Кемел Тоқаев шығармалары 2 том
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Кемел Тоқаев
ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 Қаз-44 Т 52 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді. Құрастырған Жақау Дәуренбеков Тоқаев К. Шығармалары: (роман) – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2018.
ISBN 978-601-251-137-6 Т.2. – 2018 – 384 бет. ISBN 978-601-251-126-0 Көрнекті қаламгер Кемел Тоқаевтың бес томдық шығармалар жинағының 2-ші томына «Соңғы соққы» романы берілді. Туындыда Жетісу өңіріндегі жиырмасыншы жылдардың от-жа лынға оранған күреске толы күндері кеңінен сипатталады. Ширық қан сюжетке құрылған кең ауқымды шығармада ел мен жер үшін күрескен тағдырлар тұлғасы дәуір мен деректің шындығы тұрғы сында көркемдікпен суреттеледі. Романның оқырманды бей-жай қалдырмасы сөзсіз. ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 Қаз-44 ISBN 978-601-251-126-0 © Тоқаев Кемел, 2018 ISBN 978-601-251-137-6 © «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2018 Т 52
Қаламдас лебізі Аты да, таланты да Кемел – «Ұнатқан қызыңды бетінен сүйіп көрдің бе? – Былай қолынан ұстағаным болмаса, сүюге ұялатын мын...» Бұл диалог әскери училищені бітіруіне оншақты күн қалғанда емтихан тапсыруларына да рұқсат берілмей майданға аттанып бара жатқан екі қазақ жігітінің арасында болған әңгімеден. Бірінің есімі фамилиясымен аталатын – Мейірманов, екіншісі өз атымен аталатын – Мұхамед. Жазушы Кемел Тоқаевтың «Солдат соғысқа кетті» деген романының (1983) кейіпкерлері. Кемел Тоқаев 1923 жылы 2 қазанда туған. Соғыс басталған 1941 жылы жайнаған жас – он сегізді қаусыруға бет алған-ды. Менімен бірге орталау мектептің 5-інші класында Мүшән деген бозбала жігіт оқып жүрді. Бойы сырықтай, бұзау ортасында жүрген өгіздей көрінетін. Бұның да жасы Кемелге қарайлас, он сегіз, он тоғыздарда болатын. 1941 жылдың маусым айында оныншы класты бітірген қыз-жігіттермен бірге түні бойы той тойлады да, ертеңіне военкомат повесткасымен соғысқа аттанды. Кемекең романынан жаңағы диалогты оқығанда оның өзі де, жаңағы Мүшән туыс та ғашықтық жұмбағын шешу былай тұрсын, бар жастығын окопта, қан кешіп жүріп өткізді-ау деп ойлайсың. Жас Кемел болса, «жығылсаң нардан жығыл» дейтіндей ала-бөтен қырғын – Сталинград окопынан бір-ақ шықты. Сондықтан орыс жазушысы Виктор Некрасовтың «В окопах Сталинграда» деген романы сияқты Кемел Тоқаевтың соғыс туралы туындысы окоптан жазған репортаждай оқылады. «Оңтүстік батыс жақ тұтасқан қызыл тозаң...»
(«Жазушы», 1983, 49-50 беттер). Жас солдаттың Сталинградтың алаулаған қызыл жиегін көрген алғашқы күннен алған әсері. «Солдат күнделігінен» деген романға арнайы қосымшада суреттелген. Белгісіз солдаттың беймәлім күнделігі соңында 18 октябрь 1942 жыл деп қағазға түсірілген мерзімі көрсетіл ген. Соған қарағанда бұл күн Кемел Тоқаевтың алғаш май дан шебін көрген мезеті болар деп жорамалдаймыз. Екі күн өткен соң алыстан қып-қызыл болып тозаңданып тұрған көкжиек, тақап келгенде қанды реңінен айырылып, қараңғы түнекке айнала береді. Сталинград! Мұхамед, басқа да бірқатар солдат, бұйрық бойынша 0,85 биіктікке бекініс жасауға тапсырма алады. Оққа ұшқандары оққа ұшып, қалғандары биіктікке өлдімталдым дегенде жетеді. Дөң басында қираған танк тұр. Танк асты кісі бойы қазылған терең ор. Бұрышта бет-аузын қалың тікенек сақал-мұрт басқан, пилоткасын төбесіне жарбита киген біреу отыр. Түрінен кісі шошырлық. Бір жақ көзі орнында бармақтай әппақ жұмыр нәрсе ағараңдайды... «Қан қатқан кірпігі әрең қимылдайды. Оң қолына гранатаны қысып ұстап алған. Оның желке тұсында, суық окоптың қабырғасында өлген адамның екі аяғы салбырап тұр. Басы, кеудесі шынжыр табанның астына жаншылып қалған. Жаралы солдат кезерген ернін жалап: – Құдай үшін, бір жұтым су беріңдерші! – деді. Жүрек суырар, әрі қарапайым сурет. «Шошиды» деген сөз болмаса, жан құбылыстарына тереңдемеген. Іштегі бұрқаған сезім әдейі бұқтырылған. «Солдат соғысқа кетті» романына тән қатқыл стиль. Ондай стильден шығарма ұтпаса, ұтылып тұрған жоқ. Кейде дуылдасып отырған адамдар үнсіз қалғанда да бірталай нәрсе айтылып қалады ғой. Мынау соның бір түрі. Соғыстың қатал шындығын қатаң да қарымды жеткізудің тәсілі. Тек қанды көйлек досы өлім аузында: мамам байғұс зарығып, мені босқа күтіп, екі көзі төрт болады-ау деп өзінен гөрі анасын қимайтын жерінде роман әңгімешісінің тамағына тас тығылып қалғандай қалпын сезінесің. Кемекеңнің досы, отставкадағы полковник, «Тоқаевтың үш сыйлығы...» деген мақала жазған («Қазақ әдебиеті»,
23 қазан, 1998 жыл) жазушы Қалмұқан Исабаевтан осы психологиялық көрініс жайында пікір айтуын сұрағанымда былай деп еді: соғыста қатты жарақаттанып әл үстінде жатқан жас солдат үнемі «мама!» – деп шешесін шақырып айқайға басып жатады. Ал, мосқалдаулары тұңғыш баласының атын атап қоштасады... Сталинград шайқасының аяқталу қуанышы үстінде күнделік иесі түюлі қабағын аздап жазғандай болады. Әйтсе де бастапқы сараң, сығымды стилінен жаңылмайды. «Үштен-төрттен сап түзеген неміс тұтқындарының ұшы-қиыры жоқ. Әппақ қар басқан жазық даланың үстінде ирелеңдеген қара жыландай шұбатылады. Күн сондай ашық, шуақты жылы боп тұр». Сталинград шайқасының жеңіспен аяқталған қуанышын өстіп табиғат құбылысы арқылы шым-шымдап қана жеткізген. Бұл оқиғаның мерзімі күнделікте: 6 февраль, 1943 жыл деп көрсетілген. Келесі беттері сонау Тула жақтан жазыла бастаған... Тағы да сол қысқа қайырылған қоңыр әңгіме. Мұхтар Әуезов «оқ тілі – шолақ тіл» дегенде осындай стильді айтқан болар. Бірсыпыра соғыс тақырыбына қалам тербеген майдангер, майдангер емес жазушылардан айырмашылығы, Кемел Тоқаев соғыс романтикасына берілмейді. Шығармасындағы адамдар арақатысы жәй кәдуілгі қарабайыр өмірдегідей: жақсылық, жамандықтары аралас-құралас жүреді. Бір минуттық ғұмыры бар ма, жоқ па, онымен санаспайды. Біреуінің атып түсірген самолетін екіншісі иеленіп кеткісі келеді. Ұрыс-керіс, жау тұрсын, бірбіріне қараптан-қарап өшігетінін айтсаңшы. Әрине, адамгершілік қасиеттері, жаумен жолбарысша алысатыны, бір-біріне қиын сәттерде көмекке келуде жаңылмайтыны – ол жағы басымырақ. Өйтпесе, Жеңіс күні туар ма еді, тумас па еді. Соғыс уақытының күнгейі де, теріскейі де романда бірқалыпты басыңқы сарында жазылуы тегін емес. Автор сол кездегі баспасөзге тән даңғазалық, бос шелектей қаңғырлаушылық, қызыл сөзділік, жағымпаз жылмақайлық әуенге қарсылық білдіргендей. Жазу мәнеріне аға газет
«СҚ»-дан бастап көптеген баспасөз органдарында қырық жылға жуық істеген журналист қызметі зәредей ықпал етпегеніне қайранмын. ... Кемекеңмен өз басым Баспа комитеті жүйесінде қызмет етіп жүргенде таныстым. Оған дейін сырттай есіміне қанық болатынмын. Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ ССР Ішкі істер министрлігі кеңес милициясы мен чекистерге арналған шығармаларға бәйге жариялағанда бірінші бәйгені қатарынан төрт рет алып, қайран қалдырған лауреатты ол кезде білмейтін адам кемде-кем еді. Және детектив жанрына шеберленіп алған жазушының «Көмескі із», «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Арнаулы тапсырма» повестерін кітап сөрелерінде шаң қауып жатпай тез арада өтіп кететіндігінен, баспа орындары пайда табу мақсатында әлденеше рет қайта басып шығарғанын да білетінмін. Сырттай сыйлап жүретін адамыңмен кездескенде қалай сөйлесіп шүйіркелесетінің белгілі. Оның бер жағында кешегі Ұлы Отан соғысында тарихтың ең ауыр жүгін арқалап, қазақтың абырой-даңқын аспанға шығарған, «Мен – қазақпын» деп кеудеңді тік ұстауға жол ашқан жауынгер ұрпақтың өкшесін баса өскен біздер сол ұрпаққа ілтипатты, махаббатты боп өстік... Осы бір орта бойлы, қапсағай денелі, толқынды қою шашын солжақсамайына құлата қайыратын, үстіндегі киімін бипаздап, қыл жұқтырмай ұстайтын, әрқашан сабыр суын сепкен орнықты адаммен арамызда жылы шырайлы сыйластық қатынас орнаған. Есте қалған бірер жәйтке оралайын. Кемекеңнің Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі «Жаршысының» Бас редакторы кезі. Бір күні маған «вертушкамен» телефон шалды. – Бірер минутқа кіріп шығатын шаруа бар еді. – Сізге есігіміз әрқашан ашық. Келген шаруасы өзінің сөйлесіп бер деген адамымен ақылдасып тынған соң рахметін айтып орнынан көтеріле берді. Сол арада мен сәл аялдай тұрсаңыз қайтеді дегендей белгі бердім. – Көптен көкейімде жүрген бір сұрағым бар еді. «Ата манның ақыры» деген фильмге байланысты. Шәкен Айманов
ағамыз ерледі-ау! Қазақтың детектив киносын Одақтық биікке бір-ақ ырғытты. Ал бұл керемет қызықты оқиғаның кітап бетіне күні бүгінге дейін ізі түспеген... Кемекең жайдарлана жауап қатты. – Түпкі ойыңыз түсінікті. Шытырман тақырыптың хал-қадары менен сұралатыны қызық... Қытайдың Іле округында тұрған атаман Дутов әскерінің жалғыз-жарым оқпен-ақ тарағанынан мен де хабардармын. Жаркент уездік милициясының нәшәндігі Қасымхан Чанышевтің Жетісу облыстық ревкомына жазған хатымен, өзге де материалмен таныстым. Оқиға фильмдегіге ұқсайды да, ұқсамайды да... Көпті көрген ысқаяқ қаламгер көкейіміздегі ой желісін оп-оңай ұстай қойды. Қалайша риза болмассың. – Кемеке, – дедім мен, – өзіңіз білесіз, үш-төрт жылдан соң, бұйырса, Советтік Қазақстанның 60 жылдығын тойлаймыз. Соған даярлық ретінде «шабан үйрек бұрын ұшады» дегендей, жоспар жасау үстіндеміз. Көркем шығарма жоспар дейтінге көндіге бермейтінін түсінемін.
Дегенмен, «нет правила без исключения» деп тегін айтпайды ғой. Жаңағы таныспын деп отырған материалыңыз мереке тақырыбына дөп келеді... Кемекең біраз үндемей отырды да, басын шайқады. Бірақ онысы, сәтін салғанда, ұсыныстан бас тарту болмай шықты. Кеудесін кере дем алды да: – Ойланатын мәселе... Бала-шағаның нәпәқасын айырып отыратын мекемеміздің ілуде бір қолқасын жерге тастауға болмайтын шығар, – деп күлімсіреп орнынан тұрып қолымды алды. Уағдалы уақытта қолжазба да қолға тиді. Әлде бір өндірістік себептерден аз кідіріс тауып, республика мереке күнінің аяғын іле-шала «Соңғы соққы» деп аталатын, целлофанмен жабылған қызыл мұқабалы кітаптың сүйінші данасы столымның үстінде жатты. Қат-қабат жұмыстардың арасында жаңа роман беттерін парақтаймын. Кей кітапты киносын көргеннен кейін самарқау оқисың ғой. Бұл жолы олай емес. Әу дегенненақ қызықтырып тартып әкетіп барады. Бір жағы кино былай басталып еді, бұл қайтер екен дейсің. Романның бірден қызықтыратыны – тарихи құжаттарды ұтымды пайдаланғанынан ба деймін.
Оқиға жеделқабыл басталады. Қауырт жағдай телеграф стилінде баяндалады. Бірден бір оқиғаның мәнжәйіне қанығасың. Детектив мініскері кейіпкерлерінің Жаркент пен Верный арасына алмасқан телеграммалары арқылы сол кезде Жетісуда орын алған қиын-қыстау жағдайды алақанға салғандай етіп бейнелеп береді. Атаман Дутов армиясының Жетісу өңіріне қара шегірткедей қаптамақ қаупі төнген. Бір бандысы шекарадан жасырын өтіп үлгіріп, жергілікті халыққа қанды шеңгелін сала бастаған. Верныйда – бұліншілік. Кеңес үкімет орындары жан ұшырып қарсы әрекетке кіріскен. Сюжет бірден ширығып, оқушы назарын тасқын суға іліккен жаңқадай жұлып ала жөнеледі. Мен телефон шалып, Кемекеңді шығармашылық сәтті табысымен құттықтадым. Жәй шығарып салма, көңіл жықпас сөз болмасын деп, өзімше «Соңғы соққыны» орыс кеңес жазушысы Дмитрий Фурмановтың Жетісу өңіріндегі дәл осы Азамат соғысы кезеңін суреттейтін атақты «Бүліншілік» романымен және Шәкен Аймановтың «Атаманның ақыры» атты көркем фильмімен салыстырып, қазақ жазушысы туындысының ерекшеліктерін ашуға тырыстым. Дмитрий Фурманов Жетісу аймағында не болып, не қойып жатқанымен жолшыбай кезіктірген жергілікті адамдардың әңгімесін тыңдау тәсілі арқылы егжейтегжейлі таныстырады. Қазақ жазушысы бұдан өзгеше детектив жанрының табиғатына сәйкес апыл-ғұпыл ахуалды тұжырымды тілде сипаттап береді. Есесіне «Соңғы соққы» романының композициясы кинофильмге қарағанда әлдеқайда кең пішілгені байқалады. Шығарма екі бөлімнен тұрады. Бастапқысында дутовшылардың «қыран ұясы» қалай талқандалғаны суреттеледі. Атаман Дутовтың құрмалдыққа шалынған бейкүнә жан болып көрінбеуі үшін шығармасының идеялық бағытын ширату мақсатында детективтік жанрдың әлеуметтік құлашы кеңейтілген. Банды жергілікті халықты атып, шауып қан қақсатады. Бұл жағдай романда ұлттық тақырыпты қозғауға
мүмкіндік туғызған. Автор роман идеологиясын кинода жоқ Ораз Жандосов бейнесі негізінде дамытады. – Жетісуде қан төгілді, – дейді Ораз Жандосов. – 1916 жылдың дүрбелеңінен қанжоса боп босқан халық көп ұзамай атаман Анненков пен генерал Дутовтың ызалы ақ бандаларының қанды қылышына ілікті. Олар үшін адам тағдыры ойыншық болды. Басын шауып тастау, қылышпен кесіп қорлау, жүкті әйелдердің қарнын жарып, ішіндегі баласын найзаның ұшына қадап қою түкке тұрмады. Кейбір ауыл мен қыстақ түгелімен жойылып кетті. Кең дала сасық өлікке толы. Ескі тәртіп қайтып орнаса, бұл өңірде қазақ атаулы жойылып кетуі әбден мүмкін... Атамандардың халық алдындағы қылмысы шектен асты, қайткенде бұл қанішерлердің көзін жою керек. Қазіргі өтпелі шақта Азамат соғысы жайында кітап оқып отырып, ақ, қызылдың қайсысының жағына шығатыныңды айыра алмай дал болатының бар. Бір ғана Мағжан мен Сәкен арасын түсініп, зерттеудің өзінің қиындығы қаншама... Бір көңіл аударарлық нәрсе, заман ауысып кеткеніне қарамастан, Кемел романының әу бастағы көркемдік бағыты еш күмән туғызбайды. 1916 жылы қазақ халқы ұлт-азаттық туын көтерді. Кемел құбыланамасы – осы шындық. Дутов, ақ гвардияшылар Фурманов романында – езілген пролетар жауы. Қазақ жазушы шығармасында – қазаққа төнген қатер. Автор өзінің қай идеология жағында екенін жасырмайды. Қарсы жақтың көзқарасына да қиянат жасамайды. Оған Садық дейтін байдың мына сөздері куә. – Басымызға бақ-дәулет қонғаны Алланың әмірімен деп жүрсек, құтымызды жасаған малшы-жалшы секілді құнсыздар екен де. Бізге кісілікті танытқан, бай-манап қылған солар көрінеді, солардың арқасында жетіліппіз. Енді сол қарашаның арқасында ел боп отырмыз дейміз де! Жеке меншік психологиясы дәл түсірілген. Құт-береке жасау адамның өз қолында. Жазушы осы шындықты айтқысы бар. Мұқабасы көрікті «Соңғы соққы» романы су жаңа күйінде үйдегі кітапханамның сөресінде тұрғанына жиырма шақты жылдың жүзі болып қалған екен. Кітаптың бұл данасы Баспа комитетінде оқылған сүйінші дана емес екенін айтуым керек. Менің қолымдағысы – автордың
өзі сыйлаған данасы. Маржандай жазуымен мынадай автограф қалдырыпты. «Осы кітаптың жазылуына себепкер болған қадірлі Шериаздан Рүстемұлына – асыл азаматқа. Автордан. К.Тоқаев. /қолы/. 25 январь, 1982 ж. Алматы». Жазушының маған арнаған жылы сөзін жоғарыда баяндалған әңгіменің рас-өтірігін анықтайтын факт ретінде келтіріп отырмын. Ретін тауып ардақты ағамызға мақтатып ала қояйын деген арзан пиғылдан аулақ екенімді кешірімі мол оқырман түсінер деп сенемін. Сонсоң мына жәйді де ұмытпайық. Кемел Тоқаевтай талант иесінің, ер де өр ұрпақ жазушысының қаламынан туған әр жол енді тіптен қымбат. Мен қазір М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының тапсырысы бойынша 1960 – 1980 жылдардағы осы заман тақырыбына жазылған жарты жүзден астам қазақ романдарына шолу іспетті зерттеу жазу үстіндемін. Сонда Кемел Тоқаевтың «Ұясынан безген құс» атты соңғы романын да талдадым. Биыл тірі тұрғанда сексеннің басын қайыратын жазушының ол шығармасын да еске ала кеткен жөн бе деп ойлаймын. «Ұясынан безген құс» туындысы да шытырман оқиғалы роман жанрында жазылған. Осы жаппай оқылатын жанрдың майын ішкен Кемел Тоқаев енді детектив формасын ар-ождан, құлық тақырыпты проблема көтеру мақсатына пайдаланған. Әдетте бөгде әңгіме шытырман оқиғалы шығарманың заңына қайшы келіп, шиеленіскен жұмбақ жағдайлардың шешілуі қарқынын бәсеңдетеді. Детектив шығарманың шеңбері қылмыстың жасалуы мен әшкереленуі шеңберінен аспауы тиіс. Сонда да Кемел апас-құпас оқиғалары шапшаң алмасып, тартысы қатты бұралған домбыра ішегіндей шертіп тұрған сюжеттен саңылау тауып, ұлы Абайдың: «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген ойын дамытатын тақырыптың жаңа бір қырын тауып, үлкен әңгіме қозғайды. Туындының соңына дейін қайталанып отыратын бұл әңгіме жетпісінші-сексенінші жылдар үшін тосын тақырып еді. Ол кезде ұлт мәселесі тек ұлы халықпен
достық, интернационализм төңірегінде ғана ұйытылатын. Таптық принцип тіпті ұлттың бүгінгісі тұрсын, кешегі жайын жазғызбайтын. Жаза қалсаң өткенге үңіле береді деп қамшысының астына алатын. Ал, мына романда сол ұлт мәселесінің маңызды бір тармағы – ағайын ала болмауы мәселесі өрісті әңгімеге беттеп, детектив құпиясының бет-пердесін жыртуға атсалысып, өзінше бір амалға айналып, оқиғаның тұтас арқаулы сюжетін ширата түседі. Шегебай дейтін сауда қызметшісі колхозшыларды таразыдан жеуі үстіне, ішіне пышақ айналмайтын қызғаншақ. Қызғаныш құрты жегідей жеген қара ниет, ақыры жақын туысқаны өсіп кетеді деп пышақ салуға дейін барады. Сол Шегебай тағы да бір жақын туысының тойын тоз-тозын шығармақ боп байбалам салады. Анасы Ләтифаға, әйелі Жаңылға тойға қатыспайсыңдар деп үзілді-кесілді тыйым салмақшы болады. Ләтифа тоқтау айтады: «Балам, мынау білгеннің ісі емес, пейілі шикі, ақылы күйкі пенденің бишаралығы дер ем. Бауырыңды, жақын жұрағатыңды жат көріп, ортаңнан, жұртыңнан алыстап қайда барасың? Кімнен тірек таппақсың? Ұясынан безген оңбайды...» («Солдат соғысқа кетті» кітабында. Романдар. Алматы. «Жазушы». 1983, 307б). Роман шытырман оқиға сынан бір сәт ауытқымай, көлденең соқпаққа бұра тарт пай-ақ осы ойын жеріне жеткізе пісіреді. Шегебай – күрделі характер. Қомағай, сумақай, сенің атың тоқтай тұрсын, менің атым жүре тұрсын ғана емес. Өзгеден сыбағам артық болсынды еппен істейтін айлакер алаяқ. Айналасын арызбен де, өзге қулық-сұмдық істермен де таптап, өшіріп құртуға дайын тұратын «таныс бейтаныс» ағайынның бірінен. Жаңадан алған әйелін жасытып алмақ ниетте өтірік мас боп, шөлмектесіне небір былапыт сөз айтқызғанының өзі не тұрады. Ар-ұяттан ада зинақор да. Өзінің бала таппайсың деп тастап кеткен әйеліне тағы да аяғын артпақшы боп жан ұшырады. Шегебайдың ағайын ортасына сыймай саяқ жүргенде тапқаны маскүнем басшысы. Сонымен және кісі өлтіріп түрмеден қашқан Ноян Тайшықовпен ауыз жаласады. Ақырында қолы қан
қылмыскерге айналады. Қазақы ұямыз – таза, пәк ұя. Содан безсең – азғындайсың деген идеяға Шегебайлар қылмысын ашып, жазықсыз Қаражанды түрмеден босаттырып, Шегебай мен Нояндардың жымын білдірмейтін жылан жүрістерінің бәрін әшкерелеген милиция қызметкерлері Тайжан мен Майралар да қатысты. Олар бар жұмысын халықтың қалың ортасында жүріп атқарады. Не шаруасын тың тыңдау үшін емес, қазақ ұлтының ар-ұятты малжаннан биік қоятын мораліне сүйеніп істейді. Көріп отырғанымыздай, жазушы енді таптық тап таурыннан бойын аулақ салып, ұлтының көкейтесті проблемаларына бұрылған. Ол көтерген мәселе әлі шешіле қойды деуге келмейді. Демек, маңызын жоғалтқан жоқ. Ел бірлігін, ынтымағын, ұлт ұясын қадірлеп-қастерлеу – тәуелсіз Қазақстан үшін ең абыройлы міндет. Естияр кезімде жауынгер ұрпақ кеудеме ер Төлеген бейнесінде ұялады. Қаһарман ағаларымызды мақтан тұттым. Есейген шағымда қазақ ұлтын ер жүрек ұлт атандырған осы Ұлы Отан соғысы ардагерлері деп басымды идім. Соғыстан аман-есен оралған сарбаздар еңбекте де ерлік көрсетті. Жас ұланды тәрбиелеуге, ел-жұртын рухани көркейтуге қаншама тер төкті. Аспаннан түскен десетін Таурат, Зәбур, Інжіл, Құран кітаптары ықылым заманнан бері адамзат рухани әлемін байытудың сарқылмас қайнар көзі болып қызмет етуде. Қалған кітап қазынасының бәрін Тәңірі қалауымен ғалымдар, жазушылар, өзге де қаламгерлер мен баспагерлер жасаған. Кемел Тоқаев – даңққа бөленген солдат, қаламы жүйрік жазушы. Рухани асыл қазынамызда оның да мол үлесі бар. Біз сол ер ұрпақ өкілдерінің Отан, ел алдыңдағы адал, ардақты, жанқияр еңбегін әлі жете бағалай алмай келе жатқан сияқтымыз. Шериаздан ЕЛЕУКЕНОВ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор
СОҢҒЫ СОҚҚЫ роман
Кемел Тоқаев БІРІНШІ БӨЛІМ ОҚШАУ ХАБАРЛАР «Тоқтаусыз жіберілсін! Жаркент қаласы, Уездік милицияға! Чанышев жолдасқа! Жетісу облысы территориясының ақгвардияшылардан біржола тазартылуына байланысты мынаны есіңізге саламын: Қызыл Армияның ойдағыдай шабуылының нәтижесінде атаман Анненковтың қарақшы қанішер тобы толық талқандалды. Ақгвардияшылар тізе бүкті. Осыған байланысты Түркістан майданының революциялық Со ғыс Советінің бұйрығы бойынша Жетісу майданы жойылды. Соғыс кезінде өз еркімен қарсылық жасауды тоқтатқандарға, соның ішінде офицер құрамының адамдарына олардың өмірін сақтауға және бұрынғы кінәларын ұмытуға кепілдік берілді. Бұйрықтың негізгі мәні ақгвардияшы ақсүйек топтың азғыруына еріп, жұмысшы-шаруа мемлекетіне қарсы күрескен еңбекші қазақтардың Совет өкіметіне өздерінің көзқарасын өзгертуге бағытталған: Осымен байланысты көптеген офицерлер, атаманға қызмет еткен қазақтар қайта оралды. Бұл Совет өкіметіне іштей наразылығын түйіп, жауығып, өшігіп отырған бай-кулактарды, бұрынғы би-болыстарды үміт тендіретіні даусыз. Уездік милицияның міндеті: Бай-кулактардың, олардың құйыршықтарының бас
Шығармалары көтеруіне жол бермеу; барлық билік Советтердің қолында екенін бұхараға ұғындыру; Советтер ауылда, селода және станция мен деревняларда билік жүргізетін бірден-бір орган екенін, оның бұйрығын орындау барлық азаматқа міндет екенін түсіндіру; Уездік милицияның, оның қызметкерлерінің жұмысын Совет өкіметін нығайтуға бағыттау; Қызыл Армия талқандаған генерал Дутовтың, атаман Анненковтың және Бакичтің ақгвардияшы-бандалар тобының қалдықтары қашып, қытай шекарасынан өтіп Шәуешекке орналасты. Қытай өкіметі оларды ұстап, қарусыздандырған боп көрінгенімен, ақгвардияшылар іс жүзінде жақсы жарақтанған отряд күйінде қалып қойды. Бұл бандалардың Советтік Жетісуға қауіп төндіретіні айқын. Елдің тыныштығын сақтап, бандалардың тіміскі әрекеттеріне барынша соққы беріп отыру милицияның негізгі міндеті деп танылсын. Уездік милицияның қолданған шаралары және Жаркенттегі жағдай туралы дереу хабарлаңыз. Жандосов, Жетісу облыстық Револциялық Әскери Комитеті. Верный қаласы. Май, 1920 жыл». «Тоқтаусыз жіберілсін! Верный қаласы, Жетісу облыстық Революциялық Әскери Комитетіне! Жандосов жолдасқа! Уезде жағдай өте қиын. Жаркентте және оның аймақ тарында Верныйда 4-5 июньде гарнизон солдаттардың көтерілісі басталды. Қала бүлікшілердің қолында деген әңгіме тарап кетті. Бұл ел арасында қатты даурығу, әбігерлік туғызып біздің жұмысымыздың берекесін кетірді.Бұрынғы ақгвардияшылардың арасында толқу бар.
Кемел Тоқаев Дутовшылар қайта жорық жасайды деген дәмеленушілік күшті. Верныйдағы шындықты дереу хабарлауыңызды өтінем. Мұның шекара шегінде отырған біздер үшін ерекше маңызы бар. Чанышев, Жаркент уездік милиция бөлімі. Жаркент қаласы. Июнь, 1920 жыл». «Тоқтаусыз жіберілсін! Жаркент қаласы, Уездік милицияға! Чанышев жолдасқа! Советтік Жетісу облысының орталығы Верный қаласы — Түркістан облысының шығыстағы тірегі, алдағы уақытта да солай боп қала бермек. Ақсүйек ақгвардияшы топтардың тіміскелеу әрекеттерінің қандайына болса да болъшевиктер, еңбекші бұқара, оның жауынгер қызыл Әскерлері пәрменді соққы бере алады. ІПекара шегінде тараған лақап ақгвардияшы бандалар ды қолдап, дем беріп отырған шетел разведкасының әрекеті деп білем. Уездік милиция өз жұмысын Түркістан майданының Революциялық Соғыс Советінің бұйрығына сәйкес жүргізсін. Жаркенттегі жалпы жағдайды хабарлаңыз. Мұның Ревком үшін ерекше маңызы бар. Шагабутдинов, Жетісу облыстық Революциялық Әскери Комитеттің тапсыруы бойынша Верный қаласы, Июнь, 1920 жыл».
Шығармалары «Тоқтаусыз жіберілсін! Верный қаласы, Революциялық Әскери Комитетіне Шагабутдинов жолдасқа! Уездік милиция өзінің барлық жұмысында Революциялық Әскери Комитетінің бұйрығын басшылыққа алып отырады. Уезде алашұбар қиын кезең. Ақгвардияшы солдаттарға, офицерлерге кешіріммен көп кеңшілік берілуі жұмысты мүлде қиындатып жіберді. Мұндағы жағдайды Әскери тіркеу бөлімінің бастығы Давыдов жолдаспен ақылдаса отырып өзіңізге жеке баяндаймын. Чанышев, Уездік милициябөлімі. Жаркент қаласы. Июнь, 1920 жыл». ТҮНГІ КӨЛЕҢКЕ Шырт ұйқыда жатқан Садық мырза шошып оянды. Басын шапшаң көтеріп, жастығының астына тығып қойған наганын суырып алды. Ұлпаштың да көзі ілініп кеткен екен. Ол да оянды. Төсек үстінде есеңгіреген күйде шоқайып, бүрісіп отырған күйеуіне қарай ыңырана аударыла түсіп, қолын созып оның жүндес кеудесін, тақыр қарнын сипалады. — Бүгін әбден мазаң кетті. Жөнді ұйықтамадың ғой, — деді. — Қатын, біреулер шиқылдап дыбыс бергендей боп еді. Естімедің бе? — Жоқ-ә? Немене, үйге кісі келетін бе еді? — Итті байлап па ең? — Әлгінде өзің айтқан соң күркешікке қамап қойғам. Садық наганын кезей ұстап аңырын ептеп басып ауызғы үйдің есігін ашты. Дала шырттай қараңғы. Аспанды қалың бұлт басқан. Жауын сіркіреп тұр. Жиектегі ауыл ұйқыға кеткен. Үй сыртында күйіс қайтарған малдың дыбыс-
Кемел Тоқаев тықырынан басқа, бөгде үн естілмейді. Көкмойнақ төбет мырзаның сыртқа шыққанын сезді ме, аяғымен тақтайды тырмалап жалынышты үнмен қыңсылай бастады. Садық мырза үстіне желбегей жамыла салған шапанының омырауын бүре ұстап, алға ұмтылыңқырап қараңғылыққа үңіле түсті. Осы бір кезде Іле бойындағы қараша ауыл жақтан лап еткен ақ жалын көрінді. Үшкір қызыл тілді жалын көкке өрлеп барып өршімей өшіп тына қалды. Әлден соң шашыраған қызыл ұшқындар атылды. Садық қасына тақала кеп тұрған Ұлпашты шынтағымен түртіп қап: — Анау кімнің үйі? — деді. Ұлпаш өкшесін көтеріп мойнын созды. — Қане, қайсы? Садық ызалы үнмен: — Көзің ағып кеткен бе? Түн ортасына дейін сөнбейтін, өшпейтін неғылған от! Кімнің оты? — деді. — Әлгі Желескеннің үйі шығар. — Оның кім? Қайдағы Желескен! — Әлгі Ұрқияның байы ше! — Аңызақ па? Атын айтсаң атасы өле ме? — Құдалары, әрі күйеу баласы келеді деп естіп ем. Соған малын сойып қам жасап жатқан да. — Қайдағы құда? Күйеуі кім? — Кешегі босағаңда жүрген құлың бүгін кісі боп қатарға қосылғанын білмей жүрсің бе? — Ахмет пе? — Иә! — деп Ұлпан қызғаныш оты ішін күйдірсе де онысын сездіргісі келмей жақтырмаған пішінмен жауап қатты. Ахмет 1918-ші жылдың көктеміне дейін Садық мырзаның жылқысын бағып келген-ді. Қызыл Армия әр жерде тұтанған бүліншілікті талқандап, ауылдарда, қыстақтарда Советтер құрыла бастаған соң енді кедей теңдігі орнайды, малшы-жалшыға бостандық беріледі, жаңа өкімет езілгендерді қолдайды, бай-манаптарға болыспайды дегенді естіп Ахмет әкесімен ақылдасып кеп шұғыл шешім жасады: «Тағдыр бізді Садықтың босағасында жазып
Шығармалары қойған жоқ шығар. Апам екеуің бар өмірді осының малын бағып, үйін күтумен өткізіпсіңдер. Мен де қысы-жазы мырзаның қалың жылқысының соңында келем. «Түбің бір туыссың. Бақсаң, жаудың малы емес, өз ағайыныңның, өз бауырыңның малы. Менің ырысым тасыса, сен де кенде қалмайсың» дейді. Жақын боп жарытқаны қайсы? Сауынға ауысқан ешкі-қойы мен үстімізге жапсырған ескі-құсқысы ма? Байға тіленбей-ақ жатақтағылар күндерін көріп жатқан жоқ па? Бәлшебек кедей атаулыны кенелтеді деп жатыр ғой. Түймебаймен сөйлескенімде, ол да солай дейді. Ел ішінде отырып аштан өле қоймаспыз», деп Садықтың қалың малын тастап, бір күні Асыдағы орыс селосын паналаған жатаққа көшті де кетті. Майлыбайдың көшкені мырзаның үйіне қиын тиді. Садық ең сенімді, сергек жылқышысынан, малшысынан айрылса, Ұлпаш соншалық ыстық ләззатпен сүйген ашынасын жоғалтты. Мырзаны құшақтап, сипалап жатқанмен көңілі алыста, әлде кімді соншалық елжіреп еске алып, таусыла сағынады. Бәрі бұдан бірер жыл бұрын төркіндеп келе жатқанда жолда, жылқышының күркешігі ішінде басталған еді. Күн шыжып тұрған. Лып еткен жел жоқ. Ат соқты боп мазасы кеткен Ұлпаш аздап тынығып, сусындап алмақ боп өзен бойындағы жылқышыларға бұрылған. Ахмет жылқыны Көксазға айдап тастап, өзі терек түбінде жатыр екен. Көзі ілініп кеткен бе, қасына келіншек таяп келгенде де қозғала қоймады. Кеудесі, қарыны жалаңаш. Ұлпаш алаңсыз албыраған жігіттің жатысына қызығып кетіп, аттан қалай түскенін де білмей қалды. Кеуде мен кіндік тұсына ши жүгіртіп қытықтай бастады. Ахмет инеше қадалған тікенектен шошып оянды. Өткір тырнағын шаншып жорғалап жүрген кесіртке ме деп жалаңаш денесін қатты сипалап тітіркеніп, сілкініп тұрды. Қасында Ұлпаш отыр. Аса бір мейіріммен ынтық, телмірей карайды. Бетінің қуырмаш шұқырында күлкі белгісі бар. Ахмет те жымиды. Ұлпаш құшағын жайып ұмтыла берді. ...Енді сол Ахметі өзінен төмен, күң есепті сарыетек кедей қызына үйленбек. Мырзаның бұрынғыдай әмірі жүріп тұрса Ұлпаш оны Аңызаққа өшіктіре айдап салып
Кемел Тоқаев мына ұшқын атқан отқа Ұрқияның қызы Шарбанумен қоса өртеп жіберер еді. Қазір кедей бас көтеріп келеді. Қит етсе бәлшебегіне арыз айтады. Сол кезде қаладан мылтық, қылыш асынған милициясын да шақырта қояды. Дымы құрып іштей өртеніп-өшіккен Ұлпаш: — Желескенді бүйтіп есіртпей, елертпей, асып-тасытпай баяғыда-ақ қызын Өтеміс шалға тоқалдыққа бере салатын кісісің ғой. Сонда сенің қолыңнан кім қағатын еді. Енді міне терезесі тең кісідей үйіміздің тұсынан отын ұшқындатып, шалқып отыр, — деп ызамен булығып шыққан жалғыз тамшы жасты жаулығының ұшымен сүртті. — Сен де байғұс екенсің, — деп Садық күйіп кетті. — Аңызақтың қызын аяды деймісің. Анау атаманның тілмәші Абылайханов «әскер боламыз деп әбден сіңіріміз тартылып бітті. Алдағы күніміз не боларын кім біледі. Қызылдар қысып барады. Алда-жалда Қытай асып кете қалғандай болсақ қасыңда шүйкебасың болғаны жақсы ғой» — деп қолқа салған соң Аңызақтың орыс школындағы қызы соған лайық-ау деп жүретінмін. Мына қилы заман мұрша берді ме оған! Жан-жағымызды айнала қармап, оқшаулап үн шығартпай тастаған жоқ па? — Бұғып өт, өлсең де үнің шықпасын дейсің ғой! — Қайтесің, — деп бір сәт үнсіз тұрды да. — Аңызақ қызым оқыған, өнері көп, қалың малын түгендеп алмай бермеймін, деуші еді. Майлыбай баласына қатын әперетіндей соншама дүниені қайдан таба қойыпты? — Ахмет әкесімен екеуі қысы-жазы орысқа жалданып көп мал тауыпты деседі. — Немене, орыс қыз алатындай қарық қылып па? — Онысын ит біле ме? Селодан бір орыс тауып, Желпілдек қайнағамыз сонымен тамыр бопты деседі. Көп кездеме-пұлды несиеге сол берген көрінеді. Ахметтің қайын енесінің үйіне әкелген тай-тай кездемесін мына біздің Жарықбас көріпті. Ішінде қымбат жібегі де бар, құлпырғанда көздің жанарын алады, деп аузының суы құрып келді. «Мына біреуі Ұлпашжанға лайық екен» — деп қызыл шайының шетінен ұстаған екен. Ахмет қатты
Шығармалары зекіп «Мырзаның қатынынан басқа кисе иығынан түсіп қала ма? Сандалмай аулақ жүр» — деп, қолынан жұлып алыпты. — Тегі орысқа сүйеніп, бәлшебекке жағынып қияға шығам, өсем, өрлеймін деп жүр ғой. Осы жолы мойны қиылып қыршын кетпесе жарар! — Сенде бір байғұссың. Өзіңнен өзің айдалада жүріп құр кіжінесің. Сол кәріңді жанға батырып қан-жоса ғып шындыққа айналдырып жібермейсің бе? — Асықпа, қатын! Осы кезде найзағай оты жарқылдап қара бұлтты тіліп өтті. Жер беті аламыштанып жарқ ете қалды. Қора сыртында бүкшеңдеп жүгіріп келе жатқан кісілердің көлеңкесі көрінді. Алғаш көріп қалған Ұлпаш: — Ойбай, біреулер жүр ғой! Жазым боларсың, үйге кір! — деді. Садық тістеніп: — Дымыңды шығарма. Дос па, дұшпан ба, көріп алармын. Сен үйге бара бер? — деді. Аздан соң ақырын ептеп басқан аяқ тықыры естілді. Садық салмақты зілді үнмен: — Бұ қайсың? Кімде болсаң бері кел! — деді. Біреу тамның қабырғасын сипалай, ақырын жылжып тақала берді. Қырылдаған үн естілді. — Мырза, сенбісің? Мен Шорманмын ғой. — Шорман? Адастыңдар ма, бұл қалай? Кешіктіңдер ғой. — Жанымыздың қалғанына шүкір де. Шекарадан өткенде күзетшілер байқап қалып ұзақ қуғынға ұшырадық. Қалың құмды, шатқалды паналап жеткеніміз осы. — Жә, үйге кірген соң сөйлесейік. Шорман бөгелді. — Мырза, мен жалғыз емеспін. Қасымда кісілер бар. Әукен де осында. Садық алақтап шырт қараңғыға тесіле қарады: — Әукен бе? Қайда? Әукен жаны қиналғандай ыңырсып:
Кемел Тоқаев — Аяғыңмен жер баса алмасаң дүниедегі қорлық осы екен, — деп жалғыз аяғымен шоқаңдай түсті. Садық қыбырлаған қара көлеңкеге қолын созып алға ұмтыла берді. — Садағаң кетейін-ай! — деп құшағын жайған кісіні баурына басты. — Тірі ме едің? Бар ма едің? — Бармын, мырза! Тірімін! — Арысым-ай, өзіңді көретін күн бар екен-ау! — Үй-іші, мал-жан аман ба? Ұлпашжан қалай? Деніқарны сау ма? — Құдайға шүкір, бәріміз аманбыз. Бәле-жаладан саумыз. Садық шапшаң есікті ашып: — Үйге кір. Бөгелмей терге шығыңдар, — деді. Ұлпаш сыртқа құлақ түріп пештің түбінде қолын кеудесіне қусырып тұрған. Апыр-топыр кірген еркектерге кезек қарап Әукенді жақсы таныды. — Кенжетай? — Таңқалған пішінмен состиып қарап қалды. Сол сәт ұмтыла кеп, — тірімісің, жаным? — деп қолтығынан демей берді. — Аяғыңа не болған? Мертіккеннен саумысың? — Шекара асқанда қызылдар жолымызды кесті. Ат оққа ұшқанда омақаса құлап ем. Алғаш ет қызуымен байқамаппын. Сіңірім тартылған ба, білмеймін, аяғым бастырмайды. Шаншығанда төбеме жетеді! — деп төрге шоқаңдап барып ала сырмақ үстіне жайылған шайы көрпенің үстіне қисая кетті. — Ұлпашжан, өзің қалайсың? Күйлісің бе? Шапшаң қозғалып төсек үстіндегі мамық жастықтарды жерге құлатып Әукеннің қолтығының астына тықпалап жатқан Ұлпаш: — Шүкіршілік, ел ішінде бізге кім тиюші еді? Алыста, жат жерде жүрген азаматты ойлап қамыққанымыз болмаса, басқа уайым жоқ. Бұл қазақ өсексіз отыра ма! Қытай асқанда қара санынан оқ тиіпті, жарасы асқынып, қаны бұзылып қаза тауыпты деп зәремізді алған жоқ па? Сол әңгімені аузы-басы қисаймай мына қайнағамыз да айтып келген болатын, — деп Шорманға ала көзімен қарады.
Шығармалары Шорман: — Бәсе, келіннің кәріне ілінерімді өзім де сезіп ем, — деп ерніндегі насыбайын бармақ ұшымен іліп алып бұрышқа ытқытып жіберді де бұрыла шырт түкіріп, малдасын құрып оңтайланып отырды. — Ұлпашжан, мен арада жүрген барып кел, айтып келдің адамымын. Әукеш не айтса осыныкі жөн ғой деп жүре берем. Сөзін бұрмалап, қисық жеткізген жерім жоқ. Неге олай дейтінін қайдан білейін! Ұлпаш Шорманның ақталғанын жақтырмаған пішінмен: — Туысына, жақынына «өлдім» деп айт демеген шығар! — деді. — Ұлпаш-ай, мені бекер кінәлайсың-ау! Әукен ауырсынған қалыппен етігінің қонышынан ұстап, ақырын өзіне қарай тартып оң тізесін бүгіңкіреп алды. — Шорманда жазық жоқ, Ұлпашжан. Бұл қызыл бәлшебекпен ашық айқаста оны күйрете алмаған соң астыртын бұғыныс тәсілге көштік. Олар ақ патшаға қарсы күрескенде астыртын күшті ұйым құрып ақыры құлатып тынған жоқ па? Біз бәлшебектің сол тәсілін өзіне қолданбақпыз. Мұндай көрінбес майданда жауды ізіңе түсірмеймін десең, кейде сондай амалсыз жалған амал қолданасың, — деп Ұлпаштың бетіне тесіле қарады. — Ұлпашжан, өзіңе сеніп құпияны ашып жатырмын. Осыдан опық жеп жүрмеймін бе? — Өзіңізді көрген соң ол құпияңнан қандай қасиет қалмақ. Зәуеде сол тәсіл жөн десеңіз, бұл үйде бөтеніңіз жоқ. Мырза екеуміз сіздің тілеуіңізді тілеген жанбыз, — деп үй ішін жадыратқысы келді ме, қайнысына жеңіл әзіл айтты. — Соншалық сағындырып кеп көріскенде, торға түскен күйкентайдай бүрісіп, бүкірейіп қалғаныңыз қиын екен! — деді де, әлде нені есіне алғандай көз астымен күлімдей қарады. Садық жымың етіп: — Ей-й, пендешілік-ай, айнала анталаған қалың жаудың ішінде оққа оранып, күні-түні жортуылда жүргеннен бұлардың ісі жоқ. Қазір әзіл-күлкінің уақыты ма? — деді.
Кемел Тоқаев Ұлпаш ерке үнмен: — Қойшы, өлді дегеніміз өшпей тіріліп кеп отырғанда қуанышымызды, сағынышымызды қалай жасырып қалайық! — деді. — Жә, шаршаған кісіні мазаламай, тамағыңды қамда. Етің, шайың дайын ба еді? Тез әкел! — деп Әукендерді әдейі күтіп, ас қамдатып қойғанын сездірді. Етті айтқанда тамаққа өлгенше ашқарақ Шорман жадырап көңілденіп кетті. Қозғалақтап: — Құдайдың құдіреті осы үйдің табалдырығын аттасам таңым атып, күнім шыққандай болады. Шекара күннен күнге қатайып барады. Бұрынғыдай кесе-көлденең өте алмайсың. Салым суға кеткендей қажып, таусылып келген сорлы басым келіннің Әукенжанға айтқан әлгі әдемі әзілін естігенде тынысым кеңейіп қалды. Баяғы қызық дәурен, мол тыныштық бұзылмай сол қалпымен тұнып тұрғандай. Әлгі шошақ төбе бәлшебек иттердің жабыла қуған жәбірін ұмыттырып жіберді. Өйтпесең, Ұлпашжан, ерке Ұлпаш аталармысың, — деді. Әукен Құлжадан шыққанда екі топ болып аттанған. Өзімен бірге еріп шыққан топта Шорман мен Петрден басқа тағы бір орыс жігіті бар еді. Шекарадан өткен кезде оқ тиіп жараланды ма, ілесе алмай қалып қойды. «Қалдыра көрмеңдер, бауырлар!» — деп түнді жаңғыртқан жалынышты үні естілгендей болды. Мылтық тарсылдап, оқ жауып тұрғанда оған бұрылып қарауға мұрша келмеді. Екінші топты жүз басы Козлов басқарды. Шекара тұсына дейін қанаттаса қапталдасып келгенін біледі. Онан кейін қалай жалт бергенін байқай алмай қалды. Жүзбасыға жүктелген міндет қандай? Шекараға дейін екшелеп келген себебі не? Ол жағы Әукенге мәлім емес. Ал бұған берілген тапсырма қысқа да анық: Әукен Жаркент уезінің жігіті. Руы суан. Елі, жері таныс. Шекара бойын жайлаған негізінен қазақ ауылы. Қайткенде де Петр Жарковты Подгорный селосына аман, бүтін, сау қалпында жеткізіп тастауға тиіс. Алтын Емел асуынан асырып салатын кісіні ол өзі тауып алады. Жарковтың Верныйға жеткен хабарын алғанша бұл
Шығармалары Көксайда қала тұрады. Мұнда бос жатпай жаңа өкіметке кектеніп, өшігіп дымы құрып жүрген би-болыстардың, шабарман әкімдердің басын қосып, астыртын топ құрады. Оларды «Қыран ұясы» аталатын бандалар тобына қосуға үгіттейді. Бұл үшін ең алдымен жиналып бас қосатын сенімді кісінің үйі болуға тиіс. «Ондай адамың бар ма? Қане, кімді атайсың? Өзіңді іздей қалған күнде оңай, әуреленбей табайық!» дегенде, Әукен Садықтың атын атаған. Басқа ауыл қазағына қарағанда көзі ашық, бұрын татар медресесінде оқығаны бар. Сөзі өтімді, алғысы келгенде алдай да, арбай да алады. Әукеннің бір сескенетін кісісі Ұлпаш. Мырзадан жиырма жасы кіші, биыл он тоғызға қарай кетті. Садықтың қос қатын үстіне алып отырған тоқалы. Сырттай мырзамен тату, ұғысқан секілді көрінгенімен осы үйдің жылқышысы Ахметпен астыртын әмпей деп естігені бар. Әукен Ахметпен Ұлпаштың арасын анықтап алғысы кеп, Садыққа бұрыла отырып сөйледі. — Таң сәріден жүріп кетеміз, — деді Ахметтің кетіп қалғанын білмегенсіп. — Ахмет өзі осында ма? Бізге жүріске мықты ат дайындасын. Тіпті оған қазір тапсырып қойыңыз. Садық шынтағын екі тізесіне қойып бүгіле түсіп шоқша сақалын саусақтарының ұшымен талдай отырып: — Өзіміздің қолымызда өсіп, ығымызда жүрген момын бала еді. Мына өкімет естіні де, есерді де азғырып, құтыртып жатыр ғой. Өздерің Қытай асып кеткеннен соң-ақ Советіне сенді ме бізден іргесін ажыратып жатаққа көшіп кеткен. Соны іздеген, сұраған кісі жоқ. Қадір-қасиетті білмеген шірік немеге дәрі дейсің бе! — деп менсінбей сөйледі. Ұлпаш дөңгелек пәс столға дастарқан жайып, бауырсақ салып, тамақ тасып жүрген. Босағада сәл кідіріп тұрып, кекті долы үнмен: — Жатаққа барып, орысқа жаққалы бері жетісіп қалды деп естиміз. Көп мал тауып, әуелі қатын алғалы жатыр! — деді. Әукен жас келіншектің Ахметті қимайтынын сезді.
Кемел Тоқаев Ұлпашқа сүзіле қарап, шынтағының астына басқан жастықты сырғытып үстелге жақындай түсті де, басын шайқап мырс етті. — Осы үйде жүргенде сол Ахмет ішім-жемнен кенде болған жоқ-ау. Мырзаның жылқысын бақса, таңдаған қысырағын мінді, тәтті тамағын жеді. Ағайынның адал асын аттаған адам оңа ма? Өршіп, өрге басамын деп жүріп, байғұс бала өшкенін білмей қалады ғой, — деді. — Мырза да, сіз де сырттан кіжініп жұдырық көрсетуге әуес екенсіздер. Ал жылқышы оларыңа пысқырып қарамайды, — деп Ұлпаш екі беті қызарып, булығып, долданып кетті. — Жасай алмайтындарың бар, бекер даурығып қайтесіңдер. Қатын екеш мен де үйде отырып кектене алам. — Осы сөзіңді бұйрық деп білейін, сәл асықпашы! — деп Әукен картаның майлы құрышынан қолын толтыра асап жіберді. Шорман қалтасынан өткір қара бәкісін алып етті жапырақтап турап жатқан. Мырза да, Әукен де етке қол салып дәм татпаған соң жеуге бата алмай жалтақтай берген, Әукен қартаны асап жатқанда бәкісімен қазының майлылау жерінен қалыңдау ғып тіліп жіберіп: — Бұ жарықтық жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіреді. Қазақ тамағының ішінде жылқының еті мен қазысынан асылы жоқ, — деп аузына қағып салды. Екі ұртын бұлтыңдатып, көп шайнамай қылқ еткізіп жұтып жіберді. Жарков төр алдында, бетіне кепкасын жауып шалқасынан түсіп жатқан. Әукен оны ұйықтап кеткен шығар, демалсын деп қозғамап еді. Үй ішінің дәмсіз уақ сөзі мезі етті ме, ол басын шапшаң көтеріп Әукенге қарап шытынай сөйледі. — Ертең жүру жарамайды. Ол ошибка. Шапшаң, қазір кетіс керек. Мырза ат, мықты ат берсін! — деді. Садық мойнын бұрып, одырая қарады. — Өй, мынауың мұсылман ғой, қазақшаға жылмайды ғой! — деп өзінше орысшалағансыды. — Садық бар, жақсы ат бар. Ат много. Сенікі мала-мала отдыхайт керек. Қазы кушат. Құрсақ болшой болсын. Сонан соң пошел кетесің!
Шығармалары Жаркоз тыжырынып: — Қазақша жылмайды, сылмайды не знайт, — деп қолын сермей сөйледі. — Тоқтамайық! — Быстро кетіс керек, Ғапаров мырза! Шорман күңк етті. — Мына шіркін, кісіге тамақ жегізбейін деді-ау! Әукен Жарковтың күйгелектігін орынсыз көргендей шынтағымен оның тізесін ақырын басып: — Бекер әбігерленесің, Жарков мырза. Біз сенімді жақсы үйде, өз үйімізде отырмыз. Мырза внеподозрении. Бұл жерден ешқандай жау алмайды. Анау-мынау болса, жауапты мына мен беремін, — деп өзінің дәрежелі, маңызды кісі екенін сездірді. — Ғапаров мырза, сен бдительность дегенді жойғансың. Сенікі бас істемейді. Қазір шекарашылар милициясымен қоса өкшелеп қуып келсе не істейсің? Ондай безответственный жауабың керек емес. Тез тауға кетейік, — деп орнынан атып тұрып наганының бірін қалтасына, екіншісін беліне қыстырды. Көз алмай отырған Ұлпаш: — Мына орыстың үсті-басы толған тапанша, темір екен! — деп таңқалғандай ернін сылп еткізді. Осы бір сәтте сырттан қалың дүбір естілді. Тасырлатып шауып келе жатқан аттылар сияқты. Үй іші түрлігіп, үрейлері ұшып бір-біріне қарасты. Жарков ашуға булығып: — Мелшиіп неге отырсың, сен ит! — деп Шорманды бүйірінен теуіп жіберді. Домалап түскен Шорман: — Өй, мынау қайтеді, жазығым не, тақеыр? – деп қисалаңдап тұра берді. — Үніңді өшір, сволочь! — деп белінен наганын суырып алып бұйыра сөйледі. — Ғапаров, терезені бақ! Мен есікті аңдимын! Без моего приказа не стрелять! — деп пілтелі шамды төбесінен үрлеп жалп еткізіп өшірді. Босағаға кеп наганын шошайта ұстап, сүйеніп тұрды. Сыртқа құлақ түрді. Әлде кімдер жауаптасып сөйлескен секілді. Біреу үйді айнала шауып, қораға кіргендей болды. Сәлден соң
Кемел Тоқаев дабыр басылды. Садық кең тыныс алып, ақырын сыбырлады: — Кетті білем. Ауызғы үйдің есігі қағылды. Жарков Садықтың иығынан наганмен түртіп қап: — Сұра, кім екен! — деді. Садық ұйқыдан оянған кісіше есінеп керілді. — Ей, бұ қайсың? Жау шапты ма, кісіні түн ішінде мазалағаны несі! — Мырза, бұл мен. Жарықбаспын! Садық есік ашты. — Не көрінді саған! Мал аман ба? Қасқыр шапқаннан сау ма? — Бәрі аман, мырза. — Жарықбас жан-жағына алақтай қарады. — Әлгінде бір қора мелица келіп кетті. Бәрі мылтық, қылыш асынған. Тіпті зәрем қалмады. Сорлы басым, дәл сол кезде дәрет сындыруға шыға қоярмын ба? Біреуі мені көріп қалып «Әй, бері кел. Кімсің өзің?» — деді. «Мырзаның малайымын, Жарықбаспын» дейін. «Жалшы екенсің ғой?». «Иә!» «Бұл тұстан атты кісілер өткен жоқ па, байқамадың ба?» —деп қадала сұрады. «Жоқ» дейін десем, «Неге көрмедің?» — деп тергеуге алатын түрі бар. Құтылайын деп «Әлгінде біреулер шауып өткендей болды» — дедім. Бұл кезде екінші бір солдат сіздің қақпаны ашып, қораны қарап жүрген. Ол қасыма жетіп келіп «қанша адам өздері?» — деді. «Үшеу-төртеу ме, қалай?» — деп аузыма келген санды айта салдым. «Тап солардың өздері!» — деп жиекте ұшқын шашқан отты көріп солай қарай шаба жөнелді. — Бозаға бөгіп алған солдаттар шығар. Еріккен соң далақтап шауып жүрген де. Малыңа сақ бол, жарқыным. Мұндайлар қолға іліккенін алып, оңайда тұрғанын айдап кетеді, — деп далаға шығып, қора маңын байқаған боп үйге қайта кірді. Босағада состиып тұрған Жарковқа: — Қуғыншылар білем. Жарықбас оларды Ілеге, құм жаққа қарай сілтеп жіберіпті, — деді. — Солай болатынын білгем! — деп келістіре боқтады.
Шығармалары — Із тастамай, шапшаң кету орнына бұл иттер жылқы жейді. Неғылған топас, қамсыз, сорлы жандар десеңші! Ат, ат қайда? — деп Садыққа ақырды. — Ақырда байлаулы тұр, тақсыр. Әукен қабағын шытып: — Үрей жарамайды, Жарков мырза. Ашу серік емес бізге, — деді де тапаншасын қалтасына салды. Шорман, сен тоғайдағы атты әкел. Мен Жарков мырзаны шығарып салуға тиіспін. Жарков ашуға булығып: — Боқтан өзгені шатпа! Ешқайда бармайсың, осында қаласың! — деді. — Штаб бұйырған. Өзгерте алмаймын. — Ондай бұйрық берген адам нағыз дурак! Мен оны трибуналға берем. Бүкіл строй алдында атып тастаймын. Әукен шошып кетті. Штаб бастығының көмекшісіне жағынып және Жарковтың аса құпия тапсырмамен бара жатқанын сезіп, осы тұста көрініп қалғысы кеп, бұл ұсынысты айтқан өзі еді. — Айыбы не? Бар жазығы сені қорғаштап жүргені ме? — Кто придумал ету дуракскую затею? Біздің әділ де ұлы ісімізге қастандық ойлаған, атаманға дұшпандық жасаған адам дәл осылай жасайды. Сенің алаш партиясының белсендісі, қашқын екеніңді бүкіл Жаркент уезі біледі. Бәлкім, сені милиция іздеп жүрген шығар. Сені ұстаса, мен де тұтқындалам. Ұқтың ба, енді? Әукен маңдайының терін сүртті. — Онда Шорман барсын. Серіксіз сені жалғыз жібере алмаймын. — Шорман жарамайды. Ол белгілі ұры, контрабандист, — Садыққа қарап. — Ал мынаның малайы он есе ақылды. Аты кім дедің? Жарықбас па? Қарай гөр, Жарков және Жарықбас! Ұқсайды. Сол адам маған серік болсын. Садық ебелектеп қалды. — О, не дегеніңіз, Жарық мырза. Малайдың бірдемесі кетеді деймісің, ерсін, барсын. — Онда тыңда: уезді аралап жүрген землемер боп
Кемел Тоқаев Жарықбасқа барам. Лау сұраймын. Әрине, ол дәнеңе шешпейді. Екеуіміз осында келеміз. Мені танымаған бол. Ұқтың ба? — Ей, ондай қитурканы білеміз ғой. — Топтасып жүру қатер, біз Қаратау асуымен кетеміз. Ал, мырза, сен етектегі айналмада, Подгорныйға бұрылатын жолдың бойында, өзен жағасында күтесің. Біз шыққан соң көп аялдама, ертең күн бата сол жерде табысатын болайық. — Айтқаныңыз болсын, — деп Садық қолын төсіне қойып басын иді. Аздан кейін апалақтап Жарықбас жүгіріп келді. Жарковты бармағымен нұсқап: — Мына бір қаңғыған орысы тағы келді. Жер өлшегішпін дейме, жөнді ұқпадым. Лау сұрайды. Түн ішінде бұған атты қайдан тауып берем. Жылқының бәрі жайлауда, — деді. — Қит етсе, осы немелер салпаңдап жетіп келеді. Бізден басқа жұрт құрып қалып па екен? — деп Садық кейігенсіді. — Бәсе десеңші! — деп Жарықбас өңештеп қостай түсті. — Ей, анау Аңызаққа барсаңдар қайтеді. Жерге қарап отырған кедей емес. Жақында жайлаудан тоқпақ жал торысын алып келді. Нағыз жүйріктің өзі. Шабысына құйын жетпейді. Лауға мінетін лайықты ат сол! Жарков: — Жеті түнде кімнің босағасын сипалап, есігін қағып жүрем, — деп еді. Жарықбас өршеленіп: — Бұл үйге қалай келсең солай барасың да! — деді. — Сен килікпе, мен мырзамен сөйлесіп тұрмын, — деді де Садыққа, — Шұғыл жүруім керек. Ат табыңыз! Мына жігіт бірге жүрсін. Келесі ауылдан атыңды қайтарып жіберем, — деді. — Советіңнің әділеті қайда? Әнеукүні астық жинап жүргендер биені алып еді. Әлі қайтарған жоқ. Жарков момын пішінмен қолын жайды. — Басқада менің жұмысым жоқ, мырза. Маған өкімет жұмыс тапсырады. Мен орындаймын. Садық Жарықбаспен ақылдасқан боп: — Жареке, не істейміз? Бір амал тапсаңшы, — деді.
Шығармалары Жарықбас кісімсініп көтеріліп қалды. — Ертең бәлшебегіне айтып жүрсе айрылмас бәлесіне қалармыз. Сары атты ерттеп берейін. Соны мінсін. — Үркек неме мертіктіріп жүрер. Қой, азды қызғанамыз деп көбінен айрылып қалмайық. Анау қасқа айғырды ерттеп бер. Өзің ілесе барсаң, алып қайтарсың, — деді. Сәлден соң сырттан ат дүбірі естілді. Садық та көп ұзамай жүріп кетті. Ұлпаш ағаш төсек жанында кеудесіне қолын қусырып, үлкендердің жалған амал-тәсілдерін көзімен көріп, әңгімесін үнсіз тыңдап тұрған. Әукен қасына кеп иығынан құшақтап бауырына қысқанда: — Дүние шіркін, алдамшы, жалған екен ғой, — деп күбірледі. Әукен естімеді. Қарулы қолымен жас келіншектің о жақ, бұ жағын қомағайлана бүріп ұстап аузынан, көзінен, тамағынан құшырлана сүйді. Ұлпаш балқып, қалтырап кетті. Әукеннің омырау түймесің ағытып: — Шешінбейсіз бе? — деді... ҰТЫС «ШЫТЫРДЫҢ ТҰЗЫ» Аспан төрі түйдек-түйдек жөңкіген қара бұлт. Жауын айығар емес. Бір қалыпты себелеп жауып тұрып, жел ескен кезде жер-дүниені селдетіп, тасырлап құйып өтеді. Жарков қара жотаны қиялап етекке қарай түсіп келеді. Қасқа айғыр ылдиға келгенде төрт тағандап тұра қалып, қамшыласа да жүрмей, басын теріс бұрып желе жөнеледі. Жүрісі өнбей қажып, шаршап келе жатқан Жарков алыстағы жазыққа, бұрылыстағы жол үстіне көз тастайды. Түнгі уәде бойынша Садық сол тұстан күтуге тиіс. Біраз жүріп, үйдей жалтыр көктасты айнала беріп тағы қарады. Қалың бұтақты
Кемел Тоқаев жалғыз теректің түбінде тұрған жалғыз салт аттыны көзі шалды. Тұла бойы мұздап, қалтырап кеткендей болды. Аттылы адам омыраулы, дөңкиген, семіз денелі Садыққа ұқсамайды. Шымыр, сидаң біреу. Иығында асып алған мылтығы бар. Жарковқа мынадай ой сап ете қалды: Садық қайда? Милиция оны ұстап алып, шынын айтқызып, мұны күтіп тұр ма екен? Не істеу керек? Төс қалтасын сипалады. Оның астарында су өтпейтін жылтыр қағазбен қапталған, қазір әскери бөлімде жауапты қызмет істейтін бұрынғы Войсковой старшинаға алып бара жатқан құпия хат бар. Қолға түспей тұрғанда ол пакетті жойған жөн бе? Мынадай жауында тауға өрлеп, тығылып қаша алмайды. Амалсыз жүре берді. Қолын пенжегінің ішіне тығып, наганын оңтайлап ұстап келеді. Қызыл әскер анадайдан қолын көтеріп айқайлады. — Ей, тау текедей тауға өрлеп кетіпсің! Немене, адасып жүрсің бе? — деп ақсия күледі. Жаулық ойы жоқ, бейбіт тұрыс. Жарков та еріксіз қолын көтерді. — Қызыл әскерге сәлем! — Тас шатқалдан не іздеп жүрсің? — Землемер едім. Облыстан келем. — Ә, бәсе, солай болар, — деп қызыл әскер басын изеді. – Қызыл керуен тартып жұрттан азық-түлік жинап жүр ек, Жаркенттен шыққанымызға бірталай боп қалды. Сенің таудан түсе алмай қиналып келе жатқаныңды көріп тосайын дедім. — Күткеніңе рақмет. Мына тау арасының жолы ирелеңдеп таусылмайды екен. Жақын маңда ауыл бар ма екен, білейін деп мына төбенің басына шығып едім. Шығуын шықсам да, түсуі азап екен, — деді де жайдарлана күлді. — Жолдас, қызыл әскер онда танысып қояйық. Атым Андрей, фамилиям Жарков. Облыстың земелькомның қызметкері. Қызыл әскер күліп тұрып оң қолын шекесіне апарды. — Мүбарак Нариманұлы. — Қалай, Нариманов жолдас, жиын-терін мол ма?
Шығармалары Қызыл керуеннің салқар кеші қайда? — Байларың әлі әл бермей тұр. Көзіне шұқып, көрсетіп отырмасаң дым татырмайды. Ыңғайын тапса баяғы сорлы кедейді қаужап қалғысы келеді. Мына Жыланкөз аулындағы азғана кедей үйіне Совет бидай бөлген екен, — деп алыста бұйраланып көрінген қалың төбені көрсетті. — Ауылнай оны мырзаның меншікті астығы ғып бізге өткізіпті. Мұны біліп қалдық та, бай мен ауылнайды шақырып алып, мұның қалай? Кедейдің астығына неге тиесің? — деп сұрайық. Бай не айтты десеңші! «Бұл ауыл қаймағы бұзылмаған тұтас бір ел. Бәлшебегің жік шығарып арамызды ажыратпаса, бұрын бөлініп көргеніміз жоқ. Барын ортаға салып, бөлісіп, ішіп-жеп жататынбыз. Қызыл керуенге бидай берсем, оны осы ауылдың азығы, астығы деп құйдым» деп отыр. Ал өзінің үш ұра астығын ортаққа салғысы келмейді. Көрдіңіз бе, осындай да қызық әңгімелер боп жатады, — деп қалтасынан дорбасын алып, махорка орап тартты. — Нешеуа, соның өзі маған сабақ болды. Жаңа тәсіл ойлап таптым. — Оның қандай тәсіл? Құпия санамасаң айт. — Дәнеме құпиясы жоқ. Бұлардың Қызыл керуенінің қарасы көрінгенде «дымынды шығарма, үніңді өшір. Бұл сен араласатын жұмыс емес» — деп малшы-жалшыны ұрысып, үркітіп ұстайтынын білем. Енді алданбаймын. Қызыл керуен келерден бұрын алдағы ауылдарды жай аралап өтем. Кімде қанша астық, мал барын астыртын сұрап білем. Қызыл керуен келгенде көріпкелім бар кісідей «Пәлен ұраға көмген астықты әкел» деп сайрап, сөйлеп тұрам. Пысықсынған байың жалтара алмай қалады. Міне, біздің жұмыс солай, землемер, жолдас. — Амалды асырған екенсің. Ендігі беталыс қайда? — Алдымызда Подгорный деп аталатын орыс селосы бар. Соны шолып шықпақпын. — Подгорныйға барсаң, жолымыз бір екен. Жолшыбай соға кетсем деп ойлап ем. — Сендердің мұндағы бауырларыңмен сөйлесу өте қиын екен. Бірақ менің Иван дейтін жолдасым бар. Өзі
Кемел Тоқаев еңгезердей дәу жігіт. Нағыз большевик, Атаманшыл ақтардың әкесін танытып, Қытай асырып тастағандардың өзі. Соғыста көрсеткен батырлығы үшін қызыл комиссар аты жазылған сағат сыйлаған, — деп мақтай жөнелді. Жарков сөзін бөлді. — Сен бәлшебек емессің бе? — Бәлшебек болу үшін көп сыннан өту керек. Әзірге, жай тілектеспін. Ал біздің Иван кәрленгенде жуан қарын, қаба сақалды салмақты байлардың зәресі кетіп, оның алдында құрдай жорғалайды. — Жауығып, өшігіп қарсылық жасап жататындар бар десеңші! — Өкіметтен қорқып дымы құриды. Әйтпесе, түтіп жейтін түрлері бар. Ар жақтағы атаманына арқа сүйейді білем. Астықтарын алып жатқанда «күнім туса, маңдайыңа қылышпен бесжұлдыз оярмын-ау!» — деп кіжініп қалады. Мейлі айта берсін. Біздің Қызыл Армия ешкімнен осал емес. — Әрине, солай! — деп Жарков қостағандай басын изеді. — Қызыл керуендерің бұ жаққа қашан келмекші? Нариманов атын тебініп, шаужайлай түсіп Жарковқа қатарласа берді де: — Қызыл керуен жолын әркімге айта бермейміз. Бірақ облыстан жүрген өкілден жасырғанымыз әбестік болар. Құдай сәтін салса, бүрсігүні кеште осында болады. Азықтүлік тиелген атты-арбалы, түйелі ұзын кештің өзі де сәнді ғой. Осы жолы 200 пұт астық жинамақ ек. Оны артығымен орындайтын шығармыз, — деді. — Жолдағы Қызыл керуенді жұрттың бәрі көреді. Оны жасыра алмайсың, — деп Жарков әлгі сұрағына мән бергісі келмеген-ді. — Мұнда тұрған ешқандай құпиялылық жоқ қой деймін. — Әскер қатарында қызмет етіп пе ең? — Өкпең дымкес деп алмады. — Әскери өнерден махрұм екенің көрініп тұр. Мұнда бауырым, маршрут деген болады, — деп Мүбәрак білгішсіне сөйледі. — Керуеннің тоқтайтын, қонатын
Шығармалары жерін контрлар біліп қойса ісің оңбады дей бер. Бір айғы есіл еңбек зая кетеді. Біздің алдымызда шыққан керуенді бандалар талқандап кетті. — Қылмыстыларды тапты ма? — Бір-екеуін ұстады. Қалғандары Қытай асып кетсе керек, — деді де Жарковтың астындағы атына көз тоқтатып бас-аяғына мойын соза қарады. — Мініп келе жатқаның кімнің айғыры? Таныс мал секілді. — Асудағы ауылдан лауға деп мініп ем. Кімдікі екенін сұрағам жоқ. Маған жүріске мықты көлік болса болды да! — Әрине, байдың малын аяйсың ба? Қолға ілінгенін міне берген жөн, — деді де селоның үйлерін көріп, үзеңгіге аяғын тірей көтеріліп алға мойнын созды. — Подгорный дегеніміз осы. Мұнда таныс үйің бар ма? — Бұл жаққа бірінші рет келуім. Таныс қайдан болсын. — Осында орыс тамырым бар. Өзі шошқаның етін жейді демесең, нағыз қазақы жігіт. Кісі келсе қуанып қалады. Қазір марканың майланған кезі. Мал сояды, бас тартады. Ұзақ жолда ат соққы боп қажыған шығарсың? Бір-екі күн жатып тынығып алғын, — деп досын мақтай жөнелді. Жарков алақанымен төсін басып: — Көп рақмет, Нариманов жолдас. Қонақ үстіне қонақ боп қайтем. Селода жолаушылар түстенетін бекеті бар шығар. Сонда тоқтармын, — деді. — Онда бекет емес, кәдімгідей жолаушылар тоқтайтын әдемі үй бар. Тәуліктің қай мезгілінде барсаң да төсекорны, тамағы дайын тұрады, — деп қонақ үйдің иесі жөнінде қысқаша әңгімелеп өтті. Наримановтың айтуы бойынша Зоя Крутикованың күйеуі Қапал маңында «Қызыл қыран» партизан отрядында болып, атаман Анненковқа қарсы соғысқан. Ауыр жараланған соң осы селода тұратын қарындасынікіне келеді. Зоя Крутиковамен көңіл қосады. Өзі шебер, шаруаға епті болса керек. Аз уақыттың ішінде келістіріп үш бөлмелі үй салып алыпты. Бұдан екі ай бұрын белгісіз жұмбақ жағдайда күйеуі Ілеге кетіп өлген. Зояның ағасы бұрын Анненковтың отрядында болған екен, өшігіп
Кемел Тоқаев жүрген солар кек алыпты деседі. Анығын ешкім білмейді. Күйеуі өлгеннен кейін бар малы мен ақшасын үй салуға жұмсаған жесір әйел күн көріс қамын жасап, екі бөлмесін ары-бері өткен жолаушыларға жалға беріп жүреді. Табыс көзін тауып, дәндеп алған соң үш үйді де қонақ жайға айналдырыпты. Верный мен Жаркентке сапар шеккен, мал айдаған қыр қазақтары, Шонзаның саудагер шонжарлары бұл үйге тоқтамай өтпейді. Мұны Жарков қонақ үйге келгенде өз көзімен көрді. Үйге кіргенде ортадағы бөлменің бұрышында үш адам шай ішіп отыр. Жалпақ бет, дүрдік ерін семіз қазақ үсті басы су-су боп келген Жарковқа алара бір қарап, қасындағы қара қатпа жігітке: — Жә, шайыңды ішсең, малға бар. Түнде ұйықтап қалып жүрмеңдер, — деп жұмсап жіберді де өзі төсекке қисайды. Жеңіл ала шапан киген, белін жібек орамалмен байлай салған екінші жігіт шапшаң қимылдап стол үстін жинай бастады. Тегі мұнда келген қыр қазақтары мен тараншылар қонақ үйдің тамағын арамсынып, шайы мен арағынан басқа тамағын ішпейтін секілді. Ала шапанды жігіт қалған бауырсақ пен етті қоржынға қайта салып жатты. Қонақ үйдің иесі Жарковты көп жолаушылардың бірі секілді қабылдады. Жарков елермесі барын, қасында кісі жатса ұйықтай алмайтынын айтып жеке орын сұрап көріп еді. Крутикова сабырлы, салмақты үнмен: — Менде ондай оңаша бөлме жоқ. Бір-екі күн қонатын адамға қандай сән жай керек? Сіз мұнда мәңгі тұрмайсыз. Бірер түнге шыдап бағыңыз, — деп қос төсек қойылған шағын бөлменің есігін ашты. — Тәуірі осы. Түнде жолаушылар көбейіп кетсе үстіңізге кіргіземін. Ренжімейсіз. Ақшаны кімнен алсаң да арамдығы жоқ, со секілді қонақты алалау пәтер ұстаушы хозяйкаға келіспейді, — деп қатты ескертіп кетті. Жарков одан әрі сөз қозғамады. Сыртқы киімін шешті де терезе тұсындағы төсекке құлай кетті. Шекарадан өткенде күзетшілер ізіне түсіп зәрені алғаны болмаса, бұл сапар сәтті басталған сияқты. Қуғын кезінде поручиктің оққа ұшып өлгеніне, Ғапаровтарды Көксайда қалдырып
Шығармалары кеткеніне, тіпті бүгін Садыққа жолықпағанына іштей қуанады. Нариманов мұның мырзамен келе жатқанын көрсе бұлай сыр ашпақ түгіл, Жарковтың өз басына кәдік еді. ІІолковник Янчис «Ұтыс шытырдың тұзы» операциясын талқылағанда «Капитан мырза, сіздің бұл сапардағы қауіпсіздігіңізді ойлап қасыңызға топтап кісілер қосып беріп отырмыз. Бұлардың қаншалықты пайда тигізетінін анық білмеймін. Жағдайға қарай өзіңіз байқарсыз. Егер кедергі келтіреді-ау, қатер төнеді-ау десеңіз, сол сәтте құтылудың амалын қарастырыңыз. Олардың өмірінен гөрі сіздің амандығыңыз артық. Есіркеу, жан ашу, алаңдау болмасын. Сізден айырылсақ үмітіміздің үзілгені, бізді де өлді дей бер. Өзіңізге жүктелген міндеттің соншалықты маңызды екенін осыдан аңғарасыз», — деп ерекше ескертіп еді. Полковниктің айтуына қарағанда Подгорныйда астыртын жұмысқа жіберілген адамдар бар. Олармен Жарковтың кездесуі шарт емес. Тек ерекше бір жағдайда ғана, тапсырманы орындауға қатер төнген күнде ғана көмек сұрайды. Полковник Янчистің тірек пункті Подгорный селосы ғып алғаны кездейсоқ емес екен. Село уезд орталығынан шалғай жатқанымен оның әрі-бері өткен жолаушыларға қолайлы жақтары көп. Бұл тұстан Іле алыс емес. Өзеннің арғы бетіне өтсе Шонжаның керуен жолы жатыр. Сол жолмен Кеген кетіп, Саржас бектерін қуалай Нарынқол асуға болады. Немесе, Торайғырдың кең жазығына қарай бұрылып, Верныйға баратын тура жолға шыға алады. Сол жағында қазақ-орыстардың станциясы Үлкен Жалаңаш жатыр. Алатаудың қарлы жоталарын кесіп өтетін Алтын Емел асуы да Подгорныйдан алыс емес көрінеді. Асудан асса Қоғалы-Сарыөзек — Арқалы арқылы Верныйға төтелеп барады. Бұл тұстан барлық жол Верныйға апарады. Тегі полковник Янчис әбден ойланған секілді. Қай жолмен кетсе де Жарковтың өз қалауы біледі. Қайткенде қатерсіз жақты қарастырған жөн. Әзірге беталысы дұрыс, бәрі сәтті басталған секілді.
Кемел Тоқаев Жарков талып барып ұйықтап кеткен екен. Қатты айқайлап шошып оянды. Жастық астында жатқан наганға жармасты. Біреу есікті жұдырығымен тоқпақтап тұр. Жарков қатқыл үнмен: — Бұ кім? — деді. — Ей, жолдас, аш! Біз жолаушымыз! Жарков есікті ашқанда босағада тұрған кешегі семіз қазақты көрді. Тершіген денесінен арақ иісі мүңкіп тұр. Аузы көбіктене сөйлеп: — Сен мемлекет адамысың ба? Алдымен соныңды айтшы! — деді. Жарков тістеніп: — Болсам қайтеді? — деді. — Сен өйтіп, сыздана қарауыңды қой. Ұқтың ба? — Оны білем. — Білсең, бұрынғының төрелеріндей жанына жан жуытпай бөлектеніп, шіреніп жатқаның қалай? Мұнда жұрт орын таппайды. Ал сен шалжиып жалғыз жатасың! Жарковтың көзі бұрышта, самаурын қасында отырған Садыққа түсті. Танымаған кісідей бетін шұғыл бұрып: — Мұнда менің кінәм қайсы? — деді жайдарылана күлген боп. — Орын берген соң келіп жаттым. Мен хозяйка емеспін ғой. Крутикова келді. Семіз қазақ Садықты бармағымен шошайта көрсетіп: — Мұнда бүкіл суан жұрты қадірлейтін Садық мырза, өзіміздің Сәкең отыр! Бұл жатпаған төсекті күл ғып өртеп жіберем. Ұқтың ба? Мен полуқұрсақ крестьян. Бәлшебек полуқұрсақ шаруаны қолда деген. Мұны уездік милицияға айта алам. Бастығының өзі менің тамырым. Ол үшфу десе, бәріңнің күлің көкке ұшып кетеді! Крутикова кейіді: — Сен полуқұрсақ болсаң, мен жесір қатын. Милиция жесірге тимейді. Өйтіп, сандалма! — деді де самаурын түбінде шоқиып отырған Садыққа, — мұнда келіңіз. Бір орын бар, — деп Жарковтың қасындағы төсекті көрсетті. Екеуі оңаша қалғанда Жарков:
Шығармалары — Әлгі шұбар қазақ кім? Милицияның агенті ме, не оттап жүр? — деп кіжініп наганын жастықтың астына тықты. — Милицияның агенті ме, жоқ па, онысын білмеймін. Менің білетінім, Жаркенттің шолақ купесі. Жұрттан терітерсек жинап бақалшылық етеді. Аракідік мал саудасын жасайды. Қалада көк дүкені бар. — Саған немене жаны ашып қалды? — Сауда-саттық кәсібіне аздап көмектесетінім бар. — Садық оң қолымен бүйірін таянып, еңкейе отырып сөйледі. — Сіз мініп келген айғырдың менікі екенін танып отыр. Байқамасаңыз енді қиын! Жарков ойына күдік алды. — Не оттап отырсың! Сенің жылқың екенін қайдан біледі? Мұндай қасқа айғыр аз ба екен? Пасық ит, өзің айтқансың! Садық салмақты үнмен: — Жарков мырза, бекер жазғырасыз. Мен сізден мал аямаймын. Аяп қайтем, ертең бәрібір қазынаға түседі. Қасқа айғыр өзіңізде қала берсін. Ойыма күдік алған соң алдыныздан өтейін дедім. Ар жағын өзіңіз біліңіз, — деді. Жарков ойланып қалды. Кеше Қаратауды асып келе жатқанда Жарықбас та бірдемені пықсытып еді. — «Мырза қасқа айғырды малымның құты, тәтті ырысым деп жүруші еді. Қалай қиып бере қойғанын білмеймін. Сірә, сізге борышты-ау. Әйтпесе бүйтпес еді. Әлде...» — деп, сөзін аяқтамай қулана күлді. Байға қарағанда жалшысы ақылдылау секілді. Ал мұндай куәні тірі қалдыру өте қауіпті. Қыл көпірден секіре бергенде Жарықбас атматымен шыңырау түбіне, көз жетпес тереңге, тау табанына құлап түсті. Зәулім, заңғар, найзалы, көк тасты шатқалды жаңғыртқан даусын ғана естіп қалды... Бірақ қатер мұнымен жоғалмаған секілді. Мұның Садық мырзаның атын мініп жүргенін көре тұрып, Верныйдан келе жатқан өкіл едім дегеніне кім сене қояды. Садықтың ауылы Верный жолының үстінде емес, бір қияда, шалғай шетте жатыр. Мұны о баста неге ойламаған?! Өзі кеп ұрынған
Кемел Тоқаев бұл тордан шығудың қандай жолы бар? Ол үшін не істеу керек? Әлде полковник Янчистің адамдарымен байланыс жасағаны жөн бе? Жарков бұл адамдарға жолағысы келмеп еді. Бірақ, басқа амалы жоқ... Жарков таң ертемен ерте тұрып дүкенге барды. Дүкеннің қай сағаттарда жұмыс істейтіні бұған айтылған. Есік алдында сәл бөгеліп, ескі шіркеуге қарай беттеді. Орта жолда қайта қайтты. Дүкенге кіріп бір қорап көк махорка алды, оны шыға берісте сол жақ қалтасына салып, бос қорапты мыжғылап лақтырып жіберді. Бұл кездесудің алғы шарттарының бірі еді. Агент мұны байқаса, өзі сылтау тауып Жарковқа жолығуға тиіс. Жарков дүкен маңынан қонақ үйдің қызметшісі Егордан басқа еркекті көре қоймады. Хозяйка тапсырған болу керек, дүкеншіден қолдан жасалған сабын сатып алып жатты. Өзі үсті-басын жөндеп күтпейтін салдырсалақ бингара секілді. Көнетоз пенжагының омырауы мен етек-жеңі кірмен сіркеленіп, жылтырап көңделіп кеткен. Кеше Жарков жауын астында қалып малмандай су боп келгенде қарсы алып, атын ақырға апарып байлаған осы Егор болатын. Жұрттың өтінішін сылбыр, баяу қалыппен тынымды, бапты орындайды, сауалға жауап қатпайды. Жарков мұны соғыста тілінен айрылып, зақымданған ғой деп ойлады. Жарков өзінің жатқан бөлмесіне кеп, жайласып отырып сақалын алды. Жуынды. «Бұлар таң ертеңгі асты кешіктіргені несі?» деп терезенің пердесін сәл сырыңқырап Крутикованың үй жағына көз тікті. Егор дәу сары самаурынды буын бұрқыратып көтеріп келеді екен. Ортаңғы бөлмеден тықырлаған дыбыс естілді. Аздан соң біреу есік қақты. Жарков көтеріңкі ширақ үнмен: — Кіре бер! — деді. Егор кірді. Есікті ақырын, қымтай жауып: — Көршіңіз қайда? — деді. — Көрінбейді. Кетіп қалған-ау деймін. — Оның тезірек құрығаны жөн. Сіздің қасыңызға әкеп жатқызғаннан шошып ем.
Шығармалары Жарков таңқалған пішінмен иығын бүлк еткізді. — Түсінбеймін. Не сөйлеп тұрсыз? Егор тесіле қарап: — Мені танымадыңыз ба, капитан мырза? — деді. — Кімсің өзің? Бірінші рет көріп тұрмын. — Олай деп ойламап ем. Есіңізде ме, былтыр қыста Қапал қамалындағы солдаттар бүліншілік жасағанда сіз атаман Анненковтың көмекшісі полковник Асанов екеуіңіз келген болатынсыз. Ол күнді ұмытпаймын. Бәрін қылышпен сыпыра шапқылап тастадық емес пе? Сондағы рота командирін есіңізге алыңызшы. Сол мына мен. Сіздің қылыш сілтеу тәсіліңізге рақаттана сүйсінген ем! — Сіз мені әлде кіммен шатастырып тұрсыз! — Поручик Мухин әзір есінен айрылған жоқ, Волков мырза! Мен Петр Волковты жақсы танимын. — Мен Волков емес, Жарковпын! — Мухиннің қонақ үйдің қызметшісі боп, Егор деп бүркеншік атпен жүргені секілді ғой? — Не айтып тұрғаныңызды ұқсам бұйырмасын, — деп қалтасындағы ойын картасын тумбочканың үстіне тастай салды. Егордың көзі жайнап кетті. — О, байқаймын, карта ойынын жек көрмейтін секілдісіз. Жиырма бір ме, әлде... — Жиырма бірді ойнамаймын. Анда-санда төртінші қол боп преферансқа отыратыным бар. — Менде преферансты аздап ойнаймын. Бірақ қолыма карта шықпайды. — Мен сияқты екенсіз ғой. — Қолыма қарғаның мәткесі келгенде аянбай-ақ кетем. Қара түс маған жағады. — Менің ұтысым «шытырдың тұзы»! Мухин құшағын жайды. — Кісіні күпті қылмай манадан бері солай демейсіз бе?! — деп бауырына қысты. — Ондағы жігіттер қалай? Бәрі аман ба? Атаманымыздың көңіл-күйі жақсы ма? Мен жарқылдата сілтер қылышты, суысып аққан жылы қанды
Кемел Тоқаев аңсадым. Мына қапаста өзімді қоярға жер таппай өле жаздаймын. — Полковник мырза ерекше сәлем айтты сізге. — Саламат болсын! Солай айтып барыңыз, — деді де екі алақанын тізесіне салып еңкейе түсіп, — қазір хозяйка келсе мені жұмсап жіберуі мүмкін. Бәлкім кездесе алмай қалармыз. Екі құлағым сізде, капитан мырза. Қандай тапсырма бар? Айтыңыз, — деді. — Үй иесі қандай адам? — Қалай дейін, ақшаға жақын жан. Онымен сыр ашпауға тырысам. — Сенуге болмайды, солай ма? — Шіркеудегі әулие әкенің сөзіне ден қояды. Селодағы сыйлайтын адамы сол. — Мұны сұрап отырған себебім, мұндай көпшілік орынды милиция өзінің әжетіне жаратып қалуға тырысады. Бұл большевиктердің ежелгі тәсілі. Барынша сақ болғайсың, — деді де Мухиннің бас аяғына көз жүгіртіп «саған да мұнда оңай емес екенін түсінем. Бізге тиген үлес осы. Бекем бол» дегендей ақырын күрсінді. Төсқалтасынан қатталған қалың ақшаны Мухиннің алақанына салып, — қайткенде бүгін кеште жүріп кетуім керек. Мініп келген қасқа айғырды осында қалдырам. Егер хозяйка сұрай қалса, «аты осында. Селоға таныстарына кеткен шығар» дегейсің, — деді. — Сіздің бұл жерден көзге түспей кеткеніңізді өзімде тілеймін. Әйтпесе, Садықпен екеуіңіздің бір бөлмеде жатқаныңызды көргенде басқаша жоритын еді. — Оның кім? — Осында большевиктің өзі болмаса да, оның агенті бар. — Аты кім? — Тимофей деген орыс, фамилиясы Иванов. — Таныс есім, естіген секілдімін. Оны масайратып жүргендеріңіз қалай? — Иванов елге жұғымды, қазақ-орыстардан, қыр қазақтарынан тілектестері көп. Құр қолмен ала алмайсың.
Шығармалары Оған тисең қалың жұрттың кәріне ілігесің. Қорқыныштысы осы. Әйткенмен, әулие әкемен ақылдасып бір амалын табармыз деп жүрміз. — Мухин орнынан тұрды. — Сізге сәтті сапар тілеймін. Көріскенше күн жақсы болсын! Сол күні ымырт жабыла Волков-Жарков Алтын Емел асуына тетелеп баратын жолға түсіп, Солтүстік батысқа қарай жүріп кетті. Бұл тұстан Верный қаласы үш жүз шақырымдай жер еді. Шонжажолы оған жайдақ, панасыз, қатерлі көрінді. Бұл күні Садық Қаратаудың қия шатқалдарын өрлеп, қиялап жатқан жайлау жолымен аулына оралған. Таң алдында Жарковпен қоштасып жатып «осы күні тау арасы мазасыз. Ұры-қары көбейіп кетті. Жалғыз кісіге қауіпті. Жарықбас жардай қорған еді. Бекер жібергенсің», — деп Жарықбастың қайда екенін білмек боп жұқалап сұрап көріп еді. Жарков жөнді жауап қатпады. «Қаратаудан асырып жолға салған соң қайтып кеткен. Өзі ынталанып, ықылас білдірмеген соң, жүре ғой деп айта қоймадым», — дей салды. Садық ойына күдік алды. Бірақ онысын Жарковқа батып айта алмады. Кешке Жарықбас жүрген жолға түсіп жүріп кетті. Қаратаудың қатпар-қатпар найза тасты қос шыңы бар. Оның бір өзгешелігі жарыса, қабаттаса көкке өрлеп барып, ұшар басының сүйір-сүйір азу тастары бір-бірімен қиюлана қиысып кеп жалғасқан. Жомарт табиғат көшпелі қазақтың көп азабын көріп, көмектескісі келгендей қос таудың басын қосып көпір жасап берген. Қалың ел жайлауға үдере көшкенде Қаратаудың осы көпірінен өтеді. Оны қылкөпір дейді. Олай атауының себебі көпірдің ені өте тар және екі шыңның түйіскен жерінде қаратастың арасында күн сәулесі түпсіз құзға бөгелмей түсіп жатқан арса тесік бар. Қыста қауіпті. Ал жазда мал да, адам да секіріп, аттап өте береді. Садық қылкөпірден өте беріп төмен қарады. Алыста, үй орнындай көгал үстінде қарайған бірдемелерді көрді. Бірінің үлкендігі жотасымен аунап жатқан төбеттей, екіншісі жарғанаттай ғана. Сары атының қасында жар
Кемел Тоқаев қанаттай боп жарбиып жатқан Жарықбас екенін білді. Садық бетін сипады. — Алда иманын берсін! Үрейі ұшқан ол етекке түсе беріп ауылға қарай шаба жөнелді. ОҚШАУ ХАБАРЛАР
«Тоқтаусыз жіберілсін! Верный қаласы, Революциялық Әскери Комитетіне! Шагабутдинов жолдасқа! Мынадай төтенше жағдайды хабарлаймын: өткен жексенбіде (дүйсенбіге қараған түні) бір топ бандалар шекараны бұзып өткен. Уездік милицияға хабар берілісімен апиынмен (опиум) сауда жасап жүрген контрабандистер ме деген оймен оларды ұстап зиянсыздандыру үшін соңынан қуғын жасадық. Бірақ қараңғы түнде Іле бойындағы қалың құмға тығылып ұстатпай кетті. Апиынмен астыртын сауда жасайды деп күдік алған кісілер бар. Соларға қайткенде соғар деген ниетпен алдын тостық. Сөйтсек бұлар генерал Дутовтың әдейі тапсырмамен жіберген тыңшы-байланысшылары боп шықты. Шекарашылар банданың бірін ауыр жараланған жерінен тауып алған. Оның мынадай жауапқа ғана шамасы келді: о баста ақгвардияшы бандалар төрт-бес кісіден екі топқа бөлініп шекараға келген. Шекарадан өткенде екпіндеп келе жатқан бірінші топ кейін сырғып артта қалғанда, соңында келе жатқан екінші топ шекараны бұзып өте берген. Бұл кезде кейін қалған бандалар мылтықтан оқ жаудырып шекарашылардың назарын өзіне аударған. Бандалардың тылға өтіп кеткенін кеш біліп қалдық. Шекарадан кемі үш адам өткен. Оның екеуі қазақ, біреуі орыс. Ерекше белгілері: ішінде жасы үлкені, жол көрсетіп
Шығармалары жүргені қара мұртты қатпа қазақ. Бадырақ көз, астыңғы ерні дүрдек. Ұстарамен алған шашы тікірейе қалың өскен. Үстінде түйе жүн шекпені бар. Екіншісі етжеңділеу, орта бойлы. Танауы астында тырнақтай мұрты бар. Көз еті томпақ, қысаңдау. Иек ұшында қуырмаш шұқыры бар. Үстінде пенжагы көнетоздау, бірақ сәнді. Орысша жатық сөйлейді. Лақап аты — Ғапаров. Орыстың белгісі: көк көз, қыр мұрын. Шашының толқыған бұйрасы бар. Сақалмұртын бір қалыпты тұтас өсірген, онысы түрін аздап кәртеміс етіп көрсетеді. Бірақ өзі жас. Денесі мығым қайратты. Үстіне кигені мәуіті пенжаг, аяғында бәтіңке. Сырт пішіні момын, жуас интеллигентке ұқсайды. Іздеу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Нәтижесін қосымша хабарлаймын. Чанышев, Уездік милиция бөлімі. Жаркент қаласы, Июнь, 1920 жыл.» «Тоқтаусыз жіберілсін! Жаркент қаласы, Уездік милицияға! Чанышев жолдасқа! Ақгвардияшы бандаларды іздеу жұмысын тоқтатпаңыз. Ізін білдіртпей жылысып кетуіне қарағанда мұнда олардың жасырын ұялары бары байқалады. Бандалардың шірік ұясын табуға қам жасаңыз. Бұл жөнінде Әскери тіркеу бөлімінің бастығы Давыдов жолдаспен кеңесіңіз. Сізге көмек көрсету жайында ол Верныйдан тиісті нұсқау алады. Банданың ұясы әшкереленіп белгілі бола қалған күнде өз бетіңізше әрекет жасамаңыз. Нұсқау күтіңіз!
Шагабутдинов, Революциялық Әскери Комитеті Верный қаласы, июнь, І920 жыл.»
Кемел Тоқаев ҚАПТАҒЫ ҚАН Надежда түн қараңғысында көк қасқырдай жортқан бұл адамдардың арасынан бір кісіні таныған еді. «Шал» — деп бүркеншік атпен атап жүргені басқа емес, өзінің туған әкесі болатын. Бандалардың қарасы үзіліп, тоғай ішін мол тыныштық басқанда екеуі қол ұстасып, алды-артына қарамай ауылға қарай тұра жөнелген. Әнуар әлде нәрсе есіне түскендей жолда тоқтай қалып: — Бұлардың арасында сендердің селоларыңның орыстары жоқ па? — деп тағы сұраған. — О не дегенің, болса айтпаймын ба? — деп тітіркеніп кетті. Ыза боп жылап жіберді. Өзінің ең сүйікті жақын адамына «Ол менің әкем еді» — деп айтуға аузы бармады. Бұл тіршілікте арым, барым алдында, ақ пейілімен айнымаймын деген жігітіне алғаш рет өтірік айтты. — Неге жылайсың? Әлде мен жаман сөз айттым ба? — Жо-о-қ, жәй қорқып кеттім. — Анау «адвокат» — деп жүргеннің сөзін мұқиятақ тыңдадым. Бірақ шырамыта алмадым. Біздің жатақта ондай адвокат жоқ. Бұлар тоғайдан шығып қырға көтерілгенде село мен жатақтың арасындағы қара жолдың үстінде лапылдап жанған көп шырақты көрді. Қастарына тақап келгенде байқады: ағаштың басына ескі-құсқы шүберекті добалдай ғып байлап алып, оны қарамайға малып шам жасап алған. Жеті-сегіз адам жиналыпты. Орыс-қазағы аралас. Әнуар шалқыған жалыннан Тимофей мен өзінің ағасы Ахметті көріп қалды. Жүздері суық ашулы, кекті секілді. Жолдан жырақтау бұлақ басына орналасқан керуенді айнала кезіп жүгіріп жүр. Қап-қап астық тиелген түйе мен аттың шегі жоқ. Арасында екі-үш арбасы, есегі де бар. Шам ұстаған адамдар қалай жүгірседе қастарынан шөгіп жатқан түйе, басын салбыратып мүлгіп тұрған ат көрініп қалады. Ұзаң салқар көштей тізіліп шұбап жатыр. Шет жақтағы бір-екі
Шығармалары түйенің жүгі жоқ сияқты. Сол тұстан біреу айқайлайды. Қияс екенін Әнуар даусынан таныды. — Ау, бері келіңдер! Бермен қарай жүріңдер! — Немене, таптың ба? Қайда екен? — Бәсе ол иттер алысқа ұзай қоймаса керек еді. Қаптағы қан кеппеген! — Анау қарайған солар емес пе? Байқашы, қыбырлайтын секілді. — Қиястың көзі қырағы-ау! Қараңғы түнде алыстағыны шалып қалған. — Қалтасында тапаншасы болса атып жіберер! Әлгі күзетші қайда? — Сақ болыңдар. Әй, Қызыл әскер бері кел! — деп жиналып қалған екі-үш қазақ күзетшіні шақырды. Шошақ шлемді орыс жігіті далақтай жүгірді. — Қане, қайда? Бұл иттерді табанда атам! Өлтірем! — деп жыламсыраған қалыпта сілтеген жаққа тұра жүгірді. Қазақтар да қоса жүгірді. Қарайғанға тақала беріп бәрі серпіле кейін шегінді. — Өй, мынауың адам емес, есек қой! — Не дейді? — Көзіңді ашып қара! — деп біреу Қиясты боқтап жатты. — Сен доңыз, хайуан мен кісіні ажырата алушы ма ең?! Екінші біреу кейіген кейіппен: — Жарқыным, осы сен жұртты бүйтіп әуре сарсаңға салмай шырайлы аяшыңның қасында жатсаң қайтеді! Ол бейшара, Қиясым қашан келеді деп ұйықтай алмай тыртыр қасынып жатқан шығар, — деді. Жұмақұл: — Бәрінен бұрын мына Миколайдан ұят болды. Мазақтағандай, мылтығын шошайтып жүгіртіп қойдың, — деді. Қиястың әйелі кембағал жан. Жасында аттан құлап, бір аяғының сіңірі тартылып қалған. Оның үстіне шешектен қалған кесел бар. Аяғын басқанда бүкіл денесі бір жағына ауып шойнаң ете қалады. Сол кезде оң көзінің ағы шодырайып шарасынан шығып кете жаздайды.
Кемел Тоқаев Қатынының осы мінін айтқанда Қияс шала бүлінетін. «Мен тілеп пе екем. Құдайдың берген кеселі де! Алланың кәріне ілексең аяқ түгіл басыңды алар. Соншама пысықсып, о несі-ей!» — деп намыстанып өле жаздайтын. Бұ жолы жұрттың сөзі шымбайына тисе де, өз кінәсін сезіп, оны елемей ақталған болды. — Қараңғыда қайдан білейін. Дөңбектей боп қыбырлаған соң үйіріліп тұрған адам екен деп қалдым. Бұлардың қасына екі-үш адамды ертіп Тимофей мен Ахмет келді. Тимофей шырағын көтеріп жан-жағына қарап алды да: — Николай Шестаков, сен бері келші, — деп баяу үнмен ақырын сөйледі. — Бүйтіп бекер әуре-сарсаңға түспейік. Бандалар бізге ұстатпайды. Уақыт оздырмай Жаркентке дереу хабар беру керек. Мықты аты бар біреу аттансын. Қане, қайсың барасың? Ивановтың мына сөзін естігенде манадан бері белсеніп, екпіндеп, өршеленіп жүрген қазақтар үнсіз тына қалды. Қияс мұның себебін түсіндіргендей боп: — Жаркент мына тұрған жер емес. Жол болса қиын. Қараңғы түнде тастақ соқпаққа аттың аты ғана шыдайды. Ондай мал бізде жоқ қой. Мына орыстарда семіз, тың аттар бар. Сен, Түймебай, орыстарыңның бірін жібер, — деді. — Қиястың айтқаны қисынды-ау. Бүгінгі көп сөзіңнің ішіндегі татымдысы осы болды, — деп Жұмағұл қостап қойды. — Біздің селоның кісілері бұған не дейді? — деп Тимофей қасындағы орыстарға қарады. — Киргиз ит сүмелектігін қашан қояды, — деп Усковский орысша-қазақша сөздерді араластырып киліге кетті. — Қит етсе орыста семіз ат бар, астық бар, картоп бар, шөп бар деп шыға келесіңдер. Сендердің сөздеріңе ілесіп Совет салығын бізге аударады. Сен сволочь, қашан жарисың? Соны айтшы! Қияс күйбектеп: — Құдай бермесе қайтем! — деді. — Сенде ар жоқ. Құдай бәрін береді, жақсы жылқы да
Шығармалары береді. Сен сволочь, семіз атты жеп қоясың! Сонан соң мықты, жүйрік жылқы бітпейді! Иванов кейіп: — Сен, Яша, жай сөйлесең қайтеді? Боқауызға үйірсің! — деді. — Немене, боқтасам қағанағы жарылып кете ме? Боқтаудан өлген қазақты көргенім жоқ! Біліп қойсын, бізде жарамды ат табылмайды. Жаркент жердің түбі емес пе? — Басқада жұмысың болмасын. Өзің үшін жауап бер. — Барам дегенге жол ашық. Жүре берсін! Үйіріліп тұрған адамдар осы бір жайсыз әңгімеден құтылғысы келгендей бытырап, қолдарындағы шамдарын топыраққа аунатып та өшіріп кетуге ыңғайланды. Шестаков ашуға булығып айқайлап жіберді. — Қайда барасыңдар! — деп мылтығын аспанға көтере атып қалды. — Мұнда қызыл әскер қанжоса боп жатыр. Қызыл керуенге шабуыл жасады. Москва, Петроград жұмысшыларына, аш-жалаңаштарға жіберілетін астық жолда қалды. Ал сендер, ат аяйсыңдар! — Сабыр ет, Шестаков, — деді Тимофей күзетшінің білегінен ұстап. — Оқ керек боп қалады, ысырап етпейік. — Кімде жақсы, жүйрік ат бар? Соны айт! Бермей қиқалақтаса, заң атынан табанда атып тастаймын! — Қазір словоданың заманы. Көлігін бере ме, жоқ па, әркімнің ықтияры өзінде. Большевигіңнің бұл қағидасын бұзғаның жөн болмас, — деп Усковский кекете сөйледі. — Сен сволочь, контр, большевиктен садаға кет! Осыдан мыңқ етіп дыбысыңды шығарып көрші. Ішек-қарныңды найзамен түйреп ақтарып түсірем! Иванов та қатты зекіп: — Яша! Усковский! Салғыласар, керісер жер тапқан екенсің. Ешкім көмек сұрамайды сенен. Көлбеңдемей жоғал! Қараңды өшір! —деді. — Жау шапты деп шақырған өзің емес пе ең! — Бүйткен көмегің құрысын! Аулақ жүр! — Құдай күнімді саған салмай-ақ қойсын! — деп Усковский қорбаңдап, қараңғыға сіңіп бара жатты.
Кемел Тоқаев Иванов әлден соң Шестаковқа бұрылып: — Бұл жақтың жолы өзіңе мәлім. Қалың шатқалдардан, қиын қиялардан өтеді. Қараңғыны жамылған біреу-міреу кездесе қалса, қайта айналып қаша алмайсың. Қайратты екі-үш жігітті қаруландырып қатар аттандырмасаң жалғыз адамның Жаркентке жетуі неғайбыл, — деп ойындағы күдігін айтты. — Өзім-ақ барар едім! Мына керуенді қалай тастап кетем? Ахметтің ашық үні естілді. Ол омыраулай тақап кеп: — Мен барамын! —деді. Тимофей таңғалып: — Жалғыз бармақсың ба? — Иә! — Мінетін атың қайсы? — Құдам келген. Соның бәйге торысын сұрап мінем. Шестаков қуанып кетті. — Нағыз жігіт! Бауырым, атың кім? — Ахмет, Майлыбай баласы. — Көп рақмет, Ахмет, — деп қос қолымен Ахметтің қолын алып қатты қысты. — Бұл жақсылығыңды ұмытпаймын. Егер аттың иесі қиналса, атының майына жарты қап ұн берем. Солай деп айт. Әуелі бір-екі қадақ тұз бере алам! — Құдам ондай кісі емес. Мұны естісе ренжіп қалады. — Онда тіпті жақсы. Жағдайды өзің көріп тұрсың. Қалай болғанын баяндарсың. — Бәрін айтам. Ахмет көп ұзамай жүріп кетті. Жүрер алдында Иванов Ахметтің иығына қолын салып: — Әйткенмен жалғыз кісіге қауіпті. Қарсы болмасаң, мен ерейін, — деді. — Мұнда Қызыл керуен бар. Шестаков жалғыз. Қауіп сейілген жоқ. Мен Қаратаудың қылкөпірі арқылы асып, төте жолмен кетем. О жақта мені ешкім тоса қоймас. — Жолың болсын, бауырым! Бұл жақта осындай төтенше бір жағдаймен болмаса,
Шығармалары село мен ауылдың орыс-қазағы бұлай топтасып бастары қосыла қоймайды. Ондай жиынның шырқын Усковский сияқтылар ұрыс-керіспен бұзып жібереді. Бұлар Әнуар мен Надежданың жарым түнге дейін қыдырып жүргенін көзі шалса қып-қызыл жанжал сонда болар еді. Орыстар қызының қайдағы қазақ баласымен қол ұстасып жүргенін қорлық көрсе, қазақтар Әнуардың кәпірдің қызымен әкейүкей болғанын сұмдық санар еді. Мұның арты бітпес даужанжал, жаулыққа айналып кетуі де ықтимал... Әнуар мен Надежда Усковскийдің айқай-боқтығын естігенде-ақ алды-артына қарамай зытқан. Надежданы үйінің тұсына дейін шығарып салып Әнуар таң ата оралды. Бибіжан түнде атылған мылтықтан шошып ұйықтай алмай жатқан. Есіктен ақырын кіріп келе жатқан Әнуарды көріп: — Балам-ау, қайда жүрдің? Үрейімді ұшырдың ғой! — деп баласын құшақтай алды. — Ақсүйек ойнадым, апа! — деп төсекке құлай кетті. Әнуар ат тұяғының дүбірінен оянып кетті. Түс мезгілі боп қалған. Бетін суық суға шая салып далаға жүгіріп шыққанда мылтық, қылыш асынған атты милицияның ауыл тұсында шапқылап жүргенін көрді. Түнде өздері көрген керуен тұсында көп адам жиналып қалған. Әнуар солай қарай жүгірді. Шеткі қара тамның тұсынан өте бергенде көлеңкеде отырған кемпір айқайлап тоқтатты. — Ей, бұ қайсың? — Мен Әнуармын ғой! — Ағаң уезден мелице әкепті деп еді. Нариманның баласын бауыздаған кісіні тауып па? — Қатша апа, не дедіңіз? Мүбәрак ағам өлген бе? Кім айтты? — Е, қайдан білейін. Жұрт солай деп жүр ғой. — Қатша Әнуардың жарытып әңгіме айта қоймайтынын білгеннен соң «сен шіркін, не білуші ең, жолыңнан қалмай жүре бер» — дегендей теріс қарап ернін сылп еткізді. Атты әскердің бірі ұзақ керуенді айнала желіп өтіп қатты қорып жүр. Кісілерді маңайлатпайды. Кіре тоқтаған бұлақтың арғы бетінде кішкене төбенің үстінде селоның
Кемел Тоқаев орыстары үйіріліп қарап тұр. Бер жақ бетінде жатақ пен жақын ауылдың қазақтары жиналған. Әнуар адамдардың арасымен сығылыса керуенге тақай түсті. Керуен шетінде бір ат пен түйе теңкиіп жатыр. Іштері кеуіп кеткен. Алдыңғы жақта да дәу атан серейіп қалған. Жер-көктің бәрі шашылып жатқан бидай, тары. Керуеннің орта тұсында Тимофей мен ағасы Ахметті көрді. Екеуі жалқұйрығы қара сары қасқа ат мінген әскери кісімен сөйлесіп түр. Сары ат өзгеше сұлу жаралған. Аяғымен жер тарпып басын шұлғып қалғанда күміс жүгенінің сағалдырық тоқа басы сылдырлай түсіп, қара жалы талданып шашақталып түндік ашылғандай желп ете қалады. Тегінде милиция әлгінде ғана жеткен секілді. Сары аттың омырау, құлақ тері әлі кеппеген. Әнуар топтан сытылып шығып Ахметтің қасына жүгіріп барды. Ахмет мұны баласынып сырын ашып айта бермейтін. Қазірде ұрысып, қуып жібермек болды. — Мұнда неғып жүрсің? Бар үйге! Кешке дейін асық ойнап қаңғығаннан басқа дым бітірмейсің. Оданда апаңа көмектессеңші! — деді. Әнуар ағасынан қорған таппаған соң Иванов пен сары атты кісіге жалтақтай қарап: — Сіздер керуенді қиратқан қарақшыларды іздеп жүрсіздер ғой. Біз оларды көрдік. Өздері алтау болатын, — деп сөзін аяқтатпай қуып жіберетіндей аптыға сөйледі. — Оның біреуі қазақ, оны «Адвокат» деп атап жүрді. Ішінде мырзасы бар. Бастығы сол! Бәріне әмір беріп жүрді. Ахмет інісінің иығынан жұлқып тартып қалды: — Әй, сен аусар, не сөйлеп тұрсың? «Адвокат», «Мырза» деген де сөз бола ма! Аты-жөнін айтсаңшы! — Бұған кәдімгідей сөз айтсаң сөйтеді, — деп бұртиды. — Маған аты-жөнін айта қоятындай төремін бе? Оны қайдан білейін! Анау «Шал» дегені балбаңдап қасымызға тақап қалып еді. Мылтық атылып қалып өздері тымтырақай қашты. — Сенің бізің кім? Атылған қандай мылтық? — деп Ахмет тақақтай түсті. Атты кісі:
Шығармалары — Ахмет, сәл сабыр етші!— деп ат жалын ұстап еңкейе алға ұмтылыңқырап, — Атың кім? Кімнің баласысың? — Иванов оның Ахметтің інісі екенін сездіргенде, — ақылды бала жақсы ағаға тартады. Кел, танысайық менің атым Қасымхан. Ал енді бізге асықпай ретімен айтып бер: өздері алтау дедің бе? Кімдер олар? Егер танымасаң, онда түртүсін, қимыл-жүрісін, киген киімін айта ғой. Әнуар өзіне мұндай қиын сұрақ қойылатынын ойламап еді. Қылмыстыларды қайда көргенін айтса, мына сақадай сай қарулы топ өздері барып тығылған жерінен жұлқылап тауып әкететіндей көрінген. Төмен қарап күмілжіп қалды. — Оларды тоғай ішінде көрдік. Түн қараңғы болатын. Қорбаңдаған қарасын ғана байқап қалдың. Ахмет: — Түн ішінде тоғайда не бітіріп жүрсің? Қасыңда кім бар еді? Жаныңның барында шапшаң айт! — деп зіркілдей жөнелді. Әнуар арғы бетте төбе үстінде үймелеп тұрған адамдарға көз қиығын тастады. Надежда гүлді орамалын бүріп ұстап, кеудесіне басып, сұрлана түсіп оқтай қадалып қалған. Талданған самай шаштарын жел сабалап, жұлқылай түседі. Қатты шошынған түрі бар. Қасымхан баланың қысылған сырын сезді. — Тоғайға кіммен қыдырғаныңды айтқың келмесе, мейлі, айтпай-ақ қой. Ең болмаса біреуінің сырт кейпін сипаттап берші, — деді. — Бұл шірік неме, біреумен қыдырып барды дейсіз бе? Жәй, ойынан шығарған қиялы да, — деп Ахмет қабағын шытты. — Сеніңше мен өтірікшімін бе? Өтірік айтады екем ғой! — деді Әнуар ыза боп. — Сенбесең, анау найзағай тілген еменнің қасына бар. Сонда «Шұбар» деген біреуін көзі ауырып ілесе алмаған соң бұтаның арасына атып тастап кетті! Қасымхан Әнуардың басын сипап: — Айттым ғой, ақылды бала жақсы ағасына тартады деп.
Кемел Тоқаев Сенің есейіп, ер жеткенің көрініп тұр. Біздің әурешілігімізді айтпай-ақ өзің байқап анық, дәл түсінгенсің. Бұл үшін көп рақмет. Ал қазір алаңдамай үйге бара бер. Мына Қызыл керуенді жөнелткен соң алдағы уақытта қандай жұмыс жасайтынымыз жайында асықпай кең отырып ақылдасайық. Мақұл ма? — деді — Жарайды. Әнуар ұзақ кірені жағалай ақырын аяңдай берді. Керуеннің орта тұсында арбаның қасында қызыл өгіз көзі бақырайып, тілі салақтап өліп жатыр. Өгізге артқан ақ қаптағы ұн ақтарылып қалған. Қаптың сыртына бес саусақтың таңбасы қанмен басылып қалыпты. Сол сәт «Бұл Мүбарак ағаның саусағы шығар» — деп ойлады. Ақырын бұрылып төбе жаққа қарады. Надежданы көре алмады. Төбені қиялай қара жолдан асып үш-төрт аттылы тоғайға қарай шауып барады. Алдында оқшау озып бара жатқан Қасымханның сары қасқа аты секілді. Ат тұяғынан көтерілген тозаң жерге шөккен қоңыр бұлттай шұбатылып, бұйраланып қалып барады. ОҚШАУ ХАБАРЛАР
«Тоқтаусыз жіберілсін! Верный қаласы, Облыстық Революциялық Әскери Комитетіне! Шагабутдинов жолдасқа! Уездегі төтенше жағдайды хабарлаймын: Алтын Емел жақтағы ауыл-селолардан мол азық-түлік жинап келе жатқан Компродтың отряды ұзақ жолдан кейін тыныс жасамақ боп Подгорный селосына аялдаған. Ел орынға отыра берер шақта қарулы бандалар Қызыл керуенге шабуыл жасап, қатты күйретіп кетті. Бандалар бір ат, екі түйе, бір өгізді бауыздап, пышаққа салды. Төрт-бес қап
Шығармалары бидай мен тарыны, ұнды шашып, төгіп кеткен. Күзетші қызыл әскер Капустин жау қолынан қаза тапты. Екінші күзетші ауыр жараланды. Қазір Подгорный селосының фелъдшерлік орнында жатыр. Уезден әдейі барған дәрігер операция жасады. Ауру әлі есін жиған жоқ. Бізге мынадай жағдай мәлім болып отыр: бандалар барлығы алты адам болған. Бастығы ақгвардияшы офицер, лақап аты «Офицер мырза». Бүркеншек атпен жүрген «Адвокат» қазақ та сол банда басшыларының біріне ұқсайды. «Шұбар» деген бүркеншек атпен жүрген біреуі керуенге шабуыл жасағанда ауыр жараланған. Ілесе алмайтын болған соң серіктері тоғай ішіне атып тастап кеткен. Оның бет-жүзін село тұрғындарына көрсеткенде ешкім танымады. Бархуздарда тұратын адам ба деген жорамал бар. «Шұбардың» қайда тұратыны, кім екені жөнінде анықтама істері жүргізіліп жатыр. Селодағы болъшевикке тілектес адамның көмегімен мынаны анықтадық. Ары-бері өткен жолаушыларға жалға пәтер беріп жүрген Крутикова дегеннің үйіне Жарков деген біреу тоқтаған. Сырт кескінін, ерекше белгілерін сипаттағанда өткен жексенбіде шекарадан өткен ақгвардияшы жансыздарының біріне қатты ұқсайды. Жарков өзін облыстан келе жатқан землемер етіп көрсеткен. Облыстық жер бөлімінде сондай кісінің қызмет істейтінін, не істемейтінін анықтауыңызды өтінем. Қызыл керуенді құтқаруда және бандалардың ізіне түсуде Майлыбай балалары Ахмет пен Әнуар болъшевикке тілектес Тимофей Ивановтың көп көмек жасағанын атап өтем. Қазір бандаларды табу және оны түп тамырымен жою жөнінде пәрменді шаралар қолданып жатыр. Нәтижесін қосымша хабарлаймын. Чанышев, Уездік милиция Бөлімі. Жаркент қаласы, июнь, 20 жыл».
Кемел Тоқаев «Тоқтаусыз жіберілсін! Жаркент қаласы, Уездік милицияға! Чанышев жолдасқа! РЕВКОМ Компрод отрядына, Қызыл керуенге шабуыл жасағанына және оған зиян келтіргеніне қатты алаңдап отыр. Бұл жеке бір адамдардың өшпенділігінен, наразылығынан туған өткінші әрекет емес, түп тамыры тереңде жатқан, астыртын берік ұйымдасып ашық күреске аттанған ақгвардияшы сілімтіктердің Совет өкіметіне жасап отырған қастандығы деп білген жөн. Қызыл керуенге шабуыл жасаған, қызыл әскерді өлтірген бандаларды әшкерелеуге күш салыңыз. Үкім қан төгілген жерде, бүкіл халық алдында орындалсын. Астық үшін шайқас Совет өкіметі үшін күрес екенін ұмытпаңыз! Жарков жөніндегі сұрағыңыз жұмбақ істің көзін ашуға септігі тиді. Шынында, Облземде1 Жарков деген қызмет істеген. «Қызыл қыран» партизан отрядында болып анненковшыларға қарсы соғысқан. Жарков Сергей Антонович бұдан 15 күн бұрын соғыста алған ауыр жарасы асқындап қаны бұзылып қайтыс болған. Подгорныйда бүркеншек атпен жүрген Жарков шекарадан өткен Дутовтың жансызы екені анық. Жарковтың уездегі байланысын анықтаңыз. Революциялың Әскери Комитеттің тапсыруы бойынша Шагабутдинов. Верный қаласы, 1920 жыл, июнь». АРПАЛЫС Усковский ағаш қақпадан кең қораға кіргенде қазандықтың қасында жаңа сойған қаздың жүнін жұлып жатқан Крутикова: 1 Облзем – облыстың жер бөлімі
Шығармалары — Яша, таң ертемен не ғып жүрсің? — деп жалаңаш білегімен тершіген маңдайын сүртті. — Сені көргім келді. — Мені не қыласың? — Жалаңаш төсіме құшақтап қысайын деп ем. — Қойшы, қайдағыны айтпай, — деп Крутикова жылы жүзбен жымия күлді. — Одан да ауырған басты айықтыруға келдім десеңші. — Оның рас. Аздап жұтқым кеп тұр. — Сенің Тамараң таң атпай жұртқа арақ бересің. Байымды бұзып біттің деп апшымды қуырмай ма? Өзің кеп тіленіп жүргеніңді білмейді. — Менің қатынымнан келер саған бәле жоқ. Қорықпа. Оның өз күйігі өз басынан асады. Екеуіміз тағы ұрысып қалдық. — Қойшы, екеуіңе не жетпейді осы? — Әйел жынысына тойым бар ма? Қайдағыны жыбырлап сұрап кісіні мезі етеді. — Осында қара қазақ көп қатынның көңілін тапқанда, оқымысты саған бір қатынның тілегін орындай алмай не көрінді, — деді де қолын алжапқышқа сүртіп алып, — ортаңғы үйге барып отыра бер. Тамақ ішесің бе? Не дайындайын? — Онша тәбетім тартып тұрған жоқ. Араққа ащы-тұщы бірдеме әкел. Сол жарайды. Үйдің бұрышында әдеттегідей ақ подносқа қойылған сары самаурын болымсыз ғана тызыңдай қайнап тұр. Оттық тесігінен майда қызыл шоқ жылт-жылт етеді. Усковский стол шетіне сұлқ түсіп отыра кетті. Әлден соң Крутикова графинаға құйылған арақ, тұздалған қияр, тоңазытылған тауық етін әкеп қойды. Өзі Усковскийге сүйене отырып: — Яша, сен борыштар емессің бе? Өткен жолы Сигаловпен ішкен арағыңды төлеп пе ең? — деп иығына қолын салып желке шашын сипалады, — Еркектің әр жерде қарыздар боп шашылып жүргенін жаратпаймын. Тиянақты, ұқыпты болғаны жөн! Усковский бұрылып тесіле қарады.
Кемел Тоқаев — Шынымен төлемедім бе? Оллаһи, есімде жоқ. — Онда есіңе түскенде бір төлерсің. — Кешір, Зоя. Қазір соның есебін еселеп алып қал. Көп ішіппіз ғой. Есімнен танып қаппын. — Бұл жерден түзу шығып едіңдер. Жолшыбай дүкенге соққансыңдар ғой? — Дәнеңе білмеймін. Түнде оянсам, ақырдың қасында, жоңышқаның үстінде жатырмын. Біреу бетімді сілекейлеп сүйіп, жалап жатқан секілді. Қатыным екен деп бәлсінбек боп қолыммен қағып жіберсем, оңбағыр сары қаншық екен. Құсығыңды аяйсың ба дегендей қыңсылай жөнелді. — Әйел байқұс сорлы ғой. Осыдан соң жиіркенбей қасына қалай жатқызады десеңші! — деп керіле көтеріле бергенде, Усковский: — Сен, Зоя, асықпа. Айтатын маңызды әңгіме бар, — деп білегінен тартып отырғызды. Графиндегі арақты стаканға толтыра бір-ақ құйып басын шалқайта қағып салды да қиярды күтірлете асап аузын сүртті. — Мен саған келдім. Совет шақырып жатыр. Крутикованың өңі қуарып кетті. — Менде қандай жұмысы бар? Салығын төлегем. Ашжалаңашқа беретін бидайын, майын құйғам. Әнеукүні жүндепті. Жұмыртқасымен қосып онысын да апарып бердім. — Қатынның неменеге керек екенін өзім де білмеймін. — Уақ-түйек іске баланы жұмсар еді. Ақтың бұрынғы білдей офицерін жібергеніне қарағанда іс күрделі болғаны ғой! Сен қалай ойлайсың? — Білмеймін. Советтер маған құпиясын ашпайды. Сонан соң, қит етсе «ақтың офицері» — деп шыға келесіңдер. Мазақ па, бұл не? Солай деуді қашан қоясыңдар! — Кешір, Яша, мен жақсы ниет, көңілмен айттым. Және көргені, білгені көп, біздей от басы, ошақ қасындағы кісі емес деп сұраймын. — Адамның жауы оның қызыл тілі. Тіл бас жармаса, тас жарады. Аузыңа ие бол. Саған беретін мәслихатым осы. — Жесір қатынға құрғақ сөз де демеу. Мұныңа да рақмет. Қасымхан бүркеншек атпен өлген «Шұбар» Бархуз
Шығармалары дардан деген соң оның аты-жөнін анықтау үшін со жаққа барған. Қайтар жолында Көксайға соқты. Онда Ахметтің қайын атасы Аңызақтың үйіне тоқтады. Шай үстінде әңгімелесіп отырғанда Аңызақ: — Бұл ауылдың сөзі өтімді, естияр, көзі ашық кісісі баяғы Садық мырза. Тіршілік дүниесінен безіп, софылық қылып дін баққан секілденеді. Сырты мүләйім, жуас, момын көрінгенімен әлі азулы, әрі әруақты. Астыртын алыс-қағыс жұмыстарына жандайшабын сап қойып, бар ісін тыныш ғана тындырып жатады. О немесі де өзіне дөп қосылған. Мырзаның ойын қас-қабағынан танып, айтқызбай-ақ лыпылдап тұр. Садыққа жақпаған кісілерді ол да өзінше иектеп, жоқтан өзгеге кінараттап қыр көрсетіп қалады. Соңғы кезде Жарықбасы көрінбей кетті, — деп ауыл жаңалығын термелеп сөз еткен. Қасымхан Аңызақтың әңгімесін тыңдай отырып жай сұрай салды. — Оның кім? — Осында сынықшы тәуіп Арынды білуші ме ең? Мынау соның Жарықбас деген үлкен баласы. — Мырзасын тастап қайда жүр? — Садықтың қулығына найза бойламайды. Соны күрделі жұмыс тапсырып бір жаққа жіберді-ау деймін. Әйтпесе, осы ауылды бір шаңдатпай кетпеуші еді. Қасымханға «Бәлкім, ол шекараны бұзған дутовшыларға жол көрсетіп, солардың арасында жүрген жоқ па екен?» деген ой келді. «Бұл жаққа келмегеніне көп болды ма? Қашаннаң бері ауылда жоқ?» деген сұраққа Аңызақ әуелі күніне дейін айтып берді. Бұл бандалардың шекарадан өткен уақытымен дәл келеді. Және сол кезде Қызыл керуенге шабуыл жасалды. Бәлкім, Жарықбас оларды Қаратаудың қиын асуларымен тасалап Подгорныйға апарған шығар. О жаққа бара қалған күнде жатақтағылар оны білсе керек еді. Әлде ол көп жолаушылардың бірі секілді Крутикованың үйіне елеусіз кеп, сол жерден қайтып кетті ме? Қайткенде де мұны анықтау керек. Қасымхан Аңызақпен әңгімеден кейін Подгорныйға қайта оралған.
Кемел Тоқаев Селолық Совет Тимофеймен ақылдаса отырып Крутикованы шақырып келуге әдейі Усковскийді жіберген еді. Крутикова селсовет кеңсесіне кіре беріп, есікті қайта шапшаң жаба қойды. Кеңседе әскери киім киген кісіні көріп шошып кетті. Осы кезде қатарындағы есіктен шыққан Иванов: — Мұнда неғып тұрсың? Кеңсеге кір! — деп есікті ашып кіргізіп жібермек боп еді. Крутикова білегінен ұстап тоқтатып: — Тимофей, мені председатель шақырды деп еді. Оның орнында әскери киім киген біреу отыр ғой! — деді. — Отырса сенде жұмысы болғаны. — Неге шақырғанын білмейсің бе? — Зоя, саған үгіт айтпаймын. Ақылың бар қатынсың. Сен қаймығатын дәнеңе жоқ. Сұрайтыным: шындықты айт! Бүкпе, жасырма, тайсалма! — деді де есікті ашып кіргізіп Қасымханға таныстырды. — Зоя Егоровна деген осы кісі болады. Жалғызілікке қарамастан шаруашылығын күйзелтпей дөңгелетіп жүр. Үйінде еркегі бар әйелдер бұл сықылды кенеліп отырған жоқ. — Білем, мынадай аласапыран қиын кезде ондай іс әркімнің қолынан келе бермейді, — деп Крутиковаға орындық ұсынды. Кетуге ыңғайланған Ивановқа, — Тимофей Максимович, тығыз жұмысыңыз болмаса бұл әңгімеге қатысуыңызды өтінер едім, — деп қарсы креслоны нұсқады. Стол үстінде кендір жіппен буылған қалың қағаз папканы шетке қарай сырғытып қойды да Крутиковаға тесіле қарап: — Зоя Егоровна, көптен бері үйіңізді пәтерге жалдап жүрсіз бе? — деді. — Қалай дейін, күйеуім өлгеннен кейін алты жасар қызымыз екеуіміз қаңыраған қарағайдай үйде қалдың. О баста жаңа үйге әлде біреуді кіргізбек түгіл маңайлатам деген ой менде болған жоқ. Дүниеде өз үйіңнен өзің қорыққан жаман екен. Кеш батысымен қызымыз екеуіміз түпкі үйге
Шығармалары тығылып есік-терезені қымтап жауып аламыз. Кейде көз іліндірмей шығатын кезім болды. Бір жолы Шонжаның бір топ саудагерлері келді. Бұл үйге кім сілтегенін білмеймін. Күн құйып тұрған. Бұл жақтың жауыны бір жауса, аспанның түбі түскендей қоймайды, шелектеп құяды. Біреу айқайлап есік қағады. Қораға ит байлап қойғанбыз. Көп адамнан сескенді ме, үйшігіне тығылып, қыңсылап үреді. Амалсыз есік аштым: «Ой, маржа, бальшой рақмет! Біздікі маржа жақсы!» — деп топырлап кіріп жатыр. Әуелі рұқсат сұраған жоқ. Ішінде орысша шала сөйлейтін біреуі бар екен. Сол бір-ақ күн түнейтінін, ертең кететінін әрең айтып түсіндірді. Бәрінің үсті малмандай су, біреуінің көн етігі балшықпен бірге езілгендей мылжаланып қалған. Жаным ашып шай қойып бердім. Ертеңінде жүрер алдында жібек шапан киген аңсақалды біреуі қасына шақырып алып «Сен, маржа, жақсы. Бальшой, бальшой рақмет!» — деп көп ақшаны қолыма ұстатты. «Керегі жоқ, алмаймын!» — деп безек қақтым. Әлгі тілмашым: «Алмасаңыз ақсақал өкпелейді. Біз қайтар жолда тағы соғамыз. Мынаның ішінде соның да ақысы бар» — дегендей болды. Олар кеткеннен кейін дүкенге барып мол ғып қант-шай, нан алып келдім. Келе қалса дайын тұрсын деген ой болды. Бірақ Шонжа қазақтары оралмады. Олардың орнына басқа біреу кеп жатты. О баста үйге кісі жібермеуім жалғызіліктен, қорыққаннан болған еді. Аяғы кәсіпке айналды. — Қалалық жерде мейманхана ұстағандар келім-кетім кісілерді тіркеп отырады. Сізде қалай? — Ондай жазу жүргізбейміз. Оның қажеті жоқ. Тоқтайтындар осы өңірдің адамдары, оларды былай да танимын. Көбі осы жақтың базаршылары ғой. — Сырт адамдары да қонатын шығар? — Ондайлар сирек, бірақ кеп тұрады. — Өткен аптада, дүйсенбіден бастап кімдердің келгенін айтыңызшы. Крутикова ойланып қалды. — Дүйсенбіде дейсіз бе? — Саусағының ұшымен ернін сызғылап, — аптаның алғашқы күні кешінде аттылы біреу келді.
Кемел Тоқаев — Жарков па? — Аты-жөнін сұрамадым. — Бет-аузын қалың сақал басқан сары кісі ғой? — Иә, соның өзі. Оны танисыз ба? Айтқандай ол облыста істеймін деген болатын. — Қашан кетті ол? — Келесі күні көрінбеді. — Көрінбегені қалай? Сізге жатқан ақысын төлемеді ме? — Атының жайылып жүргенін көріп селодағы таныстарында жүрген шығар десем, ақшасын төсек үстіне қалдырып, өзі кетіп қалыпты. — Оның мінген аты қайда? — Білмеймін. — Тағы кімдер кеп түнеді? — Әлгі полуқұрсақ крестьян бар. — Оныңыз кім? — Сіз танымайсыз ба? Ғажап екен! Ал ол уездік милицияға айтам. Бастығының өзі менің тамырым. Ол үшфу десе, бәріңнің күлің көкке ұшады деп зәремізді алды! — Фамилиясы, аты-жөні кім? — Айта алмаймын. Оны жай полуқұрсақ крестьян, не полуқұрсақ дейміз. Мәз боп соған жауап қатады. Бет-аузы баттиған семіз шұбар қазақ. — Түн ішінде не ғып жанжал шығарып жүр? — Әлгі өзіңіз айтқан Жарков облыстанмын деген соң, дәрежелі, маңызды кісі санап оңаша жатқызған едім. Ол күй таңдамайтын, тиын санайтын саудагерлердей емес қой, — деп сол күні түнде болған әңгімені тап-тұйнақтай ғып айтып берді. Қасымханның іздегені Жарықбас еді. Садық мырза жападан-жалғыз жауынды күні Крутикованың үйіне келе қояды деп ойламаған. Ол мұнда не ғып жүр? Мына тұрған ауылдағы қазақ ағайындарына тоқтамай Крутикованың үйіне түнеу себебі не? Әлде ол Жарковпен жолығу үшін әдейі келген бе? Жарықбас қайда? Осы бір сәтте Қасымханға әрқилы ой келді. Ол
Шығармалары Жарықбастың сырт кейпін, түрін сипаттап, сондай жігітті келім-кетім кісілердің арасынан байқамадыңыз ба дегенде, Крутикова: — Ондай адам келген де, қонған да жоқ, — деп сендіре жауап қатты. Қасымхан сәл ойланып: — Бұрын сіз мұнда келіп пе едіңіз? — деді. — Қалай дейін... — Усковский ертіп келген шығар? — Иә. — Не жайында сөйлестіңіздер? — Пәлендей әңгіме бола қойған жоқ. — Айта беріңіз, тыңдап отырмын. — Соншама қажет пе? Иванов килікті. — Сен, Зоя, сұраққа жауап бер. Қажет пе, жоқ па, онда жұмысың болмасын. Ұқтың ба? Крутикова әжептәуір дәрежелі, маңызды кісінің уақ нәрсемен әуестенгеніне таңданғандай басын қисаң еткізіп сөйлеп кетті. — Булыганы бірінші рет көруім еді. Бетінен майы шыққан семіз сары жігіт екен. Мына сіз отырған жерде, осы креслода отырды. Біздің келгенімізді жақтырмады. Қабағын шытып «қолым бос емес. Бүгін кісі қабылдамаймын!» — деп, дүрсе қоя берді. Усковский екі алақанын жайып «Председатель жолдас, кешір. Біз надан бұқара, Советіңнің заңына, тәртібіне үйрене алмай жатырмыз. Өкімет жетім мен жесірдікі демей ме?! Мынау Зоя сол жесірдін бірі. Бұл байқұстың мұңына құлақ сал!» — деді. Булыга «қандай жұмысың бар? Шапшаң айт!» — деп маған зеки жөнелді. Абыржып, сасып қалдым. «Налогты күннен-күнге көбейтіп барасыздар. Келім-кетім кісілерден түскен бар ақшаны қазынаға құйсам, қалай күн көрем» — деп мүләйімси қалдым. «Совет жеке адамның пәтер жалдауын, жезөкше үйін ашып табыс табуын қоспайды. Саған жесір, қызы жас, сүйенері жоқ деп рұқсат еттік. Соған да рақмет айт!» — деп қатуланғанда, Усковский «мұндағы өкімет те, большевик
Кемел Тоқаев те өзіңсің. Бар билік қолыңда. Сен налог салуыңды қой. Пәтер жалдағанын көрмеген, сезбеген бол. Бұл ақымақ қатын емес. Қарымын қайтарады. Барғанда, алдыңа арағын тосып, өзіңді сыйлап тұрса одан артық саған не керек», — деп көндірмесіне қоймады. — Усковский Булыганы жақсы танитын болғаны ғой? — Қаншалықты танитынын білмеймін. Бірақ бір-біріне «сен» деп өзімсіне сөйлеп жатты. — Бұдан соң Булыга сіздің үйге келді ме? — Бір жолы арақ ішіп кеткен. — Сонау жаққа арақ ішу үшін ғана барды ма? — Бұдан басқа қандай ойы болғанын білмеймін. Ал арақты тәуір-ақ сілтейді екен. — Ол дәнеңе айтқан жоқ па? — Арақ ішкен адамның сөзінде қай бір мән бар дейсіз. «Осы жұртта ми жоқ. Председатель болған соң құдай көреді. Билік те, ақша, да осының қолында деп ойлайды. Бәрі далбаса, бар билік сонау жоғарыда жатыр. Дабыратпай, жіңішкелеп нұсқау береді де, бар билік халық қолында, шешуші күш солар деп дым білмегенсиді. Ал бұйрығын орындамасаң жаусың, контрсың деп шыға келеді. Менде жалпиған мөрден басқа дәнеңе жоқ. Саған мөр керек пе? Пожалуйста, қалаған жеріңе былшылдатып басып берем. Менің құдіретім осында!» — деп әрнемені шатып отырды. — Сізді мақтаған да болар? — Жалғыз Булыга емес, арақ ішкен еркектің бәрі солай ғой. Тілінің ұшымен мақтап маймылша жабысады. — Осы жолы барғанда Усковский не айтты? — Не айтушы еді? Председатель шақырады, тез бар деді. — Тағы не деді? Крутикова екі иығын бүлк еткізді. — Басқа не айтпақ? Қасымхан күлімдей қарап: — Адамның жауы қызыл тілі. Аузыңа ие бол деген жоқ па? — деді. — Ғажап екен! Оны қайдан білдіңіз?
Шығармалары — Зоя Егоровна, сұрақты мен қойып отырмын. Тек анық, дұрыс жауап беруіңізді өтінем. Сонымен, шіркеуге жиі барып тұрасыз ба? — Бұрын аптаны құр жібермейтінмін. Күйеуім қайтыс боп көңілді күйік басқан, өмірден күдер үзген шақта маған қол ұшын берген әулие әке Алексей болатын. Өзін жанашыр, дос кісі деп білем. — Сіз келім-кетім кісілерден естіген жаңалықтарды оған жеткізіп тұрасыз. Солай ма? — Әулие әкеден жасыратын сырым болмайды. — Алексей-әке сіздің шіркеуге бармай жүргеніңізге ренжімей ме? — Кейбіреулер мені мол ақша тауып, қапқа салып жинап жатқандай көреді. Әуелі шолақ купес санайды. Ал мен бейнеттен басқа рақат көрмеймін. Өзіңізге мәлім, жолаушылар күн-түн демей келе береді. Күн мен түннің ұзақтығы қанша болса, еңбек сағаты да соншалық. Келген кісіге тамақ дайында, төсек-орынын ауыстыр, кір жу, үй тазалығын сақта — осының бәрі менің мойнымда, жалғыз кісіге мүлде қиын екен. Жесір деп кеміте ме, кейде ішкен арағының ақшасын төлемей кететіндер де бар. Мас адаммен қалай салғыласасың? Ал Егордың су тасып, отын жарғаннан басқа септігі жоқ. Есі жарымжан байқұс әйел мұңын түсіне ме? Мұрнымнан су кетіп, сүріне жығылып жүргенде шіркеуді қайтем! — Егор сіздің үйде көптен бері жүр ме? — Күйеуім қайтыс болғаннан кейін келді. — Оны сізге біреу ұсынды ма? — Жоқ. Өзенге барып бөшкеге су құйып жатқанымда қасыма кеп «кел, мен көмектесейін!» — деді. Үйге келген соң тамақ бердім. Содан бері тұрып келе жатыр. Күнделікті ішкен тамағынан басқа аптасына бір бөтелке арақ берем. Менен алатын ақысы, міне сол. — Егордың жарымжан екеніне көзіңіз жете ме? Крутикова шошып кетті: — Немене, дені сау демексіз бе? — Соны сізден сұрап отырмын.
Кемел Тоқаев — Егордың адам секілді рақаттана шаттанып күлгенін, не ренжігенін көрген емеспін. Өмір бойы төмен қарап тұнжырайды да жүреді. Кісілермен ашылып сөйлеспейді. Кеш батса ат қораға кіріп алып шөптің үстіне көрпесін төсеп жата қалады. — Сізге көп рақмет. Біраз бөгеп шаруаңыздан қалдырдық. Оған кешірім сұраймыз. — Тіршілікте жұмыс таусылушы ма еді. Өкімет адамына шарафатымыз тисе, құдай да, біз де риза. Крутикова шығып бара жатқанда Қасымхан оны есік алдында тоқтатты. — Сізден сұрайтын өтінішім бар. — Айтыңыз. — Мұндағы әңгімені тіс жарып жан адамға айтушы болмаңыз. Бұл ең алдымен өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін керек. Егер біреулер әуестеніп сұрай қалса, салық жөнінде әңгіме қозғады дерсіз. — Әулие-әкеден де жасырайын ба? — Оған да айтпаңыз. Соңғы кезде шіркеуге бармай-ақ жүрсіз ғой. Солай тұра беріңіз. Крутикова ойланғандай шығып бара жатты. Қасымхан сол күні Жаркентке жүріп кетті. Түн ауа қалаға оралды. Кабинетке кіргенде стол үстіндегі ақ сапты дөңкиген қара телефон дамылсыз шылдырлап жатты. Қабырғадағы сағатқа қарады. Екіден он бес минут кетіпті. — Чанышев тыңдап тұр. Әскери тіркеу бөлімінің бастығы Давыдовтың дауысы естілді. — Сәлеметсіз бе, Қасымхан. Қашан келдіңіз? — Сәлем, Василий Васильевич. Кеңсеге кіргенім осы. Қайдан телефон соғып тұрсың? — Почтадан. — Жайшылық па? — Кетіп қалма, қазір келем. Қасымхан Әскери тіркеу бөлімінің бастығы мезгілсіз кезде бекер жүрмегенін, әлде қандай бір оқиға болғанын сезді. Үлкен қатер, қауіп төнгендей тұла бойы тітіркеніп кетті.
Шығармалары Аз уақыттан кейін Давыдов келді. Ақшыл сарғылт жүзі сұрланып, өзінде рең-түс қалмаған. Ол кабинеттің ортасында тұрып қарсы алған Чанышевке: — Қасымхан, Верныйда бүліншілік! — деді. — Не дейсің?! Жандосов, Шагабутдинов және басқа жолдастар аман ба екен? Мұның бәрі қашан бол жүр? — деп шошынған қалыппен қадала сұрады. — Бүлік бұдан үш күн бұрын, 12 июньде басталған. Ақ гвардияшылар қарауыл батальонын өз жағына қаратып, Верный қамалын және қару-жарақ қоймасын басып алған. Гарнизондағы айрықша бөлімді, Революциялық трибуналды жойған. Қалада жағдай өте ауыр, — деп Түркістан майданының Революциялың Соғыс советінен келген шифротелеграмманың мазмұнын қысқаша айтып берді. Давыдовтың сөзіне қарағанда 3-ші Түркістан дивизиясының Әскери советінің председателі Дмитрий Фурманов пен облыстық Соғыс комиссары Бари Шагабутдинов бүлікшілердің басшыларымен келіссөз, жүргізіп жатқан көрінеді. Көмекке әскери бөлімшелері келіп жеткенше осылай алдандыра тұрмақ. Шагабутдиновтың сенімді, адал, жау жүрек жігіттері бүлікшілердің ішіне кіріп алып іріткі жасап, өздерін бәтуаға келтірмей жақжақ көрістіріп ыдыратып жатса керек. Бүлікшілердің арасындағы шын жағдайды солар мәлімдеп тұрғанға ұқсайды. — Адал аз топ қалың бандалар арасында қаймықпай жақсы қайрат жасап жатыр екен ғой! — деді Қасымхан аса бір тәнті болған шыраймен. — Азамат апатқа ұшырамай тұрғанда бөлімшелер тезірек жетсе екен. Бүлікті бастаушы кім? Қайдан келген неме өзі? — Кім екенін айтпаған. Сол лаңның мұндағы байкулактарға, ақтардың тірі қалған сілімтіктеріне дем бермесін, шекара өткелдерінің бәріне күшті күзет қойылсын деген нұсқау алдық. Ерекше жарлық алғанша жұмыс орнында болуға, қаладан ұзап кетпеуге, әскери
Кемел Тоқаев дайындықта тұруға бұйрық бар. Соны өзіңе айтайын деп ем. Қасымхан қабырғаға ілінген қызыл-жасылды көк шимай картаға қарап тұрып: — Жаркентте июннің бас кезінде Верныйда өкімет өзгерді, қала бүлікшілердің қолында деген лақап, өсек қатты тарап кетіп еді. Сонда осындай сойқанның болатынын дұшпандар күнілгері біліп жатқан екен де. Бәленің бәрі ар жақтан кеп жатыр, — деп саусағын бүге нұқып қалды. — Сүйдін-Күредегі атаман Дутовтың шірік ұясын талқандамай Жетісу жеріне тыныштық жоқ! — Қасымхан, сен менің көкейімде жүрген көптең бергі бір тың ойды қозғадың. Түркістан майданының қолбасшысы М. Фрунзе бүлікті басу жөнінде арнайы әскери бөлімшеге бұйрық беріпті. Верныйда жағдай түзеледі деп сенейік. Сонан соң кең отырып бұл жайында әңгіме қозғармыз. — Верныйдағы өртті мұндағылар өршітіп жүрмесе неғыл дейсің! Телефон шылдырлады. Коммутатордан асығыс екпінді үн естілді. Трубканы көтерген Қасымханға шапшаң сөйлеп: — Сізде Давыдов бар ма? Шекара заставасынан, тез шақыртыңыз! — деді. — Давыдов тыңдап тұр! Қашан? Қай жерде? Мен барғанша өлікті қозғамаңдар! Қазір келем! — деді де есіктен шығып бара жатып: — Шекарадан өтпекші болған екі адамды ұстаған. Біреуі атыс кезінде өлген. Бізден де жаралы, шетінеген кісілер бар. Тұтқыннан жауапты бірге отырып алайық. Сені қайдан табам? — Әскери лазаретте болам. Наримановпен сөйлесем. Кейбір жайды анықтау керек. Егер кешігіп қалғандай болсам, телефон соғам. — Жақсы, күтем!
Шығармалары ДӘУІР ТЫНЫСЫ Нариманов төсекте, биіктеп салған үлкен жастық үстінде шалқасынан жатыр. Мойын, кеуде тұсын ақ дәкемен қабаттай орап тастаған. Қасымхан есікті аша беріп қайта жапты. Коридордың екінші басында өзіне қарай шапшаңырақ басып жолығуға асыққан дәрігерді көріп бөгелді. — Сәлеметсіз бе, Николай Акимович, — деп жылы шыраймен ұмтыла кеп амандасқан орта бойлы, дөңгелек жүзді, шоқша сақалды кісіден кешірім сұрағандай басын иді. — Сізді операция жасағалы жатыр деген соң өз бетіммен мына бір бөлмедегі ауруға жолығайын деп ем. Әбестік жасасам, кешіріңіз. — Наримановқа келдіңіз ғой. Қайратты қайсар жігіт, операцияны оңай көтерді. Осы күні оқ атылмаса таң атып, күн батпайтын болды. Қандай қиын кезеңнің куәсі боп отырмыз десеңші! Қазір ғана бір шекарашыны алып келді. Уыздай жас жігіт. Оқ қара саны мен иығынан тиіпті. Қасындағы серігі бізге жете алмай қалды. Қаза тапты. Оқ тиген қызыл әскерге операция жасайын деп ем. Өзіңізді көрген соң бұрылдым. — Наримановтың халі қалай? Қазір сөйлесе алам ба? — Бағы бар жігіт екен. Село дәрігерлерінің фамилиясы кім деп едіңіз? Игнатович па? Соның жасаған көмегі болмағанда бұл жігіттің Жаркентке жетуі, тірі қалуы неғайбыл еді. Игнатович өте сауатты, аса сезімтал маман екенін танытқан. Тегінде адам ағзаларының көзге көрінбейтін қантамырларын білгендіктен енді Нариманов үлкен қатерден құтылған. Жас, балғын, сау дене бойдағы дертті дендетпес деймін. Ал менің байқауымша осы жігітті тән жарасы емес, жан жарасы қинайды-ау деймін. Онысын, бәлкім сізге айтар. Сөйлесіп көріңіз, — деп шапшаң басып операция бөлмесіне қарай кетті. Нариманов есік сыртындағы әңгімені естіп оянып кетті
Кемел Тоқаев ме, Қасымхан кіргенде қозғалақтап басын көтермек болды. Қасымхан қолын созып қысқа әмір етті. — Қозғалма! Тыныш жатсын, әбігерленбесін деген дәрігерден нұсқау алдым, — деді де орындық алып керуетке тақау қойып отырды. — Денсаулық қалай? Жараң жаныңа батып қинамай ма? Тәуірсің бе? — Келгеніңізге рақмет. Халім жақсы. — Таң атпай мазаладым. Оған ренжіме. Өзің білесің, әр минут қымбат. Әлгінде ғана Подгорныйдан оралдым. Кейбір жағдайды өзіңнен сұрап анықтап алайын деп ем. — Өзім де бүгін сізге жауап беруге барайын деп дәрігерден сұранғалы отырмын. Ай бойы мол астықпен Қызыл керуенді сақтап кеп аяқ астынан күйрегенімізге күйініп кетем, — деп жасаураған көзін қолының сыртымен сүртті. — Мен жарымес балаша алдандым. Бұлай мүләйім, момын, жуас боп көп тобымен соқтығысады деп күтпеп ем. Және тіршілік, қамымен жүрген шаруа кісісін әй-шәй жоқ атып тастауға дәтім бармады. — Оқиға қалай болды? Соны ретімен айтып шықшы. — Мен ол қазақтарды ауыл арасында қыдырып жүрген кісілер екен деп алданып қалдым, — деп төбеге, электр шамының лампасына қарап жатып сөйледі. — Алдағы жасаған есебіміз бойынша дәл сол күні Подгорныйта жете қондық. Село үлкен, тау жақтағы жатақ та алыс емес. Қатер төне қалса көмек алармыз деген үміт болды. Әлде біреулер ұрланып кіріп кетіп жүрмесін деп керуенді көгал жазыққа, ашық жерге қондырдық. Біз орналасып жатқанда селолық Советтің председателі Булыга келді. — Булыга дейсің бе? — Иә. Онымен алдында селоға барлау ретінде соққанымызда танысқам. — Нариманов күдікті сұрақты аңғарып, — Булыганың бұл оқиғаға қатысы бар ма? О да бандалармен бірге ме? — деді. — Жәй сұрадым. Айта бер. — Булыга кірені аралап шықты. «Олжалы екенсіңдер. Шығын шығармай аман жеткізе алсаңдар үлкен мақтау
Шығармалары алғалы тұр екенсіңдер» — деп мақтап қойды. Мен оған «аш адам мақтауды қайтсін. Оған сөз емес, нан азық. Бізге тағы екі-үш арба астық қосып аттандырсаң аш-жалаңаштың сауабын аласың» — дедім. Булыга сәл ойланып тұрып: «Осында, селода бейтаныс адамдар жүр. Сақ болыңдар. Ұйықтап қап жүрмеңдер. Түнде қастарыңа келем», — деді де, Шестаковты ертіп селоға кетті. Азығымыз таусылып қалған болатын. Су да жоқ еді. — Немене, кіреде ұн, нан болмады ма? — Неге болмасын. Ұн да, нан да жетерлік еді ғой. Бірақ, аш-жалаңаштардың ризығына қалай тиесің? Бізде тіпті ондай ой болған жоқ. — Сонымен? — Күзетте екеуіміз қалдық. Мен керуеннің аяқ жағында тұрдым да, Капустин алдыңғы жақта арбаның үстінде етпетінен түсіп жатты. Бір жолы қасына барғанымда «Осылай сығалап жатсаң айнала жақсы көрінеді. Бөтен кісіні біле қоясың» —деп қойды. Өз орныма кеп мылтыққа сүйеніп тұрғанымда маған қарай келе жатқан екеуді көрдім. Біреуінің иығында қоржыны бар. Қазақтар екенін байқап тұрмын, Әйткенмен сақтық жасап: «Әй, бұ қайсың? Жолама, керуенге!» — деп тоқтатпақ болдым. Қоржын асынған қазақ кимелей ұмтылып: — Ей, мынау мұсылман екен ғой. Осыдан жөн сұрайық, — деп қасындағы серігін қолтығынан сүйрелей жүрді. Көз байланып қалған мезгіл болатын. Түр-түстерін анық ажырата алмағанмен маған алғаш сөз қатқан адам қартаңдау көрінді. Шоқша сақалы бар. Оның мүләйім, бейбіт, аңқау кейпіне алданып қалдым ба, қасыма тым тақау жіберіп алдым. Ол ентіге сөйлеп: — Шырағым, жатақ ауылы қай тұста? Төте шығатын жол бар ма? Сонда жиенім тұратын еді. Қараңғы түспей тұрғанда жетіп алалық. Е, өзің қай елсің? Кімнің баласысың? — деді. Мен де сұрақпен жауап қаттым. — Қырық рулы жатақты білем ғой. Жатақтың кімі керек еді? — Осы бір сәтте Капустиннің жанталасқан үні
Кемел Тоқаев естілгендей болды. «Петр!» — деп бұрыла бергенімде біреу пышақ салғалы ұмтылып келеді екен. Мылтықтың дүмімен періп қалдым. Ту сыртымнан мықты, қарулы қолдар жағамнан ұстап, қылқындырып бүріп барады. Мылтыққа жармасады. Со кезде саусағым шүріппеге тиіп қалып, тартып қалдым. Мылтық атылды. Сонан не болғанын білмеймін. Әлде біреумен жармасам ба, қалай? Өң мен өлінің арасындағы көріністей сондай бірдемелер елестейді. — Сақалды қазақтың қасындағы «Адвокат» болғаны ғой. Әнуар соның дауысын естіген, — деп Қасымхан бір сәт шұғыл ойланып, — сол қазақтарды көрсең таныр ма ең? — Дәлін айта алмаймын. Ал шалдың дауысы құлағымда, аздап кекештенетін секілді. Ал қанжармен ұмтылған орыстың түр-түсі көз алдымнан кетпейді, Қаба сақал, шүңейт көз, орта бойлы мығым кісі. — Крутикованың үйінде қызметші боп жүрген Егор ма десем, Сигалов болғаны ма? Онда Игнатовичтің күдігі дәл келді, — деп Қасымхан ойланған түрмен шалқалай отырды. — Бандалар таптырмай кетті ме деп ем. Ұстаған екенсіздер ғой? — Олар әлі бостандықта жүр. Біз Подгорныйға келесі күні ғана жеттік. Жатақтың Ахмет деген жігіті үлкен ерлік, қайрат жасап бізге шұғыл хабар беру үшін Қаратау қиясымен Көксайға жалғыз тартқан. Жаркентке жете алмайтын болған соң Көксай тұсындағы заставадан телефон соқтырып, өзі сол жолмен кейін қайтқан. — Азамат екен. Тау шатқалдарында атаманшылардың ұясы бар деп естуші ем. Олардан сескенбеген екен-де. — Қайраттыдан оқ қаймығады! Нариманов есін жиып тәуір бола бастағалы бері өткен күнді есіне алып қатты күйзеліп кететін. «Совет өкіметі үлкен сенім көрсетті. Қызыл керуенді қорғауға командир ғып тағайындады. Ал мен қарабасып алданып қалдым» — деп өзін табалап іштей налитын. Сондай ашынған күйінішті үнмен:
Шығармалары — Бәріне кінәлі мен. Надан, бейшара, аңқау кейіпте келіп жөн сұраған соң алданып, қаскей дұшпаным екенін білмей қалдым ғой. Ол сұмдар керуенді талқандап құртып кеткен шығар-ау, — деді. — Мылтық дауысы естілген сәтте селодан, жатақтан кісілер кеп қалып, бандалар еркін өрістей алмаған. Әйткенмен әжептәуір шығын бар. — Мен революциялық қырағылықты жойғаным үшін айыптымын. Мировой пролетариаттың революциясы алдында жауаптымын! Қандай жаза кессе де әділ деп білем! — Қазір сені жазалағанмен дәнеңе ұтпаймыз. Бізге бандалар тобын әшкерелеп, оларды түп тамырымен біржола жою керек. Қазіргі міндет осы, бауырым. Қасымхан тысқа шықты. Таң бозарып атып келеді. Аспанда жұлдыздар сөнген. Бүкіл көкжиек көк теңіздей сәл толқындана тынып қалған. Қала тұсында мол қызғылт сәуле төңкеріле түсіп көтеріліп келеді. Қасымхан осы бір нәзік сәулеге көз тігіп тұрып Әнуармен арадағы әңгімені есіне алды. Ахмет екеуі Әнуарды ортаға алып «Тоғай ішінде кіммен қыдырдың? Атын ғана айт. Бұл сырыңды шашпайық!» — деп жалынғанда да қасарысып жауап қатпады. Ахмет ашуға булығып қамшысын ала жүгіргенде: «Міне, Садықтан үйренген тәлімі бұл. О да «ой, әкенің аузы... көк милау!» деп қит етсе, әкеме қамшы ала жүгіретін. Мынау сасық Садық!» — деп мазақтай күлді. Ахмет ұмтылып кеп «қап, мына сығыр қылды-ау!» деп қамшысын лақтырып жіберіп інісін құшақтай алды. «Үлкен дәрежелі, маңызды кісі алдында ұятқа қалдырдың-ау, сен ит!» — дегенде, Әнуар «сенің аузыңда сөз тұрмайтынын білем. Жерден алтын тапқандай қуана барып әжеме айтасың. Ол ақырын кеп апама сыбырлайды. Сонан соң «ойбай, білесің бе, анау пәленшенің баласы...» — деген пыс-пыс әңгіме бүкіл жатаққа тарайды да кетеді. Ол өсекті қартаң шалдар мен қазымыр кемпірлердің аузынан қалай жинап алам? Тоғай ішінде кіммен жүрдім, қайда болыппын? Бұл өз басымның сыры, өз басымның құпиясы. Оған араласпа, килікпе, бәрі бір айтпаймын!» — деп Ахметтің құшағынан
Кемел Тоқаев сытыла берген. Майлыбай баласының сөзін естіп қап «Әй, Ахмет, сен қой енді. Балалармен барып ойнап жүр де, не қыласың!» — деп шапанының етегімен Әнуардың басын жауып құшақтап сыртқа алып кетті. Қасымхан Әнуардың сыр шашпауының мәнісін енді түсініп келеді. Егер Сигалов сол қанды түні қызының қазақ баласымен тоғай ішінде қыдырғанын және өздерінің кісі өлтіріп қашып жүргенін біліп қалса өз нәсілін де аямайтыны хақ. Өлтіріп, өшіріп тастауға әзір. Әрине, Әнуар түн ішінде бандалардың арасында қыз әкесінің болғанын білмеуі де мүмкін. Білсе, дереу айтар еді. Ол қыз абыройын сақтауға тырысқан. Міне, оның сыр шашпауының сыры осы. Қасымхан Әскери комиссариат үйінің қасынан өтіп бара жатқанда Давыдов терезені айқара ашып: — Қасымхан, сені күтіп отырмын. Мұнда кел, — деп дауыстады. Қасымхан кабинетке кіргенде, — қазір осында екі кісіні алып келеді. Сонымен сөйлесейік. Өздері үшеу екен. Біреуі шекарадан өткен де қолға түскісі келмей, ақыры оққа ұшты. Алдын ала жауапта өздерін саудагерміз дескен. Ондай аңызға сенбеймін, — деді. Аздан соң күзетші сақал-мұрты қалың өскен, төбе шашы түсіп, құйқасы көрінген орта жастағы кісіні алып келді. Давыдов қабағын шытып күзетшіге бара бер дегендей белгі берді де, тұтқынға ортадағы жалғыз орындықты нұсқады. — Отыр! Тек шындықты, шындықты айтасың! Ұқтың ба? — Ұқпайтын несі бар. — Амал асырғың кеп алдасаң, жалған айтып жалтарсаң, кешірім жоқ! Көк желкең оқпен тесіледі. Сонымен, атыжөніңді айта бер. Кімсің? Қайда барасың? Бұ жақта неғып жүрсің, кім жіберді? Айта бер! — Григоренко, Аркадий Тихонович. Жетісудың казакорысымын, — деді ол баяу үнмен. — Мен шаруаның адамымын. Ғұмыр бойы жер жыртып, егін егіп тырбанып кәсіп етіппін. Тірлікте еңбектен басқа рахатым болған емес. Өткендегі қырғын соғыс, жат жұртта қаңғып жүру мені әбден қажытты. Үйімді, бала-шағамды, кәсібімді
Шығармалары сағындым. Елге қайтуға бел байладым. — Өзің қай жерденсің? — Талғардан. — Онда кімің бар? — Әйелім, балам қалды. Ұлым Александр биыл он беске шығады. Інім Григорийді есепке алмасам да болады. Аласапыран соғыстың алғашқы күнінде қызылдар жағына кетті де мен ақтарға қосылдым. Енді байқасам, ол ақылды екен. — Сені «үйіңді сағынып жүр екенсің. Бара ғой»,— деп жібере салды ма? — Ол жақтан жол кесілген. Көңілдегі ойыңды ашық жарқыратып айта алмайсың. Дереу строй алдында қылышпен шапқылап, турап тастайды. — Сені қылышпен турап тастамай шекарадан өткізіп жібергені қалай? — Сыр бермедім. Айтқан әмірін бұлжытпай ғана орындап, түпкі ой-мақсатымды жасыра білдім. Іштен тынып жүре бердім. Мені қылыш жүзінен сақтаған осы. — Бұ жаққа өтуді көптен бері ойлап жүр ме ең? — Қалай дейін, қызылдар өктеп, өкшелеп Қытайға қарай ықсырған кезде маған сондай ой келді. — Шолақ селосында атаман Анненковтың сөзін естіп пе едің? — Әрине, ол өзінің бүкіл бөлімшесін жинады. Сөзін ықласпен тыңдадым. «Отечество үшін, әділ ісіміз үшін бүкіл Россияны шарлап қызылдармен соғыстық. Енді міне сын сағаты туды. Түбімізде Қытай шекарасын асқалы тұрмыз. Бірақ әділет жолындағы күрес тоқтамақ емес. Ал кімде-кім большевик билеген елге қайтқысы келсе оған рұхсат, жүре берсін. Жолын кеспеймін. Осы күнге дейін жасаған адал қызметтеріне рақмет. Құдай риза болса, мен де риза», — деді. Бәріміз атаман құрметіне, оның адамгершілігіне ұран тастадық. Туған елге қайтуға асыққандар қатардан топ-топ бөлініп, араларынан командир сайлап, кетуге қам жасай бастады. Кісі қуанғанда есінен танады білем. «Сендер елге қайтып барасыңдар. Біздің мекеніміз қуыс шатты шатқал
Кемел Тоқаев мен жат жұрт. Алдағы жақсылықты құдайдан күттік» — деген соң сорлы солдаттар үстіндегі тәуір киімдерін шешіп, қалдырып жатты. Аз уақыттан кейін алма-жұлма топ терең сайдың бойымен шұбырып бара жатты. Мен соларға қосылмағаныма тәңіріме мың да бір рақмет айтам. Өйткенде қара тастың арасында сүйегім аппақ боп қурап жататын еді. — Немене, солдаттар қайтпады ма? — Әңгіме сонда ғой. Мен бүкіл соғыста артиллерия бөлімшесінде қызмет еттім. Оқтаушы едім. Бөлімшеден бүлік шығып, зеңбіректерді таудан құлатқанда, біздің зеңбірек аман қалды. Бүлікшілердің бүкіл зеңбіректі қиратып қашқалы жүрген ниетін білгенім жоқ. Тегі осы себеп болды ма, бүлікке қатысқандардың бәрін атып тастады да, мені атаман полкінің І-ші жүзбасының қарауына жіберді. Барған сәтте жүзбасы Васильевке лакей болдым. Бұрынғыдай ауыр снаряд тасып, зеңбірек сүйремеймін. Мырзаның етігін тазалаймын, тамағын пісірем. Кірін жуам. Қайтатын солдаттар абыр-тобыр боп қуанысып шауып бара жатқанда Васильевтің «Атаңның басы қайтасың! Дозаққа бара жатқанын білмейтінін малғұндар» — деген сөзін естіп қалдым. Жүрегім зу етіп тастөбеме шықты. Байқұс солдаттардың алданғанын сонда білдім. — Өлтіре ме оларды? — Екі шатқалдың арасымен әндетіп кетіп бара жатқанда Орынбор полкінің пулеметі бәрін баудай түсіріпті. Тау-тасты паналап қашқандарды Васильевтің отряды қылышпен шапқылап өлтірген. — Мұны қайдан білесің? — Арақ ішіп отырғанда Васильевтің өзі айтты. — Атаманшылардан біржола кету, қол үзу, құтылу себебін өте нанымды ғып айттың. Сенбесіме амалым жоқ. Өйткені шындықтың өзі солай. Оны бұрмалай алмайсың, Қанды жорықтың ізі әлі кепкен жоқ. Ал бұл жаққа қандай мақсатпен өттің? Кімге жолықпақсың? Жолығатын кісің қайда тұрады? Тапсырма мәні неде? Оны айтқың келмейді. — Азамат бастық, мені соншама дәріптеп жібердіңіз бе,
Шығармалары қалай? Лакейге ондай маңызды, жауапты міндет қайдан жүктелсін. Оны білсеңіз керек еді. Армияда қызметші деген басында билігі жоқ сорлы жан. — Қайталап айтам: қандай мақсатпен өттің? Мұнда кімге жолықпақсың? Айт, кәне?! — Қожама қандай тапсырма берілгенін білмеймін. Маған жүктелген міндет — оны Верныйға дейін жеткізіп салу болатын. — Верныйға емес, «Қыран ұясын» іздеп бара жатқан боларсың. Верный сені күтіп отырған жоқ. О жаққа Жарков деген атпен арнаулы кісі кетті. Солай ма? — Түсінсем бұйырмасын.... — Немене, осылай жасырынбақ ойнап отыра береміз бе? Шындыққа көшсек қайтеді? — Барлық сұраққа жауап берген сияқтымын. — «Қыран ұясы» деп аталатын банданы кім басқарады? Олар қайда орналасқан? Азық-түлікті қайдан алып жүр? Қарауында қанша кісі бар? — Мен шаруа адамымын. Ешқандай бандамен байланысым жоқ. Давыдов алдында жатқан папканы ашып қолдан салынған суретті алып Григоренконың алдына қойды. — Танисың ба? — Ғажап, сорлы лакейдің ұсқыны кімге керек болды екен? Кескінім оңып тұрған жоқ. Біреу қызығып ермек жасаған ғой. — Ермекке емес, сені айыптау үшін Таняның айтуымен жасалған. — Мені айыптауға дейсіз бе? Ғажап екен! Қолдарына түспей жатып соншалықты не жасап қойыппын? Таня дегенің кім? — Оны білмейсіз бе? — Жоқ. Кісіні кінәраттағанда әрнемені оспақтап сұрайтын әдеттерің болар. — Қалайша оңай ұмыта қаласың. Таня өзің әлгі айтқан кеште хайуандықпен зорлаған, сонан соң қылышпен шапқан Вахмистр Петровтың 12 жасар қызы.
Кемел Тоқаев Григоренко ұшып тұрды. — Тірі ме ол?! — Отыр, Тихонович! Бұ жолы жасаған барлық қылмысың үшін жауап беретін кез келді. Енді бұлтара алмайсың, поручик мырза! — Давыдов қоңырау қағып күзетшіні шақырды. Оған қысқа әмір етті. — Жеке камераға апар, оған дейін бас-аяғын жақсылап тінтіңдер. Киімдерінің астарын, тігісін сөгіп, бәтіңкесінің табанын қақыратып қараңдар. Иненің жасуындай жер қалмасын. — Құп болады! Григоренко-Тихонович сүмірейіп шығып бара жатты. Қасымхан стол қасына кеп Григоренконың суретін қарап тұрып лақтырып жіберді. — Адам азғындағанда хайуаннан әрмен екен де! — Бұл белгілі қанқор жүзбасы Васильевтің жауыздығына жан салмаған Курапаткин деген поручик. Сыбайластары оны Тихонович деп әкесінің атымен атайды. Байқадың ба, оған Тихонович деп сөйлегенімде, еті үйреніп кеткені соншалық тіпті оны елең қылмады, бөтен адамның аузынан шыққанына таңданған да жоқ, — деп Давыдов қағаздарын жинастыра бастады. — Дутов жұртқа танымал өзінің қаныпезерлерін сескенбей бұ жаққа байланысшы ғып жібергеніне қарағанда, аса сойқан іс жасауға бет алған. Шекараны талқандап лап қоймақ па, әлде жасайтын басқа сұмдығы бар ма, қалай ойлайсың? — Әнеукүні Жарковын өткізсе, бүгін Григоренкосын жіберген. Қат-қабат асығыс айла бір дүрбелеңнің барын білдіреді. Алдын-ала қам жасамақ қирап қалуымыз мүмкін. — Менде де сондай күдік бар. Қазір лазаретке барам. Өліктің денесін ашуды сұрап ем. Содан қайтқан соң ақылдасып, мұның шұғыл шарасын қарастырайық. — Сені кеңседе күтем. Екеуі асыға басып кабинеттен шықты. Қасымхан кеңсеге келгенде сағат тоғыз болмаған еді. Анадайдан, есік алдында сырыққа байлаулы тұрған құла атты көрді. Алыс жақтан қатты жүріспен келгені және мұнда тақасырып қойғанына бірталай уақыт өткені көрініп тұр. Омырау
Шығармалары мен сан, тілерсектері жаңа кепкен терде айғыз-айғыз боп тұр. Босағада, табалдырық үстінде дөңгелек қара сақалды, атжақты, бадырақ көз, қарасұр кісі отыр. Жүзі таныс. Қайда көргенін есіне түсіруге тырысты. Ол кеңсеге беттеп келе жатқан Қасымханды көріп орнынан ұмтыла тұрып: — Уездік милиция осы ма, шырақ? — деді. — Қандай жұмыспен келіп едіңіз? — Мен бұрынғы 7-ші ауылдың болысы Садық деген болам. Кісі қайран қалатын аса шұғыл жұмыспен келіп ем, — дегенде барып Қасымхан бұ кісіні Ахметтің айтуымен сырттай қанық екенін есіне алды. Садықты бұлай өз еркімен келе қояды деп ойлаған жоқ. Бұл қай келіс? Алдын көріп алыстан орағыта кеп қармаған айласы ма, әлде тірлігінде пендешілікті қойып, көмегін ұсынып кісілік жасайын дегені ме?! Қасымхан бас аяғына көз тоқтатып: — Кіріңіз,— деп есік ашып жол берді. — Рақмет, шырағым, сен бізді сыйласаң, сені құдай сыйласын, — деп столдың қарсысындағы қара креслоға көміле отырды. — Ал, ақсақал, әңгімеңізді айта беріңіз. Садық ақ қалпағын тізесіне қойып алақанымен басып бұрыла отырды да өтіне сөйледі. — Ей, шырақ, тектіден шыққан жақсы атаның ұлы деп өзіңе кеп отырмын. Сені жұрт ел басшысы десе, мелицаңды қорғаны деп біледі. Жәбір көргеннің жәрдемшісі дейді. Көңіліме күдік жайлатқан бір алабөтен іс осында айдап келді. Осыдан, шамасы бір жұма бұрын таң қараңғысында біреу есік қақты. Таң атпай жүрген кім екен деп есікті ашсам бет-аузы тұтас сақал басқан біреу тұр. Қасында Жарықбас бар. «Жазған-ау, мынауың кім? Неғылған адам?» — дейін. Орыс қазақ тілін білетін неме екен. «Мен землемер, облыстан келем. Ат керек, мықты ат тап!» — дейді. «Қит етсе, осы немелер салпаңдап осында жетіп келеді. Бізден басқа жұрт құрып қалып па екен!» — деп кейідім. Оны тыңдайтын, ұғатын түрі жоқ. «Ат тап!» деп тақақтап тұрып алды. Жарықбас қолымдағы қолқанатым ғой. «Жареке, не
Кемел Тоқаев істейміз?» — дедім сасқанымнан. Оның мініп жүрген сары аты үркектеу болатын. Бір жерге құлатып кетіп мертіктіріп жүрсе, «Бай қастандық жасады», деген сөзден қорқып қасқа айғырды ерттеп бердім. Ертең-бүрсікүні қайтарам деп тұрған соң ол сөзіне сеніңкіремей «мына жігіттен қайтарып жібер» — деп Жарықбасты қоса ертіп жібердім. Ертеңіне көңіліме күдік алып Подгорный жаққа аяңдап шығайын. Жолда жақын ағайынымыз жолығып қалып: «Мырза, сіздің айғырды бір орыстың мініп бара жатқанын көрдім. Бағыты Асыдағы орыс қыстағы-ау», — деймін деді. Подгорныйға келсем орыс әйелінің үйінде отырған Иштай Жырықты көрдім. Ол маған сыбырлап «Сенің қасқа айғырыңды осында көрдім. Қорада байлаулы түр. Оны қайсы мініп жүр?» — деді. Мен болған оқиғаны айттым. «Бұл буржуйдың әкесін танытам. Полуқұрсақ крестьянды танымай көрсінші!» — деп оңаша жатқан жерінен оятып алды. Мен «тие көрме, бәлесіне қалармыз» деп зар қақтым. Оған көнетін Иштай Жырық па?! Дала жауын, түн ішінде қайда барам, тағы бірдемеге ұрынып қалып жүрермін деп қона кеттім. Жарковпен оңаша қалғанда «әй айғырды неге қайтармадың? Өтірік айту өкімет адамына лайық па? Жарықбасты қайда жібердің?— деп сұрадым. Сөзімді шала тыңдап, менсінбегендей қарнын сипалады. Ышқырына қыстырған наганын көріп қалдым. Қолтығына да тығып алған тапаншасы бар. Зәрем кетті. Қорыққанымды сезді ме «әлі селода болам. Жарықбас осындағы қазақ ауылдарына кетті. Ертең келеді. Сонан соң айғырыңды содан қайтарам!» — деді. Өкімет адамына қарсы келер дәрмен қайсы! Таң қылаң бере тайып тұрдым. Содан Жарықбас қайтқан жоқ. Айғыр да жоғалды. Осының бәрін мына қағазға жаздым, — деп арап әрпімен жазылған екі парақ қағазды Қасымханның алдына қойды. Садықтың сөзін бөлмей тыңдап отырған Қасымхан еңкейе түсіп тесіле қарады. — Фамилиясы кім дедіңіз? — Біздің үйдегі балаға «сен Жарықбас, мен Жарқып, қалай ұқсайды десеңші! Кедейлер осылай ұқсас болуға
Шығармалары тиіс!» — деп жатты. — Алғаш ол сіздің үйге жалғыз келді ме? Қасындағы кісілерін көрмедіңіз бе? — Жалғыз болатын. Немене оның серіктері бар ма екен? — Оны сізден сұрап отырмын. — Қасында кісі барын байқамадым. — Жарков қайда баратынын айтпады ма? — Верныйға қайтып бара жатыр-ау деймін. — Неге олай ойлайсыз? — Подгорныйда көрген соң Верныйга барады да. Мен Жарықбасымның хабар-ошарсыз кеткенінен қорқам. Сол өкіліңнің үсті-басы толған мылтық екен. Өлтіріп тастамады ма, деп қатты күдік алам. — Майлыбай баласы Ахметті білесіз бе? — О не дегеніңіз. Қазақ өз ағайынын білмеуші ме еді! Бәріміз бір атаның баласы, тегі бір туыспыз. Арадағы азғырындының тілі себеп болды ма, бір-ақ күнде іргесін бөліп көшті де кетті, — деп Садық қынжылған түрмен ақырын күрсінді. — Әке-шешесімен бірге өзі де сізге қызмет жасапты. Қысы-жазы жылқы соңына сап қойыпсыз. Ал бүкіл семьяның қызметіне, ақысына көк тиын төлемепсіз. Көзін малмен ашқан қазақ оның зейнеті мен бірге бейнетін де біледі. Қойшы байқұс қоймен бірге еріп бірге жусайды. Жылқышы, күзетші дегендер де ұзақ уақыт баққан малының қамынан басқаны ойламайды. Ғұмыр бойы таусылмайтын еңбек. Сол ауыр бейнеттің қызығын көрмеген соң іргесін бөлмей қайтеді, — деп Садықтың ағайын алдында көп міні, қарызы барын сездірді. — Қарағым, жетімек емес, жетілген жерден шыққан ұрпақсың. Дүние қалай жиналатынын білсең керек еді. Өз басым бел ауырып, ауыр бейнет жасаған кісі емеспін. Жақсы әке жаман балаға қырық жыл мұра дегендей атадан қалған мол дәулет тасымаса таусылған, тарылған емес. Майлыбайдың бала-шағасы емес, оның әке-бабасында осы үйдің малын бағып, өсіп, ұрпақтанып қанат жайған кісілер. Мен оларды қызметшім деп санағам жоқ. Тілегі бір туысым,
Кемел Тоқаев жүрегі бір бауырым деп білдім. Бақса, күзетсе жаттың малы емес, өз малы, өз ырысы, өз өрісі, деп ұқтым. Білсе, Майлыбай сол малдың арқасында үй боп, бала сүйіп, оны асыраған жоқ па екен? Орысқа барып мал тауып байыды деп мына жұрт көкіп жүр. Мен Майлыбай әулетінен мал аяп па екем! Іштің, жедің, мал шығындатыпсың деген жерім жоқ. Қысы-жазы алдынан ақ айран кетпеді. Мен жеген қазы-қартаны о да кесіп, кертіп жеп отырды. Жылтырап киім кимедім дейтін шығар. Қай қазақ пұлға жарып еді. Көксайдың Қарашалына бар. Бұл уезде одан өткен бай кісі жоқ. Түрін көрсең жаның ашиды. Қысы-жазы жарғақ тоны үстінен түспейді. Қала саудагеріндей, қала байындай емес мал баққан қазақтың күні осындай жүдеу келеді, — деп Қасымханның түпкі тегі аса бай саудагер екенін есіне салғандай болды. Қасымхан оны сезді. Садықтың бетіне тесіле қарап: — Жаркент жақын. Бұ жаққа Әулиеатадан, Ташкенттен, Бұхарадан, Самарқанттан түрлі дүние тиеген саудагерлер кеп жатады. Әлгі Қарашал бұтына тері шалбар кигенше көп малын пұлдап неге сатпайды? Өзінің бишаралығы да! — деді. — Шырағым Қасымхан, ол Қарашалдың ғана емес, бүкіл қазақ атаулының бишаралығы. Біз егін еккен, жер емген жұрт емеспіз. Біздің асымыз да, мінетін көлігіміз де, киетін киіміміз де осы мал. Саудагер қолында тиыны болмағанда қалай жұтаса, қалың қазақ малсыз дәл солай жұтайды. Ол мына көрші жұрттай тұрақтап там салып, бақша егіп кәсіп етіп дағдыланбаған. Қазақ мал өсіруді білсе де ақша ұстауды әлі білмейді. — Байдың малына тиме дегеніңіз ғой? — Қазақ малынан айырылса байы емес алдымен кедейі қырылады. Өкімет кедейге болысқысы келсе, оны жарылқамақ болса алдында айдаған малынан қол үздірмей жетелесін. Малсыз көгермейді бұл халық. Мен Ахметке де соны айтқам. Айналайын, алдыңдағы жылқыңа ие бол. Сені көгертетін осы тай тұяқ. Сапар шықсаң талмайтын пырағың, шөліксең сусының, ашықсаң тәтті азығың, тоңсаң
Шығармалары тоның деп құлағына құйып өттім. Шірік неме, сонымды кек көріпті. Тілегені мал екен ғой. Келсін де алсын, ақысына тірі әкесінің құнын қоса алсын. Қолынан қақсам, Садық атым өшсін. Адам екен, ат құйрығын кессе де өкпе-назын айтып кетсейші! Қайта сол Ахметке мен өкпелеп, өшіксем жөн еді. Пасық, кекшіл, пендешілік пейіл танытпай азамат басын жоғары қойып ем. Ахмет ақылды болса соны ұғар еді! — деп өзіне риза болған қалыппен сөзін тоқтатты. Қасымхан сөз таластырмады. Малдан басқа қызықты, татымды, тәтті деп білмеген даланың тағы байымен айтысып жатуға оның уақыты жоқ еді. Оны қатты мазалап тынышын кетіріп отырған бандалардың «Қыран ұясы» тобы. Дутовтың арнаулы кісі жібергеніне қарағанда бұл шірік ұядан үлкен тірек тапқысы келетін секілді. Әлденбей, күш алмай тұрғанда бұл ұяны дереу талқандау керек. Ол үшін бандалардың мекенін, өрісін, кімдермен байланыс жасайтынын анық біліп алған жөн. Бәлкім, Садықтың солармен байланысы бар шығар. Мұны өз жағына тартып, араға салып көрсе қайтер еді деп тұрды да, бұл ойынан дереу айныды. Садық Қасымханның бет әлпетіндегі осы бір құбылысын сезгендей сыр тарта сөйледі. — Шырағым, қолымызда билік болмағанымен ел ара сының ісіне құлақ түріп отырған жанбыз. Кәдеге жарасаң кәрі демей жұмсай бер, — деп жауабын күтіп құлақ түре қалды. Қасымхан сәл ғана қабағын шытып талмай тесіле түсіп, ақырында әлде нәрсеге күдіктенгендей қатқыл үнмен: — Жарықбастың Қаратау жақта туыстары бар ма? — деп сұрады. Садықтың сескенетіні осындай төте қойылатын теріс сұрақтар еді. Уездік милицияға келгенде Жарковты қаралайын, ұстап берейін деген ойы болған жоқ. Ең алдымен өз басын арашалап алудың қамы еді. Жарықбастың аяқ астынан жоғалып кеткені ел арасында әңгіме бола бастады. Ертең Қылкөпірдің астында сүйегі жатқанын көрсе Садықтың айтатын жауабы қайсы? Жарковтың қасқа айғырды мініп жүргені, өзінің Подгорныйға барғаны, онда
Кемел Тоқаев Жарковпен бір бөлмеде жатқаны — бәрі анықталады. Егер осыларға нанымды дәлел айтып, алдын ала милицияға арыз беріп қоймаса түбі тұтылатын түрі бар. Ал Жарков болса уезден кетті. Фамилиясын да өзгертіп алған болар. Енді Жарков деп айтудан оған келіп-кетер зияны жоқ. Әзірге осы бәледен басын арашалап алса, ар жағын тағы көріп алады. Осындай айла-тәсілмен келген Садық әңгіме желісінің кенет өзгергеніне қорқып қалды. Күйбектей жауап қатты. — Жақын дейтіндей жанашыр ешкімі жоқ. Паналап келгені біз ғой. Рақайша бәйбіше екеуі қолымызда тұрып келеді. — Үй-жайын, жалғыз шешесін тастап қайда кетпек ол? — Соған өзімнің таңым бар. — Жарықбас тілалғыш жандайшабың екен. Бәлкім, бір жаққа жұмсаған шығарсыз! — Өйтсем, шырақ, ант ішіп, арыз жазып алдыңызға келем бе? Өтірік айтып итшілеген жаны құрысын. Өйткенше, хайырлы өлім тілеймін! — деп өңі бұзылып көзінен жас шығып кетті. — Жарықбастың жоғалып кеткені бізді де абыржытады. Тағы аз күн күтейік. Мүлде із-түзсіз кетсе, не келе қалса дереу хабар бергейсіз, — деп әңгіменің тәмамдалғанын білдіргендей орнынан тұрды. Садық та қалбалақтай көтеріліп: — Жарайды, айтқаның болсын, — деп қалпағын кеудесіне басып тұрып сөйледі. — Өзіңді, шырақ, алаштың аруақты азаматы деп білуші ем. Алдыңа кеп бір жасарып қалдым. Сіздей ардагерлеріміз тұрғанда біз несіне қаймығып сескенейік. Мынау өкімет жетімжесірді жеткізем, жарылқаймын дейді екен ғой. Өкімет адамының бірі мына өзіңізсіз. Бедел алғаныңыз бәрімізге абырой. Құдайға шүкір, қолда мал, ақша деген баршылық. Дәреже көтеретін дәулет бар. Күш-көлік дегендейін керек боп қалса қызметіңізге біз дайын. Қалағаныңды іркілмей, еселеп береміз. — Совет өкіметі дәл қазір ондай көмектен қашпайды.
Шығармалары Өкімет кедейдікі. Ол әлі балауыз балапандай қанатын кең жая алмай жатыр. Дүниедегі бар жақсылықты, сұлулықты, әдемілікті, игілікті аштар, жалаңаштар жасайды. Және бүкіл әлемді таңғалта жасайды. Кедей табы сол үлкен мақсатқа жету үшін әзірге сіз секілді байлардан да ала тұрады. Ал өз еркімен бергісі келмесе олардан сұрап жатпайды. Өз үстемдігін күшпен жүргізеді. Дәуір тынысы солай, Садық мырза! Садық іштей ыза кернеп ашынса да ашылған боп күле сөйледі. — Басымызға бақ-дәулет қонғаны алланың әмірімен деп жүрсек, құтымызды жасаған малшы-жалшы секілді құнсыздар екен де. Бізге кісілікті танытқан, бай-манап қылған солар көрінеді, солардың арқасында жетіліппіз. Енді сол қарашаның арқасында ел боп отырмыз дейміз де! — деп қу тілмен қулығын бүге түсті. — Шартарапқа әйгілі әруақты кісінің баласы едіңіз. Сірә, дұрыс жол тапқансызау. Хан азарында қарашамен қас болады деген. Азбай тұрғанда, есім барында кедей-кепшік жағынан табылсам деймін. Өзіңізден алған тәлім, шын сырым осы, Қасымхан! Қасымхан мұның түптегі ойын сезді. Әбден түңіліп, торығып, наразы боп бара жатқанын да біледі. Садық секілді сахараның азулы байларының алда қатер барын сезіп тайғақтап ығыса бастауының өзі жұмысшы-шаруа табының жеңісі деп ойлады. Терезеден қарағанда Садықтың шаңға көміліп шауып бара жатқанын көрді. АУЫР КҮНДЕР Верный үнсіз, әлі жауап жоқ. Қасымхан бүлік жайындағы суық хабарды естігелі бері бел шешіп жөнді ұйықтаған емес. Үсті басы шаң-тозаң боп кеңсеге кірген беті осы. Шекара мен уезд ішіндегі шиеленіскен мазасыз жағдайға байланысты ерекше тапсырманы орындайтын еріктілерден Қорғаныс отряды құрылған болатын. Оған большевиктер
Кемел Тоқаев мен оған тілектестер, комсомолдар мен жастар, кеңсе қызметкерлері, ынта білдірген бойдақ әйелдер жазылды. Алғаш мылтық ұстауды, сыптай жылдам әскери өнерді қызық көргендер тобымен жаттығуға құлшына кірісті де, кейін мұның кісіні қажытатын шексіз ауыр бейнет екенін көріп бытырай бастады. Әрқилы сылтау тауып жаттығу жасауға келгісі келмейді. Ревком дәрігердің рұхсатынсыз бірде бір адам босатылмасын, өз бетімен кеткендер қатаң жазалансын деген бұйрық берді. Соның өзінде оларды жинау, казарма тәртібіне үйрету, әйелдерді санитарлық мамандыққа бейімдеу үлкен күш еді. Күні бойы отряд адамдарына жаудың шабуылы кезінде тасаға бұғынып жатып ату, найзаласу тәсілдерін көрсетіп қазір ғана оралған. Давыдов төтенше оқиғамен заставаға кеткен. Телетайп аппаратын бір минут та бақылаусыз қалдыруға болмайды. Қасымхан өз орнына Шестаковты қалдырып телетайп бөлмесіне келген. Қазір ол қабырғаға тақап қойылған скамейканың үстіне құлай кетті. Қолын тарақтап желкесіне қойып шалқасынан түсіп жатыр. Тұла бойы талып, босап осы бір азғана тыныстан ләззат тапқандай. Телетайпшы Терехин салпаң құлақ шлемін столға төсеп бетін қойып бүгіле қисайып жатқан. Есік ашылғанда-ақ оның Давыдов екенін білген Терехин сілекейін шұбата орнынан ұшып тұрды. Давыдов қолын көтеріп қасынан өте берді. — Терехин, сенің бейқам, тыныш жатқаның маған ұнайды. Бұл төзімділік белгісін танытады. Терехин тік тұрып кешірім сұрады. — Көзімді жұмғаным болмаса, ұйықтамаймын, начальник жолдас! Бәрін естіп жатамын. — Бұл жаман қасиет емес, — деп гимнастеркасының омырау түймесін салып орнынан тұрған Қасымханның қасына келді. — Оятып жіберген жоқпын ба? — Мен телетайп бір жаңалық әкеле ме деп күтем. Мұндай сәтте ұйқы келуші ме еді? Дүниедегі ең азапты да ауыр нәрсе сарыла, зарыға талып күту ме деймін. Мұндайда уақыт та өтпейді екен. Сағат тілі әдеттегісінен әлсіз әлсіреп
Шығармалары соғатын секілді. Игі, жақсы хабарды уақыт баяулығы бөгеп тұрғандай көрінеді. Давыдов Қасымханның қазіргі көңіл күйін шапшаң аңғарып түсінді. Ашық та, батыл да сөйлейтін әдетімен: — Күте білмеген күлкіге қалады! Шын айтам, дәл солай, — деп өзін өзі құптап қойды. — Бұл өзі соншалық төзімділікті, үнсіз шыдамдылықты, салмақты сабырлылықты, әуелі қажырлы қайратты талап етер дер ем, — деді де Қасымханды қолтығынан ұстап түпкі оңаша бөлмеге алып кетті. Есікті ақырын нығыздап жауып: — Жағдай өте қиын, шекара тыныш емес, — деп терезе жақтауына сүйене тұрды. — Ақ гвардияшылардың үлкен отряды салтанатты жүріспен тақап кеп, Харгос өзенінің бойымен әрі-бері осқақтай шауып әскери жаттығу жасаған. Төрт-бес аттылы шекара шебін баса көктеп өте бергенде күзетшілер пулеметтен, мылтықтан бората оқ жаудырды. Біреуі ішке өтіп, қаланың шегінде аты оққа ұшып қолға түсті. «Кімсің? Қай жерде тудың? Мынау кімнің отряды?» дегенімде, «сен красная морда, бәрін білгің келеді екен ғой! Онда айтайын: ертең бәріңді қылышпен шапқылап қан-жоса қыламыз. Сағатың санаулы, қызыл сволота!» деп жентек-жентек қан құсып жіберді. Тегі араққа байқамай кислота қосып ішкен немесе кислота қосып берген. Одан әрі сөйлеуге шамасы келмей өз қанына өзі тұншығып өлді. — Атаман Дутовтың солдаты кислота ішіп жүрсе, ондағы адамдардың әбден азғындағаны деп біл. — Қасымхан сәл ойланып тұрды да, — мол дүбірмен қаптап кеп нос көрсеткеніне таңым бар. Шекараның бекемдігін тексергісі келді ме, бұл қалай? — деді. — Шекара бойында бытырай қонған ел бар. Солар көрсін, ықсын, беті қайтсын, зәресі ұшып бүкіл уезге таратсын деген айла-тәсілі шығар. — Бүгін-ертең жойқын ұрысқа шыға ма? — Айта алмаймын. Бірақ біз үлкен қатер үстінде тұрмыз. Соғыс кез келген сәтте басталуы мүмкін. — Қорғаныс отряды казармада болсын деп бұйырылды. Өз бетімен кеткендер қатаң жазаланады.
Кемел Тоқаев — Өте дұрыс жасағансың. — Меніңше, қатер басқа жақтан келе ме деп қауіптенем. — Қалай? — Шекарада жасақтанған әскер тұр. Оның артында үлкен қалқан боп қамалға айналған қала бар. Сын сағатта бүкіл еңбекші халық көмекке келеді. Дутов шекараны бұзып кіре алмайды. Ең үлкен жау тыл жақта, тау-тасты паналап, бұғынып, тығылып жатқан бандалар ма деп ойлаймын. Олардың ел ішімен, әрі-бері өткен жолаушымен қатынасы бар. Верныйдағы бүлікті естісе белең алып ду көтерілетіні хақ. Верный мен арамызды қиып тастап, күтінбеген көп елді қырып жойып кете ме деп қорқам. — Тихоновичті уыстан шығарып алғанда ондай қауіпке негіз бар еді. Ал қазір... — Давыдов саусағымен иегін тіреп ойланып қалды. Григоренко-Тихоновичтен жауап алу, тергеу кезінде біраз жағдайлардың беті ашылған еді. Алғашқыда ол қасарысып, алдына тартқан айғақ дәлелді мойындамай тас-түйін боп тіл қатпай қойған. Өзіне көрсетіп тұрып төс қалтасының әдібін сөккенде ақ жалаушаға қара бояумен ұқыпты салынған өткір тырнақ самұрық құстың суреті табылды. «Бұған не айтасың?» дегенде, бүгіліп бір-ақ уыс боп көп уақытқа дейін үндемей қалды. Қос қолымен шашын уыстап «Бұл жалаусыз менің құным енді бір-ақ тиын. Тағдырдың жазғаны солай шығар» — деп бұ жаққа қандай мақсатпен жіберілгенін айтып берді. Жалаушадағы самұрық құстың суреті «Қыран ұясы» бандасының атаманы Дудкоға жолыққанда генерал Дутовтың тікелей өзінен келген кісі екенін танытатын пароль екен. Дудко және оның қарауындағы адамдар мұның әмірін бұлжытпай орындауға тиіс. Бұған жаңа өкіметке наразы ел ішінің адамдарын топтастыру, оларды жарақтандырып отрядқа қосу, Дутов армиясының Жетісуга жорығын оңайлатып жол ашу үшін ауыл-селоға дүркін-дүркін шабуыл жасап елдің берекесін кетіру, жергілікті Совет мүшелерін, большевиктерге тілектестерді, оларды жақтаушыларды жұрт алдында қылышпен шапқылап ашық жазалау
Шығармалары тапсырылыпты. Адамдар совет жұмысынан безе қашып, өз басын қорғаштайтын болсын депті. Алғаш Қасымхан мен Давыдов бұл парольді пайдаланып Григоренко-Тихоновичтің орнына өз кісілерін жіберуді ойластырды. Соңынан бұдан дереу бас тартты. Дудко банда басшысының бүркеншек аты, шын фамилиясын Григоренко-Тихонович білмейді. Бірақ көре қалса екеуі бір-бірін тануға тиіс. Самұрық құсты жалауша тек жақын адамдар арасында жүретін пароль боп шықты. Дудконың бандасы Қаратау үңгірлерінің бірінде, шақпақ тасты шатқал арасында. Сонда бұл банда мекенін қалай таппақ деген сұраққа да мұның жауабы әлгіндей боп шықты. Григоренко-Тихонович, егер шекарадан сәтті өте қалған күнде кешірімге іліккен көп солдаттардың бірі боп Подгорный селосына барады. Онда Крутикованың пәтеріне тоқтайды. Сонан соң байланысшы өзі кеп тауып алады. Ол кім? Оны Григоренко-Тихонович білмейді. Дудко жорық жасай қалған күнде Подгорныйда құрылған Қорғаныс отряды ең болмаса бірнеше сағатқа жолын бөгей тұруға шамасы келе ме? Давыдов соны білгісі кеп: — Подгорный отрядының құрамы қандай? Онда қанша адам бар? — деді. — Отрядқа кіруге ықылас білдіргендер көп. Өкініші, олардың көбі мылтық ата білмейді. Оларды жаттықтыруды Тимофей Ивановқа тапсырып кеттім. Оның өзі де әскери адам емес, солдаттық қызметтен өтпеген. — Әзірге күшті ыдыратпасақ деймін де, — деп Давыдов қолын кеудесіне қусырып терезеге қарай бұрылғанда біреудің аттан асығыс түсіп жатқанын көрді. Қарагер ат тұмсығын көтеріп, құлағын қайшылап елере қарайды. Омырауы, құлақ түбі, сауырыны, екі бүйірі қалың тер, буланып тұр. Жолаушының алыстан келгені байқалады. — Мынау кім? Танисың ба? — деп Қасымханнан сұрады. Аттылыны енді ғана көзі шалып қалған Қасымхан: — Ахмет! Мұнда қайдан жүр? — деп таңырқап қалды. — Қызыл керуенге көмектескен жігіт пе? — Соның өзі.
Кемел Тоқаев — Шынымен лаң басталғаны ма? — деп Давыдов күйзеліп қалды. Қызыл барқытпен тысталған бөркін кеудесіне ұстап Ахмет кірді. Ол Давыдовты танымайтын. Қасымханның жүдеу түріне тосырқай таңдана қарап: — Кешір, аға, кеңсеңізге барсам осында сілтеді. Сізді мұндай күйде көрем деп ойлаған жоқ едім. Мені Тимофей жіберген еді, — деп қипақтай сөйледі. Қасымхан жайдарылана күліп: — Сен менің түрімді көріп абыржымай-ақ қой. Қалада да Қорғаныс отрядын құрып ек. Көп жұртты әскери өнерге үйрету оңай емес. Күні бойы жаттығуда боп келген бетім осы. Қане, нең бар? — деп Ахметтің ұсынған қағазын алып шапшаң оқып шықты да Давыдовқа берді. — Ивановтың хаты, көмек сұрайды. Бандалар шаңқай түсте көрші қазақ ауылының жылқысын айдап кеткен. Подгорныйга қауіп бар депті. Давыдов хатқа көз қиығын тастап тұрып, елеусіз түрде Ахметке сұрақ қойды. — Подгорныйға қатер төнді дей ме? — Иә. — Қатер барын Иванов қайдан біледі? — Бұдан екі күн бұрын қылыш, мылтық асынған үш адам селоны аралап жүрді. Тимофей оларды тоқтатып «Кімсіңдер? Қайдан жүрсіңдер?» — деп сұрағанда кеудесі мен жотасын сары қайыспен шандып тастаған тапал біреуі үзеңгіге аяғын тірей шірене түсіп «Уездік милициядан, Қызыл керуенге шабуыл жасаған, қызыл әскерді өлтірген сұмырайларды іздеп жүрміз. Сен жолды кесіп бөгемей, одан да көмектес!» — деп зекіді. «Документтерің бар ма? Көрсетіңдер!» дегенде, «Қандай документ керек саған! Милицияны тексеретін соншама кімсің! Мұндағы Совет председателі Булыга. Керек деп тапса сол кеп қарасын! Ал сен қалақтай басыңды қалқитпай көзіңді жоғалт! Әйтпесе, Заң атымен дереу қамауға алам!» — деп қорқытты. — Сен бұл әңгіменің бәрін естіп тұр ма ең?
Шығармалары — Әрине, мен Тимофейдің қасында тұрғам. — Екеуің олардан қорыққан екенсіңдер ғой? — Біз оларға кездейсоқ, Крутикованың үйінде кездесіп қалдық. Қолымызда мылтық жоқ болатын. Және уездік милициядан деп тұрған соң жұрттың алдында кергілесіп жатуды ыңғайсыз көрдік. — Сонан соң бандалар екенін қайдан біле қойдыңдар? — Олар Крутикованың үйінде көп арақ ішті. Боғауыз сөздер айтып, өлеңдетті. Ал милиция олай жасамайды. — Байқағыш екенсің. Мұндай қасиет маған ұнайды. — Давыдов хатты Қасымханға берді де, — ауылдан шыққаныңа көп болды ма? — деді. — Кеше кешкісін аттанғам. — Кештегіп жүруіңнің мәнісі қалай? Қорықпайсың ба? — Түнделетіп жүрген қолайлы әрі жеңіл секілді. Салқында, жүріс өнімді, атқа да ауыр емес. Сонан соң несіне қорқам? Қорғасын оқты қосауыз мылтығым бар. — Жолда тоқтап па ең? — Көксайда қайын атам бар. Сонда қонып шықтым. — Енді қашан қайтасың? — Тимофей «Әскери өнері бар адам берсін. Оқ-дәріні көп ала кел» — деген. Осыны орындасам дереу жүріп кетем. — Қару да, адам да Қасымханның қарауында. Бере ме, жоқ па, оны өзі біледі. Бұл кеңседе менен басқа басы артық кісі жоқ. — Қала тозаңын жұтып бекер сандалғанша бізге жүріңіз. Оқты шығындатпай дәл ата білсеңіз жарайды. Соған да ризамыз. Тимофей солай деген. Давыдов Ахметтің иығына қолын салып ақырын жымиды. — Қасыңнан қалмас ем. Шынын айтсам, сенімен жұмыс істеу маған көңілді болар еді. Жібермейді. — Өзіңіз барғыңыз келсе, неге жібермесін. Қала үлкен. Халық көп. Мұндағылар сізсіз де жұмыс істей алатын шығар. — Әрине, Ахмет. Аз уақыттан кейін менің керегім де
Кемел Тоқаев болмай қалады. Өзің қазақтың ұлт ойынынан қайсысын жақсы көруші ең? — Қыз қуу қызық қой. Атың жараса көкпар тартқанға не жетсін. — Қыз қууға жарай қоймаспын. Кәртайып қалдым ғой. Ал сенімен көкпар тартып додаға түсіп көрем. Қасымхан көп күннен бері Давыдовтың мұндай ерекше елере көтеріліп, көңілі толып жадыраған мәз күйін көрген емес-ті. Қазір Ахметпен бар пейілмен ашық сөйлесіп, күлісіп тұр. Кейін өздері оңаша қалғанда Давыдовтан осы шат өзгерістің мәнісін сұрағанда, ол «Атаманшыл бандалардың жан түршігерлік ісі бұл өңірге белгілі. Ахмет одан тайсақтап қорқып тұрған жоқ. Советті қорғау өзінің үйін, семьясын, ауылын, бүкіл орыс селосын қорғау деп ұғады. Жаңа өкімет кедейдікі, теңдік әпереді, көзіңді ашады» — деп үгіттемейсің. Өйткені ол жаңа дәуірдің өзімен таза сом қалыпта бірге туған. Осындай жаны пәк жанды көргенде қалай қуанбассың, қалай жадырамассың!» — деп көп уақытқа дейін Ахметті аузынан тастамай жүрді... Екі күннен кейін Ахмет Шестаковты ертіп аулына қарай жүріп кетті. Қасымхан мен Давыдовтың «қаланың көп халқының ішінен басы артық» — деп тапқан кісісі жалғыз Шестаков ғана болды. Бірақ Қасымхан мен Давыдов бұлардан бөлек тағы бір адамды аттандырған. Ол Махмұд Қожамияров болатын. Шекарадағы атыс кезінде Григоренко-Тихоновичпен бірге Адхамов деген де тұтқындалған. Тексеру үстінде оның атаманның байланысшысына ешқандай қатысы жоқтығы, осы өңірге белгілі бақалшы екені анықталды. Давыдов жауап алу үстінде оны жауапқа тартқысы келген кісі боп көрінді де, Қасымхан мұсылман баласына жаны ашығандай «кепілге» сұрап ала қойды. Екеуінің ойы Дутовтың байланысшысын ашу үшін Махмұдты Подгорныйға жібермек. Адхамов арнаулы тапсырмамен бара жатқан Махмұдты бандалардан бүркеуге септігі тие ме деп босатылған еді. Қасымхан Адхамовты оңаша шақырып ап «Махмұд ел арасына ұсақтүйек шаруамен жіберіп алып тұратын сенімді кісім. Сені
Шығармалары бұл өңірдің орыс-қазағы түгел біледі. Көз қырыңды сала жүр. Бәлеге ұрынып қалмасын» — дегенде, Махмұдты өзі секілді сауда адамы көрген Адхамов «түрім, сиқым жүдеу, қисық болғанмен дініме берікпін. Сотты болғалы тұрған жерімнен босатып, құтқарып алдың. Оның қарымын қайтармасам кісілігім қайсы! Мен тірі тұрғанда Махмұдыңның көзіне көк шыбын үймелетпеймін» — деп антын берді. Махмұдтар кеше Ахмет келген Көксай жолымен кетті де, ал Ахмет пен Шестаков қоржындарын оқ-дәріге толтырып Борқожаның үстімен ауылға төте тартты. Көктөбенің баурайындағы жылқышыларға аз уақыт аялдап, аттарды суытып алып әрі қарай Жолбарыстың жотасын бөктерлеп тау асып жүріп кетпек. Қаладан ұзап Көкталдың кең жазығына шыққанда таң атып қалған еді. Қызғылт сәуле шашқан көкжиекке қызыға қарап тұрып сөйлеген Ахмет: — Николай, бүгін күн жақсы боп тұр. Таң салқынында Қарабұлаққа жетіп алалық, — деп атын тебініп қап қасындағы жолдасын асықтыра түсті. Шестаков та қопақтай қозғалып атын қамшылай түсіп желе жөнелді. Бұл кезде Сигалов анда-санда ықылық атқандай дыбыс шығарып қойып бықсық қорылдақ ұйқыға көміліп жатқан. Не бәлесі барын кім білсін, ылғи бір сарынды, бір-ақ түрлі түс көреді. Қазірде сол түс енген. Әнеукүні түнде керуен қасында өз қолымен бауыздаған қызыл әскер өлмепті. Кәдімгідей тірі екен! Көтерілген күнмен бірге бірте-бірте өсіп, зорайып, алпамсадай алыпқа айналған. Әй-шай жоқ үйге алшаңдай басып келеді. «Өлтіре алмайсың. Өлген жоқпын. Міне, көр!» деп қолын созып Сигаловқа тақай түседі. Саусақтары сондай салалы, жуан. Кеңірдегіне тисе жаншып, езіп жіберетін түрі бар. Төсек астына қашып тығылып жасырына бергенде саусақ араларынан қызыл қан еденге сорғалап ағады. Сол қан еденге тиген сәтте қызыл жалын боп лаулап қайта көтеріледі. Үйдің ішін өрт шалған. Тығыз сары сақал басқан беті, маңдайы тырысып, ыстық от тұла бойын күйдіріп барады. Саусақ арасынан қатқан
Кемел Тоқаев қан еденге тамған сәтінде кесекқызыл шоққа айналып атылып кетеді де күрек тістерін опырып түсіреді. «Өлдім, құтқарыңдар!» — деп айқайлаи оянды. Сөйтсе, шуақты күн терезеден шақшиып түсіп тұр екен. Өткір сәулесі тұла бойын қыздырып барады. Сигалов қалжыраған, есеңгіреген әлсіз, сылбыр күйзелген күйкі күйде басын көтерді. Бет-аузын, білегін сипалап біраз отырды. Ызалы үнмен айқай салды. — Қатын! Сен ит, қайдасың! Зина ауызғы үйде кір жуып жатқан. — Соншама не боп қалды? — деп алжапқышқа қолын сүртіп есіктен басын сұқты. — Мына күнді шақшитпай құртсаң қайтеді! Зина ернін сылп еткізді. — Күнді қалай құртам? — Сен есуас, шымшық құрлы ақылың жоқ, терезені қараңғылап неге жаппадың! Күйіп, өртеніп өл деймісің! Бұл үй ме, мола ма? Зина безек қақты. — Терезені жаппай ашып қой. Бір кісіге көрдің қараңғысы жетеді. Күннің тегін жарығын аяйсың ба? Тірлікте көріп қалайық деген өзің емес пе ең. Маған неғыл дейсің! Сигалов бір жеті бойы тыным тапқан жоқ. Қазақ «Адвокатты» қайдағы бір қыл көпірден асырып салған соң, сол екі арада шіркеудегі Әулие әкенің жұмсауымен Бархуздарға барып «Шұбардың» денесін алып кеткен милиция қызметкерлерінің тексерулері немен біткенін біліп қайтты. Милиция «Шұбардың» аты-жөнін анықтағаннан басқа дәнеңе шара қолданбаған. Соны шіркеудің попына айтып келді. Кеше Усковский екеуі Алтын Емел асуының алқымындағы Басшы бекетіне барып одан кештете оралды. Аздап тынығып көз шырымын алған соң тоғай жаққа барып, емен ағашының түбін көріп қайтпақ еді. Үйді қараңғылап қойса ұйықтап қалармын деп терезенің қақпағын жаптырмаған. Ұйықтап қалғанына және нашар түс көргеніне ыза боп отыр. Ашуға булыққан қалпы ақырып қалды.
Шығармалары — Сен ит, қой, былшылдама! — Өзің сұраған соң жауап беріп жатырмын да. — Әр немеге бір сылтау таппасаң сайқал қатын атанармысың. Амалың тіліңнің ұшында тұрады, — деп, төсектен сүйретіле тұрды. Қабырғадағы төпкішек жәшіктің ішінен бір бөтелкені суырып алды да арақты стаканға шөпілдете құйды. Тілімен ернін жалап тамсана қарап тұрып басын шалқайта көмейіне құя салды. Тершіген жұдырығын иіскеп «Уһ» — деп демін бір-ақ алды. Зина күрек тістерінің опырылып қалғанын көріп таңғала сұрады. — Аузыңа не болды? Сигалов иық үстінен шақшия қарады. — Тістерім түсіп қалды. Жәй түскен жоқ, сатып жібердім! Саттым! — Құдайым-ау, сатқаның ңе! Тісті сата ма? — Бұл қатынның ақылы жететін іс емес. — Не болғанын жөндеп айтсаңшы. — Арзанға сатқаным жоқ. Саудасын тәуір-ақ келтірдім. Жаналғыш әзірейіл кеп «Әй, Сигал, саған тіс керек пе, әлде жан керек пе?» — деді. «Ойбай, тісі құрысын! Қатыным қыз кезіндегі айыбын өтей алмай жүрген момын бейшара. Ақырсам, артын қасқырға талаттырып келгені есіне түсе қалып, томпаңдай жүгіреді. Сол ботқа пісіріп берсе де күн көрем. Жанымды қалдыра гөр» — деп жалынайын. Әзірейіл: «Ой, надан, қайсап, тіс пен пышақты бекер бермейді. Сатып алады. Қане, саудаңды айт!» — деп дікеңдеді. Мен де жармаса түстім: «Құдайға жақын адамсың. Әділетпен бағасын өзің кес!». «Бір қалақ тұз жете ме?» — деді. Сенің үйде тұз таусылды дегенің есіме түсіп кетіп «бақандай екі күрек тіс беріп отырмын. Құдайыңа қарасаңшы» дегенімде. «Бол, бағаңды айт!» — деді. «Екі қалақ тұз әкел. Әйтпесе, қатыным ұрсад» — дегенім сол-ақ екен. «Бұ, шіріктің қатын жандысын қарай гөр!» — деп күрек тістерімді қағып түсірді. Аузым қанға толып қала бердім. Зина теріс қарап шоқынып алды.
Кемел Тоқаев — Бұл жұрт есінен адасқан шығар. Құдайым, өзің сақтай гөр. — Сен милау, сөз ұғушы ма ең! Ненің жөнін біліп жатырсың. — Сигалов Надежданың бөлмесіне сығалап қарады. Төсектің бұзылмай жиналуы қалпымен тұрғанын көріп есікті аяғымен теуіп жіберді. — Қызың қайда? Үйге қонбаған ба? Тағы да қазақ күшігінің соңынан қалмай дедектеп кетті ме? — деп ашуға булығып айқай салды. Зина сабырлы жауап қатты. — Қазақ күшігі дейсің бе? Ойпырай, ол кім екен? Сондайды естімеппін. — Сен қаншық, өйтіп қанымды қайнатпа! Он алтыңда бұзылып келіп ең. Сол қызда сенің құтырған қаның бар. Осыдан бір жамандықты сезсем, аямаймын. Анау Тришаның жарымес баласына қосақтап тұрып қосам! Селода Гриша дейтін есі ауысқан жігіт бар. Әкесі маскүнем болатын. Шешесі де құлап ішіп жататын. Жұрт «Бала жатырда жатқанда оған арақтың уы тараған. Жарыместеу болуы содан» — деседі. Әкесінің аты Гриша болғандықтан баланы да солай атап кеткен. Гриша сырт тұлғасы соқталдай бүтін жігіт көрінгенімен өңі кәрі, ергежейлінің түріндей бетінде шимай әжім көп. Сары шашы селдір, иегінде салбыраған сары сақалы бар. Түнде ұйығып, тіркесіп шұбап жүрген бұралқы иттерді айтақтап, көшені азан-қазан қылады. Күн шыққанда молаға қарай қашады. Айнаның сынығына күн сәулесін шағыстырып, темір крестер мен күмбездерге жүгіртеді. Алыстан қашқан ақжолақ сәулені қызықтайды. Кейде аз уақытқа санасы ояна ма, су қараңғыдан жанары ашылған кісідей айнала төңірекке таңырқай, тамашалай қарап, адамдардың күйбең тірлігін, іс әрекетін әдемі өнердей көреді. Араласып кетуге құлшынады. Өзінің алма-жұлма түріне таңқалғандай көйлегін, шалбарын сипалап қарайды. Кәдімгідей мұңайып қалады. Сол сәтте қайтадан ойсыз түсініксіз тұңғиыққа батып кете барады... Күйеуі Гришаның атын атағанда Зина шошып кетті.
Шығармалары — Не дейсің? Не деп кеттің, құрғыр-ау! Аузың қисаймай қалай айтасың? — Солай! Қара қазаққа қыз бергенше, Гриша алсын. Оның қазақтан несі кем! Үйге Надежда кірді. Бұрын үйде әкесі отырғанда, әсіресе арақ ішіп алғанда қатты именетін. Бұ жолы өйтпеді. Еденді тасыр-тұсыр басып өз бөлмесіне кетті. Басындағы шайы орамалын керуеттің үстіне лақтырып тастады да есікті айқара ашып екі бүйірін таянып қасқая тұрды. Әкесінің әлгі сөздерін естіген секілді. — Мені Гришаға қоспақшы екенсің ғой? Қане, тағы кімге телисің? Қанша айтқанмен қызың емеспін бе, бәлкім есіркеп «Офицер мырзаның» қойнына саларсың. Әлде қандасым, бауырласым деп «Жиренге» таптатасың ба? — дегенде, Сигалов көзі шарасынан шығып шегіншектеп, тірек таппай төсекке отыра кетті. Екі көзі қанталап қырылдай сөйледі. — Сен оны қайдан шығардың? Жап аузыңды! Тоқтат! Надежда сұрлана түсіп көзі жасаурап сөйлеп кетті. — Тоқтатпаймын, айтам. Былапыт боқтыққа, таба қор лыққа анам көнеді екен деп мені де жетекке сүйрей кетпексің бе? Жоқ! Көне алмаймын. Соншама жәбірлейтіндей бұл байқұстың жазығы не? Тер сіңген сасық кіріңді жуып, тамағыңды істегені ме? Федор Сигалов дегізіп түтініңді түзу шығарғаны ма? Шошқа сарайында ес-түсіңді білмей мас боп боқтыққа көміліп қалған жеріңде адам кейпіне келтіргені үшін айыпты ма екен? Неге қорлайсың, айтшы! Әлде кісі бауыздап қан сасып келсең де, білдіртпей, жиіркенбей, киіміңді түзеп, таза төсекке жылы орап жатқызғаны ма? Сондағы сыбағасы, алган алғысы боқтық сөз ғой! Зина алақанымен аузын баса қолын созып жылап жіберді. — Надя! Қой, қызым. Кісі бауыздады деген бәлені қайдан шығардың. Ол сенің әкең, ондай жаман сөзді айта көрме! — деп ұмтыла кеп құшақтай алды. — Жылама, мама. Қасыңда, бір төсекте жатқан жарың,
Кемел Тоқаев өлгенше тілеулес, ниеттес адамың сыйламаса, ол ер де, әке де боп жарытпайды. Бұл үйдің сырты бүтін де, іші түтін. Өрт өршігелі тұр. Сол өртті өз қолымен қоздырып отыр. Байқа, әке, күйіп күлге айналып кетпе! Ал мен сенің өлмей қалғаныңды тілер ем. Жаны ашыды екен деп ойлама! Хайырлы өліммен кетпесін деп тілеймін. Алма-жұлмаң шығып, мойныңа дорбаңды сүйретіп келгенде үй орнында ақ селеу басқан төмпешік мола жатар. Сонда бұл дүниеде кіммен кісі болғанын білсін, есіне алсын деймін. Титтей ғана санаң оянар болса, азғана кісілік арың қалса сол Гришаның орнына молаға өзің қашарсың. Сол үшін тірі қалғаныңды тілеймін! Сигалов екі көзі қанталап қалш-қалш етті. — Мен бұл дүниенің қызығынан безгем! Түңілгем! Сен қаншықты қақсатқанша қаныңды ішем! — Өлтіре алмайсың. Діндар адамға екі бірдей кісінің қанын жүктеу ауыр. Дүниеден бездім дегенің де өтірік. Қызық көрем деп арпалысып жүрген жоқсың ба? Әйтпесе, кектеніп, өшігудің жөні қайсы. Мал-мүлкің үшін бе? Кісі қызығарлық дүние сенде жоқ. Қимасаң қатын-қызың үшін бе? Бұл қасиеттен айрылғансың. Сонда кім үшін өрекпіп, өршеленіп жүрсің? Әлде қазақ «Адвокатының» жырын жырлап, жыртысын қаптамақсың ба? Сигалов дүрдие қарап, ойланып қалған секілді. Әйеліне, сонан соң қызына шапшаң қарап өтті. Керуеттің басында ілулі тұрған пенжагын жұлып алып үйден атып шықты. Зина Надежданың шашын сипалап: — Бала ма деп жүрсем, ақылың толып бой жетіп қапсың ғой, қызым, — деп маңдайынан сүйді. ҚАНДЫ КЕК — Ойбай, аттан! Аттан! Жау келіп қалды! Жау! Жау келіп қалды! Аттан! — Ала тайға мінген жас бала жатақтың тұсындағы көк төбені қиялай асып ауылға қарай шауып
Шығармалары келеді. Арт жағына жалтақ-жалтақ қарап айқайын үдете түседі. — Ойбай, аттан! Аттан! Жау келіп қалды! Майлыбай мал қорасының үстінде тұрып ақырға айырмен шөп тастап жатқан. Ол дауыс шыққан жаққа құлақ түріп, мойнын созып қарады. Жақынырақ келгенде таныды. Жатақтың азын-аулақ тоқты-торпағын бағатын Жұмағұлдың баласы Әли екен. — Мына шіркін не дейді? Қайдағы жау! Қағынбай жүрсе қайтеді екен! — Ренішпен айырға шөпті молырақ іліп, ақырға лақтырып жіберді. Ауылға тоқталғанда Әлидің айқайы үдей түсті — Ойбай, аттан! Жау келіп қалды! Қашыңдар! Құтылыңдар! Тентек тауының теріскей бетіндегі Асы алқымында кедей жатақтар отыратын. Сайдың бойын қуалай жарқабақ пен беткейге жапсарлай салған шым балшық тамдар қырық рудан құралған қазақтардың мекені еді. Жазында жайлауға жете алмай, күзінде қыстауға кете алмай қалған тақыр кедейлер көрші орыс селосын паналап жатаққа қоныс теуіп қала беретін. Қазір үй саны біразға жеткен. Терең сайдың екі жағында қарғаның ұясындай жыпырлап отыр. Әйткенмен бұл маңда ел бары байқала қоймайтын. Етектегі Подгорный селосының орыстары болмаса, жатаққа сырт кісілер жол тауып келе қоймайтын. Бандалар Қызыл керуенді талқандап кеткенде мұндағы ауыл қатты дүрліккен. Орыстардан көріп еккен азын-аулақ егінін, баубақшасын тастап Іленің қалың құмына тығылып көшпек болғанда, жатақтың досы боп кеткен Тимофей орыс кеп үгіт айтқан. «Жетісу жері ақтардан біржола тазарған. Қалған сілімтіктерін Қызыл Армия Қытай асырып жіберді. Дүниеде Қызылдарға тең келетін күш жоқ. Совет мықты орнады. Ол бүтіндей кедей жағында. Оған теңдік, бостандық әпереді. Байларға болыспайды. Байдың малын баққан малшы-жалшылар көп жылғы еңбек ақысын өндіріп алады. Әзірге көшіп-қонып берекеңді алмай, егін, бақшаңды жинап ал» — деп дүрліккен елді басқан.
Кемел Тоқаев Сол сөз Майлыбайдың құлағына әбден сіңіп қалған еді. Ол Элидің жау шақырыс аттанына сенбей тұр. «Осы күнгі балалардың ойыны жаман, мылтық асынғанды, қылыш ұстағанды қызық көріп қайдағы бәлені шығарады. Тыныш жүрсе қайтеді!» — деп Жұмағұлға баласын теріс тәрбиелеп жүргеніне кәдімгідей ренжіп қалды. — Әй, күшік, сен не тантып жүрсің? Өзің бері келші. Қайдағы жау! Кісі солай ойнай ма екен! Әй, ес жоқ, қызталақ неме! — деп ұрысып тастады. — Ата, шын айтам. Ақтар осылай қарай шауып келеді. Қыдырбайдың ескі қыстауынан асты. Ойбай, әне келе жатыр деп Әли тайының сауырына қамшыны салып қалып шаба жөнелді. Қыр басынан мылтық асынған бір топ солдат көрінді. Араларында жәй киім киінген кісілер де бар. Қылыштарын бұлғай жарқылдатып, қиқу салып шауып келеді. Майлыбайдың үрейі ұшып кетті. Үйіндегі келіні Шарбануды есіне алды. Атаман Анненковтың армиясы бүкіл Үшарал өңірін, Қапал бойын қанға бояп тұрғанда, оның сілімтіктері Жаркент уезінде де қатты ойран салған. Ауылға шапқан ақтың хабарын ести қалса, қыз-келіншектер бетіне күйе жағып, үстеріне жыртық-шоқпыт көйлек киіп ұсқынсыз түрге ене қалатын. Дала қазағының зорлық, зомбылыққа, азулы күшке қарсы жасайтын қайраты, амал-айласы осы ғана еді. Майлыбай келініне мына сұмдықты айтайын деп қораның төбесінен түсе бергенде, қақ жотадан тиген дырау қамшыдан мұрттай ұшты. Жерге қалай домалап түскенін сезбей де қалды. Дуылдап ашыған иығын ұстап көтеріле бергенде ауыр қамшы жотасына тағы тиді. Сүріне ұмтылып басын көтерді. Дәл төбесінде бет-аузы тығыз сары сақал басқан біреу ыржиып тұр. Бұзау тіс қамшымен дөңбектей кісіні мұрттай ұшырғанына мәз секілді. Бұрынғы патша армиясының поручигі Есютиннің бір ұнамды қаруы осы қамшы. Өріміне қорғасын сап өргізген. Соңғы бір жолы араққа бәс тігісіп, тұтқын қызыл әскердің жалаңаш басын осы қамшымен қақ айырған. Есютин қамшысын тағы көтерді.
Шығармалары — Сен, киргиз ит, қайда қашып барасың? Майлыбай иығын ұстаған қалпы: — Менікі непонимайт. Орысша білмейді, — деді. — Сен, киргиз ит, понимайт! Сен қусың! Сұмсың! Оны қисық көзіңнен танып тұрмын! — Есютин қамшысын тағы сілтеп қалды. — Большевик қайда? Шапшаң айт! — Өй, мынау ноқай қайтеді? Кісіні өлтіре ме? Сабайтындай не жазығым бар? — Майлыбай басын қорғаштап жүр. — Өздеріңе не керек? Соны айтшы! — Большевик қайда? Үйі қайсы? Айтасың ба, жоқ па? — Осында өздерің көрген әлгі Жұмағұлдың баласы орыс тіліне жылмайды. Соны шақырайын. Есютин Майлыбайдың сөзіне түсініп жатқан жоқ. Өзіне оңай қызық ермек тауып алғанына қуанды. Оның қорбалаңдап қорғанғанын қызық көріп қамшының астына ала түседі. Есі шыққан Майлыбай үйге қашып тығылды. Есютин атынан секіріп түсіп Майлыбаймен үйге қабаттаса кірді. Үйдегілер даладағы оқиғадан бейхабар еді. Айғаным темір пешке қиды молырақ салғызып қойып тулақ үстінде ұршық иіріп отырған. Келіні Шарбану таба нан жаппақ боп қамыр илеп жатқан. Айғанымның күн ұзағына ермегі осы келіні Шарбану. Оған өзінің басынан өткенді жақсы сабақ қып айтып береді. Үлкенді сыйлау, оны құрметтеу жастың парызы. Кішілік жасау, зиялы болу қорлық емес. Ол тәлімділік белгісін танытса керек. Әйел жолы жіңішке деседі. Әйткенмен, осы жолдың нәзіктікпен, сыпайы сұлулықпен ұштасқан әдемілігі де бар. Ғашық машұқ отына күйген жас жігіттің арманы қайсы? Таңсық еткен әдемісіне, асылына жету емес пе? Ер азаматты құштарлыққа, құмарлыққа, тағат таппас шыдамсыздыққа, ғашықтыққа салған әйелде арман бар ма? Сайып келгенде әйел жолы жіңішке деседе екеуінің соқпағы бір екен. Зәуеде ерін сыйлап өткен жар бұл жалғанда қор болмайды. Қарт ененің өмірден тоқығаны осы. Соны келінінің құлағына құйып отырған. Майлыбай даладан далбалақтап кіріп келгенде,
Кемел Тоқаев Айғаным: — Әкесі-ау, сізге не болған? Есігіңді жапсаңшы, — деді де, күйеуімен қабаттаса кіріп келе жатқан солдатты көріп, — «Көтек, мына бәле қайдан жүр? Бұлардың әлгі Қытай асып кеткені қайда? Байқұс-ау, енді қайттік? Алдын ала айта қойсаң қайтеді!» — деп қатты дағдарып орнынан тұра берді. Шарбану қамыр баттасқан қолымен бетін қалқалап енесінің жотасына тығыла түсті. — Жаныңның барында айт! Большевик қайда? — Есютин кәрін төгіп Майлыбайға тағы түйілді. — Неге үндемейсің? Сен ит жасырып отырсың, білем! — Тақап кеп қамшымен тартып жіберді. Қамшының ұшы бетіне тиіп қан сорғалап ақты. Майлыбай сөзінен танбады. — Менікі непонимайт! — Бұл киргиз иттің мылқаусуын қара! Сен ит понимайт! Түсіндің бе? — Есютин қамшысын көтере бергенде, Шарбану шыдай алмай айқайлап жіберді. — Неткен хайуансыз! Тиме оған! — деп ыршып шығып денесімен Майлыбайды қалқалап тұра қалды. — Үлкен кісіге қол көтерген қандай ұятсыз адамсыз! Мұның жазығы не? Есютин бір сәт аңырып тұрып қалды. Жас әйелдің батылдығына әрі таза орыс тілінде сөйлеп кеткеніне сескеніп қалған секілді. — Сен кімсің? Не керек өзіңе? — Онда жұмысың болмасын. Бұл үйде ешқандай қызыл да, большевик те жоқ. Олар керек болса, іздеп тауып алыңдар! — Сен мұндай іске араласпа! Бұл қатынның жұмысы емес. Бұлай тұр! — деп қолынан тартып қалып еді. Шарбану көкірегінен итеріп жіберді. — Тимейсің оған. Тигізбеймін! Ұқтың ба? Есютин енді ғана Шарбануға зер сала қарады. Жалақ ернін жалап: — Қандай сұлу қатын десеңші! — деп тамсанды. Сен қатын асықпа! Есютин аман болса, түбіне сол жетеді.
Шығармалары — Ол салақтаған сарала қылышын жамбасына қапсыра ұстап, үйден жүгіре шықты. Жатақтың шетінде қай тамға кірерін білмей үйіріліп тұрған солдаттарға қолын бұлғап, екі саусағын аузына сап ысқырып қалды. Атты бандалар Майлыбайдың үйіне лап қойды. Сырттан аттың дүбірін естігенде Майлыбай: — Қарағым-ай, әбестік жасадың-ау. Мен таяқтан өлмейтін едім ғой. Көрінбей тұра тұрсаң қайтетін едің. Өзіңе зақым жасайды-ау! — деп бетінің қанын жеңімен сүрте берді. Бір топ солдаттарды үйге шұбата кірген Васильев айқайлап: — Әлгі шақар қатын қайда? Көрсетші маған! — деп, Майлыбай мен Айғанымға кезек қарады. Енесінің жотасына тығылып тұрған Шарбануға көз тоқтатты. Сүйел басқан саусақтарымен Шарбанудың иегінен ұстап, батыра шымшыды. — Өзің тәуір екенсің. Түрің қандай әдемі. Мынадай моланың ішінен әрлі қатын кезігеді деп ойлаған жоқ ем. Қане, жалаңаштанып алып көңіл көтерсек қайтеді? — деп білегінен шап беріп ұстап өзіне қарай тартып, қалды. — Қолыңды тарт, сұмырай! — Шарбану шапалақпен тартып жіберді. Васильев шошып кетті. Бетін сипалаған қалпы шап шаң наганын суырып алды. Қапыда қазақ әйелінен сес кенгенін ар көрді ме, сонысын бүркемек боп қарқылдап күлді. Наганын қолына ойнатып, сабырлы қалыппен бір шекесінен қарап иегін көтере сөйледі. — Әліне қарамай, мұның шақарлығын қарай гөр! Білгің келсе, менде жаман әдет бар: қатын өжеттенсе аңсарым ауып, құтырынып кетем. Оллаһи, солай! Тіпті әлгіден гөрі ұнап барасың. Табанда атып тастайды екен деп қорықпа. Алдымен құмарымды тарқатып алам. Мен қатын көрмегелі қай заман! Тау-тастың арасында дені сау еркектің аңша жортып жүруі оңай ма? Айызым қанған соң пиғылыңа қарай көрем! — деп Майлыбай мен Айғанымды шошалаға апарып қамап тастауға бұйырды. Айғаным мыналардың бір сұмдықты бастайтынын
Кемел Тоқаев сезді ме, екі жақтан екі адамның қолынан шап беріп ұстап сүйрелегеніне ырық бермей бұлқынды. — Мен келінімді тастап кетпеймін. Сендей жауыздардың не істейтінін білем. Ар-ұяттан безген оңбағандар! — Айғанымның сөзін бандалар ұғып жатқан жоқ. Еркіне қоймай, мылтықтың дүмбісімен түйгіштеп, үйден алып шықты. — Апа, мені тастап кетпеші! Апа! — Шарбану жылап қалды. — Анисимыч, сенің бәрібір қатынға қауқарың жоқ. Бекерге тұрмай, даладағы серіктеріңді бермен жібер. Өзің әлгі маймылдарды мықтап күзет! Біз мұнда қызықтай тұрайық! Анисимыч күйбектеп: — Есаул мырза, біз бірінші топтан мүлде шеттеп кеттік. Әлгі «Адвокатың» орыстарға ие бола алмай, бәрі мұнда лап қойса қайтеміз. Тез кетсек қайтеді. Мұнда алатын дәнеңе жоқ, — деп еді. Васильев ақырып қалды: — Бар шапшаң! Сүмірейіп алып үрейшілін қарай гөр. «Адвокат» тірі тұрса, бұ жаққа тірі орысты бастырмайды. Ұқтың ба? Бар, әлгі маймылдарды мықтап күзет! — Құп болады! Васильев босағада тұрған Есютинге қабағын шытты: — Сен де шығып тұр! Бәрібір саған қазір кезек тимейді. Есютин сүмірейіп үйден шықты. Айғаным Шорманды көріп қалып: — Әй, мұсылманның баласысың ғой. Мына тағы иттеріңе қой десеңші. Бұл не сұмдық! — дегенде, Шорман: — Келініңе сол сауап, шоқынған қатынның сыбағасы сол! Өлмесе, ома қапсын! — деді. — Ой, өңшең сұмырайлар! Азғындар! Сендерде қатынқарындас жоқ па еді? Бұл не қылған сұмдық, тағылық! Обал деген қайда? Сендерден төрт аяқты хайуан артық. Құдай бар болса, сендердің аналарың мендей боп зарласын! Шорман айқай салды. — Жап аузыңды, кәрі мыстан! Ертең бәлшевек бәрін
Шығармалары ортаға сап, ортақ ғып жібереді. Қайта осы бастан үйрене берсін! — Сен сұмырай, бәлшевектен садаға кет! Ахметім келсін, сенің анау сапсиған сақалыңды талдап жұлар! Есютин көмекке кеп, үш жақтап Майлыбай мен Айғанымды мал қораға қамап тастады. Айғаным кектеніп, ашуға булығып: — Сен сұмырай ма, бәрін бастаған сен ғой! — деп бетін тырнап алды. Есютин жұлқынып, ішіне бір тепті. — Кәрі қарға! Майлыбай Айғанымның иығынан тартып: — Ей, байқұс, қой енді. Мына ноқайлар өзіңді жазым етіп жүрер. Бір құдайдың салғанын көрелік, — деп сабыр айтты. — Зарлының мұңын көрмеген ол қандай соқыр құдай! — Тәйт, о несі! Құдай алдында бекер күнәкар болма! Анисымыч Есютиннің бетінің қанын сүртіп жатқанын көріп: — Бүгін киргиз қатынынан жеген таяғың аз болмады. Еңсең түсіп кеткен бе, қалай? — деді. — Басын шауып тастайын деп едім. Қылышымды киргиздің сасық қанына былғамайын дедім. Атып тастайын десем, мылтық дауысынан үйдегілер үрейленіп қызығынан қалдырам ба дедім. — Біздің атаманның өзін шапалақтап жіберді-ау! Байқұсты табанда атып тастай ма деп ем. Өзін қалай тоқтатқанын білмеймін. — Біздің Василек өз ісін біледі. Тауға тығыламыз деп тағы боп кеттік қой. Әйел жынысын көрмегеніміз қашан. Киргизканы аяп қайтесің. Денесін босатып, бойындағы қырсығын шығарып алайын деген шығар. — Сен де осындайға құмарсың. Қалай ұялмайсыңдар? — Менде ұялатындай ештеңе қалған жоқ. Өзің білесің, су мерез жегідей жеп барады. Осында тәуіптерге қаратып ем. Емі қонбады. Ауруың асқынып кеткен дейді. Осы кезде Шарбанудың шыңғырған дауысы шықты. Майлыбай бетін сипады.
Кемел Тоқаев — Жаратқан алла, өзің жар бола гөр! — Ой, жасаған-ай, біз не жазып едік. Ертең Ахмет келгенде не бетімді айтам! — Айғаным шашын жұлып жы лады. Подгорный селосы жақтан лапылдаған от көрінді. Қызыл жалын аспанға атылып, жан-жағын шарпып қалыңдап тұтасып барады. Есютин алақанын шекесіне апарып көзін күннен қалқалап: — Анисимыч, мыналар кім? Ойбай, құрыдық! — деді. — Үрейің ұшпасын. Бұл «Адвокат», астындагы қасқа айғыр соныкі. Көз алмай қарап тұрған Есютин: — Дәл солай! Басың бурыл болғанмен көзің қырағы. Жалпы, сенде байқағыштық сезім бар. Аңшы итке ұқсайсың, — деді. — Оның күні менен тәуір ме деймін! Ғапаровтар Майлыбайдың үйіне жақындап қалған еді. Анадайдан Есютинге айқай салды. — Есаул қайда? Қашыңдар. Орыстар көтеріліп жатыр. Есютин үйге жүгіріп кірді. Аздан соң Васильев екеуі шықты. Васильев қан сорғалаған қылышын қынабына салып жатып: — Құдайым сені тап келтіргенін қарашы! Наганды қалай суырып алғанын байқамаппын. Сен болмасаң бұралқы иттей мені атып тастайтын еді. Мұндай мықты, ширақ әйелді көрмедім! — деді. Бұл кезде Садық мырза Жұмағұлдың үйінің сыртында Майлыбайдың үй жағына көз тігіп тұрған. Далақтап шауып бара жатқан Шорман Садық мырзаны көріп қалып атының басын тежеп қайта бұрды. Садықтың қасына келді. — Мырза аманбысың? Келіннің әнеукүні айтқан ісін тындырдың білем, — дей бергенде Садық наганын белінен суырып ап басып қалды. Астындағы үркек ат Шорманның өлі денесін ала қашты. Көктөбеге жетпей аяғы үзеңгіге ілініп салақтаған денені тастады да кетті. Мылтық атылғанда шауып бара жатқан Васильев бұрыла жалт қарап Шорманға көмекке келмек еді. Ғапаров:
Шығармалары — Тоқтама! Ол итке сондай қорлық өлім керек. Енді барсақ әшкереленіп қаламыз! Атыңның басын солға қарай бұра тарт. Қаратау жолы қатерлі. Ұрылардың қиян соқпағы бар. Сонымен кетеміз. Ізімізді таба алмасын. Менің соңымнан қалмаңдар! — деді. Қарулы топ қара жарды қалқалап ескі өзеннің арасымен Алтын Емелге қарай шауып бара жатты. Жатақтар Майлыбайдың үйінде бандалардың опыртопыр боп жатқанын көріп, бірақ үйлерінен шығуға бата алмай құлақ түріп отырған. Дүбір басылып, солдаттардың кеткенін көргеннен соң есік-терезеден бастарын қылтитып, ептеп бой көрсетіп, есік алдына, қораға шыға бастады. Майлыбайдың үйінде бір сұмдықтың болғанын сезсе де, ойындағы күдіктерін тістен шығаруға шошынып, Жұмағұлдың үйінің тұсына жиналып тұрған еді. — Кемпір-шал аман қалса жарар еді. Бандалар ұзақ тоқтады ғой, — деді жатақтың шала молдасы Әлімқожа. — Айғаным тілінің шаншуы бар шапшаң кісі еді. Байқамай ашу шығарып алды ма екен, байқұс. — Әй, молдаке-ай, олар кемпірдің қайбір сөзін ұға қояды дейсің, — деп Жұмағұлдың ерке қатыны Айша молданың сөзін жақтырмағандай тыжырынды. — Орыс шанағы қатқан кемпірді қайтсін. Бәрінен келініне қиын болды ма деп қорқам. Сымбатты бала еді. — Түу, осы қатындардың артық сөзге бейімделіп тұратыны-ай! — Молдеке, көңіліңізде күдік тұрып тіліңіздің ұшымен сөйлейтініне таңым бар. — Артық сөз күпірлік, бекер күнәкар болмағын. Садық мырза ата жағынан Жұмағұлға жақын ағайын саналады. Әлді ағайын алыстан елеп келгеніне кәдімгідей көтеріліп қалған Жұмағұл ескі өкпесін ұмытып, көктем қарсаңында туған дүбіре лағын сойып, жаны қалмай сыйлаған. Сүт емген жас лақтың етін бейіш асындай көп жеген Садық мырза түні бойы ұйықтай алмай дөңбекшіп, таң алдында тәтті ұйқыға кеткен еді. Сыртта тасырлаған аттың дүбірінен, адамдардың шуылдасып, үйді-үйлерге
Кемел Тоқаев тығылған үрейлі дауыстарынан оянып кеткен. Қара барқытпен әдіптеген шекпенін иығына іле салып тысқа шыққан. Бандалар Майлыбайдың үйіне үйіріле қалғанда кеудесі қуанышқа толып, танауы жыбырлап, жүзі жадырап кетті. Ол Шорман мен Әукенге іштей Ахметке кектеніп жүргенін жасырмай айтқан болатын. «Сіздің кегіңізді көрінгенге жібере қоймаспыз. Бір кезегі келер» деп Әукен сөзін жұмбақтамай, бүкпей, уәде бергендей боп еді. Мынау сол Ғапаровтың ісі екенін біліп тұр. Үй сыртында тұрып ат үстіндегі Шорманды анадайдан танып та тұрған. Бірақ ол мұның қасына арсалаңдап шауып келіп, сыр ашады деп ойламаған. Оның келгенін, мұның мылтық атқанын Жұмагүл көрді. Қазір Шорманның сөзін естіп қоймады ма екен деп іштей қауіп ойлайды. Айша баласы Әлиді «Не болғанын біліп кел!» — деп Майлыбайдың үй жағына жіберген еді. Ол шешесіне келіп сыбырлады. — Майлыбай атам далада жер бауырлап жылап жатыр. — Не дейсің, ей?! — Айша шошып кетті. — Өзің үйге кірдің бе? Саған бәрін біліп кел дегенім қайда? — Қорықтым, апа. — Өй, ынжық неме, әкеңе тартпасаң қайтеді! — Айша баласын жотасынан түйгіштеп итеріп жіберді де үйіріліп тұрған жұртқа, — артыңмен бал ашып несіне тұрсыңдар. Қане, қайнағанікіне барайық, — деді. Айғаным бандалардың кеткенін байқап, есікті бір теуіп жіберіп шалқайта ашты да Майлыбайдаң бұрын үйге кірген еді. Тамның қақ ортасындағы темір пеш қираған. Үйдің әлем-тапырығы шығып жатыр. Жүні сөгілген құс жастықтардың арасында дәл төрде Шарбану шалқасынан жатыр. Көйлегі кеудесіне дейін қақ айрылған. Денесі жалаңаш. Есі шыққан Айғаным келінінің абыройы ашылып қалғанын көріп: — Балам, етегіңді жапсаңшы, атаң келеді, — деп қасына барғанда Шарбанудың өліп жатқанын көрді. Әр етін жапырақтап кесіп, пештің алдындағы күлге тастай берген. Ішін жарып, ішегін ақтарып тастаған. Айғаным басындағы
Шығармалары жаулығын келінінің үстіне жабуға мұршасы келмей есінен танып құлап түсті. Үйге басқа жұрттан бұрын кірген Айша жылап жүріп қасындағы қатындарға әмір етті. — Бар, айт! Еркектер кірмей тұра тұрсын. Шапшаң шөп әкеліп босағаға төсеңдер, — деп енесінің ақ жаулығымен Шарбанудың бетін жапты. — О, құдай, бұл жас баланың не жазығы бар еді? Арманда кеткен есіл келінім-ай! Сені қорлаған адамның қорлықтан көзі ашылмасын. О, сұм, жауыз, өзің өскен, кіндік кескен ақ үйің басыңа мола боп құласын! Даладан кірген үш-төрт әйел көздерінің жасын тыя алмай үнсіз жыласып, Айшаға көмектесіп жүр. Төсектің тұсында құрулы тұрған шәйі шымылдықты жұлып, дереу оң жақ босағаға керді. Шөптің үстіне Шарбанудың денесін қойды. Бұл кезде екі әйел Айғанымға су бүркіп, самайын уқалап, есін жидыра алмай әлекке түсіп жатқан. Әлден уақытта Айғаным есеңгіреген қалыпта басын көтерді. Жанжағына қарады. Өзіне төніп, үңіліп қалған қатындарға: — Келінім қайда? Шарбануым қайда? — деді. Бандалардың ылаңы есіне түскендей аһ ұрып, дауыс шығарып келінін жоқтады. — Ой, қу құдай, сұм заман! Біз саған не жазып ек? Айналайын, тектім-ай, атаңа араша түсем деп жас жаныңды пида еттің-ау, жаным! Сенің жолыңа мені алмады-ау, шұнақ құдай! Далада үйіріліп тұрған еркектер дауыс шығарып үйге кіріп жатты. — Арманда кеткен келінім-ай! — Қыршын кеткен ақылдым-ай! — Ауылымның гүлі едің! Асылым едің! — десіп, Шарбанудың қысқа өміріндегі асыл қасиеттерін термелеп егіледі. Ахметке адал, сүйікті жар болғанын ата-енесі алдында кесе көлденең өтпегенін естеріне алып жыласты. Әлден уақытта Әлімқожа тамағын қырнап алып үйдегілерге тоқтау айтты. — Жә, сабыр етіңдер! Көз жастан өлген оралмайды.
Кемел Тоқаев Құдай ақырын берсін, — деп жүгіне түсіп құран оқуға кірісті. Құран артынан үйде отырғандар жас келіннің білімділігін, кішіпейіл парасатын сөз етісті. «Құдай жақсыны қойған ба?» — деп бір сәт тәңірісіне наразы боп қалады. Ондайда Әлімқожа «Алланың жазғанына дауа жоқ. Бастағы жазылмыш солай, дәм-тұзы таусылғанда өлім әрқилы себеппен келіп жатады» деп алласын арашалап алмақ болды. Садық мырза жаназа малын сою қамын жасап тысқа шыққан Майлыбайға көңіл айтқаннан кейін өзінің парызынан құтылғанға санап, қи сасыған үйге кірмей, жатақтың өтімді, беделді кісілерімен көлеңкеде әңгімелесіп отырған. Етекте, тоғай бойында орыс селосы бар. Садық мырза сондағы орыстарға өлердей өш. Мына жатақтың біраз үйі жаз шықса жайлауына, қыс түссе қыстауына бірге көшіп қонып жүрген малайлары еді. Осылардың арқасында «Садықтың үлкен ауылы атанып еді. «Киімі мен тамағың менен. Енді құдайдан тілегенің не?!» — деп қысы-жазы қыруар малын бақтыратын. Егескендермен есе аларда қолшоқпары ғып сала қоятын. Қалай жұмсасада таусылмайтын, сарқылмайтын мол күш еді. Өткен қыс қарлы жауыннан басталды. Шығын көп. «Өлген малдың құнын өтемей босағамды аттатпаймын» дейтін бұрынғыдай жатақтың жалаңқайлары жоқ. Орысты паналап, өкіметке арқа сүйеп жатаққа көшіп келе қояды. Осы жатақты уысына ұстап, бүкіл орыстарды айтқанына көндіріп отырған Тимофей деген орыс бар деп естиді. «Өзі большевиктің әкесі. Баласын ақтар 1918 жылы шауып өлтірген» — деп естігені бар. Сол Тимофей мына Майлыбаймен тамыр деседі. Қазақтың діні бөлек орыспен тіл тапқанына Садық мырза түсінбей-ақ қойды. Жатақтар өз кісісіндей Түймебай деп ат қойып алған. Мана село жақтан өрт көрді. Өртенген Тимофейдің үйі болуға тиіс. Ғапаров уәдесінде тұрса осы жолы Тимофейдің көзін жоюға тиіс. Садық мырза орыс селосын Ғапаров бастаған қазақ аралас бандалар ойрандамақшы болғанын, ал жатақты
Шығармалары орыстар қандататынын күнілгері білген. Орыс пен қазақты өштестіріп арасынан жік ашып бір-біріне айдап салу амалы болатын. Сірә, Шорман Васильевтерге жолды көрсету үшін осы топқа қосылған секілді. Енді Садық мырза осы қанды оқиғаны үрлей түсіп, бүкіл жатақты көрші орысқа айдап салмақ болды. Ғапаровтың бүлігіне ашынған орыстар о жақта қазақтарға өшігіп отырғаны хақ. Орыстар жатақты көп қиратса, төңіректегі қазақ ауылдар жатаққа болысатыны айқын. Қан майдан басталып қалың орыспен шайқаса қалғандай күн туса, әрине Садық мырза жатақтың онан әрмен қанға бата түсуін тілейді. Жеңілген, жәбір көрген жүдеу жұртқа жаны ашыған боп қасына көшіріп ала қояды. Құм арасында жатқан көп малының соңына қайта салады. Сонда Садық мырзаның жоғы түгенделмей ме? Ауылдың жылау-сықтауы басылған соң бұл ойын жүзеге асыруға кірісті. Қасындағы кісілерін бастап үйге кірді. Өзі төрге шықпай, есік жақта, Майлыбайдың қасына отырды. Қатты қайғыға батқан кісіге ұқсап, бетіне орамалын апарып көзінің жасын сүрткен боп күрсіне сөйледі. — Уа, Майлыбай, сенің жаныңа батқан қаза менің шекемнен өтіп отыр. О заманда, бұ заман кінәсіз жас әйелді бұлай қорлап өлтіргенді қай атаңнан көріп едің? Мына сұмдық бәріміздің кеудемізге кек өршітіп, зығырданымызды қайнатты. Қазақ баласына бұдан өткен қорлық жоқ. Кей пысықтар: «Бұлар бандылар ғой. Солардың лаңы ғой» — деп былжырайды. Өзіміз күнде көріп жүрген орыстардан бәле-жала, бөтен ғып көрсеткісі келеді. Мейлі солай-ақ бола қойсын. Ау, ағайын, осы үйді қанға бояған, құлақ естіп көрмеген сұмдық жасаған сол бандалардың орыстың тұқымы емей кім?! Оларды ата-тегінен қалай бөліп аласың? Сен бөлсең де құдай бөлмейді. «Ерді намыс, қоянды намыс өлтіреді», —дегеннің кері келді. Азғана намысың болса, елдік арың болса қимылдар кезің келді, ағайын! — Садық шалқая түсіп үй ішіндегілерге көз тоқтатып етті. Бастарын төмен салып, сөлбіреп тыңдап қалған. Майлыбай ғана теріс қарап, бетін көрсетпей отыр. Қимыл-қозғалысынан құптағандық байқалмайды. Онысы Садыққа ұнамады.
Кемел Тоқаев Тағы үгіттеп бақты. — Түтеткен түтінім бөлек алыста жатсам да, сен, Майлыбай, ағайынсың, көрмей жүрсем аңсайтын бауырымсың. Басыңа күн туғанда қол ұшын бере алмасам тегі бір туыстығым қайсы! Мұндай шақта мал мен жаным садаға мына бейкүнә келінім жолында. Қаласаң, қазір қырдағы ауылға, жалпақ елге кісі шаптырып жар саламын. Қалың суан мен жау жүрек жалайыр ұлдары, көкірегінде намысы бар албан, дулат азаматы жиналады деп білем. Мына қанды оқиғаны көрсін. Шешуін өздері айтсын. Сөзімді мақұл десең, жөн көрсең, кесіміңді айт! — деп ентігіп барып тоқтады. Майлыбай еті тірі пысық кісі саналғанымен үйінде артық ас, жиған мүлік бола қоймайтын. Рас, Шарбану келін боп түскеннен бері қора-қопсысы тазарып, үйі әктеліп, әжептәуір тәртіпке келіп қалған еді. Бірақ бұл үйде былтырдан бері артық мал қосыла қойған жоқ. Тапқан малды жинап-теріп қалыңмалға өткізген. Үйде азын-аулақ астың, он шақты уақ жанын талшық қып отыр. Ірі қарадай қара інгені мен жалғыз биесі бар-тын. Інгенді керуенге қосып жіберген. Ал биесі қысыр қалды. «Бием келісті» асыл тұқымды айғырға салып, ақалтеке құлынын аламын» — деп жүргенде, айғырдың иесі биеге шабар ақысына Ахметтің құранды күміс ерін қалаған соң оны беруге қимай, ақыры биесі қысыр қалды. Қазір жатақтың қатын-қалаштары Майлыбайдың бар жоғын түгендеп, әр үйден ұн, табақ, кесе, бауырсақ пісіруге тоң май тасып өлікті жөнелтудің қамын жасап жатқан. Алда әлі жетісі, қырқы секілді парызды күндері бар. Мұның өзі кедей адамға үлкен салмақ. Әлді ауылдың мырзасы қарасын көрсетіп, күдірейтіп жүргенге кедейдің жоғын толтырып азын-аулақ мал, азық әкеп тастай ма деп дәмеленіп қалып еді. Майлыбай Садық мырзадан мұндай көмек күткен жоқ. Айша әйбәт қайнысының сөзін үйдегілердің аяқсыз қалдырғанын ыңғайсыз көрді ме, бір тізесімен алға жылжи түсіп: — Тегі бір туыс емес пе? Жаны ашыған соң айтып жатыр
Шығармалары да,— деп Садық мырзаның астарлы сөзін ұға қоймаса да, жәй қостай салды. Әйелінің сөзі түрткі болған Жұмағұл: — Шырағым, Садық, біз жер кезіп, ел танып жүрген кісі емеспіз. Бәріміз оқымаған жанбыз. Өзің жөн көрсең, шақыра бер, қазақ ағайынының басын қос. Бұлар сенің жөн сөзіңнен шықпайды ғой, — деді. — Жұмеке-ай, көкейіңдегіні айтпасаң да ұғамын. Мына жұрт жақыны, бауыры болған соң аға-жеңгесі боп қостап жатыр деп қалар. Қаза бәрімізге ортақ болғанымен оның шын қасіретін тартып отырған мынау аңғал ағам Майлыбай мен асыл жеңгем Айғаным. Ел азаматтары жинала қалса алдымен осылардың сойылын соғады. Сол жұртқа мына Майлыбайдың өзі не дер екен? Соны білгім келеді, — деп Садық мырза Майлыбайға түйіле түсті. Майлыбай ойланып қалды. Жұмағұл бүйірінен түртіп: — Ей, байғұс-ау, мына жұрт лебізіңді естігісі келеді. Жөніңді айтсаңшы! — деді. Майлыбай мең-зең күйде Садық мырзаға қарады: — Басымызға түскен қиянат ауыр. Қайғы-қасірет үстінде, өлік басында сойыл-шоқпар жинап жатқанымыз қалай болар екен. Ақ бандаларды енді қайдан табамыз? Ауылда Ахметтің өзі жоқ. Жаркентке кетіп еді. Бүгін-ертең келіп қалар. Соның өзімен ақылдас, — деді. Садық мырза сәтінде құбыла қалды. — Ахмет екеуміздей жасық деймісің. Кеудесінде намыс оты ойнаған асыл азамат. Әуелі менің азғана ұрысқанымды көтере алмай өзіңді осында бір-ақ түні көшіріп әкетті емес пе? Ағайын сенің өкпең болса да менің өкпем жоқ. Әуелі анау Ұлпаш сендерді ойлағанда ішкен асын жерге қояды. Бауырсың ғой көшіріп әкелсеңші! — деп жалынып қалды. Осында келгендегі мақсатым, бір жағынан, өзіңмен, Ахметжанмен сөйлесейін деп едім. Мынадай уақиғаның үстінен кезіктік. Бұл жерде де мені шет қалды деме, сол жауыңмен алысып бақтым. Соның біреуінің өлігі сонау сайдың жағасында жатыр. Сенбейді екенсің барып көргін. Аты сол маңда жайылып жүрсе, ұстап әкеліңдер. Кісі өліп
Кемел Тоқаев жатқанда жаудың малын аяйсың ба? Келініңнің жолына жарат. Менің қолымнан келгені осы ғана! — деді. Жұмағұл мырзаның тасырлатып шауып келген кісіні атқанын көрген-ді. Соның мәнісін ұға алмай, тісінен шығаруға бата алмай отырған. Садықтың өзі мұны жария еткен соң күдігі сейіліп қуанып қалды. — Біздің мырзаның сол бандалардан бөлінген біреуді тапаншасымен атып салғанын өз көзіммен көрдім, — деп Жұмағұл қостай жөнелді. — Бірақ сол қазақ-ау деймін. Дауысын құлағым шалып қалды. — Бұл маңда жатақ барын қай орыс біледі. Сол ақ бандаларды шұбатып жүрген жансыз ба деп қалдым. Маған шауып кеп «Бәлшебектің үйі қайсы? Шапшаң айт!» — деп дікеңдейді. «Мә, саған, бәлшебек!» — деп мылтықпен басып қалдым. Өздерінің зәресі кетіп дүркірей қашты ғой! — Олардың да жаны бар пенде емес пе? Өзіңіздей батырдан тайсалып қорыққан ғой! — деп Жұмағұл жандандыра түсті. Әп-сәтте Садық мырза жатақтың намысын қорғаған, жаумен жалғыз алысқан батыр боп шыға келді. Осындай қошемет дабыр, жылау-сықтау үстіне Әнуар келді. Ол мұндағы уақиғадан мүлде бейхабар еді. Есіктен кірген бетте жыламсыраған халде әкесін құшақтай алды. — Аға, бандалар Түймебай атамның үйін өртеп, келінін өлтіріп кетті! — деді. — Қу құдай, бізді сорлатқан екен! — деп Майлыбай өкіріп жылап жіберді. МАХМҰД Зоя Крутикова көп жолаушыны қабылдап, шығарып салып жүрген. Олардың шайын, тамағын дайындап берсе, жылы тілекпен ілтифат көрсетсе, оны пәтер иесінің парызы, міндеті деп білетін. Келген қонақты бөле-жарып алалаған
Шығармалары емес. Әрқайсысы өз шаруасымен, тіршілік қамымен кезіп жүрген жан сияқты көретін де тіпті олардың сырт пішініне, кескініне назар аудара бермейтін. Қолында бес жасар қызы бар, жасы жиырма беске тақап қалған кәрі жесір кімге зәру деп ойлайтын. Есіктен жай басып кірген шашақ баулы ала қоржын көтерген, кең кеуделі, биік келген, әдемі қара қас, қара мұртты, үлкен қара көзді сұлу жігітті көргенде орнынан қалай ұшып түрегелгенін білмей қалды. Жігіттің киімі де өзгеше көрінді. Үстінде ұзын жібек шапан, аяғында қисық табан әміркен етік, белін жібек орамалмен бос байлай салған. Кеудесі, мойыны ашық, жалаңаш. Қасындағы серігі бұған мүлдем қарама-қайшы, тарамыс денелі, қатпа кәртеміс кісі. Қатпарланған жіңішке мойыны, сопақтау келген басы, құлаққа тақау біткен шошақ көздері құдды тасбақадан айнымайды. Жолаушылар үйге кіргенде Крутикованың қасында Усковский отырған. Махмұд пәтер иесі жесір әйел екенін білсе де, шығыстың еркекті құрметтейтін әдетін жасап және үйдің иесі Усковский көрінгенде қолын төсіне қойып: — Біз жолаушы едік. Бақалшылап жүрген тірлігіміз бар. Бір-екі күн қона-жатуға болмай ма екен? — деп тағзыммен бас иді. Крутикова шапшаң жауап қатты. — Бір-екі күн емес, бірер ай жатыңыз. Сіздей қонаққа қызмет етуге дайынбыз, — деп пәтер иесі өзі екенін білдіргендей жайдарылана күліп сөйледі. Махмұд сол сыпайы қалыппен: — Рақмет сізге, — деді. — Жолдасыңыз мына үйге орналассын, — деп сол жақтағы кең бөлмені көрсетті де, — ал сіз мына түпкі бөлмеде оңаша төсек бар, соған жатыңыз. Бұрын екі төсек қойып ем, жолаушылар сирей бастаған соң біреуін шығарып тастадым, — деп жүгіріп жүріп есікті ашып көрсетті. — Қалай, ұнай ма сізге? — Қонаққа бәрінен үй иесінің ықылас пейілі қымбат. Тегі жерге жатсақ та ризамыз.
Кемел Тоқаев — Сіздей асыл кезіксе әйел байқұс несін аясын, — деп жеңіл әзілмен сыңғырлай күлді. Крутикова бұл екі жолаушының Усковскийдің қайдағы бір қазымыр бәле сөзінен құтқарғанына қуанған еді. Усковский әлгі бір әзірде келген болатын. Оның басын төмен салып, сылбыр, жай басып келе жатқан түрін көріп күле сөйледі. — Яша, қабағың салыңқы ғой. Немене, тағы қатыныңмен ұрысып қалдың ба? Жалғыз қатынның әуселесін баса алмай әуреленген сені көрдім, — ден қазаннан қаздың семіз етін кесек-кесегімен кепсермен іліп алып түсіре бастады. — Мұнда кел. Сөйлесетін әңгіме бар. Крутикова столға арақ, қаздың жас етін қойып жатып көңілді үнмен: — Сенің-ақ сөзің таусылмайды. Ал тыңдадық, айта бер, — деп қарсы орындыққа отырды. Усковский алақанын Зояның білегіне салып: — Соңғы кезде тұйықталып, тас түйін боп, қашықтап барасың. Бізді жатсындың ба, мұның қалай? — деп саусағымен қысып қойды. Крутикова басын шалқайта мәз бола күлді. — Тас түйін боп қашықтау... Жатсыну... Мұндай бәлені қайдан шығардың? — Күлме, шын сұрап отырмын. — Ал сенің не айтып отырғаныңды ұқсам бұйырмасын. — Сені сельсовет шақырды ма? — Оны өзің де білесің. Келген сен емес пе едің? — Онда не сөйлестіңдер? Крутикова білегінің үстінде жатқан Усковскийдің көк тамырлы саусақтарына қарады. — Қолыңды тарт! Усковский қолын ақырын жиырып алды. — Сонымен қандай әңгіме болды? — Байымбысың тергейтін. — Өзім шақырып келген соң жай білейін дегенім де. Тергеп қайтем. — Айтпасам қайтесің?
Шығармалары — Өкінесің. — Қорқытасың ба? — Жоқ-ә, мен сияқты жомарт клиенттен айрылып қаласың. — Саған өкпелімін. — Неге? — Неге деп сұрай қою оңай. Сен Булыга шақырып жа тыр деп алдадың ғой! — Саған «шақырып кел» — деп Булыганың өзі жібер ген. Крест атсын! — Өйтіп өтірікті соқпа, онда ешқандай Булыга жоқ. Барсам, оның орнында әскери киім киген біреу отыр. Қорыққаным сонша, жаным бақайшағымның ұшына жетті. Ашу тараған соң келдің ғой. Әйтпесе, шайнап, қыршып тастайтын едім. Түрі сыпайы әдемі көрінгенмен өзі зәрлі неме екен. — Большевиктің түрі жылмаң. Олармен кездескенім бар. — Әуелі маған не айтқанын тыңда. Мен салықтан жалтаратынымнан қоймай, еркектерді мас қып қойын дарына әйел салып беретін көрінем, — деп Крутикова Қасымханмен шын әңгіменің сырын бүкті. — Естіп отырсың ба, жезөкшелер үйін ашыппын. Осының бәрі сендердің кесірлерің. Осында естен тана ішіп үйге барған соң қылжиып құлап қаласыңдар да қатындарың оны менен көреді. Арақ ішіп, солдырып тастағанын қайдан білсін. Бұдан былай кешкісін арақ сұрамайсыңдар. — Милиция бастығы солай деді ме? — Қайдағы милиция, — деп Крутикова таңқалғандай түр білдірді. — Менімен сөйлескен милиция ма еді? Құдайым өзі сақтаған екен. Қамап тастаса қайтетін едім. Бәсе, тағы осындай шағым түссе, үйіңе пәтерші жіберуге тыйым саламыз, частный қонақ үй ашуға қақың жоқ дегені сол екен ғой. Мен жәй, ауыл кезіп жүрген шекарашылар ма деп ем. Байқаймын, мені арандатқың келген екен. Келесі жолы, бұл айлаң жүзеге аспайды. — Сен өйтіп бұлтақтап шұбар жыландай сумаңдама! Айла жүзеге аспайды. Саған «арада болған әңгімені тісіңнен
Кемел Тоқаев шығарма, өміріңе қауіп төнеді!» — деп ескерткенін білеміз. Крутикова ернін шығарып бадырая қарады. — Білгіш болсаң несіне сұрайсың. — Шіркеуге бармай жүргенің қалай? Милиция басты ғымен сөйлескен соң құдайсыздар ұйымына жазылдың ба? — Шіркеуде некемді қияйын деп пе ең? — Әулие-әке сені аса ілтифатпен есіне алып отырады. Ұнайтын секілдісің. — Ұнағаны қалай? Қатын ретінде жағып қалыппын ба? — Оны өзінен сұра. — Ұнап қалсам өзі мұнда неге келмейді? — Әулие-әке мұндай аяқасты, былапыт жерге келе алмайды. — Былапыт, былғаныш санаса оған менің керегім қайсы!? — Үйінде жолаушы жоқ екен. Бүгін кіріп шық. Әулие әкеге келед деп айтам, — дей бергенде Махмұд серігімен кіріп келген еді. Усковский бұларды әңгіме шырқын бұзып, сөзді аяқтатпай қойғанына іштей кіжініп жақтырмады. Крутикованың ебелектеп есі шығып бәйек боп жүгіргенін де ұнатпады. Қоржынын төсектің астына қойып қайта шыққан Махмұдтан жиренгендей бетін теріс бұрып: — Қазақтар шошқа секілді. Боқтық көрсе соның ара сынан жем табыла ма деп тұмсығын тығып шарлай жөнеледі. Сасық екенін сезбейді, — деп тыжырына сөйледі. Махмұд бір қолымен бүйірін таянып бүркіттің сом қанатындай иығын күжірейте қомдап алып тесіле қарады. Әлден соң күле сөйледі: — Ей, әйбәт мырза, қазақ шошқа екен. Боқтықтан жем іздепті. Сол шошқаны жеген өзің кім болдың? Соны айтшы? — деп Усковскийдің тәлімсіздігін шенегендей сақсақ күліп жіберді. Крутикова көйлегінің омырауын саусақтарымен бүріп ұстап дір-дір қақты. — Яша, маспысың, мұның не? Бұлар жолаушылар ғой. Маған келді. — Қойшы, сені! Ақшаның ұшы көрінсе көзің қызарып
Шығармалары өле жаздайсың. Төңірек толған қазақ ауылы. Сауда жасаған екен, сонда неге бармайды? Сенің үйіңде тығылып несі бар? Подгорныйға жөнелтер алдында Қасымхан мен Давыдов екеуі екі жақтап Махмұдқа көп кеңес берген. Ең алдымен сөзге, іске өте сақ, ширақ болғаны жөн. Барған сәтте ортаң қандай, соны барлап ал. Оқшау шықпай, елеусіз боп тыныш қана жұмысыңды тындыра бер. Ұрыс-керіс жанжалдан аулақ жүр, арандама. Өйтсең, оңай білініп әшкереленіп қаласың. Міне, Махмұдтың естіген нақылы осы. Подгорныйға аяқ басқан алғашқы сәтте-ақ бұл сөзінің дұрыстығын көріп отыр. Қасымхан бұл жаққа келіп қайтқанда Иванов екеуі кейбір күдікті жәйттерді әңгімелеп, көп сөйлескен екен. Бірақ қолда айғақтық дәлел болмаған соң әзірге сырттай бақылай тұруды жөн көріскен. Дәл жүретін күні Қасымхан «осы бір кісілерді байқап, көз қырыңды сала жүрші» — деп үш-төрт адамның сыртқы түр кескінін, ұсақ әдетін сипаттап берген еді. Қасымханның суреттеуі бойынша өзінің алдында Усковский отырғанын Махмұд білді. Усковский таңертеңмен ішкен арақтың уынан ба, өз күдігін именбей ашық айтады. Шапшаң бұрылып, шатынай сөйледі. — Саудагермін дейсің. Бұл жай, былшыл сөз. Сонау Жаркенттен шуап, сүйретіліп келетіндей ала қоржыныңның ішінде соншалықты не бар? Он шақты метр кездеме, шай-қант, орамал ма? Онымен қалың орыстың жоғын қалай толтырмақсың? Анау қазағыңа бар. Солар-ақ қарық болсын, — деді. Махмұд сәтінде құбыла түсіп, пайдакүнем, дүниеқор саудагердің кейпін танытып: — Аптахун-ака, қазақ ауылына жоламайық, түспейік деген сен емес пе ең. Мына әйбәт мырза күдіктеніп отыр. Осы біз қазақ аулына неге бармадық? Соны айтшы, — деді. Адхамов шәкірт баладай қолын қусырып бүкшеңдей кеп Махмұдтың қасына отырды. Усковскийге шошақ қысық көзін қадап басын шайқап мырс етті. — Қазақ ауылы хорошо, — деді орысша білетінін
Кемел Тоқаев көрсетіп. — Полуқұрсақ болмайсың, ет көп, қымыз мол. Қалағаныңша кушай. Қазақ үйіне қонғанда оның өте жайсыз жақтары бар. Қоржыныңа үңіледі, дәмеленеді. Бермесең өкпелейді. Өкпе аяғы донос, домалақ арыз, бітпес дау. Аптахун таза сауданың адамы. Мұнда маржа жақсы, қоржынға қарамайды. Донос, өсек жоқ. Орыстың осынысын ұнатам, — деп сөзін шатпай қазақша бітірді. — Аптахун-ака, қалтаңда қуырған көкнәрің бар ма? Мына мырзаға бір түйірін тасташы. Ақшасын мен төлейін, – деп сәл мойнын бұрып ақырын сыбырлады. Адхамов қалтасынан дорбасын ап оның жібек бауын тарқатып жіберді де, түбінен бидайдың дәніндей апиынды алып Усковскийдің алдына қойды. — Кушай, бұл апиын. Бойыңдағы кеселді жұлып түседі. Махмұд ышқырына қос саусағын тығып қыстырып алған алтын теңгені Адхамовтың алдына сыңғырлата тастай салды. Теңге дөңгелеп барып Усковскийдің алдына бүгесінен түсті. Ол алдымен үңіліп қарады да алақанына салды. — Екі басты самұрық құс. Николай ақшасы ғой мынау! — Алтын теңгені ала береміз. Мөріне, белгісіне қарамаймыз. Күміс теңге, таза күміс болса да жарайды. Усковский бір жапырақ ақ қағаздың үстінде жатқан апиынға тілінің ұшын тигізіп жұдырығына қатты қысты. Басын төмен салып, шекесін жұдырығына тіреп көзін жұмып отырып сөйледі. — Әдемі гүл өскен, көк өскен жағада тұр ем. Астымдағы жар опырылып түсіп, лайсаң сең мені алып кетті. Бірде басым, бірде жотам, бірде аяғым көрініп қалып ағып келе жатқандаймын. Қайтып жағаға шыға алам ба, жоқ па, білмеймін. Бәлкім, мына көкнәрді ішкеннен соң сол тәтті жақсылық күндерім қайта оралып, бір сәт менімен бірге болар, — деп сүйретіле орнынан тұрды. — Егер сөзім дөрекілеу шықса кешірім сұраймын. Оған кінәлі мен емес. Уақыт! Бұл дүниенің астаң-кестеңі шыққан кезде өмір сүру біздің еншімізге тиіпті. Солай, бақалшы мырзалар. Мен
Шығармалары қоштаспаймын. Әлі көрісеміз. Егер достарыммен келе қалсам, қабылдайсың ба? — Қазақ қонақты жатсынбайды, — деді Махмұд. Усковский кеткен соң Крутикова оның соңынан мойын созып тағы бір қарап алды да, әлде біреу сөзін тыңдап тұрғандай ақырын сыбырлап сөйледі. — Ұрыс-керіс туып кете ме деп қорқып едім. Бейбіт тарағандарыңа қуанам. Айқай, атыс, төбелес қайбір жақсы дейсің. Жұрт жік-жікке бөлініп, кектеніп, өшігіп кісінің зәресін алып бітті. Бақалшы жанжал-дауды қаламайды. Саудамыз өрлеп қалтамызға пұл түсіп жатса басқамен ісіміз жоқ, — деді де Крутиковаға сәл көз тоқтатып барлай қарады. — Әлгі жігіттің аты Яша ғой? Сіз солай дегендей болдыңыз. Өзі төбелес, соғысты тілеп тұратын бұзық неме ме? Несіне қорықтыңыз? Крутикова Махмұдтың сұрағына сауалмен жауап қатты — Қандай тамақ дайындайын? Не ішесіздер? Махмұд үй иесінің жауаптан жалтарғанын байқады. Бұ да өз сұрағына мән бермеген кісідей екінші сөзге ауысып кетті. — Қазақ шай ішпесең бойға қуат кірмейді дейді. Бізге қаймақ қатқан шай берсеңіз соған алла ризалығын айтар едік. Астың асылы шай ғой. Шайдан соң бұлар басқа тамақ әзірлетпеді. Жолдан ат соқты боп шаршағандарын айтып екеуі жатуға кетті. Махмұд жатқан бөлме, шынында шағын екен. Ол қоржынын қойғанда байқаған. Көк сырмен боялған қалың есіктің іштен салатын салмақты шойын ілгегі бар. Ілгекті жақында ғана орнатқан секілді. Жылтыр көк сырға қабыспай, баттиып бөлек тұр. Бөлменің жалғыз терезесі қора жаққа қараған. Терезеден ат қора, сырттағы қазандық, Крутикованың қызымен екеуі жатып жүрген «Времянкасы» анық көрінеді. Тегінде о баста үйді салғанда қора жайын көріп отыру үшін терезені әдейі осы жақтан шығарған секілді. Қасымхан осы үйдің шаруасына қолқабыс жасап жүрген
Кемел Тоқаев Егор Мухиннің барын айтқан. Сельсоветте Мухин «ауыр жараланып аттан құлаған. Миына зақым келген» — деген куәлікпен тіркелген. Келгелі бері оны көре алмады. Қорада аты да, арбасы да көрінбейді. Махмұд төсекте жатып өзінің дағдысы бойынша өткен күннің әр сағатын, минутын есіне түсірді. Жаркенттен шыққалы бері кездейсоқ оқиға кездесе қойған жоқ. Кеше Көксайға қонған кезінде Махмұд малшы-жалшылардың, аңшылардың арасында сауда жасаған боп жайлауда, Іле бойында, тау шатқалында көрген-білгендерін сұрастырып әңгіме жасап отырды. Оған қайткенде бандылардың орналасқан мекенін, орнын, жүретін жасырын соқпақтарын дәл анықтап білу жөнінде ерекше тапсырма берілген болатын. Григоренко-Тихоновичтің көрсетуі бойынша тауда жасырынып жүрген бандалардың құрамы елу найзадан асатын секілді. Соншама қарулы адамды үнемі асырап, қамтамасыз етіп тұру үшін мол азық-түлік, киімкешек керек. Олар ауыл-селомен байланыс жасамай тұра алмайды. Бандалардың сол мықты тірегін сауда жасаған боп жүріп, ақырын жұрттан сұрастырып біліп алу керек дескен. Көксай маңынан қарулы бандалардың із тастағаны біліне қоймады. Көксайда Адхамов бұрын алыс-беріс жасап жүрген таныстарын тауып алғанына қуанды. Қайтар жолында олар ақбөкеннің (сайгактың) мүйізін дайындап қоюға уәде беріпті. Саудагерге тағы аңның мүйізі соншама неге керек болғанын сұрап жатқан олар жоқ. Қайдағы қу мүйізге қант-шайды, кездемені тегін алғандай көреді. Адхамовтың ақбөкеннің мүйізін жинау сырын Махмұд ғана білетін. Одан халық медицинасымен шұғылданатын қытай тәуіптері мен тибет балгерлері адамның кәрі ағзамын жасартатын аса қымбат дәрі жасайды. Тибеттіктер қыздарын ұзатқанда жасау арасына ақбөкеннің қос мүйізін өте қымбат мүлік ретінде қосады екен. Мүйізсіз ұзатылған қыз кедей, бейшара саналады. Қартайған шақтарында ерлізайыптылар мүйізден жасалған шырын дәріні ішсе аса бір қызыққа тоймас тәтті жастық шақтарына қайта оралатын көрінеді. Адам өмірінің ең шырын кезеңі осы бір шақ
Шығармалары деседі. Әр аталы рудың дәріні жасау тәсілі, сыры бөлек, ол құпияны өз нәсілінен басқа тірі пендеге ашпайды. Ол жақта мүйіз сатылмайды, салмағына сай кесек, сом алтынға балап алады. Адхамовты серік етіп қосқанда ақбөкеннің мүйізін жұрттан іздеген боп ауыл-селоны кезуге, алыс аймақты шарлауға сылтау бола ма дескен. Және сауда көзін біледі, жұртпен сөйлесе алады. Адхамов Усковскиймен жолыққан алғашқы сәтте өзінің көмегін тигізді. Шонжадан немесе сонау Верныйдан жолаушылап жүрген адамдар орыс-қазақ демей Крутикованың үйіне түстеніп түнеп жатады екен. Ал бүгін Усковскийдің елден ерек оқшау мінез көрсетуі қалай? Өлердей өшігіп кектенуінің мәнісі не? Бұ үй сапаршыларға ортақ емес пе? Бұларға күдікпен неге түйілді? Крутикова да сұраққа жауап бермей жалтарады. Қасымхан Подгорныйда немесе сол маңда қайткенде көбірек аялдап, кейбір күдікті жайды де анықтауды тапсырған. Әлде Усковский сондай қатердің төніп келе жатқанын сезе ме? Махмұд осылай ой үстінде жатып маужырап тәтті ұйқыға кеткен еді. Әбден шаршап қалжырағаннан ба, таңның атқанын білмей қалды. Аттың пысқырып кісінегенінен оянып кетті. Төсектен шапшаң тұрып терезеден қарағанда Мухин қақпадан кіріп келеді екен. Арбаға тиеп алған қарағайы бар. Делбені бос ұстап ағаштың үстінде шоқиып отыр. Ақ жалды қызыл күрең бие басын тұқырайта төмен салып, аяғын асықпай керіле тастап арбаны ақырын сүйретіп келеді. Сабалақ жүнді сары төбет те доңғалақ түбінде маймаңдап жай басады. Бүйірі тоқ. Арбаға тиелген қарағай тым үлкен. Бір-екі адам көтеретін жүк емес. Мұны Егор жалғыз өзі арбаға қалай тиеп жүр? Оған көмектесіп жүрген кім? Осы бір сәтте Махмұдқа осындай ой келді. Егор арбадан секіріп түсті де биені доғарды. Ақырдың қасында жатқан Махмұд пен Адхамовтын ерін аяғымен теуіп көрді де, сонан соң еңкейіп үңіле қарап тоқымдардың арасын ашып көрді. Сол сәт басын көтеріп үй жаққа қарады. Махмұд терезеден жүзін тайдырып қабырғаға тығыла тұрды. Егор жан-жағына қарап алып арбаға қолын
Кемел Тоқаев асып сәл тұрды. Сол сәт қарағай тасасында жатқан кенеп қапты қос қолдап көтеріп алды. Қап орталау, зат жартылай салынған. Бірақ салмағы ауыр, қаптың түбін бұлтитып үзіп барады. Кенеп қаптың ішінде не бар? Қандай зат болуы мүмкін? Не болса да қатты зат екені білініп тұр. Егор Мухин қапты мықшыңдай көтеріп күркешігіне кіріп кетті. Әлден соң үсті-басын қағып, түзеп қайта шықты. Сірә, қапты кісі көрмейтін жерге, көмбеге жасырған секілді. Әлгінде үстінің былғанғанын байқай қоймаған. Крутикова қасына келді. Ол жалаң аяқ, иығына гүлді шәліні шаршылай жамыла салған. Үй иесінің мол қарағайды көріп риза болған түрі байқалады. Басын изеп, күліп сөйлеп, саусақтарымен әлде ненің порымын салып томпайтып көрсеткендей болады. Бүгінгі күнді неден бастау керек? Махмұд ойланып тұр. Кеше Усковский келем деп кеткен. Оны күту қажет пе, жоқ па? Әлде ақша қуған бәтуасыз саудагерге ұқсап және оның сөзіне мән бермегендей Басши бекетіне қарай тартып тұрғаны жөн бе? Бандалар Қаратау шатқалын паналаған болса Басшиге із тастамай тұра алмайды. Сол жақты шолып қайтқан дұрыс болар еді. Басшиге баратын болса онда қазір таң салқынымен жүріп кеткені дұрыс. Саудасын тындырған боп ертең кеште қайта оралады. Махмұд ұйқыдан оянған кісідей керіліп-созылып далаға шықты. Көксазға тұсап жіберген аттарын әкеп қораға байлады. Бұл кезде Мухин есіктің саңылауынан қарап тұрған еді. Өзіне жат көздің қадалғанын Махмұд та сезген секілді. Осы сәт Адхамов тағы көмекке келді. Ол галошын қоңылтақ аяғының басына сұға салып, дамбалшаң сыртқа шыға қалған еді. Ақ даланнан тігілген дамбалының ауы тізесіне түседі. Оған жұмыр жібектен шашақты бау таққан. Крутикова саудагердің сиқын көріп көзі жасаурап, тығыла күліп бұлардың қастарына келді. Адхамовтың қазіргі түрі ақ шүберекке орап қойған тасбақа секілді еді. Әйел күлкісіне қымсынып жүрген Адхамов жоқ. Кеше кеште шайға салып өзі ішкен апиынның уы тарамаған секілді. Есеңгіреген қалыпта басы қалтақтап, күрмеле сөйледі. — Сенікі маржа хорошо. Қоржыныңды тіміскілеп
Шығармалары тінтімейді. Сендей ұқыпты қатыным болса әлдеқашан байып кетер ем. Құлжадағы анау Фатих Аллаяриден кем түспес ем. Қайтесің, маған сендей қатынды бұйыртпады ғой. Адхамовтың бұл сөзін Махмұд орысшылап жеткізгенде, Крутикова шек-сілесі қатқанша күлді. — Мен саған тиер ем. Бірақ кәрісің ғой. Тұла бойың апиынмен уланған. Құр шандырдан басқа не қалды дейсің. Адхамов сөздің өзіне арнайы айтылғанын біліп құлақ түре қалды. Мағынасын түсінгенде басын шайқап, қос тамады. — Апиынмен уланған кісі тиын құрап бұлай сауда жасамайды. Мұны ұғып ал. Кәрісің дегені де қате. Екі қатыным бар. Жас тоқалым үстіне қыз алуға рұқсат етті. Осыдан аман барсам, тойын жасаймын. Еркек ешқашан қартаймақ емес. Өйткені ол кәртайып өлмейді, ауру жұтады. Адам ағзалары жүзден асқанда ғана сетінеп тоза бастаса керек. Одан бері тың, құлшынған қалпында қалмақ, — деп қызу дәлелдей жөнелді. Крутикова үлкен кісімен сөз таластыруды ыңғайсыз көріп күле сөйледі: — Жас әйеліңізге тыңайып бару үшін шай ішіп алыңыз. Қазір ыстық шай, тамақ әкелейін, — деді. Аздан соң бетін ақ шүберекпен жапқан подносты көтеріп келді. Табақтағы мәнтіні көргенде Адхамовтың көзі жайнап кетті. Келімдәрісін келістіріп қызғылттап жасаған мәнтінің түсі де, иісі де өзгеше еді. Адхамов мәнтінің біреуін тістеп аузына салып асап жіберді де саусақтарын жалап алды. — Қамырын жұқалап уылжытып пісірген екен. Ой, маржа хорошо, — деп табақты жылжытып алдына қойып мәнтіні үсті-үстіне аузына тықты. — Түні бойы ұйықтамай мәнті жасап шыққансыз ба? Әбден әурелеген екенбіз,— деп Махмұд сыпайы түрде рақметін білдіргенде, Крутикова: — Төсек жайсыз болды ма, сіздер де ерте тұрдыңыздар, — деді.
Кемел Тоқаев — Таң салқынмен жүріп кетсек дейміз. Аптахун-аканың жолығатын кісілері бар. — Усковскийді күтпейсіз бе? Махмұд таңқалғандай шырай білдірді. — Оныңыз кім? Сіздің күйеуіңіз бе? Крутикова езу тартып күлімдей қарады. — Шынымен білмейміз бе? Кешегі келген жігіт ше? — Яша ма? Өзі тәуір жұтып алған сияқты еді. Бізді ұмытып кеткен шығар. — Ол сөзіне берік адам. — Солай-де. Осы күні ондай қасиет әр адамның басынан табыла бермейді. Жігіттің сабырлы, тұрақты болғанын ұнатам. Крутикова шәлісінің шашағын саусағымен ширата отырып, сәл көз қиығын тастап: — Қайда бармақшы едіңіздер?— деп сұрады. — Жүргенге жөргем ілінеді. Басши бекетін сығалап қайтсақ деп ем. — Қорықпайсыз ба? Махмұд таңғалғандай бажырая қарады. — Кімнен? — Қазір бұл маңда жалғыз-дара жүрген кісіге өте қатерлі. Әсіресе кешегі оқиғадан кейін өршіп, өшігіп кетті. Орыс пен қазақ боп жік-жікке бөлініп, әрі-бері өткен жолаушыларды сабап, өлтіріп кетуден тайынбайтын көрінеді. Махмұдтың түсі бұзылып кетті. — Қандай оқиға боп еді? Айтыңызшы! — Ой, айта көрмеңіз, кеше осында мылтық, қылыш асынған қарулы топ селоға кіріп, жолдағысының бәрін талқандап, қиратып кетті. Банданың бастығы әскери киім киген қара сақалды қазақ екен деседі. Сол қарауындағы кісілерге әмір етіп, большевикке тілектестердің бәрін қылышпен шапқылап тастауға бұйырыпты. Тимофейдің келіні далада кір жуып жатса керек. Бұларды уезден келген милиция деп қалып «Бұл Ивановтың үйі. Советті қорғамасаңдар мұнда неғып жүрсіңдер!» — деп айтқанша
Шығармалары бастығының өзі кеп оң иығын қылышпен шауып түсіріпті. «Бізге керегі сол Иванов! Мына қалқиған үйінің тамтығы қалмасын. Өртеңдер!» — деп от қойғызыпты. Қатарындағы бірнеше үйге кіріп, жарамды дүниелерін алып кетіпті. Бұған зығырданы қайнаған сельчандар қазақ аулына жауығып, төңіректегі қазақ ауылдарына шабуыл жасамақ болған екен. Оларды Ивановтың өзі қойдырыпты. Дәл сол кезде казак-орыстардан құралған қарулы топ жатақты және өздерің барғалы отырған Басши жолындағы қазақ ауылдарын өртеп, қиратып кетіпті. Олардың жасаған сұмдықтарын айтып отырса жаның түршігеді. Әйелдердің қарнын жарып, қылышпен маңдай терісін сыпырып бес жұлдыз ойған дей ме, әйтеуір тыныш, момын жатқан елді екі ұдай ғып өшіктіріп, жауластырып кетті. Олардың қолына түспегендеріңе шүкірлік айтыңдар, — деді. — Бандалар қайдан келген? Осы уақытқа дейін ізін білдірмей жүргені қалай? Өздерінің тұрақ мекені бар ма? — Онысын анық білмедім. Біреулер тау қуысында тығылып жүрген ақтың солдаты десе, енді бірі ар жақтан өткен дутовшылар дейді. Әйтеуір бейқам жұртты сорлатып кетті. Махмұд алдындағы табағын сырғытып қойды. Сол сәт шұғыл ойға кетті. Крутикованың үйі жолдың үстінде, көрнекті жерде тұр. Сигаловтың үйі де осы тұста болса керек. Қалың селоның ортасындағы Ивановтың тамын іздеп, бұларға тиіспегені қалай? Орысқа кектенген бандаға бәрі бір емес пе? Қайта мынандай сәнді үйді жоюдан ләззәт таппай ма? Бұл үйге тимесе, онда банда мүшесінің Крутиковамен байланысы болғаны ғой. Бандиттердің көздеген мақсаты да белгілі: орыс пен қазақты өштестіріп, қырқыстырып қойып, елдің берекесін алу, жұрт алдында Совет өкіметін әлсіз, дәрменсіз, иелігі жүрмейтін ғып көрсетпек болған. Бәлкім, банданың басшысы осы маңда отырып алып, жөн сілтеген шығар. Махмұд банда жайында мәліметтер жинап алған соң Жаркентке қайтып кетпек еді. Ашық кетпей, астыртын тәсілмен мәлімет жинаймын деп жүрегенде бандалар тағы ойран салуы мүмкін ғой.
Кемел Тоқаев Сонда ондай мәліметтен қандай пайда болмақ? Қайткенде бір шара қолданған жөн. Ол қарсы алдында үнсіз телміре түскен Крутикозаға еңкейе түсіп ақырын сыбырлады. — Егор қарағай әкелуге қашан кетіп еді? — Сіз үшін соншама қажет пе? — Жауап беруіңізді өтінем. — Үш-төрт күндей жүріп қайтты ғой. — Дәлірек айтқанда ше? — Сейсенбі күні кеткен болатын. — Төртінші күні оралған екен де. Ол жалғыз кетіп пе еді? — Иә. — Крутикова бармағын иегіне батырып, шала бүккен саусағын бүлкілдетіп әуестене сұрады. — Сіз де Егорға сенбейсіз бе? Ол бейшара жан емес пе? — Мухин жөнінде бұрын біреулер сұрап па еді? Крутикова жауап орнына иығын бүлк еткізді. — Айтқыңыз келмей ме? — Сізді бейқам, жаны жайдарлы, анау-мынаумен ісі жоқ жігіт пе деп едім. Сөйтсем, өте қатал, сұсты, кәрлі адам екенсіз. Әлгінде сәл ойға батып, сұрланған түріңізді көргенде аздап қорқып қалдым. Махмұд еріксіз күлген кейіп білдірді. — Өзіңіз кісі шошитын әңгімелер айттыңыз ғой. Сол әсер еткен шығар, — деді де сыртқа құлақ түріп елең ете қалды. Біреу есік сыртында тұрған секілді. Ол аса жұмсаң үнмен: — Сіз осында тоқтаған кісілерге «Сіз» — деп сөйлемейтін сияқтысыз. Ал маған сыпайы тіл қатуыңыз өңшең тікенек шөптің ішіне жалғыз тал гүл шығып тұрғандай көрінеді. «Сен» деген құлаққа сенімді естіле ме деймін. Қарсы болмасаң, бұдан былай «Сен» деп жауаптасайық. Сонда саған бір табан жақындай түсем бе деп ойлаймын. Крутикова әп-сәтте Махмұдтың құбыла қалғанына таңырқады. Сондай түрмен күле жауап қатты. — Бұл ұсынысыңды қабыл алайын. Тағы не айтасың? — Дүниеде сендей ақылды әйел жоқ. Айтқаныңа көндім. Яшаны күтем! — Күтсең, мен мұндамын! — деп Усковский бүйірін
Шығармалары таянып үйге кіріп келді. Пенжагының қайырылып қалған етегінен наганның сабы көрініп тұр. Махмұд оның есік сыртында тың тыңдап тұрғанын сезбеген кісідей, қолын жайып жайдарылана күлді. — Яша мырза, төрлетіңіз. Қонақ болыңыз. Бұлай ерте келе қояды деп ойламаған едім. Адхамов киліге кетті. — Господин хороший, қандай тағам қалайсыз? Арақшараптан не ішесіз? Кеше кеп жолдастарым бар деп едіңіз. Оларды неге ертіп келмедіңіз? Усковский бұл жақтың тұрғын орысындай қазақ тілін әйбәт түсінеді екен. Ол Адхамовтың әлгі сұрағына шатынаған түрмен: — Тасбақа ит, мен тақияңа тар кеп тұрмын ба? — деді. — Тасбақаны да құдай жаратқан. Ол да алланың пен десі. Қайта тасбақа болмағаныма өкінем. Онда үш жүз жыл жасар ем. — Иттің дәмесінің зорын қара. Сөйтіп жарық дүниені әбден былғамақшы екенсің ғой! Адхамов Крутиковаға бұрылып басын иді. — Маржа хороший, бізге ең жақсы шарап әкелеңізші. Мырзаның көңілі пәс. Ақшасын мен төлеймін. Азар болса, ақ бөкеннің сыңар мүйізі кетер. Крутикова арақ пен коньякты подносқа салып әкелгенде Сигалов қоса кірді. Ол Махмұд пен Адхамовқа состия қарап Усковскийге бұрылды. — Өзім тумысымда көрмеген арақ-шарапты әкеле жатқанына қарап мұнда төрелер отыр екен, солардың сарқытын ішіп қалайын десем, маймылдардың арасына кіріп кетіппін ғой. Ғажап, бұлар да коньяк іше ме? Адхамов ұқпаған, түсінбеген кісідей жалпақтап жаны қалмай жүр. — Господин хороший тағы келді. Қане, қайсысын ішетін едіңіз? Ағы ма, сарысы ма? Сигалов: — Сен маймыл, қайсысымен сыйламақсың? — деді — Ағын, сарысын, көгін бәрін ішіңіз. Сен менің қо
Кемел Тоқаев нағымсың, — деп бөтелкелерді алдына сырып жақын қой ды. Сигалов коньяктан жарты стакан ішіп тамсанып отырды да: — Мынауың қандаланың дәміндей жүректі кілкілдететін бәле екен. Одан да өзімнің үйреншікті арағым жақсы. Соның өзі берекелі,— деп стаканға толтыра құйып қағып салды. Тамақ татпады. Көпіре сөйлеп сөзін үдетті. — Өз басым киргиздарды қаламаймын. Әйткенмен олардың осындай қонақ жайлығы көңіліңді жібітеді. Кейде қатар өмір сүруге болатын шығар деп ойлап қаласың. Яша, мен дұрыс айтам ба? — Сен ақымақсың, Сигал! — Неге? — Сен оның берген арағын, тамағын ішіп отырсың. Ертең большевик келген соң ол саған дым татырмайды. Кулак ретінде жау тап деп танып жеріңді, малыңды тартып алып, өзіңді айдап жібереді. Мойныңа дорбаңды асып қаңғып кете барасың. Бұрынғыдай сені қорғайтын патша ағзам жоқ. Бәрі қазынаға түсіп, ортаққа кетеді,— деп Сигаловты өршіте түсті. — Мына киргиз менің өгізімді, атымды тартып ала ма? Бұл маймылдың шекесін қазір оқпен тесем, — деп қойнынан наганын суырып алды. — Қане, менің жерімді, өгізімді алатын сен бе? — деп мылтығын кезеді. Адхамов аса сабырлы қалыппен: — Господин хороший, мылтық жаман, стрелат жаман. Ішіңдер, жеңдер! Адхамов сыйлап жатыр. Азар болса ақбөкеннің сынық мүйізі, сынығы жетпесе сыңар мүйізі кетер. Ішіңдер, жеңдер! — деп арақ пен етті алдарына жылжытып қойып жатыр. Сигалов өршелене түсті. — Сен менің жерімді аласың ба? Соны айт! — Жыланда құлақ жоқ, саудагерде тұрақ жоқ. Сенің жеріңді қайтем? Сауда қай жерде жүріп жатса, біздің мекеніміз со жақ. Әуелі өз үйімді де көптен бері көрмедім. — Солай де! Мұнда мен тұрғанда бір большевик аяқ
Шығармалары баспайды. Мына киргизімен қосып лақша бауыздаймын. Махмұдқа осы сәтте мынадай ой келді: Сигалов мылтық атуға көбі дағдыланбаған. Пышақты оңай қару көреді. «Бауыздаймын» деген сөзді көбірек айтады. Қызыл керуенге шабуыл жасаған кезде Наримановты қансыратқан осы Сигалов емес пе екен? Усковский наганнан шап бере ұстап: — Пушкаңды шошаңдатпай тығып қой, — деді де наганын қолынан жұлып алып беліне қыстыра салды. — Сигал, сен бекер батырсынба! Советке өшіксең, большевикке кектенсең Тимофейді неғып қоя беріп жүрсің? Түбіңе жететін нағыз қызыл көз жауың сол. Әлі тұра тұр, ол баласының да, келінінің де өшін сенен алады! — Қой, Яша, — деп Сигалов қолын сермеді. — Тимофей өлімнен көзі ашылмаған бақытсыз жан. Көңіліне шер толған соң кеңсе жұмысын ермек етейін дегені де. Одан большевик те, Совет те, Қызыл да шықпайды. Ол өзіміз сияқты крестянин, орыс адамы. Махмұд алғаш Усковский мен Сигаловты көргенде кеше бандалар тобын бастап жүрген қара сақалды қазақтың орыстарды жәбірлегеніне кектеніп ұрыс-жанжал шығара ма деп сескеніп еді. Ауыл-селоны қандатқан бандалардың лаңы жайында ләм демеді. Бұл екеуі солардың арасында жүрген немесе оларға көмектескен. Үндемегені содан шығар деп ойлады. Махмұд Крутиковаға бұрыла иығын түйіп сыбырлай күлді. — Сендей өжет, батыл әйелді көрген емеспін. — Шын ба? — Мылтық кезеп жатқанда былқ етпедің. Әрдайым осылай, сабырлы салмақтысың ба? — Мас мәнді сөз айтпайды. Оған назар аудармаған жақсы. — Кісіні өлтіріп қойса қайтесің? — Бұл үйде олай жасай алмайды. — Қорғанышымыз мықты екен ғой? Усковский Махмұдты шынтағымен түртіп қалды.
Кемел Тоқаев — Арамызда жалғыз қатын бар. Өзіңе бұйырмайтын дәмге ұмтылып қайтесің? Одан да мынаған жауап бер. Сен кімді қолдайсың? Большевикті ме, әлде мына біздерді ме? — Біздерің кім? — Сигалов, мына мен, тағы... мына бикеш бар. Махмұд Крутикованың әлгі сөзінен кейін батылдау сөй лей бастады. — Айталық сені қолдайын. Сонда қандай пайда табам? Сигалов жұдырығымен столды қойып қалды. — Ой, ақымақ, солай сұрауға аузың қалай барады? Мен саған бостандық әперем. Большевик пен Қызылды жолатпаймын. Өзіңе өзің қожасың! Өкімет мына мен! Мынау Яша! Одан артық саған не керек? Саудаңды еркін жасай бер! Махмұд бұл екеуінің таң атпай қосақтасып жүргенін тегін арақ ішуге келген бе деп ойлап қалып еді. Байқаса олай емес секілді. Тегінде алғаш үркітіп, үрейлендіріп өз ырқына оңай көндіріп алып, сонан соң өз шартын қоймақ түрі бар. Бұларға саудагер адам керек. Соның көмегіне ділгар сияқты. Бандаларға ел кезген саудагердің қандай пайдасы тимек? Махмұд білгісі келді. Асықпай ақырын күтті. Усковский зәрленіп қадала сұрады. — Неге жауап қатпайсың? — Әуелі қандай пайда табам? Соны айт! Байлыққа кенелтсең қолдаймын. Саудагер өз көмейін ойлайды. Мұны ұмытпаңыз, әйбәт мырза, — деп салмақпен сабырлы жауап қатты. Сигалов ашуға булығып: — Бұл итке бостандық әперем деймін. Оны түсінгісі келмейді. Өй, өңшең, надан шошқа! — деді. — Менің саудама ешкім бөгет жасамайды. Құдайға шүкір, табысыма табыс қосылып, дәуірлеп келем. Бұдан артық қандай бостандық керек? Ұқпайтыным рас! — Бостандық! Оның жолында талай адам өмірін қиған. Сен киргиздің оған ақылың жетпейді. — Бостандық менімен болсын. Өзгені қаламаймын.
Шығармалары Өлгені өзімен кетсін. Усковский: — Кісі шын ниетімен қолдағанда құрбандыққа барады. Біз соны қалаймыз! Усковский мен Сигалов әлдекімнің үгітіне еріп даурығып, еліріп, кімге ұрынарын білмей адасып жүрген жандар емес, бәлесі әрі, жаулығы мол бандалар тобының адамы екеніне Махмұдтың анық көзі жетті. Сонда бұлар қандай міндет атқарып жүр? Сигалов қолшоқпарға лайық, өз ошағының қамынан басқаны білмейтін шолақ адам. Усковский ше? Серігіндей естіген сөзін өзеуреп езгілейтін есер емес, алдыартын байқайтын, сұмдық айласын астарлап бүге білетін нағыз жұқпас қудың өзі. Кеше осы өңірді қанға батырып, орыс пен қазақты өштестіргісі келген Усковскийдің тәсілі ме? Олай деуге қисыны келмейтін секілді, өйткені ондай жаулық саясатқа оның өрісі жетпейтін секілді. Бұл не бары арада жүрген байланысшы, делдал адам. Қазірде сол міндетпен Махмұдқа келіп отырған түрі бар. Және жұмсаған кісі бұларды таң атпай тез баруға асықтырған. Олай болса, Махмұдтың көмегіне бандалар тобының зәру болғаны ғой? Онда бұл сескенбей, теңдес кісідей сөйлесе алады екен! Махмұд қабағын түйіп: — Біз деп отырғаның кім? Соны білгім келеді, — деді. — Кім екенін айттым ғой. Мынау Сигал, мен. — Сіз бен біздің арамызда сауда жүрмейді. Таң атпай келген құдайы қонақсыз. Арақтарыңды ішсеңдер алла разы болсын. Біз де жүргелі отырмыз. Жолдан қалдырмауыңызды өтінем, мырзалар. — Қалай қарай жүрмексіздер? — Соны білу шарт па? — Тегін арақ-шарап беріп жатқан жомарт кісіні көзден таса еткің келмейді. Саудагердің соқпағын сауда біледі. Бақалшыны жұрт алыстан таниды. Кейде тоқтамаймын, кідірмеймін деген жерге бөгеліп қаласың. Жұрт жиылып, сауда қызып базар боп кетеді. Сен қымбатқа саттым дейсің, ол арзан алдым
Кемел Тоқаев дейді. Сөйтіп екі жағымызда риза боп тарасамыз. — Сенімен саудамыз келіспеді ғой деймін. Адхамов таңқалған пішінмен: — Господин хороший, өзіне не керек екенін айтсын. Баласына тәтті мәмпаси ме, қатынына көйлек пе, көршісіне наша ма, көкнәр ма, өзіңе мәңгі шөптің суы ма, қайсысын тілесең де бізден бәрі табылады. Тек ақша давай. Ақысын берсең қоржынды көтертіп жіберем. Деньги, деньги, ақша давай! — деді. — Ақша дегенде жарғақ құлағың жастыққа тимейді! Өзіңде ақша көп пе? — деп Усновский қулана сұрады. — Господин хороший, менде екі қатын бар, — деп Адхамов саусағын көрсетті. — Қанша қазына барын солар да білмейді. Ол сан көктегі алла тағаланың есебінде ғана бар. Тәңірім оны жария етуге қоспайды. Сигалов басын шайқап, айқайлап жіберді. — Тасбақаның қуын қарай гөр! Айтқысы келмейді. Жасырады. Өй, залым сұмырай, шапшаң айт! Қанша ақшаң бар? Махмұд орнынан тұрып: — Миллион, тіпті екі-үш миллион делік. Одан саған келіп кетер пайда қайсы? — деді. Сигаловтың көзі шарасынан шығып кетті. — Миллион... Құдайым-ау, не дейді! Мен мыңға дейін сан білем. Әрі санап көрген емеспін... Усковский бет жүзі толқып құбылып кетті. — Шын айтасың ба? — Мырзаға білу қажет пе? — Иә. Махмұд бұл екеуінің таң атпай қосақтасып жүру мә нісін енді аңғарды. Бандалараға ақша керек! Соны білуге атаманы мұнда жіберген. Бәлкім, Дудко жұмсаған шығар. Сонда Махмұд сырды оңай аша қоймақ па? Жоқ, әлі пұлдай түседі. — Саудагер өз қазынасының сырын ашпайды. Сұрап әуреленбеңіз. Сигалов омыраулай ұмтылып:
Шығармалары — Өй, маймыл, бізден сыр бүкпексің бе? Өйтсең қан жоса етіп табанда жайратып салам! Лақша бауыздаймын! — деді. Махмұд жиренгендей тыжырына қарады. — Мырза, саудагер жан беруге бар да сыр ашуға жоқ. Усковский қолын сермей сөйлеп: — Мейлі айтпай-ақ қой. Біз үшін оның мәні жоқ. Бізге ақшаның өзі керек. Дәл қазір бір жарым миллион сом ақша бере аласың ба? — деді. Махмұд ойланды. Алдымен кімге беретінімді білуім керек. Екіншіден, саудагер қалтасына ақша салып жүрмейді. Бере қалған күнде кепілдік қайсы? Кейін кімнен есеп қайтарам? Екі ортада өзім күйреп қалып жүрмеймін бе? Осының бәрін келісіп алмай тұрып мол қазынаны шаша салуым қиын, мырза. Сигалов килікті. — Ей, маймыл, саған кепіл керек пе? Мен басымды тігем! Махмұд зілді салмақты үнмен: — Кешіріңіз, мырза, сіздің, басыңыз тиынға да тұрмайды! — деді. Сигалов мойнын, басын ұстады. — Ха-ха! Тиынға тұрмайды! Ей, сен маймыл не оттап отырсың? — деп жұлқынып атып тұрғанда, Усковский: — Сен Сигал, тұра тұршы, — деп иығынан басып отырғызды. Махмұдқа бұрылып, — саған гарантия, кепіл керек. Оған менің сөзім өтпейді. Солай ма? — деді. Махмұд басын төмен салып кеудесіне апарып: — Сізбен бірге отыру, дәмдес болу үлкен ләззат, мырза. Өзіңіздей сыпайы, білімдар кісімен сөйлескеніме қуанам. Бақалшынық тірлігін білесіз. Товар ақшаны сүйеді деген нақыл сөз бар. Кепілдік бере алатын кісі өзі келсін. Әңгіме миллион жайында боп отыр. Сондай салмақты көтере ала ма, көрейін. — Қисыны бар сөз! — Усковский маңдайы қатырқы кеп касын бір шекесіне киіп жатып, — сенімен қоштаспаймын.
Кемел Тоқаев Жүретін жолыңды да айтпай-ақ қой. Қажет кезінде оңай тауып алам! — деді. Усковский Сигаловты итермелеп есіктен шығарып бара жатқанда, Махмұд «әр ауылда тыншың, хабаршың бар екен-ау!» — деп ойлады. Олардың қарасы үзілгенде манадан бері үнсіз отырған Крутикова аса таңғалған пішінмен: — Зәлім екенсің. Тез алдап шығарып салдың. Құт тықтаймын! — деді. Махмұд түршігіп кетті. — Неге олай ойлайсың? — Қулық-сұмдық, әзәзілдік әйелден қалған. Және мен арақ ішпей сау отырмын. Бәрі көрініп, сезіліп тұр. Қорықпа, құпияңды ашпаймын. Бірақ, келесі жолы сақ болғайсың. Онда алдыңда Сигалов секілді парықсыз біреу отырмайды. Махмұд Крутикованың томпақ, жұмсақ қолын екі алақанына салып ақырын қысып, сипалады. — Періштенің нақыл сөзін тыңдамасқа амалым жоқ. Қарыздармын. Көп рақмет! Бұл кезде Егор терезеден үңіле қарап тұрған еді. Крутикова шошынып қолын тартып алды. ДҮРБЕЛЕҢ Жатақтағы қанды оқиғаны естіп сол маңайдағы қазақ ауылдарынан Майлыбайға көңіл айтуға кісілер келіп жатқан. Қараша үйдің іші-сырты қалың нөпір. Көп адамның арасынан Тимофейдің де төбесі көрініп қалды. Ол қара сақал банда шауып өлтірген келінін жерлеп, со жақтан әдейі жатаққа бұрылған. Бандалар Шарбануды азаптап өлтіргенін немересі Анатолийден естіп білген. Анатолий Жұмағұлдың баласы Әлимен дос. Әли жатақтың тоқтыторпағын өргізіп тау жақтан шыққанда Анатолий селоның қалың табынын айдап етектен қосылады. Сол Әли досына әдейі барып жатақтағы оқиғаны шошына әңгімелеп берген.
Шығармалары Майлыбай кәрі тамырымен құшақтап көрісіп ағыл-тегіл жылады. — Түймебай-ау, тәңірге не жазып ек! Бір күнде, бір сәтте екі үйді бірдей қан жоса ғып қасіретке батырды ғой. Есіл келіндерім-ай, арманда кеткен асылым-ай! Тимофейді көріп Айғаным да зарлап қоя берді. — Мен неге бақытсыз жан едім. Сол қаза, сол ажал маған тап болсайшы, жас гүлді солдырмай, құдай мені алса қайтетін еді! Қайран тектім-ай! Әнуар көзінің жасын тыя алмай, кірлен тосып, шәугіммен су әкелгенде Тимофей бетін шайып, малдас құрып Майлыбаймен тізерлесе отырды. — Майлыбай, мен жаман сыбыс естідім, — деп басын бұрып ақырын сыбырлады. — Осы маңайдағы ауылда қол жинап жатқан көрінеді. Мола басында анттасып алған соң маған қарсы, мына селодағы өзіңе көмектесіп жүрген крестьяндарға қарсы соғыс ашпақ дейді. Соның арасында сені де бар деп жүр. Сол рас па? Майлыбай шошып кетті. — Ей, Тимофей, сен не деп тұрсың? Сенің алаштан көрген қорлық азабың аз ба? Ол да осы үйге лап қойған қанішердей сұм, жалғыз саяқ қарақшы. Орыспен соғыс деп қашан айтыппын? Онда келініңді өлтірген қара сақал қазақтан менің қай жерім артық! — деп дауысы дірілдеп барып тоқтады. — Осыны естіп селодағылар өре көтеріліп отыр. Мен оларға қатты тыйым салдым. Сонда бұл қайдан шыққан әңгіме екен? — деп дағдарып қалды. — Шарбануды өлтірген бандалардан кек алайық деген соң күйіктен өле жаздап қатты ашынып отырған сорлы басым «Ауылда Ахметтің өзі жоқ. Жаркентке кеткен. Бүгін-ертең келіп қалады. Соның өзімен ақылдас», — деп едім. Бәлкім, менің адал ақ сөзімді үрлеп, түрлендіріп әкетіп жүрген шығар. Кеше осында Садық мырза бірдемені айтып отыр еді. Соның өзімен сөйлесейікші. Бұл өзі қайдан шыққан әңгіме екен. Білейік, — деп орнынан шапшаң тұрып киіне бастады.
Кемел Тоқаев Тимофей Майлыбайдың иығынан басып, сәл тоқтатты. — Садық мырза дедің бе? Ол мұнда не ғып жүр? — Мына біздің Жұмағұлмен көңілі жақын ағайындығы бар. Соған келіпті ғой. Өзіне көңілім қалып, қыңыр тартып өкпелеп жүруші ем. Сөйтсем, басыңа күн туғаңда қалқан болар азаматым екен. Кісілігін жаңа таныдым. Бандалар осы ауылды қандатып жатқанда жаумен жалғыз алысқан сол арысым ғана болды. Қалғанымыз шіркей екенбіз. Әуелі банданың біреуін тапаншасымен атып тастады! Тимофей қайран қалды. — Банданың өзін атып па? Майлыбай тамырының сенбегенін байқап: — Өлігін Қиястар жарқабақтың астына көміп келді. Аты қорада байлаулы тұр, — деді. Садық мырзаның «ерлігін» ұзынқұлақ өңін айналдыра неше құбылтып бүкіл өңірге таратып әкетіп жатты. Біреулер оны жаумен жалғыз алысқан бұрынғының батырларына теңесе, енді бірі ет қайнатым бойы жаумен өршелене атысқан, ақ жал сары атына міне салып соңынан қуған, оқ өтпес, қылыш батпас ер санайды. Енді Садықтың батырлығына ырзалығы, кісілігі қосылып жатты. «Майлыбай өшіккенмен менің өкпем жоқ. Шарбану келінімнің үшін мен жетісін өзім аттандырам» — деп қолма-қол пұлын екі есе артық төлеп Жұмағұлдың қызыл құнажынын сойдырып, қазан-қазан етті астырып жатқан. Қатын-қалаштың бәрі үйден аулақтау қазған жерошақ басында шүпірлесіп жүр. Садық мырза Жұмағұл тамының көлеңкесінде шабарман ғып ұстап жүрген ағайынды Нартбек және Сартбекпен сөйлесіп отырған. Оларға пысықтап тапсырма беріп жатқан. Майлыбай мен Тимофейді анадайдан көріп, ішек-қарын түсіріп жатқан қатындарға жүгіріп кеткен Сартбекті қайта шақырды. — Әй, Сартбек, бері келші! Бері келіп кетші, қалқам! — деп қамқор кісінің пішінінде үн қатты. Сартбек қасына келгенде ақырын сыбырлады. — Қазір бұлақ басындағы жігіттерге шап, оларға айтып қой. Түймебай орыс келе жатыр. Оның әзәзіл үгітіне ермесін де! Ұқтың ба! Бар! Тез бар! — Сартбек бұғына түсіп зыта жөнелді. Тимофейлер
Шығармалары жақындағанда Садық желпіне тұрып: — Е, Майеке, орысың кеп көзайым боп қалыпсың ғой. Бұл да кісіге көңіл айтушы ма еді? — деп қабағын түйе кекесін айтты. — Тілегі бірдің мақсаты бір. Түріміз, түсіміз бөлек болғанмен осы жатақпен ағайын боп кеттік. Ағайын адамның кәдесін білмейтін бізді мылқау дейсің бе? — деп Тимофей іле жауап қатты. — Ағайынбыз... — Садық мырс етті. — Мойныңа ажырғы салып, атқа теріс отырғызып жіберетін қылығың бар. Өлік үстіне кеп қалдың. Әйтпесе. — Әйтпесе, не қылмақ ең? — Өзің не жасадың? Соны айтшы. Жатақтың жас аруын зорлап, қарнын тілген кім? Сенің орысың, сенің тегің емес пе? Осының ағайыншылық па? — Тегім болса, ол тексіздің ісі. Оған жауапты мен емен! — Енді кім? — Сол орыстың арасында қазақтың қара сақалы да жүр. Менің келінімді қылыштап, маңдайына жұлдыз ойған, үйімді өртеген, крестьян хаталарына өрт қойған сенің бауырың, сенің тұқымың дейін бе? —дегенде, Тимофейдің мына сөзіне Садық тіксініп қалды. Бұл жаман хабарды қазір ғана естіп білгендей боп: — Келінді кескіледі дейсің бе? Жұлдыз ойған ба, ой сұмдық-ай, не дейді! Қырғынға түскен жатақ па десем, айналайын орысым сен де жәбір көріпсің ғой! Кел, өлім артына хайыр тілеп, жақсылық болсын деп көріселік, — деп құшағын жая ұмтыла берді. Садық мырза «орыстар қазақты қырып жатыр. Жатақты талқандап кетіпті» — деген сұмдық хабарды жұрт айтты ғып, ауыл-ауылға кісі шаптырып таратып жатты. Майлыбайға көңіл айта келген көп адамның арасында қолдарына қосауыз мылтық, қайқы қылыш, айбалта, найза, сойыл ұстаған жігіттер де бар еді. Бәрі ұрысқа лайық жеңіл киінген. Бұлардың мұндай жүрісіне ешкім жөнді назар аудара қойған жоқ. Қайта мынадай мазасыз дүрбелең кезде бұлардың сақтық жасағанын жөн көрді. Садықтың
Кемел Тоқаев айтуымен Сартбек пен Нартбек желіктіріп жинап әкелген, «Бүкіл ақ бандаға қарсы жалғыз шапқан Садық батырдың ерлігін» қайталауға құмартқан қол екенін аңғармаған. Алғаш Садық бұл топты Майлыбайдың айтуымен жиналды, орысқа соқтықса соның сілтеуімен болған іс ғып көрсетпек еді. Ол айла жүзеге аспаған соң «Мынау жасақ ыза кернеп кектенген елдің қалқып шыққан ашуы. Халық қаһарын басқарып жүрген ешкім жоқ» дегізіп, өңшең боздақтарды селоға айдап салмақ болған. Тимофей келген соң бұл амалының да жүзеге аспау қаупі туды. Іштей Әукен Ғапаровты табалайды. Тимофейді өлтіре алмағанына қынжылады. Зәуеде бір сойқан болса Садықтан көретіні айқын. Садық өз басын арашалаудың қамын ойлады. Сартбек бұлақ басына барып, мырзаға хабар алып келе жатқан. Садық алақанын шекесіне апарып күннен қалқалап, Сартбекті танымаған боп: — Осы ауылдың тозаңы аздай-ақ, шаңдатып жүрген мынау кім-ей! — деп дауыстады. Сартбек мырзаның қабағындағы өзгерісті шапшаң танып «Мырза, шақырған жұртың бұлақ басында күтіп отыр» — деудің орнына, құбылып сөйлеп кетті. — Батыр, көңіл айтқан кісілермен бірге елден сарбаздар келген екен. Батыр келсін, лебізін тыңдаймыз дейді. Не хабар айтайын? — деп тағзым етті. Садық басын көтеріңкіреп Сартбектің сөзін мақұл дағандай иек қақты да, Тимофейге бұрылып жылы жүзбен сөйледі. — Мына Көксаздағы бұлақ басына көңіл айтуға келген көп халықпен бірге сарбаз жастары ере келіпті. Замандасының жас жарын азаптап қорлықпен өлтіргеніне өздері де қорланып, түршігіп, өршігіп келген түрлері бар. Тайынбайтын бәлшебексің ғой. Өсиет айтарсың! — деді. Тимофей ашық үнмен: — Сол азаматпен жүздесуге өзім де құштармын! Қайда өздері? Жүр! Баралық! — деді. Бұлар жаяу сай бойымен бұлақ басына қарай беттеді. Сартбек Садықтың ақжал сары жорғасымен өз атын
Шығармалары жетектеп келеді. Майлыбай мен Тимофей атсыз болған соң, аналар соларға еріп жаяу жүріп келе жатқан сияқты. Сайдың тау жақ беті айғыз-айғыз жақпар тастар. Әр тұста жартастың кең қуысын үңгірлеп қазған жертөле ұшырасып қалады. Жатақ кедейінің алғашқы баспанасына ұқсайды. Терең сайдың Көксазға қарай бұрылыс қабағындағы жертөленің тұсынан өте бергенде мылтық тарс-тұрс атылды. Майлыбай Тимофейді денесімен жауып қатпар көк тасқа тығыла қалды. Ахмет ақ бандалардың Шарбануды өлтіріп кеткенін ауыл-ауылды шапқылап жүрген Садық мырзаның адамдарынан естіген еді. Үйіне есеңгіреген, түсініксіз халде, аса күйініш қысқан, іштен уланған жылаулы халде жетті. Ахмет есіктен кіргенде төсек тұсындағы шайы шымылдықтың оң жақ босағада керулі тұрғанын көріп тұла бойы қалшылдап, тізерлеп отыра кетті. Шымылдық етегін бетіне басып ұзақ жылады. Бәрі тәтті түс секілді көз алдынан өтіп жатыр. Айғаным келінінің қасиеттерін термелеп, дауыс салып зарлап кетті. Ерден өткен зиялы болғанын, атасының басына қамшы тигенде қарлығаштай шырылдап, араға түсіп, ақтың солдатын шапалақпен тартып жібергенін, бұл дүниеде әділет жоғын, жақсыны құдай қоймайтынын. айтып ұзақ жылады. Үйдегілер: — Қой, Ахмет. Сабыр ет, шырағым. — Айғаным сен де қой. Алланың жазуына шара жоқ. Жылағанмен өлген тірілмейді. Жылағаннан жан бітірсек өткен игілерді тірілтіп алмас па ек! Құдай, артын қайырлы қылсын, бала-шағаға қуат берсін! — Е, сөйтіп ақыл тоқтатыңдар, — деп басу айтып жатты. Әлімқожаның әйелі кірлен әкеліп, Ахметтің қолына су құйды. Ахмет бетін шайып жатып: — Әтіргүл, ағам қайда кеткен? — деді. — Осында екі-үш күннен бері Садық мырза жатыр.
Кемел Тоқаев Шарбану келінге, араша түсіп банданы атып тастаған со кісі ғой! Ахмет жақтырмай қабағын түйіп: — Жұмағұлдың үйінде ме? — деді. — Иә. — Онда неғып жүр? — Әлгінде Түймебай орыс келген. Өздері мырзамен ақылдасамыз деп кетті ғой. Селолық Совет председателін кеңседен таба алмаған соң Ахмет Шестаковты өзімен бірге ерте келген. Шестаков мұндағы оқиғаға қанық еді. Жолшыбай жатақтағы оқиға жайында әрқилы әңгімелер естіп келе жатқан. Ол Ахметтің жиналып жатқанын көріп: — Бірге барамыз, — деді. Жатаққа баурайын ғана көрсетіп тұрған шошақ төбенің күншығыс жақ етегі жазық дала. Сол жазықтың тауға тірелер жиегінде бұлақ көзі бар. Сол түста қысы-жазы тынбай ағып жатқан бұлақ суынан әдемі көл жасаған. Жатақтың жазғы жайлауы осы көлдің маңы. Белуардан келетін көк шалғын, жеміс-жидегі араласып өскен қалың тоғай — азғана үйлі кедейдің жаз рақат табатын орны. Бұлақтың басында көлеңкесінің өзі сегіз қанат үйдің орнындай жерді алып жатқан үлкен емен ағашы бар. Ауыл адамдары сол еменнің түбіне жиналғанын Ахмет пен Шестаков алыстан көріп келеді. Атты, жаяулы қалың топ алқа қотан үйірілген. Қыбыр етпей сөз тыңдап қалған. — Тез барайық. Не дейді екен білейік! — деп Ахмет Шестаковты асықтыра атын тебініп қалды. Шестаков таңданды. — Бұлар көңіл айтуға келген кісілер емес пе? Оқшау оңаша жиын құрғаны қалай? — Өзім де соны ойлап келем. Сөйлеп тұрған Садық мырза екен. Ахмет пен Шестаков оның мына сөздерін естіп қалды. — Ей, ағайын! Мен бақ қуып, мал іздеп жүрген жан емеспін. Бір басыма мал да, бақ та жетеді. Осында сөйлегендер көп сауал қояды: Ақтармен қалай атыстың?
Шығармалары Нешеуі жараланды? Сен жалғыз айқасқанда қасыңда серік болмапты. Енді біз серік, қасыңыздамын дейсіңдер! Солай ма? — деп ентіге барып тоқтады. — Уа, айтқанымыз айтқан, енді қайтпан! — Баста батыр, сол жауыңнан кек алмай тынбаймын! — Еңкейіп өткенше егесіп өлген артық! — Батыр, жанымыз сенен әулие емес. Қанға — қан, жанға — жан! деп көп дауыс сойыл, шоқпар, мылтық секілді қаруларын көкке көтере айқайлады. Шестаков Ахметке таяп келіп: — Сонда бұлар кіммен соғыс ашпақшы? Қайда баста дейді? Бұларды жинап жүрген кім екен? — деді. — Қазір білеміз. Жан-жағына жіті қарап тұрған Садық топ арасына елеусіз тығылып кеп тұрған Ахмет пен Шестаковты көріп сұрлана түсіп сөйлеп кетті. — Уа, ағайын! Ақтармен алыссам, бандамен шабыссам, сорлы жатақ сенің қамың! Сенің намысың! Бақ қуып батыр болайын дегенім жоқ. Жайыла жатқан қазағым, сенің абыройың үшін алыстым! Сендерге де бұғынба, еңсеңді көтер, көзіңді аш, жауыңнан тайсалма, күресіп бақ деймін! Дұшпанға шайқаса, шайнаса білетінімізді танытайық! Сендерге беретін батам осы! — деп тына қалды. — Қайтсін, бейшара, ел намысы жатқызбаған ғой! — Дұрыс айттың, осы күні біреуді біреу жоқтайтын заман ба? Ар қысқан соң жауымен алысып жүр де. Батырдың осы қадірін білмейміз-ау! — деп, Сартбек бастаған екі-үш жігіт қостап қойды. Қалың көпшілік жым-жырт. Садық шабарманы Сартбекке түйіле көз қиығын тастады. «Үнің өшкір, тілің байланып қалды ма? Неге сөйлемейсің!» деген зеку бар. Сартбек үзеңгіге аяғын тіреп, ерден сәл көтеріле жанжағына көз тастады. — Уа, бауырлар! — деп шаңқ ете қалды. — Жатақ жырағың емес, қандас бауырың, кіндіктес туысың. Оны көп қорласа, қалың қазақ сені де табалағаны. Бұл бәріміздің кеудемізге кек өршітіп отыр. Кейбіреу кешегі ауылды
Кемел Тоқаев қандатқан, бала-шағаны зарлатқан ақтарды өзіміз күнде көріп жүрген орыстардан бөле-жара қарайды. Ау, сол кәззап бандалар орыстың тұқымы емес пе? Сол дұшпаның іргеңде отырған жоқ па? Кімнен жалтақтап, кімнен қаймығасың! Барымта-шабыс ата кәсібіміз. Сен де есеңді жіберме! Бар да шап, өлтір! Өрте! Шаңырағын ортасына түсір! Нартбек пен қасындағы шұбар жігіт өршелене түсті. — Шаппағанда несі бар! Шабамыз! Жоямыз! — Құртамыз! Майлыбай жағасын ұстап: — Астапыралла, бәрінің сөзі бірдей, бірінің аузына бірі құйып қойғандай! — деді. Тимофей естіп қалып: — Кімді айтасың? — деп еді. Майлыбай тұйықталып қалды. — Жәй, әншейін... Сартбекті мына жиын онша қолдай қоймағанын Садық байқады. Алғаш дүрлігіп, желігіп бой бермей кете ме деп еді. Өйтпеді. Енді қасындағы Сартбектерге тыйым салған боп: — Жә, бекер шуылдама өңшең шуылдақ! — деп зекіп тастады. — Арамызда сол дұшпаның деп отырған жерден орыс кеп отыр. Соны тыңдайық. Өзі айтсын! — деді. Садыққа күйеу болуға дәмеленіп жүрген Әміржан атын тебініп қап, алға ұмтылып: — Бұл орысың бәлшебек пе өзі? — деді. Садық қамшысын көтеріп естірте дауыстады. — Нағыз бәлшебектің әкесі! Майлыбайға нағашы есепті Боздақ қарт сонау Іле бойынан келген. Мекені Сары шағылдың арасы. Мойнын созып, кәрі көзін алға қадап: — Бұлардың қызылдарын көріп ем. Ал бәлшебегі ұшырасқан емес. Шекесінде мүйізі болады деуші еді. Сүзіп жүрмей ме? — деді. Тимофей ортаға шыққанда Боздақтың қасында тұрған жас жігіт Жантас: — Аға, мынаның шекесінде мүйізі жоқ қой! — деп таңдана қарады.
Шығармалары — Қойшы! Әміржан білгішсініп: — Қой, мынау бәлшебек емес, Түймебай орыс! — деді. — Майлыбайдың тамыры ма? — Иә, соның өзі! Тимофей қолын көтеріп: — Ау, қазақ ағайын! Алдыңғы күні ақ бандалар жатаққа кеп Майлыбайдың үйін ойрандап жатқанда дәл сол мезгілде, сол сағатта қара сақал қазақ бастаған бандалар тобы орыс селосын қиратып үйлеріне от қойып жүрді. Селоның еркектері мен жұмысқа жарамды әйелдері егін басында, бақша маңында болатын. Біздер келіп жеткенше бандалар қашып та үлгірді. Сол қара сақал қазақ менің жас келінімді қылышпен тілгілеп, маңдай терісін сыпырып жұлдыз ойып, білген азабын жасапты. Онысымен қоймай қора-жайымды өртеп кетті. Немерем екеуміз далада қалдық. Ашуға булығып кектенген крестьяндар қолдарына қару алып қазақ ауылдарына қара сақал қазақтың жасағанын істемек болды. Жәбірді бәрінен көп көрген мен дүрліккен, өршеленген жұртқа тыйым салдым. Байқасаңдар, дұшпан мұны үлкен айламен, сұрқия зұлымдықпен жасап отыр. Тыныш, момын, бейбіт тіршілік кешкен, татулығы мол орыс пен қазақты өшіктіріп, қырғыстырып қойып, өзі содан пайда таппақ болған, — дегенде, жұрт гуілдеп, шошынып, жағасын ұстады. — Ойпыр-ай, сойқанның ісі-ай, екі елді бекер қанға батырмақ екен-ау! Айналайын орысым, сен болмасаң, анық арандар жерім келген екен! — Жұрт мұны бәлшебек деп жазғырады. Мұның қай жері бәлшебек. Өзіміздің орыс қой. Көрмейсің бе, қазақ шаға жылмайды. — Әлгі айтқан қара сақал қазағы кім? — Бәсе, өзі қайдан келген неме екен? Осы жердікі болса танимыз ғой, — деп, жұрт біраз өзара әңгімеге кірісіп кетті. Садықтың қас-қабағынан оның ойын тез таныған Сартбек: — Уай, ағайын! Бұл әзәзіл бәлшебектің сөзінде бір түйір шындық жоқ! Үйі өртенсе, келіні өлсе, оған жазықты басқа емес, өзінің есуас немересі, ұрпағы кінәлі. Үйіне от
Кемел Тоқаев қойып жүрген баласын тыям деп жүріп шешесі пышаққа түсіп өлген. Қазақтың түгі де, түсі де қара, бәрі де қара сақал. Қазаққа жапқан жалаң ба бұл! Көрген екенсің ұстап ал, алдымызға әкел! Тым құрыса аты-жөнін айт. Әйтпесе, ауа жайылып даттама елімді! Дақ салма, мына жұртыма. Сен осы сөзіңмен орысты өршітіп отырғаныңды білем. Сенің момындығың, жуастығың анау егініңді жинап алғанша! Сонан соң аңқау қазақты айнала шаппақсың ғой. Ондай сұмдық айлаң жүзеге аспайды. Алдымен қармақты мен салам! — деп ноқталап алған шылбырын Тимофейдің үстіне іле тастады. — Ез болмай ер болсаң еріңдер соңыма! Шыдамың таусылар, еңсең көтерілер, кеудеңе намыс оты қозар күн тумады ма, осы! Тартыңдар! — деп қыл арқанды тақымына салып сүйрелей жөнелді. Ахмет пен Шестаков айқай салды: — Тоқта, сұмырай! — Сойқандықты қоймасаң, атам! Сартбек елемеді. Артына ерген бес-алты жігітті желіктіріп, атына қамшы басып шабысқа салды. Тимофей алдында тартыншақтап бой бермей, мойнындагы қыл арқанды сыпырып тастамақ еді. Аттың шабысына ілесе алмай құлап түсті. Шестаков тапаншасын суырып алып Сартбектің үстінен асыра атып жіберді. Сартбек өзіне оқ тигендей қайқаң етіп құйрығын ұстап, байбалам салып, тауға қарай қаша жөнелді. Ахмет пен Шестаков екеуі екі жақтап, Тимофейді арқаннан босатып, үсті-басын қағып, сілкіп орнынан тұрғызды. Бұлардың қасына келген Садық Шестаковқа қабағын түкситіп зеки сөйледі. — Әй, милиция, сені мұнда жібергенде ел арасының тыныштығын сақта, орыс-қазақты бөле жармай әділ бол, тентегін тезге сал, әумесерге ілесіп ауа жайылма деген болар. Аулымызға келмей жатып, қазаққа мылтық кезеп, оң атқаның қалай? Мұнда біз басшысы, ақылшысы, абызы бар бір қауым ел емес пе ек! Түймебайды жаман есерге жәбірлете қоймас едік қой. Алдына басын игізіп, жығатын едік. Қанша надан болғанымызбен қыз ұзатып,
Шығармалары ұл өсіріп қанат жайып жатқан кең халықбыз, іргелі елміз. Бір тентектің дөрекілігін тыюға шамасы келетін еді. Әлдекімнің зұлымдығына құса боп, қатты қайғырып өлік шығарып жатқан қаралы ауылдың үстіне мылтық ату деген не сұмдық! Уезден алып келген тәлімің осы ма? Советке, жаңа өкіметке жаның ашыса мына Түймебай секілді сабырмен ақылыңды неге айтпайсың! — дегенде, Сартбектің інісі Нартбек жалаң сапысын жалаңтатып Садықтың қасына жетіп келді. Алдына атымен көлденең тұра қалып, тағзым етіп: — Батыр, жолымызды кеспе, батаңды бер! Қоралап алып қорлағаны, басынғаны жетер. Мылтық атса үркіп, безіп кетер ер емес, ез дейтін шығар. Жоқ, өшіксе, өршеленсе өш алмай тынбайтынымызды көрсін. Мынау шірік неменің, — деп қисық сапысының ұшымен Шестаковты нұқып керсетті, — басын кесіп өз қолына ұстатам. Сонан соң қаншамызды атып тастайды екен, көрейін! Анау жұртың да соны тілеп, рұқсат сұрап тұр! Жауыңа өзіңдей айбатпен айқасуға ант етеміз, батыр! — Бәлелі іске қолқа салма! Қаралы ауылдың үстіне шоқпар көтергенді қай атаңнан көрдің! Жоғал! — деп ақырып қалды. Нартбек топ кісілерге барып қосылғанша қарап тұрды да, Ахмет пен Тимофейге бұрылып: — Түймебай, менің қолымнан келгені осы ғана болды! — деп Шестаковтың жауабын тыңдамай жүріп кетті. Тимофей соңынан қарап тұрып: — Өз өмірімде бір-ақ рет қыдырма артистердің ойынын көріп ем. Солар адамның әрқилы астарлы мінез-құлқын жасағанына қызығып таңғалғаным бар. Садық мырзаның ойыны одан асып түсті. Бұл ешқандай перде құрмай, бүркенбей, боянбай шебер ойнап шықты! — деп басын шайқады. Майлыбай баласымен екеуі орыс досын ортаға алып, Шестаковты ертіп үйіне келді. Ауыл кісілері мен көңіл айтуға жиналған ағайын жұрт Майлыбайдың үйі-ішіне сыздана қырын қарап өкпелеген түрлері бар. Соншалықты бауыр тартып ағайыншылық жасаған, ақ бандаларға қарсы басын оққа төсеп, осы үйдің намысы үшін жалғыз алысқан
Кемел Тоқаев Садық мырзаны ренжіткеніне, орыстарды қорғаштағанына іштей наразы еді. Майлыбайдың Тимофейге арқа сүйейтінін бәрі біледі, оның тамыр боп жүргеніне қарсы да емес. Әйткенмен ағайын беделі таразы басына түскенде бір сәтке қалыс тұра тұрса қайтер еді десті. Майлыбай мұны білсе де сезбеген болды. Тимофей екеуі оңаша қалған бір сәтте сергек, ажарлы үнмен: — Түймебай, сені жұрт бәлшебек дейді. Сол рас па? — деп тамырынан сыр тартты. Тимофей мұртын сипалап жымия қарады. Оны неге сұрадың? — Бәлшебегің дәл сендей болса жаман емес-ау, тегі. Мені бәлшебек қатарына жазып қойсаң қайтеді. Жатақтағылар Шарбануды соңғы сапарға шығарып салып ауылдағы қонақтарды біртіндеп жөнелтіп жатқанда ала қоржындарын артып Адхамов пен Махмұд келген еді. Олар Қаратау бөктеріндегі орыс селосына уақ-түйек сауда жасап әрі Басши бекетіне бармай кейін қайтты. Адхамов өлік шығарып жатқан жерге бақалшылап барғанды жақсы ырым санамайтын. Мұның өзі таза, әдемі сауда кәсібін кірлеу деп ұғатын және бұдан түскен пайданы қарам көретін. Кісінің көз жасы төгілген мұңлы ауылдың босағасын аттамайық деп зар қаққанда, Махмұд қысқа дәлел айтты: «Көңіл айтуға шар тараптан жиналған кісілер көп. Біз қоржын жайып сауда жасамаймыз. Тек солардан не керек екенін сұрап біліп қаламыз. Қолымыздағы заттардың ыңғайына қарай ертең сол ауылға бара қоямыз. Бүгінгідей бей-берекет салақтап жүре бермейміз» — дегенде ғана әрең көнді. Махмұдтың мұнда келудегі мақсаты бөлек еді. Оған қайткенде Тимофейге жолығу керек. Оның басына төнген қатерді ескертіп қоймақ және Жаркентпен дереу байланыс жасауын сұрайды. Махмұдты осы жаққа жіберер алдында Қасымхан село мен жатақ тұрғындары жөнінде мәлімет бере отырып, «зәуеде мұнда біз байқамаған аса қиын жағдай туа қалған күнде Тимофей Иванов деген бар. Сонымен байланыс жасарсың. Сенімді адам. Әйткенмен, сырыңды ашып, өзіңді жария етуден қашық бол. Сен басқа
Шығармалары жұмысқа да керексің. Алдыңда орындайтын міндет көп» — деп ескерткен. Махмұд Тимофейді танымайтын. Бірақ жатақта екі бірдей орыстың жүргенін көргенде қуанып қалды. Шүңек көк көз, қою сары мұртты, тығыз сары сақал, жылы жүзді кісінің Тимофей екеніне анық көзі жетті. Адхамов жатаққа оңай сіңіп кетті. Майлыбайдың жаюлы дастарқанының шетіне шарт жүгініп отыра қалып бұхара махамымен құранды сызылтып оқи жөнелгенде әрі-бері сапырылысып жүрген үлкен кісі, қатын-қалаш селт етіп құлақ түріп тізелерін бүгіп отыра қалысты. Қазақ құдайға сыйынуға бар да, құран оқуға жоқ. Шала молдалар әлдекімнен естіген әуенге салып өздерінше көп уақыт тыныс қайтармай демі үзіле оқығанымен былай құран сөзінің мән мазмұнын пайымдай қоймайтын. Адхамовтың дұға оқысы өзгеше сазды, мұңлы. Әуезі бүкіл жатаққа естіліп тұрғандай. Құран оқылып болғанда Боздақ қарт «әумин» — деп бетін сипап: — Ойпыр-ай, құранды оқи білген де үлкен өнер екен-ау! Біздің ауылдың молдаларының бәйіт оқығаны мынаның қасында бұзау мөңірегенмен бірдей ғой. Рақмет, жолаушым, дұға шапағаты марқұмның әруағына жетсін. Шай ал, ішіп жеп отыр, — деп қалың бауырсақты алдына ысырып қойды. Адхамов құран оқып жатқанда Тимофей мен Шестаков сыртта шеттеу тұрған. Махмұд оңаша тұрған Тимофейдің қасына кеп село жаққа қол сілтеп әлденені сұраған боп тұрып мынаны айтты: — Мен уездік милиция Қасымханнан. Оңаша сөй лесетін шұғыл әңгіме бар. Мына жұрт алдында шапшаң ұйымдастыр. Күдік алмасын,—деді. — Қасыңдағы серігің кім? — Ол сәудегер, бұл іске қатысы жоқ. — Ұқтым. Махмұд жатақ үйлерін жәй көргісі кеп аралап кетті. Сол арада Майлыбайдың үйінің төңірегі у-шу боп қалды. Тимофей кісілердің бәрін үйден шығарып жіберіп, босағаға
Кемел Тоқаев Шестаковты күзетке қойып Адхамовты қатты тергеуге алған. Әлімқожа адырайып Майлыбайға ақыра сөйледі. — Әй, Майлыбай, мына орысыңа қой, тиыл дегін. Бірі анау, екіншісі мынау, бұ не сұмдық. Совет саудаға, дінге жол ашық деген. Мына Түймебайыңның жасап отырғаны жолсыздық, зорлық. Майлыбай: — Әй, әйбәт молда, орыс деп бекер даттап, сөкпе! Бұл да кеудесі шерге, мұңға толған сорлы. Өзі үшін дейсің бе, өкімет тапсырған соң істеп жүр де. Сабыр ет, — деді. — Жұрттың шыдамын, сабырын түгесіп біткен жоқсың ба? Кісі шетінеген қазалы үй деп іштен тынып, ашынса да ашылып, батыл сөз айта алмай дымы құрып отырғанын неге көрмейсің? Зерек едің ғой, неғып кеудең көр болып қалды. Өкімет жұмысы деп жайма-шуақ жабасың. Өкіметшіл болса, қалың орысына барсын, тәртібін сонда орнатып алсын. Ағайын безсін демесең қазір қарасын өшірсін! Кетсін шапшаң! Түймебайсыз-ақ ел болғанбыз! Бұл кезде Шестаков қорадан жүгіре шығып жан-жағына алақтай қарап Махмұдты іздеп жүрді. Әлімқожаның аппақ келіншегі Әтіргүл мен Айша ұзын бойлы, кең кеуделі, қара қас, қара көз, қара мұртты өзгеше сұлу кескінді жігітті көріп, есік саңылауынан кезек-кезек көз салып, тамсана қарап тұрған. Екеуі жігіт бойынан әдемілікті көп табады. Шалбарының балағын әміркен етігінің қонышын қайыра кең түсіріп, сәндеп киген. Қызыл күлгін тік жаға көйлегінің етегін бос жіберіп, беліне жұмыр шашақты белбеу буынғаны да жігітке қатты жарасады. Киімдері қалаша шақтап тігілген. Есік саңылауынан тамсана ұзақ қарап қалған Айша: — Біздің ауылдың еркегі өңшең бітік көз, таңқы мұрын, бүйрек бет, қайқы маңдай, ұсқынсыз сорлы немелер екенде! Соны да еркегіміз бар деп құшамыз-ау! Әттең, менің баяғы қыз кезім болсашы. Мұндайдан құр қалмас едік. Сен Әтіргүл жассың ғой. Бетіңнің қызылы бар. Мына жігітті қонаққа шақырып, бір күн қондырып жібермейсің бе? — Ойбай-ау, молдакеңді қайтесің?
Шығармалары — Бауыр еті жұлынған семіз үйректей сол немеңді қойшы. Бір сылтау тауып, алдай алмасаң несіне қатын боп жүрсің! – Әй, жеңеше-ай, қала азаматы ауылдың сары етек қатындарын қайтсін! Саңылаудан сығалап тұрған Айша шошынып есікті ашып жіберді. Шестаков еркіне қоймай Махмұдты түйгіштеп айдап бара жатыр еді. Айша ашуға булығып: — Мына немесі қыларын қылып бітті-ау! Осы ауылда еркек бар ма, жоқ па? — деп түпкі үйде шынтақтап жатқан Жұмағұлға зекіді. Жұмағұл дәнеңені ұқпай, қолбаңдай басып қасына келді. — Е, не боп қалды? — Сендер еркексіңдер ме, жоқ па? Өздеріңде намыс, ар деген бар ма? Көрінген төбемізге шығып, әбден қорлап біт ті ғой! Жұмағұл екі әйелдің жас, сұлу жігітке жаны ашығанын біліп еңкілдеп күлді. — Тараншыға үздігіп қапсыңдар ғой. Қазір-ақ босатып жібереді. Қорықпаңдар! Шестаков Махмұдты есіктен кіргізіп жіберді де өзі қайта шықты. Мұндағы әңгімені ешкім естіп, қоймау үшін есік пен терезені бағып тұр. Кісілерді маңайлатпайды. Тимофейдің әмірі солай. Тимофей Махмұдты қасына отырғызып, ойлана отырып сөйлеп кетті. — Бүркеп, бүгіп іс тындырамыз деп жүргенде бүлдіріп алмасақ неғылсын. Сендермен оңаша сөйлескенімді жатағым жақтырмай жазғырып жатыр. Бүгін осы ауылдың үстінде ғажайып көріністер мен ойындар ойналып өтті. Ойын түбінен от шығады дейтін бе еді қазақ. Соған ұрынбасақ жарады. Ал сөзіңді тыңдалық. Айта бер, — деп еңсесін бұрып Махмұдқа қарады. Махмұд Усковский мен Сигалов үшеуінің арасындағы әңгімені тәпкіштеп бір сөзін қалдырмай айтып шықты. Сөзінің соңында: — О баста бандаға кезігіп сөйлесем деген ой болған
Кемел Тоқаев жоқ. Мәлімет жинап қайтамын дегенмін. Енді көрмейсің бе? Оларға көп ақша керек. Қандай қажетке жұмсайтынын ашық айтпайды Сірә, Усковский арада жүрген делдалшы секілді. Үлкен әңгіме келесі жолығатын кісімен бола ма деймін. Оларға қандай шарт қоярымды да білмеймін, — деді. — Усковскийдің сондай арам пиғылы барын ептеп аң ғаратын едім, — деп бір сәт үнсіз отырды. — Бізден қандай көмек керек? — деді. — Жаркентке баратын сізден басқа кісінің ыңғайын таппадым. Бұл маңызды шұғыл істі тағы біреуге айтып, құпияны ашқанымыз келіспейді. Тіпті солай болған күннің өзінде сізге мұнда қалуға болмайды. Олар кез келген минутта өлтіруі мүмкін. Немереңізді осындағы тамырыңызға қалдырыңыз да жүріп кетіңіз. — Қашан кеткен қолайлы? — Қазір жүріп кетсеңіз екі жаққа да тиімді. — Олай жарамайды. Усковскийді ақымақ демегін. Оқы ғаны бар. Кешегі поручик. Байланысшы боп жүргеніне қарағанда ол мұндай жасырын, астыртын жұмысты білетін болғаны. Бүгін Крутикованың үйіне қонасыңдар ма? Мен әлі сендердің зықыларыңды шығарам. Усковский сендерге мүлде күдіктенбейтін болсын. — Бұл да ақыл екен. Күтеміз! Махмұд пен Адхамов жататын пәтеріне кеш оралған. Келген қонақты бір қалыппен сыпайы қарсы алатын Крутикова көрінбейді. Егор да, сабалақ жүнді сары төбет те жоқ. Қора-жай меңіреу мекендей бос қалған. Адхамов үрке жан-жағына көз тігіп сыбырлай сөйледі. — Үйді тонап, иесін өлтіріп кеткен бе, не сұмдық бұл? Сен осылай тұра тұршы. Мына қоржынга ие бол. Үйде кім бар екен? Білейін. Махмұд қолынан ұстап сілкіп тоқтатты. Сол сәт Крутикова қайда деген ой келді. Дәл қазір оны бандалар аластай алмайды. Әрі-бері өткен жолаушыға пәтер қандай керек болса, бұл үй оларға сондай қажет. Жолығысып, кездесіп тұратын ыңғайлы орын. Мұндай тылсым
Шығармалары тыныштық бекер жасалмаған. Бұл маңда көп адам тығылып, жасырынып тұруы да мүмкін. Махмұд саудасы жүрген, көңілі толған ойсыз, аңғал пішінде айқайлап сөйледі. — Уа, Аптахун-ака, әйбәт маржаң лагман жасап қоям демеп пе еді. Әлгі Советі құрғыр күні бойы тергеуге алып аш қатырғанын білмейді ғой. Аздап қызыл келімдәрінің қабығын қос демеген екенбіз де. Еттің арасында тіл қуыратын қызғылт қабықтың жылтырағанын жақсы көрем, — деп асыққан кісідей адымдай басып ортаңғы бөлмеге кіргенде Усковскийдің отырғанын көрді. Ол жалғыз. Бұрышта сары самауырын дызылдап қайнап тұр. Оттығынан жылтыраған майда шоқтар көрінеді. Крутикова осы маңда деп ойлады Махмұд. Усковский орындық арқалығына жотасын тіреп шірене, шалқая отырып: — Саудаң қызып күннің батқанын білмей қалғансыңау, сірә? Қазір дүрбілең кез. Осы күні қоржын түгіл бастан айрылу қиын емес, — деді. Адхамов таныс кісінің отырғанына қуанған кісідей ебелектеп жүр. — Махмұд, әлгінде сескеніп қалғаным мына господин хорошийдің әруағы ма деймін. Әлгі маржа қайда екен? Бізге тамақ, мынаған арақ әкелсін. Господин хороший, сіз сауда қызған ба дейсіз? Байтал түгіл бас қайғы боп кеткен жоқ па? Күні бойы анау милициясы қамауға алып, тергеп жанымыз әрең қалды, — деп иығындағы қоржынын бұрышқа тастай салды. Усковский түйіле қадалып, жиренген түрмен Махмұдқа шапшаң бұрылды. — Мына тасбақа не деп отыр? Қайдағы милицияны айтады? — Кәдімгідей көк жағалы, найзалы мылтығы, салақтаған қылышы бар милиция. — Жөндеп түсіндірсеңші быдықтамай! Махмұд үйде өздерінен басқа тағы біреулердің барын сезді. Усковский солардың алдында сөзі өтімді, беделі бар кісі екенін танытқысы келген секілді. Таңертеңгісін
Кемел Тоқаев ғана ақша мысын басқандай жылмаңдап кеткен болатын. Махмұд қоржынын жерге қойып сылқ түсіп отыра кетті. — Кешір мырза, сөйлеуге шамам жоқ. Ашпын! Адхамов серігін арашалап жай-жапсарды түсіндірді. — Господин хороший, төменгі орыс селенінде ұсақ-түйек сауда жасап енді жүргелі тұрғанымызда көп аттылардың тауға қарай ағылып бара жатқанын көріп, шілдехана, той, ер балаға үкі таққан ырым ба деп қуанып қалдық. Бұ жақта ер баланы ер жеттіге санағанда басына үкі тағып атқа отырғызатын, той жасайтын жақсы ырым бар. Әйтеуір не болса да той, қалың жиын ғой деп соңдарынан ілесе бердік. Сөйтсек, көңіл айтуға бара жатқан кісілер екен. Дәл өліктің үстінен шықтық. Сауда жайымен қалды. Амал жоқ, барған соң құран оқуыма тура келді. Құранның көп сүрелерін жатқа білем. Соны біреулер жат көріп Советі мен милициясына сыбырлай қойған ба, «Сен Бұхар махамына сап құран оқуды қайдан үйрендің? Онда дәріс алсаң мұнда неғып жүрсің? Ұлтың кім?» — деп жатып тергеді емес пе? Араға уақыт салып қайта жауап алады. Әбден сілемізді құртты. Усковский түсінбеді. — Қазақтың бәрі өлікке құран оқиды. Дұғаны жатқа білгенді үлкен молда санап қошеметтемеуші ме еді? — Бұл жолы ондай құрмет жасамады, — деді Махмұд шаршаған түрмен. — Оларға Бұхар деген сөз түрпі естілген. Осында әдейі жүрген, ар жаққа атаман Дутовқа өткелі келген Бұхар әмірінің тыңшысы ма деп сезіктенген секілді. — Сондай үлкен күдік алып тұрып тез босата қойды ма? — Милициядан оңай құтылмайсың, — деп Адхамов киліге кетті. Ақбөкеннің мүйізін алып жүрген қазақ тамырым жолығып қалып сол арашаға түсіп, кепілдік беріп жүріп зорға шығарып алды. Әйтпегенде қазір Жаркентке айдалып бара жататын едім. Махмұд кәрі саудагердің өтіріктен оңай дәлел құрастыра қоятынына таңғалды. Кейін өздері оңаша қалғанда
Шығармалары Махмұд «өтіріктің құйрығы бір тұтам, ұсталып қалсаң қайтесің?» — дегенде, Адхамов «сол қауіпті сәтте амал жасап басыңды арашалап қал. Одан құтылып алған соң ол тергеп анығына жетем дегенше, кеудеңде жаның бар емес пе, қамданбайсың ба? Екінші жолы тұтылған күнде бас кететін қатер төнбейді. Бәрінен алғашқы кәр, зәр жаман» — деп күлген. Махмұд қоржынын жататын бөлмесіне қоймақ боп есікті аша бергенде терезе алдында теріс қарап тұрған кісіні көрді. Сыпайы әдемі киінген. Махмұд сәл дағдарыңқырап тұрып: — Сәлеметсіз бе? — деп кішілік жасап басын иді. Бейтаныс адам зілдене түсіп ақырын мойнын бұрды. Танауының астында бір шөкім қара мұрты бар, денесі толықтау келген бұл жылтыр қара кісіні Махмұд көргені бар. Қайда, қай жерде ұшырасып еді? Ойын түйіп, сәтінде есіне түсіруге мұршасын келтірмеді, ол зәрлене түсіп ақырып қалды. — Ей, арам ит. Сен қайдан жүрсің? Жаркентте жалаң аяқ шаң кешкен сен тараншы қашаннан бері қалталы бай бола қалып ең?! Қай атаң мал айдап, саған миллион жинап беріп еді! Не оттап жүрсің! «Ел арала, бақалшылық кәсіп жасаған боп Советке қарсылардың тізімін ал, жау жүрек жандармен байланысып, олардың жатақ мекенін біл!» — деп жіберген Қасымханның тіміскек тыңшысымын демейсің бе? — дегенде, Махмұд «бұл сырды қайдан біліп жүр? Шынымен тұтылған жерім осы ма?» — деп талып, әлсіреп кеткендей болды. Не істеу керек? Осы бір сұрақ жаңғырықтанып сан қайта ойға орала берді. Қашып, бұғынып тасаланып тығылатын жер жоқ. Терезенің темір торы бар. Желкеде Усковский қадалып тұр. Сәл оқыс қимыл көрсетсе атып тастауға әзір екенін біледі. Аптахун-ака қайда? Аузы тыным таппай сөйлеп жүруші еді. Үндемейді ғой. Ол бейшараны бас салып езгілеп, дыбысын шығармай, тұншықтырып тастады ма екен... Ең болмаса, Иванов аман қалса екен. Мұнда келуіне қалайша келісім бере қойдым.
Кемел Тоқаев Жаркентке тура тарт, тоқтама жөнел деп неге айтпадым. Жоқ, солай деп айтқан сияқтымын. Тимофей бұл үйге мүлде жоламағаны, маңайламағаны дұрыс болар еді. Қауіп барын енді оған қалай жеткізерсің? Әттең... Алдындағы жылтыр қазақ тапаншасын кезеп Махмұдқа жақындай түсті. — Меңіреу, кеще, мелшимей шыныңды айт! Жетіге дейін санаймын. Бір... екі... үш... төрт... бес... алты... Үй ішінде тарс етіп мылтық атылды. ОҚШАУ ХАБАРЛАР «Тоқтаусыз жіберілсін! Жаркент қаласы, уездік милицияға! Чанышев жолдасқа! Верный бүліншілігі біржола талқандалды. Бүлікті бастаушылар жазасын алды. Түркістан Компартиясы мен Орталық Атқару Комитетінің органы «ИЗВЕСТИЯ» газетінің кезекті № 68 санынан үзінділер келтіремін. Мақала «Верный бүліншілігінің ісі бойынша ҮКІМ» деп аталады. Онда былай деп жазылған: «Түркістан майданының Революциялық Әскери трибуналының көшпелі сессиясы Верный бүліншілігі істі сотта 16 күн бойы қарап ҮКІМ шығарды, мыналар ату жазасына кесілді: 1) Верный қаласының 1-ші ауданының бұрынғы милиция бастығы Чеусов — бүліншілік Әскери советінің қызметін атқарғаны, бүлікшілердің бұйрықтарына қол қойғаны үшін; 2) Артилерия взводының бұрынғы жауынгері — Бухчич — бүлікшілердің жиналысын басқарып отырғаны үшін: 3) Букин — бүлікшілердің Әскери командирінің көмекшісі міндетін атқарғаны үшін; 4) Қарауыл ротасының бұрынғы командирі Шукин — бүлікшілер алған қамалдың коменданты қызметін атқарғаны үшін;
Шығармалары 5) Жетісу бөлімшесінің Ерекше бөлімінің бұрынғы қызметкері Чернов — революциялық мекемелерді жойғаны және Ерекше бөлімді талқандағаны үшін; 6) Жетісу облыстық Ерекше бөлімінің бұрынғы қызметкері Васильев — құпияны ашпау жөніндегі антты бұзғаны және бөлім меңгерушісінің жасырын пәтерін айтып қойғаны үшін; 7) Бороздин — бүлікшілердің штаб бастығының қызметін атқарғаны және бүлікшілердің бұйрығына қол қойғаны және Ерекше бөлім мен дивизия штабын қарусыздандырғаны үшін; 8) ...және тағы басқалары. «Известия» газетінің бұл номерін арнаулы байланыспен жіберем. Сол бойынша шаралар қолданыңыз. Уездік милицияға кездейсоқ адамдардың алынуына жол беріл месін. Ұстатпай жасырынып жүрген бүлікшілердің белсенді басшылары Андреев, Петров, Еруговых және Праслов заңнан тыс деп табылды. Уездегі жағдайды дереу хабарлаңыз. Ревкомның тапсыруы бойынша Шагабутдинов, Верный қаласы. 1920 жыл». «Тоқтаусыз жіберілсін! Верный қаласы, РЕВКОМ-ға! Шагабутдинов жолдасқа! Бүлікшілердің талқандалуы бүкіл уездегі Советтерді нығайтуға, уездік милиция жұмысын жақсартуға зор қуат, жігер береді, кедей табының болашаққа үмітін арттырады. Өз тарапымыздан уездік милицияны сенімді, революция ісіне берілген адамдармен толықтырамыз. Кездейсоқ іске жол бермейміз. Қызыл керуенге шабуыл жасаған бандалар атаман Анненков құрған «Қыран ұясы» тобының сарқыншақтары екені анықталып отыр. Мұны анықтауға
Кемел Тоқаев мынадай жағдай себеп болды. Бұдан біраз уақыт бұрын шекараны бұзып өтпекші болған Григоренко-Тихонович деген ұсталған еді. Әскери тіркеу бөлімінің адамдары мұқият тінткенде және тексеру барысында көп жайдың басын ашты. Одан екі басты, самұрық кұстың суреті салынған ақ жалауша табылды. Бұл банда тобының басшысына жолыққанда генерал Дутовтың тікелей өзінен келген кісі екенін танытатын пароль екен. Банда басшысы Дудко және оның қарауындағы барлық адамдар мұның әмірін бұлжытпай орындауға тиіс екен. Григоренко-Тихоновичтің орнына сол парольмен өз кісімізді жіберу көзделді. Бірақ Дудко және арада жүрген байланысшы Григоренконы жақсы таниды. Ал бұл әскердегі көп таныстарының қайсысы екенін жақсы білмейді. Ал Дудко деген оның шын фамилиясы емес, бүркеншек аты. Әйткенмен бандалардың жалпы санын білу, олардың тұрақ мекенін дәл анықтау үшін өзімізден сенімді кісі жіберілді. Одан хабар алынысымен милиция отряды және арнаулы тапсырманы орындау үшін құрылған бөлімше адамдары банданы жоюға дереу аттанады. Чанышев, уездік милиция, Жаркент қаласы, 1920 жыл». «Тоқтаусыз жіберілсін! Жаркент қаласы, Уездік милицияға! Чанышев жолдасқа! Біздегі мәлімет бойынша Дудко атаман Дутовтың ең сенімді кісілерінің бірі боп көрінеді. Мүмкіндік болғанша оны қолға тірідей түсірудің қамын қарастырыңыздар. Бұл жөнінде Әскери тіркеу бөлімінің бастығы Давыдовқа тиісті нұсқаулар берілді. Барлық жоспарды онымен ақылдасып жасаңыз. Аз ғана жаңалық болса, соның өзін дереу хабарлап отырыңыз. Ревкомның тапсыруы бойынша Шагабутдинов. Верный қаласы. 1920 жыл».
Шығармалары ЖҰМБАҚ ЖАНДАР Бүкіл Шығыс Түркістан өңіріне белгілі Құлжадағы жылқы заводының иесі атақты миллионер Фатих Аллаяридің зайыбы Хадиша-ханым Жаркентке көп нөкерімен кеп жатқан. Інісі Қасымхан жаңа өкіметке сіңіп соның дәрежелі, салмақты қызметкері, бүкіл уездің полициясын (милицияны Хадиша-ханым солай атайтын) басқарады деген соң соны көзімен көрейін деп келген. Мұнда жатқанына аптадан асса да сөйлеспек түгіл інісін жөнді көре алған жоқ. Алғашқы күні әкпесінің келгенін естіді ме, бірер минутқа ғана кіріп шығып, үй-ішінің, бала-шағаның амандығын, кесек ойлы, кескінді жездесінің халін сұрады да шай ішуге мұршасы келмей асығып кетіп қалды. Одан кейін көрінбеді. Үйге түнемейді. Қасымханның келіншегі Гүлшара сұлу Талдықорғанның шар тарапты шарлаған атақты купесі, байлыққа батып салмақтана түскен Абдрахман ноғайдың қызы. Хадиша-ханым інісінің жас жарына жоламай, үйге түнемей кеткенін жамандыққа жорып «Араларыңда өшіктірмесе өшпейтін, өкініш қалдырған дақ, шикілік бар ма, бұл не сұмдық! Өз үйінен, өлең төсегінен безіп, қашып неғып жүр? Жадылағандай жат бауыр, азғын пенде боп кетсе қайтесің?» деп шошына отырып Гүлшарадан сұрағанда, ол ашылып-шашылып сыр шашпады. «Келмейін, көрмейін деп жүр деймісің. Жұмысы солай ғой» дей салды. Өзі сұлу, мінезді Гүлшара жақсы, ақылды жарына адал жүрекпен пәк қалпында кіршіксіз кеп қосылған. Өзі қандай таза болса, Қасымханға да сондай таза көңілмен қарайды. Қайда, қанша күн жүрсе де алаңбыз, ынтыға сағына күтеді. Қасымханның үйге қонбай жүргені рас. Жетісудың дәл кіндігінде, Верныйда «бүліншілік жа
Кемел Тоқаев салған» деген дақпырт сыбыстың салқыны ма, жау іштен де, сырттан да аңдып, ду көтерілгелі тұрғандай еді. Қасымхан кеш батып, қараңғы түскен сәтте қарауындағы милиция бөлімшесін отрядқа, топқа бөліп, кейде жалғыз дара үлкен жолдарға, шекара маңындағы қия соқпақтарға күзетке шығарады. Өзі де солармен бірге ат үстінде ұзақ кезіп, айнала төңірекке құлақ түре жіті қарап жазғы таңды көзімен атқызып жүрді. Бүгінгі түнгі күзетте Қасымханның қасына жылдым Жүсіп ерген. Қара мұрт, қара көз, алғыр ширақ жігіт. Жүсіп — Махмұд, Әзиз, Мұқай, Көдек сияқты Қасымханның сенімді серіктерінің бірі. Әзиз бен Махмұд бұл күзеттерге қосылмады. Жүсіп арқан бойы артта ілесіп келе жатқан. Қасымханның ердің үстінде жайыла бос отырғанын көріп «қалғып кетті білем, көз шырымын алсын» деп, бұл да тізгінді бос тастап, сылбыр аяңға басты. Ат үстіндегі бір сәткі ұйқы кісіні ширатып, шынықтырып тастайды. Сергек, еліккіш көңілмен қайтадан желіп, жүріп кетесің. Мұны Жүсіп өз басынан талай кешкен. Қасымхан ұйықтамапты. Мойнын сәл ғана бұрып: — Ей, Жүсіп, бері келші. Біздің Махмұдтан хабар болмай кетті-ау! — дегенде барып бастығының үлкен ойға шомып келе жатқанын білді. Милиция бөлімшесінде әркім әрқилы тапсырмамен келіп-кетіп жатады. Кім қайда кетті? Қашан оралмақ? Онымен ешкімнің жұмысы болмайтын. Әуестеніп сұрауға тыйым салынған. Әр милиционер өз шаруасын ғана білуге тиіс. Бөлімдегілер бұл ережені қатты сақтайтын. Жүсіп соңғы күндері Махмұдтың көрінбей кеткенін, күрделі тапсырмамен бір жаққа кеткенін сезсе де сұрауға батпаған. Қасымханның өзі сөз қозғаған соң, атын тебіне қасына келіп: — Бәсе, қайда жүр екен? Сол тараншыны өзім де қатты сағынып жүрмін, — деді. Осы кезде қала үстінде қосарлана атылған ракета көрінді. Қасымхан селт етіп аспанға көз тікті. Әдетте, Давыдов екеуі
Шығармалары кезекпен күзетке шығатын. Бірі қала сыртына кеткенде екіншісі телетайп қасында қалады. Верныйдан қуанышты хабар келе қалса қатарынан екі рет — бір қызыл, бір көк ракетаны атып белгі беруге келіскен. Аспанға қызылдыжасылды ракеталар атылғанда, Қасымхан: — Сүйінші! Сүйінші, Жүсіп! Сүйінші! — деп сары атына қамшы басып қалаға қарай шаба жөнелді. Жүсіп дәнеңе түсінген жоқ. Бірақ алды қуаныш болған соң ол да бүгіле еңсесін алға тастап, ұшқыр биенің тізгінін еркіне жіберді. Өзі қиқу салып келеді. — Сүйінші! Сүйінші! Қасымхан кеңседе Давыдов екеуі қуаныштарын бөлісіп, өткен ауыр күндерді еске алып біраз отырғаннан соң үйге қайтқан. Хадиша-ханым інісі үлкен уездің милиция бастығы болған соң әйтеуір үйге соқса ақ боз атқа мініп, көп нөкермен ерекше салтанат құрып келетін сияқты көретін. Сондай қошамет жүрісін көруге құмар еді. Сырттан ат тұяғының дүбірі естілсе далаға жүгіріп шығатын. Аузын қалың мұрт басқан, бетіне тығыз қара сақал ескен көз төңірегі үңірейіп әбден жүдеген інісінің аттан түсіп жатқанын көргенде өңі қашып, таңырқап тұрды да ұзын мол тігілген көп желбіршекті ақ көйлегінің етегін көтеріп үйден жүгіріп шықты. Ни булған, ни булған сиңә? Инди ни айтәрмін сіңә! Нигә ішлөйсін бұ жұмысын. Тәштә, кит! — деп мойнынан құшақтай алды. Қасымхан ашық үнмен жарқылдай күліп: — Мен аң аулап жүрдім ғой. Нән тау текені атып түсіріп ем. Өзі де бүйірі тоқ әппақ семіз екен. Мына күн ыстықта еті бұзылып бара жатқан соң жолда малшыларға тастап кеттім, — деді. Хадиша-ханым інісінің құс ату өнерін білетін. Бірақ аң аулады дегенін естіген емес. Мал сойып, боршалағанды біле бермейтін. Өзі жүдеп шалдығып шаршап келген кісіні берекесіз сұрақтармен қажауды жөн көрмеді. Тек алдын кесе өтпей жол беріп тұрып:
Кемел Тоқаев — Енді үйде болатын шығарсың? — деп сұрады. — Сені Борқожа, Басқұншыға апарам. Жаркенттің сауда базарын, көк дүкендерін аралатам. Мұнда көптен бері болған жоқсың, ауылды сағынған шығарсың? — деді. Гүлшара қайын апасының көзінше жүгіріп барып құшақтап жатуға ұялып, не істерін білмей қысылып тұрған. Ақыры желеу тапты. Иығына сүлгі тастап, ұзын қылтанақ мойын жез құмғанмен су алып шықты. Сағынған жарына нұрлы көзімен аймалай қарап: — Жуынбайсыз ба? — деді. Нәзік саусақтарымен ерінің омырау түймесін ағытып, көйлегін шешуге көмектесті. Қасымхан жалаңаш жотасын, мойнын, басын салқын суға тосты. — Жаным, құя түсші, мына суың жағып барады, — деп суды құманнан лақылдата мол құйдырады. Бір сәт жаны байыз тапқандай, көз жұмып қимылсыз тұра қалады. Әлден уақытта бойын қатты сергітіп алып, сүлгіге сүртінді де, салмақты қолын Гүлшараның иығына салып, нәзік денесін бауырына тарта ақырын қысып басқышпен көтерілді. Шайды ас үйге емес көп әйнекті кең даланға жасапты. Қасымхан қаймақ қатқан ыстық шайдан бір-екі кесе ішті де, қалжыраған халін жеңе алмай, Гүлшараның иығына басын сүйей отырып, бүгіліп, сылқ түсіп ұйықтап кетті. Хадиша-ханым сырттан ат тұяғының дүбірін естіп: — Бұ қайсы өзі? Оятатын болды-ау! — деп паңдана қозғалып босағада тұрған күтуші әйелге әмір етті. — Бар, мұнда кіргізбе, ас үйге апар, — деді. Келген Жүсіп еді. Ол күтуші әйелмен көңілдене амандасып, аңғырлаған дауысын көтере түсіп: — Біздің начальник қайда? Қасымхан керек, — деді. — Тсс-сс, — деп күтуші әйел саусағын ерніне тақап ақырын өтінді. — Дабырламаңыз, ақырын сөйлеңіз. — Сіздей ай шырайлы аяшты көргенде мүлде ақырын сөйлей алмаймын. Алабұртып құтырынып кетем, — деп Жүсіп қамшысын бүйіріне таяна ұстап үлкен қарағай үйдің көп бөлмелеріне мойнын созып көз жүгіртті. Бөлмелердің есігін ашып терезесін қараңғылап салқындатып, тастаған.
Шығармалары Әрі биік, әрі жайлы үй мол тыныштық, рахат мекеніндей өзіне тартып еліктетеді. Хадиша-ханым Жүсіпті көріп қабағын шытты. — Осы қазақтардың жүрмейтін жері жоқ. Бұ не, той емес, айт емес, таң атпай тентіреп жүргені! Гүлшара жұмсақ үнмен: — Мына кісінің серіктері, жолдастары ғой. Шаруасы болған шығар, — деп сыпайы ғана ескертті. — Қойшы, мына пәруайсыз неменеге күні түсіп қалды деймісің, — деп күтуші әйелмен әзілін жақтырмағанын білдірді. Жігіттің онысын оқыстау, әдепсіз көрді. Жүсіп аңғал ашық көңілмен алшаңдай басып Қасымханның қасына кеп отырды. — Жолдас начальник, — деп иығынан қозғап оятты, – Начальник... Қасымхан селк етіп басын шапшаң көтеріп қанталаған көзімен Жүсіпке сүзіле, телміре түсті. — Сенбісің, Жүсіп? Жай ма? Үйге бар, ұйықта дегенім қайда? — Сізді шекарадан біреу сұрайды дей ме, анығын білмеймін. Сонан соң Давыдовқа телефон соқса керек. Өзі келсін, — деп сізге жіберді. — Ұйқыңызды бұздым ба? Кешіріңіз. — Ұйқым қанды. Қайта келгенің жақсы. Үйге бармағаныңды сезіп тұрмын. Тамақ ал, шай іш, — деп гүлді табаққа төпелеме үйілген қаздың етін Жүсіп алдына сырғытып қойды. — Рақмет. — Сен сөзді қой, тамақ алмайынша мен қозғалмаймын. Жүсіп қаздың тарбиған сан еттеріне қол созды. Баппен қайнатып, сонан соң табаға аздап қақтап алған жас ет ауызға салғанда балдай татып кесек-кесегімен жентектеле көмейіне кете берді. Бас көтерткізбейді. Сидиған сүйектер тіс арасында сыпырлып қалып жатыр. Әп-сәтте дәу табақ етті орталап тастаған Жүсіп: — Құдайдың құдіреті көмейім толып қомағайланып ас ішпесем тамақ жеген ғұрлы болмаймын, — деп саусақтарын
Кемел Тоқаев жалап алып шүберекке сүртті. Гүлшара түйіліп қалмасын деді ме, салқын шайды кесеге толтырып алдына қойған. Ол шайды түрегеп тұрып жұтты да, — рақмет келін, сен мені сыйласаң, сені құдай сыйласын, — деп Қасым ханға ілесе шықты. Қасымхан есік алдында қолын қусырып тұрған әпкесіне жымия күліп: — Ренжіме. Кешікпей келем. Гүлшара екеуің өзен жағасында шатыр тігіп, сонда тыныға тұрыңдар, — деді. Қасымхан кеңсеге келісімен коммутаторға ескертті. — Мен өзімде отырмын. Телефон соқса дереу қосыңыз, — дегенше болған жоқ, ар жақтан Әзиздің дауысы естілді. — Телефон соққан мен. — Не боп қалды? Иә, айта бер! Так-так. Кісінің өлігі дейсің бе? Мен барғанша орнынан қозғама, тимегін. Әбден дұрыс жасағансың. Қазір шығам. Сол жерден күт, — деп асығыс жинала бастады. Сөйткенше телефон тағы шыр ете қалды. — Чанышев тыңдап тұр. Трубкадан Давыдовтың дауысы естілді. — Қасымхан, әлгінде біреумен сөйлестің бе? Телефоның бос емес екен. — Иә. — Бірдеме болып қалды ма? — Әзиз телефон соқты. Қорғастың жағасында қалың қамыс арасынан кісінің өлігін көрген. — Таң атпай онда неғып жүр? — Осында контрабандамен шұғылданады деп күдік алған кісілер бар. Солардың шекарадан жасырын өтіп жүрген жолдарын аңдып, қайда екенін білерсің деп тапсырған едім. — Қазір не істейсің? — Со жаққа барғалы отырмын. — Қарсы болмасаң, бірге барсақ қайтеді? — Байқаймын, әлі дем алмаған түрің бар. ЬІлғи жалғыз жүру, оңаша пәтерде тұру кісіні жатық тырады білем. Ұйықтай алмадым.
Шығармалары — Өзіңе де сол керек. Үйге жүр дегенде бармай қойып ең! — Сенің қарық қып демалғаныңды көре алмай тұрмын-ау. — Онда кеттік. Қазір Жүсіпке жеңіл тарантасты жекті рем. Соның үстінде тынығармыз. — Мұның ақылды ұсыныс екен. Олар бір жарым сағаттан кейін Қорғасқа келіп жетті. Бұл кезде күн сәске түс боп қалған еді. Қатпар-қатпар Қаратау шатқалын жарып, жарлауыт құмды төбелерді жағалап ағып жатқан Қорғас өзені Қытайды кесіп өтетін үлкен жолдың тұсында арнасы кеңейіп табаны тастақты боп келеді. Ежелгі Қытай жұртымен шекара осы тұстан басталады. Бұл маңда шекара шегін білдіретін бағаналар, арнаулы белгілер жоқ. Өзеннің ар жақ бетінде жалаңаш көк төбе бар. Соның басында бір қолтық жусан байлаған, сырық қадалған. Шекара белгісі сол. Шекара деп аталғанымен өзеннің екі жағында да қазақ ауылдары жайлайды. Атабабасынан бері қарай жайлап келе жатқан қасиетті қонысы, ата мекені. Жаз жайлауына, қыс қыстауына еркін көшіпқонып жүрген соң және өз тіршілігіне бөгет жасамаған соң қазақ баласы шекара шегіне мән берген емес. Қайда барса да қазақ жері өз мекенім деп көше берген. Қазір Қорғастың суы мол, арнасын кернеп ағады. Өзеннің арғы бетінде көк шалғынға көміле өзенге тақау қонған жеті-сегіз қанатты үлкен ақ үйлердің саны мол. Қоңырқай, жүдеу-жадау малшы-қосшы үйлері әрменіректе шашырап жатыр. Малдардың бәрі со жаққа айдалып тасталған. Өзеннің бергі беті қыстақпен шектелгендіктен бұ жақ бетте қазақ үйлері аз. Жайдақ тарантасқа шынтақтай жатып Қорғастың сұлу көрінісіне көз тастап келе жатқан Давыдов: — Қазағың шөбі, шүйгін шұрайлы қонысты таба білгенау! Анау жағадағы аппақ үйлер кімдікі болды екен? — деді. — Ар жақтағылар Шыңжанда тұратын қазақтар. Жаз бойы осы өзен бойын жайлайды, — деді Қасымхан. — Әзиз қай тұстан күтпекші еді? Қорғастың жылға-жылғамен тарамдалып жатқан
Кемел Тоқаев тайыз суы Қаракемер тұсында қайта бір тар арнаға құйып жинақталып кемерінен асып асау толқынға айналады. Бұл алдағы көрінген қазақ ауылдарының төменгі жағында, мүлде алыста. Қасымхан сол тұстағы шоқ талды көрсетіп: — Әзиз Қаракемердің бергі бетіндегі сарқырамадан күтеді, — деді. — Жолдан тым шалғай жерде екен. — Өзім де соны ойлап келемін. Сірә, қылмыскерлер шекарашылардан сескеніп өзеннің елсіз жағымен етуге тырысқан. Әзиз оның себебін білер. — Егер Әзиздің өзіне қауіп төнсе оның мерт болуы оңай ғой. Мұндай істі орындағанда жалғыз дара жібермеген жөн. — Оны білем, Василий Васильевич. Бірақ өз міндетін ширығып, шын тілекпен сындыра алатын сенімді кісіні қайдан табасың? Және мұндай істі әркімге тапсыра бермейсің. Адам жетіспейді, Василий Васильевич. — Тарантасты Қасымханның өзі айдап келе жатқан. Ол делбені тартып атының басын жиекке, құмдақ жағаға бұрды. — Көрмейсің бе, арба айдайтын кісі де жоқ, — деп күлді. — Арба айдайтын кісі табылады-ау, бірақ сыр сақтайтын адам табылмайды десеңші. — Дәл солай, Василий Васильевич. Бұлар өзен бойымен тағы үш шақырым жер жүрді. Сарқыраманың бергі бетіндегі көк талға жеткенде, Жиде ағашының түбінен Әзиз көрінді. Анадайдан Қасымхандарды танып, солай аяңдады. Үстінде жібек шапан, омырауы ашық жағасыз көйлек киген ала тақиялы жігітті көргенде Давыдов: — Әзиз, мына түріңмен сені Жаркенттің базаршы ларынан айыру қиын, — деп қолын алып амандасты. — Сыртың ұқсап ішіне кіре білмесең саудагерлер олар маңайлатпайды, жолдас начальник. — Бақылауыңдағы кісілерді тым алыстатып алған екенсің. Әзиз күмілжіп үндемей қалды. Оқиға былай болған еді.
Шығармалары Соңғы кезде Қасымхан Құлжадан келетін кісілердің көбі Иштай жырықтың үйін жағалайтынын аңғарды. Сұрай қалғанда біреуі бауыры, енді бірі әйелінің тумасы, көптен көріспеген жақын жұрағаты боп шығады. Подгорныйға жүрер алдында Иштай жырықтың үйіне тағы үш адам келген. Оның біреуін Махмұд шырамытып, Қасымханға айтқан. Құлжада астыртын апиынхана ұстайтын Хуа Дэнпидің (қазақтар оны Кудән дейтін) сатушысы Домбай қазақ. Махмұд Мұсабай байдың медресесінде оқып жүргенде Домбай мешітте азаншы екен. Содан Домбай қазақ Домбай молда атанған. Кейін азаншылықты тастап Кудәннің дүкеніне қызметке тұрады. Тексергенде оның Иштай жырыққа туысқандық қатысы жоқтығы анықталды. Сонда ол Жаркентке қандай мақсатпен келген? Мұндағы байланысы кімдер? Иштай жырық ине-жіп, тарақ, иіс сабын секілді ұсақ бұйымдармен сауда жасайтын. Бәлкім, соған арзанқол заттар әкеп жүр ме? Әлде мақсаты бөлек пе? — Соны анықтап білуді Әзизге жүктеген болатын. Қасымхан Әзиздің қипалақтап қалғанын байқап: — Оқиға қалай болды? Бөгелмей, бүкпей айт, — деді. — Сіз айтқан сәттен-ақ ізіне түскем ғой. Солардың өзіне керекті кісілермен Файзолла қожаның шайханасында кездесетінін байқадым. Қасындағы бос орынға кезекпен келіп, шай ішкен боп әңгімелесіп істерін тындырып кететін сияқты көрінді. Кеше Домбай қазақ екі серігімен сол күнделікті үйреншікті орнында шай ішіп отыр екен. Мен апиынға тойған есалаң кісідей Домбайлар отырған дөңгелек столға қарай беттеп, қисалаңдап барып бос орынға жалп етіп отыра кеттім. Домбай қабағын түйіп: — Тәйт, мына сұмырай қайдан жүр! — деп саусағын шошаң еткізгенде Файзолла қожа жетіп келді. Ол таңғалған түрмен бас аяғыма қарап алып, қолтығымнан сүйемелдей көтеріп: — Сен мында отыр. Бұлар молда кісілер. Мазалама. Әйтпесе, қуып жіберем, — деп солардың қасындағы дөңгелек столға отырғызды. Домбай қазақ белбеуін, бас
Кемел Тоқаев киімін шешіп жеңіл отырған соң қасындағы серіктері де соны істеді. Ыстық лагман жеп, шай ішті. Бірақ кетуге асыға қоймады. Әлде біреуді күткен түрлері бар. Өзіңізге белгілі Домбай қазақ орта бойлы шымыр кісі. Екіншісі зор денелі, ашық маңдайлы, мұрынды келген ақсұр жүзді, айыр сақал семіз қазақ. Үшіншісі жұпыны ғана киінген қатпа қара адам. Тегі семіз қазақтың малайы ма, соның шынаяғын әперіп, алдын артық ыдыстан тазартып, орамал ұсынып майда қызметін көрсетіп отырды. Бір ғажабы семіз қазақ сән көре ме, аяғындағы жаңа галошын тастамайды. Кеңсе адамдарының түскі үзіліс жасайтын шағында апиын қоймасының бастығы Хайдар Нұрмамбетов келді. — Нұрмамбетов дейсің бе? — деп Давыдов Әзизді кідіртіп қолынан ұстай алды. Қасымханға қарап, — Осының жылдым мінезіне, сөзіне, күлкісіне сенуге болмайды деп Нұрмамбетовке мінездеме беріп ем ғой. Міне, айтқаным келді. Қасымханға бұл жайлар мәлім еді. Әйткенмен, аса сабырлықпен тыңдап келе жатқан қалпымен Әзизге бұрылды: — Сөзіңді жалғай бер. Не жайында сөйлесті олар? — деді. — Шынын айтсам, араларында пәлендей әңгіме бола қойған жоқ. Тіпті сөйлеспеді деуге болады, — деп Әзиз одан кейінгі оқиғаны қысқаша баяндады. Нұрмамбетов сірке суын қосқан мәнті әкелуге әмір етіп, онысын шала жейді. Әлде нәрсені ұмытқандай сағатына қарап, асыға орнынан тұрды. Со кезде Домбай қазақ айыр сақалға қарады. Ол қолын жайып «Дайын болса біз де жүрелік. Әумин» — деп бетін сипады. Бәрі өре көтерілді. Күндегі дағдысымен айыр сақалды ортасына алып Иштай жырықтың үйіне қарай беттейді. Әзиз де үйіне қайтады. Біраз уақыт өткен соң шайханадағы Домбайлардың отырысын есіне алады. Бос орынға мұны жуытпай шошына қуып жіберіп, Нұрмамбетовты отырғызғаны қалай? Әлде оны күткен бе еді? Әдейі орын сақтап сөйлесейін деген шығар? Олай дейін десе араларында ләм деген сөз болған жоқ. Дегенмен
Шығармалары ойына күдік алып Иштай жырықтық үй жағын бір шолып өтпек болады. Көшеде ойнап жүрген баласын көріп «қонақтар үйде ме? Айыр сақал саған мәмпәси әкелді ме?» — деп, сұрай бастағанда, ол «Әй, қойшы, соларды! Өздері қатал, түрлері суық, қастарына барсаң жотаңнан түртіп, итеріп жібереді. Бүгін иығымды ауыртып қойды. Өйтіп кәмпит жемеймін. Әлгінде біздің қызыл көз бұқадай гүжілдесіп отырды да кетіп қалды», — дейді. Әзиз ізін қуа шығады. Жиекте есегін таба алмай жүрген жоқшыға жолығып қалады. Ол үш адамның Сарқырамаға қарай асыға кетіп бара жатқанын айтады. Шиыршық құмға түскен ізді байқап, сонымен келе жатқанда кісінің өлігіне кезігеді. — Өлікті бұлай қалдырмас, бетін жабар деп ойладым. Түні бойы күзеттім. Ешкім келмеген соң сізге хабар бердім, — деп Әзиз көп күн бойы ізіне түсіп жүрген кісіден дәнеңе біле алмай айрылып қалғанына қатты қынжылды. Әзиздің сөзін зейінмен тыңдаған Давыдов: — Нұрмамбетов әдейілеп келіп тұрып, ләм демей кетіп қалады. Онда шайханаға несіне келді? Ұқпаймын! — деді. Қасымхан ойлы жүзбен алысқа қарағандай боп, көзін сығырайта түсті де сөйлеп кетті. — Меніңше, олар үнсіз жұмбақ қимылмен ұғысқан, түсініскен сияқты. Домбай қазақ пен айыр сақал арада жүрген мықты сенімді делдалшы арқылы Нұрмамбетовке сөз салған. Әңгіме апиын жайында екені айқын. Қойма бастығы келісе қалған күнде мынадай мезгілде жолығып, пәлендей сағатта затты әкеп беретін болсын, бұл жайында енді әңгіме қозғамайық деп күнілгері бәтуаласқан. Нұрмамбетов сол айтқан уақытында келген және қалтасындағы сағатты көрсету арқылы заттың дайын болғанын білдірген. Айыр сақалдың «Дайын болса, біз жүрейік» — деуі сол, — деді де Әзизге қарап, — Ойыңа алған аз ғана күдікпен көп бәленің бетін аштың. Мұныңа қуанбасам өкінбеймін, — деді. Давыдов қатты сүйсініп: — Шыны солай екен. Контрабандистер қаншама бүгіп, астарлап қымтағанымен айла-амалын тап бастырмай оңай
Кемел Тоқаев ашып тастадың. Мұны сезсе іштері күйіп өртенеді-ау! — деп күлді. Бұлар шоқ талдың төңірегінде дымқыл шиыршық құмға батқан айқыш-ұйқыш іздерді көріп сәл кідірді. Давыдов қураған шыбықты сындырып алып жүресінен отыра қалды да: — Жан үшін арпалыс осы жерден басталған, — деп шыбықты шым-шытырық іздердің үстімен жүгіртіп өтті. — Мына біреу нәл қаққан етік киген. Етігі тым үлкен. Әзиз екі тізесін алақанымен басып еңкейе тұрып: — Бұл Домбай қазақ. Етігінің кең қонышы мықынына жетеді, — деп түсіндірді. — Галош кигені қайсы? — Ол айыр сақал ғой. — Әзиз шимай шатпақтан кісінің іздерін дәл тауып жатқан Давыдовқа қызыға қарады. — Ал шекпен киген шалдың денесі қамыстың арасында жатыр. — Бәрін көріп тұрмын, — деп Давыдов түрегеліп қалың қамысқа қарай беттеді. Орта тұсындағы жас құрақтар жапырылып, бүктетіліп сынып жатыр. Ойдым-ойдым терең батқан іздер бар. Өлік етбетінен жатқан қалпы қалған. Тарамыс қолдары қатты жұмулы. Беті құлақ түбіне дейін топыраққа көмілген. Қасымхан өліктің осылай жатқан қалпын бір рет суретке түсіріп алды. Сонан соң жүресінен отырып Әзизді қасына шақырды. — Әзиз, маған көмектесіп жіберші, — деді де, екеуі өлікті еппен ақырын аударып шалқасынан жатқызды. Селдір шоқша сақалды арық қара кісі. Маңдайы қыртысқыртыс, терең әжім. Шекпен ішінен мақтамен сырған шолақ жең киген екен. Оның омырау тігістерін сөгіп қақыратып тастапты. Зат іздеген секілді. Қасымхан мосының алдыңғы таяғын құмга тереңірек батырып үстіне фотоаппаратын бекітті де, өлікті шалқасынан жатқызған түрін суретке тағы түсіріп алды. Давыдов өліктің саусақтарын жазып алақанындағы жылтыр түймені Қасымханға көрсетті. — Мұны қалай ұғасың? — Мұның сырын мына осылып қазылып жатқан аяқ
Шығармалары іздері ашып беріп тұр. Шал айыр сақалға қайта-қайта тап беріп қоқан-лоқы жасаған. Бәлкім, қорқытты. Сол кезде Домбай молда қарулы, қолымен желкесінен бүріп ұстап түйгіштеп лақтырып жібереді. Шал жамбасымен құлаған. Анау түбірдің түбіндегі жұмсақ шұқыр содан қалған белгі. Бұл бишара қаймықпай, қайта ұмтылып айыр сақалдының омырауына жармасады. Түйме сонда жұлынған. Айыр сақал шалдың қатты айқайынан қорқып «Мынаның үнін өшір. Күзетші естіп қалады. Құримыз!» — деп Домбайға әмір берген. Ол ойланбастан наганның сабымен қарақұстан періп жібереді. Шал етбетінен құлайды. Екеуі есі кетіп, сасқалақтап тұра қашады. Біраз жүріп барып Домбай қайта оралады. Арасы қашық дара із содан қалған. Шалдың ыңырсып, қиналып жатқанын көріп, желкелеп отырып алып басын құмға сүргілей тығады. Қасымханға жалтақтай қарап оның сөзін қызыға тыңдап қалған Әзиз: — Түу, шым-шытырық ізден хатқа жазғандай қылмысты оңай ашуға болады екен-ау. Неткен қызық өнер бұл! — деді. Давыдов: — Әзиз, сенің бастығыңның жұмбақ, қиын сырларды ашатын сиқырлы сырлары көп. Ерінбей, жалықпай зейін қойып үйрене бер, — деді де Қасымханға бұрылып көңіліндегі күдігін сұрады. — Шалдың қызмет жасаудан басқа қандай зияны бар? Олжаға оның ортағы жоқ деп білем. Қатаң тағылық, жауыздықпен өлтіретіндей соншама не жасап қойды. Осы арасы маған жұмбақ. — Дәлін айту қиын. Домбай молдамен не Айыр сақалмен келесі жолы кездескенде бұл жұмбақтың сырын ашамыз. — Мынадай оқиғадан соң Жаркентке қайта оралады демексің бе? — Оған күмәнданба, көкнәр бар жерде контрабандистер тағат тауып тұра алмайды. Алыстан атылған мылтық, сонан соң сақылдаған пулемет үні естілді. Қасымхандар елең ете құлақ түріп, бір сәт үнсіз тапжылмай тұрып қалды. Әлден соң Давыдов:
Кемел Тоқаев — Шаңқай түсте, күн жарықта бұл не? Қайдан атып жатыр? — деп шапшаңырақ басып төбешікке көтерілді. Ілесе жүгіріп келе жатқан Қасымханға, — дереу қалаға қайтайық. Бәлкім бізді іздеп жатқан шығар. Екеуіміздің бірдей кетіп қалғанымызды қарашы, — деп ренжіп тұрды. — Мылтықтың дауысы Қорғастың арғы бетінен естіледі. Шекарашылар бандалардың жолын бөгеді-ау деймін, — деп Қасымхан алысқа көз тігіп қадала түсті. — Дутовшылар ол тұста күшті күзет, мол күш барын білсе керек. Өткен жолы полковник Сидоровтың атты отряды сол жерден соққы алған. Ашықтан ашық төте шабуылға шыққанына таңым бар. — Жолшыбай заставаға соғып жағдайды анықтармыз. Аздан соң үшеуі қалаға қарай жүріп кетті. ОҚШАУ ХАБАРЛАР «Тоқтаусыз жіберілсін! Жаркент қаласы, Уездік милицияға! Чанышев жолдасқа! Кеңсе қызметкерлерінің және совет жұмысына араласып жүрген адамдардың арасында «Мұсылман кедейлері өкіметті басқара алмайды. Ол ел басқарудың тәртібін, шаруашылық жүйесін және болъшевиктердің алға қойған мақсатын жете білмейді. Қалың елді бекер күйзелтіп аламыз. Кедей табының санасы оянғанша өкімет билігін ұлттық буржуазияға берейік» — деген теріс пікірлер бар. Мұндай насихатқа біржола тыйым салынуға тиіс. Және осындай пиғылды қостайтындардың милиция қатарына кіріп кетпеуін қарастыру керек. Орталық өкімет Түркістан республикасына 9 партия жұмысшы жіберді. Биылғы жылдың сентябріне дейін 746 жұмысшы келді. Тағы 500 адам келеді деп күтіліп
Шығармалары отыр. Жетісу облысына жұмысшы бөліне қалса сіздің уезге бір-екі кісіні жіберуге тырысамыз. Олар революция жолындағы күресте шыңдалған орыс пролетариатының өкілдері болып табылады. Олар мұсылман кедейлеріне көмектесетіні даусыз. Егер сондай кісі бара қалса ең жауапты учаскеге жіберуді қарастырыңыз. Дудконың бандасын талқандауға қандай шаралар қолданылды? Баяу қимылдауыңыз қалай? Уезбен байланысатын жол үстінде бандалар тобының әрекет жасауына төзуге болмайды. Банда таяу мезгілде жойылуға тиіс. РЕВКОМ-ның бұйрығы сөзсіз орындалсын. Жандосов, облыстық Ревком. Верный қаласы. 1920 жыл». «Тоқтаусыз жіберілсін! Верный қаласы, РЕВКОМ-ға! Жандосов жолдасқа! Дудконың бандасын жою жөніндегі жоспарды бұрын хабарлағанмын. Банданы біржола аластауға бар шараны қолданамыз. Уезд Россия пролетариатының көмегіне өте зәру боп отыр. Бір-екі адам дегеніңіз мүлде аз. Ең болмаса төртбес жұмысшы жіберіңіз. Шекара жағдайының қиындығын ескеріңіз. Чанышев, Уездік милиция. Жаркент қаласы. 1920 жыл»
Кемел Тоқаев ҰРЛАНҒАН ӨЛІК Махмұд мылтық тарс атылғанда не болғанын біле алмай есеңгіреп қалған жайы бар еді. Алақанымен ақырын кеудесін, қолдарының қарын сипалады. Денесі сау. Оқ тимеген. Мылтық атып қорқытып, жасытып алмақ болғанын сезді. Үрке қоймаған сабырлы қалыппен басын шайқап мырс етті. — Сөйлесуге, келісуге келген дәрежелі салмақты адам ба десем, Жаркентті жағалап жүрген көп қарақшылардың бірі екенсің, адвокат мырза! — деп, Махмұд мұны Құлжаға Фатих Аллаяридың үйінде көргенін енді ғана есіне түсірді. Ионаға қазақ сөздерінің астарлы мағынасын түсіндіріп, өзінің білімді оқыған кісі екенін білдіріп отырған. «Адвокат мырза» дегенде Әукен сескеніп дағдарып қалғандай болды. — Кімсің сен? Қайдан білесің мені? — деп күдікпен еліре қарады. — Мына пұшық тапаншаңды тарт! Ата білмеген соң ұстап қайтесің? Мұныңды әулие әке Иона байқап қалса, өткен жолғыдай сенімен ашылып, жарқырап сөйлеспейді деп ойлаймын. Оған заңшыл білімдардан гөрі мылтық атып, найзаласатын жауынгер керек. Солай ма, Ғапаров мырза? Әукен тапаншасын қалтасына салды да күдігі сейіл меген түрмен сұрлана түсіп: — Мені таниды екенсің. Ал сені қайда көргенімді білмеймін, — деді. — Оқымысты адам әдетте ұмытшақ болар. Фатих Аллаяридің үйіндегі кешті ұмытып қалдың ба? — Құлжадағы сонау кешті айтасың ба? — деп Әукен қолын сілкіп күле сөйледі. — Иә, иә, солай! Сол үйде жиналғанымыз бар. Онда түзу отырғаныммен өлердей мас едім. Есімде жөнді қалмапты. Махмұд иық үстінен көз қиығын тастағанда Усковский наганын ұстап маңдайшаға асылып тұр екен. Тегі бұлар миллион ұсынған адамды осындай жолмен тексеріп алмақ
Шығармалары болған секілді. Махмұд оны байқамаған боп: — Сен бе, миллионерді іздеп жүрген? — деді. Әукен қарсы сұрақ қойды. — Миллион сомды ақтарып бере алатындай соншалықты баймысың? — Ондай қазынам бар, мә, ала ғой деп ешкімге айтқан емеспін. Мұндай әңгімені қайдан шығарып жүрсің? Адхамов мылтықтың даусын естіп қатты шошынған жыларман халде үйге жүгіре кірді. — Мылтық атқан қайсы? Махмұджан, аманбысың? Құдай-ай, бәлеге ұшырап қалмасақ екен! — деп есіктен кимелей кіргенде Усковский: — Сен тасбақа өңмеңдеп қайда барасың? Тұр былай! — деп көкірегінен сүргілей түйіп итеріп жіберді. Қаңбақтай ұшып түскен Адхамов орнынан ышқына көтеріле беріп: — Әй, мырза, мұның қалай? Арағымды ішкенде ғой адаммын, жайшылықта тасбақамын. Адам аталам деп арақты аузыңа құя берейін бе? — деп дыбысын шығара алмай міңгірлеп бұрылып жүре берді. Махмұдтың бейтаныс кісімен жайбарақат, еркін сөйлесіп отырғанын көрген соң көңілі жай тапты. Адхамовты көріп бөгеліп қалған Әукен: — Қанша ақшаң барында жұмысым жоқ. Есебін ал маймын, тіпті керек емес. Ал бізге сондай соманы тез уақытта тауып беруге шамаң келе ме? — деді. Махмұд таңғалған түрмен көзі бақырайып төсекке отыра кетті. — Ондай ақшаны қайдан аламын? — Әй, сұмырай, сондай сомаға сауда жасай алам деген сен емес пе ең? Енді не оттап тұрсың! — деп ту желкесінде тұрған Усковский иығына алақанын салып жұлқып тартып қалды. Махмұд қолын қағып жіберді. — Қолыңды тарт, айдауыңда жүрген жәмшігің емеспін. Мұны мықтап ұғып қой. Сонан соң саған миллионым бар деген жоқпын. Қаншаға болсада, мейлі бір-екі миллионнан
Кемел Тоқаев асса да сауда жасай аламын дедім. Сен оқығансың, мұның айырмасын ұққаның жөн. Асыл дүниең, затың бар ма? Әкел. Саудаласайық. Пұлына келіссек ақшаңды қолма қол берем, — деп Махмұд енді бұдан әрі қасарыса беруді жөн көрмей ымыраға келгендей сөйледі. Затың қайсы? Алып сатуға лайық па? Пайда табам ба? Көрейін? Бұлай құр салғыласқанмен ақша құралмайды. Затты қолға ұстап тұрып саудаласайық. Усковский: — Заттарды қазір әкелсем, қолма-қол төлейтін мол ақшаң бар ма? — дегенде, Махмұд: — Мырза, сен кісіні өршелендіріп өшіктіруге құмарсың ба, қалай? Қандай есуас сондай ақшаны қалтасына сап жүрмек! — деді. — Сонда сенен ақшаны қалай алам? — Алдымен затыңды атағын. Сонан соң алу-беруді келісе жатамыз. — Түсінем, сөзіңнің қисыны бар, Махмұд. Бірақ біздің қолымызда не бары үш-төрт жүз мың сомның ғана заты бар. Айталық, алтын білезік, сырға, күміспен көмкерілген, алтынмен әшекейлеген жаһұт, гауһар тастар, інжу маржандар бар. Алтынмен апталған, ер-тұрманы тұтас күмістен соққан ер-тоқым тауып бере аламыз. Әрине, мұның бәрі жайшылықта баға жетпес байлықтар, өлмейтін өлшеусіз қазына. Қазір оны пұлдап жатуға уақыт жоқ. Саудалайтын заттарымыздың түрлері осындай, — деп Ғапаров әрқайсысының баға мөлшерін шамамен айтып берді. — Осыған келіссек, біздің адамдар бұл заттарды қалаған жеріңе апарып береді немесе өзің кеп аласың. Оны өз ыңғайың білсін. Ал ақшаны бізге қолма-қол тұтас бересің. Заттың құны жетпеген ақшаны қарыз деп есептегін. Уезде большевикті жойғаннан кейін үш күннен соң алған қарызды процентімен өтейміз. Жаркенттің өзінде асыл тастармен, алтынмен сауда жасайтын дүкен ашып береміз. Шығыс Түркістандағы ең бай адамның бірі боласың. Бұлай қаңғып бақалшылық тірлік кешпейсің. Махмұд шұғыл ойға кеткендей үнсіз отырып қалды.
Шығармалары Ғапаров сірә ақшасын аяп отыр деп ойлап қалды ма, шынтағымен бүйірінен түртіп: — Маңдай термен дірдектеп жүріп тапқан ақшаны опоңай біреуге бере салудың қиын екенін түсінем. Бірақ бұл сарбаздар елі-жұрты үшін, мына сендей адал жандардың бақыты үшін басын оққа төсеп жүрген жоқ па? Бұларға көмектесу әр азаматтың парызы! — деді. Махмұд сауда жайында ынталана әңгіме қозғаған боп отырғанымен көңілі мүлде басқа жақта еді. Дудко деген кім? Оның қарауында қанша қол бар? Бандалардың мекен жайы қай жерге орналасқан? Ғапаров бүкіл банда басшысының атынан кеп сөйлесіп отыр. Олай болса, ол ондағы беделді тұлғаның бірі Ғапаровпен «сырласып» көрсе қайтеді? Усковскийді соңына сап қойғанына қарағанда бұл «Басшыға» онша сеніңкіремейтін түрі бар. Сондықтан екеуіне ортақ әрі жағатын әңгімені қозғаған жөн. Сөзді неден бастаған қолайлы? Махмұд ауыр мұңды ойға батқан кісідей ақырын күрсінді. — Мені үгіттеп қайтесің, Ғапаров мырза. Алдымызда тұрған зор міндетті әулие әке Иона әдемі айтып берген жоқ па еді. Мен атаманның сүйікті жауынгерінен қазына-пұл аямаймын. Бар дүнием осылардың жолында садақа дер ем. Бірақ менің осы адал ықыласыма мұндағылар сенбейтін секілді. Күдікпен сығалай қарап-ақ менен мол қарпып алып қалғысы келеді. Осы әділет пе? Сендерге көмектессем, киім-кешек, азың-түлік, жем сатып алуға ақша қарассам сендермен тағдырым бір деп ұғам. Саған өшіккен дұшпан мені де аямайды. Осыны біле тұрып бір-бірімізден бұғынып жасырынбақ ойнағанымыз қалай? Қазынамды аямай төгеді екем. Соны кімге бергенімді білейін. Басшының өзімен сөйлесейін. Осыдан оралған соң Құлжаға сапар шекпекпін. Әулие әкенің уақ-түйек тапсырмасы бар. Бәлкім атаманның өзіне жолығып қалуым ғажап емес. Ау, сонда генералға кіммен сөйлестім, кімге көмектестім деп айта алам? Әлгінде алған пұлдан ертең процентімен қайтарып берем деп қу тілмен қызыл уәде беріп жатырсың. Ақша қай
Кемел Тоқаев кезде де керек. Бірақ сіз бен бізге мұндағы батыл істерді генералдың өзі білгені пайдалы емес пе? Өз атыңнан және мұндағы жауынгер сарбаз басшысының атынан хат жазып берсеңдер проценттің үлкені сол деп білер ем, — дегенде, Әукен өзінің ысқаяқ сақтығына басты. — Әр қайсымыз азды-көпті жасаған жұмысты айтып мәртебелі тақсырды мазалай берсек не болғаны? Атаман да ондайды ұната қоймас деймін. Одан да бәріміздің атымыздан мұндағы басшы хат жазсын. Мына Усковский сияқты қалың большевиктің ортасында сескенбей кеудесін оққа төсеп жүрген батырлар аз ба? Осылардың ерлік істерін мәртебелі тақсырдың білгені қандай жақсы. Ертең жеңісті жорықпен келгенде сол табысқа кімдердің жол ашқанын білсін! — деп, бұл әңгімені Усковский де Дудкоға айтып барсын дегендей оны мақтап өтті. Махмұд адвокаттың мұны не мақсатпен айтып отырғанын сезіп оның сөзін тірілте түсті. — Усковский мырзаның көзсіз батыр, қайрат иесі екенін алғашқы көрген сәтте-ақ көрдік. Соның құрметіне дастарқан жасағанымыз бар. Бұлар биік тұғыр үстіне алтыннан ескерткіш қоятын адамдар, — деп білем, — деп Махмұд қолын төсіне қойып басын иді. Усковский наганын қалтасына жалма-жан тығып, Махмұдтың білегінен ұстай алды. — Саған алғысымнан басқа сөзім жоқ. Біздің аса қысылшаң жағдайымызды біліп, құдайдың өзі көмекке жібере салған адамысың! Өзімде солайсың-ау деп келген сәтте шүйілдім ғой. Жүрегі құрғыр бірдеңені сезеді, — деп Усковский кеудесінен өзімсіне түртіп қалды. — Құлжаға барсаң әулие әкеге менен сәлем айт. Оған сіңген еңбегім бар. Қойнында жатқан бикеш браунингің ұрлап алып өлтіргелі жатқанда құтқарып қалғам, — деп мақтана жөнелді. — Атаманның, сүйікті басшының өмірін қорғап басын оққа тігу солдаттың борышы деп білем, Усковский мырза. Әулие әке жөнінде бұлай айта беру жарамайды, — деп Махмұд сыпайы ескертіп қойды. — О, бәрін түсінем ғой. Әулие әке Ионамен қалай
Шығармалары танысқанымды жай айтып жатқаным да. Оған менің фамилиямды атасаң, ар жағын өзі айтпай-ақ біледі, — деп бұл топтың арасында беделі, салмағы барын аңғартып кетті. Әукен орнынан тұрды. Бұл жерден қашан жүрмексіңдер? — Таң атысымен кетеміз. Мұнда аялдауға болмайды. Милицияның бүгін жатақта тергегенінен шошындым. — Таң қылаң бере атаманның өзі немесе оның кө мекшісі келеді. Сендер бір-біріңді танымайсыңдар. Сақтық жасамаса қиын. Жолығысу шарты мынандай: «Қарыңдасымды ұзатушы едім. Көйлектікке ақ жібек табылмай ма?» — деген сұраққа, «осы күні таза жібек мата қайдан табыла қойсын. Ағы түгіл көгі де, йызылы да жоқ» — деп жауап бергенде, ол «Ойпыр-ау, қиын болдыау!» деп қиналғандай түр білдіреді. Аздан соң «қой болмас, жас қыздың сауабын алайық. Төрт-бес метр кездеме тауып берейін» дейсің. Бұл сөздердің бәрі сырт жанға сатушы мен алушының арасындағы жәй пайдакүнем сөз сияқты естілуге тиіс. Бұл шартты белгіні айтушы да, сен де сөз орнын шатастырмауың керек. Ал бір сөз ауысса, оны дұшпан деп біл. Шартты белгімен тілдескен соң алыс-беріс сауданы сол кісімен келісіп аласың. Махмұд қынжылғандай қолын сермеді. — Мұндай жұмбақ салтанаттың керегі не? Сөздерін ұмытып қалсам қайтесің? Оңай нәрсені қиындатып қай теміз. Мына Усковский мырза ертіп келіп таныстыра салмай ма? Усковский басын шайқап күлді. — Сауда адамы деген осы-ау. Мұндайда осылай әскери құпияны сақтамаса болмайды! — Усковскийдің айтқаны дұрыс, — деп Әукен кетуге ыңғайланды. — Ол кісілердің қорғаушы сақшылары бөлек. Оны білу жарамайды. Құпия! Сыртта Крутикованың дауысы естілді. — Тимофей атай, амансың ба? Келінің Марияны, қара сақал қазақ бандалары өлтіріп кеткен дей ме? О, құдайым-
Кемел Тоқаев ай, жас әйелдің қандай жазығы бар екен? Анау жақтағы қазақ тамырыңның да келінін өлтіріп кетіпті деп есіттім. Әдейі кеп соқтыққан бәле болды ғой бұл. Бандалардың ағында, қарасын да жоймай көзіміз ашылмас. Уезд неғып үндемей жатыр? Осында кіресі тоқтап, бір солдаты өлгенде селоның үстін шаңдатып топталып жүріп еді. Ауылсело үстін қандатып жатқанда үндемей қалғаны қалай? Советсің, неге барып айтпайсың, — деп Ивановтың өзіне де кінә таға сөйледі. — Осы ауылдың еркектері қатыннан әрман, арақ ішіп алып төбелескеннен басқа дым бітірмейді. Қолына қару алып ер боп көтерілсе қайтеді! Бандалар мұнда келмек түгіл қарасын көрсетпей зытар еді! Усковский даладан Тимофейдің дауысы шыққан сәтте мас кісідей столдың басына қылжиып отыра қалған. Әукен жаңадан келген жолаушы секілді үй ішін, жататын орынды көрген кісі боп, қолын қалтасына сап әрі-бері жүрді. Усковский кіжініп «мына қатынның тілін кесетін неме екен!» — дей бергенде, Махмұд «Өшір үніңді!» — деп зілді үнмен тиып тастады. Әукен де күбір ете қалды: «Сыр бермеген жөн». — Сен, Зоя Уезді бекер жазғыра берме, — деген Тимофейдің дауысы естілді. Көрдің бе, мынадай жігіттерді жіберіп отыр. Танысып қой: Николай Шестаков. Мұнда бүкіл уезд милициясының өкілдігі бар. Әрбір тұрғын мұның айтқанын бұлжытпай орындауға тиіс. Ұқтың ба? — Бұл милицияң қайда тұрады? — Үйіме апарсам деп ем. Бандалар хатаны ертеп жіберді. Өзіме де жататын орын жоқ. — Менің үйімде тұрсын. Ақша алмақмын. — Сен жесір әйелсің. Үйіңді жалдап күн көріп жүрсің. Совет өкіметі қиянат жасай алмайды. Бірақ сенен өтініш бар. Күніне ең болмаса бір мезгіл ыстық тамақ жасап беріп тұр. Қонақтарыңа беретіндей асты мол дайындамай, үйдегідей жай ғана шақтап жасарсың. Саған көптеп төлейтін ақшамыз жоқ. — Қорықпа, несиеге бере алам. Дүние жүзінде про летариат үстемдігін орнатамыз деп жүрсіңдер ғой. Жеңген
Шығармалары соң процентін қосып төлерсің. Тимофей ата, мен сізге сенем! — Рақмет, Зоя. Мейірбан пейіліңді Совет өкіметі ұмытпайды, — деді де қасына тақау кеп, — Жаңа мылтық атқан кім? Осынан мылтық дауысы естілді. — Оллаһи білмеймін. Зина бүгін тас моншасын жаққан екен. Соған түсіп шығып келе жатқан бетім. Үйде кімдер барын білмеймін. Қорадағы аттарға қарағанда саудагерлер сияқты. — Қане, кім бар екенін көрелік. — Тимофей Зоя мен Шестаковты алға жіберіп өзі соңынан ақырын жай басып кірді. Үйде отырғандарды шолып өтті. Махмұд пен Адхамовқа кезек қарап: — Мылтық атқан кім? Шапшаң айт! — деп зеки сөйледі. Махмұд таңғалған түрмен: — Мылтық атты дейсіз бе? Құдай сақтасын, естімедік, — деді. Адхамов та құбыла қалды. — Біз дәнеңе білмейміз. Естіген жоқпыз! Махмұд: — Әскер ойынын ойнап жүрген балалар мылтық атуға әуес қой. Шашылып жатқан оқ-дәрі көп. Солар ма екен атып жүрген? — дей бергенде, Тимофей дауысын көтере сөйледі. — Сен пысықсып жөн көрсетпе! Мылтықтың қай дан атылғанын білеміз. Қане, кім қайда бара жатыр? Айтыңдар! — Усковский қозғалақтай беріп еді. Тимофей оның иығынан басып, — Яша, сен отыра бер. Осы жердің тұрғынысың. Білеміз. Өзің кейінгі кезде араққа салынып жүрсің бе қалай? Ылғи ішіп жүргеніңді көрем, — деді. — Осы немені қойшы, — деп Крутикова қолын сермеді. Жалғыз қатынымен керілдеседі де жүреді. Бір қатынның қыбын таппаған соң еркек боп жүрген не сорым дейін! Усковский басын қисаңдатып тілін бұрап сөйлеп: — Бұл менің жеке басымның ісі. Оған араласпа! — деді. — Яша, сен олай деме, Совет өкіметі әр семьяның татулығын, жақсы тұрмысын тілейді. Оны өз мүддесінен
Кемел Тоқаев кем көрмейді, — деп Әукенге бұрыла бергенде, ол: — Кешіріңіз, фамилияңыз кім? Иванов па? Совет өкіметінің мақсатын түсіндіру үшін әлі талай пұт тұз жейміз, — деді де маңғаздана салмақты үнмен: — Облыстан келем. Әскери комисариатта істеймін. Қызыл Армияға асыл тұқымды жақсы ат керек. Ат сатып алуға келе жатқан бетім. Мұнда саудагерлер тоқтайды деп естіген соң олардың сөзін тыңдайын деп келіп ем. Олардың шарламайтын жер жоқ. Бағаны жақсы біледі, — деді. — Сондай сұмырай саудагерлердің бірі мына тұрған екеуі, — деп Тимофей Махмұдты саусағымен шошайтып көрсетті. Ел қайғырып қан жұтып жатқанмен бұлардың ісі жоқ. Әйтеуір қалтасына ақша түссе болғаны. Саудасы жүрмеген соң мына біреуі құран оқып пайда табуға кірісті. Ашынған елді абыржытпайын дедім. Екінші жолы қолыма түссе тас үйге апарып қамап тастаймын да, заттарын қаттаймын. Ісін сотқа тапсырам. Адхамов қолын төсіне қойып: — Ақша алайын деген ойым болған жоқ. Өлген кісіге құран оқу мұсылман баласының ежелден келе жатқан әдеті. Мен сол кәдені жасадым, — деп безек қақты. Тимофей кеткенде Махмұд керуетке сылқ түсіп отыра кетті. Маңдайын сүртіп: — Құтылдық-ау! — деді. Усковский Тимофейдің кеткеніне көзі жеткен соң ту сыртынан жұдырығын түйіп: — Тұра тұр, ит! Тірідей бас теріңді сыпырып қолыңа беремін! — деп кіжіне боқтап алды. Тимофей таң сәріден Жаркентке жүріп кеткенде ескі шіркеудің попы Алексей Крутикованың үйіне Махмұдқа жолығу үшін келген еді. Жолығысудың шартты сөздерін қайталаған соң терезеден қора жаққа мойнын созып қарап алды да: — Мен сізге Дудконың атынан келіп отырмын. Оның өзі әулие әке Ионамен дәмдес болған, оның жауынгерлеріне қамқор боп қазынасын аямай жүрген азаматпен кездесуге соншалықты құштар еді. Үлкен операцияны жүргізумен
Шығармалары байланысты келе алмай қалды. Бұл үшін кешірім сұ райды, — деп Махмұдқа басын сәл иіп тағзым еткендей болды. «Дудко деген кім? Ол алдында тұрған поптың өзі ме? Қандай үлкен операция жасамақ ойлары бар? Поп сөйлегенде қолын қусырып, екі алақанын қолтығына тығып тұратыны несі?» — Осы бір сәтте осындай ой мазалағанымен Махмұд сабырлы жауап қатты. — Дудко мырзамен кездеспегеніме мен де өкінем. Оның саламат болуын тілеген ықылас ниетімді жеткізіңіз. Алексей поп қолын қусырып тұрған қалпы сөйледі. — Ғапаров мырза екеуіңіздің араңызда болған әңгімені түгел айтып шықты. Байқаусызда мылтық атылғаны өкінішті-ақ. Бірақ ол үшін жауынгерлерді жазғыруға болмайды ғой деп ойлаймын. Олар жайшылықтағы кісілік тіршіліктен тосырқап аулақтап кетті. Үздіксіз жүріп жатқан соғыс, қан төгіс жүйкені тоздырып әбден қажытқан секілді. Басы қатты болса аяғы тәтті дей ме? Солай болад деп күтейік,— деді. – Қалай дегенмен де, мылтық атқанын ақтамаймын. Ива нов әскери адам болмағандықтан оқ ізін іздеп әуреленбеді. Оның қасындағы милиционер де көргені аз, тәжірибесіз боп шықты. Егер олай болмаған күнде біз бұлай сөйлесіп отырмас едік. Үлкен игілікті іс далада қалатын еді. Біздің тұсымызда желпілдемей ақылмен іс қылған жөн. Сіздерге ақшаны әкеп тапсырғанша ешқандай террорлық акт жасалмауға тиіс. Сіздерге қоятын алғы шартым осы. Әйтпесе, бұл барлық іске бөгет жасауы мүмкін, — деп сақтық жасаған боп Адхамовтың жатқан бөлмесінің есігін нығыздап жапты. Поп қабағын шыта елеңдеп: — Ұқпадым. Қандай іске бөгет жасамақ? — деді. — Атыс-шабыс пен кісі өлімі боп жатса уезден милиция шығатыны айқын. Жолды күзетеді, әрі-бері өткендерді тексеруге алады, қамау басталады. Бөгет деген сол. — Милицияға мән бере бермеңіз. Үрей шақырғанмен әлі әлсіз, дәрменсіз. Село мен жатақты талқандап кеткеніне
Кемел Тоқаев қанша күн өтті. Олар ат ізін салмады. Сірә, қалада халдері мәз емес-ау деймін. Мұндағы кедейі мен большевигінің жай-күйін білгісі келмейді. Бұл өңір атаман Дудконың бақылауына түгелдей көшкен. Бұ жақта сізге тірі жан тимейтініне кепілдік бере аламыз, — деп иығын қозғап қалғанда қолтығының астындағы үлкен тесік көрініп қалды. Қолын тығып наганның сабын ұстап тұрғанын Махмұд енді байқады. Әлі сенбейді. Барынша сақ болған жөн. Ұшқыр ой жүгіріп өтті. Алексей поп иегін көтере күдіктене қалып: — Қиялға түсіп кеттіңіз бе, қалай? — деді. — Қалтадан пұл шығару оңай емес. — Біз несиеге сұрап отырмыз. Бұл жөнінде келістік қой деймін. Уақ сөзбен уақыт алмайық. Өлімнен басқаның ертесі жақсы. Ол ақшаны қашан ала аламыз? Бүгін күн жұма ма? — деп поп асықтыра бастады, — Айталық ертең Жаркентке барасыз. Онда аялдап, қайта қайтқанға тағы бір күн кетсін. Келесі сәрсенбіде осы жерден табысайық. — Мұнда келе алмаймын. — Неге? — Анау сары сақалды өшігіп алды. Енді көзіне түссем дереу қамайды. — Совет қой? Қорықпа, құтқарамыз! — Сіздер құтқарам деп жүргенше олар қабырғаға қойып атып та тастайды. Ең қолайлы жер қала. Жаркент үлкен. Жұрт бір-бірін тани бермейді. Базарлап жүрген кісі аз ба? Сонда келіңіздер. — Қала үлкен болғанымен бізге тар. Ол жерде қауіп төнсе бұлтарып кете алмайсың, тығылатын жер жоқ. Өз еркіммен барып тұтқынға түскім келмейді. — Мол ақшаны қоржынға салып арқалап жүру оңай емес. Қарап жүріп қазынадан айрылғым келмейді. Саудагерге көз тігіп жағалап жүрген ұры-қары аз емес. — Түсінем, — деп поп ойланғандай саусақ ұшымен сақалын талдап ойланып қалды. Әлден соң басын шапшаң көтеріп, — жолығысуға қолайлы жер Асу деп білем. Жол бойына мықты күзет қоямыз. Сенімді жауынгерлер сізді қарсы алады, — деді.
Шығармалары — Қазақ алтын көрсе періште жолдан таяды деген нақыл сөз айтады. Сауда кәсібінде бұған жүдә көзім жетті. Жауынгеріңіздің батыр екеніне күмәнім жоқ. Бірақ оларға сенбеймін. Қап-қап ақшаны көргенде жайбарақат тұрып қарсы алады деп ойлайсыз ба? Мұндай ашық тәсіл жарамайды. — Қандай ұсынысың бар? — Дәл қазір Махмұд сұрақтан құдай жолын қуған мүләйім, момын шіркеудің попы емес, қара шапан жамылған ақ офицердің зекіген үнін естігендей болды. Және оның «Асу» деп отырғаны Алтын Емел емес екенін де сезді. Оны байқамаған аңғал түрмен: — Алтын Емел барып-келіп жүрген жеріміз. Қасыма төрт-бес жігітті сайлап ап, сол айтқан жеріңізге өзім барсам деймін. Жол белгілерін айтсаңыз қиналмай-ақ тауып алам ғой, — деді. — Немене, сенің жігіттерің алтын көргенде жолдан таймайтын періште ме еді?! — Құдай сақтасын, қолына байқаусыз түссем талапайға сап күлімді көкке ұшырып жібергелі тұрған өңшең кәззаптар емес пе? Бірақ олардың қол-аяғын тас байлап отырған артында періштелері бар. Біреуінің қатын-баласы, енді біреуінің кәрі әке-шешесі дегендей, оларды тастап қайда барады? Ақшаны тонағанымен сіңіре алмайды. — Оңай амал тапқансың, — деп бір сәт үнсіз тұрды да: — Жарайды, мейлі солай болсын. Әулие әке Иона қателеседі деп ойламаймын, — деп Махмұдқа тесіле қарады. Махмұд дәнеңе ұқпағандай иығын бүлк еткізіп қозғап қойды. — Мұқият тыңдап ал, — деп поп екпіндей сөйлеп кетті. — «Асу» дегенім Алтын Емел емес. Неге олай атайтынын өзім де жақсы білмеймін. Басшиге баратын ұзын қара жолдың Қаратау тұмсығындағы айналмасына жеткен соң оң жаққа қарай кілт бұрыл да ескі өзен арнасына түсіп тура терістікке қарай жүре бер. Мұнда басқа жол жоқ. Екі жағы найзалы жақпар тастар. Тағы бірталай жер жүрген соң ат тұмсығы биік қара тасқа тіреледі. Асу жолын осы тас бітеп,
Кемел Тоқаев бөгеп тастаған секілді. Оң жағы құлама құз, сол жағында дәл төбеңде жартас құлағалы тұрғандай үрей туғызады. Қорықпай үңгірге кіріп жүре беріңдер. Көк төбеге қиялап шыға берісте тағы сондай тосқауыл кездеседі. Сол жерде күтеміз. Махмұд ойланып қалды. Лоп қабағын шытты. — Неге үндемейсің? — Қорқайын дедім. Сол жартастардың арасында сүйегім қалып қалса қайтем? Қазынамды өз қолыммен апарып беріп тұрып өлген өкінішті-ау! — Біз толық кепілдік береміз. Міне, мынау Дудконың Ионаға өз қолымен жазған хаты. Әулие әке сендей кісісінен айырылса бізге де кешірім бермейді. — Дудконың қолымен жазылғанын ол қайдан біледі. Жоқ, бұл қағаздарың маған да, менің қазынама да кепілдік бере алмайды. — Дудконың қолында мөрі бар дейсің бе? Мұнда өзінің қол таңбасы тұрған жоқ па?! — Ионаның сырын білесіз. Оны алдай алмайсың. Миллион... Миллион берген екенсің, әкел таңбаны дейді. Сонда не айтам? Қол таңбасы мынау деймін бе? Оған қай итім сенеді! — Сен, сволота, қусың! — Поп ақ жалаушаға салын ған екі басты самұрық құстың суретін көрсетті де хаттың арасына сап Махмұдтың қолына берді. — Бұл белгі Советіңнің мөрінен мықты. Ешкім бөгет жасай алмайды. Қайда барсаң да жол ашық. Генерал Дутовтың өзіне бөгелмей еркін кіре аласың. Бұдан артық кепілдік болмайды! Махмұд сенімсіздеу түрмен хатты қолына алды. Алексей поп Махмұдтың енжар түрін көріп: — Бұл саған берілген жай ғана кепілдік емес, сонымен бірге көрсетілген зор сенім, құрмет деп біл. Бұл сенімді әулие әке Ионаға, атаман Дутовқа жеткізер деп сенем. Олар мұнда тілектестерінің барын, бас имей күресіп жүргенін білсін. Ал арада жүрген алдамыш болсаң, алапес боп ар жаққа өтсең, милицияға сыр ашсаң, қыруар қыршынды
Шығармалары қырғынға ұшыратсаң — сатқынға жаза біреу. Өлім, ауыр өлім кесіледі. Қарақан басыңды жойғанмен кек қайтпайды, ыза өршімесе өшпейді. Біз бүкіл Қожамияров әулетіне өлім жазасын кесеміз. Үкім өзіңнің көз алдыңда орындалады. Денесі тірідей төртке бөлініп, бөлшектеп шабылады. Өзіңе кезек ең соңынан келеді. Бұл үкімді мен орындай алмасам, оны қарулас серіктеріме, нәсіліме өсиет қып қалдырам. Осыны есіңе мықтап сақта, Махмұд мырза! — деді де, қалтасынан шынжыр баулы сағатын алып Махмұдқа көрсетті. — Асу Жаркенттен бірталай жер. Сәрсенбіге үлгіре алмайсың. Қазір сағат төрт. Жұма күні дәл осы уақытта Тасүңгірдің аузынан тосам. Ақылың бар жігітсің, жалған, жаңсақ әрекет жасамас деп сенем. Сау бол! — деп қос саусағын шекесіне апарып асыға басып есіктен шықты. Махмұд ауыр азаптан, қатты күйзелткен күйден құтылғандай сылқ түсіп отыра кетті. Егер Құлжада Ионамен кездеспесе және онда Ғапаровты көрмесе қандай күйге түсер еді?.. Бәрі оңай, сәтті аяқталғанына өзі де таңғалды. Терезеге көзі түскенде әйнектен үңіліп қарап тұрған Егорды байқап қалды. — Бұл сорлыға не жоқ. Тыныш қана жатпай ма екен! — деп төсекке жантая берді. Дәл осы күні түс кезінде Қасымхан мен Давыдов екеулеп Тимофейді ортаға алып кезек сұрақтар қойып Подгорныйдағы жағдайды әбден анықтап білді. Бұларға Садық мырзаның қылығы мүлде жұмбақ еді: момын жұртты түрткілеп, үрлей түсіп, екі елді өршелендіре өшіктіріп шағыстырып қоймақ болады да, сөйте тұра бандалардың үлкен қарулы тобына жалғыз қайрат жасайды, оның біреуін атып өлтіреді. Мұны қалай түсінуге болады? Үшеуі Махмұд жөнінде көп ойласты. Махмұд банданың басшысымен жолығатын халге жеткен соң және олар кездесуге өздері құштар боп тұрғанда дәл осы сағаттарда оның өміріне қауіп төне қоймас деп жорамалдады. Ал Иванов бүгін кештен қалмай қайта оралады. Махмұдтың өмірін кездейсоқ оқиғалардан қорғаған жөн десті. Бұл іс Шестаков екеуіне жүктеледі.
Кемел Тоқаев Қасымхан соңғы жолы ауруханаға кіріп шыққанда Наримановқа «тезірек жазылып шық. Подгорныйға жіберем. Қызыл керуенге шабуыл жасаған бандитті дәл анықтау керек» — деген болатын. Осыдан соң Нариманов дәрігердің құлағына тыныштың бермеген. О жақтан Ивановтың келгенін естігеннен кейін Николай Акимовичке өз шартын қойды. — Осы жолы лазареттен шығармасаңыз да, бәрі бір кетем. Ажал ауыз салғанда арашаға түскен село дәрігері Игнатович емес пе еді. Құртақандай жараны сылтауратып жата берем бе? Жара асқынып бара жатса онда Игнатович бар. Совет председателі тағы кепті. Енді одан қалғаным қылмыс! Жіберіңіз, — деп сұраған соң ауруханадан босатқан болатын. Подгорныйда Қызыл керуенге шабуыл жасаған бандалардың осы уақытқа дейін әшкереленбеу себебін өзінің ауруханада жатқанынан деп білген. Милиция мұны асыға күтіп отырғандай, аса жауапты тапсырма жүктейтіндей көрген. Оған Садық мырза атып тастаған банданың, моласын күзетесің дегенде көзі бақырайып, жүйке тамыры босап, болдырған кісідей отыра кетті. — Айыбым не, начальник жолдас? Өлген банданың сүйегін күзет деп масқаралағанша топ алдында атып тастаңыз. Бәлкім, мен Қызыл керуеннің апат болуына кінәлі шығармын. Әділ үкімге өтінішім де, өкінішім де жоқ, — деді. Қасымхан столының басында отырған. Орнынан тұрып Наримановтың қасына кеп отырды. Иығына қолын сап құшақтай қысып: — Сауатыңды ашып па ең? Газет оқи аласың ба? — деді. — Ежелеп оқи алам. Асықсам түсінбей қалам. — Дұшпанмен күресу, оны әшкерелеу, жою жалаң қы лыш жүзімен бітпейді, Мүбәрак. Кейде осындай тәсілмен арбасып баққан жөн. Моланың астында кім жатқанын анық білмейміз. Оққа ұшқан әр бандиттің мүрдесін ашып қарай бермейсің. Оның қажеті де жоқ. Ал мынаның жөні бөлектеу секілді. Бұлай жұмбақтап отырған себебім қазір өзім де оны жақсы түсіне, бағдарлай алмай отырмын. Көңілде
Шығармалары күдік ғана бар. Мәселен, Садық мырза кімді атты? Оқ басқаға дарымай бүкіл бандиттің ішіндегі жалғыз қазаққа тигені қалай? Ол адам кім, қайдан келген? — Осы бір сырды шешсек ашық айқасып жүрген банданы ғана емес, ішімізде бұғынып жүрген дұшпанның қайда екенін табар едік. Ашық дұшпаннан іште тығылып жатқан жау жаман. Мынадай шытырман кезеңде досың мен дұшпаныңды дәл ажырата білу үшін екеумізге де оқу керек. Жаңаша, Совет талабынша оқысақ онда әлгіндей ауыр өкпе айтылмайды, — дегенде, Нариманов орнынан ұшып тұрды. — Жолдас начальник, жауынгер Нариманов кез келген тапсырманы орындауға дайын! — Енді бір-бірімізді ұққан тәріздіміз, — деп Қасымхан орнынан тұрды. Нариманов сол күні Тимофейге ілесіп Подгорныйға жүріп кетті. Ат болдырса таудағы малшыларға қонып, ертеңгісін жүріп кету мәслихат етілді. Нариманов Тимо фейді асықтырып, қойшының атын жалдап мініп әрі қарай тоқтамай жүріп кетті. Олар күн көтеріле жатаққа жетті. Тимофейдің тағы бір милиционерді ертіп келгені оның беделін әжептәуір өсіріп тастады. — Біздің Түймебай өткір, уезіңнен тағы бір көк жағалыны ертіп келді. Құдай осы абыройынан айырмасын. Осының бәрі селоның крестьяны мен мына сорлы жатақ тың тыныштығы үшін ғой! — десіп қуанып қалды. Нариманов өзінің шапшаңдығына басып өздерін қарсы алған үлкендерді ертіп бандиттің моласының басына келді. Моланың ашылып қалғанын көргенде бәрі шошынып тік тұрып қалды. Өлікті ұрлап әкеткен! Нариманов ашуға булығып шытынап сөйледі: — Мұны көмген қайсың едің? — Мен едім, — деп Қияс ақырын сөйлеп алға шықты. — Өз қолыммен тепкілеп тұрып көмгем! — Көмсең, өлік қайда? Қияс таңқалғандай иығын сілкіп, ернін бұлтитты. — Әй, мен сенен сұрап тұрмын. Көмген өлігің қайда? Майлыбай қызба жігітке сабыр айтты.
Кемел Тоқаев — Қай қазақ моласын күзеткен. Кісі өлген соң әр жерде төмпешік боп қалмас па еді! Қорқау қасқыр көр ашады дейтін. Адамның қорқау боп көрді ашқан сұмдықты көргенім осы! — деді. Өлікті ұрлап әкеткені бәріне түсінікті болды. ҚЫЗЫЛ КОМАНДИР Махмұд сол күні кеште Адхамов екеуі Жаркентке кетті. Қалаға дейін екі адам соңдарынан қалмай ілесіп отырды. Бірде асығыс шауып алға кетеді, бірде тынығып, аттарын суытқандай кейіндеп қалады. Бұлар ізіне түскен поптың тыңшылары екенін Махмұд білді. Қаланың ішіне кіргенде қарасын үзгендей болды. Әзиз қалаға кіретін жолдың бойындағы көк дүкеннің қасында тұрған. Махмұдтың күнқақты боп шаршаған, шаңданған жүзін көріп анадайдан күле айқайлады. — Өй, сен қайда жүрсің-ей? Мына қаланы толтырып, береке беріп тұрған өзің екенсің ғой! Жөнің бөлек екен-ау, сен иттің! — деп тізгінінен ұстай берді. Махмұд қатуланған түр көрсетіп: — Ей, шала қазақ, бәле іздемей былай тұр! Шаужайынан ұстайтындай соншама кімсің? — деді де, еңкейе түсіп сағынышты жұмсақ үнмен, — бәрің амансыңдар ма? Қасымхан ауылда ма? Барып айт, тез үйге келсін. Мен бара алмаймын. Соңыма түскен жансыз тыңшылар бар. Сонау Подгорныйдан бері ілесіп, өкшелеп қалмай келеді. Көріп қап жүрер, — деді. Сары ат пен боз биеге мінгендер ме? Оларды көрдім. Хайдардың үйіне қарай кетті. — Нармамбетовтың үйіне ме? — Иә, шайханаға тоқтайды ғой деп ем. Онда соқпады. Олардан қорқатын дәнеңе жоқ. Бүгін өздерінің әкесін танытам. Қайдан келгенін білмей қалады. Базарлығың көп пе? Одан да соны айт. Қасымхан кеңседе, сені күтіп отыр. — Менің келетінімді қайдан біледі?
Шығармалары — Өзінің есебі бар шығар. Бастық болған соң білед те. Жолда Мұқайды көрген жоқсың ба? — Жоқ-ә, онда не ғып жүр? — Аузыңды ұрайын алпамсадай өңкиген неме, көзі бадырайып қалайша көрмей қалды екен? — деді де аттың жалын алақанымен ұрып, — құр сөзбен жолыңды бөгемейін. «Қоржының» тоқ көрінеді. Тез бар, — деді. Бір сағаттан кейін Махмұд Қасымхан мен Давыдовқа сапар жайын толық баяндап шықты. Бандаларға ақша тез арада не үшін керек бола қалды? Ғапаров деген кім? Бандалар арасында міндеті қандай? Усковскийді көпекөрнеу ашық ұстап отырғаны несі? Махмұдқа кеп шарт қойып жүрген Дудконың өзі емес пе екен? Сигалов көрінбейді. Оны қайда жібереді? — Осындай көп сұрақтар мен күмәнді жайлар болғанымен Қасымхан оларды талдауға ыңғай көрсетпеді. — Бұған уақыт кетірмейік. Ертең бандаларды талқан даған соң бәрін анықтап, білеміз. Тап қазір бандалардың мекен жайы — «Қыран ұясы» Асудың қай тұсында? Асу жолы жалғыз үңгір тас па? Оған баратын басқа соқпақ жоқ па екен? — Осыларды дәл анықтауымыз керек. Бізге дәл қазір кім көмектесе алады. — Көмектесер еді ғой, бірақ ондай адамды қайдан табасың? — деп Давыдов алдында жатқан шимайлаған қағаз үстіне қаламын сілкіп тастай салды. — Алтын Емелден басқа асу барын естіген емес едім. Алатауды кесіп өтетін тағы бір өткел болғаны ғой? Қасымхан шұғыл ойланып: — Тау жолын көрсететін адам таппасақ онда бандамен бетпе-бет кездесуге барамыз. Мұндай сәтті кезеңді құр жіберіп, пайдаланбасақ онымыз үлкен әбестік, қателік болады. Тәуекелге бел байлаймыз, — деді. — Тәуекел түбі жел қайық деп жүргенде өте алмай қалсақ қайтесің? Үңгіртас меніңше тек бергі жағы. Одан өткен соң жақпар-жақпар қара тастар арасымен қанша жер жүрерің және мәлімсіз. Бұл адамдарды көпе-көрнеу оққа айдап салу боп шығады. Басқа бір амалын табайық.
Кемел Тоқаев Айтқандай қарауыңда Маралбаев бар емес пе? Албан мен Суанның тау-тасын шарлаған кәрі құлақ қой. Сол бірдеме білетін шығар. Шақыр, сөйлесейік, — деп Махмұдты жұмсап жіберді. Махмұд аздан кейін Маралбаевты ертіп келді. Орта бойлы, мығым денелі, қою бурыл мұртты Сұлтан табиғатында момын, жуас кісі болатын. Әскери істен гөрі шаруа кісісіне көбірек ұқсайтын. Сырт көзге осылай көрінгенімен өзінде қажымас қайрат, сарқылмас мол жігер, жауға деген өшпес өшпенділік бар тұтас тұлға еді. Мұны Қасымхан шекара шегінде контрабандистермен болған шайқаста анық сынап таныған. Асығыс албырт кетпей, ұрымтал жерден талдыра, өлтіре соғады. Далбалақтап мақтанып кетпей ісін үндемей ғана тындырады. Қасымхан Сұлтанның осы қасиеттерін бағалап қасында ұстап жүрген. Сұлтан екі бастықтың өтініш, сұрақ сөздерін мұқият тыңдап алды да Давыдовқа тура қарап сөйлеп кетті. — Бұл іске көмекке жарай алмаймын. Сондай Асу барын баяғыда бір естігенім бар. Тегі соған зейін қоймаппын. Осында Суан баласының белгілі құсбегі атақты Аңызақ бар. Жасында қаршыға, бүркіт ұстап құс салған серінің еркесі еді, — дегенде, Қасымхан: — Аңызақты білем. Көзі ашық, пысық, ширақ адам, — деді. — Өмірдің қаққы-соққысына бой бермей, бойын тік ұстап келе жатқан өр кеуделі өжет жан еді. Қызы өлгелі бері күрт шөгіп қалды. Әлгі айтқан асуыңды сол жіктеп шешіп бермесе, өй, былайғы жұрт біле қоймас. Қасымхан: — Бізге әр минут, сағат қымбат. Көксайға барып іздеп жүруге уақыт тығыз. Ал өзіңіз алыс жолға қамданыңыз. Бүгін түнде жүріп кетеміз,— деді. — Аңызақ керек болса қазір шақыра қояйын. Ол осында жатақтағы қанды оқиғаға байланысты өзіңе кірем, сөйлесем деп күтіп отыр. — Тез кірсін! Аңызақ кіргенде Қасымхан орнынан тұрып иығына қолын салып баурына қысты:
Шығармалары — Берік бол ағасы. Бәрін естіп, біліп, көріп жатырмын. Өлім артына хайыр тілейік. Еңсеміз түспей еселі кек алуға бекінейік, — деп көңіл айтты. — Шарбануым әйел жынысынан болса да өрісімді, тынысымды кеңейтер жақсым ба, асылым ба деп көп үміт күтіп ем, — деп Аңызақ көзінің жасын сығып алды. — Құдай өмірін қысқа қылды. Қыршын өмірін қиған қатал қаскөйлерге өз қылығын көзіне көрсетпей, тым-тырыс жатқандарына қайран қалып келіп ем. Әнеукүні өзіңмен сөйлескенде ел тыныштығын қорғаушы қамқорымыздай көріп едім. Бұл қалай, бәрі жай сөз бе? — Сол қатыгез каскөй бандаларды жою үшін сіздің көмегіңіз керек, — деп Қасымхан белгісіз Асу жайын естіген әңгімесі бойынша айтып шықты да, — бұл неғылған асу? Шынында Алатаудан өтетін Алтын Емелден басқа өткелдің болғаны ма? — деп сұрады. Аңызақ екі бастыққа кезек қарап, қозғала түсіп сөйлеп кетті. — Сондай асудың бары рас. Оны кейде Жолбарыс Емел, Ұлы Емел деп атайды. Емел — асу деген сөз. Мен өзім шежіре таратуға жетік емеспін. Бала кезімде Суан жұртына белгілі Ақбай абызды көп тыңдағаным бар. Мына Панджимді біреулер тәжік сөзі деп былжырайды. Мұнда тәжік қайдан келсін. Бұл өзі түрік пен қытай сөзінен құралып, Алынбас қамал деген мағынаны білдіретінін сол қарттың аузынан естіп ем. Тегі жауынгерлік уақытта халықтың ерлігін сипаттайтын белгі іспетті. Қорғас та сол кезден қалса керек. Көмекке келген, қорғасқан жұрттың құрметіне қойылған атқа ұқсайды. Жолбарыс Емелі де ел ерінің атына қойылған ескерткіш. Ілгері уақытта Ұлы жүзде атақты би Жолбарыс деген өтіпті. Өзі көп тілге жүйрік әрі қара сөздің ділмәрі екен. Орыс пен қытай арасында кіргілжің туып, орыс патшасы елшілікке Жолбарыс биді жіберген дейді. Екі елдің амандығын, татулығын тілеп бітістіріп қайтса керек. Жолбарыс Емелі сол кісі Алатауды кесіп өткен асу болса керек. Жолбарыс атамыз Ұлы жүзде әруақты
Кемел Тоқаев кісі саналады. Әйел жынысы оның атын атауға батпай Жолбарыс Емелін Үлкен Емел деп атаған. Бозбала шақта құс салып, тазы жүгіртіп ол маңды талай кездік ғой. Тасүңгір өткелі төбеден тас құлап бітеліп қалды деп естіп ем. Қартайған соң бәрі ұмыт қалды. Өзім барып көргенім жоқ, – деп Аңызақ асу жайын бірталай әңгімелеп берді. — Тасүңгірден басқа асудың жолы бар ма? — Көшпелі қазақ ат тұяғы ілінер жердің бәріне жол сала білген ғой. Тасүңгірден әрі барып Қаратаудаң ішіке кіргенде оң жағында жақпар тасты шатқал боп кетеді. Соның арасында шиыршықты соқпақ болушы еді. Сонымен көтеріліп әрі қарай жотамен ет пісім уақыт жүрген соң күрт ылдиға түсесің. Сонан соң қайта тауға өрлейсің. Сол тұстан алдыңнан көкшалғынды жазық көрінеді. Бұлақ суынан құралып ағып жатқан өзені бар. Асу сол бұлақ басынан басталады. Баяғы кезде төбесі бойрамен жабылған тамдар болушы еді. Алтын Емелге кең жол салынған соң бұл асу елеусіз қалды ғой. Өстіп жер де, адам да тозып, атаусыз қалып өше береді екен де! — деп ауыр күрсініп барып тоқтады. — Әлгі айтқан соқпақпен бұлақ басына жету үшін қанша уақыт керек болар еді? — Әй, бір жұмадай жүру керек-ау. Давыдов үнсіз тыңдап отырған. Қозғалақтай түсіп, саусағын көтеріп: — Біздің адамдарды бастап апаруға көмектесер ме едіңіз? — деді. — Қандай адамдар? — Айталық мені, мына Қасымханды және басқаларды... — Дұшпан қасиетті жерді шірік ұясына айналдырып жүр ме екен, деп күдік ойлаушы едім. Өзімнің де айтайын деп келген бір жұмысым осы болатын. Бірақ мынадай шарт қоям: маған кәдімгі қорғасын оғы бар бесатар бер. Оғы мол болсын. Тіпті берсең көтергенімше алайын. Бұл тілекті алжыған шалдың әулекілігі демегін, алпысқа тақасамда әуселемді сынап бақ, әулеттігімді көр. Бұдан соң қатарға қос, қару бер
Шығармалары деп тілек айтпаймын. Осы кек жолындағы соңғы жорығым болсын! Давыдов қолын жайып күлді. — Ол топтың басшысы мына Қасымхан ініңіз. Бұ кісі қолына қосам десе менің қарсылығым жоқ. — Бұл жорықтарыңа жол көрсетуші ғып сайласаңдар тап қазір жүріп кетуіміз керек, — деп Аңызақ ширақ қимылдап желпіне тұрды. Қасымхан сәл ойлана түсіп Аңызақтың иығына алақанын салып орнына қайта отырғызды. — Сіз әскери өнерге жаттықпаған адамсыз. Ойда жоқта қатты атыс-шабыс боп кетуі мүмкін. Бер жақтан жол көрсеткен соң әрі бармай тиыла тұрарсыз, — дегенде Аңызақ қоңыр көзі ұшқын атып жалт қарады. — Әй, шырақ, әнеугүні ғана орыстың өнер білмеген мұжығы мен қаланың қара табаны үш жүз жыл билеген патша ағзамның әулетін тақтан құлатты деген өзің емес пе ең. Қазақ сынықтан басқаның бәрі жұғады дейді. Орыстан алған тәлімім бар шығар. Оны қайдан білесің, — деді. Аңызақ пен Махмұдты қатыстыра отырып табанда жоспар жасалды. Қасымханның қарулы отряды екі топқа бөліп аттанады. Бірінші үлкен топ Көксай жолымен Жолбарыс асуына қарай беттейді де, екінші шағын отряд Подгорныйга барады. Бұл өзі нығыз тәртібі, әскери басшысы жоқ, жұмысы берекесіздеу, жұғымсыз боп көріне жүріп, өздері шіркеу попы Алексейдің, Усковский мен Сигаловтың жүріс-тұрысын қатты бақылауға алады. Сырттай Подгорныйдағы қанды оқиғаны тексерген болады, село мен жатақ тұрғындарынан куә ретінде жауап алады. Бұлардан бөлінген Мұқай бастаған екі-үш кісі Майлыбайдың Ахметін қасына алып Басшиге баратын жолдың аузын тосады. Жолбарыс Емелін беттеген отряд «Қыран ұясы» аталған бандаларға соққы беретін мықты қол болмақ. Бұлар аттарын жабулап жапқан, қоржын-қаптары тоқ алыс жолға, Верныйға сапар шеккен ұзақ салқар керуендей боп жылжиды. Қасымхан бұларға қосылмай өзінің сенімді
Кемел Тоқаев серігі Жүсіпті ертіп бөлек кетеді. «Саудагер тобы» Жаркенттен ертең өз бетімен аттанады. Махмұдтың қасына көзсіз батыр Көдек пен айлакер Әзизді қосып берді. Бұлар Қасымханмен бір мезгілде Жолбарыс асуына жетіп, Тасүңгірдің аузында тұрған күзетшілерді жояды. Сол жерде бекініс жасап қашқан жаудың алдын тосуы керек. Қасымханның отрядынан Мұқай нысаналы жерге бәрінен бұрын жеткен. Келесі күні олар Подгорныйда болды. Өздеріне билік пен ерік еркін тиген бұғаусыз, дәлекуленген дырду топтай селоға тасырлата шауып кірді. Орталық көшені бір айналып өтіп біреулерді тоқтатып сұрады ма, сельсоветтің кеңсесіне келді. Мұқай кеңсенің жабық екенін көрсе де оны байқамаған боп айқай салды. — Әй, Совет, жұмысшы-шаруа милициясы келе жатыр. Қабылда мына жауынгерлерді! — деп қара құлыпты найзаның ұшымен түрткілеп қозғап көрді де, — мұның өкіметі қайда кеткен? Мынаусы жабық тұр ғой! — деді. Ағаштың көлеңкесінде сөйлесіп отырған екі адамды көріп, — әй, бері кел! — деп қолын бұлғап шақырды. Жастау біреуі орнынан әрең қозғалып, еріне тұрып Мұқайдың қасына келді. — Иә, не айтайын деп ең? — деп бір көзін қысыңқырап сығырая қарады. — Председатель қайда? Жұмыс істемей ме бұл? — Советке менің билігім жүрмейді. Жұмыс істей ме, жоқ па, оны өзінен сұра! Мұқай өзінің алдында Усковский тұрғанын анық таныды. — Сен осы селонікімісің? — Иә. — Онда председательді тауып әкел. — Таңертеңнен бері өзім де таба алмай жүрмін. — Осындай алаяқтарға сеніп жұмыс тапсырамыз. Ал ол қарнын сипалап үйінде жатады. Совет ісі қалай оңсын! — Өздерің ғой оны үрлеп, әлпештеп әкеп қойған. — Мен мұның әкесін танытам. — Баяғыда солай жасау керек еді.
Шығармалары — Әй, маған ақыл үйрететін соншама кімсің? — Кешір, жолдас начальник. Байқамай аузымнан шығып кетті. — Бәсе, солай де! — Мұқай бас аяғына көз жіберіп, — сен өзің кімсің? — деді. — Мен бе? —Усковский иығын бір қозғап қойды. Қалай таныстырсам екен? Қысқаша айтсам, Советтің кешіріміне ілінген кешегі ақтың офицері, бүгінгі крестьянмын. Жер жыртып егін егем, бақша салам. Бейбіт кәсіппен шұғыл данам. — Әрі қысқа, әрі түсінікті. Кейбіреулер өткендегісін жасырады. Бүгежектеп, қорқақтап тығылған жанды жаным сүймейді. Советке бүгінде сен сияқты майда офицер емес, сарала шенді генералдар қызмет жасап жатыр. Мен өзім әлдіні жақтаймын. Жеңілдің бе, қол көтер де қызмет жаса! Кейбір пысықтар «Әй, мынау ақтың офицері. Түбінде шикілік шықса бәлсіне қаламыз. Осыны қоя тұршы!» — деп кежегесі кейін тар тады. Ал мен алданба, адаспа, сол қауымды өз кәдеңе жарат деймін. Қалай ойлайсың, менің айтқаным дұрыс па? — Данышпан пікір! Мұқай мақтанған түрмен: — Мен сондаймын! — деді. — Сендер мұнда неғып жүрсіңдер? — Атың кім? Яша ма? Яша жолдас, осында бандалар кеп Қызыл керуенді талқандады, жатақ пен селоны шапты, адамдарын өлтірді, үйлерін өртеді дей ме, немене? Соны тексеріп, біржола шешіп тастамақпын. Сыпсыңдаған арызшыларды жаным сүймейді. Арыз бен шағымның құйрығын балтамен бір-ақ шабамын! Тимофей көрінді. Кеңсе алдында үш-төрт қарулы милиционердің тұрғанын көріп аяғын жылдамдата басты. Усковский саусағын шошайтып: — Председателің анау келе жатқан сары орыс, — деді. Мұқай қамшысын шошайтып: — Әй, сен председательсің бе? Орныңда неге отыр
Кемел Тоқаев майсың? Сен үшін мен жұмыс істеуім керек пе? — деп қатулана сөйледі. Тимофей бұл милиция тобының келетінін білмейтін. Не айтарын білмей сасқалақтап қалды. — Жатақтан басқа мұнда бес жүз түтін бар. Ал председатель жалғыз. Мұнда отыра берсең іс бітпейді. Село мен жатақ арасында жүгіріп жүргенің, — деп ақтала бастады. Мұқай үзеңгіге аяғын тіреп шірене түсіп: — Біз уезден келе жатқан комиссиямыз. Осы ауылды бандалар шапты, кісілерін өлтірді деген көп арыз түсті. Соны қарағалы келдік, — деді. Тимофей: — Мына жұрт бандалардың әшкереленбей жатқанына наразы боп отыр, — дегенде, Мұқай ақырып қалды. — Әй, не сөйлеп тұрсың! Наразы болғаны қалай? Мына маған, Советке өкпелі ме? Онда сен не бітіріп отырсың? Жұртты уезге телміртпей, көбіне жігер қосып қолына қару бер. Әскери өнерге үйрет, бандаларға қарсы соғыс ашсын! Осыны неге жасамадың?! — Жасап жатырмыз ғой. — Сенің «ғой» дегенің ұнамайды. — Өздеріңді көріп көмектесе ме деп қуанып қалып ем. — Тағы не боп қалды? Үй өртеніп, кісі өліп жатыр ма? — Бұл қырсық одан кем боп жатқан жоқ. Өлген бандиттің өлігі ұрланды. Мүрдесін ашып денесін алып кеткен. Оның үстіне білдей азаматымыз жоғалып отыр. — Байқаймын, өз міндетіңді мүлде білмейді екенсің! Уездік милиция сенің мүрдеңді күзетіп, жоғалғаныңды іздемейді! Осыны мықтап ұғып ал. Сонан соң көп сөзді қой, мына жауынгерлер шаршап-шалдығып келеді. Осы жердің өкіметісің, орналастыр, тамақ бер. Шаруаң болса, сонан соң сөйлесерміз. Жұмыс далада жортып жүрген көк қасқыр емес, ешқайда қашпайды. — Ойпырай-ә,— деп Тимофей дағдарып қалғанда, бүйірінде томпайған наганын алақанымен басып
Шығармалары Нариманов жүгіріп келе жатты. Ол Мұқайды Қасымханның адамы екенін жақсы білетін. Бұлардың топталып бекер жүрмегенін, аса маңызды тапсырмамен келгенін сезді. Мұқай: — Әй, маубас, сені Советке көмектес, ауылда тыныштық болсын деп жібермеп пе еді? Мынауың өлік ұрланды, адам жоғалды деп қайдағы бәлені соғып тұр ғой! Бұған мола күзетпейтінімді түсіндірші! — деді. — Кешіріңіз, начальник жолдас, оны өзіміз жөндеп аламыз. — Біз шаршап келдік. Тамағы, шарабы мол жерге апар. Біз де тірі пендеміз. Ұқтың ба? — Құп болады, начальник жолдас, — деп Мұқайдың алдына түсіп жорғалай жөнелді. Сырт көзге аттылы кісі жаяу милиционерді айдап бара жатқандай еді. Усковский бұл әңгімелердің бәрін естіп, тыңдап, көріп тұрған. Мысқылдап күліп қойып, Ивановқа бұрылды: — Тимофей, сені мұқалмайтын, майыспайтын құрыштай берік пе деуші едім. Сөйтсем, сен де осал екенсің. Әлдіні таппай жүр екенбіз. Сырыңды енді ұқтым, — деді. — Мұндай ноқаймен сөз таластырып Совет өкіметінің беделіне дақ түсіргім келмейді. Қажет болса, дөрекілігін тіркеп уезге шағым берем. Олар алаңғасарды ақылға салудың жөнін біледі. — Сен арызданам, тезге салам деп жүргенде ол басыңды қылышпен ақырын ғана шауып тастайды. Мұндай мешін тұқымдарында ақыл аз болады. — Кімнің басын кім аларын әлі көрерміз! Мұқай ат үстінде Наримановқа мынаны айтып бара жатты. — Бауырым, үлкен жорық басталды. Соққы беретін мол күш Көксай тұсына тақап қалған шығар. Мұның бәрін Қасымханның өзі бастап жүр. Аз күннен кейін бандалардың көзін біржола жоямыз. Сендерге берілген тапсырма Усковский тобының қырағылығын жою, олардың селодан кетуін бөгей тұру боп табылады. Бұлардың қоқайып қыр көрсетіп жүргені, сенетіні тау қуысындағы
Кемел Тоқаев қарулы қолы екен. Араларын байланыстырмай, басын қостырмай жекелеп алып желкесінен басып тұншықтыру боп тұр. Бұйрық осылай, бауырым. Шестаков екеуің қазіргі сәттен Тимофейдің қарауына көшесіңдер. Мен осында жұмаға дейін болам. Қызыл керуен мен бандалардың қанды оқиғасын тексерген боп куәлардан жауап аламын, сөздерін тіркеймін. Усковскийлердің сөздеріне көбірек ден қойған болам. Тимофей мені танымайды. Дөрекі сөздеріме күнілгері кешірім сұраймын. Іс мүддесі талап етеді деп айтарсың. Маған мойынсына бермей о да қарсыласып бақсын. Қайткенде бұл жасырынбақ ойынды дұшпан сезіп қалмауға тиіс. Әйтпесе қан көп төгіледі. Соған жеткізбеу керек. Қасымханның әмірі осылай екенін Тимофейге жеткіз. — Алаң болма, бәрі жасалады. — Екінші үлкен тапсырма, Ахмет қайда? Оны дереу тап. Маған жолықсын. Оны Давыдовтың өзі күтіп отыр. — Ахметтен айрылып қалдық. Қайда кеткенін білмейміз. Бандиттер ұстап әкетпеді ме екен деген қауіп бар. — Сен қайда жүрсің? — Менің жұмысқа кіріскенім кеше мен бүгін ғана ғой. Мұның бәрі менен бұрын болған іс. — Мұндайды күтпеген едім, — деп Мұқай ойланып қалды. — Онда жоспар өзгерді. Тегі ертерек қимыл жасау керек болар. — Не туралы айтып отырсың? — Кейінірек... Сен өзің де сақ бол. Пышақ салған адамды таныдың ба? — Әрине, Сигалов. — Ол ше? — Алғаш қорыққан секілді. Мен танымайтын кісідей шырай білдірген соң оның да көңілі жай тапты. Байқауымша бұлар да қарап жатқан жоқ сияқты. — Оны қайдан білесің? — Жай, сезем. — Сезген жақсы. Ал бізте бұлтартпайтын дәлел керек.
Шығармалары — Оған ерік беріп жатырсыңдар ма? Ойбай, тиме, қозғама, білмеген бол деп қолды байлап безек қағасыңдар. — Шыда, бауырым! Нариманов Мұқай тобын Крутикованың пәтеріне алып келді. — Мыналар уезден келген комиссия. Осында тергеу жұмысын жүргізеді. Арағың, тамағың бар ма? Тез әкел. Крутикова онша жақтыра қоймады. — Несиеге беретін артық асым жоқ. Ақша давай! — Жалаунамды алған соң бәрін бір-ақ төлеймін, деп ем ғой! — Милиция бастығында ақша болмайды деп ойлайсыз ба, бұл қалай? — деп Мұқай бір қат ақшаны Крутикованың алдына тастай салды. — Өзіңізге керегін есептеп қалғанын қайтарарсыз. Жесір әйелдің ақысын жемейміз. — Әй, осыдан бақа басты еркек болса да біреуге тиіп алармын-ау! Әбден қорлықтарың өтті. Жесір деген сөз мүләйім мүсәпір ғып, тіпті кісінің жүрегін тіледі. — Кешіріңіз, ренжітейін деген ойым болған жоқ. — Шыны солай болған соң ренжіп қайтем. Байсыз қатынның күні құрысын. Өзіңе серік, балаға әке керек екен. Ақшаны қаншама тапқанымен одан бай жасай алмайсың. — Мынадай үйді ұстау және шаруаға қарау үшін әрине көмекші керек. Нариманов мақұлдай түсіп: — Хозяйканың Егор деген мықты көмекшісі бар деседі. Мен әлі көргенім жоқ. Оны бір жаққа жұмсап жіберіп пе едіңіз? Көрінбейді, — деді. — Таудан қарағай әкелем деп кетіп еді. Әлі жоқ. Бейшараны бандалар өлтіріп кетті ме деп қорқам. Жалғыз биеден айрылсақ күніміздің не боларын да білмеймін. — Өйтіп үрей шақырмаңыз. Қаптап жүрген қайдағы банда ол? Жәй, ауыл арасының бұзық тентектері де. Жоқтан бар құрап қарсы жақты қампитып өсірмейік. Арада үш күн өткеннен кейін сельсоветтің кеңсесіне екі кештің арасында Усковский келді. Шамның жанып
Кемел Тоқаев тұрғанын көріп әдейі бұрылған Мұқай жәбір шеккен Майлыбай мен Петуховтың арыздарын қарап, көргенбілгендерін сұрастырып жатқан. Тимофей бұлардың сөздерін зорға құрастырып жазып отыр. Мұқай босағада бөгеліп кібіртіктеп қалған Усковскийге: — Кімге келдің? — деп қабағын түйе қарады. Усковскийдің есіне салық қағазы түсті. Өткен жолы, өкіметтің салықтарын бір-ақ төлеп құтылған едім. Міне тағы да екі центнер астың, үш центнер ет, жарты тонна картоп тапсырсын деген налог қағазын және жіберіпті. Бұл не сұмдық! Мұнша астық пен етті қайдан табам. Кешеде қаңғыған бұралқы итті атып, соның етін өткізейін бе? — деп Тимофейге шүйіліп, қатулана сөйледі. — Осының бәрі сенің жасап отырған лаңың. Большевиктің ісіп кеуіп жатқан аш-жалаңашын мен тойындырмақпын ба? Тимофей кейіді. — Е-и-и, сенің жылана беретінің-ай. Биыл егінің бітік өсті. Жақсы өнім алдың. Бақшаның да түсімі жаман емес. Бордақыға екі бірдей шошқа қойып отырсың. Дәл бүгін налогты тапсыр деп асықтырмаймыз. Жыл аяғына дейін құтылсаң болады. — Мен немере әпкемнің үйінде тұрам. Өз қолымнан бір түйір дән еккен емеспін. Өзім біреудің үстінен күн көріп арамтамақ боп жүрмін. Осыны неге ұқпайсың? — Қора-жай сенің атыңа жазылған. Түтінге түскен салықты сен үшін біреу төлемейді. — Қарақан басымнан басқа түк болмаса қайтесің? Соттайсың ба? — Табасың, әйтпесе үйіңді қаттаймыз. — Бұл қалай уезден келген өкіл жолдас, — деп тірек іздегендей Усковский Мұқайға қарады. — Большевиктер адамның еркін, құхын таптаған мынадай зорлықшыл, қиянатшыл төбетті төбемізге ойнақтатып қойып отыра бере ме? Әділеті қайда? Мұқай Усковскийдің көзіне көзін қадап: — Тағы қандай жұмыспен келдің? — деді.
Шығармалары — Мынау, — деді Тимофейді нұсқап, — таудағы жабайы қалың қарағайды қорғаған жаман ырым шығарды. Қарағай кескісі келетіндер бұдан көп қағаз алуы керек. Бұл тағы не бәле? Мұқай мұның бәрі сылтау, айла екенін біліп тұр. Сол сәт бұл да айлалы, жасанды құбылысқа түсті. Тимофейдің қасындағы орындықты нұсқап: — Сені өзім де шақырғалы отыр ем. Жақсы келдің. Отыра тұр. Мына кісілердің шаруасын бітірейін. Сонан соң сөйлесеміз, — деді де Петуховқа қарап, — Иә, әңгімеңді айта бер! — деді. Петухов Мұқайдың әп-сәтте өзгерген қатулы түрін көріп жаутаңдап қыбыжықтап қалды. — Басқа не айтайын. Бәрін арызда жаздым. Мұқай қобыраған қағазды көтере ұстап: — Сенің арызыңды оқудан басқа жұмыс жоқ деймісің. Мұндағы жазғаныңды өз аузыңмен айт, — деп көп қағазға жазылған арызды столға тастай салды. — Мен бақшаны аралап жүргем... — Қанша рет араламақсың? Оны айттың ғой! Петухов көзі бадырайып бөгеліп қалды. — Неге үндемейсің? Айт шыныңды! — Мұқай зеки түсті. — Селоның үстінде айқайлаған, шошынған, жылаған дауыс естілді. Әр тұстан өрт шықты. Қылышын жалаңдатқан бандалар көше бойымен осқақтай шауып жүр. Басшысы қара сақалды қазақ. Басқалары тұмсықтарын қара шүберекпен байлап алған. Істеген қылықтарына кісі шошынады. Мына Тимофейдің келінінің қарнын тіліп, қора-жайын дымын қоймай өртеп жіберді. — Тимофейдің аузы бар. Қажет десе өзі айтады. — Жалпы айтып жатқаным ғой. — Сен жалпы-малпыны қой. Өзіңнің келінің аман ба? — Менде келін жоқ. Бәрі қыз бала. — Қатының, қызың аман ғой? Үйің бүтін бе? — Шошаламның төбесі өртеніп... — Онда бара бер! — деп Мұқай арыз бұрышына арапша
Кемел Тоқаев сызғылай бұрыштама қойды. — Неменеге отырсың? Саған айттым! Тимофей: — Сіз бұлай асықтырмай, зекімей тыңдаңыз. Бүйте берсеңіз крестьяндар ойындағысын айта алмай қалады,— деді. Мұқай бүйірін таянып алға ентелей түсіп: — Ал тыңдалық! Тағы не айтасың? — Анау қара сақал... — Менің де сақалым қара. Сен одан да басқа белгісін айтсаңшы! — Мен бұл киргиздардың түрлерін жақсы ажырата алмаймын. Бәрі бүйрек бет, қысық көз, қисық аяқ, қара боп көрінеді. Мұқай Тимофейге мысқылдай қарап: — Жауабына қанағаттандың ба? — деді. — Петухов тұйық адам. Жұртпен көп араласпайды. Бәлкім, кейде кісіге солай көрінетін болар. — Кешір, мылжыңды тыңдауға уақытым жоқ. Петухов сүмірейіп шығып бара жатқанда Усковский күліп қалды. — Қоразым, кейде мезгілсіз шақыратының бар. Мынау соның сыбағасы. Өзіңе де сол керек! — Сен ит, аузыңды жап. Уезге барам, әлі бәріңнің әкелерінді танытам. Мұқай басын шайқады. — Қораздың қорқытуын қарай гөр! — Ол Майлыбайға шапшаң бұрылып, — Сенің басыңа қандай күн туды? Айта бер! — деді. Тимофей Майлыбайдың орнына жауап қатып, жатақтағы қанды оқиғаны қысқаша баяндап берді. — Немене, мұның өзі айта алмай ма? Тілі жоқ па? Әлде сені адвокат ғып жалдап па еді! — деп кекете түсті. Тимофей Мұқайдың дөрекілігін елемей сөзін жалғастырды. — Майлыбай тағы үлкен бақытсыздыққа ұшырап отыр. Азамат баласынан айрылды. Бандалар ұстап әкетпеді ме екен деген қаупіміз бар.
Шығармалары Мұқай таңғалғандай орнынан тұрды. — Селоға қара бандалар соқтықса, бұларға ақ бандалар келіп тиіскен. Бұл қаптап жүрген неғылған бандалар? Осында екі-үш күннен бері жүрмін. Сол қаптаған бандаларды мен неге көрмеймін. Мәселен, Яша, сен сол бандаларды көрдің бе? Усковский таңғалғандай иығын бүлк еткізді. — Көрмек түгіл естіген емеспін. — Бұл сендердей қара таяқ емес, әскери адам, бәрін біледі. Ал сендер үйлеріңде бұғынып жатып дүрлігіп үрей шақырасыңдар! Тимофей жолдас бұлай жұмыс істеу жарамайды. Тағы сондай сөз естісем, жұртты үрейлендіріп сабатаж жасап отыр деп тура протокол жасаймын. Оның аяғы оңай тимейді. Бұхара арасында іріткі жасап жалған ақпар беру жаудың ісі деп танылады. Ұқтың ба? — Бізде қарап жатпасбыз, — деп Тимофей орнынан тұрды. — Уезде кімге барарымды білем! — Яша, мынаны қарай гөр. Мені, мына қызыл командир Мұқайды қорқытқысы келеді. Сен үніңді шығарып көрші осыдан. Анау кәлләң допша ұшып түседі! Жоғал, көзіме көрінбей! Тимофей қиқарлана есіктен шығып бара жатқанда Мұқай басын шайқап: — Мұны кімдердің есіртіп жүргенін білем! Бәлем тұра тұр! Қорғаушыңмен қоса жерге қазықша қағармын! — деп кіжінді. Бұл күндерді Мұқай астындағы торы аты ақ тер боп, жаздың жұмсақ түнінде ұйқы көрмей жортуыл мен өткізіп жүрді. Өткен түні де көз шырымын алмады. Басши бекетіне баратын жолға шығып жаңа нұсқаулар, бұйрықтар алып қайтқан. Ахметтің із-түзсіз жоғалып кеткені жоспарды бүтіндей өзгерткен еді. Мұқайдың байланысшы болуына әрі селода қалуына тура келді. Ертең кешке қарай Қасымханның мол қолы Жолбарыс асуына көтеріліп бандалардың мекен жайының желке тұсынан шығады. Дәл сол шамада
Кемел Тоқаев Махмұд бастаған топ негізгі қақпа — Тасүңгірге тақайды. Екі отряд мықты бекініс жасап алғаннан кейін Мұқайдың тобы шіркеудің попы мен Усковскийді бірнеше күдікті адамдарды дереу қамауға алады. Усковскийдің көп серігі әлі мәлімсіз. Егер селода басшыларының тұтқынға алынғанын білсе, бұл асудағы қолға хабарланып, әлі бекініс жасап үлгірмеген Қасымхан мен Махмұдтың отрядын үлкен шығынға ұшыратуы мүмкін. Кейін Мұқай бұл шараны жүзеге асырған күннің өзінде өте сақтық жасағаны жөн. Банда тобын сырт көзге сездірмей, дымын шығармай, қарсыласуға икемін келтірмей ұстау керек десті. Мұқай Усковский екеуі оңаша қалғанда қобыраған арыздарды папканың ішіне салды да: — Қағаз жұмысы біз сияқтыларға қол емес екен. Әбден мезі етті. Бұл өзі алды-арты жоқ шексіз бәле ғой. Бүйтіп қағазға көміліп отырғанша торы атқа мініп бір желпініп шыққанның өзі қандай рақат,— деп алдындағы папканы сырғытып тастады. Усковский күдікпен көзін сығырайта түсті. — Байқауымша, саяхаттан кенде боп жүрген жоқ секілдісің, — деді. Мұқай еңкейе құлағын тосып күліп жіберді. — Ой, Яша, қусың, білмейтін бәлең жоқ. Жұрттың қымыз ішкенін, аздап келіншекпен қыдырғанын көріп қоясың. Біздей көк етік көнбістерді бір сәт аясаң қайтеді. Калада ерік жоқ. Оқу дей ме, әскери өнер үйрете ме, одан қалса түнгі күзетіне жібере ме, әйтеуір сүлдең құрып, бір тыным таппайсың. Ал мұнда бәрі саған қызыға қарайды, үйіне шақырады, қонақ жасайды. Қымызға қызып алып карта соққанға не жетсін! Сонан соң түн кезінде тағы қызықтар басталып кетеді. Сөйтіп жүріп мына бір істі қарауға мұршам келмеді, — деп қалың қағаз папканы жұдырығымен қойып қалды. — Қызыл керуенге шабуыл жасалғаның білесің. Бұ жұрт қызық. Бір-бірін қаралап көрсетуге құмар-ақ! Сол бандалардың арасында пәленшелер болды деп қайдағы біреулерді тізе берген. Сен оқыған адамсың. Білімің бастан асады. Мен сияқты қағазға үңіліп ежелеп отырмайсың.
Шығармалары Біржолға көмектесіп жіберсең қайтеді?! Оған дәнемең кетпейді. Тегі қарап бітіре алатын емеспін. — Мен ақтың офицері екенімді ұмытпағын! — Ей, қойшы соны! Совет кеңсесінде сендейлер аз ба? Кеше офицер болсаң, бүгін крестьянсың. Өзіңді көрген жерден ұнаттым. Сол жетеді. Басқаның сөзін башайыма ілмеймін. Усковский ойланып қалды. Сәлден соң: — Қашан кірісу керек? — деп сұрады. — Ертеңнен бастап қолыңа ал. Мұнда елдің жазған арызын, айтқан жауабын папкаға тыға берген. Осыларды реттеп, беттерін қойып берейін. Бастықтар сұрай қалған күнде жұмыстың жалпы көлемін білейік те. Әрі сенің қарауыңа жеңіл болсын. — Немене, арыздар соншама көп пе? — Әңгіме сонда ғой, бауырым, мынадай қалың үш папка, — деп саусағын шошайтып көрсетті. — Құшағың толады. — Үйге апарып істемесем үлгіре алмаспын. — Бауырым ондай сөзіңді қой. Бұл өзі уезд бастығының қарауындағы іс. Ертең ішінен бір қағазы жоғалып кетсе менің басым кетеді. Мұндай істі жүргізгенде тәртіп керек. Барлық папканы алдына әкеп коям. Сен оларды оқып шығып қортынды жазасың. Сонан соң менің айтуыммен ептеп түзейсің. Мен оны бастыққа берем. Қорытынды ұнамаса, мейлі өзі білсін. Өздері қайтадан оқып алсын. Сонда құда да, құдағи да тиыш. Теріс жазғаның үшін сөкпейді, саяси білімі тайыз, түсінбеген деп қарайды. Ал арасынан қағаз жоғалтсаң оны жаулыққа теңейді. — Сенімен әңгімелескен сайын үлкен жаңалық ашқандай болам. — Менің атқарған жұмысым жалғыз бұл емес. Тәжірибе бар. — Қателеспес үшін қандай бағытта жазу керек екенін айтып қоймайсың ба? — Өзің де ұғымтал жігітсің. Жалпы, банда қаптап жүр деген пікірден аулақ болған жөн. Мұның саяси қате
Кемел Тоқаев нәрсе. Әлгі Тимофей соны түсінгісі келмейді. Сонда бұл өңірде Совет өкіметі орнамаған бола ма, қалай? Олай десең жоғарыда отырғандар «Милиция жұмыс істемейді, бұхарамен байланысы жоқ. Жергілікті өкіметті нығайтуға көмектеспейді. Теріс бағыт алып отыр!» — деп бізді қысады. Сонан соң жазалау басталады, жұмыстан қуады. Ондай ұнамсыз қисық бәле кімге керек! — Сонда Қызыл керуенге шабуыл жасағанын көрсетпейін бе? — Көрсетпегені қалай? Жұртқа куәленген, бастықтың өзі білетін жұмысты бүркеп өле алмай жүрсің бе? Қайта соның бояуын қалыңдатып, нығыздай түс. Банданың ісі емес, барымтаның, кек алудың жаңа түрі деп түсіндір. Малынан, астығынан айрылған, ашынған сотқар топтың қиқарлығы, бұл өзі қазақтың сүйегіне сіңген салты деп көрсет. Бұл санадағы ескі салтты жою үшін көп уақыт керек екенін айт. Банда шұбап жүр деген ұғымнан аулақ бол. Усковский шынында таңғалды. — Өте көреген адамсың. Тіпті қайран қаламын. — Еһе, әлі білмей жүрсің. Мен өзім сондаймын. — Жарайды, ертең жұмысқа кірісем. — Міне, дүние жүзінің пролетариатына көмек деп осыны айтады, — деп Мұқай алақанын иығына сап, саусағымен бүріп ұстап сілкіп қалды. — Мына Мұқай кісіні бір көргеннен таниды. Сен маған бекер ұнамағансың! — Менің өтінішімді ұмытпағын. — Қандай өтініш? Ә, әлгі салық-малық, қарағай ма? — деп қолын сермеп сілкіп тастады. — Сен өзіміздің адамсың. Қалай тілесең солай жасаймыз. Со да сөз бе екен, тәйірі. Егескенде сол салықтың үлкен бөлігін Тимофейдің өзіне төлетсем деймін. Мұны қалай көресің? — Бұл өзі ғажап іс болар еді. — Тимофей Совет председателі бола тұрып өкімет салығынан қалай қашады. Төлегісі келмей қиқарланып бұлтарса, біз оны большевиктің саясатына қарсы адам ғып протокол жасай қоямыз. — Сенің данышпандығыңа көзім жетті. Шынына
Шығармалары келгенде тыныш жатқан елді түрткілеп дүрліктіріп жүрген Тимофейдің өзі. Өзі жатақтан шықпайды. Қазақтардың қыр соңына түсіп қалмаған соң қара сақал біреуі кеп оның үйін әдейі өртеп жіберген. — Міне, осыны барымта, жаугершіліктің бір түрі ғып жазарсың. — Сені бір адаммен таныстырғым кеп отыр. Екеуің ортақ тіл тауып кетер едіңдер. Мұқай оның кіммен таныстырғысы кеп отырғанын сезді. «Попты әкеп сынатпақсың ғой. Ертеңге дейін сыр бермей алдандыра тұрсам екеуіңмен сонда сөйлесермін» — деп үлкен қара көзін қадап ойлана тұрып күліп жіберді. — Өзіңе сенгендей жұрттың бәріне сыр аша береді деп ойлама. Ұнамайтын кісімен сөйлеспейтін жыным бар. Онымен таныстыруға асықпа. Мені көріп түңіліп, көңілі қалып жүрер. Одан да мұндағы шаруаны реттеп алайық. Әлгінде Тимофей жөнінде бірдеме айттың ғой. — Сақтанбасаң болмайды, өзі залым, сұм адам. — Солай-де. — Мұқай саусағын бүккілеп ымдады. Ол еңкейе құлағын тосқанда ақырын сыбырлай қойды. — Осының бәрін қағазға түртіп бере қойсаң қайтеді? Мына папканың арасында жатсын да! — Ертең әкелем. — Айтқандай, ұмытып барады екем, ертең кешірек келуім мүмкін. Өткен түні жиырма бірден қатты соғылды. Мен Қызыл командир болған соң сескеніп ұтылады ғой деп ойлап ем. Өйтпеді. Қазір сонда барып ерегесе есе қайтарғалы отырмын. Ойын ұзаққа созылып кетіп, бәлкім кешке қарай оралармын. Қайткенде де күтерсің. Кешіксем, ренжімейсің бе? — Меніңше кешкі жұмыс өнімді болады. — Ой, Яша, жарайсың! Сені отрядқа алуға мәселе қоям. Оллаһи, солай жасаймын. — Екеуіміз қосылсақ талай дүниені жасар ек. Көп сенім артып жатырсың. Әзірге рақметтен басқа айтарым жоқ. Усковский кеңседен шығып ұзап кеткенде, көп бөлмелерде үн шығармай тығылып, жасырынып тұрған
Кемел Тоқаев Шестаков, Нариманов бастаған милиционерлер қаптап өре шығып өз командирін қоршай қалды. — Жолдастар, әзірге өзіміз ойлап-пішкен жүйемен келеді. Усковский қармаққа мықтап іліккен сияқты. Дәл ертең кешке дейін сойқан іс жасап селодан жылыса қоймас деп ойлаймын. Әйткенмен, сақтық, қырағылық керек. Бүгін соңғы түн. Бүгін түні де ұйқыны қойып, іске сергек, ширақ кірісіңдер. Усковский мен поп немен шұғылданады? Қайда, қай жерде кіммен кездесті? Жиналған адамның саны қанша? Біз Усковский мен поптан және Сигаловтан басқа банда мүшелерін анық білмейміз. Бәлкім, Дудконың өзі селода жалған атпен бүркеніп жүрген шығар? Усковскийдің астыртын жолығып жүрген кісілеріне қарап селодағы күдікті адамдардың санын тағы анықтап біліп алыңдар. Ертең бәрін бір мезгілде, бір-ақ сәтте, қамауға алатын болайық. — Мұқай қолын көтеріп Шестаковқа бұрылды. — Николай бүгін саған Тимофей көмекке келеді. Қонақ үйде Нариманов болады. Жүріс-тұрыстың бәрі кешегідей бірқалыпты сезіксіз болсын. Васши бекетіне бұрылатын қара жолдың түбінде бұлақ басында таудан түскен малшылар кеп қонған. Мен Боранғұл қойшының үйінде болам. Бергі шеттен санағанда оң жақтағы екінші үй. Менің бүгінгі серігім мергенші Хафиз. Селодан жылысқан бандалар ол жерден әрі қарай Тасүңгірге кете алмайды. Оларды пулемет оғымен қарсы аламыз. Солай ма Хафиз? Әрине, ашық дабыра айқастан қашқан жөн. Мұнда күрделі қиын жағдай туа қалған күнде дереу хабар беріңдер, Қалай, бәрі түсінікті ме? Онда таралық. Нариманов кең тыныс алып: — Тезірек таң атып, көкжиекке қызыл арайлы нұр төгіліп, үлкен күн жарқырап туса екен! — деді. Мүбәрак Қызыл керуенді талқандаған, өзін өлімші ғып пышақтаған банданың бірін тани тұрып, оның табанда жазаланбай еркін жүргеніне, өшін ала алмағанына, өзінің әрекеті жоқ дәрменсіз бос салпаңына іштей қатты қапаланып қамығатын. Мүбәрактың бұл күйкі күйін Мұқай сезетін еді. Соны ұғып достың көңілімен жұбата сөйледі.
Шығармалары — Шыда, Мүбәрак, асыға күткен сын сағат та алыс емес. Ертең дәл осы уақытта бұл өңірде жамандық әкелген жауыздың атаулы атымен жойылады, банданың қарасы өшеді. Бәріміз қалдыратын берекелі белгі бейбіт елге әкелген тыныштық болмақ. Сонан соң сен де кәдімгідей жұрт секілді тынығасың, ұйықтайсың, мезгілімен ас ішесің. Енді желкемізде жау тұрған жоқ па екен деп артқа қарап жалтақтамайтын боламыз. Есіңе сақта, бір тәуліктен кейін дүр көтеріліп соңғы шабуылға шығамыз! — деп шапшаң қозғалып орнынан тұрды. Аз уақыт өтпей Қызыл командир өзінің бұл жоспарын бұл жолы да өзгертуге мәжбүр болды. Ол Усковскийлердің милиция отряды мен селодағы бүкіл совет активін жойып жіберу үшін астыртын шұғыл қам жасап жатқаны жайында хабар алған еді. ҚАРЛЫҒАШТАР Тимофей қора жайын бандалар өртеп кеткелі бері немересімен Майлыбайдың үйінде тұрып жатқан. Күндіз бір мезгіл кеңсе қызметінен қолы босағанда Майлыбай екеуі Анатолий мен Әнуарды қасына алып күйген кірпіштерді, шала жанған қораның ескі ағаштарын жинап, содан үйдің қаңқасын құрап суық күзге дейін баспана жасап алуға кіріскен еді. Мұқайдың милиция отрядының арнаулы тапсырмамен селоға келуіне байланысты бұл күндері жұмыс жасауға қолы тимеген. Бүгін Шестаков екеуіне әсіресе Усковский мен ескі шіркеу попын қатты бақылауға алуды тапсырған соң жатаққа күндегідей ерте кетпей селода бөгеліп қалуға сылтау іздеді. Үйіне кеп алаңсыз шаруа тірлігімен шұғылданған кісі секілді бөрене, тіреу таңдаған боп, әр ағашты бір ұстап тағы бір жерге шеге қаққан боп күйбеңдеп жүрді. Мұнысы зая кетпеген секілді. Ымырт жабылғанда арбалы, жаяулы көп адамның Сигаловтың
Кемел Тоқаев үйіне қарай абыр-сабыр шауып бара жатқанын көріп қалды. Сигаловтың үйі Крутикованың үйімен қатар, бір көшенің бойында. Жолшыбай Наримановқа соғып әрі бұл жиынның себебін білейін деп Крутикованың үйіне келді. Зоя бұл адамдардың оқыс жиналып жатқан себебін анығырақ білетін боп шықты. — Бүгін Сигаловтың қуанышы мол. Қызын байға бергелі жатыр. Күйеуді ертіп құдалар жағы келген. Күйеу бабындағы балғын жігіт емес отызға тақап қалған талайды таптаған кәртәміс қу ма деп қалдым. Усковскийдің нағашы жиені білем. Солдаттан жақында босаныпты, —деп бірсыпыра әңгіме айтып тастады. Тимофей қайран қалды. — Усковскийдің жиені дейсің бе? — Несіне таңғаласың? Мына қырғын соғыстан соң жұрт тумасын іздеп, бауырларын тауып жатыр ғой. Басына іс түскенде құдайын танитын әдеті емес пе? — Усковский сол үйде ме? — Енді қайда болмақ. Жиенін үйлендіргелі жатқанда оның қызық тамашасының ортасында жүрмесе, ағайын дығында қандай қасиет бар. Өкіл әкесі де сонда. — Өкіл әкесі кім? — Біздің шіркеудің попы Алексей. Тимофей ойына күдік алып үндемей қалды. Нариманов екеуі оңаша қалғанда, ол: — Бұлар бұл үйде бекер жиналып отырған жоқ. Құда түсу деген жәй сөз. Қапыда қалмайық. Қызыл командир Ахмет жөнінде әкесімен сөйлеседі деп естігем. Кетіп қалмай тұрғанда тез барып айтайын,— деп есіктен асыға шығып бара жатып қайта бұрылды. — Жолда Шестаковты көрсем осында жіберем. Жалғыз ол маңға жолаушы болма, тіліңді алса Зояны жұмсарсың, — деді. Тимофей жатаққа келгенде Мұқай аттанғалы жатыр екен. Жүгіре кеп Сигаловтың үйіндегі той жиынды асыға баяндады. Мұқай ойланып тұрып аттан түсті. Үйге кірді. Тимофей мен Майлыбайға кезек қарап отырып:
Шығармалары — Тойға жиналған еркек саны жиырмадан асады дейсің бе? Ал, келмей сыртта жасырынып жүргендері және бар шығар. Мұнда небары алты-ақ милиционер бар. Сендерден мылтық ата білетін тағы бес-алты адам қосылар. Күш мүлде аз, —: деп отырды да, Хафизге қысқа әмір берді. Дереу барлық жауынгерлерді осында жина, бас қосайық, ақылдасайық. Наримановты қозғама, орнында қалсын. Бақылауды күшейтсін. Бізден бұйрық алмай өз бетінше соқтығып жүрмесін! — Құп болады! — деп Хафиз зыта жөнелді. Аз уақыттан кейін аттылы милиционерлер Майлыбайдың үйіне түсе-түсе қалысты. Мұқай әрқайсысына көзін қадап өтіп: — Алдымызда аса күрделі қиын міндет тұр. Жағдайды анық түсіну үшін сендерге құпия жоспар сырын ашайын: Дудконың бандасы Жолбарыс асуының сағасында ұя теуіп, орналасқанын Махмұд біліп келген болатын. Бандаға соққы беретін мол қол ертең кешке қарай Жолбарыс асуына жетуге тиіс. Үлкен күш жайласып алмай тұрып селода әрекет-қимыл жасауға тиым салған Қасымханның бұйрығы бар. Мана Усковскиймен сөйлескенде ертеңге кел деп жүргенім сол еді. Бұлардың бұлай оқыс жиналуы тегін емес. Қане, не істейміз? Қандай ұсыныс бар? — деді. Милиционерлер біріне-бірі көз астымен қарасып үндемей тым-тырыс отырып қалды. Майлыбай Қызыл командирдің өзі қаладан келген әскермен бірге қатарға қосып ақыл салып отырғанына дардай боп көтеріліп қалған. Сол сенімді ақтап қайткенде пайдалы ұсыныс айтып қалғысы келді. Қозғалақтап, тамағын кенеп жөткіріп алды да: — Дұшпан әлгі айтқандарындай үйдің іші мен сыртына шығып жатса, онда қарасы әжептәуір екен. Бетпе-бет шайқасып, тайталасып есе қайтару, сірә қиын болар-ау деймін. Бір айла тапқан жөн шығар, — деп отырды да, — Әуелде қанды майдан шайқаста саны көп ұтпайды, ақылы көп ұтады демеуші ме еді. Сол жиналып отырғанның бәрін дұшпан деп танысаңдар бұлай бекер уақыт
Кемел Тоқаев кетірмей дереу барып отырған жерінде қамауға алып, қаруларын тастаттырып өздерін дәрменсіз, шарасыз ғып тастамайсыңдар ма? — деді. Шестаков пен Тимофей бір-біріне қарасып: — Осының айтқаны ақыл-ау! — деді. — Бәсе, солай неге жасамаймыз? — деп басқа отырған жігіттер де бұларды қолдай жөнелді. Мұқай ойлана отырып салмақты жауап қатты. — Сол көп адамның ішінде біз күдік алған тек үшеуі ғана, олардың банданың белсенді мүшелері екенін анық білеміз. Қалғаны мәлімсіз. Бұлар шынында тойға келген адал жандар болса қайтесің? Қарулы топ барған соң айқай-шу шығып, мылтық атылатыны даусыз. Сен атпағанымен Усковский бастайды. Әрине, оған жауап қатасың. Сонда қуанышқа, тойға, Қызыққа оқ атып жатқанымыз қалай болады? Сонан соң Усковскийлерді сыртта қараңғы тасада қорғап жүрген күзетшілері жоқ дейсің бе? Ал мен ондай күзетшілердің барына мықты сенем. Бәрімізді бұрылуға мұршамызды келтірмей сәтінде қиратып салады. Бәлкім, Усковский өз серіктерімен әдейі осылай тор құрып алдап түсірмек түрі бар шығар. Соны көре, біле тұрып мұндай қатерге бара алмаймыз. Бізге Сигаловтың үйінде не боп жатыр? Қыз айттыра келгені шын ба? Күйеу және оның серіктері қайдан келген? Осы жайларды анықтап біліп алмай дәл қазір Сигаловтың үйіне бара алмаймыз, — дегенде, әлгінде атқа қонуға жұлқынып отырған жігіттердің желігі басыла қалғандай болды. Шестаков ақырын күрсініп: — Бұл жайды ойламаппыз ғой, — деді. Өзінің тамырын мақтаныш көретін Майлыбай Тимо фейді шынтағымен түрткілеп: — Әй, Түймебай, талай қысылшаңда жол тапқан тарлан едің ғой. Бірдеме десеңші! — деді. Тимофей тығыз қалың мұртын саусағымен сипай отырып, ойлана сөйледі. — Мен осы селоның тұрғынымын. Әрі Совет пред седателімін. Сигалов қызын ұзататын боп, құда мен күйеу
Шығармалары бала кеп жатыр екен. Игілігіне тілек айтып кіріп шықсам қайтеді? Отырып әңгімелескен соң тойға жиналғандардың кімдер екенін анықтап біліп қайтам ғой, — дегенде, Майлыбай көтеріліп қалды. — Бәсе, солай десеңші. Сен біздің өкіметімізсің. Саған жол ашық. Ешкім тимейді. Оның үстіне көршіге құтты болсын айту, құдайдың жөні емес пе? Анау-мынау бәле көрінсе, мен бер жағынан барып терезеден қарап тұрам ғой. Қасыңа жетіп барам, — деп өзін бойбермес күш иесіндей көрсетіп қойды. Мұқай: — Ақ ниеттеріңе рақмет. Тимофейдің сол үйге бармақ түгіл сол маңайға жолауына тиым салам. Бандалардың кектеніп, өлердей өшігіп жүрген адамдарының бірі Тимофей Иванов. Сельсоветтің председателі әзірге менің қасымда болады, — деді де, жігіттерге әмір берді. — Хафиз, сен Боранғұл қойшының үйінің жанына қойылған пулеметті мұнда тез алып кел. Селодан ығысқан банданың алдын тосамыз деп жүргенде бұлар мұнда бәрін қиратып, қан жоса ғып кететін түрі бар. Онда Асхат қалсын. Боранғұл қойшы мылтықты жақсы атам, ұшқан құс, қашқан аңды құр жібермеймін деп еді. Қауіп төнсе қасына серік етсін. Мұнан көмек күтпесін. Сенің келуіңді күтем, — дегенде Хафиз мақұлдай есіктен шыға жөнелді. Мұқай енді Шестаковқа бұрылды. — Николай, саған өтініш Наримановтың қасында бол. Сен пәтерші адамсың. Күндегі әдетіңше, тамағыңды ішіп, жайласып, демалған бол. Бірақ қолың наганда болсын. Егер тіліңді ала қалғандай болса Крутикованы Сигаловтың үйіне жұмсап байқарсың. Қайткен күнде Усковскийлердің онда не істеп жатқанын, пиғыл-ниетін білуіміз керек. Өйтпесек бүкіл ынта-әрекетіміздің бәрі зая кетеді. Дәл қазір қорғанғаннан басқа не істеу керек екенін біле алмай отырмын. Шестаков наганын оқтап қалтасына салды да: — Сигаловтың үйінде не боп жатқанын білуге тырысармын. Бірдеме біле қалсам дереу хабарлаймын, — деді.
Кемел Тоқаев Мұқай Шестаковты сәл бөгеп: — Мұндағы жаңалықты да өзіне жеткізіп тұрам. Усковскийдің діттейтіні сельсоветтің кеңсесі. Мен сонда боламын. Қысылшаң кезде бізге көмекке келетін де, қашқан жаудың алдын тосатын да резервтегі күш екеуіңсің. Өздеріңе үміт артам, — деді. Бұл кезде Сигаловтың үйінде де қызу әңгіме боп жатқан. Өкіл әке күйеу баланы көрсетіп қыз айттыру кәдесін жасаған соң келген «құдалар» арақ-шарап қойылған ұзын столға сығыса отырысты. Күйеу бала атанып келген Васильев еді де, қалыңдық Надежда Сигалова болатын. «Василек» деген лақап аты тараған Васильев мұнда шұғыл тапсырмамен келген. Өткен жұмада Дудконың сенімді жендеті Сұлтанқарамен Жаркентке кеткен Ғапаров сәрсенбі күні «Қыран ұясына» оралуга тиіс екен. Сол «Адвокат» асуға оралмаған. НКВД-нің қолына түсіп қалды ма деген қауіп бар. Селодағы Кулаковтың астыртын тобын «Адвокат» жақсы біледі. Ол милиция қолына түсе қалса бүкіл астыртын топқа қатер төнбек. Дереу селодан кету керек. Васильев өзінің сенімді серігі Есютинді және жай киінген үш солдатты ертіп Дудконың бұйрығын Кулаковқа ала келген. Бейтаныс адамдардың селода қаптап жүргені ең алдымен Тимофейдің көзіне түседі. Және мұнда милиция отряды бар. Кулаков осыдан сескеніп «Құда түсу», «Қыз айттыру» сылтауын өзі ойлап тапқан еді. Надежда ересек бір топ адамның «Күйеу мынау, қыз көруге, құда түсуге келдік» деген сөздерін естігенде зәресі кеткен еді. Зина қызын жұбатты. — Бұл өзі менің еркімнен тыс болған нәрсе. Әкең мұны қайдан тапқанын білмеймін. Дәл бүгін мойныңа бұғау түсе қоймас. Ертең не боларын тағы көрерміз. Мұнда шіркеудің попы отыр. Жамандыққа бара қоймас. Қызметіңді асықпай, үрейленбей биязы жаса, сырыңды алдырушы болма, — деп сыбырлап ақыл айтты. Надежда шешесінің тілін алып «Құдалар» отырған бөлмеге самаурынмен шай кіргізген. Аракідік қызға тән
Шығармалары әуестікпен «күйеу» жаққа көз қиығын тастайды. Торсық шеке, қоңырқай жүзді көк көз жігіт. Сәндеп қойған мұрты бар. Үстінде омырауы кестелі қайырма жағалы аң көйлек, белінде шашақты жұмыр жібек белбеу, басына қалың қатырмасы бар кепка киген. Надежда кесемен шай үлестіріп жүргенде Васильев оны бөгеді: Саусақ ұшымен қыздың мойнын, иегін шымшылай сипалады. Надежда қол сыртында тұтасқан қалың қара сүйелді көргенде тітіркеніп кетті. Кесе толған подносын жерге тастап жібергенін байқамай қалды. Әнуар Шарбануды өлтірген бандиттің саусақтарының түбі жыпырлаған қара сүйел екенін айтқаны бар-тын. Үйден жүгіре шыққанда отырғандар қарқылдап ду күлісті. Тегі беті ашылмаған қыздың ұялғаны деді ме, бұған назар аудармады. Надежда есікті тарс жауып жотасымен тіреп тұра қалды. Тұла бойы қызынып, жүрегі тулап, алқына түсті. «Бұлар кім? Күйеу қайдан келген жігіт? Шарбануды өлтірген бандит болса, ол мұнда неғып жүр? Милиция неге ұстамайды?» деген ой келді. Іштен көңілді үндер естіліп жатты. Усковский: — Әй, «Василек», құрық тимеген асау байталды мінгелі отырсың. Тізгініңді мықтап ұста, бой бермей алып қашып жүрмесін! — деп қарқылдай күлді. Оны гүжілдеген дауыс қолдады. — «Василектің» аузының салуы бар. Ылғи сұлуын, бұзылмағанын, дәмдісін соғады. Осыдан қалғанына қанағат қып біз жүре береміз. Осы әділеттік пе? — Сарқыт қалдырғанына шүкір-де! Надежда шіркеу попының даусын анық таныды. — Жә, қоя тұрыңдар. Мына шаруаны келісіп алайық. Бүгін күндіз Усковский милицияның қызыл командиріне жолығып, ертең кездесуге уәде байласыпты. Қане, бұған не айтасыңдар? — Не айтатыны бар. Папканы беріп жатқан кезде наганды кеудесіне тақай тұрып алдымен комиссарын, сонан соң советтің құйыршығы Тимофейді жайратып
Кемел Тоқаев салам, — деді Усковский екі алақанын ысқылап қойды. — Оларды өлтірген соң, — деп поп саусағын көтерді, — Совет үйіне от қою керек. Бұл бізге берілетін сигнал болмақ. Осыдан соң большевиктерге тілектестерді, жаңа өкіметке мойынсына бастағандарды және антын бұзған казактарды көшеге айдап шығып бүкіл село алдында қылышпен турап тастау керек. Атаманшылардың әлі қаһарлы екенін білсін. Васильев қабағын шытып күміс шанышқыны табақшаның үстіне тастай салды. — Қызыл командир түстен кейінгі уақытты неге тағайындағанын білесің бе? — Аз да болса өмір сүргісі келген шығар. Маған кездескен сәтте өледі ғой, — деп Усковский сөзін әзілмен аяқтамақ еді. Васильев: — Мұның бәрі далбаса әңгіме. Қызылдардың қулықсұмдығынан сабақ алатын кездерің болған жоқ па? Оның біз білмейтін есебі бар. Бәрің қырылып, топырақ астында көмілгілерің келмесе, бұл операцияны жолығу шартын күтпей, ертең таңертеңнен бастау керек. — Қызыл командир бұл кезде селода болмайды. Васильев Усковскийге бажырая қарады. — Оның керегі не саған? — Құшырлана кек алсам деп ем. — Уәде байласқан мезгілде барсаң, ол сенің басыңды қырқып түсіреді. Усковский алақанымен мойнын сипалады. — Тіпті сенгің келмейді. Кулаков дауысын қырнап: — Қандай кеңес айтасың? — деді. — Бұл күндері Тимофей Иванов кеңсеге түнеп жүрген көрінеді. Ертең де дәл болады деп жорамалдайық, — деп Васильев орнынан тұрып көйлегін беліне қарай сырып қойды. Таң атқан кезде күзетші милиционер де ішке кіріп тынығатын көрінеді. Усковский мен Сигалов бейбіт кейіптегі кісіге ұқсап таңертеңмен кеңсеге барады.
Шығармалары Бұлардың жүрісіне күдік ала қоймас деп ойлаймын. Бұлар командирдің бар кезінде де онда болған. Есікті ашқан сәтте Усковский мырза алдымен милиционерді, сонан соң Тимофейді атады. Мылтық дауысы шыққанда Сигалов үйге от қояды. Бәрімізге берілетін сигнал сол қызыл жалын. Бізге папканың керегі жоқ. Бұл большевиктің алдамшы амалы. Өйтіп көпе-көрнеу торға түсетін жайымыз жоқ. — Осы сөзіңнің жаны бар. Мен енді ғана аңғара бастадым, — деп Кулаков алдындағы арақты сырғытып қойды. — Әрине, Усковскийлер жалғыз болмайды. Шіркеу түбінде күтіп тұрған қарулы қол әлгі айтқан тұрақсыз адамдарды көшеге айдап шығып, алаңға жинайды. Мұның бәрі тез жасалуға тиіс. — Селода не бәрі төрт милиционер бар екен. Осыншамыз отырып оны жайрата алмасақ, онда қылыш ұстап еркек боп жүрмей-ақ қояйық, — деп Васильев әңгіменің тәмамдалғанын білдіргеңдей стақандағы арақты көтерді. — Жеңіс үшін! Усковский арақты қағып салып, жұдырығымен столды қойып қалды. — Қызыл командир құтылып кететін болды. Оны да өз қолыммен жайратсам деп ем! Кулаков күлді. — Сен солай жасағалы отырған жоқсың ба? Больше виктер қатын қуып, карта ойнап жүрген, қарауындағы милиционерден айрылған командирді ұстап тұрмайды. Сен үшін олар өздері-ақ жазалайды. — Әулие әке, бұл жолы мені көндірді. — Усковский көңілдене орнынан тұрып: — Мұның бәрі «Василектің» сәтті қадамынан боп жатыр. Қане, күйеудің денсаулығы үшін алып қояйық, — деді. — Күйеу үшін! Қалыңдық үшін! Надежда бұлардың дабырын естіген жоқ. Бұлардың бандалар тобынан екенін білгеннен кейін шәлісін иығына жамыла сап далаға жүгіріп шықты. Ақ қайың түбінде Әнуардың күтіп тұрғанын біледі. Солай қарай жүгіре басып келе жатқанда біреу иығынан бүріп ұстап тоқтатты. Бұл — Есютин еді.
Кемел Тоқаев — Дәрет сындыруға жібермейсіз бе? — деп бұлқынғанда, Есютин «Василектің» қалыңдығын танып: — Кешір, бикеш, танымай қалдым, — деп қолын босата берді. Майлыбай үйге сирек келетін қадірлі қонақтың дағдарып, күйзеліп отырғанына өзі кінәлі кісідей: — Әлгі Әнуардың үйде жоғын қарашы. Кешке дейін тозаңға барып қаңғиды да жүреді. Келе қалса селоға жіберіп жағдайды білер едік, — деді. Анатолий көрпенің астынан басын қылтитып көрсетіп күңк ете қалды. — Әнуар Надеждамен қыдырып жүр. Майлыбай жалт қарады. — Әй, Анателе, оны қайдан білесің? Анатолий көрпеге басын тығып жауап қатпады. — Бұлар бір-бірінің сырын ашса ант бұзғандай көреді. Қарашы, үндемей қасарысуын, — деп Тимофей басын шайқады. Мұқай: — Бұл бала араласатын іс емес. Қинамайық, — деді. Осы кезде жалаң аяқ, жалаңбас, үсті басы топырақ боп Әнуар кірді. Іздеген адамы алдынан шыға қалғанына қуанып кетті. — Ағай, сізді іздеп кеңсеге де бардым, — деп босағаға жүйкелеп отыра кетті. — Сигаловтың үйінде бандалар жиналып, таңертемен барлық тұрғындарды қырып салайын деп жатыр. — Ол Надеждадан естіген әңгімесін түгел айтып берді. Үй іші абыржи отырып, бар ынтамен тыңдап қалған еді. — Ойпыр-ай, таңертең дей ме? — Өздері сонша көп пе? — Қамсыз жатқан елді қырып кетпек екен ғой. Енді қайттік! — десіп шарасыздық білдіргендей болды. Шұғыл ойланып қалған Мұқай: — Олардың шабуылға шығуына белгіні кім бермек екен? — деп тағы анықтап алғысы келді. — Кеңсе үйі өртеніп, қызыл жалын аспанға атылған
Шығармалары кезде олар өздері өштескен үйлерге лап қойып бала-шаға демей бәрін көшеге айдап шықпақ. Қарсылық көрсеткен, қашқан, айқай-шу шығарғандар табанда қылышпен шабылып тасталады. Сонан соң пулемет оғын боратып, селоны шошыта оятып, барлық жұртты шіркеу маңына жинамақ. Жазалауды сонда орындайтын түрлері бар. Мұқай Әнуардың қасына жүресінен отырып: — Мейлі, олар жиырма болсын, отыз-қырық болсын, енді бізге қорқынышты емес. Сендердей революция қарлығаштары тұрғанда бізді ешқандай дұшпан жеңе алмайды, — деп Әнуардың күн қаққан қолын екі алақанына сап ақырын қысты. — Көп рақмет, Әнуар. Өз атымнан, бүкіл уезд милициясы атынан қырғыннан құтқарылған жазықсыз жандар атынан өзіңе және сенің көмекшіңе — Революция қарлығаштарына шын алғысымды айтам. Мұны әс кер тілімен айтқанда разведчик дейді. Кейде олар жүз банданы емес, қарулы мың қолды жеңетін ерлік жа сайды. Бұл хабарды саған айтқан адам сондай ер лік жасаған. Оған менің алғыс ілтифатымды жет кіз. Екеуіңе Қызыл разведчик деген ат қойдым. Ал өзіңе тартқан сыйым мынау, — деп қалтасынан шынжыр баулы күміс сағатын ұсынды. Әнуар сағатты қызыға қарап ұстап тұрып Мұқайдың өзіне қайтарып берді. — Рақмет, ағай, жатаққа және маған дәл қазір мұның пайдасы жоқ. Мұнда мезгіл сағатпен өлшенбейді. Күннің жылжуына қарап асықпай тұра береміз. Ал сізге әр сағат, оның әрбір минуты қымбат. Дұшпанды тезірек жойып Ахметке көмектесіңізші. Ағам үйге қайтсын! Басқа сый сұрамаймын! — деді. — Ахмет қайда жүр? Оны білесің бе? Анатолий көрпе астынан күңк ете қалды. — Ахмет тауда бандиттерден кек алам деп тасада мылтығын кезеп тығылып жатыр. Бүгін екеуімізге апам берген таба нан мен көжені соған апарды, — дегенде, Майлыбай:
Кемел Тоқаев — Алда садағаң кетейін-ай, — деп Әнуарды баурына қысып құшақтай алды. — Қарлығаштай шырылдап ағаңа болысып жүр екенсің ғой. Байқұс әкеңді жылатпай құлағына сыбырлап қойсаң қайтетін еді. Айғаным баласының сөзін тыңдап таң-тамаша боп отырған. Құртақандай қарашығының соншалықты есейіп, ер жетіп кеткеніне таңғалады. Майлыбай: — Бәйбіше-ау, неге отырсың, балаларыңа тамақ бер сеңші,— деді. Айғаным қарын құрышында қалған сары майды тостағанға салып жұмсақ таба нанды молырақ үзіп Әнуар мен Анатолийдің алдына қойды. — Айналайын, жеңдер. — Тарамыс қолымен екеуінің маңдайынан сипады. Мұқай сүйсіне қарап тұрып: — Мынадай ұлы бар, мұрагері бар әке мен ананың арманы жоқ-ау! — деп Тимофей мен Петровты және екі жасақшыны ертіп сыртқа шықты. Даладан Хафиздің дауысы естілді. Әнуар бұлар қайтып келетін шығар деп ойлап еді. Олар қайтып үйге кірмеді. Жазғы таң тез атты. Жиектегі ақша бұлттар күн көтерілген сайын шудалана таралып ыдырап көше бастады. Бұл кезде Васильев пен Кулаков ат үстінде шіркеу қасында биік дарбаза тасасында тұрған. Васильевтің астында шабдар ат, Кулаковтың мінгені құйрық жалын күзеген көк бие. Екеуі кеңсе жаққа көз тіге қарайды. Аспанға қызыл жалын атылып, өрт шыққанын күтіп тұр. Бүгін түнде арақты тоя ішкен Васильев қалыңдығының жанына түнеп шықпақ боп Надежданың бөлмесіне келген. Төсектің басына сүйеніп ой үстінде отырған Надежданы қапсыра құшақтап төсекке атып ұрғанда мұндай өрескелдікті күтпеген қыз қатты шошып шыңғырып жіберді. Біреуі көмекке келер деп үміт күтіп еді. Үлкендердің күлкісін ғана естіді. «Күйеудің» бұл қылығын мақұлдап әдейі жіберіп отырған секілді. Васильев кеудесінен басып, шындай бастағанда білегін тістеп қыршып алды. «Күйеу» ыршып шегіне бергенде іштен теуіп жіберді. Васильев
Шығармалары есікті жотасымен домалай аша «Құдалардың» қасына шалқалай құлап түсті, наганын суырып алып ұмтыла бергенде Кулаков білегінен шап ұстап: — Болды, есіңді жиғын! — деп қолындағы наганын жұлып алды. — Мұның не, қазір милиция келсін деп тұрсың ба? Жоспарды жоймақсың ғой! Васильев жұлқынып, күйініп орындыққа сылқ түсіп отыра кетті. — Бұл қаншықты ашкөздердің қолына беріп талатпасам көріп тұр! — деді. Қазір ол өткен түннің сәтсіздігін өкінішпен есіне алды. — Түнде сол крестьянканы аяған жерін аямай жапы рақтап тастайтын едім. Мен ақымақ сенің тіліңді қалай алғанымды білмеймін. Мұны ешқашан кешпеймін! — Бүгін оны Асуға алып кетесің. Еркіңе тиген соң қолыңнан ешкім қақпайды. Турайсың ба, күлге аунатасың ба, ықтиярың! — Біз сияқты босқындардың қызық ләззаті аймен, аптамен, әуелі күнмен өлшенбейді, сағатпен, кейде минутпен ғана бітеді. Қапы қалсаң қайта оралмайды. Түнде мені бекер бөгедің! Кулаков үзеңгіге аяғын тіреп мойнын созып кеңсе жаққа қарап тұрған. Сигаловты көріп шоқынып алды. Мұны көзі шалған Васильев мырс етіп басын шайқады. — Құдайға сенесің бе? — Әйтеуір біреуге сену керек қой! — Мен тек өзіме ғана сенем! — Сигалов кеңсе қасында тұрған секілді. Мұншама кешіккені несі? — Усковскийдің сырын білесің. Кісі өлейін деп жатқанда оған өштігін әбден түсіндіріп қалғысы келеді. Сельсоветтің председателіне оның қылмысын сабақтап талдап жатқан шығар. Үйдің төбесіне және ішінде үн шығармай үңіле қараған көп адам Усковский мен Сигаловтың келе жатқанын анадайдан көріп тұрған. Тимофей терезенің желдеткіш әйнегін ашып қойған болатын. Терезеден көріп қалған кісі боп:
Кемел Тоқаев — Яша, таң атпай неғып жүрсің? — деді. — Жұмыспен келдім, председатель, бүгін Қызыл командирдің тапсырмасын орындамақ едім ғой. — Ә, білем, бұл әркімге жүктеле бермейтін үлкен құр мет қой. — Кешке қарай жолығам дегенбіз. Соған дейін қарағай кесетін орынды көріп қайтсам деп едім. Мөріңді басып бере қой. — Үйге кір. Усковский босағаны аттай бергенде өзіне не болғанын білмей қалды. Екі қолын артқа бұрып қайырып, кеңірдегінен шаншып тұншықтыра ұстап әп-сәтте ар жақтағы бөлменің біріне алып кетті. Сигалов ішке құлақ түріп, жан-жағына алақтап қарап тұр. Қора ішінде көп аттардың байлаулы тұрғанын көзі шалып қалды. Бұған қалың әскер қаптап шауып келе жатқандай көрінді. — Қашыңдар! Құтылыңдар! Бізді ұстап берді! Арамыз дан сатқын шықты! — деп шаба жөнелді. Хафиз бен пулеметшіге бұ жақтан әмір болмай мылтық атылмасын деп айтылған соң олар не істерін білмей дағдарып қалған еді. Оның үстіне Сигаловты дәл көздеп ату қиын. Үй-үйдің тасасымен бұғына жасырына қашып барады. Сигаловтың дауысын Васильев пен Кулаков та жақ сы естіді. Бұларға көп баяндамай үйіне қарай шауып бара жатқанына күдіктене қарасты. Васильев өзінің шап шаңдығына басып: — Бүкіл қолмен барып кеңсені талқандаңдар. Мен не болғанын білейін. Со жақтан Есютиндерді ертіп пулеметті алып келем. Бұл қызыл сволоталардың көзін жоймай кетпейміз! — деп Сигаловқа ілесе шаба жөнелді. Сигалов аттан түсе салып үйге жүгіріп кірді. Зина түнде «құдалар» былғап тастаған ыдыс аяқты жуып жатқан. Сигалов жетіп келіп: — Әлгі салдақы қаншық қайда? — деді. — Құдай-ау, оның кім? Кімді айтасың?
Шығармалары — Бұл иттің мылқаусынуын қара. Қызыңды айтам! Қайда ол? — Осында жүрген. Сигалов жұлқына Надежданың бөлмесіне басын сұқты. Жүгіріп далаға шығып үйді айналып өтті. Қораны қарады. Зинаны желкелеп сыртқа алып шықты. — Қызың қайда? Жаныңның барында айт! — деп қанжарын суырып алды. — Айт шапшаң! — Ол Васильевті көріп қалып, — мұнда неге келдің? Қаш, құтыл! Бәрімізді ұстап берді. Ол опасызды жайратып кетем! — деді. — Есютин қайда? Пулеметті алмады ма? — Қайдағы Есютин! Олардың бәрін қырып салды. Айналаның бәрі қызылдар. Васильев Крутикованың үй жағына көз тастады. Көшенің ар бетінде қан жоса боп біреу жатыр. Есютин екенін таныды. Шалқасынан құлаған. Екі серігі де үйге жетпей етбетінен түсіп жер құшқан. Кеңсе жақтан «Уралаған» дауыс естілді де пулемет қатарынан сақылдап атылған кезде су сепкендей жым бола қалды. Крутикованың үй жағынан қосарлана үн қосқан пулемет оқтары қара жол үстінен зулап өтті. Васильев өздерінің аядай жерде қамалып қалғанын сезді. Шабдарға міне салып көп үйді тасалай жылғаға түсіп тауға қарай шаба жөнелді. Бұл тұста «Адвокат» екеуі ғана білетін жасырын соқпақтар бар еді. Бөктерді қиялап өте бергенде қарасын көріп қалды ма төбеден қорғасын оқтар борап өтіп тына қалды. Сол жақ иығы дызылдап, ұйып ауыр тарта бастады. Надежда шешесінің шыңғырған дауысын естіп шыда май үйіне қарай тұра жүгірді. Нариманов соңынан қуып айқайлап келеді. — Надя, тоқта! Онда бандиттер бар! Сигалов атына мінейін деп жатқан. Надежданы көріп тізгінін тастай салды. Мылтығын кезеді. Мүбәрак қызды қуып жетіп, қолынан сүйрелей жұлқа тартып бар денесімен қалқалап тұра қалды. Ентіккен қалпы: — Таста қаруыңды! Атам! — деп бұйырды.
Кемел Тоқаев Сигалов атып жіберді. Нариманов тәлтіректеп тап-тап басып алға жылжыды. — Өлтіре алмайсың! Таста қаруыңды! Көтер қолыңды! Сигалов үрейі ұшып дірілдеп кетті. Тағы атты. Нариманов бұралаң етіп құлады да ішін басып қайта тұрды. Тәлтіректеп алға ұмтылды. Надежданың шырылдаған дауысы естілді. — Неге атпайсың? Өлтіреді сені! Қыздың осы айқайы себеп болды ма Нариманов кезеп келе жатқан наганының шүріппесін тартып қалды. Сигалов бақыра кеп алдына етбетінен құлады. Нариманов жерді соңғы рет басып аттады. Өлі дене Сигаловтың үстіне былқ ете түсті. Кеңсе жақтан «Жасасын, Революция қарлығаштары!» — деген айқай, шаттық үн естіліп жатты. Жер бауырлап ұшып келе жатқан қарлығаштар қара жол үстіндегі өліктен шошынғандай жалт беріп, шырқай көтеріліп адам даусы шыққан жаққа қарай самғай берді. ЖОЛБАРЫС АСУЫ Қасымхан үлкен отрядты алға жіберіп өзі Жүсіппен бөлек кетуінде себеп бар еді. Оны уезд адамдарының көбі таниды. Қайткенде қол бастап бара жатқанын жат көзге білдірмеу, сездірмеу еді. Олар Жолбарыс асуына баратын тау соқпағына Аңызақ айтқандай бесінші күні емес, сәрсенбінің кешінде жетті. Сол түні аялдамай адам ізі түспеген қиыршық тастақпен биік жоталарды бөктерлей жүріп отырып күн шыға бандалардың мекен-жайының дәл желке тұсынан шықты. Жолбарыс асуының етегі айналасы бір-екі шақырымдай құрақты көкшалғын екен. Көгалды кесіп ағып жатқан бұлақ суы күн нұрымен күмістей құбылып жалтырайды. Тау бөктері сазды, салқын. Өзен бойына қарағай мен қайың арасына кенеп шатыр тігілген. Сондай шатырдың бір-екеуін
Шығармалары ескі тамдардың қасында орнатыпты. Әрменірек Тасүңгір жақта биік тастың қалқасында да жаппа тәрізді күркешіктер көрінеді. Сол тұста екі-үш аттың ері алынбаған. Біреулер әлгінде ғана ауыл жақтан келген немесе со жаққа жүргелі жатқан түрі бар. Қалған аттар ескі тамның қалқасындағы ағаш шарбақтың ішіне қамалған. Бандалардың «Қыран ұясы» деп аталатын мекені, міне, осы! Қасымхан тау басына Аңызақты әдейі қалдырып кеткен еді. Пулеметтен тасырлата оқ атылған сәтте аспанға бір қызыл, бір жасыл ракета ағып Махмұдқа операцияның басталғаны жайында шартты белгі беруге тиіс. Әлден уақытта ескі тамдардың қасындағы шатырдан екеу шықты. Кеуделері тұтас жалаңаш, өзенге қарай беттеді. Жуынуға бара жатыр. Қасымханның қасында осы көріністерге телміре қадалып жатқан Жүсіп ақырын сыбырлады. — Қамаулы аттарды босатып жіберсем қайтеді? — Күзетшілер көріп қалып жазым етіп жүрер. — Анау жуынуға бара жатқандар күзетшілер ме деймін. Соның біреуі мен секілді қап-қара неме екен. Мынадай тыныштық, ұйқылы-ояу шақта бізді дәл желке тұсынан аңдып жатыр деп ойламас. Тәуекел! — деп көйлегін шешіп тастап жалаңаштанып алды да шөп басқан жылғаның бойымен бүкшеңдеп жүгіре жөнелді. Әлден уақытта аттардың осқырына үркіп шегінгені байқалды. Сонан соң қасқа күрең басын төмен салып жай басына шықты да басын сілкіп пысқыра түсіп осқырынып шапшаң желе жөнелді. Қалған аттар да қақпадан қабаттаса қысылыса ұмтылып ойнақтап шауып барады. Өзен жағасында жуынып жатқан екеуі түрегеле состия қарап тұрды да: — Аттарды кім босатты? Ұстаңдар! — деп айқайлап тұра жүгірді. Мылтығын кезеп жатқан Қасымхан алға түсіп далақтап жүгірген қара банданы қалпақтай ұшырды. Сол сәтте екі жақтан қайшылай атылған пулемет оқтары бұршақша борады. Шұрқ тесік кенеп шатырлардың өр тұсы бүлкілдеп, тулап ащы айқай естілді...
Кемел Тоқаев Махмұд өзінің серіктері Көдек пен Әзиз үшеуі Тасүңгірге сәрсенбі күні кешінде жеткен болатын. Бұлар да таңның атуын күтті. Қасымханның отряды орналасқан мезгілде Тасүңгірге бет алады. Бұл түні көз ілінбеді. Ертеңгі күн жайында көп ақылдасты. Алғаш ақ жалауға салынған екі басты самұрық құстың суреті жол ашар, бандалармен бетпе-бет тілдесуге жарап қалар дегендей сенім бар еді. Тасүңгірге жақындаған сайын оның көмегіне күмән туды. Бандалар бұлардың «көп ақша» алып келе жатқанын білсе Дудконың айтқанына көнбей оны иемденіп қалуға тырысатыны айқын. Үңгірден өткен соң әрі қанша жер жүру керек? Күзетшілердің саны көп пе? Ашық күзет пен бірге жасырын постысы боп жүрсе қайтеді? Оны қалай жоя алады? — Осындай сұрақтар бірінен соң бірі туып жатты. Ақыры Көдек мынадай ұсыныс айтты. — Өзім шабан болғанмен мылтығым шапшаң. Қара тастың тасасынан қалай тығылса да көзге ілінер болса қалпақтай ұшырам. Махмұд екеуіміз қоржыны тоқ саудагерге ұқсап жүре берейік. Күзетшілер тоқтатса сол жерде жағдайға қарай көрерміз. Ал Әзиз біздің ту сыртымыздан бағып, қорғап жүріп отырсын. — Ақылыңа болайын, — деп Әзиз әзілін бұл жерде де тыймады. — Сендей өңкиген қазақты ешкім саудагер деп ойламайды. Көрген жерде тілге келмей атып тастайды. Өйтіп, ақылшымнан айрылар жайым жоқ. Мен болсам сыптай, қол-аяғым жинақы, пұл қуған ашкөз алыпсатарға ұқсаймын. Алдауға ебім бар. Махмұд мақұлдап кетті. — Көдек таласпа, Әзиздікі дұрыс. Сен көрінбей-ақ қой. Көпе-көрнеу өлімге жібере алмаймыз. Біздің де бұл кездесуіміз немен тынатынын білмеймін. Әйтеуір сыртымызда сенетін біреу болу керек қой. Сол адам өзіңсің. Тағдыр сенің қолыңда, Көдек. Жаздың таңы әдеттегідей әппақ боп атты. Шартты мерзімде шапшаң жиналып Тасүңгірге беттеді. Әп-сәтте қатпар-қатпар жартастарының арасына кіріп кетті. Сол әлдеқашан сарқылған өзен табаны кәдімгі жолға айналған.
Шығармалары Көдек екі серігін алға жіберіп өзі соңынан көрінбей, қара тастардың қалтарыс, бұрылыстарына жасырына тығылып ілесіп келеді. Екі жүз метрдей өткенде Махмұдтар алты қанат үй орнындай алаңға шықты. Дәл сол кезде төбеден шаншыла мылтық кезеген үш адамның тұлғасы көрінді. — Көтер қолыңды, атам! — деген әмірді айқай таңғы ауаны жаңғыртып өтті. Жәй киім киген екеуі етекке сырғанап түсті де әскери фуражка киген үшіншісі наганын кезеген бойы тұрып қалды. Махмұд дауысын қатайтып: — Атаман қайда? Келсін мұнда. Біз саудагерміз. Соған арнап қымбат жүк әкелеміз. Жолды кесіп бөгеуге қақыларың жоқ! — деді. — Сол іздеген атаманың мына мен болам! Сендерді сарғайып күткенім қашан. Осыдан қимылдап көрші, төбеңді оқпен тесем! — деді де төмендегі серігіне бұйырды. — «Пес», бұл иттердің шаруасын шапшаң бітір. Тез кетейік! Махмұд ақ жалаушаға салынған екі басты самұрық құстың суреті дәл қазір кәдеге аспайтынын және өздерін қоршаған нағыз тонаушы бандиттер екенін анық білді. Осы бір сәтте қандай тәсіл қолданғаны жөн? Тонағысы келсе бұлай сөзге келмей-ақ неге атып тастай салмады? Әлде мылтық дауысынан өздері сескене ме? Олай болса осы тұста тағы күзет постасы болғаны. Көдектің де сол жасырын постаны біліп алмайынша төбеде шұқшия қадалған бандитті атпағаны сол ғой! — деп ойлады. Махмұд ойланып, есін жиғанша бәріне әмір берген ашулы айқайды естіді. — Әй, «Пантера», сенің тіміскілеп, шеттеп жүргеніңді байқаушы едім. Анау екі күзетшіні өлтіргеніңді көрмеді деймісің. Шапшаң етекке түс! Бол! «Пантера» наганын жалақтата кезеп алақтап қарады. Қара тас жарықшағынан әлгі үн тағы естілді. — Сен наганыңды шошаңдатпа! Менің қолымда пулемет бар. Міне, көр! — деп пулеметтің ұңғысын қозғалтқанда тас жарықшағынан бір шекесі, дөңкиген жотасы көрініп қалды. Аттың жанынан бәрің кетіңдер!
Кемел Тоқаев Әрменірек тұрыңдар! Етекке шапшаң түс! Бол! Осы кезде мылтық қатарынан тарс атылды. Төбеде шоқшиған бандит Махмұдтың дәл алдына топ етіп құлап түсті. Пулеметтің ұңғысы көкке қарай көтеріліп қалған. Жақпар тас арасынан Давыдов жүгіріп шықты. Қасында жас қызыл әскер бар. Ол қолын көтеріп бөбек қаққан екі бандитті жұлмалап, тінтіп қарап жатты. Давыдов: — Мылтық атқан қайсың? — деп Махмұд пен Әзизге кезек қарады. — Қимылдауға мұрша келтірмеді. Бұларды жайратқан Көдек мерген! — деп Әзиз досын мақтай бастап еді. Бұлардың қасына ентіге басып келген Көдек: — Мен оқ шығарғаным жоқ! — деді. Екі қызыл әскер пулеметті сүйрелеп етекке түсірді. — Пулеметшіге тақ беріп ұмтылып, тұншықтырғалы жатқанымызда, оны біреу жалғыз оқпен қалпақтай ұшырды. Бізді де баңдит деп атып тастай ма деп қорқып, пулеметті әрең алдық! — деп ересек жауынгер Давыдовқа баяндап жатты. Давыдов таңғалды. — Ғажап! Пулеметті шапшаң анау жартастың басына орнатыңдар. Былай тұрсаң әлгі хас мерген бәрімізді бандит екен деп жайратып жүрер! Махмұд аспанға қызыл-жасыл ракета атып Қасымханға белгі берді. Ахмет мүк басқан қызыл тастың көлеңкесінде қосауыз мылтығын қорғасын оқпен қайта оқтап жатқан. Әлгінде өзі бандиттерге оқ атқан жақтан қызылды-жасылды ракетаның аспанға атылғанын көріп «Жандарың қысылған соң көмекке шақырып жатырсың ба? Тұра тұр, бәлем. Әлі сазайыңды тартасың!» — деп мылтығын тастың үстіне қойып көтеріле бергенде ауыл жақтан жалғыз аттының шауып келе жатқанын көрді. Ахмет тауда жасырынып жүрген бандалардың барын естіп бірнеше күннен бері Тасүңгірдің аузын бағып жатқан. Кеше жоғары жақтағы қатпар тастар арасынан төрт-бес
Шығармалары аттылының селоға қарай жылысып кеткенін байқамай қалған еді. Қыр асып, ұзап кеткенде ғана қарасын бір-ақ көрді. Ол бұл тұста Жолбарыс асуына баратын жасырын өткел жол барын білмейтін. Жалғыз өзі көп банданың соңына түсіп қуудың пайдасыз екенін сезіп, олардың қайтар жолын тосқан. Кешегі топ банданың тек біреуі ғана қайтканда «Милиция жазаңды берген екен. Қаңсырап есіңді жия алмай келесің-ә! — деп мылтығын кезеп жата қалды. «Жалғыз екен. Оқ шығын қып қайтем!» Ол қыл шылбырдың ұшын күрмей түйіп мойнына ілмек түсірмек болды. Осындай тәсілмен Садық мырзаның талай асауын ұстаған. Шылбырды тастауға ыңғайланып жар тастың үстінде күтіп тұрды. Шабдар ат асу жолына үйренген бе, биік тастарға соқтықпай ара-арасымен оңай лыпып өтіп зулап келеді. Үстіндегі адам еңкейіп ердің басына жабысып алған. Қуысқа түсіп өрлей бергенде Ахмет қыл арқанды құлаштап сілтеп қалды. Ілмек кеудеге тап келіп үстіндегі адам сыпырылып түсті. Васильев есеңгіреген қалыпта біраз жатты. Көзін ашты. Басын көтерді. Қалың мүк басқан қызыл тастың үстінде түрегеп тұрған Ахметті көрді. Иығындағы қыл арқанды сыпырды. Қиналғандай белін, қабырғасын сипалады. Алдындағы адамның дәрменсіз күніне селқостау қарап тұрған Ахмет саусақ түбінде жыпырлаған сүйелді көріп төне түсті. Анасы Айғаным Шарбануды өлтірген сұм жауыздың саусақ түбі толған сүйел деп ерекше белгісін айтқаны бар еді. Васильев өзіне төнген қауіпті сезгендей наганын суырып ала бергенде Ахмет көздемей білегінен атып жіберді. Дәрменсіз қалған Васильев кіжініп орнынан атып тұрды. — Сотсыз мені ата алмайсың! Ұқтың ба? Өлтіре алмай сың! — Сені көңілмен, оймен ашуға булығып кектене іздеущі ем. Былай кездесем деп ойлағам жоқ. Жатақта жазықсыз әйелді зорлап қинағанда сен қандай заңға сүйендің? Сонда сот құрдың ба?
Кемел Тоқаев — Ах, иттің баласы! — деп ұмтыла бергенде Ахмет атып жіберді. Васильев ішін ұстап қара жерге отыра кетті. — Қатты ауырып барады... Соншалықты азап екен ғой. — Ол мөлдір кең аспанға, жарқыраған күнге телміре қарады. — Қандай кең, әдемі десеңші. Түу, әбден ақымақ болыппын-ау! Басы кеудесіне сылқ ете түсті. Давыдов дәл қасынан мылтық атылып жатқанына таң қалды. Жауынгердің бірін ертіп жүгіре басып келесі төбенің басына шықты. Еңісте қызыл тастың үстінде Ахмет түрегеп тұр. Қолында қосауыз мылтық. Қасына тақағанда тастың түбінде өліп жатқан кісіні көрді. — Мынау мұнда қайдан жүрген? — Село жақтан келді. — Жалғыз ба еді? — Кеше бір топ кеткен. Бүгін жалғыз оралды. — Тасүңгірден өтпей бұлай бұрылғаны несі? — Осы тұста асуға баратын жол бар секілді. Давыдов жауынгерді пулеметтің біреуін осында әкелуге жіберді де өзі өлікті қарады. — Шарбануды өлтірген осы ма? — Иә. — Оны қайдан білдің? — Мұнда бандаларды аңдып жатқан едім. Ал мұнымен мүлде кездейсоқ кезіктім. Көп банданың бірі дегем. Саусақ түбіндегі сүйелдеріне қарап таныдым. — Бұл адамды мен де білетін едім. Мойнында талай жазықсыздардың қаны кетті. Азап, қорлық шегіп қалғаны қаншама десеңші! — Соны жаны қиналғанда, өлім алдында есіне алып өкінді білем. — Тым кеш ойлапты. — Есердің есі жанына батқанда кіреді. — Солай шығар. Кісіге азап көрсетсең өзің де азаппен өлесің дегеннің кері осы. Ахмет үндемеді. Ол Шарбануды есі кетіп елжіреп
Шығармалары сағынады. Бір сәтке көз алдынан кетірмейтін. Соншалықты зарығып сағына, сарыла ойланғандықтан ба, тіпті түсінде емес, өңінде аспанда жөңкіп көшкен бұлттар арасынан, тау шыңдарының беткейлерінен адам бейнесінде әр қилы суреттер елестейтін де солардың арасынан Шарбануын айнымай табатын. Қазір де сонау көгалды жотада қолаң шашы екі иығына тарала түсіп көз астымен қырыңдай қарап бір тал гүл иіскеп тұрған секілді. Кірпік қақпай қадалған сайын айшықсыз айқындала әдемі көрінеді. Осындай қалыпта қозғалмай, үнсіз тұра беруге жалықпас еді. Тек Шарбануы көз алдынан кетпесе екен... — Ұрысқа дайыңдал! — деген айқайдан селк ете түсті. Тасырлаған қалың дүбір тақалып қалған. Сансыз көп қатты шақпақ тұяқтар шиыршық тастарды шықырлата таптап, жаншып келе жатқандай үдерлі екпін бар. «Қайдағы жау? Мынау қатты үркіп босыған қалың жылқы ғой»! — деп ойлады Ахмет. Көк жотаға қайта көз тікті. Әр тұста қына басқан дөңкиген қара тастар жатыр. Ар жағында биік қарағайлар, шыршалар өскен. Жақпар тасты шыңдардың бір беті ақ сәулемен жылтырай түседі. Шарбанудың жүзін қайтып көре алмады... Әукен тау үстінде қызылды, жасылды ракета көтеріліп, мылтық тарс-тұрс атылған кезде үлкен сұмдықтың басталғанын сезіп, алды-артына қарамай шаба жөнелген еді. Ол аракідік Тасүңгірден бері шығып Садық мырзаның үйіне келіп-кетіп жүретін. Бұ жолы атаман Дудконың өзі шақырып алып «Махмұд бай адам, одан миллион сом шығады. Ионаның өзімен тілдесіп, табақтас боп жүргені бекер емес деп бәрің жабыла сөндірдіңдер ғой. Кулаков миллионды естігенде есі шығып, өз адамдарының мекен жайының қай тұста екенін білдіріп қойған. Әуелі самұрық құстың суретін берген. Соның бәрі жай саудагерлерге тым көп емес пе? Өз басым үлкен қауіп ойлаймын. Қасыңа Сұлтанқараны және бір жігітті ертіп ал. Махмұдтың Жаркенттегі жүріс-тұрысын аңдып, ізін бақсын. Өзің сәрсенбіге дейін бір хабарын берерсің» — деп қасына өзінің қорғаушы қызметшісін қосып берген еді. Атаман
Кемел Тоқаев Анненков Үшарал, Қапал уездерін қанға батырғанда өзінің «ысылған жауынгерлеріне» сенбей қорғаушы күзетшілерді, қызметшілерді өңшең қазақ жігіттерінен іріктеп ұстаған еді. Оның өзінше өз есебі бар-тын. Қазақ жалданып үйренгенмен, пұл сұрамайды, күтім тілемейді. Қызметі адал, әрі көнбіс, төзімді. Дудкода соған еліктеп қасындағы қорғаушы сақшыларын, қызметшілерін қазақтардан сайлап алған болатын. Солардың ішіндегі жауызы, қанды ауыз қасқыры Сұлтанқара. Тау қарақшыларының арасында «Қара жендет» аталған оның сырт пішіні азулы жендетке ұқсамайтын. Жүріс-тұрысы епетейсіз, момын, жуас пенде секілді еді. Өзгеше бір қасиеті қожасының қас-қабағынан кімдерге ренжіп, көңілі толмай жүргенін айнымай дәл біледі, жазаның қандай түрін қолданғанда қожасының айызы қанатынын да сезеді. «Қара жендеттің» кісіні жазалау тәсілі бөлек. Ұзын ирек омыртқаның ішіндегі жұлынды қай тұстан зақымдағанда адамның қаншалықты бейшара күйге түсетінін әбден жаттап алған. Тіл-аузы байланып, тірі өлік боп жатқан кісінің қасына кеп жүресінен отырады. Көзін көзіне қадайды. Қойнындағы өткір бізін алып жансыз денені шұқып, сұққылай бастайды. Қан шыққанына таңғалады. «Қан бар жерде жан болмаушы ма еді. Мұнысы қалай? — деп ойлағандай болады. Алдындағы адам қиналғандай дыбыс шығарып, бетін тыржитқанда «Сен бәлшебектің үгітін айтып тыным таппаушы ең. Мықты болсаң сөйлеп көрші!» — деп бізін тереңірек батыра түседі. Дәрменсіз, қимылсыз, шарасыз халіне күліп, қызықтағандай болады. Мұны Әукен өз көзімен көрген. Дудко қасынан бір елі қалдырмайтын «Қара жендетін» қосып бергенде Әукеннің өзі де сескеніңкіреп қалды. Соны байқаған Дудко «Біз сырымызды оңдырмай ашып алдық. Тіпті Ионаның өзімен кездескенде де ауызға берік болу керек еді. Енді Сұлтанқара бұл жерде мені қорғай алмайды. Бәріміздің тағдырымызды татымсыз саудагер уысында ұстап кетті. Ол уездік милицияның мұнда жіберген тыңшысы, агенті болса құрыдық, күніміз бітті дей бер. Саудагердің сондай жансыз екенін сезген сәтте ойланбастан табанда көзін жою керек. Оны Сұлтанқарадан басқа ешкім орындай алмайды»
Шығармалары — деп тапсырманың соншалықты маңызды екенін тағы түсіндірді. Әукеннің өз басы Дудконың бұл сақтығына онша ден қоймайды. «Құлжада, Ионның қасында бірге ас ішіп, табақтас болған адамды большевик деп сезіктенудің өзі ақылға сыймайды. Иона кім көрінгенді жанына жуыта бермейді» — деп ойлады да, бірақ Дудкомен пікір таластырмады. Қайта құлазыған қуыстан шығып, Садықтың үйіне баруға сылтау табылғанына қуанды. Махмұдтардың Көксай жолымен жүретінін біліп, Сұлтан қараға жөн сілтеп тұрып, олардың түр-түсін, ерекше белгілерін, мінген аттарын сипаттап берді де, екеуінің алдына қысқаша міндет қойды. — Олар мені жақсы таниды. Амалсыз сендерден бөлек кетем, қалада тосам. Бір-біріңді жаңа көрген жолдан қосылған кісідей ұстаңдар. Қалаға кіргенде дегбірлерің қашпасын, берекең кетпесін. Тіпті оның жүріс-тұрысын бақылап, хабарлап тұратын естияр бала тауып алсаңдар тіпті жақсы. Қатер төне қалған күнде өзім белгі берем. Сәрсенбі күні сәскеде «Жасырын қақпаның» алдынан табысайық. Кешіксеңдер күтпеймін. Дудкоға берген сөзім бар. Алдымызда әлі төрт-бес күн бар. Осы уақыттың ішінде саудагердің шын пиғылын анық білеміз, — деп Садықтың үйіне қарай тартып тұрған. Басында кірлеу сәлдесі бар, үстіне көнетоз шекпен киген қаба сақалды кісіге ешкім назар аудара қойған жоқ. Тамағын тойғызғалы жүрген шайқылардың бірі деп қарады. Ұлпаш оны Садықпен екеуінің оңаша бөлмесіне апарды. Осы бөлмеде Әукен бес күн бойы ешкімге көрінбей жатты да бүгін таңертемен «Қыран ұясына» жүріп кетті. Оның кеше, уәделі сәрсенбі күні кетпеуіне мынадай себеп болды. Алғаш Сұлтанқараны шығарып салып келген күні Ұлпаш: — Қашанғы қас пен көздің арасында бұғынып, тығылып үйкесіп жүреміз. Баяғыдай еркін көсіліп, маза құратындай бір сылтау тапсаңызшы. Оқуыңыз мол адамсыз. Қара
Кемел Тоқаев шалды алдауға кәдеге жарамаса ол оқуды көкірекке сақтап қайтеміз, — деп наз айтқан. Әукен шұғыл ойға кетті. Ақыры мықты сылтау, дәлел тапқан секілді. Қонақтар кетіп, өздері оңаша қалған кешкі шай үстінде мырзамен ақылдасқандай боп сөйледі. — Шорманның денесі жатақтың қасында қалды. Ертең милиция кеп мүрдені ашып, ондағы адамның кім екенін анықтап жүрсе қайтеміз? Өйтсе, Шорманның бұл үйге жақын кісі екенін және оны бекер атпағанын әшкере болады. Бұл сыр ашылса бүгін төбесіне көтеріп қолпаштаған жұрт ертең бетіңе түкіруден тайынбайды. Соның денесін тезірек аршып алып басқа жаққа, тіпті кісі ойына келмейтін жерге апарып көмген дұрыс па, қалай? — деді. Садық құп-қу боп кетті. — Ойпыр-ай, бұрын қалай ойға келмеген. Жақсы айттың-ау! — деп шай құюға ұсына берген шынысын төңкере салды. Шапшаң атқа қонып, қасына Сартбекті ертіп суыт жүріп кетті. Әукен кеше таңертеңмен жүргелі киініп жатқанда Ұлпаш қасына кеп иығына асылды. — Мырза жоғалып кетті. Бүгін де келетін түрі жоқ. Қайда асықтың? — дегенде, Әукен: — Сәрсенбіде жолығамыз деген шартымыз бар. Әскери адам сөзіне нық болады. Адам тағдыры шешілетін сәтте шет қалыс жарамайды, — деп түсіндірмек болды. Ұлпаш тыңдағысы келмеді. — Сол атаманың сізсіз асын іше алмай ма? Қойшы, соны. Тағдыр-пағдыр деп әлдекімге жалтақтайсыз. Бізде барымызды алдыңызға тосып тұрмыз ғой. Сол адамдарың бізден әулие емес шығар! — деп сызданып көнбеді. — Түу, көнбедің ғой. Атаманға да бір себеп, сылтау айтармын, — деп Әукен қарқылдап күлді. — Е, сөйдесеңізші, өзіңізді сағынып қалыппын! — деп Ұлпаш нәзік саусақтары шапшаң қимылдап Әукеннің түймелерін ағыта бастады. Сол Әукен сәске түсте ес-түссіз қайта шауып келді. Садық мырза бүгін таң сәріде оралған. Қазанға су жылытып
Шығармалары шым-шым ыстық суға тұла бойын батыра жатып, денесін балқытып, жуынып, шайынып алған соң шайға кірісіп жатқан. Есіктен сүмірейіп, сүйретіле Әукен кіргенде жастықтан басын көтеріп алды. — Әукенжан, не боп қалды, жайшылық па? — дегенде, Ұлпаш қатты шошынып: — Ауру-сырқаттан саумысыз? Түріңіз солғын ғой, — деді. Әукен қос жұдырығымен екі шекесін қысып ашына ашуға булығып сөйледі. — Осында бақалшылап жүрген тараншының тіліне еріп ек, ол ит бәрімізді сатып, опасыздық жасап кетті, таудағы қырандарды үлкен милиция отряды қатты қыспаққа алып оқ жаудырып жатыр. Большевикке ырық бермей, қыр көрсетіп жүрген үлкен тірегіміз еді. Одан да айрылдық. Опасыздың ойранына оңбай ұшырадық. Садық мырза бұған онша абыржи қоймады. Әукеннің сөзін асықпай, сабырмен тыңдап алып: — Бақалшылап жүрген тараншының опасыздығы дейсің бе? Әй, білмеймін, Көксай мен Асы маңын уездік милиция бастығының өзі бұдан біраз уақыт бұрын ұзақ кезіп, шарлап жүрді ғой. Сонда осы жақта бір сойқан жасалғалы жүргенін аңғарғам. Кейбіреу Қызыл керуенді талқандағанда, село мен жатақты ойрандағанда «бәлшебек әлсіз, ел ішінде қайрат жасап жүрген қарулы топқа тойтарыс беруге күші жетпейді. Өстіп елді басқара алмай азып-тозып берекесі кетеді» — деп көпіріп мақтанып еді. Көрдіңіз бе, ес жидырмай есе қайтарып, өлтіре бір-ақ соғып кеткелі тұр. Тегінде үндемей, дабырамай, іс тындыратын бәлшебектің тәсілі ме деймін. Қайткенде бәрімізге сабақ аларлық тәлім, — деп үндемей ойланып қалды. Әлден соң кеудесіне салған басын шапшаң көтеріп,— осы жолы абыройсыз істен, үлкен бәледен құтқардың, Әукен-жан. Бұл жақсылығыңды ұмытпаймын. Дүйсенбі күні уезден арнайы милиция кеп Шорманның сүйегін іздепті. Кеше Басши жақтан келе жатып жатақтың Қиясына жолықтым. Өлікті көмген сол ғой. Милиция «Өлікті ұрлаған өзіңсің» — деп бейшараны
Кемел Тоқаев әбден қыспаққа алыпты. Әйтеуір ел болып «кедей еді, момын еді» — деп жабыла ақтап жүріп әрең құтқарса керек. Өзің кеп аян бермесең сол үлкен айрылмас бәлеге мен кезігетін едім. Еруліге қарулы дегендейін мен де саған бір жақсылық жасайын. Сен енді өз басыңның қамын ойла. Қазір осында ауылнай баланы шақыртқалы отырмын. Соған керекті куәліктеріңді мөр бастырып жасаттырып ал. Басқұншақта нағашы жиенім тұрушы еді. Сонау 16-шы жылдары жұрт окоптан қашып Қытай асып босқанда, ол орыстарды барып паналады. Кейін өзінен хабар болмай кетті. Өлді деп естідік. Соның әкесінің аты Жапар болатын. Саған куәлік қағаздарды соның атынан жазсын. Алдажалда тексеріп сұрай қалса бұ жақтан мен куә болармын. Кейін қол-аяғыңды жинап алған соң жөні түзу қағазды өзің тауып аларсың, — деді де үйге жаңа самаурынмен шай кіргізген Сартбектің келіншегін тез күйеуін шақырып келуге жіберді. Сартбек кіргенде Садық қысқа әмір етті: — Сен ауылнайды осында шақыр. Мөрін қалтасына сала келсін. Өзің қағаз-сияларын әкелуге көмектес. Ел аузына, сыртқа сөз болмау үшін қыдырып жүрген кісі боп көрініңдер. Бізді күттірмей шапшаң келіңдер! — деді. Сол түні Әукен Сартбекті ертіп Іле өткеліне келді. Өзеннің арғы бетіне жеткізіп тастау үшін қайықшыға мол ақша төлеп, Шонжа-Кеген жолына қарай бет алды. Әрі Ыссықкөл асып Пішпек кетпек. Әзірше қырғыз ағайындарының арасында паналай тұрмақ болды. Дәл сол түні Қасымхан Верныйға шұғыл ақпар беру үшін Жаркентке оралған. Ұзақ жолға шыға қалғанда кеңсенің есігін, терезе қақпақтарын мықтап жауып, үй ішіндегі әр заттың тұрған орнын белгілеп қоятын. Есіктен кірген сәтте пілтелі шам тұрған терезенің сыртқы қақпағы жартылай ашылып қалғанын байқады. Ай сәулесі қиғаштай түсіп бөлмеге болымсыз ғана жарық шашады. «Жел қағып ашты ма екен? Іштен тиегін салған сияқты едім ғой. Бұл қалай?» — деген ой сап ете қалды да, сол сәт оған мән беріңкіремей шырпыны жағып май шамның пілтесін
Шығармалары тұтатты. Шынысын кигізе бергенде мылтық тарс атылды. Шыны күйреп түсті. Шам жалп етіп сөніп қалды. Бармақ түбі дызылдап алақаны жылып шыға келді. Атылған оқтан сескеніп қабырғаға жотасын тіреп, жабысып тұра қалды. Сыртқа құлақ түрді. Мылтық тым жақыннан атылған секілді еді. Бірақ жүгірген, тасырлап қашқан адамның тасырын байқай қоймады. Наганын ұстап, ақырын ептеп басып сыртқа шықты. Дала жым жырт. Қораны айналып өтіп көше жақтағы қақпаның алдына келді. Милицияның кеңсесі почта бөлімінде істейтін Уткин дегеннің үйімен жапсарлас болатын. Уткин інісі қайтыс боп үй ішімен Бархуздарға кеткенін Қасымхан білетін. Оның үйінде ешкім жоқ. Қақпа алдында жатқан Уткинның қарамойнақ төбеті тұмсығын көтере бір үрді де, таныс кісі екенін сезіп басын алдыңғы аяғының үстіне сап қайта жатты. Сол сәт Қасымханға «оқ атқан кісіге қарамойнақ төбеттің үрмегені қалай? Сірә, білетін болғаны ғой. Уткин үйінде жоқ. Сонда мылтық атқан кім? Кеңсеге кіріп қайта шам жақты. Үй мүлкі өзі белгіленген қалпында орынды-орындарында тұр. Бөтен кісінің қолы тимеген секілді. Стол басындағы өз орнына кеп отырды. Ойланды. Өзін сонау Жолбарыс асуынан қуа келіп талқандаған «Қыран ұясы» бандаларының мүшесі ме? Олай дейін десе, оған қалаға келіп, терезе түбін тосып әуреленуінің қажеті не? Асумен екі ортада ит тұмсығы батпайтын қалың тоғай, терең сайлар бар. Көрінген бұтаның түбінен дәл көздеп ата алады. Олай болса жау алыста емес, қаланың өз ішінде, жақын жерде болғаны. Кім ол?.. Қасымхан сағатына қарады. Үштен он бес минут кетіпті. Бармақ түбінен шым-шым шыққан қанды көріп жараланғанын енді ғана байқады. Аптека қобдишасын ашып қолын таңғалы жатқанда телефон шырылдады. — Чанышев тыңдап тұр! Әскери бөлімнің тергеушісі Давыдов екен. — Қасымхан, кеңсе тұсынан өтіп бара жатқанда мылтық дауысын естігендей болдым.
Кемел Тоқаев — Қателескен жоқсың, Василий Васильевич. — Атқан кім? — Оны айта алмаймын. Әйтеуір мені біреу көздегенін білем. — Не, жараланып қалдың ба? — Жәй, азғана тіліп кетті. — Мен қазір келем. Аздан кейін Давыдов келді. Қолында бір жапырақ қағазы бар. — Кабинеттің есігіне жапсырып кетіпті. Не жазғанын көрейік, — деп шамның жарығына тосып оқи бастады. «Қасымхан мырза! Біздің көптеген сарбаздарымыз бен Отанның адал азаматтары милицияның қолынан қаза тапты. Совет өкіметі түбі сендей бай адамды тірек етпейді. Өзіңе көрді тереңірек қаза бермей ойлан. Мынау ескерту оғы. Келесі оқ дәл маңдайыңа қадалады. Қанға қанмен жауап береміз! Азатшылар атынан X.». Давыдов домалақ хатты стол үстіне лақтырып жіберді. — Ақ террористердің қоқан-лоқысы бұл. Ежелгі былғанышты тәсіл! — «Қыран ұясын» талқандаған соң аздап тыныс алармыз деп едің. Меніңше, күрес енді ғана басталған сияқты! — деді Қасымхан. ОҚШАУ ХАБАРЛАР «Тоқтаусыз жіберілсін! Верный қаласы, РЕВКОМ-ға! Жандосов жолдасқа! Жолбарыс асуындағы атаманшылардың «Қыран ұясы» бандасы талқандалды. Банданың атаманы Дудко қолға түсті. Анненков пен Дутовтың уездегі сарқыншақтарын жоюда милиция қызметкерлері мен ЧОН отрядына
Шығармалары жергілікті кедейлер көп көмек көрсетті. Тимофей Иванов, Ахмет Майлыбаев және Аңызақ қарттың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Олар дұшпанмен бетпе-бет кездескенде үркіп тайсалмады, айлалы жаудан ақылын асырды. Совет өкіметін қорғауға жас жеткіншектердің саналы, ойлы, батыл істері село мен ауыл адамдарын қатты сүйсіндіріп отыр. Надя Сигалова мен Майлыбаев Әнуар жаудың астыртын жоспарын біліп, милиция отрядына дер кезінде хабарлағандықтан бүкіл село мен ауыл кедейлерін үлкен қырғын апаттан аман алып қалды. Банданы талқандаған жеңіс құрметіне арналған жиналыста оларды революция қарлығаштары деп атап, «Қызыл разведчиктер» деген атақ берді. Уезде Совет өкіметі күн санап нығайып келеді.
Чанышев, Уездік милиция. Жаркент қаласы, август айы, 1920 жыл». «Жаркент қаласы, Уездік милицияға! Чанышев жолдасқа! РЕВКОМ сіздерді дутовшы бандаларға қарсы жасаған жорықтың сәтті аяқталуымен құттықтайды. Ревком банда басшысы Дудкодан тікелей жауап алуды сізге жүктейді. Мұның алдағы үлкен операция үшін маңызы бар. Сонымен бірге Түркістан майданының Революциялық Әскери Советі мен Түркістан Төтенше Комиссиясының биылғы жылғы сентябрь айындағы №476 бұйрығымен таныстырам. Бұйрыққа Түркістан майданының Револю циялық Әскери Советінің председателі В. Куйбышев
Кемел Тоқаев жолдастың өзі қол қойғанын ескертем. Бұйрықта былай делінген. «...Қытаймен шекарада орналасқан барлық әскери бөлімшелердің бастықтарына бандитизмге және қытай азаматтарына жасалған провакаторлық шабуылға қарсы дереу пәрменді күрес жүргізуге бұйырамыз». Уездік милицияның міндеті бандитизмді жою жөнінде шекарадағы әскери бөлімшелерге көмектесу және халықтың тыныштығын сақтау болып табылады. Уездік милиция осы бұйрықты орындауға күш салсын. «Ревкомның тапсыруы бойынша Шагабутдинов, Облыстық Әскери комиссар. Верный қаласы, сентябрь, 1920 жыл».
Шығармалары ЕКІНШІ БӨЛІМ ОРАЗ Ораздың Жаркентке қандай жұмыспен бара жатқанын ешкім білмеді. Кеше ғана Қапал уезінен оралған болатын. Енді, міне бүгін Алатаудың қарлы шыңдарын асып бес жүз шақырымдай жерге салт атпен сапар шекпекші. Бір-екі күн Сарыөзек, Қоғалыға тоқтамақ. Оның шекараға жүргелі жатқанын естіген Шагабутдинов кеңсеге келді. Есіктен кіре қол беріп амандасып жатып: — Жаркентке аттанғалы жатыр деп естідім. Рас па? — деді. Ораз басын сәл қисайтып күле қарады. — Естіген болсаң, оны бекер демейін. — Дәл қазір бару соншалықты қажет пе? — Қалай дейін, Бари, меніңше шұғыл секілді. — Мен бұл сапарыңды мақұлдамаймын, — деп стол қарсысындағы орындыққа отырды. — Неге? — Өзің білесің, шекара мықты емес. Екі жақтан да адамдар еркін өтіп жатады. Сені жұрт мұндағы мұсылман қауымы коммунистерінің жетекшісі, басшысы санайды. Шекарадан өтіп жүргендердің арасында Дутовтың тыңшылары, баскесерлері жоқ деймісің. Анненков пен Дутовтың саған өзге де өштігі барын ұмытпағын. — Қандай ұсыныс айтасың? — Бұл сапарды кейінге, қолайлы мерзімге қалдырған жөн. Алтын Емел асуының ар жақ, бер жағында жалғызжарым жолаушыға шабуыл жасап жүрген ұсақ бандалар бар көрінеді. — Екеуіміздің жаумен бетпе-бет кездескеніміз жалғыз бұл емес қой. Шегірткеден қорыққан егін екпейді дей ме? Тасалап, тайсақтайтын біз емес. Ал маған қайткенде де Жаркентке барып бір кісімен жолығуым керек.
Кемел Тоқаев — Аса маңызды жұмыс болғаны ғой? — Солай, Бари. — Онда тоқтайтын таныс үй бар ма еді? — Бұл жайында ойлағаным жоқ. Алдымен Жаркентке жетіп алайын. Есіктен сығаласа төрге ұмтылатын қазақтың біріміз ғой. Бір жөні болар. — Тынымды іс тындырамын десең, алдымен жақсы, жайлы орын сайлап алған жөн. Саған бір кісінің адресін берейін. — Оған сенуге бола ма? — Маған қандай сенсең, оны да сондай көр. Өзі учитель, баласы Рашид осында Әскери комиссариатта істейді. Маған сүйек жағынан жақындығы бар. Ибрагим әпенде өзіңді және облыстағы басқа зиялы кісілерді сырттай жақсы таниды. Кітаби білім алған, әңгімешіл жан. Әниіміз үй ішін таза ұстайтын, үсті-басына кір жұқтырмайтын ұқыпты әйел. — Мен қонаққа бара жатқаным жоқ. Және ұзақ болмаймын. Жәй жеке шаруамен қыдырып жүрген кісіге ұқсап, көп көрінбей елеусіз барып қайтсам деп ем. Қапал уезіне де солай барғамын. Бірақ сапар сәтсіз болды. Үміт етіп барған кісім өте ұсақ, қорқақ адам боп шықты. Ал бұл адам маған не дейді? Бәлкім, аялдамай тез кейін қайтуға тура келетін шығар. Білмеймін. — Онда ұзақ боласың ба, жоқ па, әйтеуір бір үйге ат басын тіреу керек қой. Сондай үйің Ибрагим әпенденікі болады. — Ендеше әпендеңе хатыңды жаза бер. — Жол ұзақ. Қасыңа бір-екі жауынгерді қосып берсем қайтеді? Тау арасының қалтарыс-бұлтарысы көп, қаупі мол. Қасында кісі болса, қайткенмен де серік қой. — Көп көзге оңай түседі. Кейде жалғыз саяқтың қаһарлы, айбатты көрінетін кезі болады. Бұл неғып дара жүр? Сыртында мықты күзеті бар-ау деп ойлап қалады. Шагабутдинов Ораздың көнбейтініне көзі жеткен соң шарасыздық білдіріп: — Қарауымдағы солдат емессің. Бұйыра алмаймын, —
Шығармалары деп сәл үнсіз отырды да, — Жаркенттен қашан оралмақсың? — деді. — Ондағы әңгімеміз сәтті шықса көп аялдамаймын. Әрі-бері жолды есептегенде 12-14 күннің ішінде қайтам. Немене, жәй сұрадың ба? — Онда өзіңмен қоштасайын. Мені Ташкентке шақырып жатыр. Фрунзе жолдастың қабылдауында болуым керек. — Жоғарылатпақшы ғой? Құттықтаймын. — Басқа жаққа ауыстыратын түрі бар. Жетісу кіндік кескен, туып өскен өлкемдей боп кетіп еді. Сырлас, қимас жақсы достарымның бәрі осында. Ұзап кетсем солардан айрылып қалатындай көрінем. — Шынайы революционер жершіл болмауға тиіс. Партия қайда жіберсе біз үшін Отан сол жерден басталады. Ташкент — Советтік шығыс елінің астанасы. Онда үлгі алып, үйренетін, тағлым айтатын, Лениннің өзін көрген большевиктер жұмыс істейді. Олардың ортасында жүріп нақыл сөздерін тыңдау ғанибет қой, — деп әдеттегідей әр сөзіне саяси астармен мән бере сөйлейтін дағдысына көшті. — Сен ондай құрметке тәтті сөзің, тәуір көзің үшін емес, революцияның жеңісін қорғаудағы ерекше еңбегің үшін жетіп отырсың. Өз басым Верныйдағы бүлікшілікті басу, оның басшыларын жою жөніндегі еңбегіңді өзгеше бағалаймын. Бүлікшілердің арасына кіріп, іріткі жасап, бұзық пиғылдарын тежеп, ыдыратып отырмағанда бұл бас кесерлер бүкіл Жетісу жерін қанға батырып, біраз лаң шығаратын еді. Түркістан майданының қолбасшысы сонау жақта тығыз, шұғыл жұмыстарының арасында осыны жақсы біліп таныған. Большевиктердің ерекше қасиеті оның көрегендігінде, бауырым. Жаңа орында сондай абыройлы болғайсың, шын жүректен табыс тілеймін. — Жақсы лебізіңе рақмет, — деп жымия қарады. — Әйткенмен, асыра мақтап жібердің-ау, Ораз. Дмитрий Фурманов айла жасамағанда үлкен сойқанға ілінетін едік. — Партия қайраткерінің орны бөлек. Оны тарих үлесі не қалдырайық. Бағаны сол берсін.
Кемел Тоқаев Бари орнынан тұрды. — Қашан жүрмексің? — Енді аялдауға ешқандай себеп жоқ. Қазір атты әкелсе жолға шығам. — Сапарың сәтті болсын. Аман-саушылықпен табы сайық! Ораз қағаздарын жинастырып, тартпа, шкафтарды жауып жүргелі жатқанда біреу телефон соқты. — Сізді тыңдап тұрмын. — Жандосов жолдас па? — Иә. — Кешіріңіз, Ораз Қиқымович. Сізді мазалап тұрған Эйхманс. Жуырда ТүркЧК Жетісу облыстық Төтенше Комиссиясы коллегиясының жаңа құрамын бекіткен еді. Облыстық Төтенше Комиссияның бастығы боп Ф.Й. Эйхманс1 келген. Ораз оны обкомның мәжілісінде көрді де, былай сөйлесе алмаған. Сол күні мәжілістен соң Қапал уезіне жүріп кеткен. Дәл қазір Чеканың бастығы телефон соға қояды деп ойлаған жоқ-ты. — Ә, сәлеметсіз бе, Федор Иванович. Сізді тыңдап тұрмын. — Қазір кіріп шығуыма бола ма? Ораз ойланыңқырап жауап қатты. — Жұмыс болса бөгетім жоқ. — Жолыңыздан қалдырады екен деп ойламаңыз. Асығып әуреге түсіп жүргелі жатқанда әлде біреудің жөн сұраған боп көлденең келгенін ұнатпаймын. Байқасаңыз сізге титтей кедергім жоқ. — Келіңіз, күтем. Бұл күндері облыстың ішкі жағдайы мүлде қиын еді. Жетісу майданының жойылғаны кеше ғана. Атаман Анненковтың қалың армиясы бұдан бес-алты ай бұрын Үржар, Үшарал, Қапал өңірінде төккен қанының дағы 1 Ф. И. Эйхманс 1897 жылы туып, І938 жылы қайтыс болған. 1918 жылдан КПСС мүшесі. 1918 жылдан 1938 жылға дейін Мемлекет хауіпсіздігі органдарында жұмыс істейді. 1920-1921 жылдары Жетісу облыстық Төтенше Комиссиясының председателі.
Шығармалары кепкен жоқ. Ақ гвардияшылар өз ықтиярымен беріліп Совет өкіметін мойындағанымен ашулы, кекті ызасы әлі тарқай қоймаған. Верный бүліншілігінен соң қала маңындағы село-қыстақтар тыныштала қойған жоқ. Шекара өтінде бұларға дем беріп қалың қолымен Дутов тұр. Ертең қай жерде бүлік шығары белгісіз. Нарын жақтан күн сайын суық хабарлар келеді. Облыстық Төтенше Комиссиясының жаңа коллегиясының бастығын тағайындағанда Ораз мұндай күрделі облыстың қиын да ауыр жұмысына ысылған, тәжірибесі мен көргені мол кісіні жіберген шығар деп ойлаған. Майда жұмсақ қоңыр шашын бір жағына қайырып тараған, кең маңдайлы, сарғылт ашаң жүзді жасы жиырма үшке жаңа ғана жеткен биязы, балғын жас жігітті көргенде әрі таңғалып, әрі сүйсіне де қарады. Дәрежелі, маңызды, салмақты жұмыс тапсырған жігітпен сөйлесуге өзі де құштар еді. Эйхманс көп ұзамай-ақ келді. Жолға жиналғандай ықшам, жеңіл киінген. Аяғында керзі етік, үстінде көнетоздау гимнастерка, басында кепкасы бар. Ораз түрегеле тұрып қарсы алды. Кабинет төріндегі стол қасына қойылған жалғыз креслоны көрсетіп: — Төрлетіңіз, Федор Иванович, — деп қарынан қолтықтай ұстап отырғызбақ еді. Эйхманс: — Рақмет, Ораз Қиқымович, Іле жаққа баратын шұғыл жұмыс боп қалды. Іле поселкесіне дейін серік бола алам. Қарсы болмасаңыз, жүре сөйлесейік, — деді. — Бұл ұсынысты ықласпен қарсы алам. Олар жүріп кетті. Эйхманстың өзі Оразбен жүзбе-жүз кездесіп сөйлесуге асығып, ынтығып жүрген. Оған мынадай себеп бар еді. Үржар, Үшарал, Қапал өңірін түгелдей жаулап алған атаман Анненков пен генерал Дутовтың қалың армиясы Верныйға шабуыл жасауға әзірленіп жатқан кезде Солтүстік майданға жау тылына Ораз Жандосов жіберілген еді. Ораз бөлімшелер арасында әсерлі, ықпалды үгіт жүргізе жүріп Анненковтың көмекшісі әрі контрразведкасының бастығы полковник Арановты өз жағына тартты. Арановқа өз
Кемел Тоқаев атынан «Бекер қан төкпеңдер. Қызылдарға қарсыласпай, қаруларыңды тастап беріліңдер!» — деген үндеу жаздырып, көп құпия материалдармен оны дереу Верныйға жібереді. Полковник Арановтың большевиктерге өтіп кеткенін және армия арасында іріткі басталғанын білгеннен соң генерал Дутов атаманы Анненковқа ақылдаспай көп қолмен бір түнде Қытай асып кете барды. Қарауындағы армияға ие бола алмай қалған Анненков та шекара асуға асығады. Бұл кезде оның бірнеше әскери полкі қызылдар жағына шықты. Анненковшылардың Жетісудағы жорығы осылай сәтсіз аяқталған еді. Әрине, жаудың қалың армиясының бүкіл разведкасын қолына ұстап тұрған қаһарлы полковникпен бетпе-бет кездесу Оразға оңай болмағаны айқын. Оны сөзге келтірмей үнін шығармай сол сәтте жойып жіберуі мүмкін еді. Өзіне төнген қатерді біле тұрып барудың өзі қажымас қайрат, таймас ерлік иесін танытқандай еді. Мұны Ораз өзінің жеке делосын толтырғанда қысқа ғана бір-екі ауыз сөзбен жазыпты: «Партияның тапсырмасымен 20шы жылдың февраль-март айларында Солтүстік майданда болдым. Атаман Анненковтың тылында әскери бөлімшелер арасында қызылдар жағына өтуге большевиктік үгіт жүргіздім». Бұл сараң жолдарға Эйхманс қатты назар аударған. Қазір ол қатерлі жаудың берекесін қашырып, ыдыратып, ойран салған, революция жолында мол еңбек жасаған адамның үлкен бір күрделі істі ойға алып соны тындырғанша тыным таппай тағы ұзақ сапарға аттанып бара жатқанын сезеді. Бірақ жасы үлкен кісі өзі айтпаған соң сұрауды ыңғайсыз көрді. Сөз бастағанын күтті. Ораз көк жорғаның тізгінін тартыңқырап, атының басын тежеп қатарласа жүріп: — Федор Иванович, дутовшылардың ортасына кісі жіберу мүмкін бе? Сіз қалай ойлайсыз? — деп оқыс сұрақ қойды. — Қарсыластардың бір-біріне тыңшыларын, жансыз дарын, разведчиктерін жіберіп жататыны ежелгі тәсіл. Бірақ Дутов бекінісіне разведчик жіберу жөніндегі ісіміз мандымай жатса керек. Менен бұрын сондай әрекеттер
Шығармалары жасалыпты. Біреуі зым-зия хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Қандай күйге ұшырағанын ешкім білмейді. Ал екіншісі байқаусызда алданып қалып контрразведканың қолына түскен. Дутовтың бұйрығы бойынша бүкіл солдаттардың алдында қылышпен денесін бөлшектеп, көп азап көрсеткен. Алдымен құлағын, мұрнын кескен. Сонан соң саусақтарын, қолын шапқан. Ақыры қарнын жарып, шалажансар халде көшеге тастаған. Ешкім жақындауға батпаған. — Дутовтың бекінісіне кісі жіберу қиын демексіз бе? — Бұл өңірде атаман Анненков пен генерал Дутовтың жасаған жауыздықтарын халық жақсы біледі, қатты үркіп қалған. Жұртты одан әрі үрейлендіру үшін өздерінің жасаған әлгіндей зұлымдықтарын түрлі жолдармен мұнда таратып, жеткізіп жатады. Соған қарамай бекініске баруға тілек білдіргендер бар. Бірақ оларды өзіміз тежейміз. Әйткенмен, о жаққа кісі жіберуді ойластырып жатырмыз. — Баратын кісіге қандай міндет қойылып отыр. — Ең алдымен дутовшылардың арасында сіңісіп қалу, әскери бөлімшелердің қайда, қалай орналасқанын және олардың санын анықтау, солдаттардың көңіл-күйін, жағдайын білу боп табылады. Әрине, Дутов айналасында, штаб маңында не боп жатқанын хабарлап, жеткізіп тұратын адам болса екен деп тілейміз. — Жоспар ойластырылып жасалған. Бірақ ұзақ мерзімді меңзегеніміз қалай болады? Біздің ішкі жағдайымыз дәл шекара өтінде шоғырланып, жауығып отырған мол қолдың ұзақ уақыт тұрғанын көтере ала ма? Меніңше, төзе алмайтын сияқтымыз, — деп ойлана түсіп сөйлеп кетті. — Жетісу майданын жою аса қиын жағдайда өтті. Анненков пен Дутов армиясының бір шеті Қызыл Армияның шабуылына шыдай алмай, қару-жарақтарын тастап шекара асып қашып жатса, олардың тылдағы бөлімшелері топ-тобымен өз ықтиярымен тұтқынға түсті. Осындай ала сапыран кезде көптеген зеңбіректер, оқ-дәрілер, пулеметтер, қисапсыз мылтықтар далада, окоптарда, қоймаларда қалып қойды. Бұл жергілікті тұрғын халықтардың қолында қару бар деген сөз.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру