті. Мен айттым: "Уә, Біргебаевты білесің бе?" дедім. "Кім ол

Біргебаев деген" деп әкеден жіберді. Мен де өзінің сөзін өзіне қайталадым. Қол-аяғымды байлап апарды сол жерге. Пәшему, сізді танымайды. Соған күйіндім. Боқтадым. Даже по шеку сәл-пәл неттім ғой деймін. – Әй, сен шын айтып тұрсың ба? Қаршыға Бүркітбаев солай Біргебаевты танымаймын деді ме? Сәпәләк !Өзім адам еткен жоқ па едім оны?! Шын ба, дәл солай танмаймын деді ме? – Дәл солай деді. – Ым, көрерміз ол боқташақты. Әкім сығырайтып көзін терезеге қадады. Көп ұзамай ол полковник Кенжетаишқа иіліп тұратын болды. Бақ деген осы. Коммерсант, базарком, одан әкім болған Біргебаев бір күні халық қалаулысы депутат болып өсіп кетті. "Күнтізбек" қорғансыз қалды. Артынша екі күн өтпей-ақ, Тұңғыш Кенжетаиш та "ұшып" кетті. Өйтпегенде ше, әкімдікте оның атына ашылған 2-3 томдық арнаулы папкілерде арыз-шағымдар жетерлік еді. Жаңа әкім келгенде сол қоқыс-былықтардың бетін біреу әдейі ашып келіп қалды. "Күнтізбектің" басшысы Т. Кенжетаиш маскүнем. Ұрда жық! Ал, "Күнтізбек"- сапасыз. Өмірі 28-күннен аспайтын, төрт жылда бір рет 29-күні бар ақпан айы - 33 күн болып, наурыз 28 күнмен аяқталған. "Өтер жыл өтті" деп үндемедік. Әрі бұрынғы әкім Біргебаев ешқандай шағымды дұрыс қараған емес. Өзіңізге сенім артып, есіңізге салып отырмыз. "Күнтізбекке" лайық басшы керек. Әйел басқарса – ұқыптылық келеді. Бұрын драма театрда белсенді актер болған іскер ұйымдастырушылығы тамада кезінде байқалған Зәрлікүл Сұмбикешова атты ханым бар. "Күнтізбекті" қолына алса қатыратын адам сол. Өйткені тамада болған кезде жұрт ол кісі алып қояйық десе, жаппай стақандарын төңкеріп алып қоятын, билейік десе – билеп, күлейік десе күлетін. Бір тойда бәріміз жылайық, қыз ұзатылып барады ғой дегенде, бәріміз ботадай боздағанбыз. Мұнысы сиқыршылық емес, ортаны басқару әдісін жетік білетіндігінің арқасы. Біз Зәрлікүл Сұмбикешованы "Күнтізбектің" басшылығына лайықты жан екендігін айтып, қолдау көрсетуіңізді тізе бүгіп, қол қусырып тұрып өтінеміз", -деп мұсылман ерлер қоғамы, салауатты өмір салтын дәріптеушілер ұйымы, ақсақалдар мен ақжаулықтылардың бірлестіктері, өз аяғымен жүре алмай, кісінің демеуімен жорғалаушылар ұйымы, өз аяғымен жүре алмай, өз қолымен жаза алмай, кісі аузымен сөйлеушілер ұйымының төрағалары Пәленше Түгеншеевтер, мұның сыртында қолдаушы тағы 40 адам бар деп қол қойылған өтініштерді ескеріп, жаңадан келген әкім Зәрлікүл Сұмбикешованы "Күнтізбекке" басшы етіп тағайындады. Көп ұзамай "Күнтізбек" өзінің 70 жылдық атауымен қош айтысты, "Күнпарақ" деген жаңа атауға өзгертілді. Тұсаукесері де зор мәртебемен аталып өтіп, тарихқа жалт-жұлт еткен алтын әріппен жазылып қалдырылды.

Соның бәрі де Зәрлікүл Сұмбикешованың зор белсенділігі, іскер ұйымдастырушылығы арқасында жүргізіліп, тон кигендер, шапан жамылғандар, орамал тартып, бөрік кигендер көп болды. Бұрынғы демократшыл бастықта жұмыс істеген "демократшылдар" түгелдей жұмыстан "өз еріктерімен" шығарылып, 16 ғаламнан іскер кадрлар жинақталды. Сұмбикешова да тарихта өз атын мейірбанды басшы ретінде қалдыруға тырысып бақты. Жан-жақтан алынған алтын басты кадрларыма жайлы пәтер керек деп, бар күш-өнерін салып ботадай боздап әкімшілік есігін тоздырыпты. Жылауын бірге жылағанмен әкім үй бере алмай қысылып, Зәрлікүлді арқадан қағып шығарып салатын сияқты. Ол күйдірмейді дейсің бе әйел жанын. – Мен сендерге баспана, үй-жәй іздеп әкімнің алдында жылап жүргенімде сендер екі аяқтарыңмен жүретіндерің не?! Есіктен мен келгенде етпеттеп жатыңдар да, ал кабинетіме келгендеріңде төрт аяқтап еңбектеп кіріңдер!,-деп бұйрық беріпті Зәрлікүл Сұмбикешова қарауындағыларға Өмір сүру әркімге әрқилы. Қазір бұрынғы "Күнтізбекте", то есть "Күнпарақта" төрт аяқтап еңбектейтіндер мен етпеттеп жата қалатындар ғана қызметте қалыпты да, "Күнпарақтың" мың да пәленбайыншы жылғы пәленбайыншы күнгі нөмірлері түрлі-түсті бояумен шығарылып жатыр. Нанбайсыз ба, онда алдыңыздағы "Күнпараққа" қараңызшы. Бастығы сізге қарап жымиып тұр. Ал, есімі астында жазулы.

АЛАПЕС

Шіркін, өз ұлтыңның ортасында, таза қазақтардың арасында жүрген қандай жақсы, қандай бақыт. Ол – бір дүниенің пейіші ғой. Бұған қарап “мына бейшара, алыста, шетелде жүр ме?” деп ойламаңыз. Кіндік қаным тамған Қазақстанымда, туған үйімде, он бесімде отасқан құдай қосқан қосағыммен және екеумізден өрбіген балалардың ортасында-ақ жүрген жанмын. Менің бұлай шерменде хал кешуімнің басты себебі - бір отбасындағылардың алашұбар тілінде, яғни алапестігінде болып отыр. Осы “аурудан” жазылмай жүрміз, әй қайдам жазылуымыз да қиын шығар. Мұны мен неге айтып отырмын десейші. Әлгі алапес ауруымыз меңдеп бара жатқан соң, шамам қалмағандығынан тұяқ серпіген түрім ғой. Сонымен біздің шаңырағымыздағы тіл мәселесі былай: Әрине, 100 пайыз өз қанымдағы тілде - өзіммін дейінші. Бұл көзімді ашқаннан ана тілімнің уызын қанып ішкеннен де шығар. Ал дәл мендей боп ауылдың ақ шаңында туылып, жалаң аяқ топырақ кезіп, шеңгелдің шөңгесін табанына кіргізген, ауылдың пеш жаққан мектебінде тіпті бір сыныпта оқыған, кейін қосақталған күйі бала махаббаттан ата махаббатқа жеткен қосағым – Алапес кейін Ресей жерінде білім алды да бұзылды. ”Ұлы орыс” мекемесінде басшылық қызмет істеп, “ұлы орыс” тілінде бізді асырап, тілі қазір мүлде

шұбарланып “вот..” “воттанып” кетті де, қазақтармен амандасуға кейде жарап, кейде жарамай қалатын 10 пайыздық ана тілі алтын тістерінің аржағынан арып-ашып әрең шығып жүр. Кеңес кезіндегі орыс тілді бала бақшаның ең үлгілі тәрбиеленушілері болған менен туған Шұбар мен Құмардың тілдері тоқсан пайыз орыс тілі. Ел егемендік алар алдында туған Пейілсіз атты қызымның тілі 60 пайызы ағылшынша да, 20 пайызы қазақша, 20 пайызы орысша. Бұдан бес жыл бұрын шаңыраққа келін боп түскен Шұбардың келіншегінің тілі ағылшын тілінен сабақ беретін болған соң, тұтастай сол елдікі. Одан туған кішкентай немере Қоқетпестің қазіргі тілін адам айырып болмайды. Келінім оны бесіктен шықпай жатып ағылшыншаға үйретіп, Пейілсіз қызым оны қоштап қазір ол таза ағылшын сыныбында бастауыш сыныпты бітірмек. Ұлтымыз қазақ болған соң бет - теріміз сойып қаптап қойған қазақ. Ал ішкен асымыз еуропаша деп қалмаңыздар. Бұл жағынан ұялмаймыз. 150 пайыз қазақша. Бәріміз қазақша күнде ет жемесек, қымыз ішпесек шегіміз айналмай, ауырып қалатын жандармыз тағы. Ал киген киімдерімізге тоқталмай-ақ қояйын. Менің киімдерім әрі арзан, әрі тез табылғыш қытай киімдері. Басқалары негізінен орыс, түрік, неміс поляк ағайындар шығарған “фабричный” киім болмаса жалаңаш жүруге бар. Бәріміз түгел сауаттымыз.Сауаттылығымыз сондай бәріміздің теледидарға бетіміз жабысып қала жаздайды. Газеттер, журналдар оқимыз. Газет дегеннен шығады. Барлық жүрек ауыртар сөз бүгін осы газеттерден шыққалы отыр. Отбасы бюджетінен келер жылғы басылымға жазылуға қаржы мәселесі қаралып, үйдегі Бас қазынашы мен болған соң бірінші боп сөз алдым. - Әй, сендер, “Время”, “Новое поколение”, “Эпицентр” “Караван” газеттеріңді, “Лиза”, “Семья” “Мода”, “Женщина” деген ресейлік журналдарды қойыңдар. Бұл басылымды удай ақшаға жазылып алып оқисыңдар да, мен жазылған “Егемен Қазақстан”, ”Жас алаш”, “Айқын”, “Алтын орда” газеттеріне, “Ара” журналына мүлде көз салмайтындарың не? Мына алапес тілден біздің отбасы қашан айығады? Сендер көп те, мен жалғыз. Өздерің ана сүтін емген ана тілдеріңді ұмыттыңдар ғой, мүлде. Кімнен шықтыңдар осы сендер?! Мен сөйлейтін тілге де сендер қарасаңдаршы, - дедім ашынып, - қыруар ақшаны орыс тілді басылымға жұмсағанша, қазақ тіліндегі газеттерге, тіпті жаңа шығып жатқан әдебиеттерге жұмсасаңдаршы. Кінәлі сенсің дегендей отағасыма алакөзімді бұрып кеп жібердім. Сол кезде айналамдағы “шұбарлар” шибөрідей бір ауыздан шу етті. - Ну, мама, “НП-дағы гороскоп дәл келеді. Ал, “Модасыз” қалай өмір сүреміз, тогда мамбети будем,- деп Пейілсіз қызым шырылдады. -Ну, мама, бұл газеттерге біз отбасы бюджетіне салмақ салмай-ақ

жазыламыз, - деді Шұбар мен Құмар қосарлана. - Әй, қойшы басты ауыртпай! Зачем диктовка! З0 жыл осы газеттерді оқи жүріп, енді биыл отказ жасай алмаймын. Сенің ол газеттеріңнен че прочитат. Газет халықтікі, халықтікі дейді. Про жизни халыка ничего нету. Разве правда пишет мемлекеттік газеттер. Бәрі қаржыландырып отырған жерге зависимый. - Да, папамдікі дұрыс. Олардан ешқандай правдаларды оқи алмайсың, - деп папасының қызы болып еркелеп өскен Пейілсіз әкесіне қарай бұрылды, - Қорқақи все. - Короче, менікі де отбасы бюджетіне қатысы жоқ. Глава семья емеспін бе?! Өзім білем не нәрсеге жазылуды. Вообще, еш газетке жазылудың кажеті жоқ. Пошта анау, бірде келсе бірде келмейді. Обнаглели, доставкамен шаруаларын көрмедім!-деп күйеуім “К-700-дің моторындай гүр етті. Мен үнсіз қалдым. Міне, әркезде осы. Олар көп те, мен жалғыз. Шіркін-ай, өзіңнен шыққан балаң мен немерең, туған күйеуің қазақ болғанға не жетсін. Бізге ем қонбайтын шығар, сірә? “Алапес” боп қала береміз бе екеней..

Жарнама

О, Құдай, осы жарнама түбіме жетер деп ойлаппын ба? Аш болсақ та, тоқ болсақ та қара базардағы жұмысымыздың да өз қызығы бар екен. Бәрінен бұрын татқан несібеміз адал еді. Қай шайтан түртті десейші... Ойыннан от шықты. Әзілдеп әзәзілге тап болдық. Оның үстіне сәл нәрседен бір-бірімізді қағытып, бәсекелесіп шыға келетін, құрып қалғыр әдетімізден де бәле басталып кетер деп кім ойлаған. ... Күн суытып, базарда көп тұрудың реті болмады да үйге ертерек келіп, ыстық тамағымызды ішіп болған соң, көп ақша, табыс табудың, баюдың құйтырқылары жайлы әңгіме бастадық. Біздің үйдегі қасқа, қасқайып тұрып: "Қазір көп әйелдер күйеулерін жалға беріп те, табыс табатын көрінеді" деп оның жолдарын баяндай жөнелді. Сөйтті де қайтер екен дегендей маған бұрылып: "Мына мен, мені жалға берсең бар ғой, ақшаның астында қаласың" деп қалсын шімірікпестен. - Ой-дайт деген-ай-ә?! Мына түріңмен сені кім жалға алғандай. Сырықтай бойың, суалған жағың... шүңірейген көзің... Ең болмаса қозы қарның да жоқ. Оның үстіне белбеуіңнің ішінен белбеу байлап жүргенің анау. Мықын дегеннен мүлде жұрдайсың, шалбарың түсіп т.б. кемшіліктерін теріп, өз күйеуімді өзім менсінбей, намысына шоқ баспаймын ба. Жарықтық, талай естіген сөзі болған соң, мыңқ деместен сөзін жәйімен жалғастыра

берді. - Мен қандай ем. Баяғыда қай фильм еді, әне қазір ана көрсетіп жүр ғой. Атын ұмыттым. Сол фильмге басты рөлге батыр тектес, әрі Сәкендей көрікті тұлғаның образына әртіс іздегенде жолдастарым: "Алматыға барсай, қазақ киносы қағып алады. Сол образға келесің. Өлең айтасың, домбыра тартасың, садақ пен мылтық атасың, атқа көкпар шабатын шабандозсың, түрің Сәкеннен аумайды-ау, аумайды"- дегенде, Алматыда мені "кім келе ғой деп отыр" дейсің деп шыға алмадым. Мені құртқан сенсің. І разрядты спортшы, боксшы едім. Рэкетшілердің қатарына жібермей, әртістіктен аулақ әкетіп, енді міне, қарабазарға салып, жүкші еттің. Үстімде дұрыс киім де жоқ. Ай, шүберек адам көркі дейді. Мына, тозбайтын түрік тоныммен жүргеніме 10 жыл… Осы жерде мен сөзін бөлдім. - Ибай.. мынаң қара базардағыларға не киім керек, ей. Аяғыңа қыстың күні киіз байпақ кимесең, тоңып үсіп өлесің.. Ал, жазда ақ жағалы қатырма көйлек пен қара кастюм-шалбар кимейсің ғой, қонаққа баратындай боп.. Әйел мен де жүрмін, міне, шалбарланып алып. Көйлек кимегеніме не заман… Ол болса тоқтар емес. - Бәрінен де дұрыс тамақтанған да емеспін ғрй. Қатырып киініп алсам, апта сайын саунаға бір буланып шықсам бар ғой, "Мен сұлумын!" дегендер соңыма ереді. Ақша табамын деп "касякқа" кіріп, үй-жайды сатқыздың. Конешный төшкіміз, енді міне... – Ол жыларман боп теріс айналды. - Әй, бәстесесің бе?! Мен газетке хабарландыру берем. Егер ешкім келмесе бар ғой... мына түріңнен шошып кетсе не істейсің?!.. - Ал, мені қол аяғыма тұрғызбай қап-қара "Жип"-ке, "Мерседеске" отырғызып алып кетсе не істейсің?-деп ол қарсы сұрақ қойды. - Бердім! Одан әрі! Бірақ бар ғой, табысыңды бөлесің. Все таки екі балаң бар ғой, менде. - Бәс пе?! - Бәс! Құ-ры-сын! Мына газеттер бақылаусыз деп кім ойлаған. Тіпті "Күйеуді де жалға бере ме?" деп таңқалып сұраған да жоқ. "Тексің қандай, сол күйінше жарнама береміз. Тек ақысын төлейсің" деп қ-а-р-а-п тұр. "Содан не болды?"- деп сұра. Хабарландыру жарқ етіп газетке шықты. Клиенттер көп. Тура базарға келді де, қап-қара "Мерседестен" түскен бір қыз ба, келіншек пе, 2 сағатқа күйеуімді алды да кетті. Сағаты 50 доллар! 100 долларды дөңгелентіп мен алма сатып тұрған таразыға лақтыра салды. Міне, 9 айдан бері күйеуім осылай "жалдық" қызметте. Не керек табысы жаман емес. Мен, әйтеуір енді базарға шықпайтын болдым. Күйеуімнің қызметі – басы бос әйелдерге "күйеу" боп зиялы орындарға қонаққа барады. Кейде жоғары қызметтегі кәрі қыздар, күйеуімен енді

ажырасқандар театрға т.б. қоғамдық орындарға барғысы келсе, "сүйген жігіті" боп алдынан гүл ұстап қарсы алады, шығарып салады. Ставкасы жоғарылап 100 долларды сағатына төлейтін бопты. Жалға жалданып жүргенін кім білсін. Өйткенде бір қыздың подругасы үйіне шақырыпты. - Күйеуге шыққаныңды айтпағаның не, -деп мұның қасындағы қызға ренжіпті. Кейде осындай "күйеу жігіт" боп қонаққа да барады. - Әй, бүгін не істейсің? Қай жерде болдың?- деп сұраймын ғой баяғы ішім қыжылдап. - Ту, осындай сұрақ қоя ма екен? Сценарийлері белгілі емес пе, саған, - деп ол да жылмия түседі. Баяғыдай емес, өзгерді. Кейде қызғаныштан солқылдап жылаймын. Ол жұбатқан болады. Әне, телефон қоңырауы шылдырлады. Заказ түсті білем. - Екі сағаттан соң дейсіз бе? Қандай нөмірлі "Жип" келеді № 07-231 иә, иә дайынмын,- ол трубканы қойды. Қызметі қат. "Құдай-ау бұл бизнесімізді қалай тоқтатамыз енді?- деп сұраймын күйеуім Жұрнақтан жылап отырып. - Өзің айтшы, Инеш, базарда екеулеп тұрғанда қандай едік, қазір қандаймыз. Үй сатып алдық. Құдай қаласа өзімнің жеке "Жипім" болады, скоро. Содан соң қоямыз... Дұрыс-ау айтқаны. "Жип"-ке мініп, шалқайып жүрмеймін бе... Бүгінгі газетке ерігіп қ-а-р-а-п отырып, көзім түсе кетсін. Тағы біреу хабарландыру беріпті. "Күйеуімді жалға беремін". Мәссаған қып-қызыл конкурент қой мынау. Жо-жо-жоқ! Жұрнақты әзір тоқтатуға болмайды. Күйеуім ыстық, бірақ бизнес одан да ыстық! Осылай қорытынды ой түйдім. Жұрнағым жүгіре сыртқа шығып бара жатты. Мен тағы да газетке жарнамаға асықтым.

Жоқтау

Өзге тамақтан гөрі балық дегенде сілекейі шұбырып өмірі "болдым" деген сөз аузынан шықпайтын Жұрнақ бір күні қылтықтап, қақалып қалды. Әйелі желкесінен ұрды, түйгіштеді. "Нан жесе кетеді" дегенмен, кесектепкесектеп нан шайнап, су ішті. - Бітті шаруа, тамағымды тесіп өтіп барады. Аулымызда бір ағайымыз тауықтың сүйегіне қақалып өліп еді, жұрт марқұмды әлі күнге дейін келемеждеп, сүйегі қурауға жақын сол Смағұлды сөз етуін қоймайтын. Әгәрәки балықтан қылтықтап өлсем бар ғой, мені де жұрт келемеждейді. -О, несі тәйірі, мен сені келемеждеткізбеймін,- деп әйелі жұмсақ үн қатты. - Әй, сен немене, өзің қуанып тұрғандайсың ғой көзің жымыңдап... Аты жаман емес пе. Облыстық білдей мекеменің (ол өзі жұмыс істейтін сауда базасының атын буынға бөліп созып айтты) басшысы Жарылғапов Жұрнақ

балықтан өліпті деген. - Өлмейсің ғой енді... Даусың әдемі шығып тұр. Көмейің бос. Қарлығып тұрған жоқсың,-деді әйелі жұбатып. - Енді немене, инедей қадалып жұтындырмай тұр. Қада-л-ы-п, міне... мына жерде. Ол таңдайын ашты. – Сен анау жүріп жатқан сериалды көрсей. Көңілің бөлінеді, самавнучение болмай. Әйтпесе, шын жаныңа батса "Скорый" шақыртайық. - Есің дұрыс па?! Скорыйың не, дәрігерлерге не деймін? - Немене, балық жедім дейсің. Ұрлап алып жегенің емес қой. "Жарылғаповтың жегені желкесінен шығыпты” дейтіндей. - Әй, әй, мен... тіпті байқаймын, мен ауырсам құдайың беріп қалатын боп жүр ғой өзіңнің. - Құдай-ау, сол балықты жемей-ақ қой деп қанша рет айттым саған. Енді келіп... Ендеше отыр осылай, сен көрмесең телевизорға өзім кеттім. Жұрнақ қақалуын-шашалуын қоймады. Тілін салақтатып айнаға қарады. Айнадан аузын бұрын байқамапты ғой. Шіріген тісі тұр көкпеңбек боп, кішкентай тілі тұр жылтылдап, қызара бөріткен таңдай. Бәрі былайынша орнында сияқты. Инедей шаншу неғып кетпейді енді. Шекесі солқылдағандай, демі бітіп бара жатқандай ма. Шынымен, асқынып бір нәрсе болса... балық жеп қайтыс болыпты деген қара таңба қалады-ау атына. Уайым деген басын дыңғырлатып, есін ауыстырып әкеткендей болды. Әйелі болса, дым болмағандай телевизор көріп мәз. Қатын деген сайтан, ә? Ертең мен өлсем ғой дымы кетпейді. Балалар ержетті. Дүние-мүлік жетеді. Өтірік ойбайлап жылап-жылап мені де ұмытады. Содан соң біреуге... Айтпақшы былтыр қатыны өлген Жақанға тиіп алады... Дәл осы кезде зығырданы өзінен-өзі қайнап: - Әй!-деді бар даусымен. Әйелі жалт қарады. - Мен анық өлем. Сорлы, қаласың қақшиып. Скорыйыңды шақыртқызбаймын. Ал сен мен өлгенде не деп жоқтайсың? Құлағым естіп кетсін. Айтшы, кәне! - Ойбай-ау... Енді өлсең жоқтамасқа болама ... Былай. Асылым еді, ардағым еді, асқар тауым, бәйтерегім еді деймін де. Ымм... м..м.. Содан соң ара-арасында: Қарғысың жоқ еді халықтан, Ажалың болды-ау балықтан. Кеттің бе тастап, Жұрнақ-ау, Заманда мынау тарыққан. Көмейің сенің кең еді-ау, Талай бір нәрсе жеп еді-ау. Асқар таудай, Жұрнағым, Құдайдың болды дегені-ау...

- Тоқтат! Әй, мені “балықтан өледі-ау” деп жоқтауыңды бұрыннан дайындап қойғансың ба. Тіпті саңқылдап қояр емессің ғой. Білем... мен сені, мен өлсем түгің кетпей, қайта түрлене түсесің. Қатыны өлген анау Жақан, сені ала алмай арманда жүрген анау Ақан, “Сұлуым-ай, сұлуым” деп ән шығарып, өлермен болған кәмпәзиторың анау Мақан, ақ жеңешелеп жүрген Тоқан, кім еді әлгі тағы, ауылыңдағы бала махаббатың болып, орысқа шоқынып кеткен анау Шоқан жетеді сенде...баяғы саған күйеуге кандидат болғандар. Біреуіне тиіп аласың. О, несі-ей тірідей жоқтап. Жұрнақ бұлқан-талқан болды. - Болды енді! Кәне жаңағы инедей шаншып тұрған қылтық. Адам нервничать етсе кетеді деп еді, кетті де қалды,-деп келіншегі ашуланған сыңаймен Жұрнаққа жақындады. "Рас-ау, ә, тамағымда ешнәрсе тұрмаған сияқты. Мына, қатын все таки сайтан-ей",-деп Жұрнақ та іштей күбірледі, бірақ әйеліне рай берместен түнерген күйі ішкі бөлмеге өтті. "Бір өліп, бір тірілдім-ау, әтең нәлет, енді балық жемеспін бәлем",-деді бірақ ішінен.

ЖҰБАТУ

Инешке табан астында кесепат кесел келді. Тамағы жұтындырмайды. Көмейінде сүйек қапталғандай бірдеңе тұр. Қақырынды, түкірінді болар емес. Бір қасық су әрең өтеді. - Біттім. Уа, дүние көзден бір-бір ұшқалы тұрсың. Сүйек, тұқым қуалаған ауру болды бұл. Шешем марқұм да дәл осы аурудан қайтыс болды емес пе. Енді міне, мен де... Келіншек еңіреп зар жылады. Емізулі баласын қолына ұстап, кеудесіне қысты. - Жетімегім менің. Ең болмаса аяғыңды апыл-тапыл басып, "су ішем, нан жеймін" деуге тілің де шықпай әлде-кімнің қолында қалатын болдың. Сорлы-ай, құдайға сен не жаздың жетім қалатындай... - ал кеп жыла, еңіре. Командировкаға кеткен күйеуі келсе, бәрін айтар еді. Ол да жоқ. Зар еңіреген бір күн өтіп, күткен күйеуі де келді-ау. - Жұрнақ, мен өлемін. Ия... кесепат қылтамақпын. Тамақ өтпейді, су жүрмейді. Емшектегі бала мынау шырылдап, аш. Өл-е-мін. Апамның ауруы.. Ы-ы..-деп ағыл-тегіл көз жасымен қарсы алды. Алдынан боздап отырған келіншегін жақтырмады ма, күйеуі қабағын шыта, әрі салқынқандылық көрсеткісі келіп: - Тоқтай тұршы енді. Немене сонша. Кәне, су ішіп жұтынып көрші,-деді бірден. - М-мі-не жүрмейді ешнәрсе. Шашаламын. Былай... Ық! ық... Қх-қх!-а-а қылтамақпын... Келіншек екі көзінен мөлтілдете жас төге жылағынын жалғастырды. - Сені, Мұратымды, қалай, кімге тастаймын. Өлсем екеуің де ешкімге

сыймайсыңдар. Әсіресе Мұратымды қимаймын... Аяғын басып, аузына қасық та апаратындай жас емес. Бұл баланы кім асырап алады? Білем, сен оны детдомға өткізіп жібересің де... Үйдің іші азан-қазан шықты. - Дәрігерге бару керек. Олар ыңғайын айтып сездіртеді ғой. Әзір жылама, жаным. Жұрнақ келіншегін бауырына қысып, мөлтілдеп төгілген жасының сор-тұздығына қарамастан сүйді. Сөйтті де: - Бұл аурудың 1 айлық, 3 айлық, 6 айлықтары болады дейтін. Алты айлығын берсін деп тілейік. Сол кезде Мұратың да апыл-тапыл аяғын басып қалар,-деп жұбатты күйеуі. - Ойбай-ау, ақыры өлетін болған соң бір айы не, алты айы не?. Іі-іі-і... Кенет Инеш кілт тоқтатты жылағанын. - Әй! Осы ма жұбатқандағы түрің. Маған жаның ашығандығың! “Шетелдегі докторларға көрсетем, мұндай ауру дегендер жазылады”,- демейсің бе, тым болмаса. “Алты айлығын берсін деп тілейік”- деуін қарашы ей... Мүмкін мен бір жылдық ауру, то есть. Вообще ондай ауру емес шығармын!- деп Инеш бұлқан талқаны шыға, алдындағы стақан толы суды қағып салғанын білмей қалды. Сөйтті де орнынан атып тұрды.

Ыстық сессия Әркімнің өз несібесі, өз ризығы бар. "Молдалар өлімді, дәрігерлер аурулы жерде семіреді" демей ме. МАИ инспекторларын асырайтын – алатаяқ. Таможняны – посты... Міне, біз де қысқы сессия басталып, нетіп жатырмыз. Біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, Бұдан соң заочниктер бар келетін. Айлығымызды білесіздер... Біздің құдайдан тілейтініміз – Состоятельный еркетотай, Состоятельный жалқау, қыдырғыш, ұйқышыл студенттердің көп болуы. Анада бір студент сабаққа келмей: "Инеш Бізбикешовна, машинам сынып қалып, ремонттатып... вообщем пропустил..." деп қ-а-р-а-п тұр. Ну, ничего. Ұстайтын жерді біз де білеміз. Пляшет еткіземіз, сессия кезінде. Енді бір шенеуніктің еркесі прямо лекцияға келіп ұйықтайды-ау. - Қасқабасов тұрыңыз. Үйіңізге барып ұйықтаңыз... - деп аялап, арқасынан қағамыз, оятамыз. - Ой, Инеш тәтей бас зеңіп. Түнде көп ішіп. Буфетке барып бас жазайыншы,-деп айылын жимайды-ау,. Білем бұл қызды да, ертең жүгіреді. - Таксілеріңіз өткендегідей ме?- деп сұрайтындары тағы бар. Біледі. Біле тұра, айтып тұрғандары осы, ақырзаманның студенттері. Зачетный ставка – $ 50 –70 доллар, курсовой жұмыс – $300 доллар.Бір күнде

орындап берсең - $ 400. Олар бәрін біледі. Кейде ерегескендерге мүлде арттырамыз. Соңғы кезде кітапханашы қыздар да қулыққа басты. Студенттерге оқулықтарды бермей қояды. Олар да қолдағы барымен бірнәрсе көргісі келеді. Мейлі таршылық жоқ, $300 доллар пожалыста. Нете берсін... - Жоқ, дедім ғой, кітапхана бойынша ондай источник жоқ. Қолда жүр. Кітап аз, сендер көп,-деп оқитын студенттерді шырылдатып тұрғаны. Қысқы сессияның тұңғыш емтиханы... Қандай ыстық. Шытырлап көзіме ақша елестейді-ау. Шіркін, бір емтихан $300 доллар. Шіркін-ай, сессия деген жылына 4 рет болса ғой, а то екі-ақ рет. Аз ғой. Осы мәселені дұрыстап шешу керек-ау, түбі. Ол сіз бен бізге жаман болмайды.

ТУРА КИНОДАҒЫДАЙ

Бұл ауыл бұрын “Бірлестік” аталатын. “Алға” кеңшарының қаракөл терілі қой өсіретін бөлімшесі болған. Кеңшар жекешеленіп, мал басы ыдырап, әркім өзімен өзі күн кешкен қиын кездің бірінде халық “Бірлестікті” -Түрімшіктер ауылы атап кетті. Өйтпей қайтсін, ауылда білегі барлар “рэкет”, жүрегі барлар “зорлықшыл”, күші барлар “барымташыл” болып түрменің төрінен бір-ақ шықса. Артында қалғандар абақтының алдын босатпай, арызданып, соттың алдын “сән-салтанатқа” айналдырғаны бар. Қаламен екі ортада қатынайтын сары “Паз” іші сарнаған жоқтау, былапыт боқтау. Оның ішінде “саясатшылар” да жоқ емес. Үкіметтің ауылға қарамай қойғаны, ауылдың тоз-тозы шығып жүдегені, елдің жұмыссыздықтан күйзелгені, ұрлықтың өршуі әйда тіл мен жаққа тыным бермей қойды. “Түрімшіктер” ауылында ұрлық жасау тыйылмай, қайта өрши берді. Ауылда жұмыссыз, оқушоқусыз, әскерге алынбаған бозбалалар бағана басына өрмелеп, болат сымдарды қиып, оны қалаға сатуды үрдіс етті. Сап түзеген электр бағандар қосақталған сымдарынан түгел қиылып, отқа жағылды. Самаладай жарқырайтын қала мен екі ортадағы жол тас-түнек тірлік кешті. Бір сорақыдан, бір сорақысы елдің –мекендердің бірінен үйренген әдіс келесі ауылды шарлады. Жоғары жақта Ауыл жылы деп айғайлап, ауылдағыларға үлкен көмек шарасы жасалады деп үміт жолына көзін тоса бастаған кезде, кейбір ауыл қопарыла күн көретін жаққа көшіп тынды. Тек “Түрімшіктер” ауылы ғана ескі тоқал үйлерден түтін шығарып, отырып қалды.

Жақында абақтыда ең ұзақ мерзімді арқалаған Ардабай оралды. Кезінде Арекең ауылдағы атақты боксер болып, талай рет жарыстарға қатысып, газеттің бетін бермейтін “Кімсің Ардабай” болған. Түрімшіктер ауылының кәрі құртаңын шақырып құдайы беріп болған соң, Ардабай осы ауылдың атын шығарып, абақтыда болып қайтқандарға үлкендік жасап, арнайы қонақасы берді. Кімнің қандай статьямен жегілгенін жатқа біліп алған. - Бұл болмайтын, - тірлік,-деді ол, - мен ғой халықаралық қатынастар арасындағы мәселе бойынша, пошти политический статьямен кеттім, шекарада Камазды угон жасаймын деп әнебір татармен шатасып. Ал сендердікі не, ұсақ-түйек мәселемен шатысыпсыңдар. Мал ұрлау, сым ұрлау, қой ұрлау ұят қой, мүлде... Барлығы бастарын төмен салбыратып үнсіз. Арекең не айтқалы отыр деп отыр. - Енді глобальный, әрі ақылмен істелетін жүйелі іс керек. Оған, білесіңдер ме үлкен жүрек пен білек керек. Қарап отырсам, ауылда жалғыз біз ғана қалыппыз. Бәрімізге “түрімшік” деген ат жабысып тұр екен. Бұған гордитсә ету керек.. Халық айтты ма, все. - Анау Американың бір штатында түрмеден шыққандар бір посөлік болып құрылыпты да, егінін егіп, малын бағып, өздерінің бәнкісін ашып ең бай адамдар болған көрінеді. Мен ойлаймын, сондай тіршілікке жетуге біздің де біріккеніміз жөн,-деді. - Ой, Ареке, ондағымен бізді салыстыруға болмайды ғой. Кинодан көргенде олар кілең бәнк тонап жатады ғой. - Сол киноң өмір ғой. Өмірден алады. Ал, біз неге банк тонамаймыз?- жиналғандардың дастарханын жасап, шәйін құйып беріп отырған, 9 ай түрменің дәлізінде отырып, үш жас баласы болған соң жеңілдікпен шыққан, Ардабайға немере келін боп келетін Алтынтас, - еркектерге қарады ,- Әттең, менің қасымда өзім сияқты серігім жоқ, әйтпесе бар ғой, ылғи армандаймын, банктен көп ақша ұрлап, бір-ақ байыса деп.. Нағыз дұрысы бәнк. Ие, қайнаға?.. - Алтын дүкенінен сен ұсталып қалдың ғой... - Енді ше, онда менің үстімде дұрыс киімім болмай сорладым емес пе. Ауылдан келгенім бәрібір байқалып қалынды. Сылқым келіншектердей, үстіме жақсы киім киіп, саусақтың бәріне алтын салып, жалтылдақ сөмке ұстап барғанымда менен пәдәзірават етпейтін еді. Ол жерде запріста, шығып кететін едім,- деп бір қойды да: - Кәроче, мен қайнағаның глабәлный планын қолдаймын. Ол үшін бар ғой, араларыңда әйел болуы керек. Қаланың ақшасы көп мырзаларындай, ақ көйлек қара кәстом киіп, нағыз байлар сияқты мықты портфельмен ғана бәнктің қасына жолай аласың. Анадайдан “Мерседестен” түсіп, оларға деловой вид байқатып, содан соң кредитті қалай оформит етеміз дейміз бе, жоқ салымды салудың жағдайын сұраймыз дейміз бе, маңғаздана сөйлеп, -

- банктің ішінде қанша адам отырады, қаншасы әйел, қаншасы еркек, қарауылдарының қолында не бар, соны біліп, оны кемінде кинодағыдай 5-6 мәрте зерттеу керек қой. Ие, қайнаға? Қайнағасы басын изеді де: - Келін мәледес,-деді Ардабай, - осы келіннің живойлығы ұнайды маған. - Қайнаға-ау, шет-жағасын біз де көріп келдік қой... - Басшы болса, біз қосшы болуға жарайтын інілеріңізбіз ғой,- деді ішінен біреуі, бірақ бұған бір план, қандай ед жаңағы өзіңіз айтқан гләбалный дедіңіз бе, сондай план жасайтын кім?... - ?? - Әй, үндемейсіңдер ғой, түге. Кино көрмейсіңдер ме? Күнде оқытып жатқан жоқ па телевизордан. Маған осы идея бір банк ұрлаған киноны көріп түсті. - Свет жоқ, ауылда ненің киносы, ей? - Қалаға барған да көріп жүрген жоқсың ба?! - Ой, Ареке, қолға автомат, астыға мәшине керек қой. Адам өлтіріп алсақ...Онда №.. стәтия, кеттік... Барлығын тыңдап отырған Ардабай қасындағы жастыққа жантайып күрк-күрк жөтелді. Қолқасынан көтерілген барлық қақырықты сыртқа шығармай, қайтадан май жұтқандай әрмен қарай қылқ еткізе салды. - Анау орталықтағы поштада біраз, ақша бар ғой, соны нетсек қайтеді? - Ақымақ! Пенсионерлердің ақшасы ғой ондағы. - Е, Жерге бөлінген ақша да бар дейді... - Онда аудандағы банкты нетейік. Ауыл жылына Үкімет ақшаны аямай құйып-ақ жатыр.. Бірақ әкімі бар, әкімге жақыны бар бермен қарай оны шығарып жатыр ма. “Кірестәнский хәзаистібаға” бөлінді деп жақын-жуық ағайындарының бәріне үлестіріп жатыр. - Банкінің бастығының өзін тонасақ ше?. - Өй, бала құсамашы ей, қазір кім ақшаны қалтасына салады. Ішшотына да ұстамайды. Капиталы бәрінің Недбижміс. - Бір бай мырзаның баласын ба, қызын ба залог қып ұстап алып, бикуп жасайық кинодағыдай... - Қойшы-ей, жазықсыз балаларын әбіржітіп.... - Қысқасы, не жасалса да байларды неткен дұрыс. Олар маңдай терімен байып жатқан жоқ. Осы күні жиналғандар түн ортасы ауғанша әрнәрсені бір мысал ғып, еш шешімнің жібін түйе алмаса да, әрқайсысы Ардабай күркілдеп жөтеліп отырып түсіндірген “естеріңізде болсын” деген кейбір ойларға қоса, тез баюдың тәтті қиялдарымен кетті. ...Ардабай келгелі бұл маңайда ұрлық шыққан деген сыбыс болған жоқ. Сол жылы көктем шыға Түрімшіктер ауылының еркек кіндіктері суы әлдеқашан суалып, жағалауын қалың қамыс басып кеткен, “Ақбалық” көлінің

табанына қауын-қарбыз, картоп, бидай мен тары егеміз деп аттанды. Ардабай бастаған “диханшылардың” “егіндері” піскен кезде “крыша” болғандар мен жергілікті полицейлер арасындағы қатты қақтығыс бүкіл аудан, облысты дүбірлететті. Екі жақтан жан шығыны болып Арекеңді қайтадан түрмеге алып кетті. Алайда, тура кинодағыдай 10 күннен кейін Арекең қайыра босанды. - Ойбай, Аркеңді түрмедегілер өздері босатыпты. О түрмеде жатса оларды кім асырайды. “Егін” деп жүргендері анадай “шөп” дейді ғой. - Бәсе-ау, түрімшіктер ауылының адамдары неғып ұйымшыл болды десе, сондай бәлелері бар ма? -Қой, ойбай, бұл сөз осы жерде қалсын. Ардабай естісе оңдырмайды. - Ести берсін, жұрттың бәрі біледі. Енді полицейлер өздері қолдап отырған соң, кім бата алады. Үндемейді. Бұл диалогтар екі-үш күннен кейін басылып, жұрт тынышталды.Қалыпты өмір жалғасты. Түрімшіктер ауылы Ардабайдың арқасында қоңданды. Мал басын өсірді. Жазда “Ақбалық” көліне “егін” егеді. Осы “егіндік” аймақты бірақ ешкім біле алмай жүр. Оны білсе тек полицейлер ғана біледі. Олар да тіміскілеуді соңғы кезде қойған. Өйткені Арекең арқылы шешпесе, істі шеше алмайтына көздері жеткен дейді білушілер. Тіпті жергілікті полициялар түгілі одан да жоғарылар Арекеңнің алдында соңғы кезде құрдай жорғалайтын болыпты. Ардабай болса бұрын түрмеде болған күндерінен шығармалар жазып, оны жергілікті полиграфиядан кітап қылып басып шығара бастады. Сөйтіп тұнба талантын “көктетіп” кәдімгідей жазушы атанып қалды. “Арланның азабы-1”, “Арланның азабы-2” атты бірден детективті екі кітабын оқығандар жер-көкке сыйғызбай мақтап, “Ойпырым-ау, қазақта дедектив жанрынан қалам тартқан жазушы шыққан жоқ еді. Мынауың бір құнды дүние ғой” деп мәртебесін одан сайын көтерді. Облыстан арнайы тілшілер келіп, сұхбат алып, телеарналардан көрсетті. Сұрақтың түрлері мынадай: -Ағай, айтыңызшы, Сіз түрмеде болдыңыз иә? -Иә болдым. -Неше жыл? -6 жыл толық. -Неғып түстіңіз? -Адам өлтірдім. -Ой, ағай... Ол адамды аяған жоқсыз ба? -??.. Аяғанда, кеш қой, кейін аядым ғой... -Жарайды ағай.. Қазір Сізді Түрімшіктер ауылының атаманы дейді ғой. Бірақ, сол ауылдың жағдайын егін егіп, мал өсіріп жақсартып жатқан көрінесіз. Егіндеріңіз қандай егін? -Картоп, қарбыз-қауын деген сияқты... бәрін тіземіз бе, көп, қарағым.. -Бұл бақшалық дақылдар ғой, табыстарыңыз мол дейді.Айтпақшы ағай,

қарамағыңызда түрмеден шыққан қанша адам бар? -Жетеді. Тошно саны керек пе? Шамамен 20-дай шығар. -Жарайсыз ағай.Сіздер қайтадан түрмеге түсіп қалмай, қайта еңбек етіп жатыр екенсіздер. Ешкімді енді өлтіргіңіз келмейді ғой? - Ж-ж.. жоқ, әрине. Құдай сақтасын. - Жарайсыз ағай, Сіздің “Арланның азабы-1”, “Арланның азабы-2” атты шығармаңыздың басты кейіпкері өзіңіз бе? - Жоқ.. айтпақшы, Иә.. - Ой, ағай, Сіз сонда түрмеде де Главный болыпсыз ғой. Ке-ре-мет. Бұл шығарманы “к-е-р-е-м-е-т кітап деп жұрт қолдан-қолға түсірмей оқыйды. Маған да автограф жазып бересіз бе? - Берейін... Енді мына көрермендерге айтар тілегіңіз қандай? - Түзу жүрсін... Түзу тұрсын. Біз сияқты түрмеге түспейтін болсын. - Жарайсыз, ағай.

Ал, енді көрермендер, өздеріңіз байқап отырған боларсыздар, уақытымыз тығыз. Біздің студиямызға шақырылған қонақ Ардабай Бордабаев бұрынғы рецидивист адам. Түрмеден кейін міне түзеліп, қазір адал еңбегімен аты шығып отыр. Тіпті шығармашылықпен айналысып, кітап жазып оқырмандардың назарын аударуда. Бұрынғы “Бірлестік”, қазіргі “Түрімшіктер” ауылын көркейтіп, халқын малмен, егінмен асырап, шаруашылықтарын Үкіметтен ақша сұрамай-ақ өздері шалқытып отыр. Мұндай үлгі алатын азаматтар арамызда көп болсын. Осымен бүгінгі хабарымызды аяқтаймыз. Ардабай Бордабаевпен байланыс жасаймын деген көрермен болса, біздің студияға хабарлассын.Телефонымыз: 22-22-22. Бәрінен де Арекеңнің үйіндегі жеңгей мәз. Кітапта жас кезіндегі, одан соң үлкен ағайынмен ұлын піштіргендегі тойда түскен толып жатқан суреттері кітапқа енген екен. Үйлеріне кім келсе, көрсетіп, “Мына жерде мен де тұрмын. Мынау, мен ғой” деп кітаптағы суреттерге шолу жасағанды қатты ұнатады. Жұрт енді “Түрімшіктер” ауылына ат басын қорықпай бұратын болды. - Қайда барасың? - Арекеңнің ауылына... Сәлем берейін деп... Арекеңе жабысқан жазушылық аты бар, алыстағы, жақындағы қалам ұстағандарды шақырып, қонақасы беруге жомарттығынан жаңылмады.

Алайда ара-кідік болып тұратын, бұған полиция араласпайтын атысшабыс үнемі болып тұратын кәдімгі тұрақты жағдайдың біріне айнала бастады. - Түрімшіктер ауылында қырғын атыс болыпты. Кәдімгі автоматпен патырлатып, кинодағыдай екі жақ атысқан дейді. - Бір адам шығын бар екен. - Жоқ екі адам...

- Астапыр-ал-ла?! - Соңы не бопты? - Ешкімді ешкім ұстай алмапты. - Өлгендер ше? - Бүгін намазы болып, ақтық сапарға шығарды. - Ардабай қайда екен? - Қайда болушы еді. Ауылда. Қаладағы мешіттен имам әкеліп, ақ жуып арулады. Құранын шығарған имамға бір тай мінгізіпті. - Апырай-ә? Полицейлер ешнәрсе демеп пе?. - Дегенде... бәрі .. бұрынғыша емес пе, ашылмайды, жабылады ғой. Ардабай баланың шешесінің аузын алып қойса керек. Былай депті. ”Анаумынау сұрақтарыңмен жанымды жараламаңдар. Өлер бала өлді. Құдайдың ісі шығар. Ардабайға да арызым жоқ. Біле білсеңдер, ағайынымыз Ардабай. Сол баланы ол адам етті. Көріп отырсыздар, намазды өз қаражатымен шығарып жатыр. Ертең басына белгі салғызамын деп отыр. Кімім бар енді менің Ардабайдан басқа. Ушықтырмаңдар! Араласпаңдар!- деп жекіп тастаған көрінеді. Сонымен полиция үн-түнсіз ауылдан аттаныпты. Атысшабыс ізі жабулы қазан болып қалды. Жоғары оқу орнын бітіріп жұмыс іздеп, қалаға келмеймін бе. Жарнама газетін алып, хабарландыруға көзім түсті. Мәс-саған! “Бұрынғы Бірлестікте жақшаның ішінде қазіргі “Ардабайдың” ауылы деп көрсетілген, жаңа бастауыш мектеп ашылады. Оқушылар саны 20. Оқытушылыққа үш тілді: ағылшын, орыс, қазақ тілін жетік білетін жоғары және арнаулы орта оқу орындарын қызыл дипломмен бітірген, компьютер тілін білетін жас мамандар қабылданады. Мектеп компютермен жабдықталған. Мамандарға жоғары ақы төленеді. Үйі жоқтарға 1 жыл ішінде үй салынады. Оған дейін жатын орындары әзір. Қадірлі жас маман! Сіз тез байығыңыз, супер машина алғыңыз, шет елге саяхатқа шыққыңыз, қысқасы, қаражат қорыңызды көбейткіңіз келсе, шанс бар, өкінбейсіз, осы хабарландырудағы адреске келіп, жас ұрпақ тәрбиесіне адал еңбек сіңіріңіз”- делінген. Жаңа мектептің ұстаздарына жоғары жалақысына қосымша әр тоқсанда Ардабайдың атындағы стипендия беріледі..”. - Жаса Ардабай аға! Жаса! Негізі Түрімшіктер ауылы нағыз цивильный болмаса неғылсын, - деп айқайлап жібергенімді білмеппін. Қызыл дипломмен жұмыс іздеп, қашанғы сандалайын. Тарттым Түрімшіктер ауылына. Көрдім басыма түскенін. Көп естігенше көзбен көрген артық. Не көргенімді сосын айтам. Тура кинодағыдай криминалға кіріп кеткенімді білмей де қалдым. Оқисыңдар ғой әлі. Мен де бұл туралы кітап жазып жатырмын.

Бастықтың туған күні Сіздерде қандай екенін қайдам. Біздің мекемеде туған күнді атап өту ежелден қалыптасқан дәстүр. Барлық қызметкерлердің туған күндерінің тізімі кадрлар бөліміндегі сап-сары кәрі қыз Салимада. Ол қызда да дамыл жоқ. Қолында кілең қалам мен қағаз жүреді:

- Тәк, ертең Жұмақтың туған күні. 200 теңгеден. Қызмет аяғына дейін беретін болыңдар. Қайта-қайта келетін уақыт жоқ. Кәне, кім береді? Спискіге тіркеймін. Бұл хабарды естіген соң көңілсіздеу қалыппен қолдарымыз қалтамызға жүгіре бастайды. - Ол дастархан жасай ма, шәй-пәй? - Қатыны жоқ. Аулына кеткен. Жасай алмаймын,-дейді. - Мен түстен кейін әкелейінші,- дейді Жөкен. - Мен де,- деді Бөкен. - Осы немене сендерге қатындарың басы артық ақша бермей ме. Премия алғанда маған беріп қойыңдар, осындайда өзім қосып отырамын. Так что, мен енді келмеймін, өздерің маған түстен кейін әкеліп бересіңдер. Сары қыз шығып кетті.

- Неге біз әркімнің туған күніне әртүрлі жинаймыз. Өткенде Боташқа 500 жинадық. Жұмаққа 200-ден дейді, - деп, түкпір жақтағы ескі қызыл столда өзімен өзі үнемі шұқшиып, тырнағын тазалап отыратын Жәнәтта күңк етті. - Боташ бөлім бастығы болғаннан шығар. - Бөлім бастығы болса да, Шығайбай ол. Ақшаны жинап алып не істейді екен. Өмірі бір шай ішкізген емес. Ең болмаса пиуа да алып бермейді Сіздерге. Жарайды, қыздарды қыз десін. - Еще бастық оның туған күніне премия беріпті ғой. - Бізге өйтпес еді... Ортадан кім екені белгісіз бір дауыс шықты. - Скоро бастықтың туған күні екен. Охо! Тура жескенбіге келіп тұр. - Жесенбіде болса құттықтамаймыз.Құттықтамайтын болсақ, ақша да жинамаймыз,-дейді Жөкен. - Демек, бұл айда үйге ақшаны апару жоқ десейші. - Қара да тұр. Ана қыз қақшаңдап жексенбі күні жұмысқа шығартады да, бастықты зорлап құттықтауға мәжбүрлейді. (Ана қызы деп отырғаны бағанағы кадрдағы Сәлима) Жәннәтте осы өзді ести сала тура маған жетіп келеді де, құлағыма: - Салима бастықпен несі бар дейді ғой, рас па? - Мен оны қайдан білем? - деп мен таң-тамаша бола қалғансимын. Әйтпесе ол сыбырды мен де естігем. Бастықтың туған күні біздің мекеменің үрдісін түбірінен өзгертті..

Сенбі күні: - Алдымызда сайлау, понимаете. Мекемелердің бәрі қазір бұл саяси науқанды өткізіп болмайынша демалыс дегенді білмейді. Біз де жұмыс істейміз,- деп зам директор хабарландыру жасады жинап алып. - Бұл “Еңбек туралы заңға” көпе көрнеу қайшы.,- дедім мен қырсықтығым ұстап,- сайлау-сайлау, біздің қатысымыз қанша? Избиркомға арнайы бөлінген адам бар. - Инеш, Бізбикешовна, Сіз-ақ осы бүйректен сирақ шығарасыз,- бұл кадрдегі сары қыз Салиманың сөзі,- жұрттың бәрі үндемей келісіп отырған жоқ па? Әрі бастықтың туған күнін отмечать етеміз. - Ах, солай ма? ... Түсінікті. Бастыққа қаншадан жинайтын болдық? Мен одан әрі анықтап алғым келді. - Бөлім бастықтары 2 мыңнан, қатардағылар 1 мыңнан. - Барлығы түгел берді ме? - Сізден басқалардың бәрі берді.

-Ал, маған неғып ертерек айтпадыңдар? Неғып бір күн қалғанда айтып отырсыңдар? Мен дауласа кеттім. - Есіңізде ме, өткен жылы Сіз бастықтың туған күнін атап өту жағымпаздық деп шу шығарғаныңыз. Содан соң биылғы тізімге сізді қосқан жоқпыз. Төлько желәйущилерден ғана жиналды. - Т..т.. Түсінікті...,-дедім мен өзіме-өзім. “Бәлем өзіңе сол керек”-дегендей Сәлима тық-тық басып шығып кетті. Өзім атқаратын жұмыстың ыңғайын таппасам да сағат 10-нан кейін мен де кеңсеге бас сұқтым. Келсем біздің мекеменің адамдарының бәрі осында. Күндегіден де ерте келген бе дерсің. Қарбалас қалыпта. “Қызу қызметке” кірісіп кеткен сияқты. Жұғымды тамақтың иісі коридордан кірген адамның мұрнын жарып барады. -Мында не болып жатыр?- деп сұрадым мен Жәннаттадан өзімнің бұл жерде артық жан екенімді сезсем де, онымды білдірткім келмей. - Инеш Бізбекешовна, бәріміз үйден істей алатын тамақтарымызды, пісіріп әкеліп, Салимаға өткіздік. Ол жерде стол жасап жатырмыз. Бүгін бастықтың туған күні ғой. Бастық қазір сағат 11.00де келеді. Жөкештер домбырамен есіктің алдында ән-шашумен қарсы алмақ. Бөкендердің бөлмесінде репитиция болып жатыр. Айтпақшы, пісірілген тамаққа конкурс болмақшы. Жеңімпаздарға сыйлық беріледі. - Ым..м.. Бұл үлкен саяси шара сияқты ғой. Оны неғып маған кеше айтпадыңдар? - Сізді бастықтың туған күнін атап өтуге вообще қарсы деген соң айтпаған шығар. - деді Жәннәтта әлденеге асығыстығын танытқан күйі, қасымнан тез кеткісі келіп. Мен енді қасақана әліптің артын бағып, бүгінгі ойластырған шараның

басынан аяғына дейін қатысуға бекіндім. Менің қасымда отырып бастыққа әшейін де атарға оғы болмай отыратын Жәнәттаның бүгін табаны жерге тимей кетіпті. Күткен сағатта жұрттың бәрі есік алдына шықты. Сәлима қолына табаққа салған конфеттерді ұстады. Өзі бүгін құлпырып-ақ киініпті. Оңдырмай опа-далапты да бетіне аямай жағыпты. Сәлиманың бастықпен жақын екенін білетіндер оған жалпақтап: - Сәлима, енді не істесек дұрыс. Ананы өйтеміз бе, мынаны бүйтеміз бе,- деп сұрамайтын сұрақтармен назарын аударып әуре. Жігіттер домбыраны дыңғырлатып: - Қазір, сен бірден дар ете қалма. Мен басымды изеймін, сол кезде “Біздің ағай тамаша” әнімен бірден бастап кетейік. Мақұл ма?

Кәне: Біздің бастық көркем жігіт қараса. Басқарып жүр істің бәрін жаңаша, Мұндай бастық ешжерденде таппайсың Біздің бастық, біздің бастық тамаша, Хормен қайырмасы: Біздің бастық тамаша, Көз тоймайды қараса, Бастығымыз бұдан да әрі өседі Құдай өзі, Құдай өзі қаласа.... Біздің бастық тамаша ғой тамаша, Ұжымымен біледі ол санаса, Сенбі түгіл жексенбіде шығамыз Бастық бізді, бастық бізді қаласа Хормен қайырмасы: Біздің бастық тамаша, Көз тоймайды қараса,

Бастығымыз өрге жүзер, Құдай өзі, Құдай өзі қаласа.... Осы кезде, Сүліктей қара “Мерседестің” төбесі көрінді. Шофер жігіт бипілдетіп, дауысты берсін-ай. Қыздар, әйелдер, жігіттер сценарий бойынша есіктің алдына шықты. Салима алға озды. Ақ табақтан конфеттер шашылды,. Басеке, туған күніңіз құтты болсын! Алдыңыз дәмге толсын! Малға толсын! Долларға толсын! Мәртебеңіз биіктесін!- деген дауыстар естілді. Тура келіншекке беташар жасалғандай, дәстүрлер жасалды. Бастық мұны “күтпегендей” аң-таң. Ендігі кезек әншілерге тиді. Олар да бастап кеп жіберді. Хорға барлығы қосылды..

Бастықтың ауызы кетті ашылып.. Мәз.. Тіпті ешнәрсе білмегенсіп: - Әй, осында бүгін неғып жүрсіңдер-ей, демалыс емес пе,- деді міңгірлеңкіреп. Бастық мүлде білмепті ғой туған күні екенін. Үйінде де еске салар ешкім болмағаны ғой.. Бүгін нешайно, соққан ғой жұмысқа. “Зам директор звондап, жоғары жақтан бір құпия құжат келіп түсті. Соны демалыс күні асықпай қарайық” депті. Содан келе қалған екен. Әйтпесе бүгін басқа бір мероприятияға шақырған екен. Соған жиналыпты... Оказывается мұнда... Мұны бастық айта бастағанда Зам директор ”Мұны ұйымдастырған мен едім” дегенді бастыққа сездіргісі келіп: - Тәпек Жұрнақович, кешіріңіз... Сіз ренжімеңіз. Ұрыспаңызшы... ..осылай біз... бәріміз болып ... Сіздің туған күніңізді атап өтейік деп... Салима бар... бәріміз ақылдасып... деп сөзін созғылай бастағанда, Сәлима тақ етіп: - Короче, мұның инциаторы әуелден менмін. - “Шо, бастықтың туған күнінде қараптан қа-р-а-п үйде бәріміз отырамыз ба, қалай шыдаймыз” дегенмін. Мені Күлден Түлденович сразу қостады. (ол зам директордың атын сызып айтты) Сәлима мен жаққа көзін біраз қадап тұрды да, сөзін жалғастырды. - Сайлауға байланысты жұмыс істейміз,- деп халықты жұмылдырған мен, мінекей ұжымыңыз түгел Сізді құттықтауға келді. Бұдан да басқа алдыңызда сүрприздер болады,- деді де, бастыққа бұрылып: - Енді, былай қарай жүріңіз,- деді. Жұрттың бәрі қошаметпен: - Ия, солай қарай жүріңіз,- деді бастық жол білмейтіндей ысырыла. Кадрлар бөлімінің кең бөлмесінде үлкен ақ столда дастарханнның үстінде бәрі болатын. Бастықтың көзі жайнап кетті: - Вот, и даете. Вот, и даетедеп, төрге шыққанша қайталай берді.

Әркім өзінің қызметтік лауазымына қарай орын алатын әдет бізде бұрыннан қалыптасқан. Лауазым биік болса жасы кішіміз де төрге шыға береміз. Мен сол бойынша төменнен ( әрі шақырылмаған адаммын) орын алдым.

-Алдыңыздағы қуырылған шөше, - Жәннәттәнің сізге үйден пісіріп әкелгені. Ал Манты, -менікі,-деді Сәлима. - Тұзды қияр мен қызанақ Бөкендікі. Вернее дачасінікі. - Әй, сен Бөкен, жаз болса жұмыстан ерте кетіп қалатын едің. Дачаға асығады екенсің ғой, ?- деп бастық Бөкенге бұрылып қарап еді, ол қылмыс жасағаннан бетер қызарып, ақтала бастады. - О, не дегеніңіз Тәпек Жұрнақович, дачаға мүлде ебім жоқ. Үйдегі келіншегім любитель. Соның еңбегі ғой.. Ішкіліктің неше түрлері самсады. Бастыққа қолпаштау басталды. Керемет тостар көтерілді. Бастыққа былғары Папка сыйға тарту етілді. - Осы Папкамен Қазақстанның жоғары Палатасына депутат болып

сайланып кетіңіздеді әшейінде үндемей жүретін Жәкен.

- Мына, қазыны Боташ әкелді, -деді Салима бүкіл дастархандағы асқа комментарий жасап. - Боташ мықты.. Үйінде тек казы мен қарта ғана жейді. Біздің ернімізге мұндай ас сирек тиеді, - деді бастық шанышқымен туралған қазыны аузына салып, малжаңдай бере. - Биылғы соғымға Сізді шақыра алмаған соң... Боташ шашын сипап кінәлі адамша үн қатты. Салима дастархандағы тамақтарға конкурс қорытындысын шығарылғанын хабарлады. Ду қол шапалақтанды. - Ең сүйікті ас манты болды. Прямо күшті пісірілген,- деді отырғандар. Салимаға хрусталь ваза берілді. Боташқа –екінші орын. Дәмді қазы үшін. Оған мойнына галстук. Жәннәттаға үшінші орын – косметкалық парфюмерия, төртінші, бесінші орын кім үйден не әкелді бәріне сыйлықтар табыс етілді. Бұдан әрі ішілді. Стакандар бірінен кейін бірі толассыз соғысылды. Бастық бір кезде зам директорды қасынан басқа орынға жіберді. Салиманы отырғызды. Бетінен сүйді. Белінен айқара құшақтады. Содан соң көңілі босап жыласын-ай келіп. - Бүгін бұл керемет отырыс болды. Ке-ремет. Сендер менің, туған ұжымымсыңдар. Мынадай маған қошемет көрсетіп, понимаете, демалыс күні мен үшін жұмысқа шығып, міне.. көрдіңдер ме... Ризамын сендерге.. Ал, мен сендерден еш жасырмаймын. Салиманы люблю и все. Айтатын адам айта алады мұны. Мен барлығыңа жар саламын. - Салима, кетейікші, а? Неше күн болды кездеспедік... Сағынып барамын... Қазір кетейік.. Сүйіктім менің.. Осының бәрін сен ғой ұйымдастырып, мен үшін, иә?. Сен де мені сүйесің ғой ә?... Екеуміз служебный романбыз ғой, айтшы, рас па?... Мыналардың бәрі біледі... Үндемейді ғой бірақ олар, үндемейді. Бастығын сыйлайды... Ол қарсысындағыларға қарады.Олар басын шұлғыды.

Мен тұрып кетуге ыңғайландым. - Қайда барасыз, Ии—и-неш Біз-би-кеш-ов-на?. Сіз, сіз оты-расыз... Еш-қай-да кет-пей-сіз.. Мен Сіз жайлы да к-ө-п білемін... Сіз менің туған күніме неге қарсысыз?. Ал, мына жұрт қарсы е-м-е-с. Түсіндіріңізші... Не-ге қар-сы-сыз деймін... Сіз с-к-о-р-о құ-рисыз... Вернее құртам! Бастық тісімен сызылдап сөйлеп маған сызданды. - Кетсін, қайтесіз ұстап. Бұл кісі бүгінгі мероприятияның болатынын мүлде білмейді. Нешайно өзі келіпті. Енді кете берсін,- деп бастықтың құшағындағы Салима “маған жүре бер “ деген ымды қолмен көрсетті. - Кет-пей-ді. Бүгін ешқайсысың үйге кетпейсіңдер.. Бәрің бірге боласыңдар менімен. Мына көйлектерімізді, мәйкелерімізді бәріміз

шешеміз. Ыстық қой, солай ма? Ол галстугін ағытты. - Ыстық... жұрттың бәрі бастықтың ығына жығылды. Ендеше шешініңдер. Ертең жұмысты осы жерден одан әрі жалғастырамыз..., бастық соңғы сөзін ежелеп айтты. Мен қайта отырдым. Салима алакөзімен қарады. Бастықтың құлағына бірдеңе деп сыбырлады. Сосын сықылықтап күлді. Онысы “Менің кім екенімді енді білесің бе” дегенді жан-жағына аңғартқандағысы. Біздің ұжым сол күні, расында да бастықпен таң атқанша отыра берер ме еді, кім білсін. Бір кезде есік тарс ашылды. Шашын ақсары түске боятқан, шалбарланған әйел кірді бөлмеге жұлынған күйі. Араққа масаң Бөкеш: - Өлдік, Басеке!- деген сөзді айтты. Әйел дастархан үстіндегі самсаған бөтелкеден біреуін ала жұрт әлпештеп отырған бастыққа лақтырсын-ай келіп. Дастарханның бет ажары кетті. Жаңа ғана шалқақтап отырған Салима столдың астына бірден бұға қалды. Қып-қызыл қатын төбелес басталды. Салима жүні жұлынған тауықтай дода-додасы шықты. Беті қан жоса қан. Ешкімге қарамастан қашты.

-Әй! –деді ол бастыққа көзі шатынаған әйел (бастықтың әйелі екен) Әкімәт срочно шақырды дегенің қайда, оңбаған! Кәне, түс алдыма! Жынойнақ жасап, кешке дейін неғып отырсың. Бала-шағаң үйде күтіп отырғанда мұнда не отырыс. Сендер де оңбағансыңдар! – деді сосын сол жердегілердің бәріне оқты көзін қадап. Сендер достық жасадам деп отырсыңдар ма?! Өңшең жағымпаздар! Бастық дір-дір етті. Тіл жоқ. Мылқау. ...Дүйсенбіде жұмысқа келгендер күні бойы үнсіз жүрді. Салиманың сол күні төбесі көрінбеді. Кейін екі күннен кейін арыз жазып “өз еркімен” жұмыстан кетті. Бишара кәрі қыздың онсызда түрі оңып тұрған жоқ еді, беті бет болмай қалыпты. Ешкім сол күнгі оқиғаны тісі жарып ауызға алуға батылы жетпеді. Бастық келген жоқ. Біреулер “ауырып қалыпты” десе, екіншілері “Сайлаудың ұйымдастыру жұмысымен ауданға кетіпті уәкілдермен” деді. Зам. директордың көңіл күйі болмай жүрді. Ешкім ештеңе демей өз жұмыстарымен болды. Бастықсыз да бұрын жұмыс өз ырғамен өтіп жататын Сондай-ақ, әркім өз жұмысымен бола берді.. Осы аралықта ешкімнің де туған күні аталып өтілмеді. Бір айдан соң жұмысқа шыққан бастық ұжымды түгел жинап алып: - Мен көп нәрсені түсіндім. Бәрің шеттеріңнен провокаторсыңдар. Бәрің де! Кім туған күнді ойластырған. Ол Замға қарады. Ұмытпасам, сен Салима екеулерің бірлесіп ұймдастырдыңдар ғой, ә?! Бүгін өз еріктеріңмен жұмыстан босауға өтініш жазыңдар, қазір бәрің боссыңдар. Аяғымыз аяғымызға тимей шығуға есікке ұмтылдық. - Инеш Бізбикешовна, Сіз қалыңыз, - деді маған. Күтпеген жерден мен шошып кеттім.“Маған не айтар екен” деп ойлап үлгірмедім. Ол: - Сіз менің бүгіннен бастам орынбасарым боласыз. Жоғары жақпен өзім

келістім. Кадрды қайта подбирать етеміз,- деді. Мұндайда келіспейтін не бар. Келістім. Ауыс-түйістен кейін тағы да жұмыс өз ырғағымен әрмен жалғасты. Алайда, маған жұрттың бәрі “Нағыз провокатор сен емессің бе?” дегендей сенімсіздеу қарап жүрді. Ең жақсысы бұдан кейін Бастықтың туған күні аталмайтын болды. Өйткені көп ұзамай бұл мекемеге өзім бастық болдым. Эл-лоу, шет тілі Бала күнімізде көрген үнді киносының бірінен, сол елдің әлемге аты әйгілі әртісі Радж Капур шырқайтын әуен бар-тын.

...Американнан етігім бар, Ағылшыннан телпегім, Француздан темекім бар, Менің өзім үндімін .. деген. Сол айтқандай, тәуелсіздіктің, әм өркениеттік дамуы жолында шетелдермен байланысымыз артып біз де бір кездегі үнділіктер сияқты ән шырқап жүрміз. Тері тоным түріктерден,

Немістерден көлік мінгем, Қырғыздардан айран жетіп Өзбектерден өрік келген. Түріктер мен қытайлықтардың кәкір-шүкір сабақты жіп инесінен бастап “жоғары сапалы” фирмалық белгісін басқан автокөліктеріне дейін қазақтандықтардың сауда нүктелерін жаулап алды. Туу, сөз емес сөз ғой бұл, оны қойшы. Бәріне ет үйренді. Қазір алпауыттай Қазақстан қазынасының басына шетелдік өкілдер қожайындық жасап жатқанда не ол. Өз қотырыңды өзің қасып отыра бергенің дұрыс. Мәселен, Астанада қаптаған құрылыс жүріп жатыр. Атырауда мұнай бұрғылануда. Қарағандыда көмір қазылуда. Солардың басқарып отырған кімдер? Жезқазғанның мысында ше. Іштерің біліп отыр ғой. Тағысын тағы тере берсең ішің қыжылдайды. Шұрайлы жердің, мұнайлы жердің, өмірлі, көмірлі жердің тізгінін ұстап отырған ұлтымыз емес, кәріс, ағылшын, үнді, түрік т.б. әйтеуір қалталы шетелдіктер. Ақша жүреді-ау деген жерді қайдан білетінін кім білсін. Шетел азаматтары сондай жерге басшы бола қалады. Жақында біздің цемент шығаратын зауытқа ағылшын бастық болды. Аттай алты жыл АО болып жүрген мекеме екі жыл бұрын ЗАО болған. Осылардың АО-сында да, ЗАО-сында да шаруамыз шамалы. Бізге жылы орнымызды суытпай, айлығымызды ай сайын алып тұрсақ болғаны дедік. Бәрібір бізбен ешкім санаспайды. Сол ЗАО-ның Президенті жарықтық қазақтан шыққан орыс еді, тайлы

таяғымызды қалдырмай жинап алды да: - Так, біліп отырсыңиздар, о чем идет разговор..., деп бір тоқтап қойды. Біз мектеп партасындағы оқушылар сияқты, қолымызды алдымызға қойып, тыңдап отырмыз. Қырп етпейміз. Екі көзіміз бастықта. - Раньше казак тилі, казак тилі говорили. Оказывается далеке не пойдем, казак тилимен. Жизнь показывает и доказывает. Да.. Жұрт үнсіз. - Даже Елбасымыз да айткан шетелдик тилді билу кирек деп. Вот тепер нам пора. Бариниңизге ескертем. Создикті окиык, или нанимать етиңіздер учителді, нам англиийский языкты билу керек. А, кто не хочеть, пусть подумает. .. Его заменит сможем... Бұл қорқытқаны. Зейнет жасына шығуға қыр көрініп қалған Жапақ пен Қапақ бір-біріне қарады. Алдыңғы жақтағы қыздар да бір-біріне басын қоса қалды. Шамасы “чем қазақша, пуст ағылшынша” деп жатыр ма, кім білсін. Сол күні Жапақ үйге басын салбыратып келді. Шайын ішті. Сосын әшейінде ағылшын тілінде сөйлегіш қызын қасына шақырды. - Балам, маған сен енді ағылшын тілін үйрет. Сөйтті де бүгінгі жұмыстағы болған жағдайды түсіндірді. - Ой, Пап, конечно, помогу, но трудно будеть Сізге. Бірақ, конечно стараться етсеңіз, все будет, О кей,-деп қызы әкесіне қолдау көрсете кетті. - Ассалаумағалейкум?- дегенді ағылшынша қалай айтады. - Пап, ондай амандасу жоқ.. Наверно “Привет!” или “Здраствуй! -деп амандасуға болады. Ағылшынша “Hello!” дейсіз. Эл-Лоу, Эл-лоу! - Содан соң “Осы саған Қазақстанға келіп нең бар?- дегенді үйрет, оның айтылуы тек, жәй сұраулы сөйлем сияқты болмасын, мынадай, ұрысқан сиқты екпінді болатын болсын. Осыны маған жазып бер, тілім келгенше жаттайын.. - Ну, Пап, мұндай сөз Сізге не керек? Қызметіңізге қатысты сөзді үйрену керек емес пе?. - Қызым, үйрет дедім бе, менен ешнәрсе сұрама артық. Мен үлкен бір службаны басқарамын. Прямой ағылшын бастыққа бара қалсам бәрін де білуім керек. Мен саған көп сөз үйрет дегенім жоқ қой. Маған қажеті осы,- деп Қырсық Жапақ болмады. Әкесінің сырын білетін қызы: - What have you lost in Kazakhztan?- дейсіз. (Уат Һавю лост ин Казахстан) Былайынша ниет қалмайды екен ғой жұрт, “тоқпақ мықты болса темір қазық жерге кіреді”-деген. Ағылшынша күнде бір сөз жаттап жұмыстағылар бір-бірімен ағылшын тілімен амандасып, “Тән кю веримачты” көбейтті. Бір күні ойламаған жерден Жапақтың ағылшын бастықтың алдына баратын жағдайы болды. Автобазадан бір шопыр машинасымен электр бағанасына соғылып, бүкіл мекемеде қуат көзі болмай қалған. Тілмаш болса: “Сіздің службадағы түнгі “ЧП”-ні Сізден ауызба ауыз өзі сұрап білгісі келеді, тез, тездетсеңізші” деп тызылдайды. Жапақ болса сасатын емес. Олар бастықтың кабинеті алдына келді.

- Үсті-басыңызды сәл түзеп, айнаға қарап, сәл шашыңызды түзеңіз, -деді алдындағы хатшы қыз. - Қазір, ағылшын тілінде амандасыңыз. Үйренген шығарсыз,- деп бір қойды Тілмаш та қосарлана. Жапақ, ішке кірген соң со-нау төрдегі көзілдірікті ағылшынға адымдай басты. Тілмаш:

-“Ойбай-ау, Эл-лоу!” десеңізші. Бастай беріңіз енді амандасуды.. Бастаңыз деймін,- деп қапталдаса сыбырлауын қояр емес. - Ас-са-лау-ма-ғал-ей-кум, Мырза! - деп Жапақ Төрде бастыққа оң қолын ұсынды. Бұлайша амандасуды бұрын естімеген ағылшын бастық орнынан атып тұрып; - Аа..ликум деп барып, Эл-лоуына басты. Тілмаш ортада. Ағылшыншылап бірнәрсені оған айтып жатыр, айтып жатыр. Жапақ түсінген жоқ. Бірақ Жапақтың ұққаны ағылшын бұған оң райда қарап тұрған сияқты. “Гуд”, “гуд,” деп басын изей бастады. Содан соң Тілмаш Жапаққа былай деді. - Сіздердегі шопырлар жоғары білімді ме?-деп сұрап жатыр. Түндегі ЧП-ға байланысты,-деді. Жапақтың көзі шытынап кетті. - Ай, қайдағы жоғары білімді. Жоғары білімді болса шопыр боп істеп несі бар мұнда. Отырмай ма, анау креслолардың бірінде. - Бізде Англяда бәрі де жоғары білімді дейді. Сіздердің шопырлардың жоғары білімі жоқ болған соң, түндегідей ЧП болды деп отыр...Оларды аттестатциядан өткізу керек дейді. Осы жерде Жапақ шыдамады. Басындағы қалпағын уыстап тұр еді. Соны жерге атып ұрды да: - Өй, әкеңнің аузын... Тілімізді бұрып өлдік қой әкеңнің... Бұл үшін мені қазір соттатып жіберсеңдер де. Ендеше барсын Англиясына. Осыны аударып айт, -деді де ағылшынға: Уат Һавю лост ин Казахстан?!- деп (What have you lost in Kazakhztan?!) көзі одан сайын ежірейтті Жапақ. Тілмаштың да, ағылшынның көзі жыпылықтап кетті. Жапақтан мұны күтпеген тілмаш та сасып қалды. - Өй, ағасы, бұлай қатты кетпесеңізші. Бүйтуге болмайды ғой,-дей беріп, ағылшынға: - Шопырлардың бәріне оқыңдар, жоғары білім алыңдар деп айтыпты. Соған күйініп тұр. Кейбір қазақтар осындай горячий. Сіз өкпелемеңіз, өзіңізге айтқанға,-деп жуып-шайды. - Ағылшын тілін біліп тұр ғой,-депті Бастық. - Иә, бізде осындай азынаулақ білетіндер бар.. Сіз келген соң,- деді Тілмаш жарамсақтанған күйде. - Қажет сөздерді біледі,- деп айтыңыз деп түзетіпті ағылшын. Бұл оқиға түнгі ЧП-дан да жаман ЧП болды. Зауыттың барлық қызметтегі басқарма бастықтары мен бірінші және екінші Замдарын жинап қатаң ескертіпті.

- Жапақ Қатапович, сондай ұлтшыл адам. Оны біз жұмыстан шығарамыз,-деп бірінші Зам жарамсақтан екен. - Керісінше, оны шығармайсыңдар. Бізде ағылшындарда әділ айтатын адам, тура бетке айтады. Бетіме айтты. Мен түсіндім. Алдағы уақытта Жапақтай адамдарға ғана жұмысты сеніп тапсырамын,- депті. - Бізді жерге қараттың, халықаралық қатынасқа зияныңды тигіздің.. Енді өз еркіңмен шығуға өтінішіңді жаз! –деп бұрқылдаған төменгі бастықтар бұдан кейін жым болды. Кейіннен ағылшын бастық қазақ тілінің Тілмашын жалдап, мекемедегілермен “Асалаумағалейкем” деп амандасуды үйренген. Наурыздағы мерекелік дастарханымызға қатысып, қойдың басы мен казы –карта жегендегісін айтсайшы. Таңдайын қағып, көл-көсір қазақы дастарханға аузын ашып қалды.”Гудын” қойып, “Жақсы-жақсыға” тілі тақылдап-ақ кетті. Ағылшынның бұл ісіне бүйрегіміз бүлкілдеп соға бастағанда, ол кенеттен ғайып болып, бір жыл толар толмаста еліне кетті. Енді бізге неміс ұлтыыің азаматы бастық болайын деп жатыр. Баяғыда бір жеңгеміз “Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің маған жақсы“ деп қайынсіңлісін үй ішінің барлық жұмысына жұмсай береді екен. Сондай-ақ, шетелдіктердің бастық болуының арқасында аман болсақ тәуелсіз елімізде тәуелді болып әлі талай шет тілін үйренетін шығармыз. Өркениет деген осы. Эл-лоу, шет тілі деп қарсы аламыз.

ҚАҚПАН ТЕЛЕФОН

... Сонымен қойшы әйтеуір, маған шет елдік гарнитурадан кем арман болмаған, телефон үйге құрылды-ау.Жолдасым кеңсесіндегі оттай қызыл қара нүктелі аппаратты үйге әкелді. Мұндай телефон аппараты әзірге өзіміз аралас-құралас болып, дәм-тұз татысып жүрген жолдастарымыздың үйінде жоқ. Біздің үйде ғана бірінші рет болғалы тұр. Әйел біткен жарысып: “Ойпырым-ай, мынаны қайдан, қай баздан алдыңдар?” деп ауыздарын ашатын болды. Е, менің бетім бүлк етпес, жауабым дайын. “Алдыңғы жылы Қырымда Жұрнақ саноторийде болғанда әкелген, телефонның линиясы тартылмай, құрылмай тұр еді” демеймін бе. Үкіметтің мүлкін қайсысы үйіне алмай жатыр. өйтіп жүріп таңдана қалатын әйелдердің қашаннан әдеті емес пе. -Жұмаштың қатыны құсап, жұмысқа ананы-мынаны айтып звондай берме. Адам кейде жиналыс өткізіпжатады. Кейде басқа шаруалармен занять болады,-деп күйеуім әп-дегеннен ескеруін жасап өтті. Телефонмен байымен сөйлесіп беркет тапқан әйелді көрген емеспін. Оны қайтем. Қаланың барлық жаңалығын естіп отыратын басқа да қатын әріптестерім бар. Солармен

сөйлесіп отырсам болды дағы. Жаңа телефонмен жаңалық естіп сөйлесе қалайын десемғ құдай-ау адам болсайшы түге бүгін. Қатира желкілдеп курортқа кеткен. Сәлима отчетым деп командировкада. Танагүл екі күннің бірінде төркіндейді де жүреді. Қаламыз күзде-көктемде бтпақтан аяқ алғысыз болып қалғанда “больничный” алып үйде отыратын әдетім бар еді жер кепкенше. Сол әдетіммен үйде едім. Ішім пысып отырысым мынау енді. Жұмыстағы кассир қызға звондадым. -Ханымша, сен бе? Бүгін ақша алдыңдар ма? Ақша беретін күні маңдайының қыртысы бес елі болып отыратын көзілдірікті шикіл сары кәрі қыз, өз қалтасынан біреуге ақша санап беретіндей бүгін де тырысып отырса керек. -Жоқ!- деді де трубканы қоя салды. Жарықтық-ай осы мінезімен де байға өтіп кетер ме екен, бір жадырап қабағы ашылмай. “Инеш, апа, қайдан звондап тұрсыз, үйлеріңізге телефон құрдыңыздар ма” дей салса ғой, біраз сөздің тиегі ағытылар еді деп сырттай Ханымшаға тиістім. Содан қан қызыл аппаратқа көзімді салып қойып, ішқұса болып отырғанымда айналайып кетейін телефон өзіен өзі шыр ете қалсын. Жалма жан трубкаға жармасып, тыңдасам аржағында біреулер сөйлесіп жатыр, ақаршақар боп. Тағы да шыр-р етті. Көтере қойдым. Тағы да аржақта бөтен дауыстар. “Ибай, мынасы несі?” деп қайта қоямын. Қойшы сол күні шырылдаған телефонның трубкасын көтерумен болдым. Енді бір шырылдағанда, ынтам болмай самарқау көтере қойдым. -Жа-ным!..- деді аржағынан елжіреген еркек дауыс, құдай-ау өзі құдты маған айтып тұрғандай. Мұндай сөзді күндіз түгілі түнде ести бермейтін басым, сасып қалып “Бұл кім өзі? дей бергенімде аржағынан әйел дауыс,(тіпті ортадағы мені елер емес) -Сені ойлаумен таңды әрең атырдым...- деді күрсініп. -Мен де сенсіз тұра алмайтынымды білдім,-деді еркек дауыс. Мұндай “өліп-өшкендердің” сөзін сырттан тыңдау маған үнді киносын көргеннен де қызықты болып кетті. Ұялсам да тыңдай бердім. Содан кейін менің ермегім табылды. Әліптің артын бағып телефон шыр-р етсе көтере қоямын. Несін айтасың, құпия біткеннің бәрін айту үшін телефон ойлап табылған ба дедім ғой. -Жанайна, мен ғой Катя, бүгін бізге бір вагон зат түсті.. - Не бар, ей онда? - 70 пар етік бар румынский. - Катя, маған екі парын қоясың ғой, ә? - Қайдағы, нарконтроль келмей тұрып бастық өзіне 10 парын тыққызыпты.

- Оның бір өзінде үш любовницасы бар, подумаешь... - Катя, енді маған бір парын қоясың ғой, бізге де үнді шайы түседі деп жатыр. “И,ии маған да етік пен шай керек еді” деп қолымдағы үнді шәй мен етіктен айрылып бара жатқандай трубканы қимастықпен қойдым. - Ал-ло... бұл сен бе?- Баритон еркек дауыс созылып, өктемдірек үнмен тіл қатты. Дауысына қарап әукесі салбыраған, көз алды көлкіген, “айы-күніне” жетіп тұрған еркек келді көз алдыма. Біраз ыңыранып барып: - Қақаңдікіне қатын біткендер не апаратынын ойластырып жатқанын сұрап білдің бе?,-деді. - Енді сол баяғы қосып жүргендей шығар, ресторан емес үйінде өткізейін деп жатыр дейді мүшел жастың тойы дейді.. Осы айда бәрінің де тығыны ағытылып кетті ғой...- деп шіңкілдеген дауыс тез-тез жауап қатты. - Слу-шай! Біз өзіміз бөлек апарайық. Әнеукүнгі кілемді апару керек орауымен. Я думал, и так решил. - Ойбай-ау ол импортный ғой, 400 доллар! - Ну что! Басыңда ми бар ма өзіңнің. Ертең екі айдан кейін балаң оқу бітіріп келгенде Қақаңның автобазасына орналастырайық деп отырған жоқпыз ба. Қазір момент, көріну керек!.. - А... ие.... рас-ау. Е, сөйтсек, сөйтейік... Шіңкілдек дауыс мүләйімси тез келісті. “Қақаңы Қасқырбай ма екен автобазадағы” деп қарап тұрмай ойға қалайын. Өстіп қаланың бар жаңалығы мен кейбір құпияларды естіп, уақыт өткізетінімді ешкімге, тіпті туған байыма да айтпай рахаттанып жүргенімде бір күні телефонның ішінен Жұрнағымның өзі шыға кел-сін. О, тоба-ай! Қайдан білейін, әдетімше телефон шыр-р еткенде тыңдай қояйын. Аржағындағы дауыс таныстау ма қалай. - Кешегі сәлемдеме қолыңа түсті ме?- деп құдай-ау епілдеп барады өзіме таныс еркек дауыс. - Әрине.. Бүгін жұмысқа киіп барып едім, қыздар жамырасып “қайдан алдың ей?”- деп таңдайларын қақты. Өзің менің размерімді біліп алыпсың ғой..Сылқ-сылқ күлкі... - Енді нетіп... Біліп келе жатырмыз ғой. Аяғың қасықтай ғой... Аяғынан ай-на-лай-ын.. - Енді бұл етікті жуу керек шығар. соны да айта алмай тұрсың ғой. Айтпақшы, борсығың қалай? Телефонмен қызығы басылды ма?- Күлкі... - Оған Қырымға путевка қарастырып жатырмын... Бұдан әрі робот қатын тыңдап тұрмаса жаны бар қатыннның тыңдап тұра алмайтыны белгілі. Бәсе-ау, кеше ғана жаны ашығансып: Ауру дегеннің алдын алмаса болмайды. Денсаулықтан қымбат ештеңе жоқ. Жақсылып емделіп келші, Қырымға бір путевқа қарастырайын” деп емешесі құри қалып

еді. Кәз-заптар! Борсық деп тіпті қаршадай боп балағаттауын қарашы, ей! Аржағын айтпай-ақ қояйын. Ол бөлек үлкен тарих. Әйел қырсығы бұрын 40 есекке жүк болса, қазір 40 “К-700” тракторы тарта алмас. Бірақ бұл телефонның пайдасы –сыртқа “импортқа” кетіп жүрген етік-метік, көйлеккөншек, шай-май үйге келетін болды. Борсық атымды телефонмен естісіменақ, мен де өзіме қарап, ішетін тамақты аз-мұз азайтып, “Здоровья” журналындағы гимнастикалардың неше түрін жасап, әзер дегенде белімді мықынымнан бөліп алдым. Содан ба қазір білмеймін, анау-мынау аурулар көрінбей кетті.

Менің түптем айтайын дегенім бұл емес. Осы телефоны құрғыр тағы да бұзылып, бөтен сөздер тағыда біздің үйге түсіп жүр. Мұны естіген Қатира да, Сәлима да, Танагүл де: “Жұрнақты қақпанға түсіріп алып, қасыңда шыр көбелек айналдырып қойдың. Телефонды үндемей тыңдай тұрайық. Біздің еркектеріміз де осындай қақпана түсіп қалар”деп күнде кезектесіп үйден шығар емес. Жұрнақ қақпанға түскенде қаладағы байланыс қызметі бір жақсарып қалып еді. Бірақ әліптің артын бағу керектігін қайталаймын. Еркектерді қойшы, телефонны “қақпанына” қатындар өзіміз түсіп қалмайық. Қазір бай әйелдер де еркектеріне ерегісіп, әрі батыстағы бикештерден үйреніп жас жігіттерді “бауырынан баулап” өргізіп жүргенін шет жағасын біліп жүрміз. “Үй артында кісі бар” дегендей, қалта телефонның да “қақпаны” болып жүрмесін. Байқаңыздар, қатындар.

Бізбикенің бизнесі Бізбике Алдар ағаны елордасы Астанаға көшуге үгіттеп: “Өмір бойы Астанада тұрып келдік. Алдар мен Бізбике деген айтулы атымыз жер жарады. Атақтарымызбен Астанада тұрмағанымыз имиджімізге позор. Бізді іздеген ел-жұрт не дейді. Жұртта қалғандай сонау Алматыда қалыпты демей ме. Сарыарқа өзіміздің шыққан жеріміз. Көшеміз деген соң, көшеміз. Немерелерміз бар өсетін. Алматыда қалсақ поле зрениеден алшақтап қаламыз. Не болса да бізді білетіндердің көз алдарында, сол Астанада болғанымыз жақсы” деп, ақыры көндірді. Алатаудағы үші коттеждің бірін сатып, бірін балдарына қалдырып, бірін жалға беріп Арқаға қоныс аударды.

Жаңа елордаға көшіп келгеннен кейін “Уһ!”деп үш ай жүріп мүлде сәпсемге тіркелді. Алдар ағам пенсияға шығып арқасын кеңге салам ғой деген. Оның аулы алыс қалды. Бізбике жеңгей дамыл тапқызар түрі жоқ. Енді Астананың бел ортасынан Алматыдағы ЖШС “Әзіл-оспақ отауының” филалын ашпаққа жан салды. Бұл Бізбике ойлағандай оңай шаруа болмады. Бармаған есігі, көрмеген бюрократы қалмады. Жеңешем ойлаған “Мен Бізбикемін ғой, баяғы” десем, “Е, жеңеше сіз бе едіңіз деп елпілдей қалады” деп. Адамдар қызық-ей.

-Апайка, ну что Вы Бизбике. Алдар ага? Мы знать не знаем. Ну, что ждите очередь. У нас порядок такой.. - Әй, есің дұрыс па. Мен киноға түскенмін. Кино знаешь... кино... Бізбике өз шүлдірмесімен сөйлей бастағанда, алдындағы қыз Күзетшіні түйме арқылы шақыртып: - Эта гражданка нам мешает,- дейді. Қолында қаруы бар, түсті кезекші: - Сізге айтты ғой, танымаймын деп. Обшественный порядокты бұзғанңыз үшін қазір қамап тастамасын демесеңіз үйіңізге қайтыңыз,- деп жеңінен ұстап жетектеп далаға шығарды да жіберді.. Содан Филал ашу ойдан сызылды. - Мен саған айттым ғой. “Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала” деп, сол Алматыны-ақ крутить ете беруіміз керек еді. Қанағат еді, тапқантаянғанымыз. Астана-Астана деп болдың ба. Әркім қадірінің бары жерінде жүруі керек екенді, түсіндің бе? Міне, енді мұндағы ел сені де, мені де танымай жатыр. - Ендеше “Бізбике” деген журнал ашамын. - Ол оңай ма екен, немене? - Оңай... Оңай болмаса екінің бірі неғып газет-журнал ашып жатыр. - Е, аш. Аша бер,- болды Айдардың жауабы да. ”Атаңның басы ашасың” деп ішінен күбірлегенді есіттірген жоқ. Сонымен сол күннен бастап “Бізбике” журналын ашу жорығы басталды. - Ай, осы журналды екі тілде ашсақ қалай болады?- деп сұрады Бізбике Айдардан бір күні. - Бір жағында орысшасы болса тіркеуін тез тіркейді дейді білетіндер. Егер ағылшынша ма, немісше ме үшінші тіл қосылса, вәбще өздері-ақ тіркеп береді дейді. - Жорналдың шығару тақырыптық бағытын сұрай ма екен?. Қай бағытқа сілтеме жасайсың? - Саясатқа бармаймын. Саясаты құрсын, бүгін олай, ертең былай.Атылып өлер жағдайым жоқ. Оны өзің білесің. Қоғамдық деген дұрыс шығар. Немесе әлеуметтік десем бе екен? - Таралымын ше? Оның шығаруын шығарасың. Қайда, кім қалай таратады? Оны білдің бе? - Әрине, республика көлеміне. - Жорналдың Жарғысын жаздың ба? - Е, енді оны сен жаза садмайсың ба? Талайларға Жарғы жазып беріп жатыр едің ғой.. - Әй, есің дұрыс па. “Бізбике” қатындар журналы. Аты сайрап тұр. Қатындардың барлық тіршіліктеріне Жарғы жазып жынды қылайын деп пе

ең мені. Өзің жаза бер. Алдар торс етті. -Туу, сен де бір. Бір ашып алайықшы. Сосын бәрін көре жатармыз. Анау тіркейтін жерде өзіміздің құрдасымыздың баласы екен ғой. Оған өткенде барып, әке-көкелеп жағдайдың шет жағасынан хабардар еткенмін. Үстінен беретін таксісін аямай беретінімді де айтқанмын. “Құрғақ қасық ауыз жыртпасын” дегендей. Ол айтады: - Апай, екі жылдан кейін тендерге қатыстырып, Үкіметтен мол ақша алып беремін. Соған дейін, ағай екеулеріңіз тілдеріңіз жетеді. Жорналды жақсылап, халыққа танытып, көрсетеңіздер, -дейді. - Онда бұл журналдың атын өзгерт, “Бізбике” болмайды. Егер Үкіметтен қаржы алатын жорнал болса политический болып шыға келеді. Үкіметтің қаржысы бөлінетін басылымның бәрі де Үкімет жұмыстарын мақтап, мадақтап көрсетуі тиіс,-деді Айдар. - Қой, ә ? Сен тіпті білгіш дегенге. Біз шастный бизнеспіз ғой. - Шастный бизнес Үкіметпен есептеспесін деп кім айтты. Ертеңіне Бізбике бүкіл басылым шығып жатқан орындармен сөйлесіп, қыр-сырды тағы біліп қайтты. Мұнымен іс біткен жоқ. Жорналдың тіркелуі үшін үш ай мерзім кетті. Бізбикенің алғашқы қарқыны қайтайын деді. Бірақ онысын Алдар аңғарып қойса, дереу Алматыға қайыра көш деп айтама деп білдірмеді.

- Сен бұл ашатын жорналыңа Тазша баланы редактор етіп қой. Өзіміздің бала. Әрі бізден гөрі жас. Астанаға да ертерек келіп, көптеген беделді кісілермен таныс болып қалған шығар,- деген Алдардың ақылы Бізбике жеңгейге ұнап қалды. - Осы жолғы сәбетің дұрыс. Енді Тазша табылсайшы. Сұрастырса Тазша баланы ешкім білмейтін болып шықты. Біреулер бұдан бірнеше жыл бұрын қалалық газетте көрдік десе, біреулер бір театрда жүрген дейді. Енді бірі “Вообще Астанада ондай Тазша көрсек көзіміз шықсын” деп сендірді. “Сорлының жағдайы жақсы болса атымененақ аттандап тұрар еді. Шамасы жағдайы мәз емес болғаны ғой” деп Бізбике күдерін үзуге бел байлаған.

Бір күні Бізбике Арқаның күзгі желінен етек-жеңі көтеріліп, басына киген шляпасы ұшып берекесі кетіп көшеде келе жатқан. Астананың табан астында ауа-райы бұзылып кететінін Бізбике білмейтін. Бұл жақтың желіне шалқайып қараса, шалқасынан құлатады екен. Еңкейсең ғана ептеп аяқ бастырады. “Қап, кім көрінген Алматыдан Астанада филал ашып жатқанда, жалғанға жазығы жоқ менің жолым неге қырсықты. Тазшаны таппасам ісім қалай оңбақшы. Енді кімге барам?” – деп Бізбике жеңгей шай-пай ішетін жерді сұрап шығайын деп көшедегі елеусіздеу екі қабатты үйдің бүйіріндегі ашық есікке бас сұққан.

Қалпақ па, келпек пе басындағы белгісіз, көзілдірікті бір кісі теріс

қарап тері таспамен бірнәрсені көктеп отыр екен. - Е, мынау етік өңдейтін сапожный болды. Тазшаның етік тігетін де өнері бар еді. Заодно, сұрай салайын, - деп Бізбике: - Құдай, Астана дегенің жаман ғой, кәпір. Прямо шләпімді ұшырып, етек-жеңімді басыма көтеріп... Құрсын..-дей берді де “Осы сөзді түкке қатысы жоқ неге айттым-ей” деп ойлады сосын. “Әзіл-сықақ” отауын ашамын деп ол ойы қаражат көзі жетіспей жүзеге аспаған соң, төркініне қайтып барған қатын құсап кері барғаным дұрыс емес” деп аяқ киім жөндеу цехын ашып алған Тазша таныс дауысқа енді жалт қарады. - Ойыбай-ей, қайным-ау, мен сенің нақ үстіңнен түскенімді қарашыей? Астапыр-ал-ла, ұсқыныңа не болған. Тазша да сасыңқырап қалды. Өйткені арқа жағындағы терезеден өтіп отырған күзгі қара суықты бұт жағы арқылы қуайын деп, екі тізесінің аралығына электр пешін қыпқызыл ғып қыздырып отырған. Бізбике де сабыр жоқ. - Тазша қайным-ау, Алдар ағаңның үйіндегі жеңешеңді танымай қалғаның ба?- деді енді мүлде еркінси Тазша екендігіне көзі жеткен соң.- Ағатайың мені ат артына бөктере алып қашарда сен көлденең көк аттыға “насыбайыңды” иіскетіп жүрген бала едің...

-Же-ңе-ше..-деп Тазша да есікке қарай ебелектей жүгіріп, - Бізбике жеңеше-ау, Сізді де көретін күн бар екен-ау,-деп сұрау белгісіндей иілген ол жеңешесінің бетінен сүйді. - Қайным-ау, бұлтты бұлғаймын деп бақан үстіне тебен, тебене ине шаншып, биікке өрмелей, өрмелей бой жағың біразға жетіпті ғой,- деді жеңешесі де Тазшаның үсті –басына барлай қарап. - Жеңеше, қайдан жүрсіз? Ағатайым Алдар, бауырларым аман ба? Әйтеуір Астанадасыздар ма? Үй бар, жәй бар дегендей, бәрі жақсы ма? Елдің бәрі Астанаға жиналып, бастарын осында құрап жатыр ғой, - деп Тазша жік-жапар болсын кеп. - Алдар ағам байларды бұрынғысынша сан соқтырып алдап жүр ме? - Ойбүй, Тазшаекем-ай, сен өзің жаңа өмірді білмейді екенсің ғой. Қазіргінің байларын кім алдай алар дерсің. Қайта олар алдап жатқан жоқ па? Алдекең айтып отырады. “Бұрынғының байлары ақылды еді, сөзге тоқтайтын жарықтықтар. Сондықтан алдағаным – алдымда, алдамағаным артымда болатын деп. Шық бермес Шығайбай атам да жомарт екен. Қызын бір алдым, қызыма деп жиған малын екі алдым. Қазіргінің байлары сөздің не, тоқтамның екенін білмейді. Кедей-кепшікті жарылқауды тағы түсінбейді. Тек ала берсем, жей берсем дегендей құлқындарын құм толтыра алмайтын біреулер деп. Мен ағаңның бұл айтқанын қостаймын. Ал осыным дұрыс па, бұрыс па?

- Дұрыс сияқты, жеңеше... Ағам біледі ғой... - “Сияқты” деп күлтілдеме. Дұрыс де! Мәселен, Үкімет жеке бизнесті қолдаймыз, өйтеміз-бүйтеміз дейді. Ал, мен солардың үйткенін де, бүйткенін де өз көзіммен көріп, жүрегім айнып қалған жанмын. -Жеңеше-ау, ойбай соны айтшы. Фирма аша алдыңыз ба? -Қайдағы... Ал сен ше? Сатиралық отау тіге алмапсың. Қандай керемет дарының бар, ал аяқ киім жөндейтін мінәдай, аядай жерге қанша төлейсің әрендісіне, а? Айтшы. Телебизорды ашсаң тегін беретіндей: “Несие, бұл тамаша несие. Қас қағым сәтте мол байлық! Бұған Сіз ғана ие бола аласыз” деп бір әй қызықтырады. Шындығы солай емес екеніне көзің жетті ғой.

Қазіргі байлар адамгершілік, қайрымдылық дегенге пысқырғаны бар. Ал менің әкем Шығайбай 40 үй кедей-кепшікті асыраған. Қазіргілер қара бастарының ғана қамын жейді. - Ту, жеңеше-ай, қызып кеттіңіз бе, кә семсоттың моторындай, дырылдап барасыз.... Отырып, асықпай былай нетейікші... - Е, нете бер. “Ағам алдап жүр ме?” деп өзің ғой шаптан түрткен. Пенсиядағы кісі кімге керек. Ағаң “Караван”, “Прикол”, “Анекдот” тағы немене еді әлгі әппазитсәнің кәзиттерін тығып сатады. - Ағам қорықпайды, ә? - Ағаң не деп қорқады. Ай, өзің жұрттың не оқып, не қоятынын білмейді екенсің ғой. - Сол газеттерді жұрттар ала ма дегенім ғой, жеңеше? - Стрәннә сұрайсың. Бүкіл шенеуніктер (жеңешесі жоғарыны саусағымен көрсетті) мұнда отырған, бүкіл мықты деген бастықтар сол кәзитті оқиды. Машиналарынан түсе-түсе қалады да, ... ана кәзитті сұрайды екен де, здашын алмастан зымырайды екен. Сенің ағайың айтады:

-Мә, әй, здәш дегенше машина қыр асатын көрінеді. Как бөттө мен нөмірін көріп ала ма дегендей, - деп. - Е, ағатайымның газет сатқаны дұрыс. Мен болсам, мынау етік жамап отырғаным.. - Мені саған құдай айдап әкелді. Мен Сені іздеп жүр едім. Алдымнан табылдың. - Мені ме , жеңеше? -Дәл сені. “Мен “Бізбике” жорналын ашайын деп, соған сені редакторлыққа. - Е, қой Жеңеше. Менің оданда осылай етік жамағаным жақсы. Ол бір құдайдың соры екен.Көрдім ғой шет жағасын.. - Не болды енді, айтсайшы. - Болғаны сол, не жан-жаққа шашатын ақшаң мол болуы керек. Не, ана жақта “крыша” болуы керек. Вот и все.

-ТуҺ, қайным-ай, менің көтерілген Тауымды шақпашы. Сені іздеп

тапсам, барлығы оңалатындай көрініп еді. - Сізге Совет айтайын ба, Жеңеше. Жорнал-порналды қойыңыз. Сіз Жермен бизнес жасаңыз. Ұтылмайсыз. - Құдай-ау, оған қыруар ақшаны қайдан табам? - Үйіңізді залогқа қоясыз да, бәнкіден ақша аласыз. - Тазша,-деді Бізбике сыбырлап, біреу естіп қоя ма дегендей,- Астанада жер сатыла ма? - Конешно. Газетте дача сатамын деген хабарландыру жүр ғой.Соны бәрі даша дейсіз бе, жер ғой. Документі дұрыс болса болды. Биылғы сатып алған жерің, келесі жылы екі есе баға болады. Вот, бизнес деп соны айт. Мынау “Әзіл-оспақ отауы”, жорнал, газет дегендерің қияметі көп жәй шаруа. Оның үстіне бар ғой, Алдар ағамның шын таланты оянатын кезі қазір. Жер бизнесінде алдамасаң, сені алдайды. Знашит ағам екеуіңіз ойланыңыздар. - Табылған ақыл-ей.. Жұрт алдап жатқанда атақты Алдар неге алдамайды. Жүр, қайным үйге, ағаңа өз аузыңмен осыны жеткіз. Шәйді шіп отырып план жасайық бірігіп. Ләпкеңді жап. Алдар, Тазша, Бізбике кеңесіп пішкен тон келте бола ма. Бізбикенің жер бизнесі Астанада екі жылдың ішінде дүрілдеп кетті. Сөйтсе, мына әкімдер “жер жоқ Астанада” деп өтірік айтады екен. Жердің бәрі жеке бизнесшілердің қолына сатылып кетіпті ғой. Енді олар шетінен с-а-т-ы п қызығын көріп отыр. Қомақты қаржың болса болғаны. Өкінбейсің. Бизнес дегенің нағыз жер. Нанбайсың ба, сен алдымен қалалық әкімәтті тауып ал. Ішіне батыл кіре алатын адамың болса Бізбикені сұра. Бізбике табылса, бітті Алдар табылады. Құжат жағын Тазша шешеді. Осы үшеуінің қолынан жер таппайтын болсаң, маған келе бер.

Ауыз ашу Екі ақжаулықты күндегі бірге отыратын скамейкаға қатарласа отырды. - Неғылдың ауыз аша алдың ба?- деді бірі. - Жоқ, бүгін де аша алмадым. Ал, өзің ше?- деп сұрады екіншісі.

- Мен де аша алмадым. Әгәрәки бар ғой мен ауыз ашсам сәпсем ашайын деп отырмын ғой. Тіпті жинала-жинала көбейіп кетті. Оның ақырының не болатынын білмеймін. - Екеуміз де әне ашамыз аузымызды, міне ашамыз деп жүргенде нерптен қылжиып қалмасақ болды да. Басыма қаным бүгін шапшып отыр. Құдай-ау, ана ұлымды айтамын да. “Мама-ау, қабағың неғып қатып жүр. Ауырып жүрсің бе, не боп жүрсің деп сұрамайды ғой, сұрамайды. Ал, ол өйткеннен кейін қатыны қайтпек. Ойлашы өзің, а? - Менің баламдыкі де сол. Келеді жұмыстан. Ана кішкентай ұлын бар емес пе, өліп-өшіп шолпылдатып сүйеді келіп, сүйеді.. Арқасына мінгізеді. -

- Кеудесіне отырғызады. Айналасында ол баладан басқа ешкімді көрмейді. Немеремді босатса мен де сүйейінші деп еміреніп күтіп отырамын. Маған біреуі “Әжеңе баршы” деп айтпайды-ау, айтпайды. Содан қатыны келеді. - Давай, оны ұйықтату керек. Ертең бақшаға тұрмайды,- деп. Баланы ұйықтатамын деуі сылтауы. Өзі қоса қатып құлайды. Ана Ұлым болса енді бетін маған бұратын шығар десем, ол жоқ. Телебезерге бұрылады. Соған жабысы-ыиы-ып қалады ғой түге түннің бір уағына дейін. Шешемнің халін білейінші, не болып жүр демейді-ау, демейді... Кешкісі сол, күндіз болса жұмыста... - Біздің келін не айтты-де. “Мынау пәтерді өзгерту керек. Адамдар келген сайын ұяламын. Коридор тар. Бөлмелер де біртүрлі. Бәрі де қараңғы жаққа қараған. Подьезд вообще адам көргісіз. Все мәмбеттер осында тұрып жатқан. Сол жағалауда жақсы үйлер салынып жатыр современный. Элитный адамдар да сонда.. Мына пәтерді сатып, кредитке элитный квартир алайық”,-дейді менің балама қарап. Менімен санасып отырған жоқ. Шалым екеуміз осы үйде қанша жыл тұрдық. Өзіме осы үйден ыстық үй жоқ. Өзіңдей көршілерім қандай... - Ұлың не деді бұған? - Не деуші еді. Үндеген жоқ. Үндемеген келіскені дейтін бе еді. Қоштап отырғаны болар қатынын. Маған ешнәрсе демеді, әйтеуір. Дегенде бар ғой ауызды ашып жіберетін едім сол жерде. - Біздің келін не айтты де. Үйге ана кішкентай балаға няня-учитель жалдамақ. Бақшада ешнәрсе үйретпейді. Ағылшын тілін бала білу үшін 2-3 жастан тілін жаттықтыру керек. Болашақтың бәрі ағылшын тілінде. Состоятельный адамдар кішкене балаларын үйде няня – учител жалдап оқытып жатыр. Мен хабарландыру бердім. Няня іздеймін ,- деді. “Құдай-ау, мен осы үйде отырмын ғой, нянясі несі, деп аузымды ашқалы жатыр едім” ағылшын тілінен оқытушылыққа жарамайтыным есіме түсіп үндемедім. - Ұлың не деді? - Не деуші еді. Үндемеді. Оның да келіскені шығар. Апыра-ай, бүгінгі келіндер қалай, ә? Мен ғой қолымды қай жерге қоярымды білмей үйде отырмын. Ана немеремді таңертең бақшаға сүйрелейді. Одан да әжесінің қасында болсын деп неге айтпайды-ей. Мені өзімді сол үйде былайынша, ешкімге қажеті жоқ артық адамдай сезінемін. Ал, олар ше? Егер олар да дәл мендей сезінсе не болдым? Күндердің бірінде қарттар үйіне барып тұрғаныңыз қолайлы шығар деуі де мүмкін емес пе? - Сондықтан, қазір біз аузымызды ашып, келінге де Ұлға да барлығын айтуымыз керек. Өлеміз бе мүлде ішқұса болып.. - Ия, сөйте алсақ дұрыс. Қайдан білейік, араларына от салғандай болып жүрмесек. Ұлдарымыз бізді жақтаса жақсы, жақтамай келіннің сөзін сөйлесе қайттік? Қатарымызда отағасымыз болса бұлай болар ма едік, болмас па едік.

Екі ақжаулық көздеріне орамалдарын апарды. Бірін-бірі жұбатты. - Бүгін кешке сен де аш аузыңды, мен де ашайын. Үндемеген сайын келіндер мүлде құтырып... Ертеңіне екі ақжаулықты бір-біріне қайыра кездесті. Біріншісі: - Мен аузымды ашқанда бар ғой, сәпсем ашып жібердім. Келінге былай дедім ғой, дауысымды қатқыл шығарып:. - Ай, келін қарағым, мен тұрғанда бұл үйді ешқайда сатпайсыңдар, еш пәтерге ауыстырмайсыңдар. Егер элитный пәтер керек пе, өздерің оны тауып алыңдар. Бұл үйді менсінбесеңдер, -дедім, мүлде күйіп кеттімқазір шығыңдар үйден! Ұлыма қарап айттым:- Сен де шық үйден. Тауып алыңдар элитный район, элитный дом, элитный шеше, бұдан былай мен тұрғанда үйді басқа жерге ауыстыру туралы сөз болмасын!- дедім. Все. Ұл да замер. Келін де замер болды. Келін есі бар екен-ай, өзінің артық сөз айтқанына кешірім сұрады. Ұлым да мені жұбатып: - Мам, Сізсіз ешнәрсе шешілмейді. Жәй айтыла салған сөзге бола, ренжіп, жүрегіңізді ауыртып....-деп келіп құшақтап, беттен сүйіп жатыр ей, көңілім жәйланып қалды... - Сенің ұлың Ұл екен-ей,- деді екіншісі иегі кемсеңдеп.. Мен де аузымды аштым. Айттым: - Ай, келін, -дедім. О заман да, бұ заман үйінде әжесі отырғанда немере бағатын, нянка жалдаймын дегенің не сұмдық-ей! Мен неменеге қара бағып отырмын, осы үйде жалғыз ұлдың баласын бақпасам. Жұқпалы ауруым жоқ, ақыл-есім түзу. Таң атпай дедектетесін бақшаға. Кешке бетінен сүйгізбей тағы да менен тығып жатқызасың. Немеремді маған жақындатпай тасбауыр ететін болсаң, келген жеріңе кері қайт!- демеймін бе қаттырақ, ішіме бұрын сыймай жүрген соң. - Сосын? - Сосын келін кетті аспанға шапшып. Я, итак ожидала, и так будет. Уйду, уйду, сейчас үйду, - деп бөлмесіне қарай зытты бақыра жылап. Ұл айтты маған: - Мам, почему мешаешь нам жить? Не жетпейді сізге. Ақша деген хватает, қалай жұмсаймын десең де. Курортқа барасың ба, қыдырасың ба, ваше воле.. Только не мешайте... Біз современный етіп баланы тәрбиелейік десек... Егер ол кетсе, я не буду остоваться здесь, мен де кетемін – деді Ұлым. Ауызымды бекер аштым. Шыдап жүре беруім керек еді. Ұлымды дәл солай деп ойлаппын ба.. Енді күнде көріп отырған Ұлымнан айырылғалы отырмын.. Келін бүгін таңертең “Кет”- деп айтты деп, кетті де қалды төркініне Алматыға. Ұлым да келіннің соңынан жиналып жатыр. Үндемеуім керек еді...замандасым-ай, ауызымды бекер аштым...

Өсек қайда барады? Қашаннан халықтан қарыс елі қалыспайтын Өсек қазір демократия келгелі бері еркек жарықтықтарға қарай көшіп кеткен. Мұның, әрине обьективті және субьективті себептері бар шығар.

Біріншіден, сол алғаш демократия жылдарында еркектер “қызыл парт билеттері” қалталарынан босап, “лишний құжат” есебінде ұшып кеткенде үлкен дағдарысқа ұшырады. Сол билет екен ғой ерлерді қоғамда Адам қылған. Қызыл билеттің күші кеткен соң еркектер өздерін Адаммын деп есептеуге ұялып, беттерінің бәрі “күйіп”, ішіп кетті. Ішкеннен кейін жағдай белгілі әрқайсысы әржерге түсті. Біреулері жындыхана, біреулері түрмеге дегендей. Осы кезде әржерге “түсіп кеткен күйеулерін түскен жерден тартып аламын деп, әрі қараусыз қалған бала-шағасын асыраймын деп әйелдер Бас көтерді. Ала дорбаны арқалап базарға да барды, қара шемішке сатып көшеге де шықты. Старт алып алғандары тоқтаған жоқ. Қытай мен Алматы арасын, жалпы жол қатынасының мүмкіндігі бар алыс-жақын шетелдерде “сауда” шіркіннің қара суынан май қалқытып, отбасының тірлігін өз мойындарына жүктеді. Өздерін әртүрлі “тесіктерден” әйелдері шығарып алған еркектер енді не істесін. Үйдегі бала-шағаның ең ересегі болып, өзінің алтын босағасына арқансыз Бас бұзау болып байланды. Өздеріңіз айтыңыздаршы, баяғыдай “Мен сені асырап отырмын” деп арқырайын десе күші, не ебі, не себі, не тиын мен тебені жоқ еркектің Бас бұзауға айналуы оңай дейсің бе, кейде жылады, кейде күлді, кейде аз-маздап ішті, сөйтіп “қызыл билетті” құртқан заманға лағнет айтып әлсіздердің маңайын торуылдайтын Өсекке еріксіз жанасты. - Мені білесің ғой,-дейді кім келсе де қасына,- Бұрын қандай болдым. Активист болғаным жоқ па?. Передовик те болдым. Осы үйді зауытта ең алдыңғы қатарлы коммуниссің, передовиксің деп менің атыма берген. Ақша дегенді судай шашып ай сайын премия алып үйдің ішін үлде мен бүлдеге бөлеген менмін. Рас қой, ә? Ал, сол кезде зауытқа жаңадан келген, менің қарамағымды істеген, мен нәстәпник болған Анау Қарабасов, қазір көкірегін кереді-ей келіп. Маған амандаспайды да. Астына мінгені Жип. Қызында бір машина, ұлында бір машина. Солардың бәрін шистий өз еңбегімен алды дейсің бе? Жоқ, олай емес. Ол ұрлады. Ұрлықшы. Кәрупция жасайды. Боенный базада снәбжеспін дейді.Бүкіл базаны ұрлап жатыр. Ұсталмайды ол. Хитрый. Арам. Менің қатыным да қоқаңдайды маған. Балаларды өзім адам еттім деп. Әй, егер мен болмасам, сол бала қалай өмірге келеді-ей, ә ? Соны айтшы. Рас

па,ә? Маған “Жұмыс істеуге де, ақша табуға да ебің жоқ” дейді. Но, мені ешжерге жұмысқа алмаса не істеймін. “Үйді отырсың еркек болып ананы өйтпедің, мынаны бүйтпедің” дейді. Білем, бұ қатынның арманы мені өлтіру. Өлдім бар ғой, минәдай көзінен жас шықпайды. Бі-л-ем-і-н бұ қатынның да біреуі бар. Со-н-ша ақшаны уыстап қалай тауып жүрей. Кәнешно, біреу қолдап тұрған соң ... Шашын көрдің бе, өткенде ғана қып-қызыл түгін. Енді сап-сары. Тоқсан тоғыз құбылады ғой, тоқсан тоғыз. Кім үшін ей, сонда. Мен үшін емес, рас па, ә? Өсек орқояндай орғып, отбасыошақ қасынан жалығып, бүгінгі жарқыраған қоғамның бел ортасына бет бұрады. Ана есікті ашса - әйелдер отыр. Мына есікті ашаса – қыздар отыр. Тіпті әйел заты болып бұған келдің-ау деп қарап көз салсайшы.Қоғамдағы жұмыстың бәрін әйелдер жаулап алған. Біреуі телефонда қақсап біреуге тапсырма беріп, біреуі телефонннан тапсырма алып жатыр. Қолдары тиер емес. Екі көздері компьютерде. Холлға шықты. Мұнда темекіні сырбаздана сорып екі-үш жас жігіт тұр. Оны Өсек бағана көрген. Бір сағат болса да тарамағаны ғой сонда. Олар Өсекті көріп қуанып кетті. Барлығы бірінен бірі қалмай бұған жүгірді. Енді Өсектің тоқтамасқа лажы қалмады. Шыны керек, тәп-әуір офистегі интелегентный еркектерден біртүрлі ұялған-ды. Ал, олар ұялатын емес, мұны қоршап алды. Темекілерін лақтырды. Әрқайсысы әр тақырыптан сөз бастасын-ай келіп. - Көптен бері көрінбей кеттіңіз ғой,- деді. - Нендей жаңалықтарыңыз бар?,- деді. - Ортамызға дұрыс келдіңіз, біз қуып жетпесек, жеткізетін түріңіз көрінбейді, қайда асығып барасыз,- деді. Өрттей қызыл Өсек сұлу да ұялғанын басып, тілге келді. - Сіздерде не жаңалық бар?- деп сұрады. - Бүгін жаңа Министр келді бізге. Жоғарыда отырған Атасын айтсақ атын да білетін шығарсыз. Әйтпесе, шикі өкпе сары ауыз балапан бала білдей салаға қалай Министр болады, соны әңгіме етіп тұрмыз манадан,- деді. - Жабық акционерлік қоғамның президенті болған Икс Игроковтен екі жас үлкен. Ол-23-те, Бұл 25-те. Елдің тағдырын ойлайтын адам ел басқармайды қазір. Бәрі уақытша қарпып қалғысы келеді. Бүкіл Қазақстан мұнайы анау жер асты труба арқылы шет елге ағылып жатқан. Ешкім оны бақылауға алмайды. - Ойбай-ау, Үкіметтің өзі сол кісінің ақ деген алғыс, қара дегенін қарғыс деп танып отыр емес пе.. Міне, гәп қайда.. Сайлаудан кейін осы Үкімет басшысы қайтадан ауысайын деп жатыр дейді.

- Кім болады? - Анау болады дейді. - Жожоқ. Сол, анадағы кандидатура ше, сол болайын деп жатыр,-дейді. Өсек тықыршып тұр. Осы еркектердің өсегі қызық емес. Қызық емесі сол, шын емес. Әйелдер айтса тура атын атап, түсін түстер еді. Еректер: “анау”, “мынау” деп іш қатырады. Точно айтпай ма. Бәрібір әйелдердікі дұрыс келеді. Олардың бірақ, қолдары почему-то Өсекке тимей жүр... Қорытынды: Өсектің өзі де еркектерге көңілі толмай отыр. Әйелдерсіз сонда Өсек қайда барады? Зарлауық Зарлауықтың аты жоқ. Бұрын болған. Бірақ оның осы қашаннан зарлана беретін әдетімен жұрт сыртынан Зарлауық атап кетті де, азан шақырып қойған аты мүлде ұмытылды.

Зарлауықтың құлағы түрік. Қашанда жан-жақтағы ақпаратты естігіш. Теледидардан әлемнің төрт бұрышынан берілетін хабарлардың бәрін құр қалдырмай тыңдайды. Радиомен мүлде “жабысып” қалған. Бірге жатып, бірге тұрады. Осыдан кейін барып айналадағыларға: - Байқау керек. Енді тауықтың етін жеуге болмайтын болыпты. “Құс ауры” қаптап кетіпті Қазақстанда. (Бұл хабарды ол теледидардан Қытайдан берілген хабардан естіген). - Қытайдағы болған оқиға емес пе еді, мен газеттен оқығам.

- Ай, өзің де ми бар ма, жоқ па? Қытай деген мынау тұрған жоқ па, ей. Бізге де келді деген сөз ғой. Барлық қытайлар осы елде қаптап жүр. Бізге не әкеліп, не сатып жүргенін біліп жүрсің бе? - Жоқ. - Е, ендеше байқау керек. Зарлауық тағы: - Ойпырым-ай, ел тыныш болса дұрыс болар еді. Террористер әлемді билеп тұр. Әр елде қаптап кетіпті ғой, түге.. Солардың біздің елде де жүрмегенін кім біледі? Байқау керек... - Террорлық жасап жатқандар біздің елде емес қой. Басқа мемлекеттерде… - Какая разница. Терроршыларға бәрі бір. Сәмөлөтпен ұшып келе салады. Общым, қазір бар ғой сәмөлөтпен ұшу опасный.. Мен балаларымды түгел сәмөлөтке отырмаңдар деп ескертіп қойдым. Олар қаруымен любой сәмөлетке отыруы мүмкін ғой. Содан кетесің сандалып, қиырға. Өлі қайтасыңба, тірі қайтасың ба, бір құдайым білсін. Одан кейін, айналайын

айтайын. Біздің елдің сәмөлеттері тозған ғой технический. Қаусап тұр ғой, қаусап тұр. Ал, өткенде құлады анау Қарағандыда, былтыр Таразда құлаған. Хорошо пассажирский емес. Егер пассажирский болса ше. Байқау керек. Зарлауық газетке шұқшимасын. Шұқшиды дегенше тағы бір пәлені тауып алды дей бер. - Мына қара, мынаны. Оқы деймін, оқысай, енді осыған сенбейсің бе? Су тасқыны. Адам қырылған. - Ойпырым-ай-ой... ол енді тіпті басқа аумақта емес пе? -Міні, міні, жер қозғалыпты Ошта 7-8 балл....Алматы не, Ош не. Бір Алатаудың етегі. Астанаға қарай көшу керек. Оның үстіне күнде таудың астын бұрғылап жатыр. Құрылыс үшін гранит жарып, ол настоящий жер қозғалып, екеуі қосылып кетсе, біттік қой.. Біттік... ТуҺ. Мінәні оқышы. Мінәні. Ел бүлінді ғой қазір. Қауіпті жағдайдамыз. Вич деген пәлекет келді арамызға. Байқау керек. Докторға барғанда да байқамаса болмайды. Оларға да сенуге болмай қалды, қазір. Қолымен не ұстамайды, не көрмейді. Вдруг наркоманды қараған доктор, сені қарады дейік. Ана наркоманның “Вич” аурымен ауырмағанын қайдан білесің. Қазір бар ғой, бәрі опасный болып кетті. Қан алдырмасын құдай біреуден. Кеттің онда, тура Вич пе еді, әлгі аурумен. Балаларды да байқау керек. Шприцті де. Вәбще қазір ешкімге сенуге болмайды. Көрдің бе, құдай-ау, қара қазақ осы аурумен ауырған соң не жорық. Ал, мынаны оқы. Соты болып жатыр екен Шымкентте Ана ауруды таратқандармен. Әтеңе нәлеттер енді не істеді десейші. Ештеңе істемепті. Әне, бүкіл оңтүстікте балалар қырылып жатыр. Бүкіл детский бәлницалар опасный, байқау керек. Вәәбше, Шымкент жаққа бару опасный. Құдай: “Сақтансаң, сақтаймын” деген. Сақтанбаса болмайды. Зарлауық теледидарды қосып қалады.Комментатор: Орталық Азия бойынша күтілетін ауа-райы: Ташкентте 41, Ашхабадта –41-42, Бішкекте 2930, Алматыда 30 градус сынап бағанасынан жоғары..” Ол аржағын тыңдамайды. - Ой, күн өртеніп барады. Ертең 40 грәдус обешать етті ғой. Давлениенің жауы ғой бұл. Үйден шықпаған жөн. Бұл температура қан қысымын көтереді. Өткенде ана Пәленше осы қан қысымынан өлген жоқ па?. Ойпырым-ай, осы күннің ыстығынан талай адам биыл кетіп жатыр. Байқау керек. Дүние күйіп барады ғой түге, күйіп барады. Анабір кездері ғалымдар айтыпты дейді, күн жақындап келеді деп. Апырым-ай сол рас. Ақырзаман дегенің осы. Бұрындары осындай температура болып па еді. Енді міне, айнала жанып барады.. Бұл дегенің сұмдық қой... Зарлауық үйден шығады. Айналаның бәріне сезікпен, секеммен қарайды. Әнебіреу бұл жаққа қарады да, өтіп кетті. Неге өйтеді.Шамасы,

үйдің маңайын торуылдап жүрген ұры болар. Есік дұрыстап өзі жабылды ма, жоқ па. Терезе ше. Зарлауық үйіне қайта бұрылады. Есікті қайта-қайта тексереді. Терезенің пердесін жабады. Сыртқа шығып, машинасына отырмастан оны да жан-жағын шұқылап қарайды. Вдруг біреулер жарылғаш зат қойып кетті. Қазір Адамдардан бәрін күтуге болады.. Машинаны әрі-бері қарап болғаннан кейін ғана, ішке отырып көңілін демдейді. Уһ! Вроде аман сияқты.

Жұмысындағылар Зарлауық Азынабаевты біледі. - Қалай, аман-есен жеттіңіз бе?,-дейді сыр тартып, бүгін нені бастайды екен деп. - Үйден шықсам есіктің алдында біреу жүр. Түрі мүлде түрмеден шыққандай. Бірден байқадым. Ол не то. Содан ол Адамның ұзағанын күтіп тұрдым. Қайда баратынын бақыладым... Мына мәшинамды тексердім. - Кеше түрмеден біраз адамдар қашып кетті, -деп еді Ресейдің радиосы. Қызметтестері әдейі сөзді қозғап кеп жібереді. -Аһ, не дейді?! Бәсе-ау, е, олар бір-ақ күнде бізге жетіп келеді. Бұл не болып бара жатыр өмір, аһ? Не болып бара жатыр? Тыныштықпен өмір сүргізбейді, адамды. Тыныштықпен өлтірмейді адамды.

-Нешеу екен, қашқан адамдары, айтқан жоқ па? - Бүтіндей бір группа көрінеді. Жан-жаққа бытыраған шығар ендігі... - Бытырамайды, олар бытырамайды. Сол топтасқан күйі Қазақстанға келеді. Біз жалпақ шешейміз. Мен сендерге айтып жүрмін ғой. Бізге сырттағылардың бәрі келеді. Біздің ішкі істер органдарымыз түк жұмыс істемей отырғанын біледі. Енді ол түрмеден қашқандар елді қырды дей беріңдер. Бұл бір. Екінші автокөліктерді ұрлайды. Машинаны бақылаусыз қалдыруға болмайды. Бір жерге жарылғыш бомба да қоюы мүмкін. Әне, әнеукүні аэропортта бомба қойылды деген жоқ па? Байқау керек. Ай, неге күлесің, ей, маған күліп отырсың ба?! Олар бар ғой, қойса қоя салады, пәнимаеш.? - Сол күні ешқандай бомба қойылмапты ғой. Просто ложный информация болған. Зарлауық тынған жоқ. Түртпектеп столының тартпасын ақтарғыштап жатыр. - Мінә, кеше үстелімнің тартпасына врач жазып берген рецептім тұр еді. Бүгін жоқ... Менің бар ғой, осы ұжымда өмір сүргенімді қаламайтын адам бар. Сол алды да, жыртып тастады. Әйтпесе қайда кетеді? - Мүмкін қалтаңызда шығар. Бір бөлімде отырып, Сізге бөтен ой ойлап кімнің несі бар. - Знәчить менің орным біреулерге керек. Мен өлмей ол орынды босата алмай отырған соң сөйтеді... - Өзіңіз арамыздан біреуден қауіптенесіз бе. Айтыңыз, ағасы.. Бірге

отырып бұлай ойлауға болмайды ғой... Қазір бастыққа барам. Айтам бәрін. Шығарсаң шығарып жібер деймін, өстіп астымнан ор қазғанша. Офистің ішкі хабарландыру беретін желісінен диктордың даусы сайрап қоя берді: -Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар. Бәріңізге, бәріңізге. Өрттен сақтандыру бюросы хабарлайды... Өрттен сақтандыру бюросы хабарлайды... Бастыққа барамын деп шығып бара жатқан Зарлауық ішке ентелей қайта кіреді. -Ойпырым-ай, офис өртеніп жатыр дей ме? Қайда? Қайда шығамыз? Ай, неқылып қозғалмайсыңдар, ей. Мына хабарлап жатқан жоқ па түге. 30 қабаттан түсеміз дегенше біттік қой. Бәсе-ау, бағана лифтіден бір иіс сезіп ем... Енді лифт қазір істен шықса, құрыдық. Біттік қой. - Ағай, корыкпаныз. Это пожарға қарсы учение. До конца тындасанызшы.. Қарсы столда отырған қыз сағызын шайнап отырып жәйбарақат тіл қатады.. - Уһ, жүрегім-ай, жүрегім. Тілім аузыма симай кетті. Обшым, вдруг пожар болса, онда не істейміз? Тірідей қуырылып өлдік қой. Осы қызық-ай, архитекторлар 40 қабатты үйлердің қатарын көбейтіп жатыр, көбейтіп жатыр. Қазақтарға осындай биік үйлер неге керек. Сонша жер жетпей жатқандай... Зарлауық өзімен өзі күңкілдеп отыр.

Жәркелеш

Жәркелештің қоғамда табиғи мінезінің қандай екенін аңғару мүмкін емес. Ол сан түрлі құбылыста жүретін адам. Кейде қарапайым, ө-те сыпайы. Барын аямай саған бере салатындай. Ал кейде аңқылдаған ақкөңіл. Іші-бауырыңды түгел шарлап аржақ-бержаққа түгел өтіп кеткенін сезбейсің. Енді бірде өркеуде, көкірек. Маңғаз. Бір сөз шығуы үшін астыңғы ерні мен үстіңгі еріннің бір-бірімен қабысуы күш. Жәркелештің бет жүзі де осыған байланысты түрлі құбылыста болып тұрады. Жәркелеш бастықтың қандай түрі болса да тілін табады. Еркек бастық, әйел бастық, жасы егде бастық, жасы өте жас бастық, әділ бастық, әділетсіз бастық, күйгелек бастық, сабырлы бастық, жұмысқа жаны ашығыш бастық, жаны ашымайтын бастық, қыз-қырқынға қарағыш бастық, қыз-қырқыннан аллергиясы бар бастық, құлқынын ойлағыш бастық, болашағын ойлағыш бастық, ойнағыш бастық, тойлағыш бастық... Икс-бастық, Игрк бастық құдай-ау түрлері көп қой. Жәркелеш осылардың қандайы кездессе де сабазай, бәріне тастай батып, судай сіңіседі. Жақында бізге төтеннен төбеден түскендей Икс бастық болды. Бұл кісі жұмысқа “жаны ашығыш” бастық болып кездесті. Оны

алғашқы күннен бастап, ұжымға ұрсып, жекіп сөйлегенінен сездік. Құдай-ау, мынадай саланы, осыған дейін есі дұрыс адам басқармапты ғой. Не деген көзсіздік, а?!.. Кім отырған бұл жерде а?!.. Қыруар ақша желге ұшыпты ғой а?!... Ешнәрсе істелмеген ғой. Енді не істеу керек. Бәрін қайтадан заново бастау керек. Бұл оңай шаруа ма екен а?! ..Көрсоқыр болып осы біздер неге соны бұрын көрмегенбіз а?! Басымыз бас па, жоқ басқа ма а?!... Бастық деген өстіп жұтқыншағын қыздырып ұрыспаса, дауысын бақырып көтермесе басқарып отырған іске жаны ашығандығы қайсы. Біз оны түсінеміз. Сондықтан “жаны күйгіш” бастықты тыңдап отыра береміз. Үстел түйгіштелсе ол бастықтың тірідей өртеніп тұрғаны деп ұғыныңыз. Егер бастығыңыз ауызға ыңғайлы боқтауды борататын болса намысыма тиді деп ешқандай ренжімеңіз. Жүрмей жатқан жұмысқа Бастық қана жаны осылай аши алады. Түсіністікпен қабылдаңыз. Тіпті рахмет айтсаңыз да болады. Мұндайда Жәркелештің араласуы ауадай қажет пе деп ойлайсыз. Мәселен: - Туу, Басы-еке, осыған бола нервіңізді құртып... Давлениеңіз көтеріліп кетеді ғой.. Давлениемен ойнауға болмайды.. Байқап, өзіңізге де көңіл бөлсеңізші... Бұл жұмысы құрғыр атадан балаға мирас болған емес.. Істеледі... Жөнделеді... Айтуындай айтып жатырсыз ғой.... Мына біз де кейде нетіп... Сіздің алдыңызда кінәліміз енді. Сіз берген зәмешәние өте дұрыс. Енді еске алынады...-деп шұбырта жөнелгенде қандай Бастық болмасын сылқ ете қалғанын өзі де білмейді. - Рас айтасыз, мына давлением бар ғой, біреуге ренжідім бе, сразым басыма шабады ғой... Сендер мені өлтіретін болдыңдар... - Ойбай, өлуді айтпаңыз, құдай, күніміз не болады? “Жақсы сөз-жарым ырыс” деген. Мына түсіңіз адам шошырлық болып кетті ғой, күйінемін деп. Үкіметтің адамына, үкіметтің жұмысына осынша жанын салатын сіздей бастықты бірінші көруім. Бұрынғы бастығымызға бәрібір еді.. Сіз келіп шамалы ... нетіп.. жөнделіп жатырмыз ғой.. Мүмкін шамалы желдеткішті қосып, креслода дем алып аларсыз. Мұндайда шәй, кофе де ішуге болмайды. Мүмкін алманың шырынын әкеліп берермін... - Сен немене мені тіпті емшектегі бала қылып.. Жоқ па ана, немене еді.. бес-он грам анадайың... Нервті басатын... - О, не дегеніңіз, Сізге жұмыс кезі болған соң бата алмай, нетіп... тұрғаным ғой... мына, қазір.. ия стакан қайда еді. Е, міне, табылды.. міне... шамалы нетіп жіберсеңіз... - Мені не жалғыз өзі алып қоятын алкаш деп ойладың ба, құй өзіңе де! - Міне, міне өзіме де құйдым.. Алып қоямын...Енді есікті жауып, шамалы дем алыңыз,. Өтінемін, демалыңызшы.... Сізді біржерге шығып кетті деп айта тұрармын. - Тоқта! Екі аяқ тең болсын дейтін қайда?! Мынауыңнан не болады.

Кететін давление кетті. Қайда барса сонда барсын! Тағы бір реттен құй! - А, ие, айтпақшы. Қара басып, сасқалақтап ұмытып, әрі Сізге бата алмай жатқаным ғой... Мұндайда қандай бастық болғанмен Жәркелешке үн-түнсіз қала алмайды. - Сен өзің түсінетін жігіт екенсің... Осылай болу керек қой, адамдар... Қай бөлімде істейтін едің?.. – дейді енді көңіл бөліп Жәркелешке. Жәркелешке де керегі осы. Бүгін бір ұпай жинады. Ертең тағы да есебін тауып ұпайға ұпай қосады.. Арғы күні ретін тауып ұпайды көбейтеді. Бір аптаның ішінде жаңа бастықтың сеніміне кіреді. Одан кейінгісін өздерің де білесіңдер. « Большая мама»

Бұлар кемпірлер емес. Кеңес заманында кеңседе істегендер. Қоғамға белсене араласқандар. Коммунистік жиналыста дес бермей сөз сөйлеп, акивист болғандар, яғни ерлермен иық тіресіп, өздерінің айтуынша “чуть еркек болып” кетпегендер. Бірақ, бір-екі баланы дүниеге әкеліп, оның тәрбиесін күйеуіне беруге намыстанып, “туған да өзім, асыраған да өзім” деп жар салғандар. Кеңес заманының барлық әйелдерге берілген құқығын асыра пайдаланғандар. Жарықтық ол заманда әйел де, еркек те қатарласа ішіп, қатарласа құлай салатын еді ғой. Осы бірі ”бақытты шақтарды” басынан өткізген героиналар. Осы нағыз героиналар қашса құтыла алмайтын зейнет жасына шыққанда қатты күйзеліске ұшырады. - Ойпыр-ай, отбасына үйренбеген едік, қоғамнан бөлініп енді не істейміз? - деп қайғырды. Сен қайғырған екенсің деп қарайтын қоғам ба, “Зейнетке шықтың ба, сау бол ендеше” деп, бір тал гүлдерін беріп шығарып салды да, есіктерін тарс жауып, қайыра ашпай қойды. Героиналардың тіпті немере бағуға да икемдері келмеді. Ол бәлелер де жабысып ”Әжелей”бастаған. Әже демекші алғаш осы сөзді есіткенде бір героинаның денесі мұздай болып кетті. - Не надо так говорит, ойбай, “Мама” деп айт,- деп, шамданды. - Ну, Мам, оның өз мамасы бар. По правде Сіз бабушка - Ажесіз,- деп баласы түзеп еді. Айналайын келіні ара түсе қалмасы бар ма. - У нас мама еще молодая.. Пусть Ерик назовет Маму “Большая мама”,- а Папу “Большой Папа” деп жол тауып берді. Сөйтіп героиналар “Большая мама” деп атауды немерелеріне үйретті. Большая мамалар бастарына ақжаулық тартайын десе, “кемпір” болып қаламыз деп, қорықты. Жалаңбас, жалаң аяқ, кеуделерін бұрынғыдай ашып тастап, ішкен коньяктарын ауыздарынан тастамай өздеріндей зейнетке

шыққан подругаларымен бас қосып жүрді. Содан бергіде біраз уақыттар өтті. Жақында “Большая мамалар” мен “Большой папалар” 70деген жастың қырқасына шыққанын даже білмей қалған ғой. Осы дөңгелек жетпіс “ыңғайсыз” жағдайға тап қылып, жүректерін ауыртты. Айнаға қараса астапыралла, бұрынғыдай емес. Шаш болса, анау селтиіп. Боятуын боятып-ақ отыр мөп-мөлдір ғып тұнық қоңырға. Сонда да басқа жарасып тұрғаны шамалы. Көздің алды көлкіген. Осы косметологтар да жаны ашымайды. Кеше ғана бетті түзеген сияқты еді, қаруар ақша алып, бүгін әжім басқан бет орнында қайта тұр. Бір Большая мама осы күйіктен марқұм болды. Екіншісі ауруханаға түсті. Үшіншісі “бақытты шақты” еске алып, ойланып отырған. Есік қоңырауы шылдырлады. Көршісіндегі жас келіншек екен. - Әжей, үйде екенсіз ғой. Қандай жақсы болды. Сіз бір-екі күнде ешқайда кетіп қалмайсыз ба?- деп іші бауырға кіріп барады. Өзі Большая мама рұқсат етпей-ақ, ішке бірден кіріп алды. - Оның сізге не керегі бар еді?- деді дүңк етіп Большая мама, - әже деген қаратпа сөзді Әзірейілдей көріп жақтырмай. - Әжей, кешіріңіз, мені. Бейсенбіде аруақтарға құран оқытып, бата жасатуға ниеттеніп едім. Бұл жерде үлкен кісілер аз екен. Сіздерден басқа. Әкей құран оқи алса құран оқып, аруақтарға бата жасап дегендей, өтінішпен келіп едім, бейсенбі күні түсте, құдайы көршіміз ғой... -деп күмілжи тіл қатты келіншек. - Қарағым, бізде не жұмысыңыз бар. Құран оқытсаң мешіттен шақырмайсың ба молдаларды.Біз құран оқу білмейміз... - Мешіттен шақырдық, молдалар болады. Сіздер көршіміз болған соң, батаның арасында болсын деп едік.. Үлкен кісілер болған соң... Қарсы есіктегі пәтер ғой. № 19-пәтер. Келіңіздер, күтеміз, рахмет, әжей, -деп келіншек шығып кетті.

-Вот, дает, а?! Әже дейді. Құран оқитын жерге шақырып отыр. Ендігі қалғаны осы еді, маған. Ақ-қақ-қақ! . Ақ-қақ-қақ! . Ақ-қақ-қақ! Ақ ых!- деп Большая мама көз жасын көл қылып, жыласын келіп. Мені кемпір қылғысы келеді. Әже дейді жап-жаман қылып, оңбаған, а? Большая мама содан тұрмай қатты ауырып қалды. Большой Папа кемпірін жұбатты.

-Сен әлі жассың. 70 - ке келді деп Сені ешкімде айтпайды. Биік өкше туплиің бар ғой, соны ана импортный шляпаңмен киіп шықсаң, мүлде 40тағы қыздар сияқтысың. Қазіргі жастар біртүрлі. Бәрі адамның көңіліне қарамайды. Кейбірі дінге беріліп кеткен милары ауысып. Шақыра берсін, бармаймыз, соған бола... Тек басыңды көтерші.. . - Знаешь, құран оқитын кәрілер деп оскорбить етіп отыр емес пе. Оскорбляет меня и тябя.. Да.. да.. такие оскорбительная слова не переношу...

Я не старая, .. Нанавижу, я старость. Ненавижу, - деп өкірді Большая мама. Қан қысымы көтерілді. “Жедел жәрдем” шақырылды. Дәрігерлер келді. Большая мама ауырып қалу себебін өзін құдайыға шақырған келіншектің кесірі деп, келген дәрігерлерге барлық айтылған сөзді тәптіштеп жеткізді. Большая мамаға тыныштандыратын дәрі салынды. - Кәрілік деген нешетүрлі болады, қызық - деп күлді дәрігерлер шығып бара жатып бір-біріне. - Біздің Мамамда явно кәріліктің синдромы,- деп күлді баласы мен келіні келесі бөлмеде шәй ішіп отырып. Слишком давит ету

Мектеп директоры таңертең барлық мұғалімдерді шақырып алды. - Түгел жиналдыңдар ма? Баршабаева қайда? Төбесі көрінбейді ғой.. - Қазір келеді ол, майын, сүтін, қаймағын арқалап. Бүгін одан сатып алатын күн ғой,- дейді көптің ішінен біреуі. - Так, ол Баршабаеваға оқушы жіберіңдер. Алып келмесін бүгін. ОблОно-дан кәкраз тексеру келейін деп жатыр бізге. Қандай вопроспен екенін айтпады. Сендердің ана сатып жүргендерің бар емес пе. Барлығының көздерін тездетіп құртыңдар! Сөйткенше болған жоқ терлеп-тепшіп, артынып-тартынып, бастауыш кластың мұғалімі Баршабаева жетті. Қасында ала дорбаны көтерген бесінші кластағы баласы бар. - Баршабаева, мұның не? Қазір бізге тексеру келейін деп жатқанда.. Бүгін біз сүт пен қаймақты қоя тұрамыз. Құрт көзін қазір. Балаңды қайтар үйіңе.. Директор зырқылдап берді. Баршабаева сасар емес. Терін маңдайымен сүртіп бола бере: - Қисынкүл Жолтабаровна, ақыры алып келдім ғой, алсын да мына мұғалімдер. Өзіңіз де, қаймаққа заказ беріп едіңіз ғой. Үйде жалғыз ағарғанннан басқа ешнәрсе қалмады. Айлықты боса да кеш береміз деп жатырсыздар. Сіздің заттарыңызды ата-аналарға үнемі алдырып жатырмын ғой... Бүгін мынаның ақшасына бір сорпалық ет алдырайын деп едім... - ТуҺ, неменеге ендеше былжырап кеш келдің. Қазір ОблОно-дан кісілер келіп қалса не істейміз. Базар-вокзал болып отырамыз ба түге. Жүріңдер, ендеше тез, көзден таса 5 “а” класына барайық. Мұғалімдер аталған класқа шұбырды. Баршабаева ала дорбадағы бөтелке-бөтелке сүттері мен банкі-банкі қаймақты тез арада алам дегендеріне бөліп, тиын-тебендерін санап, қалтаға салып жатты. - Баршабаева, сенің 4-ші класыңдағы 5 бала менің импортный шампунымның ақшасын берген жоқ. Ата-аналарына айтып па едің, арасы ұзап барады ғой, неше күн болды, - деді сосын директор. - Қисынкүл Жолтабаровна, бірінші күні алғызамын, олардан. Әке-

шешелері ақша жоқ деп жылап отырған. Үйде шампун деген толып жатыр, директордікі деген соң, енді амал жоқ алдық, ақшасын береміз ғой,- деп. Балалардан берсе, сразым Сізге жеткіземін ғой... Баршабаевадан сүт-қаймағын алған мұғалімдер әрқайсысы өз кластарына келді. Тарих пәнінен сабақ беретін Сәнімгүл Шегебаева мектеп оқушыларына сатып жүрген әдемі иіс суын қағаз жәшікке жасырды. Математика пәнінің мұғалімі Мәмпәси Мылтықбаева сәбилерге арналған памперстер мен ойыншықтарды сумкасына салып, інісінен үйіне қарай зытырды.

“Мен де жұрттан қалам ба, мектептегі мұғалімдердің бәрі сатуға шыққанда деп, төсек қап сатуды қолға алған химия пәнінің мұғалімі Зердегүл Шәмшиева үлкен қапшығын бір оқушыдан үйіне арқалатып жіберді. Мектептің қай пәннен болса да сабақ беретін басқа мұғалімдері бұл күні өз тауарларын сырт көзден таса қыла тұруға алғашқы 45 минуттарын қиып, енді сабақты бастауға кірісті. Бүгін 9 “а” класында мектеп директоры Қисынкүл Жолтабаровна физикадан сабағын беруге келді. Оқушылар бәрі орындарынан түре келді.

-Отырыңдар!- деді директорәдеттегідей қатқыл үнмен. Түгелсіңдер ме? - Алғырбекова жоқ.. - Оған не боп қапты. Бүгін ОблОно-дан комиссия келеміз,- деп жатыр еді. Ашық сабаққа кіреміз десе, Алғырбековадан басқаларыңның қауашақтарың белгілі. Сол қыздан сұрайтын.. Кім біледі Алғырбекова неге келмегенін. Түстікбаева сен подруга болып жүр едің ғой. Айтты ма саған, неге келе алмайтынын. Ауырып қалды дейтіндей, ол қыз здоровая бәріңнен. - Апай, Алғырбекова Сізге бүгін ақша беретін күн екен ғой... - Қайдағы ақша, не айтып тұрсың сен Түстікбаева, не ақша? - Өткенде бәрімізге класс жетекшіміз Тұрсын апай сіздің шампуныңызды сатты ғой импортный. Тұрсын апай Алғырбековаға 2 шампунды алғызған. Сол 2 мың теңге екен ғой.. Соған үйлерінде ақша жоқ екен. Бүгін ақшаны класс жетекшімізге беретін күн. Алғырбекованың мамасы жұмыс істемейді. Папасы ақша алмапты. “Мектепке қалай барамын, егер апай ақша сұраса қайтемін” деп бүгін келмеймін деген. - А, сол ақша ма, е... Қалай шампун сендерге ұнады ма? Балалар шу етті.. - Ұнады, иісі бар екен әдемі. - Сендер қаланың баласынан кем емессіңдер. Сондай шампунмен жуып тұру керек шаштарыңды. Ауыл деген мынау шаң-тозаң. Күнде жуыңдар. Шампунды аямаңдар.. Таусылса тағы да жеткізіледі. Осылардың бәрі де сендердің қамдарың үшін.. Бұл класқа 20 шампун беріліп еді.. Журналымды қарайыншы... Директор класс журналының ішінен тағы бір журналды шығарып қарай бастайды. Балалар күтіп отырады. - Ия, міне, 9 а класына 20 шампун алғанын класс жетекшілерің қол қойыпты. Ақшасы... ақшасы.. бүгін нешінші числа?

- 14 сәуір.. - Ия.. 14 сәуірде маған берілуі тиіс деппін мұнда.. Сонымен бәрің де бүгін ақша әкелдіңдер ме? - Мен әкеле алған жоқпын апай... - Кімсің сен? - Көпболсыновпын ғой, апай - Е, не ғып, әкеле алмадың, класс жетекшіңе айтасың ғой причинаны, Бірақ ақыры басталған соң, білейін деп жатырмын. Неге әкелмедің? - Апай, менің інім класс жетекшісіне 1 мың беруі керек. Өткенде Мәмпәси апай памперс сатыпты. Мен бір мың беруім керек класс жетекшіге шампунға. Қарындасым класс жетекшісіне 1 мың беруі керек, өткенде жастық тыс сатқан Зердегүл апай. Үйде әлі 3 мың теңге ақша жоқ екен. Кейін беруге бола ма? - Көпболсынов, осы сенің ағаң Май құятын стансада емес пе. - Ия,... - Онда сен шампунға деген ақшаны бермей-ақ қой. Біздің үйдегі ағаң машинамен барғанда сен сол ақшаның есебіне май құйдырып бер, түсіндің бе? Отыр орныңа. Ұмытып кетпе! Бұл саған тапсырма! - Түсіндім апай! Бұл кезде барлық кластардың мұғалімдері өз кластарында осындай әңгіме жүргізіп жатқан болатын. 45 минут оған кетті. Түс. Директордың бөлмесі.Мектептің класс жетекшісі болған мұғалімдері оқушылардан жиналған шампунның ақшасын директорға жеткізіп, журналға қолдарын қойды. Директор мұғалімдерге арнап сөз сөйлеп тұр. - Бәріңе рахмет! Бәрің де менің шампунымды сатып, ақшасын түгел әкеліп бердіңдер. 500 шампунның 490 өтіпті. Балалардан сұрастырып едім, бәрі жақсы деп жатыр. Значит бұл өтімді зат болғаны. Қанша дегенмен импортный ғой.. Бастарыңды түгел жинап айтайын дегенім: Осы менімен жағаласып, то ес жарысып сендерде көди-сөдиді сатуды көбейтіпсіңдер. Бұл аудан қазақы аудан. Бір отбасында пәлен бала бар. Сол пәлен баланың бәрі үйлеріне зат апарса ата-аналары қалай ақша тауып береді-ей. Шамалы анализ жасасаңдаршы, көздерің ашық. Рас, бизнеспен айналыспа деп айта алмаймыз. Байқасаңдаршы, жандарым-ау. Мәселен, бүгін Алғырбекова сабаққа келген жоқ. Тауасарова! Сен класс жетекшісің 9 “а”-ға, жауап бер. Неге келмеді? Причинасын білдің бе, как класс жетекші ретінде. Білген жоқсың. Ал, мен білдім. Сен ол қызға неге екі шампунды қатар сатасың? Ойладың ба 2 мыңды қалай табады әке-шешесі.. Конечно, саған рахмет. 20 шампунымды сатып бердің. Бірақ слишком, давит ету сұмдық қой...қазіргі заманның балаларын. Ертең ата-аналардан үстімізге арыз түссе қайтесіңдер, а?! Сендерің

түктерің кетпейді. Мен құримын. Так, бәріңе айтарым: Аз-аздап, ауылға керекті –қажетті деген заттарды сатуға болады. Мектепте бастауышта 200 бала оқиды. Жоғары класта 300 оқушы. Барлығы 500 бала. Мұғалімдер 20. Жетеді ғой, 500 клиент бәрімізге. Слышком давит етуші болмаңдар. Артымыздан арыз түсіп жүреді әлі...

ТӘРБИЕНІҢ ТҮРЛЕРІ

Ұлына - Балам, “Әйелді бастан, баланы жастан” Деген бар әуел бастан. Билікті келінге берме, Ақылды болса да асқан. Ана балаға сыншы деп, Өзіңнен үміт көп тоқан. Әйелге жұмсарсаң –жүнсің, Дұрысы, қатты бол тастан. Сөз айтамын баламдеп, Қатыны би жаман көп. Бәйек бола берме, Көңілін күнде табам деп. Миыңа қорғасын құймасын, Алтын, меруерт тағам деп. Пландамасын тағы да Жалғыз-ақ бала табам деп. Төркіншіл және болмасын, Елжіреп жиі барам деп. Мен не айтсам да, Сыйлайтын болсын анам деп. Қысқасы, әуелден болжырама, Айдағаныңа көндір, Айтқаныңа сендір, Айтпақшы айлығын Алақаныма әкеп бердір.

Қызына - Қызым! Шашың қысқа, ақылың ұзын, Сенің басар жолың Менің жүріп өткен ізім.

Ойламайды еш ана Жаман болсын деп қызын. Сондықтан мені түсін! Мына ақылды ал, Жарасса біреумен дәм-тұзың. О бастан майдай еріп, Кетпе айтқанына көніп. Кейіннен еркек деген Бере қоймас ерік. Әуелден шегедей қағып ал Үсті –үстіне төніп. Көзін алартатын болса, Жібер шапалақпен беріп. Бірте-бірте жұрдай болад, Кейбір өктемсіген желік. Төркініңді ұмытпа, Сәлем-сауқатпен келіп. Айтпақшы, сен барғаннан Бола көрме жерік. Сынағыңнан өткен соң, Тауып берерсің серік. Тепкіңе мен айтқан төзсе, Күйеу деген жақсы бір көлік. Қалғанын кейін айтармын, Ұзатқанымда батамды беріп.

ЖАЗА

Өзіміздің әлгі Жұрнақ, Көзін ашқалы тырнап, Әзілге әуес ед Ыржақ-тыржақ. Біреуді әжуалап мазақтамаса, Намысына тиіп азаптамаса, Ызаландырмаса, күлдірмесе. Ішкен асы бойына тарамай, Қабағын түйіп қарадай, Әлденеге алаң болатын. Әсіресе, жеңгелері Жұрнақтан, Өзері атаған “зар жақтан” Орайы келсе қашып жүретін, Аяқтарын ұшынан басып жүретін.

Жұрнақ бірнәрсені сұрай кеп, Сөз бастайтын былай деп: - Жеңеше, ау жеңеше, Бағана дүкенге барғанда, Ағама темекі сатып алғанда, Әне бір қияқ мұрт жігіт “Сізден күтем деп үміт” Қолыңызды қысты-ау ұрланып, Осы кезде ағасының өңі Шыға келетін сұрланып... Жұрнақтың мұндай “таланты” Қаршадай кезінен байқалған, Тас жарған талант қойсын ба, Тлай шаңырақтар шайқалған.. ...Жұрнақ та кезек кеп үйленген, Келіншек ап-пақ боп үйге енген. Жеңгелер бастады бір ойын Ішінде кектері сүрленген. - Қарағым, қимасым Жұрнағым, Шығуға әзір қап тұр жаным, Алты жыл соңыма түсіп ең, Сүйем деп уәдеңде тұрмадың.. Басқаға үйленді дегенде Көз жасты түнімен бұладым. Жүректе түсірген жараң бар, Ішімде 5 айлық балаң бар, Үйленем, үйленем дедің де, Болып тұр басқа адам саған жар.. Осылай тұрғанда жырлатып, Келіншек орнынан тұрды атып: - Опасыз! Алдамшы! Жапалақ! Сарт етті Жұрнаққа шапалақ. Бет күйіп ду етті. Көпшілік шу етті. Алға кеп істеген істері Жұрнақ та бармағын тістеді.

*** Орынсыз әзілдің азабы Тартқызды Жұрнаққа жазаны.

АЙНЫМАҒАН ӨЗІМ

Мұғалім: - Сіздің балаңыздың тәртібі жаман, Бүкіл қылығы белгілі маған, Дүйсенбіде - терезені сындырды, Сейсенбіде - оқулығын бүлдірді. Сәрсенбіде - қыздардың бұрымын тартты, Бейсенбідебалаларды рогаткамен атты, Жұмадаесіктің тұтқасын, Сындырып, шамадан шыққасын, Өзіңізге келдім амалсыз. Балаңыздың тәртібін қарарсыз. Ата-аналар жиналысына келмейсіз. Ал енді бұған не дейсіз?

Әкесі: - Қарындасым Сіздікі, әрине, дұрыс, Біздің жұрнақтың ісі бұрыс. Баламасың деген Жүре алмағаны ғой тыныш. Өзі өзім сияқты бұзық екені рас-ты, Кезінде мен де зар жылатқам класты. Балалықтың қызығына кім тояды, Есейген соң өзі-ақ қояды. Ал, терезе сындырса, Бас прорабымды шақыртып алдыртайын, Терезе түгілі Бүкіл мектепті қайта салдыртайын. Қыздардың да бұрымдары жұлынбаған шығар, Олар да тыныш жүрмей жымыңдаған шығар. Жұрнақжанның бұлжақсы көріп сипағаны, Бастағысы кеп бозбалалық хикаяны Жалғызға жан пида, жолында өлейін Қарындасым, ренжіме, өзім қолға алып, Шыққан шығынды бес есе төлейін. Баланың еркелігіне қарау кереу төзіммен, Қайтейін, Жұрнақжан айнымай қалса өзімнен...

ДАВАЙ

- Қарындас, таныс болайық... - Давай! - Тұрысымыз жараспас, бұлай, - Не кино, театрға барайық... - Давай! - Тоңып кеттік.Ресторанға соғайық... - Давай! - Үйіңіз қашық болса, біздікіне қонайық... - Давай! *** Осындай қыздар болса “давайлаған” Дұрысы, Қашық жүріп абайлаған.

САЛМАҚТЫЛЫҚ

Шешесі: - Бойжеткенге салмақтылық жарасар, Жақсы жігіт дәл сондайға таласар, Беу қызым-ай, “сүйдім-күйдім” боласың, Жігіт болса сәл жақындап жанасар. Қызы: -Ту, маматай, айтпай-ақ қой аржағын, Отсталый, баяғыша талғамың. При чем тут, салмақтылық любовқа Знаешь ты, 80 кило салмағым!... ***

ТАПСЫРМА

Таңертең келіні: - Апашка! Оскарды қатты оятпай жәйменен, Жұмыртқа бересіз шәйменен. Қатты дауысқа шошиды, Сөз айта көрмеңіз “Әй”” деген. Немерең ғой шықпаған түсіңізден, Ренжи көрмеңіз ішіңізден, Айтпағым: Өріктен шығып жүр, Шемішке шағып берерсіз тісіңізбен. Түске таяу ботқасын бересіз жарманың, Шырынын ішсін, помидар мен алманың, Түсте қызметтен үйге келмесем, Телефонмен айтамын аржағын. Кстати, прошу Апа, тағы да өтінем, Жиі сүймеңіз Оскардың бетінен Микроб жұқпас үшін - страховка Сүюге болады өкшесіің шетінен. Кешке келіні:

- Оскар! Жаным, жаны көзің неге кіртиген?! Құдай-ау ернің неге көнтиген?! Ыстығың бар ғой басыңда Жылағансың ба? Кім тиген?! Ботқаны шикі жедің бе, Жемеймін Әже дедің бе, Ұшындың ба тамақтан Ұшық шығыпты ерінге -деп Шешесі “Ах!” ұрды, Сау балаға “Жедел жәрдем” шақырды.

ҚОС КЕМПІРДІҢ ДИАЛОГЫ (Бейімбетше) Кеше: -Қайдан келесің, қыз-ау?! - ... Қайдан болсын... Қаладан... Қаладағы орыс болған баладан, Шүлдір-шүлдір келіннен, Түсінбес сөзін жан адам. Үністөтті бітірген, Түңілдім келін, баладан, Алашамды қайтарды Тұрамыз деп жаңадан. Құрт –майымды апарған Тауып алдым даладан. Ұлымның сөзі “Но!.. Но!... Но..!” Келіннің сөзі “Да!.. Да!.. Да!..” Немеремнің тілі жоқ, Айтатыны “Ба..Ба.. Ба..” Олар-орыс, мен – қазақ, Кемпірің түсті додаға, Аяғым сынсын осыдан Барсам ба енді қалаға!.. Бүгін:

-Қайдан келесің, қыз-ау, - Қайдан болсын... Қаладан... Қаладағы қазақ болған баладан. Құшағын жая қарсы алды, Келдің бе деп жан анам. Жаңарған ба деп қалдым, Бұрынғы орыс санадан. Таласқа түсіп, жоқ болды Құрт-май толы шамадан. Мәртебемді көтерген, Айналдым келін баладан. “Ана тілін” үйрет” деп Өтінді ұлым оңаша, Деп сұрада келінім, Бұрынғы қайда алаша№ Менің қамқа кәмзолым Келінге қалды жараса, Немереп жүр әжелеп, “Істеші тағы көже” деп, Қазақша сынып оқып жүр Енді-енді ежелеп, Тіл де елге қайтыпты, Дәстүр де елге қайтыпты. Қалаға барып шалқыды Ауылдағы ой тіпті. Айналдым бүгін қаладан, Жарған бүкіл санадан... Сөз айту

Жігіт қызға емес-ау, Қыз жігітке сөз айтты, Ешкімді салмай араға Еш толқусыз өзі айтты. - Көптен бері Жұрнағым, Жүрегімді тырнадың, Өзіңдей болса деп едім, Өмірлік менің бір жарым. Өзіңнің мынау алдыңда, Төгілсінші сырларым. Жүз грамның әсері Батылданып тұрғаным. Кіл жамандар кездесіп, Болмай жүрді тұрлауым. Таста десең тастаймын, Темекіні Жұрнағым. Басымнан асқан қызығым, Біреудің жалғыз қызымын. Жөндеймін деп шаршадым, Шишкалардың бұзығын. Кен де емеспін ақшаға, Зәулім үй бар баспана, Өмірсерік іздеумен Соғылды басым тасқа да. Кейбіреулер кездескен, Болып шықты опасный Жүріп-жүріп соңында Болсай дейді запасный, Короче сні сүйемін, Басымды саған иемін.

Капли тебе нравлюсь Клянюсь саған тиемін. Таныстырсам маханға, Қарсы болмас паханда. Өйткені сен ішпейсің, Тұрақты жұмыс істейсің. Согласиеңді берсең тек,- Алақаннан түспейсің... *** Қыздың көңілі жайланып, Дайындалды тойға анық, ... Ал жігітің жүр дейді Әлі күнге ойланып..

ОЛ БІРІНШІ СӘУІР ҒОЙ...

Мен, мен едім, мен едім, Ай мен күнге тең едім. Толғанда қыз кемелім Қасыма жақын кеп едің Есіңдеме, не дедің? - ?! - Өлләһи сүйем деп едің, Құлақ етін жеп едің. Болмаса егер дегенім, Буынып өлем деп едің. Әйтпесе мынау ошаққа Түсіп бір күйем деп едің. Табысым менің шаш етек, Алдыңа үйем деп дедің. Жын ұрып кетем әйтпесе, Сен де тұр кием деп едің. Төркінің келсе сызданбай, Ешкімнен сені қызғанбай, Қабағымммен мұзданбай Отырамын деп едің, Қанша бала тапсаң да, Басымды жұлып, шапсаң да Үндемеймін деп едің. Тілдемеймін деп едің. Барлығына сенім ем,

Айтқаныңа көнім ем... - Уәде берген сол күні, Білесің бе қай күні? - Бірі болатын сәуірдің... - Алдауға болар сендейді Сәуірдің біріауыр күн.

ҚАРТ АҚЫННЫҢ МОНОЛОГІ

Заты әйелге қызықпай, Көз салмаған мен едім. Төрт құбылам түгел боп, Өз-өзіме тең едім. “Сүйдім-күйдім” дегенге, “Ай ақымақ!” деп едім. Күлген едім мазақтап “Осы ма деп өнерің?” Білмеппін-ау, білмеппін Басыма сол күн келерін. “Менмін” деген сұлуға Менменсіген ер едім. Жағдайымның қазіргі Айта алмаймын теңеуін. Ортасына түскендей, Тасыған шаттық кемерім. Қайтейін-ау, қайтейін Жер ортаға кеп едім. Қайта айналып келер ме Жастық шағым, кемелім, “Сүйдім-күйдім” дегенге Айналып барад өлеңім. Барлығына кінәлі Тәкапбар сұлу сен едің.. Депутат болғанға дейін - Халқым, елім, қорғаным, Сая бағым орманым, Сендер сүрген өмірді Жаным шығып қорғадым.

Түспей талай мінбеден, Сөз сөйледім күнде мен, Намысым қысып тағы да Поддержка бердім Тілге мен. Ауру басты елді деп, Тұз-сор басты жерді деп, Байқап мұны Үкімет Когда көмек берді деп. Ауасында тыныс жоқ, У мужщины жұмыс жоқ, Келгенкеткен әкімде Тындырылған бір іс жоқ. Болашақты ойлаңдар, Ешнәрседен таймаңдар, Сенім артып маған да, Депутат етіп салаңдар. Жоғары жаққа барайын, Мен де қиқу салайын, Елге, жерге жанашыр Бір азамат болайын... Депутат болғаннан кейін Отырды. Тұрды. Жүрді. Білмейді ешкім сырды. Сөйтсе де телеэкранның Кеңейтілген бетінде тұрды. Депутаттық іс болды, Өзіне өзі күш болды, Қуыршақша қолдағы Түсініксіз түс болды.

Бір мәселе көтермеді, Аманат деген өтелмеді. Көппен бірге көрейін Уақыттың өзі өтер деді. Қыр барды, ой барды, Келесі сайлауды ойланды. Мерей жас, мүшел жас Креметтей тойланды. Біреулерді ағалады, Арқа тірерді жағалады. Туған жерге бір соғуға Уақытын табамады. Азамат сияқты ізгі, Сөзінде көбейтті “Сізді” Депутаттықғы бойына құт Өткізді екі жаз, күзді. Мәселемен миын ашытпады Ел тағдырына асықпады, Депутатымыз сөйтіп Қара халықтан қашықтады.

БӘРІНЕН ДЕ СЕН ЖАҚСЫ

Заман түлкі болғанда, Тазы болған сен жақсы, Өзің ұры болғанда Қазы болған сен жақсы. Аузың қисық болса да, Сөзің тузу сен жақсы, Мұрның пұшық болса да Әнің тузу сен жақсы. Билігің бар, сыйың бар, Өмір сүрген сен жақсы, Долларың бар, күйің бар, Ойнап-күлген сен жақсы. Байды “бай” деп актілеп, Бөліп жүрген сен жақсы, Кредитіңді “шәпкілеп” Беріп жүрген сен жақсы. Сөзің өтпей жүрсе де, Шешенсіген сен жақсы. Елің сырттан күлсе де Көсемсіген сен жақсы. Жасасаң да қылмысың, Білінбеген сен жақсы. Арамдықпен тұрмысың Дүрілдеген сен жақсы. Ақиқаттан айрылып, Зарлап жүрген ел жаман, Соның бәрін сыртынан Барлап жүрген мен жаман.

Бәрінен де сен жақсы...

КӨКІРЕКТЕР

Бастығымда -өркөкірек, Хатшысындакөркөкірек, Замында жеркөкірек, Помында – шеркөкірек, Қалысқым келмей олардан Болып кеттім мен көкірек. Офис толы көп көкірек, Жоғарыға қарап өкіред, Төменге қарап кекіред, Қайран, көп көкірек, Тоқтағанша өкілет Көкірек керіп өкім ет. ***

ТОЙ

Қазақтың ойы емес қой бұзық, Жүреді жаңалық десе қызып, Содан соң болар кейде, Өткізген тойлары қызық. Дәстүрің өшіп санада, Салтың ұлып далада, Жүректі налытатын Тойларды көресің қалада. Қалыңдық отырмас жасып, Кеудесі мен арқаны ашып, Ортаға шығады биге Көңілі судай тасып. Мәселен би бар “Ламбада”, Қарайтын жұрт таңқала Бөксе былқылдайды, Дамыл жоқ санда да. Қалыңдық болса именбей, Жұртпен бірге иреңдей, Қайынағасы шықса да Жұптаса қалады изеңдей. Тойшылар болса ду-ду! Ал жынды әуен у-шу, “Приз! Приз! “ дейді Өңешін жыртып бір қу.

Содан соң, Көпшіліктің шығарып иі-қиын, Қвалыңдық ұрлатар туплииін, Ал, тап ізде, тапсырма солай, Тауып көр жетсе миың. ... Жарықтық атасы тапты-ау, Тамада айтып жатар мақтау, Ойын шарты көндірер Әдепті қайда сақтау. Шарт бойынша кім тапса Туплиді келінге кигізбек, Келіншек ернінен сүйгізбек. Айналар басыңнан ми, Бірақ есіңді жи... Сүйсе сүйсін дейді Бұл келіннен сый! Музыка! Қайтадан би, Стакандарға тағы да құй! Дауыстар:”Горко”! “Горко! Келіншек күйеуге жабысады, Ерінге-ерін қабысады, Осындай тойлар көп-ақ, Бізге жетпеген Намыс әлі. Крутойлар Крутой мамасы:

- Балам, төсегіңнен тұрғын, Мұртыңды қырғын. Тым болмаса сабағыңа Барсайшы бір күн. Машинаңды жөндеттім. Серебро сырмен өңдеттім. Правоңды МАИ-дан алып Олардың өзін тергеттім. Тұрғанда ұзын қармағым “Болашақты” да барладым, Шет елде сені оқыту Білесің ол да арманым. Басыңды көтер, тұр деймін, Жетекке жаным жүр деймін, Крутой мамаң тұрғанда, Крутой өмір сүр деймін Мамаңды жерге қаратпа, Төбеңді көрсет сабаққа, Аттестатты қолға алшы Салына бермей араққа.. Крутой баласы:

- Мам, мен Сізді ұқпадым, Казинодан шыққанмын. Понимаете, бүгін жуу керек Қолым жүріп ұтқанмын. Кездесу бар аса маңыз. Мектепті атамаңыз, Қиқылдай берсе директор Қиқуын баса аламыз. Емеспін өмірдің ақымағы, Оқығаным татымады. Аттестат та, мам, Білемін, ол да сатылады. Мам! Ұлыңда бүгін шанс, Өзі келмек миллион табыс, Ал, Казинодан ұтылсам Пожулуйста, Бересің ғой қарыз. Чоу! Мам! Шындық пен өтірік Өтірік: - Шындық-ау, Көрінбей қойды ғой төбең “Демократияда биік”- деп ең,- өрем” Үнің қалғандай ма тұншығып, Әлде менің құлағым ба керең. Жүруші ең тасаланбай, Тәлтіректейсің мас адамдай, Жә, не болды айтсайшы Ақиқат едіңдер ашамаңдай.

Шындықты жұрт ұқпай, Дауыстарың жүр ғой шықпай, Әлсіредің бе оны айт, Өтірікпен жазайық ұшықтай. Сыйықтарың барады азып, тозып, Біздің делебеміз жүр озып, қозып, Билік те, мықтылар да бізді Көмекке шақырады қолын созып. Өтірік өр заманның өрінде, Қасқайып Тағы менен Төрінде, Шындық-ай, кейде шырылдайсың Басыңды қимаймын өлімге... Шындық: -Е, Өтірік, асасың, тасасың, Сөзді де судай шашасың Әдетің ғой баяғы Мен шындасам қашасың. Мен қашанда қалыптамын, Көз түсетін жарықтамын. Рас, сендер семірген сайын Мен кейде арықтадым. Тірлігің болған соң бояма, Сендегі барлық ой ала. Шындық шырылдағанмен Көзіңді алады жоя ала.

Талай заманнан өніппіз Талай заманнан келіппіз. Құрта алмайды ешкім де Көрген жоқпыз өліп біз. Апорттың зары Дүниенің көрдім жалғанын, Ішімде жатыр арманым, Тамырым әрең соққан соң Шырылдайды бар жаным. Баяғы Апорт тегім жоқ, Сөл шырынды кебім жоқ, Апорт дәміні іздейтін Таңдай менен ерін жоқ. Білесіңдер, қандай ем, Жегенде жұмсақ нандай ем Шырыным болса теңеу жоқ Тіл үйірген балдай ем. Әншінің және әні едім, Алатаудың сәні едім, Шетелге де барған ем Орнына жүріп кәденің. Күн нұрындай жас едім, Жемістің дәмді басы едім. Дастарханға өң берер Ең сүйікті ас едім.

“Апортан артық тағам жоқ” Деп бағалар адам жоқ, Балталап мені жоюда Шырылдаймын амал жоқ. Қамқоры болмай Отанның Бауыммен сая оталдым, Айтатын тілім болсайшы “Тамырымды неге қопардың?” Жеміс едім жауым жоқ, Өніп ек өсіп ауыл боп, Құрылыс қаптап, таптады Апортты іздер қауым жоқ. Халіме қарап күйемін, Барады қурап сүйегім. Жетісудың жемісі ем Ағыттып арыз тиегін. Білеме екен тобаны, Табиғат қорғау қоғамы, Дабыл қағар пенде жоқ, Қай кезде орным толады. Келер ме Апорт шырайым, Шыдағанша шыдайын, Құрылыс қырып барады, Үн қатпай қалай тұрайын Туар деп басқа арай күн, Үмітпен елге қараймын, Емеспе едім Апортың Үйірген тілін талайдың.

Еліме зарым жетер ме, Бастағы зорлық өтер ме, Алатау еді мекенім, Сатыла көрме бөтенге. Тілегім осы не дейін, Бүлкілдеп отыр көмейім. Зар жылап жазып арызды Көзімнің жасын төгейін... Бақыт және Ой Бақыт: Екеуміз де Адамның басындамыз, Талғамаймыз қартын да, жасын да біз, Қайсысымыз Адамға жақындаумыз Айтып берші, бір пікір жасырмаңыз. Мен Бақытпын, көксейді әр жан мені, Құным қымбат емеспін арзан тегі, Ғұмыр бойы қол созар Адам маған Бұл сөзімнің жоқ шығар жалған жері. Бақыт деумен өтеді барлық Адам, Бар аңсары: “Бақытты қайдан табам”, Ой дегеннің тайызы, тереңі көп, Сол себепті Бақытқа жақын Адам?

Мұңаю мен Торығу, Жабырқау да, Ойда деймін бұларсыз Адам сау ма, Үш құзғынмен Ажалға жетелейсің Адамға Ойдан басқа жоқ қой жау да. Айшық айтсам Зұлымдық, Кек те сенде, Жақсылыққа бірікпес ептесеңде. Барлығы да Адамның қас-дұшпаны, Адалдықпен арасын көктесеңде. Адам үшін Ой емес Бақыт биік, Адам бізді жүрген жоқ бекер сүйіп, Ақиқаты сірә да, осы болар, Бақытқа Ой да жүрер басын иіп... Ой: Дұрыс қой, жақындықты талдағаның, Өзіңде талдайтындай бар ма Дарын, Қашаннан сен тайғанақ емес пе едің, Адамның пайдаланар арзан арын.

Адамның ұғып па едің жан қайғысын, Сан түрлі Ой жүйесін талдаймысын, Адамның нақсүйері білсең - Ойы Сабыр мен Сенімін сен алдаймысың? Бізбенен Достық туған Махаббатпен, Үміт те, бізбен бірге Қанағатпен, Адамның бойындағы жасампаздық Жаралған Ізгілік пен Шапағатпен, Өмірдің көрсетпейміз қараңғысын, Ойына Адам айтқан бар алғысын Адамның сарқылмайтын Қуатымыз Ойменен Адам өзі жаралды шын. Мәңгі өлмес Ой сәулесі Адамдағы, Сенімбіз серпілдірген қадамдағы. Ой ғана Адам үшін шарқ ұратын Сондықтан бізге жақын Адам жаны. Баяны бар Адамның Ойы болар, Ойдың да жарқылдайтын жайы болар. Ал, Бақыт, тоқта сөзге, баяның жоқ, Баяның Адамдағы тойың болар.

*** Пияз бен сарымсақ Пияз - Жағымсыз неме, кетіп ем қашып, Келдің бе қасыма иісің сасып, Сен үшін ұялып жерге кіремін Бетімді басып. Әрірек тұршы тым болмаса Тұрайын пияз бетімді ашып. Сен сынымды бұзбасаң Елдің бәрі маған ғашық. “Пи-яз, пи-аз?”- деп көргені қандай, Теңгені салмақтап бергені қандай. “Аппағын, қарашы, әдемі ” деп, Қағады маған таңдай. Айырар жұрт жаманы мен жақсысын, Сен болсаң дәмсізсің әрі ащысың. Сарымсақ деген атыңның өзі Сасықтығыңның көрсетіп тұр нақтысын, - деп Пиаз Сарымсақтың қуырды келіп апшысын. Сонда саспастан Сарымсақ:

- Беу, туысым пиаз-ай! Көзіңді тура ашшы! Мен бе ащы, сен бе ащы Ағайынбыз аталас Тамырыңды таны алғашқы. Сен пиаз! Сақтансаң, басқадан сақтан, Менімен қорланба, мақтан. Ата-тегің Сәбіз емес, Бәрібір Сарымсақтан. Адамдардың көздерін бақшы, Мендегі иіс сенікінен жақсы. Мені тураса тырп етпес, Сен туралғанда төктіресің жасты. Бір атадан осындай Шыға береді екен-ау, албасты! *** Тілдің Рухқа зары Рух! Қайдасың?! Көп болды көрінбедің, Желеп-жебер көгімде едің Ұлттық мұратқа жете алама, Рухсыз, Тілсіз Елім менің Таңым атпады, күнім батады, Мен сорлыны кім жақтады. Өгейлік көрсетіп өзгелер Тіл қасиетімді таптады.

Қылыштай өткірлік сақталған, Тіл едім жеткен Сақтардан. Бергіде Ғұндар мен Түріктер Ажалдан өзімді ап қалған. Дауды бастым неше елдік, Қасиетіммен шешендік. Ұлтымда әлі мұра Тілден шыққан көсемдік. 70 жыл Кеңесте күйредім, 70 жыл өзімді сүйредім. Егемен ел болдық деп едік, Әлде де өлмеші күйдемін. Мен десе сөз де, дау да көп, Мен десе көз де , жауда көп. Тағдырым шешілмей келемін Тәуелсіз елімде сауда боп. Мәртебе ап балаша қуандым, Артынша-ақ суалдым. Билікке жолатар емес Төменде әлі “шұбармын”. Қарасам сығалап есіктен, Қуады “Чё, чёлап” тесіктен, “Ұлттық Тілі жоқ” дейді екен Шетелдік меймандар есіткен.

Кейбіреу мен үшін қам жеген, Қорғамақ болыпты Заңменен, Рухым, серпін бер, оятшы Өмірім өтуде зарменен. Ұлықтар Тіл десе құлықсыз, Себебі, Рухсыз.

РУХТЫҢ ЖАУАБЫ:

Желтоқсанда білесің ғой ояндым, Қызыл қанға жастарменен боялдым. Қыз-жігіттің жігер отын лаулатып, Түсірмедім қабақтарға қаяу мұң. Жастар - мені, мен - жастарды қарсы алдым, Қолын созды Тәуелсіздік аңсар Күн, Жанын қиған ұрпақтармен бір болып “Өлмейді олар, тірі” деп бір жар салдым. Сол уақытта ұрпақ үшін сын туды, Қайраттанған жастар алға ұмтылды. Ұлық мұрат алдымызда тұрды да Рух туды, рухпенен Күн туды. Өліп жанып, тірілген мен Рухпын, Кім көтерсе иығында шынықтым. Балтық бойын араладым жалықпай Өз еліме айта алмастан “Ұмыттың”.

Қайдасың деп іздеп мені сұрадың, Мен айтайын Рухтардың тұрағын, Эстония, Латвия мен Литвада Ренжіме, шындық қой бұл шырағым. Беу,Тіл-ай, Түсінемін шаршадың... Саясатпен кеткен ойы баршаның, Желтоқсанның желіндей боп жетейін, Мені ойласаң жойылады барша мұң. *** Бүгінгі елім-ай ( Бұрынғы “Елім-ай” халық әнімен)

Қазақтың қазынасынан көш көшуде, Қайран көш бағасы арзан бос кетуде, Елім-ай, темір-ай, Қара алтын қазынаны қимайды екен, Көрген ел алтын қорға жас төгуде, Елім-ай, темір-ай, Қай заман мына заман? Тайғақ заман, Әрнәрсе әркімге де айғақ заман? Құдай-ай, мұнай-ай, Бар байлық көз алдыңда шетке кетсе Өз ішің күйінетін қайнап заман? Құдай-ай, мұнай-ай. Қай заман мына заман, мыстан заман, Көгілдір газың қолдан ұшқан заман, Назым-ай, газым-ай 50 ел қатарында боламыз деп Әрнәрсе қолға бермей қысқан заман, Назым-ай, газым-ай Аман бол, шетке кеткен байлықтарым, Қайтейін, көңілдегі жайды ұқпадың,. Еңбек-ай, Теңгем-ай, Өңделіп, шет ел барып қайта келіп, Жүректі қиын боп жүр айнытқаның Еңбек-ай, Теңгем-ай Айтайын тағы нәрсе толғанып-ай, Жыл сайын от оранған орманым-ай, Қорғаным-ай, орманым-ай, Тамырың балта кескен зар жылайды Еліңнің көрмеген соң қорғанын-ай, Қорғаным-ай, орманым-ай, Қазақтың аман болсын елөлкесі, Ауылдың келер ме екен берекесі Қауым-ай, Ауыл-ай Шекесі шаруалардың шылқылдайтын, Ауылдың болар ма екен мерекесі. Қауым-ай, ауыл-ай. Елімнің жетіп жатыр байлықтары, Байлықтан көбеймей тұр айлықтары

Байлық-ай, айлық-ай, Ауыл-ел “Елім-ай” деп күрсінгенмен, Билігі туған жердің жайды ұқпады. Байлық-ай, айлық-ай. *** Езгіден біз езілмей қалған жанбыз, Ұрпақтан ұрпақ өсіп жалғанғанбыз, Елім-ай, елім-ай, Егемен алсақтағы еңсе төмен Сондықтан “Елім-ай” деп зарланған біз, Елім-ай, елім-ай, Шетел банкісінде жатқан доллардың Теңгеге мұңы Аманбысың, елдегі Теңгетайым, Жақсы дейді қазіргі елде жайың. Бағамың да тұрақтап өсіп жатыр, Оң жағыңнан туыпты Күн мен айың. Айналады екенсің жансебілмен, Шығарып сап клиентті, қарсы алумен, Ұлттық тілің әлі де шықпаса да “Теңге” деп құрметтейді барша білген.

Шет ел асып шекара өтпесең де, Төл таңбамен сіңістің көпке сен де. Инвестицияң таралып таңырқаттың Мен сияқты миллиардтап төкпесеңде. Өн бойыңда тұрады қаның жүріп, Қан жүрген соң жүреді жаның кіріп. Қаріптерің қате боп тұрса дағы Сені ешкім көрген жоқ жаңылдырып. Қолындасың байдың да, кедейдің де, Ортасында жүрсің сен мерейдің де, Қадамыңда кір болмай кіріс-шығыс, Теңге болып сен қазір көбейдің де. Сен білесің жұмсалар құқыңды анық, Құқың анық болған соң түсің жарық. Барлық ниет, бағытың жақсылықта Өз еліңде жүргізген ісің де алып.

Мен біреуге уақытша өмір болдым, Енді бірге ойда жоқ өлім болдым. Күпірлік те, күнә де иығымда Бетім күйіп қап-қара көмір болдым. Мен біреуге уақытша жан да болдым, Милллион да, миллиард сан да болдым. Мұның бәрі түк емес, менің шерім Жазықсыздан төгілген қан да болдым. Өз елімде көрінбей жұғыстығым, Өз жолымның білмедім дұрыстығын. Баукеспенің қолында умаждалып Алақанның сезбедім бір ыстығын. Қайда барам білмеймін бағытымды, Жолықтырам білмеймін тағы кімді. Жезөкше де қор қылды ышқыры мен Омырауына қыстырып ағытулы.

Мен доллармын әлемде аты мәлім, Айта берсем іште көп запыраным, Банкісінде жатырмын шетелдердің Көмек сұрап мен кімді шақырамын. Атыраудан шығып ем мұнайменен, Өтті уақыт неше жыл, күн, ай деген. “Ұрлық доллар” атанып бетім күйді Бір иені көре алмай сұрай келген. Пайдам тимей еліме кәдем кетті, Шетелдерге сұмдығым, бәлем жетті. “Менікі” деп түстейтін Адам кәне, Ел хабары әрқалай елеңдетті. Осылай да, осылай мұңым менің Не боларын білмеймін түбім менің Шет ел асып банкіде бұғауланып Шықпай отыр, Теңгежан, үнім менің.

Қор болып валютада шыққан атым, Байландым қанатыммен тік қағатын, Теңгежан, менен елге дұғай сәлем Бұл тордан кім бар екен құтқаратын?.., Жырпартияның жарнамасы О, жарандар, жарандар, Зер салып бізге қараңдар. Нағыз шындық біздерде, Өтірік жоқ амалдар. О, жарандар, қараңдар, Ауылың бар, қалаң бар. Жырпартияны тек ғана Қамқоршым деп санаңдар. Жырпартияда астар жоқ, Жыр жырлаған достар көп, Сенімдіміз саяси Жырдың жолын қостар көп. Жырпартия Сіздің анаңыз, Жырпартия біздің данамыз, Бірігіп дауыс берсеңдер Жырпартия болар панаңыз, Көтереміз далаңды, Көтереміз санаңды, Жырпартияны жырлаңдар Бұзып шығар қамалды.

Соңымызға еріңдер, Бірігіп дауыс беріңдер, Жырға, нұрға бөлейтін Жырпартияға еріңдер... Тыңдаңыздар, бар қауым, Біз болайық таңдауың, Жырпартияның ертең-ақ Көресіңдер қолдауын... *** Жан-жағын жатқан қарқ қып, Партиялар көп жарықтық. Сеніммен дауыс берген соң Бір көруге зарықтық. Мысалдар Қазы мен тұз Құдайым беріп жұғымды, Алмайтын болдым тынымды. Ауыздың іші мені аңсап Асқазан маған бұрылды. Шыға алмаймын сытылып, Тістің де болдым құты нық. Мені көрсе шыдамай Жұтқыншақ тұрар жұтынып. Жақ та мені жақтайды, Тіл де мені мақтайды, Қазы, қазы, қазы-ай деп Басқа дәмді татпайды.

Болмаған соң татымды, Атамас ешкім атыңды. Қазы-еке, болдым мінекей, Тұз-еке деп кім шақырды. Тәттіге де қосылмай, Ащыға да қосылмай, Бір қалмайсың қатардан Қылығың ұят осындай. Асқазанның төрінде. Мен жүргенде көрінбе, Тіпті дәмге жолама, Жолама мүлде ерінге. Осыны түсініп ұқ та, Еш дәмге басыңды сұқпа. Әсіресе, Қазы тұрғанда, Орынды босат, шық та деп Қазы Тұзды кеп жерледі, Тұз қысылып терледі. “Жоғалайын, қасыңнан,- менсіз Қазы боп көр”,- деді. Тұзсыз қазыдан сән кетті, Дәм кеткен соң мән кетті, Көгеріп, сасып бүлініп Қазы атынан дәм кетті.

Ауыз да теріс бұрылды, Ерін де Қазыдан жырылды. Тіс болса Тұзсыз Қазыдан Ауыздың қуысына тығылды. Қазы бүлінді, ластанды, Бұзылды. Итке тасталды. Тұз орнына келіп Барлық дәмді басқарды. *** Ине мен Жіп

Бір күні Жіп Инеге өкпеледі. - Сен ылғи да менің алдымда жүресің. Сен қай жерден өтсең, мен сол жерден өтуге мәжібүрмін. Бұлқынсамда қоймайсың. Өзің өткен жерден мені өткізуге тырысасың. Тіпті мақалға да іліктік. “Ине өткен жерден жіп өтпей не қылар дейсің?” деген. Біткен істің бәрінде сенің атың әйтеуір бірінші жүреді. Менің осы бас еркіндігімді берші. Өзімше тіршілік жасайын. Сенің жолыңсыз да Өзім жол таба алатындығымды, кәдеге жарайтындығымды дәлелдейін, -деп жыламсырады. - Ой, Жіп-ай, көңіліңе алмайтынды алған екенсің. Екеуміз қаншама істерді атқарып келдік. Енді орта жолдан бөлінгің келсе, өзің біл. Жарайды, ендігі жолды сен баста. Мен көндім,-деп келісімін берді Ине. Жіп бір күн тұрды. Екі күн тұрды. Құшақ-құшақ қанша маталар тігілмей қарап олар да тұрып қалды. Жіп долданды: -Мына - кенеп. Мына - Шұға. Мына – Масаты маталар. Бұлардың бәрі маған қас-дұшпан. Бұлар мені еркін өткізбейді, әдейі. Мен дәкеден өтемін,-

деп жұп-жұқа дәкеден бас сұғып көрді. Дәкеден де өте алмай қалды. Жіп алда, Ине артында. Ине шыдамдылық танытып үндемеді. Бастап көрсін деді. Ақыры дәкеден де өте алмай, тігістің жолын бастай алмаған Жіп: - Кешір, - деді ол Инеге қарап, жолды сен-ақ бастай берші. Мен соңыңда-ақ жүрейін. Қара сия Қара сия осы үйдің кітап шкафында қашанда ешкім қол жетпейтін, бөлек орында тұрады. Аса құндылығы асқаннан емес. Бұл құрғыр, байқамай аңдаусызда қолдан түсіп кетсе, айналасындағылардың бәрін бүлдіретін болғандықтан, өзгеше сақтық жасалған орынға қойылатын. Ал, оны Қара сия басқаша түсініп, “Менің ерекшелігімнен” деп кеудесін қағып, көкірек керетін.

Соңғы кезде осы шкаф та, онда тұрған Қара сия, өшіргіш, түрлі-түсті бояу қалам, көшірмеге лайықты қара қағаз мүлде адам қолы тимей, назардан тыс қалды. Оның үстіне керісінше, жарқ-жұрқ етіп, күндіз-түн көгілдір сәуле шашып, одан маржандай жұлдыздардың неше атасы тізіліп шығатын Компьютер келді. Барлық назарды ол өзіне аударды. Шкафта тұрған басқа заттар болса өздеріне бір бәле болатынын сезді. Тіпті бұрыштағы “Ятрань” тұрған жазу машинкесіне дейін іштей күншілдікке булықты.

- Айтпады демеңдер, көп ұзамай осы тұрған құрамымызбен құримыз. Адам қолы бізді енді қажетсінбейді. Әнебір компьютер деген сайқалдың қолынан келмейтін бәлесі жоқ екен ғой. Қожайын ертелі кеш бала шағасымен соның алдынан шықпайтын болды. Ал, біз болсақ шаң басып, тіпті тоттанып елеусіз қалдық,- деп алдымен Шкаф күңкілдеді. Менің де көңілім бір жамандықты сезіп тұр,- деді “Ятрань” жазу машинкесі. Қара сия ызадан булығып мүлде тілі күрмеліп қалды. Осы кезде қожайын үй ішіндегі балаларына нұсқау берді.

- Енді мына жерде Компьютер өз үстелімен тұрады. Шкафты және ішіндегі барлық заттарды далаға тастаңдар. Ал, қайтейін “Ятрань” талай жыл қызмет етіп еді, әлде де керек бола ма, оны сарайға апарып қойыңдар, - деді. Сөйтіп қанша жыл осы бөлмеде қожайнына адал қызмет атқарған заттар керексіз болып сыртқа тасталды. Далаға тасталған шкафты біреу керегіне жаратамын деді ме, сүйретіп ала жөнелгенде ішіндегі Қара сия жол жиегіне түсіп қалды. Оны бір үлкен доңғалақты машина басып кетті де, Қара сия жерге шашылып төгілді. Артынша жаңбыр жауып, жолдың бәрі де қара бояуға айналды. “Өліп жатсам да, біреуге қара бояуымды жағып өлейін. Қолымнан

ешнәрсе келместей, мені далаға лақтырды ғой, бәлем, қазір көрсетейін бәріңе”- деп Қара сия қуанды. Аппақ жигулидің терезесіне дейін қара бояу шашырады. Содан соң тық-тық етіп ақ туфлимен бір ақбалтыр өтіп бара жатыр еді, ол да бүлінді. Қара сия бүлінгендерді көрген сайын жаны кірді. Бір кезде көше тазалайтын машина су шашып, асфалттыбәрін жуып өтті. Қара сия тұрған жерді сыпырғышымен айнадай етіп тазартып өте шықты. Қара сияның бұған күші жетпеді. Шайылып жүре берді. Өшіп бара жатып та әлсіз даусымен ”Мен көрсетемін сендерге” деумен болды. Қолдаушың кім?

Бір Қоян орманда бірнәрсе жазып отырды.Қасынан өткен түлкі: - Қалқан құлақ, не жазып отырсың шұқшиып ,-деді. - Естіген шығарсың, Диссертация. - Не туралы,білуге бола ма? - Әрине, бұл туралы газеттер талай жазды ғой. “Түлкіні қалай қоян жеп қойды?” деген тақырыбым. - Не дейді? Ойбай-ау, ондайды қайдан көрдің, қайдан естідің? - Естіген өтірік, жүріңіз, көрсетейін... Бірнеше уақыттан кейін Қоян әлгі отырған жерге келіп, тағы да жазуға отырады. Қасынан қасқыр өтіп бара жатып: - Қоян, ау Қоян. Не жазып отырсың? - Диссертация дейді. Не туралы?.. - Не туралы? Әлі хабарсызсыз ба, Теледидарға қарамайды екенсіз ғой. “Қалай қоян қасқырды жеп қойды?” деген тақырыбым. - Қойшы ей.. Соғады екенсің сен де. Оны қайдан көрдің? - Жүріңіз көрсетейін... Келесі кезекте тағы да Қоянды Аю көреді. - Қоян, бас көтермейсің мүлде, не жазып отырсың? Интернеттен оқыған жоқсыз ба? “Қоян қалай аюды жеп қойды?” деген диссертациям мүлде сенсация туғызып жатыр... - Айтасың-ау, сен де. Олай болса көрейін... - Жүріңіз, көрсетейін... Аю қорбаңдап Қоянның соңына ереді. Қоян оны үлкен үңгірге әкеледі. Үңгірдің кіре берісінде Түлкінің, Қасқырдың, Аюдың сүйектері үйіліп тау болып жатыр екен. Түкпірінде айбаттанған Арыстан жатыр арылдап... Аржағы түсінікті. Гәп, тақырыпта емес, қолдаушыда.

*** Мекиен - Аққу

Қоқыстан әрең нәпақасын тауып жүретін Мекиен бір күні, жоғары жақта қолдаушысы бар, асқан шалқыған байлықтағы жас Әтешке тұрмысқа шықты. Мекиен мен Әтештің некелесу рәсімдерінде болған салтанат елдің қиыры мен шиырына тарады. Әсіресе, қоқыстан басқа ешнәрсе көрмеген Мекиеннің қуанышында шек жоқ еді. Өмірі көрмеген құрметті көрді. Мұндай дәрежелі орында қалай жүріп туруды білмесе де, сыр білдірмей Әтештің істегенін істей берді.Ол қанатын қақса, бұл да қанатын қақты. Ол еңкейіп су ішсе, бұл да су ішті. Теңдесі жоқ кең сарайдың әсемдігі, жиһаздар мен мүліктер көз жауын алды. Жүрер жолдың бәрінде де жұмсақ кілем. Мекиеннің кілемнің қандай сапады екенін көргісі келіп келіп, табанымен тырмалап, тұмсығымен шоқи бастап еді, жас Әтеш бүйтуге болмайтынын жәй ғана ескертіп, құлағына сыбырлады. Мекиенге де кінә қоюға болмайтын еді, табаны өмірі мұндай жерді баспаған ғой. Тіпті масайрап кетті. Оның үстіне өзі қалап тиген Әтеші сезімді қытықтайтын музыка ойнатып қойды. Неше түрлі астауларда жемсудың, жеміс-жидектің түрлі –түрлісі тұрды. - Мына астауда көңілді көтеретін, ептеп қанға әл беретін қызыл вино бар, ауыз тиіп тұрсаң, өзіңе жақсы болады,- деп үйретті Әтеш Мекиенге. Көңілі тасыған Мекиен винодан да дәм татты. Буын-буындары осыдан кейін босап, қиялы әр жаққа кетті. Қасындағы Әтешке еркелей:

- Әтешім, біз қандай бақыттымыз. Екеуміздің мына тамаша өмірімізді өзгелер де көрсін, бізге қызықсын. Өзімізге қарайлас қанатты құстарды қонаққа шақырып, байлығымыды көрсетіп бір масаттансақ қайтеді?,- деді. -О, не дегенің Мекиен жаным, сенің айтқаныңның бәрі болады. Үй құстарының бәрін шақырайық. Қаз, үйрек, тауық, күрке тауық, тоты құс тағы кім еді?.. - Бұлбұл да орманнан келіп бізге арнап ән салып берсе ше? - деді Мекиен қылымси. - Ой, ол атақты әнші ғой. Қазір бұлбұлдар да күн көріс үшін ірі-ірі тұмсықтылардың алдында долларға ән салып жүр. Оны бізге крыша болып отырған дәдя Қырғиға айтпасақ, келмейтін шығар,- деді, жас Әтеш, - дегенмен айтып көрейік. Қолы бос болса, келіп қалар. - Аққуды да қоссақ қайтеді. Болса да кең бассейін бар... - Әрине, шақырайық,- деп келісті Әтеш. Сонымен Әтеш пен Мекиеннің кең сарайына қанатты құстардың бәрі жиналды. Қырғидың өзі болады екен деген соң, құстар түгел келді. Бұлбұл да кештетіп болса да келіп, кешіккеніне Мекиен мен Әтештен қайта-қайта кешірім сұрап, айыбымды әнмен өтейін деп тамылжыта ән салды. Барлық құстар бұл күні Әтеш пен Мекиенге бақыт тілеп, мына кең сарайдай үй-орманына құтты болсын айтып тарқасты. Жас Әтеш келгендердің бәріне көңілдеріне ұнайтын сыйлықтар беруді де естен шығарған жоқ. Алғанды ешқайсысы да жаман көрген жоқ.

- О, не дегенің Әтеш мырза, Сіз мүлде жомарттық танытып жатырсыз. Бермей-ақ қойсаңыз да болатын еді. Бірақ алмауға да болмайды, рахмет! рахмет,-десіп сыйлықтарын көтеріп кете барды. Әрдайым қосақталып жүретін ерлі-зайыпты қос Аққу да рұқсат сұрап аттанды. Аққудың көгілдірін көргенде жас Әтештің көзі оның сұлулығынан тайсақтап кетті... - Шынында да Аққу деген қандай сұлу құс. Мойыны қандай әдемі иіліп тұр. Көзін айтсайшы. Тұп-тұнық. Су бетіндегі қалқып жүзгенін айтсайшы. Аппақ қанатын айтсайшы. Мамықтай-ау, мамықтай. Керемет сұлу екен ғой Аққу деген. Қырғи дядясы тұрғанда осы Аққуға неғып үйленбегенмін,- деп, армандап шығарып салды. Жас Әтештің Аққуға көзін салғанын, қызығып қарағанын Мекиен де сезіп қалды. Бірақ сыр білдірмеді. Ертеңіне Мекиен косметолог Тоқылдаққа келді. - Сен қанша алсаңда ақысын төлеймін. Атағың жер жаһанға жеткен жақсы косметологсың. Бозторғай да, бұлбұл да, қарлығаш та саған келіп қанаттарын боятып жүргенге ұқсайды. Менің мойынымды ұзарт, қанаттарымды аппақ мамықтай ет, қысқасы, Аққу қандай болса, мені де сондай ет,- деді. Тоқылдақ ұзақ ойланды. - Ол көп еңбекті қажет етеді. Аққудың мамығындай мамық жоқ бүкіл сауда нүктелерінде. Оны шетелден ғана табуға болады. Ал оған қаражат керек. Мойыныңды дәл аққудікіндей ұзартсам үзіліп кету қаупі бар. Қалай болар екен?- деп қиналды. - Сен егер мен үшін шеберлігіңді салмайтын болсаң, мен дядя Қырғи арқылы Бүркітке шығуға мәжібүрмін. Онда сен жеп отырған наныңнан айырылып қаласың, -деді Мекиен енді ашуға басып. Тоқылдақ әрі ойланып, бері ойланып: - Сіз мұны Әтеш мырзамен ақылдасып па едіңіз?- деп сұрады. - Жоқ, онымен ақылдасып қайтемін. Өзіне Аққу болып барып, сүрприз жасаймын. Бірден таңқалатын болады. - Ойбай-ау, бұл сложный операция ғой. Қанша қаражатты керек етеді. Қасыма мен көмекшіге басқа Ителгіні, Байқызды шақырамын. Оларға да ақы төлеймін дегендей, қаражатыңыз жетеді ме? Және мен ақыны алдын ала алатын әдетім тағы бар. Жаңа препараттар керек сатып алуға,- деді Тоқылдақ. Мекиен жалпы есебін3ң бәріне келісті. Сонымен Тоқылдақ Мекиенді бір аптада дайындап, бір апта операция жасап Аққу етіп шығарды. Мекиен Аққудың сондағы қуанышын көрсең. Жан-жағын менсінбей қалды бірден. “Енді мен маған Әтештің күйеу болғанына намыстанатын болдым ғой. Аңдысын аңдап көрейін. Мынадай ажарыммен мен өзімнің кімге тең екенімді білемін” –деп, паңданған күйі

Әтешке келді. Әтеш өз көзіне өзі сенбеді.

- Бұл сен бе? Шын сен бе? Тамаша болыпсың ғой. Керемет! Нағыз сұлусың.. - Көзің қалай ойнақшиды. Өткенде Аққуға қарап үздігіп қалып едің, енді көр міне, мен де Аққудан кем емеспін.- деп қанатын қағып сілкінді. - Сен енді менің қасымда болмай бассейіндегі суда жүзіп жүресің бе?- деп қиналды Әтеш. - Әрине, суда да жүзем. Натурам мекиен емес пе. Үйде осылай керіліпсозылып ап-пақ болып жүремін..,-деді Мекиен Аққу сәндене аяғын басып. - Ой, Аққудың әдемілігі суда жүзгенінде ғой...-деді Әтеш. - Жарайды, оны да көр ендеше,- деп, Мекиен бассейіннің шет жағына аяғын салып, суға сүңгіді. Тұншығып қала жаздады. Содан соң Аққуша денесін суға сала бастап еді, кілеймен жабыстырылған жасанды мамықтар біртіндеп ажырап, судың бетіне бөлініп, қалықтап шыға бастады. Мекиеннің адам көре алмастай кескіні пайда болды. Ұзартылған мойыны қып-қызыл болып мүлде жүректі айнытты. - Ку-ка-ре-ку, құры! Құры көзіме көрінбе! Мына кескінің мені позорит етеді. Кукареку, Құры! Құры! Сені бұл түріңмен Ит те иіскемейді, - деп жас Әтеш теріс айналды.Ол сол кеткеннен мол кетті.

МАЗМҰНЫ

Әңгімелер ------------------------------------------------------------------------------ 3 Музыкалыық сәлем--------------------------------------------------------------------3 Айдаша мен Пайдаша----------------------------------------------------------------3 Кресломен туғандар-------------------------------------------------------------- - 4 Қызмет бпбы ----------------------------------------------------------------------- 5 Құрметті көкелер ------------------------------------------------------------- 5 Әлду мен Дәлду---------------------------------------------------------------- 5 Кемпірлер командасы ------------------------------------------------------------------7 Шенеунікше тактика--------------------------------------------------------------------8 Ұшық пен пұшық----------------------------------------------------------------------- 17 Хватитің құрғыр, можно----------------------------------------------------------------19 Күнтізбек----------------------------------------------------------------------------------22 Алапес------------------------------------------------------------------------------------25 Жарнама-----------------------------------------------------------------------------------27 Жоқтау--------------------------------------------------------------------------------29 Жұбату------------------------------------------------------------------------------- 31 Ыстық сессия------------------------------------------------------------------------32 Тура кинодағыдай------------------------------------------------------------------33 Бастықтың туған күні---------------------------------------------------------------39 Эл-лоу, шет тілі ---------------------------------------------------------------------45 Қақпан телефон -------------------------------------------------------------------- 48 Бізбикенің бизнесі-------------------------------------------------------------------51 Ауыз ашу --------------------------------------------------------------------------- 56 Өсек қайда барады?---------------------------------------------------------------59 Зарлауық----------------------------------------------------------------------------- 61 Жәркелеш ----------------------------------------------------------------------------64 Большая мама------------------------------------------------------------------------ 66 Слышком давит ету----------------------------------------------------------------- 68 Тәрбиенің түрлері--------------------------------------------------------------------- 71 Айнымаған өзім ------------------------------------------------------------------- 74 Давай---------------------------------------------------------------------------------- 75 Салмақтылық ------------------------------------------------------------------------ 75 Тапсырма -----------------------------------------------------------------------------76 Қос кемпірдің диалогі ------------------------------------------------------------77 Сөз айту ------------------------------------------------------------------------------78 Ол бірінші сәуір ғой----------------------------------------------------------------79 Қарт ақынның монологі ---------------------------------------------------------80 Депутат болғанға дейін ----------------------------------------------------------80 Депутат болғаннан кейін ---------------------------------------------------------81 Бәрінен де сен жақсы -----------------------------------------------------------82 Көкіректер -------------------------------------------------------------------------83 Той ---------------------------------------------------------------------------------84

Крутой мамасы--------------------------------------------------------------------85 Крутой баласы-----------------------------------------------------------------------85 Шындық пен өтірік -------------------------------------------------------------86 Апорттың зары -------------------------------------------------------------------87 Бпқыт және ой--------------------------------------------------------------- 89 Пияз және сарымсақ---------------------------------------------------------- 91 Тілдің рухқа зары-------------------------------------------------------------- 92 Рухтың жауабы -------------------------------------------------------------------92 Бүгінгі елім-ай --------------------------------------------------------------------94 Шетел банкісіндегі доллардың Теңгеге мұңы------------------------------95 Жырпартияның жарнамасы--------------------------------------------------- 97 Мысалдар: Қазы мен Тұз----------------------------------------------------------------------98 Ине мен Жіп -----------------------------------------------------------------------99 Қара сия-----------------------------------------------------------------------------100 Қолдаушың кім? -------------------------------------------------------------------101 Мекиенаққу------------------------------------------------------------------------111 Мазмұны -----------------------------------------------------------------------------113

Өріс Яшүкірқызы Шенеунікше тактика Редактор: Аманов ш. Тех. Редактор: Жұбаниязов Р. Көркемдеуші: Ортаев. Ж. Компьютерлік қалыптау: Бердібекова К. Басуға 12.102007 ж. қол қойылды. Пішімі 84 х 108 1/32.Офсеттік қағаз. Компютерлік терілім Көлемі 8,5 шартты баспа табақ Таралымы 2000 дана Тапсырыс № 449 ЖШС «Жедел басу баспаханасы» 050053. Алматы қаласы, красногорская 71

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙