TELEGEI

Home

Қашықтасың, туған жер

Әбунасыр әл-Фараби

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қашықтасың, туған жер

Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Қашықтасың, туған жер» өлеңінде ақынның туған жерге деген сағынышы мен махаббаты жазылған. Шығармада ақын тіршілік иесі атанған адамдардың іс-әрекетіне қанағаттанбай, олар құм секілді тез ысып, тез суыйды деген ой түйеді. Ғалымды қоғамның іс-әрекеті қатты толғандырады. Өтк...

Қашықтасың, туған жер
Қашықтасың туған жер – қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен.

Қанатым талды менің,
Шаңқыт жолға сарылып қарауменен.
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.

О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке күллісі жүгіреді.

Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түнереді.
Қайтейін мен көкжиек кеңдігімді.
Келер күнге үмітпен жол ашамын.

Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,
Соны медет етеді болашағым.
Бір шөлмекте көк сия толып тұрса,
Екіншіде – шарап бар жайы мәлім.

Даналықты сиямен толықтырсам,
Шарабымен шерімнен айығамын.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙