Сәкен Жүнісовтің шығармалары 7 том
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Сәкен Жүнісов
Алматы 2014 7-том Алматы 2014 Пьесалар
Жүнісов С. Ж88 Пьесалар/Сәкен Жүнісов. – Алматы: «Таймас» баспа үйi, 2014. ISBN 978–601–264–115–8. Т. 7. – 288 бет. ISBN 978–601–264–134–9 Қазақстан халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәкен Жүнісовтің шығармалар жинағының 7-томына «Әр үйдің еркесі», «Тұтқындар», «Құстар айтысы», «Төгілген қандар, шашылған жандар», т.б. пьесалары енген. Кітап көпшілік оқырманға арналған. ISBN 978–601–264–134–9 - (Т.7.) ISBN 978–601–264–115–8 © Жүнісов С., 2014 © «Таймас» баспа үйі, 2014 Барлық құқықтары қорғалған Басылымның мүліктік құқықтары «Таймас» баспа үйіне тиесілі УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз)-6 Ж88 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз)-6
ТҰТҚЫНДАР (Екі бөлімді драмалық новелла) Кейіпкерлері: КОМПОЗИТОР НАДЗИРАТЕЛЬ БЕЛГІСІЗ ТҰТҚЫН КАПЕЛЛАН МИССИС АДВОКАТ ТҮРМЕ БАСТЫҒЫ (әрі полиция жандармы) БАСТЫҚТЫҢ КӨМЕКШІСІ ГАЗЕТ ТАРАТУШЫ БАЛАЛАР Оқиға қара полковниктер жайлаған Греция, Стресенер дің фашистік қылмыс әрекеттері қаулаған Парагвай, тонтон-маку талардың жауыздығына ұшыраған Гаити, сол сияқ ты бос тандыққа ұмтылған патриоттарды еркінен айырған Оңтүстік Африка, Уругвай елдерінің бірінде болады. БІРІНШІ БӨЛІМ ПРОЛОГ Қайғылы музыка – Моцарттың реквиемі. Реквием бас тала бере күрт өзгеріп, неше түрлі битлз пластинка лары ойналады. Көше жарнамаларының мың құбыл ған жа рықтары. Ағылған машиналардың дабылы, гүрілі, ыңшың. Солардың ішінен күн күркірегендей дыбыс естіле ді – аспанға ұшқан космос кораблінің үні. Газет тарату шы бала лар жүгіріп шығады, жақтарында тыным жоқ.
Б і р і н ш і г а з е т т а р а т у ш ы бала. Сенсация, сен сация! Адам айға қонды. Бүкіл дүние жүзі газеттерінің бетінде материалдар басылған, алыңыздар. Е к і н ш і б а л а . Жаңа газеттер сатып алыңыздар. Амери каның «Нью-Йорк таймс», ағылшынның «Гардиан», Жапонияның «Асахи», «Нихон Кэйдзей». Ү ш і н ш і б а л а . Францияның «Монд», Германияның «Нойес Дойчланд», Италияның «Паеза Сера» газеттері. Б і р і н ш і б а л а . « А д а м баласының ғажайып қа бі летін, кереметтерді игергенін есту қашанда қуаныш. Оның Айға, тіпті одан да әрі шыға алатыны айдан анық». Е к і н ш і б а л а. «Осы заманда Айды игеру адам баласына не жақсылық әпереді? Жер бетінде әлі қайыршылықтан арылмай жатып, бұл жүз миллиондаған доллар ақшаны желге шашумен бірдей емес пе?» Ү ш і н ш і б а л а. «Техника қаулап өсіп, ғажайыптар ашы лып жатқан заманда, космосты игерген кезде, жер бетінде әлі де әділетсіздік, қайыршылық, аштық бел алды деген не масқара!» Б і р і н ш і б а л а. «Адам баласы космосты игеріп жатқан да Грецияда полициялық террор белең алған, кез келген уақытта үйлерді тінту, адамдарды түрмеге заңсыз қамау, себепсіз ұстау, тыңшылық жүргізу – гестапошылардың айуандығынан түк айырмасы жоқ». Е к і н ш і б а л а . Уругвай, Парагвай, Оңтүстік Афри ка патриоттары қамауға алынған, оқыңыздар, алыңыздар. «Юманите» газеті Мәскеуде өтіп жатқан коммунистік
және жұмысшы партияларының халықаралық мәжілісі жөнінде хабар басқан. Көгілдір сәуле астында тұтқын композитор мен надзиратель транзистор тыңдап тұр. Т р а н з и с т о р д а н д а у ы с . Сөйлеп тұрған Мәскеу, сөйлеп тұрған Мәскеу. Мәскеуде өтіп жатқан коммунистік және жұмысшы партияларының халықаралық мәжілісінде сөйлеген делегаттардың сөзін береміз. Б і р і н ш і д е л е г а т . « Б і з коммунистердің ұлы армия сының, ең ұлы еркіндік армиясының өкіліміз. Осында жиналған партиялардың қай-қайсының да жұмысшы табының ісі жолында жанын пида еткен өз ерлері бар... Е к і н ш і д е л е г а т . Америка империализмінің қолдауы мен үкімет басына келген заңсыз өкімет жүргізіп отырған үрейлендіру, аштыққа душар ету саясатына қарсы көтерілген еңбекші халық наразылығын фашистер оқпен де, қылышпен де тұншықтырғысы келеді... Сахна айнала береді. Пистолет жарығында өңдері қашқан, сақал-мұрттары өскен, жүдеу тұтқындар бірінен соң бірі өтіп жатады. Репродуктордан дауыс естіледі. Р е п р о д у к т о р д а н . Бұл еңбек қара полков никтердің түрмесінде қаза тапқан гректің белгілі қайраткерлері Попендреуге, Ламбракиске, сол сияқты еркіндік жаршысы Анджела Девиске, қапаста қамалып, еркіндік аңсаған Уругвай, Парагвай, Оңтүстік Африка елдерінің патриоттарына арналады.
Бірінші көрініс Камера буалдыр көгілдір түске бөленген. Тақтай нарда сақал-шашы өскен тұтқын композитор ұйқтап жатыр. Шұбатылған ұзын қара мантия киген Капеллан жанына келеді. К а п е л л а н . Тұр орныңнан, балам, қане тұр, тұр! К о м п о з и т о р (орнынан тұра бере шошынып). Сен тағы келдің бе? К а п е л л а н (крест ұсынады). Сен өлім жазасына кесілгенсің, құдайдың құлы... К о м п о з и т о р . Құдайың да, кресің де өзіңе. К а п е л л а н . Ә, пенде, олай қателеспе, басқа пәле тілден. Бұл тіршіліктегі иелеріңе де тіл тигіздің, жазаңды содан тарттың. К о м п о з и т о р . Сенің ақылың еді маған жетпегені. К а п е л л а н . Тіршілікте ешкімнен сескенбесең де, дә мің таусылған сәтте құдайыңнан қорық. Ертең мәңгілік өмірге барғанда өкініп жүрмегейсің. К о м п о з и т о р . О дүниеден рақат тілер жайым жоқ, рақымы күшті болса, құдайың бұл дүниедегі бүкіл адамзатқа сол рақатын неге бөліп бермеген. Біреуге сараң, біреуге жомарт, не деген ала қол еді! К а п е л л а н . О, тойымсыз пенде, тойымсыз нәпсі. Құдай тағала саған екі қол, он саусақ берді. Әр саусағыңның басына сайраған бұлбұл қондырды. Өзің емес пе сол құстардан айырылып қалған. К о м п о з и т о р . Саусақ түгілі басыңды еркіңнен айырса, сайраған әр бұлбұлың қанатын еркін жаза алмай, тынысы тарылып, бұлқынып, өз жүрегіңді тырнайды.
К а п е л л а н . О, құдайдың құлы, басыңды еркіңнен айырған ең алдымен өзің емес пе, ән-күйге жаралған басты саясаттың добына айналдырдың. К о м п о з и т о р . Жоқ, қателестің, қасиетті патер, мен жұртым үшін басымды оққа байлағам, допқа айналдырған сендер. К а п е л л а н . Сен де қателестің, жарқыным, менің саған әмірім жүрмейді, бар тақсіретті жазмыштан, осы дүниеге жіберген замандасыңнан тарттың. Сен шырылдап жөргекке түскенде, жаза бассаң, жағаңнан алатын, қия бассаң шеңгелін салатын екінші сәби де бірге келген дүниеге. Адам баласы біріне-бірі қарауыл екенін білмейтін бе едің. Тудың – еркіңнен айырылдың. Өз дегеніммен болам деу – жасағанның билігіне таласу. К о м п о з и т о р . Құдай адам мен сайтанды бір күнде жаратыпты дегенді естуші едім. Ал сені қай күні жаратты екен? Адам да емес, сайтан да емес. К а п е л л а н . Мен жаратылысымда құдай мен адам арасындағы дәнекермін, тәубесінен жаңылған адамның тілін калимаға келтірер түрме капелланымын. Мені о дүниеге аттанар сапарыңда ғана екі дүниенің деңгейінде көресің. К о м п о з и т о р . Сонда сені құдайдың өзі аспаннан осы күйіңде түсірді ме? (Күледі.) К а п е л л а н . Күлме, жарқыным, құдай тағала әрқайсымызды о баста әрқалай жаратқан. Біреуді басшы, біреуді бағынышты, біреуді дәулетті, енді кейбіреулерді жетім-жесір етіп, таршылыққа, жоқшылыққа кіріптар еткен. Жазмыштан озмыш жоқ. О баста басыңа не жазды, – соны істе, басқаға ұмтылма. Бұл фани жалғанда не боп жатыр, – оған менің қатысым жоқ. Құдай жолынан басқаны көрмеймін.
К о м п о з и т о р . Сенің қара кебін сүйретіп бықсыққоқсықтың арасынан түнде шығатын тарақандай жарық көрмей, көрсоқыр болғаның сол екен ғой. К а п е л л а н . Олай қателеспе, пенде, сен тіл тигізді деп менің күнәға батар жайым жоқ. Сен секілді айға шауып, мерт болар да жайым жоқ. К о м п о з и т о р . Сен тарақансың деймін, тарақансың. Ай түгілі, жарыққа тура қарауға дәтің шыдамайды. Сенің тіршілігің қараңғылықта өтпек. Ал мен Жарыққа ұмтыламын. К а п е л л а н . Бәрібір одан ештеңе өзгермейді. Жер бетінде күн мен түн қандай өзгермесе, өмірде тапжылмайтын егіз дүниелер бар. Ол – махаббат пен зұлымдық, қайырымдылық пен қиянат, тоқтық пен аштық, еркіндік пен тәуелсіздік. Дүниеде болып жатқан соғыс, айқас, дүрбелең – бәрі тіршілік заңы. Оған араша тұру – замана доңғалағының шабағына түсу. К о м п о з и т о р . Жоқ. Оларды істеп отырған – адам, оларды ауыздықтайтын да – адам. К а п е л л а н . Сендерді желіктіретін құдайсыздар елі бар. О, жасаған, кешіре гөр! Онда кісі күлерлік нәрселер ойлайды: олардың құдайы – адам! (Ақырын күледі.) Бәрі соның қолында. Сонда қалай болғаны? О, есуас жаратылыс, сен де құдай, мен де құдай. Ал адам қайда? К о м п о з и т о р . Иә, дұрыс айттың. Адам қайда, нағыз адам қайда? Оны сен де көре алмайсың, көрсоқыр. Сенің түрме бастығың – абжылан, сен – ібіліс, ал қазіргі өкімет басшылары – пайғамбарлар, ең басшысы – құдай. Бәріңнің жалпы атың – фашизм. Ал солардың бәрін билейтін, жанын жаһаннамға жіберетін тағы біреу бар. Ол
– адам! Ол – мен! Ол – мына көрші камерада, одан әрі, алыс та – жер бетінде көп! Ха-ха-ха! Ха-ха-ха!.. Музыка. Капеллан үрейленіп шегіншектей береді. Қараңғылық. Екінші көрініс. Жарық қайта жанғанда композитор саңқылдаған өз күл кісінен өзі оянып, нар үстінде мәңгіріп отыр. Жеңімен маң дайының терін сүртті. Түсінде көрген Капеллан жоқ. 50-55-тер шамасындағы тағы бір тұтқын (белгісіз тұтқын) камера ішінде ерсілі-қарсылы тынымсыз кезіп жүр. Композитор шытынап, оны жаратпай отыр. Кейде екеуі бір-біріне ұрлана қарап қояды, көздерінде сенімсіздік. Бір кезде құлып салдырлап, темір есік ашылады. Шашы аппақ қудай бүкшиген надзиратель сылбыр басып кіреді де, екі нардың қасына екі тостаған ас қойып, ұйқылы-ояу қалпында үнсіз шығып кетеді. Құлып салдыры. Белгісіз тұтқын пойыз күткен жолау шыдай ерсілі-қарсылы әлі кезіп жүр. Ақыры ком позитордың шыдамы таусылады. К о м п о з и т о р . Құдай үшін аяғыңызға тыным бе ріңіз ші, сіз ұшатын самолет кешігіп жатқан болу керек, егер билетіңіз қалтаңызда болса, шыдамсызданбай, отырып-ақ күтсеңізші. Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Рақмет! Өте тауып айттыңыз, шынында да көп ұзамай жұмақтың төріне пейіш құсындай ұшпақпын.
К о м п о з и т о р . О дүниеге барған соң пейіштің бағында бұлбұл боп сайрадың не, қылкөпірден құлап, тамұқтың отында лауладың не?! Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Олай болса, сіз айтқандай қал қыған самолетпен емес, мені өңі түгілі түсімде де көрмеген әлдебір бейтаныс жендеттің қолынан о дүниеге аттанар алдымда, біраз жер басып қалуыма мұрсат беріңіз. (Пауза.) К о м п о з и т о р . Иә, жер – қасиетті ана, оның төбесіне шығып ойнақтасаң да, баласындай санап еш ауырсынбайды, әттең адамдардың өзі ғой, бірін-бірі алқымнан алып, жердің астына түсіргенше әлектенетін. Әттең тіршілік қасиетін бар адамзат бірдей түсініп, бірдей өмір сүрсе ғой... Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Қазір жер шарының жартысы, бүкіл көзі ашық адамзат ондай түсінікке жетті. Бізге арман болған заманда келешек ұрпақ өмір сүрмек. К о м п о з и т о р . Тым құрмаса соңғы рет саясатпен шұғылданбай-ақ қояйықшы. Жаңа ғана о дүниеге аттан бақшы болып, буынып-түйініп, өлімге мойын ұсынған сияқты едіңіз. Енді болашақ жөнінде философияның қаже ті не? Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Одан сіз неге безесіз? Тегі, сізді де осында әкелген тіршілікке қажетті, кейбіреулерге қажетсіз философияңыз болар. Атам заманнан бері – Прометейден Галилейге дейін, Леонардо да Винчиден біздің замандастарымыз – Лумумба, Назым Хикметке дейін адам баласы бар тақсіретті кезінде өзінің асқақ ойымен ұлы істерінен тартқан, ондай адамдар әлі де сол қасіреттен құтыла алмай келеді. К о м п о з и т о р . Тіліңіз не деген майда еді. Тегі,
бұл арадан өз міндетіңізді ойдағыдай атқара алмай кететін мерзіміңіз тақаған болар. Мұндай парасатты ойларыңызбен әлі де талайды сөзге тартарсыз. Мен сізге серіктікке жарамаспын. Ғафу етіңіз, енді қысқа өмірімді жіпке тізіп, не болды, не қойды, тыныш отырып есіме түсіріп, соңғы минуттарымды мазасыз өткізуіме мұрсат беріңіз. Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Мен сіздің тыныштығы ңыз ды күндемеймін. Тым құрыса өлер алдында адам бірінбірі күндемей көз жұмуына болатын шығар. Осы арада кім қалып, дар ағашының астында, не үңірейген мылтық аузында кім бұрынырақ тұрады, оны күндеудің не керегі бар? К о м п о з и т о р . Әрине, ол айтқан орныңызда менің бұры нырақ тұратыныма көзіңіз жеткен соң, сізге тіпті қынжылудың реті жоқ. Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Оған асықпаңыз. Мен бәрібір сіздің алдыңызды орап кетемін. Маған кесілген өлім жазасы бүгін орындалмақ. К о м п о з и т о р . Өлім жазасы?! Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Иә, өлім жазасы. К о м п о з и т о р . Тегі өлім жазасын жоғарғы өкімет бекіткен ғой! Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Фашистер үшін конфирмация деген не, тәйірі! К о м п о з и т о р . Осындай суық сөздерді айтуға түк жүрексінбейді екенсіз. Өлім сіз үшін ойыншық болғаны-ау! Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Жүрексінгенде не істеуім керек? К о м п о з и т о р . Жоқ, әншейін... өлімді тәлкек ететініңізді айтам. Өлетінін күні бұрын білген адам нендей күй де болады екен деп ойлаушы едім. Сіздің қалжың сөздеріңіз ге,
ұстамдылығыңызға қарағанда, өлімнің пәлендей қиындығы жоқ-ау, сірә. Б е л г і с і з т ұ т қ ы н. Сіз өлімнен қатты үрейленеді екенсіз. К о м п о з и т о р . Мезгілсіз жеткен қазадан кім қорықпайды дейсіз. Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Иә-иә-ә!.. (Аз ойланып, өзіне-өзі.) Мен де қорқамын... Қаншама орындалмаған істер, орны толмаған арман. Егер адам төтенше келген апатқа ұшырап, не аяқ астынан бақытсыздыққа кезігіп, мерт болмаса, төтелеген ажалға қынжылмайды. Әрине, жасы жетіп қаусап отырса да, кімнің өлгісі келеді дейсің. Әйтсе де, жас қартая келе, өзінің ғұмырлық емес екенін сезетін пәнде өлімге де мойын ұсынбақ. Ал жаңа ғана өмірге көзіңді ашып, бойыңда күшің тасып, тіршілікке үлес қосамын деп жанталасып, қараңғыдан жарыққа ұмтылған шағыңда, жаңа ғана өзіңе де, жұртқа да пайдаң тие бастаған кезде, орта жолда тырп еткізбей ұстап алып, қия бастырмай қара күшпен тамағыңнан алып, сенің жан сырыңа құлақ аспай, тіршілік жолынан неге әкететінін сұрауға да мұрсат бермей қылғындырғанда, дәрменсіз мүсәпір халге жеткеніңе ғана қиналасың. Әсіресе тұтқиылдан бас салған жыртқыштың тырнағында, өзіңнің анандай өмір мен өлім арасында толғатып жатып табар анадан туған періштенің тырнағында, бір кезде шыр етіп дүниеге өзіңмен қатар келіп, ана жөргегінде жұп-жұмсақ балапан қолдарын тырбаңдатып жатқан сәби шеңгелінде тұншығып бара жатқаныңды білгеннен ауыр азап жоқ... (Пауза.) К о м п о з и т о р . Жасы жеткен ондай сәбилердің аты адам емес, жендет қой! Неге шатастырасыз?
Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Иә-иә, ә, адам деген атаудың баламасы осылайша көбейе береді. Сөйтіп сөздік құрам осындай сұрқия синонимдермен байып, бара-бара олар мүлдем қалыптасып, сөздік қорға енеді. Композитор. «Арамза» да «кісі», «пенде» сияқты мәндес сөздер емес пе? Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Т ы ң ш ы . . . К о м п о з и т о р . Провокатор?.. Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Сатқын? (Кідіріс.) К о м п о з и т о р . Тегі, сен тіл маманы боларсың? Әлде өзің жайлы бірдеңе бықсытқың келе ме? Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Ә, бәлкім сен туралы болса ше? К о м п о з и т о р . Мен туралы ма, ехэ! (Ұзақ кідіріс.) Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Егер жаңылмасам, жарқыным, сені полиция үйінде көрген сияқтымын. К о м п о з и т о р . Полицияда? Түк те жаңылған жоқсың. Сен мені тек сонда ғана көруге тиістісің. Б е л г і с і з т ұ т қ ы н (ызалы). Тым тез мойындайды екенсің. О жолы сақал-шашың мұндай емес, жып-жылтыр мұнтаздай едің. К о м п о з и т о р (бұл да ызалы). Мені сағат сайын тепкінің астына алып дүрелеп, сілікпемді шығарғанда, кез келген өлексе өз күнін менен артық санап, жиіркене қарамақ түгілі, бетіме түкіруі ықтимал. Бірақ мен есім ауып, көзім қанға толып жатқанда, сені анықтап көре алмадым. Тегі, сен талай рет қасымда тұрғансың ғой. Рақмет, жасырмағаныңа! Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Жоқ, сіз мені түсініңкіре мей қал дыңыз. Анығырақ айтуға рұқсат етіңіз. Мен сізді полиция жандармының мундирін киіп, үстіңізден әтір иісі аң қып,
қазіргідей аузын түк басқан маймыл сияқты емес, аршыл ған жұмыртқадай болып тұрған күйіңізде көріп ем. К о м п о з и т о р . Ах-ха-ха! (Ызалы). Мундир киіп, ар шылған жұмыртқадай боп тұрғамын! Иә-иә, дұрыс айттың жұмыртқадай... Бірақ сәл қателестің, аршыл ған жұмыртқадай емес, асылған жұмыртқадай тұрған өзің шығарсың, ал мен жатқамын, бар қабығымнан сау-там тық жоқ, мылжа-мылжам шығып, тас еденде домалап жат қанмын. Б е л г і с і з т ұ т қ ы н (бұл да ызалы күлкімен). Тегінде, сен полиция мектебінде ғана оқып қоймай, актерлік гимназияны да жақсы бітірген боларсың. К о м п о з и т о р (жүзінен күлкі табы жоғалып, өңі сұрланып, ашуға булығып әр сөзін зорға құрайды). Жетер енді. Нені жеткізгің келеді, сұра, сұра, жауап берейін. Күнде айтып жүрген жауабымды берейін, онан басқаны менен ала алмайсың. Саған күн көру керек, сормаңдай балаларыңды асырағың келеді сорлы әке, сұра, сұра! Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Жетсе жетеді енді жасырын бақ ойнауымыз! О дүниеге аттанар сапарымда, соңғы рет кіммен, қандай арамзамен, тыңшымен, сатқынмен отырмын, білгім келеді. Иә-иә, білгім келеді. Тым құрымаса ақтық рет, ақ өліммен... К о м п о з и т о р (соңғы сөйлемін тыңдауға шыдамы жетпей, бар даусымен айғай салады). Иә-иә, мен ком позитормын, композитормын. Сенің балаң үшін, елімнің ұл-қыздары үшін, ата-аналарға, халқыма арнап ән шығардым. Қайда жүрсе де еңбек етіп, қуанышын тойласын, демалсын, бәрін шаттықпен өткізсін, еркін билеп, еркін ән салсын дедім... Иә, иә, коммуниспін. Иә, өз мақсатым, өз бағытым болғанына, қоғамда, жер шарында өз орным
барына мақтанамын... Жасым... жасым отыз екіде... Бар, бар, әйелім де, балаларым да бар. Екеу – бір қыз, бір ұл. О, бақытсыз қарлығаштарым... Неше рет сұрайсыңдар, иә, мен өкіметке, оның жауыздығына, әділетсіздігіне қарсы шықтым. Талай рет, иә, иә! Үшінші көрініс. Композитор сөйлей бастағанда камера ішін қараңғылық басады да, әлсіз жарық қайта жанып, қызара береді. Камера іші оттай лаулаған қып-қызыл түске бөленгенде, композитор шоқтың үстінде отырғандай көрінеді. Белгісіз тұтқын жоқ. Композитордың қарсы алдында талтайып полиция жандармы – түрме начальнигі тұр. Композитордың алғашқы сөздері ауру адамның сандырағы сияқты, ол белгісіз тұтқынға ыза болған кезде, полициядағы тартқан азабы, көрген қорлығы көз алдына елестеп, нәзік жанды адам тағы да өзін жандармның алдында отырғандай сезінеді. Енді оның алдына поли ция жандармы келіп, сонымен сөйлескендей болады. Келесі эпизод соның көзімен (галлюцинация) беріледі. П о л и ц и я ж а н д а р м ы . Ақырын, ақырын, асықпа, саспа. Рет-ретімен, жүйе-жүйесімен. (Композитор қар қынынан басылып, сұлық түскен.) Қашаннан бері өкіметке наразылық білдірдің? Ол «өнерді» өзің бе бастаған, әлде біреулер үйретті ме? К о м п о з и т о р (баяу ғана). Мен бар болғаны шын дықты, еркіндікті жақтадым, ешкім үйреткен жоқ, неше рет қайталау керек!
П о л и ц и я ж а н д а р м ы . Ештеме етпейді. Тағы да қайтала, одан ештеңең кетпейді. Ойлан, рұқсат, мүмкін бұрын айта алмағандарың есіне түсер, асықпа, асықпа. Наразылықты алғаш неден бастадың? К о м п о з и т о р (сәл ойланып). Наразылық ең алғаш өкімет тарапынан болды. П о л и ц и я ж а н д а р м ы . Ол қандай наразылық, неге? К о м п о з и т о р . Ең алғаш жаңа өкіметтің бұйрығын орындамаған күннен басталды. Сол күннен былай артымнан салақтаған тыңшы ерді. П о л и ц и я ж а н д а р м ы . Нендей бұйрық? К о м п о з и т о р . Жаңа республикаға арнап жаңа гимн жазу. П о л и ц и я ж а н д а р м ы . Сен жазған жоқсың ба? К о м п о з и т о р . Иә. П о л и ц и я ж а н д а р м ы . Неге? К о м п о з и т о р . Музыка бұйрықпен, тапсырыспен жазылмайды. Сонан соң маған сөзі ұнамады. Тіпті, шынымды айтсам, жүрегім айныды. П о л и ц и я ж а н д а р м ы . Былайша айтқанда, гимнге жазылған өлең ұнамады де, неге? К о м п о з и т о р . Шып-шылғи өтірік. Жалған! П о л и ц и я ж а н д а р м ы . Несі өтірік? К о м п о з и т о р (даусы қаттырақ шығады). Біздің елде қандай теңдік, еркіндік бар? Еркін сөйлеуге, бар азамат тең тұруға жол жоқ. Адал жандарды, халықтың нағыз бетке ұстар ұл-қыздарын – коммунистерді, ғалымдарды күнде ұстау, түрмеге қамау... Еңбекші жұрт аш-жалаңаш, алым-салықтан көз ашпайды. Айнала қайыршылық – пау-
перизация. Осындай тапшылыққа, қорлыққа қарсы асқақ, өтірік гимн жазбағаным үшін аңдуға түстім, ақыры үкіметтің жауы боп, қамауға алындым. Осы ма сендердің бостандықта рың? П о л и ц и я ж а н д а р м ы. Сен композитор ғана емес, бөтен адамдардың сөзін ұрлайтын ұры да екенсің. Композитор үшін ән шекарасынан шығудың зияннан басқа, түк пайдасы жоқ. К о м п о з и т о р . Композитор – алдымен өз елінің азаматы, оның да тілі, ойы бар. Оның тілі – ән. Музыкадан хабарыңыз тым көп екен. П о л и ц и я ж а н д а р м ы (мысқылмен). Бұл әншейін мылжың, құрғақ саясат, қызыл большевиктердің ілімі... Сонымен сен еш уақытта да гимнге ән шығарған жоқсың ба? К о м п о з и т о р . Шығардым. Бұрынғы республикаға арнап шығарғанмын. Бірақ артынан авторлықтан бас тарттым. Осы күнге дейін аңғалдығыма өкінемін. П о л и ц и я ж а н д а р м ы . Себеп? К о м п о з и т о р . Ол республиканың бүгінгіден түк айырмашылығы жоқ, қазір тек өкіметтің түрі ғана өзгерген. Халыққа қажетсіз метаморфоза. П о л и ц и я ж а н д а р м ы . Онда несіне жаздың? К о м п о з и т о р . Ол кезде тым жас едім, көп нәрсенің парқына түсіне бермейді екем! Сонан соң отбасымды асырау үшін қаламақыға қызығыңқырап кетсем керек. П о л и ц и я ж а н д а р м ы. Қазір байыған шығарсың? К о м п о з и т о р . И ә , байыдым, тек әйелім мен балаларымның күн көрісі қиындау. П о л и ц и я ж а н д а р м ы. Бірақ өзіңнің тамағың
тоқ болған ғой. Сенің соңғы жазған шығармаларыңды – жұмысшылар гимнін, жаңа өкімет туралы сықақ әндеріңді, қаза болған коммунистер жөніндегі қайғылы реквиемді жас тар жақсы білетін көрінеді, тегі, оларға көп ақы төлеген шығар?! К о м п о з и т о р . Соқыр тиын алғаным жоқ. Бірақ олар өзім үшін де, көпшілік үшін де өте бағалы, құнды. Оны жүрегімнің қанымен, сен сияқты жендеттердің қолынан қаза тапқан жазықсыз коммунистердің қанымен жаздым! П о л и ц и я ж а н д а р м ы (ақырып). Жетті! Тоқтат! Біраз қалжыңдастық. Болар енді, сұмырай. Пигмей! (Пауза.) Ұйымдарыңда қанша мүше бар, кімдер? К о м п о з и т о р . Өте көп, сан жетпейді. П о л и ц и я ж а н д а р м ы (алақанын соғады). Қане, айт олардың есімдерін. Қай жерде жиын өткіздіңдер, нендей тақырыпта, мақсаттарың не? Айтқызбай қоймаймын. (Тағы да алақанын соғады.) К о м п о з и т о р (жаны ышқынып). Әкет, әрі әкет, білмеймін, білмеймін, ештеңе де білмеймін, әкет. Әкетіңдер, сұр жыландар. Білмеймін ештеңе, білмеймін, бәрің де жылансыңдар, бәрің де. Сырттан барабан үні, артынша шіркеу қоңырауының үні шығады. Камера қа раңғыланады. Қайтадан әлсіз сәуле түскенде, жандарм жоқ, әбден шаршаған, қажыған композитор мен оның есінің кіруін күтіп, белгісіз тұтқын тұр. Екеуі де сырттағы суық үн аяқталғанша қыбыр етпей, үнсіз отыр.
Төртінші көрініс Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Тағы да біреуді қайтпас са парға аттандырды. Енді менің кезегім келген шығар. К о м п о з и т о р (оның сөзін тыңдамай, әлде кіммен сөйлескендей). Мені мұнда қашан әкелді, қашан? Ох, әбден қинады-ау жыландар. О-ох, не деген қорлық, айуандар, инквизиторлар. Б е л г і с і з т ұ т қ ы н (өзіне-өзі). Сорлы елдің сор маңдай композиторы. Сеніңде қолыңды матап тастады! Мен саған сенбедім, сен маған, не деген сұмдық! (Темір құлып сылдыр етеді. Сырттан надзиратель кіреді де, тостағандарды алып, есікке беттейді.) К о м п о з и т о р (баяу ғана). О, меңіреу, мылқау. Ау зын буған өгіздей пыс-пыс етіп қыбырлап жүріп, үнсіз күзеткені үшін бұл да ақы алады. Ит тірлік. Біреуді біреуге бақтырып қойған заман. Және кімге кімді бақтырады? Малға адамды. Оһ есек! (Есірік күлкі.) Жо-жоқ, есек емессің. Есек сенен артық. Ол күн шыға жұртқа: «Қайырлы таң» деп жар салса, күн батқанда: «Қайырлы түн! Жақсы жатып, жай тұрыңдар» деп, жақсылық тілейді. Сенде ол да жоқ. Сен нағыз галера құлысың, басыбайлы құлсың, меңіреу! Надзиратель бәрін желкесімен тыңдағандай сәл бөгеліп барып, қайырылмаған күйі аяғын кібіртіктей ба сып шыға ды. Құлып салдыры. Б е л г і с і з т ұ т қ ы н (өзімен-өзі). Бұдан он жыл бұ рын осы камерада отырып ем. Бұл бейбақ сонда надзиратель еді. Аузының жігін ашып көрген емес. Мылқау
боп қалған сорлы ғой. Қалай қартайған, мүлдем қаусаған екен. К о м п о з и т о р (белгісіз тұтқынға). Әй, сен әлі жүрмісің мұнда? Екінші күн дегенде зорға тілге келдің. Қажыған жоқсың ба, космос ғасырында полиция ақпарат алудың жаңа әдісін таба алмаған екен. Б е л г і с і з т ұ т қ ы н (зілсіз күледі). Бір нәрсе сұрайын, айтасың ба, достым? К о м п о з и т о р . Досты-ы-м?! Б е л г і с і з т ұ т қ ы н. Осы сен партияға қашан кірдің? К о м п о з и т о р (ашуланып). Онда шаруаң қанша? Жауап алғың келді ме? Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Жарайды, жарайды, айтпайақ қой. К о м п о з и т о р . Өзім де құштар едім айтуға. Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Тегі, таяуда кірген боларсың. Тым сезімталсың, қызбасың, қаның ыстық. Рас, еркіндік жолында аянарың жоқ. Бірақ түрмеде отырып та нағыз коммунистерше күресе білмейсің, еһ, композитор... К о м п о з и т о р . Оған қиналмай-ақ қой. Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Сенің жасында менен де жауап алып қинағанда қорқыңқыраушы едім. Атуға бұйырып, ертең өлесің дегенді естігенде, бір түннің ішінде шашым ағарып кеткен. Бірақ о жолы мені өлтірген жоқ. К о м п о з и т о р . Иә, әлі жер басып жүрген көрінесің. Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Содан үш күн ұдайымен әуре леніп, қабырғаға еңсе көтерерлік сөздер жазып, үнемі соған қарайтын болдым. Әне көрдің бе? (Қабырғаны нұсқайды.) «Не еркіндік, не өлім, басқа жол жоқ!» Содан бері қаншама түрме, қаншама камера ауыспады!
К о м п о з и т о р . Үйден тас тесетін қарындаш алып шыққаның жақсы болған екен. Әлде полицияда альфомиттер дайындап берді ме? Б е л г і с і з т ұ т қ ы н (етігін шешіп алып, табанын сөгіп жібереді де, ырсиған шегелерді көрсетеді). Міне, табанымның астында қаншама түрме қарындаштары жатыр. Иә, үңірейген мылтық аузында тұрып та күресе білу керек. К о м п о з и т о р . Шырқа, шырқа, бұлбұлым! Мүмкін, келесі жолы жұмсарармын. Сенен қалай күресу жолын үйренермін. Ал әзірше жеке қалып демалайын, үйіңе бар, балаларың сарғайып күтіп отырған шығар, жылы төсек те салулы болар. Құлып сылдырлайды, ішке надзиратель мен Капеллан кіреді. Белгісіз тұтқынға келіп, крест ұсынады. К а п е л л а н . Балам, жайлы дүниеге аттанар алдында құдайыңа құлшылық ет, шоқын. Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Патер, Капеллан, мен католик емеспін. К а п е л л а н . Протестантпысың, саған пастор керек пе? Б е л г і с і з т ұ т қ ы н. Жоқ, жоқ. Протестант емес пін. К а п е л л а н . Мұсылманбысың онда? Бәрібір, балам, құдайға құлшылық ет. Адам баласының бәріне тәңірі ортақ. Бәрі де соның алдында жан тапсырады. Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Жоқ, мен коммуниспін. Мен дінге, құдайға емес, адамға сенемін. Ал адамға ғұмыр бойы табынып келемін, енді сенің көмегіңсіз-ақ мәңгі-бақи көз жұма аламын.
Надзиратель тұтқынның қолына бұғау салады да иегі мен «жүр» деген белгі береді. Белгісіз тұт қын бұғауын салдырлата композиторға жүгіріп келеді. Б е л г і с і з т ұ т қ ы н . Бауырым, інім, берік бол! Бар адал жан қапаста өле беруге тиіс емес. Сенің үнің түрме ішінен сыртқа шықсын, алысқа жетсін, сол үшін күресе біл. Кел, сен арқылы соңғы рет, соңғы рет, балаларымды, күрес жолындағы достарымды сүйейін. (Сүйеді.) Қош бол, бауырым, қош бол, достарым. (Белгісіз тұтқынды Капеллан, надзиратель алып шығып кетеді.) К о м п о з и т о р (соңынан айғайлап). Ертең сенің ерлік өлімің жайлы реквием жазармын. Өзіңше мені сенді деп ойлайсың ғой. Білем сендердің әдістеріңді. Бәрібір сенбеймін сендерге, бәріңе. (Қолын жаяды.) Өз қолыма, саусағыма да сенбеймін. Бұлар да бүрісіп қатып қалды. (Кідіріс. Аздан соң.) Әлгі осы не туралы айтты? Мундир киген жандарм кім? Онымен не айтпақшы болды? Иә, иә, анада мені полиция киімін киіндіріп суретке түсірді. Неге? Мұнда арандатудың жаңа бір түрі бар. Жаңа амал... Жожоқ, түсінбеймін. (Барабан үні естіледі.) К о м п о з и т о р (орнынан атып тұрады). Шынымен оны өлім жазасына бұйырғаны ма? Шынымен? Түсінбеймін. Барабан үні өшеді. Енді менің кезегім! (басын қос қолдап ұстап) Реквием! Менің соңғы реквиемім! Музыка. Артқы көріністе үнсіз мелшиген, меңіреу тас түрменің сұлбасы.
ЕКІНШІ БӨЛІМ Қайғылы музыка – Моцарттың реквиемі. Бір кезде реквием күрт өзгеріп, неше түрлі битлз пластинкалары ойнайды. Ағылған машиналардың сигналдары, ың-шың. Газет сатушы балалар жүгіріп шығады... 1-б а л а. Сенсация, сенсация. Газет алыңыздар. Американың «Юнайтед стейц пьюс энд уорлд рипорт», Францияның «Фигаро», Англияның «Таймс», Германияның «Штерн», Жапонияның «Никон Кэйдзей» газеттері. 2-б а л а. Буэнос-Айрестен жаңа хабар: Аргентинаның әскери үкіметі демократиялық еркіндік үшін демонстрацияға қатысып, наразылық білдіргендерді шетінен ұстап, жаппай қамауға алып жатыр. 3-б а л а. Қамауға алынғандарды түрме адамдары қатаң тәртіппен ұстайды. Өкіметтің заңсыз әрекеттеріне қарсылық ретінде тұтқындар аштық жариялауда. Олардың денсаулығына қатер төнді. 4-б а л а. «Грецияда халықтың өз ойын айтуға, дауыс беруге, өлең айтуға еркіндігі жоқ». 1-б а л а. «Жазушыға, композиторға, суретшіге, әртістерге террор қолданғанда, заң, сот, тергеу дегеніңіз далада қалады. Егер оны түрмеге қамаса, ұзақ жылдар бойы ол ешқандай адвокатты да, достарын да, жолдастарын да көре алмайды. Бұдан құтылудың бір-ақ амалы бар, ол – өз елінен қашу». 1–2–3–б а л а (қосарлана). Сенсация, сенсация. Жаңа газеттер алыңыздар, сатып алыңыздар...
Бірінші көрініс Музыка: «Эпитафия». Кетіп ең гүл көктемде, ұлым менің, Артыңда қалды анаң, дүйім елің. Үніңнен естілуші ед армандаған, Келер күн, болашаққа ұлы сенім... Жоқтау аяғы барабан үніне (дробь) ұласады. Камера. Камерада тұтқын композитор. Барабан үнімен бірге ілес кендей, тас қабырғаға шегемен белгі салып жатыр. Екі жақ қабырға белгілерге толған. Барабан үні тоқтайды. К о м п о з и т о р . Тағы да өлім. Тағы да бір адамды құрбандыққа шалды. Бес жүзінші адам... Қабырғадағы белгілерге қарап тұрып санайды да, екі қолын жайып қабырғаға сүйенгенде, рояль клавишасын басқандай болады (музыка). Қабырғадағы оттай қызыл сәуле түскенде белгілерді анық көреміз, музыка но та сы жазылған. Композитор осы қабырғаны алмакезек ұрғылайды. Тас қабырға «Еркіндік, не өлім» әнін шырқайды. Әлден уақытта барып, бесінші тәулік бойы аштық жариялаған әлсіз композитор талықсып барып құлайды. Терезеден сыртта жауған көктем жаңбырының тырсылы ғана естіледі. К о м п о з и т о р (әлсіз). Жаңбыр. Көктем жауыны. Бұл – төртінші көктем. Төртінші көктемді достарымсыз, үйімнен, балаларымнан жырақ жеке камерада жалғыз қар сы аламын. Үш жыл бойы мың сексен күн, мың сексен түн суық өлім лебін күтудемін. Ол келмей тұр, ал тіршіліктен саңылау да көрінбейді. Осы күнге дейін, үш жыл бойы
қаншама ажал үнін естідім, қаншама адам о дүниеге аттанды. Мен әлі тірімін. Өмір мен өлімнің арасы қандай жақын, іргелес еді! Құлып сылдырлайды. Надзиратель кіреді. Қолында тостаған. Нардың қасына апарып қояды да, бұрыла береді. Композитор иығына жармасады. К о м п о з и т о р . Әй, саңырау, бері қара. Сен тамақ әкелме, (ымдап) түсінемісің, әкелме. Мен аштық жарияладым. Оны білесің бе, басқа камерадағылар біледі. Бәрі біледі. Ал сен ше, о миғұла, тіл болмаса да, естір құлақ болсашы. Бар, бар. Надзиратель кете береді. Бұл екеуміздің бір-бірімізге үйреніскенімізге үш жыл болды. Бір тіл қатпай өмір сүру адам үшін не деген азап. Тым құрмаса қатал да болса, тағдырымды тілі бар адамның да қолына бермеді... Басым айнала бастады. Бесінші түн нәр татпағалы. Шыдай алам ба. Көзім қарауытып барады... (Қабырғаға қарайды.) Жо-жоқ, шыдауым керек. Ана қабырға мен өлсем де ән салып тұратын болады: «Еркіндік, не өлім!» Қалай еді? Хикмет Назымның өлеңі... Иә, иә... \. Бауырларым, Бәрін айтып кетер ем, Әттең сөзімді зорға құраймын Белгілі ғой себебі. Көз қарауытып, бас айналып барады, Бесінші күн Ауыр екен аштық зардабы...
Бауырларым... Тас қамауда жендеттер күнде дүрелеп, Азапқа қанша салса да, Бәрібір мен өлмеймін. Біргемін сендермен, Жұртпен бірге Көппен бірге өмір сүремін. Менің – қуатым сонда. Менің – қуанышым сонда. Менің – бақытым сонда, достарым!.. Музыка Екінші көрініс Түрме бастығының кабинеті. Терезе айқара ашылған. Даладан жауын сыбдыры естіледі. Начальник үлкен үстелде қабағын шытып, тістеніп, бір газеттен соң бір газетті алып оқиды. Біресе орнынан тұрып, бөлме ішінде торға қамалған аңдай ерсілі-қарсылы жүреді. Бір кезде полиция жандармының киімін киген көмекшісі келе ді: көмекші композитордан айнымайды. К ө м е к ш і . Сіз шақырдыңыз ба мені? Н а ч а л ь н и к (бұрылмастан). Иә! Отыр. Бүгін аш тық жариялағанына бесінші тәулік, дым сызған жоқ. (Бөлмені үнсіз кезіп жүр. Өте ашулы.) К ө м е к ш і. Иә тақсыр, начальник! Н а ч а л ь н и к . Және бесінші күн газеттерде тыным жоқ. Оның босатылуын талап еткен шетелдік еңбекшілердің, жұ мысшылардың демонстрациясын, митингіде сөйле-
ген сөздерін басумен әлек. Әсіресе жанталасып жатқан әлгі... орыстар! К ө м е к ш і. Иә, бәрін оқыдым, тақсыр... Н а ч а л ь н и к . Оқыдым, оқыдым. Сенің оқығаныңнан не пайда! Көмекші үнсіз. Әрі қарай не айтатынын сабырмен кү тіп отыр. Начальник бөлменің ортасына келіп кілт тоқтайды. Н а ч а л ь н и к . Сені шақырған себебім... К ө м е к ш і. Құлағым сізде, тақсыр начальник. Н а ч а л ь н и к . Композитордың халі өте нашар. Бірақ ол аштықтан емес, аурудан, (нығарлап) түсіндің бе, сырқат! К ө м е к ш і. Түсінікті. Н а ч а л ь н и к . Сондықтан да оны тез арада ауруханаға жеткізу керек. К ө м е к ш і (шошынып). Ауруханаға? Н а ч а л ь н и к (оның шошығанын аңғарып). Немене, оны курортқа жіберу керек пе?! К ө м е к ш і (ыңғайсыздана күліп). Оның реті келмес. Н а ч а л ь н и к . Солай де. Ендеше, оны біз бүгін апа руға тиіспіз. Бұл – полковниктің бұйрығы. К ө м е к ш і. Полковниктің?! Н а ч а л ь н и к (көмекшісіне сезіктене қарай ды да, бірақ оның таңырқағанына мән бермеген сиді). Сонан соң, оның бүгін түнде ауруханаға түскенін, халінің қандай екенін ешкім білмеуі керек. К ө м е к ш і. Оның халінің қандай екенінің кімге қажеті бар?
Н а ч а л ь н и к. Ол құпия. К ө м е к ш і. Диагнозы қандай? Н а ч а л ь н и к . Жүректен болған талма! К ө м е к ш і. Рецепт? Н а ч а л ь н и к . Кенеттен келген ажал. К ө м е к ш і (үрейленіп). Тым қатал емес пе? Н а ч а л ь н и к . Жаныңыз аши ма? К ө м е к ш і. Жо-жоқ... Әйткенмен, осы бір амалды қайта-қайта қолдана беруіміз қалай болар екен... Н а ч а л ь н и к . Бұл – нағыз дұрыс жол. Сіз нені ұсынасыз? К ө м е к ш і (иығын қозғап). Ештеңе де... Егер адамды өлтіру керек болса, оған бір амал қолданды не, жүз амал қолданды не? Н а ч а л ь н и к . Онда бұл амалды саған тапсырамын. К ө м е к ш і . Маған ба? Н а ч а л ь н и к . Тек қана саған! Бұл полиция комиссарының тапсырмасы. К ө м е к ш і (ыңғайсызданып). Тақсыр начальник, осы жолы менің орнымды ауыстырсаңыз, өтінемін! Н а ч а л ь н и к . Себеп?! К ө м е к ш і. Бүгін баламның туған күні, кешке соны тойлайтын едік. Н а ч а л ь н и к . Оған да үлгересің. К ө м е к ш і. Қолымды қандап келіп, қалай өткізбекпін... Н а ч а л ь н и к (күліп). Қашан ол таза болып еді. К ө м е к ш і . Кімнің қолының тазарақ екенін салыстырғым келмейді. Н а ч а л ь н и к . Жетті енді! Соңғы кезде сенің кейбір
сөздерің ұнамай барады. Қазір тек қана сенің жүзің ұнап отыр. К ө м е к ш і. Ғафу етіңіз, түсінбедім. Н а ч а л ь н и к . Оның саған өте ұқсас екенін байқамадың ба? К ө м е к ш і. Маған ба? (Күледі.) Сіз де кіммен салыстыруды табады-ақ екенсіз, ғафу етіңіз, тақсыр началь ник. Н а ч а л ь н и к (үстел тартпасынан тұтқын ком по зитор суретін шығарады). Қарашы мынаған, екеуің тұп-тура егіз сияқты емессіңдер ме? К ө м е к ш і (селт етіп) Мен еш ұқсастық таба алмай отырмын... Аздап... Көзінің қиығы ма, қалай? Маңдайы... Н а ч а л ь н и к . Тағы да үңіле түс. К ө м е к ш і (суретті ысырып тастайды). Жоқ, тақсыр начальник. Қайдағы бір... Н а ч а л ь н и к . Мүмкін ол мына тұтқын киімінде ұсқыны келмей тұрған шығар! (Жандарм мундирін киген екінші суретті көрсетеді.) Міне, сіздің суре тіңіз, қараңызшы, салыстырыңыз. К ө м е к ш і . Менің суретім қайдан жүр? Жо-жоқ, түсін беймін, мұнымен не айтқыңыз келеді, тақсыр начальник? Н а ч а л ь н и к (қарқылдап күледі). Бұл мүлдем сіздің суретіңіз емес. Екеуі де тұтқын композитордікі. К ө м е к ш і (қабағын шытып). Осындай орынсыз қалжың не керек, тақсыр... Н а ч а л ь н и к (қабағын түйіп). Бұл қалжың емес, балақай, бұл жай ұқсастық емес, қан ұқсастығы. К ө м е к ш і. Сіз не сонда? Маған қайдағы бір опасызды туысқан еткіңіз келе ме?!
Н а ч а л ь н и к . Жоқ, әзірше білгім келеді. Ол шынында да сіздің туысқаныңыз ба? К ө м е к ш і . Бұл не? Тағы да емтихан ба? Н а ч а л ь н и к . Жоқ, жауап алу! К ө м е к ш і. Онымен ешқандай қатысым жоқ, түк те білмеймін. Н а ч а л ь н и к . Ойланыңыз. (Көмекші басын шайқай ды.) Онда кел, екеуміз бірге, сенің өмір тарихыңды еске алып көрейік. К ө м е к ш і. Еске алатын несі бар. Мен ірі жер иесінің баласы екенім белгілі. Әйелім де ақсүйек отбасынан шыққан. Н а ч а л ь н и к . Иә, қымбаттым, сенің әкеңді бәрі де құр меттейді, мен де құрметтеймін. Сондықтан да ол полиция мектебін бітіргеннен кейін сені менің қолыма сеніп берген. Тағдырың да менің қолымда. К ө м е к ш і . Олай болса, әлгі сөздердің қажеті қандай? Өмір тарихымды өзіңіз де жақсы білесіз. Н а ч а л ь н и к . Жоқ, балақай, маған екі сәбидің де бұрынғы өмірі белгілі: бұдан отыз екі жыл бұрын әйелдер босанатын үйде бір жесір әйел екі бала тапқан болатын. Бірақ ол екі күннен соң қайтыс болды. Содан балалардың біреуін ірі фермер бала қылып алған. Ол – сенің бүгінгі өгей әкең, сенің қамқоршың – патроның... К ө м е к ш і. Сіз не айтып отырсыз? Менің тұқымымды қаралағаныңыз үшін мен наразылық білдіремін. Н а ч а л ь н и к (мысқылдай күліп). Асықпа, балақай, жоғары жерге шағым беруге уақыт бар әлі, алдымен тыңдап ал, мүмкін шағым етуден бас тартарсың. Содан егіздің екіншісін баласы көп бір шаруа алған болатын. Ол
асыранды бала – бүгінгі үкіметтің жауы – «жаужүрек» композитор, сенің туысқаның... К ө м е к ш і (баж етіп). Қалай аузыңыз барады! Н а ч а л ь н и к (ащы мысқылмен). Иә, иә, сенің туған бауырың... К ө м е к ш і. Жоқ, жоқ. (Кабураға) Н а ч а л ь н и к . Отыр, шошаңдамай! К ө м е к ш і (басы салбырап отырады). Мүмкін емес, мүмкін емес... Н а ч а л ь н и к . Қалайша сен осы күнге дейін бұл жәнінде естімегенсің. К ө м е к ш і . Естігім де, білгім де келмейді. Н а ч а л ь н и к (суырмадан хат алады). Тағы да өтірік айтып отырсың. Міне, сенің әкеңе жазған хатың. К ө м е к ш і. Ол қайдан түскен сізге? Н а ч а л ь н и к . Сен бұл хатта әкеңнен өзіңнің асыранды бала екендігіңді рас па деп сұрапсың. «Бірақ бәрібір мен тек қана сіздің балаңызбын» деп бітірген екенсің. К ө м е к ш і (өзіне-өзі). Бәрін кейін білгеннен соң менің одан басқа амалым қанша. Н а ч а л ь н и к . Сонымен сіз мойындайсыз ғой? К ө м е к ш і. Менің мойындауымның тап қазір сізге де, маған да еш пайдасы жоқ. Өйткені менің міндетім баяғыда белгіленген. Н а ч а л ь н и к . Ол қандай міндет? К ө м е к ш і. Қолға түскен адамдарды дүрелеу, ату, асу міндеті. Оған менің қолым да үйренген, дірілдемейді. Н а ч а л ь н и к . Егер қолыңыз түгілі жүрегіңіз сәл дірілдесе, сіздің өзіңіз әлгі туысқаныңызбен қатар отырған бо лар едіңіз. Сіздің өмір тарихыңыздың өзі соған дәл келіп тұр.
К ө м е к ш і . Иә, оны жақсы білемін. Сондықтан да, тақ сыр начальник, бір-бірімізді үркітудің зияннан басқа пайдасы жоқ. Біздің ішкі тәртібімізбен – улау арқылы, дәрігерлік укол, дүре соғу жолымен қаншама мезгілсіз өлімдер болып жатыр. Бір кезде осыларға жауап беретін кез келсе... Н а ч а л ь н и к (көмекшісіне төніп). Оның бәрі сіздің қолыңызбен істелген, көмекшім. К ө м е к ш і (ол да начальникке төніп). Оның бәрі сіздің бұйрығыңызбен істелген, тақсыр начальник. Н а ч а л ь н и к (аз ойланып күлімсірейді). Балақай, сені қорқытудан аулақпын. К ө м е к ш і. Бір шынжырмен қосақталған адамдар, бірін-бірі қалай қорқытпақ. Екеуі де біраз уақытқа дейін үнсіз отырады да, бір кезде қарқылдап күледі. Н а ч а л ь н и к (қалтасынан орамалын алып, көзін сүртеді). Ал енді балақай, былай... К ө м е к ш і. Құлағым сізде, тақсыр начальник! Н а ч а л ь н и к (сағатына қарап). Қазір осында әл гі шал надзиратель келеді... (Осы кезде надзиратель кіреді.) Ә, міне, өзі де келді. Н а д з и р а т е л ь (үні баяу шығып). Құзырыңызға құлдық, тақсыр начальник! Н а ч а л ь н и к . А-а, қымбатты қартымыз, енді сен құрметті адамсың. Төрлет. Төрлет, ертеңнен бастап пенсияға шығасың, еңбегің сіңді, еңбегің. (Сейфке келіп, ішінен бір шөлмек виски, үш рөмке алады.) Шал, ертең сенің туған күнің ғой?
Н а д з и р а т е л ь . Иә,тақсыр начальник. Н а ч а л ь н и к . Мен сенің үйіңе барып кемпіріңді құттықтар едім, әттең қол бір босамайды. Н а д з и р а т е л ь . Ғафу етіңіз, тақсыр начальник, менің кемпірім өлгелі не заман. Н а ч а л ь н и к . Иә, оны білем. Мен қазіргі әйелің туралы айтып тұрмын. Н а д з и р а т е л ь . Мен әйелім өлгеннен кейін, екін ші рет үйленген жоқпын, тақсыр. Н а ч а л ь н и к . Жетті, көп мылжыңдама. Егер сенің әйелің болмаса, пенсияға жаңа әйелмен шығарып салуға біз міндетті емеспіз. Н а д з и р а т е л ь . Тура айтасыз, тақсыр начальник. Н а ч а л ь н и к . Біздің ұлы ордамызда жиырма жыл қа тарымен мүлтіксіз қызмет атқарғаныңыз үшін үкіметтен саған награда бар, награда... Енді бері қарай жақында, кел, мынаны алып қой. Н а д з и р а т е л ь . Ішпейтін едім, тақсыр начальник. Н а ч а л ь н и к . Ештеңе етпейді, енді сен қашан көзің жұмылғанша ішіп-жегеннен басқа не бітіресің. Кел, сенің денсаулығың үшін. (Үшеуі де ішеді.) Н а д з и р а т е л ь (шытынып). Не деген ащы еді, өмірі татып көрмеген нәрсем. Н а ч а л ь н и к . Әрине, әрине. Бұл – американ вискиімен араластырылған кока-кола. (Таңдайын қағады.) Ал енді саған осындағы соңғы жұмыс күнінде соңғы бір тапсырыс береміз. Н а д з и р а т е л ь . Құп болады, тақсыр начальник. Н а ч а л ь н и к . Ағылшынның ең тәуір сигареті. Н а д з и р а т е л ь . Рақмет, мен шекпеуші едім.
Н а ч а л ь н и к (темекісін тұтатып). Бүгін біз әлгі композиторды ауруханаға апаруымыз керек. Ол сорлыны шприцпен тамақтандыруға тура келіп тұр. Міне саған қағаз, түнгі дәл онда, бесінші есіктен шығасың, әрине, қолына бұғау салуды білесің ғой. Н а д з и р а т е л ь . Оның шыбын өлтіретіндей қауқары жоқ, тақсыр. Н а ч а л ь н и к . Әйткенмен тәртіп. Н а д з и р а т е л ь . Құп болады, тақсыр начальник. Н а ч а л ь н и к . Сыртта дәрігерлік машина тұрады. Н а д з и р а т е л ь . Құп болады, тақсыр начальник! Осы кезде алыстан бір ән естіледі. Оны іштегілер тыңдап қалады. Әсіресе начальник саусағымен үстелді ұрып, әннің ырғағына қосылғандай болады. Ән қайғылы аяқталады. Н а ч а л ь н и к . Ох, ох... қандай жүрек тебірентетін ән еді. Өзі жаңа ғой деймін, пластинкада ойнады ма, қалай? К ө м е к ш і. Иә, мен де бір рет көшеде естіп едім, жақсы ән. Н а ч а л ь н и к . Міне, осындай әндерді көбірек шығарса ғой, әйтпесе қайдағы бір «саяси композиторлар» деген пайда болыпты. Н а д з и р а т е л ь . Ғафу етіңіз, тақсыр начальник, егер қателеспесем, бұл – соның әні. Н а ч а л ь н и к . Соның? Кімнің? Н а д з и р а т е л ь (күмілжіп). Әлгі... тұтқын компози тордың. Н а ч а л ь н и к . Сен боссың, кете бер! Н а д з и р а т е л ь . Құп болады, тақсыр...
Надзиратель кетеді. Пластинка тағы да ойнайды. Начальник жүгіріп барып, әлгі ән бөлменің ішіне кіріп кететіндей үрейленіп, терезені тарс жауып алады. Н а ч а л ь н и к . Пластинка ойнатқан адамдарды тауып алып отырғызу керек. К ө м е к ш і. Құп болады, тақсыр начальник! Н а ч а л ь н и к (терісіне сыймай). Құп болады, құп болады! (Бөлменің ішін кезіп жүріп кетеді де, ақыры көмекшісінің алдына келіп тоқтайды.) Әлгі шал ертең пенсияға шығамын деп қуанып кеткен шығар, ертең оны мәңгілік пенсияға аттандыру керек. Қайтар жолда ол шал коммунистер тұратын көшелердің бірінде о дүниеге аттандырылсын! К ө м е к ш і. Егер шал бөгет болса, осында қалдыруға да болмай ма? Н а ч а л ь н и к . Кейін ол куәгер болсын дейсің ғой. К ө м е к ш і. Басқаны қайдам, тап осы шал... Н а ч а л ь н и к . Ақымақтың сөзін айтпа, ертең-ақ ол еркіндікке шыққан соң, әдейі айтсын, байқамай айтсын, мейлі әйтеуір біздің мұндағы ішкі тәртібіміз жайында, кез келген жерде әңгіме қылуы мүмкін. Бізге енді қартайған мұндай малдың керегі жоқ. Қашан да жайбарақат жүру үшін, өлікті де жолдан алып тастау керек. Мұны да саған тапсырамын! К ө м е к ш і. Тағы да маған ба? Н а ч а л ь н и к . Иә, саған! Баланың еңбегіндей анна уыл жыған төбесінен қатты бір соққы болса, біздің жанымыз да, оның жаны да жай табады. К ө м е к ш і. Шопыр ше, тақсыр начальник? Н а ч а л ь н и к . Шопыр жөнінен қам жемей-ақ қой, ол – сенімді адам.
К ө м е к ш і. Сенімді дейсіз бе? Н а ч а л ь н и к . Сен менің машинаны жақсы жүргізетінімді білмеуші ме едің? К ө м е к ш і. Сіздің өзіңіз бе? Н а ч а л ь н и к . Ай, балақай, сен әр нәрсені қазбалап білуге тым құштарсың, сонымен бірге тым аңғалсың. Иә, саған жоғарылайтын уақыт жетті. Қазір нағыз бір жақсы кезең. Композитордың осы бір шаруасымен біздің шеф қана емес, үкімет басшысының өзі, потентаттың өзі айналысып отыр! Түсіндің бе? Біздің алдымызда награда тұр. Не түрме! К ө м е к ш і. Солай деңіз. Мен өзім де ойлап едім. Ал енді сізден бір нәрсені сұрауға бола ма? Н а ч а л ь н и к . Сұрауға ма, анықтауға ма? К ө м е к ш і. Қалай түсінсеңіз де... Өз еркіңіз білсін. Н а ч а л ь н и к . Біраз нәрсенің сырын аштық-ау деймін. Енді қаймықпа, сұрай бер. К ө м е к ш і. Композиторды ауруханаға апару үшін егіз балалардың өмір тарихын анықтаудың қандай қажеті болды? Н а ч а л ь н и к . Шыныңды айтшы, жаның аши ма? К ө м е к ш і. Жоқ, әншейін «бауыр» деген сөз аздап қинайды. Ал әйтпесе оған менің қандай қатысым бар. Туғаннан бері көрмеген бөтен біреу емес пе мен үшін. Н а ч а л ь н и к . Онда мен шынын айтайын, бүгін түнде болатын жоспар – біздің шефтің ойлап тапқан жоспары. Кім біледі, уақыт та, өкімет те ауысып жатады. Бұл композитор анау-мынау адам емес, бүкіл дүние жүзінің ол үшін шу шығарып жатқаны да тегін емес. Егер күндердің күнінде осы істің ізіне түсер біреу болса, ауруханаға туған бауырының жеткізуі оны біраз жұмбақка қалдырады, сол арқылы біздің конспирация да қалпында қалады.
К ө м е к ш і. Өзім де осылай ойлап едім. Егер уақыт өзгере қалса, әлгі егіз балаларға деген көзқарас та өзгермек қой... Н а ч а л ь н и к . Жо-жоқ, уақыт қаншама өзгеріп жа тыр, жалау, үкімет өзгереді. Бірақ осы біз тұрған тас үй ешуақытта өзгермейді. Біз де сол сияқтымыз. Кімге түрме керек болса, соған біз де керекпіз. К ө м е к ш і. Иә, дұрыс айтасыз, тақсыр начальник. Н а ч а л ь н и к . Тіпті адамдар Айға, Марсқа шығып тіршілік етсе де, олардың арасында біздің достарымыздың бірі болсын де, онда түрме де болмақ. Сонда біз де сол араға жетеміз. (Екеуі де біраз уақыт ойланып отырады да, бір кезде начальник қарқылдап күледі.) Тегінде сен, балақай, онша ақылсыз емессің. Әлгінде осы не дедің? (Есіне түсіріп.) Иә, иә, екеуміз де бір шынжырмен қосақталған жандармыз. К ө м е к ш і. Және де бұғаусыз тұтқындармыз! (Екеуі де селқос күледі.) Үшінші көрініс Шағын жүдеу бөлме. Тап ортада үстіне неше түрлі тағам, ішімдік қойылған ескі үстел. Бөлмеде жалғыз әйел: Миссис адвокат – надзирательдің қызы. Сырттан надзиратель кіреді. Қызы құшақтап мойнына асылады. М и с с и с. Папа! Н а д з и р а т е л ь . Қызым, жалғызым менің! М и с с и с. Туған күніңмен құттықтаймын, папа, міне, туған күніңе тартуым. Н а д з и р а т е л ь . Рақмет, қызым, рақмет! Мұндай сыйлықты ғұмырымда бірінші рет алуым.
М и с с и с. Есіңде ме, папа, сен менің туған күнімде, ылғи қатырма қағаздан не ағаштан қуыршақ жасап беруші едің ғой. Мен солардың бәрін бертінге дейін сақтадым. Жақында ғана жағып жібердім. Н а д з и р а т е л ь . Неге? М и с с и с (қабағын шытып). Қайыршылықпен өткен балалық шағымды, бір түрлі еске салатын сияқты. Н а д з и р а т е л ь . Иә, ол рас... Ал енді қызметің қалай? М и с с и с. Қызмет қалай десем екен енді... Онша жеңіл емес. Әйткенмен, үш ай боп қалды ғой, төселе бастадым. Айтқандай, қазір виллада тұрамын. Н а д з и р а т е л ь . Виллада?! Қайдағы Вилла? М и с с и с. Пап, сен ұрыспайсың ба? Мен сенің ұлықсатыңсыз күйеуге тидім. Н а д з и р а т е л ь . Не дейсің?! М и с с и с. Құттықтауыңа болады, мен қазір миссис адвокатпын. Н а д з и р а т е л ь . Миссис? Күйеу бала қандай адам, кім? М и с с и с. Бір курста оқыған студент. Қазір ол да адвокат. Әкесі бүкіл аймаққа белгілі адам. Бұрын-соңды болмаған керемет той жасады. Н а д з и р а т е л ь . Оған ұл әкесі қатысқанда, қыз әкесі неге қатыспайды? М и с с и с. Папа, ренжіме, кейін өзің ұға жатарсың, сәл ғана жасырынбақ ойнау керек болды. Біздің тілімізді «конс пирация» дейді. Сосын, тойға қатысқан күнде саған өте қызықсыз болар еді. Және сен өзіңді ол жерде қолайсыз сезінер едің. Өйткені тойға жиналғандар кілең ақсүйек адамдар мен әскери қызметкерлер.
Н а д з и р а т е л ь . Ақсүйек деймісің... Әрине, әрине, түсінем... М и с с и с. Жақында пенсияға шығасың, сосын менің қолыма келесің. Ол кезде жұрт сенің надзиратель екеніңді білмейді. Пенсионер дейді. Н а д з и р а т е л ь . Надзиратель екенімді білсе, онда тұрған не бар? М и с с и с. Жо-жоқ, папа! Қызыңның абыройы үшін онда үлкен мән бар. Сосын... Н а д з и р а т е л ь . Әрі қарай айтпай-ақ қой, қызым, түсіндім. Сенің болашағың үшін мен капиталист, фабрикант, тым құрығанда, фермер, латифундист болуым керек. Ал пенсионерден не пайда? М и с с и с. Болмаған соң, оған өкінбе, әке. Ал қызыңның келешегі үшін ата текті білдірудің зияннан басқа, түк пайдасы жоқ . Н а д з и р а т е л ь . Солай еді де. Мен арымды төгіп, барымды беріп жүріп, нақақтан жаза тартқандар болса, қанатымен су сепкен қарлығаштай болса да, ара түсер әділ адам болар деп адвокаттықты оқытсам, ол әділдіктен қалай жалтарудың оқуын оқыған екен ғой. М и с с и с. Әке, адам көп оқып, білімді болған сайын өмірдің қат-қабат жолына соғұрлым көбірек түседі, одан адас пай шығу үшін бар амалды үйрене де біледі. Әр заманның, әр ортаның белгілі бір өз әділдігі бар. Н а д з и р а т е л ъ . Сен соттағыларды да осылай ақтаймысың? М и с с и с. Қылмысына қарай! Н а д з и р а т е л ь . Ендеше, мен саған әкелік бір қолқа салайын. Орындаймысың, миссис адвокат?
М и с с и с. Айтыңыз, көрейін. Н а д з и р а т е л ь . Маған қарасты камерада бір композитор бар. Сен сияқты жас күнінде түсіп еді. Үш жыл болды отырғанына. Сырттан да, іштен де ешкім қатынамайды. Соның ісін алсаң! М и с с и с. Кісі өлтірген бе?. Н а д з и р а т е л ь . Жо-жоқ! М и с с и с. Банк тонаған ба? Н а д з и р а т е л ь . Жо-жоқ, қылмысы мүлдем аз. Бар болғаны өз жүрегі қалаған сөзді айтқан. Көңілі сүйген әнді шығарған. Соғысты жек көреді. Кей жерлерде әділетсіздік туралы сөздер сөйлеген, нағыз адал жан. М и с с и с. Саяси тұтқын болды ғой онда. Н а д з и р а т е л ь . Иә, солай. Коммунист. М и с с и с. Коммунист?! Н а д з и р а т е л ь . Егер соны ақтап шығарсаң... М и с с и с. Оны неге мүсіркейсің? Н а д з и р а т е л ь . Оның ісін, оның ойын жасымда мен де мақсат етіп ем. Қолымнан келмеді. М и с с и с. Әке, оны ақтау менің де қолымнан келмейді. Н а д з и р а т е л ь . Неге? М и с с и с. Олар үшін үкіметтің заңы біреу-ақ. Оны ақтарлық екінші заң жазылмаған. Н а д з и р а т е л ь . Адамгершілік заңы қайда? М и с с и с. Әке, сен өзі саясатшыл болып алыпсың ғой. Бұл сөздеріңді мен ғана естиін, осы жерде қалсын. Н а д з и р а т е л ь . Мен сақаумын, кереңмін, бірақ милау емеспін, қызым! М и с с и с. Мен де милау емеспін, кереңмін, сақаумын, әке! Н а д з и р а т е л ь . Ендеше, сенің ақтайтындарың кім?
М и с с и с. Ұрылар, саудагерлер, жалақорлар, парақорлар... Н а д з и р а т е л ь . Түсіндім, қызым, түсіндім. Енді көмусіз қалсам да өкінбеймін. М и с с и с. Тілесең, ол да болады! Н а д з и р а т е л ь . Не дейсің? М и с с и с (ашынып). Ғұмыр бойы тартқаның азап, көр генің қорлық, сенің әділдігің, адамгершілігің кімге дәрі, кімге қажет. Жалаңаш-жалпы қалай тусаң, солай өлесің. Кімнің оған қабырғасы қайысады. Ал мен өйтпеймін. Жетеді туа жоқшылықта өскенім. Мен дүниені өзгерте алмаймын, тек оның шетінен жұлып, қысқа өмірімде өз үлесімді ешкімге жібермеймін. Оны істеймін де. Ол үшін жолыма кесе-көлденең тұрған пенде болса, алдаймын, арбаймын, жалынамын, қорқытамын, бірігемін. Сен сияқты түрмеде отырарым жоқ. Маған ауа, күн керек. Сені де соған алып шығамын. Түсінсең етті. Сен қараңғы болғаныңмен, менің көзімді аш тың ғой. Неге енді менің қолымнан ұстамайсың, жетегіме ермейсің? Ертең өлсең де, неге таза киімге оранбайсың? Үс тінде бір киер ештемең жоқ. Жұрдайсың. Тым құрығанда, табытқа түскенде киер бір таза костюмің болсайшы. Не өмір бұл! Н а д з и р а т е л ь . Оның рас, қызым, жиырма жыл бойы сендерді жеткізсем деп, киім де ала алмаппын, жетпеді. Қайтейін. М и с с и с. Жетпесе, енді жетеді. (Пауза.) Әке, кешір, қаттырақ кеттім білем. Бәрі де – қайыршылықпен ашынып өскеннің салдары. Н а д з и р а т е л ь . Иә, қызым. Ашынғандардың көбі араңдап түрмеде жатыр. Сен де «арандап» қалған екенсің. М и с с и с (түсінбегенсіп). Енді түрме дегенді ұмытасың.
Өле-өлгенше қайда курорт, қайда қызық, сайранды көр. Оны істеуге шамам келеді. Қарашы, әке, мынау – сенің ендігі алғашқы серігің. (Қара шөлмек ұсынады.) Н а д з и р а т е л ь . Менің ендігі болмағаным маскүнемдік пе, қызым? М и с с и с (сықылықтап күледі). Сен мұны шарап деп тұр екенсің ғой. Жо-жоқ. Микрорадиоқабылдағыш, Жапония шығарған. Қарашы! (Миссис кішкене қара шөлмектің тығынын бұрайды.) Әуелі бір ән орындалады. Тағы бұрайды, ду қол шапалақтау. Ту-Һ, әлі беріп жатыр ғой. (Бұрап тастайды.) Н а д з и р а т е л ь . Бұрашы, бұрашы, не беріп жатыр? М и с с и с. Мәскеу ғой... Қанша саясатшыл болғаныңмен, әке, халықаралық жағдайды білмейді екенсің. Онда қазір жұмысшылар мен коммунистер партиясының халықаралық кеңесі өтіп жатыр. Тыңдамай-ақ қой. (Алып қояды.) Әліақ жалығарсың тыңдаудан. Пенсияға шығысымен бір минут қоймаймын, жарық дүниеге алып кетемін. Н а д з и р а т е л ь . Е-е, қызым, енді мені жарық дүниеге шығарып қайтейін деп едің. М и с с и с. Неге, әке, әлі өмірің алда емес пе? Н а д з и р а т е л ь (қабырғада ілулі ескі гитараны алып, сәл ойланады). Ертеде, шахтада істеп жүрген кезімде жер астында тас таситын бір ат болды. Кейін сол ат әбден қартайып алжыған кезде екі көзін байлап, сыртқа шығардық. Көзін таңған шүберекті біртіндеп, күн сайын жұқартып, ақыры мүлдем ашып, бос қоя бердік. Көзіне зақым келмеді. Бірақ әлгі байғұстың басы айналған ба, әлде бауыр басып үйреніп қалған ба, кең далаға еркін жайылу орнына айналшықтап, бір қылтанақ көгі жоқ тап-тақыр
шахтаның төңірегінен ұзамайды. Ақырында, бір жауынды түні ашық забойға құлап өлді. М и с с и с. Аянышты екен. Н а д з и р а т е л ь . Ешкімге қажетсіз алжыған аттың аяныштан басқа бұл тіршіліктен не үлесі бар дейсің. (Гитараны тартып.) Көк теңіз, түбі жоқ, шегі жоқ, Сапырып толқынын шулайды. Тұтқынның баратын жері жоқ, Тек қана жүректер кеудеде тулайды. Еркін ек кеше біз, Құл болдық бүгінде. Ескекті есеміз Галера түбінде. Шақырып жауынды, Дауылды тілейміз, Толқынмен алысып көретін. Не жетсін сол күнге, Жаныштап жауыңды, Теңіздің түбінде армансыз өлетін. М и с с и с. Жаңа ән ғой? Н а д з и р а т е л ь . Тұтқын композитордың әні ғой. Ал, мен кетейін. М и с с и с. Кешке күйеу балаң келеді. Туған күніңді тойлаймыз. Өзің қашан келесің, тамақ та ішпедің, мынау тамақтардан ауыз тисең етті. Н а д з и р а т е л ь . Жоқ, қызым, аш емеспін. Кешке жұмыста бөгеліп қалсам, маған қарамай, бастай беріңдер. Анаң үшін тост көтеруді ұмытпағайсыңдар. Ол байғұс менің туған күнімде жаңа бір үйренген әнін сыйлаушы еді. Қолы қысқа адам ғой, қайтсін... Мен үшін де ән айтуды ұмытпағайсыңдар.
Миссис жалғыз. Бір рөмкені қағып салып, өз-өзінен есірік адамша билейді. Соған лайық музыка. Төртінші көрініс Үміт кеші Камера. Композитор торкөз терезеден көрінген ұл тарақтай аспанға қарап, ауа жұтып тұр. Салдыр-күл дір құлып ашылып, надзиратель кіреді. Композитор бұрылмайды. Надзиратель жөтеледі. Композитор селк етіп бұрылады. К о м п о з и т о р . Ой, керең адам да жөтеледі екен. (Надзиратель жымиып күледі.) Мынау өзі күледі. Мылқау да күледі екен-ау. Әлде бұл байғұс та алжаса бастаған ба? Жоқ, маған күледі... Мендей дәрменсізді мазақ етпеген сен ғана едің. Жылтыраған көрер көз болған соң, сен миғұла да өзіңнен әлсіз, қамаудағы бұратылған аш жанды басынасың. Күл, күле түс, тағы күл. Мен де, үш жыл болды, сен сияқты тас кереңмін, бейхабармын тіршіліктің лебінен, адам деген атаулыдан бар көрерім – сенің жүзің меңіреу, ал екеуіміз күлейік, сен маған күл, мен күлейін саған қарап, мылқауым! (Күледі.) Ах-ха-хаха!.. Н а д з и р а т е л ь . Жетер енді, жарқыным! Тамағыңды іш. К о м п о з и т о р (шошынып). Әй, мынаның тілі бар ма, әлде қағыс естідім бе бірдеңе. Н а д з и р а т е л ь . Тілім де, бар миым да бар, айтар саған сөзім де бар, біраз ғана әлденіп ал, үндеме. К о м п о з и т о р . Үш жыл бойы шын зарығып бір-ақ
ауыз сөзіңе, отырушы ем ішқұса боп, зығыр қайнап, тым құрымаса ит байлап та қоймады деп тырп етсем үретін. Енді саған тіл біткенде бұрынғыңнан қандай сұмдық үрейлі ең. Н а д з и р а т е л ь . Үрейленбе, мен де өзіңдей адаммын. К о м п о з и т о р . Садаға кет адам деген атаудан, сөзін қарашы есіктегі кілт ұстаған наданның. (Пауза.) Сен бұрын да естіп жүруші ме едің, әлде бүгін ашылды ма құлағың? Н а д з и р а т е л ь . Менің құлағым да, көкірегім де әу бастан сау. Бірақ екеуі де бітелгелі қай заман – табандатқан 20 жыл. К о м п о з и т о р . О, сұмдық-ай! Тап желкеңнен дүние дегі бар балағат сөзді айтып, етіңнен ет кескендей болсам да, тым құрымаса бір рет ауырсынып қыңқ етпедің. Не деген безбүйрек, берік ең?! Н а д з и р а т е л ь . Менің етім түгілі, өзім өлгелі қашан. К о м п о з и т о р . Егер өлсең, сүйегіңді сүйретіп, түрме есігін несіне күзетіп жүрсің, тірі аруақ! Өзің өлік болған соң, тірілерді бұл дүниеге қалдырғың келмей жүр ме?! Н а д з и р а т е л ь . Не десең де мен сөзіңе үйренгенмін. К о м п о з и т о р . Әлде адам бағып, есік аңдып тап қан табысыңды, қамаудағы тұтқыннан алған сыбағаңды қимай жүрмісің. Ұялмастан сен де жұма сайын мойныңа қарғыбау тақпай бос отырып адам күзеткенің үшін ақы аласың, ә? Арланбайсың! Осы түрмеде үш жыл отырмыз екеуіміз де. Сен сыртта, мен іште. Сол үшін жылда тым құрымаса үш ауыз сөз айтпай, жарық дүниені бір көруге зар болып, сарғайып отырған адамға бір тіл қатпауға қалай дәтің шыдады? Н а д з и р а т е л ь . Егер бір ауыз қатты сөз айтсам,
кейін бір ауыз жылы сөз айтып қалуым да ықтимал. Сол себепті жұмған аузымды ашпауға өзіме-өзім серт бергем. К о м п о з и т о р . О, маубас, бар тапқан жұмысың қамау дағы жанды кірпік қақпай бағу болса, содан айырылып қалам деп өмір бойы қалтырап өткізсең тіршілігіңді, сенімен сөйлесіп, санаулы минуттарымда қияли болғанша, екеуіміздің меңіреу күйіміз артық. Бар онда, таза өліммен өлейін, мазамды алма! Н а д з и р а т е л ь . Тыңда, балам, мен бар шындығым ды айта келдім, ағымнан жарыла келдім! К о м п о з и т о р . Балам деймісің?! Н а д з и р а т е л ь . Мен де өзіңдей жас күнімде теңдік үшін, елді азапқа салған фашистерге қарсы тұрған адаммын. Бірақ қолымнан ештеңе келмеді. Қараңғы екенмін. Қайда барсам да, жарық жолды таба алмай адасып, басымды тасқа ұра бердім, жараландым, қажыдым. Талай рет қамауға да алындым. Талай рет босатып та жіберді. Сен құсап камерада отыруға да татымадым. К о м п о з и т о р . Сондағы бар тапқан бостандығың тұтқын күзету ме? Н а д з и р а т е л ь . Амалым болмаған соң, қайтейін. Өстіп жүргенде, көкірек ауруынан әйелім қайтты. Жалғыз қызым және көшеде болған бір атыста қаза тапқан інімнің үйелмелі-сүйелмелі жас балалары аштықтан ісіп-кеуіп, жетім қалды. Сол күннен бастап күресті тастап, тек әке деген атты ақтау жолына түстім. К о м п о з и т о р . Сондағы тапқан әкелік жолың не? Н а д з и р а т е л ь . Балаларды асырау, аштықтан сақтау. Басқа барар жер болмаған соң, түрмені қалаушы боп жұмысқа тұрдым.
К о м п о з и т о р . Бұл қапастың іргетасын өзім қалап едім де. Н а д з и р а т е л ь . Иә, әр тасын қалаған сайын, кейін осыған қамалар жазықсыз жандардан кешірім сұраумен болдым. Ақыры түрме де қаланып бітті. Тағы да жұмыссыз қалдым. Содан надзиратель болдым. К о м п о з и т о р . Қайда барсаң да, түрменің асырағаны жақсы болған екен. Н а д з и р а т е л ь . Күрес жолындағы жолдастарымнан айырылған соң, маған лайықтысы да түрме ғана еді. К о м п о з и т о р . Оның рас, камерада отырмадым демесең, сенің менен не айырмаң бар. Н а д з и р а т е л ь . Менің күнім сенен де төмен. Достан да, жақыннан да айырылдым. Көршілеріме дейін жиіркеніп, теріс айналып кетті. Басқан ізім, жүрген жерім – бәрі харам. Бәрінен де тек түрме иісі аңқиды. Мен сенен де мүсәпір тұтқынмын. Сен қамауда отырсаң да, өз ойыңды айта аласың. Не мұнда, не түзде, не үйде бір ауыз тіл қату мен үшін өз еркімнен айрылу ғана емес, балаларымды да тіршілігінен айырумен барабар. Мен содан бері екі құлағымды бітеп, тілімді тістеп, мылқау болдым. Тіршілікте не болып жатыр – бәрінен қағыс қалдым. Мәңгірген меңіреу қалыпқа түстім. Тек ойлайтыным жұма сайын беретін ақы, қашан балаларыма тамақ алып жеткізгенше асығам. Бүгін, жиырма жыл өмірімде, түрме бастығына тіс жарып бір ғана шындықты айтам деп, сол үшін жаза тарта жаздадым. К о м п о з и т о р . Ол не шындық? Н а д з и р а т е л ь . Осы камерада отырып шығарған «Галера түбінде» атты әнді сенікі екенін айтып ем, шыдай алмадым. Ол әнің қазір ел аузына тарап кеткен.
К о м п о з и т о р . Қалайша? Сен оны менің қолымнан тартып әкеткенің қайда. Содан кейін тергеу үстінде менің бар саусағымды сындырып, жансыз қалдырғаны қайда?! Н а д з и р а т е л ь . Жоқ, ол әніңді құртқан жоқпын, жұртқа жасырын таратқан мен едім. К о м п о з и т о р . Оныңды маған бұрын неге айтпадың? Н а д з и р а т е л ь . Сенбедім. Қинаған кезде аузыңнан шығып кетер деп сенбедім. К о м п о з и т о р . Сенбедім!.. Сен... маған сенбедің бе?! (Ызалы күлкі.) Н а д з и р а т е л ь . Иә, саған сенбедім. Күлме, балам, есіңде ме, бұдан үш жыл бұрын өзіңмен бір камерада отырған адамға сен де сенбегенсің. К о м п о з и т о р . Иә, ол да сенбеп еді ғой. Жыланның ордасында отырып қалай сенерсің. Осы күнге дейін өкінемін. Әттең, кім екенін де біле алмай қалдым. Н а д з и р а т е л ь . Оны сол күні өлтірген. К о м п о з и т о р . Бұл дүние не болып барады. XX ғасыр ғажайып жаңалықтар ғасыры. Космос ғасыры дейміз. Жо-жоқ. Сенімсіздік ғасыры. Бір камераның ішінде бір тағдырмен өлім аузында отырып, бір-бірімізге сенбедік. Бүйте берсе, келешек ұрпақ өзіне де сенбейтін жаппай дүдәмалдық дертіне шалдықпасына кім кепіл. Н а д з и р а т е л ь . Мен қазір өз балама да сенуден қалдым. К о м п о з и т о р . Ендеше, сен айдаладағы біреу, маған неге ағыңнан жарылып тұрсың? Н а д з и р а т е л ь . ( есікке барып, тың тыңдап қайта келеді). Менің бүгін туған күнім.
К о м п о з и т о р (еріксіз күліп). Немене, мені тойыңа шақыра келдің бе? Н а д з и р а т е л ь . Бүгін сенің өлетін күнің. К о м п о з и т о р . Не дейсің? Жарық дүниеден жаңа хабар айтып, қуанта келді десем, табалай келген екенсің ғой. Н а д з и р а т е л ь . Балам... Сені түнде ауруханаға апа рып, шприцпен тамақтандырмақ. К о м п о з и т о р . Шприцтен! Н а д з и р а т е л ь . Иә, бұл – олардың саяси тұтқынмен соңғы рет қоштасу жолы. Талайлар осы жолмен кұрбан болған. Сенің тағдырың да қыл үстінде. К о м п о з и т о р . Онсыз да өлтіру қолдарынан келмей ме. Н а д з и р а т е л ь . Есіңде ме, қарт коммунистің «Түрмеде отырып та күресе білу керек» дегені. Сенің күрес жолыңдағы әндерің тегін кеткен жоқ. Аштық жариялағаның әлемге аян. Жер шарының адал жандары сенің босатылуыңды талап етіп, жар салып жатыр. Сондықтан да сенің көзіңді жасырын құртпақ. К о м п о з и т о р . Қашан? Н а д з и р а т е л ь . Бүгін түнде. Міне, сені алып шығатын қағаз. К о м п о з и т о р (ұнжырғасы түсіп). Оны несіне көр сетесің? Н а д з и р а т е л ь (тағы да есіктен тың тыңдап келіп). Бұдан құтылудың бір-ақ жолы бар. Мен сені белгілеген уақыттан бұрын алып шығамын. К о м п о з и т о р . Иә, содан соң? Н а д з и р а т е л ь . Портқа өзім жеткізіп саламын.
Онда ескі досым бар. Ол кемеде істейді. Біз жеткен кезде шетелге қарай ол да жылжиды. Кетесің. К о м п о з и т о р (сенімсіз). Сіз не айтып тұрсыз? Бүгін шала ұйқы емессіз бе? Н а д з и р а т е л ь . Жоқ, ұйқым қанған. Енді сөз таласты ратын уақыт аз. Мезгіл таянып келеді. К о м п о з и т о р (әлі де сенімсіз). Сонда өзіңіз де бірге аттанасыз ба қиыр шетке? Н а д з и р а т е л ь . Менің халімді ойламай-ақ қой. Мен ешқайда бармаймын, түрмеге қайтып келемін. К о м п о з и т о р . Не дейсіз? Н а д з и р а т е л ь . Енді, осында келмегенде, мен қайда барып, не бітірем, кімге қажетпін. Түрмеде тудым, түрмеде өлемін. К о м п о з и т о р . Ал, әлгі айтқан балаларыңыздың күні не болмақ? Н а д з и р а т е л ь . Балаларымның алды жетілді, бізді ақтамаса да, өзін ақтап аларлық шамаға жетіпті. Ал, уақыт таянып қалды. Тез енді. Менің алдымнан жүріп отыр. К о м п о з и т о р . Жоқ, ешқайда бара алмаймын. Н а д з и р а т е л ь . Не деп тұрсың?! К о м п о з и т о р . Көзім жетпей тұр. Н а д з и р а т е л ь (асыға басып есік алдына шығып, қайтып келеді). Ал жүр. Уақыт болды. Кемеге үлгере алмаймыз. Тез, кәне. К о м п о з и т о р . Мың сан есіктен кім өткізеді бізді? Н а д з и р а т е л ь . Онда шаруаң болмасын. Жүр тез. К о м п о з и т о р . Үш жыл бойы тілге келмей, бүгін адамша сөйлескеніңізге рақмет. Енді мазаламаңыз. Н а д з и р а т е л ь (жыламсырап). Балам, жалы-
намын, ақ басымды аяғыңа иіп сұраймын. Сен халықтың ұлысың, сенің әнің бар әлемге аян. Ұрпақ үшін керексің. Жиырма жыл бойы, қолдары адам қанына боялған екі аяқты хайуандардың арасында дәрменсіз күнелткен мендей сорлыны ая. Тым құрыса дүниеге келген күнімде, тым құрыса қартайған шағымда, соңғы рет, бір адамға жақсылық жасап, ақ өліммен өлейін. Бұдан басқаға менің дәрменім жоқ. Адам боп туып ем, адам боп өлейін. Бер тілегімді, жүр... Уақыт өтіп барады. Уақыт. Таянып қалды. К о м п о з и т о р . Рақмет, қария. Үш жыл бойы дүние ден еш хабар ала алмай, тілсіз жүрген саған қарап, үнсіз меңіреу тас қапасқа қарап, бар тіршілік семгендей, тор көзден үнсіз қылмыңдаған аспандағы қол жетпес сансыз жұлдыздарға, қала шуылы қиянда күрсінген теңіз үніне айналғандай болып, тіршіліктен күдер үзе бастап едім. Қажыған екенмін, қуат бердің. Адамға деген сенімді қайта тірілттің, рақмет, қария! Енді не өлім, не еркіндік. Н а д з и р а т е л ь . Балам, кешіктік. Енді бәрібір үл гере алмаймыз. Сені алып шығатын уақыт өтті, мейлі, енді өздері келіп көрсін. Сен әлемде не болып жатқанына құштар едің ғой, мә. Тумысымда туған күніме алған тұңғыш сыйлық еді, тыңдашы тым құрымаса. Ендігі қолымнан келгені – осы. Ал, мә, тыңда! Композитор Надзиратель ұсынған транзисторды бұрай бастайды. Транзистор бір-екі шиқылдап барып, қол соққан дауыс шығады. К о м п о з и т о р . Қол шапалақтау! Не деген бақыт десеңізші – адамдардың қол соғуын тыңдау.
Н а д з и р а т е л ь . Мәскеу. Революция бесігі. (Транзис торды қатты қояды. Дауыс саңқылдап кетеді.) Т р а н з и с т о р д а н д а у ы с . Жолдастар, дүниежүзінің әр түкпірінде, капиталистер жайлаған елде өз бостандығын қорғау жолында тор көзді түрмеде сарғайып, жылдар бойы зарығып отырған халық ұлдары, дарынды таланттар бар. Оларды дүренің астына алып, аямай азаптайды, дарға асады, атады. Біз оларға қарсы аянбай күрес ашамыз. Бүкіл еңбекші халық бірлігіне, бостандыққа атылған оқты тұншықтыруымыз керек. Ол күн алыс емес, жолдастар! Ұзақ қол шапалақтау, халықаралық жұмысшылар гим ні – «Интернационал». Транзистордан сөз баста ла бергенде, апы кіріп, күпі шығып түрме начальнигі кел ген. Ол тұтқынмен құшақтасып, бірге тұрған надзирательді көріп, аңырып қалады. Тек «Интернационалға» екеуі қосылғанда барып бар даусымен айғайлайды: Тоқтатыңдар, тоқтатыңдар! «Интернационалға» басқа камерадағы тұтқындар қосылып кетеді. Айналма дөңгелей береді, жарық тұтқындардың бетіне түсіп отырады. Түрме начальнигі бәріне де «тоқтатыңдар» деп тап-тап береді. Бірақ гимн тоқталмайды. Бүкіл түрме «Интернационалды» айтып, күңіреніп кетеді. С о ң ы . Ескерту: Прологтегі сөздер белгілі құжаттардан алынды
ƏР ҮЙДІҢ ЕРКЕСІ (Үш прологты, 7 көріністі драмалық оқиға) Кейіпкерлері: ТАЛАП БАҚЫТЖАНОВИЧ – жас мұғалім ГҮЛСІМ МАХМҰТОВА – мектеп директоры РУСЛАН – оның ұлы, 10-сынып оқушысы КӘРІБАЙ АСҚАРОВИЧ – сынып жетекшісі ТӘНЗИЛА – оның қызы, 10-сынып оқушысы ҚАСЫМ – аудандық атқару комитетінің председателі БАЛШЕКЕР – оның әйелі ҚАНАТ – оның ұлы, 10-сынып оқушысы ИВАН СЕРГЕЕВИЧ – милиция қызметкері ЛИДА – оның қызы, 10-сынып оқушысы БАЛТАШ – қойма меңгерушісі ҚАРАС (ҰЗЫНТҰРА) – оның ұлы, 10-сынып оқушысы ВАСИЛИЙ ОТТОВИЧ САЛФЕЛЬД – механизатор АНДРЕЙ – оның ұлы, 10-сынып оқушысы БАТТАЛ – қарт шопан КҮЛӘШ – оның қызы, 10-сынып оқушысы АПЛАШ – аудандық прокурор ДОСҚАН – оның ұлы ҒАЗИЗА 10-сынып оқушылары.
БІРІНШІ ПРОЛОГ Тас қараңғы түн. Ішін тарта ұлып, уілдеп, ысқырып соқ қан алай-түлей боран. Жылт-жылт еткен көп жарық: белшесінен қар кешіп, жанталасып, төбе, қыраттарды шар лап, толарсақтан із кескен адамдардың қолындағы панарлар. Тырылдаған трактор үні, біреулердің шақылдатып ұрған темір үнімен қабаттаса айғайлаған дауыстар бір сәт бә сеңсігенде, панарын көтерген әр адамның жүзіне шам жарығы көмескі түседі де, оның ішкі монологтары естіледі. Д а у ы с т а р. Қане, осы арадан бөлініңдер екіге. – Сонау тау жоталарына қарай созылыңдар. – Біріңнен-бірің көз жазып қалмай, қатар жүріңдер. – Мына арқаннан ұста. – Араларың тым қашықтап кетпесін. Ал беттеңдер алға қарай. МОНОЛОГТАР: Қ а р а с. Осы беткейден ығып кетсе керек. Бәрі бірге шыққан. Киімдері аса сенімді емес. Г ү л с і м. Бүкіл облыс құлақтанды. Бұрын-соңды болмаған оқиға. Сұмдық-ай, ауыз бармайды. К ә р і б а й. Боран соққалы екінші тәулік, екінші түн, толастайтын түрі көрінбейді. И в а н С е р г е е в и ч . Қаншама жан іздеуге шықты. Қайда кетті бұлар? Мына түтеген боранда табылар ма? Б а л ш е к е р . Күнім-ай, қайда адасып кеттің, қайдасың? Қай төбенің бауырында, қай жыраның ішінде жатырсың?
А п л а ш. Ақыр аяғы осыған әкеліп соқты ма? Кім осы «өнерді» бастаған? Кім осы балаларға ой салып, адастырған? К ә р і б а й. Менде не жазық. Басында-ақ байбаламды салып едім. Осы бір жас бала келіп, бәрін бүлдірді. Т а л а п. Барлық пәле менен басталды демексіздер, білемін! Рас, ой салғаным рас! Бірақ адастырды деуге ауыздарыңыз қалай барады? Б а л ш е к е р . Тұра тұр, құлағым ба шыңылдаған... Құ лағыма ән келеді. Бұл неғылған ән? Ызыңдаған боран ба? Жоқ, жоқ, ән! Жетімдер әні. Құлындарым-ай, осы бір суық әнді бәрің қосыла айтқанда, денем түршігіп, тітіркеніп кетуші едім. Қайдағы әнді қайдан таптыңдар. Осыған көрінген екен ғой. Өзімен кетсін, өзімен... Музыка: «Жетімек әні». Бірінші көрініс Прологтағы ән көрініске ұласады. Сахна жарық танғанда қолдарында гитара, киім киістері, шаш қойыс тары бүгінгі күнгі сәнмен үйлескен бір топ ер, қыз балалар ән салып отыр. Ән шумақтары ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде айтылады. Сырттан қарт шопан Баттал кірген. Таяғына сүйеніп, үнсіз тыңдап тұр. Прологтағы ән жалғасы: Я начал жить в трущобах городских, И добрых слов я не слыхал. Когда таскали вы детей своих, Я есть просил, я замерзал... За что отбросили меня, за что? Где мой очаг, где мой ночлег?
Не признаете вы мое родство, А я ваш брат, я человек... О! Мама если бы найти тебя – Была бы не так горька моя судьба!..1 Б а т т а л. Амансыңдар ма, жауынгерлер? Б а л а л а р: Амансыз ба? – Саламатсыз ба? – Төрлетіңіз, қойшы атай! – О, Ертегіші атай, төрге шығыңыз. Б а т т а л. Әндерің қандай жақсы, зарлы еді. Тұла бойымды бақайыма дейін шымырлатып жіберді. Бұл қай әншінің шығарғаны? Қ а н а т. Ата, бұл Америка деген жердегі жетім балалардың әні. Б а т т а л. Ә, болса, болар. Оу, Америка дегенің бай ел деуші еді, әлі де жетім-жесірлері бар екен-ау! Тағы бірін айтып жіберіңдерші, кішкене көңілдірек бірін, желпіндіріп, былай, желпіндіріңкіреп... Д о с қ а н. Айтайық, Бәке, егер сіз билесеңіз? Б а т т а л. Билесе несі бар. Қане, қане! Балалар «Той жырын» қосыла салады. Ән аяғында үш-төртеуі тұрып, битлз ырғағымен аласұра билей жөнеледі. Желк-желк еткен шаштар, бұралған белдер, ырғалған иықтар. Осы шудың үстінде айғайын салып Балшекер келеді. Б а л ш е к е р (екі шекесін басып). Тоқтатыңдар! Жет ті, жетті! Қойыңдар. Ән, би күрт үзіледі.
Тым құрмаса, үлкен адамды сыйласаңдаршы! Миын ашы тып жібердіңдер ғой! Б а т т а л. Оу, айта берсін, Балшекер. Мың қаралы қой қатарымен маңырағанда ашымайтын ми... – бұл ән емес пе... қалай-қалай айтады, маладес, балалар! Б а л ш е к е р (Қанатқа). Ертеден қара кешке сел теңдеп, сарнай бергенше, сабақтарыңа дайындалмайсың дар ма? Титімдей бір сана болсайшы, биыл мектеп бітіретін дерің бар ма ойларыңда? Қ а н а т. Мама, сабаққа дайындалғанбыз, енді бір мезгіл басымызды тынықтырайық та... Б а л ш е к е р . Қазір әкең келеді әбетке, астарыңды ішің дер де мектептеріңе тайыңдар. Андағы сорайған темірлеріңді ана жаққа апарыңдар. Қ а н а т. Құп болады! Балалар, қыздар гитараларын алып ауыз жаққа кетеді. Б а л ш е к е р (үстел жасап жүріп). Қалай деуші еді... «ас ішіп, аяқ босататындар» деуші ме еді? Бастарыңда шай нам ақылдары болса, бұйырмасын! Б а т т а л. Өздері тіпті жеті жұрттың тілін біле ме, немене. Өнерлі ғой, өнерлі ғой бүгінгі заманның жастары. Б а л ш е к е р . Өнерлері бар болсын. Құр сайраған тіл, алған білім не керек орнына жұмсай алмаған соң. Есіл-дерті сән, әлем-жәлем киім! Құр сорайған бой демесең, ой жоқ. Баяғыда біз қаршадайымыздан... Б а т т а л . Е, ол кездің жөні бір бөлек. Қазір, немене, балалар не ішейін, не киейін демейді. Б а л ш е к е р . Сол ғой, сол ғой бұлардың тойтаң дайтыны. Әбден ойларына келгендерін істейді. Шаш қойыс-
тарын көрдіңіз ғой, бәрі әншейін Менделеев! Қыздар мен ұлдар бір-бірімен алмастырып алған сияқты. Б а т т а л. Барлық не істетпейді. Соғыс жылдары сендер ғой, сән қумақ түгілі, колхоз шаруасында салпақтап жүріп, жұлықтарыңнан шұлғауларың көрініп тұрмаушы ма еді? Кисін, жесін заманның түзуінде. Немене, қызғанамысың олардан. Б а л ш е к е р . Қызғанған емес-ау, кисін, жесін. Бірақ өмір бойы осыларды біреу тегін киіндіріп, ішіндіріп тұрса жақсы ғой. Өздеріне салсаң... ай, түк шықпайды-ау, түк... Сырттан Қасым кіреді. Қ а с ы м (Батталға көз қиығын ғана тастап). Әлі кетпегенсің бе, Батеке, орталықтан шықпайтын болыпсың ғой кейінгі кезде. Сен мұнда, малды кім бағып жүр? Б а т т а л. Қойларды далаға шашып кеттім. Өздері бірінбірі бағып жүреді. Бүгін бір, ай-й, терлеп-тепшіп моншаға рақаттанып түстім-ау!.. Ертең шашымды алдырамын, арғы күні мұртымды бастырамын... Содан соң үш-төрт күн докторға қаранамын... Айтқандай аптекте де біраз шаруам бар екен-ау... Қ а с ы м (үстел қасында газет оқып отыр). Балшекер, асыңды тездетші, жиналыс бар. Тездет... Б а т т а л. Кеше собеске бардым, бүгін тағы барамын. Шаруашылық басқармасында да жұмысым бар еді... Айтқандай, быткомбинатта екі-үш күн аялдайтын шы ғармын. Барлық жерде өшірет. Шүмегі түскен пұшық самауырды бергелі не заман... Әлгі завсклад Балташқа да баруым керек
еді. Шай жоқ. Ол да мұрнын көтеріп... Бәріне қой керек. Былтыр Алматыға сессияға барғанда бір қап шай әкеліп едім, ол да бітіп қалды... Қ а с ы м (жақтырмай). Балшекер, болсаңшы енді. Б а т т а л. Әй, председатель, мен сенімен сөйлесіп отырмын. Қашанғы бетіңді газетпен бүркей бересің. Қ а с ы м (газетін алмай). Құлағым сенде, Батеке. Талай естіп жүрген сөз ғой. Б а т т а л. Әлі де естисің. (Орнынан тұрып Қа сым ның газетін жұлып алады.) Қ а с ы м. Өй, Батеке, бала боп кеттіңіз бе, мұның не? Б а т т а л. Бала емеспін. Шалмын, баяғы бригадиріңмін. Алдыма талай томпаңдатып, жұмысқа салушы едім, ұмыттың ба? Қ а с ы м. Ол... ол балалық шақ... соғыс кезі. Б а т т а л. Енді председателмін деп отырған шығарсың. Қ а с ы м. Болсақ... Жазықтымыз ба? Б а т т а л. Сен исполком председателі болсаң, мен депутатпын. Жоғарғы Кеңестің депутатымын. Қ а с ы м. Онда кеңсе бар емес пе сөйлесетін. Б а т т а л. Кеңсеге жұрттың шаруасымен барамын, ал қазір өз шаруам, өз қарақан басымның шаруасы, понял! Қ а с ы м. Өз шаруаңды да талай естідік қой, Бәке. Бәрі де уақытымен. Жағдай жылма-жыл түзеліп келеді. Болады, бәрі де болады. Шайға кел... Үстелге жақын отыр. Б а т т а л. Отырмаймын!.. Бұл жолғы келуім – пенсияға шығамын. Қ а с ы м. Пен-сия-ға-а! Алпысқа келіп қалдыңыз ба, шал? Б а т т а л. Келмегенде, сайтан дедің бе? Қуатит, алпысқа
дейін істедім... Собес қағаздарымды түгел реттеген, соған тездетіп қол қой, исполкомның решениесі керек дейді... Бұл кезде Балшекер үстелге ас қойған. Б а л ш е к е р . Қанат, Досқан, Андрей, Руслан, асқа ке ліңдер. Самауырды ала келші біреуің. Қыздар неғып кетіп қалды?.. Біреуі самауыр көтеріп келіп, балалар үстелге жайғасады. Қ а н а т. Ата, ата, шопан ата, бір қызық әңгіме айтып беріңізші. Б а л ш е к е р . Қайдағы әңгіме, тамақтарыңды ішің дер де, мектептеріңе кетіңдер. Б а т т а л. Қайбір әңгіме айтатын күй бар дейсің, қарағым. Қ а н а т. Ата, айтыңызшы! Д о с қ а н. Ататай, айтыңызшы! Б а т т а л (кесеге құйған шайын алдына қойып). Биыл... күзде ғой деймін. Көзге түртсе көргісіз тастай қараңғы түн болатын. Бір отар қой жусап жатыр. Кешке дейін шелектеп құйған қара жауын түнде басылған. Үстім малмандай су. Киімімді түгел шешіп, кептіріп алайын деп, отты маздатып қойып, тыр жалаңаш отырғам... Көзім ілініп кетіпті. Сонда да үйреншікті әдетпен «ғыр-р-р (қорылдайды) айт, ғыр-р, айт!» деп ұйқтап отырғамын. Біреу, мына шыны көз жақтағы иығымнан ақырын түртеді... тағы да түртеді. Д о с қ а н. Әлі түн ғой? Б а т т а л. Әрине... Содан, ұйқымды қимай ыңыранып едім, иығымнан жұлқып-жұлқып қалды. Қолы мұндай тастай болар ма?.. Содан... сау көзімді ашып, бұрылы-ы-п қарасам, өзі екен.
Б ә р і. Кім? – Кім? Б а т т а л. Кім дейсіңдер? А н д р е й. Зоотехник шығар. Д о с қ а н. Ветврач шығар. Б а т т а л. Е-ей, олар түн ұйқысын төрт бөліп отарға келуші ме еді. Қ а н а т. Таптым, таптым, отар аралап жүрген папам шығар? Б а т т а л. Сенің папаң қой фермаға түнде түгіл, күндіз, жылына бір соқса да спасиба! Қ а с ы м. Мені қоспасаң, әңгімең жараспайды-ау! Қ а н а т. Ал кім екен? Кім, айтыңызшы? Д ос қ а н. Иә, кім? Б а т т а л. Қасқыр. Б ә р і. Қасқыр! – Қасқыр! – Кәдімгі қасқыр? Б а т т а л. Иә, кәдімгі дала қасқыры. «Өй, иттің ғана баласы, тойс, қасқырдың баласы, зәрімді алып...» – деп ата тұрып ем, «Тс-с-с, дауыстама», – дейді. «Немене, дауыстаса жүрегіңнің қабы жарыла ма?» – «Жо-оқ, ана жақта иттерің ұйқтап жатыр, оянып кетеді», – дейді... Содан отқа алақанын жайып, тойс табанын жайып жайғасып отырды. Жыным ұстап: «Әй, немене сен отқа қақтануға келіп пе ең?» – десем, «Осы сен пенсияға қашан шығасың?» – дейді. «Немене, мен пенсияға шыққанда, қойды Пушкин баға ма?» – «Ана табақтай-табақтай дипломдары бар зоотехник, веттехнигің бағар. Әйтпесе, біз бағармыз», – дейді ит неме! «Әй, менің қамымды ойламай-ақ қой, дөңгелетіп отырғаның
не, өзіңе не керек?» – деп ем, өзімді кекете жөнелді. «Өзің алжиын дегенбісің, қартайған сайын сараң боп барасың, сені бала кезімнен, тойс, бөлтірік кезімнен білемін, көз көрген адам еді деп осы күнге дейін қой бермейсің, сараңсың-ау, сараңсың! Ана жылы, «тұра тұр, жетпей жатыр, биыл жүз қойдан жүз жиырма қозы аламын», – деп, одан соң «140 аламын» деп, тағы да «150» деп тарыла бересің, тарыла бересің. Соларды өлгенде бірге ала кететін шығарсың. Енді қой басын елу миллионға жеткізем деп тыраштанып жатырсың. Сен миллионға қашан жеткізеді деп, біз ет жемеуіміз керек пе? Жеткізерсің жаман қатты, аяғыңды зорға алып жүріп, сенің миллион неңді алған!» – деп, қарқылдап тұрып күлмесі бар ма? А-ай, зығырым қайнап, қасымда жатқан таяғымды ала салып «Өй атаңа нәлет!» – деп тұра ұмтылдым. Д о с қ а н. Қақ бастан пермейсіз бе? Б а т т а л. Ой, ол ит жеткізуші ме еді, ілбиіп алып сөлеңдей жөнелді. Артына қарап: «Қап, бәлем, қозыларыңды қынадай қырмасам бар ғой», – деп кетті және. А н д р е й. Ол айтқанын істеді ме? Б а т т а л. Оған жіберем бе... Киімдерімді тік көтере алып кетті, жалаңбұт қалсам да қойды берермін бе? Қ а н а т (күліп). Немене, мүлдем жалаңаш қалдыңыз ба? Д о с қ а н. Ұят болған екен. Б а т т а л. Е-е, шырағым-ай, ұят болғанда, далада жүрген жалаңбұт қойшыны кім көрер дейсің!.. Б а л ш е к е р (сағатына қарап). Ал барыңдар енді мек тептеріңе. Өтірік әңгімеге сон-он-дай жандарың құмар-ау! Балалар орнынан тұрады.
Қ а н а т. Ал болдық... Мама, сен бүгін жүремісің Алматыға? Қ а с ы м. Қайдағы Алматы тағы да? Б а л ш е к е р . Иә, күнім! Қ а н а т. Мама, мына Андрейге бір джинси, екі туфли на платформе, бір гитара – электрический... сосын... сосын... бір тень... қабақтың үстіне жағатын... Б а л ш е к е р . Оны қай қабағыңа жағасың? Қ а н а т. Жағатын қабақтар табылады. Б а л ш е к е р . Осы күнгі қыздарда ес болсайшы, күйеуінен таяқ жеген әйелдей, көздерінің астын көкпеңбек қылып... Қ а н а т. Егер осы жолы әкелмесең бар ғой... Б а л ш е к е р . Иә, әкелмесем... Қ а н а т. Онда институтқа түспеймін. Б а л ш е к е р . Мен үшін оқитын шығарсың... Қ а н а т. Сен үшін, мама, сен үшін! (Кетіп бара жатып.) Мама, ұмытпа! Балалар кетеді. Б а л ш е к е р . Қарашы айтып бара жатқанын. Әбден кекірелеген осы күнгі балалар. Б а т т а л. Балшекер, жол болсын, Алматыға жүремісің? Б а л ш е к е р . Иә, биыл Алматыға үш рет, Мәскеуіңізге екі рет бармадым ба?! (Қасымға.) Әлгі юридическийге биыл да конкурс қатты болады дейді. Медицинскийге ер балаларды көбірек алатын көрінеді. Бірақ біреудің ауруын қарау... Педагогическийді онша ұнатпаймын. Б а т т а л . Ұнатпаймын? Б а л ш е к е р . Қыздардың жұмысы ғой. Және бүгінгі мұғалімде баяғыдай бедел қалды ма?
Қ а с ы м. Балшекер, қойсаңшы енді, бардың ғой талай рет. Оқуға өзің түсетіндей... Қанат медальмен бітірсе, өзі де түспей ме? Б а л ш е к е р . Қайдағы түскен! Ол соны ойлап жүр деймісің. Қ а с ы м. Ендеше, қашан ата сақалы аузына біткенше мойныңа мінгізіп жүр... Б а л ш е к е р (Батталға). Айтып отырған сөзін қара! Қаланың балалары қашан сақалы беліне түскенше атаанасының мойнынан түспейді. Астанадағы мықтылардың балалары мектепті бітірер-бітірместе институтын алдынан даярлап қояды. Институттан шығар-шықпастан, аспирантурасын, үйленер-үйленбестен пәтерін... Тіпті келіндеріне дейін дайындап қояды... Қ а с ы м. Иә, бәрі солай деген. Бірен-саран болса болатын шығар, сол үшін жұрттың бәрін... Б а л ш е к е р . Қалаға көп қатынап жүрген мен білем бе, сен білемісің? Қ а с ы м. Біздің бала өз күнін өзі көреді... Б а л ш е к е р . Ал сенің шыққан шығының не соған? Бала үшін бір жыл қызметтен шықсам, мен шықтым. Биыл Қанатымды оқуға түсірмедім бар ғой. Осы үйде тұрмаймын, кетемін қаңғырып... Қасым орнынан тұрып, есікке беттейді. Қ а с ы м (күліп). Сонда бала оқуға түспеді деп мен әйелсіз қалмақпын ба? Б а л ш е к е р . Мейлің. Өзіңе лайық біреуді тауып аларсың. Б а т т а л. Қасым, бір минут мойын бұра кетші. Әлгіні
тезірек шешіңдер. Сонсоң, менің құрдасыма айта баршы, сенің орынбасарыңды айтамын. Соның жеті көзі бар екен... Б а л ш е к е р . Сақтай гөр, жеті көзі несі? Б а т т а л. Ол да мендей соғыста бір көзін беріп келген мүгедек (Қасымға.) Соның жеті запас шыны көзі бар екен. Біреуін қарызға бере тұрсыншы. Жыл он екі ай болды аптекке заказ бергеніме. Проклятый Гитлерге берген көзді аптектен сұрап, қашанғы қылқылдай берерсің. Б а л ш е к е р. Әй, Қасым, барысыңмен машинаңды жібер, вокзалға шығарып салсын. Алматыға звондай сал, мен келе жатыр деп. Екінші көрініс Спорт залы. Қаз-қатар тізіліп жаттығу киімін киген қыздар, ер балалар отыр. Екі кілем (мат) үстінде қатарымен күрестен жаттығу жүріп жатыр. Жаттығу жүргізуші Талап Бақытжанович... Мизансценада директор Гүлсім өтіп бара жатады, соңынан Кәрібай қуып жетеді. К ә р і б а й. Гүлсім Махмұтовна!.. Айтпады демеңіз, алдыңыздан өттім. Ендігі жерде дирекция тарапынан реніш жоқ шығар. Г ү л с і м. Кәрібай Асқарович, сіз осыншама неге байбалам саласыз? Бір айттыңыз, жетеді. Тексереміз. Кабинетке шақырып сөйлесермін. К ә р і б а й. Жоқ, мұны кейінге қалдыруға болмайды. Бұл бала әдейі жасап жүр. Ізін суыта алмаймын... Г ү л с і м. Кәрібай Асқарович, ойланып айтсаңызшы! К ә р і б а й. Бұл арада ойланатын түк те жоқ. Істің логикасы солай.
Г ү л с і м. Мұның түбі – жала, ал төркіні – ескі көзқарас, қажетсіз күдік екенін білемісіз? К ә р і б а й. Егер тоқсан аяғы тақап қалғанда менің жетекшілігімдегі бұрын үздік кластың оқушылары түгелдей төмен баға алса, оны жасап отырған Бақытжанов болса, мұның түбінде не жатпақ? Г ү л с і м. Әрине, оқушылардың бұлайша күрт құлауы таң қаларлық. Әйтсе де байыптылық керек. К ә р і б а й. Жоқ, сіз байыпты болсаңыз болыңыз. Он жылдай көз алдымда өскен балалардың тағдырына немқұрайды қарай алмаймын. Г ү л с і м. Кәрібай Асқарович, асығыстықтың орны жоқ, ұғынысайық. Мүмкін, оның да дәлелі бар шығар. К ә р і б а й. Онда мен кеттім. Өздеріңіз ұғынысарсыздар. Г ү л с і м. Жоқ , кетпейсіз. Сынып жетекшісісіз. Және де бұрынғы әдебиет пәнінің оқытушысы да сіз. К ә р і б а й. Иә!.. Бар түйін осында жатыр... Гүлсім Махмұтовна, сіз көремісіз, осы бала әдебиетші ме, палуан ба, шахматшы ма. Өзі бар үйірмені қолына алыпты. Тіпті қыз балаларға дейін күрес үйретеді, самбо, дзюдо дей ме? Не деген әмбебап! Г ү л с і м . Оқушыларды бәріне де үйреткен жөн. Мұнысы өте Құптарлық нәрсе! Біздің мектеп – осындай мұғалімдерге зәру емес пе еді? К ә р і б а й. Мұның астарында басқа мән бар. Бұрын еш нәрсеге таласпайтын ұжым ішінде ірікті салу болмасын түбі. Г ү л с і м. Сіз де жоқ нәрсеге түйткелденеді екенсіз. К ә р і б а й. Сіздіңше, балаларға жаны ашып жүр деймісіз? Ақшақұмарлау ма деймін жап-жас басынан. Үйірмелерге бөлінетін ақшаның бәрін өзі алмақ. Ал сіз...
Г ү л с і м. Бұрын, талай жыл бойы ештеме өткізбей-ақ сіз де алып едіңіз ғой!.. (Бұрылып) Талап Бақытжанович, уақытыңызды бөлсеңіз... Т а л а п (оқушыларға). Енді сабақ басталар алдында жуынып, демалыңдар. Маттарды жинап қойыңдар. (Директорға келеді.) Ғапу етіңіздер, жуынып-шайынып келсем... Г ү л с і м. Талап Бақытжанович, ештеме етпейді, сізбен біраз ғана әңгімеміз бар еді. Кәрібай Асаровичтің оныншы сыныптың жетекшісі екенін білесіз ғой. Т а л а п. Білемін... Бұрын әдебиет пәнінен оқытушы бол ғанын да білемін. К ә р і б а й. Міне, өзің де жақсы біледі екенсің. Бәрі де енді түсінікті. Оныншы сынып оқушыларына шығармадан түгелдей төмен баға қойғаныңыз әдейі жасалған... Г ү л с і м. Кәрібай Асарович! Т а л а п. Кәрібай Асарович, әдейі жасалған деген сөзіңіз артықтау болар. Және сіз маған осы неге шүкшии бересіз?.. К ә р і б а й. Егер артықтау болса, ғапу етіңіз, балақай, ал мен шығарма жаздырғанда бәрі де төрт пен бес алатын еді... Т а л а п. Өкінішті... К ә р і б а й. Өкі-ніш-ті. Балақай, қалай ірі сөйлейсің, сен бітірген жоғарғы оқу орнын біз де бітіргенбіз. Айыр ма шылығы менің 25 жыл стажым бар да, сенің... (Кекесін күлкі.) Т а л а п. Сіздің тым ерте бітіргеніңіз көрініп тұр. К ә р і б а й. Сонда немене, мен бітірген кездегі ұстаздар теріс білім берген бе?.. Т а л а п. Жоқ, ол ұстаздарыңыз кінәлі емес, тегі, өзіңізде кінә болуы ықтимал... К ә р і б а й. Ме-е-ен-де?
Т а л а п. Жиырма бес жыл бұрын алған біліміңіз бүгінгі өмірмен сабақтаспай жатыр. К ә р і б а й. Сен немене, сонау астанадан осы мектепке аттестация жүргізуге келіп пе едің? Т а л а п. Сізге аттестация жүргізетін инспектор емеспін, ал кейбір олқылықтардың орнын толтыру азаматтық та, педагогтік те міндетім. К ә р і б а й. Орнын? Екілікпен толтыру?.. Т а л а п. Мен оны жаным ашығандықтан істедім. К ә р і б а й. Маған жаның ашымай-ақ қойсын! Т а л а п. Жоқ, сізге емес, оқушыларға жаным ашыды. К ә р і б а й . Мен бәрінің де дәптерін алын қарадым. Грамматикалық та, орфографиялық та, тіпті стилистикалық қателері де аз. Ал сен. Г ү л с і м. Сіз деңізші, ала-құла сөйлемей. К ә р і б а й . Жарайды, сіз, жаңа бітірген білімді жігіт, шығармаға Маяковскийдің «Кім болам?» атты өлеңін тақырып етіп алыпсыз. Жаңалығыңыз осы ма? Оны балалар жетінші сыныпта-ақ жазып тастаған. Оныншы сынып оқушылары үшін тіпті күлкілі. Т а л а п. Маяковскийдің «Кім боламы» еш уақытта ескірмейді. Мәселе бүгінгі таңдағы өзгерген өмірдің талаптарына сай жаңаша ұғуда. К ә р і б а й. Онда оқушылардың шығармасының мазмұны ұнамаған ғой. Т а л а п. Дұрыс айтасыз. К ә р і б а й (кекесін). Сонда қалай, Зоя Космодемьянская дай, Матросовтай, Мәншүк Мәметовадай, Нүркен Әбді ров тей жерін сүйем деген патриоттық, отаншылдық идеялары ұнамады ма?
Т а л а п. Тура сіздің сөзіңіздей жаттанды сөздер. Алдындағы мақсаттарын түсінбейтін әсіре қызыл сөздер. Хрес томатиялық дайын ұғым. Балаларды терең сезімге бау лымай, шаблонға дағдыландыруды қашан қоямыз. К ә р і б а й. Жоқ. Сізбен педсоветте, ұжым алдында сөйлеспесек, қазір мезгілсіз қияли болып кету қиын емес. Т а л а п. Менімше, бұл тақырыпты арнайы диспут етіп, оқушылармен әңгіме түрінде өткізгеніміз пайдалы шығар. Биыл оқу бітірген оқушылардың болашақта кім бо латындарын, мақсаттарын біліп, ой салғанымыз дұрыс шығар! Г ү л с і м. Иә, бұл сөзде де жан бар. К ә р і б а й. Бәрі екі алған соң диспуттың қажеті қанша? Т а л а п. Сіз қорықпаңыз, бағаларды журналға түсірмеймін. К ә р і б а й. Сонда бұл методиканың қай түріне жатады? Т а л а п. Методика қатып қалған тас емес. К ә р і б а й. Сіздің методикаңыз, сонда, қалай илесеңіз солай көне беретін саз балшық па? Т а л а п. Әр жағдайға қарай әсер ету, құлық қойғызу деген болады. К ә р і б а й. 25 жыл мұғалім болып, мұндай бейбастықты көргенім жоқ. Не деген сұмдық! (Ашумен кетеді.) Г ү л с і м. Талап Бақытжанонич, сіз бұл мәселені тым ушық тырмаңыз. Жас мұғалімсіз. Ұжым алдында ұятқа қалмаңыз. Т а л а п. Мен өз пәніме, өз педагогтік жолыма өзім жауап бере аламын. (Кете барады.) Г ү л с і м. Сіз қазір менің кабинетіме келіңізші. Т а л а п. Сабақ басталуға аз-ақ уақыт қалды. Үлгермеймін ғой. Г ү л с і м. Сонда да. Сәл кешігіп барарсыз, ештеме етпес.
Үшінші көрініс Сынып іші. Оныншы сынып оқушыларына Кәрібай Асарович дәптерлерін таратып беріп жүр. К ә р і б а й. Жараған екенсіңдер, балалар, бәріңе де жаңа мұғалім бір-бір екіні қонжитқан екен. Қ а р а с. Менің екі алғаным ештеме емес-ау. Мына болашақ журналист Русланның екі алғаны жаныма батып отыр. А н д р е й. Маған да бәрібір, филология факультетіне түсіп жатқам жоқ. Қ а н а т. Дегенмен жаппай төмен баға алу ұят екен өзі. К ү л ә ш. Осы, сіз сабақ бергенде мұндай шығармаларға бес, кемі төрт ала беретініміз қайда? К ә р і б а й. Жаңа мұғалімнің өзінше бір жаңалығы шығар. Әлі де тексереміз. Бұлай болмайтын шығар. Л и д а. Кәрібай Асарович, менің шығармамды тексерте көрмеңізші. К ә р і б а й. Е, неге? Сен жаман жазбапсың. Сенің кінәң қандай? Екі-үш-ақ қатең бар, грамматикалық. Л и д а. Мен былтыр, сіздің мұғалім кезіңізде еркін тақырыпқа жазған шығармамды сол қалпында көшіріп бере салып едім. Сезіп қалған-ау деймін. Р у с л а н. Оны қайдан сезсін. Бізді бір қорқытып алғысы келген ғой. Д о с қ а н . Оған несіне қорқамыз. А н д р е й. Бәрібір биыл бітіреміз, мейлі қорқытсын, мейлі қорқытпасын. К ә р і б а й. Балалар, мәселе қорқыту, қорқытпауды емес, мәселе... басқада... К ү л ә ш. Басқада болса, айтсын жасырмай. Не ол? Біздің жазығымыз не?
Қ а р а с. Егер бұлай болса берсе, ол мұғалімнің алдынан оқымаймыз. Л и д а. Өзіміздің Кәрібай Асаровичімізді директорымыздан сұраймыз. К ә р і б а й . Мен енді...сендер үшін қайта келермін-ау, бірақ... Сыныпқа Талап кіреді... балалардың бірі тұрып, бірі тұрмайды. Талап қашан бәрі тұрғанша үнсіз күтеді. Т а л а п. Отырыңдар, балалар. Дирекцияда сәл кешігіп қалдым. Кезекші, кімнің жоқ екенін, себебін жазып бересің... Бүгінгі сабақ – өткендегі шығарманы талдау. Ә, сіз де осында ма едіңіз... К ә р і б а й. Сынып жетекшісіне сабағыңызға қатысуға болатын шығар. Т а л а п. Қатысыңыз... мейліңіз. Тәнзила, тақтаға шық. Шығарма тақырыбын және жоспарын жаз. (Тәнзила жаза бастайды.) « Кім болам? Жоспар: 1. Маяковский шығармасының өміршеңдігі. 2. Ерлік, батырлық сипаттары. 3. Азаматтық белгі, оның көріністері. 4. Кім болам? Т а л а п. Оқушылар, шығарма тақырыбын түсінгенмен, шын ниеттеріңмен толғанып, ойланбай, ат үсті жазғансыңдар. Сондықтан да сендердің, ертең онжылдықты бітіріп өмірге жолдама алатын кәмелетке толған адамдардың болашақта кім болғысы келетін ойы, жалпы көмескі қалған. Терең талдау жоқ. Ең қынжыларлығы – Ұрандаған бос сөздер. Ал ең ұяты – көпшілігін оқулықтағы кейбір абзацтарды сөзбе-сөз көшіргенсіңдер... Қ а р а с . Біз енді одан артық жаза алмаймыз. Жазушы емеспіз.
Ғ а з и з а. Кітаптан алмағанда, көктен аламыз ба? Т а л а п. Оқушылар, сендер, бәрің де, ертең оқу бітірген соң ерліктің, батырлықтың жолын қуғыларың келеді. Еліміздің азаматы боламыз депсіңдер. Қ а р а с. Сол қате ме? Т а л а п. Жоқ, дұрыс. Бірақ ерлік деген не? Тап басып, дәл айтқан бірің жоқ. Жалпылама сөз. Л и д а. Мен оны жаздым ғой. Зоя Космодемьянскаяның ерлігін жаздым. Д о с қ а н. Мен Нүркен Әбдіровтың. А н д р е й. Мен Матросовтың. Т ә н з и л а. Мен Мәншүк Мәметованың. Т а л а п. Жарайды, балалар. Мұның бәрі соғыс жылдарындағы ерліктер. Ал тап осы кезде, бейбітшілік уақыттағы, яғни жалпы батырлық пен азаматтық деген сөздердің мәні мен мағынасы неде? Екеуінің арақатынасы қандай? Болашақтағы мақсаттарың не? Қ а р а с. Мұғалім, біз өзі шынын айтқанда, әлі қай оқуға түсіп, кім болатынымызды да білмейміз. Д о с қ а н. Мысалы, мына Қанаттың қай оқуға түсетінін өзі білмейді, мамасы біледі. Қ а р а с. Сондықтан да ерлік, батырлық дегендер қазір жұрттың қолындағы бір зат сияқты түсініксіз... Т а л а п. Жарайды онда, Лида, сенің мысалыңнан бастайық. Сен Зоя Космодемьянскаяның ерлігін жазыпсың. Оның ерлігі неде? Тәнзила, орныңа барып отыр. Л и д а. Оның ерлігі? Белгілі емес пе? Оны бастауыш сыныптың баласы да біледі. Және мен шығармамда жаздым. Т а л а п. Тағы да қысқаша қайталап айт. Л и д а. Айтсақ айтайық: оның фрицтерден қорықпай,
олардың қару-жарақ қоймаларына от қойып, қолға түскен де жауап бермей, қаншама қинаса да берілмеуі ерлік! Ол аз ба? К ү л ә ш. Сол үшін де батыр атағын алды. Р у с л а н. Әлде батыр атағын бермеу керек пе еді? Т а л а п. Бұл жерде сұрақ оның ерлігі мен азаматтығының белгілерінде болып тұр. Ал енді азаматтығы неде? Л и д а. Азаматтығы, оның... енді... ерлігінде. Азаматтығы да сол фашистерге берілмеуінде емес пе? Т ә н з и л а. Азаматтық болмаса, ерлік те болмас еді. Т а л а п. Иә, Тәнзила, орныңнан тұр. Дұрыс айтып отырсың. Зоя Космодемьянскаяның, не өзің жазған Мәншүк Мәметованың азаматтық белгісі неден көрінеді? Т ә н з и л а. Азаматтығы?.. Азаматтығы... енді оның батырлығы емес пе? Т а л а п. Досқан, сен айтшы? Д о с қ а н. Мен айтсам... Ерлік деген, бүгінгі күні, бесжылдық жоспарларды күн ілгері бітіріп, жүннен, сүттен, жұмыртқадан мол өнім беру. Шойыннан болат балқытып, қозыдан қошқар шығару. Ал, оқуға түсудегі батырлық – бір орынға таласқан он баланы түгел қирата жығып, құлатып, жалғыз өзін институтқа түсіп кету. Азаматтық туралы шығармада жазғамын. Ол да бір жаттанды болған сөз ғой. Т а л а п. Досқан, сен шығарма жоспарындағы ( тақтаға қарап) азаматгық деген не деген сұраққа бір-ақ сөзбен жауап беріпсің. Д о с қ а н. Қате ме? Өзіме дұрыс: «Азаматтық деген – өз мүддеңнен қоғам мүддесін артық санау». Т а л а п. Өте дұрыс. Бұл – біздің еліміздегі ұлы қағида! Енді осыған талдау жасайықшы. А н д р е й. Оған талдау жасамай-ақ белгілі емес пе?
Т а л а п. Шығарма мақсаты – осы сөзді мысалдар арқылы талдау. Осы ауданда болған мынадай бір мысал айтайын. Өзенде мұз жаңа қатқан кез. Бір бала өзен үстімен өтемін деп келе жатқанда мұз ойылып кетіп, шыға алмай, жанталасып жатады. Мұны көрген екінші бір адам құтқаруға түскенде екеуі де суға кетеді. Жұрт бұл оқиғаға қатты қайғырды. Әлгі адамды азамат деп осы күнге дейін аузынан тастамайды. Неге? К ү л ә ш. Егер аман алып шықса-шы? Т а л а п. Онда да азамат екен дейді. Қ а р а с. Ал егер баланы құтқаруға түспесе? Мүмкін... тығыз шаруасы бар шығар. Ғ а з и з а. Мүмкін ол суда жүзе білмейтін шығар. Қ а н а т. Онда ол өз қара басын, өз амандығын ғана ойлайтын қорқақ адам. Т а л а п . Ендеше, қандай қиындықта өз басын ғана құт қарған адамды, не өз мүддесін ғана қорғаған адамды азамат екен деп ешкім мадақтап, елге жарияламайды. Қ а р а с. Мысалы? Т а л а п. Мысалы, бала емес, жаңағы адамның өзі жалғыз келе жатып, мұз ойылып кетіп суға кетсе, не жалдап шықса, ол адамды жұрт «азамат екен, судан аман шықты» немесе «азамат екен суға кетті» деп мадақтай ма? Р у с л а н. Расында да, қайғылы қазаға ұшырады деп газетке қазанама береді де қояды. Мүмкін, одан бұрынғы азаматтық, ерлік істері болса, жазар. Қ а н а т. Ендеше, Зоя Космодемьянская мен Мәншүк Мәметованың азаматтығы да ерлігінде емес пе? Т а л а п. Егер олар ондай ерлік жасай алмай, ертерек оққа ұшса, батырлық атақ алар ма еді?
Л и д а. Жоқ. Т а л а п. Бірақ азаматтық аты қалар ма еді? К ү л ә ш. Әрине. Ғ а з и з а (орнынан тұрып). Талап Бақытжанович, мен ай тайыншы. Менімше, Зоя Космодемьянскаяныңда, Мәншүк Мәметованың да азаматтықтары – ең алдымен, олардың соғысқа өздерінің тіленіп баруында. Олардың ерлікке деген алғашқы қадамы да осы азаматтықтарынан басталған... Т а л а п. Иә, иә... Ғ а з и з а. Егер олар соғысқа сұранып бармай, эвакуациямен басқа қалаларға бас сауғалап кетсе де, ешкім сөкпес еді. Ерлік те жасамас еді. Бірақ олар өздерінің жастығына, тіпті қыз бала екендіктеріне қарамастан, халық басына күн туғанда, өздерінің болашақ өмірін, болашақ жастық өмірін қиып, яғни оны ойламай, Отанның тағдырын өз тағдырынан биік қойды... Т а л а п. Яғни? Ғ а з и з а. Яғни, өз мүддесінен халық мүддесін биік қойды. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу жолында өздерінің, тіпті қара бастарының арманын құрбан етті. Т а л а п . Міне, дұрыс. Отыр, Ғазиза! Ал бейбітшілік уақыттағы осындай азаматтық борышын өтеу туралы қандай мысал келтірер едіңдер. Д о с қ а н. Мысал көп қой. Т а л а п. Қане, қандай мысалдар? А н д р е й. Мысалы, елімізде сонау отызыншы жылдарда гидростанциялар құру, ауыр өнеркәсіпті көтеруде, бертін КамАЗға, БАМ-ға барған, тыңға келген жастар да Отанымыздың шын азаматтары. Қ а р а с. Е-е, олардың өз мүдделерінен қоғам мүддесін
артық қойғанын немен дәлелдейсің? Соғыста еңбекақы алмайды, ал бұлар еңбекақы алады, ол мүдде емес пе? Д о с қ а н. Егер олар да, сен сияқты, әуелі оқуға барамын деп, немесе, алыстағы үй-жайы жоқ жерге бармай-ақ, жылы үйінде жүріп қана жұмыс істеймін десе, әрине, онда еңбекақы алады, өз мүддесін ғана ойлаған болар еді. Р у с л а н. Онда, көпшілік қолымен жасалатын құрылыстар, жаңа объектілер дер кезінде игерілмес те еді. Қ а р а с. Талап Бақытжанович, менімше, өз қара басын ойламайтын адам кемде-кем. Әйтпесе, қараңызшы, осы ауданда жылда өз үйін жөндемейтін бірде-бір адам жоқ. Ал мектеп екі жылда бір жөнделмейді. Осыған неге көмектеспейді, егер қоғамшыл болса жұрт. Т а л а п. Қазіргі мектептің жөні басқа. Қазір құрылысқа, жөндеуге бөлінетін арнаулы қаражат бар. Бір кезде, рас, мұндай қаражат та тапшы болған. Мысалы, Айтматовтың «Алғашқы оқытушы» повесіндегі Бейсенді алыңдар. Қане, қайсың айтып бересің, сол Бейсеннің бойындағы азаматтық қасиеттерді? Қарас, ойға дұрыс салдың. Оқушылар қол көтеріседі. Т а л а п. Сен айтшы, Салфельд. А н д р е й. Енді... Бейсеннің азаматтығы, өз басында үй болмаса да мектеп ашуы, білімі аз бола тұра, сол аз білімін елге таратуы. Егер, өз қара басын ойлап, білім қуып кетсе, өзінің көзі ашылар еді. Мүмкін, академик те болар еді. Ол көптің көзін ашты. Басқа академиктерге жол ашты. Кейін өз білім деңгейі мектепке жарамаған уақытта пошта тасушы болды. Ол да қоғамға қажетті орынға, яғни тапшы орынға пайдасын тигізді. Демек өз мүддесінен қоғам мүддесін биік қоя білді.
Т а л а п. Міне, тамаша! Бір сөзбен біздің қоғамның мықтылығы батыр адамдарының көптігінде емес, азаматтарының көптігінде. Солай ма? Л и д а. Сонда қалай, батыр болмау керек пе? Т а л а п. Батыр болу әркімнің қолынан келе бермейді. Ал азамат болу – борышың! Азаматтық жоқ жерде батырлық та жоқ. «Ақын болу – шарт емес, азамат болу – міндетің», – дейді Некрасов. Қ а р а с. Бұл ақындарға айтылған сөз емес пе? Бізге солай үйретіп еді ғой. Т а л а п. Бұл – жалпы адам баласына айтылған сөз. Ақындық, әншілік сияқты өнер – табиғи дарын. Кез келген адамның бойында бола бермейді. Сондықтан бар адамның ақын болуы шарт емес, ал өз қоғамыңның азаматы болуға міндеттісің. Адамдық қасиетің, еліңе тигізер пайдаң – батырлықпен, ақындықпен ғана өлшенбейді. Бұл парыз бәрімізге де ортақ. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», – дейді ұлы Абай. Ендігі шығарма тақырыбы осы болмақ. Сыртта қоңырау дыбысы ысылдаған боран үніне ұласады. ЕКІНШІ ПРОЛОГ Тас қараңғы түн. Ішін тарта ұлып, уілдей ысқырып соққан алай-түлей боран. Жылт-жылт еткен көп панар жарығы. Рацияның гуілдеген, шыңылдаған, шуылдаған, ауа толқынындағы үні. И в а н С е р г е е в и ч (ықтап, рациямен сөйлесіп отыр). Шамасы он километрдей жер жүрдік. Жүрісіміз өнбейді. Тауға қарай жақындаған сайын қар қалыңдап, «К-
700» жиі-жиі бата береді. Адамдар әлі тың. Екінші беттегілерден хабар жоқ. Прием, прием! МОНОЛОГТАР: Б а т т а л. Апырмай, бір белгі де болмағаны ма. Бәрі де жұбын жазбай бірге ықтап бара ма? Жатып қалған, не бөлінген бір саулық та кездеспейді. Б а л т а ш. Қайдан кездессін. Мүмкін, біз қар астында қалған балалар мен қойлардың үстімен келе жатқан шығармыз. Бәрі де зым-зия жоқ. Аспаннан саулап, жерде ұйтқыған мына қалың қар бәрін де көміп кеткен шығар. Қ а р а с. Табылса екен, табылса екен. Жалғыз қалдымау, жалғыз! Б а л ш е к е р . Күнім-ай, күнім-ай, қайдасың. Тоңдыңау, ботам! Ж е т е к ш і. Үсіп қалмасаң жарар еді, қызым! Г ү л с і м. Боран да ашылмай қойды. Таң да білінбейді. Қай жерде кетіп бара жатыр екенсіңдер? Т а л а п. Не деген толастамайтын боран. Көктемде де осынша үскірік соғады екен-ау. А п л а ш. Бұл кезде жылда екі-үш адам адасып өледі. Сонда да сақтығымыз шамалы. Мұндай боранды алдын ала болжау да, хабарлау да жоқ. Жемшөптің жетіспейтінін қадағалау қайда? Осының кесірі, ақырында, айдаладағы балаларға келіп тиді. В а с и л и й О т т о в и ч . Талай рет боранда қалып жүріп, тап мынадай боранды көргем жоқ. Тауға жақындасақ керек. «К-700» де малтыға береді. Трактор майы жетсе жарар еді.
Төртінші көрініс Аудандық атқару комитеті председателінің каби неті. Іште мектеп директоры Гүлсім Махмұтова, 10-сынып жетекшісі Кәрібай Асарович отыр. Председа тель Қасым бөлме ішін ерсілі-қарсылы кезіп жүр. Телефон дамылсыз шылдырлайды. Қасым телефон тұтқасын жұлқи көтеріп: «Қазір облыс орталығынан, райком хат шысынан болмаса, ешкімді қоспаңыз! Кейін өзім айтамын», – деп орнына қояды. Ішке Талап кірген. Т а л а п. Рұқсат па екен, саламатсыз ба? Қ а с ы м. Келіңіз, отырыңыз. Қаншама адамды күттірдіңіз ғой. Т а л а п. Жаңа бір... кешкі мектепке қосымша сабақ өткізіп... К ә р і б а й. Мен сізге айтпадым ба... Сіз де бір жоқ жерде пысықси қалады екенсіз... Қ а с ы м. Оқытушы жолдастар, мұнда сіздерді неге шақырғанымды өздеріңіз де сезіп отырған шығарсыздар! К ә р і б а й. Иә, аздап... Қ а с ы м. Ендеше, қысқарта сөйлейік, жолдастар. Облыстық газетке үндеу жазып жүрген кім? Биылғы онжылдықты бітірген оқушылардың бәрі де қостай ма? Және оған мұрындық болған кім? Т а л а п. Әуелі сізге бір сұрақ қоюға рұқсат па? Қ а с ы м. Иә, не сұрағыңыз бар? Т а л а п. Облыстық газетке үндеу жазуға болмай ма? Болса, сіздің рұқсатыңызсыз жарияланбай ма? Қ а с ы м. Түсінікті. Жазуға болады. Бірақ мұндай мәселе – аудан тарапынан тексерілетін үлкен мәселе. Ол – ойыншық емес...
Т а л а п. Ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлгеніме, үндеу – мектепте, комсомол ұйымында талқыланған, бір данасы атқару комитетіне жолданған. Бірақ хабар-ошар болмаған соң... Сіздердің рұқсатыңызды күтіп отыра алмадық. Қ а с ы м. Иә, қаралатын қағаздар өте көп, кейде қайсыбір қағаздардың ұзағырақ жатып қалатыны рас... Г ү л с і м. Үндеу жазған 10-сыныптың оқушылары. К ә р і б а й. Оған мұрындық болушы, оларды... былай үгіттеуші, жасыратыны жоқ, мына отырған жаңа келген жас оқытушы Бақытжанов жолдас. Т а л а п. Иә, ой салғаным рас! Бірақ тап осылай болыңдар деген үгіт те, зорлық та жоқ. Оқушылардың өз жүрек қалауы. К ә р і б а й. Менімше, жүрек қалауы дегеннен гөрі, әдеби тілмен айтқанда, жастыққа тән алып-ұшқан албырттық, балалық деген үйлесімдірек пе деймін. Т а л а п. Әдеби тілде «жастық жалын, жастық жігер» деген де сөз бар. Сіз өңкей жасықтау сөздерге үйірсіз, Кәрібай Асарович! Қ а с ы м. Әдеби тіл нормасын мектепте түсіндіре жатарсыздар. Әзірге қауіп мынада: оқушылардың үн деуін обком, облисполком біледі. Сондықтан да бізге, жер гілікті кеңес органына талқылауға, талдауға жіберіп отыр. Бір сөзбен, сіздер бізге аяқ астында жұмыс тауып беріп отырсыздар. Ертең облыстық газетке, одан соң республикалық газетке үндеу жарияланса, бүкіл халық біледі деген сөз. Ал одан соң, үндеу құрғақ үндеу боп қала бер се... Т а л а п. Сонда сіз оқушыларға сенбеймісіз? Қ а с ы м. Баланың аты бала, ертең әрқайсысы жан-
жаққа тартып, бытырап кетсе, оларға не істейсің? Олардың бұл қылығына кім жауап береді? К ә р і б а й. Тура осы сөзіңізді мен де айттым. Әуелі бір жыл барып көрсінші өздері. Тіпті бармайды да, ал бара қалса, бір көрген қиындыққа шыдамайды. Т а л а п. Мұндай сенімсіздікпен жүріп, он жыл алдыңызда оқыған оқушыларыңызды қалай тәрбиелегенсіз... Менім ше, үндеу жариялау – оқушыларға сенім артады, жауапкер ші лік жүктейді, бәрінен де елінің үлкен азаматтары мыз деген ұлы сезім туады. Қ а с ы м. Иә, әдеби тілмен майдалап айтқанда, солайы солай-ау! Т а л а п. Егер әдеби тілмен айтсақ, Отанымыздың ұлы ісіне деген үлкен үлес, партиямыздың шақыруына комсомолдық жауап! (Пауза.) К ә р і б а й. Комсомолдық жолдамамен тыңға келу, БАМ-ға бару, темір жолдар, каналдар салуға, қырға да, ойға да бару дегенді көзіміз көрді. Ал қойға бару дегенді... білмеймін... Бұл жастарды да, басқамызды да тектен-тек адастыру, ақыры ұятқа қалу. Г ү л с і м. Тыңға келу миллиардтарды көтерді. Ал бүгінгі қой шаруашылығындағы миллиондарды кім көтереді? Менімше, Кәрібай Асарович, педсоветте де сөз болды, біз өз оқушыларымызды әлі жете білмейді екенбіз. Қ а с ы м. Шынында да бұл дер кезінде көтерілген мәселе! Қойды кешенді түрде бағу мәселесі – бізде қолға алынып жатқан үлкен жұмыс. Кемінде екі-үш жылдың жұмысы. Разрабатывать деген бар. Ал, ертең балаларды қойға жібердік, оларға қандай мүмкіндіктер бар? Т а л а п. Иә, дұрыс айтасыз.
Қ а с ы м. Оны педсоветтің қаулысымен шеше алмай сың. Т а л а п. Міне, менімше, бұл – сіздердің мәселелеріңіз... Оларға жатақхана, кітапхана, асхана. К ә р і б а й. Иә, хана-хана, ханалар керек, тек ақыры бәрі де «хана» болып қалып жүрмесе... Т а л а п. Кәрібай Асарович, осы сіздің ылғи бүйректен сирақ шығара беруге жаныңыз құмар екен. Қ а с ы м. Жақсы, осы еді шақырғаным: оқушылармен де арнайы сөйлесерміз. Оқытушылар шыға береді. Қ а с ы м. Бақытжанов, бірер минутқа қала тұрыңыз. (Талап қайта кіреді.) Сен айналайын, астанадан биыл келген баласың ғой? Т а л а п. Иә, аға. Қ а с ы м. Сенің үй сұраған өтінішіңді дирекция маған тапсырып еді. Қазір, тап биыл пәтер жағдайы қиындау болып тұр. Негізгі мамандардың өзіне үй қиындау... Т а л а п. Негізгі мамандар? Қ а с ы м . Иә-иә... Ауылшаруашылық мамандарын айтамын. Т а л а п. Қазір интернаттың бір бөлмесінде тұрамын. Шешем мен қарындастарымды кейін көшіріп алмақшы мын. Әзірше... Қ а с ы м. Иә, әзірше амалдай тұр, кейін көрерміз. Т а л а п. Рақмет, аға! Енді кете берейін бе? Қ а с ы м. Иә, иә! Бақытжанов, бір минутке. Талап бөгеледі. Әлгі, қойға барамыз дейтін оқушылардың ішінде менің балам да бар ма?
Т а л а п. Қанат па? Әрине, ол ішінде ғана емес, осы істі негізгі бастаушы сол! Қ а с ы м. Солай де? Иә, иә. Талап шығып кетеді. Қ а с ы м (жалғыз). Ым, да-а! Ендігі қып-қызыл майдан алдымен біздің үйде басталатын шығар. Телефон тұтқасын көтеріп нөмірлерді тере бастағанда, кабинетке асыға-үсіге Балшекер кіреді. Қ а с ы м. Оу, Балшекер, келіп қалғанбысың, иә аман ба? Б а л ш е к е р . Неғып кешке дейін отырсың, сенің-ақ шаруаң таусылмайды екен. Қ а с ы м. Иә, шаруа көп. Б а л ш е к е р . Мен үйден кетсем-ақ болды, сен де, ана ұлың да отырмайсыңдар. Қанат қайда кеткен? Қ а с ы м. Жарайды, үйге барған соң тергерсің, бара бер үйге. Б а л ш е к е р . Жүр енді, жетер коммунизмді жалғыз өзің құратындай!.. Тым құрмаса мен алыс сапардан келген күні қарсы алсаң, нең кетті. Қ а с ы м (күліп). Оу, биылдай Алматыға жүз қатынадың, соның бәрінде қарсы ала берсем, жұмысты кім істейді? Б а л ш е к е р . Жұмыс-жұмыс, баланың да қамын бір жолға ойлауға бола ма осы... Қ а с ы м . Е һ , сен ойлап жүрсің, жетеді бір балаға бір қамқоршы. Б а л ш е к е р . Бір қамқоршы! Алматыда жұрт балаларының қамымен осы күннен бастап шұбырып жүр. Жазда бір баланың соңында бір қамқоршы емес, бес-он қамқоршы жүреді.
Қ а с ы м. Соншама шұбыратын немене ол, бәйгеге қосатын ат па екен? Б а л ш е к е р. Шұбырмағанда қайтеді? Осы жолы он екі институтта болдым. Былтыр юридическийге бір орынға 17 бала, университеттің әр факультетіне оннан, он бестен, медицинскийге – 12, СХИ-ға – 13, политехническийге – 9, тіпті әлгі педагогическийге – 8, (қалтасынан қағаз алып) консерваторияға – 7, нархозға – 11, шет тілге – 14... Қ а с ы м. Жарайды, жарайды, шұбыртпа. Б а л ш е к е р . Тұра тұр. Шұбыртқанда қызығы бар... Мен Қанатжанға тамаша институт тауып келдім... Тек ұнаса... Қ а с ы м. Оған ұнамайды. Б а л ш е к е р . Ұнамағаны несі? Әуелі тыңдап алсайшы. Мен Алматыда неше күн, неше түн табанымнан сарылып жүрсем... Институтқа түсуді ойыншық көреді екенсің. Алматылықтардың айтуынша: «бұл №1 проблема». Қ а с ы м. Онда, бұл проблеманы Қанаттың өзі шешіп те қойған. Ол оқуға бармайды. Б а л ш е к е р . Оқуға бармағаны несі? Осы сен кері сөйлеуіңді қашан қоясың. Оқуға бармағанда ауыл ішінде арақ ішіп, қаңғырып жүрсің деймісің. Әлде әйел әперіп қоймақсың ба? Қ а с ы м. Арақтан, әйелден басқа кәсіп жоқ па екен? Б а л ш е к е р . Білеміз, оқуға бармаған балалардың кәсі бін. Ана Балташтың үлкені жүрген жоқ па, жасынан қағы нып әйел алып, астында машина, аузында шылым, қалтада шыны. Қ а с ы м. Біздің Қанат қойға барады. Б а л ш е к е р . Қойға-а?..
Қ а с ы м. Иә, қойшы болады. Б а л ш е к е р . Қойшы-ы... (Есірік күлкі.) Тапқан шар уа сының түрін! Қ а с ы м . Қанат қана емес, бүкіл сыныбымен түгел барады. Б а л ш е к е р . Бұл сен ойлап тапқан жаңалық шығар. Қ а с ы м. Менікі ме, басқанікі ме, жаңалықтың аты – жаңалық. Б а л ш е к е р . Соңғы екі жыл бойы қой шаруашылығың ақсап, жоспарларың орындалмай, жаның мұрныңның ұшына келіп жүруші едің. Енді, балаларды жегіп, жаныңды алып қалмақшы екенсің ғой. Қ а с ы м . Ешкім де өз қара басын сақтап жүрген жоқ, қой шаруашылығы бұдан былай кешенді шаруашылыққа көшпек. Б а л ш е к е р . Кешен, аха-ха! Қ а с ы м. Бәрі механизацияланған шаруашылыққа ауысады. Оған жастар бармағанда, сердечник сен барасың ба, гипертоник мен барамын ба? Б а л ш е к е р . Әй, председатель қарағым! Бос сөзді қай тесің. Одан да Қанатжанның оқуға түсетін қамын ойлайық. Биыл медальмен бітірсін десең, бүгіннен бастап, үстелге шегеле. Мен жоқ едім, қарашы, үйде ол да жоқ. Қайда жүр? Тағы да гитарын арқалап қаңғып кеткен ғой... Қ а с ы м. Ол ешқайда қаңғыған жоқ. Кұрбыларымен бәрі каникулда қой фермасына кеткен... Ертең келетін күндері. Б а л ш е к е р . Не айтып тұрсың, ойының ба, шының ба? Қ а с ы м. Әзірше өзіме де мәлім емес. Ойын ба, шын ба? Б а л ш е к е р . Ал маған мәлім!..
Қ а с ы м. Жарайды, жарайды, үйге бар, кеңседе дауласпайық. Бүгін Батекеңнің мерейлік тойы. Соған барамыз. Б а л ш е к е р . Өзің бар. Батекеңді пенсияға шығарып, орнына Қанатты қояды екенсің ғой, тапқан екенсің, оңай май шелпекті. Қ а с ы м. Жарайды, бар үйге, киініп кел. Есіңде болсын, ата-аналардың арасында ши шығарушы болма! Б а л ш е к е р . Ши шығарғанды көресің әлі. Сен Қанатжанның әкесі болсаң, мен анасы. Бір жыл бойы Алматы мен Мәскеудің арасын шаңдатып мен жүрейін. Сен болсаң... Осы арада Қасым қабырғада ілуді репродукторды бұраған. Би әуені шалқи жөнеледі. Балшекер екі қолын сермеп, әлденелерді жұлынып сөйлеп жатыр, сөйлеп жатыр. Музыка әуені күшейе түседі. Бесінші көрініс Төртінші көріністегі көңілді музыка жалғасады. Жұпыны жиналған үй. Шопанның үйі. Іште 10-сынып оқушылары: Қанат, Лида, Тәнзила, Ғазиза, Андрей, Дос қан, Қарас (Ұзынтұра), Руслан. Қайсыбірі музыка әуеніне қосылып билеп жүрген, музыка күрт үзіледі де, ауа толқынында жоғары оқу орнына қабылдау ережелерінің құлақтандыруы оқылады. Қанат радиоқабылдағыштан басқа ауа толқынын іздестіре бастайды. Ұ з ы н т ұ р а. Қанат, тұра тұршы, не переключай. Прошу, Қанат, Қана! Қ а н а т (күліп). Қайтейін деп едің, бәрібір оқуға бармайсың.
Л и д а. Мен саған түгелдей жатқа айтып берейін. Физика-математика факультетіне түсушілер математикадан жазбаша, орыс әдебиетінен ауызша, жазбаша... Ғ а з и з а. Физикадан ауызша. Қ а н а т. Түсем деушілерге есік ашық. Д о с қ а н. 40 сом стипендия, сырттан келгендерге – жатақхана. Ғ а з и з а. Құлап қалғандарға қайтар жолына пойыздың билеті. А н д р е й. Алыстан келгендерге самолетке билет... Ұ з ы н т ұ р а. Әй, сендер оқуды мүлдем қылжаққа айналдырдыңдар ғой. Қ а н а т. Немене, оқуға бармайтыныңа қынжылып отырмысың. Р у с л а н. Шынында да осының қабағында бір кірбің бар. Ұ з ы н т ұ р а. Балалар, кейістік-мейістікті қайтесіңдер. Осы, шындап бір ақылдасайықшы. Қ а н а т. Ол қандай ақыл? Ұ з ы н т ұ р а. Біз осында неге келдік? Д о с қ а н (күліп.) Неге келгені қалай? Сен әлі түсінбей отырмысың? Батпақ каникулінде батпаққа біраз аунапқунап кетейік деп келдік. Ұ з ы н т ұ р а. Досқан, мен шын айтып отырмын. Осы көксалпақта салпақтап неге келдік? Л и д а. Қойлардың амандық-саулығын білуге келдік. Ұ з ы н т ұ р а. Саған қалжың не керек? Тіпті қыз балаға жараспайды... Ал, келдік... Сонда не бітірдік? Т ә н з и л а. Пәлендей қиратқанымыз жоқ! Ұ з ы н т ұ р а. Ендеше, біздің осы араға керегіміз бар ма? Осы каникулдағы жүрістен не тындырдық?
Р у с л а н. Не тындыру керек еді. Аз күн болса да қолғабысымызды тигіздік. Д о с қ а н. Көмектестік. Ұ з ы н т ұ р а. Көмектестік! Біз көмектеспесек, қойлар бағусыз қалатын ба еді... Ғ а з и з а. Ол да мүмкін... Қ а н а т. Сен осы шын айтып отырмысың? Ұ з ы н т ұ р а . Иә, шын... Шын айтып отырмын. Қойға барамыз, қойға барамыз деп атойлап жар салдық. Өзімізше, үлкен істі бастамақ болдық... Д о с қ а н. Сен өзің шын айтам деп шындап барасың ғой. А н д р е й. Немене, бұл сеніңше, үлкен іс емес пе? Ұ з ы н т ұ р а . Мен осыдан үлкен іс көріп тұрғаным жоқ... – Қалайша? – Не дейді?.. Ұ з ы н т ұ р а. Меніңше, біздің бастамамыз баланың ойыншығы сияқты. А н д р е й. Міне, қызық! Л и д а. Сонда біз қуыршақ болғанымыз ба? А н д р е й. Өзің не айтып тұрсың?! Қ а н а т. Қыздар, балалар, шуламаңдар. Кезекпен сөйлейік. Ғ а з и з а. Мейілдерің, жиналыс па, жиын ба, менің өз ойымды айтуға қақым бар шығар. Д о с қ а н. Бұрын айтсаң, қайда қалдың? Ұ з ы н т ұ р а . Бұрын қой бағудың не екенін түсінбедік, енді көзіміз жетті... Л и д а. Неге жетті көзің? Қ а н а т. Балалар, шуламаңдар... Жолдастар, онын шы
сынып оқушыларының кезектен тыс комсомол жиналысы ашық деп жариялаймын... Күн тәртібінде бір мәселе – «Комсомол Қарас Балташевтың күдікті ойын талқылау». А н д р е й. Жо-оқ!.. «Балташевтың комсомолдардың үндеуіне қарсы шабуылын талқылау». Ғ а з и з а. Олай емес, «Комсомолдық уәдесінен тайып, екіжүзділік жасаған Балташевтың оғаш қылығын әшкерелеу!» Ұ з ы н т ұ р а. Екіжүзділік дегенің ауырлау болар, Ғазиза! Р у с л а н. Менің ұсынысым бар. Қ а н а т. Иә, Руслан? Р у с л а н. Меніңше, мәселені бұлайша тікесінен қоюға болмайды. Л и д а. Мәймөңкенің қажеті жоқ! Қ а н а т. Бұл жиналыс. Кезекпен сөйлейік, Лида. Р у с л а н. Қарас екіжүзді де емес, қарсы шабуылдап та отырған жоқ. Меніңше, комсорг жолдастың қойған күн тәртібі дұрыс. Каникул кезінде қой фермасында өткізген аз уақытта қандай әсер алдық, болашақта жұмысты неден бастамақпыз. Ойларымызды ортаға салайық. Күдікті ой деген сөз де келіңкіремейді. Сәл енді түзету... былайша корректура... Д о с қ а н. Ой, мынауың ұзақ-сонар ғой. Мұндай күн тәртібі болмайды. Қ а н а т. Ал сеніңше қалай, Досқан? Д о с қ а н. Әлгі өзің айтқан күн тәртібі дұрыс. Қ а н а т. Қол көтерейік... Көпшілік дауыспен «күн тәртібі» қабылданды... Бірінші сөз Балташевқа беріледі. Қысқаша ойыңды айт. Ұ з ы н т ұ р а. Жарайды, егер айт десеңдер, айтайын.
Жолдастар, комсомолдар! Мені дұрыс түсініңдер, мен ешқандай қиыншылықтан қашпаймын. Сырттан Күләш кіреді де, «Балалар!» – деп сөйлеп келе жатып, тоқтай қалады. Қ а н а т. Күләш, ғапу ет! Мұнда жиналыс жүріп жатыр еді. Иә, Қарас, сөйлей бер! Ұ з ы н т ұ р а. Мен... қиыншылықтан қорқып тұрғам жоқ. Мұнда үлкен қиыншылық та жоқ. Бірақ менің айтарым – біздің, осы бәріміздің бригада ұйымдастыратын дай қажетіміз бар ма? Бәріміз жиналып келгенде, не істемекпіз? Айналдырған бес-алты отар қойды осындағы үш-төрт қойшы да баға алады. Отыз жылдан бері Бәкең де бағып келген, солай емес пе? К ү л ә ш. Менің әкемнің отыз жыл қой баққанын бәрі біледі... Қ а н а т. Күләш, сөз кезегін саған да береміз, жиналыс тәртібін сақтайық. Жолдастар, содан соң, күн батпай жүріп кетуіміз керек, регламент сақтайық: бес минут. К ү л ә ш. Иә, балалар, күн райы бұзылайын деп тұр. Бұл айды әкем ұт деуші еді. Ұт айында алдамшы борандар ойламаған жерден соғып жүре береді. Қ а н а т. Иә, Балташев?.. Ұ з ы н т ұ р а. Мен енді, не айтайын... Менің айтатыным сол – біз осы бүкіл облысқа, қала берді бүкіл республикаға тым ерте жар салып қойған жоқпыз ба? Мұнда, көріп отыр сыңдар, бізге деген түк жағдай да, мүмкіншілік те жоқ. Ай далада қаңқиған жалғыз үйге қалай сыйысып жатармыз. Және... Л и д а. Е, тоғыз күн қалай сыйысып жаттық.
Қ а н а т. Тыныштал... Лида! Ұ з ы н т ұ р а. Тоғыз күн... Енді тоғыз күн жатып көр, мамаңа қалай жүгірер екенсің. Басқасын былай қойғанда, монша да көзімізден бір-бір ұшты. Қысқасы, кімнің мақалы еді, «Қоразы көп үйдің таңы кеш атады» деп, біздің жар салып, шақыруымыздың өзі қалай болды. Ұятқа қалмаймыз ба? Р у с л а н. Кішкентай ғана корректура. «Қоразсыз да таңымыз атқан» деген де мақал бар. Біз, біріншіден, қораз емеспіз, комсомол жастармыз, екіншіден, халық мақалын орнына қолдана білуіміз керек... Ұ з ы н т ұ р а. Жарайды, ділмарланбай, болашақ журналист. Тап басқамыз қой бақсақ та, сенің қолыңнан келетін шаруа емес, гном! Р у с л а н. Креолинге тоғытпасақ, сені жалдататын мұнда өзен де жоқ, сырғауыл. Түйе де бойына сеніп жылдан құр қалған. Қ а н а т. Балалар, артық сөздің не керегі бар. Балташев, болдың ба? Д о с қ а н. Регламент! Ұ з ы н т ұ р а. Мен болдым! Қ а н а т. Енді кім сөйлейді? Тәнзиладан басқа оқушылар түгел қол көтереді. Қ а н а т. Тәнзила, сенің сөйлегің келмей ме? Т ә н з и л а . С... сөйле десеңдер... енді... сөйлейін. Қ а н а т. Ал қысқаша! Және тоқетерін! Т ә н з и л а. Ну, енді, конкретно былай. Жолдастар, мені... енді дұрыс түсініңдерші... Қ а н а т. Бөгелме, айта бер.
Т ә н з и л а. Мен, как говорится, сендермен, точнее, достарыммен бірге болуды үлкен бақыт деп санаймын. Ну, әйтсе де, былай реально ойласақ... Мен өзі кейінгі кезде көп ойлап жүрмін... Кеше ұйқтай алмай шықтым... Ну, жолдастар, правильно поймите меня... А н д р е й. Айтсаңшы енді... қалай еді, әлгі... ешкінің ащы ішегінше созбай. Қ а н а т . Андрей! А н д р е й. Қайдан білейін, ішегім шұрқырап кетті. Т ә н з и л а. Ну, енді, конкретно былай! Мен ғой, әйел баламын. Ұлдардың жөні бір бөлек. Жасым да көбіңнен бір-екі жас үлкен. А н д р е й. Әрине, бір сыныпта екі жыл отырсаң. Т ә н з и л а. Ну, оны мен жасырмаймын. Екі жыл қатарымен ауырдым... А н д р е й. О, ғапу, ғапу! Т ә н з и л а. Сонымен, егер қойда екі-үш жыл, қашан басқа жастар келгенше жұмыс етсем, одан соң медициналық институтқа барып, алты-жеті жыл оқысам. Сонда... сонда тым қартайып кетпеймін бе? Д о с қ а н. Сұлу қыз ешуақытта қартаймайды. Р у с л а н. Міне, осы арада халық мақалын айтуға болады: «Сырлы қасықтың сыры кетсе де, міні кетпейді». Қ а р а с. Сенің аузыңа неге жаңа мақал түспейді? (Кекесін.) «Еңбек адамды жасартады». Т ә н з и л а. А, ладно, сендер келемеж еткілерің келеді. Мен болдым. Қ а н а т. Қане, жолдастар, мәселе расында шындап барады, қалжыңды қояйық! К ү л ә ш. Қанат, күнгей бетке жайған отарымды қораға
қайырмасам, кім біледі... бір ауыз сөйлеуіме бола ма? Сосын кетейін. Қ а н а т. Жарайды, сөйле, Күләш! К ү л ә ш. Мен сөйлесем, жаңағы Ұзынтұра Қарастың сөзіне жауап бергім келеді. Ол үшін түнеукүнгі әкем айтқан сөзді бәрің естеріңе түсіріңдерші. (Бәрі үнсіз. Төмен қарап отыр. Орталарына, қолында таяқ, Баттал келіп тұр). Б а т т а л (пистолет жарығында жалғыз). Шырақтарым, сендердің бұл істерің балалық емес, азаматтық. Мүм кін, кейбіреуің біздің осында не керегіміз бар дейтін шығарсыңдар. Жо-о-оқ... Сендер қолынан өнері тамған жассыңдар. Ендігі жерде қойға мен емес, сендер керексіңдер. Сендер қойшылықтың да оқуын оқыған екенсіңдер. Бір мысал: әнеукүні артизиан құдығынан су тартатын мотор сынып қалды ма? Досқан, сен, қолма-қол жөндеп бердің бе? Қыста қойға қар беріп амалдармыз, ал жаздың ыстығында? Совхоз орталығынан мехайник келгенше, талай рет қойлар аузын ашып, қаталаған күндер болған... Биыл шөп тапшы. Екі рет барып, Андрей, сен касемсотпен шөп тартып әкелдің бе?.. Бәрің жабылып жүріп, орталықтан движок әкеліп, қой төлдейтін қораға свет тартып бердіңдер ме? Ертең сына қалса, оны мен жөндеймін бе? Айта берсем, толып жатыр. «Жас келсе іске» деген атам қазақтың сөзі, міне, іске асты. Сендер, істің ғана емес, бар жаңалықтың да тетігін білетін нағыз жұмыскер, қойдың да бар бабын меңгеріп алған білімді шопансыңдар. Өз білетінімді мен де үйретермін. Қойда бір ауыз емес, бес ауыз бар деп ем ғой. Ондай құйтырқылар көп. Қадамдарың құтты болсын! Оқу бітірісімен келіңдер. Көп боп келсеңдер, үй де, монша да, ән де, би де болады. Шаруаға жарамай қалған күнде моншашыларың болармын!
Жарық сахнаға түгелдей түскенде Баттал жоқ. Күләш кетеді. Балалар бастарын көтеріседі. А н д р е й. Баллар, қыздар, ендігі сөздің қажеті жоқ сияқты. Д о с қ а н. Иә, сөйлей берсең, сөз қоздай береді. Р у с л а н. Бізді зорлаған ешкім жоқ қой! Л и д а. Ал он жыл бірге жолдас болған достарынан ажырасамын деген адамға ерік. Қ а н а т. Дұрыс, жолдастар! Қарастың сөзі де дұрыс. Қазір айтып алғаны оңды болды. Кейін іріткі салғанша!.. Ғ а з и з а. Жоқ, меніңше, Қарастың сөзін аяқсыз қалдыруға болмайды. Мектепке барған соң жалпы жиналысқа салып, мәселесін айырықша қарау керек. Қ а н а т. Жолдастар, комсомолдар! Қиындықтан қашқан адамды жиналысқа салып түзеу – зорлық болар еді. Еркі білсін. Ал біз айтқанымызда тұрамыз. Алдымыздан дайындап қойған жылы үй де, мамаларымыздың жылы алақаны да жоқ. Оны білеміз. Бізді ешкім аямай-ақ қойсын. Аяушылық мысықтың жаңа көзін ашқан баласына ғана лайық. Өз жағдайымызды өзіміз жасаймыз. Талап ағай айтқандай, біз осы кезде елімізге қажетті үлкен азаматтық етеміз дедік. Айтқан сөз айтқан! Сырттан жүгіре басып Күләш келеді. К ү л ә ш. Балалар, боран көтеріліп кетті. Апырмай, ауданға жете алсаңдар жақсы болар еді. Менсіз-ақ тамақ ішіп, аттана беріңдер. Сөзбен отырамын деп қарашы. Сау болыңдар, мен кеттім. Тауға қарай ықтап барады қойлар, қап, әттеген-ай. (Кетеді.) Қ а н а т. Балалар, біз де кеттік. Көмектесейік Күләшқа.
Л и д а. Иә, сосын да кетерміз үйге. Бәрі алас-күлес киініп шыға береді. Қарас та салғырт киіне бастаған. Қ а н а т. Сен шықпай-ақ қой, өзіміз де жетеміз. Ұ з ы н т ұ р а (бір жеңін киген. Бәрі кетеді). Мейілдерің, өзім де құштар едім... Көрермін қойшы болып жарытқандарыңды!.. Алтыншы көрініс Қойшы Батталдың 60-қа толуына байланысты мерекелік шағын той. Тойды өткізушілер – соғыс жыл дары Батталдың бригадасында жұмыс істеуші балалар – бүгінде есейген адамдар, 10-сынып оқушы ларының атааналары. Әр жерге қойылған шағын дөңгелек үстелдер. Оларды жағалай топ-топқа бөлі ніп отырғандар – Баттал, Гүлсім Махмұтова, Қасым, Балшекер, Аплаш (прокурор), Балташ (қойма меңге рушісі), Иван Сергеевич (милиция қызметкері), Ва силий Оттович (механизатор), Кәрібай Асарович, Ба қытжанов. Тойдың қызып жатқан тұсы. Қ а с ы м. Жолдастар, жаңа бәріміздің бұрынғы ұстазымыз – Гүлсім Махмұтовнаның, Кәрібай Асаровичтің сөздеріне қосыла отырып, менің айтпағым мынау: жол дастар, бүгінгі той – ауданымыздың ардақты еңбеккері, Жоғарғы Кеңестің депутаты, Ленин орденді шопанымыз, жүз қойдан жүз елу қозы алып жүрген еліміздің мақтанышы, қадір лі Баттал Шарықбаевтың 60 жасқа толу мерейтойының басы ғана. Кейін бұл той бүкіл аудан көлемінде үлкен салтанатпен өтпек.
Д а у ы с т а р. Өте дұрыс. – Сөз жоқ! – Баттал ағайдың тойын салтанатпен өткізу керек. – Бүкіл республика көлемінде! Қ а с ы м. Тойдың басы дейтінім – бұл жиналып отырған дар, соғыс жылдарындағы ауыр кезеңдерде осы мектепте оқып жүріп, жаз бойы Баттал ағайдың бригадасында, колхоз даласында қаршадайынан еңбек еткен балалар, сондықтан біздің тарапымыздан өтіп жатқан шағын той. Д а у ы с т а р. Отбасылық той! – Банкет. – Өте символично! Үлкен тойдың басы. Қ а с ы м. Тише, тише, жолдастар! Сондықтан мен, жолдастар, мына тосты, құрбы-құрдастарым, сендердің аттарыңнан, құрметті Баттал ағайдың – қылшылдаған жас күнінде майданда қару ұстап, ел қорғаған жауынгеріміздің, тылда күрек ұстап, бізді еңбекке баулыған бригадиріміздің, соңғы біраз жылда қолына таяқ ұстап қой баққан шопанымыздың денсаулығы үшін көтеремін. Д а у ы с т а р. Ура-а! – Браво! Көтерілген рөмкелер. Қысқа ғана музыкалық туш. Қ а с ы м. Сөз аудандық прокурор Аплаш Асановқа беріледі. А п л а ш. Жолдастар! Қасекең өте жақсы айтты, «Адамды адам еткен еңбек» дейді Энгельс. Д а у ы с т а р. Маркс. – Энгельс. Б а л т а ш. Аталы сөз болған соң бәрібір емес пе, жолдастар! Маркс айтты не, Энгельс айтты не.
«Туғанда дүние есігін ашады еңбек, еңбекпен жер қойнына кіреді денең» деп Абай да айтқан. К ә р і б а й. Еңбекпен емес, өлеңмен деген, Бәке. Б а л т а ш. Сені солай оқытқан шығар, бізді осылай оқытқан. Абай еңбекті – өлең, өлеңді – еңбек деген. Қ а с ы м. Тише, жолдастар! А п л а ш. Сол айтпақшы, Батекеңді, Горький айтқан үлкен әріпті Адам еткен, республика көлемінде атышулы ардақты халық қалаулысы депутат еткен – Еңбек! Кеңестік Конституцияда алтын әріппен жазылған: біздің елде еңбек етуге әркімнің қақысы бар. Батекең болса, жай ғана қатардағы еңбеккер емес, еңбектің небір үлгісін көрсеткен, кейінгі жас жеткіншектерге, соғыс жылдары бізге, бүгінгі күнгі барша ұрпаққа өнеге көрсетуші ақсақалымыз. Б а л т а ш. Ай, тілдің майын тамызасың-ау. Тамаша! А п л а ш. Социализмнің ұлы принципі: «Еңбек еткен ішіпжейді!» Ендеше, жолдастар, ұлы еңбектің иесі – ұлы адамның тойында ішіп-жейік! Еңбек үшін! Еңбек адамы үшін! Д а у ы с т а р. Тамаша, тамаша! – Қалай қисынын келтіреді! – Керемет сөз! – Темірдей заңның болаттай сөзі үшін! Көтерілген рөмкелер, музыкалық туш. Қ а с ы м. Келесі сөз тергеуші Иван Сергеевич Новиковке беріледі. И в а н С е р г е е в и ч . Жолдастар, алдымен ғапу өті немін. Жаңа командировкадан оралып едім. Баттал Ша рық баевичтің тойына формамды ауыстырып келуге де үлгер медім.
Д а у ы с т а р. Ештеңе етпейді! – Қызмет бабы... – Милиция қызметінің спецификасы... И в а н С е р г е е в и ч . Менің ойыма осы той үстінде біздің еліміздегі заңды бір құбылыс оралып тұр. Ұлан-байтақ Отанымызда не бір алып құрылыстар салынып, талай ГЭС-терден бүкіл қала, ауылдарға қуатты электр күші таралып, шамдар жағылды. Темір жол тораптары бар даланы бел деулеп тастады. Үлкенді-кішілі Магниткалардан болаттар ағылды, тың даласынан халық қазынасы алтын астықтар құйылды қамбаларға. Осының бәрін жасаған адам қолы. Бүгінде партиямыз тағы да бастап отыр ұлы іске. Қазақстан даласында қой шаруашылығын өркендетіп, қойдың басын елу миллионға жеткізуге шақырып отыр. Бұл да ертең жүзеге асады. Баттал Шарықбаевичтай еңбек адамдары тұрғанда бұл да іске асатын ұлы идея! Жолдастар, көп сөйлеп кеттім бе... Қ а с ы м. Жоқ, жоқ, өте орынды. Д а у ы с т а р. Дұрыс, дұрыс! – Әдемі тос! И в а н С е р г е е в и ч . Халқымыз бен партиямыз дың шақыруына іспен жауап беретін, дер кезінде үн қо сып, аянбай күш жұмсайтын Баттал Шарықбаевич бастаған шопандардың, яғни екінші тыңның ардагерлерінің ден саулығы үшін! Д а у ы с т а р. Міне, тос! – Идейный тос! – Тамаша! Көтерілген рөмкелер, музыкалық туш. Б а л т а ш. Осы маған да сөз кезегі тиген шығар, бастықтар сөйлеп болды.
Қ а с ы м. Тосты тым жиілетіп жіберген жоқпыз ба? Г ү л с і м. Ара-тұра ән салып қойсақ та болар еді. Б а т т а л. Иә, ән деген жақсы ғой! Б а л т а ш. Ештеңе етпейді, көп ішкен жоқпыз. Жаңа прокурордың өзі рұқсат берді: бүгін, айда, ішіп-жейміз. Күнде мұндай той бола бермес. И в а н С е р г е е в и ч . Иә, ішпейтіндерге зорлық жоқ қой. Б а л т а ш. Мен құрғақ тос көтермеймін. Немене, бастықтардың тосына көтересіңдер, маған келгенде... Жарай ды, мен сөйлеп болғанша мастықтарың да тарқап болар. В а с и л и й О т т о в и ч . Самокритика. Қа с ы м. Жарайды, сөз райпотребсоюздың завсклады Балташ Бақтияровқа беріледі. Б а л т а ш. Жолдастар, жаңағы айтқан адамдардың сөздеріне мен де қосыламын. Қасекең де, Аплаш та, Иван Сергеевич те не деген шешендер еді. Аплаш егер пркорол болмағанда, судай ақын боп кететін адам ғой. Әттең қолы тимей жүр. Сөзді түйдек-түйдегімен тастағанда, тура сот залында немесе телевизиядан оқып тұрғандай байпаңдатады. Қ а с ы м. Балташ, юбиляр біз емеспіз... Б а л т а ш. Ғапу етіңіз, Батекеңе де жеттім... Бір кезде, жасыратыны жоқ, Батекең бәрімізді де бір қамшымен айдап, айда, жұмысқа салушы еді-ау күні-түні. Бір бидай шашылып қалса ұрсып, тіпті табаға қуырып та жегізбей, қазіргі бір дән – жауға атылар бір оқ – деп айда, екі аяғымызды бір етікке тығушы еді-ау! Сол еңбегі, сол тәрбиесі зая кетті ме, жолдастар. Батекеңнің өз сөзімен айтқанда – соғыс жылдарындағы қамал бұзар жауынгерлері – қазір мына отырған біз. Міне, Қасекең – білдей Атқару комитетінің
председателі, Аплаш Байтұрғанов – білдей ау, пркорол, айда, елді басқарып отырған дәулер... Қ а с ы м. Балташ, Балташ... Б а л т а ш. Жарайды, сөздің тоқетері – бәрімізді де көзімізді ашар-ашпастан еңбекке баулыған, Отанымызға игілікті жұмыс атқаруға үйреткен – осы Батекең. В а с и л и й О т т о в и ч . Е, міне, дұрыс! Б а л т а ш. Жаман-жақсы болсын, бәрімізге ең алғаш майданнан келе, орыс тілін де үйреткен осы Батекең. Қуатит, пәрәткемен сөйлеңдер деп... айда... Қ а с ы м. Иә, кейін Шалбарбек деп күлейік-күлмейік, әйтеуір алғаш орысша өлең айтқызып, тілімізді орысша орауға келтірген Баттал Шарықбаевич! А п л а ш. Жолдастар, шынында да, сол бір балалық шағымызды еске түсіру үшін, осы той үстінде Батекең үйреткен «Восемнадцатый годты» айтайықшы. Г ү л с і м. Міне, дұрыс. Б а л т а ш. Бірақ сөзін бұзбай, сол кездегі үйренгенімізше айтайық. А п л а ш. Қанша түзеймін десең де, жатталып қалған нәрсе тілге жеңіл оралады. Б а л т а ш. Батеке, қане баяғыдай команда беріңіз. Б а т т а л. Оу, мен команда бермегелі қанша уақыт. Б а л т а ш. Жо-оқ, болмайды! Б а т т а л. Ал ендеше: Стайт! Смирна! Слушай мой команда! Қасым, Аплаш, Балташтар сымдай тартыла қалады. Б а л т а ш. Балшекер, неге тұрмайсың?
Б а л ш е к е р (көңілсіз). Мені бұзып айтасың деп қоспаушы едіңдер ғой. Б а л т а ш. Айта бер, сол бұзылып айтылғаны қызық, Шырылдауық! Б а т т а л. А ну, запивай! Қосылып салған ән: По военнай дороги Шалбарбек, Етребоги баявой восемнаднатай год. Был сгор инадолги, от Кубас Инадолги никакей понимас, нам пахот... Қошаметпен соғылған қолдар, көңілді күлкілер. Г ү л с і м. Қалай ұмытпағансыңдар, кешегі бала күндеріңіз тура көз алдыма айна-қатесіз елестеді-ау. Б а т т а л. Иә, айтпа деймін. Б а л т а ш. Ал жолдастар! Қанша ішпейік дегенмен, осы арада бір тостың реті келіп тұр. Сіздер Батекеңнің денсаулығы, ел алдындағы абыройы, атағы, ым... т.т.б. туралы көтердіңдер. Сол т.т.-ларға қосыла отырып, мен Батекеңнің әлі де тұғырдан түспеуі үшін, үкіметіміз бен партиямыздың қой санын 50 миллионға жеткізу туралы шақыру ұранына тағы да үлес қосып, 60-қа дейін баққан ақтылы қойын алдында өргізіп, жүзге дейін баға беруі үшін бірауыздан алуларыңызды бір кісідей сұраймын. Енді Батекеңді құшырланып тұрып бір сүюіме рұқсат етіңіздер, қазір еркекті еркек ауыздан сүю деген заң шығыпты ғой. А п л а ш. Ол қашан шыққан заң? Б а л т а ш. Мұндай екі адамның арасындағы интимнай қатынастар кодексте жазыла бермейді, пркорол жолдас.
Балташ Батекеңе келіп рөмкесін соғыстырады, құшыр лана сүйеді. Б а т т а л. Балташ, тұра тұр, сенің осы сөзіңе мен де бір ауыз сөз қосайыншы, көмейіме тіреліп отырған сөз еді, дәл үстінен түстің-ау. В а с и л и й О т т о в и ч . Бұл тостпа? К ә р і б а й. Сізге әлі тост беріледі, юбиляр кейін сөйлейді. Б а т т а л. Жо-оқ, ауызға келген сөзді жұта алмаймын. Тостың алды не, арты не! Қ а с ы м. Сөйлесін, сөйлесін Батекең. Г ү л с і м. Иә, көп болмайды, кейін тағы да сөйлер! Б а т т а л. Балташ жүз жылға дейін қой бақ деді. Тауып айтты. Мен өзім де тұғырдан түспеймін. Денім сау болса әлі де жастарға өз білетінімді үйретіп, көмектесіп, кемі бес-алты жыл кетпеймін. Пенсионерлікте жүріп те жұмыс істеуге болатын көрінеді ғой. А п л а ш. Әрине, 300 сом еңбекақының төңірегінде. Б а л т а ш. Оу, Батеке, жүз жылға келісіп тұрып, 5-6 жылыңыз не? Б а т т а л. Пастой, ол жүз жылдың реті бар. Расын айтқанда, мен биыл сабындай бұзылып, 60-қа келісімен пенсияға шығып, қойдан біржола кетем бе деп жүруші ем. Б а л ш е к е р . Енді айнып қалғаныңыз не? Б а т т а л. Ашулы едім, ызалы едім. Осы-ы... зоотехник, агрономның оқуын былай қойғанда, шопырлық оқу, трактор оқуы бар, тағы толып жатқан оқулар бар. Ал қойшы оқуы неге жоқ, ертең жылма-жыл көбейген мыңғырған қойды кімге тастап кетемін деп қынжылушы едім. Қателескен екенмін. Бүгінгі саналы жастар бар екен. (Ішкі қалтасына қол салады.) Мен сіздерге бір қағаз оқып берейінші.
(Бір қағазды ежелей бастайды. Ата-аналар бір-біріне қарасып, таңырқап отыр.) «3-о-те-тех-нек б-бала 5 қаң-тарда б-бір қ-қой ал-ды. А-а-уыл ш-шар-уа-ш-шылық б-б-бас-қар-м-мас-н-ның б-бас-т-ты-ғы, бала-с-сының ты-той-ын-ына е-екі қ-қой, б-бір». Ой-бой, бұл емес. (Қалтасына қайтадан қол салады.) Бұл – жұрт сұрап алған қойлардың есебі екен ғой. (Өз-өзіне.) Ә-әй, қайтарар деймісің. Біздікі әйтеуір жазып қою ғой. Ә, Ә, міне, таптым! (Тағы бір қағазды алып оқиды.) «С-слуш-к-ке-ден ө-өтк-кен» с-сау-лы-лық-тар-дың т-ті-зі-мі...» Ой-бой, бұл болмай шықты... Қойларды ұрықтандырғанда жазып қоймасақ... Ә-ә, ілікті-ау қолыма. (Тағы бір қағазды алып оқиды.) «Ү-ү-кі-ме-ті-міз б-бен партиямыз-мыздың қой ба-бас-сы-сын 50 мил-ли-лион-ға жет-жеткі-зу-зу ту-ратуралы ша-қы-ру-руына бі-біз-дің ау-ау-дан ком-ком-сомол-да-ры-ның үн-үн қо-су-суы қуа-нар-лық іс, үл-үл-кен қу-қуа-ныш! Бұл бүкіл жас-тар-тарға үлгі-ө-өне-өнеге болболмақ. Ал-алда-ғы пя-пяти-тилет-тке-кені ой-ой-да-ғыдай өт-өтк-зу-де...» (Қағаздан басын алып.) Өзі жалғыз жарымжан көз бұлдырайтын болыпты. Оқымай-ақ қояйын, түсінікті шығар, қуатит, ә? Б а л т а ш. Оу, Батеке, ауызша айтыңызшы, онша түсіне алмай қалдық. Б а л ш е к е р (кекесін). Қазір түсінесіздер. Қ а с ы м. Балшекер! Б а т т а л. Осы бір ғажабы, жазып берген сөзге өзім де түсіне алмаймын. Өз ойыңа өз иелігің болғанға не жетсін... Бір кезде азаматтардың жоқ кезінде, үлкендердей еңбек еткен мына сендердің балаларың мектебін бітіре салысымен қойға барса, бұдан артық мен үшін бақыт бар
ма, айтыңдаршы. Мен мына стаканды пенсияға шығар қарттығым үшін емес, балаларыммен бірге тағы да еңбек етіп, қайта жасаратыным үшін аламын! (Бәрі аң-таң. Музыкалық пауза. Жұрт орындарынан көтеріліп, әр жерде көңілсіз ойда отыр). Қ а с ы м. Жолдастар, жақында облыстық газетте осы мектептің оныншы сынып оқушыларының үндеуі шықпақ. Бәрі де оқу бітірісімен қойға бармақ. Б а л т а ш (көзі бақырайып.) Мәссаға-ан безгелдек, қашан айттым тез кел деп! Б а т т а л. Оу, өздерің мына хабарды жаңа естігеннен саумысыңдар? Г ү л с і м. Мектеп қабырғасындағы балаларының тағдырына ата-аналардың бұл да бір жиі араласуының салдары! Б а л ш е к е р (ызалы). Адамның тіпті...Жылайын ба, күлейін бе? Қашаннан бері мектеп қойшылар даярлайтын болған? Қ а с ы м. Балшекер! Б а л ш е к е р . Мен оның анасымын, анасымын!.. Әрине, мұғалім үгіттесе, балалар көне береді. Б а л т а ш. Сонда өзі қалай? Оқу бітірген балаларды жұмысқа орналастыру, жегу мәселесін де мектеп билейтін болған-ау, тегі. Г ү л с і м. Мектеп оқушылары оқу бітірген соң, қайда барамын десе де еріктері. Кәмелетке толған балалар жұптарын жазбай, бәрі білек қосып жұмыс істейміз деп, онымен қоймай бүкіл республикаға жар салып, жаңалықка шақырса, ол бізге әрі мақтаныш, әрі қуаныш!.. Б а л т а ш. Мұғалима, ертеде менің бір жолдасым, «біздің ауданнан екі жазушы, 20 доктор науық, алпыс кәнделет,
отыз враш, он екі секретарь, 25 инженер, 13 бұғалтыр шықты» деп мақтанып еді. Ал енді «біздің аулымыздан қырық қойшы, жүз бақташы шықты деп мақтанғанды әлі көргенім жоқ. Б а л ш е к е р . Ә-әй, сынып жетекшісі, Кәрібай, сен неге тымырайып отырсың? Балаларымызды үгіттеп жүрген сен бе? Баулыған екенсің жақсы өнерге... К ә р і б а й. Мен, енді... (Гүлсімге қарап) осылай боларын білгемін. Оқушылардың тілегі (Қасымға қарап), былайша айтқанда, орынды. Бірақ шынымды айтсам, әрқайсысы әкешешесінің бауырында өскен ерке балалар. Солар алдына бір отар қойды салып, бағады дегенге өз басым-ым-ым... Б а л т а ш. Міне, жөн сөз, ой, сабазым-ай! Т а л а п. Сіз өз балаңызға сенбейсіз бе, әлде бәріне де ме? К ә р і б а й. Қой бағу – еріккеннің ермегі емес. Мен, Гүлсім Махмұтовна, қой шаруашылығынан түк хабары жоқ оқушылардың ертеңгі тағдырына, сынып жетекшісі бола тұрып, жауап бергім келмейді. Ал жас мұғалім (Талапқа қарап), сіз қалада өскен жігітсіз, қой бағу – футбол ойнау емес. Және де қатты айтамын, қала балалары алған жоғары білімді, дала балалары да алуға қақысы бар. Б а л т а ш. Міне, жөн сөз. Әрине, біздің балалар әлі де оқиды. Т а л а п. Кәрібай Асарович, сіз қала, дала деп олай бөлмеңіз. Аудан орталығы да қала! Б а л ш е к е р . Е-е, мына бала екен ғой бәрін алатайдай бүлдіріп жүрген. Бәсе, бәсе, қыс ішінде мұндай леп қайдан шықты десем... Балалардың кім болатынын өзіміз... өзіміз шешетін шығармыз... Т а л а п. Балшекер апай, Қанаттың мектеп бітірген соң кім болатынын бұрыннан білетін бе едіңіз?
Б а л ш е к е р . Әуелі бітірсін, сосын қай оқуға түседі, соған байланысты. Б а л т а ш. Иә, қай оқуға түсуіне байланысты. Т а л а п. Онда, қай оқуға түскісі келетінін білдіңіз бе? Б а л ш е к е р . Шырағым, қазір баланың қай оқуға түсетінін ешкім де білмейді. Өзі де білмейді. Б а л т а ш. Бағына қарай да. Оқуға түсу деген қазіргі кезде картаның ойыны сияқты. Қолың жүрсе – ұтасың, жүрмесе – ұтыласың. Б а л ш е к е р . Ұта ма, ұтыла ма, әйтеуір біздің Қанат қойшылар дайындайтын институтқа түспейтіні анық. Б а л т а ш. Мына Аплаштардың кезінде ғой, оқу дегенге шақырып, үгіттеп жүретін. Осы Аплаш мектепті жаман-ақ бітірді, не керек, білдей пркорол. А п л а ш. Тап сенен жаман оқығам жоқ, Кеңірдек! Т а л а п. Сіз, Аплаш ағай, қай оқу орнына жібермекшісіз балаларыңызды? А п л а ш. Қай оқу орнына болса да, әйтеуір бір мамандық алып шықса... Б а л т а ш. Иә, қолына бір қатырма қағаз алса, тесік түйме жерде қалмас... Т а л а п. Василий Оттович, сіздің ойыңыз не? Андрейден сұрадыңыз ба? В а с и л и й О т т о в и ч . Кішкентай кезінде солдат боламын дейтін. Балалардың әдеті емес пе мылтыққа әуес болатын. Б а л т а ш. Біздің бала да жамбасына ағаш наған байлап, Шиаяқ болам дейтін. Б а л ш е к е р . Шиаяғы кім?
Б а л т а ш. Әлгі, баяғы қисық аяқ милиционерші? Бертін оны қойды. В а с и л и й О т т о в и ч . Біздің бала да бертін ихтиолог боламын деп екі жәшік аквариуммен күні-түні әуре. Кейін оны да тастап, космонавт боламын дегенді шығарды. Былтырдан бері оны да қойды. Б а л т а ш. Сонысы дұрыс. Сол космонавтарыңның қызығы кетіп барады. Қазір кейінгілерінің аттарын да білмеймін. В а с и л и й О т т о в и ч . Біздің бүкіл ұрпағымыз – менің әкем, әкемнің әкесі, оның әкесі – бәрі диқан. Былтыр жаз бойы балам өзіме қолқанат болып, үлкендермен бірдей еңбек етті. Енді оқу бітірген соң, менің тракторыма біржола отыратын шығар деп үміттенуші едім. Шынын айтайын, Андрейден қойшы шығады деп еш уақытта ойлағам жоқ. Оны енді... істей алса... Б а л ш е к е р . Қайдағы істеген-ау. Жасынан өткерілген Бәкендердей қарттар болмаса, осы күнгі бұла боп өскен балалар... Өй, әншейін шитімек балалардың басын қатырып, уақыттарын зая кетіру. Тіпті мазақ, мұның аты мазақ! В а с и л и й О т т о в и ч . Қойыңыз, еңбек еткен де мазақ болып па. Балалардың әз қалауы біледі де... Б а л т а ш. Әй, Васелей, баланың да баласы бар. Біреудің баласы іштен туа сұңғыла боп, дүниеге қасығы мен айырын ұстай келсе, енді біреудің баласы портфелін құшақтап келеді. Сенің ұлың туғанда тракторына мініп келген бала ғой! В а с и л и й О т т о в и ч (күліп). Егер әркім туғанда не боларын ойлап туса, складчик жолдас, тап сен, жарық дүниеге өңкей жүз теңгелікті уыстай келген шығарсың.
Т а л а п (күлкі мен қалжыңдарын бөліп). Меніңше, балалар дүниеге келгенде ұлы Абай сөзін жаттап келген сияқты: «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан». Б а л т а ш. Қарағым, сен оқыған Абайды біз де оқығанбыз. Абай орыс ғалымдарымен танысқанша, көзін аша алмай, қараңғы бай пиадалдарды ғана мақтаған. Байлардан басқаның бәрін балшық, кірпіш деп төмен санаған. Ал жаны бар кеңес балаларын, сен де, қарағым, кірпіш деп қорлама. Қ а с ы м. Әй, Балташ, осы сенің үлкен ұлың институтын неге тастап кетті? Б а л т а ш. Е, адамның еркі мына рөмкедегі арақтай – ішкісі келмесе ішпейді, ішкісі келсе ішеді. (Ішіп салады.) Бір жыл пркорол, сот боламын, ұрыларды, саудагерлерді соттатамын, бұйрократтарды жөндеймін деп кіжініп жүруші еді, екінші жылы қайтып келді. «Ойбой, кісі соттау үшін көп оқудың керегі жоқ екен. Статьяларды тармақ-тармағымен жаттап алса», әлгі темір адам кім еді?.. К ә р і б а й. Робот, робот... Б а л т а ш. Иә, иә! Сол робот та соттай береді екен деп оқуын тастап кетті. А п л а ш. Сен олай заңды қылжаққа айналдырма! Одан да балам мектепте жаман оқитын, қазір еш жерге сыймай жүр, жалқау, дармоед де? Б а л т а ш. Әй, пркорол, олай ғайбаттама баламды. Сенің де сауатыңды білеміз. Біреуді қаралау үшін де сөз таба алмай әлгі бір кодексіңді, 25 жыл болды, құрандай пысықтап, ежелеп жүрсің ғой. Дармоедіңді қой! И в а н С е р г е е в и ч . Дармоед емей немене, еш жерде жұмыс істемейді. Бар өнері қаршадайынан әйел алып, машинасымен салпақтау.
Б а л т а ш. Әйел алса, соқталдай жігіт, он алтыдағы бала кеңес заңы бойынша үйленуге қақы бар. Осы күнгі жастардай тайдай талтүсте жебір бұзауларша көшеде көрінген қыздың бетін жалап тұрсын деймісің... Г ү л с і м. Жә, сіздер мұнда айтысуға жиналып па едіңіздер?! Б а л т а ш. Жарайды, мұғалима, қойдық... Баламның машина мініп сайрандағанын да бұл қазақ көре алмайды. Жүрсін заманның түзуінде, әкесінің арқасында. Біз бала күнімізде не көрдік. Жүрдек өгіз бен ат тырнауышқа таласатынбыз. Б а т т а л. Балташ, әй! Сен балама олай жақсылық жасадым деп көкірегіңді соқпа. Сен қоғамға пайдалы бала емес, масыл тәрбиелеп отырсың. Б а л т а ш. Сіз, байқап сөйлеңіз... Қойыңызды баға алмайды екенсіз, пенсияға шығыңыз, пысықси бермеңіз енді. Г ү л с і м. Балташ, сыпайылық деген қайда? Б а л т а ш. Гүлсім апай, сіз бізге мұғалима болсаңыз, оған отыз жыл өтті. Қазір мен төрт баланың әкесімін. Сіздің оқушыңыз емеспін. Ал бүгінгі оқушыларды қойшылыққа оқытсаңыз, жеткен жеріңіз белгілі екен. Енді тезірек Батекеңмен бірге сіздің де пенсияға кеткеніңіз абзал! Қ а с ы м. Тоқтат, Балташ, ішіп алып аузыңа келгенді сөйлемей! Б а л т а ш . Қойдық, қойдық, басеке! Мені масс деп ойламаңыз. Қ а с ы м. Өз балаң туралы пікіріңді тыңдадық, енді басқаның баласында шаруаң болмасын! Б а л т а ш. Е, онда кетейік, біздің сөзіміз жараспаса!
Қ а с ы м. Мейлің! Б а л т а ш. Бұл енді сіздің кабинетіңіз емес қой. Жарайды, сонда да кетейік. (Орнынан тұрады.) Ал соңғы айтарым – балалардың басын қатырмаңдар. Ертең айдалада бір шұңқырда өліп қалса, кім жауап береді? Б а л ш е к е р (шошынып). Қой, қайдағы сұмдықты айтпай! Б а л т а ш. Мен жасымнан, бетің бар, жүзің бар демей тура айтатын адаммын. Бәріміз де бір жерде өсіп-өнген балалармыз... Т а л а п. Сонымен не айтпақшысыз? Б а л т а ш. Менің айтарым, әкеңнің өлгенін жасырғанда, көмгенде қайда қоясың дейді ғой. Сол айтпақшы – шешелері дайындап берген алдындағы асын дұрыстап іше алмайтын құйтымдай балалар ертең алдына салған отар-отар қойдан айырылып қалса, ешкім де аяушылық етпейді. Ондай еркеліктерін кеңес заңы көтере алмайды. Солай емес пе, пркорол жолдас? А п л а ш. Былай енді... Әрине, бар азаматқа заң біреу. Жолдастар, бағанадан бергі айтқан Балташтың көп сөздерінің ішінде мына бір сөзінің жаны бар: қой жайылымы – арнайы дайындалған әскери жаттықтыру полигоны емес, қой фермасы – мектептегі химиялық лаборатория емес. Онда жаттығуға бармайды, жұмыс істеуге, алдындағы әр малды көзінің қарашығындай сақтауға, өсіруге, өндіруге барады. Ендеше, бұл – жауапты іс. Әркім басымен жауап беретін шаруа. Б а л т а ш. Бәсе!.. Өзің-өз болып дұрыс сөйлегенің осы. А п л а ш. Мен Досқанымнам қорықпасам да, Ғазизадан... Қыз баланың аты қыз бала...
К ә р і б а й. Иә, қыз баланың қолы емес. Менің Тәнзилам да, тіпті еден жуып көрген емес... И в а н С е р г е е в и ч. Және бұл спецификасы бөлек жұмыс. Б а л т а ш. Иә, қойшылыққа тізіммен алуды доғару керек. Б а т т а л. Оған неғылған тізім. Менің Күләш деген қызым біріңнің ұлыңнан кем емес. Жаз бойы маған қолғабыс беретін сол. Б а л т а ш. Әрине, көзі қанат та. «Ата көрген оқ жонады». Менің Қарас ұлым да жаз бойы қоймада тауар алып, тауар бөлгенде қолы қолына жұқпайды. (Қайта орнынан тұрып.) Ойбой, мен тағы да отырып қалыппын ғой. Кетейін. Рұқсат болса, бір сұрақ... (Стаканына арақ құяды.) И в а н С е р г е е в и ч . Сіздің де сөзіңіз таусылмайды екен!.. Б а л т а ш (Талапқа). Қарағым, сенен менің бір сұрағым бар. (Арағын ішіп алады.) Т а л а п. Сұраңыз. Б а л т а ш. Сен осы қайдан келдің? Т а л а п. Алматыдан. Б а л т а ш. Онда жұмыс табылмады ма? Қ а с ы м (күліп). Оу, бұл екінші сұрақ... Б а л т а ш. Бір-бірімен ағайындас сұрақтар ғой. Мәуелі ағаш ішіндегі тамаша қаланы тастап, айдаладағы тақыр ауданға неге келдің? Т а л а п. Айтайын, алыстағы ауданда оқып жатқан сіздей адамдардың балаларына ұстаздық пайдам тие ме деп келдім. Б а л т а ш. Сондағы пайдаң – қойға жіберу ме? Ой-боой, қарағым-ай! (Кеңкілдеп күледі.)
Т а л а п. Сіздіңше, қойдың еті дәмді де, қой бағу дәмсіз бе? Б а л т а ш. Е-е, жаңа түсіндім. Қаладағы базарда еттің бағасы күйіп тұр дейді. Тегі, әке-шешеңе ет дайындауға келгенсің ғой. Мұғалім емес, экспедитор, заготовителмін де!.. Г ү л с і м. Балташ, ұят емес пе, өзіңнің балаңдай адамға! Т а л а п. Бәке, егер менің әке-шешемнің етке қалай қарайтынын шын білгіңіз келсе, айтайын. шешем, төрт жылдай болды, науқас – асқазаны ауырады, дәрігерлер ет жеуге мүлдем қоспайды: диетада! Ал әкем, енді сіздің ба лаңыз баққан қой етін жей алмайды. Оған қиналмаңыз – былтыр дүние салған! Тірі күнінде, осы отырған бәріңізді де аузынан тас тамаушы еді. Әке сөзіне қарап Сіздерді көргенше асық едім, сырттай ғашық едім, енді көп нәрсені ойымдағыға ұқсата алмай отырмын. Сіздің бала күнгі лақап атыңыз (Аплашқа) Қожанасыр емес пе еді. А п л а ш (таңырқап). Иә! Аздап аңғалдау болғаным рас. Т а л а п (Қасымға). Сіздің атыңыз Пипин Короткий. Қ а с ы м (күліп). Иә, бойым шарқылау еді жасымда. Т а л а п (Балташқа). Сіздің есіміңіз – Кеңірдек! А п л а ш. Тура, тура, бұл балапан әтештерше төбелесқой болатын. Т а л а п (Балшекерге). Сізді «Шырылдауық шегіртке» демеуші ме еді? Сізді (Батталға) «Шалбарбек» дейтін. Б а т т а л. Қарағым-ау, сонда мұның бәрін айтып жүрген кім, әкең кім өзі?
Қ а с ы м. Иә, кім?.. Т а л а п. Араларыңызда кім жоқ құрбыларыныздан? Ұмытқандарыңыз ба? Г ү л с і м. Талаптың әкесін «Сыбызғы» дейтін едіңдер ғой! Б ә р і (жамыраса). Бақыт?! – Ақын Бақыт! – Өзіміздің Бақыт! Т а л а п. Әкем, кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы сіздер туралы, сіздердің балаларыңыз – болашақ ұрпақ жайында дастан жазып қалдырды. Батекеңнің тойында тост орнына содан үзінді оқып беруге рұқсат етіңіздер: Содан бері көп жылдар өтіп кетті іргелі, Отыз көктем, отыз қыс, отыз жаз бсн отыз күз... Қанатты, ұшқыр уақыттың Табаны жерге тимеді. Қаршадай нәзік болсақ та. Біздерді бала демейтін, ыстыққа күйіп, суықта, Түн қатып жүріп тоңсақ та, Тамағыңды іш, ұйықта, – Деп, мүсіркеп, туыс та Қамыңды онша жемейтін. Тырнауыш, айыр иықтан Жаз болса, әсте түспейтін. Титықтап, қажып жұмыстан
Жүргенде, қайда туысқан: «Мезгілмен тамақ іш», – дейтін... Қазіргі күндей тоқшылық, Жүгіру қайда доп қуып, Тары көже, бидай қуырған – Үлкені астың бұйырған, Жамаулы киім – жоқшылық... Дастан үзіліп қалады. Бөлмеге өңі қашқан Қарас кіреді. Б а л т а ш. Оу, біздің бала. (Шошынып.) Ой! Б а л ш е к е р (үрейлі). Бәрің келдіңдер ме? Б а л т а ш. Қой бағып жетістіріп келген шығарсыңдар. Түріңнен көрініп тұр. Ұзынтұра Қарас шеттегі орындыққа сылқ етіп отыра кетеді. Бәрі өре түрегелген. И в а н С е р г е е в и ч . Мына балаға не болған? А п л а ш. Мына баланың түсі келмейді ғой? И в а н С е р г е е в и ч . Амансыңдарма? Қ а р а с . Бүгін... екінші күн... Жаңа милицияға хабарладым... Б а л ш е к е р . Құдай-ай! Құлындарым-ай! Қ а р а с. Бүгін екінші тәулік... Балалар жоқ... Адасып кетті. Бәрі де... Шошынған, үрейленген сәт. Милиция қызметкері қолма-қол рацияны қосады. Р а ц и я д а д а у ы с . «Милиция қызметкерлері, бәрің де аудандық милиция бөліміне тез жиналыңдар! Бәрің де! Тез, іздеу саламыз... Іздеу саламыз!..
ҮШІНШІ ПРОЛОГ Тас қараңғы түн. Ішін тарта ұлып, уілдеп, ысқыра соққан алай-түлей боран. Жылт-жылт еткен панарлар... МОНОЛОГТАР: Б а т т а л. Апырмай, әлі төселмеген, жаттықпаған балаларды қалайша жалғыз қалдырдым. Қызым қайда, жөн-жобаны білетін қызым бұлай адастырмаса керек еді. Мына Балташтың баласы неғып жырылып жалғыз қалды екен? Мұнда не сыр бар? Батталдың шам жарығы қатар келе жатқан әкелібалалы Балташ пен Қарасқа түседі. Б а л т а ш. Балам! Қарас! Менің бұдан әрі жүре алатын халім жоқ... Кейін қайтайық. Біттім, енді жұрт үшін... Қ а р а с. Әке, не айтып тұрсыз? Б а л т а ш. Балалар енді табылмайды. Дала бораны қомағай, тажал, талайларды жұтқан. Енді бізді де қылғытады. Қ а р а с. Мен бір рет бассауғалап қалғанмын. Енді шегінер қақым жоқ. Іздеймін, табамын оларды. Неге ғана солармен бірге болмадым... Б а л т а ш. Қарағым-ау, сенің түк жазығың жоқ қой, несіне қысыласың, жауап беретіндер табылады. Алдымен ана председательдің өзі жауап береді. Содан соң айыптылар табылады. Айтпадым ба, айтқаным келді ме... Балташтың қол шамының жарығы Қасымға түседі. Оның қасында малтыққан Балшекер. Б а л ш е к е р . Сенсің, осының бәріне кінәлі сенсің! Ертең ең алдымен бар адамның қарғысы сені атады. Осыдан
жалғызым табылмасын, мен де қаламын осы далада, ақ қарды жастанып, қаламын көміліп... Қ а с ы м. Балшекер, Балшекер... Б а л ш е к е р . Тыңдағым келмейді сені! Жалғызым, қайдасың, бір рет дыбыс берші, Қанатым! Қ а с ы м. Шынымен табылмағаны ма? Бір топ баладан, тым құрымаса, бір белгі болмағаны ма? Мұның арты не болар екен. Егер табылмаса... Қасымның шам жарығы прокурор Аплашқа түседі. А п л а ш. Табылмаса, бұл – үлкен процесс. Тергеу, тексерусіз, сыннан, сынақтан өткізіп алмай жас балаларды айдалаға қаңғытып жіберген кім? Әзірше мектептегі ие – сынып жетекшісі! Каникул кезінде басқа ойын-сауық орындары табылмағаны ма, ұжымдасып барып кино көру, мұз айдынында, тауда серуендеу деген болмаушы ма еді. Алдымен сенен басталады. Жалтарма, алдымен сенен... Аплаш шамының жарығы Кәрібайға түседі. К ә р і б а й. Өзім де жетісіп келе жатқам жоқ, мен де қызымнан айырылдым. Тәнзила, қызым, қайдасың. Кімдерге еліктеп еріп кеттің. Ақылың мол еді ғой, жаным. Достарыңнан, қатарыңнан қалмаймын деп, ақыры неге ұшырадың... Басында-ақ айтып едім, тыңдадың ба?.. Ақыры шатасқан жерің осы шығар, Гүлсім! Оқушыларға сабақ беруімізде, тәрбиемізде ізденіс жоқ, балалардың ішкі сырына үңілмейміз, кеңеспейміз дедің. Ал енді үңіл қараңғы далаға! Кәрібайдың шам жарығы Гүлсімнің бетіне түседі.
Г ү л с і м. Егер... Олай-бұлай болып кетсе, әрине, мектеп үшін алдымен жауапкер мен. Отыз жыл мүлтіксіз еңбек атқарып жүріп мүлт жіберген жерім осы шығар. Оңбай құладым тап осы жолы, жазықтымын. Талап Бақытжановты тым еркінсітіп жіберген мен. Жап-жас тәжірибесіз мұғалімді қалай ғана мақұлдай бердім екем... Қалай ғана бетін қақпай көне бердім... Гүлсімнің шам жарығы Талаптың жүзіне түседі. Т а л а п. Жоқ, мен күдерімді үзбеймін. Табылады. Олар үйде ерке болса да, түзде үлкен азаматтар! Сенім керек, Гүлсім Махмұтовна! Солай емес пе, Батеке! Із таптыңыз ба? Қар жауса да басылмайтын іздер жатушы еді ғой! Талаптың шам жарығы Батталдың бетіне түседі. Б а т т а л. Мен із көрмесем де, жобалап келемін... Осы бір қылтадан өтсе, ар жағы тау. Бұл ара айдын-күннің аманында ұйытқып, боратып тұрады. Бірақ жол біреу-ақ. Осы жерден жығылмай өтсе, тау жотасына шығып кетеді. Онда боран жоқ. Қызым біледі бұл сырды. Енді жалтылдаған шам жарықтары ұзай береді. Қол шамның жарықтары айқұш-ұйқыш түсіп, бір-бірімен кінә ласқан адамдардың үні ғана естіледі. Б а л ш е к е р . Сен, сен! Қ а с ы м. Жалғыз мені жүндей беретінің не? Басқалар да кінәлі... Б а л т а ш. Айтпадым ба? Баттал бір күн сеніп тастағанда, не болды балалардың күні?
А п л а ш. Балаларға жауап бересіңдер, талайың жауап бересіңдер! К ә р і б а й. Менің түк жазығым жоқ . Бәрін бастаған... Г ү л с і м. Келіп-келіп қателескен жерім осы болғаны ма? Шатастырдың, тәжірибесіз жас мұғалім. Т а л а п. Кеттік ілгері, Батеке! Б а т т а л. Менен көз жазба, қатар отыр! Рацияның гуілдеген, шиқылдаған, шуылдаған, шыңылдаған ауа толқынындағы үні. Бораннан ықтап рациямен сөйлесіп отырған Иван Сергеевич. И в а н С е р г е е в и ч . Әлі жақсылықтан нышан жоқ. Боран түтеп тұр. Жабысқақ май боран. Басқа беткейдегі іздеушілерден де хабар жоқ. Соңымыздан бірде-бір трактор жеткен жоқ. Біз қай арада келе жатқанымызды да білмейміз. Мұндағылардың көбі қарға малтығып, жүруге жарамай қалды. Бәрін де бір араға топтадық. Үш-ақ адам кетті. Тауға қарай. Шопан Баттал Шарықбаев, оқытушы Бақытжанов, оқушы Балташев. Иә, иә, хал жаман... Тезірек трактор... Трактор керек. Таң ағарып келеді. Прием, прием!.. Жетінші көрініс Тау қойнауы. Жарқырап шыққан күн. Жоталанған қалың шыңылтыр қар көз ұялтады. Үлкен қойтас үстіне тіке қойған шағын радиоқабылдағыштан төгілген жеңіл би әуені. Қалың (тон, күпі), жұқа (пальто, куртка) киінген балалар – Қанат, Күләш, Досқан, Лида, Ғазиза, Андрей, Тәнзила, Руслан – битлз ырғағымен аласұрып
билеп жүр. Шатқал мүйісінен Баттал, Талап, Қарас шығады. Б а л а л а р: Ура-а! Ура-а-а! Б а т т а л. Жауынгерлерім-ай, амансыңдар ма? (Құшақ жайып.) Қарлығаштарым-ай! (Бәрі құшақтасады.) Қ а р а с. Бүкіл аудан болып аяқтарынан тік тұрып, іздеп жүрсе, сендер мұнда той тойлап жатыр екенсіңдер ғой! Р у с л а н (әлі де билеп тұр). Аяғыңа мынадай модный туфли киіп қой бақсаң, көрер едім... Л и д а. Билемек түгілі, жүгірістен әлемдік рекорд жасарсың. Б а т т а л. Оу, шынында осы бір қиқаң-сиқаң би неге керек десем, мынау өзі қойшылардың қолы екен. (Көңілді күлкі.) Т а л а п. Әйтеуір, үсімей тау қойнауына аман жеткендерің жақсы болды-ау! Қ а н а т. Үсу түгілі, Талап Бақытжанович, тоңу дегеннің не екенін білмедік. Т ә н з и л а. Боранда қой соңынан жүгіріп, қарға малтығып отырсаң, әрине. Д о с қ а н. Оның үстіне боранда арқаламақ ойнағандай Тәнзила мен Лиданы арқалап жүрсең көрер едім... тұла бойыңнан қалай тер саулап отырғанын... Л и д а. Жарайды, көп болса, екі реттен арқалаған шығарсыңдар. Қ а р а с. Немене, жүре алмай қалдыңдар ма? А н д р е й. Бұл қыздар деген масыл емес пе, омбы қар кездессе-ақ бастарымен шаншыла көміліп, қашан көтергенше түйеқұстарша тырп етпей жатып алады.
Т ә н з и л а. Әрине, мынадай ұзын күпі кисең... аяққа оралып... Л и д а. Оның үстіне екі күн аш болсаң... Ғ а з и з а. Ұйқтамасаң... Б а т т а л. Қойлар да аман шығар, әйтеуір? Қ а н а т. Жолдас комбат! Бір батальон қойдан шашау шыққан жоқ. Бәрі де аман. Бөктерде ескі шөмелелер бар екен, бәрінің алдына шөп салдық... Д о с қ а н. Екі күн көз шырымын алмаған қойлар қазір тырп етпей қалың ұйқы құшағында маужырап жатыр. Көңілді күлкі. Радиоқабылдағыштан диктордың үні естіледі. Қанат қолына алған қабылдағышты қатты бұрайды. Саңқылдаған диктор үні. Д и к т о р. Келесі хабарымызда «Ұлартау» ауданы комсомол жастарының үндеуі. Б а л а л а р: Ура! Ура-а! Д и к т о р. Біз, «Ұлартау» орта мектебінің 10-сынып оқушылары, биыл оқу бітірген соң, бәріміз де комсомолдық жолдамамен, өз жүрек қалауымыз бойынша, «Қарлығаштар» бригадасын құрып, жұбымызды жазбай, бірге еңбек етеміз!.. Б а л а л а р: Ура-а! Ура-а! Хабар соңы «Мектеп вальсіне» ұласады. Жарық баяу сөне береді. Авансценада, пистолет жарығында, вальс аясында Талап дастанның жалғасын оқып тұр. Т а л а п. ...Бойымыз шарқы, ал киім
Жамаулы, жыртық, ел іші Таршылық еді-ау, жоқ бұйым. Бәрі де – жоқтық белгісі. Қазірде сәнқой, тамақты Талғап ішсе балалар, Достарым, іні, ағалар, Ол да бір тоқтық белгісі! Иыққа шашын жіберіп, Жалтырап сәнмен бүгінде Мың құбылып киінсе, Бұла боп өскен үйіңде Ұл менен қыздан түңілме. Шеге боп олар қағылар Сын сағат ашса есігін, Кірпіш те болып қаланар Дүниенің тауып кетігін! Өйткені олар кешегі Жалынды жылдар жалаңаш Қолымен отты көсеген Сені мен менің ырзығым, Көгерген бүгін – көсегем! Төс, балға алып үйренген. Қамырша темір илеген Еңбекші елдің ұл-қызы! «Мектеп вальсі» әуенімен бірге жарық күшейе түседі. «Соңғы қоңырауға» жиналған ақ көйлекті қыздар, қара костюмді ұлдар жұп-жұбымен дөңгелей билеп, авансценаға қарай жақындай береді, жақындай береді.
ЖЫҒЫЛЫП-СҮРІНІП, ӨЛІП-ӨШІП... Жанды-жансыз қуыршақтарға лайықталған (мүмкін опе реттаға) екі актілі қалжың-комедия Қатынасушылар: ДИРЕКТОР (Ыбырай Д. Жүндібаевич) ЖҰМАШ АЛТЫНБЕК (Алтын) МОЛИК (Молдабай) ТӘРБИЕ МАРИЯ ДЖАТАРОВНА СӘНИЯ ДЖАПАРОВНА ЖӘМИЛА ПРОЛОГ Сахнада Ымқуыршақ. Ы м қ у ы р ш а қ. Жолдастар, оу жамиғат, ел-жұртым! Маған қараңдаршы! Ал, көңілдеріңді де, өздеріңді де, Көздеріңді де бұрдыңдар. Сонда, не көріп тұрсыңдар? Мына алдарыңдағы бас па, Әлде су шайған малта тас па? Қауын ба, қарбыз ба, Әлде асқабақ па? Ал өздерің айтшы:
Мынау ерін, Мынау көз, Мынау кас, Қабақ па? Ендеше, бұл – шынымен бас екен, Бірақ қайда кеткен басқа шығатын шаш деген Ал ендеше тұрып алып қайқайып, Оның жайын айтайын: Мен, өзім, қанша ірі болсам да, Әр түрлі жағдайда көзге түсіп жүрген, Өз-өзінен күпсіп, Пісіп жүрген, Совхоз директорының бірі болсам да, Шашпен қоштасқаныма не заман, Әйтеуір, баспен қоштаспағаныма шүкір! Шашқа кінәлі осы бас, Бас талай-талай жиынға түсті, Шаруа әр жиында қиынға түсті. Шашты біреулер тарап-талдап, түзеп еді, Енді біреулер күзеді. Одан соң бұйраға сап, Каракөлдей бұйралады. Содан тілі удай ұстарамен бастырып, Жан-жағын жылмитып туралады. Ақыры ұрыс-сөгіске бас шыдаса да, Ми ашып кетті. Ал шаш болса, Маңдайдан әрі шалқая-шалқая, Ақыры басты таз қарындай жалтыратып, Тым-тырақай қашып кетті.
Шынын айтсам, негізгі кінә өзімнен көрінеді, Кеппелеу, уәдешіл сөзімнен көрінеді: «Совхозым артта емес жұмыртқадан, Совхозым құралақан емес жүн-жұрқадан. Бір жұмыртқамыздан екі балапан шығады, Бір тоқтымыздан екі қошақан туады. Екі қошақаннан он екі килодан жүн қырқады Жейтін ет кемдеу болса да, Беретін еттен кемде емеспіз. Шаң-құм араласқан аппақ тұщы күрішті, Аузы-мұрны сазбен баттасқан, Бетпақ ащы бұрышты, Әлгі бір жүгері деген Серейген ұзыншаны, Сояудай талшығымен, Пілдің жүрегіндей қызылшаны, Балшық-малшығымен түгел өткізіп, Тіпті бір түйір тұқым алып қалған пенде емеспіз! Сонда неден кемде екенбіз? Неге таяқ жейді екенбіз? Енді соған келейік, Кезекті соған берейік! Кнопканың шырылы. Қасына актер келеді. Айтқандай, бір сөзді естеріңе салайын, Мына тұрған айналайын ағайын. Мені жаратушы, сөйлетуші, Жұртқа қаратушы – «Құдайым» (Осылай бола берсін лайым.)
Бұл қазір мұрнымды жұлып алам десе де Қолында, Орнына қайта қондырып салам десе де, Қолында. Құлағымды ойыншық машинаның кілтіндей Бұраса да, Аяғымды, Қолымды, Қабырғамды, Жонымды Запчасть құсатып бөліп-бөліп қайтадан құраса да, Қолында. Жалғыз ғана ғажабы, – Маған деген көп болса да азабы, Өзі бір елі алұа түспей Ылғи жүреді соңымда. (Актерге.) Ал, қарағым, ана бір жерге маған жайлы орындық апар, Сосын, өзің де менен кейінірек, тойс, Отыра ғой желкеммен қатар. БІРІНШІ АКТ Бірінші көрініс Актер совхоз директоры – Ыбырай Д. Жүндібаевичты (жанды қуыршақ) алға алып шығып отырғызады. Перде артында тарс-тұрс дыбыстар (скрипка, саксофон, штараларын түзеген какофония), бақырып жылаған сәбилер үні.
Д и р е к т о р . Қане, жолдастар, Шулаған-мулағанды, Тулағанды қойыңдар да, Бастаңдар ойындарыңды! Ж ұ м а ш (перденің ар жағынан). Директор жолдас, То есть, Ыбырай Д. Жүндібаевич, Мария Джатаровна мен Сәния Джапаровнаның Бала емізетін уақыттары болып қалыпты. С ә н и я (іштен). Имшеклерібіз сутке тулып қалыпты. Д и р е к т о р . Қане, тулып, булыпты қойып, Сылтау-мылтауды, Керенау жалқаулықты біржола жойып, Балаларыңды мына жерге әкеп тастаңдар да, Ойынды бастаңдар! Екі жақтан екі бесік-арба шығады да, іштен көрінген қолдар қолақпандай шишаларды балалардың аузына сала ды. Сәбилердің жылаған үні тына қалады. Д и р е к т о р . Осындай жерге бала әкелуді қашан қоясыңдар! Ертең сендер ән салып жырласаңдар, Балаларың жан салып жылайды, Сонда комиссия қайсыңды тыңдайды?!
М а р и я (іштен басы көрініп). Сонда, сәбилерді қалдырамыз ба айдалаға?! С ә н и я (оның да басы көрініп). Декретімізді де алғабыз ұйқ пайдалана! Д и р е к т о р . Қыңқ етсе аузына бөтелке тығып, Емізе бастайсыңдар, Кит етсе аузына қолақпандай Құйрық тығып, жегізе бастайсыңдар. Олар ғадеттенбегенде, мен ғадеттенем бе? С ә н и я (басы көрініп). Ғәдадләнбасын инсәгіз, неге перзентләр бахшасын ашмисыз?! М а р и я (ол да іштен көрініп). Олай болса, перзент көтермей-ақ қояйық. Жарайды онда. С ә н и я. Иари онда. Д и р е к т о р . «Жари, Иари!» Қарашы, бұл мұндардың тілдерінің ащысын, Әйтеуір, бұларға дейін құмар-ақ, Сынап-мінеуге басшысын! Перденің ортасынан Жұмаш (жансыз қуыршақ) шыға келеді.
Ж ұ м а ш. Жолдастар, жолдастар! Өздеріңе бір сөзбен, аз сөзбен. Түсіндірейін әуелі совхоздың халін, Жеткенше әлім, Өздеріңе мәлім, Түгел айтып қайтемін бәрін. Әйтеуір, бір жақсысы сол – Совхозымызда заңсыздық пен қылмыс жоқ – Тұрмыс дұрыс, тамақ тоқ. Тұрмысымыз ежелден дұрыс-ау, Әттең, мәдениетіміз нашар аталып, Бұйрада бұйраланып, Қыл үстінде тұрмыз-ау. Жасыратын несі бар (Мейлі басымызды кесіп ал), Мұндайлардан талай рет жол тауып Ысылған жан едік, Тап осы жолы жөн таба алмай Қысылған жанбыз. Сондықтан бір көрініп қалмақ ойымыз бар, Сол үшін астанаға апаратын ойынымыз бар. Мәдениетке қабілетті Осыдан бастамақпыз, Егер ісіміз сәтсіз болса, Қабілетсіз атанып, Ыбырай Д. Жүндібаевич директорлықты, Мен – ветврач, дирижерлікті Біржола тастамақпыз. Ал, сонымен бір қасқайып,
Концертімізді бастайық. Алдарыңызда тұрған совхоздың Нағыз өнерпаздары: Қарт маңғаздары Жас сарбаздары. Перде ашылғанда – гитара, скрипка, маракас, т. б. музыкалық аспаптар көтерген ұзынды-қысқалы, сақалдыса қалсыз қарттар мен сәбилер ансамблі. Ән аты – «Қайықта». (Артына бұрылып, дирижерлік таяқшасын көтереді.) Ал, сарбаздарым, сабаздарым, маңғаздарым, Салыңдаршы сұлу ән, сұлу сазға, Жүзіңдерші тербетіліп «Қайықта», Бар өзенде – Ертіс, Есіл, Жайықта. «...Ескегіңді берші маған, Мен есейін, сен еспе...» (Ән аяқталады.) Ж ұ м а ш (жансыз қуыршақ). Би көресіз, ғажап би, Тамашалап енді сіз, Бидің аты белгісіз... Жансыз қуыршақтар.
Тізесінен жоғары көйлек кигізілген қыз қуыршақтар би лейді. Би аяқталады. Ж ұ м а ш (жансыз қуыршақ). Ендігі шығатын өнерпазым, Тағы бір сабазым, Ұзынтұра Болтай. Атына өзі де сай: Аздап шалтай-балтайлау, Таңы атып алса, Өнері ән салып айқайлау. 8-класта екі жыл, Тоғызыншыда үш жыл отырып, Шаршап-болдырып, Оқуын зорға тәмәмдаған. (Әрине, бұл өсек емес жамандаған.) Жұмысқа құлқы жоқ, Жоғарғы оқуға түсетін білімінің сиқы жоқ. Сондықтан гитары мойнында, Ештеме жоқ ойында, Жүрген бір жан, Біздің шаруашылығымыз сияқты Жығалып-сүрініп. Сол Болтай, мен білмейтін, Өзі білетін өлеңін орындап берсін, Өзінше дарылдап берсін. Болтай қылғынып өлең айтады. Өлеңнің соңғы жағында айғайлап, шыңғырып, бақырады да, сәбилер оянып, олар да қосыла бақырады. Жұмаш «антракт» жариялап, директорға келеді.
Ж ұ м а ш. Ал, Ыбеке, Д. Жүндібаевич, мен сізге бір шындықты айтайын. Д и р е к т о р . Бір шындықты дегенше, тағы да бір сұмдықты десейші. Ж ұ м а ш. Ендеше, аузымызды ашпайық. А л т ы н б е к . Айт. Шындықтан қашпайық. Д и р е к т о р . Жарайды, айта ғой... Сайтан алғыр! Ж ұ м а ш. Сайтан алғыр бүйте берсе, Астананы да, Басқаларын да, Жылда қаңғыр... Д и р е к т о р . Оу, айтсаңшы, зарықтырмай, айтатыныңды, Өзім де біліп ем-ау, астанадан Бір түйір пайда таппай қайтатыныңды. Ж ұ м а ш. Таптым, неге таппайын, таптым! Д и р е к т о р . Иә, не таптың?! Ж ұ м а ш. Біздің ансамбль бірінші орынды алмайды, Тіпті, шынын айтқанда, бізге Аудан бойынша ең соңғы орын да қалмайды. А л т ы н б е к. Мәссаған, тапқаның осы ма? Мына ветврач Қалай-қалай бізді мазақтайды, алдайды.
М а р и я . Алдаған аз, Бәрімізді қыс бойы әуреге салып, Ол үшін дирижерлік зряплата алып, Совхоздың өнерге шығарған ақшасын да, Басқасын да, Мына түрімен бір-ақ күнде жалмайды. Ж ұ м а ш. Жолдас бұғалтыр, Сізден зряплата алады екенмін, Ол үшін кейін сөзге қалады екенмін. Мен совхоздың режиссері де емеспін, Дирижері де емеспін, Кеттім өз жұмысыма! (Шыға береді.) Д и р е к т о р . Тоқта, дәрігер, мал дәрігері! Қарашы, өзінің шытырлауын, әбігерін. «Кеттім өз жұмысыма», – Қиратқаның осы ма?! Ж ұ м а ш. Енді қайтейін, бәрің жабыласың келіп. Д и р е к т о р . Осыдан мына ансамбль ән сала білмесін, Аяғын дұрыс алып жүрмесін, Саған мал дәрігерлігі түгілі, Жан дәрігерлігіне орын жоқ! Түсіндің бе?
Ж ұ м а ш. Түсіндік, бастық, Сіздің алдыңызда қашанда даярмын, Болуға жазылып төсек, иіліп жастық! Д и р е к т о р . Жолдастар! Шынында, жалғыз Жұмаштың қолынан не келеді, Сендерде болмаған соң титімдей бір түйсік!.. Ж ұ м а ш. Бәрі әшейін балшықтан домдай салған үйшік! А л т ы н б е к. Түйсіксіз үйшік болсақ, түсіндір, Кемітпе олай, Біздерді де жаратқан сендей ұл ғып!
М а р и я . Иә, түсіндіріңдер, Отырғанша қорылдап, қалғып-шұлғып! Д и р е к т о р . Түсіндірсе, былай: Біреуің бақшадағы қарақшыдай қақшиып, Біреуіңнің суырша тісің ақсиып, Енді бірің түк сезбей, безеріп, Ернің кезеріп, Екі көзін жапалақша бақшиып, Біреуің төбесінен таспен ұрғандай шақшиып, Әлгі бір кемиек кемпір секілді. Сығырайма шамдай өлеусіреп, сықсиып,
Біреуің әнге қанаттанып, Былай енді... Шабыттанып қозу орнына, Еңірейсің келіп. Біреуің ән қайырмасын Сағызша созу орнына. Мөңірейсің келіп... Жоқ, жоқ... Бұл болмайды. Түйе боп боздап, Қой боп маңырағаннан – Ансамбль оңбайды. Ж ұ м а ш. Міне, директор Ыбекең Д. Жүндібаевич Өте дұрыс айтады. Мұндай ансамбль басқалардың алдында Жұртқа масқара боп, Түк бітірмей елге қайтады. С ә н и я. Сонда қалай? Бутен ансамбльләр бізләрнән узық та, біз тузықмыз ба? М а р и я . Онда келетін шығар Талай бейбақ біздер тектес. А л т ы н б е к. Рас-ау, «Шегірткеден қорыққан егін екпес!»
Ж ұ м а ш. Олар шегіртке емес ыршып жүрген, Бір-бір аэроплан, вертолет ұшып жүрген! Д и р е к т о р . Сонда өзің неғыл дейсің?! Олар ұшып жүрсе, Біздің басымыз салбырап, Екі иініміз түсіп жүрсе... Сол ма керегі? А л т ы н б е к. Біздің ансамбльге алдымен Тәртіп керек. Тәртіп болу үшін, Мына дәрігерге басшыға тән Ызбар керек. Ж ұ м а ш. Әй, милиционер, Біз емес әкімшілік қызметкер, Ендеше, бізге ызғар да емес, Ызбар да емес, Кілең қыздар керек! Б ә р і. Қыз-да-а-а-ар?! Ж ұ м а ш. Иә, астананы таң қалдыру үшін – Біздің ансамбльде тек қыздар ғана болады.
Сонда бірінші орын да болады, Не керек, бәрінің де орны толады. Д и р е к т о р . Әй, қошақаным, лағым, Осы әнсамбльдің өзін зорға құрап-сұрадым. Декреттегі бұғалтыр Марияны да, Аспазшы Сәнияны да, Демалыстағы қызым Тәрбиені де, Учасковой Алтынбекті де, Жұмыссыз жүрген жалқауларды, Пенсиядағы ауру-сырқауларды Бәрін жинадым, Жандарын қинадым, Әйтеуір, бәрінің басын құрадым, Адам саған балалап шығатын Кәртопия ма, сәбіз бе?! Енді басымды қатырма, шырағым! Ж ұ м а ш. Ендеше, менің де басымды... Д и р е к т о р . Әй, әй, сен өзің, қалай-қалай?! Ж ұ м а ш. Тыңдаңызшы, Ыбырай Д. Жүндібаевич! Менің қыздар дейтінім – Олар сахнаға тамаша көрік, ғажайып сән береді, Сонымен қатар, ансамбльге моральдық мән береді.
Ал, көздеріңді жұмыңдаршы, Сәл үндемей тұрыңдаршы. Бәрі үндемей тұрады. Шам сөне береді де, сахна түрлі түсті сәулеге бөленеді. Әсем музыка. Шығыс ертегілерінде айтылатын гарем қыздары ақ торғындары желбіре ген, кін діктеріне дейін ашық, емшек тартқыштары алтын, жақұт тармен құлпырған, мың бұралып билеп жүр. Сол фонда Жұмат тебірене сөйлеп тұр. Романтикалық сарын. Ертең, ертең, Астананың төрінде, Алатаудың бөктерінде, Кілем түстес жерінде Қызыл, жасыл, ақшыл, Сары көбелектей, Қанаттары діріл қағып дөңгелеп, Шешек атқан таудың қызғалдақтарындай, Қырдың гүлі қырмызыдай құлпырып, Самал желге тербелгендей ырғалып, Көл бетінде еркін жүзіп, балдыр сүзігі, Ақ моншақтай ақ маржанды домалатқан Мойынынан, жонынан, Айдын көлдің ерке құсы – Аққу, қаздай сыланып, Тамсандырып бар жұртты, Таң қалдырса Біздің совхоз қыздары. Бар жазуда, Бар ауызда сөз боп жатса,
Біздің совхоз өнері. Сонда аспақ, көтерілмек, Кімнің елі, кімнің жері, Кімнің артпақ мәдениеті, беделі?! Күнде совхозға келіп жатқан хаттар, хаттар... (Директорға.) Ыбекеңе бас ұрып, Жалбарынып, жалынып, Тәмәмдаған оқуын Механизатор мамандар, Слесарьлар, токарьлар, Өтінішпен шын жарылып ағынан: «Сіздің жерге, Мәдениетті, көркі ескен, Қыз-қырқыны, жастары көп дескен Сіздің елге қызметке, Жұмысқа барсақ», – деп жатса. Директор Ыбекең бізге: «Қалай қарайсыңдар? Жарайды. Уақытша болса да алсақ», – деп жатса... (Шам жарқ етеді.) Д и р е к т о р . Оу, уақытшаң не? Ж ұ м а ш. Ол енді сөз ұйқасы, ырғағы... Д и р е к т о р . Апырмай, Мынау өзі дұрыс екен,
Бұл әнсәмблің расында, Ойлап тұрсаң, Совхозымызға үлкен ырыс екен. Ж ұ м а ш. Ендеше, кемпірлерді, әйелдерді, Түгелдей қыз етіп киіндіреміз. М а р и я . Сонда Алтынбекті қайтеміз? Ж ұ м а ш. Милициясыз-ақ бірдеме етіп күн көреміз. А л т ы н б е к. Ә, мал дәрігері, Бәрін де ойлап қойып ем де күн ілгері. Тә р б и е. Алтынбексіз мен бұл ансамбльде қалмаймын. М а р и я , С ә н и я . Біз де Алматыға бармаймыз. А л т ы н б е к. Жарайды, менің орныма егін ексең, кетейін. (Шыға береді.) Д и р е к т о р . Тоқта, бері кел! Қара бұлардың шетінен дөкейін!
А л т ы н б е к (честь беріп). Слушаюсь, папа! Д и р е к т о р . Слышаис дейтін мен сенің нашандігің емеспін, Папа дейтіндей әлі қызымды берген жоқпын. Т ә р б и е. Па-па! Д и р е к т о р . Атаң да емеспін. Дөкірлігің үшін құлағыңды бұрар ем, Әттең, милиса адамындай қатаң да емеспін. М а р и я . Ендеше, қайтесіздер егесті. Д и р е к т о р . Ал, Алтын шырақ бүгіннен бастап сенің атың Алтын. А л т ы н б е к. Ал-тын? Д и р е к т о р . Иә, Алты-ын. Т ә р б и е. Па-па! А л т ы н б е к. Түсінбедім. Ж ұ м а ш. Мен түсіндім. Алтынбек – ұлдың аты, Алтын – қыздың аты. Д и р е к т о р . Қашан астанада байқау өткенше, Әнсамбльдің қолы бірінші орынға жеткенше, Сен қыз бола тұрасың. Ж ұ м а ш. Ұл болып Тәрбиеге қырындауды қоя тұрасың. Т ә р б и е. Па-па!
А л т ы н б е к . Ә-ә, мазақ қылайын деген екенсіңдер. Д и р е к т о р . Қыз болудың аздаған азабы бар, Бірақ түк мазағы жоқ. Ж ұ м а ш. Жалпы, сенің нұскаң Аздап қызға ұқсайды. Т ә р б и е. Ұят-ай! А л т ы н б е к . Масқара-ай! Д и р е к т о р . Түк ұяты, масқарасы жоқ, Осы күні қыз бен жігітті Басына, Қойған шашына қарап та... Ж ұ м а ш. Киген киіміне... Д и р е к т о р . Тіпті екі иініне қарап та... Ж ұ м а ш. Артынан да, алдарынан да... Д и р е к т о р . Бұтындағы шалбарынан да, Қайсысы жігіт? Қайсысы қыз? Сарапқа салу қиын. А л т ы н б е к. Мен жынданатын шығармын... Жо-оқ... Сіздердің орталарыңызда қалу қиын. (Шыға береді.)
Д и р е к т о р . Тоқта! Қызым, бері кел. Т ә р б и е. Па-па! Д и р е к т о р . Ұста мына күйеуіңнің, Тойс, Болашақ күйеу баланың қолынан. Т ә р б и е. Па-па! Д и р е к т о р . Осыдан босатар болса қолыңды, Әй, милитса бала, Біржола қиямын жолыңды, Алматыдан аман оралсаң, Мен папаңмын, Атаңмын. Қиқандар болсаң, Тірімде бермеймін екеуіңе батамды! Барыңдар, Қыз киімін киіңдер! (Екеуі кетеді.) Мейлі, Содан кейін бір-біріңе тиіңдер! Ж ұ м а ш. Ал, Ыбеке, енді бір идеям бар, Алматыдан ала келген. Д и р е к т о р . Иә, тағы не әдісің бар, аяғымнан шала келген?!
Ж ұ м а ш. Біз астанаға он бес күн бұрын баруымыз керек, Аздап тәлім алуымыз керек. Д и р е к т о р . Ол неғылған тәлім елден ерек?! Ж ұ м а ш . Біраз репетицияға бір музыкант жалдап едім... М а р и я . Тағы да адам жалдаймыз, Тағы да заңсыз жалақы беріп, Совхозды алдаймыз. Ж ұ м а ш (өзіне-өзі). Бұрын алдамай жүргендей... Д и р е к т о р . Әй, шырағым, біз бақшада Жеміс егу орнына Ақша егіп жатқан шығармыз. «Ақша-ақша!» Одан басқа жоқ па? М а р и я . Шырағым, шырағым, сәулем, Енді бір тиын босата алмаймын, Жетті ланың мен әурең! Ж ұ м а ш. Жетсе, мен де кеттім... Режиссер де, дирижер де емеспін... (Шыға береді.)
Д и р е к т о р . Тоқта! Мария, кассадан біраз Ақша алыңдар да, Тез қалаға барыңдар. Ж ұ м а ш. Ыбеке, демалысыңызды алып, Сіз де барасыз. Д и р е к т о р . Ме-ен! Ж ұ м а ш. Иә, се-ен, тоис сіз Бізбен бірге боласыз. М а р и я . Директор қаладан не алады? Ж ұ м а ш. Ол-пұл жүгіретін шаруалар болады... Сосын, ана сәбилерді кім бағады? Д и р е к т о р (екі қолымен маңдайын тоқпақтап). Кім көрген мұндай құзғынды, Көндім, бердім, сайтан алғыр, Бердім тізгінді. Музыка. Пойыз доңғалағының үні. Пойыз терезелерінен көрінген өнерпаздар. Ән салып барады. Ән ырғағымен бірге екі колясканы ырғандатып тұрған Ыбырай Д. Жүн дібаевич.
ЕКІНШІ АКТ Бірінші көрініс Жиһазды үй. Бұтына шортик киген Молик өр аспапта ойнап, өз санын өзі шапалақтап билеп, музыка жазып әлек. Әлден уақытта іштен шешесінің (Жәмила) даусы шыға ды. Ж ә м и л а (іштен). Молик, Мо-о-лик! (Молик естімейді.) Молик, Молдабай, Молдабай! М о л и к. Не айтады, мама? Ж ә м и л а. Молик, Молик, шай қойдың ба? Салат жасап, Үстелге қант, нан, Май қойдың ба? М о л и к . Мам, менде қол бос емес. Ж ә м и л а (шығып. Басы орамалмен таңулы). Бас сынып, ауруын қоймайды, Бүгінде аптекте дәрінің тәуірі де болмайды. М о л и к. Мам, сен рас айтады, Аптекада саған керек дәрілер жоқ. Даже тымауға, жөтелге, Тағы ана бір «бөтенге» – Бәріне жоқ.
Ж ә м и л а. Әрине, аптекке бармасаң, Күні-түні мына аспаптарыңды безілдетіп, Тынымсыз сарнасаң, Дәрі-дәрмек өзі келетін шығар. М о л и к. Мам, мүмкін аптекаға телеграмма салсақ, Өздері-ақ посылкамен жіберетін шығар. Ж ә м и л а. Е-ей, Молдабай, Молик, бала емессің. Соқталдай жігітсің. Міне, бақандай отыз беске толдың, Бірақ титімдей ақыл болсашы, Әбден жүйке-тамырымды тоздырып болдың... Базарға қашан барасың? М о л и к . Мам, базардан мен не алады? Ж ә м и л а. Сен базардан қауын алады, Сәбіз алады, Бір-екі кило ет тауып алады. Шыныға сүт, қаймақ құйып, Шаңнан бетін жауып алады... Неден жалқау болдың, Базар ғой, Базар мына арада – тиіп тұр.
М о л и к . Мам, базарда қазір бәрі қымбат, Өзің айтқандай – «күйіп тұр». Ж ә м и л а. Ендеше, бір-бірімізді жұмсап, Аштан-аш, Осы төртінші этаждан жерге түспейік. М о л и к. Мам, дұрыс айтады, Күзде бәрі арзандайды, Оған дейін, давай, ештеме ішпейік. Ж ә м и л а. Ә-ә, енді солай кәләкәйт қылғың келді ме?! Менің ауыруға да қақым жоқ екен. Кешке шейін сен музыка жаз, Көңілің де, тамағың да тоқ екен, Мен кіріңді жуып, асыңды пісіріп, Алдына бәрін түсіріп, бәйек болсам, Онда сенің түк шаруаң жоқ екен, Енді мені жұмсауға қақың да, ақын да жоқ. Мен сенің қолжаулығың да, Майлық-сулық сүлгің де емеспін, Сенің жалдап алған прислугің де емеспін. Бұдан кейінгі сөздерді аналы-балалы қосылып, дуэт етіп айтады. Бұл сөздерді Моликтің бұдан бұрын талай естіп, жаттап алғаны байқалады.
– Жасың отыздан асып, қырыққа жеткенше, Қашан көзім жұмылып, о дүниеге кеткенше, Сенің өз алдыңа үй болғаныңды, Өз отауыңда жұрт құсап би болғаныңды, Көре алмаспын... Алпысқа жетпеген бүлдіршіндей кезімде, Бойымда қуат та, сезім де, Қайтпаған шағымда, Сенің қамыңды ойлап пенсияға Шығып ем, Жасым жетпей кемпір атанып, Үйкүшік боп, басылып, жаншылып, Жасқаншақ бөденеше бұғып ем, Әйел алатын, Қолымды жылы суға малатын түрің жоқ, Жетеді енді! Шешең қартайып тұрған жоқ, Бір кетік шалға тиіп кетеді енді... Жәмила шығып кетеді. Молик жалғыз. Гитара тартып, мұңын шағады. М о л и к. Мам, мен әйел алмайын деп жүр дейсің бе? Анада үш қыз әкелдім, Фигура қандай, Түр десең, түр дейсің бе... «Бірі темекі тартады,
Бірі қиқандап билеп, Шыңғырып өлең айтады. Бірі шалқасынан диванда жатып алады, Замечание жасасаң, сұрланып, Бұлданып, сіресіп қатып қалады», – деп Бірін де менсінбейсің... «Жуан да болса жуас ауыл қызы Осы үйге келін боп енсін», – дейсің... Сырттан Жұмаш кіреді. Ж ұ м а ш. Рұқсат па екен? Саламатсыз ба? М о л и к. Келіңіз, келіңіз, салам, салам! Ж ұ м а ш (қолын алып). Таныдыңыз ба? М о л и к. Өзім таныңқырамайды, көзім таныңқырайды. Ж ұ м а ш. Қала жұртының өзі емес, Көзі шырамытқаны жетеді! Мен – түнеугүні осында келіп кеткен, Совхоз режиссері, дирижері, Концертмейстері, хормейстері, мал дәрігері. Кейде жедел жәрдем ауылдан әріде, Болмай қалғанда жан дәрігері, Суырыпсалма ақыны, Тоқетері – совхоздың бар жұмысына бақылы... М о л и к . А-а, есіме жаңа түстіңіз...
Ж ұ м а ш. Түнеугүні сізбен ақылдасып едік қой, Сол уәдемен сізге тағы келіп қалдық. М о л и к. Ұмытып тұрамын. Ж ұ м а ш. Олимпиадаға келдік, Ансамбльді кілең қыздарға бердік. М о л и к. Во-от, есіме түстіңіз... Ж ұ м а ш. Совхоздың екі, үш жүз қызының, Ішінен дұрыстап, Сұлуларын сұрыптап алдық. М о л и к. Сұрыпта-а-п? Неше бір түрлері бар? Ж ұ м а ш. Бар болғанда қандай, Бәрі де тәтті балдай, Таңдай суырады, таңдай!.. М о л и к. Таңдай,таңдай? Айтыңызшы, ол енді қандай? Ж ұ м а ш . Қандай болғанда,
Ол, енді-і-і, Тоқаш бар ғой, Ім-м... қазақша енді-і, Піскен нандай. М о л и к. На-андай? Ж ұ м а ш. Сызылғаны да, созылмағы да, Жуан-жіңішкесі де, М о л и к . Арық, семізі де? Ж ұ м а ш. Бір күнде туған егізі де... М о л и к . Ұзыны да. Ж ұ м а ш. Қысқасы да, Әйтеуір, бәрінің нұсқасы бар. М о л и к (қуанып). Бәрі де күйеуге... Тимеген қыздар? Ж ұ м а ш. Былайша айтқанда... Тигені де, Тимегені де, Енді-енді тиейін деп жүргені де. Тиіп болғаны да,
Күйеуін қуып жіберіп, Үйінде соқа басы қалғаны да, Жесірі де, Қартайғанша күйеу таңдап жүрген кесірі де Бәрі, бәрі бар. М о л и к . Характер? Мнэз қандай? Мнэз? Ж ұ м а ш . Әр түрлі: үндемейтін Үндегенді күндемейтін Тұйығы да бар. Көп сөйлемейтін, Бір сөйлесе бет бақтырмай, Адамды жеп сөйлейтін, Құйыны да бар. М о л и к . Профессия қандай, профессия? Ж ұ м а ш Біреу үйде, біреу түзде істейді. Біреу сиыр сауады, Біреу бульдозерден түспейді. Біреу бармағынан бал тамған аспазшы, Біреу қас қаққанша атан түйенді сойып тастайтын қасапшы. Біреу шаш алғыш,
Ал біреу шаш ал десең, бас алғыш. Мектепте сабақ беретіні де, Асханада тамақ беретіні де бар. М о л и к . Тамаша, Оригинальный ансамбль! Бұл бірінші орын алады, сенсеңіз. Ж ұ м а ш. Аузыңызға май, астыңызға тай! Содан енді өзіңіз барып көрсеңіз. М о л и к. Сізді енді мүлдем таныдым... Ж ұ м а ш. Кеттік онда, Такси күтіп тұр жолда. М о л и к. Жарайды, бара беріңіз, Мен киінемін... Ма-ма! Екінші көрініс Тағы да қуыршақтар концерті. Бір-екі өлең аяқталған соң шам сөнеді де, қайта жанғанда сахнаға жанды қуыршақтар – Жұмаш пен Молдабай шығады. Ж ұ м а ш. Ал, Молдабай, Тоис Молик,
Біздің қыздар қалай-қалай айтады? Бар емес пе өнер десе Қозып кетер сайтаны! М о л и к. Сайтаны? Ж ұ м а ш. Былай, енді, арқасы. М о л и к . Арқаларды көрмедім, Но, қолдар, бастар – бәрі бар. Ж ұ м а ш. Дұрыс айтасың – бәрі бар, Әлі талай тамылжытар әні бар. М о л и к . Әрине... Әлі көп-көп репетиция тағы бар. Ж ұ м а ш. Әрине, әрине, Бұларды біраз жөндеу керек. Содан соң, ең бастысы – Комиссияның кері тартқанына көнбеу керек. М о л и к . Жюридеңіз... Ж ұ м а ш. Иә, тоқетері – Осы ансамбльді өзіңіз жөндейсіз, Қыңыр жюриге де өзіңіз көнбейсіз.
Бұл – менің қолқам, Директордың қолқасы, Қыздардың қолқасы! М о л и к (қуанып). Қыздардың?! Ж ұ м а ш. Иә, жас қыздың да, кәрі қыздың да. Тіпті бәріміздің. М о л и к. Онда, менің де құлқам бар. Ж ұ м а ш. Айтыңыз, айтыңыз, Құрғақ қасық ауыз жыртады, Егінді де жұрт тегін ормайды. М о л и к. Дұрыс айтады – Еңбек еш уақытта тегін болмайды... Ж ұ м а ш. Ал сонда, тоқетері – Өзіңізге нешеуі керек? М о л и к. Әрине, біреуі. Ж ұ м а ш. Біреуі, біреуі... Сонда ол, тоқетері, – Жасырмай айтыңыз бізге, Мың ба, әлде жүз бе?
М о л и к. Сіз олай мазақ етпеңіз, Сөз шетіне жетпеңіз, Ж ұ м а ш. Оу, ол неғылған шет, неғылған мазақ?! М о л и к. Әрине, ауыл қызын алу – Бізге, как говорится, азап. Ж ұ м а ш. Қы-ыз? М о л и к. Ия, қыз. Әрине, кемпір емес, бір қыз. Ж ұ м а ш (қарқылдап). Оу, мен жүз сом мен Мың сом ақшаның арасын айтып тұрсам, Сен жүректің жарасын, Махаббат шарасын айтып жүр екенсің ғой. М о л и к . Ақша-а? А-а, гонорар?! Керек жоқ, Ауыл қыз керек! Ж ұ м а ш. Ауыл қыз?..
Қателеспеймісіз? Қайсысы ұнады? М о л и к . Жоқ, қателеспейді, Мен жақсылап көзбен сынады. Ж ұ м а ш. Сонда қайсысы ұнады?.. Ана қызыл жемпір ме?.. М о л и к . Ана бір қзыл, қзыл... Ж ұ м а ш. А-а, түсінікті. Қой, ол кемпір ғой! М о л и к . Жо-оқ! Ж ұ м а ш. Ә-ә, ана инелікше имиген бе? Қой, оның жаласына қаласың, Бесікте баласы бар. М о л и к . Жо-оқ! Ж ұ м а ш. Ә-ә, екі беті консерві қаңылтырдай, Біздің бұғалтыр ма, ей?! М о л и к. Жо-оқ! Ж ұ м а ш. Ә-ә, ендеше, анау әдемі қыз?.. Одан бәріміз де дәмеліміз! (Жағасынан ана түседі.) Ансамбльді құлатпақ түгілі,
Жылатсаң да, ол жоқ саған. Маған да сұлу керек, маған! М о л и к. Атамаңыз, ондай қыздар қалада да толып жатыр. Ж ұ м а ш. Ендеше, басқа бізде қыз жоқ, Осымен бәрі тәмәм болып жатыр. М о л и к. Ана-а... Көзілдірікті гитаристканы... Айтқыңыз келмейді, ә-ә? Оны бізге тағы кім бермейді, ә-ә?! Ж ұ м а ш. Көзілдірікті?.. Қайсысы тағы, Айтып тұрған өзіңдікі? Ә-ә, Алтынбек пе? Тоис Алтын ба? (Ішек-сілесі қатып күледі.) М о л и к. Сонша неге күлдіңіз, Ол қыздың не жамандығын білдіңіз?! Ж ұ м а ш (күлкісін тыйып). Ол жаман емес, Тамаша маман! Әттең, сондай алтын қыз да, Жүрегі жігіттерге мұздай салқын қыз.
М о л и к . Сіз «мен сүйеді» айтыңыз. Мұздай болса да, Махаббат костеріне күйеді айтыңыз. Ж ұ м а ш. Ол сүйеді, күйеді, Жақсылыққа иеді, Біреуге біреу тиеді, Ондайды мүлдем білмейді. Көзіне ешкімді ілмейді... Сөз салсаң, арс ете қалады. М о л и к. Үйленемін, аламын айтсам? Ж ұ м а ш. Онда жүрегі жарылып, тарс ете қалады... М о л и к (зілмен). Ал, сіздей айтқанда тоқетері мынау: Сіз, ауыл адамысыңыз, Қызбен сөйлесе білесіңіз, Алтынды маған көндіресіңіз. Әйтпесе, мені біржола өлтіресіңіз, Тю-тю! (Кетеді.) Ж ұ м а ш (бұл да қоштасып). Тю-тю-тю! (Жалғыз.) Апырай, Менің ең қорыққаным: Совхоз есебінен беретін тиын мәселесі еді, Енді Алтынбекті үйлендіру –
Одан да қиын мәселе болды-ау. (Ойланып.) Таптым, таптым: «Алтынбек Моликке ғашық екен, Тез арада үйленуге асық екен», – деп, Тәрбиенің басын шатастырып, Өзіме матастырып алайын... Сырттан шуылдасып ЬІбырай, Мария, Алтынбек, Тәр бие, Сәниялар кіреді. Б ә р і (жамыраса). Көнді ме? (Жұмаш тымырайып үнсіз отыр.) Д и р е к т о р . Е, көнбегенде қайда барады?! М а р и я . Әрине, совхоздан қыруар ақша алады. А л т ы н б е к . Неше рет репетиция жасайтын болды? С ә н и я. Қанша ақша жашайтын болды? Т ә р б и е. Жұмаш-ау, айтсаңшы қасармай? Д и р е к т о р . Оу, несіне түнеріп отырсың, Албасты мен әбілет кеп басардай?! Ж ұ м а ш (басын оқыс көтеріп). Ол репетиция да жасамайды, Совхоз ақшасын да ашамайды. М а р и я . Қазір адам ақшаға құныққан, Әсте бір тоймайды,
Т ә р б и е. Иә, берген сайын ала түсуді қоймайды. А л т ы н б е к. Қап, Жаңа мен Жұмашпен қала тұруым керек еді, Налогты ескертіп, Біраз өзін заңмен қорқытып ала тұруым Керек еді. Ж ұ м а ш. Міне, тамаша, Өзі де сенімен сөйлескісі келеді, Аздап... былай... үйлескісі... Яғни, шаруаны жөндескісі келеді. А л т ы н б е к. Несі бар, Ол қаланың қуымен сөйлесіп көрейік, Елдің қамы үшін достасып, үйлесіп те көрейік. Егер қиқандар болса, сес көрсетіп, Тілмен түйресіп те көрейік. Ж ұ м а ш. Болды, болды, тамаш-ша! Сен сөйлессең бәрі қалпына келейін деп тұр. Айтқаныңа көніп, айдауыңа жүріп, Теліген жетім бұзауша, Сөлең-сөлең соңыңнан ерейін деп тұр. Ал енді, аздап өзді-өзіміз ақылдасайық, Ертең дау шықпайтындай бақылдасайық.
Ыбеке, Алтеке, сіздер қала тұрыңыздар, Басқаларыңыз миды ашытып уламай-шуламай, Жатақханаға бара тұрыңыздар. Ыбырай мен Алтынбектен басқалары кетеді. А л т ы н б е к. Сонымен түсіндірші өзің, Әлгі сұм қанша ақша сұрайды? Ж ұ м а ш. Бір тиын да... Тек сені ғана қалайды. А л т ы н б е к. Мені ғана қалайды? Д и р е к т о р . Сонда қалай, Совхоздан бір тиын алмайды, Тек Алтынбекті ғана талайды? Ж ұ м а ш. Талай ма, таламай ма? Жей ме, жемей ме? Ол арасын білмедім. Әйтеуір, біздің қыздардың ішінде Осы Алтынбек қана ұнайды екен. Көргелі, Ұйықтай алмай дөңбекшіп, Жүрегі аттай тулайды екен.
Д и р е к т о р , А л т ы н б е к . Түсінсем бұйырмасын Ж ұ м а ш. Түсінбейтін түгі жоқ, Ол жігіттің енді бетінен қайтатын түрі жоқ. Консерватория бітіргелі он жыл болыпты, Жасы бақандай отыз беске толыпты. Енді үйленем десе қақысы бар шығар. Д и р е к т о р . Eh, үйлене берсін, Онда кімнің ақысы бар. Ж ұ м а ш. Егер ол Алтынбекті ғана, Тоис Алтынды өліп-өшіп сүйем десе. Мынаның несі кетеді, Алдап-сулап, Біраз күнге тием десе?! А л т ы н б е к . Оу, өзің не айтып тұрсың, Есің дұрыс па?! (Ұмтылады.) Д и р е к т о р . Шырағым, әдеп керек, Жоқ нәрсеге бола ұрыспа! Ж ұ м а ш. Міне, Ыбекең бәрін де түсінеді!
Ал сен істің мәнін түсінбей, Бетімен олай ісінбе! А л т ы н б е к . Мен жынданатын шығармын! Д и р е к т о р . Жоқ, шырағым, Совхоз үшін, мен үшін, өзің үшін, Аз уақыт қалыңдық болып, Әлгі жігіттің алдында бұралып, Былай... ырғалатын шығарсың!.. А л т ы н б е к (көзі алайып, былқ-сылқ етіп). Мен енді о дүниеге аттанып, Бәрінен де құр қалатын шығармын!.. (Құлайды.) Д и р е к т о р . Су, су! (Жұмаш су әкеліп бүркеді.) Д и р е к т о р (Алтынбектің басын сүйеп отырып). Шырағым, менің қызымда ойың бар ғой? А л т ы н б е к (зорға). Б-б-ба-ар! Д и р е к т о р . Сендерге жасайтын менің тойым бар ғой? А л т ы н б е к . Б-б-ба-ар! Д и р е к т о р . Олай болса бастаған істі тастама. Ж ұ м а ш. Біз енді, сені қыз емес деп айта алмаймыз. Д и р е к т о р . Ел-жұртқа күлкі болып қайта алмаймыз. Ж ұ м а ш. Ендеше, музыкантқа тимесең де... Д и р е к т о р . Шын жүрегіңмен сүймесең де,
Біраз күн бірге жүресің. Ж ұ м а ш. Әрине, жай жүрмейсің, Қысылып, қымсынып, Қыз болып күлесің... Сосын... Д и р е к т о р . Сонда ғана... әлгі-і... Репетицияны тездетесін. (Алтынбек тағы талықсиды.) Ж ұ м а ш. Талмақ түгілі, мүрдем кетсең де, Ертең музыкантпен оңаша кездесесің!.. Үшінші көрініс Түнгі қала көрінісі. Сквер. Демалатын орындықтар. Жәмила мен Молик шығады. М о л и к. Мам, қалшы енді! Ж ә м и л а. Қалайын, қалайын. М о л и к . Жо-оқ, үйге баршы енді! Ж ә м и л а. Осы арада теріс қарап отырайын. М о л и к . Мам, сен отырғанда мен ұялады. Ж ә м и л а. Жаным-ау, Келінді бір көріп кетпей, Көңіл қалай қия алады?!
М о л и к. Мам, келін жақсы... Ж ә м и л а. Құдай-ай, балам жолын өзің онда! М о л и к. Ия, онды, онды, Мускула мынандай, Тура Амазонка. Ж ә м и л а. Қарағым-ай, нағыз шаруаның қолы екен ғой. М о л и к. Қолы, қолы. Ж ә м и л а. Ал енді, қапы қалма осы жолы. М о л и к. Мам, баршы, тіл ал, таласа берме. Ж ә м и л а. Жарайды, ұлым... Ал, соңғы айтарым: Көзінен көзіңді алмай өзеуреп, Қараса берме! Отырғанда алысырақ отыр, Иық түйістіріп жанаса берме! Сосын, Ауыл қызы қала қызындай түсінбейді – Жебір бұзауша жаласа берме! М о л и к. Жарайды, мам... (Қолтықтайды.) Ж ә м и л а (шығып бара жатып). Сосын,
Әкеңнен қалған төрт бөлмелі үйіңді, Он жыл бойы оркестрге жазып жүрген Семпонияңды, күйіңді, Әйтеуір, қаратып алуға не тиімді – Бәрін түгел айт. М о л и к. Айтады, бәрін айтады. Мам, енді үйге қайтады?! Екеуі де кетеді. Екінші жақтан Алтын келеді. А л т ы н. Безобразия, Жігіттің жігітті күтуі не деген азап, Жоо-оқ, бұл – барып тұрған мазақ! (Жұртқа қарап.) Безобразия, Бұл әлі аз, иә?! М о л и к (жүгіре басып, ентігіп). Алтынка, Сізді көру не деген бах-ы-ыт. А л т ы н (ол да Маликше). Бах-ы-ыт, Бах-ы-ыт! Одан да мерзімінде келмейсің бе?! Қанша болды уақыт?! М о л и к . Әуелі мен бұрын келеді, Сіз кешігеді. Сіз келеді,
Мен кешігеді, Сондықтан екеуміз де кешіреді! А л т ы н. Жарайды, кешірген-мешіргенді, Жоққа джентельмен боп есіргенді қояйық Мына жерге отырайық. М о л и к. Иә, отырайық!.. А л т ы н . Қане, сосын, Тездетіп анкетамызды толтырайық. М о л и к . Анкета-а? А л т ы н . Иә, ауызша толтырамыз, Алдымен, осы араға неге келдің? М о л и к . Танысуға. А л т ы н . Жай танысуға ма, Әлде қыз бен жігітше сыр ақтарысып, Біраз күн табысуға ма? М о л и к . Табысуға... А л т ы н . Анығырақ айтқанда: Мен аулыма қашан кеткенше,
Біраз күн ойнап-күліп қалуға ма? Әлде, шынымен әйелдікке алуға ма? М о л и к. Алуға... А л т ы н . Тәмәм қыздың ортасынан Мені неге қаладың, Неге мені аласың? М о л и к Мен сізді ұнатады, Әсіресе мамам... А л т ы н . Сонда, Мені өзің аласың ба, Мамаң ала ма? М о л и к . Әуелі мамам, Сосын өзім алам... А л т ы н . Міне қызық, Бұрын-соңды көріп жүріп, Үй болғандардың жасын да кәрісін, Көрген емен, Тап мынандай үйленудің жаңа әдісін. М о л и к. Көресіңіз әлі, бәрісін, бәрісін.
А л т ы н. Е-е, көрешегім әлі алдымда екен ғой. М о л и к (түсінбей құптап). Ну, алдымызда, алды мызда А л т ы н . Жарайды! Ал сонда, Мамаң мені неге ұнатады, Көрмей жатып сыртымнан? М о л и к. Мамам ауыл қызы жақсы айтады, Шықпайды айтады... уысынан, ырқынан. А л т ы н . Е-е, мені алған соң үйге қамап, Күліп отырам де мұртымнан. М о л и к. Да, да... Мамам айтады: «Ауыл қызы бейсуат, иу-у, бейсауат Қыдырмайды» айтады. Үй ішіндегі кір-қондарын өзі реттейді, Прачечныйға жудырмайды» айтады. «Базарға барады, продукт алады, Байымен ұрыспайды» айтады. «Өз үйінде прокурор болуға тырыспайды» айтады. А л т ы н . Осындай бесаспап келінге «бақыл» болған Мамаң нағыз ақылды екен.
М о л и к. Ну-у. А л т ы н . Әрі прачка. М о л и к. Әрі грузчик. А л т ы н . Әрі носильщик. М о л и к. Әрі повар. А л т ы н . Әрі сторож. М о л и к. Әрі уборщица... А л т ы н . Молдабай, Молик. Сен ғой музыкантсың қатардағы. М о л и к . Ну... А л т ы н . Ал музыка жазу – әшейін ермегің, Мамаң үшін жазып жүрген, Ұйықтар алдындағы, ну жатардағы. М о л и к. Ну... А л т ы н . Одан да ауылға, Совхозға неге бармайсың? Елге қаншама пайдаңды тигізер едің, Сен ғой, композитормын деп, Өзіңді-өзің алдайсың. М о л и к. Мамам: «Ауыл іші шаң-топырақ. Денсаулық жақсы қалада отырсаң» айтады.
А л т ы н. Өзі қайдан шығыпты?! М о л и к . Ну... А л т ы н . Ендеше, шынын айтайын – Екеуміздің тұзымыз жараспайды. М о л и к. Ол не? Туз? А л т ы н . Екеуміз пар емеспіз, Пар еместер – шын жар емес. М о л и к . Алтын, Алтынка... Енді... берсеңізші... А л т ы н . Нені беремін? М о л и к . Сөзіңізді. А л т ы н . Сен ауылға келе алмайсың, Мен қалаға келе алмаймын. Саған анда-санда соғып, Заочниктерше, Сырттан емтихан бере алмаймын. М о л и к . Алтын, Алтынка... Мамам, тағы да:
«Ынжық, жасық» айтады ғой, Ауыл қызымен сөйлесе алмайсың «Пасық» айтады ғой. Берсейші сөзіңізді. Берсеңізші! А л т ы н . Жарайды, келісім былай болсын: Ансамбльге репетиция жасап, Күні-түні үйретесің, Алға қарай сүйретесің, Сосын, Ауылға бару мәселесін кейін қараймыз, Әзірше осы уағдамен тараймыз! Уағда? М о л и к (қуанып). Рақмет, Алтынка! Хорошо, когда уагда!.. Уагда, Уагда!.. Шам сөнеді. Музыка. Қуыршақтар концерті. Дирижерлік етіп тұрған Молик. «Стоп!», «И, И», «Стоп», – деп бір әнді қайта-қайта қайталайды. Ән аяғы ырсырс, пыс-пыс етіп тұрған пойыз үніне ұласады. Қуыршақтар кетеді. Сахнада жанды қуыршақтар. Директор, Алтынбек (милиция киімінде) шығады. Д и р е к т о р (екі бесік-арбаны бірдей селкілдетіп). Біліп ем-ау осылай боларын! (Жұртқа қарап.) Оу, бұлармен жүріп қашан ғана оңармын, Лаңмен жүріп құрған ансамблім Бірінші орын түгіл, оныншы орын ала алмады.
А л т ы н б е к . Қашанғы осылай тіршілік етпекпіз, Жығылып-сүрініп, Қайда әлгі, мықты бөспебайлар Білектерін сыбанып, түрініп, Комиссияның сонынан салпақтап, жүгіріп, Түк бітірмей қалғандар, Ал, қане, елді де, мені де Осылай, өмір-бақи алдаңдар Өңкей уағдашыл, Сөзінде бәтуа жоқ, жалғандар! (Сәния мен Мария келеді ентігіп.) Қайда жүрсіңдер? С ә н и я . М а р и я . Магазинге бардық, Елге сәлем-сауқат, Базарлық алдық. Д и р е к т о р . Сендердің жұмыстарың біткенше, Пойыз күтіп тұратын шығар. М а р и я . Немене осы, келсек те, Кетсек те әбігер! Д и р е к т о р . Қайда әлгі біздің қыз бен дәрігер?! Мал дәрігері? (Сәния мен Мария жарыса сөйлейді.)
С ә н и я. Енді сизларға қыз да юк. М а р и я . Жігіт те жоқ. С ә н и я. Аларнын куңілләрі тук. М а р и я . Уайым-қайғы жоқ. Сәния. Бір-бірларыблән кул ұстасып киткен икэн. М а р и я . Армандарына жеткен екен. А л т ы н б е к . Д и р е к т о р (жарыса). Не дей-ді?! Не айтып тұрсыңдар?! М а р и я . Екеуі қашып кетіпті. С ә н и я. Сіздің қызды, дәрігер малай Қой хатлы, машинаға басып китіпті. Д и р е к т о р . Машина басып кеткен бе? А л т ы н б е к . Машинаға басып кеткен бе?
М а р и я . Түсінбейтін несі бар, Сенің Моликпен жүргеніңді, Қыз бен жігіт боп сүйісіп, Күліскеніңді қызғанып, Ашуланып, тұлданып... С ә н и я. Тәрбиән, Жұмаш білән ұрланып Бір жула қашып киткән. О, аллам, бу қызық ниткән?! А л т ы н б е к (талықсып). Оһ, мен жынданатын шығармын! С ә н и я. Тилі булмай тұра тұр, Әне, күйәуін, Түзуірәк айтқында – байысың киле иатыр. Д и р е к т о р . Пойызға мініңдер, пойызға, Көрсетермін ол қызға ма, ол қызға! Бәрі пойызға қарай ұмтылады. Сырттан Молик пен Жәмила келеді. Ж ә м и л а. Келінім қайда, келінім, Алдынан жүгіріп шықпас па ерінің.
А л т ы н б е к (қарсы тұра қалып). Ал, сізге не керек, Шықтық алдарыңнан. Ж ә м и л а. Қарағым, Бұл арада милицияның түкке керегі жоқ, Келінімді көремін тек. М о л и к . Мам, осы келініңіз! Алтынка! Мамама қолыңызды беріңіз. Ж ә м и л а. Молик, мынау еркек қой?! М о л и к . Бәрібір осы, Қазір ауыл қызы, Қала қызы, Өзің айтқандай еркек шора, Бәрі де тентек қой. А л т ы н б е к (Моликке ұмтылады). Ә, Молик деген сен бе едің?! Ж ә м и л а (араға түсіп). Әй, мынау қайтеді, Төбелессең кел бері! (Жүгіріп келіп директор ара түседі.)
Д и р е к т о р (ажыратып). Бұл Алтын емес, Алтынбек, Алтынның ағасы. Ж ә м и л а. Ағасы болса, қойсын айғайлағанын. А л т ы н б е к . Неге жуытасыңдар осындай, Қағылған-соғылған қай-қайдағыны. Д и р е к т о р (даусын көтеріп, жаңылдырып). Алтынбек қарындасын ешкімге бермеймін дейді. Ж ә м и л а. Бермесе, мына әумесер ағасы құсаған Ондай қызды менің де көргім келмейді. Пойыз сигнал береді. Сырттан пойыздың жүретінін хабарлаған дауыс жатады. Д и р е к т о р . Көрмесеңіз көрмеңіз, Ол қыз өзі, көруге де тұрмайды, Ал кеттік, балаңызды бізге жібер. Шертіп жүріп қыз әперем, Сізге де, оған да ұнайды. Ж ә м и л а (сөмкесіне қол салып). Балам, мә, ақша, Жолда билет аласың, Мына кісінің түрі, Келбеті, ишараты, нышаны – бәрі,
Бәрі жақсы екен, Аулына бірге барасың, Таңдап қыз аласың, Ұнаса, сонда қаласың, Мына құрдасымды мен де Кейін іздеп табармын. Пойыз жылжи береді. Д и р е к т о р . Замандас, Көріскенше аман болыңыз. Ж ә м и л а. Жиірек келіп тұрыңыз, Қолыңыз тисе, қолыңыз, М о л и к . Мам, cay бол! Өзің айтқан соң Тіліңді аламын, – Ауылға барамын, Саған ұнайтын қызды, Өзім сүймей-ақ, Жүрегім күймей-ақ, Ала саламын! Пойыз доңғалағының дыбысы. Музыка.
ҚҰСТАР АЙТЫСЫ Мектеп сахнасына арналған скетч Күміс табақ ай бозарып, алтын табақ күн қызарып шыққан кез. Айналасына тып-тығыз қамыс өскен айдын көл. Алқақотан отырған құстардың ортасындағы қаз соғады. Қ а з. Ей құс қа-қақауымы, үлкеніміз бар, кішіміз бар, әлсізіміз бар, күштіміз бар, жүзгішіміз бар, сүңгуіріміз бар, биікке самғап ұшқышымыз бар – бәріміздің ортақ атымыз – құс. Бірақ құс бола тұрып, бір-бірімізге деген сонау атадан мирас болып келе жатқан өштігіміз де жоқ емес. Бүгінгі жиналып отырғанымыз, өздеріңе мәлім, арамыздан әділеттік айтып, бірлік нұсқап отыратын бір басшы құс табу. Ол, әрине, осы жердің иесі, қожасы атануға барлық қасиеттерімен лайық болуы керек. Сондықтан жөнсіз даурықпай, бетімен таласпай, әділ шешімге келейік. Ал, құс қа-қа-қауымы, бердім сөзді өздеріне! (Құстар ойланып қалады.) К ө к е к (бір тұрып, бір отырып). Кәне, сөйлемейсіңдер ме, несі бар, сөйлеу керек. (Тағы да пауза. Айнала қарайлай берген көкек шыдай алмай.)) Мен сөйлеймін, мен, мен! (Ортаға шығады.) (Ортаға(Ортаға шыгады.) Қ а з. Көкек сөйлесін. К ө к е к. Бүкіл адамзат баласының, бүкіл жүгірген аң, ұшқан құсқа салтанатты жаз мезгілінің ең бір сұлу айы – мамыр айы. Сол тамылжыған мамыр айында, менің де тамылжыта салар «Көкек» әнім естіледі. Көктемді сағынғандар менің әнімді де сағынады. Мен «кө-ө-кек, кө-ө-кек» де-
генде, үнсіз мүлгіп тұрған бүкіл дала жаңғырығып, сай-сала «кө-ө-кек, көкек» деп қайталайды. Мамыр айы бәріміз тыныстайтын жаз айының ең әсем айы болса, көкек әні сол айдың меншікті әні секілді. Олай болса, сол әннің иесі менің орным құстар арасында ерекше ме деймін! (Көкек орнына барады. Ортаға қаратаған шығады.) Қ а р а т а ғ а н . Құста-а-а-р-р! Құста-а-ар-р! (Бар дау сымен шаңқылдап, айнала қарап алады.) Мен әуелі өз қасиетіме тоқтамас бұрын, жаңағы көкіп кеткен көкек жайында бір-екі сөз айтпақпын. Көкек, сен несіне бөртіп, несіне пісесің. Қай өнеріңмен мақтанасың, осы жерге келгеннен бері өзің бір орнында отырған жоқсың, бір ұшып, бір қондың. Дәйегің жоқ. Адам баласы өз ішінен шыққан ұшқалағын саған теңейді. «Көкекке ұқсамай», «секеңдей берген көкек екенсің» деген сөзді талайлардың аузынан естімедік пе? Әншімін дейсің. Сенің қай жеріңде әншілік бар. Әнің өз атыңды таныстыру үшін ғана айтылады. «Көкек, көкек» деп өзіңді өзің қайталау – мақтаншақтық. Ал бір айдан кейін сенде ол ән де жоқ. Сені жұрт «сақау көкек» деп атайды. Ендігәрі көктемнің сұлу айын өзің әкелгендей болма. К ө к е к. Жала, жала, «айтшы көкек» дейді. Олай сөзді бұрмалама, сауатсыз қаратаған, жыртындыда құрт жеп талтандаған қаратабан! Қ а р ғ а. Өзің құрт жемейтін шығарсың, өзің қызылжасыл киініп, көрінген ұяда қызылшақа балапаныңды қалдырып жүрген масыл бейбақ. Қ а з. Қысқарта сөйле. Қ а р а т а ғ а н . Сақылдаған сары аяздың зәрі тарқап, қар астына су түсіп, өткір өкпек жер тұрмаса, мамыр
айы қайдан келер еді. Мамырды айтқанша, наурыз-көкек айларын неге айтпайсың? Сол қардың кетуін хабарлап жар салушы кім екен? Ол мына мен емеспін бе!? Олай болса, менің қасиетім сенен де зор-р-р-р, зор-р-р! (Басын шұлғи бітіреді сөзінің аяғын.) Б ұ л б ұ л. Маған сөз берсеңіз. Қ ұ с т а р. Е, бұлбұл сөйлесін, бұлекеңе сөз берейік. Қ а з. Сөйле, бұлбұл. Асығыс көтерілген бұлбұл, айналасына нөштене бір қарап алады да, сәл бөгеліп барып сайрап кетеді. рып сайрап кетеді. Б ұ л б ұ л. Иә, құстар, құстың ең ірі қасиеті – үнінде, әнінде. Не ырғағы, не мәні жоқ, дене тітіркендіретін барқыраған қарға даусы, көрінген жерде өсек айтып жағы талмайтын сауысқан шықылығы, мезгілсіз уақытта тыным таппайтын бөдене бытбылдығы, жылқы айдадым деп өзін-өзі жұбатып жүретін жылқышы ысқырығы – бәрі де тыңдаған сүйсінерлік, қалғыған сергіп, мүлгігеннің көңілі оянарлық әсем ән емес, беймаза ғана. С а у ы с қ а н (таңдайын қағып). Тиіспей сөйле, бұлеке. Қ а р ғ а. Р-р-рас, р-р-ас, басқада шаруаң болмасын, қар-р-рағым, шыр-р-рағым... Б ұ л б ұ л. Бәріңе аян, менің атым әніммен әйгілі. Бұлбұл ән салды десек-ақ, жел уілін, аң жүгіруін, мал күйісін доғарады. Қалғыған тау, мүлгіген дала, дірілсіз тынған тымық өзен, сылдырап аққан бұлақ, ырғалған тоғай – бәрі де сол әннің қошаметшісіне айналады. Міне, бүкіл табиғатқа әніммен тіршілік себетін, рақатқа бөлейтін менің үніме
ұқсас басқа үнді естіп қалса-ақ адам баласыда: «Па, шіркін, бұлбұлша сайрайды екен, бүлбұлша тамылжытады», – деп маған теңейді. Олай болса, осы аймаққа қожа болуға жарамайсың деп кәне, қайсысың айта аласыңдар! Бұлбұл алдында ауыздарын ашып қалған құстар өзінөзі ұмытып, ұйып қалғандықтарын аңғарып селк етіседі. Бірдеңе десеңдерші десіп, бір-біріне қарасады. Пауза. Қоңыр үйрек қиралаңдай басып орнына тұрады да, басы қалтақтап ортаға беттейді. , ұйып қалғандықтарынбұлбұл Қ а з. Сөйле, үйрек! Ү й р е к (асықпастан, аптықпастан өзіне тән сабырлықпен сөйлей бастайды). Бұлбұлдің әншілігіне, оның тыңдағанды балқытар-р-р әсем үніне таласым жоқ, бәрі рас, р-рас. Бір-р-рақ, бір-р-ақ... бұлбұл, сен өзі жел гулеген жазық далада ән салып көрдің бе? Не болмаса қамыстан басқа панасы жоқ, кемерін шылп-шылп толқын ұрған көл жағасында болып көрдің бе? Ондай жерде тыңдаушыларың, сені білетіндер бар ма, бар-р-р ма? Әрине, жоқ. Сен, қайда мәуелі ағаш болса, қайда жел тимейтін, күн өтпейтін жасыл жапырақты, жұпар иісті сая болса, сонда жүресің. Сен сияқты жаны ар-ар-ардақтылар бізге не әділдік айтпақ, не жөн сілтемек? (Отырғандар бас изесіп, «дұрыс айтады» десіп құптасып қалады.) Осы бір жайылып жатқан ен далада құс іздегендер болса, сөз жоқ, тек қана көл аралайды. Көл – құстың мекені, құс – көлдің сәні. Ал енді осы көлдерде көп отырып, көп мекендейтін, қар жауғанша жүретін құс кім? Ол – үйрек, үй-ир-рек!
Ш ә у к і л д е к (жыпылдай басып, ұмтыла түсіп, шіңк ете қалады). Дұрыс емес, мені қайда қоясың? Бырыспа да құрыспа, Тырнаның жұмыртқасындай-ақ боп, Жақынсың-ау ұрысқа! Қ а з. Шәукілдек, тыныштал! Ү й р е к. Көлдің бетінде сыпылдай ұшып тобымен көтерілетін шүр-р-егейді, еркін қалқып, балдырды сүзіп, сабырлы барылға салатын қоңыр үйрек мені, су астында кең тыныстап, еркін сүңгитін сүңгуір қасқалдақты бағаламасаңдар, өздерің біліңдер. Онда айтар-р-рым жоқ. Бір-р-рақ, бір-р-ррақ... Қалтақтай басып, орнына беттейді. Үйрек орнына жылжи бере-ақ «мен сөйлеймін, мен» дегендер даланы басына көтереді., мен» дегендер даланы басына көтереді. Қ ы з ғ ы ш (шаңқ ете қалады). Мен сөйлеймін! Меен, ме-ен! Қ а з. Сөйле, қызғыш! Қ ы з ғ ы ш (асыға, аптыға шаңқылдайды). Бәріңді қорғайтын, бәріңнің қамқоршың мен, мен! Көлдің көркі біз деп, үйрек, қателеспе! Біз болмасақ, сенің күніңді көрер едім. (Құстар ду күліседі.) Жоқ, күлетін ештеңесі жоқ, көлдің қожасы – мен! Олай болса көлді мекендейтін бүкіл құсқа қалайша қожа бола алмайды дейсіңдер. (Тыпыңдай басып орнына беттейді.) Бағанадан мойнын ішіне тығып, ұзын аяғын алма-кезек ауыстырып тұрған тырна «Мен сөйлеймін», – дейді.тын
Қ а з. Сөйле, тырна! Т ы р н а. Әй, қызғыш-ай, саған билік не керек еді. Сенсіз де еркін толқып, еркін сылдырап жататын айдын көлдің маңына біреу жолап кетсе-ақ, «ой-ба-ай!» деп айқайлап көтерілесің. Көлді сенің ғана мандайыңа басып қойғандай қызғана тұра келесің. Адам баласы өз қызғаншағын «көл қорыған қызғыштай» – деп тегін айтпаған-ау. Ал мен болса, артық сөйлеп, артық мақтанудан аулақпын. Тек айтарым, осы отырған барлығыңнан мойным да ұзын, сирақтымын да, бәріңнен биік сонау аспанның ең алыс теріне, бұлттан әрі ұшамын. Олай болса, бәріңнен биік, бәріңнен озық та орын менікі болуға лайықты шығар дегім келеді. (Айнала мойнын соза қарап барып тоқтайды. Ортаға қарақұс шығады.) Қ а з. Сөйле, қарақұсым! Қ а р а қ ұ с. Ей, тырна, мақтанбаймын деп тұрып, сен де мақтанып кеттің. Сенің серейген бойыңа, тырбиған сирағыңа, рабайсыз мойныңа, іліп аларға еті жоқ қу сүйек денеңе мақтанатын орның жоқ еді. Одан да, адам баласының еңбектеніп жер жыртып, ұрық сеуіп өсірген егінін отайтын жауымын десеңші. Мына бізді айт: күніне екі тышқан болса да қиядан көріп, қиыннан қисынын келтіреміз. Ол– адам баласына деген пайдамыз, егіннің жауына деген шабуылымыз. Олай болса, менің мақтанышым орынды бағалануға тиіс! А қ қ ұ й р ы қ т о р ғ а й (қарақұстың көзі түсіп кеткенде құйрығын жыпың-жыпың еткізіп қағып алып, жағымпаздана басын изеп мақұлдай қалады). Иә, иә, дұрыс айтасыз! Мұны аңғарып қалған қырғи, отты көзін қадап, имек, өткір тұмсығын тақылдатады. Жүрегі зор түбіне кет-
кен аққұйрық одан сайын бәйек болып, сасқалақтап қалады.. – Жоқ, сіз дұрыс айтасыз, сіз, сіз мәртебелі қырғи! Ү й р е к (барқ-барқ күліп). Оу, қыр-р-ғи әлі ештеме деген жоқ қой... А қ қ ұ й р ы қ т о р ғ а й . Қырғи ағай сөйлемесе де, не сөйлейтіні көзінен көрініп тұр, көзінен! Не деген өткір көз, тіпті өңменіңнен өтеді, тамаша! Қ а з. Аққұйрық, тыныштал! Сөйле, жапалақ! Ж а п а л а қ. Ей, қарақұс, адам баласының досымын, қамқоршысымын, жауын жаралаушы жауынгерімін деп несіне кеуде көтересің. Одан да, жаңа көзін ашып, анасының соңынан шиқылдап ерген жазықсыз тауықтың сары ауыз балапанын ұрлайтын ұрымын деуге батылың жетпей тұр ма? Қырағымын дейсің. Мына мені айт! Айсыз қараңғыда інінен көрініп қалған тышқандарды көз ілестірмей қағып аламын. Ешкімге залалым жоқ. Олай болса, адамзат сені емес, мені бағалайды. Ал сендер не дейсіңдер? Алақандай көзін аударып-аударып жіберіп құстарға қарайды. Орнынан сып етіп қырғи тұрады. Кішкентай құс атаулы тегіс селк етіп, үрпиісіп қалады. Қ а з. Қырғи, сөйле! Қ ы р ғ и. Ей, соқыр жапалақ, көзің бажырайып сен де билік айтқын келді-ау! Ж а п а л а қ. Әй, қырғи, сен соқыр ма, мен соқыр ма?! Сендер, осы отырған бәрің күндіз ғана көргендеріңе мәзсіңдер. (Күледі.) Қи-қи-қи. Күлейін бе, күлмейін бе. Күндіз кім
көрмейді? Ауылдағы ұша алмайтын жаман тауыққа дейін көреді. Мына дөдеңді айт, айсыз түнде жорғалап бара жатқан тышқаныңды қағып түсетін... Қ ы р ғ и. Билік айтатын осы жерде қайсың барсыңдар, кәне! Бәрің ынжық, бәрің сорлысыңдар. Шетіңнен тиіссем түгел қырып шығамын. Топшыларыңды қиып допша түсіремін. Кәне, рас емес деңдерші! Адам баласы «қырғидай тиіп» дегенді тегін айтпаған шығар. Ендеше билік те, қожалық та менікі емес пе! (Отырғандар бүрісе тыңдап, қорқа бұғып, үнсіз қалады). А қ қ ұ й р ы қ т о р ғ а й . Қырғи дұрыс айтады, дұрыс, дұрыс! (Дамылсыз шық-шық етеді. Құйрығын жыпық-жыпық еткізеді. Орнынан қаз тұра келеді.) Қ а з. Уа, қырғи, сен озбырлығыңа, жыртқыштығыңа несіне мақтанасың. Адал еңбек, бейбіт өмір сүрдім деп мақтанамысың? Саған билікті береді екенбіз, қоластындағы құс атаулыны қырарсың да саларсың. Көре тұра сені біз бұл жердің иесі етіп сайлай алмадық, қожамыз деп тани алмадық! Адам баласы өз шешенін, өз әділ сыншысы Қазыбек дегеннің үнін менің үніме теңеп, «қаз дауысты Қазыбек» атаған. Олай болса, мен де сендерге билік айтуға жарармын деп ойлаймын. Сылана басып, кіршіксіз аппақ аққу сымбатты мойнын сыпайы ие тұра келеді. А қ к у . Мен сендерді жамандап, не сынап ештеңе айтпаймын. Тек айтарым, адамзат «Аққу – құстың патшасы» депті ғой, осыны ойларыңа жүгіртсеңдер болады.
Отырған құстар бір-біріне жалтақтап қарасып, не дерін білмей қалады. Пауза. С у ы қ т о р ғ а й. Менің бір кішкене ғана айтарым бар, ұлықсат болса.а басқа Оған күле қараған басқа құстар: «Бұл байғұстың не айтатыны бар екен, сөйлесін, тыңдайық десіп, бір қызыға ұлық сат етсе, бірі кекете әжуалайды. «Бұкұстар: «Бүл байғұстын не айтатыны бар екеқсат етсе, біі йды. Қ а з. Жарайды, сөйле. Бірақ қысқа сөйле! С у ы қ т о р ғ а й . Мен билік үшін, қожалық үшін талас паймын. Бірақ жаңағы сөйлеп кеткен құстардың мақтануларына шыдай алмадым. Бәрің де тамылжыған жаз айында, кең далада еркін жүріп мақтанасыңдар. Ертең-ақ жапырақ сарғайып, көл тартылып, шөп қурап, қара суықты күз келіп, қараша мен желтоқсан жақындағанда көрер едім қалай паңданғандарыңды. Көбің тықыршып, мазаланып, қамданып, ақыры жылы жақ қай дасың деп, тізіліп алып қаша бастайсыңдар. Жемсауларың мен бөтелегеріңе қайда жем көп түседі – сонда боласыңдар. Сендер мұнда тойыну үшін ғана келесіңдер. Сүйте тұрып, бұл жерге қожа болғыларың келеді. Қ ы р ғ и. Байқап сөйле, пақыр торғай! С у ы қ т о р ғ а й. Ал мен болсам осы араның ыстығына күйіп, суығына тоңып, шыжыған жаз айларында да, қақаған қыс айларында да еңбегіммен нәр тауып, баспаналап, өз жерімді ешқайда тастап кетпеймін. Сондықтан да адам баласы мені «суықторғай» атапты. Олай болса, бұл
жердің негізгі құсы сендер емес, мен екенмін. Мен тұрғанда сендердің билік пен қожалыққа таласуларың ерсі-ақ. Құстар мойындары төмен салбырап, үнсіз отырып қалады. Пауза.. Пауза. Қ а з. Таластың қорытындысы кейінге қа-қа-қалдырылсын! Қ ұ с т а р. Солай болсын! Иә, сол дұрыс! Дұр-р-рыс!.. Ш ы м ы л д ы қ .
ТӨГІЛГЕН ҚАНДАР, ШАШЫЛҒАН ЖАНДАР (Екі бөлімді трагедия (инсценировка) Кейіпкерлері: Басты рөлдерде: БАЛЗИЯ – жас кезі (23 жаста) БАЛЗИЯ – кәрі кезі АТЫМТАЙ – ГПУ қызметкері, кейін аруақ АМАНАЙ – Заманай мен Әлиманың ұлы ӘЛИМА – Заманайдың әйелі, Балзияның келіні ЕСЕТ – оқыған жігіт, үкіметке әрі-сәрі адам, кейін аруақ Қосымша рөлдерде: СӘЛІМГЕРЕЙ – Балзияның әкесі ОМАР (кейін Томар-Омар) ҚАНИПА – Томар-Омардың есі ауысқан әйелі БАҚТЫ – пайжүсір (қытайдағы учаскелік милиционер) ЗАМАНАЙ – Атымтай мен Балзияның ұлы. ЕРЕЖЕП – бай ЖАППАР – бай ЕРКЕКШОРА СОВЕТБЕК – сержант, шекарашы Жігіттер, кемпірлер, балалар
БІРІНШІ БӨЛІМ Бірінші көрініс Кешкі мезгіл. Тау-тасты жер. Шағын ауыл. Жан даусы шығып айғайлап, іздеу салып, ауыл үйді аралаған әйел даусы. Марғау жауап берген адамдар үні. Олар бір араға – дауыс салған әйел Әлиманың үйінің алдына жинала береді. Ә л и м а д а у с ы . Аманай мен ақ әжем жоқ. Келмеді ме? – Бізден не алсын? – Жоқ, көргеміз жоқ. Ә л и м а д а у с ы . Аманай мен ақ әжем жоқ. Сіздің үйге келмеді ме? – Бізде не шаруасы бар? – Келген жоқ. Ә л и м а д а у с ы. Ақ әжем мен Аманай жоқ. Қайда жүр олар? – Қайдан білейік. – Қайда кетті дейсің? – Жүрген шығар тентіреп. Ә л и м а д а у с ы . Қайда жүреді тентіреп? Аманай мен ақ әжем жоқ. Жын көтеріп әкетті ме? Әлима әбден шаршаған, үй алдындағы бір тасқа келіп отырады. Жан-жақтан жиналған адамдар – екі аяқ ойыншық арбаға қондырған екі аяғы да жоқ Томар-Омар, оның жарымес әйелі Қанипа, бір-екі шал, жүдеу киімді бір-екі бала, екі-үш кемпір.
1-Ш а л. Оу, шынымен жоқ па? Ә л и м а. Мен, немене, өтірік айтып, сендерден сүйінші сұрап жүр дейсіңдер ме? 1-К е м п і p. Өзі қашаннан бері жоқ? 2 -Ш а л. Бір жұмадай боп қалды-ау деймін. 2 -К е м п і р. Ақ әжең ауырып жатыр демеп пе едіңдер, дімкәс адам қайда барады? Бір жерде – ор-морға құлап қалған шығар? Ә л и м а. Кемпір құласа, Аманай қайда? 1-К е м п і р. Иә, солай екен-ау. 1-Б а л а (сыртқа қарап). Ана қара, ана қара, алыстан шайтан кезі жарқырап машина келеді, ағаулыт1 жақтан келеді. 2-Б а л а (қарап тұрып). Е, ол өзіміздің пайжүсір Бақты ғой. Бақты. Т о м а р - О м а р. Ол дұңғанның кейінгі кезде келісі жиілеп кетті. 1-К е м п і p. Бірдеменің иісін сезіп жүрген шығар. Т о м а р - О м а р. Иісін сезетіндей, біздің ауылда қылмыс істейтін жібі түзу еркек қалған жоқ, несіне төңіректей береді? Ә л и м а. Омар ата, ол маған үйленгелі жүр. 1-К е м п і р. Үйленгелі?! 2К е м п і р. Үйленгелі?! Ә л и м а (ашынып). Немене, Заманайдан хабар-ошар келмегелі он жыл. Осылай қу тіземді құшақтап отырайын ба? Бұл елде ұрпақ жаяр бір еркек кіндік құрып қалған жоқ па? 1 Ағаулыт (ағаұлт) деп Шыңжаң қазақтары қытайлықтарды атайды.
1-К е м п і р. Дұрыс, дұрыс, қарағым. 2-К е м п і р. Қуарған бізге қарама, бұл кезде сенің екіүш нәрестенің анасы болатын шағың. Ешкімнің өкпесі жоқ, күтудей-ақ күттің Заманайды. 1-К е м п і р. Иә, иә, бала көтеретін кезің. Аулымызда бір басы бүтін шілдехана өтпегелі не заман. Бәтір-ау, ұрпақ қайдан өседі, жөн, жөн! Т о м а р - О м а p. Ә, ә, енді білдім. 1К е м п і р. Нені біле қойдың, Томар-Омар? Қ а н и п а. Біздің Томар-Омар, томардай боп бәрін біледі. Т о м а р - О м а р . Әлима, сен Балзия енеңе, ақ, әжеңе деймін-ау, Бақтыға күйеуге тиетініңді айтып па едің? Ә л и м а. Айтқамын. Шинсин қаласына баратынымызды, Аманайым әлі мектеп жүзін көрген жоқ, онға келгенде биыл оқуға беретінімді-ақ әжемді де тамаша шаһарға ала кететінімді – бәрін-бәрін айтып кеңескенбіз. Шинсин деген «төбе басындағы кент екен», жердің жұмағы дейді. Т о м а р - О м а р . Енді түсінікті. Ә л и м а. Не түсінікті, Омар ата? 2-К е м п і p. Не түсіндің, Томар-Омар, айтсаңшы. Т о м а р - О м а р . Балзия мен Аманайдың қайда кеткенін енді білдім. Ә л и м а (жаны ышқына). Қайда кетіпті, айтыңызшы, ата, тауып алайық, айтыңызшы, Бақтының машинасымен тез тауып аламыз. Т о м а р - О м а р. Е-ей, ендігі, жеті күн өтті, ай-й, Сәукеледен өте алса жарар еді. Сәукеледен өте алса... Ә л и м а. Сәукеле? Қ а н и п а. Ә, Сәукеле дедің бе? Сәукеле. Сәукеле? Әһ! Мен Сәукелеге барам ба? (Екі көзі алақтап,
жынданып, Тамар-Омарды бас салып жығып, үстіне мініп алады.) Біз Сәукелеге барамыз, иә, барамыз, барамыз!!! (Енді шеңдетіп, бас-аяғы жоқ әндеткен болып, бажылдап, айғайлап.) Әңгек-ау! Әңгек! Меруертімді қайтып берші, Берші деймін меруертімді, Өзім тағайын, өзім бағайын! Құлап қалды ғой, жылап қалды ғой. Берші деймін меруертімді! Өзім тағайын, өзім бағайын. Әй, Сәукеле, Сәукеле, Сенің қалтанда меруертім жатыр. Қайтып берші, Берші деймін меруертімді! Машина гүрілі. Пайжүсір (қытайдың учаске милиционері) формасын киген Бақты көрінеді. Музыка Екінші көрініс Түн. Балзия кемпір мен оның немересі Аманай. Ай сәулесінде – алыста таулар, Сәукеле шыңы көрінеді. Аманай ұйықтай алмай тыпыршып, әжесін сұрақтың астына алады. А м а н а й (басын көтеріп алып). Ақ әже, Сәукеле тауынан өттік, енді қайтамыз ба? Б а л з и я. Жоқ, тағы да әрі қарай жүреміз. А м а н а й . Сәукеледен кейін тағы не бар?
Б а л з и я . Тағы да тау бар. А м а н а й . Ол таудың аржағында не бар? Б а л з и я . Тағы да тау бар. А м а н а й . Немене, тау таусылмай ма, бола бере ме? Б а л з и я . Сәукеленің ар жағында жеті тау бар. А м а н а й . Жеті таудың ар жағында не бар? Б а л з и я . Жеті таудың ар жағында жеті өзен бар, оны ел Жетісу дейді. А м а н а й . Жетісудың ар жағында не бар? Б а л з и я . Аржағында жеті рулы ел бар. Жетісуға жеткен соң, сонда қаламыз. А м а н а й . Неге қаламыз, ол жақсы жер ме? Б а л з и я. О, одан асқан жер жүзінде жақсы жер жоқ. А м а н а й . Иә, деген! Анада Әлима маған Шинсин деген жерге барамыз. Одан асқан жер жоқ. Көшелерінде өзен ағып жатады – жаздай қайықта жүзесін. Тәтті жемістер көп деген. Ал сен Жетісу жақсы дейсің. Б а л з и я. Аманай, Шинсин деген қала Қытайдың жеріндегі қала. Ал сенің жерің – Жетісу. Ол – атамекенің. Атамекеннен асқан жер болмайды. А м а н а й. «Атамекен» деген не? Б а л з и я. «Атамекен» деген сенің аталарың, бабаларың туған жер. А м а н а й . Бабаларың кім? Б а л з и я. Ол сенің әкеңнің әкесінің әкесінің әкесі. Яғни арғы... арғы аталарың. А м а н а й . Онда біз неге тұрмадық? Біз тұрған жер атамекен емес пе? Б а л з и я. Жоқ, бұл жер қытай, тараншы, сібе, қалмақ, жақшын, ойрат дегендердің жері. Ал біздің қазақтың
жері – әлгі жеті таудың аржағында – Жетісудан басталады. А м а н а й . Онда ол жақтан біз неге келдік? Б а л з и я. О, оның себебі көп. Ол кезде сен жоқсың. Менің өзім жас қыз болатынмын. А м а н а й . Сен сонда әже емес, қыз болдың ба? Сенің атың ақ әже емес, кім болды? Б а л з и я. Менің атым Балзия болды. Мен жас болдым. Сен қисайып жат. Мен атамекеннен қалай келгенімізді айтайын. Сен тыңдап жатып ұйықта. Ертең тағы жолға жүреміз амандық болса, бір-екі күннен соң «Тастам» деген тас үйге жетіп, ұзақ демаламыз. Ал, әңгіме айтайын. Бұл 1930 жылы болатын... Музыка: «Жетісу» әні Үшінші көрініс Тау іші. Өткен көріністе салған «Жетісу» әнінің жалғасы. Тобатай ілген мосы астында от. Қасыңда жігіт пен қыз – Атымтай мен Балзия. Атымтай ағаш бұтақтарын сындырып от жағып отыр да, Балзия жүнін жұлған құсты жуып, тазалап отыр. Екеуі де аңшыларлай қарапайым киінген. Б а л з и я (әнін доғарып, күлімсіреп). Ертеден қара кешке дейін жүріп алғанымыз үш-ақ кекілік. Үйге апарсақ, көкемнен ұят-ау. А т ы м т а й . Әрине, бұл уақыт құс аулайтын мерзім емес, әлі құстар арық. Әшейін таза ауада сайраңдап, сергіп қайтқанымыздың өзі олжа емес пе?
Б а л з и я . Ә-әй, қайдам, сенің бүгінгі жүрісіне қарағанда, саған құс тау таза ауа да қажет емес, басқа сияқты-ау. А т ы м т а й . Оның рас: көптен көрмеген қалыңдығың мен жұпар исі аңқыған тау ішінде кездескенге не жетсін! Б а л з и я . Жарайды, жалтармай-ақ қой. Аң аулауды сылтау етіп, мені қасына көзғып ерткеніңді несіне жасырасың? А т ы м т а й . Оу, енді екеуіміз баяғыда, бұдан жас кү німізде көкеме еріп, аң аулап, бармаған жер, баспаған тауымыз қалмаушы еді ғой. Оның несі енді жұмбақ бола қалды? Б а л з и я . Жалтарма дедім ғой, жалтарма. А т ы м т а й . Иә, қай жерде жалтарыппын, айта ғой. Б а л з и я . Айтса сол – сен мына жұдырықтай көкбақа кекілік үшін шыққан жоқсын, таудағы жылқыларды бақылауға шықтың. А т ы м т а й. Е, өзің де біледі екенсің, онда менен несін сұрайсың? Б а л з и я . Сұраймын. Сұрайтыным сол – екеуміз титтейімізден бір әкенің қамқорында, ағалы-қарындастай қалай қатар өссек, енді болашақта ерлі-зайыпты боп бірге өмір сүрмекпіз. Екеуіміздің арамызда құпия болмасқа тиіс. А т ы м т а й . Біздің жұмысты білесің ғой. Құпия сақтамай болмайды... Оның бәрін сенің білуіңнің қажеті жоқ... Солай... Б а л з и я . Иә, солай – екеуіміз екі таптың адамымыз. Сен кедей, езілген тап, мен-бай – қанаушы тап. А т ы м т а й. Балзия, осындай сөз не керек? Мен саған қашан «байдың қызысың» деп бетіңе салық қылдым? Б а л з и я . Әрине, екеуміз де бір әкенің тәрбиесін
көрген соң именетін шығарсың. Бірақ екеуміз есейген сайын маған бір күдік пайда бола бастады. А т ы м т а й. Ол неғылған күдік? Б а л з и я . Сен ГПУ-дің қызметіне тұрып, осы төңіректегі бай атаулының жақсысына да, жаманына да тек күдікпен қарайтын болғасын, мен саған күдіктене қарайтын болдым. Тегі екеуміз келешекте үйлесе алмайтын шығармыз. А т ы м т а й . «Әке үшін бала күймейді!» Сен қазір бай дың қызы емессің, кеңес үкіметінің оқыған, көзі ашық қы зысың. Сені кеңес үкіметі оқытты. Үйлесе алмаймыз дегенше, тездетіп үй болайық. Көкемнің алдынан қалай өтеміз, соны ойлайық та. Б а л з и я . Тездетпеуге енді болмайды да. А т ы м т а й. Көкем де бізден қысылып жүрген шығар, қартайып тұрған жоқ, ол да төсек жаңғыртар. Шынында о кісіге тосқауыл болмай тездетуіміз керек. Б а л з и я. Көкемнің төсек жаңғыртар ойын білмедім. Бірақ бірдемені анық сезетінін білемін! А т ы м т а й (күдікпен). Нені сезіп жүр екен?.. Осы ГПУ дегенді жұрт құбыжық көреді. Немене, көкем менен секем алып жүр ме?! Б а л з и я. Жоқ, сен не айтып кеттің? Көкем басқаны... сезіп қойған сияқты – мен... мен жүктімін... А т ы м т а й (сасқалақтап). Қ-қашан, қалай?!. Б а л з и я (күліп). Қалайы несі? А т ы м т а й (күмілжіп). Енді... былай... қалай дегенде, қашан дегенім ғой. Оны қайдан білдің дегенім ғой. Б а л з и я. Еһ, мен акушерлік оқуды тектен тек оқыппын ба? Және он бестегі жас қыз емес, оңы мен солын айырар жиырма үштегі кәрі қыз емеспін бе? Тіпті айы, күніне дейін
айтып берейін. Мың да тоғыз жүз отызыншы жылдың, қазақша желтоқсан айының жиырма үшінде дүниеге айғайлап келер, өзің сияқты кезі оттай жанған ұлдың шілдеханасына дайындала бер! Атымтай балаша қуанып, Балзияны ебетейсіз бас салып құшақтап сүйеді де, жерде бір домалап, атып тұрып, қатар-қатар қаланған текпішекті тастарға қарай жүгіре жөнеледі. Зәулім түйе тастың үстіне ытып шығып, тау жаңғырықтыра жар салып айғайлайды. А т ы м т а й . Аха-ей, Ай-ей! Таулар, таулар! Шатқалдар! Шың, құздар! Сүйінші, сүйінші! Мен енді жалғыз жетім емеспін, менің де серігім, ұлым болады! (Жүгіріп авансценаған келіп, көрермендерге.) Мына жаңа дүниеге жаңа ұрпақ келеді. Жаңа ұрпақ, достарым, жаңа ұрпа-а-ақ! Ұрпа-а-ақ! Жалт бұрылып, сол қуанышты айғаймен шыңдарға қарай жүгіреді. Тау іші күңіреніп, жаңғырығып тұр: Ұрпа-ақ, Ұрпа-а-ақ! А-ақ –А-ақ-аа! Төртінші көрініс Бөренеден қиын салған ағаш үйдің іші. Биік терезеден тау шыңдары көрінеді. Үйде Балзия, болашақ нәресте бұйымдарын тігіп отыр. Сырттан аттың дүбірі естіледі. Балзия тігіп отырған заттарын алас-құлас жасырып, атып тұрып, самауырға ұмтылады. Самауырды ұстап тұрып, көрермендермен ақылдасқандай болады.
Б а л з и я . Көкем кеп қалды. Соңғы күндері жиі-жиі жоқ болып кетіп, үйде қонбайтынды шығарды. Қайтсін, апам өлгелі екі жылдан асып барады, маңайдағы ауылдардан лайықты адам қарастырып жүрген шығар. Ол сырын маған айтуға қысылады, сырымды айтуға мен де көкемнен ұяламын. Осы жолы шет жағасын суыртпақтап шығарсам қайтеді?!. Сырттан қабағы түсіп қажыған, елулердің ішіндегі сұлу мұртты, көрікті адам Сәлімгерей кіреді. С ә л і м г е р е й . Балзияш, балам, самауырынды қой да, тез оралшы. Тіпті сол шайды баптанып ішіп отыратын да уақыт жоқ. Б а л з и я . Неге, көке? (Қуланып.) Шай ішетін бір жылы жер тауып алғансың-ау. С ә л і м г е р е й . Жоқ, қызым, өз туған жерімізден біз ге енді суық көр болмаса, жылы жер бұйырмайтын шығар. Б а л з и я. Не боп қалды?! С ә л і м г е р е й . Бәрі де қылкеңірдекке тіреліп тұр... Бүгін кетеміз, қызым. Біржола. Жиналып-терінуге уақыт тығыз. Осы үйден ең керек-жарағыңды ал. Басы артық дүние масыл болады. Іңірде, көз байлана жолға шығамыз. Аңға киетін киімдеріңді ки. Жол ұзақ. Б а л з и я . Қайда барамыз, көке? Қайдағы ұзақ жол? Қайдағы аң? С ә л і м г е р е й (терезеден сыртқа – тауға қарап). Иә, аң аулап, қызық қуатын уақыт келмеске кетті! Уа, заманай, енді өзіміз аң болып тау-тасты сағалап, үкіметтің аңшы, тағыларынан қашатын шығармыз. Дайындал жолға, балам.
Тау асамыз, ауамыз. Қайда барып байыз табатынымызды өзім де білмеймін. Құдайдың салғанын көрерміз... Б а л з и я . Құдайдың салғанын көрсең көке, үйде отырып-ақ көрмейсің бе? Самауырлы алып, шығып кетеді. Сәлімгерей мәңгіріп отырып қалады. Зарлы әуен. С ә л і м г е р е й әуен аяқтаяғанда). О, заман-ай, ендігі балалардың бәрі осылай болмақ па? Әкеге, туысқа деген мейірбандықтан, досқа, жақынға деген мұсылмандықтан айырылғанымыз ба? (Үйге Балзия қайтадан кіреді.) Сен, балам... Балзия... бәрін естіп, біліп, бүгіп жүр екенсің ғой... Сұм... Сұмдық-ай, жаңа жұрт айтқанда сенбегі ем, сенен күтпеп ем... Тап сенен... О, заман-ай! Кішкентайыңнан боз биенің сүтіне шомылдырып, есің кіре ер балаша киіндіріп, еркекшора етіп, тең құрбысының алды болсын деп, алыстағы қалада оқытып, жетілдіріп өсірген жалғызым... енді сенен де айырылған екем біржола. О, заман-ай! Неден жаздым, жазығым не?.. Б а л з и я . Көке, не айтып отырсың? Ендігі күдігің мен бе едім?! С ә л і м г е р е й (төр жақтан мылтығын, дүрбісін, басқа көр-жер бұйымдарын жинастырып жүріп). Жа райды, жарайды, балам. Саған қояр кінәм жоқ. Әттең... О, заман-ай! Б а л з и я . Көке, мен енді бала емеспін, еркекшора да емеспін, әйел баламын... Енді сенен жасырар меніңде өз сырым, өз құпиям бар. Бірақ саған тиесілі, сенің жанына жара салар сыр болса, оны саған айтпай, жасырып қалған күнім жоқ. С ә л і м г е р е й . Сен ана Атымтаймен тете өскен балалар едіңдер, енді уәде қосқан... О, заман-ай!
Б а л з и я . Иә, көке. Сенің сезіп жүргеніңді білгеміз. Жазмыштан озмыш жоқ, алдыңнан қалай өтудің ретін таба алмай жүр едік... С ә л і м г е р е й. Өтпегендерің дұрыс болған. Б а л з и я . Неге, көке?! С ә л і м г е р е й . Асығыстық-сайтан ісі дейтін еді... Бірақ ол сайтан торғай аулаған мысықтай аңдып, асықпай алатын сайтан екен. Көзім жетті. Б а л з и я . Неге, неге көзің жетті, көке? Жұмбақтамай айтшы. Біреулер өзіңді қайрап жіберген ғой. Сөзге де, өсекке де ермейтін, көке, қажиын дегенің бе? С ә л і м г е р е й . Қажып қана қойсам бір сәрі, мұқалдым. Мені мұқаған – заман... О, заман-ай, заманның зауалынан да жаман тиген, жаныма батып, жүрегімді тілген сол заманның бел баласы, менің төл баламдай болған Атымтай емес пе?! Б а л з и я . Атымта-ай!?. Ол саған қандай қысастық жасап жүр? С ә л і м г е р е й . Мұнда келіп-кетіп жүргенде саған ештеме айтпады ма? Б а л з и я . Жоқ, көке. Тап саған қиянат жасайтындай ештеме айтқан жоқ. Имандай сен, көке. С ә л і м г е р е й . Балзия, саған айтпаса, айтпаған шығар. Мені тап жауы ретінде соттап, өткен кәмпескеден қалған аз ғана мал-мүлікті тағы да кәмпескелеп, өзімді жер аудармақ, о, заман-ай! Б а л з и я (шошынып). Соттап... жер аудармақ? (Ойланып.) Бәсе, бәсе... Бірақтан сені соттап, жер аудару ниеттерін сезбеп едім... Көке, сол қалған мал-мүлікті басымен беріп, өз басыңның амандығын сақтасаң қайтеді.
С ә л і м г е р е й. Әй, балам-ай. Аңғалсыңдар-ау. Қазақтың малын тартып алу – қазақтың аузын ақтан айырып азапқа ғана емес, дозаққа апару ғой. Малынан айырылған ежелгі малшы ел бір жылға шыдай алмайды, басқа қоры – ақшасы да, бақшасы да жоқ сорлы халық бір жылда-ақ тып-типыл қырылып қалады. Міне, мен өз басымды емес, сорлы халқымды, елімді бастап, сол апаттан құтқару үшін қашайын деп отырғам жоқ па? Қашқаннан басқа күресерлік бізде не қайран, не дәрмен?! Б а л з и я . Қазақтың басшы оқыған зиялы азаматтары бар, халқын қырып салып, қарап отырмайтын шығар. С ә л і м г е р е й. Қай басшыны айтасын? Еліңді басқарған қай таза қазағың, жанашыр қай адал азаматың бар? Ана үкімет басындағы Галашокын ба? Галашокынның мұсылман баласына бүйрегі де бүлк етпейді. Қарамағындағы қазақтарды, көрсоқыр Атымтайлардай белсенді қазақтарды бір-біріне айдап салып, үрит соқ деп отырып, итжеккенге айдайды, қамайды, атады, асады, аштықпен қырады. Қашан еліңнің басына қазақтың айдарлы ұлы, аяулы азаматы келіп таққа отырмай, көзін ашылмайды. Қазақтың қамын басқа ұлттың баласы да, камонесі де ойлайды дегенді біржола шығар есіңнен, Балзия балам. О, заман-ай! Б а л з и я . Шынымен тұңғиыққа келіп тірелгеніміз бе? С ә л і м г е р е й . Тіреліп қана тұрсақ бір сәрі итеріп жі берейін деп тұрған жоқ па сол тұңғиыққа? Ендеше, мына келе жатқан дауыл басылып, есімізді қашан жиып алғанша, бас сауғалап құтты мекеніңнен қашқаннан басқа амал жоқ, Балзияш. Б а л з и я . Көке, кешір мені!.. Мен сіздермен кете алмаймын.
С ә л і м г е р е й . Неге, қалайша?! Б а л з и я ( күмілжіп). Мен қазір, көке, баяғы өзіңе еріп, тау-тасқа өрмелеп, ән қуатын еркекшора Балзия емеспін, затым әйел баламын. Мойныма тұзақ, аяғыма тұсау түскен енді!.. С ә л і м г е р е й . Иә, иә, солай екен-ау. Иә, иә, айыбы жоқ. Өзім де сезіктенуші едім... Бақытты болыңдар, уақасы жоқ, бақытты болыңдар. Басқа не айтайын. Балзияшым, қызым! Қорадағы самауырын сөніп қалған шығар, шәй ішіп отыратын уақыт жоқ, ыстық сумен жібітіп шашымды алып, мұртымды басып берші, елден таза аттанайын. Балзия тысқа шыға бере тоқтап қалады. Сырттан асы ғыс Омар кіреді. Бірдеме айта бере Балзияға сезіктене қарап бөгеледі. С ә л і м г е р е й (елеңдеп). Иә, айта бер, не боп қалды?! О м а р . Есет үйінде жоқ, бағанағы жиыннан соң орталыққа қарай салт ұрланып кеткенін көргендер бар. Тағы да ГПУ-ға хабарлауға кеткен ғой. С ә л і м г е р е й . Көш дайын ба? О м а р . Бәрі дайын. Ауданнан млица шықпай тез қозғалуымыз керек дейді ақсақалдар. С ә л і м г е р е й . Мә, мыналарды алып жүре бер. (Омар кетеді.) О м а р . Ал, Балзияшым, қарғам, тағдыр не салса да көніп, берік бол. Менің де сыналатын күнім туған шығар. Ә-ә, айтқандай, мынау сенде қалсыншы. (Қалтасынан қақпағы алтын сағатын алып ұсынады.) Б а л з и я . Көке, өзіңе керек, өзің ұста.
С ә л і м г е р е й . Балам-ау, айдалада қаңғып жүрген маған сағаттың керегі не? Маған ай да, жұлдыз да, күн де – бәрі сағат емес пе? Мә, үйде тұрсын, мүмкін... Атымтай тағар... Б а л з и я . Жоқ, көке, дүрбі мен мылтық, сағат пен шақ ша сәнім демеуші ме едің. Қайда жүрсеңде сәніңнен айы рылма! Көке, жолың болсын! Күтеміз... С ә л і м г е р е й . Қош, Балзияшым! Иә... саған айтар бір ақылым – ана Есеттен сақ бол. Кекшіл тұқым. Әкесі пркәшік Пірімбай саған баласын жастайынан айттырып, кейін талай рет құда түскенде, қолдарын қағып ем. Енді Атымтайға қызғаныштан қиянат жасауы кәдік. Атымтайға сәлем де, менің бұл кетісімді кейін түсінер. Түсінерде кешірер. Ал, қош, Балзияшым, жалғызым! Сәлімгерей кетеді. «Елім-ай» сияқты күйді білдіретін музыка. Балзия дегбірі қашып, үй ішінде ерсілі-қарсылы жүр. Ондық шамды жағып, сығырайта басып, терезе алдына қояды да, екінші бөлмеге кіріп кетеді. Музыка күшейе-күшейе келе, соңғы жағы басқа бір әуенге ауысып, артынша-ақ салттылардың дүрсіліне айналып кетеді. Сыртта үйдің қасына кеп тоқтағам аттардың тұяқ дүрсілі. Шәуілдеп, әупілдеп үрген ауыл иттерінің үні. Жатын бөлмеден шашы жалбырап, іш көйлегімен ағараңдап жүгіріп шыққан Балзия. Б а л з и я (терезеден үңіліп). Бұ кім-ай, кімсіңдер?! Есіктен ГПУ формасындағы еңгезердей Атымтай ошарыла кіреді. А т ы м т а й. Біз ғой. Қалдарың қалай?
Б а л з и я . Жақсы. Неғып түнделетіп жүрсіңдер? А т ы м т а й (шам білтесін көтеріп жатып). Әкең үйде ме? Б а л з и я . Әк-е-ең?! Қашаннан бері бұлай атауды шығардың, «көкең» емес пе еді? А т ы м т а й. Енді-і... Сенің әкең екені өтірік пе? (Келесі бөлме жақты шаммен қарап.) Қайда кеткен? Б а л з и я . Мен бағып отыр деймісің? Басы бос адам, менен сұрай ма?! А т ы м т а й. Ым-м, жар-р-айды. Б а л з и я. Не іздеп жүрсің? Енді өз үйіңді өзің тінтейін деп пе ең? Көкем бе керегі, жүрген шығар ауыл-үйді аралап. А т ы м т а й. Мылтығы да, дүрбісі де жоқ, ауыл-үйде аң аулап жүр ме? Енді менің де осы үйге сенімсіз, бөтен адам болғаным ғой... Жар-р-айды... Атымтай ызадан булығып, белдігін, фуражкесін түзеп тысқа ұмтылады. Б а л з и я . Атымтай, тұра тұр, отыршы мына араға. А т ы м т а й. Айта бер, отырмай-ақ тыңдауға болады ғой. Б а л з и я . Қайда барасың түн ішінде? А т ы м т а й. Осы ма сұрайын дегенің? Біздің жұмысты білесің ғой. Бізге күні не, түні не, бәрібір. Б а л з и я . Бәрібір болса, тап осы жолы бармайсың ешқайда. А т ы м т а й. Мәссаған! Ол не сөз? Б а л з и я . Не сөз болушы еді? Жұмыс-жұмыс деп, бір келгенде, қонбай кетіп барасың? Күніңе билігім жүрмесе де, түніңе қожалық етуге болатын шығар.
А т ы м т а й. Оу, сен әлден бүйтесің. Кейін менің жұмысыма мүттем араласарсың. Ұяттағы. Б а л з и я . Атымтай, осы жолы ешқайда бармашы. Бармаңдаршы. Жібермеймін... Менің бір тілегімді орын дашы... Бармашы... А т ы м т а й. Жолымнан былай тұр. Масқара ғой мынауың, ердің жұмысына әйелі араласты деген не сұмдық?! Атымтай баса-көктеп шыға береді. Балзияның ащы даусы саңқ етеді. Б а л з и я . Тоқта-аһ! А т ы м т а й (жалт бұрылып). Апырмай, даусың не деген ащы еді! Б а л з и я . Егер осы жолы мені тыңдамайды екенсің, қайтып бұл үйдің есігін ашушы болма! (Талықсып, тәлтіректеп кетеді.) А т ы м т а й. Балзия, Балзия! (Жүгіріп келеді, құшақтап.) Апырмай, түсің қашып барады ғой. Балзия, Балзия, саған ренжуге, ашулануға болмайды, нәрестеге зақым келеді, өзің де менен жақсы білесің ғой, Балзия, Балзия, жаным... Б а л з и я (Атымтайдың кеудесінен итеріп, құшағынан сытылып шығып). Әрі тұрып сөйлеші. Үз дікпей-ақ та қой. Қолың жеткен маған, енді қалай қорласаң да мен илеуіне көнетін тулағыңмын, шідерлеулі жылқыңмын. Иле, қорла! А т ы м т а й. Кім кімді қорлап тұр, Балзия?! Б а л з и я . Кім кімді? Неге олай қаярсисың? Сені кім қорлапты?! А т ы м т а й. Егер қасыңдағы жансүйер жары ерінің
жұмысына ретсіз килігіп бөгет жасай берсе, оған ынжық еркек көне берсе, бұл – әйелдің қорлығы деп білем. Б а л з и я . Сенің жұмысына ретсіз килігейін деген ниет жоқ менде. Мен бұл дүниеде көрмеген қорлықты көріп, мазаққа ұшырайын деп тұрған байғұс, жетім әкемді аяймын. Екі дүниеде көрген жалғыз қызығы – жалғыз қызын саған қалдырып, өзі амалсыз тентіреп кеткен сол әкеде сенің не алашағың бар? А т ы м т а й. Балзия, Балзия. Сенің орның бір бөлек те, оның орны бір бөлек... Б а л з и я . Ізіне түсіп, өкшелеп қуатындай не өштігің бар онда? Екеуімізді егіз қозыдай қатар өсіріп, қатар жеткізгеннен басқа не жазығы бар?! Өз бетімен, өз жолымен кеткен адамның өз тағдырымен өлер ақ өліміне араласпасаң етті. Сенде оның еш шаруасы жоқ, сенің не шаруаң бар онда?! А т ы м т а й (зілмен). Не шаруаң бар? Сен де біліп тұрып қаярсыма, Балзия. Бұл – кеңес өкіметінің шаруасы. Кеңес өкіметінің шаруасы – менің шаруам. Б а л з и я . Кеңес өкіметінің алдында менің әкем не жазыпты? Төңкеріске қарсы шықты ма?! Банды құрып, елді шауып, бүлік салып жүр ме екен? А т ы м т а й . Онда неге өз қағынан өзі жеріп, тау асып қашады?! Б а л з и я . Жазықсыздан жазықсыз жер аударамыз десе, өз қара басын қорғауға қақысы бар шығар. Қайбір жетіскеннен елден, жерден безуші еді адам. А т ы м т а й . Балзия, жазықсыз адал адам еш уақытта қорықпайды. Сенің әкең қашқын ғана емес, елді бүлдіріп, еліктіріп, мал-мүлкімен тау асуға үгіттеп, кеңес өкіметіне қарсы қойған жау!
Б а л з и я . Ж-жа-ау?! Сырттан Есет кіреді. Е с е т (амандық-саулық жоқ, аптығып.) Атымтай, шекарашылармен бүкіл ауыл-үйді аралап шықтық. Біздің үй мен осы үйдегі мына Балзиядан басқа тірі жан қалмапты, тік көтеріле түгел кетіпті. А т ы м т а й . Тірі жан жоқ? Ана бөрліккен иттер кімдікі? Е с е т. Бар ит атаулыны қораларына, шошаласына тығып байлап кетіпті! А т ы м т а й . Байлап кетіпті? Е с е т. Жол-жөнекей дыбыс бермесін, соңымыздан қуар біреу болса, бағытымызды білмесін дегендері болар. А т ы м т а й . Шынында да, қай қуысқа кіріп, қай шатқал, қай сай-саламен кеткенін табу да оңай емес... Е с е т . Ол оп-оңай, әлгі иттерінің өзі-ақ иелерінің ізімен иіскелеп, қуып, тауып береді... А т ы м т а й . Ә-әй, иісшілім-ай, сенің де білмейтінің жоқ. Бар, шекарашылар түгел атқа қонсын, мен – қазір... (Есет кетеді.) А т ы м т а й . Балзия, сен көзі ашық оқыған адамсың. Екеулеп жүріп, қисық жолда қателескен әкелерді жөнге салып, ұғындырар адамбыз. Біз жаңа өмірдің көшін бастар адамдармыз. Б а л з и я . Жарайды, онда сол кешіңмен бара ғой, екеуміздің арамыздағы сөз де, бәрі де бітті осымен! А т ы м т а й. Олай қорқытпа мені. Егер мені, ұлы кеңес өкіметінің өкілін олай қорқытсаң... тіршілік көрсетер. Шыға жөнеледі. Үй ішінде ерсілі-қарсылы сенделген Балзия, сыртта тасырлата шаба жөнелген салт
ат ты лар дың соңынан көрмесе де, көргендей болып қараңғы терезеге үңіледі. Шамды сығырайтып шыңылдаған құлағын басып, бүк түсіп отырып қалады. Бөлме іші қараңғылана береді. Балзияның елесі, ойы ұлғая береді, ұлғая береді. Үдере кө шіп, сай-саламен қашып бара жатқан арбалы, жаяулы, салт ат ты қош шуылы. Тасырлата шауып жан-жағынан қорша ған шекарашылар үні: «Тоқтаңдар, қайда барасыңдар? Қайтпасаңдар, атамыз! Қайтыңдар!» – деген Атымтайдың дауысы. Жылаған балалар үні, маңыраған қой-ешкі, мөңіреген сиыр, боздаған түйе, пысқырған, кісінеген мал үні. Гүрс-гүрс атылған мылтық дауыстары, бақырған, шың ғырған адамдардың дауысы. Ың-шың. Әлден уақытта әлгі бөлме жарықтана береді де, мәңгіріп екі құлағын басып, ұйқылы-ояу бүк түсіп отырған Балзия көзін ашып алады, екі құлағын қайта ашқанда бағанағы дауыстар қайтадан шуылдап, гүрілдеп қоя береді. Бұл жолы ауыл ішінен, үй сыртынан, тап қасынан естілгендей бо ла ды. Балзия атып тұрып шамды өшіреді де, терезеге ұмтылып, сыртқа көз салады. Әлгі шу Көше ың-шың. Жылап-сықтаған әйелдер, шулаған бала, мөңіреген мал. Сырттан біреулерлік тықыры ес тіледі. Ішке Есет пен Омар кіреді. Түстері келмейді, тұнжыраңқы. Босаға жақтағы әбдіренің үстіне отырады. Е с е т. Балзия, түні бойы ұйықтамағансың-ау. О м а р . Қайдан ұйықтасын, елден тыныштық кетті ғой. Е с е т. Біз де міне ұйқы-күлкі жоқ, адасқан елдің көшін қайтадан қотанға бұрдық. И-иә, азан-қазан азынаған ел-жұртынан саған кіріп шығатын да адам шықпай, ауылнайдың хатшысы деп мені, өзіңнің қатар құрбың,
жанашыр жолдастарының бірі деп мына қашқын Омарды ұйғарып, осында жіберді. Б а л з и я . Кім жіберді? Не боп қалды? Айтсаңдаршы ұзын-сонарға салмай. Көкем қайда? Е с е т. Соны айтпаққа келіп едік. Көкең түнгі атыста... О м а р . Ауыр жараланып... былай... енді... берік бол, Балзия! Е с е т . Ертеде біреу айтқан екен – «әкеңнің өлгенін жасырғанда, көмгенде қайда қоясың» деп... Сол айтқандай, көкең ауылда сөрелі үй болмаған соң, ауылнай кеңсесінің суық шошаласында... Жалғыз көкең емес... О м а р . Екі-үш қыршын жас... шаһит болды. Е с е т. Жараланғандары да бар іштерінде... Шекарашылардан да оқ тигендері бар... Б а л з и я (киініп жатып). Көкем тірі ме, неге үйге әкелмедіңдер?! Е с е т. Көкең... көкең енді... келмеске... артының қайырын берсін! О м а р . Иманды болсын! Екеуі де ауызтары жыбырлап, беттерін сипайды. Б а л з и я (мәңгіріп). Не дедіңдер? Көкем... Көкетайым, не болды? Көке-ее-е!!. (Балзияның дауыс қылған үні қайғылы музыкаға ұласады. Шам сөне береді. Қараңғыда өксіп жылаған Балзияның сөзі жоқтау орнына.) Шыны мен сенен айрылғаным ба? Не қызық көрдім деп кеттің өмір ден? Жалғыз мені қарайлап жүруші ең. Жетім Атымтайды бала етіп асырап, жетілдірдің. Біз жеткіздік сені осыған. Кешір, көке! Кешіре гөр, көке. Екі дүниеде қарыздармын саған. Ел үшін, жұртың үшін жасаған қамқорлығыңды жалғастырар
ұл боп тумаған екем, көке, екі дүниеде қарыздармын. Басым аман болса, өтеуін өтеймін, көке. Қош бол, көке! Бесінші көрініс Ауылнай кенсесі. Әр жеріне алақандай-алақандай сия төгілген қызыл шүберек жапқан үстелде Есет қағаз жа зып отыр. Анда-санда есепшотын қағып қояды. Сырттан Атымтай кіреді. А т ы м т а й . Есет, болдың ба есептеп? Е с е т. Болмайтындай несі бар? Бұрын да есебі алынып, қаттап, тіркелген малдың тізімі ғой. Бәрі түгел. Тек мына өлгендерді актілеу керек. А т ы м т а й . Мен де ана қашқындардан жауап алып болдым. Енді өңірде орталыққа жүремін. Сенің қасыңа бар қару-жарағымен бір-екі шекарашы қалдырсам болмай ма? Е с е т. Шекарашыларың жарайды-ау, ана қыруар малды кім бағады? Байлар қайтадан таратып алмай ма? А т ы м т а й . Оларды малдың маңына жолатпау керек. Е с е т. Сонда оларды мен бағам ба? Тезірек алып кетпейсіңдер ме? Осынша маңғырған малды қайда қоямыз? А т ы м т а й . Мал болса, оның жұмсайтын орны табылар-ау. Кеңес үкіметінің жер-жерде құрылып жатқан алып құрылыстарының жұмысшылары не жейді ертең. Бір ғана Магниткаға бір жылда миллиондаған бас қой мен жылқы өткіземіз. Бізге берген жоспар аз емес. Бір жұмаға шыдаңдар. Бәрін жақында өкіметке тапсырамыз. Е с е т. Ал ана өлген адамдардың мәйітін туысқандарына бүгін актілеп өткізбесек, шошалада бүлініп кететін түрі бар. А т ы м т а й . Тапсырамыз. Бірақ Сәлімгерей мен ана
орыс шекарашының мәйітін аудан орталығына алып кетуге тура келеді. Е с е т. Не, оларды көрмеге қоясыңдар ма? Осы арада актілесе жетпей ме? А т ы м т а й . Жетпейді. Сәлімгерейдің өлімі кенеттен болған өлім. Оны өлтірмеу керек еді. Кеңес үкіметінің адалдығына нұқсан келтіретін оқыс өлім. Е с е т. Өлімнің қай-қайсысы болмасын оқыс емес пе? Тап жауын аямаймын дейтін өзің емес пе ең? А т ы м т а й. Сәлімгерей атыс тоқтаған кезде, таң қылан бере, бізге қарай неге жеке келді? Е с е т. Қан тартқан ғой. А т ы м т а й. Жоқ, сөйлесуге, бізбен бітімге келуге шықты. Текке қан төгіспейін деп шықты. Е с е т. Онда несіне ата салдыңдар? Енді несіне аяушылық етіп тұрсың? Тап жауы болса да қайын атаң ғой, бүйрегің бұрады-ау, тегі? А т ы м т а й. Қалай-қалай құйтырқы сөйлейсің? Бұл арада ата-матаның қандай қатысы бар? Мәселе - мылтықтың сен жақтан атылуында. Е с е т. Сонда, немене, мені кінәлағың келе ме? Олай тісіңнің қанын жақпа. А т ы м т а й. Сенің қасындағы солдатты да біз атқан шығармыз! Сырттан қайғылы Балзия кіреді. Е с е т. Ал, Балзия, ендігі жағдай былай: біз мұндайда өлген адамның сүйегін аудан орталығына жеткізіп, сол арада қалай, қандай жағдайда өлді, қазасына кім кінәлі, түгел тексеріп барып қағаздауға тиіспіз... Иә...
А т ы м т а й. Заң солай. Е с е т. Осы жерде-ақ ауылнай мөрін басып, растауға болар еді, оған жасыратыны жоқ, міне, көзіңше айтайын, Атымтай көнбей тұр. А т ы м т а й . Мен заңнан шығып кете алмаймын. Өлген адамдардың бәрі де, балаларға дейін, дәрігерлік және криминалистік тексеруден өтулері керек. Б а л з и я . Ешкімге жазығы жоқ адамды қолдарың қал тырамай атып өлтірдіңдер, енді тұлыптай домалатып сүй ретпеге салуға дәттерің қалай шыдайды? Өлімтік емес, мәйіт қой. Сендер, жаңа үкіметтің жаналғыштары... А т ы м т а й . Балзия, Балзия... Б а л з и я . Иә, баскесерлер, менің әкемнің жанын алдыңдар, енді сүйегінде шаруаларың болмасын. Хақыларың жоқ. Е с е т . Шынында да, ауданға апарып, олай бір, бұлай бір сүйрелеу адамшылыққа жатпайтын шығар. Мұсыл маншылыққа да келмейді. А т ы м т а й . Қайдағы мұсылманшылық?! Кеңес үкіметінің заңына қайдағы мұсылманшылық. Есет, сен олай бұлтаңдатпа. Бәрін білесің, біле тұра олай бұлтаңдатпа. Е с е т. Бұлтаңдат, бұлтаңдатпа – өліп жатқан сенің болашақ қайын атаң, бұрынғы әкең, маған несіне соншама шүйліктің? А т ы м т а й . Мен шүйлікпеймін, мен шын шүйліксем... Сен Есет, бара тұршы. Балзиямен жеке әңгімем бар еді. Е с е т. Одан да сүйдемейсің бе? Әлі де әңгімелерің бітпеп пе еді? (Кетеді.) А т ы м т а й . Балзия, мен, әрине, мәйітті осы арада актілеп, қолыңа берем. Ол үшін жаза тартармын. Мейлі.
Мен әлгі сұмның көзінше әдейі айтып тұрмын. Әкеңе оқ атқан сол сұмырай! Б а л з и я . Есет пе? А т ы м т а й. Мылтық сол қоршаған жақтан атылды. Оның көкеңе деген өштігі болса, енді сол арқылы екеуіміздің де арамызға от тастап, арандатпақ. Бірақ әзірше куә жоқ. Әйтсе де тексереміз. Б а л з и я . Мен үшін де, көкем үшін де енді ондай тексерістің қажеті жоқ. Өлген адам онымен тіріліп келмейді. А т ы м т а й . Иә, иә... Балзия, кешір, бізге мұндайда... топырақ салуға да болмайды. Мен үшін де топырақ саларсың... топырағы торқа болсын!.. Б а л з и я . Сенің топырақ салуыңа кеңес үкіметі рұқсат етсе де, ел қаламайды. А т ы м т а й . Оны да білемін... Әрине, қаламайды. Б а л з и я . Сен түгілі менің өзімді де қалар ма екен? Омардан басқа біреуі келіп әлі көңіл айтқан жоқ. Бәрі де мені қарабет етіп, бетіме түкіргелі отыр. А т ы м т а й . Білем, білем, мен үшін ғой. Енді қайтеміз... кейін бәрі қалпына келер, мені де түсінер... Уақыт солай... Б а л з и я . Атымтай, менің ендігі айтпағым да осы еді. Бүгін ғана емес, жетісін, қырқын бергенше, бұл ауылға келмеші, сен жұртқа көрінбеші. А т ы м т а й . Өзім де бүгін кетемін... Б а л з и я . Қырқын берген соң, мен де ауылда енді қалмаспын. Не бетіммен... А т ы м т а й . Иә, иә, өзім алып кетем той. Б а л з и я . Жоқ, сен мені алып та кетпе, өзім барамын... Қашан нәресте дүниеге келгенше, ойын-тойдың
да ендігі жерде қажеті жоқ, қай бетімізбен үйлену тойын өткізіп, салтанат құрамыз... Үй болғанымызды ешкімге жария етпей-ақ, жасырынбақ ойнай тұрармыз. А т ы м т а й . Түсінемін, түсінемін. Уақыт солай. (Есік жаққа.) Есет, барсың ба, кел, бері кел. (Есетке.) Жарайды, акт дайында, түгел қол қойғызып ал. Мен ала кетемін. Е с е т (орнына отырып, қағазды алып). Міне, мен осылай боларын біліп, алдын ала дайындап қойғамын. (Балзияға.) Оқып ал, сосын қол қой. Б а л з и я (оқымастан). Қай жерге?! Е с е т . Мына араға. Балзия қолын асығыс қойып, асығыс шыға береді. Е с е т . Тұра тұр, тұра тұр, Балзия. Ұмытып барады екем-ау, мынаны ал. (Түйіншекті аша береді.) Бәрін тексеріп алғаның үшін бұған да қол қоясың. А т ы м т а й . Заң солай. Б а л з и я. Ол не? Е с е т . Мына әкеңнің заттары: алтын сағаты, шақшасы, дүрбісі!.. Б а л з и я (тақып кетіп, өзін зорға ұстап). Мұның бәрін... бәрін... көкем көзі тірісінде күйеу баласына қалдырып еді. М-мен... мен өзіне қайта берген едім. Атымтай, енді көкемнің заттарына сен иесің, бәрі сенікі, сенің мұраң, ал, ал! Көз жасына булып ап, шығып кетеді. Музыка. Қайғылы әуен жоқтау, жылауға ауысып, ақыры сай-сүйек, құйқатамырды шымырлатқандай әуенді аят оқылады.
Алтыншы көрініс Сахна қараңғы. Аят оқылып болады. Жаназадан тараған адамдардың лабыры. Б а л з и я (қараңғыда). Нағашы, болыс ата, Омар, сендер қала тұрыңдар. Басқаларың бара беріңдер... Жарық жанады. Сәлімгерейдің үйі. Жаназадан кейінгі көрініс: қара жамылған Балзия, қайғы жұтып, аза тұтқан нағашы – Жаппар бай, болыс ата – Ережеп, Балзияның құрбысы – Омар. Б а л з и я . Ал, шалдар, неге осыншама ұнжырғаларың түсіп бастарың салбырап кетті? Омар, саған не болған осыншама мұқалатындай? (Отырғандар үнсіз.) Білем, түсінем: қазір сендердің мені, Атымтайдың қалыңдығын, әкеге ермеген сатқын қызды атарға оқтарың жоқ... Іштеріңнен қалай қарғап-сілеп отырғандарыңды да айтпайақ білемін. Ж а п п а р (Балзияға тіктеп қарай алмай). Қой, жиенжан! Біздің сенде не шаруамыз бар? Біз келсек, Сәлімгерей марқұмның өліміне қан жұтып, қара жамылып, шаһит болған бейкүнә фәндәні фәни жалғаннан бақи дүниеге соңғы рет аттандырып салуға келдік. Біздің сенде шаруамыз жоқ, қой, тұрайық! Е р е ж е п. Иә, қарағым, біздің сенде шаруамыз жоқ. О м а p. Иә десейші, шаруамыз жоқ. Үшеуі де орындарынан тұрып кете бастайды. Балзия орнынан атып тұрып, шаңқ етіп, айғай салады. Б а л з и я . Отырыңдар!
Ащы дауыстан сескенген азашылар қайтадан отыраотыра кетіседі. Б а л з и я (аздан соң, байсалды). Менің көкем бәріңе де, бар елге, осы өлкеге қадірлі азамат еді. Ол енді жер жыла, көр жыла – қайтып келмейді. Еңдеше, құр босқа жоқтап, көздің жасын бұлап отырмақсыңдар ма, әлде бір қам жасайсыңдар ма? Ендігі ойларың не? Ж а п п а р . Шырағым-ау, бізде қайбір ақыл, не ой қалды дейсің. Арыстай азаматың, жазықсыз бала-шағаң қанға боялып, өліп, малың талапайға түсіп, тоналып жатса, бізден не ес, не ақыл сұрайсың? Е р е ж е п . Одан да ана Атымтайыңнан сұра ақылды. Тұяқ калпақ киіп алып, өз әкесін өзі кім үшін оққа байлапты. Кәпір ниеттілерге еріп, өзі де кәпірстан атанып жүре бере ме, әлде елге тыныштық беріп, сабасына түсе ме? Ж а п п а р. Біз ешқайда енді кетпейміз де, кете де алмаймыз. Алар малын түгел алсын да, біздің қара басымызға еркіндік берсінші, батыреке. Соны жеткізші ана Атымтайыңа. Енді ешқайда да бармайық, маза берсінші. О м а р . Жоқ, олай жалтармаңыз. Жұт болар жылы төрт аяқты хайуандар мен қыбырлаған жәндіктерге дейін жұртын, мекенін тастап қашпай ма? Астымыздан су шығып жатқанда, тышқан құрлы болмағанымыз ба? Б а л з и я. Ол не жұт, қайдағы жұтты айтасың, Омар? О м а р . Жеті атадан қалған ақ-адал малды түк қалдырмай сыпырып алса, ертең бала-шағамызды кім асырайды? Бұл жұттың басы емей, немене? Атымтай бүгін алып кетсе де айтам, оның түрмесінде шіріп, бала-шағаны ісіп-кептіріп өлтіргенше, қалған аз малмен айдалаға қашып, қаңғырып өлгенім артық.
Б а л з и я . Жарайды, сыңайларыңды байқадым. Ендігі сөз мынау: тау асамыз. Елді енді өзім бастаймын. (Байлар бір-біріне жалтақтасып, түсініксіз қарасады.) Немене, сенбей отырсыңдар ма? Бір шоқып, екі қараған қарғаларша, не болды жалтақ-жалтақ ететін... Бүгін кешке дейін ерем деген адамдардың көшін жасырын дайындаңдар. Ымырт үйіріле көш жылжуы керек. Әр үйден бір-бір жас жігіт бес қаруын сайлап қалатын болсын. Біз көштің соңында Жылысай аузында күтініп тұрамыз. Қуғыншы бола қалса, ағысуға, шабысуға тура келеді. Елді бөріктірмеңдер. Түсіндіңдер ме? Ж а п п а р (күмілжіп). Түсінікті-ау, жиенжан. Бірақ кеше мылтық даусын естіген бала-шағада, кәрі-құртаңда ес жоқ. Жүректері шайлығып қалған пақырлар бірер күн ес жиып алсын да. Б а л з и я . Жоқ. Кешеуілдетуге болмайды. Көкемнің жетісін бергенше, Атымтайлар да мазаламайды. Біз жетісіне қарамай, осы тұста – тез кетуіміз керек. Е р е ж е п. Егер шын Сәлімгерейден туған намысшыл қыз болсаң, мына сөзіңнің жаны бар. О м а р . Әлгі Есетті қайтеміз? Бәрін бүлдіріп, орталыққа жеткізіп жүрген жымысқы сұмырайдың қасында шекарашылары бар. Ол жердің астындағыны біледі. Б а л з и я . Есетпен өзім сөйлесем. Ол бұл жолы ешкімге де хабар салмайтын болады. Ол – менің адамым! Мына оқыс оқиғаға әлі де толық түсіне алмай жалтақтасқан байлар кетеді. Сырттан Есет кіреді. Жайғасып отыра беріп, аузы күбірлеп, бетін сипайды. Е с е т. Балзия, топырақ салуға келе алмадым... Кінәлімін...
Б а л з и я . Жарайды, ниетіңе рахмет! Мен сені кінәласуға емес, ақылдасуға шақырып едім... (Есет басын оқыс көтеріп алып, таңырқап та, сезіктене де қарайды.) Есет, сенімен ұзақ сөйлесіп, ұзақ бәтуаласатын уақыт жоқ. Қысқасы сол – біз қол ұстасып, тау асуымыз керек. Е с е т. Тау асамыз? Қол ұстасып деймісің?.. Б а л з и я . Бұл сөзім саған оқыс естіліп отыр ма? Менің өзіме де солай. Бұзылған заманда ештемеге таңырқауға болмайды. Е с е т. Иә, солай, солай! Дегенмен бұл ой саған... Б а л з и я . Тұра тұр, әуелі мен айтып болайын. Соңғы екі-үш жыл ішінде әкең арқылы сөз салып жүргеніңді білемін. Ұнататын шығарсың, жақсы көретін шығарсың, оған кінәлі емессің. Жасырмаймын, мен сені сырттай менсінбеуші едім. Әлі де жүрегім онша елжіреп тұрған жоқ. Атымтайдан да алар кегім осымен орындалмақ. Егер осыған көнсең, бүгін түнде ел көшеді, сен де әке-шешеңді жолға қамда. Е с е т. Апыр-ай, ә... бұл өзі... ә? Б а л з и я . Ойлан, ойлан. Кейін қапы ұрылып жүрме. Көнсең, мені қаласаң – бізбен бірге кетесің. Ал мен бұл жерде отырып, енді Атымтайға да, саған да жар бола алмаймын. Қалауың білсін. Е с е т. Апырмай, Балзияш-ай, маған қиын шарт қойып отырсың. Сен үшін мен жердің түбіне кетуге әзірмін. Егер жолымыз кешегілердей сәтсіз болса, Атымтайдан еш аяушылық жоқ. Су түбіне біржола кеткенім ғой. Б а л з и я . Мұнда қалсаң, сені Атымтай да су бетінде қалқытып қоймас. Е с е т. Оның рас, Атымтайдың кейінгі кезде шүйлігуі жаман, оны өзім де сезіп жүрмін.
Б а л з и я . Ендеше, ең қолайлы кез – осы тұс... Ал қор қар болсаң, зорлық жоқ. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» – егер қолға түсіп қалсақ, не тартсақта, бірге тартамыз. Мен әке үшін ашынған, кектенген жанмын. Жаңа үкіметтің қайырымсыздығына да көзім жетгі. Тайынарым жоқ. Ал сен... тағы да айтам, қалауың білсін. Е с е т. Сонда қашан... қалай жүрмекпіз? Б а л з и я . Ол менің шаруам. Үйдегі үлкендерді әзірле, қошпен бірге кетеді. Сен менімен бірге жүресің... Е с е т. Балзия, алтыным, мен сенімен.... Б а л з и я . Жарайды, ондай сөздеріңді кейін айтарсың. Қазір үздігуге уақыт жоқ. Е с е т. Көндім, кеттім бірге. Б а л з и я . Айтқандай, қасында неше шекарашы бар? Е с е т. Екеу. Атымтай қалдырып кетті, егер олай-былай бір сыбыс болса, хабар беруге, қарумен көмектесуге... Б а л з и я . Оларды қайтесің? Е с е т. Қыбын тауып атып кетсек... Б а л з и я . Жоқ, ертең ұсталып қалсақ, қылмысың ауыр лайды. Е с е т. Иә, иә... ол да мүмкін. Б а л з и я . Одан да ештеме сездірмей бір жаққа, алысқа жұмсап жібер. Есебін тауып қару-жарақтарын алып қал. Е с е т. Апыр-ай, өзің не деген тапқышсың. Расында да бізге қарасты алыстағы ауылдарда біраз шаруа бар. Сонда жұмсап, «мылтықтарыңды шошайтып елді үркітпеңдер» деп, қаруларын да алып қалуға болады. (Қуақыланып.) Апырай, «бір әйелдің айласы қырық есекке жүк болады» деуші еді. Б а л з и я . Қырық есекке жүк болмай-ақ, айламыз бен ақылымыз бір Есетке жүк болса да жетер.
Е с е т. Болды... Көндім... Кеттім бірге. Б а л з и я . Ендеше, бар, әзірлен. Мылтық, оқ-дәрің бар шығар? Е с е т. Бар... бар, әрине, бар. Жетінші көрініс Тау іші. Алыстан биік, заңғар тау шыңы көрінеді: азу тістері ақсиған арыстанға да, аузынан көбік шашқан бұйра бас бураға да ұқсайды. Теңкиген-теңкиген қойтастардың, сиыр, тотастардың арасында шоқиып-шоқиып қашқындар алдарына орамалдарын жайып, қаужаңдап тамақ ішіп отыр. Жалғыз ауыз, қос ауыз, шиті мылтықтар, сойыл, шоқпарлар тастарға сүйеулі. Балзия бастаған бір топ жігіттің ішінде Есет, Омар, Еркекшора... Б а л з и я . Ал, тамақтанып болдыңдар ма? Аттар да шалған шығар... Ана шыңды көрдіңдер ме, бағана бұлт астында көрінбей тұрған: оны Азулы шыны, Азулы тауы деп атайды. Бұл жатжұртқа өтердегі ең қауіпті бірінші өткел. Е р к е к ш о р а . Неге қауіпті? 1 - Ж і г і т. Несі қауіпті? О м а р . Оны мен айтайын, Балзия. Бұл араға біз талай рет аң аулап жүріп келгенбіз. Солай емес пе, Балзия? Атымтай да болатын. Е с е т . Соның атын атамашы. О м а р . Иә, бұл төңіректе арғы бетке өтетін бір-ақ өткел – ана шыңның бауыры. Онда шұбыртпалы жалғыз аяқ соқпақ жол бар. Оны «Қылкөпір» дейді. Десе дегендей – пы шақпен кескендей тіп-тік қызыл жардың бауырымен құзға көтерілетін жолға аттылы бір-ақ адам зорға сияды.
Екін ші жағы көз жетпейтін түпсіз шыңырау, терең құз. Құздың түбінде аласұрып ағып жатқан тау өзені – Қас. Ол өзенге талай адам зымырап, құздан басы айналып, құлап түскен. Сол себепті Қастың суын қанды су дейді. Е р к е к ш о р а (үрейленіп). Біз содан атпен өтеміз бе? Е с е т. Атпен өтпегенде, құс боп ұшып өтейін деп пе едің? Ах-ха-ха! Е р к е к ш о р а . Ой, сіз де бір жөн-жосығы жоқ, ыржалаң-ыржалаң етіп, Балзия әпкеме қолыңыз жеткен екен... Е с е т. Немене, қызғанып отырмысың? Қажет болса сені де алам тоқалдыққа, бойжеткен, ах-ха-ха... Е р к е к ш о р а . Пшту, сені қайтем? Саған тигенше құздан құлап өлгенім жақсы. Е с е т. Қаласаң ол да болады. Б а л з и я . Жетті тәжікелесулерің!.. Е р к е к ш о р а . Сонда, Омар аға, егер деймін-ау, әгәрәкім жолдың екінші басынан тағы біреулер келе жатса, қарама-қарсы кездескен адамдар қалай өтеді? Е с е т. Ә, мына сұрағың орынды. О м а р. Ол былай: жолға түстің бе, ә дегеннен-ақ әнге саласың. Ана басына келген адам, тау жаңғырықтырған ән шығысымен-ақ бері қарай аттамайды. Е р к е к ш о р а . Өмірі өлең айтпаған адам болса ше? О м а р . Жан керек болса айтасың. Шын жыласа соқыр көзден жас шығады демей ме? Б а л з и я . Бүгін бірінші рет ән салмай өтетін жолаушылар біз болармыз. О м а р . Қане, қас қараймай тұрып «Қылкөпірден» өтіп алуымыз керек. Аржағында Қытай жері басталады. Бүгін үшінші күн, Жылысаймен кеткен көш те жеткен шығар.
Б а л з и я . Ал, аттарыңа қоныңдар. Е р к е к ш о р а . Балзия әпке, бүгін осы жерде тынығып, күн жарықта өтсек болмай ма? Д а у ы с т а р. Иә, сүйтсек те болар. – Сүйткеніміз дұрыс шығар. – Аттар да, өзіміз де тынығып алайық та. – Қараңғыда кім біледі, құздан құлап, жазым боп жүрерміз. Б а л з и я . Жетті, оттамаңдар. Өңшең сужүректер. Ертеңге дейін артымыздан қуғыншылар жетсе қайтпек сіңдер? Е с е т. Көздеріңді ойып, өздеріңді суға лақтырса... Д а у ы с. Енді қайдағы қуғыншы, қайдағы жау? О м а р . Жау жоқ деме, жар астында. Сахна қараңғыланады. Омар салған ән естіледі. Тәуекел түбі жел қайық, Мінерсің де өтерсің, Қайғының түбі – тұңғиық, Батарсың да кетерсің. Бұл әнді біразы ыңылдап, біразы айғайлап қосылады. Дауыстарында жарықшақ үрей бар. Ара-арасында, дауыстар: – Аттарыңды бір-бірінен алысырақ ұстаңдар. – Үзеңгіден аяқтарыңды шығарып отырыңдар. – Аттарыңды қыспаңдар. – Жүгендеріңді бос қоя беріп, аттарыңды еркіне жіберіңдер. – Құлаған, тайған біреу болса, құзға төмен қарап әуреленбе, бәрібір құтқара алмайсын.
– «Тәуекел түбі жел қайық»... «Бұл кім-ай?» – деген Балзияның үрейлі үні шыққанда, жарық көмескілене жанады. Сахнада құздағы жалғызаяқ жолдың бейнесі. Жолдың екі жағынан өрмелеген салт аттылардың аңды дәл орта тұста ошарылып, бір-бірімен бетпе-бет түйісіп тұрып қалған. Б а л з и я . Бұл кім-ей? А т ы м т а й. Мен ғой, Балзия. Б а л з и я . Атымта-ай? А т ы м т а й . Иә, біз ғой, Балзия. Б а л з и я . Көкемнің соңынан қуып өлтіріп ең, еңді менің алдымнан шықтың ба? Бізде не алашағын бар? Кет былай жолымнан! Д а у ы с т а р (соңғы жақтан басталады). Не боп қалды? – Неге тоқтадыңдар? – Әй, не боп қалды? О м а р (Балзиядан кейін тұр. Артына бұрылып). Бөрлікпеңдер, шыдаңдар! Д а у ы с т а р (бірінен соң бірі соңына дейін қақпақшдап). Бөрлікпеңдер, шыдаңдар! А т ы м т а й. Ақылға келсейші, Балзия! Б а л з и я . Кім ақылға келу керек, сен бе, мен бе? А т ы м т а й. Ойлан, Балзия, райыңнан қайт. Әлі де кеш емес. Б а л з и я . Мен ойланғанмын. Жазықсыз көкемнің сақалы қанға боялып жатқан күні ойланғанмын. А т ы м т а й. Балзия... неге жазықсыз дейсің? Б а л з и я . Ә-ә, солай ма? Әлі де жазғырады екенсің ғой. Ойланып, түсінді ме десем! Жо-оқ, сенде ой да, сана
да жоқ екен. Сен өйткені ойы бар, зердесі бар адам емессің, жаңа үкіметтің жансыз, мисыз қара қолшоқпарысың. Бүгін әкеңді өлтірдің, ертең өлтір десе балаңды да өлтіресің. Сендер тірі тұрғанда, қазақта ұрпақ қалмайды. Мен сол болашақ ұрпақты сақтау үшін кетіп барамын, жетті, былай тұр жолымнан! Балзия атын тебініп қалады, омыраулаған ат алдыңғы атты кеудесімен қағады. Д а у ы с т а р (арт жақтан). Не деп жатыр? – Кімдер өзі, қанша адам? – Енді не істемекпіз? – Тұра береміз бе? А т ы м т а й . Жарайды, Балзия, сен кеттің дейік, сонда қайда бармақсың? Б а л з и я . Дүние кең, басымның ауған жағына барамын. А т ы м т а й. Өз жерінен жеріген адамға дүниенің кеңдігінен не пайда? Б а л з и я. Өз жерінен? Менде өз жерім қалды ма? Бәрін сендер, жаңа үкіметтің кәпірстандары, тартып алған жоқсыңдар ма? А т ы м т а й. Жарайды, біз жазықты болсақ та, енді елдің не жазығы бар? «Ерден кетсең де, елден кетпе» демеуші ме еді. Б а л з и я . Сен қай елді айтып тұрсың? А т ы м т а й. Қай ел болушы еді? Артында қалып бара жатқан еліңді айтам. Б а л з и я . Артымда елім емес, әкемді өлтірген, малымды, жерімді тартып алған жауларым қалып барады. Елім – қасымда.
А т ы м т а й. А-а-ай, Балзия, бұл ел ме, үркердей ғана аз ауыл, бүгін адасқан ауыл, ертең азып-тозған ауыл болады. Б а л з и я . Атымтай, сен менің мінезімді білесің ғой, сенің ендігі үгітің жүрмейді. Жолымызды бөгеме! Егер осы қылкөпірдің үстінде айқасады екенбіз, біз атысуға да, шабысуға дайынбыз. Екі жақта тып-типыл болады. Солай емес пе? Балзия бұрылып артындағы Омарға қарайды. О м а р . Атымтай, бізде аянар да, қарманар да ештеме қалған жоқ. Бізді босатыңдар, ашыңдар алдымызды, әйтпесе... (Артына бұрылып.) Әй, сарбаздар, оқтаңдар мылтықтарыңды, сайландар сойылдарыңды. Д а у ы с т а р ( бір-біріне жалғаса may жаңғырықтыра қайталап). Оқтаңдар мылтықтарыңды! – Оқтаңдар мылтықтарыңды, сайлаңдар сойылдарыңды! Оқтаңдар мылтықтарыңды, сайлаңдар сойылдарыңды! (Бұлардың дауыстары may ішінде жаңғырығып кетеді.) А т ы м т а й (жаңғырық басылған соң). Балзия, мен жібергенмен сендерді менің соңымда тұрған әскерлер жібермейді. Мен жалғыз шеше алмаймын. Ақылдасайын. Атымтай артына бұрылып сөйлеседі. Қашқындар шы дам сызданып, айқайлап, шулап тұр. Д а у ы с т а p. Енді не тұрыс?! – Жетті енді тұруымыз. – Бүйтіп ұйқыдан қажып, аштан аш тірідей жаурап өлгенше, жағаласып жүріп таудан ұшып өлейік!.. – Тірі жанға бір өлім! – Бұзамыз қамалды!
– Қане, оқтаңдар мылтықтарыңды! Осы оқиғаға, тау жаңғырығына лайық музыкалық әуен. Сегізінші көрініс А т ы м т а й . Ал, Балзия, келістік. Қалай өткілерің келеді? Қандай шарт қоясыңдар? Б а л з и я . Шартымыз сол. Екі жақтың аттары да кейін шегіне алмайды. Сендер аттарыңды жардан құлатыңдар. Біз өтеміз. А т ы м т а й . Жоқ, ол болмайды. Біздің де шартымыз бар. Екі жақ та алма-кезек жар жағалап, ат бауырынан амалдап өтеді. Б а л з и я . Осылай дейтіндеріңді білгенмін. Жарайды, әуелі біздің жақтың адамы бастасын. (Артына бұрылып.) Омар, кейінгілерге бұйрық ет! О м а р (кейін бұрылып). Сарбаздар, жол ашылды. Екі жақтан да кезекпе-кезек жаяулап өтіп, орын алмасамыз, бәрін де кезек тиісімен бері шыға бере аттарыңның ер-тоқымын алып, жүгенін сыпырып, құздан төмен лақтырыңдар!.. Дауыстар қайталап жатады да, адамдар музыка аясын да алма-кезек өте береді. Соңғы жақтан айғай-шу шығады. Омар Балзиядан кейін тұрған. О м а р (арт жағына қарап, айғайлап). Не боп қалды сендерге, не жетпей келеді?! 1Ж і г і т. Омар аға, мына жексұрынның кесірінен құлақасқадан айрылдым, құздан ұшып кетті. О м а р . Жарайды, бастан құлақ садаға. Бәрібір итжемеде қалатын ат! Ал сен... мынауың не? 1Ж і г і т. Ертоқым.
О м а р . Көріп тұрмын. Таста салақтатпай! 2 - Ж і г і т. Жоқ, тастамаймын, өзім көтерем, өзім алып өтем. Б а л з и я . Бұл неменің дүниеқоңызына не берерсің, атып таста, Омар, әкесіне өзім берем жауабын. 2 - Ж і r і т. Апатай-ай, Балзия тәте... (жыламсырап) жеті атадан бері келе жатқан қасиетті ертоқым, малымыздың құты еді... О м а р . Жеті атаңның қай дүниесін түгендеп арқалап өтпексің, қалған жоқ па бәрі... Таста, қане лақтыр! Бір, екі... Бетін бүркеніп Есет өте береді. А т ы м т а й . Тоқта... кімсің-әй? (Бүркенішін жұлып алады.) Ә, сұмырай, сен екенсің ғой? Е с е т. Ренжіме, Атымтай! Екеуміздің жолымыз айырылысатын күн туды. Енді көпке дейін көріспейтін шығармыз, қош бол! А т ы м т а й . Жоқ, сен кері қайт. Сенің талай жыл ГПУдың жансызы болған еңбектерің үшін есеп айырысуымыз керек. Е с е т . Мен есеп айырысып болғам. Ендігі жерде өз есебім өзіме жетеді. Б а л з и я . Атымтай, жібер Есетті, саған жүз кісі өтті не, бір кісі өтті не? Бәрібір емес пе? А т ы м т а й. Мұндай сатқындар жүз кісіден де қауіпті. Сендер – қашқынсыңдар. Бұл – сатқын! Балзия, мұнда шаруаң болмасын, бұл – біздің адам! Б а л з и я . Жо-оқ, Атымтай, ол сендерге адам болудан
кетті, ол енді біздің адам. Менің адамым. Ендігі есеп біздің арамызда болады. Е с е т . Атымтай, ендігі әрекетіңнен түк шықпайды. Егер біздің адамдардың біреуінен шашау шығады екен, аянып қаларымыз жоқ, атысамыз. Солай емес пе, Балзия?! Б а л з и я . Иә! Оны ескерткенбіз. А т ы м т а й . Әттең!.. Бар, сұмырай! Жоғалт көзіңді, сілімтік! Есет өтіп кетеді. Жалғыз қалған Балзия киімін түгел шеш кен. Белін ораған барқыт орамал-белбеуді босатып жатыр. А т ы м т а й. Не істеп жатырсың, Балзия, мұның не? Б а л з и я . Қорықпай-ақ қой, сені зорлар деймісің, бері кел! А т ы м т а й . Жетті енді басынуың. Кетеді екенсің, миды ашытпай кет ана қашқындардың соңынан. Әбден мазақтап қорлап болдың ғой. Б а л з и я . Жо-оқ, қателесесің, Атымтай, енді сенің маған керегің жоқ. А т ы м т а й . Білем, ендігі саған керегі – ана оқыған, білімді сұмырай ғой. Бар, бар. Б а л з и я . Иә, сенің маған керегің жоқ, бірақ мына сәбиге керексің, ертең «Әкем қайда?» – деп сұрағанда не дермін? Бүйірімді тебуін қараш, сотқар болар ма? Шыда, шыда! Атымтай, өз қолыңмен соңғы рет байла, басқа кімге байлатамын. Қане, тастай ғып орап, қатты байла. Аяма – одан бала тұншықпайды. Көкем кейінгі кезде «О, заманай!» деп жиі күрсінуші еді. Соны есіне сақта. Егер ұл туса атын Заманай қоямын. Қыз туса – білмеймін! Заманның
аласапыран кезінде жат жерде туар ұрпағыңды бір іздерсің. Мен сені енді іздемеймін. Жүгіріп кете барады. Тоғызыншы көрініс Кек үңгір – Тастам. Маңында ірілі-уақты қойтастар мен түйетастар, піл-тастар. Өзен шуылы. Әр таста шо қиып-шоқиып отырған босқындар. Қастарына Ережеп шал келеді. Е р е ж е п. Шырақтарым, жігіттер, құдайға құлшылық етіп, жолымыз болғай деп, құрмалдыққа бір мал шалдық. Ac піскенше Тастамға кіріп тынығып алыңдар. Е р к е к ш о р а . Ата, Балзия осы араға жиналыңдар деген, әне өздері де келе жатыр. Қасында Есет, Омарлар бар Балзия келеді. Қолында мылтық. Тасқа отыра бере сөзге кіріседі. Б а л з и я . Ал, елдің ақсақал, қарасақалдары, міне, біз екі жұрттың – кеңес жұрты мен қытай жұртының қақ ортасында отырмыз. Бұл араны нейтральная зона, яғни қалыс тұс дейді. Е с е т. Екі елге де қатысы жоқ аралық жер. Б а л з и я . Менің айтарым: артымызда кіндік кескен атамекен жер қалса да, сонымызда айтылмай ішке бүккен сөз қалмасын. Осы арада арылайық. Мүмкін осы көшке ілескеніне өкініп келе жатқан адам да бар шығар. О м а р . Мүмкін ішімізде ертең іргеден ши шығарып, ұйтқыдан іріткі жасайтындар бар шығар. Е с е т. Қане, ешкімнің айтары жоқ па? Шығаршықпаста
елін-жерін сағынғансың, кеңестің қызыл қасқырларының ордасына қайтып оралғысы келетіндер бар шығар?! О м а р . Иә, тап ондай болмаса да, қане, қане! Е с е т. Немене, құрмалдық еті алдарыңа келгенше ауыздарың ашылмай, жақтарың байланып қалды ма? Балзияға қолым жетті екен деп масайрал, жайраңдаған Есетке жұрт жақтырмай, үнсіз түйіле қарап отыр. Б а л з и я . Сендер, ақсақалдар, жолымыз оңғарылсын деген тілекпен жол айырығына құрмалдыққа мал шалып отырсыңдар. Ал мен жолымыз тазарсың, ішімізде қара ниет жымысқы болмасын деп адам шалғалы отырмын... (Жұрт үрпиісіп, бастарын оқыс көтеріп алады.) Ол кім дейсіңдер ғой? Ол... Ол – бүкіл елді, бәріңді сатып, арандатып, ұстап берген, менің көкемнің өліміне себепкер болған сұмырай Есет. Балзияның ымын түсінген Омар мен бір жігіт Есетті бас салып, қолын артына қайырып байлап тастайды. Е с е т. Елім-ау жұртым-ау! Бұларың елде-күнде жоқ жаза ғой. Қол ұстасып тау асайық деп, соншама алдап әкелетіндей... О м а p. Өйтпесе сен тағы да бәрімізді ұстап беретін ең. Б а л з и я . Мұны мен байсырап әкелді деп ойладыңдар, білем! Енді түсінген шығарсыңдар – көкемнің кегін алатын кез келді. Бердім өздеріңнің әділ соттарыңа. Не жаза кесесіңдер? Осы арада атып кетеміз бе, ағаштың басына асып кетеміз бе? Мұндайдарға жер басып жүру артық. Е с е т. Елім-ау, жұртым-ау!.. Е р е ж е п. Қарағым Балзия, бағана орталарыңдағы
Есетті көргенде, қой қораға түскен қасқырды көргендей болып ем. Оның саған болашақ күйеу болатынына ренжігем жоқ, оның болашақта бәріміздің үстімізден қарар әміршіміз, бізді әлі де жер соқтыратын қара жүрек осы болатынынан қорқып ем. Жарайсың, Балзияш, Есетті ондырмай мұзға отырғыздың... Ал осы жерде сазайын тартқызып өлтіріп кетейік деушілерге өз басым қарсымын. Д а у ы с т а р: – Неге? – Бұл тірі қалса, әлі талайдың басын мүжиді. – Мұндайды о дүниеге аттандыру керек – сауап! Е р е ж е п (қолын көтеріп). Ежелден бері, қазақ қазақ болғалы бір-бірімізді үрит соқ деп құртып болдық қой. Елден, жерден ауып бара жатып, қолымызды қандап кеткеніміз кешірілмейтін күнә. Ұрпағымызға таңба. Маған салсаңдар, Есетті осы жерден кері қайтарайық, соңымыздан ермесін. Соттала ма, айдала ма – сол жақта тартсын сазайын. Атымтайлар, тұяқ қалпақтардың бұған тегіс жиіркене қарайтыны анық. Бұған социал жұрты өмір бойы сенбей, дүдамал қарайды. Бұл жалғанда адамзат алдында сенімсіз болудан асқан жаза да, азап та жоқ. Маған салсаңдар – осы менің үкімім! Д а у ы с т а р: – Дұрыс үкім. Дұрыс! – Сол дұрыс! – Бұдан асқан үкім жоқ! Есетті бір түйіп қоя береді. Ол анадай жерге барып, қасқырша одырайып тұрады. Балзия үстінен мылтық атқан соң барып тұра қашады.
ЕКІНШІ БӨЛІМ Оныншы көрініс Тас үңгір – «Тастамның» іші. Балзия кемпір бір бұрышта түс көріп, сандырақтап, «әлдекімдермен сөйлесіп», ауырып жатыр. Ортада тас ошақта шала жанған от. Аманай тысқа кіріп-шығып жүр. Іште өтер оқиғаға қатысы жоқ. Сырттан қартайған, қажыған Есет кіреді. Қолымда ескі бесатар. Б а л з и я (әлсіз үнмен). Бүгім-ай, Аманжан, Аманай! Өй, мына лағнет, тағы да аю ма? О, лағнет! Е с е т. Аю да емес, Аман да емес. Мен, мен! Б а л з и я. О, алла тағала, адамбысың, жарқыным? Әлде адам бейнесіндегі әңкір-мүңкірдің бірімісін? Е с е т. Жо-оқ, әзірейілмін, сенің жаныңды ала келдім. Б а л з и я . Е-е, менің жанымды қайтейін деп ең, өлмеші кемпірдің жанын алмай тұра тұр, Аманайымды елге жеткізіп тастайын, сосын ала бер жанымды. Е с е т. Өле алмай жатып, дәмең зор екен. Елге енді жете алмайсың, немерең Аманай да жете алмайды. Есіңде ме, бұдан алпыс жылдай бұрын мені осы арада атып кетпекші болғансың. Ата алмадың. Сол өкінішіңнің орнын мен толтырамын – мен атамын! Сені! Сосын немереңді! Б а л з и я . Сен Есетпісің, қаражүрек? Жас балада не шаруаң бар? Өшің менде емес пе еді, сұмырай! Е с е т. Ә, сұмырай деймісің, өле алмай жатып тілінің ащысын, ал тарт сазайыңды! А т ы м т а й (айғай can). Тоқта-а!
Үстінде әскери киім, жас шамасы отыздардағы жігіт Атымтай шыға келгенде, Балзияға кезенген бесатарын оған бұрған Есет кезегімен үш рет атады. А т ы м т а й (жайбарақат). Маған оқ шығындап қайтесің, өлген адамға оқ өтпейді, сен мені бір рет «өлтіріп ең» ғой. Е с е т. Иә, солай екен-ау. Б а л з и я . Сен кімсің, жарқыным-ау, сен, сен – Заманайымбысың?! А т ы м т а й . Жоқ, Заманайдың әкесі Атымтаймын. Б а л з и я . Атымтай?! Ә-ә, Заманайдың туғанын естіген екенсің ғой. А т ы м т а й. Ұл туғаныңды, оның атын, өзің айтқандай, Заманай қойғаныңды түрмеде жатып естігем. Б а л з и я . Иә, жала жабылып сотталып кетті дегенді естігеміз, бірақ кімнен болғанын анық білмедік. А т ы м т а й. Өз қара басын сақтау үшін мені құрбан еткен мына Есет еді. Е с е т. Сен де өшіңді алдың ғой. Түрмеден шыққан соң 37жылы, «Есет – алаштың азаматы» деп мені ұстап бергенсің. Мен емес, әкем болатын – алаш үкіметі үшін елден ақша жинаған. Ал мен еш партияға жарамасам да түрмеге жарадым. А т ы м т а й . Әрине, сен түрмеде де қарап жатқан жоқ сың. «Нағыз халық жауы – Атымтай, оның баласы За манай ар жақта туған. Өзі де енді сол жаққа қашайын деп жүр», – деп, мені де кеңес түрмесіне ала жығылғансың. Е с е т. Е, олай ала жығылған мен ғана деймісің? Сорлы қазақтар осылайша бірін-бірі қаматып, бірін-бірі құртқан жоқ па? Байтұрсыновтарға алаш деп Сәкен Сейфуллиндерді,
Сәкендерге Сәбендерді айдап салған, бір қазақтың көзін екіншісіне шұқытқан зымиян саясат емес пе?! Енді қазір басқа себеп табылмаған соң, үш жүздің санасыз қазағын бір-біріне айдап сала бастаған жоқ па? Б а л з и я. Ал сен «соғыста өлдім» дейсің. Соғысқа қалай барып жүрсің, онда нең бар еді? А т ы м т а й . Германиямен соғыстың басталғанын мен Тайгада ағаш кесіп жүріп естідім де, соғысқа алдыңғы шепке – передовойға сұранып кеттім. Е с е т. Не үшін сұранып кеттің? А т ы м т а й . Отанымды қорғап, адалдығымды дәлелдеп, ақталу үшін. Б а л з и я . Қай Отанды? А т ы м т а й . Қай Отанды болушы еді? Өзімнің Отанымды. Б а л з и я . Онда бақытты өліммен өлген екенсің! А т ы м т а й . Иә, Отан үшін өлгенімді бақыттылық санадым. Мен соңғы рет жауға қарсы тайсалмай ұмтылғанда «Отан үшін», «Сталин үшін» деп ұмтылдым. Көз жұмар алдында, қиналып жатып та, не үшін өлерімді түсініп кеттім. Е с е т. Не деген сұңғыласың? Не деген болашақты болжағыш, әрі ашық ауыз сенгіш едің. Б а л з и я . Нағыз қазақ қой! А т ы м т а й . Әрине, саған түсініксіз. Елін, жерін тастап, бас сауғалап кеткен адам Отан деген сөзді, ол үшін қаза табу дегенді түсінді деудің өзі күлкілі. Б а л з и я . Өлімге сұранып, қаза тауып ақталуды түсінбеймін. Қаза табар жұртыңды тірі сақтап қалуды түсінетін едім. А т ы м т а й . Сол тірі сақтап қалам деп өзің ертіп
кет кен қашқындардың болашақ ұрпағына Отан деген сөз мүлдем түсініксіз. Б а л з и я . Сен енді ұрпақты айыптамақпысың? А т ы м т а й . Жо-оқ, ұрпақта айып жоқ. Бірақ Отаны жоқ ұрпаққа сенімсіздікпен дүдамалдана қарайтын Отаны бар ұрпақты қалай айыптайсың. Б а л з и я . Оның бәрін өзіміз – бір-бірімізбен ұғыныспаған өзіміз жасадық. Е с е т. Атымтай, осы сен қай жерде қаза таптың? А т ы м т а й . Сталинград майданында, фашистерге қат ты соққы берген Сталинград қаласының түбінде. Оған ұрпақ риза шығар, мақтаныш ететін шығар. Е с е т . Ешкімнің де сені айтып мақтанғанын естігем жоқ. Сенің өлген жерінде де, елде де саған қойылған ескерткішті көргем жоқ. Сен түгілі Сталинградтың да аты өшті. А т ы м т а й. Не дейт? Е с е т . Сенің атыңды атамақ түгілі, сенімен бірге соғысқан, Отанын қорғаған өңшең ұрпақ жаяр 18 – 40тың арасындағы қазақ жігіттері бұрын болмағандай, ол шәһиттердің туған, өскен жерлері бос жатқан қу мекиен, иесіз жер, елсіз-күнсіз тың дала аталып, сендердің ауылдарыңның аттары да мүлдем өзгеріп, зираттарың да жер бетінен жоғалған. А т ы м т а й . Не дейт?! Сонда сендер – оқыған азаматтар, соғыстан аман қалған сілімтіктер не бағып жүрдіңдер?! Е с е т . Халық жауы деп айдалған біздердің тірі қалған өзің айтқан сілімтіктерін жаңа үкімет, бұрынғы үкіметті қаралау үшін ақтап, босатқан. Бірақ не керек, тың өлкесіне
миллиондап келген келімсектердің арасында біздің біліміміз де, тіліміз де, тіпті түріміз де кем болып, қор, мазақ тіршілікпен өмір кештік. Өз жеріміз түгілі, өз тілімізге өз иелігіміз жүрмеді. А т ы м т а й . Жетті, жетті! Баяғы жырыңды жырлаудан әлі айықпаған екенсің. Сендей қисықтарды өлгенде қор ғана түзейді деуші еді... Е с е т. Қателесесің. Көр де түзей алмаған ғой. Мен былтыр өлген адаммын. Көр сені де түзей алмапты– баяғы коммунистік қалпыңнан айықпапсың. А т ы м т а й . Өмірі бір партияның жүзін көрмеген сен сияқты адам коммунистік партияның қасиетін қайдан білсін! Е с е т. Сен шығарсың білетін. Тірі жүрсең көрер ем, қазір баяғы он жеті миллион коммунисіңнен бірде-біреуі жоқ. А т ы м т а й . Е-е, соншама олардың бәрі қайда кетіпті, бәрін де бір күнде жер жұтты ма? Е с е т. Қара жер өлген коммунистерді ғана жұтты. Ал тірілері бір күннің ішінде партбилеттерін жыртып, лақтырып, өртеп, өздерінің партиясын жалмап жұтты. А т ы м т а й. Не дейт? Мұның жала, шылғи өтірік! Е с е т. Өлген адам өтірік айтпайды. Қазір бұрынғы белсенді жас коммунистерін белсенді коммерсанттар, сау дагерлер, шылқыған байлар. Ал баласыз, панасыз қалған фанатик коммунистер тірі өлік, жаңа үкіметтің қайыршы лары. Сенің арша етің борша боп жүріп құрған колхоздарыңды да құлатып, құртып жатыр. Б а л з и я . Міне, естіген шығарсың, ГПУ-дің қызметкері, коммунист Атымтай. Сендер өліп жатып бақыттымын деуге әбден жаттығып, төселгенсіңдер. Әйтпесе қысқа өмірінде бар көргенің жоқшылық, түрме, соғыс. Сол
ма жасап кеткен бақытың. Сол үшін ұрпағыңнан безіп, ұрпағыңды тентіретіп жібердің. А т ы м т а й . Иә, ендігі қалған бақытым – артымда қалған Заманайым екен. Ол қайда, Балзия? Өлейін деп жатқан сенімен соңғы рет арыздасып, соңғы рет ұлымды көрейін деп келіп ем. Б а л з и я . Ұлың да тура өзіне айнымай тартқан ұл болды. Ол да тағдырына жазған бар кінәні маған артып, мені жазғырумен өтті. Баласы Аманай туысымен соғыс коммунасы деген ескі сылтаумен сол кездегі аға ұлттар билеген қытай үкіметі Заманайды алып кеткен. Арада он жыл өткен соң іздеу салып таптым. Білік деген жерде құпия шахтыда кілең еркек заты ғана жұмыс істейді екен. Жатақханаларында бір күн ғана бірге түнеуге рұқсат алғанмын. Сол күннің өзінде ауыр жұмыстан қажып, мәңгірген ұлым өзімді құстаналап шықты. Адам баласына тән сағыну дегенді де мүлдем ұмытқан екен. Жалаңаяқ, жалаңбас, қажыған, күйзелген Заманай шы ғады. Атымтайдан аумайды. З а м а н а й ( Балзияға). Неге келдің? Сені кім шақырды мұнда?! Менің мына ұсқынымды көруге келдің бе? Әлде мені өлді деп естіп, өлігімді алып кетуге келдің бе? Мұнда өлікті де ешкімге бермейді. Бірақ сен қорықпа, мен әлі біраз азап шекпей өлмеймін. Б а л з и я . Құлыным-ау, менің жазығым не, мен анаң емеспін бе? З а м а н а й . Балзия, менде анаға деген мейірім жоқ. Сен мені ел-жұртымнан, атамекенімнен, туған әкемнен алып кетіп, маған таныс емес жат адамдар, бірін-бірі біл-
мейтін, түсінбейтін, қамқорсыз, кіріптар, дәрменсіз жандар зорлықпен, азаппен мағынасыз тіршілік еткен қамау торға әдейі әкеп тапсырғандай көрінесің. Мен де торда жатып жан-жағына жиырыла қарайтын уытын алған мыл қау жылан сияқтымын. Енді мені аяма да, мүсіркеме де. Бар сұрайтыным – ана келініңе – Әлимаға ұғындыр. Аманайды аман сақтасын. Ер жеткен күндердің күнінде мен көрмеген әкемді, мен көрмеген атамекенімді сол көрер. Менің арманымның орны сонымен ғана толар... Таңсәріде жұмысқа кетемін. Атыңды әкеп қоярмын. Елге жүре бер. Енді сені мұндағылар жатқызбайды да. Рұқсат жоқ. Бітті. Заманай кетеді. Б а л з и я . Ертеңіне дінхұла, дінхұла деген айғайшудан оянып кетсем, бір сұмдық болған екен. Хан деп аталатын жер астында дінхұла дейтін газ болады екен. Сол көбейіп, зығыр майынан жасалған шамдары сөнген жұмысшылар, өздері де тұншығып, жер астында қалыпты. Заманай да сонда екен. Кешке дейін шахтыны төңіректеп, кете алмай жүрдім. Ұлым шықпады. Кешке ханның басшылары ағаулыттар келіп, енді дінхұла басылмайды деп шахтының аузын оқ-дәрімен жарып, аспанға атқан таудай топырақ үйіндісімен жаба салды. Жер астында терең ханда, екі жүз жұмыскермен екеуміздің ұлымыз Заманай да бірге көміліп мәңгі қала берді... (Балзия енді өз-өзінен есіріп, жынданған адамдай айғайлап.) Қызайлар, қайдасыңдар! Әне, атаулыттар келе жатыр. Ханға бармашы, барма деймін ханға. Көр, көр, тірідей көр. Дінхұла, дінхұла! (Балзия екі қолын көтере айғайлап құлайды.)
Е с е т. Е-е, әр жерде, түрлі өліммен өліп, шашылып қалған қайран қазағым! А т ы м т а й . Шашылмай-төгілмей елде, өз мекенінде өткен сен ғана екенсің. Е с е т. Шашылмай-төгілмей?! Менің өлімім сендерден де жаман. А т ы м т а й . Өлімнің жақсысы мен жаманы болушы ма еді? Өз жерінде өлген ақ өлімді айтсайшы. Е с е т. Өз елінде, өзіңді өзің атып өлтірген әлім де жақсы ма? А т ы м т а й . Иә, не жетпей өзіңді өзің майып қып жүрсін? Е с е т. Өмірде мен де не қызық көрдім? Бәрі азап. Сүйгенімді ала алмадым. Жарым жасым қудалауда, жарым жасым түрмеде өтті. Қартайдым, үйсіз, ұрпақсыз қалдым. Қалған жарым жасым жоқшылықпен, тапшылықпен өтті. Бүйткен өмірі құрсын деп, соңғы сотталғанда тығып кеткен ескі бесатарымды тауып алып, өзімді-өзім аттым. Ішінде төрт оғы қалып еді, үшеуін саған текке жұмсадым. Балзияны атуым керек еді. Ол өзі де өлейін деп жатыр екен. Енді қазақ болып біржола өлейін – қазақты өлтірген күңшілдік. Менде ұрпақ жоқ, сенде неге ұрпақ болуы керек. Соңғы оғым – сенің ұрпағын Аманайдың үлесі! Тастамның ортасындағы тас ошаққа тобатайын қойып, от жағып отырған Аманайға соңғы оғын атады. Б а л з и я (жанұшырып). Атпа, атпа, кәззап, атпа! Амана-ай! (Орнынан атып тұрып Аманайға қарай еңбектей жылжиды.) Аманайым, амансың ба, оқ тиген жоқ па?!
А м а н а й ( таңырқап). Қайдағы оқ, әже? Қайдағы оқ? Б а л з и я (зорға құшақтап). Аман екенсің ғой. О, жасаған, түсім екен ғой? Тәубә, тәубә! А м а н а й . Әже, сен көп сөйледің. Әлгі, не деп едің, иә, көп сандырақтадың... Мен саған таңқурай теріп, шай қайнаттым. Қазір тобатайымнан құйып беремін. Терлеймін деп едің ғой, өзің айтқан таңқурайды көп-көп теріп әкелдім. Б а л з и я . Құлыным, жалғызым! Музыка. Он бірінші көрініс Бірінші көріністегі жағдай. Томар-Омар Қанипаны алдына алып, басынан сипап, әлдилеп, алдап-сулап отыр. Т о м а р - О м а р . Қанипашым, айналайын, сен кішкене тынышталшы, сосын... Қ а н и п а. Сосын Сәукелеге барамыз ба? Т о м а р - О м а р . Барамыз, барамыз. Қ а н и п а. Алақай, Сәукелеге барамыз, меруерт тағамыз. Т о м а р - О м а р . Бар, үйге бар, далада жүрген есекті қайыр, сосын барамыз. Қ а н и п а (атып тұрып). Кеттім, жеттім. Сәукеле, Сәукеле, Әңгек, Әңгек... Қанипа кетеді. Т о м а р - О м а р. Сәукеле деген сөзді естісе-ақ, Қанипаның ескі жарасы қозғалып, ауырып қалады. Ә л и м а. Ата, Омар ата, жаңа не дедіңіз, айтыңызшы, Қанипа апам кетті ғой, енді айтыңызшы. Аманайлар
Сәукелеге кетті дедіңіз бе? Оны қайдан білдіңіз? Сәукеледен неге өте алмайды, одан өтсе қайда барады? Т о м а р - О м а р . Сен онда, әуелі тыңдап ал, айтайын. Содан соң, саған айтар тілегім бар, соны орындасаң айтайын. Орындаймысың? Ә л и м а. Айтыңызшы, тек айтыңызшы, сосын не айтса ң ыз да орындаймын. Сіздің маған жаман тілек тілемейтініңіз ді білем ғой. Т о м а р - О м а р . Ендеше тыңда... Бұл бір айтылмай ұмыт болған сыр еді. Қанипаға содан ауру жабысқалы оны жасырушы едік. Ә л и м а. Айтыңызшы, айтыңызшы. Т о м а р - О м а р . Баяғы, ел басына зауал түскен ашар шылық жылы жасырып қалған малмен әлгі Балзия бас тап қашқан жолы көресінің көкесін осы Сәукеледен өткенде көрдік. Ол жерде ең қалың мұзарт бар. Мұзарттың үсті тілім-тілім, үңірейген-үңірейген атаңа нәлет әңгектер – түпсіз терең мұз жарықтары. Сол кез – тау бетінен Сайхұн желінің бет қаратпай, борандатып соғып тұрған кезі. Нағыз сойқан жел. Иттіркесе көшкен ел: бала-шаға, қатын-қалаш, улап-шулап кісінеген жылқылар, маңыраған қой, бақырған түйелер... Сол күнгі ең бақытсыз, ең, сормандай адам Қанипа екеуміз екенбіз. Мен Қанипаға, Қанипа маған сеніп жүріп әке-шешеміздің қолындағы тұңғышымыз да соңғы қуанышымыз да Меруерт атты бес жасар қызымыздан айырылыппыз. Кейін ел болып іздедік. Біртәулік өткенде зорға таптық. Таптық деймін-ау, әлдебір терең қуыстан қылғына жылаған, қарлыққан әлсіз даусымен көмек сұраған Меруертімнің жалынышты үні. Мұны естіген Қанипада ес қалмады. Әр әңгекті тінтіп, арқан байлап түсіп, ақыры
төртінші әңгекке тереңдей түскенде қызымның даусы дәл іргемнен естілді... Не керек, сол жолы өзім де терең әңгекте қыстырылып, ақыры тарта-тарта бір арқан үзіліп, сол әңгекте кептеліп екі күн жаттым. Меруертімді құтқара алмадым. Өзімді жігіттер мұзға бауырлай қатқан балықтай сүйрелеп зорға шығарып алды. Ақыры, мен жұлыннан тиген суықтың зардабынан белден, екі аяқтан айырылдым да бұрынғы жай Омар емес, Томар-Омар атандым. Сормандай Қанипа бір жылдай шырт ұйқыда жатып: «Сәукеле, Сәукеле», «әңгек, әңгек», «Әне Меруерт жылап жатыр», – деп төсектен тұра ұмтылып, тысқа тауға жүгіретін болды. Шошымалы аурудың арты кірелі-шығалы есі бар шалыққа айналды. Сәукелені естісе-ақ ауруы ұстайды. Бірақ Сәукеле қайда, Меруерті кім – бәрін ұмытқан, тек жадында жатталған қисынсыз сөздерді мағынасыз қайталай береді... Сөйтіп, алғашқы және соңғы көрген қызығымыз Меруертіміз сол арада – терең әңгекте мұзға оранып мәңгі қалған... Ә л и м а (ауыр күрсініп). Ақ әжемнің Аманайды неге алып кеткенін енді түсіндім. Менің күйеуге тием дегенімді кешпеген екен. Т о м а р-О м а р. Түсінем, қызым, түсінем. Ә л и м а. Қалайша енді Аманайдан айырылып, жат жұртқа кетем... Т о м а р - О м а р . Қарағым Әлима, бұдан қалсаң өмір бақи жесір боп, жалғыз қалдым дей бер. Үрім-бұтағы құрып бара жатқан мына қарғыс атқан алақандай ауылда, енді саған көңіл қосып, үй болатын еркек кіндіктің жоқ екенін өзің білесің. Көр жыла, жер жыла, енді саған Заманай да, Аманай да жоқ. Ендеше, мына жігіттің етегінен ұста да, басың жас, бала-шаға сүйіп, үрім-бұтақ жайып, толықсып
отырмайсың ба?! Әйел заты – ана болуға, ұрпақ жаюға жаралған! Жалғыз шыбықты ат қып мініп алған Қанипа біресе күліп, біресе жылап «шапқылап» келеді. Қа н и п а. Әне Сәукеле, міне Сәукеле... Әңгек-ай әңгек... Меруертімді қайтып берші, Берші деймін Меруертімді, Өзім тағайын, өзім бағайын. Құлап қалды ғой, жылап қалды ғой Берші деймін Меруертімді Өзім тағайын, өзім бағайын. Әй, Сәукеле, Сәукеле, Сенің қалтаңда Меруертім жатыр, Қайтып берші, Берші деймін Меруертімді. Қайғылы музыка. Он екінші көрініс Қылкөпір. Балзия мен Аманай жар жағалап келіп, демалып отыр. Б а л з и я . Ой, аллай, бәрі баяғы қалпы. Тек елу-алпыс жылдан бері ешкім өтпеген-ау, жалғызаяқ жолды шөп басып кетіпті. Жолға түсе бергендегі жаға тасқа жазылған сөздер де сол қалпы. Аздап қана бояуы өше бастаған: «Төуекел түбі – жел қайық, Мінерсің де өтерсің, Қайғының түбі – тұңғиық, Түсерсің де кетерсің.» А м а н а й . Әже, әже, ана қара, ана қара. Б а л з и я. О не?
А м а н а й . Ана шың басындағы арқарды көрдің бе, арқарды? Б а л з и я . Ә-ә, ол маңында жусаған қозыларын қорғаушы қарауылшы арқар ғой. А м а н а й . Шіркін-ай, ана арқарды бір бүркіт аспаннан зуылдап келіп құлатса, оның еті, әже, неше күнге жетер еді? Б а л з и я . Оның... оның еті ме? Бір үйлі жанға, жо-оқ, отыз-қырық адамға жетеді. А м а н а й. Не деген көп ет! Мен жалғыз өзім бір санын жеп қояр едім. Б а л з и я . Оны тобатайға салып қалай пісіресің? Айтқандай, тобатайың да Тастамда қалып қойды. А м а н а й . Етті шикілей жейтіндер де бар екен. Б а л з и я . Оны саған кім айтты? А м а н а й . Томар-Омар атам айтты. Мен қазір шикідей де жер едім. Б а л з и я . Қой, қайдағыны айтпай. Амандық болса, мына қылкөпірден жарықта өтіп алсақ, түнделетіп те елге жетеміз. А м а н а й. Ауылға барған соң, шіркін-ай, тамаққа тойып алып, үш күн, үш түн, жоқ, он күн ұйықтар едім. Б а л з и я . Иә, Аманай, кеш боп кетгі. Қылкөпірден өту қиын. Жүрейік. Орындарынан тұрып сәл жүре бастаған Балзия кемпір ішін тартып сылқ түсіп отыра кетеді. А м а н а й. О не, әже, о не? Не көрдің? Саған не болды? Тұрсаңшы, өзің айттың ғой ел жақын деп. Б а л з и я . Жол осымен бітті. Үзілді... Бәрі де бітті. А м а н а й . Үзілді? Не бітті? Не болды, әже?
Б а л з и я . Әне, қарамай-ақ қой, басың айналады. Қыл көпір үзіліпті. Жар құлапты. Жалғызаяқ жол жоқ, бітті. Менің де бар жеткен жерім осы. Енді қайта шегініп жүрер хал жоқ. Жол үзілді... А м а н а й. Әже, әже, енді не істедік? Басқа жол жоқ па? Б а л з и я (сөзін зорға құрап). Басқа жол?.. Бар – екі жол бар, бірі бағанағы жолмен кері қайтып... Жылысайға түсу. Ирелендеген сай ішімен тың адам үш-төрт күнде жетер еді. Ал біз... Менің саған енді масылдықтан басқа пайдам жоқ. Мені тастап, әлгі жолмен қайта орал, ол – екінші жол. Шыңды бетке алып, күнбатысқа қарай тау өрлеп жүре берсең, елді табасың. Енді кет бұл арадан, әйтпесе екеуміз де осы жол айырығында қаламыз. Сен тірі жет. Бар, бар, құлыным. Аман бол!.. А м а н а й . Мен сені тастап ешқайда кетпеймін!.. Музыка... Сәл қараңғыланған сахна қайта жарықтанғамда, Аманай ұйықтап жатыр. Балзия жар қабағында... Б а л з и я . Қайтейін... Кешір, кешіре гөр. Соңғы жолға Аманайымды жеткізе алмадым. Менің қылкөпірім де, соңғы сызығым да осы шығар. Мені осалдық жасады деме... Бүйтпесем болмайды: маған қарайлап Аманайымның кетер түрі жоқ. Аш бала енді бір күн аялдаса, шыдай алмайды. Аштықтан бұрлығып өледі. Бұдан әрі менің қарға адым сүйретілер мұршам жоқ. Менің көзім жоғалса, күдер үзіп, Аманайым да бұл арадан тезірек кетер. Елді табар. О, жалған. Кешір, кешіре гөр. Қастың суы, қанды су мені құшағыңа ала гөр! Сүйегімді ит-құсқа жем қылмай атамекеніме жеткізе гөр! Барым осы, кешір! Құздан құлайды. Музыка.
Он үшінші көрініс Сыртта гүрілдеп келіп тоқтаған машина моторының үні. Ай жарық. Бақты көрпеше ұстай шығады да, жерге жаяды. Соңында Әлима. Сәукеле тауы төніп тұр. Б а қ т ы. Кел, отыр, демалып алайық. Машина моторы қызып кетті, ол да демалсын. Әлима құлықсыз отырар-отырмастан Бақты оны бас салып, жығып, сүйіп, етегіне қол жүгіртеді. Әлима қарсылық білдіреді. Ә л и м а. Қойшы, Бақты, асықпашы. Б а қ т ы. Қашанғы асықпайын. Шыдамның да тау сылатын кезі болған шығар... Ә л и м а. Ана қарашы. Бақты, байқайсың ба, ана Сәукеленің дәл ортасында бақырайып тәтәй қарап отырған сияқты. Менің Аманайымды алып қалған жоқ па екен, сұрайықшы. Б а қ т ы. Қайдағы тәтәй? Ә л и м а. Мен анада бір айтып едім ғой. Б а қ т ы. Есімде жоқ. Ә л и м а. Ендеше есіне салайын. Б а қ т ы. Сосын бола ма? Ә л и м а. Жарайды, көрерміз. Әуелі тыңдашы тәтәйдің кім екенін. Б а қ т ы. Ал тыңдадық. Ә л и м а. Ертеде, осы өлкеде Ми деген қатыгез, жауыз хан болыпты. Ол мынадай қатал заң шығарыпты: «Адам көбейіп барады жер бетінде, енді елу жыл уақыт перзент көтеру тоқталсын. Ол үшін екі-үш жасқа келген сәби
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру