Мазмұнға өту
Home

Жер мен көктің арасы

Қадыр Әлімқұлов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жер мен көктің арасы

Авторы: Қадыр Әлімқұлов

Қадыр ƏЛIМҚҰЛОВ ЖЕР мен КӨКТIҢ АРАСЫ (Жыр жинағы) УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 Ə 55 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Əлімқұлов Қ. Көптомдық шығармалар жинағы: Өлеңдер. / Əлімқұлов Қ. – Алматы: «Қазы ғұрт» бас пасы, 2012. – 272 бет.

ISBN 978-9965-22-408-9 Бұл жинаққа ақынның соңғы жылдарда жазған жаңа жырлары топтастырылған. Кiтаптың аты айтып тұрғанындай, iрiктелген жыр жолдарының тақырып арқауы да əр алуан. Адамның жан-дүниесi, сана-сезiмi, көңiлкүйi, арман-аңсары сияқты сан-салалы арналардан өрiлген өлеңдердiң тiлi татымды, ойы қанық. Көпшілік оқырманға арналады. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 ІSBN 978-9965-22-408-9 © Əлімқұлов Қ., 2012 © «Қазы ғұрт» бас пасы, 2012 Ə 55 Бірінші бөлім ОН ЕКІ ДƏПТЕР

Он екi боп өрiлетiн, Он екiге бөлiнетiн – Тылсым сыр көп тiрлiкте: Жыл – он екi ай, Он екi жыл – мүшел жасың, Соның мəнiн бiлдiк пе? Күн мен түнiң – Ол да он екi сағаттан, Зодиак та бiлсең сырын, Он екi нұр таратқан… …Мен де он екi бұрым өрдiм, Жар болсын деп Жаратқан! Бiрiншi дəптер Туған жерге тағзым (Наурыз айы, Тышқан жылы немесе Балықтар шоқжұлдызы) Туған жердiң топырағы, Түтiнi, Бiле бiлсең – Болмысың мен бiтiмiң. Соны кейде көлеңкелеп қу тiрлiк, Ұмытамыз… Киемiздiң күтiмiн. Уа, адамдар: Бауырларым, Байтағым, Күтпейiк те… Қатал кие үкiмiн!

Гүл-мекен Сағымға сiңiп, Мөлдiреп, Алыстап кеттi-ау гүл-мекен. Селеулi қыр да селдiреп, Жəутеңдей қарап тұр ма екен? Өзiмнен өзiм қашқандай, Шығандап мен де кеттiм бе?! Сараңдау тағдыр – тас маңдай, Өзекке сөйтiп тептiң бе?!. Жүйткiген жылдар өктемдеп, Қоламта қалып жалыннан. Сағыныш сазы көп менде, Жанарым жасқа малынған. Бұтаңнан бұрым түйiп бiр, Шиiңнен шiлтер тоқимын. Арналған саған, сүйiктiм, Жырымды толқи оқимын. Бұлтыңның шашын тараймын, Кəусарын сауып төсiңе. Аңсатқан əркез арайлым, Орала бердiң есiме. Үйеңкiлi өзен суына, Бiр сүңгiп қана шығар ма ем?! Қарбалас құстың шуынан, Мұңыңды сенiң ұғар ма ем?! Мұндалап мөлдiр аспаның, Аңсарым мəңгi тынар ма?! Шөмеле шөптi жастанып, Бiр түнеп қайту – Мың арман…

  • * Туған елдің тұнық жанын жыр еттім, Ырғақ еттім дүрсіліне жүректің. Əдет-ғұрпын, Салт-дəстүрін ту қылып, Тірлігімді түлеттім. Туған жердің бір шыбығын үй еттім, Бір ызыңын күйі еттім тілектің. Осы елдің, Осы жердің бір гүлін Сыңарым деп, Ғұмырымды сүйеттім. Тағдыр маған талапты ұл да сыйлады, Қазақ қылып қыз да өсірдім ибалы. Жүдегем жоқ жеке бастың қамына, Туған жердің тақсіреті қинады. Қызыр келді… Қалам берді – жосылсам, Кешірмейді кием мені тосылсам… Уа, Халқым! Менде басқа арман жоқ, Əуеніңе бір үн болып қосылсам!
  • * Арналған саған жырым, Алтын далам, Ойымда оттай болып жалқындаған. Өзіңнен сынық сүйем ұзар ма едім, Сеніммен жүк артпаса халқым маған?! Еңсемді көтерейін кеңдігіңмен – Рухыңнан айналайын сарқылмаған! Самал жел сыңғырлаған сырға ма екен, Келбетің сырға мекен, Жырға мекен. Үш жылда үш ғасырлық сағым кештім, Шаңыңа шыбын жаным құрбан екен! Жанарың жүрегімде сағыныш боп, Сығалап санамнан да тұрған екен…
  • * Ұлан дала, Құлан дала – көсiлген, Көкiректе самал болып есiлген. Қу тiршiлiк қайғы уын тамызса – Қыран дала көңiлiмдi өсiрген. Сайын дала сағым – қанат сермеген, Биiк ұшсаң, аялайтын жер де кең. Мұңды күндер ұнжырғамды түсiрсе – Қайың-дала сезiмiмдi тербеген. Айдын дала, Айбындана көктi емген, Бозторғай боп шырылдайсың бөктерде. Жусан болып бусанасың көктемде, Қайғымды ала кетесiң бе тепсеңге? … Шетсiз дала, Шексiз дала самғайды, Үркектеген үмiт отын жалғайды. Дархандықтың өлшемiндей өңiрiм, Дұшпан ғана сенi сүйе алмайды!
  • * Ен дала, Көсiле түскен кең дала, Дүрлiгiп дүние жатқанда, Дүркiреп тұрдың сен ғана. Күй-ағын, Төсiңдi тiлген тұяғы, Тұлпарды ойда тiрiлтiп – Мүсiнiн мыстан құяды. Бел – дөңде, Жел болып жылқы желгендей. Жалдары жалын атып бiр, Дəуiрден озып келгендей. Ақ маңдай, Шетiнен ұшқын шашқандай. Айтұяқ бейне аяқтар, Тарихты жазып жатқандай! Қара, əнi, Жалғап тұр екi араны. Менiң де көңiлiм көк дөнен, Төсiңде заулап барады… Арманым қанат қағады, Көзден жас парлап, Ағады. Кең далам, сенiң болмысың, Үмiттiң отын жағады.
  • * Өтер өмір өртке тиген дауылдай, Саралаумен фəни менен бақиды. Өткен күндер Туып-өскен ауылдай, Өтер өмiр өртке тиген дауылдай, Таңғы саумал таңдайыма татиды. Шаң да шұбап Шудаланған түтiндей, Жалбыз исi танауыңды қабады. Тiршiлiгiң – қалған лашық күтiлмей, Уақыттың ұңғысында ағады. Ұмытты ұл-қыз, Жерiгендей қағынан, Атасының атамекен – кiндiгiн. Бозторғайдың боздақ үнiн сағынам, Түрiп қойып көкiректiң түндiгiн. Көкпар, Бəйге… Тақымға ендi түспейдi-ау, Сен осыны сезесiң бе, бауырым? Ендiгi ұрпақ кəусарыңнан iшпей ме-ау, Алқам-салқам, Ақжарылқап ауылым?!. Тiнiң түгiл Тамырыңды жаңқалап, Отқа жақтық, Орман болған дарағым. Замананың көзi тұрса қанталап – Қайта бүршiк жарасың ба, қарағым?!.
  • * Туған жерiм, Алтын бесiк – шаңдағым, Қайда жүрсем сен есiмнен қалмадың. Жыр-əн самғап, Қиял жалғап жататын, Тамылжыған таңдағы үн. Болған шығар алаң күндер жасыған, Болған шығар жалаң күндер тасыған? Өмiр озып, Көңiл тозып жатса да, Саған ғана асығам! Əлем көгiн шарлатқызған түндiгiм, Жетем ұшып, үзiлмеген кiндiгiм! Назы бəсең, Сазы əсем келетiн, Əнiндейсiң үндiнiң. Өзiң едiң қанат берiп, Түлеткен, Сəби сезiм өңiрiне гүл еккен. Қиял құшып, Құс боп ұшып кетердей, Сағынышым сапырылған жүректе…
  • * Сенен ескен қоңыр самал түлетiп, Жеткенiнше айлар өтiп, Жыл өтiп, Ақын ұлың Астанада жүр аңсап, Сарыөзегiн, Кербұлағын жыр етiп! Кербұлағым, Мен ұланың сағынған, Сағыныштан жанарға жас тағынған. Туған жердiң əр түп шөбiн, Əр тасын, Шығара алмай шамырқанған жадымнан. Өзендерiң, Кезеңдерiң көсiлген, Ойға оралып көңiлiмдi өсiрген. Дəуiр өтер, Ғасыр жетер жөңкiлiп, Ешқашан да əз атыңды өшiрмен!

Сенен ескен қоңыр самал түлетiп, Жеткенiнше айлар өтiп, Жыл өтiп, Қадыр ақын Астанада жүр аңсап, Сарыөзегiн, Кербұлағын жыр етiп!

  • * Сайыңда сипап өтер самал тынған, Сары қыз, Сарыөзегiң аман тұр ма? Сендерге жеткiзбеген жолға налып, Сарытап сағыныштан сан алқынғам… Сары жон, Сары жылға, Сары сағым… Сан ойлап, Санамменен жарысамын. Сарсаңға түсiредi тапшы уақыт, Сазымен тербетедi таныс əнiң.

Сары жел, Сары əуен, Сары қыр да, Селт етпес сайын сурет кəрi сырдай. Сыбырлап сынған қурай сыр шертедi, Сезiмнiң жанарында – бəрi тұнған. Сары гүл, Сары селеу, Сары өңiр, Сəулесiн сепкен соң Күн – жарық өмiр. Сыздаған атып болмай сары таңға, Сынаптай сырғақтайды сары көңiл. Сабырсыз сана жiбiн үзбейдi шым, Сомдалған сары нұрдан күздей мүсiн. Сол жiгiт көптен берi соқпады-ау деп, Сендер де саяқ ұлды iздеймiсiң?! Сұлу көз, Сырлы жанар шарасындай, Сарыда алтынға тəн жарасым бар. Сағыныш, Сезiм, Сенiм – Сары бəрi, Содан ба, Сағындырып барасыңдар?!.

Жаркентiм Аңсаған сенi күнiм көп, Жаркентiм, Көңiл хошындай. Қарсы алдың тағы күлiмдеп, Кездеспей кеткен досымдай! Жүре алман шалғай шетте де, Жырыңа сенiң қосылмай. Əлi де жанға жетпеген – Сырыңды жайшы, Тосылмай. Арманым сенде көктеген, Сезiм де селдеп… Жосылды-ай! Тентектiк телiп ептеген, Тектiлiк септiң – осындай! Анамдай асыл, мекенiм, Өзекке тектi ұл теппеген. Құс болып, Ұшып жетемiн, Сезiлсе сыбыс: «Жет!» – деген… Жаркентiм, Жөнiң бөлек тым, Əн болып, Жыр боп ағылам. Жеткенше жүрек өрекпiп, Сағынам сенi, Сағынам!

  • * Сүйемiн мен күздiң түнгi аспанын, Сан жұлдызын шебер шашып тастаған. Қиял құсы сол бiр сəтте қас қағым, Шетсiз-шексiз армандарға бастаған. Қаз бауыр бұлт сұлбасынан сыз өткен, Көштi баяу сылқым ғана тербелiп. Тү-ү-у алыста Ай ғана тұр күзетте, Құс жолы да жөңкiлгендей желге ерiп. Дала тұман, бау да тұман, айнала, Тау мұнартар ертоқымын жастанып. Сүйем ерен күздiң түнiн жайнаған, Сүйем сенi, туған жердiң аспаны!
  • * О, туған жер! Сенен əсте, iрi кiм? Сен аманда сiрiмiн де тiрiмiн! Дүние кең болғанымен, Сен – жалғыз, Мен – бiр ұшқын, Көп ұлыңның бiрiмiн! Саған деген сағынышым еселi, Сезiмiмдi сабақтайды неше бiр. Қарлығаштай қанатыммен су сеуiп, Тарихыңды қазып кетсем кешегi. Жыр арнасам қалдырмастан түгiңдi, Көшке қоссам аудармастан жүгiңдi. Пəк, Сəбилiк парызымды арқалап, Тiрлiгiңдi жазып кетсем бүгiнгi. Қашан-дағы елеңдермiн сен десе, Сенбесiншi, Сенбегендер – сенбесе! Алтын бесiк! Несiн жүрем жер басып, Ертеңiңе жырың болып енбесем?!

Екінші дəптер Өткелсіз өмір өзені (Көкек айы, Сиыр жылы немесе Тоқты шоқжұлдызы)

Өмір дейміз, Ит тірлік деп… Кіналап, Санамызға сан күдікті сыналап. Өмір – күрес, Текетірес, Жанталас, Белдесуге мұратты жан шыдамақ. Үміт үркек… Сонда-дағы биіктен, Асқақ мұрат – Арман қалай құламақ?!

  • * Несіне өмір сүресің жана алмасаң, Жану үшін жалындап жаралмасаң? Тірлік деген түрмеден телміріп тек, Əуезінен əр күннің нəр алмасаң, Нəр алмасаң, Сəуле боп таралмасаң?! Талпынбасаң, Алға озып алқынбасаң, Адырнадай созылып, Тартылмасаң. Жақынға да жағасыңжарқылдасаң, Айналаңа жағасың – сарқылмасаң. Мойындайды жатың да қарқындасаң, Алдыңда асу көрініп, Артыңда – шаң. Тағдырыңды тілдеме тəлтіректеп, Сыбағаңды алуға салқындасаң. «Көрермін, – деп, – жазғанды пешенеме», Қиналғанда мұңыңды еселеме. Қарекетсіз қасың да қимылдамас, Талпынбай алдыңнан жол төселе ме?! …Еселеме мұңымды, Еселеме!
  • * Ей, Өмір, саған ғашықпын! Сезімнің мəні əріде: Құшуға əзір, Асықпын – Өзіңде бардың бəрін де. Көлеңке түспес көңілге, Қиналып жаным, Күйемін. Гүл өскен өртең өңірдей Мұңыңды қоса сүйемін! Құтылу қашып қиыннан, Ойыма менің келмейді. Сенікі: Жүрек, Миым да, Аңсарым-дағы өлмейді! Əй, қайдам, Тіпті, білмеймін, Сүйе алар сені мендей кім?! Ойласам көз де ілмеймін, Сағыныш болып селдеймін. Өзгертіп тағы жібермен, Жалпақ та жұртты таң қылып. Үзілмес əсте күдер де, Құштарым менің мəңгілік!

Өміріме Өріне өмір-таудың өрмеледім, Көп еді көргенімнен көрмегенім. Тұзым да жеңіл ме екен, Кім біледі, Көбіне сор боп шықты тер дегенім. Қолымды аспанда Айға сермеп едім, Жастықтың жалынымен ерлеп едім. Тартып-ақ алмақ болғам… Тағдырымның, Сұрасам – Тастай қатып бермегенін. Сол таудың Тұсалғанмен етегіне, Ермедім… Жетесіздің жетегіне. Үзбедім үмітімді ізгіліктен, Жаманы бұлтты күннің Кетеді де?! Баурайдың бойлай ұшып Алып бағын, Құс болып… Қия белде қалықтадым. Тұл тағдыр итіндіріп қойғанымен, Арманды аялаудан жалықпадым. Кетеді көңілдегі мұнарлы мұң, Бұлт көшіп, Тасасынан шығар-ды Күн? Жалыңа жармасқанмен, Уа, Өмір, Тарқамас саған деген құмарлығым!

Жырдайын бұйра бұрым бұратылған, Қалсам да қырау көміп қыратыңда, Сейілмес саған деген сағынышым, Ешқашан мұқалмайды… Мұратым да! Қашанда қазан аузы жоғарыда, Қайтейін қалып уақыт обалына? Бейнеттің зейнетіне сенбесем де, Сенемін, Сағатымның соғарына!

  • * Өгей өмір, Сен мені кіналама, Күреспесе – бұл көңіл тына ала ма, Тіреспесе – бұл жігер сынала ма? Өгей өмір, сен мені кіналама! Кіналама, кезеңге жете алмасам, Сынама да бірді екі ете алмасам. Қатарымнан қара үзіп кете алмасам, Кіналама, кезеңнен өте алмасам! Өзіңсің ғой қадамды бастырмаған, Күнің бар ма көз шұқып, Басқа ұрмаған?! Ұлып қалған қандауыз қасқыр ма адам, Өзіңсің ғой бағымды аштырмаған! Ізгілікті іздегем іңір еміп, Əділдікті іздегем күңіреніп. Билікпенен байлықтың күшігі емен, Қашанғы оның соңынан жүгіремін?! Тек ешқашан соңынан түскен емен, Ілтипат жоқ болған соң күшке деген. Тектің аз да адамды төрге оздырар, Күшігім көп балақтан тістелеген. Түлкі болдың құйрығы бұлаңдаған, Күлкі болдың сайқалдай сылаңдаған. Таратамын жырымды жүрек жарған, Бар дəулетім сол менің … Құралмаған…

Əй, өмiр-ай… Əй, өмiр-ай, Сырғисың-ау сынаптай, Бiрақ саған не болғанда – бəрi бiр: Бiреу өтер нақ сүйерiн ұнатпай, Бiреу өтпек ешкiмдi де шыдатпай. Əй, өмiр-ай, Мүлде толас таппайсың, Бiрақ саған не болғанда – бəрi бiр: Досы қайсы, Туыс қайсы, Жат қайсы, Қуаныш не, Мейлi, бастан бақ тайсын. Əй, өмiр-ай, Сезiлмеген ағысың, Бiрақ саған не болғанда – бəрi бiр: Таласқандар байлық үшiн, Тақ үшiн, Көмегiң жоқ, Қастығың жоқ – тағы шын. Əй, өмiр-ай, Қарамайсың бұрылып, Бiрақ саған не болғанда – бəрi бiр: Бiреу – самғап, Бiреу жатыр сүрiнiп, Бiр ел тонап, Бiр жұрт жатыр қырылып.

Əй, өмiр-ай, Əй, өмiр-ай… Кiлең iз, Сонда-дағы сенде өмiр сүремiз. Бəрiмiз де өтерiңдi бiлемiз, Тек ешқашан өтпейтiндей жүремiз…

  • * Атады таң да, Жатады таң да жылыстап, Өмірдің өзін қауындай тіліп, Қылыштап. Батады күн де, Жатады күн де жылыстап, Ал сүю деген – Қуысу емес, Суысу емес – сезімнің туын тік ұстап, Сүюдің заңы – ұғыспақ! Жетеді кеш те, Өтеді кеш те жылыстап, Сыйластық қана, Қимастық қана – тыныш бақ. Етегі күлдей, Кетеді түн де жылыстап, Тіршілік деген – Күндіз де түні, Қарақан бастың күнкөрісі үшін тырыспақ. Келеді ай-жыл, Желеді ай-жыл жылыстап, Жарық пен тамұқ арасында аз-кем тыныстап. Таяды əрі, Бітеді бəрі жылыстап, Ал өмір деген – Осының бəрін түсіну ғана… Дұрыстап!
  • * Зейiн қойып, Мəн берiп жарасымға, Тұлдыр тағдыр пендеге қарасын ба?! Қос қапталдан қаусырған екi жаға – Үмiт пенен күдiктiң арасында, Өксiк-өмiр өтiп-ақ барасың ба?! Сарасың ба, қарамай, Дарасың ба, Күресiнде күл болып қаласың ба?! Мөлдiреген моншақтай беттi жуып – Жəудiреген жанардың шарасында, Өксiк-өмiр өтiп-ақ барасың ба?! Жеткiзбейтiн жалғанның даласында, Аласын да айырмай, Қарасын да; Жан даусындай жүректiң жаңғырыққан – Күңiренген көңiлдiң наласында, Өксiк-өмiр өтiп-ақ барасың ба?! Бiтiп болмас тiрлiктiң таласында, Өшесiң бе… Шоқтанып жанасың ба? Күйбеңдеген күндердiң парасында – Бiлгендердiң бұлжымас санасында, Сейiлмеген сағым боп қаласың ба?..

Не болып кеттi бұл өмiр? Сарсаңға түстi сан арман, Ешнəрсеге ешкiм таңданбас. Шалына ма екен жанарға, Көзiнен жанның тамған жас?! Жөңкiлiп жатыр жүрдек күн, Тағатты түгел тауысқан. Түсiнiп, құлақ түрмек кiм, Жүректен шыққан дауысқа?! Қадалып балта миыңа, Шабылып жатыр тоғай да. Қарның ашқан – қиын-ақ, Рухани аштық оңай ма?! Суалып, көзi тартылып, Қуарып жатыр кең дала. Жүректе жылу сарқылып, Жыртылса жаның нең қалар? Iзгiлiк қашан самғайды, Əдiлдiң белi бүгiлмей? Жандарды қалай жалғайды, Обал мен сауап түңiлмей?!. Барады қайда бұл өмiр?!

  • * Келсе-дағы Гүл-көктем бiзге тегi, Бiлген едiм ызғарлы күз жетерiн. Балдəуреннiң байлығын шашып жүрiп, Сезбеппiн ғой сол күндер iздетерiн… Iздетерiн сезбеппiн… Қайран-ақпын, Өтедi деп өр жылдар ойламаппын, – Қатарында базардан қайтқандардың, Еске алам деп елжiреп, Аймалап мұң… Өте шықтың… Өрекпiп, қайран назым, Бiрге кеттi өзiңмен сайран – жазым. Тарыдайын шашылған шаттығым-ай, Аққу болып Айдынды айналмадың… Айып етпе, серi кез, Семсердейiн, Құшағыңа тағы бiр енсем деймiн. Кездеспесем қайтер ем жалыныңа, Алғыс саған! Несiне кемсеңдейiн?..
  • * Жаса өмiр! Жаса күн! Жаса мекен! Тiршiлiктiң тiзгiнi тасада екен. Пенделiкпен кейде мен санай қалсам, Қажет нəрсем шашымнан асады екен. Табиғат сол толысқан, Əлi гүлдей, Тұра бермек тiрлiктi шаңына iлмей. Қажет нəрсем көп екен, Қайдан бiрақ, Орындала қояды бəрi бiрдей?! Амал қанша, Пендемiз өрекпiген, Шақша басты қажытып керекпенен. Бай өттi деп дəулетiн тiзбелеймiз, Егiлмеймiз, неге, осы Ер өттi деп?! Тiршiлiкте қажетiң бiтпейдi екен, Бiтiрсiн деп ғұмыр да күтпейдi екен. Ақ ниеттi, Денi сау, Басы аманды, Өмiр өзi қажетпен үптейдi екен…

Өмір өтіп барады-ай… (əні бар) Өткел бермес өзендей, Асу бермес кезеңдей; Арманымнан айырып, Қанатымнан қайырып – Өмір өтіп барады… Сөз ұқпайтын есердей, Айықпайтын кеселдей; Жанықтырып, Жандырып, Көңілімді қалдырып – Өмір өтіп барады… Сансыраған санадай, Қансыраған жарадай; Жал-құйрығын тарамай, Алды-артына қарамай – Өмір өтіп барады-ай… Қанағаты тұсалған Жаман аты күш алған; Сезімімді селдетіп, Емексітіп, Шөлдетіп, Өмір өтіп барады… Береке жоқ, Бірлік жоқ, Бəтуалы тірлік жоқ; Өтті жарар өсектей, Суып қалған төсектей – Өмір өтіп барады…

Өртке тиген дауылдай, Жат боп кеткен бауырдай; Ит тірлікке телітіп, Күндерімді кемітіп – Өмір өтіп барады… Бұлтарысы, Белі көп Қасіреті, Шері көп, Періштеден пері көп, Түсінбейтін жері көп – Өмір өтіп барады…

  • * Пəк пейіл періште ме, Перісің бе, Сұраншақ сүмелек пе, Серісің бе, Бəрібір: Жақсымысың, Бақсымысың – Бұл өмір өкініштің өрісіндей. Арманың қанатыңды талдырады, Бəз біреу көңіліңді қалдырады. Жақының жан жарасын көрмеген соң, Сенімнің сола берер бал құрағы. Орманын ойың кезіп, Қаңғырады, Ізгілік тек санаңда жаңғырады. Сыңарын сыңсый іздеп жалғыз қаздай, Сезімің ұзақ таңды таңға ұрады. Шоқ-тағы үрлемесе – Өшеді екен, Жана алмай… Келсең-дағы нешеге сен. Алтыны атар таңның адастырып, Күмісі самайыңа көшеді екен. Əріптес əлденеге күлімдейді, Сөзі-жөн, Тек ақ ниет білінбейді… Жүректің жəудіреген жанарына, Сауаптың сорабы да ілінбейді. Танысың тіршілігін тізбелейді, Қонысын көңіліңнің іздемейді.

Сыр тартсаң суыртпақтап мұратынан: «Жүдеме, Үмітіңді үзбе…» дейді. Ғұмырын жамауменен құрағандай, Ағайын жаңылмайды сұрағаннан. Түсінік табылмаса – Қандай дауа, Алдында қайырсыздың жылағаннан?! Алдымен айналаң-ақ алдайды екен, Бар болсаң – Қыр соңыңнан қалмайды екен. Жоқ болсаң – Жағдайыңды бетке басқан, Бұл өмір қарап тұрсаң, Сондай да екен… Үшінші дəптер Тағдыр жолы тайғанақ (Мамыр айы, Барыс жылы немесе Торпақ шоқжұлдызы) Тағдыр деген – Жеткізбейтін арман ба, Маңдайға əлде, Жазып қойған жалған ба?! Жұмбақ па екен, Шешімі еш табылмас, Ойландырған… Оңаша бір қалғанда? Сұрағы көп, Жауабы жоқ – Өмір – бұл, Ғұмыр бойы оймен серік болғанға…

Тағдыр «Тағдыр» деп жатады бiлгiрлер, Мəнiсiн айта алмай, Мiңгiрлеп. Мақтайды – қуанса шүлдiрлеп, Даттайды – қиналса: «Тұлдыр!» деп. Тағдырға тап бере алмайсың, Қалай айт, Сөзiң де өтпейдi. Тек қана үмiттi алдайсың, Еш жерден табылып, Ешқайда кетпейдi. Арыла алмайсың жуғанмен, Шайып та кетпейсiң, тасқанмен. Жетпейсің қаншама қуғанмен, Құтыла алмайсың қашқанмен. Қанаты ешқашан талмайды, Қалпынан жаңылмай сермейдi. Ол сенен тарту да алмайды, Ол саған… Қарыз да бермейдi. Əрине, қолыңнан қақпайды, Əуре де болмайды кешiрiп. Шоғыңды тұтатып, Жақпайды, Лаулаған отыңды өшiрiп.

Ендеше, Өзiңнiң қолыңда, Тағдырдың талыстай тiзгiнi. Өзiңе бастайды жолың да, Бiлуге тиiспiз – Бiз бұны!!!

  • * Тағдырды тiлдеп қайтесiң, Тарта бер алға, Тіресіп! Емес-ау ол да жай шешiм, Кетесiң… Ашық тұр есiк. Күткендей тосын сырқатты, Əуре де болма, Сабылып. Жүректiң əнiн шырқап бiр, Жүргенiң артық сағынып! Өмiрдiң өрен күшiндей, Көңiлдiң туын жықпа сен. Көлеңке барын түсiнбей, Шуақты күндi ұқпас ең. Ғұмырда – Қамшы сабындай, Сыйласып өту – борышың. Ендеше, босқа сабылмай, Сүюiң керек оны шын. Тек сонда ғана жалғанға, Сенуiң мүмкiн тiк тұрып. Онсыз да сырқат арманға, Қайтесiң кесел жұқтырып?!
  • * Тағдыр-ай! Сен əділ екен деп, Иыққа не арттың – көтердім. Бəлкім мен, Бұл жалған мекеннен, Өзіңмен тіресіп өтермін?! Тіресу, Күресу – салтың ғой, Оныңның несіне таңданам? Адасып қалмағай алтын ой, Санамда жұлдыз боп жанбаған! Бойды қой, Ойымды илеме, Мен-дағы көндіге алмаспын! Əрине, сені де билемен, Тек жырдың жорығы жалғассын! Кəдік-ақ… Табысып кету де, Əйтеуір əділді бүркеме! Құлшынам арманға жетуге, Күрескер тірестен үрке ме?! Əрəдік балаша алдайсың, Əйтсе де, ауыр-ақ талабың. Ешқашан қанаты талмайтын, Өзіндік пікірде қаламын!

Екі «Мен» Бір бойымда екі «Менім» жүр менің, Бірі – өртеніп, Біреуі су шашады. Бір Қадырды қамап қойған түрменің, Бір Қадыр кеп есігін тез ашады. Екеуінің толастамас сайысы, Ерегес пе, Жорғадайын желеді. Бір Қадырдың қабырғасы қайысып, Бір Қадырдың əн салғысы келеді. Жатса-дағы бар парызы өтеліп, Талай сұрақ жауап таппай қалады, Бір Қадырды сезім көкке көтеріп, Бір Қадырды сабыр жөнге салады. Екі «Меннің» жетіп жатыр шатағы: Екі түйсік екі таң боп атады. Жеңбейді де, Жеңілмейді ешқашан, Екі Қадыр итжығыс боп жатады. Бір Қадыр бар: Ессіз, Көзсіз, Жүгенсіз, Бір Қадыр бар шеңберінен шықпайтын. Өмір бірақ өтіп жатыр сүреңсіз, Біреуі емес, Екеуі де ұқпайтын. Кім біледі түбі немен тынарын, Бозбаладай тарқамайтын желігі:

Бір Қадырды… Алдап кетсе сыңары, Бір Қадырды… Əлпештейді серігі. Екеудің де арманы асқақ, Тілеуі ақ, Бірі шөлдер, Бірі таңдай жібітіп. Екеуіне ортақ нəрсе біреу-ақ: Ешқашанда үзілмейтін үміті. Ортасында миым қатып жүргенім, Өрекпідік, Өршелендік, Ал, қыздық! Мейлі, Мейлі – тарқамасын дүрмегім, Тек Құдайға жарасқан ғой… Жалғыздық?!

  • * Аялай алмасаң да ақыныңды Батыра берме, Тағдыр, Тақымыңды! Қинама, Қан жұтқызып жүрегіме, Азапқа айналдырма ақылымды! Ойымды отқа орап, Жалындат та, Қайғының қара бұлтын қалыңдатпа! Келемін өр кеудемді төрге сүйреп, Əлі де арам терім алынбап па?! Өзі бір өміріме діттедің бе, Бəсіре беріп пе едің күткенімде? Соқпақты сүрлеуіңде сан адасқам, Жоқ, əлде, Мені сынап бітпедің бе?! Ауырға, Қиынға да пейіл ем мен, Не пайда, енді саған кейігенмен?! Бағыңда менің де еншім бар еді ғой, Мұңымның мұнары бір сейілер ме?! Түсін тек, талабым бұл, Шағым емес, Кімменен кеңесесің – тағы кеңес. Саған да сипатқызбай сауырымды, Өртеніп кетуім де кəдік емес!..
  • * Жексенбі еді, Отыр едім оңаша, Есік қақты қайыр сұрап бір жігіт. Қымтырылып, Қысылған жоқ ол аса, Алланы атап, Қол жаяды үздігіп. Құндақтаулы сəбиі бар қолында, Дорба арқалап далада жүр анасы. «Тəжік… Босқын… Құдай…» сөзі оның да, Тəжік емес, Сығаны-ау, шамасы?.. Бəрі бір де, Маған оның ұлты да, Нəрестені саудалауы күйдірді. Берген дəмді қақшып алды, Ұмтыла, Жаратқанға мені тағы сүйдіріп. Бетін сипап, Өтті сосын көршіге, Сəби-байқұс су сұрайды шөлдеген. Құдайдан да, Елге тілеп «тершімей», Өз бақытын сұрамайды ол неге?
  • * Уа, тағдыр, саған не дейін? Неге енді сені теңейін? Қорқаудасың-ау, Əй, тіпті, Қайтіп те сені жеңейін?! Таудайын сыйлап талаптың Қақтырдың қанша қанатты? Ерітіп тілде мұзды да, Тұзды да талай жалаттың. Сұлуды небір сүйгіздің, Сүйгізе беріп, Күйгіздің. Қолымды гүлге созылған, Тікенегіне тілгіздің. Біршама жайды білгіздің, Ойланттың, Кейде күлгіздің. Бастың да сосын сабамды, Табанды тасқа тигіздің. Алай да дүлей айдыны, Теңізін кештім қайғының. Баз кешіп кетер сəтте де Əтеген… Жүрек айныды. Сарқылмас аптық сыйладың, Тартылмас шаттық жинадым. Алдауға алғыр қармақтай Бармақтай бақты қимадың. …………………………. Не дейін саған, Не дейін?!
  • * Ей, тағдыр-ай, тағы да езгіледің, Жан жалдайтын жуастың кезі ме еді?! Жылай-жылай сарқылған сорлы жүрек, Тағы шаншып кетті ғой… Сезді нені?! Адасқанның айыбы алқымдап бір, Сүреңсіздеу күзгі күн салқындап тұр. Ақтарайын шерімнің шемен сырын Қызармасаң қайтейін, Ал тыңдап тұр! Жалын атқан жанартау сөнгені ме, Тұтқиылдан бір тықыр төнгені ме? Қызу қанды қууға құлшынбайды, Сенің сайқал ісіңе көнгені ме?! Көнгені ме, Жоқ, əлде, шалдықты ма, Шалдықты ма, Шарасыз халді ұқты ма? Ұқтыра да алмайсың Ықтыра да – Қасарыссаң қақпанды сал мықтылап! Маған емес, Тебінгің тексізге сын, Қиын қылсаң – арманға жеткізбессің! Илесең де қаншама – иілмеспін, Тозаң болып кетсем де – тепкізбеспін!
  • * Заман қандай болса да, Адам қандай, Демеу керек пендеге тапшылық барда. Қуанышқа кірпіш боп қаланғандай, Жүру үшін жолығып жақсылықтарда. Азаттықты алдық деп айқайладық, Əдібінде əр істің сыйындық па Арға? Жұдырық боп жұмылу байқалмайды, Қайтіп қарсы тұрамыз… Қиындықтарға?! Тірлігіміз де, іншалла, Түзелді аздап, Ынтымақ болмай ырыстың өтелуі – Сын. Ширыға беру міндет пе, Үзіле жаздап, Егемен ел боп еңсені көтеру үшін?! Ес жиылмай елдікке тимес дəнеңе, Асу көп алда алатын, Жеңіс те мұнда, Талпыну керек алыстарға Жəне де, Өркениеттің өр өлкесіне қоныстануға.

«Тынық мұхит толқындары» топтамасынан Мұхит та дала сияқты Төрінде тұрып кеменің, Кеудемде күмбір күй ақты. Құдай-ау, Мұхит дегенің – Селеулі далам сияқты! Тербеліп жатыр, Теңселіп, Қиырын жанар құша алмас. Түсінем, мұхит мен сені, Шағала қиял тұсалмас. Сырласып тылсым, Құрдыммен, Үйрене алмай етім де. Даламды аңсап тұрмын мен, Ендіктің шыған шетінде. Көкжиек деген көк сызық, Шайылып кеткен сағымдай. Көңілде нөсер төккізіп, Мұңым да тұмар тағынды-ай.. Көлі жоқ жерде… Туған ем, Теңізші болу не теңім? Сіңісіп кетпен суға мен, Далама қашан жетемін?!

Шикотаннан қайтқан қыз Бір ару мінді кемеге, Үркектей қарып шоқ көзі. Қараймын тінти… Немене, Менің де жанған от кезім. Сүйкендім… Сөзді сапырып, От-жалын кезім менің де. Күрсініп қойды ақырын, Əбестік еттім дедім бе?! – Бухгалтер едім, Сотталдым, – Есептен қате жіберіп. – Бес жылға, – деді тоқталып: Үш жылда шештім шідерді. – Қуансаң етті, Құрбым-ау, Еркіндік тосып тұрмай ма? – Қалды ғой, иə, қылбұрау… Қуану қиын мұндайда! – Жүре алам ба екем… Тақпай мұң, Есейіп кеттім енді мен. Арымды қалай ақтаймын, Ақпын деп қайтіп сендірем? ______________ Шикотан (Шикашотан) – Куриль архипелагындағы арал. Онда Кеңес үкіметі кезінде КСРО-дағы бес жылдан астам мерзімге сотталған елу мың қыз-келіншекке арналып тұрғызылған түрме болды. Түрмеде мақта-мата комбинаты жұмыс істеген.

Құқайды көрдім не түрлі, Түрменің дағы кетер ме? Жаралы жаным, Жетіммін, Қайттым ба екем… Бекерге?! – Деді де сұлу жылады, Баса алмай өксік дауылын. Шоқ көзден ұшқын құлады, Езіле берді бауырым… …Кетпейді ойдан сол сұлу, Тағдыры сол да… Қайтсін-ай?! Есімін сұрап жатпадым, Сұрағанменен… Айтсын ба?!.

Акула Акула – теңіз қасқыры, Айлалы, Күшті, Қандыауыз. Біреуге – өрлік тасқыны, Біреуге, бəлкім – Жалмауыз. Сұлу-ақ сабаз, Мүсінді, Бұлшық ет түгел бұлқынған. Сездіріп жойқын күшін бір, Кімге де қарсы ұмтылған. Табиғат заңы – Тіршілік, Біреудің біреу – жемтігі. Атылып шығар, Бұлқынып, Жетіп те келер, Ентігіп! Сезеді дейді акула, Өліктің исін, Қан исін. Ет жеуде ғана «бəтуа», Қасқырды қайдан танысын?! ______________ Ертеректе екі-үш ай жүзетін кемеде қайтыс болған адамның мəйітін сақтау мүмкіндігі болмағандықтан өлі денені теңізге тастайды екен. Сол мəйіттерді жеп дағдыланған ба, бүгін де бортында өлік бар кеменің соңынан акулалар үйірімен қалмай жүзіп отырады.

Кім білген… Көкей тескендей, Ет жесе – тірлік үшін де?! Бақыт-ау жүру сескенбей, Мың алуан хайуан ішінде! Төртінші дəптер Арман жүгі аумасын (Маусым айы, Қоян жылы немесе Егіздер шоқжұлдызы) Бұл жалғанда тұрақсыз, Тірлік ету мұратсыз, Өмір емес – Далбаса. Тұшындырмас ол да аса?! Күлдіретін, Жылатып, Тұрғызатын, Құлатып, Жүрегіңді қаритын, Рухыңды жанитын – Асқақ арман болмаса!

Қазақ дейтін халық бар І Өркениет өлкесінде қалықтар, Жер бетінде қазақ дейтін халық бар. Өзі – бала, Өзі – дана, Ізгі жұрт, Ақ-қарасын заманалар анықтар. Адалдықтың айлағындай жүрегі, Ары менен Намысы оның тірегі. Даласындай құшағы мен Қолтығы, Былайғы ел де соны жақсы біледі. Қызыл тілден бал тамызған түлегі, Бағзылардан бағы жанған ұлы еді. Қайғырғанда – Қазақ болып қынжылып, Қуанғанда – Қазақ болып күледі. Ұлы дала – Алып жерді мекендеп, Жазып келген жан жарасын жеке емдеп. Жырларымды жігеріме жанимын – Соны ұрпақтар ұмытпаса екен деп. ІІ Ел тарихы – Домбыраның шегінде, Қазақ десе – күй шалқиды көгінде. Жоқтауды да өлеңменен өретін Ақын халық, Əнші халық тегінде.

Қашан-дағы өмір сүрген мəнімен, Жоқтықты да жамай білген сəнімен. Бар бітімді бір шумаққа сыйғызып, Бесігін де тербетеді əнімен. Шеттерінен: Өршіл, Дархан, Сері де, Қасарысса – кезек бермес періге. Той-думаны əсем əннің сайысы, Қалжыраса əуез қосар шеріне. Ықылымнан ыңылдаумен асады, Шаршағанын сол ыңылмен басады. Еңсесін де əніменен көтеріп, Жеңісіне жырдан шашу шашады. Бір тынбайды бүлкілдеген көмейі, Күдігі де, Үміті де үн төгеді. Бар өмірін əнмен əрлеп өткізіп, Табытын да əнге орап көмеді. ІІІ Қазақ ұлы! Парызың көп сенің де, Адастырмас тектілік бар тегіңде. Түнді тілген темірқазық секілді Ата дəстүр, Ата салттан шегінбе! Аямайды мына заман атысқан, Шығысты біл, Барлай қара батысқа. Қонақжайлық болмас шайлық бүгінде, Тағаңды да дұрыс қақпас жат ұста.

Досың да бар, Жауың да тұр іргеңде, Сене берме сылдырап бір күлгенге. Арғы атаң жарты əлемге жар салған, Еуропа ес жия алмай жүргенде. Іргелі істі қалдырма еш кейінге, Зерделесін жүрегіңді… Зейін де. Бабаларың байрақ ұстап бұрқанған, Америка ашылғанға дейін де. Неше жылдар еңбегіміз еш кетті, Бодан болдық, Тəуелсіздік кеш жетті. Тұғырыңа қайта қонар кез келді, Мықтап ұста қолыңа алған ескекті.

  • * Қанша ауыр болса да, Кейде жауын жасқата. Қалқан-жүгiн қолқалап, Тастамайды тасбақа. Отан – сондай қабығың, Оны таңдай алмайсың. Ауыр кезде жабығып, Жазғырма оны, Жанбайсың! Бала бол, мейлi, Бес жасар, Отансыз қалсаң – Сол қайғы. Қажет тастың ешқашан, Ауырлығы болмайды.

Жаңылмаймын халқымды ұлықтаудан

Байлығыма көз сұғып, Құнықты-ау жау, Бiрақ менiң мұратым биiк таудан. Ғұмыр – қысқа, Болғанмен, тұғыр – нұсқа, Жаңылмаймын Халқымды ұлықтаудан! Жазуымен жазмыштың тасқын ықты, Бiреудi – тоқ, Бiреудi аш қылыпты. Барға көнiп, Тез өнiп… Кетер ме едiм, Тапшылықтан сомдасам жақсылықты?! Жаратпаған Жасаған жасық қып та, Көштен қалып қоймауға асықтық та. Алға! – дедiк, Ұмтылдық, Алла берiп, Ғашықтықтан биiкпiн пасықтықтан!

Нақтылыққа көшкенмiн тұспалдықтан, Жұртым тектi екенiн дұшпан да ұққан. Тiлек берген Тəңiрiм Жүрек берген – Құштарлықтан бармадым iштарлыққа! Ешнəрсе де жетпейдi шын достыққа, Дос пейiлi ешқашан тұрмас-ты ықта. Басыңда бақ, Досыңсыз тұрмас құт та. Көңiлiмнiң құлымын, Ел ұлымын – Қимастықтан ұластым сыйластыққа! …Тiрнектетер пенденi Тiрлiк-пана, Түрлендiрер ойымды жыр ғып сана. Тiлек те бар, Бiлек бар, Қажеттiсi – Жұдырық боп жұмылған Бiрлiк қана!

  • * Түпсiз түндi ұйқысыз өткiземiн, Шегiнбейтiн шындықтан шеп түземiн. Қайран, Далам! Мұңыңды қансыраған, Қандай тiлмен жұртыңа жеткiземiн?! Сарсаң қылмай, маза бер, о, нала-мұң, Жүрегiмнiң түкпiрi – шер алаңы. Қайран, Ауыл! Зарыңды тамшылаған, Қандай тiлде ұқтырып бере аламын?! Емiп өстiк иiген сүтiн жердiң, Сол табиғат бiзден не күтiм көрдi? Қайран, Бiрлiк! Тоныңды тоз-тоз болған, Қалай ғана, япыр-ай, бүтiндермiн?!

Демократия: халық пен билiк Демократия бесiгi, Кешегi Рим деседi. Теңдiктiң сол бiр көшi ұлы, Тiрелген жерi осы едi. Мейлi ғой, Қалай дегенде, Əдiлдiк сонда орнапты. Қарауды тiзiп көгенге, Ардақтап арды қорғапты. Береке бiтiп бiрлiкпен, Тiрлiкпен қала гүлдептi. Шығандап қорлық, Мұң бiткен, Əлемге өзiн үлгi еттi. Бар билiк толық халықта, Ел болып бəрiн шешiптi. Айналып халық алыпқа, Айдарынан жел есiптi. Жүзеге асқан, тек қана, Көп дауыс жиған iс-шара, … Солай дер бiзге əфсана, Əдемi: Қысқа, Нұсқа да. Пысықай менен мансапқор, Қолдарын созды билікке. Сананы қуып сан-саққа, Ақылды арбап, Килiктi.

Азғырып, Елдiң дауысын, Сатып ап жатты ақшаға. Өтiрiк, Өсек қауышып, Айналды бастар шақшаға. Саудаға түстi тағдыр да, Жүнжiдi жұрттың жүйкесi. Иесiз иттей қаңғырды, Əдiлдiк жетiм күй кешiп. Қолдамады ешкiм билiктi, Болмағаннан соң қайыры. Шiдерлеп небiр жүйрiктi, Ұяттан жұртты айырып… …Қазiр де сайлау өтуде, «Меңгерiп» дауыс сатуды. Құрбандық болып кетуде, Ұйытқан елдi татулық. Жiк-жiкке бөлiп ел iшiн, Ыдырап ырыс кетпей ме?! Ал соның бəрi не үшiн, Мансапсыз өмiр өтпей ме?! Қалың ел деген – ақ жаңбыр, Қарық та ете салады. Қалың ел деген – тасқын бір, Шайып та кете алады! Отырған жоқпын бал ашып, Құлқынға басты имейiк. Арымызды аттап… Адасып, Римнiң кебiн кимейiк.

Ойлашы бiр сəт, ағайын, Билiктiң мəнiн бiлдiк пе?! Сайлаудың көрдiк талайын, Оданда ұмтыл бiрлiкке! Айғайлау керек мұң қылып, Көндiккенменен басқаға: Руханияттық құндылық, Сатылмау керек ақшаға! Əфсана тағы бар былай, Əлгiге, тiптi, Кереғар. Құдайдың салған қорлығы-ай – Бiр апат төндi қалаға! Өкiнiш өртеп өзектi, Əзəзiл түсiп араға. Зауалға тап боп кезектi, Лап қойды қатер қалаға. Бермеген сырын сырт жауға, Iшiнен ендi ел iрiдi. Пəтуа кеттi жұрттан да, Шайқалып шаңырақ, Құрыды!

  • * Хақ тағалаға мың алғыс айтам, Жаратқаны үшiн қазақ қып! Тағдырыма да тəубе деп қайтам, Айналдым сенен, Азаттық! Əр таңнан қазір арайлап атқан, Ғұмырыңды сенің тілеймін. Өзің деп қана жыр қанат қаққан, Сен барда ғана сүлеймін! Əр күннің нұрын тілеймін тағы, Өзіңсіз шаттық шалқыр ма? Жұлдыз боп сенсіз түсермін ағып, Жебедей көкке тартылған… Тəуелсіз елмін, Бостандық берік, Керуенім-дағы келісті-ақ. Ілесе берем, Көшіңе еріп, Бар менен зарды тең ұстап!…

Фаэтон ғаламшарының тағдыры немесе тiзгiнге иелiк туралы Грекия елi – хош Жаһанның жұмақ жерi бұл. Күн құдайы Гелиос Қаңтарып тастап көлiгiн, Көзiне ұйқы тығылып, Шаршаған қатты сапарда. Жата кеттi тынығып, Аулада қалып от – арба… Ат емес, кiлең арғымақ, Қарғып-ақ шығар шепке тез. Күймесi – алтын, Зор бiрақ, Күн бойы мiн де көктi кез! Жұтынып бəрi алқынып, Құлақтың түбi терлеген. Жанары ойнап шарқ ұрып, Өзгеге тiзгiн бермеген. Iстейтiн iс жоқ, Құлы – мың, Гүлзарда өткен күнi құр. Түспей ме көзi күймеге, Фаэтон – жалғыз ұлының?! Жанарда арман мұнартқан, Көңiлi көктен күй iлiп, Қараған сайын құмартқан, Мiнсем деп тұрды ол сүйiнiп. Дос-жаран, Құрбы алдында Мақтанып қалар кез келдi.

Ептiлiк, Ерлiк бар мұнда, Фаэтон соны сезген-дi. Мiндi де қарғып күймеге, Көрсеттi ғажап «өнердi». Ауыздықпенен алысқан, Аттар да ала жөнелдi… Сығалап алтын қақпадан, Достары шулап күледi. Бетiнен ешкiм қақпаған, Фаэтон епсiз ұл едi. Тiзгiндi ұстап тұра алмай, Есi шығып, Сасқан-ды. Аттарды керi бұра алмай, Өрт жайлады аспанды. Құдайға қарсы кiм тұрған, Табарсың қалай амалды?! Жер, Орман, Аң да мыңғырған Алапат отқа оранды. Дəулеттi елдiң бар маңы, Гелиос мызғып тұрғанша, Қайғы жұтып зарлады. Нағыз құдай ұрған шақ, Бiр тентектiң бар əлем. Ермегiне айналды, Қала да, Алып дала кең. Қасiрет жұтып, Қайғы алды.

Қырылған мейлi, Кiм болсын, Өтелмес құрбан өмiрi! Жер басып тiрi жүргенсiн, Құл болса-дағы ол – ұлы. … Қай тiзгiн де, Қашан да, Тимесiн деңiз осалға! Асудан биiк асарға Еңсегей Ерлер қашар ма?! Лайықты ғана қолға алса, Тiзгiндi… Гүлдер заман да. Лайықты оған бар қанша, Сол билiк құрсын əманда!

Шерхан Мұртаза немесе орда бұзар орақ тiл Адалдықтың аққуы болып мөлдiре, Əдiлдiктiң ақ туы болып желбiре. Дұрыс сөздiң дəйегi бол, Имандылық мəйегi бол! (Шер-ағаның батасы) Тау өзенi тасқынды, Жан сырындай, Жан сыры оның арайлы нар шыңындай. Безбүйрек бұл заманда бас жаратын, Тас жаратын сөз керек тау суындай. Заманыңды күйелеу – күпiршiлiк, Кiлең тойдан тұрмас-ты бұ тiршiлiк. Туғанына жақпайды тура айтқан жан, Тiл кеспек жоқ, əйтеуiр… Шүкiршiлiк! Жан аға, отты ойыңды кiм аңдамақ, Əр ойың болашақта ұланға – бақ. Сайын дала төсiнде самаладай, Қалықтап жүр əр сөзiң қыран қанат. Барыс аға – көңiлi қалыс Аға! Бəрiне де қазақтың таныс аға. Өр халқыңның жiгерiн жани бергiн, Шабыс алмас қамалды намыс алар. Айта алмаймын оңды деп жайың мүлде, Кiм ұсынған Заңды да дайын күйде? Санаулының бiрiсiң, Жұртыңды ойлап, Парламенттiң төрiнде пайым түйген.

«Қара маржан», Бес кiтап «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» – желiсi үзiлмеген. Сол «Бесеудiң хатына» қолды қойып, Iлiнер ме ең, кiм бiлген, тiзiмге де?! Шиырлаудан шаңдайды неге iзiмiз, Қайран тiлде арна-тар, Кемерi-құз. Санада тұр: «Айыр тiл – жыланға тəн, Ойланыңдар, мырзалар!» – дегенiңiз. «Жесiр дауын» қойғанбыз… Келдiк жауып, Таусылмайтын тартысың – Жердiң дауы. Егiсiмдi жалмаған шегiрткедей, Сен де шеттен, бiтпес дау, келдiң бе ауып?... Жарық – жайсаң дегенде, Түнек – шерлi, Тəнтi болған iсiңе түлектер де. Өткiр өрiм, Орақ тiл, Орамды ой, Көсемсөзiң жiбiттi жүректердi. Бiрi – бiлiп, Бiреуi – аса бiлмей, Үшiншiсi көзге де жатады iлмей. Кие қорғар майданның ортасында, Өзiң жүрсiң шайқасып баһадүрдей! Қарамай қызметiне, Жасына да, Бiрде – қатал, Бiрде – мəрт, асыл Аға. Жалпы қазақ iшiнде жалқы қазақ – Шапағатың маған да шашыраған.

«Əдемi əн əсерi – өреге шам, Елiктегiш, Есер саз бере ме сəн? Бүгiнгiдей заманда мейiрiмсiз, Сенiң мына «Бауырың…» – Керемет əн! Iркiп алып iнжуiн арамтерден, Қарағым, Құдай саған талант берген. Алла еншiсiн халқыңа қайтарып бер, Қазақ көп пе елдi ойлап, Қалам тербер?!» Өр өзенде арын мол, ал су-ылай, Ұлтжандылық сезiмнiң қаңсуын-ай!.. Балаң елге табаны жалтыраған, Арқыраған сөз айттың тау суындай. «Шер-ағаң» деп ширығар қай қазақ та, Шындық шыңы секiлдi тауда жатқан! Айналайын, ұртыңнан – бата тамар, Айналайын, мұртыңнан – айбар атқан! Намыс найза болғанда, Ар – қамшы едi, Жерiм, Тiлiм, Рухым – арман шегi. Көңiлiнде көзi бар түйсiндi-ау, Шерхан аға, жадырап, Тарқат шердi. Ұлылық – тек даңқты алу ма атып, Шоқ берген соң Тəңiрiм, Жану – Бақыт! Тарғыл-қоңыр даусыңмен аңыратшы, «Бесқарагер», «Ғалия-Банулатып»…

  • * Аңсатқан асыл арманым, Өңірің ашылар ма бір, Көңілім басылар ма бір, Шаттығым шашылар ма бір, Аңсатқан асыл арманым?! Бойымды билеп, Арбадың, Ойымды илеп, Алдадың; Қаншама ауа қармадым, Жүгініске де бармадым, Соңыңнан бірақ қалмадым, Алдадың-дағы, Арбадың. Үміттің жібін жалғадым, Іздеуден сені талмадым. Ұқсам да бəрі жалғанын, Аяқ та тарта алмадым, Көтердім басқа салғанын, Үміттің жібін жалғадым. …Сен болсаң, Сен де ықпадың, Келді ме екен құптағың? Алдымнан-дағы шықпадың, Сенімді əсте жықпадың, Сезімді пəстеу… Ұқпадың.
  • * Армандарым, Алысқа жетелеңдер, Арманына байланып өтеді ерлер! Қанатынан қайырылса ақ құс арман, Адалдықтың парызы өтелер ме?! Түңілтпеңдер, Үзбеңдер үмітімді, Онсыз да сан жүрегім үгітілді. Мүсіркеме сен мені, Арт жүгіңді, Қарсы аламын қасқайып ұлы сынды! Сүйреме тек, Тоса бер иығыңды, Аласартпан ешқашан биігімді! Кері тартпа, əйтеуір кежегемнен, Еселеме, əйтеуір күйігімді! Бастаса да бұралаң жолдар қайда, Ақын-жүрек алқынып, Толғанбай ма?! Тартып алам еншімді, Ерегессем, Тек тимеңдер… Шертпеңдер сормаңдайға!.. Болмысымда көсілген көңілдеймін, Арманымды алдама, Өмір деймін! Күрсеңінде қалмаймын, Түлеп ұшам, Пенделіктің шаңына көмілмеймін!

Жазылмаған əлі де жан жырым бар, Шабыт болып жүректі жандырыңдар! Ізгілікті іздеймін іркілместен, Құмарымды, əйтеуір, Қандырыңдар! Армандарым, Алысқа самғатыңдар, Самғатыңдар, Үміт боп жалғасыңдар! Айналыңдар жырыма жалын атқан, Түн ұйқымды төрт бөліп, Таң асырған, Жүректерге жететін сан ғасырлар!

Бабалар рухын аңсау «Келдiм. Көрдiм. Жеңдiм!» – деп жар салған кез. Бүкiл Ұрым ұр-ралап қарсы алған кез, Көкжал заман екен-ау, Зəлiмдiк жоқ, Құлақ қанып ерлiкке – Тамсанған кез. Алайықшы бəрiнiң басын ашып: Дұшпан дүлей болғанмен, Асылы, ашық. Жансыздардан белгiлi жасымасың, Өз қотырын өзi əркiм қасығасын. Көрiп жүрмiз бiз-дағы сан сұмдықты, Жалаңтөстен бүгiнде жансыз мықты. Өз пайдасын ойлаған «жанашыр» көп, Аңырайды аңсаған жан шындықты. Дəрменiң жоқ ашықтай қарсыласар, Ар алданған, Тартыстың шарты қатал. Таразының табағын нысапсыздың, Диiрменнiң тасындай арты басар. Түрiлгендей төбемнен түн иегi, Тұтқасына əлемнiң кiм ие едi?! Цезарлардың көкесi бiзден де өткен, Даналықпен үйiрген дүниенi. Жiгер жасып, Шыбын жан шырқырайды-ақ, Салт-дəстүрдi ұрсын ба ұрты майлар?!

Ары үшiн жанын да қиып кеткен, Бабаларым көп едi… Рухы қайда?! Қайда рухы, Еңсемдi көтеретiн, Болмысымды алдым ба бөтен етiп? Əсiрешiл, Əдепсiз қаптап-ақ жүр, Ұрпақ қайда мұратым өтелетiн?! Күресiң тұл – Кесiрдi жеңбеген соң, Жүресiң құр – тiрлiгiң өнбеген соң. Күрсiнесiң, Күйесiң… Сансырайсың – Көкiректе шырағың сөнбеген соң.

Ататүрiктiң ақырғы аманаты I Көкжиекке ақырғы рет қарады Ататүрiк … Өмiр өтiп барады… Кiм бiледi, Көзi ненi көрдi екен, Ал көңiлi… Көрдi Ұлы Даланы! Шырайланып шақырғандай шын бағы, Аманатты арқалаудан тынбады. Өсиетiн өркенi етiп кетпек боп, Кеңесшiге: «Берi кел», – деп ымдады. – Кешiкпеймiн, Бақиға бет бұрамын, Менi шыңға алып шықшы, шырағым. Емiс-емiс, Талып қана алыстан, Үн жетедi… Шақырғандай Тұраным! …Нөкерiмен көтерiлдi талмастан, Құзды шыңға көкiрегiн қар басқан. Үлгiрудi, Бiлдiрудi аңсаған – Соңғы сейiл: Өлiм-өмiр арбасқан. Соңғы сейiл – Соңғы үмiттей Алдаспан, Сенiм болып күмбiрледi сан дастан.

Күншығысқа қарай қолын созды да – Былай дедi, Ататүрiк – Нарқасқам:

– Ұмытпаңдар! Бiздер жалғыз емеспiз! Санамызда жарқырайды көмескi iз – Ұмытпаңдар, Атажұртты, ағайын, Дарақ-тағы жайқалмайды желексiз! Түркiстансыз түгелденбес ажарым, Түркiстансыз жiгерленбес ғажап үн! Шаңыраққа ие болып сонда отыр, Өр Түрiктiң кiндiк ұлы – Қазағым! II Сол мекеннiң туралғанда түндiгi, Зарлатқанда құлдығы мен күңдiгi, Ақтап та алған, Сақтап қалған Қазақ-ты – Бар түрiктiң Өрiсiнiң кiндiгiн. Шыққанда бар мұңлығы мен сұмдығы, Шаң-түтiнге көмiлгенде Күн нұры, Қасиеттi шаңырағын Түркiнiң – Қазақ едi сақтап қалған, шындығы. Ал, сол Қазақ… Көрдi талай зұлматты, Жан алысып, Жан берiсiп, түн қатты. Ақырында көп аңсаған Арманы – Қонды қолға – Азаттығы қымбатты!

Дос қуанып, Дұшпан жатты абыржып, Тəуелсiздiк таңы атқанда тамылжып. Кеңестiң сол – Ресейдiң боданы Еңсе тiктеп, Егемен боп танылды. Тар кезеңде, Тарих үшiн қас қағым, Ата жұртта жаңғырықты асқақ үн. Жалтақтамай қабағына ешкiмнiң – Сара жолда Өз сапарын бастады. Жарқын хабар жарты əлемге тарады, Бiреу – сендi, Бiреу үрке қарады. Ататүрiк аманаты аңсаған – Түркия елi Сын сағатта жарады: Бақыт құшқан бауырларын қаны бiр, Жүрегiмен, Тiлегiмен жаныды. Өр Қазақтың Тəуелсiздiк қадамын – Дүниеде… Бiрiншi боп таныды! III Көк Түрiктiң көк аспандай талғамы, Аманаттың арта түстi салмағы. Күншығысқа көңiл тiгiп Көз салған – Көсем жолын Тұрғыт Өзал жалғады.

Бiрге ұмтылып Өркениет өрiне, Пайымдады зиялысы, Ерi де. Алыс-берiс арта түсiп арада – Отырысты бiр-бiрiнiң төрiне. Тəуелсiздiк кеуделерге гүл егiп, Бердi Құдай сұрағанның тiлегiн. Көрген түстей, Келген күштей ғайыптан, Дүр сiлкiнiп, Тұғыр теуiп түледiм. Стамбұл мен Алматыдай қаласын, Анкара мен Астананың арасын, Жалғастырып, Күре жолды көпiр ғып – Жұрт ағылып, Тапты жаңа жарасым. Ер ме, Өр ме… Кiмдi аяған бұл жалған, Даналардың соңында да мұң қалған. Түркiстанға тəу ете кеп Өзал да… Шұғыла боп шығып кеткен шыңдарға. Адам-пенде бұл өмiрде тұра ма-ай, Тұрғыт Өзал, Беу, бəйтерек, Құлады-ай! Ұлылардан шыққан сөз де ұлағат – Соңында бiр тəмсiл қалды мынадай:

Ықыласы кəусарындай бұлақтың, Елден барған бауырларға ұнапты. Сонда тұрып, Бiр ағайын былай деп, Тұрғыт-бауыр, – Президенттен сұрапты: – Өттi-кеттi, Тоз-тоз қылған азап та, Бола жатар əлi талай ғажаптар, Бiр ауыл боп, Бiр бауыр боп тұратын, Түркияда, осы, қанша қазақ бар? Жарықтық-ай, Қанаттанып, өсiптi, Арайланып, Айдардан жел есiптi. Қалың ойын бiр қауызға сыйғызып, Құлшыныспен қысқа ғана кесiптi: – Қос теректей қатар өскен ырғалып, Қазақ-түрiк қашан-дағы бiр халық! Менiменен алпыс миллион қазақ бар, Түркияда,- Деген екен нұрланып! IV Сол бiр сөздер көкiректе жаңғырып, Қалатындай жүректерде мəңгiлiк. Аманат та орындалар, Көк түрiк Тынысымен, Ұлы iсiмен таң қылып.

Ататүрiк, Тұрғыт Өзал, Демирел, Нұрсұлтандар… Туғызған ел кеми ме?! Тəуба, тəуба, Ризамын өмiрге, Соны ойласам сыймай кетем мен үйге! Жаңылыспа, Жаратқанның сыйы – бұл, Толас табар ғасырлардың құйыны. Түбi бiрдiң – мұраты да бiр болар, Түркi тектес бiр тiлекке ұйыды. Ататүрiк Аманаты ақырғы, Əр қазақтың жүрегiне жақын-ды. Көк Бөрiнiң көкке өрлеген Ұлдарын – Ұлы Бiрлiк шыңдарына шақырды Ататүрiк Аманаты ақырғы! Бесiншi дəптер Өлеңнің өрті лауласа (Шілде айы, Ұлу жылы немесе Шаян шоқжұлдызы)

Алау алып, Алтын күннің нұрынан, Сезім өріп Самал желдің сырынан, Сұлулықты, Кеңістікті, Өмірді, Көретұғын басқаша бір қырынан; Армандарын… Ақындардан сұрама, Ізде аңсарын… Ақындардың жырынан.

  • * Шайқаған сезімімнің дауылын шын, Жасын жыр, Білесің бе – бауырымсың! Сен менің бірге өсіп, Бірге көшкен Туған жер, Алтын бесік – ауылымсың! Аптыққа, Шаттықа да малтықтырған, Дертімсің, Дəуренімсің, Дəуірімсің! Сездірген ғашықтықтың күйік күшін, Сен маған арлы арудай сүйіктісің! Өзіңсің өмірімді өртке ораған, Сондықтан түсінуге тиістісің! Желкенін сенімімнің үрлесеңші, Жоқ əлде, Жеткізбейтін биікпісің?! Бауырсың мейірімі тарқамаған, Демеуден, Дем беруден шаршамаған. Қайтеміз, бауыр болмай қасиеттім, Арман ортақ екеуміз арқалаған?! Бір төстің нəрін емген сəбиміз біз, Қандас болмай тегіне тарта ма адам?! Өкінбен, Зор мəнсапқа жетпедім деп, Өкінбен, Бірді екі етпедім деп. Шыдаймын қандай болсын азабыңа, Қалдырып жол ортада Кетпе күндеп! Жағамын жарқыратып жұлдызыңды, Жүрсің деп ұқсата алмай сөкпегін тек!

Өзіңсің – аңсағаным! Мен сені іздегеннен жалықпаймын, Таппасам – тарықпаймын. Жақұт жыр! Сен бар кезде анық баймын, Қуанам – қалып қайғым. Іздеймін, Аласұрам, Шегінбеймін: Шуақ боп төгіл, мейлің, Күздегі жапырақ боп сөгіл, мейлің, Табамын – жеңілмеймін! Ризамын, Дауыл болып шайқасаң да, Күшімді байқасаң да. Жібермеймін… Құшақ боп айқасам да, Кетпейсің қайта самғап. Гүл болып, Одан кейін өріл, мейлің. Қас болып керіл, мейлің Іздеуден мен өзіңді ерінбеймін, Тынбаймын, Берілмеймін! Құс болып оралсаң да қарсы аламын, «Жаным!» деп жар саламын. Күтемін таусылса да барша амалым, Өзіңсің – аңсағаным!

Күн зулап күн артынан өтеді де, Ертіп ап жетегіне. Одан да орал қайта мекеніңе, Парнастың етегіне…

  • * Сирексіп кетсе өлеңнің өрті тақпа наз Жақсы жыр үшін сағат та, Күн де, Апта да аз. Мұхиттан сөздің маржанын теріп жүрмін ғой, Ақынның ары – Алдында жатқан ақ қағаз! Ақты ақ деудің өзі де кейде қиындау, Сезімің тайса, Жүрекке жайсаң – миың жау. Ақынның ісі, Ақынның серті қашанда, Əділдік үшін ұлықтарға да сыйынбау! Ұмытқан тұста: Ұятты, Обал, Сауапты, Құныққан тұста даңғаза дертке дау атты, Ұлыққа сөзін ұқтыра алмай жүрсе де, Шылыққа əрбір… Ақын да бірдей жауапты! Қараның құны шарықтап кетсе базарда, Молайып мұңы, Халықтың жаны азар да?! Көлеңке көпке шашпауы үшін топырақ, Бəрін де ақын ұстауы керек назарда! Қуаныш көрсе – Шырқауы керек құс болып, Қайғыны бөлсе – Бұрқауы керек күш болып.

Қажеті болса: Жетімге, Қартқа, Ғаріпке, Беруі керек жүректің өзін үш бөліп! Қатені көріп, Үндемей қалу – ұлы сын, Тексізді тезге салғанда ғана тірісің. Санада сəуле жанғанда ғана ірісің! Болмаса – бекер, Былайғы көптің бірісің…

  • * Жалған сөйлеп азабың да артады, Абыройдан айырылады Ар тағы. Күмілжисің… Көңілдерді жыға алмай, Тек жыр ғана төтесінен тартады. Кейде, тіпті, Көп сөйлейсің көпіріп, Сапырасың жылтыр сөздің нөпірін. Жанға жара түспесін деп… Жортасың, Тек жыр ғана айта алмайды өтірік. Өтірігің… Жаңғырығып қайтады, Жүректегі жанартауың шайқалып. Мəнсап, Дəулет, Бет-жүзіңе қарамай, Тек жыр ғана ақиқатты айтады. Өмір – мұхит, Жыр – шындықтың аралы, Əлем – мұңды, Демек жыр да қаралы. Тура жолдан таймау үшін таласқан, Жыр жүрегі қашан-дағы жаралы… Тəубесіне келтіріп бір пендесін, Дабыл даусың саналарға дендесін. Адалдықпен арқалайын жүгімді, Уа, дəрі жыр, Жүрегімді емдеші!
  • * Жүрегіне ақынның, Жүрміз кілең обал қып: Жеңісіне жақынның, Қуанбайтын боп алдық. Жүрегіне ақынның Жүрміз кілең обал қып: Кемісіне жақынның, Қайғырмайтын боп алдық. Жүрегіне ақынның, Жүрміз кілең обал қып: Қуанбаймыз, Қайғырып, Өзіміз де жоғалдық!..
  • * Бокалды көтер, бауырым, Шарапты сімір, Таң қалма. Көтердің жүктің ауырын, Бағалап жатқан жан бар ма? Күтейік күннің тəуірін, Үмітті жалғап таңдарға… Ысырып тағдыр табасын, Тыным бер шыбын жаныңа. Бойыңа дамыл тарасын, Қосылсын барып қаныңа. Қашанғы жұртта қаласың, Көміліп көштің шаңына?! Тыншысын ой да қинаған, Күйзелген көңіл көншісін. Кеудеңе сенің симаған, Мұңың да алсын еншісін. Дертіңе айыл жимаған, Тек өзің ғана емшісің! Басыңды көтер, Жүнжіме, Атады таңы шаттықтың. Байыппен байлап түнді де, Басайық біраз аптықты. Күнəһар бола қоймаспыз, Бір тербесек… Мастықты.
  • * Жеткізбейді өмір, Шілтерлеп шымқай етегін, Өткізбейді өмір, Жолыңа тосып жетегін. Шақшадай басты шарадай қылам Шырылдап, Бір ойдан кейін… Бір ойға шаршап жетемін. Түсіне де алмай, Шын мəні оның не екенін, Арманнан ығып, Қиялдап кейде кетемін. Қуаныш іздеп, Жұбаныш іздеп жүргенде – Бір мұңнан кейін… Бір мұңға шаршап жетемін. Озады кейде… Сенімнен селдір секемім, Жерсінбей жігер кіндігін кескен мекенін. Ізгілік іздеп ішім бір иттей ұлыса – Сабылам сонда… Санамды сарсаң етемін. Қызара қояр, Ұяттың мен бір беті едім, Майыса алмай, Морт сынды шындық-шетенім. Құдайдың берген қауашақ миы менде де, Əлемнің мұңын түгендеп шығу… Не теңім?!.
  • * Жүрегiмнiң жылуын, Сезiмiмнiң сұлуын; Жанымдағы шуақты, Бойымдағы қуатты – Жақұт-жыр ғып самғаттым. Жүректерге жетсiн деп, Көңiлге гүл ексiн деп; Арман болып ұшсын деп, Үмiт болып құшсын деп – Түндi түрiп, Таң қаттым. Қиялыммен қауыштым, Жүйкемдi де тауыстым; Ми қыртысы тартылды, Көздiң майы сарқылды – Ұғынықты етсем деп. Санам байыз таппады, Арымды бек сатпадым; Аянып та қалмадым, Ай-жұлдызды жалғадым – Бəрiн айтып кетсем деп…
  • * Періште көңіл, Ниетім – мөлдір, Ол да анық, Аяулым, сені, ойлаймын кейде, Толғанып, Аңсатқан арман… Ол да бір жалған сияқты, Бақыт па, Сор ма: Ақынға ғашық болғаның?!

Таусылып тағат, Телміре қарап төзімге, Күндерді санап, Талды ма, жаным, көзің де? Жанартау дүмпіп, Жүректе жасын ойнаса – Сезімге сойқан ие емеспін ғой, Өзім де?! Аяғын қымтай алмаса-дағы көрпесі, Ақын дегенің – Елінің есті еркесі. Сол елдің сен бір бөлшегі – Қызы едің ғой, Өртесең-дағы… Пəк сезім болып өртеші! Құдiрет ақын отырған кезде жыр жазып, Көрсетпес бірақ, Ешқашан қылық ұр да жық. Мінезі өрттей, Əр сөзі серттей болғанмен, Түсінсең етті… Жүрегі оның тым нəзік!..

Өзгеден ерек болған соң-дағы талғамы, Түсінген соң да, Əр сөздің сара салмағын, Өксиді ақын, Қуана беріп… мұң жұтып, Аяма бірақ, Аяла, Суып қалмағын! Сүюді өрт боп, Күюді дерт боп түсінген, Шайырдың сөзі қай кезде болсын күшінде. Алапат сезім, Темірдей төзім қажет-ақ, Жырына ұйып, Ақынды сүю үшін де! Өмірдің көші шаттықтан ғана тұра ма, Шаршауың анық, Тек көздің жасын бұлама! Ақынның жаны өзіңді көрген биіктен, Құлама, күнім, Ешқашан-дағы құлама!

  • * Бəлкім мен білмейтін шығармын: Күннің шар екенін, Шыңның қар екенін, Тұман боп торлаған Мұңның жар екенін – Басқаша ұғармын?! Бəлкім мен білмейтін шығармын: Көңіл нұр екенін, өмір гүл екенін, сыр тұнған көктемнің көгілдір екенін – басқаша ұғармын?! Бəлкім мен білмейтін шығармын: Сезім сел екенін, Төзім шер екенін, Алқына ұмтылған Сөзім тер екенін – Басқаша ұғармын?! Бəлкім мен білмейтін шығармын: Елің – бақ екенін, Жерің – тақ екенін, əділге жүгінсе сенім – ақ екенін – басқаша ұғармын?! Сондықтан күлмейтін шығармын, Ығында жүрмейтін шығармын, Көзімді ілмейтін шығармын? …түбі бір ұғармын?..
  • * Жүйкесін жеген: У мен бал татыр, Жас болсын, мейлі, Кəрі ме; Байлық, Мəнсапты қайтеді ақын, Азат қой оның бəрінен?! Сарай да қажет емес-ау оған, Онсыз да шексіз наласы. Қайғысы оның – Адам һəм қоғам, Жер менен Көктің арасы. Өмірдің өксіп сүртеді жасын, Жарасын жазбақ болады сосын. Тауға да, Тасқа да соғады басын, Жаудан да іздеп жанашыр досын. Сіңіре беріп жанына шерді, Тамшысын нəрдің сыйлайды жатқа. Өзіне өзі қазады көрді, Таңданыстарын түсіріп хатқа. Көншімес көңлі жаһанды кезбей, Жамылып жыртық шекпенін. Əттең-ай, Əттең, қалады сезбей, Жүрегі жанып кеткенін…
  • * Өзгеше көрген: Қайыңды, Гүлді, Аспанды, Қуаныш-қайғы, Күлкі мен мұңды – Басқаңды; Былайғы жұрттың байқамағанын байқаған, Күлкіге ойсыз күйініп басын шайқаған, Əр жырмен бірге туатын күнде қайтадан – Өлең ғой ақын, Оның да мəңгі жас жаны! Жүдейді ақын жүрекке қалай жетем деп, Үдейді шері тірлікке ерсі тепеңдеп. Өмірге ғашық, Көңілге асық болмысы, Ақынды сөкпе, Əйелге ғашық екен деп. Əйелге ғашық, Əлемге ғашық көңілмен, Гүл-сезімдерге сəуле боп ақын төгілген. Сүйініш болып, Күйініш болып алқынып, Сырлы саз болып, Нұрлы жаз болып талпынып, Махаббатының мұхит-мұңына малтығып, Өтері анық… Өкініш атты өмірден. Мəніне ғашық, Сəніне ғашық ғаламның, Əріне ғашық, Бəріне ғашық адамның.

Сондықтан-дағы махаббат дерті сырының, Сондықтан-дағы махаббат серті жырының, Сүйсініп тұрып ойының түйген бұрымын, Бəріне ғашық… Мəжнүні ақын заманның. Құдірет-сонда: Теңізді шайқар толғаса, Жылай да алар… Кемшілік емес ол да аса. Сезімі үшін, адамдар, Оны сөкпеңдер, Өледі ақын: Сүймесе, Ғашық болмаса! Өтінем сұрап, Ол – мөлдір бұлақ, Сөкпеңдер! Мазасын алма, Ақылыңды айтып, Өктемдеп! Арманы – азық, Жүрегі нəзік баладай, Аңғал ғой ақын күзіңнің өзін көктем дер… Қас-қағым сəтін… Өзінше ғана саралап, Өмірге-дағы өзгеше көзбен қараған, Əлем бесігін əлдилей алар ғазиз жан – Өлмесе екен… Адамдар салған жарадан!

Алтыншы дəптер Табиғат – тұнған келісім (Тамыз айы, Жылан жылы немесе Арыстан шоқжұлдызы)

Таңғажайып табиғаттың тынысы, Анаң, Панаң, Үйің, Күйің – дұрысы. Табиғаттың тамылжыған төсінде Тіршіліктің, Адамзаттың ырысы. Өрекпіген өркениет көшінде Алақанда аялай біл, Жыр ұсын, Сол табиғат аман тұрса – тірісің!

  • * Əн салып қыр, Дүние тамсанып тұр. Келбетiнен көктемнiң көзiн алмай, Жұлқынады жүрегiм жар салып бiр.

Нұр тұнады, Тiршiлiк құлпырады, Қыс көрпесiн Жер-ару сырып тастап, Көк төсiне бал құрақ ұмтылады.

Тербеледi, Көк өскiн кермедегi, Ыстық демiн көктемнiң сезген тұста, Сала берер құлпырып жер бедерi.

Қайнап өмiр, Кетедi жайнап өңiр, Көктем келiп, жаңа жыл есiк ашты, Жылы бiр жел желпидi майда қоңыр, Армандарға жетелер, Қайнап өмiр!

Көктем Нұрын төккен, Үміт еккен, Күлім-көктем жеттің бе: күндерді ертіп күркіреген, жаңбырды алып сіркіреген, табиғаттың тынысындай – бір түлеген, дүркіреген? Нұрын төккен, Үміт еккен, Күлім-көктем жеттің бе: қауызын ашып гүлдердің, тынышын ұрлап түндердің, ұмсындырып, күрсіндіріп, тынысын тербеп… үндердің? Нұрын төккен, Үміт еккен, Күлім-көктем жеттің бе: көңілдің күйін кернетіп, сезімге қанат серметіп, бойдағы қанды қуалай – жүректерді тербетіп? Нұрын төккен, Үміт еккен, Күлім-көктем жеттің бе: алдағы күнге ұмтылтып, тіршілік тінін бұлқынтып, қытымыр қыстан құтылған – өмірдің жүзін құлпыртып? --------------------------------- Сезімге сəуле септің бе, Көңілді күпті еттің бе?..

Жаз Тарқамай қалған тойыңдай, Айтылмай қалған ойыңдай, Сүйкімді жүзін сүйдіріп, Аптабы бəрін күйдіріп, Жазың да өте шықты ма?! Шалдырып өте шықты ма, Кеп қалған күзден ықты ма?! Ағып та түскен жасындай, Аптығы қалып басылмай, Оранған əлем жасылға, Шашуы қалып шашылмай, Жазың да өте шықты ма? Жаңғыртып өте шықты ма, Жазыңның назы мақты ма?! Əйгілеп күз кеп қалғанын, Жұмыстан білек талғанын, Адаса берер арманың, Өмірдің мына жалғанын – Жазың да өте шықты ма? Талдыртып өте шықты ма, Пендесі соны ұқты ма?!

Күз Алтындай жалқын: Сап-сары, Жұқалтым қызыл назары. Албырап піскен бақтардың Айшықтай түскен ажарын – Тойдырған көзді үзігі-ай! Даланы-дағы алтындап, Жирендеу түске матырған. Тынысы мүлде салқындап, Бейнеттің дəмін татырған – Сабырға сіңген жүзін-ай! Шалғынға таңда шық тұрған, Құралай жұтар тамсанып. Өмірдің мəнін ұқтырған, Сыбызғы қурай əн салып – Дана да дархан күзім-ай! Күзім-ай! Күмбір байтақ əн, Мизамшуақ күнімен. Көңілдің көлін шайқаған: Қайтқан құстардың үнімен, Келер қыстың мұңымен…

Қыс Қаңтар түні жауған қар, Ақ көрпе боп төселді. Бері өтіп баудан да, Жауып қалды көшемді. Сəукелелі сан ағаш, Сəлем беріп тұр үнсіз. Діңі ғана жалаңаш, Бұтақтары бұрымсыз. Əппақ əлем, Əппақ қыр, Əшекейлі келісім. Үзілуге шақ қап тұр, Электрдің желісі… Көнбепті өзен ырқына, Көк жолақ боп ағады əн. Бозғылт тұман бұрқырап, Қол бұлғайды жағадан.

  • * Шегi жоқ шалғай, Белес пен қырат. Көз нұры талған, Өз жырын сұрап. Жұпарлы жусан, Бередi сəлем. Қиялды қусаң – Əлпештер əлем. Тартылған тақыр, Сағым ұшындай. Мұнартып жатыр, Сағынышымдай. Үлп еткен жел жоқ, Шегiртке-сайран. Алдайды бел боп, Арманың қайран. Бiтпейдi жол да, Бүлкiлi тербеп. Аңызын толғап, Алыстан сермеп…
  • * Сылқылдай сүйiп жағаны, Тасбұлақ сыңғыр қағады. Тiзiп ап мөлдiр тамшыны, Бiр тыным таппай ағады. Түбiнде шағыл жылтырар, Жағада жалбыз құлпырар. Айнадай бетiн айғыздап, Шудасы бұлттың бұрқырар. Бойымда қаным бұлқынар, Ол да бiр бұлақ – Сыр тұнар. Қуаныш емiп, Қайғы езiп, Толассыз ол да жұлқынар. Жұлдыз боп кейде жылтырар, Құйқалы қырға ұмтылар. Өмiр де ағып барады… Көңiлде мұнар мұң тұрар. Сылқылдап сүйiп жағаны, Тасбұлақ сыңғыр қағады. Көмескi күздiң көзiнен, Жанымның жасы тамады…
  • * Жағасы көлдiң, Сырт едi, Өңiрге iңiр қонақтап, Толқынды толқын түртедi, Айдынның төсiн жолақтап. Шағала керiп қанатын, Шалқардың көгiн шайқаған. Қарасаң көзiң талатын, Шетсiз де шексiз… Байтақ əн. Сұлу да сазды үйлесiм, Жетелер ойды желкендi. Мен тұрмын алуан күй кешiп, Ерiксiз еске ап еркемдi. Кеудесi көлдiң тұңғиық, Ол да бiр ойға батады. Желiктi жанға мұң құйып, Кiм оны ойлап жатады? Берiлер бағаң сыртыңнан, Əркiмге қайда тай мүсiн? Кiм көрер iштi нұр тұнған, Көлдiң де сол ма қайғысы?!

Таңертең Оятып кiрпiгiмен таң Даланы, Паң дала бойын түзеп, Жанданады. Арбалып алтын Күннiң дидарына, Таңғы шық мөлдiреп бiр таңданады. Табиғат таңданады, Жанданады, Бəрi де тiршiлiкке қамданады. Үмiтi ешқашан да үзiлмейтiн – Адамдар… Сенiмдерге шам жағады! Бiреулер арман қумақ, Самғап ары, Бiреудiң қу құлқын боп аңдағаны. Тəңiрдiң шапағатты шуағынан – Өмiрге тағы бiр күн жалғанады…

Талтүс Ақсары талтүс. Тымырсық. Аңызақ қолқа қабады. Тіршілік біткен ыңырсып, Көлеңке іздеп табады. Алтындай күннің жалқыны, Қуырып жатыр, Қуырып, Сағынтып күздің салқынын, Санада самал суырып. Ақ шыбыш қана шыбындап, Бір сəтке тыным таппайды. Төрт түлік құрлы тыным ап, Байыз да тауып жатпайды. Үлп етпейді-ау ши біткен, Ауа да қалғып кеткен бе? Шіркін-ай! Желдей жүйрікпен, Жетер ме ем желпіп… Тепсеңге?!

Кешқұрым Қақтаған жездей қызарып, Қаптаған кірпік ұзарып, Алтын Күн батып барады, Жалқын күн батып барады. Кім білген, Жарқын ғаламға, Салқын мұң болып қарады?.. Қызғылтым шықтай таматын, Көкжиек керіп қанатын, Көгершін аспан мұнартып, Қалыңдық-кешке құмартып, Жұмыртқа төсі жылтылдап, Ымыртқа көңілін тұр артып… Күлгін көк батыс салқындап, Топ қарға ұшты қарқылдап. Орақ Ай қасын керіле, Төріне озды еріне. Кім білген… Əлде, тұр ма екен, Мүсіркей қарап жеріме? ------------------------------ Мəжнүн тал – сылқым бес бұрым, Ойлады нені кешқұрым?!

Түн Тағы бiр тамшы үзiлдi, Тұнық түн кiрпiгiнен. Аспанда Ай сүзiлдi, Қайыңның бүршiгiне. Сандуғаш тамылжытып, Сиқырлы салды əнiне. Самал да дамыл күтiп Елеусiз қалды əрiде. Жұлдыздар жымыңдасып, Қарасты бiр-бiрiне. Бозбала мұңын басып, Тарасты үйдi-үйiне. Асыққан жанды кернеп, Бояуға көкпен белдi. Демiмен таңды тербеп, Тағы бiр көктем келдi. Жетінші дəптер Ғашықтық дерті дендесе (Қыркүйек айы, Жылқы жылы немесе Бикеш шоқжұлдызы) Барша адам: Жас па, мейлі, Кəрі ме, Тамсанамыз сұлулықтың əріне, Сусындаймыз рухани нəрінен. Сол сұлулық – Үйлесімнің үлгісі, Терең мəні – Əріде. Сүйсінуден, Күй сіңуден – Басталады бəрі де!

Сəулелі сезім Мың өртеніп, Мың өшкенмен алқынып, Махаббатпен жолықтық па бетпе-бет?! Сан сұлудың құшағында балқыдық, Жалынбадық: «Кетпе!» деп. Бірі – кетті, Бірі – келді алмасып, Сар даланың сағымындай ғайып боп. Ешбірінің етегіне жармасып, Жалынбадық… Айып көп! Бірі – қылтың, Бірі – сылқым, Бірі – от, Əрқайсысы өзді-өзінше қылықты. Ынтық, Лəззат, Іңкəрліктің түрі көп, Сиқыр сырдың жұмбағын кім біліпті?! Жо-жоқ, Сезім сəулелі екен, Киелі, Кездестім мен көктеміне ғашықтың! Ағытылды көңілімнің тиегі, Аяладым арманымды тасып бір. Жолықтым да… Жандым-күйдім тағы да, Болмысымды баурап алды мөлдір мұң.

Еніп кеттім бақытымның бағына, О, Махаббат! Дегеніңе көндірдің! Үні-өзге, Түрі-бөтен басқадан, Көңілі де күлім қаққан көктемдей. Өзіме де мойындаудан жасқанам, Сүйген сəулем ғарыш-көктен жеткен бе?! Қалжырап ем, Қайтадан дүр түледім, Қанат бітті қаталаған арманға. Езілердей елжірейді жүрегім, Менен, сірə, Бақыттырақ жан бар ма?!

  • * Айтылмаған сөзiмдi

ұқсаң еттi, алтыным, Əлдилеген сезiмдi

мен де өзiңдей жалқымын. Қамшыладым көңiлдi

арманыңа ерем деп, Жеңдiм-дағы жеңiлдiм, –

батып кеттiм тереңге. Бəрiн қиып сен үшiн

сезiмiңе өртендiм, Жасын бүркiп, сел iшiп

сансыраймын: көрсең бiр. Оңашада күрсiнем,

сағынамын тағы да, Содан-дағы нұр сiңер – бастасаңшы бағыңа. Аңсау сенi бүгiнде өмiрiме айналды, Табысамыз түбiнде, жаным содан жайланды. Құштар көңiл желедi келешекке шақырып, Ал, əзiрше… келемiн күтуменен аһ ұрып…

  • * Сағынғанда табылмадым қасыңнан, Самал болып сипамадым шашыңнан. Құстай ұшып жете алмадым, Жалған-ай, Садағамын тамшылаған жасыңнан. Аңсағанда алауыңды жақпадым, Елеңдедің… Есігіңді қақпадым. Арманыңның арнасында ақпадым, Бұрымыңа бақыт гүлін тақпадым. Қиялыңда қол бұлғап құр елесім, Деп жүргенде: «Келесі күн, келесі…» – Қас-қағымдай қысқа ғұмыр қиқулап, Қайтқан құстай өте шығар?.. – демеші! Қамыққанда қаталап бір өппедім, Мұңайғанда шуағымды төкпедім. Тізе берсем – Кемшілігім көп менің, Бірақ, жаным, Өтінемін, сөкпегін! Сансырадың өз деміңе тұншығып, Сүйеуге де жарамадым құлшынып. Рас, Рас… Тек сен үшін өмірдің, Өзін-дағы қия аламын, Бұл – шыным!
  • * Көрiнбейтiн жiбек жiптей тартылған, Нəр аламын жаныңдағы жарқылдан. Толқын болып тербетесiң жүректi, Шағаламсың – Көкiректе шарқ ұрған. Жүрек шiркiн жиiлете қағады, Жанардан жас жұлдыз болып ағады. Сезем, жаным, сезiмiңнiң ырғағын, Алқынасың… Сен де аңсап жағаны. Зағиптайын қараңғыда қарманған, Ұмтыламыз саңлау iздеп бар маңнан. Су себемiз… Өрши түскен жалынға, Бақыт өрiп арайланған арманнан. Бұлқынамыз… Ұмтыламыз құшаққа, Құлпырамыз… Сынық сəтті тұсап қап. Амал қанша, тежей-тежей тiлектi, Ынтығамыз… Iңкəрлiктi пышақтап!… Абыржыған ақылға да дес бермей, Екеумiздi iздейтiндей кештер де. Серт ете алам, Мерт ете алман бұл күйдi, Бақытымнан бас тартпаймын кеш келген!

Нəр алам да жаныңдағы жарқылдан, Бас иемiн сезiмiңе алқынған. Толқын болып тербетесiң жүректi, Көңiлiмнiң шағаласы… Шарқ ұрған. Өмiр мынау… Тiршiлiкпен тұсалған, Ұстатпайды, Жеткiзбейдi құс-арман. Сағыныштан сарғаяр ма ем соншама, Менiң-дағы қанатым жоқ ұшарға… Сен жоқ кезде ой отауда қаптар мұң, Жалынынан таңғажайып шақтардың. Жаным, сенен жасырайын несiне, Көре алмасам… Тұра алмауға шақ қалдым… ……………………………………….. (Жан сырымды, Бар шынымды ақтардым.)

  • * Қайтейін, қойдың, жаным, сағындырып, Елітіп, Емірентіп, Сабылдырып. Еркіңе болмысымды бағындырып, Көркіңе көңілімді табындырып. Қиялды қияндатып, Қағындырып… Сыймайды тар кеудеме күрсінісім, Жүректің жиілеген дүрілісің. Күлесің, Қиыласың, Назданасың – Сезімнің жаңа ашылған бүршігісің. Барады бойым балқып, Ойым қалқып, Жоғалтпай жанарыңнан жүрші, құсым! Тербеші, Тебірентші сезімімді, Сен жоқта мына өмірдің өзі мұңды. Жалындат, Күйдір, Жандыр, Өртеп жібер, Қайтесің таразылап төзімімді?!

Дауылдат, Буырқандыр, Шарықтатып, Көгінде көңілімнің қалықтатып. Өзіңді көрмеген күн – Өмір емес, Сен болып тербеген сəт – Анық бақыт!

  • * Ұмтылып ұлы таңыма, Үңiлем тылсым жаныңа. Көңiлiңнiң көркем төрiне Ымырт боп, Мұңға малына – Құйылғым келдi тағы да. Қоңырау болып қағылар, Арай боп, Нұр боп ағылар, Күрмеген күлiм көзiңе Жарқ еткен жанда шағыла – Сыйынғым келдi тағы да. Iңкəрлiк шамы жағылар, Ынтықтың ықылым шағы ма?! Үр бейнең еске түскенде – Делебем қозып, Қағына… Табынғым келдi тағы да! Қасқайып сезiм оғына, Қарсы ұшып сор мен бағыма, Шаттықтың шайқап тұнығын – Атойлай жетiп, Ағыла… Сағынғым келдi тағы да!

Бағына берiп, Бағына, Тағдырға несiн шағынам? Алқызыл, Алау ерiннiң, Мас болған талай балына – Шөлдегiм келдi тағы да.

Ғашықтың дертi – жалын-ай, Шашыңның əрбiр талынан Иiскегiм келдi балқып бiр – Кепкендей көнiм, Сағына… …Тербегiм келдi тағы да… Сонет Жанымның нұрын сезгiң келе ме, Ертегi елiн кезгiң келе ме?! Iңкəрлiк дертiне төзгiң келе ме, Тiрлiктен тұлдыр безгiң келе ме?! Жан сарайымды көргiң келе ме, Сезiмнiң селiн бөлгiң келе ме?! Қос тағдырды өргiң келе ме, Ғашық ғұмыр боп өлгiң келе ме?! Махаббат жырын жыйғың келе ме, Көкiрегiме сыйғың келе ме?! Сағым-сезiктi тыйғың келе ме, Мен үшiн бəрiн қыйғың келе ме?! Неге айтып тұрмын мұны мен? Сеншi онда маған, шынымен!

  • * Не iстедiм екен осы мен Өзiңдi алғаш көргенше, Ертеңнен ненi тосып ем? Əнiме кiмдi қосып ем Өзiңдi алғаш көргенше, Аймалап көңiл хошымен? Көктемiм қалай шаттанып, Жадырады екен жаз қалай?! Бақыттың таңы атты анық! Сезiмiм қалай тапқан ық? Жатқан ба жырым тұтанбай, Өз жүрегiмде қатталып?! Құлпырмай тұрған гүл неге? Шарлап-ақ жүрiп əлемдi, Сенi мен неге бiлмегем?! Ақпан ба, Əлде, шiлде ме?.. Келдiм ғой қайта өмiрге – Кiнəлама да, Күлме де…
  • * Күнiм де сен, Күлiмдесең – Балқытасың шоқ болып. Гүлiм де сен, Дiрiлдесең – Өртенемiн от болып. Нұрлы көзiң, Сырлы сөзiң, Шашу болып шашылған. Сазды сезiм, Назды көзiң – Шымылдықтай ашылған. Жақұтым да, Бақытым да – Өзiң салған өрнекте. Өңiмде де, Түсiмде де – Iздеп жүрем жер-көктен… Қабағыңнан, Тамағыңнан… Айналады басым да. Естен танып, Еркiмдi алып – Кетпе, жаным, қасымнан.
  • * Көйлегің-ай, көк көбелек пішінді, Айқындаған денеңдегі əр мүсінді. Балқып бара жатқанымды түсіндім… Көйлегің-ай, көк көбелек пішінді. Шарап-қылық ішкен сайын шөлдеткен, Сезімімді қытықтайды селдеткен. Иығыңнан сусып түскен көйлектей… Шарап-қылық ішкен сайын шөлдеткен. Шыт көйлегің сусып түсті… Күй ақты, Үздіккен үн алып ұшқан сияқты. Бірге шешіп тастағандай ұятты, Шыт көйлегің сусып түсті… Күй ақты. Содан, содан… Көйлек қалып жайына, Мендегі Күн көгенделіп Айына, Көкпеңбек кеш көрпе болып жайыла, Содан, содан… Көйлек қалып жайына… Көйлегің-ай, көк көбелек пішінді, Айқындаған денеңдегі əр мүсінді. Балқып бара жатқанымды түсіндім… Көйлегің-ай, көк көбелек пішінді. ……………………………………. Сығып беріп жата берсем күшімді, Көйлегің-ай, көк көбелек пішінді!..
  • * Екеу едік жамылған мамық түнді, Бақ іші бұлыңғыр-тын. Аймаластық. Назыңа қанықтырдың, Тояттап… Түнің тұрды… Ауыздықсыз құмартам қылығыңа, Сыйқырлы сəтті үзбеген. Құшарлана қол созам тұнығыңа, Баладай тəтті іздеген. Сусып түсті түн-көрпе… Қымтамадық, Жоқпыз-ау байқаған да?! Жана бердік алаулап, Ынталанып, Құштарлық шайқағанда. Ұрлана, Нұрланып ең, Шуағыңа, Сүңгігем шешіп белді. Озды аңсар… Ұшқын ұшқан тұяғынан, Ұяңдық кешіккен-ді… Аймалаймын алқына анарыңнан, Мамырдың түні ұзақ-ты. Тамып түскен тамшыдай жанарыңнан, Жырақта жұлдыз ақты…
  • * Арада асу бар… Бəрі шын, Тек, құлай сүйгенім неге мін? Сезімім жаныңа дарысын – Үш тілек айтайын деп едім: Бірінші: Нəресте сезім де, Өтірік өрекпи алмайды. Кездесе алмадық кезінде, Ертеңді нық сенім жалғайды. «Сүйемін!» дедім бе мен егер, Сезіксіз сене гөр, Сене гөр! Екінші: Əр таңды қарсы алып, Кірпігін қақпаған көзіммен; Ойлаумен өзіңді, Тамсанып, Сөйлесіп жүремін өзіңмен. «Ұмыта алмаймын!» Дедім бе мен егер, Сене гөр, Сене гөр! Үшінші: Түсінші, Түсінші… Түсінші!!!

Сегізінші дəптер Көңіл-күйдің керуені (Қазан айы, Қой жылы немесе Таразы шоқжұлдызы)

Сезім гүлдің Бүр жарады бүршігі, Көкжиекті көлегейлеп кірпігі. Ал көңілің… Ол бір көзсіз көбелек, Жалған жарық… Мына алдамшы тіршілік. Түйсік терең, Айтып айтпай не керек, Малтығасың: Бірде батып, Бір шығып…

  • * Ей, Көңiл! Адым жазып сен де шаппай, Шырағын шабыт-шамның мен де жақпай, Ерiксiз сенделемiн ертелi-кеш, Мұңымды мұңдасатын пенде таппай. Ей, Өмiр! Қиын едiң өзiң неткен, Тарихтан оған талай көзiм жеткен. Тəлiм-дi сенiң салған сара жолың, Бұл айтқан менiң ғана сөзiм деп пе ең?!. Сананы сансыратқан iштей сұрау, Арбаған алауыздық күштей мынау. Лоқсытып ет-жүрегiн ел-жұртымның, Заманның запыраны түспей тұр-ау.

Əр ойым iсiмменен жарасатын, Үлгiсi алты қырдан əрi асатын. Түтiнiн тiрлiгiмнiң түзетердей, Пайымға пəтуа бер, Парасатым!

  • * Күзгі күн шерді тербетіп, Бұйыға түскен жер беті, Малынып мұңға келбеті. Керімсал күндер шегінген, Шанаға аттай жегілген, Желтоқсан тыста тебінген. Жапырақ-жүрек тапталған, Жалаңаш қалған бақтар да, Жəудірей қарар қапталдан. Көбесі көктің сөгілмей, Бұлт өтіп жатыр төгілмей, Қоңырқай тартқан көңілдей…
  • * Уа, сезім! Түсінбедім мен сені, Түсінгенше езіп біттің еңсені. Тіліп түсті көңілімнің кеудесін, Сағымданған сағыныштың семсері. Түсінбедім: Көзді қапқан шаң ба едің, Арманымда арайланған таң ба едің?! Əлде, Əлде… Құрбаныңды аңдитын, Тырнағыңды тығып жүрген аң ба едің?! Түсінбедім: Санадан да кең бе едің, Қиялдағы сəулелермен тең бе едің?! Əлде, Əлде… Бөгетке де бой бермес, Дүниені дүрліктірген сең бе едің?! Мүмкін, Бəлкім… Қорқытатын қаттымен, Таңдайымда мəңгі татыр тəтті ме ең? Мейлі, Мейлі… Тынысыңнан жұтқызшы, Күтудемін кереметтей сəтті мен! Бар білерім: Əлденеге ынтықпын, Тар кеудеде жүрек болып тұншықтым.

Түпсіз түнде түртінумен өте алман, Таң түріліп, Күлімдеген Күн шықсын! Естиін бір сырнайыңның сазын мен, Сезінейін сүйкіміңнің жазын мен. Айдыныңа қатар қонып қазыңмен. Кернетші бір, Тербетші бір назыңмен! Гүлің болып қадамыңа төгілген, Тамшы болып кірпігіңнен сөгілген, Шашылайын… Басылайын, содан соң, Қалықтайын, Шарықтайын көгіңде! Өзің болдың есімді арбап, Қинаған, Ғажайыпсың санама да сыймаған. Өмір бойы өрекпідім, Жетеді! Балдай тəтті, Сондай сəтті қый маған!

  • * Мазасыз жағдай, Сыңарсыз қаздай сыңсыған, Тарылып тыныс, Өзімнен өзім тұншығам. Ойымды тербеп, Бойымды кернеп барады, Сағым боп күлген, Қона алмай жүрген ынтық əн. Жігерім қайрап, Қуатым қайнап құлшынам, Қашанға дейін қинайды екен бұл шыдам?! Толар ма екен, Қонар ма екен асыл сөз, Тыншығып бір сəт Жалынды жыр да, Жыршы да?!.
  • * Шырылдайды бозторғай, Жырлай ма екен, Өзеуреген өңешi сырнай ма екен?! Шерiн төгiп шырқаса, тыным таппай, Жəудiреген жанары құрғай ма екен?! Шырылдайды бозторғай… Жылады ма, Үкiлi үнi өзiне ұнады ма?! «Ей, адамдар! Сазымнан не ұқтың?» – деп, Ойланбайтын пенденi сынады ма?! Бəлкiм, Бəлкiм… бозторғай күлген шығар, Шарқ ұрумен өтерiн бiлген шығар?! Үлгiсiндей үзiлмес үмiт-жiптiң, Байланып қап биiкке… Жүрген шығар?! Талмаса екен: Үнiң де, Қанатың да, Талай жаңа сыр ашып сан ақынға. Жазға қонып, Саз болып сайрай бершi, Шырылдаған шындықтың санатында!
  • * Түн – тылсым, Түн – тымырсық, Тым мазасыз, Сондайда жұрттың түнін қызғанасыз. Өзгелер өзеуреген қараңғыда, Түртініп, Жол іздеген сіз ғанасыз… Нəр татпай талықсыған аш адамдай, Қарайды құмар-құзғын тасадан да… Мұзбенен Тұзды қосып жаласам да, Мен мауқын масаң түннің баса алам ба?! Қоршаған қараңғылық қаңыраған, Құтымды қашырады жамырап-ақ. Көңілдің арсыздығы алжастырар – Ақылдың алдаспаны əдіра қап. Шалдығып шыдамың да, Төзімің де, Титықтар ұзақ таңға көзін ілмей. Қайтейін, қаталатқан қақтай түннің, Ұқпаймын – Түсініксіз сөзі мүлде…
  • * Бiр əн салғым келедi: Сырлы ғана сазы бар, Қарапайым өлеңi. Мұңымды да басатын, Тыңдағанға назы ұнар, Сарайымды ашатын. Естiсең – шөл қанатын, Ендiгi бар қазынам – Өткендi еске салатын…
  • * Шарапты жұттым тамсана, – Жанасың, – дедi – тозақта. Сұлуды құштым қаншама, – Түсесiң, – дедi – азапқа… Тарқаттым құмар сейiлдеп, – Қаласың, – дедi – обалға. Күнаға ғана бейiмдеп, Жараттың неге, о, Алла?! Амал не, əттең… Өкiнем, Түсiнем намаз қазасын. Жусам да бəрiн шетiнен, Қалмаспын сiрə, жазасыз?! Ұнатып, Сүйiп, Құныға, Iстеген iстiң бəрi – кiр. Көне ме пенде бұныңа, Ұмтылар соған бəрiбiр?! Өмiрдi олай екшесең, Таныстың бəрi «күнаһар». Тəңiрiм, өзiң шешпесең – Не iстесiн жалғыз пiрəдар? Жарайды, Тiптi, алдансам, Жосығын кiмнен сұрайын? Жұмақта жалғыз қалғанша, Тозаққа-ақ беттi бұрайын!..
  • * Есiмнен шықпай қойды ғой, Аялы көзден күлгенiң. Қиянда қалғып қалды ма ой, Бiлмедiм, жаным, Бiлмедiм. Жасырын сырлы жаралы Ай, Таңдана қарар мұныма. Күндiз бе, Түн бе – қарамай, Орана түсем мұңыма. Жиiлеп жүрек бүлкiлi, Өзiңдi ойлап көз iлгем. Қайда да сол бiр күлкiнi, Жүрдiм мен ертiп өзiммен. Сыңғырлы сазы шақырып, Бiр қырдан Бiр қыр асады. Оңтүстiк желi қапырық, Күлкiңдi ала қашады. Арыстың балғын құрағы, Бұлағы кəусар Шаянның, Күлкiңе салып тұрады, Содан да сергiп ояндым. Тербешi жанды, Тербешi, Сезiмдi сыңғыр қақтырып. Iңкəрлiк қанат сермесiн, Жетейiн ұшып, Аптығып! Ойласам жаным сөгiлген, Жанарың менен таймағай. Күлкiңмен көзден төгiлген, Аймалай бершi, Аймалай!
  • * Суреттен ұзақ қарады, Сыланған сұлу сол… үнсiз. Күлкiсi саған ұқсаған, Жансыз да, Жат та, Сезiмсiз. … Бiр апта өттi өзiңсiз… Күндердi күндер жалғайды, Бiркелкi тiрлiк бұйығы. Əрненi еске салады, Сұлудың жұмыр иығы, Көзiнiң назды қиығы… Жатырмыз сол қыз екеумiз, Бөлмеде шағын… Бiр апта. Сөз сөйлеп, Тiл де қатпайды, Жауап та бермес сұраққа, Ал өзiң болсаң – Жырақта… Садағаң сенiң – ол сурет, Оятты отты сезiмдi. Талабы қатал тағдыр да, Шыңдай ма солай Төзiмдi?! … Сағынып кеттiм өзiңдi!..
  • * Ақ көбiк айдын. Тағы да тұрмын жағада, Аунаған жалға қараймын ұзақ қадала. Көл төсiн сүйiп, Өкпесiн түйiп самғайды, Кеудемнен ұшқан шағала. Айдынға қарап, Ойымды тарап тұрдым мен, Түсiнiк тауып, тұңғиық тартқан құрдыммен. Кетедi самғап, Жетедi жалғап жадымды, Арайлы арман астаса берiп бiр мұңмен. Тербейдi толқын, Сермейдi ол тың қиялды, Қиялдың өзi тербеле берiп жияр мұң. Сан жетпес сырды сыйғыза бiлген, шалқар-ау, Өзiмнiң мына кеудеме қалай сыярмын?! Тыншымайды бiр, Шарқ ұрады дүр шағала – ой, Жалғайды үмiт, Шалғайды үзiп ағады ой. … Алайда айдын баса алмас мына мауқымды, Арамыздағы… Жарлауыт – мұңды жаға ғой?!

Таста тұнған іңкəрлік Огюст Роденнің «Мəңгілік көктемін» көргендегі ой Көз сүрінді… Жан шалқып, Көкжиекке көшті арман. Тыныс талды, Əн қалқып, Шеберлікте шек бар ма?! Өлмегені емес пе, Уақыттан озғаны?! Тасқа сіңген іңкəрлік, Болмысымды қозғады. Екі жастық елжіреп, Қауышқанда қаталап; Тұна қалған мөлдіреп, Мəңгі көктем – Махаббат. Қыз – көрікті, Қылықты, Ұмтылады бұлқынып. Жігіт жаны тұнық тым, Жасын атқан, Жұлқынып. Екі жүрек… Сүйікті, Пəк сезімді ақтарған. Тастан түйін түйіпсің, Ғасырларға сақталған.

Армандардың алауы – Аңсарлардың шөлінде. Тек осы сəт қалауы, Айыра алмас өлім де! Күй күмбірлеп зердемде, Тербеледі тұла бой. Құдай қуат берген де, Пендесің деу… Күнə ғой?! О, Роден, Бауырым, Тіл бітірген тасқа да; Қозғар көңіл дауылын, Сен де мəңгі асқақ əн! Тоғызыншы дəптер Əрлі əйелдің жан сыры (Қараша айы, Мешін жылы немесе Сарышаян шоқжұлдызы) Қанша адам, Қанша дəуір ойласын, Қанша қиял… Тереңіне бойласын, Қанша сана сергелдеңге түссе де, Даусыз оның… Құндылығын жоймасы. Ол – гүл, Ол – мұң, Ол – күн, Ол – түн – сырлы əлем, Əйел жаны – құпиялар қоймасы…

1-монолог Демеңіз: «Ауысқан ба есі мүлдем», Жеткенмін бұл күнге де кешігумен. Сіз менің Кием десіз, Ием де – сіз, Қашан да қақпай кірер есігімнен! Мен мəңгі іздегенмін Өзіңізді: Түсімде елестетіп көзіңізді. Түндерде тыншымды алған тынысыңыз, Самалдан сомдағанмын сөзіңізді! Іздегем алып-ұшып… Тапқанмын да, Бірақ та… Сезген сайын батқам мұңға! Тынысы өзгермеді түндердің де, Ажары ашылмады ақ таңның да…

Əлі де күтудемін… Аласұрып, Көңлімді бұлт торлайды қара-сұры. Өзіңіз таппасаңыз бір шешімін, Жанымның табылмады жарасымы. Түсетін көзге бірден тұлымшақтай, Қыз-ғұмыр қашан-дағы… Ұрыншақ та. Жайқалған жан сырымды жайып салдым – Жоғалтып алмайық деп шырын шақты. Өмірде Сіз де, Мен де алданғанбыз, Албыртып малданғанбыз,

Таңданғанбыз. Ешқашан айырылып кете алмаймыз – Сезімнің сəулесімен жалғанғанбыз. Өзімнен өзім қаштым… Қинаған соң, Кермек шер көкірекке симаған соң. Бəрібір ешқашан да қимайды екем, Бақыттың тамшы балын сыйлаған соң! Мен Сізді… Жан-тəніммен сүйеді екем, Маздатқан шоғыңызға күйеді екем. Бұғаусыз, Бұлғақтаған өр басымды, Тек Сізге, Сізге ғана иеді екем! Өтінем, Жетіңізші… Өртеді мұң, Сіз емей… Көңіл күйін шертеді кім?! Солды ғой күзгі гүлдей еркелігім – Еліне ертіп кетші ертегінің!.. Баураған жүрегімді есіл Ерім, Ғашықпын – Содан бəрін кешіремін! Сіздің де жəйіңізді түсінгенмен, Жандағы өртті қалай өшіремін?! Жаным-ай! Қуанттың да, Қинадың да, Ынтыққан құшағыңа сыймадым ба?!

Селдеткен сезіміңді сыйлағанмен, Шөлдеткен шаттығыңды қимадың ба?! Бүгін де болып алдым мықты аңызшы, Менің де жағдайымды ұқсаңызшы! Екі оттың ортасында күйіп кетпей – Бел шешіп… Бір жағаға шықсаңызшы!.. …Арылып адастырар күдіктен шын, Қорқау ой қаумалаған іріктелсін. Тəуліктің қай мезгілі болса-дағы, Көп күткен отауыңа кіріп келші! 2-монолог Сəулесіне Айдың шомылып жатқан сүт-түнде, Сүйіктім, мені тауысып тағат күттің бе?! Сағым боп жеткен, Сіңісіп кеткен сезімнен – Сағыныш сауып біттім мен! Түсінем, жаным, Тылсымын түннің тұңғиық, Күрсінем мен де жүрекке жүдеу мұң құйып. Селдеткен күйді Тербеткен ақпан желінен – Аһілей ұшқан үнге ұйып…

Көңілді қойшы, Өксіді-ау өмір-көтерем, Қанатым жоқ қой, Ұшып-ақ лезде жетер ем. Жанартау болып атылған мына аптықпен, Қаныңыз түгіл, Жаныңызға сіңіп кетер ем! Еріккен боран желіккен сайын ысынып, Кеудені қысқан көрпені кейін ысырып: Сезімді жырлап, Төзімді ұрлап – теңселген, Арманның құсын ұшырып. Тыста жел үдеп, Жаным да жүдеп, Жатты ұлып, Əл-дəрмен бітіп… Жүйкемді түтіп тəтті үміт. Сенімім ғана ертеңмен жіпсіз жалғайды, Ауысар түннің, Қауышар күннің шаттығын.

3-монолог Сізсіз, жаным, қазір мен: Мөлдіреген көктемге де, Елжіреген кештерге деЕш сенбеуге əзірмін. Сізсіз, жаным, қазір мен: Бұлаққа да сыңғыр үн, Құраққа да мың бұрым – Еш сенбеуге əзірмін. Сізсіз, жаным, қазір мен: Үмітке де үзілмес, Күдікке де көз ілмес – Еш сенбеуге əзірмін. Сізсіз, жаным, қазір мен: Мұратына төзімнің, Қуатына сезімнің – Еш сенбеуге əзірмін. Амал қанша... Көнемін, Бəсіңіз Сіздің биік тым! Өйткені мен, сүйіктім, Сізге ғана сенемін!!! 4-монолог Алыс кеттi сүйген жаным мұңға малып əнiмдi, Содан берi шыбын жаным таба алмай жүр тəнiмдi. Көздiң жасын көлдетемiн, селдетемiн оңаша – Шемен шердi шөлдетемiн

«Қайтаршы, – деп – сəнiмдi». Сезiмiме сəуле құйып, көңiлiмдi шайқаған, Күнiм менiң, əнiме ұйып оралар ма қайтадан? Сөзiн ести алмаған соң, қалмаған соң амалым – Өзiн аңсап талмаған соң, қайғы жұтып… жəй табам. О, Тəңiрiм, табалама, аз ба едi азабым? О, Тағдырым, қаралама, ар алдында тазамын!

5-монолог Наным да көп езетұғын еңсенi: «Екi ғашық қосылмайды» деушi едi… Өкiнiшi өртегенмен өзектi, Ұмытпаймын, Ұмыта алман мен сенi! Тағдырымның тура тиiп семсерi, Кетсiн мейлi, мына əлем теңселiп; Өшсiн мейлi, жүрегiмнiң алауы – Ұмытпаймын, Ұмыта алман мен сенi! Қызыға да, Қызғана да қараймын, Мұң-мұхитқа тамшы болып тараймын. Сен жүдеме, Сен мұңайма алайда, Қалма адасып арманыңнан арайлы! Жазмыш шығар, Ендi кiмге шағынам, Ойлап, Iздеп, Аңсап өтем сағына! Сен жылама, Сен күрсiнбе қалай да, Тап бола гөр бақытыңның бағына! Қия алмаспын сырлы сазды селдеткен, Тыя алмаспын ынтығымды шөлдеткен. Жадырашы, Əдiрасы мен болам, Өзiң үшiн бəрiне де көнбеп пе ем?!

Арай болып аяласын атқан Күн, Ендi қайтiп мазаламас батқан мұң… Өкiнбеймiн Өртейдi деп махаббат, Сезiмiңнiң бал-шырынын татқанмын! Алабұртқан алқынымды басам да, Алғыс айтам, Қала берiп тасаңда. Сен болмасаң сезбес едiм бақытты, Шарықтай бер, Қалықтай бер қашанда! …Ұмытпаймын, Ұмыта да алмаймын, Үзiлмеген үмiт болып самғаймын. Ғашығым деп, Асылым деп сүйiктi, Перiштем деп табынудан талмаймын!

6-монолог Сүйдiңiз бе көктемнiң от демiне, Өз басымда бар ғой бəрi, Түсiнем… Кiнə артпаңыз, Қинамаңыз менi де – Гүлдi қайтып тiрiлтейiн үсiген?!. Неғыласыз тырнап жанның жарасын, Алғаннан соң көңiлдердi құлатып?! Сезiм қалған мұнар мұңда адасып, Сiз кеткенде жүрегiмдi жылатып. Сiзсiз ғұмыр кеше алмадым алаңдап, Ендi оны жасырамын несiне?! Одан бөтен болмаған соң шарам да, Сағынышты жамай бердiм есiме. Бiрақ оны, Жаны тоңып ұғар кiм, Кiм көрiптi уайымды мұншама?! Мен де Сiздi сан ойлантқан шығармын, Көңiлiңiздiң көкжиегiн тұмшалап?! Өттi, Кеттi… өрекпiген көп күндер, Көмескi де тартып сезiм өшпедi. …Сiздiң көз де, Мөлдiр моншақ төктi ме, Бейуақытта – бұрым жайған кеште бiр?!

7-монолог Сөкпеңізші, өтінем, Ағат бассам, Мына тұста ой қажып, Тағат қашқан. Бір күн дауыл көңілім, Бір күн жалын, Өзімді де ұға алмай жүрмін, жаным!.. Шаттансаңыз шырпы боп шағыламын, Тынысымды торлайды… Тағы да мұң. Күнбағыс боп мен Сізге телміремін, Еліттім-ау, Езілдім, Елжіредім... Кім біледі, Жұлмалап жүректі де, Сезім селі Сізді де жүдетті ме?! Кірпігіңіз ақ таңды күзетті ме, Сағыныштың сазды əні үдетті ме?! Түсініңіз... Жанымның толғанысын, Мəңгілікке Сізге жұп болғаны үшін! ...Өзіме аян отыңызға күйетінім, Тек бір нəрсе талассыз – Сүйетінім!

8-монолог Бұрқыраған қар жауды түннен бермен, Шырқыраған көңілімнің суретіндей. Айқыш-ұйқыш із қалды жүргендерден, Дала бейне дəптердің бір бетіндей. Көңіл шіркін, əйтеуір, елеңдеулі, Үміт, Күдік астасқан, Араласқан. Сезімің де айта алмай: «Сенем!» деуді, Сағат сайын түнеріп барады аспан. Күн де шығар, Қар-дағы толастар-ау, Беймаза күй жандағы серпілер-ді?.. Шаттығымның ауылына жол ашқан Қанаттанып қиялым… Тентіреді. Бəрі өткінші, Фəнидің бəрі жалған, Сүйіскеннің сауабы мəңгі, бəлкім?! Тек жақсылық күтесің əлі де алдан, Мəңгілікті мезгейді əркім-əркім… Қар жауып тұр: Қалықтап, Жапалақтап, Көрер көзге көк жүзін тұйықтаған. Арман қанат қағады – қаталатқан, Маужырамас, Қалғымас, Бұйықпаған!

9-монолог Сiздi ойлаймын Бəрiнен де безiнiп, Сiздi ойлаймын Ет жүрегiм езiлiп. Қолға қонбас құсым болсаң – Қайтейiн, Ең болмаса, Жүршi ойымда кезiгiп. Бас ұрайын, Басылайын, Сол сыйыңды сезiнiп… Сiздi ойлаймын Мұң мұхитын аралап, Сiздi ойлаймын Жанымды да жаралап. Махаббаттай ұлы сезiм тербесе – Бекершiлiк, Сансырау да саралап! Ойламайтын, Бойламайтын, Қалмады ғой шара да… Сiздi ойлаймын Дауылдатқан ақпанда, Сiздi ойлаймын Көк жұлдызын жаққанда. Сiздi ойлаймын Алаулаған ақ таңда, Сiздi ойлаймын Қиял қанат қаққанда. …Сiздi ойлаймын Бəрi тыным тапқанда…

Сiздi ойлаймын Бiледi оны жаралы Ай, Сiздi ойлаймын Бiледi оны қарағай. Бiледi оны: Тұнжыр бақта құрақ та, Əппақ қар да, Сыңғыр қаққан бұлақ та… Тек Сiз ғана, Жүрсеңiз де жырақтап, Көкiректе тұнған тұман тарамай. Жалғыз Сiзсiз Бiлмейтұғын бұнымды, Өзiм жұтам, Сездiрместен мұңымды. Шаршамаймын, Аңсамаймын тынымды. Бөгде кiмге Ақтара алам сырымды, Сiзге ғана Жайып салам шынымды…

10-монолог Қалжыраумен сағына да сағына, Көз iлiп ем, Сiздi ойлап тағы да. Жалын-тыныс, Тегеурiндi от құшақ, Алды оятып… Қарып түскен шоқ құсап. Сiздi бiрақ… Көре алмаймын мүсiндеп, Дал боламын: Өңiм бе, Əлде түсiм бе? Тек бал сезiм бейнеңiздi төндiрiп, Ынтығады ырқыңызға көндiрiп. Абайсызда батқандай-ақ айыпқа, Жан-жағыма қарап едiм байыптап: Жұмыр саннан, Тоқ балтырдан тайғанап, Ай сəулесi… Жатыр екен аймалап. Оның несiн жатам ендi… Тiзбелеп, Сол сəуленi мен де құштым… Сiз бе деп. Ұмтылады екi ерiн аңсаған, Бұлқынады шуақ болып самсаған. Қарағанда икемдеп ап басымды, Тарағанда саусағыңыз шашымды, Жанартау дем тамағымды өпкенде, Дүр жандым мен, Бүр жардым мен көктемдей.

Қайтарардай қашанғы бiр өшiмдi, Тағат таппай сығымдайсыз төсiмдi. Сағындырған, Табындырған Тəңiрiм, Не десең де… Орындалмақ əмiрiң! Əрiректе… Дүлей дабыл қағасыз, Қағасыз да… Қылығымды бағасыз! Содан кейiн… Жұлдыз болып ағасыз, Таңдайыма тамшы бал боп тамасыз. Бүкiл тəнiм күйiп-жанып, Желiккен, Маған мəлiм: Ненi iздейдi, Нелiктен?.. Қалшылдаймын қара терге малынып, «Сүйшi!» деймiн, «Қысшы!» деймiн жалынып. Апайтөспен езген сайын ынтығып, Бауырыңызға ене түсем тұншығып, Ыңырсимын… Қыңсылаған қаншықтай, Талып кетiп… Тiрiлемiн, Жан шықпай. Қан сорпа ғып, Нəпсiлердi қосақтап, Ұшыр көкке, Құшағыңнан босатпа!

Жата берем: Өлiп-өшiп, Талықсып, Мұңды ұйытқан, Тұңғиықтан – алып шық! Ай дөңгелеп… Жұмыртқадай ашылған, Бүкiл денем салмағыңнан жаншылған! «Не iстей алам? Менi босқа сөкпе…» деп, Жұмарланған көрпе жатыр өкпелеп… Жаншығанда тұла бойды езiп бiр, Бойыңыздан бұла күштi сезiп, құр, Көздi жұмып, Сезiм тұнып жаттым мен, Бас айналды, Тiл байланды, Таптым ем! Сыр сандықты ашып қапсыз… Күл, мейлiң, Əлде, өзiм аштым ба екем… Бiлмеймiн?!. Бар қазынам – бiр Сiздiкi, Алыңыз! Тұмарым боп, Құмарым боп қалыңыз! Төсек-қақпан, Түн бiр түрме… шырмаған, Күндерiмдi, Гүлдерiмдi ұрлаған. Жансам – су боп, Жылытатын – мұздасам, Тозағымнан құтқарасыз Сiз қашан?!

Арпалыстан əл дəрменiм таусылып, Сiздiң күштi құшағыңыз қаусырып, Ертегiлер елiне еркiн енiп ем, Түсiм емес, Өңiм ғой деп сенiп ем. Қиялымды, Жаным, сөйтiп… Қорек қып, Шаршап қалдым, Сансырадым, Өрекпiп. …Бар бiлерiм – тəттi ұйқыға батқаным, Ауып кеткен Ай сəулесiн таппадым…

11-монолог Талпындым, Ұқтым сазды сырыңды, Соққан соң бiрге қос жүрек. Сəукеле киген назды жырыңды Тапсырғам түнге бос жүдеп… Таң атты ендi алдан арайлы, Жайнаймыз гүл боп əлi бiз. Сəуле боп сезiм қанға тарады, Мəңгiлiк бiрге жанымыз! Шаршадың əбден, Бiлем – шалдықтың, Сарсаңға түстiң сансырап. Жаныңнан сенiң ұқсас хəлдi ұқтым, Айықтым мен де… Қансырап. Ендiгi əр сəт – бiздiң еншiмiз, Шаттықтан шырын ұсынған. Сене гөр, жаным, Сеншi бiз – Өтемiз аман бұ сыннан! Мың алғыс, саған, Сүйгенiң үшiн, Сезiмiң үшiн селдеген. Көңiлiм құшқан күйдегi мүсiн, Өзiңе ғана шөлдегем!

Таң атты ендi алдан арайлы, Жайнаймыз гүл боп əлi бiз. Сəуле боп сезiм қанға тарады, Мəңгiлiк бiрге жанымыз! 12-монолог Не деген тамаша өмiр, Кiлең бақыт, Мен сенi сүйедi екем сiлем қатып! Сол үшiн қажет болса, Өлермiн мен – Өзiңе тамшы шаттық тiлеп жатып. Не деген тектi тағдыр, Неткен қалып, Мен сенi сүйедi екем естен танып! О, жаным, сенiң үшiн, Сезiм үшiн – Құштарлық қанатында кетсем жанып… Дүние-ай, Төбем көкке тие ме екен, Пейлiң – пəк, Ақ көңiлiң – киелi екен! Басқаның бəрi жалған: Өтер – кетер, Мен сенi өлiп-өшiп сүйедi екем!.. Оныншы дəптер Тұманы түрілмеген тылсым (Желтоқсан айы, Тауық жылы немесе Мерген шоқжұлдызы)

Жел сөздер тіркесі… Жоқ ортақ бір шешім. Оңға да, Солға да сене алмай, Алауыз болған соң… Үркесің. Ойың да, Арман да, Ниет те – Əдіра қалады. Адасып, Сананың тұтанбай білтесі!

  • * Түнектi түн. Ой қамайды. Алаңмын, Сыймас сыр көп санасына адамның. Қара аспанның тесiгi – Телмiредi Ай, Терезесi сияқты өзге ғаламның… …Тас мүжiлiп… Соққан сансыз самалдар, Бiзден кейiн өтер талай адамдар. Əрбiр адам мүлде бөлек бiрақ та, Мынау жұмбақ тiрлiктi ойлап, Алаңдар.

Екi дəуiр ортасында қалған бiз, Бiрде – тарих, Ендi бiрде – жалғанбыз. Ақылдымыз өткен ұрпақ алдында, Келешектiң алдында ғой – Аңғалмыз. Əр заманның өз жүгi бар көтерер, Əр ұрпақтың өз парызы өтелер. Кешегiнiң соқпақтарын iздейiк, Ертеңгiге шылбыр берiп жетелер. Өмiр өтер Жəдiгер боп құм басқан, Дəуiрлерде үйлесiм бар жымдасқан. Сабақтасып, Жалғас тауып жатады, Жұмыр жердi дөңгелентiп, Тынбастан. …Кейде менi қорқау ойлар қамап ап, Күлетiндей көздi шұқып, Табалап. Сығалаймын түнгi Айға телмiрiп, Жырым-жырым жүрегiмдi жаралап…

  • * Жылжығанмен жұртымның көші ілгері, Бодандықтың бұғауы кесілмеді. Бас айналып бақыттан, Мастандандым-ау, Тəуелсіздік – текті Ием, Кешір мені! Кешір мені, Киелім, Сасқан шақта, Шылқымай тұр шекеміз шаттансақ та. Жетім бала сияқты жəудір күндер, Сығалайды жанары жасқаншақтап… Міндет мүлгіп, Құқықтар өріп жатыр, Рухсыздық араны бөліп жатыр. Бостандықтың сен берген қазақ… Емес, …стандықтар қызығын көріп жатыр. Құтылмаған құлдықтан қабақ қату, «Жаңашылдың» ұққаны баю, Сату. Сайқалдардай сыланған кемісім көп, Жетістігім жар салар: Ел-жұрт тату. Емексітіп келеміз ертекпенен, Үрлей беріп үмітті көрсек деген. Тегін келген сен-дағы тауар ма едің, Қан түгілі (беті аулақ!), Тер төкпеген?! Мың толғатқан халқымды… Зар туынды-ай, Ардақтасақ болмас па Ар туындай?!

Жүр ме екенбіз түсінбей қадіріңді Тегін келген тағдырдың тартуындай?! Емес едік тегінен тасырлардың, Састық та-ау көшкенде жасырған мұң? Сіңіре алмай жүрміз де сыбағаңды, Бəсіресі едің ғой ғасырлардың?! Бұғанасы қатпаған балаң елге, Өткен ізі ақтабан жалаң елге, Аузы күйіп, Суды да үрлеп ішер – Алаң елге, Тұғырым, нала көрме! Етек жауып, Ес жиып, Күйік кетіп… Сарайыңды саламыз сүйікті етіп. Аманаттап ұрпақтың ұрпағына, Өзің тіккен туыңды биіктетіп!

  • * Сайқалдық дерті сананы тіліп, «Батысты» бізге лақтырды. Сүйкімді сезім сағымға сіңіп, Сүреңсіздері сап құрды.

Билейді жастық селкілдеп, Тала, Зердесін қысқан қылбұрау. Жайқалып тұрған желкілдеп қана, Əдепті мазақ қылдық-ау! Салтымнан сəнді қадір кетіп бір, Діңкелеп тұрмын, Аш жүріп. Жапонды əне ұлы ел етіп тұр, Сақталған тіні – дəстүрі. Əрине, кең-ақ көсілген ғалам, Дала ғой сенің мекенің. Адаспай тұрып біліп ал, балам, Құбылаң қайда екенін...

  • * Шайқағанмен шерімді шағала-мұң, Тағдыр, саған не кінə таға аламын?! Бастықты емес, Байды емес – өмір бойы, Жаны жайсаң жақсыны жағаладым. Жағаладым – Жүрегім нұрлансын деп, Шарапаттан шуақты үлгі алсын деп. Сыр құйылған санама сəбиімнен: «Еркек тоқты ел үшін құрбансың» деп. Ізгілінің індетіп ізін кестім, Ширығармын – ширықсам, Үзілмеспін! Үйлесімді, Келісті балғын кезде – Сұлулыққа сұқтанып сүзілмес кім?! Тұрғанымен қабағың жиі үскіріп, Тірлігімді еңбекпен түйістіріп, Сезімімді санаммен сүйістіріп, Сарай салдым санама сəулетімен – Жақұт жырдан жасауын жиыстырып! Еншілеген тегіммен тəубе етуді, Дəме қыла қойғам жоқ дəулетіңді. Мені қойшы… Көнбістен көн кигенмін, Тізгіндеме тəуелсіз əулетімді!
  • * Азаматтық – ұлы сын, Одан өтсең iрiсiң. Ағайынның естiген, Жүректерi жылысын. Бауыр болу – ұлы сын, Сол бауырдың бiрiсiң: Iнi тапса ағасын, Аға iздесе iнiсiн. Жолдас болу – ұлы сын, Болса-дағы кiм үшiн. Өнегесi өмiрдiң – Сыйлағанның құлысың. Сүйе бiлу – ұлы сын, Тiршiлiктiң тынысы. Жан жарыңның қабағы, Жадыратқан түн iшiн. Отаншылдық – ұлы сын, Ар-намысың – бұл iсiң. Опасыздың бақыты Бақыт емес, Құрысын!
  • * Арғымақ – арынымен, Жастық шақ – жалынымен, Хас талант – дарынымен Дараланар; Еңселi ел – ұлығымен, Өсер мал – түлiгiмен, Естi қыз – қылығымен Сараланар. Бiткенi – əдiбiнен, Күткенi – кəдiгiнен, Тəрбие – тəлiмiнен Көрiнедi; Үлгiге – жас иектер: Кадiрiң – қасиет боп, Өнегең – өсиет боп Өрiледi…
  • * Тоқпақ жалды торы айғыр тарпына ма, Ауыздықпен алысып, Алқына ма?! Делебесiн қоздырып тұр ма, əлде, Сайын дала, Көкте күн жарқыраған?! Ұнжырғасын ездi ме ұйқы, мына, Намысына тидi ме сиқы, мына? Тоса ма, əлде, тағатсыз… Шабандоздың, Ұран сөзiн қосылар қиқуына?! Əр аттаған адымын шалып, Сынап, Аздырды ма аруағын алып сынақ?! Жер апшысын қуырған – Жануар-ай, Желден озбай жүдеуден жалықты ма?! Арғымақтың арманды жалғауы шын, Мұраттың да аңсаған талғауы – сын. Жаратылған хас жүйрiк Арындап бiр, Сар далада сағым боп самғау үшiн! Жүгiргенде… Ешқашан қалмау үшiн!..

Сөйледiге санама! (Терме) Айтар кезде тайсалмай, Айтар сөздi айта алмай, Бүгежектеп, Бөгелiп, Негiз таппай, Найқалмай, Төте тартқан сұраққа Дұрыс жауап қайтармай, Жеткiзер ойды жiлiктеп, Лайықты айқармай, Қылыш жүздi қызыл тiл, Сəйгүлiктей тайпалмай, Көмейден ұшқан сұлу сөз, Бəйшешектей жайқалмай, Қанат қаққан ниетiң, Самалға саумал шайқалмай, Айтқаныңның табанда, Нəтижесi байқалмай – Мiңгiрлеуiң – шарана, Сөйледiге санама! Күйi сынық күндерде, Биiк-биiк мiнберде, Кекiлiктей жорғалап, Тектi абыздай жүргенде, Сөзiңнен бал сорғалап, Тiлдiң мəнiн бiлгенде, Сайрағанда көсiлiп, Жiбек жiптей есiлiп, Назар салып дiлдi елге, Əуре болса, бауырың,

Айтқанды ұға алмай, Шағылғанда тауың мың, Қажет ол тiл кiмдерге?! Өзiңдi теуiп өзекке, Болған тұста боз өкпе, Босағадан сығалап, Ана тiл тұрса кезекте – Оғың кетер далаға, Сөйледiге санама! Ұзын сөздiң келтесi, Өзiңнен бастап алдымен, Кiрiспесең бел шешiп – Қаралы күнде қандастың, Қайғысына ортақ боп, Көтермесең еңсесiн. Қағанағы қарық боп, Қуанғанда ағайын, Сүйемесең тең шетiн, Айналаңа ұйысқан, Жора-жолдас, Туысқан, Айтқаныңа қанбаса Айттым деуiң далбаса. Сiңбеген соң санаға, Сөйледiге санама! …Тəңiрдiң өзi таңдаған, Əр сөзi – сурет, Əн-ғалам, Тiл бiткеннiң шүйгiнi, Анаңның тiлiн сүй, күнiм! Алды-артыңа қарама, Осыны сіңір санаңа!

  • * Алыс жолда тоқтамадым,

ыңғайлы деп бұл ара, Қиналсам да боқтамадым,

соттамадым,

сынама! Ел бiрлiгiн ойлап едiм,

жан ышқынып,

жасындап, Сол арманым қайда менiң

орындалмай, тына ма?! Заманалар жөңкiледi:

Кiмсiң,

Қанша – бəрiбiр. Ер батқанмен мөңкiмедiм,

көнбiстiгiм – дəрi-дүр. Жəй боқтау да, Ғайбаттау да

көсегенi көгертпес, Бастар алыс айлақтарға

желкендi жыр –

кəрi жыр …

  • * Қайта оралмас, Өткен күндер жылыстап, Түсін түстеп үлгермессің дұрыстап. Жанға жайлы жайлау емес бұл өмір, Саумал кеште жататұғын тыныстап. Тост көтеріп, Тойлап қайттық кеше де, Осындайдан көгерсе егер көсеге. Арзан күлкі, Қысыр сөзді қолтықтап, Күндер қалып бара жатыр көшеде… Ұйқы көрмей, Күлкі көрмей өт, мейлі, Тындырмаған ісіңе шаш жетпейді. Серпілу де керек шығар, Бірақ та, Өткен күннің өкініші кетпейді. Амал қанша, Кеш ұғамыз нені де, Қапа болып жатпасақ та кеміне. Бойкүйездік бір жүгендеп алған соң, Енжарлық та шығармайды шегінен. Өмір шіркін, Осы, өгей шеше ме, Талпынбасаң тұсауыңды кесе ме? Арзан күлкі, Қысыр сөзге алданып, Өмір қалып қоймаса екен көшеде!
  • * Əр қазақ – менің жалғызым!

Сабыр Адай Жұртым Жаным – Қазағым, Қақсаңшы дүр қанатты. Қалды артыңда азабың, Азаттықтың таңы атты! Есеңгіреп қалдың ба, Есіңді жи жалықпай! Ұлы мұрат алдыңда, Адымдай бер алыптай! Қолтықтасып, Жұптасып, Арман құсын аяла. Алға ұмтылмай нық басып, Елің өркен жая ма?! Бөрі бөлген отардай, Үркектеме, Шошынып, Болмайды енді от алмай, Рухтанбай – Осыны ұқ! Келешек кеп тұр ғажап, Ұрпақ соны құптасын. Барлық қазақ – бір қазақ, Сап түзе, Қол ұстасып! Əкім емес мақтарың, Батырың мен ақының.

Енді ағыңнан ақтарыл, Əрбір қазақ жақының! Жылжы, қандас, Күнде азат, Елге қарай ақырын, Барлық қазақ – бір қазақ, Жалғыз қазақ – жақының! Шыдаған да – сол қазақ, Жылаған да – сол қазақ. Сынаған да – сол қазақ, Ұнаған да – сол қазақ! Сол қазақты сақтау да, Інжуі деп ізгі елдің, Жақыным деп жақтау да, Борышымыз біздердің!

  • * Иек арттық күзге де, Іздеуменен бақ таңын. Арман екен іздеген – Жалған екен тапқаның. Ғашықтықтың өзі – мұң, Алдандырмас біткен іс. Аптық екен сезімің, Шаттық екен күткенің. Аз екен де аларың, Тым көп екен берешек. Құмай екен таланың, Тұман екен келешек. Ой қамайды күні-түн, Ұстатпастан үзігін. Сүйретеді үмітің, Күйретеді күдігің. Текетірес қайда да: Қайғырасың, Күлесің. Іңкəрлік боп аймалап, Ізгілік боп жүресің. Қалт жібермей бірін де, Кемісіне жүдедің. Табиғатың – түріңде, Шариғатың – жүрегің. Қиянатты көргенде Күйіп кеткің келеді.

Инабатты көргенде – Сүйіп өткің келеді. Əділдіктің заңдары, Кəміл болмақ, Білемін. Шапағатты жандарға Махаббатты тіледім!

Он бірінші дəптер Өзекті өртер өкініш (Қаңтар айы, Ит жылы немесе Тауешкі шоқжұлдызы)

Кемісі көп өмірге, Əркез көңіл толмайды: Гүл – солады, Бөз – тозады, Жастық өтеді, Кəрілік – жетеді, Жақсы – өледі, Пенде көнеді – Сол қайғы. Өрілген жерде: Жақсы мен жаман өмір боп, Өкінішсіз адам болмайды.

  • * Жұлынғанда жапырағы жаныңның, Көктемнен де қайран жоқ. Кiмге керек қайнағаны қаныңның, Ұйыған соң айран боп?! Жiгерiңдi жанығанмен – Өтпесе, Күйбең тiрлiк кiмге ем?! Қашқаныңмен, Көкейiңнен кетпесе, Санаңдағы дүрбелең?!.
  • * Күз. Іңір. Тұман тербелген, Мұңымдай менің мұнартып. Естелік өрер белдерден, Сырыма сартап құмартып. Ағаштар қалған тығылып, Перденің бозғылт торына. Тұрады ойым... Жығылып, Қарайды сосын қорына. Жол да жоқ, Ол да... Жоқ, мүлде, Кетеді көңлің бошалап. Сайрамас құс та көп тілде, Үй де жоқ, Күй де – хош алар. Ешкімді, əсте қумайсың, Қашпайсың-дағы ешкімнен. Тек жүрек болып тулайсың, Ғашықтың дертін… Кеш білген...

Бір тамшы жас Бір тамшы жас тұр үзілмей, Өксіктің – терең мəніндей. Жаңбырлы күздің жүзіндей, Тағдырдың ащы дəміндей. Бір тамшы жас тұр мөлдіреп, Шөптегі шықтай шашып нұр. Жүректей жүдеп, Елжіреп, Айтылған сырдай ашық бір… Бір тамшы жас тұр… Жақұт-дүр, Көрмеуің мүмкін емес те. Шалғайдан шолып бақыт жүр, Сағымдай, Ессіз елестей. Бір тамшы жас тұр… Құлайды-ау, Кетеді-ау сызып бəрін де?! Жылайды-ау жаның, Жылайды-ау, Сананы сорып, Зар илеп?!.

  • * Патша, Уəзір, Бастық та, Жоқтықты ешкім жоймаған: Ашкөзденіп аштық та, Тоқтық та еш тоймаған. Жаралғалы Жер-ана, Жауыздық та жалғасқан. Жарағы да кереғар: Алақан мен алдаспан. Айтудайын айтылды, Бірақ одан қайран жоқ. Қиянаттар жай тілді, Ізгіліктер ойран боп. Нысапсыздық төлдеді, Қысыр қалып қанағат. Біздің қолдан келмеді, Келешекке аманат!
  • * Беделді ме – Танысуға асығып, Шайқақтаймыз бірде олай, Бір былай. Жылы күле қараған қыз – ғашығың, Тиянақсыз тірлік-ай! Өзіңді өзің алдай салу оп-оңай, Сенудің де толып жатыр амалы. Жүргенің сол: Бұйдаланған ботадай, Түсінісіп жатқаның да шамалы. Бірін – байлық, Бірін – шайлық өсірген, Кеудесіне біреуінің нан пісіп. Аршысаң да ажырамас кесірден, Өмір емес, Өткен күнің аңдысып! Себеп таппас… Қуануға шынымен, Бақталастық шырмауынан шықпаған. …Жоқ, мен, əлде, Уақыттың мұңы ма ем, Заманының «заңдылығын» ұқпаған?!
  • * Қанатынан қырау жауған қысқы күн, Қызыл кешті қаусыра кеп құшты мың. Бұйықтырып, Ұйытқыды ұлпа қар, Ұлпа қармен ішін тартып, Ұшты мұң. Жеткізбейтін алыс жолдар қалды ұзын, Адасады көкейдегі жалғызым. Жалғызымның жанары боп… Шөлмектен Мөлдірейді… Шарап-тағы қан қызыл. Сапырылып санадағы сан сұрақ, Салмағымен жатыр жанды жаншып-ақ. Көңіл шіркін… Өмір сұрқын қашырып, Жараланды, Жапанда қап, Қансырап… Тұнжырайды жапырақсыз бақтардай, Шын жылайды шер қамаған шақтарды-ай! Көңіліммен үндескісі келгендей Сүреңсіздеу… Себелеген ақ қардай. Өте шыққан əр күнімді парақтап, Санадағы əр сəулені сабақтап, Ашынамын… Басыламын… Содан соң, Өз-өзімді кетем іздеп… Шарапты ап…
  • * Түнекке тереңдеп барады, Үмiтсiз екi өмiр... «Егескен». Өйткенi жүректер жаралы, Куəсi бiр өзiң емес пе ең?! «Күнəһар» сезiмдер сабылып, Табылып көңiлдiң көгiнен. Құмарлық өртi де қағынып, Жамырап жұлдыздай… Төгiлген. Ұшқынды үрлесе – қауышу, Қоштасу – сөндiрiп жалынды. Мүмкiн бе лəззатты тауысу, Кiрпiктер шықтарға малынды… Досым-ай, Осылай өтпек пе, Ғашықтық ғұмырдың ғасыры? Бұл шақты қалай деп сөксек те, Сəулелi сəттер ғой, Асылы?! Арасы алшақтап барады... Жақындау үшiн де, Өмiрге. Қан жұтып жүректер жаралы, Жас болып жырақта… Төгiлдi…
  • * Өліараның кезінде Отырды қарт күйініп. Жанын жеген сезімге, Қас-қабағы түйіліп. Жалғыз қалып жапанда, Шіріп кеткен томардай. Өмір мұнша қатал да, Қисынсыз да болар ма?! Алжығанның кері ме, Ауырудың емі жоқ. Шыға алмайды шері де, Тілдесетін теңі жоқ. Қауқары жоқ пендесіп, Дархан көңіл – даладай. Қатары жоқ белдесіп, Қылжақтасар баладай. Шығармайтын қамалдай, Қиын екен жалғанда; Қажет екен замандас, Жетімсіреп қалғанда. Алдамшы ғой тірлік-ай, Оңнан, Солдан тіл қатқан; Бір олай да бір былай, Өте шығар бұлғақтап. Қатар жүрген құрбылас, Əтуерсіз көрінген; Көзден тайса… Жым-жылас, Бірінен бірі жерінген.

Қажеті қанша өкініп, Əттең-ай, жөнін білмеген. Тозғанын ойдан өшіріп, Озғанын-дағы күндеген. Шықпайды, міне, əзір үн, Көзтүрткі бала-шағаға. Замандастың қадірін, Жүргенде қатар… Бағала!

Еңкейте көрме еңсеңді Тұманбай Молдағалиевқа Ақын аға, Жақын аға айбынды, Аманында бұлт торлады Ай-Күнді. Көрісейін, Бөлісейін деп келдім, Қабырғаңды қайыстырған қайғыңды! Құралайды құндақтады қара түн, Жалын жұттым, Қасіретті жара тым. Бірақ, ажал – айнымайтын ақиқат, Ерте, кеш пе… Бəріміз де баратын. Жесірлердің көз жасы боп бұлаған, Жетімдердің арманы боп жылаған, Өзің едің өршілдікке шақырып, Кеуделерде күмбірлеткен бұлақ-əн! Құдіретің – Құдай берген қаламың, Жаралы жыр жазса – жөні бар оның. Құлыншағың естіп жатыр үніңді, Ақық сөзден… Ескерткішін қаладың! Тастамастан жыр жазатын дəптерді, Болаттайын берік болар сəт келді. Жете алмадым, Кешіре гөр, киелім, Соңғы сапар көре алмадым… əттең-ді!

Жаратушы жарлысын да жебейді, Қаралысын, Жаралысын демейді. Нағыз нардай абыз ақын сен шөксең, Қалың жұртың – Қара орманың не дейді?! Тұмаш аға! Керегең кең – кеңессең, Қайық батып кете алмайды сен ескен! Нұрлы көзді, Сырлы сөзді таныған, Бұла ақын, Ұлы ақын емес пе ең?! Пендесінің тарылтып ап тынысын, Осылай да безбендейді ұлы сын. Болғаныңмен Молдағали жұрнағы, Сен қазақтың, Хас халықтың ұлысың! Жүрегіңді жұлмалама, Бөлшектеп, Сөз қалады соңымызда өлсек те! Əлсіз екен, Жалсыз екен демесін, Қауымыңа қайсарлықты көрсет тек! Түсінемін, Аспантауың теңселді, Ұтар ұлтың Қиындықты жеңсең кіл. Бүгін жырдың ақсақалы өзіңсің – Босай көрме, Биік ұста еңсеңді!

  • * Самғатып қиял қанатын, Жұлдыздар жымың қағатын. Аспанға талай үңiлгем, Түңiлгем… Күтiп сағатын. Бұл қандай ғажап, Нұр қандай, Қол созым жерде тұрғандай! Ұстамақ болып ұмтылғам, Жұлқынғам жасын ұрғандай. Жетпедi қолым бiрақ та, Жеткенмен Пегас-пыраққа. Құдайдан қанат сұрағам, Жылағам жалғыз жырақта. …Қайтейiн, əттең, Балалық, Жол тартты сенен даналық. Тордағы құстай қиялы, Зиялы болдық қалалық. …………………………… Əлi де арман көп менде, Əлi де қанат жоқ менде…
  • * Өмiр – өзен, өрекпiп, Толқындаған, Ешкiмге де, Ешқашан ол қыңбаған. Шарасыздан ширығып ақын отыр, Шым еттi ме жүрегi солқылдаған?!. Талпынады тербетiп асыл үмiт, Жыр жазуға жаңа бiр, Ғасырды ұғып. Жасыта ма жiгерiн жалын атқан, Əдiлетсiз кезеңнiң тасырлығы? Көңiл шiркiн – көк кептер, Көкке ұшады, Еске түсiп есiл шақ тектi сағым. Қанын қуып, Қиялын қайрай ма, əлде, Мəңгi сөнбес сезiмнiң от құшағы?!. Құмар қанбай, Құлықсыз қарап қана, Алдындағы бейкүнə параққа да. Шарасыздан ширығып ақын отыр, Шақыра ма шабыт боп шарапхана?!.
  • * Сезім шіркін жүйріктей жосылғанда, «Болмайды» дегеніңе бас ұрған ба? Сүйдік десіп, Күйдік деп, Өліп-өшіп, Алды-артына қарамай қосылған-ды. Тауқыметі тірліктің – Шар тасы да, Батпаған жан білмейді арқасына. Махаббаттың қайығы быт-шыт болды, Тұрмыс-таудың… Соғылып жартасына!

Он екінші дəптер Үміттің үрлеп желкенін (Ақпан айы, Доңыз жылы немесе Суқұйғыш шоқжұлдызы)

Көрмесе жеңіс – Ерге сын, Бермесе жеміс – Жерге сын. Адам деп арман берген соң, Желкеніңді жел керген соң, Қиялың қанат сермесін! Басыңменен қайғы боп Демесең тағдыр тергесін – Алдыға бастар, Аңсардай асқар Үмітің үзіле көрмесін!

  • * Қайтқан құстың қанатына қонақтап, Ағып өткен айдынында жолақ қап. Мұңын шертіп жүрегіме жаралы, Сағынышым тынышымды алады. Сайын дала жусаннан гүл тағынған, Қол созады бусанған құр сағымға. Мен сияқты күтеді ол да аңсарын, Тамшы бақыт тілейді ол да тамсанып.

Əлдилеген асыл əн Қосылғалы сағынысқан сыңар мұң, Елгезектеу болып кеткен шығармын? Екеумізден басқа оны ұғар кім?! Сол бір сəтті өмір бойы аңсаған, Қосағына қосыла алмай қанша жан, Жалғыз аққан жұлдыздардай самсаған?! Бəлкім біреу өте шықты қасымнан, Тамшы теріп жанарымнан жасыған, Селдей-селдей арнасынан тасыған?! Несіне оны.. Əрі кімнен жасырам? Мен өзіңе, Тек өзіңе асығам, Жан-жүректі əлдилеген асыл əн!

  • * Ақша қар, Аппақ, ақ қар-ау, Малынды саған бақ пен бау. Аппақ боп жата алмассың, Саған да жұғар дақ бар-ау?! Пəктiкке əлем зар ма екен, Ақтықтың шегi қар ма екен?! Жалғанда жалғыз кiршiксiз, Адастырмайтын Ар ма екен?! Түсiңе еш жоқ таласым, Санамда ақ боп қаласың. Адамның жанын ағартшы, Тазартып көңiл наласын!
  • * Қуанғанды қалаймыз, Қуанышқа құштармыз, Орап өткiң келедi ренжитiн тұстарды. Бiрақ жалған тiрлiкте көктемi бар, Жазы бар, Қосарланып қалмайтын қақап тұрған қыс бар, Күз… От күрсiнсем кейiме, Көкiрегiм ұлып тұр, Уа, Тəңiрiм, бақытсыз сəттерiмдi ұмыттыр. Арманың да – Алатау, Асқақтаған мұзарт шың: Күнгейiн күн күйдiрсе, Терiскейi тұнып тұр. Алдыңда да екi жол: Бiрi – күдiк, Бiрi – үмiт. Күдiкке ерсең – күйрейсiң, Үмiтке ерсең – тiрiлiп. Адасқанның айыбын бетке басу үшiн де, Болмысыңда əрқашан Болу керек iрiлiк!
  • * Келiмсектiң көсемiне шоқынып, Керi аққан күндерiме опынып, Отырғаным – Тосылып… Ол да тағдыр, Қажетi жоқ шошынып, Санадағы сiлкiнiске қосылып, Жолым жатыр жосылып. ……………………………… Алдым – жарқын, Осыны ұқ!
  • * Тағы да əйел алдайды: Атақты бол деп, Беделді. Маған – жан, Оған – мал қайғы, Күндерің кілең кедергі. Сезімің сенің бес тиын, Құлтемір болсаң – қолайлы. Деп едім назын естиін, Көңілімді əр сөз… Тонайды. Жақынның мына күйінен, Жүйкемді жеймін жегідей. Күйінем іштей, Түйілем, Шегіне берем, Шегіне… Жеңілу емес ол бірақ, Алайда ұғар жан қайда?! Кететін безіп – Жол жырақ, Жырақ жол мұрат таңдай ма?! Сонымен… Соңын күтесің, Қажет пе сол бір құрмалдық?! Төзімнің түгін түтесің, Үміт пе, Үміт – жүр қаңғып…
  • * Обал да бар, Сауап бар, Құдай да бар, Періштедей пенде бар жылай да алар. Сəби көңіл сергелдең болар ма екен, Тұнық бұлақ өзен боп ылайланар?!. Оразаның намазы тоқтықта ма, Жанар жанға пəк сезім оттық қана. Ізгі ниет сүргінге түсер ме екен, Жолға айналып сүрлеу де шоқпыттанар?!. Артыңда – күз, Алдың – түн, Сана – дауыл, Əділетке сəулелі дала да құл. Салт-дəстүрім аңыз боп қалар ма екен, Қала болған ауылда қарабауыр?!. Көрем, Білем, Түсінем… Үһілейін, Үзілмеген үмітті үкілейін…
  • * – Біз де өмірден көп көрдік, Бұл не қисса? – демеңіз. Торқалы тойды өткердік, Сексенге толып енеміз. Ағайын-туған, Дос-жаран, Мақтауды бірден бастады. Теңеуі қалмай қоспаған, Көтеріп қартты тастады. Алғандай бəрі келісіп, «Тойлаңыз, – дейді – тоқсанды». Үзілмей сөздің желісі, Тоқсанға келіп тоқтады. Енеміз сонда кейіді: – Тоқсаннан басқа сан жоқ па?! Бұзылған жұрттың пейілі, «Жүз жаса!» дейтін жан жоқ па?! Тосылды жұрттың біразы: – Емеспіз қарсы аса біз. Болсын тек Алла разы, Екі жүз, тіпті жасаңыз! Жүйрік-ау көңіл – Көк дөнен, Тəтті ғой өмір шіркін де. Тоқсан жыл… Жанға өлмеген, Татымай тұр-ау бір күнге?! …Ғұмырды жылмен өлшеме: Ұмытып дүние-жалғанды. Жүз жасқа мейлі келсе де, Таусылмас пенде арманы…

Үндi əнi Бiр құйылып, Бiр қалқып, Шымырлатып жүректi, Шырқалды əнi үндiнiң, Көңiлiме гүл ектi. Тербетiлдi толқындай, Өрлеп көкке, Шалқыды. Өртке өзегiм шарпылды-ай, Бар болмысым балқыды. Əдемi қыз ырғалды, Əрлеп əндi биiмен. Айтылмаған сыр қалды, Еске аламын жиi мен… Сиқыр едi бұл қандай: Алуан нақыш, Мың ырғақ. Перiште-əншi тұрғандай, Құлағыма сыбырлап… Жылатқан да, Күлдiрген, Əн менен би үйлесiп. Əлi ыңылдап жүрмiн мен, Алуан түрлi күй кешiп…

  • * Өмір саған келіп ем, Күнің болып күлмекке. Ережеңе еріп ем, Ілесіп ап дүрмекке. Дүрмек шаңға көмілді, Аяғы бар, Басы жоқ. Мансұқ етті өмірді, Досы жоқ та, Қасы көп. Сосын, Сосын… Жол іздеп, Жалыңа да жармасқам. Құрығымнан қол үзбей, Шықтым шыңға қар басқан. Шыңның да көп шатағы – Ызғары бар қаритын. Күн ұяға батады, Нұрын ертіп даритын. Қайттым содан қарманып, Қолдай көрші, Қуатым. Күнге аманат арманым, Ертең қайта туатын!

Тұсаукесер Нəрестенiң жанарында күдiк тұр, Кейуананың көкiрегiнде үмiт кiл. Жас сəбидiң кесiп жатыр тұсауын, – Оу, болашақ! – дейдi, – Бəрiн ұмыттыр! Бабаң ұғып айтқан екен шешiмдi, Ендi бiле бастағанда есiңдi, Той жасалып, Тiлектестер табысып, Ақ ниетпен тұсауың да кесiлдi. … Ескiлiктiң елесi емес, баяғы, Бұл дəстүрiм қанатын кең жаяды. Басы азат болуы үшiн алдымен, Азаматтың азат болсын аяғы! Алғашқы адым үзеңгiге ұмтылды, Тойға келген талай жүрек бұлқынды. Жолың болсын, айналайын, əмəнда, Ешқашанда ұмытпағай бұл күндi! Өмiрiңнiң өрiсiне еншi, бар! Пешенеңе жазылатын еншi бар. …Аярлыққа бармау үшiн ар аттап, Соңғы адымды сезбеген де жөн шығар?!.

Немере Ой, шiркiн Құдай неткен шебер едi, Табыс пен тауқыметтi тең өредi. Мауқыңды бiр бассын деп бере салған, Балаңнан жалыққанда – Немереңдi. Былдырлап «Ата» дейдi … Анық баймын, Қылығы қанат болып қалықтаймын. Бар ниет сол тентектiң асты-үстiнде, Àйналып-толғанудан жалықпаймын. «Бұл Сiздiң балаңыз…» деп «Алдайды» ұл. Бауырыма тығылар балдай ғұмыр. Мейлi ғой, Қалбалақтай беремiз де, Мейiрiм қанша искесем қанбайды бiр… Бiлсеңiз, Онсыз өткен күнiм – сағым! Сипалап алтын айдар – тұлымшағын, Перiште салды ма екен ауызына, «Жазушы болам» – дейдi Құлыншағым. Өмiрдiң жалғасынсыз кiсi – пенде, Жанымның дидар, Өңi, Түсi – менде. Тəубамды жаудырамын Тəңiрiме, Сапардың үзiлмесiн түсiнем де…

Екінші бөлім УАҚЫТ ҰҢҒЫСЫНДА

  • * Тағдырымның тергейтінін білсем де, Сұрағанды бермейтінін білсем де; Жылағанды көрмейтінін білсем де, Жыр қанатын сермейтінін ұққанмын. Қоңыртөбел күнкөріспен жүрсем де, Тектілермен тым көріспей жүрсем де; Шың-құзымды шын бөліспей жүрсем де, Түбі елімнің тыңдайтынын ұққанмын. Шабытымның шыңдайтынын сезсем де, Талабымның тынбайтынын сезсем де; Таланымның жырлайтынын сезсем де, Сағымның да сынбайтынын ұққанмын. Күнделікті думандардан безсем де, Сол думанды қуғандардан безсем де; Кейде-кейде... Туғандардан безсем де, Уа, жақұтжыр, Сені іздеп шыққанмын!
  • * Түніңіз не, Көз түрткісіз түнді емес, Қапаста да қараңғы деп күндемес, Бұл өмірде ақын деген халық бар, Жеке бастың тығырығы мұң демес. Жазғырмайтын ала құйын дауылды, Қасарысып көтеретін ауырды. Бұл өмірде ақын деген халық бар, Отыра алмас жаба тоқып жауырды. Тілдемейтін нөсеріңді селдеткен, Тұл демейтін аптапты да көн кепкен. Бұл өмірде ақын деген халық бар, Ұққан жанды сыйқыр сөзге шөлдеткен. Ұрыспайтын, ұрып кеткен үсікке, Құрыспайтын қара терге түсіп те. Бұл өмірде ақын деген халық бар, Жалғыз өзі жұртта қалған күшіктей... Кейімейді, Өзгермейді өлшемі, Сабасынан шығармайды төл сезім. Құбылмалы ақын деген халық сол – Өйткені, өзі – табиғаттың бөлшегі.
  • * Сыр да, Жыр да, Тіпті, қыр да самғайды, Ағып түскен жұлдыздай! Күн бе, Түн бе, Мейір мүлде қанбайды, Тірлік мойын бұрғызбай... Өң бе, Түс пе, Бітер іс пе – білмеймін, Жанғым келер жасындай! Елес Емес, Нақты белес – тағдырыма күл мейлің, Күткен əр күн – ғасырдай... Бақ та, Тақ та, Бар атақ та алдамшы, Баста мəңгі тұрмаған. Келер, Кетер, Сөйтіп өтер жалған бұл – Шарасыздық шырмаған...
  • * Түнерді тағы да аспан, Тек қана үміт-сəуле жылт-жылт еткен. Кім білген еңсе басқан, Күңгірттеу көңілім бе бұлт боп кеткен? Жөңкілдің қай жаққа енді, Кеттің-ау жай таба алмай сен де бір күн. Қозғадың қаймақ-шерді, Өтпек пе, əлде солай пенде шіркін?!
  • * Кеңістікті көктеген, Уақытты шектеген, Келімсекке «Кет!» – деген, Келешекке: «Жет» – деген, Түп-тамырды – тек деген, Бекзадасын – бек деген, Бабаларым емес пе?! Жалын болып атылған, Жұлдыз болып шашылған, Бес қаруын асынған, Дұшпанның құтын қашырған, Жауы келіп бас ұрған, Даңқын жұрттан асырған, Бабаларым емес пе?! .................................................. Бабам емей, елес пе?..

Ұят-ты! Ардақты еді алтыннан, Əр азамат талпынған, Көпе-көрінеу кейде мен – Ұяламын Салтымнан, Шөре-шөре қалпымнан. Сөзге ғана ілінген, Күс табаны тілінген, Көпе-көрінеу кейде мен – Ұяламын Тілімнен, Бодандығы білінген. Жон терісі жауыр да, Сор денесі ауырған, Көпе-көрінеу кейде мен – Ұяламын Ауылдан, Ауылдағы қауымнан. Азаттыққа сенгенмін, Пенделікті жеңгенмен, Көпе-көрінеу кейде мен – Ұяламын Теңгемнен, Жұрт доллардан кем көрген. Жүрегімнен мұң ақты, Таусылмайтын сияқты... Тізе берсең бірақ та – Ұяттан да... Ұят-ты...

  • * Қараңғылық сөгілді, Таңның сезіп тынысын. Алтын арай төгілді, Оятуға ұлысын! Жарығымен, Жылумен Тірлік сеуіп ғаламға, Көтерілді сұлу мең – Жалқын Күнім, Аман ба?! Жасыл жердің жанары, Мөлдірейді шықтанып. Иіді ме анары, Қарамашы сұқтанып! Саф алтындай құлпырған, Жайып тастап тұлымын. Зор мұратқа ұмтылған, Туды тағы Ұлы Күн!
  • * Үріккен Үркер-жұлдыздарым-ай, Құндыздарым-ай, Сиреген. Бəріне мойын бұрғызбадың-ай, Мұзды ызғарым-ай, Түйреген. Үміттің жібін үзбеспін-дағы, Сезімді қайтем күйреген?! Сарыла атқан ақ таңдарым-ай, Жапқандарың-ай, Түнекті. Көкірек көзін жаққандарың-ай, Аққандарың-ай, Түлеп бір. Арманым қолға қонбағанымен, Өлкеге өртең гүл ектім. Өмір-өзен-ай, Керме кезең-ай, Сезем-ай, заман, Зарыңды. Өзімнен қашып, қайда безем-ай, Жіберем қайда арымды?! Азуын Айға біледі болмыс, Естимін сазды сарынды...

Күйініш Қанды іңірде жалауын желбіретіп, Жүрегімді тырналап, Елжіретіп, Сағынышым қошқыл бір кешке айналды, Жанарымда моншағын мөлдіретіп... Көңіл-пернем келмейді... Бұрағанмен, Бақытты ешкім бермейді... Сұрағанмен. Сағынышым зарлы бір желге айналды, Бұрылмайтын бұрқырап жылағанмен... Алып қашқан арманым биіктерге, Түн қойнына құйылған киіктер ме?! Сағынышым кеудемде басылмайды, Тағы да ішім өртеніп... Күйіп демде! «Нұр жауады – Деуші еді,- Талапты ерге», Арман да жоқ, Жоқ енді талап менде! ...Көкірегімді кеулеген күйінішім, Басылмайды шермен де, Шараппен де...

  • * Ей, сырласым! Қиялдап, Заңғар көкті кейде айналып қайтамын. Сырымды ашып, Арманымды тұмарлап, Шындықты да шымырқана айтамын. Мөлдіреген қалпыммен Іңгəлаған іңкəрлікке асығам. Бал шығармын, Бəлкім, мен – Таң арудың таңдайына татыған?! Сауап-ау деп, Обал деп, Бар өмірім буырқанған бір демдей. Жұлдыз ба екем, Жоқ, əлде – Армандарды аялаған түндерде?! Тоным келте, Амал не, Қымтағанмен жөнді жылу жимаған. Кім біледі, Самал ма ем – Тіршіліктің тың тынысын сыйлаған?! Білуге де құмармын, Адалдықтың ақысын да төлегем. Мүмкін... Бүршік шығармын – Жанарларды қуанышқа бөлеген?!

Не болғанда... Ол, мейлі-ау, Тілегімнің тұғыры да əріде: Əттең! Қолдан келмейді-ау, Бақыт бағын... Сыйлар едім бəріңе!..

  • * Ей, бауырым! Қайғы-зарым көп менің, Көздің жасын көл де қылып төккенмін! Жорта-жорта пақыр болған азапты, Қорқа-қорқа батыр болған қазақпын, Көкіректе өксік болып өткенім. Ей, бауырым, Көктен түстім деп пе едің, Бірлігімен айбарланған текті елім. Сұңқарлардың сияғымен сұстансам – Тұлпарлардың тұяғынан ұшқан шаң, Түгендейді тарихымның беттерін! Ей, бауырым, Жерден шықтым деп пе едің, Көкте жүзген көрім-дидар кептерің. Арам ойлы көне дұшпан бас салып, Ала қойды бөле қырқу басталып, Шаңға батқан бетегелі бөктерің... Не көрмеді мына ұлы байтағым, Талай сайқал шаңырақты шайқады. Қырылсам да құл болуға көнбедім, Ұрынсам да тұл дауылға сөнбедім, Жөргегімнен ақиқатын айтамын. Даланы көр бұл қазақты кім десең, Дəстүрін біл бар болмысын білмесең. Айып етпе тарихымды жимасам, Айып етпе зар ұйқымды қимасам, Келешекке төте жолмен жүрмесем. Көктің ұлы, Тəңір текті ерке едім, Əділдіктің семсерінің серті едім.

Баянымды мойындаудан қашса жат, Аянымды өріп беріп таспалап – Шерімді де жан сырымдай шертемін. Түсіндірем, Мойындатам, Сендірем, Көндіруден көз ашпаған мөлдір ем. Өрлігіммен өрісімді қорғап қап, Ерлігіммен дұшпанымды торлап ап – Шыңнан шыңға шыға берем мен кілең!

  • * Кітаптан ғана... Сімірер шырынды, Сіңірер жырынды болмысқа; Ұмыттырды да қамшы-бұрымды, Əуезді бұрынғы – Жол нұсқар; Теледидарға – Экранға тоғыттық, Дірілсіз, Гүлдер мен құстарсыз; Қатыгез, Қанға қақалған соғысты. Түйсікке төккізіп құштарсыз; Төсектің тəтті, Жасырын сырынан, Көрпені лақтырып тастадық; Есігін теуіп... Ендік те ұрына, Кіршіксіз тұнықты ластадық; Жасанды бəрі, Жарнама ілгендей, Əсіре даңғаза шыңғырған; Фонограммалар санаңды тілгендей, Құлықсыз құлақты тұндырған; ...Аяғы ойлап, Басы билеген, Бейбастақ – осы ... Илеген!
  • * Дерексіз күндер дөңгелеп, Сағымға сіңіп жатқандай. Туған Ай – тілім əңгелек, Беймезгіл кезде батқандай. Дүрліккен нөпір анталап, Асыға шеру тартады. Ұмтылса-дағы жан сала, Кешігіп қалу бар тағы. Таласа таңмен түртінген, Адамдар бейне құмырсқа. Құлтемір болып... Біртіндеп, Құнығып алған... Жұмысқа. Кеңсеге жету қиын-ақ, Басталар тірлік осылай. Күн кешкен соқыр тиынға, Не дейін саған, Досым-ау?! Ұқсатпай жүрсек ұят-ты, Қайтеміз жұртқа соқтығып? Көшенің бойы сияқты... «Тығынсыз» тағдыр жоқ бүгін.
  • * Өмірің не – От-алау, Өлімің не – Түнек түн. Екеуі де қатал-ау, Сол екеуін күзеттім. Бірі – Үміт үзілмес, Бірі – Күдік күйретер. Бір-бірінсіз түзілмес, Бірін бірі үйретер. Жүрек қана қарысып, Тулайды да... Шаншиды. Кеуденің де тары шын, Тіршілік кеп жаншиды. Жағдай... Тіпті, тағдыр деп, Тірнектеумен өтесің. Қонбаса да бақ-дүрмек, Қаламайсың төтесін... Алла ғана ақиқат, Мойның мəңгі құрықта! Бар жол бастар бақиға, Аяқ – табалдырықта...
  • * Қазақта ақын жетеді, Сөзімен сана сілкіген. Малынып мұңға етегі, Жеріген жалған күлкіден. Сұлулық қана сертіндей: Істегі, Ойда, Бойдағы. Азаттық жоқ па еркінде, Кеткені жақсы қой бағып! Тірісі-дағы... Озғаны, Қоғамның мінін түзейді. Заманның өзі ожданын, Ақынға қарап түзейді. Жақтыра қоймас билік те, Қамшылап күнде жатқасын. Илікпе, ақын, Илікпе, Құдайым өзі сақтасын! Еселей түсер шаттықты, Сейілтсе ақын күмəнді. Баянды емес... Бақ, тіпті, Ақынсыз өмір тұманды...
  • * Аяқ асты келді де, Күз бақтарға шүйілді. Жетекке алған желді де, Қабағы да түюлі. Сан алуан түс астасып, Бəсекеге түскендей. Тұқырғандай басқасын, Сары бояу күш бермей. Қызыл түс те жамырап, Қырға өрлеп барады. Дірілдейді тағы да, Жапырақ-жүрек... Жаралы...
  • * Қар да жауды толассыз, Ұйытқыды боран да. Ойым да үт-жолақсыз, Мұң-көрпеге оранған. Сенім қанат қақпайды, Үмітімді өшіріп. Арман-ағыс ақпайды, Арнасында көсіліп. Жандыратын лаулатып, Шаттық қайда кешегі? Жанымды да жауратып, Бір ызғырық еседі... Өз заңы бар бағынар, Табиғатта айып жоқ! Сері күндер – Сағынар, Кеткені ме ғайып боп?! Көңілдің жоқ күрмеуі, Оны да шер алды орап. Сезіміңнің сүрлеуін, Тастағандай қар борап...
  • * Қазақ аз емес! Қанаттандырар құштар кем, Қаз болып самғап, Заңғардың жалын ұстар ма ем?!. Тəңірдің өзі, Рухымды сезіп сүйсінсін, Көкті бір тіліп түссем бе екем... Тұспалмен?! Қанағат таппай... Қайрала түскен құштармен?! Ешкім өтпеген, Ешкім жетпеген тұстармен... Тізіліп ұшқан, Көк төсін құшқан құстармен!
  • * Жалғыз жұлдыз мұңаяды көкте де, Беу, дүние-ай, Кім қиды оны өкпеге?! Аз күншілік, Алдамшы бұл өмірдің, Аярлығы жоқ деме! Жалғыз шырақ... Жағады əрі үмітті, Сенгендейсің... Төзіміңді түбіт қып. Атар таңды күтесің-ау, Бірақ та – Келешегің күдікті...
  • * Іздеп едім мен нені, Неге күдік дендеді?! Жоғалттым ба, Таптым ба, Жүріс мынау... Сенделіп?.. Ұғу қиын пендені, Төрт құбыла тең бе еді?! Адастым ба, Жеттім бе, Күтіп едім мен нені?! Кімді уақыт емдеді, Нені өзгеріс жөндеді?! Ешнəрсе де, Ешкім де, Жеңілген жоқ, Жеңбеді. Тосып жүрмін мен нені?!.
  • * Жетелеп желкен-талғамым, Жүректі жасын жалдадым. Сезімдей сырлы жырыммен, Көңілді көктей самғадым. Жырымнан шырақ жағылды, Ысырып тастап сағымды. Үкілеп үміт-пырақты, Бəйгеге қостым бағымды. Мұңына батып ғашықтың, Созуға қолды асықтым. Пысықайларды жасытып, Парасаттыны тасыттым! Азаттық жетті – Ту алдым, Қауымым үшін қуандым. Күйзелген қартты көргенде, Жанары болып суалдым. Тек сенім сағын жықпадым, Қиындық көп-ақ... Ықпадым. Обалдың қолын көтеріп, Сауаптың жолын құптадым. Əдетке сіңіп ғажайып, Үзілмес үміт, Азайып? Көз жетсе – жіті қарайын, Сөз жетсе – əлі жазайын!..
  • * Алты ай қысы Арқаның, Көрген бір түстей тарқады. Ақтүтек арман... Бар таңым, Мұңға да үміт артамын. Қиюы қашып, Құлазып, Көңілдің қошы жүр азып. Тозады бордай төзімім, Болайын қайтіп ыразы?! Қаңтар ма, Əлде, ақпан ба, Жаным бір тыным тапқан ба? Қандыауыз, Қатал қақпанда, Жүрегім жылап жатқандай... Күн өтсін, Өтсін түн, мейлі, Тағдырың көзге ілмейді. Тығырық кілті – тереңде, Мəнісін ешкім білмейді...
  • * Арманымның арғымағы, Ауыздықпен алысқан; Қияметтен қарғыма да, Жаңылма да шабыстан. Қанатың да талған шығар, Тұяғың да тоза ма?! Бəлкім, Ой да жалған шығар, Сенен де сəт оза ма?! Келешектің көкжиегі, Шалына ма шалғайдан? Заңдылығы бек жүйелі, Сені-дағы алдай ма?! Арғымағым, Арындап қал, Жүрісіңнен танба сен! Самғап көкте сабылмасаң, Уақытқа сенбес ең... Түсінемін, Шалдықтың-ақ, Бірақ, Бірақ... Қалмау шарт. Алда ұзақ жол, Самға, пырақ, Үміттерді жалғау шарт!
  • * Күз жаңбыры құйып тұр, Ызғарлы жел... Үдеген. Барша маңай бұйықты, Көңілдер де жүдеген. Қараңызшы анықтап, Жалғыз кемпір қаралы: Қол арбаға табыт сап, Молаға алып барады. Пешенеге не шара, Мезгіл ме бұл өлетін? Кім болды екен бейшара, Ешкімі жоқ көметін?! Жас па, Əлде, кəрі ме, Іңкəрлікті сезген бе? Тиын таппай дəріге, Өзі өмірден безген бе?! Кім болды екен, Қалай бұл? Тегі, өмір сүрді ме?! Зар жылатып талайды, Тірі өлік боп жүрді ме?! Ғұмыр бойы тер төккен, Əлде, адал пенде ме? Жалғыз ба екен жер-көкте, Жиналмаған ел неге?! Қалай болған күнде де, Ажалды кім ақтасын? Ермепті жан мүрдеге, Құдай содан сақтасын!
  • * Ей, Өмір! Шырғалаң сырыңды бүктің бе, Қажеті жоқ маған түктің де! Ендігі еркіңе көнбеймін, Жырыммен жанымды емдеймін. Білемін, Көңіл де желмейді, Себебін ұққым да келмейді. Безіп те жаңалық ашпаспын, Үркіп те, Қорқып та қашпаспын! Қимайтын сəт те көп, Əрине, Жаңғыра берер-ау зар илеп! Сеніммен аттайтын күзге де, Ұрпақтың үмітін үзбегей! Өкпесін тірліктің тепкілеп, Ауыр да, Дауыл да өтті көп. Бəрібір, Сауға да сұраман, Əйтеуір, Сен өзің тұр аман!
  • * Қаладан қорқам...

қорым елестеп, Баладан қорқам...

мейірі қатқан. Даладан қорқам...

сорым емес пе?! Санадан қорқам...

пейілін сатқан... Жүректен қорқам...

кеудені тепкен, Күректен қорқам... кəсіпсіз қалған. Тілектен қорқам... ашкөз боп кеткен, Түнектен қорқам... нəсіпсіз жалған... Қолдардан қорқам... жаға жыртқандай, Жолдардан қорқам... қиыс тартатын. Тоңдардан қорқам... алабұртқандай, Қомдардан қорқам... ұрпақ артатын... Тек үміт қана... сəулесін сепкен, Сөкпеші, нала, үркек боп кеткен...

  • * Əйелі бар көршімнің қыздай ғана, Өңі – сары, Көздері тұздай ғана. Бір міні жоқ бойында, Тек күлмейді, Не айтсаң да тіксініп, Сыздай қалар. Жүрісі де шіркіннің білінбеген, Ұры көзге зат қалмас ілінбеген. Танымасаң, Білмесең бір басқа ғой, Ал шын сыры құйқаңды тілімдеген. Жоқ, көкайыл емес ол, Сапылдаған, Өсегі жоқ езуден лапылдаған. Шағып қана алады, Зəрін төгіп, Беттен ала түседі, Жақындама! Сарын бар-ау, ибада, Қарым бар-ау, Мейірі жоқ əйел де жарымжан-ау?! Құлын мүсін, Қош көрік берген Құдай, Мінезіне келгенде – тарылған-ау?! «Мінез...» дерсің, Бірақ ең ерсі жері, Інішектің кінəсіз тершігені. Жөн сұрасу... қайдағы, Ұшырасса, Көрмегенсіп қашады көршілері.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙