Өлеңдер жинағы
Жұмекен Нәжімеденов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақстан Әнұранының авторы, көрнекті ойшыл ақын Жұмекен Нәжімеденовтің философиялық терең, өрнегі дара жырлар жинағы.
МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Далама қарашы.
Жерге дән шықты ғой,
Дән егіп терлеген,
Қазағым мықты ғой.
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін.
Туған жерім менің — Қазақстаным.
Асықты жүрегім.
Жарасып тұр елім.
Көтерді туларын,
Елмен ол тербелді,
Тербеле жырладым.
Қайырмасы.
Сабырлы көлім бар.
Осындай елім бар.
Ежелгі досыңдай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай.
Қайырмасы.
1961
БАЛАУСА
АЛМАТЫ
Жапырақтар, жапырақтар сыбыр-сыбыр кеңескен.
Қыз толқындар бірін-бірі шымшып күліп барады,
Айдалада ақбоз мінген Алатау бір ақ батыр,
Айналада тал-қайыңдар, тал-қайыңдар сапта тұр.
Қызыл гүлдер, қызыл гүлдер ұйқыда ма, ояу ма?
Бар табиғат — бір тіршілік, бір тіршілік баяғы,
Тартады ұрлап тамырдан нәр шіркін шыбық баяғы.
Біздің мынау Алматыда, күн жайлаған көшеде.
Қызуынан алма пісті — айқасқанда мың құшақ.
Көп қызықты қапылыста алмайыншы өткізіп!
Жұлдыз көрмей күндіз көрдім, күндіз көрем, әрине,
Түнде көрсем үндемес ем түсім ғой деп бәрі де.
Қыз толқындар бірін-бірі шымшып күліп барады.
Алма төске жас бұтаның саусақтары түр тиіп.
Алатаудың ақ қарынан әперейін балмұздақ!
* * *
Жалындап барды да батты күн,
Оның да уақыты болып қап.
Бұтаға сүйенді солықтап.
Қалың қау қалды ұйып — жабағы.
Аспанда дыбыссыз ағады.
Ұзын бел баурынан жарады.
Тауларды қусырып барады.
Мүлгіді, мызғыды кәрі ағаш.
Көк тасқа ұйықтады жалаңаш...
Сәуір туды, бұлттар аппақ, су аппақ,
Шұлғиды алқап әлдекімді қуаттап.
Кіп-кішкентай күн көзіне шуақтап.
Секір, толқын, шың басынан тік келіп!
Дәл қасымда еміс-еміс сыбдыр бар,
Жамбасымда шалғын жатыр бүктеліп.
Мен де титтей бір шыбық боп көктедім.
Мойындамай Алатау тұр жалғыз-ақ
Баурыңдағы Алматының көктемін.
Шығыс жақтан келсе дағы таң күліп,
Шығыс жақта сұрапыл бір шайқас бар:
Ұрды шапақ қара бұлтты қан қылып,
Қызыл гауһар сықылданды жай тастар.
Неткен дәулет!
Текшелеп тек жия алсақ!
Жетті, міне, жігіт-самал албыртып,
Бойжеткен-гүл бола қалды ұялшақ.
Кесті сәуле жапырақты пышақтап.
ала қанат көбелекті құшақтап.
Гүл, өтірік албыртпа бетіңді...
Бұдан бұрын жел көрмеген секілді...
Баурай бұлты жаңа көшті баяулап,
Медеу-сайдан самал есті жаяулап.
Осы бір кез, осы бір шақ аяулы-ақ.
Бала гүлді кім оятты, жел ме екен?
Сен кетпеші шыңды тастап, ақша бұлт,
Кету керек болса түбі — мен кетем!
Далиғанды — дарқандық деп таниық!
Бұлттар жүзді қаршыға боп қызыл төс,
Бұлттар жүзді қыран болып ақ иық.
Жүгір, самал, жапырағын ала қаш!
Неғып тұрсың, махаббатшыл дүние,
Келе жатыр сәуле-сұлу жалаңаш.
Су-бұлақты шым жібекпен көмкеріп;
Алып келіп уылжыған аспанын
Төбемізге қоя салды төңкеріп...
Осы бір сәт түсті жерге жалғыз із.
Алатаудай кәрі шалды әлгі қыз.
Көк балауса егілер,
Көгерер-ау тал, шынар.
Моншақ-моншақ тамшылар.
Сол тамшыдай дір қағып.
Сен қарайсың ұрланып.
Жайлайды ғой тау басын.
Бұлттар қайтып жаумасын!
АЯЗ-ЖЕҢГЕМ
Бозарды бет шымырлап,
Үлпек қарда ізім қалды қыбырлап.
суық жел тұр құлағыма сыбырлап.
өң бойыма ызғар шықты өрмелеп:
кешке жақын жанай өтіп көрме деп,
боз қырау тұр қыз әйнегін перделеп.
Өзім түгіл
Көзімнен құр қызғанып;
Күйеуі бар — ұмытқан ғой құдайды —
Қызартқанша бұрайды...
Дөң де жаңа, бел де жаңа, сай жаңа,
Желкеміз — шаң, маңдайымыз — жел ескен.
Кеше, дала, құла дала емес пе ең?!
Елең қағып айналаны тыңдаймын,
ойға құлап, қыраттарға асылып:
Төрт дөңгелек — төртеуі де асығып.
ой-хой шіркін, алдан ескен самал-ай!
Екіндіге барып қапты ағып күн
қызыл сәуле жамылды алап жағалай.
Мен аңсадым дамыл алар төрімді.
"түгеншекең" ауылы да көрінді...
Бала біткен шаттанды,
Төменде — олар, төрде — біз,
Кебежені ақтарды
Табақ алып жеңгеміз.
жазықта екен киіз үй.
Қасып тұрды мүйізін.
Көздер соны күзетші:
әрлі-берлі аттайды
ақ балтырлар, біз өкше.
үлдірікке бір барып,
қыз қарайды қымсынып,
біз қараймыз ұрланып.
сөз таппадық "емге" біз.
сезіп қойды жеңгеміз.
Айықты ойлар біртіндеп...
Ымырт жапты алқапты.
келіп қалды салт атты.
ит үре ме "үр" десе.
түсіп кетті бір кесе...
Бауырына aп тау мен қырды түн қызғанды,
тыныштық талды айнала қамады кеп.
Толқындар ұмтылады жабамын деп.
сайларға бозғыл сағым қалады ұйып.
жабысып жамбасына жабағы бұлт.
Ұшқыр болсаң, қара бұлт,
шың қабағын баспас ең!
Көк төсінде жаралып
Қайсар десе сенем бе,
ұялмайсың жылаудан.
керуендей жүгі ауған.
қойныңа енді кеуледі.
жүрегі жоқ кеудені!
Аттай алмай тау-қырдан,
шүйіліп кеп төнесің.
кімді қуып келесің?!
* * *
Осы ма қарашаның айы деген,
Су кетіп мойынынан қайың, емен,
үстінде тамшы аунайды жапырақтың.
сусылдап тастан сырғып ағады сел.
арада ұйтқып жүрді әзәзіл жел.
ТАУ БАУРАЙЫНДА
Жағалай жал, саған айтам!
Жылан қабық шұбар шыңдар,
Сендер де тас шығарсыңдар?
құр шіреніп жатамысың?
Шұбар шыңдар!
Жағалай тал, жағалай тал, саған айтам!
шұбар тасты ала құлап,
бұрқыраған бала-бұлақ,
Саған айтам, Саған айтам:
қайдан алдың — ойға қалдым.
түтінденген, секілді ол бір
жұлынған шаш кәрі бастан —
әрі өкініш, әрі дастан...
сай күңіренді, тас тітіреп.
бір сиқырлық — кереметпен,
буырқана тепті бұлақ
қара еменді қалтыратып...
толқын ұрып барады айдап,
Ақ қайың тұр қара байлап.
қалды бұғып қарағайлар,
Қайтара алмай бетін бәрі —
ала бұлақ секірді әрі.
бұл дүниенің мақтанысыз.
қояды тек бүркіп-бүркіп.
қайдан алдың — ойға қалдым.
Көз жасын сен пайдаландың?!
Жағалай жал, жағалай тал,
Жасыл әлем, саған айтам.
бір жауыныңды арна маған!
Бала гүлдей құлшынайын,
Құлшынайын, бір шығайын.
Жылап аққан жылғадай.
Шың басына бір қараймын,
бұлт астынан сығалаймын
күмбезіме салынбаған,
қамалыма алынбаған.
алып қашып көбең-көңіл
біресе сәл жоғарылап,
біресе сәл төмендедім.
Өрге қарап келем жүріп...
МЕНІҢ EЛІM
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Менің елім, менің елім — гүл елі!
Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді —
Шежіреңе ол өлең болып кіреді.
Менің елім, менің елім — жыр елі!
Қанат қомдап таң атқанда шығыстан
Торғайым бар қыраныңмен бір ұшқан.
Менің елім, менің елім — гүлстан!
* * *
Салқындап саясында самал-көлдің,
бұла өскен баяғыдан балаң менмін.
Сабылып, сағымды өлке, саған келдім.
Сен десем бал-бұл жайнап жанар жүзім.
бір ықылас — қолда бары,
әкелген базарлығым — сол болады.
ал қазір дала барқыт, дала — кілем.
Оралдым бір талаптың қанатымен.
жырым бар шебер қолмен өрілмеген.
өзінді елім деген, жерім деген!
ДАЛА
Кейде саған қараймын мен таңдана.
Дала, дала, сағымыңмен алдама.
Шықтым, шықтым неге болсын, бел байлап.
бәрін, бәрін, бәрін мен...
(Осы жолдың аяғы — арман, басы — үміт)
Мен дайынмын
Тауық болып теруге
өз тағдырым тары болса шашылып.
Жұмсақ ауа леп еседі өкпеден.
Менің бір тал үмітімдей көктеген.
Жарып шыққан осы өлкенің өзегін,
Кейде өзімді бір шыбық деп сеземін,
Қонған шақта
Мен де топырақ боламын...
Күй-жырыңды, сыйлығыңды мол таттым.
Мен де адасып,
енді ғана жол таптым.
Түйсігі бар тастың да,
тас та кейде жұлқынар...
көшкен елдің жұрты бар.
үгілген жапырақ бар бүгінде —
Жүгірме, жел, жүгірме!
Түнгі аспанның өрінде
ақыл, ойдың төрінде
ардақталған арман бар.
төгілмеген жалын бар.
бәрі де бар — алыңдар!
Қайрат, шыдам, ұстам бар,
салмақталған сабыр бар —
іздеңдер де табындар.
Қарашы, бұлт тиюін.
Табиғаттың биігін...
ҚОШАЛАҚ
жусаныңнан сынап-шықтар сырғанап.
жолаушыдай өте алмадым бір қарап.
көз ілдім мен төсегінде сезімнің.
тұла бойым тұтас құйған төзіммін!
Сен секілді мен де күнге күйіппін,
сен секілді жұпар жұттым, сүйіп гүл.
Сен секілді, таласамын — биікпін!
Уа, туған жер, сенде шың да, көл де жоқ,
ойым да жоқ сені өлеңмен "өңдемек".
дәл өзіндей!
Маған, сірә, сол керек!
ТУҒАН ЖЕР
Сайран керек асауға байланбаған.
балтаңмын тот баспаған, қайралмаған.
Өзіңмен келем толып — сәл орта едім.
Қойныңа тамар менің адал терім.
ҰСТАЗ
жылы жел боп маңдайымнан сүйіп ең.
Өзіміздің Алатаудай биік ол...
толқыныңның жалы жатыр Ай қағып,
Мен — жас бұлақ, үйретіп ең толқуды,
келем әлі белгісіздеу сайда ағып.
Шомылып мөлдір өзенге,
сергіп те қап ем оянып,
жауапты бір кезеңге,
Келіп те қаппын таянып.
қызылды-жасыл боялып.
Қуанып қалдым ой алып.
жетпейді ақыл-қиялым:
Күйдірем нені — от болсам,
су болсам — қайда құямын?
асығып келем, асығып.
ашылып келем, ашылып.
СОЛ ҮЙДЕ
талабым бар өрден-өрге тырмысқан.
нота-сызықтарға қонған үймелеп.
бірте-бірте биіктеген армандар,
Менің жарым сықылданған бір ару
Кесте тігіп жатқан шығар — бармаңдар!
аулай алмай бір әнінің шешімін,
Рояльда композитор отыр ма?
Бармаңдаршы, қақпаңдаршы есігін..
Күй жазады ол, жасырады мұнысын.
тынымсыздық, тынымсыздық— тынысым!
...Күн — әлемге, жер де күнге бір мықты,
Мықтылықтар алды суды, құрлықты.
Тынымсыздық жасайды ғой тірлікті!
Тірлік, тірлік, бейнетіңнің бәрі игі,
Қайратымды қара тасқа жанимын.
Бір отымның жанғаны деп танимын.
Ақ саусақ билейді,
билейді кәдімгі ақ мата үстінде.
көк ала кестелер түсті де —
Кестелер кенеттен тіріліп,
ну орман өсті де жетілді.
асып кеп құлаған секілді —
Көл ұйықтап көгалдың шетінде,
Мандайын жартасқа тірепті.
Тастар да толқыды, дір етті.
Кестелер көк ала, ақ ала... тағы бір қарашы, байыптым.
жағасын еске алдым Жайықтың...
Жарымның қолына қарадым:
кестені жап-жаңа тігілген
кер-дала жамылып барады.
сүр ине көк жіпті сүйрейді.
Саусақтар билейді, билейді.
ЖАРТАС
тапжылмайсың орныңнан.
кім екен сені қор қылған.
Аспан тұр ғой мөлдіреп.
"Кеудеме жапалақ көп қонды",— деп.
ізі қалмас жыл айдың.
сені көріп мұңайдым.
Аспанда күн барда, әлемде сыр барда
адамдар маңдайын жуған тер құрғар ма!
Беремін барымды, аламын жоғымды
екі қол, бір кеуде өзімде тұрғанда.
Ойға орта кеуделер жарайды күлкіге.
Аю ма, қасқыр ма, білмеймін түлкі ме?
Торғай да, торғай да көнбейді ырқыңа
Көк бұлақ, өлме сен көнбесең — бұрқыра!
Өлім деп нені айтқан—ұқпаймын, жоқ қайғым.
Аспанда күн барда, жерде ауа барында
ақ бұлақ, ақ құлап, арында, арында.
Аламын бәрін де, жұртым, тек тарылма!
* * *
Анау келген кім болды екен,
Батырлық па? —
Өз төрімде күтіп алам, түнетем.
Кім де болса алдамасын, алданбасын өзі де.
бірі кірлеп, бірі жуып кеудем менің аршылар.
(өз ойым) арман болса, өмір-бақи арқалайын, төзейін...
түсір жылдам, атын байла, қырауын қақ, тонын шеш.
жалғандық па — тулақ таста, сүртіп шықсын аяғын!
* * *
Болашаққа деген ізгі бір тілек,
арман, үміт күн кешіп ед бос қаңғып.
Өз арнаңда өлең ақты күркіреп.
Мәңгілікке айналғанның бәрі лұғат.
бәрін қосып жасапты ғой бір Байрон.
Шіркін сөз-ай, құдіретті ең сен неткен!
Мықтысың сен болаттан,
Осалсың сен шөлмектен.
...Албырт жандар күйіп-жанып, алаулап,
сол алаудан күй дәме етіп, ән аулап,
естілгенде бір ғажайып жыр үні
Тынып қапты бұлақтардың гүрілі.
Жерге жарық түсірді екен күн нағып?
Сол бір күннен қызулырақ жүректі
Ақын депті, ақын депті бұл халық.
асығыпты ақылға арман, ойға мұң.
Ол ызаны, мен мынаны ойладым:
"...Сол адамды жасағанда ақын ғып
Құдайға да біткен шығар батылдық!"
ТЕҢІЗ
Теңім менің — табынумен өтемін!
Толқын тулап жағаны асты, жарды асты,
Мөлт-мөлт етіп көбік-көздер арбасты.
Бұл теңіз бен аспан егіз, бұлт егіз.
Ұлылықтың, сұлулықтың даңқымен.
Бас ием мен сол даңққа амалсыз.
Амалсызбын — ол күшті де, мен әлсіз.
Дәл өзіңді теңізден де қызғанам!
Теңіз, теңіз, даңқ-атақтың құлы көп,
шынында да сен не тындырдың ұлы боп?!
жаралғаныңды ұмытпа тек тамшыдан.
басың сүйеп құлайтын
Қара жерің болмаса.
БАЙРОНҒА
Буырқана туды өлең
Сол ғасырда өсек-ғайбат гулеген.
атқан тастан Байрон букет жасапты.
Осы екен ғой ақын болып сөйлеген!
Көз алдымда от күреген алақан...
Кіп-кішкентай Британия аралын
тарсындың сен, жер шарына қарадың.
асындың сен грек қару-жарағын...
Шалшық болды теңізім деп жүргенің.
Алыс жаға көрінбек ед, көрінбек...
Бітті ақыры даңқты бір өлім боп.
Чайльд Гарольд, Чайльд Гарольд — көп өлең.
"Жүрегімді мұнда көмдім",— деген ең.
Байып қалдым, қиялға да жарыдым,
бәрібір сол тарқамады бір құмар.
мен біреудің жарымын —
Не жөнім бар мұны сізге сыр қылар?
Қай жүйрікті жаяу қуып жетемін,
Маған өмір босағасы тиіпті.
Өзім бола алмаған соң сүйікті!
* * *
Бұл не саған! Түк емес,
Шындық емес, сыр емес.
түсте көрсе — бір елес.
Сен де келіс мен үшін.
Қалпағым мен кебісім.
Күйбеңіммен жай күнгі:
Күйіп өлген кісі жоқ, —
Күлмей-ақ қой кісінеп.
азап шексем — сене бер.
Жүзе алмады кемелер.
Менің жалғыз білерім:
екеумізде екі жол,
бірақ бәрі — бір өмір.
өттім дедің — өте бер.
өзім бармын көтерер!
* * *
Айықпаған кезім еді ол — көңіл мас,
амандасуға созған қолыңды ұстап "қош" дедім.
өзім неге сол арада өшпедім!..
табарсың сен үкімін де шешімін.
Жүрегімнен ала алмаспын кешірім!
* * *
...Бір көктем пайда болды маңайымда,
Су іштім көлді шайқап, балдырын ап.
Ақ шашы кәрілердің қалды бірақ.
Тау жатты қара бұлтты қақтап еміп.
самал жел қыдырып жүр баққа келіп.
Мен ғана үйде отырмын күйбең-күйбең.
өлең деген бір қызға "үйлендірген".
Отырмын тар бөлмені ыза кернеп.
"Дәл қазір жанбасаң да қыза бер!" деп.
ой алсам оңай сөзбен — бәрі ұнатты.
көкейім сыр мен шуға жарымапты.
Күй ақты сай-жырамды толтырғалы.
қайтадан қағып алды толқындары.
Көлбеңдеп көл еркесі көгімде жүр.
Ұқсастық керек болса тегінде бір!..
МЕНІҢ КӨРШІМ
Білмейді әлде жек көріп те, сүйіп те?
Мен сияқты бойы аласа демесең,
ойы, сірә, менен гөрі биікте.
Жас баладай көкке қарап қуанып.
Үй алдынан өтсе ол күнде су алып.
Жылы сезім баурай берді мені ептеп.
Әкетеді күнде үйіне шелектеп...
Сенің шашың түн десем,
адасумен өтем ғой.
сенің күлкің екен ғой.
сенің лебің екен ғой.
сенің көлің екен ғой.
алақаның екен ғой.
дала таңы екен ғой.
Бұлт түйілсе кәрленіп...
Білмей жүрген екем ғой.
сенде де бар екен ғой.
...Сол бір кеш тілге келгенде
сертіңді сезгем мен сенің.
көтерші, бақыт желкенін!
Ондағы шөптер қурады
сан жылдың аштық есігін.
тербеймін ойдың бесігін.
бұлбұлдай сайрап үш, өлең.
сен үшін жерге түсер ем!
* * *
Қарайды қара көз ғана
айнасына да наздана.
жетпейтін сынды азғана.
Өреді қайта тарқатып,
Айнаға қайта бұрылды:
көкірек — биік, арқа — тік.
желкесінде тағы айна.
бұйра боп тұр қалай да.
өз ойын өзі құптады...
Бір қыздың жанын ұқпады.
Жарастық-ау анық біз
бір буылған гүлге ұсап.
егіз ұйқас жырға ұсап.
сенің көзің керемет.
екі кеуде не керек!
Керегі не енді үркіп,
қоңыр бұлтпын, ақ айым:
Қалғи қойшы — жабайын.
Ой салған із де не түрлі
өрістің шары секілді,
Сондай бір жолға түсіп ем —
жан-жаққа қашып құтылды.
шегіне көзім жетпеді —
алдымда жатыр ақ айдын,
қайда екен мұның өткелі?
тапсыншы анам мықты ғып,
Әкетпе, теңіз, кеудемді
Салынды шөптей ықтырып.
Дөңбекші, толқын, ылайлан.
Адамнан яки құдайдан!
* * *
Қандай міндет артар едің, жада күн,
Көктемеде бүр жарсам мен ашылып.
бұтағыңа ұя салар жас үміт.
мені сенім, сенімді мен әлдилеп,
Шаршармын мен, сонда дағы, туған ел,
бір бұтаңа сүйенермін қалғи кеп...
қалар алыс бұйра тозаң бұлдырап.
Ай астында ақ бұлақ боп сылдырап.
Самал, самал, сері самал, сал самал,
самал жұтып, сана жұтып тамсанам.
бұл өмірде бақытты екен қанша адам!
Соның бірі — мен емес пе, мен екем,
Еңбек, бейнет болды менің мерекем.
Бір тірлікті бәріңмен де тең етем.
Жер-анаға өзге өнерді бермепті.
бағзы біреу қинап аққан тер депті.
кептірмеші, тер құйылсын көзіме.
кешірмеймін (қайғым осы) өзіме!
* * *
Кісі бола қалғаным жоқ мен демде,
өз ойымнан өзім талай айныдым.
керек екен парасаттың байлығы.
жаңсақ алған адымыңды айыптар.
ескегің жоқ, таяғың жоқ, қайық бар.
иге көніп, иірімге бір шығып,
Бұралқы жел кетеді деп қайда алып,
жағалауға қарап қоям күрсініп.
кейде алысқа үрейімді ап жан ұшып.
толқындардың сақалына жабысып...
Тағы да, тағы да бір жыр бастайын,
тыңдашы, құрдас терек, сырлас қайың:
өлең бар әр бұтақта жүз жапырақ,
өмір бар жүз драма бір бас сайын.
осы ма, тіл мен көңіл, білгендігің?!
Ролін артист-сөздер ойнай алмай,
ақылдың жылап берді күлген жерін.
жаным бар шындық дарып, жыр ұнаған.
Үп-үлкен дүниенің сырына алаң...
Жалқы досым, келсе мені шын ұққың:
менің дағы көп мінім бар, жаным бар.
үрлеңдер де маздатыңдар, жағыңдар.
ұшамын деп ойламаймын желіңе.
сол күлдей ғып өшіріңдер мені де.
сол қатерді жеңемін де ендеше.
өзің де арзан, досым, болғың келмесе.
1962
СЫБЫЗҒЫ СЫРЫ
ҚАРТ ЖАУЫНГЕР СӨЗІ
Қара түтін, көз алдымда бұрымың.
Тірі қалдым, тірі қалдым — тірімін!
Жат өлкенің найзасынан андаған
қалды өмірім, қалды Отаным —қалды аман.
Сол өлімдер шашыратты қан маған.
Мезгіл тұрды сол адамға құн сұрап.
Ақырғы үміт қатып қалды жылтырап.
Еске аламын, көрген сайын көктемді.
Мылтық ұстар қолым да жоқ... жетті енді!
Мезгіл — жақсы... шын айтуға келгенде
Жаман ойға орын қалмас кеудеңде.
Ол күндері адам атқан мергенге!..
Бұл жердің ойға бөккен әр бұтасы,
Бұл жердің гүлі ұялшақ, арлы тасы...
Кейбіреу мәстек мініп қарғытады.
Зынданда жүрген жоқсың не түрмеде.
Өлмейсің — мен берейін кепілдеме.
Көзің бар — туған жерге қара тура.
Шаттыққа, қайғыға да қара киген.)
Болсын деп аспан асты ала-құла
Туған жер көл құйыпты табағына —
Әжімі түссін сенің қабағыңа!
Сен ексең жер бетіне бір шыбықты,
Ол өсіп бір бұлбұлды жыршы ғыпты.
Сүйрелеп шығып жатыр тіршілікті.
Уақытты құр мақтанға бермегенің.
Қайсар бол — дауыл күнгі көр де еменін.
Кеппесін табаныңның көні мүлде.
Хақың бар туған жерге көмілуге.
Төбемде бұлттар жарысты,
Төменде оттар жанады.
Көкірегіме қонады.
Мен тамырға тараймын.
Қабырғама қараймын.
Топырағыңа киелі
бір есуас түкірсе,
Ол — бетіме тиеді...
ЕГІН
"Егін!" дейді — бұл ғажайып неткен үн!
Сары бауырдай топырағына өлкемнің
Батырыпты әр заман өз кетпенін.
Кетпен ісі өнімсіз іс — баяғы іс.
Кетпен, Кетпен, саған деген аяныш!..
Көшкен құмға үміт, арман міңгескен.
Көп тіршілік үмітімен бірге өшкен.
Жер — бір ұя балапанын шайқаған.
Бабам еккен егіні деп айта алам!..
Егін атты аспаныма даңқ ілді.
Күнге қарай, күнге қарай талпынды.
Сөйлемейді жүрек жаңсақ, жан ағат:
Тойымсыздық жасап жатса бақытты,
Неге керек, неге керек қанағат!
Жалқау аяқ аса ала ма жыл белін —
Аяқты адам қанат бітіп ұша алса,
Ақыл-ойдан пісіп шыққан бұл да егін.
Анау таулар, мынау біздің төбеміз.
Туған жерге біз де бір дән себеміз!
Егін, егін, маңдайыңа сыйғыздың
Құдіретін жыршы жігіт, күй-қыздың.
О, не деген құнарлы едің ми біздің!
* * *
Осы жерде, осы жерде, өткен жыл
— Осы жерде үйі бар-ды досымның,
Кім қуды екен бөлме толы күлкіні,
Сол күлкінің тиген маған бір түні.
мына жерде — көктеменің шуағы,
Қара жерде толқынды жел қуады.
Сол будай боп ой да бұлдыр туады.
бұлдырама — күн ашық,
Дала жатыр көк жиекпен ұласып.
Одан әрі...
(Келешекке беріп жатыр ел есеп),
Келешекке қараймын мен бас изеп!
Шөп сылдырап—қайтты толқын таси кеп.
Кенет...
Сонау сайға аударыпты ол іргесін.
Салыпты әкеп миллиардтың эскизін:
Басым тұрса жаңалықтың салмағы
"Бір ләззат табады екен жан дағы!
Жасыл толқын қайтып жатты таси кеп.
Нағыз егін — екен ғой деп тіршілік!
* * *
Өткеріп сезімді күн, төзімді айды,
Сөзді емес, отырып-ақ өз төсінде,
Туған жер, ойланамын өзің жәйлі.
Жүректің жиып-терген жыры бітті.
Көтеріп жатқаннан соң тірі жүкті:
Ол жүгің... күліңіз Жер, жылаңыз, Жер,
Ол жүгің — мына біздер, мына біздер;
Басынан Алатаудың құлақ іздер.
Тек қана мені ұлым деп санар ма еді;
Сонау бір Қошалақтың құм шағылы —
Уа, менің көз жасымның тамар жері.
Күн күлсе — ол мейрімің маған ба еді?
Төбеңде тудым сонда нүктедей боп,
Уа, менің бақытымның жанар жері!
Көңілге тезірек қуат, төзім — қайғы.
Туған жер, ойлайын деп өзің жәйлі.
Жырлаймын — жараттың ғой жыршы қылып.
Далаңның қыртысына жүр сүрініп...
Ей, туған жер!
Біткен екен бас маған,
Сол басыммен өз кеудеңді жастанам.
Уақыттың дауылы айдап тастаған.
Орта жатқан сай-жырыңа төксін де...
Тербетіліп жатыр дала алдымда,
Толқын болып аунайды жел шалғынға.
Бұтақтарын орап апты талдың да.
Тұр тұтанып анау бұта, анау бақ.
Өз отына өзі қызып манаурап.
Бұл ілбиді бірін-бірі тарта алмай.
балаусаға батып қалған арқандай.
Сүт аққанда "Боз інгенге" ұсапты.
Көктем махаббатымен от тұтапты...
Көкжиектен көтерді күн кірпігін.
Ерке сұлу күле оянды құрбысы-ау.
Күн сәулесін қабыл алып тұрды тау.
Мезгіл келді сүйреп алтын шылбырын.
Арбасты олар әкетем деп бір-бірін.
Күзетіп тұр менің байтақ жерімді!
Көтеріп тұр күмісімді-көгімді,
Сәуле бұлтқа біздің туды байлады.
Сәуле мына жер-әлемді жайлады.
Көтер, жүрек, дүниені шабыт қып.
Көл шарасы жер төсінде ауытқып...
Кәрі шың риза боп өзіне-өзі,
Құшақтап қиял, мұңды көз іледі.
Тау оны түс көрдім деп сезінеді.
Кезінде көп сезімді дір еткізген.
Қайсарлық қашып кетер жүрексізден).
Табаны тасқа әр жерден бір-ақ тиіп,
Асығыс шыға келді ай далаға,
Аяғын әр бұтаның құлап сүйіп.
Туған жер, ол да керім базарланған.
Шаңдағы кеудесінің тазарған жан.
Болса да менен жақын түн-түнекпен.
Өзім мен оған аян бір тілекпен.
Ғажайып сыршылдықпен іргелесіп.
Көк бұлты жер бұлтымен бірге көшіп...
тау үстінен алтын арай
Түскенде көлге сырғып қалтырады-ай.
Тау қары қалай жатсын жалтырамай!
Қызығам:
төзбесе тас балқымасқа,
Менімен жұрты бірге, салты басқа.
Алатау ақ қасқа емес, алтын қасқа.
Кеудеде сұлулықсыз жан тұрмас та.
Көңілде — ой, алда — сурет, ән тұр баста.
Өргіздім Алатаудың бұлақтарын.
Келеді дәл осыған тұрақтағым.
табиғаттың көркеміне,
Осынау тірі тұрған ертегіге.
Өз қолым жапқандайын көрпені де.
тұнық сурет бұзылар ма,
Әлемде суретшінің ізі барда.
Көк бүршік боп көрінер қызыл алма.
ЖАЙЫҚ ЖАҒАСЫНДА
Асығып кейін қайтады.
Жасырып сырлар айтады.
Жабағы жалдар ұйысып;
Күледі тағы сыңқылдап,
Толқын мен толқын сүйісіп.
Қарайып барып тұтылды.
Бәрі жалған сықылды.
Жоқ шығар-ау, таласың.
Махамбет ердің жарасын.
Деміңді ауыр аласың —
Жалғыз сен бе жан ашыр?
Баласың-ау, баласың!"
Аумады көзім елестен:
"Жарасын жуып, өзің де
Жұтқан өзің емес пе ең!"—
Жайыққа жардан үңіле.
Жанарымның түбіне.
Ағады Жайық қарайлап.
Батырды еске ап бар аймақ
Бөріксіз, үнсіз тұрғандай.
МАХАМБЕТКЕ
Сондағы мұңды аймақта,
Қараған бұлттар дауылға
Қуасың деп қай жаққа.
Хандардың махаббаты ғой.
Жер жастанды ақыл-ой.
Тапталды жауға жаралы ер.
Қарманып жатты қара жер.
Жаңаның толқынды айбары,
Ескінің мұзды іргесін
Сең қылып бұзды, айдады.
Салмақтар кетті азайып.
О, ғажайып, ғажайып!..
Шашты бұлттар пұшпағын.
Айдады ақын дұшпанын.
Батырдың махаббаты ғой.
Көтерді басын ақыл-ой...
Жыр келеді жылды аттап,
жырларға жыл жол ашқан.
Тербетіп тұр көк аспан!
Тербеліп тұр шуақ жақ,
Тербеледі көлеңке.
Жыры тірі, Ол өлсе...
Жапырылған қоғаны;
Махамбеттің өлеңі
Зілзала боп соғады.
жыр да жазда көктейді.
Бір жыламай өтпейді.
Ескен желдің ермегі.
Гүл жылайды жердегі.
Бұйығып өтпек күндерге,
Түйіліп өтпек түндерге,
Күрмеліп шықпақ тілдерге,
Шешеннің көңлі бітпеді.
Жылдардың мұңын күн артқан,
Мұңсыз бір күнге құмартқан
Көсемнің көңілі бітпеді.
Көтеріп жүгін қайғының,
Көрсетпей мидың байлығын
Дананың көңлі бітпеді.
Сараңдық берген тағамдай,
Сұрағанын ала алмай
Баланың көнді бітпеді.
Сылтауын берді сол өмір,
Желкенсіз, желсіз кеме жүр —
Ақынның көңлі бітпеді.
Кеудеге сыймай тынысы,
Қолына тимей қылышы
Батырдың көңлі бітпеді.
заманға бәрі қамалды,
Қамалмаған адамды
Табанға салып бүктеді.
Қызық боп кезіп еліңді,
Қаптатып қара селіңді
Сенің де көңлің бітпеді...
Ағарған Жайыққа
Қонды аспан ақ-ала.
Қарайған жағада —
Сұр бұлттан бөлінген
Көлеңке сықылды:
Бір сүйіп құтылды.
Тынып-ақ тосады.
Кім айдап қосады?—
Әне, олар келеді
Тыныштықты үркітіп.
Қос ескек түр күтіп.
Жастықтың ауды есі.
Кетті гүл сәулесі.
Өз сайын қуалап;
Жапырақ астынан
Шық-көздер сығалап,
Жел есті бір өкпек.
Ойнайды жүрек тек.
Менде де сенде ме?
Арманға толмаса
Кеуде де — кеуде ме!
Былай дер олар кеп:
"Екі ескек болмаса
Біз екеу болар ма ек!"
Түн. Тымырсық, тымық түн,
Сыбдырға — сырына құнықтым.
Самалын, самалын жұтамын.
Қанша ауа жұттым мен — сезбедім.
Түн демі — өз демім.
Қарауды ұнатам әйнектен.
Өзіңе аз ұқсап туыппын!
Ұнайды-ау, ұнайды түнгі ызғар,
Түнгі ызғар туады жұлдыздар.
Ортада ақ марал айы бар.
Тұр, солай тамылжып төбемде.
Түспесін төменге.
Сәулелер қалады жолығып.
Қараңғы атаулы, тайыңдар!
Тайыңдар, тайыңдар, тайыңдар,—
Менің де жұлдызым, айым бар!
Жұлдызым көкте емес, кеудемде —
(Ой-толқын, малтиды айым да,)
Міне, осы біздегі айырма.
Өзіңе көп ұқсап туыппын.
Мен саған бүтіндей ұқсағам.
Туған жер түнісің!
* * *
Тау түнерді — мен де міне түнердім,
Су күледі — мен де қазір күлемін.
Бұл мінезді өзгеге де тіледім.
Сіз де қазір әлденені тілейсіз.
Жүдемейді бірақ анау дүлей құз.
Тау — көңілді, самал желпіп қалады,
Қараңдайды түннің мақпал балағы,
Балағында "құс жолының" жолағы.
Сезбеу үшін ол мәңгілік көз ілді.
Әйтпегенде жек көрер ем өзімді.
Жылжиды түнім, жылжиды,
Бу-айдында гүл жүзді.
Төбемнен өткен жұлдызды;
Батады жұлдыз, кәрі аспан
Батысқа аунап түсті бір.
Төменде оттар, үсте іңір...
Алдайды кейде арманмен.
Ұяламын-ау таңнан мен...
Келеді атып тағы да,
Ғажап қой дала таңдары.
Үміттің балапандары.
Жолды андап байқайын деп ем.
Арман ғып шайқайын деп ем!
Сарғайма, шығыс, сарғайма,
Күтем деп сен де күн өңін.
Сапардың сәті — тілегім.
Жанымда ойлар жүр ізгі.
Салайын деп ем бір ізді...
Болса да алап — ойлы алап,
Ағады өзен аңқылдап.
Жәудіреп қарайд салқын бақ.
Аспанда емес, мұнда тұр.
Сарқыты құсап шық жатыр.
Шыныңды ұғар жан қайда:
Боразда салса, бұл дала
Ұқсайды қатпар маңдайға.
Жасыруы мүмкін қиянат?
Осынау жерде ғасырдың
Ақылы жатыр ұялап.
Өз басыма қонбаса ол.
Үзіліп қалса —жол ма сол!..
Әр бұтаң болды баспана.
Сәулесі түсер тасқа да.
Мезгілін сезіп жығылар.
Тас болып не жыны бар?!
...Қоңырқай дала, баспалап
Өседі гүлдер — салқын бақ.
Ағады өзен аңқылдап.
Ойлану солай басталар.
Тастар да бар, бас та бар...
ДОМБЫРА
Ой туар жүрек түгіл, сүйектен де.
Ризамын сені маған сый еткенге.
Ізіне жыр сұлудың гүл шығулы...
Күлу мен үйреттің де күрсінуді.
Жанымның жазығына күй ектіріп.
Берейін жүрегімді тиек қылып.
Бұлақтар таудан ғана туад десек,
Ал, кәне, бір тыңдайық домбыраны,
Төсіне туған жердің құлақ төсеп...
Ақша бұлт аспан қаймағы,
Тыныштық балқып тұрды ойда.
Көкірек деген бір қойма.
Өтеді ай, күн оны аттап.
Көкіректерге қонақтап.
Ұшады желмен бұрқырап.
Құрығанда, болар бір шырақ.
Нөсер боп өлең төгеді.
Оның да көлеңкелері.
Көшеді күліп, күркіреп.
Адамға біткен бір тілек.
Қып-қызыл болып боялар.
Көз көрсе — басың ой алар.
Үлгерді бар күн сүйіп те.
Біздің де туға — биікке.
(Қабағыңды бер маған.)
Бір жадырап қалады
Жақсылық қылса
Жерде адам...
Өз мүлкімнің бір салмағын ұқса жан,
Одан сайын ауырлата жүк салам.
Қайыршының дорбасына ұқсаған.
Ақысына көкірегімнен от төлеп,
Алдағымды арман қылам алғанша,
Ал, алған соң, тағы қалам өкпелеп.
Талай ойды есік қағып ояттық.
Туған жердің әр бұтасын таяқ қып...
МЕНІҢ ӘЖЕМ
Міне, міне, менің әжем қазан асып от қойды.
Онда тағам аз ба, көп пе — ешкім оны сөкпейді.
Жата кетер құсжастықты шынтағымен бір түйіп.
Сонда әжем жүзі жайнап қалмас шаттық түрге енбей,
Бұл даланың барлық отын өзі жағып жүргендей.
Басар жеңіл, тізесінің сарсуы да білінбей.
Дастарқан да жайылар тез, шегіндіріп қонақты,
Жомарт қолдың елпілдеген алақаны сияқты...
Алғыс айтқан жұрттың сөзін тұрар әжем есітпей.
Онсыз да әжем бақытты ғой қонақ болса бір адам
"Қарақтарым келе берсін, келсін дейді ол, бәрі де",
Шыға беріп күлеміз-ау осынау бір кәріге!..
ЕСКЕРТКІШКЕ
Үнсізсің сен, үнсізсің ғой, тас тұлға.
Қартайдың ба, әлде әлі, жассың ба?
Не қарайсың, нені ұғады өз басың,
Өз өмірің, өз дәуренің озғасын.
Қайнап-қайнап қатып қапты-ау көз жасың...
Бұл заманда,
тез өлмекші ер неге?!
Бұзылар ед тас көңілің талқан боп,
Бұл жүректі салып көрсең кеудеңе...
Табаныңды жапсырдық та жерге нық.
Туған жердің алақанымен тербедік!
Кезектесіп бір қуаныш, бір қайғы,
Бірі сипап, бірі жанды тырнайды.
Осы жасқа аман-есен келгем-ді...
СУЫРТПАҚ
Сол жазуға жетілік шам түсіретін жарығын.
Қалтылдаумен өткізіпті ол өмірінің жарымын.
Су ұрттап ап әлсін-әлсін суыратын суыртпақ.
Бүкірейген саусақтардың сарқып барып қуатын.
Кәрі кеуде тыныстайтын бір басылып, бір шығып.
Отырғандай сезілетін тістескен бір тіршілік.
Жүрем мен де бетімде әзір әжімім аз болғанмен.
Қарттық емес, сараңдықтан қалтыраған қолдармен!..
Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан,
Көкжиегі келешекпен ұласқан.
Ұлы жердің кеудесінде гүл ашқан.
Дүниеде нелер биік — Ар биік.
Арманым ғой әлемдегі бар биік.
Көтерейін, көтерейін төзім ғып.
Күн батқанда — Күнбатыс боп көз ілдік.
Менікі ғой жақсы күндер алдағы.
Менікі емес, менікі емес қалғаны!
* * *
Алыста мұнарланған тау шындары,
Ойларым сен туралы таусылмады...
Келемін естірте алмай даусымды әлі.)
Сол тауға өрмелеген жол шұбалып,
Өрмелеп сапар шекті ойшы халық.
Мен үшін ең биікке қоншы барып.
Биіктер еншісіне тиіпті өлең.
Қарайды қарлы басын иіп төмен.
Ырзамын: топырағыма сен өскенге.
Еңкейме, мойның талар кеңескенде.
Ойларым тағы, тағы... таусылмады,
Жолым да таусылмасын... тұршы солай,
Алыстан мұнарытып тау шыңдары!
ЕЙ, ЖАС ӨМІР
Сенің қолың тереземе гүл еккен;
Сенің ойың жарып шыққан жүректен,
Ей, жас өмір.
Сенің күлкің, сенің күлкіңді ұнаттым.
Ей, жас өмір.
Сенікі ғой тұлпарлардың тұяғы,
Сенің ғана маңдайыңа сыяды.
Ей, жас өмір.
Ай тұрғанда түндерді ойлап қайғым не?!
Ай астында озып алған бәйгің не,
Ей, жас өмір?
Бағым болған мына жастық шағым да;
Саған, саған бәрін берем — қабылда,
Ей, жас өмір.
(Көрінбесе көңілдегі сөз ділгер)
Маған, маған ойланатын мезгіл бер,
Ей, жас өмір.
Бер демеймін, құсқа біткен қанатты;
Берме бірақ тоқтап қалар сағатты,
Ей, жас өмір...
ТЕР
Шіркін-ай мөлдірлікті ұқса жан!
Осынау сүйікті жерімнің
Шығына ұқсаған.
Тер ғажап, тер ыстық.
Келістік?
Өмір бір — мұхиттар толғағы,
Ұлы ғой ұлы өмір қашаннан.
Тамшыдан жасалған.
Көзімнен моншақтар секірді.
Арнасы секілді.
Тер — менің бақытым, қолдағы.
Шықпаса болғаны!
ЖҮРЕК
Шындықты жасаған елестен;
Алқына сыр ашқан Ләйліге
Мәжнүн, сен жүрек емес пе ең!
Өмір ғой, берді о да үзім нан.
Денемді шарлайды қызыл қан.
Бұ мезгіл жұқтырсын самайға ақ.
Келеді жаңа бір қан айдап.
Өмірдің тойына тоям ба.
Ей, жүрек, соқпай-ақ қой онда!
АҚЫН
Барады-ау, сірә, шалғайға.
Әжім боп қатты маңдайға.
Дүниені алға жайып сап;
Айдынға желсіз тасатын
Қарайды ол кейде айыптап:
Жыра мен жартас қолтығы;
Көбігі болса бұлақтың,
Толқыны қайда, толқыны?!
Толқынды тапсаң тауды ырғап.
Ойларға бөгіп, ауырлап".
Үлгермес ақыл оны екшеп.
Төгер ме ең, ақын, шелектеп!
Келеді оймен күн кешіп,
Жырына аздап жан кірді.
Қиялдың белін талдырды...
Қызықты ойлар жыр сала;
Аңсар ма ол биік даңқты,
Өзі одан биік тұрса да...
Тоя ма екен бұл дүниеде сырға адам,
Адам сырды адамдардан ұрлаған.
Үйретпекші баяғы сол бір надан.
Кетер ақыр баланы үміт шал қылып.
Үйрету де, үйрену де — мәңгілік!
Адам, адам, неткен ұлы жүрегің! —
Осы ғана бұл өмірде білерім.
Табамын деп білместіктің бір емін —
Міне, барым. Өз қырсығым, өз бағым:
Өмір болып, өлең болып қоздадым.
"Мен де"... деген қоса алмадым сөзді әзір.
Барлық "білем" "білмеймінге" қамалмақ.
Жұдырықтай басымен-ақ адамзат.
Өткеніме өкінбеймін санды ұрып.
Үйрету де, үйрену де — мәңгілік!
* * *
Сезімдер ғажабы
Ашудың азабы
Алқымға тығылып.
Қайтасың таси кеп.
Көнесің бас изеп.
Әлі де түңілме.
Жөн болар түбінде.
Жоқ-барды амалдай;
Алам деп бере алмай,
Берем деп ала алмай;
Көрінбей құтылды.
Көлеңке сықылды.
Бұл емес айтарым.
Мұны да байқадым.
Шағыну — бойға мін.
Өзімнің ойларым.
"Барлық гәп намыста!"
Шындықты сүйрейді
Қиялдан да алысқа.
"Өрмеле! Өрмелеп
Құласаң — құлай бер,
Құлауға да ер керек!"
Сусиды сынаптай.
Барады шыдатпай.
КҮНДЕР
Қараймын ғой тербетіле.
Жасырған ой, жасырған мұң.
Сендер маған үн бердіңдер.
Бұрқанамын қараймын да;
Құйындай бір тозаң қуған
Толқып, ойнап көз алдымнан
Сендер маған көп бердіңдер.
Кеудем — бүлік, ойран — жаным.
Күрсінді елдің бәрі маған.
Кімге қажет ойланғаным!
От шығарып толқынды ұрып,
Жанарына толтырды жұрт.
Тер болса бұл — жан шыдар ма!
О, туған жер, тер дегенің—
Саған әлі бермегенім...
Кетті ме еріп найзағайға?
Жел боп жерді аймалай ма,
Жапырақтан тайғанай ма —
Бар дейсің тек келер күндер.
Саған, саған барам, барам!
Тынбай соғар бұл жүрекпен,
Қылт етіп бір көкжиектен
Сонда ғана алармын дем.
МҰХТАР ҚАЙТҚАНДА
Кетті әйтеуір қош айтысып бұл күнмен.
Аспанының ақ иығын ілдірген.
Қараңызшы көкжиекке анықтап:
Күншығыс жақ арайланды, батысқа
Бара жатыр қара табыт қалықтап...
Туған жерден тамырымен жұлынып?
Кімнен ғана айырылдық, жұртым-ау,
Қара жалау қалыпты ғой ілініп!
Көңіл байғұс сол ақынды іздеді.
Жиі соққан көп жүректен біздегі.
Жүректерге тепті батпай сөз кейін.
Асыл кетті бір жапырақ бөздейін.
Көру үшін туып па едік молаңды.
Бір қалың том құлады да жоғалды.
Жыр туады, жыр туады бұрқырап.
Жел өшірді — жағып едің бір шырақ.
Ернім қалды сусын аңсап кезерген.
Мұхтардан да жүк қалғанын сезем мен...
Дүние неткен кең еді,
Мұнда— көктем, анда — қыс.
Махаббат, үміт — алданыш.
Қонысын тапты кеудемнен —
Өмірдің екі ұстазы,
Шәкірт боп соған келем мен.
Қарада — көктем, қарда — қыс.
Адамға біткен ар-намыс.
Бір майдан менің мекенім;
Тынбайды жел, тынбайды ән,
Сол әнмен еріп кетемін.
Жаңа егілген жас шыбық
Бәйтерек болып келеді,
Бәйтерек — Бақыт, жақсылық.
Туған жер-ата мықты ғой.
Қырсық деп аталыпты ғой.
Көрдім ғой кең екенін.
Дүние — менің мекенім...
Жапырақтар, жапырақтар саялы,
Жапырақтың төсінде шық таяды.
Жапырақтың бояуымен бояды.
Таптамашы, адамдардың аяғы!
Жастық шағым жапырағын жаяды
Жастық шақтың бұтақтары баяғы.
Қартайғанда болды ақынның таяғы.
Тағдыр онан таяғын да аяды...
* * *
Сыңсиды орман сағада,
Сағада құстар мекені.
Көтеріліп кетеді —
Алғаны қайда, алғаны?
Қылтитып қайық тұмсығын
Кезейді мерген мылтығын,
Жоламайды жақсы құс —
Қарғаны қайтсын, қарғаны!
Бас қайда болса — онда аяқ бар,
Сүрінген жығылып тояттар.
Ол жерден сапарын аяқтар.
Сен сылбыр болсаң, ал мен ерке;
Ей, өмір, бұл дағы өз заңың
Кейде үкі қыранға теңелсе.
Ол жылап, бұл оған күледі.
Тек қана қайғылы біледі.
Көл қайда — құс айтар бір хабар —
Ей, өмір, бәрі де өз заңың,
Бәрі де сен өткен жылғалар.
Іздері қаларын білгенмін...
Қай кезде қол қойып үлгердің?!
* * *
Боз торғай бұтаға паналап —
Майысып көтерді бір шыбық.
Осынау көркіңе, тіршілік!
* * *
Қызыл сөз, неліктен сұйықсың,
Көзінен өткендей селдірдің.
Өзіңе кімдерді сендірдің?
Сен дағы от беріп, сыз алдың
Жүректі мұздаққа шөгіріп;
Кетті ме ұяттың тогі ұрып?
Көк аспан, неліктен бозардың,
Анау не, жұлдыз ба, көзің бе?
Солар гүл, мұң салып сезімге.
Мезгілдің топаны шайды ма?
Әлде бір қарайған көңілден
Ағарып кеп қонған қайғы ма?
Көп көңіл шаттыққа бұрады...
Өзінше салтанат құрады.
БІР ӘНШІ
Мен білмеймін, білсең туыс... айт онда.
Босқа өткізіп сынамақ па бақытын?
Деген ойдан: ойнап тұрған жоқ па бұл,
Жұтқыншағын, жүзін көріп тоқтадым:
Көз дегенің шығып кете жаздап тұр.
Тұр алдымда.
Тыңдаса егер қол соқпай ма енді олар,
Әлде олардың құлақтары кем болар?
Қызық, қызық: жастары да, кәрі де
Құлақтарын басып апты бәрі де.
Құлақтардан босамапты қолдары...
Кеудеңді жап, ол шабытқа толмаса.
Бұлбұл деген бір мықтымыз болмаса.
ЖАР МАХАББАТЫ
Сәулешім, сонау кеште нұрлы аспанда
Қос жұлдыз ұғысқанда, ымдасқанда,
Жерде — біз, егіз жүрек жүздеп соқты,
Еріншек аяғымыз бір басқанда.
Аттаудан жаңылмайтын аяқ бар ма.
Құтырып асау-топыр ой ақты онда.
Сондағы қуанғаным — күрсінгенім.
Көтеріп қос жүректің дүрсілдерін.
Сол дүрсіл жазды өткізді, күзді өткізді.
Сол дүрсіл туған жерге із боп түсті...
Бастық біз енді жерге үш түрлі ізді —
Үш өмір көтерілді көк жиектен
Сәулешім, көрдің бе анау үш жұлдызды?
Сәби ғой бұл тіршілік — біз құндағы...
Көбейсін мына аспанның жұлдыздары!
* * *
Жан жарым, түбінде сол көк теректің
Өзіңді сүйдім алғаш, өкпелеттім.
Кезінде жас үзілді кірпігіңнен.
Жер дағы сезімдерді тербетісті.
Біз бердік айырбасқа балалықты.
Келеді кеудемізде басқа от жанып.
Жазғы кеш, болса да гүл баяғыдай.
Дәл ондай күйдірмейтін секілденді.
Өз бейнең өміріме тұрақтады.
Алыстап кеттік қой біз көк теректен.
Жастықтың адастырмас маягі боп.
Басқа қыз тамшы жасын тастады үзіп...
Мінезім жеңілдеу ғой кейде менің
Күлгенім, күрсінгенім, сөйлегенім —
Бәрі де көрінген-ді саған жұмбақ,
Екеуміз таныс болған сонау жылда-ақ.
Білсеңші әзіл кімнен, жала кімнен,
Бала боп ренжітсем сені кейде,
Үлкен боп жұбатып та аламын мен.
Деймін мен: "қалай табам жарасуды?"
Әйтеуір әйел болып жоқ демейсің,
Сүйесің, үйткені сен өкпелейсің.
Кеш, сәулем, аңқау болдым, аңдыспадым.
Кеш, сәулем, дей беремін, дей беремін...
Мінезім осындай ғой кейде менің.
Жанарың, қалқа, жасырды
Оянған ойды тезінен.
Үмітім деп сезінем.
Тұп-тұнық боп жатады.
Сол тұныққа батамын.
Қойған әлде жан ба едің.
Қарап тұр ма әлде кім?
Көлеңкем түсті бетіңе,
Айдын болдың — айыбың.
Тоқтады менің қайығым.
Ұғыстық... тентек жүрек көнді саған,
Көндім мен, болмасам да көнбіс адам,
Жарасып қалды екі жан, екі көңіл,
Бірі — көк, бірі мынау көлге ұсаған.
Ұғыстық ұзақ жүрер жолшыдай-ақ.
Бірігіп қуатұғын аңшыдай-ақ.
Екеуміз бір бұлақтан жүзіп іштік.
Бір бұтақ жемісіне қызығыстық...
Әйтеуір біз ұғыстық, біз ұғыстық.
ОҢАШАДА
Кеудемді ойлар кернейді.
Жүрекке маза бермейді.
Артықтау кетсем — ұялма.
Өртеніп ұшты қиял да.
Жалыннан ұшқын тарады.
Үмітім кетіп барады.
Аржағында түн жүзді.
Шаңына тастап жұлдызды.
Әр бұрыш мүлгіп тұр үнсіз.
Тыныштығыма тынымсыз.
Жалғыз да болған жан емен.
Тыныштық, арман және мен.
ҚҰРДАСЫМА
Бауырында туған төбенің,
Өзіңді-өзің ұқпасаң
Сені кім ұғар деп едің!
Өзгені сөктің "жасық" деп.
Қолдағы барға ғашық боп.
Ғашықтық жаман кей жерде.
Жеп-жеңіл өтем дей көрме.
Ғашықтық жатар көзде де;
Алысқа қара, бол ғашық
Өзіңе емес, өзгеге.
Көпірте берсең — оңдалар.
Сенде жоқ желік — онда бар...
Ағарған жоқ қой шаш әлі,
Үйреніп бітсең әуелі,
Үйрету қайда қашады?!
Ауруыңды емде, демші адам.
Не айтар деп ең мен саған!
Ұшқынды алсаң беріп от,
Сөнер ол самал ескенше.
Артыңа қарап өскенше.
1964
ӨЗ КӨЗІММЕН
Әдемі үннің әр тамшысын аулап ап,
әлдеқайдан тартады әнші саумалап.
бір жақ ұшы сонау асқар тауда қап;
Үзілмейді, ән шұбалып тұр қалғып,
әр көңілде аунап түскен сырды аңдып.
әнге балқып босаңсыған кезінде.
жарысты ойлар бір-бірінен озғалы.
Қайдағыны қайдан ғана қозғады?!
Ән желеңін жел иығы бос ілді,
сөйтіп бұл ән желге мініп жосылды.
ән біреуге салмақ болып қосылды.
ез тыңдаса — ежегейдей жасыған.
Бір қайрылды Алатаудың басынан...
ән жанымен тосамын мен дос алдын.
өзін салып берсем қайтед осы әннің?
Дымқыл жапырақ майыстырып талды иіп,
Жасыл бұта бір-бірінен сәл биік
Көктем, көктем... тал басына қалды ұйып.
Қаңсып қалған тамырларға қан құйып.
Тіршіліктің таңдайы үшін бал жиып.
Тәттілерге ауыз неткен өш еді —
Өздері жеп бітірер ед жиғанын
бал екенін білмей жүр ғой деседі.
Өз нәпсіңді жүрсің бе әлде тежеп шын?
Өмір бойы араға ұқсап бал жинап,
Өзің оны сезбегенге не жетсін!
AHA
бесікте — бөбек:
Бірі тербеледі, бірі тербетеді.
Анаға жалғыз, сол жетеді.
Тербейді Ана әлемдегі күлкіні,
Нұр себеді аналардың кірпігі
өліге де ояуға,
біреу үшін аяуға.
тербейді Ана — тебіренеді жаны шын.
Барлық әлем — бір-ақ бесік Ана үшін.
Сол арқылы тербетеді өз елін,
Құмын, тауын, өзенін.
Планетаның алақаны сияқты...
Өткен күндер көп шытынып қабағын,
Маңдайыма түсті содан көп әжім...
көру үшін аспанның да қабағын
Түн түнегін көрмеу үшін кірпігімді жабамын.
Көк бұтақта ақ көгершін бола ғап
Отыр біздің үміттер мен қанағат.
Замана тұр сол сәбидің жанарына паналап,
Бейбітшілік керек бізге мәңгілік!
Ой күлінен тазарып ед көп кеуде,
деуге.
ерікті ғой жасыл бұта бұдан әрі көктеуге:
Бейбітшілік керек бізге мәңгілік!
ЕГІЗ ШУМАҚТАР
барлығын да өмірге өзім әкелдім.
шақ болғанға киімдері әкемнің.
бар мәнімді мазасыздық жеңгенін.
шыбыртқысын ұстау үшін Абайдың...
төрт жүзі бар екі қанжар мендегі
қырланады қырсыққан бір шағымда
сегіз бөліп кетемін деп кеудені.
Бір қанжарды жауыңа арна деседі.
Бірі менің өз басымды кеседі.
Мен үш-ақ күн өмір сүрдім туғалы:
дүниеге келген күнім — бір күнім,
Ең үлкен қол — заман қолы — алды жерден
планетаның ең кішкене тұрғынын.
мас қылған күн махаббаттың шарабы.
суитынын ұққан күнім болады.
Сағат байғұс тұра алмайды бір үнсіз,
тық-тық етіп минуттерін санайды.
өзгенің де тыншымауын қалайды.
жалығады жамбасым да төсектен.
санатуға уақытымды бос өткен.
Қос қанатын қиып алып байғыздың
қырандарға берсек егер ұялмай,
қыран болып сілтер қыран бәрібір
байғыздың да қанатын.
жаман аты — сол баяғы бір жаман.
қонды ол барып бәрібір сол мұржаға.
менің кеудем екеуінің мекені.
Бірі менен өз еркімен кетеді.
бір орынға тағы екеуі сыймайды.
Күні-түні жұлқылайды, қинайды.
Мен егерде бақыт болсам,
ең әуелі қадірлер ем өзімді.
Содан кейін... сыйлар едім сезімді.
жұрттың бәрін таң қылып.
және сонда қалар едім мәңгілік.
Мен көлденең тұрар едім тас болсам,
ауыздарға өсек-ғайбат түтеген.
сұлулардың кірпігіне бітер ем.
Тамар едім нүкте боп...
Ақымаққа қояр едім бітпей-ақ.
Алтын деген шыдамды ғой шындықтың дәл
біреу іздеп тапқаныңша — жатады.
Алтын деген атағы.
Алтын деген атағы да іренді.
Сол секілді дананың да аты кезіп жүр елді,
өзі бірақ жатады ылғи табытта.
Теңіз болса сұлулық
кемесіз-ақ жүзер едік біз
онда:
поэзияға айналар ед азаң да.
Болса-дағы қаншама мол, қанша көп,
сұлулыққа құмартқан көз-оймақпен
әлдеқашан құйып алып таусар ек.
тойдыра алмас менің кисель-сөздерім,
Қанатымның қауырсыны қатты ма —
ұшқанымның өзін кейде сезбедім.
тою деген қасірет емес, қой әрі.
ал, қарындар — кисельге де тояды.
Қызғануды ұқпаушы едім бұрын мен,
көрші қызды қызғанбаса болмады.
менің сезім-саусақтарым ойнады.
қос күйікті көтеріп жүр бой әрең.
Екі есікті күзеттіріп қояр ем.
Көкірегімде бір сыбыр бар, дүбір бар,
Сайысады сабырлы ақыл ашумен;
Сезім мен сыр, кәне, сыртқа шығындар,—
Сендерге ие бола алмаспын асыл мен.
Біреуін де қолдамаймын тегі мен:
Екеуінің жеңсе дағы қайсысы
Бәрібір — мен жеңілем.
Наполеон етігінің сыңары
"Ұмыт қалған" орыстың орманында.
Гитлерге табыс еттік оны да.
Сары тарих, сарғайған құр сүгірет. "Ұмыт қалған" түгі жоқ.
жарқ етпей бір қалам ба?
Жақсылықты көру үшін жердегі,
Жақсы болу керек екен маған да.
Жан емеспін мен өлі.
жақсылықтан үш айналғым келеді.
Сұлулықтың құлпырады бояуы,
Қандай бояу? — сезеді оны жүрегім.
Тек әйтеуір сұлу екенін білемін.
күйші соны қанша шебер жырлайды.
бір-ақ рет ұстағанға тұрмайды.
ӨЗ КӨЗІММЕН
Көк аспан,
Күн жанып тұр сұрапыл —
тіршіліктің үш негізі бұл берік.
Көре алсам-ау соның бәрін үлгеріп...
Осы көзбен — енді неге жаңылам!
Содан кейін... туған жердің үстінде аспанымды танығам.
Көрер болдым көрші қыздың бұрымын.
Екі бөліп көк аспанның күмбезін.
Көріп отыр кабинетті, кілемді.
Жоқ, өлген жоқ, бәрі маған тиелді.
Менің санам — естеліктер жинағы.
Осы кезде тұрмаса
ана байғұс, аспанымның дидары...
ТЕҢІЗ ТУРАЛЫ
теңіз болса табар ма еді жан шыдам.
мен теңізді құям деймін тамшыдан?!
Теңіздердің құдіретіне елігіп,
толқып, толқып аламын.
мен — теңізді көтергендей боламын.
теңіз жатыр басын сүйеп даңқына.
сол жарайды, тым құрыса, тамшыға.
толқындардың шашы ағарып кеткен бе?
Адам жанына үңілуді білсеңіз
таңданбайсыз теңіздер мен көктемге.
теңіз жәйлі шертіп жүрміз шын аңыз.
оның даңқын шығарған да мына біз.
теңізде де тұтастық жоқ — дәл шыным.
Білсем деймін қасиетін тамшының!..
МЕНІҢ ҮЙІМ
Төрт қабырға, қос терезе, сырлы еден...
күннің нұры,
шамның нұры бар тағы —
бірі жанса,
бірі солғын тартады.
Төрт қабырға...қос терезе, сырлы еден.
ал анау
керек екен шкафты да бағалау.
бұдан өзге түк көрмедің бе үйімнен?..
Өсек айтпа, ей, досым,
Сен қоя тұр, менің тілім сөйлесін.
көрмедің бе қанағаттың бейнесін?!
Айтып ең ғой кейде мақтау,
кейде сын сәбиімнің көріп тұрып жейдесін.
Намысшыл бір тіршіліктің бейнесін!..
күн нұрындай қуат табар қиялым.
күннің нұрын жүрегіме құямын.
ал, шам нұры жасанды ғой, жасанды.
жасандылық жайлар екен қашанғы!
* * *
Жүрегінде бір тамшы қан болса егер,
бар денеңді айналып ол жол шегер.
туған жердің тұла бойын аралар.
күрсіну мен сүйсінуден құралған.
нені қусам — сүйем соған жетуді.
бүкіл дүние жүрек құсап тоқтап қалар секілді!
* * *
Несібесін шоқып терді ел тары ғып,
тары десе — қарайды елдің бәрі ұғып.
...Соның, бәрін жеңіп келсең, кәрілік,
керегі не тарылып.
күйіңді әкел, үйіп-төк,
ән мен күйді тұр ғой анау сүйіп көк.
Алатауға тағы...
еңсе қалсын тағы да бір биіктеп!..
ОРМАН
ну орман — баяғы ну орман:
Кей бұта көгеріп, кей бұта қуарған.
тербейді қайғысын, үмітін.
қарайды қабақпен қабарған.
қалтылдап аулаққа бара ма!
Ну орман — көп тілді бір орман,
мыңдаған бұтақтан құралған.
Мың бұтақ тілінде сөйлейді бір орман.
ойлары тұрғанда қойылмай:
шөбіңді ор, қойың жай.
Сабырлы адамның ұшқалақ ойындай.
орман тұр алды —қол, арты — алап;
Мәз боп тұр көктемді көтеріп,
көкжиекті арқалап.
Ну орман тұр сыңсып.
жел есті желпініп, тыңайып.
орман боп мұңайып.
кеуде боп күрсініп жүр кейде.
Біреулер күлмей ме?!
* * *
Сенің, туған жер, деміңді бір алған
сеземін мен таңғы самал, мұнардан.
көкірегің
шоқалдар мен төбелерден құралған.
дарының мен арыныңды сезем мен.
аунап кеткен қасіретіңді білем мен.
О, туған жер.
қиқым ой мен қырсық пиғыл тозаңы.
соны көріп менің де арқам қозады.
О, туған жер.
іш қазанын жалайды ыза от-тілмен.
біреуін де өтей алмай өттім мен?
Жоқ, өткем жоқ, өтпегенде қалды нем!
жиырма бестен өттім елдің алдымен.
ең алдымен соғар ма екем санды мен?
Осы ойлармен атты әнеки, таң дағы,
Тағы бір күн келе жатыр жанғалы...
бірақ менде қалады екен салмағы.
Күркіреген толқындар,
осынша үнді барады өзен қайда алып?
Мұнда қандай құдірет бар мен тыңдар,
Жақпар — жадау, түк сезбейді дөң үсті,
ал, баурайда көп толқындар төбелесті, өлісті..
Келісті.
Алға жүру керек еді маған да.
көп толқындар кетті ағып...
БУЫН
әкелді екен жырға не.
ал егерде он бес болса қайтеді?
Жоқ!.. Болмайды — болмайдыға көнбес те ем
Абай аға жазған болса он беспен.
алтау болса — жетеді.
(мазақтауға болады ғой бірақ та).
"Мен сәлем жазамын".
сол бір сыншы жолдасқа:
мазмұнда екен бар керемет — байқадым,
сыншыда да мазмұн деген болмас па!
шыға келді тағы алдымнан білгірсіп.
дау соғады: жақпайды деп құлаққа.
мен батыппын босқа ойға.
Бірақ Бас қайда!
* * *
Тұрмыз, міне, вокзалда... ал,
әлдебіреу жалтаң-жұлтаң қағады,
сықыр еткен кей ботинка табаны
жұртты өзіне бір қаратып алады.
Ел тып-тыныш.
өсекші тұр білгірмен,
көңілдері тұрады тек өрепкіп.
Талай көзден әрі де өттік, бері өттік.
қара шылым сыйлап тұрды бір қысым.
қайта тауып табысатын күн бүгін!
Ал, мыналар бір қалада жүрсе де
өте сирек көреді екен бір-бірін.
білер еді-ау бокалдардың толысын.
ғашықтарша қымсынысып тұр жайсыз,
бір-біріне жымияды ыңғайсыз...
тос! деуге де ыңғайсыз,
неткен тірлік тұрлаусыз!
Әлі тұрмыз вокзалда.
қарсы алған жұрт — сол қалпы —
біреу тауып,
біреу жатыр жоғалтып.
батар мұң жоқ не малтып,
бір бұрышта жаудай қарап жолдасқа
бөтелкенің аузын сүйгеннен басқа
тимеді-ау, дос, саған түк.
Жұмыр жерді түгел көріп өтем деп,
Мен отырмын бір төбені мекендеп.
Мында келсем ана жақты көрмеймін.
Бір мезгілде бәрін қалай көре алам?!
Түн болсам да көрер ем тек бір бетін
Күн болсам да көрер ем тек бір бетін.
бар жағынан бірдей көріп тұрар ем!..
Тамшы терді сығып алып денеден,
жұлдыз қылып жағайыншы деген ем...
Тегенеңде құюлы екен көп өлең.
құйылып тұр, құйылып тұр не керек!
Жер ырысын беркіттік біз шамдармен
көшелерді қатар-қатар шегелеп!
тыныш түнде тұйық қызды күлгіздім.
сәулесімен араласып жұлдыздың.
Әр тірліктің жұлдыз болып күлді ізі.
Одан да көп біздің жердің жұлдызы!
Көкте жұлдыз, жерде жұлдыз — бәрі ұшқын,
жұлдыздардың сәулесімен жарыстым.
жер мен көктің арасында бір гүлсің.
жалғыз ғана дір еткенін жыр қылсын!
Көз алдымның бәрі жұлдыз — бір керім,
көк болды ма жер деп менің жүргенім!
соның бәрі өтеді адамдардың жүректері арқылы.
Таспа тіліп жүрміз көп —
сом балғадан ұшқын ұшты жұлдыз боп.
Жұлдыз болып терім тамды маңдайдан.
КӨКТЕМ ӘСЕРІНЕН
жасып қалған секілді алап, маңай бар.
Кәрінің де ақылы жоқ абайлар.
желпінетіндей биікпін деп, мен сенен,
мен де терек жапырағы боп сылдырап,
мен де еменнің бұтағы боп теңселем.
әр қилы,
әсері де ән күйдің:
ақ гүлдердің арманы боп ашылып,
қызыл гүлдің қиялы боп қалғимын.
мына қырдан ана қырға қақтығар.
өрепкуге дайын тал мен терек тұр.
фонтандар тұр көкке күміс бұрғы сап.
газ-орамал жамылғанға тұрды ұсап.
Шығыста шабысады арайға арай,
арай да шабысардай абайламай.
ентелеп күншығысқа қарай-қарай.
секілді сенім тауып топқа кірген.
Алатау секілді бір ноқталы інген.
көк терін кептіреді желге омырау.
құлады көлеңке боп көлге мынау.
қомдығын Алатаудың жастанды кеп.
Тағы да бір тамаша басталды деп.
Бірге алып мұнарды да, тұманды да
ірмеліп дөң-белімен бұраң-бұраң
Күн бата — күнбатысқа көшті Алатау,
Таң ата шығу үшін күн алдынан...
ТАУ ТОЛҚЫНДАРЫ
қарайды тау қарауытып сан салаға.
жартастың төсін сорып тамсана ма?
Шұбырып шұбар ала су төменге,
топшысы тасқа тиді сілтегенде.
ұқсайды жібек шәлі бүркегенге.
домалап кетті, әнеки, тастан құлап:
Толқынның біреуі озып, бірі ере алмай
келеді қалыңқырап, ақсаңқырап.
Тосады қара тасқа ақ тамағын.
Көксайдан кернейлетіп аттанады үн...
ләззат ыстығына жылынды мұң.
бәрінің сонда білді шығындығын:
басылды баяғыдай зіркілдемей,
тек қана бүлк-бүлк етті шіркін көмей
енесін қалғанына бір тілдемей.
ол жатыр жұмарланып, құмар қанып...
көзімен ұмытудың мұнарлатып...
Көкпеңбек,
жер де көк, көк те көк,
көкпеңбек төбет те қарғылы.
бір түске бояпты барлығын.
бояудың бірлігі — ұтады.
қостайды бозбала-бұтаны.
көк бояу күледі қулана.
мөлдірлікті ұстапты су ғана,
өзге бір сиқырмен, қуатпен...
* * *
Қайдасың, қайғы, үміт,
сенсіз де күн бар,
жел — еседі.
жаңбырсыз бұлт жоқ деседі,
қайғысыз үміт жоқ деседі.
сендерсіз көкірек тым-тырыс,
бұлақта жоқ ескі бұлқыныс.
Менде жоқ ұмтылыс.
жүрегім қалғандай шайлығып...
соңғы рет түсетін шыңға өлі
сен де бір қарашы қайрылып?!
* * *
қара бұлт жалайды жата қап.
сол үшін бұлт деген атақ ап.
жасыл көл кеш дейді сүтіңді ақ,
Қарт шыңдар шыдамай қорғасын салмаққа
майысар секілді сықырлап.
мөлдірлік дегеннің шарты бар:
Жасапты табиғат тауды да көлгір ғып,
бұлтқа шытынып, күнге жарқырар...
КҮН БАТҚАН СОҢ
қоя аурудан айықпаған баладай.
бір суық леп кезіп жүрді жағалай.
бір қаталдық тұрды жұртқа білінбей.
жеңіл мұнар жасыл көлдің түбіндей.
қалжырады-ау ол анық,
тастады ма таскөмір-бұлт жаныштап?
Аспан, міне, келді жерге таянып,
шың барады бірте-бірте алыстап.
жаңғырыға құлады.
сыңғыр етті ақ бұлақтың құлағы...
Күн шыжып тұр.
бір салқындық болғай деймін мен тұрып.
тиіп кетсе ботинканың табаны.
шаш көлеңке бола алмады маңдайға.
секілді алап ақ жалынның құшағы.
Дыр-дыр еткен қызыл қанат шегіртке
бір-бір түйір қызыл шоқ боп ұшады.
ақ шың оны шынтаққа алды бір бүктеп.
көлеңкесі қалды маған ілініп.
АЙЫРЛАР
қопаң етіп көтерілсін шөмеле.
бер еркіңді мынау шымыр денеге!!
Пай-пай-пай-пай!
Білек қандай!
таудың күні бір-ақ сүйіп түлетті.
аршылмаған картопия секілді...
шөмелені жөнелесің ойнап ап.
айыр беру — ұқсамайды ойынға.
Шөп сылдыры, айырлардың сумаңы... бұдан өзге көріністі көкжиек те тумады. Айыр,айыр...
бір айырдың төрт жұлдыз — төрт бұтағы,
Ол көтерсе бір айыр шөп жоғары,
күллі аспанды көтергендей болады...
Қане, достар, қимылдалық күн қызбай —
жіпсідік пе — жел соғады бір мұздай.
шөмелелер — жұлдыздай.
ойлама енді дала жайлы, тау жайлы.
"Құс жолынан" аумайды.
Айыр-саптың уысыңда қызғаны —
Қуаттырақ әсер етер атомнан.
Космонавпыз біз дағы.
терге ғана балқи ма екен денесі?
Термен тыныстамаса, қуанбаса күрсініп —
дәл осындай тамаша болар ма еді тіршілік?!
Қайда ғана, қайда ғана, қарама,
ұшып жатыр жапырақтар сарала.
Ей, табиғат, күзің бе бұл, күзің бе?
Бұлт төмендеп...
ылай толқын үймеледі жағаға.
Ей, табиғат, күзің бе бұл, күзің бе?
Көрші ауылдың иті тыныш жатпады,
Сақ қой тіпті...
О, "құдайдың" атқаны.
Ей, табиғат, күзің бе бұл, күзің бе?!
* * *
Тауға қарай келемін, тауға қарай,
желдің дағы маңдайдан аумағаны-ай.
Тауға қарай беремін, тауға қарай.
Ұят болды, қол-аяқ, ісінгенің.
Мен сенің түсінбейтін кісің бе едім!
Мен келем бе, жаным-ау, тау келе ме,—
көңілім бір сәт қобалжиды әлденеге.
жеткізбесең, ей шындар, әурелеме.
мен оттымын деп келем бұ шілдеден...
Биіктіктер, сен қашан түсінген ең?!
ПОЕЗДА
көкжиекке біз қазір соғылардай.
талай қырды қалыппыз абайламай.
көкжиекке сүйелген шар айнадай.
қарсақ қашты құлақты, кекілді елік.
бағандар мен бағандар тұр тартысып.
шұбарытып барады мына жалған.
жүрек неткен тездікті сезгір еді.
жолдың ұзақ-ты-ғы тым бездіреді.
доңғалақтар дүбірле, ал, дүбірле!
Тым асығыс келеміз, тым асығыс,
өйткені біз барамыз алғы күнге!
ТАМШЫ
қарауытып дір-дір етті дөң, алап.
Көк бұлтының бар сезімін тонап ап.
жұрт шу етті: секпіл, секпіл деп тілдеп.
кеудесінен шыққан үндей әншінің.
қарамашы, қарама!..
көкжиек тұр үндей алмай кептеліп.
Ал, сол тамшы сәуле болып туды да... ақырында құмға сіңді — кетті өліп.
мезгіл-ана тербетеді мекені мен екеуін.
Жердің дағы тамшыға ұқсас екенін?!
1966
ЖАРЫҚ ПЕН ЖЫЛУ
Күнге он рет сен оған кездесесің кемінде.
Күншуақтар жайлы жыр жазу сенің не теңің!
Бүкіл дүние тек қана қуаныштан тұрса егер,
Қайғы-мұң бар дегенге күлден өзге кім сенер.
Қуаныш бар дегенге Күннен өзге кім сенер.
Өмір үшін бәріне көну керек, ағайын.
Төледі Құнын оның шаттық пен қасіреттің өлеңі.
Қай бетінен көрсең де танисың ғой сен оны?!
Тану керек дүниені, тану керек, ағайын,
Сөну үшін дұрыстап — жану керек, ағайын.
Сол бұтадан құлаған көлеңкені көрмейміз.
Күдіктене қараймын көлеңкесіз денеге;
Көлеңкені қолдан мен жасай алман — сенсең ғой,
Биік болса көлеңкең — ол да өзіңнің еңсең ғой...
Аппақ болып барлық маңай тұр жанып,
Жоқ қой ешкім ақ жарықты кірлеткен!
Тасқа түссе бұл жарық,
тасқа дағы қараймын мен құрметпен.
емен, шырша шыға келді бүр жарып!
Жарық түссе қасіреттің өзі де
кетер еді нұрланып!
көлеңкелер ұқсайды екен жетімге,
Нұр-әкенің жанарынан тыс қалған.
Жарық болып көкірекке түсті арман.
бөбегімді сәуле болып өсірдім.
Махаббат пен мейірімнен шығады.
бірақ тек жарықпен жанасың,
Жану үшін — қызу керек әуелі,
Ол қызуды — өзің іздеп табасың.
Айқай салдым. Шыңның шұбар тастары
дүркіреп кеп түсіп жатты табанға.
айналаны бір сілкінтсең — жаман ба!
Жо, жоқ, бауырым, қызғын тілдің сөзі бұл,
Мен — шың үшін үн қатамын шалғайдан.
білер еді шың қайдан?!
* * *
Алатаудың шарқатынан
ат сүйреткен кендір арқан боп ағып,
Шаңытады әр бұтаға қақтығып,
Әр бұтаның аяғына оралып.
Жіліншігін тұсау қаққан асаудай,
Өзі-өзінен ауырсынып тұрғаны,
Жалғыз аттап баса алмай.
жүргендеймін тайғанақтап, тайып мен.
Жатыр сұлап көкшіл, жалпақ қайыс-бел...
бұрғы-құйын тереңдесе екен деп;
тас пен жылу жақындаса екен деп,
Мен отырмын осы жерді мекендеп.
КІШКЕНЕ БАЛЛАДА
Жар егіліп, жұбатады ел оны.
Мынау сұлық денені.
(Сықырлады тақтай біткен сол күні)
Ол тамағын алды әуелі бір кенеп,
Көзін сүртті... алғашқы үн толқыны
Тұнып тұрған көп ойды...
Керней ағып көмейді.
Цитат болып жарқылдады көп өлең.
Өлгенді де демеген.
Кенет ақын табыттан
атып тұрып сөз тастады шаңытқан:
"Ей, халайық, тыңда мені, тыңда әлі,
Рас болса айтып тұрған сөздерің —
Мен енді осы... өлік емен, өзгемін.
Кетпей тұрған кездерімде көз нұрым.
Мұнша асығыс өлмес ем ғой, досым-ай.
табытыңа қия алмаймын денемді —
Қалғым келед енді мәңгі тік тұрып,
ақындардың өлмейтінін ұқтырып",—
жанарында жібімеген ой қалды;
Ортасында қасірет пен бақыттың
Ол — өзіне ескерткіш боп қатып тұр.
бүріп алып жағасынан, алқымнан,
Әр күн сайын қараң-құраң — дүрбелең
Сол өлікті, қайтадан
табытына түсіре алмай жүр білем...
Ауа жасыл, су да жасыл, қыр жасыл,
Жасыл бояу құрғамасын, құрғасын!
Қызыл бояу — қызартады... ал енді
Жасыл бояу жасартады әлемді.
Күн қалайша қып-қызыл боп жанбасын!
Қызыл күн мен жасыл жердің ортасын
Өзге бір түс бұза ма деп қорқасың...
Төбе керек — шығу үшін тауды асып,
көне керек —жығу үшін дауласып.
молдық керек — алу үшін таласпай.
бала керек — қарттығыңды көруге.
бірлік керек — ауыл үшін емес ол.
аяқ керек — із қалмасын демесең.
қасіретіңді көтеретін нар керек.
тым құрыса, мықтымын деп жүресің.
мықтылықты күндеу үшін жердегі.
(құдай жоқ қой, жай, әншейін айтам да)
Бәрінен де жүрек керек...
Көп керек, аз ғұмырға кету үшін де өкпелеп.
ЕРЕЙМЕН ТАУЛАРЫНДА
Ұлылығы — Данте жазған дастандай.
Сұлулығы — Репин жаққан бояудай.
Аспан биік — Әсет айтқан ән-сынды. тастар — киік, үрке-үрке таусылды.
бүкіл дүние еститіндей даусыңды.
бір суреттен бір суретті дайындар.
мен сендерді қия алмайтын жайым бар.
жақсы одан да тұрып қарау телміріп —
түседі еске өткен ойшы, жыршылар:
"Ерейменге бүркіт ұстап бір шығар"...
Неғып тұрсың мақтанбай!
Кейде аспаның оңып кеткен мақпалдай.
бәрі маған еріп келе жатқандай —
көңілде бір дала құсап басталды ой.
жылылығы — сүю және аяу ғой...
БОЯУЛАР ТУРАЛЫ
Көк аспан мен шалқар көлдің түсі бір.
Мықты болсаң дәл осыны түсіндір.
Көк көбелек қызыл гүлге қонар ма.
Өзге түстен сақтанады олар да.
Асқақ шың мен алтын шапақ сықылды.
күннің күлуге жаралғаны сықылды.
Әрқайсысы өз мінезін баяндар.
Екі көзде бәрінен көп бояу бар.
КҮЗГІ КӨҢІЛ
қалтылдайды сап-сары шөп бастары.
күзгі өңірдің шаттығы да сап-сары.
Теңселеді алтын емен күңіреніп,
әр бұтағы бір-бір батпан мұң болып.
боз аспан тұр қылау бүркіп, суытып.
көктемдегі ғашықтығын ұмытып.
жігіт емес, сары жапырақ қағады.
сарғыш тартқан секілді ғой сия да?
Қыз алдында көктемде айтқан сөздерін
Жігіт те енді есіне алар ұяла...
АЛМА
Жымыңдап ағады бір ағын —
Көрсем де көп қызыл алманы
алмадым — шыдадым.
Бірақ бұл жеңісім — баянды болмады.
Боп-бозғылт ернімде құтырып ойнады.
Бұтақтан үзілді бір алма.
Бақыт боп сезілер кінәң да...
Бір ана таяғын тасқа ұрды;
Бір жігіт алмасыз қалыпты,
Бір қыздың көзінде жас тұрды...
Қызыл гүлдер, сары гүлдер, ақ гүлдер,
Әр гүліңді — бір шам қылып жақтың жер.
Бөбегіме бір гүліңнің атын бер.
Шіркін, от боп мендегі әрбір жанса дем!
Болса егер әр сөзімде бір-бір көл,
Оны да мен гүлге құйып тауысар ем.
Тек сонымен десең егер көгерем.
Сәуле болса егер менің күлкімде.
ҚЫМЫЗ САТУШЫ
Өзекті қойыңызшы тегі өртемей;
ақ саттың қалт-құлт етіп, адам емес
адамнан құлап түскен көлеңкедей.
қымыз ғажап, рас, танып тұрмыз.
Күн ыстық.
Қаңсисыз кеп.
сатасыз, неден ғана тарықтыңыз?!
Дейді ол: "Келін — ғалым, балам — әкім",
болса олай, кім әкеткен қанағатын.
қалтасына
тиындар сыңсып түсіп бара жатыр.
мен сізді деп тұрғам жоқ: ақылды етем,
дәл қазір тиын түгіл,
мың сомың да
Түсінем, сізді базар ақтайды ғой,
сондықтан кінәлауға батпайды да ой.
ешкімге ағын адам сатпайды ғой?..
ЕКІ САТУШЫ
жігіт сатып тұрады әйелінің көйлегін.
Күйеуін еске ала ма күйіне,
көйлек сатқан жас жігіт неге қайтпайд үйіне!
Түрлеріне қарасаң — жұпыны емес секілді,
осы екі жан бірақ та бүтін емес секілді.
әйелі өлсе жігіттің — күні бар ғой алдағы?
Жас келіншек, кепканы сатпа,
апарып іліп қой,
кепка деген тұсыңда тұрса ілулі — үміт қой.
Күйеуіңмен кеште бір қайғырысқан шығарсың. ішіп келіп "тентегің" — айрылысқан шығарсың.
қосылсаңдар қайтадан — сатып алу керек қой?
ТОҒАЙ АРАСЫНДАҒЫ ЖОЛДА
Көзіңді, көңіліңді шектеп тастар.
жатады шімірікпей көк бет тастар.
Итініп шабан атпен бір шық деп пе ең —
ну ағаш жібермейді желді де алдан,
шығады самайыңнан бүршіктеп тер.
пысқырып бөрте дөнен басын шалды.
қояды жалт-жұлт қарап ашушаң күн.
емес қой ойлану да жігітке артық.
қалады қалпағыңды іліп-тартып.
ізіңді шөп бүркейді жаңағы өткен.
бейне бір жалқау шапқан қара кетпен.
жіп қайтсін ұзындықтың күйін шертпей.
секілді титтей қара түйіншектей...
Ашыла түс — гүлің болса жаныңда
Тікен болса — гүлдеме.
Байланбайды тіл неге!
Бір басында арпалысты жүз ұғым,
өлер болсаң, ауруыңа
Төзбедің не, төздің не...
Керек бопты көз кімге!
* * *
Құрметтеймін ерте ашылған гүлдерді,
Ерте атқанын ұнатам мен таңның да.
Аппақ болып таң жатқаны алдында.
Әр шыққанда жаңа Күн.
Таңға салса алғаш ізін табаның!
Келер сонда тек шығысқа қарағың.
Әр тамшы шық — бір-бір көз боп жанады.
Таңғы ауаға жүзіп кетіп барамын.
Алдым — жарық!..
Жанбасам да қызғанымды сезіндім.
Көлеңкемнен қашқан кезде өзімнің,
Ғажап! Ғажап танды көзімше атырдым,—
Келді бәрін дауыстап кеп шақырғым.
иығында Алатау мен ақынның...
Бір мейірім төгіп тұрды күн дағы,
Бүкіл дүние шуақ әнін тыңдады —
Бір тал қу шөп басын жерден көтерді,
Бір түйір дән аунап түсті құмдағы.
Ол — көңілді бір үмітпен толтырды.
Қос мейірім арасында мен тұрдым...
ТҮН ЖЫРЫ
Ұйыған түн жатты іркілдеп, бөкпе боп,
Бір абайсыз ашпақ еді қақпаны —
Күдірейіп түрегелді көк төбет,
Өз-өзінен өзі айналды тіміскіп.
бірақ суда қайдан болсын тыныштық —
Толқиды түн... үнсіз тілмен түнгі ызғар
Сора-сора бозартуға аз қап тұр.
Тамып кете жаздап тұр...
Қарағайлар сенделеді ыңылдап,
Іші пысқан бойдақтардай кешқұрым.
ақ тісі жоқ ауызындай кемпірдің.
кеберсіген ерініне сұр тастың,
Сол тастың да көкірегін қақ жарып,
ағатындай от аралас бір тасқын.
көтере алмай көлеңкені түскен кей.
Сұйық-түнді сылқылдатып ішкендей...
әндетеді бұтағынан айналып.
"Бұ тіршілік бара жатыр қайда алып!"
Сездірмейді тістеніп ап маңай түк,
Жел еркелеп тал мойнына оралды.
Мен ғана үнсіз. — Тыңдау үшін сол әнді.
ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ МЕШІТІ
айта алады бұл өнерге қой деп кім —
Көне тілмен күмбір-күмбір сөйлеп тұр
Тасқа жаққан әрбір бояу оянып.
шеше алмайтын секілді ме оны ешкім?
Үнсіз жырды қалдым мен де тыңдап бір,
Бірақ... түк те түсіне алар емеспін.
Сұлулық деп осыны айтса — сыятын.
Қарап тұрып жеті ғасыр төменге.
Сүйсінуге ғана жетті қуатым.
Бұдан артық биіктікке шыдар кім.
Содан соңғы таңдануым шығар бұл.
Шын құдірет жығылмайтын секілді.
бірақ саған да ұғылмайтын секілді.
Құдіретін құпиямен бекітті?
Жұмбақ болса — түгел жұмбақ болсын деп
Өз атын да жұмбақ қылып кетіпті.
ӨЗІҢЕ
Қастерлей гөр даланы.
Жаурап қалсаң — пана бола да алады.
Дейсің ғой сен алыс кетсең құмартып.
Өз жерінде таңдап шығар қыр артық.
Төбелердің момындығы қойдай ғой.
Өз жерімде отырмын деп ойлай ғой.
Ала кетші жалғыз уыс құм-жұпар,—
Кілемі де кір боп жұғар табанға,
Балағыңды тікен емес, гүл жыртар...
Саулығы үшін қалада өсер балаңның.
Әрбір итін адам қыл.
Бүкіл әлем махаббаттан тұрады —
Таңғы шапақ — от боп жанған еріңдер.
Әжелердің әжім жүзін көріңдер.
Көл орнына көз салар ем тұп-тұнық.
Бір тал шашпен жалғар едім мықты ғып.
Білегімнің сүгіретін салар ем.
Қан-тамырдың сүгіретін салар ем.
Бүкіл дүние — махаббаттан тұрады!
Жуады ғой қатып қалған қайғыны
Жаңа туған бала күннің шуағы.
Күн көзіне тосар едім күректі.
Сүгіретін салар едім жүректің!
ӘКЕ ТУРАЛЫ
Үзіліпті сол өмір...
Жо, жоқ, өлген жоқ бірақ.
Айтар болдық бұрынғыдан қаттырақ.
Алматыда көре алмайды әке ұлын.
Бара жатыр аты оның.
Әйнек салған рамада бейнесі,
Оған арнап, "ас береді" енді үйі,
Жумайд бірақ ешкім оның жейдесін.
Соғыс, соғыс... ұмыттырмас ол атын.
Орны қалар болатын.
Бес құрлыққа таратыпты бес бөліп.
Әкелер жайлы естелік.
СУРЕТ
Қып-қызыл кеш. Аппақ айдын. Қоңыр үн.
Басам дей ме лапылдаған көңілін —
Тұнық суға төсін малып алады.
Айдын жатыр... Құтырынды сәуле ойнап.
Әлденені ымырт құсап қалды ойлап.
Жұлдыз жылып көл төсіне жабысты,
Төбелері қылт-қылт етіп шоқы көп
Суға түсіп тұра-тұра қалысты.
АЛА БҰЛТ
Теңбіл, теңбіл, қара теңбіл, ақ теңбіл —
Көлеңкелер келед жөңкіп,
қара ала алашасы секілденіп әпкемнің.
Тамағыңды қытықтайды — сілкін қыр;
Бірі мынау дең үстінен жөнелсе,
Бірі сонау сай табанын сүртіп жүр.
Көлеңкесі жерді кезед дірдектеп.
Қырлар жатты қара маңдай, ақ маңдай.
Бұталарға мизамдардан жіп керіп,
Бір станок мата тоқып жатқандай.
Ештеңені бере алмаймын түйіп мен.
Түссе егер биіктен...
ҚҰМ ТЕҢЕУЛЕРІ
Жалын сияқты ағатын.
Жапалақтың қанаты.
Қып-қызыл боп қанаты,
Ақтікеннің шоғындай
Пышыр-пышыр жанады.
Дөңнің беті тары нандай.
Мамық жастық жарғандай.
Күнге күйсең — өстіп күй.
Жетіп келсең — бес түп ши.
Бұл жер үшін — жау жаман;
Түсіп қалған жолда бір
Дойыр қамшы аумаған,
Ат ізі — тамшы сияқты.
қабығында қияқтың.
Жырлап мінсіз бола алман,
Ол бір мөлдір сезім мен
Түпсіз жатқан мол арман.
БЕТПАҚ ДАЛАДАҒЫ ШОҚ ГҮЛ
Бетпақ дала...
Неткен ерлік жалғыз гүлдің өмірі!
Әлде тағдыр оны әдейі берген бе
Қарт даланың қалмасын деп көңілі.
Тек жалғыз гүл.
Аңызақ жел бетке ұрды.
Көз жасты да күн ыстығы кептірді.
Қызыл шоқ гүл тағдырымен тұр ойнап,
Бетпақ дала бедірейген бетіне
Ойнап шыққан қызыл қандай бір оймақ...
"Құдай" оны адам етіп жаратты,
Адам болып жүруді ол да жөн көрді.
Рюмкасын ұстасын деп қол берді.
Tіc те берді керек болады ғой деп.
Аяқ берді — анда-мұнда жүрер деп.
Бұл "пәндесі" ішетінін жатып ап.
ЖАЛПАҚШАҒЫЛ ШӨЛІ
Дала жатыр — қоңыр айдын көлбеп бір.
Құмға батқан сынығындай шөлмектің.
Сол құлақты қанша жатты кеміріп?
Сор-тақырдың жалақ болған еріні
Қатып қапты қимылдауға ерініп.
Дала жатыр, жалғызсырап жатыр мұң;
Шимайлана, шимайлана түк шықпай
Ұмыт қалған парағындай ақынның.
СӘБИ КЕЛДІ...
Келді ие бүгінгіге, ендігіге.
Әкенің қамшысы мен белдігіне.
Жоқ, тіпті үміттену, кектену де.
Сүюге және мықтап жек көруге.
Тым жәйлі емес дей ме мұнда маған?—
Сәбидің алғаш шыққан ащы даусын
Ең соңғы тәтті үмітпен тыңдады
Бір бұлақ ақты шапшып, аласұра.
Бір тамшы қосылды көл шарасына.
Бір жұлдыз тағдырына көнді мүлгіп.
Шыңына Алатаудың қонды бір бұлт.
Көңілдер көгенінен ағытты әнді.
Бір бокал ақ арақты қағып салды...
МАХАМБЕТ ТУҒАН ЖЕРДЕ
Талай-талай тамырларда тасты қан.
Махамбеттің ізі шығар астынан.
Қара қаудан — жалындай торы айғырдың.
Батыр баба, қамшыңды сен қайда ілдің?!
Шектеп қойған кәрі құлақтай дала бұл,
Ерттеп қойған арғымақтай дала бұл,
Жылда жаңа бір ізімді саламын.
Торы айғырға кімдер тақым салмады;
Күйшілік пен жыршылықтың қонғаны —
Махамбет пен Құрекеңнің әруағы.
Көрінбейді бірақ одан тамған қан;
Кеудесіне біткен жырдың желігін
Айырбастап қалдырыпты арманға...
Басыңызды көтерерсіз бүгін сіз?
Өзіңізді туған төбе кешегі
Жата ала ма дүбірсіз!
"ҚЫРАН ҚОНҒАН"
Дала — әппақ, ол — қара.
Қайғырмайды сонда да.
Қыран — тегін қонбайды.
Сыйламаса болмайды.
Ұшты ғой ол қайтадан.
Секілді ме шайқаған?
Қайсар қара тұр тұнып;
Қомданады ұшардай.
Қалғандайын ұша алмай.
"Қыран қонған" атануы содан ба?
Әлде қыран қонғанында ақырғы
Дәмелентіп кетті ме екен "пақырды"
Қос қарашық қараған соң құмартып.
Шынымды айтып жылатқаным — мың артық.
Саф алтынның салмағы бар дегенге.
Жез секілді жеңілдейді денең де.
Қолда барды жез болып-ақ төгейін.
Кімге керек сұңқылдаған көмейің?
Кімге керек ауырлығы алтынның,
Білмесең сен қандай қолмен өлшеуін.
Жарығы мен жылуы жоқ болса оның!
* * *
Момын дала!
Тебіреніп туатұғын ел әні;
Сол тереңге әлі де мен үңілем,
Сол көмейден ән күтемін мен әлі.
Бәрі, бәрі жаралды ма ән үшін.
Келер менің бұлбұл күнгі намысым.
Сендегі бар — бар бола ма басқаға.
Бұлбұл үшін — бір қиыршық тас қана...
ҚАЙЫҚШЫНЫҢ АҚЫЛЫ
Жерің алыс, желің қарсы, толқын сұр.
есе білсең — есегің,
ес, ес балам, қайығыңды есе біл.
Тағы ойлама өз күшіңді олқы деп.
Соқ, соқ дауыл, толқы дария, толқы көк.
Соғар жерін білер болар жел дағы.
Өзге дүние қонбай жатыр қолға әлі.
Мінің болса, өзің түзе жоқта олар.
Сенің үшін — мен бір қара нүктемін.
Сәл бұрылсаң — біткенің.
Қамсыз ойың, қасиетті маңдайың.
ал, әйтпесе мен ақылшы болмаймын!
МЕКЕНІМЕ
Көгер жапырақ, теңсел теңіз, көкте гүл;
Қайтесің сен қартайғанын шешелер,
аталардың дүниеден өткенін?!
саған одан шыбық артық ендігі.
тағы да ұшар сары жапырақ жел күні.
Жата бер сен, сол тірлікке жылын да.
саған оның бәрібір ғой шынында.
ҮЙ ІШІ
Әке болдық анық біз.
Кәдімгідей халықпыз.
болмаса да,
Күнұзын
Концерт емес, тыңдаймыз
балалардың шуылын.
Бірі қағып кесені, бірі құлап... қолы әне.
Ұрыспауға болады.
бірі алданып қалды анда.
Үйретеді сәбилер алдануға, алдауға.
Кейде шаршап бітем мен...
Жо, жоқ, өлең қалады.
Жұбатамын баланы.
ойыншықты көтеріп;
Папиросты суырып,
отырамын жөтеліп.
Ақ нәрсені білейікші қастерлей, —
Сенем аққа, қалай сенсе арға адам;
Әйел жаны жазылмаған дәптердей
Жазу үшін дайын тұрар әр қалам.
Ақ нәрселер тез кірлесе — несі айып?
Біз әйелді білмесек те күлдіріп,
ептеп-ептеп ұнайтын жыр жасайық.
Оған үйір кір мен бояу не түрлі.
Біреу үшін — басталмаған секілді.
"Махаббат" деп, "қасірет" деп, "күлкі" деп.
"Бәрінің де көшіп кеткен жұрты" деп.
Әйел!— қай тілде де әдемі,
әйел деген сөздің өзі — сүйікті ән.
жаралған ба ақ тамақ пен иықтан?
Қаймақ-ерін сәл ашылса күлгелі,
күлмес бұрын көңіліңе келеді үн.
сатып алар жүз ақынның өлеңін!
* * *
Әйел деген — бір драма күрделі,
Салыстырсаң мінезімен әйелдің
Жай нәрсе боп көрінеді әлем бұл.
Дәл осыны шын бағалап жүрген аз,
Сан сахна, сан шымылдық... сан қилы
Кейіпкер бар, әне, бірі жан қиды,
Тым беріліп ойнап еді рольді!
Бір жымиып, күрсінсеңіз бір тұрып —
Драмаңыз сала берер құлпырып!
маған, маған тағы біраз төзім бер;
Айып етпе! Әйелдердің көзінде
Бір рольді ойнап келем өзім де.
AFA ЖЫРЫ
ойланбаған аз айым.
Қарттық жәйлі жазайын.
Жоқ уақыт "алжуға".
Жасарамыз он жылға.
Шашқа қырау қонады.
Үшеу болған жоқ әлі.
Жаспыз десек болады.
Төртеу болған жоқ әлі.
Өздеріңсің өрен жыр.
Жеңгелерің ренжір.
Тұлпар ма бұл, есек пе?
Қартаяйық десек те
Құтылмадық өсектен...
Көңілімізді бұзған-ай,
Сізден көңіл мұздамай
Қартаярмыз біз қалай!
ЕСКЕ АЛУ
Сезгем бала шағымда.
Әлі алақанымда.
Көзі менің көзімде,
Жылылығы — денеде,
Сұлулығы— сезімде.
Кім артты одан тегінде,
оның қоңыр үндері —
домбырамның шегінде.
онсыз менде күй жоқ қой;
билейтін ол осылай,—
он саусағым, билеп қой.
Сол бір жаздың түніндей.
Сол бір жанның үніндей.
Ұғынбас ем жөнді-аса,
Көңілімнің түбінен
Көтерерім болмаса...
Жұмыр мойын, тар маңдай,
Шаш иықта бос қалар.
Күдікшілдеу қос жанар.
Жүрмес белін буынбай,
Сөзі шығар сызаттап
Шыңыраудың суындай.
Шүлжіңдігін тілдегі.
Жарасады күлгені.
аз күледі ол — сөкпе көп.
көп керек-ау, көп керек.
бұрылып-ақ кетер ең,
үмітті ғып қояды
Кеберсіген қос ерін...
Ай қарайды сығалап ала бұлттан,
қос қарайған келеді иықтасып.
ай қарайды сығалап ала бұлттан.
қос қарайған кетеді біреу болып.
шөп бастары тұрады үрейленіп.
Ай қарайды сығалап — амалы не.
екі-ақ үйдің сөнбепті шамы әлі де...
Туған жердің ауасындай жұпарын,
Құнығып кеп, суырып кеп жұтамын.
байқап ұста, үгітіліп қалады!
Жанары оның— шілдедегі түн асыл,
жасырады бақыты мен кінәсін.
көздің өзі кететіндей төгіліп.
керуендей әрең-әрең жылжыған
Аяқ басса билегендей болады,
бірақ оның биін көргем жоқ әлі.
қарайды ол бәріне де төзімдей!
Кеудесі тоқ — талапсыздың көңіліндей,
шашы қара — касіреттің өзіндей...
Саған ыстық естіледі әуелгі үн,
сезім — тұман, басар ол да мұнартып;
Пәтерінен кейде сұлу әйелдің
көкше мұздың көшкен орны мың артық.
Кейде одан бақыт тапқан жан емен.
сөнген артық — жазып шығып жаңа өлең!
ҚЫЗ ҚҰЙҒАН ШАЙ
Бұдан ащы не бар дейсіз әлемде,
Тәттілігі: сол қызға бір тік қарауға бата алмау,
ащылығы: шешесінің болатыны қаталдау.
Қой, қой достым, біле білсең мұның өзі тәттілік.
Жай отырып қысыласыз,
жазықсыздан-жазықсыз.
бұққан сайын — күнәң ауыр, аршылмайтын секілді.
ақ тартқаны болмаса бұл, әйел емес қазық қой.
Көк теңізде маяк құсап төрт көз жанды — сөкпеңіз;
екеуі оның— жерде отырған момын қыздың өзі де,
екеуі оның — төрде отырған қонағының көзі де!
ал аңдысу — ауыр жәй,
аман кетсек жарар еді біреуіміз ауырмай.
Қыз құйған шай — одан тәтті не болады, білмедім.
тәттілігі — айлар бойы аялайтын арманым.
Кезім еді көзден тамшы жас шыққан,
екі бетті теуіп еді шапшып қан;
Сонда менің көңіліме аптыққан
көрінген ол көйлек киіп ақ бұлттан.
Безгем және бұлттан өзге теңеуден.
Бір ақ бұлтты көрдім тағы төбемнен —
Сол қос бұлттан бір найзағай ырғып кеп,
Салды мені қабырғамнан бір бүктеп.
Кәрі шыңдай теңселеді жүрегім...
Дос жыласа — мен қалайша күле алам,
жылар едім — жылата ма Дос мені,
Жуа алмасам Дос жанын мұң-кінәдан
Дос қолтығын сүйемесе, қол мына
Неге керек — Күншуақпен қосыла,
сол баяғы қызыл тіл мен домбыра
Адалдықпен өлшенсе егер ар құны,
Мен — үйренгем бәрін... бәрін зор тұтып.
өмір сүрем жаман жауды қорқытып!
* * *
Мысқал асыл таба алмасаң кезінде
кеудеңдегі кеніңді айтып бұлдама.
бар дүниеден қалар еді күл ғана.
Екі көз тұр — екі жұлдыз жанады,
бірін-бірі көріп тұрған жоқ, бірақ.
бірін-бірі көріп жатқан жоқ бірақ.
қос нүкте емес, сызық болар еді ғой.
бір басыңды бұзып болар еді ғой.
Безер еді атағынан бұрынғы.
Менің мынау шөп-басылау жырымды!
Бәрі, бәрі ұрар еді маңдайдан,
Бәрі, бәрі тұрар еді мелшиіп.
Сыбдырлатып тұрмаса оны жел сүйіп.
Жеңіл ойлар туғаны үшін әлемде.
Біткені үшін кей әдемі әйелге.
Екі айна тұр: бірі қоңыр, бірі аппақ,
Бір тар жолмен келемін мен өткелі.
Екеуі де көретіндей тек мені —
Бірі менің жеңісімді көреді,
Сондықтан да ылғи күліп тұрады ол.
Сондықтан да қоңырайып тұрады ол.
Бейне екі қыз бірдей сүйген жас жігіт:
Бірі қирап қалатындай талқан боп,
Біреуіне қарамасам қас қылып.
Күлімдеудің жоқ секілді керегі,
Күлмесе де жып-жылы оның жанары.
Қақ айырып қара бұрым ағады;
қара бұйра толқындары бұралып,
бүлк-бүлк етіп ағып жатыр қос бұрым
сылқылдаған судың үнін естідім.
аузын ашса — отырасың ән күтіп.
бір-біріне қойды ма екен аңдытып?
О, дариға, жан тыныштық іздеп ем,
болмады ақыр... бір керемет жыр құшты ой.
Қыз болған соң — сұлу болмау қылмыс қой!
ӘЖЕЛЕР
Қызықпыз ғой біз де тым,
Сәл сынасам әжені — оған деген ізетім:
Толтырсаң да қыз жәйлі дәптеріңнің жүз бетін,
Қыдырғаны — қызметің.
Қорқа ма адам күлкіден,
Бірақ мықты құмға өскен ши секілді бір түп ол.
Жалт қарасаң кау құсап жанатындай дүрлігіп.
Іздейді есік кілтін — өмірінде болмаған.
деп қояды күбірлеп: "бала-шаға не білсін!"
Кім біледі онымен не қоярын, не бітіп —
Қызы жәйлі сөйлейді төрт-бес жасты кемітіп.
Онсыз-дағы... ұғады, ұғады ғой о бала.
Аузын жапқан ақ сандық — қызықтырып тұрады.
Ерін емес бұл өзі — таза шырын-бал дейді...
"Түгеншежан, ағаңды аттандырып сал",— дейді.
Қызықпыз ғой біз де осы;
Бізден қызық пендені бұл дүниеден іздеші!
Қанша іздесең алдыңнан әже шығар жаңадан,
Кеткен қыздың соңынан көзін сүртіп қараған.
Сонау... сонау жоталарда қалды ізім.
Көзім менің түрлі бояу көрсе де,
Көңілім менің, ести алар жалғыз үн.
Бір мақсатқа екі жетіп таптаман.
Тек қана осы... өз ізімнен сақтанам.
Ойда шыдам, бойда қуат мол тұрып;
Көңілім менің толқи-толқи ортайса,
Қос жанарым берер ме екен толтырып?!
Қызығыңды — екі көзім ішеді.
Көлеңкесі өлеңіме түседі.
Кей көңілден алыс қонса өлеңім.
Қайта-қайта сарқыламын, өнемін.
Екі айта алман — бір жүрекпен отырып.
Екеу болса — біреуі оның өтірік!
* * *
Мен — өзімнен өзгелердің барлығын
Құдай тұтам — құлшылығым жоқ бірақ.
Жақсыларсыз — тіршілігім жоқ бірақ.
Кебісін де аяғыма ілмес ем.
Өзім өмір іні бола білмесем.
бірақ одан қорықпаймын — қимаймын.
бірақ оны... қорыққаннан сыйлаймын.
төңкеріліп, күндер жатыр алда көп:
екі көзді жағып алып үңілем
оқитыны бар ма деп.
кейбірін жапқанымша асығамын тағы да.
мейрімін төгер менің енді көктер бағыма.
көп күндерді көре алмаспын деп кестім.
жаман күнді қалай ғана кешпессің!
* * *
Күн күледі, күлмегенде немене
жайлап алса бүкіл дүние төбесін.
жылыта алса суып қалған денесін.
болар мүмкін өлілердің күлкісі?!
Ғашық болып ошақ пенен өмірге
от өшіпті, тірі адамдар көмілген —
құпиямды көрсетемін мен неге!
Көл күледі, күлмегенде қайтеді —
жасырған соң ылайы мен қоқтығын.
жасыратын жоқ түгім.
Қасқа жолдың үстінде екен бұл жүрек
Ылғи ғана отырамын күтініп.
Біреу өтті түкіріп.
Күлкі деген көп тегі,
Күліп қана жеткізе ме жұрт үнін?
Күн күлмесе көктегі
Кей күлкімді жүрегіне жауымның
Оқ қып атам — өлтірем деп сенбеймін.
Бір күлкіммен емдеймін.
Әйел құсап рақатқа батамын.
Жалғыз тамшы көз жасына сатамын.
Данышпандар сөйлейді:
"Бүкіл әлем — тозаңдардан тұрады".
Көне алмаспыз о заңға!
Тозаң, тозаң... тірілерден шығады,
Ал, өлінің кетеді өзі тозаң боп.
тозаңдарды жазам деп.
шуақ әні—өз әнім.
Қағып-сілкіп жанымды ұшырамын тозаңын.
Тозаңның да болады екен өз әлі...
Муза мен мұң ауырлатты бір-бірін,
Қатпар-қатпар бұлт үстіне бұлт қонып
Елден ерек өсіп еді бір гүлім,
Ол да міне... жатыр екі бүктеліп.
Кірлі қолдар ұстауға оны қымсынбақ.
Қалтқымды батырады шым-шымдап.
Менің қолым — көп жағада кеткен қол...
Ми жетпейді, момындығым жеткенмен.
Майдан ізі көп өлікті санатты.
Қайқаң етіп бір шытқан соң қабақты...
Кіммін осы? Не бердім мен? Не берем?-
Алушы еді пенде не.
Тарлау екен кеуде де.
Жан екенмін тас маңдай...
Таң алдындағы аспандай.
Мен де ол құсап соғар едім өтірік,
Күзгі көлдің толқынындай көпіріп.
Жағалауда жартас болып отырып.
Ұйқасты да қалар едім әр неден.
Сөз болып па жаға деген, жар деген!
Бірақ, шындық ұрып тұрсың көзге сен,—
Қалай ғана, қалай ғана кездесем!
Өзім кейін өлерімді сезбесем...
Даңқ! —
Мынау тас бетінде жүр жүзіп,
бәз біреудің жанын тірі тас қылып;
бәз біреуді кетті таспен бастырып.
Жалақтап кеп жанады от,
Қызыл ұшқын ұшады кеп шырқырап.
ескі ошақтан шыққан әрбір жылтырақ?
Есер көңіл еспе сөзге жүзіп тұр,
Мендегі ұшқын бір жылт етіп көз жұмды.
айналып кеп өртейді екен өзіңді...
Бұлтқа еліктеп ұйысады жабағы.
Ол да өзінше қып-қызыл боп жанады.
Бәріне де бар шығар деп бір өлім.
Ақындардың ролін.
От атаулы жанар еді білінбей —
Көріп қойса айқай салар ел оны.
әділетсіз келеді.
тіл шіркінмен талай қағаз былғадым.
Айтты әлемге көк дауылдың соққанын.
Сол қызыл ту алдына кеп тоқтадым...
Қызыл ұшқын шығады ұшып ызадан.
Қызыл бояу алдында мен қызарам.
Мен жарықты қараңғыға сынатам.
Сол үшін де қызыл бояуды ұнатам.
Жан бір — бөлме, көңіл есік — қағып кір,
Сыр баспалдақ — көтерілсең жоғары.
екі көзім — қос терезе болады.
сенім-шамын қоям ылғи бұқтырып.
мен бәріңді күте аламын тік тұрып.
Кеш қалдық қой, үлгірмеспіз сырды ашып.
көп ойлардың ақ түтіні тұр басып.
тәтті сезім шарабынан ұрттатам.
Сол әйнектен тас кесекше сыртқа атам.
кім келмесе — күтем соны құнығып,
Қараймын кеп, дүниеге дөңгелек
төрт бұрышты терезедей үңіліп.
сол бөлме егер көзіңді алса — көре бер.
босаға бар, қашық болса төр егер...
Дариға!
Басқан сайын әр адым
бір нүктеге жақындап-ақ барамын,
Кетті тағы... қайдан болсын демалыс!
Сәл кідірсем... кідіре алам мен қайтып —
алардаймын сол нүктені жоғалтып.
Не күтіп тұр қырқалардан келесі?
Әр жанарда қараңдайды бір нүкте,
дәл осынау алқынысқан тірлікте.
оқып бітуге асығады әр адам...
Көке-мылжың құрып қойған сөйлемдей.
бойымдағы бар желікпен, шыдаммен —
Жетер ме екем? Жетпеспін-ау, әй тегі!
Ал, кенеттен...жетіп қалсам қайтемін?
Асықпаймын жеңісімді тойлауға,
Қартаюға асықпа да жап-жас жан.
Үлес алып қалсам деп ем ақ шаштан.
Өз кеудемді өртер ме екен өз демім.
Шалдары бар кезде бұл...
Мен кейін қап барам ба әлде күнбе-күн?
Достарыма тілеймін де ақ шашты,
Қиындатам жауларымның міндетін.
Ақ шаш — менің ізгі ағам.
Тек... жендеттен қызғанам.
Бұл дүниеде бар екенімді өзімнің
сені көріп, саған қарап түсінем —
Мен айтпаймын өзге жанға сөзді бұл,
сен тыңдама менен өзге кісіден.
ұғу үшін тоңып қанша керегі!
Онсыз-дағы жанған оттың көптігін
сөнген күлдер соқыр боп-ақ көреді.
бас қадірін білмегеннен емес ол,
Мен де қалам кейде жұртпен бәстесіп,
сол бәсіңді ала алмадың демесең.
достарым мен ұятымнан именем.
досты көріп сол күшімнен жиренем...
Ғұмыр деген бір ұзақ күй болады,
бар ғой менің сатып алған домбырам,
Перне сайын өрмелесем жоғары,
егіз ішек бола алады жол бұған.
Жылдар — перне; саусақтарым сабылып...
Әр пернеден бір-бір арман жанады.
одан әрі тартқым келмей қалады.
Май шам сын-ды кейде адам өмірі,
адам да әлсіз жаралған ба әуелде?
Қараңғыны аңсар кейде көңілі,
өз жарығын бұлдау үшін әлемге.
тағдыр отқа қыңыр қарар өшігіп.
уақыттың желі соғып өшіріп.
өшпесең де тағылмайды аз айып.
бара жатқан секілденер азайып...
Шықтым, шықтым өз сөзімнен — шеңберден,
Қайла, күрек, қайдасыңдар — кел бермен!
Қағаз, қалам, сия сауыт — кет аулақ,
Шабыт тауып жарымадым сендерден.
Қара тасқа қадалады сұр болат.
Менің сөзім — темір шеге бір қорап.
Таба алмаса? — Қобдишада жатады.
Ақын даңқын бұрғышының атағы!
Жо, жоқ, достым, атақ емес мұрадым,
Жақындаған сайын оған бір адым,
бөркімді алып тұрамын!..
Дүние — менің тұрағым.
Күн тұрса егер — көлеңке де тұрады.
Жақсы рольді жаман бұрсаң — сынады.
Жаман кезден жақсы досың шығады.
Жақсылығы жадыратты кеудені...
Әрі-сәрі ғып бітірді ғой пендені.
Шуақ жақта — бір бетің.
Біреулерге жасаған ол құрметің.
Көңілім бейне — айна болып барады.
Біреулерді қан жоса ғып салады...
Алғыс етіп жібермек ем қарғысты!
Амал қанша, ұясынан кей қаздың
Жаман шірік сауысқан мен қарға ұшты.
Қарамасаң қоңырқайлау өңіме,
Тағы біраз уақыт бер, о, маған!
Жамандығын көріп безген жеріме,
...Дүние — менің тұрағым.
1967
КҮЙ КІТАБЫ
ҚҰРМАНҒАЗЫ
"ҚАЙРАН ШЕШЕМ"
Азапты ойдан өзге не?
Көріп едің, анажан, мен секілді "кезбеден".
Әр түн сайын шашыңа бір уыс ақ қосылды.
ар тіледің құдайдан — жоқпын арды қорлаған;
ақ тілеуің құдайдан — жалғыз мен ғой, балаң ғой,
бақ тіледің құдайдан — құдай оған сараң ғой;
бермейтінін құдайдың — неге ғана сұрадың.
тісті едім мен — тұмша жапты.
бұлқынбас ем мұнша қатты!
Қайғырма, ана, серттемін — бал берсе де айныман,
Күйім болар шерткенім — жан берсе де айныман.
туып едім далада — өсіп келем түрмеде;
Бұлқынбасам қаттырақ — мүшем де ұйып барады,
ханға бермес қолымды — кісен қиып барады,
бұғау салса қолыма — қорыққаны деп түсін!
"Ертең кетем"
Күзетшіге
бақпай-ақ қой түрме есігін.
ұйықташы, дос, бір көсіліп.
әуре болма, не түңілме.
кейін ойсыз өкінуге.
Көзіңді құр талдырады.
Өзім кетсем, орыныма кісенімді қалдырамын.
Бұғауға көп сүйенбелік.
басқа біреу киер келіп.
Қорықпашы,
заман үдеп,
бос қалар деп түрмені осы,
шынжыр иесіз қалады деп.
Күзетесің... түсінбейсің... бітпеді ме ой таяқ құрлым.
ал, мен сені аяп тұрмын.
Қарап қалдың нағып үркіп?
Қануы үшін ұйқың бүгін,
Тұтқын болам тағы бір түн.
ақыл келмес басқа да ұдай.
Мылтығыңды таста былай.
Көзіңді құр талдырады.
бұғауымды қалдырамын.
қабырғаны қажап тестім.
алған жоқ па боз атты ешкім?
Жаппай-ақ қой, қораны да
бақпай-ақ қой түрме есігін.
Ұйықташы, дос, бір көсіліп.
үлгірмеспін — кетем, кетем,
кең далаға — жолға шығып,
ақ боз атпен тепеңдетем!
Солай дейді — көну керек.
тым есуас болу керек.
Күйші қашты түрмеден,
Қорыққаннан емес қой.
торыққаннан емес қой.
сыңғырынан бұғаудың;
жыңғылына даланың.
Көкірегінде бірте-бірте еріді үн.
азабына бүкіл байтақ елінің.
Оны бірақ кез келген тор қамады,
Не кеңшілік беріп еді сол өмір
кендігінен басқа туған даланың!
кендік жатыр өзіне-өзі күш бермей,
Қыр бастары қараң-қараң етеді —
ақиықтың көлеңкесі түскендей.
топырақты танымасын, танысын;
Желк-желк етіп ақ селеуі даланың
үдетеді ақ боз аттың шабысын.
күй оянып келе ме әлде зердеде?
Шөп ызыңы — бостандықтың өлеңі
мынау жер ме, әлде сансыз перне ме?
Екі ішек: бірі бостау, қатты бірі,
бес саусақ беретіндей ат дүбірін.
екінші бостау ішекте ақты мұңы.
асығып, арна салып аңқыды анық...
толқынға батып-шығып малтығады.
шаңқылдап шықты биік шағала-құс.
қарайсың жанталаса жағаға алыс.
мың сұлу бір қызықтан елтіп татып,
бәрі де суға кетіп баратқандай
мың жібек орамалды желпіп батып...
жағада жартас қана қоңырайып.
ұқпайсың не шаттанып, не мұңайып.
шаншып кеп сезді жүрек саусақ күшін;
кірсе егер құлағыңа, күй әлемін
не жек көр, не бір затты аңсап түсін...
Алатау, деймін, Алатау деймін...
Алатау, Не тындырдың мына әлемде — шыңы болып, Алатау.
шығарсың.
шығарсың,
Мұнар басқан қар шыңдарың — тыйылғаның
болды ма,
Тыйыла алсаң, неге адымдап жүре алмайсың, Алатау,
жымия алсаң, неге ағындап күле алмайсың, Алатау.
Жата берсең ұйып қалар қаншама ұлы денең де.
Қыбыр етпей қыңыр шыңдар әлі қанша жатады?!
Сені демеп "бата беріп" қанша түн мен күн кетті,
Неге керек жата беріп ұлылықты міндет қып!
нән шыңдар.
жансыңдар.
Тартыс керек, жел керек,
кел, кетейік, қол ұстасып,
кетейікші кезбе боп!..
Алатау, деймін, Алатау, деймін...
1
Қырдан қырға шаң шұбады.
Найзағайдың қамшылары.
Ер жорытса — қияда жол.
мақтанбауға ұялады ол.
артты ақынға нардай арман.
Жоқ қой бірақ алдай алған?!
Ер басына төнді бір бұлт
Дауыл, ішін тартса да ұлып.
"Екі басты қарт самұрық..."
Батыр өзін кінәлаған,
сол кінәсін көтерді кек.
Берген екен бекер жүрек!
Қыран, деді ел, қарға алдында
жасыта алман жан қуатын.
Келді-ау кезі қаңғыратын!"
2
Биле, саусақ, бас пернені.
Қарауылдың әскерлері.
Жатыр жауың қырқа астында,
Ұсап кетті қалың қайза
Көкбуырыл бір тасқынға.
Түйілді кек шемен болып.
Көтерілді ел өлең болып.
Неге керек "аттандамақ",
Шыға берді көптен ұзап
Манағы бір ақтаңдақ ат.
Әпере ме ерге кегін?
Жерді де емес, басқандай ол
Домбыраның пернелерін...
Құм да оянып аунады ақыр,
қызды найза алақанда.
"Қайт, қайт, қайт, қайт!"
Дауыл, дауыл!... Ағала шаң...
Жалба-жұлба көрінді иық.
Қолдар жүрді жағада сан.
"Қайт, қайт, қайт, қайт!"
"Қызылқайың"
1
Суық, жылтыр жанарымен.
Қарауытқан қабағымен.
Жас жапырақ қалады үркіп... бірі үзіліп түсті шеткі.
Өз-өзінен ыс-пыс етті.
көз үйренді әрең бұған.
жүгіреді қараң-құраң.
Көлеңкелер қалды қатып.
Жапырағын сылдыратып.
түсінгендей түн сырына —
Түрмелердің бір қақпасын
ашып кетті күйші мына.
Үнсіз күйін тартады үдеп.
Бір үмітке артады иек.
Жырлаған жан ұтады да...
Ауырлаған бұтағына...
2
Күйге еркіндік кім береді?
Тынды бұта сыбдыры да,
Қызылқайың үндемеді.
Кетті кенет жел де ыңырсып
Оқ ысқырып, ит үреді...
Бала жылап, кемпір ұрсып...
керіскендер... сұрағандар...
арба жолда жүр адамдар;
Іздейді олар "қылмыстыны",
Күйші отырды күй ығында.
қалып қойды миығында.
Тінтсе де түнді кілең,
Кісен даусы араласты
жапырақтың сыбдырымен.
Күй бұғауын ағытты, әне.
Күй қорғады халық бағын.
Көңілге күй құйып қойды...
бірте-бірте биіктейді...
Өкпеле, не тілде,
болады жан қилы.
балқаймақ қалқиды.
болса өзі өнерлі,
ұмытпа, қарағым,
қыз болу дегенді.
құя алсаң — жетеді,
Сөз таппай майысып,
ұялсаң — жетеді.
Сәл қызар — жетеді;
дәл осың өлең боп
күйдіріп кетеді.
Жантайса қонағың.
Сағырақ бол әрі.
құй әлгі... кесені.
туады деседі.
содан соң... білсін кім.
Өзін бір күрсіндір —
Жаман ба, сыр бүгіп
кетсе ішке от жанар.
мұңайып аттанар.
бар дейді жан қилы.
балқаймақ қалқиды.
ал, өзі өнерлі.
қыз болу дегенді...
Орғиды кеп, мимырт құмға қып-қызыл,
үш аяғын шашасынан жұтқызып.
үш аяқты айыр тұяқ екі елі,
келед шауып кең даланы бауырға ап,
сұп-сұйық құм, қата қойшы бауыр боп!-
тірейтұғын түк болмаса тұяқты.
Көнгенді бірақ та,
Ап-ащы бір сарын
жетеді құлаққа:
не керек жақсы атып,
өзіңдей жүйрікті
алған соң ақсатып?
нені аттың— қарашы.
жүйріктің жарасы.
қашады байғұсың.
жүйріктің қайғысы!"
Шығады дуалы
Киігі секіріп,
күйшісі өкініп.
күйші қуды өз кінәсін танып қап.
күйші қуды жанып қашқан сезімін.
Күйші қуды — жете алмасын білсе де
Дала момын,— әр басқаның — тепкідей;
қашуға да, қууға да жетті ғой.
* * *
Құдіретті болмайтын-ақ кісі еді,
Қысып тұрып тағдыр бұғау салмаса.
Оның ерек құдіреті болмаса.
Домбыра тандап қыза сөйлер дүрілдеп,
құрысын деп ек күйшілердің мінезі,
ал, құрыды. Табылмайды бүгінде
шын домбыра — жоқтық емес бұл өзі.
қол соққанмен концерттерге барып ел:
көп үйлерден таптырмайды домбыра,
Рояльдар табылғанмен бәрінен.
көп нәрсені арзандатты уақыт
Үлкеніміз күй тыңдаймыз кемсеңдеп,
баламызды рояльмен жұбатып.
Қыңыр болды не керек — болайын деп болды ма,
бір үн болды керемет — болайын деп болды ма:
ол асау да болмас ед — болмасына қойды ма түрме,
бұғау, қудалау, Дала және домбыра.
жұмыр болмас еді ол — ғұмыр бойы қаңғыды.
Түңілейін десе де — әлденені іздеді.
Ұқты ма оны көп адам — тапты бәрін жаңадан.
Түрме, бұғау, қудалау, домбыра мен даладан.
гүлден бірақ бал емес, тұз жинады ғажайып;
әйтеуір бір асқарда — бұлақ барын түсінді,
Әйтеуір бір бастарда — құлақ барын түсінді.
Өзі кетсе — құлақта үн қалуға болар деп.
ер тірлігін ойласа — еркіндігін ойлады.
дүбірі мен жүйріктің, сыңғырындай бұғаудың.
Тастар еді көгендеп
Құрекеңдей ерлерді.
қорқыта алмай қор болды.
иттері де "саңлақ" боп,
шапқанымен айтаққа,
батып тістей алмапты.
елім, сенің кегіңнен;
от болыпты ол, сондықтан
ұстапты тек темірмен.
Тағдыр оған берді-дағы домбыра
қалды кенет өзі керең болды да.
сол жолға өзі жатып алды көлденең.
масқара ғып билік берді басқаға,—
намысты ұлдың тауыссын деп зердесін,
қамыс құрлы жанышсын деп ерді есіл.
арқан керді тұрған кезде шапқалы.
жау да берді — алыссын деп аяспай,
келіпті оның жүз досына мың жаудан,
бірақ бәрі бір бопты күй тыңдауда.
"Құдай" да ақыр ептеп күндей бастады.
жасағанның қатесі де — мықты ғой:
жолына оның жатпаса ешкім көлденең,
болмас еді мұнша биікке өрлеген.
аяққа емес, қолға салды бұғауды.
тәңір күші көрінбес ед елге аса.
Құрекеңе бұғау "сиқыр жүзіктей"...
Ұлылардың бақыты да қызық қой.
ТОПЫРАҚ
бүкті қашқын,
жығылды топырақты сүзе кеп.
әйтеуір,
көкжиектің қалыпты ар жағында ізі оның.
сүрінсін деп мен оның жіп кергем жоқ жолына,
Құлады ол жалп етіп — шаршаған-ау, ай тегі,
(Мен де сөйтіп құлар ем — шаршамасам қайтемін)
қышқаш дерсің қолдарын — жоқ, одан да күштірек.
иіскегендей жарының қос бұрымын түбінен.
кеберсіген еріні тас қиқымын қысып ап.
адам, сірә, ләззатты көзін жұмып табады-ау.
екі бетті төрт бөліп ағып түсті жақсы үміт —
Әлденені тапсырды; жаны кетті. Жатты енді
сол жаңағы көдені маңдайымен бастырып...
Дәл осы сәт қуғыншы...
әр екі қол — бір-бір ит, әр кеудеде бір крес.
өлікті емес, ол жатқан — жерді тепті жабыла —
жырынды ғой жау деген — сескенбес ед жау да аса,
жетіп өлер жігіттің топырағы болмаса...
ПАГАНИНИ
Қали Жантілеуовке
Жақсы ұлына ананың
жаман білмес табына.
соры да бар, бағы бар.
күндес тапты жақыннан.
дәмелі ғой ақылдан).
бағы — ұл боп тууда;
бұрын өліп бәрінен
Кейін ұмытылуда...
Сальериге қорлық, ә?
Өлтірді ол, өлтірді,
Өзі өлудің орнына.
Көз жас қызық — түсі жоқ.
Өлуге де кісі көп.
кетті алыс елес боп.
Өлу үшін емес тек.
Тастады ақыр бір сызып,
достарының бақытын
жауларының қырсығы.
бала — Моцарт — сөз бе еді.
Өсіретін өздері...
Күлдіре ме зал іші — үн жамырап, өріп ән,
үлбіреме, танысым, жылдамырақ орын ал.
ақылым жамандасаң күйшіні — жамандай гөр ақырын:
тым естігіш келеді құлағы оның ақылгөй,
ал, тынышы бәрінен — үндемеген мақұл ғой.
сен де таныс іздейсің — түсінем ғой, түсінем.
және мақтан етуге танысының көптігін.
көркем үнмен көңілді асыраймыз десек те,
Көрінгенмен мына апай жүзі сынық, ойлы өңі,
келді дейді жаңа алған көрсеткелі көйлегін,
тізеңді аттап өтеді әрі аунатып бөксесін.
Кешірім де бәріне.
Кетті жаным түршігіп....
Күй шерткенге (сұрайды ол) қанша алады екен деп.
тым құрыса, ақ деген бір атақты ап өлейін.
біреу алып қайтады, біреу барын береді.
содан сақта — сақтасаң, ауытқыған "құдайым!"
Концерт
Тентек үн кетіп еді дауылдап бір,—
аңқиып әр жерде бір ауыз қапты.
ал, қылшыбық
сағадан скрипканы бауыздап тұр:
қан емес бірақ одан, дыбыс шапшып,
әркімге өз шекесін уыстатты.
біреудің көңілінен қуыс тапты.
жамалып көне арманға жас қайғы кеп.
қаққылап қайда апарып тастайды деп.
жүздерде рахат пен бейнет талды...
жүрегіне жайылды асыл.
өнер мен өлерменнің айырмасын...
аңқиып әр жерде бір ауыз қапты.
алқымнан ақтарылтып бауыздап тұр.
кек алды өз күшіне мақтанбай-ақ.
Жауының басын кесіп жатқандай-ақ.
Бірінші монолог
Көрген жоқ ем бұл күні
соқырға ұқсас ешкімді,
қай жағымнан естілді?
Көргенім жоқ тал нулы,
үздім бірақ бір түбін.
естідім тек ыңқылын.
есерде де кес билік,
сіз көресіз, ал, мен ше?
Мен тек қана естимін.
Нұр сіңгенін естідім.
күрсінгенін естідім.
Көрмегенім бұл менің.
естідім тек күлгенін.
көл, тас, орман күңіреніп,
менің үшін барлығы
кеткені ғой үн болып?
келтіретін не түрлі үн?
Қосылмасам сол үнге
өлтіретін секілді.
есерде де кес билік.
ал, мен ше?
Мен тек қана естимін.
Ей, ағайын, дүниеде бар екенін анық күн
кіршігі жоқ сендердің күлкілерің танытты.
рахат бар дегенді— өздеріңнен естідім.
еркіндік бар дегенді — ескен желден біліп ем.
диқаншының күрегі, шабыттының сөзінен,
Шын азап бар дегенді тұңғыш рет, түнімен
кірпік қақпай таң күткен төсегімнен біліп ем.
қасірет бар дегенді — жесірлерден естігем.
шыншылдық бар дегенді — көз жасынан түсінгем —
солай, солай ағайын. Италия мен әкемнен
мен де өзіндей бос келгем — түгім жоқ-ты әкелген.
Қас батырдың қаны мен жағымпаздың көзінен...
Бәрін, бәрін үйренгем бұл дүниенің өзінен.
Күн болды анық аспанда — бүгін де бар, болады.
Жақсылық бар дүниеде — ертең-дағы болады...
көру үшін, ал, бәрін — шығу қалды жоғары!
Үшінші монолог
Шындық іздеп келіп ем,
таппаған соң, тегі мен
алдым жиып өтірік.
өтірік күліп келем ғой.
құр қайтпайын деген ғой.
мында келдім — кешіктім.
өтіріктер өсіпті.
көздер күлді — өтірік,
мақтап жатса лепіріп
сенген болдым өтірік.
жеңіліспен отырып.
Жеңілемін өтірік.
Бақыт — ұтқанда,
алқындырып өжет дем
арыстанға шыққанда,
таяқ жедім көжектен.
еріккеннің ісі деп,
кеттім мен де көжекті
менсінбеген кісі боп.
Асыл ма екен ал осы?
Таптым ақыр басыма
жоқты іздеудің бәлесін!
құдай бар деп жұрт әлі,
таппаған соң іздейді,
тауып алса — құртады.
Айтпай-ақ қой биік деп,
биіктеген кезде мен.
Көрінбеуге сөз берем.
келмейді ойды мол деуге.
сенен артық өлмеуге.
жалықпайық төзуден.
көрінбеуге өзіңнен.
көнбегені мақұл-ды.
сенен гөрі ақылды.
сөйлейікші сенісіп:
ақымақтыққа келсең де
біріншілік — сенікі.
жан жоқ болса — сөз басқа.
ғұмыр бойы озбасқа.
Ғұмыр деген оспадар,
өткізер ек аңдыспай,
бір тұяқта тас жанар,
бір тұяқтан шаң да ұшпай.
кетіп қапты күбірлеп:
арғымақ пен есектің
жарысқанын ғұмыр деп.
айтып сапты тағы да:
туған ғой деп есекті
арғымақтың бағына.
бәріне де жетіпті.
есек озып кетіпті.
(Шабан десең — өзің де).
шаба алмаған кезінде.
жолды тәңір оңдаса,
Жарысу үшін — жарыспан,
озу үшін болмаса.
Қанша жылдар!
Кетті ол алыс, бірақ та
күйі бүгін... бүгін жетті құлаққа.
Жетті бірақ үн бізге,
Сәулесіндей сөніп қалған жұлдыздың,
Бүгін ғана жақын келді үні оның.
әр нотада жарқырайды, күледі.
біздің жасыл ауламызға түнеді.
тазалығы — Атыраудың кегіндей.
қолдары да соншама ұзын көрінбей.
кәдімгі
адам екен—
Ол да аттады адымды,
және үлкен жүрегінің лүпілі.
Паганини?..
Ондағыдан жақындау ғой, шамасы,
адамдар мен адамдардың арасы.
Биіктіктер аласарды сәл деңіз? —
Мұның өзі сыйса жарар ұғымға,
біз олардан көп тыңдадық, аз айтып.
арадағы қашықтықтарды азайтып...
Тапқаны сол болды ма?
Табанына даңқтың
барқыт төсеу орнына
Әйнек үгіп салыпты1.
"Қонақ үйлер" бастапқы,
мамық төсеу орнына
тікен шашып тастапты.
білегіне сауықтың
темір кісен теп-тегін
Лайық деп тауыпты.
Наданы бар, басқасы
Скрипачка кектеніп,
жақсы көрсе ақшасын?
бағалай гөр пысықты:
оларға сол барқыттан,
әйнек қымбат түсіпті...
Сондықтан тек біл де қой:
тікен оның мамығы,
Қонақ үйі — түрме ғой.
батпайды ғой кенеп те.
бататыны керек те!
Шегіністер
Әркімнің өз жұпары бар.
болады екен таланттар да бұл елде:
бәз біреуден гүлдің исі аңқиды,
бояу исі бұрқыраса біреуден.
Жыр бояуын теңеу ғана жеткізер
теңеу іздеу — ғашықтықтың бір түрі:
ұзақ түнді кірпік ілмей өткізем,
жазу үшін бір сұлудың кірпігін.
Көрген көздер көбіне жақтайды ғой,
көрмеген бар деуге енді батпайды да ой:
көрінбесе күй түбі — терең шығар,
ал, терең — көріну үшін жатпайды ғой.
Нені айта алсам — сенің кінәң емес қой,
нені айтпасам — менің кінәм емес қой —
сен түсіріп жатқан кезде скрипкаға күйді бір,
батыр Сейтек отыр еді қамауда.
Жау түткілеп,— түсіп еді талауға,
Сенің жарың алтын алқа таққанынша күлдіріп,
Әуес-шешей тезек терді бір қауым.
киіп еді Спартактың бұғауын.
түсіне еніп сары без бен кенеп көп
бабам менің бүтін үйге кіре алмады,
түйе жүн
Шекпенінен ұялғаннан емес тек.
Махамбет те тумайтұғын ер тіпті,—
домбыра жоқ — қой шетінде отырғанда таң атпай,
көршілердің көсеуін ап шертіпті.
Сонда осы... Менің сорым да еместей.
Ұлы Абайды өсектеді тобықты.
бізде-дағы талай мықты болыпты.
ДӘУЛЕТКЕРЕЙ
Көзіме жас кетті іркіп,
Сүйсіну ме, күйік пе.
Қалқуын-ай, биікте.
Күй келеді тыңайып...
Қалдым содан мұңайып.
Ой сүйем деп мақтанба.
Шалқасынан жатқанға.
аласа едім жетпеген —
биіктедім, сені іздеп
қарай-қарай көкке мен.
Жас ұлғайса — шер дедік.
кеттім бе екем өр болып.
Тұтқын ғып ем — кекті ме ең,
қатал екен аспаның,
қатал болып кетті иең.
Сен қырансың, мен бе
Мен?
Ашу, өкпем жоқ деймін,
Сыймаған соң кеудеме.
елді ұмытып кетпей ме;
тым аспандап шыққандар
Жерді ұмытып кетпей ме?
Бәз біреудің ауыр болса артқаны,—
амалсыз жан, қимылдай гөр молырақ.
Сол әлсіз жан — соны бақ.
қашан қолыңа ілінгенше мол жағы,
тарт, тарт, бала, ілінгенше мол жағы,
ал, ілінсе — жібермессің сен-дағы.
Көп алуға болады де — бәрібір.
айрылғаны сол болады көрінің,
Күші де көп, тартысы да көбейді,
Күш сыналса — тік тұрады алуан көп.
жыққаны үшін атайды ғой палуан дел.
Реквием
Мынау қаза тұр шығып,
Түсінерміз кеш қалып:
Күрсінерміз еске алып.
мұңыңмен іш тіреп,
Және осалдығыңды
қорғау үшін күшті боп.
бір көтеріп берем деп.
толтыруға терең боп.
көп жығылу бірі деп.
көрді-дағы ірі боп.
ауыр баспен тас тіреп:
Сенің жамандығыңды
Жасырды да жақсы боп.
көгере ме еш халық.
күрсінсе тек еске алып.
Жамандыққа таң қалып,
Жылқы иіріп, ат мініп
Қартаямыз аң қағып.
есемізді тағдырдан.
бізді ұятқа қалдырған.
Маңдайыңды соқ қанша,
Салық өлді!
Не болды ал
"Жеңгем сүйер"
Шашбауы бар теңгелі,
Сұлулығы емес ол.
құртын ұрлап жемесең.
тағы мені жүр сынап:
жұрт көзінше жеңгені
ұялтпап ем шымшылап.
Сыйламадым сөзін шын:
Ұялғаны әдемі,
Ұялтпаймын сол үшін.
Жарасарын ұққалы.
бие сауа шыққаны.
Қымсынады ол — болғаны.
қызарғаны сондағы:
Жұрт дегенің бір керім,
Келін деп ап "бұзықтар",
ұялғанын қызықтар...
Жоқ дер едім — анық дау.
қыз өсіре де алыпты-ау.
қалса да күй теңелмей.
біреу болса деген ғой...
Күңіренеді қос ішек — әлсіздіктен деме оны,
қаққан сайын саусақтың қуаты өсіп келеді:
Серпіп қалса бағынды өтетіндей быт-шыт қып,
шертіп қалса жағынды кететіндей шықшыт қып.
Сол өкініш — баяғы күрсінумен тоқтайды.
Неге кеңге шықпайды — таршылыққа сыймаса,
Бір жаныңа батса күш — күш емес қой онда әлі,
Көрінбесе қуатың — әлсіздігің болғаны!
Естілмесе дүбірі — жүйріктігі не керек.
Неге керек жеткен соң кімнің тұлпар екені.
ертең шығар шыңына — бүгін неге шықпайды.
Сұрағанша қылғынып — неге тартып алмайды?!
Үн дегенің немене — шыбын да ызыңдап ұшады,
Қын дегенің не берер — жасық болса пышағың;
ой дегенің немене — өкіну ме бас шайқап?!
Күй рухы мол дейді (тағы айтамын) күш-қайрат
Тынады бар болғаны әлдекімге тіс қайрап.
бірақ мұнда күңіренді ол өзін-өзі жаныштап.
Зорлап сыйып қалыпқа,
Мүжігенше жанын құр - тыншымай ма салып қап!..
Сұлтан болып,
Мықты боп
атанса да би өскен,
Жібектей бір күй ескен.
Шығып кетіп жиі естен,
ауған жүгін жарлының
Жотасымен сүйескен.
Көтеріпті күй беріп:
қайта тігіп кедейдің
құйын жыққан үйлерін.
бар малына өзінде —
ол да сырқат жігітке
сусын берген кезінде.
тек жасып
көрінбепті кісіге —
Сақалға емес,
Құйылыпты өз ішіне:
Сері боп та желкілдеп
Шығармаған атағын.
Көз жас содан жатады.
Көрініпті ол дүриіп,
Керек болғасын заманға
көтеретін бір иық.
ел — омырау бояпты:
Біреу өлген күйшіні,
біреу халқын аяпты.
Сөнгендерге асығып,
Өлгендерге,
Көз жасын
өзінен де жасырып.
* * *
Ей, күйші дос!
Сенің еркің — шертем десең өзің біл,
Менің еркім қалай ұғам: қайғырам, не серпілем.
айрылады екенмін мен қалай ұғу еркінен.
Ұғыспайтын бар тұстар
ұрыспаймыз дегенмен.
Шықты бәрі өнерден.
Көп адам
кіргізді өзін санатқа:
қолмен жұлып жағадан,
тіспен тартып балақтан.
бәрібір ақыл қонбайды.
балақтан тістеу — болмайды.
тістеп тартар "ерінді"
сүйіп алғым келеді-ау
Жағадан алған қолыңды.
Қол сипай да, соға да алар.
көнер ме екен айтарымыз ұйқасқа;
сипағандай — кейбір қолдың соққаны,
ал, кейбірі — жаралайды сипап та.
ДИНА
76 жаста еді.
Алғашқы бақыт
Үн төгілді түрленіп — көк гауһардан кетті аумай,
Жарқындығы — күлкідей, мұңдылығы —
ащылығы — шындықтай, тәттілігі — шабыттай,
Жеңілдігі — көбіктей, ауырлығы —табыттай.
бір,
бетке шарпып қан ойнап — әсеріндей мақтаудың, —
Жатып алды бес саусақ пернелерді жастанып,
Жаңа талап күйші отыр жетпіс алты жастағы.
Жетпіс алты қасірет — жетпіс алты жүрекпен,
бастан өтіп бар қызық еңкеюге қалғанда,
Өр тынысын өнердің "құдай" күндеп тұрғанда
Келгені ғой шын уақыт тым кештетіп болса да,
кеуделіге бұл бақыт керек бопты-ау соншама,
бапты алмаса пернеңді — жаңылардай екен ғой —
таң боп күйші қарады мына залға — тың жұртқа,
көрген түсі ертеде айналғандай шындыққа.
әр саусақтың астынан үн оянды бүлкілдеп.
Түрленгені көп үннің — көк гауһардан кетті аумай,
төгілді-ау бір төгілді — беделдіні мақтаудай,
жарқындығы — күлкідей,
ауырлығы — жаладай,
сұлулығы — өлеңдей...
Бірінші өлең
Бес жасында ата-анадан айрылды,
Жеңге бар-ды, айырылды одан да.
қырсықты да көтеретін адамға.
күштілерге өшігеді ол несімен!
Жазатайым жаза тартса күштіден,
одан сайын түседі екен өшіге.
Әләуләлә, әләуләлә, әләуләй.
Жиырма бесте жан-жарынан айрылды. бала бар-ды, айырылды одан да.
қырсықты да көтеретін адамға.
Ол сезіну аспады тек бір түннен,
қайғы оның қонбақшы еді көзіне,
көзі бірақ босамады күлкіден —
Әләуләлә, әләуләлә, әләуләй.
қайны бар-ды, айырылды одан да.
қырсықты да көтере алар адамға.
келіншегін күтеді олар бұзаудай,
еркелете атаса да қызым деп,
Қасірет жоқ дейді шалда қыз алмай.
Бай болса оған — адам бай,
Әләуләлә, әләуләлә, әләуләй.
Тұрған соң сыр бүгіп
Кербез ғой күй мен жыр.
Кербезге үйлендір.
бар болса ниет шын.
Кербезге сый етсін.
Кербезге жолықтыр.
Өлетін болып тұр.
шығар ол қасың тек?
Әйгіле ғаламға,
Кербезден жасыр тек.
Өсірдің ерке етіп,
Қор етпе көзді енді
Жамандық көрсетіп!
Сұлу боп отырып,
айтпашы жаман сөз,
айтсаң да өтірік.
шығар ол жау ғана?
Тым әлсіз жарам да
жауымнан аумаған.
Сұлуға — бөлек той.
Кербездік керек қой.
ақиқат сүйгенді тауып ал...
Кербезге үйлендір.
Әлди, дала, баладай
әлди, әлди, әлди ғой.
құшағымда қалғи ғой.
Жайлы, жылы самалың;
Неғып жатсың қалғымай,
Әлди, әлди, әлди-ай.
Жуады да шуағың.
бесік исі шығады.
тісің шықты, сүйінші!
Ақ селеудің үстінен
бұрқырайды күн исі.
тапсын ақыл, тапсын ой.
ертеңгі оянуға жақсы ғой.
Әлі қандай батыр шын, —
талпынғанмен момыным,
тани алмай жатырсың.
Менің әнім — керегі.
Жылатпайын деп едім.
есейтсін де тапсын ой.
Оянуға жақсы ғой...
Бірінші өлең
Құрық, сойыл белдеулерде тұр аңдап:
Азамат жоқ елде емге.
Шал-кемпірлер шығып-түсіп келер тек
Азамат жоқ елде емге,—
Сойыл, құрық қаңсып қапты белдеуде.
Ешкі-лақты жатқызыпты көгендеп.
Жатыр жалғыз қызыл бұзау елеңдеп.
Тарылыпты, шөп шығып.
Сол баяғы аңқаулық пен жоқшылық.
Түк қалмаған, бір күнді бір күн ұтып.
Қайғыруды да ұмытып.
Ғұмыр бойы шеккен жәбір-жапасын
бүгін ғана есептеп.
бір топ бала қуалайды кесектеп.
Азамат жоқ елде емге.
Қаңтарулы қалған күйі;
Бір түрлі...
Сол бір керең заманның
Құра салған антеннасы сықылды.
Дастарқан "бар мәзірін" құртпен демеп,
Ортаға ап кемпірді отыр жұрт дөңгелеп.
Күй тынды.
Жыламау үшін тағы — сүртпеу керек.
Қатайтты бос мойынын бір бас анда.
Есектің құлағымен тыңдасаң да.
— Жыртады-ау ірге-аяқты қатқыр неме!
— Келінжан, кетті білем күн сіркіре тезекке жаба салшы қап бірдеңе.
киізді патша басса — ел бүктемек...
— Қой оны,
кеп қалса атқа тоқым, терлік керек.
Отырды, әттең, көптен төменірек.
Қасіретің де
ұмытпай мына бізді еледі деп.
Иығы — кең даланың көлемі боп,
Салып ап сапты аяқты,
Шаруасына
Жөнепті, аман болса келеді деп.
ойлапты домбырамен бір түн бөлек.
Күй солай...
көз жасты жылдамырақ сүрту керек!
"Бұлбұл"
Маған десең бір күнде — сан масайра, қайрат тап,
қалам десең бұлбұл боп — сайра, сайра, сайрап бақ.
Тілімді алсаң сөйт, байғұс, Көмей сені демейді.
қорықпа сен байғұздан — бойым бірдей екен деп:
Үрей деген немене — бір шырқа да соқ бүктеп,
Сен — бұлбұлсың сондықтан
Ол... (көп нүкте.).
Жомарт жандар бірақ та татырмайды — төкпесе.
Сайрамасаң несің сен?
Жұдырықтай тассың ғой.
Әшкерелеу үшін де байғыздарды — сайрап бақ,
О, керемет тағдыры берекесіз бір істің,
О, керемет ән-жыры,
"Әсем қоңыр"
Менің де кетті бүгін күйім жылып,
Күлші әсем, көк күмісті құйылдырып!
Өткендей тас төбеңнен құйын жүріп.
Қайтесің мөлдірлікті сезбегенде.
Қайғы жоқ кәріліктен өзге менде.
бал әуен құйылады ындынды ашып.
екі ішек бір-бірімен қылмыңдасып,
Ғұмыр-ай, қарттар сүйген, жас ұнатып,
Көңілді күлкі, назға асыратып.
Жүр дейді құдайдың да басы қатып...
Тек күйдің күші келер әсемдеуге,
Күлмесек,
Жылымасақ бұл шуаққа
Ұқсармыз емшек емес, тас еменге.
қайтесің мөлдірлікті сезбегенде.
қайғы жоқ— кәріліктен өзге менде.
* * *
Әйел еді деп емес,
күйін бәрі сүйіпті
Ерге емес,
Сол өнерге тиіпті.
айналдырыпты ерке елге,
бар екенін күйеудің
ұмытып күй шертерде.
Босағамен,
"Күнә" ғып —
келін деген байғұсты
Шаршы төрге шығарып.
Міне қуып қасқа атқа.
Сонда-ақ сызып тастапты.
көп десең, де иланам.
басталыпты-ау Динадан.
Бүгін қыздар, тез өскен
Сұлулықтар дер ем мен.
қосу үшін өлеңге.
бозбалада көңіл мәз.
Сұлу қыз
Өнерде — көп,
Өмірде — аз.
беттің ұя-шұңқыры.
Өріп тастап күлкіні.
Көрінеді-ау бұ шақта.
Ыстықтау бір құшақта.
Қыздар аға десе де,
қарамаған боп жүріп,
қалғың келед көшеде.
бозбалада көңіл мәз.
Сұлу қыз
Өлеңде — көп,
Өмірде — аз.
Сұлулар көп.
ұғымдар жоқ әмәнда)
бұзып шығып жырыңды
тарағандай алаңға...
Жатса да сын айтылып, "шатақ" болып,
Жыр бастырдық шыққанын атақ көріп.
Аяқтан өзімізді матап беріп.
Асықтық: құрбы алдында бір бөскелі.
Сыртыңнан тілсе біреу — тілдеспедік.
Қалай айттық?
Жұмыс жоқ.
Тылсым жұттық.
Соғұрлым да
Көрініп қалады екен сыншың мықты.
Алдыра бермеді ғой биік маған,
Сондықтан да кезім аз ұйықтаған.
дос пен қасты өз басым үйіп табам.
Қас мерейі — түндерім ұйықтаған.
Әлсіз достың болғаны күйік маған,
Күшті жазсам — кей қасым тұйықталар.
Әлсіз жазсам кей досым сүйіп қалар.
Жаман жазып ұнаймын біреуіне,
Осы екеудің біріне жол табамын,
адасқанда оқушы жүрегінен.
ақ матаны қайыған күрең жіптей.
Дос пен қас бар,
Сол екеуін келемін "іренжітпей".
" САРЫЖАЙЛАУ" САЗДАРЫ
Ағаштардың бойын жұлқып тебіскен
Білеу-білеу тамырлармен қан тарап;
Жабайы өскен көкшілдеу бір жемістен,
Әже барып алып келді нән табақ.
Аппақ-аппақ гүлге толы түкпір-түп.
Шаруақор жан кеткендейін сүт бүркіп.
Қазығынан айналады қай құлын.
Кемпір үшін — құтылмайтын қайғы бұл.
шашылған зат.
Жылағанға сый — таяқ.
Мұндай күні таптырмайтын итаяқ.
Көркем бұлақ күлімсірей береді.
бала-қыздар батырады шелегін.
білеу-білеу тамырлармен қан тарап:
жаңа піскен қып-қызыл бір жемістен,
тағы біреу алып келді нән табақ.
бауырсақтың дәмді исі —
балалардың жадыраған қабағы.
Мұрыныңмен қаңғисың,
ауызыңа түсетіні — шамалы.
Ескі сурет осылай,
(ал, күй деген жаңарған да жоқ әлі.)
Көркем десең, көне орныңды шошымай
"Сары жайлауды" бір тыңдасаң болады.
Қайыңның шашы сиреп... күз боп қапты,
тырна келіп аспанға тізбек тақты.
қалың ағаш түбінен іздеп тапты.
Жарлы бала суыққа тонды үсігіп.
төбе-шашын берген соң желге ұшырып.
Үйріледі қоқтыққа қиқалақтап.
кеуіп қапты,
бола алмай итаяқ та.
тұсау есті ол құрықтың бауын алып.
етегіне сүрініп ауық-ауық.
Таста!
Болар!
Жо-жоқ, бәрі бір кезгі бастамалар.
Әдеті ғой мезгілдің шаштан алар.
Күй десе ірке алмайсың бұ қазақты:
оқылмай намаз қапты, дұға қапты.
Жабықтан келін-кепшік сығалапты.
Көсіліп күйші де бір жасап қапты.
таңертең бір қыз тұрып шашақтапты.
Жан шіркін ышқынғанда ашып-күйіп,
Қайғыдан аман қапты әдемі қыз
Күйшіге он бес жаста қашып тиіп.
жаныпты өзге оттан ғашық от көп.
ал, оны аттандыру — қасірет боп....
Уақыттың бестен кейін бос болғаны
емес пе жамандығы дастандардың?
Уақыттың бестен кейін бос болмағы
Жо-жо-жоқ,
Жұртпыз ғой біз,
өрепкіп бір
көкірек нәр іздейді ерек тіпті.
Стадион кеңейтуді керек қып тұр —
Футболға көп барамыз.
Жүріңдер, қызу айқас басталды, әне.
Тимурдың қызық одан доп салғаны...
Футболдан дауламасам да есені мен,
уақыт босады ма деп қорқамын
Концерт пен кітап оқу есебінен.
Алматыдан қараса
аулым қандай аласа.
Алматы одан тамаша.
(қойды-ау тұрмыс та оңбай бір)
барар едім ай сайын,
жағдайым болмай жүр.
түзулерден дәмелі,
сәлем берер әуелі
үлкен кісі бар еді.
сәлемнің не көкесін.
басыңды изеп өтесің.
бір күліп ап, сіреспе
белбеу буып, бір-бірлеп
шығатұғын күреске.
формасы оның өзгерген:
күресесің бұ жақта
қызыл-қызыл сөздермен.
Жібермейтін сөзге есе.
бірақ ол жыр өзгеше.
дайын шай мен сыра тұр.
қалжыңдасып тұратын.
тек бір нәрсе жетпейді.
құлағымнан кетпейді;
Енді барсам мен оны
Құшақтар ем түсіне,
әкемді көрген кісіге.
Әр қурайы бас иіп
шығады алдан
о, тоба-ай.
әр басқан із — нотадай.
ішек болып кетулі.
күй шертетін секілді.
түскен кезде аңсап кеп.
кететіндей саусақ боп.
үлпіп жатыр жер осы.
тым дөрекі көресің.
сен сәбисің, ана — қыр.
столына дананың.
енді аттау ұят-ты.
бір құпия
жазу жатқан сияқты.
Сәби туды — әдемі арба табылды,
тербетті күй жүректерді орныққан.
көбімізге түсініксіз сондықтан.
сондағы күй қуатына болдық таң.
біразымыз түсінеміз сондықтан.
ойнатты күй көңілдерді орныққан.
бәрімізге түсінікті сондықтан.
Күй атқарар жұмыс бүгін көбейді,
түк қалмады молла аталған сорлыға.
күй тартады, иман айту орнына.
ұста жылдам—
пернелерді қуып бер.
бір домбыра ұстау керек, жігіттер.
Абайсыз кеткен талайды,
Талайсыз өткен сөзіңді
Аяймын;
Абайға қарап — өзімді
Аяймын.
Алматыда кәрі көп, сәлемдессең бәріне
тілің талып қалмайды, қол тозбайды әрине.
не жұмысқа барасың, не қайтасың жұмыстан.
ол жолығу болады — не жетпесе соны ұғу.
әнеугі айтқан әзілі бойыма әлі жүр сіңбей.
"Балам, мына шашыңды өрейін деп жүрсің бе, ей?"
Жанарымен содан соң әрі сыншыл, әрі ойлы,
бақайыңнан басыңа сыпыра бір қарайды.
Қарт қалады жүзінде— ой, миығында — күлкісі.
"біздің мода осылай, біздің мода осы ғой.
және осы дода-бас бізді сынау болады".
Әр кездің өз модасы.
сол модаға — шалдарға еліктеуші тағы бар.
үлкен үнді қайталар — жаңғырық қой, кісі емес.
орағытып алысты отырғанын шымшылап.
Кей пернеге қадалады саусақтар,
сол пернеде жатқандай бір сыр-тетік.
нағыз дыбыс содан шығар бұрқ етіп —
күйші сондай күлген кезде емес пе ер,
қайғырса да қадірлі екен нағыз жан.
белгісіз бір кенді тауып ағызған.
бірақ саған айтылды ма наз ондай?
Мағынасы терең-терең қазына,
қиын сенің отырғаның қаза алмай.
сүйіктіңді көрген түстей бітіп қап
қор етеді;
енді бірде бес саусақ
екі шекті еңіретеді қытықтап.
әр пернеде мас боп жатыр бір-бір үн.
түсінбесең— домбыраның күмбірі.
Кесірлі ойын кей жанның тез ұқпаған
Кездерімде керемет төзіп бағам.
Қабағынан жарымның сезіп қалам.
Осал табар сөз астын қазып үнем.
Ұғам оны достардың әзілінен.
Көз алысқа қадалады не біліп,
күйші қапты не берілмей, не көнбей.
содан енді адаспайын дегендей.
Кірпіктері жебе болар садаққа.
жалғыз нүкте қадалуға жарап па.
аялдатып көрген емес түк мені.
таппаған соң ең негізгі нүктені.
Ауызына ол сенбес еді,
бірақ та
Дәм салғанда сеніп қала береді.
ешкім тартып ауыртпаған соң оны.
Ақ пейілді ауыл халқын білсем де,
Жылқышылар сұрамады кімсің деп;
Жалғыз-ақ тек қымыз ішкеніме қарап,
Жігіт екен, мінсін деп.
Алдап тұрып артпақ едім тақымды —
Білмек болып жүрегімнің "орынын"
Шабынан кеп түртті біреу атымның —
Атып кетті секіріп,
Әйтеуір басын ұстап қалдым бекініп.
Елемеген боп жатырмын өтірік.
Ауыздықтан алды келіп біреуі,
Қолтығымнан сүйемек боп біреуі —
Үш-төртеуі қатар келіп тұр еді;
бала күнгі намысымды тірілтті
Зекіп қалды ол: "Мінеді ғой өзі де,
Тәйт, әрі тұр, қорламаңдар жігітті!"
Қайтыңқырап қалсам-дағы қанша өзім.
Қарғып міндім...
Қалды әзілқой жігіттердің тәлкегі.
Мен деген — мен еместей,
Шұбарытып жатты дала елестей,
Жігіт атану:— неткен абырой,
Асау міну,— қымыз ішу емес қой.
Тартыпты-ау
Сол асауға кездерім де малтыққан...
Сүйетпеудің не екенін қолтықтан.
Жақсылық көп мына өмірде, жас жігіт,
Күдік айтып қанша саған керегі,
Кім — қолынан келмесе егер жақсылық,
Ол — өзгенің жақсылығын көреді.
Жақсылықтар сатылмайды сірә да;
Ең "қайыршы" деген жан да сондықтан
Бір жақсылық еткісі кеп тұрады.
Ауырады, батқандай сын, ағайын.
Бірақ одан сақ болғайсың, ағайын!
* * *
Маңдайда әжім терең-терең қазылып,
Көп сыншының өзіңе айтқан кінәсын,
Опынасың, аз ұғып.
Соларға ойша қарайсың да шағынып,
Сонау күні кетіскен бір құрбыңды
Отырасың сағынып.
Түкті де айтып бітіргем жоқ, халайық,
әлі отырмын бір мықты өлең таба алмай.
қомағайдың алдындағы тағамдай.
1
Күйші отырды "кел де келге".
күй қайтеді жеңбегенде!
Күй сөйледі — тынды бәрі,
соқты теңіз көлкіп жарға.
араласты толқындарға.
Келді бір сәт "бер де берге".
пернелерден-пернелерге.
ой күдіктен болды ма ада.
Иегін сүйеп домбыраға.
2
Сардаламен сыңсып ақты,
көлеңкенің салқындығы
жылылығы күн шуақтың;
күзгі құстың сайрағаны;
Жылқышы әні шалғайдағы,
Үйде қазан қайнағаны —
қосылды да бәрі, бәрі...
Исі, түсі күйге сіңген.
Күй секілді үйлесіммен.
тұман жапты кепелерді.
Жұтып алып кете берді.
Жеңілдетті іш құсаны.
Бірақ бұлдыр түске ұсады.
сыбдырын сай тыйды кенет:
домбыраның алқымына
кек тірелді бір керемет.
кетті, тағы... неге егесті?
Бірі тұрып, бірі құлап
көп толқындар төбелесті.
бір-бір адам жүз көрінген?—
Күйші көңлі қарманады
Әлдекімді іздеп үйден.
Толтырды да алға аттады.
Әрбір тауды салмақтады.
Әр жетімді құшақтады;
өрт теңіздің бетіндегі
көлеңкеге ұсап бәрі,
бірі шошынып, бірі құмартып...
Келді екі ішек бір "жетімге"—
Көрді Тотаң күй бетінде,
Көрді өз бейне-суретін де.
шикі дүние — жаман еді:
арман өсіп, арман үдеп,
кішірейді адам өзі.
"Сарыжайлауды..." заманын да.
Домбыраның тамағында.
жіберді әрі сәл жұтынып.
Күй аспанда алды тұрып...
қазақ көшті қырдан-қырға,
Күй де көшті қырдан-қырға,
іздеп бізді — келешекті.
мезгіл қолы шебер шертті.
Жаңарды ылғи көне күйші.
боз жусанның келеді исі...
күлмек едім күйіңменен.
Күй басымен иілмек ем!
Шертем Тотаң күйін бүгін,
көрген жоқ қой құмар тарап.
"Сарыжайлау" жүр арқалап.
Әр нотасы мұңайтады.
Жел тілімен Күй айтады:
"Тыңдаңыздар — тамаша бұл,
отырыңдар мұнда, бері,
болса содан кім дәмелі;
кім зар-мұңның татса дәмін,
сол қарасын аяп маған!
солар үшін аяқталам".
АҢЫЗДАР
І
баласы да — қызба халық,
бірінің құмары бар жүз балалық.
Қой, достым, күні бұрын сыздамалық.
жөнелді айдалаға алабұртып.
дүр етіп бір сілкінді қара бүркіт.
ІІ
жинатты елді;
адамның беріктігін —қинап көрді...
қорғасын сол көмейге құймақ болды.
шыдады зор қайғыға ұлы күшпен.
болғанда кеткен ұлға жыл кемінде.
қара ормандай күңіренуге.
көрді де қарт жолаушы көмді басын.
мылтық деп арқалаған домбырасын...
көп кіріп жалыққан ба хан алдында —
ешкімнен емеурінсіз домбыра алып,
хан мінген тақ жанына қонды барып.
Қатал еді хан құлағы,
бес саусақ перне теріп қаңғырады.
Дала ғып көкірегін домбыраның.
артынша-ақ бұл үмітті құмға құйып,
аз жібу хан жүрегін
ішек бойлаған
бүрді ақиық.
көз жас,— деді,— су асылы,
болса асыл тозбас деді сірә асығып.
кеңге шыққан толқын құсап,
долы хан жайылды да жуасыды.
асаудың ақылы — сап, ырқы міне
байланды бір пернеге...
аударсақ күйдің тілін жыр тіліне.
ІІІ
шаң жуды,
келеді улеп үн құлаққа.
бөріктей дөңгеленіп сырғыды артқа.
жырлады қамыс-қоға сыбызғыдай;
жер — дүние шулап,
сарнап жатса-дағы
жалғыз-ақ тіл қатпады нығыз құдай.
Кенеттен... тұяқ үні...
Шұбырған бұл немене шұбар-ала!
"Әйтеуір аң шығар" деп,
Садақты сақ қолға алды,
ұшты жебе тарақ құсап.
әр жерге екі-үшеуден тыраңдатып,
жас аңшы жыға берді құланды атып.
жүзінен жалғыз тамшы үзілді ояу.
бәрі де болып кетті қызыл бояу.
қосылып қызыл бояу ызыңдады.
көк, қара,
ақ пен сұрдың бұзылды әні —
сұр тастар қызыл гауһарға ұсап қалып,
қызыл су ақты бәрін құшаққа алып.
Көк орман қып-қызыл боп алды тұнып...
ал құтылып!
Құлан да құтылмады!
Бірақ анау
жебеге жалғыз құлан құламады-ау.
шапты тағы өрге малтып,
бар түгі шықты кенет терге қалқып.
Құланға ақсағаннан
өлген артық.
кетпек ед... қалды бірақ оғы бітіп.
Осы сәт...
Ақсақ құлан шапты қарсы.
тартылды қызыл өзен... бітті, үзілді.
бәрібір қасіреттен болмады ада —
қуатты ажал сепкен жан да жаңа
айналды омырылған дарбазаға.
орнатты омыртқаны шықшыт қылып.
қызыл су зер-шапаннан шыпшып шығып.
үш аяқтап ақсап кетті,
көңілге қарауытқан дақ сап кетті,
тұяқтан ұшқан тастар жасқап бетті,
бір тастың тасасында бас қап кетті...
ІV
Орнынан тұрды сол сәт хан атылып:
"күйіне қу ағаштың жуасысам
хан болып керегі не жаратылып!
дұғаңды оқы жылдам, молда бала,
балқытып қорғасынды әкел бері —
бұл кегім: балам кегі, Әкем кегі —
ол айтқан сұмдық хабар болды мәлім.
тіліне қорғасын-мөр қондырамын!"
Қос ішек содан бері... пернелері
осынау аңызды айтып тербеледі;
қалыпты бір ғұмырды арашалап.
әкімнің өнерге өтпей бұйырғаны
қайғыны — хабар етіп жеткізгенге
қорғасын одан былай құйылмады...
Ыңырсып,
әлсін-әлсін боздаған үн
төбесін шымырлатты боз даланың.
не бір дұға оқығандай
еріні қара нардың қозғалады.
Бір азап бар секілді етін езген.
Дүние буалдыр боп...
қос тамшы баданадай екі көзден.
бө-бө-леп, жасыл шашақ жыңғылды алып,
Майда қол нар мамасын сипай тартса,
шелегі тұратұғын сыңғыр қағып.
алдау мен мазақтаудан жаратылып.
әйтпесе тебер еді нар атылып...
сылқ етіп құлап түсті бұлақ талып.
бір тұрып,
бір жығылып,
құлап қалып.
түк көрмеді,
сол ма еді, кең дүние, біткен жерің!
Естілді әлдененің боздағаны,
көрінді әлдененің бүктелгені.
Мұңға-мұң жамала кеп дертке жетті.
қара нар берілмей тұр — өкпелеп тұр.
нар тұрды бедірейіп, берілмен деп.
әр жерден бір-бір шоқы көрінген боп.
Дүние су боп тұнды екі көзге.
айналып бауры мұзға, еті — безге.
ұға алмай не болғанын тұр ойланып,
күңіреніп,
көкірекпен боздаған үн
ағызып барады алыс боз даланы.
күрсінте қозғады күй алыс мұңын.
күй менен жетімдікті салыстырып.
алғандай аяулысын кірлеп қатты.
Бауыры сыздап кетті...
жеңем деп тағдыр атты бір бетпақты.
бауырына ана атанған тіршіліктің.
сиқыр сурет
көзінде бота болып іркіліп тұр.
Кенеттен...
бұ шіркін азу салса — әлдене ме!
Найзағай басқандай-ақ, табанынан
бір діріл тарап жатты бар денеге.
тағы да... тағы тістеп қарбытады.
(Шытырлап сынды кепкен тал бұтағы.
баурына енді сол сәт қара болып.
қайтадан шыға келді ана болып...
Иіпті нар осылай.
қатты өмір күй алдында бітті, иілді.
боз жусан тамшы тағып, шық киінді.
ебелек екі көзде діріл қақты.
Қара нар тек:
алдында пәре-пәре тұлып жатты.
үлбіреп,
тұрды өртенген гүл секілді.
құнысып бір шөкім боп күйші отырды.
АХМЕТ ЖҰБАНОВ
Пультте тұр, ойы жалын, даңқы лаулап
Жайы жоқ күйдің кәзір аңқымауға.
Басына кеткен білем толқын аунап.
Кей үнді бір пернеге түйіп, сарқып.
Тұрғандай екі қолға жиып тартып.
Таяқша жібергенде тіліп-тіліп,
Дирижер үбектейді пәре-пәре
Әлденені тігердей біріктіріп,
Әлденені түтердей түбіт қылып.
Жатқан шаш бірте-бірте көтеріліп:
Пультте тұрады Ахаң дәл осылай
барлығын құдай құсап жеке біліп.
Бұрқырап жөнелгенде осы бір күй,
Ойлайсың жалғыз тал гүл өсіруді.
аунайды өзен алдында есігіңнің.
Басқан аяқ тиердей тепкің болып.
біреуге бір жақсылық еткің келіп.
Ештеңені келеді ұсатпағың.
Кей жауыңды келеді құшақтағың,
Бал ұйыған секілді таңдайыңа,
Ойлайсың ел жайында, ән жайында.
Бар алақан сипардай маңдайыңнан.
Жырлайсың өткірленіп, өжеттеніп.
Қарайсың ғашық болып, не жек көріп.
Аңсайсың ән мен күйді өсіруді.
Өзен аунап алдында есігіңнің.
Күй бірде скрипкада күйіп, түлеп,
Айналып ақ көңілді сүйіпті үдеп.
Ақаңның бір көзіне тиіпті деп.
Тағдырды әрі айыптап, әрі ақтапты.
Жүрек жалғыз,
Көз де жалғыз —
Күйдегі Құнанбайға ел қарап қапты.
Қосыпты күй сандыққа бабамды айтып.
Алмапты ол скрипканы содан қайтып.
басқа ма әлде — біліпті кім,
Кім өлшепті аңыздың биіктігін.
мақтарда жұрт, өзінің сүйікті ұлын..
...Сөйлетуші ек жиылып со шалды бір,
Кездерінде күлкіге қосар мұңын.
Ол да бірақ мықтының осалдығы.
жаңамызды кей ескі "тұздамаса"
Өнердің жастығы ғой деп қоямыз,
Алпыстағы атаға қыз қараса.
Тас лақтырсаң— терең де шығар қайнап.
Жүрміз, әйтеуір, тым жиі ұға алмай қап.
дейді,—
(Болады таласпауға, ісінбеуге).
Ақаң сондай.
Содан шығар Ақанды түсінбеу де.
Жырға қостық сол үшін атын баптай,
Бәрімізді іздеді ол күні-түні,
Бірімізді маңына жақындатпай.
"Қиын" бүгін — мықты боп құйылуда.
алыс жүрген жақсы ғой сиынуға.
1968
МЕЗГІЛ ӘУЕНДЕРІ
Қандай істі бастасаң да қуанып
тез бітуін күт дейді,
басталған том,
келген жерім бүктеулі.
ашқаныммен сүріне,
ашқан есіктерімнің
жабылған жоқ бірі де.
жоғары ұш, жоғары:
сені атар дұшпанның
оғы біткен жоқ әлі.
кеуде соған тоқ кейде:
маған ұсынар гүлдер
әлі ашылған жоқ дейді.
көңіл бар тек күткен көп:
қайғырып та біткем жоқ,
қуанып та біткем жоқ.
біткенінше
еңсеріп,
ауа сені жұтамын
Бір есігім жабылса,
жабылғанша түп-түгел,
шыңдар, сені бағынтам,
бұлттар, сені түттірем.
құлағанша,
төзім ғып
қуам сені, жаңғырық,
Мен құшар гүл бұтағы
қурағанша,
еңсеріп
нық басамын, жер, сені.
жансам деп ем тағы бір:
сонсоң маған бәрі анық,
сонсоң маған бәрібір.
ТОБЫЛ
қара су қазып апты-ау жолын мықты.
табиғат қайратты ұлын момын қыпты.
толқындар қажайды еппен көк тастарды.
орнына жалғыз қарпып жеп тастаудың.
бәрін жайып көрсетсе — байып кетер...
сонда осы... терең болу айып па екен?!
Аяйсың.
құмартып тереңдіктің түбіне осы.
соғұрлым үңілесің!
Құбылып, қыртыстанып, не түрге еніп
жатпайды ол;
болмаса аздап көпіргені.
қазақтың қара өлеңі секілденіп.
КИІМ ДҮКЕНІНДЕГІ ОЙ
жүрген жандай кеудесін өлең кернеп:
бірін өлшеп кең деді, бірін тар деп,
үшіншісін шығарды төмендеу деп.
бірі — жылтыр, біреуі — түкті бұйым,
нашар екен матасы деді, бірақ
"кең" менен "тар" аузынан шықты жиі.
пұлың болса талғамың да өседі үдеп.
екі түрлі бетіндей бір матаның:
кең деп кейіп іздегенше аласұра,
кең костюмды алмай ма ағасына,—
Жо-жоқ, ол қарамады бағасына,
Тарды көрсе тарта ма салқын іші,
тар деп неге айтады болса інісі,
базаршының емес пе алтын ісі?
Түк болмаса дүкеннің толғаны да,
сай келмесе киюге, қолға алуға,
шешіп берер іні жоқ болғаны да.
"тарды" алар ем бір іні берсе мен де...
бәр-бәрі тек өзімен өлшегеннен.
Сөз іздесең мағыналы, бағалы,
босқа өзіңді қамшылама, сабама,
Ауылды ойла, тасып кеткен кезінде —
түсесің өз сабаңа.
оқиды — тек кітаптардың төресін.
ауылды ойла — сенесің.
сонда жатыр адамдардың төресі.
кеңіп сала бересің.
Именшек сәуле жүзіп жүр,
жәй қысылатын сықылды.
қайғысыз ақын сықылды.
сұрама,
толысқан белің емес пе?
Қарайып қапты жыралар —
Жылжиды Тобыл жарқырап,
арманды да болар-ау:
ұлылардың артында
қалған мұра болар-ау.
бықсып-ақ тұрған шығар-ау,
мені ұнатқан қызды айтып
сыпсыңдап тұрған шығар-ау.
ЖУРНАЛИСТ
Біреуді ізгі дегеннің өзі де ізгі ой...
Ол жәй адам кәдімгі өзіміздей.
газеттерден қалсаңыз сөзін іздей.
әр жазғаны жатпайды той саналып.
летучкада арқаға қойса қағып.
оқиды өзі —
Не бопты, ескіріп пе?
"Есерден де жақсылық шығад — дейді ол,
бірақ оған қарау жөн естілікпен".
бүлінгенді теңгеріп, теңейді өліп.
жақсы адамның қалайды көбейгенін.
пішенші мен қойшының сыйластығы...
сылт-есепші сылтауын жинастырып
қарбаласар;
тың тіркес, ой салалы, туып қалар,
ойлауды қойса-дағы.
летучкада арқаға қойса қағып.
Жазып кетті...
Ілікті....
кейде арыз артында жатады үдеп.
еңбегі бар, лауазым, атағы жоқ!
* * *
Япыр-ау мен неғып алғам самайды,
өз көзіне өзі сенбей;
шынымен
қартайғысы келмей отыр ағайдың.
сақалыма өтпейд дейді балтаң да.
әжімдердің кеткен жерін талқандап.
Соңғы кезде жеңгейге де сенбей жүр.
ал, ағаның талдап жұлғаны — өнбейді...
Қырсығады, көнбейді,
сақал, шашты, тек өзінше жөндейді.
одан сайын жас көрсетіп жеңгейді.
Кештіғұрым екі жан жүзіп баққа
кіріп келді гүлді ұстап, қызықпаққа.
бұлар тапты рақат үзіп, таптап;
Жас жігіт жанын салды—қызулы еді,
гүлдер тұрды алдында үзілгелі.
енді бірін тым ерсі — қызыл деді.
бір-біріне еріндер талшық тасып.
(кеткендей боп көрінді жер дір етіп)
қолын созды бойжеткен үлгірмеді —
қарт бағбан ақырып келді жетіп:
— Неғылғаның жатқаның бүйір малып,
түтін болып шал тұрды...
артық айтса айыпқа бұйырмаңыз).
таспен ұрып бағбанның басын жарды.
жинап жатты гүлдердің шашылғанын...
Нені ұқпаса — дәл соған қызықпаққа.
бұлар тапты рақат үзіп, таптап.
әрең тұрды кей гүлдер қиралаңдап.
гүлдер қалды үгіліп, жасып қанша...
сұлулыққа топастық ғашық болса.
ГҮЛ МҰҢЫ
Тегі менің шын екен жаралғаным өзге боп,
көрінеді екенсің сорың үшін көзге көп.
кетсең егер көңліне — қояды екен жұлып ап.
қысқалығы ғұмырдың — сұлулығының әлегі.
сипай ма екен маңдайдан жұлу үшін тамырды!
Ғашық болса біреулер — оған да мен кінәлі.
қалса екі қас достасып — сақтанамын одан да.
тиіп кетсе денеме дірілдеймін сол үшін.
қонған сайын қорқамын көлеңкелер төбеме:
нелер жеңіл бүгінде — азаң батқан секілді,
төбемде — өмір,
түбімде — ажал жатқан секілді...
ҚАМШЫ
шешен еді шешеміз сөзге мүлде.
ұстатты әкеп қамшыны жездемізге.
ойлап көріп жездеміз әрі-бері,
қамшы үшін әкемізден қалған со бір,
Қуантты жарты қаптай тары беріп...
жоқ боп тынды.
Қорлық қой көндігу де.
жездеміз де енетін болды бірге.
Бертін келе шешеміз сөзден гөрі.
"Қамшы осады түн сайын, дейді, арқамды,
Сол қамшыдан айрылған кезден бері".
"СОҚЫР ТЕКЕ
әкетті деп "жеті ұры"
іздеуші едік жүгіріп,
соқыр болып өтірік.
соқыр түгіл, айыққа:
кететін-ді бұрылып,
таппадың деп айыптап.
өшіңді бір аласың:
көзін таңып, орныңа
"соқыр" ете саласың.
досың күліп, әрине,
көретінсің азапты
көзі бардың бәрінен.
ей, балалық, желіккіз!
Теке қоймай
құтылмайтын едік біз.
айдаладан сөйлеп құр.
жаман ырым ғой деп бұл.
Жәйдан-жай сөз де
айтылмас боп алды.
шын соқыр боп оралды.
ербең қағып қолдары,
әлдекімді шамалап
ұстамақ-ты ол дағы.
үрейлендік, отырдық.
жіберердей соқыр ғып.
кеудесін бір кек кернеп,—
бар қаскүнем, бар ұры
соны тонап кеткендей.
соқыр түгіл айыққа.
әлдекімді айыптап.
ойын қалды, жетілдік.
ойнап жүрген секілді...
ЕСТЕЛІК
ол да сенен шығар-ау із қалғаны.
көнергенмен дастарқан сіз бардағы.
қара етіктің табанын мықтап тестім.
үйткені оған сенен соң шықпапты ешкім.
көп аузында әлі жүр әзіліңіз.
бір жұртта ат байлаған қазығыңыз.
ішекке қонған тозаңын тұр ауырлап.
сені көрген кісілер жүр ауылда.
бәрі сені келеді ұмыттырмай.
әжем қайтсін келер деп үміт қылмай.
"Беломорды" шиырып,
тіп-тік ұстап иығын,
оқуға емес, фотоға түсетіндей киініп,
жігіт бола қалады — ел баласы бұйығы.
үйренеді содан соң сыраға ақша төлеуді.
стипендия алғанда қалушы едік кенеліп.
келе-келе сыншы боп "заказ" алар ақырын.
мұғалім боп ауылға аттанады ақыры.
САБАҚ
жағрафия сабағы, әсіресе, картаға
қиналатын едік-ау көп-көп іздеп, көп іздеп,
тауларды іздеп баттық біз талай-талай теңізге.
бірін-бірі сызықтар сүйреп шығып қинайтын.
Қай жағыңа қарасаң — бас қатырар шимай тұр.
кей шимайың ми түгіл, қағазыңа сыймайды.
шекарадан гөрі, тек,
адам менен адамның аралығы қинайды.
ҚЫЗДАР
алданады гүл иіскеп;
билер сонсоң қатырып
"чарльстон" мен "твиске".
о, түсінем, түсінем:
"Ұятсыз" деп тілдеп алып жігітті
аяйды ептеп ішінен.
өткірлеуін әзілдің, астарлысын сөздердің.
қоштасумен шектелер.
жасықтарын жек көрер.
Мықтылық бар, осалдық бар ғажайып
сұлуларда,
соның бірін жазайық:
осалдығы — соның көбін елеуі.
ең бастысы — осалдығы секілді.
ОТ БАСЫ
атом жәйлі,
жер жәйлі ой осып салған.
ұйықтап жатқан ұлымды шошытпаңдар.
әр минуты келеді азап ала.
ауру, кәрі шешемді мазалама.
қайғы адамды өсірер десе — күлме.
дөңбекшітпе жарымды төсегінде.
санаңды ап шын
алаңдатса тек жақсы ой алаңдатсын.
бататыны болса, тек маған батсын!
* * *
Әже,
әлде бір көңілсіз ой қонып кетті —
Мені көрсең бүгінде, бар білерің
жылау да емес, кемсеңдеу болып кетті.
іше алмайсың шайды да бұрын ішкен.
ал, жантайсаң жатасың бір уыс боп.
қарың — қармақ болыпты, болмай құшақ.
шірік бұтаққа ұялаған торғай құсап.
қорқыныш пен уәйімді паналатып.
қайда ғана әкетіп бара жатыр?
* * *
Жүре тұршы,
өлімді ойлау — не берер,
жүре тұршы,
үйленгенше ұлдарың,
есейгенше немерең.
дауыл күнгі емендей,
ұл-немерең күні ертең,
"әжем қайда" демей ме?
ұл — ынжық,
не бере алам енші етіп;
Отырам ба күмілжіп,
Қарау керек "обалға",
немереңнің бата — емі.
бір "шүйке бас" әперу?..
Көңілімнің лекітпесі секілді,
шідерімнің бекітпесі секілді.
көрші берген кетік кесе секілді;
қолға сеніп: "шап" дегенім секілді,
жанға сеніп: "шат" дегенім секілді,
ең қымбатым,
сенімім,
тұңғыш жазған сәтті өлеңім секілді.
Тағдырдың
тек сен үшін шығарған сол "қаулысы":
балаң — ерке,
күйеуің — жалқау кісі.
біріне төзуменен
біраз жерге кеп қапсың, байқаймысың.
мен де қамыңды іздеп ем — таба алмадым:
Қара қасың мақтадым — сыланғаның,
қара шашың мақтадым — таранғаның
Бар құрметім: өзіңе сене білдім.
театрың— күлкісі бөбегіңнің.
модалардың кезегін күтеді кеп.
ательең — азық-түлік дүкені боп.
білмедің сен, білмеген— кәрі етеді.
менен басқа мықты ақын бар екенін.
ШЫНДЫҚ
ас пісіріп күтпе көп;
жерім де көп бармаған,
ісім де көп бітпеген.
ерте келсем — ол да сын.
үйде өзің болғасын.
күттің, рас, күнімен.
көңілін сұрай кіріп ем.
мән берме ондай-ондайға.
Жиналысы болмай ма.
ал, айтайын дұрысын:
кетіскен бір досыммен
табысып ем сыра ішіп...
Бір тағдырмыз,
қайғы арман
ортақ бізге соққы да;
екі жетім тоқтыдай,
екеуміз де ынжықпыз,
екеуміз де сенеміз,
бір-бірімізге ереміз.
дауымыз бар не түрлі.
екі оқушы секілді.
Болмаған соң махаббатсыз,
сүюсіз,
өмір өссе — атамақсыз:
тыюсыз.
ырғалған
қыз бен жігіт күйіп-жанып
тұрғанда.
түк ойсыз:
махаббаттың мәңгілігін
тілейсіз.
бір жанға:
айрылысу менен өлім
тұрғанда.
Тым ащы айтсам, кейіме,
ісінбей кет.
түсінбей кет.
тәтті жеген сәбидің тісіндей боп.
бәрін тәтті айта алман иіп бекер.
ащы татып бір күні күйіп кетер.
ащы сөзді кейде мен қалам айтып.
кезің болсын тәттіні қаламайтын.
мен емен "таза" жендет,
тұзды сөзбен ойым жоқ жаза бермек.
жарақатты ащымен жазады емдеп.
Қарай-қарай қасыңа,
қарлығашты ұнатқам.
қара орманды ұнатқам.
тереңдікті таптым ба.
ерімес боп қаттым ба.
сездірмеуді үйрендім.
көрші қызға үйлендім.
Бала боппын: бақ, талап,
ойламаппын ғұмырда;
жалғыз ұлды қақпалап,
өзіңді шын ұғуда.
бата алмаппын дірілдеп,
сенен өзгелердің де
жақсы екенін білуге.
жүріп қалып кешқұрым,
кешіккенде
жүзіңнен
бір суық сөз естідім.
қабағыңнан түсінген,
және де... өз мінімді
ойлай-ойлай ішімнен.
Өтті, өтті, бір түн өтті, өтті күн,
сүйенгенім — келер күннің көптігі.
кеше тапқан дос жанымда жоқ бүгін.
өтті... домбырамның сазды үні,
жүрегімнің қайғысын қаз, қаз мұңын,
қазып, қазып шығар асыл мазмұнын.
достарымның, сыйлайтыным, аздығы.
кеше батқан ай бүгін де батады,
кеше еріткен — ерітеді бүгін де,
алғы күннен түңілме, дос, түңілме.
Шарасынан жүректің арман асып
кеткен кезде жас төгіп алған асыл.
біреуге көрсетуге арланасың.
аз көрініп жарыңның күміс үні,
жаныңменен алғашқы жылағаның,
секілді екен алғашқы сүйісуің.
жаншады екен бір сәтте бар қасірет.
танисың-ау өзіңді алғаш рет.
О, досым, сұрама әрі —
домбыраңның құлағы бұралады:
қайғыра алсаң, ол — сенің жұбанғаның
жұбанғаның — сезгенің күнәң барын.
Жаға алмадым көбіне,
жайында адам
басқа келсе жақпас ой — уәйім маған.
жақтырды ол:
мақтап едім тамағын дайындаған.
жақпады әлі,
осы күннің есігін аттағалы
жарым ғана жақты тек,
соңғы жазған жырымды мақтағалы.
түсініссең түйеді бүйір несін.
"Кулинария-әдеби" үйірмесі.
Көңілімнен кетпедің,
сенің көңілің мендей ме.
өкпеледің сен кейде.
пәлен екен деме енді.
ренжігіш келеді.
Сен аңқау ең ақ ұлпа бұлт сықылды,
мен қатал ем қатпарлы шың сықылды.
бірден сенен бастадым,
мені мақтап жазылған сөз сықылды.
жазасыз ем — керең құлақ сықылды.
бірден сенен бастадым,
газеттің ең соңғы беті сықылды.
Неге есіме түсті екен ескі жырым,
неге аңсадым ескі-ескі досты бүгін.
достар келіп қалатын кешқұрым.
лақапшы еді бірінің келіншегі.
келмегені — жаза алмай кеттім бе екен?
Кешікті ғой, дос қайда, таныс қайда
жақын едім — сол үшін алыстай ма.
"Кетік" қайда, япыр-ау,
Әбіш қайда?
Кідірте тұр асыңды, өліп-талып
түңілейік, түңілсек сеніп барып.
әлде болса біреуі келіп қалып...
Бір сүйініш сезінгенше,
сол әлі
жүрек байғұс арып-ашып болады.
анда-санда бір келетін қонағым,
келер болсаң — сүйінте кір, кір демеп,
мен де сені мақтап талай кірген ем;
кетерде тек қастарыммем бірге кет.
Тыңдап едің күйімді сүйіп, түлеп,
бірте-бірте мен содан биіктедім;
Түрім гипс секілді ед, сенің үшін
алтын болып шықты ғой менің ішім.
батыр емес едім мен — жеңіп кеттім.
көре-көре жүзімді көніп кеттің.
ӘЙЕЛ
үй-іші —
көлденең шөп жатпайды.
кітабыңды қаттайды.
бәйек болып, біртүрлі
көрінесің сен оған
жүдеп қайтқан сықылды.
құс жастықты бауырға ап,
қырып қайтқан кісідей
шіренесің ауырлап.
көрінеді,
күтіп кеп
бәтеңкеңді кептіріп,
жүргені ылғи тегістеп,
бір кіріптар пендедей:
Сен ішкенді ол ішпей,
сен жегенді ол жемей.
Әйел сондай.
шашын сипап, асын жеп,
жүргендейсің сен бүкіл
жақсыларға "масыл" боп.
ПАРАДОКС
жақсы әйелді — еркегі,
жүйрік атты — тізгіні,
жақсы авторды — жазғаны
билейді.
жаман еркекті — әйелі,
жаман атты — тізгіні,
жаман жырды— авторы
сүйрейді.
Үміті көп күндер жақсы,
ұйқың қап,
жанып тұрып ән айтасың, күй тыңдап.
Жар белінен құшақтайсың "сиқырлап".
бітер бәрі — жанды ерітер күй тұрмақ.
жар орнында — төсек қалып шиқылдақ.
Сүю үшін жүр ғой жұрт кеңес сұрап,
сүйетін жан былай сүй демес бірақ.
бұл, әрине, мықтылық емес, шырақ.
көздің жасы тұр қазір емге жетпей,
саған ұқсас қыздарға — осалдаумын,
(мықты болғым кеп жүрген мен де жоқ қой).
құдайым оңдасын тек,
жанса — жансын жүректер, тоңбасын тек.
маған ұқсас жігіттер болмасын тек.
...Жігіт кетті жаралы —
кінә арттыңдар несіне:
әр қызға бір қадалып
қарайтыны несі деп.
жүр ол да өзін табалап...
матадан көзін ала ма.
Уақыт — қашықтық деп қалам ұғып,
сол қашықтық — жаңа ой, жаңа білім,
Ал, бос уақыт дегенің менің үшін
столым мен төсегім аралығы.
Бұзылмасын ұя бір,
туған ауыл, от басы;
сол от басын қиял ғып
біттің әбден, тоқташы.
балапан боп сыясың.
қия алмаса ұясын.
Ізі — аппақ таспадай,
Ракеталар жүгіріп
Шыққан кезде, аспанға
ілініп қалар гүрілі.
мына аспанға сиқырлы,
жарасатын сықылды
қарашаның қиқуы.
Шөптің даусын, су үнін,
күлген көлді қысылып,
бала-бақша шуылын,
тілеймін мен — бекер ме?!
Тілеймін мен: бір түні
бұзып кетпесе екен деп
Зеңбіректер зіркілі.
Жан кешпеген көл сұлу,
жан баспаған қыр сұлу,
қайыршыға — бәлсіну,
қатыбасқа — нәресте,
қайрымдыға — арамза;
алынған соң — бәрі ескі,
ашылған соң— бәрі арзан.
(Абай ескерткішіне)
Көтермейді көлкуді, көбеңсуді,
қайратты ойдан өрілген өлең сырлы;
қара тасқа көктеген емен сын-ды.
қалады екен ешкімге теңгерілмей.
мықынсыздың буынған белбеуіндей.
күл боп жанып кетіпті көппен бірге.
қара түнде маздаған отпен бірдей.
дара туған тұлғаң да өтеді екен.
жарығы тым алысқа жетеді екен.
Жақсы десе — жылынып жүрек жібіп,
жаман десе — жұлынып бірер жігіт,
мінімізді өзіміз мойындаған
өзге біреу көрсетсе — ренжідік.
сындық кейде шөлмектей шатынап кеп.
көрінбейік дегенде ақымақ боп.
айқай салдық бізді жөн түсін деп те.
арам болып көрінбеу үшін көпке.
асы біткен аяқтай төңкеріліп,
қызартыпты бет-жүзді бояудай ғып,
нені мықтап жасырсақ — сол көрініп.
жамандығың не керек бір жанбасаң,
жамандығың үшін бір жасымасаң,
жақсылығың үшін бір бұлданбасаң?!
Ақын деген көп бізде,
тіршілікте бірі ұтылса,
енді бірі ұтады:
"темпланға" кітабын.
сыншылармен жекпе-жек:
біреу мықтап қуанды,
енді біреу өкпелеп.
таниды жұрт біртіндеп,
тек жиі бар газетке,
бастыққа кір бүлкілдеп.
тақырып тап, жаз, жүгір.
жақсы жырдың аздығы.
"сәт сапар" бар батадай.
атымызды атамай...
Салақтық бар сақтықтан да күштірек:
бір салақтың қалтасынан түсті ме,
тері-шилан жолда жатты, қыдырған
үш жас жігіт келе қалды үстіне.
екіншісі — тас төбеден ұрғандай.
шыңыраудың жиегінде тұрғандай.
әлде, мүмкін... қой, қой оған асықпа.
"Сен ал!— деді екіншісі — ішелік"—
"Сен ал!" деді үшіншісі қайқайып,
"Сен ал!", "Сен ал!",
"Сен ал!"—деді үшеуі.
кетті бәрі, кетті кейін шегініп.
жатқан сын-ды әлдекімнің өлігі.
көрді ме деп төртінші боп бір адам.
Өсек десе— бөрі де беттемеді,
өсек десе — бәрі де жек көреді.
өсектен көрді есепші — жетпегенін.
кір алса атын — өсек деп терлейді екен.
ештеңені өсектен көрмейді екен.
Дәлел керек ғылымға — кім жасырды,
қойны-қоншын архивтың сырлас үңгіп.
шындық керек ғылымға — бұл да шындық.
дәл осыған оқушым не дер екен:
тірінің сену үшін тірлігіне,
тіріні кейде өлтіріп көреді екен.
Табиғаттан болады ол;
табиғат қой, тегінде,
болатұғын ала қол
ақыл-ойды бөлуде.
солай де де — жүре бер.
жонып-жонып жіберер.
нені болсын қолыңнан
өзің жасау керек қой,
жөндеу үшін соңынан.
ағаш ожау есебі;
бұл басқа да жас күнде
ми тұрыпты деседі.
шашып-төгіп, қарпынып:
кімге қосарын білмей
ақылының артығын.
көлеңке ойға ұялап:
қараулығы біреудің
қайрымдыға қиянат.
шағынуды еңіреп,
өнерде ел өзгеден
кем көреді мені деп.
дау шығарма, барын ал,
шағын болса ыдысың —
аз құяды, налыма.
Сүт орнына суды ұйттық,
сөз орнына аңқылдақ,
жезімізді жылмиттық
бергісіз ғып алтынға.
осалдық пен мықтылық.
ауру болса — жұқтырып.
арзан, қымбат арасын.
ескіріпті-ау, шамасы.
қабырғаммен сөйлестім —
аспан жақын сықылды
көңілінен кей достың.
жақындатсақ анық біз,
мынау жақын дегенді
алыстатып алыппыз.
берер бетті "бүтіндеп",
Нокаут аз бокста,
ұпайменен ұту көп.
сүйсіну де — ой деп пе ең,
Сары құмды алтын ғып,
алмас кесіп әйнекпен;
Мақта!
Сенген болам ғой.
тек алтынға обал ғой.
жыр орнына аңқылдақ,
жезімізді жылмиттық
бергісіз ғып алтынға.
арзандатсақ анық біз,
мынау арзан дегенді
қымбаттатып алыппыз.
Кісі болса көтерілер,
биік деген жетеді:
альпинисте екі өмір бар,
екеуі де өтеді.
құшу үшін кетеді.
түсу үшін кетеді.
айтсақ егер түйілмей:
кей әкімде екі өмір бар,
екеуі де қиын ғой.
бару үшін кетеді.
қалу үшін кетеді.
Даңқта дәм бар дейді,
өзінше әркім гулейді.
көп татқандар: у дейді.
Бітті, бітті біраз бедел түсіріп,
түйсіксіздік— жанның арам ісігі,
ол да кейде алаңқы боп, қинайды
біреу тым "кем", біреу "артық" түсініп.
қалмайды екен, алдайды екен жұрт мықтап:
жыр жазып ем — бір танысым ұялтты
"Статьянды оқыдық"— деп, "құттықтап".
асылы
барлық талап — талап емес,
осыны ұқ.
жігіттер бар: "Жібер,— дейтін,— қосылып".
ой тоқтатар әр теңеудің ығына.
мұқабаңның қатты-жұмсақтығына.
Сен өйтіп
аз нәрсені жазба дейсің кеңейтіп.
кітап құнын тиражына көбейтіп.
Қанша байтақ болғанымен, тапшы әлем...
Өлшегенге мұқабамен, ақшамен.
сатылмайтын өнер жасай бастап ең...
біреуді ит қып, біреулерді кісі ғып.
...Бұрау керек, қылбұрау, сынау керек шыңғырса,
ауырмайтын жандарға тұмау керек тым құрса.
ауыртуға кей басты дәрі керек дер едім.
Бізде үш түрлі пікір бар,
үш түрі бар — шүкір де,
бірі: өзіңе айтылар — жырыңды тез бітір, бер;
ал, үшінші: ешкімге айтылмайтын пікірлер.
ШЫНДЫҚ
қояр ек сені, мықтап кесіп, тігіп,—
күштінің шынтағындай көне киген
сыймадың әр жерден бір тесіп шығып.
мында келдің — күн, езіп, түсті шашың.
немесе, секілденіп, ішкіш ақын.
көңілшектің көзі еріп — қатты мұз боп.
атамызға жүргендей ақтық іздеп.
өсекке ала қашпа от
сыймадың, дау мен жанжал аралас боп.
әлі күнге келесің жалаңаш боп.
Әзіл сөзге бейлі ғып аударады бөскенде —
қазір төбе дейді жұрт, тау болады өскенде.
төбешік боп кішкене топ-топ етіп жігіт жүр.
қазіргі тау бір кезде төбе болған шығар-ау.
"төбе күні" Абайдың
"төбелігі" Пушкиннің.
Мұнарлансаң шың дейді — елеңдейді не біліп,
құмарлансаң білмейді — терең дейді сені жұрт.
кемерде ақтара алмай жатқан жыр,
содан шығар өнерде мақтана алмай жатқаның.
көріп жатқан кісі жоқ іздеп келіп түбіңді.
биікпін дер едің-ау — ұят екен таулардан.
Бәрін айырсаң болады, тек қана
қайғы менен ақындарға тоқтама.
есебі
су мен сүтті айырудай деседі.
бірақ сүт те "күнелтеді" сүт болып;
ал, қайғысыз ақын — белсенді емес пе,
ақыны жоқ қайғы да бір өлексе.
Емес-ау бұл жәй толғас, жәй ырғалыс:
сүю үшін туғандар тұйық халық,
күйгенде де — күйеді сүйіп барып.
зор жүрекке қайғы да қайырлағыш.
Бұлттар қамап, шыңдар әрең шыдап тұр,
неменеге мәз боп күлді бірақ бұл?
Жапырақтар жұлынып тұр, құлап тұр,
Қарс айрылсын қара шыңдар қақырап бір,
жылағаны былай тұрсын жапырақтың —
мен түгілі, табиғаттың өзі де
ойланта алмайды екен-ау, шын ақымақты.
Жымысқы жау ой ойлап жатты жаман,
тізесі емес, ниеті батты маған.
саған сеніп, күрегім, таптым амал.
соған жау боп шығыпты — сене алмадым.
елдігіммен қорқытып келем бәрін.
қара бұлттар шегінді — сұсы қалды.
шекарамның осалдау тұсын аңдып.
Күдік қасқа әманда
түртіп сорып жүректі,
өңменіңе қадалған
кірпік болып жүдетті.
масыл болып жүрекке,
алдыртпайтын адамға
асыл болып жүдетті.
Мынау ойдың тәттісі-ай, қанар ма адам,
тым тәттілік таңдайды ояр болар.
қай жеріңе гүл өссе — соған қонар.
болар,
болар!
тым ащылық... қайтесің, обал болар.
қай жеріңде жара бар — соған қонар.
жараң ашып,
гүл тоңып жыпылықтап;
бір жағыңнан көзді арбап көбелегің,
сауысқаның бір жақтан шықылықтап.
Ойың үшін сот бар ма, жаза бар ма,
жаза болса— дәл мені жазалаңдар:
"өршіл үнін өмірдің" ұқпағандай,
өлең жаздым қайғыға, қазаға арнап.
Неге дейсіз бе? Неге деген
сұрақ қойсам ернімде кебеді өлең.
осы сұрақ
Мені мынау столға шегелеген.
неге десем мен егер — елемейсіз.
жан қайғысыз жана ма, өлең — ойсыз.
Апыр-ай қиын бұйым,
көп "негені" жинады миым биыл.
жауабының солғұрлым қиындығы.
жаза болса — дәл мені жазалаңдар...
Досқа деген сенімнен айрылмаған,
қасиетін жоймаған қайғыңда да,
сараң берген тиындай сирек-сирек,
сен ұқсайсың дәл маған, қайрымды адам.
берген сертін жар құшып жатып бұзған,
сеніспеген махаббат... сен де ұқсайсың
сүйген жаны сырт берген, бақытсыз жан.
бұл жолдарды оқушым жарады ұқсап.
үйткені ол тұрады маған ұқсап.
ақымақтық атаулының ата-енесін?
Сен де маған ұқсайсың егізімдей,
ғұмыр бойы жүрген жан қателесіп.
сен де маған ұқсайсың — мақтана алам.
тыным алып... табытта жатқан адам.
жақсы ойларды басымнан шықсам айдап...
өзім түбі сендерге ұқсамай қап.
Бір сыр айтайын ба, ақын,
рас, саған ауыр бұл:
қол создырған қымбатың
қолында қас жауыңның.
рас, саған бұл да ауыр:
босқа...
алдап кетті "құдайың".
жіберші енді бүріп бір:
ала алмаған қымбатың
алақанында жүріпті.
"алтын" ойлар жанбақшы.
сен "құдайды" алдапсың.
Бар нәрсенің дәл бүгін — болғаны ғой кеше де,
Мезгіл кесе шайқалса — толғаны ғой деседі.
ертеңгіден сұрасақ жалбарына кешірім.
бас изейміз көндігіп, өмір деген осы деп.
кектегенің желік пе — естелік жаз есінеп.
уақыт қой.
Іренжісең, ағайын, бір жиында ұрсып кет —
жүр-ау біраз досыма сондай бақыт — қырсық боп.
осыған да кейбіреу жүре ме деп түсінбей;
Бір кісінің ғұмыры дегеніміз: шынында
Кеше менен Ертеңнің арасындағы ұғым да.
кешегіңді мақтайды — "кешіреді" кей жігіт.
өлетінің ертеңгі — кешегіңе кешірім.
бүгін берсең нең кетер — ертең өзі де алады.
Шұбатылтып жаза беру өнер ме,
таусылмайды соған біткен күш нағып.
жақсылардың ғұмырындай қысқалық.
Мықты ақынды тас бекем,
мақтап айттым;
сұмдық-ай:
деп бір досым күлді жәй.
күтпеп едім,
кенеттен
күлген несі, құдай-ау,
Жәй ақынды және бір
оқып бердім;
жұтынып,
шыға келді түтігіп.
жазамын деп отты ғып,
көрсеткенде қызуын,
сөйлей ме екен соқтығып!"
баса алмады ентігін.
кейіді ол — мен күліп.
батты ойына тап басып.
жазғаны ғой батқасын!
* * *
Кей сәттері семсерде де — құр атақ,
сыныңды ел семсер ғой деп жүр атап.
сол семсерге шабуылда рақат.
сондықтан да біразымыз сүймедік.
көсеу ұстап күйбеңдеген қай залым?!
Табылғанда білектілер тағы бір
шоқпар дейді енді біреу қағынып.
таяқ ұстап жүр біреулер сорыма:
семсер бүгін май-тот болып налытты,
қию емес, қайзалау бар — анық бұл.
жігіт аты — Махамбетте қалыпты.
жара салса қайзаламай, тіліп тек:
жылайсың ғой: өнеріңді үміт деп,
құлайсың ғой: өлеріңді біліп кеп!
арамызда ақылдылар жүр қандай!
Кей сын сізді мең-зең етер, найза емес,
құм толтырған кенеп қаппен ұрғандай.
Өнерлі жан қайысса — тіршілік қой,
тағдыры оның — майысқақ бір шыбық қой:
қалай исең олай и — арқанды осар;
ондай кезде хақың бар, күрсініп қой.
ойла одан да соққан қол киелі-ау деп;
шыбық осқан жерлерде сүйек-ау деп,
оған тиген — маған да тиеді-ау деп.
не көтеріп жүргенін айта алмайды.
тек өнердің арқасы қайқаңдайды.
тағдыр болсын ғұмыры төзбегенің;
өнер қанша әдемі болам десін,
өмір бірақ істейді өз дегенін.
Сенде туған, ей дала, жас балалар,
аман болсын қорлықтан, масқарадан.
пәтер алсын, тым құрса, астанадан.
шертпес үшін бір күйді тағы мұңды.
дарындылар үйренсін жағынуды.
кемшіліктен емеспіз, шүкір, кенде.
дала, саған ұқсайды ол түкіргенге.
өсірерсің жақсыңды, еселерсің;
жырлай берсін ақындар, жырлай берсін,
өсе берсін достарым, өсе берсін.
Талай майдан, қан төгіс тұсында да,
не көп болса — жер көп, ел қысылмаған.
ерлігіне мақтану үшін бабам.
бір сөз үшін суытқан түсін жаман.
шапанын шешіп берген,
мәрттігімен мақтану үшін бабам.
азаматпен аралық үзілгеннен.
серті үшін бесіктегі қызын берген.
жалғыз сөзін жауының батырмаған;
"Жан керек"— деп, мақалдап — батырға да,
қыр басында енді, әне, жатыр бабам...
КЕҢДІК
Кім келмеді бұл жерге, кім кетпеді.
Тозған арқан секілді ірмектеліп.
Кейбірінің
өзі қапты тарихқа бір бет болып.
кінә тақты талайлар, тағар тағы.
қымызына қызып ап Сарыарқаның.
бесіктерден алыпты отын бұзып.
Тарас қана терегін отырғызып.
талай қастар еркіндеп енді, білем.
соның бәрі даланың кеңдігінен.
МЕЙІРІМ
сондықтан көкірегі теп-теңбіл де:
Шаттықтар — қурапты да шөппен бірге,
қайғылар — шөгіп қапты төккен күлде.
артсаң— о да жүк болар есектерге;
аңқаулық — жабылмайтын есіктерде,
жалқаулық — жиылмайтын төсектерде.
қастықтар — қураған бас күліп қалған;
адалдық — армандарда, ал мейірім,
мейірім топыраққа сіңіп қалған.
Мойнына арқан түсіп, күш батпаған,
көнбеген жаз — кермеге, қыс — қақпаға,
бір асау әлі қашып жүрген сын-ды,
құрыққа сол күндері ұстатпаған.
қырсыққа қырсық үстеп жамалғаннан,
бір "бұзық" әлі бағып жүрген сынды
сол күндер абақтыдан аман қалған.
әккі ұры, әккі асаудай бұғып төмен,
бір өлең әлі ұстатпай жүрген сынды
Абайдың да қаламына ілікпеген.
Қалай өтсін әйтеуір бір өтер күн,
дала сені тіріде жыр етермін:
дәл бүгін сыңғыр қағып тұрған жоқ қой,
кескен кісен білегін Құрекеңнің.
өтірікке ұста емен иландырғыш:
дәл бүгін жалаң қағып тұрған жоқ қой,
Махамбеттің желкесін қиған қылыш.
әркім ойшыл кезінде жеке қалған:
бірақ әлі Қособа көлдерінде
жатқан сынды жол тосып Бекежандар.
Байғұс дала, білмеппін ғой,
кетем бе
көп сырыңа көңіл бұрмай бекерге:
қоңырлығың момындығың екен ғой;
көлгір желің — өпкен ерін екен ғой;
көкжиегің — жетпегенің екен ғой;
қазан-сайлар ортайғаның екен ғой;
Қайран дала, білмеппін ғой,
Алматыға кетерде
қурайлардың әндеткені жоқтағаның екен-ау,
жал-жал болып шөккен құмдар тоқтағаның екен-ау;
Бүлдіргендер — бал ұсынып,
қарақаттар — мөлдіреп бір қарағаның екен-ау.
Шыққандайсың ат та емес, киік мініп,
шабасың кеп шаң түтіп,
құйықтырып:
жеткізбейді, қарашы, тиіп тұрып.
түк болмапты мезгілмен салыстырса.
бүйтпес едің әуелден алыс тұрса.
сөне көрме жалт етіп жана салып.
асқар таулар, алдама аласарып!
* * *
Қаншама ұзап алға түссең жұлынып,
мезгіл саған дәл сілтейді құрығын.
одан сайын қысқарады ғұмырың.
ұзақ жол мен қысқа ғұмыр — қайғы ма.
ақылының қысқасынан айрылар.
Мақтанатын адам деп, атам деп бір,
салған ізі десек те жатар көп күн,
дала саған болады көңіл айтса,
қазасы үшін кешегі Махамбеттің.
бір-бір аңыз әрқайсы "мұра" берді;
дала, саған болады көңіл айтса,
ажалы үшін кешегі "Құлагердің".
тұрған шақта ел де енді түсінгелі...
кешегі өткен Мұқаңдар үшін де бір.
Кеткен орнын бәрі де қоңырайтса...
дала, саған болады көңіл айтса,
дала, саған болады көңіл айтса!
* * *
өзіңнің тап болғанда сиқыңа әлгі,
сезгенде көп биікті шөгіп кеткен,
немесе көргенде бір күйкі жанды,
кірпіктен көңіл жасы құрғамай қап,
көкірек ортайғанда, ей, Алатау,
жақсысың-ау шағына бір қарауға.
Ұйыс-ұйыс бұлт шашы —
Тарамаудан болды ма,
қуыс-қуыс тастары —
қойнаулары түнек бір —
қиянаты секілді,
көрсетуге жүректі —
ұялатын секілді.
бауыры тас, басы өлік,
еңкеймеуі шыңдардың
өскендіктің әсері.
көніп кеткен секілді,
өсе-өсе, ақыры,
өліп кеткен секілді...
Алатауың — Абай жазған өлеңдей,
жаратылған мықты болып "өлердей".
"құдайына" не жалынбай, не көнбей.
Төбелер ғой — дау қанша. көгерер ғой қазан қары жауғанша.
қазақшадан орысшаға аударса.
ТАБИҒАТ
баста қырау, сақалда ақ:
шыңдар отыр сабырлы,
жөнелердей мақалдап.
кінә да жоқ тағар түк;
не шықса да басына
жібереді ағартып.
тауға өрмелеп, асылып,
бара жатқанға ұсайды
қартаюға асығып.
Қыр маңдайын сүйіп тұр
мұнар деген бір елес.
шыққан соң не?
Түк емес.
көнбе сен
ал өс деген үгітке,
ақ шаштарға сенбесең
бір биікке шығып көр.
Сүйт.
ұмтылғанның тарт қолын,
шыңға қара нанбасаң,
биік болу— қарт болу.
қар жамылып, мұз басып
жатысу ғой сазарып,
кетісу ғой сыздасып.
көгал тамаша бүгін.
қайран аласалығым.
Жинақ бітті; жуықта
"мезгіл-әуен" бітпейді.
келген жерді бүктеуді.
табарсың да нашарын.
екіншісін ашады.
соңғы сөзі деп пе едің:
келетұғын күндерім —
оқылмаған беттерің...
1970
ҰЛЫМ, САҒАН АЙТАМ
Кен құсап алынған
тереңге бұрғы сап,
тебіреніп жазылған
бір шумақ жыр құсап.
жоқ менде
айтар сөз түрленіп,
таңдайым кепкенде
бір жұтым су болып.
жыр томым боп келдің:
бүгінім біткенде,
ертеңім боп келдің.
Менде бар бір ауру,
қайтесің, сұрама.
ем болмай тұр оған.
жара ма?
Сұрама.
ем болмай жүр оған.
жүр мені, сонан ба —
жасыра-жасыра
ұлғайды жарам да.
бәр-бәрін сезем деп,
жазбаса сені мен
мезгілдің өзі емдеп.
Ой неткен көп еді,
ой мен ой белдесіп,
ой айтам дегелі
маза жоқ менде осы.
меншік қып көп-көрім
бір күшік өскелі
балағым жоқ менің.
аз өтіп, көп білген,
шыққалы бір мықты,
мықты боп кеттім мен.
жықпадым белдесіп:
ұлым, сен келгелі
бір ұл бар менде осы...
Қаңқу сөз ғой десең де,
қиын содан арылу:
жаман болсаң, шешеңді
тілдейді жұрт, жарығым.
қате етпесең — және ойла:
жаман болсаң, әкеңді
тілдейді жұрт, абайла.
ұқсаған жөн мықты ұлға.
еліңді
мақтайды жұрт, ұқтың ба?
Жүрегімді жейді үрей
қанын ішіп оймақтап.
Әке-шешең — мейлі ғой... ел намысын ойлап бақ.
Бұтағын серпіп қайыңның
құлағанын көрмесең деймін,
Ұлын ана уәйім ғып
жылағанын көрмесең деймін.
жүзін көрмесең деймін.
ізін көрмесең деймін.
Анау кезде түс болып,
маған енген нан саған
енбесе екен,
бір тілегім аңсаған.
кектен жүдеп, қаусаған,
Шаппаса екен тістеніп
бізге шапқан жау саған.
дұшпанына теліп бір,
менен безіп кеткен дос
сені тапса — болыпты.
ойдан өтіп ең қауіп,
мен іздеген асылды
алсаң екен сен тауып.
арасында жөргектің
қартайса екен жарым да
сенің ұлыңды ермек қып.
Тыныштық деп құр жатпа,
әлі соғыс секілді.
алыс-алыс секілді.
ұмтылып алған секілді,
бір жауыздық оққа ұшып,
мылтығы қалған секілді.
құтырып алған секілді.
түтіні қалған секілді.
асылық мүлдем секілді:
бір құрдасың алыста
ашығып жүрген секілді.
Ұйықтағанда сен тыныш
шыбын деген бәле бір:
алақаным желпуіш
болып алды әдемі.
қауіптенем, әйтеуір:
Мен қорғаған ұйқыңды
бомба бұзса қайтемін!
дірілдейді, әйтеуір:
шыбын қонбаған бетіңе
оқ қадалса қайтемін.
Аспан ашық,
шүкір ғой,
қайғыдан ел құтылды.
түтіндей
салмағы жоқ сықылды.
қарамайтын сықылды.
тиынын
санамайтын сықылды.
қысы бардай әлі де.
сұсы бардай әлі де...
Домбыраның ішегі мен пернесі,
мақал менен өлеңді бабаң еккен жерге осы.
Ұялып қап жүрмін мен он күн ойлап таба алмай.
шұбыртып-ақ қайтарған шоқпарымен қорқытып.
қорғай алмай жүрме сен зеңбірекпен, бомбамен
Домбыраның ішегі мен пернесі.
Бөрте қайың, көрсем деймін мен сені,
бүршік жарған кездеріңде теңселіп.
ғашық болған кездеріңде теңселіп.
түс кезінде, күн төбеден нұр құйған.
өз ұяңнан көрсем деймін, құс, сені!..
Жырым жоқ, сен айтқандай, ми қатырар,
табиғат жыр сый етсе — сыйға тұрам.
бір қарап қайраттыға ширатылам.
шерткізсең домбыра әкеп күй — қатырам.
мен тұрсам пікір болып миға тұрам.
ой-дәрі, ұшқын-ыза тиді — атылар.
қамал ем, алар болсаң — қиратып ал!
* * *
Түнімен жыр жазғанда шаршап, талып,
Бір ойың жетелейді Ғамзатовқа,
бір ойың жөнеледі Маршакқа алып.
бір ойың Есенинге қапты ұмтылып.
лай ғып өз жырымды аппын тұнық.
саяздап кетті бірақ өлеңде ұғым.
тереңнің түбін іздеп келем бүгін.
Істей алмай қойдым-ау жұмыс мүлде,
әр сөзді аңдып отырмын қыл үстінде.
жымысқы жел жүгіріп тыныш түнде.
өнбей қойды, өнбеді жұмыс мүлде.
керегі жоқ алтынның, күмістің де.
ақымақтан да ақыл ап — азып қаппын,
Енді ойландым: көп топтан көшіп шығып,
көз көрмеген бір сайға қазық қақтым.
көшіп кеткен жұртын жұрт мақтайма әлі?.
бейтаныс бір белдеуге ат байладым...
Адаса бер, шоқ жұлдыз, адаса бер,
адаса бер, ақ жұлдыз, адаса бер,
Қой санаған қойшыдай астроном
сені бір күн табады, адаса бер.
қорғасындар, тып-тыныш жата берші,
Қара жердің қалтасын тінтіп бір күн
Кенші тауып алғанша, жата берші.
бедерлі өлең, қойнымда жүре тұршы,
Менің дағы шаңымды қағып мезгіл,
іздеп тауып алғанша бір оқушы.
Жәй ақын жақсы ақынмен араласып,
біреулер қатарыңнан барады асып.
жап-жақсы жазатынсың "қара басып".
келіп ең сен де өнерге дара басып.
құтылып кетті біреу ала қашып.
біреулер жүр, әнеки, қараң-құраң.
қашып кетті біреу ап қараңғыда.
Бірі сөзін, бірі өзін беріле өңдеп,
беттен ажар, өлеңнен жол үнемдеп,
ақындар мен арулар жүріп жатыр,
бірі — әсем көрінем деп.
солып кетті дей көрме мақтаған гүл.
қызылға үйір,
екеуі де сүйеді мақтағанды.
десең, егер үйретем жарты айласын:
екеуін де мақтай бер десең, егер
ақын өссін, арулар қартаймасын.
МЕНІҢ АРМАНЫМ
істеп жүргенде әйтеуір іс мүдделі,
ажал шіркін аяңдап жетсе-ау маған,
кетсем-ау мен жұмыстың үстінде өліп.
алдан күтіп қалса-ау бір қанша жырым,
бір жинағым басылып үлгіре алмай,
машинкаға берілмей қалса бірі.
көп ұйқас отырғанда қамап еріп,
кетсем өліп нүктеге жете беріп,
жан таппаған бір теңеу таба беріп.
өлтірмеймін дегенмен шабыт қанша,
Сия қалса сауытта, толып қалса,
шамым қалса бас жақта, жанып қалса.
не біреулер өзімді қызулатып,
не ұзақ жол үстінде өліп кетсем,
не бір нашар жолымды сызып жатып.
істеледі қызумен іс мүдделі,
сондай шақта ажалым жетсе-ау менің,
кетсем-ау мен жұмыстың үстінде өліп.
Саған айтпай кімге айтамын мұңымды,
мұң дегенің бұлт секілді бұлыңғыр:
ай сықылды бір ақиқат, бір шындық
батып кетіп, батып кетіп, шығып жүр.
тыңдаған жан мақұл деп жүр үйткені:
өз есігім қысты талай қолымды,
өз ауламда қапты талай ит мені.
бұзып-бұзып сөйлейді адам, күйінбе.
ит қапты деп безе алмадым үйімнен.
көңілімді көтерумен күйттедім.
мен сенен кішкенемін өйткені...
Көп емес-ау саған артар міндетім,
ең оңайы: өзіңе-өзің жүр жетіп.
сол болады еліңе еткен құрметің.
ең қиыны: өз халқыңды біл жетік.
ол да сенің еліңе еткен құрметің.
сол болады халқың жәйлі толғану.
өз тілінде оқи алсаң болғаны.
Сен туғанда көктем едім, көрікті ем,
енді мені ұрады жұрт бөрікпен.
сонда мені сүйіндірген сенбісің?
Бір күйініш келді-ау деп ем — келді шын,
сонда мені күйдірген де сенбісің?!
жел ескені: ұлым бар деп емес пе,
ал, қалғанын шарап жуды — жоқ есте,
Алайықшы, нені айтсақ та, сенісіп,—
бәрі, бәрі тек сен үшін, сен үшін.
нашар болып аттанам ба тегі мен?!
Ертең өзің де ойлайсың ғой,
ал, әзірше ақыл тыңдап көкжиегің кеңісін:
әзірше мен ойланайын сен үшін...
Төсегімде түні бойы өртенсем,
қайғым жалғыз: кім боласың ертең сен.
арманда кетер ме екем ерте өлсем,
кім боласың,
кім боласың ертең сен?!
суымадым түні бойы өртенсем.
қайда ғана отырасың ертең сен,
кім боласың,
кім боласың ертең сен?!
кішірейме, зор үміт пен зор ұғым!
Кім боласың, кім боласың ертең сен,
Кабак па, әлде президиум ба орының,—
Сенейінші,
желкесінен бір достың
қараңғыда пышақ ұрып жүрмессің?—
аталастым, ажырастым, бірлестім,
ағайыннан араша іздеп жүрмессің?!
Тебірен, тау, толған, теңіз, жел, теңсел!
Біле алмадым, сөне алмадым өртенсем.
арманда боп өтер ме екем ерте өлсем,
кім боласың ертең сен?!
* * *
қолың созба болмасқа.
келетін сенікі оң жанбасқа.
бол басқа,
сенің жаның қымбат емес жолдастан.
бір адал жан қырқып алса болмас па.
ал баста,
әкім болсаң — желкенде тұр алдаспан..
жер үстінде жаман өкім болмасқа.
Сені босқа атаймын-ау ер деп мен,
жоқ нәрседен шатақ шықты шырағым.
азан-шудан құтқармадың құлағын.
адамынан ақыл-үгіт қонбайтын:
біз де сені жігіт қып тез өсіріп,
"құтылмасақ" болмай тұр.
Барлық жерді үлгерер ем жасыл ғып,
саған да бір жұмыс тұрсын демесем.
саған да бір жұмыс тұрсын демесем.
ұлым менің адал болсын демесем.
қақ жартысы саған қалсын демесем.
Саған арнап өрілген сол қамшыны
бермей кетті ат мінген бір ер шіркін.
баласы алып жойып кетті көршімнің.
оны өзімнің аңқаулығым жоғалтты.
оны өзімнің жалқаулығым жоғалтты.
Ақыл! Ақыл! деген бір шал тоқтатты.
Сабыр! Сабыр! деген бір шал тоқтатты....
Бір өзіңе екі жақтан үздігіп,
екі жақтан сені ғана қыздырып,
жатушы едік арамызға сені алып,
бөлек төсек салдық саған біз бүгін.
ойлағанда көкірегім өртенді.
тұйығынан жел соғады көрпемнің.
қарашы:
өсу, өсу, өсу деген шамасы,
осылайша алыстатады екен-ау
адамдар мен адамдардың арасын.
"Водолаз" болып жасырынып,
ой деген терең теңізден,
көп сүңгіп, маржан-асылды
мен таппадым, сен ізде.
Альпинист болып тегі ізгі,
шыңдарға шығар жол іздеп,
мен таппадым, сен ізде.
Іздедім, әттең,
негізгі
күре тамырын мезгілдің
сен ізде...
Ұлым, менің тұйық боп,
тындырғаным шамалы,
жырым жетсе биікке,
өзім жетпей қаламын.
"шабыс па осы" деп кейде,
ақылым жеткен жерлерге
қызыл тілім жетпей жүр.
сөйлер ем-ау білгірсіп:
Жібермей қойды оған да
сыпайылық деген бір қырсық.
тұрар ем тікенше қадалып бір;
болсам мен бұдан да ақылды,
бұдан да болсам талантты.
МЕЗГІЛ
жүрген әкім кешегі,
сол ауылда бүгінде
қарауылшық деседі.
әр кітапты бір үңгіп:
кешегі оттың біз бүгін
күлін көсеп жылындық..
жұрт көңілін қомсынтып,
кеше шыққан газеттің
жыртығына қол сүртіп.
ендеше:
мынау төсек-көрпемде
жоқ едің-ау, сен кеше,
жоқ боламын ертең мен.
Бүлкілдеп көмейіме келіп-қайтып,
шындығым бір детальмен толықпай тұр.
бір қауып бар секілді сен ұқпайтын.
күледі кей сөздерім көлгірлене.
көңілімді
бір нәрсе қорқытады мен білмеген.
сен келгелі татып бір-ақ,
төсектен бал-қиялға батып тұрам.
үйткені болып кеттім бақыттырақ.
Көңілді ұшқын енсін деп ішке де ерек,
шарап құйдық бокалға үстемелеп.
қомсынбадық біз сені кішкене деп.
бердік саған есімін күшті ағаның:
көк семсердің болатын қидық саған,
қидық саған ақ жүзін ұстараның.
көнбіс болма кебісше, жаялықша.
елдің ұлы болсын деп соған ұқсап...
СЫР
тарылмады сен үшін барында әлі.
кетті бәрі ойлаудан қарын қамын.
бүгінде көбі ескірген,
бәрін көрді, тек көрген емес күндеп.
қарыннан жоғарырақ боп өссін деп.
Жеткенінше бойдағы дарын, білім,
кетпесем деп әркімге жалындырып,
Қолдағыны мен сенен аямадым,
өсірсем деп арманшыл адам қылып,
білгенімді ағыттым саған бұрып.
ұстаз болу үшін де табанды бір.
бәлкім болған шығармын салқындау тым?
Кекіліңнен тым сирек сипадым ба
"айналайынды" аз айттым бәлкім, бәлкім.
біреу бірдеңе дер деп сескенбедім,
қатал болдым жүз рет,
өскенде елің
маңдайыңнан бір рет сипасын деп.
Асығам, асығамын,
барында үміт
дара барып тапсам деп дарындылық.
алсам деп тез-тез жетіп бәрін біліп.
Асығам, асығамын, ұлым, тыңда.
Асығам елден ерек өлімге де,
тезірек білгенімді ұмытуға.
сырымды саған айтам ел сенбеген.
ертерек өз тілімнен өлсем деп ем!
Әйтеуір бір ұлының елесі ұрып,
жүргем жоқ сол боламын деп есіріп.
әйтеуір өшсем деймін сені өсіріп!
* * *
Әкең қазір бір орға аты құлап,
содан шығар: жау жоқта батылырақ,
үндемеген кезінде — ақылдырақ.
ащы сөзді алыпты сүйіп, тілеп:
теңесер жан жоқ жерде иықты боп,
сүйе алмаған кезінде — сүйікті боп. ..
талай үміттен қалды кірлеп көңіл.
жетіскеннен жыр жазып жүр деп пе едің?!
* * *
Ала алмаған жау бізден мекендей бір,
мекендей берік болсаң екен деймін.
жаманыңды көрмесем екен деймін.
бұл тілегім кетпес-ау бекер деймін:
Ылғи сенің тойыңда күй тартқанмен
күйігіңді тартпасам екен деймін.
Жыр есті екпіні боп тау-самалдың,
ал, тыңда, жырға шын-ақ ауса жан бір.
мен жөндеп қай мінімді тауса алармын.
жыр жазып берейінші мен саған бір.
мен жазып қай сырымды тауса алармын.
сонда да жазамын мен шабыт жағып.
жалғыз мен үлгірердей жазып бәрін.
Жатпасам алтын ашып, күміс күреп,
Қайтейін, алған емен тынысты көп.
тынбайды қолым жаңа жұмыс тілеп.
жаңа сөз жазамын деп мына қалам.
теңеулер өтіп жатыр ұнамаған.
жел құсап жыртық үйді тіміскілеп.
екі аяқ жаңаша бір жүріс тілеп.
бір ерлік— бір ессіздік жасамаған.
бір жылжып кету үшін осы арадан.
Айналаны ызғарымен шарпыған,
суығымен ұрып кетер сұқтансаң —
бұлтқа еліктеп қалыңдар ем,
нөсерлету керек екен артынан.
айналаға салғырт қарап түнерген,
шыңға еліктеп асқақтар ем,
шың болсаң,
аттап кетпеу керек екен біреулер.
бұлт рухын жұтар едім ауамдай.
өтем бе деп, қорқамын мен, жауа алмай.
шың секілді мен де ешкімге көнбеймін.
біреу аттап кетпесіне сенбеймін.
ТОПЫРАҚ
Соғып өтсе боз қырау — үзілді гүл сүлдесі.
ағаш болып кете ме деп қорқамын өлеңім.
шошытады шыңдардың шыны-суық тастығы.
көлің су ғой, су болып кетер деймін өлеңім.
ызың-ызың жел-құзың досым сын-ды бір мазаң.
саған ұқсап, сондықтан, қоңыр-шұбар жыр жазам.
Ой түтіп, сөз есіп,
құясың сырға мұң.
Абайдың жыр-бағын.
шықты анау алға кім?
Таласпа,
аласың
Абайдан қалғанын.
берген-ау берерін.
алыпты керегін.
оған да көрінбей:
қыз қапты өрімдей,
шешілмей дау қапты.
жығылмай анық бір,
бір жаңа, бір ескі
күншілдік қалыпты.
даңқты танытты.
бұлттары қалыпты.
таңданам, таңғалам:
Сол Абай жазбаған
жақсы өлең қалмаған.
Ерсі деме, туыстар
тоқсан қабат бұлт болып,
тоқсан түрлі ой миымда жатып алды бүктеліп.
бірақ менің басымның ойсыз тұрған жоқ күні.
менің қара басыма ой қонады соншалық.
тегінде
тамшы жырсыз көп ойым тарап кетті менің де.
Жақ ашпаймын бір сөзді айту үшін ойланып,
бір тал гүлді сындырмау үшін өтем айналып.
ал, кей жігіт менімен шекісіп жүр бәрібір.
жүріп кетсем талайды мен де артыма қалдырам.
ал, кей жігіт менімен шекісіп жүр бәрібір.
жаулайтынын жұрт менен жаулап алсын дегенмен,
тапсырмасам Пегасты бір пысыққа өлермен,
менің жәйім болмай жүр, достым, мына өлеңде.
ТҮБІНДЕ
бір қызуың жатқаны дұрыс екен жасырын.
қазығыңнан ат кетіп қалмас үшін түбінде.
бір Алатау айбат қып тұрғаны жөн алдында.
қонақ кетіп төрің бос қалмас үшін түбінде.
бір қабаған итіңнің болғаны жөн қораңда.
домбыраңның құлағы болғаны жөн бұраулы.
ЖЕҢІС
ақын етіп әп-сәтте бір көтеріп тастады.
бір мықтыны сынаған жиналысқа қатысып.
жігіт етіп жіберді уақытта қас-қағым.
бір сұлуға ақыры үйленумен жеңіппін.
жеңіп жүрдім тіземді қағып-соғып тұрумен.
ойламайтын ойымды ойлайтын ғып жіберді.
Жеңді мынау" деп жұрт айқайлап келеді,
ал, мен енді оларды үндемеумен жеңемін.
ДОП
қиял деген бір жүйрік атқа мініп.
сен емессің бәрібір жатқан ұғып.
сен жоқсың ғой бәрібір жатқан ұғып.
оқушының көңілін қақпа қылып.
сол добымды тебемін көтере тік:
бәлкім біреу байқамай ұғып қалар,
бәлкім бір доп аңдаусыз кетер өтіп?!
Жігіт болып бел буып, бекемсінсең,
қандай қызға үйленер екенсің, сен?
Мүмкін бір қыз ілесіп келер саған,
Өзіңе ерсі көрініп бұрыңғы ісің,
бірін сүйіп таңдарсың, бірін құшып.
не болмаса қаланың бұрымдысын.
ал әйтеуір өзіңе сенетінін:
енесіне шанышқы ап шаппайтынын,
қонақ келсе шәй қойып беретінін.
сұлулығы: жақсы ана болатыны.
етегіне кетсе ұлың оратылып.
Сыйы бөтен
қандай қыз бар өзіңді сүйіп өтер?
Көтергенмен өкшемді көре алмадым,
алғы күннің ауласы биік екен.
АМАНАТ
паровоз түтін биін түйдектетті.
қырғыш қылып қайтармын бүйрек-бетті.
шарап тасып жүрмеңдер, тамақ асып,
Кимесін кебісімді біреу келіп
біреу кеп қолжазбамды қарамасын.
отырыңдар шешеңмен құрметтесіп.
біреу келіп қол сүртіп кірлетпесін.
тым еркіндеп кетпесін сынағасын:
кілті жоқ деп шкафтан кітап ұрлап,
домбырамның құлағын бұрамасын.
мұз сықылды уәдем тайғақ боп тұр.
соны есікке күзет қып байлап кеттім...
Жұмыс бабы қуды мені сан қалаға, сан саққа,
жүрген адам секілдендім, сырт көздерге, жан сақтап,
Жұмыс күйін күйттедім мен,
өз бабыңды табу үшін, бағу үшін жақсылап.
Ал, сен үйде дастарқаннан орын сақтап, еңіреп
үйрендім мен тағамынан ұялмауға өзге үйдің
қорып жүрсең болғаны папам отырады деп.
Кеттім іздеп бір үміт,
жүрегімді жыр езіп...
сүйеуші жоқ, тұр өзің.
танауыңды "сынаса",
"папалама" сен үйтіп,
өзің жұбан — жыласаң.
мен алыста тұрамын:
өзің шаққан шыныны
өзің жина, шырағым.
бос қалудан қаңырап,
өзің үйрен өскенше,
ал өскен соң, тағы да.
бір дұшпаның тар, сасық:
"адам болып жүргені
әкесінің арқасы".
Ұзақ жолдан жиреніп,
құлазыса көңіл-күй:
баласы бар үйге бір
таңдап түсем мен ылғи.
иіскеймін жәй таппай
бір баланың басынан,
шешесіне байқатпай.
мен көнбей өз ырқыма:
жылап жатса біреуі —
жұбатпақ боп ұмтылам.
төрді алғанмен, бүкіл бұл,
балалы үйдің барлығы
өзім үйім сықылды.
көз жоқ бүгін, бай бүгін.
шығасың да қайғырып.
үйден кетіп тағы бір,
білу үшін, жылауық
өз ұлыңның қадырын.
Қинар әлі сені шын,
қиындық бар не түрлі,
қиын боп тұр мен үшін
өз үйіме жетуім.
газетшіге,
біл тағы:
қиын боп тұр одан да
бір мықтымен тіл табу.
қиындықтан осы бір;
тұрмын міне күзетіп
бір бастықтың есігін.
бұлқынасың тар көздерден өте алмай:
бір есіктен безе алмай,
бір есікке жете алмай.
саған балам, тасып қан,
жақсы өлеңдей,
оқушы
жүрегіне асыққан.
Үйден алыс шыққанда екі аманат қалдырам,
бірі, ұлым, өзіңсің,
екіншісі — домбырам.
жүдеп жүрмін ішімнен,
мен ауылдан шыққалы сендер шықпай түсімнен.
шертіп жүрем түн бойы домбырамды алғызып.
домбырамды жүр біреу дың еткізіп құлатып.
оянсам жоқ боласың, шырағым,
үні бірақ қос ішектің құлағымда тұрады.
поезбен кеп,
қайтуым — самолет боп шығады.
қағам сонда күй менен махаббаттың есігін.
сипап көрем қос ішегін домбырамның,
кеш, ұлым.
ЖАЛҒЫЗ
жалғыз ұлым, мен сені қосып жүрмін өлеңге.
сәби жалғыз бола ма, құдай жалғыз болмаса.
жанып-күйіп, мен сені қосып жүрмін өлеңге.
құдаймен де сені онда салыстырғым келмейді.
Жалғыз қара шың жатыр көкжиекте тұрақтап,
жалғыз ауыз сөз құсап, не оқ құсап бір атқан.
қайырымсыздық жөнінен ұқсай көрме бірақ та.
жапырағын жел ұстап мінбек дейді құлақтап.
жалғыз қалма түбінде емен құсап бірақ та.
жалғыз емен көрсем мен — сені ойлаймын әйтеуір.
жалғыз емен, Жалқы шың, аяп кетем сендерді.
Әлде сенің тілің бе, жырым ба, әлде қыздар ма,
бір сұлулық түбінде ұрынады-ау ызғарға...
сұлуларға жыр арнап "бүлінемін" мен қасқа.
бір биіктік бәрінен биік өсер ақыр күн.
әйтеуір бір биіктік қалатұғын секілді.
Сенің ғана көзіңмен айналаға қараса,
көк әйнектен көргендей жайнар еді бәрі аса.
сенің ғана көзіңмен бәр-бәріне қараса.
Бүлдірсең үй жетеді, бүлдір дедім,
сындырсаң, үйретемін, сындыр дедім.
тікенге табаныңды тілдірмедім.
ешкімге шерткізбедім, тидірмедім.
өкшеңді ыстық құмға күйдірмедім.
түйеден үйретпедім атты айыртып.
кешқұрым қозы алдырып, лақ қайыртып.
күдіктен, кірлен, көңіл, кірлен, кірлен:
білмеймін қалай адам боларыңды
шыр етіп шыбық жемей бір кемпірден...
Күш берген өмір маған да,
ағайын, өзің білесің:
жартысын жойдым жыр есіп,
жартысын жойдым күресіп.
толтырғам құйып әр түсін:
жазуға кетті жартысы,
сызуға кетті жартысы.
бар жүйкемді оятып,
сөзді оңай тапқанмен,
орнын таппай қоятын.
азабына төзермін.
табылар емес өз орным.
Тез ашылған көктемгі
гүл-бақ ең сен, оңбай жүр:
гүл-бақ едің, көп болды,
бұлбұл құсың қонбай жүр.
тау едің сен — таппай жүр:
тау шыңы едің, көп болды,
ақша бұлтың соқпай жүр.
шыбық ем мен бір жыңғыл,
жас бұтақ ем, көп болды,
маған қонып жүр бұлбұл.
төбе едім жай далбаса,
менде жоқ тек ақ бұлтың,
көлеңкесі болмаса...
Жаманшылықтың бейнесі
күн көрістердің шатағы,
күн көрулерден кейде осы
күншілдік шығып жатады.
ой қиыныңа қарай баста да.
күн көрсетпейді басқаға.
Ес, ес, Самал, ес үдеп,
есіп, есіп тоқташы,
қиратайын ба осы деп
қимылдаттың шөп басын.
ауыр болғың келеді.
дауыл болғың келеді...
Еңбек қып күн-түнімен
елім, сені сүйгенмін.
бір қызыңа үйлендім.
жағып, жасап бата-емін,
Ат қойыпты бір ұлың,
бір ұлыңа әкемін.
жайымды айтсам сенер кім?!
... Бір сайында жанып ем,
бір төбеңде сөнермін.
Дүние деген үлкен сөз:
күн ұрғанда шекені,
жапырағын бүркенсең,
бір ағашы-ақ жетеді.
ұлы сөзден талай бір,
өлсең, көмуге өзіңді
қарыс жері жарайды.
бір кездері, сенер ме ең:
тарлық көріп біреулер
сыймай өтті дегенге!
Отан үшін соғыстық, қан төгістік жер үшін,
от басы үшін соғыстық — соғыстың ең берісі.
от басы үшін соғысу тұр-ау соның бірі боп.
от басы үшін жөн шығар күресуің көсеумен.
қырып кете жаздайды көсеуі бар жігіттер.
көсеу емес, қолына найза беріп сынайды.
Дала, саған қараса
менің көзім қарасын.
керек болса адасу.
менің көзім қарасын.
керек болса адасу.
ал, адасшы, жаным-ай.
Өтетінмін танымай.
Қара шашың — қара орман,
қара көзің — қара су.
таныған жөн адасып.
Ақ Еділ — бір білегің.
оралғанын білемін.
дірілдей ме, немене;
келмей кеттің көптен деп,
бұртияды төбелер.
теңе қандай теңеуге:
сен ару боп кетесің,
мен ақын боп келгенде.
Теңізден өте алмадым,
тереңдігі — сылтауым.
мұнарытып тұр тауым.
іс бітірмедім бір тәуір.
қиындығы — сылтауым.
үміт еткендер ұрсып жүр.
сылтауларымның қырсығы...
Мен — жол болсам, асыққанға неғұрлым,
келер еді ұзақ болып көрінгім.
адастырып кетер едім көбіңді.
Ауылға аяқ бассам жұмсап кетем,
шегіне домбырамның үн сап бөтен.
әлде айтуды ойлап қана тынсақ па екен.
көңілде ұят бөтен, ынсап бөтен.
тарс қылып екі көзді жұмсақ па екен.
Ит біткен қуып үріп тірсектете... осылай у-шу қылып жүрсек пе екен.
күркеге әне біреу кірсек пе екен.
өлең де көп көпіртсек күйсеп кетер.
кір-қожалақ бір ұлын сүйсек пе екен...
Көрпе, жастық суырып безек қағып,
сен сөйлесең сенеді кезек талып.
қазанының астына тезек салып.
сенеді деп сөйлейсің көпіріп кеп.
"айналайын, қонып кет, отырып кет!"
Ылғи сәби қайтеді қате көріп,
қатем жоқ деп қайтасың мәпеленіп.
"Сақалыңды" сипайсың әке болып.
ШАЛ
шал отыр ұстап әзір шаңырағын.
бір ұлы кездессе деп шаруаның.
ақ бұлттай сәскедегі аңырады.
бір қызын әперем деп шаруаның.
өмірде: ширатылыс, есілісте.
келіні түспес бұрын бесік істеп.
аңырып ақ бұлт құсап қарайтыны:
Күткені келе ме деп, келе ме деп,
ұстауға шаңырақты жарайтын ұл.
бір сыбап алады да жұртты түріп,
ұрсысып кемпірімен тағы да бір,
шалыңыз кетеді өліп шырт түкіріп...
Жүре берсең, жүре берсең даламен,
алма бақ бар, шақырады ол ынтық қып.
күзетшісі болмаса егер мылтықты.
ару қыз бар, ынтықтырар ол да аса.
жөтелі көп қарт шешесі болмаса.
Міне, бір үй түсе бер,
келген жоқсың молаға.
үй таңдаса оңа ма.
кір тезірек, бәрі үйде.
шығады өріп, әрине.
дауаламай жүрегі,
аздан кейін тізеңе
қонар келіп біреуі.
бәрін қуып дүр сілкіп,
қымыз құяр, кесесін
бармағымен бір сүртіп.
Көрінбе ірі, байқа әлі.
қалпағың-ақ айтады.
қайсыбірін асарсың:
түнде жортқан жолсызда
жолаушыдай сасарсың.
бұрауын көр көтеріп.
қонақпын де — жетеді.
ауыр тиер — қиын бұл,
ұмытпассың өзің де
бір баласын сүюді.
Ақ жаулығы секілденіп қарлы шың,
жүн түтетін мұнар құсап қалғысып,
бармысың сен, айналайын ақ шеше,
опырық тіс тентек әже, бармысың.
қайнайтұғын күйік қысып, зар қысып,
бармысың сен, шынашақтай кәрі әже,
қутыңдаған қызыл әже, бармысың.
мұң шертетін ошақ қазып, қан құсып,
бармысың сен, арық шеше жылауық,
жіп иіргіш жадау әже, бармысың.
жасыратын "жоқ" пен жауып "барды" шын,
бармысың сен, сараң шеше құдайдай,
май былғағыш момын әже, бармысың.
өрмегіңді көп үзіп ем, кеше гөр...
аулын жігіт ұмытыпты десе егер.
ӘЖЕ
1
отырсың ғой күнде сен балам келіп қалар деп.
көрінгенге үзіліп: балам, балам, балам деп.
отырсың ба ойдағы "әулиеңмен" ымдасып?
Сүт бетінде қаймақты көрген сайын мені ойлап,
қырқып алып шетінен шәйға салып бір қасық.
қажыды ма қолдарың ақ шашыңды өруден.
ертесіне сол түсті жақсылыққа жорумен.
Көрінген қарасынға тартамын,
сенімі бар көңілде күдік, үрей бар тағы.
бір шәй берген кемпірді алданамын шеше етіп.
жағдай солай, қайтейін,
күту, күту, ғұмыр бір, күту екен әйтеуір
Бір мұңайып алам да хат жазамын мен саған.
2
бардым талай, қарт ана, қайтайын деп көшіріп,
ермей қалдың сен маған,
көнбей қалдың — қинадың,
жалғыз ұлды қидың да, жалғыз қырды қимадың.
көсеге ғып отырсың жалғыз қара сиырды.
шым-үйіңнің түтінін ауыстыруға аядың.
үш шығасың күніне Қызылоба басына
асықпадың бірақ та біздің төрге, қарт ана,
бір-ақ рет шығуға шөбереңді арқалап.
мен отырам кафеде шампан ұрттап кешқұрым.
ал, мен қайбір жиында президиумға отырам.
сонда өзімнің паркетті пәтерімнен ұялам.
отыратын өзің жоқ — үңірейіп тұр төрім.
Әй, қартым-ай, қартым-ай, туған жер деп...
туған жерді сен титтей Қызылоба деп пе едің...
Бөз өтеді деседі маталардың атымен,
сөз өтеді деседі аталардың атымен.
түйе қылып түймесін өткізіп жүр жұрт ептеп.
өткізіп жүр соғысты тыныштықтың атымен:
көгершіннің қанатын желпуші қып жау мына
жанап-жанап кетіп жүр сенің туған аулыңа.
қыз шәлісін жамылып талай дұшпан басқа ұрды.
жақсылықтың атымен өтіп барлық жамандық.
бүйте берсе түбінде атаға да сенбессің.
көңіліңе жара сап,
жақсылықтың өзіне күмәндана қарасақ.
Ақылдыны көрсең сен — бір сөзіне жарап қал,
енді қайтып сен оны көресің бе,
қарап қал.
үйткені оны "құдай" да күліп тұрып жаратқан.
күңгірт тартқан көңілі бір сүйеніш тұр тілеп.
бақыттыны көргенде күліп бұрыл,
күркіреп
асып-тасқан көңілі бір қошамет тұр тілеп.
Қанша мақта теңізді — толқымаса амал не,
қанша қақта сөзіңді — балқымаса амал не,
ауға түскен ақ сазан — бұлқымаса амал не.
досым, досым дегенің — қас боп шықса амал не,
асыл, асыл дегенің— тас боп шықса амал не.
көнсең мұның бәріне — көнбейтінің жоқ шығар?!
* * *
Мына қонақ мені өлтірмей жерлеп тұр,
ептеп ішті: ағыл-тегіл тер кетті.
домбыраның екі ішегін ермек қып.
қашан ғана бітер екен бұл "базар"!
Мен отырмын азар шыдап,
қарашы:
құлап түскен бокалымда сынды азар.
шылым түтіні сақина емес, білезік.
көмейіме құйды біреу күл езіп.
Жаман деген кім сені,
дәл сол адам біздің үйде тұрса еді;
Мына мылжың келер еді-ау оған да,
о, жалғыздық, жаман деген кім сені...
мен болдым-ау езіп жейтін ермегі.
жалғыздықтың өзін түгел бермеді,
...жартылықтың өзін бүтін бермеді.
Асылы бар менде ойдың,
не деп айтам, кім деймін:
ән етуге келмейді,
күй шығара білмеймін.
қалай айтам?
Күл мейлің:
сыр етуге келмейді,
сурет сала білмеймін.
ойым ауыр бейне өлім.
мертігіп тұр кей жолым.
көбігі жоқ,
ақ қағаздан басқаға
көбі — шын... тіл қатпадым сол үшін.
Жасырмайтын сөзім бұл,
айтпасам да мақтана:
бір мінімді өзімнің
қазып аппын шахтадан.
арман ойлап, қауіп қып,
бір мінімді өзімнің
домбырадан тауыппын.
күңгірт шықты дегенмен,
қоймай жазып, алыппын
бір мінімді өлеңнен.
ойдан бәрі бас апты.
екіншісін жасаппын.
байқайым,
сіңіп қапты бояуы,
қайсыбірін айтайын,
қайсыбірін жояйын...
Ісі өнбесе түртініп,
өндіртем деп жұрт әуре,—
дәукестерден бір күні
құтыларсың сылтаумен.
жөнелетін былғалай,
көк мылжыңнан бір күні
құтыларсың тыңдамай.
жүрсе біреу бұлдамай,
ондай қызды ұзатып
құтылады, бұл да оңай.
тапты да заң үкімді,
жаман әйелінен жұрт
әлиментпен құтылды.
өкпе артасың қас қылып
жаман жырдан газетке
құтыламыз бастырып.
ұнап жүрміз, шүкірлік.
жақсы жазып құтылдық.
түк емес бәрі, расында:
көлеңкеңнен-өзіңнен
құтылудың қасында.
Күдіктендім бұрлығып,
газеттерге
бекерге
жаман жаздым ба екен деп.
күдіктендім,
бекерге
суып кетсе бір досым,
ренжіттім бе екен деп...
Қайталап жаз, қайта ту,
туған болсаң асығып,
бір сөзім бар айтатын
сыншылардан жасырып.
жыр егінді жаңадан,
сабақ керек егінге,
керегірек дән одан.
сөзден сөзді асырып,
төгілем деп өлеңде
қалып жүрсің шашылып.
аз қуаныш, аз қайғы:
жел үп етсе өлеңің
ұшып кете жаздайды.
жолды жазсам жазғырып:
ақын еткен сені осы
ұятыңның аздығы.
ой мен шындық одағы,
Бір көргенге алтыннан
жез жалтырлау болады.
қойсам дейсің, сенер жұрт.
дауыл да емес, тереңдік.
асып-тасып, иланшы:
тасып қайда кетеді
тас табаққа құйған су?!
Қара жіптер тұзақ болсам екен деп,
қара жолдар ұзақ болсам екен деп,
тыртыспаған сияқты.
айдын көлдер тұйық болсам екен деп,
қырқыспаған сияқты. ...Біз де, достым, білсек еді ұятты.
Мен үйрендім күйінуді күйреп бір,
тағдыр маған жастан дауды үйретті.
тағдыр маған мастанбауды үйретті.
әр асулар — жалтаңдауды үйретті.
адасулар — жол таңдауды үйретті.
бос қалмауды үйретіп жүр өлеңім.
дос таңдауды үйренбей-ақ келемін.
Сұлу қызды сүйген кезде құшып қал,
сұлу гүлді тиген кезде құшып қал.
жомарттарым, сұрағанда беріп қал.
Сұлу гүлің бір қурар да шөп болар.
Тым кешігіп келген қонақ аш қалған... бар қасірет кешігуден басталған.
Ақындықты көріп жүрміз не түрлі,
батылдықты көріп жүрміз не түрлі;
қастықты да көріп жүрміз не түрлі,
достықты да көріп жүрміз не түрлі.
бірақ батыл — батыл болып қалсын тек;
бірақ досың — досың болып қалсын тек.
қастықтар мен достықтардың арасы —
қор қылатын осы-ay адам баласын.
Жасалатын жамандықтар көп бізде,
жамандықтан да әрегірек кісіге.
жақсылықтың керегі жоқ кісіге.
сүйеніш жоқ берері көп кісіге.
сол ақылдың керегі жоқ кісіге.
Қират, күйрет, бегі бердім, қас қақтым:
ал, көк өзен майданыңды бастат бір.
қойтастарды жолыңа үйіп тастапты.
тосқауылды қоям саған сирек бір.
есектерді жарысуға үйреттім.
қастарың не: бақай қағыс, есеп құр.
өкпелеме қойтасқа,
ал, жүйрігім, кінәлама есекті.
Не жетпейді, жетпейтін зат көп дейді,
біреуге атақ, біреуге орын жетпейді.
көбейткеннен сенің түгің кетпейді.
қалатындар болмай ма оның артында?!
Биіктікке басталса бір талпыну,
басталып жүр етектерден тарту да.
содан құны түспейтұғын болса егер.
арызқойға отыз-қырық кеңсе бер!
* * *
Көлгірліктер туралы тек көл айтсын,
сен айтшы.
қаталдықтар туралы айтса — шың айтсын.
жылан айтсын жымысқылық жәйлі шын.
бозторғай,
өзің айтшы бұта жайын, байғұсым.
"Қастық" көп-ау жалғанда,
жатам күліп,
ерлер жәйлі ел айтқан мақалды ұғып.
досын берді, берсе өмір, қатал қылып.
жаулықтыдан жау шықса — жеңе алмаспын.
қыздар жақсы боп кетті маған қас қып.
тайды да асау дегізген жастық қана...
түсіп қалды орнынан қас қып маған.
"қылыштың құрығында батар қыры".
қанжарымен қастықтың сақал қырып.
Мезгіл өзі алдаса,
алданайық, тайсалма.
болады екен ой сонда.
ойлау үшін ұдайы.
ой дегенің — уәйім.
тұрмыс кетті оңдалып.
қарынның тоқ болғаны.
сонда да бар бір қайғы:
ойланбайтын пенделер
ойландырмай тұрмайды.
уәйімнің көп түрі.
уәйімнің жоқтығы...
Қайда кеттің, қайдан іздеп табайын,
қайда кеттің, алыс қиял,
пәк үміт.
алданудың өзін дағы сағынып.
ақша бұлттар көтерілші, көтеріл.
мен де сенше алыс тартып кетемін.
бас изейді анау аппақ сыңар шың.
өкпелесең сенетұғын шығарсың?!
* * *
Әлі біраз жұмыс ет, әлі біраз қателес,
өз ойыңмен жат, егес.
не ұстап ап өрістен жайдақ мінер ат емес.
бұдан әрі сұрама, желкемді көп қасытпа.
көл болса ол — көл шығар жиналатын қасықтап.
көсіле біл, күйе біл,
тапсырамын өзіңе мына сені ие ғып.
төбе ғой ол, қарттықта
қайғырып бір шығатын таяғыңа сүйеніп.
Атақ деген немене?
Ақ жорға ма деп қалам,
әр тақымда бір шауып, бір қазыққа тоқтаған.
кісі мінер онда енді бүтін арқа жоқ шығар.
жайған қолға тоқтамай, жұмған қолға тоқтаған.
екі көзің бітсе егер жан қалтаңның түбіне.
сұлу қыз ба деп қалам,
әр жігітпен бір билеп, бір жігітке тоқтаған.
шақырушы көбейсе шықпайды ғой биге қыз.
Ақындықты қайтсем екен мына саған бітпеген
батылдықты қайтсем екен мына маған бітпеген.
байлап алып сабар ма еді қаймығуды мендегі.
ұлылығың, кесір ғой ол,
адал жанға бітпеген,
Қыңырлықпен бөліп бәрін әділетсіз табиғат,
соған қарап таңдануды екеумізге жүктеген.
Ұстаз болсаң, мезгіл, мені мақтама,—
шақырылған шәкірттеймін тақтаға:
бір есепті шығара алмай қалармын,
айтқаныммен бір сұрақты жаттаған.
оқығанмен тұрмыс деген білгірден,
бір төбеңді таба алмаспын картадан,
бір қалаңнан адасармын, кім білген.
күнде ескі
көп қатеммен бірге тудым, бірге өстім:
бір тауыңның биіктігін білгенмен,
бір көліңнің тереңдігін білмеспін.
биігінде аңқаулықпен бірге өстім:
есеріңнің естілігін білгенмен,
естілердің есерлігін білмеспін.
мерейім:
жазу еді саған басқа не дейін.
мен саған
бір әсерлі күйлер шертіп берейін...
ТАҒЫ, ТАҒЫ...
анау қыран кетті шыңнан тағы ұшып.
мен отырмын бір досыммен тағы ішіп.
бір момынның кетті тағы намысы.
екі қарға қалды тағы табысып.
тағы менің бір ойымды ұрлап ал.
бір тыңдаушым тағы өкпелеп тұр маған.
тағы ілінбей отыр менің кірпігім.
өтіп кетті-ау тағы менің бір күнім.
СӨЗ БЕН ІС
біреулердің жүр бізде сыртына іші жараспай:
адалдықтар туралы, таңдайынан май тамып,
арамзалар айтады және ғажап айтады.
біреулердің жүр әлі сыртына іші жараспай:
Жомарттықтар туралы таңдайынан май тамып
тас сараңдар айтады және әдемі айтады.
қанжардағы топастық, қырғыштағы өткірлік...
бұлбұл құстың үнімен жапалақтар сайраса?!
ҚИЫНДЫҚ
қинайды-ақ,
өз пікірің сыймай қап өзің жазған шимайға.
қинайды
жаның күйіп жазылған жалғыз жырың
сыймай қап.
қинайды-ақ,
жыр келмесе қолыңнан етігің тік, үй майла.
жатса етігің ешкімнің аяғына сыймай қап?!
Қинайды ғой, қинайды, өнер шіркін
қинайды-ақ,
қиындықта қызу бір — кетеді екен ми қайнап.
Мезгіл айдап әкеткен автобусқа сыймай қап...
Мақтаймыз кеп өлгенді,
мақтаймыз-ау төкпелеп,
Мақтаймыз кеп жазғанын тірісінде өтпеген.
сол өлік
тұрып кетер секілді некрологқа өкпелеп.
сскірді
жолдан-жолға сұлу сөз, бәле ғой бұл, не тірлік.
"мен осы өлгенім жоқ па екен" деп,
өйткені кей мақтаулар некролог секілді.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру