Күй
Сәкен Сейфуллин
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақ күйшілерінің тағдыры, күй өнерінің құдіреті және ел мен жердің басынан кешкен нәубет жылдарын суреттейтін Сәкеннің классикалық шығармасы.
БІЗДІҢ ДӘУІР
Отарба алып ұшты, қалып маяң,
Жүйткіген тұрмыс қазір экспресс, —
Айтқандай менің досым ақын Аян...
Ескіні кеміп жерге қоймақ крес.
Жүйткиді социалдық экспресс.
Төтелеп көк садақша сырғиым ғой.
«Гүл қылаң» дегенім, тек бір киім ғой.
Асықпай ырғалаштап игермедің?
Зырлаған экспресс тұрмыс түрін
Жазуға асықсам да үлгірмедім!
ОКТЯБРЬ МЕРЕКЕСІНДЕ
Тіл жетпес сәулетін тек қылып баян.
Істері кереметті әлемге аян!
Қарақшы шамшырақтай жанған биік
Әлемге жөн сілтеген көкке тиіп.
Шаттық пен сәлем қылад басын иіп.
Болар ед санасаң, тек қызыл танау.
Қажет пе, тұра салып тілмен санау.
Әсемді тұрман керек сылаң атқа,
Күй шертіп мерекеде билеу керек
Келемеж, сықақ айтып жау мен жатқа.
ЗАМАН, «ЗАМАН»
Тамаша қызығы көп шіркін заман
Әрине, кімге жақсы, кімге жаман;
Қай елдің қандай паңы айтар бүгін
МЕРЕКЕ МАЙДАНЫНДА
Сауық қып мерекеде ойнамай ма?
Жұмылып жайшылықта қоңыр түспен,
Алдағы, арттағы істі ойламай ма?
Шаттықта саңқылдап тек үнің шықсын.
Дабыл қақ, керней ойнат, шық майданға
Қорғалап пасық жауың жынша бұқсын!
Майданда еңбек ұлы түгел дабыл!
Іс келсе құмырсқаша қаптай жабыл.
Лек-лек бас, соқтыр керней, соқтыр дабыл
1934жыл, 1-қараша.
ЕҢБЕКШІ ӘЛЕМ СҮЙІКТІ ҰЛЫН ҰМЫТПАС
Жанған шырақ қапылыста сөнгелі.
Көсем ерді туған нудан бөлгелі!
Дәлдеп тиген аямас сұм топас оқ
Қуандырды пасық жауды дескен... «шоқ!»
«Кек алуға!.. Сұм дұшпанға рақым жоқ».
Қаһар үнмен нулы ел кекке бұланды.
Іннен інге тығылған сұм жыланды.
Топас оқтың көк жұлыннан қаққаны,
Партияның ең қымбатты ер ұлын,
Таңдап сұмның, аңдып жүріп атқаны!
Ішкі, сыртқы арам қанды ауыздар.
Кегін кектер пролетариат бауырлар!..
Жаңа өмірге бастай берер, тайлықпас
Партияның соққан өткір алмасы,
Мың бөгетті турар, мәңгі майыспас!
Нұсқап кеткен ұлы көсем жолында.
Қасиетті биік тудың соңында. 1935жыл.
ГҮЛ МЕН БҰЛБҰЛ
Жайнаған жасыл ала гүлдің бағы,
Үлбірек жібек кесте гүл шашағы.
Шаттанып күй күйлейді көңіл сағы.
Мың түрлі сұлу өрнек ойған кесте.
Шаттықтан басқа сөзің қалмайды есте.
Әр гүлдің сұлу нәзік түс пен түрі.
Жалқын өрт бірі күлгін, аппақ бірі.
Жарасқан сұлу гүлге бұлбұл әні,
Ал қызыл, әсіре, солғын, жалқын, сары,
Әр түстің айрықша бар ғой мәні.
Қайғыға қара нышан, қызыл — шатқа,
Сондай-ақ, ал түсті гүл нышан болған,
Үлбірек нәзік жанды махаббатқа.
Қайнаған бейне ыстық қан бойға толған,
Солғын гүл сағынғанның нышанасы,
Мұңайып қасіретпен өңі солған.
Өзгерген махаббатқа сеуіп салқын.
Бәріне нышан қылған гүлді жалқын.
Шарт қылып күнәсіздік, кірсіз ақты,
Аппақ гүл жұпар иісті үлбіреген,
Зәредей көтермейді тиген дақты.
Ол иіске қош болып жан балқымай ма?
Көзіңді сұлу түрі сүйсіндіріп,
Көңілің құлаш жайып шалқымай ма?
Әркім-ақ гүлге көзін салады ғой...
Әркім һәр түрлі әсер алады ғой.
Біреулер сүйіп мәңгі қалады ғой.
Ласпын деп гүлді пасық аямайды.
Сұлу жан піскен гүлді аялайды.
Мас болып гүлді құшса көзін жұмар.
Қылғандай гүл шашағын мәңгі тұмар.
Гүл үшін жырлар шертіп жанып күйед.
Мың түсті гүлден таңдап соны сүйед.
Жырласа соны құшып көңілі тынар.
Кей бұлбұл әсіре гүлге мәңгі құмар.
Жұпарлы гүлге басын иеді ақын,
Көтеріп махаббаттың күйін көкке
Жыр шерткен бұлбұл құсқа жаны жақын.
Қиялым іздеп оны көкке шапқан,
Суреттеп жер мен көктің арасынан
Бар керік жинап әкеп соған жапқан.
Көк жібек жазғытұрғы түнге құмар.
Жұпар гүл, сұлу күйлі үнге құмар.
БІЗ – КОМСОМОЛ
Біз — комсомол — жас қайратты,
Пролетар табынан.
Алдыңғы сабынан.
Бас қыздырып даңғыл жолды,
Тура тұт маякты!
Оңды-солды, оңды-солды
Ешбір жаудан сескенбейміз,
Күреске дайынбыз.
Мұхитта жайынбыз.
Қайырмасы.
Октябрь туғызған.
Болатпен буғызған.
Қайырмасы.
Маякты түзу жол.
Лек-лек бас, комсомол!
Қайырмасы.
Істейміз тақ тұрып,
Жаудан елді күзетеміз
Әрқашан сақ тұрып.
Қайырмасы.
Күзетіп Отанды.
Қырман мен қотанды!
Қайырмасы.
Туратұт маякты!
Оңды-солды, оңды-солды
Тіреп бас аяқты!
1935 жыл.
ҚЫРҒЫЗ АУЛЫНДА
Несіне жан сүймеске ол бас ұрады?...
Көтеріп төбесіне асырады!
Жаңарған қырғыз аулы шат тұрмысты,—
Шаттанып кеніл соған тасынады.
Жыр қылмай қайтып мауқың басылады!..
Бәрің де бір мақсұтты қауымдассың.
Қуанып құшақ жайған ауылдассың!
Сияқты туған аулым, туған жерім,
Құшақтап аунап өскен, тамған терім.
Тамаша таң боларлық ғажап керім!..
Қарсы алып, қасиеттеп ардақтасып,
Боз үйге кілем төсеп, ішін безеп,
Мінеки, — «қош келдің!», — дейді есік ашып.
Немесе, мақтан үшін ағылғандай.
Талайдан күтіп сені сағынғандай...
Сөз емес алдыма айдап мал салғаны,—
Өлшеусіз қасиетті жаңа сипат,
Ер елдің шын ұлындай қарсы алғаны!.. 1936 жыл, қараша. «Кенеш» колхозы, Қант ауданы, Қырғызстан.
ҒЫЛЫМ
Қамап шелге
Теңеуші еді
Өңкей көлге...
Еңбекші елге
Қақпа есігі ғылымның.
Талулы еді.
Налулы еді:
Есігінде салулы еді
Қара құлпы зұлымның.
Балалары
Қайнап білім
Саналары,
Замандары
Ғылым тасын кеміред.
Өрге жүзіп,
Ескі салттың
Заңын бұзып.
Қоймай үзіп
Надандықты жеміред. 1936 жыл, 16-желтоқсан.
АЛТЫН КҮЗ
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын.
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Қызыл өрт жалқын жалын құба түзде.
Төгіліп судырайды басқан ізде.
Үйілген мая-мая қызыл бидай.
Жайнайды жаратылыс берген сыйдай.
Шаттықпен дуылдайды қырман тойы.
Алтынның буына мас күні бойы.
Май менен балы шалқып түрлі жеміс.
Сары ала алтын күзде не бар кеміс!?.
Шат қылды өте-мөте жарқын жүзді.
Көркейтті биыл төтен алтын күзді.
Көрсетіп дүниеге ақыл-миын.
Сәнді әсем сәулеттеді күздің күйін.
Байлығы өте-мөте берекелі.
Міне осы, шын бақытты ел екені!
Сондықтан алтын күздің күйі сұлу,
Күздегі жаратылыс сыйы сұлу.
Ойнаған бұлаң қағып биі сұлу.
Жібектей майда шуақ алтын күні.
Тамаша бірдей сұлу күн мен түні.
Алтындай жалтыраған ой мен қыры.
Күндіз күн, түндегі айдың алтын нұры.
Кесілген сансыз өлке саласында,
Ақ басын алтын шалған Алатауда,
Сыңқылдап күй жаңғырған арасында.
Шаттық зор ауыл, аймақ қаласында.
Туысқан неше түрлі ұлт баласында.
Естілед адам түгіл ұшқан құстан.
Биыл шат өте-мөте Советстан.
Қаңбақпен ойнайды орғып қан көбелек
Шалқар көл, алтын орман, кең дала шат
Алтын күз сұлу күй мен әнге бөлеп.
Ойнайды сұлу күймен сылдыр қағып.
Төгілтіп бойына алтын теңге тағып.
Лек-лек боп шеру тартқан серуенге,
Аққу, қаз, тырна қиқу, сыңқылдасып
Айналып қош айтысқан еру елге.
Шуылдасып, қарасқандай тамашаға,
Ән қосып тырналардан сәлем айтад,
Қарындас алыстағы құдашаға... 1937 жыл, 1-қаңтар.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру