Аудармалары. Некрасовтан
Қасым Аманжолов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Смағұл Елубай шығармаларының басты идеясы халықтың әлеуметтік пікіріне әсер етіп, тарихи санасын оятуда жатыр. Қазақтың кеңестік дәуірде бастан кешкен нәубетті кезеңдерін асқан шеберлікпен суреттейді. Жазушының қаламгерлік мақсаты ұлттық болмысты сақтап қалу десек, артық айтқандық емес.
САША
Бейітінде баласының зарлағандай ана байғұс,
Мұңлы дала аспанында күрсінеді балшықшы құс.
Естіледі егіншінің әлдеқайда салған әні,
Ұзақ әуен жүрек тербеп, қиялыңа жалғанады.
Қарағай мен терек толы аралайсың орман ішін...
Көңілсіз - ақ, туған дала, дәл осы бір көрінісің!
Ыза толы ойым менің неге бүгін тіл қатпайды?..
Таныс орман үнін естіп, жаным менің канат жайды.
Көзге ыстық көрінеді мына жатқан мәуелі жер —
Келді кезім қиялыма ерік берер, бір сілкінер.
Қайнап тасқан көз жасымды төгейін бір туған жерге,
Төгейінші түк қалдырмай, көңілім бір жеңілер ме!
Жұта - жұта ыза зәрін қалжырады жан жүрегім,
Ақиқат деп азап шектім, қуанышсыз мен жүдедім.
Қабырында жатқан ұйықтап күнәсі мол көлеңкені
Енді қайта оята алман, арсыздықтың бар ғой шегі.
Отан - анам! Енді өзің біл, жуасыды жаным менің,
Қайта оралдым бір өзіңе, мен ұлыңмын, сен сүйгенім.
Жерін сенің жеміс бермей, жаспен егін ексе - дағы,
Талай қыршын боздақтарың ішқұса боп өтсе - дағы,
Бір басылмас, көз ашырмас соғып тұрған бір дауылың
Қасірет - қайғы қара бұлтын, михнат - азап бар ауырын —
Маған үйіп, жасқаншақ қып, жанымды көп қорласа да,
Қайта келдім, мен жеңілдім, тұрмын міне Отан - ана!
Құрыш қайрат кетті балқып құмарлықтың жалынында,
Өр көңілім қайысты енді, өз сорыма бағындым да.
Мерт болды да музам менің, мезгіл жетпей өлді елеңім,
Өлген муза жаназасын шығарам мен, күңіренемін.
Жыладым деп қарсы алдыңда ұялар жан мен емеспін,
Еркелетсең, ішке тартсаң, арланбаспын, қой демеспін.
Құшағыңды аш, мұңымды бас, арылтшы бір қасірет - зілден.
Әмір езген пендемін мен... көп ұзамай сенемін мен...
Бұзылса да туған ұлы, ана шіркін болар ма жат,
Аштым құшақ, құйылды жас, бойыма бір енді қуат.
Не керемет: жап - жаңағы сұрғылт торғын сары аймақ,
Кенет міне құлпырды кеп, мәуеленіп кетті жайнап.
Еркелейді, толқиды кеп, қалың орман бас изейді,
Көктегі күн жарқ-жұрқ етіп, көңілдене күлімдейді.
Көңілденіп кеттім жүріп жабырқаңқы ескі жұртқа,
Сол бір жұртта ойлар қолдап, сонау еткен бір уақытта.
Қатал оймен ашулы елең жазушы едім әрдайым мен...
Кетіпті жұрт азып-тозып, жүдегендей уайыммең.
Тым көңілсіз болар мұнда, көршім қайда, барайыншы,
Әлде болса кеш емес қой, соны іздеп табайыншы,—
Тату-тәтті үй ішінен табылмас па маған бір жәй.
Көршілерім, көршілерім, адал еді, шіркін қандай.
Адам еді, шіркін қандай!
Еш қалтқысыз қуанышы,
Жалғаны жоқ пейілінің, паңдығы жоқ, адал іші.
Нендей күйде жатыр өтіп дәл солардың дәуірлері?
Тозған, солған, қалжыраған бір қария еді ері,
Кемпірі де келген еді ізін басып байғұс шалдың,
Не күйде екен, көрсем екен жалғыз қызын мен солардың.
Көрсем екен Сашаны мен...
Алыс емес үйлері де,
Түгел ме екен бұрынғыдай, бір семья үйме-жүйме?
ІІ
Қайырымды жандар еңдер, тұрушы еңдер тыныштық ойлап,
Сүйкімді қыз медет еді, алдарыңда тұрса жайнап.
Қара торы нәзік Саша бір түпкірде тағы өскен,
Даладағы желкілдеген сен бір нәзік гүл.емес пе ең?!
Ата-ана мәпеледің, келгенінше қолдарыңнан,
Оның жастық шағын қорғап, бір сол үшін салдыңдар жан.
Әттең, әттең!
Ұқпадыңдар, ұмыттыңдар адам басын,
Еш тәрбие бермедіңдер ашарлықтай ой-санасын.
Кітап деген бір бос әуре — бала не істер оныменен!
Деревняның ақыл-ойын шошытады ғылым деген.
Бірақ жастық жан кәусері бүл түпкірде ылайланбас,
Нұр жарқырап, гүл боп шалқып, тұрар ұзақ балдырған жас.
Бет қызылы қою тартар, сұлуланар, көз құмарта...
Сүйкімді - ақ қой, тым жас - ақ қой, қыз балаңыз, кім бар артар.
Күлімдеген қарақат көз бейне алмас аударылған.
Шұғыла шашқан екі беті қызыл жалын от қой жанған.
Қас дегені қиылып түр, жұп-жұмыр боп екі иығы:
Әуре емес, әрекетпен ашылған жоқ құмарлығы,
Өсті Саша, еркін жүріп, он алтыға толды жасы,
Ұйқы қанық, ерте тұрып, белге түсіп қара шапан,
Кербез жатқан кең далаға кетеді ол ортқып, ойнап,
Демалады құмарта кеп, дала мұхит, терең бойлап. -
Кез келген жол оған таныс, еркіндеп кеп басады аяқ,
Неден қорқар?
Тыныштық, рахат ұйып қана тұрғандай - ақ.
Құттықтайды қарағайлар — бас изейді, қол бұлғайды,
Жасыл бұтақ жамылып ап, жас толқындар сыбырлайды.
«Кел, жолаушы! Шаршадың, ғой, құшағымыз саған дайын,
Кел түс бізге, салқындашы» деп жатқандай толқын дәйім.
Келе жатсаң кең далада айнала гүл мың құлпырған,
Көз аударсаң аспан жаққа — төбеде күн күліп тұрған,
Бар табиғат шадыман - шат, күн астында жатыр балқып,
Тыныштық, рахат бәрі осында, еркіндіктің күйі шалқып.
Тек ана бір диірменнің бөгетіне килігіп су —
Еркі болмай, жатыр тулап, бойын кернеп ызалы ашу,
Қайтсін байғұс тулап, мөңкіп, құтылғысы келеді ғой!
Шашады кеп ақ көбігін, мың бүктеліп, жаза алмай бой.
Құтыларлық дәрмені жоқ тас қып салған бұл бөгеттен,
«Еріксіз ғып еркін суды, тағдыр бәлкім әмір еткен».
«Неге керек босқа шулап» деп ойлады Саша тұрып...
Көл-көсір боп жатқан өмір жас жүрегін қуандырып.
Тәңір жомарт деп ойлайды ол, еш кіршіксіз жастық жаным...
Үрей, қатер еш қаупі жоқ жүрегінде қыз Сашаның.
Қара бұйра жыртқан жерде қыстақ халқы жүр жабылып,
«Бұлар да риза тағдырына деп ойлайды Саша тұрып;
Жабайы өмір жұрнақтарын сақтап келген бейбіт жандар,
Термен, қанмен жер суарса, соған - дағы қуанғандар:
Тым сүйкімді Саша қызға.
Тамаша ғой көрсең езін,
Егінжайда бір үйлі жан уыстап тұқым шашқан кезін;
Тамашасын, сүйкімдісін, жан қорегі — піскен егін!
Тұрсаң толқып, мың құбылып, үсте жортып жібек желің;
Меруерт дәнің пісіп — толып, шағылысқан нұрмен ойнап,
Әрі бітік, әрі биік, тәкәппарсып тұрсын бойлап!
Ең қызығы егін басқан: қанаттанып кетеді еңбек,
Жаңғырады орман - дала: тездетіңдер, тездет, тез» деп.
Шіркін сол үн!
Сол бір үнмен оянған жан ең бақытты,
Көңілденіп, күле жүріп өткізеді ол күн уақытты.
Саша - дағы ерте тұрып барады тез қырман жаққа.
Күн шыққан жоқ, қараңғы емес, жарық та емес бір уақытта.
Азан-қазан малдар шулап, барады өріп жайылымға.
Жылқы мен қой тұяғынан миға айналған ылға - жылға.
Жаңа сауған сүттей ауа, құмарта кеп жұтасың сен.
Бау тиеген арбаға еріп кербез құлын басад әсем,—
Бау кептірген сонау үйдің егінінен бу бұрқырап,
Пеш алдында отыр біреу от маздата жағыңқырап.
Қырмандағы жұрттың қолы жарқ-жұрқ етеді, тұрсаң қарап,
Астық түйген қолағаштар көтерілед жоғарырақ.
Қоюланып көлеңкелер, күлім қағып шығады күн...
Саша теріп, жүгіреді, жастан таныс дала гүлін.
Сол маңайдың әрбір шөбін біледі ол бала жастан,
Әрбір құсты, әр жәндікті, таниды ол айнытпастан.
Болып қалды түс мезгілі,
Саша қайда, көрінбейді,
«Қайда жүрсің, Сашажан - ау?
Тамақ суып қалды» —дейді.
Іздейді оны карт анасы.
Сары ала егін арасынан
Естіледі сыңғыр қағып бір нәзік ән Саша салған.
«А-у!» деген сүйкімді үні естіледі әлдеқайдан,
Егіндердің арасынан көрінеді бір қарайған.
Қызыл-жасыл гүл, жапырақ алған киіп тақия қып...
«Қараңдаршы, мына сайтан, кеткен, міне, қайда қаңғып!»
«Э-э! Біздің қызымыздың осы емес пе бойжеткені,—
Сонау биік бидайлардан басын биік көрсеткені...»
«Ал, сонда не?» —
Ештеме емес!
Ойла - дағы түсіне бер!
Не істеуіміз керек біздің,— өзіңнің де ішің сезер:
«Піскен егін сабағына—.жарасады, өткір орақ»,
«Піскен қызға—күйеу керек»—бар айтатын сөзім сол-ақ.
— Сол ма сенін бар тапқаның о, обалсыз кәрі қақбас!
«Болды дей бер той бізге, мейлі саған жағар - жақпас!»
Осылай деп, шал мен кемпір қарсы алатын жалғыз қызын.
Отыратын жасырынып, келер қыздың аңдып ізін,
«А, сайтан қыз, түстің бе бір, қолымызға» дейтін бұлар.
Ұстап алып мәз болатын, бишаралар балақұмар...
Қысқы кеште әжесінің ертегісін тыңдайтын ол.
Тек таң атса, шана теуіп, өрден ойға зырлайтын ол.
Көк тайғанақ таудан құлап келе жатса ол екпіндеп:
Айқайлайтын қарт әжесі: «елесің ғой, қарағым» деп.
Қөңілді қыз жарқ-жұрқ етіп, келе жатып зымыратып,
Аударылып шанасынан, қалатын-ды қарға батып;
Тарқатылып бұрымдары, киген тоны соқталанып,
Тұратын да күлетін ол, үстіндегі қарын қағып.
Мәз болатын қарт әжесі, естіп оның жас күлкісін,
Ұрсайын деп ойласа да, аяйтын-ды сүйкімдісін.
Қайғыратын, жылайтын қыз кессе біреу ағаштарды.
Талай рет, соларды аяп, көзіне ол жас та алды.
Бар еді ғой бір кездерде неше түрлі бұйра қайың,
Қабақ түйіп, кәрі шырша тұрушы еді шегіп уайым.
Аржағынан қып-қызыл боп қараушы еді жүзім жайнап,
Құстар ұшып төбесінде тұрушы еді емен бойлап.
Ағаштардың арасымен жортушы еді қорқақ аңдар,
Кенет бір күн шықты ағашқа қолға балта ұстағандар.
Орман тегіс кетті шулап, үһлегендей, күрсінгендей;
Қорқақ қоян кетті жытып, не болғанын еш түсінбей;
Түлкі кетті інге кіріп, құс қанатын қақты сасып,
Кез келгенді індеріне құмырсқалар жүрді тасып.
Әндетіп жұрт басты іске: жас теректер түсті сұлап,
Сатырлады қу қайыңдар, түбірімен емен құлап.
Қарт қарағай балталанды, арқан салды құлатқалы,
Түсті сұлап қайсар ағаш, үстінде жұрт ойнақтады.
Дәл осылай жеңген дұшпан тепкілейтін өлгендерді,
Шынында да сол суретте аянышты сыр көп еді.
Жас теректің бұтақтары күрсінумен құлап жатты,
Қарт қайыңдар қоштасқандай маржан жасын бұршақтатты;
Туған жердің соңғы сыйын кәріп олар жатты құрып,
Бұл бір қырғын қатал еңбек тоқтады әрең, күн батырып.
Түннің жарық сәулелері жымың қағып шықты аспанға,
Дөңгелек ай тұрды төніп сұлап жатқан ағаштарға;
Өліктей боп кескен ағаш жатты жерде серейіп күр,
Қайырылып бұтақтары жатты сынып шатыр-шұтыр;
Мұңын шертіп жапырақтар жамырайды айналада,—
Жауынгердей жараланған, азап шеккен айдалада; —
Қанды дала үстін кезіп, ызың кағып жел өтеді,—
Өлген ұлан шашындай - ақ жапырақты тербетеді.
Сұйық терек, қою қайың жатқан жерге оймен қарап,
Өңі қашқан томарларды бір көлеңке жүрді аралап.
Үрейлі үкі жалп-жалп етіп жерге соқты қанаттарын,
Әлдеқайда сұңқ-сұңқ етіп жалғыз көкек төкті зарын;
Бақырады бар дауысымен ұзақ сорлы жынданғандай,
Ұядағы балаларын, шар-шар етіп, жүр таба алмай.
Ағаштағы ол балапандар түскен құлап ұясымен,
Ашып әлсіз ауыздарын шар-шар етіп біраз жүрген.
Олар - дағы өздерінше зарлаған-ды назаланып,
Мұжық басып, құртты жаншып, болмаған соң мазаны алып,
Ертеңінде тағы қайта қызды жұмыс кешегідей
Бірақ Саша үрейленіп, ол маңайға қойды келмей.
Өтті бір ай,— келді Саша: қаптаған ор, толған томар,
Анда-санда бір қарағай,— қайғырғандай тұрды олар,—
Жалғыз тұрған қарт қарағай ұқсатады қыстақ қартын,—
Жұрт жұмысқа кеткен кезде, жұртта жалғыз сол қалатын.
Ең жоғары бұтақтары тым тұтасып кеткен екен,—
«От құс» онда ұя салып, бейне соны еткен мекен.
Қариялар айтушы еді—
«От құс»дейтін бір құс бар, деп,
Ширек ғасыр өткен сайын балапанын ұшырар, деп.
Сол «От кұстың» балапаны ұшатын кез жеткен шығар,
Деп ойлады Саша біздің, бір көруге болды құмар;
Сол ғажайып балапандар томарларға қонар, деді ол,
Олар сайрап жөнелгенде, — бір тамаша болар, деді ол.
Осылайша тұрды Саша, арман етіп жұмбақ құсты,
Күн де қонды ұясына, қып-қызыл қып күнбатысты; —
Кесілмеген ағаштардың арасында тарамданып
Кешкі күннің нұр шұғыласы мың құлпырып, тұрды жанып;
Томарлардан толқып өтіп, алыстағы бір белесте
Күн нұрымен көлеңке ойнап, бір ғажайып төкті кесте.
Сол бір түнде көзін жұмбай, ұзақ уақыт Саша жатты,
Сол манағы жұмбақ құстар оған талай ой ойлатты.
Өз бөлмесі бұрынғыдан тарылғандай пысынатты,
Көңіл-күйі шалқып - толқып, ұйықтай алмай ұзақ жатты.
Ала-құла ойлар келіп, бірін-бірі сейілдірді,
Екі беті нарттай жанып, онан сайын өңі кірді.
Таңғы ұйқысы тым - ақ тәтті, тып-тыныш боп жатты ұйып..:
Жас ләззәттің тұңғыш таны, қандай нәзік, қандай бұйық!
Жас жүректің соғуында белгісі жоқ еш азаптың,
Күндей күліп жатыр ұйықтап.
Бұлты жақын жастық шақтың,
Бірақ ол бұлт жылжиды жай күндей жанды аяғандай,
Жарқ-жұрқ еткен бүл нұрлы күн сұрапылда болар қандай!
Балалық нұр тұрған ойнап, мына көзден от сөнер ме,
Өмір оты тұрған лаулап, мына жүзін жас көмер ме?
Ойнақтаған ерке еркін, азаттығын тұтқын етіп,
Бүлдіруші ләззәт шіркін, қор етер ме, бір күн жетіп!..
Аулақ мұнан, аулақ мұнан, қатуланған қара бұлттар!
Сендерде, рас, жеңер бәрін қайрат та бар, бостандық бар —
Бұл нәзік гүл жаңа ашылған, қырда өскен, қол тимеген,
Шығар ма екен, шығар ма екен алысуға сендерменен?..
Үшінші жыл, бұл өлкені тастап кетіп бара жатып,
Құшақтасып көршілермен, көзімнен жас бұршақтатып.
Әлі есімде, айтқан сөзім:— Саша есер, деп едім мен,
Бақытты боп жармен, перзент сүйсінші,— деп тіледім мен;
— Еш азапсыз, қасіретсіз ұзақ ғұмыр сүрсін,— дедім...
Амал қанша іске аспапты, менің сол бір тілегенім. '
Қарттардың мен білдім халін, ашығандай шын - ақ жаның;
Баян етті әкесі оның Саша қыздың ахуалын:
— Бізбен көрші, осы маңда, болушы еді бір кең жайлау,
Бос жатушы ед көптен бері, ең кемінде қырық жыл болды-ау.
Үшінші жыл, сол жайлауға бір мырза кеп орналасты,
Көп кешікпей сол көршіміз бізбен - дағы араласты.
Алексеич Лев Агарин аты-жөні ол мырзаның;
Мырза емес сықылды өзі, көре алмайсың еш ызғарын:
Өзі қатпа, өзі құп-қу, лорнеткасыз қарамайды,
Төбесінде төбелі бар, жұқа шашын тарамайды.
Өзін-өзі — мен бір соғар, ұшып қонған кұспын,— дейді;
Дәл жақында шет елдерді аралап мен ұштым,— дейді,—
Көрдім дейді неше түрлі ғажайып зор шаһарларды,
Көк теңіздің астын үңгіп салған көпір-наһандарды;
Сонда байлық, сонда ырыс, сонда, дейді, не керемет;
Ақшаларым келіп тұрды, алдым дейді, бірнеше рет;
Бүркіт дейді бір бақыт қой, келгені ғой мені айналса.
Кемпіріммен біз екеуміз аң-таң болдық ес шыққанша.
Ал, С,ашамыз күліп еді, ол да бірге күліп жатты...
Содан бері біздің үйге келуін ол жиілетті.
Сөйлеседі Сашамызбен, шығады ылғи саяхатқа.
Кей кездерде мін тағады біздің мына табиғатқа,
Дүниеде бір ел бар, дейді, қыс жетпейтін, жазы өтпейтін:
Балкондары жатады ашық, күнге піскен лимон — дейтін:
Қарап үйдің төбесіне, айтады өзі әлде нені...
Рас, сөзі жыр сияқты, дауысы тым күңіренеді.
Құдай басқа салмасын де!
Таусылмайтын сөздері еш!
Ол — ол боп па: отыратын кітап оқып ертеңді-кеш,
Сор қайнаған Сашамызға үйрететін француз тілін.
Нақ екеуі көтергендей бұл дүниенің қайғы - мұңын,—
Айтатын кеп, айтатын кеп, сәл нәрсеге себеп іздеп,
Талай ғасыр өтсе - дағы адам неге бақытсыз? деп.
Бірақ, дейді — қынжылмаңдар өздеріңді оймен мұқап,
Әділеттің күні бір күн жер бетіне шығуы хақ!
Сөйтеді де, ол әзінің сол үмітін бекіткендей;
Шарапты кеп көтереді. Біздің қыз да желіккендей,—
Қалмайды одан; ішпесе де, тигізеді ерініне.
Біздің - дағы кінәмыз мол,— ішіп жүрдік сомен бірге.
Қыс кеп қалды қылыш сермеп, қоштасты ол біздерменен,
Жетер, дейді, жүрдім біраз, күн өткізіп сіздерменен.
Тұрыңыздар бақытты боп, қайырымды жандарсыздар,
Жетер енді...
Істерім бар, адал тілеп қаларсыздар,—
Деді де ол, бір шоқынды, кетті шығып қақпамыздан:
Сол кетті де маза кетті әлпештеген Сашамыздан.
Байқаймыз біз, үй ішіміз болды оған тым көңілсіз.
Жас жеткен соң сөйте ме әлде, ол арасын білмедік біз.
Өлең айтсак, ертек айтсақ,— оған ешбір ұнамайды.
Қыс та жетті!
Бұрынғыдай шана теуіп зырламайды.
Ой ойлайды қарт адамша,— кеп шаруасы бар адамша,
Оңашада кітап оқып, жылайды да... амал қанша!
Қашан керсең хат жазады, оны бізден жасырады;
Кітап тауып алады да, бітіргенше асығады.
Қойшы әйтеуір ақырында, кірді бір күн ақыл-есі.
Айтад жөнін әр нәрсенің, тым – ақ тәуір әңгімесі.
Қандай өзі кең пейілді... ондай пейіл жоқ ешкімде,—
Мен мұндай жан көрген емен, сен де, сірә көрмессің де!
Жүргені ылғи жақын тартып жалшыны да, кедейді де,
Құрметтейді, ас береді, сырқат болса емдейді де.
Осылайша жүргенінде асты жасы он тоғыздан,
Жүріп-тұрып жаттық біздер, келгенінше қолымыздан.
Көршіміз де жайлауына бір қайтуға тиісті емес пе!
Хабар жетті келді, деген, келмекші екен бізге түсте.
Саша қандай күтті дейсің, көңілденіп кетті мүлде!
Үйдің ішін безендіріп, толтырды кеп не бір гүлге.
Кітаптарын қойды жөндеп, тым жұпыны киінді езі,
Шықты жайлап қақпа алдына қонақ келер болып кезі.
Келді көрші, а!! деді ол, көрген жерде Сашамызды.
Есі шыққан тәрізденді, кермей бұрын мұндай қызды.
Шынында да біздің Саша қолымызда еркін тұрып,
Соңғы екі жыл ішінде кеткен еді тым құлпырып;
Сол баяғы бет қызылы тарқамастан тұрған шалқып,
Бірақ, анау, шашы түсіп, кетті әбден қуқыл тартып...
Не оқыды, не істеді,— Саша бәрін айтып жатты,
Бірақ оған айтылған сөз бұрынғыдай дарымапты.
Қасақана қыңырайған адамға ұқсап кес-кестеді:
— Екеуміздің ондағымыз бос сөз,— бір елес! — деді.
Ақылдылар айтты маған: адамзат қор, әрі жауыз.
Ойдай соқты - ау, соқты, соқты, жан екен бір көбік ауыз.
Не айтты ол, түсінбедік, мазасызбыз содан бері;
Он жеті күн болды бүгін, Сашамыздың бардай шері,—
Қайғырады, қаңғырады, үнсіз - тілсіз көлеңкедей;
Кітаптарын оқиды да, лақтырады тырс үндемей.
Қонақ келсе, сөз бастаса, қойыңызшы, дейтін болды.
Әлгі мырза келді үш рет: келгенінде ол ең соңғы,—
Бір мұжық кеп хат жаздырып отыр еді Сашажанға,
Бір қатынның сырқаты боп, дуалы шөп сұраған ба...
Мырза бізге қарады да, бір сөз айтты қалжың қылып:
— Балаңызға жаңа ермек табылыпты,— деді күліп.
Саша тұрып кете барды, қарамастан, тіл қатпастан...
«Тегі сырқат болар білем», деп мырзамыз болды аң-таң.
Кітап беріп жіберсе ол,— Саша оны оқымайды,
Қайта апарып таста, дейді, жүрегінде бар бір қайғы,
Жылайды да толғанады, жалбарынад бір тәңірге...
«Жол жүремін» деп еді ол,— Саша шығып бізбен бірге,
Қоштасты да, қайта келіп, жатып алды жоғарғы үйде.
Амал бар ма?.. хат жазыпты ол, шыдай алмай мұндай күйге,—
Күнәкер боп біз өзіміз оқып алдық оның хатын;
Қосылсақ деп сұрапты ол ризалығын, махаббатын.
Саша оның бүл тілегін жіберді алғаш қабылдамай,
Хатын бізге көрсетті әкеп, еткеннен соң күн бір талай.
Өзімізше үгіттедік: күйеу болар жігіт, дедік.
Жас десең жас, бай десең, бай, мінезін де кемітпедік.
«Жоқ, бармаймын» дейді Саша, қобалжулы, сыр бермейді,
Кейде тұрып: «жоқ, мен оған, тең емеспін, кеммін» дейді.
Дейді кейде: «жоқ ол менің — теңім емес, менсінбеймін,
Ол ашулы, ол қайғылы, рухы түскен, мен сүймеймін».
Бірақ та ол кеткеннен соң, болып алды тым қайғылы,
Хатын оның сүйіп қояд,— дел-сал болдық ұқпай мұны.
Не езі бұл? Түсіндірші, түсіндірші, туысқаным!
Көрші өзің, көр Сашаны, көрші оның не болғанын!
Енді қанша қайғы шекпек, өлмек пе бұл байғұс балам?
Ойнап-күлу дегендерің болғаны ма бұған харам?
Қайран балам! қор етті ол, қор болмақ па өмір-бақи?
Айтшы бізге: кім өзі ол, түсінбедім, таусылды ми.
Адам ба өзі кәдімгідей?
Қара жүрек әзәзіл ме?
Әлде арбаушы сиқыршы ма, ібілістің дәл өзі ме?
Жетер, жетер, жарандарым, серпіліңдер, бос қайғырмай!
Тез арада түзеледі, тұрарсыңдар бұрынғыдай.
Сашаңыз да тәуір болар — тәңір оған медет берер;
Ол ешкімді алдап-арбап жеңе алмайды, бос әбігер:
Ол өзі бір... не деп, сірә, түсіндірсем екен, сізге...
Білгішсінген бір жат ұрпақ өсіп түр ғой елімізде!
Ол кісіңіз сайтан емес, адамзаттың арбаушысы!
Амал қанша!
Бұл заманның солар боп түр таңдаулысы.
Шала-пұла кітап оқып, тіміскілеп дүниені,
Қолдан келмес жұмыс іздеп, өз-өзінен күйінеді.
Әкесінен қалған байлық еңбекке қол тигізбейді,
Ескі жолдан шығамын деп, өзінше бір жол іздейді.
— Жоқ, дейді ол, менің жаным ұсақтыққа жаралмаған
Адам деген бір құмырсқа, оның ісі харам маған;
— Не езімнің қайратымды көтере алмай мерт боламын,
Жастай барып жатамын мен түпкірінде бір моланың;
— Не болмаса, жұлдыз болам, ағам зырлап заңғар көкте!
Дүниені бақытты етем! — деп ұрады көкірекке.
Қолда бардың қадірі жоқ, жек көреді оны мүлде,
Еш мағнасыз құртады тек, лақтырады гүлді күлге.
Әрі ұлы, әрі ауыр біздің мына заманада
Кітап деген ойыншық па,— тек оқи біл, бағала да,
Өрескел не, топастық не, жауыздық не, түгендейді,
Бірақ та сол кітабыңыз игі іске әл бермейді.
Шын жүрекпен шындап тұрып сүюді де үйретпейді...
Ғасырлардың ісін жөндеу — оңай емес, күш жетпейді!
Езгілікке, дұрыстыққа, еркіндікке болып құмар,
Олар ылғи әуре-сарсаң, бірақ одан не мән шығар?
Істерінде, сөздерінде береке жоқ өңшең мылжың,
Билігі жоқ, қайраты жоқ, табыс таппай болады ың-жың.
Жақсы көре біледі олар, жек көре де біледі олар,
Шыбынды да ренжітпейтін, әрдайым бір соры болар!
Махаббатқа келген шақта: қаным, дейді толқымайды, —
Ойым толқып, басым әуре, махаббатта жатқан қайғы!
Соңғы оқыған кітабынан не ұқса, сол оған бір заң,
Орын алад ол жанының ең үстіңгі қабатынан.
Сену - сенбеу — керек емес, тек дәлелді болсыншы дер,
Өз жанынан шығары жоқ, кеше орғанын бүгін егер.
Ертең нені орарын ол білмесе де егуі хақ...
Жәй сөзбенен айтқанда ол тек сез қуған бір ақымақ.
Ал егерде алса колға бір жұмысты, ол бір қайғы!
Ұқсата алмай қалғаны үшін — дүниені кіналайды.
Әлсіз ойдың канаттарын сәл талдырса ойбайлайды:
«Түк шықпайды!» дейді де ол, енді қайта ден қоймайды.
Қанатынан қайрылған соң тым ызалы болар бүркіт...
Ұқтыңдар ма? Ұқпадыңдар! Уахасы жоқ, сөз соңын күт,
Бүл айтылған сөздерімді Саша ұқса болды маған,
Ол өзі де сезген екен — аулақ салса енді анадан.
Ал ендігі қалғандарын мезгіл езі жөндеп керер.
Мезгіл езі түсінер де игілікті тұқым егер!
Біздің мына даламызда аяқ бассаң жылғалар бар:
Жазда жылға сусыз құрап, жап-жалаңаш құмға айналар.
Күз келгенде басқа батар, қыстағы кар жатар көміп,
Асықпаңдар, сол бір жылға құлпырар бір көктем келіп,
Адамдары кеуде кере дем алатын жылы жақтан,
Қып-қызыл күн көтеріліп, жібір аймақ мұзға батқан.
Өзен ағар елеңдетіп, біздің жаққа келер жетіп,
Бөтен жақтың толқындары сел боп басып, жатар көлкіп;
Сонда әлгі сорлы жылға кәусер күміс суға толар,
Жалт-жұлт етіп, жөн көрсетіп, ол да өзінше ойнақ салар...
Көктем өтер, жылғамызда су тартылар, күнге күйер,
Жат толқынмен суарылар, жылғамыз мол егін берер.
Саша қыздың зердесінде жатқан ұйықтап не бір күшті
Оятып ол кеткен екен, соңы болғай сүйінішті...
Ой мен, сірә, кеттім білем, ұқпайтын қып, сөз құбылтып!
Иланыңдар, дос-жарандар: жас жан ылғи өмірге ынтық.
Рахат табар, шабыттанар қандай дауыл тұрса соғып,
Сұрапылда жан шынығар, ой желісі пісер толып.
Жалт-жұлт еткен жеңілдіктен бала бойын салса аулақ,
Сонда ол бір сілкінер де, шығар жайнап, от боп лаулап,
Ырысты бір жерге келіп түскен екен дән домалап,—
Одан өнген жеміс дағы болар толық, болар мол - ақ!
В.В. МАЯКОВСКИЙДЕН
ЛЕНИНШІЛДЕР
Блокада
Шеп құрса да
Күндіз-түн
Аранына қалсақ түспей
Іс істеңдер
Деді Ильич.
Толтырайық
Мұнаймен
Ел сауытын!
Өссін көмір,
Жер қойнынан
Ала түс!
Осылайша
Іс істеңдер
Деді Ильич!
«Құрт бракты,
Зат бағасын
Арзандат!»
Гудогімен
Жар салып тұр
Өндіріс!
Бізді осыған
Шақырған-ды
Ильич
Ортақ жерде
Орғып жортсын комбайн!
Елсіз жерге
Фабриканың
Нұры түс!
Осыны айтқан
Советтерге
Ильич!
Үнемдеңдер
Әр бес тыйын
Бақырды!
Жұмсаудың да
Жөн жобасын
Бол білгіш!
Осылайша
Хозяйн бол
Деді Ильич
Шамды жақ та,
Түнектерді
Жарқырат!
Республика
Электрдің нұрын құш!
Нұрланыңдар
Деді Ильич
Дін,—апиын,
Дін — дұшпан
Поп бүлдіргіш.
Дінсіз,
Попсыз
Өмір жаса
Деді Ильич.
Сүйреп шығар
Қағаздардың
Астынан
Бюрократ
Тоңмойынды,
Біздің күш!
Осылайша
Күрес деген
Ильич.
Сынай да біл,
Сынала да біл өзің,
Шен,
Дәреже
Болмасын бет бүркегіш!
Осылайша
Ұста өзіңді
Деді Ильич.
«Солдан»
Жыртпа
Коммунизм жалауын!
Оңнан шекпе
Сары уайым—
Күйініш!
Теңселмей жүр
Тұпа-тура
Деді Ильич.
Тұмшалап қой
Фашист итін
Жем болмасын біздің кұс!
Дәл осылай
Істеңіздер
Деді Ильич.
Өкінбейміз,
Тойындамыз
Сүйініштің,
Ленин бірге,
Өлді демейд
Оны ешкім:
О л ең ұлы!
Дүбірлеткен
Жаһанды,
Мерекелі
Сөзі,
Ісі Ильичтің!
ЛЕНИН ТУРАЛЫ БАЛЛАДА
Ленин
Алды бір күн
Ақтық демін.
Аза күйі
Еңіретті
Дүние әлемін.
Күй күрсіне Деді ақырын:
«Ленин... өлді»
Ауыр қайғы
Құшағына
Алды елді.
Ұлы өмір тұлғалары
Тұрды біраз
Тапжылмастан
Жоси ақты
Жеті өзендер
ЬІстық жастан
Көк тірегі майысқандай
Күйзелді күн
Тұтылды ай
Күңірене көрісті
Жер мен аспан.
Тарих атты ұлы ақсақал,
Күй кеуделі,
Шежіре шал.
Басын шайқап
Деді: «қатал
Жауыз ажал,
Бақыт боп туған ұлымды
Жұта алмассың, тажал!»
Уһ, дегенде ел,
Ұйытқи соқты жел,
Тулай толқып
Ақты көзден сел.
«Ленин елді»
Дегенді естіп
Аш қасқырдай
Жаулар төнді;
Ұлыды, үрді,
Бүркеніп түнді
Іргеме келді,
Көз қысысты,
Жыбырласты:
«Ленин өлді
Күні сөнді,
Сәті әбден
Келді енді,
Сен - ақ ал жерді,
Бер маған кенді...»
Деп былшылдап өздерінше
Үлес бөлді...
Сонда тұрып
Бір ұлы адам
Сұр шинельді: —
Ленин тірі!
Кім шығарды
«Ленин елді» дегенді!
Ол елмейді,
«Өліміңе көнбейді»
Деп жұбатты елді.
«Ленин тірі!»
Деді Сталин,
Тірлігіне берді антын,
«Ленин тірі» деді - дағы
Іске аттанды ұлы халқым.
Ленин күшім
Сыйынатын.
Ауызға алсақ
Ленин атын:
Бұрқырайды
Бойда қуат,
Бас иеді
Бар табиғат.
Ленин, дедік:
Көк көмкердік.
Ленин десек,
Кесек-кесек,
Алтын алдық тау қойнынан.
Ленин, деп ек:
Дала гүлдеп
Шыға келді нулы орман.
Ленин дедік:
Бақыт құсы
Келді, қонды қолымызға;
Ленин дедік:
Жан бітірдік
Жерге, суға,
Көкке, мұзға...
Ленин деумен тілі шығып
Тез ержетті жас ұрпақтар;
Жігіт болып
Қайта жасад қарттар.
Ленин, деді.
Қызыл әскер:
Жауын жеңді быт-шыт қылып;
Ленин деумен
Еңбекші әлем
Фашизмді қылқындырып.
Ақын жырлайд,
Ленин атын
Аузынан тастамастан,
Жосылады жүрек жыры,
Ақтарылад, алуан дастан.
Ленин деп, күйін
Шертед күйші
Домбырасын толғай бұрап,
Ескектейді
Жан аузы
Кеудесінен күйі бұрқырап.
Ленин тірі!
Кремльде
Күндей күліп
Отыр Ленин.
Цека атынан
Ұлы Сталин
Талай-талай берді есебін.
Кремльде
Сталинді
Қасына алып
Отыр Ленин
Екеулесіп
Отыр шетпіп
Бұл дүниенің келешегін.
ҰҚСАС ҰРАНДАР
Жауынгерлік өтті он жыл.
Өшкен жоқ әлі жау үні,
Мүмкін тағы
Жақында,
Жорықты күндер керуені
Шаңдатар
Қырды, жондарды —
Жауынгерлік
Жолдарды.
Дайындалып
Жаулар тұр,
Қырғын соғыс
Болар бір.
Жауынгерлік қатарда
Адымдап алға жүре біл.
Ажалға маска көрсетіп,
Газға да
Қарсы тұра біл,
Төндіріп қауып
Буржуй тұр
Қаусатып,
Қуып,
Ұра біл.
Пулеметке
Лента сап,
Қаратып жауға
Құра біл,
Шапқалы тұр
Арсылдап,
Үйрен, жолдас,
Найзаны,
Шабуылға
Карсы шап.
Қашса жау,
Қуып кім жетер?
Алтын құмар жауларды
Қуалай біл,
Атты әскер!
Жаудың аяқ дүбірі
Естіліп тұр
Заводтан,
Үйіріп үйрен
Бол мерген,
Наганнан да оқ атқан.
Иірімде Иіріліп
Батпақта мәңгі
Кім тұрар?
Күшейт совет флотын,
Советтік
Қызыл моряктарі
Қырғын әлі
Біткен жоқ,
Аз тынымдап
Түр ғой ол,
Дайындал
Қамдан,
Қалың топ —
Комсомолка
Комсомол!
Әскермен бірге
Түр соғып,
Республика жүрегі,
Ынтымақтан мықтыны
Таппассың
Іздеп дүниені,
Күшіміз — •
Қызыл Армия:
Даңқы өссін! —
Елдің тілегі.
АЛАМЫЗ ЖАҢА ВИНТОВКА
Аламыз жаңа винтовка,
Жалаулар тағып штыкке!
Даярлар мерген кружокқа
Барамыз әнмен біз тіке. Бір!
Екі!
Қатарға!
Отряд,
Бас алға!
Бораса соғыс бір кезде
Келсе тағы түнеріп.
Нысанаға дәл көздеп
Мылтық ата білелік. Адымда
Нығырақ!
Дәл көзде,
Мылтық ат!
Күн туса елім ағылтар
Армиясын майданға,—
Боламыз біздер санитар
Жорықтар канат жайғанда.
Оқ тисе
Орманда,
Сақтаймыз
Біз сонда.
Үнсіз, шусыз жау барлап,
Дыбыссыз аяқ басамыз;
Жас томарды аралан
Жау ұясын ашамыз.
Еңбектеп
Күндіз де;
Болсын
Түн бізге.
Жарқылдап жаңа винтовка
Жалтылдайд жалау штыкте;
Даярлар мерген кружокқа
Барамыз әнмен біз тіке. Бір!
Екі
Қатарға!
Отряд,
Бас. алға
1927
БАР ДАУЫСПЕН
(Үзінді)
Тыңдаңыздар,
Жолдастар,
Жас ұрпақтар!
Дабылдатқан дүниеге
Таратқан
Жар —
Үгітшімін!
Қаптатып
Өлең
Селін,
Тірі адамша
Тірімен
Сөйлесемін,
Лирикалы
Томдарды
Басып өтіп,
Сендерге м.ен
Барамын
Дүбірлетіп!
Барам
Коммунизмге —
Сонау шалғай,
Бармас, бірақ,
Есенин
Сарнауындай
Аттап өтіп
Ғасырлар
Асқарынан,
Ақындар мен
Үкіметтер
Бастарынан.
Жетер, жырым,
Сіздерге
Өшпей, өлмей
Жетпес, бірақ,
Сары садақ
Жебесіндей ~
Амур — Лира
Құмары
Толғай тартқан.
Жетпес жырым —
Бес тиын
Бақырға ұсап —
Әуесқой бір Нумизмат1
Құмнан
Тапқан.
Жетпес жырым
Бір жалғыз
Жұлдызға ұсап
Аясынан -
Аспанның
Құлай аққан.
Жырым
Жылдар жақпарын
Өтер бұзып.
Ауыр
Қатал күйіне
Көз салғызып,
Рим құлдары жасаған
Су түтігі
Бізге жеткен сықылды,— жетед түбі.
Өлеңдерді
Жерлеген
Бейіт болған —
Оба тұрар ескі кітап лық толған:
Нумизмат — акта коллекциясын жинаушы.
Соған сіздер
Сан рет
Барарсыздар.
Темірдей
Бір сөзімді
Табарсыздар.
Қолдарыңа
Құрметтеп
Аларсыздар.
Айбарлы өткір
Қарудай
Қарарсыздар.
Мен сөзіммен
Құлақты
Әлдилемен:
Сыбырлауға
Жазбаймын
Өлеңді мен;'
Құлағына
Қыздардың
Нәзік жырмен
Күбірлейтін
Ежелден
Ақын емен.
Өлең бетін әскердей
Сапқа құрып,
Жолдарымен
Жорыққа кетем
Жүріп:
Қорғасындай
Салмақты
Өлеңдерім,
Жеңіске,
Өлімге де,
Буған
Белін.
Зеңбіректей
Қаз-қатар
Дастандарым,-
Нысанаға
Дәл көздеп
Қойған бәрін:
Қиқу шықса
Құйғытар
Атты әскердей.
Ұйқастарым
Сурылған
Көк семсердей.
Жиырма жылдай
Жорықта
Жарып өткен.
Жауынгер жыр,
Қаруы
Жар - жұрқ еткен.—
Ақтық беті
Қалғанша,
Соның бәрі —
Бір
Сен үшін
Планета
Пролетары
ҚОШТАСУ
Автоға келдім,
Соңғы ақшамды ұсатып. —
Марсельге кашан? —
Бар сәулеті көз тартыи,
Жүйткіді Париж
Жолға мені ұзатып.
Көзіме басып,
Қоштасайын құмартып.
Күйінсін жаным;
Сентименталдық орнаса.
Париж да мен Тұрар едім, өлер де едім,
Егер
Москва деген бір жер болмаса.
БӨРІКТЕН БЕЗ
Әй, ақымақ
Есер ерлік:
Жаудың бәрін
Сорлы көрдік.
Лақтырсам тек
Папақ, бөрік,
Жау сұлатып
Салам, дедік.
Қорық
Орыстың
Бұл сөзінен:
Фуражкаға
Сене көрме.
Ол сөзге ерсең
Қабырғаңды
Қаусатар жау
Талай жерде...
Совет жауы...
Емес бала:
Келе қоймас
Жұмырыққа.
Жау бай,
Есті,
Қу, жүз қара,
Салуға епті
Тар табытқа. Болат, бронь
Бүркенгені,
Аттары бар
Талмас
Берік
Қорқыта алмас
Жауды бөрік,
Алып
Ноян кит мінген жау,
Ауыр,
Зілді
Танкісі бар,
Фуражка мен
Шапкаларды
Лақтырғаннан
Не мән шығар?
Келер олар
Үндеместен,
Беті, жүзін
Көрсетпестен:
Жасағыңа
Жайлап, жылжып,
Тенер ажал
Сыр берместен,
Болатымен қоршап
Дұшпан,
Жан-жағыңнан
Жоқ қой қысқан:
Сайла қару,
Тездетіңдер,
Ой, техника,
Ер жетіңдер!
МӘЖІЛІСҚОРЛАР
Түн ауысып,
Таңға айналса болды тек,
Күнде көрем:
Жөңкілген жұрт лек телек,—
Басқармаға,
Комитетке,
Полит пенен Просветке
Ағылған жұрт қызметке.
Кеңсесіне кірісімен қызметкер,—
Жауды жаңбыр — жауды қағаз бір нөсер,
Елуінен ерек алып біразын,
Мәжіліске енді қайқаяды сабазын
Келдің, дедің:
«Бағы күннен жүр едім,
Аудиенция алмақ еді тілегім».
— Иван Иваныч мәжіліс кетті тағы да —
Тео-Гуқон Бірлестігі жағына,—
Жүз баспалдақ тоздырдың" сен,
Мең - зеңсін...
Келдің тағы:
— Бір сағаттан соң келсін,
Деді сізге,
Мәжілісте отыр, тез келмек,
Сыя сатып алмақ екен Губкооператив бір шөлмек.
Сағаттан соң
Хатшылардың бірі жоқ,
Кеңседе жан — тірі жоқ.
22 жасқа дейін барлығы
Комсомолдың мәжілісінде дағдылы.
Тағы өрледім,—
Түнге кезім түсті де,—
Жеті қабат үйдің дәл ең үстіне.
«Иван Ваныч келді ме екен?» —
Жоқ онда!
— Мәжілісте отыр,
А-бе-ве-де-же-комда.
Лағнет айтып,
Ызам әбден асқындап,
Қіріп бардым
Сол мәжіліске тасқындап.
0, ғаламат!
Қарай бердім оқшиып.
Отыр өңшең
Жарты адамдар мықшиып.
Қайда жарты денелері бұлардың.
«Жарып кеткен!
Ойбай, қайтып шыдармын!»
Бұл сұмдықтан есім кетті, тап шыным.
Кенет
Баяу
Үні естілді хатшының:
— Бұлар бірден
Екі мәжіліс үстінде,
Жиырма мәжіліс өткіземіз бір күнде,
Қақ бөлінбес еш айла жоқ, таңданба,
Кеуде мұнда,
Басқа жағы қалды анда.
Ыза деген ұйықтатпайды.
Таң сәрі.
Таңмен бірге ойладым әр нәрсені,
«О, шіркін-ай,
Тағы бір мәжіліс өтсе екен,
Бар мәжілісті сол құртып бір кетсе екен».
МАРШ
Шықты еліріп
Сұм буржуйлар.
Қолын созып
Аспан-көкке,
Жинал, жолдас,
Пролетарлар,
Отырыңдар
Самолетке?
Шегін кері, жаулар арсыз!
Жұмысшы мен шаруалардың,
Елі ұшырған сұңқарлармыз!
Атты әскерлер өтпес жерден,
Табан тимес,
Қиын белден,
Қуған талай
Жау құзғыным,
Ер канатты
Туғызды ұлын.
Алға:
Бұйра бұлтты жарып!
Жарқылдатып,
Канат қағып,
Ұшамыз біз
Одан ары,
Жұмысшы мен шаруалардың
Елі өсірген
Ұшқыштары.
Қанмен аршып,
Жолдар ашып,
Сынас жаумен,
Сынсын сағы:
Жеті қат көк
Аспан асып,
Орнатыңдар
Коммунаны
Арасында жұлдыздардың
Үкіметін жұмысшының
Өркендету талабымыз.
Жұмысшы мен шаруалардың
Біз құстары — ұшқыштары!
МУССОЛИНИ
Қайда ғана қарама — Газет біткен
Муссолини атымен
Толып кеткен.
Ноқатына ноқатын
Дәл келтіріп,
Сызығымен сызығын
Қиыстырып,—
Көрмегенге көрсетіп
Түр - келбетін,
Муссолини салайын
Мен суретін.
Бұлқан-талқан болмаңдар
Сынға батыл,
Муссолини «мырзаның»
Ата-анасы!
Ұқсамай ма суреті?
Меніңше бұл —
Дәл өзінің аумаған копиясы.
Ахахулай елірген
Пішіні пан;
Қара көйлек кигені,
Сыйда жалаң:
Білегі мен сирағын
Қаптап кеткен —
Түктері бар —
Кем емес тікенектен;
Башпайына жеткен қол
Сызады жер,
Маймыл ғой деп ойлайсың
Көрсең егер.бeт жоқ,—
Тек нән погромның знагы бар.
Екі танау адамға
Артық шығар;
Муссолини танауы
Біреу ғана!
Таластырып ұрлық зат,
Алған пара,—
Оның өзі
Жыртылған екі дара.
Жарқ-жұрқ еткен әшекей
Киімі бар,—
Мұндай сірә қарумен
Жауды қырар?
Қылыш, қанжар жоқ,
Бірақ,
Қару дайын:
Байлап апты
Бір литр кастор майын.
Кастор майын
Жылытса қолқасына,—
Кім беттейді (?)
Фашистің ротасына.
Өз үйінде әр жерде - ақ
Жүру үшін,
Ұрлап ашып есікті
Кіру үшін —
Муссолини толтырып
Алақанын
Ұрылардың алып жүр
Бес аспабын.
Министрлер үйінде Премьер
Бірінші рет сөз сөйлеп
Болды әбігер,
Ондағы дау-жанжалға
Не тең келер?
Муссолини әйтеуір
Мыңқылдайды,
Жан түсінбес бірдеме,
Кім тыңдайды?
Жақсы шықты-ау
Әйтеуір аударушы,
5-50 — Т-с-с-с!—деп
Желше ысқырып
Шықты да yew,
Сыбдырлаған сияқты
Орман іші,—
Ақы алмас
Таныс - тамыр
Тілдің ұшы.
Министрлер кірісіп
Кешкі оқуға,
Дипломат тіл білуге
Келді тура,
Еңбексіз - ақ оқыды
Оңай бұлар,
Министрлер ішінде
Зейінді бар.
Жалпы —
Фашист дегендер
Білуге ынтық:
Ынтықтығы емес пе
Алып мылтық,
Муссолини нөкерін
Зыр жүгіртіп,
Мәз болады
«Аванти» үйін тінтіп,
Мұндай қызу
Істен соң,—
Ол газеттің
Әрі кассаларын да
Кетер құртып.
Муссолини
Алғашта
Азефке ұсап,
Социалист болғансып
Жүрді айқай caп,
Жұмысшылар тобына
Барса, дәйім —
Серратидің зерттейтін
Мәні - жайын;
Ал қазірде
Ісі оның қолдан келер:
Торлы түрме жасауға
Өте шебер.
Муссолини арманы —
Біздің Петр.
Соны қуып жетем деп Бұл
Қара тер.
—Қалайда мен
Дәл сенен
Биікпін, деп,
Суретіне Петрдің
Қарайды кеп;
— Ой, тәйір - ай,
Таяғы не
Петрдің?
— Қолақпандай,
Дейді
Шоқпар ап жүрмін!
Саясат не,
Айтса егер шын сырын:
Берер ме ол
Бар өмірлік несібін?!
Муссолини
Ұмытпайды сондықтан,
Өзі сүйген
Ең негізгі кәсібін.
Погромнан,
Не сондай бір
Жерден қайтса
Кілтсіз - ақ та
Ашады
Жұрт есігін.
Қандай есік болса да
Білдірместен,
Ашу жайын
Тобымен
Сан кеңескен.
Карьера мәңгілік
Қайтып тұрар?
Коммунистер жанышса —
Сөлің шығар,
Сондықтан
Бұл
Айнымас,
Жеңіл кәсіп.
Қартайғанда болады
Қорек, нәсіп.
Әзірше бұл
Еліріп,
Еркін жүріп,
Түгін тартса
Май шығып,
Түр семіріп.
Ал неге бүл
Жүр мұнда,
Тұрмай анда —
Темір торда,
Аңдардың қорасында?
Бұл, әрине,
Тұрмайтын бөлуге ой,
Итальяндықтардың
Өз ісі ғой.
Ескерту:
Суреті дәл
Шықты-ау деймін.
Мүмкін сәл
Ұқсаспаған
Шынымды айтсам:
Болар кей мін.
Мен оны
Көрген емен,
Керіскім де келмейді
Сол немемен.
Түгі аз,
Тақыр болса да
Терім менің —
Бір фашист
Жұтылар деп
Сескенемін.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру