TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 27 том

Серікбай Қосан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 27 том

Бабалар сөзі 27 том

Астана
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша шығарылды

Тасмағамбетов И.Н., бас редактор
Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары
Тәуекел С.Т., жауапты хатшы
Әбділдин Ж.М.

Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Зиманов С.З.
Кәлетаев Д.А.

Кекілбаев Ә.
Кенжеғозин М.Б.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.

Қосыбаев Е.М.
Құл-Мұхаммед М.А.
Мағауин М.М.
Мәмбеев С.А.

Нұрпейісов Ә.К.
Нысанбаев Ә.Н.
Рахмадиев Е.Р.
Сұлтанов Қ.С.

Сүлейменов О.О.
Хұсайынов К.Ш.
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының

кітап сериялары
Бас редакциясының алқасы

27 том

БАБАЛАР

СӨЗІ

жүз томдық
Қытайдағы қазақ
фольклоры
Тарихи жырлар

ББК 82.3 (5 Каз) Б12 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Егеубаев А., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Қасқабасов С., Қорабай С., Қосан С. (жауапты редактор), Елеукенов Ш. Қытайдағы қазақ фольклорын жинастырған: Егеубаев О. Томды жүйелеп, ғылыми қосымшаларын дайындаған: Қосан С., филология ғылымдарының кандидаты, Салтақова Ж. (жауапты шығарушы).

Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2006. Т. 27: Тарихи жырлар.—2006.—352 бет.

ІSBN 9965-35-104-Х «Бабалар сөзі» сериясының 27-томына «Арқалық батыр», «Ер Жәнібек», «Тәутік батыр», «Жақыпберді батыр», «Боқы батыр», «Бөке батыр», «Жантөкеш» т.б. тарихи жырлар енді. Б 00(05)—06

ББК 82.3 (5 Қаз)
ІSBN 9965-35-104-Х (т. 27)
© Әдебиет және өнер институты, 2006

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2006

Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­
кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын
«Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жария­

лау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген жиырма алты томы ұлттық
фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып са­
налатын дастан жанрына арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге

дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың
жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы әзірленіп, ба­
спа бетін көрді. Қазақ халқының рухани қымбат қазынасы—
фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа

басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды.
Әрине, қазақ дастандарының көркем үлгілерін жариялау әлі де
жалғаса бермек.
ҚР БҒМ ОҒК және ӘӨИ Қолжазба қорларында сақталған

халық мұрасының көптеген үлгілері ғылыми тұрғыдан сарала­
нып, баспаға әзірлену үстінде.
Көпшілік назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның
27-томы Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті жинағы—

тарихи жырларға арналып отыр. Бұл томға «Арқалық», «Ер
Жәнібек», «Тәутік батыр», «Жақыпберді батыр», «Боқы ба­
тыр», «Бөке батыр», «Жантөкеш», «Рамазанның қиссасы»,
«Сарыаяқ», «Есімқан, Ырысқан» атты тарихи жырлар еніп

отыр.
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындаған—Қытай мемле­
кетінің мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, жазушы,
ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі, профессор

Оразанбай Егеубаев.

 тарихи  жырлар Бір айта кетерлігі, Қытай қазақтарының жырлауында ел арасына кең тараған тарихи жырлардың көпшілігі жаз­ баша түрде туғаны аңғарылады. Әрине, алғашында жеке өнерпаздың, яки ақын-жыраудың шабытынан туатын көлемді эпикалық жырлардың кейін орындаушы-жыршылардың бір­ неше ұрпағы ауысқан соң бастапқы авторы ұмытылып, жал­ пы халықтық жәдігерге айналатыны фольклорда қалыпты құбылыс саналады. Сонымен қатар аталған тарихи жырдастандардың сюжеттік төркіні—жергілікті халық арасында ертеден айтылып жүрген ауызекі аңыз, әңгімелер екендігі еске­ рілді. Бұл айтылған себептер оларды тегі жағынан фолькорлық шығармалармен барынша жақындастыра түседі. Бұған қоса, дастан мәтіндерінің өзгермелілігі, ішкі вариациялық тербелі­ сі мен бірнеше көшірме нұсқаларының болуы да томға енгізі­ ліп отырған шығармалардың халықтық белгілерін айшықтай түсері анық. «Бабалар сөзі» сериясының ұстанымдарына сай ұсынылып отырған том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушыла­ ры мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді. Томның көлемі—22 б.т.

М Ә Т І Н Д Е Р

Арқалық батыр
Халқым, өрендерім, құлағың сал,
Сөйледім өмірімді—керегіңді ал.
Уақиға көзбен көріп, қолмен ұстап,

Жыр жаздым шын өмірден алсын деп нәр.
Әжіге жетектеген нар болдым ғой,
Алтайға орай жауған қар болдым ғой.
Қарағым, ашық-жарқын құрбыларым,

Жүруге ойнап-күліп зар болдым ғой.
«Ел жаңа елу жылда, жүз жыл—қазан»,
Алған жарың жаман болса кетер мазаң.
Жамағат, құлақ салып сөз тыңдасаң,

Өтіпті Арқалықтан мына заман.
Қыстағы Әжі төре Мұқыртайға,
Сортаң жер ашылауыт жайлы малға.
Батырдың бас тілегі болған жылы,

Қаржаудан алпыс жылқы алған сонда.
Жатыр ем, ит үргізіп біреу келді,
Жүрегім аттай тулап түрегелді.
Атының дем алысы ақырзаман,

—Арқалық, үйдемісің шықшы,—деді.

Жамылып құба шекпен шыға келдім,
Шықтым да сол бір жанға сәлем бердім.
Бәймеке Ботақара туған ағам,
Анығын бұл адамның байқап көрдім.

тарихи  жырлар

—Арқалық, атың шыққан сен бір ер ең,

Жақсының ақылы артық, ойы—терең.
Қаржаудан алпыс жылқы дөрбіт алды,
Жіберді шақыруға Әжі төрең.
Төре отыр ордасында қайғыланып,

Елбасы, би мен бегін жиып алып.
«Қайтарып әкеп берсін жаудан кекті,
Дөрбіттен жылқы қуып ер Арқалық».
Үйіме қожыраңдап қайта келдім,

Боларын бір сұмдықтың сонда білдім.
Бар еді шөпте тұрған бір байталым,
Байталды жауыр шолақ ерттеп міндім.
Бармайтын шақырған соң шарам бар ма,

Ілесіп Бәймекемен бірге жүрдім.
Бойынан Ылыстының түнделетіп,
Төренің ауылына түсте келдім.

—Тақсыр-ау, шақырған соң келдім шауып,

Көңіліме еш нәрсені етпей қауіп.
Кегіңді не қылсам да қайырармын,
Астыма бір жүйрік ат берсең тауып.
Әжінің жақсы көзі күлімдеген,

Жүйріктің төрт аяғы ілінбеген.

—Бар менде үш мың жылқы, ер Арқалық,

Ішінде ат бар ма еді сен білмеген.

—Шірімес хан өлсе де алтын тағы,

Қолдай көр, Жәнібектің әруағы.
Үш жүз атқа жеткізбей бұрын келген,
Мінейін Сейілқан көк Қаржаудағы.

—Күз жетсе көзді тартып гүл тұрмайды,

Сазды жер қатты басса, былқылдайды.
Көкжалды Қаржаудағы алып кел,— деп,
Жұмсады Әжі төре Кеңкетайды.

арқалық  батыр
Жылқыға Қаржаудағы Кекең кетті,
Мініп ап бір жақсы атты секеңдетті.
Ертеңгі күн дәл сәске болған кезде,

Көкжалды Арқалыққа алып жетті.
Көкжалды таң асырып байлап тастап,
Алаңдап сол түн батыр ұйықтамайды.
Жастық шақ алды-артыңа не қарасын,

Төрт батыр Әжі ұйғырға бір барасың.
Ақсарбас дөнен қойды айтып сойып,
Бес батыр осы жауға тең боларсың.
Жұбай мен Тұяқ, Қияқ, Сейтен келді,

Қол жайып ақсақалдар бата берді.
Төлеңгітте ер атанған бес баланы,
Дәл түсте аттандырып қоя берді.
Батырлар «Қолда, Алла!» деп жөнелді,

Күйген қора бойына құлдап келді.
Сусынға малта шайып ішкен кезде,
Шешіліп Жұбай бала сөйлеген-ді.

—Барамыз жау қарасын көргендей боп,

Әжі төре алтын тағын бергендей боп.
Құдайдан тілек тілеп мен жылаймын,
Оққа ұшып әкем бүгін өлгендей боп.
Арқалық, біз барамыз Қызылқұмға,

Сөз қалды айтылмаған енді мұнда.
Кісі өліп, артымыздан қуғын болса,
Ақыры не болады біздің сорға?
Төлеңгіт, төре, қара отыр қостап,

Бармайық дөрбітке біз қадам тастап.
Кісі өліп артымыздан қуғын болса,
Береді ертеңгі күн бізді ұстап.
Арқалық аттың басын алды бұрып,

Таң қалып осы сөзге қалды тұрып.

тарихи  жырлар
Күйгенқора бойынан тізгін тартып,
Артынан көк атпенен кетті жүріп.
Жіберді көкжал атқа қамшы басып,

Жұбайдың айтқан сөзі қатты батып.
Көкжал ат жер қабады ала қашып,
Аузынан келе жатыр көбік шашып.
Арқалық қайта айналып елге келді,

Келгенін Арқалықтың ел де көрді.
Көкжалды кермесіне байлай салып,
Әжіге сәлем беріп кіріп келді.

—Тақсыр-ау, біз барамыз Қызылқұмға,

Сөз қалды айтылмаған енді мұнда.
Кісі өліп артымыздан қуғын болса,
Ақыры не болады біздің сорға?
Төлеңгіт, төре, қара тұрсың қостап,

Бармаймыз Қызылқұмға қадам тастап.
Кісі өліп, артымыздан қуғын болса,
Берерсіз ертеңгі күн бізді ұстап.

—Келіпсің қайта айналып талай жерден,

Бақытты кім алады Тәңір берген?
Егерде басыңа шын қауіп төнсе,
Берсем де Сейілқанды, сені бермен.

—Жолыңа құрбан болсын шыбын жаным,

Төре үшін төгілсе де менің қаным.
Кегіңді қайтарамын қалмақтардан,
Бұл сөзге куә болсын ана ханым.

—Арқалық, мекен жерің − Қарасауыр,

Бұл өмір бір күн жеңіл, бір күн ауыр
Түбінде сеніп кетпе ақсүйекке,
Болады төре деген «қара бауыр».

арқалық  батыр
Жатқан хан түрегелді ашуланып,
Ханымның бұл сөзіне күйіп-жанып.

—Дұспандықпен ақыл айтып отырсың,—деп,

Ханымға ұмтылады семсер алып.

—Тақсыр-ау, қалжың нәрсе айтқан сөзім,

Бір батыр пида қылған саған өзін.
Қайтпастан уағдаңды мықты ұста,
Өтірік боп жүрмесін айтқан сөзің.
Ұранқай ол да жалпақ ел емес пе,

Сұрауы Арқалықтың жөн емес пе?!
Қалжыңға сеніп, тақсыр, ашуландың,
Екеуміз не көрсек те тең емес пе?!
Арқалық үйден сонда шығып кетті,

«Қолдай көр, ер Жәнібек, мені» депті.
Сырттағы көк шеке атқа мініп алып,
Баяғы жолдастарға келіп жетті.
Төренің айтқанының бәрін айтты,

—Хан төре өз аузымен уағда етті.

«Сендер үшін жалғыз ұлды беремін» деп,
Шын жүрек, ақ пейілмен берді сертті.
Төренің айтқан сөзі ішті ерітті,
Қайтпаймын ұранқайдан алмай кекті.

Тәуекел, ат басын тарт ұранқайға,
Жолдастар, тоқтатпайық алған бетті.

—Арқалық, аңғалсың ғой аңғалданған,

Ақ көңіл, ардақты адам жарқылдаған.
«Сендер үшін жалғызымды беремін» деп,
Қай сырмен уағда берді төре саған.
Төре үшін өлсең егер арманың көп,

Қағаз неге алмадың тілхатың деп.
Емес пе қарабауыр, қатыгез ол,
Кеудесін ұра алмайды ол да тіреп.

тарихи  жырлар
«Басымды пәй тіктім де» төре үшін,
Артыңда туысың жоқ, ей, білгішім.
Болады әлдеқандай біздің заман,

Қиын ед аттанарда көрген түсім.
Арқалық, жан ашитын адам бар ма,
Күн туса сүйенетін панаң бар ма?
Мысалы, мен де жалғыз, сен де жалғыз,

Артыңда жоқтайтұғын ағаң бар ма?
Қара ниет хан төреге қалай сендің,
Амал не, хан сөзіне әбден көндің.
Адамды құл орнына жұмсайтұғын

Қарабауыр хан-төрені дос деп білдің.
Жасым бар он сегізге биыл жеткен,
Басыңнан талай дәурен келіп өткен.
Айтайын інілікпен, ағатайым,

Сөзім бұл достықпенен елестеткен.

—Жұбайым, құлақты сал бұл кеңеске,

Ойыңды бөле берме әрбір іске.
Түс көрдім деп жүрерде қорықпа, бала,
Шырағым, «түс −түлкінің боғы» емес пе?!
Ермісің ел намысын жоқтамасаң,

Барамын ұранқайға тоқтамастан.
Батыр боп неменесін аттанамын,
Кек алып ұранқайды таптамасам.
Қорықпаңдар Әжі ұстап береді деп,

Арт жақтан қуғыншылар келеді деп.
Жақсы істі жамандыққа бұйырмаңдар,
Ойлайсың талай кісі өледі деп!
Айдаймын ұранқайдан барып жылқы,

Құр қайтсам өлім маған, елге күлкі.
«Ерлікті атың шықса, таныт» деген,
Жас өмір зулап өтер ол бір түлкі.

арқалық  батыр
Жөнелді ұранқайға төрт-бес бала,
Таусылмайтын күндіз-түні бұл кер дала.
Ей, Алла, өзің оңғар, бізді қолда,

Сөз қыла көрме бізді жауға таба.
Батырлар жүріп келед дамыл таппай,
Келеді Сарытоғай суын өрлей.
Күні-түні суыт жүріп бұл батырлар,

Сандалып келе жатыр ұйқы көрмей.
Бет алып биік таудың шатқалына,
Шықсам деп сары дөңнің бас шыңына.
Ел көшіп сары жұрт боп қалған екен,

Жамағат, батырлардан сөзді тыңда.
Алтайдың жайлауына жетіп келіп,
Ел көшкен қайрандады жұртын көріп.
«Қалмаққа кек алушы келед» деген

Қойды ма біреу-міреу сыбыс беріп.
Арқалық сонда айтады:—Көшкен халық
Жеткен ғой мекеніне түгел барып.
Бұл жерде бір-екі күн тынығайық,

Қайтамыз Ақкеріштен жылқыны алып.
Алтайдың әрбір түрлі асуы бар,
Кетпейді қысы-жазы басынан қар.
Көретін нелер қиын заңғар жол бар,

Қайрат қыл, батырларым, жасымаңдар!
Екі күн жатып бұлар демін алды,
Түйіп ап шүберекке шыбын жанды.
«Қолда,—деп,—ата-баба әруағы»,

Мініп ап аттарына ұран салды.

—Жұбайым, жастан ерген сырласымсың,

Бір жатып, бірге өскен мұңдасымсың.
Серт бердің бір төбеде өлейік деп,
Арнаған шын жүрегін жолдасымсың.

тарихи  жырлар
Ұранқай жері жаман құм болады,
Шоқысы заңғар биік шың болады.
Ерлік қыл ойлап көріп, Жұбай бала,

Қасірет ойлай берсең мұң болады.
Алдыңа құралыңды мықтап қолға ал,
Жау болса сайысармыз жүрген жолда.
Жөнелді атты ұрып сайды құлдап,

Ей, Алла, жолыңды бер, өзің қолда.
Асуы жалғыз аяқ жол болады,
Құлама асты шатқал құз болады.
Қайраттан осы жерде, жолдастарым,

Бекіткен жол аузына тас болады.
Талай ер ерлікпен жан қиған шығар,
Нысапын кәпірлердің тыйған шығар?!
Жанама жалғыз аяқ жол еді ғой,

Көшкенде бекітіп тас жиған шығар?
Айтқандай жиыпты тас, түсті ашып,
Жігері батырлардың кетті тасып.
Алсын деп дөрбіт мұны бізден жоқтап,

Талқандап тас қорғанды жүр құлатып.
Көкжалдың қамшы басты жамбасына,
Шықсам деп жаудан бұрын тау басына.
Сайланған қару алып өңшең батыр,

Жетіпті дәл сол күні Қызылқұмға.
Жиылған жұрт отыр дәл осында,
Сөздерін батырлардың енді тыңда.
Биіктен көз жібердім ойға төмен,

Келген соң нысаналы Қызылқұмға.
Астымда Көкжал атым керіледі,
Жұбай ер он сегізде не біледі?
Жеріне Бұғы деген көз жіберсем,

Бір қылаң ши шетінде көрінеді.

арқалық  батыр
Көкжалым құлақ салады, өзі қунақ,
Жүрегім ойлады істі аттай тулап.
Көрінген жалғыз қылаң жылқы екен,

Шұрқырап шыға келді умақ-шумақ.
Ішіне кіріп кеттім байқастамай,
Бес жүз жылқы айдадым тай тастамай.
Батырың кіріп кетті «Жәнібек!» деп,

Болады тайқы заман әлдеқандай?
Он жігіт жатыр екен тай байлаған,
Батырлар ұран салып айқайлаған.
Жетеуі сол күні елге кеткен екен,

Үш жігіт қайраты жоқ қолда тұрған.
Батырлар үш жігітті ұстап алған,
Сұрақ қып арт жағынан хабар алған.
Бұлардан хабар кетіп қалмасын деп,

Тас қылып бұл үшеуін байлап салған.
Көкжалға қамшы бастым көлбеңдетіп,
Айдадым көп жылқыны дүрілдетіп.
Барады ымырт болып, көз байланып,

Баяғы сай аузына келдім жетіп.

—Жылқыны біз айдайық енді, бала,

Тілекті бергеннен соң Хақ Тағала.
Серкештеп жылқыны қу бөліп-бөліп,
Тар жерде жол бастасын Тұяқ аға.
Шөлдедім сусын бар ма, ей, жолдастар,

Бар болса сусын ішсем шөлім қанар.
Айдаңдар жолды байқап, жолдастарым,
Көрдің бе жылқы жүрмейд тайғақ жол тар.
Бір торсық сусын келді мөлтілдеген,

Сейтен оны көтере алмай селкілдеген.
Үстінде көкжал аттың күндей күліп,
Арқалық сусын жұтты іркілдеген.

тарихи  жырлар
Бір торсық қымыз ішіп мейірі қанып,
Сөйлейді жолдастарын жиып алып.

—Болады әлдеқандай біздің заман,

Сақ бола жүргейсіңдер құрал алып!
Жолдастар, ойланыңдар таңырқамай,
Болады жол үстінде әлдеқандай?
Сайды өрлеп жылқыны айдап жөнелейік,

Шын батыр жүреді ғой қайғы ойламай.
Жылқыны айдады енді жолды абайлап,
Елеңдеп елеурейді өңшең салақ.
Жайлаудан жаңа түскен жануарлар

Жүре алмай келе жатыр семіз шайлап.
Жүре ме семіз жылқы айдағанмен,
Келер деп қуғыншы арттан ойлағанмен.
Жылқыны қиқу салып қуалайды,

Жұмыс жоқ семіз жылқы шайлағанмен.
Арқалық жылқы айдады жолды бастап,
Әжідей алдамшының сөзін қостап.
Мұнымен түспей кетпес ер қақпанға,

Мал иесі артымызда қалды шулап.
Бір жолға біз жарадық ел шапқанға,
Көз жасын төгіп қалды ел артымызда.
«Бір асқанға бір тосқан» дегендейін,

Бес жүз жылқы айдадық жол басқанда.
Алатын бұл қалмақта құның бар ма
Тұлпарың арықтаса пұл болар ма?
Айдадым жүзден таңдап ыңғай саңлақ,

Келсе де қуып қалмақ тең болар ма?
Сөйлейді Жұбай бала осы арада:

—Айдайық біз жылқыны тездеп алға.

Егерде артымыздан қуғын келсе,
Тасалап соғысатын жер жоқ мұнда.

арқалық  батыр
Жұбай-ау, сірә, болмас асығуға,
Айдағанмен жетпейді биік шыңға.
Түн қатып ертеңгі күн шалқар түсте,

Кезеңге аман-есен жетсек сонда.
Кезеңге ертең түсте бұлар жетті,
Жылқының көбі құлап сайда кетті.
Көп жылқы майдан аяқ баса алмайды,

Сандалып жүре алмай әрең жетті.
Кезеңге аман-есен шықты барып,
Қосарға бірден саңлақ таңдап алып.
Қиқулап, дүрілдетіп көп жылқыны,

Келеді жүрек тулап айғай салып.
Осылай асқақ жүрек басқара ма,
Тұрса да алдында тау жасқана ма?!
Неше түн ұйқы көрмей жүрген батыр −

Адасып бұлар кетті басқа жолға.
Адасып Қара Ертістен көктей өтті,
Шырқырап сегіз құлын суға кетті.
Түн қатып, түсі қашып батырлардың,

Жүргенін қайсы жаққа білмей кетті.
Батырды ұйқы басты, жүре алмады,
Болғанын жолдың қалай біле алмады.
Бір дұспан ұйқы болып басты сонда,

Ұйқыдан ат үстінде тұра алмады.
Алмаққа біраз мызғып ұйқы ашып,
Көкжалдан түсті батыр шылбыр басып.
«Артынан ертең түсте жетемін» деп,

Басқадан қам қылмады асып-сасып.
Көкжалмен желіп кетсе жел жетпейді,
Дүниеден армансыз боп кім өтпейді.
Тетелес бірге өскен, құрбыларым,

Далаға тастап мені ол кетпейді.

тарихи  жырлар
Қимаймын кеудемдегі аманатты,
Басыңа күн туғанда жаның тәтті.
Ер Жұбай жолдастарын шақырып ап,

—Байқадың ба,—деді,—Арқалық артта қапты?

Жолдастар қайта айналып серік тапты,
Батырың бұлар келсе ұйықтап қапты.
Тетелес бірге өскен құрбыларын
Тастамай жалғыз жолға бірге жатты.

Төсек қып ер-тоқымын бұлар салды,
Ұйықтап осы арада демін алды.
Түс көрді ұйықтап жатып ер Арқалық,
Түсінен шошып батыр оянады.

Батырың басын жұлып жерден алды,
Маңайға өзін барлап көзін салды.
Қараса жолдастары келіп жатқан,
Жұбайды бері кел деп шақырады.

—Жұбайым, ұйықтап жатып бір түс көрдім,

Бұл сапар оң болмасын енді білдім.
Белімнен төмен қарай күйген екем,
Қан екен шынтағымнан екі қолым.
Бұл дүние талайларды зар еңіретті,

Құдай-ау, болмас іске көзім жетті.
Алланың оңдамасын біліп едім,
Шырқырап сегіз құлын суға кетті.
Жұбайым, айтып едің аңғалсың деп,

Әр істі өзің ойлап барларсың көп.
Аттанған сәтсіз күні жаман деуші ед,
Алдымда айтқан сөзің келді елестеп.
Жұбайдың ойы терең жас болса да,

Арқалық теңемейді басқасына.
Қасына жетіп келген Жұбай бала,
Жорыды көрген түсін жақсылыққа.

арқалық  батыр

—Арқалық, бір жақсылық жеткен шығар,

Өртеніп пәле-жала кеткен шығар.
«Түсте өртенген бақ болады» деп естуші ем,
Бар жалын, бақыт-байлық өрттен шығар.
Көкжалға таң атқан соң ерін салған,

Қасына Жұбай серік ертіп алған.
Ат-айғыр, жүз жылқыны таңдап алып,
Қалғанын Бурылтоғайға айдап салған.

—Жылқыны тез айдаңдар дүрілдетіп,

Қуғыншы артымыздан келсе жетіп.
Білмесек қарауылдап ол да болмас,
Сақтансақ Алла берер бізге медет.
Амалды көптеп ойлау неге керек,

Құдайдың салғанына көну керек.
Артынан қуғыншылар келе ме деп,
Арқалық қарауылда жүріп келед.
Әр істі сонда батыр ойына алды,

Көкжалға астындағы көзін салды.

—Жануар, сен келесің тыным таппай,

Жау келсе хал-жайымыз не болады?
Қарауыл қараймын деп артта қалдым,
Шықтым да биік құмға қарай қалдым.
Байқастап жан-жағымды көзбен шолып,

Өрлете Қара Ертіске көзім салдым.
Бозбала жылқы қуған еліреді,
Көңілім әр нәрсеге бөлінеді.
Өрлете Қара Ертіске қарап тұрсам,

Бір тозаң үш будақ боп көрінеді.
Бойында Қара Ертістің түсті салмақ,
Үлкенді кіші көріп тәлім алмақ.
Қарасам көз жіберіп қалың шаңға,

Келеді отыз атпен он бес қалмақ.

тарихи  жырлар
Аяғы Қара Ертістің мидай тақыр,
Басыма түсіп кетті заманақыр.
Жолдасқа айтайын деп көңіліме алдым,

Қашқанмен қояр емес қуғыншы ақыр.
Айтпасам жолдастарға:—Қашпа, жау!—деп,
Жылқыны тастай сала қашады-ау деп.
Егерде қашып кетсе жаудан қорқып,

Қалмақтар қалың малды басады-ау деп.
Жолдасқа айтайын деп көңіліме алдым,
Көкжалды жамбасына қағып қалдым.
Қас қағып, айтып ауыз жиғанымша,

Қасына жолдастардың жетіп бардым.

—Арқалық, заманыңа сен бір ерме,

Ертістен өрлей соғар дауыл жел ме.
Қалып ең қарауылда, ағатай-ау,
Қуғыншы арт жағыңда көріне ме?

—Жүре бер жылқыны айдап, сайды құлдап,

Қуғыншы келіп қалды умақ-шумақ.
Мен енді теріс шауып адастырам,
Сонан соң қызық айқас, шайқас болмақ.
Алдына шаптым қиғаш «жекпе-жек» деп,

Шаң басып кетті өзенді будақ-будақ.
«Жалғызды жеке шапқан аламыз» деп,
Жабылды олар маған бәрі шулап.
Дүние-ай, бір күніңнен бір күнің тар,

Жол тосқан жолаушының бәрі де зар.
Орады көк ала атты алды-артымды,
Қолында қарақшының садағы бар.
Қалың жыңғыл, сексеуілді араладым,

Керіш пен жар көрінсе жағаладым.
Келсе деп ыңғайыма қару жинап,
Қолыма қара тамақ найзамды алдым.

арқалық  батыр
Қолыма найзамды алып даярланып,
Қарадым арт жағыма көзім салып.
«Жаңа қашқан жалғыз қайда екен» деп,

Келеді умақ-шумақ айғай салып.
Зулатып көк ала атты ағып өтті,
Бейне бір атқан оқтай болып кетті.
Садағын бір қолына кезей ұстап,

Қара атты, ақ шыт тартқан бұ да жетті.
Жөнелдім Көкжал атқа қамшы басып,
Көрген соң қара аттыны кейін қашып.

—Қашқанмен құтылмайсың,—деп айғай сап,

Кезей толғап садағын қалды тартып.
Зулатып садақ оғы келіп жетті,
Ерімнің қасын дал ғып бөліп кетті.
Паналап қалың жыңғыл, сексеуілге,

Ішіне мен де жеттім, ол да жетті.
Қолыма найзамды алып ыңғайланып,
Барады күн де батып түнге айналып.
Ыңғайын тосып тұрып қапелімде,

Сыртынан ұранқайға қалдым салып.
Өкіріп құлады ол аттан ұшып,
Садағын жұлып алдым аттан түсіп.
Қара атты еріменен қосарға алдым,

Барады алып-ұшып перім қысып.
«Жәнібек! Жәнібек!» деп ұран салып,
Айналып, бір төбешік құмға барып.
Қарадым жау жағдайын баспа қылып,

Желпінтіп Көкжал аттың ерін алып.
Өлгенін қара аттының олар көрді,
Жиналып алды-арты түгел келді.
«Ойпыр-ай, қызыл тасты зәңгіміз,—деп,

Қапыда өлдің-ау» деп зар еңіреді.

тарихи  жырлар
Ұйлығып қалды бұлар сонда тоқтап,
Ойбайлап бәрі жылап, жатыр жоқтап.
«Еңіреген ел басшы зәңгіміз» деп,

Жәбірлеп мені бәрі жатыр боқтап.
Осыны ойлап көрсем керемет іс,
Батырға ұрыс деген қалай жұмыс?!
Иесі қара аттының аяулы екен,

Сап-сары ер-тоқымы алтын-күміс.
Қан толды екі көзім мұнарланып,
Найзамды қаһарланып қолыма алып.
Бұларды тіл жібермей қырайын деп,

Көкжалды жайлап ерттеп мініп алып.
Тоқтатпай бара жатыр көзім тұнып,
Жібермей бірін тірі қырмақ болып.
Сыйынып Жәнібектің әруағына,

Қатулы тұрған топқа кеттім кіріп.
Жиылып тұрған топқа қарсы шауып,
Көңіліме ешнәрсені алмай қауіп.
Қолыма қара тамақ найзамды алып,

Бұл жауды қырайын деп ебін тауып.
«Жәнібек! Жәнібек!» деп араласып,
Біреуді біреу білмей тозаң басып.
Найзамен кез-келгенін ұрғанымда,

Жығылып аттан жатыр омақасып.
Талайлар жығылды аттың жалын құшып,
Кейбірі үріккен қойдай кейін қашып.
Қырандай түлкі көрген көктен самғап,

Өкшелеп Көкжал атпен келем басып.
Астымда жануарым тісін басып,
Бой бермей ауыздықпен жағаласып.
Тер басып өне бойын жануардың,

Кетіпті ауызынан көбік шашып.

арқалық  батыр
Жеткенге найза салдым оңды-солды,
Сол маңай ойран-топыр майдан болды.
Қарасам қайырылып бір уақытта,

Өлгені қуғыншының он төрт болды.
Қалмады тағы бірден көзім тұнып,
Он төртін өлтіріппін бір жерге үйіп.
Жеткізбей көк ала аты келе жатыр,

Қояндай алды аласа, арты биік.
Еңістен Көкжал атым жақындайды,
Өр болса көк ала аты алыстайды.
Су ішпей жануардың демі құрып,

Адымы көкжал аттың ашылмайды.
Келеді бірде жетіп, бірде қалып,
Жануар су ішпеген шөлден талып.
Артымнан Жұбай дағы келген екен,

«Арқалық! Арқалық!» деп айғай салып.
Жұбай ер бас киімін қолына алып,
«Арқалық! Арқалық!» деп айғай салып.

—«Қашқан жауға қатын би» деген қайда,

Тоқтаңыз, аға!—дейді атой салып.
Дауысы Жұбай ердің жерді жарды,
Атымды балалықпен атап қалды.
«Адам қырған Арқалық» деп қашқан қалмақ,

Ерінің қасын ойып жазып алды.
Қайғыға осы арада жаман баттым,
Аталып қалғанына қайран атым.
Еңістеу жерге таман келген кезде,

Арқанға найза байлап әлгіге аттым.
Атының барып тиді сауырына,
Қалмақтың жетпей қалды жауырына.
Сілесі Көкжалымның әбден құрып,

Жығылды омақасып бір жыраға.

тарихи  жырлар
Құтылып көк ала атты кетті қалмақ,
Мына іс Арқалыққа үлкен салмақ.
Қалғандай есім шығып дел-сал болдым,

Ақыры мына істің қайда бармақ?
Елімді жылдам енді табармын деп,
Бір сойқан саған да мен салармын деп.
Сөйледі анадайдан көк ала атты:

− Қанға қан мен де сенен алармын! − деп.
Екенсің бейнең біткен арыстандай,
Не деймін бұл жерде сөз жарысқандай.
«Асқанға—тосқан» деген тәмсіл сөз бар,

Болармыз ұзамай-ақ табысқандай.
Қырылды бар адамдар әне сенен,
Өшіңді ал, егер жетсең тағы менен.
Өлтірдің қызыл тасты зәңгімізді,

Елімнің басшысы еді асқан ерен.
Мұны айтып көк ала атты жүріп кетті,
Арқалық жете алмасқа көзің жетті.
Неше күн ері алынбаған жануардың,

Көкжалдың дымы әбден тынып кетті.
Қаларсың енді, өмірім, қандай күйге
Басты ғой көңілімді қайғы мүлде.
Қасыма Жұбай келді құстай ұшып,

Ақырдым:—Аулақ кет,—деп,—бірге жүрме!

—Атымды неге атайсың, қастығың ба,

Қырылып қалған мынау тамам адам.
«Сұрауы бұраудың да болар» деген,
Болады әлдеқандай біздің заман?
Қырыпсың ерлікпенен көзің тұнып,

Ауыр ғой бәрімізге осы қылық.

—Ағатай, кешірім ет, қаһарланба,

Атыңды атамадым мен түсініп.

арқалық  батыр
Қан ойран болған екен қыран дала,
Өлікті есім шықты көре сала.
Атыңды қастықпенен атағам жоқ,

Болмасын жүрегіңде өкпе, жара.
Өлсек бір тірі болсам мен де сіздік,
Жолдас боп жасымыздан бірге жүрдік.
Жақсылық, жамандық іс болса дағы,

Күн туса екеуміз де бірге көрдік.
«Біреу—жалғыз, екі адам—егіз» дейді,
«Жақсының ақылы—дария-теңіз» дейді.
Әттең, шіркін, жалғыздық, амал қанша,

Жалғыздық кімге таяқ жегізбейді.
Өлері өліп, кетері кетті қашып,
Уайым қылма, аға, бұған жасып.
Тәуекел не болса да бір көреміз,

Сайыс қой екі бетке болған ашық.
Жылқыдан екі батыр келіп еді,
Болғанын істің жайын айтып берді.
Ақ байтал қысырақтан айтып сойып,

Тұяқ ер тілек тілеп еңіреді.

—Ақсүйек төре үшін қан болдық қой,

Сұмпайы елден шыққан жан болдық қой.
Жапырып мұнша жанды ойран қылып,
Біле алмай істің артын таң болдық қой.
Түбінде айран ішкен құтылады,

Артында қалған адам тұтылады.
Бұл іске Әжі төре қалай дейді,
Тап беріп қуғыншыны қанға бояп,
Өлтірдік жазықсыздан мұнша адамды.

Іргелі ұранқай да ел емес пе,
Басқамен терезесі тең емес пе?

тарихи  жырлар
Қуғындап құн сұраушы келіп қалса,
Қалай десе соныкі жөн емес пе?
Бір емес, екеу емес өлген кісі,

Қан ойран қыла ма екен жеңген кісі?
Бойында бүкіл құмның қирап қалды,
Жанынан түңілгендей көрген кісі.
Бұл іске қайрандады барлығы да,

Тоқтайды іс әміршінің жарлығына.
«Түс—түлкінің боғы» деп жүріп едік,
Қолма-қол келді, міне, алдымызға.
Етті жеп, атқа мінді өңшең батыр,

Сандалып қуғын көрген жылқы жатыр.
− Болары болды істің, Тәңірі оңғарсын,
Мінемін таңдап бір ат, − деді батыр.
Қолына он бес құлаш арқан алып,

Жанына Жұбай, Сейтен ертті Арқалық.
Таңдады жылқы ішінен бір саңлақты,
Көрді де көзі тұнды бара салып.
Көреді көк шекені, қамыс құлақ,

Бір түрлі тұрқы оның шеке қарап.
Керілген кермаралдай бұл жануар,
Әтейлеп құйрық жалын тұрған тарап.
Жұбай айтты:—Бұдан жылқы өтпейді,—деп,

Көкжал ат шалымына жетпейді деп.
Өр-еңіс бірдей шауып жүрсең дағы,
Тартқан айыл бір жерден кетпейді деп.
Сонымен көк шекеге шалма салды,

Қамалап өңшең батыр ұстап тұрып,
Шығармай тақымынан ұстап тұрып,
Ерін сап ер Арқалық мініп алды.

арқалық  батыр
Талайдың туысы екен өлген батыр,
Өлігі он төрттің құмда жатыр.
Хабарды көк ала атты жеткізгенде,

Ордаға орнап кетті заманақыр.
Хан бір пәс, бас көтерді қайғысынан,
Жинады бірін қоймай қолбасыдан.
Кеткенін кімнің қырып таныстарды,

Оқыды «Арқалық» деп ер қасынан.
Жиып ап ақылдасты санаттарын,
Сарбазын, ақылшысын, манаптарын.
«Өлтірмей Арқалықты тынбаймыз» деп,

Барлығы қойды ортаға талаптарын.
Ішінде ханыша да отыр мұның,
Күрсініп, ауырлатып қасірет-мұңын.
Жарқ етті үмітінің шамшырағы,

Атағын естігенде Арқалықтың.
Бір кезде Қоңқа батыр айтқан мұны,

—Табамын Арқалықтай батыр ұлды.

Алтайдың күн бетінен орын тепсем,
Жетсем деп айтылған-ды сөздің шыны.
Осы сөз қыз сорлының ойында еді,
Тағдыр ғой тағы бұған жол бермеді.

«Өлтіріп Арқалықты алып кел» деп,
Хан отыр қалың қолын жібергелі.
Соны айтып, тарасады бұл қалмақтар,
Тоқтар ма даяр тұрған сайлауыттар.

Соны айтып енді бұлар даярлансын,
Жылқыны айдап келед Арқалықтар.

—Бірге өскен, жолдастарым, өңкей ерлер,

Жағдайға ерек көңіл бөлесіңдер.
Қара атты қосарға алып, мен кетейін,
Асықпай арт жағымнан келерсіңдер.

тарихи  жырлар
Деді де ер Арқалық жүріп кетті,
Сауырдың сағасына бұрып бетті.
Баспайды көк шеке ат жер мен суды,

Арқалық тақым қысып екпіндетті.
Жануар жер қабады ала қашып,
Тұқырып арыстандай аузын ашып.
Сартылдап төрт аяғы бауырында,

Аузынан келе жатыр көбік шашып.
Басымен көк шекенің алысады,
Батырдың екі қолы қарысады.
Жануар тұяғынан отты шашып,

Көз тартып сағыммен жарысады.
Таяулап ел шетіне келіп қалды,
Абайлап жан-жағына көзін салды.
Бір қара анадайдан көрінеді,

Қараса, Тәтен екен—өз дос-жары.
Көрді де Тәтен қарсы тұра шапты,
Қуанды, сағынғанын іздеп тапты.

—Келдің бе аман-есен, батырым?—деп,

Құшақтап Арқалықты зар жылапты.
Келдің бе аман-есен, ерім,—деді,
Мұндағы түгел аман елің,—деді.
«Алтынның қолда барда қадірі жоқ»,

Білер ме екен қадіріңді Әжі, − деді.

—Ел-жұртың, ата-анаң бәрі де аман,

Еңбектеген жас, еңкейген кәрі де аман.
Алдыңда жал, артыңда құйрығың жоқ,
Келдің бе, жаным досым, есен-аман?!
Жолдасың бәрі аман ба қасыңа ерген

Келіпсің арып-шаршап алыс жерден.
Көріп ем сен туралы бір жаман түс,—
Деді де сүртті көзінен жасын келген.

арқалық  батыр
Арқалық, ерім едің халқымдағы,
Бір жүрген Жұбай қайда қасыңдағы?
Қайткенмен жолың болып қайтқан болар,

Саңлаққа қайран қалдым астыңдағы.
Болады Құдай пана шыбын жанға,
Мақтанып барасың сен Әжі ханға.
Ажарың сәл, иығың түсіңкі екен,

Кісі өлген екі жақтан шығын бар ма?

—Ей, аға, досым болдың жанқиярлық,

Тым жақсы іс емес қой бұл сиярлық.
Артымнан қуғыншыдан он төрт өлді,
Қарамай алды-артыма болды аңғалдық.
Он бестен тірі қашып бірі кетті,

Атымды біліп алды—сырым кетті.
Біреуі өлгендердің зәңгісі екен,
Айтатын ақылың бар ма бұған?—депті.
Жау жетті артымыздан баса көктеп,

Алдынан мен де шықтым «жекпе-жек» деп.
«Жалғызды жеке шыққан аламыз» деп,
Өзара қайрат берді қуып жет деп.
Тауларға жанталастым, шықтым шыңға,

Өзімді тоқтата алмай жүрдім зорға.
Өлтірдім он төртін бір жерге үйіп,
Досым-ау, құлақ салып сөзді тыңда.
Қан толып екі көзім кетті тұнып,

«Жәнібек! Жәнібек!» деп ұран салып.
Қырандай бөдене ілген кеттім іліп,
Найзамды қара тамақ қолыма алып.
«Пана бол, өзің Алла, Құдайым» деп,

Сайыстым қуғын топпен жалғыз барып.
Жылқыны достарыма айдаттым да,
Жауларға қайрат қылдым жалғыз қалып.

тарихи  жырлар
Қырандай түлкі көрген ұмтылғанда,
Астыма көкжал атым тұрды дамып.
Бір дауысым арт жағымнан шықты сонда,

«Арқалық! Арқалық!» деп айғай салып.
Артымнан Жұбай екен айғай салған,
Жолдасын не болды деп келіп шалған.
Көрмеген бұдан бұрын мұндай істі,

Атымды балалықпен атап қалған.
Амал не, атым менің аталғалы,
Жұбайым уайымға мені салды.
Саққұлақ қашқын қалмақ әлгі жалғыз,

Атымды ер қасына жазып алды.

—Ей, ерім, ер екенсің сағынды жұрт,

Бұл жерде аман жүрсең еліме құт.
Батып тұр айтқан сөзің қайғы болып,
Қорыққаның болады ғой бойыңа құт.
Қорықпа, тәуекел де кісі өлгенге,

Жорыдым жақсылыққа түс көргенде.
Сөйтсе де өзіңе-өзің сақ боларсың,
Басыңа дос табылмас іс келгенде.
Дос қайда, жолдас қайда, сенетұғын,

Жүрекке жүрек тура келетұғын.
Әр іске сақ бола жүр, есіл достым,
Адам жоқ қамшы үшін беретұғын.
Сен айттың бағанадан ерлігіңді,

Асыра сілтеп келген серлігіңді.
Төренің бірі мен ғой қарабауыр,
Білерсің өзің ойлап ендігіңді.
Мен дағы сол төренің бірімін ғой.

Керейдің он екі абақ бірі сен ғой.
Есемді ер Арқалық әперді деп,
Әжінің сыйлағанын көресің ғой.

арқалық  батыр
Сұрасаң менен ақыл, ей, Арқалық,
Түбі жақсы іс емес осы қылық.
«Айран ішкен құтылар» дегендейін,

Түбінде төнер ме екен саған бұлт.
Әжімен жолық дағы мән-жайды түй,
Қалмайды көп ойласаң басыңда ми.
Түбінде саған Сауыр мекен болмас,

Тізгін мен шылбырыңды тезірек жи.

—Тұп-тура қонды ақыл жүрегіме,

Кез қылды Тәңір сені тілегіме.
Бір жұмыс жазатайым болып қалса,
Тапсырам хабарлауды бір өзіңе.
Олжаны сауыт-садақ саған берем,

Орнықты сені көріп көңілім ерен.
Жүректе болған шерді айттым саған,
Шын досым қияметтік саған сенем.
Дедім де қош айтысып кеттім жүріп,

Төренің ауылына бетті бұрып.
Қара атты кермесіне іле салып,
«Алдияр, хан тақсыр!» деп, келдім кіріп.
Есіктен кіріп келіп сәлем бердім,

Именбей иелендім ханның төрін.
Төремен тізерлесіп осы арада,
Әжінің аңысын мен байқап көрдім.

—Арқалық, армай-талмай келдің бе аман,

Болады әлдеқандай мына заман.
Көп олжа берем деп ойлап едім,
Айшықты ер, қара атың не қосарға алған.
Бір кеткен жолдастарың қайда сенің,

Құдайым көрінбей ме қырыңды алған.
Көз отың жасылданып қалған екен,
Келгендей кісі өлтіріп түрің жаман.

тарихи  жырлар

—Тақсыр-ау, заманыңда сен бір қыран,

Сабылып алыс жерден келдік аман.
Артымда қуғыншыдан он төрт өлді,
Болады әлде қандай біздің заман?
Келеді басқа жолдас арт жағымда,

Сәйгүлік мамырлатып жылқы айдаған.
Алдияр, алдыңызға алдымен кеп,
Жөнімді айтып тұрмын серт байлаған.

—Арқалық, тоқтат сөзіңді сөйлей берме,

Мақтан ба кісі өлтіру сендейлерге.
Пәлені бастан үлкен тауып кепсің,
Кісіге менен басқа айта көрме!
Орнынан ханым сонда түрегелді,

Өзі әкеп Арқалыққа қымыз берді.

—Ойлашы сөз төркіні қалай болар,

Ойран қып келіпсің ғой арттағы елді.
Үндемей Әжі төре шығып кетті,
Ішіне бар пәлесін тығып кетті.
Көргенде көк шекені көзі тұнып,

—Өзі алған ең жақсысын бұл ит,—депті.

«Жұмсаған мен емес пе әтей арнап,
Отыр ма әкелдім деп жанын жалдап.
Көлдей ғып көк шекені өзі мініп,
Қоймақ қой жүз жылқымен мені алдап».

Үндемей көп отырды теріс қарап,
Бір басын отыр Әжі мыңға балап.
Үйінен Арқалық та шығып кетті,
Қашанғы отырады оған қарап.

Кешікпей Сейтен, Тұяқ, Жұбай жетті,
Жылқыны хан төреге алып кепті.
Әжі отыр айбар шегіп қырын қарап,
Көріп пе ең бұдан артық жат ниетті.

арқалық  батыр
Хан отыр Арқалыққа азу басып,
Жаудырып, қаһарланып барлық кекті.
Ішінде бар жақсы атты өзі алыпты,

Жүз тұрмақ мыңды әкелсін ызасы өтті.
Сонда жұрт көзіне қылды тойды,
Биені сары бөрте айтып сойды.
Төрені қарабауыр қарашы, жұрт,

Бір байтал әр үлеске әрең қойды.
«Жағымды таң атқанша таянамын,
Етімді текеметке оранамын.
Жатсам ұйқым келмейді, тұрсам күлкім,

Дөрбітпен жағаласып оянамын».
Байматай шабарманы бір күн жетті,
Жүрісі тым-ақ артық керемет-ті.
Хат жазып төре бұйрық жіберіпті,

«Астында көк шеке атты берсін» депті.
«Берсе егер көк шекені қайраным бар,
Жалтарса оған салар ойраным бар.
Көк шекені Сейілханға әкеп берсін,

Ертеңнен қалдырмасын, ойланыңдар!
Лайық Сейілханға көк шеке ат,
Болмасын бермеймін деп менімен жат.
Қалдырмай Байматайдан беріп жібер,

Қолыңа тигеннен соң бұл бұйрық хат».
Қағазды ер Арқалық көрді ашып,
Сұрланды, қаһарланды түсі қашып.
Ысқырып айдаһардай Әжі төре,

Бір тайды көпсінді ме аузын ашып.

—Жүз жылқы аз келді ме тамағына,

Төре деп қарамаймын қабағына.
Қолынан келген істі істеп көрсін,
Сүйенем он екі керей, абағыма.

тарихи  жырлар
Жүз жылқы жетпей тұр ма алғанына,
Бір тайға Әжі қолқа салғаны ма?
Белімді мен де будым нар тәуекел,

Өмірде жетер ме екем арманыма?
Дариға-ай, ит жалдаған суға кетер,
Залымның алдауына түстім бекер.
Бәрінен айтқаныңның қалдың қайтып,

Жақсылық, әттеген-ай, қылдым бекер!
Жүрегім қалғаны ма мәңгі сөніп,
Жалтақтап жалынбаспын төреге еріп.
Әжіге айтып бар деп осы сөзді,

Қайтарды Байматайды сыйын беріп.
Сол кезде жиырма бесте менің жасым,
Сенімді Тәтен еді сенген досым.
Ұйықтасам дөрбітпенен жағаласып,

Батпайды жүрегіме ішкен асым.
Арқалық бір түс көрді ұйықтап жатып,
Түсінде дөрбітпенен жағаласып.
Ақырып жаны шошып айғай сала,

Орнынан түрегелді өңі қашып.
Айтады әйеліне көрген түсін,

—Өртеніп бара жатыр менің ішім.

Жақсылап жорып көрші, жақын жарым,
Ақыры не болады қылған ісім.
Түсімде көк шекеге мініп алып,
Мойныма садағымды іліп алып,

Айбынды тасып жатқан Қара Ертіске,
Өтпек боп көк шекені кеттім салып.
Қара Ертіс сабасынан жатыр асып,
Толқыны бұлқынады көбік шашып.

Барғанда ортасына атым малтып,
Әкетті екі бөліп домалатып.

арқалық  батыр
Ағында жөнеліппін тасқын айдап,
Шақырдым сонда әкемді мен айғайлап.
Қош айтып Қара Ертістің жағасында,

Жылаған даусың шықты сен ойбайлап.
Өркештеп қап-қара су лайланып,
Қаңбақтай домаладым шыр айналып.
Жүгіріп әкем келді қолын беріп,

Ойландым ұмтыла кеп ыңғайланып.
Қорқамын осы түстен, жарым деймін,
Төгіп тұр төре маған зәрін деймін.
Батты ғой, әттең, шіркін, қу жалғыздық,

Амал не, құйрық-жалым жоқ қой менің.

—Қорықпа «түс түлкінің боғы» емес пе,

Уайымнан табар олжа жоқ емес пе?
Тасқын боп Қара Ертіс тасып жатса,
Бақытың келешекте сол емес пе?
Бақыт қой Қара Ертістей тасқын болған,

Төренің кісісі жоқ басқа ұрмаған.
Тау-тасқа тасып жатқан теңіздей боп,
Арқалық, бақыттысың болма алаң.
Қара Ертіс тасып ақса сабасында,

Мен тұрсам жылап оның жағасында.
Жыласа түсте, өңінде қуанады,
Дұшпанның біз қалмаймыз табасына.
Мұратың алдыңдағы асыл болар,

Өмірің судай тасып жасылданар.
Секілді досқа қайран, дұспанға оқ,
Дұспанға атқан оғың масыл болар.

—Болыпты қазір міне таңға жуық,

Бірде ысып өне-бойым бірде суып.
Қорқамын осы түстен қауіп қылам,
Сен жорып жақсылыққа қылдың жуық.

тарихи  жырлар
Ит үріп, ат тұяғы дүбірледі,
Тоқтамай ет жүрегім дірілдеді.
Денемнен мұздай суық тер келеді,

Тұр екен қандай қармақ ілінгелі.
Отырған күзетте әкем келді:—Кімсің,
Түн қатып, түсің қашып неғып жүрсің?
Жүрісің өте суық көрінеді,

Тыныш па ел іргесі, ей, күнішім?

—Ақсақал Арқалықта жұмысым бар,

Асығыс қазір қайтам уақытым тар.
От жақтыр, түңлікті аштыр, балаңды оят,
Бар еді біраз сөзім досыма айтар.
Мұны естіп үйде Арқалық түрегелді,

Салмақты ақыл, сабыр биледі ерді.
Асығыс түнде Тәтен келгеннен соң,
Болғанын бір сұмдықтың біледі енді.
Тәтен кеп:—Жылдам тұр,—деп дауыстайды,—

Келіп ем ұқтырғалы саған жайды.
Жағдайың қорқынышты болып кетті,
Қолға ұстап алып қалды ер Жұбайды.
Бір қанша әскер келді, дарыңы бар,

Еженнің «ұста» деген әмірі бар.
Түрегел, атыңды ертте, беліңді бу,
Қайғылы болып кетті заманың тар.
Қанша әскер ұранқайдан келіп жетті,

Беруге батырларды әмір етті.
Мұндағы көк шекеге айналмастан,
Тезірек бір тасаға өтіп кетші.
Жұбайды он сегізде ұстап қалды,

Хабарсыз қапылыста қыспаққа алды.
Көзірлеп қол-аяққа кісен салып,
Ішіне кебеженің әкеп салды.

арқалық  батыр
Артыңа енді, досым, қарайлама,
Жылдам кет, енді мұнда аялдама.
Айлансаң енді біраз мұнда бәлкім,

Болуың мүмкін өзің қан майданда.

—Ей, досым, рас па екен, жалған ба екен,

Қу өмір − ащы тозақ, арман бөтен.
Айтқанынан хан қайтып қатын болып,
Кәпірге бізді құрбан шалған ба екен?
Өлімге байлап берген лақ па біз,

Жазықта көзде тұрған құрақ па біз.
Өлмейтін дүниеде пенде жоқ қой,
Көреміз істің артын сұрап та біз.
Бір адам таразыға тартылар тең,

Алланың салғанына көнемін мен.
Жұмсап ап «ұранқайдан жылқы әкел» деп,
Пәлесін бізге артады төре не деп.
Жұбайды кетем қиып қайтіп тастап

Барамын сол төреге қазір бастап.
Артымда ел-жұртымды жөн бола ма,
Кеткенім шырылдатып жауға тастап?
Жасымнан тел өсіп ем күліп-ойнап,

Жамандар жақсылықтың құнын жоймақ.
Өзімдей ол да жалғыз, мен де жалғыз,
Кетемін қайтіп қиып беріп байлап.

Досқа дос қайрылмаса жаны ашып,
Жолдасын жауға тастап кетер қашып.
Не тірі, не өліде бірге болып,
Кетермін сол дұспанмен араласып.

Қолыма қара тамақ найзамды алып,
Ұранды шақырайын айғай салып.
Жұбайдың кебежесін талқан қылып,
Алайын құтылдырып қазір барып.

тарихи  жырлар
Таң ата сайысайын араласып,
Әжіні өлтірейін қанын шашып.
Жұбайым өз қолыма тірі ілінсе,

Кетейін жолдасымды ала қашып.
Тәтен айтты:—Жөн емес мына сөзің,
Батырым ойланбапсың бұдан бұрын.
Ханға қарсы шапқаның не қылғаның,

Аямай ел-жұртыңды қырамысың?
Досым-ау, тілімді айтқан аламысың,
Жалпақ ел обалына қаламысың.
Төре үшін ыза болып, қаһарланып,

Кедейге көрнеу пәле саламысың?
Мойныңа ел қарызын кетсең артып,
Сыйғыздың ақылыңа мұны қайтып.
Егерде жолдасыңды қимасаң шын,

Болмай ма жолдан тосып, алсаң тартып?
Дос болдым мәңгілікке сеніменен,
Айтамын достықпенен сөзіме көн.
Баспа ғып аңдушылар жүрген шығар,

Таң атпай осы жерден кеткенің жөн.
Қош айтты Тәтен төре, тұр ойланып,
Көзімнің жасы көл боп лайланып.

—Тасалап алыс кетпей жүрсең жақын,

Соғарсың,—дейді,—досым, бір айланып.

—Аман бол, жолың болсын, қош бол енді,

Ұмытпа қайда жүрсең туған елді!
Қоштасып бірін-бірі қатты қысып,
Еңіреп ат үстінен қолын берді.

—Аман бол, жүрсең, досым,—деді, − қайда,

Қош атып Тәтен досы кетті жайға.
Арқалық айғай салды дос артынан,

—Сәлем айт үш қайтара ер Жұбайға.

арқалық  батыр
Арқалық атын ерттеп мініп алып,
Асынып сауыт-сайман құралданып.
Әке мен шешесінің алдына кеп,

«Бата бер ұрпағыңа»—деді барып.

—Ата-ана, айналайын, бер батаңды,

Жолға сап аттандыршы мен ботаңды.
Ерке етіп ардақтаған құлыныңа,
Жасымнан көрсетпедің еш жапаңды.
Суалтып ақ сүтіңді берген анам,

Бесіктен бейнетімді көрген анам.
Өлермін хан-төреден кегімді алып,
Жолға сал ақ батаңды беріп маған.
Мен кеттім, енді аман бол ата-анам,

Басқа жоқ пана маған бір Алладан.
Ойласам екеуіңнің көз жасыңды,
Өртеніп қайғыменен от боп жанам.
Жарқырап шығар менің күнім бар ма,

Адамға бейнет қуған тыным бар ма?!
Жалғыздық түсті менің бір басыма,
Өзіммен бірге туған інім бар ма?!
Әкесі бата берді қолын жайып,

Көзінен көл ағызып сығырайып.

—Тапсырдым бір Құдайға, жалғыз ұлым,

Жаныңа жар болсын,—деп,—Қызыр Ғайып.
Әкесі қолын жайып берді бата,
Пенденің Хақтан өзге бәрі қата.

—Қарағым, қайда жүрсең жолың болсын,

Оңғарсын жолыңды өзі Қызыр ата.
Жылайды қасына кеп ғаріп ана,
Анаға қандай қиын тапқан бала?!

—Жолыңа құрбан болсын шыбын жаным,

Жәрдем қыл жалғызыма, Хақ Тағала!

тарихи  жырлар
Сен үшін жаным құрбан, жалғыз ұлым,
Дал болды-ау тұла бойым, жаным-күнім.
Өзі жұмсап, өзі пәле салды-ау,

Басыңа келсін сенің төре зұлым!
Жүгіріп сонда әйелі жетіп келді,
Ақылмен келе сөйлеп кеңес берді.

—Барасың тірі кетіп, сүйікті жар,

Іс емес ерге лайық тұру,—деді.
Жылаған пайда емес ерге жасып,
Рыздық қойған шығар саған шашып.
Көзіне шалынарсың біреулердің,

Жөнелші атыңа тез қамшы басып.
Ата-анам, айналдырма балаңды енді,
Алдағы көз жетер ме заманға енді?
Ер жігіт тірі болса не көрмейді,

Дұспанын салар әлі табанға енді.
Жылама, ата-анам, бекер жасып,
Қайратың бойыңдағы кетер қашып.
Туар ма бізге дағы бір жақсылық,

Су кетпес жардан асса, таудан асып.
Арқалық, не қылғаның, мұңайып сен,
Мұңаю болар ма екен ерлерге жөн.
Қайрат қыл, ақылыңа салшы, жарым,

Келерсің келешекте, Құдайға сен.
Атына мініп батыр кетті жүріп,
Қош айтты ата-анаға қарап тұрып.
Өсірген ата-ана, дос-жаранын,

Ауыр ғой тірі кету тастап қиып.
Қамшы ұрды көк шекенің жамбасына,
Тапсырды ата-анасын жолдасына.

—Кешеден үйде емес Арқалық деп,

Салыңдар жауап бере сұраушыға.

арқалық  батыр
Келеді көк шекемен бүлкілдетіп,
Әжінің бара жатыр қорлығы өтіп.
«Өзімнің құтылғаным лайық па,

Жолдасым қасымдағы жауға кетіп.
Жұбайым қалды тірі жау қолында,
Бейнетке жолықтым-ау хан жолында.
Лайық ерлігіме іс емес қой,

Өз еркім тұрғаныңда өз қолымда».
Бойына Бурылторғай жетіп бардым,
Аз ғана сол арада демімді алдым.
«Оттасын аунап-қунап жануар» деп,

Көк шеке аяғына шідер салдым.
Жүрістен әбден шаршап болған екем,
Ұйықтап осы жерде қалған екем.
Оянып шырт ұйқыдан түрегелсем,

Атымды жеті қасқыр жарған екен.
Көк атты жеті қасқыр кетті жарып,
Басына енді түсті мұң мен зарлық.
Құшақтап көк шекенің басын сонда,

Жылайды естен танып ер Арқалық.
Арқалықтың жыры

—Жасымнан көрдім ғаріпті,

Тарттым ғой, міне, зарлықты.
Кезеңнен тосып алдым да,
Атымды қасқыр жарыпты.
Ғаріптік түсті басыма,

Кім келер менің қасыма?
Жолдасын тастап кеткен соң,
Болмауы жолдың осы ма?
Көк шеке ат барда астымда,

Жасқанып жаудан қаштым ба?!

тарихи  жырлар
Ала алмай кегін Жұбайдың,
Мені қара басты ма?
Хан-төре, мені алдадың,

Азаптың салдың азабын.
Жаяу қалдым ақырда,
Жапанда жалғыз зарладым.
Қасқыр дұспан жау болды,

Тосқауыл етіп бұл жолды.
Сырласқандай Әжімен,
Айуандығы бір болды.
Ер тоқымын алады,

Иығына салады.
Еңіреп жылап Арқалық,
Жаяу кетіп барады.
«Ел шетіне барайын,

Аялдап торлап шалайын.
Шамам келсе көрінбей,
Тәтеннен хабар алайын.
Бір саңлақ тисе талмайтын,

Дұспанға ойран салайын.
Тірі қалған Жұбайды,
Жау қолынан алайын.
Ордасын бұзып болмаса,

Әжінің жынын қағайын.
Әйтеуір бір өлдім мен,
Шаңырағын шағайын.
«Жәнібек» деп айғайлап,

Қолыма найза алайын.
Ұйықтап жатса сұм төре,
Өкпеден найза салайын.

арқалық  батыр
Қайтейін жанды сауғалап,
Көрінген жерді паналап.
Жүргенім маған жөн болмас,

Дұспаным кетер табалап».
Соны ойлап ер Арқалық жүріп кетті,
Басына ғаріп бұлты сіркірепті.
Ес кетіп, жан шыққанда қалжырап кеп,

Бойына Қызылқайың келіп жетті.
Бұл жерге келіп батыр демін алды,
Жан-жаққа мойын бұрып көзін салды.
Тұр екен бір топ жылқы суға түсіп,

Жақындап біреуін кеп шалмалады.
Ұстады, ерттеді атты, мініп алды,
Тәуба айтып Жаратқанға сиынады.
Шыққандай тау басына қуаныш қып,

Таппақ боп Тәтен досты ойына алды.
Күн бата жүріп кетті елге таман,
Болады әлде шіркін, әлде заман.
Ешкімге кезікпестен түн ішінде,

Тәтеннің ауылына жақындаған.
Ел жатып, болып қалған таңға жуық,
Жүрісім қараңғыда тым-ақ суық.
Ауылынан хан-төренің өткенімде,

Бойымды дүрілдетті ашу буып.
Тоқтаттым өзімді-өзім арашалап,
Ауылынан өте бердім жанасалап.
Әжі ит, ордаңа ойран салар едім,

Астымда ат сенімді болса жарап.
Ойладым «әттең, айтқан сертке жетсем,
Әжінің осы жерде қанын төксем.
Мінген ат астымдағы сенімді боп,

Жұбайды жау қолынан алып кетсем».

тарихи  жырлар
Тәтеннің ауылына келдім жетіп,
Тайсалмай ат тұяғын дүбірлетіп.

—Тәтен,—деп сыртынан тұрып дауыстап ем,

Сөйледі үйдегі адам күбірлесіп.
Тәтен айтты:—Арқалықтың дауысы,—деп,
Тұрғанда неге келді жау ісі үдеп.
Тез тұрып жүк артынан төсек сап бер,

Ұйқыдан келген шығар жадап-жүдеп.
Түсіріп алайын,—деп,—есіл ерді,
Жүгіріп үйінен шығып қолын берді.

—Қатты іздеп сені Әжі таба алмай жүр,

Келдің бе жанған отқа, ерім,—деді.
Дос пен дос амандасты құшақтасып,
Тәтеннің Арқалыққа жаны ашып.
Біреулер сырттан байқап қала ма деп,

Кіргізді үйіне тез есік ашып.

—Ей, досым, келгенім жоқ бекер босқа,

Мен келдім сенгендіктен сендей досқа.
Басыңа пәле келіп байлағанда,
Құзғын мен қасқыр, қарға бәрі қас па?
Боп келдім осы күнде тірі ғаріп,

Дем алдым Бурылтоғайға жалғыз барып.
Ұйықтап сол арада қалған екем,
Кетіпті көк шекені қасқыр жарып.
Басыма ғаріптік кеп түсті ғой шын,

Болар ма бұдан артық қайғы мен мұң.
Төреге қара лақ боп қалғаным ба,
Бізге де туар ма екен жарық бір күн.

—Арқалық, қайғыланып жасыма шын,

Не келмес ер жігіттің басына сын.
Бүгін жат, тынық біздің осы үйде,
Беремін қылжиренді астыңа мін.

арқалық  батыр
Әкеліп бір бағланды түнде сойды,
Етін жеп Арқалық әбден тойды.

—Мінген соң қылжиренді алысқа кет,

Ойлама бекер босқа әр түрлі ойды.
Төсекті жүк артынан салды жайлап,
Жау көрсең түрегелме деді айғайлап.
«Ақылсыз қайрат— босқа еңбек» деген,

Байқасам отыр сенің көзің жайнап.
Келеді таң атқан соң ел сабылып,
Елірмес уайымменен ер тарылып.
Баптаймын қылжиренді кешке дейін,

Жөнелші күн батқан соң мініп алып.
Таң атып, күн де шықты нұрын шашып,
Сабылды тұрған елдер араласып.
Іргеден жүргіншіні көріп жатыр,

Есіл ер өзін-өзі әрең басып.
Сабылып жүр төлеңгіт, төре, қара,
Жүрегі Арқалықтың қайғы-жара.
Бір ұмтылып шатырлатып үйде батыр,

Қолына найзаны алды қаһарлана.

—Қорлығы-ай мыналардың мазақ қылып,

Суырдай жатамын ба мен тығылып?

—Тәтенге көрнеу пәле саласыз ба? −

Деп әйел сабыр тілеп тұр иіліп.

—«Шын ердің қасиеті − сабыр» деген,

Бір күндік болар ма екен тамыр деген.
Өзің кеп жан досыңды жауға берсең,
Кісілік тынар еді ақыр немен?
Тәтенді тірі қоймас мұны сезсе,

Несі адам тірі жанның ардан безсе.
Кәнеки, ойлап көрші ақылға сап,
Достықпен Тәтен досың сізге сенсе.

тарихи  жырлар
Батырды ардақтаған ел сақтайды,
Ақиқат, адалдықты ер жақтайды.
Тәтеннің обалына қалмаңызшы,

Мұндайда кімді тығып, кім сақтайды?!
Әйелдің Арқалыққа сөзі батып,
Ойлайды әрбір істі сонда жатып.
«Бір саңлақ тисе астыма әттең, шіркін,

Жұбайды алып кетсем жаудан тартып».
Күн батты, ақшам болды көз байланып,
Арқалық әзер жатты көп ойланып.
«Айналып Тәтен неге келмеді?» деп,

Келмесе кетейін деп ыңғайланып.
Бір кезде ит үргізіп Тәтен жетті,
Жетелеп қылжиренді алып кепті.

—Өмірлік досым едің, амалым не,

Қоқаңдап Әжі иттің қорлығы өтті.
Тәтен айтты:—Айналма енді артыңа,
Келерсің тірі болсаң сен халқыңа.
Алыстап ұзақ жаққа кеткенің жөн,

Айналып жүре берме бұл алқымда.
Ерттеді қылжиренді тоқым салып,
Барады іште қайғы өршіп жанып.
«Жұбайды қайда тастап кетемін?» деп,

Арқалық жүргелі отыр ыңғайланып.
Қашқын боп қайда жалғыз барамын деп,
Төреге барып ойран салайын деп.
Қашқанша елден жалғыз шошып, бұғып,

Төрені ақтарылта жарайын деп.

—Арқалық, енді айналма тілімді алсаң,

Досым деп айналайын маған салсаң.
Жұбайды бұлар алып жөнелгенде,
Болмай ма жолдан тосып тартып алсаң.

арқалық  батыр
Әжіні бұлар жатыр қатты қысып,
Әжі да шошып отыр зәресі ұшып.
Көзге оңай бүйтіп тұрсаң түсесің,—деп,

Құшақтап Тәтен жатыр қолын қысып.

—Қамығып қапалықпен қайғы ойлама,

Қош енді, жолың болсын, көп айналма.
Асықпа арманыңа жетерсің сен,
Төрені бір саларсың қан майданға.
Кешікпей мінші, досым, қылжиренге,

Тезірек айналмай жет деген жерге.
«Сабына қарауыл қой саптыаяқтың»,
Тегінде сеніп кетпе көрінгенге.
Аман бол, батыр, енді көргенімше,

Мен сені ұмытпаймын өлгенімше.
Әр істі ойлап істе ақылменен,
Бейтарап салып кетпе қара күшке.
Қош айтты Тәтен досқа сеніп тұрып,

Ағынан шын жүректі беріп тұрып.
Қанжарды қынабынан бір суырып,
«Әттең, Әжі, Әжі!»—деп қалды тұрып.
Дүниеде болар ма екен мұндай қорлық,

Құдай-ау, қылды бізге Әжі зорлық.
Айдауға, алдауға сап жүргізді,
Төреге төленетін тоқты болдық.

—Сәлем айт,—деді Арқалық,—кәрі-жасқа,

Бірге өскен тетелес пен құрбыласқа.
Кек алмай, сірә, Әжіден тына алмаспын,
Анадан туғаным жоқ бекер босқа.
Арқалық шығып кетті ауылынан,

Бірге өскен достары мен бауырынан.
Шекпенін үстіндегі желкілдетіп,
Тер шықты Арқалықтың жауырынынан.

тарихи  жырлар
Басында Шарықтының жалғыз керіш,
Сол болған Арқалыққа бір бекініс.
Бар екен сол керіште үлкен үңгір,

Батырың соған барып алған тыныс.
Бұл үңгір Арқалыққа мекен болған,
Тамақ бар үңгірінің іші толған.
Маңынан жан көрінбес бақыласа,

Тек қана шымшық, торғай ұшып қонған.
Үңгірге кіріп кетсең жеті бұрған,
Кірген адам айтады бірнеше иман.
Егерде иман айтпай кірер болса,

Шығу жоқ сол үңгірде қаза салған.
Бұл жерге бірнеше күн мекендеді,
Арқалық ойын әбден бекемдеді.
«Жатқаным өзім жалғыз, сірә, болмас,

Бір хабар ала алмадым елден» деді.
Үңгірден ер Арқалық алды шығып,
Жөнелді түн жастанып атын мініп.
Жұбайды жолдан тартып алып қалу,

Мақсаты елден хабар алып тұрып.
Арқалық жүріп кетті Сарқамысқа,
Албаты бармаймын деп көз танысқа.
Бар еді Сары деген нағашысы,

Сақтар деп үміттенді қалтарысқа.
Арқалық кіріп келді сәлем беріп,
Қарсы алды Сары төрден түрегеліп.

—Жүрмісің аман-есен, жалғыз жиен,

Тиді ғой төбем көкке сені көріп.
Арқалық айтты бастан барлық жайын,

—Нағашы, өзің басқар іс ыңғайын.

Ұғысып сырттан хабар жеткізіп тұр,
Аз жатып осы үйде дем алайын.

арқалық  батыр
Үш жұрты бар емес пе ер жігіттің,
Ақыры не болады бұл жұмыстың?
Сары айтты:—Атты тығып, ел ішінен

Не болғанын айтып тұрам арттағы істің.
Ақсұңқар ұясында желпінеді,
Арқалық нағашыға сеніп келді.
Төре, қара шақырып төлеңгітті,

Әжі төре сол жерде жарлық берді.
Төренің қысты дарың алқымынан,
«Арқалық қашып кетпес өз халқынан.
Үш күнде Арқалықты табасыңдар»,

Еженнің кім бас тартар жарлығынан.
Жіберген темір шынжыр Ежен патша,
Арқалық елден кетпес ұзақ қашса.
Әжі айтты:—Менімен отаспайды,

Ол мені мерт қылады қарсыласса.
Арқалық маған келіп бас игенше,
Даяр ол жау болуға өле-өлгенше.
Ал, дарың, өзің тапшы бар ақылын,

Не айла істеткен жөн әлде сенше?
Ел ішінде Арқалықтың қамалы бар,
Күнделік алып тұрған хабары бар.
Дарың айтты:—Мынадай жарлық шығар,

Осындай оны ұстаудың амалы бар.

—Шығарам қандай жарлық?—деді төре,

Оны ұстап оңайлықпен ел бере ме?
Дарыңмен ақылдасып келді тағы,
Шығарды төре жарлық үйге келе.
Жарлығы төреміздің мынау деді,

Не керек елдің зарлап жылауы енді.
«Он жамбы мен тәйжілік мансап берем»,
Осындай амал-айла қылады енді.

тарихи  жырлар
«Кімде-кім Арқалықты тауып берсе,
Ауылға сүйінші деп шауып келсе.
Он жамбы, тәйжілік тақ сыйлық алар,

Өзінің төресіне жұртым сенсе».
Шабарман кетті шауып әр тарапқа,
Әжі отыр әмір шашып алтын тақта.
Шіркін-ай, ер сүйегін сақтамады-ау,

Сатылды нағашысы қу тамаққа.
Сарының тиді хабар құлағына,
Өзінің қас қылды ғой лағына.
«Тәжі боп, он жамбы сүйінші алсам,

Домалап келген екен бұл бағыма».
Олжаға ләпсісі* оңай ауыз ашты,
Амал не, нағашысын қара басты.
Атты тығып, қаруды ұрлап алып,

Сұмпайы шайтан болды, нақ албасты.
«Аламын тәйжі болсам қазан алман,
Бұл бақыт келер әлде қайдан маған?
Төренің оң тізесін басар болсам,

Па, шіркін, мынау маған үлкен қайран».
Арамдық кірді әбден жүрегіне,
Қас қылды Арқалықтың тілегіне.
Өз туысын ол өзі жауға сатты,

Осындай опасыздық керегі не?!
Найзаны, жетіауызды тығып тастап,
Ауылдан бұл қу кетті түнге жастап.
Сырттан кеп шабарманға хабарлады,

—Ордаға енгіз мені қазір бастап.

Жерден алтын тапқандай қуанысты,
Сарыны шабармандар алып ұшты.
* Ләпсі—нәпсі.

арқалық  батыр
«Сүйінші, алдияр тақсыр, менікі» деп,
Аяғын хан-төренің барып құшты.

—Жан едім артық білер қадіріңді,

Алдияр, мен естідім әміріңді.
Арқалық біздің үйде бекіністе,
Құр іздеп кетірмеңіз сабырыңды.
Әмірің бізге жетті кеше анық,

Жіберген адамдарың айтып барып.
Ал, тақсыр, сүйіншімді бересіз ғой,
Жеткенім осы менің ести салып.

—Жасырып жиеніңді қастығың бар,

Бойыңда қозып кеткен әуірей жындар,
Сандалттың ел сабылтып осыншама,
Дүрені жүз қамшылық кеп салыңдар!
Жендеттер басына кеп қарғып мінді,

Шабарман жүз қамшыны көтенге ұрды.
«Кешірім, нәпсің жерде қалмасын» деп,
Бір жаман қотыр байтал қайран қылды.
Арқалық тұяғына ілінгендей,

Шаптырды шабарманды әр тарапқа.
Тәтен кеп әйеліне былай деді:

—Осылар кетер ме екен Арқалыққа?

Білмеймін жатқан орны қайда екен,
Әжіге қара лақ болып кетер ме екен.
Байқалмай іргесінде жүрген жауы,
Хабарсыз еш нәрсе деп жатыр ма екен?

Әжінің байқап көрсем түсі суық,
Келіп тұр жауап арты маған жуық.
Қапыда жау қолына түсіп қалып,
Қайран ер болар ма екен ғаріп-мұңлық.

тарихи  жырлар
Әжінің адамдарын Сары бастап,
Әкелді ауылына түнге жастап.
Ауылды алды қамап сол арада,

Арқалық үйде жатқан қайда қашпақ?
Бір кезде абалап тұр иттер үріп,
Оянса болып қапты таңға жуық.

—Түс көрдім, нағашы апа, түрегелші,

Боп қалды не болса да жаман сұмдық.
Түсімде жығылды атым омақасып,
Артымнан келіп қапты жаулар басып.
Шошынып мен ояндым шырт ұйқыдан,

Артымнан келген жаумен жағаласып.
Арқалық осыны айтып сыртқа шықты,
Бір сұмдық болғандығын енді ұқты.
Жау қамалап алған екен шыр айналып,

Жүрегі сонда білді бұл сұмдықты.

—Төреге тәйни болған нағашы ағам,

Ата-ана, қайда қалды сорлы балаң.
Найзам мен жетіауызды алып берші,
Не болса да араласып көріп қалам.
Артынан түскиіздің қарады кеп,

Қойылған найза, мылтық, қанжар да жоқ.
Зарланып кемпір сонда жылап кетті,

—Жалғызым, өлдің-ау,—деп,—арманда боп.

—Әттең-ай, әлгі қу сұм қылған екен,

Төбеден Құдай мені ұрған екен.
Анадан арам туған ынжық Сары,
Жүрегін сайтан жайлап буған екен.
Байлансын жолың сенің, тісің сынсын,

Жаман ұл салдың маған бір үлкен мұң.
Қарағым, қамдан енді тұрма босқа,
Бұл түні басыңа кеп төнді өлім.

арқалық  батыр
Жылайды Сарының әйелі шашын жайып,
Қолдай көр жалғызды деп Ерен Ғайып.
Кешегі айтқан сөзді бүгін жұтып,

Қу Сары қалған екен сөзден тайып.
Далаға батыр шықты ашу кернеп.
Бақанды оңды-солды жүрді сермеп.
Айқасып алты жауды өлтіргенде,

Бақаны үшке айрылды бөлшектеніп.
Амал не қызыл қолмен араласты,
Денесін есіл ердің жара басты.
Ұмтылған, ызғар еткен Арқалыққа,

Кеп сойыл үсті-үстіне жабырласты.
Есінен сол арада қалды талып,
Жауыздар ұрғылады байлап алып.
Жоғалды қан-жоса қып есіл ерді,

Итіндей ат артына салып алып.
Алдына хан-төренің алып келді,
Келгенін Арқалықтың жұрт та көрді.
Жаны ашып байлаудағы батырларын,

Тәтен дос көмескіде еңіреді.
Батырдың екі көзі отша жайнап,
Төреге ұмтылады қаны қайнап.

—Жыныңды жұлып алып тастар едім,

Әттең-ай, тастадың ғой шырмап байлап.
Ит төре, неткен озбыр залым едің,
Мойныңа болсын қарыз қаным менің.
Сөзіңнен өзің айтқан өзің қайттың,

Тасбауыр, қап-қара екен қаның сенің.
Амал не түстім торға, түстім қолға,
Кезіктім алдауменен қалың сорға.
Нағашым берді ұстап осы жолда,

Әжідей қара ниет, қанды қолға.

тарихи  жырлар
Әжінің сеніп кетті амалына,
Сұм иттің салып берді табанына.
«Нағашым өзіме шын қас қылат» деп,

Еш нәрсе келмеді ғой хабарыма.
Сұм төре, қасқырсың ғой қанды ауыз,
Жеттің бе дегеніңе ақыр, жауыз.
Кетпейді өлгенімше іште кегім,

Жауымсың қараниет менің нағыз.
Сұрланып сұр жыландай Әжі төре,
Шыдамай боқтауына сөйлей жүре.
Бұйырды шабар мен сайлауытқа,

«Жүз сексен қамшы сал,—деп,—үлкен дүре».
Дүрелеп бояды ерді қызыл қанға,
Не керек батты таяқ шыбын жанға.
Жатса да жаралы боп тіл тартпайды,

Опасыз зұлымдық пен хайуандыққа.
Салса да шынжыр қол мен аяғына,
Төренің бас имеді таяғына.
Неше кеп Тәтен төре көріп жүрді,

Қолынан келері жоқ аяды да.
Көзірлеп аяқ-қолын алды байлап,
Жабылып үсті-үстіне жұдырықтап.
Есіл ер сонда дағы жасымады,

Тайсалмай таяғынан сырғанақтап.
Ішіне кебеженің әкеп салды,
Қинады шырылдатып шыбын жанды.
Түйенің терісімен қаптап сыртын,

Шықпастай қылып мықтап алды.
Арқалық осыменен қала тұрсын,
Айтайын Арқалықтың ата-анасын.
Өмірден ризық теріп, терін төгіп,

Кезіп жүр кедейліктің сай-саласын.

арқалық  батыр
Байбөрі әкесіне хабар жетті,
«Балаңды ұстап байлап алып кепті.
Түйемен ертең артып әкетеді,

Қош айтып, амандасып қалсаң» депті.
Атасы, анасына хабар жетті,
Мұны естіп бейшаралар естен кетті.
«Қоштасып құлыныма қалайын» деп,

Келінін қасына ертіп бұлар жетті.

—Бет көріп тірі күнде кездесейін,

Шама жоқ мен кімменен теңдесейін?!
Жалғызым, кеткенің бе шын арманда,
Тілегім—тірі күнде тілдесейін!
Төренің аулына келді жылап,

Көл болған көздің жасы бейне бұлақ.
«Қош айтып қалайын мен балама» деп,
Бас ұрды төреден кеп рұқсат сұрап.
Рұқсат берді Әжі кезіккенде:

—Аманнан басқа айтпайсың,—деді,—мүлде.

Қасына екі әскерді ертіп берді,
Әкелді құлыншағы жатқан жерге.
Шығарып кебежеден сонда басын,
Көзінен қан аралас төкті жасын.

—Ата-ана, қош бол енді, сүйген жарым,

Жетпеді отызға да менің жасым.
Аман тұр, өсіріп ең, ата-анам,
Жасымнан кәрін тікті ажал маған.
Алдымда жал, артымда құйрығым жоқ,

Кетті ғой жау қолында жалғыз балаң.
Мен кеткен қасқыр сүйреп жетім лақ,
Қалдың ғой, ата-ана, зарлап жылап.
Барамын кебенек киіп, үмітім зор,

Өшкен жоқ кеудемдегі жанған шырақ.

тарихи  жырлар
Анасының жыры
Анасы сонда жылайды,
Көзінің жасын бұлайды.

Қара жерді құшақтап,
Етбетінен құлайды.
Жалғызы сөйтіп жатқанда,
Қайтіп шыдап тұрады.

Қайғы жанға батқанда,
Құдайдан рақым сұрады.
Қабырғасы сөгілді,
Көзінің жасы төгілді.

Баласын көріп қинаудан,
Сорлы ана егілді.
Көзінің жасы көл болды,
Көкірегі шер болды.

Егілді де зарлады,
Төре Әжіні қарғады.

—Мендей болып жылап қал,

Түбің шіріп құлап қал.
Шіріген терек секілді,
Мендей болып зарлап қал.
Жалғызыңнан айырылып,

Ұлыңды өзің жалмап қал.
Қанатыңнан қайрылып,
Мендей болып шулап қал.
Істедің бізге зорлықты,

Көрсеттің бізге қорлықты.
Сорымызға Әжідей,
Жауыз төре жолықты.
Сенен де сұрар күн туар,

Бізге де күн бір шығар.

арқалық  батыр
Сом темірге балға бар,
Зор шығынға Құдай бар.
Әділеттік іске асар,

Бізге таң бір атар.
Әжі, сенің төбеңе,
Түбінде шындық бір шығар.
Құдірет Алла Құдайым,

Көрсеттің күннің мұндайын.
Жаралы кеткен жалғызға,
Қуатыңды сұраймын.
Әкесі Байбөрінің жыры

—Айналайын, қарағым,

Қара лағың болайын.
Жалғызым, сенен айрылып,
Сорлы боп қайтіп қалайын.
Айхай дүние, дүние-ай,

Енді қайда барайын.
Сен үшін мен өлейін,
Өзіңмен бірге болайын.
Өстіп зарлап кетем бе,

Ашылар ма екен сарайым?
Жалғызым, күнім, лағым,
Қуат берсін, Құдайым.
Әжі бізді зарлатты,

Берсін Құдай сазайын.
Құдайдан басқа жаһанда,
Қайдан қуат табайын?!
Сарқырап аққан бұлағым,

Алдымда жанған шырағым.
Отызға да жетпеген,
Көкорай шалғын құрағым.

тарихи  жырлар
Құдай мені алмадың,
Қырылды-ау жасыл қияғым.
Маған топырақ салмадың,

Артымда қалып тұяғым.
Қайырлы болсын сапарың,
Панаң болсын Құдайым.
Садағаң мен, жарығым,

Жолыңа құрбан болайын.
Тілек берсе бір Алла,
Құдайдан сені тілеймін.
Әй, әскер-ау, әскер-ау,

Рұқсат етсең сүйейін.
Сарайымды ашайын,
Құшақтайын ботамды.
Бауырыма басайын,

Берейін, әскер, батамды.
Мені Құдай алсаңшы,
Тартқызғанша жапаңды.
Қара ниет хан-төре,

Өлтіріп пе ем атаңды?!
Арқалықтың әйелінің зары
Әйелі жақын барады,
Еріне көзін салады.

—Мәңгілік сүйген жарым,—деп,

Айта алмай естен танады.
Жегідей жеп зомбылық,
Сілейіп тұрып қалады.
Ақылына жеңдіріп,

Есін жиып алады.
Жүрегін қайғы кеміріп,
Іші оттай жанады.

арқалық  батыр
Қайратқа ойын көндіріп,
Жарына жақын барады.

—Құдай басқа салған соң,

Айналып қырсық шалған соң.
Не болармыз, жан жарым,
Айрылып сенен қалған соң.
Ата-анаң келді боздаған,

Бұл не қырсық шырмаған.
Ата-анаң қалды артыңда,
Кім болар халін сұраған.
Жанашыр саған адам жоқ,

Туысың жоқ, ағаң жоқ.
Мен жыламай кім жылар,
Артыңда ұрпақ, балаң жоқ.
Жанашыр жоқ жақының,

Күтерміз істің ақырын.
Айналайын, жан жарым,
Артыңда тірі қалғаным.
Әрбір істі ойлаймын,

Сен жарымды аяймын.
Бірге өлсем деп ойлаймын,
Тірі сенен қалмаймын.
Қайтермін ата-анаңды,

Бар ма айтар ақылың?

Арқалықтың зары
Арқалық сонда зарлайды,
Көзінің жасы парлайды.

—Жылама бекер зарланып,

Құдай өзі оңдайды.
Ішім от боп жанады,
Басымды кім сүйейді.

тарихи  жырлар
Көз жасым көлге тамады,
Қасірет бойға түнейді.
Осындай жүрген күйде мен,

Таппадым ешбір жақынды.
Ақылды болсам бүйтер ме ем,
Сұрама менен ақылды.
Нағашым мені берді ұстап,

Ойламай жиен хақымды.
Қаны—қара, іші—арам,
Көрмедім сондай кәпірді.
Ата-ана, сізді ойлаймын,

Жақсылығыңа тоймаймын.
Қолыңда қызмет етпедім,
Осыны көп ойлаймын.
Алдыма көз саламын,

Кебенек киіп барамын.
Кебін киіп кеткем жоқ,
Осыны үміт қыламын.
Өзіме қайрат беремін,

Сөнбесін деп жанарым.
Тірі болсам айналып,
Әжіден кекті аламын.
Мендей боп, Әжі, тарығып,

Қаларсың сен де зарығып.
Жарым ақыл сұрасаң,
Сен де кетпе жаңылып.
Жарым едің, жас еркем,

Тосарсың үш жыл сарылып.
Ата-анамды күтерсің,
Арт жағыңа қайрылып.

арқалық  батыр
Күнде төсек жаңарып,
Теңіңменен кетпессің.
Ата-анамның көз жасын,

Тілегін сыртқа теппессің.
Үш жылдан асып кеткен соң,
Білерсің өмір болмасын.
Осы саған айтарым,

Өзіңді Құдай қолдасын.

—Арқалық, не деп айтқан сөзің маған,

Не көрмес тіршілікте тірі адам.
Мойныма көтерермін өле-өлгенше,
Айрылман сен келгенше ата-анаңнан.
Жолдас боп қосылып ем жастан сүйіп,

Рахат, мехнатта бірге болып.
Алдымда үмітім зор келешекте,
Басқа өмір сүре алмаймын ерге тиіп.
Сен өлсең мен де тірі қала алмаспын,

Басқа өмір сенен қалсам таба алмаспын.
Күтемін тірі болсам ата-анаңды,
Қорғалап ешкімге бас ие алмаспын.
Жүрсем де сені ойлап жылап-сықтап,

Өтермін махаббатты мен де сақтап.
Хан да бар, төре де бар, игі де бар,
Дей алман сенен жақсы бірін мақтап.
Ел сүйген жарым едің терең ойлы,

Мен ғаріп қала бердім мұңлы-сорлы.
Егерде ұл боп туса кім қоярмын,
Іштегі перзентіңе алты ай болды.
Алладан тілейтұғын тілегім бар,

Келерсің тірі айналып болмаспыз қор.
Балаңның ерім атын айтып кетші,
Үмітім келешектен емес пе зор?

тарихи  жырлар

—Айтарсың әрбір түрлі арманыңды,

Айрылып менен тірі қалғаныңды.
Әуелі тапсырамын ата-анамды,
Айтпаймын одан басқа мал мен жанды.
Келгенде жер ортаға ғаріп болды,

Айрылып жалғызынан зарық болды.
Жәрдемдес, шыда, жарым, ауырлыққа,
Шалдыққан сол екеуі арық болды.
Сен едің шыққан биік, өскен бір гүл,

Гүлге кеп қонақтаған мен бір бұлбұл.
«Қайрат» қой балам атын бесікке сап,
Артыма із боларлық тапсаң бір ұл.

Бұларды осы арада айырды енді,
Зар болып ата-аналар қала берді.
Байла Арқалықтың аяқ-қолы,
От болып көз жанары жанады енді.

—Қош енді, ата-ана, мешкей балаң,

Көздеулі арманына жетпей қалған.
Сұм Әжі қара бауыр алдады ғой,
Ішімде сол арманға қайғыланам.
Ұядан қыран болып ұшқанымда,

Сұм төре мені алдымнан тосқаны ма?
Ата-ана, қарызыңа мен борышты,
Нағашым ұстап берді дұспаныма.
Мен тудым ер боп ана жүрегінен,

Айырылдым, ата-ана міне өзіңнен.
Тапсырдым ата-ана, сүйген жарым,
Алланың рақым болсын бір өзінен.
Аман бол, Алтай, Сауыр, елім-жұртым,

Ертіс пен Үліңгірдей дария көлім.
Тасың алтын, топырағың торқа еді,
Осыдан тірі айырды Әжі зұлым.

арқалық  батыр
Керейім − он екі абақ, бәрің бауыр,
Қош енді туып-өскен барлық ауыл.
«Жау аяған жаралы болар» деген,

Басыма түсіп тұр ғой мына дәуір.
Кір жуып, кіндік кескен атамекен,
Емізген ақ сүтіңді ақтар ма екем.
Қолыңнан жылап кеткен есіл балаң,

Әжіден келіп кегін алар ма екен?
Қош енді, асқар таулы жоталарым,
Басыма бұлт төніп, жауды жауын.
Күн бұрын кегімді алмай армандамын,

Білмедім ит төренің ірге жауын.
Түйеге қос батырды алды артып,
Күңіренді зарлы ерлер әнге тартып.
Жандар көп бетін басқан іші елжіреп,

«Келе ме қайран ерлер тірі қайтіп».
Халқына айғай салды: «Жәнібек!» деп,
Осыдан аман қайтсам залым-өкпек.
Шағармын Әжі зұлым шаңырағыңды,

Салармын жөніңе бір сені тектеп.
Түйеге теңдеп алып түсті жолға,
Салулы кісен шынжыр қол-аяққа.
Ел жылап батырына қайғырады,

Кеткені есіл ердің сор ма, бақ па?
Артынан қалмады елі келеді еріп,
Жасытпай Арқалыққа қайрат беріп.
Ел-жұрты күндік жерге шығарып сап,

Халқының қайтпақ болды іші егіліп.

—Елі үшін озық туып күйген ерім,

Жасыма, жүрегіңе байла сенім.
Шарасы қолдан келер болмаса да,
Тілейді тілеуіңді қалың елің.

тарихи  жырлар
Арқалық жауап берді көп халыққа:

—Разы бол Жұбай мен Арқалыққа.

Кегіңді тірі келсем қайтарамын,
Қайтыңдар, елі-жұртым, көп тарықпа.
Шошқаның сенім болмас қабанында,
Әжінің қорлық көрдім заманында.

Армансыз дүниеден өтер едім,
Ордасын салсам, әттең, табаныма!
Қорлығы ит төренің іште кетті,
«Тез жүр» деп қалмақтарға әмір етті.

Ақыры қош айтуы осы болып,
Қос батыр көзден ғайып болып кетті.
Боздайды Алтын ана шашын жайып,
Қос батыр болғалы тұр көзден ғайып.

«Құдайым жолдарыңды оңдасын» деп,
Артынан қол бұлғайды барлық халық.
Арқалық егіледі жұртын көріп,
Қалмайды ата-анасы артына еріп.

—Барамын кебенекпен тірі кетіп,

Қайтыңдар, деп айғай салды,—қайрат беріп.
Айырылды ата-ана мен ел-жұртынан,
Елі жүр Әжі сұм деп ту сыртынан.
Есілдер бір-бір үйде жалғыз еді,

Тұқымын Әжі зұлым мүлде құртқан.

—Ей, аға, өміріміз біткені ме,

Әжі ит біздің түпке жеткені ме.
Қол-аяқ байлауменен бұл дүниеден,
Жас өмір кебежеде кеткені ме?
Әйелім он алтыда болды мұңлы,

Кезікпей мен пақырға қалды сорлы.
Хабарсыз дүниеден іштей тынып,
Біле алмай істің сырын жүзі солды.

арқалық  батыр
Дөрбіттер біз пақырды алғаны ма,
Ел-жұртым артымда қалғаны ма?
Қылтиып сіріден бас дүние көрмей,

Қалмақтар он сегіз жас жалмады ма?
Соны айтып Жұбай бала егіледі,
Көл болып көздің жасы төгіледі.
«Өзі жұмсап, өзі ұстап бергені-ай» деп,

Әжі итке қаһарлана түйіледі.

—Қалды ғой туып-өскен елім-жұртым,

Арманда тірі кеттік екі шіркін.
Қайғырып жасымашы, бауыр Жұбай,
Татармыз дәмін әлі туған жердің.
Жұбайым, айналайын, серік інім,

Тапты ғой хан-төренің көңілі тыным.
Жан бөлек болғаннан соң қалды артта,
Ата-ана, сорлы әйел, ел-жұртым.
Ей, Жұбай, он сегізде сенің жасың,

Қалды ғой Тұяқ, Сейтен, Қияқ досым.
Кегімізді бұлар біздің жоқтар ма екен,
Олар да сақтар ма екен өз қу басын?
Күн шықса жарық етер жер мен көкті,

Жоқтайтын кісі бар ма біздің кекті.
Арманда кеттік, міне, екі пақыр,
Шер тіліп, жалған соғып көкіректі.
Кімге айтып жалынамыз мұңымызды,

Сұм Әжі тықты тірі көрге бізді.
Есіл деп нақақ кеткен артымыздан,
Жоқтайтын адам бар ма кегімізді?
Әжіге кім сөйлейді тура келіп,

Елімнің болмаған соң басында ерік.
Керейден тірі кеткен екі ғаріп,
Құн жоқтар адам бар ма қалсақ өліп?

тарихи  жырлар
Адамға туған жері қандай тәтті,
Жылаған ел қайғысы әбден батты.
Ақиық шыңнан ұшқан қыран едім,

Білдіртпей байқаусызда Әжі атты.
Оқ тиді қанатымнан тура жетіп,
Барамыз, Жұбай бала, тірі кетіп.
Жалғыз-ақ өзі жұмсап, өзі ұстаған,

Барады хан-төренің қорлығы өтіп.
Асқарың, қайран Алтай, асқан биік,
Бауырыңда жүруші едік ойнап-күліп.
Айырылып бара жатыр екі ғаріп,

Құшақтар күнің бар ма бізді сүйіп?
Мұзтаудың суы тасып, аққан өзен,
Жазық жон, қарағайлы асқар кезең.
Айырылған аңдаусызда, міне, өзіңнен,

Бар ма екен іздейтұғын бізді деген?
Майысқан гүл бәйшешек жапырағың,
Торқадай майда қоңыр топырағың.
Опасыз, қарабауыр, залым төре,

Көрсетпей отыр елге сырдың бәрін.
Арқалық осыны айтып ұран салды,
Дауысы ұран салған жерді жарды.
Жүрмейді артқан түйе шөгіп қалып,

Жануар, хайуандар да қайғыланды.
Жүрмеді артқан түйе қалды бұғып,
Тұрғандай жануарлар сөзді ұғып.
Әскерлер сөз бұйдалап тұрғызады,

Былдырлап, былшылдатып түйені ұрып.
Дарыңы сес көрсетті батырға кеп,
Албаты сүрен салып ақырма деп.
Аузыңа құм құямын деп қоқиланды,

Сөзді ұқпай енді албаты ақырсаң деп.

арқалық  батыр
Батырың сөзден қорқып тайсалсын ба,
Айғайлау үрей берді шырқап шыңға.
Қаһары қатты келген батыр ердің,

Дауысы күңіренді кең аспанда.
Әскерлер бұл қылыққа таңдануда,
Сескенбей айғайлаған мұндай жанға.
Жүрмейді бұйданы үзіп түйелер де,

Келеді қалың әскер қастарына.
Сол жерде бұлар енді кеңесіпті,
Көзін ашып, тынысын кеңейтіпті.
Сөзіне құлақ қойып тамақ берді,

Айғаймен бұл қалмақты жеңіп шықты.
Түйеге артып тағы жүріп кетті,
Арада әлденеше күндер өтті.
Күні-түні соза тартқан жүріспенен,

Буыршын қаласына келіп жетті.
Жайылды осы өңірге осы дабыл,
Естіді бұл хабарды моңғол тамыр.
Досынжап еңіреді есіл дос деп,

Осындай болмас бірге туған бауыр.
Бұл тамыр ести сала шауып кетті:

—Кім саған бұл пәлені тауып берді?

Досым-ау, аман ба елің, бұл не сұмдық,
Дұспаның байлап-матап алып келді.
Бұдан көп ер көңілін суытпады,
Дарыңға Досынжап та жуықтады.

Жалбарды «Арқалықты беріп кет» деп,
Тіліне көндіре алмай көп қиналды.

—Не алсаң мен берейін алтын-күміс,

Бар екен Арқалықта қандай қылмыс?
Барымды түгел ал да батырды бер,
Емес қой, тақсыр, сізге қиын жұмыс.

тарихи  жырлар

—Бермеймін Арқалықты жалбарсаң да,

Бас қойып аяғыма бас ұрсаң да.
Мансапты дутың деген алмақ болғам,
Тапсырсам қос батырды Ежен ханға.
Бермеймін бес ердің де берсең құнын,

Ақсүйек ханға қарсы бұл бір зұлым.
Әжі ұстап әтей маған беріп отыр,
Ей, Досын, сен білмейсің мұның сырын.

—Бір күндік кепілге бер, дарың мырза,

Бір күнге маған қонақ болсын риза.
Айырылсам өзімді ал, тілхат берем,
Жайылсын жомарттығың жұртымызға.
Бір түнге батырларды кепілге алды,

Өзінде барын бұған түгел салды.
«Қашса егер орнына өзің барасың» деп,
Қолынан Досынжаптың тілхат алды.
Кепіл боп Арқалық пен Жұбай ерді,

Үйіне Досын досы ертіп келді.
Кең жайып дастарханды достарына,
Дөнен қой алып келіп сойып берді.
Әйелі асын жөндеп ет асады,

Екі дос көп отырып сырласады.
Таба алмай құтылудың шараларын,
Бұларды үлкен қайғы-мұң басады.
Болғанда түн ортасы жатты бұлар,

Достықтың бал қаймағын татты бұлар.
Досынның жүрегінде ештеме жоқ,
Қатынының қиялында сақтығы бар.
Досынға:—Батыр қашса,—деді әйелі,

Басыңды байлап беріп мәртебелі.
Ежелден досым дейсің жаны бірге,
Ол кетсе дарың сені қайтер еді?

арқалық  батыр

—Жатырсың арам оймен жоқты бастап,

Секілді сенше олар қайда қашпақ?
Аққан су жардан асса, таудан аспас,
Кетпейді досым мені, сірә, тастап.
Жұбай ер былай деді Арқалыққа:

—Алдың жау қамалаған артың соқта.

Кетейік жан сауғалап бүгінгі түн,
Маңайда аңдып тұрған адам жоқта.
Жұбайға Арқалық түйіледі,
Досынның мінезіне сүйінеді.

—Егерде қашып кетсек бұл арадан,

Досынға бар пәле келіп үйіледі.
Жұбай ер Арқалыққа тілек етті,
Арқалық сөздің мәнін біл деді епті.

—Достыққа опасыздық жараспайды,

Алып ең қайдан тауып бұл әдетті?
Егерде қашып кетсең бүгін түнде,
Атпай ма дос дәм-тұзы бізді мүлде.
Ойлашы әрбір істі, Жұбай бала,

Кіршік жоқ менің титтей көңілімде.
Киімін ер Арқалық шешінеді,
Жұбай да кетпеске енді бекінеді.

—Досыма қас қылғаным арыма жат,

Кетпеймін, Жұбай бала, кешір,—деді.
Ұйқысы қанғанда әбден түрегелді,
Досына Досынжап та күйінеді.

—Басымды бір сен үшін бәй тіксем де,

Қайтейін бермеді ғой дарың сені.
Әжінің ілініпсің садағына,
Дәнді алып, өрт қойыпты сабағына.
«Пайдасы болар бәлкім асылдың» деп,

Бір кездік желімдеді табанына.

тарихи  жырлар
Соқтырған асыл еді қырық ошақтан,
Қайтпайды кесер болсаң темір-тастан.
Жарар деп керегіңе ебі келсе,

Бұғаудан кісен кесіп, есік ашсаң.
Құшақтап Арқалықты тұрды қысып,
Дос жүрек бірде суып, бірде ысып.

—Қайғырма, аман орал, тілегім сол,

Жігерді мұқалта алмас мұндай ұшық.
Дәл айтқан уағында жетіп барып,
Арқалық сөйлейді енді күйіп-жанып.

—Кәнеки, кебежеге жатқыз бізді,

Қолға көзір, аяққа кісен салып.

—Досынжап, айналайын, жақын досым,

Аман бол, айтқан саған ақыр хошым.
Жалғыз-ақ жүрегімде арман кетті,
Әжіден алынбады ақтық өшім.
Түйеге теңдеп алып жөнеледі,

Күн жаңбыр, кейде нөсер себеледі.
Қолда көзір, аяқтағы кісендерді,
Батырлар уайым қып елемеді.
Сонымен бірнеше күн бұлар жүрді,

Күн түсті бастарына әрбір түрлі.

—Кенезем кеуіп, аға, шөлдедім,—деп,

Зар жылап шыдамады Жұбай мұңлы.
Барады есті құртып шөл дегенің,
Бүйткенше сәби күнде өлмегенім.
Тіл сыймай ауызыма дымым құрып,

Қорлықты бұндай бұрын көрмеп едім.

—Мұңайма, Жұбай досым, амал бар ма,

Жүретін ойнап-күліп заман бар ма?
Келемін көп қасқырдың ортасында,
Жанашыр қазір бізге адам бар ма?

арқалық  батыр
Не келіп, не кетпейді ер басына,
Шығармыз біз де бір күн өр басына.
Армансыз бұл дүниеден өтер едім,

Әжінің ойран салсам ордасына.
Шақсам-ау ордаңды мен Алла оңғарып,
Басымнан кетер еді-ау мұңлық-зарлық.
Ортаңда ойнап-күлген қайран елім,

Айырылып үйірімнен болдым ғаріп.
Арада он-он бес күн өтіп кетті,
Бұлар да Ежен ханға келіп жетті.
Сұрақ сұрап, дүрелеп жанын қинап,

Жазықсыз қайран ерді еңіретті.
Қол-аяқ темір шынжыр көзірленген,
Бірде ащы, бірде тұщы өмір деген.
Тағдырдың жазғанына ризамын,

Әйтеуір, бар емес пе өлім деген.
Зынданда жатты сөйтіп екі батыр,
Басына түсті пәле заманақыр.
Береді сөткесіне шерік қарма,

Қолдан келер іс жоқ шыдайды ақыр.
Көтеріп жерден басын ала алмайды,
Орнынан қозғалуға жарамайды.

—Мойнымды қажап, қиып барады-ау,—деп,

Бейшара Жұбай бала зар жылайды.
Тақтайға қол мен аяқ шегеленген,
Көзбенен көрмегендер сенер ме екен.
Тұрғанда шамы жанып тіршіліктің,

Батырлар тас зынданда өлер ме екен?
Өмірдің бізді осылай қинағаны-ай,
Қол-аяққа жеке көзір салмағаны-ай.
Осындай бейнет салып бізге жастан,

Әжінің қара ниет алдағаны-ай.

тарихи  жырлар
Шаштары, тырнағы өсіп, көзін жауып,
Жатады домаланып екі ғаріп.
«Ажырғы қиып кетті мойынымды» деп,

Ер Жұбай мұңаяды қайғыланып.

—Шіркін-ай, өстіп шіріп өлеміз бе,

Егіндей қайта шыққан өнерміз бе?
Әлпештеп жастайымнан баққан анам,
Бір барып сізді тірі көрерміз бе?

—Жылама, бауыр Жұбай, бекер жасып,

Бойыңнан ақыл-қайрат кетер қашып.
Жақсылық пен жамандық егіз туған,
Шығармыз біз де бір күн есік ашып.
Қараңғы түн бірдей ме күндізбенен,

Бір адам болар ма екен бізді іздеген.
Тексеріп ақ-қараны айырғандай,
Ой, Алла, шырақ бар ма бізге деген?
«Зынданға екі батыр келді» деген,

«Жендеттер сыбағасын берді» деген.
Хабарды естігенде ханның қызы,
Сезімін тежеп қалды елжіреген.
Қоңқаның айтқан сөзі жүрегінде,

Бар еді бұл жайында білері де.
Хан қуып жібергенмен ғашық жарын,
Үзбеген Қоңқасынан күдерін де.
Сұрау сап хабарды елден әбден ұқты,

Өзгеге оза шықпақ болған мықты.
Қоңқасы іздеп кеткен көңілге алып,
Көрмекке дайындалды Арқалықты.
Хан қызы жалғыз өскен, еркелеткен,

Қасына қырық қыз қосып серуендеткен.
Бұралған он сегізде сол ханыша,
Зынданға тамашалап келіп жеткен.

арқалық  батыр
Есікті аштырады лаузыңға кеп,
«Жатқан сол батырларды көрейін,—деп.
Егерде сенен біреу жөн сұраса,

Жауабын қорықпа өзім берейін» деп.
Аштыртып есікті қыз кіріп келді,
Бүктеліп жатқан жанды көзі көрді.

—Басыңды көтер жерден, екі батыр,

Арқалық қайсысың?—деп сұрау берді.
Арқалық аспай-саспай бас көтерді,
Есіктен келіп тұрған қызды көрді.
Бұралған тал шыбықтай ханышаға,

Арқалық бір қайырылып көз жіберді.

—Мен едім Арқалықтай ердің ері,

Арықтап қалғанымда көрдің мені.
Ажырғы, қол-аяғым көзір, кісен,
Ханыша, не жұмыспен келдің?—деді.
Ханыша, дәл осындай хан бола ма,

Армансыз дүниеде жан бола ма?
Алтайдың ақиығы секілді едім,
Тұлпарда арықтаса сән бола ма?
Осымен өмір, жастық өткені ме,

Әжіден маған ажал жеткені ме?
Ақтарып іс сұрамай әкең сенің,
Өміріміз тас зынданда кеткені ме?
Құлағын кім салады біздің зарға,

Кез болдық сенің әкең пейілі тарға.
Жұмсаған Әжі төре аман қалып,
Жатырмыз, міне, келіп зынданыңда.

—Естіп пе ең сен Еженнің қаламқасын,

Іздедім Арқалықтың алам басын.
Айтып қал өлмей тұрып арызыңды,
Әкемнің кегі сенде, тана алмассың.

тарихи  жырлар
Бұл нең ед ел шабатын қанға бояп,
Ақыры сол себепті жедің таяқ.
Жұмсады сені Әжі жылқы алғызды,

Қорғауға жарамады сені аяп.

—Ханыша, нелер ағат өтеді екен,

Сұм жалған ақыр түпке жетеді екен.
Мәтелі бұрынғының бәрі рас,
«Ит жалдаған ақыр суға кетеді» екен.
Өлді әкең қарсыласып қан майданда,

Арман не майдан ұстап өлген жанға.
Қанеки, аямай шап, болса ерлігің,
Бас алсаң дайын, міне, ажырғыда.
Қыз сонда күлімсіреп шырай берді,

Мөлдіреп нәркес көзден жасы келді.

—Зәңгінің сен өлтірген жалғызымын,

Көрмей қалдым,—деді де жылай берді.

—Қазақтың даңқы шыққан батыры едім,

Мұңлының жылытатұғын мұз жүрегін.
Айта бер тағы айтатын ісің болса,
Аларсың асықпастан әкең кегін.

—Арқалық, мені риза еттің,—деді,

Сырыңа көзбен көріп жеттім,—деді.
Көрмеген сен батырға табыстырды,—
Сол кезде қыздың шықты сыртқа демі.

—Қайғыға шыда, батыр, қарсы шауып,

Қыла ма ешнәрседен ерлер қауіп.
Төреге еремін деп өзің, міне,
Ақыры жығылыпсың аттан ауып.
Келмейді өткен өмір сұрағанмен,

Көл қылып көздің жасын жылағанмен.
«Сабыр түбі—сары алтын» деген сөз бар,
Ақыры қайыры болар шыдағын, сен.

арқалық  батыр
Естісем сен де ерен батыр дейді,
Зынданда тұтқын болып жатыр дейді.
Жанға дос дос іздеген бола алады,

Жауына жауласуға татыр дейді.
Отырды қыздар ұзақ жауаптасып,
Сөйледі әрбір сөздің бетін ашып.
Ханнан зорлық көрген біреу келіп,

Бар екен бір батыры болған ғашық.
Ол өзі қол бастаған саңлақ екен,
Ежелден жалғыз жүрген қалмақ екен.
Қыз екеуі сүйісіп бірін-бірі,

Уағда сөз байласып алған бекем.
Көрмесе бірін-бірі жүрмейді екен,
Жалындап ғашық оты жанған ба екен.
Жүргенде махаббаты оттай лаулап,

Бір күні сыры ашылып қалған екен.
Қыз байқұс осы сөзді айтты шағып,
Жылайды өксіп-өксіп бетін басып.
Айтады:—Қайда екен,—деп,—сүйген жарым,

Кезігер күн туар ма сол бір ғашық.
Отырды мұңын шағып сол ханыша,
Айтады қайғы-зарын жан ашына.
Арқалық тебіреніп көз тігеді,

Тордағы тотының сол баласына.
Арқалық қыз сөзіне кетті тасып,
Қарсы алды сол талабын құшақ ашып.
«Босасам арманыңа жеткізейін»,

Сұлуға сөз байлады уағдаласып.
Сызылып қыз қош айтты сәл ойланып,
Нұр шашты ал бетінен арайланып.
«Үнемі тамақ беріп тұрамын» деп,

Есіктен шықты артына қарай барып.

тарихи  жырлар
Бұны айтып қыз да кетті ордасына,
Арқалық мақтанады жолдасына.
«Тамағына Еженнің тоямыз» деп,

Қалжыңдап мойын бұрды Жұбайына.

—Еріккен ханның қызы серуенде,

Арқалық, бекер-босқа сену жөн бе?
Басыңа тисе дағы қоймапсың бір,
Бұл жатқан түріңді бір көрмейсің бе?
Етін жеп, ішсем дейсің шайын қайтіп,

Отырсың амал қанша соған нанып.
«Батыр аңғал» дейтұғын осы емес пе,
Не қайыр тілейсің сен бүйтіп жатып?

—Ей, Жұбай, сен көресің әкелгенде,

Наны мен етін жейсің ап келгенде.
Аяқ-қолым кісенде болғанымен,
Даңқым бар батыр деген барлық жерде.
Таң атты бір қыз келді есік ашып,

Тайсалмай батырларға қадам басып.
«Қайраны ханышаның мынау» деді,
Әкелген шай қайнатып, етін асып.
Қолдары шегелеулі ерлер жасып,

Тізесімен жұлып жепті етті басып.

—Өтер ме өміріміз,—деді Жұбай,—

Түсті ғой үлкен қорлық бастан асып.
Өтер ме өміріміз осыменен,
Кетпек пе тас зынданда жасуменен.
Құдайым қуат беріп шығамыз ба,

Шаш, тырнақ кетер ме екен өсуменен?

—Жұбайым, тойдың ба енді ет пен шайға

Батырдың пайдасы бар осындайда.
Шіркін-ай, адам болып қатарға еніп,
Ұрандап шығармыз ба біз майданға?

арқалық  батыр
Құдай-ау, жетерміз бе біз Сауырға,
Сарғайып өлерміз бе біз зынданда?
Әжінің барып шақсақ шаңырағын,

Құдайым медет берсін біз пақырға!
Батырлар осылай деп мұңдасады,
Тамақты уағында ап жырғасады.
Көп мезгіл арасында уақыт өтіп,

Бір күн кеш ханыша кеп сырласады.

—Бармысың, екі батыр, есіл ерім,

Бар еді біраз ғана саған дерім.
Сендерді дарға ертең аспақ болды,
Ақыры жақындады өлер жерің.
Арқалық қарады хан баласына,

Көзінің от боп жанған қарасына.
Шара жоқ Құдіреттен тілек тілеп,
Сиынды зарын айтып Алласына.
Соны айтып қыз орнынан түрегелді,

Бір сезім батырларды биледі енді.

—Айтқаным, батырларым, міне осы,

Ақылды асыл адам игереді.
Зынданнан әттең, шіркін, босарсың ба,
Өлімді өз қолыңмен тосарсың ба.
Кезігіп босай қалсаң келші, батыр,

Мен өлдім ғашықтықтың құсасында.
Кезігіп батыр болсаң кет менімен,
Қосылса риза болар тең-теңімен.
Егерде шыға алсаң пір медет болып,

Арқалық, кете берме өз жөніңмен.
Болар деп отырғам жоқ жақсы хабар,
Ертең түсте дарада басың шабар.
Жамбылға сұрақ алған кіре қалсаң,

Жеті үйде жанып тұрған жеті панар.

тарихи  жырлар
«Қош тұр» деп Арқалыққа қайтып кетті,
Ханыша осылай қып айтып кетті.
Есіл ер қыздың сөзін естігенде,

Өксігін баса алмай еңірепті.
Арқалықтың зары

—Айналайын, Жұбайым,

Енді не ылаж қылайын.
Басыңды көтер, қарағым,
Түсті бізге уайым.
Уақытымыз жетіпті,

Ежен үкім кесіпті.
Бір ауыз сөз сұрамай,
Өлімге бізді бекітті.
Бұған не ылаж қылайын,

Қуат берші, Құдайым.
Тұрағым жетіп құлайын,
Өксіп-өксіп жылайын.
Сүйегімді алатын,

Адам бар ма, Құдайым?
Түнек болып қалатын
Болды менің күн-айым.
Қасыма жылап баратын,

Қара жерге салатын.
Табылар ма бір адам
Шаш, тырнақты алатын?
Терең қазып көметін,

Табылар ма мұсылман?
Бізге көңіл бөлетін,
Іс түскенде ысылған.
Біз не деген сорлы едік,

Жарық күнді көрмедік.

арқалық  батыр
Бүйтіп азап тартқанша,
Әуелде неге өлмедік.
Ішімде қайғы шер болып,

Қайран елім қалды ғой.
Ит пен құсқа жем болып,
Ажал құрық салды ғой.
Алтай, Сауыр жерімді,

Көрмедім туған елімді.
Қолдай көрші, Құдайым,
Сорлы туған еріңді.
Жеті жыл жылап зарландым,

Тәңірімнен танбадым.
Әжі төре, ит төре,
Кегімді барып алмадым.
Жеті жыл жаттым зарланып,

Ордаңа ойран салмадым.
Найзаны бояп қанменен,
Ішіңді, залым, жармадым.
Отқа итеріп түсірдің,

Қайтейін қатты алдадың.
Әділетсіз Ежен ит,
Келіп тұр ма жалмағың?
Көзімнен аққан жасымды-ай,

Жұбайым жалғыз қасымда-ай.
Он екі абақ керейден
Бізге медет болмады-ай.
Айналайын, Құдайым,

Төгілмей ме мерейің?
Медетің бар ма біздерге,
Осыдан басқа не дейін?

тарихи  жырлар
Өсірген қайран халқым-ай,
Көрмедім барып аршындай.
Қайғым кетті қайтейін,

Арманым іште ашылмай.
Жанашыр бізге адам жоқ,
Баста бүгін пана жоқ.
Біздей сорлы бар ма екен,

Артында іні-аға жоқ?
Сүйенішім ел еді,
Күн шалған асқар бел еді.
Жұбай менен Арқалық,

Арманда жатып, міне, өлді.
Жұбайым, күнім, жаным-ай,
Қимаймын, досым, өзіңді.
Қатем болса кеше көр,

Артық айтқан сөзімді.
Арқалық жылауменен ұйықтап қалды,
Зарлауменен бейшараның жағы талды.
Зарлаған қос батырдың көз жастарын,

Бір Алла медет беріп ойына алды.
Арқалық ұйықтап жатып көрді бір түс,
Түсінде көрді жақсы қуанышты іс.
Келіп тұр «Жәнібектің өзімін» деп,

Ақ шапан, ақ сақалды бір ғажап іс.

—Шақырғын әруағымды, «батырым» деп,

Қайғырма бұл қорлыққа уайым жеп.
Айғайлап атымды атап ұран салшы,
Тәңірім жәрдем берсе болар себеп.
Арқалық ұран салып айғайлайды,

Бұлқынып айғайменен оянады.
Салынған қол-аяққа матаулары,
Үзіліп быт-шыт болып жоғалады.

арқалық  батыр
Батырдың бір арманы орындалды
Кедергі талқандалды жолындағы.
Жеті жыл өте шықты еңіреген,

Есіне асыл түсті табандағы.
Зынданда жатқанына аз болмады,
Бір талай уақыт өткен заман дағы.
Сол кездік етке сіңіп беріш болған,

Тырмалап табанынан жұлып алды.
Жан досы бұл асылды желімдеген,
Бір пайда болар деген сенімменен.

—Жұбайым, басты көтер, қайғырма енді,

Құдайдың қуаты бұл бізге берген.
Қайратын ер Арқалық алды жиып,
Бауырдай темірлерді кетті қиып.
Босатып қол-аяғын Жұбай ердің,

Анадай аймалады құшып-сүйіп.
Алады шаш, тырнағын, бетін жуып,
Жұбайды тастайды ол қайтіп қиып.

—Қосылдық қатарына адамның,—деп,

Отырды Жұбай бала сәл жымиып.
Тағдыры таяғанда шама қайда,
Жұбайдың шарасы жоқ тұруына.
Ажырғы еттен өтіп, сүйек кесіп,

Өтіпті бір жолата жұлынына.
Жұбайдың осы арада есі кеткен,
Осы ма ажал деген келіп жеткен.
Бұлғақтап басы бөлек жүре алмайды,

Адамға қорлық еді мынау неткен.
Зынданның жатқан қор боп тұйығында,
Қарайды жан досының мойынына.
Таңып ап жаман-жұтық шылғауменен,

Жұбайды салып алды иығына.

тарихи  жырлар
Есікті бір-ақ теуіп шықты шағып,
Күзетші көрінбейді тұрған бағып.
Лаузың да ұйықтап жатқан қапері жоқ,

Бір қойды борбайынан жұлып алып.
Батыр еш нәрседен қылмас қауіп,
Шақырып жатыр екен басқы тауық.
Ойлады «ертең қызбен тілдесем» деп,

Бір жайлы бекініс жер алсам тауып.
Тұрарлық кез емес қой сабыр қылып,
Жұбайын көтеріп ол кетті жүріп.
Еженнің қақпасының алдындағы,

Көпірдің астына кеп жатты кіріп.
Көпірдің асты өте жаман екен,
Жиылған ылғи шөп пен шалаң екен.
Таяуда ескерусіз жата берді,

Сол кезде таң да атып қалған екен.
Осы жер батырларға пана болды,
Бекініс болад деп кім қарады оны.
Бақылап күндіз алса жау қимылын,

Түн келсе батырлар да табар жолды.
Атылды пожаңзысы дабыл қағып,
Көшеге шықты түгел жұрт ағылып.
Жамбылдың қақпалары ашылған соң,

Атарман-шабармандар жүр сабылып.
Ежен хан шықты сонда алтын таққа,
Әскерді жіберді де зындан жаққа.
Батырдың басын кесіп өлтірмекке,

Әскерлер қаз-қатар боп тұрды сапқа.
Жинады қаладағы барлық елді,
Ханыша бағанағы қыз да келді.
Кісен, шынжыр шағулы, лаузың өлген,

«Батырлар қашыпты» деп хабар келді.

арқалық  батыр
Уәзір әмір күтті сапқа тұрып,
Ежен хан жарлық шашты тақта отырып.

—Іздеңдер тұс-тұс жақтан әскерменен,—

Деп Ежен қаһарланды қатты ақырып.
Таба алмай қайтты әскерлер кешке айналып,
Жол-жолдың, тосқауылдың бәрін шолып.
Үш жүз әскер көпірден өткен кезде,

Арқалық көк ала атты қалды танып.
Көпірде бас шығарып мойнын бұрып,
Арқалық ұмтылады көзі тұнып.

—Аңғалдық істемеші, ағатай,—деп,

Тартады етегінен Жұбай тұрып.
Арқалық, жатқан жерің үлкен қала,
Көпірдің асты болды бізге пана.
Біреудің көзі шалса ұстамай ма,

Батыр-ау, болмасаңшы бүйтіп бала.

—Жұбай-ау, қарағаным көзім салып,

Ойлама уайым мен қайғыланып.
Жеткізбеген баяғыда көк ала атты,
Өтіп кетті, сыртынан қалдым танып.
Дөп келсе ажал оғы қайда қашпақ,

Құтылдық тас зынданды артқа тастап.
Тұрмын мен көк ала аттының ізін бағып,
Келемін ұрлап алып түнге жастап.
Егерде көк ала атты әкетпесек,

Бермейді қалың қалмақ бізге теңдік.
Өзгені әбден мықты есептесек,
Ешқандай өзімізде болмас кемдік.

—Арқалық, болар сізге не дегелі,

Болар ма сіз батырға тең келері?
Көк ала ат екендігін қайдан білдің,
Жеті жыл өтіп кетті содан бері.

тарихи  жырлар
Күн батып ақшам болып ел де жатты,
Адамзат тәтті ұйқыға әбден батты.

—Жұбай-ау, сен осылай жата тұршы,

Мен барып әкелейін мінер атты.
Орнынан тұрып кетті қайта айналып,
От болып екі көзі тұрды жанып.
Жинап кеп жаман-жұтық кендірлерді,

Көпірге ер Жұбайды кетті таңып.

—Ей, Жұбай, жаумен қалсам ұшырасып,

Мылтық атып, айғай шығар, қылыш шауып.
Шыдамай тұрып кетсең адасамын,
Көзеулі жерден енді алам тауып.
Сол үшін де байладым, жаным інім,

Көңіліңе ауыр болмас менің мұным.
Жата бер қорықпастан осы арада,
Көрсетер күн шығар бізге Тәңірім.
«Тәуекел» деп Арқалық жүрді беттеп,

Келеді ақырын басып жылжып ептеп.
Бойына жинап алды бар қайратын,
Өн бойын бара жатыр ашу кернеп.
Жамбылдың аузына келіп жетті,

Қақпаның шынжырларын кесіп кетті.
Қайтар емес жанған от, атқан оқтан,
Қасына күзетшінің келіп жетті.
Қасына күзетшінің жақын барып,

Қарайды жан-жағына көзін салып.
Күзетші тұшты ұйқыда жатыр екен,
Құшақтап бір мылтығын қолына алып.
Қырандай түлкі ұстаған жұмарлады,

Ішінен шығарғандай бір арманды.
Екі бүктеп өлтіріп тастады да,
Олжа қып мылтық, оғын қолына алды.

арқалық  батыр
Қыз айтқан сол мөлшерлі жерге жетті,
Хан жатқан сарайға да жақын кепті.
Айтқандай жанып тұрған жеті панар,

Осы болар деген оймен кіріп кетті.
Келеді бір есіктен бір есікке,
Бірінен бірі көркем келісіпті.
Бір үйді ашып барып еніп кетсе,

Жетіпті Ежен ханның дәл үстіне.
Ешкімнен сескенбейді асып-сасып,
Үстіне кірді ханның есік ашып.
Ежен хан көргеннен соң Арқалықты,

Жөнелді ханымына тұра қашып.
Барды да төсегіне еніп кетті,
Жан тәтті, ханды үрей жеңіп кетті.

—Мен—Арқалық іздеп әтей келдім саған,

Қолыңнан келсе мені өлтір,—депті.
Дауысы қатты шығып ашу кернеп:

—Кім айтар ақымақ сені әділ хан деп.

Жұмсады Әжі мені амалым не
«Кегімді дөрбіттерден алып бер» деп.
Сендерді шаптым Әжі тіліменен,
Нақ істі тектемедің шыныменен.

Жеті жыл жаттым нақақ зынданыңда,
Өмірім өтті менің өксуменен.
Ақиқат, әділеттік бар ма сенде,
Болды ма барлық күнә қазір менде?

Сен егер міндет берсең бір батырға,
Тіліңді алмай қойса ол да жөн бе?
Өзің жұмсап аямай ұстап берсең,
Әділет болар ма екен ойлап көрсең.

Ендігі өмірімде ақымақпын,
Ақсүйек сен иттерге, сірә, сенсем.

тарихи  жырлар
Қалмайды Ежен ханда ешбір шара,
Көрдім ғой опасыздан мен көп жала.
Ордаңды қан қып, өзіңді өлтірем,—деп,

Арқалық түрегелді қаһарлана.

—Болар ма дүниеде мұндай қорлық,

Сендерді жаратқан кім бізден зор ғып.
Ақиқат сұрамадың Әжі үшін,
Қаныңды ішейін бе ұрттап-төгіп.
Сонда Ежен қаны қашып дірілдеді,

—Тақсырым, тақсырым батыр, өзің,—деді.

Қателік өтті менен өзің біл,—деп,
Көрпенің астында хан бүлкілдейді.
Арқалық айғай сала түрегелді,
Қайраты тұла бойды кернеді енді.

Сол кезде есік ашып ептеп кірген,
Бұралған ханышаны көзі көрді.
Ханыша кіріп келді қадам басып,
Секілді шолпан жұлдыз есік ашып.

Жымиып күлімсіреп келді дағы,
Отырды Арқалықпен амандасып.

—Ер екенсің сескенбейтін тірі жаннан,

Тұрмысың өш алғалы біздің ханнан.
Маған бер ашуыңды ей, батырым,
Екенсің озып шыққан мың мен саннан.
Білмеген қадіріңді Әжі ақымақ,

Батырлық маңдайыңа орнаған бақ.
Өзі жұмсап, өзі ақыр ұстап берген,
Жаттың сен осы арада рас нақақ.

—Келдің сен ашу сұрап, ей, ханыша,

Адамға нақақ қиын жала жапса.
Өзі жұмсап, ақырында ұстап берді,
Осы іс жөн бола ма, ханнан сұра.

арқалық  батыр
Сүйенген иең теріс айланбасын,
Басыңа нақақ пәле байланбасын.
Ежен бұл ақиқаттап жөн сұрамай,

Жеті жыл тұтқын болдым қайран басым.

—Ақиқат іс болмады, рас бұнда,

Өзің келіп отырсың біздің ханға.
Мехнат аз көрмедің біздің қолда,
Ерлікпен бұздың өзің қамалды да.
Хан сөйлеп көрпе астында бүлкілдейді,

Шошынып дір-дір етіп селкілдейді.
«Әкемді өлтіріп бұл тастай ма?» деп,
Қыздың да екі көзі мөлтілдейді.

—Арқалық, ер екенсің білдім қанық,

Көз жұмбас ерлігіңді адам танып.
Қолыңа қағаз жазып» таңба берем,
Батырым күндіз аттан бүгін жатып.
Нақ батыр екенсің сен тас жаратын,

Меңгеріп қандай істі басқаратын.
Байқасам арыстандай айбатың бар,
Түсіңді көрген адам жасқанатын.
Неше жыл жаттың рас қамауда сен,

Айталам батыр жоқ деп сенімен тең.
Нақақтық өтті менен мойныма алам,
Сөзіңнің маған айтқан бәрі де жөн.
Ат мініп және алып кет азық-түлік,

Дем алып жатсаң дағы өзіңде ерік.
Қадірін біле алмаған сендей ердің,
Ақымақ Әжі төре, қандай шірік.
Астыңа ат, сауыт-сайман мен берейін,

Уағыда екі етпеуге қол берейін.
Көңілің ақсүйектен қалған шығар,
Арқалық, бұдан артық мен не деймін?

тарихи  жырлар

—Ежен хан, айтқан сөзің бәрі де анық,

Кетеді ақсүйектер сөзден танып.
Шықпайсың ертеңгі күн түске дейін,
Жатамын көпіріңде садақ алып.
Құп болды осы сөзге Ежен хан да,

Адамдар көп шығып жүр ордада.
Ежен хан көрпеден бас көтермейді,
Адамдар «не болды» деп сұраса да.

—Ханыша, сізге бердім ашуымды,

Қош айтып, шығарып сал өзің енді.

—Кәнеки, мен шығарып салайын,—деп,

Ханыша сонда орнынан түрегелді.
Қадірін хан білмеген есір ерді,
Ханыша бастап алып жөнеледі.
Батырдың айбаты өсіп хан алдында,

Төбесі көктегі айға теңеледі.

—Төндірдің ханға, Арқалық, заманақыр,

Үйінде әкем шошып әзер жатыр.
Айтамын арманымды, ей, Арқалық,
Тапсырам, қандай халде Қоңқа батыр.
Ғашықтық батты менің жүрегіме,

Жеткізбей әкем менің тілегіме.
Берем деп ақсүйекке зұлымдықпен,
Жетпедім арманыма керегі не?
Тапсырам сол Қоңқаны енді саған,

Көретін есіл ерді бар ма заман?
Қай жерде, қандай күйде біле алмадым,
Іздестір ел-жұртыңа барған заман.
Әлі де отырғам жоқ күдер үзіп,

Қараман ақсүйекке көзім сүзіп.
Арқалық ерлігіңе тапсырамын,
Аманат Қоңқаға бер—алтын жүзік.

арқалық  батыр
Торғын шыт, алтын балдақ белін түйіп,
Қоңқаны жаратып ем өзім сүйіп.
Бермек боп әкем жүр ғой өзі біліп,

Бергем жоқ әлі де жауап басымды иіп.
Жүзікті, ей, Арқалық, қолыңа ал,
Ұмытпай айтқан сөзді ойыңа ал.
Қоңқаны іздестіріп таба алмасаң,

Қарызы жоқ жүзігімді қолыңа сал.
Арқалық қыз жүзіне көзін салды,
Шын сырын танып жүзік қолына алды.
Бауырсақ, екі тұлып, піскен еттен,

«Жол азық болсын» деп қыз әкеп берді.

—Әкеме сеніп кетпе, бетіңмен кет,

Өзің күшің алып шығар болса да тек.
Маядан екі ат таңдап ал, батырым,
Еліңе аман-есен тезірек жет.
Арқалық, тілектеспін, батыр, саған,

Зарыққан шығар сенің ата-анаң.
Қайыр қош, дос болайық, қолыңды бер,
Жетіңіз еліңізге есен-аман?
Жігітке пайдалы емес қайғылы мұң,

Бар шығар бізге дағы шығатын күн.
Тұлпарды жетелеп кеп Жұбайына,

—Кетейік,—деді,—бауыр, бүгінгі түн.

Келеді Баяндыда екі бала,
Жүре алмай атқа Жұбай қайғылана.

—Арманым болмас еді өліп кетсем,

Бір рет туған жерді көріп қана.
Сарғайған сар далада көз жетпейді,
Дүниеде арманда болып кім өтпейді.
Өлсем әруақ, тірі болсам сүйегімнен,

Қорлығы Әжі иттің еш кетпейді.

тарихи  жырлар
Кешқұрым жүрген жері шөл мен дала,
Мойыны Жұбай ердің ауыр жара.
Шалқар түс мезгілінде келе жатса,

Алыстан көрінеді жалғыз қара.
Келеді алыс жерден жалғыз атты,
Екпіні желе жортқан тым-ақ қатты.

—Кім де болса танысып қалайын деп,

Арқалық сол арада Жұбайға айтты.

—Кім екен мұнда жүрген құба шөлде,

Көрейін күшін сынап онымен де.
Дүниеде армансыз болып кім өтеді,
Ол дағы елден шыққан асқан ер ме?
Яки қуғын көрген жан ба екен,

Ішінде бір арманы бар ма екен?
Жұбай-ау, дем ала тұр осы арада,
Қылатын қастығым жоқ басқа бөтен.

—Ей, аға, бармасаңшы тілімді алсаң,

Мен ғаріп өлемін ғой сенен қалсам.
Мүсәпір боп келеміз жол үстінде,
Күші артық боп жүрмесін сол бір адам.
Жетейік аман-есен елімізге,

Қарайық жүрген осы кейпімізге.
Құтылдық Ежен ханның зынданынан,
Берді ғой Алла қуат өзімізге.
Бейуаз бара жатқан ана адам,

Құдайым қуат беріп болды панаң.
Егерде сізге анадан қауіп төнсе,
Шамам жоқ жау қолында қайтып қалам.

—Жұбайым, ақылға сен болдың зерек,

Адамға бос уайым неге керек?
Көрейін мен де барып оны сынап,
Алланың салғанына көну керек.

арқалық  батыр
Ұры болса, сужүрек тұра қашар,
Батыр болса, қасқайып қарсыласар.
Титтей де қастығым жоқ сынап көрем,

Қимылды қолданбаймын алаңғасар.
Екпіні оның дағы қатты тым-ақ,
Жүргендей арпалысып атын сынап.
Арқалық қоян қолтық таянғанда,

Тұп-тура қарсы шапты тіке құлдап.
Тұлпарын астындағы екпіндетіп,
Айбармен ер Арқалық келді жетіп.
Батырды сынап көрді бір аударып,

«Қой, батыр» деді күліп кете беріп.
Арқалық тағы келді аударуға,
Қозғалмай әлгі адам қалды тұра.
Түксиіп қарады да жүріп кетті,

Мазақ қып тұрғандай боп Арқалыққа.
Келгенде ер Арқалық және оралып,
Сарт еткізіп ат үстінен жұлып алып.
Көлденең Арқалықты ерге басып,

«Үш келдің» дегендейін ыза болып.
Бетіне қарады да ер Арқалық,
Күледі сақ-сақ етіп мұңлы ғаріп.
Сұрайды тізгін тартып әлгі батыр,

«Күлгенің не маған» деп тұра қалып.

—Ердің ерін кезіккенде біледі екен,

Батырлар да дала кезіп жүреді екен.
Мен дағы өзіңдей бір батыр едім,
Ердің ер тақымында күледі екен.
Қай ру, қай арада туған жерің,

Көп тартқан адамсың ғой қайғы шерін.
Жөніңді енді маған түсіндірші,
Ей, батыр, кім болады атың сенің?

тарихи  жырлар

—Келіп ем сынамаққа әтей жақын,

Тым артық көрінеді салтанатың.
Ішінде қазақ, қалмақ аты шыққан,
Болады ер Арқалық менің атым.
Атынан сонда қалмақ қарғып түсті,

Құшақтап Арқалықты қатты қысты.
Бұрыннан бірге жүрген таныс жанша,
Туысқан адамдардай сағынышты.

—Арқалық, сен екенсің, қайран батыр,

Менің де жүрегімде арман жатыр.
Көрсем деп сені көптен ойлаушы едім,
Кезіктің Баяндының құмында ақыр.
Әйгілі Қоңқа батыр менің атым,

Айдауға жіберіп ед Ежен залым.
Сол ханның қызы ханышайым,
Өмірде арман еткен ғашық жарым.
Сондықтан айдауда боп болдым ғаріп,

Өзіңді көрмесем де атың қанық.
Армансыз дүниеден кетер едім,
Жауабын ханышаның алсам барып.

—Ей, батыр, өткізіпсің талай қызық,

Өмірден кеткен жаман күдер үзіп.
Сол сүйген жарың сізге сәлем айтты,
Аманат берді саған алтын жүзік.
Шыт, жүзік Қоңқа батыр қолына алып,

Жүректе махабаттың оты жанып.
Батырдың өңі өзгеріп шалқыды ерек,
Толқыды ой-қиялы рахаттанып.
Үш күндей бірге жатты бұлар құмда,

—Арқалық, менің айтқан сөзім тыңда.

Астымда қозыкүрең атты берем,
Жеткізбес төрт аяқты жануарға.

арқалық  батыр
Барамын тірі болсам мен де айналып,
Қалмаса ажал жетіп, тіл байланып.
«Өлмеген көріседі» деген бар ғой,

Ұзаса кезігерміз жыл айналып.
Достыққа айрылмастай уағыда етті,
Арқалық Жұбайды ертіп жүріп кетті.
Олар да күн-түн жүріп бір бастауға,

Жаралы Жұбайды алып әрең жетті.
Бейнеттен арылмады, сордан ашты,
Жүріпті құлан аулап көп қарақшы.
Келгенін екі адамның бұлар көріп,

Тұс-тұстан қамалады тонамақшы.
Сақадай бәрі мерген, садақ қолда,
Қамалап ортаға алып атты сонда.
Жұбайдың атына оқ тиді келіп,

Арқалық алып қашты, Құдай қолда!
Күреңнің жамбасына қамшы басып,
Тосқауыл иек артпа жерден асып.
Өткенде Жұбайға оқ келіп тиді,

Жұбай ер жылады өксіп, жанталасып.
Оқ тиді, қансырады ғаріп Жұбай,
Кез болды қарақшыдан ажал мұндай.

—Қинамай тастап кетші жанымды, аға,

Мен өлдім өзің құтыл, ағатай-ай!
Қиналды, ағатай-ай, шыбын жаным,
Жетті ғой арманына Әжі залым.
Мәңгілік досым едің, ей, Арқалық,

Жоқтаусыз қап жүрмесін менің қаным.
Тапсырдым осылайша арман саған,
Арқалық, разы бол сен де маған.
Ақырғы қош айтуым осы болсын,

Әжіден кегімді алшы барып аман.

тарихи  жырлар
Қиналып ашып-жұмып екі көзін,
Үзіліп бара жатыр бұлдыр сезім.
Жетпеген арманына асылзада,

«Өмірден кегімді ал» деп жұмды көзін.
Жалынды жанған шырақ бірақ сөнді,
Ажалы қарақшыдан тура келді.
Бір жардың шұңқырына алып келіп,

Арқалық жылай-жылай көмген еді.
Арқалықтың Жұбайды жоқтауы:

—Айналайын, Жұбайым,

Өзіңді ойлап жылаймын.
Жете алмадың арманға,
Жыламай қайтіп тұрамын?
Жер ортаға келгенде,

Елдің шетін көргенде.
Жұмдың көзді мәңгіге,
Ей, асыл ер, шерменде.
Жер ортаға келгенде,

Арқалап сені жүргенде.
Қарақшыға дөп келіп,
Қоштастым ғой сенімен де.
Не деп жауап беремін,

Әйелің жылап келгенде.
Сен туралы не дермін,
Ел-жұртыңды көргенде.
Әйелің келіп жыласа,

Көзінің жасын бұласа.
Не айтармын, не дермін,
Қайда деп менен сұраса.
Айналайын, жолдасым,

Жасымнан өскен сырласым.

арқалық  батыр
Сені ойлап, Жұбайым,
Төгілді ғой көз жасым.
Езілді жүрек езілді,

Қабырғасы сөгілді.
Жалғыз тастап Жұбайды,
Кетті Арқалық түңілді.
Күн-түні келе жатыр ашу кернеп,

«Ел-жұртым, ата-анамды көрсем-ай» деп.
Сауырдың келіп жетті жонына енді,
Ұсынып соза берді қолын енді.

—Асқар тау, алып күшті өзендерім,

Аш Мойнақ асу асқан кезеңдерім.
Анамдай көрінесің неткен ыстық,
Көрем деп тірі сені ойлап па едім?!
Кір жуып, кіндік кескен мекен жері,

Аузынан Арқалықтың шықты шері.
Тастының келе жатыр сайын өрлеп,
Көзінен жас төгілді арлы-берлі.
Сауырдың барған халық жайлауына,

Кім білед ата-анасы қай ауылда.
Жүрген соң біраз уақыт ер Арқалық,
Мал баққан бір адамды көрді жолда.
Алдынан ешкі баққан бір шал келед,

Бұл шалға ер Арқалық көз жіберед.
Қараса өз әкесі ешкі баққан,
Тоқтатып өзін ұстап сәлем беред.

—Уағаликүмассалам, жаным, балам,

Маған да сәлем берер болды ма адам.
Арқалық ұсталғалы жалғыз балам,
Көрмеп ед амандасып ешбір адам.

тарихи  жырлар
Болса егер сол жанымда жалғыз ұлым,
Жалғанда жоқ демес ем менің панам.
Жарлыны, жалғыздарды зар еңіретіп,

Сорлыға сойыл ұрған мына заман.
Қарағым, айналайын, сен кім едің
Жалғызым түсті есіме күнім менің.
Жеті жыл болды Арқалық кеткеніне,

Алыстан хабар-ошар білдің бе үн.
Жаман тон, қатқан шалбар өрімделген,
Жылаумен екі көзім іріңдеген.
«Мың жаса, мен бір ғаріп гүлі солған»,

Деп байқұс кеңк-кеңк етіп еңіреген.

—Жылама, Арқалығың келіп қалар,

Бұл ауыр уайым ғой қайғыланар.
Балаңмен біраз жолдас болған едім,
Сол үшін сәлем бермек парызым бар.
Ей, ата, мен жүрейін жұмысым бар,

Кеп қалар балаңыз да қылмаңыз зар.
Анасы, әйелі де бар ма тірі,
Өткенім амандасып дұрыс болар.

—Қарағым, ол адамдар бәрі тірі,

Шешесі зар жылаған шерлі-мұңлы.
Әйелі кеткенінде жүкті еді,
Тұяқ боп бізге ермек бір қыз туды.
Жұбайдың әйелі бар ол ұл тапты,

«Жігер» деп әтей оған қойдық атты.
Екі ерден екі түсті көбелек бар,
Төгіп жүр «ағамыз» деп көзден жасты.
Келгенің жөн ғой, балам, амандасып,

Қайғылы ғаріптердің көңілін ашып.
Өзеннің күн шығыс жақ жағасында,
Үйі бар басын буған қара лашық.

арқалық  батыр
Қош айтты кәрияға, кетті жүріп,
«Артымды бүлдіріпті-ау әбден құртып.
Әжінің қанын төкпей тоқтамаспын,

Жасқанып жата алмаспын бұғып-шошып.
Құдай-ау, бұдан артық қорлық бар ма,
Сүйектен өткен мұндай зорлық бар ма?
Бұны елім сатып әкеп төре қылды-ау,

Осындай жем қылар ма құзғын-қарға?»
Арқалық құлдап келед Ластыны,
Бұршақтап көздің жасы домалайды.
Кеудесін ыза кернеп от жалындап,

Ұққан соң әкесінен барлық жайды.
Кеп жетті Салықшының ауылына,
Жанашыр, жақын туыс, бауырына.
Үйіне қара лашық келіп түсті,

Шешесі қайғы тонын жамылуда.
Отырды амандасып тура келіп,
Иіліп шешесіне сәлем беріп.
Қайнап тұр отта шәугім, шеше жатыр,

Қарайды көзін салып көңілін бөліп.

—Әйелі Арқалықтың қайда, апа,

Сарғайып балаңды ойлап жатырсың ба?
Келіп ем амандасып әтей сізге,
Басыңды көтер, апа, жатырқама.

—Қарағым, мен бір жатқан ғаріп-мұңлық,

Назарын салатұғын бар ма ұлық.
Айырылып жалғызымнан зар еңіреген,
Ақсүйек, төрелерден көрдім қорлық.
Қорлығым қалмағандай көрмейтұғын,

Білмеймін құзғынмын ба өлмейтұғын.
Мұң-зары қайғылының сегіз қабат,
Сараң ба Құдай ажал бермейтұғын?

тарихи  жырлар
Тоздырды топалаңдай бізді төре,
Отырмыз қарғанумен бейнет көре.
Кескілеп енді бізді өлтірмесе,

Басқасын істеп болды Әжі төре.

—Ей, апа, таң атады саспағанға,

Бұндай сөз айтылмасын басқа жанға.
Әжіге біреу барып айтып қойса,
Қайғыңа жамалмай ма ауыр жара?
Балаңа қанша уақыт жылдар өткен,

Бейуаздарға болып тұр ғой сұмдар өктем.
Тезірек аттанамын жұмысым бар,
Әйелі Арқалықтың қайда кеткен?

—Шырағым, не дауа бар Құдіретке,

Кез болдым кәртейгенде бұндай дертке.
Баласын жеті жасар ертіп алып,
Келінім кетіп еді шайлық сүтке.
Құдірет салса басқа не бар шара,

Біз болдық осылайша бір бейшара.
Отырмын аманат боп өлмеген соң,
Шер жұтып жесір қатын, жетім бала.
Құдірет салды мұны біздің басқа,

Толды ғой жүрек шерге, көзім жасқа.
Әкесі жүр қаңғырып ешкі бағып,
Келгенде көрді бейнет кәрілік жасқа.
Құлағын кім салады біздің зарға,

Құдайдым кезіктірді пейілі тарға.
Қаңғырған көздің нұры, жалғызымды,
Көретін тірі келіп күнім бар ма?

—Жан шеше, қайғырмаңыз уайыммен,

Өртейтін от емес пе қайғы деген.
Рұқсат болса егер, апатайым,
Қыздырып арқамды отқа алайын мен.

арқалық  батыр

—Жасқанба, қыздырып ал, балам,—дейді,—

Басқаға болма әсте алаң,—дейді.
Асықпай аттанарсың шәй ішіп ап,
Келмейді шәй беруге шамам,—дейді.
Арқалық қыздырынды отқа барып,

Қарайды сонда анасы қайран қалып.
Қалы бар Арқалықтың жауырынында,
Қарайды қалысына көзін салып.
Тамсанып кемпір отыр аң-таң қалып,

Қалыны қартайған көз көрді нағып?
«Адамға адам тағы ұқсай ма» деп,
Көз жасы еңірейді көл боп ағып.

—Қалайша, шеше, сіздің жылағаның,

Көл қылып көздің жасын бұлағаның.
Себебін маған айтшы жылауыңның,
Әтейлеп, шеше, сізден сұрағаным.

—Жылаған мен бейшара қайғылы зар,

Кез болды Әжі бізге пейілі тар.
Тартылған екі емшегім кетті иіп,
Баламның сен сияқты қалысы бар.
Көңілім көтеріңкі, төбем биік,

Қалыңнан сипайыншы құшып сүйіп.
Қарағым, бұл не деген жақсылық іс,
Тамырым алпыс екі кетті иіп.
Киініп алды батыр сонда тездеп,

—Мені сіз отырсыз ба Арқалық деп?

Қоймасаң жылауыңды, ей, апажан,
Әжіге бұның бәрін айтамын,—деп.

—Бар шығар мендей анаң, жарығым-ай,

Арман көп жүрегімде зарықтым-ай.
Кәріліктің көзден аққан жасы емес пе,
Жарығым, жыламадым, қарағым-ай.

тарихи  жырлар
Әйелі келе жатты сүтін алып,
Күйзелген қайғыменен ол бір ғаріп.
Қасында жеті жасар баласы бар,

Жүреді сол баласын бірге алып.
Құлақ сал осы сөзге, көп халайық,
Қорлаған Әжі зұлым осылай қып.
Киіпті парша-парша жыртық көйлек,

Келеді қолыменен ол тәнін жауып.
Әйелі жылап кетті айғай салып,

—Жан апа, қалғансың ба естен танып?

Танымай қалдың ба, апа, Арқалықты,
Дауысы тұр ғой оның сөзінде анық.
Арқалық не болғанын білмей кетті,
Опасыз сұм дүние тентіретті.

Әйелін тозып кеткен көзі көріп,
«Осы ма сұм өмір» деп еңірепті.
Көз жасын көлдей батыр кешіп келді,
Қорлықты көрмек түгіл естіп пе еді.

Көрген соң әйелінің қорланғанын,
Ыштанын өзіндегі шешіп берді.
Анасының жыры:
Боздады сонда анасы,

Көл болып ағып көз жасы.
Боздамай қайтіп шыдасын,
Келгеннен соң баласы.
Жылауға аузы келмейді,

Кетіпті әбден шамасы.
Сағыныш ойда тербейді,
Жазылып жанның жарасы.

—Жалғызым, менің шынарым,

Серпілді менің мұң-зарым.

арқалық  батыр
Жолыңа құрбан болайын,
Сен үшін пида қу жаным.
Неше жыл көңілім алаң боп,

Адастым тірі ғаріп боп.
Қуатым кетті бойымнан,
Сона мен маса қан сорып.
Белімді қалдым жаза алмай,

Арықтаған шабандай.
Тоздырды бізді Әжі ит,
Теріс ауыз қабандай.
«Асқанға тосқан» деуші еді,

Құдай берсін жазаңды-ай.
Алса да Құдай ризамын,
Көрдім тірі баламды-ай.
Қызының жыры:

Жылайды қызы ағалап,
Жақын келіп жағалап.

—Жетім қалған ботаң мен,

Әжіге айттым лағынат.
Тумай іште қалыппын,
Ағаны іздеп зарықтым.
Әкеліні көргенде,

Қайғыландым, тарықтым.
Іште қалған лағың,
Сарқырап аққан бұлағың.
Күндіз-түні өзіңе,

Құдайдан рақым сұрадым.
Жеткеніміз арманға,
Рас па әлде жалған ба?
Әкем шын, аға, сенбісің,

Құлдық ұрдым парманға.

тарихи  жырлар
Жылатпа, тоқтат бізді деп,
Гүлге қонған көбелек.
Біз Әжінің жемдері ек,

Үзбедім үміт келер деп.
Бағым менің зор екен,
Өлмегенге өмір көп екен.
Жетім өткен күндерім,

Бәрі де азап сор екен.
Жан аға, енді жасыма,
Көргенім тірі осы ма?
Іште қалған лағың,

Отыр жылап қасыңда.
Арқалықтың әйелінің жыры:
Әйелі жылап енеді,
Келіп зарлай береді.

Арқалықты құшақтап,
Қайғысын бірден тереді.

—Келдің бе шын, жарым,—деп,

Сенімен бірге жаным,—деп.
Топырақтай тоздырды,
Әжідей төре залым,—деп.
Бар екен күн туатын,

Қайғыны бірден жуатын.
Аман-есен келдің бе,
Бойымдағы қуатым.
Шын көрдім бе сені мен,

Әркім қылды бізді жем.
Аларсың кекті дұспаннан,
Болмаспыз енді біз де кем.
Кірсін көрге дұспаның,

Қырандай көкке ұш, жарым.

арқалық  батыр
Көрмеймін ғой деуші едім,
Жолыңа құрбан жас жаным.
Жұбайдың әйелінің жыры:

Жұбайдай жоқтап жолдасын,
Көлдетіп келді көз жасын.
Арқалықты құшақтап,

—Қайда,—деп,—Жұбай жолдасың?

Сорлы әйелі жылайды,
Көзінің жасын бұлайды.
Жұбайы жоқ көрінген,
Жыламай қайтіп шыдайды.

—Жолдасың қайда, аға?—деп,

Арқалықтан сұрайды.
Арманы қатты сорлы әйел,
Естен танып құлайды.
Әйелдің зары тер болды,

Жұбайы жоқ не көрді?
Арқалықтың алдында
Жұбайын жоқтап егілді.

—Айналайын, Құдайым,

Қапалық салдың басыма.
Жарымнан мен айырылдым,
Дүние деген осы ма?
Жыламай қайтіп шыдайын,

Қайғы отына ашынған.
Жарымды көрмей жеті жыл,
Қапалық өтті басымнан.
Жарымнан айырылып қор болдым,

Қызылды гүлді жасылдан.
Дәл он алты жасымда,
Мен айырылдым жарымнан.

тарихи  жырлар
Жарық сәуле көрмедім,
Әжі төре зұлымнан.
Бір шыны сусын бермедім,

Жан үзерде қолымнан.
Түйме бау жіппен торладым,
Артыңда қалып сорладым.
Қандай жерде қалды екен,

Ақылы дана қормалым?
Жапанда жалғыз жан бердің,
Жүзіңді бір көрмедім.
Ел шетін көріп, жарым-ау,

Таяп келіп өлмедің.
Жігер балаң жас қалды,
Әжі сені басқарды.
Қайтейін-ау, қайтейін,

Қатын-балаң жас қалды.
Істі, аға, басқаршы,
Жан-жағыңа көз салшы.
Жаман қатын, жас бала,

Енді қайттік, ойланшы?!
Жиылған ұлы-кіші жасын төкті,
Мұңайып барлығы да «есіл!» депті.
Әжіге кектенеді де барлығы да,

Арқалық келініне тоқтау етті.
Арқалықтың тоқтау айтуы:

—Жылама, келін жылама,

Көзіңнің жасын бұлама.
Алладан өлім тілеме,
Қолдан ұшқан сұңқарың,
Қайта айналып келе ме?

арқалық  батыр
Асыл туған Жұбайды
Көтеріп мен де ап жүрдім.
Қиылып мойны жүрсе де,

Күдерімді үзбедім.
Жылағанды тоқтатшы,
Айналайын, келінім.
Құшақтап басын отырдым,

Көзін жұмды серігім.
Жапанда жалғыз зарландым,
«Әжіден кегін алам» деп.
Өзімді-өзім тоқтаттым,

«Залымға найза салам» деп.
Жылама, келін, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама.
Өзіңді енді жасытпа,

Отырған жұртты мұңайтпа.
Ойлашы, қарақ, келінім,
Жетеміз біз де мұратқа.
Молайтпа жанның шер-мұңын,

Отырған көпті жылатпа.
Жұбайдың келді жалғызы,
Жеті жасар нақ өзі.
Егіліп келіп жылады,

Көзінің жасын бұлады.
«Жұбай» деп қатын-бала мұңайып тұр,
Жиылды осы арада ой менен қыр.
Жыласып барлығы да жатыр еңіреп,

Келдің бе аман-есен тірі, батыр?
Шуылдап Салықшының бәрі жылап,
Қамалап Арқалықтың халін сұрап.
Бейшара ешкі баққан Байбөріге,

Жүгірді жаяу-жалпы сүйіншілеп.

тарихи  жырлар
Қуанып асып-сасып шал да жетті,

—Қарағым, жан құлыным қайда,—депті.

Дүние арманым жоқ өлсем енді,
Көрдім ғой жалғызымды, аман кепті.
Мойыным ырғай, болды ғой битім торғай,
Сарғайып санам менің ойлай-ойлай.

Күн шығып, таңым атып келді ұлым,
Қайғының жойдым, жұртым, бірін қоймай.
Қарағым, амансың ба, жалғыз күнім?
Далада көзім көр боп еңіредім.

Кегіңді ал Әжі иттен, шырақ балам,
Тапсырам осылайша саған, ұлым.
Көп тарттық қасіреттің ауыр жүгін,
Басымнан аударғандай болдым бүгін.

Қасыңда Жұбай досың көрінбейді,
Жіберме сол досыңның жауға кегін.
Қасыңа қартайсам да мен ерейін,
Жақсылық, жамандықты бір көрейін.

Тірідей Әжі итті бірге барып,
Кескілеп өз қолыммен өлтірейін.
Көрдің бе туған Алтай, Сауырыңды,
Арала өскен ел мен ауылыңды.

Басына ер жігіттің не келмейді,
Енді істе Әжі итке қаруыңды.
Отырды қосып бәрі бір жерге бас,
Мәз-мейрам болып қалды кәрі мен жас.

Жүгіріп, желіп жортып Байбөрі жүр,
Көзінен қуанғаннан ағыпты жас.
Баласын Жұбай ердің сипап тұрып,
Жылайды тоқтай алмай тағат қылып.

—Қайтейін, ағаң опат болып кетті,

Тажалдай келген екен ажал ұлып.

арқалық  батыр
Қайғы-шер қарс айырып жер мен көкті,
Келгенде жол ортаға ажал жетті.
Атысып қарақшымен даладағы,

Оқ тиіп бұл өмірден сапар шекті.
Кез келіп ажал солай есіл ерге,
Келмеді аман-есен туған жерге.
«Оңалар орнында бар» деген сөз бар,

Шығарсың сен де биік асқар белге.
Ағаңдай саған асыл нұрды берсін,
Ашылған бәйшешектей гүлді берсін.
Жасыңнан жетім қалып шыңдалдың сен,

Қайтпайтын қайсар жанды ер боларсың.
Жылама, айналайын, келін шырақ,
Отырды Жұбай ерді менен сұрап.
Жұбайдың өзі өлгенмен сөзі өлген жоқ,

Артында қалған мынау жанған шырақ.
Арқалық шықты осылай ақыл айтып,
Жұбайдың айтқан сөзі жанға батып.
Орғиды ор қояндай қозыкүрең,

Жануар ішін тартып алды қатып.
Келеді көз жіберіп ой мен қырға,
Толғанып жатыр жүрек терең ойға.
«Ордасын Әжі иттің шақсам-ау» деп,

Аралап кектің күші тұла бойға.
Арманы—Әжіден тек кекті алу,
Найзасы қара тамақ, қолда қару.
Жұбайдың кегін алып осы жолда,

Әжі итті найзаменен іліп алу.
«Мойнына ит төренің арқан тақсам,
Орданың шаңырағын талқандасам.
Жайратып жау жасағын отын қылып,

Несіне жүрем тірі кек алмасам?!

тарихи  жырлар
Шіркін-ай, Тәтен доспен бір тіл қатсам,
Әжіні кезі келіп дәлдеп атсам.
Кетпес кек, өшпес ыза қайтарылып,

Қайырсыз ит төреге дақ қалдырсам».
Көксінді көлбеңдетіп асып кеттім,
Шалшығай Тұмандыны басып өттім.
Сағынған жеті жылдай қайран жерді,

Аралап бәріне де барып жеттім.
Толғанып кеттім сонда терең ойға,
Сақтанайын, қалмайын сеніп бойға.
Сыдыртып бір кезеңге шыға келсем,

Кез болдым қайнап жатқан қалың тойға.

—Ассалаумағалайкүм, шопан ата,

Сағынған ел мен жұртын мен бір бота.
Алыстан келе жатқан жолаушы едім,
Ауылы Әжі төре қай арада?

—Уағаләйкүмассалам, балам,—деді,

Ауылы Әжі төре көлде,—деді.
Үлескен қазан алман жиын той бар,
Салық сап жатыр жалпақ елге,—деді.
Жиылып игі жақсы түгел барған,

Үй тігіп, жиын той бар сайран салған.
Тай сойып, қымыз ішіп би мен бектер,
Халыққа салып жатыр қазан алман.
Арқалық мұны естіп жүріп кетті,

«Иә, Құдай, менің болар жолым» депті.
Ашуы бойын кернеп ат үстінде,
Ауылына хан-төренің келіп жетті.
Найзасын қара тамақ қолына алды,

«Жәнібек! Жәнібек!» деп ұран салды.
Қайтпаған екпін күші ер Арқалық,
Бойына бар қайратын жиып алды.

арқалық  батыр
«Жәнібек! Жәнібек!» деп ұран салып,
Басына бие баудың жетіп барды.
Желісін өте шықты үшке бөліп,

Дауысы арыстандай жерді жарды.
Өрт болып тұла бойы буырқанды,
Астында қозыкүрең қызып алды.
Кәперсіз жиын той боп жатқанында,

Ауылына Әжі ханның ойран салды.
Ауылына хан-төренің барды шауып,
Келеді қозыкүрең жерді қауып.
Аңсаған арманына жеткендей боп,

Егескен қас дұспанын алды тауып.
«Сұм төре, шық бері!» деп айғай салды,
Қолында қара тамақ қылшылдады.
Орданың маңдайшасын жұлып тастап,

Келді де оң жағынан найза салды.
Арқалық қаны қайнап:—Шықсын!—депті,
Әжі ит айтқан сөзді ұқсын,—депті.
Шыдамай қаһарына Әжі төре,

Астына жүкаяқтың кіріп кетті.
Дауысы қатты шығып ақырады,
Ордасын омырайта жапырады.
Жиылған тәйжі, болыс, хан-төрелер

Бәрі кеп Арқалыққа бас ұрады.
Әжінің келді ханымы,
Ақ жаулық жауып басына.
Талай-талай аналар

Ертіп келді қасына.
Дастарқан алып қолына,
Бас ұрып батыр жолына.
Шашуын шашып жүгінді,

Қазақтың ескі жолына.

тарихи  жырлар
Сонда Арқалық сөз қатты,
Айғайы жүзіп алапты.
«Әжінің қанын шашам!» деп,

Естіртіп жұртқа таратты.

—Керейдің баласымыз атағы бір,

Әжіні өлтіремін көзіңмен көр.
Жұбайым өлді жолда кегін алам,
Бір кеткен екеуміздің қанымыз бір.
Біз лақ бердіңдер бөріге байлап,

Сағындым, елі-жұртым, сені ойлап.
Болмаса және мені өлтіріңдер,
Алып шық ордасынан Әжіні айдап.
Бөлінеді жиылған жұрт екі ұдай,

Қор болып өліпті ғой, қайран Жұбай.
Ұққан соң Арқалықтан сөздің нағын,
Ұран салып айғайлады жұрт қуаттай.
Келіпті Тәтен досы зарлап шауып,

Құлады келе сала аттан ауып.

—Қайран ер, келгенің бе аман-есен?

Ойлап ем «келмейді» деп сенен қауіп.
Айтады Тәтен досы:—Қайыспа,—деп,
Майырылып жалған сөзге майыспа,—деп.
Егерде бұл бетіңнен қайтпай тұрсаң,

Әжімен жұрт түседі сайысқа,—деп.
Араға төре, қара елші салып,
Екі адам екі жақтан таңдап алып.
Арқалыққа осылай жауап берген,

Әуелі Әжіден кеп жауап алып.
Тоқтатып ел жиналып Арқалықты,
Азабын жұртқа жайып таратыпты.
Батырдың ит төреден көрген дерті,

Қазадай қайыстырады бар халықты.

арқалық  батыр
Жабыла қарар қабылдады қасына алып,
Төреден Тәтен шықты елші болып.

—Шығады үлкен бүлік—қандай ойран,

Жұбайдың құтыл, Әжі, құнын беріп.
Батырға берді олар үй тіктіріп,
Тамаша ойын-күлкі етіп қызық.
«Әжіден жылдам жауап алып кел» деп,

Батырдың тоқтамайды қаны қызып.
Әжіде асқан көңіл қайда көнбек,
Өлім ғой малын айдап, құнды бермек.
«Көнбесе, өзіме ерік беріңдер» деп,

Арқалық отыр қолын көкке сермеп.

—Ерікті енді ешкімге бере алмаймын,

Сөзіңе құн ал деген көне алмаймын.
Қанына Жұбай ердің қан аламын,
Еш сөзге қаннан басқа келе алмаймын.
Батырды тоқтата алмай жұрт сандалды,

Арқалық көнбей сөзге қатуланды.
Әжі отыр:—Халық, мені құтқарыңдар,
Құнына берсеңдер де барлық малды.
Дос іздеп Арқалыққа келді Тәтен,

—Хан-төре қазір сізге басын иген.

Құн берсін Жұбай үшін Әжі төре,
Сөзіме мақұл болшы, досым,—деген.
Мақұл деп ер Арқалық сөзге көнді,
Үш ердің Жұбай үшін құнын берді.

«Арқалық, бағың жансын, қарағым» деп,
Жиылған кәрі мен жас бата берді.

—Ей, жұртым, жүрегімде болған арман,

Береді кімге опа мына жалған.
Әжінің өзі мұнда келмесе де,
Келмеуі Сейілқанның жөн бе маған?

тарихи  жырлар
Төреден қара халық аласа еді,
Төреге ешкімнің жоқ таласы енді.
Төренің өзі төре болса дағы,

Жығылсын аяғыма баласы енді.
Жұртым-ау, бұл жанжалға болдың ие,
Бір істі мақұл көрер келді жүйе.
Түйенің өзі түйе болса дағы,

Бола ма құмалағы тағы түйе?
Жұрт мақұл көргеннен соң алып келді,
Қорыққаннан Әжі төре әрең берді.
Отырған ыза болып Арқалыққа,

Есіктен Сейілқан кеп сәлем берді.
Шырпысын тарта-тарта балға қызып,
Айтатын бір мәслихат енді қызық.
Бас салып Сейілқанды келген жерден,

Көтенге таңба басты бауын үзіп.
Жұрт көріп «өлтірді» деп тұра қашты,
Төрелер шыдай алмай жаман састы.
Өшпейтін өміріне өлсе дағы,

Көтіне Сейілқанның таңба басты.

—Арманға, жұртым, енді қандым,—дейді,

Жұбайдың анық кегін алдым,—дейді.
«Таңбалы көт төре» деген атақ болып,
Мысал сөз арт жағында қалсын,—дейді.
Жылайды Әжі өксіп қамыққаннан,

Не дерін біле алмайды тарыққаннан.
Өміріме өшпес таңба салды ғой,
Бұдан да жақсы еді өліп қалған.
Арқалық жүрегінде жанған отты,

Өмірі неше жылдай қорлықта өтті.
Еліне батыр сонда былай дейді,
Ішінен шығарғандай барлық дертті.

арқалық  батыр

—Түсірді зұлым Әжі қақпанына,

Жыландай аяғымды шақпады ма.
Ел сөзі «қарабауыр» деген рас,
Қорлығы елге қылған батпады ма?
Қой қашан жолдас болған қасқырменен,

Қайран ел осы итті тақсыр деген.
Мәтелі рас екен туған елдің,
Мылжалап жылан көрсең басқа ұр деген.
Оралды жылан менің білегіме,

Қадалды қанды қанжар жүрегіме.
Жұбайым, разы бол енді маған,
Төренің салдым таңба сүйегіне.
Ұрқына Көгадайдың таңба бастым,

Қайырып бүгін кегін Жұбай жастың.
Ей, жұртым, айналайын халқымнан,
«Қозым» деп кәрі-жасың қойныңды аштың.
Тәтен айтты:—Батыр, саған жұрт разы,

Әжінің ел алдында сынды сағы.
Өшпейді ұрпағының ұрпағына,
«Таңбалы көт төре» деп аталады.
Зауалдар бар емес пе сомсынғанға,

Ерлерді еңіретіп қорсынғанға.
Жалған іс жалғанға кетпек емес,
Зор шығар өзінен де зорсынғанға.
Бес жүз жылқы құн алдым жолдасыма,

Әжінің бүлік салып ордасына.
Кедейлерге таратып Әжі малын,
Шығардым мен елімді шың басына.
Айдады көп жылқыны матап бөліп,

Ел-жұрты қуанышпен тұрды көріп.
Үйіне Жұбай ердің айдап барды,
Ішінен үш жүз жылқы берді бөліп.

тарихи  жырлар
Қияқ, Сейтен, Тұяқтар көрді досын,
Көрген соң еңірепті жан жолдасын.
Қасында Арқалықтың жүрді бірге,

Сағынған батырынан қайдан қалсын?!
Дос, жолдас жастан ерген аман көрді,
Төртеуі жылқыны айдап бірге жүрді.
Құны деп үш адамның көп жылқыны,

Үйіне Жұбай ердің әкеп берді.
Жұбайдың Жігер ұлын құшақтады,
Төрт батыр осы жерде наз ақтарды.
Арқалық достарына айтты сонда,

Басынан өткен-кеткен азаптарды.
Жігерге ақыл айтты көңіл бөліп:

—Төрт ағаң кек қайтарып тұрмыз келіп.

Өмірің ұзақ болсын, ақылды бол,
Санап ал, үш жүз жылқы көзбен көріп.
Алланың салған ісін көрші, балам,
Қалмайды өлмей тірі туған адам.

Жігерің үстем болып, жайнап өс сен,
Жұбайға ұрық сенсің атқа қалған.
Естіпті Арқалықты нағашысы,
Тоқтамай жылапты енді кәрі апасы.

«Азапты көріп кетті қарағым» деп,
Көл болып көзден аққан қанды жасы.
Қарғайды, ұрысады баласына:

—Қор қылып ұстап бердің хан Әжіге.

Үйінен қан-жоса қып алып кетті,
Бір жолдық жарамадық панасына.
Келіпті үйіне аман Арқалығым,
Адамның Алла білер бар тағдырын.

Жалғызды шырылдатып жіберіп ең,
Барып кел опасыз сен, зұлым ұлым.

арқалық  батыр
Кешірім барып сұра Арқалықтан,
Жиылған Арқалыққа бар халықтан.
Егерде кешірім сен сұрамасаң,

Болады сенің орның от тозақтан.
«Мақұл» деп шешесінің айтқан сөзін,
Жөнелді Арқалыққа Сары зұлым.
Әр түрлі ой ойлайды жол үстінде,

Деп түсті «өлтіре ме» басына мұң.
Тәуекел, не де болса барайын деп,
Бірнеше кәрияларды табайын деп.
Үйіне Арқалықтың барып түсті,

Батырдың кешірімін алайын деп.
Арқалық сол Сарыны көргенінде,
От болып екі көзі төнді, міне.
Қалшылдап қанжарына тұра ұмтылды,

Қол қойды бір-ақ шауып өлтіруге.
Отырған игі кәрі жібермеді,
«Бас иіп өз алдыңа келді,—деді.
Атаңның келсе алдыңа құнын кеш деп,

Бір жолға ашуыңды берші,— деді.
Иіліп келді алдыңа нағашы аға,
Әдейі жіберіпті нағашы апа.
Арыстандай айбатыңды бір жолға бер,

Берейік ұлы кәрі саған бата».
Жұртшылық Арқалықты ұстаған-ды,
Арқалық:—Сары, сен!—деп тіс қайрады.
Сауыт-сайман, атымды тығып тастап,

Ойласам, қылығыңды іш қайнайды.
Тоқтайын нағашы апам беделіне,
Әйтпесе сендей ердің керегі не?!
Сұрады ұлы кәрі ашуымды,

Берейін ашуымды керейіме.

тарихи  жырлар
Жиылған ұлы кәрі түрегелді,
Иіліп Арқалыққа бата берді.

—Опасыз болған, Сары, саған нәлет,

Батырым, рахмет саған,—деді.
Сонымен сөз тағы да өзгереді,
Өлмеген тірі адамды көз көреді.
Жарым жыл өтіп кетті ә дегенше,

Ханышаны алып қашып Қоңқа келді.
Көрісті Қоңқа батыр есіл досқа,
Құмдағы ұмытылған жоқ айтқан қош та.
Ғашықтар арманына жетті, міне,

Құдайым кездестірді досты досқа.
Шын достың достығы бар балдан тәтті,
Тынығып көп уақыт сонда жатты.
Қосылды екі ғашық ақырында,

Не жеңер жүректегі махаббатты.
Көп жатып тыныққан соң қайтты еліне,
Шығарып салды Арқалық ұзақ жерге.

—Күн туса, дос батырым, өзіме кел,

Боламын сеніменен мәңгі бірге.
Әр істі тапсырамын дос жүректен,
Адамды аялай біл дос боп өткен.
Өзіңнен басқа жанға сеніп кетпе,

Ей, достым, ақырғы сөз елестеткен.
Бұл досты ер Арқалық жолға салды,
Құшақтап бірін-бірі әрең қалды.
Қол бұлғап Қоңқа менен ханышайым,

Бұлдырап көз ұшында кете барды.
Арқалық хабарды естіп келді деген,
Айланбай Досынжап та келді іздеген.
Жүруші ед құлақ түріп аңсап досын,

Ардақтап аялаған сезімменен.

арқалық  батыр
Құшақтап Арқалықтай есіл ерді,

—Келдің бе аман-есен, досым?—деді.

Сағыныш, қуаныштың әсерімен,
Егіліп екеуі де еңіреді.

—Келдің бе, айналайын, асыл достым,

Жаулардың саған деген сағы сынсын.
Келді деп елден хабар естігенде,
Сыймады жүрегіме қуанышым.
Айқасты дос жүректер, ойнап күлді,

Тіріде көріскенге шүкір қылды.
Досынды екі ай күтіп аттандырды,
Ақтарып көкіректегі барлық шерді.
Арқалық тамам елді аралады,

Ақыры орындалды бар арманы.
Ақсүйек қара бауыр менменсінген,
Төрені жоғалмастай таңбалады.
Арқалық ақырында теңдік алған,

Батырға болсын санат бұл бір заман.
Өткізген мехнатты ер Арқалық,
Жетіпті мұратына есен-аман.

Батырға күмбез болды алып аспан,
Халық оған қамал болды әуел бастан.
О, жұртым, танысыңдар сол дәуірмен,
Тоғысып аяқталды осы дастан.

Керейдің бәйбішесі — Абақ апам,
Бермекпін бұтағыңды санап, апам.
Ұрпағың «он екі абақ» болып өсті,
Берген соң өзі ықылас Хақ Тағалам.

Керейдің бел баласы Жаубасарды,
Білмеген ата тегін алжасады.
Баласы Жаубасардың Майқы болып,
Немере Алдаберді жалғасады.

Баласы Алдаберді —Бағаналы,
Бастадық ата тегін санағалы.
Екінші ұлы болып Байлау туып,
Еркелеп әкесіне жанасады.

Байлаудан туған екен Бердішора,
Жантекей одан туған құтты бала.
Ұрпағы үш Жантекей болып өсті,
Бақ қонып, қыдыр дарып шаңырағына.

Ішінде Жантекейдің Сүйіндік біз,
Бастан-ақ ел қамын жеп күйіндік біз.
Құламбет, Алты деген ұлы болып,
Көркейіп ел көзіне көріндік біз.

Алтының кіндігінен он бес ұлы,
Бейне бір жеткендей ед көкке қолы.
Жанына он төрт отау қатар тігіп,
Құлпырған масатыдай оң мен солы.

Ер Жәнібек

ер  жәнібек
Заман ед ол кездері ел шабысқан,
Тайынар қандай адам мол табыстан.
«Алтының ақ жылқысы-ай» деп атанған,

Бар еді бірнеше мың жер қайысқан.
Ел көшті жұма күні мекеніне,
Көз жетпес ертеңіңнің не екеніне.
Ұлы апам көшпей қойды шомбал үшін,

Амал не, өзіне-өзі өкінсе де.
Ел айтты:—Сенбіге қалмаңыз,—деп,
Ел қонбай, бел шешіп дем алмаңыз,—деп.
«Жау бар ғой жар астында» деген қайда,

Бұл сөзді құлақ салып, аңлаңыз,— деп.
Жұрт айтты:—Қауіп-қатер жақын,—деді,
Білсеңіз біздің айтқан ақыл,—деді.
Ұлаят апамызды көндіре алмай,

Баласы Алтыдағы мақұл,—деді.
Кірмеді құлағына елдің сөзі,
Шелденіп түк көрмеді екі көзі.
Асқақтық пендесіне пайда бермес,

Артықша сеніп кетті өзіне-өзі.
Адамға не келтірмес күпіршілік,
Ондайда жан табылмас есіркелік.
Көз көріп, құлақ естіп жолықпаған,

Тап болдық зобалаңға түршігерлік.
Еру боп қонып қалды қиыр жаққа,
Тұрмады айтқан ақыл бір тиынға.
Бекқамыс жайбарақат жата берді,

Жау шапты таңға жақын тұтқиылда.
Ел дағы алыс емес таяуда еді,
Бұлардың әрекеті баяу еді.
Тым құрыса елге хабар бере алмады,

Лажы жоқ, бәрі атсыз жаяу еді.

тарихи  жырлар
Сайланып келген еді олар дағы,
Алысты жанталасып бұлар дағы.
Құр қолмен тырп ете алмай қапы қалды,

Не өндірмек қансырап кеп құлар дағы.
Ауылым қан сасыды өлгендермен,
Өш алмай арманда өтті келгендерден.
«Шығасыға иесі басшы» болды,

Не пайда шығар дейсің күңіренгеннен?
Ауыл еді шөберелі толықсыған,
Кезінде бұларды кім олқысынған.
Қалмады еркек кіндік бала дағы,

Бас кетті, байлық кетті толықсыған.
Қалмақтар үсті-үстіне шаба берді,
Төрт түлік малды тегіс ала берді.
Ит өліп, бала жылап, зар-зар болып,

Аңырып ауылымыз қала берді.
Ол кезде елге қақпан құрулы еді,
Жау жақтың құлағында түрулі еді.
Елменен бірге көшсе дәнеме жоқ,

Қалмақтар ала алмас ед рулы елді.
Көрші де, қолаңы да сау қалмады,
Еркектен бұл ауылда жан қалмады.
Жемсіреп екі көзі қанданған жау,

Алдына жолыққанды құр қоймады.
Есназар жоқ қарауға кеткен еді,
Ізімен барған жерге жеткен еді.
Жазмышта су ішері болғаннан соң,

Құдайым оған шапағат еткен еді.
Дүние-ай, мынау қандай жалған еді,
Жөргекте жылап Сары қалған еді.
Жасырып жер ошақта бір жеңгесі,

Қатерден аман сақтап алған еді.

ер  жәнібек Осылай қалды екі ұрпақ әрең зорға, Есназар, Сары аман қалды осыда. Құдайға шүкірлік етеміз біз, Қалғаны ұрпақтықтың о да олжа. Келеді Есназарға енді аялдау, Ауылдың басы, міне, өзі болды-ау. Тұңғышы Базарбайдан төмен қарай: Байқасқа, Бұқарбай мен Күншу, Жайлау. Алтының Сары еді сүт кенжесі, Әкеден айрылған ол жетпей есі. Бердәулет, Кердәулетпен екі ұл тапты, Ала алмай қалмақтарда кетті кегі. Бердәулет өткенді ойлап қайрандаған, Келсеші толықсыған, қайран заман! Қайғымен ауылымыз жүргенінде, Көрінді бір саңылау армандаған. Шаше апам* жерік болған бөрі етіне, Ырымдап арта түсті үміті де. Ұстатып бөрі етін жеп, мауқын басып, Сымбаты құп жарасқан келбетіне. Дүниеге келді бөбек балпанақтай, Балтырлы, кең иықты, жалпақ маңдай. Сабаздай жай қозғалып тыныш жатыр, Көрген жан мүсініне таң қалғандай. «Келгенін шақшақ Жәнібек біліп ек, − деп, Алғалы батаңызды келіп ек» деп. Бердәулет бастап келді өз үйіне, —Ырымдап зор тілекке жүріп ек,—деп. * Жәнібектің анасының шашы ұзын болғандықтан ел адамдары Шаше ене, Шаше апа деп атаған.

тарихи  жырлар

—Балаға сынаңыз да ат қойыңыз,

Атыңа ықыласымызды беріп ек,—деп.
Нәрестені қолына алды Жәнібек қарт,
«Бөбекке ат қоятын жөнім-ақ» деп.
Мүшесі толық екен айтағасын,

Тұр екен батырлыққа келіп-ақ,—деп.
Бесігін көргенімде көңілім толды,
Қояйын өз атымды «Жәнібек»,— деп.
Басқаға атын атап боқтатпаңдар,

Ер жетсе алған бетінен тоқтатпаңдар.
Берейін шын ықылас батамды мен,
Халайық, қолың жайып ал құптаңдар.
Керей деген елің көп,

Ел айналар шешен бол.
Шалғайда-шалғай жерің көп,
Иелеуге көшер бол.
Бұзатын қамал шебің көп,

Ақыл тауып шешер бол.
Жағаласар жауың көп,
Жауға шапсаң есер бол.
Ел ішінде дауың көп,

Жұрт алдында көсем бол.
Жабылған жауды жапырып,
Шайқасқанда есен бол.
Жекеге шықсаң желденіп,

Жауыңның басын кесер бол.
Ер топтайтын
Ел жоқтайтын,
Жұрт құптайтын,

Белдескенді жығатын,
Алып жерге ұратын,
Тізерлеп басып тұратын,
Азулы сырттан бол!

Халайық бұл батаға «әумин» деді
«Батаның оңғара көр жолын» деді.

ер  жәнібек
Дарытып қарияның батырлығын,
Қайратын асыра көр мығым,—деді.
Көк пері қонып еді бала жастан,

Шығады жақұт, меруерт асыл тастан.
Жәнібек он екіге келгенінде,
Ереуіл зор айқасқа араласқан.
Кетпеді ата-бабам қаны тегін,

Жәнібек жаудың алды жекпе-жегін.
Асқынған Садырды ол қанға бояп,
Дариға-ай, қайтты алғаш кеткен кегім.
«Майдан!» деп ер Жәнібек айғайлады,

Көрген жан айбатына қайрандады.
Шыға алмай жекпе-жекке қарсы жағы,
Сенделіп жеңілген қол бай-байлады.
Қалмақ жақ берді енді дұрыстықты,

Жуасып тастады олар қырыстықты.
Сайланып келген қолды бас идіріп,
Алғашқы ерлігімен аты шықты.
Құтқару Абылайды — тырнақалды,

Жәнібек бұл сайыста қунап алды.
Есе алып қан майданда бергеннен соң,
Қазақ жақ жеңіс тауып жырғап қалды.
Бар қауым Жәнібекке алғыс айтты,

Жеңіспен кейінгі елге қайта қайтты.
«Ту алып, сарбаз ұстап, таңба алсын» деп,
Абылай дабыралы жарлық айтты.
Абылай оң тізеден орын берді,

Керейді үлкен ел деп мөрін берді.
Жәкеңді қолбасыға бекітті де,
Сандаған сайыпқыран қолын берді.

тарихи  жырлар
Жәнібек батыр еді елден ерек,
Кезінен бұл керейге болған тірек.
«Ел еркі, ер намысын әперем» деп,

Әр жақпен сайысқан ед табан тіреп.
Бұл сөздің сыры жатыр арт жағында,
Өмірдің нелер жатпас қатпарында.
Кикілжің болып тұрды қазақ іші,

Қалмақпен үлкен сайыс астарында.
Қалмақтар кезек соғып екі жағын,
Кереймен қырғи қабақ тобықты, арғын.
Арасы керей, найман егес болып,

Көресің бұл пәленің қоздағанын.
Керейлер жеңіледі найман жақтан,
Өзі еді әуел баста тыныш жатпаған.
Үш қыз бен, отыз қой мал, үш жүз байтал,

«Үш кесек» айып еді бұл жығылған.
Басылмай бұл жаңқышақ сызат алған,
Шықпады кейбіреулер ғибрат алған.
Найманның ішіндегі бір бөлегі

Әр жылы санат құрып бұны алған.
Япыр-ау, осылайша асқақтай ма,
Қағатын кеудесіне жан шықпай ма?
Ел болып бір жағадан бас шығарып,

Қылығын мынау өрескел тастатпай ма?
Емес пе бұл қылығы қорлағаны,
Ұнай ма осылайша зорлағаны?
Туысын қас жауындай көргені ме?—

Деп айтып жас Жәнібек долданады.

—Үй тігетін жабылып,

Зыр жүгіріп қабынып.
Қыз бен байтал, қаймалды,
Дайындайын сабылып.

ер  жәнібек
Ағайынға не қылдық,
Елде жоқ бастап ырымды,
Қыздан кесіп бұрымды,

Әңгір таяқ үйіріп,
Қайдан келген жырынды
Мынасы қай қылық?
Бұйдасын кесіп қаймалдың,

Құйрығын кесіп байталдың.
Сұғыңды қадап, ағайын,
Жаудай неге сайландың?
Алғанбысың кәнігіп,

Үштеп салық салатын.
Күштеп қырына алатын,
Қайда кеткен Кізің хан
Оқыранып табатын—

Кетеміз бе жауығып?
Кимелеп саған ешкім кел демеді,
Ел болсаң қадыр тұту жөн келеді.
Сен болсаң тоғыз таңба, мен он екі,

Терезем қай жақтан да тең келеді.
Жәнібек осыны айтып ашуланды,
Екі қас көзін жауып қатуланды.
«Тәуекел күйсін, тисін» деді дағы,

Харакет, батыл қимыл қолданады.

—Осыдан кетпексіз бе болып тілім,

Халқым-ау, аңғарсаңшы мынасы өлім.
Шаш кескен— бас кескеннің баламасы,
Деп кесті тымақтарының төбелерін.
Құйрық-жал кескенің ғой аяғымды,

Кесейін мен де сенің балағыңды.
Астырып үш үйіңе бір қазанды,
Осылай тарттырамын табағыңды.

тарихи  жырлар
Бұйданы кескендігің—белді кескен,
Болмай ма жұртта қал деп ерегескен.
Етегін шапандарының кесіп алып,

Деп айтты болсын осы «үшті кескен».
Бұл дәурен өтіп жатты ерегеспен,
Бұл жөнінде ел іші де не деспеген.
Табағы екі жақтың тең тартылып,

Қалмақтар ырғындады бұл егестен.
Бұл кесік жалғасқан ед ұзын заман,
Кейінгі ұрпақтарға арты жаман.
Құтқуарлап көп созудан не шығады,

Бәрінен болсын күллі қазақ аман.
Кей істер заман өте болады жат,
Сөйтсе де көңілімізде қалар сызат.
Мақсатым айта кетпек өкінішті.

Кейінгі ұрпақтарым алсын ғибрат.
Абылай қормал еді берекелі,
Тоқтатты арадағы әрекені.
Басқарды бүкіл қазақ сахарасын,

Жан екен зиыныңа бәрекелді!
Ол кезде шабындылық заман еді,
Қашан бір ел іргесі аман еді.
Бел шешбей, ат жібермей сай тұратын,

Білсеңіз бұның бәрі сонан еді.
Абылай қолды бастап жүрмек болды,
Ілесіп барлық батыр ермек болды.
Шешуші шонжар сайыс басталмақшы,

Бұл өзі ел сабылтқан дүрмек болды.
Қалмақшы қазақ-қалмақ бір алысып,
Ежелден келген еді сыр алысып.
Екі қол бір-біріне келді таяу,

Көрінбей алды-арты жер қайысып.

ер  жәнібек
Қалмақтан батыр шықты қан майданға,
Айбаты жаннан бөлек көрген жанға.
Барғанды шілше бұрап тастайды ол,

Сірә да, тояр емес қызыл қанға.
Барыстай гүрілдейді Серін қалмақ,
Қазақтан батырлардың зорын алмақ.
Басшыдан қазақ қолын «торжағұн» қып,

Дәмесі осылайша орындалмақ.
Танытып батырлығын дүйім көпке,
Келсін деп шайқасатын шығып шетке.
«Қазақтап!» иянаттап боқтаса да,

Шығатын жан болмады жекпе-жекке.
Қазақ жақ мұны көріп сасады енді,
Қалмақтың салауаты асады енді.
Білдірмей қол ішінде кейбір қорқақ,

Жылыстап, жан сауғалап қашады енді.
Қысылып Абылай да тер басады,
О дағы жөнін болжап бек сасады.
Теңселіп қазақ қолы кетті түгел,

«Ойпыр-ай бұл жендеттен кім асады?»
Жасақтар:—Келді біреу көрдім,—дейді,
Жәнібек болмаса егер бұл кім?—дейді.
Тұрғанда есі шығып қазақ қолы,

Білгендей дереу жетіп келді дейді.
Мінгені бұл қалмақтың сандал екен,
Айдарын әсем өріп алған екен.
Қарсы келген Жәнібекті көзге ілмей,

Асқақтап елеуіреп алған екен.
«Қазақтап, абақтап!» кеп айқасады,
Бір-бірін екі батыр байқасады.
Өшіккен қан майданда екі алып,

Бурадай зіркіреп кеп шайқасады.

тарихи  жырлар
Екені Жәнібектің айқын болды,
Сайысы екі батыр жойқын болды.
Астына мінген атын хан Абылай,

Бата қып сол майданда айтып сойды.
Бірінен-бірі өктем, қалыса алмай,
Айқасты бір етасым, алыса алмай.
Ат шаршап өздері де діңкеленді,

Найзаны деген жерге сайыса алмай.
Түймеден бауы үзіліп кетті бірі,
Қала ма ажал келсе пенде тірі?!
«Бәлемнің талмау жері осы ғой» деп,

Жәнібек найза салды қысып пірі.
Сонымен қанға батты қалмақ батыр,
Дөңбекшіп жан үзе алмай жерде жатыр.
Қолы қан, аузы боқтық бұл мықтыдан,

Есені осылайша алды ақыр.
Айдардан ұстап кесіп, басын алды,
Мойнында «батыр» деген тасын алды.
Алдына шауып келіп Абылайдың,

Қазандай басын әкеп тастай салды.
Әзәзіл арадағы жандасады,
Жыландай жеті оралып жармасады.
Болған соң мұндай қырғын, ел өшігіп

Зор шайқас арт-артынан жалғасады.
Тоқтамай қазақ-қалмақ жүр арбасып,
Айтпаймын көпірме сөз жаза басып.
Қабанбай, Бөгенбайлар жасаған соң,

Жәнібек шыққан екен орнын басып.
Салмақ боп қалмақтар да күш-зорлыққа.
Қазақ та шыдамады бұл зорлыққа.
Жәнібек қазақ қолын бастағанда,

Есе алған он екі рет зор жорықта.

ер  жәнібек
Қазыбек шешен еді ағалаған,
Жәнібек өнеге алып жағалаған.
«Бұл күнде шешендіктен жан өтпес» деп,

Қазекең Жәнібекті бағалаған.
Мол еді қасиеті ойлап көрсек,
Жорықта қызықпайтын пайда десек.
Тұрмысты қоңыр қалта өткізетін,

Осыны тұрмысына етіп өлшем.
Жау десе қаны қайнап тасушы еді,
Аптығын алысқанның басушы еді.
Соғыста ерен ерлік көрсетсе де,

Олжадан бойын алып қашушы еді.
Кішіпейіл, мейірімді, қасиетті,
Бойында осы еді ғаламаты.
Асқақтап әуектеген жанды көрсе,

Тартпаушы еді ондайларға еш тәбеті.
Ақ көңіл, ашық жарқын адам еді,
Мінездің жақсылығы содан еді.
Мұң-мұқтаж, жарлыларға болысқан соң,

Адамдар жанасатын оған енді.
Жан еді ойламды да, толғамды да,
Болмайтын өзін бұлдау, сірә да, онда.
«Жолыққан зор істерге істетем» деп,

Абылай сынайтұғын әрқашанда.
Абылай сенуші еді Жәнібекке,
Сондықтан кеңесетін әр кезекте.
Қорытып әрі-бері толғанып кеп,

Жәкеңді салмақ болды бір керекке.
Абылай көп ойланды кеңшілікте,
Таңдауы Жәнібекті кемшілік пе?
«Қолына қазақ халқы қарасын» деп,

Жіберді Ежен ханға елшілікке.

тарихи  жырлар
Бас қылып Жәнібекті белгіледі,
Бұл сырды орда ішінде әйгіледі.
Қосады нәсілінен алты адам,

Бармақшы уәкіл болып әлгілері.
Еженге хатты апарып тапсырады,
Қуанып қабағы оның ашылады.
Жанекең жай-жапсарды талдап айтып,

Әруағын Абылайдың асырады.
«Алмаймыз сенен салық тіпті,—дейді,
Міндетің ханға жақын істе,—дейді.
Жарлықты осылайша жеткізеді,

Бұл бекім бұзылмайды әсте», дейді.
Жанекем Ежен ханға болды разы,
Жол құрды жарым жылдай қысы-жазы.
Жұмыстың сәті оңға беттеген соң,

Арада жол азабы білінбеді.
Сәлемін Ежен ханның айтып келді,
Жолдаған сауғат-тартуын артып келді.
Тоқтатып Абылайдың барар кезін,

Табыспен ер Жәнібек қайтып келді.
Мұнымен тоқтап тұрсын осы табыс,
Тоқырау азаматқа болар намыс.
Естіген ұққанымды жасырмастан,

Абақтан сөз бастайын құлақ қағыс.
Шашылған керей елі бұдан бұрын,
Мұң-зары асқынған ед анағұрлым.
«Ақтабан шұбырынды» кесірінен,

Бір мезгіл мекендеген Сырдың бойын.
«Сырғауыл Сырдың бойын мен бұтайын,
Бал берсең тәтті аузымнан мен жұтайын».
Осы өлең естелік боп қалған жоқ па,

Жарандар, бұны қайтіп ұмытайын?!

ер  жәнібек
Жанекем көп ойланып толғанады,
Тарихтан көп мысалды ойланады.
Еселі, сыбағалы ел етпек боп,

Жұмысын бұл керейдің қолға алады.
Жинады он екісін ер Жәнібек,
«Бас құрап жиналалық» дер Жәнібек.
Елбасын жиып алып ақыл салды,

«Андыздап босқын жүру неге керек?»

—Аспанда Темірқазық көресің бе,

Емес қой о да жалғыз сенесің бе?
Қарақшы, Ақ, Көкбоз ат, Екі арқан,
Он екі осыменен білесің бе?
Тұрыңдар табан тіреп бұл қазықтай,

Мойныңа артылған сол міндетіңе.
Айбатпен Қарқарадай тұр басында,
Он екі сала мүйіз бір басында.
Бұғының мүйізіндей шоқтай болып,

Он екің топталып бір кел қасыма.
Өлгенде басын жерге салмаушы еді,
Жігерді үйреніңдер осыдан да.
Озалық шын жүйріктей жарыстағы,

Топтансаң қолға келер алыстағы.
Өрбітіп әрі асыл, әрі алып,
Бір туар он екі жыл барыс тағы.
Жүлдені басқа жаққа жібермейік,

Болайық біз жолбарыс арыстағы.
Бар еді мұсылманда он екі имам,
Бұрын-соң осылардың бәрі болған.
Он екің осылардай адал болсаң,

Жар болар жаратқан бір Қадыр Аллам.
Түс жору он екі деп болған аңыз,
Бұдан да пайдаланар шықпақ маңыз.

тарихи  жырлар
Он екің енді ұйықтап жата берме,
Түс емес бітіргенің болсын нағыз.
Болайық жүк көтерер қара нардай,

Берсеңші сондай жуан, Құдайым-ай.
Шөлге де, аштыққа да шыдайық деп,
Құрсақта он екі ай жатқанын-ай!
Жасымда жүрдім алыс кісі елінде,

Ол күнім жаман-жақсы әлі есімде.
Әруағы он екі абақ қолдаған соң,
Аттандым он екі жас мүшелімде.
Адамның кім сүйеді қатағанын,

Жұрт сүйер жанасымды жатағанын.
Он екі зор жорықта жүлде алдым,
Он екіге болсын бізден атағаным!
Мыңғырған он екі ру ел болыппыз,

Адамның мүшесіндей тел болыппыз.
Он екі мүше болып жаралсақ та,
Өткенде біріге алмай жер болыппыз.
Он екің бірден қоссам мүшел болар,

Өткен күн енді еске түсер болар.
Мүшелге толған жігіт болып тұрып,
Харекет қылмағанда кесір шығар?!
Он екің он екі ай болғанымыз,

Қосылсақ жыл болады толғанымыз.
Аяғы, тілі шығып бір жасында,
Бөбек те бой жазады, ойланыңыз.
Тындырар қандай істі қабыл дене,

Жыл толып уақытта кемелдене.
Мүшелге жеткен толық азаматпыз,—
Деді ол,—он екі абақ, ұмтыл қане!

ер  жәнібек
Осымен болды, міне, дәл он екі,
Ел үшін бәрін айту ердің серті.
Ер бастап жойқын жұмыс істер болса,

Болмай ма ойланыңдар елдің көркі.
Және кең мысалдарды көптеп алды,
Естірмей мұны ұғып қайран қалды.
Қайласы ақылы мол ардагердің,

Осылай жиып топты ойға салды.

—Бұл сөзім қураған бір емес жалған,

Айтпасам көңілімде кетер арман.
Артыңнан ердік, міне, өзің баста,
Деп жиын осылайша қаулы алған.
Сөзі бар ел-жұртына тілі тәтті,

Жауына қара боран ділі қатты.
Тұнжырап кеткен екен жарықтығым,
Толғантып жиын топта мынаны айтты.

—Мына жақта орыс бар,

Қызыңды берсең қоныс бар,
Ағайындар, біліп қал.
Мына жақта қалмақ бар,
Басыңды кесіп алмақ бар,

Барлықтарың есіңе ал!
Мына жақта қырғыз бар,
Жүрегінде бір мұз бар,
Бұны дағы біліп қал!

Мына жақта қытай бар,
Жүрегінде Құдай бар.
Ұзын етек, кең қолтық,
Осы жағын ойлап қал!

Тобына осыны айтып сөз тастады,
Саралап, салмақтар деп бастады.

—Аузыңа дұға біткен, батырым-ай,

Дұрыс,—деп кейінгісін жұрт қостады.

тарихи  жырлар
Жәнібек батыр еді, шешен еді,
Зейінді, ақылы мол, көшелі еді.
Бұрынғы атамекен құтты Алтайға,

Керейді өзі тастап көшеді енді.
Осымен керей екі кенеледі,
Ел болып жұрт көзіне еленеді.
Ту алып ірі ел боп саналған соң,

Бақытқа, кісілікке келер енді.
Жер еді дегенменен сыр алмаған,
Елі бой көрсетіп сыналмаған.
Дөрбіт пен торғауыттың арасында,

Жанекем әсте бейғам тұра алмаған.
Арманы көкейкесті еркін қоймай,
Жанекең абыржиды елін ойлай.
Егерде төресі жоқ жата берсе,

Елдікке саналмайды салт осылай.
Сондықтан ел шақырып кеңеседі,
Тыңдаңдар бұл кеңесті не деседі.
«Төресіз ел болмайды, төбесіз жер»

Бір төре алысуға келіседі.
Сонымен бастық сайлап Тауасарды,
Бір болып он жеті адам жол тартады.
Баласы Әбілпейіз Көгадайды,

Керейге төрелікке алдырады.
Билігі Жанекемнің дұрыс болды,
Бір мезет осыменен тыныш болды.
Дегенмен сөнген шоғы қозданатын,

Айнала тұтанған бір жыныс болды.
Есіне Жанекемнің келді бір іс,
Жарай ма ел бастығы бекер жүріс?!
«Ақсақал, бейғамсыма бостан-босқа»,

Шалынды құлағына осы сыбыс.

ер  жәнібек
Ниеті елді жаудан сақтандыру,
Амалдап қарсы жағын жасқандыру.
Ойына қайта-қайта оралады,

Еженге Көгадайды аттандыру.
Бұл жөнінде ел басымен болды жиын,
Құлшынса барлық елі емес қиын.
Әзірлеп тоғыз-тоғыз тарту тартпақ,

Ішіктен бұлғын, сусар, құндыз, тиін.
Тоғыздап дайындады және жамбы,
Алтынды жетерліктей жиып алды.
Жұпар мен бөкен, бұғы мүйіздері,

Шетінен таңғалдырды көрген жанды.
Жұмысы осылайша ыңғайланды,
Баратындар ақылдасып көп талданды.
Барлыбай, Шегетай, Шуаш, Байторылар,

Баруға бұл сапарға ыңғайланды.
Осы төртін ақылшыға ол алады,
Азықты, атқосшыны мол алады.
Кезінде көктеменің көк бөлтіре,

Көгадай салтанатпен жол алады.
Төре әкеп топтастырды бұл керейді,
Өйтпесе бұл керейді кім елейді.
Жіберген Ежен ханға Көгадайы,

Таңба алып, атақ алып қайтып келді.
Осылай бас құраған он екі абақ,
Бұрынғы сәтсіздіктен алып сабақ.
Қаймағы үйірілген ел болған соң,

Келмеске кетті тарихы түрген қабақ.
Аңыз боп қалды елге шешендігі,
Көреген, парасатты көсемдігі.
Сұрайтын елдің қамын адам шығып,

Керейдің туды енді есендігі.

тарихи  жырлар
Атағы Жәнібектің жел ескендей,
Жауынан жерге тықты егескенді.
Қол тартып, айбат шегіп жүргенінде,

Болмады оған ешкім теңескендей.
Дүниеден өткен екен нелер дейді,
Жанекем ел ұстауға шебер дейді.
Аз ғана өте шыққан өмірінде

Керейді игілікке жетелейді.
Жауынан болған емес қайсаңдаған,
Соққан ол нелер сұмды қайқаңдаған.
Артына шаңырақ пен мұра тастап,

Жүрегін көрсетті елге тайсалмаған.
Ол айтты:—Елім енді теңеледі,
Бұйырса мекенімен кенеледі.
Өлгенде орным орнықты болды менің,—

Деп айтып бұл дүниеден жөнеледі.
Бұл сөзі—ең ақырғы өсиеті,
Қолдасын ұрпақтарын қасиеті.
Толықсып елің қалды толған айдай,

Тарқаған бастан қайғы-қасіреті.
Өмірі ел қамын жеп өткен кісі,
Дәл жасы сексен төртке жеткен кісі.
Арадан кетті ардагер осылайша,

Мың жеті жүз тоқсан сегіз жыл, маусымда.
Керейге Қап тауындай қорған болған,
Батырды ұмытармыз біз қалайша?!
Батыр боп шықты дара бұл абақтан,

Жауына соққы беріп аты шыққан.
Сондықтан бүкіл керей жауға аттанса,
«Жәнібек! Жәнібек!» деп ұрандаған.
Оңшады ізгі жаққа бет алысын,

Ел-жұртын желпіндіріп кетті арысым.

ер  жәнібек
Жанекең бастап берген осы жолмен
Бұл керей сақтай білді ар-намысын.
Жәнібек өзі баулып Көгадайды,

Ұқтырып кеткен еді әрбір жайды.
Кезінде бауыры жылы, қолы жұмсақ,
Болып еді берекелі елге жайлы.
Көгадай өлгеннен соң елдің басы,

Мұрагер Әжіге қалды оның тасы.
Гүң деген атақты ол көтере алмай,
Ыдырап кете берді ел арасы.
Ажекем ел-жұртына болды тарпаң,

Ақыл кем, айласы жоқ—қортаң-қортаң.
Қымс етсе қара күшке салмақшы ол,
Сондықтан сырғауаңдап елге жалтаң.
Әжіден осылайша жасқанады,

Азамат тар кешуде тасталады.
Ішінен төрт би сайлап төрелікке,
Өз ісін өзі керей басқарады.
Бұл билер әлі есінде халқымыздың,

Ел ұстау бейнесі бұл салтымыздың.
Бейсенбі, Көкен, Топан, Құлымбектер
Қормалы болған еді халқымыздың.
Бұл дәурен осылайша өтіп жатыр,

Дүниеден нелер саңлақ көшіп жатыр.
Дариға-ай, баяны жоқ бұл жалғанның,
Үлесі барлығына жетіп жатыр.
Толықсып өркендеді бұл абағым,

Құдайым көтерген соң оң қабағын.
Қалғанын кейінгілер жалғап жазар,
Көп созбай қысқартайын сөз аяғын.

тарихи  жырлар
Тектемей ата тегім неге жатам,
Оқырман, түзетіңдер болса қатам.
Сұрасаң, атым—Ыбырай, руым—сары,

Болады ер Жәнібек бесінші атам.
Іріктеп кесектерін ғана жазғам,
Болмайды барлығына берген бағам.
Мың тоғыз жүз жиырма жетінші жыл жазылды,

Осымен сөз аяғы тәман-тамам.

«Ер туса ел бақыты» дейтін қазақ,
Бұған да дәуір айғақ, тарих айғақ.
Халықтың кегін жоқтап жауға шауып,
Дүниеден кеткені анық талай саңлақ.

Солардың бірі соңғы Тәутік батыр,
Ерлігі елмен жасап келе жатыр.
Ту еткен Жәнібектің әруағын,
Алтайдың асқарында ізі жатыр.

Еңселі Емегейті биігінен,
Жұртының жаралғандай күйігінен.
Жарар ма ұрпақтардың қалауына,
Шыққан сөз ерлігіңе сүйіну деп.

Дүниенің алашапқын сергелдеңі,
Жарлының кетіп жатқан селге еңбегі.
Аспанын бұлт бүркеп, тұман басып,
Тұрғанда болсын қайдан ел еңселі?

Ұлтара алауыздық, соғыс, қырғын,
Тартылып зырылдауық малы қуғын.
Құн даулап, барымта ұстап, жесір жоқтап,
Кез еді жұрт әлекте қалатұғын.

Қым-қуыт арпалыста сан дүрбелең,
Табатын жарығы жарып жауды іргеден.
Ағайын арасында сойыл ойнап,
Талайлар босқын болып ауған елден.

Тәутік батыр

тарихи  жырлар
Керейдің тыңдағанда осы кезін,
Қайғы-зар, мұң келеді жасып сезім.
Тұрғанда қара Оспанның айбаты асып,

Биікке би-төреден қойған өзін.

Мықтыны, шендіні де жиып алып,
Ешкімге төлемеген алман салық.
Көкжалды күркіреген иген емес,
Тұтқын боп тергелсе де, ноқта салып.

Адуын асқар белдей көпке тірек,
Тұратын айбатынан жау тітіреп.
Ашуы нажағайдай шатыр етіп,
Шыға алған Чыңчайға1 да қылыш білеп.

Кететін қатуланып туса егес,
Іс болса күш салатын қолдан келмес.
Адам тұр ғой сәждеге басын ұрып,
Құдайға құлшылық қып көрген емес.

Ұйыған Оспан айтса бар жамағат,
Бетіне кім қараған кетсе де ағат.
Қалқаға жорық жолмен барып жүріп,
Ыбырай алып кепті қыз олжалап.

Жас сұлу алғашында көнбей тулап,
Жанардан жас бастауы ақты құлап.
Жаңадан Нұрғайша деп атын қойды,
Өзінен көрген де жоқ талап сұрап.

Ол кезде әйелдерге ерлер үстем,
Сескенер нәзік жаны зорлық күштен.
Қалқадан әкелінген осы сұлу,
Тоқал боп Ыбырайға ғұмыр кешкен.

Алғашқы жат елдегі тұрмыс қандай,
Күндері қиналыста көр қысқандай.
1 Чыңчай—Алтайды басқаруға келген патша.

тәутік  батыр
Сұңғыла, асыл әйел арман құшып,
Ұл тапты кере қарыс жазық маңдай.
«Тәутік» деп атын қойды жас баланың,

Белгісі тірліктегі бастаманың.
Өмірге отты көзін тіге келді,
Жапса да ұзын қалың қас қабағын.
Дүниенің тым бұлыңғыр келбеті де,

Бесігін мұңмен ана тербетуде.
Аналық махаббатын жөргек етті,
Күн сайын ұлы өсіп ержетуде.
Сейілгендей ойынан қапалық дерт,

Алау басып сөнгендей өзектегі өрт.
Бала десе балқитын бауыр еті,
Бар анада болатын бұл қасиет.

Тайталас жалғасуда көне сүрдек,
Дағдылы барысымен асып дүрмек.
Сор—жақын, бақыт—алыс қалың жұртқа,
Кім бар-ды еңірегеннің жасын көрмек.

Әлсізге енші болған құлдық, күңдік,
Арманда өтіп жатқан өмір мұңлық.
Адамзат аңсарына асу қайда,
Замана күңгірт тартса сан құбылып.

Осылай жылдар көшті сапарына,
Заманның ой тасталық қаһарына.
Жеткен-ді Тәутік өсіп осы ортада,
Ат мінер азаматтық қатарына.

Әуелде тыңдап өскен ащы зарды,
Кек жалын көкірегін осқылады.
Бәрін де көзбен көріп, толқи жүріп,
Қолына жастайынан сыбызғы алды.

тарихи  жырлар
Қосатын ащы әуенге халық мұңын,
Өмірдің өресінен алыпты ұғым.
Доржыны бір арыста жығып кетіп,

Танытты бар екенін қайрат мығым.

Тақтайдай жауырынды, сом денелі,
Тұтасқан тұлғасына көз кенелді.
Түксиіп қатуланса түсі суық,
Алып күш баурай білді әр өнерді.

Бос мойын шоқпар қысты тақымына,
Өріс кең, әрі мықты ақылдыға.
Ойында елім деген арман жатты,
Туған жоқ мүддесі үшін жақынына.

Өрбісе алуан түс көп, әр дүрбелең,
Орынсыз бойын ұрып етпес елең.
Зеріксе ну орманға аңға шықты,
Аю да соғып жүрді шоқпарменен.

Тарады қанаттанып елге ерлігі,
Күш болып бойға қонған елдің кегі.
Ұстады жортуылдан бойын аулақ,
Сыбызғы—жан серігі, көп ермегі.

Аңыз боп балуан Тәутік, батыр Тәутік,
Көрмеген сүйінетін атын айтып.
Біртелеп аңшылықты дағды етті,
Сарғайып іштен тынып жатсын қайтіп?!

Жанына жақты осылай жапан дала,
Құлпырған қалың орман сай мен сала.
Жұпарлы, алуан түс гүл бәйшешек,
Табиғат әкеткендей тартып ала.

Жарасқан жасыл киіп тау биігі,
Қарайтын одағайлап кер киігі.
Көз салып Кәтіңкерден атырапқа,
«Сенсің-ау,—дейтін Тәутік,— жер биігі».

тәутік  батыр

—Жай толқып, жағаны ұрып жатыр Қанас,

Туған жер, қасиетіңе жаным жалғас.
Арнаңа махаббатым төгіледі,
Өзіңдік ет жүрегім суый білмес.
Көзімнің шарасындай суың тұнық,

Өтермін қасиетіңе құрмет қылып.
Арман жоқ қалсам сенің топырағыңда,
Ел үшін сенде жүріп, сенде өліп.
Самырсын кәмшат бөрік киіп алып,

Ақ қайың үкілі қыз биге қанық.
Тартқандай самал есіп сыбызғысын,
Теңселген бойы балқып гүл ырғалып.

Арудай сұлу шоқы таранады,
Көз тартып тұлғасына жаралғалы.
Назқұмар қыз қылықты нәзік сезім,
Дерсің-ау тек осыдан таралады.

Санымен саялы адыр бөктерінің,
Көз нұрым құдіреті көркеміңнің.
Секілді шырын жиған арадайын,
Туған жер, мен де сенің өркеніңмін!

Деп талай сыбызғысын тартқан ұзақ,
Секілді тасты жарған сылдыр бұлақ.
Даланың жұпар лебі сүйсе беттен,
Тумай ма көкіректен толқын тулап.

Жалғасар күн осылай аптасына,
Аңшыға арнауы анық жүз несібе.
Маралдың бұрқылдатып етін асып,
Тамыздың отыр еді бір кешінде.

Алпамса алып дене баран атты,
Қыраттан түзу тартып келе жатты.
Мойнында асқан қылыш, мылтығы бар,
«Кімсің?» деп дөрекілеу бір тіл қатты.

тарихи  жырлар

—Кел бері, атыңнан түс, кешкі қонақ,

Қайтесің алыс тұрып жөнді сұрап?
Тамақтан, танысармыз, аңғарарсың,
Аңшының заңы емес пе, дала—тұрақ.
Азырақ ойланғандай тұрды ырғалып,

Айдары салбыраған иық жауып.
Маңайға одағайлап көз тастайды,
Астында ат тыпыршиды жерді қауып.
Байлады атын әкеп ат қасына,

Отырды аманнан соң от басына.
Секілді талай нәрсе тығып алған,
Шүйде мен жауырынның жотасына.
Қонақтың ет түсіріп қойды алдына,

Бір күдік алып қашты ойды арғыға.

—Ал сөйле, аңшы жігіт,—деді бір кез,—

Тәутікті осы өңірден көре алдың ба?

—Алдында екі күннің көрген едім,

Жарым күн сапарлас боп ерген де едім.
Бөлінгем, дәметпеймін одан олжа,
Өзім де аң құтқармас мерген едім.

Дегендей батыр аңғал, батыр олақ,
Бағдарсыз алаңқымен кеткен құлдап.

—Ертеңдер мүмкін тағы кезігеді,

Тәутікті не жұмыспен жүрсің сұрап?

—Анадан батыр туған Өсер атым,

Жаратқан иесі етіп күш-қуаттың.
Шашақты найза ұстап, сауыт киіп,
Жасымнан намыс қуып жауға шаптым.
Білмессің Доржы деген ағам балуан,

Басынан тарих өткен сан бір алуан.
Арыста бала екен Тәутік жығып,
Бойымда кешірілмес кегі қалған.

тәутік  батыр
Қоздырған аршыл желік от жүрегім,
Көрсетсем деген едім күш кезегін.
Құруға жеке сайыс бір майданын,

Үштастың атырабын сан кезгенмін.
Көрмедім, болмаса да жерім алыс,
Арманым емес еді жатпен таныс.
Кезігіп сол батырдың басын алсам,

Мен тұр ғой рулы елге болған намыс.

—Алдырмас, күші басым Тәутік саған,

Бекер-ақ құр лепіріп айтқан бағаң.
Алдымен меніменен байқасып көр,
Тәутік ер бірге туған менің ағам.
Егерде мені жықсаң Тәутікке бар,

Мықтымен алысуға ол да құмар.
Қалмаса шулап артта қатын-балаң,
Сыртынан айтылған сөз неге тұрар?
Дегенде-ақ, кетті бірден жұлқыласып,

Аяқпен опыр-топыр отты шашып.
Қалған ет, қалған сорпа бұрқылдайды,
Төгіліп қоламтаға араласып.
Селкілдеп қалың орман, түн аспаны,

Қалтырап жұлдыз көктен қарасады.
Қашырды Қаратаудың ұйқысын да,
Секілді арыстанның таласқаны.
Айсыз түн, иен дала, тау ішінде,

Ала алмай бірін-бірі тіресуде.
Ақырып Тәутік бір кез қаһар шашып,
Көтеріп алды бір-ақ төбесіне.

Жіберді сол бетімен жерге періп,
Талықсып қайрат-күштен кетті ерік.
Белдегі қызыл мата белбеуімен,
Қос қолын арқасына таңды керіп.

тарихи  жырлар
Сүйретіп сирағынан қарағайға,
Үзілсін жан тынысы қарау қайда?!
Үн шықты жалынғандай өлеусіреп,

Айдардан арқан тағып байлағанда.
Қаперсіз жатты ұйқыда Тәутік кеңіп,
Кезіккен қиуасыз жауын жеңіп.
«Таң атсын, атымды атап, басын кесіп,

Кетем,—деп,—иен тауға қанын төгіп.
Күн шықты жатқан батыр байлауда әлі,
Демігіп тіл қатуға жетпеді әлі.
Аузына сорпа құйды:—Тәутік—мен,—деп,

Көрем,—деп,—басыңды алып тамашаңды.
Тұтқынның ерік бар ма көнбесіне,
Көзінен жас ағылып кетті есіле.

—Өлгенше атағыңа құл болайын,

Не жөн бар ерік сізге бермесіме?

Әл білмей желік қуып шектен астым,
Ажалдың қақпанын кеп өзім бастым.
Өмірлік ақ ниетті дос болайын,
Еркін бер тіршілікке ғазиз бастың!

Деген соң алды шешіп байлауларын,
Басылып қалған екен әуелгі арын.
«Достықтың алғашқы бір белгісі» деп,
Ауысты аттары мен қанжарларын.

Қонақ боп бір-біріне құрды сауық,
Күн, айлар өтіп жатты қызық тауып.
«Нағыз дос осылар» деп ел таңғалды,
Өсер мен Тәутік ерден аңыз қалып.

Жыл өтіп бет көрісті, жайлау тағы,
Ашылып қызғалдақтың қауашағы.
Ойында уайым боп арылмайтын,
Өмірдің күңгірттенген болашағы.

тәутік  батыр
Ел жайы, ата үлгі дағдысымен,
Кәрі шал қызға ынтық мал күшімен.
Сан ару кетпеді ме құздан құлап,

Өмірі жұптаса алмай тұрғысымен.

«Әділдік — шариғатта» дейтін таным,
Махаббат мазағы еді қалың малдың.
Ұрпағын шаңыраққа құл ететін
«Жазмыштың жазуы» деп аласаның.

Қиялдап қиналған-ды Тәутік талай,
Ел жайын өзгертудің жолын қалай.
Амалсыз ашу мініп сандалатын,
Ой жетпей тереңіне бойлай алмай.

Бұлыңғыр ой тұманы жанын жеді,
Икемсіз еске алғанның қашып ебі.
Бір тауды артып кеткен секілденді,
Кешегі Нұриланың кезіккені.

Жай ғана қыдырған боп келген еді,
Жарасып алма бетке қара меңі.
Сүмбіл шаш, қынама бел, орта бойлы,
Алтыннан қақтағандай екі ерні.

Сыпайы сәлемдесті құрметпенен,
Әзілдес тете өсіп ойнап-күлген.

—Оңаша үйде екенсіз,—деді сынып,

Өзге емес өзіңізді іздеп кеп ем.

Білерсіз мені басқан қара бұлтты,
Тірлікті, қызықты да бәрін өтті.
Алдыңда өлі мүсін секілдімін,
Өмірге құштарлықты қайғы жұтты.

Дегенде жанарына жас үйіріліп,
Кеткендей жай отына жаны күйіп.

—Ақырғы қошым болсын, құрбы-құрдас,

Мен енді тарта алмаймын тірі күйік.

тарихи  жырлар
Тәутік те сең соққандай отыр налып,
Қайғы, дерт қызда тұрған бәрі анық.
Тынысын үздіре ме есіл жастың,

Мойнынан үзілмесе қыл бұғалық.
Дегендей ойлы көзбен қарай берді,
Бір ұшқын бойын алып тарай берді.
Қызғаныш жатқа деген сыртқа теуіп,

Ой толқып шыға алмай қалай дерді.
Руы Тәутікпен бір Саршаянның,
Бірі еді байлыққа мас көпке аянның.
Сықаяқ, қыңыр мінез, жанжал қуған,

Мерт етпей жібермейтін ұстағанын.

Алпыстың асуына жасы жеткен,
Сай-сала орын алған екі беттен.
Мысық мұрт, тіссіз иек жепірейген,
Секілді мұқыл түбір сиқы кеткен.

Көз тігіп торын жайған Нұрилаға,
Рақымсыз арсыздыққа тыйым қайда?
Мұңлының, жас өмірдің қайғысына,
Ежелден Саршаянда сыну қайда?

Келісіп өгей әке Нұриланы,
Беруге алды матап қалың малды.
Тербетті ауыл маңын мұңға малып,
Егіліп жас арудың зарлағаны.

Тәутікке бәрі таныс болған істің,
Тұрғандай төбесінен басып көшкін.

—Баласын ақмаралдың құтқармасам,

Дүниеге неге тудым, неге өстім?
Деген ой тулап, бойдан қайрат жиып,
«Сұлуды қор қыламын қайтіп қиып.
Ару қыз ақ ниетін төге салып,

Мөлдіреп қарсы алдымда тұр қиылып.

тәутік  батыр
Жарқ еткен жанарына Нұриланың,
Мастанып бұрын талай балқығанмын.
Биіктен арман құсы өзі келді,

Өмірді енді онсыз не қыламын?»
Толғана түсті келіп осы арнаға,
Елесін алғы түннің тартты алдына:

— Нұрила, ашып айтшы мақсатыңды,

Ойыңда маған қояр талап бар ма?

—Арманның алдымдағы елесіне,

Беріліп үміт арттым кемесіне.
Сен үшін дүниеге жаралып ем,
Қор қылып жатқа қолдан бересің бе?

— Нұрила,— деді Тәутік,—арманым ең,

Ойпаңнан қол созғандай қарманып ем.
Әуелде-ақ жолатпас ем Саршаянды,
Руды туыс көріп алданып ем.
Көтердім бір сен үшін тау болса да,

Өз іші атаманның жау болса да.
Саршаян мықтағанда малын алар,
Шыдадым іздегені жан болса да.

Қамықпа енді, сәулем, ақыл ойла,
Күн кешіп тұра алмаймыз осы бойда.
Жапанға алып кетіп жасырайын,
Матқапы болып қалмай осындайда.

Қыз байқұс құшағына кетті құлап,
Жас жаны махаббатқа қалған улап.
Жүрегі жарылардай бойы балқып,
Көкірек тарылғандай соқты тулап.

Қанар ма бар құмарлық тұрса сусап,
Аңсаулы арманына жеткенде аңсап.
Алмадай нұр ойнаған екі бетін,
Ерінге төсей берді еркін ұстап.

тарихи  жырлар
Сезімнің сұңқар қанат қиялдары,
Арманның асқарына қиялдады.
Шақырған бостандыққа сұлу үміт,

Ойына Нұриланың ұялады.

—Жолымда бақ болса да, сор болса да,

Шынжырлы, қанды қақпан тор болса да.
Ақ ниет, адамшылық ардан туғам,
Жәдігөй жандар тобы жанды алса да.

Өкінбен аңыз тастап кетсем өліп,
Өткенше бұл өмірдің күңі болып.
Туған жер, туған ана, кешірім ет,
Үзілген гүлің болып қалсам солып.

Қош, ана, өгей тірлік азабымен,
Талпынған бостандыққа жазалы мен.
Жапыртар жастығымның балаусасын,
Жапалақ жар боларлық құштарым ба ең?

Көтеріп әкетті осы арман, тілек,
Тұрғандай бір күш тартып келсең-кел деп.
Серт айтқан келер түннің келді кеші,
Бүгін тым бойы жеңіл, ойы сергек.

Тәутік те айтқан жерге келді жетіп,
Қайтар жоқ енді беттен алған бекіп.
Тербетті атырапты салқын самал,
Ләззатты махаббаттың күйін шертіп.

Ай жүзін тасаласа ақша бұлтқа,
Жұлдыздар телміреді жымың етіп.
Тұрғандай жапырағы сыбырласып,
Ақ қайың ақ ниетпен құрмет етіп.

Нұрила кетті ойдың жетегінде,
Тар соқпақ өткелінен өтемін бе?
Қымсынбай құшағына кетті еніп,
Мақсатқа алдым тұман жетемін бе?

тәутік  батыр

—Мен өлсем керегі жоқ, Тәутік,—деді,

Өмірден сені де алып кетемін бе?

—Қайтесің ондай сөзді, Нұрилашым,

Мен үшін не көрсең де ризасың.
Жаныңа жігер болмай жасытарлық,
Мазасыз құрғақ ойды не қыласың?

Бөгеліп көп тұрмайық, қоншы атқа,
Бас иіп өскен ауыл, атырапқа.
Жаюлы керегесі жас отаудың,
Ендігі тұрағымыз Қанас жақта.

Қою түн құшағына кетті тартып,
Ай бетін аймалайды бұлттар қалқып.
Сүйеді дала гүлін қос жүректен,
Тойымсыз махаббаттан шаттық шалқып.

Тұрғандай түннің сұлу бұлбұл құсы,
Қарсы алды алдарынан жар-жар айтып.
Туған жер, айқара ашып тау құшағын,
Суретін қос өрімнің жатты тартып.

Нұрила өскен жылдар есебінде,
Ешкімнің жолықпаған өсегіне.
Таң атып, күн шыққанда ел оянып,
Мәлімсіз жоқ боп шықты төсегінде.

Кешікпей ауыл, ел де хабарланды,
Саршаян пасық ниет, арам қанды.
«Астыртын біреуменен қашырдың» деп,
Топ жиып, қыз үйіне бүлік салды.

Өлдіге жұрттың көбі санасып жүр,
«Мерт болды-ау, жас өмір» деп жаны ашып жүр.
Тәутік те жоқшылардың бірі болып,
Орманды, тау аңғарын қарасып жүр.

тарихи  жырлар
Қара Оспан болмаған соң жиды жұртын:

—Саршаян кетірмесін елдің шырқын!

Табылса қыз сүйегі өлі болып,
Ойлансын арғылықтан құныкер кім?
Көріңдер әлі қарап, сұрау салып,
Тұрған жоқ басқа жанда күмән қалып.

Егерде жүрген болса сезік тауып,
Саршаян алып келсін ұстап алып.
Ошыңның екі айтпайтын сыры мәлім,
Қиыннан құтқаратын қолдағанын.

Хабарсыз осы бойы қыз жоғалса,
Саршаян жоқтамайды қалың малын.
Қыз байқұс құсаменен қиса жанын,
Бәрінен жолы басқа Саршаянның.

Алдымен тоғыз кесіп айыптаймын,
Ел ішін бүлдіріп даң қылғанның.

Осылай бұл іреткі болды кесім,
Қайтарып жат ниеттің меселдесін.
Саршаян қан құса боп қала берді,
Қолынан Ошың барда не күш келсін?!

Белгілі теріскейі Кәтіңкірдің,
Жайлауы Қаражарық ежелде елдің.
Ақ құрым күн түспейтін шатқалдары,
Апаны аю, қабылан тағылардың.

Жол қайда бір саладан бір салаға,
Табиғат тылсымдығын жай санама.
Даланың тағысымен сырлас өскен,
Бәріне көптен таныс Тәутік қана.

Заңғарда ақиықтың балапаны,
Маңына жан баса алмай қанаттанды.
Құндақтап түсірген-ді Тәутік бір жыл
Ерінің ерлігінде ел алқады.

тәутік  батыр
Тас үй бар тау тәңірі жасағандай,
Тасты үйіп зергер қолы қашағандай.
Құрулы тастан ошақ, тастан қазан,

Сан батыр мекен етіп жасағандай.

Қойыпты тастан бөлек есік шауып,
Қиюы айырылмастай қойса жауып.
Апарған Тәутік батыр Нұриланы,
Айсыз түн, қараңғыда жолын тауып.

Тәутік ер түнде бірге, күндіз елде,
Жұртыңда күдігі жоқ пәлен дерге.
Көнеріп Нұриланы жоқтау-сұрау,
Айналып барады бір әңгімеге.

Жапты да Емегейті ақтан салы,
Шық көміп жүдеу тартты жайлау сәні.
Қарбалас айдаған мал, шуаған көш,
Етекке ел еңкейер келді шағы.

Қалтонның жазығына ел сыймаған,
Домалап түсіп жатыр әр қиядан.
Ортасы әр ауылдың қара жарыс,
Жал кеткен жазғы күнгі тай-құнаннан.

Иендеп Сатылы тау сағасында,
Шалғайлап қалды жұртпен жанасуға.
Тәутік ер Нұриланы түнделетіп,
Әкелді Қарақастың дарасына.

Жүр тағы табиғаттан отау тауып,
Ақ ұлпа, ақ мамықтан түңілік жауып.
Шұбыра ел күзеулікке кетті тартып,
Қалған-ды Қалтоннан да ел азайып.

Қар түсіп, биледі жайлау төрін,
Бұтаға бой көрсетер қалмады орын.
Желдінің тұтасатын бұлтын көрмей,
Қалатын жол бітеліп жылда бұрын.

тарихи  жырлар
Бұлыңғыр тау қапталдай тұман шөкті,
Тұрғандай тұтастырып жер мен көкті.
Өсерге уағдалы сөз бойынша

Жон тауға екі ғашық тартып кетті.
Кей жерде ат малтығып көбік қарға,
Көміліп ойпаңынан шықты зорға.
Қылтиған көзге таныс ағаш үйге,

Неше күн қырқа қуып жетті зорға.
Өсер де қарсы ұшты, жайды құшақ,
Түсірді қолтықтан ап, атын ұстап.
Иіліп Нұрила да сәлем етті,

Алдына жаңа түскен келінге ұқсап.

Өсердің бәйбішесі бәйек болып,
Дастарқан кең жайылды шүйірмек толып.
Құрметті қонақасы, той деген жұрт,
Дөңбек үй талай толды, талай солып.

Алғыстан өзге бар ма Нұриладан,
Туғанда сауық назды күткен арман.
Қанастың майда жібек толқынындай,
Күй шықты «ғашықтар» деп сыбызғыдан.

Меймандос берекешіл моңғұл халқы,
Ежелден қазақпенен бірге салты.
Дәуірдің альбомына жазып кеткен,
Халықтың суый білмес махаббаты.

Осында Нұриланың әні биік,
Аспандап бұлт қабатын тұрды сүйіп.
Алғысын ән әуені ала қашып,
Тыңдаған ықыласпен тауда киік.

Достықтың әуенінде туған шаттық,
Ортақ бір қазынасы бәрін шарпып.
Тойған ба адам жаны тамашаға,
Бір күннің бір күнінен қызығы артып.

тәутік  батыр
Әр үйде күнде сауық, күнде мейман,
Жалғасып айдан-айға жатты думан.
Жарасқан әзіл-қалжың, сұлу күлкі,

Саусылдап қыз-бозбала сауық құрған.
Қаймақшып қардың беті тершігендей,
Жасырған күреңшесін ашты күнгей.
Тоғысты арналарға сай-саладан,

Қар суы өркештенген жерге сіңбей.
Өсер жүр ұлар аулап Ұлытаудан,
Елей ме батыр жігіт хауіпті алдан.
Сырқатпен жатып қалған Нұрила үшін,

Бір шықпай Тәутік бүгін үйде қалған.
Үйіріліп көз байланып қараңғы түн,
Көктемнің күн күркіреп бұлты жауған.
Алғандай бөтен дыбыс ит те үрді,

Кезінде көз ұйқыға жаңа барған.
Оянды төсегінен шошынғандай,
Есіктен апыр-топыр кіргенде адам.
Қанжарға қолын бірден соза берді,

Жетерін бұл қауіптің ойламаған.

Түсірді он шақтысын қағып-қағып,
Әйтеуір жан шыққан жоқ жатыр талып.
Тар жерде арпалыстың арқасында—
Біреуі қарақұстан кетті салып.

Қыспақта, өкініште қапы қалып,
Амалсыз көз алдынан кетті жарық.
Саршаян әспенсіді екіленіп
Ауру Нұриланы байлап қалып.

Алдырмай басқа ауылға хабар сезік,
Маңайда қарауылшы тұрды кезіп.
Бір үйлі қалған жанды байлап тастап,
Барлығын өкінішке кетті езіп.

тарихи  жырлар
Өткен күз ел кеткенде Ұлытаудан,
Жол қайда қом Қанасқа қалың қардан.
Зым-зия Тәутік елде жоқ боп кетті,

Осыдан Саршаянда күмән қалған.
Ең алғаш жол шыққанда жалғыз аяқ,
Жіберген тыңшылыққа адам сайлап.
Аз ғана атаманның делбелері

Жасақ боп шыққаны сол сойыл сайлап.

Осылай жеткен бұлар мақсатына,
«Атаның кір жақтың» деп жақсы атына.
Ошынға кісі салды ескеуілдеп
«Толад деп шариғаттың қай шартына?»

Даң қуып жұрт қозғалған осындайда,
Белгілі дін жолында кешу қайда?
«Тентекті маған әкеп тапсырсын» деп,
Шаптырды шабарманын Саршаянға.

Екеуін байлап-матап алып келді,
Әзірше аптықпа деп таратты елді.
Талайдың көздеріне жас алдырды,
Қиналып Нұриланың деміккені.

Байлаудан екеуін де босаттырды,
Белгісіз мақсаты не бүгіп сырды.
Тәутікті оңаша үйде болсын деді,
Науқасқа жайлы орын жасаттырды.

Науқасы Нұриланың салмақ тартып,
Сандырақ пайда болды әрнені айтып.
Тәутік те басын сүйеп аймалады,
Жан шыдап бөлек жерде болсын қайтіп.

Шақырды Өміртай мен Қылышбайды,
«Сот бар,—деп,—қылмыстарға» жұртқа жайды.
Ішінде ел басының Бықыш та бар,
Тартымды ой, өтімді сөз жұртқа ұнайды.

тәутік  батыр
Сайланып Өсер келді өз тобымен,
Өзінің өкініш жеп жоқ кезінен.
Көргенде тілсіз, сұлқ Нұриланы,

Атылды тау суындай жас көзінен.
Барады барған сайын халі бітіп.

—Жас өмір, түгермісің қайғы жұтып.

Қарызың кешірілмес қалды-ау менде,
Жағдайды мөлшерлемей аңға кетіп.
Қиналып қолын ұстап отырды ұзақ,
Айқын тұр тартылуға ажал — дұзақ.

Бір мезет ең ақырғы иек қақты,
Кеткендей болды Алтайдың тауы құлап.
Дүрлігіп Саршаянның тұрғыласы:

—Алынсын, Нұрила өлді, Тәутік басы!

Атаман балалары кетсек ауып,
Ошыңға не демекші жат баласы?

Ел болып енді бірге тұра алмаймыз,
Туыстық берекені құра алмаймыз.
Алтайдың күн бетіне қош айтамыз,
Көтеріп бет салымын жүре алмаймыз.

Осылай ел ағасын жатты қинап,
Жан-жақты дүбір қылды көлік жинап.
Саршаян елеуреткен даңғой жандар,
Үлкеннің қояр емес бетін сыйлап.

—Ей, жұртым!—деді бір кез Бықыш бастап,—

Қайтесің, кешіріңдер, өлім жастап.
Болды ғой жасшылықтың салдарынан,
Деген бар «жабы жалтақ, албырт асқақ».
Ат берсең де ақыл қос аймағыңмен,

Береке бұзылмасын қаймағымен.
Бір гүл де сағағынан үзілмесін,
Ойнама қан шығарар қайдағымен.

тарихи  жырлар
Дегенге тоқтамады дүрліккен топ,
Басқаға өнеге үшін өлтірмек боп.
«Тас ату» жазасына кесім деді,

Басқаға Ошың сәп сап қараған жоқ.

—Не пайда тыным болмай дау қуғаннан,

Батырың осы емес пе қорғар жаудан?!
Қылышбай осы дауды ада етсін,
Алсын да қолқанатын басқа рудан.
Келер түс Алтынақтың жағасында,

Болуға өлім, өмір таласында.
Саршаян ризалық айтпаса да,
Мақұл боп жұрт жөніне тарасуда.
Тәутік ер Өсерге кеп:—Достым,—деді,

Өмірден бар көресім осы ма еді?
Мен дағы кетпеймін бе қанға малып,
Тұрғанда тынысымды өшіргелі.
Не дерсің сүйген жүрек жазалы ма,

Махаббат айналдырды жазалыға.
Бойымда жаным барда шыдайын ба,
Бұлардың таспен ату мазағына.
Құлымын махаббаттың, адал ардың,

Ер болсам, қорлануға неге бармын.
Болмаса Саршаянның басын алып,
Кегі үшін қарманайын Нұриланың.

Асқам жоқ, сүйдім рас, адамдықтан,
Айбатты арым таза арамдықтан.
Кегін бір Нұриланың қайтармасам,
Секілді ол қабірінде жылап жатқан.

Белгілі дұспаным өзіме анық,
Көрейін, сен қосылма, жеке барып.
Бұрын жау, енді тату екі ұлттың,
Жүрмесін ортасында қырбай қалып.

тәутік  батыр

—Бұл жайды ойлағамын мен де бұрын,

Болады майдандасса ауыл қырғын.
Жазықсыз жарлы да өлер, жалғыз да өлер,
Тартқан ғой мұның талай ауыр мұңын.
Жауласқан тарихта қазақ, қалмақ,

Мал қуып, қыз олжалап, жарғы жармақ.
Мұндайда тағы содыр аман кетіп,
Дағды ғой қалатыны жұртта салмақ.
Ақылдан биік емес бұл ызалық,

Тұрғанда қаның қашып, ой құлазып.
Тұрғанда саясына ап ел ағасы,
Тең болсын ақыл-қайрат жаныңа азық.

Тұрған жоқ Ошың бәрін оймен ұтпай,
Мақұл бол осы шалдың бетін жыртпай.
Осылай су аяғын құрдым етпек,
Өзіңе сөз жолатпай, дау жолатпай.

Барайық Нұриланың қабырына,
Қашанда ақыл серік сабырлыға.
Тұрғанда бірі жау боп, бірі қорғап,
Дақ салма туған елдің қадырына.

Бас иіп жас қабырға тұрысты ұзақ,
Жүректің күйік жеген шерін қозғап.
Тәутіктің өміршеңдік ойы күңгірт,
Қалған-ды үміт, талап бәрі мұздап.

Жеткен соң шартты уақыт кесім айтқан,
Қалың жұрт қапталдады шеру тартқан.

—Нұрила, қош тұр,—деді, атқа қонды,

Жүректе ермін деген намыс жатқан.
Суырылып қырық адам қалың топтан,
Кес-кестеп Тәутік ердің алдын тосқан.
Берді екен шыдамдылық қайтіп жүрек,

Қайтпайтын жанған оттан, атқан оқтан.

тарихи  жырлар
Қойғанда отырғызып елден бөлек,
Тұрса да жарылардай кең көкірек.
Еріксіз бір шал үшін көнді ақыр,

Кек үшін көрмес еді өлімді елеп.
Тас жауды қырық қадам жерден бері,
Қорлану ділі басқа елден бе еді?
Өзіне қатты батты-ау қайран ердің,

Тірідей жер бетінде жерленгені.
Кесектің жауып кеткен кейі дарып,
Бір мезет қан да кетті бетін жауып.
Орнынан бір ағайын әзер алды

Әйтеуір кеткені жоқ естен ауып.
Осылай кесім бітті, шешілді егес,
Күш кетті Саршаяннан неге көнбес?!
Пайда жоқ енді болған жаңғырықтан,

Қолынан өзге жанның өшің келмес.
Тәутіктің қоршап алды құрбылары,
Қашанда бірге емес пе құрбы жаны.
Айе апаң шашу алып алдан шықты,

Жайына кетті атаман Қаңғылары.

Бірге боп құрбылары салды сайран,
Құрдастың құрметі деп тірі қалған.
Аяулы Нұриласын жырға қосып,
Мұңлы күй бебеу қақты сыбызғыдан.

Осыменен қойды бірақ тамашаны,
Жүректе Нұриланың жарасы әлі.
Баянсыз өтіп жатты ай менен жыл,
Өмірдің деп мәніменен санаспады.

Көтермен мағынасыз барыстарды,
Жылдар өтіп, өмір көші алыстады.
Дүниеден дәмі бітіп, ол да кетті,
Керейдің Ошыңдайын арыстаны.

тәутік  батыр
Күйзеліп Бықыш сонда ауыр ойда,
Керейге Ошыңдайын адам қайда?
Еліне қауіп келсе қалқан болған,

Қамығып қалың жұрт тарыққанда.
Енді жұрт үміт артар төресіне,
Төренің келе ме екен ел есіне?
Аяулы Арқалыққа пана болмай,

Жауының құрбан еткен егесіне.

Ей, жұртым, ылдилаған заман солай,
Басыңа бақ тұрмайды бірлік болмай.
Деген бар «алтау ала алғызады»,
Толғана ойлаңдаршы, жанжал қумай.

Заңдылық кәрі кетіп, жас қалатын,
Ілгерлей бір сонылық басталатын.
Болжалы дүниенің сол емес пе,
Өткенге дәуір бойлап білсе парқын.

Замана салты солай ауыр жүгің,
Молайып өсірді түн түнегі.
Уи дутың* Алтайды алып иеледі,
Мәнінен алмасақ та айқын ұғым.

Қарайсың енді соның ауызына,
Кім білсін ол да өмірдің жауызы ма?
Жұмылып жұдырықтай бір төбеде,
Дәніңнің жуытпаңдар қауызына.

Осылай кеңес еткен келер күнді,
Бықыштың қатулы өңі, даусы үнді.
Ой талып тереңінен ала алмастан,
Ауызына жұрт мұңайып қарап тұрды.

Кешікпей алман жайлы жетті бұйрық,
Тарығып ел ағасы жатты ұйлығып.
* Уи дутың—Алтайға жіберілген алғашқы дутың.

тарихи  жырлар
«Қайран ел бақытыңа Ошың болса,
Қаймықпай шығар еді білек түріп».
Деп әркім мұңаяды қайғыланып,

Көрмеген бұрын мұндай ауыр салмақ.
Ұшырды шабармандар ел үрейін,
Сары ала сесті келген қанжар тағып.
«Бес мың ат, он бес мың қой түскен кесім,

Екі етпей мәлік, жанат тезден берсін».
Тәутік ер жинашының тосты алдын,
«Сөзге кел, шығарма,—деп,—елдің есін».

—Айтып бар дутыңыңа елден сәлем,

Жандарың аман барса, сол да олжаң.
Бермейміз бір лақ та қолдан арнап,
Істесін қара күшін қолдан келген.
Төлейді немене үшін алман салық,

Жан бағып өз алдына жатқан халық.
Дутыңыңа керей уағда берген жоқ,
Байы деп қажетіңді бізден алып.

Сөз осы, пәле таппай, кет елімнен,
Жүрмесін жалын шығып кеселіңнен.
Басқар деп еркін жатқан елді келіп,
Бар керей қалап, сұрап әкелмеген.

Алтайдың тұрғынымыз туып-өскен,
Жаншылып запы тартқан зорлық күштен.
Ақылшы толып жатыр төре билер,
Қазақтың баласымыз малмен көшкен.

Көрді де жинашылар жұрт сыңайын,
Естіген аңыздардан Тәутік жайын.
Еріксіз артқа қарай жолға түсті,
Белгілі қиқарланса — өлім дайын.

тәутік  батыр
Осылай жұрт әлектен қалды аман,
Белгілі заман азса сұрқы жаман.
Іргелі мәлік, жанат екі елінен,

Тәутіктей ерді танып күдік алған.
Бұлдырап таудың биік кенересі,
Болғанда қырау серік мезгілге осы.
Танытып үкіметтің ұлылығын,

Жетті елге үгітшілік үйірмесі.

Алдыға айбар қыла күш-қуатын,
Үкімет қорғаны деп бар халықтың.
Заңы да шариғаттың кесіміндей,
Болды да төрешісі дутың жақтың.

Малдыға мағынасыз беріп мансап,
Күн сайын бет алысын барады оңшап.
Кейбіреу тілеу айтып, тарту тартты,
Осы бір «әділдік» деп жүрген аңсап.

Бұған тек Тәутік қана шыдамады,
Ұлыққа құлдық ұрып, құламады.
«Арыстан айға шауып мерт болғандай»,
Заманға жалғыз өзі не қылады?!

Керейдің аға буын алқаларын,
Уи дутың Сарсүмбеге шақырғанын.
Жеткізді шартарапқа шабармандар,
Ішінде «ізгі» жанның Тәутік барын.

Қарбалас ел ағасы әзірленді,
Көруге қошаметті, көрмегенді.
Мәуедей салбырасып Тәутікке кеп,
Бәрі де жалынышпен жүр деген-ді.

Екі ойдың бару-бармау тартысында,
Өз басын әр межемен салды сынға.
Ақыры тәуекелге ұрды өзін,
Жағдайды көзбен көріп танысуға.

тарихи  жырлар
Уи дутың өзі бас боп алды күтіп,
Барады жеке әңгіме күндерді өтіп.
Бәріне пұл, шәй беріп жолға салды.

Тәутікті «қылмысты» деп қалды тұтып.
Алданып опық жеді, армандады,
Билердің құлқында боп талғамдары.
Қалай деп бір артына қайрылмады,

Бір елден бір сапарға барғандары.
Көрсетті алуан түс қинау оған,
Ержүрек, батыр Тәутік қайта ма онан.
Күн сайын шымырланып қатайды ол,

Жан емес пасық ниет арсыз туған.
Айырым сібе жігіт қарайтын-ды,
Ерлігін өз жанындай балайтын-ды.
Кей шақта ахуалдан хабар беріп,

Жәрдемін жақсы үмітке санайтын-ды

Түрменің саңлауынан:—Тәутік,—деді,—
Жаныма бұл кезігу қауіпті еді.
Өзіңді құтқарамын деуші-ақ едім,
Қалайда бір амалын тауып,—деді.

Дәл ертең қала бойы жиын болмақ,
Өзіңе жан төзгісіз қинау салмақ.
Сіңірін екі аяқтың қиясың деп,
Қойыпты мен істейтін міндет артып.

Осылай бермек екен жұртқа сабақ,
Мысықтай тышқан етпек тамашалап.
Мен дағы адаммын ғой ет, жүректі,
Қалатын жайым қайсы арашалап.

Көз жасы күйініштен тарамдалды,
Оңай ма пышаққа ұстау тірі жанды?
Қазақтың өзі сүйген бір батырын,
Аян ғой қор етуге қимағаны.

тәутік  батыр
Әр үйді әскер тінтіп айдап келген,
Алаңда толып кетті халық бірден.
Болмаса жағаттаушы жандайшаптар,

Болмады не сұмдығын сезіп-білген.
Көзірлі, кісендеулі Тәутік ерді,
Алаңның ортасына алып келді.
Болған соң быртық қара қаңқу сөзін,

Сумақы дүңшесіне кезек берді.

—Алкеуде «батырмын» деп шыққан зор боп,

Қарсы боп үкіметке ел бүлдірмек.
Сіңірі қос қылтаның қиылады,
Өлгенше қалсын,—деді,—мәңгі қор боп.
Дегенде-ақ ишаратты қол сермеліп,

Алаңды басып кетті мұң тербеліп.
Батырды бас салғанда қанды саусақ,
Біреуді болар емес біреу біліп.
Жосылып қара жерге аққан қанды,

Көргеннің көзінен жас тамшылады.
Халықтың жанарынан атылған оқ,
Жау менен жендеттерді осқылады.
Халықтың қаһарынан бар ма өктем,

Кеуделер фонтан атар бітпес кектен.
Шарасыз істің соңын жия алмастан,
Ырықсыз күйге түсті есі кеткен.
Құндақтап тайбазыға қойған бөлеп,

Ажыратты батырды әзер топтан бөлек.
Білімсіз мәңгі бақи қор бола ма?
Қылтадан алыныпты еттер бөлек.

—Кулиго, ризамын, алғысым мол,

Алданып арандалдым албырттық сол.
Былыққан қала мынау, дала анау,
Қорландым қараңғыда таба алмай жол.

тарихи  жырлар
Мұңлыға сүйеніш бол мұңын көрсең,
Жарлының жақыны бол халын көрсең.
Арқалап ниетіңді борыш еттім,

Бар болып бұл өмірде тірі жүрсем.
Немене бар ұлтта бар бай мен мансап,
Әлсізді жүрмес пе әлді тонап.
Мені де ертіп келіп, тұтқын етті,

Берді де құрбандыққа бас амандап.
Заманның ұқтым кейбір елестерін,
Басармын әлі тайғақ белестерін.
Ашынған долы дейтін аянбаспын,

Әйтеуір бәрі күңгірт келешегім.

Деп талай сырласқан-ды, мұңдасқан-ды,
Тұнжырап өмірінің шерлі аспаны.
Тәутікті Кәкен барып сұрап алды,
Бір мезет тапты үзіліс мұң дастаны.

Сауықты бір аяғын ақсай басып,
Кеткен жоқ қайрат қашып, көңілі жасып.
Көкірек нажағайдай қызу алды,
Дәуірдің сұмдығынан кегі тасып.

Санаулы жылдар жылжып барады аттап,
Бұрынғы озбыр өктем қалпын сақтап.
Алтайға бір дүрбелең пайда болды,
Келед деп мылтық асқан дүңген қаптап.

Жоғары Өр керейін басып алып,
Жұмылып тік келмепті тосын халық.
Орнығып Сарсүмбеге үкімет боп,
«Ислам діні—заңымыз» деп шашты жарлық.

Қисылың Алтайға орнап жатып алды,
Параны парасат қып алтын алды.
Уи дутың қолға түспей қашып кетіп,
Басқаның бағынғандық хатын алды.

тәутік  батыр
Төменгі мәлік, жанат екі еліне,
Жіп тақпай ел ме, жау ма, не екеніне.
Шұңқырда елшілерін орыс атып,

Көз жетті иілмейтін бекеміне.
Бірігіп Қалтон, Шұңқыр орыстары,
Шеп жайып тұрғыны алып жол ұстады.
Дүңгенге ниеттес деп қазақтарға,

Көрсетіп суық рай жұғыспады.
Алтайдан аттанғанын мыңдай адам,
Бар жайды алып тұрды хабаршыдан.
Жол тосып Таралаңда соғысса да,

Аз адам бере алмады көпке шыдам.
Қалтонның ұйлықты кеп қаласына,
Жат қарап мұсылманның баласына.
Ат-көлік, сойыл, малдың таласында,

Орыстар Зәбір менен Қибайды атып,
Жазықсыз елге қойды мұң жайлатып.
Сытылды азаматтар жан сауғаға,
Басына өлім төніп, қайғы орнатып.

Тарыққан қатын, бала қырық түтін,
Күш қайда жасаған соң мылтық үкім.
Айдады Қомға қарай түнделетіп,
Қанжарлап үйін шағып, шашты мүлкін.

Шыққанда Бұлалғанның кезеңіне,
Халықтың от қойылды өзегіне.
Таңулы екі адамды қойған өртеп,
Қойыпты найза қадап жүрегіне.

Азырақ аял алды тұтқын халық,
Ас ішіп, алуға деп ат шалдырып.
Әр жерге биікті ұстап аңду қойды,
Кетуші болмасын деп көз жаздырып.

тарихи  жырлар
Ел жайы оқ боп тиді Тәутік ерге,
Рас та не қымбат бар елсіз ерде?
«Еріңдер, ерім десең, артымнан» деп,

Түтігіп қамшы басты қаракерге.
Оқталып опырылмалы қара мылтық,
Кім білсін сайыс беті жетуге ынтық.
Самалы туған жердің аймалайды,

Тершіген маңдайының терін сүртіп.
Елі жоқ иен жайлау адырлары,
Бойында қоздандырды жалын бәрі.
Өзінің адам тұр ғой төрт түлігін,

Қалайша тау еркесі сағынбайды.
Ашынған батыр жаны кегі қайнап,
Білмеді келет өзін не күш айдап.
Әйтеуір далдалап кеп аттан түсті,

Өмір ме, өлім бе әлде басын байлап.
Әкетті оқ күзетшінің бірін жұлып,
Жанында қорқыныш жоқ, ойы тұнық.
Алғашқы аңтарылу орайында,

Сыпырып мылтық оғын үлгерді алып.
Саспады, домалатты бірден санап,
Көзеуден мүлт кетірмей оғын қадап.
Бәрі де апыр-топыр атқа ұмтылды,

Шашылып ыдысымен қалды тамақ.
Жасынан жасқану жоқ Тәутік батыр,
Өзіне беттегенін атып жатыр.
«Мұхаммед, Мұхаммед» деп ұран салып,

Дүнгендер қырат асып келе жатыр.
Тозғындап қара оздырды орыс қашып,
Адырды тұмандатты шаңы басып.
Дүнгенге болған істің жайын айтты,

Жай ғана өзі отырған тастан асып.

тәутік  батыр
Әскердің дені дүнген, азы қазақ,
Көбінде мылтық та жоқ, найза, садақ.
«Лә илләһа илла Алла» деп жазып қойған,

Білекке ақ шүперек белгі қадап.
Басы екен Балазыхұй әкім деген,
Ауызда аттары жүр «батыр» деген.
Ойы жоқ, сойыс бер деп әлек салды,

Жауымыз бел астында жатыр деген.
Ұйқыда орыс басып алды қоршап,
Белгісіз аспаннан кеп түскенге ұқсап.
Арасы Тарқолаттың ілезімде

Жел ұйытқып, қан сасыды өлік жусап.
Қоршаудан шыққандар қарағайға,
Қап жатқан жаралыға қарау қайда?
Әуелгі қарауылдар қала бастап,

Ауысты атыс шебі әрбір сайда.
Жиектен құлан иек таң келгенде,
Дес келді Тәутік басшы әр мергенге.
Қарысып тіресуге шыдам қайда,

Далдалы тұрған орын сай келгенде.
Ер Тәутік байлап жақын қарагерді,
Қыраттан қарауылға ала берді.
Ілезде жанарынан жарық кетіп,

Домалап аттан талай қала берді.
Дүнгендер қалды ауыр азап тартып,
Жүргізді жаралыны кейінге артып.
Орысты қуамыз деп бекім алды,

Жаназа шығарылып иман айтып.
Ауылдан Тәутік басшы бірқанша адам,
Жер таныс жол бастауға міндет алған.
Жайлаудың шөбі алшын тартқан кезі,

Құлазып бұл да мұңлық иен қалған.

тарихи  жырлар
Аттанды қуғыншылар шеру тартып,
Жауының өшірмек боп күшін сарқып.
Әр сайды буалдырлап қалды ұстап,

Тұмандай шөгіп қалған шаңы қалқып.
Қанастың дариясы құлап таудан,
Тар шатқал екі жағы қалың орман.
Ежелден шұбырынды көш өтетін,

Әйгілі қысаңында көпір болған.
Арқырап асау ақжал алып қашып,
Ақ бұрқақ көбіктеніп жардан асып.
Әр беттен құлдилаған мөлдір бұлақ,

Асығыс арнасына жатты ұласып.
Құлдилай еңкейгенде беттен төмен,
Қиялай иректелген көш жолымен.
Топырлап бірқанша адам түсіп кетті,

Көпірдің алдын алған жау оғымен.
Жалт етіп сіңе берді орманға ауып,
Матқапы кете алмады ақыл тауып.
Бөлініп топтан жалғыз Тәутік қана,

Айналып бір тұмсықты кетті шауып.
Ірікпей ат тізгінін салды суға,
Ат тіліп ақ өркешке қарысуда.
Тастардың үйдей-үйдей арасында,

Қамалап өлім-өмір таласуда.
Ар жаққа шыққанында аман-есен,
Көкірек өктем жатты долы күштен.
Шүйілген көктен төмен қырандайын,

Ентелеп жау жағына төне түскен.
Бес адам көпірдің аузын алып,
Ар жақта қылт еткенді жатыр қағып.
От шашқан қыран көзі шолды маңды,

Тәутік ер жүрмейін деп қапы қалып.

тәутік  батыр
Бәрі де аян болды Тәутік ерге,
Оңтайлы орналасты жайлы жерге.
Көпірге тосқауылдық күш қалдырып,

Қанасқа кеткені шын қалың елге.
Үшеуін Тәутік оғы кетті қағып,
Көрмеген, сірә, ойлап сырттан қауіп.
Екеуі жанұшырып тая берді,

Орманнан жан сауғалар жолын тауып.
Көпірді алды осылай қолдарына,
Жау түгел ажал еккен жолдарына.
Қалың қол бөгет тартпай тарта берді,

Қанастың алқапты үлкен аңғарына.
Қайқая кең түбектен өткен кезде,
Белгі жоқ ну ағаштан көрер көзге.
Жан жоқтай шолғыншыны алжастырды,

Құлады таусылғаның дәмі түзден.
Осындай сан асудан қырғын тартып,
Қалса да орын алды дүнген тартып.
Тұтқиыл туған соғыс толас тапса,

Бет бұрад Қанастағы елге тартып.
Үш күнде жетті талып көл бойына,
Үрейлі халық қапты уайымда.
Жазықсыз кәрілерге найза оқталды,

Тәутікте мұны көрген шыдау қайда?!
«Жазықсыз жаратпа» деп елге бүлік,
Қолынан найзаларын алды жұлып.
Ауылға ойран салар не жөнің бар,

Алдыңда қуа соғар жауың тұрып.
Жан болсаң дін ұстаған, арың таза,
Жазықсыз мына қалған қатын, бала.
Жалғасса мұндай қылық отаспаймын,

Сендерде болмаған ба ата-ана?

тарихи  жырлар
Бірге өскен моңғұл мынау менің халқым,
Антым бар айнымайтын төксең де алтын.
Деген соң қанды қолын алды тартып,

Тәутіктен бәрі тегіс жасқанатын.
Қондырмай Мыңшұңқырға кетті бастап,
«Алсаңдар орыс,— деді,— жауың таптап.
Сендерсіз қалың елді жауға балап,

Оқ атып қырғын салған бүлік бастап.
Бәрі де ақ патшаның бандылары,
Жан екен мейірімсіз қан құмарлы.
Бұрын да талай ірет қан жұттырған,

Менің де тарқамаған кегім бар-ды.
Бәрін де Балазыхұй мақұл көрді,
Бағалап биік ұқты Тәутік ерді.
Тар жерде қиянкескі арпалыста,

Өзіне бастамалық ерік берді.
Бір үлкен атыс өтті Қарасазда,
Жол бойы кетіп жатқан шығын аз ба?
Қиуасыз соққы көрген дүнген үшін,

Түспеді жеңістердің бодауы азға.
Ормансыз жалаңаш тау, ақпа қорым,
Жандар аз бұл алқапты басқан бұрын.
Көсіліп Қарақия қалып жатыр,

Албаты жүру қиын таппай жолын.
Ізімен қуа шықты асуына,
Болмайды табан тіреп басуыңа.
Кетіпті киіз төсеп асуды асып,

Жол жасап жанын алып қашуына.
Жан-жағы жайдақ адыр көрер көзге,
Асты құз кейде шатқал өзге-өзге.
Секілді тілсіз тылсым түсу қиын,

Қанатты құс болмаса онан өзге.

тәутік  батыр
Байламы кетті десті Қалқаға өтіп,
Дерек жоқ бір қиында жатса бекіп.
Еш белгі көре алмады сезіктенер,

Тұрса да бірнеше күн жол күзетіп.
Ақыр қайтты кейін, дерек таппай,
Артына барлау тастап, суыт тартпай.
Кейбіреу ішқұса боп армандады,

Кеткенге Қанастағы елді шаппай.
Көпірге қырық адам кетті тастап,
Өткізбей тұрасың деп жаудан сақтап.
Жатты олар кішкене ойға шатыр тігіп,

Аз адам қарауылды күзет ұстап.
Бұзылып ауа райы кешке таман,
Ақ сүңгі жерді жапты қылауланған.

—Шатырға жатпаңыздар,—деді Тәутік,—

Біз бүгін бола алмаймыз жаудан аман.
Жас төгіп жатты тұман жал бойында,
Көз жетпес тауар шақтың қандайында.
Айтылған неше қатым Тәутік сөзі,

Жұғымсыз қала берді өз жайына.
Даланы басты жым-жырт түн түнегі,
Тәутіктің сезікке еріп ет жүрегі.
Аттарын аяқтағы қысаңға айдап

Басқалар төсеніш сап ұйқыға енді.
Бапашбай, Сақайларды соңына ертіп,
Алса да орын теуіп бетке бекіп.
Батырдың бойы қызып жата алмады,

Көзінен жұмса дағы ұйқы кетіп.
Бапашбай орта жаста, аңқау адам,
Қой бағып жастайынан, қозы салған.
Сақай тек он алтыда бала еді,

Дүнгендер қамшы ойнатып ертіп алған.

тарихи  жырлар
Шатырдан өте шалғай емес алыс,
Тәутікке бұл өңірдің бәрі таныс.
Жел тынып, түн ортасы ауған шақта,

Ышқынған, қорқыраған шықты дауыс.
Шатырдың айналасын басып тұрып,
Қылыштап, найза салып жатты қырып.
Әр жерде тулаған бас, шоршып дене,

Бір кезде барып-барып қалды тынып.
Туылған қапылыста қанды ойран,
Бәрінің жан тынысын үзді бойдан.
Аударып өліктерді таң атқанда,

«Ішінде Тәутік жоқ» деп қалды қайран.
Жоюды арман еткен Тәутік ерді,
Сан жерде ұмыта ма соққы берді,
Бір кезде бетке жаяу шығып кеткен,

Жайтабан етігінің ізін көрді.
Екі адам ізге түсті жетті аршаға,
Бөтен бір дыбыс та жоқ тыңдаса да.
Тәутік те бұрын жетіп орын алған,

Үлкен бір тастың қуыс далдасына.
Ентелей ұшты бұлар тасқа таман,
«Бұл жерден кетпейсің,—деп,—есен-аман».
Тәутік ер қарауылдың бабыменен,

Қабаттап екеуін де басып салған.
Оқ жауды тасқа төніп анталаған,
Ер Тәутік санап атты қайта ма онан.
Қасында Бапашбайдың жанын үзді,

Сақтанып бұғып төмен жатпағаннан.
Ешбірі келе алмады тасқа жақын,
Тәутік ер айғайлайды атап атын.
Батырдың сыры мәлім жауына да,

Жан емес жалғызбын деп жасқанатын.

тәутік  батыр
Дескен-ді моңғұл жағы:—Мынау Тәутік,
Жанына жақындайсың оған қайтіп?
Күші бар, айласы бар, әрі мерген,

Талқандар бәрімізді оққа тартып.
Сондықтан айланбайық бір адамға,
Малады бәрімізді қызыл қанға.
Дүнгенді қалмаймыз ба тағы опырып,

Ажалың таста отырып аңдығанға.
Десті де беттерімен кетті тартып,
Олжалы мылтық, оқты атқа артып.
Тәутік ер көзін қадап қала берді,

Бәрі де бұрылған жоқ артқа қайтып.
«Өмір-ай, алда тағы бермегің не,
Ажалдың жаралғандай ермегіне».
Деген ой арылмастан ойға түсті,

Алдымен Бапашбайды жерледі де.
Тәутік ер өліктерді көзбен көрді,
Мерт болған бір оқ атпай, ұқпай сөзді.
Сан түрде мылжаланған жан шошырлық,

Қайғының оты түсіп бауырын езді.
Үрей жоқ қасындағы жас балада,
Ісінген екі көзі жаста ғана.

—Шіркін-ай, елге жетер күн бола ма,—

Дей берді қайта-қайта,—батыр аға?

—Шошыма, тұрғаны жоқ әзір қауіп,

Жетерміз елге де аман жолын тауып,
Жемтіктей қарға-құзғын шұқымасын,
Кетейік шатырменен бетін жауып.
Аялсыз жинастырды өліктерді,

Тәутік те мұндай сұмдық көріп пе еді?
Басы жоқ, жарты дене, қарнын жарған,
Көбінің шуатылып жатты ішегі.

тарихи  жырлар
Оң қойып жинастырды, жапты бетін,
Азалы қанды ойранның тартты дертін.
Талаудан қалған аттан екеу тауып,

Үштастың сеңгіріне бұрды бетін.
Туылып өскен жері бәрі қанық,
Өзін бір қиял қуып келед налып.

—Еліме еңбек етер кім біледі,

Тірліктің қанша күндік шамы жарық?!
Өмірдің қиян-кескі салалары,
Жанымды жазылмастай жаралады.
Тоз-тоз боп елің жатса үркін тартып,

Не болмақ ертеңімнің қалағаны?
Туған жер болып жатса жау ойнағы,
Тұра ма кекке шаппай жан бойдағы.
Кезі емес сойыл жығар, оқ жұтады,

Қандай күн алдымыздан туар тағы?
Белгілі ақ ниетті барша қауым,
Тілейді тыныштықты, есен-сауын.
Елімді аяқасты етем деген —

Сол ғана бітіспейтін менің жауым.
Серттесіп туған жермен сырласқандай,
Еңселі арман алды тұрды асқардай.
Қадалсам топырағыңа өркенің боп,

Адамдық атым сонда ұнасардай.
Туған жер, туған елім, өстім сенде,
Аналық борышыңды өтеу менде.
Жасқанып жауың тұрса жата алам,

Көтерем құрбандықты жүктесең де.
Дүниеге адам келген аз күн қонақ,
Кейде ащы, кейде тәтті тірлік құрад.
Елі үшін ерлігімен аңыз қалған,

Қажет қой ұрпақ үшін асыл мұрат.

тәутік  батыр
Туған жер тіл қатқандай самал желді,
Қусырып тастады артқа талай белді.
Не күйде ел жағдайы асықтырып,

Елесі келер күннің тарта берді.
Дүнгендер Қанас өтіп келген бойы,
Жау қашып, жеңіс тауып, шалқыды ойы.
Үштаста ат-көлігін дем алдырды,

Тыныштық, рахатта сөтке бойы.
Кір жуып тас бұлаққа жайбарақат,
Жайылымға қоя берген аттарды алшақ.
Кейбірі шырын түсті тәтті ұйқыда,

Бейне бір өз үйінде жатқанға ұқсап.
Көпірде күзет қалған көрмей қауіп,
Көп күндер жатқаны осы рахат тауып.
Кейбірі ет қайнатып от басында,

Қақтанған ішпектерді күнге жайып.
Кезінде шалқар түстің күн төбеде,
Айнала жауы жетті әр төбеге.
Оқ жауып апыр-топыр болып кетті,

Еркін ғой тұрғыны алып күштегенге.
Қамалып шығын тартты, қалды сайда,
Айнала жалаңаш бет, амал қайда?
Ұйлығып бұға берді есі кетіп,

Мұндайда тоқтатарлық ақыл қайда?
Өліктер қайшыласып жатты жусап,
Бейне бір ажал көктен түскенге ұқсап.
Бір кезде Дазыхұй бұйрық берді,

Бәріне қарсыдағы бетті нұсқап.
Лап қойды, өлгеніне қарамады,
Оқ серпіп талайы артқа домалады.
«Біріміз қалғанша» деп ұран салды,

Түспеуді қолға тірі жобалады.

тарихи  жырлар
«Қырық жыл қырғын болса ажалды өлер»,
Дегендей қажетті де соғыста өнер.
Бытырап андыз-андыз топ құрамай,

Жол тапты тұрғыны алып жеңіс көрер.
Дүңгендер орны толмас шығын тартып,
Алғанмен ең биікті қолдан тартып.
Жеткендей бір опыру арманына,

Шығынсыз кетті жауы алыс тартып.
Қансырап жаралылар қиналуда,
Басына иман айтып жиналуда.
Күлін сап шүберектің байлау ғана,

Доқтырлық бүгінгідей жәрдем қайда!?
Жалғасты жан тапсырып жатқандар бар,
Жалғанның жарығына қанбай құмар.
Кеуденің шыбыны әлі сөнбегендер,

Күйзеліп, күңіреніп етеді зар.
Айырылып ат-көліктен жапа шекті,
Жапанда ұйлығысып тартты дертті.
Ыштабтан Қалтондағы жәрдем келіп,

Зузалап, көлікке артып алып кетті.
Әуелгі қырық үйді күзетке алған,
Тоздырып болған еді, тонап болған.
«Орысқа ниеттес боп ердіңдер» деп,

Қолға ұстап алты адамды атуға алған.
Айналды қыз, келіншек мазағына,
Кінәсіз жан төзе ме азабына?
Жалтаң көз, жәбір сөзден нұры қашқан,

Ұқсады қылмысы ауыр жазалыға.
Тәутіктің адамшылық ар-намысы,
Көтермей тарылғанды жан тынысы.
У болып бойын алып тоқтатпады,

Дүңгеннің ауылына қылған ісі.

тәутік  батыр
Басқа да тозып болған, малы шапқын,
Жау, дос деп қайсысынан құрмет таптым.
Орыстар қанға малса, дүңген мынау,

Қамы не қайрандайтын қара бастың?!
Осы ойда ашу мініп толғанады,
Мұндайда жан серігі қолға алады.
Дүңгендер қызға дейін қорлап жатса,

Момақан қайран елдің не болғаны?
Дін ислам ұранына дос санадым,
Қалғандай обалына басқалардың.
Қайран ел, қайран мекен құлазыды,

Жаншылып табанына дұшмандардың.
Тәуекел не болуға алды бекіп,
Ашумен ыштабына барды жетіп.
Дем алып екі иықтан сөз бастады ,

Паш етті айуандығын қатты кетіп.

—Ақыры дос болмадың ел аңсаған,

Ел болсаң елдігіңді көрсет маған.
Босатпай қырық үйді, алты адамды,
Жау болсаң, дұрыстық бер, келдім саған.
Дегенде әкім қостап түрегелді,

Лүп етті дазыхұйдың жүрегі енді.

—Шешімді елші арқылы көрелік,—деп,

Жұп жазбай үйден шығып жүре берді:
Ұран сап шықты қазақ бір төбеге,
Қорланып құл болуға көнсін неге.
Жан-жақтан соғысарға топ құрады,

Бір жақтан ерік беріп елшілерге.
Қосылды Өсер дағы қолын бастап,
Батырдың жалындаған айбаты асқақ.
Ел үшін туған жердің дәмін-тұзын,

Қия ма бейнеттегі жұртын тастап?

тарихи  жырлар
Шеп құрып өз алдына жанат елі,
Қатулы қаһары асқақ көмек келді.
Жау болса соғысуға шықсын десіп,

Ортаға сөзге салды Тәутік ерді.
Емес пе жұрт бірлігі ұлы тасқын,
Дауы емес ортадағы жеке бастың.
Орнатып ел басына қара түнек,

Белгі жоқ мұсылмандық шектен астық.
Орны жоқ енді бір боп елдесудің,
Асқынып шарты жетті белдесудің.
Пір санап ұраныңа алданатын,

Уақыты таусылды күн кешудің.
Деп Тәутік қинады кеп Дазыхұйды,
Мойынына қылығынан қылмыс үйді.
Тұтқынды, барлық заттың төлемін ап,

Шығарды азаттыққа қырық үйді.
Аттанды дүңген артқа қарасын ба,
Жағдаймен мәжбүрлеген санасуда.
Өңгеріп жаралыны ілбіп-шуап,

Бет алды Буыршынның қаласына.
Дейтіндей жолдан тайса бағы қайтып,
Бәрі де күш салудан қалған қайтып.
Дап-дайын жұмыр күштің тұрғанынан,

Халықтан ала алмады бір ат тартып.
Қаланы алдын орап орыс алған,
Дегендей ауыспалы кезек жалған.
Алдынан шашудайын оқ борады,

Бұл да бір уақиға еді қанға малған.
«Са-салап» найза ұстап жүгіргенмен,
Қоя ма оқ бойынан дағды мерген.
Көксінге жан қалғаны тайып тұрды,

Артында жасырусыз қалды өлген.

тәутік  батыр
Сайланып дайын тұрған сауыр елі,
Болмай ма бірлік болса жұрт еңселі.
Әр жерден тосқауылдап соққы берді,

Талаудан қорғап қалды қалың елді.
Бұрылтпай елге таман қуа соғып,
Дүңгендер аптық келіп, қалған бұғып.
Алдында әзірленген Қобық елі,

Қабылдап келсін десті ішке еніп.
Ел кеңіп тынышталды жаугершілік,
Іс өтті бастан талай түршігерлік.
Жамырап сай-саладан шыға келді,

Әр ауыл өз жұртына көшіп келіп.
Көңілден кетпес, сірә, үрейлі күн,
Кеңейіп көргеннен соң шертісті мұң.
Тәутікті түсінді жұрт, аңыз етті,

Күн туса елге ердің қажеттігін.
Тәутікке азу басқан орыс жағы,
Бір қабат тау аңғары — қоныстары.
Кетірмей жамбасынан жан серігін,

Әрқашан өзін сонша сақ ұстады.
Ұласты айдан-айға, күндер жылжып,
Кетуде күздің будақ бұлты сырғып.
Қылышын сүйрегендей қыс та келіп,

Болғанда ірге көміп ел орнығып.
Сары аяз сықырлаған, жел ысқырып,
Даланың өн бойына мұздық тұрып.
Жаз бойы ет алмаған төрт түлік мал,

Ербиген бұта, шидің басын жұлып.
Ілінді мал қырылып, елге науқас,
Жүретін жаушылыққа апат жалғас.
Аштықтан қайыршылық басты елді,

Мүмкіндік жоқ, болмады өзек талмас.

тарихи  жырлар
Ұлғайды ауыл сайын күнде өлік,
Жаңарып сағат сайын қайғы толып.
Кең Алтай шерден бойын ала алмады,

Мең-зең боп ой мен дала күңіреніп.
Қыс бойы серпілмеді жалғасты арман,
Дәрменсіз аштық жеңген тірі қалған.
Қашанда сүйекке өткен таңба өше ме,

«Дүңгеннің жұты» дейтін аңыз қалған.
Орнығып Чиңшысайдың саясаты,
Бар жерде сесі күшті билік тапты.
Ендетіп қала, қырға әскер тартып,

Халыққа алман, ылау, сойыс артты.
Жымысқы ел ішіне тәйни салып,
Халықтан үрей кетті ауызын бағып.
Жазықсыз жаламенен жара салып,

Әркімді қинап жатты түрмеге алып.
Бар десіп тапсырмаған кімде мылтық,
Күмәнді дескендерді жатты тінтіп.
Барды берді, нанбады, ел сандалды,

Кінәсіз уыз етін қамшы жыртып.
Мылтығын тапсырмаған Тәутік қолдан,
Қылмысты бола қалды, тайған жолдан.
Жанының жани берді кек жебесін,

Сан түрлі секем алып жайған тордан.
Жетті деп оңтайлы орай, ұстайтын шақ,
Тосыннан бір бән әскер алды қоршап.
Кез еді түн қараңғы, ел ұйқыда,

Кейін тұр жымсымалар үйді нұсқап.
Кіруге үйге көктеп бата алмады,
Жазылмай ұйлығысып қатарлары.
Тәутік те бұл дыбырға құлақ тігіп,

Оянып, төсегінде жата алмады.

тәутік  батыр
Қоршауды сезе қойды маңайдағы,
Асығыс киінуге аялдайды.
Алды да оқ қапшығын мойнына асып,

Мылтығын қолына алып даярланды.
Жабықтан айналасын шолды қарап,
Өз басын тәуекелге алған байлап.
Бір жалын өне бойын шарпығандай,

Түйілді бұлшық еттер ыза қайнап.
Ұйлыға жеткенінде есікті алып,
Алдынан атылды оқтай қарсы барып.
Ұшырды бет келгенін орып-теуіп,

Жауының қараңғыда есін алып.
Жұлқынды қатты қайрат, ыза-кекпен,
Мұндайда жасқана ма Тәутік көптен.
Қалды олар бастырылып ұмар-жұмар,

Бір құйын секілденіп соғып кеткен.
Күдірлі туған жердің тауын-тасын,
Кездірді озбыр, өктем күші басым.
Кеп жетті берік қорған отауына,

Ең алғаш алып келген Нұриласын.
Қиялын өткен күндер әкетті алып,
Өмірден рахат көрмей шөлі қанып.
Бұралып тал шыбықтай қарсы алдынан,

Нұрила ұмтылғандай құшақ жайып.
Амалсыз ойы босап, жүйелері,
Күйіктің шоғы жанып, күйе берді.
Бауырлап жатқан жердің топырағын,

Иіскеп, аймалады, сүйе берді.

—Өмір-ай, жаралғандай мазағыңа,

Таусылмас үкім жаздың жазалыңа.
Қайықтай дауылдағы желкен жайып,
Алысып жүрмін әлі азабыңда.

тарихи  жырлар
Ардақты адам деген атты қорлап,
Тар есік, тар босаға тартпақ зорлап.
Жапанның тағысының сырласымын,

Өз елім, өз ауылым болмай тұрақ.
Бұлыңғыр түнегіне дүниенің,
Жоярдай дәтім жетсе түйілемін.
Қайран ел, қайрат жиып соңыма ерсең,

Мен неге жалғыз кетіп күйінемін.
Артым—жар, алдым—тұман аңғарғанда,
Айтатын жан кейісін кім бар мұнда.
Білекке сенетін кез өтіп кетті,

Бір оқтың қаласың да мазағына.
Осындай арпалыс ой, шым-шытырық,
Не болдың ез қылыққа берсең ырық.
Дегендей қатуланып қайрат жиды,

Кейінге көңілінің бұлтын сырып.
Жанталас жер тепкілеп Лұго Шұнгуан,
Құр қайтқан әскерлерін сұраққа алған.
Бәріне дүре соғып жаза кесті,

«Әскер боп өтесің,—деп,—қайтып сыннан».
Тәутіктей батырының соңына еріп,
Дүрлігіп кету мүмкін ел бұзылып.
Сондықтан уақыттан ұтым бермеу,

Қашанда бас имейді өзі келіп.
Осылай бас қосысып құрды кеңес,
Іс болып оңайлықпен қолға келмес.
Дескенді жаны ызалы дүз тағысы

Ашулы арыстандай бітім бермес.
Болмайды арты өкініш аялдаса,
Тоспаймыз, басқа табар амал қанша?
Топ құрап болды ма әлде кім біледі,

Жер, елмен таныс емес біз барғанша.

тәутік  батыр
Әйтеуір «ұстау» десті тапқан байлам,
Бұйрық ап сап алдында тұрды пәйжаң.
Жамырай суық жүзбен атқа қонды,

Жарқылдап күн шағылған мылтық, сайман.
Жол бастап екі тәйни жортты алда,

—Күн барда ілінсек,—деп,—Ұлытауға.

Тәутікті қолмен ұстап тауып берсең,
Біз үшін болар еді үлкен пайда.
Созылған Терісаққанның салалары,
Жалама жасыл шыңдар қарағайлы.

Жыландай құзға өрмелеп, жақпар қуып,
Сеп жайып әскер тінтіп аралайды.
Ақ қорым тас домалап кейбір беттен,
Осы еді-ау тұлғалы жер өзек еткен.

Жайқалған жапырақты балаусадан,
Бір белгі таба алмады адам өткен.
Ақтарды тау біткеннің шатқалдарын,
Дағдару салты емес пе сандалғанның.

Тозынып айлар бойы әлек тартты,
Иеннен ізін іздеп жалғыз жанның.
Тәутікке төнген талай қатер-қауіп,
Кететін ерлігімен ақыл тауып.

Түсінен шошығандай бетін ашты,
Бір қолын жатыр екен қасқыр қауып.
Оқ басты мылтығының таңдайына,
Баспалап көз тастады жан-жағына.

«Қозғалма! Құрал тапсыр!» деген дауыс,
Ерліктің келтірместей ыңғайына.
Болса да қабаттасқан қалың адам,
Батырдың ер жүрегі қайта ма одан.

Оңтайлы сайысуға орын алды,
Күттім деп өлім болса дайын тұрған.

тарихи  жырлар

—Мен қалай қол көтеріп бас имекпін,

Мезгілі болмаса да жекпе-жектің.
Бомбыдай жау үстіне жарылайын
Ақыры жалыны боп жанған кектің.
Сарбелді сақылдатты аялдамай,

«Сендерге мен беретін жауап солай.
Жапырып табаныма басып өтпей,
Тіріде мазағыңа көнем қалай».
Олар да оқ жаудырып атып жатыр,

Қайтыңқы, әуелгідей емес батыр.
Жаншылып қорғасын оқ, мырыш ыршып,
Ұрылып таста ғана қалып жатыр.
Үйтастың желке жағы ойдым қолат,

Ойлады «Осы жақты ашсам зорлап.
Теріскей орманына кетсем сіңіп,
Қалайда жаздырудың жолы болмақ».
Жарқ етті осы үміттің шам-шырағы,

Еңсеріп санап бірден атқылады.
Тұрған соң қылт еткеннің бәрін қағып,
Қолаттан шыға берді артқылары.
Тездікпен жөткеді орын әрбір тасқа,

Батырдың айлалы, епті, ойы басқа.
Үйтасқа ес жиғандай анталады,
Бәріде кектенуде құтқармасқа.
Алдынан өлім оғы атылмады,

Сонда да бара алмады батылдары.
Әр тасты бетке ұстап жер бауырлап,
Әйтеуір іргесіне жақындады.
Үйтастың жал-жал біткен арасында,

Жасқана бірден шолып қарасуда.
Аң-таң боп орнын сипап қала берді,
Әр түрлі әр межеге санасуда.

тәутік  батыр
Өкініп опық жеді шығын тартып,
Жалғыз жан қан жұттырды қылығы артып.
Пәйжаң да жаралы еді, бере алмады,

Басқаға тиянақты ойын айтып.
Тудырып ортасында ауыр қырғын,
Ойраны оңай емес көпке бірдің.
Арттағы атта қалған баяндады,

Барғанын қарсы бетке көргендігін.
Пәйжаң да аялдамай айтты бұйрық:

—Қоршаңдар айналасын, тұрма ұйлығып!

Қалайда түсірейік тірі қолға,
Бойдағы ақыл қайрат бәрін жиып.
Ат жалды беткей еді бөлек біткен,
Қалың ну қарағайы талас көкпен.

Айнала күреңшелі көк қабырға,
Ерекше жаралғандай құдіреттен.
Атқылап тоғай ішін қайта-қайта,
Қарасын көзбен көріп тұрған жанша.

Ажалдың көмейіне тартылардай,
Батылдық ете алмады араласа.
Айнала өрт жіберді, шықты жалын,
Басқалай амалы жоқ сезді халін.

Сумаңдап айыр тілді жыландайын,
Ағаштың барады орап әрбір талын.
Биіктеп тұтасқан от қара түнек,
Барады қанат жайып шұғыл үдеп.

Шатырлап май қарағай атылады,
Ақ сөңке қайшалысып жатқан күйреп.
Аспанды жалын жалап жалақтады,
От шалып жақыннан бет қаратпайды.

Өзгеше үн шығады сыңсығандай,
Көрікті қайран орман балаусалы.

тарихи  жырлар
Батырға осы болды түскен қысым,
Қорқыныш көрмесе де жаудың күшін.
«Өлгенше отқа түсіп алысайын,

Опырып түгегенше жан тынысым».
Бар оғын мөлшерледі санап іштен,
«Таршылық көтерейін басқа түскен.
Іркейін соңғы талын өзіме арнап,

Қалайда тірі күнде қолға түспен!».
Сол болып берік байлам ойындағы,
Қозғалды бар керемет бойындағы.
Саусағы масалыққа кетті ойнап,

Қабаттап қарауылға қойды дағы.
Көз тігіп өртке анталап тұрған жандар,
Болмай ма ажал жеңсе адам аңғал?
Бүктеліп апыр-топыр түсіп кетті,

Батырдың қылпын таппай аңдығандар.
Сасқалақ алдында от, арты жалтаң,
Маңайда табылар жоқ бетке қалқан.
Жүгіріп есалаңдай ары-бері,

Орнығып жан болмады мылтық атқан.
Ер Тәутік сүйінгендей ерлігіне,
Өзінен бір керемет көрді, міне.
Ұласар ғасырларға рухы жанып,

Туған ел, туған жері сөндіре ме?
Тартқандай бойы сергек, ойы кеңіп,
Өзгеше көтергендей бір күш келіп.
Қыран көз, шебер саусақ, дүзу мылтық,

Барады барған сайын екіленіп.
Қызуда болған еді оқта түгеп,
Кенеттен суып кетті қайтпас жүрек.
Ақыры жалғыз талды қолына алды,

Өзіне арнағаны жаны жүдеп.

тәутік  батыр
Білгендей оқтың жоғы қарсы жағы,
Толассыз емін-еркін атқылады.
Тек қана пана болған үйдей жартас,

Оларда армандаған жақындауды.
Көзіне өмір күңгірт, өлім жақын,

—Қайтпайтын құрыш еді күш-қайратым.

Өзіме өз қолыммен өлім арнап,
Толғамды қайда қалды парасатым?
Ақырғы оқ атпаймын жауыма арнап,
Өлтірмес, азар болса алсын байлап.

Оңтайлы орын болса босанармын,
Әйтеуір апармай ма өлімге айдап.
Қабаттап қарауылға ап ақырғы оқты,
Жаңғыртып серт еткізді төңіректі.

Мылтықты опырды да тұрды жай бір,
Жаралған жан емес пе тас жүректі.
Шақырды:—Келіңдер,—деп қолын бұлғап,—
Мінеки, қорықпаңдар, қолым құрғақ.

Бата алмай айналасын тұрды қоршап,
Бәрі де жақындаудан қалған сорлап.
Ер Тәутік барды іркілмей арасына,
Кісендеп қол-аяқты аласың ба?

«Ер болсын дұшпаның» дегендей-ақ
Таңырқап бір-біріне қарасуда.

—Сендерді қанға малдым, соғыс аштым,

Мәні жоқ ызасы емес қарабастың.
Мықтаса елім үшін құрбанымын,
Бұлыңғыр замандағы тай-таластың.
Тұтқынның ажырғысын қабыл етіп,

Азаптың құрсауына көнді бекіп.
Қараңғы абақтыда келген бойы,
Қолға көзір, аяққа кісен түсіп.

тарихи  жырлар
Мезгілде түн ортасы ауған шағы,
Көзірді жұлқып бұрап үзді дағы.
Кісеннің құлпын жұлып, қолына алып,

Есікті еппен ғана ұрғылады.
Жүгіріп күзетші әскер жеткенінде,
Тар есік талқан болды тепкенінде.
Атылып арыстандай, ішке әкелді,

Опырып омыртқасын бүктеді де.
Сорлының дыбыс бермей жаны шығып,
Сыпырды оқ белбеуін басып тұрып.
Мылтықты білегіне іле кетті,

Ат мініп ат қорадан тауға шығып.
Қарбалас күнде қуғын туды тағы,
Батырдың асы түзден, сынбас сағы.
Алтайдың алтын жонды асқарында,

Сандалып қысы-жазы қаңғыртқан-ды.
Қыста да ел көзінен тауда қалып,
Сан жерді тосқауыл ғып соғыс салып.
Талайды тұтқынға алып азаптады,

Тәутікке кезіктің деп пәле жауып.
Сан жерде жатқанында әскер түнеп,
Топалаң тудыратын тосыннан кеп.
Қатарға бөлек кеткен қосылмады,

Сондықтан жалғыз-жарым шықпады шет.
Кеш болса қарайғанның бәрі Тәутік,
Бәрі де мұңдасатын қауіпті айтып.
Ат жақтан, кейде күзет посыныңда,

Әр мезгіл алып жүрді жанын тартып.
Әскерге алман жиған ел ішінен,
Кезіккен Тәутік талай өрісі кең.
Бір мезет ел құлағы тыным тапты,

Салықтың күнде жаңа керісінен.

тәутік  батыр
Алтайдың ақиығы секілденіп,
Көкірек кекке толып кеткен кеңіп.
Жасқаншақ жұрт соңынан ермесе де

Бұлт жарып жалғыз шықты кеуде керіп.
Қызығын қарабастың, қайғысын да,
Ел үшін қуғын тартып, салды сынға.

—Келгем жоқ қорынуға, бармын,—дейтін,

Сөнгенше көз жұлдызым алысуға.
Әйтеуір шекті ғұмыр, өлшеулі дәм,
Артылып көрген емес адам одан.
Дегендей «бай—борандық, батыр—оқтық»,

Құзғындай кім бар екен мың жасаған?
Сондықтан биік менің көкірегім,
Көтеру арманым ғой ел тірегін.
Жоқ, менің нажағайдай жауға түсіп,

Тірідей не тартсам да өкінерім.
Осындай сертті ойдың асқарында,
Жауына жасыл болды қас-қағымда.
Бір жарық жұлдыздайын жарқырады,

Мұнартқан сол өмірдің аспанында.
Алтайдың қабат-қабат тауын басып
Жауларын ашындырды ерлігі асып.
Адырлы туған жердің құшағында,

Өткен жыл ұмытылмас жұлқыласып.
Басына жетсе дағы талай қауіп,
Жапырып шығып жүрді ақыл тауып.
Бір жолы абайсызда қолға түсті,

Амал не бақ қайтқан соң қапы қалып?!
Ну орман күрсінгендей қалды мүлгіп,
Теңселіп жапырағын жайды тұл ғып.
Батырдың жалғаспаған ұлы арманын,

Аспанға алып шықты аққу жыр ғып.

тарихи  жырлар
Бүгіліп сағағынан дала гүлі,
Солғандай барады езіп бар көңілді.
Мұнартқан Ұлытаудың биігінен,

Етекке құлағандай мұң төгілді.

—Қош бол!—деп туған жерге иді басын,—

Жаныма қорған болған тауың-тасың.
Жаралған сенің ыстық дидарыңнан,
Тулаған жүрегімді қайдан алсын?
Туған жер, қош болыңдар, есіл жұртым,

Қапыда кетті-ау торда бір бүркітің.
Еркіндік намысыңды қалқан етіп,
Ордасын құрта алмадым зорлық күштің.
Жаныңды жанши бермес қаймықтырып,

Айығар күннің көзі дауыл тұрып.
Басыңа қонар келіп бақыт құсы,
Аспанын арманыңның айықтырып.
Сондықтан ризамын не көрсем де

Арманым жалғасады қайда өлсем де.
Ойым бар қиялдаған заманыңда,
Тер төгіп сапарыңда жүрмесем де.
Ер Тәутік өмірінде не көрмеді,

Жасытпас кісен, көзір байлау мені.
Әлі де ала жатам жастығымды
Тұрған жоқ бекер мүлгіп текке өлгелі.
Жалынын өшірмеді қанды қыспақ,

Найзадай қадалады кегін ұштап.
Сақшыға ең ауыры осы болды,
Батырды айырылмастай тұру ұстап.
Темірден бақ соқтырды құлыптаулы,

Жанына жан көруге жуытпады.
Әр жерден ауа алмасар тесік жасап,
Әйтеуір беріктігін құныттады.

тәутік  батыр
Ер Тәутік матауымен кірді ішіне,
Белгі жоқ шырайында сынды деуге.
Жасырып жұрт көзінен түнделетіп,

Сол бойы алып кетті Үрімжіге.
Қараңғы абақтының түкпірінде,
Сынадай өтті күндер тік күйінде.
Қайта ма қайсар рухы қарсы шаппай,

Жазаның жан түршігер түр-түріне.
Саусақтың көбесіне шеге қағу,
Қыздырып етке қызыл темір қару.
Секілді шараларды жолатпады,

Қозғалтпай ұстауына жетпей қару.
Осы бір бас имейтін тентек жаннан,
Ауызда ескірмейтін аңыз қалған.
Амал не қол артына көзірлеулі,

Ойында жете алмаған жатты арман.
Аяқта шылдырласа күшті кісен,
Құр налып аулақ болды күрсінуден.
Тек қана тісін қайрап жалын жұтты,

Барады үміт суып белдесуден.
Сұраққа алып келді тағы да айдап,
Тұрса да жігері құм, кегі қайнап.
− Ал, батыр, жайың қалай?—деді бір кез,

Жүзінде құбылмалы күлкі ойнап.

—Батырға орындық қой, отыр мұнда,

Дайынбыз біздік болсаң босатуға.
Азырақ сырқатыңа өкіл қойсын,
Кешікпей сауығасың,—деді сонда.
Орнынан тұрды сонда ақ халатты,

Қолына ішперіш ап окіл шақты.

—Тамырың білегіңнен тез табылсын,

Жұм дағы саусағыңды ұста қатты.

тарихи  жырлар

—Тарт,—деді,—адамзаттың дұспандары,

Етімді ұнатпаймын жаралауды.
Мен сенің бітіспейтін жауың тұрсам,
Сен қалай тауып алдың дауалауды.
Бәрі де шегіншектеп қалды сасып,

Сан рет ала алмаған күшпен басып.
Астында дәлдеп қойған ток орындық,
Біреуі кнопканы қалды басып.
Батырды бір көтеріп, лақтырды,

Мұндағы ұға алған жоқ ғажап сырды.
Сезілді қос құлағы шың еткендей,
Жендеттер тамаша ғып қарап тұрды.
Соқтырды тағы токтың ағынына,

Әлсіреп жетпей қалды ой арғыға.
Теңселе жерге барып құлап түсті,
Ұқсап бір тамыры алыс қарағайға.
Тым батыл ұйлығысып жан-жағына,

Жеткендей қолы жетпес арманына.
Созыла бір жағына түсті аунап,
Көзірді қолындағы алғанында.
Қарсы бір қабырғаға перде тартқан,

Ішіне қарағайдан жазы орнатқан.
Сан түрде жан шошырлық темір ілгек,
Талайдың құпия орын басын жұтқан.
Бір жақта қалың шегелі ағаш жәшік,

Бәрі де оңтаулы тұр ауызы ашық.
Ені тар жылжымалы қиыстырған,
Қойыпты винттерге күліш басып.
Жазыда салақтаулы қанды тұзақ,

Көргенде түршігесің бойың мұздап.
Аңсаған еркін бақыт, азаттықты,
Мерт болды-ау осы орында талай саңлақ.

тәутік  батыр
Батырды сүйреп келді пердені ашып,
Жүрегін ауық-ауық қолмен басып.
Ағашқа қолтығынан тіреу қойып,

Қос қолын арқалыққа керді басып.
Амал не қақты темір білезіктен,
Ессізге болып жатыр бәрі өктем.
Қайран ел қорланғанын сезе алған жоқ,

Жай оты секілденіп күші кеткен.
Қос қолын шегелеген қарағайға,
Жендеттер адамдыққа қарау қайда?
Тәутіктей асыл туған ерді жойса,

Өлшеусіз жеңісіне санамай ма?
Бір кезде жан жүгірді денесіне,
Бір түстің кезіккендей елесіне.
Жүрегі тулай берді жиі соғып,

Алдында өткен істер түсті есіне.
Қайратпен бойын теңшеп ұстады өзін,
Өлімнен жасқана ма отты сезім.
Секілді бұлт астында шыққан күндей,

Оттанған жарқ еткізді екі көзін.
Көргенде айналасын қанға толып,
Ызалық қонды бойға бір күш болып.
«Ал, батыр» деп мысқылдай күлген кезде,

Қос қолын шегесімен алды жұлып.
Қолына ұзын бәндің тиді қайдан,
Боп кетті үйдің іші қызыл майдан.
Аяқты кісен еркін бермесе де,

Талайдың шығарған-ды жанын бойдан.
Есіктен бірқаншасы жатыр атып,
Жатқандай қалтақ қолдан оғы шалқып.
Тауысып үйдегіні кетті құлап,

Бойынан ең ақырғы кегін сарқып.

тарихи  жырлар
Кеткендей Тянь-Шаньның белі сынып,
Тұнжырап қалды мұңда көк күрсініп.
Қайғылы, қасіретті аза тартты,

Қарт Алтай, Жайыр, Боғда басын иіп.
Үн қосып егілгендей бар табиғат,
Қашанда ез тірліктен ерлік қымбат.
Шығарып ғасырлардың биігіне,

Жасартар қабырыңды гүлмен қымтап...

Қолыма ұстағаным тұқы қалам,
Барады мейірім суып заманадан.
Тып-тыныш еркін жүрген адам едік,
Біз болдық биік жарға қамалаған.

Әркім де өз қылғанын мақұл дейді,
Кісі жоқ өзін-өзі шамалаған.
Заманы төмен жақтың тарылыпты,
Жақсыны жаманменен жаралаған.

Біз көшіп Ересейден кеткен жылы,
Албанды Нақаң* келіп аралаған.
Балалар сол кісімен бастас болған,
Бұл іске араласпай қала берген.

Албанда Нақаң екен саналы адам,
Ақылын жақсылардың ал, балалар.
Білетін Нақаң жайды дана адам,
«Топырақ—адам өзі опасыз» деп,

Осындай айтқан сөз бар мағынадан.
«У жесең руыңменен» дегендейін,
Басқа елді қатын-бала қаламаған.
«Бұл жақта Әлмеректің ұлы бар» деп,

Болады туысқаншыл жаман адам.
Біз дағы содан шошып қашамыз деп,
Мұндайлық ақырында жала қалған.
Жақыпберді батыр

* Нақаң—Нақысбек, албан руының сол кездегі болысы

тарихи  жырлар
Пендесі әрбір істі көреді екен,
Туылып жаралған соң ата-анадан.
Бір күнде хан тұқымы атанып ек,

Үстіне адам батып бара алмаған.
«Тұқымы құрып кетсін қайтеміз» деп,
Әлмерек көңіліме қарамаған.
Жамандық көргеміз жоқ Қаныбайдан,

Кісі екен көңілі жұмсақ, адал адам.
Несібі бұл жағынан түгесілген,
Біз болдық ақырында қазалы адам.
Көз жетті дүниенің жалғанына,

Жеткізер қай пендесін арманына.
Артыңнан құстай ұшып еріп келдік,
Төрт зәңгі елшілікке барғаныңда.
Ант ішіп, Құран оқып отырған соң,

Сөзіңнің көз жетпеді ар жағына.
Рақыш бүйтпейді деп ойлаушы едім,
Қойдым сені атаның әруағына.
Көнсін деп жазған жазу осы болса,

Алланың біз де разы салғанына.
Өлсем қаным сендердің мойыныңда енді,
Қытайдың іліп бердің қармағына.
Екі қолым жағаңда ақыретте,

Таласып Тәңір алдына барғанымда.
Кісіден жан бағатын айрылған соң,
Бұл күнде жетім-жесір зар қағуда.
Ұл тапса буаз қатын тағы ұстап бер,

Кенжеқан сол төрт үйді шарлағанда.
Біз көштік Ақбұлақтан «иә, Құдайлап»,
Жүруші ек ел ішінде күліп-ойнап.
Артқы ел жүгін артып жатқанында,

Сұраншы жетіп келді тағы сайрап.

жақыпберді  батыр
Қайтты деп алдыңғы елді сұрап едік,
Жарылқап жатыр деді сойыс жайлап.
Сен барсаң тіпті жақсы болар десе,

Білмеппін алдағанын сорым қайнап.
Үйімде кешке жақын отыр едім,
Ат қойды қырық кісі андағайлап.
Қайтейін, көпке қылар лажым не,

Ес кетіп тұрып қалдым көзім жайнап.
Ағамды меніменен қабат қосып,
Тастай қып қол-аяқты алды байлап.
Төмендегі екі үйден тіл шығармай,

Байлапты бізден бұрын оны жайлап.
Азырақ қолы батпай тұрғандарға,
Әлімжан «байлаңдар» деп шықты айғайлап.
Құштайдан алып жүрді төмен қарай,

Тас қылды қол-аяқты келгеннен-ақ.
Азапты бүйтіп қорлық тартқаннан да,
Жақсы екен ажал жетіп тез өлген-ақ.
Суға салған арқанмен қатты байлап,

Түсірдің дұшпаныңды шеберлеп-ақ.
Шылбырды суға салып ширықтырды,
Денені қауырсындай құрыстырды.
Шыдамай таң атқанша безілдедік,

Жауырын шоқпардай боп шығып тұрды.
Ғайып боп басымыздан кетті ғой бақ,
Тас қылды қол-аяқты шынжырлап-ақ.
Түнімен ұйқы көрмей зарлап шықтық,

Жақсы екен мұнан дағы тез өлген-ақ.
Біреуін-біреуіне жеткізетін,
Қазақтың «мұрасы» екен ежелден-ақ.
Үсеннің үш күн жаттық үйінде енді,

Зар жылап шешелерім күйінді енді.

тарихи  жырлар
Көрем деп енді қашан жылағанда,
Кісілер ұстап берген сүйінді енді.
Дәретті сындыруға рұқсат жоқ,

Бұл азап бәрінен де қиын келді.
Қолымды бір сәтке де босатпадың,
Қайран күн баста тұрған қиын да енді.
Жанашыр бұл дүниеде бір адам жоқ,

Біз қайтіп қосыламыз үйірге енді.
«Күреге ертесінде айдаймыз» деп,
Кәпір мен мұсылмандар жиылды енді.
Зар жылап шешелерім қойдай шулап,

Сүйеніп тұрып қалды бүйірді енді.
«Қандай күн арт жағымыз кешірер» деп,
Қашырды қасірет-қайғы миымды енді.
Білмедім алдымды да, артымды да,

Топырақ қандай жерден бұйырды енді.
Қостаймен алып жүрді төмен қарай,
Өтті ғой бізден дәурен талай-талай.
Қош деуге елі-жұртқа шама қайда,

Жөнелдім айдауда көзім жайнай.
Көксудың алып шықты қабағына,
Маман шал толықсиды заманында.
Зәңгіге біз разы болып жүрміз,

Ұлығынан жақсы бет алғанына.
Жан қайғы жаны күйген жаралыға,
Тозақтың түскендейміз аранына.
Үйіне Әлімжанның барып түстік,

Сарқобы, Шолақтерек аралына.
Қатыны Әлімжанның дұрыс екен,
Қарады кембайлардың қабағына.
Жастарға қатын құрлы көзін салмай,

Әлімжан албандық жоқ хабарында.

жақыпберді  батыр
Қобының алып келді мәлісіне,
Алланың кім көнбейді әр ісіне.
Ішімнен судай тындым амалым жоқ,

Албанның ұстап берген әдісіне.
Асуын Сарқобының асып жүрдік,
Бір кезде дариядай тасып жүрдік.
Дүниеде бірде өрде, бірде төмен,

Бір кезде өлең шөптей жасып жүрдік.
Жақсылық жамандықпен бірдей екен,
Бір кезде жан жаратпай асып жүрдік.
Салған соң Құдай басқа амал бар ма,

Мінеки, байлау-матау батып жүрдік.
Айдады тағы бізді ертеңіне,
Өрт болып, жүрек күйіп өртенуде.
Қан құсып, қайғы басып кеттік жүріп,

Айналар кейінгінің ертегіне.
Киіктей тарттық күйік жараланған,
Кеудеме оғы тиді дараланған.
Көздің жасы көл болып қатын-бала,

Ешкімнен рахым келіп қарамаған.
Сендерді ел деп көшіп келіп едік,
Торғайдай тобылғыға паналаған.
Көңілім, әлденеге асығасың,

Бір кезде толқынданып тасығасың.
Үмітті тіршіліктен үзбейміз ғой,
Қайдан білдік су қайтып тасымасын.
Егерде осы айдаудан өліп кетсем,

Бетімді бір мұсылман жасырарсың.
Көзіме зауал оты жарық еткенде,
Қайғы-қасірет қанымды қашырасың.
Жетімді жылап жүрген көзі көрсе,

Пенделер көзі көрген асырарсың.

тарихи  жырлар
Жаманты келіп түстік кемесіне,
Болар ма мұндай істі демесіме?
Үстіне кір шалдырмас ерке ұлыңның,

Жазылмас жара түсті денесіне.
Біз көндік зарықсақ та, тарықсақ та,
Алады бізді ойлап кім есіне.
Құлжаның алып келді қаласына,

Қарайды жақсы азамат шамасына.
Біздерде шыбын құрлы қауқар бар ма,
Сіздермен ерегесіп таласуға.
Осымен тамам болсақ амал бар ма,

Біреудің өтірік айтқан жаласына.
Тыныбай, кетеріңде қош айтпадың,
Бес найза Әлмеректің баласы да.
Құлжаның үш күн тұрдық қаласында,

Бұл сөздің шынын айтсам нанасың ба.
Қол ісіп, көз қызарып, бет домбықты,
Өзгеріп, дүние шіркін, барасың ба?
Ешкімге зиянымыз тимеп еді,

Бос сөздің кеттік, міне, жаласына.
Айдаушы тағы біреу кіріп келіп,
Айдады Күре жаққа кеттік жүріп.
Кісендеп қол-аяқты шегеледі,

Айрандай бара жатып етім іріп.
Ешкімге керексіз боп біз барамыз,
Қалған бір жұмыртқадай бекер шіріп.
Күренің алып келді түрмесіне,

Қандала, шыдамадық бүргесіне.
Қолда көзір, аяқта кісен болса,
Жігіттер қоймайды екен кірмесіңе.
Қайғысыз малы, басы есен адам,

Алады осындайда кімді есіне.
Бір күнде шай көрпеде жатушы едік,
Таластық қараңғы үйдің іргесіне.

жақыпберді  батыр
Еңіреумен елге зар боп отырмыз,
Адам жоқ бізбен келіп тілдесуге.
Бұл жерде албан, қызай, суан да бар,

Ішінде нанға тойған жуан да бар.
Түрмеге бір сорлыны ұстап беріп,
Әлімжан үйіңе сен қуан да бар.
Құр емес қаракерей, матай да бар,

Сарт, сібе, орыс, дүнген, қытай да бар.
Біздерге дұшпан болған, залым шонжар,
Құдайға дұшпан болып қақай да қал.
Құр емес үлкен-кіші, бала да бар,

Әр түрлі іспен түскен жала да бар.
Өзің жеп, өз етіңді ей, залымдар,
Телміріп өз етіңді қара да қал.
Зеріккен соң құмалақ, бал ашамыз,

Жоқ біздің ойын-күлкі тамашамыз.
Бір үйде он бес қазақ, бес орыс бар,
Орынға жақ-жақ болып таласамыз.
Жұлдызды көре алмадық, айды қойып,

Қандала, бүргесімен қандай сорып.
Алланың жазуына риза боп,
Сұлтанәлі, Сары жатыр зарлы болып.
Кәдірқан, Садық жатыр зарлауменен,

Дүние, енді бізден қалды-ау деген.
Өмірбек, Өмірәлі бұ да жатыр,
Көзінен аққан жасы парлауменен.
Мұхтар мен Жақыпберді бұ да жатыр,

Атысып өлмедім деп арманменен.
Кәрі әкем жетпістегі бұ да жатыр,
Шыбын жан шықпай неғып қалды-ау деген.
Балада Әуезқандай жалғыз да бар,

Алданыш ата-анаға алдау деген.

тарихи  жырлар
Түбіне тұңғиықтың кеттік түсіп,
Бар ма екен бізге жарық саңылау деген.
Баланың Әуезқандай жалғызы едім,

Ауылына Әлмеректің барып едім.
Қашсақ та алдауменен құтқармадың,
Осынша, албан, саған нағып едім.
Қашсақ та құтылмадық терең сайға,

Бет алған Маман шал мен Тыныбай ма?
Дауласып сенен теңлік алатұғын,
Баяғы біз байқұстың күні қайда?
Әруағы ата-анам қайда кетті,

Қолдап-ақ жіберуші ең осындайда?!
Байбатша Айтбозының баласымыз,
Жоқ еді ешнәрседен таласымыз.
Теңлікті бүгінгі күн бермегенмен,

Мойныңа ақыретте аласыңыз.
Тыныбай, Әлімжандар ұстап берді,
Қанша ақша ұлығыңнан аларсыңыз.
Ұстап беріп біздерді мәнсап алып,

Ақшаға толған шығар шанағыңыз.
Қаныбай, Әбділдә мен Нақаң болыс,
Бұл істен үшеуіңіз тазасыңыз.
Қолында қасапшының біз жатырмыз,

Сіздер де шамаң келсе қарасыңыз.
Күн бар ма біз елменен бір жүргендей,
Жылаған адамдарды күлдіргендей.
Тыныбай, менде әкеңнің құны бар ма,

Қақалып әкеңді алған бүлдіргендей?
Албанның баласына нағып едің,
Жамандап бізді ұлыққа білдіргендей.
Қарады-ау тамашалап, ұстап беріп,

Аққуды жапалаққа ілдіргендей.

жақыпберді  батыр
Болшевик бұзылған соң шықтық шетке,
Жолықты қатын-бала қайғы-дертке.
Бұл жақты туысқан деп іздеп едік,

Жамандап пәлекетті салдың көтке.
Байбатша, сен қалмақтан шүйінші алып,
Күйені ұялмай-ақ жақтың бетке.
Біз қашып Ересейден келген жылы,

Тып-тыныш бір жыл тұрдық Нақысбекте.
Сол елде жанды бағып жата бермей,
Барам деп пәле таптық Әлмерекке.
Албанды бұл жақтағы араладым,

Жаманды жақсы менен шамаладым.
Түп-түгел басымызды бермейді деп,
Сендерді арқа тұтып паналадым.
Сендерді арқа тұтып мұндай болдым,

Құрысын мұнан әрі қараладың.
Заманының бұдан былай не боларын,
Жеріңнен бізді ұстап тазаладың.
Жаратқан дүниені жалған қылып,

Айтамыз қайсыбірін арман қылып.
Әкеміз бәріміздің бір кісі екен,
Құдайым жаратыпты албан қылып.
Үш мыңдай Мүсілімге жылқы біткен,

Албанға ұйытқы болған малдандырып.
Жеткенде қаза тағдыр тоқтатпайды,
Ешкімді алмайды екен қамдандырып.
Опасыз бұл дүниеден Ғали да өткен,

Арасын жер мен көктің дал-дал қылып.
Өлмесе ата-анам қайда кетті,
Бұл іске өкінбелік арман қылып.
Кәпірден қаза жетіп шейіт болмақ,

Бұрынғы атамыздан қалған қылық.
Бар Құдай бұл қайырдың паналары,
Албанның бұрынғы өткен даналары.

тарихи  жырлар
Бұл күнде бізге дұспан болып тұрсың,
Бәріміз — бір кісінің балалары.
Жатырмыз он бір кісі бір қамауда,

Ел-жұртты екі талай аралауы.
Мұндай іс бұрынғыдан мирас екен,
Қас болған Жүсіптің де ағалары.
Хандардың ел білмеген міні бар ма,

Қашқынның бұрынғыдай күні бар ма?
Тобынан тұйғын қуып шығарған соң,
Адасқан жалғыз қаздың күйі бар ма?
Әлемді он сегіз мың жаратқан соң,

Біздерге рахым қылар күнің бар ма?
Әттеген, елден неге адасқамын,
Ел-жұртқа ұсталарда оқ атпадым.
Болшевик партиясы бұзылған соң,

Бұл жаққа келейін деп талаптандым.
Сүйегім қалар еді өлсем сонда,
Мұндайын білсем егер жалдаптардың.
Үйінен Әлімжанның айдағанда,

Бір ауыз қош айтуға қаратпадың.
Қатпаған қабырғасы жас балалар,
Не болар көрген күні қарақтардың.
Оқамды келген жылы ұстап беріп,

Қасқырдай қойды жеген тамақтадың.
Бәріміз бір албанның кіндігі едік,
Жаралап әр жерімнен тамақтадың.
Қытайға ұстап беріп, бет алам деп,

Көп албан бізді қуып далақтадың.
Албанды атам хан боп сұрап еді,
Бұл иттер, келгенімді жаратпадың.
Құсайынның басын кескен — ит боп кеткен,

Құрысын сендердің де талаптарың.

жақыпберді  батыр
Түрмеде алты ай жатып азап тартып,
Бәрін де арқаладың мойынға артып.
Бала жылап, әйелдер мұңаяды,

Ет жабысып, сүйекке қалған қатып.
Ыза кернеп, жүрегім аттай тулап,
Оқсын-оқсын қан құса ойлап жатып.
Естиміз анда-санда бірер сыбыс,

Өлтіреміз десіпті бәрін де атып.
Бір атаның баласы Әкім, Пазыл,
Өлмесе солар қалар дәм-тұз тартып.
Қолыма ұстағаным тұқи қалам,

Отырмын көп сөйлеуге келмей шамам.
Кісіден осы жүрген үздім күдер,
Жаратқан Рахым Мәулә болғай панам.
Біздерге иман берсін Алла Тағалам,

Мақшарда жолығарсың, қатын-балам!
Қас қылған бір ғаріпке дұспандарды,
Тапсырдым әруағына ата-бабам.
Дұғаңнан тастамай жүр, ғаріп анам,

Көруі екі талай болды балаң.
Уақыт жетті, іс бітті,
Атылды мылтық бырс етті.
Бір атпады, жеті атты,

Қайрат кетті, күш кетті.
Он адам түгел қырылды,
Көрген жаннан ес кетті.

— «Боқы батыр» жазып бер,— деп бердің қағаз,

Жоқ болар ерде қадір болса мал аз.
Отырған үлкен үйде Жүніс мырза,
Алакет шаниамыз ол бір сабаз.
Мал аз деп тым қадірсіз болғаным жоқ,

Көйлек көк, жұрт арасы тамағым тоқ.
Құрметтеп қайда барсам көтереді,
Ән сал деп домбырамен жиылған жұрт.
Молда деп құрметтейсіз мен ғаріпті,

Айырылған ата-анадан кім жарыпты?
Әкеме топырақ салмай болдым жаһил,
Құдайым, қайдан берсін кең жарықты?!
Әкеміз былтыр күзде өткен екен,

Құдайым ажал нәсіп еткен екен.
Дұғасымен сол әкенің жүруші едім,
Сәніміз содан кейін кеткен екен.
Бәріміз бір жәдіктің баласымыз,

Көзінің ағы менен қарасымыз.
Киікбай Есенұлы менің әкем,
Сауаптан Құдай үшін қарасыңыз.
Ағасы әлгі Есеннің Боқы батыр,

Сөзіңіз, Жүніс мырза, алда жатыр.
Бағышлап Киікбайға дұға бол деп,
Өтініп көп тілеймін мен бір пақыр.
Боқы батыр

боқы  батыр
Мұңлы адам мұны ұқса жылар ма екен,
Арманда атасы өлген шыдар ма екен?
Қалдым-ау дұспанымның табасына,

Жоқтықтың кім қарайды шамасына?!
Жарлылық, жаяушылық, жалғыздықпен,
Жабысты Нұртазаның жағасына.
Айналып жоқшылықтан бара алмадым,

Әкемді мұнда тартып ала алмадым.
Үйреткен бар өнерді әкем еді,
Қарызын мен қайтарып бере алмадым.
Мен едім жалғыз ұлы Киікбайдың,

Әмірі мұндай болды бір Құдайдың.
Құдайға құлшылық қып жалбарыналық,
Қолынан не келеді құр ойбайдың.
Қайғырар шын күйінген дос адамың,

Табасы қанады ғой қас адамның.
Нұртаза, көп қамықпа тамағыңды іш,
«Арқауы,— деген сөз бар,— ас адамның.
Баласы Жиындының Боқы батыр,

Бір кеңес сәтті болып келе жатыр.
Қызаймен жылқы алысқан заманында,
Сапарға тіккен екен алтын шатыр.
Байжігіт жылқы алысқан керейменен,

Бай-жарлы бірдей шапқан кедейменен.
Ала жаз тыныштық жоқ қысыменен,
Малдары қуғын көріп өңеймеген.
Ел көшіп саржайлаудан түскен төмен,

Ат семіз өңшең құр ат, сары көбең.
Көк жасаң атты кісі көрінбейді,
Сүрдек боп жапырылған қалың өлең.

тарихи  жырлар
Баласы Жиындының атым Боқы,
Жайлауы Майқабырға қара шоқы.
Жақсының өзі өліп, сөзі қалған,

Жарандар, ермек болсын мынаны оқы.
Аттандық байжігіттен жылқы алуға,
Жауласуға көңіл соқты бір баруға.
Бес жолдас қасымдағы өңшең мықты,

Бәрі де асып тұрған қол қаруға.
Жараттық өңшең батыр ат сығайлап,
Жүруші едік сегір жақтан қастық ойлап.
Аққоян, құбақанкер арғымағым,

Түлкінің күшігіндей тұрады ойнап.
Жараттым екі арғымақ күндіз байлап,
Қоржын-қолаң, қару-жарақ алдым сайлап.
Ұйықтасам көкейімнен бір кетпейді,

«Қайтет» деп осы жолы жүрдім ойлап.
Құдайым, қуаныш бер осы жолда,
Асынған қанжарым бар, найзам қолда.
Барған соң күндіз тиіп жылқы алармын,

Алдымда Алла Құдай, өзің оңда!
Бес жігіт ерткен жолдас қасымдағы,
Торғын тымақ қара түлкі басымдағы.
Қолға алып құйма сайман әсемдетіп,

Жеке ауыз, болат қанжар асынғаным.
Алла деп Құбақанға тоқым салдым,
Аққоян тұлпарымды қосарға алдым.
Суынан Жаман Қаба өте шығып,

Жаманқойтас, Көлденеңге шыға салдым.
Суынан Білезіктің кеттім өтіп,
Жалғанды өткізейін әуре етіп.
Сарықұмнан өте шығып екінтіде,

Келемін Алқабектен зар еңіретіп.

боқы  батыр
Кіренттен өтіп кеттім Қараталға,
Қай уақта жетемін деп қалың малға.
Алдымнан қызыл түлкі көлденеңдеп,

Елестеп ұйқы келмей ұзақ таңға.
Айтайын жүрген жердің қайсыбірін,
Ашады шын әңгіме көңіл кірін.
Жамағат, құлақ салып сөз тыңдасаң,

Айтайын байжігітке келген жерден.
Біз келдік Үйіндінің өзеніне,
Биік тау мекен еттік кезеңіне.
Жиі қонған ел қалың іргелі екен,

Кең қоныстың таңғаласың кезеңіне.
Таңертең өріп шықты малы қайнап,
Мініпті бозбаласы ат сығайлап.
Құйрығын дөнен қойлар көтере алмай,

Семіздіктен қорада жатыр шәйлап.
Отырмыз сабыр қылып қарауылда,
Жылқы бар екі мыңнан әр ауылда.
Дәл түсте жалпақ елге кіріп кеттік,

Құдайым, алды-артымды өзің оңда!
Айдадық үш мың жылқы Қобыменен,
Қуғыншы келе жатыр тобыменен.
Көкте айғай, жерде айғай қуып келед,

Айырып алмақ екен күшіменен.
Жылқыны айдап шықтық қорасынан,
Жабылып атқа мінді моласынан.
Тас жүрек қайтпайтұғын жолбарыстай,

Гауһармен асылданған болатындай.
Келемін ат үстінде ұрыс қылып,
Найзамен түсіремен келістіріп.
Ойнақтап жаудың аты қала берді,

Барамын жау ішінде арыс қылып.

тарихи  жырлар
Алдымда бүкір қайың бұтақ тұрған,
Бағымды осы қайың тұсап тұрған.
Астынан сол ағаштың өткенімде,

Көлденең бұтақ мені лақтырған.
Түсірді ат үстінен бұтақ қағып,
Құтылсын Боқы батыр енді нағып.
«Батырдың жолы болды» деп шуылдап,

Жабылды жаулар келіп араға алып.
Жабылып жаяу мені қалды басып,
Дұспандар тонап жатыр анталасып.
Ашынған, ызаланған өңшең найман,

Соққылады сойылмен қамшы басып.
Біреуі жүр пышақты қолына алып,
«Бауыздап өлтір,—дейді,—ішін жарып».
Қамалап үш жүз кісі бір адамды,

Құтылсын енді Боқы қайда барып.
Бауыздауға пышақ қойды тамағыма,
Қалам ба арыз айтпай абағыма!?
Көзімді ойып, ішімді жарып кегін алса,

Тірі жан қарамаған қабағыма.
Біреуі айбалтамен кетті шауып,
Тиді ғой дәл сүбеден дене тауып.
Балтаны қайта тартып суырғанда,

Кетіпті біраз уақыт есім ауып.
Суырды айбалтаны ырғап-ырғап,
Бәрі де өлтірдік деп жүрді жырғап.
Мүбәда бұтақ қағып түсірмесе,

Жауларды келген үш жүз бірақ қырмақ.
Ер жігіт бақ қайтпаса алдана ма,
Қолды болдым амал не алда-жалда.
Алдырсам ат үстінде арманым не,

Аңдаусыз оқыс болды амалым не?

боқы  батыр
Бір кезде есім жидым көзім аман,
Жараны көрер едім, аштық жаман.
Сиырылып жау үстімнен кеткен екен,

Ұмтылдым сүйретіле жарға таман.
Мен түстім жасырынып жар астына,
Байжігіт, өлтірдім деп таластың ба?
Малды айырып үстіме қайтып келді,

Таба алмай бәрі мені қарастыра.
Бәрі де жағалайды суға төніп,
«Япыр-ау, кеткен,—дейді,—қайда еніп».
Түбінде терең судың жаһаннамда,

Жатырмын бір бұйрыққа мен де көніп.
Бүкіл денем су ішінде түгел ашық,
Бұтымды жасырады шалғын басып.
Әйтеуір есім дұрыс естіп жаттым,

Іздеп жүр жауларым да жанталасып.

—Япыр-ау, мынау өлмей қайтіп кетер,

Балық жеп су түбінде ғұмыры өтер.
Егерде мынау өлмей қайтып келсе,
Өлгендеріміз біздің де қайтып келер.
Шыныменен мынау өлмей тірілді ме,

Бауыздап, көзін ойған білінбей ме.
Сүбеден айбалтамен шауып едім,
Өлігі су түбінде көрінбей ме?
Соны айтып бәрі дағы дабырлаған,

Ентелеп суға келіп жабырлаған.
Бірі ол деп, бірі бұл деп бәрі қайтты,
Боқы батыр су астынан табылмаған.
Жараның ақ жем қылды қанын шайып,

Бір оқыс болмасын ба жазатайым.
Қырандай желді күнгі аспандағы,
Жүруші ем төңірекке қанат жайып.

тарихи  жырлар
Пәрмені бір Алланың мынау болды,
Бір қырсық шалған екен сапар-жолды.
Ет мыжылып, сүйек сынған дәрменсіз жан,

Есін әзер білетін қорлы болды.
Шарасыз мен жатырмын су түбінде,
Ұмытылып кетер ме екен бұл тегінде.
Бауыздап, ішті жарып, көзді ойып,

Бойына Үйіндінің қан төгілді.
Әулие Қызыр қонған Жиынды атам,
Бір Алла, қабыл көріп, тисін батаң.
Солардың шарапатты дұғасында,

Қор болып су түбінде қайтіп жатам?
Сапарда жаман еді көрген түсім,
Қалмады адам көрер менде пішін.
Керейдің еркесі боп жүрген ердің,

Жатқан соң су түбінде қайнады ішім.
Жеті күн түніменен суда жаттым,
Бейнеттің су түбінде дәмін таттым.
Аққоян, құбақанкер арғымағым,

Қызығын көрмедім-ау мінген аттың?!
Жолдасым жауға түсіп қалды ма екен,
Есіл ерді жау қолына алды ма екен?
Құтылмай ерлерімнің бірде-бірі,

Өзені Үйіндінің қанды ма екен?
Көзімнің аман қалған қарашығы,
Алла білер шыбын жанның қалатынын.
Жалаңаш судан шығып қарап тұрды,

Білмейді Боқы қайда баратынын.
Аяңдап қырға таман бастым қадам,
Жараны көрер едім аштық жаман.
Ербеңдеп тыр жалаңаш екі кісі,

Артымнан шыға келді бейнесі адам.

боқы  батыр
Жалаңаш оларға мен қарсы жүрдім,
Таң болып бастабында қарап тұрдым.
Құдайға мың шүкірлік «тәуба» дедім,

Күн жарығын көрген соң мен пақырың.
Екеуі мені көріп жылай берді,
Көл қылып көздің жасын бұлай берді.
Бұл екеуі қашып шыққан жолдас екен,

Бір Алла себеп қылып тірлік берді.
Көрісіп жолдасыммен амандастым,
Қадірін ер біледі ғазиз бастың.
«Табайық аштан өлмей бір қорек» деп,

Ел шапқан жерге таман қадам бастым.
Жалаңаш болдық бейне кісі киік,
Бір бұтақ қасымызда тұрған биік.
Кеңестім жолдасыммен киім жағын,

Етіміз кеткеннен соң күнге күйіп.
Жолдасым сөз бастады маған таман:

—Әйтеуір бір ажалдан қалдық аман.

Әнеу күн ел шапқанда бойжеткен қыз,
Бір сандық апарып ед тауға таман.
Бір байдың ұқсағандай баласына,
Аршаның тықты ма екен арасына.

Белгілеп қойып едім сол араны,
Табылар ма екен, іздеп барасың ба?
Сандықты тыққан жерге іздеп бардық,
Аршаның арасынан тауып алдық.

Құданың құдіретіне қарай қойсаң,
Үш шағи шапан салған үш кез сандық.
Үшеуміз үш шапанды киіп алдық,
Өзгесін жатқан жерден жиып алдық.

Ағаштан балаған сап бір дараға,
Молынан қу отынды үйіп алдық.

тарихи  жырлар
Әрқашан жәрдем берген Жаппар Құдай,
Адасқан тауып алдық бір жалғыз тай.
Лағып ел шапқанда қалған екен,

Осқырып бетке шығып тұрды анадай.
Жан дәрмен қамаладық бір тұйыққа,
Ақыры тоқтар болып бір бұйрыққа.
Тұйықтан қайта қашып жөнелгенде,

Батырдың қолы тиді түп құйрыққа.
Жібермей құйрығынан тұрды тартып,
Қаруы бұл батырдың жаннан артық.
Жібермей асау тайды ұстап алды,

Сүйекке біткен күштің бәрін сарқып.
Сойып ап талшық қылып тайдың етін,
Ала алмай әлі түзеп жолдың бетін.
Рахым берсе Патша Құдай,

Есен-сау көрісерміз елдің бетін.
Байжігіт, осы жолдан аман қалсам,
Олжаға малыңды шауып, қызыңды алсам.
Астырып бір ауылға бір қазанды,

Орнатып заманақыр, бүлік салсам.
Дариға-ай, сонда менің кегім бітер,
Шер болған ішімдегі қайғым кетер.
Атаның дұғасынан тірлік көрген,

Дүниеден жылай-жылай өмір өтер.
Жолдаспен ақылдастық «қарманалық,
Аяңдап көлік іздеп ел табалық».
Артынан үріккен елдің жаяу бардық,

Арасы қаншалық жол бұл аралық.
Намыстан Боқы батыр қайғы жұтты,
Еліне аман барса әлде үмітті.
Ел көшіп сары жұрт боп қалған екен,

Бетке алып бұлар жүрді байжігітті.

боқы  батыр
Құндызша жаяу шұбап жүрді бұлар,
Бір тапса байжігітті көңілі тынар.
Алдымен көлік мініп елге жетсе,

Онан соң байжігітті көрер шығар.
Үш жаяу келе жатыр екпіндетіп,
Ат тауып, елге бармақ жолға жетіп.
Қалың ел кең қонысқа жиі қонған,

Өр керей шаба ма деп дүрілдетіп.
Үшеуі бір ауылға келді жақын,
Жылқы жоқ басқа малдар тұрған барқын.
Орданың кермесіне байлап қойған,

Түнделеп шешіп алды үш құр атын.
Үш атқа үш ат қосып алтау алды,
Керек қып айдамады басқа малды.
Жолдасы жанындағы зар жылайды,

«Елге аман жеткізсең,—деп,—қызыл жанды».
Алты атпен елге қайтып жүреді енді,
Алланың салғанын көреді енді.
Егерде басқа біреу мұндай болса,

Ажалдан үш күн бұрын өлер еді.
Шешесі ол батырдың қайғы жұтты,
Баласы келмеген соң болды күпті.
Қырылып жолдасымен түгеді деп,

Ағайын, ел-жұрты түгел ұмытты.
Шешесі сонда тұрып бал ашады,
Балына ашқаннан соң қарасады.
Балынан баласы аман көрінсе де,

Өзге ел келмейді деп күдер үзді.
Осымен жұрт сандалып отырғанда,
Есен-сау Боқы батыр жетіп келді.
Ел ерен қуанышпен шүйіншілеп,

Құшақтап батыр ұлын жылап жатыр.

тарихи  жырлар
Бай шөгел, батыр аңғал, балуан өктем,
Келгенде Боқы батыр еліне еппен.
Атасы Боқының Жиынды деді:

—Той қылам ел-жұртыма биыл көктем.

Аттанып байжігітті қайта шапқан,
Құрғанмен түк болмады темір қақпан.
Ішкізіп барлық елін бір қазаннан,
Есесін алғандығы болмас мақтан.

Шулайды Боқы батыр тірі екен деп,
Пәнденің өлмейтұғын бірі екен деп.
Жылқы алса әр ауылдан түнделетіп,
Ұқты олар «кегін алып жүр екен» деп.

Ұйлығып ана ауылдан мына ауылға,
Көрініп шыға алмаған қарауылға.
Түсінде аян берген Қыдыр болса,
Ол неге шапқын қылад бұл ауылға.

Бейсенбі, Көкен, Топан заманында,
Он екі абақ керей аманында.
Бас болған төрт би, төре, сегіз жанат,
Өш болып Боқыны олар қамады да.

Боқының бар жазығы қайраты асқан,
Атақтап Боқы батыр шыққан жастан.
Билермен сегіз жанат өшіккен соң,
Боқыны жоғалтуға жанталасқан.

Жақсыны өзі болған көре алмайды,
Адамзат ажал жетпей өле алмайды.
Нәсілсіз үйден шықпас надан болса,
Ақ үйдің айдынына келе алмайды.

Жиылған сегіз жанат түгелденіп,
Боқыны алам дейді күшпен жеңіп.
Оған да Құдай берген қуаты бар,
Аспаса, тоқтамайтын қайрат кеміп.

боқы  батыр
Боқының найзасы бар қара тамақ,
Жиылған найман, керей, он екі абақ.
«Ұлықтардың айтқанына көнбеймін» деп,

Араздасты батыр Боқы күрең қабақ.
Саңлақ иен жерде бұл бір құлан,
Боқыны ұстайық деп салған ұран.
Мың адам болса дағы тәуекел деп,

Сайланды қырық жігіт өңшең қыран.
Бата алмай Әжі сонда елші салды,
Боқыға тілді-ауызды екі кісі барды.
Бәрі де көріп отыр жақын жерден,

Елшіні барғаннан соң байлап салды.
Елшіні байлаған соң айтқан сөзі,
Жалын шашып қызыл шоқтай екі көзі.

—Айта бар бұл сөзімді Әжіге сен,

Мықты болса, бәлем, қырғыз шықсын өзі.
Жұрт тарап амалсыздан кеткен еді,
Бай, манап, кедей-кепшек, мырза-сері.
Бұл соғыс қиын еді бола қалса,

Жоқ екен адамзаттың арам тері.
Қып-қызыл екі көзі жайнап тұрған,
Аузынан кесек қанды шайнап тұрған.
Жанында қырық жігіт арыстандай,

Перінің саңлағындай ойнап тұрған.
Әжінің өз шамасы келмеген соң,
Боқы батыр жау шауып өлмеген соң.
Екі амбы, бір үкірдай кісі екен деп,

Көңілін ақыл қосып бермеген соң.
Екі амбы, төрт үкірдай мөрін басып,
Боқымен түгел керей жамандасып.
Торғауыт уаңына қағаз жазды,

Боқыны жоғалтуға араздасып.

тарихи  жырлар
Сауырдың қағаз жазған уаңына,
Білікті торғауыттың жуанына.
«Боқыны өлтірсеңдер құн жоқ» дейді,

Қараңыз сұм заманның қуаңына.
Уаңға қағаз жазды белді байлап:
«Құртады бар торғауыт жылқыңды айдап.
Тынышталып қазақ, қалмақ жатар еді,

Боқыны ала алсаңдар тірі байлап».
Айдады абақ, керей күнде қағаз,
Кәпірге қор болады-ай қайран сабаз.
Жақсыны үлгі қылып, қисса жаздым,

Ел-жұртқа айтып жүрсін бар өнерпаз.
Торғауыт аңдығанмен ала алмаған,
Боқының ық жағына бара алмаған.
Бейсенбі, Әжі төре аңдығанмен,

Боқыға темір шынжыр сала алмаған.
Торғауыт Әжіменен дос болғанын,
Кім білсін уағдасы бос болғанын.
Жамағат, құлақ салып, сөз тыңдасаң,

Айтайын аңдаусызда ұсталғанын.
Мал айдап Жәйір жақтан келе жатты,
Пенденің тірі күнде дәмі тәтті.
Сауырда Бекбай деген жездесі бар,

Соған тез жетемін деп жүрген қатты.
Жылқы айдап жездесіне келген жетіп,
Құдайым қисық бастап тентіретіп.
«Боқы кеп жездесінде жатыр» деген,

Бұл хабар торғауытқа барды жетіп.
Білдірмей торғауыт жұртқа зарлап,
Шығарыпты Мәнжі залымды Боқыға арнап.
Қаскүнем Мәнжі асқан лағынат,

Жанына Боқы ердің салар қармақ.

боқы  батыр
Досыма амандасып келемін деп,
Келіпті амандасып Мәнжі қалмақ.
Келіпті амандасып Мәнжі мейірім,

Жүрегін шайтан жалап, алған пейілін.
«Кәпірден досың болса, балтаң болсын»,
Деген сөздің ұғамыз үлкен тегін.
Шешініп отырғанда битін қарап,

Қалмақтан досым бар де песке санап.
Алдымен Мәнжі сұм кіріп келіп,
Боқыны қырық кісімен алған қамап.
Жалаңаш бір адамға жабылады,

Қолында қаруы жоқ не қылады?
Егерде басқа біреу мұнда болса,
Дұшпанға қорыққаннан бағынады.
Қару жоқ, құр қолымен алысады,

Жұдырық, шеңгелдерін салысады.
Боқыны қалың жау байлай алмай,
Қолдары алыса алмай қарысады.
Бастығының алқымынан қатты қысып,

Өзгелері шегініп қалды бұғып.
Кеңірдегін Мәнжінің суырып ап,
Өлтірді мылжалап отқа тығып.
Жалаңаш жұдырықпен араласты,

Қалмақтар қорыққаннан жаман састы.
Ұрып жығып өлтірді бірнешеуін,
Басқалары үйден шығып тұра қашты.
Сонда да көптігімен қайта басты,

Бастығы өлгеннен соң араздасты.
Боқыны ұрып жығып, байлап алды,
Бір адам қалың топтан құтылмас-ты.

тарихи  жырлар
Асыл ерді байлап-матап алып кетті,
Уаңына торғауыттың алып жетті.
«Бесеу өліп, Боқыны ұстадық» деп,

Уаңына уақиғаны баян етті.
Аспанда жаңбыр жауып себелеген,
Батырды қияқ найза жебелеген.
Жамандығы—қазақтың қорыққандығы,

Батырдың қол-аяғын шегелеген.
Темірмен қол-аяғын шегелеген,
Қоймастай ажал тағдыр таядың сен.
Басында қыра бермей неге аядың,

«Жау аяған жаралы қалад» деген.
Уаң айтты Боқыға кеңес құрып:

—Жау болып елімізге салдың бүлік.

Дос болсаң бұдан былай босатайын,
Аузыңнан серт алайын ұстап тұрып.
«Төрт орын» маған берді қағаз жазып,
Кетіпсің тентек болып жолдан азып.

Бұдан былай жауласпай тек жүруге,
Қолыңнан беремісің қағаз жазып.
Қағазың мынау, батыр, оқып көрсең,
Сені біз өлтірмейік тілге келсең.

«Қызыңды қатын, қатыныңды отын қылып,
Жетемін мақсатыма қоя берсең».
Торғауыт өлтіруге қимағанын,
Боқы батыр ашуына симағанын.

Тұтқында кәпірлермен қарсыласып,
Амалсыз шыбын жанын қинағанын.
Ақыры өлтіруге үкім етті,
Майданға халық болып алып кетті.

Өзеннің жағасына алып келіп,
Майданға торғауыттың бәрі жетті.

боқы  батыр
Сауырда қарағайлы Ұлан Сала,
Он сан қол қимағаны жалғыз бала.
Болмаса қош айтатын танысы жоқ,

Япыр-ай қалмақтарға не деп шара?
Ұлан Сала алып келді өзеніне,
Шығып тұр қалың кәпір кезеңінде.
Кез болды-ау, жас жолбарыс арыстаным,

Жаулардың өлтіретін кезегінде.
Қолда көзір, аяқта кісен берік,
Батырдың қасында жоқ жалғыз серік.
Зәңгісі торғауыттың Сәбіл деген,

Атқызған бір мылтықты соған беріп.
Қолына мылтық алып Сәбіл жетті,
Батырды дәл жүректен атып кетті.
Сығалап жақын жерден атқаннан соң,

Оқ тиіп дәл жүректен ұшып кетті.
Бұлқынды сонда батыр ызаланып,
Кәпірдің қорлығына назаланып.
Ала алмай кегін батыр ажал құшты,

Аяғын қысқарталық, ұзамалық.
Басы мен қол-аяғы болды пара,
Кісі жоқ маңайында жалғыз дара.
Босанып ләшкерменен араласты,

Жамағат, қызығына енді қара.
Бір атып өлтіре алмай қара басты,
Қалмақпен дара батыр жағаласты.
Қолы бос, аяғында кісені бар,

Өтірік айтсақ егер жарамас-ты.
Батырдың екі көзі қанға толды,
Өлтірді бірталайын сонша қолды.
«Мылтықпен атса мынау өлмейді» деп,

Ақыры торғауыттар быт-шыт болды.

тарихи  жырлар
Бар екен торғауытта үлкен геген,
«Боқыны өлтіре алмау бұл не деген!?»
Бал ашып кітабына қарағанда,

Айтқаны-айтқанындай келеді екен.
Бал ашқан гегеннің айтқан сөзі:
«Ақ жұлын деген батыр мұның өзі,
Жұлынын қимасаңдар әсте өлмейді,

Сондықтан жұлынын тез қиса» дейді.
Сонымен қайтып келді сайлауыттар,
Боқыны қамап жүрген торғауыттар.
Соғысып әлі Боқы ұстатқан жоқ,

Бойында сонша қуат қайраты бар.
Боқыны тамам жаулар қамалады,
Батырды айбалтамен балталады.
Оқ тиген жүрегіне қасиетті ер

Қарысып өзен суды жағалайды.
Суы таяз батар емес кісі сыйып,
Боқыны өлтіреді қайтып қиып.
Қолын-қол, бұтын-бұт қып қайран ерді,

Өлтіріпті жұлынын қиып-қиып.
Осындай шаһит болды арманменен,
Құдырет не қылса да пәрменменен.
«Батыр болсаң бір оқтық» деген мәтел,

Адамға опа бермес жалған деген.

Қолыма «бисмилла» деп алдым қалам,
Құдай-а, қай-қашанда өзің панам.
Медет бер біз құлыңа қысылғанда,
Алтайды жерлеп келген заманадан.

Халқы үшін жаһан кезіп, жерді шалған,
«Алтай» деп Асан Қайғы атын қойған.
Жасаған ата-бабам заманадан,
Орта жүз керей-найман мекен қылған.

Алтайдың жері—алтын, шөбі—шүйгін,
Халқына бақыт қонар қоныс болған.
Еңкейіп еңбек қылып тер төккен ел,
Орныққан орын теуіп ырыс толған.

Осылай орын боп ең орта жүзге,
Жалғасқан атамұраң осынау күнге.
Аталған алтын Алтай байлығыңмен,
Тап болдың зорегерлік сұқты көзге.

Еңбексіз жемеңгерлер елді сорған,
Нысап кетті даяр тап патшалардан.
Кір жуып, кіндік кескен атамекен,
Жау шығып өз ішіңнен құт шайқалған.

Қазақтың әділдігі қалып жолдан,
Жол шықты заңды өзгертіп, елді аздырған.
Айтқанын істемесең зорегердің,
Қамалып абақтыда көзін жұмған.

Бөке батыр

тарихи  жырлар
Сол күнде кең дүниені тұман басқан,
Қамалып қараңғыдан ел адасқан.
Еңірегенде етегі көлдей толып,

Сел жөңкілген көзінен аққан жастан.
Сол дәуір, сол бір заман, сол уақытта,
Шырқырап қатын-бала, ел шуласқан.
Рақымсыз соғыс деген жанды алған,

Қан төгіліп сай-сайда ел қаңғыған.
Баяғы Майқы бидің рухы үзіліп,
Бағдарсыз заман туып күйкі болған.
Айналып аз ұлтқа заманақыр,

Әр тауда баудай кескен басы қалған.
Бұқараны зарлатып залым патша,
Өліден өлі, тіріден тірі айырылған.
Қашанда халыққа жау әділсіз хан,

Ел тозды қорлық көріп падишадан.
Әркімге бірдей Отан топырағы,
Жан-жаққа көшті ажалдан аман қалған.
Бөкеден бұрынғы кеткен Көбек батыр,

Жауласқан шүршітпенен кегі жатыр.
Басқадан көмек болмай соғысқанда,
Маншанақ қаруынан өлген ақыр.
«Соғыс!» депті ол еліне өсиет қылған,

Соғыста батыр Құтан қолды болған.
Құнықтың үш баласы қолға түсіп,
Көбектің ел-жұртына жалбарынған.
Әжі құнық Арқаға арыз айтты.

Қазақтың әз Жәнібек үлкен ханнан,
Өлген адам тірілмес елге келіп.
«Алдыңа келсе әкеңнің құнын кеш» деп,
Еліне әз Жәнібек хан шешім айтқан.

Алтайда нелер ұлы білгіш өткен,
Халық үшін не жақсылар қанын төккен.

бөке  батыр
Ашық ойлы азамат, әнбиялар,
Асан Қайғы секілді Торғайты өткен.
Үйсін ауып батыстан жер іздескен,

Шығыста да күн батпас жер бар дескен.
Малға қоныс болады жұт алмайтын,
Шөбі шүйгін тарлауы тасқа біткен.
Асыр сап жазығында Торғайтының,

Торғайты мұнан жүз жыл өткен бұрын.
Торғайтыда әйел жоқ, бала да жоқ,
Дала дүзді мекендеп кешкен өмірін.
Мініп-түсіп құланды көлік еткен,

Аю менен жолбарыс аңды үйреткен.
«Ханы зұлым болса елден бақыт кетер,
Елден бұрын жерден аң ауар» деген.
Торғайты, міне, осыны айтып кеткен,

Алдыңғы өтіп, соңғыға уақыт жеткен.
Ең алдымен жерінен Көбек ауып,
Бұдан кейін Алтайдан Бөке кеткен.
Асан Қайғы, Торғайты бір тектес жан,

Емес қой олар әркез дүние жиған.
Қатын-бала, мал-мүлік бұларда жоқ,
Сондықтан әулие деп жұрт атаған.
Айтылды әңгіме сөз бірталайдан,

Бөкенің сөз бастайық тарихынан.
Мың сегіз жүз сексенге таяғанда,
Алтайдан алты жүз үй Бөке ауған.
Шәкей молла жазыпты бастабында,

Жол бастаған Теміржан жаттап алған.
Алтайда бірге жүрген ақын екен,
Бөкемен ел ауғанда бірге барған.

тарихи  жырлар
Теміржан бұл қиссаны жаттап алған,
Аяғын жалғастырған Кәпсал кәрияң.
Баркөлден ел ауғанда үйім кетіп,

Менің де ғаріп көңілім алаңдаған.
Бата алдым бір тай үшін Теміржаннан,
Өмірде адам екен жүз жасаған.
Мисал ғып ауған елді айтып берді,

Күні осы ауған елдің бұрынғыдан.
Қазақтың өмірінен сөз бастады,
Алтайдың елді сорған ұлығынан.
Моңғұл, дүңген, шүршіттің зардабынан,

Дейді екен бұл заманды «Бөке ауған».
Атадан алтау туса бір жалғыздық,
Бес адам жаудан өлсе бірі қалған.
Қолыма қалам алып жаздым қағаз,

Бейнет көп бұл өлеңде, жақсылық аз.
Заманның таршылығы басқа түсіп,
Ашып-арып ел көшкен қысы мен жаз.
Шыңжаннан бір заманда қазақ ауған,

Не қиын басып өткен асқар таудан.
Алтай, Боғда, Памир мен Қарақұрым,
Он жылда басып өтті Гималайдан.
Азып-тозып Отаннан орын тимей,

Шетелге Бутан барып қоныстанған.
Он жыл көшіп, жер шалып, қоныс іздеп,
Кәсібі малын бағып, аң аулаған.
Надандық па, болмаса зұлым күшті,

Жалғасты қазақ тозған неткен заман?!
Ел ауды алты жүз үй Бөке бастап,
Ағайыны атамекен жерін тастап.
Жол білетін кәрілер көшбасы боп,

Атқа мінді ер-әйел шоқпар ұстап.

бөке  батыр
Ер өтті елі сыйлап Бөке деген,
Ерлігін мәнжу ханы сынап көрген.
Жапонның «Магұан шарты» мезгілінде,

Мәнжу хан батыр деген «гүңсі» берген.
Ол Шыңжаң Шіңгіл бойын мекен еткен,
Дұшпанын оңдырмаған ерегескен.
Бөкенің ата тегін сұрасаңыз,

Құлмолқы Жырғалаңның баласы екен.
Бөкедей батыр болмас ол заманда,
Көрсеткен батырлығын құба тамда.
Қамауда қамал бұзған батыр еді,

Ғұмыры қысқа болды амал бар ма?!
Жау шығып әр ұлттан Бөке көшкен,
Қазақтар әділетсіз заңға егескен.
Қалған ел, көз көргенше қош-аман бол,

Қолдай көр, әруағың жер бесіктен.
Атасы он екі абақ керей елдің,
Ұрпағы Алтайда өсіп, кіндік кескен.
Жасаған заман-заман ата-анамыз,

Тебісіп құлын-тайдай бірге өскен.
Ертеде қазақ өзі шығарған жол,
Сол өзін қорғап бастаған қол.
Тұсында Абылай хан атқа мініп,

Қазақты қазақ етіп қорғаған сол.
Тұсында Әжі төре, Қасымқанның,
Қазақты заң өзгертіп қанаған мол.
«Хан алман», «қазан алман», «лау алман» деп,

Алманды қабат-қабат салған да сол.
Ат, түйе, қой, сиырдан салып алман,
Ешкім жоқ бай-кедейден зарламаған.
Мал өсірген халықтың берері деп,

Зорлықпен ат жидырды сары ноқтамен.

тарихи  жырлар
Қомды түйе қомдалып лек-легімен,
Шыңғаңға кіре тартты Чиңхайсыңнан.
Қазан алман елді жеп жүріп жатты,

Жеменгерді бағуға міндетке алған.
Көңіліне жақпаса қылған ісі,
Басқа ұлтты қырғи қып қайрап салған.
Әр ұлттан езілсе еркіндік жоқ,

Амалсыздан ел көшіп жұрты қалған.
Қашқанға, қуғанға да ажал сепкен,
Уаң Жыңуи Шіменге айдап әскер төккен.
«Бөкені тірі ұстап аламын» деп,

Қуғындап бейуаз елді зар еңіреткен.
Уаң жыңуи келген байқап елді ауған,
Қазақтың батырлығын ол байқаған.
Жапонға Мәнжу ханнан қашып өткен,

Тегінде сатқын екен ол сатылған.
Ол Алтайға әскер сап ел тоздырған,
Көшірді қазақ халқын тоғыз аудан.
Сонда ерем деп Бөкеге жолдас болып,

Қаба батыр қосылған Жайыр таудан.
Ұлты үшін күйінген ер азаматтар,
Баркөл мен қосылды Боғда таудан.
Қобда, Құмыл, Үрімжі жерлерінен,

Ел қосылды көшуге одан-бұдан.
Боғда батыр қосылды Боғда өңірінен,
Кетті ауып қоштасып жеріменен.
Қаратауға бет алды қалың керей,

Еренқабырға танысып еліменен.
Төренің зардабынан елді жеген,
Жайыр, Алтай тауынан көп ел келген.
Үрімжінің сүйенген ұлығына,

«Келіп мұнда тұрсақ» деп арыз берген.

бөке  батыр
Шыңжаңның орталығы Үрімжімен
Тілдесіп Алтайдан да шағым келген.
«Қазақ, дүңген, моңғұлмен жауласқан» деп,

Арызды арт-артынан қоя берген.
Бөке, Қаба, Көрнай мен Боғда, Санжап,
Талай батыр қосылды әрбір жерден.
Тіленші, Тілеубай да елдерімен,

Бөлініп келді мұнда Қобда елінен.
Талайлар қамауда еді қудаланған,
«Ли ға» тура келіп босатылған.
«Жолбарыс жолын таппай апанынан,

Айдаһар түбегінде тұра алмаған».
Бөке бастап кеткен ел Алтай таудан,
Боғданың дәмі тартып көңіл ауған.
Шөке, Жөке, Шөмшектей інілері,

Бөкені жау қолынан шын қорғаған.
Жақсылық таппады ел бұл жерде де,
Бөкені салды бір кез түрмеге де.
Шыққан соң еліменен кеңес қылып,

Келісті тоқтамауға бұл жерге де.
Боғдаға жерлегелі үш жыл болған,
Қаратауға көштік енді көңілге алған.
Жаргездің жайлауында «Бөке дара»,

Такілген «Бөкешоқы» деп аталған.
Біз шықтық Қаратаудан Көкілікке,
Тоқсын мен сауда қылдық Иланлікке.
Біздің ел Зорымтымен кетті шығып,

Қалың ел кетті көшіп жеке-жеке.
Біз көштік Көкіліктен әрі асып,
Жөнелдік Топылықтың тауын басып.
Баласы әр атаның қалың керей,

Құрт деген тауға бардық араласып.

тарихи  жырлар
Құрт таудан және көштік әрі таман,
Лоп деген жерге бардық есен-аман.
Ол Лопта қыстап қалды кейінгі ел,

Алдыңғы ел Шіментауға кетіп қалған.
Ол Лоптан жаз шығарып және көштік,
Өзеннен Көнші деген көктей өттік.
Өзенді Мейрам деген өрлей көшіп,

Тауына Азғандықтың барып жеттік.
Аз тұрып Азғандықтан және көштік,
Шіменге тоқтамастан барып жеттік.
Аң деген сондай қалың болады екен,

Аң атып жан сақтауды кәсіп еттік.
Біз тұрдық екі-үш жыл Шімен жерлеп,
«Сағындық кейін қалды-ау, қайран ел» деп.
Бет қойып қалың елмен ауды Бөке:

—Бір Алла, қуатыңды өзің бер,—деп.

Біз келдік жеті Шімен жазығына,
Аң аттық қатын-бала азығына.
Жан үшін жерден кеттік иен тауға,
Қараймыз алдымыз бен артымызға.

Азырақ мал өсіріп кәсіп қылдық,
Үйренген атамұра салтымызға,
Баққан мал, атқан аңмен әдеттендік,
Азды көп ырыс етіп халқымызға.

Алмадық қыл бүлдірге елді бұлап,
Тұрмаған теңсіздікке Бөке шыдап.
Төрені төрге қойып дертін тарттық,
Дүңгенді жауластырды арыз айдап.

Қазақтан алман алды моңғұлға арнап,
Хан емес қазақты ол тұрған сұрап.
Моңғұлды Қобдадағы қарсы қойды,
Осыған кетті Бөке қаны қайнап.

бөке  батыр
Төре билеп, аталды ел төре-қара,
Төре қорлап қазаққа салған таңба.
«Шақырған бұлт басқа еңбек» деген мақал,

Туылғаны анық қой осындайда.
Көне мизам қазақтың қалып заңда,
«Төре-төре» деп қазақ түсті қолға.
Нәсілді кемсіткен соң жемеңгерлік,

Қарамай Бөке ауды ғой ұзақ жолға.
Шіменнен Қабақ айтты елді бастап,
Тіленші Санжаппенен сөзін қостап.
«Бекерге шетке шығып қаңғырмайық,

Алтайдай туып өскен жерді тастап».
Тілеубай, Көртай қайтты Бөкеге ермей,
Кісіге тоқта деген ырық бермей.
Ағайын, ұрық, туған кейін қалды,

Бөкеге қайту керек ере бермей.
Сонымен елдің көбі кетті қайтып,
Қалған ел қайтқан елден сәлем айттық.
Бұл елдің көбі қайтып барғаннан соң,

Уаң Дарын шықпақ бопты шеру тартып.
Уаң Дарын:—Мен Бөкеге барам,—деген,
Қасыма қалың әскер алам,—деген.
Менімен атысуға жарамайды,

Бөкені тірі ұстап алам,—деген.
Қашардан көлік алған әскер үшін,
Бөкенің көремін деп ерлік күшін.
Түйеге азық артып жүрмек болған,

Шіменге тынбай жүріп жетпек үшін.
Жер ауып келгеніміз Бутан, Секкім,
Шіңгілде Алтайдағы туған мекен.
Үш мың жан, алты жүз үй шықтық ауып,

Шіменде қуғын болды қырғыншы өктем.
Ел қайтқан жүз елу үй Қаба батыр,

тарихи  жырлар
Халықтың ел аздықтан күші кеткен.
Әскері де қырылды уаң Дарынның,
Есек, қашар түйені көлік еткен.

Үш есенің екеуін әскер қырып,
Қалған ел арып-ашып әрі кеткен.
Хан әскерін қырған соң Бөке батыр,
Жер-жерге ұстасын деп хабар жеткен.

Соғыста оқ тиеді ажалдыға,
Тап болды қатын-бала қырылуға.
Атқан оқ, шапқан қылыш, салған найза,
Бәрі де рөл ойнады жан алғанға.

«Жау іші—жау жалам» деген мақал,
Қарамас кімің өліп кім қалғанға.
Күні-түні қан кештік жеті күндей,
Қалғандар өлгенді етіп басын оңға.

Шықпас жанды жұбатып айтар көңіл,
Ажалы жоқ жаралы сау қалғанға.
«Есек батты» дейді екен бұл араны,
Шөке бастап қош айтты сұм жалғанға.

Шіменнен әзер кеттік Тибетке ауып,
Білмедік жүрер жерді жолын тауып.
Бір өзенге қамалдық иен тауда,
Түстікке өтпек болдық көңіл ауып.

Қамалсақ қарсы тұрар қару да жоқ,
Шизаңның моңғұлынан қылдық қауіп.
Сарлық асқан тауменен біз де асып,
Суынан өттік зорға сарлық салып.

Тозғынға және түсті ел, жаулар шауып,
Шизаңның түстігіне кеттік ауып.
«Арты — жар, адасқанның алды — тұйық»,
Кім жетер ойлағанға бағы жанып.

бөке  батыр
Өзеннің ағысымен қайта айналып,
Көк көлге ел тоқталды тыныс алып.
Тибеттен хабар алған қуғыншылар,

Айналып тағы келді шұрқан салып.
Шіменде Шөке, Шүмшек қатар өлген,
Көк көлде Жөке өлді қаза тауып.
Соғыстың ең үлкені болды мұнда,

Жөкенің басын алды қылыш шауып.
Сүйенген жолдасының бәрі түгеп,
Қайғыдан бас алмады жетіп қауіп.
Қорғаған аға-інісі бәрі түгеп,

Бутанға Бөке елімен кетті ауып.
Бутанның ханы ұстады «қашқынсың» деп,
Шыңжаңға Бөкені ұстап тапсырсын деп.
Ел шулап хан алдында арыз айтты,

«Әділдікті іздеген халықпыз» деп.
Бөкенің бар қимылын хан сұраған:

—Қалайша басып өттің үш қамалдан?

Қай халық, қайсы ұлттан қан ағызған,
Орны толмас кегің не ед падишадан?
Аяқ жетпес айшылық жолды басып,
Не үміт күттің әділ таразыдан?

Қылмысың ауыр болса басың кетер,
Сұраса дұрыс болар өз патшаң.
Қайсы ұлт, қайсы халықсың жөнің білдір,
Халық жоқ падишаға бағынбаған.

Алшыннан Арық мерген аралапты,
Заман жоқ бұдан кейін халық ауған.

—Қылған күнәң, еліңнің заңы қандай,

Сұрастырып көрейік тура жолдан?
Ел-жұртың неше айлық жолды басқан,
Халқыңның халы қалай тірі қалған?

тарихи  жырлар
Бұқара, әскер қанша, өлген адам,
Тағы басқа күнәң не айтпай қалған?

—Ханым—ханзу Жұңғода біз қараған,

Мекенім Шыңжаң, тұрағым Алтай таудан.
Ұлтым—қазақ, халықпыз аз ұлттан,
Күнәм жоқ зиян салып елге қылған.
Отыз өлке қараймыз бір патшаға,

Әр ұлт мекен қылып қоныстанған.
Алман үшін әр ұлт қарсыласқан,
Бұл іс үшін біз қазақ зияндалған.
Басты қорғап біз кеттік құтты орыннан,

Әскер қуып артымнан соғыс салған.
Жанды қорғап кеткенде қудаландым,
Әділдікке бір жанмын қолым созған.
Қашқанға, қуғанға да болып ажал,

Бишіңді қырды әскер кеп артымыздан.
Қайсысын бұрын сұрайсыз, алдияр хан,
Дәтім осы балаша жас ағызған.
Үш хан ед бұл арада қатар тұрған,

Бес нәсілден халқы бар ел сұраған.
Бұқара үшін әскерлер қорған болар,
Қата болар бәріңді әскер қырған.
Әскермен әскер әсілі соғысатын,

Әрқайсысы қорғап өз бұқарасын.
Қуып келіп халықты қырғындайтын,
Сұраусыз болар ма әскер осындай тым?
Шыңжаңнан мұнда аз халық ауып келген,

Езіліп залымдардан қорлық көрген.
Алты жүз үй жерінен ауса дағы,
Елу үйдің шамасы мұнда келген.

бөке  батыр
Көшпеді мал өсіріп кәсіп қылған,
Жайлап, қыстап тау ішін мекендеген.
Ұлты—қазақ, мұсылман, діні—ислам,

Елін бастап еркіндік іздеп келген.
Қалқансыз садақтың аз жебесіндей,
Ел қанаты жайылып кетпес деген.
Соғыспенен түгейтін бітімі бар,

Бұлай деп Бутан ханы баға берген.

—Біздің елге ғаріптер қол созады,

Ашып-арып жан үшін ауып келген.
Бутан, Секкім екі елдің арасынан,
Құн тауынан орын ап отыр деген.
Шекарадан өткізбей ұстаймыз деп,

Арт жағыңнан қуалап әскер келген.
Шекарадан өтуге амалсыз қап,
«Бөкеден хал сұрауға келдік» деген.
Дүниеде ойлағанға кімдер жеткен,

Жете алмай талай жандар арманда өткен.
Қасірет дертін жұтып Бөке дағы,
Тұра алмай аурудан өліп кеткен.
Қалған ел жетім бала, жесір қатын,

Қалмады ұрық, о, шіркін, қайран ерден.
Келген әскер сатылған алтын үшін,
Бөкенің өлгеніне көзі жеткен.
Елді алдап «хал сұрап келгеміз» деп,

Бөкенің көрден ұрлап басын кескен.
Білдірмей Бутан, Секкім екі елге де,
Елді алып шекарадан қайта кеткен.
Жауға тізе бүкпеген қайран ердің,

Басы аман жетсе «үш пұт алтын» дескен.
Ер еді Бөке батыр Алтайда өскен,
Халқы үшін қарсыласып жауға егескен.

тарихи  жырлар
Заңда жоқ, мизамда жоқ шықты сұмдық,
Көрдегі өлген жанның басын кескен...
Ел қайтты екі ретте ауып барған,

Тоздырып ауған елді қайта айдаған.
Дәм-топырақ айдаса пенде қалмас,
Бөкенің Құн тауында тәні қалған.
Өткен өмір бұл да бір басып өткен,

Көрген-білген жандардың кетпес естен.
Бөкенің басы келіп Үрімжіге,
Ханына қуғыншылар тарту еткен.
Үрімжі ханы көшеге басын ілді,

«Күш көрсеткен Бөкені ел көрсін» деген.

Тарихтан кім тыңдамас айтсақ кеңес,
Нақ болған іс жүзінде жалған емес.
Шотайдың боран деген руында,
Дейтұғын бай болыпты би Жантөкеш.

Кезінде кемелденіп жасқа толып,
Ілінген ел аузына батыр болып.
Атадан туа байлық көрмесе де,
Байыпты жүре-жүре дәулет қонып.

Ежелден мал өсірген қазақ ұлты,
Бөлінер он жетіге шотай ұрқы.
Ішінде сол шотайдың Жантөкешке,
Он бес мың қой бітіпті, бес мың жылқы.

Дәулеттің көрген адам игілігін,
Құраған берекеге ел бірлігін.
Жайылым өрісіне малы сыймай,
Бақтырған отарлатып әр түлігін.

Көргеннің тіршілікте бәрі қызық,
Бірақ та тауыса алмайсың жазып-сызып.
Барғанда отардағы жылқысына,
Аралап жатады екен тай сойғызып.

Ішінде он жетінің тоғыз боран,
Шотайда бай болмапты асқан онан.
Жайлауы шүйгін шөпті күрең өндір,
Жатады бие байлап қонып оған.

Жантөкеш

тарихи  жырлар
Жантөкеш баласы екен Бошықайдың,
Бірі екен сол кездегі ірі байдың.
Сілемі Орқашардың Күреңөндір,

Жалғасқан тауыменен Семізтайдың.
Жортқан кез жортуылшы оннан-бестен,
Қызайдан бір топ ұры қолға түскен.
Жасырмай ұрылар да шынын айтқан:

«Келдік,—деп,—жылқы алуға Жантөкештен».

—Қонақ боп олай болса жатыңыздар,

Қолымнан дәм-тұзымды татыңыздар.
Ат-тоның, шырақтарым, өзіңе олжа,
Қосарға бірден бие ап қайтыңыздар!
Үй міне, ауыл міне, жатам десең,

Ықтияр өздеріңде қайтам десең.
Бай сөзіне таңданып бірден бие ап,
Қайтыпты ұрылар да аман-есен.
Ертеден Шотай елі мекен еткен

Орқашар қыс—қыстауы, Еміл—көктем,
Болған соң жер байлығы суына тең,
Тоған ап шотай халқы егін еккен.
Бұл жерде сөз қалмасын ұғыспайтын,

Төреден заман екен ығыстайтын.
Уаңы торғауыттың озбыр болып,
Көршілес халықпенен шығыспайтын.
Тұрған ол Үрімжіге төте қарап,

Үкімет бажы алмайды онан санап.
Ауданға, аймаққа да бағынбайды,
Жатқан ел өз алдына бір бейтарап.
Бір жылы уаң шығыпты саяхатқа,

Құс салып, үй тіктіріп Мыңбұлаққа.
Жіберіп Абдолланы ат сұратқан,
Түс салып жорғасынан бір құр атқа.

жантөкеш
Тоғызбай берген екен ақжал атын.
Ат майлап адам емес пайда алатын.
Қартайып Тоғызбайдың қалған кезі,

Жас емес барып түлкі байланатын.
Абдолла жұмсаған соң келген шауып,
Төреден Тоғызбай да қылмас қауіп.
Құрмет қып Абдолланы қайтарыпты,

Үстіне қара елтірі ішік жауып.
Абдолла ішік киіп мақтанар ма,
Айтқанды алғыр адам жатқа аларға.
Төреге үш қайтара сәлем айтып,

Тоғызбай былай депті аттанарда.

—Е, зұрған, Абдолла,

Сенің ханың бұрыс хан,
Елге жағар дұрыс хан.
Бермесе оған болмайды,
Жан-жағымнан жұлысқан.

Аң қуа жүріп өлсе егер,
Төреңнің құны бір тышқан!
Соқтықты шотайға да тату тұрған,
Қасқырдай түнде жортқан аласұрған.

Шулатып алты мың қой айдатып ап,
Жұтатып, бағып-қақпай қыста қырған.
Шотай мен қобық жері шекаралас,
Өрісте айқасады малы аралас.

Жүргенде ұрынарға қара таппай,
Тудырды Жантөкешпен жерге талас.
Би болар тыныш жатып елін баққан,
Жантөкеш күзде қойын отарлатқан.

Еңкейіп сары жонды Күрең өндір,
Шекара Сандықтасқа таяу жатқан.

тарихи  жырлар
Жантөкеш кеткен қойын қуғызбапты,
Қақтығыс, ұрыс-жанжал туғызбапты.
«Келер жыл жаз шыққанда көрерміз» деп,

Сол жақты алты мың қой қыстап қапты.
Үш мың қой Жантөкештен жұтқа кетті,
Торғауыт пайдаланып ішіп-жепті.
Дейтұғын Қарамолла бір мықтысы,

Келер жыл жаз шыққанда іздеп кепті.
Барыпты уаң төресі кегеніне,
Көнбепті бітім алам дегеніне.

—Малыңа жұттан өлген төлем жоқ,—деп,—

Мақұл боп тірісінің көлеміне.
Бір би бар білетұғын бүкір дарма,
Малыңның төлемін ал, соған бар да.
Алдыма мұнан кейін келме менің,

Малыңның, жөніңе қайт, көзін ал да.
Шотайдың соқтықпасын Жантөкеші,
Мен оның ойнайтұғын емес досы.
Сөйлесіп дармаменен малыңды ал,—деп,

Төренің сонда берген жауабы осы.
Барыпты Қарамолла дармасына,
Болмас деп бар деген соң бармасына.
Би екен он төрт сұмға билік айтқан,

Жолықты жөнін айтып ордасында.
Шалқайды бүкір дарма жауап бермей,
Насихат айтқан сөзге көңіл бөлмей.

—Сен болсаң, Қарамолла, мал иесі,

Алты ай қыс неге жаттың іздеп келмей.
Болмай ма ел болған соң бір шешені,
Сол екен бүкір дарма сөз көсемі.
Жер дауы, жесір дауы туа қалса,

Бермейтін шешендікпен сыртқа есені.

жантөкеш
Сонымен Қарамолла түсті дауға,
Ешкімнен сұрамайтын сөзден сауға.
Бетінен қайтпайтұғын ол да мықты,

Дегендей «шешен—дауға, батыр—жауға».

—Көтерген Шыңғысхандай төбеңізге,

Биеке, барып келдім төреңізге.
«Сөйлесіп берекемен бітім ал» деп,
Жіберді осылайша төре сізге.
Екеуі егерлесті келісе алмай,

Лайық, дұрыс жауап берісе алмай.
Сөзге-сөз келгеннен соң аянсын ба,
Тұра ма дау болған соң өріс алмай?

—Аспаймын билік айтсаң кесіміңнен,

Ежелден моңғұл, қазақ шешімімен,—
Деді де Қарамолла жатып алды,
«Малымды аламын,—деп,—өсімімен».

—Мен саған өсім берер сауда алғам жоқ,

Жұт алды малыңды кеп, жау да алған жоқ.
Қайт!—деді,—қалған малдың көзін ал да,—
Айтылмай екеуінен дау қалған жоқ.
Көнбеді Қарамолла қалай айтса,

Ұят қой айтқанынан өзі қайтса.
Дарма да «өсім жоқ» деп жатып алды,
«Ықтияр өзінде,—деп,—жаздай жатса».
Жатпапты Жантөкеш те бекер қарап,

Жиңжүнге жіберіпті арыз-талап.
Жиңжүннен Шын уаңға бұйрық кепті,
«Малына айтылсын,—деп,—дұрыс сарап».
Уаң төре шақыртыпты залындарын,

Ақылшы, Қоздайы мен Қабындарын.
Малының өсімімен бітім бермей,
Қайтарсақ болмас деуге кепті уаңың.

тарихи  жырлар
Айтыпты ол:—Құтылалық қыз берсек те,
Бұдан біз құтылмаймыз ізденсек те.
Еліне бүкіл найман билік айтқан,

Осал жау емес екен Жантөкеш те.
Сіз, енді залыңдармен келісіңіз,
Кешегі оңға айналып терісіміз.
Халықпыз моңғұл, қазақ туырлықты,

Бұдан соң бөлінбесін өрісіміз.
Осындай уаң төресі айтыпты ақыл,
Сөзіне екі жақ та бопты мақұл
Малының өсімімен алмақ болып,

Төлемге Қарамолла жығыпты ақыр.
Бақтырған міндетті қып бір сұмына,
Малының жауапты қып шығымына.
Жиналып қоздай, залың бәрі келді,

Жұтаған төлем бермек үш мыңына.
Айдатты келе сала малдың алдын,
Төлемге бәрі де ортақ жоқ пен бардың.
Жолдас ап Қарамолла өзі қалды,

Бітімін алмақ болып қалған малдың.
Бітімге Қарамолла түйе де алмақ,
Әрі жас, еті семіз бие де алмақ.
Бұтарлап үш мың қойды төлей алмай,

«Қара» деп кейінгіге салды салмақ.
Деп келген залыңдар:—Біз береміз,
Сөзді ақыр малдың артын күз береміз.
Егерде кейінгіге қарамасаң,

Ықтияр, алам десең, қыз береміз.
Ұзарды бітім болмай сөздің арты,
Бұзылды залыңдардың айтқан шарты.
«Малыңның қалғанына бір қыз ал» деп,

Шалқайды бүкір дарма шешен қарты.

жантөкеш

—Жарайды, қыз берсеңдер үш қыз алам,

Бітімге Жантөкешке алып барам.
Болмасын көзі соқыр, аяғы ақсақ,
Дені сау ма, көзімнің қырын салам.
«Қыз ал » деп бүкір дарма өзі өтінді,

Уаңы да бекітіпті бұл бекімді.
«Дау түбін қыз бекітер» дегенді айтып,
Жылатып ұстап берді үш жетімді.
Панасыз жүрген жетім жалаңаяқ,

Жетімді есіркейді кім аялап.
Мінгізіп түйелерге қой айдатты,
Ұстатып қолдарына бір-бір таяқ.
Тартқаны аяғына тері шақай,

Тесіліп жылтылдапты байпақ-бақай.
Тапсырды алып келіп Жантөкешке,
Жаны ашып таңырқады көрген шотай.
Жантөкеш үшеуін де бақты таза,

Келдің деп қолдана ма оған жаза.
Бұларды қайтемін деп уайымдады,
Бір кезде қашып-пысып алса маза.
Хал-жайын көріп тұрды күнінде кеп,

Күйінді солар үшін уайым жеп.
Бір күні шыдамады және келді,
Бұлардың ішкі сырын сұрайын деп.

—Аман-сау жатырсың ба, балаларым,

Жоқ екен іздеп келер аналарың.
Қойсаңдар қандай талап орындайын,
Қалайды қандай шара саналарың?

—Жан әке, келіп тұрсыз қасымызға,

Киім мен ортақ болдық асыңызға.
Туыс жоқ, жанашыр жоқ, аға-бауыр,
Панасыз жетім қаппыз жасымызда.

тарихи  жырлар
Төлем боп малыңызға мұнда келдік,
Сый-құрмет бұл өмірде сізден көрдік.
Екеуі:—Рұқсат болса қайтсақ,—дейді,

Берсеңіз бата беріп бас еркіндік.
Біреуі төмен қарап үндемеді,
Қайтсақ деген екеуін күндемеді.
Бір жатып, бір тұрса да оңаша үйде,

Бірінің сырын бірі білмеп еді.
Бірі айтты:—Дедіңіз ғой, пана болам,
Мен қайтпай, өзіңізге бала болам.
Қоссаңыз Қонжа деген ұлыңызға,

Торғай боп саяңызда мәңгі қонам.
Мақсаты жетімдердің байқалыпты,
Жасырмай ішкі сырын айта алыпты.
Астына ат мінгізіп, киіндіріп,

Екеуін еркіменен қайтарыпты.
Қыздай боп ұзатылған түсті жолға,
Құтылды түссе дағы кеше торға.
Жылатып ұстап берген залыңына,

Тапсырды алып барып Қарамолла.
Жантөкеш аз отырып ой тербеткен,
Қалайша айтып тұр деп бұл бойжеткен.
Егерде Қонжа сүйіп, қабыл көрсе,

Жөн болмас келген бақты басқа тепкен.
Ішінен лайық көрді «Қонжа сүйсе,
Бірі алып, риза боп бірі тисе.
Болса да діні басқа, ұлты бөтен,

Дұрыс қой шариғатқа мойнын исе».
Айтып ед мақұл болды Қонжасы да,
Шақыртып неке оқытты молласына.
Белгітай етегінен бағы жанып,

Ұл тауып, тай сойғызды қалжасына.

жантөкеш
Ат қойды баласына Сахаба деп,
Кір жуды Белгітай да қалжасын жеп.
Жасады бесік тойын жиылысып,

Ақ шашты, ақ самайлы аналар кеп.
Той жасап, ел шақырып, отау тікті,
Белгітай бірнеше рет болды жүкті.
Мейірбан ана болып, бала сүйіп,

Болыпты Қонжаменен халал жұпты.
Әуелі мұсылманша тіл үйренді,
Онан соң иман айтып, дін үйренді.
Ықылас, Жантөкештің батасын ап,

Енші алып, ауыл болып күн көреді.
Ерекше адам дейді нұрлы жүзді,
Шебер боп сырмақ ойып, сызу сызды.
Бағына Құдай берген кім таласар,

Шұбыртты балағынан ұл мен қызды.
Шешендер арқалапты халық жүгін,
Сындырған батырлар да жаудың түгін.
Ертеден келе жатқан қазақ сөзі,

Қыз бекітер деген рас даудың түбін.
Қыз беріп, қыз алысар бай да баймен,
Саржомарт қанаттас ел қаратаймен.
Шығыспай атастырған күйеуімен,

Мұңайып, іштен тынып жүріпті Аймен.
Еркімен ержеткен қыз ерге барар,
Жігітке аты шыққан құлақ салар.
Құдайым жат жұрттық қып жаратқан соң,

Танымас, көз көрмеген елге барар.
Сол кезде алмаған кез әйел теңдік,
Зорланып амалы жоқ, көрген кемдік.
Аймен де, Қареке де сол секілді,

Қалқаман-Мамыр менен Кебек-Еңлік.

тарихи  жырлар
Қареке жиен екен Саржомартқа,
Бер қарай ел ауғанда қалған артта.
Қолында нағашысының бала болып,

Жігіттік, азаматтық жеткен шартқа.
Қареке өзі балуан және зергер,
Құтылар талаптыдан қандай өнер.
Жүріпті ұсталықты кәсіп қылып,

Әркімнің қалағанын істеп берер.
Бір байы іс соқтырған қаратайдың,
Қызы екен Аймен сұлу осы байдың.
Келе сап дүкен құрып, кірісті іске,

Ішінде бітірмек боп бірер айдың.
Дүкен үй салып берді оң жағына,
Ұстаның бай риза алмағына.
Айменге көргеннен соң көңілі ауды,

Қай күні ілдірем деп қармағыма?
Жасады әшекейлеп қызға сырға,
Айменді қызықтырып тартты шырға.
Жасатып ер-тұрманын жатыр, міне,

Келер жыл қондырмақ боп қызын қырға.
Жері бар құдаласып қалың алған,
Күйеуі өткен жылы ұрын барған.
Шығыспай күйеуімен Аймен сұлу,

Жақтырмай жігітінен көңілі қалған.
Қызықты қыздың сұлу тұлғасына,
Жүрген соң келіп-кетіп қыз қасына.
Қызбенен әзілдесіп үйір болып,

Қареке қолқа салды сырғасына.
Қыз екен бой сылаған бір ақ білек,
Бұралған тал шыбықтай бір мауетек.
Бір күні құшақ жайып қосылыпты,

Қабыл боп қызға қойған талап-тілек.

жантөкеш
Табылып Қарекеңнің көңіл-күйі,
Іргелес қашық емес қыздың үйі.
Беріліп махаббаттың қызығына,

Қосылды қан қайнасып, баста миы.
Істеліп ер-тұрман да қалған таяп,
Білгенін қалғаны жоқ Қареке аяп.
«Күнәні Құдай кешер» деп жүргенде,

Болыпты Аймен сорлы ауыраяқ.
Бір күні жүрегі айнып запыран құсты,
Бір сұмдық болды ғой деп ойға түсті.
Ұяттан құтылмаса Аймен енді,

Өлімнен деген рас ұят күшті.
Қыз айтты:—Ұстаймын мен етегіңнен,
Қалмаймын, қайда барсаң жетегіңнен.
Құтқарғын мені ұяттан, қабыл көрсең,

Дүниеден қосақ болып өтемін мен.
Мен кімге саған айтпай айтам арыз,
Мойныңа өлсем менің қаным қарыз.
Бір жаққа әкетпесең өлем ақыр,

Емес пе тумақ—сүннет, өлмек—парыз.

—Ей, Аймен, мына сөзің болды-ау ауыр,

Асалық, ондай болса, Алтай, Сауыр.
Сүйегім, туған елім, менің— уақ,
Жайырдың жотасында біздің ауыл.
Қареке алып қашып болды кетпек,

Еліне Жайырдағы тездеп жетпек.
Түн қатып, Маңырақты қырқып асып,
Үйінен әкетпек боп қызды жөткеп.
Аттанбақ ертең күннің кешкесінде,

Болмады енді тездеп кетпесіне.
Ауылын Аймен сорлы қия алмай тұр,
Шырмалап өзі тіккен кестесіне.

тарихи  жырлар
Жылап тұр, амал бар ма, қыз қиылып,
Жүрегі қобалжиды, белі иіліп.
Шешесін қимағанмен тұра ала ма,

Алған соң тәуекелге тас түйініп.
Көрмеген мұндай істі бастан кешіп,
Жасынан әлпештеген еркін өсіп.
Деп ойлап «ұялғаннан өлген артық»,

Соңынан салт аттының кетті ілесіп.
Түн қатып, желе аяңдап жүріп кетті,
Сол түні Маңырақты кесіп өтті.
Арада бірнеше күн тынбай жүріп,

Жалпақ жон Жайырдағы елге жетті.
Кеп жетті қуғыншы да кешікпей көп,
Кеудесі өңшең албырт есіктей боп.
Алдында Мамырбектің сөз болыпты,

Мамырбек кесім айтты:—Қалың ал,—деп.
Қуғыншы разы болмай Мамырбекке,
Мақұлдап қосылмады бұл құрметке.
Тіл алып сөзін қабыл көрмеген соң,

Жіберді амбыға айдап Шәуешекке.
Мамырбек «тәуекел» деп берді жолдап,
Қолдар деп айтқан менің сөзімді оңдап.
Шақыртып қыз-жігітті ұстап берді,

Қуғыншы Қаратайдың сөзін қолдап.
Еріксіз екеуін де ұстап берді,
Байланып қыз бен жігіт қысым көрді.
Себеп боп бейнетіне қоналқаға,

Ауылына Жантөкештің жетіп келді.
Сыйласқан болмаса да құдаласы,
Беріпті мал сойдырып қонақасы.
Жантөкеш бастан-аяқ жөнін ұқты,

Сарабдал қарт емес пе отағасы.

жантөкеш
Сөйлесті қонақтармен таң атқан соң,
Төрінде қонақ болып бір жатқан соң.
Сөзіне қуғыншылар құлақ салды,

Үйінен мейман болып дәм татқан соң.

—Билігі Мамырбектің дұрыс,—деді,

Мәтеннің бұл үкімі бұрыс,—деді.
Қазақтың сүйегіне таңба болар,
Бұл өзі ойланарлық жұмыс,—деді.
Қарақтарым, тіл алып қалыңын ал,

Ежелден берілетін қалыңға мал.
Жігіт те кемітерлік емес екен,
Лайық көрінеді балаға дәл.
Жігіттің қолға түскен түсер құны,

Немене зорланған соң қыздың күні?
Бала екен ауыраяқ мұның өзі,
Апарып ұялтпаңдар елге мұны.
Мал алар әзер болса берген жері,

Іргелі ел уақ тағы келген жері.
Ері өліп жесір қалған адам емес,
Болса да алатұғын әмеңгері.
Отырып олар айтты:—Мал алмаймыз,

Жер алыс, айдап малды бара алмаймыз.
Ақсақал, енді бізді қысамаңыз,
Ерулеп жолымыздан қала алмаймыз.
Жантөкеш мінді ашуға болмаған соң,

Айтқаны көкейіне қонбаған соң.
Елуі жолаушының елден көп пе,
Көніпті амалсыздан зорлаған соң.
Үйіне қонақ болған келе жатып,

Қыдырлы Жантөкештің дәмі тартып,
Деген соң «жамбы аламыз, мал алмаймыз»,
Тоқтатты он үш жамбы кесім айтып.

тарихи  жырлар

—Асықпай бірнеше күн сендер де тос,

Бір мықты Қарекеге жігітті қос.
Айланып екі-үш күнде келер бұлар,
Сонан соң аттандырып, айтармын қош!
Хат жазып сәлем айтты Елемеске,

«Түн қатып жетіңдер,—деп,—ертең кешке»
Елемес он үш жамбы өзі берді,
Жоқтайтын ел намысын ер емес пе.
Шығыпты қыз-жігіттің үмітінен,

Кім асар әділ бидің бітімінен.
Осындай би Жантөкеш кесім айтып,
Қосыпты қызды сүйген жігітімен.
Қош айтып аттандырды қонақтарын,

Орындап кешіктірмей талаптарын.
Қареке мен Айменді жолға салды,
«Қош-аман болыңдар—деп,—қарақтарым».
Екеуі той жасапты елге келіп,

Жиылып ақсақалдар бата беріп.
Тоғыз ай, тоғыз күндік уақыт болып,
Босанды аман-есен бір ұл көріп.
Ғасырдың құрдасы екен би Жантөкеш,

Халыққа көсем болып, бастаған көш.
Жүз жастың асқарынан аса барып,
Халыққа, ұрпағына айтыпты қош.
Кенже емес мал мен бастан, ұл мен қыздан,

Сызықтан кім асады Тәңірім сызған.
Ес қатпаған еліне несі ырыс деп,
Апатта Едірейдің қарын бұзған.
Көш бастап құтқарыпты елді апаттан,

Нышан бар әулиелік шарапаттан.
Дүниеден Жантөкештей кімдер өткен,
Алланың пендесі ол паң жаратқан.

жантөкеш
Халыққа билік айтқан берекемен,
Қашанда іс біте ме келекемен.
Үкімін Мәтен амбы рет қылып,

Айменді құтқарыпты Қарекемен.
Жантөкеш адам екен көрген көпті,
Қартайып бір жүз тоғыз жасқа кепті.
Дүниеден ажал жетіп қайтыс болып,

Толғанда жыл уағы ас беріпті.
Елеулі төрт ас бопты осы бетте,
Барлығы бір жыл емес, әр ретте.
Жантөкеш Еңсе менен, бірі Мұқы,

Біреуі Мамырбек пен Тұрысбекке.
Айтады қариялар осындай деп,
«Мөңке мен Айдаболдың асындай» деп.
Ертеде жұрт аузында аңыз бопты,

«Мал біткен басындағы шашындай» деп.
Шақырған Тарбағатай екі бетін,
Ерентау, Алтай, Іле—жердің шетін.
Жиылып бүкіл шотай ақылдасып,

Құрметтеп Жантөкештің әулетін.
Үш жүз үй тігіліпті кең алқапқа,
Ертеден сауын айтып әр тарапқа.
Найманда тоғыз болыс аға сұлтан,

Айтыпты Ботабайға Маңырақта.
Керейді Көбен бастап Мамырбекпен,
Келіпті бірнеше үй қалың топпен.
Ішінде өнерпазы Ақымжан бар,

Боздатып сыбызғыдан күйін төккен.
Ортаға ап ақындарға ән салғызған,
Халықтың құлақ құрышын бір қанғызған.
Иіріп қалың жылқы асқа сойып,

Өзеннің суындай қып қан ағызған.

тарихи  жырлар
Қосағы қазір толып, қазір босап,
Күнінде қой сойылған неше қосақ.
Бір жолда қырық қазан ет асылып,

Қазылған қатар-қатар қырық ошақ.
Бұл астың мәлім емес болған жылы,
Пәлен деп айта алмайды ешкім мұны.
Әйтеуір ел жайлаудан түскен кезде,

Бұл астың болғаны анық күзді күні.
Алтайдан Мәми кепті Әжіменен,
Дайындық көріп жүріп жазыменен.
Келіпті олардан да жорға, жүйрік,

Жетелеп қосар атты бабыменен.
Келіпті торғауыт та көршілес ел,
Жер-суға жайылымдық еншілес ел.
Келіпті қоздай, залың басшылары,

Арасы алыс емес, күндік-ақ жер.
Ел кепті Ерентаудан, Іледен де,
Қабыл ғой көптен дұға тілегенге.
Осындай дабыралы ас болыпты,

Алыстан іздеп келген құрметті елге.
Мауқара, Елтоқ кепті екі уақтан,
Келіпті Шәкербай да батыс жақтан.
Отырып өңшең шешен сырласыпты,

Ас ішіп бір дастарқан, бір табақтан.
Ел келген төрт төңірек атыраптан,
Келіпті Ботабай да Маңырақтан.
Сай тұрып бүкіл шотай күтуші боп,

Көңілін келген елдің жадыратқан.
Тігілген ақбоз үйлер дөдегелі,
Ауыл ғой ертеден-ақ өнегелі.
Желілеп неше жерден бие байлап,

Сар қымыз сапырылған тегенелі.

жантөкеш
Тартыпты шауып жүріп атпен табақ,
Жол-жора келген елге бопты сабақ.
Ешқандай өкпе, пана туылмапты,

Көл көсір ішкен қымыз, жеген тамақ.
Осындай құрмет қылған келген елге,
Таралып даңқы шығып елден елге.
Созылып жал-құйрығы үкіленіп,

Байланған жорға, жүйрік кермелерге.
Ел айтқан, расында, ат—ер қанаты,
Ежелден, міне, осындай ел санаты.
Озып кеп екі тоғыз уақ апты,

Дейтұғын Әубәкірдің бозжорға аты.
Ежелден қазақ халқы жаз жайлаған,
Үкілеп белдеуіне ат байлаған.
Бойынан Қараүңгірдің қайтармақ боп.

Санасып үш жүз тоғыз ат айдаған.
Жеріне қоналқалы үй тігіпті,
Белгілеп ат тосатын бір биікті.
Аралап сыншылар да айтқан екен,

Келер деп көк пен күрең қос жүйрікті.
Бір балшы құмалақ сап асқан тәуіп,
Күрең ат өлер,—депті,—теріс шауып.
«Көк бесті келсе дағы осы жолда,

Оған да туылып тұр үлкен қауіп».
Ол балшы құмалақ сап соны айтыпты,
Жерінен белгіленген ат қайтыпты.
Жіберіп Әжі төре қамшыгерін,

Алдынан көк бестінің тор жайыпты.
Ат келген әрбір ру ауылынан,
Жараған жаз байланып бауырынан.
Келіпті Тіленшінің көк бестісі,

Ұрылып қан сорғалап сауырынан.

тарихи  жырлар
Әжінің күрең аты жардан ұшып,
Өліпті омақасып жерді құшып.
Ат екен алыпқашпа, сыңар езу,

Тереңге секірем деп кеткен түсіп.
Көк бесті озып келіп ұрандаған,
Жүз жылқы жүлдесіне Тіленші алған.
Сол биік күні бүгін өзгерген жоқ,

Жер аты «Көкбесті» деп содан қалған.
Әжінің күпірлікпен асқандығы,
Ол рас Қамшыгердің тосқандығы.
Оқтай боп өз атына тиген екен,

Істеткен хайуанға қастандығы.
Сіңген сөз әңгіме де құлағыма,
Кезігіп талай алғыр қырағыға.
Кешікпей көк бесті де өлген екен,

Деген жер Теректінің бұлағында.
Тайынан сыралғылы қойшы мінген,
Бір жерден дүбір көрсе құлақ түрген.
«Жүйрік,—деп,—мен танысам, осы бестім»,

Қойшы да Тіленшіге айтып жүрген.
Өлгенде қоштасыпты қойшы басқа:
«Ортақ боп ажалыңа қостым асқа,
Болар ең тірі жүрсең, жануарым,

Атындай Марғабылдың Қарақасқа.
Ит иіскеп, қарға-құзғын шұқымайтын,
Басыңды шығарайын сенің тасқа».
Лағынат, қарғыс айтты Қамшыгерге,

«Көз жұмса өкірсін,—деп,—жатып көрде.
Ақан да мен секілді қоштасқан-ау,
Өлгенде қастандықпен Құлагерге».
Көтеріп басын тасқа алып шықты,

Қалыпты өлі дене дәл сол жерде.

жантөкеш
Аты өліп ренжіпті Тіленші де,

—Жүз жылқы алып едім,—деп,—кеше еншіге.

Жүлде алып ұрандаған рулы елі,
Жабыла өкініпті көк бестіге.
Сол асқа қалың жылқы көп сойылған,
Жаз өтіп қоңыр күзде мал тойынған.

Қырық қазан астына от жағылып,
Сол жерге «Қырық ошақ» деп ат қойылған.
Баласы Жантөкештің Қонжа ілгідай,
Еңсе өліп, Таңғыт шыққан жас үкірдай.

Күшейіп іш араздық күн-күн сайын,
Екеуі шығыса алмай бопты қырбай.
Таңғыттың Айдарқаны жастай өлген,
Әр жерге жаназаға хабар берген.

Қалған соң ескерусіз хабар айтпай,
Әдейілеп жаназаға Қонжа келген.
Келіпті шақырмай-ақ аяғымен,
«Ат терін,—депті Қонжа,—аядың сен.

Былай тұр, келіндерге сәлемдесем».
Таңғытты түрткен екен таяғымен.
Таңғытпен құшақ жайып көріспепті,
Екеуі көптен бері келіспепті.

Әкесінің жолдасы болса дағы,
Таңғыт та барып сәлем беріспепті.
Барлығын көңіл айтып тоқтатыпты,
Таңғытты таяғымен оқша атыпты.

Келген соң Мәді шежіре жоқтау жазып,
Айттырып төр алдында жоқтатыпты.
Таңғыт та ұялыпты бек қысылып,
Кешірім сұрағандай шыны ұсынып.

Қош айтып, құран оқып аттаныпты,
Болған соң даярланған ас ішіліп.

тарихи  жырлар
Қонжаға Әсетті ертіп Таңғыт кепті,
Жастықтан Қонжа басын көтермепті.
Бір аунап қырын жатып сәлемдесіп:

− Киінген қыздай болып бұл кім?—депті.
Әсетті таныстырды Таңғыт сонда,
Тыңдапты төсегінде жатып Қонжа.
Отырып Әсет ақын ән салыпты,

Асынған домбырасын алып қолға.

—Ассалаумағалейкүм, Қонжа ілгідай,

Аман-сау жатырсыз ба бұрынғыдай.
Сырымды кім біледі дегенменен,
Білмей ме пендесінің сырын Құдай.
Қыз алып торғауыттың тұқымынан,

Құйыпты қойныңызға нұрын Құдай.
Аралап екі бетті жүрсем дағы,
Естіген сөзім емес бұрын мұндай.
Жақсылар ел құрайды ұя бұзбай,

Тұра ма дүбір көрсе жүйрік қызбай.
Көңілі кей адамның тастан қатты,
Жібімес қаңтардағы қатқан мұздай.
Үстіме қамқа тон мен бөрік киіп,

Көріндім көзіңізге болып қыздай.
Ілесіп Таңғытқа мен келер ме едім,
Қыз болсам үйде отырып сызу сызбай.
Тағынған қыз емеспін теңге, моншақ,

Таңертең аттанармыз бүгін қонсақ.
Жатпайды кім төрінде өз үйінің,
Берген соң Тәңір сыйлап бақ пен мансап.
Құдайдың маған берген дәулеті сол,

Беріпті сөйлесін деп тіл менен жақ.
Қызба деп ер басымды кеміттіңіз,
Қырын жатып абайлап көрмепсіз нақ.
Рас-ақ, бұрын мені көрмедіңіз,

Ажал бар Аллаға хақ өлмегіңіз.
Келіп ем сәлем беріп танысқалы,
Мен болам аңсап келген шөлмегіңіз.

жантөкеш
Алланың сізге берген дәулеті ғой,
Алдыңа келді құлап төрдегіңіз.
Ілесіп Таңғытпенен келгенімде,

«Қызба» деп көзіңізбен көрмедіңіз.
Арғынмын, атым—Әсет, көкшетаулық,
Адамға жолдас болмас керанаулық.
Жастықты биік қойып жатқаныңыз,

Бар ма еді денсаулықта бір ақаулық.
Құдайдан дәулет сұрап не қыламын,
Берген соң үлкен байлық, денге саулық.
Қыз болсам ұзатылып кетпес пе едім,

Үкі тағып, жамылып басқа жаулық.
Інің ғой еркелетіп өсірерсің,
Балалық ағаттығын кешірерсің.
Қартайып ұлғайғанда ғұмыр-жасың,

Төрінде мұнан да арман көсілерсің.
Болғанда біреу жарлы, біреу бардам,
Құдайым жаратқан жоқ несібесіз.
Ғаламды он сегіз мың жаратқанда,

Алланың ең сүйікті пендесі біз.
Баласы Жақсылықтың бүкіл шотай,
Ішінде тоғыз боран кенжесі сіз.
Тараған арғын, найман, керей, уақ,

Солардың барлығының теңдесісіз.
Көргенім шежіреден, міне, осылай,
Бар шығар көре алмаған білмесіміз.
Байлықта Жантөкештен кімдер асқан,

Қыдырдың тәуап қылып ізін басқан.
Қақ жарған қара қылды әділ екен,
Алдынан жын, Ібіліс шайтан қашқан.
Көп жасап, көпті көрген адам екен,

Талайды көзбен көріп кешкен бастан.
Өлгенде қайғыланып аза қыпты,
Ай күйіп, күн тұтылып, жылап аспан.

тарихи  жырлар
Аралап екі бетті жүрмін мен де,
Теріп жеп несібемді Алла шашқан.
Тоқтатты домбырасын қағып-қағып,

Жаңылсын Әсет ақын сөзден нағып?
Қонжа да көпті көрген қарт емес пе,
Түйінін әр сөзінің отыр бағып.
Дәулеті болмаса да сәулеті бар,

Әсет те отырмапты мұңын шағып.
Жастықтан көтеріпті Қонжа басын,
Әсет те қойды сүйеп домбырасын.
Жайдырып кең дастарқан алдарына,

Қойдырды тегенелеп қымыз асын.

—Алдыңа, Әсет ақын, міне, қымыз,

Салмақты көрінеді сөзің нығыз.
Асықпай қонақ болып жат үйімде,
Жұмысың болса дағы қандай тығыз.
Мен сені ойлап едім Біржан сал ма,

Сөзімді «қыз ба?» деген ауыр алма.
Жарайды, келгеніңе рахмет,
Бұйымтай ойыңа алған шаруаң бар ма?
Әсетті отыр Таңғыт көтермелеп,

Өсірген нар ақынды жұрт мәпелеп.
Ән салып бір күн, бір түн Әсет ақын,
Қайтыпты қосарына ат жетелеп.
Сақтаған сөздер еді мен есімде,

Бұл сөзім кезігер ме төрешіге?
Соңғыға мұра болсын басам десең,
Осыным, редактор, кеңесіңе.

Рамазанның қиссасы
Айтайын бір әңгіме көрген үшін,
Мәнісін жұрт ұғынса, білмегі үшін.
Кешегі сапар шеккен кәрі залыңның,

Айтайын гоминданға қылған күшін.
Бір күні залың елін шақырады,
Оңаша ақылдасып отырады.
Зорекер гоминданның зорлығынан,

Көзіміз қайтсек біздің ашылады.

—Келдің бе шақырған соң елім,—дейді,

Көңіліме бір іс келіп тұр менің,—дейді.
Шәріпхан, Бұқат, Бейсі, Мәмилердің,
Гоминданнан алғым кеп тұр кегін,—дейді.
Гоминданға қарсы тұрмай жан қалмайды,

Қазақтан кетіп қалды сенім,—дейді.
Тәуекел, не болса да бір көрелік,
Сөзімді сағынсаңыз менің,—дейді.
Сөзімді менің айтқан тыңда, халық,

Советпен қол алысып, дос болалық.
Бір күні Жеменейді қамап алып,
Халықты азаттыққа шақырайық.
Бір тап ел қол алысты мақұл болып:

—Бұл іске өзіңіз бас, ақыл серік.

Тәуекел, не болса да бір болайық,
Артыңнан біз ереміз сенім беріп.

тарихи  жырлар

—Советке Сағидолланы жіберейін,

Азырақ жәрдем берсін бізге дейін.
Егерде осы сөзімді мақұл көрсе,
Жеменейді алармыз күзге дейін.
Залыңның Советке жазған хаты:

«Хат жаздым әдейі арнап совет досқа,
Біз көрдік қиыншылық осы тұста.
Ардагер, ел басқарған жақсыларды,
Апарып абақтыға салды босқа.

Болмады малда—билік, баста—ерік,
Басшысын еліміздің алды теріп.
Қатын-бала жалаңаш, киер бұл жоқ,
Жатырмыз неше түрлі зорлық көріп.

Советтің хат жазайын бастығына,
Азырақ жәрдем берсін достығына.
Езілгенге жәрдем берген патша едің,
Гоминданның біз жолықтық қастығына.

Азырақ езілгенге жәрдем берсін,
Нашанлік сөйлесуге өзі келсін.
Егерде осы сөзді мақұл көрсе,
Жағдайды бет айтайын көзбен көрсін.

Сағидолла жүрмек болды қағазды алып.
Советтен келмек болды хабар алып.
Болғанда кешке жақын жүріп кетті,
Жанына Имақанды ертіп алып.

Сағидолла, Имақандар түнде барып, түнде келді:

—Жәрдемші қанша алса да бермек болды.

Қыстағы қашып кеткен молда Сылам,
Жанынан нашанліктің көрдім,—деді.
Шаңзұң айтты: Сәлем де кәрі залыңға,
Менің дағы бар еді ойларым да.

рамазанның  қиссасы
Тәуекел, ұйғыр-қазақ бір көрелік,
Гоминданнан қашып жүріп жан қала ма?»
Қырық төртінші жыл, төртінші ай, жетісінде,

Сөйлесіп Сағдоллалар келген түнде.
Тәйнилер сырттан біліп қойып,
Гоминдан жетіп келді күндізінде.

—Ей, залың, балаң қайда барып келді,

Хабарды кімнен түнде алып келді?
Екеуінің мақсаты, барған жайын,
Көргендер бізге айтып хабар берді.
Сағдолла, Имақанды кетті айдап,

Барған соң аяқтарын қойды байлап.
Аямай екеуіне дүре соғып,
Етінен өтіп, сүйекке жетті таяқ.
Екеуі қорыққаннан айтты шынын,

Лажсыз мойындады қылған мінін.
Екеуі абақтыда зар еңірейді,
Не болар түрмедегі жатқан күнім?
Бұл істі істеген кәрі залың екен,

Советке бұның бәрі мәлім екен.
Бір күні ұстап алып жоқ қылмасақ,
Бізге де қастық қылар залым екен.
Қырық төртінші жыл, төртінші ай, он сегізінде,

Гоминданнан елу кісі келді түнде.
Қораға дүбірлетіп келді жетіп,
Жатыр еді залың ояу төсегінде.
Төсектен түсе қалды сонда барып,

Калошын аяғына сұға салып.
Сыртқа шықса қоршауға алған екен,
Шошыды үйге кірмей тез қамданып.

тарихи  жырлар
Қараңғы жүре алмады асып-сасып,
Қаңғырып жапан түзге кетті қашып.
Көрмеген бала бастан бұндай істі,

Кәрі залың жолдарды жаяу басып.
Шошынып жүріп кетті құм ішіне,
Жүргенін сездірмеді бір кісіге.
Бар еді түйе баққан ұйғыр қосы,

Табады іздеп келіп түн ішінде.

—Залыңның, бауырластар, тыңда халін,

Тым мандып түнде жаяу жүре алмадым.
Ауылымды гоминдан басып алды,
Ел-жұрттың не болғанын біле алмадым.
Шапағат пен пақырға қылыңыздар,

Апарып мені иенге салыңыздар.
Құтылып сұм шеңгелден қалар болсам,
Ақыны тойғаныңша алыңыздар.
Керуенші залың жайын қанық білді,

Мінгізіп бір түйеге алып жүрді.
Тастады алып келіп иен құмға,

—Кейін көрем,—деді де,—ерлігіңді.

Залыңды іздеп шерік шықты қалың,
Ауылдан үй қалдырмай тінтіп бәрін.
Ауылдың еркектері қашып кетті,
Көшіріп әкетті алып мал-жандарын.

Төрт түлік малды сақшы таңбалады,
Отады құйрық-жалын, қамбалады.
Дүрелеп сұраққа алды жас-кәріні,
Бейуаз бала-шаға зар жылады.

Ой түйді екі сөтке залың іштен:
«Хабарын ауылымның барып білсем.
Баспалап ел ауқымын толық ұғып,
Бір сенімді көлікті тауып мінсем».

рамазанның  қиссасы
Деді де түнде қайта жаяу жүрді.
Өзінің ауылына таяу жүрді.
Шідерлеп отқа қойған бір байталды,

Тоғамның жағасынан тауып мінді.
Ері жоқ, жүгені жоқ мінді жайлақ,
Сонымен жолға түсті «а, Құдайлап».
Қолынан одан басқа келері жоқ,

Ішінен зығырданы тұрды қайнап.
Түн іші Көлқайнарға жүріп кетті,
Ауылына Рақымбайдың келіп жетті.

—Құдай қосқан, Реке, құдам едің,

Сіздерді әдейі іздеп келдім,—дейді.
Рақымбайдың жауабы:

—Ей, залың, қалай бүйтіп жүргеніңіз,

Мехнатты не қорлық көргеніңіз?
Жорғаң жоқ, жолдасың жоқ түнделетіп,
Астыңа жайдақ байтал мінгеніңіз?
Залыңның жауабы:

—Шырқымды алды жауыздар гоминдандай,

Сондықтан жайдақ, жауыр мінгенім тай.
Тұлпар мініп, ту алар күн туса егер,
Тай мінсем де, көңілім болар ед жай.
Мені апарып қойыңдар құм ішіне,

Хабарласып тұрыңдар түн ішінде.
Бір азамат жіберіп, хабар алдыр,
Гоминдан әлі жүр ме ел ішінде?
Астыртын хабар әкел жүзбасыдан,

Сенімді бірге жүрген жолдасымнан.
Қаңғырып жүр иен құмда пана таппай,
Жүр деңдер жан жолдасың лажсыздан.

тарихи  жырлар
Бірге жүрген ел ішінде екеу едік,
Екеуміз халқымыздың қамын жедік.
Көрсетті зорекерлік жегі құрттар,

Туғалы мұндай қорлық көріп пе едік?
Залыңның кейінгі ел жұртына жазған хаты:

—Сәлем де Дүкең кәрі—жүзбасыма,

Жанашыр бірге жүрген жан жолдасым.
Туғалы мұндай қорлық көріп пе едік,
Соны ойлап менің дағы қатты басым.
Сәлем де Өкпебайға, Ырымбайға,

Және де Қайыңбайға, бәрің де ойла.
Төңкеріс жасамақшы ем күні бұрын,
Гоминдан біліп қойды, амал бар ма?
Сәлем де Мұқаш, Имаш, Ырысқанға,

Мен көрдім қиыншылық осы тұста.
Елімді азат етсем деп ойлап едім,
Обалыңа қалдым ба бостан-босқа?
Сәлем де үлкен-кіші сұрағанға,

Болады елдің басы құрағанға.
Жападан жалғыз иен құмда жүріп,
Көл болды көзім жасы жылағанда.
Табаным жаяу жүріп жара болды,

Көңілім елді ойлап ала болды.
Құдай қосқан құдамыз наймандағы—
Рақымбай Көлқайнарда пана болды.
Хат жазып мен жібердім, Кенжебайдан,

Әлі де үмітім көп бір Құдайдан.
Туған ел, өскен жерім Құдірет шебер,
Бар шығар жөн келтірер ақыл-айлаң.
Кенжебай бірін қоймай айтты бәрін,

Бізді іздеп келген екен кәрі залың.

рамазанның  қиссасы
Білдірмей түнде еліне көрсетпестен,
Жиып кеп Бөтекеңінің ділмарларын.
Қараңғыда Кенжебай жүріп кетті.

Аулына Сақанның келіп жетті.
Бастан-аяқ залыңның ахуалын,
Тастамай түгел айтып хабар етті.
Сақа жүзбасы еліне хабар берген,

Жиылып үлкен-кіші әрбір жерден.
Хабарына залыңның ынтызар боп,
Ахуалын көзекі көрсек деген.
Халықтан дана туса елден ерек,

Еңіреген ел ақылы елге керек.
Түн қатып келді халық залыңды іздеп,
Құдайдан тілек тілеп, бермек медет.
Қамысы Көлқайнардың болған мекен,

Қашанда халық ердің қорғаны екен.
Ширықтырған залыңды қалың елдің
Жендеттерге кегінің толғаны екен.
Құшақтасып көрісті бірін-бірі,

Бұл өзі бекер емес, сөздің шыны.
Күңіренді иен құмда тамам халық,
Ғибрат алсын ұрпақ деп жаздым мұны.
Тоқтады көпшілік те мауқын басып,

Қол беріп бір-бірімен амандасып.
Еліне кәрі залыңды алып келді,
Құтты қадам шаңырағына шашу шашып.
Қара шаңырақтан дәм татты, шықты жолға,

Деп тілеп: «Құдірет Кәрім, өзің оңда!»
Әбденнің ордасына келіп түсіп,
Ақсарбасты сойғызып жатты сонда.

тарихи  жырлар
Ел болып ақылдасты басын құрап,
Кеңесті ендігі істі анығырақ.

—Мені апарып гоминданға қолдан берсін,

Күнәсін кеш деп келдік шәннан сұрап.
Сауырдағы беделді ел бастығы,
Жиналып, жөнге салса халық мұны.
Мені алып қалың адам қала кірсе,

Сескендіріп тастар ед албастыны.
Хат жазып Дыңға менен Кеңесбайды,
Аттандырса нақ айтып барлық жайды.
Құлақтанса, ел-елдің бастықтары,

Серіктерін олар да қалдырмайды.
Деді де аттанып кетті олар,
Көп жұмылса, қуанып көңілің толар.
Кәрі-жас таң атқанша ақылдасты:

Жақсылық біз қазаққа қашан болар?
Залыңның Сауыр бастықтарына жазған хаты:
Сәлем де уаң орны Зақиқанға,
Шаймардан үкірдай, Қызырқанға.

Сауырды азаттыққа шығарам деп,
Қылмысты күнәлімін гоминданға.
Қазыбектен Жұмағұл, Тағай келсін,
Ақымер менен Насихат оған ерсін.

Жәдіктен Қанжарбай мен Ыдырыш кеп,
Залыңды гоминданға қолдан берсін.
Барқыдан Баянды мен Мұсайыпке,
Жатпаңдар босқа қарап бекер текке.

Советке қашып барды молда Сылам,
Бірлестік ұйғыр-қазақ бір ниетке.
Арнаулы хат жазамын, Қабыл, сізге,
Керейдің ескісі жоқ сізден өзге.

рамазанның  қиссасы
Сұмдарға мені апарып қолыңнан бер,
Үмітпен сенім артам өзіңізге.
Мұстапа, закон залың—жан жолдасым,

Әбілжәмін чүйжаңым, ақылдасым.
Нұрмұқамбет, Кеңесбай, Қайса зәңгі,
Тілегімді екі етпей мақұлдасын.
Ителіде Тоқтаубай, Ережепке,

Жатпаңдар босқа қарап, бекер текке.
Ақылды бір орыннан шығарайық,
Ителі, ботақара бір тілекте.
Қабиден, Нұрке мырза—екі бала,

Екеуің қызмет істе маған бола.
Гоминдан көшіріп алған ауылымнан,
Астыртын хабар беріп тұр, бола ма?

Сауырдың хат жазамын кәрісіне,
Алланың нар тәуекел әр ісіне.
Әруағы бабалардың қолдай көрші,
Хат жаздым атын атап әр кісіге.

Отырып әңгімемен таң да атты,
Көпшілік қуанышқа әбден батты.
Залыңның қамы үшін ел адамы,
Тұс-тұстан қопарылып келіп жатты.

Сауырдың жиналды көп кемеңгері,
Мықтылар құрады ақыл көлемдегі.
Қара тор қалың адам, жер қайысып,
Саңлақтар тақымда ойнап елеңдеді.

Көп ақылы: Чүй алдымен барсын,—деді,
Соңынан қалың қауым ерсін,—деді.
Тәртіпке жұрт көңілін бөлсін,—деді,
Жамбылға тобын жазбай кірсін,—деді.

тарихи  жырлар
Алдында Әбілмәжін қалың кісі,
Бес жүздей адам болды іш пен тысы.
Шаңдатып қалың адам келе жатыр,

Айбынды көрінеді көрінісі.
Жамбылға Әбілмәжін жалғыз келген,
Шән орнынан түрегеліп қолын берген.

—Не жұмыспен келдіңіздер қалың адам,

Жұмысыңды қалдырмай айтшы,—деген.
Әбілжамал чүйжаңның сөзі:

—Залыңды алып келдік қашып кеткен,

Кеткенін біле алмадық не себептен.
Ортаңа қалың кісі келді алып,
Күнәсін кеше ме деп асып кеткен.
Шәнің жауабы:

—Жиналған барлық халық қайтсын деді,

Хабарды ел-жұртына айтсын,—деді.
Ертең залыңды көшіріп апарамыз,
Хабарын айтып, шүйіншісін алсын,—деді.

—Жиналған тамам халық қайтыңыздар,

Елбасы бүгін қонып жатыңыздар.
Залыңды елбасылары алып келді,
Біздің жасап берер тойымыз бар.
Алып келіп сойғызды екі қойды,

Әр түрлі тәтті тағам түгел қойды.
Жайланып басын қосты бастық біткен,
Шәйланып, барлықтары асқа тойды.
Ерте жиды базардың арбаларын,

Қалдырмастан тиеді жүктің бәрін.
Бірін қоймай мал-жанның алып келді,
Шарықтыға тіктірді ауылдарын.

рамазанның  қиссасы
Алтайдан Дәлелқаннан хабар келді:

—Отырсын шән орнына залың,—деді.

Істеген төңкеріске еңбегі көп,
Халықтың барлығына мәлім,—деді.
Жылқыайдарды жіберді әскербасы,
Әріппай, Құрмаш, Болат—ақылдасы.

Барғандарға азықты халық беред,
Залыңның әмірімен іс қылады.
Мың тоғыз қырық төртінші жылы еді,
Жетінші ай, жиырма жетінші күні келді.

Ат, азық түгел халық бермек болып,
Қаулы алып Жеменейге кірмек болды.
Халықтан әскер мінді ат ыңғайлап,
Қолына қару-жарақ алды сайлап.

Гоминданмен соғысуға түгел кетті,
Қаһарман батырларда тасып қайрат.
Аттанды Сауыр елі шабуылға,
Бағынды қолбасының жарлығына.

Қаласын Жеменейдің қоршап алып,
Атысты екі сөтке барлығы да.
Жау біткен абырон алған қаладағы,
Барлығы Жамбылға кеп паналады.

«Бағынамыз үш сағат пұрсат бер» деп,
Елші салып жалынып ағалады.
Берді пұрсат, гоминдан пайда тапты,
Боларын кім ойлаған бұл апатты.

Шалғыншы жау кеп қалды деген сәтте,
Бір адам жау алдынан тұра шапты.
Алтайдан шыққан екен мыңдай адам,
Не үлкен қарулармен қаруланған.

Тасқындай бөгеу бермес қалаға енді,
Бұл істі көзім көрген, емес жалған.

тарихи  жырлар
Келген жау өте күшті көрінеді,
Біздің жақ тауға қарай шегінеді.
Аз мылтықтың таусылып шағын оғы,

Сарбаздар өзін-өзі кеміреді.
Кірді жау Жеменейдің қаласына,
Халықтың қорқу болды арасында.
Арылып екі күнде Советке өтті,

Сауырдың жан қалмады даласында.
Соғысып ар жаққа өтті елдің бәрі,
Құлазып иен қалды жердің бәрі.
Сауырдың қазағынан қалмаймыз деп,

Қобықтың бірге көшті мұңғылдары.
Ар жаққа өтті түгел, жерге сыймай,
Жылайды қатын-бала жерді қимай.
Соны шөп, тұнық судан ішті ел-жұрт,

Жырғады тегін алып бұл менен шай.
Кедейге тегін берді ұн-бидайын,
Байларға арзан сатты бұл мен шайын.
Төрт түлік мал мен жанға қоныс беріп,

Жаз-жайлау, қыс-қыстауы болды дайын.
Советте залың болды—жарым патша,
Советке танылды ғой аты сонша.
Сұрыптап партизанды қайта құрды,

Түсер деп жауға жасыл, амал болса.
Мұңғұлды тең биледі керейменен,
Зайсанға аты шықты Семейменен.
Жарым патша атанып елді билеп,

Байларды бірдей көрді кедейменен.
Өткен ел ар жаққа қалды қыстап,
Бер жаққа әскерменен құрды штаб.
Кеңсе құрып, ар жаққа үй тіккізіп,

Болғанда жазға салым соғыс ашпақ.

рамазанның  қиссасы
Үш мың үйдің бастығы залың болды,
Атағы жерді жарып мәлім болды.
«Жаз шыға соғысты бастаймын» деп,

Жинауға ат, азықты әмір берді.
Гоминданға біреу барып хабар берді:
«Жиналып төрт мың адам жатыр» деді.
«Тәуекел қоян-қолтық көреміз» деп,

Мұны естіп гоминдан сасады енді.
Естіген соң барлығы қалды шошып,
Тәуекел кетелік деп басты қосып.
Осы күн не болса да кетелік деп,

Бірі қалмай түн қатып кетті жосып.
Әскерлер жүрді жолды торуылдап,
Қашты жау түн жастанып улап-шулап.
Жеменей азат болды мерездерден,

Гоминдан қашып-пысып кетті бір-ақ.
1945 жылы қайта өтті ауыл-аймақ,
Сиынды, масайрады «а, Құдайлап».
Гоминдан түгел қашып кеткеннен соң,

Қуанды ел-жұрт түгел гүл-гүл жайнап.
Босқан ел түгел келді жерге көшіп,
Төрт түлік мал сағынған шөбін жесіп.
Қырық бесінші жыл екінші айдың жиырма төрті,

Жеменей азат болды мерейі өсіп.
Мың тоғыз қырық алтыншы жыл,

тоғызыншы айда,
Бір науқас сүзек деген болды пайда.
Алпыс сегіз жасында ажал жетті,
Пәниден кетті залың бақи жайға.

Жасында алпыс сегіз ажал жетті,
Халқына артындағы қадыры өтті.

тарихи  жырлар
Басшысы еліміздің кеткеннен соң,
Қайран ел жетім қалып, сәні кетті.
Кетті ғой арамыздан қайран залың,

Келтірді өз тұсында елдің сәнін.
Бәйтерек алтын діңгек құлап кетіп,
Елінің ашылмаған соры қалың.
Ойда бар теріп жаздым сөздің бәрін,

Ұмытып қалған екем бірқатарын.
Шамам жоқ жаңғыртуға, сөз қосуға,
Жалғауға жалған сөзді келмес халім.

Дүние кейде сырлы, кейде мұңлы,
Панасыз кейде үскірік, кейде жылы.
Бұрыннан арман еткен шертсем-ау деп,
Жанымды мазалаған осы сырды.

Бастадым әңгімемді алып қалам,
Берген соң ар-ұжданым шабыт маған.
Өткенге өкінгеннен туған ой ғой,
Арманның жетегінде шарықтаған.

Өтіпті талай заман бұдан бұрын,
Байбатша нелер әділ, нелер зұлым.
Ашуға әділетсіз жауыздықты,
Өткенге өкінішпен мойын бұрдым.

Сұм заман әділетсіз қанға бөккен,
Басына бейуаздың мұнар шөккен.
Қорқатын қатты айғайдан нелер момын,
Өмірдің азабында жатып өткен.

Қарамай арман-тілек, көз жасына,
Талайдың жүрегіне қайғы еккен.
Уақиға айта кетсем болған кезін,
Мың тоғыз жүз қырық бесінші жыл болып өткен.

Аш қасқыр арсалаңдап сахарада,
Бейуазды малын қуып тентіреткен.
Екінші ай он үші мен он төртінде,
Құйыршық Алтайдан кеп тиді шеттен.

Сарыаяқ

тарихи  жырлар
Шабылып алты ауыл мен бес қора қой,
Ірі қара елу-алпыс о да кеткен.
Халықтың шырқын бұзып жайын жатқан,

Осылай құйыршық сұм елді шапқан.
Қытай мен моңғұлдікі бес қора қой,
Жалданып қазақ байқұс майға баққан.
Ақыры бес қора қой пәле болып,

Қазақтың қаны босқа судай аққан.
Ішінде шабылғанның Қабыл, Мұса,
Құйыршық өз еліміз, шынын қуса.
Бір ауыл ителіден, жәдіктен бір,

Тарихи іс болмайды сөзді бұрса.
Әңгіме қалай болар құлақ түрші,
Қарақас шабылғанның бірі сыршы.
Басқалар не уақиға, әлде неден,

Қызыл тіл сөз аяғын солай бұршы.
Сол жылы екінші айдың дәл он бесі,
Сарыаяқ ақыл қосқан іш пен тысы.
Сагуде қыстап жатқан елге келіп,

Бұйырған «бересің,—деп,—екі-үш кісі».
Сол жерде ақсақалдар ақылдасты,
«Бас қайғы байтал тұр ғой» қатты састы.
Рымқан, Асқабыл мен екі адамға,

Райымқан берді қосып бір тілмашты.
Сарыаяқ отыз неше адам еді,
Кім білсін ажал жетіп өлер жерді.
Мінгізіп үш қазақты үш тайлаққа,

Соңынан құйыршықты қуады енді.
Айбатын сыртына сап шенді бастық,
Тап дейді құйыршықтар жатқан жерді.
Барады адам қорқып жанұшырып,

Қамшы өткен тайлақтар да аттай желді.

сарыаяқ
Артынан өкшелеген қуғыншыны,
Сол жерде құйыршықтар көреді енді.
Кезігіп соғыс салған жерін айтсам,

Жасаңның Желқара дәл бастауы еді.
Төрт адам Сарыаяқтан қатар ұшып,
Бір пәйжаң жараланды өлмес тегі.
Құйыршық қаша жүріп соғыс салып,

Тастамай ірі қараны кетті алып.
Мәз-мәйрам бес қора қой олжа көрді,
Сарыаяқ сырнай тартып, керней шалып.
Аш қасқыр қанды ауыз далақтаған,

Өзінен басқанікін жаратпаған.
«Тырнадан таз ашуын» дегендейін,
Көреді өлімтігін қазақтардан.
Таусылмас айта берсең іштегі арман,

Құрмаған кімге тұзақ мына жалған?!
Жол үсті келе жатып әскербасы,
Қасында шеріктерге мойын бұрған.
«Жібермей мына үшеуін байлап қойып,

Ауылын қырайық» деп ақыл құрған.
Райымқан ішке түйді дертін жұтып,
Барлығын бір сұмдықтың қанды сойқан.
Бір ысып, бір суыды сом денесі,

Шынымен айта ма деп Құдай ұрған.
Кезі еді дәл екінді қайтқан шағы,
Сагуге таянғанда ақшам болған.
Іңір мезгіл болғанда шеріктер де,

Көздеген жерлеріне жете қонған.
Осымен сарыаяқтар жата тұрсын,
Ұйқының қызығына бата тұрсын.
Өлім мен өмір үшін күресетін,

Үш ерге түсті уайым, ауыр бір сын.
Тыңдарман, ойлап отыр әлденені,
Бұрайық қазақтарға әңгімені.

тарихи  жырлар
Сарыаяқ ақылдасқан сөзін ұғып,
Кетеді үш азамат қашып шығып.
Үлгіріп шырт ұйқыда жатқан елге,

Айтады ауылға кеп істі жыр ғып.

—Ауылды қырмақ болды түгел жайлап,

Сондықтан келдік жұрттың қамын ойлап.
Бұл істен ебін тауып құтылмасақ,
Еместей сарыаяқтар тегін қоймақ.
Есесін құйыршықтың бізден алып,

Осылай қылыштарын қанмен жумақ.
Көшейік түнделетіп, жүкті артып,
Кетейік басқа жаққа жер ұзартып.
Көнбеді мына сөзге Қалел, Машан,

—Шулатып қатын-бала қайда қашам?

«Қорыққанға қос көрінер» деген бар ғой,
Несі бар Сарыаяққа түк қылмасам?
Ішінде осы ақылдың Бортбай, Томан,
Жиылып тарығысты біраз заман.

—«Жақсы жоқ, жаман айтпай» деген қайда,

Кетейік жер аударып,—деді Томан.
Қорқыныш бойды билеп, көңіл алаң,
Жиылды бір ғана үйге барлық адам.
Тағы бар осы ақылда Нұрғали, Ұлықпан,

Адам жоқ ақыл қосар басқа сырттан.
Жиылып ары-бері ақылдасып,
«Кетейік,—деді,—бәрі осы жұрттан.
Қырмайды бейуаз жанды дегенменен,

Сарыаяқ талай жанның қанын жұтқан.
Қолынан біз байқұстың келері жоқ,
Қазақтың талайларын шерік құртқан».
Осылай барлығы да ақылдасты,

Көшпекке таңға жақын мақұлдасты.

сарыаяқ

—Кетейік, таңсәрісін тоспайық,—деп,

Томанның өз әйелі бек болмапты.

—Кетейік әзір дереу түнде жүріп,

Қалмасын ахуалды жаулар біліп.
Кетем деп таңға жақын ойлағанмен,
Қала ма кім біледі жау кеп іліп?
Биғайша осылай деп зарланады,

Жүк арту жолын іздеп қамданады.

—«Зымыра ұшпақ болсаң» деген қайда,

Түн кетсек шерік бізден алданады.
Жас жігіт, қыз-келіншек бәрі барды,
Биғайша осылайша ақыл салды.
Дегендей «алдырар күн жаздырады»,

Ақылдан тандырып тұр кәрі шалды.
Тарихта түнде көшіп жүрген қазақ,
Қан басып, сол түн тосып көшпей қалды.
Амал не, арман көп қой айта берсек,

Биғайша «көшейік» деп көп зарлады.
Таласып жалғыз түнге екі жақ боп,
«Жатармыз,—десті,—тағы түнде сақ боп».
Сонымен таңға жақын кетпек болды,

Алтынбек, Адырбайға жетпек болды.
Ауғанда түн ортасы үйді жығып,
Түйеге орау орап қойды қолды.
Жүк артып таңға жақын болған халық,

Жұртынан қозғалғанша түсті жарық.
Бейуаздар қыс ішінде тозып қашып,
Кім білсін паналарын қайда барып.
Бағана қалмап па еді шерік ұйықтап,

Жоспарын құрып елдің қанын жұтпақ.
Пәйжаңы түрегеліп, таң сөгіле,
Іздейді қазақтарды көзі алақтап.

тарихи  жырлар
«Малғұндар неғып жаттың?» деп ақырды,
Қазақтар түнде жатқан орнын нұсқап.
Шеріктер үрке тұрып орынынан,

Қарайды бір-біріне сонда жоқтап.

—Құтылмақ ит қазақтар қайда қашып,

Үйіне барған шығар қаны тасып.
Бастарын өз қолыммен кесейін,—деп,
Жөнелді пәйжаң атқа қамшы басып.
Көш жаңа жүре берген кезі еді,

Сагуден түсті әскер келіп қалып.
Қарақас Қабдолла мен Мұсайып бар,
Тоқтатты қысаң жерге көшті апарып.
Шеріктер көшті қоршап иіріп ап,

«Жүгіңді түсір» дейді айғай салып.
Ақырып, айбаттанып, адыраңдап,
Үйірді қылыштарын жарқылдатып.
Қарамай шағылған мен қирағанға,

Қанжармен қиды арқанды тарсылдатып.
Бұрылып шетке шыққан адам болса,
Сабалап айдап келді сартылдатып.
Шулаған қатын-бала зар еңіреп,

Дауысы жер мен көкті жатыр шарпып.
Қатын-бала шулады,
Егіліп, сыңсып жылады.
Ата-апалап жас бала,

Қандай жан шыдап тұрады.
Өз басында ерік жоқ,
Ата-апа не қылады?
Даусы қатты шыққанды,

Сарыаяқ келіп ұрады.
Балалар жылап «атам» деп,
Кейбіреуі «апам» деп,
Кәрілер жүр егіліп,

сарыаяқ
«Жасаған, қайда қатем?» деп.
Жазықсыз елді қырса егер,
Арылар ма арман, кек?

Жығылып кәрі сүрінді,
Көрмеген мұндай ырымды.
Күнәсі жоқ қайран ел,
Қас қаққанша бүлінді.

Кәрі-жас түгел жылайды,
Көзінің жасын бұлайды.
Мұсылман тегі болған соң,
Алладан иман сұрайды.

—Әуелде өзің жараттың,

Сай-салаға тараттың.
Күнәміз не, Құдай-ау,
Иттерге неге талаттың?
Жандар едік тым нақақ,

Болдық қой лезде жынға ойнақ.
Уатуға шама жоқ,
Балалар жатыр шырқырап.
Адымын кәрі аша алмай,

Жастары шығып қаша алмай.
Тар сайдың іші мұң толды,
Сарыаяққа ауыз аша алмай.
Есі жоқ елің толқиды,

Аяғын түзу баса алмай.
Әйелді несін айтамыз,
Жігіт те қалды қаша алмай.
Кең дүние тар болған,

Не деген іс еді, япырым-ай?
Шеріктер жүр жапырып,
Қоқырақтап ақырып.
Кейбіреуді қолма-қол,

Ұрып жықты қатырып.

тарихи  жырлар
Шөкпеген соң жайымен,
Түйе де жатыр бақырып.
Кейбір кәрі шалдар жүр,

Көздерінен аққан жас
Қан аралас парлап жүр.
Құтылмасын білген соң,
Өлімге басын арнап жүр.

Біріне-бірі қош айтып,
Қайсысы тірі қалмақ жүр.
Кімнен-кім ақыл сұрайды,
Жығылып тұрып жылайды.

Шошыған адам буынсыз,
Біріне-бірі құлайды.
Қылатын ешбір амал жоқ,
Алладан медет сұрайды.

Үркіп тұр халық шошына,
Айланып пәле басына.
Еріксізден егіліп,
Қанды жас ақты жосыла.

Жаңғырығар үн қосып,
Сагудің тау мен тасы да.
Тау, дала мұңды білгендей,
Азалы басын игендей.

Күн көзін де бұлт басты,
Қаралы киім кигендей.
Мүлгиді бірге көк аспан,
Кеткендей о да түңіліп.

Сес көрсетіп әскер жүр,
Қылышын қыннан суырып.
Жүкті шашып зұлымдар,
Бұйымды жатыр тығынып.

Адамдар шуылдаған бәрі бұлау,
Тау мен тас күңіренткен зар мен жылау,

сарыаяқ
Шулаған балаларға жаны ашып,
Сондағы Томан айтқан сөзі мынау.

—Кейбір сәби жас бала,

Толмаған жарым жасқа да.
Тайғақ кешу, тар кезек,
Таба алмай ақыл сасқанда.
Адырбай мен Алтынбек,

Болмады Қатай қаста да.
Тым болмаса болмады-ау,
Болса дағы Оқан жас бала.
Кейбір бала бір жаста,

Таппадық ақыл бір басқа.
Көзім жетті ауылдан,
Бір адам тірі қалмасқа.
Құтылуға амал жоқ,

Шерік тұр қоршап жан-жақта.
Кейбір бала екіде,
Жыладың, бала, егіле.
Амалсызбын қайтейін,

Қабырғам кетті-ау сөгіле.
Үлкен-кіші сел болып,
Көз жасың ақты төгіле.
Күнәсіз нақақ ел едік,

Сарыаяқ жетті-ау түбіңе.
Кейбір бала үш жаста.
Амалсыз оққа ұшпасқа.
Қатын-баланы зарлатпай,

Ірісін ғана ұстаса.
Кейбір бала төрт жаста,
Қалар ма едік кеш батса.
Армансыз өлім болар ед,

Тым болмаса тіл қатса.

тарихи  жырлар
Кейбір бала бесте еді,
Кетпейтін бір іс естегі.
Жалынса да бейуаздың,

Қылышпен басын кескені.
Кейбір бала алтыда,
Жетілген жаңа талпына.
Жібермей көзін, мақұлық,

Ақ-қара істің артына.
Өз елін өзі қыратын,
Гоминдан иттің салты ма?
Ерте көшіп жөнелмей,

Амал не қалдым қапыда.
Кейбір бала жетіде,
Балапан құстай қанаты
Жаңадан келед жетіле.

Бізді қырып түгетпей,
Сарыаяқтың қайтпас беті де.
Арман болды түндегі,
Көшпегенім бекіне.

Жолықпас едім осыған,
Қыстамасам Сагуге.
Кейбір бала сегізде,
Қай арман болды түндегі,

Көшпегенім бекіне.
Жолықпас едім осыған,
Қыстамасам Сагуге.
Кейбір бала сегізде,

Қайғысыз көңіл семіз-де.
Тыныш жатқан елім-ай,
Баттың ғой қайғы теңізге.
Адамша, Алла, жараттың,

Рұхсыз кетті дегізбе.
Кейбір бала тоғызда-ау,
Сарыаяқ қанға тойғызды-ау.

сарыаяқ
Айналайын, Құдайым,
Тірідей қинап сойғызды-ау.
Кейбір бала он жаста,

Амал не іске, болмасқа.
Түрі суық иттерің,
Тілге келіп болмас та.
Баланың арты бесікте,

Ала алмадық шешіп те.
Жан ұшырып барады,
Таба алмай кірер тесік те.
Кей әйел жаңа босанған,

Сіресіп бойға күш алған.
Түнде көшіп кете алмай,
Таңертең жауға тұсалған.
Күнәсіз қатын-баладан,

Қаскүнем жауыз өш алған.
Қош-аман бол, қалғаның,
Өлмей елге барғаның.
Адырбайға сәлем де,

Ішімде кетті арманым.
Сәлем де тағы айтқаным,
Он екі керей абаққа.
Жаудырды сорды нақақтан,

Маңдай мен біздің қабаққа.
Менен сәлем айта сал,
Барғаның тірі ел жаққа.
Тоқтатып күшті осылай қиратады,

Ішінде кек жалынын қайнатады.
Іріктеп ылғи ірі қырық үш жанды,
Арқанмен қосақтатып байлатады.
Жатқанмен біреу құлап, біреу жылап,

Кімді-кім басын сүйеп уатады.

тарихи  жырлар
Ысқырып ажал іздеп атылған оқ,
Бейшара бейуаздарды сұлатады.
Үзіліп үміт ұшқын ғайып болып,

Бәрі де көзі жетті өлеріне.
Төгіліп қасықтай қан, үзілді жан,
Дүние, бекер-ақсың керегің не?
Ақ тәнді қызыл қанмен жуа берді,

Амалсыз байлаулы адам тұра берді.
Тыпырлап оқ тиген жан тоқтай алмай,
Денесін бір-біріне ұрады енді.
Қосақтап қолдарынан қойған байлап,

Қош-қош деп барлық адам кетті айғайлап.
Кейбірі жаны шапшаң шыға қоймай,
Зарланып ышқынады көзі жайнап.
Пәйжаңы «атыңдар» деп үкім қылды,

Сай-сала түтін менен қанға толды,
Ол шет пен бұл шетінен оқ тигенде,
Адамдар теңселеді оңды-солды.
Бисанның тұмсығында Сагу сайы,

Мінеки, осылайша қанға толды.
Тағдырдың жеткен жері осы ма екен,
Шама жоқ құтылуға шешіп қолды.
Сол күні атқылаумен болды кеш те,

Жастардың ең үлкені жиырма бесте.
Онан соң он төрт, он бес шамасы,
Арты үш, дәл ортасы сегіз, бесте
Қойыңа қасқыр шапса ол да оңай ма?

Жау қырған адамдарда болсын ба ес те.
Айтайын атын атап өлгендердің,
Болмайды алмағанмен оларды еске.
Қалел мен Ақтамақ та қаза тапты,

Құтылмай қан шеңгелден осы кеште.

сарыаяқ
Ішінде Қадыржан мен Машан да бар,
Жәмила, Бортбайменен бар ел кетті.
Айтайын Таразыны және қосып,

Құсыман, Батиқан мен және Ермекті.
Әйелі Асқабылдың Бәти деген,
Арманда бұл пәниден о да көшті.
Маталған бір арқанға сегіз адам,

Тарылған кең дүние неткен заман.
Айтайын бір-бір бастан атын санап,
Асқабыл, Рымқан мен болды Құсман.
Тағы бар осы арқанда Тотыш, Бота,

Айтқаным амалият емес қате.
Тұтқиыл жау тиерін кім ойлаған,
Момын ел малын бағып, жайып жатса.
Ішінде осылардың енді үшеуі:

Ұлықпан, Өнерқан мен бар Биғайша.
Осылай бір арқанда сегіз тұрған,
Егіліп көз жасымен бетін жуған.
Биғайша жылап тұрып қош айтады,

«Шынымен қырды ғой,—деп,—мына антұрған».
Биғайшаның зары:

—Айналайын, Құдайым,

Бір өзіңе жылайын.
Нақақ кетіп барамын,
Бұған қайтіп ұнайын.
Болмаған ажал Алладан,

Тіріге болды уайым.
Қош-аман бол, би ата,
Кешір бізде бар қата.
Жолықпас едің бұл іске,

Кетіп қалсақ күн бата.

тарихи  жырлар
Аман бол, ел-жұрт, атам-ай,
Тисін бізге батаң-ай.
Ошарлы ауыл жан едің,

Хақта қайтіп жатам-ай?
Күнәсіз қатын-балалар,
Өстіп те қанға бата ма-ай?
Қош-аман бол, екі енем,

Жолықты бізге көлденең.
Арманым қатты, дертім зор,
Қалмады аман немерең.
Күнәсіз кетті қайтейін,

Жас жеткіншек шөберең.
Естігенде бұл істі,
Боздарсың, ана, ботадай.
Туған-туыс, ұрпағың,

Сагуде жаудан жұтады-ай.
Алты ауыл—қазақ семья,
Түтіні қалды тұтамай.
Тау мен таста азалы,

Өксікпен демін жұтады-ай.
Құдай қосқан қосағым,
Бар ма Томан аман ба?
Тірі барсаң ауылға,

Қалмас еді менде арман да.
Рұхсыз кетіп қалдық па,
Біле алмадым жалғанда?!
Тірі болсаң аман бол,

Айрылдық, міне, арманда.
Көнбеске ешбір амал жоқ,
Алланың ісі пәрман да.
Табысармыз іздесіп,

Қияметке барғанда.
Қош-аман бол, тентегім,
Жұмсасам іске елпегім.
Жағаласып «жеңгем» деп,

сарыаяқ
Ұнасып тұрған ерке едің.
Арманда кеттім, көрмедім,
Еркелеп келіп ойнаушы ең,

Кім болар екен ермегің?
Айналайын, Құдайым,
Қазаға сабыр бермедің.
Көзімнің жасы болып сел,

Ішіме толды қайғы-шер.
Іздеме мені алыстан,
Тұрағым болды осы жер.
Тартарсың күйік сен дағы,

Кәрілерге ақыл бер.
Кеттің бе күнім, Бәделқан,
Шыққан соң бойдан шыбын жан.
Болады деп мұндай іс,

Жоқ едім бұрын ойлаған.
Осылай болды ажалым,
Тілеймін иман Алладан.
Еркелеп маған есірдің,

Мәпелеп, бағып-өсірдім,
Қызығыңды көре алмай.
Ұзатып қане, көшірдім.
Алады деген ойда жоқ,

Тұтқиыл пәле кесірдің.
Өлдің бе, қарғам Қатыран,
Еркелетіп шақырған.
Жаныңды қиып ажалға,

Қанға қайтіп батырам?
Шырқыратты-ау, қайтейін,
Әділетсіз антұрған.
Қолыңды пышақ кессе де,

Іздеуші ем орау қалтамнан.
Анау үйге апар мені деп,
Түспеуші едің арқамнан.
Қанқұйлы жауыз гоминдан,

тарихи  жырлар
Қанды судай сапырған.
Менен туған бір ұрпақ,
Құтылар ма екен арманнан?!

Өлдің бе жаным, Қадырым,
Білінді-ау енді қадірің.
Толтырды қанға сұм-ажал,
Сагудың қоңыр адырын.

Шешеңнің жанын шарпыды,
Шулаған дауыс, жалының.
Неткен сорлы жан едің,
Қиылды тегіс жұлының.

Айналайын қарғам-ай,
Ойнақ салған құлыным.
Барсың ба, жаным, Сағынған,
Қалмаушы едің жанымнан.

Тағдыр еді япырым-ай,
Тура қылған не қылған?
Қызығың жаңа шығып ед,
Сәби тілің балдырған.

Келгенде шаршап-шалдығып,
Қылығың шөлді қандырған.
Таса болсам көзіңнен,
Жылап, іздеп сабылған.

Ойласам, ботам, бесеуін,
Жүректі қайғы қарыған.
Сай-сүйегім сырқырап,
Қорлықтан жүрек жарылған.

Қалса екен аман Өнерқан,
Айналайын Күнішім.
Бесеуіңді ойласам,
Өртенеді-ау қу ішім.

Бас аман, тірі жүргенде,
Сендер едің тынысым.
Матқапыда көрмеген
Артта тұқым қалсашы,

сарыаяқ
Біреу де болса өлмеген.
Жалғанның зары сол болар—
Бірі де тірі жүрмеген.

«Анашым еді мынау» деп,
Бейітіңе келмеген.
Мені аузына алатын,
Біреуі тірі қалар ма?!

«Шешемнің қабірі мынау» деп,
Есіне мені алар ма?
Құран оқып шайына,
Мен үшін малын шалар ма?

Арман жоқ қой үйде өліп,
Біреу келсе хабарға.
Қырылған мына жемтікті,
Халқым іздеп табар ма?

Тәуекел дейік Аллаға,
Өлейік енді қармана.
Он сегіз мың бұл ғалам,
Бізге болды-ау тар ғана.

Бір қолын әрең босатты,
Егіле жүріп зарлана.
Қасында тұрған Ботыштың,
Қалтасына қол салды.

Жаман бәкі бар екен,
Екіленбей соны алды.
Қолына тиді кездік те,
Биғайша болды тездікте.

Жотада тұрған сарыаяқ,
Қалғандай болды сезікте.
Биғайша есін жияды,
Жанталасып жан дәрмен

Байланған қолды қияды.
Нар тәуекел жасады,
Көпшіліктің жолында.
Жаман бәкі қанжардай,

тарихи  жырлар
Жарқ-жұрқ етті қолында.
Қас қаққанша босатты,
Он үш адам бір жолда.

—Шама болса кетіңдер,

Бағың ба, әлде сорың ба?
Аман бол тірі қалғаның,
Сәлем айт елге барғаның.
Тәуекел, енді мен көндім,

Салғанына Алланың!
Биғайша зарлап жүріп қашып шықты,
Қармаулы адам еді бұрын мықты.
Көтеріп Өнерқанды арқаға алды,

Елемей қарша жауған қалың оқты.
Тастамай жау ішіне жаутаңдатып,
Жетелеп Рымқанды да ала шықты.
Амал не, сайлауыт жау оңдыра ма,

Қарусызға тіпті олар еді мықты.
Кешегі жайын жүрген бейуаз халық,
Қан жұтып осылайша қырылыпты.
Төрт адам өлмей қалған жараланып,

Оқ тиіп өлмес жерден, шала дарып.
Айтайын жаралыны сұрасаңыз,
Есімі көңілімде айдан анық.
Ұлықпан, Асқабыл мен Томан сері,

Өнерқан жаралының енді бірі.
Қалғаны тозып қашқан сай-салаға,
Мұндайда жаны қайтіп қалсын тірі?
Жалаңаш әлгі төртеу, жалаңаяқ,

Екінші ай, он алтысы кешке таяп.
Оқ тиген, әм жаралы, көңіл қаяу,
Ойбайлап жылап кетті үйге таяп.
Жылаумен кейбіреуі естен танды,

Күйзелтті мына уақиға барлық жанды.

сарыаяқ
Көргенде бас айналып, жүрек айнып,
Жаралы адамдардан аққан қанды.
Адырбай қыстаған жер сол кездегі,

Шоқпар тас Башаңзының жол кезеңі.
Ауыл да хабар тапсын уақиғадан,
Бұрылсын төртеуіне сөз кезегі.
Айтайық толық шын сырды,

Сарыаяқ малғұн құтырды.
Кім бар, кім жоқ білмедік,
Матап қойып мол қырды.
Қарамай обал-сауапқа,

Көрмеді жанды шіл құрлы.
Бар адам қалды байлауда,
Жаутаңдап көзі жайнауда.
Бір-біріне қош айтып,

Сембей жағы сайрауда.
Қолынан келер шара жоқ,
Жаны іште қайнауда.
Түйе, сиыр, қой, жылқы,

Жауға кетті айдауда.
Адырбай кетті егіліп,
Көзінің жасы төгіліп.
Дөңгеленді дөңбекшіп,

Қабырға, қолы сөгіліп.

—Қайран елім, қазағым,

Қиынын көрдің қазаның.
Қалды ма тірі, қайтті екен,
Болды ма тосқан ажалың?
Бұйырды екен қалайша,

Сарыаяқтың мазағын?
Бейуазды қырған зұлымға,
Берер ме Алла зауалын?
Тізілген қаздай елім ең,

Жойылды неден сенімің?
Арманда қалдым ала алмай,

тарихи  жырлар
Болар істің сезігін.
Жаралып жан боп пәниден,
Осы ма көрген қызығым?!

Сызып па ең, Алла, әуелде,
Сагуге ажал сызығын?
Адырбай есін жияды,
Көзінің жасын тияды.

Қасындағы Оқанға,
Сонда мойнын бұрады.

—Көзімді басты қанды шел,

Ішімде қалды қайғы-шер.
Саған жұмыс тапсырам,
Оқан балам, бері кел.
Осы ма сорлы атаңның өлген жері,

Белгілі болған шығар істің жөні.
Алтынбек, Қатай, Бәкеш Ырдагуде,
Барып кел жіберді деп атам мені.
Отыр ғой Зыуи Дұйды солар ұстап,

Бар болса істің білер артық-кемі.
Бейуазды қынадайын қыратұғын,
Жоқ еді сарыаяқтың ата кегі.
Тапсырдым бұл жұмысты, балам, саған,

Түнде жүр, атың күйлі, болса шамаң.
Алтынбек, Қатай, Бәкеш бәрі білсін,
Бас қайғы мен ақылды қайдан табам?
Арқалап бұл міндетті мен де кеттім,

Тәуекел неде болса түнделеттім.
Тартпадым атым басын, суыт жүріс,
Үйіне Алтынбектің келіп жеттім.
Мен келсем барлық ауыл жатып қапты,

Суық қой түнгі жүріс, бәрі састы.

сарыаяқ
Сұрады:—Түнде қалай жүргенің?—деп,
Алтынбек жастығынан алып басты.
Мен айттым сол арада атам сөзін,

Атылып шапшаң мінез тұрған кезім.
Шошыды мына сөзді естіген соң,
Ұғылмай сасқалақтап айтқан сөзім.
«Япырым-ай, мынау неткен қиын іс» деп,

Алтынбек сүрте берді екі көзін.
Сөзімді ұққаннан соң жылап кетті,
Абайсыз төсегінен құлап кетті.
«Сарыаяқ аз қазақты құртады-ау» деп,

Егіле еңіреді асыл текті.
Қатай да мұндай істі ойламаған,
От болып қайғыланып күйіп кетті.

—Келіпсің, Оқан балам, түнде маған,

Амал не, қолдан келер бар ма шарам?
Аузында Ырдагудың Суланжаң бар,
Қасыңа Қатайды ертіп баршы соған.
Жойылып тәтті қиял бір кездегі,

Қасірет, қайғы бізді күлгізбеді.
Барып ек түн ортасы Суланжаңға,
Күзетші есіктегі кіргізбеді.
Болмаса келіп тұр деп біреу іздеп,

Суланжаңның құлағына тигізбеді.
Түн суық, қыстың іші аяз қатты,
Сақылдап иегіміз дірілдеді.
Ауғанда түн ортасы әрең жібіп,

—Рұқсат, енді ішке кірің,—деді.

Кеп тұрған қалың қырсық біздің сорға,
Кездестік Суланжаңға әрең-зорға.
Деді ол:—Екінші айдың он жетісі,
Алтынбек, Бәкеш келсін Жыңғылдыға.

тарихи  жырлар
Сен өзің дереу қайтып әкеңе бар,
Таңертең тосып тұрсын бізді жолда.
Үйіне Алтынбектің қайтып келіп,

Суланжаң тапсырмасын айтып бердік.
Ат міндім, атым жүрмей Алтынбектен,
Жөнелдім суыт жүріс тіпті, өктем.
Үйіме таң ағара әрең жетіп,

Әкемді ертіп алып және кеттім.
Алтынбек, Қатай, Бәкеш, Нұрахмет
Тұр екен Жыңғылдыда соған жеттім.
Осылай бұл Сагуге бәрі кепті,

Сарыаяқ жайын елді тентіретті.
Мәз-мәйрам өздерінше жырғап жатыр,
Ішіп-жеп, малды сойып, асып етті.
Кереге, уық, төсек бәрін шағып,

Кебеже, сандықты да отқа жағып.
Тастапты кесіп-кесіп киіздерді,
Бау, басқұр, түскиізді отқа салып.
Сөйлесті сол арада Алтынбектер

Сарыаяқ бастығына жақын барып.
Қайғының жолыққандай мол теңізі,
Болмады тоқтам сөздің бір негізі.
Бітіріп берген ісі Суланжаңның,

Сүйекті жерле деді он сегізі.
Бүйірі бұрылып тұр, амал бар ма,
Әйтпесе болмас па еді бір шешімі.
Суланжаң басы түгел, несі кетті,

Тоқтамы осы болып қайтып кетті.
«Өлікті ертең келіп жерлейік» деп,
Көрсетіп мені әскерге айтып кетті.
Істері «балық үндес, бақа тілдес»,

Қозғады онан ары қайғы, кекті.

сарыаяқ
Ол күні біткен іс жоқ, кетіп қалдық,
Үйге кеп тесе-күрек, сайман алдық.
Жиылып он сегізі, отыз адам

Өлікті жерлеу үшін қайта бардық.
Көрмеген мұндай істі түсімізде,
Қылатын бұл иттерге күшіміз не?
Қайғырып қамығамыз, аһ ұрамыз,

Мәсей, Біләл, Нұрмұхамет ішімізде.
Кешегі сөз бойынша келсек жетіп,
Сарыаяқ жұтқалы отыр тұр тағы бізді.
Салады-ау қан шеңгелін тағы да деп,

Жанынан қалған қазақ үміт үзді.
Жоқ олар ештемеден тартынары,
Барғызбай бізді өлікке ақырады.
Шама жоқ, тұрып қалдық иіріліп,

«Бері кел» деп сонда мені шақырады.
Әскермен жыбырлайды бөтен бір бет,
Жаныма еріп барды Нұрмұхамет.
«Қолында келгендердің мылтық бар ма,

Бар болса неше мылтық, доклад ет!
Жоқ болса мылтықтарың, өлікті көм,
Көміп боп үш сағатта бұл жерден кет».
Мен айттым: —Өлгендерді көмдіремін,

Шын болса рұқсатты бергендерің.
Бар болса бізде мылтық, мен жауапты,
Жабдығы көметұғын өлгендердің.
Дедім мен «үш сағаттан асырмайық»,

Тағы да қыра ма деп сөзден тайып.
«Өлікті үш-ақ адам тасисың» деп,
Ақырды маған қарап шақшырайып.
Амалсыз, айтқанына болад дедік,

Тұрған жоқ сұрқиялар сөзге сеніп.

тарихи  жырлар
Тасиын өлікті өзім дегенімде,
Белбай мен Нұрахмет шықты еріп.
Бір жерден он жетісін тапқан едік,

Айқасып қызыл қанға батқан өлік.
Ит пен құс, қарға-құзғын жемесін деп,
Өлікке туырдықты жапқан едік.
Өткенде біз қазақты кім аяды,

Байлаулы өлгендердің қол-аяғы.
Сүйрелеп жүрсе дағы ары-бері,
Кеткен жан мәңгі бақиға оянбады.
Не деген опасыз сұм мына жалған,

Жүрекке жазылмастай қайғы салған.
Туырдық өліктерден алынбайды,
Жабысып қанмен бірге қатып қалған.
Қансоқта арқан, жіптер шешілмейді,

Басқаға балта, шоттан кесілмейді.
Амалсыз қиған кезде былшылдатып,
Ауады көз қарайып есің кейде.
Малшынып қызыл қанға белуардан,

Не деген қалың қайғы арылмаған.
Кей жанды қанжар салып жарған екен,
Ішегі ақтарылып жерде қалған.
Жабысып бір-біріне қатқан өлік,

Тартсаң да екі жақтап айырылмаған.
Болмаса түзу өлген жақсы екен ғой,
Мынауың қиын болды-ау қайғы-зардан.
Құсыманның әйелінің ішін жарып,

Бар екен ұл баласы бөлек алған.
Тасағын кесіп алып сол баланың,
Мұрнына тығып қойған мына жазған.
Көбінің басын кескен қылышпенен,

Денеден бөлек жатыр домалаған.
Үш жасар Сағынғанды және жарып,
Тасағын оның дағы кесіп алып,

сарыаяқ
Өткізіп құлағына іліп қойған.
Осылай өлген жандар болып ғаріп.
Жер қатты қазылмайды, көңіл алаң,

Жер қазды түгел бәрі келген адам.
Көмілді бір шұңқырға бес-алтыдан,
Киіммен тастай бердік бәрін тамам.
Намазын Нұрмұхамет оқи берді,

Келетін мұнан артық қайда шамаң.
Дейтін бір түйе бар ед Асау атан,
Бір жолда соған арттық он бір адам.
Жерошақ қазған жерге әкелгенде,

Күшіне қайран қалды барлық адам.
Таңертең ерте келіп алысқанда,
Бітірдік әрең-зорға ақшам бола.
Осылай өліктердің бетін жауып,

Үңгірден және таптық екі бала.
Оқ тиіп жараланған Қатыранды,
Көтеріп қашып шыққан Қадыр бала.
Көтеріп бірін-бірі ел таба алмай,

Басына түсті-ау депті қайғы, сәна.
Екеуі бір үңгірде үсіп өлген,
Не деген қиын іс бұл, Хақ Тағала.
Тұрса да қол-аяғы тең байлауда,

Сызығы бітпегенге ажал қайда?
Ішінде өлгендердің тірі қалған,
Төрт жасар Жоспархан мен Нұржәмила.
Әскер кеп тексергенде найза салып,

Баласы қорыққаннан үндемеген.
Кеткен соң әскер ұзап бұл екеуі,
Малшынып қызыл қанға түрегелген.
Сенделіп қарды кешіп белуардан,

Ауылына Қабделқанның түнде келген.
Жаралы жаны қалған он үш адам,
Мал-мүлкі, басқалары түгел тамам.

тарихи  жырлар
Баспана, от жағатын халі де жоқ,
Тіріге тіпті батты мынау жаман.
Не болса жақсы-жаман бір көрем деп,

Әкеміз он үш жанды қолына алған.
Он үші бәрі бізге туыс болмас,
Ителі, шеруші де бәрі аралас.
Ішінде жәдіктер де болғанымен,

Олар да жақын туыс емес қимас.
Болса да қайсы керей—бәрі мұңлы,
Оларды жөнің тап деп қуған болмас.
Осылай үш ай тұрды біздің үйде,

Күйзелген барлығы да қиын күйде.
Солайша жалбызбалап күн кешірдік,
Тимеді қолымызға сынық түйме.
Ішіне талай жанның салып арман,

Барады кімнен өтпей мына жалған?!
Жаңа біз он үш адам деп айтқанбыз,
Кім екен енді айтайық тірі қалған.
Әуелде тірі қалған алтауы анық,

Оларды қажеті не қайтарарлық.
Айтайық енді қалған жетеуінің,
Ашалап бір-бір бастан атын жазып.
Райымқан, Құсыман, Қалел, Ахмет-ті,

Нұрғали, Бәтима мен Биғайша еді.
Айтылған әуелде алтау, міне жеті,
Жиыны осылайша он үш еді.
Болмаса бірер жарым, сауы да жоқ,

Барлығы сүйретілген жаралы еді.
Ісінен гоминданның торығасың,
Қайғының теңізіне жолығасың.
Мал-мүлкі шабылғанның қайда кетті,

Айтуға ол да еншілі орын алсын.
Бар еді қанша жылқы, қанша түйе,
Қой, сиыр бұларға кім болған ие?

сарыаяқ
Адамын аяқтаттық әрең санап,
Мал-мүлкін сөз ететін келді жүйе.
Жұртшылық көші-қоны болғаннан соң,

Бар еді осы ауылда жиырма түйе.
Емес қой мына сөздер қызық, күлкі,
Сәл кезек күте тұрсын үйдің мүлкі.
Басқасы қоя берсін жайылыста,

Бар еді дәл міністе он үш жылқы.
Әңгіме айта берсең қалың шиыр,
Он сегіз тұяқ кетті бірден сиыр.
Бар еді тоғыз үйде алты жүз ұсақ,

Қалмады тышқақ лақ—жалғыз тұяқ.
Мінеки, мұның бәрін анық білем,
Әкетті бұған қосып жеті кілем.
Қалмады киім, тамақ, баста пана,

Кішісі теңге-жүзік, моншақ, тана.
Он жеті және кетті қазақ сандық,
Машина киім тігер алты дана.
Кебеже жиырма екі, сырмақ сансыз,

Қанша екен кеткен нәрсе енді сана.
Түйені бірін қоймай күзеп алды,
Ойлашы, енді артында несі қалды?
Сойылған соғым үшін бес ірі қара,

Жиырма төрт ұсақ малы тағы бар-ды.
Жау тиіп алғаш жүкті түсіргенде,
Таласып итше етті бөліп алды.
Мылтықты қалай болса, солай шайқап,

Өлтірді көбін босқа тірі малды.
Кей малды сүйреп әкеп қорқыратып,
Қай жері болса содан пышақ салды.
Кескілеп жаны шықпай жатқан малды,

Қазанға терісімен әкеп салды.
Қираған қазан-ошақ, шыны-шәугім,
Тарпы жоқ қайда кетті, қайда қалды?

тарихи  жырлар
Баркөлден келмек дейді Тән Сыжаңды,
Мұнымен ере келмек бір туанжаң бар.
Баркөлдің әскерінің бастығына,

Айтсақ деп осыларға боламыз зар.
«Екінші ай жиырма үші барамыз» деп,
Сагуге сарыаяққа келді хабар.
Ұғысып өлгендердің ахуалын,

Сагуге жиырма үші келді бұлар.
Үйімнен ала шыққан бет-жүздікке,
Үш қасқыр, екі түлкі терісі бар.
Осылай арызымды айта келгем,

Сөзімді Қатай пәй боп айтып берген.
Шешімі сонда айтқан Тән Сыжаңның,
Баркөлден Қи Лианжаңды атып берем.
Разы боласың ба, Оқан, соған,

Екі мың доллар ақша қосып берем.
Басқа сөз мұнан өзге айтқаны жоқ,
Дүниеден сынық түйме қайтқаны жоқ.
Көрмедім, не болмаса, естімедім,

Баркөлдің Қи Лианжаңын атты ма, жоқ.
Тимеді бір тиын да қолымызға,
Әншейін сөз сияқты көңілге тоқ.
Осылай өтті талай шерлі заман,

Шешілмей әділет жоқ, айсыз заман.
Ісіміз әл болмады, сөз өтпеді,
Торығып, қойдық ақыр істі тамам.

Есімқан, Ырысқан
Әуелі сөз бастайын қалам алып,
Білгенді бір-екі ауыз хатқа салып.
Алтайда еркін жүрген заманында,

Бөлінбей аз қазақтың жүргені анық.
Шән келіп бұқараға үкім қылып,
Сұрады «мылтық тап» деп қыспаққа алып.
Патшамыз әділ ұстап тұрғанында,

Мұндайды кім ойлаған есіне алып.
Бүлікті қысылғаннан бастап алды,
Алтайда тыныштықпен жатқан халық.
Әуелі Мәнкей менен Қалелді алды,

Жетпістің төртеуінде кәрі шалды.
Шың дубан суретіне бас игізіп,
Қылмаған енді мұның несі қалды?
Шақыртты Қалмен менен Рахатты,

Талайдың біздің қазақ дәмін татты.
Қазақтың өз ішінен тәйни шығып,
Тексеріп ел арасын Құдай атты.
Баянбай, Байқадам мен Дөненді алды,

Бөкейқан, Жақсыбайға шынжыр салды.
Шіңгіл мен Көктоғайды кәрентіл қып,
Істерден сондай ауыр көңіл қалды.
Сайраған анық бұлбұл Ақыт, Қалман,

Күңіреніп қайран мешіт иен қалған.

тарихи  жырлар
Мешітті кеңес үй қып, Құранды өртеп,
Қылмаған енді оның несі қалған?!
Есімқан бұл қорлыққа шыдай алмай,

Сол күні шәннің басын кесіп алған.
Гоминдан тірі алды, Құдай алмай,
Бұзылды қорлыққа ел шыдай алмай.
Балта, сойыл, шоқпарын қолына ұстап,

Азамат қарсы аттанды жанын жалдай.

—Өлтірдік Көктоғайға келген шәнін,

Жіберіп жаһаннамға оның жанын.
Тәуекел,—деп аттанды азаматтар,
«Алланың көрелік,—деп,—не салғанын!».
Бұл заман болды осындай бұзғыншылық,

Жүректен мен сөйлейін әр мұңшылық.
Өкімет жоқты тап деп зорлаған соң,
Есімқан шәнді өлтіріп салды бүлік.
Немене айтып-айтпай іс өткен соң,

Ешкі бақырар қасқырдың тісі өткен соң.
Күндіз күлкі, түнде ұйқы көре алмадық,
Қаңтар мен үштің айы қыс өткен соң.
Ел барды өрлеп көшіп Өндірқара,

Қос тігіп жолда қалды бала-шаға.
Күн үшін аз мұсылман атқа міндік,
Бере гөр өзің жәрдем, Хақ Тағала!
Мылтықты сылтау қылып адам ұстап,

Толған соң көкірекке қайғы, сәна.
Қосылды ел Есімқанмен ақыл қосып,
Өрлетіп бірден-бірге қағаз сала.
Күдерін үкіметтен үзген халық,

Дайбиау кеткен тағы келмей жазда.
Ырысбек Сартоғайда елді шаппақ,
Кетті деп көшкен елді жерді таптап.

есімқан,  ырысқан
Құдайдың бұйрығына тоқтай ма деп,
Дін әскер қызыл қолмен кеттік қаптап.
Келген жау шыдай алмай қайта қашты,

Біздің жақ қызыл қолмен араласты.
Аз құрал жаудан тартып алып қалдық,
Құдай-ау, өзің оңда өңшең жасты.
Дайбиау Сарсүмбеден екі келді,

Кетпе деп мекеніңнен көшкен елді.
Жазбайын өтірікті сөз екен деп,
Уақиға бастан кешкен көзім көрді.
Келеді ұшып, талды соғып айроплан,

Дайбиау Сарсүмбеге қайтты жылдам.
Қорлығын гоминданның жазып беріп,
Айта бар бес шән жерге барып мұнан.
Дайбиау соныменен қайта берсін,

Көргенін өкіметке айта берсін.
Аллаға тәуекел деп көрейік біз,
Жүретін түзу жолға Алла жазсын.
Атыстық шығып одан Шағанірге,

Қосылды Шіңгіл елі бізбен бірге.
Кішітай бұл соғыста шаһид болып,
«Хор» түсті гоминданнан ол күн бізге.
Заставта атыс болды үш күн ұдай,

Құралды сонда берді Патша Құдай.
Зателбай Тоғайбаймен шаһид болып,
Дүниеде қайғы болмас, сірә, мұндай?!
Зақтыда тұман орнап, атыс болды,

Бұл соғыс Кербаланың соғысындай.
Бомбылап айроплан дүркін-дүркін,
Жаннан үміт болмады сонда шіркін.
Шаймұрат, Тәлкен, Жанабіл, Асқабылдар

Барлығы шаһид болып өтті бір күн.

тарихи  жырлар
Ақтеке жаралы боп кепті сонда,
Жау таяп бір жағынан жетті сонда.
Бастықтар ақыл айтар азайған соң,

Кемейіп ақылымыз кетті сонда.
Жүргізбей айроплан түнде көшіп,
Еру болмай түйенің қомын шешіп.
«Өткен соң шекараға тимейді» деп,

Бұлғынға тынықсақ деп түсті келіп.
Таң атты, Көмке, Тәнке жау да келді,
Тоқтатты сонда көшіп барған елді.
Атқылап екі жақтан өрт қаптатып,

Бастың деп рұқсатсыз біздің жерді.
Араға екі жақтан алғаннан соң,
Еркектер бет-бетіне қаша берді.
Мұса да қашты деген болды сарын,

Жазуға уақыт жоқ түгел бәрін.
Қайран ел жау қолында қалғаннан соң,
Ес шығып ақылымыз болды жарым.
Жер екен Қаптық деген осы барған,

Кейін қалып бала-шаға, болды арман.
Қайран ел, қайран мекен, қайран күндер,
Мұндай істі басымызға Құдай салған.
Қалдың-ау, қайран Алтай, сайраңдаған,

Ат мініп, қымыз ішіп жайраңдаған.
Тіріде көретін күн болар ма екен,
Құлаштап жүретұғын, қайран заман?!
«Алды жол адасқанның, арты соқпақ»,

Пендеге күн тумасын біздерге ұқсап.
Бұл жерде артымызды жияйық деп,
Сіресіп бүтін бір күн тұрдық тоқтап.
Қаптықта жатып алдық жиырма күн,

Қалқаның алмақ болып келуі шын.

есімқан,  ырысқан
Көріпті Кәкеш пенен Қапыш бұрын,
Шапқылап екеуі де келді бір күн.
Жау екен қалың адам мына келген,

Түсірді бәрін жалғыз Мұса мерген.
Сайыста бір-екеуі шаһид болды,
Күңіренді жолдастары қасына ерген.
Жыласып ол арада отырдық көп,

Тоқтау айттық өзара «қойыңыз» деп.
«Гансіңге биылғы жыл өте алмаймыз,
Енді қайда сандалып барамыз» деп.
Жарымы айтты:—Гансіңге өтеміз,—деп,

Айтты Есімқан:—Алтайға кетеміз,—деп.
Жанымыз қалған елден артық емес,
Қу жанды алып қашып қайтеміз?—деп.
Қарасты кітап ашып Мұхтасардан,

Қашқанда аз емес-ті бірталай жан.
Бұрынғы пайғамбарлар соғыс қылып,
Олар да біраздан соң қайта барған.
Бет алды ол арадан елге қайтып,

Екі күндей жол басып жеттік Бәйтік.
Еңіреп ел дегенде зар жылаймыз,
Көретін күн болар ма, енді қайтып?
Тынығып ол арада үш күн жаттық,

Бәйтіктің жайын жатқан елін шаптық.
Келіп едік ашығып, ат сойып жеп,
Жылатып мұсылманды «пайда» таптық.
Сол күні жеті айроплан тағы келді,

Жыладық «көрмедік,—деп,—қайран елді».
Дұрылдап кеп бомбаның астына алып,
Көк түтін бүркеп алды қара жерді.

тарихи  жырлар
Ақтеке жеті жерден жаралы боп,
Жарылды қасына кеп тастаған доп.
Күйзеліп жанның бәрі жабырқады,

Сұрады ахуалын жиылған көп.
Жаралы басқа тағы көп адам бар,
Кең дүние көзімізге көрінді тар.
Ақтеке атта әрең келе жатыр,

Әр адам өз жаны үшін қылады зар.
Қазықанұлы Қапсадық шаһид болды,
Жарандар, бір-бір бастан ұғынып ал.
Екі күн, екі түндей жатты сонда,

Уайым әр адамға батты сонда.
Сүрені «Әлһәмдулиллаһи» деп,
Шаһидтік дәрежесін тапты сонда.
Шаһидты арқанға артып келіп,

Қалып жатыр арықтап мінген көлік.
Екі күн күңіреніп еру болдық,
Жүретін Ақтеке жоқ қасына еріп.
Алланың пәрменіне амал жоқ деп,

Ырысқан уатады ақыл беріп.
Адам боп қалғанымыз құралайық,
Тәуекел іс қылайық Хаққа сеніп.
Мүсәпір біз бір жүрген осы кезде,

Құдай-ау, онда өзің қуат бер де.
Іліндік екі күнде Сартоғайға,
Тәуекел істің бәрі бір Құдай де.
Іліндік Шәкүртінің кеп бойына,

Көрінді бір топ адам анадайда.
Алыстан дүрбі салып жау ма десіп,
Кейбіреу барам десті сол араға.
Жігіттер шеруші екен онда жүрген,

Қосылдық сол арада сәлемменен.

есімқан,  ырысқан
Бір бастан естірттік шаһидтерді,
Жылады жанның бәрі қайғы жеген.
Тоқтатты Сүкең батыр көңіл айтып,

Есесін Құдай өзі берер деген.
Іліндік екі күнде Арғылтайға,
Жүретін бұрынғыдай заман қайда?
Үркімбай, Қымбылменен шаһид болып,

Біз шықтық түнде қашып Шағдол сайға.
Біз бардық онан қашып Қарашора,
Ат оттаттық тынығып ол араға.
Шалғырға келе сала атыс болып,

Қор түсті елу түйе біздің қолға.
Біздің жақ бұл соғыста аман болды,
Түзетіп ақылдасып жүрер жолды.
Қапсемет қашып кетіп, үгіт айтып,

Іріткі салған жері жаман болды.
Сүйекке таңба болды жаман қатты,
Шулаған бұл керейдің сөзі батты.
Қалманды Қажыменен ойына алмай,

Амал жоқ ұмытқан соң асыл затты.
Келе сап Көктоғаймен атыс қылдық,
Мойнында жүз баланың түгел мылтық.
Босатып аз ғана елді айдап шығып,

Аллаға мың мәртебе шүкір қылдық.
Жылады амандасып кәрі-жасы,
Құдай тілеу берер деп жанның бәрі.
Басына Көктоғайдың шықпайық деп,

Тауға таман қайқайдық одан ары.
Атыс қылып аз ғана ел жаздай жаттық,
Жау молайды күн сайын жанға батып.
Ырысқан, батыр Сүкең тұрғанында,

Келген жау кіре алмады бізге батып.

тарихи  жырлар
Атыстық сол арада ала жаздай,
Келіп тұрды жау дағы дамылдатпай.
Аралда аз ғана ауыл туысқандар,

Қалды деп арман қылдық қаны қызбай.
Доржыменен атыстық Ақбұлақта,
Қуат бер бір, Құдайым, өзің сақта.
Іс бітіріп біз мұндай жатқан шақта,

«Бүлінді» деп естідік Арал жақ та.
Зейнел кеп Көктоғаймен атыс қылып,
Жат хабар жіберіпті біздің жаққа.
Молқыны Көктоғайдан айдап шығып,

Тиісіпті арт жағынан біздің жаққа.
Қуанды Сайып тағы барайын деп,
Жүдеген қайғыменен уайым жеп.
Тапсырып бір Аллаға аманатын,

Хабарын өзім барып алайын деп.
Сонымен Арал жаққа жүріп кетті,
Бір қонып орта жолға барып жетті.
Бір жерден неде болса көрейін деп,

Үш күннен соң артынан хабар жетті.
Көшкен ел түсті келіп Қайыртыдан,
Ер, әйелі жиылған бірталай жан.
Келді деп ол араға естігенде,

Аттанды азаматтар дайын тұрған.
Ел келді Чіңгінің жағасына,
Дұспанның салма Құдай табасына.
Бәтима бомбы түсіп шаһид болды,

Бірге кетті өзімен баласы да.
Шығын жоқ одан өзге өтіп шығып,
Қайқайдық қара жолдың саласына.
Ерлерден біреу қалмай атқа мініп,

Келіп түстік жауменен араласа.

есімқан,  ырысқан
Жау келді Чіңгінің құйғанына,
Атысар аял қылмай тұрғаныңа.
Аралдан бес жүз кісі келді тағы,

Қосылып Мұхаммедтің ұранына.
Қарсы кеп амандасты батыр тағы,
Үстем боп келген екен жаулар жағы.
Аллаға тәуекел деп кіріп көрсін,

Болса да кімнің соры, кімнің бағы.
Ол күні тыныш жатты екі жақ та,
Болмағың жақсы-жаман берген бақта.
Түн ортасы болған соң атқа міндік,

Кірмек болып сиынып жалғыз Хаққа.
Бұрын соғыс көрмеген өңшең бала,
Батыр бастап келеді біздің сапта.
Қорға барып кірсек деп үміт қылып,

Төрт жақтан құйылдық егіс жаққа.
Бар екен бір биік тас орта жолда,
Жау келіп түскен екен біздің сорға.
Жауған қардай мылтықтың астына алды,

Пілимот құрған екен әкеп сонда.
Бар еді қолымызда біраз мырыш,
Патшаға қарсы тұру үлкен жұмыс.
Түн ішінде жер жүзі қызыл от боп,

Кез болды бақытымызға осындай іс.
Таң атты біраздан соң жер көрініп,
Мұндайда жалқаусиды кім ерініп.
Биікке тұман орнап атыс болды,

Отырдық әрбір жаққа үш бөлініп.
Атысқа батыр жалғыз шығып тұрды,
Басқалар беттей алмай бұғып тұрды.
Окоптан көрінгенін атып салып,

Түбіне жаһаннамның тығып тұрды.

тарихи  жырлар
Тоқтарбай бір жағынан атып тұрды,
Қылп етіп көрінгені жатып тұрды.
Бомбысы асып тұрды басымыздан,

Самарқан шаһид болды қасымыздан.
Қайғырып жанның бәрі жылап кетті,
Бет жудық көзден аққан жасымыздан.
Батыр да көп жылады жолдасым деп,

Қайғыға ер жүдей ме уайым жеп?
Тоқтатты өзін-өзі сыр білдірмей,
«Алдынан періштелер оңдасын» деп.
Атысты жалғыз өзі қайта барып,

Ызасын жолдасының көңіліне алып.
Шықпаған соң ұран сап жақын барып,
Окоптан қуып шықты айғай салып.
Қасқырдай қойға шапқан жалғыз кетті,

Қайратын бойға жиып қатуланып.
Артынан бара алмадық бірде-бір жан,
Шыға алмай бұқты айналып қалың халық.
Ел олжаға жатқандай талас қылып,

Қайтып келді бірталай мылтық алып.
«Артымнан бірде-бірің келмедің» деп,
Мылтықты жерге соқты ашуланып.
Көрмегенге болады-ау мақтан сөзім,

Бәріне анық ішінде жүргендердің.
Шаһидтерден шапағат бола ма деп,
Хатқа салып азырақ баяндадым.
Жақыпбек шаһид болды қарауылдан,

Шығып ед талап қылып бір ауылдан.
Ішіне көк түтіннің жалғыз кірді ол,
Қалыпты аман-есен кейінгі жан.

есімқан,  ырысқан
Жиылдық Астаушаға кешке таман,
Жау десе қалшаңсыған о да жаман.
Жаралы болған екен бес-алты адам,

Осындай халмен шықтық ол арадан.
Ол күні Астаушаға қалдық жатып,
Мініп жүрген көлікті дамылдатып.
Таң атып күн жайылған уақытта,

Кеп қалды айроплан дүр-дүр қағып.
Айналды жарты күндей бомбы тастап,
Бір іске салған шығар Құдай бастап.
Ел аман мекенінде жатыр еді,

Басынан Алайғырдың қайтып аспақ.
Ол күні жад қашты деп қайтып кеттік,
Келмес деп қырылған соң үміт еттік.
Қобдадан Қамқаш тағы келген екен,

Жайлауға отыра алмай көшіп кеттік.
Жататын бие байлап Сайқымбұлақ,
Бір қонып Қуаршаға келіп жеттік.
Сол болды қалың жаудың келген жері,

Құралды Құдайымның берген жері.
Халқы үшін дін мұсылман қарсы шауып,
Жаулардың өлген жайрап осы жері.
Жау келді жол астымен тарта шыға,

Жазыққа қонған екен ел де шыға.
Байқамай елдің шетін басып қапты,
Жарандар, тыңдап отыр сөзімді ұға.
Ести сап батыр барып атыс қылып,

Қуғын сап қырған екен қайта тыға.
Ертоқыммен мыңдай ат қалған екен,
Қашыпты Тіремеге жаяу шыға.
Зиядан шаһид болды біздің жақтан,

Қоспайын артық сөйлеп ешбір жақтан.

тарихи  жырлар
Жігіттің әр талабы бір өзінде,
Батыр еді қамалға қарсы шапқан.
Дүниенің опасызын білгеннен соң,

Шаһидтік дәрежесін барып тапқан.
«Он аққуға бір басшы» дегендейін,
Шықпайды ондай жігіт біздің жақтан.
Алланың бұйрығына амал бар ма,

Айырылдық осылайша амал жоқтан.
«Лә иләһа илла Алла» деп иман айтты,
Бір ауыз сөз айтпады дүние жақтан.
Шаһидке Патша Құдай жазған болса,

Көретін күн болар ма жұмақтан?
Қақаша шаһид болды бала жастан,
Айтайын келсе шама бір-бір бастан.
Бұл соғыста Ақтайлақ шақабайдан,

Шаһидтік дәрежеге араласқан.
Апардық Ашалыға жауды қуып,
Кей жерде қан ағыпты жолды жуып.
Еш ниет көңілінде жамандық жоқ,

Опасыз дүниеден көңіл суып.
Сол жерден мылтық түсті мыңға таяу,
Тау-тасқа сіңіп кетті кейбір жаяу.
Арманда өлгендердің орны толмай,

Көңілге осы жері болды қаяу.
Жау келді Көктұмсық пен Ақбұлақтан,
Араға алмақ болып екі жақтан.
Жау қашып азаматтар аман болды,

Түскенін есеп қылсаң болар мақтан.
Қайыспай қарсы шығып баратұғын,
Талапты жігіт шықты әрбір жақтан.
Қалың жау Ышқынтыны өрледі деп,

Тағы да хабар келді Зейнел жақтан.

есімқан,  ырысқан
Оспан барып атысып жатыр екен,
Сақтапты Тәңірім аман тиген оқтан.
Соғысты бізден бұрын салған екен,

Біздің жақ қарауылды алған екен.
Бұл жолы бес-алты адам шаһид болды,
Дүние баяны жоқ жалған екен.
Он бес мылтық, жүз түйе түсті қолға,

Елу атар қызыл жапон келді мұнда.
Бәрін түгел айтуға хал келмейді,
Бет алыс жаман емес осы жолда.
Ел сонда Табелшір барған еді,

Қарауыл сай-салаға салған еді.
Бет алып келген жауға қарсы тұрып,
Алланың қуатымен алған еді.
Ырысқан көп ойлайды мекен жерін,

Далада шаһид болған талапты ерін.
Құрметті мұндай жерде жүрсе дағы,
Шіңгілдің теңемейді бұған бірін.
Сиынып дін ислам әруағына,

Шығарып алмақ болды қалған елін.
Ол кісі сапарында жүре тұрсын,
Айтайық дайбиаудың келген жерін.
Бұқат бейсі, Жанымқан, Рахат кеп,

Бітімінің теп-тез ғана болған жерін.
Тәйжі келіп халыққа үгіт айтып,
Әділдік Шың дубаннан көргендерін.
Қазынадан қанша ақша жәрдем келіп,

Таратып нашарларға бергендерін.
Жасасын жаңа үкімет, әділ дубан,
Теңдікті он төрт ұлттың көргендерін.
Дубан да келген екен көремін деп,

Көзбенен көріп анық білемін деп.

тарихи  жырлар
«Құйыршық» тоқтамайтын секілдене,
Не тілесе, тілегін беремін деп.
Шың дубан келген екен пыланменен,

«Құйыршық» кетті деген ұранменен.
Бастығын бұл керейдің жиып алып,
Ант қылып, тоқтам жасап Құранменен.
Дубан да өз заңынша берген ант,

Бұл түзім бастықтардың бәріне анық.
Адамдар тұтқындағы түгелденіп,
Мекенге тарап қонды біздің халық.
Мұнымыз өлең болсын деген емес,

Қысқаша бастан өткен бұл бір тарих.
Естіген, үлкен-кіші, сөге көрме,
Қалды ғой арасында талай парық.
Жақсылар мұнан былай аман болсын,

Қайырлы келешекте заман болсын.
Жамағат, кешірім ет қате болса,
Көрген іс осы арада тамам болсын.

Ғ Ы Л Ы М И

Қ О С Ы М Ш А Л А Р

Томға енген мәтіндерге түсініктеме

АРҚАЛЫҚ БАТЫР

Дастан Қытайға қараған қазақтар арасында өткен ХІХ
ғасырдың соңынан бері аңыз, жыр, тарихи әңгіме түрінде
айтылып келген. Шығарманың сюжеттік фабуласы Ал­
тай қазақтарының аймақ бастығы Әжі төре Көгедайұлы мен

ұранқай-дөрбіт халықтарының билеушісі Ежен ханның жер­
гілікті елге көрсеткен зорлық-зомбылықтарына қарсы шыққан
Арқалық батырмен арадағы қақтығыстарға құрылған.
Дастанның

сюжеттік
құрылымы
біршама
тартымды,

қарапайым, жатық тілмен қазақтың он бір буынды қара өлеңімен
өріліп, дәстүрлі жыршылық мақамға бейімдеп шығарылғаны
байқалады. Әсіресе жырдың кіріспесі мен оқиғалардың кезек­
тесу тұстарында бас кейіпкердің өз атынан баяндау тәсілі де

шығарма шырайын кіргізе түскен.
«Арқалық» немесе «Арқалық батыр» дастаны Шыңжаң
қазақтарының ғана емес, біздің Қазақстанның өз өлкесінде
де кең таралған халықтық шығарма, фольклорлық туынды.

Жырдың алғашқы шығарушысы мен жырлаушысы белгісіз
болғанмен, оны арғы-бергі көптеген халық ақындары өз репер­
туарына енгізіп, ел арасына тарата айтып жүрген. Алғаш рет
дастан оқиғасы негізінде пьеса жазып, оны 1924 жылы Семей

қаласында сахналаған көрнекті қазақ драматургі—Жұмат Ша­
нин.
«Арқалық батыр» дастанының ілкі жырлаушыларының
бірі—белгілі халық ақыны Иса Байзақов. Одан кейінірек тағы

бірін ел арасынан шыққан дарын Саяділ Керімбеков (18951954) жазып алып, өз репертуарына енгізеді. Сондай-ақ осы Иса

ақын нұсқасын Саяділдің орындауынан естіп, көшіріп, жырды

тарихи  жырлар
одан әрі дамыта жырлаушының бірі алматылық жыршы Ертай
Құлсариев (1982-1959).
Әрине, түп-төркіні бір бұл нұсқалардың өзара ұқсас, үндес

жақтарымен бірге мәтіндік және мазмұндық ерекшеліктері
де жоқ емес. Атап айтқанда, Ертай нұсқасы—75 бетті құраса,
Иса-Саяділ варианты—47 бет шамасында. Екі нұсқадағы
кісі аттары да аздаған өзгеріске түскенін көреміз. Жырдағы

Арқалықтың моңғол досы Еділдің есімі—Діңгіл болса, Әжі
ханның уәзірі мен Ежен ханның қызының аттары да нұсқада
екі түрлі айтылған. Бұған қоса, Ертай жырлаған «Арқалық»
дастаны оннан аса тарауға бөлінсе, Иса-Саяділ нұсқасында бұл

әдіс жоқ.
Осы тектес мәтіндік, сюжеттік ұқсастықтар мен ерекше­
ліктер Шыңжаң өлкесінде Алтай-Тарбағатай аймағының
қазақтары арасында тараған «Арқалық» дастанының бірнеше

нұсқасына да тән. Бір қызығы, олардың біразы Қытай елінен
Қазақстанға оралған жыршы, жинаушылар арқылы өз Отаны­
мызда кеңінен мәлім болды. Бұл қатарда Шығыс Қазақстан
облысы, Тарбағатай ауданының қазағы, халық ақыны Ер­

жан Ахметовтің (1879-1967), Алтай өлкесінің Қобық-Сау­
ыр аумағында туған ақын-жыршы (кейін Қазақстанға көшіп
келген) Сұлтан Мәжитұлы, сондай-ақ арғы беттегі қазақтар
арасында 30 жылдай өмір сүріп, елге қайта оралған тағы бір

қандасымыз—Сағидолла Нұралин жырлаған нұсқаларды
атауға болады.
ҚР БҒМ ОҒК-нің сирек қоры мен М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ-
дің Қолжазба орталығында «Арқалық батыр» жырының мына­

дай нұсқалары сақталған: 1. Арқалық батыр. ОҒК: Ш.546, 1-дәп., араб әрпінде. Жи­

наушысы
және жыршысы—Ертай Құлсариев. Қолжазба
көлемі—75 б. 1938 жылы Алматы облысы, Іле ауданында жа­
зылып алынған.

2. Арқалық батыр. ОҒК: Ш.725. Айтушысы—Иса Байзақов.

Жинаушысы—Саяділ Керімбеков. 1945 жылы Алматы облы­
сы, Қаскелең ауданында жазылып алынған.

3. Арқалық батыр. ӘӨИ: Ш.194, 5-дәп., араб әрпінде.

Жыршысы—Ахметов Ержан. Қолжазба 1958 жылы Шығыс
Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шілікті кеңшарында
жазылған.

ғылыми  қосымшалар Библиографиясы: Арқалық батыр // Батырлар жыры. 2-том. (құрастырғандар: М.Ғұмарова, О.Нұрмағамбетова, Б.Уахатов). Алматы: Жазушы,1961, 213-282 б.б., 401-405 б.б. 4. Арқалық батыр. ӘӨИ: Ш.330, 7-дәп. Жыршысы—Сұлтан Мәжитұлы. Жинаушысы—Абылай Түгелбайұлы. Қолжазба 1963 жылы М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ ұйымдастырған әдебифольклорлық экспедиция барысында табылып, қорға өткізілген (экспедиция мүшелері: Т.Қанағатов, Т.Бекхожина). Көлемі - 43 б. 5. Арқалық батыр туралы. ӘӨИ:Ш.330 (1967 жылғы Шығыс Қазақстан экспедициясының материалдары). 1964 жылы Марқакөл ауданының Горный кеңшарында жазылған. Жыр­ шысы—Сағидолла Нұралин. Көлемі—88 б. «Арқалық батыр» дастанының бұлардан басқа Қытайға қарасты Шыңжаң Ұлттық Автономиялық республикасы (ШҰАР) көлемінде кең тараған әлденеше үлгілері, нұсқалары яки вариациялық көшірмелері бар екені белгілі. Олардың ең бастылары ретінде 1980 жылы Іле аудандық «Шалғын» журна­ лында жарияланған Сұлтан Мәжитұлының, осы жылы аталған басылым бетінде жарыққа шыққан Асқар Татанайұлының, 1983 жылы «Мұра» журналының №3 санында жарық көрген Жұмажан Әбілғазыұлының, сондай-ақ 1991 жылы «Ал­ тай қазақтарының қисса-дастандары» жинағында басылым көрген Қайса мен Дөнештің жинаған нұсқасын (Іле Халық ба­ спасы, 335-374 б.б.) және 1992 жылы «Қап ауданының қиссадастандарының» 1-кітабында Кемелхан Мәженұлы, Қаппас Ашубайұлы, Шәмен Исаұлы жинап, жүйелеп бастырған нұсқаларын атаған жөн. «Бабалар сөзі» сериясының бұл томына «Арқалық» дастанының «Мұра» журналында жарияланған Жұмажан Әбілғазыұлы нұсқасы ұсынылып отыр.

С. Қосан

ЕР ЖӘНІБЕК

«Ер Жәнібек» дастанының үш түрлі нұсқасы бар. Олардың
екеуі Қазақстан аумағында туып, таралған болса, енді біреуі
көрші Қытай мемлекетінің құрамына кіретін қазақ жұртынан

тарихи  жырлар
шыққан жыршы, жыраулар мен ақындардың жырлауы­
нан жазылып алынған. Ең бір назар аударарлық нәрсе, осы
нұсқалардың бір-біріне еш ұқсамайтындығы дер едік.

Мәселен, ОҒК сирек қорында (Ш.778, 3-дәп.) сақталған
көлемі 88 беттік қолжазба жырдың атауы «Батыр Жәнібектің
өлеңі» деп аталған. Жырлаушысы—белгілі халық жырауы,
әрі жинаушы Орынбай Тайманов (1875-1946). Жинаушы­

сы—шымкенттік Омарбай Малқаров (1908 ж.т.). Мұнда негіз­
гі оқиғалар желісі сонау XVІ-XVІІ ғасырлардың шамасында
өтеді. Дастандағы бас кейіпкер Жәнібек—сол дәуірде қазақ
жұртын билеген әйгілі хандарымыздың бірі. Бұл—дастаннан

гөрі эпостық жыр үлгісіне құрылған және тарихилық белгілері
болғанмен, ертегілік мотивтері де мол шығарма. Қолжазба әлі
күнге дейін зерттеліп, жарияланбаған.
Екінші бір нұсқа (ОҒК: Ш.585, 1-дәп.) «Шақшақұлы ер

Жәнібек» деп аталады. Жыршысы—халық ақыны Иман­
жан Жылқайдаров (1882-1974). Көлемі 72 беттен тұратын бұл
дастанның тақырыбы—жоңғар шапқыншылығы тұсындағы
қазақ батырларының жанкешті ерлігі, сол ерлердің бірі

Шақшақ Жәнібектің Отан қорғау жолындағы ерен еңбегі,
қажыр-қайраты жырдың басты өзегіне айналған.
«Жәнібек батыр» жырының үшінші нұсқасы, негізі­
нен, Қытайдағы қазақтар арасында кең танымал. Профес­

сор О.Егеубаевтың айтуынша, жергілікті Алтай аймағының
қариялары дастанды шығарады, ал таратушы—Жәнібек
батырдың бесінші ұрпағы Ыбырай деген кісі. Ол «Ер Жәнібек»
дастанын 1927 жылы Тарбағатай өңірінде жүргенінде жазып

шығарған екен. Бұл мәліметтер жыршының:

Тектемей ата тегім неге жатам,

Оқырман, түзетіңдер болса қатам.

Сұрасаң, атым—Ыбырай, руым—сары,

Болады ер Жәнібек бесінші атам,— дейтін сөздерімен толық үйлесетіндіктен, біз де осы пікірді қуаттаймыз. Тек бір нәрсенің ара-жігін дұрыс аңғарған абзал. Шындығында, алдыңғы нұсқалардағы Жәнібектің бірі—хан, екіншісі арғын руының шақшақ аталығынан өретін Қошқарұлы Жәнібек болса, үшінші нұсқада жырланатын бас кейіпкердің

ғылыми  қосымшалар
ата-тегі керей ішінде он екі ата абақтан тарайтын, Жантекейдің
алты ұлының біреуі, кенжесі Сарының ұлы Бердәулетке ба­
рып тіреледі. «Алма-ғайып заманда ел қорғау қамында жор­

тып жүрген Шақшақ Жәнібек батыр Алтайдың бауырын жай­
лап жатқан керей Бердәулет деген тұстас, замандасының үйіне
түссе, үй егесінің әйелі толғатып жатыр екен. Аман-есен ұлды
болған отбасы қарт Жәнібектің батасын сұрайды. Сөйтіп, ке­

рей Бердәулет батырдың болашақ батыр ұлы әйгілі қолбасшы,
Абылай сұлтанның оң қолы болған Шақшақ Жәнібек батырдың
батасын ғана алып қоймай, оның есімін де иеленген екен-міс»
дейді ескі ел әңгімесі. Әрине, осының бәрі дастанның кіріспе­

сінде айтылып өткен.
Соңғы нұсқа 1991 жылы Алтай аймағы «Шіңгіл ауданының
қисса-дастандары» атты жинағында жарияланған. Қолжазбаны
баспаға тапсырушы осы ауданда Жәнібек батырдың өз қара

шаңырағына ие болып отырған ұрпақтарының бірі—Шәдет
Мырзахметұлы.
«Бабалар сөзі» сериясының Қытайдағы қазақ фольклоры­
на арналған кезекті томына енгізіліп отырған «Ер Жәнібек»

дастанының мәтіні аталған нұсқадан әзірленіп берілді.
С. Қосан

ТӘУТІК БАТЫР

Дастан кейіпкері Тәутік батыр—ХІХ ғасырдың бас кезін­
де Қытайға қарасты Алтай өңірінде жасаған адам. Өзі қарадан
шыққан қас батыр ретінде жұртқа даңқы кең жайылып, ерлігі
аңызға айналған. Ол өзі тұтас өмірін туған халқының ұлттық

мүддесі мен ел намысын қорғауға арнап, «аттан түспей, бел
шешпей» үнемі жортуылда күн кешкен жаужүрек азамат бол­
са керек. Ақырында жергілікті зұлым үкіметтің жендеттері
аңдып жүріп, батырды қолға түсіреді де арнайы темір кебе­

жеге отырғызып, аяқ-қолына кісен салып, Үрімжі түрмесіне
апарып қамайды. Ел аузындағы деректі аңыздарға қарағанда,
батырды абақтыда жатқан жерінде асқан айуандықпен азаптап
өлтірген.

«Тәутік батыр» дастаны Қытайдағы қазақтар арасында ер­
теден айтылып, жыр-дастанға айналған, жергілікті жыршы,
ақындардың репертуарына енген халықтық шығармалардың

тарихи  жырлар
бірі. Авторы, яки шығарушысы белгісіз. Айтушысы—Алтай
аймағы, Буыршын ауданының беделді тұрғыны, 52 жастағы
Бердіхан Жапайұлы. Одан жазып алып баспаға ұсынушы—

үкімет қызметкері—Бәйтен Ахметұлы. 1991 жылы Шыңжаң
аймағына қарасты «Буыршын ауданының қисса-дастандары»
атты кітапта жарияланған.
Дастан мәтіні Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті 27-

томына аталған кітаптан алынып отыр.
С. Қосан

ЖАҚЫПБЕРДІ БАТЫР

Дастанда ХХ ғасырдың бас кезінде «хан тұқымы» деген
жала жабылып Қытайға ауған қазақтардың көрген қорлық­
тары суреттеледі. Осы қуғын-сүргін жылдары жергілікті үкімет
албан руынан шыққан Жақыпберді батырды алдап қолға

түсіріп, түрмеге қамайды. Ату жазасына кесіледі. Жақыпберді
батырлығымен қоса ақын адам болған болуы керек. Дастанды
батыр өлер алдында өзі шығарған делінеді. Бұл шығарманың
өзге жырлардан өзгешелігі—мұнда бас кейіпкердің туып-өскен

ортасы, ерліктері, қарсыластары туралы айтылмайды. Тек қана
Жақыпберді батырдың өз туғандарының өзін ұстап бергендігі,
қуғында көрген қиыншылықтары баяндалады. Сондықтан да
бұл шығарма батырдың өлер алдында айтқан монолог-зары,

ұрпаққа аманаты іспетті.
Батырмен бірге болған, өлім жазасынан аман қалған неме­
ре туысы Әуезхан дастанды жазып алып, ел арасына таратқан.
Сонымен қатар Іле аймағының тұрғындары Әләжі Байтекеұлы,

Тұрсынәлі
Қунақұлы,
Жұмахан
Рысмендеұлы

сынды
жыршылардың орындауынан жазып алғандар—Дәулетбек
Қаңбақұлы мен Мүсілімбек Сарқытбайұлы. Жыр 1990 жылы
«Нылқы ауданының қисса-дастандары» атты жинақтың 2-кі­

табында жарық көрген. Қазақстанда тұңғыш рет жарияланып
отыр.
Томға аталған жинақта жарияланған мәтін алынды.
Ж. Салтақова

ғылыми  қосымшалар

БОҚЫ БАТЫР

Жырда тарихи тұлғалардың кездесуіне қарағанда, Боқы ба­
тыр ХІХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген болуы мүмкін. Ол
елін қорғап, жаумен алысқан атышулы батыр болмаса да, өз
аймағына даңқы жайылған ер азамат болғаны жырда жақсы

көрініс тапқан. Боқы батыр жаралы қалпында жеті күн су астын­
да жатып, ажалдан аман қалып, елін тауып, дұшпандарынан
кек қайтарады. Оны өлтіруге ешкімнің шамасы келмей­
ді. Қарсыластары бал ашып, оның «ақ жұлын батыр екенін,

жұлынын қимаса өлмейтінін» біледі. Батырдың жұлынын бір­
неше жерден қиып, асқан қатігездікпен өлтіреді.
Бұл жыр Алтай аймағы ғана емес, Гансу өлкесіндегі қазақтар
арасында да кеңінен тараған. Есімі бірқатар өлең-жырларға

арқау болған Боқы батырды 1947 жылғы Махмұт пен Тұрқан
ақынның айтысында «Тумап па еді батыр Боқы көк жұлын боп»
деп өлеңге қосқан.
Шығарманың алғашқы жырлаушысы ұмыт болған. Жа­

рияланып отырған нұсқаны Алтай аймағы, Шіңгіл ауданы,
Ағашұба ауылының тұрғыны Жидәй Нұғыманұлының айту­
ынан сол ауданның мәдениет отауының қызметкері Шәйпіл
Аштарұлы жазып алған. 1991 жылы «Шіңгіл ауданының қисса-

дастандары» атты жинақта жарық көрген. Томға осы жинаққа
енген нұсқа алынды.
Ж. Салтақова

БӨКЕ БАТЫР

Бұл жырды «Бөке ауған» деп те атайды. Қытайдағы қазақ
фольклорын
жинаушы,
профессор

О.Егеубаевтың
берген
мәліметі бойынша, «Дастанның төрт нұсқасы мәлім. Бөке ба­
тыр жергілікті биліктің озбырлығына шыдамай 1880 жылдары

600-ден астам шаңырақты бастап, Алтай өңірінен Боғда тауы­
на көшеді. Артынан үкімет адамдары қуғындайды. Батырдың
соңынан ерген ел Памир, Қарақұрым, Гималай тауларынан Ти­
бет өңіріне, одан Будан, Секкім елдеріне босады. Жол бойындағы

қырғында 550-дей үйдің оты өшіп, 50 шақты ғана түтін
қалады. Бөке батыр құсадан дүние салады. Қуғыншы әскери

тарихи  жырлар
топ батырдың қабірін ашып, басын кесіп алып, қалған елді
зорлықпен Үрімжіге қайтарады. Елді қорқытып, қарсылықты
басу үшін Яң билеуші Бөкенің басын көшеге орнатылған биік

ағаш басына ілдіріп қояды».
Жырды осы күнге жеткізуші—Кәпсал қария. Мәтіндегі де­
рек бойынша, Шәкей деген молла жырлаған, одан Теміржан
ақын жаттап алып ел арасына таратады. Жырлаушылар мен та­

ратушылар туралы қолымызға толыққанды мәлімет түспеді.
«Бөке батыр» жыры 1992 жылы «Үрімжі ауданының қисса-
дастандары» атты кітапта жарияланған. Томға енгізілген жыр
мәтіні осы кітаптан алынды.

Ж. Салтақова

ЖАНТӨКЕШ

Жырдың авторы мен айтушысы белгісіз. Шығарма сюже­
ті ХІХ ғасырдың ортасы, ХХ ғасырдың басында Қытайдағы
Үрімжі қаласына қарасты Еміл өңірі қазақтарының басы­
нан өткен әр түрлі тарихи-әлеуметтік оқиғалардың негізінде

құрылған. Дастандағы басты тұлға—найман руының ішінде
Шотай деген аталықтан өрген Жантөкеш атты ірі бай, беделді
би. Жыршының мақсаты шет аймақтағы қазақтардың арасынан
оза шауып, көршілес торғауыт, дөрбіт, қытай шенеуіктерінің

озбырлығына қаймықпай қарсы тұрып, елдің есесін жібермей,
ұлтының ата салтын, діні мен ділін берік ұстаған Жантөкеш би
мен оның Қонжа, Сахаба секілді ұлдарының елдік іс-әрекеттерін
ұрпаққа үлгі етіп, ұлт рухын көтеру екендігі жырда айқын

көрініс тапқан.
Дастанда Қонжамен бірге белгілі қазақ ақыны, сазгер Әсет
Найманбайұлының да көрініс беруі—шығарманың тарихи-
әдеби ажарын айшықтай түскен.

Дастан бұрын жарияланып, зерттелмеген.
Бұл томға әдебиеттанушы, профессор О.Егеубайұлы жинап,
тапсырған қолжазба негізінде дайындалды.
С. Қосан

ғылыми  қосымшалар РАМАЗАННЫҢ ҚИССАСЫ Жырдың шығу тегі, мезгілі, негізгі шығарушысы беймәлім. Авторсыз халықтық туындының бірі. Жыр сюжетіне, оқиғалардың өткен уақытына қарағанда, дастанның дүниеге келген мезгілі шамамен ХХ ғасырдың 30-60 жылдары болуы ке­ рек. Өйткені дастанда суреттелген бірқатар тарихи жағдаяттар 1940-46 жылдар аралығында өтеді. Оған:

1945 жылы қайта өтті ауыл-аймақ,

Сиынды, масайрады «а, Құдайлап».

Гоминдан түгел қашып кеткеннен соң,

Қуанды ел-жұрт түгел гүл-гүл жайнап,—
деген шумақтағы мәліметтер де куә.
Тарихи деректерге қарағанда, өткен ғасырдың 40-шы жыл­
дарында Қытайға қарасты ұлттық аймақтарда бірнеше халық

толқулары өткен. Жергілікті ұлттар аз уақыт азаттық алып, ел
еңсесін көтерген кездер болған. Міне, «Рамазан қиссасында»
осы дүрбелең дәуірде Алтай-Сауыр өлкесіндегі қазақтардың
арасында Шәріпхан, Бұқат, Мәліш, Дәлелхандар бастаған ұлт-

азаттық қозғалысының кейбір белгі-суреттерін сезіну қиын
емес. Сонымен бірге, дастанда қиын кезеңде қоян-қолтық өмір
сүрген қазақ, ұйғыр, моңғол т.б. халықтардың өзара ынтымақ-
достық қатынастары да шынайы бейнеленген.

Дастанды алғаш жырлаушылардың бірі—Салиха Сақаұлы.
Ол кісіден Кемелхан Керімбайұлы деген жергілікті қиссашы
көшіріп алып, ел арасына кең таратқан. Әйтсе де, кейінгі саяси
науқандар тұсында Кемелхан қолжазбасы жоғалып кетіп, ара­

да біраз уақыт өте келе, яғни 1980 жылдары өзі еске түсірген
дастан сұлбасының негізінде қайта жырлаған.
«Рамазанның қиссасын» аталған кісіден естіп, қағазға
түсірген—жергілікті

мәдениет
отауының
қызметкері
Жұмажан Әбілғазыұлы. Дастан алғаш рет 1991 жылы «Жеме­

ней ауданының қисса-дастандары» жинағында жарық көрген.
Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті томына енгізіліп
отырған «Рамазанның қиссасы» баспаға жоғарыда аталған
нұсқа бойынша әзірленді.

С. Қосан

тарихи  жырлар

САРЫАЯҚ

Жырда 1945 жылы жергілікті үкімет шабармандарының
«шаш ал десе, бас алып» тыныш жатқан қазақ ауылын қырып
кеткені туралы айтылады. Бұл жыр «Қырғын» деген атаумен
де ел арасына кеңінен тараған. Шығармада қуғын көрген ел-

жұрттың қайғы-қасіреті, мұң мен зары жырланады. Әсіресе
жоқтаулар мен жылаған жандардың зары өте көркем берілген:

Қайран елім, қазағым,

Қиынын көрдің қазаның.

Қалды ма тірі, қайтті екен,

Болды ма тосқан ажалың?—деген жолдар соның
дәлелі.
Бей-берекет қырылған ел азаматтары әділдік іздеп беделді
адамдарға жүгінгенімен де ешқандай көмек болмайды.

Дастанның жырлаушысы—Құмыл аймағы, Баркөл ауданы­
ның тұрғыны Ысқақ Дүйсенұлы. Ысқақ Дүйсенұлы жырлаған
«Сарыаяқ» жыры 1993 жылы «Баркөл ауданының қисса-да­
стандары» атты екі томдық жинақтың бірінші кітабында жарық

көрген. Бұл томға жырдың осы жинақта жарияланған нұсқасы
алынды.
Ж. Салтақова

ЕСІМҚАН, ЫРЫСҚАН

Жыр оқиғасына өзек болған—ХХ ғасырдың бас кезінде
Қытайдың Алтай аймағындағы Көктоғай ауданында ұлттық
теңсіздік пен жеке басқа табынушылыққа қарсы халықтық
күрес. Күресті бастаған Есімқан, Ырысқан атты батырлар.

Үкімет тарапынан әділеттілік күткен халық қуғын-сүргінге
ұшырайды. Жергілікті билік иелері қарапайым халықты қан
қақсатады.
Шығарманы осы оқиғаларды басынан кешкен, 1940 жылы

дүниеден өткен Тоқтамағзам атты жыршы жырлаған. Ел ара­
сына кеңінен тараған бұл мұраны Қазым Әлменұлынан жазып
алған—Қасыла Ілиясұлы. 1992 жылы «Бурылтоғай ауданының
қисса-дастандары» атты жинақта тұңғыш рет жарияланған.

ғылыми  қосымшалар
Осы оқиғаны жырлаған «Қан кешу» атты тағы бір дастан бар.
Екі шығарманың да кейіпкерлері, оқиғаның болған жері бірдей.
Бұл жырдың жарияланып отырған нұсқадан айырмашылығы—

жыршы оқиғаны, кейіпкерлерді жан-жақты, кеңінен суретте­
ген. «Қан кешу» дастаны 720 жол болса, «Есімқан, Ырысқан»
жыры 422 жолдан тұрады. «Қан кешу» дастанын 1946 жылы
Ақыт Үлімжіұлының немересі Мөнен Ақытұлы жырлаған де­

лінеді. Одан 1990 жылы Жажын Жақашұлы жазып алған.
1992 жылы «Бурылтоғай ауданының қисса-дастандары» атты
жинақта жарияланған.
Томға аталған жинақта жарық көрген «Есімқан, Ырысқан»

нұсқасының мәтіні беріліп отыр.

Ж. Салтақова

Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер Алла (Аллаһ)—ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей, жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі. Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес»*. Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразы­ лап, біреулерін—жұмаққа, енді біреулерін—тозаққа жібере­ ді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед [с.а.с.]**—Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиыр­ ма үш жылда толық түсті. Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген­ дікті білдіруге болады Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырым­ды­ лығын т.б.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық * Құран Кәрім. 112—«Ихлас» сүресі. ** С.а.с.—салла Аллаһу аләйһи уас салам: «Алланың жарылқауы мен қолдауы пайғамбарымыз Мұхаммедке» деген тілек сөздің қысқартылған түрі. Хазірет Мұхаммедтің атына жалғаса айтылып, жазылады.

ғылыми  қосымшалар
(жаратушы), Шариф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі),
Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б.
Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу акбар, Әлхамдулилаһи,

Сұбхан Алла сөздерін отыз үш реттен айтып, тәсбих тастарын
санамалау арқылы жүзеге асады.
Абылай, Әбілмансұр (1711-1781)—ұлы мемлекет қайрат­
кері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі

бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз Жәнібек, Жәңгір
ханның бесінші ұрпағы. Тарихи деректер, аңыз-жырларда
Абылай хан үш жүздің әміршісі ретінде ардақталады. Қазақ
халқының жадында Абылай хан қажырлы мемлекет қайраткері,

батыл қолбасшы ретінде сақталып келеді.
Арқалық батыр (����������������������������������

XVІІІ �����������������������������

ғ. аяғы—��������������������
XІX ғ. басы���������
)—жоңғар
шапқыншылығына қарсы соғыста даңқы шыққан батыр. Абақ-

керей төресі Әжі Көгедайұлына наразы топты бастаған. Бұл
күресте оған қалмақтың Қарамерген, Қоңқа деген батырлары
қосылған. Арқалық батыр туралы ел аузында аңыз, әңгімелер,
жырлар көп сақталған.

Асан қайғы Сәбитұлы (�������������������������

XІV ����������������������

ғ. соңы—�������������
XV ғ. басы) —
мемлекет қайраткері, би, жырау, би, философ. Керей мен
Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Кейінгі ұрпақ «әулие»

деп танып, Ш.Уәлиханов «көшпенділер философы» ретінде
бағалаған.
Асан қайғы өзі өмір сүрген кезеңдегі жер-су, жайылым, қо­
ныс үшін қақтығыстар мен қайшылықтарды реттеу, ел-жұрты­

ның хал-ахуалын жақсарту мақсатында хан алдында өзінің
«ымыраға келу теориясын» ұсынған. Ол іздеген «Жерұйық»—
шұрайлы қоныс қана емес, елі-жұртын сыртқы жаулардан
қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқын тарих

сахнасында сақтап қалу арманы. Елі мен жұртының болашағы
туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық Асан қайғы
деп атаған.
Әли, Ғали—Оспаннан кейін билік басына келген төртінші

әділетті халифа. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың
немере інісі, әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу ба­
ласы. Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан,
алып күш иесі. Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып

қалатын болыпты-мыс. Фольклорлық туындыларда оның
зұлпықар, қамқам, самсам деген үш қылышы болғаны айты­

тарихи  жырлар
лады. Әлидің есімі көптеген шығыс шығармаларында, оның
ішінде діни дастандарда жиі ұшырасады. Әдетте, хазірет
Әли сол дастандардың басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр,

халықтың қамқоршысы, мұсылмандардың қорғаны, бетке
ұстар қаһарманы ретінде көрінеді. Дастандарда Әли өткен
замандарда атақты Рүстемнің өзі жеңе алмаған жауларды
жеңген деп дәріптелген.

Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Қайдар», «Арыс­
лан», «Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тір­
кесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз әдебиеті
үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды тұлпардың

нышанына айналған.
Әсет Найманбаев (1867-1922)—Шығыс Қазақстан облы­
сында дүниеге келген. Көрнекті ақын, әнші, сазгер. Ескіше
оқып, сауат ашқан. Жастайынан ән салып, ел ішін көп аралаған.

«Мақпал», «Ағаш аяқ», «Қисмет» т.б. таңдаулы әндердің авто­
ры. 1922 жылы Құлжа қаласында (ҚХР) қайтыс болған.
Бөгенбай Ақшаұлы (1680-1775)—қазақ халқының жоңғар
шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерек­

ше рөл атқарған батыр, қолбасшы. XVІІІ ғасырдағы қазақ
батырларының жасы үлкен ақсақалы. Сондықтан оны халық
аңыздарында ардақтап «қанжығалы қарт Бөгенбай» деп атап
кеткен.

Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)—әнші, компози­
тор, ақын. Қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыка­
сын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі
тұлға. «Теміртас», «Ләйлім», «Бурылтай», «Жамбас сипар»

т.б. көрнекті әндердің авторы.
Жәнібек хан (XV ғ. басы-1470 ж.)—қазақ хандығының
құрылу үрдісіне толық қатысып, басшылық еткен тарихи
тұлға. 1457-58 жылдары туысы Керей ханмен бірге қазақ

хандығы­ның негізін қалаған. Керей ханнан соң 1465-1470
жылдардың басына дейін қазақ хандығын билеген.
Жәнібек
Қошқарұлы

(1693-1652)—қазақ
халқының
жоңғар
шапқыншылығына

қарсы
азаттық
күресінің
қаһарманы. Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге

келген. Абылай ханның тұсында қол бастап, ханның негізгі
кеңесшілерінің бірі болған, ел басқару және мемлекетаралық
қатынастарға белсене араласқан. Жәнібектің қазақ даласының

ғылыми  қосымшалар тұтастығы мен елінің еркіндігі жолындағы ерен еңбегі үшін 1743 жылы 11 шілдеде Ресей патшайымы Елизавета Петровнаның жарлығымен «Тархан» атағы берілді. Жүсіп—Зылиха—шығыс халықтарына кең тараған «Жүсіп—Зылиха» атты әдеби-фольклорлық шығармалардың бас кейіпкерлері, махаббат пен сұлулық символы. Қабанбай Қожағұлұлы (1692-1770)— Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінде ерекше ерлік көрсетіп, та­ лантты қолбасшы ретінде аты шыққан батыр. Азан шақырып қойған есімі—Ерасыл. 1717 жылы Аягөз шайқасында ерекше көзге түсіп, Қабанбай батыр атанады. Бірнеше шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналған. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін «Дарабоз» атанды. Оның өмірі мен ерлік күресі Бұхар, Ақтамберді, Үмбетей, Дулат, Тәтіқара т.б. ақын-жыраулардың шығармаларына арқау болған. Қазыбек Келдібекұлы (шамамен 1667-1764 ж.)—қазақ халқының XVІІ-XVІІІ ғасырларда жасаған үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы туралы ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден қалған шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, ба­ тыл да батыр адам болғандығын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбек биді орта жүздің бас биі етіп сайлаған. Қызыр [Қыдыр баба]—аңыз бойынша, Алла мәңгілік өмір берген қасиетті киелі тұлға, көптеген шығыс халықтарының, сондай-ақ қазақ мифтерінде, фольклоры мен діни аңыздарында жиі кездесетін архаикалық бейне; оның есімі Ілияс [а.с.] пайғамбармен қосарлана айтылады. Қызырдың генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық зерттеліп айқындалмаған. Кейбір ғалымдар Қызыр бейнесін көне архаикалық түсінік, көзқарастармен байланы­ стырып зерттесе, ал кейбір ғалымдар ислам ықпалымен пайда болған деп түсіндіреді. Қызыр туралы әрбір халықтың сана­ сында ғасырлар бойы қалыптасқан түсінігі бар. Қазақ фоль­

тарихи  жырлар
клорында Қызыр баба—ел аралап жүрген ақ киімді, адам бей­
нелі әулие, адамға қамқоршы, бақыт, дәулет беруші, әр түрлі
қиындықтардан қорғаушы.

Майқы би—аты аңызға айналған тарихи тұлға, атақты
би, шешен. Майқы би есімі қазақтардың шығу тегі жөніндегі
көптеген аңыздарда жиі кездеседі және Дешті Қыпшақта түркі
қауымдарының негізін құрушы ретінде ұдайы айтылады.

Халықтық әдет-ғұрып, салт, жол-жоралғысын заңдық қағидаға
айналдыруда Майқы бидің алатын орны ерекше. Майқи би түрік
халқы әлі бөлінбей тұрған кезде өмір сүріп, әділдігімен, шешен­
дігімен жалпытүркілік қайраткер дәрежесіне дейін көтерілген.

Оны өзбек, татар, башқұрт, қарақалпақ халықтары да өз биі
деп есептейді.

Сөздік* Абырон /о/—оборон— қорғаныс, қоршауда қалу Ажырғы—масқаралау үшін мойынға кигізілетін мойын­ тұрық Айроплан /о/—аэроплан, ұшақ Ақырет /а/—діни ұғым бойынша, бұл күні қияметтің бо­ луы, Алладан өзгенің жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатындығы анық. Пенделер тірі кезінде істеген күнәларына жауап беретін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса, Алланың жақсылығын сезіп, ауыр болса, қабір азабын тартатын күн; о дүние, ақырзаман, дүниенің соңы. Алакет шаниа—егінші; қойма бастығы Амбы /мәнжу/—шен, билік атауы; лауазым; Қытайдың Чиң патшалығы тұсында он мың түтіннен елу мың түтінге дей­ ін басқаратын әскери әкімшілік шен. Ал бағынушы халықтар үшін тек лауазымдық шен болған. Әлһамдулилаһи, ә����������������������� лхамдулла, әлхамдулилла /а/—даңқ­ тың бәрі Аллаға! Құранның бірінші «Фатиха» сүресінің бірінші аятының алғашқы екі сөзі; бұл сөз тіркесі «Аллаға шүкір» де­ ген мағынада да қолданылады. Әлует—жойқын күш, қуат Әнбия /а/—�������������� пайғамбарлар �[нәби сөзінің көпше түрі] Әреке—бәлелі бүлік, лаң Әуірей—көңілдің желігі Бажы—салық Бардам—күйлі, әл-қуатты Бән /қ/—топ; топтасу * Басқа тілдерден енген сөздердің бірнеше мағынасы болуы мүмкін, сондықтан мәтін мазмұнына байланысты беріп тұрған мағынасын ғана сөз етеміз.

тарихи  жырлар Бәнд /п/— шынжыр Бейуаз /п/—жазықсыз, кінәсіз; бейбіт Бисмилла, бисмиллаһи /а/—Алланың атымен. Мұсыл­ мандар әрбір игі істі, әрекетті осы сөзбен бастайды. Гоминдан—Қытайда болған ірі компрадорлық буржуазия мен ірі помещиктердің партиясы мүшесі Гүң /мәнжу/—он мың түтіннен жоғары елді басқаратын мансап атауы. Гүңсі /мәнжу/—бұйрық жазылған қағаз Геген /моңғ./—тек дін қағидаларымен өмір сүретін адам Ғапыл, қапыл /а/—қапы болу, білмеу, байқамау, аңқау­ лық Ғаріп, кәріп /а/—бейшара, мүсәпір, міскін; кәріп, шарасыз, бейшара, жарымжан Дазыхұй /қ/ — бас қолбасшы Дайбиау /қ/— өкіл Дарың /мәнжу/—қожайын Доклад /о/—баяндама Дутың /қ/—аймақ әкімі Жазы /қ/— сөре; қондырғы Жамағат /а/—жиналған топ, халық, жұрт Жиңжүн /қ/—сардар, қолбасшы; генерал Жаппар, Жаббар /а /—ұлы, құдіретті; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі Жаһил /а/—надан, білімсіз Жөткеу—алмастыру; ауыстыру Закон /о/—заң, ереже Залың /мәнжу/—ауыл бастығы; лауазым Застав /о/—застава—сақшылар тұратын әскери орын Зәңгі /мәнжу/— шен, билік атауы; старшина Зиын—зейін Зұрған /мәнжу/—әкімшілік аймақ; елді мекен Инаяттау—тіл тигізу; балағаттау Калош /о/—кебіс; мәсінің сыртынан киетін сулық Кәрентіл /о/—карантин Керіш—топырақ; құмы қатып қалған жер қыртысы Көзір /қ/—қылмысты адамның қолына салынатын кісен Қабағат /п/—орасан, керемет; өте Қаймал—қалыңмал

ғылыми  қосымшалар
Қормал—жанашыр, қамқор адам
Құбатам—абақты, түрме
Маншанақ—темір мен тасты араластырып, жас теріге тігіп,

қатқаннан кейін арқанға байлап, шумақтап алып, атпен шауып
жүріп, найзаға жақын жоламай, жауды ұрып өлтіретін қару
Матқапы—қысылтаяң, қарбалас
Мауетек—жағымсыну, жағымпаздану

Мәлі /ұйғ./—ауыл; қыстақ
Мәула /а/—ие; қожайын
Мизам—заң, ереже; қыркүйек айының ескіше атауы
Мұхтасар /а/—қысқаша; аз көлемді; ислам қағидалары

қысқаша жазылған кітап
Мүбәда /п/—егер, алда-жалда
Нашанлік /о/—бастық, басқарушы
Окіл /о/—медициналық ине; укол

Оңшау—түзету, жөндеу
Пәй —жарна
Пәйжаң /қ/—взвод командирі
Пәруардигар /п/—Жаратушы, Жасаған, Құдай

Позаңзы (пожаңзы) /қ/—торсылдақ; салют
Пылан /о/—жоспар
Пілимат /о/—пулемет
Рахман /а/—аса қамқор; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі

Санат /а/—құрметті, дәрежелі, атақты. Мәтіндерде әскер
мағынасында берілген.
Сөтке /о/—тәулік
Тағала /а/—бәрінен жоғары, ұлық; Алла Тағаланың 99

есімінің бірі.
Тамам /а/—соңы, аяғы
Тәйжі /мәнжу/—мың түтінді басқаратын лауазым иесі
Тәйни /о/—жансыз; тыңшы

Тәмсіл /а/—мысал; өнеге; ғибрат
Торжағұн /а/—жұрдай болу; құрту; жою
Уаң /қ/—хан, төре
Ұрқы —тегі, тұқымы; ұрпағы

Үкірдай /мәнжу/—болыс дәрежелі лауазым атауы
Хақ Тағала [Тағала /а/—бәрінен жоғары, ұлық]—ең
жоғары мәртебелі, Ұлық Алла; Алланың 99 есімінің бірі

тарихи  жырлар
Халал, алал/а/—шариғат бойынша ұлықсат берілген;
заңды; некелеп алған; таза; адал; жарамды
Шаһид, шейіт /а/—ислам діні жолында қасиетті соғыстарда

қаза болған адамдарды шаһид, яғни шейіт деп атайды
Шән /қ/—аудан бастығы
Шерік /моңғ./—әскер; сарбаз, жауынгер
Шомбал—кір жуу, жуыну

Шүршіт—ерте кезде қытайлықтарды осылай атаған; қара
қытай
Шың дубан /қ/—Шың —адам фамилиясы; дубан —ең зор
билеуші деген мағынада

Чүйжаң /қ/ — аудан басшысы
Ыштаб /о/—штаб
Ілгідай /мәнжу/—лауазым иесі

Жер-су атаулары Ақмешіт—қазіргі Қызылорда қаласының орнында болған басқыншы қоқандықтардың бекініс орны. Бекініс орыс әскерлері келген кезден Перовск порты болып аталған. Қазан төңкерісінен кейін Ақмешіт аты қайта берілді. 1925 жылы оған Қызылорда аты беріліп, 1929 жылға дейін Қазақстанның аста­ насы болған. Алатау—Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінің аумағында орналасқан тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы т.б. жатады. Алтай—Алтай тау жүйесі. Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Гималай—Тибет таулы қыраты мен Үнді-Ганг жазығы аралығында орналасқан жер бетіндегі ең биік тау жүйесі. Ертіс—Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Объ өзенінің сол саласы. Қазақстан жерінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. Құлжа—Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы ауданындағы қала. Іле Қазақ автономиялы облысының орталығы. Қызылқұм—����������������������������������������� Сырдария мен Әмудария аралығындағы құмды алқап. Қырым—Еуропаның оңтүстігіндегі түбек, Қара теңіздің ку­ рортты, әсем жағалауларының бірі. Қытай—Шығыс және Орталық Азиядағы мемлекет. Қытайда 1 миллионнан аса қазақтар тұрады. Памир—Тәжікстан республикасының Таулы Бадахшан аймағында орналасқан таулы аймақ.

тарихи  жырлар
Тарбағатай—Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан және
Балқаш-Алакөл ойыстары аралығындағы тау жотасы.
Тибет—Орталық Азияда орналасқан ең биік және аумақты

таулы қырат.
Тянь-Шань (қытайша Аспанмен тілдескен тау)—Орта
және Орталық Азиядағы тау жүйесі.
Шәуешек (қытайша Дачән)—Қытайдағы былғары, ағаш

өңдеу кәсіпорындары бар қала.
Іле—Қазақстан (Алматы обл.) және Қытай (ШҰАР) жерін­
дегі өзен.
Үрімжі

(қытайша
Дихуа)—ҚХР-дағы
қала.

ШҰАР

орталығы. 400 мың шамасында халқы бар.

Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Әбілғазыұлы Жұмажан—1935 жылы ҚХР, Алтай аймағы,

Жеменей аймағында дүниеге келген. Жоғары білімді. Жеменей
аудандық Мәдениет мекемесінің қызметкері. Қазақ ауыз әдебиет
үлгілерін жинаушы, зерттеуші. Бірнеше өлең жинақтары
жарық көрген ақын. «Мұхаммед—Қанафия», «Түсіпхан»,

«Арқалық», «Ер Кешубай», «Жиенбай батыр», «Демежан»,
«Сақари», «Рамазанның қиссасы», «Мұңлы қыз» т.б. ауыз
әдебиеті үлгілерін ел аузынан жинап, жүйелеген. 1991 жылы
«Іле Халық» баспасынан жарық көрген «Жеменей ауданының

қисса-дастандары» атты екі томдық жинақтың бас редакторы
қызметін атқарған. ШҰАР фольклоршылар қоғамының және
Жазушылар одағының мүшесі.
Егеубаев Оразанбай—1935 жылы Қытайдың Шыңжаң

өлкесі, Шағантоғай ауданы, Ойқұдық ауылында дүниеге кел­
ген. Қытайдағы әсіре солшылдық, «Мәдениет зор төңкерісі»
нәубеттерінде 1958 жылдан бастап саяси қудалауға ұшыраған.
1980 жылы түбегейлі ақталған. Қытай мемлекетінің мәдениеті

мен өнеріне үлес қосқан ғалым, жазушы, ҚХР фольклортану­
шылар қоғамының мүшесі.
Қаңбақұлы Дәуітбек—ҚХР, Іле ауданы, Нылқы ауданын­
да туған. Жоғары білімді. Нылқы аудандық мәдениет отауының

қызметкері. ШҰАР Жазушылар одағының, ҚХР фольклоршы­
лар одағының мүшесі. Жастайынан ауыз әдебиеті үлгілерін
мол жинаған. «Ғазірет Әлі мен Дариғаның күресі», «Нұғман—
Нағым», «Пұрақ баланың хикаясы», «Мұхаммед—Қанафия

қиссасы», «Сұлтан патшаның қиссасы», «Ұры мен жолба­
рыс» т.б. ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған. Олардың кейбірін
жүйелеп, жариялаған. 1990 жылы Іле газеті баспасынан баспа

тарихи  жырлар
бетін көрген «Нылқы ауданының қисса-дастандары» атты екі
томдық жинақтың бас редакторы.
Сарқытбайұлы Мүсілімбек—белгілі айтыс ақыны. Халық

қиссаларын жатқа айтып таратушы, жинаушы. «Күн астындағы
Күнекей қыз», «Қыз Жібек», «Нүсіпхан қиссасы», «Ағаш ат»
сынды дастандарды жинап, жариялаушы. ҚХР, ШҰАР фоль­
клоршылар қоғамының мүшесі және осы салалар бойынша бір­

неше мәрте қызмет озаты.

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
/а/—араб

/қ/—қытай
/моңғ./—моңғол
/о/—орыс
/п/—парсы

/т/—түркі
/ұйғ./—ұйғыр

Пайдаланылған әдебиеттер 1.  Бабалар сөзі. Жүз томдық. Хикаялық дастандар. 9-том.

Құрастырғандар: А. Ақан, Б. Әзібаева, Ж. Рақышева. Мәтін­
дерге ғылыми түсініктеме жазған Б. Әзібаева.—Астана: Фоли­
ант, 2004.

2.  Бурылтоғай ауданының қисса-дастандары.—Күйтін: Іле

халық баспасы, 1992. 3.  Буыршын ауданының қисса-дастандары.—Іле Халық ба­

спасы, 1991. 4.  Жеменей ауданының қисса-дастандары. 1-кітап.—Іле

Халық баспасы, 1991. 5.  Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том.—Алматы, 1960. 6.  Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы.—Алматы: Мектеп,

1998. 7.  Нылқы ауданының қисса-дастандары. 2-кітап.—Іле газе­

ті баспасы, 1990. 8.  Шіңгіл ауданының қисса-дастандары.— Іле халық баспа­

сы, 1991. 9.  Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.—

М., 1968.

10.  Древнетюркский словарь.—Л., Наука, 1969. 11.  Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы­

лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.—
Алматы: Дайк-Пресс, 2001.

12.  Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 13.  Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған

І.К. Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 14.  «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия.—Алматы: «Қазақ

энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1998.

тарихи  жырлар 15.  Персидско-русский словарь. Под ред. Ю. А. Рубинчика.

І-ІІ т.—М., 1970. 16.  Татарско-русский словарь.—М., Советская энциклопе­

дия, 1966. 17.  Турецко-русский словарь.—М., Русский язык медиа,

2005.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова Мини­
стерства образования и науки РК продолжает работу по подго­
товке и изданию очередных томов Свода казахского фольклора
«Бабалар сөзі», выполняемого в рамках государственной про­

граммы «Мәдени мұра»(«Культурное наследие»).
По состоянию на сегоднящний день институтом подготовле­
но и издано 26 томов фольклорных текстов, в том числе: оди­
надцать томов новеллистических дастанов, семь томов дастанов

религиозно-нравственного содержания и семь томов дастанов
романического (любовных) содержания.
Предлагаемый вниманию читателей 27-том свода включает
в себя фольклор казахов, проживающих в Китае. В Китае про­

живает около полутора миллиона казахов. Волею судьбы ока­
завшиеся на чужбине, они сохранили свой язык, обычаи и фоль­
клор. В репертуаре тамошних сказителей сохранились почти
все сюжеты общеказахского эпического, сказочного, песенного

и др. творчества. Наряду с ними бытуют сюжеты, возникшие в
других историко-социальных условиях.
Данный том включает в себя поэмы (жыр) историческо­
го содержания, это такие произведения, как: ������������

«Арқалық»,
«Ер Жәнібек», «Тәутік батыр», «Жақыпберді батыр», «Боқы
батыр», «Бөке батыр», «Жантөкеш», «Рамазанның қиссасы»,
«Сарыаяқ», «Есімқан, Ырысқан».

Их сюжеты в основном сложены по следам региональных ле­
генд и преданий. Всего планируется подготовка и издание не­
скольких томов образцов фольклора казахов, проживающих в
Китае.

В соответствии с принципами издания «Бабалар сөзі»
том снабжен научными приложениями, которые включают

тарихи  жырлар в себя: сведения о публикуемых текстах; краткий историкофольклористический и текстологический анализ их; данные о исторических и религиозных деятелях, имена которых встречаются в текстах; словарь древнетюркских, арабских и персидских слов, терминов и понятий религиозного характера, а также географических названий; сведения о сказителях, собирателях и публикаторах; список использованной литературы; резюме на русском и английском языках. Тексты, печатаемые в данном сборнике в свое время издавались в Китае. При этом они, к сожалению, подверглись в определенной степени, редакции, литературной обработке. Это происходило, по всей вероятности, как на стадии записи текстов от исполнителей, так и в процессе переписки рукописей (возможно неоднократной), а также и в ходе подготовки текстов к изданию. Вместе с тем в них сохранены особенности фольклора казахской диаспоры Китая. В Казахстане все тексты данного тома публикуются впервые. Объем тома—22 п.л.

Summary M.O.Auezov Іnstіtute of Lіterature and Arts, Mіnіstry of Ed­ ucatіon, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on pre­ paratіon and publіshіng of the volumes of hundred volume serіes «Babalar sozy» іn the frame of the State program «Medenі Mura» («Cultural herіtage»). By present tіme the Іnstіtute staff have prepared and publіshed 26 volumes of folklore texts іncludіng: eleven volumes of novelіst­ іc dastans, sіx volumes of relіgіous-moral content and fіve volumes of romantіc (love) dastans. The proposed 27th volume іncludes folklore of Kazakh people who lіve іn Chіna. About mіllіon and a half Kazakh people lіve іn Chіna. Hіstorіcally іt happened so that Kazakh people have left to Chіna, lіved there and preserved theіr natіve language, customs and folklore. The repertoіre of the narrators have preserved alm­ ost all plots of common Kazakh epіc, tale, song and other creatіve work. Alongsіde wіth them there the plots that have orіgіnated іn new condіtіons, іn a dіfferent envіronment. Thіs volume іncludes dastans of hіstorіcal content such as «Arkalyk», «Er Zhanіbek», «Tautіk batyr», «Zhakypberdі batyr», «Bokі batyr», «Boke batyr», «Zhantokesh», «Ramazannіn kіssa­ sі», «Saryayak», «Esіmkan, Іrіskan». Some of theіr plots are based on regіonal legends and tales. Іn total іt іs planned to prepare and publіsh several volumes of the sa­ mples of folklore works of Kazakh people lіvіng іn Chіna. Accordіng to the prіncіples of the edіtіon «Babalar sozі» the vo­ lume has scіentіfіc supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts and theіr versіons; brіef hіstorіcfolklore and textologіc analysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous fіg­ ures whose names are mentіoned іn the texts; vocabulary of the old Turkіc, Arabіc and Persіan words, terms, notіons and geographіc

тарихи  жырлар names; data on narrators of folk tales, collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. Texts publіshed іn thіs volume have been publіshed іn Chіna. Regretfully they have been subject to edіtіng and lіterary proce­ ssіng. Possіbly thіs happened both on the stage of recordіng texts from the narrators and іn the process of re-wrіtіng of the manuscr­ іpts (possіbly several tіmes) as well as durіng preparatіon of the te­ xts for publіshіng. However they have preserved the peculіarіtіes of the folklore of Kazakh people who lіve іn Chіna. Іn Kazakhstan all texts of thіs volume are beіng publіshed for the fіrst tіme. Volume іncludes 22 p.p.

Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Арқалық батыр� .................................................................... 9 Ер Жәнібек� ......................................................................120 Тәутік батыр� .....................................................................141 Жақыпберді батыр� ............................................................199 Боқы батыр� ......................................................................210 Бөке батыр� .......................................................................227 Жантөкеш� ........................................................................241 Рамазанның қиссасы� .........................................................263 Сарыаяқ� ...........................................................................277 Есімқан, Ырысқан� ............................................................305 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................321 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................332 Сөздік ..............................................................................337 Жер-су атаулары ...............................................................341 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................343 Шартты қысқартулар ........................................................344 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................345 Резюме ............................................................................347 Summary ..........................................................................349

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 27 том ИСТОРИЧЕСКИЕ ПОЭМЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова Редакторы Ұ. С. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген З. Тоқсанбаева Компьютерде беттеген М. О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген �������������� «������������� Баур��������� » �������� баспасы ИБ № 2132 Теруге 20.01.06 жіберілді. Басуға 2.02.06 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі ����������������������������������������������� «���������������������������������������������� Мектептік������������������������������������� ». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 22. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № . «Фолиант» баспасы 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «Фолиант» баспаханасында басылды 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙