Әдебиет танытқыш
Ахмет Байтұрсынұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақ әдебиеттану ғылымының іргетасын қалаған тұңғыш теориялық еңбек. Сөз өнерінің табиғаты мен жанрларын терең саралаған ұлт ұстазының шедеврі.
ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ (1926)
АҢДАТУ
Біздің анық көріп, сезіп, біліп тұрған айналамыздағы нәрселердің бәрі не табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрсе, не адам ісінен шыққан жасалынды нәрсе. Орман, теңіз, тау, өзен, бұлақ — бұлар табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрселер, үй, кірпіш, бақша, арық, құдық — бұлар адам ісінен шыққан жасалынды нәрселер. Табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрселердің бәрі табиғат дүниесі болады; адам ісінен шыққан жасалынды нәрселердің бәрі өнер дүниесі болады; өйткені жасалынды нәрселердің істеліп шығуына адам ақылы, әдіс-амалы, шеберлігі, өнер күші кіріскен. Өнер түрлі болады. Біреулер үй салады, арық қазады, етік тігеді, арба істейді, киіз басады, ыдыс істейді. Тағысын тағы сол сияқты шаруаға керек нәрселерді жасайды. Біреулер көрікті мешіт, көрнекті там, көркем сүгірет салады. Әдемі ән, әсерлі күй, ажарлы сөз шығарады. Алдыңғы өнер мен соңғы өнердің арасында айырым бар. Алдыңғы өнерден шыққан нәрселер күн көру ісіне керек шаруа керек-жарақтары. Мұны істегенде «Сұлуынан — жылуы» дегендей көркем болуын көздемейді, тұтынуға қолайлы, жайлы, берік болу жағын көбірек көздейді. Екінші өнерден шыққан нәрселер — жылуынан гөрі сұлу болуы көбірек. Көзделінгеннен көзге көркем, көңілге жағымды болып істелген нәрселер: алдыңғы нәрселер адамның мақұлықтық жан сақтау керегінен шыққан нәрселер, соңғы нәрселер адамның жан қоштау керегінен шыққан нәрселер. Сондықтан алдыңғы нәрселерді жасауға жұмсалатын өнер — тіршілік үшін жұмсалатын тірнек өнері болады да, соңғы нәрселерге жұмсалатын өнер — көркемшілік үшін көрнек өнері болады.
КӨРНЕК ӨНЕРІНІҢ ТАРАУЛАРЫ
Бірінші — тастан, кірпіштен, ағаштан яки басқа заттан сәнін келтіріп, сәулетті сарайлар, мешіт, медресе, үй, там сияқты нәрселер салу өнері. Бұл сәулет өнері болады. (Европаша — архитектура). Екінші — балшықтан я металдан құйып, тастан я ағаштан жонып, нәрсенің тұлғасын, тұрпатын, сын-сымбатын келтіріп сүгірет жасау өнері. Бұл сымбат өнері болады. (Европаша — скульптура). Үшінші — түрлі бояумен нәрсенің ісін, түрін, түсін, кескін-келбетін келтіріп, сүгіреттеп көрсету өнері. Бұл кескін өнері болады. (Орысша — живопись.) Төртінші — әуездің түрлі орайын, шырайын, сазын, сайрамын келтіріп, құлаққа жағып, көңілді әсерлейтін ән салу, күй тарту өнері. Бұл әуез өнері болады. (Европаша — музыка). Бесінші — нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады. (Қазақша — асыл сөз, арабша — әдебиет, Европаша — литература). Өнердің ең алды — сөз өнері деп саналады. «Өнер алды — қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын — сөзбен сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді. Сөзбен қандай сымбаттау я кескіндеуге болатындығын көрсету үшін бірнеше мысал келтіріп қарайық. 1. Абайдың әйелді сымбаттауы.
Аласыз қара көзі нұр жайнайды.
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды.
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды.
Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды.
Тамағын үлбіреген кір шалмайды.
Екі алма кеудесінде қисаймайды.
Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды.
Әжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы.
Торғындай толқындырып көз таңдайды. 2. Абайдың күзгі күнді сүгіреттеуі.
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Айрылған жапырағынан ағаш, қурай.
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Тышқан аулап, үйде ит жоқ қайда көрсең. 3. Мағжанның толқынды кескіндеуі.
Толқынды толқын қуады.
Күңіренісіп кеңеспен,
Бітпейтін бір егеспен,
Жарысып жарға барысад.
Толқын мен толқын сырласып,
Сырларын еппен ұрласып,
Толқынға толқын еркелеп.
Жыландай жүзге бұралып,
Жарға жетер ентелеп.
Еркелеп бала былдырлап,
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
Толқынды толқын қуады.
Суының алтын буымен
Жарының бетін жуады.
Мөлдіретіп көз жасын,
Жасымен жуып жартасы,
Сүйтіп сылқ-сылқ күледі.
Күлгені — оның өлгені,
Жылай — күле өледі.
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
Бірінің сырын бірі ұрлап,
Толқынды толқын қуады.
Береді де өледі,
Өледі толқын, тынады. 4. Абайдың ән мен күйді сөзбен сипаттап танытуы.
Адам ойы түрленіп ауған шақта.
Тактісіне билесін ол құлаққа.
Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп оятар баста миды.
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Жас балаша көңілді жақсы оятар.
Көбінесе ән басы келер ащы,
Кел тыңда деп өзгеге болар басшы.
Сол жеріне ойыңмен араласшы.
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
СӨЗ ӨНЕРІ
1. Ақылға. 2. Қиялға. 3. Көңілге.
Ақыл ісі — аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі — меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу суреттеп ойлау, көңіл ісі — түю, талғау. Тілдің міндеті — ақылдың андауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек. Мүддесін тілмен айтып жеткізу қиын екендігін, оған өте шеберлік керек екендігін мынадан байқауға болады: орыстың асқан ақыны Пушкин жазған өлеңдерінің кейбіреуін 13 рет түзеткен. Орыстың асқан ойшысы, сөз өнерпазы Лев Толстой шығарған сөздерін баспаға беріп қойғаннан кейін де талай түзетіп, талай өзгертеді екен. Бұл ойындағы, қиялындағы, көңіліндегі нәрсені тілмен айтып жеткізу өте қиын екендігін көрсетеді. Сөз өнері жүзінде асқан өнерпаздар мүддесін тілмен айтып жеткізе алмай, сондай қиналғанда, өзгелерге ондай іс оңай болып табылар ма? Сондықтан сөзден жасап сөз шығару деген жұмыс әркімнің қолынан келе бермейді және шығарғандардың да сөздері бәрі бірдей жақсы бола бермейді.
Сонда да ішінде бар таңдамасы.
Қазақтың келістірер қай баласы? —
деп Абай айтқандай сөз шығаратындар көп, бірақ келістіретіндері аз болады. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай жүгіреді». Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оңтайымен тізеді. Өз білуінше пікірлейді. Сондықтан әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады. Ол айырым белгілерін жай айтып түсіндіру қиын, әрқайсысының шығарған сөздерін оқып, әбден танысып, үйреншікті болғанда ғана сезілетін белгі. Шеберлердің қолынан шыққан нәрселермен таныс адам, сол шеберлердің істеген нәрселерін қай жерде көрсе де айтпай таниды; мәселен, пышақты көріп, «мынау пәлен ұстаның қолы екен» дейді, ерді көріп, «мынау пәлен ершінің қолы екен» дейді. Сол сияқты сөз өнерпаздарының да шығарған сөздерін оқып, лұғатына үйір болғаннан кейін, оның бұрын оқылмаған, аты қойылмаған сөздерін де айтпай тануға болады. Сөздің өзін танытатын белгі — тіл яки лұғат белгісі болады. Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен, өз оңтайымен сөз тізіп әдеттенуінен, салттануынан болады. Әркімнің өз салты болғанымен, ол салттар жалпы сөз тізу салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сөз шығарушылар, әуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз шығарушылар бәрінен бұрын лебіз заңынан шыққан сөздің асыл болуының жалпы шарттарын білуі қажет.
ШЫҒАРМА СӨЗ
Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты — шығарма сөз, ол аты қысқартылып, көбінесе шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын жазып шығарған сөз болсын — бәрі шығарма болады. Шығарманың түрлері толып жатыр. Оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда, арабша — әдебиет, қазақша — асыл сөз дейміз. Шығарма сөздің бәрінен бұрын байқалатын тысқы нәрселері: 1. Тақырыбы. 2. Жоспары. 3. Мазмұны. 4. Түрі. Тақырып — әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады. Мәселен, пікір жаз туралы болса, шығарманың тақырыбы «жаз» болады. Той туралы болса, тақырыбы «той» болады, ат туралы болса тақырыбы «ат» болады. Әңгімедегі пікір не туралы екенін күн ілгері білдіру үшін, шығарманың тақырыбы басынан қойылады. «Айман — Шолпан», «Бақытсыз Жамал», «Қобыланды батыр», «Атымтай жомарт» деген сөздер шығарма тақырыптары болады және бұл сөздер «Айман — Шолпан», «Бақытсыз Жамал», «Қобыланды батыр», «Атымтай жомарт» турасында айтылатын әңгімелердің басында тұрады. Әңгіме басында тұрған «Айман — Шолпан» яки «Бақытсыз Жамал» деген сөздерді көріп, кім туралы айтылатын әңгіме екенін бірден білеміз. Бірақ шығарма сөздің бәрінің де басына тақырыбы қойыла бермейді. Көбінесе өлең сөздердің басына тақырыбы қойылмайды, өйткені бір өлеңнің ішінде бірнеше нәрселер туралы пікір айтылып кетеді. Тақырыбы бар сөздер «Айман — Шолпан», «Бақытсыз Жамал» деп тақырыбы аталғанда, тақырыбы басына қойылмаған сөздер, мәселен, өлеңдер бастапқы жолындағы сөздермен аталады. Абайдың өлеңдерінде тақырып қойылмаған сөздер көп. Оларды атағанда, алдыңғы сөздерін айтып атаймыз: «Өзгеге көңілім тоярсың» деген сөзі «Келдік талай жерге енді» деген өлең дейміз. Жоспар. Сөз шығарудан бұрын шығарушы айтатын пікірін қай ретпен жазатынын мерзімдеп, жоспарлап алады: онысы неден бастап, неден соң нені айтып, немен аяқтайтынын белгілеп алу болады. Әңгіменің жоспарын шығарушы адам я ойында белгілеп алады, я қағазға жазып алады. Қай шығарма сөзде де болса жоспар болады. Бірақ біреуінің жоспары тәртібі сара-сара ашық болады, біреуінің жоспары тәртіпсіз, былықпа ашық болмайды. Қаншама кішкентай шығарма болса да, өзіне сәйкес жоспары болады. Балғожаның баласына жазған хаты деген кішкене өлең бар, кішкене өлеңнің кішкене жоспары мынау: 1. Оқудағы баласына ата-анасының амандығын білдіруі. 2. Баласына айтқан ақылы. 3. Оқымаған қазақ балалары не істейтінін көрсетуі. Әңгіме үлкенірек болса, жоспары да үлкен болады. Алайық, мәселен, Сейдахмет ақынның қондырмаған құрбысына айтқан өлеңін. Бұл әлгі айтылған өлеңнен үлкенірек, мұның жоспары да үлкенірек мынадай: 1. Құрбысының кім екені. 2. Құрбысына қонуға келгені. 3. Құрбысының қондырмағаны. 4. Қалаға жақын жердегі қонағасының қымбат-арзандығы. 5. Көңілдестігін көрсетуі. Мазмұн. Шығарманың тақырыбынан басқасы мазмұны болады. Солай болған соң, мазмұн дегеніміз бір нәрсе туралы ойға алған пікірді айтуға жұмсаған бүкіл сөзіміз мазмұн болып шығады. Мазмұнның үш мүшесі болады: 1. Аңдату. 2. Мазмұндау. 3. Қорыту. Мазмұнның аңдатуында мазмұн туралы алдын ала айтарға керек болған ғана ойлар айтылып шығады. Сондықтан мазмұнның бұл мүшесі шығарған сөздің бәрінде де бола бермейді. Аңдату мүше шығармаларда керегіне қарай болады. Мазмұндауында ой тиегін ағытқан сияқты айтайын деген пікірдің бәрі айтылады. Мазмұндау — шығарманың мазмұн мүшесінің ең зоры, онсыз шығарманың мазмұны болмайды. Мазмұнның қорытуында мазмұндауда айтылған пікірдің қорытылып, маңызы шығарылады. Қорыту мүшеде мазмұн біткеннің бәрінде бола бермейді, бұ да керегіне қарай болатын мүше. Сөйтіп, шығарма мазмұнының аңдату, мазмұндау, қорыту — үш мүшесінің үшеуі де болуға ықтимал, басқалары болмай, жалғыз ғана мазмұндау болуға да ықтимал, кейде аңдату мен мазмұндау ғана болады, кейде мазмұндау мен қорыту ғана болады. Түрі. Шығарманың мазмұны қай-қай түрде айтылса, сол түрі шығару түрі деп айтылады.
1. Жай сөйлеу түрде. 2. Сөйлестірген түрде. 3. Хат түрінде. 4. Аралас түрде.
1. Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Қолымды деп сермесем өстер ме едім?
Адамның бір өмірі бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім
2. Кебек: Саламағалайкүм! Кеш жарық (Төрге шығады).
Ақан: Әликсалам, е, жарқын, қай ұлсың? Танымадық.
Кебек: Ата, мен тобықты Тоқтамыстың інісімін. Атым Кебек болады. (Еңлік қарайды). Ақан: Уа, тобықтының ер азаматы аман ба? Елдерің тыныштық па? Кебек: Шүкіршілік, аман, ата. (Үй ішіндегілердің бәрімен де амандасады). (Біраз тым-тырыс). Ақан: Жарқын, беймезгіл уақытта келдің, мына пісіп тұрған аз дәмге риза боламысың, жоқ қайтадан қазан көтерсін бе? Кебек: Осы да болады ғой, ата, көтермей-ақ қойсын.
Кебек: Бүгін бір аңшылық қыла шығып едім, әлгі бір әзірде түлкінің ізі кездесіп еді, аң көздің құрты ғой, күн батқанға қарамай, соның ізіне түсіп, жаңа мына бір жердегі шатқалда алғыздым. Соған алданып жатқанымда, бұлыңғыр түсіп кеткен екен. Әйтеуір иттің дауысымен осында әрең жеттім. Ақан: Мақұл, балам. (Айқайлап) Жапал, ай, Жапал! Жапал. (Тыстан) Ау, немене? Ақан: Қойды көңге қайырып қой, балам, ығып кетіп жүрмесін. Боран болып үйтсе-бүйтсе, мына қонағыңның атын ыққа байлап қой, шарбақтың ішіне кіргізіп...
Жаныңа жәрдем берсе құдай талам.
Сүйтіп сәлем жазады бүгін саған.
Сабаққа көңіл бөлсең басынарсың.
Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың.
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Жүргенмен не мұратқа жетер едің.
Шығару түрі шығармаларда дәйім бір өңкей болып, осы көрсеткен мысалдардағыдай кілең сөйлеу түрінде, я кілең сөйлестірген түрде, яки кілең хат түрінде болып айтыла бермейді. Көбінесе аралас түрде айтылады. Әсіресе сөйлеумен сөйлестірген түрлері аралас келіп отырады.
ЖӘНІБЕК БАТЫР
Жәнібек батыр бала күнінде ақыл-білім үйрену үшін Қаракерей соқыр Абыз дегенді іздеп келген екен. Сәлем беріп кіріп келсе, қарттықтан жағын жібекпен таңып отырған адам екен. Жәнібекті көріп:
— Сен қай ұлсың? — деді.
— Қошқар ұлымын,— деді.
— Қошқардың адам иісті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың ба? — деді.
— Болармыз,— деді.
— Балам, не жұмысың бар, бұл жақта не ғып жүрсің? — деді.
— Осы жақта қарт атамыз бар дегенге қолын алып, бір-екі ауыз ақыл-білім алайын деп жүр едім,— деді.
— А, а!!! Ел бастап жұрт алайын деген ұл екенсің: сөз бастап би болайын деген ұл екенсің.
Аймағың кетпес алдыңнан.
Қол бастап жол алайын деген ұл екенсің. Жолдастың мыңын алма, бірін ал. Мың кісіге бір кісі олжа салатұғын. Олжаңды аямасаң жолдасың қалмас жаныңнан. Жүз жиырма алтыға келіп отырмын. Жас күніңде қалың бер де, қатын ал. Жігіттің қан болатын, қыздың қаным болатын уақыты қартайған соң, өкінбе ұлым! Қару жисаң, мылтық жи — жаяу жүрсең таяғың, қарның ашса тамағың. Мұнан шығып, Кіші жүзде тоқсанға келіп отырған Тайған деген биге келеді. Келсе бидің елі көш екен. Көш үстінде кез болып, сәлем беріп ат үстінен көріседі. Мұнысын жақтырмай, бұл би де сұрайды:
— Жаным, қай ұлсың?
— Қошқар ұлымын.
— Ұлым неғып жүрсің?
Жәнібек оған да айтады: осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл сұрамақшы едім деп.
— Е-е-е! — деді би,— Азуы алты қарыс Арғынның Қошқар ұлы Жәнібегі Алшынның бір алжыған шалын келемеж қылып кетейін деп едім десеңші.
— Мен сөз сұраймын деп келсем, көңілімді қайтарды ғой,— деп атының басын бұрып алып, жүріп кетеді. Анадай жер барғанда, би: «Әй, Жәнібек!» — деп шақырады. Жәнібек артына қарайды.
— Атыңның басын бұрма, солай тұр! Жүзім кішілігінен бір ауыз сөзбен көңіліңді қайтардым: «Өгізді өрге салма, қанатың талар, жаманға жүзің салма, сағың сынар»,— депті.
МАЗМҰН ТҮРЛЕРІ
1. Әуезе. 2. Әліптеу. 3. Байымдау.
Дүниедегі нәрсенің қайсысы туралы сөйлесек те, бір жағынан ғана емес, әр жағынан алып сөз қылуға болады. Мәселен, бір адамды сөз қылуға алсақ, я ол адамның істеген ісін, айтқан сөзін әуезе қылып сөйлейміз, я тұлға-тұрпатын, кескінін, көркін айтып, пернесін әліптеп сөйлейміз, я болмаса ол адамның істеген істерінің, өзінің жақсы-жаман болғанының мәнісін, себебін тексере, байымдап сөйлейміз. Осыған қарай сөйлеген сөзіміздің түрі не әуезе, не әліптеме, не байымдама болып шығады. Жоғарыда мысалға алынған шығармалардың әуезе болатын түрі: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген Абай сөзі мен Кебектің Ақанға аң көргенін айтқан сөзі. Әліптеме болатындары: «Абайдың әйелді сипаттауы», «Күзді әліптеуі», «Мағжанның толқынды сипаттауы», «Абайдың әнді сипаттауы», байымдау болатыны: «Балғожаның баласына жазған хаты». Көбінесе-ақ әуезе, әліптеме, байымдама, шығарма ішінде аралас келіп отырады. Жоғарғы көрсетілген сөздердің қайсысы да болса, таза бір түрдегі мазмұнды емес. Мазмұн түрі аралас келетін шығарма, мысалы, жоғарыдағы «Жәнібек батыр» деген сөз.
БІРІНШІ БӨЛІМ
СӨЗ ӨНЕРІНІҢ ҒЫЛЫМЫ
Сөз өнеріне жұмсалатын зат — сөз.
Сөз шумағы тіл деп аталады. Сөз өнеріне жұмсалған сөз шумағы да тіл я лұғат деп аталады. Шығарма тілі екі түрлі болады: 1. Ақын тілі. 2. Әншейін тіл. Ақын тілі айырықша өң беріліп айтылған сөз: әншейін тіл ондай өң берілмей, жай айтылған сөз. Ақын тілімен сөйлегенде, сөзге айырықша өң берілгендіктен лебіз көрнекті болып шығады. Әншейін тілмен сөйлегенде сөзге өзгеше өң берілмегендіктен, лебіз сида, жалаңаш болып шығады. Сондықтан алдыңғысы көрнекті лебіз делініп, соңғысы жалаң я (көсе) лебіз делініп айтылады.
Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару — сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз осылай шығарған сөз. Сөзді бұлай етіп шығаруға көп өнер керектігі жоғарыда айтылды. Сөз шығару өнерді қорек қылса, өнер ғылымды қорек қылады. Мұнан сөз өнерінің ғылымы туады. Шығарманың екі жағы бар: 1. Ішкі пікір жағы. 2. Тысқы тіл жағы. Сондықтан сөз өнерінің ғылымы екіге бөлінеді: 1. Шығарманың түрінің ғылымы. 2. Шығарманың тілінің ғылымы. Тілінің ғылымы дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің заңынан шығатын тіл өңінің жүйелерін танытады, ғылыми сөз өнерінен шыққан нәрселердің мазмұн жағының жүйелерін танытады. Сондықтан сөз өнерінің ғылымы, шығарманың тіл өңі жағынан тіл я лұғат қисыны болып, мазмұн жағынан қара сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі болып бөлінеді. Әр саласы айырылып бөлек-бөлек сөз болмақшы.
І
ТІЛ ҚИСЫНЫ
Тіл қисыны дегеніміз асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым. Лебіз ғылымының мақсаты асыл сөздердің асыл болатын заңдарын білдіріп, түрлерін танытып, әдебиет жүзіндегі өнерпаздардың шығарған сөздерінің үлгі-өнегелерімен таныстырып, сөзден шеберлер не жасағандығын, не жасауға болатындығын көрсету. Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға мәселен, түрлі зат керек. Ол керек зат — топырақ болса, оны біріктіріп илейді; иленген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Үйдің жақсы-жаман болып шығуы балшығынан да, кірпішінен де болады. Бірақ көбінесе кірпіштерінің қалауынан болады. Кірпіш қандай жерде қалай қаланып, қандай үй болып шығуы жасаған жобаға қарай болады. Неғұрлым жоба жасайтын сәулет өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым салған үй сәулетті, әдемі болып шықпақ. Сөзден құрастырып пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат — сөздер. Топырақтан иленіп кірпіш жасалған сияқты. Дыбыстан құралып, сөз жасалған, кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сөзден бірігіп түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы — балшығынан, кірпішінен, әсіресе қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болмайды, кірпіші жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Бұл рас. Бірақ кірпіш жақсы болса да, қалауы жаман болса, онан жақсы үй шықпайды. Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жақсы болмаса, сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Бірақ тізуі жаман болса, дыбысы жақсы сөздерден де жақсы әңгіме шықпайды. Сондықтан мәнісінің зоры кірпіштің қалауында, жобаның жасауында болған сияқты, әңгіменің әдемі болып шығуы сөздің тізілуі мен әңгіме айтушының пікірлеуінде. Неғұрлым сәулет өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым үй де сәулетті әдемі болып шығатыны сияқты, неғұрлым жазушы қиялға бай, пікірге шебер болса, соғұрлым шығарған сөз пікірлі, әсерлі әдемі болып шықпақ. Жақсылап үй сала білу үшін сәулет өнерпазы үй салуға ұсталатын заттардың сыр-сипатын, қасиетін жақсы білуге тиіс: олардың тиісті орнына жұмсалуын жақсы білу тиіс. Кірпіштің түрлі қалауларын жақсы біліп, белгілеген жобамен үйдің түрін келістіріп шығару жағын жақсы білу тиіс. Мұның бәрін жақсы білу үшін сәулет өнерінің ғылымын жақсы білу керек. Сондай-ақ тіліндегі сөзден құрастырып қисынын келтіріп, жақсылап бір нәрсе шығару үшін сөз өнерінің ғылымын жақсы білу керек. Дыбыстың, сөздің, сөйлемнің сыр-сипатын тану, заңдарын білу — бұл үйге керек заттардың сыр-сипатын білу сияқты нәрсе. Керек заттарын сайлап алып, үй салуға кірісу — дыбыстың, сөздің, сөйлемнің жайын біліп алып, солардың әрқайсысын дұрыстап орнына жұмсап, пікірлі әңгіме шығаруға кіріскен сияқты болады. Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана білуі тиіс. Яғни әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білу тиіс. Адам ана тілін жасынан естуінше үлкендерден үйренеді. Сонан соң тіл танытқыш кітаптардан таниды. Онан әрі үлгілі жазушылардың шығарған сөздерін оқып, өзі іс жүзінде я ауызша айтып, я жазып қолданумен біледі. Біз қазақ тіліндегі сөздің бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп — айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз. Қазақ тілі қазақ ортасындағы бәріне бірдей ортақ мүлік болғанмен, бәрі бірдей пайдаланбайды. Әркім әр сөзді өзінше қолданады, өзінше тұтынады. Бүтін пікірін айтып шығатын әңгіме ішінде түгіл, жалғыз ауыз амандасу жүзінде де әркім әр түрлі сөз қолданады: мәселен, біреу «Амансыз ба?» деп, біреу «Есенсіз бе?» деп, біреу «Сәлемет жүрсіз бе?» деп, біреу «Күйлі, қуатты барсыз ба?» деп амандасады. Бәрінің ой мақсаты бір. Бәрінікі де амандық білу, амандық сұрау, бірақ әркім әр түрлі сөз қолданып, өзінше сұрайды. Сол сияқты әркім пікірін сөз қылып шығарғанда да, ана тіліндегі сөздерді әрқайсысын әр түрлі қолданады. Қысқасынан айтқанда, әркім сөзді өз қалауынша алып, өзі оңтайлы көруінше тұтынады. Әркім өз қалауынша алып, өз оңтайынша алып тұтынған сөз сол адамның тілі болады. Сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу — тіл қисыны деп айтылады.
СӨЗ ТАЛҒАУ
Шығарма тілі екі түрлі болатындығы жоғарыда айтылған еді. Оның бірін ақын тілі деп, екіншісі әншейін тіл деп аталады деп едік. Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтығын, тазалығын, дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекі, әуезді болу жағын да талғайды. Шығарма сөз өңді, ұнамды болу туралы талғаудың қоятын жалпы шарттары мынау:
Сөз дұрыс айтылуы деп әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы айтылады. Олай болу үшін керек: 1. Сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты нәрселерді біліп әрқайсысын өз орнына тұтыну. 2. Сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру. 3. Сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орындастыру.
Тіл тазалығы дейтініміз — ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңіп құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу. Орыстың жақсы жазушыларын алсақ, олар көбінесе мынау түрлі сөздерден қашқан: а. Ескірген сөздерге жоламаған. ә. Жаңадан шыққан сөздерден қашқан. б. Өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашқан. в. Жергілікті сөздерге яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламаған. Қазақ әдебиеті қатып-пісіп жетпеген уақытта біз қазақ сөзін ескі, жаңа деп талғамаймыз, жергілікті сөз екен деп, ол жағынан қатал қарап, қашып тұрмаймыз. Жалғыз-ақ біздің мықтап қашатынымыз жатшылдық (жат сөзшілдік). Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған болады.
Айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтін болса, тіл анықтығы дегеніміз сол болады. Лебіз ашық мағыналы болу үшін айтушы айтатын нәрсесін анық танитын болу керек. Адам анық танитын нәрсесін анық атайды да, көмескі танитын нәрсесін көмескі, күңгірт атайды. Сондықтан біреудің айтқан сөзін анық түсінеміз де, біреудің сөзін анық түсінбей, жорамалдап, жорып, ұйғарып қана қоямыз. Лебіз анық болуына мынадай орындарда кемшілік келмек: 1. Лебіз мағынасы екі ұшты ұғарлық болып айтылғанда.
1.Жаман қатын алсаңыз,
Төркініне бере алмай,
Төсегіне жата алмай,
Жөнді жауап айта алмай
Жалғанда қор болады.
Мұнда «жалғанда қор болады» дегенді екі түрлі ұғуға болады: «Төркініне бере алмай, төсегіне жата алмай» байы «қор болады» деп те ұғуға болады. «Тең құрбысы келгенде, жөнді жауап айта алмай» қатыны «қор болады» деп те ұғуға болады.
«Абай ұрыға қас еді: ұры аулының маңына жоламаушы еді». Мұнда, ұры аулының маңына Абай «жоламаушы еді» деп те ұғуға болады, ұры Абай «аулының маңына жоламаушы еді» деп те ұғуға болады.
1. «Қисық болса, закон бар, судияға беруге, ол да уйезнай емес қой, алуға теңдік сенуге». 2. Сөйлемдер шұбалаңқы айтылып, бір басыңқы сөйлем қасында көп бағыныңқы сөйлем болса, немесе сөйлемдердің құралу, құрмаласу, сабақтасулары шатақ түрде болса, әйтпесе тыныстар орнына қойылмаса.
а. «Өз әкесі Құнанбай уақытындағы елдің құр мұсылманмын дегеннен басқа діннің не екенін білмей қан жеп, неше түрлі ырымдарға табынып жүргеніне қатты тыю салып анық шариғат қоспаған істі қылған ғайыры бұзықшылық іс қылғандарға бек ауыр жаза салып, халыққа ауыл басы молда ұстатып, қадари қал ғылымның жолын көрсетіп, үлгі салған еді». б. «Соңғы уақытта Абай өзі өлеңнің өнер екенін біліп жаза бастаған соң, бұрынғы ақындар надандықпен өлеңді өнер орнына ғибрат үшін айтпай тіленшілік орнына айтқандықтан ақындықтың да өлеңнің де қазақ ортасында бағасы кеткендігін айтып, өзін олардың ретінен басқа қылып, алмақ пайда үшін емес, халықты ұмтылтып, көңіл көзін ашпаққа ғибрат үшін жазғанын білдіріп, өлең шығарған». «Сол себепті жазушылықтың өзі де екінші дәрежеде қалып салақ болып, берірек ұлғайыңқыраған кезінде, өкініш түсіп, жасында ғылым жолында болмай, қазақтың айқайымен жүргендіктен. Кешірген өмірінің, жазған өлеңінің, ретсіз болып, яки ғибрат алмаққа жарамайтындығын, ақылға сыйымсыз жері болса, кейінгі замандағы сынаушы жастардан өзінің тәрбиесіз, үлгісіз өскен өмірін айтып, надан елдің ішінде неше түрлі машақат, әурешілік пен бойды ыза кернеп, өткен қатам болса аяп, аз сөге көріңдер, деп жазғаны — Өлсем орным қара жер сыз болмай ма...». Сөздер өз мағынасында жұмсалмай, басқа мағынада жұмсалғанда, меңзеу, өрескел болса, мәселен:
Күмістей сәуле беріп жарқыраған,—
дегеннің орнына, таулардан сарқырап, жарқырап, ақ күміс ағады десе. Адас сөздерді аңдап айтпаса, мәселен: «Сол елдің адамының бәрі азулы» дегенде, адамның бәрі азып болғанын айтқаны ма? Болмаса адамының бәрі мықты, азулы айғырдай дегені ме? Анық емес. Сөз өктейсіз орынға қойылғанда, мәселен, күндерде бір күн Сатемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да орта шеніне барғанда құлап түседі. Мұнда «бір аяғы ақсақ құмырсқа» деген сөз құмырсқаның бір аяғы ақсақ екендігін көрсете ме, болмаса аяғы ақсақ бір құмырсқа деген мағына ма — белгісіз.
Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады. Ұғымға сөз дәл келу үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу керек. Тіл дәлдігін бұзатын көбінесе амандес сөздер. Амандес сөздер деп мағынасы жақын сөздер айтылады. Мәселен: батырлық, ерлік, батылдық, өткірлік, өжеттік деген сияқты сөздер. Мұның бәрі жүректілікті көрсеткенмен әрқайсысының өз алдында өңі бар. Өңін танымай яки аңғармай бірін бірінің орнына айтса лұғат дәлдігіне кемшілік келтіреді. Және де тіл дәлдігіне мынадай орындарда кемшілік келеді. 1. Сөйлем ішіне орын алып, оралғы болудан басқа қажеті ұсақ сөздер кірсе.
а. Кейбіреулер дүние қуғыш, мал жиғыш, пайда қылғыш келеді. б. Өз көзіммен көріп, көз алдымнан атқарып келіп отырмын. в. Оның қалыптанған ерте тұратын әдеті бар еді. Бұл үш мысалдың ішінде алып тастаса, орны ойсырамайтын сөздер: «Мал жиғыш», «Пайда тапқыш», «Көз алдымнан атқарып», «Қалыптанған» деген лебіздер. Бұлар сөйлем ішінде тұрғанда да толық болуына келтіріп тұрған пайдасы жоқ. Ойы қарайлас сөйлемдер қатар айтылғанда, мәселен, «Мен қартайған шағымда, байы жоқ деп баққан жоқ, күйі жоқ деп күйген жоқ, қайраты жоқ деп қарасқан жоқ, әлі жоқ деп асыраған жоқ» деген сияқты. Бұлай айтудың сырты көркем сияқты көрінсе де, ішкі мағынасы пікірді толықтырмай, тек сөздің, сөйлемнің қарасын көбейтеді.
Сөздің дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекі болуын да керек қылады. Адамға дерексіз заттан гөрі деректі зат түсініктірек, жансыз заттың күйінен жанды заттың күйі танысырақ. Сондықтан адам сөйлегенде сөзі толық түсінікті болу үшін дерексіз заттарды деректі затша, бернесіз заттарды бернелі затша сипаттайды, жансыз затты жанды заттай ғамалдайды. Ақ көңіл, шолақ ақыл, арам ой деу, яки күн бүркіп тұр, найзағай ойнады, су қайтты деу, я болмаса, қазанның құлағы, ошақтың бұты, үйдің төбесі деу дерексіз заттарды деректі затша, жансыз заттарды жанды затша, бернесіз заттарды бернелі затша қалыптау, ғамалдау, бернелеуден шығып, әдетті сөзге айналып кеткен. Мұндай сөздер жалғыз әдетті түрінде емес, әдейі де айтылады. Мәселен, Мағжанның «Толқын» деген өлеңінде, толқынның толқығанын бернелеп, түсінікті түрде көрсету үшін әдейі жанды нәрседей ғамалдап былай дейді:
Толқынды толқын қуады.
Күңіренісіп кеңеспен,
Бітпейтін бір егеспен.
Толқын мен толқын сырласып,
Сырларын еппен ұрласып.
Меруерт көбікке оранып.
Жарға жетер ентелеп.
Осы сияқты өң берілген сөздер, көрнекі тіл делінеді. Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе, деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш тапқа бөлінеді: 1. Көріктеу. 2. Меңзеу. 3. Әсерлеу.
Бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтқымыз келгенде ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөз қосып айтамыз. Мәселен. «Қара Мұқан», «Сары Мұқан», «Болыс Мұқан» дейміз. Мұнда Мұқандардың бірінен-бірін айырып, әрқайсысын айқын шығару үшін, Мұқан деген сөзге басқа сөздер қосып отырмыз. Атымтай жомарт, Жиренше шешен, Қаз дауысты Қазыбек деуде айқындау мақсатпен айтқаннан шыққан. Бұл келтірілген мысалдардағы қара, сары, болыс, жомарт, шешен, қаз дауысты деген сөздер айырықша мақсатпен әдейі айтылып тұр. Сондықтан айқындаудың бұл түрі тек айқындау ғана болады. Мұнан басқа көркейту мақсатпен айқындау бар. Мәселен «қызыл тіл», «Алтай түлкі», «Ақ сұңқар» деген сияқты. Бұлай айқындау басында айыру мақсатпен айтылса да соңынан көркейту мақсатпен айтуға айналған. Бұл күнде қызыл тіл, Алтай түлкі, ақ сұңқар дегенде «қызыл», «Алтай», «ақ» деген сөздерді көбінесе көркейту үшін айтып жұмсаймыз. Сондықтан айқындаудың бұл түрі көркейту деп айтылады. Көркейту я жалпы сипатты жалғыз нәрсеге теліп айтқанда, я нәрседе болмайтын сипатты болатындай етіп айтумен болады. Асылында айқындау нәрсені я көркейту үшін айтылады, я лақаптау үшін айтылады. Сарыарқа, сары қымыз, шалқар көл, самал жел, алалы жылқы, ақты қой, әділ би деген сияқты лебіздерше сары, шалқар, самал, алалы, ақты, әділ деген айқындау болады. Бұл айқындау көркейту үшін айтылып отырған айқындаулар. Асан Қайғы, Ер Тарғын, Қара қыпшақ Қобыланды, Қаз дауысты Қазыбек, Бұғабай басшы, Жиренше шешен, Орынбай ақын деген лебіздерде қайғы, ер, қара қыпшақ, қаз дауысты, басшы, шешен, ақын деген сөздер лақаптау үшін айтылып тұр. Көркейте айқындау ақындар сөзінде көп келеді.
1.Ақ таудан аққан ақ бұлақ,
Айдынға құяр аққан су.
Аңдыған бөрі кірмес пе?
Иесі ұйықтап жатқан соң
Алтын тақты әділ хан
(Байтоқ ақын)
2. Біз кеттік абайсызда елден шығып,
Жол тарттық құба шыңға Жемнен шығып.
Қаз қонған баттауықты көлден шығып.
3.Ақтөбе мен қорғаншы,
Асан Қайғы бабаның.
Әңгіме құрып кеткен жер.
4.Байлауда қалған ақ сұңқар
Бұрынғыдай бола алмас,
Көлден үйрек ала алмас.
Енді белге ілінбес,
Ерлігім жауға білінбес.
Таласты жерде жолды алған,
Жасанған жауға қол салған,
Ортадан ойып жол салған,
Алда тізгін оңдаса,
Көк сүңгіні салармын,
Балдағы алтын ақ берен
Қызыл қанға малармын.
2. Меңзеу
Көрнекілеудің өзі бірнеше түрге бөлінеді:
А. Теңеу.
Көріктеу нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жарағанмен, нәрсенің бернесін сүгіреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз. Мысал:
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Жаңбырлы күндер түсер тұманданып.
Шөл тартқан хайуандарша құмарланып.
Жайқалып шыға келер жердің гүлі.
Теңеудің неше түрлері ескі өлеңдерде көп келеді. Ер Тарғынның Тарланына айтқан сөзінің ішінде мынадай теңеу бар: 1.Омыртқаң бар оқтаудай.
Сыпыра шапқан тақтайдай.
Қынаптан шыққан қанжардай.
Күлтеленген жібектей.
Оралып жатқан түбектей.
Көлге біткен құрақтай,
Қабағыңа болайын,
Қара албасты қабақтай,
Піскен алма сабақтай.
Қорықтан жанған шырақтай.
Тұрпатына қараса,
От орнындай тұяқтан
Оймақтайы қалыпты.
Екі елісі қалыпты.
Бір тұтамы қалыпты.
Жалғыз қарыс қалыпты.
Бір уыстай қалыпты.
Құланды көр де, шашым көр.
Алтыннан соққан түйме бар,
Түймені көр де басым көр.
Теңеу екі түрлі: 1. Әншейін теңеу. 2. Әдейі теңеу. Екеуінің арасындағы айырмасы сол: әншейін теңеу — әдетті теңеу болады; мәселен, удай ащы, айдай жарық, күйедей қара дегендегі «удай», «айдай», «күйедей» деген сияқты сөздер — әдейі теңеу, жоғарыдағы келтірген мысалдардағы теңеулер. Б. Ауыстыру. Сөздің көбін өз мағынасында жұмсамай, өзге мағынада жұмсаймыз. Арасында түк ұқсастық жоқ, екі нәрсенің ететін әсері бірдей болса, біріне қас ғамалды екіншісіне ауыстырып айтамыз. Мәселен, «күн құтырып кетті», «аяз қарыған», «қырау соққан» дейміз. «Құтырып кетті», «қарыған», «соққан» деген сөздер нақ өз мағынасында емес, өзге мағынада айтылып тұр. «Құтыру» жанды, есті нәрсенің күйін көрсететін сөз. Мұнда күннің желдетуі адамның құтырған күйіне ұқсас әсер ететіндіктен жанды нәрсенің күйін көрсететін сөз күннің күйін көрсетуге ауыстырылып алынып тұр. «Қарыған» деген сөз де солай алынып тұр. Қарығанда ыссы нәрсемен қариды, аяздың үсіткен жарасы, ыссы нәрсенің қарыған жарасына ұқсас болғандықтан аяз ғамалына айтылып тұр. Соғудың өз мағынасы — бір нәрсені екінші нәрсемен ұру. Қырау бір нәрсеге түскенде оны ұрмайды, тек тиеді. Нәрсеге тигендегі келтіретін зақымы соққаннан болатын зақымға ұқсас болғандықтан «Соққан» деген сөз қырау ғамалына ауыстырылып айтылып тұр. Осындай ұқсастығымен ауыстырып, өз мағынасынан сөзді өзгелеп айту — ауыстыру деп аталады. Сөз мағынасын ауыстыру түрліше болады: көбінесе ұшырайтын түрлері мыналар:
Бір нәрседе болмайтын күйді, екінші нәрседе болатын күйді көрсететін сөзбен айту бейнелеу болады. Мысалдар:
Дән берген қожасына сиынып тұр.
Кекірейіп көкке қарап бүлініп тұр.
2.Жүгірер киік, құлан тау мен қырда,
Қуанып ықыласпен келген жылға.
Шақырып тұрар құбылып, кел деп мұнда.
Қаңқылдап қонар оған қаз бен тырна.
3.Бұл күнде сөйлей берсем сөз жетерлік,
Білгендер тағылым бар үлгі етерлік.
Ағызып шұқанақты көл етерлік.
4.Науша би Есенғазы жаңа тауым,
Сүбіқанқұл сұңқар еді алған бауын.
Билікке салушы еді омырауын.
5.Анаңыз қиналады кетеді деп,
Қайсы қыз шырағыма жетеді деп.
Қадірі кетсе мұның өтеді деп.
6.Мен Қырымның ішінде
Ақша ханның қызы едім,
Атам менен анамның
Жылқыда шаңқан боз едім.
Тамам жақсы жиылса,
Аузындағы сөзі едім.
7.Дұшпандар тың салмай ма шабысыңа,
Тұлпардай дүбір шыққан дабысыңа.
От салма өзді-өзіңнің қамысыңа.
Жылқы мал тістеспейді өсерінде.
Тастама жұртқа шала көшеріңде.
Жел сөзге арадағы нанып жүрме?
Басын тарт тұлпарыңның керістірмей!
Сауырын зорықтырып алып жүрме?
Ауысу да екі түрлі болады: 1. Тіл ауысуы. 2. Лұғат ауысуы. Мұнда да әдетті ауысу тілдік болады да, айтушының сөзіндегі ауысу лұғаттік болады. Лұғаттағы ауысу жоғарыда келтірген мысалдардағы, тілдегі ауысу, мәселен, суық сөз, жел сөз, қызыл тіл, бықыт құс, ми ашыған, ант ұрған, жын қаққан деген сияқты сөздер.
Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту төмендегі түрі болса, ондай ауысу алмастыру деп аталады.
1. «Анау үйдің құдасы келіп жатыр» дейміз. Құда үйдікі емес, ол үйдегі адамдікі, үй мен үй иесінің арасы жақындығынан бірінің орнына бірін айтамыз. 2. «Ауыл ұйқыда жатқанда» дейміз. Ауыл ұйықтамайды, ауылдың адамы ұйықтайды. Ауыл мен ауылдағы адам екеуінің арасында жақындық барлығынан адамның орнына ауылын айтамыз. 3. Біреудің қолы жүйрік, шапшаң жазады дегеннің орнына «Қаламы жүйрік» дейміз. (Қол мен қалам жақындығы). 4. «Ет берілді ме?» дегеннің орнына, «Табақ тартылды ма?» дейміз. Яғни тамағын табағына алмастырып айтамыз. Сол сияқты «Неше аяқ іштің?», «Неше кесе іштің?», «Неше шелек құйдың?» дейміз. (Қымыз орнына аяғын, шай орнына кесесін, су орнына шелегін алмастырып айтамыз). 5. Үстіне кигені кілең жібек, я кілең былғары дейміз. (Киім орнына жасалған нәрсесін айтамыз). Ақсұлу мен Кенішбайдың айтысқан өлеңінде Кенішбайдың сөзінде бұлай деген жері бар:
Мейман дос, келсе қонақ, барша жұрты
Шығады қыз-бозбала серуенге,
Үстіне масаты мен киіп құлпы.
Мұнда алтыннан істелген бұйымдардың орнына бұйымдардың істелген затын — алтынды айтып отыр, масаты мен құлпыдан істелген киім орнына киімдердің істелген заты — масаты мен құлпының өздерін алып отыр. 6. Абайдың сөзінен яки кітабынан көшіріп жаз деудің орнына «Абайдан көшіріп жаз» дейміз. Сөзінің орнына иесін айтамыз.
Жансыз нәрсені жанды нәрсенің күйіне түсіріп тұрпаттау кейіптеу деп айтылады. «Қылышын сүйретіп қыс келеді» дегенде, қиялыңа қылыш сүйреткен адамның сүгіреті келіп түседі. Қыста қылыш та жоқ, қылыш сүйрететін күйі де жоқ. Жансыз қысты жанды адамның күйіне түсіріп, адамның істейтін ғамалын телігендіктен қыс бізге адам сүгіретінде келіп көрініп отыр.
Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Үсті-басы — ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
2.Асау терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып.
Түзу жерден жол кернеп ұлғайды су.
Момынсынған пішінмен ағады қу.
Бұлттың суын ішіп ер жеткенмін.
Кім қақтықса жолымда күйреткенмін.
Көнбей, бүкіл күшімді көрсеткенмін.
Шын құтырсам шың-тасты тербеткенмін.
Тау-тасқа, адамзатқа салып жанжал.
Сәлем-сауқат әкелдім, қош көріп ал.
Бернелеу
Бір нәрсенің, көбінесе адамның мінезін, құлқын, ғамалын екінші нәрсенің мысалында көрсетіп айту — бернелеу болады. Қазақтың бернемен сөйлеп отыр дегені — осы бернелеу. Бейнелеу бернелеумен екі арасы жақын. Бейнелеу де, бернелеу де екі ұқсас нәрсенің бірін бірінің орнына айтудан шығады. Бейнелеу ұлғайғанда бернелеуге айналып кетеді. Мәселен, мынау түрлі сөздер бейнелеуден ұлғайып, бернелеуге айналып кеткен:
Көгі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Көңілін көгертуге құр халықтың.
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет
Оттай бер, жануарым екі аяқты! —
Азаттық хайуанға қанша қажет?!
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап.
Жасықты, асыл ма деп, білмей қайрап.
Мағжанның «Шын айт» деген өлеңі де бейнелеуден ұлғайып, бернелеуге айналған сөздің түрі. Бейнелеумен бернелеу арасындағы айырмасын мынадан анық көруге болады.
Жан еркем, мен жүремін мынау күймен,
Бар ма екен ғашық жарың мендей сүйген.
Айналып аламын деп отқа күйген.
Мұнда «Сен бір шам» дегеннен бастап аяғына шейін бейнелеу болады.
Отқа ұшар көбелек
Қарамай, сорлы алды-артын.
Күйдірер деп от жалын.
Жүрер де бір уақ ол қонар...
Күйдірер де тез тынар.
Бұл келтірген екі мысалдың екеуінде де адамның күйінің көбелекке ұқсастығы айтылады. Ол ұқсастығын қысқалап айтқанда бейнелеу болып, ұлғайтып айтқанда, бүтін мысалға айналып, бернелеу болып кетеді. «Қырық мысалдағы» мысалдардың, Абай кітабындағы мысалдардың бәрі бернелеу болады. Қазақтың «Бернемен сөйлейді» деуінің өзі я «Пердемен жасырып сөйлейді» дегеннен шыққан, я «Бернемен сүгіреттеп сөйлейді» дегеннен шыққан боларға керек. Бұл екеуінің соңғысынан да алдыңғысы болуының ықтималы мол. Өйткені «бернемен сөйледі» деп қазақтар сөздің өз мағынасын жасырып, өзге мағынамен сөйлегенде айтады. Бернелеу — сол мағынасы жасырын сөздің нағыз өзі. Бернелеу біткеннің бәрінің лебіз мағынасынан басқа астыртын мағынасы болады. Бернелеу өте ұзақ болса, айтушы баяндап береді, я болмаса ұшығын көрсетіп қояды. «Қырық мысалдағы» және мысалдардың көбінде-ақ бернелеудің астыртын мағынасының баяндауы, шешуі бар. Жоғарыда айтылған Мағжан бернелеуінің де аяғында мынадай баяндауы бар:
Ойламай қанат қақпалық.
Көрінгенге шаппалық.
Көбелектей күйерміз.
Күлден кебін киерміз.
Жоғарыда көрсетілген «Адамдық диқаншысы» деген бернелеудің айрықша баяндауы жоқ. Бірақ кімге айтылып отырған сөз екенінің ұшығы көрсетілген. «Көңілін көтеруге құл халықтың» деген сөз бернелеудің астыртын мағынасының ұшығын көрсету болады. Шетін сездірген соң ар жағының бәрі түсінікті. Бернелеу шығарманың неғұрлым лұғаты жайнақы, ойнақы келсе, әдемі болып шығады. Лұғатында жайнақылық, ойнақылық кем болса, бернелеу әдемі сөз болмай, әншейін сөзге айналып кетеді. Әсіресе бернелеу әншейін сөзге айналып кететіні лұғат жағының толық болуына назар салмай, тек бейнелеу, ұқсату жағына ғана ілтипат еткенде болады. Әдемі бейнелеуге қоятын сын мынау түрлі болуы керек: Бернелеудің астарын қоя тұрып, өң жағын алғанда, астыртын мағынасын қоя тұрып, лебіз мағынасының өзін алғанда жолы қанша? Ұқсастығының сәйкестігі қанша? Дәл келе ме? Болмаса июмен, бұраумен келіп әдейі бернелейін деген ниеті кеш жерден көзге түсіп тұра ма, я болмаса ұқсастығы өте алыс, көруге тым қараңғы ма? Егерде бернелеудің шешуі бар болса, онысының қажеті қанша? Керек болған халде, өте ұзын емес пе? Ақылды ғана қанағаттандыра ма, болмаса көңілге я қиялға тиісті сыбағасын да бере ме? Бернелеудің өзі болсын, баяндауы болсын, лұғаттың өте жайнақы, ойнақы келгенін жақтырады. Бернелеудің өзінің де, баяндауының да сынына үлгі болуға жарарлық «Қырық мысалдағы» «Иттің достығы» деген сөз, жоғарғы айтылған сынмен сынағанда мұның өз басынан да, баяндауынан да сын табылмайды. Мұнда бернелеуге керек болатын лұғат жайнақылығы да, лұғат ойнақылығы да түгел. Бұл мысалдың ішкі астыртын мағынасын қойып, тысқы лебіз мағынасын алғанда да иттің мінезін дұрыс сүгіреттейтін, тыңдауға тұрарлық сөз болып шығады:
ИТТІҢ ДОСТЫҒЫ
Өздері ит болса да әдепті еді.
Болады әдепті иттің әдеттері.
Кемпір наз-өкпелерін қойып жатып.
Сөйлесті әр нәрсенің басын шатып.
Жомарттық, мырзалық пен сараңдықты.
Қолға алды татулық пен араздықты.
Менсіз-ақ қара, «Төрткөз», өзің ойлап.
Таласпай, тұрсаң тату күліп-ойнап?
Дос болсаң құшақтасып, жанға балап,
Сөз айтсаң бір-біріңе «шырақ-қарақ».
Жемесең бірің жоқта, бірің тамақ.
Еш нәрсе айырмаса ара жігін.
Білмесе күннің қалай еткендігін.
Мен қалып бір қиялға тұрмын бүгін.
Солар да тап-тату жүр біздер түгіл.
«Мойнеке», мұның әбден айтарлық сөз.
Мен-дағы ойлаушы едім осыны әр кез.
Араз боп екеумізге не жетпейді?
Тамақ тоқ, өркені өссін иеміздің!
Тыюсыз сөгіп, соқпай құрметтейді.
Бір сәтке татулық жоқ арамызда.
Екеуміз таласамыз барамыз да.
Көз салсақ бұрынғы өткен бабамызға.
Тура жол сонан артық табамыз ба?»
Бұл сөзге көңілденіп «Мойнақ» тасты,
(Ол үлкен, онан көрі «Төрткөз» жас-ты).
Дос болып, серт айтысып, құшақтасты.
Қызығы басылмаған достық күшті.
Солардың нақ жанына келіп түсті.
Құшағын жазып ала жүгірісті.
Екеуі бір-біріне салды тісті.
Жүндері бұрқыраған аспанға ұшты.
Екеуін зордан ғана айырысты.
Әйтпесе ит әдетін адасады.
Биікпен тең деп болмас аласаны.
Иттерден олар артық таласады.
Бір нәрсені өте асырып, я өте кемітіп айту — әсірелеу болады. «Көп түкірсе — көл болар» деген мақал, «Көзінің жасы көл болды» деген мақал түкірік пен көз жасын өте асырып айтып отыр. «Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар» деген мақал. «Бойы бір тұтам» деген мақал арықтың күші мен аласаның бойын өте кемітіп тұр. Ақындардың өлеңінде де не осындай өте асырып, не өте кемітіп айту көп болады. Бұлай айтудағы мақсат сөздің әсерін күшейту, әсірелеу, әсіресе ескі сөздерде ескі ақындардың айтысқан я мақтаған өлеңдерінде, батырлардың жырларында көп ұшырайды. Алаша Байтоқ ақын Жәңгір ханның істеген ісін айтып, жоқтаған сөзінде бұлай деген жері бар:
Ол салдырған сарайдың
Айналасы айшылық,
Көлденеңі күншілік.
Мұның соңғы екі жолында айтылған сөздер әсірелеу болады. «Қобыланды батырда» мынадай әсірелеу бар:
Жоғарғы ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп.
Бірде шауып желеді.
Тіктеп тиген тұяғы
Ұршығынан енеді.
Ұмтылғанда қызынып,
Бес жүз құлаш жазылды.
Қарғып асып жөнелді,
Сеңгір-сеңгір таулардан,
Секіріп асып жөнелді.
5.Тиеді ер пайдасы сасқан жерде,
Етегін ер жаңылып басқан жерде.
Қабысып қалады екен аспан жерге.
Қош айту қиын болды кетер жерге.
Түсті ғой шыр айналып аспан жерге.
Айтысып, қош аман бол, бізден кеттің.
Досыңды ойнап жүрген зар еңіреттің.
Алайда еш өкпем жоқ саған шырақ.
Аспаннан қан жауған күн сертке жеттің.
МЕЗГЕУ
Бір ұғым орнына екінші ұғым айтылуы мезгеу болады. Мезгеу мынадан шығады. 1. Ана ауылға Омар, Оспан, Асан, Үсен келді деудің орнына — ана ауылға Омарлар келді дейміз. Омарлар келді деуіміз мезгеу болады. 2. Үй кімдікі екенін ұмытпа, «Үйге қара» деудің орнына шаңыраққа қара дейміз. Шаңырақ мезгеу болады. 3. «Осы ауылдың адамдары жүдеу екен» деудің орнына, «Осы ауылдың адамы жүдеу екен» дейміз. Адамы мезгеу болады. 4. «Абайдай ақын қазақтан туа бермейді ғой» деудің орнына «Абайлардай ақын қазақтан туа бермейді ғой» дейміз. Мұнда Абайлар мезгеу болады. 5. «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жайылады» дейміз. Отыз тістен шыққан сөз отыз емес, қырық рулы, яки жиырма рулы елге жайылатын шығар, біз білмейміз. Отыз деп кесіп айтуымыз мезгеу болады. Мезгеумен айтылған сөз жай айтылған сөзден жайнақы, ширақ келеді. Сондықтан мезгеу ақындар сөзінде көп ұшырайды.
Арын сатып тіленген малы құрсын!
Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,
Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын!
2. Кім біліп ер еңбегін сезіп жатыр,
Кім шыдап жолдастыққа төзіп жатыр.
Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр.
3.Болған соң ағаң болыс, ендігің не?
Таласып, мен болам деу, кемдігің де.
Қарарсың Алтынбектің түндігіне.
4.Түрленіп жиырмада кидім киім,
Түсірдім атын ұстап мырза-бидің.
Келсейші қайта айналып жігіт күйім.
5.Жау жоғары, біз төмен,
Жеткен екен қамалға.
Наурызбай сынды сұр перен.
6.Қайырсыз толып жатыр Қарынбайлар.
Қолы ашық аз табылар Атымтайлар.
Ат аяп, тайын мініп жүрген байлар?
Әсерлеу (лептеу)
Әсерлеу деп сөздің әсерін күшейтіп сөйлетуді айтамыз. Әсерлеу көңіл күйінен шығып, көңілге күй түсіреді. Қөңіл қалыпты тыныш күйінде тұрғандағы адамның аузынан шыққан сөзбен көңіл көтеріңкі я бәсең уақытта адам аузынан шыққан сөздің екеуі бірдей болмайды. Әсерлеудің асылы осыдан шығады. Әсерлеудің көбінесе айтылатын түрлері мынау: 1. Арнау. 2. Қайталақтау. 3. Шендестіру. 4. Дамыту. 5. Түйдектеу. 6. Бүкпелеу. 7. Кекесіндеу. 1. Арнау. Арнаудың өзі үш түрлі болады: а. Сұрай арнау. б. Зарлай арнау. в. Жарлай арнау.
Не жазып ем құдай-ау, мен қазаққа?
Мүбтәла қып салғандай мұнша азапқа.
Қолы жетсін дегеніміз бе азатқа?
Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным?
Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым?
Тамақ үшін сатқан иттер иманын.
У-шу боп қыбырлаған төрт түлік мал,
Есетін солтүстіктен салқын самал.
Бұйырған тұтқын болып жат та қамал?
(Мағжан)
Барма топқа шақырмай,
Шыдармын ба, апырым-ай!
Жатуға шықпай үйде енді!
Қатыныңның ойнасын
Не ойлар едің өз басың?
Сонымен тең біз де енді.
Алдымызда көрінген
Балабамның таулары.
Үргеніштің аңғары.
Қайтып соған барғалы?
А, дариға, дүние-ай!
Көкірегімнің арманы.
Еттім қайрат мен жаста.
Құдірет алла, не жаздым?
Бір сағатта тосқандай!
(Жүсіпбек пен Ахметбек)
Ағажан, кімге тапсырдың?
Қора толған ақты қой
Ай көке, кімге тапсырдың?
Күн көке, кімге тапсырдың?
Тоқсанда әкең Тоқтарбай
Жан көке, кімге тапсырдың?
Бірге туған мен зарлық
Ақ көке, кімге тапсырдың?
(Қобыланды батыр)
Ойпырым-ай, Алла-ай, жасаған!
Қысылды ғой шыбын жан!
Қуат кеміп барады
Көл болды мынау аққан қан.
Хал жоқ қалай тұрайын?!
Жүректі жара жеп барад,
Жасаған-ау, қалай шыдайын?!
Сарыарқа сайран, жерім-ай!
Күмістей таза суы бар,
Айдын шалқар, көлім-ай!
Тоқталсайшы, ыстық қан!
Зарлайсың ғой жетім боп,
Бесікте қалған балапан!
в. Жарлай арнау мысалдары:
Бұл сөзге құлағың сал ақын, інім,
Ой, пікір, рухымыз жақын, інім.
Келемін айтайын деп ақыл, інім!
(«Маса»)
Қара балуан Жәнібек,
Жетім қалған халқыңа
Тұлға болып артыңа
Кім тиянақ қазық ед.
Еркіңді қу қайғыға берме, көңілім!
Күйленіп бұрынғыдай керне, көңілім!
Қамығып, жабырқадың неге мұндай?
(Сәкен)
Ассалаумағалейкүм, батыр Ерден,
Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы керден.
Көзіме көрінесің келген жерден.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Шамнан шырақ жағылар.
Іздемей-ақ табылар.
Пір Назар, Смайыл мен Жүсіп Назар!
Тілімді алсаң мұныңды қой, мырзалар!
Бар ма еді құлағыңда қалған нақыл:
«Тозған қудан топтанған қарға озар». (Бұдабай ақын). 2. Қайталақтау. Бір сөзді яки лебізді қайта-қайта айту қайталақтау деп аталады. Ондай қайта-қайта айту — нәрсенің өзіне яки ғамалына көбірек назар салғызу үшін істеледі. «Кітапты әпер деймін, кітапты» дегенде кітапқа назар салғызу үшін кітапты қайта-қайта айтамыз. «Бар деген соң, бар» дегенде барды қайта-қайта айтамыз. Бару ғамалына көбірек назар салғызу үшін. «Қарай-қарай көзім талды» дегенде яки «Сұрай-сұрай мезі қылды» дегенде көздің талуының, мезілеудің себебіне көбірек назар түсіру үшін «қарау» мен «сұрау» қайта-қайта айтылып тұр. Сол сияқты бір сөзді қайта-қайта айту шығарма сөздерде де болады. Шығарушы бірдемеге көбірек назар салғызғысы келгенде соны қайта-қайта айтады.
1.Мен кетемін, кетемін,
Мен кеткенмен айдалаға кетпеймін.
Қадір білмес бұл итке
Қарашы болып нетемін.
Ой деген у —
Ауызға алсаң қандырад,
Ой деген у —
Жанды есінен тандырад.
Мен Күн ұлы, көзімде күн нұры бар.
Күннен туған, Күннен туған пайғамбар.
Көк күңіренед, мен де көктей күңіренем.
Жер жүзіне нұр беремін, күн берем.
Қазақ тілінде қайталақтау жоғарыда айтылған мәністен басқа жөнмен де айтылады. Бірдеменің көптігін көрсеткенде, соны қайта-қайта атап көрсетеміз. «Көре-көре көсем болар, сөйлей-сөйлей шешен болар» дегенде, «көсем болу» мен «шешен болудың» себептеріне назар салғызу мақсат та бар. «Көру» мен «сөйлеудің» көптігі де көрсетіледі.
1.Жылы-жылы сөйлесең,
Жылан іннен шығады.
Кәпір діннен шығады.
Қарын-қарын май жатыр.
Ауыл-ауыл ел жатыр.
Қағазды жол-жол қылып сызды.
Басында бүркіт ұясы.
Асқардың ақ сұңқары —
Ылдидың аңын шалар ма!
Қазақ тілінде біреуге арнай сөйлегенде де бір сөз қайта-қайта айтылады.
1.А, Бозмұнай, Бозмұнай,
Берер ме екен бір құдай?
Ертеменен кеткен қой
Сен алпысқа жеткенде,
Мен елуден өткенде
Біздей екі сорлыға
(Ер Сайын)
Ей, Қартқожақ, Қартқожақ,
Атыңның басын тарт, Қожақ
Бұлдырап тұрған құрғыр тау.
Үш мың қара біткен тау
(Радловтан)
Қожыр-қожыр тастарым,
Көзімнен ағар жастарым.
Қайталақтау бір нәрсенің ғамалын, күйін еліктеген орындарда келеді.
1.Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күрең мінген бар ма екен?
Күдеріден бау тағып,
2.Жалп-жалп еткен жапалақ
Жапалақ жазда кімге жолдас болмаған,
Жағы түкті хайуан
Мұңдантып кімді жаяу салмаған.
Арабы торым өзіңсің.
Алдаспаным өзіңсің.
4.Он екі айдың еркетайы Май келді!
Жұлдыздар да жымыңдады, ай күлді.
Сылдыр-сылдыр, сылдырлады, сай күлді
Сөйлетіп қоя берсек сөзге тақ-тақ,
Күлкісі күміс сылдыр, емес сақ-сақ.
Тоқтаусыз бұл сағат.
Адамзат бір сағат.
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
Күн шығарда көтерілген бу сұлу.
Қайталақтаудың бір түрі еспелеу келеді. Арқан яки тарамыс ескен сияқты алдыңғы пікірдің аяғын соңғы пікірге қатыстырып, қайта айтатын қазақта ақындар бар: бір сөзді көп қайтара айтып айналақтағанда сөздің әсері мылжыңдықтың әсеріне айналып кетеді, бір сөзді екі-үш қайтара айтқанда сөз пысықталған, нығыздалған, ширатылған іспетті болады. Сондықтан еспелеп қайталақтауды шамалы қолданбаса маңыздаудың орнына мылжыңдау болып кетуі оңай.
1.Тілегім күннен-күнге артылады,
Қазынаң бермегенге тартылады.
Күндіз-түн қызыл тілім шарқ ұрады.
Болмай тұр саудақыдай ашық күнім.
Жасым бар жиырма жеті, тауық жылым.
Сөйледім құрбы ішінде болып сауық.
Дертімнен бұрынғыдан қылдым қауіп.
Шығарып ой сәулесін жарық қылдым.
Назарда Ахмет пенен Арыққұлдың.
2.Бір алла, мал мен басқа қаза бердің,
Күніме жаяулық пен жаза бердің.
Ұялып ортаңызға азар келдім,
Арқама тарыққанда сүйеуім деп,
Ортаңа бұл қазамды шаға келдім.
Дос етпес — дұшпан болса етер таба.
Бас болып ойға қалса әрбір аға.
Мұсылман құл бір-біріне етсін пана.
Паналық қайыр ықсан жан тіріде,
Біз қасық, халық дария түгесілмес,
Тілекші біз қартыңыз әр күнінде.
Жомарттық етсең келер қуатыңыз.
Келгенде болып қайтқай мұратыңыз.
3. Шендестіру. Екі нәрсе қатар яки қарама-қарсы келгенде, арасындағы айырым көзге көбірек түседі. Биік пен аласа, ұзын мен қысқа, көрікті мен көріксіз, шебер мен олақ, ғалым мен надан қатар келгенде, араларындағы айырмасын анық көреміз. Жайдағы қайғыдан қуаныш үстіндегі көрген қайғы жанға көбірек батады. Жарлылық қиындығы жасынан жарлы болғаннан гөрі байдан жарлы болғанға көбірек сезіледі. Көріксіз бетіндегі дақтан көріктінің бетіндегі дақ көзге көбірек түседі. Тәттінің артынан ащылық, дәмдінің артынан дәмсіздік артығырақ білінеді. Сөздің әсерін күшейту үшін табиғаттың бұл заңын сөз шығарушылар көп қолданады. Байдың аса байлығын анық көрсету үшін елін кедей қылып көрсетеді. Батырдың халық үшін қандай бәйгеге тігетіндігін көрсету үшін өлдім-талдым дегенде көрген шал мен кемпірдің аяулы баласы қылып, оның үстіне байлығын да қоса көрсетеді. Алпамыс, Қобыланды, Сайын — бәрі де байдың жалғыз балалары. Лебіз түрінде де, ақындар сөзінде көп ұшырайды. Сөзді бұлай әсерлеу әдісі түйістіру деп аталады.
1.Ассалаумағалейкүм, батыр Ерден!
Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы керден.
Көзіме көрінесің келген жерден.
Қарға мен бүркітті түйістіргенде, бүркіт әрине өте көрнекті көрінбекші, олай болса, бүркітке теңеген Ерденнің өзгеден артығы көбірек білінбекші.
Қарды көр де етім көр.
Қанды көр де бетім көр.
Ақтың ақтығының нағыз күшті көрінетіні қарамен қатар қойғанда. Бұл ақтың ақ болып көрінуінің ең барып тұрған жері. Қара жер мен қарды қатар қоюындағы мақсат етінің ақтығы қай дәрежеде екендігін көрсету. Еттің ақтығы қар мен қара жерді қатар қойғанда қандай анық көрінсе, беттің қызылдығы қарды қанмен қатыстырғанда сондай анық көрінбекші. Сол ақ пен қызыл қатысқан түсті қар мен қаннан артық еш нәрсе анық көрсете алмайды. Мұны бұлай келтіріп отырған ақынның ақындығы. Ақжүністің Қартқожаққа әуелі жастықтағы күйін айтып келіп, сонан соң барып қартайғандағы күйін айтуы да ақындықтың әлгі әдісі.
Жас шыбықтан жай тарттың,
Жалғыз шиден оқ аттың,
Атқан оғың жоғалттың
Он жасыңа келгенде,
Қызыл-жасыл киініп,
Қынай белің буынып,
Қыз баладай көрініп.
Кәне, шыққан мүйізің?
Жиырма беске келгенде,
Ақ балтырың түрініп,
Қарт бурадай қамданып,
Қас батырдай шамданып,
Сыртыңнан дұшпан сөз айтса,
Қызды бақтың бір кезек
Кәне, шыққан мүйізің?
Отыз беске келгенде,
Қоңыраулы найза қолға алдың.
Жауды көрсең шүйілдің,
Жеңсіз берен киіндің,
Көк серек атты борбайлап,
Кәне, шыққан мүйізің?
Қырық бес жасқа келгенде,
Қырым деген шаһардың
Ық жағына панасын,
Қырдан қиқу төгілсе,
Елге таман үңілсе,
Шошынбай жалғыз барасың
Кәне, шыққан мүйізің?
Елу беске келгенде,
Дауға бардың тіл безеп,
Билік сүрдің бір кезек
Кәне, шыққан мүйізің?
Сақал-мұртың қуарып,
Бойға біткен тамырдың,
Бәрі бірдей суалып,
Мені көріп қуанып?
Өлтірсең де тимеймін,
Теңдік берсең сүймеймін,
Сенің басың бұл күнде,
Жерде жатқан қу тезек.
4. Дамыту. Пікіріңді сөйлегенде алдыңғы сөзіңнен артқы сөзіңнің қуаты асып отырса дамыту болады. Әншейін сөйлегенде дамыту мысалы мынау:
2. Мен саған он рет, жүз рет, мың рет айттым. «Бар» дегеннен «жүгір» деген күштірек. «Жүгір» дегеннен «ұш» деген күштірек. Екінші мысалда: «Он рет айттым» дегеннен «жүз рет айттым» деген күштірек, «Жүз рет айттым» дегеннен «мың рет айттым» деген күштірек. Дамыту негізі сөздің осы табиғи заңына тіреледі. Сөз шығарушылар да сөздің осы табиғи заңымен пайдаланып, керекті жерінде сөзін бірден-бірге күшейтеді.
1. Халықты қаңсылату — обал, халықты зар жылату — мейірімсіздік, халықты тамақ үшін сату — иттік.
Құбылып бурыл гуледі.
Аса қарғып жөнелді.
Қарғып асып жөнелді.
Секіріп асып жөнелді.
Аяғын топтап басады.
Бір төбеге қосады.
Жын қаққанға ұсады.
Марал менен бұғының
Ұзатпай алдын қосады.
Көк құтан мен қарабай
Көтеріліп ұшқанша
Белінен келіп басады.
4.Іші лас, сырты таза залымдардың
Алданып құр сыртының тазасына,
Мәз болып байғазы алған балаларша,
Сатылып жылтыраған танасына.
Қабылдың бата қылма моласына.
Тығылып Дажалдың бұтқанасына.
Қорыққаннан көзің сыймай шарасына.
Бас ұрма ләнат-манат ағашына.
5.Әлде мен бабын тауып бақпадым ба?
Болмаса жемнен қысып сақтадым ба?
Әйтпесе әбзелдерің сәнді емес пе?
Малдырып сап алтынға үзеңгіңді,
Тағаңды шын күмістен қақпадым ба?
(«Маса»)
5. Түйдектеу. Әр сөзге көп ой сыйғыза сөйлеу — түйдектеу деп аталады. Түйдектеп сөйлегенде сөздің әсері күштірек болады. Себебі сөйлем ішінде сөз аз болса, әр сөзге көбірек назар түсіп, ілтипатқа көбірек айналады. Көп нәрсеге адам назар салғанда ілтипаты ыдырап, сирей түседі. Мәселен, топ адамды көргенде назар топқа түсіп, бас-басына аз түседі. Сондықтан әрқайсысының түрін-түсін, киген киімін, мінген атын байқамай қаласың. Аз адамды көргенде назар әрқайсысына көбірек түсіп, түр-түсін де, киген киім, мінген аттарын да байқап қаласың. Сөйлем ішіндегі сөз де сол сияқты. Түйдектей сөйлеудің мысалы мынау: 1. Бақ — ерікте; ерік — ерлік пен бірлікте, ерік — ұранымыз, бірлік — құранымыз болсын.
2.Адамына оқ!
Қаласына от!
Мұнан басқа бітім жоқ.
3. Соғыс. Бұ не әурешілік? Қырылған жан, төгілген қан — шулаған ел, шұбырған босқын, жылаған қатын-бала. 6. Бүкпелеу. Сөзді ашып айтпай ұшығын ғана көрсетіп айту — бүкпелеу деп аталады.
1.Отыр ем бала ғой деп жүзің жарқын,
Сөз — кілт, кеуде — сандық, ақыл — алтын.
Жібердің келістірмей сөздің артын.
2. Ақсұлу, айтар сөзді аңдамадың,
Аузыңа келген сөзді сандалдың.
Қыз бала елдің жайын қайдан білсін.
Білмесе қызбен жайын боз баланың. 7. Кекесіндеу. Сөздің тысқы лебіз мағынасына ішкі астыртын мағынасы қайшы келсе, кекесін болып шығады. Кекесінмен сөйлеуді кекесіндеу дейміз. Қорқақ кісіні «Батырым» деу, қара кісіні «Әппағым» деу, ақымақ кісіні «Данышпаным» деу — осылардың бәрі де кекесін сөздер. Кекесіннің түрі толып жатыр. Бірақ толып жатқан түрін екі топқа бөлуге болады. 1. Зілсіз кекесін (ойын, қулық, қалжың, әзіл). 2. Зілді кекесін (мазақ, сықақ, мысқыл, келемеж, келеке, әжуа).
1. Тұрсынбай датқаның балалары болыстыққа таласып, араз болып жүргенде Бұдабай ақынның айтқаны:
Датқаны не қыласың өтіп кеткен.
Бақытты келтірдің ғой қиыр шеттен.
Әйтпесе ит әдетін адасады.
Биікпен тең деп болмас аласаны,
Сүйектей арасына түссе нәрсе,
Иттерден олар артық таласады.
3. Төрені түйеге тіркеп қойып, «Төре неме ғой, жүрер ме екен» деген. 4. «Ой бәрекелді! Ой-сабаз-ай!» — дегенде ырза болып айтса қостау болады, ырза болмай айтса кекесін болады.
ТІЛ (ЛҰҒАТ) ӘУЕЗДІЛІГІ
Сөз дыбыстан құралған нәрсе болғандықтан, оның дыбыстары жағымды да, жағымсыз да болып құралуы мүмкін. Сөздің дыбыстары құлаққа жағымды-жағымсыз болып құралу сияқты, сөйлеудің ішіндегі сөздер де құлаққа жағымды-жағымсыз болып құралады. Әуезділік деп нені айтамыз? Әуезділік деп сөз турасында айтсақ, сөздің ішіндегі дыбыстардың үндері құлаққа жағымды болып естілуін айтамыз. Сөйлеу турасында айтсақ, сөйлеу ішіндегі сөйлемдерінің үндері құлаққа жағымды болып естілуін айтамыз. Сөздің үні құлаққа жағымды болуы — дыбыстарының тізілу түрінен, сөйлеудің үні құлаққа жағымды болуы сөйлемдерінің тізілуі түрінен. Сондықтан сөз әуезділігі де болады, сөйлеу әуезділігі де болады. Бірақ сөздің де, сөйлеудің де әуезді болуының негізгі мәнісі бар. Екеуі де дауыс ағымына қарайды. Дауыс ағымы сөз ішінде дыбыстарының тіркесуіне қарайды да, сөйлеу ішінде сөйлемдерінің тіркесуіне қарайды. Сөз ішінде дауысты-дауыссыз, жарты дауысты дыбыстар араласып тіркесе келеді. Бір сөзде дауысты дыбыстар көп келеді. Бір сөзде дауыссыз дыбыстар көп келеді. Дауысты дыбыстар көп келген сөз үнді болады, дауыссыз дыбыстар көп келген сөз үнсіз болып шығады. Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың да кейінің үні аз, мәселен: «ұ», «ү», «і»; сөз ішінде бұлар көп келгенде де сөздің үні кем болып шығады. Және де кей сөздің ішінде қай дыбысы да болса көп келеді де, кей сөздің ішінде аз келеді. Сөз әуезділігі жағынан мұның да мәні көп болады. Әуезді сөз бен әуезсіз сөздің парқын мынадан байқауға болады. «Шамалы» деген сөзбен «Шанышқы» деген екі сөздің құлаққа қайсысы жағымды? Әрине «Шамалы» жағымды болып тұрғаны. 1. Ішіндегі дыбыстарының бірі дауыссыз болғанда екіншісі дауысты болып, реттеліп келіп тұрғаннан. 2. Дауысты дыбыстар ішінде көп болғандықтан сөздің үнді болып шыққанынан. «Шанышқы» деген сөзде: 1) дыбыстар реттеліп, бірі дауысты болғанда, екіншісі дауыссыз болып келіп отырған жоқ. 2) Дауысты дыбыстары аз. Сондықтан мұның үні жатық та емес, мол да емес. Үні кем және жатық болмаған соң құлаққа жағымсыз болып естіліп тұр.
1. СӨЗ ӘУЕЗДІЛІГІ
Сөздің әуезділігі ішіндегі дауысты-дауыссыз дыбыстар оңтайлы орындасуынан болады. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстар аралатпа болып келмеген жерде, яғни кілең дауысты дыбыстар яки кілең дауыссыз дыбыстар қатар келген жерде сөз айтуға оңтайлы болмайды. Қазақ тілінде қайсысы да болса қатарынан бір жерде екі дыбыстан артық болып келмейді. Дауыссыз дыбыстардың қатарынан екеуі келуі сөйлеу әуезділігіне онша кемшілік келтірмейді. Дауыссыз дыбыстар қатар келетін сөздер «жаттықтыру», «аптықтыру» деген сияқты болады. Бұларда қатар келген дауыссыз дыбыстар екеуден артық емес және сөздің үнін азайтып, айтуға онша оңтайсыздық келтіріп тұрған жоқ. Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың қатарынан бір сөздің ішінде келуі, тіпті болмайды. Қатарынан келетін кездері қос сөздерге, не екі сөздің бірінің аяғы, бірінің басы дауысты дыбыс болып келетін жер де болады. Мәселен, сары үй, торы айғыр, қазба үй, қара өлең, апта егін қуса игі еді, қарамаса екен, бала емес, баласы еді. Қырдағы үй, кесе аяқ, мосы ағаш деген сияқты сөздер. Дауысты дыбыстардың бұл сияқты қатарынан келуі айтуға оңтайсыз болып, сөздің әуезділігін кемітеді. Бұл кемшілік қазақ тілінде көбінесе екі дыбыстың бірін айтып, бірін айтпаумен ғана сезілмейді. Айтқанда «Сары үй» демей «Сарүй» дейді. «Торы айғыр» демей, «Торайғыр» дейді. Басқаларын да солайша бір дыбыспен айтады. Мәселен, «Қуса игі еді» деген сөздерді «Қусегеді» етіп айтады. «Баласы екен» яки «бала екен» деп дыбыстарын түгелдемей-ақ «баласекен», «балекен» дейді.
2. СӨЙЛЕУ ӘУЕЗДІЛІГІ
Сөйлеу әуезділігі буын екпіні мен сөз екпіні қолайлы орналасуынан болады. Әуелі буын екпіндерінің арасы тым жақын келсе, я алыс келсе әуезділігіне кемшілік болады. Тым жақын болып келу өңшең қысқа сөздер бір өңкей келгенде болады да, тым алыс болып келу өңшең ұзын сөздер бір өңкей келгенде болады. Сөйлеу әуезділігі түрлі сөздердің үндері орайласып ұнамды құралуынан болады. Олай құрастыру сөйлеушінің яки жазушының шеберлігін талғайды. Сөздің кестесін келтіріп айту деген сөз Абайдың «тілге жеңіл» деген сөзі. Бұлардың бәрі сөйлеу әуезділігіне тиісті сипат туралы айтылған сөздер. Сөз кестесі келсе, құлаққа жағымды болады, құлаққа жағымды болуы әуезділік болады. Сондықтан да ондай сөздердің сөйлемдері өрнекті сөйлемдер деп аталады. Өрнекті сөйлемдердің өлеңдісі де, өлеңсізі де болады. Өлең біткеннің бәрі әуезді сөйлеу тобына жатады. Қысқасынан айтқанда, әуезділікке жағдайлы-жағдайсыз келетін шарттар мынау:
А. СӨЙЛЕУ ҚҰЛАҚҚА ЖАҒЫМДЫ БОЛМАЙДЫ
б. Сөйлемдер дұрыс жасалмаған кезде. Мәселен, сөйлем мүшелері орнына қойылмағанда, я тұрлаусыз мүшелері көбейіп, сөйлемді ауырлатқанда яки басыңқы сөйлем мен бағыныңқы сөйлемдер жапсарлары дұрыс келмегенде.
Б. СӨЙЛЕУ ҚҰЛАҚҚА ЖАҒЫМДЫ БОЛАДЫ
а. Сөйлемдер дұрыс жасалғанда, өрнекті сөйлемдердің кестелері келісті жасалғанда. б. Өлеңі сөйлемдердің өлшеулері дұрыс келгенде.
1. ӨРНЕКТІ СӨЙЛЕМДЕР
Өрнекті сөйлемдер деп құрмалас сөйлемдердің бастары қосылып, кестелі болып құралуын айтамыз. Ондай сөйлемдер нақ текеметке яки кілемге салған түр сияқты болмағанмен өрнек-өрнегімен айтылады. Өрнекті сөйлемді айтқанда, дауыс көтеріліп, төмендеп әнше оралып, қайрылып отырады. Сондықтан өрнекті сөйлем оралым (яки шұбыртпа) деп аталады. Оралым екі мүшелі болады. Бір мүшесінде пікір тақырыбы болады да, екіншісінде пікір баяны болады. Сондықтан бастапқы тақырыпша мүше делініп, екіншісі баяншы мүше делініп айтылады. Өрнекті сөйлемді иіріп-жиырып жай сөйлемге айналдыруға болады. Жай сөйлемді жайып, дамытып, өрнекті сөйлемге айналдыруға болады. Өйткені өрнекті сөйлем қанша үлкен болғанмен, яғни ішіне кіретін сөйлемдер қанша көп болғанмен, бәріне қазық болатын бас пікір жалғыз-ақ болады. Ол пікірді көп сөйлеммен ұлғайтып айтуға да болады. Ол пікірді шағындап, аз сөйлеммен айтуға да болады.
1.Қисапсыз бай болсаң да Қарынбайдай,
Сақи боп мал шашсаң да Атымтайдай.
Болсаң да әйдік батыр Арыстандай,
Болсаң да Жиреншедей тілге шешен,
Ақырда жатар орның тар лақат жай.
Мұны шағындап аз сөйлеммен былай айтуға болады: «Бай да, сақи да, патша да, батыр да, шешен де — бәрі де ақырында бір өлмек». 2. «Халық басына қайғылы күндер туған заманда қайрат көрсетпеген азамат — азамат емес» деген пікірді көп сөйлеммен ұлғайтып былай айтуға болады. «Қаптаған қара бұлттай торлап, түрлі пәле халық басына орнап, не қыларын біле алмай, ақылынан адасып, жұрт алақтап азаматын іздеген шақта, бар шырағын жақпай, бар қайратын сарып қылмай, өз басының амандығымен болып, ұранға шаппаған азамат, ол халық алдында жоқ азамат, не ол жаны бар болғанмен жануарлықтан шықпаған азамат. Не қызатын қанын, ашитын жанын басының пайдасына, бастықтық орынға, патшаның аңғамына сатқан азамат болады».
а) Себепті оралым. Баяншы мүшесі тақырыпшы мүшесін дәлелдей баяндағанда, оралым себепті деп аталады:
1.Көлден ұшқан қалбаймын,
Жаманның тілін алмаймын.
Арыстаным қалмаймын,
Асыл достым сөкпесең
Бұл сапарға бармаймын.
Бұл олжадан алмаймын.
Ақ бармақпен жем жеген,
Ауырса жеммен емдеген,
Өзінен басқа көрмеген,
Күтіп тұрған анасы —
Өзі әйелдің данасы,
Тұлпар туған Бурылдың
Қырық үш күні кем деген.
Алғанын тәңірім бере ме?
Арыстан туған батырлар
Қатынға билік бере ме?
Әр талапқа шығарда,
Қатыным деп тұрар ма?
Асыл туған Қобыланды
Қатынның тілін алған соң
Неше батыр болса да,
Басында билік жоқ адам,
Қатын емей немене?
3. А... ел бастап жұрт алайын деген ұл екенсің, сөз бастап би болайын деген ұл екенсің: алдыңа келсе әділдігіңді аяма, аймағың кетпес алдыңнан. Қол бастап жол алайын деген ұл екенсің, жолдастың мыңын алма, бірін ал! Мың кісіге бір кісі олжа салатұғын, олжаңды аямасаң жолдасың қалмас жаныңнан.
Жас күніңде қалың бер де, қатын ал;
қартайған соң өкінбе, ұлым. Жігіттің хан болатын, қатынның ханым болатын уақыты сол. Қару жисаң мылтық жи — жаяу жүрсең таяғың, қарның ашса тамағың. б) Мақсатты оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі тақырыпшы мүшесін мақсаттай баяндаса, оралым мақсатты деп аталады.
Тобыршақ атқа зор салды,
Ақ алмасқа қол салды,
Қамшы басты сауырға,
Тобылғы меңді торы атпен,
Қобыланды шапты ауылға.
Қатуланып қаттанып.
Мұздай темір құрсанып,
Қабағынан қар жауып,
Кірпігінен мұз тамып,
Найзасын ұстап бармаққа,
Аттанбаққа қалмаққа
Құдай жолы шалмаққа,
Батыр кейіп келеді.
Бұлаңдаған Құртқаның
Басын кесіп алмаққа. в) Ұқсатпалы оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі тақырыпшы мүшесін ұқсата баяндаса, оралым ұқсатпалы деп аталады.
1.Асыл туған Ақжүніс,
Күнді бұлт құрсайды.
Күн жауарға ұқсайды;
Айды бұлт құрсайды,
Айды байқай қарасам,
Түн жауарға ұқсайды.
Көлдегі қулар шулайды,
Шулағанға қарасам,
Көктен сұңқар суылдап,
Соғылғанға ұқсайды.
Қол-аяғым созылып,
Аузы-мұрным суынып
Қақтың маған бұйрығы
Таянғанға ұқсайды. 2. Қыстың сақырлаған аязын, түтеген алай-түлей боранын, қызыл үскірік суығын бастан кешіріп, жазға жетіп, жадыраған шуақта, балбыраған жасыл шөпте жан-жануарлардың бәрі рақат тауып, жаны қандай жайланады. Сондай-ақ қатал тәртіп, қатты қол, қанішер үкіметтен қысымшылық көрген халықтар азаттыққа жетіп, жаны жай тапты. г) Қайшы оралым. Өрнекті сөйлемнің тақырыпшы мүшесі мен баяншы мүшесіндегі пікір бір-біріне қарсы мағынада болса, қайшы оралым деп аталады:
1.Мен Қырымның ішінде,
Ақша ханның қызы едім,
Атам менен анамның
Қойда бағлан қозы едім,
Жылқыда шаңқан боз едім,
Қырым менен Қытайдан
Аузындағы сөзі едім.
Жылап тұрған көзім бар,
Төгіп тұрған жасым бар,
Әуре болған басым бар.
2.Ер ортасы болғанда,
Пайғамбар жасы толғанда,
Заманымыз азғанда,
Берекетсіз балаға
Оттың басын топ етіп,
Қырға шығар ішінде
Мен алмаймын көбіңді.
д) Шартты оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесінде болжал себеп я шарт болып, тақырыпшы мүшесінде болжал салдар болса, оралым шартты деп аталады.
Намазшамға жеткенше,
Қазан ағаш бағысын
Түсірмесем жүзіңе,
Жан серігің Бурылды
Сол жерде шал құдайға.
2.Талайдан бермен жұмсаған,
Қан көрмесең сусаған.
Тауға салсам тас кескен,
Кеудеге салсам бас кескен,
Алты аршын ақ болат,
Шаба алмасам маған серт!
3.Айдаһардың тіліндей,
Салсам кеткен білінбей,
Шұбар туға шұлғаған,
Әр уақытты көрсетіп,
Талай жауға мақтатқан
Жау ішінде жалындап,
Толғамасам маған серт!
Толғауыма шыдамай,
(Ер Тарғын)
4.Сарғайып келген егін толқынданса,
Жас орман жел күңірентіп әнге салса.
Бақшада мойыл қаймақ жасырынса,
Себілген алмас шықпен шын хош иіс,
Сары алтын ерте менен я қызыл кеш.
Бас иіп есендессек күміс ландыш,
Секіріп салқын бұлақ ойнап сайда,
Батырып көмескі түсі тұманды ойға.
Былдырлап ақ бетінен сүйгізсе айға.
Ашылад басқан ауыр ой қабағым,
Шын бақты тапқандаймын осы жерде-ақ
Көремін күн жүзінде, жасағаным...
Бұ дүниеде көрмесең,
Құртқамбысың демесең.
Қаққа түзеп бетіңді,
Арыстаным жөнелсең,
Жұбайым бар деп еске алсаң,
Пайғамбардың туында.
е) Жалғасыңқы оралым. Өрнекті сөйлемнің тақырыпшы мүшесіндегі пікір баяншы мүшесіндегі пікірге тіркес мағынада болғанда, жалғасыңқы оралым деп аталады.
1.Таң сарғайып атқанда,
Таң Шолпаны батқанда,
Шал-кемпірдің қойнында
Арқада Қобылан жатқанда.
Азғана азық жем салып,
Бәйгеден келген көк дөнен
Түнімен ұйқы көрмеген,
Жетелей сонда өткізді,
Құртқа сұлу көлденең.
Бұтында жоқ ыстаны,
Тізесіне тон жетпей,
Арқасынан қол кетпей,
Қой баққанда келерсің.
Арқан есіп, жүн түтіп,
Қайғыменен қан жұтып,
Құрт қайнатып жүргенде
Сұлтаным, сонда келерсің.
Абдастасы қолында,
Дастарқаны белінде,
Пияласы қарында
Қызылбастың шенінде
Шай қайнатып жүргенде,
Сұлтаным, сонда келерсің.
3.Тоғыз айға толғанда,
Шамалы күні болғанда,
Кіші жұма өткенде,
Боз кемпірді қозғалтты,
Ыңырантты, толғантты,
Ноғайлының үш кентін
Шақырып жиып орнатты. (Ер Сайын).
Көкорай шалғын бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
Шалғыннан жүні қылтылдап,
Ат-айғырлар, биелер
Бүйірі шығып ыңқылдап.
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Ұшып тұрса сымпылдап.
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
ж) Серіппелі оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі тақырыпшы мүшесіндегі пікірді кеңінен толғай баяндаса, серіппелі оралым деп аталады.
1.Истамбол патша болсаң да Құддыс, Шамға,
Бұқар мен үкім етсең де Үндістанға.
Дін түзеп әмір етсең де бұл жиынға.
Тұтсаң да жеті ақылымның бәрін тегіс.
Кірерсің ақыр бір күн көрістанға.
Сақи боп мал шашсаң да Атымтайдай.
Болсаң да әйдік батыр Арыстандай,
Болсаң да Жиреншедей тілге шешен,
Ақырда жатар орның тар лақат жай.
3.Шайылған көз жасы мен жердің бетін,
Өткізіп тым өлшеусіз үкіметін.
Адал жол, ақ ниетті арам жеңіп,
Жазықсыз жанды қинап, қанды төгіп,
Бұзықтық, түзіктікті илесін-ақ,
Түңіліп үміт үзіп жабықпаңдар,
Қайтадан жақындық кеп, қастық қашып,
Жарқырап жақсылыққа атар таң бар.
з) Айырықты оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі тақырыпшы мүшесіндегі пікірді екі ұштылай баяндаса, оралым айырықты деп аталады.
1. Қазақ өнерсіз халық бола тұра, көпке шейін бөтен жұрттарға бағынбай келгенін түрлі жоруға болады: не бұрынғы заманда қазақ мықты халық болған деп, не көшпелі болғаннан сынаптай сырғып, ешкімнің қолында тұрмаған деп, не ауданы үлкен кең дала, ол замандағы айналасындағы көрші жұрттардың уысына сыймаған деп.
Жабығып неден көңілің, түсті еңсең?
Ерігіп ауыздығың қарш-қарш шайнап,
Бұ қалай бұрынғыдай сілкінбейсің?
Болмаса жемнен қысып сақтадым ба?
Әйтпесе әбзелдерің сәнді емес пе?
Жібектен тізгініңді тақпадым ба?
Тағаңды шын күмістен қақпадым ба?
(«Маса»)
3.Азамат, анау қазақ қаным десең,
Болмаса, ібіліс бол да у алып бар,
Тоқтатам, тұншықтырам зарын десең.
и) Қорытпалы оралым. Оралымның тақырыпшы мүшесіндегі пікірді баяндау мүшесі қорытатын болса, оралым қорытпалы деп аталады. Мысал: «Еркімен ұшып, еркімен қонатын құс сияқты, жер-су мол шағында, жұрттың көбі еркімен қонып жүрген болса, онан бері келе адам баласы өсіп-өніп, жер тарылған кезде көшуді тастап, отырықшылыққа айналған болса, онда жұрттың көшпелі, я отырықшы болуының себебі жердің кең-тарынан болғаны ғой. Оралым әман бір түсті болып келе бермейді. Әр түстісі араласып та айтылады.
2. ӨЛЕҢДІ СӨЙЛЕМДЕР
Атам заманнан бері адам баласының сөзі асылында екі түрлі орынға жұмсалған: 1. Күнкөріс ісіне. 2. Көңіл көтеріс ісіне. Бастапқысына қара сөз деп, соңғысына өлең деп қазақ ат қойған. Өлеңнің өзі де қазақта екі түрлі болған: бірі әнді болған, екіншісі мәнді болған. Әнді өлеңнің сөзіне де, әніне де көбірек құлақ салған. Сондықтан әнді өлеңді айтушы әннің ажарлы болу жағына тырысып, сөздің ажарлы болу жағына онша ыждаһат қылмаған, ал мәнді өлеңде жұрттың құлақ салатыны ән емес, сөз болған соң, айтушы сөздің ажарлы және мағыналы болу жағына көп тырысқан. Сол себепті әнді өлеңнің сөзінен мәнді өлеңнің сөзі ажарлырақ, мағыналырақ болған. Әні басым, мәні кем, ажары аз өлеңге қара өлең деп ат қойып, әні кем, мәні мол ажарлы өлеңге жыр деп ат қойған. Бұрынғы заманда қара өлең мен жыр екеуінің арасында ажар және мағына жағынан қандай бөлектік болғаны «Жар-жар» мен «Беташар» өлеңдерінен көрініп тұр.
ЖАР-ЖАР
жар-жар!
Қырық кісінің ақылы ханда болар,
жар-жар!
жар-жар!
Әкең үшін қайын атаң онда болар,
жар-жар!
жар-жар!
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда,
жар-жар!
жар-жар!
Айналайын әкемдей болмақ қайда,
жар-жар!
Бір толарсақ, бір тобық санда болар,
жар-жар!
Қырық кісінің ақылы ханда болар,
Шешем-ай деп жылама, байғұс қыздар,
жар-жар!
Шешең үшін қайын енең онда болар,
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда,
жар-жар!
Азар жақсы болса да қайын енеміз,
Айналайын әжемдей болмақ қайда,
жар-жар!
БЕТ АШАР
Атың басын тарт, келін!
Жұмыртқадан ақ келін!
Келін-келін, келіншек!
Алдыңғы түйең итіншек,
Артқы түйең тартыншақ.
Басқа ұрма, келіншек!
Тартыншақ деп түйеңді
Көтке ұрма, келіншек!
Қақаңдама, келіншек!
Үйге түскен түйені
Бақандама, келіншек!
Құрт ұрлама, келіншек!
Өзің жатып байыңа
«Тұр-тұрлама», келіншек!
Кей келіншек еріншек.
Кей келіншек көңілшек,
Көңілшек болма, келіншек!
«Жар-жарға» қарасақ, оның ішінде ән үшін болмаса, мән үшін керек емес сөздер толып жатыр. Мәселен: «Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар!» — деу сияқты сөздер және сол сөздер қайта-қайта айтылады, қысқасы, сөзі көп. «Беташарда» ондай артық сөздер аз. Мұнда бір сөз қайта айтылса, орнымен келісті түрде айтылған. «Жар-жардан» гөрі «Беташар» мағыналы, маңызды да. «Беташар» қасында «Жар-жардың» мағынасы сұйық көрініп тұр.
СӨЗДІҢ ӨНЕР БОЛАТЫН МӘНІСІ
Жоғарыда айттық: өлең асылында көңіл көтеріс ісіне жұмсалатын сөз түрі деп. Адам көңіл көтеру үшін ойнайды, билейді, күреседі, жарысады. Өлең де бұрын сол ойын, би, күрес, жарыс сияқты көңіл көтеретін нәрсе болған. Өлеңнің көңіл көтеріп, қоштандыратын қасиеті әдемілігінде. Нәрсенің әдемі көрінетіндігі ұнасымымен. Өлеңді де әдемі көрсететін сол ұнасымы. Өлеңнің ұнасымы неден болады? Азырақ жауап беріп өту керек. Өлең ғана емес нәрсенің көбі-ақ — жарастығымен ұнамды көрінеді. Нәрсенің көбі-ақ негізінде бірдейлігімен, реттілігімен жарасып, ұнамды болады. Екі құлақ, екі көз — сол сияқты дененің қос мүшелері — екеуі бірдей болса, жарасып ұнамды көрінеді. Қоралы қойдай шоғырланып, бет-бетімен жүрген солдаттан сап түзеп қатар тұрғаны жарасып, көзге ұнамдырақ көрінеді. Сап түзеп қатар тұрған солдаттардың әрқайсысы әр түрлі киінгенінен бәрі бір түрлі киінгені әдемі көрінеді. Сап түзеген солдаттардың жүргенде аяқтарын бірі ерте, бірі кеш әрқайсысы өз бетімен бірдей баспағанынан бәрі аяқты бірдей алып, бірдей басқаны әдемірек көрініп, көңілге көбірек ұнайды. Жамыраған қойдың маңырағаны сияқты көп адамның шулап, бет-бетімен шулағанынан бірдей үнмен бірге бастап, бірге шырқап, бірдей қайырып, бірге қосылып ән салуы ұнамдырақ болады. Сондай-ақ сөздің өлең болып, көңілге ұнап, реттілігінен туатын қасиет сөзді айтқан кезде сағаттың шық-шық жүргені сияқты, тамырдың бүлк-бүлк соққаны сияқты, дауыстың бір түрлі ырғақ-ырғағы болады. Сағат шық-шық еткенінің, тамыр бүлк-бүлк соққанының арасы қандай бірдей болса, сөз сөйлегендегі дауыс ырғақ-ырғағының арасы да сондай бірдей болады. Сөйтіп дауыс ырғақ-ырғағы сөзді бірдей-бірдей буынға бөледі. Сондықтан сөз табиғи негізінде қамыс сияқты бунақ-бунақ буыны бар нәрсе болып шығады және де сөздің буындары бір қалыпқа құйып шығарған кірпіш сияқты бірдей деп білуіміз керек. Сөйлем сөзден құралатын нәрсе болғандықтан, сөз ішіндегі буындар, ырғақтар, сөзбен бірге түгелімен сөйлемге кіреді. Өлең сөйлемдерінде сөз ырғақтарының үстіне өлең ырғақтары қосылады. Өлең ырғағы жорға жүрісінің тайпалуы, теңселуі сияқты екінші өңді ырғақ болады. Бұл ырғақ сөйлемдердің ішіндегі буын санының бірдейлігімен, кестелерінің реттілігімен, сөздерінің әуездес ұқсастығымен келетін ырғақ. Буын ырғағынан өлең ырғағын айыру үшін бұл ырғақты жорғақ деп атаймыз. Өлеңнің жорғағы тіл табиғатына қарай түрлі жолмен келеді. Сөзден өлең жасап шығару жағынан тіл үшке бөлінеді: 1. Дауысты дыбыстарда ұзын-қысқалық бар тілдер. 2. Екпін буыны бірыңғай келетін тілдер. 3. Екпін буыны бірыңғай келмейтін тілдер. Бірінші түрдегі тілдерде, мәселен, араб, латын, ионан сияқты ескі жұрттардың тілдерінде дауысты дыбыстардың кейбіреулері созылып ұзын айтылады. Ондай дыбыстар қалыпты дауысты дыбыстардың екеуіне барабар болады. Мұндай тілдерде өлең жоғарғы созымды дыбысы бар сөздермен, созымсыз дыбысы бар сөздерді реттеп орналастырумен келеді. Екінші түрдегі тілдерде екпін буыны сөздің бәрінде бірыңғай бір орыннан табылады. Мәселен, француз, чех тілдерінде екпін буыны аяғында келеді. Үшінші түрдегі тілдерде, мәселен, орыс тілінде екпін буыны бір сөздің басында келсе, екінші сөздің ортасында, үшінші сөздің аяғында келеді: хәттә бір сөздің өзінде де әман бір жерде тұрмай, әр жерде көшкілеп жүреді. Мұндай тілдерде өлең жоғары екпінді буын мен екпінсіз буындарды реттеп орналастырумен келеді. Қазақ тілінде екпін буыны сөздің я аяғында келеді, я аяғына таяу буын болып келеді. Екпін буыны аяғында келетін сөздерімен қазақ тілі француз тіліне ұқсас, екпін буыны аяққа таяу келетін сөздерімен поляк тіліне ұқсас. Солай болған соң француз я поляк тіліндегі сөздерден өлең жасап шығаратын табиғи жол біздің қазақ тілінің де табиғи жолы болып шығады. Олай болса біздің қазақ тілінде өлең шығарудың да негізгі шарты буын санын бірдей орнына келтірумен орындалады. Бұл негіздің шарты орнына келмесе, өлеңнің жорғағы келмейді: жорғағы келмегенде жорға деуге болмаған сияқты жорғағы келмеген өлеңді өлең деуге болмайды.
ӨЛЕҢ ШЫҒАРУ
Өлең шығару өнерін білу үшін, өлеңнің түр тұрпатымен танысу керек. Өлең кестесі айшық деп аталады. Айшық түрлі-түрлі болады. Мәселен, бір өлеңнің айшығы былай келеді:
Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ.
Болғандай табан тірек еш нәрсе жоқ.
Бұл күйге бүгін емес көптен кірдік,
Алды-артын байқамаған бетпен кірдік.
Алалық алтыбақан дертпен кірдік.
Сәуірде көтерілер рақмет туы,
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Жайылар жер жүзіне қардың суы.
Өстірер жерден шөпті нұрдың буы.
Бұлттар басып жасырған,
Жана түсіп басылған.
Жаңаланған өмірден,
Жаңа шығып көрінген,
Гүл қамауда семіп тұр. («Маса»).
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Сөйлеймін десең өзің біл.
Бесінші өлеңнің айшығы былай келеді:
Ем таба алмай,
От жалындай
Толды қайғы кеудеге.
Сөз аша алмай
Пендеге.
Алтыншы өлеңнің айшығы былай келеді:
Сап-сары бел,
Еседі жел,
Еседі.
Көшеді ел,
Көшеді.
* * *
Тағысын тағы айшық түрлері толып жатыр.
Айшықтың әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады. Әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы.
1.Мен келдім Мырзалының ордасына
Сөз айттым қасындағы молдасына
Әркімдер жүйрік қазақ дегенменен
Көңілім тоқтамады бармасыма.
Талаптыға болсын кез
Нұрын сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.
3.Бойы бұлғаң
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем мен сонан
Қатты састым
Тұра қаштым жалма-жан
(Абай)
Осы келтірген мысалдардағы қос сызықтың арасы бунақ болады.
Бунақ ішінде бірнеше буын болады. Бунақ буыны болатын кәдімгі сөз буыны. Мәселен, әлгі алынған мысалдардың аяғындағы «Тұра қаштым жалма-жан» деген екі бунақтың алдыңғысында төрт буын, соңғысында үш буын бар. Бунақ араларында қос сызық тұрған жерге келетін дауыс толқынының жіктері кезек деп аталады. Өлең шумағы бір өлеңде біреу болуға да, бірнеше болуға да ықтимал. Бір өлеңнің шумағы көбінесе бірдей болады. Бір шумақтағы тармақтың азы екеу, көбі онға шейін барады. Тармақ бір шумақта бір түрлі болуға да, әр түрлі болуға да ықтимал. Бірақ әр түрлі болғанда кесте ретін жоғалтпайтын тәртібі болуға тиіс. Бір бунақтың азы біреу, көбі төртеуден аспайды. Бір шумақтың ішіндегі бунақтар бірыңғай орналасу керек. Мәселен, үш буынды бунақ қалыптас тармақтың бірінің басында келсе, өзгелерінің де солай басында келуі тиіс. Бір бунақтағы буынның азы екеу, көбі төртеу болады. Бір тармақтың ішінде кезек болуға да, болмауға да ықтимал. Болған халде я біреу, я екеу, я үшеу, онан артық болмайды. Осылардың бәрін дұрыстап орнына келтіріп, оның үстіне және де тармақтардың аяғын ұйқастырса, сөйлемдер өлең болып шығады. Жоғарғы айтылған шарттардың бәрі өлеңде қалай орындалатындығын көрсетуге әрқайсысына мысал келтіріп қарайық.
1. ӨЛЕҢ АЙШЫҚТАРЫ
Әманда болар солай әм болғанда,
Жаратқан солай етіп бұ жалғанда.
Таныс көп, аз табылар дос адамға.
б) Екі шумақты айшық
Бота көз, сиқырлы сөз, Гүлсім ханым,
Әр жерде өткізсең де өмір таңын.
Ойнайды аласұрып неге жаным?
* * *
Бота көз, сиқырлы сөз, ханым Гүлсім,
Көктегі күн күлмесін, Гүлсім күлсін.
Сүйдіріп күйдіргенін қайдан білсін?
(Мағжан)
в) Үш шумақты айшық
Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді.
Қызық көріп, сөнген шоқты үреді.
Шоқ үстінен кішкене ұшқын ұшты да,
Біразырақ шоқ қызара түсті де
Дереу сөніп, тезірек күлге айналды,
Астындағы ыстық күлді құшты да.
Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді,
Сөнген шоқты күліп бала үреді.
Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді.
г) Төрт шумақты айшық.
Көгі жоқ, көгалы жоқ — қорға шықтым.
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
* * *
Жаратқан малды құдай не керекке —
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап.
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.
Мұнан әрі бес шумақты, он шумақты, жүз шумақты, онан да көп шумақты болуы ықтимал. Мәселен, «Зарқұм» сияқты қиссалар, тең шумақты өлеңдер: Абайдың «Сегіз аяғы» және «Көлеңке басын ұзартып» деген, «Масадағы» «Бақ» және «Надсоннан» деген, Мағжанның «Мен жастарға сенемін» және «Күншығыс» деген өлеңдері секілділер болады. Бұл сияқты өлең де жеке шумақты өлеңдердің табына жатады. Тұтас шумақты өлеңдер деп «Масадағы» «Ақын ініме», «Жауға түскеннің сөзі» деген, Абайдың «Мәз болады болысың» және «Антпенен тарқайды» деген өлеңдеріндегі секілді. Өлең шумақтары Мағжанның «Жаралы жан» деген сөзі сияқты өлеңдер — ала шумақты өлең болады.
2. ШУМАҚ ТҮРЛЕРІ
Қайрат еркін замандарың,
Тарлыққа жоқ амалдарың.
Еркін дала еркің қайда,
Еркіндегі көркің қайда?
* * *
Сулы-сулы көлің қайда?
Еркін көшкен елің қайда?
Ел қорғаны ерің қайда?
б) Төрт тармақты шумақ
Жар-жар және одан басқа ескі өлеңдердің көбі-ақ төрт тармақты болады. Бұған мысал келтірудің қажеті жоқ.
Күніңмен алтын қуанбай,
Гүліңмен жібек жұбанбай.
Жеттің де тез, өттің жаз.
Айдын да құрып суалған,
Қаңқылдар қайда қоңыр қаз.
Бұлттар басып жасырған,
Жана түсіп басылған,
Таң шапағы сөніп тұр.
Жаңа шығып көрінген,
Гүл қамауда семіп тұр.
г) Жеті тармақты шумақ
Тұрмысың жырақ,
Аман ба, шырақ!
Милләт үшін бегірек.
Сақтамақ хақтан.
Қоршаған дұшпан төңірек.
Милләтке қызмет,
Жүміләңе міндет,
«Ұйқыны аш!» дер едік,
«Надандықтан қаш!» дер едік.
Дұшпан тұр күндеп;
Бізде бұл індет.
д) Сегіз тармақты шумақ
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Сөйлеймін десең өзің біл!
(Абай)
«Масада» «Жиған-терген», «Жауап хаттан», Мағжан өлеңдерінде «Гүлсім», «От» сегіз тармақпен жазылған.
Жайылған көз жасымен жердің бетін,
Өткізіп тым өлшеусіз үкіметін,
Жауыздық жалғандықпен қаптағанға,
Жазықсыз жанды қинап, қанды төгіп,
Бұзықтық түзіктікті таптағанға,
Қиналып кім болсаң да талыққандар,
Қайтадан жақындық кеп, қастық қашып,
Жарқырап жақсылыққа атар таң бар.
Дұрыс шумақтардың тармақтары осы жоғарыда айтылған өлеңдердегідей боларға тиіс. Бірақ өлеңдердің көбі-ақ дұрыс шумақталмай, тармақтар көбінесе сапырылыс болып келеді.
3. ТАРМАҚ ТҰЛҒАЛАРЫ
Сап-сары бел,
Еседі жел,
Еседі.
Көшеді ел,
Көшеді.
б) Екі бунақты тармақ
Мінсіз таза меруерт,
Су түбінде жатады.
Ой түбінде жатады.
Жел толқытса шығады.
Шер толқытса шығады.
Қазақтың жыр деп ат қойған ескі өлеңдерінің көбі-ақ екі бунақты тармақ болады.
Балалар оқуға бар жатпа қарап
Жуынып киініңдер шапшаңырақ
Шақырды әтеш мана әлде қашан
(«Маса»)
Қазақтың қара өлең деп атаған ескі өлеңдерінің бәрінде де үш бунақты тармақ болады.
Бір толарсақ бір тобық санда болар жар-жар
Қырық кісінің ақылы ханда болар жар-жар
Әкем-ай деп жылама байғұс қыздар жар-жар
Жазғытұрғы ақша қар жаумақ қайда? жар-жар
Құлын тайдай ойнаған оң жақ қайдажар-жар
Қанша жақсы болса да қайын атамыз жар-жар
4. БУНАҚ БУЫНДАРЫ
Жалғыз буынды бунақ өлеңде болмайды.1 Буын саны бунақта екіден кем болмайды. Жоғарыда келтірген «Жар-жар» өлеңінде бунақтың екі буындысы да, үш буындысы да, төрт буындысы да бар: «Бір толарсақ» бунағы — 4 буынды, «Бір тобық» бунағы — 3 буынды, «Санда болар» бунағы — 4 буынды, «Жар-жар» — 2 буынды. Қазақ тіліндегі жырдан басқа өлеңде көбінесе бунақтың екі-ақ түрі жұмсалады. 1. Үш буынды бунақ. 2. Төрт буынды бунақ. Екі буынды бунақ жар-жар түрімен жазылған өлеңдерде болмаса, яки Мағжанның «Біраз Фетше» деген өлеңі сияқты сөздерде болмаса, тіпті аз жұмсалады. Сондықтан төменде айтылатын сөздер бунақтың жоғарыда айтылған екі түрі туралы ғана баяндама болады.
5. ӨЛЕҢ АҒЫНДАРЫ
Өлең түріне қарай әр бунақтың шумақ ішінде таңдамалы да, талғамалы да орны бар. Таңдамалы орны берілмесе, өлең өлең болмай шығады. Талғамалы орнына назар салынбаса, өлең жорғағынан жаңылады. Бунақтың таңдамалы тармақ аяғында болады, талғамалы орыны тармақтың басы мен ортасында болады. Тармақтың аяғында ылғи үш буынды бунақ келіп отырарға керек, я ылғи төрт буынды бунақ болып отырарға керек.
Кеудеде от іште жалын көзде жас
4 4 3
Күні-түні қайғы жұтқан сорлы бас
Сабан төсек тым қараңғы жатағы
4 4 3
Наны қара шайы қара қарны аш
ХХХХ ХХХХ XXX
ХХХХ ХХХХ XXX
ХХХХ ХХХХ XXX
ХХХХ ХХХХ XXX
3 4 4
Таласқан аспан менен көкпеңбек тас
3 4 4
3 4 4
Жасаған мейірімі кең қадыр тәңірі
3 4 4
(Мағжан)
XXX XXXX XXXX
XXX XXXX XXXX
XXX XXXX XXXX
XXX XXXX XXXX
Осы сияқты өлеңдердің бірін оқып, кешікпей біріне түскенде дауыс ағыны өзгеретіні оңай сезіледі.
1.Сар дала бейне өлік сұлап жатқан —
Кебіндей ақ селеулер басын жапқан.
Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан.
Бір қисық жалғыз аяқ сүрлеу жолда.
Қарайды бишара жан оңға-солға.
Күні батып, жаңа таңы атпаған.
Түнеріп жүр күннен туған перілер.
Тәңірісін табанында таптаған.
Көгінде жоқ жалғыз жұлдыз батпаған.
Табынатын басқа тәңірі таппаған.
Бұл өлеңдерді айтпай тұрып, әр шумағындағы тармақтарының бунақтарын санағанда, бастапқы екі шумақ өлең мен соңғы екі шумақ өлең екеуінің арасында еш айырмасы жоқ сияқты көрінеді: бунақ саны да, буын саны да бірдей, бірақ оқи бастағанда, оқи келе бірінен біріне түскенде дауыс ағыны өзгеріп, екеуі бірдей болмай шығады. Егер де әнмен айтып қарасақ, екеуін бір әнмен айтуға болмайды, екеуіне екі түрлі ән болады. Мұнда екі түрі өз алдына бөлек-бөлек шумақтар да тұр. Сондықтан екі түрін өз алдына екі түрлі ырғақпен өлең қылып айтуға болып тұр. Екі түрі бір шумақта келсе, онда тіпті өлең болмай шығады. Мәселен, мына түрде біреу өлең жаздым деген болса:
Бір қазақ қала шықты мата ала
4 4 4
Тиеп алып тері-терсек бір шанаға
Ұрлатып жүгін жолда жұрдай болып
4 3 3
Қайтты байғұс түк алмай құр қол ғана...
XXX XXXX XXXX
XXXX XXXX XXXX
XXX XXXX XXXX
XXXX XXX XXXX
Мұнда тармақтардың аяқтары ұйқасқан, бунақтары бірдей, жалғыз-ақ өлең жорғағы келмей тұр. Жорғағы келмеген соң өлең болмай тұр. Тармақтары бірдей, тармақ ішіндегі бунақтары бірдей аяқтары ұйқас келген сөздің бәрі өлең бола берсе, бұ да өлең болар еді. Нешік, бұл өлең бола алмайды? Мұнда жорғақ жүріс сияқты дауысты бір қалыппен тербетіп, келісті көрсететін өлең жорғағы жоқ. Өлеңнің басқа сөздерден айрылатын негіздік қасиеті жорғағы. Одан айрылса өлең бола алмайды. Жорғағы жоқ болған соң бұл сөз де өлең болып шыға алмай тұр. Мұның жорғағын келтірмей тұрған не нәрсе? Бұған кесел — бунақтың орын таңдағандығы, яғни бунақтардың табиғаты тілеген орнына қоймағандық. Бунақтар тармақтардың аяғында бірыңғай келмей, бірінде үш буынды бунақ келсе, бірінде төрт буынды бунақ келіп тұр. Оны өлең табиғаты көтермейді. Не үшін көтермейтіндігі жоғарыда айтылды. Егерде сол тармақтардың мағына жағын өзгертпей, бунақтарын бірыңғай келтіру үшін азырақ сөздерін өзгертіп, төмендегі түрде айтсақ, жорғағы түзеліп өлең болып шығады.
Бір қазақ қала шықты мата ала
3 4 4
Тиеп ап тері-терсек жегіп шана
Ұрлатып жолда жүгін жұрдай болып
3 4 4
Үйіне қайтты байғұс құр қол ғана...
XXX XXXX XXXX
XXXX XXXX XXXX
XXX XXXX XXXX
XXXX XXX XXXX
Мұнда анау айтылғандай емес, дауыс ағыны бір қалыпта болып тұр. Оны олай етіп тұрған бунақтар бірыңғай келгендігі. Тармақтардың аяғында өңшең төрт буынды бунақтар бірыңғай келіп тұр. Бунақтар орын таңдайды дегеніміз осы болады. Енді бунақтар орын талғайды дегенді баяндайық. Бунақтардың талғайтын орындары тармақтардың басында және ортасында болады. Шумақ ішінде бунақтар тармақтардың басында, я ортасында бірыңғай болып келу тиіс. Мәселен, бір тармақтың басында үш буынды бунақ келсе, басқа тармақтарда да солай келу тиіс. Әйтпесе, өлең өлеңдігінен айрылмағанмен жорғағынан жаңылады, айтуға ауырлық келтіреді. Бұл кемшіліктен қазақ ақындарының көбінің-ақ сөзі аман емес. Әсіресе, Абай өлеңдерінде көбірек ұшырайды. Мұндай кемшілігі бар өлеңдерді де сол күйінде өзгертпей әнге қосуға болмайды. Бірақ бұл жоғарыда таңдау орын туралы айтылғандай, түзеуге келмейтін кемшілік емес. Көбінесе бұл түзетуге келетін оңай кемшілік. Тармақтардың басында өңшең үш буынды бунақ келетін өлеңдерді де, төрт буынды бунақ келетін өлеңдерді де, бас бунақтары бірыңғай келмейтін өлеңдерді де мысалға алып, жай айтып та, әнмен де қарасақ араларында қандай басқалық бар екенін байқау қиын болмайды.
3 4 4
Ызыңдап ІІ ұшқан мынау ІІ біздің маса
3 4 4
3 4 4
Өзіне ІІ біткен түсі ІІ өзгерілмес
3 4 4
3 4 4
Үстінде ІІ ұйықтағанның ІІ айнала ұшып
3 4 4
3 4 4
Ұйқысын ІІ аз да болса ІІ бөлмес пе екен
3 4 4
(«Маса»)
2. Бас бунағы төрт буынды өлең
4 3 4
4 3 4
Алтын таңдай ІІ ашық күн ІІ жеткеніне
4 3 4
4 3 4
Тәңірі қабыл ІІ мейірім қып ІІ еткеніне
4 3 4
4 3 4
Душар болмай ІІ дұшпанның ІІ мергеніне
4 3 4
4 3 4
Мың шүкірлік ІІ тәңірінің ІІ бергеніне
(Мағжан)
4 3 4
Өлең сөздің ІІ патшасы ІІ сөз сарасы
3 4 4
4 3 4
Тілге жеңіл ІІ жүрекке ІІ жылы тиіп
3 4 4
4 3 4
Бөтен сөзбен ІІ былғанса ІІ сөз арасы
4 3 4
4 3 4
Айтушымен ІІ тыңдаушы ІІ көбі надан
3 4 4
(Абай)
Осы үш өлеңде дауыс ағыны үш түрлі: 1. Өлеңде дауыс ағыны бастан аяғына шейін бірдей. Мұны бірінші ағынды өлең дейміз. Екінші өлеңнің дауыс ағыны бірінші өлеңдегіден басқа, бірақ оның да басынан бастап аяғына шейін дауыс ағыны бірдей. Мұны екінші ағынды өлең дейміз. Үшінші өлеңде белгілі бір ағын жоқ. Бір тармағында бір түрлі ағын болса, екінші тармағында екінші ағын, бірінші шумағының бірінші және үшінші тармақтарында екінші ағын, екінші және төртінші тармақтарында бірінші ағын, екінші шумағының бірінші, екінші, үшінші тармақтарында екінші ағын, төртінші тармақтарында бірінші ағын. Сөйтіп екінші өлеңдегі ағынды өз алдына басқа үшінші ағынды өлең деуге болмайды. Бұл бірінші және екінші өлеңдерден ағынымен айрылып тұр. Егерде екі түрлі ағынды араластырмай, бір-ақ түрлі ағынды еткіміз келсе, мәселен әнге қосамыз десек, мұндай өлеңдердің бунақтарының орнын алмастырып, я бірінші ағынға яки екінші ағынға түсіреміз.
3 4 4
Патшасы ІІ өлең сөздің ІІ сөз сарасы
3 4 4
3 4 4
Жүрекке ІІ тілге жеңіл ІІ жылы тиіп
3 4 4
3 4 4
Былғанса ІІ бөтен сөзбен ІІ сөз арасы
3 4 4
3 4 4
Тыңдаушы ІІ айтушымен ІІ көбі надан
3 4 4
(Бас бунақ үш буынды, басқалары төрт буын)
Екінші ағынға түсіргенде
4 3 4
4 3 4
Қиыстырар ІІ қиыннан ІІ ер данасы
4 3 4
4 3 4
Жұмыр келсін ІІ теп-тегіс ІІ айналасы
4 3 4
4 3 4
Ол ақынның ІІ білімсіз ІІ бишарасы
4 3 4
4 3 4
Сөз танымас ІІ бұл жұрттың ІІ бір парасы
(Мұнда ортадағы бунақ ылғи үш буынды).
Абайдың бұл өлеңін бірінші ағыннан гөрі екінші ағынға түсіргенде сөздерінің ыңғайы жақсы келеді. Бұл бірінші, екінші ағыннан басқа ІІ буынды өлеңдерде үшінші ағын болады. Оны қазақ өлеңшілері түрікпен ағыны деп атайды. Не үшін олай атайтындығының себебі белгісіз. Үшінші ағынды өлеңдердің аяқ бунақтары ылғи үш буынды болып, басқалары төрт буынды болып келеді.
4 4 3
«Қыздыр» дейсің ІІ топ жиынды ІІ жан дейсің
4 4 3
4 4 3
Өмірімнің ІІ таңын қосып ІІ кешіне
4 4 3
4 4 3
Бере алмасаң ІІ кең салалық ІІ бейілді
4 4 3
4 4 3
Тәтті өмірмен ІІ нәпсі көңілін ІІ ауладық
4 4 3
(«Маса»)
Жоғарыда баяндалған екі буынды, үш буынды, төрт буынды бунақтардан басқа ескі жырларда, «Кенесары, Наурызбайды» шығарған Нысанбай жыраудың сөзінде, «Ер Тарғында» бес буынды бунақтар да келеді. Бірақ ондай буындар тармақтың белгілі бір мүшесі сияқты әман келіп отырмай, бірде болса, бірде жоқ, тәртіпсіз кез келген түрде болғандықтан оларды тармақтың тұрлаулы мүшесіне санауға болмайды. Олардың ескі жырларда келетін себебі ескі жырлардың көбінде тап-тұйнақтай таза өлшеу жоқ, солай болған соң жорғағы да дұрыс келмей, айтуға ауыр соғып отырады. Жырлар кесте кескіні жағынан қарағанда нағыз өлең сөйлемдермен жай сөйлемдердің аралығындағы жорға мен жортақының арасындағы жүріс сияқты, сөйлемнің дүрегей күлдібадам түрі. Сондықтан бес буынды бунағы бар өлең деп санауға болмайды. Бес буынды бунақтар келетін жырлардан алып қарайық: 1.
Ау, хан ием ІІ хан ием
4 3
Айды бұлт ІІ құрсайды
Ай түнерге ІІ ұқсайды
4 3
Күнді бұлт ІІ құрсайды
Күн жауарға ІІ ұқсайды
4 2
Көгілдірін ІІ ертіп
Көлдегі қулар ІІ шулайды
4 3
Көп ішінде ІІ бір жалғыз
Көп мұңайып ІІ жылайды
4 3
Күйбеңдескен ІІ көп жаман
Сөзі тигенге ІІ ұқсайды
(Ескі жыр)
2.
4
5
4
5
5
4
5
5
5
5
(Орақұлы Әлібек)
3.
4
5
4
5
4
Аш арыстан П жүректі.
5
5
5
4
4
(Ер тарғын)
6. ТАРМАҚ КЕЗЕҢДЕРІ
Жоғарыда бунақтардың арасындағы дауыс толқынының жіктері кезек деп аталады деп едік. Кезек екі түрлі болады: 1. Ұлы кезек. 2. Кіші кезек.
Ақжүністей ІІ жолдасым,
Әйел де болсаң мұңдасым,
Қолаң шашты қой көзді
Әйелде ару сен едің.
Балуан жолбарыс білекті,
Жігіттің мәрті мен едім.
Мұнда көлденең жуан сызық ұлы кезеңдерді көрсетеді, жіңішке сызық кіші кезеңді көрсетеді. Бұрын саны бір тармақтың ішіндегі буын саны қазақта 2 мен 13 арасында болады. Жар-жар — 13 буынды. Жай өлең — 11 буынды. Ескі жырлар — 7-8 буынды. Жаңа ақын, жаңа жазушылардың өлеңінде бұл түрлердің бәрі де болады. Оның үстіне 3, 4, 5, 6 — хатта 2 буынды тармақтармен жазылған өлеңдер де бар. Мәселен, 6 буынды тармақ «Сең» деген Мағжан өлеңінде, бар. 5 буынды тармақ Абайдың «Сегіз аяғы» түрінде жазылған өлеңдерде келеді. 4 буынды тармақ Абайдың «Сырласа алмай» деген өлеңінде келеді және Мағжанның «Жұмбақ» деген өлеңінде келеді. 2 буынды тармақ Мағжанның «Біраз Фетше» деген өлеңінде келеді.
7. ТАРМАҚ ҰЙҚАСТЫҒЫ
Тармақтардың аяғының ұйқастығы — ұйқастық деп айтылады. Ұйқастық түрліше болады. Ұзын тармақты, жеке шумақты өлеңдерде бірінші, екінші, төртінші тармағы ұйқасып, үшінші тармағы ұйқаспай азат қалады. Ұзын тармақты, тұтас шумақты — өлеңдерде бастапқы екі тармағы ұйқасып, онан арғылары бірі азат, бірі ұйқас аралатпа болып келеді. Ескі жырлардың ұйқасуы көбінесе тәртіпсіз болады. Бергілікте шыққан жырларда ғана тәртіп бар. Қысқа тармақты жаңа өлеңдердің тұтас шумақтылары ұзын тармақты өлеңдерше ұйқасады да, жеке шумақтылары я ұзын тармақты өлеңдерше я кестесінің түріне қарай түстес тармақтары ғана ұйқасады.
1. Оюын ойып,
2. Орындап қойып,
3. Түр салғандай өрнекке.
5. Қиырдан жиып,
6. Қарап сөзді термекке.
8. Ерінбесең сөйлеп бақ.
Мұндағы бірінші, екінші тармақ түстес болған соң, бір ұйқасып тұр. Төртінші, бесінші тармақ түстес болған соң, бір ұйқасып тұр. Жетінші, сегізінші тармақтар түстес болған соң, бір ұйқасып тұр. Осы сияқты ұйқастыру Абайдан кейін шыққан қазақ ақындарының көбінде бар. Өлең шығару — өнер турасындағы сөзді осымен бітіріп, ақтығында айтатын сөз мынау: Жоғарыда айтылған керек шарттардың бәрін орнына келтіріп шығарған өлең, сымға тартқандай, нағыз мінсіз өлең болып шықпақ. Мұны біздің қазақ ақындарының көбі өлең шығару өнерінің ғылымын білмегендіктен орнына келтіре алмайды. Біреулер өлшеуін келтіре алмай, тармақтарын ұзартып, өлеңді төсегіне сыйғыза алмай, сирағын сыртқа шығарып жібереді. Біреулер бунақтарын өлең табиғаты тілеген орнына қоя алмай, я жорғағын бұзып, я тіпті өлең сиқын жоғалтып жібереді. Мұның бәрі өлеңнің өлең болғандағы негіздік түр-тұрпатын бұзып, не күйін келтіргендей, не өлеңдігін жойғандай әуезділік жағына кемшілік келтіреді. Егерде сөз бір жүзді нәрсе болса, қазақ өлеңдерінің көбі асыл сөздің табынан шығып қалар еді. Олай болмайтыны сөздің бір жүзді емес, екі жүзді нәрселігі: сөздің сыны жалғыз тысында ғана емес, ішінде де бар. Тысқарғы кесте кемшілігін ішкергі мағына жақсылығы жуып, көбінесе өлең кестесі жағындағы кемшіліктерін біліндірмейді. Тесе қарап, тексере бастағанда болмаса, жоғарыда айтылған кемшіліктердің көбі жай қарағанда сезілмей өтеді.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ҚАРА СӨЗ БЕН ДАРЫНДЫ СӨЗ ЖҮЙЕСІ
Екі түрлі лебіз бар: бірі жалаң, екіншісі көрнекі болады деп жоғарыда айтылған еді. Қайсысымен сөйлесек те сөйлеу болады. Бірақ сөйлеуді негіз түріне қарай айыру қажет болған орында жалаң лебізбен айтылған сөзді ғана сөйлеу дейміз де, көрнекі лебізбен айтылған сөзді жырлау-толғау дейміз. Сөйлеуде, жырлауда, толғауда бұл күндегі әдебиет алқасына кіретін жалаң лебізді және көрнекі лебізді сөздердің таптарын анық ашуға жарамсыз болғандықтан жалаң лебізді сөздерді қара сөз деп, көрнекі лебізді сөздерді дарынды сөз деп атау қолайлырақ. Әдетке қарамай, асылына қарағанда, «Қара сөз» деген мен «Сөйлеу» деген екеуінің мағынасы бір болып, «Дарынды» сөз деген мен «Жырлау», «Толғау» дегеннің мағынасы бір болып, бірінің орнына бірі айтыла береді. Қара сөзді шығармалардың да, дарынды сөзді шығармалардың да түрлерінің өлеңдісі, өлеңсізі болады. Сөздің асыл болуы ұнауымен. Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, сөз мағына жағының күштілігімен жағады. Сөз көркемдігі әуезінің әдемілігі мен кестесінің келісті болуынан табылады. Әуез әдемілігі сөзді дыбыс жағынан тәртіптеп, үйлестіріп тізуден болады. Күштілігі сөздің қалыпты мағынасының үстіне күш қосатын әдістерді істеуден болады. Бұлардың бәрі де тіл (лұғат) талғауы туралы сөйлеген жерде баяндалған. Бұл жерде айтып өтерлік бір нәрсе — сөздің бірі жалаң, бірі көрнекі көрінуі неден екендігі. Ол мынадан болады. Жоғарыда айттық, жалаң сөз дегеніміз жалаң лебізбен айтылған сөйлеуі орнына жүретін ұғым деп; көркем сөз дегеніміз көрнекі лебізбен айтылған толғау орнына жүретін ұғым деп. Сөзді жалаң түрінде айтқанда, күш көбінесе зейін жағына салынып, пайым терең, мағына күшті, пікір дәлелді болып айтылған сөз адамның ақылына қонуы көбірек көзделеді. Сөзді көркем түрінде айтқанда, күш көбінесе қиял мен қиыс (түйіс) жағына салынып, сүгіреті толық, меңзеуі мерген, қисыны қызық болып, сөз әсерінің күшімен көңілге ұнауы көбірек көзделеді. Сөз ақылға қонады шындығымен, көңілге ұнайды өңі үйлестігімен, өң үйлесуін жарастық, келістік дейміз. Келістік көрік негізі екендігі өлеңді сөйлемдер туралы сөз болғанда айтылды. Оны тағы қайтадан сөйлеудің қажеті жоқ. «Сөздің көркі мақал, жүздің көркі сақал» деген қазақта мақал бар. Мақал мен сақалдың мәні құр көрік болу емес. Олардың бірін сөзге, бірін жүзге көрік қылып таңып отырған адамның ойы мен көңілі. Ойлау екі түрлі: адам ойлағанда я нәрсеге тиісінше ойлайды, я көңілін түйісінше ойлайды. Нәрсе түрлі сипатты болады. Ол сипаттардың біреулері бойына біткен сипат болса, екіншілері адамның қосқан, таңған сипаттары болады. Мәселен, нәрсенің бірін жылы, бірін суық, бірін тегіс, бірін бұдырмақ, бірін қатты, бірін жұмсақ дейміз. Бұл сипаттар нәрсенің бойында бар сипаттар. Бұл сипаттаудың біреулері адамға ұнайтын болар да, біреулері ұнамайтын болар. Мәселен, жылы нәрсе, тегіс нәрсе, жұмсақ нәрсе адамға жағымды, сүйкімді болар да, суық нәрсе, бұдырмақ нәрсе, қатты нәрсе адамға жағымсыз, сүйкімсіз болар. Бұлардың біреулерін жағымды, сүйкімді деп, екіншілерін жағымсыз, сүйкімсіз деп сипаттау нәрсені тиісінше сипаттау емес. Адам өз көңілінің түйісінше сипаттау болады. Сол сияқты бір нәрсе туралы сөйлегенде я тиіс жағынан алып, я түйіс жағынан алып сөйлейміз. Мәселен, кісі жайынан сөйлегенде, я тиіс жағынан алып, түсін, тұрпатын, мінезін, құлқын, туысын, тұрмысын, ісін айтамыз. Я түйіс жағынан алып сүйетін, сүймейтінімізді, сыйлайтын, сыйламайтынымызды айтамыз. Сол секілді әннің дауысы тиіс жағы болады, әннің бізге ететін әсері түйіс жағы болады. Бір нәрсенің анығына жетіп, расына қанғымыз келсе, мәселен, бір оқиғаның анығына жеткіміз келсе, яки бір адамның мінезін дұрыс білгіміз келсе, кілең тиіс жағынан ғана алып, түйіс қатыстырмасақ жақсы білеміз, дұрысына жетеміз. Солай болған соң нәрсені тиіс жағына сөйлегенде тиістік керек жоқ болып шығады. Көрік нәрсенің түйіс жағы. Нәрсені тиіс жағынан сөйлегенде түйіс керегі жоқ дегеніміз — тиіс туралы сөйлейтін сөзге көрік керегі жоқ деген болып шығады. Нәрсенің тиіс жағы — өзінде бар шын жағы; Нәрсенің түйіс жағы — өзінде жоқ, жабатын жала, қоятын кінә, таңатын өсек, тағатын тана, жағатын опа сияқты адам апарып жапсыратын нәрсе. Мақалдың мәні, тек сөзге көрік болуда болса, сақалдың мәні, тек жүзге көрік болуда болса — шындыққа ондай нәрселердің керегі жоқ. Жағатын опа сияқты — тек көрік үшін ғана керек нәрсе, шындықтың жүзін күнгейлейді. Неғұрлым ашық, неғұрлым жалаңаш болса, шындық солғұрлым ашық, солғұрлым жарық болмақ. Шындықты көріктеу шыныны әдемілеймін деп бетін шимайлап, жарығын күңгірттеу болады. Шындығымен ақылға қонуын көздейтін сөздер сақал-мұрт сияқты көрік болатын нәрселерден аман болады. Сондықтан ол жалаң сөз деп аталады. Келістігімен, әдемілігімен көңілге ұнауын көздейтін сөздер сақал-мақал сияқты адамға келісті көрінетін нәрселермен көркем көрінеді. Сондықтан бұлар көркем яки дарынды сөз деп аталады. Жалаң сөз нәрсені тиіс жағынан алып, пайым бойынша сөйлейтін шындық сөзі, шын әңгіме болады. Көркем сөз нәрсені түйіс жағынан алып, қиял бойынша сөйлейтін шын емес, шығарғы әңгіме болады. Көркем сөз — көңіл тілі, жалаң сөз — зейін тілі. Жалаң сөз зейін байлығына қарайтын нәрсе, көркем сөз қиял байлығына қарайтын нәрсе. Жалаң сөз дүниені тұрған қалпында алып айтады. Көркем сөз дүниені көңілдің түйген, қиялдың меңзеген әлпіне түсіріп айтады. Көркем сөз айтқанын ақыл табуынша дәлелдеп, мәністеп қақиқат түрінде айтады. Көркем сөз айтқанын қиял меңзеуінше бейнелеп, әліптеп көбінесе ұйғару түрінде айтады. Жалаң сөз дүниеде шын болған, шын бар нәрселерді әңгіме қылады. Көркем сөз болуға ықтимал деген нәрселерді де алып сөз қылады; хатта қисынын келтіріп болмаған нәрсені болғанға, жоқ нәрсені барға ұйғарып сөз қылады. Қисынын келтіріп, қиялдан туғызып әдемі әңгіме шығару — ақындық дарыған адамның ғана қолынан келеді: жалаң сөздің қара сөз делініп, көркем сөздің дарынды сөз делініп аталуының мәнісі де осыдан. Сондықтан қара сөзде айтылған нәрсе дүниеде нақ болған, сол күйде және бар нәрсе деп білу керек те, дарынды сөзде айтылған нәрсе дүниеде нақ сол күйде болып етпегенмен, яки бар болып тұрмағанмен, дүниеде болатын және боларлық нәрсе деп білу керек. Қысқасынан айтқанда, қара сөз жаратынды, тиіс ғалам турасындағы әңгіме де, дарынды сөз ұйғарынды түйіс ғалам турасындағы әңгіме. Тиіс ғалам турасында сөйлегенде жай күйінде жабайы тілмен тиістісін айтамыз. Түйіс ғалам турасында сөйлегенде көңіл түюінше өң беріп, дем беріп, көрнекі тілмен айтамыз. Бірақ тиіс ғалам турасында сөйлегенде де айқындық үшін ажарлау керек болса, жалаң лебіз орнына көрнекі лебіз жұмсалады. Қара сөз бен дарынды сөздің арасындағы парық жұмсалатын орнына, қызметіне қарай былайша айрылады: дарынды сөз адамның ойына өң береді, көңіліне күй түсіреді, қара сөзден адам тек ұғым алады. Арабша қара сөзді шығарманы насыр деп, дарынды сөзді шығарманы назым деп атайды. Арабша айтқанда біз де солай дейміз; қазақша айтқанда қара сөз, дарынды сөз деп жүргіземіз.
І
ҚАРА СӨЗ
Қара сөзден адам тек ұғым алады дедік. Ұғымның өзі керекті орнына қарай екі түрлі болады. 1. Ес ұғымы, яғни еске керек ұғым: 2. Іс ұғымы, яғни іске керек ұғым. Ес ұғымының арқасында дүниедегі нәрселердің бәрін, задын, сырын, сипатын, мүдетін, мұратын танимыз. Іс ұғымы арқасында табиғат ісін, күшін, нәрселерін қалай пайдаланатын жолын білеміз. Сондықтан қара сөзді әңгімелер екі жақты болып келеді: бір жағы ес ұғымымен болады, екінші жағы іс ұғымымен болады. Қара сөз нәрсені тиісті жағынан сөйлейді деп жоғарыда айтылған еді. Нәрсе турасында тиісінше сөйлеу үшін тиісінше ойлау керек. Тиісінше ойлағанда ойымыз ұғым түрлеріне қарай бірнеше тарапқа бөлінеді: 1. Ғалам тарабына, 2. Құдай тарабына. 3. Ғылым тарабына. 4. Әлеумет тарабына. 5. Үгіт-тәрбие тарабына. 6. Сын тарабына. 1. Адамның зейіні бүтін ғаламды тануға жұмсалып, дүниедегі бар нәрсенің барлығын, яки бар деп ұйғарылған нәрсенің бар-жоқтығын танып, белгілі бір қарарға келгенде адамға бір үлкен ұғым пайда болады. Сол ұлы ұғым жүйесі даналық деп аталады. Даналық мақсаты бүтін ғаламды танып, бүтін ғалам атанған дүниенің жұмбағын (дүние мәселесін) шешпек, даналықтың ес ұғымына тиісті жағы — сап даналық болады да, іс ұғымына тиісті жағы — салт даналығы болады. Сап даналық жолының өзі екі айырық болады: бірі ғаламның адам ақылы жетерлік те, жетпестік те жағын зейінге салады. Алдыңғы табансыз даналық делініп, соңғысы табанды даналық делініп айтылады. 2. Адамның зейіні құдайды тану жағына жұмсалып, құдай турасындағы мәселені шешпек болғанда, дін пайда болып, ұғым жүйесі жасалса, ол ғақаид деп аталады. Мұның екі жағы болады; бірі діннің негізі турасындағы ес ұғым болады да, біреуі дінге керек іс ұғым болады. 3. Зейін табиғаты — табиғат құбылысын тану жағына жұмсалып, табиғаттың түрлі заңдарын тауып, қасиеттерін біліп, әбден көз жеткенде пайда болатын ұғым жүйесі — ғылым деп аталады. Ғылымның түрі толып жатыр, оның бәрін мұнда баяндау сөз мәселесінің ісі емес. 4. Зейін әлеумет мәселесіне жұмсалып, әлеумет ісіне жол сілтегенде, көсемдік ұғым жүйесі пайда болады. 5. Зейін табылған білімді басқаларға үйрету жолына жұмсалғанда, үгіт-тәрбие ұғым жүйесі пайда болады. 6. Зейін басқаның ісін таразыға тартып, ұнамды, ұнамсызын тексергенде, сын ұғымының жүйесі пайда болады. Қара сөз деп осы ұғым жүйелерінен сөйлейтін әңгімелерді айтамыз. Ұғым жүйесінің табы — қара сөздің табы болады. Қара сөздің табынан түрін айыру керек. Тап жағынан бірге сөз түр жағынан бөлек кетуі ықтимал. Көптен бері көп жұртта қалыптанған түрлерін алғанда, қара сөз: 1. Әуезе. 2. Әліптеме. З.Байымдама болып үш салаға бөлінеді.
1.ӘУЕЗЕ
Болған оқиғадан бастан-аяқ болған түрінде, ретінше мезгілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру — әуезе болады. Әуезе ақпар мағынада — оның мысалы, шағын түрде айтқанда, мынау болады: Қосшыларды ұйымдастыру, ағарту жұмысы. Қалалық ұйымдарда жетіде бір рет, ел арасында айында екі рет жалпы жиналыс болып тұрады. Қала ішіндегі жиылыстар көңілдегідей, ел ішіндегілер онша болмайды. Жиылыста ұйымның мақсаты, ел ішіндегі залалды ғұрыптармен қалай күресу, өкімет жұмыстары, қосшы мүшелерінің шаруашылығын күшейту туралы мәселелер қойылып, түсініс берілді. Және қосшы ұйымына бұрын кіріп кеткен атқа мінер қуларды шығарып, тазалау туралы түсіндіріледі. Бірақ қулар да қарап тұрмайды: ұйымның кедей, малай мүшелерін өздеріне тартқылап, азғырып жүреді. Мұндайларды тамырымен құрытуға шара қолданудамыз. Ағарту жайына келсек, уйезде, қалада ұйым комитеті жанында оқу үйі клуб бар. «Қызыл шайхана» ашуға қаражат жоқтығынан аша алмай отырмыз. Бұдан былай мүшелердің сауатсыздығын жоюға уйездік оқу бөлімінен мұғалім сұрап мектеп ашпақшы болып жатыр. Бұдан басқа «Еңбекші қазақ», «Ақ жол» газеттерін алдырып, таратып тұрамыз. 25-жылғы қосшы мүшелерінің жарналары әлі жиналған жоқ. Жаңадан жинауға кірісіп жатыр. Мүшелік жарналары жиналмағандықтан уйездік аудандық комитетте қаражат ақша жоқ. Ақша жоқ болғандықтан болком, райком қызметкерлері айлық ақыларын ала алмай отыр. Соңғы кезде қосшы ұйымының қызметкерлері айлықтарын ала алмаған соң, қызметке де салақ болып кетті. Бұл кемшіліктерге аймақтық комитет шара қолданса екен.
«Еңбекші қазақ» 25-жыл, 412 сан»
Әуезе көбінесе үш тақтаға бөлінеді: 1. Мәлімдеу, 2. Мазмұндау. 3. Қорыту. Мәлімдеуде я уақиғаның алдында не болғаны айтылады, я айтушының уақиғадан қанша хабардар екендігі айтылады. Мазмұндауда уақиға қалай болып, қалай өткені айтылады. Қорытуында я уақиғадан шыққан нәтижесі (ақтығы) айтылады, я айтушының қарары айтылады. Ескерту: Әуезелердің бәрінде де айтылған үш тақта бола бермейді. Кейде жазушы тақталамай, уақиғаны бастан аяқ мазмұндайды да қояды.
Әуезе әңгімесінің айтатын түріне қарай бірнеше тарауға бөлінеді. Біреулері өткенді сөз қылғанда уақыт сарынымен айтады. Екіншілері уақыт сарынымен айтады да, үшіншілері біреуден біреуді туғызып, туыс сарынымен сөйлейді; кейбіреудің өз заманындағы болған уақиғасын сөйлегенде, кей өткен замандағы уақиғаның әңгімесін сөйлейді. Біреуі бір адамның өмірін яки мінезін әңгіме қылғанда, бүтін жұрттың өмірін яки мінезін әңгіме қылады. Сондықтан әуезелердің мынадай тараулары болады. 1. Шежіре, 2. Заман хат. 3. Өмірбаян. 4. Мінездеме. 5. Тарих. 6. Тарихи әңгіме. 1. Шежіре. Шежіре өткеннен дерек беретін сөздің бір түрі. Шежіреде уақиғадан гөрі өткендердің түсі, туысы көп айтылады. Сондықтан шежіре уақиға сарынымен емес, уақыт, туыс сарынымен айтылатын әуезе табына жатады. Шежіре болған уақиға жайынан сөйлесе, себебін, мәнісін айтпай тек болғанын айтады да қояды. Мәселен, қазақ жұртының өмірінде болған уақиғалардың түп себептері байласылмай көбінесе хандардың түсін, елдердің туысын көрсетіп тізген Шәкәрімнің «Қазақ әм хандар шежіресі» деген кітабындағы әңгіме шежіре болады. (Нұсқалықтың І нөмірін қара). Басқа жұрттардың да шежірелерінде уақиғаны жылдап тізгеннен басқа еш тәртіп болмайды. Ел шапқан мен қатын-бала шапқан әңгімесі қатар тұрады. Бір жерінде әңгімені қойылтып маңызды түрде айтса, екінші жерде сұйылтып, ұсақ-түйекті сөз қылады. Бір жерінде рас болған уақиғаны сөйлесе, екінші жерінде тек жұрт аузындағы әуезе болған өтірік-шынды әңгімелерді сөйлеп кетеді. Қазақта жазу болмаған себепті бұрыннан жазылып келген шежіре, түрлі әңгіме жоқ. Бірақ басқа жұрттардың шежірелерінде айтылатын сөздер сияқты әңгімелер қазақта да бар. «Орақ — Мамай», «Едіге», «Кенесарының Садығы» турасындағы ауызекі айтылатын әңгімелердің көбі-ақ өтірік-шыны аралас шежіренің сөздері сияқты. 2. Заман хат. Біреудің заманында болған тарихи уақиғадан яки өз ішінде болған істерден дерек беруі — заман хат деп аталады. Мәдени жұрттың адамында заманында болған көзге түсерлік уақиғаларды яки өз өмірінде ұшыраған зор істерді жазып, әңгіме ретінде тіркеп отыратын әдет болады. Заман хат шежіредей емес, тәртіпті, жүйелі келеді. Шежірені тек хат білетін адамдар құр тіркей беруге болады. Заман хатты оқымысты адамдар жазады. Сондықтан мұнда құр халық аузында әуезе болып жүрген дәлелсіз сөздер жазылмайды. Заман хатта уақиға уақыт сарынымен жазылмайды, іс сарынымен жазылады. Заман хатта боларлық бір кемшілік мынау: уақиғаны болған күйінше жазбай, жазушы өз көңілінің күйіне бояп, реңкін өзгертуге ықтимал. Олай ету уақиғаның дұрыстығына кемшілік келтіреді. Заман хат шынға жақын болу үшін жазушы өз көңілінің күйіне түспейтін яғни достыққа да, қастыққа да қарамайтын адам боларға тиіс. Ондай адам табиғаттан тысқарғы адам болмақ. Адам табиғаттан тысқары бола алмағандықтан заман хаттары көңіл күйінің әсерінен аман бола алмайды. Сонда да тарихқа беретін жемінің молдығынан заман хат өте құнды сөздер есебіне қосылады. Заман хат жазушы жазуына керек жемді я уақиғаның болып жатқан үстінен алып жазады, яки көп уақыт өткізіп уақиғада болған халдерді өзінің есіне алып жазады. Заман хат мағлұматы айтушының есіне алынып жазылғанда жат дерек деп айтылады. Заман хат болатын Абайдың қара сөздерінде бар. (Онан басқа заман хат болатын сөздерді нұсқалықтың 2-3 нөмірлерінен қара). Жат дерек болатын Шоқан турасындағы Потанин, Ядренцев сөздері және «Жазықсыз тамған қан» Торайғыр ұлының сөзі (Нұсқалықтың 4, 5,6 нөмірлерін қара). 3. Өмірбаян. Біреудің туғанынан бастап, өлгеніне шейінгі өмірін жазу, я айту өмірбаян болады. Өмірбаян жазудағы мақсат белгілі болған адамның өмірі қалай басталып, қандай күйде өткенін көрсету. Қандай тәрбиеде өсіп, қандай мінезде пайда болып, ол мінезі қандай істер істеуге себеп болғанын көрсету. Өмірбаян жемін белгілі адам турасындағы сипат қағаздардан алады. Білетін адамдардың ауыз айтуынан алады. Жазушы өз білетінін жазады. Өмір дерек ылғи сипатты мағлұматтардан құралған сөз болғандықтан нағыз рас әңгіме болып шығады. Мысалдар: Абылай, Абай, Ақан серінің өмірбаяндары (Нұсқалықтың 7,8,9 нөмірлерін қара). Өмірбаянын адамның өзі жазса, өз өмірбаяны деп аталады. Жай өмірбаяннан өз өмірбаянының айрылатын жері — адам өз ісіне өзі қазы, өзі сыншы бола алмайтындығынан, жай өмірбаяннан өз өмірбаянының инабаты кемірек болады. Мысал: Әбубәкірдің ауруынан қауіп етіп жазған өмірбаяны (27 жасына шейін), Сағынғалидың өз өмірбаяны (Нұсқалықтың 10,11 нөмірлерін қара). 4. Мінездеме. Адамның, елдің, жұрттың, таптың, ұлттың сырын, мінезін танып көрсету — мінездеме болады. Мінездеме өмірбаянның да, заман хатының да, тарихтың да ішіне бөлімі есебінде кіреді. Мінездеме заманның, дәуірдің халін де мінездеп көрсетеді. Адамды мінездегенде өмірбаянның бөлімі болып кіреді. Жұртты, ұлтты, заманды мінездегенде, тарихтың бөлімі болып кіреді. Өмірбаянның аяқ жағы ылғи мінездемеге айналып кетеді. Мәселен, Шоқанның жат дерегін, Абайдың, Ақан серінің өмірбаяндарын қарасақ, көп жерінде-ақ мінездемелері бар (Нұсқалықтың 4,5,8,9 нөмірлерін қара). 5. Тарих. Тарихты қазақша ұлы дерек деуге әуезе табына жатқызғанмен айғақты әуезе болады. Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы тарих. Тарихтың қызметі — бүгін адам баласының яки бүгін бір жұрттың, я бір таптың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту. Тарихтың мақсаты — бүтін адам баласының өмірі нендей табиғат заңымен өзгеретінін білу. Тарихшылар халық басынан кешкен түрлі уақиғалардың мағлұматын сымға тартқандай сынға салып, мінсіз етіп, дұрыстап өткізеді. Шежіре жазушылар естіген-білгенін сол қалпында, шикі түрінде тізеді. Тарихшылар құр естігенімен қанағаттанбай, рас, өтірігін тексеріп, расын ғана алады. Шежіре, заман хат, өмірбаян, мінездеме — бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер. Тарих олардың айтқанының бәрін ала бермейді. Аударып, ақтарып түрлі жағынан қарап, түрлі мағлұматтармен салыстырып, сипатталған мағлұматтардан ғана алады. Тарихшылардың мақсаты уақиғаның уақытын ғана көрсету, яки не түрде болған тысқы сиқын ғана көрсету емес, ол уақиғаның болуына нендей нәрселер, нендей уақиғалар себеп болғанын көрсетіп, ішкі мәнісімен де таныстыру. Тарих беретін дерегінің түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бүкіл адам баласы дүниеде қандай өмір шеккенін сөйлейтін тарих «Жалпы тарих» деп аталады. Адам мәдениет жүзінде жүрген жолдарын баяндайтын тарих «Мәдениет тарихы» деп аталады. Мәдениеттің түрлі тараулары «Тарих тармақтары» деп аталады. Мәселен, шаруа тарихы, өнер тарихы, дін тарихы, даналық тарихы, ғылым тарихы, әдебиет тарихы тағысын тағы сондай тарихтар. Жалқы тарихтар: түрік-монғол тарихы, қытай тарихы, Жапон тарихы және сондай бөлек-бөлек жұрттардың, ұлттардың тарихы. 6. Тарихи әңгіме. Тарих жүзінде белгілі адамдар, нәрселер, уақиғалар турасында сөйлейтін әуезелер тарихи әңгіме деп аталады. Тарихи әңгіме тек лақап әңгімеден мазмұнының шындығымен айрылады. Жұрт аңыз қылып айтып жүрген әңгімелердің өтірігі көп болады. Тарихи әңгіме тарих сипатына сүйенетін шын әңгіме болады. Мәселен: қазақ газетінде басылған «Әзірет Сұлтан», «Тұрғамбай датқа» турасындағы әңгімелер тарихи әңгіме болады (Нұсқалықтың 13,14 нөмірлерін қара).
2. ӘЛІПТЕМЕ (СУРЕТТЕУ)
Бір нәрсенің тұрпатын реттеп айтып, әлібін суреттеп шығару әліптеме болады. Дүниедегі түрлі нәрселердің, түрлі адамдардың, түрлі күйлердің бәрін де әліптеуге болады. Бірақ әліптемеде сөзбен суреттелетін табиғат жүзінде яки өнер жүзінде назар түсірерлік көрнекті нәрселер ғана.
1. Бір нәрсені әліптеуден бұрын сол нәрсенің өзін әбден анық тану керек, яғни көрнекті болып, назар түскендей не белгілері барын білу керек. Нәрсені әліптегенде оның ірілі-уақты белгілерінің бәрін түгендеу қажет емес; көрнекті көрсетерлік түрін, өзгеше белгілерін ғана айтуға керек. 2. Белгілерін бет-бетіне айтпай, өңіне, орнына үйлестіріп айтып, нәрсенің суретін ойқы-шойқы, қиқа-сиқа қылмай дұрыс тұрпаттап, адамның қиял саңлауына суреті өзіне ұқсап дәл түсерлік етіп шығару керек. 3. Тиісті жерінде нәрсенің көңілге еткен әсерін, нәрсенің адамға келтірер пайдасы бар-жоғын айтып жіберуге де болады.
Әуелі нәрсенің айқын тұрған сыртқы жағы әліптеледі. Сонан соң ішкі жағы айтылады. Нәрсенің жалпы түрінен бастап жалқылай айтып шығаруға болады. Я жалқы түрінен бастап жалпылай айтып шығаруға болады. Ескерту: Нәрсе уақытқа қарай әліптелетін болса, әліптеу тәртібі уақыт ретінше болады. Егерде нәрсе әліптегенде мезгілі бір, орындары түрлі-түрлі болса, онда әліптеу реті жазушының бастаған орнына қарайды. Егерде әліптеудің мезгілі де, мекені де бір болса, онда әліптеу реті нәрсенің ыңғайына, әліптеушінің назарына қарайды. Әліптеме мазмұнының кемдем жеріме» дендем жерін айыру керек. Дендем жері, нәрсенің өзін әліптеген жері болады. Кемдем жері әліптеуге алынған нәрсе мен басқа нәрселердің арасын әңгіме еткенде ұшырайтын жері.
Әліптеу көзделген мақсатқа қарай екі айрылады:
1. Пәнді әліптеу. 2. Сәнді әліптеу. 1. Пәнді әліптеу нәрсені пән мақсатымен алып, дәлдеп әліптеп сыр-сипатын дұрыс танытып, нәрсе туралы дұрыс ұғым беру үшін істеледі. Пәнді әліптеудің өзі екі түрлі болады: 1. Жалқылау әліптеу, 2. Жалпылау әліптеу. Жалқылай әліптегенде нәрсе дербес алынып, дара басы әліптеледі. Мұнда әліптеушінің назары нәрсенің өзгеден айрылатын айырықша әліптерінде болады. Жалпылай әліптегенде нәрсенің бүтін табы алынып, табына тиісті сипатпен әліптеледі. Мұнда әліптеушінің назары таптағы нәрсенің бәрінен табылатын белгілерінде болады (Нұсқалықтың 15,16,17 нөмірлерін қара). 2. Сәнді әліптеуде қандай белгілерін алу — әліптеушінің көздеген өз мақсаты бойынша болады. (Нұсқалықтың 18,19 нөмірлерін қара).
Жолаушы жүріп, дүние кезіп көрген жерінің, елінің әлібін, қалпын жазу — жол әліптемесі яки жолай деп аталады. Әліптемеге қатыспайтын әңгіме аз болады. Бірақ әңгімеде не әліптеме болып келетін түрлері бар. Соның бір түрі жол әліптемесі. Жол әліптемесінің әңгімесі әліптегенде түрлі нәрсені түрлі тарапынан әліптегендіктен пәлендей нәрсе тақырыпты сөйлейді деуге болмайды. Жол әліптемесінде нәрсені әліптеу реті ұшырау ретінше: алдымен ұшыраған алдында, соңынан ұшыраған соңында әліптеледі. Қияли жол әліптемесі деген әліптеменің бір түрі бар. Ондай әліптемелер жолаушының жазған сөзі емес, қиял кезуінің сөзі болады. Жазушы қиялын жолаушы жүргізіп, қиял көзімен көргенін сөйлейді. Ондай жол әліптемесі ғылым мағлұматын беру мақсатпен де жазылады. Қазақта қиялмен жазылған жол әліптемесі жоқ: жай жол әліптеме де аз (жай жол әліптеме мысалын нұсқалықтың 20 нөмірінен қара).
3. БАЙЫМДАМА (ЗЕЙІНДЕМЕ)
Көсе сөзбен жазылған шығарма бір пікірді қуаттап, толықтырып баяндаса, баяндауын түрлі сипаттармен дәлелдесе, ондай шығарма байымдама деп аталады. Әуезе әліптеме түрлі сөздермен дүние әңгімесі бітпейді. Әуеземен әліптеме дүниедегі жаратынды, жасатынды нәрселердің өздерімен, олардың әдістерімен, жай-күйлерімен ғана таныстырады. Дүниедегі нәрселердің барлығын, олардың қалай өмір шегетінін танумен білім тамам болмайды. Өйткені дүниедегі нәрселердің бәрі сабақтас, іліктес, құрмалас; ол сабақтас, іліктес, әм құрмаластығы белгілі себептер бойынша болып, себеп жүзіндегі белгілі бір заңға мойынсұнып сол заңның жолынан бұрылмайды. Ол заң табиғат заңы: ол заң жолы табиғат заңының жолы, нәрселер арасында қандай сабақтастық, іліктестік, құрмаластық бар екенін ашу жағын, олардың бар болуы қандай себептермен, қандай заң бойынша екендігін айыру жағын байымдап, ғалым адамдардың шығарған сөздері пән шығарма деп аталады. Пән шығарманың асылы байымдама болады: сондықтан пән шығарманың жалпы аты да байымдама болады.
1. Бастамасы. 2. Ұсынбасы. 3. Баяндамасы. 4. Қорытпасы. Бастамасында әңгіме болатын нәрсе туралы басқалар тарапынан айтылған пікірлер барлығын я жоқтығын айтады. Оны айтпай бастауға да жазушы ықтиярлы. Сондықтан бастаманы қалай бастау жазушының ықтиярында десек те болады. Ұсынбасында әңгіме болатын пікірмен таныстырады. Баяндамасында алынған нәрсе баяндалады; оның турасында айтылған пікірлерге дәлелдер, сипаттар келтіріледі. Қорытпасында айтылған пікірлердің я маңызы қайта айтылады; я пікірлерден шыққан нәтиже айтылады. Пікірді мәністеу, дәлелдеу, сипаттау баяндамасында болатындықтан — баяндама байымдаманың нағыз дендем бөлімі болады. Сипаттау түрлі болады: 1. Мәністеп, дәлелдеп сипаттау бар; 2. Керек пікірді яки нәрсені басқа соған ұқсас нәрселермен салыстырып сипаттау бар, 3. Керек қостайтын, қуаттайтын мысалдар келтіріп сипаттау бар. 4. Белгілі адамдардың айтқан я жазған пәтуаларын келтіріп сипаттау бар. 5. Қаралатын пікірге қарсы пікірдің нашарлығын яки қаталығын көрсетіп сипаттау бар.
Байымдама әдісі екі түрлі: 1. Негізгі пікірді шығарманың басында айтып, оны қуаттайтын пікірді соңынан келтіру бар, яғни әуелі жалпы пікірді айтып алып, оны бөлекей пікірлермен қуаттап байымдау бар: бұл жалқылау әдісі болады. 2. Әуелі бөлекей пікірлерді айтып, жалпы пікірді солардың дәлелдерімен қуаттап байымдау бар. Бұл жалпылау әдіс болады. Ойлау оңтайы да екі түрлі: 1. Айырыңқы оңтай. 2. Жиылыңқы оңтай. Талдама оңтай — нәрсені бұтарлап, мүшелеп, ұсақтай түсіндіргенде қолданатын оңтай. Терме оңтай — нәрсенің мүшесін жинастыра, құрастыра, іріктей түсіндіргенде қолданылатын оңтай (Байымдама мысалдарын нұсқалықтың 20,21,22,23 нөмірлерінен қара).
Қара сөз байымдаманың қатыспайтын шығармасы болмайды. Әуезе әліптеме, байымдама деп жіктерін бөлектеп көрсеткенімізбен, әуезе әліптеменің қайсысына болса байымдау кіріспей тұрмайды. Сондықтан байымдама түрлерін көрсеткенде, байымдама жағы басым шығармалардың түрлерін ғана көрсетуге болады. Байымдау жағы басым шығармалар толып жатыр. Оларды негізгі ұлы белгілермен айырғанда мыналар болады: 1. Пән (ғылым). 2. Сын. 3. Шешен сөз. 4. Көсем сөз. жалаң сөз деп айтылады. Қара сөздің сынында пікір дұрыстығы, істің растық жағы тексерілсе, көркем сөздің сынында пікір дұрыстығының үстіне пікірге берілген сурет, сұлулық жағы да тексеріледі. Көркем сөзді әрі сүлде, әрі сурет — екі жағынан да тексеруге тиіс болғандықтан оның сынын да мынадай сұраулар боларға керек. 1. Тұрмыстың қай жағын алып сөз қылған? Мазмұны дұрыс па? Яғни өмірде ондай қалып ұшырай ма? Яки ұшырауға мүмкін бе? Өмірде болатын қалып болса неден болады; неден болатын себебін біліп айтқан ба? Адам баласының бәрінде боларлық қалып па, белгілі бір табында ғана боларлық қалып па? Мұрат қалып па? Кейіп қалып па? Бұл шығарманың сүлде жағының сыны. Сурет жағының сынында сұраулар мынау түрде болмақ. 2. Көркем сөз табына шын қосыларлық сөз бе? Қиял жасаған тұрпаттар, ойдан үйлестірілген уақиғалар пікір санасына тура келіп, дұрыс суреттеп, өңдендіріп көрсете ала ма? Тілі өрнекті ме? Әуезді ме? Лұғаты таза ма? Анық па? Қысқасы, ойды өрнектеп, көрнектеп, суреттеп көрсеткендей тілінде шеберлік бар ма? Екінші сөзбен айтқанда: ақылдың аңдағанын, қиялдың меңзегенін, көңілдің түйгенін тілі дұрыс жеткізе алған ба? Манағының бәрін қорытып айтсақ, асылында көркем сөзде екі тысқы, екі ішкі сын болады. Тысқы сындар: 1. Тілінің, лұғатының сыны, яғни тілінің дұрыстығы, анықтығы, тазалығы, дәлдігі, көрнектілігі, әуезділігі, өрнектілігі жағының сыны. 2. Суретінің сыны: кестесін келтіріп, ұнасымды түрде үйлестіріп, суреттеуінің сыны. Ішкі сындар: 1. Алынған мінез, айтылған қылық, көрсетілген қалып, жан жүйесінің жөнімен қарағанда дұрыс бүгіп шығу, шықпауының сыны. 2. Өмір жүзінде айтылған нәрсенің болатындығының себебін дұрыс көрсеткен-көрсетпегенінің, адам қауымындағы қалып түзелу жағына әсер етерлік (пайда-зиян келтірерлік) қуаты бар-жоғының сыны. Көркем сөзді сынағанда, әдебиет түрінің осы төртеуі түгел жұмсалады. (Сын мысалдарын нұсқалықтың 24,25,26,27 нөмірлерінен қара).
Шешен сөз қара сөз шығармалардың бөлекей бір түрі емес, бұ да байымдама болады. Мұның байымдамадан бөлектенетін жері мынау ғана: Байымдамада жазушының пікірі негізгі пікірін баяндап, түрлі дәлелдермен сипаттап, анық түсіндіріп беру. Шешен сөзде айтушының мақсаты баяндап, сипаттап түсіндірумен қоймай, пікіріне нандыру, сендіру, ұйыту, бұйыту, иман келтіру болады. Оны істеу үшін шешендер жай байымдаушыларша айтқан сөзі адамның ақылына қону жағын ғана көздемейді. Сөз қанға, жанға әсер етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да балқытып билеп алып кетуге ыждаһат етеді. Сондықтан шешен сөздің «қыздырма» яки «қоздырма»2 деген айрықша бөлімі болады. Оның қызметі адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру. Шешен сөздің бұл бөлімі пікірді дәлелдеп, сипаттап, мәністеп болғаннан кейін келеді. Өйткені пікірді баяндап, түсіндіріп, дәлдеп, сипаттап ақыл жағы қанағаттанғаннан кейін жүрек жағына әсер етіп, бойын балқыту жеңіл болады. Осы айтылған мақсаттарға қарай шешен сөздің тілі уытты, лепті, әсерлі, қанды қайнатып, жүрек тулатып, естен айырып, ерікті алып кететін күшті, көрнекті, сәнді, мәнді тіл болады. Шешен сөздің зор мүшелері бесеу: 1. Бастамасы. 2. Ұсынбасы. 3. Мазмұндамасы. 4. Қыздырмасы. 5. Қорытпасы.
Шешен сөздер бес түрлі болады: а) Шешендер жиынды аузына қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығарту мақсатпен сөйлегенде — саясат шен сөзі деп аталады. б) Шешендер сотта айыпкер адамдарды ақтау, я қаралау мақсатпен сөйлеп, сот билігіне әсер ету үшін айтқан сөздері — билік шешен сөзі деп аталады. в) Біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып, қошаметтеп сөйлеген шешеннің сөзі — қошемет шешен сөзі деп аталады. г) Білімділердің, ғалымдардың пән мазмұнды сөйлегені — білімір шешен сөзі деп аталады. ж) Дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі — уағыз деп аталады. (Шешен сөзі мысалдарын нұсқалықтың 28,29 нөмірінен қара).
Көсем сөз шешен сөз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатпен шығарылатын сөз. Шешен сөзден мұның айрылатын жері — шешен сөз ауыз айтылады, көсем сөз жазумен айтылады. Көсем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталады. Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мұрындық болып, істеу ыждағатымен айтылады. Әлеумет, шаруалық, қазыналық, мектептік, соттық, саясаттық тағысын тағы сондай қоғамшылық істерін түзеу, жаңалау, өзгерту керек болған кезінде халықты соған көсем сөз арқылы ұйытып, көбінің миына қондырып, көңіліне сіңіреді. Көсем сөз күндегі мәселе жайын сөйлейтін сөз болған соң, кезіндегі шығып тұрған газет-журнал жүзінде шығады. Көсем сөз әлеуметке басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтан жұрт ісіне мәні зор болады. Басшылығы дұрыс болса, әлеуметті түзейді, теріс басшылық қылса, әлеуметті адастырады. Солай болған соң көсем сөз жазып, әлеуметке басшылық қылатын адам көпті көрген көсем, білімді адам боларға керек. Әйтпесе дүмше молда сияқты көбі көсемдік қыламын деп әлеуметті адастырып, пайда орнына зиян келтірмек. (Көсем сөз мысалдарын нұсқалықтың 30,31 нөмірлерінен қара).
ІІ
ДАРЫНДЫ СӨЗ
Дарынды сөз деп ақын тілді шығармаларды айтатынымыз алдыңғы баптарда айтылған сөздерден мәлім болғандықтан, мұнда қайта баяндаудың қажеті жоқ. Қара сөз көбінесе ғалымдардың, шешендердің сөзі болатындығы қара сөз түрлерінен анық көрінді. Дарынды сөз олай емес, ақындардың, арқалылардың сөзі болады. Ақындар ғалымдар сияқты болған уақиғаны яки нәрсені болған күйінде, тұрған қалпында бұлжытпастан айтып, дұрыс мағлұмат беріп, қақиқаттауға тырыспайды. Тұрған нәрсе тұрған күйінде, болған уақиға болған күйінде ақынға өте үйреншікті, жай қалыпты жабайы көрінеді. Оның бәрін ақындар өз көңілінше түйіп, өз ойынша жорып, өз ұйғаруынша суреттеп көрсетеді. Сол өзі ұйғарған түріндегі ғаламды сөзбен көрсетуге бар өнерін, шеберлігін жұмсайды. Сөйтіп шығарған сөзі көркем сөзді шығарма болады. Оны шығаруға жұмсайтын өнердің аты ақындық болады. Ақындықтан шыққан сөзді яғни көркем лебізді шығармаларды, үлгілі жұрттар айтылуына қарай үшке бөледі: 1. Әуезеленіп айтылуына қарай. 2. Толғанып айтылуына қарай, 3. Ғамалдап айтылуына қарай. Бұлайша болу қазақтың жазба әдебиетінің түрлеріне келсе де ауыз әдебиетінің түрлеріне келмейді. Сондықтан қазақ ауыз әдебиетінің шығармалары айтылу түріне қарай бөлінбей, тұтыну орнына қарай бөлінеді. Осылай бөлінбесе, ауыз әдебиетінің сөздерінің көбі жоғарғы айтылған үш салаға үйлеспей, далада қалып қояды. Ауыз шығармаларды сөз қылғанда, көркем сөзді шығармаларды ғана сөз қыламыз. Қазақ ауыз әдебиетінде көсе сөзді шығармалар жоқ. Неге болмайтындығын азырақ айтып, түсіндіріп өту қажет болады. Жазу-сызу жоқ жұртта көсе сөзді шығармалар болмайды. Себебі жазу-сызу жоқ жұртта өнер-ғылым болмайды. Ғылым дегеніміз дүниені, яғни табиғатты дұрыс тану. Ғылым жоқ болса, дүниені тану дұрыс болмайды. Дүниені дұрыс танымаған соң, дүние турасындағы мағлұмат жиысатын сана-саңлауы дұрыс болмаған соң, табиғаттың күшін, ісін, қасиетін бұрынғылар теріс танып, теріс әуезе қылған. Сондықтан бұрынғылардың ертегі сияқты, ертегі жырлар сияқты шығарған сөздері біздерге шып-шылғи өтірік көрініп, біздің ақыл арнамызға жуыспайды. Қай халықтың да болса, жазу-сызу білмеген заманы болған. Сондықтан ертегі сияқты өтірік сөздер қай халықта да болса бар. Әдебиет сөзін тәртіптеп тапқа бөлу керек. Жұртынан шыққан олар ауыз сөзді де айтылу түріне қарай негіздік үш тапқа бөлген: 1. Әуезе. 2. Толғау. 3. Айтыс. Не үшін олай бөлген мәнісі әр табын бас-басына баяндағаннан көрінбекші.
1.ӘУЕЗЕ
Әуезелеуші айтатын сөзіне өзін қыстырмай, өзінен тысқары ғаламда болған істі әңгіме қылады. Ескерту: тысқарғы ғалам деудің мәнісі адамда екі ғалам болады — ішкі ғалам, тысқы ғалам.Ақыл көңіл, қиял сияқты адамның рухына қараған жағы — ішкі ғалам болады да, онан басқалары — басқа адамдар, мақлұқтар, нәрселер, бүтін дүние тысқы ғалам болады.Әуезе тысқы ғалам турасындағы сөз. Ақын әуезе түрінде сөйлегенде уақиғаның ішінде өзі болып, басынан кешірген адамша сөйлемей, тек сыртта тұрып бақылап, уақиғаға көз салған адамша, хатта біреуден естіген адамша айтады. Уақиғаны бұлайша түрде айтып көрсету — тысқарғы түрде айту болады. Сондықтан әуезе көркем сөздің тысқарғы түрлісі болады. Бірақ әуезеге алынған уақиға болғандықтан және де ол уақиға айтушы өзінше көрік беріп, шығарғандығы сөзі әуезе болады.
2. ТОЛҒАУ
Толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін-мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды. Екінші ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халын түсіндіру мақсатпен толғайды. Толғау қысқасынан айтқанда іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі, ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып, толғай алуда. Әуезі тысқарғы ғаламның жыры, толғау ішкергі ғаламның күйі деп екі айырғанымызбен, екі ғаламның ісінің арасында зор іліктік бар нәрсені танығанда, сол тануымыздың өзі екі жақты болатындығы жоғарыда «Қара сөз», «Дарынды сөз» деген бапта айтылды. Әр нәрсені саңлап, санамызға алған уақытта ол нәрселер турасындағы ұғымдарымызға көңіл кіріспей тұрмайды. Адам дүниедегі көрген-білген нәрселерін тек байқап, тек пікірлеп, тек саңлаулап қана қоймайды. Ол нәрселермен қатар адамның көңіліне күй де жасалады. Адам көрген-білген нәрсенің я ісінің біріне күйінеді, біріне сүйінеді, бірінен сескенеді, бірінен шошынады. Сезіліп тұрған тысқарғы ғаламмен, сезіп тұрған ішкергі ғаламның екі арасы санаға келіп түйіскен жерде жыртылып айрылғысыз болып бірігеді. Тысқарғы ғаламнан санаға түскен саңлау мен сана жанында тұрған көңілдің күйін бір-біріне қатыстырмай бөлектеп қоюға мүмкін емес. Адамның санасы фотография (сүгірет машинасы) емес, нәрсенің тұрпатын ғана түсіріп қоятын нәрсенің саңлауы келіп адамның санасына түскенде, адамның ойын да, көңілін де бірдей оятады. Адамның көңілін оятпаған нәрсе тіпті сезілмей дерексіз өтеді. Бірақ адамның ілтипаты тысқарғы ғаламға, бірде ішкергі ғаламға көбірек ауатын орындары болады. Кейде тысқарғы нәрсе өте қорқытса, яки өте қуантса, я болмаса өте тамаша күйде болып таңдандырса, адамның ісін алып, ілтипатын өзіне аударып кетеді. Кейде қайта адам өз ойы, өз қиялы, өз көңілінің күйімен болып, айналасындағы болып жатқан уақиғаларды, істеліп жатқан істерді, тамашалы тысқарғы ғаламды байқамай қалады. Бұл адамның ілтипатын тысқары ғаламнан ішкергі ғалам аударып алып кеткен уақытта болады. Ондай адамдардың көбі ілтипатын көбінесе ішкі ғалам жағына салатын адамдар болады. Кейде тысқары, ішкергі екі ғаламның да күші бірдей болып, ілтипатымызды бірдей түсіреді. Мәселен, бір нәрсе, яки іс қандай көркем, әдемі болса, сондай оған сүйінеміз. Қанша сүйкімсіз жаман болса, сонша жек көреміз. Сөйтіп, манағыдан бергі айтылған сөздердің қорытуы мынау болады. Ертек тысқарғы ғаламның жыры деп, толғау ішкергі ғаламның күйі деп екі бөлгенімізде, тіпті сорпасы қосылмайтын бөлектік бар деп ұқпасқа керек.
Айтысқанда екі күрескен балуандар сияқты, бірін-бірі аңдиды, бірін-бірі бағады. Күрескендегі бірін-бірі жығу үшін істейтін әдіс-амалдарды, тәсілдерді мұнда да істейді. Айтысқанда жай сөзбен айтыспай, өлеңмен айтысады. Сондықтан өлеңмен ғана айтысу — айтыс деп аталады. Өлеңсіз айтыстың аты әзіл-ерегіс болады. Бәлки өлең айтыс та о басында әзілден, ерегістен шыққан болар. Бірақ бұл күнде айтыс деп өлең түріндегісі ғана айтылады. Айтыс өлеңді сөз болған соң оған ақындық керек. Ақындықтың үстіне әдіс керек. Күрескенде күшке әдіс серік болу сияқты айтысқанда ақындыққа да әдіс серік болады. Әдісі жоқ әйдік ақынды әдісті анау-мынау ақын жеңіп кетуі мүмкін. Айтысқанда түрлі нәрселер жайынан сөйлеп, бірін-бірі тосуға тырысады. Көбінесе бірінің-бірі басындағы, еліндегі, жұртындағы міндерін айтып тоспақшы болады. Айтыстың бұл жағының әлеумет алдында пайдасы зор. Адамның, елдің, жұрттың басындағы келіссіз ғамалдарын, мінездерін айтып көрсету, халықтың құлқын түзеуге зор пайдасы тиетін нәрсе. Мұнысын байқағаннан кейін айтыс екінші түрге түсе бастаған. Айтыс бастапқы кезде шын екі ақынның айтысқаны болса да, соңғы кезде айтысты ақындар өз ойынан шығаратын болған. Яғни бір ақын екі ақынның айтысқаны қылып, екі жағының да сөзін өзі шығаратын болған. Сөйтіп айтыс шын айтыс емес, тек шығарманың түрі болуға айналған. Адамның, елдің яки бүкіл жұрттың келіссіз істерін, мінездерін, пиғылдарын айтқысы келсе, ақындар өз атынан айтпай, айтысқан ақындардың сөзі қылып шығаратын болған. Ондай айтыстырып шығарған сөздерді соңғы кездерде екі ақынның өзіне екі адам айтысқан сияқты болып, бара-бара айтыс өлеңде айтылатын келіссіз істерді, мінездерді алаң ауданда істетіп көрсететіндер болды. Онан әрі бара-бара осы күнгі ойналатын түрлі алаң алданышы болып шығар еді. Алдындағы көрсетілетін істерге алаң алданышы деп ат қоюда мәніс бар: оңдағы көретініміз өмірдің өзі емес, тек түрі; сәулесі айнаға түскен сияқты алаңға өмірдің өзі түспей, сәулесі ғана түседі. Алаң айнасына түсіріп көрсететін көбінесе өмір жүзінде, адам арасында болатын ұрыс-керіс, талас-тартыс, алыс-жұлыс, қуаныш-қайғы сияқты түрлі халдар болған себепті сөз өнерінің бір түрі Европа тілінде тек «Айтыс» мағынада емес, «Айтыс-тартыс, арпалыс» мағынада ұғылады. Біздің қазақ Европа әдебиетінен үлгі алмай, әдебиетін өз бетімен жетілдіргенде, қазақтың айтыс өлеңдері алаңға түсе-түсе барып, алаң алданышына айналып, айтыс-тартыс түрге түсетіні даусыз еді. Үлгіні өзге жұрттан алғандықтан алаң әдебиеті бізде төтеннен шығып қалды. Әуезе, толғау, айтыс-тартыс үшеуінің кәрісі — әуезе, ортаншысы — толғау, кішісі — айтыс-тартыс. Айтыс қазақта ауыз әдебиет түрінде болғанмен айтыс-тартыс түріндегі сөздер басқа жұрттарда жазу-сызу, өнер-ғылым шыққан уақытта пайда болған. Шын айтыстар емес, шығарма айтыстар қазақта да соңғы кезде шыққан. Асылында айтыс-тартыс түрлі шығарма ауыз әдебиетінде жоқ.
Жер жүзіндегі жұрттардың түріндегі шығармалары бір-біріне көбінесе ұқсас келеді. Ондай ұқсас болатын себебі: олар шыққан заманда халықтың бәрінің бір ананың қолында өскен балалар сияқты көргені, өнегесі, үлгісі бір болған. Ол уақытта қай халықтың да болса, табиғат бауырында болып, табиғат тауқыметінде тұрып, табиғат қабағына қарап, өмір шеккен. Ол заманда адам табиғат ісіне өзгеше қарап, табиғат күшін өзгеше ұғып, бәріне өзінше мағына берген. Ол уақыттағы адамның санасын, саңлауын шамалап білгіміз келсе, бала күйге қайта түсуіміз керек. Сонда ғана дәу пері, жез тырнақ, жалмауыз кемпір тағысын-тағылар жайынан айтылған ертегілерге ойымыз ұйып, бойымыз балқып, тыңдайтын дәрежеге жете аламыз. Халықтардың басынан өткізген анайылық шағы — біздің балалық шағымыз мысалды. Балалықтан шыққан адамға қайтадан балалық күйге түсуге қандай мүмкін емес болса, анайылық күйден шыққан халықтарға, анайылықтан туған нәрсеге ден қойып, иман келтіру мүмкін емес. Сондықтан бұрынғылардың анайы күйдегі шығарған ертектері, ертегі сияқты әңгімелері, анайы күйден өтіп кеткен. Бұл замандағы адамдардың көңіліне әсер етіп, бойын балқытып, ойын ұйыта алмайды. Бұл сияқты сөздер заманында осы күнгі асқан ақындардың сөзінен де күштірек адамға әсер етіп, бойын, ойын алып, қанын қайнатып, жүрегін аттай тулатқан әңгімелер шығар. Ол әсерін бірақ бұл күнде көрсете алмайды. Өйткені бұл күнгінің адамы ол күнгінің адамындай емес, ол күнгінің адамы табиғат заңын білмей, сырын танымай, табиғатта жоқ қасиетті бар деп білген. Кереметсіз нәрсені кереметті деп білген. Қысқасы, мәнісін біле алмаған; табиғат ісінің бәрін кереметке жори берген. Мұның аты жоққа илану болады. Ол күндегілерге керемет көрінген нәрселердің бұл күнде алдауыш пердесі алынып, сыры білініп, сыриып шыны ғана қалды. Күннің тұтылғаны қазаққа қанша қорқыныш кіргізіп, тасаттық бергізіп, қанша қой сойғызып әурелеуші еді. Бұл шақта күн тұтылуы отбасындағы құманның отты көлеңкелегені сияқты ғана нәрсе болып шықты. Дауыл соғып бұрқырап, бір нәрсе ашуланған сияқты болып, дүрілдеп, күрілдеп, көкті күркіретіп, тасырлатып, бұлттарды дүркіретіп айдап, найзағайды жарқылдатып, әуені тітіретіп, дірілдетіп, жапырып жоқ қылатындай дауылдар, жауындар болады. Табиғат бауырынан шықпаған, есі кіріп жетпеген, жас балалар сияқты ақылы еніп жетпеген алғашқы адамдардың көңіліне жол сияқты әлеуметтер қандай қорқыныш кіргізбек. Қалайша мұны бір құдіреті күшті, керемет иесі нәрсе деп танымасқа? Ол күндегі адамдар түгіл күні кеше осы күнгі адамдардың көбі, молдалардың айтуымен, күн күркіреуін періштелердің бұлтқа айқайлағаны деп, найзағайды періштелердің шайтанды атқаны деп түсініп жүрген жоқ па еді? Бұл күнде бұрын керемет көрінген нәрсенің пердесі алынып, беті ашылып, пердесі көрініп, күн күркіреуі, найзағай ойнау кереметтен түк жоқ, құр «электр» болып шыққан жоқ па? Бұл электрді өнер-білімі бар жұрттар от пен су сияқты пайдаланып отырған жоқ па? Күн күркіреуін періште дауысына жору сияқты, найзағай ойнауын шайтанды атқанға ұйғару сияқты, табиғат ісін танымай басқаға ұйғару, басқаға таңу бұрын көп болған. Сондықтан ғаламда жоқ адамда ғана бар, яғни адамның қиялында орын алған нәрселер бұрынғы заманда көп болған. Жалмауыз кемпір, жез тырнақ, өбір үйі, жын, пері, албасты, марту сияқты нәрселер дүниеде жоқ, адамның қиялында ғана болған нәрселер. Өнер-білім болмағандықтан ол күндегі адам табиғатқа қожалық қыла алмаған, табиғат сырын біле алмаған. Табиғат күшінің көбі бір керемет болып көрініп, дүние неше түрлі құдайлардың, перілердің, періштелердің, шайтандардың, жындардың быжынап жатқан қордасы, ұясы секілді көрініп, көңіліне қорқыныш кіргізген себепті, алғашқы адамдар табиғат алдында қол қусырып, құлдық қып, бас ұрумен болған. Күркіреген күннің, дүрілдеген желдің, бұрқыраған дауылдың, зырқыраған құйынның әр қайсысының істеуші иесі бар, құдайы бар деп ойлаған. Күлімдеп күнде көз салып, күйін-жайын көріп, жарық беріп жадыратып, жылылық беріп маужыратып, мәз қылып отыратын «Күн құдайды» қара әбілет басып, қараңғыласа қауіптенген, қайғырған, бір дүкіртке ұшырады деп білген. Қыс деген әбілет келгенде күннің күші азайып, ауырғандай болып әлсірейді. Дүниедегі нәрселердің бәрі қысылады, мұздайды, қатады, түсі қашып, өлік сияқты жатады. Күн жазыла бастағанда жаз болады, бәрі жадырайды. Жазылады, көгереді, көркейеді. Сөйтіп қыс пен жаздың болуын «Күн құдайдың» әлсіреуі, күшеюінен болады деп білген. Күннің тұтылуын айдың тасалауы демей, қаптаған бір қара бәле деп білген. Адам анайы шағында бала сияқты жанды, жансыз нәрсені айырмаған. Жандысы да, жансызы да бірдей тіршілік ететін бірдей өмір сүретін сияқты көрінген. Қуыршағын, басқа ойыншық нәрселерін жанды нәрседей көретін балалар сияқты болған. Табиғаттан ұзап кеткен жері болмаған соң адамның өзі де табиғатпен қатар, табиғатпен жалғас, сабақтас, өзектес сияқты күйде өмір шеккен, жансыз нәрселерді жанды деп таныған. Ол заманның адамы өлімді өлу деп білмеген. Өлгенін тірісіндей көрген. Қару-жарақ сияқты тұтынған нәрселерін өзімен бірге қойған, ішуге тамақ қалдырған. Қайратты адамдар тірісінде елді қорғап, қысылған, қиналған жерде ақылымен, айласымен я болмаса, қайратымен құтқарған болса, ондай адамдардың өлгенде де жәрдемі тиеді деп ойлаған. Сондықтан қысылған, қиналған шақта аруағын шақырған. Бәрі жору, жорамалдау, ұйғару айналасында болып, нәрсенің сырын тану, шынына жету жоқ болып, ақыл жағы күшеймей, қиял жағы күшейіп, анайы заманның адамының ақылы нашар, қиялы күшті болған. Қиял ісін сынға салып тексеретін ақылы аз болған соң қиялдаудың шеті, шегі болмаған. Адамның анайы шағындағы шығармалары орасан қияли, орасан кереметі көп, расы аз түрде айтылған. Анайы заманда адам бұл заманнан көрі де күшті көбірек сыйлап, күшке көбірек бағынған. Көріктің пұлы болмаған. Сондықтан күшті болған нәрселердің бәрін де құдай деп білген. Адамнан қадірлеп, құдайдай көретіндері батырлар болған. Батырлары елінің қорғаны болған. Табиғат жауын да, адам жауын да қағысқан жерде батыры күшімен, ісімен мұқатқан. Ондай адамдарын құдайдай құрметтеп, батырлығын, қайратын жыр қылып аузынан тастамай, үлкенге өнеге, кішіге үлгі еткен. Ол жырларын бас қосқан жерде айтатын адамдары жыршы деп атанған. Жырлар — жыршылардың аузында елден елге, нәсілден нәсілге, заманнан заманға кеткен, ол заманда жазу-сызу жоқ. Жыршыдан жыршы жатқа үйренген себепті жырлар ауыздан ауызға көшкен, қиялдан қиялға түскен. Әр жыршы өз ойынша, өз қиялынша өң берген, өз қиялынша көпірткен, көркейткен. Сөйтіп өзгеріс кіріп, көбінің өрісі кеңіп, өресі ұзарған. Батырларға адам баласына бітпейтін қайрат, адам қолынан келмейтін іс ұйғарылып, артықша қасиет, керемет таңылып, құдай болмаса да соған жақын бір нәрсе болып, құдайлар мен батырларының арасында жік қалып жарымаған. Ақыннан шыққан сөз жыршыдан жыршыға көшіп жүріп, өзгеріп те болған. Шығарған ақындарын да жоғалтқан батырлар жыры бір адамның сөзі болудан шығып, мың адамдікі, жұрттікі, ұлттікі болып кеткен. Мәселен, «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» сияқты батырлар жыры «Қара батыр», «Қара қылыш» сияқты ертегілер ауыздан-ауызға көшіп, талай заманның түрінше түрленіп, халықтың салтымен, сарынымен бірге өзгеріп, ақынның атын, сөзінің байырғы белгісін жоғалтып, қазақ сөзі ғана болып келіп тұр. Мұндай сөздерге қазақтан басқа ие жоқ, хатта ертек сияқты сөздердің сүлдесі басқа жұрттан алынып, жыршылар аузында екінші жұрттың салтына, сарынына салынып кеткен болуы да ықтимал. Ертегі сияқты ескі сөздердің бір адамнан шыққанын білу түгіл, белгілі бір халықтан шықты деп айтуға да қиын. Ондай сөздер айтып жүрген халықтың өз шығармасы болуға да, болмауға да ықтимал. Сөз ішіндегі адамдардың жүріс-тұрысы, мінезі өзіне сәйкес келгендіктен әр халық өзінікі деп біледі. Сәйкес келу себебі ауыздан-ауызға көшкенде әркім өзінше өң беріп, өз заманының салтына, сарынына түсіргендіктен. Бұл сияқты сөздер көптің аузынан өтіп, көп өзгеріс көріп, алғашқы шығарған ақыннан түк белгі қалмағандықтан халық әдебиеті деп аталады. Жоғарыда айтылған мәністер мен шығармалар екіге бөлінеді: 1. Ауыз шығарма. 2. Жазба шығарма. Жазу-сызу, өнер-ғылым жоқ анайы халықтарда жазба шығарма болмайды. Ондай халықтардың асыл сөздері анайы тілмен айтылған ауыз шығармалар болады. Сондықтан ондай асыл сөздер ауыз әдебиет яки анайы әдебиет деп аталады. Жазу-сызу, өнер-ғылымы бар мәдениетті жұрттар асыл сөздерін сыпайы тілмен жазып шығарады. Сондықтан олардың шығармалары жазу әдебиет яки сыпайы әдебиет деп аталады. Қай халықтың да болса жазу-сызу, өнер-ғылым білмеген шағы болған. Сондықтан анайы әдебиет халықтың бәрінде де болады. Сыпайы әдебиет жазу-сызу, өнер-ғылым жемісінен дәм татқан жұрттарда ғана болады. Ауыз шығарманы (анайы әдебиетті) ауыз сөз деп қана атап; жазба шығарманы сыпайы әдебиетті ғана әдебиет деп танушылар бар. Бірақ қалай да асыл сөздің бәрі де тілдегі әдебиет есебінде жүріледі. Қай тілдегі әдебиетті болса да сөз қылғанда, шығармаларын сөз қылмай өтпейді. Сөйлеу жүйесінің мақсаты сөйлеу жүйелерін білдіріп, анайы тілдегі асыл сөздердің түрлерімен таныстырып, сөзден нендей нәрселер жасап шығаруға болатындығын көрсету. Сондықтан сөйлеу жүйелерін білдіргеннен кейін қазақтың анайы әдебиетінен бастап тілдегі бар шығармалардың түрлерімен таныстыру қажет болады.
АУЫЗ ӘДЕБИЕТ
Қазақ ауыз әдебиеті жұмсалатын орнына қарай әуелі екі салаға бөлінеді: 1. Сауықтама, 2. Сарындама. Сауықтама саласына барша сауық үшін айтылатын сөздер кіреді. Сарындама саласына жұрттағы келе жатқан салт-сарынымен айтылатын сөздер кіреді. Ол салалардың әрқайсысы тарауға, тараулары тармаққа, бұтаққа бөлінеді. Сауықтама екі тарау болады: 1. Ермектеме. 2. Зауықтама. 1.Сауықтама (Сауық сөз) саласы. 1. Ермектеме деп ермек үшін сөйленетін сөздер айтылады. Мәселен ертегі, ертексімек, аңыз әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш сияқты сөздер. 1. Ертегі. Ертегі қиялмен қисынын келтіріп, қызықты ету мақсатпен шығарған әңгімелер. Ертегінің ішіндегі уақиғалар, уақиғаға қатысқан нәрселердің көбі дүниеде жоқ, қиялдағы уақиғалар мен нәрселер болады. Сондықтан әдебиет тарихшылары ертегілерді адамның жоққа нанған шағындағы сөзі деп есептейді. Дәу пері, жалмауыз кемпір, жез тырнақ сияқты нәрселерге бұрынғының адамдары құдайды, періштелердей, пайғамбарлардай, әулиелердей иланған заманда шыққан сөздер дейді. Ертегілер солай болуға тиіс, жөні де бар. Ертеде шыққан әңгіме екендігін ертегі деген аты да көрсетіп тұр. Ертегілер өтірік болғанмен мағынасыз болмайды. Көбінесе ішкергі астарлы мағынасымен өнегелі келеді. Жақсылық, жамандық, достық, қастық, арамдық, адалдық, батырлық, қорқақтық, ептілік, шорқақтық, қулық, аңқаулық тағысын тағы сондай жақтан өнеге болу, тәлім-тәрбие беру мақсатымен шығарған әңгімелер екендігі сезіледі. Бірақ ертегі дүниедегі қалыптың жағдайына қарамай, бәрінен қиял бетімен өтеді. Сондықтан ертегіде жаны жоқтар жанды болады, тілі жоқтар тілді болады. Бір нәрсе екінші нәрсенің түріне түсіп кетеді. Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары: 1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе. 2. Бала әдебиеті жоқ жерде ертегі баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе. Баланы қиялдандыруға, сөйлеуге үйретеді. 3. Бұрынғылардың сана саңлау, қалпы-салты жағынан дерек берумен керегі бар нәрсе. Ертегі халықтың ескіден қалған жұрнақтарының қордасы. Ол қорда қазірде шашылып, төгіліп, жылдан-жылға азайып, жоғалып барады. Ғылымды жұрттар бұрынғы адамның тұрмысын, қалпын жорамалдап, аз да болса білу үшін жердің астынан қазып, тұтынған нәрселерінің жұрнағын табуға қанша еңбек қылады. Біздей тарихы жоқ халыққа ертегіге қарап, ертеде болған аталарымыздың өткен тіршіліктерін жорамалдауға болады. Сондықтан елде тұрған адамдар ертегілерді жинап, жоғалмасына қам қылу борышым деп білу керек. Қазақта ертегі көп, мұнда бірнешеуін атап өтеміз: 1. «Қара батыр», 2. «Тазша бала», 3. «Алтын айдар», «Хан», 4.«Шынтай», 5. «Еркем Айдар», 6. «Әжігелді», 7. «Арам бейіл, ақ бейіл», 8. «Хан қызы», 9. «Тазша», 10. «Түлкі алдауы», 11. «Дуадар қыз», 12. «Үш ұл», 13. «Балықшы жігіт», 14. «Қара көз сұлу». 2. Ертегісімек. Ертегісімек3 деп ертегіге ұқсас, бірақ ертегіден көрі әдемірек, шынға бейімірек, тұрмысқа жақынырақ, дүниеде болуға ықтималы молырақ түрде шығарған әңгіме айтылады. Мәселен, «Алдар көсе», «Жиренше шешен», «Қожанасыр»; «Атымтай жомарт» сияқты адамдар турасындағы әңгімелер. Мұнда да өтірік көп. Бірақ өтірігі қисынды, шынға ұқсас. 3. Өтірік өлең. Өтірік өлеңнің не екенін аты да айтып тұр. Өтірік өлең қалай шыққанын сөйлейтін ертегі бар; ол ертегінің қысқаша мазмұны — қырық ауыз қисынын келтіріп өтірік өлең айтқан адамға бір хан қызын берем деген. Соған біреу қырық ауыз өлең айтып, қызын алған дейді. Өтірік өлең түрлері мынандай келеді:
Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.
Той қылып, ат шаптырды төңірекке.
Көр тышқанның терісінен жаға қылдым.
Он бес қарыс жиындық саба қылдым.
Енді саба қылмасқа тоба қылдым. 4. Жұмбақ. Жұмбақ деген аты жұмудан шыққан: яғни қолдың ішіне бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақта нәрсені қолға жұмып тұрып таптырмайды. Ойда бүгіп айтпай қойып, сол нәрсеге ұқсас нәрселерді сипаттап айтып, ұқсастығы бойынша таптырады. Жұмбақ зейінді ұстартуға пайдасы бар нәрсе. Жұмбақтың негізі тәріздеу, яғни нәрсенің сипатын тәріздеп айту. Мәселен, арбаны жұмбақ қылғанда, адамға тәріздеп былай сипаттайды:
Тимейді ұшы жерге таяғының.
Салады әуезше баяғының.
Киіз үйді жұмбақ қылғанда, айдаһар тәріздендіріп былай сипаттайды:
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Жарқылдар жалғыз көзі төбесінде.
Таң қаларлық бір ит бар,
Үй бағады, үрмейді.
Көмейін тықсаң сөйлейді,
Тілін адам білмейді,
Ұлықсатсыз сол иттен,
Адам үйге кірмейді.
Басқа нәрсе тәріздендірмей, тек өз сипаттарын ғана айтып жұмбақтау бар. Мәселен, балықты жұмбақ қылғанда былай сипаттап көрсетеді:
Сонда да жүрмейді екен жерге тиіп.
Кетпейді ешбір жері отқа күйіп.
Я болмаса бір ғана нәрсеге ұқсатпай, әр мүшесін әр нәрсеге ұқсатып, сипаттап жұмбақтау да бар. Мәселен, шегірткені былай жұмбақ қылады: Ат басты, арқар мүйізді, бөрі кеуделі, бөкен санды, құс қанатты, құмырсқа ізді, бота тіресекті. 5. Жаңылтпаш. Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, я тіл келмейтін, я тіл басқа сөз қылып бұрып кететін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма — жаңылтпаш деп аталады. Жаңылтпаш көбінесе жаңылғанда ерсі мағыналы сөз болып шығып күлдірерлік сөздер алынады. Мәселен:
Мен боқжамаламай, кім боқжамалайды?
Мен боқжамаламай, кім боқжамалайды?
Бастапқы жолын жай айтады, соңғы жолын шапшаң айтады. Жаңылғанда, мағынасы ерсі сөз болып шығуын көздемей, тек жаңылу үшін айтылатын жаңылтпаштар бар. Мысалдар:
Бұйдалайын деп едім, бұйдалай алмадым. (Соңғы жолды үш рет шапшаң айтады).
Құдияр мені құдалай алмады.
Құдиярды мен де құдалай алмадым. (Соңғы екі жолды үш рет шапшаң айтады). 3. Бай Тайқарбай, қойыңды Ақшағылға жай Тайқарбай. (Үш рет шапшаң айтылады). 4. Бас қатырғыш. Бас қатырғыш жұмбақ сияқты бұда ойландыратын нәрсе. Бірақ жұмбақтай шешуі болмаған соң, босқа әурелейді. Шешуі жоқтығын білмей, жұмбағын табамын деп ойланып, адамның басы қатады. Сондықтан бас қатырғыш деп аталады. (Ермектеме нұсқаларын нұсқалықтың 32, 57 нөмірлерінен қара). 2. Зауықтама (Зауық сөзі). Зауықтама деп көңіл көтеру үшін сөйленетін сөздер айтылады. Мәселен, ертегі жыр (батырлар), тарихи жыр, айтыс, өлең, үгіт өлең, толғау, түрлі терме өлеңдер. 1. Ертегі жыр. Ертегі жыр деп бұрынғы өткен батырлар турасында шығарған өлеңдерді, әңгімелерді айтады. Батырлар әңгімесі өтірік-шыны аралас қойыртпақ әңгіме болады. Шын жағы бұрын батырлар болуы. Батырлар заманында соғыс болуы, батырлар халық үшін қайрат қылуы, жұртын қоруы. Өтірік жағы, олардың мінген атына, тұтынған затына өздеріне бітпеген қасиеттерді таңу, болмаған күштерді, болмаған істерді телу. Өтірік те емес, шын да емес, дүбәра ертегілеу әңгіме болып шығады. Ол әңгіме өлеңмен айтылған себепті ертегі жыр деп аталады. Неғұрлым әріден шыққан әңгіме болса, соғұрлым қиял жағы шын жағын жеңіп, әңгіме өтірікке жақындай береді. Батырлар әңгімесінің құны қандай деген мәселеге келсек, мұнда айту тиіс: бұрынғы жаугершілік заманда халық тән есебінде болған да, батырлар жан есебінде болған. Сондықтан батырлар турасындағы әңгіме — халықтың жаны, рухы турасындағы әңгіме. Батырлары қандай болса, халықтың рух жағы да сондай болған. Ертек жырдағы батырлар сипатына қарасақ, ол жырлар халықтың рухы нағыз көтерілген шағында шыққандығын байқаймыз. Ошақ басы, үй ішінің қамы сияқты өмірдің ұсақ мақсат жағымен азаматтары есептеспей ұлы мақсат, ұлы мұратпен болып, жұрт үшін, көп үшін құрбан қылмайтын нәрсесі болмағанын көреміз. Әке-шеше, туысқан-туған, мал-мүлік, ең қымбатты жан — солардың бәрін жұрт қамының жолында бір тиынға баламағанын байқаймыз. Тоғай толған жылқысы, қора толған қойы, желі толған түйесі бар байлар, жасы 80-90-ға келгенше бала көрмей, баласы жоқтығынан әркімнен қорлық көріп, таяқ жеп, сөгіс есітіп, зарығып, тарығып, әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтып, өлдім-талдым дегенде жалғыз ұл көрсе, ол ұлы жұрт жұмысына керек болған жерде қартайған, әлсіз ата-анам қалып барады екен деп, оған да қайрылуы жоқ, тоғай толған көп малым қалып барады, оны қайтемін деп уайымдап қарайламайды. Қобыланды жауға аттанып бара жатқанда қарындасы Қарлыға түстік жерге шейін соңынан қалмай, ақырында қайрылмасына көзі жеткен соң қош айтысып қалайын деп тұрып:
Ағажан, кімге тапсырдың?
Қора толған ақты қой,
Ай көке, кімге тапсырдың?
Тоғай толған көп жылқы.
Тоқсанда әкең Тоқтарбай,
Алпыста шешең Аналық,
Ақ көке, кімге тапсырдың?
Кіндігіңді бір кескен,
Көкежан деп жылаған,
Мен сорды кімге тапсырдың?
Төсекте жатсаң сырласың.
Бұлаңдаған қыз Құртқа,
Оны да кімге тапсырдың?» —
дегенде, Қобыланды ата-ананы, туысқан-туғанды, жарды керек қылмайтын тас бауыр, тас жүрек қасқыр сияқты тек қанішер, аң мінезді адам емес, шын адам екендігін жырдың мына сөзі көрсетеді.
Батыр да Қобылан тарықты.
Қарлыға бүйтіп тұрған соң,
Ақ найзаға сүйеніп,
Ақырын өксіп қамықты».
Мұнан Қобыландының артында қалып бара жатқандары жанына бататын қымбат заттар екендігі, Қобыланды да ата-ананың, жардың, туысқанның құнын білетіндігі көрінеді. Бірақ олар қанша қымбат болғанмен онан да көрі батырға қымбат нәрсе — жұрт қамы, жұрт ісі. Ол жұрт ісі әлгілердің бәрінен қымбат екендігін, оның бәрін жұрт үшін құрбан қылатынын, хатта басын да соған құрбанға байлап, жауға аттанып бара жатқандығын білдіру үшін қарындасына Қобыланды былай жауап қайырады:
Сары суға тапсырдым.
Аш бөріге тапсырдым.
Жас бөріге тапсырдым.
Жасанған жауға тапсырдым.
Бір құдайға тапсырдым.
Жауға кетіп барамын.
Айналайын Қалдыжан,
Ағаңды кімге тапсырдың?» — дейді.
Әкесінің жасын өте үлкен кәрі қылып, өлдім-талдым дегенде зарықтырып, тарықтырып оған жалғыз ұл беріп, ол ұлын жұрт қорғаушы батыр қылып, ер құрбандығының көптігін, үлкендігін көрсету мақсатпен істеген ақын шеберлігі де бар шығар. Бірақ елде жоқ рух ақын сөзінде де болмайды. Елде бар рухты ақын ықтимал дәріптеп, күшейтіп, көптіріп, көркейтіп айтуы. Бірақ жұртта жоқ рухты ақын өзінен шығарып айта алмайды. Ақын сөзіне жұрт рухының сәулесі түспей тұрмайды. Халықтың батырлары кетіп, басқаға бағынып, рухы сөнген уақыттағы қазақ ақындарының сөзі әлгі айтылғанды сипаттайды. Байларды, мырзаларды, төрелерді, бастықтарды, кейі жақсы көріну мақсатпен, кейі нәрсе алу мақсатпен мақтап, ақындықты қайыршылыққа, жараукелікке айналдырған ақындарымыз аз ба? Ақындардың олай істеуі елдің көбі қайыршылыққа, жараукелікке айналғандықтан. Елдің дәріптеп ұлғайтатыны бастықтар, байлар, мырзалар болғандықтан. Сөйтіп, рухты ертек жырлар, батыр әңгімелері халықтың рухы көтерілген шақта шыққан сөз болады. Батырлардың рухынан, батырларды жыр қылған ақын сөздерінің рухынан сол жыр шыққан замандағы халық рухы қандай болғанын білеміз. Ертегілер бұрынғының қалпынан, салтынан дерек бергендей, ертек жырлар бұрынғының рухынан дерек береді. Бұл бір. Екіншісі, батырлар әңгімесінің құны тілге пайда беру жағынан зор. Батырлар әңгімесі өлеңмен айтылған. Өлеңмен айтылған әңгіменің сөзі көпке төзеді, тез өзгере қоймайды. Солай болған соң, батырлар әңгімесінде аталарымыздың сөздері сақталып келген. Біз сияқты тілі жетіліп болмаған халыққа аталарымыздың сөздерін сақтаған әңгімелер құнды болмақ. Сондай құнды әңгімелердің бірі батырлар әңгімесі болады. Соңғы уақытта қазақта сауық кеміген себепті жыршылар азайып, батырлар әңгімесі жоғалып барады. Батырлар әңгімелері өлеңмен айтылатын әңгімелер. Өлеңмен айтылатын әңгімелер, жыршылар жоғалса, батырлар әңгімелері өлең түрін жойып, ертегіге айналады. Ертегіге айналса, батырлар әңгімесінің рухы, көркі жоғалып, құр сүлдесі қалады. Сондықтан жыршылар жоғалмай тұрғанда батырлар әңгімелерін өлең түрінде жыршылардың аузынан алып қалу керек. Бұл ел ішінде тұрған азаматтардың халық алдындағы борышы. Ертегі жырлардың қазақ ішінде көбінесе айтылатындары 1. «Қара қыпшақ Қобыланды батыр». 2. «Нәріқұлы Шора», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Едіге», «Қамбар». 2. Тарихи жыр. Тарихи жыр деп тарихта бар мағлұм оқиғалар турасында өлеңмен шығарған сөздер айтылады. Қазақта өз тілінде жазылған тарих болмағанмен қазақта болған оқиғалар, қазақтан шыққан адамдар турасында басқа жұрттардың тарихында жазылған мағлұматтар бар. Халықтың өзінің есінен кетпеген, қазақ басынан кешірген оқиғалары толып жатыр. Солар туралы өлең етіп шығарған сөздер болса, солар тарихи жыр болады. Мәселен «Орақ — Мамай», «Абылай», «Кенесары, Наурызбай», «Ер Назар», «Бекет» өлеңдері — тарихи жырлар болады4. 1879-1880 жылы болған «Қоян» қысының жұты турасында шығарған өлең болушы еді. Сонда қыстың қалай болғанын, елдің қандай жұтағанын, қандай аштық азап тартқанын айтушы еді. Сол өлең осы күнге дейін сақталған болса, онда тарихи жыр болады. Жанкісі бидің зекетшілері турасында айтқан өлеңі қазақтың Қоқанға қараған шақтағы тарихына қатысы бар сөз болғандықтан, бұ да тарихи жыр табына жатады. 3. Айтыс өлең. Айтыс екі балуан күрескені сияқты, екі ойыншы ұтысқаны сияқты, екі батыр жекпе-жек ұрысқаны сияқты, екі ақынның бірін-бірі сөз жүзінде аңдып, бірінің-бірі қапысын тауып жеңу үшін айтатын өлеңдері. Ақындар әдісін сөз арқылы жұмсап, бірін-бірі сөзбен шаншып, жеңеді. Әрқайсысы сөзбен шаншуға қолайлы, осал оңтай жерін іздейді. Басында, ісінде, жұртында, ұлтында болған осалдық, кемшіліктерді айтып, сөзбен ұялтып, яки сөзбен қамап, жан-жағын бөгеп тоқтатады. Сондықтан ақындар бірінің жайын бірі білмейтін болса, әркімнен әдейі сұрастырып, мағлұмат жинайды. Елентай мен Болық айтысқанында Елентайға Болық қиын сұраулар беріп, мүдіртпек болған. Жарылғасын қожа мен Айқын айтысқанындағы бір-бірінің басындағы, ғамалындағы міндерін айтып, мүдірту талабында болған. Оған болмаған соң әйел басындағы жалпы кемшілікті айтып жеңген. Кеншімбай мен Ақсұлу айтысында елдеріндегі кемшілік, осалдау жағын айтып, бас адамдарының осал істерін айтып, мүдіртпек болған. Жанақ пен Баланың айтысында ел жағынан да, ақындардың өз жағынан да тию талабы байқалады. Қазақ пен Ноғай айтысында қазақ ноғай жұртының мінін айтып, мүдірту қамында болған. Қазақта айтыс өлең көп. Бірақ бұлар да ел ішінде жоғалып, сиреп барады. Жазу жайылған сайын айтыс өлең азайып, құруға бет алып барады. Мұның да бәрін жазып алып қалмасқа, бұ да анайы әдебиеттің өшетін, жоғалатын түрі. 4. Үгіт өлең. Ақыл айтқан, жол көрсеткен, жөн сілтеген мағыналы өлеңдер — үгіт өлең деп аталады. Үгіт өлең табына жатады мынау сияқты өлеңдер:
Азған елдің ішінен.
Зияндасты кісіден.
Жақсыдан қапыл қалмаңдар!
Өзі болған ерлердің,
Аяғынан алмаңдар!
Алтын сақа табылмас.
Болмасқа болмашы болма!
Қолыңнан келсе ақыл қайыр
Кісіден алушы болма!
Қартаймақ қиын сауда тағыңызда.
Іске аспай бақ-дәулеттің қалуы оңай.
Басыңнан бағың тайған шағыңызда.
Ажарсыз адамдарды ал назарыңа!
Зылиқа Жүсіппенен сұлу өткен
Тұрмаған ажар ара ажалына.
Болады жат та жақын таныс болса.
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.
5. Үміт өлең. Біреуден үміттене, бір нәрсе дәмете айтқан ақындардың өлеңдері үміт өлең табына жатады. Мәселен, мақтау өлең, құттықтау өлең. Ескі ақындар мақтауды, құттықтауды, сұрауды кәсіп қылған. Байды, биді, ханды, төрені, мырзаны мақтап, тойын бастап, баласын құттықтап, шапан кию, ат міну — әйтеуір нәрсе алу мақсатпен айтатын ақындар көп болған. Біреулері мақтасам құр тастамас деп, тек мақтап қана қойған да, біреулері көрсете сұраған. Сұрамай мақтаған өлеңнің мысалы Орынбайдың Ерденді мақтаған өлеңі. Мұнда ешбір сұрау ишараты жоқ. Көрсете сұрау Қубала ақынның сөзінде бар. Әзілмен де, жай да алу мақсатын көрсеткен сөз Шерниязда бар.
Орынбайдың Ерденді мақтағаны.
Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы керден,
Ішінде мың қарғаның бір бүркіттей,
Көзіме көрінесің келген жерден.
Ақылың ұшан дария кемесіндей.
Күн шалған Алатаудың төбесіндей.
Қубаланың жалғыз биесі өлгенде, ноғай5 мырзаларынан жәрдем сұраған сөзінен.
Күніме жаяулықпен жаза бердің.
Ұялып ортаңызға азар келдім.
Ортаңа бұ қазамды шаға келдім.
Алламыз не берсе де жоқ-ты шара.
Қалай да қиын екен жалғыз қара.
«Ау» десең, ноғай болып ортаға ала.
Дұшпанның сөзі болад біздің арттан.
Бір бие берілмесе қалың халықтан.
Қайтемін жабы туса арғымақтан.
Шернияз ақынның Баймағамбет правительдің қыз ұзатқан тойын бастаған сөзінде айтқаны бар.
Аузымда тәңірі берген жел тұрғанда.
Өлеңім айтатұғын кең тұрғанда.
Ноғай деген Бөкейлікте қазақ елі бар.
Дәнеңе жоқ шұқанаққа көл тұрғанда.
Серғазы талай жасты жасаған хан.
Тілекті мен тілейін жасағаннан.
Алтынды айналайын босағаңнан!
Кеңеске келіссіз сөз тек қосайын
Тап атам Жарылғасқа ұсағанмын.
Берсең де бір қысырақ қосақ алман. 6. Толғау. Толғау (яки мұңды өлең) деп көңілдің неше түрлі күйін шешетін өлеңдер айтылады. Мәселен, ғашықтық, сағыныш қайғы, күйініш, кейістік, кіжініс, өкпе, наз сияқты көңіл-күйлерін білдіретін өлеңдер.
1.Көзіме көріндің де кетіп қалдың,
Кәдірі болмайды екен қолда бардың.
Өлеңмен атыңды атап, әнге салдым.
Жолыңа көп қарадым шыдай алмай.
Көңілім басылмайды бір жыламай.
Жолыңа қараймын деп көзім талды-ай.
Иіскеймін сағынғаннан орамалды-ай.
Бар ма екен ашық жарын мендей сүйген?
Сен бір шам, айнала ұшқан мен паруана
Айналып аламын деп отқа күйген.
Білмейді ешбір адам менің халым.
Көңілімде бұл турада көпті арманым.
Құдайдан етуші едім қатты үміт.
Көргенім, ойнағаным бәрі де ұмыт.
Деуші едім айрылмаспын сүйгенімнен.
Айтамын өлең қылып күйгенімнен.
Ойласам еске түсер өткен заман.
Көңіліне қапалық пен қайғы толған?!
* * *
Он сегіз мың ғаламның,
Патшасы әуел қақ жаппар.
Жылатпай менің көзімді,
Он үш жасар Қобыланды,
Ерінбей сүйер кезімді
Мұхамбет сынды ей, тақсыр!
Тар жерде еске ал өзімді.
Омар, Оспан — екі жар!
Бір кітаптың ішінде
Қырық пайғамбар аты бар.
Дем бермесең біз қалдық,
Асқардан асып бел өттік,
Белден асып біз кеттік,
Аруақтар сізді тербеттік.
О дағы бір күн кез болар
Құс бегінің торына,
Арғымақ ат мақтанса,
О дағы бір күн кез болар.
Осы кеткен жалғызым,
Есен барып, сау келсе,
Егіз туған көк бесті,
Егіз туған көк қошқар —
О дағы сенің жолыңа!
Бұл алпысқа келгенде
Тұрмады ма сорыма?
Мұхамбет сынды ей, тақсыр!
Қозымды бердім жолыңа.
Келінжан баққан бурыл ат.
Дәуіт соққан жалаңғат.
Қынаптары әрі алтын,
Ұстаған жері сап алтын,
Балдағы алтын сар болат.
Жасаған саған аманат.
Адасып кетсе, бағып тұр!
Қозыма келген пәлені
Тұқылас атты Шашты әзиз!
Жәрдемші болып соғып тұр.
Жол иесі Қамбар-ай,
Қазанға қайдан қол жиды.
Қамбар өзің қолдасаң,
Қолдамайтын кім бар-ай!
(Қобыландыдан)
Бұлдырап тұрған құрғыр тау.
Айым, күнім, Кәрібоз!
Сөйлесетін тілің жоқ,
Ел таптырар ма екенсің,
Көрсетер ең бір қара!
Саған мінер белім жоқ,
Белге қылар емім жоқ!
Ажалым аштан болды ма?
Ауызға жерге жемім жоқ!
Егер өлсем бұл жерде,
Көк шалғынның үстінде
Күңіреніп жатырмын.
Еңіреп жүрген ер едім
Қаптаған қара борандай,
Өткені ме дүние боқ!
3.Қара таудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді.
Дәулет құсы басыңнан ұшқан заман.
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.
Баяғыдай болар ма, тағы заман.
Көздің жасын көл қылып ағызамын.
Қара жер қабырғама батты, құдай.
Тым болмаса бермедің атты, құдай. 7. Терме. (Яки түрлі өлеңдер). Терме деп ат қойылуының мәнісі: бұл түрлі шығармалар бір нәрсенің жайынан сөйлеп тұрмай, көп нәрсені теріп сөз қылып өтеді. Көп нәрсені сөз қылғанда, әрқайсысына айналып, баяндап жатпайды. Түрлі шөптің басын шалып оттап, тоқтамастан желге қарай тартып бара жатқан мал сияқты. Терме айтушылары түрлі нәрсені сөз қылып, бірақ ешқайсысына айналмастан, кідірместен ілгері қарай сырғи береді.
Арғымақ жабы көрінер,
Аса шауып бұланса.
Айдыны құрып суалса.
Жапырағы түсіп қуарса,
Бір азғана сөйлейін,
Жақсылар, сізге ұнаса.
Артынан жабы жеткен соң
Ағайын, туған не керек?
Аңдысып күні өткен соң.
Қызығыңды жер көрер
Ажал қуып жеткен соң
Айт дейтін аға, сіз қайда?
Бір төбенің басына
Тыға салып кеткен соң.
Сыйлаған жаман білмес құрметіңді.
Болады атқарғандай міндетіңді.
Бейнет көп, рақат жоқ дәулетінде.
Кетпей ме бір күн тастап нәубетіңді.
Жаманның етек-жеңі тар секілді,
Қабаты ашылмаған қар секілді.
Бүтіндей аудармайтын нар секілді.
Қосылса екі жақсы хан секілді,
Ләззаты бір-біріне бал секілді.
Мінезі сиыр деген мал секілді.
Жақсылар жағасы кең тон секілді.
Лайық етек-жеңі мол секілді.
Қос артқан ит үстіне жол секілді.
Қараңғы, жүрген жері шу болады.
Рақатсыз ішкен асы у болады.
(Зауықтау нұсқаларын нұсқалықтың 40, 54 нөмірлерінен қара).
2. САРЫНДАМА (САРЫН СӨЗ) САЛАСЫ
Сарындама үш тарау: 1. Салт сөзі. 2. Ғұрып сөзі. 3. Қалып сөзі.
1. САЛТ СӨЗІ
Салт сарынымен яғни салт жөнімен айтылатын сөздер салт сөзінің табына жатады: мәселен, мысалдар, ділмәр сөз (афоризм), тақпақтар, мақалдар, мәтелдер. 1. Мысалдар. Адамның ғамалын, мінезін, құлқын, жанды-жансыз нәрселер арқылы салт-санасына сәйкес көрсетіп өнегелеу — мысалдау болады. Ескерту: Мысалдар көбінесе хайуандар турасында шыққан ертегілерден алынады. Ондай ертегілерде хайуандарға адамша тіл бітіріп, адамша мінездеп, іс еткізіп, түрлі мақұлыққа түрлі өнеге боларлық сипат таңған. Ақымақтыққа өнеге болатын есек, хайлакерлікке түлкі, қорқаулыққа қасқыр, момындыққа қой, мазақтыққа тырна, жарғақтыққа сауысқан, тағысын тағы солай. Мысалдар «Арсыз ит», «Өтірікші тышқан», «Хайуандар таласы» «Бақылдақ теке», «Құлағынан айрылған ешкі» тағысын тағы сондай сөздер. 2. Ділмәр сөз. Бұрынғы даналардан, билерден, шешендерден қалған сөздер — ділмәр сөз (Европаша — афоризм) деп аталады.
1.Өлеңтіні жағалай
Тал шығады деп едім.
Сал шығады деп едім.
Үй шығады деп едім,
Қырыққан серке бұттанып,
Би шығады деп едім.
2. Өр Дулат — ұлы жүздегі бір ханға барып отырып, қоңырат Мырзан би ханға сөз бермей жалғыз сөйлей беріпті. Мырзан баласыз кісі екен, соны айтып тоқтатпақ ниетпен дулаттың бір шешені айтыпты: «Жалтақтап сөйлейсің, жалғыз-ақ адамша, көтеріліп сөйлейсің, көмегі жоқ адамша. Құйрығы жоқ шолақ Мырзан, құлағы жоқ шұнақ Мырзан, жалғыз өзің сөйлейсің бе, деп. Сонда Мырзан айтыпты: Сен жалғыз деп сөксең, құдайға тілің тиеді, жарлы деп сөксең, пайғамбарға тілің тиеді. Құйрығым шолақ болса, тұлпар шығармын, құлағым шұнақ болса, сұңқар шығармын, құйрығы ұзынды біз итке меңзейміз, құлағы ұзынды есекке меңзейміз, ешкі егіз табады, ит сегіз табады, шошқа тоғыз табады. Сенің бабаң егіз еді, атаң сегіз еді, өзің тоғыз едің, тоғызыңды алса, құдайдың шамасы жоқ па? Маған бала берейін десе, баласы жоқ па? — депті. Халық мынаған тас атыңдар депті. Дулаттың биі «айтқанын қылып, бітімін беріңдер» деп топтан шыға жөнеліпті.
3. Қаз дауысты Қазыбек би жолаушылап жүріп, бір үйге түстеніпті. Үй иесі. үйінде жоқ екен. Қатынының күткеніне ырза болып, ерін көріп кетпек ниетпен қонып қалыпты. Ері жұпынылау адам екен. Қазыбек жолдастарына қарап айтыпты:
Мәнсіздің мәнді менен не ісі бар.
Жапалақ үйрек ілген бір ісі бар,—
деп. Қазыбектің сөзіне қатын түсіне қалып, былай депті:
Мәндінің мәнсіз бенен көп ісі бар.
Тағы да қоңыр қаздан дәмесі бар.
Қазыбек қатынға ырза болып, мына сөзді айтып жүріп кетіпті:
Көрінгеннің мазағы.
Шыбын жанның азабы.
Бұ жалғанның тозағы.
Екі көздің шырағы.
Бұл дүниенің пырағы.
Мейманыңның тұрағы.
4. Қыпшақ Досбол датқа қартайып, науқас болып жатқанда Байысын, Саудағұл және Нұрмаш деген атқа мініп ел билеп жүрген үш кісі көңілін сұрай барып, Досболға айтыпты: «Е, датқаеке, бұрынғының арты едің, бүгінгінің қарты едің, әлде қалай боласыз, артыңда қалатын жандарға не айтып кетесіз, ілгері өткендерге не айтып барасыз» депті. Сонда Досбол: «Уа сендерге не айтайын, заман сендердікі, жұрт сендердікі, өз ақылдарың өздеріңе жетеді. Ілгері өткендерге айтып баратын сөзім мынау: бақ деген сендер, тірі күнде сұңқар еді; елде кімнің басы биік болса, соған қонушы еді. Сол бақ қартая-қартая қара шыбын болды. Қайда сасық болса соған қонды. Соқырдың көзіне қонды, пұшықтың мұрнына қонды, таздың басына қонды деп барамын» депті. Байысын соқыр екен де, Нұрмаш пұшық екен. Саудағұл таз екен. Үшеуі ұялып үйден шыға жөнеліпті. Ділмар сөз иесінен айрылса, я тақпаққа, я мақалға, я мәтелге айналып кетеді. 3. Тақпақ. Салт-санасына сәйкес пікірлерді келтесінен келтіріп, өлең түрде ұйқастырып айту — тақпақ болады. Тақпақ қысқара-қысқара маңызданып барып мақалға айналып кететін де жері бар. Мақалдарды құрастырып қосып айтқанда, мақалдар тақпаққа айналып кететін де жері бар.
1.Ата-ананың қадірін
Балалы болсаң білерсің,
Ағайынның қадірін
Жалалы болсаң білерсің.
Сырқаулы болсаң білерсің,
Дәулетіңнің қадірін
Мал кеткенде білерсің.
Сән кеткенде білерсің.
Жан кеткенде білерсің.
Тап жеткенде білерсің.
Көп сабылса жер азады.
Ер азған соң ел азады.
Ауыздыға сөз бермейтін,
Мыңнан озған шешеннен
Күнде қойыңды баққан
Құлағы кесік құл озады.
Аласа туса да тамаша туады.
Жамандыққа бойлай туады.
Тұра сала жармаса кетеді.
Боқтап түгіңді қоймайды.
Жауын болмай қауын болмас.
Ит баласы сауын болмас.
Ауыл болса да тәуір болмас.
Сатып алмай құл болмас.
Елді дүрегей бүлдірер.
Текелі киік жай жүрер. 4. Мақал. Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан көрі мақал маңызды, шыны келеді. Мысалдар: 1. Мал — жаным садағасы, жан — арым садағасы. 2. Ашу — дұшпан, ақыл — дос, ақылыңа ақыл қос. 3. Әкім адал болмаса, жұрт бұзылар, сауда адал болмаса, нарық бұзылар. 4. Асың барда ел таны беріп жүріп, атың барда жер таны желіп жүріп. 5. Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. 6. Жоқтық ұят емес, байлық мұрат емес. 7. Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге мал тұрар. 8. Күлме досыңа, келер басыңа. 9. Төртеу түгел болса төбедегіні алады, алтау ала болса ауыздағы кетеді. 10. Айбар керек — ал керек, әлсіз айбар не керек. 11. Денсаулық — зор байлық. 12. Ауыру қалса да әдет қалмайды. 13. Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дер, өшер елдің жігіті бірін-бірі қатын дер. 14. Ұрлықтың түбі — қорлық. 15. Қойшы көп болса, қой арам өлер. 16. Шірікке шыбын айналар. 17. Көрмес түйені көрмес. 18. Битке пышақ суырма. 19. Бас білген өгізге өк деген өлім. 20. Ат жалдаған өтер, ит жалдаған кетер. 21. Жаз арбаңды сайла, қыс шанаңды сайла. 22. Ел қыдырған сыншы, тоғай аралаған үйші. 23. Көше білмес жамандар, көшсе көлік өлтірер, сөйлей білмес жамандар, сөзді өзіне келтірер. 24. Көре-көре көсем болар, сөйлей-сөйлей шешен болар. 25. Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық. 26. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне. 27. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың. 28. Көрген жерде бой сыйлы, көрмеген жерде тон сыйлы. 29. Жер таусыз болмайды, ел даусыз болмайды. 5. Мәтел. Мәтел дегеніміз кезіне келгенде кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел ақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есебінде айтылады.
1. Өзі тойса да, көзі тоймайды. 2. Көппен көрген — ұлы той. 3. Адасқан қаздай, рудан аздай. 4. Тамақ тоқ, көйлек көк, уайым жоқ. 5. Өткен өрел, қалған салауат. 6. Бұйдалаған тайлақтай, жетелеген мойнақтай, яки мұрнын тескен тайлақтай.
8. Бетегеден биік, жусаннан аласа. 9. Жығылған үстіне жұдырық. 10. Бір теңге беріп жырлатып, мың теңге беріп қойдыра алмады.
12. Келін айғыр, кемпір саяқ шықты. 13. Баланың сөзі батпандай, келіннің сөзі кетпендей. 14. Бәйбіше құдай бұйрығы, тоқал иттің құйрығы. 15. Қызым үйде, қылығы түзде. 16. Жас-жастың тілегі бір, жібектің түйіні бір.
18. Бай кісі бақырып бола ма?
19. Көзінің жасы көл болды.
21. Көшсе көш қасындамыз, отырса от басындамыз.
23. Дерт батпандап кіреді, мысқалдап шығады.
Ағайынды жамандап, кәне туған тапқаның?
(Салт сөзінің нұсқаларын нұсқалықтың 91, 119 нөмірлерінен қара).
2. ҒҰРЫП СӨЗІ
Ғұрып сөзі деп ғұрып сарынымен яғни ғұрып бойынша істелетін істерге байлаулы сөздер айтылады. Мәселен, той бастар, жар-жар, беташар, неке қияр, жарапазан. 1. Той бастар. Тойдың кешкі ойынын біреу өлеңмен бастайды. Сонда айтылған өлең той бастар деп аталады. Мысал: Кете Шернияз ақынның Баймағамбет правительдің қызы Ақыл Қанікейдің тойын бастағаны:
Қорқады өлім десе шыбындай жан.
Сиынып бір құдайға сөз сөйлейін.
Тіліме жәрдем болғай бір алладан.
Жаратқан иемді айтпай нені айтамын.
Бұл тойда топтан озған мен айтамын.
Аузымда тәңірі берген жел тұрғанда.
Мен кімге сөз сөйле деп жалынамын.
Өлеңім айтатұғын кең тұрғанда.
Дәнеңе жоқ шұқанаққа көл тұрғанда.
Әр түрлі өлең келді жағдайыма.
Бітпесе есек қылы маңдайыма.
Баласын жаман деген заман бар ма?
Той өтіп, қыз ұзатпақ қақ бұйрығы,
Болған соң қақ бұйрығы амал ба ма?
Қайсы қыз шырағыма жетеді деп.
Көшкенде көштің көркі көгершінім.
Қадірі кетсе мұның өтеді деп.
Көзінің қарашығы қыз кеткенге,
Табылмас Байекеме сіздей бала,
Алты жүз арғымақпен іздеткенде.
Май салған қорғасындай еріп келдім.
Насихат білгенімше беріп келдім.
Адам мен Ау ананың тап бұйрығы.
Біздерге жеңешең де еріп келген.
Біреудің әспеттеген ақ құйрығы.
Айтсын деп бауырмал қыз деп жылайды.
Болған соң ақ бұйрығы тек жылайды.
Алтыннан күміс пенен тақты болсын.
Ақ тісің аузыңды ашсаң нұрға толсын.
Болмаса күндіз пұрсат, түнде толсын.
Үйіңе Қызыр, Ілияс келіп қонсын.
Семірмес қаз ормаса жегенменен.
Асылдың азы жақсы дегенменен.
2. Жар-жар. Жар-жар қыз ұзатар үйде ұзататын қызды жұбату үшін айтылатын өлең. Жар-жарды екі жақ болып бастап, соңынан бір жақты етіп жібереді. Олай болу себебі жұбатушының сөзіне әуелі жауап қайырылып отырады. Сонан соң жұбату сөз қыздың жақындарын жұбатуға ауып кетеді. Екі жақ болған жерінде жұбатушы жақ жігіттер болып, қарсы жағы қыздар болып айтады.
Жұбатушы жағы:
1.Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар!
Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар!
Әкең үшін қайын атаң онда болар, жар-жар.
Есік алды құба тал, майда болсын, жар-жар!
Ақ бетімді көретін айнам болсын, жар-жар.
Қанша жақсы болғанмен қайын атамыз, жар-жар.
Жұбатушы жағы:
Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар.
Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар.
Шеше орнына қайын енең онда болар, жар-жар.
Есік алды құба тал, майда болсын, жар-жар,
Ақ бетімді көретін айнам болсын, жар-жар!
Қанша жақсы болғанмен қайын енеміз, жар-жар!
Мұнан әрі қарай аға, жеңге, сіңлі турасында да осы ретте айтылады. Ескерту: Бастапқы ылғи айтылатын екі жол «Бір толарсақ, бір тобық санда болар, қырық кісінің ақылы ханда болар..» дегеннің орнына: «Алып келген базардан қара насар, қара құйрық сәукелең шашың басар» деп те айтылады.
Есік алды құба тал, майда болсын,
Ақ бетімді көретін айнам болсын,—
дегеннің орнына «Жазғытұрғы ақша қар жаумақ қайда, құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда?» деп те айтылады. 2. Қыздың жақындары туралы айтылатын жар-жар былай келеді: Шымылдығың серпе сал, көрсін әкең, жар-жар. Көздің жасын көл қылып төксін әкең, жар-жар.
Бір міндеттен құтылдым десін әкең, жар-жар!
Шымылдығың серпе сал, көрсін шешең, жар-жар.
Көздің жасын көл қылып төксін шешең, жар-жар.
Жылда-жылда боқшама бояушы едім, жар-жар.
Осы ретпен ағасы, жеңгесі, сіңлісі, інісі туралы да айтылады. 3. Неке қияр. Неке қияр сөз деп неке қияр кезде екі арада жүретін екі куәнің — күйеу мен қыздың ырзалығын сұраған уақытта айтатын сөздерін айтамыз. Бұл әнмен айтылмайды. Бірақ өлеңде ұйқасқан, дәйім бір қалыпта айтылады.
Куә-куә — куәдүрміз,
Куәлікке жүредүрміз.
Таңда қақ қасында,
Екі кісі қақ куәлік бередүрміз.
Пәленшеден жазған (әкесін айтады), пәленшеден туған (шешесін айтады), пәленше қызды (қызды айтады), қалал жүптілікке қабыл көріп алдыңыз ба? — дейді. Қызға айтқанда да бәрін осы қалыпша айтып, аяғында пәленшеге қалал жүпті болдыңыз ба? — дейді. 4. Беташар. Қыз-келіншек болып түскенде бетін көрсетпейді. Ауылға келерде алдына шымылдық ұстап, перделеп келтіреді. Үйге кірген соң да алдына шымылдық құрып, қыз-келіншек, бала-шағалар ғана болмаса, басқаларға көрсетпей қояды. Беташар айтылғаннан кейін беті ашылып, шымылдық алынып, ғұрып бойынша көрінетін адамдарына келіншек сонан соң көрінеді. Беташарды әндетіп айтпайды. Жай шұбыртып, өлең түрінде ұйқастырып айтады. Беташар әуел басында толып жатқан нұсқау, жол, ереже (орысша айтқанда устав) түрінде айтылып, келіншекке естіртіліп, орнына келтіруге керек деген мағынада шығарған сөз. Бұл күнде «отқа май салу» сияқты ғана әдет мағынасына айналып кеткен беташар түрі қандай болатыны «Өлеңді сөйлемдер» деген бапта көрсетілген. 5. Жоқтау. Жоқтау өлген кісіні жоқтап сөйлеу. Жоқтау көбінесе белгілі адамдарға айтылады. Өлген адамның қатыны, я қызы, я келіні зарлы үнмен өлген адамның тірідегі істеген істерін, өлгенінше бастарына түскен қайғы-қасірет, күйіктерін шағып, жылағанда айтатын жыр түріндегі сөз. Жоқтауды көбінесе ақындар шығарып береді. Сондықтан жоқтау ақын лұғатты келеді.
Бөпе төренің қарындасы күйеуі өлгенде жоқтағаны.
Азалы болдым елімде.
Жүре бердім жөніме.
Басынан келген осы өлім,
Жапырағын жайқалтып,
Жарлыны алған осы өлім.
Оны да алған осы өлім.
Әліні алған осы өлім.
Бұл істі салған құдайым.
Жаяйын да жияйын!
Қыналы бармақ, жез тырнақ
Күнде қанға бояйын.
Сүйегіне таяйын
Мөлтілдеген қара көз,
Жаспенен оны ояйын!
Орнына кімді қояйын!
Орқаш та орқаш — орқаш тау!
Бауырың толған көк бас тау!
Жалғыз енді сөз бастау.
Мен жыламай кім жылар?
Бетімдегі жарам не?
Бұғастың бойын өрт алды
Жүректің басын дерт алды.
Қорасан деген дерт алды.
Асыл да гауһар болатым.
Әкем қосқан қосақтан
Айырды шебер құдайым.
Ала арқанмен бек тарттым.
Құшақтап тұрып сөз қаттым.
Артқы аяғын қағынар,
Алғанын бейбақ сағынса,
Қаннан ендік (далап) жағынар.
6. Жарапазан. Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан. Ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып, жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазан айтатындар екеу болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады.
Айтушы:
Байлар, жатырмысың ұйқылы-ояу,
Тұсыңа Қыдыр келді атты, жаяу.
Мұқамбет үмбетіңе жарамазан.
Жарамазан, жарамазан!
Алла-құдай, би рамазан!
Айтушы:
Жеңешем ішіндегі аппақ қана.
Біз барамыз үйімізге мақтап қана
Мұқамбет үмбетіне жарамазан.
Жарамазан, жарамазан,
Алла-құдай, би рамазан!
Айтушы:
Бай, бәйбіше екеуі кеңеседі.
Бәйбіше айтар: «Жаулық берсек кетер еді».
Мұқамбет үмбетіне жарамазан.
Жарамазан, жарамазан!
Алла-құдай, би рамазан!
Айтушы:
Отыз күн оразаға жауабы бар.
Боз шұбар астымдағы шу жануар.
Мұқамбет үмбетіне жарамазан.
Жарамазан, жарамазан,
Алла-құдай, би рамазан!
7. Бата. Бата — біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады. Батагөй шалдар — басы бар табақты татуға алып келгенде де, асты жеп болғанда да бата қылады. Көбінесе бата тамақ жеп болған соң істеледі.
1.Құдай оңда,
Оңға баста!
Абиыр бер!
2.Құдайым жарылқасын, бай қылсын,
Төрт түлігін сай қылсын!
Кетпес дәулет берсін!
3.Құдайым оңдасын!
Оңдағанның белгісі,
Мың саулығың қоздасын!
Сегіз келін қомдасып!
Тіленшінің биесін берсін!
Үйсін, Қоңырат түйесін берсін!
* * *
4.Асың, асың, асыңа!
Береке берсін басыңа.
Қырғауылдай қорғалап.
Қыдыр келсін қасыңа.
Тәңірі берген несібең.
Тепкілесе кетпесін.
Тай шаптырса жетпесін.
Шуылдасып маңырасқан
Қошақанның анасы
Саулық бассын үйіңді,
Мүйіздері жылтылдап,
Бұзаулардың анасы
Сиыр бассын үйіңді.
Артқы өркешін қом басқан.
Інген бассын үйіңді.
Сүйістікпен иіскескен,
Құлыншақтың анасы
Бие бассын үйіңді!
(Ғұрып сөзінің нұсқаларын нұсқалықтың 120, 126 нөмірлерінен қара).
3. ҚАЛЫП СӨЗІ
Қалып сөзі деп тұрмыс қалпында болатын істер сарыны мен айтылатын сөздерді айтады. Мәселен, бал ашқанда, ауыру баққанда, бақсылардың жынын шақырғанда, тісті емдегенде құрт шақыру, мал бәдік болғанда, адамға күләпсан шыққанда, бәдік иә күләпсан көшіру. Бала тербеткенде айтатын бесік жыры — осылардың бәрі қалып сөздің табына жатады. 1. Жын шақыру. Бақсылар жын шақырғанда сарнап, өлеңше ұйқастырып, түрлі сөздер айтады. Алладан, әулиеден, аруақтардан жәрдем тілейді. Жындарының атын атап, соларға сөз айтқан болады. Қобызымен серттескен болады. Солардың бәрін үйлестіріп, ұйқастырып әдемі түрде айтады.
Әуелі құдай есімі Алла!
Іс бастаймын бісмилла!
Тайғақ кешу — тар жолда,
Алтын сандық, қазірет,
Сиынғанда медет ет!
Абиыр бер әр жерде
Ісламға пана Мұқамбет
Сиындым, сізден бір медет.
Сізден де медет тілеймін.
Жер жүзінде әулие,
Машырықтағы әулие.
Тауда жүрген әулие,
Таста жүрген әулие,
Көлде жүрген әулие,
Бәріңнен медет тілеймін!
Жаңа келді шара бас,
Алпыс қойдың терісі,
Бөрік шықпаған шара бас.
Жең шықпаған шара бас,
Тоқсан қойдың терісі
Тон шықпаған шара бас.
Жаңа келді күн пері,
Жаңа келді су пері,
Жаңа келді ай Қожа,
Ойдан келді ол Қожа,
Қырдан келді ол Қожа.
Сол Қожаның ішінде
Әсіресе бір Қожа.
Екі иінінен мықтап бас!
Жаңа келді Теңгетай,
Жаңа келді Жирентай.
Үстіне бір мінген тай.
Келмеймін деп шаршатты-ай.
Әбден де болжа, доңызым.
Үйіріп алған, қобызым!
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған, қобызым!
Жәшік қылған, қобызым!
Желмаяның терісінен
Қапшық қылған, қобызым!
Ішек қылған, қобызым!
Ор текенің мүйізінен
Тиек қылған, қобызым!
Құлақ қылған, қобызым!
Сексендегі кемпірдей
Белі бүкір, қобызым!
Арты шүмек, қобызым!
Әбден де болжа, доңызым!
2. Құрт шақыру. Тісі ауырған адамның тісін құрт жейді деп, сол құртты түсіру үшін емшілердің айтатын сөздері болады. Сол құрт шақыру сөздері деп аталады.
Тойғын-тойғын, түйе кел!
Төңірегін жия кел!
Ақ желегін сала кел!
Сар бас тұйғын, көйт-көйт!
Қара бас тұйғын, көйт-көйт!
Жайлаған жерді жау алды,
Қыстаған жерді өрт алды.
Жайнаған жауды басып кел!
Қыстаған жерден қашып кел!
Қаптаған жауды басып кел!
Басар-басар, көйт-көйт!
Арқадағы алты құрт,
Арқаласып келер құрт!
Желкелесіп келер құрт,
Ауыздағы алты құрт,
Азуласып келер құрт,
Басып келер, кә! кә!
Жетер-жетер, кә! кә!
Тұйғын-тұйғын, кә! кә!
З. Дерт көшіру. Малда болатын бәдік деген ауыруды, адамда болатын күләпсан деген ауыруды қазақта өлеңмен емдеу бар. Бәдік болған малды, күләпсан болған адамды ортаға ала қоршай отырып, қыз-бозбала жиылып, өлең айтып, көш! Көш! деп анда-санда айқайлап қояды. Өлеңдері онша көркем болмайды. Ұйқасқаны болмаса, жай сөз сияқты көріксіздеу келеді. Бәдік пен күләпсан өлеңі бір мазмұнды болады.
Айтамын айт дегеннен, айда күләп!
Жыландай сүйегі жоқ майда күләп!
Күләбі бұл баланың аяғында
Күләпсан бұл баланың көзінде еді,
Көмекей көзінде емес, безінде еді.
Бұл бала өлемін деп безілдеді.
Қаланың іші толған шанаға көш!
Таппасаң онан жайлау мен айтайын,
Қалада көзі шегір балаға көш!
Шоңқайып жол үстінде ома тұрғыр!
Жеріңе ома тұрған жасыл түсіп,
Оқ өтіп, тас төбеңнен құдай ұрғыр!
Кетпейді жаз да болса таудың қары.
Күләптің көшіп кетсін қалмай бәрі!
(Жиенғали жиғаннан)
4. Бесік жыры яки бала тербету. Баланы ұйықтату үшін айтатын өлең. Бала тербету түрліше айтылады. Бірақ бәріне бірдей жалпы келетін де жерлері бар.
Әлди-әлди, ақ бөпем!
Ақ бесікке жат, бөпем,
Құнан қойды сой, бөпем,
Бәрін жеп өзің тауыспай,
Маған-дағы қой, бөпем!
Әлди-әлди, аппағым!
Қозы жүні қалпағым.
Өзім сүйген аппағым!
Әуіп-әлди, әуіп алдаш!
Етегінде қуырмаш.
Кісі менен ісі жоқ.
Қыздар менен тауда екен.
Алма теріп жүр екен.
Жаңа теріп жүр екен.
Алты қарын майымыз!
Жеті қарын жентіміз!
Шаһар, Бұқар кентіміз!
(Қалып сөзінің нұсқаларын нұсқалықтың 27, 130 нөмірлерінен қара).
ЖАЗУ ӘДЕБИЕТ
Жазу әдебиет деп жазылған шығармаларды айтамыз. Жазылған шығармалар қазаққа жазу тарай бастағаннан бері қарай шыққан сөздер. Қазаққа жазу дінмен бірге келген. Қазақ ішінде молдалық қылып, дін үйретушілер, бала оқытушы қожалар, ноғай молдалар болған себепті жазба сөзді шығарушылар да бастапқы уақытта солар болған. Қазақ ішінде олар көп тұрып, қазақтың тілін, мінезін жақсы білген. Қазақтың өлеңді, сөзді сүйетін мінезін біліп, дінді халыққа молдалар өлеңмен үйреткен. Шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлеңді хикая, өлеңді әңгіме түрінде айтып, халықтың құлағына сіңіріп, көңілдеріне қондырған. Басқа мұсылмандардың тіліндегі діндер түрде шығарған. Ертегі өлеңдерді қазақтың ертегі жырларының түріне салып, қазақ тіліне аударулары дін шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлең арқылы білдіру мақсатпен істелген іс. Бірақ қожалар, ноғай молдалар көбінесе ақын болмағандықтан қазақтың ертегі жырларындай келістіріп, мұңды, зарлы, әдемі қылып шығара алмаған. Шығармаларының сөзімен мәздемей, ертегінің жаңалығымен, әңгімесінің қисынымен қызықтырып, тамұқтың азабымен қорқытып, жұмақтың рақатынан үміттендіріп, дін арқылы тыңдаулы қылған. Қожалардың, молдалардың ісінен Шортанбай, Ақмолда сияқты ақындар шыққаннан кейін жазба сөздер бітегене дәмділенген. Бірақ қайсысында болса белгілі бағыт болмаған. Шығарған сөздері бағыт жағынан қарағанда, адасқан адамның ізі сияқты. Бәрінің де адаспайтын жалғыз жолы: дүниеге қызықпай, ақиретке азық жи деу, ғұшыр, зекет, пітір, садақа беру, жаназаға мал байлау, намаз оқу, ораза ұстау, қажыға бару жағынан ақыл айту бағыттары бәрінің де бірдей, бұл жағынан лақпайды. Басқа жағынан іздері былғалақ-шылғалақ, адам біліп болар емес. Домбыра тарту, ән салу, өлең айту сияқты халықтың үйреншікті зауықтарына дейін күнә деп тыйғысы келген. Бірақ ұзын арқан, кең тұсауға қалыптанған қазақ шариғаттың тар тұсауына үйрене алмаған, шыдатпай үзіп, өз жөнімен жүре берген. Сондықтан жазу әдебиетпен қатар қазақтың ауыз әдебиеті жоғалмастан түгел күйінде сақталған. Молдалардан шыққан жазу әдебиет дінге қызмет қылса да, тілге қызмет қылмаған. Тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту орнына тілді бұзған, аздырған. Қазақтың тұтынған тілімен жазбай шығарушылар: «Китаби тіл», «Әдеби тіл» деп ноғай тілімен, яки сарт тілімен жазған. Қазақтың тілінде басылған бұрынғы шығармаларды алып қарасақ, қазақ тілі болмай, қазақ пен ноғай тілінің араласқан қойыртпағы болып шығады. Ол қойыртпақ тіл қожалар, молдалар шығарған сөздерде ғана емес, қазақ молдаларының шығарған сөздерінде де бар. Бұл кемшілік егерде баспа кітаптар жүзінде ғана болса, бастырған ноғайлар бұзды дер едік. Олай емес, жазу солай екендігін қазақ молдаларының өз қолымен жазған жазулары көрсетеді. Әдебиетті молдалар дін бесігіне бөлеп, таңып тастаған себепті, әдебиет көпке дейін өңдеп өсе алмай, мешел болып аяғын баса алмай жатқан. Сол күйінде тұрғанда патша үкіметінің саясаты келіп килігеді. Қазақ діні шынығып жетпеген, шала мұсылман халық. Мұны мұсылман дінінен христиан дініне аударып жіберу оңай деген пікірмен, патша үкіметі қазақ пен ноғай арасында жік салып, екеуін айырғысы келеді. Оның үшін қазақ байлары ноғайша оқымай, орысша оқитын боларлық саясат жүргізеді. Қазақ балалары үшін школ ашады, ноғайға қазақтың жазу жағынан сорпасы қосылмас үшін араб әрпін қалдырып, қазақ тіліндегі кітаптарды орыс әрпімен басады. Орыс өзіне тартып, ноғай өзіне тартып, екеуі екі жаққа сүйреп жүргенде, қазақ орыс әдебиеті арқылы Европа жұрттарының әдебиеттерімен танысады. Бұрын қазақта жоқ сөздердің түрлері шыға бастайды. Дін күшімен емес, тіл күшімен өзін тыңдайтын сөздер шыға бастайды. Бастапқы жазба әдебиеттің бас мақсаты — дінді жаю, дінді күшейту болса, соңғы әдебиеттің бас мақсаты — тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту болады. Сөйтіп жазба әдебиеттің өзі екі дәуірге бөлінеді: 1. Діндар дәуір, 2. Ділмар дәуір. Діндар — діншіл деген мағынада, ділмар — тілшең деген мағынадағы сөздер. Қазақ әдебиетінің діндар дәуірі де, ділмар дәуірі де халық әдебиетін дамытып, күшейтуден туған дәуірлер емес. Басқа жұрттардың әдебиетінің әсерінен туған дәуірлер. Діндар дәуір әдебиетімізге араб, парсы әдебиетінен үлгі алып, соларды еліктегеннен пайда болған. Ділмар дәуір орыс әдебиетінен өнеге көріп, үлгі алып соған еліктеуден пайда болып отыр. Мұндай бір жұрт екінші жұрттан әдебиет жүзінде үлгі алу жалғыз бізде ғана болған іс емес, барша жұрттың басында болған іс. Осы күнгі әдебиеттің түп үлгісі грек жұртынан алынған. Грек әдебиетінен үлгіні Рум алған. Европадағы басқа жұрттар алған. Біздің орыс та әдебиет үлгісін Европадан алып отыр, біз орыстан алып отырмыз. Жазу әдебиетіне басқа жұрт үлгісі қатысқандықтан бізде жазу әдебиет шығармаларын — діндар дәуірдікі болсын, ділмар дәуірдікі болсын — ауыз әдебиетше тұтыну орнына қарай бөлмей, айтылу орнына қарай бөлеміз. Басқа жұрттардың әдебиеті де солай бөлінетіні «Дарынды сөз түрлері» деген бапта жалпы түрде ғана айтылып өтіп еді. Енді қандай түрге бөлінетінін, қандай сөз қай табына қарайтындығын толығырақ түрде баяндамақпыз. Жазу әдебиеті негізінде үшке бөлінеді: 1. Ертек (әңгіме). 2. Толғау. 3. Айтыс-тартыс. Жазу әдебиетінің ертек түріне кіретін сөздері ауыз-ертек, ертек-жыр, тарихи жыр, мысалдар сияқты сөздер. Толғау табына кіретін ауыз толғау, жоқтау сияқты көңіл күйінен шығатын сөздер. Айтыс-тартыс табына кіретін сөздер түрі ауыз әдебиетте жоқ, ашып айтқанда ауыз әдебиетте айтыс-тартыс түріндегі сөздердің ауыз әдебиетте айтысы бар да, тартысы жоқ. Айтыс-тартыс түріндегі шығармалар жалғыз қазақта ғана емес, басқа жұрттардың да ауыз әдебиетінде болмаған. Айтыс-тартыс шығармалар өте шеберлікті керек қылғандықтан, өнер күшейген кезде шыққан.
1. ДІНДАР ДӘУІР
Діндар дәуір ауыз әдебиет түріне түр қосып жарытқан жоқ. Анайы әдебиеттегі шығармалардың түрлеріне діншілдігімен ғана айрылмаса, айрықша түр-тұрпатымен айрыла қоймайды. Діндар жағының басымдылығымен айрылатын түрлері мынау: қисса, хикаят (мысал), насихат (үгіт), мінажат, мақтау, даттау, айтыс, толғау, терме. Бұлардың әрқайсысын қысқаша баяндап, мысал келтіріп, сыр-сипатын көрсетіп өтейік. 1. Қисса — өлеңмен жазылған, көбінесе діндар әңгімелер. Бұл әңгімелер қазақ тұрмысынан алынған сөзден емес, басқа жұрттардың ертектері. Мазмұнына қарағанда қисса екі түрлі: 1. Дінді қасиеттеу үшін мұсылман дінінің артықтығын, асылдығын халықтың құлағына сіңіріп, көңіліне қондыру мақсатымен шығарған қисса. Бұлар: кәпірлермен соғысқанда құдай қолдап, мұсылманның жеңгендерін, кәпірлердің дінге енгендігін сөйлеп өтеді. 2. Шариғат бұйрықтарын орнына келтірмеген адамдардың өмірінен де мысал келтіріп, шариғат бұйрығын орнына келтірген адамдардың өмірінен де мысал келтіріп, келтіргенге не болғанын, келтірмегенге не болғанын көрсетіп, елге шариғат бұйрығын істету мақсатпен шығарған қиссалар. Мұндай қиссаларды өлеңшілікті тіленшілікке айналдырып жіберген ақындар, жыршылар сияқты алланы азыққа, тамаққа айналдырып жіберген молдалар шығарған. Зекет, ғұшыр, пітір, підия сияқты нәрселердің берілетін орнын айтпайды, беру керектігін айтып зарлайды. (Берсе кімге беретінін айтушылар өзі біледі). Бастапқы түрлі қиссалар «Зарқұм», «Салсал», «Сейфул-Мәлік» сияқты ұзақ келеді. Соңғы түрлі қиссалар: «Мұса мен Қарынбай», «Жұм-Жұма» сияқты қысқа келеді. Ұзақ қиссалардың мазмұнын айтып, мысал үшін көрсетуге көп орын алады. Сондықтан қысқа қиссалардың бірінің мазмұнымен ғана таныстырып өтейік. Мәселен, алайық «Мұса мен Қарынбай» қиссасын. Шығарушы Жүнісбек Шайқысләмұлы... Бұл қисса не мақсатпен жазылғаны қиссаның мазмұнынан да, жазушының бастау сөзі мен, аяқтау сөзінен де көрініп тұр.
«Жараңдар, бұл сөзіме құлағың сал,
Аузымнан шыққан сөзім шекер мен бал.
Жараңдар арам дейді зекетсіз мал.
Құдайға жақсы пенде құлдық қылар.
Ақыретте қарныңнан тас шығарар.
Қиссаның қысқаша мазмұны мынау: Қарынбайға зекет бергіз деп құдайдан Мұсаға әмір келеді. Мұса Қарынға барады. Қарын малы сансыз көп бола тұрып, Мұсаға мал союға қимай мысық сойып, алдына әкеліп қояды. Мұса «мыш-мыш» дегенде, табақтағы ет мысық болып түрегеледі. Қарынға қатты ашуланады. Бірақ малыңнан зекет берсең, мысық сойған күнәңді кешем дейді. Қарын саған зекет беретін қолайлы малым жоқ дейді. Зекет бермесең жер жұтсын деп ақырғанда, періштелер келіп жер кіндігін тартады. Жер тартып, Қарын белуарынан кіреді. Мұса қолынан ұстап тұрып, зекет бересің бе деп сұрайды. Қарын өлтірсең де бермеймін дейді. Мұса: тарт тағы деп әмір еткенде, Қарын жерге иегінен енеді. Зекет бересің бе, құдай жүзін көрмейсің, малың шаян болып шығады, жаннам түбіне кетесің деп, Мұса үгіттесе де Қарын болмайды. Өлтірсең өлтіре бер, бірақ мал бер деген сөзді аузыңа алма дейді. Мұса өз обалың өзіңе, «Бар!» — дегенде, Қарынды мал-мүлкімен жер тартады. Сол күйі мал-мүлкімен әлі күнге дейін Қарын жерге жұтылумен барады дейді. Қиссаның аяғында жазушы былай деп тағы үгіттейді:
Малыңнан зекет беріңіз!
Бірлігін қақтың біліңіз!
Қақ жолымен жүріңіз!
Пәк болады дініңіз.
Сағатындай болмайды
Ақыретте күніңіз.
Сөзіме құлақ салыңыз.
Жақсыдан ғибрат алыңыз.
Зекетсіз жиған малыңыз.
Молданың тілін алыңыз!
Құдай берген таусылмас,
Өлшеп берген дәміңіз.
Бұл сияқты сөздердің мақсаты айқын болмағандықтан, көп сөз қылудың қажеті жоқ. Молдаларға пайдасы көп. Өйткені зекет берсе, молдаға беретіні мәлім. Жұртқа келтіретін зияны көп, әсіресе тілге келтіретін зияны есепсіз. 2. Хикаят. Діндар дәуірдің өнеге үшін шығарған әңгімелері хикаят деп аталған. Хикаят дін үйрету ғана мақсатпен шығарған сөздер емес. Діннен басқа жағынан да өнеге көрсету үшін айтылады. Сондықтан хикаят тақырыбы түрлі-түрлі болады.
Бекер босқа жүргенше бойды балап,
Жақсы депті әр іске қылған талап.
Жүреді екен бір жігіт бекер қарап.
Бекер жүрер бірақ сол көргенде,
Түс суытып, қарамай өтеді екен,
Ол жігітке пайғамбар кез келгенде.
Көргеннен-ақ қарасын күлімдепті.
Не себептен күлдіңіз бүгін депті.
Күлмеуші едім жолықса ілгеріде.
Бекер қарап ілгері жүргенінде.
Жолдастықтан қашыпты шайтан бұзып.
Сол себептен күліп ем көңілім қызып.
Адам болсаң жолама ол әдетке.
Пайдасыз бекер қылған әрекет те.
3. Насихат. Насихат деген ақыл үгіт мағынасындағы сөз. Діндар дәуірдегі үгіт өлеңді шығарушылар насихат деп атаған. Діндар дәуірде насихат айтушылар насихатын да шариғат жолына тіреп айтқан. Мәселен: Әбубәкірдің ұрыға айтқан насихатында былай дейді:
Жігітке тәуір ат па ұры деген.
Берекет таба алмассың мұныменен.
Арамның ер байымас мыңыменен.
Кемдікке арланады асыл адам.
Құдайдың бергеніне тасымаған.
Жаһанда сендей болған пасық адам.
Сүйекте қасиет жоқ жасық адам.
Алланың рақметінен қашық адам.
Сол Әбубәкірдің қатынға айтқан насихатында мынадай сөз бар:
Бәлені шақырмаңыз көрінбеген.
Басың да қатар болар өлімменен.
Ағашты жабыстырған желімменен.
Алаштан тандап алып сізді құшқан.
Еріңмен тірілікте болма дұшпан.
Сиратта қыл көпірден құстай ұшқан.
Көрсеткен ей, жеңеше, менің нұсқам.
Екінші тірілікте халыққа жақпас.
Көп болар қабір ғазап тыныш жатпас.
Насихат болады мынадай сөздерде:
1.Атқа мінген азамат,
Қалалдық қыл да тап залал!
Қарамдық қыл да пайда тап!
Залалын ақыр көрерсің,
Бүгін жеген қапыңды,
Таңында бір күн берерсің.
Алып барар малың жоқ.
Иманыңменен төлерсің.
Дүниеде қайыр қыл!
Мақшарда нұрға қанарсың,
Жетім менен жесірге,
Сен де сондай боларсың.
Кетсе өзің қонарсың.
Залым болса, жәннемге,
Ғалым болса, ағарсың.
Не шашсаң соны орарсың.
Бүгін кейін қалсаң да,
Ақырында озарсың.
2.Билер пара жемеңіз!
Жалғанды жолдас демеңдер!
Ақирет қамын іздеңдер!
Кісі ақысын алмаңдар!
Аузыңа арам салмаңдар!
Дүние жиып өткен жоқ,
Бізден бұрынғы пайғамбар.
Құдайдан қапы кетпеңдер
Әлің келсе Меке бар,
Старшын, болыс болам деп,
(Шортанбай)
4. Мінажат. Діндар дәуір мұңды, зарлы сөздеріне мінәжат деп ат қойған. Әуелінде мінажат деп ғұламалардың құдайға айтқан зары, арызы, налысы айтылған. Бара-бара зарлық, мұңдық мағынасына айналып, зарлық өлең сияқты сөздер де мінажат деп аталатын болған. Мәселен: Сейдақмет ақын мынау сөзіне «Мінажат» деп ат қойған:
Қадірі болмайды екен жұрт аманда.
Болмайды еш қадірім бір адамға.
Қажетің түссе егер бір наданға.
Қолыма мал түспейді қамдасам да.
Қатардан қара басым қалмасам да.
Тілегім қабыл емес зарласам да.
Сұрасқан хал, ақуал көңіл құштар.
Бірі жоқ осы күнде қолмен ұстар.
Қатқан соң қабағына қар менен мұз.
Қалды ғой, қараса алмай қыран құстар.
Бұл сөзден көрінеді — мінажат түріндегі сөз әман құдайға айтылатын сөз емес, басын ғана құдайға қаратып айтып, ар жағы әншейін мұң сөзі болатыны, мінажаттың басын алып тастаса, басқасы мұң толғау, зарлау болады. Мінажат құдайға қаратып бастауымен мінажат болатын болса, мынау сөз де мінажат болуға тиіс.
Жолында бір ғашықтың зарланамын.
Сыртыма шығаруға арланамын.
Бірақ бұл мазмұнына қарағанда мінажаттан көрі ғашық толғауына жақын. Нағыз мінажат төмендегі түрлі сөздер боларға керек. Ғашірбек соғысып жүргенде, байлауда тұрған Жүсіпбек құдайға, тауларға мінажат қып айтқан сөзі:
Падишасы едің, құдайым!
Құдая, саған жылаймын.
Өзіңнің нашар пендеңмін,
Әр жапаңа көнгенмін.
Медет берер күн бүгін.
Халық қылып бар еткен,
Неше әулие, әнбие,
Неше хакім пана еткен.
Медет берер күн бүгін.
Кәпір патшасы Жүсіпбектің сөзіне ашуланып, дарға асуға бұйырғанда, Жүсіпбек медет тілеп айтқан мінажаты мынау дейді:
Падишасы, құдайым!
Құдая, саған жылаймын.
Кәпірлер аспақ таладар,
Дар үстінде еттім зар,
Дін шырағы Мұқамбет
Құдай шері я Ғали
Біздерден болшы хабардар.
Қанша болды менің жазам?
Кәпірлерден жетті қазам
Шын хақиқат қозым деп,
Назар етер күн енді. 5. Мақтау. Діндар дәуірдің мақтау өлеңінде діндарлық көрініп тұр. Діндар дәуірден ілгергі ақындардың сөзінен діндар дәуірдің ақындарының сөзінде керек емес артық сөздер толып жатыр. Көбінің мақтауы да орынсыз келеді. Аят оқитын адамша көбі өлеңдерін ағузы мен бісмілдадан бастайды.
Сарт Жақып деген ақынның Алмамбет судияны мақтаған сөзі былай басталады:
Жарамас қақтың есімін тастағаным.
Етпекке шәні мадық қастағаным.
Бісмилла сөз тартылса шайтан қашқан.
Тұра алман етпей қарап шәні дастан.
Екінші бір Жорабай ақын деген сол Алмағамбет судияны мақтаған сөзін былай бастайды:
Қағазға бісмилла деп тартам қалам.
Сақтасын мұсылманды есен аман.
Үміт көп соның үшін бір құдадан.
Келтірген бұл араға біздің талан.
Мақтауда ұлы мақсат, таза қошамет, таза ықылас болмаған. Анайы ақындар сияқты тікелей сұрамағанмен, әкім болған, төре болған, ықпалы жүрген адамдардың жылы назарында болу мақсатымен көбі жарамсақтанып, жәреукеленіп айтқан. 6. Даттау. Сөгу, жамандау, айыбын, мінін айту — бәрінің жалпы аты даттау болады. Даттау табына бір адамның басындағы мінін айтқан сөз де кіреді. Бүтін елдің, халықтың басындағы мінін айтқан сөз де кіреді. Діндар дәуірдегі даттау да көпті даттағандар. Көбінесе шариғат жолына шалығын айтып даттаған. Адам басын даттағанда әуелі мақсат пен күйініп даттаған, үйіне қондырмаған, қонақасы оңды бермеген сияқты ұсақ себептерден реніш етіп даттаған.
1.Әуелі бісмилла деп сөз басталық,
Алланың қақ жолынан адаспалық.
Еншалла сол уақытта азбас халық.
Өтірік пайдаға асты, рас қалып.
Замана болды халқым әлдеқалай!
Аузыңнан жалғыз кәлам шыққан сөзің,
Кезеді бір сағатта тоқсан тоғай.
Болып тұр бұл заманда судан да лай.
2.Бұл болса ешкім бақпас жолдасына,
Алданар арам дүние олжасына.
Сұраса бәле салар өз басына.
Бас адам көзім жетті оңбасына.
Бірінің бірі нанбас олласына.
Зекетін саудалайды молдасына.
Берері садақасын қолқасына.
Рас па, көптің салдым ортасына. 7. Айтыс. Діндар дәуірдің айтыс өлеңдері де дін әсерінің күштілігін көрсетеді: ақындар айтысқанда бірін-бірі сүрінту үшін дінге, шариғатқа теріс ғамалдарын көрсетіп сүрінтуге тырысады. Шариғатқа теріс істерін мін қылып мүдіртпек болады. Мәселен, Айқын мен Жарылғасын айтысқанда, екеуі шариғатты жамандық-жақсылық, дұрыстық-терістіктің тиянағы, нарқы, таразысы, шариғат жөнімен бірін-бірі міндеп айтысқанын көреміз.
Қожаеке, есенсіз бе, сәлем бердік!
Мүбәрәк дидарыңды жаңа көрдік.
Жоқ шығар көңіліңізде тәкаппарлық.
Қазірде қолыңды бер көріселік!
Жарылқасын қожа айтады:
Жарқыным, сәлем берсең, саламат бол!
Жетеді мұратына өлмеген құл.
Сүннеті пайғамбардың қазулы жол.
Бұл дұрыс шариғатқа болмайды сол.
Мысалы екі бетің ал қызыл гүл.
Абзалда сөйлеселік атың білдір. 8. Толғау. Діндар дәуірдің ақындарының толғауында да, діндар дәуірдің жырларында да дін әсері барлығын төмендегі мысалдардан көруге болады:
Қақ жолға жаннан кешіп бағыштансам.
Намазға бес уақыт жаяу барсам.
Қақ іске қайым тұрып сонан қансам.
Шәкіртке күнде екі рет түйе шалсам.
Күн сайын телеграммен хабар алсам,
Осындай қазақ затта бір ер бар деп,
Жұртына дар ісләмнің анықталсам.
Жүсіп, Ахметбектердің жырында, Ахметбек ағасы Жүсіпбекке айтқан бір сөзі:
Бұл кәпірге жалынба!
Көкірегің жасытып,
Бұрынғы күнді сағынба!
Бұйрығын қақтың көрермін.
Көзел шайы кәпірдің
Жан жазасын берермін.
Ғашықтық толғауында мұсылмандық, кәпірлік, шариғат сияқты нәрселер айтылмағанмен діндар дәуірдің тіл әсері айқын көрінеді. Бейісұлы Төлегеннің ғашық зарында мынадай сөздер бар.
Қайғылы көкірегім көзімде нәм.
Екі «ти», бір «нун» менен еттім қалам.
Налышым көкке жетер етсем паған.
Бұл сырым халыққа мәлім, күмән саған.
Қайғыңды түгесе алман етіп баян.
Күн қайда шер тарқатар көңіл басып,
Бұрынғы өткендерден қалған мирас,
Айрылмақ сүйгенінен неше ғашық,
Мақшұқым тауыса алман етіп баян.
Айрылмақ көз алдында сүйген жардан.
Сипатың пері заттың баласындай,
Көп ойлап зарланамын шарасыздай.
Араңыз жер мен көктің арасындай.
Өлкенек, қабырғаның саласындай.
Сыдыратіл, Мұнтағаның ағашындай.
Аса соққан борандай,
Өтемісің күндерім?
Ғаси болып аллаға,
Бұзылмағай діндерім.
Зар айлаған тілдерім,
Бабай түкті сопы Әзи
Көзіңді салшы пірлерім!
Аспаққа дарды сайлаған.
Қырық жігіт сені ертіп,
Күндерім, кәні, ойнаған,
Мақсатыма жетпедім,
Дүниедегі ойлаған.
Падишасы бір құдай,
Құлым дейтін күніңді,
Қайрат қылып қан төкпей,
Қапалықта кеткенім.
Рас па дүние өткенің?
Егер қапы қалмасам,
Бұл секілді дінсізге,
Ақырын тілеп бұл істің,
Падишасы ғаламның,
Бір өзіңнен күткенім.
* * *
Намыс яки соғыс толғауы. Діндар дәуірдің жырларында кәпірлермен соғысқанда әскерге қайрат беру үшін намысын қоздырып, қанын қыздыруға айтылған намыс толғауда да дін әсері төмендегі сөздерден көрінеді. Жүсіп, Ахмет жырында Ғашірбек қырық жігітке қайрау сөз айтқанда былай толғайды:
Қанға бояп көз жасты,
Шүлдірлетіп қызыл басты,
Сайлап шаншар күндер бүгін.
Тығырадан шашақтары,
Ахметжанның қожақтары,
Жаннан кешер күндер бүгін.
Құрылсын мақшардың базары,
Бек Жүсіптің қошқарлары,
Қаннан кешер күндер бүгін.
Ат құлағын теңестіріп,
Бір-біріңе кеңестіріп.
Майдан кешер күндер бүгін.
Марқайыс толғауы. Діндар дәуірдің марқайыс толғауында да дін әсері болғанын мына сөздерден байқауға болады: Байтұрсын, Ақтас деген жақын ағалары 15 жыл айдауда болып, қайтып келіп тұрған қуаныштың үстінде айтқан Қарпық ақынның марқайыс толғауында мынадай сөздер бар:
Дүниеде теңін тауып жарысқаным!
Тәніңнен дұшпан көрсең түгің шыққан,
Лайық заманыңа арыстаным!
Қам ойлап қарашыға болысқаным!
Үлгімен әр орында тұра берген,
Ақылға Аплатондай данышпаным!
Қайырлы сағатында қауышқаным,
Шұбалаң, Қарақоға, Жыланшықпен,
Дені сау түсінікті болыстарың.
Атқарып жолдас болған орыстарың.
Діндарлықтың әсері жоқтауларда да бар. Бұрынғы жоқтауларда өлген адамның батырлығы, байлығы, істелген ерлігі, мырзалығы айтылып жоқталғанда, діндар дәуір турасындағы жоқтаулар дін жайын жақсы білетінін айтып жоқтайды. Мысалы:
Ағайын келді қасыма.
Дүние деген осы ма?
Көңілден қайғы босатсам,
Келе ме көздің жасына?
Кешегі өткен асылға?
Асылым түсті қолымнан,
Қанатым сынды оңымнан
Адастырды жолымнан.
Ұядан ұшты алғаным.
Мезгілсіз келді кезегім,—
Қызығыңа қанбадым.
Іслам жолын аңдадың
Жан тәсілім болғанша,
Ақылыңнан танбадың.
Құданың назар салғанын.
Көңілде болды арманың.
Бұйрығы деп алланың,
Иманыңды құрметтеп,
Періште келсін хабарға.
Іздегенмен табар ма?
Кешегі сөнген шам-шырақ
Орнына қайтып жанар ма?
Енді дәурен болар ма?
9. Терме. Діндар дәуір термесі мен ауыз әдебиеті түрінің термесі бірдей. Жалғыз-ақ діндар дәуір дін сөзін көбірек қатыстырумен айрылады. Мысал үшін діндар әдебиет термесінен алып қарайық. 1. Шортанбай термелері.
Топырақтан жаралды.
Сол Адамнан таралды.
Көкірегіне қадалды.
Бойыңды тартып тек жүрсең,
Көрмесін деген залалды.
Жазғы салқын самалды
Тарихы деген тамұқтың
Қысқы суық амалды.
Ақылы жоқ жаманға.
Үшбу ақыр заманда.
Жамандық асқан заманда.
Аузына құдай кірмеген,
Қайыры жоқ сараң да,
Алақандай ай мен күн,
Ғаламның орта жарығы.
Әмір қылған жарлығы.
Мұсылманның тарығы
Руза, намаз қаза қылмасаң,
Көңілің де құдай барлығы.
Жалғанның жаман тарлығы,
Түшіркенген ұйқы жоқ
Қайғының асқан зарлығы...
Ауру болып азамат,
Қойылса басың жастыққа.
Жарамайсың достыққа.
Өзіңнен бақыт кеткен күн
Айналар достық қастыққа.
Әурешілік жастықта.
Дүние қуған мастықта.
Адасып жолдан астық па?
Шүкірлік қылмай тастық па?
Ғибадат бізден болса да,
Рақметті патшамсың,
Кешіре гөр, күнәйім!
Өзің пендем демесең
Пайдаға аспас құр уайым.
Ықылас пенен дін уайым.
Мұсылман болып туғанға
Ләббайка деп рухым
Хаққа мойынсұнғанға.
Жақсы мал шалып құрбанға.
Суды құйып құманға.
Айналмаңыз құр малға.
Тәңір берген дәулеттен
Мақшар күні құр қалма!
Көңілге иман бекітіп
Үйретіңіз туғанға.
Жанған оттан құтқарар
Хақ таразы құрғанда
Шапағат қылар бес намаз
Жаныңды қабір қылғанда.
Ұқсайды білсең жараңдар
Көзіңді ашып жұмғанға
(Діндар дәуір әдебиет нұсқаларын нұсқалықтың 131, 165 нөмірлерінен қара).
2. СЫНДАР ДӘУІР
Сындар дәуір деп қазақ әдебиетінің сынды болған, яғни сын арқылы шығып, әдеміленген мағыналы сөз, бір мағынасы сыны бар деген болады да, екінші мағынасы мінсіз, толғаулы, сипатты деген болады. Бұл сөздің екі мағынасының екеуі де қазақ әдебиетінің соңғы кездегі жаңа дәуірін дұрыс сипаттайды. Сын тезі құрылмай, әдебиет сөзі сындар болып (мінсіз болып) шыға алмайды. Қазақтың ауыз әдебиетін алсақ та, діндар дәуірдегі әдебиетін алсақ та, қандай жақсы болғанмен мінсіз сұлу болмайды: бір жерінде сұлулығы қандай зор болса, екінші жерде міні сондай үлкен болады. Ақындығы қандай күшті болғанмен айтылған екі дәуірдің ақындарының сөздерінде әдемілігінің жанында ат сүрінгендей міні тұрады. Олай болатынының түп себебі қазақтың ол кездегі ақындары асыл сөз немен асыл болатынын, ақындық сезімімен сезсе де, анық біліп жетпеген. Сондықтан сөзін мінсіз етіп шығара алмаған. Тыңдаушысының да асыл сөз турасындағы білімі ақындардікіндей болып, олар да ақын сөзін тексеріп сынға сала алмаған. Асыл тас, асыл темір, асыл бұйым несімен асыл болатынын білмеген адам тастың, темірдің, бұйымның жақсысын тауып алуды білмейді. Сындар дәуірге дейін қазақ ақындары да, ақын сөзін тыңдайтын әлеуметі де, сөз несімен асыл болатынын білмегендіктен сөз бағасын көтере алмай, нарқын кеміткен. Адамға өз бойындағы үйреншікті міні — мін болып көрінбей, өз үйіндегі кемшіліктер — кемшілік болып көрінбейді. Жұртқа да солай. Салтындағы, қалпындағы, ғұрыптағы жаман әдет — жамандық болып көрінбейді. Бойдағы мін бойында міні жоқ біреуді көргенде байқалады; үйдегі кемшілік кемшілігі жоқ үйді көргеннен кейін көзге түседі; жұрттағы жаман әдет басқа жұрттың жақсы әдетін көргеннен кейін білінеді. Сондай-ақ қазақ ақындарының өздерінің де, сөздерінің де міндері, кемшіліктері, жаман әдеттері өнерпаз Европа жұртының сындар әдебиетін көргеннен кейін байқалып, көзге түскен. Сонан кейін ғана Европа әдебиетінен тұқым алып, қазақ әдебиетінің сүйегін асылдандырып, тұлғасын түзетушілер шыға бастаған. Қазақ әдебиетінің асылдануына, әсіресе әсері күшті болған Абай сөздері. Абаймен қатар басқалар да шыққанмен олар асыл сөздің жаңа сипатын Абайдай айқын көзге түсерлік етіп көрсете алған жоқ. Сондықтан қазақ әдебиетінің сындар дәуірі Абай сөздерінен басталады. Жоғарыда айтылған «Сын арқылы шығып, әдеміленген» деген сөзді, шығарған сөз біреудің сынына салынып, сонан кейін шыққан сөздер деп ұқпасқа керек. «Сын арқылы шығып» дегеніміз — шығарушы өзі жазушы, өзі сыншы болған уақытта шыққан деген мағынадағы сөз. Европа әдебиетімен танысқаннан кейін қазақ ақындары сөздің асыл болатын сырын біле бастайды. Сөздің ондай сырын білу — сын білу болады. Ат сайыс аттың жүйрік болатын сырларын білгеннен кейін, сындарын біліп, сынайтын болады. Сондай-ақ сөздің асыл болатын сырын білген адам сөзді сынай біледі. Сынай білетін адам жаза да білетін ақын болса, оның ақындық жағынан шығатын сөзі сеністік (сыншылық) жағының сынына түсіп, сын арқылы шығып отырады. Жүйрік аттың белгілі сипаттары сияқты асыл сөзде де белгілі сипаттар болады. Сөз сол сипаттарын дұрыс көрсетумен асыл болып шығады. Мұнан асыл сөзді адамның бәрі де сөз шығаратын ақын болады деп ойламасқа керек. Асыл сөздің сипаттарын білумен адам ақын болмайды. Бірақ ақын адам сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, сөзін таза, мінсіз шығарады. Асыл сөздің сипаттарын білу тыңдаушыға да қажет. Абайдан кейінгі сөзге талғау кіреді: айтушы да, тыңдаушы да сөзді талғайтын болды. Олай болғаны — Абай асыл сөздің нұсқаларын айқындап көрсеткенінің үстіне аз да болса асыл сөз сипаттарын айтып та жұртты хабардар қылды. Абайдың «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңінде жақсы өлеңнің сипаттары да, қазақ ақындары мен тыңдаушылардың жоғарыда айтылған асыл сөзді танымайтын надандықтары да айтылып, аз да болса мағлұмат берілген. (Абайдың сол өлеңін оқу). Сөйтіп, асыл сөздің сипаттарын білу жалғыз ақындарға емес, әр адамға керек. Жақсы сөздің сипаттарын білген адам сынай білмекші, сынай білуден сөз талғауы күшеймекші. Солай болған соң асыл сөздің басты-басты сипаттарын білу сөйлеу жүйесінің ең керек бөлімінің бірі болады. Қазақтың жазу әдебиеті басқалардікі сияқты айтылуынша бөлінеді деген едік. Бірақ ол салалардың қандай тарау, тармақ я бұтақтарға бөлінетінін айтқанымыз жоқ еді. Енді сол айтылған үш салаға қоятын тарау, тармақ, бұтақтар сияқты сөздердің түрлерін көрсетіп, әрқайсысын керек орнында белгілі сипаттарымен әліптен өтейік. Ескерту: Қазақтың сындар әдебиеті Европа үлгісімен келе жатыр. Және сол бетімен баратындығы да байқалады. Европа әдебиетіндегі сөз түрлері бізде әлі түгенделіп жеткен жоқ. Бірақ қазір болмағанмен ілгеріде болуға ықтимал. Сондықтан сындар дәуірдегі сөз түрлерін жүйелеп тәртіптегенде, Европа әдебиетінің бізге келіп жетпеген түрлерін де өзіне тиісті орындарында атап өтеміз. Солай еткенде дарынды сөз табына жататын сөздің түрлері мынау болмақ.
Бұл топқа кіретін сөздер толып жатыр. Оның бәрін түгендеудің қажеті жоқ. Басты-басты түрлерін алғанда, олары мынау болады: 1. Ертегі жыр. 2. Тарихи жыр. 3. Әуезе жыр. 4. Ұлы әңгіме. (роман) 5. Ұзақ сөз. 6. Аңыз өлең және әңгіме. 7. Көңілді сөз. 8. Мысал. 9. Ұсақ әңгімелер.
Толғау түрлері де толып жатыр; оның ішіндегі негізгі түрлері мыналар: 1. Сап толғауы. 2. Марқайыс. 3. Налыс (мұңайыс). 4. Намыстаныс. 5. Сұқтаныс. 6. Ойламалдау.
1. Сөгіс толғауы яки даттау. 2. Күліс толғауы яки күлкілеу. 3. Масқаралау шығады. Күлкілеудің өзі үш түрге бөлінеді: а) Мазақ. б) Мысқыл. в) Қулық. Қулық та екі түрлі: бірі сықақ, екіншісі әзіл.
Айтыс-тартыс табына кіретін сөздер түрі де толып жатыр. Оның ішіндегі негізгі басты түрлері мыналар: 1. Айтыс сөз. 2. Тартыс сөз.
1. Мерт яки әлектекті тартыс (трагедия). 2. Сергелдең яки азапты тартыс (драма). 3. Арам тер яки әурешілік (комедия). Тартыс күйге ән-күй қосылса, тартыс зауықты деп аталады. Тартыс сөз қу тілді болса, қулықты деп аталады. Қисыны қызық болса, күлдіргі тартыс болады; сиқыр мазмұнды тартыс-сиқырлы деп аталады. Қазақ әдебиетінде бұл түрлердің кейі бар, кейі жоқ, кейі жеттікпеген алалау, балалау түрде, бар түрлері төменде қазақ әдебиетінің жаңа дәуірінен басталып, тиісті сипаттарымен көрсетілмекші.
1. ӘУЕЗЕ TYPЛEPІ
Ертегі жыр деп өлеңмен айтылған ертегі айтылады. Сындар дәуірдің ертегісі бұрынғысының ертегінен сындарлығымен айрылады. Ақындар ескі ертегіні ажарлап, ертегі жыр етіп шығарады яки өз тақырыбымен өз қиялынан шығарады. Жаңа дәуірдің ертегі жырлары Мағжан жазған «Сыздық батыр» турасындағы ертек, Пушкиннен аударылған «Балықшы мен Балық», «Алтын әтеш» сияқты ертегілер болады.
Ұлы әңгіме яки роман деп тұрмыс сарынын түптеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығармаларды айтамыз. Ұлы әңгіме шығарушылар (романшылар) роман жазғанда тақырыпты не өз заманындағы тұрмыс сарынынан алады, не еткен замандағы тұрмыс сарынынан алып жазады, немесе алдағы заманның сарынын болжап жазады. Роман алған замандағы тұрмыс сарынын көсеткенде, сондағы адамдардың — үлкені, кішісі бар, жақсы-жаманы бар, байы, кедейі, төресі, қарасы бар, жасы, кәрісі бар — не істейді, не іздейді, не тілейді, неге сүйініп, неге күйінеді, неден именеді, неден күйзеледі, нені жақтырады, неден жиренеді, неге құмар, неге сұлық.. Қысқасы, я бүтін бір жұрттың яки жұрттың бүтін бір табының сыр-сипатын сөзбен суреттеп, алдыңнан өткізеді. Ертек жыр, тарихи жыр сияқты шығармалар зор-оқиғалардан қара көрінім асқан адамдардың ғана істерін сөз қылады. Жалпы қалыпты жай адамдардың істеріне, өздеріне онша назар салмайды. Ұлы әңгіменің мақсаты көптің өмір сарынын суреттеп көрсету болғандықтан бұл туралы шығармаларды адамның да, уақиғаның да ұлысына, ұсағына бірдей назар салынады. Өмір сарынын көрсететін хаттан асқан, сирек солатын үлкен оқиғалар, ұлы адамдардың істері емес, құмырсқадай қыбырлап түрлі жол, түрлі жөнмен тіршілік етіп, тырбанып жатқан көптің амалы. Адам өміріндегі істің ұсағы көп, ірісі аз болады. Ұсақ уақиғаның адамға күнінде оны душар болғанда, ірі уақиғаның өмір бойы оны душар келмеске ықтимал. Адам басынан кешетін көбіне ұсақ уақиға, ұсақ іс, жеңіл сүйініш, жеңіл күйініш. Ұлы әңгіме өңшең үлкен уақиғалармен болмай, ұсақ істерден де өнеге көрсетуге тырысады. Оның олай етуінде екі түрлі мәніс бар. 1. Ұсақ уақиға мың қырланып, мың түрленіп, қайта айналып тұрады. Қайта-қайта болатын уақиға қалыпқа айналады. Адам тұрмысының тағдырын күн сайын құбылып, қайта-қайта келіп тұрған ұсақ уақиғалар шешеді. Бір рет өтірік айтсаң, ол зор бәле: өтірікші, сырғиға, сенімсіз болсаң, онан тіршілігіңе келетін кесапат көп. Адам бірден өтірікші, бұзық, ұры-қары болмайды; бірден түзік, әділ, адал ізгі де болмайды. Бір істегенін қайта істеп қалыптанумен бірте-бірте барып болады. 2. Ұсақ уақиғаның бірден-ақ ұлы уақиғаға себеп болатын жерлері де бар. Үлкен үйге кішкене кілт жол ашатын сияқты, үлкен іске көбіне кіші іс кілт болады, кіп-кішкене ұшқыннан үп-үлкен өрт шығады. Аз нараздық көңілден үлкен ұрыс, төбелес, соғыс шығып кетеді. Со сияқты адам қателескен бір ғана ісінен өмірлік тұрмысын ауырлатып алуы ықтимал. Бір дұрыс істеген ісінен жөнін түзеп, тұрмысын жеңілдетіп алуы ықтимал. Ұсақ уақиғадан ұлы уақиға тууы ықтимал болғандықтан ұсақ істің бәрін ұсақсыну керек емес. Ол ұсақ іс бәлки зор шарапатқа, я зор кесапатқа кілт болатын ұсақ істің бірі шығар. Олай болса ұлы уақиғамен қатар ұсақ уақиғаларды қатарға алу, түрін тану керек болады. Күн сайын істеліп жататын ұсақ істің ұлы іске ұласарлығы да, ұласпастығы да бар. Тіршілік ісі біріне-бірі оралып, шиеленісіп, байланысып жатады. Тіршілік ісінің парқын айыру, мәнісін білу ұйысқан жіптің ұштарын табу сияқты, қайдан басталып, қайдан тоқтайтынын бірте-бірте арасын ашып, шиесін шешіп барып таппасаң, бірден таба алмайсың. Ұсақ іс ұсақ іспен шиеленісіп, байланысып тұрса, оны қатарға алмасаң да келер-кетері аз. Ұсақ іс ұлы іске байланысып тұрғанда, қатарға алмасаң қамтама қаласың. Биік мақсат, зор үміт, ұлы пікір жоқ өмір хайуан өміріне ұқсас. Бірақ ұсақ істердің ішінде ұсақсынып байқамай өтсең опық жегізіп, өкіндіретіндері де кеп болады. Тіршілік жолында жүзеге шығарайын деген ісіне бөгет болатын көбінесе үлкен істер емес, ұсақ істер, ұсақ нәрселер. Олардың бөгетшілік күші үлкендігінде емес, көптігінде. Олардың бөгетшілігін бұзуға көп күш, үлкен іс керек емес. Ұсақ ғамал, жиі жеделдік керек. Тіршілік ғамалы, заманның заңын, тұрмыстың сарынын тану ғылымы — адамның іздеген, көздеген мақсаттарын білу, мақсаттарына жетуге жүретін жолдар мен танысу. Тұрмыс ғылымын жақсы білгеннің ісі — ұсақ істерге айналып, ұлы істерді де ұмытып кетпеу, ұсақ істерді ұсақсынып, қатарға алмай, қазыққа сүрінгендей болып қулап та жатпау. Ұлы әңгіме — тұрмыс тілі. Өмір жүзіндегі ұлы, кіші , ғамалдар, ұлы, кіші уақиғалар қалай бір-біріне оралып, шиеленісіп, байланысып, ұйысып, үші қайдан басталып, қайдан барып тоқтайтынын мысалмен көрсеткен секілдендіріп алдыңа әкеліп, түрлі жолмен, бағытпен байланыстырады, шиеленістіреді, шиеленістіре барып, немен тынатындығын көзге көрсетеді. Тұрмысқа сарын жасайтын адамның ғамалы, ғамалға өң беретін адамның мінезі, мінезге кейіп беретін тұрмыс төңірегі. Адамның мінезі ойының түрінен, көңілінің күйінен, істеген ісінен білінеді. Адамның тысқа шыққан пікірінде, көңілінің күйінде, еткен ғамалында мінезінің қай түрі көбірек көрінсе, сол адам сол мінезді болмақ. Мінез іштен туады. Бірақ шынығып жетпей тұрғанда мінез түрін тәрбиемен өзгертуге болады. Адамға тәрбие беруші әуелі ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, тұрмысындағы төңірек. Өмірінде қандай тұрмыс көрсе, нендей адамдармен кездессе, жолдас болса, істес болса, солардан өнеге көріп, үлгі алмақ. Өнер, ғылым жоқ жұртта адам тәрбиесін төңірегінен алады. Өнер, ғылым бар жұртта адамдар тәрбиені ата-анадан да, төңірегінен де, мектептен де, әдебиеттен де алады. Сөйтіп адам мінезіне өң беретін: үй іші, мектеп, төңірек болып шығады. Бұлардың өзі де адамдар түрлі болып туғандықтан, түрлі тәрбие алғандықтан түрлі болады. Сондықтан олардан тәрбие алған адамдар да түрлі мінезді, түрлі қулықты болмақ; бірақ адам көп, мінез түрі аз болғандықтан, көп адамдар мінездес яғни бір мінезді болады. Мінездері ұқсас бірыңғай, бір кейіпті адамдарды кейіптес дейміз. Мінездің белгілі бір түріне кейіп беретін адамдарды кейіпкер дейміз. Жомарттық, сараңдық, батырлық, қорқақтық, төзіктік, бұзықтық — бұлар қай жұртта да болатын мінездердің жалпы кейіптері. Сондықтан мұндай мінезді адамдар жалпы кейіпкерлер болады. Қазақтың арамза атқа мінерлері, қазақтың есерсоқ салдары, түйені түгімен жұтып қоятын болыстары — бұлар ұлтындағы, заманындағы кейіпкерлер болады. Ұлы әңгімешілер тұрмыс сарынын суреттегенде сарынға кейіп беретін, өң беретін таптардың кейіпкерлерін алып суреттейді. Жазушы кейіпкерлерін неғұрлым дұрыс алса, соғұрлым ұлы әңгіме тұрмыс сарынын дұрыс суреттеп, қалыпқа сәйкес, шынға жақын болып шықпақ. Бірақ сарындаушы өз заманындағы бар тұрмысты ғана суреттеп қоймайды. Өнеге үшін жоқ тұрмысты да алып суреттейді. Тұрмыс жағдайын өз ойлаған түрінше өзгертсе, өмір сарыны өзге жөнмен де кетуге мүмкіндігін көрсететін сарындаулар да болады. Ұлы әңгімеге жан беретін адамның ісі болғандықтан, мінезіне кейіп беретін тәрбие болғандықтан, тұрмысқа сарын беретін ұлы, кіші адамдардың ірілі-уақты істері болатындықтан. Ол істер біріне-бірі ұласып, біріне-бірі оралып, байланысып, шиеленісіп жатқандықтан, осының бәрін суреттеп шығару оңай емес. Мұны келістіріп, дұрыс пікірлеп, дұрыс суреттеп, уақиғаларды жақсы қиыстырып, сыйыстырып шығару көп жазушылардың қолынан келе бермейді. Ұлы әңгіме жазушы көркем сөздің әуез толғау, айтыс — барша түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік керек. Ұлы әңгіменің өресі қысқа, өрісі тарлау түрі «Ұзақ әңгіме» деп аталады. Онан шағындау түрі «Ұсақ әңгіме» деп аталады. Ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып бөлінулері үлкен-кішілігінен ғана. Мазмұндау жүйесі бәр-бәрінде де бір айтылу аудандарында айырма бар: ұлы әңгіме сөзі алыстан айдаған аттарша жайыла бастайды, ұзақ әңгіме жақыннан айдаған аттарша жайыла бастайды, ұсақ әңгіме мүше алып; оралып келе қоятын аттарша бастайды. Ұлы әңгіме түрде қазақ тілінде басылған шығарма әлі жоқ. Міржақыптың «Бақытсыз Жамалына» роман (ұлы әңгіме) деп ат қойылса да, өресі мен өрісі шағын болғандықтан о да ұлы емес, ұзақ әңгімеге жақын. Мұхтардың «Оқыған азамат», Смағұлдың «Қалайша кооперация ашылды» деген әңгімелері ұсақ әңгімеден гөрі ұзақ әңгіме түріне жақын болады. Нағыз ұсақ әңгіме болатындар: Смағұлдың «Автономиясы», Міржақыптың «Қызыл қашары», Бейімбеттің «Айт күні» сияқты әңгімелер.
Қазақтың ерте заманда ерлік қылған адамдарының ерлігін, батырлығын жыр қылып шығарған сөздер ертек жыр деп аталатыны жоғарыда анайы әдебиет туралы сөз болғанда айтылып еді. Нақ сондай болмағанмен соған ұқсас сөздер ділмар әдебиетте де болады. Ұлт өмірінде болған, ұлт тарихына жазылған яки халық аузында әуезе болып айтылып жүрген уақиғаны алып, яки уақиғада халықтың еткен қайратын, азаматының көрсеткен өнерін, жігерін, ерлігін, намысқорлығын яки адамшылығын әдемі түрде әсерлі сөзбен жыр қылып шығару бар. Сыпайы әдебиеттің сол сияқты шығармалары әуезе жыр деп аталады. Мұнда қара күші мол батырлардың орнына басқа түрлі ерлер,басқа түрлі қайраткерлер оқиғаның ортасында жүреді. Ертек жырда күші көп батырлардың ісі өнеге болса, әуезе жырда өнер, білім, қайрат, жігер сияқты сипаттарымен көзге түскен адамдардың ғамалдары өнеге болады. Мұнда да уақиғадағы істерге өзінше өң бере, көркейте айту бар, бірақ өте көпіртіп дәріптеу жоқ. Әуезе жырдағы көркейту уақиғаның да, адамның да жақсы жағын алуға болады. Онда да уақиғасы да, адамы да көркейтуді көтергенше ғана көркейтіледі. Әуезе жыр ақын тарапынан ұлттың ұлы адамына сөзден жасалған жәдігер есебіндегі нәрсе. Әуезе жыр мен тарихи жырдың арасындағы айырмасы сол, тарих жырындағы адамдар, уақиғалар турасында сөйлеген сөздер тарихтағы мағлұматтардың арнасынан аса алмайды. Олай етпесе, тарихшылар тарихты білмегендіктен иә қате түсінгендіктен тарих мағлұматын бұзып отыр деп кінәлайды. Әуезе жырда шығарушының қиялы еркін болады. Тарих мағлұматы сияқты арнасынан шығармай қайырып, иіріп отыратын мұнда бөгет жоқ. Бұған қоятын шек жалғыз-ақ алған уақиғамен адамды көркейтуді көтеру-көтермеуі. Көркейтуді көтермейтін уақиғамен адамды көркейтіп жіберсе, өтірік болып шығады. Әуезе жыр әдемі сөздің түрі болғандықтан әдемілеу әдісінің бәрі де істеледі: көрікте, меңзеу, әсерлеу түрлерінің бәрі де жұмсалады. Әуезе жыр мысалдары: Мұхаметжанның «Топжарғаны», Шәкәрімнің «Жолсыз жазасы», «Қалқаман — Мамыры», Мағжанның «Баян батыры» сияқты сөздер. 4. Аңыз өлең. Адамның бал ашқанға, ырымға, Қыдырға, аян бергенге, түс көргенге илануынан шыққан ел ішіндегі аңыз қылып айтылатын түрлі әңгімелер болады. Сол әңгімелерді ақындар ажарлы тілмен әдемілеп, өлең етіп шығарғаны аңыз болады. Аңыз өлеңнің мысалы: Мағжанның «Қорқыты», «Орман патшасы», «Масадағы» «Данышпан Аликтің өлімі», Абайдың «Ескендір» әңгімесі. 5. Көңілді сөз. Табиғатқа жақын қулық-сұмдық жайлар, әдіс жоқ, тамағы тоқ, уайым жоқ, адал ниет, ақкөңіл адамдардың талассыз, тартыссыз, тыныштықпен шеккен өмірін сөзбен суреттеп шығару көңілді сөз болады. Ондай адамдардың ғамалдары от басы, үй шаруасынан аспайды. Басқалардың істеріндей шиеленісіп, байланысып, баттасып жатқан істері болмайды. Ондай үйдің іші үлкенін сыйлағыш, кішілерін балаша мәпелегіш, мейірімді, меймандос келеді. Қазақтың сондай үйлерінің тұрмысын сөзбен суреттеп шығарса, көңілді сөз болып шығады. Бұл түрлі сөз біздің әдебиетте әлі жоқ. 6. Мысал. Мұның не туралы сөз болатындығы анайы әдебиет туралы сөз болғанда айтылған еді. Мұндағы айтылатын анайы әдебиеттегі мысалдармен, сыпайы әдебиеттегі мысал екеуінің арасындағы айырмасы — анайы әдебиеттегі мысалдар былай шыққан: алғашқы адамдар басқа мақұлықтардан ұзап жарымаған. Олар да түрлі табиғат тәсілімен тіршілік ететіндігін көріп, олар да адамды ойлайды, сөйлеседі, кеңеседі, бірін-бірі алдайды, арбайды деп білген. Сондықтан адамның ісін әңгіме қылған сияқты олардың да істерін әңгіме қылған. Онан хайуандар турасындағы ертегілер шыққан. Онан бері келе хайуандар тіршілік еткенмен нақ адамша ойласып, сөйлесіп, кеңес етпейтіндігіне көзі жеткеннен кейін мақұлықтар турасындағы ертектер өтірікке саналып, бірте-бірте жоғалып, тек мысалдар ғана қалған. «Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты» деген, «Тышқан шаңырақтағы еттің сасығын-ай» депті деген сияқты мысалдар хайуандар турасынан сөйлеген ертектерден қалған мысалдар. Түйенің алданып қалуы туралы, тышқанның шаңырақтағы етке бойы жетпеген соң сасық деп кемітуі туралы әңгімелер, ертектер болмаса, ондай мысалдар халық тілінде болмас еді. Мұндай мысалдардың пайда болуына себеп болған ертегіде айтылған хайуандардың ісіне адамдардың істерінің де ұқсауы. Қолы жетпеген нәрсесін жамандайтын мінез адамда да бар. Сондай мінездерді адамдардың кемшілігін көрсеткісі келгенде қазақ тышқанның «Шаңырақтағы еттің сасығын-ай» дегенін мысалға келтіреді. Анайы әдебиетте болған хайуандар мінезімен адам мінезін көрсету мақсаты сыпайы әдебиетте де бар. Мақсат жағынан бір-бірінен айрылмайды. Айрылатын жері айтылуында. Анайы әдебиетте хайуанның мінезі құр мысал болады да, сонымен айтушы қанағаттанады да қояды. Сыпайы әдебиеттің мысалы мінезінің ұқсауымен қатар айтылуының әдемілігін де бірдей еске алады. Мінезінің ұқсауы қандай келісті болса, әңгімесінің де сондай келісті болуын көздейді. Мұнда ұқсатуы да, әңгімесінің айтылуы да екі жағы бірдей қызғылықты болып, тыңдаушыға екі жағы бірдей әсер етеді. Мысалдарға бұлайша түр шығарушылардың ең шебері Франция жұртында Буттен (1759—1831), орыста Крылов (1763—1844) болған. Олардан бұрын ескі түрмен мысалдаушы шеберлер үнді жұртында да болған, гректе (Эзоп), румда (Бедір) болған. Крылов мысалдарының түрлері қырық мысалдағылар, Абай кітабындағылар «Жиған-терген» деген Өтетілеуұлының кітабындағылар. Крылов мысалдарының ішінде Эзоптан, Лaбонтеннен алғандары да бар. (Әуезе я әңгіме түріндегі сөздердің нұсқаларын нұсқалықтың 166, 197 нөмірлерінен қара).
2. ТОЛҒАУ ТҮРЛЕРІ
Толғау нендей сөз екені «Дарынды сөз түрлері» деген бапта айтылған еді. Мысалдары «Ауыз әдебиеттің», «Дарынды әдебиеттің» толғау бөлімдерінде көрсетілген де еді. Бұл жерде азырақ толғау сөздер жақсы болып шығуына қандай шарттар қойылатынын айту керек. Нағыз толғау мен күй (яки ән) арасы жақын: екеуінің де зейінге айтары аз, көңілге айтары көп. Толғау әдемілігі, әуелі айтуға алынған көңілдің күйіне қарай, екінші оны айтып жеткізетін сөйлеу түріне қарай болады. Сөйтіп, толғау әдемі болып шығуы үшін екі түрлі шартты орнына келтіру керек. Толғаудың мазмұн жағына қойылатын шартты ішкі деп, сөйлеу түріне қойылатын шартты тысқы дейміз. 1. Ішкі шарты: а) Толғау жалпы сырлы болу керек. Ақын толғауы да өз көңілінің күйін айтады, бірақ ол күй өзгеге түсінікті болуы тиіс. Күйі түсінікті болмаса, өзгелерге әсер ете алмайды. б) Толғау шын сырлы болуы тиіс. Өтірік жай сөзге де жараспайды. Толғау сияқты сырлы шығармаға өтірік жараспақ түгіл бүлдіреді. Сондықтан күйлі толғау көңілде шын болған күйден шығуы керек. Бұрынғы қазақ ақындарының мақтау, құттықтау өлеңдерінің көбі қадірсіз болып кетуі шын көңілден, шын толғау болып шықпағандықтан. в) Толғау таза болуы тиіс. Нас, былғаныш, нәжіс әдемі нәрседен шықса, көңілге қандай әсер етеді. Толғау сөзге былғаныш сөз, былғаныш пікір қатысса о да сондай әсер етеді. г) Толғау көңілдің тереңдігі күйінен хабар беруі тиіс. Көңілдің бер жағынан шыққан толғаудың әсері оқушының көңілінде терең із қалдыра алмайды. 2. Тысқы шарты. а) Толғау сөзі көңіл күйінің бейне билеуі сияқты болу тиіс. Күй де, би де бір-біріне үйлесіп келгенде сұлу болып шығады. Күймен бидің үйлесуі. б) Толғау қысқа болуы тиіс. Көңіл күйінің көбі-ақ бір қалыпта ұзақ тұрмайды. Көңіл күйінен шығатын толғау көңіл табиғатына қарай ұзын болмасқа тиіс, ұзын болмайды да. Нағыз толғаулардың көбі-ақ 4—5 ауыз өлеңнен аспайды. в) Толғау әуезді сөзбен айтылуы тиіс. Адамның көңілінің күйін жақсы білдіретін — күй мен ән. Әннен соңғы көңілге көбірек әсер беретін әуезді сөз. Әуезді сөздің әдемісі өлең толғау көңіл сөзі болғандықтан әсері күшін көбейтетін өлең түрде айтылуы тиіс. Көбінесе солай айтылады да. Толғаудың құны қанша деген мәселеге келсек, толғау сөз өнерінің барып тұрған жері деп саналады. Толғаудағы көңіл күйлерінің бәрі өмір жүзінде адам біткеннің бәрінің басында бола бермейді. Көңілдің түрлі күйін әдемілеп айтып сөзбен келтіруге үлкен ақындық керек. Толғау жақсы болса, оқығандар өз басында болмаған күйлерді толғау күшімен өзінде болған күйдей басынан кешіріп өтпек. Бұл өзгелердің көңіл күйін де дұрыс танып, дұрыс білуге үйретпек. Толғау көңілдің көркем сырларын өрнекті сөздермен білдіріп, адамның көрік сезімін күшейтеді. Әдемі толғаудан алатын адамның көрік ләззаты басқа сөздердің бәрінен де артық болады.
Ақынға дүниенің әдемілігі көрік пен махаббат екеуінде ғана. Өмірдің көрік пен махаббатқа дұрыс келетін істері сүйіндіреді. Теріс келетін істері күйіндіреді. Мұның мағынасы көңілді сүйінішті, күйінішті күйге түсіру болады. Күйініш көңілге наразылық туғызады. Көңіл наразылығы мұң, ой туғызады. Осы айтылған мәністерге қарай күйлі толғау бірнеше түрге бөлінеді.
Қорыққанда «Ойбай», қуанғанда «Алақай», қиналғанда «Уһ», таңданғанда «О», өкінгенде «Қап!» деген сияқты пайым, пікір, ой белгілі кіріспеген құстың сайрауы сияқты көңілдің таза күйінен шығатын сөз сап толғау яки сайрау деп аталады.
Көңіл шын ырза болып, марқайып өскен шақта шығатын сөз марқайыс толғау болады. Көңілдің шын өсіп марқаюы қуанышты ұлы уақиғаның үстінде болады. Ұлы уақиғалар ұлы адамдардың яки бүтін елдің, халықтың, таптың өмірінде де сирек болатындықтан марқайыс түрлі тұлғаларда әдебиет жүзінде ұшырайды. Марқайыс орнымен айтылса ұнамды болады, ұнамсыз айтылса ерсі көрініп, марқайыс әсері болмайды, масқаралық әсері болып шығады.
Әркімнің өмір жүзінде көздеген мұраты болады. Яғни сол мұрат көрген нәрсесінің жолында болады. Мұратына жетсе бақытты болады. Мұратына жетіп бақытты болған шақта, бақыт ұзақ тұрмайды; өйткені бақыттың болуына, болмауына себепкер нәрселер көп. Қайғы-қасіретсіз, уайымсыз, мұңсыз, қатерсіз, қауіпсіз, шаттықпен тыныш өмір сүретін адамдар, тіпті болмайды. Өмір жолы мұратқа тура жүргізбейді. Тура жүргізбесе көңілге реніш, шер пайда болады. Сондай өмір жүзіндегі түрлі опасыздық ақынды да ренжітеді, мұңайтады, ықыласын қайтарады. Ренжу, мұңаю, ықылас қайту ақынды көңілсіз күйге түсіреді, шерлендіреді. Шерлі күйден шыққан сөз мұңды болып шығады. Сондай мұңды, шерлі толғаулар налыс деп аталады.
Намыс толғау басында тайғақ кешу, тар жолда, қиыншылық шегіне жетіп тақалған шақта шығатын сөз. Қиын хал нағыз қиын шегіне жеткенде, қиын істі істеуге керек қылады. Сол қиын істі істеуге көбінің батылы жетпей намысына тигізіп, қанын қыздырып сөйлеу қайрау сөз деп аталған. Сол қайрау сөздің өлеңмен айтылғанын намыс толғауы дейміз. Намыс толғау соғыс кезінде соғысқа түсіру үшін яғни не өліп, не өлтіріп шығатын өлім жолына айдаған жерде айтылған. Қазақ патшаға қарамай, басы бос тұрған кезінде, түрлі жұрттармен соғысқан шағы болған. Ол кезде қазақ намыс толғаулары азаматтың намысын қоздырып, қанын қыздырып соғысқа айдау үшін айтылған. Сондықтан намыс толғау түріндегі сөздер батырлар жырында (ертегі жырларда) көп ұшырайды. Қазақ патшаға қарап басы байланған соң соғыс болмаған. Соғыс болмаған соң соғыста айтылатын намыс толғаулары да жоғалған. Бірақ намыс толғау айтылатын соғыс болмағанмен, соғысқа бара-бар ер басына қиыншылық түсетін басқа істерге айтылатын қайрау сөздер де намыс толғау табына кіреді. Мәселен, бағындырған патшадан басын босатып алу — жұртқа соғыспен бірдей дәрежелі қиын іс. Сондай іске қайрау мақсатпен айтылған өлең о да намыс толғауы болады. Сондықтан «Интернационал» өлеңі сияқты, «Асау тұлпар» кітабындағы «Жолдастар» деген өлең сияқты. «Масадағы», «Оян, қазақ» кітабындағы кейбір өлеңдер сияқты сөздер — намыс толғау болады. Бірақ намыс толғаудың асыл түбі өте қиыншылық орында шыққан сөз болғандықтан, шын қиыншылық орында айтылса ғана шын намыс толғауы болады. Не жайбарақат орында айтылған намыс толғаудың сөзі ұқсаса да өзі, болып шықпайды.
Сұқтану деп бір нәрсеге артықша назар түсуін айтамыз. Адам сұқтанғанда жақсы нәрсеге сұқтанады. Жаман нәрсе қаншама ұлы болып, адамның назарын түсіріп, таңдандырғанмен сұқтандырмайды. Ұлы болсын, ұсақ болсын біз жақсы нәрсеге сұқтанамыз. Ол жақсы нәрсе табиғат ісінің жүзінде де, адам ісінің жүзінде де болады. Солай болған соң сұқтаныс толғау да көбінесе ғаламның ұлылығы, табиғаттың сыры, шеберлігі, сұлулығы, адам ісінің де сұқтанарлық ұлылары, жақсылары, көркемдері сөз болады. Өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық сияқты нәрселердің мән-мағынасы турасындағы толғаулардың көбі де сұқтаныс табына кіреді. Сұқтандыратын нәрселердің көбі-ақ тек сұқтандырып қоймай, адамды ойландырады, қиялдандырады. Сондықтан түбіріндегі толғаулардың көбі таза толғау болмай, байымдамалау, ойламалдау болып келеді. Жоғарыда айтылған нәрселер турасында байымдау — даналық (пәлсапалық) байымдауы болып шығады.
Көңіл ырза болмаудан наразылық туады. Наразылық мұңға айналады. Мұңнан ой, қиял тербенеді. Сөйтіп көңіл ырза болмағандағы шығатын толғаулар жалғыз көңіл күйінің сөзі болмай, ой, қиял қатысып шығады. Сондықтан мұңды толғаулар ойламалдау деп аталады. Көңілдің ырза болмайтын нәрселері түрлі жамандықтар, кемшіліктер, міндер. Адам қауымында жасалған адамшылық үлгі болады. Адамның ісі сол адамшылық үлгімен пішіліп, тігілмесе, адам қауымына ерсі, жаман, мін болып көрінеді. Адамның көбі-ақ ол үлгіден алыс болады. Біреулер үлгімен істеу қолынан келмегендіктен алыс болады, біреулер тіпті адамшылық үлгіні керек қылмағандықтан алыс болады. Қолынан келмегендіктен алыс болу — кемшілік болады. Керек қылмай адамшылық үлгісін аяғына басу — жамандық, айып болады. Еңбек, шаруалық тағысын тағылардың бәрінде де бар. Оның үстіне әр ақынның өз адамшылық үлгісі де болады. Өз үлгісіне тура келмейтін істерді де ақын теріс көреді. Жамандыққа, кемшілікке, мінге санайды. Өз үлгісі болсын, өзгенікі болсын, әйтеуір адамшылық үлгіге теріс келетін істі ақын айтпақшы. Айтқанда жай ақыл түрінде айтып даттайды да, үгіттегенде я даттағанда бүтін елдің, жұрттың басындағы мінін, кемшілігін, жамандығын көрсетіп те айтады. Бір адамның басындағы мін, кемшілік жамандықтарын көрсетіп те айтады. Үгітті бүтін жұртқа айтса да, бір адамға айтса да үгіт болады. Сөгіс бір адамға бастап айтылғанда — масқаралау (әлемдеу) болады да, жұртқа қастап айтқанда — әшкерелеу (даттау) болады. Әшкерелеу де, масқаралау да екі түрлі болады: жай сөгіс әшкерелеу бар, күлкі қылып әшкерелеу бар. Масқаралау да сондай. Жай жамандап масқаралау бар да, күлкі қылып масқаралау бар. Жамандық адамды кейітеді, қайғыртады, мұңайтады, ренжітеді, кемшілік пен мін адамның күлкісін келтіреді. Осыған қарай толғаудың ойламалдау түрі көбінесе не сөгіс толғауға, не күліс толғауға айналып кетеді.
Өмірдің жамандық жағына ырза болмай, міндеп шығарған сөздердің жалпы аты қазақ тілінде жоқ. Сондықтан толғаудың бұл түріне сөгіс толғау деп жаңадан ат қойылып отыр. Сөгіс толғау жамандықты жариялап, бетке басу ниетпен шығарылады. Үгіттеуден ұрысу күштірек. Жай айтудан ұялту күштірек. Сол мәніспен сөгіс түріндегі сөздер ел түзеу, құлық тазарту жағына көбірек әсер етеді деп саналады. Бұрынғы үгіт түріндегі сөздердің орнын бірте-бірте сөгіс толғау алып, өте үгіт түріндегі сөздер жоғалмақшы. Бірақ әлі де сөгіс толғауға ақыл айту, жөн көрсету сияқты сөздер көбірек қатысып, сөгісінен үгіті басым болып кететіндері көп. Сөйтіп толғау болмай, тек ақыл айту болып шығатындары көп болады. Асылында таза толғау болатын сөз аз болады. Көбінесе толғаудың әр түрі араласып отырады. Сондай-ақ толғауға толғау емес сөздер де дәйім қатысып, аралас келіп отырады. Өйткені, ақыл, қиял, көңіл деп үшке бөлгенмен, олар бірінің ісіне бірі қатыспай тұрмайды. Жамандық екі түрлі: кешірімді жамандық бар, кешірімсіз жамандық бар. Кешірімді жамандық тек кемшілік болады да, кешірімсіз жамандық айып болады. Кешірімді жамандық тек білмегендіктен болатын жамандық. Кешірімсіз жамандық тек біле тұра істелетін жамандық. Толғаушы толғағанда екеуін екі түрлі толғайды. Кешірімсіз жамандықты толғағанда бет-жүзіне қарамай айыбын айқын айтып, бетіне басып, сөгіп толғайды. Айыбын бетіне басып көрсету — күйе жағып көрсетумен бірдей болғандықтан даттау деп те айтылады. Кешірімді жамандықты толғағанда жамандығын, кемшілігін айқын айтпай, күлкі түрінде көрсетіп ұялту, арланту ниетпен толғайды. Сондықтан күліс толғау күлкілеу, келемеждеу болып шығады. Күлкі қылу әлемдеп көрсетумен бірдей нәрсе. Бірақ көпке жаққан күйе яки таққан әлем көптің үстінде болған соң күшті әсер ете алмайды. Көп ішінде бір адамға жаққан күйе, таққан әлем күштірек әсер етеді. Сондықтан көпті қандай даттап, сөккенмен масқаралауға болмайды. Сөзбен жеке адамды ғана масқаралауға болады. Ақын залымдықты, надандықты көріп, күйінгенде қандай күйге түсіп толғайтынын Абайдың төмендегі сөзі көрсетеді:
Көңілде алаң басылса,
Тәңірінің берген өнері
Көк бұлттан ашылса,
Тас бұлақтың суындай,
Кірлеген жүрек өзі үшін
Тұра алмас әсте жуынбай.
Ұйқыдан көңіл ашар көз.
Еркеленіп шығар сөз.
Алды-артына қаранар.
Көрініп ойға сөз салар.
Мұң мен зарды қолға алар.
Шиыршық атып толғанар.
Сынатып көрген-білгенін,
Білдірер алыс-жақынға
Солардың сөйле дегенін.
Улы сия, ащы тіл
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсең де өзің біл.
Екі түрлі күлкі бар. 1. Шын күлкі. 2. Сын күлкі. Шын күлкі шаттық үстінде, көңіл қоштанғанда келетін күлкі.Сын күлкі нәрсе көңілге күдікті, ерсі көрінген уақытта келетін күлкі. Анау — көңілдің күйінен тура шығатын күлкі де, күлкілі — күйді көңілге сын тудырғаннан кейін шығатын күлкі. Күлкілеу — толғауға қару болатын, соңғы түрдегі күлкі. Адамның арына тию жағынан күлкі сөз бірнеше түрге бөлінеді... Адам ауырлайтын да, ауырламайтын да күлкі бар. Ауыр күлкінің аты — мазақ, мысқыл болады да, жеңіл күлкінің аты — сықақ, қулық болады. Ең жеңілі ойын сөз, оны әзіл деп айтамыз. а) Мазақ қылу — біреудің кемшілігін, мінін айтып күлу болады. Әдебиет жүзінде мазақ қылу кемшілік пен мінді әшкерелеп жұртқа жаю болады. Бұл әлемдеп жұрт алдында өткізумен бір есеп іс. Мазақ түрінде күлкінің ауыр болатын себебі осыдан. б) Мысқылдау сөздің өңін теріс айналдырып айту. Олай айту кекесін болады. Кекесін сөз зілді болады. Мысқыл сөздің ауыр тиетін себебі осы. п) Сықақ пен қулық күлкі сөздің асылында ауырламайтын түрлері. Бұлар ауырлайтын түрге айналса, онда олар сықақ та, қулық та болмай, мазақ пен мысқылдың бірінің түріне түсіп кетеді. Әзіл де солай: зілсіз болса әзіл болады да, зілді болса, ажуа, келемеж, мазақ, мысқыл сияқты күлкі түріне айналып кетеді. Біз күлгенде әуелі тек күлкі келтіретін нәрсеге күлеміз. Неден күлкі болып тұрған мәнісін тексереміз. Себебін тексеріп күлгенде, көңілімізді келтірген нәрсе болып шығуы да ықтимал. Олай-бұлай қайта қайғыға қалдыратын, ойға батыратын нәрсе болып шығуы да ықтимал. Ақындардың адам мініне, кемшілігіне күліп шығарған сөздерін тек күлкі үшін шығарған сөз деп қарамасқа керек. Ондай сөздердің көбінің-ақ бергі жағы ғана күлкі болып, арғы жағы адамды мұңайтатын, қайғыртатын сөз болуы ықтимал. (Толғау нұсқаларын нұсқалықтың 198, 275 нөмірлерінен қара).
3. АЙТЫС-ТАРТЫС
Айтыс-тартыс сындар әдебиеттің бір түрі екендігі жоғарыда айтылған еді. Айтыс-тартыс қазақ ақындарының айтысқаны да емес, олардың айтыстырып шығаратын өлеңдері де емес. Ол айтысу я айтыстырумен айтыс-тартыс екеуінің арасында атынан басқа жанасатын жері шамалы: екеуінің айтыс деген атымен айтса сөйлесу ғана ұқсас. Онан басқа бір-біріне жанасатын жері жоқтығы төмендегі сөздерден мәлім болады. Айтыс-тартыстың әуезе мен толғауға да ұқсастығы аз. Әуезе (әңгіме) де ақын өз жағынан еш нәрсе қатыстырмай, басқаның басында болған уақиғаны айтады да қояды. Айтыс-тартыста ақын өз басындағы емес, басқаның басындағы уақиғаны көрсетіп, өз басынан, көңілінің күйінен еш нәрсе қатыстырмайды. Бұ жағынан айтыс-тартыс әуезеге (әңгімеге) жақын. Әуезеде (әңгіме) бір болған уақиғаны, уақиғада болған адамдардың не істеген әңгімесін естиміз: бірақ ол адамдарды, уақиғаларды көрмейміз. Айтыс-тартыста ақынның айтқан әңгімесін естімейміз, уақиғаның өзін, уақиғада болған адамдардың өздерін көреміз. Уақиға көз алдымызда болып, адамдардың тіршілік жүзінде айтысып-тартысып өмір шеккенін көреміз. Тіршілік майданында адамдардың ақылы жеткенінше амалдап, қайратына қарай қару қылып, алысқаны, арбағаны, қуанғаны, жылағаны, ойнағаны, күлгені, сүйінгені, күйінгені, жауласқаны, дауласқаны, бітіскені, жарасқаны өмір жүзіндегідей көрініп, көз алдыңнан өтеді. Бұл шын өмірдің өзі емес, нәрсенің айнаға түскен сәулесі сияқты, өмірдің алаңда көрсетілетін сәулесі ғана. Бірақ нәрсенің айнаға түскен сәулесі қандай айнымайды, бұ да сондай шын өмірдің өзінен айнымайтын сәулесі. Айтыс-тартыстағы уақиғалар, адамдар асылында болған заттар емес, ақын өзі жасаған, ақын қиялынан туған заттар. Ақын адамдарын жасап, ауыздарына сөздерін салып, істейтін істерін дағдылап, ал істей беріңдер деп, өзі ғайып болып кеткен сияқты. Айтыс-тартыста ақынның өз тарапынан еш нәрсе сезілмейді. Әуезеде (әңгіме) уақиғаны сөйлеу — айтыс-тартыста ақын өзі сөйлемей, өзгелерді сөйлетіп, айтыстырып-тартыстырып жіберіп, өзі бейтарап болып, тек қызығына қарап отырып қалған сияқты болады. Мұнда өткендік жоқ. Осы уақытпен көрсетіледі. Әуезе (әңгіме) ақын айтқанынан өткен уақиғаның әңгімесін естиміз, айтыс-тартыста уақиғаны біреудің айтқанынан есітіп білеміз, көзбен көріп те білеміз. Әуезе мен айтыс-тартыс арасындағы зор айырыс осы. Айтыс-тартыс пен толғау арасында да айырыс зор. Айтыс-тартыста ақын өз тарапынан еш нәрсе сөйлемегендіктен, өзі сезілмей тек қиялынан туған адамдар бәрін істеген сияқты болып көрінеді дедік. Толғау ақынның ішкі ғаламының сөзі болғандықтан, мұнда да сөзі мен өзі көрсетіп отырады: толғауда ақын қабағын қарс жауып, қайғырып тұрған күйінде де, беті гүл-гүл жайнап қуанып тұрған күйінде де, сүйінген күйінде де, күйінген күйінде де, тарыққан, зарыққан, жабыққан күйінде де, шаттанған, марқайған, масайраған күйінде де көріп отырамыз. Айтыс-тартыста ол жоқ. Сөйтіп айтыс-тартыс пен әуезенің (әңгіме) арасындағы да, толғау мен айтыс-тартыс арасындағы да айырыс зор. Бірақ айтыс-тартыс пен әуезе (әңгіме) екеуінің арасы толғау мен айтыс-тартыс екеуінің арасынан жақынырақ. Өйткені, бірі уақиғаны айтып білдірсе, екіншісі уақиғаны көзге көрсетіп таныстырады. Екеуі де тысқы ғаламның хабары, тысқы ғаламның өзі. Бұлай дегеннен айтыс-тартыс тысқы ғаламның сөзі деп те түсіну керек емес. Асылында айтыс-тартыс ішкі ғалам мен тысқы ғаламның түйіскенін көрсететін сөз түрі. Адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі деген сөзді түсінікті болу үшін азырақ баяндап өтейік. Адам бала күнінде тысқы ғаламдағы көзге көрініп, денеге сезіліп тұрған нәрселерді ғана танумен болады. Есі әбден кіргенше өзгеден өзін айырмайды. Өзгенің істегенін істеп, дегенімен болады. Есейген сайын өзінің өзгеден басқалығын біліп, өзіне ұнағанын істеп, ұнамағанын істемей, қиықтық шығара бастайды. Ер жеткен сайын дүниенің ісіне өзінше сүйініп, өзінше күйініп, өзінше жол тұтып, өзінше өміріне жол белгілеп, жақсылық, жамандыққа өз көзімен қарап, өзінше сынап, өзінше бағалап, өзінше пікірлейтін болады. Өз алдына мұңы, мұраты, мақсаты, мүддесі болып, сол мұрат-мақсатына жету талабына кіріскен жерде тысқы ғаламға тиісті жердің шегіне келіп, ішкі ғалам мен тысқы ғалам екеуі кездеседі. Сонда ішкі ғаламның ниетіне тысқы ғаламның шарттары тура келмей, екеуі ілінісіп ұстаса кетеді. Задында, тіпті мүддесі жоқ адам болмайды. Адам болған соң оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды; көңілі тілеуіне қарай бір нәрсе істемей тағы да тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ол тілеуінің жолындағы ғамалы да адамына қарай түрлі болады. Неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мақсаты да зор болады. Ұсақ адамның мақсаты да ұсақ болады. Біреу жер жүзін өзіне қарату, бағындыру талабында болады, біреу дүниеге атағын жаю талабында болады, біреу дүниенің сырын танып, адамның көзін ашып, білімін арттыру талабында болып, сонымен өмірін өткізеді. Біреу адам баласын теңгеріп, арасына әділдік орнатып, дүниеден жұмақ жасау талабында болып, өмірін сонымен өткізеді. Біреулер тек дүние жию, бай болу мақсатымен өмір өткізеді, әйтеуір тілеусіз, мақсатсыз адам жоқ. Аз болсын, көп болсын әркімнің мүддесі бар; ұлы болсын, ұсақ болсын әркімнің мұраты бар. Тілеусіз, мақсатсыз адам болмаған соң талассыз, тартыссыз да адам жоқ. Әркім әліне қарай таласады, тартысады. Талас-тартыс табиғаттың негізгі заңының бірі. Табиғат тас жүрек, қанша өтініп жалынсаң да, жағынсаң да өзінің заңынан бұрылмайды. Табиғаттың заңы қатты, үкімі рақымсыз, жолы толып жатқан кер мен кедергі, ісі шынжыр қатар тіркескен себеп пен салдар болып, алды-артыңды ораған шырмау. Өз еркім өзімде, өз ісіме өзім қожа, өзім себеппін деп жүрген адам тұрмыс ісінің орауынан, шырмауынан әрі аса алмайды. Табиғат заңы — мейірімсіз, мерзімсіз бір тағдыр. Дауылды тоқтатуға, жазды ұзартуға, қысты қысқартуға, суды жоғары ағызуға еш адамның қолынан келмейді. Сол сияқты табиғат заңы адам да, адам әлеуметінде де бар. Адам қанша дана, білімді болса да, қанша қаһарман қайратты болса да, әлеумет оның мақсатын ұқпайтын болса, қайраткер қамалға жалғыз шапқан батырдай әлек болмақ. Ұстасу әркімнің әліне қарай түрлі болады. Біреу ұстасу жолында әлек болады, біреу азап шегеді. Біреу құр әуре болады. Кейбіреулердің айтқаны келіп, сөзі дұрыстыққа шығады. Осыны көрсететін әдебиет түріне тек айтыс дегеннен айтыс-тартыс деген ат сәйкесірек болады деуіміздің мәнісі осы. Мұнан былай қарай я айтыс-тартыс, я ұстасу деген атын қолданамыз.
1. Ұстасу — жалғыз тысқы ғаламды сөйлейтін әуезе де емес екендігі, жалғыз ішкі ғаламнан хабар беретін толғау да емес екендігі, бұл ішкі ғалам мен тысқы ғаламның ұстасуынан шыққан әуезе мен толғау екеуі де бар дүбәра сөз болатындығы. 2. Шығарма ұстасу болу үшін мазмұны адамның дүрілдеген, дуылдаған, бұрқырақты, дауылды ісі болу тиістігі. 3. Ұстасушының және басқа ұстасу бұрқағының ішінде жүрген адамның мінезі, құлқы, мұңы, мүддесі, ниеті, мұраты барша сыр-сипатын баяндайтын болған соң сөйлеген сөзінен, істеген ісінен, ұсқынынан, әлпетінен, әдетінен көрінерге тиістігі. 4. Ұстасудың мақсаты тысқы ғаламға қарсы жұмсаған ішкі қайрат болған себепті, ол қайратты жұмсатып отырған белгілі бір мақсат болған соң, ұстасуда көрсететін ғамалдар ойламаған жерден шыққан уақиға сияқты болмай, мақсатты қайраттан туған ғамалдар болып көрінуге тиістігі. Ескерту: Мақсатты қайраттан туған ғамал дегеннің мәнісі мынау болады: Әуелі мақсатты қайраттан туған ғамал болу үшін ол ғамал мұрат жолына жұмсалған ғамал болуы керек. Олай болмаса, ғамал ойламаған жерден шыққан тек уақиға ғана болады. Мәселен екі адам сөзден ілінісіп, төбелесіп, біреуі өліп қалды. Бұл қайғылы уақиға болады. Бірақ ұстастыру шамасына сүрлеу бола алмайды. Егерде жылқыға тиген ұрыны өлтірсе, ол ойламаған уақиға болмайды, өйткені ұрының мұраты ұрлықпен күн көру, ұрлықпен мал жию еді. Оның жылқыға тиюі мұратының жолында істеген мақсат ғамалы болады да, өлуі мұратына қарай алған сыбағасы болады. Екінші мақсатты қайраттан туған ғамал болу үшін кезіне келген шабыттың ғана ғамалы болмай, құмарлық, әуестік сияқты мінез я қулық табиғатында бар негізді ынтасындағы мақсаттан туған ғамал болуы керек. Қайраткер жаны сол ынтасында болады. Үшінші. Ынта тек ынта күйінде яғни құмарлық, әуестік күйінде қалмай, іске айналса ғана мақсатты қайраттан туған ғамал болады. Ынтасына лайық мұраты болса, мұратына жетуге істеген жеделді ғамалы болса, сол ғамал мақсатты қайраттан туған ғамал болады. Ынта ғамалға айналмаса ішкі ынта болады да қояды. Ісі жоқ құр ынта кәдеге аспайтын бұйым сияқты, нөл сияқты мәні де, мағынасы да жоқ нәрсе. Оған мән мен мағына бел байлап кірісіп, белсеніп істі істей бастағаннан былай қарай пайда болады. Ұстасу осы бел байлағаннан басталады. Бел байламай, белсенбей тұрғанда, ынта көңілдің күйі ғана, ойлану, толғану ғана болып отырады. Бел байлап, іске кіріскен соң толғау қалады, ұстасу басталады. Бір жағында ғамалға шапқан батыр сияқты қайраткер, бір жағында оның қайратына қарсы керме тартып, кедергі қойып, жолын бөгеген табиғат заңы, табиғат тағдыры, әлеумет әдеті, әлеумет бөгеті.
1. Байланыс. 2. Шиеленіс. 3. Шешіліс. Ұстасудың бұл үш дәуірі күресу дәуірлері сияқты. Байланыс — балуандардың белдерін буынып, білектерін сыбанып, балтырларын түрініп, күреске шығып ұстасқаны есебіндегі дәуірі. Шиеленіс — балуандардың әдіс-амал, күш, өнер бәрін жұмсап, қайрат қылып күресті қыздырған шағы сияқты дәуір. Шешіліс — балуандардың бірін-бірі жыққан мезгілі сияқты дәуір. Ұстастыру шығармалары қайраткердің түріне қарай үшке бөлінеді: 1. Әлектеніс. 2. Азаптаныс. 3. Әуреленіс.
Ұстасушы адам қас қайраткер болса, яғни оқталғаннан қайтпайтын, ұмтылғаннан тайынбайтын, көздегенінен күдер үзбейтін, азға айналмайтын, зордан-зорға, артықтан-артыққа ұмтылатын, жамандыққа жасымайтын, мұқтаждыққа мұқалмайтын я қайнаған қайраттың адамы болса, ұстастыру әлектеніс болып шығады. Бұл сипатты адамдар тыныштықпен өмір сүре алмайды. Өйткені көздеген мақсатының, ойлаған мұратының жолында неден де болса қайту жоқ, оның мақсат-мұратына өзгелердікі тұс келмейді. Тұс келмеген соң, оның бәрі де мұның жолына керме, кедергі болып, қалаған жөнімен жүргізбейді. Қас қайраткер қайсарлығымен ол бөгетке тоқтамай, бұзып өтемін дейді. Онысы өзгелердің жеріне түсу, жау іздеу болып көрінеді. Топпен күресуге күші жетпей, ақырында әлек болады. Асылында әлек болуына қайраткердің өзі жазалы: жазығы — бойға біткен қайраты, жігері, жетесі, ынтасы. Қайраткер басын бәйгеге тігіп іс қылуын айып көрмейді, адамдық деп біледі. Басын қорғап, мақсатын іздемей қалу оған өлім. Екі өлімнің қадірлісін таңдап алмау масқаралық деп біледі. Қалай да әлектеніс қайраткері қатардан қара көрінім ілгері, артық адам болады. Қысқасынан айтқанда, әлектеніс қайраткері жанынан арын, намысын артық көріп, намыс үшін өлетін кез келген жерде жанын арына садаға қылатын адам болады. Енді ондай адамның ар мен намысына тиетін дүниеде іс көп, сондықтан ондай адам ақырында әлек болмай қалмайды. Құмарпаз адамдар құмарлығының құлы болып, соның дегенімен болып, соның айдауында жүріп, құмарлық құрбаны есебінде әлек болады.
Әлектеністің қайраткері қатардан қара көрінім биік адам болса, әуреленістің қайраткері қатардан қара көрінім төмен адам болады. Биік нәрсе қандай сәулетті, көзге көрнекті, көңілге тамаша көрініп сұқтандырса, таңдандырса, төмен нәрсе өзінің төмендігімен, ұсақтығымен көзге күйкі, көңілге олқы көрініп, күлкіңді келтіреді. Сондықтан әлектеністің сүйініші сүйіндіріп, күйініші күйіндіріп, күштілігімен көңілді алып кетеді де, әуреленістің сүйініші адамның арын кетіріп, ыза қылып, күйдіреді, күйініші адамды мәз қылып күлкісін келтіреді. Сөйтіп, әуреленістің ұстаушылары ұсақтығымен, адамшылығы аздығымен адамның адам намысын келтіріп, арландырады да, әурешілігімен күлкіңді келтіріп, мәз қылып көңіліңді көтереді. Әуреленістің қайраткері әлектеністің адамындай ұлы мақсатты адам емес, кемшілігі көп, адамгершілігі жоқ, қарапайым қалыпты адамдардың бірі болады. Оның талас-тартысында ұлы мақсат, үлкен іс болмайды, ұсақ тілеу, ептеуден ары аспайды. Ондай ұсақ нәрселердің талас-тартысқа айналуы да қайраткері нашар болып, ұсақ іске де шамасы келмегендіктен болады. Еп қылмайтын жерге еп жүргіземін деп, сеп керек емес жерге сеп іздеймін деп, сара істерге амал-айла, қулық-сұмдық қыламын деп, босқа арам тер, босқа әуре болады. Сондықтан да ұстастырудың мұндай түрі әуреленіс деп аталады. Ұстастыру түріндегі сөздер әрқайсысына түр беретін қайраткерлеріне қарай сипатталады. Әлектеністің қайраткеріне тек «Қайраткер» деген ат қанша олқы көрінсе, әуреленістің қайраткеріне «Қайраткер» деген ат сонша үлкен көрінеді. Мұның қайраткері көбінесе сасық пікір, пасық ой, адалдықты білмейтін, арамдықтан жиренбейтін нашар құлықты, адамгершілігі жоқ, сана-саңлауы кем, босқа лаққыш, жоққа нанғыш, битке пышақ суырғандай, көздей істі көлдей қылып, босқа пысықсып, босқа жанып, қайратын, күшін, өнерін жоққа сарп қылып, арам тер болып, босқа бусанып, босқа біленіп, босқа сабылатын адам. Мұндай «қайраткердің» қайраты босқа жанады, босқа сөнеді. Сөнгеніне адам күйінбесе, сүйінбейді.
ҚАЗАҚТЫҢ БАС АҚЫНЫ
Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Ақмола, Семей облыстарында Абайды білмейтін адам жоқ. Ақмоламен сыбайлас Торғай облысында Абайды білетін адам кем, тіпті жоқ деп айтса да боларлық. Олай болуы сөзі басылмағандықтан, Абайдың сөздері кітап болып, басылып шыққанша, Абайдың аты да, сөзі де Торғай облысында естілмеуші еді. Ақмола, Семей облыстарында Абайдың атын, сөзін естімедім дегенге недәуір таңырқап қалады. Мен ең әуелі Ақмола облысына барғанымда Абайды білмегеніме, сөзін естігенім жоқ дегеніме таңырқап қалушы еді. Қай жерде ақындар жайынан, я ақындардың сөздері жайынан әңгіме болса, Абайдың сөзін мақтамайтын адам болмады. Абайдың сөзін көрмей тұрғанда мақтағандарына сенбей, қазақ үкілеген өз құнанын өзгелердің тұлпарынан артық көретін мінезі болушы еді, мақтап отырған Абайы біздің Әбубәкір, Сейдахмет, Ақмоллаларымыз сықылды біреу ғой деп жүрдім. 1903 жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес, олардың сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қаласың. Кей сөздерін ойланып, дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғанын біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі. Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда айып жазушыда емес, оқушыда. Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Нәрсенің сырын, қасиетін біліп жазған соң, сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып, емтихан болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды. Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау, олардың сөзінен үздік артық. Ол оқшаулық, артықтық басқа ақындардан Абайдың жалғыз сөзінде ғана емес, өзінде де болған. Абайдың қандай болғанын көзбен көрмесек те көргендердің айтуынан білеміз. Сөзінің қандай екендігін сөйлеген соң өзінің де қандай екенін айтып, білдіріп өткеніміз теріс болмас. Абай Семей облысының қазағы, руы тобықты. Ұлы атасы Ырғызбай Торғай облысындағы Ырғыз деген өзен бойында туған екен. Ырғызбай халқының қолбасы, батыры һәм ел ағасы биі екен. Тобықтының аймағы аз кезінде Түркістаннан елін ертіп, ауып келіп, Шыңғыс тауы малға жайлы деп, қоныс еткен екен. Кіші атасы Өскенбай би халық арасында ғаділ би атанған. Өз елі түгіл, басқа алыстағы елдер де араларындағы зор дауларын Өскенбай бидің алдына келіп бітіседі екен. Өз әкесі Құнанбай жұрт аузына қараған қазақтың бас адамдарының бірі болған. Қазақты төрелер билеп, сұлтандар төрелерден қойылып тұрған заманда солармен таласып, қарадан сұлтан болған адам екен. Шешесі Ұлжан бәйбіше Қарқаралы уезіндегі Әбдірей, Мыржық деген жердегі қаракесектің бошан руынан, Бертіс бидің тұқымынан. Шеше тұқымы күлдіргі, қалжың, әзілге ұста, Қантай, Тонтай деген күлкімен сөгіп, қалжыңмен жеңіп, аты шыққан адамдар нәсілінен. Тонтай малды адам болған екен. Ауырғанында өзгелерден гөрі, қожа-молдалар көңілін жиірек сұрайтынын байқап жүреді екен. Өлер жолы қатты ауырып жатқанда, моллалар көңілін сұрай келіп отырғанда айтқан: «Баяғыдан бері — жазыла-жазыла хожа-моллалардан да ұят болды, енді өлмесе болмас» деп. Абай 1845 жылы туған. Жылы жылан екен. Ибраһим деген атын бұзып, «Абай» деп ат қойған шешесі екен. Шешесінің сүйіп қойған аты ел арасында шын атынан көбірек айтылады. Абай он жасынан 13 жасқа шейін қырда мұсылманша оқыған. Он үш жасқа шығарда Семейде Ахмет Ырзаның медресесінде оқыған. Медреседе оқып жүрген кезінде үш айдай орысша да оқыған. 4 жыл мұсылманша оқып, үш ай орысша оқып, сонымен оқуды қойған. Он бес жасында-ақ балалық қылмай үлкендердің қатарына кіре бастаған. Қазақты меңгеріп, халыққа араны жүріп тұрған төрелермен әкесі Құнанбай таласқанда Абай әкесіне серіктікке жарай бастаған. Жиырма жасында ел ішіндегі белгілі бір шешені атана бастаған. Зеректікпен естігенін ұмытпаған. Ел ішіндегі сақталған қазақтың бұрынғы өткен билерінің білігі, шешендерінің сөйлеген сөзі, көсемдерінің істеген ісі, үлгілі сөздер, ұнасымды әзілдер, мақалдар, мәтелдер сияқты нәрселерді Абай көп біледі екен. Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз. Біліммен би болып, жұрт билейтін заман өтіп, таспен би болатын заманға қарсы туған. Білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билейтін заманға қарсы туған. Абай жұрт алдына білімін салғанда, басқалар малын салған, жұрттың беті малға ауып, ел билігі Абай қолына еркін тимеген. «Білімнен мал артық болушы ма еді?» — деп Абай жұрттың онысына көнбей таласқан. Сөйтіп партия алаңына кіріп кеткен. Өнер-білімін партия ісіне салған. Білімнің.қызығын жалғыз ғана Тобықтылар көріп, басқаларға пайдасы тимей, болыстыққа құмар көп қазақтың бірі болып, бәлки сол күйімен өліп те кетуі ықтимал еді. Қазақтың бағына ондай болудан құдай сақтаған. «Қазақ» 1913, №39. 1880 жылдарда жер аударылып барған Михайлэс деген бір білімді кісімен, қазақ ғұрпындағы қағидаларды жыюға елге шыққан Гросс деген екеуімен Абай таныс болған. Бұлар Абайдікіне қонаққа келіп-кетіп жүрген. Абайдың тегін адам емес екенін байқап, олар болыстықтан гөрі жақсырақ нәрсе барлығын Абайға сездірген. Абайдай зерек адамға жөн сілтесе болғаны, онан арғысын өзі іздеп табады. Олар орыстың атақты ақындары Пушкин, Лермонтов, Некрасов барлығын, қара сөзді келістіріп жазғыш Толстой, Салтыков, Достоевский барлығын, сөз сыншысы Белинский, Добролюбов, Писарев барлығын Абайға білдірген, олардың кітаптарымен таныстырған. Өлең жазған Пушкин, Лермонтов, Некрасовтар қазақтың би-болыстарынан гөрі қадірлі екендігін Абайға түсіндірген. Ғылымды жұртта өлең жазу, сөз жазу нағыз қадірлі істің бірі екенін Абай енді ұққан. Ақындық, өлеңшілік ел көзіне қадірсіз көрінсе, ол кемшілік ақындық пен өлеңшілікте емес, ақындық пен өлеңшілікті орнына жұмсамағандықта екендігін, ақындық пен өлеңшілікті қазақ ақындары, өлеңшілері қайыршы-тіленшілік орынға жұмсағаннан өлеңнің қадірі кеткенін Абай әбден білген соң, өлең жазуға түскен. Абай жас күнінде күлкі үшін қалжың өлеңдер, қыздарға ғашық өлеңдер жазған, есейген соң арланып, тастаған екен. Михайлэс пен Гроссқа кез болмаса, сол күйімен бәлки кетер еді. Қандай үлгілі, қандай мағыналы, қандай асыл, қандай терең сөздер жерге көмілер еді. Абай сөздері дүниеде қалғаны қазаққа зор бақ. Бетін түзеп, жөн сілтеген кісілерге де, сілтеген жолды лақпай тұп-тура тапқан адамға да қазақ балалары талай алғыс берер. Орыс ақындарымен танысып, өлең орны қайда екенін білгеннен кейін, Абай өлеңге басқа көзбен қарап, басқа құрмет, ықыласпен күтіп алып, төр түгіл, тақтан орын берген. Бірақ басқа сөзден өлеңнің таққа мінгендей артықшылығы қандай? Оны да көрсетіп, айтып қойған. Айтушы мен тыңдаушының көбі надан болғандықтан, өлең болып айтылып, тыңдалып жүргендердің көбі өлең емес екендігі, өлең жазушылар болса да келістіріп жазушылары ішінде бірен-саран таңдама екендігі, жұрт мағыналы, маңызды, терең сөзден гөрі, мағына жоқ, маңыз жоқ, желдей гулеп, құлаққа дыбысы тиіп, өте шығатын жеңіл сөздерді тыңдауға құмар екендігі Абайдың өлең жайынан жазған сөзінде көрсетілген. Сол сөзінен Абайдың сыншылығы, өлең жақсы болуға не керектігін білетіні де көрініп тұр. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған. Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылады. Ол өрнектерді ойдан шығармай, орыстан алса да, орыс өлеңдерінің өрнектері қазақ тіліне жарайтындығын бастап көрсеткені де зор көсемдік. Абай өлең жақсы болуға керек шарттардың бәрін білген. Сондықтан өлеңі қай тарапынан да болса толық. Жалғыз-ақ бір міні бар: ол мін өлең бунақтары тексеріліп, орнына қойылмағандық. Оны оқығанда я әнге салып айтқанда кемшілігі зор болады. Дауыстың ағынын бұзып, өлеңнің ажарын кетіреді. Мысалы, төселіп, желіп келе жатып, шоқытып кеткен сияқты, тайпалып, жорғалап келе жатып, текіректеп кеткен сияқты. Бұл кемшілікті түзетуге болады. Өлеңнің үш буынды бунақтары мен төрт буынды бунақтарын, алмасып кеткен жерлерін алып, өз орындарына қойса түзеледі. Мұнан басқа Абай өлеңдерінде мін бар деп өз басым айта алмаймын. Кейбіреулердің айтатын «ауырлығы бар» деген сөздер ол өлеңнің қисынын келтіре алмағаннан емес, өрнегінің жаңалығынан, қазақ өлеңдерінің дағдылы түрінен басқарақ болған соң, оқушылар жаттыққанша жатырқайды. Сонан ғана ауыр сияқты көрінеді. Абайдың өзі тексергіш болған соң, оның өлеңін тексеріп, қате шығарып ешкім жарыта алмайды. Абайдың қандай сыншы, сөз тексергіш екендігін төмендегі сөзінен байқауға болады:
(Қиыннан қиыстырар ер данасы)
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Ол ақынның білімсіз бейшарасы.
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Қосарлы бәйітсымал келді арасы.
Неге айтсын пайғамбар мен және алласы.
Мүнәжат ғалымдардың зар-наласы.
Әрбірі келгенінше өз шамасы.
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Қазақтың келістірер қай баласы?
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен сөз қосарлап.
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап,
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін «бай» деп мақтап, құдай қарғап.
Жиса да бай болмапты қанша малды ап.
Былжырақ көрінеді соларды аңдап.
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сендерге де келейін енді аяңдап.
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап.
Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап. «Қазақ» 1913, №40.
Абайдың асылын танып, дұрыс баға берген нәрсесі жалғыз өлең емес. Көп нәрсені Абай сөз қылған, сол сөздерінің бәрінде де Абайдың әр нәрсенің асылын танығаны, білгені көрінеді. Абайдың өлеңдері қазақтың басқа ақындарының өлеңінен үздік артықтығы әр нәрсенің бергі жағын алмай, арғы асылынан қарап сөйлегендіктен. Басқа ақындардың сөзге шеберлігі, шешендігі Абайдан кем болмаса да, білімі кем болғандығы даусыз. Абай сөзінен Әбубәкірдің «шайды, кебісті әркім тұтынып кеткені асылды қорлау болды» деп қайғырған сөздері табылмайды. Басқа ақындар аз білімін сөздің ажарымен толтыруға тырысқан, Абай сөздің ажарына қарамай, сыпайлығына қарамай, әр нәрсенің бар қалыбын сол қалыбынша дұрыс айтуды сүйген. Мысалы, «Аттың сыны» деген өлеңінде сыпайышылық жүзінен құлаққа жағымсыз тиетін сөздер бар. Бірақ аттың сынына керек мүшелері болған соң оларын айтпаса, аттың сыны толық болып шықпас еді. Абайдың «Аттың сыны» деген өлеңін оқығанында көз алдында сол жақсы аттың өзі тұрғандай пішіні келіп елестейтіні — жақсы атқа бітетін мүшелердің бірін қалдырмай жазғандықтан. Абай көп нәрсені білген, білген нәрселерін жазғанда мынау халыққа түсінуге ауыр болар, мынаның сыпайышылыққа кемшілігі болар деп тайсақтап тартынбаған, хақихатты хақихат қалыбында, тереңді терең қалыбында жазған. Хақихатты тануға, тереңнен сөйлеуге бойына біткен зеректіктің үстіне Абай әр түрлі Европа білім иелерінің кітаптарын оқыған. Тәржіме халын жазушы Әлихан Бөкейхановтың айтуына қарағанда Абай Спенсер, Льюис, Дрипр деген Европаның терең пікірлі адамдарының кітаптарын оқыған. Өлең жазушылардан орыстың Лермонтов деген терең пікірлі ақынының өлеңдерін сүйіп оқыған. Сондықтан Абайдың терең пікірлі сөздерін қарапайым жұрттың көбі ұға алмай, ауырсынады. Абайдың өлеңдерін мың қайтара оқып жаттап алып жүрген адамдардың да Абайдың кейбір өлеңдерінің мағынасын түсініп жетпей жүргендерін байқағаным бар. Тіпті осының мағынасы не деп сұрағандары да бар. Сол өлеңді алып қарасақ, айтылған пікірде, ол пікірді сөзбен келістіріп, айтуында еш кемшілік жоқ. Түсіне алмаса ол кемшілік оқушыда. Сондай түсінуге қиын көретін сөздерінің бірі мынау:
Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған.
Сипат та, сурет те жоқ көзім талған.
Келер, кетер артына із қалдырмас.
Арғысын бір-ақ алла біледі рас.
Менімен менікінің мағынасы екі.
Менікі өлсе өлсін оған бекі.
Тән құмарын іздейсің күні-түнде.
Үй жолдасың қабірден әрі өткенде.
Менікі деп жүргеннің бәрі оныкі.
Соны ойлашы болады не сенікі?
Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін,
Қаракет қыл, пайдасы көпке тисін.
Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін.
Көп ит жеңіп, көк итті күнде жемек.
Қайда көрсең болып бақ соған көмек.
Біле алмадым пысығын, зерегін де.
Хақихатта дін-дағы тереңінде.
Абайдың осы сөзінің дұрыс емес қате айтылған, теріс айтылған, жұмбақ қылып, ашпай айтылған еш нәрсесі жоқ. Бәрі де дұрыс, түзу, тиісті орнында айтылған сөздер. Оған оқушылар түсінбесе, ол Абайдың үздік, ілгері кетіп, оқушылары шаңына ере алмағанын көрсетеді. Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек. Абайдың сөздері 1909-ншы жылы кітап болып басылып шықты. Бірақ жұртқа таралмай жатыр. Басылған кітап Ақмола, Семей облысынан басқа облыстарға таралмай жатқаны кісі таңқаларлық іс. Абайдың сөзін Семей ләпкесіне қамап, жасырып қоймай, күллі қазақ баласы бар уәлаяттардағы кітап сатушылардың бәрінің де магазиндерінде жүргізу керек еді. Абайды қолымыздан келген қадірлі жұртқа таныту үшін мұнан былай кейбір өнегелі, өрнекті сөздерін газетаға басып, көпке көрсетпекшіміз. «Қазақ» 1913, № 43.
ТҮСІНІКТЕР
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволық мұрасын зерттеу жөніндегі комиссиясының қорытындысында: «А. Байтұрсынов талантты ақын, орыс ақындары мен жазушылары шығармаларының көрнекті аудармашысы болды. Ол И. А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Ұлы мысалшының аударылған мысалдары мен осы сарында А. Байтұрсыновтың өзі жазған шығармаларының негізгі бөлігі «Қырық мысал», «Маса» және басқа да танымал жинақтарға енді. М. Әуезов «Қырық мысалды» «Қалың қазақ бұқарасының революция рухында алғаш естіген сөзі» деп бағалады. Өзінің еңбектері мен ақындық шығармаларын әзірлей отырып, А. Байтұрсынов халықтың ауыз әдебиетінің материалдарын ұдайы жинап, өңдеп отырды. Осы бір тынымсыз ізденіс нәтижесінің бір бөлігі кеңінен танылған «Жоқтау» жинағына енді. Сонымен қатар А. Байтұрсыновтың творчестволық мұрасына берілген оң баға оның жеке басындағы бүкіл қиындықтар мен қайшылықтарды жоққа шығармайды. Ол әр кезде ғылыми көзқарас тұрғысынан ойлаумен сыйыспайтын қателіктер жіберді, ұлттық және интернационалдық қатынастар диалектикасын айқын түсіне бермеді,» — делінсе, А. Байтұрсыновтың творчествосын талдай, зерттей отырып, бұл бағаны дұрыс деп білеміз. Ахмет Байтұрсынов — аса талантты ақын, дарынды тілші, шебер аудармашы, әдебиет теориясын тұңғыш рет жазған білгір зерттеуші. Ахаңның халық ағарту жолындағы, журналистика саласындағы қызметі — өз алдына бір төбе. Бұл орайда оның 1913 жыл мен 1917 жыл арасында «Қазақ» газетінің бас редакторы болып істеген кездегі халық алдындағы аса абзал да қасиетті еңбегін атасақ та жеткілікті. Ақын «Қазақ» газетінде қызмет істеп жүрген кезінде жетім балаларды оқытуға, кедей-кембағалдар мен жесір әйелдерге, нашар жоқ-жітік жандарға үнемі қол ұшын беріп отыруды ұмытпаған. Сондай-ақ ақын осы газетте парақорлармен, ел ішіне бүлік салып, жұрттың берекесін алатын ұры-қары, өтірік-өсек, ұсақ жанжалға дейін ашық жазып, оларды тыюға қатты күш салып отырған. Алмастай көп қырлы ғажайып талант иесі А. Байтұрсыновтың алғашқы кітабы — И. А. Крыловтан аударып құрастырған 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген «Қырық мысал» атты еңбегі. Ахаң әрбір аудармасының соңынан өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін жанынан қосып отырған. Ақынның бұл қосымшасынан халқымыздың сол кезегі тұрмыс-тірлігін, мінезін, психологиясын анық байқауға әбден болатын еді. Міне, ақын «Қырық мысал» кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қауымға жар салып, ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, күшін жұмсайды. Иә, Ахаңдар туған халқын өнер-білімге осылай шақырған, осылай ұран тастаған. Ол ішкі жан дүниесінің айқайын өз еліне орыстың ұлы мысалшысының өлеңі арқылы жеткізді. Автордың осы «Қырық мысал» атты еңбегі көзінің тірісінде үш рет жарық көрген. Біз ең алғаш 1909 жылғысын негізге алдық. Тағы бір айта кететін мәселе, автор кейінгі басылымдарына аздаған өзгерістер енгізген екен, оны да ескеріп отырдық. А. Байтұрсыновтың тағы бір сүбелі еңбегі — «Маса». Алғаш 1911 жылы Орынбор шаһарында жарық көрген. Автордың бұл еңбегі одан кейін де екі рет қайта басылған. Бір ескерте кететін жай, 1922 жылы Қазанда үшінші рет басылымына жаңадан он шақты лирикалық өлеңдерін ендіріп және М. Ю. Лермонтовтың «Мцыри» поэмасынан үзінді аударып қосыпты, бұдан басқа да кейбір жеке сөз, өлең жолдарына өзгерістер енгізген екен, біз ретіне қарай оны да ескердік. Ақын бұл кітабында халықтың арман-тілегін, мұң-мұқтажын жырлады. Ол осы еңбегімен көпшілікке өзін аса талантты ақын ретінде танытты. Автордың бұл өлеңдерінің ішкі сазы, ішкі өрнегі, өзіндік ой орамы қазақ поэзиясына тың жаңалық, өзіндік өзгеріс әкелді. Ахаң халықты патшалық Россияға, шен-шекпен үшін арын сатқан чиновниктерге сенбеуге үндеді. Әсіресе сол кездегі миссионерлердің аңқау ел-жұртты шоқындыруынан сақтандырып:
Алаштың адасқан аз баласына.
Қараған «Қаратаудың» қаласына,—
деген уыты мол, ойы терең, мағыналы өлең жолдарының сол кез үшін атқарған қызметі қыруар. Ахаң қазақ ақындарының ішінде Абайды артықша бағалап, «Қазақтың бас ақыны» атты мақала жазған. Онда: «Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»,— деген. («Қазақ» газеті, 1913 ж. № 39). Ұлы Абайдың ғұлама ақындығын бірінші рет оқушы қауымға жан-жақты терең талдап, танытқан адам — Ахмет Байтұрсынов. Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілі ғылымына сіңірген мол еңбегін шағын түсінікте айтып жеткізу мүмкін емес. Ғалым синтаксис, морфология, фонетика саласында аса терең ғылыми жұмыс жасады. Бұл жөнінде академик А. Н. Кононовтың Ахаңды отандық тюркологтардың жетекшілері қатарына қосқанын айтсақ та жеткілікті. А. Байтұрсынов мектеп оқушыларына арнап бірнеше «Оқу құралын» да (Орынбор, 1922 ж) жазған. Ол құрастырған осы хрестоматия ішкі терең мазмұнымен де, орналасу тәртібімен де мәнді де маңызды. Бүлдіршіндерді жеңілінен бастап, ауырына қарай, оңайынан бастап қиынына қарай үйрету жүйесі берік сақталған. Ал бұл оқулыққа енген мақалдардың да өзіндік үйретері, меңзері бөлек дүниелер: «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле». «Ақыл — жас ұланнан, жүйрік — тай-құнаннан». «Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас». Бір қызығы, балалардың ұғымына ыңғайланып берілген батаның да жөні өз алдына бір төбе:
Береке берсін басыңа.
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Тәңір берген берекең,
Тепкілесе кетпесін.
Тай шаптырса жетпесін,—
деген әр сөзі меруерттей асыл халық жырын Ахаңның оқулыққа енгізуін аса ірі ғалымдығымен бірге, биік парасаттылығы деп бағалаймыз. Ақынның осы хрестоматияда балалардың мінез-құлқын беретін мына бір өлеңінің бүгінгі оқушыға да айтары аз емес:
Той істеп, етін асып, қылып ботқа.
Жеткені ата-ананың бір мұратқа.
Жүрмейді бота болса еш төтелеп.
Түсеміз аттан әрең сонда еркелеп.
Құлынды үлкендермен бір байластық.
Ит қосып, ұран салып, айқайластық,—
деген өлең жолдарында артықша көркемдік болмағанмен, сол кездегі ауыр тұрмысы, ата-ана мейірімі, жылқы малының тазалығымен қоса, ерке мінезі айрықша суреттелген. «Біздің Отан» (1989 ж. январь, №2 (292)) газетінде «Елге сәлем атты» қызық материал басылды. Онда былай делініпті: «Серікбай Мамырқанов, руы найман ішінде Қаратай, Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауылының тұрғыны. 1929 жылы ауыл Совет төрағасы болып жүрген тұста «жазаға» ұшырап, ақ теңізге сүргінге жіберілген. 1932 жылы Ақ теңіз бен Балтықты жалғастырған Беломор каналы ашылғанда сол аймақта сүргінде жүрген Ахмет Байтұрсыновқа жолығып сәлемдескен. Ахаң сонда оған төмендегі өлеңді жазып беріпті. Өлең Серікбайдың ұзақ жылдар өзі жазған және ел аузынан жинаған шежірелері топталған дәптерінен алынды:
Келіпсің дәмің айдап Қаратайдан.
Ел-жұрттан, туысқаннан кейін қалған.
Қажыма, қайратты бол, еш нәрсе етпес.
Шығарсың азаттыққа ерте иә кеш.
Мұңайма бақсызбын деп бүгін таңда.
Байқасаң аман қалған адам бар ма?!
Не білгір, не данышпан бәрі келген,
Жас та көп, бұл арада кәріменен.
Жолдас боп жүрсің, міне, бәріменен.
Не көрді елде қалған басқа адам.
Өрге жүз, өрнек алып осылардан.
Қызықтың бастан кешкен бәрін айтар.
Көргенде көріскендер басын шайқар.
Өзіңе қайырлы боп мұнда келіс.
Сәлем айт алты арысқа бізден тегіс.
Айдалған ағаларым қамауында.
Жүрсе де бақташының қарауында.
Кеттік деп сенен алыс қамығады.
Ерте-кеш соны ойлап сағынады.
Бар екен ағаларда үлкен шыдам.
Басқа сөз айтқаны жоқ дерсің бұдан,» —
деп А. Байтұрсынов тереңнен толғаса, біз ақынның өмірбаянын толықтыра түсуге бұл өлеңнің де септігі бар-ау деп оқушы назарына ұсынып отырмыз. А. Байтұрсынов ауыз әдебиетіне де қатты көңіл бөлген ғалым. Ол «Ер Сайын» жырын 1915 жылы жеке кітап етіп Г. Н. Потаниннің сексен жылдығына арнайды да, орыстың ғұлама зерттеушісі де тарту ретінде өлең жазады. Алайда ол еңбегі сол жылы белгілі бір себеппен жарық көрмей, 1923 жылы Москвадағы Ұлттар комиссариаты қарауындағы Күншығыс баспасынан шығарады. Автор бұл кітаптың бірінші бетіне былайша анықтама береді: «Жыршылар айтуынан алып, өңдеп, өзгертуші Байтұрсынұлы Ахмет». Расында бұл туындыны В. В. Раддов ел аузынан жазып алып, «Сайын батыр» деген атпен 1870 жылы («Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в южной Сибири в Джунгарских степях», часть ІІІ. Санкт-Петербург.) жариялаған екен. Хатқа түскен нұсқасы өз алдына, ел аузында да, жыршылардың мақамдап топ-топта айтуымен де сыны түспей сақталғанын жырдың айрықша көркемдік қасиетінен деп білеміз. «Ер Сайын» жыры туралы М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Р. Бердібаев, т. б. ғалымдар әр түрлі еңбектерінде жазып зерттесе, С. Мұқанов 1939 жылы «Батырлар» атты эпостар жинағына енгізген. Ал А. Байтұрсынов нұсқасы көлемі жағынан қысқалау болғанмен көркемдігінің айрықша екендігін баса айтқан жөн. Жырда Сайынның атын қоярда дағдарған жұрттың ортасына өзі жалшы, киімі де жұпыны, әбден қартайған, алайда кеудесі сара шалдың кескін-келбеті еріксіз назар аудартады. Ол жайында:
Азу тісі босаған.
Онан үлкен кісі жоқ.
Онымен жұрттың ісі жоқ,—
деген жолдардан біз бұл адамның сыртқы келбетінен Сыпыра жырауды елестеткендей боламыз. Алайда бұл қасиетті қарттың жыршы деген атағы жоқ. Сөйте тұра билерге биіктен қарайды, олардан ықпайды, сыбағалы сөзін де айта алады:
Жарасады жатқаның.
Мыстан табақ тартқаның.
Кәнеки, атын тапқаның,—
деген ақсақалдың сөзіне қатты шамданған хан мен би оған зекіп ұрсады:
Шалға қарап ұрысты.
Намысына тырысты.
Атын тауып қоймасаң,
Сақалыңнан алармын,
Ағашқа асып таңармын,—
десе, мұндай қызғанышты сөзді күнде естіп жүрген дана қарт аузынан сөз орнына маржан төгіп:
Беліндегі бес қару,
Тал бойына жарасқан.
Ерлігі асқан алаштан
Батыр Сайын болмас па?! —
деп бөбекке лайықты атын тауып қояды. Біз көкірегі алтын, аса ақылды қартты халықтың ой-арманындағы жиынтық кейіпкердей қабылдаймыз. А. Байтұрсыновтың ауыз әдебиеті саласында істеген аса маңызды еңбегінің бірі — «Жиырма үш жоқтау» кітабы. Оның бұл тамаша топтамасы 1926 жылы (Мәскеуде) Кеңес Одағындағы елдердің кіндік баспасында жарық көрген. Кітаптың бірінші бетінде: «Қазақ тарихының төрт жүз жылын (қамтиды) алады. Жинаған, түзеткен Байтұрсынұлы Ахмет» делініпті. Ал бастырушының қандай мақсат ұстағанына құлақ түрейік: ол: «Кеңес Одағындағы елдердің кіндік баспасы бұл «Жоқтауларды» бастырғанда мынадай оймен бастырды: Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Дүниеде ешбір тілді бір шешен кісі ойлап шығарғаны жоқ та, шығара алмайды да. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді. Сонан соң ғана шешендер, «тіл көсемдері» бұл тілді безеп, жолға-жөнге салып, жүйесін айырып өстіреді. Сондықтан әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек. Енді ғана өсе бастаған қазақ әдебиетін алғанда мұны естен шығармау керек. Ел аузындағы тіл дегенімізде нені үлгі-өрнек етіп аламыз? Әрине, осындай жоқтауларды, мақалдарды, жұмбақтарды, ертегілерді, өлеңдерді. Тіл тақырыбын сөз еткенде Ленин секілді көсемдердің айтқан сөздерін, үгіттерін оқыған не естіген кісі жолымыздың тура екендігін байқаса керек. Бұл «Жоқтаулардың» да ішінен әзіргі заманның жас тілшілері, жазушылары талай материал табар деген үмітіміз бар. Мәнісі көбірек қазақ тарихына тиісті болса, тілін үйрену, тексеру, тілінен пайдалану осы заман жастары үшін де керек жұмыс. Қазақтың әзіргі тілі бай, жалпақ, түсінікті, өткір, қысқа суретті болса, көп құрал-жарақтың бірінің жөнделгені де». Автор осы кішкене ғана сөзінде болашақ ұрпаққа қаншама пайдалы пікір айтылғаны талдап айтпаса да түсінікті. Ал «Жоқтау» кітабының беташары ретінде Шәңгерей Бөкеевтің «Сыршы» атты өлеңінің маңызы айрықша деп білеміз. Ақын осы туындысында адамдар бірін-бірі сыйлау үшін өмірге келген, ақ сәулелі күн, шуақ шашқан ай, жұпар иісті гүл мейірім үшін жаралған сияқты. Біз де жан-жағымызға нұр сәулемізді түсіруге талаптанайық, алдымыздағы ағаны, артымыздағы ініні, қасымыздағы құрбыны сыйлайық. Өйткені, өмір бізге бір-ақ рет берілген деген ойды айтады. А. Байтұрсынов қазақ өмірінің барлық жағдайына белсене араласқан адам. Ол еліміздің денінің сау, жанының мөлдір болуын да қадағалаған, халықтың бірін-бірі түсініп, біріне-бірінің қамқор-қайырымдылық көрсетуі үшін баспасөз арқылы болса да дәнекер болған. Осы орайда ақынның дер кезінде жазылған үш мақаласын атап кетуге тиістіміз. Автор 1922 жылы Орынбор қаласында жарық көрген «Тәні сұлудың — жаны сұлу» атты туындысында ел ішінің тазалығын сөз етеді. «Тазалық — денсаулықтың басты кепілі» деген пікір айтып, бүкіл халықты тазалық үшін күреске шақырады. Ахаңның ел ішінің жағдайынан жазған тағы бір қызық материалы «Қазақ өкпесі» деп аталады. (Айқап, 1911 ж). Ол осы қысқа ғана дүниесінде халқымыздың жер-судың қадір-қасиетін жете түсіне бермейтінін әңгімелепті. Ескерту: Жазушының бұл жинағының үш бөлімі әр жылда (1911-1922, 1901-1922, 1926) жарық көрген кітаптары бойынша құрастырылғандықтан, зерттеу еңбектерде мысалға алынған өлеңдер мен «Маса», «Қырық мысалдағы» кейбір өлең, аударма жолдарында өзгешеліктер мен айырмашылықтар бар. Тіпті тыныс белгілері қойылмаған өлеңдер мен сөйлемдер де кездеседі. Біз де кейбірін түпнұсқада қалай болса, солай қалдырдық (С. Д.).
ӨЛЕҢДЕР (1911-1922)
Бұл тарауға А. Байтұрсыновтың төл туындылары еніп отыр. «Маса» — тұңғыш рет 1911 жылы Орынбор қаласында жарық көрген, бұл туынды кітаптың беташары ретінде берілген. Кейіннен 1914, 1922 жылғы басылымдарына да енген. «Сөз иесінен» — 1911 жылы «Маса» жинағында, осы кітаптың кейінгі екі басылымында да жарық көрген. «Жазушының қанағаты» — бұл да сонда. «Туысыма» — бұл да сонда. «Қазақ салты» — бұл өлең де аталған жинақтан алынды. 1922 жылғы Қазанда басылған кітапта «Қазақ қалпы» атты өлеңмен орындары ауыстырылған, біз 1911 жылғы басылымы бойынша беріп отырмыз. 1911 жылғы жинақта:
деп берілсе, 1922 жылғы басылымында:
Ақ көңіл алаң-бұлаң адамдар көп,—
деп өзгеріс енгізіліпті, соңғы нұсқасын алдық. «Қазақ қалпы» — бұл да аталған кітаптан алынып отыр, басылымында да жарық көрген. «Достыма хат» — бұл өлең де сонда. «Жиған-терген» — бұл да сол жинақтарда басылған, ал Қазаннан шыққан үшінші басылымында:
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып!
Талауда малың,
Аш көзіңді оянып!
Қанған жоқ па әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқың?! —
деп келетін 8 жол өлең қосылыпты. «Төңкерістен бұрынғы «Масаларда» цензура рұқсат етпегендіктен басылмаған. Б. К.» деп қол қойған. (Ол — Бернияз Күлеев). «Анама хат» — бұл өлең де сол кітаптан алынды. «Тілек батам» — бұл да сонда. «Жауға түскен жан сөзі» — бұл да сонда. «Адамдық диқаншысы» — бұл өлең де үш басылымында бар. «Бақ» — бұл да сонда. «Тарту» — бұл өлең тұңғыш рет автордың Орынбор қаласында 1922 жылы шыққан «Оқу құралы» атты кітабында жарияланған, кейін М. Дулатовтың 1924 жылы Орынборда шыққан («Қирағат» — оқу құралы) жинағының беташары ретінде басылған. «Қа... қаласына» — бұл өлең 1922 жылы Қазан қаласында басылған «Маса» атты жинақтан алынды. М. Әуезовтің 1923 жылы Ахаңның 50 жылдығында жазған мақаласында «Қа... қаласы» — «Қарқаралы» деп атап көрсетіліпті. «Жұртыма» — 1922 жылы Қазан қаласында басылған «Маса» жинағына енген. «Жұбату» — бұл өлең де сонда. «Н. Қ. ханымға» — бұл да сонда. «Ақын ініме» — бұл да сонда. «И. Б. жездем хатынан» — бұл да сонда. «Жауап хаттан» — бұл да сонда. «Ғылым» — бұл да сонда. «Жазған сөз жаным ашып алашыма» — алғаш рет 1911 жылы Орынборда басылған «Маса» жинағына енген, кейіннен қайта басылымдарында жарық көрген. «Н. Г. Потанинге» — бұл өлең 1923 жылы Мәскеуде Күншығыс баспасында жарияланған «Ер Сайын» атты кітапта басылған.
АУДАРМАЛАР (1901-1922)
Автор «Қырық мысалдың» бірінші бетінде осы кітапқа енген аудармаларын 1901—1904 жылдары тәржімелегенін ескертіпті. «Замандастарыма» — 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген «Қырық мысал» жинағының беташары. Кейіннен осы кітаптың 1913, 1922 жылдары қайтадан жарық көрген басылымдарына енген. «Аққу, Шортан һәм Шаян» — бұл өлең де сонда. «Шымшық пен Көгершін» — бұл өлең де сонда. «Ат пен Есек» — өлең орыс мысалшысы И. Хемницерден (1745—1784) аударылған. Аталған кітаптан алынды. «Маймыл» — бұл да солай. «Егіннің бастары» — бұл өлең де сонда. «Өгіз бен Бақа» — бұл өлең де аталған кітаптан алынды. «Емен мен Қамыс» — бұл өлең де сонда. «Қасқыр мен Тырна» — бұл да сонда. «Бұлбұл мен Есек» — бұл өлең де автордың 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген «Қырық мысал» кітабына енген, артынан қайта басылған екі кітабында да беріліпті. 1909 жылғы жинақта:
деп берілген екен, 1922 жылы Қазанда жарық көрген кітап бойынша:
деген нұсқасы алынды. «Екі шыбын» — бұл да сонда. «Арыстан, Киік һәм Түлкі» — бұл өлең де сонда. «Қарға мен Түлкі» — бұл да сонда. «Қасқыр мен Қозы» — бұл да сонда. «Ағаш» — бұл да сонда. «Қартайған Арыстан» — бұл өлең де сонда.
«Қайырымды Түлкі» — бұл өлең де сонда. «Маймыл мен көзілдірік» — бұл да сонда. «Шал мен Жұмыскер» — бұл өлең де сонда. «Жарлы бай» — бұл өлең 1909 жылғы Петербург қаласында жарық көрген «Қырық мысал» кітабына енген. Артынан екі қайта басылымында да беріліпті. 1909 жылғы жинақта:
деп берілсе, 1922 жылғы қайта басылымында:
Аямай киер киім, ішер астан,—
деп өзгеріс енгізіпті, соңғысын қабылдадық.
Алармын мұнан соңғы алтындарға,—
деп берілсе, 1922 жылғы шыққан кітапта:
Жұмсармын мұнан соңғы алтындарды,—
деп сәл түзету енгізіпті, біз осы соңғы жолды алып отырмыз. «Айна мен Маймыл» — бұл өлең 1909 жылы Петербург қаласында шыққан ақынның «Қырық мысал» кітабында басылды, кейіннен қайта шыққан екі кітапта да бар. «Кісі мен Арыстан» — өлең 1909 жылғы Петербургте жарық көрген «Қырық мысал» кітабында және екі рет қайта басылымында да енген. 1909 жылғы кітапта:
деп берілген өлең жолы, 1922 жылғы кітапта:
Ететін мені артық хайуандардан,—
деп беріліпті, соңғы нұсқасы алынды. «Жүргіншілер мен иттер» — бұл өлең де сонда. «Еменнің түбіндегі шошқа» — бұл өлең де сонда. «Кісі мен Аю» — осы өлең де 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген «Қырық мысалда» басылған. Соңынан шыққан екі кітапқа да енген. 1909 жылғы кітапта:
деп берілсе, 1922 жылғы жинақта:
Иә қаза, иә бәлеге жолығарсың,—
деп беріліпті. Біз соңғы жолды енгіздік. «Екі бөшке» — бұл да сонда. «Аңдарға келген індет» — бұл өлең 1909 жылы Петербургте шыққан «Қырық мысалға» енген, кейіннен қайта басылған екі кітапта жарық көрген. 1909 жылғы жинақта:
деген жол, 1922 жылы басылған кітапта:
Жазықты-жазықсыз деп талғамадым,—
деп басылған екен. Кітапқа соңғы нұсқасы алынды. 1909 жылғы жинақта:
деп берілсе, 1922 жылғы кітапта:
Нақ соны жеген обал дегендерге,—
деп басылыпты. Біз кейінгісін дұрыс деп таптық. 1909 жылғы кітапта:
Адамға кімде-кімнің жетсе әлі,—
деп басылса, 1922 жылғы кітапта:
Бірі емес, бәрін жесе обал бар ма,
деп түзету енгізіліпті, осы соңғы екі жол алынды. «Қара бұлт» — бұл да сонда. «Иттің достығы» — бұл да сонда. «Қасқыр мен Мысық» — бұл да сонда. «Қаптесер мен Көртышқан» — бұл да сонда. «Ала қойлар» — өлең 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген «Қырық мысалда» басылған, соңынан қайта шыққан екі кітапқа да енген. 1909 жылғы басылымында:
деп берілсе, 1922 жылғы кітапта:
Бөріден өңшең көкжал қойшы салды,—
деп берілген екен, соңғы нұсқасы бойынша кітапқа енгіздік. 1909 жылғы жинақта:
деп берілсе, 1922 жылғы кітапта:
Көкжалдар қойшы болса, кім біледі,—
деп түзету енгізіліпті, соңғы нұсқасын дұрыс көрдік. «Сары шымшық» — бұл да сонда. «Түлкі мен Қарашекпен» — бұл да сонда. «Кісі мен көлеңке» — 1909 жылғы Петербург қаласында жарық көрген «Қырық мысалда» шыққан. Соңынан қайта басылған екі кітапқа енген. 1909 жылы басылған кітапта:
деп келетін жол, 1922 жылғы жинақта:
Тентектің бір мезгілде кірді есі,—
делінген екен, біз осы соңғы нұсқасын қабылдадық. «Қарашекпен мен Қой» — бұл да сонда. «Қайыршы мен Қыдыр» — 1909 жылы Петербургте басылған «Қырық мысалға» енген, кейіннен автордың қайта шыққан екі кітабында басылған. 1909 жылғы кітапта:
деген жол 1922 жылғы жинақта:
Оның да осы бір зор айыбы еді,—
делініпті, біз осы соңғы нұсқасын алдық. 1909 жылғы кітапта:
деп басылса, 1922 жылғыда:
Үстіне жығылғанның салмай таяқ,—
деп сәл өзгеріспен беріліпті, кейінгі жолды кітапқа қосуды дұрыс көрдік. «Үлес» — бұл өлең 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген «Қырық мысал» кітабында жарияланған, кейіннен қайта басылған екі кітапқа да енген. 1909 жылғы жинақта:
дейтін жол 1922 жылғы қайта басылымында:
Аңдыған бірін-бірі жаудан жаман,—
деп беріліпті. Біз осы соңғы нұсқасы бойынша беріп отырмыз. «Өзен мен Қарасу» — бұл өлең 1909 жылы Петербург қаласында басылған «Қырық мысал» кітабында жарияланған, кейіннен қайта басылған екі жинақта да жарық көрген. 1909 жылғы жинақта:
деп берілсе, 1922 жылғы кітапта:
Жоспар да, орынды да көп алмаймын,—
деп беріліпті. Кітапқа осы соңғы нұсқасы берілді. «Малшы мен Маса»—1909 жылы Петербургте басылған «Қырық мысал» жинағында шыққан, артынан қайта жарық көрген екі кітапта да басылды. «Сорлы болған Мұжық» — автордың Крыловтан аударған осы өлеңі 1911 жылы Орынборда басылған «Маса» жинағына енген, соңынан екі басылымында да жарық көрді. Ақынның үш рет басылымында да:
деп берілген екен, біз оны:
Қаншығым күшіктеді күні кеше,—
деп өзгертіп беруді дұрыс көрдік. «Қаздар» — бұл өлең де Крыловтан аударылып, автордың 1911 жылғы «Маса» жинағына енген, артынан қайта басылған екі кітапта да жарық көрген. «Есек пен Үкі» — бұл өлең Крыловтан аударылып, 1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» жинағына енген, соңынан автордың қайта басылған екі кітабында да берілген. «Ат» — өлең Пушкиннен аударылып, 1911 жылы Орынборда басылған «Маса» жинағына енген, кейінгі қайта басылған екі жинағында жарық көрген. «Данышпан Аликтің ажалы» — бұл өлең де Пушкиннен аударылған, 1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» жинағына енген, соңынан қайта шыққан екі кітабында да жарық көрген. «Балықшы мен балық» — Пушкиннің бұл атақты ертегісін автор 1911 жылы «Маса» жинағына, кейінгі қайта шыққан екі кітабына да енгізіпті. «Алтын әтеш» — бұл да Пушкиннен тәржіме етіліп, 1911 жылғы «Маса» кітабында, соңынан қайта басылған екі кітабында да жарық көрген. «Вальтерден» — осы өлеңді Пушкин ағылшын тілінен орысшаға аударса, Пушкиннен автор қазақшаға тәржімелеп, 1911 жылғы «Маса» жинағына енгізген, артынан қайта басылған екі жинағында да жарық көрген. «Мцыри» — Лермонтов поэмасынан аударған бұл үзіндіні автор 1922 жылы Қазанда шыққан «Маса» жинағына енгізген, ал 1911 жылғы кітабында бұл шығарма жоқ. Шамасы, ақынның соңғы аудармаларының бірі болса керек. «Мінсіз таза меруерт» — автор бұл өлеңді Ю. Жадовскаядан (1824—1883) аударған, 1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» жинағына енгізген. Содан кейін екі рет осы кітаптың қайта шыққан басылымдарында да жарияланды. «Надсоннан» — бұл өлеңді автор ең алғаш 1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» кітабына енгізген. Кейіннен қайта басылған екі кітабында да шыққан. Надсон туралы алғы сөзде айтылғандықтан біз оған тоқталмадық. «Оқуға шақыру» — бұл өлеңді автор тәржіме деп атағанмен кімнен аударғанын айтпаған, тек «орысшадан тәржіме» делініпті. Өлең Орынборда шыққан «Маса» жинағына, кейіннен қайта басылған екі кітабына енген. «Нәбік аты» — автор өлеңнің астына арабтан «тәржіме» деп қана жазған, қай ақыннан аударғанын айтпаған. Өлең 1911 жылы Орынбор қаласында жарық көрген «Маса» кітабында, соңынан қайта басылған екі жинаққа да енген.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру