Мазмұнға өту
Home

Қазақ болмысы

Ғалыммұрат Хабсатарұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қазақ болмысы

Авторы: Ғалыммұрат Хабсатарұлы

─ 1 ─ ─ 2 ─ УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) Х-12 Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды. Ғалыммұрат Хабсатарұлы. Қазақ болмысы. Қазақтың тарихы, тілі, жері. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2011. – 360 бет. ISBN 978-601-7023-35-5 Осынау шағын еңбекте ұлтжанды қаламгердің ұлт тағдыры туралы толғаныстары сөз болады. Тілі жатық, қалың оқырманға берер тағлымы да мол. Кітап қазақтың өткені мен келешегін зерделегісі келген оқырманның қажетін аздап болса да өтер деген сенімдеміз.

УДК 94 (574)

ББК 63.3 (5 Қаз) ISBN 978-601-7023-35-5 © Ғалыммұрат Хабсатарұлы, 2011 ©Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2011 Х-12 ─ 3 ─

Оcынау еңбегімді аяулы əжем Мағлұмқызы Хазизаның асыл рухына арнаймын Алғы сөз орнына Мен жазушы да, тарихшы да емеспін. Бұл менің тырнақ алды кітабым. Бұл кітапты жазуға көптеген нəрселер еріксіз мəжбүрледі. Бұған атажұрттағы кей жағымсыз жəйіттер, басқа ұлт өкілдерінің қазақты менсінбей тарихын ашықтанашық жоққа шығаруы, тарихтағы көпе-көрінеу көптеген өтірік қиянаттар, оған деген тойтарыстың жоқтығы, бар болса да өте əлсіздігі, тарихтағы бір оқиғаны, атауды сан бөлек атап жазған небір толып жатқан қателіктер сияқты көптеген жəйіттер түрткі болды. Тек тарих демей-ақ талай дүниелерге келгенде өзімнің көзқарасымды білдірмеске болмады. Бұл бір əдеби шығарма емес ғой, сондықтан тілі жетік болғанша жатық болсын деген талап қойылды. Сондай-ақ əлі де жасап келе жатқан Кеңестік дəуірдің сарқыншақ салдарымен емес, оларға сүйенген бұлақтардан бейтарап əртүрлі бұлақтарға сүйене отырып мейлінше еркін қорытынды жасап жазылды. Аталмыш қорытынды атаулыны да ойдан жасап емес тарихи деректерге сүйеніп жаздым. Мұнда келтірілген сан деректер ең соңғы мəліметтер бойынша алынды. Алайда келтірілген сандар шындықтан шарықтап кеткен жоқ. Бірақта кей мəліметтерді жобалап алуға тура келді. Өйткені ол сандарды тектейтін еш мүмкіндік жоқ еді. Тарихсыз халық болмайды, бірақ бір кездері ондай жəйіт бізде болды. Тарих болмады емес болды, бірақ онысы біреулердің тапсырмасымен солардың мүддесі ескеріліп жазылған тарих еді ғой. Дегенмен олардың тарихқа бояу қып жапсырған түрлі жұрнақтарын, таптық идеясын алып тастағанда негізгі сүлбесін ептеп тұрғызғаны шындық еді. Сонда да, олардың біліп те, білмей де шатастырғандары

─ 4 ─ жеткілікті көп болды, қазақ халқы, хандығы туралы, қазақтың көптеген тайпалары моңғол тектес болды дегеннен бастап басқа да толып жатқан ертектері жалғаса береді. Тарихымызды бізсіз-ақ өздері ойдан жазып, тіпті, атамекен жерімізді де өздері өлшеп пішті, теліп алып өзіне қоса да салды, жырымдап біреуге сыйлай да салды. Сонымен біраз дүниелер дəл солардың қасақана бұрмалап жазған қалпында əлі күнге дейін өзгермей жалғасып келеді. Қашанда мықтылардікі ғана шындыққа айналған кез еді ғой сол заман. Əділетті іздесең де солардан ғана табасың, ендеше тарих та солай болды. Бұл бір сондай мықтыларға тəн «əділетке» қарсы шығып мойұнсынбаған ізденіс. Тəуелсіздік алғаннан кейін біздің тарихшыларымыз тарихымызды қайтадан жаңалап жазуға кіріскен-ді. Жаңа көзқараспен жазылған біраз еңбектер жарыққа шығып та қойды. Сонда да тарихымыздағы бұрмаланған көптеген дүниелерді түзеуге келгенде бұл ізденістер əлі де жеткіліксіз, əлсіз болып отыр, кей мəселелерге келгенде бұрынғы сарыннан онша арылып кете қоймағаны білініп қалып жүр. Сондайақ бұл кітапты қазақ деген ұлттың барлық болмысын, демек тарихын, тегін, жерін, тілін, дінін яғни бүкіл қасиеттерін бір арнаға тоғыстырып жазуды мақсат қылған ізденіс деуге болады. Бұл тақырыптарды бір арнаға тоғыстыру оңайға түспеді, мұның машақаты бір кісіге жеткілікті көп екен. Сан алуан деректерді қорытындылау, жағырафиялық карталарды жасау, термин атауларды теңеу – мен сияқты шетелдегі қолы қысқа қазаққа оңайға түспеді. Өйткені, мен қазақ болмысынан мейлінше алыс, қазақ тілінде таратылатын күнделікті ақпарат бұлақ көздері – теледидар, радио, газет атаулыдан мүлде қағыс қалған, бар болғаны интернеттен басқа арқа сүйері жоқ қазақпын. Қанша қазақ болсам да атамекеннен үнемі шалғайда болып, қазақ баспасөз қолданыстарын толық білмей өскендігімнен кей сөздерді қайтып қолданып қалай теңейтінін білмей аңырдым. Тек қазақ жолында бір де болса іс атқарып, туған халқыма деген қарыздан аздап болса да құтылайын деген асыл арман ғана менің жебеушім, алға

─ 5 ─ жетелеушім болды. Əсілі, бұл бір жеке бастың пайдасы үшін, не кəсіп үшін жазылған шығарма емес. Өмірге қазақ болып келіп қазақ болып өтуді мақсат қылған бір бейбақтың жан айғайы деп ұққайсыз. Мен ұлтымды жай ғана сүюді қанағат етпедім. Ондай ұлтын сүйгіштер бізде баршылық ғой, ендігі жерде оған нағыз қызмет етушілер керек. Ұлтыңды шын сүйсең оған қызмет етпей көңілің қалай тынар. Бұл бір сол жолдағы менің құрбандығым болар. Əр қазақ ұлтын шын сүйсе онда халқына арнап бір іс тындыру керек. Өйтпей жай ғана айғайлай берсең ол ұлтжандылық емес, керісінше ұлтын ойлаймын деп қас істегендік болмай ма, яғни түкке тұрмайтын əсіре ұлтшылдық қана болады ғой. Ондайлар қазақта аз болмаған. Бəлкім мен де солардың бірі шығармын... Сонымен бос сөзге орын бермей ендігі пікірді сізден күтемін, құрметті ағайын. Автор.

─ 6 ─ Бірінші бөлім ҚАЗАҚ ТАРИХЫ Қазақ тарихынан қысқаша мағлұмат Бұл бөлімді мен жасырары жоқ, басқалардың еңбегіне сүйене отырып жаздым, бірақта мейлінше қысқа ғана шолып өтіп, кейбір жерлерге келгенде өзімше еркін тың «қорытынды» жасауға тырыстым. Жəне де əртүрлі деректерге сүйендім. Негізгі арқауы əйгілі ғалым Нығмет Мыңжанидің «Қазақтың қысқаша тарихы» деген кітабы болды. Жалпы, тарихты жазу дегеніміз, сан алуан деректерді біріктіріп қорытындылау ғана. Ендеше менікі де сондай талпыныс. Жұртшылықтың онсыз да жақсы білетін тақырыптарына келгенде сөз көбейте бермей қысқа ғана шолып өте шықтым. Керісінше басқалардың аузына əлі ала бермеген, аузына алса да көп дау тудыра беретін дүниелерге тоқталуды жөн көрдім де сол маңда біраз айналсоқтадым. Сондай-ақ Н.Мыңжанидің кітабынан басқа əдебиеттердің атын атамадым, сол үшін мен пақырды ғафу етерсіз, өйткені бізде керекті-керексіздігіне қарамай қайдағы кітаптардан біліп те, білмей де құрастыру, «қотару» үрдісі қалыптасқан да, ақырында кей оқиға ұғымдар мүлде бөлек болып кететін болды. Одан қалса біреудің онсыз да өтірік жаза салғандарын сол қалпы қотара салатын болды. «Өтірікті мың рет қайталасаң шын болады» демекші, пəленбай сол шығармасында бүй депті, түгенбай пəлен деген еңбегінде солай депті деген ағыммен қазақ тарихында ақтаңдақтар аз болды ма. Ендігі жерде өзің шын деген нəрсені ғана жазып жəне соған мейлінше жауапты болу керек-ақ. Міне, сондықтан басқалардың еңбегінен сілтеме тарта берудің жөні аз сияқты. Сондықтан, мен бəрін білетін білгіштігімнен емес, орынсыз шатасып кетемін бе деген қорқыныштан бола басқалардың еңбегіне көп сүйене қоймадым. Ал негізгі тіреу

─ 7 ─ болған еңбек Мыңжанидің кітабі екенін басында айттым. Алайда басқалардан тура сілтеме алмағаным болмаса оларға əсте сүйенбей бəрін өзім ойлап таптым дегеннен аулақпын. Тек орынсыз сілтеме ала беруге жол берілмеді деген сөз. Қазақ тарихы басында бір арнаға түсе де қоймады, ал артынан бір арнаға тоғысып келе жатқанда отарлаушылар тарапынан қасақана бұрмаланды, содан теріс қалыптаскан ұғым, түсінік, оқиға желісі өте көп. Атажұрттан соңғы кездерде басылып шыққан көлемді бір басылымда бір ғана уақ тайпасының атауын үш түрлі қып жазып қойыпты. Уақты бірде онхыт десе бірде олхынұт деп үйсін атауымен шатасқан. Сонда бұл кітапты оқыған адам ежелгі уақты қалай атайды? Ол аз болғандай уақты кейде керей уақ деп қазақта еш жерде жоқ бір «тайпаны» ойдан шығаратыны тағы бар. Сондай-ақ қазақ тағлымына байланысты тым орынсыз шатастырған оқиға желістері өте көп кезігеді. Жошыны моңғол болды дегеннен бастап талайталайларды суша сіміртіп соғып отырады. Жошыны таза қазақ болды демесек те тұп-тура моңғол болды деудің керегі не. Тарихи есім атауларда тіпті байып-баға жоқ, қалай болса солай аталып кете барады. Бір жерде тарихи атауды орыс қолданыстағы атымен жазса, келесі бетінде мүлде бөлек шығыс атымен яки қытайшасымен жаза салады. Бұны қарапайым оқырман оқығанда екі бөлек атау деп шатасып қалуы да мүмкін. Əсіресе қытай деректеріндегі атауды орыс қолданысымен керектенгенде бастапқы атауы айтарлықтай бөлек өзгеріп жазылады. Біздегі көптеген тарихи дүниелерде мұны ескермейді де екеуін алма-кезек керектеніп отырады, соңында бұл атау бейне бір айдаладағы екі бөлек атаулардай сезілетіні бар. Қысқасы кей мүлдем өтірік дүниелер бір автордан енді біріне айна-қатесіз сол қалпында қотарылып (сілтеме жасау деген сыпайы атаумен) біздерге əбден сіңісті болып кетті. Оны түзетіп жатқан да ешкім жоқ. Бұл аз болғандай соңғы кезде қазақ тарихын рушылдық дертпен жазатын болды. Тарихта аты шығатын бабасы бар болса болды, ол шынымен ел қорғаны ба-

─ 8 ─ тыр болды ма, болмады ма, ол жағында шаруасы болмайды, жалғыз көздейтіні оны қайткен күнде батыр болғызу, одан қалса би шешен болдыру. Қазақ тарихында айтарлықтай орын алар бір тұлға шыққан тегі (руы) жағынан өзінен басқа біреу болса, онда ол батыр да емес, би де емес, қысқасы ешкім де емес, керек десе тарихта болған да емес. Ол марқұмда тап бір өш-қасы қалып бара жатқандай жағаласатынын не деп түсінеміз. Бұлар сонау ХVІІІ ғасырдағы атадан қалған өш-қасы бар Əбілқайыр мен Барақтың ұрпақтары болып кетпесе бұл неғылған тарихқа қиянат? Олардың пəленбайы біз үшін кімге тұрады, өзіміздің түгенбай батыр бабамыз тұрғанда деп қашан көрсең бір қазақты бөле-жарып отырғаны. Осындай бар қазақтың қамын емес бір өзінің қамын жеп «ұлылығын» мадақтаған жырау тарихсымақтан біздің тарихымызға көп бұрыстық қалыптасты. Тарихты діни көзқараспен жазғандар да жоқ емес. Айталық бұл тарихты қандай бір көзқарас тарапынан жазса, онда одан көп қайыр күтіп қажет жоқ, жарымжартысы сол көзқарастың құрбандығы яғни өтірігі. Қазақ атауы туралы. Қазақ тарихы сөз болған жағдайда қазақ атауы қайдан шыққан, қандай ұғымды білдіреді деген орынды сұрақ туады. Қазақ деген сөздің мағынасын тарататын көптеген тұжырым, пікірлер бар. Біреулер, қазға ұқсап тізіліп көшіп жүретіндіктен басқалар қазақтарды сыртынан қарап қазы десе қазы-ақ екен деп таңырқапты, содан «қазы-ақ» сөзінен қазақ атауы шыққан дейді (бұны ұлы Абай айтқан). Кейбіреулер моңғолдың хасығ теріг (хасаг тэрэг, қаз: қазақ арба) деген сөзінен қазақ атауы пайда болған деседі. Басқасын бір құдай білсін, дəл осы моңғолдың «хасығ терігінен» қазақ атауы шықпағаны əбден белгілі ғой. Керісінше бұл хасығ теріг атауы қазақ атауынан ұштасып шыққан болуға тиісті. Хасығ теріг атауын қазақ этнонимі тым ертеде бар болғанын дəлелдейтін деректердің бірі деп қарастырғанымыз жөн болар. Əбілқайыр хандығынан Керей, Жəнібек бастатқан біраз қауым «қашып» кеткені үшін олар қашақтар делініп содан ба-

─ 9 ─ стап қашақ-қазақ атауы пайда болған деседі. Бұл тұжырымды көбінесе қазақты менсінбегендер шығарып жүр. Олардың ойы бойынша қазақтар деген қашқын пысқындар, дəл осыдан қазақ атауы шықты-мыс. Тіпті айдаладағы славянның казачество-казак-козак (казакты батыста cossack (коссак) деп атайды, бұл сөздің кос жəне сак деген екі түбірден құралғаны көрініп тұр, бұдан қас-сақ сөз түбірін аңғару қиын емес) сөзіне тамырлас болуы да мүмкін дейді. Мүмкін солай шығар, бірақта солай бола қалған күнде біз емес, керісінше олар бізден тарау алуға тиісті. Көптеген пікірлердің ішінде көкейге ең қонымдысы, «қас сақ» (нағыз сақ) деген сөзден шықты дегені. Ежелгі дəуірде Хасақ (қасоқ) атты ұлыс (ел) та болған көрінеді. Қазақтарды қытайлар хасаке деп атайтынында біраз сыр жатыр. Қазақ деген сөзге тілі келмей солай атағаны мүмкін болса да бұл атаудан қассақ сөз түбірін аңғаруға болады. Қазақ хандығы алғаш құрылғанда бұл атауды жоқтан бар етіп кенет атай салған жоқ, бұл ежелден бар атау болған яғни алғашында қыпшақ тайпаларында ресми қолданыла бастаса бірте-бірте қазақты құраған бүкіл түркі тайпаларына тараған атау болады. Сол кездегі қыпшақ атаудың өзін қазақ деп қарастырған жөн сияқты, өйткені қыпшақ сөзі сол кездегі қазақ елінің тағы бір балама атауы болғаны шындық еді ғой. Бұл атау артынан қазақ хандығы кезінде қайтадан жаңғырып түркінің үлкен бір ұлтының атауы-этнонимі болды. Қысқасы қазақ хандығынан көп бұрын қазақ деген атау да, толық пісіп жетілмесе де айтарлықтай топтасып қалыптаса бастаған қазақ деген ұлт та бар болғандығына күмəн келтірмеу керек. Меніңше қазақ деген сөз нағыз сақ, не еркін адам деген екі мағынаның бірін білдіреді. Бірақта осы еркін адам дегенге көптеген ғалымдар сезікпен қарайтыны бар, өйткені бұның енді бір жанама мағынасын кезбе адам яғни баяғы қашқын пысқандар деп көреді. Содан да болып бұл таратудан қашқақтай беретіні бар. Қазақ атауы ежелгі хасақ тайпасын (ұлысын) есеп-

─ 10 ─ ке алмағанда тарих сахнасында ІХ-Х ғасырларда біліне бастаған деген тұжырым бар. Одан бұрын да Қазақия атты ел болған деседі. Ресей отарлаушылар тарапынан халқымызды бертінге дейін кемсітіп, мұқатып атап келген қырғыз-қайсақ теңемесіндегі қайсақ деген сөз еріксіз назар тартады. Ежелгі дəуірде қазіргі Кіші жүз (Еділ-Жайық маңы) маңында қай деген тайпа да болған көрінеді. Бұған сақ деген бүкіл түркілердің, соның ішінде қазақтардың арғы атасының атауы қосылып, содан қай-сақ яғни қазақ этнонимі шыққан болуы да əбден мүмкін. Бірақта көптеген зерттеушілер бұл атауды қазақ хандығы құрылған дəуірге ғана байланыстыратын үйреншікті əдеті бар. Мейлі сол кезде қазақ елі құрылды десек те одан бұрын қазақ атауы яки қазақ халқы болғаны шындық еді. Мұны көптеген тарихи деректер бұлжытпай дəлелдеп отыр. Қазақты кей басқа ұлт ғалымдары мұнда ғана қалыптасқан балаң ұлт дейтіні бар. Олардікіне сенсек, өздері ғана сан мыңдаған жылдық тарихы бар көне ұлы халық та, ал қазақ сияқты халықтар жазу-сызуы да жоқ, түркілер мен моңғолдардың араласуынан шыққандармыс. Тіпті бұл қазақтарда өзіндік хандықтары да болмаған деп жуықта бір бұратана айтып қалды. Ол өзінің бұратана халық екеніне қарамастан баяғыда сүйегі қурап қалған атабабаларын желеу етіп мақтанады. Нағыз мықты болса өткен күнмен емес, қазіргі күйімен мақтансын олар. Осындай беталды көкитіндер, мен пақырды осылайша «бірдеме» жазуға мəжбүрледі. Кейбіреулер қазақ атауын зерттеудің қажеті жоқ, бұл сөз алғашқы мағынасынан əлдеқашан айырылып қалған дейді. Бұл пікірге қосылуға болмайды. Қазақ болмысы қазақ атауымен тығыз байланысты, демек бұл ары да өз зерттеуін күтіп тұрған, əрі жуық арада толастап бір межеге келе қоймайтын ұғым екені белгілі ғой. Қазақтың арғы тегін тек түрік тектестерден ғана іздесек жаңсақ кетерміз. Қазақтың антропологиялық тұрпатында көрініп тұрғанындай қазақтың бір қайнарын сонау Еуропа

─ 11 ─ маңында болған ежелгі тайпалардан іздеген жөн. Бұған ақ ғұндардың (эфталит) далалықтармен қайта тоғысуын есепке алмай, басқа да бөлек байланыс бұрындары болды деп іздегеніміз дұрыс болар. Қазақтың түрік текті екеніне дау жоқ ғой, дегенмен сол түріктің де арғы тегі, құрылымы тым күрделі болып кететіні бар. Түрікке дейінгі тегін əртараптан іздеуге тура келеді. Түріктің арғы тегін ғұндар делік. Бірақта сол ғұндар өзі қайдан шықты? Түрікті кілең ғұндардан тарала салды деуге тағы болмас. Қазақтарда еуропалық қан да жеткілікті көп екені белгілі болды. Тіпті сол көне түріктің өзінде еуропалық нышандар жетіп асады. Бұл ара да зерттеуді талап етіп өз шешімін күтіп тұрған жəйіт. Қазақ халқына тікелей байланысты ежелгі мемлекеттерді (ұлыс, тайпа) өмір сүрген жылдар есебімен қысқа ғана шолып өттім. Сақ тайпасы. Қазақ халқының тарихы ежелгі сақ тайпаларынан басталады. Олар шамамен б.з.б. (біздің заманымыздан бұрынғы) VІІ-ІІІ ғасыр аралығында қазіргі қазақ жерін (шығыста Алтай тауына дейін) толық қамтып жатқан тайпалар одағы болды. Олардың негізгі орталығы Жетісу маңында болған көрінеді. Осы сақ деген сөзден қазақ атауы шықты деген тұжырым да жоқ емес. Олардың массагет сияқты тайпаларын негізінен қазіргі қазақ жерінде өмір сүрді деуге əбден болады. Сақтар өзара массагет, исседон, сармат, яксарт, дай, аскатағ, көмар (грек атауы бойынша) секілді көптеген тайпалардан құралды. Бұлардың ең əйгілісі сармат, массагеттер. Бұл атаулар батыстың небір аңыздарында əлі күнге дейін айтылып келеді. Ежелгі сарматтардың бір бөлігі батысқа жылжи қоныс аудара отырып, ақыры Еуропаның қазіргі Италия маңына, одан ары тіпті Британия аралдарына да жеткен көрінеді. Сақтар сол замандағы ең өркениетті елдермен, мысалы Ассирия, Персиямен тепе-тең қарым-қатынаста болды. Парсының Кир патшасы б.з.б. 529 жылы сақтарға шабуыл жасап жеңілсе, артынан 1 Дарий б.з.б. 518 жылы соғыс ашып ол да жеңілген

─ 12 ─ дейді. Ұлы Ескендірдің өзі б.з.б. 330-327 жылдары соғыс ашып сақтардың біраз жерін жаулап алғанымен ақырында ол да шегінеді. Міне, сондықтан сақтарды басқалар өте жауынгер ержүрек халық деп таныған еді. Сақтардың ең əйгілі көсемі Тұмар (Томерис) деген патшайым болды. Сақтардың солтүстік бөлігін түріктің арғы тегі дейміз. Бұл, сақтардың оңтүстік бөлігі түрік тектес (түріктің арғы атасы) емес дегенді білдірмейді, тек олардың оңтүстік бөлігі түрік пен парсылар аралас болған дегенді білдіреді. Тұран мен парсылардың арасында жүздеген тіпті мыңдаған жылға созылған ұзақ соғыс болғанын білеміз, бұл да олардың айтарлықтай араласып тұрғанын айғақтай түседі. Сақтардың солтүстік бөлігі б.з.б. ІV-ІІІ ғасыр шамасында шығыстан көшіп келген ұлы иозы (юечжи, біраз ғалымдар бұл атаудан қазіргі ұлы жүз атауы шықты десе енді біреулер бұл болжамды қолдамайды) тайпасынан жеңіліп ыдырайды да орнына үш тайпалық одақ: үйсін (ұлы иозы), қаңлы, аландардың тайпасы құрылады. Жəне де осы сақ тайпаларына негізделіп ғұн сияқты жаңадан тайпалар одағы пайда бола бастады. Сақтар көптеген түркі тектес халықтардың арғы тегі болады. Өйткені, олардың біраз бөлігі алдымен жаңадан құрылған ұлы иозының құрамына кірсе, артынан үйсін мен ғұндардың құрамына кірген-ді. Сақтар сонымен қатар парсы халықтарының да арғы тегі. Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпалары көне түркі тілінде сөйлеген делінеді. Діні де тəңірлік дін болды деген болжам бар. Сақтар жартылай көшпелі болды. Олардың арғы тегі белгісіз болғанымен нəсілдік жағынан еуропоидтік тұрпаты басым болғаны белгілі болып отыр. Үйсіндер. Үйсіндер ежелден Жетісу маңын мекендеп келген түркі тілдес ірі тайпа (ел) болған. Бірақ оларды бастапқыда, бұдан бұрын б.з.б. ІІІ ғасыр шегінде Қиыр Шығысты мекендеп тұрып артынан Жетісу маңына келіп қоныстанған тайпа болды деген болжам бар (бірақта бұл əлі де толық дəлелденбеген тұжырым, өйткені қытайлардың қиыр шығыс деп отырғаны Жетісуға іргелес

─ 13 ─ Еренқабырға таулары болуы да əбден мүмкін ғой). Үйсін атауы қазіргі кезде бүкіл ұлы жүз тайпаларының жалпы атауы болады. Кезінде үйсіндерге көршілес ұлы иозы (жүз) деген тағы бір тайпа болыпты, бірде олар үйсіндер мен ғұндардың біріккен қолынан жеңіліп оңтүстікке ауыпты да ежелгі Бактрияға (Ауғанстан жерінде болған мемлекет) барып қоныстанып Кушан мемлекетін құрыпты. Олар Жетісу, Тəңір таудан ығысқанда түгелдей кетпей бір бөлігі үйсіндердің арасында қалып сіңсе керек. Содан ұлы жүз-үйсін деген тіркес атау пайда болды деген жорамал бар. Қаңлыдан басқа албан, суан, дулат, жалайыр, ысты, шанышқылы, сары үйсін, ошақты, шапырашты, сіргелі тəрізді Ұлы жүздің бүкіл тайпаларын, кейде Орта жүздің керей тайпасын да осы үйсіннен таратады. Ежелгі үйсіндерді сақтардың тікелей ұрпағы болды деуге əбден болады, өйткені үйсіндер басында Қиыр Шығыстан (дəл Қиыр Шығыс болмаса да шығыстан келгені шындық ғой) келгенімен артынан сақтардың ұрпағымен біте қайнаған тайпа. Дегенмен олардың бастапқы тегі əлі де белгісіз. Олар шамамен б.з.б. ІІІ ғасырдан б.з. (біздің заманымыздың) VI ғасырға дейін өз одағын жалғастырды. Үйсіндер ғұндардың алғашқы кезеңінде шарықтады да артынан əлсіреп екіге бөлінді. Олар ғұндармен алысберіс болып көп соғысты, басында ғұндардың қарамағында тұрып артынан ұлы иозыларды жеңіп күшейіп алған соң ғұндарға бағынғысы келмеді. Дегенмен бұған ежелден қандас туыс ұлыс, тайпалар болып келген ғұндар мен үйсіндерді біріктірмеу үшін қытайлар оларды үнемі қағыстырып отырғаны өзіндік əсерін тигізді. Алайда, ғұндар мен қаңлылардың біріккен одағына төтеп бере алмай соғыста жеңіліп қалған үйсіндер артынан ғұндармен бірігіп қазақтың арғы тегін қалыптастыра бастады. Үйсіндер заманында үлкен ел болды. Оларды қазақ халқының үлкен бір қайнары болды дейтін толық негіз бар, өйткені осы үйсіннен қазақтың талай ру тайпалары тарайды. Үйсіндердің билік

─ 14 ─ құрған соңғы кезеңінде оның құрамында болған дулаттар, анығырақ айтқанда сары үйсіндер үстем бола бастады. Бұлар артынан түркеш хағандығын (қағандығы) құрды. Қытай деректерінде үйсінді, олардың жерін де Хан əулетіне (династия) өте жақын болған деп көрсетуге тырысады. Ол – ол ма, Қиыр Шығыстан көшкені үшін үйсінді қытай тектес болды деуге дейін барды. Əсілі үйсіндердің түркі тектес ел болғанына күмəн жоқ еді. Тек үйсін демей-ақ түркінің өзі алғашқы бастауын Алтайдан алуын алса да артынан кең қанат жайып негізгі бөлігі ежелден қазіргі Қытайдың Сары өзен (Хуанхэ) маңын мекендейтін болған. Бұл үшін түркіні қытай тектес болды деуге бола ма. Алайда сол кезде біраз түркі тектес тайпаларды қытайлар өздеріне сіңіріп алғаны шындық еді. Керісінше сол қытайлардан түркілерге сіңгендер əсте болмаған ғой. Көп кейін осы жерлерден бүкіл түркілер сол қытайдан қысым көріп ығысқаны да тарихи шындық болады. Үйсіндер алдымен жужанның (авар, түркі тектес тайпа) шабуылына ұшыраса, артынан сəнбиден (моңғол мен қытай аралығындағы ертедегі тайпа яки ғұндардың қытайға «бейім» бір тайпасы, бұларды манжу-тұңғұстар болды деген болжам бар, дегенмен түркі тектес болуы да жоққа шығарылмайды) бола шығыстан батысқа ығысқан ғұндардың (түркілер) шабуылына ұшырап олардың құрамына біржолата кіргенді. Үйсіндер жартылай көшпелі ұлыс болды. Оларды негізінен монголоидтармен көп араласып кеткен ежелгі еуропоидтер болды деген болжам бар. Аландар. Аландар шамамен ІV ғасыр шегінде ғұндармен бірлесіп сарматтарды құраған тайпа. Бұларды қазақтың Кіші жүзінің арғы тегі деуге болады. Кіші жүздегі алшын, жағалбайлы (бұлардың бір бөлігі ғана осында болды, жартысы шығыстан ығысқан түркі тайпаларының үлесінен құралған), кердері (кедері, кидарит), адай (дай) рулары ертеден аландар бірлестігінде болған деседі. Аландар қазіргі Кіші жүз маңын яки Батыс Қазақстанды мекендеді. Аландар қаңлылармен тілі бірдей болған дейді.

─ 15 ─ Олар алғашында қаңлыларға тəуелді болғанымен артынан бөлініп шығып қуатты ел болған-ды. Бірақта І ғасырда батысқа жортқан ғұндардың шабуылына ұшырап ғұндарға біріктірілсе, артынан V ғасырда ақ ғұндардың (эфталит) құрамына кіреді. Одан кейін ХІ-ХІІ ғасырларда қыпшақ бірлестігіне кіріп, артынан Алтын Орда, Ақ Ордаларға қарап келіп, ХV ғасырда Қазақ хандығы құрылған кезде оның құрамына біржолата кіріп қазақ халқын қалыптастыруға көп үлес қосты. Ежелгі аландардың ішінде қасақ (қасоқ) атты ұлыс болған деген дерек те баршылық. Бұл атау артынан қазақ хандығы кезінде қайтадан жаңғырған болуы əбден мүмкін. Қаңлылар. Б.з.б. ІІ ғасырдан б.з. V ғасырлар аралығында қаңлылар Қаратау, Сырдария маңын мекендеді. Бұл тайпаны (ел) үйсінмен қоса қазақ халқының негізгі ұйытқыларының бірі болды дейміз. Қаңлылар аландарды биледі, бұл олардың құрған мемлекеті қазіргі қазақ жерінің басым көбін қамтығанын білдіреді, өйткені бұл екі ұлыстың территориясы қазақ жерінің батысынан шығысына дейінгі жерлерді негізінен қамтып жатты. Артынан бұларды батыс түркілер басып алды. Қаңлылар ежелден түрік тілінде сөйлеген, үйсіннің жақын тармағы болған дейді. Қаңлылардың көп бөлігі өзбек, түрікмен секілді басқа да түрік тектес халықтарға сіңді. Жəне де ғұн, қыпшақтардың батысқа жорығы кезінде олармен жолжөнекей еріп сандары едəуір азайған дейді. Ежелгі дəуірде үлкен ел болғанымен жоғарыдағы себептермен артынан өз дəуіріндегі қыпшақтардай ел бола алмады. Қаңлылар қазіргі кезде Ұлы жүздің құрамындағы ірі тайпалардың бірі. Қазіргі қаңлылар сары жəне қара қаңлыға бөлінеді, бұлардың əрқайсысы өзара Жетісу жəне Сыр қаңлысы деп жіктеледі. Сырдарияның сары қаңлысына ақбота, ақынқожа, телқожа, омыртқа, миям, қара қаңлысына тоғызбай, онбай, тоғанбай, бақа, бадырақ, қара рулары жатады. Ал Жетісудың сары қаңлысына əлсейіт, бозым, ақбарақ, құйысқансыз, ешкілі, шанышқылы жатса қара қаңлысына

─ 16 ─ ерезен, қоспан, еңке, танта, бақа, оразымбет тəрізді рулар жатады. Ғұндар. Б.з.б. І ғасырдан б.з. V ғасырлар аралығында ғұн мемлекеті қазіргі Қазақстаннан Моңғолияға дейінгі кең байтақ өлкені алып жатқан аса ірі империя болды. Ғұндар батыстағы ежелгі сақтың ұрпақтарымен бір дəуірде өмір сүрген тайпалар одағы болады. Артынан б.з.б. І ғасырдың аяғында олар батыс, шығыс деп екіге бөлінеді. Қазақтың тегін осы батыс ғұннан таратуға болады. Дегенмен шығыс ғұнның да қазақ халқына тигізген əсері, қатысы аз болмаған. Батыс ғұнды да əуелде қазіргі Қытайдың ұлы қорғаны (Ақ қорған/Ақ қамал) маңынан батысқа қоныс аударған халық деп түсінуге болады. Бұларды түріктің арғы тегі болды дейтін толық негіз бар. Өйткені осы қоныс аударған ғұндар артынан түрік аталған еді. Олардың бір бөлігі одан ары жылжып Еуропаға дейін барған-ды. Бұған ғұнның əйгілі патшасы Еділдің жорығын мысал қып айтамыз. Еділдің жорығы адамзат тарихында аса ірі із қалдырды. Осы ғұндардың арқасында шығысқа үнемі ішкерлеп кіре берген жабайы герман тайпаларының беті қайтып тойтарылады, болашақ славян халқы да қалыптаса бастап, жері де көп кеңейген екен. Ром (Рим) империясы да ғұнның арқасында өмірін біраз жылға ұзартқан көрінеді. Ғұндар 24 ірі тайпадан құралған көшпенді ел болды. Оларға бұл ғұн (хүнну, хүннү) атауын қытайлар сырттай берген-ді. Бұнысы солтүстіктегі жабайылар деген мағынада (бірақта кекшіл құл, қатал құл деген мағынаны тағы беретіні бар). Ал қытайларға қытай атауды осы ғұндар яғни олардың тікелей ұрпақтары болатын түріктер беріп еді. Қытай дегені жібекші деген мағынада. Ғұндар сол кезде өзінің қандас туысы үйсін, қаңлылармен тығыз қарым-қатынаста болуы болашақ түрік тектестердің қалыптасуына үлкен серпін берді. Ғұндар ұлы иозыларға қарсы үйсіндермен одақ құрып, олардың бір бөлігін Бактрияға ығыстырды да қалған бөлігін өзіне бодан қылды, сонымен ғұндардың құрамындағы ұлы жүз-үйсін одағы өмірге келген еді. Батыс ғұндардың Еділ, Сыр бойындағы бөліктері арты-

─ 17 ─ нан қыпшақ атымен тарихқа шықты. Ғұндарды қазақ халқын қалыптастырған негізгі қайнар дейміз. Мөде тəңірқұттың тұсында олар заманында Еуразиядағы, тіпті бүкіл дүниежүзіндегі ең ірі мемлекетті құрды. Оның лауазымы атауы шанью болды дегенмен бұл атауды оған ықтай жалдаған қытайлар сырттай берген атау еді. Өйткені Мөденің тұсында ғұндар барынша күшейіп бұрынғы қожайын қытайлар кіріптар халде болды, əйгілі ұлы қорғанды осы кезден бастап үлкен қарқынмен сала бастаған дейді. Мөде алғашында, қытайларға ылғи ықтай жалдап жерін телімдеп бере берген туған əкесін өлтіріп таққа отырған деседі. Елімнің ұлтарақтай да жерін жауға берме дегенді осы Мөде айтқан еді. Ғұндардың яки Мөденің тұсында түріктің басы алғаш бір мемлекетке қосылды, болашақ түрік тектестер осыдан бастап нағыз мағынада тарау алады. Осы ғұндар бүкіл түрік жəне моңғол тектестердің арғы тегі болады. Ғұндарды сүннү (сюнну), сəнби (сиəнби), таза түрік тілінде сөйлегендер деп үш топқа бөледі. Бірақта олардың негізгі бөлігін бəрібір түріктер құраған еді. Қазақтың арғын, қыпшақ, үйсін, керей, найман сияқты көптеген тайпасының яғни көк түріктің арғы тегін тікелей осы ғұндардан таратады. Ғұндарды тарихта хун, хүннү, хүнну, хан деп əртүрлі атап келді. Екіге бөлініп кеткен ғұндардың шығыс бөлігінің біразы қытайға, дəлірек айтқанда олардың айдап салуына желіккен сəнбилерге тəуелді бола бастаса бұған мойұнсынбаған бөлігі батысқа қоныс аударды. Ғұндардың осылайша қоныс аударуы əйгілі түрік атауының бастамасы болған еді. Түрік дəуірі. Ғұндардың V ғасырдағы батысқа яғни қазақ даласына қоныс аударған тирек (теле/телеу) яки тоғызоғыз тайпаларын артынан түрік деп атай бастады. Бұл атау соңынан бүкіл түрік тектес тайпалардың жалпы атауы болды. Осы кезде ғана ресми атау болып қалыптасқаны болмаса бұдан бұрын б.з.б. V ғасырда да түрік деген атау болған деседі. Теле тайпасы тоғыз-оғыздардың құрамында болған тайпа. Бірақта бұл түрік атауын тек бір тайпаның атауы деп

─ 18 ─ ұқпау керек, ол кең мағынада айтылған сөз, жалпы бүкіл түрік тектестердің құрған елі осылай түрік деп аталған-ды. Демек, тілі мен тегі бір, етене туыс тайпалардың бірлесіп құрған мемлекеті түрік деп аталды. Түрік атауы өктем билік, өктем өкімет (түр, өк деген қос сөзден шыққан) деген мағынаны білдіреді. Түрік хағанаты 552 жылы құрылды, осы кезден бастап көк түріктің дəуірі басталады (тарихта осы кезде ғана көк түрік дəуірі басталады дейтіні болмаса 470 жылы тоғызоғыздар түркінің ұлы хағанатының негізін қалап қойғаны шындық еді). Бұл кезде түркі мемлекетін ағайынды Түмен, Істеми (Естеми) хағандар бөліп билегендіктен тарихта батыс жəне шығыс түрік хағанаты деп аталып кеткен. Бұл екі хағанат артынан қытайдың іріткі салу саясатынан болып біржолата ажыраған еді. Түрік мемлекетінің жері шығыста Шығыс Моңғолиядан (Хинган/Хянган тауы) батыста Еділ, Қырымға дейін, ал оңтүстігінде қытайдың ұлы қорғанынан солтүстікте Сібірге дейінгі жерді қамтыған ұлан байтақ өлке болды. Түріктердің алғаш елдік құрған жері Алтай тауы болса, елінің орталығы қазіргі Моңғолияның Орхон өзені бойында болды. Сондықтан да олар Орхон (Білге хаған, Күлтегін, Тоныкөк) ескерткіші сияқты көптеген құнды тарихи мұраларды қазіргі Моңғолия жерінде қалдырды. Алайда өте үлкен ұланғайыр жерді иеленіп жатқан түрік хағандығының қашанда бір ыдырауы заңды еді, бұған сол кездегі қытайдың іріткі салу саясаты да дем беріп, ақырында олар 582 жылы шығыс, батыс деп екіге бөлініп кетті. Бұлардың шекарасы əйгілі Алтай тауы болды. Көк түріктің туын да алғаш тіккен, өзара тартысқа да түсіп жұлқыласқан құтты мекені осы тарлан Алтай болды. Шығыстан жаңадан көшіп келген біраз түрік тайпалары артынан жергілікті үйсін, қаңлы, т.б. тайпалармен етене араласып қазақтың арғы тегін қалыптастырған еді. Батыс түрік хағанатына (хағандығы/қағандығы) қазақтың ежелгі үйсін, қаңлы, дулат, түркеш, қыпшақ, тоғыз-оғыз

─ 19 ─ қатарлы көптеген тайпалары қарады. Осы тайпалар түгелдей түрік тілінде сөйледі. Сол кездің өзінде-ақ олар бие сүтінен қымыз ашытып ішті деген дерек бар. Демек бұл, олар қазақтың түп атасы болғанын білдіреді. Қазақтың түбі түрік демекші түріктің тегі кім болғаны əлі де толық шешімін таппаған дүние. Оларды кілең Солтүстік Қытай, Моңғолия маңынан шықты деу тым дұрыс пікір емес. Түркілердің негізгі бөлігі ежелден Алтай тауы маңында болған. Олардың шығу тегі өте күрделі. Бір бөлігін осы аталмыш өлке маңынан шықты деуге болар, ал біраз бөлігін ертедегі еуропалық тайпалардан іздеген жөн. Дегенмен түріктерді ғұндардың тікелей ұрпағы болған десек көп бұрыс кетпеспіз. Ғұн мемлекетін де осы ежелгі түркілердің елі деп ұққан жөн. Батыс түрік хағандығында ішкі ыдырау белең алып, ақыры соңғы хағанын 704 жылы түркештер өлтіріп, орнына түркеш хағандығы орнайды. Батыс түрік хағандығы бес тайпалы дулат (түркеш, қойлау, шимойын, ысты, жаныс), бес тайпалы нүшбе (азғыр, барысқан, ескіл, 1-ші жəне 2-ші қасақ) деп бөлінген дейді. Ал шығыс хағандығы бір мəрте азғана уақыт Қытайға бағынышты болып тұрды да көп кешікпей еркіндік алып бұрынғы қожасы қытайларға қайтадан лаңын салып ойрандап отырды. Түріктің соңғы хағаны 744 жылы ұйғырлар (тоғыз-оғыз) тарапынан қаза тапты. Осымен билік ұйғырларға өтіп соңғы түрік хағандығы құлады, бүйткен ұйғырларды артынан қырғыздар құлатқан еді. Ал қырғыздарды кидандар құлатқан-ды. Шындығында түрік хағандығы құлаған жоқ, билік бірінен соң біріне ауысты, өйткені сол ұйғырларды дəл қазіргі ұйғыр халқы деп айтуға əсте болмайтын еді. Ол кезде ұйғыр деген түркі сөзі біріккен деген мағынаны ғана білдіретін болған. Демек барлық түркілердің біріккен үшінші түрік хағанаты құрылды деген сөз. Дəлірек айтқанда билік қыпшақтардан тоғыз-оғыздарға өткен еді. Бұдан бұрын билеуші тайпа қыпшақтар болды. Бұл жерде қыпшақты да қимақ деп ұққан дұрыс сияқты, өйткені бұлар артынан араға бірер ғасыр салып тарих сахнасына шыққанымен көп кешікпей

─ 20 ─ қыпшақ құрамына кіріп қыпшақ аталады. Мен қыпшақтар батыста да, шығыста да болды деуден аулақпын, алайда шығысындағы қимақтар артынан қыпшақ құрамына кіріп қыпшақ аталғаны, сондай-ақ қыпшақтар 470 жылы тоғызоғыздан жеңілген соң батысқа түгелдей ығысқаны да тарихи шындық болады. Олар түрік елін 500 жылдай биледі, дəл осы кезде көк түріктің біртекті үстем тілі қыпшақ тілі қалыптасқан еді. Жалпы сол дəуірде қыпшақ жəне тоғыз-оғыз деген билеуші екі тайпа болып, билік бірінен соң біріне ауысып отырды (мəселен 470 жылы тоғыз-оғыздар билікті қолға алса 535 (552) жылы билік түріктерге (қыпшақ) өтеді, ал 744 жылы ұйғырға (тоғыз-оғыз), ХІІ ғасырда қимаққа (қыпшақ) өткен еді). Осы тоғыз-оғыздардан қазақтың найман мен керей тайпасы тарайды. Бірақта қазіргі керей тайпасы тұтастай осы тоғыз-оғыздан құрала салған жоқ, бұлардың құрамында үйсіннен де үлес бар болса, ал найманда қарлұқтың да үлесі көп болған еді. Шығыс түріктің алғашқы мұрагерлері (оғыз жəне) байырқу, басмыл, қарлұқ, ұйғырлар болса соңғы мұрагерлері деп найман, керей, меркіт, қимақ, қыпшақ, уақ, қоңыраттарды атаймыз. Көк түріктің діні тəңірлік дін болды. Олардың дінін тура шаманизмге теңеуге болмайтын еді, демек олар көк тəңір деп бір Жаратушыны ғана ұққан болатын. Олар нені құрмет етсе де жаратушы күш тек біреу деп ұқты. Түркілердің басым көбі көшпенді болды, нəсілдік жағынан монголоид пен еуропоид аралас болған дейді. Түркештер. Сонымен батыс түріктің соңғы хағанын өлтірген түркештер 704 жылы өз хағандығын құрды. Хағандықтың астанасы Арал маңы, Тұрандағы Суяб, Тараз қалалары болған дейді. Батыс түрік хағандығы кезінен бастап үйсін ішіндегі дулаттар енді үстем орында тұратын болды. Олар түркеш, қойлау, шимойын, ысты, жаныс деген бес ірі тайпадан құралды. Бұлардың ең ірі, күштісі түркеш (сары үйсін) болды. Осы тайпа атынан түркеш (түргеш) атауы пайда болған дейді. Түркеш сөзі нағыз

─ 21 ─ түрік, шын түрік дегенді білдіреді. Осы бесеудің ішіндегі қойлау, шимойын атауы қазір де Орта жүз Абақ керейдің ішінде ру атауы ретінде кезігеді. Сондықтан да кей тарихшылар керейді сары үйсіннен таратады, яғни моңғол үстемдігі дəуіріндегі керейттер қазіргі керейге еш қатысы жоқ дейді, бұл пікірді жығыла қостауға болмайды (бұл туралы артынан бөлек тоқталамыз). Батыс түрік хағандығына батыстағы хазарлардың да бір бөлігі қараған екен. Сол бір бөлігі Кіші жүздің жарымын құрады деген болжам бар. Хазарлар дегеніміз ғұн дəуірінен кейін VІІ-ХІ ғасырларда батыста хандық құрған көне түркі тайпалар одағы болады. Түркештер шығыс түріктермен бірде соғысып та көрді. Олар соғдылармен бірлесіп арабтарға қарсы ұзақ соғысқандықтан ақыры əбден əлсіреп 766 жылы билік қарлұқтарға өтеді. Негізгі билік қарлұқтарға өткенімен Сыр, Арал маңын мекендеген оғыздардың, Ертіс маңында орталығы орналасқан қимақтардың елі деп анық бірнеше иелікке бөлініп кеткен еді. Айта кететін жəйіт осы оғыздың шығыстағы тоғыз-оғызбен қандай байланысы бар екені əлі де толық анықталмаған. Кей тарихшылар түркештерді таза қазақтардың хандығы болған дегенді айтады. Қалай десек те олардың бүгінгі қазақ халқына ең жақын хандық болғаны шындық еді. Түркештер арабтармен үнемі соғыса берген жоқ, біруақ олармен одақтаса отырып батысқа баяу ішкерлеп кіре берген қытайларға 751 жылы ойсырата соққы береді, бұл аса маңызды оқиға болғаны сондай, қытайлар қазақ жеріне, жалпы Орталық Азияға бас сұғуды сандаған ғасырға доғаруға тура келді. Түркештер алғашында осы арабтармен де соғысқанында өзіндік себеп бар еді. Арабтар басында дін таратуды көздегенімен оларда басқыншылық ниет те жоқ емес-ті. Түркештерден орхон (түрік) жазуы сияқты бірегей тарихи ескерткіштер қалды. Қарлұқтар. Қарлұқтар ежелден Алтай, Тарбағатай (Барқытбел) маңын мекендеп, бірде батыс түрік, бірде

─ 22 ─ шығыс түріктің құрамында болып келген тайпалар одағы болады. Олар шігіл (қазіргі ұлы жүз шапырашты тайпасында шыбыл (шігіл) деген ру бар), туқси, бұлақ деген үш тайпадан құралды. Шығыс түріктің Білге хағаны өлген соң ішкі жағдайы нашарлап ақыры қарлұқтар тоғыз-оғыздармен, басмылдармен (сол кезде шыққан тегі белгісіз тайпаларды осылай басмыл деп атаған дейді, бірақта бұларды қазіргі Орта жүз арғынды құраған үлкен қайнар болды деуге əбден болады) одақтаса отырып 745 жылы Шығыс түрік хағандығын құлатып орнына ұйғыр хағандығын (біріккен түріктің үшінші хағандығы) орнатты, бүйткен қарлұқтар тоғыз-оғыздармен бірлесе отырып бұрынғы одақтас басмылдарды бағындырады. Бұлар бүйтіп күшейе бере тағы да сыйыспай, ақыры өзара соғысып қарлұқтар тоғыз-оғыздан жеңіледі де Жетісуға барып Түркешті құлатқан еді. Бұлардың тұсында ислам діні күшіне ене бастады. Түрік хағанатының билігі енді тоғыз-оғыздарға өтеді. Осы қарлұқтардан қазақтың найман, шапырашты руының бір бөлігі тікелей тарайды. Дегенмен олардың көбі қазіргі өзбек, ұйғырды құраған еді. Қарлұқтарды оғыздан шыққан (бұл қай оғыз екені белгісіз, өйткені тарихта Арал, Сыр маңы оғыздары жəне Шығыстағы тоғыз-оғыз деген екі ұғым бар, өзара қатысы əлі де анық емес, біз бұл жерде осы оғызды шығыстағы тоғыз-оғыз деп қарастырғанымыз жөн сияқты), артынан бұлар батысқа ығысып түркіленген көшпелі парсылармен араласып қазіргі түрікменді құрады деген тұжырым да жоқ емес. Тоғыз-оғыз ішіндегі байырқу тайпасынан найман, керей тайпалары таралған деген тұжырым бар. Бұл сөзде жан бар, өйткені тоғыз-оғызды артынан қырғыздар құлатқанда оның орнына керей мен найман хандығы орнап Орталық Моңғолияға кидандар келгенге дейін жалғасқан-ды. Артынан олар тағы да хандықтарын құрып Шыңғыс дəуіріне жеткен еді. Бұл тоғыз-оғыз одағы ыдыраса да оның мұрагерлері хандықты одан ары жалғастырғанын білдіреді.

─ 23 ─ Көк түріктің тұсында оның құрамында алты кіші хандық, ұлыстар қарап келді. Билік бірінен соң біріне өтіп отырды. Сондықтан сол кездегі хағанаттарды дəл ұйғырдың, қарлұқтың, тоғыз-оғыздың, қырғыздың, не қыпшақтың елі деп айтуға болмайды, бұл елдер қазіргі түрік тектестердің барлығына ортақ ел. Бұлардың ішінде ұйғыр деген атау қазіргі ұйғырға тіпті қатысы жоқ, сол кездегі түріктер елін біріккен деген мағынамен ұйғыр деп атағаны тарихи шындық болады. Қимақтар. Қимақтар Алтайдан Ертіс, Жетісуға дейін мекендеген, батыс пен шығыс түрік құрамында болған тайпа. Батыс Моңғолиядағы ұйғыр немесе біріккен түріктің үшінші хағандығы 840 жылы қырғыздар тарапынан құлаған соң осы хағанаттың батыс бөлігінде қимақ хағандығы құрылды. Бұлар жеті тайпадан құралды. Артынан олар қимақ, қыпшақ, қуман (половцы) деген үш үлкен бірлестік болып қалыптасты. Олардың шарықтаған кезі Х ғасыр шамасы еді. Бұл кезде олар Каспий теңізіне дейінгі жерді иемденсе ХІ ғасырда оның орнын қыпшақ тайпасы басты. Бұдан кейін олар қыпшақтарға тəуелді болып қыпшақ атала бастады. Бұл, араға бірнеше ғасыр салып қыпшақ тайпасының тарих сахнасына қайтадан көтерілуі еді. Осыдан көп ғасыр бұрын көк түрік тұсында билеуші тайпа осы қыпшақтар (қимақ) болған-ды. Бірақта арасында өзінің билеуші орнын тоғыз-оғыздарға айырылып қалғаны тағы бар. Бұлар барлығы дерлік түрік тектес тайпалар болды, билік бірінен соң біріне өткені болмаса олардың құрған елі бəрібір көк түркінің мемлекеттері болған еді. Қарахан мемлекеті. Жетісу мен Қашқарияда құрылған қарахан мемлекеті 942-1210 жылға дейін хандық құрды. Бұл мемлекетті қарлұқтың не ұйғырдың елі болған деген орынсыз пікірталас бар. Дегенмен біз осы екі ұлыстың екеуінің де үлесі болды десек қателеспеспіз. Бұл жерде ұйғыр деп отырғаны таза тоғыз-оғыздар. Тоғыз-оғыздың (байырқу, ізгіл, едіз, аз, бұғы, яғалақар, тубо т.б.) ішіндегі шігіл, яғма тайпасынан осы қарахан шыққан еді. Ұйғыр дегені түркінің соңғы хағанатының

─ 24 ─ жалпы атауы болғаны болмаса оның билеуші тайпасы дəл осы тоғыз-оғыздар болғанын жоғарыда айттық. Тоғыз-оғыз құрамында болған едіз тəрізді тайпалар қазіргі Шығыс Түркістанға ығысып онда хағанаттың ұйғыр атауын ала барғаны қазіргі ұйғыр халқының атауының бастамасы болады (бірақта бұл ұйғыр атауы сандаған ғасырдан соң ғана қазіргі ұйғыр мағынасына əрең ие болған-ды). Қарахандардың құрамында үйсін, қаңлы, дулат, арғын, қыпшақ, қырғыз тіпті тоғыз-оғыздың да бір бөлігі қарасты болған дейді. Ал қарлұқтар дегеніміз кезінде батыс пен шығыс түріктің қай-қайсысының құрамында болып артынан Жетісуға қоныс аударған тайпа. Қарахандар біртіндеп күшейе отырып екі өзен (мауереннахр/мауера-əн-наһр) алқабындағы саманилердің иелігіндегі бір бөлікті өзіне бағындырып алады. Елдің астанасы Тараз, Қашқар қалалары болды. Х ғасырдың аяғында қарахан елі екіге шығыс жəне батыс хағандыққа бөлініп кетті. Осы кезде анадолыға барып едəуір күшейіп алған түрік-селжүктер (салжұқ) қарахандардың батыс хағандығына яки Сыр маңындағы оғыздарға шабуыл жасап бір кез өзіне бағындырды. Бұл оғыздар артынан түркіленген көшпелі парсылармен араласып түрікмен аталған дейді. ХІІІ ғасырдың басында қарақытайдың (кидан мен түркілердің араласуынан шыққан тайпа) Елуй Цюй Дашы қарахандардың шығыс хағандығын өзіне бағындырды, осымен қарахан əулеті ел ретінде өмір сүруін тоқтатты. Қарақытай мемлекеті. Ежелгі дəуірде қытайдың Тан əулетімен (династия) көрші болған кидандар (кеден) қазіргі Манжурия, Шығыс Моңғолия өлкесін мекендеп келген-ді. Көшпелілерге үнемі зорлығын істеп, тісін батырып отырған қытайлармен күресу үшін олар сол кездегі түріктермен, кəрістермен яки олардың Корё, Бахаи, Шилла мемлекеттерімен одақ құрса, бірде керісінше қас жауы Қытаймен де одақ құрып басқаларға қарсы шығып жауласып отырды. Осындай жаугершілікте болған олар бірде Жүрчіннен (шүршіттер, қазіргі манжулердің арғы тегі, бұлар артынан таңғұттармен бірлесіп Шыңғыс дəуіріндегі Ал-

─ 25 ─ тын елін құрды) өле соққы жеп, содан киданның бір бөлігі батысқа қарай ығыса көшіп алдыңғы легі Алтай, Жетісуға дейін барған дейді. Кидандар мұнда (Орталық жəне Батыс Моңғолия) келісімен жергілікті найман, керейттердің (керей) бір бөлігімен, онхыт (уақ), ұйғырлармен бірлесіп ХІІ ғасырдың басында үлкен одақ құрды. Осылай күшейе бастаған оларға қарлұқ, қаңлылар да бағынған дейді. Демек біз кидандарды да ежелгі түрік тектес тайпа болды десек ағат кетпесбіз. Олар қытайлар айтып жүргеніндей қытайдың Ляо (Лау/ Лиау) мемлекеті əсте болған жоқ, нағыз түркілердің маңқа қытайға «үш қайнаса да сорпасы қосылмайтын» ел болған ғой. Қарақытай атын бұлайша Ляо деп өзгертіп қытай текті деп көрсету əріден туындаған мақсат. Қытайлар, қарақытай жəне ежелгі үйсін мемлекеттерін қытайға жақын болды дейтін ертектерін айтудан жалыққан емес. Алайда қарақытай мемлекеті тұтастай түріктен құралды, артынан түрікке толық сіңіп əбден көк түрік болды. Бұл, ұлы қорған маңынан ертеде көшкен ежелгі көк түріктермен арттағы көшпей қалған түріктердің (бұған Шығыс Моңғолия, Манжурия жəне Ұлы Қорғанның солтүстігін мекендеген түріктерді қатыстырамыз) өзара қайта бір тоғысуы еді. Бұл тоғысу үрдісі қазақ халқының қалыптасуына өзіндік үлесін қосты. Ал ежелгі мекенінде қалған қидандар шүршіттермен бірігіп Қытайдың солтүстік бір бөлігін өзіне бағындырды. Сол үшінде қытай жазбаларында оларды өзіне меншіктеп Ляо елін қытай мемлекеті болған дейтіні бар, болса да бұл енді батыстағы қарақытайға еш қатысы жоқ жəйіт ғой. Осы кидандардың тұсында Жетісу, Алтай, Ертіс маңын мекендеген керей, найман секілді үлкен тайпалардың тек бір бөлігі (батыс бөлігі) ғана шығысқа яки қазіргі моңғол жеріне ығысты, демек бұл тайпалар ішінен бөлініп кеткен жоқ, тек үлкен аумаққа созылып қоныстанды. Олардың шығыс бөлігі онсыз да бұрыннан қазіргі моңғол жерінде мекендейтін болған.

─ 26 ─ Керейлер. Қазақтың белді тайпалары болып келген найман, керей, қоңырат, меркіт, жалайыр, уақтар Шыңғыс дəуірінен көп бұрын Орталық Азияда мекендеп келген еді. Бұлардың ішінде найман мен керей тайпасы ең ірі тайпа болған. Əсіресе керейлер Шыңғыстан бұрын үлкен ел болған еді. Осы керей атауы аталысымен дау шыға келетіні бар. Біреулер керейді ертедегі керейттерге еш қатысы жоқ, үйсіннен (сары үйсін) тараған қазақтың нағыз төл тайпасы десе, енді біреулер бұларды сол «моңғол тектес» керейттің дəл өзі дейді (ең өкініштісі өзіміздің кей қандастарымыздың өзі Шыңғыс дəуіріндегі керейлерді (керейт) ежелгі моңғол тайпасы деп ауызы-басы қисаймай соғып жүр). Мен де осы Шыңғыс дəуіріндегі керейттер қазіргі керейлер деген пікірге қосылар едім, бірақта «моңғол тектес» керейт дегеніне иланғым келмейді. Меніңше керейттің түрік тектес екеніне еш дау жоқ, қазіргі керейлерде осы екеуінен де, сары үйсін мен ежелгі керейттің үлесі қай-қайсы да бар. Моңғолдың Ергенеқон туралы «ертегісінде» (бұларда ергенеқонның өзіндік баламасы бар, ергене қон (моңғ: ергене гүн немесе ергүне гүн) сөзін моңғол сөзі деу бекер, бұл таза түрік сөзі, əйгілі Əбілғазы өз шежіресінде еркін қон дегені көкейге қонады) «хүнхеер елі бізге шауып, біз оларды тоқтаттық» дейді. Бұндағы хүнхеер елі деп отырғаны түріктер, дəлірек айтқанда түрік тектес тайпа хүнкеериттер (хунгарит, осы атаудан қоңырат атауы шыққан болуы əбден мүмкін). Кəрістердің ІХ-Х ғасырлардағы (бұлардың біразы бұдан да бұрын өмір сүрген мемлекеттер болады) Корё, Бахаи, Шилла мемлекеті тұсындағы деректерде түріктердің өте күшті ел болып, қытайдың Тан əулетін көп алқымдағанын мақтанышпен баяндайды. Бұл кезде түркілер Сары өзен (Хуанхе) маңында мекендеген қалпы еді. Тан əулеті бір кездері амалсыздан түріктермен келіссөз жүргізуге мəжбүр болды. Бұны айтып отырған себебім, түріктер батысқа барлығы дерлік көшіп кетпеген ғой, олардың ежелгі жұртында қалған соңғы ұрпақтары деп моңғол үстемдігі кезінде өмір сүрген

─ 27 ─ меркіт, керей, қоңырат, жалайыр, онхыт (уақ/онғұд), татар, қырғыз, найман, барлас сынды көптеген ұлыс тайпаларды атай аламыз. Жəне де бұларды нағыз түркі тайпалары дейміз. Дегенмен керей сынды көптеген ірі ұлыс тайпалар дəл осы моңғол жерінде қалған түріктерден тұтастай құрала салған жоқ, олар айтарлықтай құрама болады. Бұлардың біразы ертеректе батысқа кеткен түркілермен қайта бір тоғысып керей сияқты ұлысты құрады. Қысқасы шығыс түріктің бір бөлігі мен батыс түріктің бір бөлігі араласуынан қазіргі керей сынды біраз тайпалар құралды десек дұрысы сол. Бұған қазіргі керейлердің ішіндегі ежелгі қойлау, байлау, шимойын атты кіші ру атаулары да дəлел бола алады. Бұл рулардың ежелден Жетісу маңында болғанын білеміз ғой. Содан да болар, кей тарихшылар керейді тура сары үйсіннен тарата салады. Олай болса керейді тоғыз-оғыздың құрамында болған байырқу (байырғу) тайпасынан шықты деген тұжырымды қайтеміз. Бұл байырқудың шамамен І ғасыр шегінде аты аталатын көне тайпа екенін тарихтан білеміз ғой. Ежелгі байырқу тайпасы артынан ХІІ ғасыр шамасында керей, найман деп толыққанды түрде екіге бөлінген дейді. Дəл осы кезде ғана əбден толық ажырап екіге бөлінгені болмаса алайда найман, керей атауы бұдан көп бұрын болғаны тарихи шындық. Он жеті тайпалы байырқудың сегіз тайпадан тұратын бөлігі найман аталса, тоғыз тайпадан құралатын тобы керей аталған. Керейлер осы байырқудың жартысы мен сары үйсіннің (түркеш) бір бөлігінен құралды деуге болады. Керейді сарыүйсіннен таратқан тұжырымда негізінде жан бар. Өйткені үйсіндегі Абақтың да, сары үйсіннің де, керейдің Абақ атасының да яки барлығының таңбасы – абақ яки Ф (қақпан). Бұл əсте кездейсоқтық емес, бұларда қандай бір өзара байланыс бұрындары болды деген сөз. Керейдің енді бір тармағы Ашамайлы болады, бұлардың таңбасы ашамай яки Х. Бұны бір жағынан əлгі бір христианның шармығына (крест) ұқсатуға болады. Содан да болар керейлер (керейт) ертеден христиан дінді болған деген

─ 28 ─ ертек жалғасып қалар емес. Осындай «христиан дінді» керейлер Шыңғыс дəуірінде аздап болса да болғаны шындық еді (бірақта бұл дін тек ақсүйектер арасында ғана таралған еді). Міне осы «христиан» керейт пен үйсіндегі абақ атасынан жəне сары үйсіннен қазіргі керейлер құралды. Бұндағы шармық (Х) дегенді өзіміздің кəдуілгі ашамайымыз (сəби балаларға арналған ер тоқым) деп ұққан жөн, өйткені осы ашамай таңбаны Моңғолиядағы абақ керейлер əлі күнге дейін малға таңба ретінде керектенеді əрі бұны шек таңба деп атайды, бұның енді христиандыққа еш қатысы жоқ дейміз. Керейдің бір аталығы ашамайлы аталған туралы аңызда Ақберді деген баланы жас кезінде əкесі ашамайға мінгізіп ел аралатып жүріп қалыңдық алып береді, содан бұл баладан тараған əулет ашамайлы атанған дейді. Қанша аңыз болғанымен бұнда аздап болса да шындықтың қылпыны жатыр ғой. Керей мен найман сынды екі тайпаның үнемі қосарлана аталып талай ғасырдан бері бір маңда ғана өмір сүріп келе жатқаны да бірді меңзейді. Демек бұларды моңғолдарға еш қатысы жоқ нағыз түрік тайпалары болды деп сенімді айта аламыз. Өйткені қарақытай дəуірінде түркі тайпаларының бір бөлігі (бір тайпа тұтастай емес, олардың тек бір бөлігі деу керек) шығысқа ығысуға мəжбүр болған, міне осы ығысқандар ондағы ежелгі түріктермен бірігіп керейт аталды. Осы керейттің шығыс бөлігі онсыз да қазіргі моңғол жерін мекендейтін болған. Енді бұлар моңғол тектес болатын еш жөні жоқ, бола қалған жағдайда керісінше бұлар емес, сол моңғолдардың өзі түрік тектес болуға тиісті. Алтайдан Қаңқай тауына дейін мекендеп тұрған осы керейлердің бір бөлігін Жетісу, Алтайға жаңадан қоныс тепкен қарақытайлар тықсырып содан шығысқа қарай жылжып қазіргі Орталық Моңғолия жеріне қоныстанған деген дерек бар. Содан Алтайдан Қаңқай, Кентау тауына дейін керейлер мекендейтін болған. Ал Қаңқайдан Алтай, Ертіске дейін туысқан найман тайпасы мекендеп келгенді (Бұл

─ 29 ─ қазақ тайпаларының тегі жөнінде артынан бөлек тарауларда тоқталамыз). Керейлер кезінде ірі ел болған еді. Сондай үлкен елді азғантай «бұратана» моңғолдарға түгелімен сіңіп моңғол болды деудің еш қисыны жоқ. Керейлер Алтай, Қаңқай тауынан Кентауға (Хэнтий) дейінгі аралықта яки əйгілі Орхон, Тола өзендері бойында мекендеген. Бұлардың алыс батысында Алтайдың екі беткейінде туысқан найман тайпасы, жақын батыс солтүстігі Енесай (Енисей) өзені, Қырғыз (Хяргас/Хярғыс), Үпсу-Усу (Убсу/Увс), Көпсукөл (Хөвсгөл/Хубсугул) көлі маңында қырғыз, меркіттер, ал шығысында отыз татардың ұрпағы қара татар яки дүйім моңғолдар (хамығ моңғол немесе барлық мың қолдар) мекендеді. Керейлер уан (Оң) хан Тұғырылдың тұсында мейлінше дəуірлеп күшейгенді. Жəне де сол Тұғырылдың тұсында бастарынан бақ тайды да Шыңғыс ханға бағынышты болды. Демек Шыңғысқа өз еркімен бағына салмағаны үшін шетінен кінəлі болды. Бұған көбі шыдамай батысқа қарай қайтадан үдере көшкен ел еді. Олардың түрік тілінде сөйлегенінде еш күмəн жоқ. Осы керейдің өте аз бөлігі моңғолдарға сіңді де көбі қазақ даласына, Алтайға ауа көшіп сонда біржолата қоныстанып қазақтың ірі тайпаларының бірі болды. Керей абақ жəне ашамайлы деп екіге бөлінеді. Ұраны бұрын Абақ еді, бертін келе жоңғар шапқыншылығы кезінде асқан ерлік көрсеткен Бердəулет ұлы Жəнібек батырдың аты ұранға айналды. Абақ керейге: ителі (қойлау), жəдік, жəнтекей, меркіт (меркіттер Шыңғыстан жеңілген соң керейге келіп сіңді, бұлар да ішінен əлмəмбет, құлсары, лепес, шығар деп бөлінеді, ұраны құлсары), шеруші, қарақас, молқы, сарыбас, шұбарайғыр, шимойын, жастабан, көнсадақтар (кеңсадақ) жатады. Кейде жастабан мен сарыбасты біріктіріп алдаберді деп атап бұған құлтайболатты қосып абақ керейдің санын 12-ге жеткізеді. Ал Ашамайлыға: сибан, балта, самай, ақсары, құлсары, нұралы, семеналы, нұрымбет, ақымбет, күшебе (көбеше)

─ 30 ─ секілді он ру жатады. Бұлардың қойлау, шимойын, күшебе (нүшбе) секілді атаулары тым ертедегі тарихи деректерде кезігіп қалады. Демек керей ежелден түркі тектес тайпа болғандығына дау жоқ. Ал Кіші жүздегі керейтті ежелгі атауын сақтап қалған керейлердің құрама бір бөлігі деген жөн. Мұндағы «т» жалғауы көпше түрі, бұл тек моңғол тіліне тəн жалғау емес, бүкіл алтай тіліне тəн қасиет, демек түрік тілінде де осындай жалғау болған, сонда керейт сөзі керейлер деген сөз болады. Абақ керейдің 3/2-сі жəнтекей мен жəдік руынан болады, алайда жəнтекей ең үлкен руы болса одан кейінгі саны көп руы жəдік. Ал керей ағасына (ноқта ағасы) ителі руы жатады. Керейдің Маркус (Маркус атауын əдетте христиан атауы деп көреді, бұл Маркус емес нағыз түріктің Марғұз атауы болса қайтер едік) сынды ханының атына бола біраз ғалымдар оларды несториан дінін ұстанған деп «болжайды». Бұған Марк’О Полоның жазбаларын дерек болдырып келтіреді. Керей Тұғырылдың інісі Жақа Қамбудың қызы Шора бике Шыңғыс ханға келін болып түсіп содан «христиан» керейлер моңғолдарға да осы дінді таратқан дегенді алға тартады. Бұған қосымша əлгі ашамайды да шармыққа (крест) ұқсатып христианға бейімдей береді. Жəне де бір кездері көршілес болған ұйғырды тілге тиек етеді. Бұл дəлелдерін өз басым əсте мойындағым келмейді. Бұған уəж, ұйғыр отырықшы болса керей көшпелі еді. Бұндай жағдайда оларды тең көріп керейді түгелімен христиан болды деу шындыққа еш жанаспайды. Керісінше керейдің тек бір азғантай бөлігін ғана сондай дінді ұстанды десе қисыны бар еді, бірақта бұл да дүдəмал жəйіт, өйткені керейдің тек билеуші тобы ғана осы дінді ұстанған, сондықтан керейлердің тұтастай көк тəңірге сыйынғанына күмəн келтірмеу керек. Ал қазіргі керейлерде осы төрт діннің тек екеуінің белгісі ғана толық сақталған. Мысалы, мен керей руынан боламын жəне Моңғолияда болғандықтан буддизм салтын да жақсы білемін. Сонда, маған керейлерде аталмыш діндерден қалды-ау дейтін ешбір белгі білінбейді. Ал тəңірлік

─ 31 ─ белгілер керейлер арасында айтарлықтай көп сақталған. Керейді түгелдей несториан дінінде болды деу оларды тəңірге ешқашан сыйынбады деп тым жансақ кетумен бірдей. Ал христианға сыйынбады емес сыйынды, бірақта онысы ойдымтойдым жерлерге өте аздап қана таралудан аспады. Қысқасы осы дін ежелгі тəңірлік діндей ешқашан кең таралып кетпеді, сондықтан да бұлардан қазіргі кезде ешбір белгі сақталмады (бұл туралы бөлек тоқталамыз). Керейлер орхон (түрік), соғды (ұйғыр) жазуларын керектенді. Олар моңғол жерінде көптеген құнды мұра ескерткіштер қалдырды. Қазіргі моңғол жеріндегі түрік тектес атаулардың көбі керей, наймандардан қалған атау болады. Мысалы, Байдраг (бəйтерек/ байдарақ), Туул (Тола). Наймандар. Наймандар туралы түрік, не моңғол болды деген дау тумайды. Көптеген ғалымдар найманның түрік текті болғанына күмəн келтірмейді. Наймандар Шыңғыс дəуірінен бұрын Орталық Моңғолиядағы Қаңқай тауынан батыста Алтай тауына, Ертісге дейін созылған ұлан байтақ жерді мекендеген іргелі үлкен ел болды. Наймандардың алғаш тараған жері Ертіс жəне Алтай маңы, дəлірек айтқанда қарлұқтардың бұрынғы мекені. Наймандардың шығыс өлкесі туысқан керей елімен шекараласып жатты. Ертіс пен Орхон өзені яғни Қаңқайдан Тарбағатай (Барқытбел) маңын мекендеген сегіз оғыз одағын VІІ ғасырдан бастап найман деген атаумен белгілі бола бастаған дейді. Кейде, бұдан көп кейін қарақытай дəуірінде найман деген атауы пайда болған деседі. Бұл атауды кейбіреулер моңғолдың найман (сегіз) деген сөзінен шықты дейді. Бұл аз дегендей тағы да сол моңғолдың найма (сауда) деген сөзінен шықты дейді. Меніңше бұл құптауға келмейтін тұжырым. Өйткені моңғол мен найманның арасында түрік тілді керей елі жатқанда қалайша солай аталмақ. Екіншіде, сол кезде моңғолдар біреуге ат қойып айдар тағатындай дəрежеге жете бермеген кез болатұғын. Найманға осы атауды берді делінетін қарақытайды да тұп-тура моңғол тектес болды дейтін негіз тағы жоқ-ты.

─ 32 ─ Сондағы, моңғолдар бұл атауды қойды дейтіндердің алға тартатыны «əркім өз атын өзі қоймаған» яғни «көкек ғана өзіне-өзі ат қойған» деген тұжырымы. Қытайдың атын біздің түріктер жібекші деген мағынамен қытай деп атаса да артынан сол қытайлар өздерін əсте қытай деп атамады ғой, керісінше ханзу, хан, жуңго, жуңхуа деп өздерінің төл атауымен атап келді. Сол сияқты наймандар өздерін моңғолдар найман деді деп найман атауын алмасы əбден белгілі емес пе. Демек ежелгі қазақ тайпаларының атауын сол түріктің өзінен ғана іздеген жөн. Тоғыз-оғыз құрамындағы байырқудың он жеті тайпасының сегіз тайпасын найман деп (бұған артынан тағы бір тайпа қосылып барлығы тоғыз болды, бұларға таңба үлестіргенде біреуіне таңба жетпей қалды, ол терістаңбалы аталды), тоғыз тайпадан тұратын қалған бөлігі керей аталғаны тарихи шындық. Егер моңғолдар шынымен, тоғыз-оғыздың байырқуының сегіз тайпасын найман дегені рас болса, онда тоғыз тайпасын неге иесун (моңғ: тоғыз) демей қалайша керейт аталған? Бұл жерде қазіргі моңғолдар сегіз дегенді найман дейтінін алға ұстай берудің қисыны аз деймін. Керек десе кешегі өткен Шыңғысты осы дəрежеге жеткізген дəл осы керей мен наймандар болатұғын. Бұлар көк түріктен кейінгі ұлы даланың бірден-бір мирасқорлары болған еді. Бұлардан кейін ұлы далада сондай танымал ешбір ұлыс шықпастан əйгілі Шыңғыс дəуіріне жеткен еді. Бұл екі тайпа бірігіп Қазақ деген ұлы елдің шаңырағын көтерісіп уығын шаншысқан көк түркінің нағыз төл тайпалары болған еді. Қалай десек те керей мен найманның тегін бір жерден іздеген дұрыс. Бұған тірек қып осы екі тайпаның сандаған ғасыр бойы тіпті мыңдаған жыл бірге жасап келе жатқанын айтсақ та жеткілікті. Найман да, керей де, тіпті ежелгі қарлұқтар да тоғыз-оғыздың бір бөлігі болғаны тарихи шындық. Осы қарлұқтардың бір бөлігі артынан найманға қосылған еді. Наймандар басында жаңадан бас көтеріп келе жатқан моңғолдарды əнтек менсінбей жүріп ақыры олардан оңбай

─ 33 ─ соққы жеп елдік ретінде өмір сүруін тоқтатты. Наймандардың жазуы орхон, көне ұйғыр жазуы болды. Найман ханы Таянның уəзірі Тататұңға ұйғыр жазуын моңғолдарға үйретті. Бұдан бұрын жазуы болмаған моңғолдар қалайша Шыңғыстың арғы тегін жиырмадан астам атаға дейін тарататынын, таратқанда анау-мынауға емес көк түрікке тікелей қатысты Бөрте чиноға əкеп тірейтінін əсте түсінбедім. Бодынчар мылқауды тарихи тұлға делік (970 жылдары өмір сүрген дейді), ал Бөрте чино мен Гуа Маралды (бұларды 720 жылдары болды деп жүрсе де) таза «ертегісі» деуге болады. Есептеп көрсеңіз, бұлардың өмір сүрген тұсы VІІ-VІІІ ғасыр шегі болады. Көк түріктің ергенеқон аңызы негізінен осы дəуірлерге байланысты болғанымен бұдан əлдеқайда бұрын болған оқиға. Ол кезде түгіл Шыңғыстың тұсында да моңғол деген ел болмаған ғой. Тек моңғол атты ру немесе бір аталықтар бұдан көп кейін пайда болып артынан ұлы империя атауына айналды десек дұрысы сол. Ол кезде жазба мəдениеті жоқ елдерде осындай тарихи шежіре сақталуы мүмкін емес-ті. Қазіргі найманның тоғыз таңбалы аталуы да тегін еместі. Кезінде тоғыз-оғыз тайпасы ішінде болған байырқу тайпасынан осы керей мен найман қатар тарау алғанын айттық. Бұл содан қалған атау болуы əбден мүмкін. Керей мен найман – аты да қатар аталатын егіз тайпа. Найманның да, керейдің де тілі түркі тілі, оның ішінде қыпшақ (қимақ) тілі болған-ды. Оларды енді моңғол тектес болды дейтін еш қисын жоқ. Орхон жазуы сияқты аса құнды мұралар тек осылардан қалған мұра десек онша əбестік болмас. Қыпшақ бірлестігі. Біз көк түрік дəуірінен кейін елдік құрған қазақтың үш үлкен тайпасын ғана сөз етіп келеміз. Солардың бірі осы қыпшақ елі. Осылардан басқа жалайыр, меркіт, қоңырат, уақ, арғын тайпалары болғанымен олар бүкіл қазақ даласын тұтас қамти алмады. Тек осынау қыпшақ, керей, наймандар сол кездегі қазақ даласының көрінеу тұрған мұрагерлері еді. Бұлардың бəрі Шыңғыс дəуірінен сəл бұрын болған мемлекеттер ғой.

─ 34 ─ Қыпшақтар 744 жылы тоғыз-оғыз одағынан жеңілген соң батысқа жапбай қоныс аударған аса ірі тайпалар одағы болады. Бұлардың алдыңғы легі Еуропаға дейін барған-ды. Қыпшақтар алғашында түрік хағандығына, артынан қимаққа қосылып оның батыс бөлігі есептелді. ХІ-ХІІІ ғасырларда олар мейлінше күшейіп бұрынғы əмірі қимақтарды өзіне қаратты, артынан көптеген түрік тайпалар қыпшақ бірлестігіне кіріп қыпшақ атала бастады. Қыпшақтар Сыр бойындағы оғыздарды, Каспий маңындағы хазарларды да өзіне бағындырды. Олардың біраз бөлігі қыпшақтарға сіңді, қалғаны ығысып қоныс аударды. Қыпшақтардың шарықтаған шағында олардың мекені Алтайдан Каспийге дейін созылып жатты, яғни қазіргі қазақ жерін тұтас қамтыды. Бұл дала қыпшақ даласы деп аталды. Қыпшақ сөзі тіпті түркі деген сөздің баламасына айналды деуге болатын еді. Кезінде де дəл солай болған еді, көк түріктің билеуші тайпасы осы қыпшақтар болды. Сол кездегі түрік тілінің тұғыры да осы қыпшақ диалектісіне негізделген тіл болатын. Қыпшақ тайпасы қазіргі кезде көптеген түрік тектес халықтардың (өзбек, башқұрт, қырғыз, ноғай, татар, мажар т.б.) құрамында кезіккенімен негізгі бөлігі бəрібір қазақтың құрамында қалды. Қазақтағы қыпшақтарды бес таңбалы қыпшақ деп бұлтын, торы, ұзын, көлденең, қарабалық деп жіктейді. Ежелгі қыпшақ тілін қазіргі қазақ тілінің бастамасы десе де болғандай. Қыпшақ атауы бір кездері қазақ атауының да баламасы болды. Бұрын да қолданылып келген көне қазақ атауы ең алдымен қыпшақтарда ресми қолданылып артынан қазақ халқының түпкілікті атауы болып орныққан деген тұжырым да баршылық. Шыңғыстан кейін қыпшақ бірлестігі басқа атауларға ие болған еді. Осымен Шыңғыс дəуіріне дейінгі қазақ халқына тікелей байланысты ежелгі мемлекеттер тəмам болады. Бұдан кейінгілері Шыңғыстан кейінгі яғни оның ұрпақтарына байланысты мемлекеттер жайында болмақ. Шыңғыс дəуірінен кейінгі мемлекеттер. Моңғол

─ 35 ─ үстіртінде құрылған империя қазақ халқының қалыптасуына орасан зор ықпал етті. Шыңғыстан кейін қазақ даласына ағылған найман, керей, уақ, қоңырат, меркіт, қият секілді үлкенді-кішілі ру тайпалар Арқаға келіп мұндағы қыпшақ, үйсін, қаңлы, арғын т.б. тайпалармен араласып қазақ ұлтын қалыптастырды. Бұл тайпалардың кейбіреуі ертеде бұл үйсіннен таралып шығысқа көшкені де шындық еді. Бұл көш сонау ғұн, түріктен бастап əсте толастаған емес, бірде шығыстан батысқа көшсе бірде батыстан шығысқа көшіп отырған. Бірақта оның да есебі бар еді. Əйтпесе «астынан су шыққандай» бұл неткен қалың көш? Түріктің тасы өрге домалаған шағында олар мейлінше өсіп-өніп ақыры бір жерге сыймай бір бөлігі қазақ даласына барды да ондағы талай ру тайпалармен араласып қазақтың бір бөлігін қалыптастырған еді. Ал артында қалған бір бөлігі мұнда да өсіп-өрбіп керей, найман, қоңырат, меркіт, уақтай көптеген ұлыс ел болып, ол да артынан қысылтаяң заман туғанда туысқан түрігім қайдасың деп қазақ даласына үдере көшкен-ді. Бұл көш əу баста үйсін мен ұлы жүзден (иозы) басталса, одан кейін сəнбилерден ығысқан ғұндармен, қытайдан ығысқан көк түркілермен, моңғолдан ығысқан тағы да сол көк түркінің ұрпақтарымен жалғасқан еді. Осы түріктер (қазақтар) ежелгі сақтың, ғұнның, сəнбидің, үйсіннің, аланқаңлылардың, хазардың, жужанның (авар), соғдының, көк түріктің, түркештің, қимақ-қыпшақтың, қарлұқтың, тоғызоғыздың Атыраудан Алтай, одан əрі Хинганға (Шығыс Моңғолия мен Қытай арасындағы тау) дейін таралған ұрпақтарының өзара біте араласуынан ұлт болып қалыптасты емес пе. Бұлар бəрі дерлік бір тілде сөйледі десек тым асырған болмас-ау. Содан да болар, моңғол үстіртінен көшкен тайпалар қыпшақ даласына барды да тез сіңісіп көптеген түрік тектес халықтарды, оның ішінде қазағы да бар біраз халықтарды қалыптастыра бастады. Шыңғыс хан көз тірісінде өзінің иеленген елдерін төрт ұлына бөліп берген-ді. Үлкен ұлы Жошыға Қыпшақ даласын,

─ 36 ─ Шағатайға Жетісу, Қашқар маңын, Екі өзен алқабын (Мауереннахр), Өгедайға Солтүстік Қазақстанды, Төлеге шаңырақ иесі деп Моңғол үстіртін түгелімен берді. Бұл бір жағынан көк түріктің ұрпақтарын өзара бөлшектеп тастаған үрдіске ұқсағанымен іс жүзінде түріктің бірлігіне айтарлықтай нұқсан келтірмеген бөліс болды, бəрібір бұл ұлыстар бірбірімен тығыз қарым-қатынаста қала берген. Жошының иелігіндегі ел артынан Алтын Орда хандығының негізгі ұйытқысы болды. Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан хандықтары. Шыңғыс хан жорығынан кейін қазақ даласында құрылған Алтын Орда мемлекетінің балама атауы қыпшақ еді. Енді бір аты Жошы ұлысы. Бұл атаудан-ақ осы мемлекет орта ғасырлық қазақ мемлекеті болғанын аңғарамыз. Алтын Орда мемлекеті ХІІІ-ХV ғасыр ортасына дейін өмір сүрді. Сарай Бату, Сарай Берке деген Еділ-Жайық маңында орналасқан екі астанасы болды. Бұл елді Жошы қайтыс болған соң оның ұлы Бату (Батый) осы дəрежеге жеткізіп құрған еді. Алтын Ордаға қазіргі қазақ даласы түгелге жуық қарады, бұған қосылып Шығыс Еуропаның бір бөлігі, Кавказ да қарады. Алтын Орданы билеген Өзбек хан (1312-1342) тұсында ислам діні ресми түрде мемлекеттік дінге айналды. Өзбектің мұрагері Жəнібек өлген соң өзара тартыс көбейіп Алтын Орда мемлекеті бірнеше иелікке бөліне бастады. Бұған Əмір Темірдің оларға күйрете соққы бергені де көп əсерін тигізді. Алтын Орданың шығыс бөлігі яғни қазіргі қазақ даласы Батудың ағасы Орда Еженнің билігінде болды да бұл артынан Ақ Орда деп аталды, мұнымен қатар Көк Орда деген ел де болды деген пікір баршылық. Бұл, Алтын Орда елімен салыстырғанда этникалық құрылым жағынан тұтастай түркі тілдес тайпалардан (қазақтардан) құралған əлдеқайда орнықты біртұтас ел болды. Осы Ақ Орда мемлекетін қазақ хандығының, біріккен қазақ ұлтының алғашқы ұйытқысы болды дейміз. Осыдан кейін қазақ халқы толыққанды қалыптасуға біржолата бейімделді. Шыңғыстың жорығы қазақ халқы қалыптасу

─ 37 ─ үрдісін əсте кері тартпаған, керісінше ілгері тартқан үлкен серпін болды. Керісінше Əмір Темірдің жорығы қазақ даласы түгіл кешегі өзін дүниеге əкелген Тұранды, жалпысы бүкіл Орталық Азияны қанға бөктіріп, түркілердің қалыптасуына орасан көп зиян келтірген-ді. Ақ Ордаға қазақтың барлық дерлік тайпалары, айталық қыпшақ, қаңлы, арғын, керей, найман, жалайыр, алшын, қоңырат қатарлы көптеген үлкен ру тайпалар қарады. Олардың тілі де қыпшақ тілі болды. Ақ Орда мемлекетінің астанасы көне Сығанақ қаласы болды. Қалайда бұл хандық қазақ хандығы болған жəне қазақ тайпалары бұл ұлыстың басым көбін құрады дейміз. Ақ Орданың соңғы хандарының бірі Ырыс (Орыс/ Ұрыс) ханның немерелері Керей мен Əз Жəнібек артынан қазақ хандығының негізін қалады. Шыңғыстың екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі Жетісу маңы ХІV ғасырда шығыс жəне батыс деп екіге бөлінді. Бұл ұлыстың батыс бөлігі əйгілі Əмір Темір мемлекеті еді. Ал шығыс бөлігі Моғолстан атанып жеке хандық болды. Моғолстан мемлекеті 1346 жылдан ХVІ ғасыр аралығында хандық құрып, қазақ хандығы құрылуына үлкен негіз тіректердің бірі болды. Моғолстанның астанасы Іле алқабындағы Алмалық қаласы болса негізгі жері Жетісу, Іле маңы жəне қазіргі Қырғызстан болды. Халқы да негізінен түркі тілдес тайпалар дулат, қаңлы, арғын, үйсін, керей, барлас т.б. болды. Осыларды сыртынан моғол деген, бірақта бұл қалыптасқан бір халықтың аты емес, саяси одақтың атауы еді. Дегенмен осы Шағатай құрған ұлыстың бір бөлігі Моғолстан аталуы тегін емес-ау. Бұларды түгелімен моңғол емесі белгілі десек те бұлардың құрамында болған шорыс, бааріндар енді ғана түркіленіп келе жатқан нағыз моңғолдар болды да, бұлардың осы «шала түркі» жəйін меңзеп бүкіл Моғолстан халқын моғол атаған жоқ па дейсің. Артынан бұл екі тайпа «қасқырдың күшігі тауға қарап ұлидыны» елестетіп ежелгі тегіне қайтадан барып қосылған сияқтанып тұрады (Бұл туралы артынан бөлек тоқталамыз).

─ 38 ─ Сондай-ақ Моғолстан дəуірінде бұл өлкеде ислам діні негізгі дін болып қалыптасты жəне де дулаттардың билігі басқалармен салыстырғанда үстемдеу болды. Бұл кездері Əмір Темір тарапынан Ақ Орда мен Моғолстанға үнемі шабуылдап отырды. Шығыстан енді ғана бас көтеріп келе жатқан ойраттар (жоңғардың арғы тегі) да қалыспай шабуыл жасап отырды. Осындай аласапыран кезде барын (баарін) жəне шорыс (чорс/цорс) тайпалары өздерінің ежелгі туыстары ойраттарға барып қосылса, қалуын, бұлқаш (бұлғашын/ бұлғыншы (бұлғын сусар аулаушы), осыдан бұлқаш атауы шыққан деседі) тайпалары Дешті қыпшақ (қазақ даласы) яғни Ақ Ордаға қосылып оны билеп тұрған Əбілқайырды онан əрмен күшейтеді. Осы шорыс, барын жəне де дөрбет сияқты тайпалар ертеде Жайсан (Зайсан), Іле маңын мекендегені үшін қазіргі моңғолдар арасында оларды моңғол текті емес деген пікір де баршылық, олар ежелгі ойраттар күшейіп жерін кеңейте бастағанда ғана аталмыш маңға көшіп келгені болмаса ежелден Моғолстанда болған да емес, бұлар нағыз моңғол тайпасы екеніне күмəн жоқ. Сонымен өзіне біраз тайпа қосылып күшейіп алған Əбілқайыр ақыры Моғолстанның батыс жағын жаулап алады. Осы кезде керісінше, Əбілқайырдың зорлығына шыдамаған Ақ Орданың бұрынғы ханы Ырыстың (Орыс) немерелері Керей мен Жəнібек 1456 жылы біраз қазақ тайпаларын бастап көшіп Жетісуға қоныс аударады. (Шыңғыс, Жошы, Орда Ежен, Сартақ, Қойшы, Баян, Сасы (Саты) Бұқа, Ерзен, Мүбəрəк, Шымтай (Шымбай), Ырыс (Орыс/Ұрыс), Құйыршық, Барақ, Əз Жəнібек хан; Ырыс, Болат, Керей хан). Төменгідей тағы бір тарату бар: (Шыңғыс, Жошы, Тоқта, Өз Темір, Тоқа Темір, Қожа Бəдік, Ырыс-Болат-Керей хан; Ырыс-Құйыршық-БарақƏз Жəнібек хан). Қазақ хандығы. Жетісу маңы сол кезде тұтастай алғанда Моғолстан иелігінде болды. Əбілқайыр хандығынан бөлініп келген қазақтарды өзіне пайдаланбақшы болған Моғолстан

─ 39 ─ ханы Есенбұға оларға Шу жəне Талас өзені бойынан қоныс бөліп береді. Керей мен Жəнібек Жетісудың осы маңын (Қозыбасы) орталық қылып 1456 (1460) жылы Қазақ хандығын құрып қазақтың алғашқы ханы аға жолымен Керей (Жəнібек оған немере іні) болады. Əбілқайыр хан қайтыс болған соң оның елі көшпелі өзбек, қазақ деп екіге бөлінген еді. Осы бөлінген қазақтар қазақ хандығының негізін қалаушылар болған-ды. Онсыз да тілі мен тегі бір Дешті қыпшақ (қыпшақ немесе қазақ даласы) пен Моғолстан тайпалары өзара етене араласып қазақ ұлтын қалыптастырды. Моғолстан халқы бір жағынан ойраттардан зорлық көре бастаса енді бір жақтан Əбілқайырдан қысым көріп, жаңа одаққа аса зəру болып тұрған шағы еді. Бұл кезде Моғолстанның ішкі жағдайы ауыр болды, ондағы қазақ тайпалары бөлініп шығып жаңа құрылған қазақ хандығына біріге бастаған дейді. Сонымен жаңа хандыққа бірте-бірте қазіргі қазақ халқын құраған бүкіл ру тайпалар бірігеді. Дегенмен бұл кезде Моғолстан мен Əбілқайыр хандығы əлі де өмір сүрген қалпында еді. Қазақ хандығына кірген ұлыс тайпалардың ішінде қыпшақтың орны бөлек болды. Бұл кезге дейін Ақ Орданың, тіпті бүкіл қазақ даласының енді бір атауы бəрібір қыпшақ аталған қалпында еді. Қыпшақтар Əбілқайыр хандығының едəуір бөлігін құрады. Сонымен қатар қаңлы, қарлұқ, найман, керей, үйсін, қоңырат, маңғыт секілді тайпалар да Ақ Орданың негізгі тұғыры болды. Қыпшақтар Торғай, Есіл өңірін мекендеді. Олар құлан, қытай, сағал, торыайғыр, мажар деп өзара бірлестікке бөлінді. Тобылдан Ұлытау, Сыр бойына дейін найман, керей, меркіт, уақтардың едəуір бөлігі мекендеген дейді. Ақ Орда артынан ыдырағанда оның негізгі мұрагері Əбілқайыр хандығына қоңырат, үйсін, найман, қарлұқ, қият, өкіреш найман, қыпшақ, маңғыт, таймас, шап, таңғұт, ұйғыр, күрлеуіт, тұман, барақ сияқты көптеген тайпалар бағынған дейді.

─ 40 ─ Ноғай ордасының құрамында маңғыт, қоңырат, найман, арғын, қаңлы, күшті, алшын, қыпшақ, қарлұқ, алаш, тама т.б. тайпалар болды. Жетісудағы Моғолстанға дулат, қаңлы, қарлұқ, керей, арғын, күрлеуіт, барлас, күшші, шорыс, көнші, қалушы, бұлқаш т.б. қарады. Сонымен ХІV-ХV ғасырлар арасы шамасында Наймандар Ұлытаудан Ертіс, Есілге дейін, Қоңыраттар Түркістан, Қаратау маңын, Арғындар Ертістен Орталық Қазақстанға дейін, ішінара Сыр, Жетісу маңын, Керейлер Жетісу, Тарбағатай (Барқытбел), Ертіс, Тобылға дейін, Дулаттар Іле, Шу, Талас, Ыстықкөлдің солтүстігін, Отырар маңын, Қаңлылар Қаратау, Сырдың орта ағысын, Батыс Жетісу маңын, Жалайырлар Қаратау маңын, Үйсіндер Жетісу маңын мекендеген дейді. Керей мен Жəнібек хан бастаған қазақтардың Дешті қыпшақтан Жетісуға қоныс аударуы қазақ хандығы құрылуына түрткі болған аса маңызды тарихи оқиға болды. 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі қырқыста қаза болғаны елін екіге Əбілқайыр жəне ноғай хандығы деп бөлу бастамасы болады. Бұл аз дегендей артынан тағы да бірнеше бөлікке бөлінгенді. Барақ хан Орда Ежен ұрпағы болса Əбілқайыр Шайбани (Шибан) əулетінен еді. Бұл екеуі Жошының бірінші жəне бесінші балалары болады. Қырық жыл Дешті қыпшақты армансыз билеген Əбілқайырға халқы қатты нараз болған дейді. Ақыры Барақтың баласы жəне немере інісі Керей мен Жəнібек бұл жағдайды өз мақсаттарына пайдаланып қазақ тайпаларын ертіп Жетісуға келгенде оларды жаңа одаққа аса зəру болып отырған Моғолстан хандығы қуана қарсы алып жер бөліп береді. Бұлар Жетісуға келісімен Дешті қыпшақтағы Əбілқайыр хан қайтыс болып ұлысының бірлігі шайқалып, сонымен Əбілқайыр хандығынан үлкен бір бөлік Керей, Жəнібектерге келіп қосылып қазақ хандығындағы халықтың саны 200 мыңға жеткен дейді. Бұларды бұрынғы орында қалғандар, қазақ деп атаған дейді. Ал өздері көшпелі өзбек деп аталып тұрып артынан бұлардың тек бір бөлігі ғана екі өзенге барып біржолата отырықтанып қазіргі өзбек халқының бір бөлігі (руға бөлінетін

─ 41 ─ өзбек) болған еді. Бұл көшпелі өзбек дегенді сол кездегі қазақтар деп қарастырғанымыз жөн. Моғолстан ұлысы Масаншы (Амасанжы) тайшы бастаған ойраттан опық жеп ыдырағанда ондағы тайпалар да қазақ хандығына қосылған екен. Бұрын көшкендер Жетісуға келіп орнығып жай тапқанын көрген Əбілқайыр хандығының құрамындағы тайпалардан тағы да бір қауым халық келіп қосылыпты. Осылай жаңадан құрылған қазақ елінің беделі артып күші мығымдай түскен екен. Сонда да қазақтың бірсыпыра тайпалары əлі де Əбілқайыр хандығында, бұрынғы Моғолстанда, Ноғай Ордасында, Батыс Сібір хандығында төртке бөлінген қалпы еді. Ноғай ордасында кіші жүз тайпалары, Сібір хандығында қоңырат, найман, арғын, керейдің бір бөлігі, Моғолстанда ұлы жүзден біраз бөлік, сондай-ақ Əбілқайыр хандығында орта жүз, кіші жүздің біраз тайпалары əлі де бағынып тұрған кез болатын. Қазақтарға азғана Жетісу тарлық етіп сыйыспай қинала бастаған екен. Осындай сəтте Əбілқайыр қайтыс болып қазақтарға үлкен орай туса керек. Осы орайды ұтымды пайдаланған қазақ хандары бұрын өздері көшіп кеткен ата қонысқа қайта оралып қазақ жері анық кеңи бастаған екен. Қазақ хандары Əбілқайыр əулетімен күресу үшін ноғай, сібір хандықтары, жошы ұрпақтарымен бірлесіп одақ құра отырып, олармен қырық жылдай соғысып ақыры толық жеңіске жетеді. Дешті қыпшақта қалған қазақ тайпаларын түгелімен өзіне қосып алып жері де көп кеңейген екен. Дешті қыпшақтың билігі енді қазақтарға біржолата өтеді. Сыр бойында да қазақ хандары қарсыластарымен тең түсе отырып Сырды бірде оларға берсе бірде өзіне қаратқан дейді. 1500 жылы Əбілқайыр əулеті болатын Мұхамед шайбани Дешті қыпшақтан біржолата ығысып екі өзен алқабына орналасуы қазақтың жерін мейлінше кеңейткен, бір жағынан өзбек деген халықтың атауы басталған тарихи кезең болады. Көшпелі өзбек ұлысының Мұхамед шайбаниге ерген біраз тайпалары екі өзенге барды да жергілікті отырықшы халыққа əбден сіңісіп өзбек ұлтын қалыптастырды. Тегі бір бола тұра өзбектің тілі қазақ тілінен ұзақтау болатын себебі олардың

─ 42 ─ ежелгі соғдылармен, ферғаналықтармен көп араласуында еді. Қазіргі өзбек халқы – көшпелі өзбек, Əмір Темірден бұрынғы аралас түрік тектес жəне ежелгі соғды ұрпақтарының өзара араласуынан құралған ұлт деуге болады. Осыдан қалған белгі қазіргі өзбек тілі дəл осындай үлкен үш диалектіге бөлінеді, олардың қыпшақ диалектісі қазақ тіліне көп жақын келеді. Əбілқайыр əулетін өзбектердің мемлекеті болды деуге əсте болмайды, оның құрамында өзбек пен қазақ қай-қайсы да болды, сондықтан біз Əбілқайыр хандығын қазіргі өзбек ұлысы деуден аулақ болуымыз керек. Керек десе бір кездегі қазақтардың енді бір атауы дəл осы өзбек болған ғой. Аты өзбек дегені болмаса осы ұлыстың басым көпшілігі қыпшақтар яки өзіміздің қазақтар еді. Өзбек деген атаудың өзі сол кезде бір ұлтқа ғана телінген атау болмаған, бұл əсілі Алтын Орда ханы Өзбектің атына байланысты (бірақта Өзбек ханға байланыссыз деген тағы бір пікір бар) алғаш шығып артынан бүкіл Əбілқайыр ұлысындағы халықтың атауы болса керек. Бұлардан бөлініп шығып екі өзенге барып отырықтанған қауым ондағы басқа халықтармен бірігіп қазіргі өзбекті құрады. Қысқасы қазақтан қазақ бөлініп шығып қазақ хандығын құрды, оған бұрынғы мекенінде қалған негізгі бөлігі қайтадан қосылды, ал қосылмағандары екі өзенге барып қазіргі өзбек атауының бастамасы болған еді. Бұрынғы Əбілқайыр хандығының жері де өзінің заңды мұрагері қазақ хандығына қосылды. Біз осы Əбілқайыр ханды да өзіміздің бабамыз дейтін толық құқымыз бар халық боламыз. Осымен Шыңғыс үстемдігінен кейін қазіргі қазақ ұлысын құраған барлық дерлік тайпалар алғаш рет қазақ жерінде бір мемлекетке біріктірілді. Қазақ атауы нағыз ұлттық маңызға ие болып қазақ хандығы едəуір бекіп жері ұлғайды. Бұл жолда Əз Жəнібекұлы Қасым хан көп іс атқарды. Қазақтың алғашқы мемлекеттілігі – «Қасым салған қасқа жол» қалыптасты. Қазақстанның негізгі территориясы осы кезде қалыптасып халқының саны да бір млнға жеткен екен (ХVІ ғасырдың басында-ақ халықтың саны 1,5-2 млн.-ға таяу болды деген тағы бір дерек бар). Əз Жəнібек пен Керей

─ 43 ─ негізін қаласа Қасым осыны нағыз шындыққа айналдырған ұлы хан еді. Қазақ хандығын негізінен Əбілқайыр хандығы, Моғолстаннан құралды десек те оның енді бір үлкен қайнары Ноғай мен Сібір хандықтары болды. Ноғай мен Сібір хандығын да таза қазақтың хандықтары болды десек көп бұрыстық болмайды. Ноғай ордасынан бізге ауғаны кіші жүз болды да ары қалғаны түрік тектес басқа халық ноғай, татар, башқұрт болып қалыптасты. Ал Сібір хандығының жайы бөлек еді. Оның негізгі құрамы қазақ тайпалары яғни орта жүз қазақтары болды. Сібір хандығының ең соңғы ханы Көшімді таза қазақ болған деген дерек те кезігеді. Қазақ хандығының негізін Керей (1456-1473), Əз Жəнібек (1473-1480), Бұрындық (Мұрындық) Керейұлы (1480-1503/1511), Қасым Əз Жəнібекұлы (1503/1511-1518/1523) сынды қазақтың алғашқы хандары қалады. Бірақта Бұрындық ел басқаруға əнтек қабілетсіздеу хан болған дейді. Ақырында ол хан тағын Қасымға босатып беруге мəжбүр болған еді. Бұдан кейін Керей ханның ұрпақтары ел басқарған емес, тек Жəнібектің ұрпақтары ғана ел басқаратын болды. Алайда Бұрындық хан қазақ даласының солтүстігінде ғана билікті негізінен қолдан шығарып алғаны болмаса оңтүстікте айтарлықтай жемісті іс атқарып, қазақ хандығына Сауран, Сығанақ сияқты көптеген қалаларды қосып бергенін бүгінгі ұрпақтары ұмытуға болмас. (Шыңғыс, Жошы, Орда Ежен, Сартақ, Қойшы, Баян, Сасы (Саты) Бұқа, Ерзен, Мүбəрəк, Шымтай (Шымбай), Ырыс (Орыс/Ұрыс), Құйыршық, Барақ, Əз Жəнібек хан; Ырыс, Болат, Керей хан). Төменгідей тағы бір тарату бар: (Шыңғыс, Жошы, Тоқта, Өз Темір, Тоқа Темір, Қожа Бəдік, Ырыс-Болат-Керей хан; Ырыс-Құйыршық-Барақ-Əз Жəнібек хан). Осы үрдіс Мамаш (Момыш) Қасымұлы (1518/1523-1523), ТаҺір (Тайыр) Əз Жəнібек немересі (Əтік сұлтан ұлы) (15231533), Бұйдаш Əз Жəнібек немересі (Əтік сұлтан ұлы) (15331534), Қожахмет (Ахмет) Əз Жəнібек немересі (Жəдік сұлтан ұлы) (1534-1535), Тоғым Əз Жəнібек немересі (Жəдік сұлтан

─ 44 ─ ұлы) (1535-1537, қырғыздарды қорғау үшін ойраттармен болған соғыста тоғыз ұлымен бірге шəйіт болды), Ақназар (Хақназар) Қасымұлы (1538-1580), Шығай Əз Жəнібек немересі (Жəдік Сұлтанұлы) (1580-1582/1586), Тəуекел Шығайұлы (1582/1586-1598), Есім (Еңсегей бойлы ер Есім) Шығайұлы (1598-1628/1645?), Жəңгір (Салқам) Есімұлы (1628/ 1645-1652/1657, 1680?), Əз Тəуке Жəңгірұлы (16801718), Болат Əз Тəукеұлына (1718-1730) дейін жалғасты. (1652/1657-1680 жылға дейін қазақта хан болмады, Жəңгір хан 1652 (1657) жылы жекпе-жекте өліп (жарақаттанып), содан мұрагері Тəуке есейгенге дейін қазақ хандығының билігі Жəңгірдің мұраттас жолдастары мен сұлтандардың қолында болды). Бұларды үш жүзді бірдей билеген ұлы хандар немесе бас хандар (хаған/қаған) дейміз (Алайда Мамаштан Тоғым ханға дейінгі дəуір қазақ хандығының қайта əлсіреу кезеңі болған еді). Жəне де оларды нағыз қазақтар болды дейміз. Бағзы біреулердің «іріген ауызынан шірітіп шығара салғанындай» олар ешқашан моңғол тектес болған жоқ. Олардың бабасы Шыңғыс та, Жошы да таза моңғол болмаған ғой. Шыңғыс пен Жошыны дəл қазақ деп айтпасақ та моңғол деуге əсте болмайды. Əсіресе Жошыны моңғол деудің керегі не. Жəне де қазақ хандарын орта жүз керей тайпасынан таратқан кейбір ғалымдардың тұжырымын тура қолдауға болмайды. Олардың пайымдауынша Шыңғысқа хандық дəстүрі ежелгі керейдің ханы Тұғырылдың бабалары арқылы мирас болған дейді. Сол үшін де Шыңғыстан арықарай таратып керейге тірейді. Шыңғыстың бабасы Қабыл ханды керей тайпасынан болған дегенді алға тартады. Қазақ хандарын қайткен күнде қазақтан шықты дегізу үшін тарихқа былай қиянат жасаудың қисыны жоқ. Керей демей-ақ Шыңғыстан тура таратсақ та оның бізге еш жаттығы жоқ. Онсыз да қазақ хандары таза қазақ болған. Дегенмен осы керейден таралды дегенде аздап жаны бар. Өйткені түріктің ең соңғы хағанатының билік басында тоғыз-оғыздар отырды. Бұлар ішінен байырқу,

─ 45 ─ едіз, шігіл сияқты көптеген тайпалардан тұратын. Осы байырқудың сегіз тайпасы бірігіп найман аталса, тоғызы бірігіп керей аталған еді. Демек бұл керейлер ежелден билік басында болғанын дəлелдейді. Осы көк түріктен қалған үрдіспен хандық жол керейлер арқылы Шыңғысқа мирас болуы əбден мүмкін. Өйткені Шыңғыстан көп бұрын да керей хандығы болып келгенін тарихтан білеміз. Бұл хандық Солтүстік шығыс Қытайдан Орталық Моңғолияға қарай ығысқан кидандардың тұсында ғана аздап үзілгені болмаса ежелден жалғасып келгенді (Бұл туралы артынан бөлек тоқталамыз). Қазақ халқының қалыптасуына бұл жердегі ежелгі үйсін, қаңлы, қыпшақ, қимақтардың ұрпақтары жетекші рөл атқарса, шығыстағы Алтай, Ертісті мекендеген найман, керейдің үлесі де айтарлықтай көп болды. Қазақ хандығының жері Ақназардың тұсында ең үлкен болған екен. Оның тұсында қырғыздар қазақпен одақ болып, башқұрттың бір бөлігі де қазаққа бағынып тұрды. Ақназар хан тек қазақпен шектелмей тұран бірлігіне ат салысқан ұлы хан. Алаш атауы да осы кезде қайтадан жаңғырды деген болжам бар. Осы ұлы хандардың тұсында Ноғай ордасына бағынып келген қазақ тайпалары кіші жүзді қалыптастырып қазақ халқының ажырамас бір бөлігіне айналды. Жетісудағы қазақ тайпалар Моғолстаннан біржолата ажырап қазақ хандығына түгел бірікті. Сібірдің Көшім хандығынан бір топ тайпалар қазақ хандығына қосылып қазақтың ең үлкен орта жүзін қалыптастырды. Бұл кезең қазақтан басқа сонау Енесайдан (Енисей) Ертіске, одан Алатауға ығысқан қырғыздың да халық ретінде қалыптасуымен бірге болды. Сондай-ақ бір кездері бір мемлекет – көшпелі Өзбек ұлысында қазақпен бірге болған көшпелі өзбек тайпаларының бір бөлігі екі өзен алқабына түпкілікті орналысып өзбек ұлты құрылу кезеңіне тоғысып жатты. Бұл кезде қазақ хандығы Орталық Азиядағы ең үлкен іргелі елге айналды. Есім ханның тұсында қазақ тайпалары толық біріктірілсе

─ 46 ─ Əз Тəукенің тұсында қазақтың тасы өрге домалап тұрды. Бұл кезді қазақ тарихындағы алтын ғасыр дейді. Алайда осы Есім ханның тұсынан бастап көршілес ойраттар (жоңғар) қазақ еліне алара қарауы көп жəйіттің бастамасы болған-ды. Тəукенің мұрагері Болаттың тұсынан бастап қазақтың үш жүзі ыдырауға бейімделе бастаған еді. Өйткені Тəуке хан көптеген сұлтандарды тежеймін деп алты алашты алты биге қаратқаны орталықтанған біртұтас мемлекет құруға мұрса бермеді, оның үстінде қазақтың көшпенділігі ендігі дəуірде анық ескіре бастағаны бұған өзіндік əсерін тигізді. Тəукенің мұрагері Болат хан аздап ұяң жігерсіздеу адам болса, Əбілмəмбет одан да жүрегі жұмсақ болып шығып қазақ хандығының ыдырауына жол беріп қойды. Дегенмен оның көз тірісінде хан тағын Абылайға қиып тапсыруы үлкен ерліктің, ел қамын ойлаған көрегендігінің белгісі емес пе. Қазақтың ең ұлы хандары Əз Жəнібек, Қасым, Ақназар, Тəуекел, Есім, Əз Тəуке жəне Абылай болады. Осы ұлы бабалар қазақ елінің іргетасын қалап қазақ мемлекеттігінің тарихын жазды. Жəне де үш жүздің Төле, Қазыбек, Əйтеке сынды ұлы билері, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Керей Ер Жəнібек, Шақшақ Жəнібек, Үйсін (Шапырашты) Қарасай, Бəсентиін Малайсары, Уақ Баян, Албан Райымбек сынды көптеген батырлар, Əбілқайыр сынды қолбасшылар қазақ елінің нағыз қорғаны болды. Əбілмəмбет ханның тұсында нағыз билік Абылай сұлтанға көшкен дейді. Бірақта бұл кезде қазақ хандығы бірнеше кіші хандықтарға айқын бөлініп кетті, оларды жеке-жеке кіші хандар басқаратын болды. Абылай Орта жүзді ғана билегенімен іс жүзінде оның билігі бүкіл қазақ ұлысына жүре бастаған хан еді. Дей тұрса да артынан көп кейін 1771 жылы ғана үш жүздің игі жақсылары бас қосып Абылайды ресми түрде ұлы хан көтергені оның өзіне тура байланысты болған оқиға еді. Өйткені ол Əбілмəмбеттей ағасы тірі тұрғанда хан тағына отыра салуды өзіне ар санады, бұдан біз қазақтың ұлы хандары мансап емес елінің қамын ғана ойлағанын аңғарамыз.

─ 47 ─ Бірақта осыдан көп бұрын 1743 жылы ұлы хан болмаса да орта жүздің ханы болып сайланып қойған деген дерек те жоқ емес, бұл кезде ол ресми түрде ұлы хан болып сайланбады десек те билікті негізінен қолға алғаны шындық еді. Ол-ол ма, 1739 жылы Əбілмəмбет хан өз еркімен хан тағынан түсіп орнын Абылайға босатып берген деген пікір де баршылық. Ол қазақтың басын ақырғы рет қосқан ең соңғы ұлы ханы. Абылай заманы қазақтың басына аса қиын күн туған шақ еді. Кіші жүзді билеген кіші хандар орысқа өтемін десе, ұлы жүз жоңғардың қоластында қалған кез болатұғын. Бұндайда оның тіреуі жалғыз орта жүз болды, сонда да ол үш жүз демей бүкіл алты алаштың басын қосып үлгерген-ді. Бірақта көшпенді қазақ үшін отырықшы келетін отаршылар тым басым күш, асу бермес шың болғаны тағы бір шындық еді. Абылайдан соң қазақ хандығы қайтадан ыдырап бірнеше хандыққа бөлінді де ақыры Ресейдің боданына айналды. Бұған бір қазаққа жан-жақтан жармаспаған жау қалмаған аса қысылтаяң шақ өзіндік əсерін тигізген еді. Сол үшінде кешегі өткен кіші жүздің Əбілқайырдай ханын қазіргі ұрпағы, қазақ баласы текке жазғырмау керек сияқты (бірақта оның ұрыс алаңын тастап кеткені кешіруге болмайтын күнə). Ол кезде бұндай іс-шара қайткен күнде бір істелуі бар ма еді, кім білген. Сол бабаларымыздың арқасында қазақ халқы біржолата құрып кетуден аман сақталып қалған жоқ па. Ұлы хан дəрежесіне жетпесе де қазақтың біріккен хандығын қайта құруды армандап бүкіл өмір бойы отаршылармен алысып өткен қазақтың ең соңғы ханы Қасымұлы Кенесары болды. Орысқа бодан болудың да өзіндік бір есебі бар еді. Адамзат тарихында кімге бодан болғанына байланысты артынан қайта өрлеген не біржолата құрыған халық аз болмаған ғой. Кешегі Солтүстік Америкадағы 200 млн.-нан (үндістердің саны бұған жетпеген деген тұжырым да жоқ емес) астам үндістер қайда кетті дейсіз, түбіне баяғы сол отарлаушылар жетті. Қазақ халқы орысқа бодан болғаны дұрыс та болған ба, кім білген. Егер де былай бодан болмаған жағдайда құрып кетуіміз де бар еді. Дегенмен сол орысқа бодан болдық деп сыбағамызды оңбай тарттық...

─ 48 ─ Орыс – темір ноқта, қытай – қайыс ноқта дегені қазіргі кезде кері келіп тұр. Бұл Əбілқайырды ақтамасақ та орынсыз даттауға болмайды деген сөз. Біз Əбілқайыр бастап берген темір ноқтадан біраз төлем беріп ақыры мəңгі құтылдық та əлгі менсінбеген қайыс ноқтада əлі де жартымыз қалып зарлаудамыз. Темір ноқта расында кім екенін енді біле бастағандаймыз. Осы қайыс ноқтада бір жартымыз мəңгі қалып қоймаса игі едіау. Қай ноқтасы болса да құрбандығымыз шектен тыс көп болды, қайғы қасіреттен 300 жылға тарта уақыт көш ашпай бұл күнге, тəуелсіздікке əрең жеттік. Қазақ хандығының астанасы бір кез Сығанақ қаласы болғанымен негізінен Түркістан қаласы болып келді. Ал қазақ мемлекеттігінің астанасы əр дəуірде Алмалық, Сауран, Сарай, Сарайшық, Сығанақ, Отырар, Ташкент, Түркістан, Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары болып келгенді. Қазақ халқы сонымен орыстың боданында 250 жылдан да астам уақыт болып 1991 жылы тəуелсіздікке қолы жетті. Бұдан бұрын болған жоңғар шапқыншылығы, нəубет, ашаршылық жайында артынан бөлек тарауларда жеке-жеке тоқталамыз. Ежелгі дəуірден қазақ хандығына дейінгі мемлекеттер картада көрсетілді.

─ 49 ─ Екінші бөлім ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫ Жалпы мəліметтер Əкімшілік құрылымы, жағырафиясы. Қазақ халқының нағыз атамекені шығыста сонау Алтайдың (Алтайды Өр Алтай, Қобда беті деп екіге бөледі) Қобда беті жəне Шығыс Түркістанның Баркөл-Құмылынан басталып батыста Еділге дейін, алдыңғы жақта (оңтүстік) Жетісу жəне Тұран ойпатынан арт жақта (солтүстік) Түмен (Төмен), Қорған өлкесіне дейін созылған кең байтақ өлкені қамтыған 4 млн шаршы км жер болып табылады. Қазақтың ежелгі атамекені шығыстан батысқа 3500 км-ге, ені солтүстіктен оңтүстікке 2000 кмге созылып жатыр. Ал қазіргі Қазақстанның территориясы «небары» 2,724 (бұның 2,669 млн шаршы км-і құрғақ жер болса қалғаны су айдындары болады) млн шаршы км ғана. Батысы мен солтүстігінде Ресеймен 7591 (6467) км, шығысында Қытаймен 1782 (1460) км, оңтүстік шығысында Қырғызстанмен 1241 (980) км, оңтүстікте Өзбекстанмен 2354 (2300) км, оңтүстік батысында Түрікменстанмен 426 (380) км жермен шекараласады (өкінішке орай қазақ елі басқа елдермен дəл қанша км жермен шекараласатынын көрсеткен мəліметтер бір-бірінен көп өзгеше келеді, бұлардың əрқайсында көп алшақтық бар еді, жақша ішінде көрсеткен сан бұрынғы мəліметтер бойынша алынды). Қазақстан əкімшілік жағынан 14 облыс, 2 республикалық маңызға ие қаладан, 160 ауданнан (39 облыстық жəне 45 аудандық қала, қала ішіндегі 8 аудан, 167 кент, 7262 ауылдық елді мекен бар) құралады. Жері ең үлкені Қарағанды облысы (430 мың шаршы км), халқы ең көбі Оңтүстік Қазақстан облысы (2 млннан астам). Ең үлкен қаласы Алматыда 1,1 млн тұрғыны бар. Елордасы – Астана қаласы. Халқы 15,7 (16,4) млн адам, оның ішінде қазақтардың саны 9 млннан астам

─ 50 ─ яғни барлық халықтың 62%-ға жуығы. Халқының орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 5,7 (6) адамнан келеді. Əлемдегі халқы сирек орналасқан елдердің қатарына жатқанымен жері жағынан ең үлкен елдердің бірі. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Бірақ нақтылы қолданыстағы тілі əлі де орыс тілі. Ұлттық ақшасы – теңге. Қазақ елі президенттік басқарудағы біртұтас ел. Бірақ соңғы Ата заң бойынша парламенттің рөлі де едəуір жоғары, жартылай президенттік, жартылай парламенттік басқарудағы ел деуге де болады. Халқының 70%-ы мұсылман дінін, қалғаны христиан дінін ұстанады. Барлығы 120-дан астам ұлт-ұлыстардың өкілдері тұрады. Жері табиғаттың көптеген зоналары: асқар тау, сары дала, шөлейіт құм қай-қайсы да бар, жері субальпилік орман, орманды дала (2,8%), шөлейіт (40%), жартылай шөлдер (23%), дала (28%), құрғақ дала, биік таулы өлкелерге ауысып отырады. Жер аумағының 10%-ы биік таулы өлкелер болса небары 4,2%-ы ғана орман тоғайлар. Қазақ жері солтүстік салқын белдеуде орналасқан. Жер бедері негізінен жазық, шығыстан батысқа жəне оңтүстіктен солтүстікке қарай аласарып отырады. Ауа райы айтарлықтай құрғақ, кей жерлері тым қуаң келеді. Жер бедері əртүрлі болуына байланысты жылына орта есеппен 400-800 мм-ге дейін ылғал түссе, кей жерлерге тым аз – 200 мм-ге де жетпейді. Ал, таулы өлкелері айтарлықтай мол ылғалды – 1600 мм-ге дейін жетеді. Сырдария, Ертіс, Жайық, Іле, Шу сияқты үлкен өзендері түгелдей шетелден бастау алып суы көп реттеліп келетіндіктен жері ағынды суға айтарлықтай тапшы жəне бұл өзендер еларалық маңызға ие. Жалпысы 85 мыңдай өзен, ағынды су бар делінеді, олардың суы ең молы Ертіс. Өз ішінен бастау алатын өзендердің көлемі шағын, көбінесе мезгілдік ағысқа ғана ие, одан қалса сыртқа ағып шығып кететін «опасыз» өзендер. Қазақстанда 48 мыңдай көлдер бар делінеді. Ең үлкен көлдері Каспий жəне Арал теңізі. Жері оңтүстікте Жетісумен жалғаса шығыста Тəңіртау, Еренқабырға, Тарбағатай (Барқытбел), Сауыр тауларына, көк түріктің туын тігіп қадір тұтқан асқақ Алтайына, баты-

─ 51 ─ ста Еділ мен Ақ Жайық өзендеріне, солтүстікте Орал тауына, Ертіс, Тобылдың төменгі сағасына дейін созылып жатыр. Батыста Атыраудай ойпатты жазықтары, орталық бөлігінде қазақ жерінің кіндігі Сары Арқадай даласы, Ұлытаудай киелі таулары бар болса арт жақта бір шеті Орал тауымен жалғаса отырып Көкшенің көгілдір көлдеріне, Құлындының орманды даласына, одан əрі Түмен (Төмен), Қорған өлкесіне, батыс Сібір ойпатына дейін, ал оңтүстікте Тұран ойпатына дейін жалғасқан ұлан байтақ жері бар. Қазақ жерінің ең биік нүктесі Тəңіртаудың Сарыжаз жотасындағы Хантəңірі шыңы (6995 м, кей мəліметте 7010 м.) болса, ең аласасы Маңқыстаудағы Қарақия (Қаракие) ойпаты (-132 м.) əлем теңіз деңгейінен де төмен орналасқан. Алтай (Мұзтаудың Ақсүмбі шыңы 4506 м.), Жетісу (Жоңғар Алатауы, Бесбақан шыңы 4464 м.), Іле (Талғар шыңы 4973/4951 м.), Күнгей (Ишанбұлақ шыңы 4647 м.), Теріскей, Талас, Қырғыз (4875 м.) Алатаулары, Сауыр (Маңырақ шыңы 3816 м.), Тарбағатай (Барқытбел, 2992м), Қазақ ұсақ шоқылығы немесе Сары Арқа (Ақсораң 1566 м.), Қалба (1658 м.), Кетпен (3600 м.), Ұлытау (1133 м.), Мұғалжар (657 м.), Қаратау (2176 м.) сияқты көптеген тау жоталары, Арал, Балқаш, Жайсан, Алакөл сынды айдын көлдері, Каспийдей теңізі, Еділ, Жайық, Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл, Іле, Сырдариялардай ірі өзендері бар. Сары Арқа, Бетпақтай ұлан байтақ даласы, Қызылқұмдай шөлдері, Алтай, Жетісудай жер жəннəттары да бар. Ірі тау массивтеріне Алтай, Тарбағатай (Барқытбел), Жетісу Алатауы (Жоңғар Алатауы) таулары жəне Тəңіртаудың солтүстік шығыс сілемдері (Іле, Күнгей, Теріскей, Талас, Қырғыз Алатаулары) кіреді. Жер көлемі жағынан дүниежүзінде тоғызыншы орында, ал түрік əлемінде алдыңғы орында, кейінгі орындарда тек 3 млндай шаршы км жері бар Ресейдің Саха (Якутия) республикасы, жəне 1,56 млн шаршы км жері бар Моңғолия ғана кіреді. Қазақ елі түріктің қарашаңырағы болған соң да осындай ұлан байтақ жерге ие болды. Түріктің енді бір «қарашаңырағы» Моңғолияның жер көлемі Қытайдағы Ішкі Моңғолия, Ресейдегі Бурятияның жерлерін қоса есептегенде ғана 3 млн шаршы км-ге жетеді. Басқа еш «бəсекелесі» жоқ.

─ 52 ─ Осындай ұлан байтақ жерге сонау жаугершілік заманда жай бір қарапайым халықтың ие болып қалуы мүмкін емес-ті, демек бұған қазақтай қайсар жауынгер халық ғана ие болары əбден белгілі емес пе, бұндай кең байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап бізге аманат еткен ұлы бабаларға қалай риза болмайсың. Осындай халықпен қалайша мақтанбай тұра аласың. Экономикасы Қазақ елі болашағы аса зор ел. Асты толған тұнған байлық, ұлан-байтақ жері бар. Айтарлықтай жақсы маманданған əрі түгелге жуығы хат танитын сауатты еңбекқор халқы бар (біздің байлығына тамсана беретін кей араб елдерінің халқының небəрі 30%-ы ғана хат таныса Америкада 20 млннан астам ешбір сауаты ашылмағандар бар!). Кеңестен қалған онша жақсы болмаса да кəдеге ептеп жарап жататын инфрақұрылымы да бар. Демек қазақ елінде дамудың барлық қолайлы жағдайлары, артықшылықтары бар, сонымен қатар аздаған əлсіз жақтары да жоқ емес (ұлан байтақ жеріне салыстырғанда халқы тым аз болуы, теңізге тура шыға алмауы, ауа райының тым қатал болуы т.б.). Мəселе дүниедегі ең қонақжай жомарт қазақтай халқы бар елдің дамымасына ешбір кедергі, сылтаудың жоқтығы болып отыр. Дамыту да тек ел мен жердің нағыз иесі қазакемнің қолында ғана. Əр елді сол елдің нағыз иелері яғни төл халқы ғана дамыта алады. Басқасы турасын айтқанда «келімсек» халық болғандықтан бұл елге қонақ ретінде қарайтыны да бар. Қазақстанның экономикасы да иншаллаһ дəуірлеп дамып келеді. Қазірдің өзінде Орталық Азияда көшбасшыға айналған айтарлықтай ірі экономикасы бар. Бұл жағынан өзбек ағайындар, өзбек емес-ау Кəрімов мырза біраз керісіп еді, ақыры оның да «өкпесі күйіп» артта қалды ғой. Əлін білмеген əлек деген осы. Дегенмен бір-бірін пұлдамай дұрыс жарысса дамыс осындайдан басталады емес пе. Жарты дүниені шулатқан Шыңғысты Шыңғыс еткен кешегі Жамұқа

─ 53 ─ еді. Сол Шыңғыс артынан үш өзендегі шала «түрікті» өздеріне қайтара нағыз «моңғол» етті емес пе. Сондықтан біз қандай жарыс, алыстан қорықпай додаға шындап түсіп кіріссек, қазақ елінің көсегесі əлі-ақ көгерері сөзсіз. Қазақстанның салыстырмалы ЖІӨ $176,9 млрд, ал ресми көрсеткіштер бойынша $141,2 млрд болады. Бұл дегеніңіз Орта Азиядағы төрт елдердің көрсеткіштерін біріктірсе де бізге жетпейді деген сөз. Ал адам басына шаққанда ЖІӨ 14000$-ға (12000) жетті. Бюжеттік табыс $29,64 млрд да шығыны $32,6 млрд яғни теріс сальдолы. Ұлттық валюта қоры $25 млрд шамасында. Тəуелсіздіктен кейінгі жылдарда жалпы сомасы $70 млрд тұратын шетелдік инвестиция құйылды. Ал ішкі инвестиция $55 млрд шамасында (бұлардың барлығы дағдарыстан бұрынғы 2008 жылдың басындағы көрсеткіштер, мəлімет CIA, World Factbook-ден алынды). Бұл экономиканың ілгерлеуіне үлкен септігін тигізді. Қазақстан аграрлы, индустриялы ел. Түсті металл мен қара металл өңдеу, химия өнеркəсібі, мұнай өндеу, ауыр машина жасау айтарлықтай жақсы дамыған. Түсті металл мен қара металл өңдеу жалпы өнеркəсіптің басты салалары болып табылады жəне бұлардың үлесі жеке-жеке 12% болады. Қазақстан темір рудасының қоры жағынан əлемде 8-ші орында, бұл əлемдік қордың 6% құрайды, жəне бұл саладағы өнімнің 70%-і тура экспортқа шығады. Сондай-ақ егіншілік пен мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Бірақта экономикасы негізінен мұнайға сүйенген десе де болғандай, əсіресе экономикадағы сервистік (даяшылық ету) саланың үлесі де тым басым. Сервистік сала қашанда байлықты қолдан жаратқан да емес, тек өндірістік сала ғана ұлттық байлыққа (капитал) жол аша алады. Дамудың тетігі ұлттық өндіріс, оған қоса мейлінше саналанған ұлттық өнім жəне айтарлықтай жетілген ұлттық элита тобы ғана болмақ. Шикізатқа сүйенген экономикадан арылуға əрекеттер жасалып келе жатқанымен оның күші əлі де мығым қалып отыр. Шикізатқа тым сүйенсе онда екі ғана болашақ күтіп алады, бірі – қара құрлық Африка үлгісі, енді бірі – шикізатқа

─ 54 ─ айтарлықтай саналанған өнімді қосып үйлестіре алған Канада, Аустралия үлгісі. Қазақстан қазіргі таңда осы екі жолдың дəл ортасында тұр. Батыс елдерінде шикізатқа аса бай елдерді сол қалпымен ұстап тұру бағыты да жоқ емес. Шикізатқа бай елдерден өркенге жеткендері өте аз болды. Оның себебі, батыстың өркенді елдері олардың өркенге жетуіне тура болмаса да жанама түрде үнемі кедергі жасап келуінде еді. Батысқа шикізатты толық өңдеп шығаратын яки өзімен бəсекелесетін ел əсте керек емес. Оданша белгілі дəрежеде шикізат базасы ретінде қалдырып арзан шикізатпен қанымдалып отырғаны əлдеқайда пайдалы. Керек десеңіз, Қазақстанды да дəл осы жолға жетелеп бара жатыр. Сондықтан біз, өзіндік оқшау əрі белсенді (ашық) экономикалық бағыт ұстанып мейлінше саналанған өнім шығаруға бейімделуіміз керек-ақ. Əйтпеген күнде «бірінші шикізат базасынан» түрін сəл-пəл өзгерткен екінші база ел болып шыға келеміз. Айталық соңғы ондаған жылдары ақшаға əбден бөгіп келген араб елдерінде қазіргі кезде бірде-бір өркенді ел жоқ деуге болады. Олардан енді ғана Араб Əмірлігі бастатқан бірер елдер ғана ілгері талпынып оқшаулана бастаса, басқасы бəз-баяғы қалпы, өркеннен мақұрым, байлыққа масаттанған бойда өмір сүріп жатыр. Жалпысы бұл шикізатқа аса бай болып та керегі жоқ, бұл елді тоғышарлыққа баулитын ең басты себептердің бірі болады. Қазіргі таңда кімдер бай десе жері аз, жер асты байлығы тіпті аз елдер ғана бай, ал кімдер кедей – шикізатқа аса бай елдер ғана кедей қалып отыр. Бұл дамудың жолын дұрыс таңдап алуды, оған шындап кірісудің қандай маңызды екенін көрсететін факт.

─ 55 ─ Халқы, ұлттық құрылымы Соңғы мəліметтер бойынша халықтың жалпы саны 15,7 (16,4*) млн, оның ішінде қазақтың саны 9 млн.-нан сəл астам яғни 62%-і, қалғаны 130-ға жуық ұлт-ұлыстардың еншісінде. Ат-үсті қарағанда Қазақстанның ұлттық құрылымы тым күрделі, өте көп ұлттардан тұратын елге ұқсағанымен бұның тек 0,5 млннан астамы ғана саны 100 мыңға да жетпейтін 100-ге жуық ұсақ ұлт өкілдерінің үлесінде тиеді де қалғаны саны едəуір мол қазақ, орыс, герман, украин, өзбек, ұйғыр, татарлардың үлесінде. Сонда негізгі ұлт қазақ пен басқа үлкен ұлттар деген екі үлкен топты ғана көреміз. Бұндайда Қазақстанды өте көп ұлттардан тұратын ел дей берудің жөні аздау, бұны дəріптеп мақтан қылудың өзіндік жаман жағы да бар. Дегенмен қазақтан басқа ұлттардың жиынтық үлесі айтарлықтай көп 40%-ге таяу. Бұл, қазіргі қазақ басшылығының ұстанып отырған ұлт саясаты өте дұрыс екенін аңғартады. Қазақстан бұл жағынан бүкіл əлемге үлгі бола алатын ел. Ал Қазақстандағы бүкіл түрік тектес халықтардың үлесі 70%-ге таяп жығылады, бұл байырғы түрік тектес халықтардың үлесі басым екенін, ел де солардікі екенін білдіреді. Еңдігі жерде осы түрік тектес халықтарды бүкіл қазақтың үлесін көтеріп айтарлықтай салмақ болып есептелетіндей қып өзімізге сіңіріп алу керек-ақ. Бұдан біздің ұтарымыз көп. Əсіресе өзбек ішіндегі қыпшақ диалектісінде сөйлейтін бөлігі кешегі өзімізден бөлініп кеткен қандастарымыз болады. Оларды өзімізге тартып алсақ, еш жаттығы жоқ. Өзбек пен қазақтың өсімталдығы бірдей еді ғой, бүгінгі күні өзбектің саны осыншама көп өсуі өзіне көптеген түрік тектес басқа ұлттарды, əсіресе қазақтарды тарта білуінде еді. Сондай-ақ татар, ұйғырлар да бізге жаттығы жоқ. Бұған қайткен күнде мемлекет тарапынан арнайы саясат жүргізіп əуре болудың қажеті не, тек ұлттық төлқұжатымызға қазақ деген жалғыз ұлттың аты жазылатын болса жеткілікті, арғысын уақыттың төрелігінде қалдырсақ та болады.

─ 56 ─ Халықтардың таралымы ұлттар бойынша кесте арқылы көрсетілді. Халық саны, млн халық саны, млн қазақ 9,2 ұйғыр 0,23 орыс 3,9 (3) украин 0,45 татар 0,24 герман 0,3 өзбек 0,36 басқалар 1 млндай -толық қорытындысы шықпаған соңғы санақ бойынша халық саны 16,4 млн болды, орыстардың саны төлқұжатында орыс болып жазылған славяндарды есепке алмағанда 3 млн шамасында ғана.

─ 57 ─ Нəсілдік құрылымы Қазақ халқы антропологиялық тегі жағынан еуропалық пен азиялықтардың (монголоид) арасындағы өтпелі тұран яғни оңтүстік (алдыңғы) сібір нəсіліне жатады. Тұран тектестің ішінде қазақстандық нұсқасына жатады. Монголоид дегені моңғол тектес деген ұғымды білдірмейді, тек нəсілдік жағынан бөлінген үлкен тұрпаттардың бірі осылайша монголоид деп аталады. Бұған Азиядағы көптеген халықтарды жатқызатын болған. Тұран нəсілі ертедегі еуропа жəне азия тектес ру тайпалардың өзара араласуынан қалыптасса керек. Дегенмен алғашында бұл нəсілде еуропалық нəсілдің үлесі сəл басым болған болса енді азиялық үлес басымдау болып келеді. Жалпысы өтпелі тұран нəсілінің қалыптасуына ежелгі үйсіннің əсері көп болған дейді. Бұл нəсілдің сипаттары: бас сүйегі жұмыр, беті жалпақтау, шашы көбінесе қара, тері түстері ашық, орта бойлы, көзі сəл шүңеректеу т.т. Қазақ халқы антропологиялық тегі жағынан біртұтас халыққа жатады. Жері қанша кең байтақ болса да Батыс пен Шығыс Қазақстандағы қазақтарда өзара айырмашылық жоқ, бұл олардың ежелден өзара көп араласқанына тіке байланысты. Нəсілдің былайша біртұтас болуы тілінен де байқалады, шығыс пен батыстағы қазақ түгіл шетелдегі қазақтың да тілінде көрінеу тұрған диалект əсте болмайды, ал сөз мақамы аздап болса да бар, бұл жерінің тым шалғайлығы мен сананың көп алшақ болып қалыптасуына байланысты құбылыс. Қазақтарға ең жақын халық қырғыздар, одан кейін ноғайлар, қарақалпақтар. Негізгі тұрғындары өте ерте кезде Еуропадан келгендер болған да соңынан Орталық Азиядан барған монголоидтармен араласып қазіргі өтпелі тұран нəсілін қалыптастырғанын ғылым дəлелдеп отыр. Ал басында осы еуропоидтардың өзі монголоидтардан таралғаны ғылымда дəлелденді. Демек осы нəсілділер айтарлықтай араласып тұрған деген сөз. Сондықтан да қазакем орта-

─ 58 ─ сында көзі жіпсиген монголоидтар да, көзі сəл шүңіректеу ежелгі еуропоид да кезігіп қалады. Бұған Жетісу үйсіндері жəне Кіші жүздегі кейбір рулар дəлел бола алады. Немесе ата-анасы кəдуілгі «жалпақ сары» қазақ бола тұра баласы «жіпсиген қара» болуының себебін осыдан-ақ байқарсыз. Нəсілдік құрылымы былайша болуы қазақ халқының тегін тек ежелгі сақ, үйсін, ғұн, түріктен тарқата салуға болмайтынын, бұл нəсілде еуропоидтардың да үлесі көп болғанын аңғартады. Жалпысы орта сақ дəуіріне дейін түркі халықтарында еуропоидтік келбеті басым болды деген болжам бар. Саны Қазақ халқының жалпы саны 13,5 млннан астам, бұл тек таза қазақтардың саны. Оның 9,2 млны атамекен Қазақстанда тұрады (68%), қалған 4,5 (!) млндайы жақын жəне алыс шетелдерде өмір сүріп жатыр. Əртүрлі мəліметтерге қарағанда Ресейде 800 мыңнан астам, Өзбекстанда 1,2 млнға таяу, Қытайда 1,3 млннан астам, Моңғолияда 130 (160) мыңнан астам, Түрікменстанда 80 мыңдай, Қырғызда 40 мың, Түркияда 30 мыңдай қазақ бар. Кейбір бейресми мəліметтер бойынша Қытайда 2 млннан астам тіпті 3 млн 160 мыңдай қазақ бар делінеді (бұл сан Шыңжандағы (Шығыс Түркістан) статистика маңындағы бұлақ – қазақтан алынды). Алайда бұл санды тектейін десең Қытай елінің түрі анау. Қытайдағы қазақтың өтірік-шыны беймəлім өсірген санымен есептесек онда бүкіл таза қазақтың саны 15 млннан асып жығылады. Қасиетті бұл 15 млнға баяғыда-ақ Мақаш ағамыз Өзбекстандағы жəне əр жердегі дүдəмал қазақтарды қоса есептеу арқылы жеткізіп қойғанды. Меніңше ондай дүбəра қазақты есептемей-ақ қазақтың жалпы саны 15 млнға жететін сияқты. Бірақ Қытайдағы қазақтың санында күмəн бар дегендей Өзбекстан мен Ресейдегі қазақтың санында да күмəн бар болғандықтан барлық қазақтың толық санын анықтау қиын. Меніңше Ресейдегі қазақтың саны 1 млнға, Өзбекстандағы таза қазақтың саны да 1,2 млнға ешқашан

─ 59 ─ жетпеген (кей мəліметтерде Өзбекстанда 1,5 млн, Ресейде 1 млннан астам таза қазақ бар деп жүр, бұған өз басым сенбеймін). Сонда шетелдегі қазақтың диаспорасы 5 млнға жетпейді де, Қытайдағы өтірік-шыны белгісіз 2-3 млн қазақты қосқанда ғана бұл санға жетеді. Қытайдағы 1,3 млн қазақ саны бұл өспесе əсте кемімейтін нақтылы сан, ал Ресей мен Өзбекстандағы қазақтардың жалпы санын 2 млннан сəл астам десек шындыққа жуиды да шетелдегі жалпы диаспора саны 3,8 млннан онша көп аспай қалады. Ары кетсе 4 млннан астам ғана болады. Сонда барлық қазақтың саны кең мол 13,5 млн ғана болып шығады. Мұнда гəп бар, демек біз əлі халқымыздың толық санын білмейміз, білетін мүмкіндік те өте аз, оны білу үшін ылғи Қытай сияқты кертартпа елдерге тап боламыз. Ол аз болғандай енді өзбек ағайыннан да сондай мінездің қылпыны білініп қалып жүр. Қандай да бір ел өз ішіндегі аз ұлттардың санын толық дұрыс айтпайтын «жазылмаған заңы» бар. Бұндай жағдайда қазақтың толық санын нақты есептеп шығару тіпті мүмкін емес те. Ал долбарлап шығаруға болады, онда таза қазақтың саны 15 млннан да асып кетті. Егер ұзын саны 1,5 млннан асатын Өзбекстан жəне біраз елдердегі басқа ұлттарға əбден сіңіскен дүбəра қазақты есепке алсақ онда иісі қазақтың саны 16 млннан астам.

─ 60 ─ Ұлттық шашырандысы (диаспорасы) Қазақтар əлемнің 40-тай елінде таралғанымен бұлардың ішінде Еуропадағы Түркия ғана нағыз қазақ шашырандысы (диаспора, ұлттық шоғыры) тұратын елге жатады, қалған Германия, Франция, Украина сияқты көптеген елдердегі саны өте аз, ұзын саны 5-тен 10 мың (тіпті бұған да жетпейді) арасындағы қазақтарды енді диаспора деу қиын, керісінше ондағы өте аз санды қандастарымыз десек оңтайлы. Ал Ресей, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғыз, тіпті Түрікмендегі қазақтарды да диаспора деп атауға болмайды, тек өзінің ежелгі атамекеніндегі қазақтар яғни ғылыми атауымен айтқанда ирредиент деген дұрыс болар. Сонда қазақтарда таза диаспора деген жоққа тəн, тек ел елдерге ерікті, еріксіз бөлініп қалып қойған сорлы қандастарымыз ғана бар десек дұрысы сол. Қазақ халқының ең көп бөлігі тұратын ел Қытай, одан кейін Өзбекстан, Ресей. Ал шеттегі қазақтардың ішінде салт дəстүрін ең жақсы сақтап қалғандар Моңғолиядағы қазақтар делінеді. Бірақта бұған да өз басым күмəнданар едім. Моңғолия қазақтары əдетте, қарапайым отбасы тілінде айтарлықтай жақсы, таза сөйлегенімен басқа жағынан көп мешеуілдеп қалып қойды. Оларда қазақ тілінің əдеби нұсқасы жоққа тəн. Ал басқа жердегі қазақтардың күні бұдан да төмен, қазірдің өзінде мəңгүрттеніп басқаларға сіңіп жатыр. Бұған Қытайдағы, Еуропадағы, Ресейдегі қазақтарды мысал қып айтуға болады. Қазіргі таңда шетелдегі қазақтар атамекенге көптеп көшіп келіп жатыр ғой. Бұлардың қазақ еліне көптеп келуіне қуансаң да кейде мұңаясың. Айталық бұл көште үлкен ақтаңдақ бар. Еуропадағы, алыс шетелдегі онсыз да сіңіп бара жатқан қазақтар атамекеніне келген сайын жақсы ғой. Бірақта өз атамекеніндегі, мысалы, Шығыс Түркістандағы (Шыңжан), Өзбекстандағы, Ресейдің бізге шекаралас көптеген облыстарындағы қазақтар көшкенде ондағы біздің ежелгі атамекендер біреуге мекен болып қала беретіні көңілге мұң ұялатады. Ресейдің Сарытауында,

─ 61 ─ Астраханның Алтынжарында əйгілі Құрманғазы атамыздың, Өзбектің Тəшкенінде төбе би Төленің, Науаидің Нұратасында əйгілі Əйтеке бидің, Самарқанда алшын Жалаңтөс баһадүрдің, Нөкісте адай Ерқосай батырдың, Хорезмде Сырым батырдың сүйегі қалды ғой. Қала берді Шығыс Түркістандағы ұлы Оспанның рухын қайтеміз. Олардың арманы осы жерлерді қазаққа аманат етіп беру еді ғой. Енді сол жерлерді жат жұрттық отаршыларға қайтып қиясың. Сол жерлердің түгелге жуығы қазақ елінен берсе қолынан, бермесе жолынан тартып алынған жерлер еді. Ал Өзбек, Түрікмен, Қырғыздағы жерлер əртүрлі тарихи кезеңдерде оларға əртүрлі себептермен қосылып телініп кеткен жерлер. Қимаймын десең оларға біржолата сіңерсің. Қалай тартса да өгіз өлетін мына заманды да қайтерсің. Дегенмен алдыңғы кезекте Еуропадағы қандастарымызды тартып алу керек-ақ. Өйтпеген күнде олар енді мүлдем жоғалары хақ. Қазірдің өзінде сіңіп таусылуға таяды. Бұндай тағдыр енді Ресей мен Қытайдағы қазақтарға кез болады. Алайын десең ол қиын, алмайын десең тіпті қиын, сын сауал болып тұрған жоқ па. Алам деген күннің өзінде оңай бере қоятын олар тағы емес. Бұл бір өз шешімін күтіп тұрған үлкен проблема, əрі шешімі табыла кетуі екіталай дүние. Қазақ диаспорасының адам саны кестеде көрсетілді. ел саны ел саны Қытай 1,35 млн Түрікменстан 100 (80) мың Өзбекстан 1,5 (1,2) млн Түркия 30 (20) мың Ресей 1 (0,8) млн Қырғызстан 40 мыңдай Моңғолия 130 (160) мың Иран 4 мың Ауғанстан 10 мың Тəжікстан 8 мың Украина 10 мың Басқа елдер 100 мыңдай барлығы 3,8* (5) млн

*-Ресей, Өзбекстан, Қытайдағы толық саны анықталмаған қазақты қоспағандағы барлық диаспора саны. Кей деректерге

─ 62 ─ қарағанда Ресейде 1 млн, Өзбекстанда 1,5 млн, Қытайда 1,7 млн қазақ бар. Алайда Қытайда осы санға жуық келетін қазақ бар деуге əбден болады, ал Ресей мен Өзбектегі қазақтың саны осыған сай келеді дегенге илану қиын. Тілі Қазақ тілі Еуразиядағы үлкен тіл тобы болып есептелетін орал-алтай тіл тобына жатады. Ежелгі дəуірде Орталық Азияда яғни Алтай тауы маңында алтай деген ата тіл болды деген болжам бар. Осы тілден бүкіл алтай тілі бастау алады деп көреді. Бұл топқа орал тіл тобын кейде кіргізіп кейде кіргізбей жүр. Кіргізетін себебі орал тобына жататын қазіргі мажар тілі сияқты тілдер ежелгі қыпшақ тілінен тікелей таралғаны үшін, ал жатқызбайтын себебі алтай тілі жалғамалы тіл болғандықтан оған үнді-еуропа тіліне ұқсастығы өте көп орал тіл тобын телитін жөні жоқтығынан болады. Сонымен бұл тілдерді алтай тілдері десек, ол үш үлкен топқа бөлінеді: түркі тіл тобы, моңғол тілі тобы жəне манжу-тұңғұс тіл тобы (өздерінен басқаның атын дұрыс атап көрмеген орыстар бұларды маньчжур деп атаған, содан біздің қазақтар да өзінің ежелгі туысын дұрыс атамай солай маньчжурлер деп атап кетті, бұлардың қазақша атауы шүршіт болады). Кейде жапон, кəріс тілдерін де алтай тілінің бөлек бір алыс бұтақтары деп есептеп жүр. Алтай тілінің ең көп таралғаны да ең көп өзара бұтаққа бөлінетіні де түркі тілі. Түркі тілі кемінде 6-10 мың жылдық тарихы бар көне тіл деп есептеледі. Түркі тілдерінде сөйлейтіндердің жиынтық саны 200 млнға жетіп жығылады, бұлардың ішінде ең көп таралғаны қазіргі анадолы түрік тілі, бұл тілде 70 млннан (күрдтерді қоса есептегенде) астам адам сөйлейді. Кейінгі орындарға 26 млн. адаммен əзербайжан тілі (Ирандағы əзерилерді қоса есептегенде), 24 млн. адаммен өзбек тілі, 13,5 (15) млн адаммен қазақ тілдері кіреді. Одан кейін сан есебімен ұйғыр, түрікмен, татар деп жалғаса береді. Түркі тіл тобына 40-тан астам тілдер: түрік, əзербайжан,

─ 63 ─ өзбек, қазақ, ұйғыр, түрікмен, татар, қырғыз, қашғай, башқұрт, чуваш, афшар (аусар), қарақалпақ, қарашай-балқар (малқар), саха тілі, қырым татар тілі, хақас, құмық, ғағауыз, тыва (тува), ноғай, алтай тілдері жəне саны өте аз долған, шор, тофа, ұранқай (цатын), хотан тілдері секілді көптеген тілдер жатады (мұндағы тыва мен ұранқай тілі соңынан өзара ажыраған бір тіл болады, ұранқай дегеніміз Солтүстік Моңғолиядағы түрік тектес азғантай ұлт болады, ал Батыс Моңғолияда ұранқай деген жоңғардың бір руы тағы бар, бұлар түрік тектес емес). Түркі тілді халықтар сан жағынан Еуразияда қытай, үнді, славян, роман, герман тілділерден кейін алтыншы орында. Екі жүз млн түркілердің тек 120 млны ғана өздерінің тəуелсіз алты мемлекетінде өмір сүрсе қалғаны басқа елдерде өмір сүреді. Қырықтан астам тілден құралатын түркі тілдерінде саха мен чуваш тілін есепке алмағанда басқаларының лексикалық, грамматикалық, фонетикалық құрылымында айырмашылық жоқ деуге болады. Осы 40-ға жуық түркі халықтардың 70%-і еуропоид нəсілді, қалғаны монголоид нəсілді болады. Қазақтар аралас яғни өтпелі нəсілге жатады. Түркі тілділер негізінен ислам дінін, оның ішінде сүнни ағымын ұстанады. Ал əзербайжандардың негізгі бөлігі исламның шиіт бағытын ұстанады, ішінара сүнни ағымын ұстанатындары да бар. Түркі тілділердің арасында христиан дініне де, шаманға да сыйынатын ұлттар бар. Ол – ол ма қарайым (осы тілді қазақ тіліне өте жақын тіл деп көреді) мен бұхар түріктері (еврейлері) иуда дініне сыйынады. Тіпті екі дінге де бөлініп сыйынатын халық (Қытайдағы Қызылсудың қара қырғыздарының бір бөлігі жəне ұйғырдың өте аз бөлігі (сары ұйғыр) буддизмді ұстанады) та кездеседі. Бұған Кеңес дəуірінде тілін, ділін ұмытып басқа дінге күшпен шоқынғандарды есепке алмаймыз. Ал алтай тілінің өзге екі тобы, моңғол тілі тобына моңғол немесе халха (кейде ішкі моңғол тілін де осы топқа жатқызады), ойрат (ойрат тілінің өзі екіге бөлінеді, қалмақ (құба) жəне ойрат (қара қалмақ яки жоңғар) тілі деп), ішкі моңғол, бурят (бұйрат),

─ 64 ─ барға, монгор, дағур, дунсянь т.б. тілдері (бұлардың монгор, дунсяньнан басқасын кей ғалымдар тіл бұтағынан гөрі бір тілдің ішіндегі диалект дейді, дегенмен сандаған жылдар өзара ара-қатынас болмай айтарлықтай ұзап бір-бірінен көп бөлек тіл болып қалыптасқан, бұлардың өзара айырмашылығы қазіргі қазақ пен қырғыз тілдерінің өзара айырмашылығынан да көп ұзақ келеді), манжу-тұңғұс тіл бұтағына манжу, евенк (тұңғұс), евен тіл қатарлы тілдер жатады. Бұл тілділердің негізгі діндері шаман жəне буддизм діні болады. Түркі тілділердің жері өте кең байтақ, Еуразияның орталық белдеуін ала батыста Анадолыдан (Кіші Азия) шығыста Сахаға (Якутия) дейін он мыңдаған шақырым жерге жалғасып жатыр. Ал бүкіл алтай тілінің таралымы бұдан да үлкен екені белгілі. Түркі тілі ішінен үлкен бірнеше топ, бұтаққа бөлінеді. Қазақ тілі түркі тілінің батыс ғұн тілдерінің қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай аралық бұтағына жатады, дегенмен қазақ тілін тура батыс ғұн тіліне қарата салу сондай дұрыс емес, бұл тілде шығыс ғұн тілінің əсері де аз болмаған. Бұл бұтаққа қазақ, қарақалпақ, ноғай (жəне қарайым) тілдері жатады. Бұл тілдер бір-біріне тым жақын, керек десеңіз бір тілдің əр алуан диалектісі десе де болғандай. Қазақтан басқа ноғай, қарақалпақ тілдеріне əсіресе қарақалпақ тіліне соңғы кездері қарлұқ (шағатай) тіл тобына жататын өзбек тілінің əсері өте көп болып ұзап бара жатқан жəйіт бар. Қазақ тіліне бөлек ұзақ бұтақтан қосылуына қарамастан қырғыз тілі өте жақын келеді, əсіресе сөздің айтылуы. Ал жазылуы cəл алшақтау келеді. Қырғыз тіліне əсіресе оның əдеби тілі делінетін солтүстік диалектісіне қазақ тілінің əсері өте көп болғанда ақыры бөлек бұтақ екені айырылмай қалуға айналған. Қырғыз тілі шығыс ғұн тілінің қырғыз-қыпшақ тобына жататын көне кейпін жақсы сақтаған тілдердің бірі. Қарақалпақ, ноғай, қырғыз тілінен кейін қазақ тіліне жақын тілдер татар, башқұрт тілдері. Одан кейінгісі өзбек, ұйғыр тілі болып табылады. Қазақ тіліне өзінің шығу тегі жағынан өте ұзақ топқа жататынына қарамастан тағы бір жақын тілдер алтай, тыва тілдері. Осы тілдер бір сөзі таза қазақ,

─ 65 ─ бір сөзі моңғол болуымен аса «жақын» тілдердің бірі болып табылады. Қазақ тілі сөз басында «й»-ны «ж» қып айтумен өзге түркі тілдерінен ерекшеленеді. Қазақ тілі ешбір диалектіге бөлінбейтін біртұтас тіл. Жəне басқалармен салыстырғанда моңғол тіліне айтарлықтай ұқсастығы да бар. Сондай-ақ көне қалпын жақсы сақтаған сөзге ең бай, таза тілдердің бірі. Ежелгі шағатай тіліне де мейлінше жақын деп көреді. Көне қыпшақ тілі қазақ тілінің бастамасы болады. Қыпшақ тілі көк түріктің тұсында да өктем орында болған тіл. Бұл, көк түріктің бірденбір мұрагері қазақтар екенін білдіреді. Қазақтың жері ұланғайыр бола тұра қазақ тілі ешбір диалект, говорға (сөйлеу мақамы) əсте бөлінбейтінімен басқа түрік тектес тілдерден ерекшеленеді. Бұл жер шарында диалектіге бөлінбейтін тіл кемде-кем, бұндайда біздің қазақтар ешбір диалектіге бөлінбейтін ортақ тілімен мақтануға əбден болады. Өйткені тілдің біртұтастығы ұлттың біртұтастығы деген сөз. Ұлт дегеніміз сайып келгенде тіл ортақтығы деген сөз. Сонда біздің қазақ халқы əлемдегі ең біртұтас халықтардың бірі болады. Қазақ халқы ежелден көшпенді халық. Көшпенділердің тілі отырықшы халықпен салыстырғанда əлдеқайда таза келетін заңдылық бар, бұл оның басқалармен айтарлықтай аз араласуынан болады, ал отырықшылар деген сөз «қазанмен біте қайнау» деген сөз. Бұндайда олардың тілі де таза қалпын сақтай білмейді. Қазір де сол, ауылда қазақ тілі айтарлықтай таза сақталса, ал қалалы жерде сын көтермейді, барынша шұбарланған. Дін жағын айтпағанда қазақтың арасына басқа біреулер қандай сына қақса да жік түспейтін біртұтас халықпыз. Арасы 3000 шақырым шалғайдағы қазақтардың тілінде əсте диалект болмайды, ал өзіндік сөйлеу ерекшелігі, сөз мақамы аздап болса да баршылық, ол жерінің тым шалғайлығына байланысты. Қазақ тілінің осынау біртектілігі қазақ халқының сан ғасыр бойы жаугершілікті бірге көріп бірігіп отырғандығына, алыс шалғай көшіп бір-бірімен етене көп араласып отырғандығына байланысты. Жəне де əн-күйге əуесқой ойын сауықшыл халық болғандығы бұған өзіндік септігін тигізді. Алтайда жаңа

─ 66 ─ шыққан əн көп кешікпей Атырауда айтылатын болған. Міне, бұлар біртекті қазақ тілін қалыптастырды. Қазіргі кезде қазақ тілінде өзара сөйлеу мақамы бар деуден гөрі сан ғасыр бойы отаршылардың қасақана қалыптастырған сананың алшақтығы ғана бар десек дұрыс болар. Сондықтан да кейде, мысалы, Моңғолдағы қазақ пен Қазақстанның қазағы ойдағыдай тіл табысып кете алмайды. Оған көбінесе атажұрттағы қазақтың санасы кедергі болады, айталық екеуі де жап-жақсы қазақша сөйлеп тұрғанымен ұлттық санасы көп бөлек болып қалыптасқан соң оларға өзара түсінісу оңайға соқпайды, сол үшінде үнемі бір жағы «кінəлі» болып шығады. Қазақтың тілімен қоса оның санасы да сақталмаса ол таза қазақ бола алмайды, болса да қазақ болмысы оған түкке тұрмайтын мəңгүрт біреу болады. Алтай тілінің бұтақтары схемада көрсетілді, түркі тілді халықтардың таралымы картада, саны кестеде көрсетілді. түркілер cаны, млн түркілер cаны, млн анадолы түркі 70 чуваш 1,8 (2) əзірбайжан афшар (аусар) 0,6 өзбек қарақалпақ 0,55 қазақ 13,5 (16) қарашай-балқар 0,4 ұйғыр 10 (15) саха 0,45 түрікмен 6,3 қырым татары 0,3 (0,8) татар 6 (8) тыва (тува) 0,27 қырғыз 3,7 алтай 0,06 (0,09) қашғай 1,5 ноғай 0,09 башқұрт 1,8 құмық 0,4 хақас 0,09 месхед түркі 0,25 басқалар 10млн шамасында ұранқай-тыва 0,028 барлығы 180 млн

*-ұйғырдың саны қытай тарапынан басылып айтылады, сондықтан бүкіл түркілердің саны да азаяды. Қазақтың саны дүбəра қазақты қосқанда 16 млннан астам. Анадолы түркілерінің санына күрдтер қосылып есептелді. ─ 67 ─

─ 68 ─ Рулық құрылымы Қазақ халқы негізгі үш үлкен тайпалар бірлестігі – жүзге бөлінеді, жүздер де əрі қарай сандаған ру тайпаларға бөлініп кете барады. Бұлар ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз деп аталады. Ұлы жүз Жетісу, Қаратау маңын яғни ежелгі Үйсін ордасы маңын мекендесе, орта жүз қазіргі Орталық Қазақстанды түгелдей, ішінара Сыр, Арал маңын, жəне Алтай, Ертіс алқабын, кіші жүз Еділ, Жайық, Арал маңын яғни Батыс Қазақстанды, жəне Солтүстік Қазақстанды мекендеген. Қазір де осылайша мекендеген үрдіс сол қалпында сақталған деуге болады. Айталық, орта жүз тайпалары болатын наймандар Ұлытаудан Ертіс, Есілге дейін сондай-ақ Алтай, Тарбағатай (Барқытбел) маңын, қоңыраттар Түркістан, Қаратау маңын, арғындар Ертістен Орталық Қазақстанға дейін, ішінара Сыр, Жетісу маңын, керейлер Алтайда тұтастай, ішінара Жетісу, Тарбағатай, Ертіс, Тобылға (Көкшетауға) дейін, уақтар керейлер мекендеген жерлерде жəне Орталық Қазақстанды ішінара, қыпшақтар Орталық Қазақстанды мекендесе, ұлы жүз тайпалары болатын дулаттар Алатау, Іле, Шу, Талас, Отырар,Тəшкен маңын, қаңлылар Қаратау, Сырдың орта ағысын, Батыс Жетісу маңын, жалайырлар Балқаш, Қаратау маңын, үйсіндер (ұлы жүздің қалған тайпалары) Жетісу маңын, Іле-Құлжа өңірін, кіші жүз ру тайпалары, мəселен адай Батыс Қазақстан өңірін бүкілдей, алаш Жайық, Ойыл, Нарын маңын, байбақты Атырауды, Жайықтың оң жағалауын, беріш, есентемірлер Атырауды, жағалбайлы Атырау, Орал, Ақтөбе, Қостанайды, жаппас Атырау, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Торғай өлкесін, кердері Ақтөбе, Батыс Қазақстанды, керейт (керейіт деп те жазылады) Сырдария, Арал маңын, кете Атырау, Ақтөбе, Қызылорданы, қаракесек Атырауды, қарасақал Сырдария, Торғай, Атырауды, қызылқұрт, масқарлар Батыс Қазақстан өңірін, рамадан Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Маңқыстауды (Маңғыстау), табын Батыс Қазақстан жəне Үстірт өңірін, таз Батыс Қазақстан

─ 69 ─ өңірін, тама Орал, Жайық маңын, тана Батыс Қазақстан өңірін, телеу Сырдария, Торғай, Жайық өңірін, төртқара Батыс Қазақстанды, шекті Ақтөбе, Қызылорда маңын, шеркеш Еділдің шығысынан Жем, Ойылға дейін, шөмекей Жайық, Арал, Сыр, Каспий, Ырғыз маңын, ішінара Қарақалпақстанды, ыссық Атырау, Жайықтың төменгі ағысын мекендейді. Сондай-ақ керейлер Моңғолияда, Қытайда, Түркияда, Еуропада, Адайлар Түрікменстан, Ауғанстан, Иранда, ұлы жүздің албан, суан, ысты сынды тайпалары Қытайда, кіші жүздің көптеген тайпалары мен орта жүздің арғын сынды тайпалары Қазақстанмен шекаралас Ресейдің өлкелерінде, сондай-ақ кіші жүз бен орта жүздің көптеген ру тайпалары Өзбекстанда көптеп мекендесе, ал наймандар Қытай, Ресей, Моңғолияда да мекендейді. Қырғызстанда ұлы жүз жəне орта жүзден біраз қауым тағы бар. Жүздерге бөліну үрдісі шамамен қазақ хандығы құрылу кезеңімен бірге болып өткен. Бірақта бұл үрдісті одан кейінірек ХVІІ ғасырдың басында болып өткен деген тағы бір болжам бар. Бұл кезең Ақназар ханның дəуіріне сай келеді. Жүзге бөліну үрдісі тек Ақназар ханға байланысты емес, одан кейінгі хандарға əсіресе Тəуекел ханға да қатысты деу керек. Ақназар ел билеген тұста қазақ хандығының жері қазіргі Қазақстанды тұтас қамтыды, қазақ халқын құраған бүкіл тайпалар оған қарап, содан ежелгі түріктердің салты бойынша елін орталық, оң, сол қанат деп үшке бөлген көрінеді. Осыдан қазіргі үш жүз қалыптасса керек. Бұған қоса қырғыз, қарақалпақ, құрамақатағандар да қазақ хандығына қарасты болды. Дəл осы кезде көк түріктің алаш ұғымы қайтадан жаңғырып алты алашқа осы үш жүз жəне қырғыз, қарақалпақ, құрама-қатағандар кіретін болған. Бірақта алаш ұғымын көк түрікке емес бұдан көп кейін Моғолстан тұсындағы Ахмет ханға байланысты шыққан деген жорамал тағы бар. Ахмет хан айтулы батыр адам болып көршілес ойраттарды «қойша қырса» керек. Содан жоңғарлар бұл Ахмет нағыз «алач» екен деп артынан бұл атау алаш болып қалыптасты дегенді əйгілі Бабырнама айтады. Қазіргі

─ 70 ─ моңғол тілінде алач сөзі өлтіруші деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ алаш атауы жоңғардың бір руында сақталған жəне Халха моңғолдың бір ханның атауы да Алаш (Алшаа) болған еді. Бірақта біз мұны Моғолстанның Ахмет ханына байланысты емес, көк түркіден қалған ұғым деп қарастырғанымыз жөн сияқты. Ұлы жүзден (Үйсін, Ақарыс) Қаңлы, Албан, Суан, Дулат, Жалайыр, Сарыүйсін, Ошақты, Ысты, Сіргелі, Шапырашты, Шанышқылы, Қатаған тарайды (Ұраны Бақтияр). Орта жүзден (Бекарыс) Арғын, Найман, Керей, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ тарайды, бұларды кейде алты арыс деп те атайды (Ұраны Ақжол). Кіші жүзден (Алшын, Жанарыс) Байұлы: Адай, Беріш, Алаш, Жаппас, Есентемір, Малқар, Таз, Тана, Шеркеш, Байбақты, Ыссық, Қызылқұрт; Əлімұлы: (Əлім), Шөмекей, Шекті, Кете, Төртқара, Қарасақал, Қаракесек; Жетіру: Табын, Тама, Кердері, Жағалбайлы, Керейт, Телеу, Рамадан тарайды (Ұраны Алшын). Мұндағы Бекарыс, Ақарыс, Жанарыс атауы символикалық атау, бұның қазақтың рулық құрылымына тура байланысы жоқ. Жүздерді бір жағынан үш орда (хандық) десе де болғандай. Осылардың ішінде Кіші жүздегі үш тайпа негізінде ру тайпалар бірлестігі болады, оның ішінде Жетіруды туыстық жағынан өзара байланысы жоқ жеті ру құраған еді. Жетіруды бір ру (тайпа) қып Əз Тəукенің өзі бекіткен дейді. Енді жоғарыда толық таратылып кеткен кіші жүзбен қоса басқа екі жүздегі тайпаларды да арықарай руларға тараталық. Ұлы жүз: Албан: (ұраны Райымбек, таңбасы дөңгелек О) Сары. Сүйменді: айт, бозым (сары, таз), қыстық; Сүйерқұл (сегіз сары): досалы, шоған, қожбанбет, жарты (жəне шажа (үмбет), алжан (мəмбет), құрман, қыстық, тоқан, баба, жəнібек, таз, т.б); Шыбыл. Қызылбөрік: молболды, жолболды (сақау, кереқұл); Қоңырбөрік: өтей, бойдақ; Құртқа-Мамай; Суан: (ұраны Байсуан ) Дайсуан жəне Байсуан. Байсу-

─ 71 ─ аннан қанбағыс, досбағыс, бекарыс, тоғарыс; Дайсуаннан ұрпақ тарамайды. Сары үйсін: қалша (қайқы, сопы), жақып (баба, жанай, солтанқұл, жаулантай); Шапырашты: (ұраны Қарасай) асыл, шыбыл (ораз, байыс, жəдік, ибақ, сары), екей, еміл-есқожа, айқым; Жалайыр: шуманақ: андас, қарашапан, қалыс (қалпе), сыпатай (ақмарқа, қарамарқа, сауық, шалымбет, есеней, күшек), мырза (əліке, аман, бəйбіше), орақты, ақбұйым; сырманақ: арықтыным, байшегір, балғалы жəне (күшік), қайшылы; бірманақ: сиыршы (байбөген); Ысты: (ұраны Жауатар) тілік: тазша, таздар, асанқараған, қоңыр, сексен, бойқараған, жырымсыз, ақмолда; ойық: есім, малай, таз, құланшы; Шанышқылы: балық, күрпік, дарқан, саңырау; бұларға қатағанды да қатыстырады. Ошақты: (ұраны Бақтияр, таңбасы тұмар Δ) байлы (байназар): сүзік (созақ), байсары, қасқа, қабыл; қоңыр (қойназар): шуылдақ, алданар, түлікші, жамантымақ; аталық (бекназар): орақ (төртауыл, қарсақ), жалмəмбет (берді, сүгір, төбет, тас); тасжүрек (ақназар): қосақ, солақай, сейіт, тоқтауыл, қараман, келменбет, бөлек, тас, тілеу, қайқы, таз, кенже; Дулат: ботбай (құдайқұл (əлімжан, есбер, бесторсық, сиыршы), шағай (есенбай, ақша, қожай, асан, жанқойлық, тайлақ), қоралас (есен, ырыс, мəметай, бекшора, қауғаяқ, шауқар, итім, сарым, мырза, бура, томай, қосан), бұйдас), шымыр (шынқожа (бозқозы, бозым, байтана, боқай, темір), бекболат), сиқым (аққойлы, қарақойлы, қусирақ, шуылдақ, əлсейіт, жансейіт), жаныс (жанту, қапал, жарылқамыс, оймауыт, бөгел, жантаң, шегір); Сіргелі: өтеп: қарабатыр, батыр, айт-бозым; бораш: кеңірдек, қайшылы; байлы: ақсиық, қожасиық, қарасиық, құлыншық; Қаңлы: (ұраны Байтерек, таңбасы шылбыр ∞) қанкөжек жəне келдібек. Келдібек: сары қаңлы жəне қара қаңлы. Сары қаңлы (Сырдария): ақбота, миям, ақынқожа,

─ 72 ─ телқожа, омыртқа; Сары қаңлы (Жетісу): əлсейт, ақбарақ, құйысқансыз, бозым, ешкілі, шанышқылы; Қара қаңлы (Сырдария): тоғызбай, онбай, тоғанбай, бақа, бадырақ, қара; Қара қаңлы (Жетісу): ерезен, қоспан, еңке, танта, бақа, оразымбет; Орта жүз: Арғын: (ұраны Ақжол, таңбасы қос таңба OO) мейрам (бес мейрам): қуандық, сүйіндік, бегендік, шегендік, қаракесек; тарақты (ноқта ағасы): (апай, тоқтауыл, қыдыр, жəші, əлі, əйтей, сары, алакөз, қосанақ, шəуке, əлеуке, көгедай); момын (жеті момын): ақсопы: қанжығалы, тобықты, қарасопы: бəсентиін, қарауыл, сарысопы: атығай, тəмпісопы: сарыжетім, шақшақ; Найман: (ұраны Қабанбай/Қаптағай, таңбасы бақан V) төрт төлегетай: төртуыл (тоқан, тоғыз), қаракерей, матай, садыр; ергенекті найман: көкжарлы, бура, сарыжомарт, терістаңбалы: бағаналы мен балталы; Керей: (ұраны Жəнібек, таңбасы абақ Ф (қақпан) жəне ашамай (шек таңба) Х) он екі Абақ керей: ителі (қойлау), жəдік (жанат (қостай, тоқай, боқай, ағыс, қыдыр, тілеке, майма, байыс), итемген, мұнал, мəлік), жəнтекей, меркіт (меркіттер Шыңғыстан жеңілген соң керейге келіп сіңген, бұлар да ішінен əлмəмбет, құлсары, лепес, шығар деп бөлінеді, ұраны құлсары), шеруші, қарақас, молқы, сарыбас, шимойын, жастабан, шұбарайғыр, көнсадақ (кенсадақ); Ашамайлы керей: сибан, балта, самай, ақсары, құлсары, нұралы, семеналы, нұрымбет, ақымбет, күшебе (көбеше); Уақ: (ұраны Жаубасар) шоға, сарман, байназар, сарыбағыш, сіргелі, еренші, əлімбет, бидалы, жансары, баржақсы, шəйкөз; Қоңырат: (ұраны Алатау, таңбасы босаға П) көтенші: жаманбай, аманбай, жетімдер, божбан, саңғыл; көктінұлы: байлар, жандар, аққой, оразкелді, тоқболат, қаракөсе, құлшығаш; Қыпшақ: (ұраны Ойбас, таңбасы қос əліп )ﺍ ﺍбұлтын, торы, ұзын, көлденең, қарабалық; Кіші жүз: Байұлы: Адай (балықшы, жеменей, құнанорыс, ақпан, то-

─ 73 ─ быш, мұңал, тəзіке, қосай), Беріш, Алаш (алаша) (тоқбас, ағалақ, шағалақ, құбылай, ақберлі, тоқберлі), Жаппас (шолтан, сумұрын, бесбалуан, баймұрат, қалқаман, ұңғыт, ыстық, өтей, киеке, алтын (қосқұл, қазалы, шұңғыр), Есентемір (жаңқабыл, бессары, қаратамыр, кенжебай, қырғыз, əжімбет, қожамбет, бердімбет), Малқар (құттықадам (өтебай, құрман, бабаназар), масақ (атойнақ, жəдік, төлеке, қанай, қырықсадақ), Таз (абдал, келдібай, жастабан, шарғи), Тана (қалқаман, жақсыкелді, тойлан, ақымбет, жиембет, қараман, əдік), Шеркеш (құлақасқа, қояс, шумақ, жауқашты, қылыш, кескен, жетей, қосым), Байбақты (ботан, жанбақты, тынбақты, айтымбет, қара, тоқсаба), Ыссық (мəмбетəлі, кедейбас, қадырберді, қамай, түке, досақ жəне қадірқұл, есмəмбет, жиес, зиабай, қармыс), Қызылқұрт (соба, елқұлы, байқұтты, жантелі, шора, емірей, олжашы, ерші); Əлімұлы: (Əлім), Шөмекей (көнек, тоқа, аспан, бозғыл), Шекті (арас, баубек, жақайым), Кете (ақкете, қаракете, тоққожа, тегенболат), Төртқара (қараш, оразкелді, ораз, жаншүкір), Қарасақал (сарыбас, пұсырман, шіңгір), Қаракесек (үңгіт, жақау, əлжан); Жетіру: Табын (жаманкерей, бозым, бегім, қайырқожа (немесе шөмішті, тарақты, көсеп), Тама (есенкелді, жоғы, жабал), Кердері (қосүйек, бердімбет, орыс, күл, күлімбай, шумақ), Жағалбайлы (мырза, лез), Керейт (қолдаулы, шаужайлы, сандаулы, көн, қосбармақ, ашамайлы, ерші, шөмішті, арбалы, бексан, дəулет), Телеу (құлке, дербіс, тайлақ, шошый, кенжеқұл, қасқа, тоқымбет, бұлыңғыр, түрік, жапақ), Рамадан (балғалы, шөмішті) деп тарайды. Бұл үш жүзге қоса төре (ұраны Арқар, таңбасы тарақ Ш), қожа (ұраны Мұхамбет, таңбасы əліп ,)ﺍтөлеңгіт (таңбасы найза ↑) деген рулық сипатқа ие болған қауым тағы бар. Қазақ ру тайпаларының ішінде саны ең көбі кіші жүздің Байұлы руы (тайпасы) делінеді, бірақта бұлар рудан гөрі рулардың бірлестігіне ұқсайтынын жоғарыда айттық. Кіші жүздегі тайпалар жоңғар шапқыншылығы сияқты

─ 74 ─ жаугершілік кезде өзара тығыз одаққа бірігіп жаугершілікке көп ұшырамай аман қалғандықтан саны жақсы өсті. Дегенмен олар Еділдегі құба қалмақтардан да айтарлықтай мол зəбір қысым көргенді. Қандай бір апаттан қазақтың үш жүзінің бірі онша көп зиян көрмей негізінде аман қалып отырғаны басқаларына үлкен дем болып, жауға қайтадан қарсылық көрсететін тың күш болып отырған да қазақ халқы осылайша аман қалған. Осы үш жүздің біреуі де шапқыншылықтан аман қалмаған жағдайда, жоңғар шапқыншылығы кезіндегідей бір жақтан башқұрт, орыс-казактар, Орта Азиялық хандықтар, жəне де ойратқа қосылып елірген қырғыздың бір бөлігі, енді бір жақтан жоңғардай жау шапқанда қазақ халқы біржолата құрып кету қауіпі де жоқ емес-ті. Жоңғар шапқыншылығына ең көп ұшырағандар орта жəне ұлы жүз қазақтары болды. Бұл екі жүз, кіші жүздей бауыры бар болғандықтан жауын жеңіп шықты. Қазақта 20 тайпа, 220-дай ру, 3500-ден астам ата бар делінеді. Дегенмен бұндағы ру мен ата саны тым қысқартылған топшылау сан болады, шындығына келсек қазақ халқы аталыққа «шексіз» бөліне береді де тек бір өзіне – жеке адамға тірелгенде ғана толастайды. Рулардың азы ғана адам саны жағынан үлкен рулар яғни ірі тайпалар. Ал қалғандары осылардың ішіндегі кіші рулар немесе өспей қалған ежелгі үлкен рулар, кішігірім аталықтар. Бұл күнде ру түгіл тайпаның саны дəл нешеу екені белгісіз. Өйткені орта жүздегі алты арыс (арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ) пен кіші жүздегі үш тайпаның (əлімұлы, байұлы, жетіру) саны белгілі болса ұлы жүзде дəл қанша тайпа бар екені бір межеге келе бермеген ұғым. Біреулер ұлы жүзде 11 тайпа бар десе енді біреулер 12 тайпа бар дейді. Біз албан, суан, дулат, қаңлы, жалайыр, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы, сіргелі мен сары үйсіндерді ұлы жүздің негізгі 11 тайпасы деп, бұған қатағанды қосып 12ге жеткізуімізге болады. Бұл жерде қатағанды шанышқылы тайпасының құрамына кіретінін айта кеткен жөн болар. Со-

─ 75 ─ нымен бұларға қатағанды қоссақ, онда қазақта 20 емес 21 тайпа бар. Қазақтың ру тайпалар атауы ерте кезде қазақтың мекенжайын меңзейтін ұғым болды. Сол үшінде олар бір-бірінен руын сұрасқан ғой. Қазір де мұның маңызы көбеймесе азайған жоқ, қазақтың жеті ата толмай өзара қыз берісіп алыспайтын асыл салты, қаны жақындамай таза болған үрдісі осы ру бөлісіне тікелей байланысты. Сондықтан да бағзы біреулерге ұқсап рушылдықтан бекер қорқып, қалың қазақтың қамын жұтатын азамат іспетті болудың керегі не. Қалың көп қазағым да осы рудан басталады емес пе. Демек қазақ қоғамы рулық бөліну сипатын сақтап қалғанда одан ұтар жағы көп болады. Рулық тартыстарға қарапайым қалың қазақ ешқашан қосылған да емес, тек оның билікке ұмтылған азғантай бөлігі ғана осыны əдейі қоздырып өз мүдделеріне пайдаланып отырған. Қазіргі кезде қазақтың адам саны ең көп руы (тайпасы) арғын, найман жəне дулат, керейлер болады. Осылардың ішінде найман мен керей өте үлкен ру еді, амал не жоңғар шапқыншылығы кезінде нақ «желдің өтінде» болып аса көп зиян шекті, саны да күрт кеміп кеткен. Бұлармен қатар ұлы жүздің албан, суан тəрізді біраз тайпалары да «желдің өтінде», тіпті жаудың бетінде болып аса көп зиян көрді. Жоңғар шапқыншылығы ұлы жүздің барлық тайпаларына қоса орта жүздің найман, керей, уақ тайпаларына ең қатты тиген. Ашаршылық пен қызыл қырғын кіші жүзді қатты əлсіретсе бұған дейін негізінен аман сақталып келген қазақтың ең ірі тайпасы арғынға қызыл қырғын заманы ересен көп шығын əкелді. Сонымен қазақ тайпаларында шығын көрмеген тайпа кемде-кем, шетінен қайғы-қасіреттен көз ашпай сəл заман тынышталған 1960-шы жылдарға əрең жеткен еді. Осы зобалаңдардың салдарынан болып қазақ халқы өзінің табиғи өсімінен кемінде 3 есе айырылған халық, егер де бұндай шығынға (7 млн!) ұшырамасақ қазіргі кезде санымыз 15 млн емес 50 млн болатын толық мүмкіндігіміз бар еді.

─ 76 ─ Меніңше қазіргі кезде қазақтың ең үлкен руы (тайпа) арғын да емес, найман болады. Арғын мен найманның əрқайсында 2,5 млннан астам адамы бар деуге болар. Ал кіші жүздегі Байұлыны бірден рулар бірлестігі дегендіктен ең көп санды ру деуге болмайтын сияқты. Арғын, найманнан кейін ең көп санды ру керей мен дулат. Бұлардың əрқайсында 1 млнға таяу адамы бар. Əсіресе керейлердің санын сенімді түрде 1 млнға таяу деуге болады. Өйткені Қытайдағы кемінде 1,35 млн қазақтың жартысына жуығы керейлер. Бұған қоса Моңғолиядағы 160 мың қазақтар түгелімен керейлер. Алыс шетелдегі, əсіресе Еуропадағы қазақтарды негізінен Шығыс Түркістанның керейлері деуге болады. Атажұртта соңғы кезде көшіп барған керейлерді есепке алмағанның өзінде жергілікті біршама керейлер тағы бар (Моңғолиядан атажұртқа қоныс аударған керейлердің өзі 80 мыңнан астам). Бұларды қосқанда керейдің саны да 1 млндай екені белгілі болады (Қытайда кемінде 1,3 млн, ал өтірік-шыны аралас мəлімет бойынша 2-3, млн. бұлар негізінен найман, керей, суандар болады). Арғын, найман, керей, дулаттан кейін рулар бірлестігі болатын байұлы, əлімұлы, жетіру ең көп санды руларға жатады, бұлардың байұлында 1,5 млн, əлімұлы мен жетіруында шамамен əрқайсында 1 млндай адамы бар деуге болар. Бұлардан кейін қаңлы мен қоңырат кіреді. Бұларда шамамен əрқайсында 700 мыңдай адамы бар дейміз. Бұлардан кейін қыпшақ 500 мың адаммен кіреді. Ұлы жүздің қаңлы мен дулаттан басқа руларында бірігіп шамамен 2,5 млн адам бар. Сонымен ұлы жүзде 4,5-5 млн, орта жүзде 7-7,5 млн, кіші жүзде 4-4,5 млн адамы бар деп топшылауға болады (барлығы 15 млн деп есептелді, ал бұлардан тыс 1,5 млндай дүбəра қазақтың көбі қоңырат, қаңлы, қатаған жəне ұлы жүз қазақтары болады). Руларды тура ата қып таратудың қазіргі кезде ғылыми маңызы қалмаған. Сол руда кімнің аты ең белгілі болса соның аты ғана аталып олардың баласы, немересінің аты əсте аталмайтын болған. Сонымен мысалы, сіздің тегіңіз 20-ға жуық атаға дейін таратылса, онда оның үштен екісі

─ 77 ─ мүлдем аталмай ұмыт болып қалды десек те болады. Яғни сіздің барлық атаңызды атау үшін 60-тай ата аталуы да мүмкін. Қазақтың көптеген ру тайпаларындағы кіші рудың атауы осыдан 1200 жыл бұрын да аты аталатын белгілі тарихи тайпалар. Енді содан бері 50-ден астам ата таратудың орнына кей шежірешілер небəрі 12-15 ата таратады. Одан қалса бір-бірімен қосып «сапырып» отырған. Сондықтан ендігі жерде ата тек шежіресін руыңды білу үшін ғана таратпаса басқа жағынан əуреленіп таратудың қажеті жоқ болған. Кім көрінген ата текті тек өзіне ғана əкеп тіреп отырған. Яғни басқасы қалыс қала берген. Мысалы, мен өзімнің тегімді таратып көрейін. Алаш, Қазақ, Орта жүз, Керей, Абақ Керей, Жусан, Бағаналы, Байлау, Жəдік, Жанат, Қостай, Бəке, Тайлақ, Жанбай, Нəсір (Насыр), Аңсеке, (Өзбай жəне) Омар, Хабсатар, Ғалыммұрат, (балаларым Алуа, Едіге, Еділ). Менің үлкен руым Керей болса кіші руым Жəдік, оның ішінде сегіз Жанаттың Қостайы болады. Осы Жанат атам жоңғар шапқыншылығы кезінде өмір сүрген тарихи тұлға. Бұл кісіден бері 9 ата таралады. Бұл шамамен 230 жыл деген сөз. Бұл 1750-ші жылдарға сай келеді, расында осы кезде мұндай адам болғанын тарихи деректер де дəлелдейді (жазушы Қабдеш Жұмаділдің «Дарабоз» романындағы керей Ер Жəнібек батырдың үзеңгілес серігі Жəдік Жантай батыр осы, аты расында Жанат аталуға тиісті, өкінішке орай мұны кей деректерде басқа бір Жантаймен (Жанатай) шатастырады, мұндай жəйіт қазақ тарихында аз емес, айталық шақшақ (тархан) Жəнібек пен керей Жəнібектің ерлігін бір-біріне теліп үнемі шатастырумен келеміз). Жанаттың немересі Бəке де айтулы батыр болған адам. Ең қызығы менің руым керей болғанда одан бері небары 15-ке жуық ата таратылады. Бұл дегеніңіз осыдан шамамен 380 жыл бұрын яғни 1600-шы жылдар деген сөз. Алайда осы керей руы бұдан көп бұрын Шыңғыс дəуірінде де əлдеқашан қалыптасып қойған белгілі ірі тайпа екенін білеміз. Тіпті бұдан да көп бұрын сары үйсін (түркеш) тұсында керей ата-

─ 78 ─ уы яки оның кіші аталығы Байлаудың (Қойлау) атауы тарихи деректерде кезігіп қалады. Түркеш дəуірімен есептесек 1400 жылдай уақыт, Шыңғыс дəуірімен салыстырсақ 800 жылдан астам уақыт өткенде небары 15 ата таратуды не деп түсінеміз. Дұрысы түркеш дəуірімен есептесек менің аталарымның саны шамамен 55-ке дейін таратылуға тиісті еді. Өкініштісі, қазіргі мен елу ата таратудың орнына небары 15 ата ғана таратып отырмын. Таралуға тиісті барлық бабаларымның 2/3-сі əлдеқашан ұмыт болған. Яғни Жанат, Жанаттан ары Жəдік, Керейге дейінгі тарау əсте беймəлім. Алайда Жанат пен Жəдіктің арасында жəне Жəдік пен Керейдің арасында талай аталар ұмыт болып қалған. Тіпті бертіндегі Қостай мен Жанаттың арасында да бір екі атаның аты ұмыт болған. Бұл қазақтың барлық руына тəн құбылыс. Енді осындай ата текті таратудың ғылыми маңызы бар ма. Тек руыңды білу үшін керек екені белгілі емес пе. Рулардың шығу тегі. Қазақтың ру тайпаларының тегі тым күрделі болып келеді. Жалпылай алғанда қазақ халқы айтарлықтай біртұтас халық, бұған оның ешбір диалектіге бөлінбейтін ортақ біртекті тілі де куə. Дей тұрғанмен бүкіл қазақ халқы түгіл ондағы жекелеген ру тайпалар, жүздерді де дəл содан тараған деп айта салу қиынға соғады. Қазақтар алғашында айтарлықтай құрама болғанымен артынан бірбірімен біте қайнап араларында ешбір айырма жоқ болып қалыптасқан өте бауырмал халық. Сонау жаугершілік заманда үш бөлек жатқан жүздер бір Арқаға келіп əбден араласып кеткені осындай біртекті қазақ халқын құраған-ды. Бұған дəлел қып үш жүздегі көптеген рулардың таңбаларының өзара ұқсастығын айтсақ та болады. Бұл кездейсоқтық əсте емес, демек бұларда айтарлықтай біртектілік (туыстық) бар деген сөз. Алайда біз үш жүздегі руларды дəл ана-мынадан тараған деп дөп тауып айтпасақ та арғы тегін ептеп шамалап айтуға болады. Бұл қазақ халқының бірлігіне де еш нұқсан келтірмес. Бүкіл үш жүздің арғы тегі сақ, ғұн, түркілер болғанында күмəн жоқ. Ал бергі тегін таратуға келгенде біраз жəйіттерді ажыратып айтуға тура келеді.

─ 79 ─ Ұлы жүздің барлық тайпаларын ежелгі үйсіннен, ұлы иозыдан, одан қалса қаңлы, көк түрік, түркештерден таралды дей аламыз, дегенмен бұлардың негізгі ұйытқысы үйсін мен қаңлы болған еді. Бірақ бұлардың құрылуына шығыстан ығысқан түркілердің, Орталық Қазақстанды мекендеген қыпшақтың, қимақтың, қарлұқтың, батысқа ығысқан оғыздардың да үлесі аз болмаған. Ұлы жүздің ішіндегі кіші ру болатын қатаған руын моңғол дəуіріндегі ежелгі хатагин руынан тараған деген болжам да жоқ емес. Бұл Шыңғыс дəуіріне байланысты, оның бабаcы делінетін Бодынчар мылқаудан тарайтын ру. Алайда бұлай жорамалдауға осы атаулардың өзара ұқсастығы, үндестігі өзіндік əсер еткені белгілі. Дегенмен бұл жоққа шығаруға болмайтын жорамал, өйткені кез келген атаудың өзі кездейсоқтан бірдей атала бермейді. Ұлы жүздегі дулат тайпасы ежелден дулу атауымен белгілі болса, шапырашты шыбыл атымен, албан адбан атымен, сары үйсін түркеш атымен, қаңлы қангюй (қанғыр) атымен, жалайырлар өзінің жалайыр немесе жікіл атымен, суан чубан атымен белгілі болған көне тайпалар. Ұлы жүздің біраз тайпалары бұдан көп кейін яғни қазақ хандығы кезінде бұлардан жəне басқа екі жүздегі тайпалардың үлесінен қалыптасқан тайпалар болады. Кіші жүзді де негізінен ежелгі алан, қаңлыдан, оғыздан, хазарлардан (батыс ғұн), бергісін айтсақ ноғайлыдан, маңғыттардан, қыпшақтардан құралды деуге болады. Бұлардың біраз тайпалары қазақтың басқа тайпаларындай шығыстан (Алтайдан) ығысып келген түрік тектес тайпалардың үлесінен құралды. Бұған керейт, шекті (чік), беріш, жағалбайлы (тек бір бөлігі), телеу (теле) қатарлы тайпаларды атауға болады. Кіші жүздің ертедегі атауы қазір де бар алшын атауы болды. Бұл атауды көк түріктің ашина атауына байланысты деген тұжырым да жоқ емес. Бұл алшынмен қатар дай (адай), кедері (кердері, кидарит), черкес (шеркеш), беріш, жағалбайлы, малқар атаулары да ежелден бар атаулар. Бұлардың біразы ежелгі Қазақияда болған деген жо-

─ 80 ─ рамал бар. Ол – ол ма беріш деген атауы қазірдің өзінде Алтай тауы маңында көп кезігеді дейді. Қазақтың ең үлкен жүзі Орта жүз де айтарлықтай құрама, тіпті ең күрделісі де осы жүз. Негізінен алты арыстан құралғанымен бұл арыстардың əрқайсысы бір үлкен ел болады. Керей мен найманды тоғыз-оғыздың байырқу тайпасынан жартылай құралды дейміз. Керейдің қалғаны сары үйсіннің бір бөлігінен, үйсіннің абақ аталығынан жəне ежелгі меркіттерден құралса найманның бір жартысы қарлұқтардан құралды. Керей тайпасы сонау Шыңғыс дəуірінде де уақтармен бірге болса артынан да үнемі бірге болды. Қазақ шежіресі бойынша уақ тайпасы керейге іні болып келеді. Осы уақтарды ежелгі оңғұдтардың ұрпағы деуге болар. Бірақта біраз бөлігі моңғол жерінде қалып болашақ моңғол ұлтының қалыптасуына үлес қосты. Қыпшақтарды қазіргі кезде бес ірі руға бөлгенімен олардың көп бөлігі басқа түрік халықтарына сіңісіп кеткенді. Қыпшақтар көк түріктің тұсында бір кез билеуші тайпа болса артынан тағы да тарих тұғырына көтеріліп кең қанат жайған тайпа. Артынан көптеген, мысалы, арғын сияқты тайпалардың құрамына кіргендіктен осы кезде сондай көп санды тайпа емес. Арғындар қазіргі кезде қазақтың ең ірі тайпасы делінеді. Арғын атауы ежелгі сары үйсін, түркеш кезінде арғу деп аты аталатын белгілі тайпа болған. Сондай-ақ ежелгі басмылдарды қазіргі арғындар дейтін жорамал да баршылық. Бұлардың бір бөлігі Сібірлік ұлыстардан құралды. Негізгі бөлігі қазақ даласының байырғы тұрғындары болды. Жаугершілік кезінде көп зиян көрмегендіктен саны жақсы өскен белді тайпа. Қоңыратқа келсек бұлар Шыңғыс дəуірінде керей, меркіт, уақтармен ежелден аралас болған түркі тайпасы болған. Артынан күйеу баласы Шыңғыстың қаһарына ұшырап көбі батысқа ығысқан еді. Бұлардың біразы түркінің өзбек секілді көптеген халықтарына сіңді. Ал үш жүздің қай-қайсына да жатпайтын қожа, төре, төлеңгіттерге келсек, қожаларды орта ғасырда қазақ даласына дін тарата келген араб моллаларының ұрпақтары дейміз. Төрелер Шыңғыстан таралған қазақ хандарының тұқымы

─ 81 ─ яки ақсүйектер болса төлеңгіттер бұларға даяшылық ету үшін əр рудан құралған қауымның ұрпақтары болады. Рулардың адам саны, қазақ халқының рулық бөлімі де кестеде көрсетілді. тайпа саны, млн адам қазіргі кезде М.Тынышбай бойынша Ұлы жүз 4,5-5 1,32 (25%) жалайыр - 0,15 албан - 0,11 сары үйсін - 0,02 суан - 0,06 шапырашты - 0,09 ысты - 0,06 ошақты - 0,07 қаңлы 0,7 0,2 қатаған - - дулат 0,49 шанышқылы - - сіргелі - 0,07 Орта жүз 7-7,5 2,22 (41%) арғын 2,5-3 0,9 найман 2,5-3 0,62 керей 0,8-1 0,2 уақ 0,3-0,5 0,09 қоңырат 0,7 0,23 қыпшақ 0,5 0,18 Кіші жүз 4-4,5 1,82 (34%) байұлы 1,5 0,89 əлімұлы 1-1,2 0,55 жетіру 0,38 Барлығы 15 (2009 ж.) 5,36 (1917 ж.) - Өкінішке орай қазақтың қай руында дəл қанша адамы бар екенін білетін мүмкіндік жоқ болғандықтан санын жобалап алуға тура келді. Ұлы жүздің қалған руларында бірігіп 2,5 млн адамы бар деуге болар. Ру тайпалардағы адам санын ең алғаш жəне ең соңғы рет толық анықтаған ғалым Мұхаметжан Тынышбай болды. Бірақта 1917 жылғы бұл дерек арада болып өткен ашаршылық, қызыл қырғын, нəубет, босқыншылық салдарынан осы кезде негізінен жарамсыз болып қалды.

─ 82 ─ тайпа ру Ұлы жүз жалайыр шуманақ: андас, қарашапан, қалыс (қалпе), сыпатай, мырза, орақты, ақбұйым; сырманақ: арықтыным, байшегір, балғалы, қайшылы; бірманақ: сиыршы (байбөген); албан сары. сүйменді: айт, бозым, қыстық; сүйерқұл (сегіз сары): досалы, шоған, қожбанбет, жарты; шыбыл. қызылбөрік: молболды, жолболды; қоңырбөрік: өтей, бойдақ; құртқа-мамай; сары үйсін қалша (қайқы, сопы) жақып (баба, жанай, солтанқұл, жаулантай) суан дайсуан; байсуан (қанбағыс, досбағыс, бекарыс,тоғарыс) шапырашты асыл, шыбыл, екей, еміл-есқожа, айқым ысты тілік: тазша, таздар, асанқараған, сексен, бойқараған, қоңыр, жырымсыз, ақмолда ойық: есім, малай, таз, құланшы ошақты байлы: (байназар) сүзік (созақ), байсары, қасқа, қабыл қоңыр: (қойназар) шуылдақ, алданар, түлікші, жамантымақ аталық: (бекназар) орақ (төртауыл, қарсақ), жалмəмбет тасжүрек: (ақназар) қосақ, солақай, сейіт, тоқтауыл, қараман, келменбет, бөлек, тас, тілеу, қайқы, таз, кенже қаңлы cары қаңлы: (Сыр) ақбота, миям, ақынқожа, телқожа, омыртқа; cары қаңлы: (Жетісу) əлсейт, ақбарақ, құйысқансыз, бозым, ешкілі, шанышқылы; қара қаңлы: (Сыр) тоғызбай, онбай, тоғанбай, бақа, бадырақ, қара; қара қаңлы: (Жетісу) ерезен, қоспан, еңке, танта, бақа, оразымбет; дулат ботбай, шымыр, сиқым, жаныс сіргелі өтеп:қарабатыр, батыр, айт-бозым бораш: кеңірдек, қайшылы байлы: ақсиық, қарасиық, қожасиық, құлыншық шанышқылы балық, күрпік, дарқан, саңырау жəне (қатаған)

─ 83 ─ тайпа ру Орта жүз арғын мейрам: қуандық, сүйіндік, бегендік, шегендік, қаракесек тарақты: апай, тоқтауыл, қыдыр, жəші, əлі, əйтей, сары, алакөз, қосанақ, шəуке, əлеуке, көгедай момын (жеті момын) ақсопы: қанжығалы, тобықты қарасопы: бəсентиін, қарауыл сарысопы: атығай тəмпісопы: сарыжетім, шақшақ найман төлегетай: төртуыл, қаракерей, матай, садыр ергенекті: көкжарлы, бура, сарыжомарт терістаңбалы: бағаналы, балталы керей абақ: жəдік, жəнтекей, шеруші, ителі, меркіт, сарыбас, қарақас, молқы, шұбарайғыр, шимойын, жастабан, көнсадақ жəне (құлтайболат) ашамайлы: сибан, балта, самай, ақсары, құлсары, нұралы, семеналы, нұрымбет, ақымбет, күшебе (көбеше) уақ шоға, сарман, байназар, сарыбағыш, сіргелі, еренші, əлімбет, бидалы, жансары, баржақсы, шəйкөз қоңырат көтенші: жаманбай, аманбай, жетімдер, божбан, саңғыл көктінұлы: байлар, жандар, аққой, оразкелді, тоқболат, қаракөсе, құлшығаш қыпшақ бұлтын, торы, ұзын, көлденең, қарабалық Кіші жүз байұлы адай, беріш, алаш, жаппас, есентемір, малқар, таз, тана, шеркеш, байбақты, ыссық, қызылқұрт əлімұлы (əлім), шөмекей, шекті, кете, төртқара, қарасақал, қаракесек жетіру табын, тама, кердері, жағалбайлы, керейіт, телеу, рамадан

─ 84 ─ Қазақтың жері қанша? Қазақ халқының ғасырлар бойы көзінің қарашығындай қорғап бізге аманат еткен жер көлемі бір кездері артық да емес, кем де емес 4 млндай шаршы км жерді қамтып жатқан еді. Бірақ оның 1/3-нен айырылғанда қазіргі тəуелсіз Қазақ еліне тек ғана 2,7 млн шаршы км жері тиген. Басқалары мықтылардың еншісіне ерікті – еріксіз тиіп кетті. Бір бөлігін кей мықтылар өзімізден сұрамай да біреуге «сыйлай» салды. Бір бөлігін бекініс салу атымен ашықтан-ашық тартып алды. Өз қарамағындағы одақтас республикасының астанасын тартып (1920-1924 жылдары Қазақстанның астанасы Орынбор қаласы болды) алып өзіне қоса салған «жай бір кішігірім» ұрлық келмеске кеткір Кеңес дəуірінде болған еді. Ондағы айтқан сылтауы Орынборда қазақтардан орыс көп екен. Отарлап алып жергілікті қазақты қуып шыққанда орыс көп болмағанда кім көп болады! Біздің қазақтарды Ақ Жайықтан ары өтуге болмайды дегенді сол отаршылар айтып еді ғой. Бұл аз болғандай ежелден қазақпен бірге жасап келген қарақалпақты да өзбекке тели салған еді. Бүкіл Алясканы ондағы халықпен қоса басқа біреуге сатудан тайынбаған орысқа бұл сөз болып ба, қарақалпақты өзбекке беріп қана қоймай қазақтың нағыз төл мекені Сырдарияның арғы беті Қызылқұмды да түгелімен оларға бергізгенді. Тіпті, мұнда 1951 жылы егемендігін жаңа ғана алып тəй-тəй басып келе жатқан Шығыс Түркістандай жас елді тағы бір мықты бір мықтының изеуімен қуыршақ мемлекетке айналдырды да ақыры шыдамы таусылып өзіне тели салған-ды. Түрік тектестер бірігіп кетуден қорыққан Сталиндей «жемтіктер» оны өзінен аулақ ұстап амалсыздан Қытайға қоса салған еді. Өйтпегенде Тұран əлемі бас қосып кетуі хақ еді. Шығыс Түркістан деген атауы түгіл ондағы халықты да көзіне ілмегені сондай, тап бір атасынан қалған мұрадай Шыңжан (бұл жаңа өлке деген сөз, былай аталғанынан-ақ бұл жер əсте олардікі болмағаны

─ 85 ─ белгілі ғой) деп атай салған-ды. Міне, солардың көп «жақсылығының» арқасында дүниедегі бар азаптың бəрін татып көрсе де тəңірдің жебеуімен, өзінің алғыр парасаттылығымен аман қалған қайран қазағым өзіне тиеселі жерінен телімдеп бере-бере ақыры 2/3 бөлігін əрең сақтап қалған еді. Бұл қазақты кім басынбады дейсіз, анау тегі, діні бөлек, ойы тіпті бөлек, арам пиғыл отарлаушы түгіл кешегі бір туысқан ағайындардан да жерімізге жабысқандар аз болды ма. Олар енді жерімізді қайтарып көрсін, онда аспан айналып жерге түсті дей беріңіз. Тіпті тəуелсіз қазақ елінің тұсында да бізден бір мықты өзінің баяғыда «қапыда айырылып» қалған жерін даулап ақыры қайтарып алды, əсілі дəл соларға жер бермек түгіл қайтарып алатын жөніміз бар еді. Амал нешік шындық деген əрқашан күштілер жағында болған соң солардікі қашанда жөн болады, cонымен əлгі жер де солардікі болды. Қазақ халқының жерін ең көбін орыстар мен қытайлар алған, одан кейін өзбек, біразын қырғыз, аздау бөлігін түрікмен алғанды. Орыстарға берілген жерлерді түгендеп көрейік. Шығыста Таулы Алтайдың Моңғолияға тоғысқан жерінен басталып одан Алтайдың ең биік шыңы Мұзтауға (4506м), Үкөкке, Құрай жотасына тоғысып ары қарай Қатын өзенінің батыс жағалауынан құлдап Барнауыл-Бейіскейді басып Құлынды жазығына дейін, одан ары Омбыны басып өтіп Түмен (Төмен), Қорған өлкелеріне (Есіл, Тобылдың төменгі сағасына дейін), Оралдың шығыс беткейіне тіреле Селебе (Челябинск) облысы, Ор қаласы, Орынбор облысын түгел қамтып, одан ары жалғаса отырып Еділдің шығыс жағалауы – Сарытау мен Астрахан (Қажытархан/Аштархан), Самара, Волгоград облыстарына бірақ тіреледі. Тек бұл өлкелердің ұзындығының өзі 7000 км-ден асып түсетінін айтсақ та қандай үлкен жер екені белгілі. Ендігі көп жер Қытайда, Таулы Алтайдан оңтүстік (алдыңғы жақ) шығысқа қарай Моңғол жерімен шекараласа жалғаса отырып Шығыс Түркістанның Баркөл, Құмыл аймақтары, Боғда тауына дейін жалғасып

─ 86 ─ одан қайтадан батысқа қарай Үрімжіні басып Еренқабырға, Тəңіртау тауларына жетіп одан Хантəңірге бірақ тіреледі. Бұл шекараның ұзындығы шамамен 3000 км-дей болатынын ескерсек мұнда да ұлан байтақ жеріміз қалды. Бұл жерлерді алғашында елірген жоңғарлар басып қалып еді, артынан оларды қытайлар аяусыз құртқанда осы жерлер түгелімен қытайға өтіп кетті. Енді бұл жерлерді шімірікпестен өз жеріміз дейді, ең жаманы байырғы қазақ осы араға қатынасып жүргенде шекара өткелек деген жасанды пəлеге үнемі тап болады. Ал Өзбекстанға (бұған Тəшкен маңындағы жерді есепке алмадық) келсек Шардарадан батысқа қарай Айдаркөлге өтіп, Қызылқұмды кесіп, Əмударияның шығыс жағалауына тоғысып, одан тура артқа қарай тартып Аралға бірақ тіреледі де одан ары Аралдың батыс жағалауынан Түрікмендегі Қарабұғазкөлге (шығанағына) тіреледі. Бұл өзбек қайтадан көшпелі болып сонау Əбілқайырдың тұсына бармаса аталмыш өлкелерде артынан бірде-бір өзбек мекендеген емес, қалың құмда қазағым ғана малын жаймаса жер емген өзбектер онда қалайша болады. Кезінде Қазақстанның да қарамағында болған жартылай көшпелі қарақалпақ ағайындар Аралдың оңтүстік (алдыңғы) маңында, Əмударияның төменгі сағасында ғана аздап мекендегенін білеміз ғой. Бұл жəйіт қырғызда да жалғасады, Енесайда (Енисей) болған қырғызым Алатауға келгенде жер берген қазағым бұл жолы да Шу мен Таласты беріп қойған-ды (дегенмен Енесайдағы ежелгі қырғыздар қазіргі қырғызға сондай тіке байланысы жоқ, қазіргі қырғыз бұл маңда ежелден болған Алатау түркілері деген тұжырым да жоқ емес, алайда ежелгі қырғыздар қазір хақас аталып кеткен дейді). Бұл қырғызды түрік еткен де біздің қазақ болатын! Бір кездері біздің хандар билеген Тəшкенге де таласпадық, Төледей бидің зираты да сонда қала берді! Сонымен бұл жерлерді қосып көріңіз 1,5 млн шаршы км-ден кең мол асып түседі! Қытайға кеткен жерді айтпағанда бұл жердің көбісі кешегі Кеңес дəуірінде 1925-1962 жылдары басқаларға

─ 87 ─ берілген жерлер. Берген себебі де түсініксіз, бұл жерде қазақтар аз екен, не қазақтар басқаруға қолайсыз екен, содан басқаларға берілуге тиіс! Жер деген əркімнің ымдауымен, қалауымен біреулерге телініп кететін зат емес ғой, ол елдіктің, керек десе ұлттың өмір сүруінің ең басты тіректерінің бірі. Бұл саудаға түсіп сатыла беретін зат та емес. Елдіктің ең үлкен екі тірегі бар: бірі тілі мен ділі таза сақталған біртұтас халқы, екіншісі ешкімге жырымдалмаған жері, бұлардың қайсынан да айырылуға болмайды! Айырылса ол ел болудан қалады! Қазақтың тарихи территориясының картасын түрлітүсті сурет топтамасынан қараңыз.

─ 88 ─ Үшінші бөлім ОЙЛАР ТІЗБЕГІ Бір Алтайда төртке бөлінген қазақ Көк түріктің алғаш туын тіккен қасиетті Алтай тауы қазіргі кезде төрт мемлекеттің иелігіне бөлініп қалды. Алтай тау массивіне Саян тауын қосып есептеген сан бойынша барлық территориясының басым көбі яғни 60%-ға жуығы Ресейдің үлесіне, Моңғолияға 20%-ы, қазақтың қарашаңырағы Қазақстанға небары 5%-ы, Қытайға 15%-ы қарайтын көрінеді. Алтайдың ең биік нүктесі Мұзтаудағы Ақсүмбі (Белуха) шыңы (4506м биіктікте) болса орташа биіктігі 3000 м-ге таяу, ұзындығы тұп-тура 2900 км-ге жетеді. Жалпысы Алтай тауы үш үлкен алып жоннан құралады: біріншісі – Қазақстан мен Ресей арасындағы Алтайдың ең биік нүктесі орналасқан Мұзтау маңы, екіншісі – Моңғолия мен Қытайдың шекарасындағы Бестəңір (Бесбоғда, 4374м) өлкесі маңы, үшіншісі – түгелдей Моңғолия жеріндегі, айталық Бай-Өлке мен Қобда аймағы түйіліскен жерде орналасқан тағы да Мұзтау (моңғ: Мөңкіқайырқын, қаз: Мəңгітау, 4362м) деп аталатын əйгілі шың маңы. Осы үш ұлы шыңның үшеуі де қазақтарға бұйырмаған, қазаққа ең жақын деген Ақсүмбінің өзі негізінен Ресей жағында орналасқан ғой. Бұл үш шың үшеуі де кезінде қазақша аталған əрі солтүстіктен оңтүстік шығысқа қарай шашырай орналасқан. Алайда бұлардың аты бір кездері түгелдей қазақша аталған десек те енді атын өзгерте бастаған жəйіт бар. Осыдан бірер жыл бұрын ұлы моңғол ұлысының құрылуына 800 жыл толып, осыған байланысты Моңғол елінің президенті Бай-Өлке аймағындағы бүкіл монгол жерінің ең биік нүктесі болатын Бестəңір өлкесіне шыққанды. Иə тауға кім шықпай жатыр дейсіз, шықса шыға берсін делік,

─ 89 ─ ең қызығы тарихтан бері сан ғасыр бойы қазақша аталып келген шыңның атын моңғолшалап өзгертуі еді. Бестəңірдің (Бесбоғда) ұшар басын Үсіген (моңғ: Хүйтін) шыңы дейтін, елбасы шыққаннан бері бұл шыңды Ұлы Моңғол деп атау керек дейді. Мұндағысы, турасын айтқанда осындағы азғана қазаққа көрсеткен қыры еді, ел де біздікі, ендеше жер де біздікі, аты да моңғолша аталуға тиісті дегені еді. Арадік аталатын Хүйтін атауы да жайында қалды, қайткен күнде Ұлы Моңғол аталу тиіс. Ел де, жер де моңғолдардікі екені шындық ғой, бірақта бұл жер қазаққа көк түріктен қалған атамекен екенін бұл моңғол ағайындар да біліп жүрсе артық етпес-ау. Демек ең басында Мұзтауды белуха деп өзіне меншіктей атаған орыстардан басталған бұл үрдіс енді міне Бесбоғдаға да жеткен жайы бар. Жердің атын өзгерту деген сөз елдің атын өзгерту деген сөз ғой. Алтай үш айрықтың дəл ортасы, Ертіс пен Үбі (Обь) өзені Солтүстік Мұхитқа құйса Қобда, Бұлғын (Ұлы Үңгір/Үліңгір/ Өріңгі) өзендері ішкі ағынсыз аңғарға құяды. Ал Алтайдың дəл өзінің жер көлемі қай мемлекетте қандай екені туралы толық мəлімет əзірше жоқ. Өйткені Алтайды Саян тау массивіне қоса есептейтін əдет тауып алғандықтан оның жеке дара көрсеткіштері отарлаушыларға керек емес-ті. Жəне де онсыз да бірігіп жалғасып жатқан екі тауды яғни Алтай мен Саянды дəл қай бөлігімен бөлеміз деген де дау тудыратын мəселе ғой. Егер Алтайды Обьдың бір саласы Бия өзені мен Моңғол жеріндегі Бөкімөрің, Алтынғадыс (қазақша Темірқазық, Ресейдің Алтай өлкесіндегі Құндақты көлден бастау алатын шағын өзендер) өзендерінің екі жаққа хақ айырылатын тау қырат, сілемдерімен бөлсе онда Алтайдың ең көп бөліктері Ресей мен Моңғолияға тепе-тең деп айтуға боларлық үлеспен бөлінеді, одан кейінгі үлес Қытайға, ал нағыз жер иесі Қазақстанға бəрібір ең аз бөлігі тиеді. Осынау төрт бөлінген кəрі тарлан Алтайдың əр бөлігінде тек қазақтар ғана мекендеп, бір-біріне қатынасқанда біреулерге тəуелді болатыны қынжылтады. Көк түрік атабабамыздан қалған киелі мекенге қазақтың толық бағы

─ 90 ─ жүрмей қай-қайдағы келімсек отарлаушыларға, күштілерге бөлініп мекен болып кете барғаны өкінішті-ақ. Тек Қытай мен Моңғолияның шекараласқан жерінің азғана бөлігінде жеке-жеке азғантай тывалар (тува) мекендейтінін есепке алмасақ бəрі дерлік қазақтар əлі күнге дейін қоныстанып келе жатқан ежелгі құтты мекен. Алтынтау-Алатау (алтынтағ яғни алатағ деген көне түркі сөзінен алтай атауы шыққан) деген атынан бастап ондағы өзен су аттары бəрі дерлік көне түрік аттарын əлі күнге дейін сақтап келеді. Қарашаңырақта отырған қазақтай ұрпағы болған соң түріктен қалған аттар сақталғаны түсінікті ғой. Алтайдың ең үлкен өзендері Қобда, Бұлғын өзені, Бəйтік (бай-тағ яғни байтау), Қаптық (қаптағ яғни қаптау) таулары (Моңғолияға қарасты бөлігінде), Қатын, Шүй (Шу) өзендері, Құндақты, Жылыкөлдей көлдері, Мұзтаудай тау жоталары, Жазатырдай жайлаулары (Ресей бөлігінде), Ертіс, Шіңгіл, Бұлғын, Ұлы үңгірдей (Қытай бөлігінде) өзен көлдердің атауы бұған дəлел болмай ма. Алтай жер асты қазбаларға бай. Айтарлықтай мол орманы да бар, табиғаты өте көркем сұлу келеді. Қашанда отарлаушылар жердің жақсысын таңдап иемденген ғой. Бетпақтың даласы мен Сырдың қалың құмында орыстар, Жоңғарияның құлан өтпес құба шөлінде қытай орнығыпты дегенді есітпегенбіз. Қайсы бір суы тұнық, шөбі шүйгін, жері май мекендерді жақсы көңілі түссе сұрап, түспесе жай ғана тартып алып иемдене берген. Халқымыздың сағынышқа толы əуенмен зарлана салған «Ағажай алтайдай жер қайда» деген əні бір нəрсені меңзейтіні белгілі. Қазакеме сол Алтайдың ары-бері бетіне өтейін дегенде шекара өткелек деген пəле əуре-сарсаңға түсіретін болғалы қай заман. Моңғолия мен Қазақстан небəрі 50-дей (ал тура жол салынатын жер 67 км деп жүр, бірақта бұл толық анықталмаған сан) км жермен шекараласпай қалған, бұны отарлаушылар əдей солай қасақана бөлген десек те болады. Бүйтіп төрт қазақтың басын қосуға болмайды ғой. Бұлардың басын қосуға болмайды деп үнемі бөліп жарып отырды, немесе əртүрлі шекара өткелек дегенді орнатып Тəңірінің өзі

─ 91 ─ де қоймаған шектеуді отарлаушылар қойып келді. Енді сол жерге жол салып екі қазақ өзара қатынасайын десе екі ортада Ресей мен Қытай кедергі. Ресей емес-ау сондағы шыққан тегін де жақсы білмейтін, атауы да əртүрлі жоңғардың қалдықтары болатын алтайлықтар бұл Алтайды бейне бір өз жері қылып меншіктеп алып қойған да, сонда пəленбай атамыздың моласы, сүйегі, одан қалса киелі табынатын жеріміз жатыр, сондықтан оны басқаларға таптатпаймызмыс дейді, бұл Алтайға Алтай деген атты қойып содан өсіп өрбіген, қара-шаңырағын басқан қазақтай ұрпағы отырса да оларды шетқақтап менсінбей отыр. Өздерін біресе алтай, біресе алтай кижи, біресе ойрат (1930-шы жылдарға дейінгі ресми атауы), теленгіт деп сан алуан атағаннан-ақ бұларды нағыз құрамалар екенін аңғаруға болады, расында бұлар түріктенген таза моңғолдар болады, əрі ұлттық құрылым жағынан əсте біртекті емес, бұлардың шығу тегін сонау жоңғар кезінен іздеген жөн. Сүйегі жатыр демекші, бұларда да ертедегі моңғолдарға ұқсап өліктерін жерлемей далаға ашық тастай салатын əдеті бартұғын, бұндай халықта киелі жері бар деуге бола ма, онысы енді де жаңғырып жатқан болу керек, өйткені бізде яки Батыс Моңғолияда бұл əдет қайтадан жанданып жергілікті моңғолдар өліктерін далаға ашық тастай бастады. Бұл құрамалар өздеріне қоятын ат тапбағанда киелі Алтайымыздың атын да өздеріне қойып алды. Орыстарға сүйеніп əбден буы пысып тұр. Үш бірдей ұлы тіл топтары жататын тіл атауы, одан қалса бүкіл түріктің таралған Алтайдай атауды саны небəрі 60 мыңдай құрамалар (бір кездері саны 90 мыңға таяу болғанымен отаршылар оларды аяған ба, əдейі ішімдікке кіргізіп еді, енді олар орыссыз өздеріақ іше беретін болды, сонымен саны азайып бара жатыр) иеленгеніне зығырданың қалай қайнамасын. 1930-шы жылдарға дейін өз аттарын ойрат деп атап келгенін тарихтан білеміз жəне бұл атаудан-ақ көк түріктің туын тіккен Алтайына олардың ие болатын құқы жоқ екенін айқын аңғарамыз. Өйткені ойрат дегеніміз Жоңғардың

─ 92 ─ ертедегі нағыз төл атауы болған, олар кезінде төрт ойрат аталып оған торғауыт, шорыс, хошуыт, дөрбет тайпалары кірген-ді. Сонымен екі араға жол салайын десең қайдағы бір келімсек бұратаналар да кедергі болатын болды. Бұлардың тілінен бертінде ғана түріктенген (қазақтанған) таза моңғолдар екенін аңғару қиын емес. Екі сөздің бірі моңғол болса енді бірі қазақ та, сөйлемдерін қазақ пен моңғолша араластырып сөйлеп отырады, діні əлі де шаман қалпында, жəне бүкіл əдет-ғұрпы дəл қазіргі моңғолдар сияқты, тіпті «тартпай қалғырдың тартуын-ай» демекші «тышқан суырды» да жиіркенбей жеп қоятын əдеті дəл қазіргі моңғолдарға ұқсап-ақ кетеді. Мейлі олардың тегі кім болса сол болсын, мəселе олардың онсыз да азып-тозып əртарапқа бөлінген қазағымның аздап болса да алыс-беріс болып жақындасып қатынасайын деген арманына кедергі болып отырғандығында. Əйтпесе кезінде моңғол болса енді əбден түрік болған бұл пақырлармен «атысып» нем бар. Айта кететін тағы бір жəйіт, сол алтайлықтардың бұл өлкеге əсте мекендемейтіні, бұл өлке Ресейдің Алтай республикасының Қош Ағаш ауданына қарасты, əрі бұл ауданда қазақтар басым көптікті құрайтыны. Алтайлықтар демекші өздерін бұлайша атаған бұл пақырларды басқаша енді не деп атайсың, əйтпесе қай жетіскеннен алтай деген атауды оларға қиып атап отыр дейсің. Басында бұларды атайтын ат табылмай ақыры отаршы орыстар бұлардың мекендейтін жерін меңзеп таулы алтайлықтар деп атай салып еді, соңынан таулы деген сөз жойылып алтайы ғана қалды, енді бұл атауға бейне бір жабысып қалғандай айырылар емес. Күштінің арты диірмен тартады демекші, бұл өлке ту сыртынан Алтай республикасына қарасты болған соң солардың жері делініп отыр. Əйтпесе қазақтың ежелгі мекені екеніне еш дау жоқ. Бұл жол салынып Моңғолиядағы қазақтар Қазақстанмен тура қатынаса бастаса қандай ғанибет болар еді. Қазағым да екі ортада шекара азабын тартпас еді ғой. Бұл Моңғолияның Бай-Өлкесінің (Баян-Өлгий) Көк ерігінен Шығыс Қазақстанға қарай тура салынатын жол

─ 93 ─ болады, бұл туралы Моңғолия өкіметі жəне қазақтары Н. Назарбаевқа өтініш жасап оңды жауап алған болатын, естуімше бұған Путин де оңды жауап берген көрінеді. Бұл жол социализм дəуірінде Моңғолиядан Семейдің ет зауытына қарай мал айдайтын ең төте жол болды. Егер осы жол салынатын болса, онда моңғолдағы қазақтар Қазақстанға бару үшін Ресейдің жерімен мыңдаған км жол жүріп бұралаңға түспей-ақ іргеден «аттап» ғана кіре салар еді. Онда қазақ еліне көшіп те қажет жоқ, өз атамекенінде отырып-ақ қарашаңырақ Қазақстанмен тура араласып отыра береді. Бір де болса қазақтың атамекені бос қалмайды деп біз де көңіліміз жарқын өмір кешер едік. Бұратана бұл құрамаларды айтқанымыздай Қытайдың Бітеу Қанасы мен Моңғолдың Бай-Өлкесінің Бестəңір (Бесбоғда) өлкесі тоғысатын жерінде азғантай тывалар (Моңғолия бөлігінде 1,5 мыңдай тыва бар, ал Қытай бөлігінде дəл қанша тыва бар екені белгісіз) тағы бар, бірақ бұлардан біреуге тигізіп жатқан ешбір зəбірі жоқ, оларда орыс сияқты арқа сүйері де жоқ, содан да болар, əйтеу ешкіммен хақысы жоқ жатқан бір бейуана жұрт. Жол салып қатынасайық деп оларға өтініш қойған адам ол жоқ. Ол жерге салатын жол да жоқ. Міне, бүкіл Алтайдағы басқа ұлт өкілдері десеңіз осылар ғана. Басқасы орыс, қытай сияқты келімсектерді қоспағанда ылғи өзіміздің қазақтар. Айталық Алтайдың осы төрт бөлігінде тек найман, керей рулары ғана мекендейді, Қазақстан мен Ресей бөлігінде наймандар, Қытай мен Моңғолияға қарасты бөлігінде керейлер, оның ішінде абақ керейлер мекендеуде. Олар осы өлкеге ежелден мекендеп келген жəне де осында мəңгі мекендеп қалатын да болады. Найман мен керей қазақтың ішінде егіз деуге боларлықтай қос тайпа, олар ежелден тату-тəтті өмір сүрген, бірі момын керей аталса, енді бірі ешбір зілсіз қағытумен қу найман деп қалжың-шыны аралас аталған қос арыс еді. Олар сонау тоғыз-оғыздың байырқу тайпасында бірге болғаннан бастап қазірге дейін еш ажырамастан мыңдаған жыл бойы бірге өмір сүріп келе жатыр.

─ 94 ─ Дүниеде Алтай тауы біреу, онда өмір сүретін халық та жалғыз қазақтар ғана, сөйте тұра аттай төртке бөлінеді, бұны қалай түсінеміз сонда. Атамекендегі азшылыққа айналған қазақ (немесе айырылған жерлердің көлемі қанша?) Жер жүзіне тарыдай шашылған қазақтардың азғантай бөлігі Моңғолияның Бай-Өлке (Баян-Өлгий) аймағында тұрады. Жалпысы қазақ халқы 40-тай елге таралғанымен қазақтар молынан шоғырланған санаулы ғана елдер бар. Жəне де сол елдердегі қазақтар негізінен диаспора емес ирредиенттер болып табылады. Олар əр елдерге тарыдай шашылған шашыранды əсте емес, тек өз атамекенінде отырып-ақ өзге елге қарасты болып кеткендер. Бұл қазірдің өзінде ежелгі атамекенінде тұрып жатқан қазақтар деген сөз. Моңғолиядағы қазақтар да дəл осындай атамекеніндегі шашырандылар болып табылады. Моңғолиядағы қазақтар негізінен орта жүз керейдің Абақ атасынан тарайды (90%-ға жуығы). Он екі абақ керейдің көнсадақ (кеңсадақ), жастабан (жастабандар жоқ емес бар ғой, бірақта өте аз санды, бірер үй шамасында ғана бар), шимойыннан басқалары яғни жəдік, жəнтекей, шеруші, ителі, меркіт, сарбас, молқы, қарақас, шұбарайғыр рулары бар. Сондай-ақ аздаған найман, уақ, өте аз санды жағалбайлы, қожа, ноғай, ұйғыр-қазақ, төрелер де баршылық. Осы қазақтар кейбір моңғол ағайындардың айтып жүргеніндей ширек ғасыр бұрын Қытайдан ауып Моңғолға жер сұрап келген келімсектер əсте емес-ті. Ең əуелі сол кезде Моңғол елі мен қазақтардың мекен еткен Шығыс Түркістаны да Манжу-Чин елінің қол асты боданы еді. Бұндайда ел ішіндегі ішкі қозғалысты жер аууы деп атамайды ғой. Ал, сол кезде жергілікті моңғол шонжарлардан бұрынғы өз жерлерін қазақтар қайтадан сұрағаны шындық болады. Екіншіде, жоңғардың елірген шағында қазақтар бұл жерден күшпен

─ 95 ─ қуылғаны да тарихи шындық болады. Жоңғардың көзі құрыған соң бұл жерлерге қайта мекендеу үшін ең алдымен қытайдың тосқауылына тап болса, артынан осындағы моңғолдардан жəбір көрген-ді. Өз ата-бабасынан қалған ежелгі атамекен жеріне қайтадан қоныстану үшін осылай бейшара кіріптар халге келіп өз жерін өзі сұрағаны «қызық» болды. Ең қызығы бұл жерлердің көбіне байырғы иесі қазақ та, артынан жаулап алған жоңғар да ие болмай айдаладағы қытайлар ие болғанына қайран қаламын. Жоңғардың тұсында атамекен Алтайдан ауып алыстап кеткен қазақтың керей, найман тайпалары жоңғардың үні өшісімен қайтадан ежелгі мекен Алтайға біртіндеп жақындап отырып ақыры 1860-шы жылдардың аяғында Алтайдың Өр Алтай (күнгей) бетін əбден мекенденіп болды да, олардың бір бөлігі енді Манжу-Чин елінің отары Моңғолияға қарасты болып тұрған Алтайдың Қобда бетіне өте бастаған еді (ең соңғы қазақтар 1930-шы жылдары Қытайдан ауып Моңғолияға көшіп барды). Қанша атадан қалған ежелгі мекен болса да бұл кезде моңғолдың ұранқай, дөрбет сынды руларының құтты қонысына айналып кеткен Алтайға қайта қоныстану оңайға соқпаған ғой. Үнемі олардың қарсылықтарына ұшырап өз мекеніне қайта қонуға зар болды. Талай-талайды бастан кешіре отырып ақыры Қобда бетіне жапбай қоныстана бастаған-ды. Бұл мақсатқа жету жолдары айтарлықтай қиын болған. Жоңғардың дөрбет руының Далай хан сынды зұлымдардан соққы көріп, жаугершілікке де ұшырап біраз бөлігін тұтқынға мəңгі беріп құтылғанды (1836 жылдары болған). Артынан, бұл тұтқынға кеткен қазақтар мен көп бұрын (1700 жылдары болған) ұсталып келген ұйғыр тұтқындар жергілікті моңғолдармен біте араласып қазіргі Батыс Моңғолияның Убсу (Үпсу/Усу) аймағындағы түрік тектес хотан халқын құрап қалыптастырды. Дөрбет тайпасының хандары олардың санын өсірмеу үшін еркектерін үнемі өлтіріп отырғандықтан олар еркектерін жасырып, өздерін қатын-қатын дей берген екен. Яғни «ер-

─ 96 ─ кек жоқ ылғи қатындар ғана бар» дей берген екен. Содан қатын немесе хотын халқының атауы пайда болған деседі. Ал кейбіреулер бұл тұтқындардың басым көбі ұйғырдың Хотан өлкесінен болған да солай хотын (хотан) аталған дейді. Бұның да жаны бар, олардың көп бөлігі сонау жоңғар шапқыншылығы кезінде егін ектіру үшін күшпен əкелінгені шындық еді. Қалай десе де бұлардың тегі қазақ пен ұйғыр халқына тығыз байланысты, сонау жаугершілік заманнан қалған мұңлы естелік, тірі куəлар болады. Қазіргі хотын халқының арасында қазақтың абақ керей тайпасының жəнтекей, шеруші т.б. руластары көп кезігеді. Бұдан кейін де баяғы сол дөрбет шонжарларының айдауына еліріп айуандыққа барған құба қалмақ Жалама (Да лам Дамбийжанцан) сияқты асқан қаныпезер жендеттерге бірлі-жарым қазақ тірідей сойылып «тері тұлып» та болып көрді. Бұл аз дегендей құндақтағы 20 сəбиді бір жолда құрым кигізге оратып жұртқа күшпен тастатып кеткен, ақыры бұл сəбилер барлығы аштан, шөлден өледі (қазағымның жөргектегі баласы да кінəлі болған сол бір заманды-ай деші). Бұндай айуандық адамзат тарихында бұрын-соңды болған да емес. Атадан қалған өш-қасы бар бұл Еділ қалмағы Батыс Моңғолияға келісімен өзін Амырсанамын (Əмірсана) деп жариялап жергілікті бейуаз моңғолдардың басын əбден айналдырып тастап еді (бұл 1920 жылдары болған оқиға, осы зұлымды бұл күнде кейбір моңғолдар əулие пір тұтатыны қызық). Міне, атамекенге қайта қоныстану қазаққа əсте оңайға соқпаған. Бұл жолда талай жандар құрбан болып əйтеу бір атажұртқа əрең қоныстанған еді. Бұл кезде қазақтардың саны он мыңнан сəл астам болды. Ата қоныс қазаққа жақсы жағып саны мен малы да қатар өсіп өрбіді. Басында қанша жер сұрап келгенімен өзінің ата қонысы емес пе, бұл маңға отырықтанып үйреніп қалған тыва, ұранқай, дөрбеттерді ығыстыра отырып ақыры оларды бұл жерде азшылыққа айналдырған-ды. Бұл қазақтардың тарихтан алар заңды несібесі еді. Бұны, сол жерден ығыстырылған ұранқай,

─ 97 ─ дөрбеттердің ұрпақтары артынан талай рет сөз қып дау қылғанымен одан өнген ештеңе жоқ. Қазақтың бұл жерге заңды мұрагер екеніне тарлан тарих та, асқар Алтай да куə. Онда қалған, қазақтардың атабабасына тікелей байланысты мықтың үйі, сан жоқ көп сынтас, көктас, құлпытастары, ежелгі мола қорымдары куə. Бұлардың бірде біреуі қазіргі моңғолдарға байланысты емес, кілең түріктен, түркештен, оның ішінде қимақ, керей, наймандардан қалған мұра. Ол аз десек Алтайдағы талай өзен су, жерлердің аттары да куə. Алтайдың ең үлкен өзендері Қобда, Бұлғын деген атаулар, Қаракөл, ондағы Ақбаш арал атауы, Үпсу (Усу) көл, Қырғыз көл, Өрікті көл, Ақсу, Қарқара (өзен), Дайын, Сырғалы, Сұмдайырық, Өрмегейті атаулары мұның мысалы емес пе. Бұларға қазақтардың соңынан ат қойып айдар тағып алған қаншама көп атауларын кіргізбедік те. Бұл да аз десеңіз сонау Орталық моңғолдағы талай-талай атаулар мысалы, Хөвсгөл (Көпсукөл), Байдраг (бəйтерек / байдарақ, бұл атау да сонау ежелгі керей, наймандардан қалған, өзен аты), Завхан (жапқан, өзен атауы), Хүнгий (күнгей, өзен атауы), Хангай (қаңқай), Хентий (кентау) атаулары бірді меңземей ме? Сол түріктің ұрпағы енді қайта бір қоныстанса ол неге келімсек кірме болады? Неге олар жер сұрап келген босқындардың ұрпағы аталады? Біз бүкіл Моңғолияға тарап мекендесек те сөйтетін хақымыз бар халық боламыз. Бірақта біз бүкіл Моңғолия демей-ақ Алтайды толық мекендеп, онда ешкімдерге «кірме келімсек» делінбей еркін өмір сүрсек те жетіп жатыр. Қаңқай мен Кентауды жоқтамай-ақ қояйық, тарлан Алтайға нағыз ие болып өтсек те жеткілікті болмақ. Жері ұлан байтақ болса да халқы тым аз моңғолдай елдің бір аймағында тұтастай отырғанымызбен моңғол ағайындардан əртүрлі қысым көрмесек те бізге деген сенімді ешқашан көрмедік. Тағдырдың тəлкегімен, өмірдің қысуымен бұндағы қазақтың бір бөлігі Қазақстан атажұртқа көшкені үшін мұнда қалған бір бөлігі неге сенімсіздік қалпағын киюге тиісті?

─ 98 ─ Бірде-бір қазақтың соңғы кезде атқа мінер топтан көрінбей шеттетілуі мұның айқын айғағы емес пе? Cөзімді дəлелді болдыру үшін бірер мысал келтірейін. Барлығы 2,7 млн. болатын Моңғолия халқының 4 пайыздан астамы қазақтар. Моңғолиядағы екінші ірі ұлт жəне бұл елдегі бірден-бір аз ұлт өкілі осы қазақтар болады. Жəне Бай-Өлке сияқты тұтас бір аймақтың 90 пайыздан астамы тұп-тура қазақтардың үлесінде. Бұған қарамастан Бай-Өлкедегі бүкіл шекара қорғау, кеден-өткелек, ұлттық барлау мекемелерінің бастықтары кілең моңғолдар өздері болады. Қазақтар Моңғолия халқының аттай 1/20-і болса ал ондағы жоғары шенді əскери генералдардың небары 1/140-і ғана. Əуелі бұл жалғыз генералдық шенді қазаққа берейін деп те бермеген ғой, билік басындағы саяси партия келесі сайлауда жеңіске жету үшін, қазақтар арасынан саяси ұпай жинау үшін амалсыздан берген «сыйлық» шен еді. Мұны мұндағы қазақтар, қазақтан алғаш генерал шықты деп үлкен қуанышпен қабылдағаны да рас, сондай-ақ «сыйлық» берген билеуші партияға шетінен «қарыздар» болып жапбай дауыс бергені де шындық болады (алайда бұдан көп бұрын Мүдəрісұлы Зайсанов деген қазақтан алғаш шыққан авиация генералы болды, бірақта осы жалғыз қазақ генералдың өзін, өз қазақтарын аяусыз бомбалауға моңғолдар күшпен мəжбүрледі, əбден тозған қазағым екі жақтан да жəбір көре берген соң Қытай мен Моңғолия арасында алма-кезек ауып, ақыры бұл əрекеті үшін моңғолдар тарапынан жапбай бомбаланды, мұны Зайсанов амалсыз атқарды, оқиға болған жер артынан Қазақ сүйек (моласы, моңғ: Хасгийн ясан) аталды, бұл жер Қобда аймағының Бұлғын ауданындағы Алыг толғой деген Қытайдың шекарасына таяу жерде, бұл оқиға əйгілі Оспан батыр тұсында болып өтті.). Əрине қазақтан бір де болса генерал шығып жатса ол бізге үлкен мақтаныш. Бірақта бұны да өздерінің пасық саясатына пайдаланған билеуші партияның алдауына мəз болып жүрген аңқау қандастарыңды көргенде еріксіз налисың. Сондай-ақ соңғы кезде екі қандас апайымыз вице-министр лауазымы-

─ 99 ─ на қолы жетті. Бұны да соңғы кезде қазақтардың арасында наразылық туа бастаған соң биліктегілердің шарасыздан істеген көлгірсуі деп ұғу керек-ті. Міне, бұндайда қазаққа деген сенім бар деп айту қиын. Мұндағы біздің «сорпа бетіндегілеріміз» соңғы кезде моңғол өкіметі қазақтарды елден ерек көріп, жақсы қарайласып тұр дегенді үнемі айтуды «модаға» айналдырды. Алайда елден ерек қарап мұндағы қазақтардың көсегесін бірақ көгертіп тастаған ештеңені өз басым көре алмадым, қазақтар тұратын Бай-Өлке аймағы Моңғолияның 21 аймағының бірі болған соң үкіметтен азын-аулақ дотация алатыны да рас. Бірақ бұл үшін моңғолдың бұрынғы коммунистері əлі күнге дейін басқаратын үкіметіне «жапбай қырылып алғыс жаудыра» берудің жөні аз деймін. Біздің қазақта бір жаман əдет бар, мəнсапқа жеткен азаматтарымыз халықтың сөзін сөйлеудің орнына биліктегі партияның сөзін сөйлеп олардың қолшоқпарына айналу əдет болды. Алайда Моңғолияның ертеректе болған Чойбалсан, Цеденбал сынды басшылары қазаққа жақсы қарап, ұлттық бөлек аймақ құрып бергенін жоққа шығаруға болмайды, ал олардан кейінгі басшылар қазаққа елден ерек қарап келді дегені біздегі кей азаматтардың ойдан шығарған ертектері яки биліктегілерге орынсыз жағымпаздануы ғана. Бұл ел моңғолдардың елі екенін жақсы білеміз. Сондайақ моңғолдар да бұл жер Алтай қазақтарының ежелгі атамекені екенін біліп қойсын. Моңғолиядағы қазақтар қалың моңғол жұртынан ешқашан көрінеу қысым, шетқақпайлау көрмегенін (1937 жылғы қуғын-сүргінді есепке алмағанда басқа қиыншылық көрмеген, сол жолғы қуғын-сүргінді қазақтар ғана емес бүкіл моңғол жұрты болып бастан кешірді) айта кету керек. Бұл жағынан біз кең қолтық моңғол ағайындарға дəн ризамыз, əрі қарыздармыз. Ал олардың мансапқұмарлары билейтін жікшіл посткоммунист партиясына, осы партияның қуыршағына айналған қауқарсыз үкіметке сонша алғыс айта беруді ендігі жер-

─ 100 ─ де тура жағымпаздану дегеннен басқа айтар сөз жоқ болып отыр. Қазіргі кезде Бай-Өлке аймағында 90 мыңға жуық, моңғолдың басқа өлкелерінде 40 мыңға жуық қазақ, барлығы 130 мыңдай қазақ бар. Бірақта менің пайымдауымша қазірдің өзінде моңғол елінде 160 мыңдай қазақ бар деуге болады. Егер де атамекенге қоныс аудармаған жағдайда мұндағы қазақтың саны кең молынан 250 мыңға жетіп 300 мыңды алқымдап қалар еді (алғаш келгенде қазақтардың саны небары 18 мың ғана болған). Онда біз көп қорқытады, терең батырады демекші, біреуді қорқытпасақ та өз күнімізді өзіміз жоқтауға күшіміз толық жеткен болар еді. Жəне де санымыз өсті деп бұл моңғол ағайындарды көп болып қорқытатындай оларда кеткен өш-қасымыз жоқ екені белгілі ғой. Тек біздердей аз санды халыққа біреу болса да мұнда қалып жатса көптік етпейді дегенді айтпақшымын. Сөз соңында айтарым, бізді жалғыз-ақ нəрсе алаңдатпайды, демек ол моңғолдағы қазақтардың басқа жердегі қазақтың үлкен шашырандыларына қарағанда ұлт ретінде жойылып кетеді-ау деген қауіптің жоқтығы. Моңғолдағы қазақтардың мекендейтін жерінің көлемі 60 мыңдай шаршы км. Бұл жерге негізінен Алтай тауына орналасқан БайӨлке аймағы бүкілдей, көршілес Қобда аймағының қазақтар тұратын біраз жерлері кіргізіліп есептелді. Ал Бай-Өлкенің көлемі 44,8 мың шаршы км. Қазақ халқының ең көп шашырандысы Қытайдың құрамында қалған Шығыс Түркістанның Іле-қазақ облысында тұрады. Бұл облыс Алтай, Іле, Тарбағатай (Барқытбел) аймақтарынан құралады. Облыс орталығы Құлжа қаласы. Бір кездері əйгілі Қарамайлы қаласы да Іле облысына қарасты болған еді. Енді мұнайдың алып қоры бар осындай жерлер тура орталыққа бағынуға тиісті екен, сонымен бұл маң қытайдың Орталық өкіметіне тіке қарасты болған. Бұл атаулардан-ақ Іле облысын қазақтың нағыз атамекен қонысы екенін аңғаруға болады. Қазақтан қалған қайран мекен 1950-шы жылдарға дейін

─ 101 ─ Қытайдың құрамына толығымен кірмеп еді. Бұл кезге дейін қанша аз ғұмыр кешсе де ер түріктің екінші азат елі Шығыс Түркістан өмір сүріп еді, амал не оның Оспандай сарбаз батыры да дүниеден өтіп, əрі бүкіл дүниені жалмап жұтса да араны тоймаған Кеңестей кенезесі кеуіп қалған елдер оны əсте қолдамады, ақыры Қытайға қасақана жем болғызғанды. Қолдамағаны түгіл қарсы шығып, бұл мақсатпен енді ғана ел болып келе жатқан азғана моңғолдарды онсыз да əбден азып тозған қазаққа қарсы салған-ды. Нəтижесінде Оспандай ұлы батыр моңғолдар арасында мəңгі қарақшы кебін киіп қалды. Сталиндей «жемтіктер» айдап салғанда бұл моңғолмен соғыспасқа бола ма. Бірде Гоминдан жəне Коммунистік секілді екі бірдей алып қытаймен, қызыл орыспен, бірде сол орыстардың күшпен айдап салған бейуаз моңғолдарымен соғысқан Оспан батырдың жаралы арыстандай ашынуы да заңды еді. Əбден түңіліп ашынған Оспан батыр ақырында моңғолдармен ашық қақтығысты. Дегенмен бұл кезде оның атын жамылған қарақшылар да жоқ емес-ті. Ондай тарихтың сілімтіктері қашанда болады емес пе. Оспан елім деп зар илесе олар қара басының қамын ғана ойлап отырды. Ақыры есіл ер де опат болып мəңгі қиылдыау. Маңқа қытайлар да масайрап мақсатына жеткен еді. Бірақта Оспан батыр өлсе де артында мəңгі өлмейтін мұрат арманы, тəуелсіздікті аңсаған Алтайдың қазақ елі бəрібір қалды! Замана бағы бұл күнде қытайларға ауып тұрғаны шындық. Сондықтан да Оспандай батырды өмірге əкелген құтты өлке – қазақ жері ендігі жерде қытайдың, оның бейне бір басыбайлы отарына айналды ғой. Солай болғалы да қай заман. Мен бүкіл Шығыс Түркістанды қазақтың атамекені деуден аулақпын. Бір кездері бұл атау қазаққа еш белгілі болмағаны да шындық. Бұл атауды алғаш ұйғыр ағайындар шырық түркістан (шығыс түркістан) деген атпен берген еді. Бұл атау артынан қазіргі бүкіл Шыңжанның атауы болды да сондағы қазақтың ежелгі атамекені Алтай, Іле-Құлжа, Тарбағатай (Барқытбел) да бұған қарасты болды. Біреулер не

─ 102 ─ деп атаса со деп атасын, ақы иесі біздер ендігі жерде осы үш қазақ аймақты сыртынан Өр Алтай деп атасақ дұрыс болар. Қазақтар бұл өлкеден басқа Баркөл, Құмылда да ежелден мекендеген еді. Ол – ол ма, сонау Ішкі Қытайға жақын Ақсайда, Көккөлде (Көкінұр) қазақ мекен еткен ғой. Бұл өлкелер ежелгі түріктің де атамекені болған. Артынан халха моңғол, жоңғарлар барып мекен етіп алғанды. Бірақта ол жерге моңғолдар да тұрақтай алмай енді қалың қытайдың төл мекеніне айналған (бұл күнде небары 100 мыңдай моңғолдар мекендеуде). Қытайлар бұл Шығыс Түркістанды ежелден біздікі болған деп көрсету үшін сонау ежелгі үйсіннен бастап қазақтың ең соңғы ұлы ханы Абылайға дейінгі сендердің талай хандарың бізге бағынышты болған-мыс деген ертегісін айтып жүр. Енді олар бұл Шығыс Түркістаннан өлмей айырыла ма? Айырылса болды, бұл қытайларда ежелден мұра болып келген ұлтарақтай жері яғни «күріштік егіс» жер ғана қалатын болып, жанталасып млндаған ханзуларды Шығыс Түркістанға əкеліп қоныстандырып жатқан жоқ па. Содан да болар, Шыңжандағы халықтың санын ауызы-басы қисаймай 25 млн ғана деп көкіп жүр. Мұндайда ұйғырдың саны 10 млн, қазақтың саны 1,3 млн ғана болып кеміп қалады. Бұл, ондағы байырғы халықтың санын əдейі аз қып көрсету, жəне сол жердегі қытайдың санын да азайтып көрсету мақсатынан туындап отыр. Шындығына келсек бұл өлкедегі қытайдың санында шек жоқ, тіпті оларды 40-50 млнға таяды деуге болады. Өйткені қытай өкіметі онсыз да жер жүзге сыймай қаптаған халқынан 100 млндай қытайды бұл өлкеге қоныстандыруды мақсат еткенді. Бұндайда жергілікті түрік тектес мұсылмандардың саны əдейі азайтылып көрсетілуге тиісті. Расында мұнда 15 млндай ұйғыр, 3 млнға жуық қазақ бар десек онша қателеспеген болар едік. Бірақта бұл қазақтың көбі қытайланып азып бітті. Азып бітті емес-ау аздырып бітірді ғой. Біз осы қандастарымызды сыртынан ғана иемденіп санына мəз болып малданып жүргенде қытайлар əлдеқашан

─ 103 ─ нақтылы іске көшіп өзіне сіңіре бастағанды. Ендігі жерде бұл қазақтан қартаң шал-кемпірлер ғана қалып басқасы шетінен «қытай» болып кетер-ау. Мен бұлардың бəрі сіңіп жоқ болады деп жаман ырым бастап отырған жоқпын, дегенмен «сақтықта қорлық жоқ» демекші, бұл қазақтар туралы ойланатын кез жетті. Біз қанша ойлансақ та «жоққа жүйрік жетпейді» демекші, біздің қолдан келмейтін қытай елінің айбаты анау. Сонда да көп болып ойлансақ бір амалы табылар-ау. Мен бір нəрсенің байыбына бара алмадым. Қытайға адам емес жер ғана керек екені түсінікті бола тұра ондағы қазақты жіберуге келгенде тым жайбасар. Бұны жалғыз-ақ нəрсемен түсіндіруге болатын сияқты. Бұл қытайға көршілес Қазақ елінің бірлігі, өркендеп қанат жаюы əсте ұнамайды. Қытайдан барған көп қазақ еркіндік алған соң Қазақстанға жаңа бір серпін беріп кетеді деп қорқады. Қытай өкіметі сөз жүзінде қазақтарды еркін көшіреміз деп Қазақстанға уəдені қос қолдап берсе де іс жүзінде «барлық халық тең құқылы жуңго ұлтын құрамыз» деген желеумен қазақтардың көшіне шектеу қойып келеді. Жасампаз совет халқы деген «ұлттық бірлік» құрамыз деген Кеңестің империялық саясатының өзі ақыры немен тынғанын бұл қытайлар да ескеріп жүргені жөн болар. Тепе-тең ұлт құрамыз дегені батыс елдеріне жамандалмау үшін ойдан шығарған ертектері ғана, осындай жағдайда яки «Жуңгоша социализм құрып, дөңгелек дəулетті қоғам орнатып жатқанда» ол елден бірде-бір азаматы шетелге албаты кетпеуге тиісті, бұл жуңго елінің зор «беделіне» нұқсан келтіреді ғой. Тарихтан сыр шертсек, соғыстан кейінгі Германияны шеттен оралған германдар, Израильді де сол оралман еврейлері күл-қоқыстан осы дəрежеге жеткізген еді. Енді бұндай өзі тілемеген жақсылықты қазақтарға істеуге болмайды ғой. Бұны осылай түсінбегенде басқа не деп түсінеміз. Қытайдағы қазақтардың Алтай аймағындағылары абақ керей руынан, Тарбағатай аймағындағылары ашамайлы ке-

─ 104 ─ рей жəне найман т.б. рулардан, ал Іле аймағындағылары біршама аралас, ұлы жүздің албан, суан сияқты руларынан құралады. Тұтасымен алғанда негізінен найман, керей, суан, албандар деуге болады. Ондағы қазақтан бір нəрсені анық аңғарасыз. Ол əбден жігері құм болып жуасып жүнжіп басылып қалған қазақтың пердесі. Кешегі айбарлы қазақтан бүгінгі күні сүлбесі де қалмаған. Қытайдағы қазақтарды турасын айтқанда (ағайынау көңіліңе келмесін) ұйғыр мен қытайға қосшы болып қалған қазақтар деуге əбден болады. Іс басында қытайлар жүрсе, саудада, билікте ылғи ұйғырлар жүреді, ал қазакем мақтанса «қой қорадан» ғана табылады. Кезінде Оспанның тұсында Түркістанның негізгі тірегі де айбары да өзіміздің қазақтар еді, енді керісінше ұйғырлар болған (бұған онсыз да билеуші-отаршы қытайларды қоспаймыз). Бір кездегі қазақтың жігері енді қайда кеткен деп қынжыласың. Тұтас бір халықты да осыншама өзгертіп жігерсіздендіруге болады екен ғой, сірə. Бұған, қытаймен қоса ондағы ұйғырлардың «озбырлығы» да өз үлесін қосқан. Турасын айтқанда ұйғырлар қазаққа сенгенді қойған. Кім сатқын, кім қорқақ десе қазақ сатқын, қазақ қорқақ деп ұғатын болған. Қайран Оспанның күні өтті ғой. Сол заманда қазақтан батыр халық болды ма, кім қазақты қорқақ дей алған. Сол кезде қазіргі «батыр» ұйғырлар нақ сатқын, нақ қорқақ еді ғой (Шығыс Түркістанның құлауына Гоминданға (Тайвань) сатылған ұйғыр шонжарларының үлесі аз болмады). Əлде «елу жылда ел жаңа» дегені осы болғаны ма? Жаңа дегенде жақсы жағымен емес жаман жағымен жаңарғанына күйінесің. Қазағым күн көріс үшін ендігі жерде намыс, ар-ұждан дегенді жылы жауып қойған сияқты. Содан да ұйғыр ағайындар қазаққа сенгенді баяғыда-ақ қойған дейді. Кім көтеріліс жасап жатады, тек ұйғырлар өздері қана. Қазағым сыртынан қарап «тамашалап» отырған ғой. Бір жағынан осы да дұрыс па кім білген. Онсыз да əлі келмейтін көп қытайға

─ 105 ─ қауқар жасадың не бəрібір сияқты, керісінше текке қырылып жаманат алғаннан басқа пайдасы жоқ. Дегенмен ұйғырдың азаттық жолындағы күресін қалайша жоққа шығарамыз. Ұйғырдың жасымауы да осыдан емес пе. Ал қазағым бүйте берсе көп қытай ойына келгенін істей берер. Қой екеш қой да бауыздалғанда тыпырлаушы еді ғой. Қытайдың Шығыс Түркістанында шамамен 400 мың шаршы км-ден астам жеріміз қалды (тек Іле қазақ облысының өзінде 350 мың шаршы км жері бар). Ресейдегі қазақтардың да күні белгілі болып отыр. Олар аштан өліп көштен қалмаса да ұлт ретінде жойылып кету қауіпі төніп тұр. Əртүрлі мəліметтерге қарағанда Ресейде 1 млндай қазақ бар. Бірақта ұзын саны осыған дəл жетпейді. Ресейдегі қазақтардың басым көбі өз ата қонысы Сарытау, Самара, Селебе (Челябинск), Астрахан (Қажытархан/Аштархан), Орынбор, Омбы, Қорған, Түмен (Төмен), Жаңа Сібір (Новосибирск) облыстары, Алтай, Баранауыл өлкесі, Алтай Республикасында тұрады. Аталмыш жерлер кезінде қазақтың нағыз атамекен қоныстары болған ғой. Бұдан тыс Мəскеу жəне тағы көптеген өлкелерде əбден сіңісіп мəңгүрттеніп бара жатқан қазақтар жеткілікті. Жалпы Ресейдің бүкіл жерлерінде қазақтар бар деуге болады. Бірақта олардың жағдайы тым ауыр. Қазақ еліне қайтатын ойы да жоқ, сіңіп біткен қазақтар десек əбден болады. Мұндай қазақтар Украина, Беларусь, Молдава жəне Еуропаның көптеген елдерінде де көп кезігеді. Оларды енді қазақ болып отанына оралады деу екіталай. Сонда біз сыртта 5 млндай шашыранды шоғырымыз бар деп есептеудің жөні жоқ. Шетінен сіңісіп, не қайтпайтын болған немесе қазақтың санатынан алынып бара жатқан қазақтар. Ресейде қазақтың ең көп жері бөлініп қалған. Ана-мына жер дегенді қоялық, шамамен 1 млн шаршы км-ге жуық жер оларға тиісті болып кеткен. Бұл өлкелер қазақтың ең шұрайлы жерлері еді. Осындай ұлан байтақ жері бола тұра ондағы қазақтар да ресейдегі аз ұлтқа жатады. Ең көп жері бар болса да ең көп қағысталған халықтардың бірі қазақтар.

─ 106 ─ Қытайдағы қазақтарда өтірік болса да автономиялы облыс (өздерінше айтсақ «орынбасар министр дəрежелі өлке») деген көтермелеген дəрежесі бар. Осының өзі оларды қағаз жүзінде болса да өзіндік ерекшелігі бар бөлек бір субьекті екенін аңғартып жатса ресейдегі қазақтарда бұл да жоқ болып отыр. Бір жақсысы, бұлар тілдік жағынан мəңгүрттенгені болмаса саяси еркіндік жағынан Қытайдағы қазақтан көш ілгері екенін мойындауға тура келеді. Жоңғардың елірген шағында Алтайға келіп ондағы қазақтарды қуып шығып өздері мекенденіп алып, артынан түріктеніп (түркіленіп) кеткен 60 мыңдай бұратана моңғолдарға да (алтайлықтар) Алтайдан жер бөліп берген, жер жүзін кезген кезбе еврейлерге де сонау Қиыр Шығыстан жер беріп бөлек отау тігіп берген орыстар өз жерінде отырған бір млнға таяу қазакеме келгенде ауызын ашқан да емес. Содан да болып ондағы млндай қандастарымыз өзіндік «отауы» жоқ біреудің іргесінде яки «аттың жалында, түйенің қомында» жүріп өмірі өтіп жатыр. Ерте ме, кеш пе, əйтеу бір, Ресей мен Қытайға күшпен телінген қазақтың осы өлкелері өзімізге қайтадан бір оралары хақ, біз бұл күнге деген сенімнен айырылмасақ болды, арғысын уақыттың еншісіне қалдырып қояйық. Ал Өзбектегі қазақтардың күні бұлардан тірлік тұрмыс жағынан төмен болғанымен ұлт ретінде сіңіп кету кауіпі əзірше аз деп есептеледі. Ондағы қазақтың ұзын санын 1,5 млн деп жүр. Бірақта бұл санға əнтек жетіңкіремейді. Көп болса 1,2 млн шамасында ғана. Тіпті 1 млн ғана қазақ бар десек дұрысы сол. Ал өзбекке əбден сіңіп кеткен дүбəра қазақтарды қосқанда онда біршама қазақ бар екені шындық (таза қазақ пен дүбəра қазақты қосқанда шамамен барлығы 3 млндай қазақ бар). Бірақта оларды қазақтың санатына қостың, қоспадың бəрібір, олар енді қайта қазақ болады дегенге еш сенімім жоқ. Өйткені олар бірден төлқұжаттарына өзбек деп жазылып ертеден ресми сіңген қазақтар яғни қазақтың санатынан біржолата алынғандар.

─ 107 ─ Өзбектегі қазақтар негізінен Қазақстанмен шекаралас таяу өлкелерде, Тəшкен маңында, Мырзашөлде, Қарақалпақстанда, Бұхар, Науаи, Жизақ өлкелерінде тұрады. Олар да өз ата қонысында тұрып жатқан қандастарымыз болады. Ондағы қазақтар да өз атамекенінде отырып ұлт азшылығы болып қағысталғандар. Оларға өзбек өкіметінен тура қысым жоқ болғанымен əртүрлі себептермен ұлттық болмысын сақтап қалу үлкен проблема болып отыр. Ол аз болғандай өзбек еліндегі саяси ахуалдың бір оңалмауы бұған кері əсерін тигізіп отыр. Бірақта өзбектегі жағдай оңалсын, оңалмасын, оларды түгелдей қазақ еліне əкелуге əсте болмайды. Өйткені ол жақта қазақтың талай атамекені қалып бара жатыр. Төле, Жалаңтөс баһадүрден бастап қазақтың талай арыстарының арулап қойған сүйегі сонда жатыр. Бұндай жерді қанша туысқан халық болса да өзбектерге қалай қиып тастайсың. Мұнда шамамен 200 мың шаршы км-ге жуық жеріміз қалды. Тек осы бірнеше мемлекеттердегі бізден қалған жерлердің өзі 1,6 млн шаршы км-ді алып жатыр. Бұдан-ақ қазақтың жері қаншама ұлан байтақ кең болғанын аңғаруға болады. Бұлардан басқа түрікмен, қырғыз елінде де біршама жерлер қалған. Түрікменде Қарабұғаз көл, Қырғызда Шу, Талас өзендері бойындағы жазықтар қалды (ол – ол ма, кезінде Ыстықкөлдің солтүстігінде де қазақтар (дулат) мекендеген ғой). Бірақта бұлардың көлемі отаршыларда кеткен жерлермен салыстырғанда дауласуға жарамайтындай «аз» еді. Бұндай аз жер үшін дауласудың өзі «ұят» қой. Бірақта атам қазақ айтқандай «артық дəулет ешқашан бас жармайды» ғой, жер деген тұп-тура елдіктің белгісі, біреуге кеткен ұлтарақтай да жердің сұрауы қайткен күнде болуға тиісті.

─ 108 ─ Қазақ тағлымындағы орны толмастар Қазақстанда жыл сайын сəн салтанатпен белгілеп өтетін «ұлы отан соғыс» күні туралы қазақ баспаларында біраз сөз болғанымен бұл туралы ең əділ пікірді белгілі қоғам қайраткері Хасен Оралтай айтқан еді. Ол кісі бұл күнді турасын айтқанда қаралы күн деп белгілеуге тиістіміз деген болатын. Бірақта қазақ қоғамы бұл ұсынысты түпкілікті қолдап кетпегені сондай, əлі күнге дейін аталмыш күнді жеңіс тойы ретінде белгілеп келеді. Менің айтайын дегенім жұрттың онсыз да түсініп біле бастағанымен əлі де ұлы отан соғысы деп бұрмаланған қалпында келе жатқан осы соғыстың нағыз бет пердесі расында қалай болғаны туралы бір дерек келтіріп тарихқа сөз бермекшімін. Біздің қалыптасқан ұғымыз бойынша қаскүнем Гитлер жалғыз-ақ күні опасыздық жасап «бейбіт» жатқан Кеңес Одағына шабуыл жасады да оны бұрынғы Кеңестер Одағының барлық халқы «асқан ынтымақпен» бірлесе отырып жеңді, сондықтан да бұл күн жеңіс күні болуға тиісті болды, солай болып та келді. Біз де осыны заңды құбылыс деп имандай сеніп келе жатырмыз. Мейлі солай-ақ болсын. Бірақта соғыс өртін тек ғана Гитлер қоздамағанын, оның өрбуіне Кеңестің кесірі бірдей көп болғаны, əсіресе «көріңде мың жыл өкіргір» Сталиннің кесірі тіпті көп болғанын айтуымыз керек емес пе. Сондай болғанда ол неғылған жеңіс күні? Патшалық Ресейдің тұсындағы күш-қуатына қайта баруды армандаған Кеңестің фашистік Германиямен 1941 жылға дейін астыртын ымырада болып Шығыс Еуропаны бөлісуге өзара келіскені сандаған жыл бойы өте құпия сақталып келгенін бəріміз де білеміз. Екі жақтың негізгі нысанасы Польшаға дейін өрбиді де одан ары бармауға тиісті. Яки бұл аралықтағы барлық кішігірім елдерді өзара бөлісіп алады деген сөз. Сөйтсе де олар бір-біріне əсте сенбей іштей соғысқа қауырт дайындалып əбден дайындық біткен кезде Гитлер «опасыздық» жасап соғысты бастап та кеткен. Бұл

─ 109 ─ кезде Кеңес Одағы еш қамсыз бейбіт жатты дегені құйдай өтірік. Алайда «бейбіт» Кеңес Одағы бұл соғыстың қашанда бір басталарын білсе де дəл 1941 жылы Гитлер соғыс аша қоймас, 1942 жылға қарай болады деп күтуде еді. Бір жыл «тоспағанына» ғана қатты өкпелі болатын. Бұдан бұрын екі жақтың сыртқы істер министрлері Молотов пен Риббентроп талай рет кезігіп ең соңында «жарықтық» Гитлерді Мəскеуге сапарлай баратын етіп жоспарлап та қойған-ды. Жарайды, бұны бір-біріне істеген уақыт ұту, дипломатиялық айла дейік. Мəселе бұл барыс-келіс арасында талқыланған тақырыптарда болып отыр. Олар үнемі бір-бірін алдап-арбай бермеген ғой, біруақ өзара тіпті өте жемісті деуге боларлық тығыз ара-қатынас орнатты, көптеген нақтылы іс-шаралар жүргізіп Мəскеу Бессарабияны (Молдава), Балтық жағалауының үш елін өзіне күшпен қосып та алды. Ал Гитлер Польшаны жалмап үлгерген-ді. Гитлер Еуропаның небір кішкентай елдерін азуына салып шайнап жатқанда Сталин лəм-мим демеді, демек оның да күткені осы болатын. 1939 жылғы 17-ші қыркүйектің түнгі 02 сағатында Сталин Мəскеудегі Германияның елшісі Шуленбургті шақыртып қабылдап, тəңертенгі 06 сағатта «жеңімпаз» Қызыл Армия Польшаның шекарасына өтетіндігін ресми түрде алдын ала ескертіп мəлімдеген. Демек бұнысы екі одақтас елдің оқыс қақтығысып қалуынан сақтанган іс шара еді, қысқасы бұған дейін екі ел нағыз одақтас ел болып келген. Сенесіз бе, сенбейсіз бе, өз еркіңіз, бұған дейін екі елдің нақ одақтас, мақсаттас ел болғаны тарихи шындық болады. Бұл жылдары Сталин мол табысқа жеткені сондай, Кеңес одағына кеңестік деп аталатын төрт елді «өз еркімен» қосып алды. Бұған місе тұтпай бір кезде Патшалық Ресейдің құрамында болған Финландыны да өзіне қоса қоймақшы болды да ол арманына жете алмай танауы тасқа тірелген еді. Бұл аз болғандай Моңғолияның құрамында болған Тагну ТываҰранқайды (Ресейдің құрамындағы қазіргі Тува республи-

─ 110 ─ касы, сол кездегі атауы дəл осылай еді, бұл атаудан олардың моңғол (жоңғар) тектес екенін аңғарамыз, өйткені ұранқай деген жоңғардың бір руының атауы болады) ешбір қорғаны жоқ Моңғолды басынғандай болып өзіне қосып алғанды. Бірақ бұл барымтаны əлгі «ұлы отан соғыссымақтарынан» көп бұрын істеп, жылы жауып қойған болатын. Міне біздің сəн салтанатпен тойлайтын ұлы отан соғысының нақ пердесі осындай. Ұлы отан соғысының өзі отаршылардың жерін кеңейту мақсатына дөп келіп, бұл соғысты тура өздері бастап берген еді. Бұл мақсат жолында олар өзара ымыраласып, бірде арбасып, ақыры екі қошқардың мүйізі бір қазанға сиған ба, бір-бірімен соғысып тынды. Соғысты бастағаны үшін Гитлер қандай айыпты болса Сталин де сондай айыпты, тіпті Гитлерден де артық айыпты еді. Гитлер мəңгі бақилық қарғысқа ие болған зұлым, ал Сталинді əлі де пір тұтатындар баршылық, қазіргі орыстар үшін ол əлі де Ресей тарихындағы ең мықты басшылардың бірі-мыс. Қазақ халқы үшін Сталиннің қадірі енді «жемтік», «тарихтың албастысы» ғана болмақ. Оның аты Гитлермен бірге тіркес аталып, сол деңгейде «құрметтелуге» тиісті. Біз осындай зұлымның өз қолымен бастатып берген соғысының біткен күнін қалайша белгілейміз. Қазір Ресей өзін Кеңестің заңды мұрагеріміз деп есептейді. Мейлі солар-ақ мұрагері болсын. Бірақта мен пақырдың миы бір нəрсенің байыбына тағы да бара алмады. Ресей, Кеңестің барлық дүниесіне мұрагер болса, онда ол жеңістің бізге қатысы қанша. Ал, біз де мұрагеріміз деп даулассақ оның да жөні бар еді. Бірақта өйтіп текке «қызыл кеңірдек» болма, ағайын. Егер біз де Кеңестің мұрагері болған болсақ, онда Кеңес Одағы ыдырасымен үдеткіш тетіктерін алып басқа құр қаңқасын ғана бізге тастап кеткен ядролық зымыранды не деп түсіндірер еді олар? Үдеткіші жоқ болғандықтан сол зымырандар құр темір болды да қалды ғой. Оны артынан қайтардың не, қайтармадың не, бəрібір емес пе, сонда да олар бізге əлгі

─ 111 ─ «құр темірлерді» де қимады ғой, ақыры өздеріне беріп тынышталдық. Айтпағым, олар бізге əсте сеніп көрмеген. Болғызатын нəрсесіне мұрагер болдырмай қайдағы бір өздерінің итжығыс алыс-керістеріне салғанда ғана мұрагер болып шыға келеміз. Олардың бүйтіп бізді құр бөстіруіне біз ылғи бөсе береміз бе? Ресей Кеңестің тұсында шетелге берген талай несие қаржыларын қайтарып алып жатқанда Қазақстан одан бір тиынды біз де Кеңестің мұрагеріміз деп алды ма. Əсте алған жоқ. Мысалы, олар Моңғолиядан Кеңестің тұсындағы алашығымыз деп 250 млн долларды осыдан бірнеше жыл бұрын қайтарып алды. Біз жетпіс жыл бойы олардың шикізат базасы мен түрлі қару-жарақтарын сынайтын сынақ алаңы ғана болдық. Соған да қуанып олардың тойсымағын тойлаймыз ба? Соғысты бастатқан да өздері, тоқтатқан да өздері емес пе. Арасында біз байғұстың текке қырылғанымыз ғана құдайы шындық еді. Демек, бұл соғыста жеңгені үшін, сол жеңісті жыл сайын тойлайтыны үшін орыс халқы əсте кінəлі емес. Тек ұлы орыстың шовинистік пердесі жарым-жарты далдаланған кеңестік содыр саясат, оны қоздырушы Сталиндай «жемтіктер» барынша кінəлі, жəне де тарихи ақиқатты осы күнге дейін бұрмалап соғыс өртін тек Гитлер ғана қоздады деп келген қазіргі ресей билігі де кінəлі. Түкке тұрғысыз баяны жоқ мақсат үшін құрбан болған 600 мыңдай (бұлардың бəрі демесек те басым көбі қазақтар болғаны шындық еді) қандастарымыздың тектен-текке шəйіт болғаны үшін бұл күн бізге қаралы күн екені əбден белгілі, адамға теңесек өмірде өлгеннен басқаның бəрін көрген сорлы қазағым Еуропадағы қай-қайдағы біреулердің құрбандығы болып қосақ арасында қосақталып текке қырылғаны да тарихи шындық еді. Осындай той емес топалаң келген күнді орыс ағамыздан қорыққанымыздан да өтірік қуанып еріксіз тойлайтынымыз тағы бір шындық. Қалайда болсын бұл күнді тойлаудың ешбір реті жоқ. Өлі разы болмай тірі байымайды демекші, сол бір боздақтарымыздың аруағын құрметтесек

─ 112 ─ те бұл күнді жеңіс күні демей аза күні деп белгілеуге тиісті едік. Егер де қайткен күнде ұлы отан соғысы деген бірдеме керек болса ондай соғыс баяғыда-ақ болып өтіп кеткенін неге есепке алмаймыз. Ол соғыста біз жеңіп шықтық та аман қалғанбыз. Ол сонау жоңғар шапқыншылығы кезі болатын. Ал мына соңғысы яғни бағзы біреулердің ауызы – басы қисаймай ұлы отан соғысы деп жүргендері тұп-тура ұлы қасірет жылдары болатын. Қасірет жылдарын бүйтіп салтанатпен тойлауға жол болсын! * Ел аман-жұрт тынышта сорлы қазағым қырылды да отырды. Қазан төңкерісімен басталған қызыл қырғын, зобалаң соңында басқа əдістерімен жалғасып халқымыздың талайын жалмап кетті. Содырлар үшін қашанда бір айла табылмай қойған емес. Төңкерісті тұтас жеңдіреміз деп, ұжымдастырамыз деп, отырықшы болдырамыз деп қазақтың малын тартып та алды, бұл аз дегендей жылқы атаулыны бір жерге жыйып бомбалап та көрді, бір қазаннан ас та ішкізді, малдан, ардан айырылған қазақ қайтушы еді, ақырында ашықты, қашты-пысты, босты, өшті, бірін-бірі түрмеге айдатты, өзі де айдалды, бірін-біріне жойғызды, сонымен көбі өлді, азы қалды. Сонда да қарға тамырлы қазақ емеспіз бе, қалды ғой əйтеу ұрпағы, еш кінəсіз бейуана қазаққа Тəңір де болысқан ғой (а құдай, біржолата өшкеннен сақтағаныңа мыңда бір алғыс саған!), артында аздап болса да тұқымы қалды. Қызыл қырғын басталмай тұрғанда саны 6 млнға жетіп қалған қазақтың бұл кезде тең жартысынан көбі екі бірдей алып отарлаушы тарапынан ешбір мəн-мағынасыз (қырғында да мəн-мағына болады, мысалы, қойды етін жеу үшін соятынын білеміз, ал қазақты не үшін қырды?! Əрине, ұлан байтақ жерін иемдену үшін ғана қырды емес пе!) өлтірілді. Жасанды екі реткі ашаршылықтан (1916, 1921-1922 жыл-

─ 113 ─ дары 1 млн, ал 1930-1932 жылдары одан да көп 2 млннан астам қазақ аштан қырылды) барлығы 3 млннан астам, қашып босу, атып жаншу, айдалып сандалғаннан 500 мыңы өлсе, шетелге кетіп 600 мыңы тағы да жоқ болды, көбі қайтпай қалды. Ол – ол ма, екі жаққа алма-кезек өтіп тағы сандалды. Баяны жоқ айдаладағы біреулердің алыс– жұлысында жарты млннан астам қазақ тағы да бос кетті. Оны біз тап бір Қазақстанды ата жаудан тура қорғағандай «отан соғысы» деп əлі де сандалып тағы жүрміз (біз үшін отан соғысы баяғыда болып кеткен, ол біріншіде жоңғар шапқыншылығы, екіншіде осы қызыл қырғын заманның өзі болады). Сонымен бұл жолғы шығынымыз 4 млннан кең мол асып кетті, алғашқы 6 млн қазақтан 2 млндайы ғана қалған. Халқымыздың сол жылдардағы өсімі қосылған санын есептесек, барлық саны 6 млннан кең мол асқан, демек бұл жолдары 4 млннан əлдеқайда көп адам шəйіт болған! Бір түгіл бірнеше аждаһамен қатар соғысқан сонау «ақтабан шұбырынды» кезінде де мұндай зұлмат апат болмаған еді! Ол кезде бұл қазаққа шегір көз ормандай көп орысказак, құмырсқадай көп маңқа қытай, жүгенсіз есірген қысық көз жоңғар мен құба қалмақ, тегін, туысын білмейтін аласұрған башқұрт, онсыз да сүлбесі əрең тұрған қазақты көптік етіп іші тарылған қалың сарттардың (түрікмен, өзбек басқыншылары) іргелес Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары деп жармаспаған жау қалмап еді. Ал бізге болысқандар ат төбеліндей аз қырғызым (ежелден қазақ хандығына қарап келген қырғыздың бір бөлігі бізге болысса, енді бір бөлігі ойратпен бірігіп алып əбден есірген еді), қарақалпағым ғана еді. Сонда да шығынымыз бұдан екі-үш есе аз болған-ды. Ондағы жауымыз бұдан неше есе көп болған! Сонда да қазакем төзіп шыққан еді, бұл жолғысы қазақтың рухын да жалмады, апаты да орасан зор болды. Бұл кезде қазағым баяғыдай еркін қайғыра да алмады ғой, «Елім-айлап» əнін де айта алмады, қайғыру үшін де рұқсат керек болды, мұңын шағатын, оны тыңдайтын жан болмады, қысқасы, бұл дүниеден бізге араша табылмады. Бұл кез-

─ 114 ─ де қазақтың өзі түгіл малы да кінəлі болып 40 млннан асып 50 млнға толып қалған бес түлік малынан осы жылдары небары 5 млндай ғана бас қалды. Толық отырықтанбаған, əлі де көшпенділіктен арыла қоймаған қазағым тірлік көзі малы кеткен соң қатты күйзелді. Қазақтың еркіндігінің символы болған жылқысы кеткен соң қол аяғы мықтап байланды. Қызылдардың да көздегені осы болатын. Жылқысы жоқ қазақ ешкімге мойұнсынбаған жылқы мінезінен айырылып қойдай жуасыды, ақыры топалаң тиген қойдай қырылды ғой. Қазақтың қанын ең көп «ішті» деген Цевенрабдынның (Сыбан рабдын) өзі осыншама көп қырғынды көргенде жүрегі шайлыққан болар еді. Ол өз басымен қазақ даласына небəрі «алты-ақ» рет ойран салған асқан қанішер зұлым еді. Ал Сталиннің жүрегі шайлығуы былай тұрсын, тіпті қанға тойған күшіктей құныға түсті. Осы «жемтік» ертерек өлмеген күнде əлі де талай халықты зар жылатары сөзсіз еді. Осындай тарлан тарихтың албастылары, сілімтіктері қайдан шығады екен ə? Сонда да мұны айтпаймыз, айтуға жасқанамыз, қаралы күнді жеңіс күні деп тойлаймыз, екі көршіміздің оң қабағына қараумен күн көреміз. «Сүйтсек біз қайтеміз» дегеннен «олар қайтеді» дегені асып түсіп үнемі жалтақтаумен келеміз. Олар, олар, бəрі де олар. Оларсыз күн жоқ болды. Не істесек те олардан сұрап, оларға қараумен бұл дүние өтер ме екен! Құдай қосқан көршіміз болғаны үшін, жерімізді көшіріп əкетпесек тағдырымыз əлі де мəңгі бірге болатыны үшін олармен санасқанымыз, кеңескеніміз жөн ғой, бірақта жасқануға, жалтақтап қарай беруге жол болсын! Бұл бір мен сияқты қызба қазақтың өз үйінде отырып еркін көсілгені ғой, билік басында болсам мен де солай қарап жалтақтаймын ба, əй кім білген! Өйткені бірдің аманатынан мыңның аманаты əлдеқайда қиын, жүгі ауыр екені белгілі, сол үшін де біздің «сорпа бетіндегілеріміз» солай жалтақтай қарайтынын бəріміз де білеміз, сөйтсек те үндемей іштен тынамыз!

─ 115 ─ Қазақ халқы тарихтан тиеселі орнын еншілей алмаған халық. Егер жоңғардың тұсында 2 млн, қызыл қырғын, ақтаңдақ нəубет, ашаршылық, соғыс, босқын кезіндегі 5 млндай қазақ, барлығы 7 млн қазақ қырылмағанда қазақтың саны қазіргі кезде 15 млн емес 50 млнға жететін толық мүмкіндігі бар еді. Бұл бүкіл түркі əлемінде ең көп санды анадолы түріктерімен теңесетін сан. Олардың саны Түркиядағы күрдтердің санын есепке алмағанда ұзын саны 50 млннан онша аса қоймайды. Түркиядан тыс түріктерді қоса есептегеннің өзінде жетпейді, өйткені Германиядағы 3-5 млн түрік дегеніміз негізінен күрдтер болады. Міне, осындай жағдайда қазақ халқы сан бойынша түркі халықтары ішінде, мүмкін алдыңғы орындарда тұратын тарихи еншісінен айырылып қалған халық. Бағымызды осыншама байлаған отаршыларды əлі де құрметтеп, олардың өздері сау басына сақина қып тілеп алған соғыстарының аяқталған күнін де белгілеп оларға жағымпазданамыз. Өлілердің аруағын құрметтемей бұл қазақ, сірə да, оңалмас!

─ 116 ─ Іргеден жау іздеудің орны бар ма? (орыс жəне қытай хақында) Кейбір басылымдарымыз өзбек ағайындардың өздері танытқан «пейіліне» сай өзбектерге сенімсіз көзбен қарап жазып қалып жүр. Бірақ бұл пейілді өзбек ағайындар емес Назарбаевпен бəсталасқан Кəрімов танытып жүргенін ескерсек еді. Мұны қазақ басылымдары біле тұра осылай сенімсіздік көзбен қарауына өзбектердің күн санап өсіп келе жатқаны да кінəлі деп табылып сыныққа сылтау болып отыр. Қазір Қазақстанда өзбек босқын мигранттары жеткілікті көп те оларды жалдайтын қазақтардың көзқарасы да жақсы емес, турасын айтсақ «бұл өзбекке сол керек» деп қатынасады. Меніңше бұлардың қай-қайсы да бізге абырой əкелмейді, əсіресе, тілі, тарихы бір туысқан халықтарға үлкен құрметпен қарап, олардан да осыны талап етуіміз керек. Сол босқын өзбектер қай жетіскеннен мұнда келді дейсіз, барар жер, басар тауы қалмаған соң бірге туысқан қазағына паналап келгенде біздің берер сыйымыз анау. Біресе қудалап еліне қайтарамыз, біресе малай қып тозаққа саламыз. Айта кетелік, өзбекке туған күн қырғызға да туған, бірақ та оларды кемсіту бар болса да əйтеу саны аз шағын болғандықтан «кінəсіз» болып табылды, сондықтан оларға сенбестік кебін əнтек кигізе қойған жоқ. Тіпті өзбек малай деген ұғым да қалыптасып қалды. Сол өзбектің біразы кезінде өзбекке сіңіп кеткен қазақтарымыз болса қайтеміз! Олар қазақ болмаған күннің өзінде бізге жат халық емес еді ғой. Өзбектің үш түрлі екенін, оның ішінде қыпшақ диалектісінде сөйлейтін өзбектер кешегі өзіміздің бірге туысқан туыстарымыз екенін біліп жүрсек жақсы еді. Бұлар өткен ғасырдың басында ғана бізден бөлек халық болып (үш хандыққа бөлініп келген өзбектер мұнда ғана бір халық болып) қалыптасып еді ғой. Оған дейін өзбектер «өз ағамыз» болған емес пе. Терең батырады, көп қорқытады демекші бізге ендігі жерде былай қауіптенудің жөні бар. Ол дəл іргедегі туысқан өзбектен гөрі сəл алыстау жақтан келетін сияқты.

─ 117 ─ Жапбай жылыну кесірінен мұз құрсанған құрылық, аралдар, теңіз-мұхиттардағы қар-мұздықтар көптеп еріп көптеген жерлер мұхитқа бату қауіпі айқын төніп тұр. Ауа райының жылыну үрдісі былай жалғаса берсе, онда алыс келешекте бұл қауіп қалайда бір болатыны əбден белгілі болды. Бұндай қауіп Америкасының шығыс жағалауын, НьюЙорк маңын, Флорида түбегін бүкілдей, Юкатан түбегін, Латын Америкасының да біраз жерлерін, Африкада Сомалия сияқты біраз жағалауды, Еуропаның Холланд сияқты елдерін тұтастай, біраз елін жартылай, Ресейдің балтық жағалауын, Солтүстік Сібірдің біраз жағалауларын, Азияда Бангладешті тұтас, Парсы шығанағын жартылай, Қытайдың екі өзен (Сары мен Көк өзен) алқабындағы ойпатты, сондайақ Бейжін-Шаңхай маңын түгелдей су асты болдыратын түрі бар. Тіпті өте-мөте көтерілсе Батыс Сібір ойпатын да су алып, Ертіс солай ақпай кері «қайтатын» түрі бар, ерте кезде дəл солай болған. Бұлардың ішінде бізге ең қатыстысы Қытайдың жағалауы. Қытайдың тұрғындарының ең көп бөлігі осы «суға кететін» ойпат өлкелерде тұратындықтан бір күндері суға батып жатса, онда олар тілесе де тілемесе де ешкімнен рұқсат та сұрамай сыйып жатса кері солтүстік, Солтүстік батыс Қытайға дейін шегінетіні белгілі. Cыймаса одан да ары өтіп Моңғолия, Қазақстан ендеуі əбден мүмкін. Осындай сұмдық бола қалған жағдайда олар ең алдымен Ішкі Моңғолға, Шығыс Түркістанға (Шыңжан) алдыңғы кезекте қоныс аударары сөзсіз. Бұндай жағдай туылса онсыз да оның ықпалына айтарлықтай кіріп бара жатқан көршілес Моңғолия жəне Қазақстан сияқты елдерге төндіретін қауіпі ең зор болмақ. Айта кететін жəйіт, осындай жағдаят жапбай туылса онда БҰҰ-нан да шара қолданып, ерте ме, кеш пе, жері қалмаған халықтарға жері недəуір кең, халқы аз елдерден жер алып беруге дейін баратыны кей сарапшылар тарапынан айтылып жүрген жəйіт. Жалпысы жағдай осылай өрби берсе бұл интервенция қалайда бір болары сөзсіз. Болған күнде ол айтарлықтай қорғаны жоқ елдерге ғана салмақ бо-

─ 118 ─ лады: бұндай елге Қазақстан жəне Моңғолия жатады. Олар үшін тығырықтан шығар басқа жол жоқ-мыс. Екіншіде, дəл осыған керісінше келетін жапбай суыну үрдісі деген бар. Жер шары мыңдаған жылдар бойы бірде жылынып топан су қаптаса бірде суынып мұз құрсауланып келген. Қазіргі жылынуға керісінше келетін жапбай суыну үрдісі де қатар жүрілуі мүмкін деген болжам да жоқ емес. Жер шары мұз құрсауланса онда талай елдердің жері де, пиғылы да тарыла түсетіні əбден белгілі ғой. Жалпысы осылардың қайсысы болса да алыс болашақта қайткен күнде бір болуы əбден мүмкін, бұл жəйіттің бізге қатысы ең көп болады, өйткені бəрібір жерімізге жабысушылар табылады деген сөз. Ең жаманы бұл үрдістердің қай-қайсы болса да біздердей ұлан байтақ жері бар елдердің жеріне осыны сылтауратып орынсыз жабысушылар оңай табыла кететіні болып отыр. Міне, іргеден жау іздесеңіз осылар. Бұның алдын алатын жалғыз жол – халқының санын, оның ішінде байырғы халық қазақтардың санын мейлінше өсіру ғана. Санымыз көп болса бізге жау да аз болар. Алайда көршілес тегі бір өзбектерден онша қауіптенетін қисын аз. Тағы бір «қауіп» Ауғанстаннан Орта Азияның басқа елдері арқылы келетін «ислам терроризмі». Бұл бір жағынан батыстың ойлап тапқан бас ауруы, яғни «жатқан жыланның құйрығын» өздері басып алып енді дауа тапбай сандалып жүрген ермегі болады. Бұл «ислам терроризмі» дегенінен Қазақстан үшін көрініп тұрған айтарлықтай қауіп тіпті жоқ. Терроризм қауіпі дегеннен гөрі аймақтық тұрақсыздық қауіпі ғана бар десек дұрысы сол. Бұған қосып есірткі деген бір пəле бар. Бірақта ислам терроризмі дегенді Ауғанстаннан келетін қауіп дегенше Иран тарапынан осы аймаққа ықпал етуге тырысуы, исламның əсіре ағымдарын Орта Азияға экспорттауға талпынуы деп ұққан жөн болар. Кəрімовтан кейінгі Өзбекстанның жағдайы бұл аймаққа ең үлкен ықпал ететін болады. Қатты қысымда тұрып босаған халықтың біруақ сеңдей соғылып ағылатыны онсыз да белгілі. Былай бола қалғанда Қазақстандағы

─ 119 ─ тұрақтылыққа кері əсерін тигізуі əбден мүмкін. Екіншіде ол жақтан ағылатын мигранттар ағымы. Қазақ ұлтынан тыс қалың мигранттар ағылса оның да жаман жағы бар. Дегенмен оларды ептеп сіңіріп өзімізге жақын тарта берсек бұдан ұтарымыз көп. Қазақ халқының тағдыры ұлы екі көршісімен тығыз байланысты. Ең алдымен бұл көршілердің саясатын болжап көрейік. Қытайлардың жегідей жеп іштен шірітетіні əлемге əлдеқашан аян болған шындық. Ресми Бейжіннің қазақ жеріне деген ешбір таласы жоқтығы, яғни екі ел арасында территориялық дау жоқтығы біз үшін үлкен табыс. Дегенмен қытайлар қандай бір елмен ашық жауықпайды да керісінше баяу жылжи отырып, түрлі айла-шарғымен өз ықпалына өткізуді, сіңіруді негізгі саяси тіреуі қылған. Бұл тұрғыдан алғанда жақын болашақта олардан тура қауіп жоқ деуге болады. Ал алыс келешекте қандай қауіп бар екенін жоғарыда айттық. Екінші бір жəйіт қазіргі кезде бүкіл дүниежүзінің тəртіп ретке келтіруші «сақшы» қызметін Америка (АҚШ) ұстап тұрғанымен кейде сол «міндеттерін» толық орындай алмайтыны, күмəн тудыратын осал жағы да бар екені білініп қалып жүр. Жалпысы Америка үстемдігіне бір күні нүкте қойылатын түрі бар, бірақта бізге керегі де осы Америка үстемдігі еді. Бұған негізгі қарсылықты Ресей көрсетіп, оған Қытай қосшы болып жүргені бəрімізге аян. Егер Қытайдың қазіргі даму барысы одан ары жалғаса отырып Америкадан асып түссе, Американың біраз міндеттемелерін Қытай өзіне алып ендігі жерде «сақшы» қызметін Қытай жалғастырса, онда қазіргі көп бағытты (векторлі) «тепе-теңдіктегі» саяси ахуалдың бір жағына ауытқуы қайткен күнде болады. Өйткені қытай əулеттері (династиялары) күшейген дəуірінде көршілеріне, басқаларға бейбіт көзбен қарап көрген емес. Бұның бізге келер қауіпі дүниежүзінде халқы, экономикасы жағынан өте-мөте ұлы мега державаның дəл іргемізде өмірге келетіні болып отыр. Халық саны жағынан бұндай ірі держава адамзат тарихында болған да емес. Оның үстіне Қытай билігінің батыстағы дəстүрге сай емес, режимді жүйе болуы,

─ 120 ─ бұның одан ары жалғаса беретіні үлкен қауіп төндіреді. Қытай режимі ауысып демократия бағытын ұстана қалған күннің өзінде оның төндіретін қауіпі көбеймесе азаймайды деп болжануда. Өйткені кенет еркіндік алған бір млрд төрт жүз млн қытай бір толқыса не болары əбден белгісіз, не шығысқа сай салқынқандылықпен ешбір толқу болмай жай ғана режим ауысады да елі демократиялық бағытқа беттейді. Бұлай болған күннің өзінде бəрібір толқу болады. Ол Қытайдағы 100 млннан асатын аз ұлт өкілдерінің ұлт-азаттық қозғалысы болмақ. Ендігі жерде олар 9/11 оқиғадан кейін қалыптасқан терроризм деген жапбай айдар тағып қуғындайтын жаладан арыла қалса бұл толқудың қандай бір өзгеріске соқпай тынбайтыны өзінен-өзі түсінікті. Қытайда өзінің ұлттық диаспорасы бар Қазақстан сияқты елдер үшін бұл бір сын кез болады. Млрдтаған халықты ретке келтіріп ұстап отырғаны үшін қытай режимін сынағаннан гөрі алғысымызды айту керек деген батыстық тағы бір концепция бар. Ал Ресейге келсек, ішкі жағдайды реттеп алса демократия бағытын ұстана отырып сыртқа, əсіресе посткеңестік кеңістікке ықпалын жүргізуге тырысады деген батыстық сарапшылардың айтқаны дəл келіп отыр. Ельциннің тұсындағы жүгенсіздік, бытыраңқылық оның өзімен бірге кетіп жоқ болды да, Путиннің демократия бағытынан ауытқымай отырып қатаң да əділ саясат жүргізетіні, оның мұрагері де дəл осылай бағыт ұстанатыны белгілі болып отыр. Олар жай ғана ықпал ету талпынысынан енді нақты іске көше бастады. Бұған соңғы кездегі Авхазия мен Оңтүстік Осетия жəне Украина оқиғасы дəлел. Батысқа бір бүйрегін мол бұрғаны үшін Гүржі (Грузия) жазықты болып жерінің тұтастығына қауіп төнді. Ресей өз ішінде «қырық жамау» ел екеніне қарамастан аталмыш екі «елді» ашықтан-ашық қолдап тіпті Гүржімен жауласуға дейін баруы басқаларға берген үлкен ескертуі. Бекерде мұндай істі сеператизм деп айғайлап шыға келетін Ресейдің мұны қолдай салғаны таңданарлық жəйіт емес. Ресей ықпалына кірмеу үшін əрбір посткеңестік елге

─ 121 ─ жалғыз-ақ нəрсе қорғаныс бола алады, бұл оның геосаяси орналасуы ғана. Егер де Гүржі Кавказда емес Балтық жағалауында болған болса оқиға мүлдем басқаша болар еді. Ресей де тура қақтығысудан бас тартқан болар еді. Міне, Қазақстан да мұндай геосаяси орналасу жағынан кемшілігі бар елге жатады яғни Гүржіге ұқсап батысқа ашық бет бұрса, онда Ресейден тура «таяқ» жемесе де сазайын оңбайақ тартар еді. Біздің кей азаматтарымыздың Қазақстан басшылығын үнемі жасқаншақ деп жазғырып сынайтынына себеп болатын жəйіт те осыдан туындап отырады. Олар жасқаншақ болғысы келіп емес-ау шарасыздан орыстың емеуірінімен болатыны осыған байланысты. Ресейді жақтай бергеніміз батысқа да ұнамайды, содан да болып бізден «диктатор аясындағы ел» деген айдар жабысып қалар емес. Бір қуанарлық жəйіт қазіргі Ресей басшылығы бұрынғы Кеңестік елдермен əлдеқайда əділ қарым-қатынас жасап құрметпен қарайтын болды. Қай көзбен қарасаңыз да Ресей сан ғасыр бойы қазіргідей əділ болған емес. Ресей əрқашанда біздің ең жақын əрі ең ұлы көршіміз болуға тиісті. Қазақ елінің болашағы Ресеймен қандай қатынаста болуымызбен тікелей байланысты, тəуелсіздігіміздің үлкен кепілі де осы Ресей. Бірақта бұл Ресейге ғана сеніп Қытайға сенуге болмайды деген сөз əсте емес, халықаралық саясатта ешқашан ескірмейтін бір аталы сөз бар: мəңгілік жау деген жоқ, тек мəңгілік мүдде ғана бар. Əрине мемлекеттің мүддесіне қайшы келмесе ол елдің кім болуы сонша керекті де емес. Бірақта бұрынғы отаршы елдерге ешқашан толыққанды сеніп кетуге болмайды. Ұлы державалардың арасында соғыс «бола» қалған күннің өзінде бұлардан жеңімпаз шықпайтыны Қазақстан сияқты орта дəрежедегі елдердің тəуелсіздігінің тағы бір кепілі болады. Жəне де ірі елдер, Қазақстан сияқты «басқаға бергісіз» елді біреудің ықпалына кіріп кетуден мейлінше сақтанып отырады, бұл жағына келгенде біз оларды қарап «тамашалап» отыра берсек те болады. Біз күш салып көп мəн бермесек те Америка бізді Қытай жəне Ресей ықпалынан қызғанып бізге

─ 122 ─ назар аударып отырары сөзсіз. Сондай-ақ Ресей мен Қытай өзара қызғанысады жəне олар Қазақстанда Америка ықпалы көбеюінен сескеніп бұл аймаққа саяси ықпалын нығайту үшін талпынады. Яғни үлкен елдер біз сияқты елдерді бірбірінен қызғанады, сол үшін де бір-бірінен қаймығып бізге «тиісуге» дəті жетпейді. Екіншіде қанша жеңімпаз шықпағанымен Ресей сияқты елдердің ұлттық қорғану саясатында (доктрина/ұстанымы) көрсеткеніндей ядролық қаруды да керектенуден əсте бас тартпайтынын (яғни ядролық қару жұмсауды жоққа шығармағанын) ұмытпағанымыз жөн. Шын қысылса олар нені болса да жұмсайтыны бұдан-ақ белгілі. Бұны туысқан бейбіт Қазақстанға жұмсамайтыны белгілі ғой, бірақ біздің қосақ арасында босқа кете баратын əдетіміз тағы бар-ды. Ресейден келетін тағы бір қауіп оның жоғарыда айтқанымыздай қырық жамау болуы. Қандай бір империя қанша тырысса да ақырында ыдырамай тынған емес. Кеңес дəуірімен есептесек, 70 жылдай өмір сүріп жан тапсырғанымен Патшалық Ресей дəуірінен келе жатқан үрдіспен Ресей қазір де алып империя болып табылады. Кеңес сияқты бұның да бір күні ыдырамайды дегеніне ешкім кепіл бола алмайды. Тіпті əрі ыдырайды деп сенімді айта аламын. Бұған себеп факторлар бар: Ресейдің онсыз да қырық жамау болуы, халқының 15-30%-ы мұсылман болуы, бұл көрсеткіштің одан əрі өсе беретіні, бұның өзі сеператизмді онан əрі өсуіне ықпал ететіні, оған итермелейтіні, жерінің шексіз үлкен болып оған халықтың біркелкі орналаспауы яғни Солтүстік Сібірді иен деуге боларлығы, жəне біраз елдермен территориялық дауда болуы. Жəне де Ресей барлық дерлік көршілерімен шекараны сырттай тату-тəтті болысып бекіткенімен оның көптеген көршілері бұған іштей келіспейтіні. Əсіресе Ресей мен Жапон, Қытай арасында осы жайдан туындаған үлкен қарама-қайшылық бар да мұны жапондар ашық айтса қытайлар бүгіп қалып орайын күтіп отыр. Бұл жəйіт Балтық жағалауынан Жапон теңізіне дейінгі барлық шекарасын қамтитыны күндердің күнінде бір əңгіме

─ 123 ─ шығарары даусыз. Ол аз десеңіз Ресеймен тура шекараласпаса да Польша сияқты елдердің өкпесі қара қазандай, əрі ол əлі жабулы (Польшамен шекараласатын Калининград облысын Польша іштей мойындамайды) қалпында. Ресей ыдыраса бізге келетін қауіпі оның орнын басамыз деген елдердің өзара қырқысуы болмақ. Яғни бүкіл Сібір «иен» қалса бұл үлкен жəйіттің бастамасы болады. Бұдан ең көп ұтатын ел тек Қытай қана. Қытай сияқты көршілеріміз бізбен ресми түрде шекара бекіткенімен əртүрлі тарихи құжаттарда «Қазақстан Абылайдың тұсында Жуңгоға қарап келген» деп беталды көкуі бірді меңзейді. Қытай елі бұндай жəйітті Моңғол еліне сандаған жылдар бойы жүргізіп келді. Олар Моңғолияны қағаз жүзінде мойындап келгенімен іс жүзінде үнемі өз территориясы етіп қытай халқына түсіндірумен келеді. Қазірде де кей саяси карталарда Моңғолияны өзіне қаратып сыза салып жүр. Ал Қазақстанды бұлай ашық меншіктенбесе де тарихи деректермен сылтау еткен меншіктеу пиғылы жоқ емесі білініп қалып жүр. Олар əр нəрсені ешқашан ойланбай істеген емес, тіпті Тан империясының тұсында қазақтың Алакөл, Балхашына дейін олардың жері болғандай етіп сызып қоюды əдет қылды. Ал тарихи шындығына келсек олар бұл кезде Шығыс Қазақстанға бір жорық жасаған еді, бұнысы қазақ елінің жартысын оларға кіргізетін негіз болмайтынын олар білсе де білгісі келмейді. Одан қалса сендердің Абылай хандарың бізге қараған дейді. Онда Абылайдың олар айтқанындай қарағаны шын болса, Чин елі басында қытайлардың елі емес тегіміз бір манжулердің елі болатұғын. Жəне де манжулердің қытайға əлі сіңе қоймаған нақ дəуірлеп тұрған шағы болатұғын. Қытайдың Қазақ елімен мəңгілік достық шартқа отырудың алдын ала қойылған шарты «даулы» жерлерді Қытайға қайтарып беру болатын. Сол даулы дейтін жерлерді «бастан құлақ садақа» деп Қазақ елі қайтарып берді де. Шындығында олар емес біз жер даулауға тиісті едік, амал не шекара бекітіп алу үшін бұндай шараға барған қазақ билігін даттауға бол-

─ 124 ─ майды, керісінше бұл үлкен табыс болды. Бұл келісімде тепе-тең қарым-қатынас болған жоқ деуге болады. Егер Кытай емес Қазақ елі ұлы держава болған болса біз оларға жер бермек түгіл Солтүстік Шыңжанды (Шығыс Түркістанның Алтай, Іле, Тарбағатай аймақтарын) түгелдей қайтарып алатын хақымыз бар еді. Сонымен ебі келсе қытайдың да қазақ жерінен аздап болса да дəмелі екенін білдік. Дегенмен бұның бəріне онша мəн берудің қажеті аз, қандай бір ұлы елдер мұндай пиғылдан арылып көрген де емес, бұл олардың үйреншікті жəне меншікті əдеті. Өздерін «ұлы» қытай елінің заңды мұрагеріміз деп есептейтін Тайвань деген кішкентай ел бар. Егер Коммунистік Қытайда қазіргі режим өзгерсе бұл екі қытай елінің бірігуі сөзсіз. Олар біріксе біріге берсін делік, бірақта бұл жағдаят оның көршілеріне үлкен əсерін тигізбек. Қазіргі Тайваньның көзқарасы бойынша құрлықтық Қытайдың (Коммунистік Қытай/ҚХР) барлық көршілерімен жер дауын туғызады. Бəрі олардың жері болып кетеді: Үндістаннан Ақсай Чинді, Аруначал Прадешті, Тəжіктен Таулы Бадахшанды, Бутаннан, Ауғаннан, Пəкістаннан да біраз жерлерді, Қырғыздан да, Ресейден Тагну-Тываны (қазіргі Тува елін), Манжуриямен шекаралас біраз жерлерін (Амур, Сунгари өзен маңын), Моңғолияны манағы Тывамен қосып бүкілдей, Бирмадан (Мьянма) Качин өлкесін, Вьетнаммен бұрыннан таласып бермей келе жатқан Хайнаньды, Парацел аралдарын таласып, демек барлық дерлік көршілерімен жер дауын туғызып келеді. Осы екі қытай біріге қалса бұл дауды одан ары қоздырып өршітетіні əбден белгілі болып отыр. Ол аз десеңіз Тайваньда осы елдердегі даулы өлке, жерлерді өзіне қосып алу жөніндегі жеке бір министрлік (комитет) те жұмыс істейді. Қытай да, Ресей де қазіргі кезде көршілерімізбен татутəтті өмір сүріп бірге өркендеуді қалаймыз деп жар салуда. Мүмкін сөйтетін де шығар. Бірақта бұнысы қағаз жүзіндегі құр сөз ғана болып отыр. Іс жүзінде бұлардың, əсіресе Қытайдың жүргізіп отырған саясаты керісінше екенін

─ 125 ─ аңғару қиын емес. Бұған қытайдағы қазақ диаспорасы дəлел бола алады. Адамы сиыспай қиналып отырған Қытайға бір адам азайса да жеңілдік емес пе. Бұл тұрғыдан ондағы қазақты еркін көшіре ме десең керісінше түрлі қысым сылтауды көбейтіп кедергі жасауда. Атажұртқа көшіп келу үшін ондағы ағайын небір шектеу кедергіні бастан кешіп əбден сандалысқа түседі. Қысқасы ондағы қазақтарды көптеп Қазақстанға жібере салуды қаламайды. Олар түгелімен барып қойса, онда аса қатал режимде қол аяғы тұсалып тұрған қазақтар бостандыққа шығысымен тез көтеріліп Қазақстанға үлкен тың серпін болады, содан көршісі де қарыштап дамып кетеді деп қорқады. Онбес млн халқы бар қазақ еліне сырттан тағы да бір млн таза қазақ келсе бұл аз күш емес, өте үлкен серпін болары сөзсіз. Бұндай өзі тілемеген жақсылықты қазақ еліне оңай қия ма олар. Мұны басқалай түсіндіретін жəйіт жоқ. Міне олардың нақтылы пейілі. Ал ресми Қытай, «жуңгоша социализм құрып нағыз жуңхуа ұлтын қалыптастырып» жатқанда қазақтарға бүйтіп жақсы қарап көріп біразын көшіруге рұқсат бергеннің өзі көп жақсылық деп көреді, алайда бұндай кезеңде бір де болса «жуңго азаматы» шетке албаты кетпеуге тиісті, ол Жуңго елінің батыстағы аса зор «беделіне» нұқсан келтіреді деп көреді. Мұнысы турасын айтқанда аз ұлттарды қытайландыру деген сөз. Ресейде ерте ме, кеш пе, бір ыдырау бар екенін айттық. Бұндай жəйіт Қытайда да болуы əбден ықтимал, өйткені бұл екі ел екеуі де ең соңғы империя қалдықтары: бірі Патшалық Ресей мен Кеңестің мирасқоры болатын, əрі жер көлемі жағынан шексіз ұлы империя болса, бірі Хань, Тан, Цинь, Сүн, Мин, одан Чин (Цзинь), Гоминдан, одан Коммунистік Қытай деп жалғасып келе жатқан мұрагерлік империя. Егер екеуі де толық ыдыраса онда Еуразия кеңістігінде үлкен сенделіс болады, бұлардың орнын 50-ге жуық ұсақ елдер басатын болады. Тек Ресейдің өзінде алдыңғы лепбен шығатын 21 ел (бұл бұрынғы сан бойынша, осыншама ала-құласынан сезіктеніп соңғы жылдары «етек жеңін қымтап», біраз ел, өлкелерді өзара қосып қысқартып

─ 126 ─ тастады), ондаған автономия бар. Ал Қытайда 4 ірі автономиялы өлке, біраз облыс, аудандар тағы баршылық. Бұлай бола қалған күнде ұлы орыс елінен сүлбесі ғана қалады, дəлірек айтқанда 17 млн шаршы км жерден небары 3 млнға жетержетпестей ежелгі орыс мужиктерінің «егістік жерлері» ғана қалады, ал қытайдан да сол ежелгі егінші қытайдың «күріштік, егістік жерлері» яғни 9,5 млн шаршы км жерден 4 млн шаршы км жер ғана қалады. Өйткені оларда яғни отаршыларда біреуден тартып алып өзіне жамап жасқап алған жерлері болмаса қазіргідей ұланғайыр үлкен жері ешқашан болған да емес. Тым қиялдап кеттім білем, дегенмен біз болмайды деген нəрсе болып кететін дəуірде өмір сүріп жатырмыз, бір күні Шығыс Түркістандай ел азат етіліп, ақ түйенің қарны жарылып азаткер Оспандай батырдың аруағы бір аунап тұрмасын кім жоққа шығара алады, Тəңірім лайым сол күнге жазсын! Қазіргі қытай жерінде барлығы 25-ке жуық қытай əулеттері өмір сүрген, жəне бұлардың бірде-бірі көшпенділердің жеріне қызығуды қойған емес. Бұлардың көшпенділерге жауығып қарайтын көзқарасы ешқашан өзгерген де емес. Оларды үнемі жабайы, тұрпайы (мысалы, хүнну, дунху, динлинь деп) деп мұқатып ат қойып айдар тағып келгенді. Арғы атамыз ғұндардың атауын да сол қытайлар мазақ етіп қойған еді. Олардың ертеде қойған атауын осымен кетті ғой деп қолдана беретін де шығармыз, ал бертінде отарлау пиғылымен өз жерлері етіп меншіктеп қойған кейбір атауларды əлі күнге дейін қолданатынымызды түсінбедім. Көк түріктен қалған Тəңіртау деген төл атауы бола тұра неліктен Тянь Шань дейміз. Бұл қытайдың тілі түрік тіліне қашан келіп еді, тəңірді өздерінің тілі келгеніне сай «тянь» деген де, «шань» дегені қытайша тау дегені. Сонда бұл атау бəрібір тəңіртау деп тұрғаны белгілі бола қалады. Осылайша өз атауымызды қытайшалатып айтудың керегі не. Қазақша айтқанда тəңіртаудың тəңіртауы дегенмен бірдей болмай ма. Жалпысы Тəңіртауымызды Тянь Шань деп қытайша атағанды доғару керек. Қытайша атағанымыз бұл жер

─ 127 ─ сендердікі дегенмен бейне бірдей. Алтайдың орыс пен қазақ шекарасында орналасқан ең биік шыңы Мұзтауды (Ақсүмбі) да Белуха деп əсте атамау керек. Бұл тау нағыз қазақ жері екенін, қазақша аты да болғанын орыстар біліп алсын. Алайда ұлттық сана сезімі бар адамға былай атау үлкен намыс та, ал мəңгүрттерге бəрібір, керісінше Тянь Шань, Белуха деген сайын оларға жақсы естіледі, тіпті қазақ болмысы олардың миына да кіріп шықпайды. Сондай-ақ қазақ жерінде əлі де басқалардың атымен аталған тау шыңдардың, аң-құстардың аты жетіп асады. Бұған тілге тиек етіп осы жерлерді, аңдарды ең алғаш солар ашқан да солардың құрметіне аталды дейді. Бізде баяғыда-ақ құрып кеткен керқұланды атам қазақ бұрыннан да білуші еді ғой. Оны жарықтық Пржевальский алғаш көріп аша салған жоқ еді ғой. Сонымен қатар батыстың біреуі қардың барысы деп атағаны үшін ілбісті неге қар барысы дейміз (одан қалса моңғолша атауымен ірбіс (ирвэс) дейтініміз тағы бар). Оларда ілбіс болмағандықтан біздегі ілбісті байырғы төл атауы бола тұра тірлік ететін табиғат жағдайына байланысты солай атай салды емес пе. Сол сияқты Алатаудағы талай құз-шыңдар қазақтарға көрінеу тұрған еді ғой, сонда қалай олар алғаш ашқан болады? Дəл сол шыңның атын білмесе де қойшы қазағым күн сайын қойын жайып көріп жүрген жерлері еді ғой. Жер астынан тапқан кен болса жөні басқа, бұған келгенде əлгі атауларды аямай-ақ қояйық. Егер біз елдігімізді, жерімізді шындап сақтаймыз десек онда басқалардан, əсіресе отаршылардан титтей де атау керектенбеуіміз керекті. Өйткені қазақ тіліміз бұл дүниедегі жай бір атау түгіл «о дүниедегі» небір атауларға да жетіп асатын аса бай тілі, нені болса да атауға келгенде сөзі таусылып тарлық етпейтін мəрт тіл, мұны біле тұра отаршылардың атауын керектене беруімізді ұлттық сана-сезімнің жоқтығы дегеннен басқа шара жоқ болып отыр. Өйткені жердің аты елдің аты. Жеріңнің атын орысшалап, қытайшалап айту деген сөз олардың дегеніне көне бер деген сөз. Ал көнгің келмесе оларша атама деген сөз.

─ 128 ─ Іргедегі «жаулардан» үнемі жасқана береміз бе? Алдыңғы бөлімде қазаққа жау қайдан екенін өзімше талдадым. Енді олардан үнемі «қорқа» берудің қанша қисыны бар екенін талқылайық. Біздің қазақ ел болғалы ешкімге зəбірлік көрсетпеген жұрт ғой. Сондай-ақ ешкімнің «ақысын да албаты жемеген» яғни жерін де тартып алмаған бейбіт жатқан бір халық. Жəне де ешкімге есесін жібермеген де. Бұндай халық ендігəрі жасқана берудің жөні жоқ сияқты. Біз үнемі жақсы қарым-қатынаста болуға тырысып келген Ресеймен əлі де жақсы көрші болып өтеріміз хақ. Бірақта бір кез өзіміздің қадірімізді оларға білдіріп жүрсек-ау деймін. Кейде нəрсенің жаман жағын да ойлап қойған артық етпейді. Керек десеңіз осы біз Ресейден, Қытайдан жерімізді дауласақ та болады. Əсіресе Ресейден əбден болады, өйткені оларда ең шұрайлы əрі ең көп жеріміз қалды. Ал Қытайда ең көп қандастарымыз қалды. Тəуелсіздіктен кейін біздің ұстанған бағытымыз қолда барға шүкіршілік ету болды. Қазақша айтқанда «тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп жүріп құлағынан айырылып» қалмасын дедік. Оның да жөні бар еді. Елдігімізді нығайтып шекарамызды бекітіп алу үшін ең алдымен осылай істемеске болмады. Енді жағдай басқаша. Жалпы «олардан жер даулау біздің қазаққа пəле болады» деген қағиданы ұстап қатып қалмау керек. Демек жер даулау бізге зиян тидіретін де, тидірмейтін де кез болады деген сөз. Бұл дер кезінде қимылдап қалуға дайын отыру деген сөз. Қазақ халқы қойдай жуас мінезімен қатар жылқыдай тулаған алып-ұшпа да халық. Ресей бізбен тура 7000-дай км жермен шекараласады. Бұл дегеніңіз қазақтармен қайткен күнде санасып тұруға итермелейді деген сөз. Гүржі (Грузия) соққы жеді деп қазақ жасуға болмайды. Ол соққы бізге ешқашан тимейді десек те болады. Қазақстан Ресей үшін ең жақын көршісі əрі жайында жатқан құйрығын басуға (яғни ешқашан басынуға) болмайтын улы жыланы. Жайында

─ 129 ─ жатқан жыланның құйрығын басса ол кімді болса да аямай шағатынын білеміз. Бір жағынан Қазақстан кімге де санасуға тура келетін алып ел. Қазақстанды орта дəрежедегі ел дегеннің өзі салыстырмалы түрде айтылған сөз ғой. Осы артықшылығымызды толық пайдаланып Ресейден жер даулауға неге болмайды? Қорыққан бұрын жұдырықтайды демекші ондағы кей шовинистердің қазақ жерінен беті-жүзі қызармай дəметкені тура осыған байланысты еді, қазақтар жер даулауы мүмкін деп шошыған олар, содан алдын ала айғайлап Қостанай бастатқан біраз облысты Ресейге қоса қоймақшы болып қарсы шабуылдау тактика керектенгені шындық еді. Бұл əлгі бір «ең жақсы қорғаныс қарсы шабуылдау» дегенге сай келеді. Бұл, сол кездің өзінде-ақ біздерде жер даулайтын мүмкіндік болғанын растай түседі. Отаршылардан жасқана берсек жасқай беретінін де білеміз. Егеске қысас десек те болады. Олар бізді тек экономика жағынан ғана өз шамасында (шеңберінде) ғана қыса алады. Ал бізді екінші Гүржі қыла алмайды. Қазақты ерегестіріп тайлы-тұяғына дейін қарсы қойып алса Ресейге де оңайға соқпайды. Онсыз да «қырық жамау» елдің 7000 км-ге созылған ең үлкен бір бүйірінен бүлік шықса бұл ішкі сепаратизмді ушықтырып оған өлімші соққы болуы да əбден мүмкін ғой. Бұған баруды қанша қаһарланғанмен Ресейдің жүрегі дауаламайды. Жалпысы екі аждаһардың алысы қашанда екеуін де тұмшалайтынын Ресей жақсы ұғынады. Ресей қанша ұлы держава болғанымен Қазақстан оған шағын ел əсте емес. Міне бұл біздің артықшылығымыз, демек бізде əлі де мүмкіндік бар деген сөз. Дегенмен бұл бүкіл амал құрығанда ғана алынатын ең соңғы шара болуға тиісті. Алдымен келіссөз екені белгілі. Бірақта осы келіссөздің өзіне дəтіміз жетіп бара алуымыз екіталай, өйткені «үлкен аға» алдында əдепті өте жақсы сақтап үйренген тəртіпті халықпыз. Қалай десек те Ресейге кеткен жерді даулайтын кезіміз болған сияқты, ағайын.

─ 130 ─ Ресейден біз түгіл ұлы күншығыс елі Жапония да жерін ала алмаған деп бекерге жасымаңыз. Жапония қанша ірі ел болғанымен оларда біз сияқты артықшылығы болмады ғой. Ресей оларға еш тəуелді емес, керек десе əсте санаспауға да болатын ел. Екіншіде сонау Курил аралдарының тарихы тым шытырман. Ол жерде бұл жапондықтар емес, ежелгі айну (айна) халқы мекен етіп келген. Артынан жапонның құрамына күшпен кіргізілген (ақ орыс (Патшалық Ресей) сонау ит өлген Еуропадан Тынық мұхитқа жеткенге дейін іргедегі Курилді өзіне қарата алмай «ай қарап, шошқа тағалап» отыра берген бұл жапондар енді өкпелеу ұят сияқты) жерлер. Ал біздің жерлер кеше ғана ұрланған жерлер еді. Бабаларымыз басына күн туып жан беріп жан алысып жатқанда олар іргемізге келіп бекіністерін салып жерімізді ұрлап жатқаны тарихи шындық еді. Ежелгі орыстардың жері Орал түгіл Еділден бері асып көрмегенін тарихтан білеміз. Орыстың ұлы өзені делінетін Волганың кешегі атауы Еділ еді ғой. Біздің дымымыз əбден құрығанда жерімізді тұтастай жұта салғаны да шындық еді. Енді солардан тəуелсіздік алғанымызға ғана місе тұта салмай əрі де қалған жерімізді аламыз десек неге болмайды? Біз олардан жер сұрағамыз жоқ, тек оларда кеткен жерімізді қайтарып алайық десек несі шам? Қазақ АКСР-ның алғашқы астанасы Орынбор екенін айдай əлем біледі ғой. Бір елдің астанасы енді бір елге қарасты болғанын да көрдік. Сұраушы жақсы болғанда жаннан басқаны алуға болады дейді емес пе. Екінші де бұл орыстың қазақпен санаспай тұра алмайтынын ескерсек те жерді қайтаратын уақыт жетті. Ал, Қытайдың жөні басқа. Ол əлі де «жұмбақтас». Нені меңзеп, нені ойлайтынын білетін жан болмайды. Қозғалысы да жай ел. Өйткені, олар – өздерін тым ұлық санай бастаған ел. Қозғалысымыздан бүкіл əлем сескенеді деп бөсетін жұрт. Сөйтсе де мінезі тым тұйық. Оларға да жерімізді қайтарып алайық десек тілімізді кесіп алмас. Бірақта шынын айтсақ Қытайға келгенде бізде көп артықшылық жоқ болып қалады. Соданда ойдағыдай болмауы əбден мүмкін. Дегенмен Қытай

─ 131 ─ сияқты үлкен елге бір бүйрегінен сирақ шығып жатса ол да оңайға соқпайды. Оның арты күтпеген демократиялық бағытқа бетбұрыс болып өрбісе ол да мүмкін ғой. Ондай жағдайда біз Қытаймен жер дауын ашық келісе алатын боламыз. Екіншіде бұл қытайлар мұнайға келгенде қазаққа аздап болса да тəуелді. Бұл да біздің артықшылығымыз болып табылады. Дегенмен Қытай елі албаты ойнауға келмейтін алып ел. Оның əрбір қозғалысының өзі біз түгіл бүкіл адамзатқа үрей тудыратыны шындық, осындай ұйқыдағы айдаһармен албаты ойнауға болмайтыны əбден түсінікті ғой. Бірақта айдаһардың өзі де құрып кеткенін еске алып жүру керек. Демек бұл ешбір империя көп жасамайды дегенді білдіреді. Қытайдың үлкендігі де салыстырмалы нəрсе, ол қанша алып болса да экономикалық қуат жағынан əлі де Американың «шаңын» көре алмай келе жатыр. Оның қорқынышты жағы халқының орасан көптігінде қана. Керек десе Қытай қазіргі кезде ең кедей елдердің бірі. Бұлардың байлығы да, күшқуаты да осы адам санының орасан көптігінде қана. Алайда, ең заңсыз ұрлықты істеген елдердің бірі осы қытай елі. Қазақтың жоңғарға кеткен жері жоңғар құри салысымен тұптура қытайға қарасты болсын деп кім айтыпты. Жоңғармен бірге бағындырылған қазіргі Моңғолия да артынан Қытайдан бөлініп шығып азат ел болды ғой. Сонда қалайша Шығыс Түркістан ғана оларға мəңгі желімделіп қалған? Бұның бəріне көзсіз көбелек жоңғардың кесірі тиген еді. Қытайлар екі бөрінің жұлысын алыстан аңдып қарап отырды да екеуі де əлсіресімен өзіне қарата салған еді. Амалсыздан елін қорғап жауласқан қазақтай халық ақыры жəбірді ең көп татып атамекен жерінің талайын қызыл көз жоңғарға да емес айдаладағы қытайға айырылып қалған еді. Тарихтың тұғыры бірден қайта айналып келмес деп біздер өткенді қозғамайық дегенімізбен олар бұны бəрібір қозғады емес пе. Ақыры біз емес олар бізге жер айырылған болып шықты. Содан «ұялмастан» тағы, біраз жерлерді алып тынышталды. Сондағысы олар «əлсіз» біз «күшті» тұрған сонау Патшалық

─ 132 ─ Ресей мен Кеңес дəуірінде бұл жерлерден қапыда айырылып қалыпты-мыс. Содан енді қайтарылуға тиісті екен, сонымен сұраған жерлері оларға қайтты да. Ақыры Шығыс Қазақстан мен Талдықорған (қазіргі Алматы облысы) облысы маңынан біраз жер беріп құтылдық (Қытайға Шығыс Қазақстаннан Шағаноба деген жер, Талдықорғаннан Сарышелді өзен маңы берілді, дəл қанша жер берілгенін біле алмадым, ұмытпасам сол кезде «Азаттық» радиосынан таратқан мəлімет бойынша барлығы 575 км2 келетін жер берілген болу керек, ал Өзбекстанға Қызылорда мен Қарақалпақ аралығындағы Бағыс, Туркестанец деген елді мекендер берілді, онсыз да өз жерімізде тұрған Арнасайды қайтарып «алдық»), бұл үшін қазақ билігін жазғыруға болмайтын еді, бізге басқа шара жоқ екені онсыз да белгілі ғой. Қазіргі өркениетті əлемде «өткен күнмен емес келешекке бет алып өмір сүрейік» дейтін жалған ұраны бар бұл алпауыттар жеме-жемге келгенде яки бірдемені алғысы келгенде өткен күн түгіл «о дүниенің» күнін қозғайды да, ал бергісі келмегенде болары болды, ол енді біздің жер, тіпті ежелден біздікі болған деп шыға келеді. Ал қазақ байғұста бұған қарсы келетін қауқар жоқ, сырттай разы болып іштей кіжініп қала береміз. Өмірде талайды естірміз, бірақта өз жерімізді өзіміз біреулерге бөліп беріп соған да разы болғанымызды көргенде күйіп-ақ кетесің.

─ 133 ─ «Бізге жер дауламақ қайда» деу дұрыс па? Сыртта жүрген біздерге бір жəйіт ұғынықсыз. Ол андасанда Қазақстан баспаларында көрініс беріп қалатын «қазакеме Аллаһ бұйыртса осы жер де болады, біреуден жер дауламақ қайда бізге» дейтіні. Əрине бір жағынан өте дұрыс. Қазақ атам айтқандай «тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылса» не болады. Əлі де қазақ болмаған мəңгүрттеріміз жеткілікті көп, кей көршілеріміздің қазірдің өзінде сиыспай тарлық ете бастаған кезде, оның үстіне арт жақтағы кей бөспе шовинистердің айқайы əлі де болса естіліп қалып жүрген тұста орынды-ақ пікір. Бірақ, ата-бабамыз жерді елдіктің негізгі тұғыры деп ұғып ұлтарақтай жер үшін кіммен болса да жүз шайысып, тіпті, қан төгісіп келгенін əсте ұмытуға болмайды. Қазағыма тиеселі əр жерге халқымыз еш нəрсемен өлшенбейтін құнын қасықтай қанымен баяғыда-ақ төлеп қойған. Сонда да тəуелсіздік алғаннан кейін екі бірдей көршілерімізге азынаулақ жер беріп құтылдық. Енді ешкімге берер ұлтарақтай да жеріміз жоқ, керісінше оларда қалған жерімізді қайтарып алуға бар күш-айламызды жұмсайтын күн жетті. Біздерге жер дауламасын деп кім айтыпты, Аллаһ қаласа бір күндері жер даулайтын күнге де жетерміз. Күштілерге жер даулау ерікті, күшсізге жер даулауға болмайды дегеннің өзі сол баяғыдағы дəуірдің көзқарасы, отарлаушылардан əлі де болса именетін жасқаншақтың белгісі. Əзірше ғана «ауызымызды жұма» тұруға тура келіп тұрғаны ғана шындық. Біздің ұстанып келген саясатымыз: жер даулады деген күннің өзінде жерімізді бере қоятын олар емес, сондықтан текке қадірімізді кетіріп ауызымызды ауыртпайық деген қағида еді. Расында жаны бар сөз болғанымен бұл енді ескіріп бара жатқан ұғым. Бұған уəж, біріншіде біз олардан жер сұрағамыз жоқ, тек оларда кеткен жерімізді ғана қайтарып алайық десек несі шам, екіншіде бұған да уəж айтқыңыз келсе онда қазақ елінің бүкіл су қорлары түгелімен шетелде қалыптасады. Шығыстағы

─ 134 ─ Қытайдан ағып келетін ең ірі екі өзенімізге келейік. Қара Ертістің суын қалың қытай аямай керектенгендіктен Ертісте кеме жүзе алмайтын болғаны, Іленің суы да Қытайдан үнемі реттеліп азайып келетіндіктен бір Балхашқа аздық етіп суы тартыла бастағанының өзі неге тұрады. Тек Қырғызстаннан бастауын алатын айтарлықтай шағын өзенге жататын Шу мен Таластың суы азайғанның өзі бізге қанша зардапты болғанын ұмытпағанымыз жөн. Сырдың жайы анау, Аралдан қазіргі кезде, ертеде телегей теңіз болды дейтін түгіл кішігірім көл болды дегенге иланатындай орын қалмауға да айналды. Ақ Жайық та сол, бастауын тағы да шетелден алады. Ұлы Еділдің жағалауынан бір қадым да жер бізге тимеген, қазіргі кезде атажұрттағы бірде-бір қазақ Еділдің суынан бір ұрттам да су іше алмайды. Қысқасы қазақ жерінде өз ішінен бастау алатын өзен жоққа тəн, бар біреулері кілең сыртқа ағып шығып кетеді немесе мезгілдік ағысқа ғана ие кішігірім өзендер. Басқа уақытта қу сор болып құрғап қалған арнасын ғана көресің. Өз ішімізде бастау алатын Есіл мен Нұра, Сарысу мен Торғайдың күні анау. Есілдің жылап аққанын көрсең басқаларының көктемдегі қардың суынан бір буырқанғанын ғана көресің (егер Есіл жылап ақпаса Астананың тұсында оның суын буудың керегі не, амалсыздан Есілді буып жасанды жолмен үлкен өзен қып отырмыз ғой). Одан кейін бұлардың құрғақ арнасын ғана көріп келеміз. Міне біздің жерлеріміздің ең шұрайлысы, əсіресе, су қорлары баяғыда-ақ басқалардікі болып кеткен. Енді бұлардың барлығын демесек те біразын қайтарып алайық десек несі болмайды. Əлбетте біз сұрады деп бере қоятын олар емесі онсыз да белгілі ғой. Бірақта судың да сұрауы бар болғанда тұп-тура елдіктің тұғыры болған жердің сұрауы неге болмасқа. Олар бермесе де сұрағанымызды тоқтатпауымыз керек. Өйткені «үмітсіз тек шайтан» ғана, алдағы уақытта бізге берер нəсібі көп болар Жаратушының, жерімізді де бір күндері қайтарып аламыз да. Тек бұл жерлерден біржолата айырылдық деп күдерімізді үзбесек жəне күндердің күнінде

─ 135 ─ бір қайтарып аламыз деген сенімнен айырылмасақ болды. Əлі-ақ тарих еншісінен заңды несібемізді алатын боламыз. Бұлардың бірі осы біреулерге тиісті болып кеткен жерлер. Əсіресе Ресей мен Қытайда қалған жерлер қайткен күнде қайтарылуға тиісті. Қайтады да. Біз ұлы халықпыз (Ұлы даланың ұлы иелері болғаны жəйлі) Біз ұлы халық болғанбыз, қазір де солаймыз. Соңғы бес ғасырда қазақтай жауынгер əрі байсалды халық Орталық Азияда сонша көп шыға қоймады. Шыңғыстан кейін Орталық Азиядағы ең үлкен елді тек біздің бабаларымыз ғана орнатқан еді. Біреулерге ұлтарақтай жердің өзі мұң болып отырғанда бабаларымыз батысы мен шығысы 3500 км-ге созылған, ені 2000 км-ге жететін аттай 4 млн шаршы км жері бар алып елді құрып еді ғой (ал қазіргі Қазақстанның жерінің ұзындығы «небары» 3000 км, ені 1600 км, көлемі 2,7 млн км2 ғана). Артынан талайларға жеріміз жырымдалғанымен əлі де көп ұлан байтақ жеріміз бар. Біз осындай елдің мұрагері болғамыз, жəне солай болып қалуымыз керек. Орыстар бізді «мықтылығынан» бодан қылған жоқ еді, олар біздің басқалармен сан ғасыр бойы жауласып əбден титықтаған кезімізді пайдаланып қалды, егер де бізге туған күн сол кезде орыстарға туған болса олар тіпті біржолата құрып кетпесін кім жоққа шығара алады. Сонау жоңғардың кезіндегідей бір қазаққа жан-жақтан талай жаулар қоршап шапқыншылыққа ұшыратқан кездерде қазақтан басқа халықтың құрып кетуі де ғажап емес-ті. Мені тым бөсіп кетті демеңіз. Бүгін Арқада отырған қазақ ертең Жайықтан бірақ шығатын көшпелілігінің арқасында аман қалды (Бұл көшпеліліктің бірден-бір артықшылығы, бірақта бұл көшпелілікте əлсіз жағы жоқ емес-ті. Ол жайында бөлек тоқталамыз). Ондай болмаған күнде бір орында отырып-ақ қойша бауыздалатын едік ғой. Сол заманда кімді кім аяған, қолдан кел-

─ 136 ─ се қазақты құртып жіберуді, ұлан байтақ жерімізге ие болуды талайлар арман етті емес пе. Кешегі жоңғар даласында жалғыз өзі ғана тайраңдаған жоңғардан не қалды бүгіндері? Олар елдіктен біржолата айырылып, халық ретінде азмаз сүлбесі ғана қалды. Қытайдай ұлы аждаһаны өзіне бағындырған манжулерден не қалды? Қытайға əбден мазақ болып шеттетілген бұратана азғантай манжулер ғана қалды. Ресми қытай 10 млннан астам манжулер бар дегенімен олар толық ассимиляцияға ұшырады, таза қанды манжулер қазіргі кезде қытайдың ермегі мен мазағы ғана болған. Оларды түгелге жуық қытайларға сіңіп жоқ болды деуге болады. Дүниені дүр сілкіндірген Шыңғыстың «моңғолынан» қазіргі таңда империя болды дейтін жұрағат қалды ма? Солтүстік Америкадағы 200 млндай үндістерден (үндістердің саны осыған жетпеген деген пікір де баршылық) қазіргі кезде қаншасы қалды? Ал сол кезде қазақ қайтті? Қазаққа тəңір де болысқан ғой, қазіргі дəрежеге жеткізген елдігін, ұлан байтақ жерін сақтап қалды. Мұндай елдікті, жай бір «екінің бірі» болып жүре берген кез-келген қарапайым халық сондай қысылтаяң заманда аман сақтап қалу мүмкін емес-ті. Екі ғасырдан астам уақыт аласапыран ғұмыр кешіп талай боздақтарын құрбан етіп бұл күнге жетті ғой. Екінің бірінің қолынан келе бермейтін асқан ерлікке толы, бір жағынан аса күрделі де қайғылы ғұмыр кешті. Қазағым өзін ғана құтқарып қойған жоқ, егізінің сыңарындай болған азғантай қарақалпағын, қырғызын да аман сақтап қалды. Қазақтың ұлы халық екеніне бірнеше айғақтар бар: Біреуге «сыйға» кеткен, олардың тартып алған жерлерді есепке алмағанның өзінде шексіз ұлан байтақ даласын – жерін сақтап қалды, осыншама ұланғайыр жерді Кіндік Азияның дəл төрінде иемденіп қалу екінің бірінің қолынан келмеген-ді, өйткені бұл жер ежелден стратегиялық аса маңызды өлке болды, тек осы жерді сақтап қалғанның өзі біздің ұлы халық екенімізді бұлжытпай дəлелдейді. Бір өзіне қатарласып бірнеше жау шапқанда да елдігін сақтап қалды, қазіргі еврейлердің, армяндардың, поляктардың

─ 137 ─ бүкіл əлемге өсіре жар салып жүрген құрбандығынан да артық адамы шəйіт болып, олардан да көп қиыншылықты көрсе де əсте мойымады, елдігі, бірлігі онан əрмен арта түсті. Өзін бəйгеге тіге отырып туысқан талай халықты сақтап қалды, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түрікмен, тəжіктер қазақтың арқасында қиыншылықты аз көрді, оларды солтүстік батыстан келетін «ызғардан» қалқалайтын қалқасы болды, қысқасы мұндай қысылтаяң заманда өз басына тастай бекем қазақтай ғана халық басқаларға пана бола алған. Өзі «аштан өліп, көштен қалып» жатса да басқаларды, мысалы озбыр отаршылардан жəбір көріп жер аударылып, сандалып, босып келген аз халықтарға жақсылығын аямады, оларды барынша сақтап қалды, еш қысым көрсетпей асқан кең қолтық, жомарт халық екенін танытты. Қанша жамандық істесе де басқаларға өшікпеді, ішке кек сақтамады, əйтпесе бұл орыс, қытаймен «жастығын ала» жығылса да болар еді, ата жауы жоңғардың да біржолата құрып кетуін қаламай оларды сақтап қалуға ат салысты, міне, бұл жай бір қарапайым халықтың қолынан келе бермейтін ерліктер. Ерлік те тек ер халықтың қолынан ғана келеді. Бұндайда қазақ ұлы болмағанда кім ұлы халық болады? Тағы да сол жерге келейік. Түрік əлемінде қазақтың жері көлемі жағынан бірінші орында. Одан кейін Саха мен Моңғолия ғана қатарласа алады. Алайда осылардың Сахасы болса итарқасы сонау қиянда, əрі адам өмір сүруге өте қолайсыз тым суық өлкеде. Оған барып кім кіммен жауласпақ. Отаршылар əбден күшейіп еліріп алған соң ұрынарға қара тапбай ақыры солай барып оларды еш қиындықсыз құрықтай салған-ды. Екіншісі ұлы моңғол елінің тікелей мұрагері Моңғолия емес пе. Сондай елде мұндай жер болмағанда басқа кімде болады. Сонда да ұлы империяның қарашаңырақтағы мұрагерінің жері қазақ жерінің маңына жуымайды, көлемі көп шағын. Кезінде Шығыс Еуропадағы ең ұлы елдердің біріне Польша жататын-ды. Олардың бағын германдардың Пруссиясы мен Патшалық Ресей, одан кейін Кеңес Одағы байлады да шағын бір елге айналдырып жіберді. Сол үшінде

─ 138 ─ герман мен орысқа деген қазіргі поляктардың өкпесі қара қазандай, тарихтан қалған бір сызат əлі де жалғасып келе жатыр. Ал қазақтың бағын алдымен марқұм жоңғар байлады, артынан орыстар шырмады. Бірақта соңғысы тым қатал болғаны сондай, ел аман, жұрт тыныштықта халқының 3/5нен қарадан қарап айырылды, айырылды емес-ау айырды ғой, яғни құртты, одан қалса «жұтты». Сонда да орысқа кек сақтамадық қой, міне бұл ұлылық емес пе. Өткенге салауат, тіріге береке-бірлік дедік те жылы жауып қойдық. Ұлылықтың өзіндік үлкен сипаттары болады. Өкпелі қалған поляктарда мардымды жер де қалмаған еді, сонымен ұлылық сипатынан біржолата айырылды. Ал қазакемде құдайға шүкір, əлі де көп жері бар. Бұл жеріміз тұрғанда жарлы байып, жалқы өспей ме, əлі-ақ ұлы ел қатарында боламыз. Отаршылар бізді қасақана мəңгүрттеп көбімізді қырып жойса да елдігімізден де, жерімізден де айыра алмады ғой. Тəңір берсе қазақ елінің болашағы өте зор, біз ұлы ел бола аламыз, солай болуға да тиістіміз.

─ 139 ─ Түркі əлемі: көшбасшы кім? Мен бірде Түркиядан басылып шыққан түрік халықтарының саяси картасын көрдім. Онда сонау Сахадан Түркияға дейінгі түркі əлемінің бүкіл тəуелсіздік алған, ала алмаған біраз елдерін кіргізгенде солардың көшбасшысы қып Түркияны сызып қойыпты. Түркияны бұл орынға қоюға ешбір таласым болмады, марқұм Кеңес заманында қазіргі 200 млндай түріктің жалғыз тəуелсіз елі осы Түркия ғана болып, босып көшкен бауырларына талай рет пана болғанын қалай ұмытасың. Алайда Түркияда түрік əлеміне көшбасшы бола қояйын деген ниет те жоқ шығар. Тіпті бар болған жағдайда оның бізге тиер салқыны жоқ екені əбден белгілі ғой, өйткені, Түркия ондай ықпал жүргізетін геосаяси кеңістігі бар болса да экономикалық күш-қуаты əнтек жетіңкіремейтін ел, тіпті ықпал жүргізейін деген ниет бар болса да ол өзіміздің бірге туысқан түрігіміз ғой. Дəл қазіргі жағдайда Қазақстан да Түркия ықпалына кіріп кететіндей ел емес. Туыс елдер мейлінше жақсы қарым-қатынаста болу керек, бұдан саяси астар іздеп əуре болудың қажеті не. Мəселе түрік əлемінде қазақтың алар орнында болып отыр. Бұл күнде Түркия халық саны жағынан да, елінің күш-қуат жағынан да алдымызда келе жатыр. Əрі де халық саны жағынан алдына жан сала қоймас. Біз ол жағынан жуық арада бəсекелесе алмаймыз. Ал экономикалық күш-қуат жағынан біз екінші орындамыз. Бұл жағынан бізбен жарысқа түскен жалғыз-ақ ел бар еді, енді оның да «шаңы» көрінбей қалды. Ал жан саны жағына келсек көп артта қалдық, тағдырдың тəлкегімен өзіміздің тиісті орнымыз екінші орынды еншілей алмадық. Алдымызда түрік, əзербайжан, өзбектер кіреді де біз төртінші орындамыз (расында біз бесінші орындамыз, өйткені ұйғырлардың саны қытай тарапынан əдейге азайтылып айтылады), олардың ең жақынының өзі бізден сан жағынан аттай 10 млнмен асып жеткізбейтіндей болып біржолата ұзап алды. Қазақ халқы адаммен теңеп айтсақ «өмірде өлгеннен басқаның бəрін көрген» халық. Қазақ түгіл, бүкіл тұран əулетінің

─ 140 ─ басына күн туған кешегі ашаршылық, қуғын-сүргін заманында бар ауыртпалықты өзіне алып басқа туысқандарды сақтап қалған халық еді. Өзі тілесе де, тілемесе де құдай жаратқан көршісі болғандықтан өзбек пен қырғызды, қарақалпақты арт жақтағы шегір көзділерден жəне жоңғарлардан сақтап арашашы болып құтқарып қалған-ды. Тəжік пен түрікменге де көп пана болдық. Демек тұрандықтардың небірі қазақтың кең даласын таптап өтіп келгенше күш-қуатынан айырылып əлсірей түсетін талай жойқын апаттан қазақтың арқасында аман қалған еді. Солтүстік батыстан келетін талай «суық ызғарлар» ең алдымен қазакеме қадала тиіп одан кейін күші қайта бəсендей бере басқа туыстарға тиіп отырды. Бұл біле білсе қазақ халқының өз туыстарына жасаған теңдесі жоқ жақсылығы еді. Ал бұндай өзі тілемеген жақсылықты бізге аздап болса да татар ағайындар да істеген ғой, бірақ оның отаршыларға төлейтін төлемі тым қатты болғаны соншалықты, олар əлі де темір құрсаудан құтыла алмай зарлауда отыр. Өзбек, түрікмен, қырғыздар қазақтың істеген қамқорлығын ұмытса өзін ұмытқанмен бірдей болмақ. Қазақ пен өзбек өмір бойы бір-бірін зілсіз қағытқан халық ғой, өзбектің өзі айтқанындай қой баққан сасық «қозоғы» болмағанда өзбек өз ағам емес, садағам болар еді. Қасында қазақтай көршісі болмағанда қырғыздың күні не боларын бір құдай ғана білер еді. Ендігі өмірде де тұран ұрпақтары бірбіріне қамқор болып сүйеніп тірлік ету керек-ақ. Айталық қазақ халқы түрік əлемінде алар орнын қанмен төлеп ақтаған халық, сондықтан да қазіргідей ұлан байтақ жері оның заңды еншісі. Енді болашақта түрік əлемінен қазақтың алар орны оның ұлан байтақ жеріндей қомақты да мол болуға тиісті (Егер де жоңғар шапқыншылығы жылдарында екі млндай, жасанды ашаршылық, нəубет, қызыл қырғын жылдары бес млндай қазақ шəйіт болмаған болса онда, қазақтардың саны сол боздақтарымыздың өсімімен қоса есептегенде 50 млнға (!) жетіп қалар еді. Бұл қазіргі анадолы түріктерінің санымен бірдей деген сөз. Түркияның халқы 70 млннан астам болғанымен оның тек 50 млндайы ғана таза түріктер болып табылады (қалған 20 млндайы күрдтер). Біз қазақтар тарих-

─ 141 ─ тан алар орнымыз яғни анадолы түріктерімен саны бірдей болуға тиісті алдыңғы орынды айырылған қайғылы да қатерлі кездерді бастан кешкен халық боламыз). Көшпенді қазақтың соңғысы Қазақ халқы ежелден көшпелі халық болса да енді одан жұрнағы да қалмауға айналды. Тіпті бүкіл дүниежүзінде көшпелілер санаулы болатын, қазір де олардың саны бес саусақпен саналатындай халде. Орталық Азияда қазақ, қырғыз, моңғол сынды нағыз айтулы көшпелілер бар еді. Ал қазақта көшпелі тұрмысын сақтағандар бұрындары қытай мен моңғолдағы қазақтар еді, қазір де қытайдағы қазақтарда көшпенділік негізінен ұмыт болып енді моңғолдағы қазақтарда да қалмауға айналды. Мен, қытайдан атажұртқа барған бір жазушының қазақтың көшпенділік жайында айтқан сөздерін есіме ала отырып, оның енді сол көшпенділік кезімді еске алғанда көзіме жас келеді дегеніне бір ауыздан қосылдым. Өйткені мен де қазақтың ең соңғы көшпелі өмір тұрмысын көзіммен көрген біреумін. Осыдан оншақты жыл бұрындары біздің жерлерде авто көлік деген санаулы, жайлауға көшкенде, күзеуге түскенде ылғи түйемен көшетұғын. Сол бір жазушының мұңдана еске алғанындай жайлауға көшу деген бір сəн-салтанат еді. Арасы түйе көшпен үш-төрт күн қонып əрең жететін Алтайдың асқақ тау жоталарына көшу деген шіркін жалғанның қызығы еді. Бұны ойлағанда менің де жылағым келеді. Көшкенде жылқы айдаймын аламенен...дегендей мейлі жылқы айда, қой айда, бəрібір өте қызықты еді. Жазғытұрымғы аптаған ыстықтан қашып салқын да саялы жайлауға жеткенше асығатын көш, күз болғанын білдіргендей себезгілеп жауған ақ жауында малтығып та көшетін көштердің қай-қайсы да өте көңілді болушы еді. Қыстаудан жайлауды, жайлаудан күзеуді сағынған бес түлік мал шіркін айдату дегенді білмейтін, өзіақ жерін, мекенін аңсап шұбырып отырады, артынан əйтеу

─ 142 ─ біз ит-құстан пана болып ерген ғана. Ергенде жай ғана ермей топ-тобымызбен бірігіп алып жарысып, асыр салып ойнап еретінбіз. Жол-жөнекей екі керегені айқастырып итарқаны тіге салып қона кетуші едік. Жердің шалғайлығы да бұл көштің негізгі сəні еді. Алтайдың Бұлғындай буырқанып ақ көбігін шашқан өзенін бойлай көшудің өзі кімді болса да терең қиялға шомдырып алыс арманға жетелеуші еді. Ондай жерде жүріп-ақ «қандай ауызын буған пенде» де «ақын» болып кете бермей ме. Содан да болар, мен əлгі жазушы айтқандай қолыма қалам алатын болдым, бірақта дəл «ақын» бола қоймадым. Жол-жөнекей көшіп келе жатқанда жолдағы ауылдар қайткен күнде ақ дəм, айран, шұбатын, бар болса қымызын алып шығатын, қонғанда ерулік əкелетін, кешкісін екі ауыл қозыларын қосатын. Жаз бойы небір сылтауларды тауып той-тілеулерін істеп отыратын. Əн-күй əсте құрғамаушы еді. Қазақтың қара өлеңінің айтылатын жері де, салт-дəстүрінің жаны да осы жайлауда, көшпенділікте болатын. Шіркін сол көшудің ғанибетін көшіп көрген ғана білерау, оның қызығын сөзбен айтып тауыса алмайсың... Социализм келмеске кетті (сол қалпы кетсін), нарық келді, оған қосып парық та келді, көлік те көбейді, енді сонау ит өлген жайлаудан түйемен көшіп нем бар дейтін болды қазағым. Заман өзгерер-ау, бірақ оған қосылып қазағымның жақсы салт-дəстүрі де келмеске кетіп бара жатқаны қынжылтады. Бұрындары барғанда айтқызбай сұратпай құятын қымыздары енді ақшаға ғана сатылып құйылатын болды ғой. Қазағымның қонақжайлығы да бұл көшпенділікпен жаны бір еді, енді одан да қоштасармыз-ау. Дегенмен көшпенділікке араша жалғыз ғана нəрсе бар болып шықты, ол жанармай шіркіннің біресе арзандап біресе қымбаттап тұрғаны. Бұндай кезде кейбір түйесі барлар қайтадан түйе көшім қайдасың деп тартып отыратын болды. Бірақта бұның күні де не болар екен, ұзағынан сүйіндірсін дейік. Ал түйесі жоқтардың күні не болмақ, олар бұл түйе дегенді еш пайдасы жоқ мал деп баяғыда-ақ «қуырдақ» қып жеп қойған-ды. Қазағым түйесі жоқ болса онда бұл

─ 143 ─ көшпенділікпен мəңгі қоштасты дей бер. Көштің сəні де, мəні де осы түйе болатын. Қазағымның түйесі «қуырдақтан» аман болғанда көшпенділік те сірə оралар. Могиканның соңғысы демекші қазақтың ең соңғы көшпенділік салты қазіргі кезде Моңғолия қазақтарында ғана жартылай сақталып тұр, бірақта халі тым мүшкіл, бұл көшпенділікті бар десе де, жоқ десе де болатындай халде. Көшем десе түйе де табылар, бірақ бұған қосып көшпенділікті сақтап қалайын деген қазағымның шынайы ниеті болмаса бұдан түк те өнбейді ғой.

─ 144 ─ Амбиция хақында Қанша алыста жүрсек те атажұртқа құлағымызды үнемі түре жүріп, жақсысына қуанып, жаманына жабырқап қалатын біздерге кейбір құлаққа жағымсыз жəйіттердің естіліп қалатыны өкінішті-ақ. Кім тұрары белгісіз қалың сəн салтанат ордалар, оларға ақша шашу жағынан алдына жан салмайтын амбициясы, мұнайға ғана сүйеніп тұрған алдамшы экономика, кей шикізат қорының шектен тыс өсірген алдамшы сан цифрлары, жалпы үкіметке əдет болып қалыптасқан цифр «шайнау» салты, адам құқығының аяққа тапталуы, жалпы Орта Азияға əдет дəстүрге айналған режимдер, оның ішінде Назарбаев «диктатурасы» деп т.т. жалғаса береді. Бұл алып-қашпа сөздердің біразында жан бар, оны бəріміз де білеміз. Астанада кей құрылыстардың көрме үшін ғана салынып жатқаны да ащы шындық. Мен Астананың былай сəн салтанатпен салынып жатқанына əсте қарсы емеспін, бірақта бұл құрылыстарға əнтек көп қаржы құйылып, кейбірі неге пайдаланатыны белгісіз дүниелер тұрып жатқаны қынжылтады. Норман Фостердің несі кетеді, оған ойына келген жобаларын іске асырудан өзге бақыт бар ма. Менікі тек бұл жолда қазағым тағы да тұралап қалып жүрмесін дегенім ғой. Бұл жағынан біз Малайзиямен теңесуші едік, енді олардан да амбициямыз асып түсіп тек Біріккен Араб Əмірлігімен ғана шеңдесетін болдық. Біз бір ұғымнан ада-көде айырылуымыз керек. Аспанмен тірескен зəулім құрылыстар өркеннің белгісі əсте емес. Ондай биік құрылыстар қара құрлық Африкада, айталық Кенияның астанасы Найробиде де бар көрінеді. Бірақ биік құрылыс көптеп салған Кенияны ешкім өркенді ел демеді. Биік құрылыс салу, инфрақұрылымға қаржы шашу жағынан алдына жан салмаған Малайзия көп ұзамай-ақ мінбеден бірге шыққан көршілес Сингапурдан аттай артта қалғанын да білеміз. Арнайы бір салаға құйған шектен тыс қаржының өзі экономикаға кері əсерін

─ 145 ─ тигізетінін естен шығармауымыз керек. Бір саласы ақшаға бөгіп жатқанда енді бір саласы жан тапсырып жататыныны да заңды құбылыс. Құрылысқа аса мəн бергеннің салдары сол емес пе, тұрғын үйдің бағасы «көбік» болып тұрып бір-ақ күні жалпия салды. Бірақта бұл Астана құрылыстары өркенге үлкен қарқын қосқанын айту керек, тек асыра сілтеуге болмайды. Қаржы құю жағынан Əмірлікпен бəсекелесуге əсте болмайды. Демек олардың сүйтуге хақы бар (дағдарыс басталғалы олардың да сүйтуге хақысы жоқ болып қалды), ал біздікі уақытша байсынған тоқпейілдік əрекет еді. Ол жерде игерілген қаржыдан табыс табатын мүмкіндігі мол болғандықтан олармен жарысамыз десек аптығып артта қалармыз. Олардың бізден көп артықшылығы бар, жанармай пұлы су тегін, тасымалдау құны арзан, теңізге тура шыға алады, біреуге тəуелді емес, т.т. жалғаса береді. Ал біз болсақ, ақша табыс көзі болған мұнайды да қай елге де тура еркін шығара алмаймыз (дағдарыстан кейін мұнайдың құны да түсіп қалды), көршілерімізге барынша тəуелдіміз, өте-мөте «дамып» кетсек те олар жақтырмайды, қандай бір айла-əдіс, сылтаулармен бізге тосқауыл қойып тынары анық (мысалы: Бай-Өлкедегі қазақтар тек жайылыммен ғана семіртетін экология жағынан аса таза əрі айтарлықтай арзан қой, сиыр, жылқы етін Қазақстанға апарайын десе екі ортада Ресей қашанда кедергі болып келеді, бұл орыстардың түрлі шектеу, тосқауылдарында сан болмайды). Ендеше ақшаға бөккендей байырқанып қаржыны керек нəрсеге жұмсаудың орнына бұлайша ысырап етудің жөні жоқ-ақ. Бұл амбиция туралы аз сөз. Ал басқа да құлақ құрышын алатын жəйіттерге келсек, шетелдік қаржыны тарту үшін мұнай қорын аса өсіріп жариялағаны да шындық, Орталық Азиядағы басқа елдермен салыстырғанда қоғамы əлдеқайда либералды болғанымен саяси жүйенің оңалмай отырғаны да шындық. Мұның бəрін біреуге сілтей салудан гөрі, биліктің əртүрлі сатысындағы қалың бастықсымақ шенеуніктердің қоғамды

─ 146 ─ алға жетелеудің орнына артқа тартатын кертартпалығына да қатыстырып айту керек. Қашанда бір елді жалғыз ғана адам дамыс һəм əділет жолына жетелеп жеткізу мүмкін емес. Оған ел болып кірісіп, əсіресе, əр саладағы қоғадай толған шенеуніктер алға жүргізуші күш болып жұмылмайынша қандай бір мақсат өркенге жету мүмкін емес. Олар да өзіндігінен жұмылып бұған кіріскен емес, кіріспейді де, ондай мүмкіндік те жоқ, халықты бір іске жұмылдыру үкіметтің негізгі міндеті болады, ендеше үкімет бұған баса назарын аударуға тиісті. Бір бағытқа барлығымыз жұмыла алсақ ешбір амбициясыз-ақ талай өркенге жететін боламыз. Бұндайда біз қандай ұлы амбициямыз бар болса да оның алдына толық шыға алатын боламыз. Керек десе бұл амбициямызбен орынды түрде мақтанатын да боламыз. Ал бұндай халге келмей жатып амбициямен албаты əуестенуге болмайды. Демек амбициямен əуестенетін де, əуестенбейтін де кез болады деген сөз, осының таразыдай шегін ұстана білуіміз керек. Дегенмен амбицияның өзі өркеннің тағы бір жетелеуші күш екенін айта кеткен жөн болар.

─ 147 ─ Мен білмейтін қазақ тілі (немесе сақаулық дерт туралы) Қазақ тіліндегі орыстан қолма-қол қотара салған олақтықтарды айтпағанның өзінде біздің қазақ тіліміздегі теріс қолданылып дұрыс түсінілетін сөздер туралы айтпасқа болмай отыр. Əуелі дүниенің төрт құбыласын меңзейтін батыс, шығыс, солтүстік, оңтүстік деген сөздерге келейік. Бұлардың шығыс пен батыс дегеніне айтар сөз жоқ, түсінікті. Ал солтүстік пен оңтүстіктің жəйі басқаша. Қай халықтың тіліне үңілсең де төрт құбыланы сөзбе-сөз батыс, шығыс, арт жақ, алдыңғы жақ дегенге сай атайды. Кезінде дүниенің төрт бұрышымен шаруасы да, түсінігі де болмаған талай қойшы шопандарымыз солтүстікті арт жақ, оңтүстікті алдыңғы жақ деп атағанын өз құлағыммен талай есітіп едім. Артынан радио ана-мыналардан «оңтүстік» пен «солтүстікті» ауа райын білу үшін тыңдай-тыңдай əйтеу құлағына сіңісті болып қалыптасты ғой. Дегенмен күнделікті өмірде олар «арт жақ» пен «алдыңғы жақты» тастаған емес. Арт жақ тұтасып кетіпті, жауын жауатын сияқты, арт жақтан құйын келе жатыр т.т. жалғаса береді. Қазақтар күнделікті өмірінде дəл осылай, бұрын да осылай атаған. Осы біз неге арт жақты арт жақ демей қалайша солтүстік дейміз? Төрт құбыланы адамға теңеп айтсақ оның басы солтүстік полярға (север), аяғы оңтүстік полярға (юг), оң қол жағы батысқа (запад), сол қол жағы шығысқа (восток) дөп келетінін қай қазақ та жақсы біледі. Манағы «кісінің» бас жағы арт жақ (север) болады да аяқ жағы алдыңғы жақ (юг) болады. Ал мұны қазіргі біздің қолданатын атауға сəйкестіріп төрт құбыланы болжасақ: шығыс, батыс жəне де «батыс пен шығыс» болып қайталанып шыға келетінін неге ескермейміз? Өйткені біз солтүстік пен оңтүстікті арт жақ пен алдыңғы жақтың орнына керектенгеніміз болмаса осы сөздердің нағыз мағынасы шығыс пен батыс екенін əсте ескермейміз. Не біз басқалардан, бүкіл адамзаттан бөлек ойлайтын ерекше қабілетіміз бар халықпыз ба? Олай

─ 148 ─ болмағанда бұл қай атау? Сол қол жағын солтүстік деп атағаны сөздің құрамынан-ақ белгілі бола тұра ол қалайша қазіргі арт жақ болып кетеді? Олай болғанда манағы адамның «басы» солтүстік полярға емес тұп-тура батысқа қарау керек қой. Сонда ғана жаңағы атаулар өз мағынасына дөп келеді. Бірақта жаңа айтқанымдай біздің қазақ қалайша теріс-қағыс ойлайтын болған, ешбір халық дүниенің төрт бұрышын адамға теңегенде манағы «адамды» көлденең жатқызып көрген емес. Ылғи «тік тұрғызып» теңеп, төрт құбыласын болжап атап келген. Қазіргі кезде дүниенің ең көп таралған тілі ағылшын тілінде де төрт құбыланы сөзбе-сөз аударсаңыз батыс-west, шығыс-east, арт жақ-north, алдыңғы жақ-south деп келеді. Яғни олар арт жақ пен алдыңғы жақты бізге ұқсап right side, left side демей бөлек атады ғой. Орыстар да сол, арт жақ пен алдыңғы жақты бізге ұқсап левый, правый дегенге сай атаған жоқ. Солтүстік дегені сол жақ, оңтүстік дегені оң жақ екеніне дау жоқ. Бірақта бұның тура баламасы батыс, шығыс екендігіне тіпті дау жоқ. Сонда біздің қазакем дүниенің төрт бұрышынан небары екі-ақ бұрышын «білетін» болып шығады. Сол жағымызда тұрмаған нəрсені қалайша солтүстік деп атаймыз? Жер шары қанша домалақ болса да оның бас жағы деп Арктиканы есептейді. Біз осы Астананың жаңа орталығы орналасқан жерді Есілдің сол жағалауы дейміз ғой. Бұл шынында сол да емес, оң да емес алдыңғы жағалауы еді ғой, бірақта Есілдің басымен салыстырғанда сол жағалау, ал қазіргі қолданыста атаумен атасақ шынында оң жағалау болып есептеледі. Бұны біз алдыңғы жағалауы десек дұрыс еді. Ешкім де шатаспайды. Ал сонау батыстағы Еділ үшін бұл атау дəл келеді, Еділдің шығыс жағалауын сол жағалау, батысын оң жағалау десек кім-кімге де ұғынықты болмақ. Өйткені ол негізінен «арттан» «алдыңғы» жаққа ағатын өзен. Ал Есіл өзені Астана қаласының маңында ғана шығыстан батысқа қарай біраз жер аққанымен артынан ылғи арт жаққа қарай ағатынын білеміз. Сол сияқты Арктика да салыстырмалы түрде дүниенің

─ 149 ─ «бас жағы», міне сондай жағдайда біздің солтүстік деп жүргеніміз арт жақ, оңтүстік дегеніміз алдыңғы жақ болып аталуға тиісті еді. Солтүстік пен оңтүстікті қолдануға болмайды деп отырғам жоқ, осы атаулар ендігі кезекте шығыс пен батыстың тағы бір балама атауы болып қолданылуға тиісті еді ғой (біз күнделікті өмірде саяси партияларды солшыл, оңшыл дейміз, егер бұны біздің қазіргі қолданысқа сай керектенсек, онда шығысшыл жəне батысшыл партия деуге тиісті едік ғой, бірақта біз сөйткеміз жоқ, өйткені сол мен оң өзінің табиғи мағынасына дəлме-дəл келіп тұр, міне осы сияқты солтүстік пен оңтүстікті ендігі жерде тек шығыс пен батыс дегеннің орнына қолдануға тиісті едік). Бұлай аталмағанда қазақтың «басы айналып» нəрсені теңестіріп ойлағанда да жата қалып «көлденең» ойлайтын болды деген сөз. Бірақта бұл исламнан қалған үрдіс сияқты, жер шарының салыстырмалы түріндегі «бас жағын» Құбыла (Мекке, Қағба) деп ұққан жағдайда осы атаулар дұрыс, өйткені батыс жақ бірден дүниенің «басы» болғандықтан солтүстік пен оңтүстік өз мағынасына дөп келеді. Алайда бұл үрдіс тек ғана исламға ғана байланысты болмай көк түркіден қалған салт болуы да əбден мүмкін. Өйткені түркілер «дүниенің бас жағы» деп шығыс жақты ұққан, мұндайда əлгі солтүстік пен оңтүстік дегені дұрыс болмақ. Бұның ту сырты батыс дегенге сай келеді. Ал бүкіл дүниежүзінің үлгісіне келсек бұл қалай айтсақ та «жата қалып ойлағандық» қана болады. Бұны басқалай түсіндіретін жəйіт жоқ. Сөзді дұрыс теңемей қалыптастырғанның кеселі осы. Тағы бір айта кететін жəйіт, ол қазақша кей сөйлемдерді бейне бір орыс тілінің аудармасы етіп айтып жазатыны. Кей кітапті оқи қалсаң ойға қаласың, бұны қазақ жазған ба əлде қалмақ жазған ба деп еріксіз ойлайсың. Олардың авторы да аты жер жаратын азаматтар болғанда тіпті күйіп кетесің. Мен сияқты орысша оқымаған адамға өте бір түсініксіз. Алдына кіретін сөздер артына кіріп, артындағысы алдына өтіп кетіп, сонымен не оқып нені ұққаныңды біле алмай дал боласың. Қазақ тілі жалғамалы тіл яғни сөзді ар-

─ 150 ─ тынан жалғап та, жалғамай да, шұбатып та айтуға болатын тіл. Бұны алдынан жалғап айтуға жол болсын. Бұған əйгілі «мен ойлаймын, ол оны сүйтеді ғой» деген сөйлем дəлел. Бұл ең танымал сөйлем, осы сияқты сөйлемдер кезікпейтін кітап кемде-кем. Бұл жерде ойлаймын деп те айтуға болмайтынын бəріміз де білсек те оны қайталаумен келе жатырмыз. Мейлі ол артынан «ойлайтын» да шығар, бірақта дəл қазір «ойламайды» деп талай рет айтылды ғой. Сонда да «ойлаймынды» қояр емес. Осы «ойлаймын» сияқты сөйлем кезікпейтін шығарма қазіргі кезде өте аз (Бұл əрине соңғы кезде қалыптасқан «ауру», əйтпесе кезінде ұлы Абай, Мұхтар, Сəбит, Ілияс солай сөйлемегені əбден белгілі ғой. Қазақ бұрын саусақпен сан санағанда басбармақпен бастап санаушы еді, енді кішкені бөбектен бастап санайтын болды, бұл да отаршылардан жұққан «ауру»). Əсіресе саяси-қоғам, ғылыми тақырыпта жазылған шығармаларды оқып көрші, оны нағыз қазақ түсінетін жағдай жоқ, оны мен сияқты емес «басқа» қазақтар түсінетін сияқты. Бір кез біздердей байғұс бүйтіп алыста қаңғып жүргенде қазақ тілі осыншама дамып озып кетіп, біз ұқпайтындай халге жеткен бе деп те ойлайсың. Тағы да қосар болсақ, көптеген есім атауларды ылғи көпше түрінде жазатынымыз бар. Алайда атауларды көпше түрінде жазуға болмайды деп отырғам жоқ, тек оны жазатын да, жазбайтын да реті болады, соны айыра білсек. Бұл атауларды біруақ көпше демей-ақ жалқы түрінде де жазуға болатынын ұмытып кететініміз қызық. Алайда ұмытып та кетпейміз, бұл да əлгі отаршылардан жұққан «ауру» ғой, оларда есім атауларды көбінесе көпше түрінде жазатын əдет бар. Мысалы жыландар, қойлар. Мұны қазақтар ежелден ордалы жылан, қоралы қой деп ғана атап келген. Айталық «қырық жетіні қырқа матап берген» дегенде байталдар деп айтылмайды ғой. Ал мұны алтай тіліне кері келетін үндіеуропа (орыс) тілімен айтсақ шынымен «қырық жеті байталдар». Кенен атамыздың əйгілі «Көк шолағындағы» қыздар мінген байталға жете алмаған көк шолақты мысалға

─ 151 ─ алайықшы. Орыс тілінің ережесі бойынша қыздар деген сөз бірден көпше түрінде болғандықтан одан кейінгі байтал да көпше түрінде байталдар деп айтылуға тиісті. Ал қазақ тілінікі бұдан керісінше екенін біз əсте ескермейміз. Содан да болар бір сөйлемдегі бірер сөздің өзін тұп-тура қыздар мінген байталдарға жете алмаған көк шолақтар, ...жыландар шаққырлар.., …жаулар айдағырлар .., ...арамдар қатқырлар... дегенге сай айтып керектенеміз. Кілең «-лар, -лер, -дар, -дер, -тер». Мысалы, құрамында майлар, көмірсулар, ақ уыздар, жүзімдер, қышқылдар т.б. қосылған кəмпиттер, пішендер, сүттер, айрандар. Бұл сөйлемді ешбір «лер, лар, дер, тер»- сыз жаза салуға əбден болар еді. Бірақта біз өйтпейміз, орыстың əлгі бір жиры, углеводы, белки дегендерін сол қалпында аударып ылғи көпше түрінде ғана айтып жазамыз. Бұл сөйлемді таза орыс тілінің қазақ тіліндегі шала-шарпы қазақшаланған мəңгүрт нұсқасы дейміз. Одан қалса көп-көрім қазақы тілмен сайрап келе жатып аяқ астынан бұзылып орысқа төтеден қосылып кетеді, бұны олар сыпайы ғана сілтеме алу деп атайды. Бұл «сілтемесін» орыс тілін білмейтін біздердей қазақ қайтып ұғады, онда мен де сілтеме алдым деп бірер сөйлемді моңғолша жазсам не болады. Бұл сілтемелері кейде бірнеше бетті бірақ толтыратынын əсте есепке алмайтыны қызық-ақ. Бұл айналып келгенде қазақ тіліне деген құрметсіздіктің белгісі. Құй қазаққа ең жақын деген қырғыз не ноғай тілінде сілтеме жасалсын, бəрібір бұған қосымша оның қазақша аудармасы қатар тұруға тиісті. Бүйтпегенде ол сілтеме емес, өзімізді қорлау қана. Бүйтпегенде бұл кітаптарды қос тілділерге (орыс тілді шала қазаққа) арналған кітап деп ашығын айту керек қой. Бізге ондай кітап емес бүкіл қазаққа тəн кітап керек. Санасы тым алшақ болып кеткен қазақтарымызға өзара ұғысу кейде сондай қиын болар ма. Шетел классик шығармасын сол тілде оқу жəне өз ана тіліңе аударып оқу жермен-көктей деуші еді ғой. Қазіргі кей қазақ басылым тілін өзің жақсы ұқпай отырып, оны өзіңнің жақсы білетін екінші бір тілге аударып са-

─ 152 ─ лыстырып оқысаң онда нақ қызықтың басталғаны сол, не екені белгісіз, шешен болғысы келе ме, өте ойшыл болғысы келе ме, əйтеу жай қарапайым тілмен түсіндіре салатын нəрсені тым жасанды күрделі қылып жібереді де, ақыры не екені белгісіз бір қойыртпақ «бірдеме» шыға келеді. Ең жаманы сөйлемдердің орны ауысып кеткен, тура орыс тілінің аударма сөйлемдері алдыңда тізбектеліп тұра қалады. Тіл деген өте ұлы құрал, ол адамның ойлау қабілетінен тура көрініс беріп отырады. Үнді-еуропа тілінің біздің алтай тіліне кері келетінін, яғни «алдын ала айтып артынан ойлайтынын» білеміз ғой. Сондай тілге еліктеп, мейлінше ұқсатылып, солардың санасымен жазылған дүниелерді қарапайым қазақтың ұқпауға жөні бар. Не мен байғұстың көзімді ашқаннан көргенім жалғыз моңғол болған соң солай ма, атажұрттағы кей ағайындардың əдеби тілінің байыбына бара алмадым ғой. Мүмкін мен өзім ғана солаймын ба десем тағы ондай емес, атажұрттағы нағыз қазақтардың шығарғандарын, сондай-ақ, Еуропадағы, Қытайдағы қазақтар тарапынан шығарған басылымдарды түсіне кетемін, олардікі ұғынықты əрі тілі жатық, жəне де нағыз қазақ иісі аңқып тұрады да арықарай жетелеп отырады, бұны ойлағанда шетел сөздерін қолданбай жаза салуға болатын сияқты. Мен бірде айналасы бес сөзден ғана тұратын бір сөйлемнен төрт шетел сөзін көрдім, сонымен əлгі сөйлемді ұғу маған айтарлықтай қиынға түсті. Тіпті ұқпадым да. Кейде осы қазақ тілімді ұғу үшін сөздік пайдалануға тура келетін болды. Соңғы жетпіс жылда біздің қазақтардың тілі көптеген əріптерге оның ішінде «ж» əріпіне тілі əсте «келмейтін» болып қалыптасты. «Сынықтан басқа аурудың бəрі жұғады» демекші, орыстардан сондай бір сақаулық дерт жұқты. Онда қытайдағы қазақтар да қытайлар сөз соңындағы «л»-ға тілі келмейді деп «л»-ды айтпау керек болғаны ғой. Шеңгел дегенді шенгү, тұғыл дегенді тұғү, моңғол дегенді монгү деп жүрсе таңданарлық жəйіт жоқ (қытайлар «қанғыр» дегенді қангюй деп содан бара-бара қаңлы деген атау шыққан деседі, міне сақаулықтың пайдасы қандай екен?).

─ 153 ─ Қазақстанның кей қазағының тілі «ж»-ға келмей жатқанда олардың бұлай «ұстасуы» əбден дұрыс емес пе. Моңғолдың қазағы моңғол тілінде «ə, і, ң, ғ, ұ, қ, һ» əріптері жоқ деп бұл əріптер келетін сөздерді айтқанды да қойсын. Өзбектегі қазақтар да өзбектер көп сөздің «а» əріпін «о» қып айтады деп ата дегенді ото, қазақ дегенді қозоқ деп жүрсе не дейміз. Сондай-ақ түрікмендегі қазақтар да қазақ дегенді ғазақ деп жүрсе оны да жазғыра көрмеңіз. Джордж дей ме, Джеймс, Джоконда, Джем, Джамбул, Джанибеков дей ме əйтеу бұл «ж» атаулыға қазакемнің тілі қалайша келмейтініне таңқаламын. Орыстардың Джамбул дегенін қазақтар мыңдаған жылдары бойы жай ғана Жамбыл деп атап келіп еді. Енді неге болмайды? Мен де қазақ едім, бірақта айтып көрсем жанағы сөздерге тілім келеді екен, сонда бұл қалай болды? Қайта бір айтып көрейінші: жорж, жеймс, жем, жамбыл... Біз осы күнделікті өмірде Əз Джəнібек, Тархан (Шақшақ) Джəнібек, Керей Джəнібек демейміз ғой. Сонда қалай дж, дж..., дей береміз? Бұл аз болғандай «ж»-ны кейде «дз», «чж» қып, «ч»-ны «цз» қып алатын əдет тағы бар. Қазағымның тілі бұларға да толық келуші еді ғой. Дзюнитиро (дұрысы Жуничиро), Фудзияма (дұрысы Фүжияма), Цзэмин (дұрысы Жямин/Зямин), дзю-до (дұрысы жү-до/жүдо), Манчьжурия (дұрысы Манжурия), Цзинь (дұрысы Чин) дей ме, əйтеу «ж, ч» атаулыға тілі келгенді қойыпты. Келмесе орыстың тілі келмейтін шығар, қазакем бүйтіп қарадан қарап сақау болғаны қалай, құдай жаратпаған сақаулықты өзіміз тілеп алатын не күн туды! Бұл кекесінмен айтсақ «р» əріпіне тілі əлі де келе қоймаған сəби балалардың «ыл» деп айтқанына ұқсап кетеді. Тіпті бұл бір масқара жəйіт, орыс сөйтті деп біз оны қотара береміз бе? Орыс өлсе біз де өлетін болдық ғой сонда? Біздің қотарғыштап үлгі алатын сол мəдениетті орыстардың өзі жаңағы тілі келмейтін жəйіттерді кезінде герман, франц (бұл франц атауына «уз» деген жалғау тағы да қосылып кетеді) тілдерінен қотарған болатын. Əйтпесе

─ 154 ─ бұрындары ондай сөзге орыстардың да тілі келетін болған (керек десеңіз бұл орыстың біраз сөзі нағыз түрік сөздері онда). Орыстарда елін басқара қоятын ұлттық зиялылар табылмай ақыры Франция, Германиядан қаптаған көп шенеуніктерді алдырып содан жанағы сақаулық дерт қалыптаса бастаған еді. Олар ежелден «р мен ж» əріпіне тілі келмейтін «сақау» жұрт болғанда орыстардікі не. Əлгі бір тілі дұрыс кішкене балалар тілі əлі де «р»-ға келе бермеген сақаулау балалармен көп ойнаса тілі сақау болып кететін жəйітпен бейне бірдей. Ақырында олар «р» дегенді «и-и» деп соға беруші еді. Батыстың көптеген тілдерінде екі-үш кейде тіпті бес-алты əріп бірігіп бір ғана дауысты дыбысты əрең құрайтынын білеміз. Шыңғыс деген сөздегі бір «ш» əріпін ғана жазу үшін бұл германдар алты бірдей əріп керектеніп арамтер болатынын да білеміз. Сондай «сақау» германдардан орыстар қотарды деп, біз де сақау болуымыз керек пе («неміс» деген сөздің өзі қайдан шыққанын ескерейікші, өздерінен басқаны əсте менсінбейтін баяғы сол орыстар бұлардың тілін ұқпай немой деп кемсітіп содан немец атағанды, мұны біздің қазақтар еш өзгеріссіз неміс дегені тіпті «оқшамайды»). Бір кезде əлгі «швайын» аталып тұрғанда бұл орыстардың олардан қотармаған нəрсесі қалмаған еді. Батыстан көп қотарған сайын өздерін мəдениеттіміз деп көретін. Бастарына батыстың ақсүйектері ғана тағатын жасанды шашты да тағып көрді. Бұдан туатын қорытынды, қараңғы айтарлықтай топас халық қана біреуден қотарғыш келеді. Ал біреуден үлгі алудың жөні басқа. Үлгі алуды жөн-жосықсыз қотарғанмен шатастырмау керек. Өзіңде жоқ нəрсені тура біреуден қотара салсаң да болады. Ал мына əріптердің жөні басқа, қалай дегенде қазақ тілінің əріпі орыс тілінің əріпінен көп екенін бəріміз жақсы білеміз. Бізде бар, оларда жоқ əріпті орыстар айта алмаса яғни біздің орнымызда олар болғанда түсінер едік. Ал бізде бар бола тұра, олар айта алмаған деп өзімізде бар əріпті қасақана айтпай өтірік сақау болып тілімізді қорлауды қалай түсінеміз. Осы

─ 155 ─ сақаулық дерттің кең таралғаны сондай, түркінің талай атау сөздерін өмірінде дұрыс айтып көрмеген «сақау» орыс пен қытайға еліктеп ежелгі атауымызды да шетінен теріс айтып қолданатын болғамыз. Тағы да қосар болсақ, біздің қазакем «ж» əріпін латынша «zh» деп белгілейтін болған. Бұл да жанағы сақаулықтан туындаған жəйіт болады. Əсілі біз осы «ж» əріпін «Jh» немесе жай ғана «j» деп белгілесек дұрыс еді. Өйткені бұлай «Zh» деп белгілеу негізінен қазіргі қытайларға тəн салт, мысалы Жэңжоу (Zhengzhou), Жуңго (Zhongguo) атын жазу үшін дəл осы əріпті керектенеді. Айталық Жамбыл дегенді Zhambyl демей Jhambyl/Jambyl деп, Жезқазғанды Jhezkazghan/ Jezkazgan деп жазғанымыз жөн. Сондай-ақ Ерлан, Есім, Ержан дегенді Yerlan, Yesim, Yerzhan демей Erlan, Esim, Erjhan/Erjan деп жазғанымыз жөн. Бұлай етпесек бұл да орысқа еліктегендік болады. Мысалы, орыстар Ельцинды Yeltsin деп жазады. Ал біздің Ерланымыздағы «е» əріпі Ельциндегі «ие» əріпіне əсте ұқсамайды, бұл кəдуілгі өзіміздің есімге келетін «е» əріпіміз ғой. Сондағы біздің алға тартатынымыз, ағылшындар бұл «е»-ні «и» деп оқиды, содан атымыз ержан деп оқылмай иржан деп теріс оқылып кетеді-мыс. Бұған уəж, біріншіде, атымызды біреулер дұрыс оқысын деп бүйтіп бұрмалауға болмайды, екіншіде, иржан деп оқылмасын деп «дұрыстап» жазған атымыз тұп-тура иержан (йиржан) деп оқылады онда. Бұның несі артық сонда? Мұндай сақаулықтар жетіп асады. Сондай-ақ «сүйтіп жатыр, бүйтіп жатыр»-дағы «жатыр»- ды үнемі «атыр» дейтініміз тағы бар. Мүмкін біздер жатыр деген сөзді басқа мағынасымен түсініп бұлай айтудан қашқақтайтын шығармыз. Олай болса жатыр деген жат сөз емес, бұл адамзаттың алғашқы жүріп өтетін құтты мекені, ананың пəк құрсағының атауы. Атам қазақ осындай жатыр сөзі түгіл талай сөзді «ұлы сөзде ұяттық жоқ» деп еш қорғанбастан айтып келген еді, екіншіде, бұл жатыр сөзі əсте тұрпайы сөз емес. Шетелдегі қазақтардың ішінде тілін ең жақсы сақтады

─ 156 ─ делінетін Моңғолия қазақтары əдетте атыр деп ешқашан айтпайды, тек жатыр (мəселен, сүйтіп жатыр) деп ғана айтады. Алайда жатыр демей атыр деуді өз басым əдеп сақтағандық демей керісінше басқалардан жұққан сақаулық дерт деп ұғамын. Бір мысал келтірейін. «Қаяқтан келе атырсың? Аяқтан келе атырмын». Мұны сақаулық дерт демей нені сақаулық дейміз? Дұрысы «Қай жақтан келе жатырсың? Ана жақтан келе жатырмын». Бірақта бұл бəріне «кінəлі» əлгі бір орыстардан емес алдыңғы жақтағы сарт-сауқаннан жұққан ауру болса керек. Өйткені осы тəрізді сөздер Өзбекстанға шекаралас Шымкент, Қызылорда маңында көп айтылады. Біз қырғыздарды «ш»-ны «ч» қып айтады деп мазақтауға бейімбіз ғой. Ондай болса моңғолдағы қазақтар яки керейлер де «ш»-ны кейде «ч» қып айтатыны бар, мысалы шал дегенді чал (чжал), шала дегенді чала деп те айта салады. Алайда «шал» деп айтылмайды деген сөз емес. «Шал» мен «чал»-дың екеуін де қатар айта береді. Бұл «ч»-ны Шығыс Қазақстандағы наймандар да айта береді. Мұны қазіргі кезде тілдің диалектісі яки сөйлеу мақамы дегеннен гөрі қазағымның тілі ч, ж əріптердің қай түріне де толық келетінін білдіретін айқын мысал деп ұғу керек. Сонымен негізгі тақырыпқа қайтадан оралсақ біздің кей азаматтарымыз орысқа еліктеуді, олардан жөн-жосықсыз қотаруды мəдениеттіліктің белгісі деп ұғады, сондай азаматтарға айтарым: сіздердің осы мəдениетті орыстарыңыз бір кезде батыс үшін арамдықтың, жабайылықтың бірденбір мысалы болып келген онда. Швайын, ақымақ иван, орыс аю, сібір аюы деген атаулар олардың меншікті атауы болған еді. Еркек-əйел демей бүкіл əулетімен асқан ұятсыздықпен бір моншаға түсу де солардан қалған. Мұсылман қазақ адам ешқашан бұндайға дəті жетіп бүкіл əулетімен суға түсе алмас еді. Біз көп нəрселерге келгенде өздерін мəдениеттіміз деп есептейтін талай халықтардан артықпыз. Қандай арам деген қазақтың өзі қазіргі «мəдениетті» қытайларға ұқсап бір легендегі (шылапшын) суға жиырма-отызы бет-ауызын бірақ жумас еді. Сонда асқан мəдениетті делінетін қытайлар

─ 157 ─ бұған еш жиіркенбей барлығы жуып шығады ғой. Сонысына қарамай өздерін мəдениетті халықпыз дейтінін қайтесің. Бұл орыстардың осы қытайлардан асып тұрғаны шамалы. Міне мəдениет жағынан бізден асып тұрғаны шамалы осындай жұрттардан албаты қотарып еліктеудің жөні жоқ. Əсіресе тіліміз ешкімнің тілінен кем түспейтін бірегей тіл екені белгілі тұрғанда бағзы біреулерге ұқсап қарадан қарап сақау болғанды түсіну қиын. Жағымсыз сылтауларды біреуге сілтеу: баяғы сорлы Кеңес Біздің қазақтар өздерінің болмашы қандай болса да жаман жақтарын басқаға сілтей салуға бейім болып барады. Қазақ тілінің тағдыры бұрынғы кеңес дəуірінен де төмен халде. Қайта сол коммунистік дəуірде қазақ тіліне «жанашыр» көп, оны ашық қорлауға жол берілмеген еді. Ал қазір ше? Қазақ тілін білмейтіндер, білгісі де келмейтіндер өздерінің бұл кіріптар байғұс халіне əсте арланбайды, бізді кеңес дəуірінен бастап санамызды мəңгүрттеп тастаған, содан да болып қазақ тілімізді ұққымыз да келмейді, оның бізге керегі не деп бейне бір мақтанғандай езеурейтіні бар. Жастық шағында ұлттық сананы елейтін адам аз болады. Олар үшін ұлттық болмыс деген түкке тұрмайтындай сезілетін бір өтпелі кезең бар. Осы кезеңнен оларды аман алып шықсаң арықарай мəңгі бақи қазақ болып кете барады. Ал бұл кезеңде айырылып қалсаң онда шаруа бітті дей бер, олар миында бір саңылау түйсік қалған болса өлерінде əйтеу қайта бір оралады, ал саңылау қалмаса ол да жоқ, сонымен бір қазақты қазақ санатынан мəңгілікке алып тастасаң да болады. Мен таңданып бітпейтін бір жəйіт: осы кеңестен қалған мирастардың неткен ұзақ «жасайтын» құбылыс екендігі. Жиырма жылға жуық уақыт өткенде ол неткен ұмыт болмайтын сана деші. Қашан көрсеңіз сананың былай алшақтап қалғанына кейіс білдіріп оны түзетіп жатқан адам жоқ. Жоқ емес-ау бар

─ 158 ─ ғой, бар болғанымен «жалғыздың шаңы шыға ма». Басқасы əлі де өзінің жатталып алған даңғыл жолы орыс тілімен сайрап өте шығады. Адамға əрине жақсы білетін тілімен сөйлеу ғанибет. Содан да бұл орыс тілі жаны берік келе жатыр емес пе. Ал нағыз қазаққа орыс тілімен сөйлеу шам, зорлық та. Сонда қазақ тілін күшейту деген нағыз қазақты көбейту деген сөз. Қазақ – қазақ болмай тілі ешқашан құрметтелмейді. Қазақты қазақ ету кілті тек осы тілде. Біраз қандастарымыз үшін орыс тілімен сөйлеу, орысша араластырып айту деген үлкен «сəн», бұны өздерінше жоғары сауаттылықтың бірден-бір өлшемі деп ұғады. Сауатсыз қыр (ауыл) қазағы ғана осылайша сөйлей алмайды деп түсінушілік пен шала қазақтықтың өзін-өзі қорғаштауы да əлі жаны сірі қалпында. Тіпті бұндай келеңсіз жəйіттер көбеймесе азайған жоқ. Құрметті елбасымыздан бастап өңгесі де міндетті түрде қостамай, сөйлемей бұл қазақтың тілі əлі де шала жансар қала береді. Орыс тілін біліп тұрсақ та міндетті түрде қазақша сөйлемей еліміз ешқашан таза қазақ елі бола алмайды. Тіпті ешқашан қазақша сөйлеп үйренбейтін де боламыз. Біз басқаларды үркітіп алмай баяу істеп жатырмыз дегенімізбен бұл жағында істелген шаруалар сын көтермейді. Талай қазақ «ов» пен «ова»- дан, «ин» мен «ина»-дан арылмаған сол қалпында келе жатыр. Тастамайтын себептері де белгілі, адамға ең алдымен танымал болған ат (есім) керек екен яғни атақ даңқы керек дейді, расында да дəл солай, бұл пəниде атақ даңқты кім жек көрген, мен де атақты жақсы көремін. Олар осы «ов»-ы бар атпен «даңққа» шыққан, содан да бұл атаудан айырылғысы келмейді. Қысқасы бұл атаудан айырылса олар өзін адам санатына жатқызбайды. Бұны басқалай ұғатын жəйіт жоқ. Біздер, жалпы бүкіл қазақтар жаңадан тəуелсіздік алған елімізді ел қатарлы ел болдырамыз десек біраз нəрсені міндетті түрде құрбан етуіміз керек емес пе. Осының бірі есім атаулар. Бұны тастап халқымыздың нағыз біртұтас ұлт болуына өз үлесімізді қосуымыз керек емес пе. Бұл аздық

─ 159 ─ етпейтін үлес. Атымыз таза қазақ болса онда бара-бара бүкіл қасиеттеріміз де таза қазақ болады. Ал бұны дер кезінде істемесек сыныққа сылтау болып талай нəрселер əлі де шала қазақ қалпы қала береді. Біздер атымызды қазақшалаудың жөні осы деп кейде бұрмалап та алатын болдық. Азан шақырып қойған өз аты тұрса да Т.Пəленбайұлы, П.Түгенбайқызы дейтін болдық. Əрине əкесінің атын алғаны, оған құрмет білдіргені дұрыс ғой. Бірақта оған қосылып өз аты да қатар айтылып жазылуға тиісті. Олай болмаған күнде бұл бəрібір басқаларға еліктегендік болады. Біреуінен құтыла алмай жатқанда енді біріне орынсыз жабысқандық ғана болары сөзсіз. Пəленбайұлы дегені турасын айтқанда батыстың яки ағылшындардың Жонсон, Якобсон, Смитсон, Паркинсон деген атауларымен бейне бірдей. Немесе түріктің, əзербайжанның пəлен оғлы, түген оғлы, армянның ян, гүржінің (грузин) швили, герман мен еврейдің ман, Үндістандағы синддердің сингх, дандардың (денмарк) сен дегенімен бірдей болмақ. Бұлай аталатындай бұл қазақты танымай жатқан жұрт тағы жоқ ғой. Қазақ бүйтіп аталмай-ақ бүкіл дүниеге танылуға болатын шығар. Бұл оғлы тəрізді атаулардың əнтек ыңғайсыздау екенін білген анадолы түріктері бұны керектенгенді баяғыда қойған еді. Қазіргі кезде кез-келген ағылшынның атауының соңы сон емес ғой. Атам қазақ қашан күйші Құрманғазыны Қ.Сағырбайұлы деп атаған еді. Қ.Сағырбайұлының күйі дегенді ешқашан естігеміз жоқ. Бұқар жыраудың толғауы дегенді естігеніміз болмаса Б.Қалқаманұлының толғауы деп естімеп едік. Абылайды ешкім А.Уəлиұлы демеді ғой. Сонда қалайша қазіргі біздер түгенбайұлы, пəленбайқызы болмақпыз. Менің біраз таныстарым кезінде Алматыда оқыған еді. Ол байқұстар ол жаққа бара салысымен өз аттары бірде-бір рет аталмады, төрт жыл бойы əкесінің атымен аталып жүріп ақыры мектебін тауысып қайтып келгенде ғана өз аты аталатын болды. Фамилия (ата тегі) деген пəле жоқ болса онда бір

─ 160 ─ нəрсеміз кем тұрғандай сезінетін болдық. Осы фамилия деген қаншалықты керекті дүние екенін талдап көрелікші. Осыны керектенетін көптеген елдерде, мəселен Кореяда бес адамның бірі ким фамилиялы, Қытайда да солай, ли фамилия өте көп, Түркияда да осыдан артылып тұрғаны шамалы, ылғи доғру, ертуған тəрізді атаулар. Мысалы ертуған дегені оның өзіне қосып алған атауы, доғру дегені тура деген сөз. Біздіңше тура деген ат бола ма, қайткен күнде үш атау алудың қажеті қанша. Бес кісінің бірі ким аталса бұл фамилияның керегі не. Бес кісінің бірі демекші біздің моңғол ағайындар ежелгі рулық салтын жаңғыртып фамилия алмақшы болып ат таңдағанда бес кісінің бірі əйгілі боржиғын (бөрітегін, бұл Шыңғыс ханның туған руы) атауын таңдады. Сонымен қазіргі кезде Моңғолиядағы бес кісінің бірінің фамилиясы тұп-тура боржиғын аталады. Мəселен Бөрітегін фамилиялы (рулы) Батұлы Дорж. Осындай атауды алудың керегі не. Біздікі де осыдан көп аумайды. Кілең П.Түгенбайұлы, Т.Пəленбайқызы. Бұған руымызды қосып алсақ жанағы моңғолдардың атауынан əсте аумай қалады. Тым болмаса тақа Т.Пəленбайұлы, П.Түгенбайқызы демей Пəленбай Түгенбайұлы, Түгенгүл Пəленбайқызы деп өз атын да қосып толық атауымен жазсақ дұрыс еді. Бізге ең қолайлысы екі аттан тұратын атау. Мəселен, Шерхан Мұртаза, Хасан Оралтай десек жетіп жатыр. Бұл кісілер де қазақтың бірегей ұлдары, олар бірді біліп аттарын осылай атағаны белгілі. Ал анау пəленбайұлы мен түгенбайқызы дегеннің жарасымы сондайлау. Бұны түрікше сəйкестірсек Е.Тайып оғлы (Ережеп Тайып Ертуған) деген сияқты атау болады. Егер бізге қайткен күнде үш аттан тұратын атау керек болса онда біздің дайын руымыз бар ғой, əсіресе кіші руымыздың атауы батыстың əлгі фамилия дегеніне дəлме-дəл келеді. Бірақта осындай атау алғанша толық мағыналы қысқа ғана ат алғанымыз əлдеқайда дұрыс емес пе. Жəне де мұндай атау керектенсек рушыл болып кетеміз деп қорқатынымыз тағы бар ғой. Ондай болғанда екі аттан құралатын атауды алу керек ғой. Қалайда «ов» пен «ова»-ны, «ин» мен «ина»-ны тастау ке-

─ 161 ─ рек, жəне атымызды жаңалаудың жөні осы деп өз аты əсте жазылмайтын, тек əке атына ғана сүйенген тақа «ұлы» мен «қызы»-ны да (Т.Пəленбайұлы, П.Түгенбайқызы) алмауымыз керек сияқты. Бұған қосымша əлгі араптан қалған «и»-ді де алмау керек. Ұлы бабаларымыз Жалайыри мен Қашқари, Фарабиге еліктеп атымызды солай атадық делік. Бірақта дауыссыз дыбыспен аяқталатын атауы бар рулар қайтеді. Мысалы, мен керей руынанмын. Сонда мен, керей-и аталуым керек ғой сірə. Не мекендеген жерімді меңзеп алтай-и, кентау-и аталсам не болады. Бүйтсек бəрінен де кіші жүздегі ағайындарға қиын болмай ма. Тама мен тана өздерін қалай атамақ? Тана-и, тама-и, жағалбайлы-и, кете-и деп жүрсе бұның несі жақсы? Міне, бұл атты жаңғыртудың да өзіндік жөн-жосығы бар екенін білдермей ме. Жəне де осы кеңестен қалған мирастарға қош айтысатын кез əлдеқашан болған сияқты, енді əуелі кеш қалармыз бүйте берсек.

─ 162 ─ Көшіруге болмайтын қазақ Моңғолияда қазіргі кезде ресми мəліметтер бойынша 130 мыңдай қазақ бар делінеді. Расында осыдан əлдеқайда көп қазақ бар деуге болады. Алтайдың Қобда беті яғни Батыс Моңғолияға алғаш қазақтар 1860 жылдан бастап қоныс аудара бастаған дейді. Сонымен арғы бет бергі бет (моңғол мен қытайға алма-кезек ауып жүріп) деп жүріп 1911 жылғы моңғолдың ұлтазаттық күніне де жеткен көрінеді. Осы кезде Манжу-қытайдан жартылай болса да тəуелсіздік алған моңғолдар өздеріне хан сайлап ұлттық өкіметін де құрған еді. Моңғолдың осы жолы таққа отырған ақырғы ханынан қазақтар алғаш ресми түрде қоныстанатын жер сұрағанда онысы қабылданып содан қазіргі Бай-Өлкеге (Баян-Өлгий) түпкілікті орныққан екен. Бұл кезде қазақтардың саны 18 мыңдай болған еді. Содан артынан 1940-шы жылдары қазақтың ұлттық аймағы құрылып мал мен басы тең өсіп өркендеп үлкен ел болды. Арада 80 жыл өткенде яғни 1992 жылдары алғашқы 18 мың (аймақ құрылғанда 33 мың болған) қазақ 150 мыңнан астам қазақ болып өсіпті. Бірақ бұл кезде қазақтың атажұрты азаттық алып мұндағы қазақ та солай көше бастады. Сонымен бұл көш əлі күнге дейін жалғасып жалпысы 80 мыңнан астам қазақ қоныс аударған көрінеді. Біршама қазақ көшсе де саны қайтадан толығып қазіргі күннің өзінде мұнда 130 мыңнан астам қазақ өмір сүріп жатыр. Көп сан келтіріп отырған себебім мұндағы бір қазақ болса да осында көптік етпейтіні, ал атажұртқа барса ол жаққа да аздық етпейтіні белгілі болса да бұл көште аздап ақтандақ барлығы. Кезінде осы керей руы атажұрттан ажыраспай бірге тұрған шағында момындығымен аты шыққан ел еді. Арғынның озбырлығына шектеу болмады, керейдің малында жоқтау болмады деп жоңғардан енді ғана азат етілген атамекен Алтайға ауа көшкен де осылар еді. Атажұрт Алтайға елден бөлініп көшуге сылтау таба алмай тарығып отырғанда арғынның «озбырлығы» оңай сылтау болды да Сырдан, Арқадан Алтайға бірақ жеткендер де осылар бола-

─ 163 ─ тын. Бұл кез қазақ тарихына да белгілі ұлы Абылай заманы болатын. Қазақ хандығы дəуірінде, жоңғардың еліруінен болып бір Арқаға ғана топтасып қысылып қалған қазақтар енді ежелгі атамекенге баруға зар болған еді. Бір тойда керейлер көршілес арғынмен шекісіп қалған екен. Жақын жүрсе тебіскен, алыс жүрсе бір-бірін сағынысқан қазағым емес пе, ақыры арғынның «озбырлығы» сəл басымдау болып кетсе керек, керейлер өкпелеп Сырдан жəне Арқадан қопарыла көшкен дейді. Ел бірлігін ойлаған Абылай оларды тоқтатқысы келгенімен Алтайдың ежелгі қазақ мекені екенін жақсы білетін ол, керейлерге онша тыйым салмаған еді. Əйтпесе керейді көшірмей алып қалуға Абылайдың дəті жеткен болар. Бұл бір жағынан Абылайдың қазақ тайпаларын ежелгі атамекеніне қайтадан қоныстандырайын деген саясатына дөп келген-ді. Сонымен керейлер Абылайдан рұқсат алған соң жоңғардан тазарған ежелгі атамекен Алтайға қоныстана бастаған еді (бұл 1771 жылдары болған оқиға, Бұқар жыраудың «керей, қайда барасың, сырдың бойын жағалап» деп келетін əйгілі толғауы осында айтылған). Қайран Алтай дегенде хан Абылайдың қаһарынан да именбеген керейім енді «астынан су шыққандай» қайтадан безіп көшіп жатыр ғой. Заманға сай ел де азады деген осы болды ма. Енді сол Алтайдан қайтадан айырылса, онда мəңгі айырылды деген сөз... Сырдан көшуге арғын ағаның «озбырлығы» сылтау болса, Ертістен Алтайға көшуге найман ағаның көптігі сылтау болған еді. Енді не сылтау болғанын өз басым ойлап тапбадым. Енді сылтау айтса атажұртқа барып қазағымның санына үлесімізді қосамыз дейтін шығар. Бірақта ондағы қазаққа санымыздың көптігі керек болса, онда мұндағы жерге де байырғы иесі қазақ керек. Қазір жерге не көп ие көп, қазақ кетсе болды бас салып иемденіп алуға дайын отырғандар жетеді. Алдыңғы айырылған жеріміз аз болғандай енді Алтайдан айырылсақ көк түрік ата-бабамыздың аруағы да тыныш жата алмас-ау...

─ 164 ─ Үнемі көше беру пешенесіне жазылған қазағым көше берер. Тек осы көш жайлы бір сөз айтпай өте шығуды өзіме күнə деп ойлаймын. Моңғолиядағы қазақтар ауызекі отбасы тілінде ең жақсы таза сөйлейтін қазақтар екені рас. Ал əдеби тілде мақтауға келмейді, тіпті сын көтермейді. Айтарым осы қазақтардың негізгі тобы моңғолда отыра берсе жалпы қазақ халқына үлкен септігі бар. Мұндағы қазақтар алдына жан салмайтын өсімталдығымен барша қазаққа əйгілі. Бұған қоса қазақтың салыстырмалы түрде ұйыған таза қазақи ортасын өз дəрежесінде сақтап қалған нағыз қазақтар болады. Бұларды «ырың-жырың» қып Қазақстанға көшірдің не көшірмедің не бəрібір, ондағы қазақтың санына қомақты үлес қоса қоймайды. Қайта атажұрттағы қазақтың санын көбейту үшін өзбек, орыс, қытайдағы сіңіп бара жатқан қазақтарды көптеп тартып алса дұрыс болар еді. Ал мұндағы қазақтар онсыз да санға əсері жоқ болғандықтан жылы орнын суытпай отыра берсе дұрыс болар еді. Бұл қазақта қазақтың қайталанбас мұрасы көшпенділік салты сақталып қалған. Сондай-ақ халық əнінің сарқылмас қайнары да осы қазақтар болып отыр. Небір ұмытылып кеткен халық мұралары, өнері осы қазақтарда ғана сақталған. Атажұрттағы ағайындар енді ғана жаңғыртып жүрген буын биі, сыбызғы, көмейлеу өнері бəрі-бəрі осында ежелден сақталып келе жатқан мұра. «Керейде ұл туса үй ағашқа жан бітеді» демекші қазақтың кигіз (киіз) үйінің бірегей ошағы осы қазақтарда, оның ішінде Қобда аймағының Бұлғын ауданыңда сақталған. Дəл осы ауданда бүкіл дүниежүзіндегі қазақтардың ең əдемі порымды нағыз кигіз үйінің үлгісі бар. Бұған үй ағаштық өнермен қоса оған керектенетін талдың сапасы да өз əсерін тигізеді (мұнда үй ағашқа керектенетін алтын тал бар, тал ағашы бірнеше түрлі, ең жарамдысы осы түрі). Осы өнер мен нағыз қазақы тілдің бірегей ортасын мұнда сол қалпы сақтап қойса нұр үстіне нұр емес пе. Оларды моңғолға сіңіп кетеді-ау деп əсте алаңдамасаңыз да болады. Бұл жағына келгенде кең қолтық жайсан, сарбаз моңғол ағайындардан ешбір қысым да жоқ, сіңірейін деген ниет те жоқ.

─ 165 ─ Осындай жағдайда атажұртта қазақ тілінің жағдайы қандай «дəреже, құрметте» тұрғанын біле тұра бұларды да ол жаққа барып «сіңіп» кетсін деп қасақана көшіре береміз бе. Мен моңғолдағы бүкіл қазақты көшіруге болмайды деп отырған жоқпын. Тек қазақтардың жақсы шоғырланған Бай-Өлке аймағындағы, сондай-ақ оған көршілес Қобда аймағындағы қазақтарды біржолата көшіруді өте өкінішті жағдай деп білемін. Ал басқа, мысалы моңғолдың орталық өлкелеріндегі моңғолға сіңе бастаған қазақтарды тартып алуға əбден болады. Тіпті оларды тез арада көшіріп алуға барлық жағдайды жасау да керек. Олардың біразы қазірдің өзінде сіңіп таяп қалғандар. Енді тартып алмасақ олар əбден сіңіп кетуі хақ ғой. Турасын айтсақ, атажұртқа екі түрлі қазақтар көшеді: бірі нағыз ұлтым деген, екіншісі моңғолда айтарлықтай жақсы тұрмыс кеше алмағандар, бірақта барлығының тұрмысы ауыр болғандар десек тым өрескел айтқан болармыз, олардың біразына əртүрлі себептер əсер еткені белгілі. Ал қарапайым «қоңыр» қазақтар əлі де жылы орнын суытпай екінші отаны болған Моңғолияда өмір сүруде. Сондайақ көшкен қазақтарды тағы да бөлуге болады: бірі ең басында еш нəрсенің байыбына бармай желікбен көшкендер жəне соған ергендер, енді бірі ағайындары ертеректе солай көшіп кетіп артынан соларды паналап «не көрсек те бір жерде болайық» деп барғандар. Дегенмен мен айтып-айтпай қазірдің өзінде Бай-Өлке, Қобдадан біраз қазақ көшетіні белгілі болып отыр. Оларды қазақ елі қабылдап алары да сөзсіз. Бірақта осындай көштерде жоғарыда айтылған жəйіттер ескеріліп отырса жақсы болар еді. Онсыз да сіңіп бара жатқан қандастарын бірінші кезекте алам десе оған моңғол елі де қарсы бола қоймас. Жəне де бұл ешбір дипломатиялық бұрыстыққа жатпайды. Ал түпкілікті қазақты көп қозғамай аздап ғана көшіріп алып отырса бұл екі елдің де мүддесіне сай келері даусыз. Менің былай жазуыма атажұрттағы кей азаматтардың теріс түсінігі де себеп болып отыр. Олардың айтуынша Моңғолиядағы

─ 166 ─ қазақтар арасында атажұртқа көшіргісі келмейтіндер яғни оларды көшірмей өздері бұларға билік құрып отыра бергісі келетін қазақтар да баршылық-мыс. Бұл жансақ пікір. Қазақ болған соң пенделікке барып бір-бірін билеп төстейтіндер мұнда да аз емес. Бірақ олардың қазақты көшірмеуге дейін əрекеттенетін халдері жоқ деуге болады. Бір қазақ көшем деп жатса оған көлденеңдеп жатқан біреуді өз басым көрмегем. Қазіргі заманда көшкісі келгендер көшіп, қалғысы келгендер қалып отыр. Ешкімде зорлау жоқ. Мен неге екенін білмесем де бір нəрсеге имандай сенемін. Ол ерте ме кеш пе əйтеу бір қазақтың Өр Алтайдай (Шығыс Түркістанды айтамын, Түркістанды түгелімен қазақ жері деуге болмайды, сондықтан Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарын сыртынан Өр Алтай десек те болады) атамекен жері азат болады деген сенім. Бұған мен кəміл сенемін, жəне сол күнді асыға күтемін. Міне сол кезде Қазақ елі Моңғолиямен тура шекараласатын болады. Сол кезде көршілес еліңде таза сақталған қазақтары отырса нұр үстіне нұр емес пе. Солай бола қалған күнде де осы қазақтар бір-бірімен барыс-келісте болып өз орнында отыра берсе де болады. Біруақ біз нəрсені арыдан ойлап жүрсек деймін. Қазіргі кезде атажұртқа қазақ керек болғанымен көршілеріңде де біршама қазақ бар болса ол қазақ еліне қорған болмаса ауыртпалық болмайды. Адамзат тарихында ақыры ыдырамай тынған империя əсте болған емес. Кеңестен кейін Ресейді империя деп ұққанды қойдық. Ресей əлі де нағыз империя болып табылады. Сонау «африка жылында» бір жолы ондаған елдің тəуелсіздікке жеткенін білеміз ғой. Сонда Британия империясы бір-ақ күнде ешбір отары жоқ жай бір қарапайым елге айнала салмап ба еді. Ал сол кезде біз отаршыларымыз тым қатал бөлек болды да тұсаудан шыға алмай зарладық. Бұл жағынан «қара құрлық» бізден əлдеқайда бақытты болған еді. Сонымен азат болу отаршының кім екеніне тығыз байланысты екенін білдік. Бұл тұрғыдан алғанда Ресей қашанда болса қайта бір ыдырайды. Ал Қытайға келсек, ол сүйекке жан бермей қанша қарысса да ақыры бір «үзіледі». Қытайда

─ 167 ─ 50-ден астам ұлттан тұратын 110 млннан (бұл да азайтылып көрсетілген сан болады, шындығында бұдан көп) астам өзге ұлт өкілдері тұрады. Қазіргі жариялық заманда Қытай өкіметі қанша тырысса да, көп болса он-жиырма жылға ғана қазіргі жүйені толық ұстап тұра алады. Ал одан кейін бəрібір жариялық орнап тынары хақ. Осы кезде Қытай елінде қайткен күнде бір толқу болады. Ол азаттыққа əкеле ме жоқ па əзірге байламы жоқ нəрсе, алыс болашақтың ісі. Қазақ елі сол күнге де əзірлікпен баруға тиісті. Сондықтан да көшіруге болмайтын қазақтар деген болады. Бұл ұғым қытайдағы қазаққа ең көп байланысты. Бір жағынан сіңіп кетеді-ау деп сезіктенсек те ондағы қазақ қанша айтқанымен түбірлі қазақ емес пе, қайткен күнде қазақы сүлбесі қалады. Қазіргі Қазақстанның орысқа мəңгүрттенген кей қазағы сияқты қытайға шоқынған қазақтар да болады деген сөз. Біз де ендігі кезекте орысқа мəңгүрттенген қазағымыз аз болғандай қытайланған қазақтарды қайтадан қазақ етеміз деп əуреленеміз ғой. Мейлі əуреленсек əуреленейікші, осы бір қазақтарымызды жерімен түгел қайтарып алып қайтадан қазақ етіп отырсақ, шіркін бұдан артық бақыт бар ма? Бұндай жəйітті өзбек, орыстағы қазаққа да теңеп айтуға болады. Арғы жағы түсінікті ғой... Ресей, Қытай империя демекші біздің бостандық үлгісі деп ұғатын АҚШ-та империялық сипаттағы ел. Ол жерде қазірдің өзінде зəбірлік көріп отырған байырғы үндістер жетеді. Олардың бір штаты Луизиана алғаш АҚШ құрамына кіргенде одан өз еркімен бөлініп шығатын құқылы кірген дейді. Кеңес Одағына кірген республикалар дəл осындай қағаз жүзінде жазылған еркілері бар болды, демек қалаған уақытында өз еркімен Одақтан бөлініп шығатын құқы «бар» еді. Демек бір күндері Луизиана бастаған көптеген штаттар АҚШ-тан бөлініп шығып жатса оған да таңқалмау керек. Ол аз десеңіз Хаваи, жəне испан тілімен сөйлейтін алдыңғы біраз штаттарда қазірдің өзінде ағылшын тілі екінші қолданыстағы тіл болып қалғанын ескерейікші. Енді отыз-қырық жылдан кейін АҚШ-ын кілең латын, қара тек-

─ 168 ─ тестер басатыны, негізгі тіл испан тілі болатыны, қазіргі ақ нəсілділер азшылық болатыны белгілі болып отырғанда Америкада қайткен күнде бір ыдырау бар. Сонда бұл жер шарында империяға, империялық пиғылға орын жоқ деген сөз (социализм құрыса да империализм ұғымы əсте ескірген жоқ, əлі де Қытай, Ресей, Америка сияқты елдер нағыз империалист елдер болып табылады). Сол күнге дайын болайық, ағайын! Сол үшінде көшіруге болмайтын қазақтар деген болады. Осындай қазақтарға Ресейдегі, Қытайдағы, Өзбектегі, Моңғолдағы қазақтарды жатқызуға болады. Оларды ешқашан барлығын көшіріп алдыруға болмайды. Сол жерлерде қайткен күнде біраз қазақтар болуға тиісті. Бұл барша қазақтың мүддесіне де сай келеді. Ата-бабаларынан қалған ежелгі атамекендері қазіргі кезде басқа мемлекеттерге қарасты болғаны үшін оларды шетелдегі қандастарымыз десек те, олардың отырған жерін жат жер деп тек Қазақстанды ғана атажұрт деуге бола ма. Бұл өрескел ұғым. Мен Орталық Моңғолияның Кентауында туып Батыс Моңғолиядағы Алтайда өстім. Менің тумасам да туған жерім осы Алтай болды, отаным да осы Алтай яки Моңғолия. Ал Қазақстан бүкіл қазақтардың қарашаңырағы, менің де пірім осы ел. Бірақта туған жердің орны бөлек ғой, мен сияқты көне тарихтан аздап хабары бар біреу үшін Алтайды тастап көшу деген тірідей өлу деген сөз. Бұл қайда барсаң да үнемі Алтайға қарап ұлумен өмірің өтеді деген сөз. Екіншіде Моңғолиядай елде сіңіп кету қауіпі жоқ емен-еркін (емін-еркін) отырған қазақтарды көптеп көшірудің қисыны аз. Бұлай көптеп көшіре берсек бұл көк түрік ата-бабаларымызға істеген қысас ғана болмақ. Олар осы жерде біздердей ұрпағы өмір сүретін болсын деп армандап өткен еді. Көк түріктің ежелгі атамекенінен қазіргі кезде қалғаны осы Алтай ғана. Түріктің ұрпақтары ғасырлар бойы батысқа ығысумен келеді. Шығыстағы талай атамекендер басқаларға сый болып қалу дағдыға айналды. Қытайға бүкіл Шығыс Түркістанды, Сары өзенді (Хуанхе) айырылғанымыз аз

─ 169 ─ болғандай артынан осы Орталық Моңғолияны да тұтасымен моңғолдарға айырылған едік. Енді ең соңғы мекенімізден ешқашан көшпеуміз керек. Бұдан кетсек ең соңғы түрік тектестер көк түріктің қарашаңырағынан мəңгі кетті деген сөз. Одан қайтып бұл жерге аяғыңды аттап басып көр. Ешкім де бұл жерге қайтадан келе алмайтын болады. Бұған мысал қып Сары өзенді (Хуанхе) айтсақ та болады. Көк түріктер ығысып еді, қалың қытай бұл маңға қоныстанды да содан бейне бір жабысып желімделіп қалғандай əсте айырылмастан осы күнге жетті емес пе. Ертең бұл моңғолдар да дəл сөйтетін болады. Қазірдің өзінде бізді келімсек деп жүрген олар ертең біз кетсек болды бұл жерді мəңгі иеленіп қалатын болады. Енді осы жерлерді Моңғолияға қарасты болды деп ондағы қазақтарды үнемі көшіріп ала берудің жөні жоқ сияқты.

─ 170 ─ Қазақ болу парыз ба əлде мұсылман болу парыз ба? Біз бұл дүниеге мұсылман болып келген адамға мұсылман болып өту парыз екенін жақсы білеміз. Бірақта кез-келген ұлтқа өз мүддесін қорғап өту парыз екенін ескермейтініміз қызық-ақ. Əрбір ұлтқа ең алдымен өзінің ұлттық болмысын сақтап қорғау біріншіде тұруға тиісті. Бұл сол ұлттың əрі де ұлт ретінде өмір сүре беруін тура қамтамасыз ететін ең басты фактор. Бұл тұрғыдан алғанда біздің қазаққа мұсылмандылықтан гөрі ең алдымен қазақ болып өту парыз болуға тиісті еді. Бірақта қазіргі діндар қандастарымызға, əсіресе Сауд Арабиядан, Түркиядан оқыған «молда» жастарымызға қазақ болу деген түкке тұрмайтын болған. Ең алдымен қазақ болмай жатып бүйтіп мұсылман болуға «жол болсыннан» басқа айтар жоқ боп отыр. Неге дейсіз бе, атам қазақ ислам дініне кірмей тұрғандаақ «мұсылман» болған еді ғой (бұны тура тəңіршілдік болған деудің қисыны жоқ). Бұл дүниені тек бірден-бір жаратушы ғана жаратқан деп жəне оған ешқашан ортақ қоспаса мұндай ақиқи сенімді моңғол тектес кей халықтарда əлі күнге дейін бар əлгі бір шаманмен орынсыз шатастыруға бола ма, олардікі тұп-тура нағыз тəңіршілдік, онысы бір тəңір ғана болмай сандаған көп тəңірлер болып кете барады. Ал біздікі бұдан керісінше болған, сонда атам қазақ мұсылман болмағанда кім мұсылман болады. Мұсылман болудың алғы шарты да осы, ал намаз тəрізділері тек имандылықты яғни мұсылмандылықты берік «кілттеп ұстап тұру» үшін қажет, бұлай деді деп мені жазғыра көрмеңіз, шындығында дəл осылай. Ендеше бізге онсыз да қанымызда бар мұсылмандықтан бұрын, алдымен қазақ болу ең басты міндет болып тұрған жоқ па. Қазіргі кезде қазақ бол деп жатқан ешкім жоқ, керісінше қазақша сауаты əсте ашылмаған жастарды төпелеп діни дəріске «сабылтып» жатыр. Алдымен қазақ болмай тұрғанда ол қайдағы мұсылмандық? Адамның санасы тұмшаланған кезде нағыз мəңгүрттер сонда шығатынын тарихтан жақсы білеміз. Мен бір нəрсені айқын аңғардым. Қазіргі ислам

─ 171 ─ дінінен дəріс беріп жатқан ұстаздарымызға (бұларды ұл балалар осылай ұстаз деп атаса қыз балалар қожам дейді) қазақы салт деген түкке тұрмайды. Қожам демекші, сонау қазақ хандығы тұсында қаптаған қалың қожаның жайынан шошынған сезімтал қазағым оларды бір сəт тиып тастамап ба еді. Ал енді бұған тиым деген əсте жоқ болып отыр. Арабтан шала-шарпы оқыса да қазақ дүниесінен саңылау да жоқ өскен өңшен жас «араб сұңқарлары» қазіргі кезде ата-бабадан қалған асыл салтты аяқ асты ететін болды. Қазақтың атасы жетіге толмай өзара үйленбейтін əдеті бұлар үшін түкке тұрмайды. Бейне бір Таяу Шығыстағы ағайынды екеудің балалары өзара үйлене беретін салт қалыптасуға əзір-ақ қалып тұр. Бұл «жақсы» əдет қазірдің өзінде кей түрік тектес туыстарымыз ұйғыр мен өзбектердің арасында кең орын алған дүние. Қазақы сана қалыптасбай жатып жастарымызды бүйтіп топастықпен төпелете берсек оның арты жақсылыққа апармайды. Бəріміз де о дүниеден үмітіміз бар пендеміз. Сол үшінде мұсылман болып өткенге не жетсін. Сондай-ақ, бəрінен бұрын қазақ болып туып қазақ болып өтуге не жетсін. Ағайын-ау, алдымен қазақ болып алайықшы, артынан мұсылмандық та жетеді. Қазақ болу деген дүниеге адам болып келіп адам болып өтумен, сондай-ақ мұсылман болып өтумен бірге айтылуға тиісті ұлы ұғым еді ғой. Əрбір ұлтқа ең алдымен ана сүтінен дарыған қасиеттер қалыптасуға тиісті. Исламның бір ұлы ұғымы ең алдымен осы дүниеде дұрыс адам болып өт деген уағызы кембағалы қалып отыр. Осы дүниеде дұрыс адам бол дегені біз үшін ең алдымен қазақ бол, онан соң мұсылман бол деген сөз. Осы екеуін бір-бірінен артық-кем бағалайтын еш хақымыз жоқ. Бұлар бірге айтылып бірге жасауға тиісті ұлы ұғым еді ғой. Мұсылман болу парыз болғанда қазақ болу неге парыз болмасқа?!

─ 172 ─ Əсіре істеу аз халыққа апат: дін, ұлтшылдық, ішімпаздық Құланның қасуына мылтықтың басылуы дегендей құриын деген халыққа жау аз болған ба. Тарихта құрып кеткен халықтар аз болмады. Олардың түбіне жаугершілік, əсіресе отаршылдық жеткен еді. Ал біздің қазаққа осылардан келетін қауіп арылғанымен тағы бір жау қалған еді. Ол əсіре ұлтшылдық, ішімпаздық жəне əсіре діншілдік. Жалпысы қай бір нəрсені шектен асырып жіберсе оның арты апат қана болмақ. Арақтың жайы ұғынықты, ұлтшылдық та солай, ұлтыңды тым сүйіп кетсең ол да ұлтына істеген жақсылық емес, жамандық болып шықпай ма. Атам қазақ көк түріктен бастап жалғыз Тəңірге, одан кейін Аллаһға сыйынса да, бұның да шегі асып кетсе арты апат болмай ма. Шыңғыстың тұсында қазақ та, қалмақ (моңғол) та бір тəңірге сыйынып еді. Артынан қазақ исламға, қалмақ буддаға сыйынды. Көк тəңірмен ұштасатын ислам қазаққа қас əкелген жоқ, керісінше бақ əкелді. Ал моңғолға буддизм ынжықтық пен жігерсіздікті, алауыздық əкелді. Шыңғыстан қалған қайсар да өркөкірік мінездің жігерін құм қылды, будданың сопылары «тірі шыбын-шіркей, сасық қоңызды» да өлтіруге болмайды деп дəріптеді. Ламаизмнің (буддизмнің гелүгба ағымы) нағыз отаны Түбіт (Тибет) елі ежелгі дəуірде өте ірі мемлекет болған еді. Империя десе де болғандай ұлы ел болды, қазіргі қожайыны қытайларға кезінде ойранды армансыз салып тұрған еді, амал не дүние кезек болған соң енді олардың басыбайлы отары болды ғой. Бұны «тарихтың қайта соғар əлеуеті» десек те бұлардың түбіне де дəл осы əсіре діншілдік жеткен еді, ақыры бұл дін емес басқа бір құбыжық албасты болып бара жатқанын аңғарған түбіттің ойшылы Зонхов (Зонхоба, 1400 жылдары өмір сүрді) дінге түбірімен өзгеріс кіргізіп жаңартты. Бірақта бұл кезде уақыт көші əлдеқашан жылжып жүріп кеткен кез болатын, түбіттер қанша талпынса да тəуелсіздікке жете ал-

─ 173 ─ мады, қытайға осы дінге малшынып езілген қалпы төтеп бере алмады. Қытайлар оларды аяусыз қырып жатқанның өзінде бізді Будда, одан қалса Далай лама қорғайды деп сеніп осы заманғы қару мылтыққа қарусыз қызыл қолмен қарсы шыққан еді. Шыңғыстың тұсында аспанда шарықтап тұрған көк моңғолды жердегі «құрбақа» болдырғаны үшін буддизм талай моңғолдан қарғыс алды. Алса да, бұнысын моңғолдар білсе де бұл діннен өзін тартып ала алмады. Өйткені көкірек тұманданған соң одан арылу оңайға соққан емес. Дін дегеніміз бір жағынан тап-таза қара темекі-апиын. Апиынға кірген адам өздігінен шығушы ма еді. Бұны баяғыда жарықтық Маркс та айтқан болатын (дінді апиын дегенім үшін біреулердің шамына тиетін шығармын), өңгесін мойындамасақ та дəл осы айтқаны шындық еді ғой. Құрметті оқырман мен пақыр дінге қарсы емеспін, əңгіме əсіре діншілдік маңында болып отырғанын ұмытпағайсыз (əсіре діншілдікке соқыр сезім, құр сопылық, ғылымға, дінге ұштаспаған алдамшы сезімге немесе фанатизмге берілу, өзін-өзі құрбан ету, т.с.с. жатқызуға болады, мұны ислам да қолдамайды). Моңғолдар будданың ең бір өркениеттен қалып қойған ағымы түбіттік ламаизмді қабылдағанды (қазіргі кезде түбіттер ламаизмды да емес, оның сəл жаңарған ағымы «қызылды» ұстанады). Сол түбіттен талай «мықты» жоралғыны алды, өліктерін жерлемей айдалаға тастап қарға-құзғын жемі қылды, бұнысы табиғат анадан туған адам қайтадан сол табиғатқа сіңу керек деген қағидадан туындаған жоралғы еді, ұсақ мал қой-ешкі атаулыны бауыздамай тірідей кеудесін тесіп қолқасын (аорта тамыры) жарып қансыратып өлтіруді ең қайырымды əділ өлім деп таныды, басқалардың тіпті бүкіл дүниежүзінің малды бауыздап соятын əдетін тым «қатігез» деп бағалады. Сонда түбіт мен моңғолдар ғана ең қайырымды жүрегі жұмсақ халық болғаны ғой, сірə. Үсті-басын жуып тазалауды бейне бір құты кетіп қалатындай ұғатын болды, жылында екі

─ 174 ─ рет, ел жайлауға шығарда жəне күзеуге түсерде ғана суға түсетін болды. Бұл əрине ертедегі жəйіттер ғой. Сонау жоңғардың еліріп тұрған шағы олардың əлі де буддизм тұманына толық адаса қоймаған шағы еді. Ал халха моңғол (қазіргі моңғолдың ең ірі тайпасы халха болғандықтан моңғол елі кейде халха деп те аталады) буддизмге əбден кіріп те біткен, əрі манжуге бодан болып, құрып та біткен шағы болатын. Жоңғарлар буддизмге толық сыйынбағаны сондай, жоңғардың ұранқай сынды руларында əлі күнге дейін тəңірге сыйынатындар кезігеді. Ол – ол ма, сол тəңірін тұп-тура қазақ атауымен «ата тəңір» (ата тэнгір) деп атайтынын қайтесің. Демек олар да ежелгі түріктің (қазақ) бір ұрпағы болды ма, кім білген. Бұл жоңғардың тегі мейлі моңғол болсын, қазақ болсын, енді бəрібір ғой, тек олардың дінге сондай берілмегені, содан да болып шығыстағы халха моңғолына қарағанда сəл қайсарлау болғаны шындық еді. Ал будданың бүкіл салтын, оның ішінде «шыбын-шіркейді де өлтіруге болмайтынын» толық қабылдаған халха моңғолдарды ендігі кезекте жігерсіздік қана күтіп алған еді. Бұны керісінше қабылдаған яғни əлгі бір «шыбыншіркейді де еркін өлтіре беруге болады» деп түсінген кей жоңғардың есіргені сондай, қартайғанда əке-шешесін қинамай өлтіртетін «ақ» өлімді де ойлап тапқан еді (тек Тəңірден ғана келетін хақ өлімді осылайша «ақ» өлім қылуға бола ма). Сонымен бұлардың түсінігі бойынша қартайған адам күнəға батпай тұрғанда тезірек өлгені лəзім (Кезінде бұларда ауру шалып қинала бастаған қарттарын арнайы дайындалған жендеттер жұлындап өлтіретін əдет болған, бұл «жан алушы əзірейіл» жұлыншыларды көргенде қандай төсек тартып ауырып тұра алмай жатқан адамның өзі қорыққаннан атып тұрып жүріп кетеді дейді, бірақта сонысына қарамастан ол бейбақты бəрібір жұлындап өлтіреді. Бұл қандай тұрпайы жиіркенішті əдет деңізші, барып тұрған айуандық ғой. Бірақта бұл əдет жоңғардың барлығына таралмаған ғой, алайда олардың адам кейпіндегі айуанда-

─ 175 ─ рында ғана кең таралғанын басып айту керек, ең жаманы бұл əдеті қазіргі кезде де аздап жандана бастаған түрі бар, араларында өте жасырын істеледі). Бірақта бұл буддизмде басқа діндерден қарағанда ең үлкен бір жетістік болды. Аса көп оқып жетілген кез-келген адамның өзі Құдай болып кетеді деуі адамды тура тəңірге балағандық емес керісінше адамның мүмкіндігі орасан көптігін яки ақыл-ойы, қабілетінің шегі аса мол екенін барынша қолдаған тың көзқарас еді. Айтпағым бұл дінді де шектен асыру арты апат болады, апат болмаса да мықтап байлап матайтын қыл арқан болады. Ислам əлемінің нағыз дəуірлеп тұрған шағында ислам дінінің беделі де жоғары болды. Көптеген ұлы табыс, жетістіктер бұл дəуірге байланысты, математика (алгебра) деген исламның меншікті ілімі болды десек артық кеткен болмас. Ал қазір ше? Ислам дінін ту еткен тек арабтың 22 елі бар. Ал араб емес мұсылман елдер қаншама. Сөйте тұра бұлардан озып шыққан ел жоққа тəн. Бұның бір себебін тура ислам дінінің өзінен іздеген жөн. Ал араб əлемі бұны батыстан көретіні бар (одан қалса моңғол шапқыншылығынан көретіні бар, бұл жай сылтау ғана, қазіргі араб əлемі ақшаға қанша бөгіп отырса да өркенге жеткен бірде-бір елі жоқ отырғанын түсіну қиын). Содан да əлгі батыстың тілеп алған ауруы ислам терроризмі шықты емес пе. Бұл жерде қателікті бір жағына бере салу оңай, дегенмен бұған батыс та, араб əлемі де тепе-тең кінəлі. Араб əлемі əлі де сонау исламның дəуірлеп тұрған шағын жоқтаумен келеді. Заман өзгерген сайын өз орнында тұратын нəрсені бұл дүниеден іздеп табу қиын. Ислам сол кезде дін жағын айтпағанда ең озық ілім болды. Ал енді дін жағын айтпағанда ең қалып қойған ілім-мəдениет болып табылады. Міне осыдан араб елдерінің тұсалуы басталады. Біз де бұған тұсалу осалдығымыз бар халыққа жатамыз. Əу баста қазақтар ислам дінін ұстанды десек артық айтқан болмас. Тəңірлік сенім исламға мейлінше ұштасатын дін. Содан да болар, қазаққа ислам жақты жəне оның ең жүрегі жұмсақ

─ 176 ─ ағымын қабылдады. Əлі де солай болуға тиісті-ақ. Бірақта соңғы кездегі біздегі исламның қайта жаңғыру үрдісін абайлап қарасаң бұдан ауытқу бар ма деп қаласың. Қазақ халқы салқынқанды байсалды халық. Бір қозса, одан қызу халық тағы жоқ. Оны қоздыратын жалғыз нəрсе ата-бабасының ұраны, халқының асыл салт-дəстүрі ғана. Бұдан басқа ештеңеге қозбаған халық енді басқа нəрсеге де даңғойланатын болды. Кей молдаларымыз аруақтап ұран шақыруға да болмайды дейді. Демек бұл исламның қазақ жеріндегі емес араб топырағындағы көзқарасы болса керек. Əйтпесе қазакем қашан аруаққа сыйынбай (бұл жерде сыйыну дегенді шапағат тілеу деп ұққан жөн) жауға шауып еді. Бұл жəйіттан аңғарарымыз исламның қазақ халқына сан ғасыр бойы əсер етіп келген өзіндік қалыптасқан санасын бұрып əдейі тақа арабға тəн үлгімен өзгерте бастаған құбылыс бар ма деп қаласың. Олай болған күнде ислам терроризмі, фундаментализмі, экстремизмі біздер үшін түсте емес, өңімізде көретін нағыз ақиқатқа айналады. Атам қазақ бұл исламға да онша беріліп кетпегені сондай, сонау қазақ хандығы кезінде қазақ даласына қаптаған қалың қожадан секем алып біруақ оған да тыйым салып келгені тарихи шындық еді. «Молда көбейсе қой арам өледі» осындайда айтылса керек. Құй дін болсын, болмасын қандай бір нəрсе шектен шықса оның арты апат ғана болады. Ұлтшыл да солай, қазақ үшін ойланбай істеген əсіре ұлтшылдық түбінде жақсылық əкелмейді. Х.Оралтай ақсақалымыз айтқандай қазақ ұлтшыл болам десе өзін-өзі қорғайтын дəрежеде болса жетіп жатыр. Қашанда біздің ұлтшылдығымыз бұдан асып көрмеген. Одан арғы ұлшылдық бізге керегі жоқ. Бірақта соңғы кезде ұлтшыл болуды рушыл болумен шатастырып жүргендер де бар. Керек десе біз ұлтшыл емес ұлтжанды болуға тиістіміз, сонда ғана дұрыс мағынадағы ұлтшыл бола аламыз. Жəне де дініміз ислам болды деп оны да асыра сілтеуге барсақ ақыры не болары белгісіз. Бұл дінге де бір уақыт «қарсы» күш керек. Бірақ бұл қарсылықты ислам дініне емес батыстың

─ 177 ─ миссионерлері таратып жүрген түрлі дінсымақтарға бағыттау керек. Керісінше исламға аздап сын айтып отырсақ теріс болмайды. Сонда ғана ол дұрыс арнасына түсіп отырады. Əйтпесе қазакем асыра сілтеу жағына келгенде алдына жан салмаған халық ғой, тіпті төл дініміз ислам қанша тура дін болса да қазакем оны дұрыс ұстанбаса ақыры неге апарып соғары əбден белгісіз. Адам өзінің төл дініне сын айтуға жүрегі дауаламай тұратыны бар. Өйткені ол тек дін ғана болып қалмай бүкіл тұрмыс-тіршілігі, мəдениетінің бір бөлігі болып қалыптасқан. Сол үшін де буддизмді жамандап жатқан түбіттерді, хиндуизмді даттаған үнділерді, иудаизмді балағаттап жатқан еврейді, христианды сыбап жатқан батыстықты көрмейсіз. Ылғи мақтан етіп ең озық дін деп жар салады. Буддалықтар болса бұл дін ең ғылыми əділ дін дейді. Ал христиандар болса өз дінін ең тура дін дейді, керек десе мұсылмандар бізден қотарған дей салады. Ал мұсылмандар болса христиандарды Аллаһтың тура жолымен жүрмей оған ортақ қосқан яғни бұрмаланған дін дейді. Сонымен əркімге өзінікі жөн болған заман. Бұдан біз жалғыз-ақ нəрсені қабылдауымыз керек. Ол бір жаратушы тəңірдің бар (бұл туралы бөлек тоқталамыз) екендігі ғана. Бұл дегеніміз ислам деген сөз. Бірақта исламның бір жаратушы дегеніне ғана шек келтірмеу керек. Бұдан басқасына азын-аулақ сын көзбен қарасақ та болады. Исламның нақ төротаны делінетін Арабстанның өзінде ислам дінін «түзетпекші» болған талай ағымдар шықты (отаны демекші, ислам тек арабтарға емес барша мұсылмандарға ортақ екені рас, бірақта оның дəл араб топырағында дүниеге келгені талассыз шындық еді ғой). Олардың негізгі ұстанымы тəңірдің бар екеніне шек келтірмей, ал басқасына аздап сын көзбен қарағандығында. Содан біздің ұғарымыз дін де əсте сын айтуға болмайтын жеке дара пір емес, оған да аздап болса сын қажет болады. Алайда мұны кей азаматтар қабылдамайтын да шығар, өйткені олардың айтуынша, дінде бұрыстық жоқ, тек оны дұрыс ұстанбайтын адасқан қауым ғана бар-мыс. Бірақта мұнысын мен де мойындағым

─ 178 ─ келмейді. Өйткені кінəні бір жағына аудара салу оңай ғой, бірақта «жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды» емес пе. Демек бұл дінге де аздап сын көзбен қарап қой деген сөз. «Тəңіршілдік» туралы Қазақтың исламнан бұрынғы діні тəңір болған еді. Бірақта осы дінімізді жай ғана қайтадан еске алуымыздың өзі бағзы біреулерге жақпайтын болған. Бұл дінді еске алғанымыз қалайша тəңіршілдікті дəріптегендік болатынын түсінбейақ қойдым. Өйткені бабаларымыз тəңір дегенде тура көк аспанға ғана сыйына салған жоқ еді, тəңір деп жеті қат көкті де айта салған жоқ, олар тəңір деп жалпы бір Жаратушыны ғана ұққан еді. Олар қазір де бар шаманизмге ұқсап қалың көп тəңірге əсте сыйынбаған ғой. Моңғолдардың, сондай-ақ алтай, тывалықтардың кей тəңіршілдерінің тəңірінде сан болмайды, өте көп, көктің тəңірі, жердің тəңірі, соғыс тəңірі деп жалғаса береді. Мұны таза шаманизм дейміз. Шаманизмді бір жағынан қазір де біздің арамызда бар бақсылық деуге болады. Осы бақсылыққа екінің бірі табынып жүрген жоқ ғой. Тіпті бақсылықтың тəңірмен шаруасы да болмаған, оған бүкіл халық ешқашан сеніп те көрмеген. Ал көк тəңірге халық жапбай сыйынып келген еді. Ендеше бабаларымыздың тəңірге сыйынуын тура осы шаманизмге немесе тəңіршілдікке теңеудің еш қисыны жоқ-ақ. Бабаларымыз сол кездің өзінде-ақ негізінен бір ғана тəңірге яки Көк аспанға сыйынған. Ол сол кездегі ұғым бойынша бір Жаратушының тура баламасы болатын. Тəңірді дін емес жай бір соқыр сенім ғана дейтініміз тағы бар. Бірақта осы тəңірлік сенім бір кездері көк түріктің мемлекеттік діні (идеология) мəртебесін алуы кездейсоқтық емес-ті. Егер тəңір өз алдында жеке бір дін болмаса осыншама жоғары мəртебе алмас еді ғой. Қазіргі біздер ата-бабадан қалған тəңірге сыйыну дінімізді де еске алудан қорғанатын болдық. Оны тура шаманизм болған деп кім айтқан.

─ 179 ─ Бағзы біреулердің айтып жүргеніндей кешегі өткен Шыңғыс топас тəңіршіл болған жоқ еді. Ол тəңір деп тура бір Жаратушыны ғана ұққан еді. Ол тəңірден өзін ешқашан жоғары санаған да емес. Адам жердегі оның құзырын орындаушы екенін жақсы ұғынған біреу болатын. Оның тарихын артынан моңғолға бейімдеп жазған біреулерден бола Шыңғысты тұп-тура тақа тəңіршіл болды деудің қисыны бар ма. Ол көк тəңірге сыйынды, одан қалса Бұрхан Қалдұн тауын киелі деп ұғып шапағат тіледі. Алайда бұл бір Жаратушыға ортақ қосу əсте еместі. Оның екі сөзінің бірі «ұлы жаратушы көк тəңірім» деген сөз болған еді. Сөзімді дəлелді болдыру үшін əлгі Құпия шежіреге (Моңғолдың құпия шежіресі) келейік. Хонқатан руының Теп Тəңір деген бақсысы сол кездегі түркі-моңғолдардың басын айналдырып өзін тəңірмін деп атап есіріп қоймаған соң ақыры Шыңғыс хан осы өзін «тəңір құдаймын» деп атаған содырды өлтірте салған еді. Егер Шыңғыс хан тақа тəңіршіл болғаны рас болса, онда осы «құдай тəңірді» өлтірмес еді ғой. Ол аспанда ғана ұлы жаратушы тəңір бар, басқасы құр далақай екенін жақсы ұққан біреу болғандықтан ел ішіндегі осындай есіріктерге жол бермегенді. Осы Шыңғыс сол кездегі көк түріктің бірден-бір өкілі. Бұдан біз көк түріктер Тəңір дегенді бір Жаратушы деп ғана ұққанын көреміз. Бұл аз десек Өгедайдың мұрагері Күйік хаған (1246-1248 жылдары хандық құрды) Ром (Рим) Папасына жолдаған хатында «...Тəңірдің жарлығынан ешкім аспайды, ... не боларын бір Тəңір ғана біледі...» деген сөздер бар. Егер бұлар өздерін құдай Тəңірге балағаны рас болса осылай сөйлемес еді ғой. Бұл сөйлемдерден біздердің күнделікті өмірде керектенетін «бəрін бір құдай (Аллаһ) біледі» дегенді осыдан 800 жыл бұрын көк түркілер де қолданғанын айқын аңғарамыз. Мұндай сөзді қазіргі кезде кімдер айтып қолданатынын еске бір алып қойсақ əсте артық етпейді, бұл əлгі бір тəңіршілдікті дəріптеу деген жалаға жауап та болып қалар деймін. Өкініштісі сол, мұны білгісі де келмейтіндер өзіміздің бұрынғы дінімізге деген заңды көзқарасымызды сынап

─ 180 ─ мінейтін болды. Тəңірді еске алу деген сөз тəңіршіл деген сөз əсте емес. Жəне де исламға қарсы деген сөз де емес. Исламдағы бір жаратушы Аллаһ мен тəңірдегі Көк аспан сипатындағы тəңір түптеп келгенде жалғыз нəрсе. Көк түріктің тəңірін жоққа шығару деген сөз турасын айтқанда қазақты жоққа шығару деген сөз, одан қалса сендердің құдайларың емес біздің құдай ғана əлемді жаратты дегенмен бірдей сынаржақ пікір болмай ма. Бір жаратушыға ортақ қоспаса, оның бар екеніне күмəн келтірмесе, оны тəңір деп таныса бұның несі исламға қайшы? Одан арғысы кімге керек. Керек десе басқалары исламды дұрыс ұстап тұру үшін ғана керектенілген «артық» жəйіттер екенін біз түгіл Сауд Арабстанның өзінде айтылып содан осыны «түзету» үшін талай ағымдар шығып еді ғой. Біздікі ғана шындық, сендердікі адасқандық дегенге екінің бірі илана қоя ма. Қазіргі адамзат көз көрмей албаты «ертекке» сенуден қалып барады. Бұндайда біздің молдаларымыз ислам ғана тура дін, Құран ғана шын деп қанша «айғайлағанымен» оған сенушілер тіпті азайып бара жатқан жоқ па. Кешегі Пехлеви шаһтың тұсында айтарлықтай дінге сенетін, оны құрметтейтін Ираннан бүгінгі күні исламға сенушілер күн санап азайып бара жатқанның себебі неде? Бұның жауабы исламның беделінде ғана. Исламның біраз елдерінде намаз уақытында сəждеге жығылмай жүргендер айыпты болып шыға келетінін білеміз. Дінде зорлық жоқ деп сан рет айтылғанымен қазіргі кезде жоқ емес бар болып отыр. Адам кейде өз өмірін өзінің жасаған талай жасанды дүниелерімен шырмап қоятын əдеті бар. Осылардың бірі – дін. Басқа діндерден қарағанда исламның толып жатқан озық үлгілері болғанымен негізгі жалғыз артықшылығы ғана бар: ол басқа дінге ұқсап тəңірге ортақ қоспады, адамды құдай болып кетеді демеді, бір қауымға (халыққа) ғана арналған дін (иудаизм) болмады, жəне өте-мөте оқып жетілген қарапайым адамның өзі Будда яки құдай болады демеді. Міне осылар негізгі тірегі. Бізге керектісі де осы. Ал

─ 181 ─ осы діннің бұрынғы дінімізден айырмашылығы бар ма. Тіпті айырма жоқ деуге болады. Сонда қалай біздікі тəңіршілдік болады. Мұсылмандық пен тəңірді бір нəрсе деп ұғу керек. Сол түркінің заманыңда олардың дүниені, əрі жаратушыны танып білген шегі осы болды ғой. Оны Көк аспан деп ұқты. Алайда бұл көктегі атмосфера деген ұғымнан əлдеқайда кең ұғымды қамтыды. Қысқасы олар қанша бір тəңірді толық танып білмегенімен бір жаратушы бар екенін түйсігімен сезініп білді, тіпті мұны Жаратушының өзі оларға білдірген десек те болады. Сонымен осы жаратушыны олар тəңір деп атады. Керек десе бір ғана тəңірге сыйынудың алғашқы бастамасы біздің ата-бабаларымыз болды, бұндай идея ұлы далада өмірге алғаш келген еді. Осы идеяны басқалар бізден алып мейлінше жетілдіріп артынан өзімізге қайтадан импорттаған еді. Осындай ақиқы дініміз, мəдениетіміз болған тəңірлік сенімді де құрметтеп еске алып жүрсек несі шам. Осыны мойындамайтындарға айтарым, онда сіздер сол Арабстанға барып тірлік етіңіздер. Қазақтың өз нəрсесінен өзі түңіле беретіні қызық-ақ. Біруақ өздерін басқалардың орнына қойып ойлап көрсе несі болмайды екен. Бəрін жоққа шығарғанша басқалардың да өзіндік көздегені бар екенін неге ұқпайды екен. Осы біз, бір нəрсені ғана тақа шындық дегеннен ұтарымыз аз болмақ. Керек десе біздің қазақтар яки түркілер талай нəрсенің бастамашысы болғанын біліп жүрсек жақсы еді. Осы сіздердің жамандай беретін «тəңірлеріңіз» (сіздерше тəңіршілдік, ал біздерше бəрібір ұлы жаратушы Тəңір) қазіргі исламға да негіз тірек болғаны шындық еді ғой.

─ 182 ─ Керейлер несториан дінін ұстанды ма? Қазақтың ата діні көк тəңірге ұштасып отыратын ислам діні. Исламнан бұрын қазақ халқын құраған тайпалар негізінде көк тəңірге табынып келген еді. Кей ғалымдардың топшылауындай қазақтар əртүрлі діндерге түрлі кезеңдерде сеніп келді деуі жансақ пікір. Қазақтар исламға сенді, одан бұрын тəңірге сенген. Осы екі дінге қоса буддизм, христиан дінінің аздап белгісі болғаны да шындық еді. Бірақта ол ешқашан тұтас бір тайпаны, елді қамти алмаған яғни ел ішінде ойдым-ойдым жерлерде ғана аз-маз таралудан аспаған. Мысалы, бір тайпаның билеушілері осы дінге сенді десек ал қарапайым халқы түгелімен сенбеген ғой, қысқасы ұлы көшпенділер арасында осы діндер түгелімен етек жайып кете алмаған. Ал салыстырмалы ерте дəуірдегі ежелгі қазақ тайпалары мысалы, үйсін-қаңлыларда ондай дін (зороастризм) болғаны əбден мүмкін. Бірақта оларды қазіргі қазаққа тура теңеп бабаларымыз сондай діндерді ұстанды деу тым ұшқары пікір болмақ, өйткені қазақтың бəрі үйсін мен қаңлыдан таралған жоқ ғой. Қазақтың бертіндегі тайпалары мысалы, керейлер толығымен несториан дініне сенді деген ертек жалғасып қалар емес. Бұл мүлдем өтірік жəйіт. Несториан дініне сыйынды дегенді тек қытайлар жəне олардан мағлұмат алғандар ғана айтып жүр. Солай болды деген қолма-қол ешбір дерек жоқ, жай жорамал ғана. Қазақтар қай дінге кірсе де олардың бұрынғы сеніп келген дінінен сандаған жоралғы, белгілер өмір салт-дəстүрлерінде сақталып қалып отырды. Түрік тектестер жапбай тəңірге сыйынып одан кейін исламға кіргенін білеміз. Кешегі өткен Шыңғыстың өзі көк тəңірге сенді. Керейдің ханы Тұғырылды бір кездері «əке» деді. Діні бөлек болса адамның санасы да бөлек болады, Шыңғыс Тұғырылды əке деп атамас еді. Демек екеуі де бір дінді ұстанып, бір тілде сөйлеп, бірдей ойлағандықтан солай бірі бала болып, бірі əке болды. Тəңірлік наным түрік тектестерде аса ұзақ жасап

─ 183 ─ келді. Содан да болар, қазақтардың ішінде тəңірлік нышан өте көп кездеседі, тіпті көбі əлі де ұмыт болған жоқ. Егер керейлер несториан дінін ұстанғаны рас болса одан да бір белгі қалар еді ғой. Жəне де сол кезде маңайында ол дінді ұстанардай орта жоққа тəн еді. Несториан дінін ұстанды дегені турасын айтқанда қытайлардың сандырағы, олардың айтқанының бəріне сенуге болмайды. Өз тұсындағы барлық тайпалар тəңірге сыйынғанда керей өзге дінді қайдан тауып сыйынбақ? Бүкіл Еуразия тарихында бұл маңда христиан бағытын ұстаған ешбір көшпелі ел болған емес, қазір де жоқ, бар болған біреуі десек ұйғырлар ғана. Христианның бірден-бір елі Филиппин мұнда ғана, бертінде сол дінге кірген, əрі олар айдалада мұхитта жатыр. Енді бірі ұйғыр секілді толық отырықшы халық болады. Ұйғырлар басында көшпелі болғанымен осы керейлердің христиан дінді ұстанды деген тұсында олар əлдеқашан отырықтанып қойған еді. Көшпелі кереймен отырықшы ұйғырды салыстыруға бола ма. Керейлер керісінше буддизмді ұстанған десек нанымды болар еді, бірақ та мұны да толық ұстанбаған, өйткені бұдан да қалған нышан жоқ. Осы жолдардың авторы керей руынан, сондықтан мен керей болмысын айтарлықтай білетін сияқтымын, жəне Моңғолияда болғандығымнан мен будда салтына да жақсы таныспын, керейлерде христиан мен будда салтынан қалдық та жоқ, олардың тəңір, тəңірден кейін ислам дінін ұстанғаны айқын білініп тұрады. Керейдің Маркус секілді ханының атына бола біраз ғалымдар оларды несториан дінін ұстанған деп болжайды. Бұған қосымша керейдің бір аталағының атауы да ашамайлы, таңбасы да ашамай (Х) болғаны олар үшін таптырмайтын олжа болады, сонымен олар Х таңбаны шармыққа (крест) ұқсатып бағады. Жəне де Марк’О Полоның жазбаларын дерек болдырып келтіреді. Бұл пақыр кімнің елшісі болып қайдан келгенін ойлап көрелікші, ол тура христиан елінен келді ғой, сол үшінде қандай бір мақсатпен былай жаза салуы ғажап еместі, мысалы, аз бөлігі ғана христианға

─ 184 ─ сыйынған болса түгелімен сыйынды дей салуы əбден мүмкін ғой. Кей зерттеушілер бұл пақырдың сөзін қуаттау үшін бір кездері керейге көршілес болған ұйғырларды жəне Тұғырылдың інісі Жақа Қамбудың Шыңғысқа келін болып түскен қызын (Тұғырылдың немересі нағыз «христиан» болыпты та содан Шыңғыстың немерелерін шетінен христианға шоқындырған-мысты) тілге тиек етуден жалыққан емес. Ұйғыр отырықшы болса керей көшпелі екенін жоғарыда айттым. Бұндай жағдайда оларды тең көріп керейді христиан болды деу шындыққа еш жанаспайды. Екіншіде, ашамайды тұп-тура шармыққа ұқсататын еш қисын жоқ, бұл өзіміздің кəдуілгі ашамайымыз еді ғой (бұл ашамайды (Х) Моңғолиядағы абақ керейлер əлі күнге дейін ірі қара малға таңба ретінде керектеніп шек таңба деп атайды). Неліктен бұл шармыққа теңелуге тиіс? Керісінше керейдің тек бір азғантай бөлігін ғана сондай дінді ұстанды десек дұрыс болар, бірақта бұл да дүдəмал жəйіт, олар тұтастай тəңірге сыйынды деуге əбден болады. Кезінде көк түріктер Қытайдағы буддаға сенушілерді өзіне тартып күшін толастыру мақсатымен өз жерінде пұтхана салдырған еді. Сол үшін көк түрікті шетінен буддист болған деуге бола ма. Ал қазақтың ертедегі кей тайпаларында ежелгі парсы (сақ) діні зороастризмнің манихей ағымы болғаны əбден мүмкін (керек десе осы зороастризм дінінің өзі Ұлы Даладан яки сақтардан алғаш таралған ғой). Исламнан бұрын оның ықпалы Тұранда айтарлықтай күшті болғаны шындық еді. Яғни ондағы ежелгі соғдылардың ұрпағымен жалғасып қазақ тайпаларына таралуы мүмкін емес. Сондай-ақ батыстағы хазарлардың негізгі діні тəңірлік дін болғанымен бұған қосымша христиан, иудай дінінің аздаған əсері болғаны да шындық. Бірақта олар көп кешікпей бəрібір ислам дініне өткен еді. Басқаларынан «түс көрсеңіз де ешбір аян белгі болмайтыны» бұл діндердің мұнда əсте кең етек жайып таралмағанын дəлелдемей ме. Дін дегеніміз айналып келгенде мəдениет екенін бəріміз де білеміз, қандай бір мəдениет басқа бір мəдениетпен тоғысқанда қайткен күнде өзіндік бір нышанын сақтап алып

─ 185 ─ қалатыны заңдылық, бұл тұрғыдан алғанда керейлер тəңірге, одан кейін исламға сыйынғанына күмəн жоқ. Керей осылай демекші бүкіл қазақ та дəл солай. Қазақтың арғы атасы ғұндар да тəңірге сыйынып хандары тəңірқұт атанған еді. Түркілер де солай болды. Бүкіл төңірегі солай болған кезде жаңадан бір дінге бір тайпаның өзіндігінен өтуі мүмкін еместі. Өйткені ол орта жаңа бір мəдениетті өзіндігінен қабылдап алатындай халде болмағанды. Егер де бір халық ежелден біраз діндерге бөлініп сеніп келген болса ол артынан да сол қалпы біраз дінге бөлініп сенетін болады. Кезінде əртүрлі дінге сыйынып келген ұйғырлардың бір бөлігі əлі де басқа дінге сыйынып бөлек халық аталып келеді (сары ұйғыр, өз атауы сарығ юғыр). Бұндай жағдай қырғыз халқында да кездеседі, қытайдағы Қызылсу қырғыздарында буддистер баршылық. Дін туыс халықтарды бірде жақындатса, бірде алыстатып отырған негізгі фактор болады. Бүкіл кітабыма арқау болған қазақ (түрік) пен моңғолдың туыстығын дəлелдемек болып қызыл жінікке түсіп отырғаныма бұл діннің де үлесі көп болған ғой. Көк түріктің кезінде қазақ (түрік) та, қалмақ (моңғол) та бір дін Тəңірге табынғандықтан олардың бүкіл болмысы өте жақын болды. Ал артынан қазақ исламға кіріп, моңғол буддизмге сеніп екі туыс халық ұзай берген. Айдаладағы екі бөлек мəдениет бұларды екі жаққа тартып ұзатқаны сондай ақыры бұларды бір-біріне туыс десең шамданатын болды. Ал басында осы екеуі де бір тəңірге сыйынғанын бір нəрсе бұлжытпай дəлелдейді. Түріктерге ұқсап моңғолдар да өздерін көк моңғол деп атап келді. Екеуі екі бөлек дінге кіргелі сандаған ғасыр өтсе де бұндай атаудың əлі күнге дейін сақталуы бұрынғы дін із-тозсыз толық жойылмайтынын дəлелдейді. Бұл, біздің керейлер сондай-ақ бүкіл қазақ халқы христиан жəне буддизмге ешқашан толыққанды сыйынбағанын білдіреді. Ендеше қазақтар тұтасымен тəңірге, одан кейін исламға ғана сеніп келгеніне күмəн келтірмеу керек.

─ 186 ─ Əлем жаратылысы хақында Мен бұл жерде діни уағыз айтайын деп отырғам жоқ, тек жаратылыс туралы қазіргі заман ілімін өз ойыммен қоса жеткізбекшімін. Өйткені біз өз деңгейімізде діндар болсақ, бұл – қазаққа бақ əкелмесе, қас əкелмейтін құбылыс. Қазақтың арыда ел болып қалуы да осы дінге тіке байланысты. Сондықтан да мен пақыр бəрін білетін аса білгіштігімнен емес бір қазақ болса да Тəңірдің бар екенін жоққа шығармасын деген ниетпен мұны жазып отырмын. Əлем (ғалам яғни бүкіл жаратылыс) алғаш қайдан жаралды дегенде көп тартыс туады. Діни тұрғыдан алғанда бүкіл əлемді жалғыз құдай яғни тəңір ғана жаратқан. Қысқасы бұған беретін жауабы дайын. Алайда оны осы заманғы ғылым жығыла қостамайды. Өйткені ғылымның да өзіндік көздегені бар, сондықтан да əлемнің жаратылуын əріден іздеп «əуре» болумен келеді. Қазіргі ғылым əлемді неден қайтып жаралғанын білу үшін бұл жолдағы ізденістерді үздіксіз жалғастырып келеді. Дегенмен жаратылысты білетін мүмкіндік жоқ болып отыр. Өйткені жаратылыс деген өте үлкен ұғым. Бұған жауап табуды адамзат сан ғасыр бойы армандап келсе де əлі күнге дейін бір арнаға келген жауап жоқ. Егер əлем емес жер шары «маңында» ғана жауап іздесек онда жаратушы «жоқ» десек те болар еді. Алайда бүкіл əлемнің жөні басқа, жаратылуы тым көмес ғой. Ғылымды жай ғана зерделесеңіз бұл дүниеде жаратушы жоқ сияқтанып тұрады. Өзінен-өзі жаралған немесе сол бір ұлы (үлкен) жарылыстан бұл əлем жаралған... Бірақта біз бұл дүниеде титтей де нəрсенің өзіндігінен жаралуы əсте мүмкін емес екенін (немесе жоқтан бар болмайтынын) жақсы білеміз. Ғылымды əсте оқымаса діндар, шала оқыса атеист, ал біраз тереңдеп оқыса қайтадан діндар болады деген сөз бар. Дінде шаруаңыз болсын-болмасын, бұл дүниені не екені белгісіз əйтеу бір Ұлы Жаратушы жаратқанын мойындауға тура келеді. Мұндайда бұрыннан да

─ 187 ─ қойылып келген «жарайды-ақ, дүниені бір жаратушы жаратсын, онда сол жаратушының өзі қайдан жаралған» деген жауыр болған сұрақ туады. Бұл бір жағынан қарағанда өте орынды сұрақ, бір жағынан барып тұрған «күнə». Біздерше, бізді жаратқан жаратушыға да жаратушы керек қой. Дей тұрса да бұл өте логикасыз сұрақ. Қазіргі кезде бұған ешбір жауап табылмай отырғанындай ары да табылмайтыны белгілі. Өйткені, бұл əлем – адамзаттың ақыл-ойы жетпейтін өте ұлы əрі шексіз жаратылыс. Жалпы жаратылысты тануға болады, болмайды деген екі үлкен пəлсапалық ағым бар. Дегенмен тануға болмайды. Адамзаттың танып білетін нəрсесінде шек бар. Ол ары кетсе күн жүйесі ғана. Мақтанса, тіпті шексіз өркендеп ғаламат табысқа жетсе онда ең жақын өзіміздің галактика ғана болмақ. Бірақта галактиканы танып білсе жалпы əлемді танып білгені сол ғой. Қазіргі кезде галактика түгіл күн жүйесінен аса алмай отыр. Жалпы əлем деп бүкіл жаратылысты, оның ішінде уақыт пен кеңістік жағынан шеті де, шегі де жоқ, бұрыннан да бар болған, əртүрлі пішінде болып үнемі өзгеріп тұратын бүкіл дүниені айтады. Сонымен əлем жаратылысын сөз етпес бұрын қазіргі ғылымның не дейтінін тамашалап көрейік. Батыстың ең соңғы теориясы бойынша, осыдан шамамен 13,7 млрд жыл бұрын бүкіл əлем (əлемді ендігі жерде материя деп ұғайық, ол материя жəне энергиядан тұрады дейік) атом тəрізді аса кішкентай жалғыз нүктеден ұлы жарылыс (Үлкен жарылыс, Big Bang) арқылы жаралды деп көреді. Бұны ұлы (үлкен) жарылыс теориясы деп атайды. Ұлы жарылыс болып бір секөнд өткенде материяның (бүкіл əлем) температурасы 10 млн Кельвин болған дейді. Бұл дегеніңіз күн температурасынан 1000 есе көп деген сөз яғни шамамен 10 млн цельсий градусы. Кельвин температурасы дегені абсолюттік дəл температура өлшемі, 0 К-де бүкіл атом молекулдің қозғалысы «тоқтайды» деп көреді. Күнделікті бөлме температурасы 300 К маңында. Осы жарылыс кезінен бастап біртұтас материя түрлі бөлшекке яғни ең қарапайым бөлшектерге, жарыққа (немесе сəулеге, яки «нұрға»), жəне басқадай түрге бөліне

─ 188 ─ бастаған дейді. Қарапайым бөлшектер деп атомды құрайтын протондар мен электронды айтамыз. Ұлы жарылыстан кейін бір жүз секөнд өткенде материяның температурасы 1 млн К-ге дейін төмендеген дейді. Бұл дегеніміз материя өзіндігінен протон, нейтрондар жəне алғашқы сутек, гелий, литий атомын қалыптастыра бастайтын температура деген сөз. Егер де осыдан «ыстық» болған жағдайда олар қалыптасып пайда болуы мүмкін емес деп көреді. Оның орнына кілең «нұр» яки сəуле, жарық ғана қалыптасар еді (Бұны біз заттың плазма күйі деп ұғамыз, ислам дінінде «нұр» деген үлкен ұғым бар екенін еске алайық). Бірақта «бағымызға сай» ондай ыстық болмаған дейді, сонымен артынан ол суығанда материя болып қалыптасты. Əбден суынып температура неше мыңға төмендеп жеткенде электрон мен ядро бірігіп атомды қалыптастырды жəне материя мен нұрдың ара– қатынасы тоқтады. Материяның кішкентай бөлшегінен алғашқы тартылыс күші пайда бола бастаған дейді. Болашақта аса тығыз бола бастайтын суық тығыз нүкте осы тартылыс күшін тоқтататын болады. Ұлы жарылыстан кейін шамамен 200 млн жыл өткенде тартылыс күші материяны арықарай қалыптастыруын тоқтатып əлем қазіргі пішінін (порымын) тапқан дейді. Дəл осы кезде алғашқы жұлдыздық-ғарыштық жаратылыстар қалыптаса бастаса керек. Бұл осыдан 13 млрд жыл бұрын болды деген сөз. Əлем өте күрделі құрылым. Бірақта жақындатып қараса негізгі бөлігі жұлдыздардан (Күннен) тұратыны белгілі болады. Жұлдыздар литий сияқты жеңіл элементтерді қалыптастырды. Жұлдыздар өзінің құрамындағы сутек, гелий сияқты жеңіл элементтерді ерітіп көміртек, оттек, азот сияқты сəл күрделі ауырлау элементтерді қалыптастырып кеңістікке шашқан дейді. Ірі жұлдыздардағы əлі де жоғары температура ядроны қайнатып одан темір тəрізді ауыр элементтер түзеді дейді. Жұлдыздардың ішінде қалыптасса да ұлы жарылыс арқасында алғаш пайда болып түзеген осы элементтер артынан бүкіл əлемді құрады. Біздің күн сияқты кей жұлдыздар орбита орталығында болды да оны

─ 189 ─ басқа жұлдыздар айнала бастады. Алғашында осы орбитаны жұлдыздар, шаң-тозаңдар да қоса айналып жүрді де артынан тартылыс күші əсерінен өзара біріккені бірігіп үлкейіп планета порымын тапты, қалғаны кішкентай жұлдызша қалпында айналатын болды. Галактикалар көптеген жұлдыздардың шоғырынан тұрады. Сүт жолы немесе Құс жолы деп аталатын біздің галактикамыз шамамен 200 млрд жұлдыздан құралады. Егер осы жұлдыздарды жалпақ диск (линза) тəрізді десек, онда оның қалындығы 1000 жарық-жылындай, диаметрі шамамен 100000 жарық-жылындай үлкен диск болады. Жарық жылы дегеніміз жарықтың бір жыл ішінде жүріп өтетін жолының ұзындығы, яғни 9.46×1012 км (шамамен 10 триллион км), ал жарықтың жылдамдығы 300000 км/c. Бізге мəлім əлем 10-100 млрд галактикадан, 1019 (жүз мың триллион) жұлдыздан құралады. Осы бізге мəлім галактикалардың ішіндегі ірі шоғырын кластер дейді. Оның көлемі 1 млннан 30 млн жарық-жылы шамасында. Бір-біріне жалғасқан бөлек кластерден тұратын үлкен кластерлерді суперкластер дейді. Осындай суперкластер мыңдаған галактикадан құралуы да бар. Бізге мəлім болған ең үлкен суперкластердің көлемі 500 млн жарық-жылы болып отыр. Бүкіл əлемді өте үлкен өлшеммен көрсек мақта тəрізді көрінеді, бір жері жұқалау болса енді бір жері қалың. Осы «мақтаның» қалыңдау жерін галактикалардың шоғыры деп ұғамыз. Бізге мəлім бүкіл галактикалардың жиынтығын метагалактика деп те атайды. Осы метагалактиканы қазіргі бүкіл əлемнің негізгі көрінісі деген болжам да бар, өйткені осы метагалактикамен қатар басқа метагалактика бар екені аңықталмаған жағдайда осылай деп көруге əбден болады. Бірақта мұнымен қатар басқа бір метагалактиканың бар болуы да жоққа шығарылмайды. Сонымен Ұлы жарылыстан материя жаралып, одан жұлдыздар пайда болғанын білдік. Тағы да үлкен өлшеммен көрсек əлемдегі энергияның көптеген бөлігі қайдан пайда болатыны əсте белгісіз. Бүкіл əлемдегі энергияның 30%-ы жарыққа қатыссыз қара ма-

─ 190 ─ териядан түзейді (пайда болады) деп көреді. Қалғандары, оның ішінде 65%-ы «аңыздағы» белгісіз энергиядан түзесе тек 5%-ы ғана бізге мəлім планеталар мен жұлдыздардың үлесінде немесе жарықтың үлесінде деп көреді. Осыдан-ақ байқарсыз бұл əлемде беймəлім бір өте ұлы күш бар. Бұл энергияны əлгі бір квазарлардан шығатын энергиямен шатастырмау керек. Олар өте алыстағы жұлдыздық-газдық құрылым (бір жағынан мифтік құрылым, аса ауыр салмаққа ие, салмағы күннен 2 млн есе ауыр болады деген болжам бар), ғарыштық жарықтың үлесінде ғана айтарлықтай рөлі бар. Алғаш ұлы жарылыс болған эпицентр маңында қазіргі кездің өзінде белгісіз материя орналасуы мүмкін деп болжайды. Ұлы жарылыс болса да осы материя бəрібір бүкіл əлемнің орталығы болып қала берген дейді. Жəне де бүкіл əлемді яғни материяны сыртынан сфера тəрізді шеңбер қоршап тұрады деген жорамал да жоқ емес. Бұндайда осы сфераның сыртында кеңістік, уақыт деген ұғым жоқ болады. Шеңбердің сырты вакуум орта болғанда онда уақыт, кеңістік деген ұғым болмауы əбден түсінікті ғой. Бірақта бұл əлемнің жаратылысын оңайлатып көрген модель қана. Қара материя деп ұлы жарылыстың эпицентріндегі əлі де бар делінетін белгісіз материяны айтса керек. «Аңыздағы» белгісіз энергия да осы жаратылыстан шығып тұруы мүмкін. Қара материя дегеніміз бір жағынан галактика аралық құр кеңістік деген сөз, бұл расында бүкіл əлемнің негізгі бөлігі дегенге сай келеді. Бірақта бұлар бір межеге əлі келе қоймаған ұғым. Сандаған галактикалардың арасындағы бұл кеңістікті болжамақ түгіл елестетудің өзі қиын. Қалай десек те бүкіл əлемді уақыт жағынан салыстырмалы түрде «мұнда» ғана жаралған айтарлықтай жас жаратылыс деп ұғуға болады. Өйткені галактикалар метагалактика орталығын санаулы ғана айналып үлгерген деген жорамал бар. Сондай-ақ біздің күн жүйеміздің өзі Құс жолы деп аталатын галактика орталығын 250 (225) млн жылда бір рет

─ 191 ─ айналатыны, жəне галактиканың порымы спираль тəрізді келетіні мұны растай түседі (галактиканың спираль порымды болуы оның осы бастан бір нүктеге шоғырлана яки қара нүктеге жұтыла бастағанын білдіреді, бір жағынан кеңістікке онан əрмен шашылып тарап бара жатқан болуы да мүмкін, бұл өте түсініксіз, «кеше ғана жаратылып бүгін қайтадан шоғырланып жұтылып жатыр» деген сөз). Осы күнге дейін біздің күн жүйеміз галактика орталығын небары 20 рет ғана айналған көрінеді. Сонда біздің күн жүйеміз сияқты талай көп жұлдызы бар галактикамыз метагалактика орталығын айналу үшін тіпті «асықпайтыны» белгілі емес пе. Алайда галактика жылдамдығын күн жүйесінің жылдамдығынан аз деп ұғуға болмайды. Тек уақыттың қандай салыстырмалы дүние екенін, кеңістіктің қаншама шексіз ұлы екенін білдіретін айқын мысал деп ұғамыз. Бұл, біздің 14 млрд жыл деп жүрген уақытымыз əлем үшін түкке тұрмайтын, тіпті салыстыруға да келмейтін қысқа уақыт екенін білдірсе керек. Өйткені осы 14 млрд жылда галактикалар əлем орталығын санаулы ғана айналуы жалпы əлем үшін уақыт жаңа ғана басталғанды білдіреді, сүйте тұра осындай қысқа уақыттың өзінде-ақ олардың ішінде біз сияқты «микро» құрылымдар баяғыда қалыптасып қойғаны түсініксіз. Бұны тура уақыттың салыстырмалы қасиетіне тықпалай салуға болмас. Жер шарында небəрі бір күндік ғана өмірі бар жəндіктер де кезігеді. Сексен жыл өмір сүретін біздер үшін бір күн дегеніміз тым қысқа ғұмыр сияқты болғанымен осы жəндіктер үшін тұтас бір ғұмыр өтті деген сөз. Сонда əр жаратылыс үшін тек өзіне тəн уақыт бар екені белгілі емес пе. Өзіне тəн уақыт бар болуы өзіне тəн таным бар деген сөз. Сондықтан əлемге тəн уақытты, жалпы бір Жаратушыға ғана мəлім жаратылысты онша көп зерттеп əуреленудің қажеті аздау. Өйткені бұлар біз үшін тым көмес дүниелер. Көмес деп адамның ақыл ойы бəрібір ешқашан жетпейтін нəрселерді айтамыз. Қазіргі кезде күн жүйесін өте ертедегі шаң-тозаң, газдардан тұратын жұлдыз аралық кеңістікте айналып жүрген

─ 192 ─ шаңыт– бұлттардан (бұл шаңыт-бұлттар бірде ежелгі жұлдыздарды пайда болдырса, бірде қартайып жарылған осы жұлдыздарды кеңістікке шашып отырды) құралған деп көреді. Біздің күн жүйеміз шамамен 5 млрд жыл бұрын кеңістікті айналып жүрген шығырық тəрізді небула (айналмалы жұлдыз-бұлт), шаң-тозаңдардан құралған. Көршілес жүрген қалың көп жұлдыздардың шоғырлары яки супернава соқтығысуынан тартылыс күші бір сəт «толастап», содан небула, шаң-тозаңдар жан-жаққа шашыраған дейді, содан айналуы да одан əрі тездете түссе керек, бұл кезде қысымы да өскен көрінеді, қысымның əсерімен жылулығы яки температурасы да өскен дейді. Сонымен газ, шаң-тозаңдар одан əрі жылдам айнала бастапты, олар айналуы осьіне тік бұрышпен қалыптасып диск (линза) порымына келе бастаған дейді. Осы «дискнің» орталығындағы жұлдыз біздің Күн еді (Күн 250км/с жылдамдықпен галактика орталығын 250 (225) млн жылда бір рет айналып шығады, күн жүйесінің диаметрі 10 млрд км, бұны жарық 10 сағат жүріп өтеді, ал галактиканы басып өту үшін 9.46×1017 (мың триллион) км қашықтықты шамамен 100 мың жыл жүріп өтеді, осыдан тек біздің галактикамыздың өзі қаншама шексіз ұлы екенін аңғаруға болады). Өзінен-өзі жалғасып тоқтаусыз жүрілетін термоядролық реакция үрдісі Күнді ыстық болдырғанымен басқалары айтарлықтай суық болған дейді. Айналып жүрген осы «дискнің» суық бөлігіндегі газ бен шаң-тозаңдардың молекулдары өзара соқтығысып бірігіп химиялық қатынасқа кіреді. Өзара соғысу жəне бірігіп қатынасу нəтижесінде үлкен бөлшектер қалыптасып біздің күн жүйесіндегі планеталар қазіргі пішінін тапты. Бұдан бірнеше млн жылдан кейін күнді айналатын тоғыз планета (күннен бастап): меркурий, венера (шолпан), жер, марс (қызыл жұлдыз), юпитер (есек қырған), сатурн (қоңырқай жұлдыз), уран, нептун, плутон қалыптасты. Осылардың меркурий, венера, жер, марс планеталарын ішкі немесе кіші планета деп атаймыз, олардың салмағы, көлемі плутонды есепке алмағанда сырттағы юпи-

─ 193 ─ тер, сатурн, уран, нептун сияқты үлкен планеталардан көп кішкене, əрі шағын. Ішкі планеталар қатты заттан құралса үлкен яки сыртқы планеталар газдан құралған. Жəне ішкі планеталардың ішінде меркурийде ғана ешбір атмосферасы (ауа) жоқ болса басқасында тірлік нышанының негізгі көз қайнары болған сутек, көмір қышқылы, азот сияқты элементтерден тұратын атмосферасы бар. Ал үлкен планеталар гелий, метан, аммоний сияқты улы газдардан тұрады. Күн тек гелий мен сутектен құралады. Қатты заттан құралғандықтан ішкі планеталар тығыз болса сыртқы планеталар өте «селдір» (андыз). Соңғы кезде осы тоғыз планеталардан плутонды планета түріне жатқызбай алып тастайтын болды. Осылардың ішінде тек жерде ғана тірлік бар деп көреді. Жер шарының жаралуына 4,5-4,6 млрд жыл болса ондағы тас, суық су тəрізділерді осыдан 3,9 млрд жыл бұрын жаралған деп көреді. Осыдан бастап теңіз-мұхиттар жаралып, одан алғашқы қарапайым тірлік иелері бактерлер жаралғанына 3,5-3,8 млрд жыл болса алғашқы бір клеткалы тірлік иелері жаралғанына 1,5 млрд жыл өткен. Алғашқы қалқанды жəндіктер 0,75 млрд жыл бұрын, арқа сүйекомыртқасыз жəндіктер 0,7 млрд жыл бұрын, балық тектестер 505 млн жыл бұрын, құс 155 млн жыл бұрын, сүт қоректілер 57 млн жыл бұрын, оның ішінде адамның арғы тегі 1,6 (2) млн жыл бұрын жаралса, қазіргі адам 100 мың жыл бұрын жаралған деп көреді. Ал ақылды адам жаралғалы небары 40 мың жыл өтті. Адамды маймыл тектестен (дəл маймылдан жаралған деп айтпайды) жаралған деп көреді. Адамды маймыл тектестен жаралған деуге бір жағынан əбден илануға болады, өйткені мұны Дарвиннің ілімі (теориясы) толық болмаса да жанама түрде дəлелдегені шындық еді (Дарвинизмнің шындық екеніне екі үлкен айғақ бар: біріншісі, бүкіл сүт қоректілердің ұрпағы дамудың алғашқы сатыларында өзара тым ұқсас келуі, екіншісі, құдай жаратқан делінетін ақылды адамның ұрпағының өзі егер де есті ортада өспесе онда ол да бəрібір «мал» (ақылсыз яки ессіз) бо-

─ 194 ─ лып шығатыны, міне сондықтан да біз дарвинизмді толық жоққа шығара алмаймыз). Ал ағайын осыдан өзіңіздің, жалпы əлемнің қалай жаралғанын ұқтыңыз ба. Өз басым бұған иланғым келмеді. Бұл түсініктемелерде жаралған жылдарды ғана айтқаны болмаса неден қайтып жаралғаны туралы ештеңе жоқ ғой. Бұл ең соңғы ғылыми түйін. Яғни бүкіл жаратылысты түсіндірген қазіргі заман ғылымының «сиқы». Бұл түйінде əлем алғаш жаратылған құбылысты жай ертекке ұқсатып айта салды. Əр нəрсенің алғашқы бастамасы деп көрген кішкентай «нүктенің» қалай пайда болғаны туралы ештеме айтылмады. Ұлы жарылыс қалайша пайда болды деген сұраққа бəрібір жауап табылмады. Уақыт пен кеңістік қалай басталғаны да белгісіз қала берді. Жаралған жылын қайтып болса да анықтауға болады, ал неден жаралғанын айту қиын болып тұрған жоқ па. Бұдан түйеріміз əлем жаратылысы туралы қазіргі ғылымның деңгейі тым қауқарсыз, əлі де төмен. Жоғарыда жай ғана атап өткен қара материяның бізге мəлім түрлері қара нүкте (black hole), ақ нүкте (white hole) жайлы əңгімеге қайтадан оралсақ бұлардың бар екені теория түрінде болжанған жаратылыс болады. Бұлардан қара нүкте көп назар тартады. Бұл негізінен бар екені белгілі болған жаратылыс, галактика орталығында дəл осындай қара нүкте болмаса да қандай бір тығыз жаратылыс бар екені онсыз да белгілі. Бұны кейде қара құрдым дейді, осы құрдым атынанақ оның əр нəрсені жұтып «құртып» жіберетіні белгілі тұр. Оған қарай жіберілген қандай да нəрсе əсте қайтпайды, бəрін өзіне сіңіріп алады деп көреді. Бізде ең жүйрік деп есептелетін жарық яғни радио толқын да өте алмайды, бəрібір оған сіңіп кетеді деп топшылануда. Əлемдегі энергияның өте көп бөлігі əсте беймəлім қайнардан шығады, оның қайдан шығып жатқанына ешкім жауап бере алмай келе жатыр. Сол энергияның күштілігі сондай, тартылыс күші деген оған түк те емес. Дəл осындай беймəлім энергиядан бола əлем уақыт санап кеңейіп жайылып бара жатқанын ғылым анықтады. Бұны алғашқы

─ 195 ─ жарылыстың əлі де сақталып қалған инерциясы (екпіні) дей салуға болмайды. Енді бірде осы кеңейіп кеткен əлем қайтадан жиылып бір «нүктеге» шоғырланады деген болжам бар. Онысы манағы қара материя маңы болмақ. Қара нүкте (құрдым) дегеніміз Құс жолы деп аталатын біздің галактиканың ортасында орналасқан шексіз тығыз беймəлім құрылым. Бірақта осындай тығыз нүкте əр галактика немесе кез-келген ірі жұлдыз шоғыры сайын біреу «бар» деуге болады. Ол абсолют тығыз жаратылыс болып табылады. Күн жүйесіндегі күннің салмағы аса көп болатынын білеміз. Ал осы қара нүктенің өзі үш түрлі келеді, ең алыптарының салмағы күннің салмағынан да млрдтаған есе көп деп есептеледі. Осындай шексіз тығыз нəрсенің өзінен-өзі кез-келген денені сорып сіңіріп алатыны түсінікті ғой. Сондықтан осы дене бір күні біздің галактикамызды да өзіне сорып жұтады деп болжануда. Галактикамыз спираль пішінді болуы мұны айғақтай түседі, өйткені не сыртқа теуіп шашырап бара жатқан, не бір нүктеге шоғырланып жиырыла бастаған жаратылыс ғана осылай пішінді келеді. Ал бұларды болашақта аса тығыз болатын қара материя «жұтатын» болады. Дегенмен бұл жай жорамал, осылай болды дегеннің өзінде млндаған жылдардан кейін болатын құбылыс. Əлемге тəн уақыт біз үшін шексіз көп жылдарға сай келеді, сондықтан бүгін ертең дүние құриды демейміз, əсілі дүние тап осыдан болып құри қоймас. Ең «таяу» уақытта сөнеді дейтін Күннің өзі аттай 5 млрд жылдан соң сөнеді. Бұл адамзат үшін жеткілікті көп уақыт, керісінше бұған дейін адамзат бола ма, болмай ма, деген неғайбыл нəрсе ғой. Ал ақ нүкте (құрдым) дегеніміз осы қара нүктенің теория түрінде болжанған эквивалент түрі. Оны көбінесе вакуум орта деп болжайды. Бірақта қазіргі ғылым ақ нүкте түгіл қара нүктені де бар деп сенімді айта алмай отыр, өйткені біздің күн жүйеміз галактиканың орталығынан тым қашықта, əрі галактикамыз диск (линза) тəрізді пішінді болған соң оның орталығындағы

─ 196 ─ қандай бір жаратылысты жол ортадағы жұлдыздар далдалап тастайтындықтан бізге ештеме «көрінбейді», сондықтан əзірше оларды бар деп құр болжаудан аспай отыр. Дегенмен олардың бар екені теория түрінде белгілі болған шындық. Қара нүктенің салмағы шек жоқ тығыз, сөйте тұра өте кішкентай. Мысалы, диаметрі небары 600 км болатын қара нүктенің салмағы күннің салмағынан он есе көп болады деген болжам бар. Біздің галактикамыздағы қара нүктенің салмағы күннің салмағынан 2,5 млн есе ауыр деген болжам бар. Қара материядан яғни əлгі бір кішкентай бөлшектен бүкіл əлем жаралды дегенді анықтау үшін əлемнің талай елдері бірігіп жүргізіп жатқан Швейцария мен Францияның арасындағы атомды жасанды жолмен үдеткішті (коллайдер) іске асыру керек дейді. Ол іске асты деген күнде бұған шешім табыла кетуі екіталай. Бұлардың көздегені жалғыз нүкте яғни кішкентай атом сияқты бөлшектен бүкіл əлем жаралды деген ұлы (үлкен) жарылыс теориясын растау жəне бозондардың (квази бөлшек яғни аса кішкентай жаратылыс, алғаш материя қалыптасқанда қазіргідей реттелген атом молекулдар əсте болмаған дейді, материя осы бозон тəрізділерден қалыптасты деген теориялық болжам бар) құпиясын ашу. Бірақта оның сəті түспейді білем. Бүкіл əлем мейлі сол кішкентай нүктеден жаралды дейік. Тіпті содан жаралды да. Оған илануға əбден болады. Бірақта сол алғашқы нүкте өзі қайдан жаралды дегенге келгенде бəрібір жауап табылмайды ғой. Демек бүкіл жаратылыстың алғашқы бастамасы əлі де белгісіз қала береді деген сөз. Бұны шеше алмаған жағдайда бұл жолда ашқан қандай да ұлы жаңалықтың маңызы аздау. Өйткені бізге керектісі алғашқы бастама ғой. Адамзат алғашқы бастаманы өзінен-өзі жаралған деп дəлелдеген күні Жаратушыны жоққа шығаруға болады. Бірақта адамзат бұны ешқашан дəлелдей алмайды. Оның шешімі ұлы жаратушы тəңірде ғана. Тəңірден басқа қандай бір алғашқы жаратушы күш болмақ емес. Сіз оны бір Аллаһ деп ұғасыз ба, Йесус, Будда деп ұғасыз ба, өз еркіңіз өзіңізде (дегенмен біз қазақ əрі мұсылман

─ 197 ─ болғандықтан оны Аллаһ деп ұққанымыз жөн). Біз бұл əлемді тəңір жаратқанын ешқашан жоққа шығара алмаймыз. Мені дін уағыздаушы деп ойлап қалмаңыз, ол жағында шаруам жоқ, менікі осынау көрінеу тұрған шындықты айту ғана, біз басқаға иланбасақ та дəл осы жаратушы бар екеніне иланбасқа амалымыз жоқ. Атеист болсаңыз да осыны мойындауға тура келеді. Бұл бір көрінеу тұрған ақиқат. Айталық кезінде мен де нағыз атеист болдым. Қазір де діндарлығым шамалы, бірақта бір Жаратушы бар екеніне иланбасқа бəрібір амалым жоқ. Жалпы қандай бір нəрсе екі жақты болып келеді. Керек десеңіз Дарвиннің теориясының жартысы шындық, жартысы нағыз өтірік. Осы теорияның кейбір ұстанымдары шындыққа тура келмейтінін ғылым соңғы жылдары дəлелдеп те қойған еді (ал діни тұрғыдан алғанда дарвинизм түгелдей өтірік ілім делінеді, бірақта біз өйтіп біржақты болуымызға болмайды). Жер шарындағы алты құрлықтың жаралуында да үлкен сыр жатыр. Осы алты құрлық алғашында жалғызақ құрлық Пангеядан жаралған дейді. Ол артынан Гондвана, Лавразия тəрізді бөліне бастаған құрлықтарға айналды. Осылардан қазіргі алты құрлық қалыптасқанымен ең қызығы бұлардың тек бір маңда ғана пайда болуы боп отыр. Қалайша бір құрлықтан ғана бастау алатыны түсініксіз. Бұл кездейсоқ құбылыс əсте еместі. Жер шары домалақ екенін білеміз, бұндайда осы құрлықтар тек бір маңнан ғана таралмай «ана жақ, мына жақтан шыға кеп» тараса да болатын еді ғой. Сондай-ақ біз физикадан кəдуілгі сəуле-жарықты өтпелі екі қасиетке ие екенін жақсы білеміз. Ол бірде радио магниттік толқын деп есептелсе бірде фотондардың (өте кішкентай бөлшек) ағымы деп көріледі. Сол сияқты бір жаратушыны бар деуге де, жоқ деуге де болады. Бірақта бар дегені əлдеқайда жақсы, сенімді. Өйткені жаратушы жоқ екеніне көзіңіз жеткен жоқ, əрі де жетпейтін болады. Ол жоқ болса біз де жоқ едік. Алғашқы сол бір нүктенің жаралуын біз ақыл ойымызбен шеше алмаймыз. Оның шешімі тек тəңірде ғана. Оның тұлғасы (сипаты) бы-

─ 198 ─ лай: Ол тумаған, туылмаған яғни бұрыннан бар болған əрі де мəңгі болады, жəне бүкіл əлемді жаратты. Материалистердің материя анықтамасы да дəл осындай, олар жаратушыны жоқ деп отырып өздері де білмей жаратушының сипатын айтып салған еді, олардың айтуынша материя ежелден бар болған, ары да бола береді, ол біртұтас жəне энергияның бірі түрінен енді біріне өзгеріп тұрады. Бұл анықтаманың Құрандағы анықтамадан айырмасы бар ма? Сонда қалайша олар өздерін материалистпіз дейді? Сондағы материалистердің алға тартатыны бірден жаратушы өзі де жаратылмағандықтан материя да дəл сондай жаратылмаған, яғни ежелден бар болған-мыс. Бұл материядан бүкіл əлем жаралды-мыс. Бір жағынан шындық. Дегенмен материяны бір Жаратушымен теңеуге бола ма? Өйткені ешбір жаратылыс жоқтан бар болмайды, яки жаратылмаған материя деген ұғым болмауға да тиіс. Болғанда ол тек жаратылмаған бір Жаратушы ғана болуға тиісті. Жаратушы ешқашан жаратылмағанымен шексіз ұлы, əрі теңдесі жоқ дара емес пе. Егер жаратушыны да жаратылды десек онда бұл жаратылыста ешбір мəн-мағына қалмайды ғой. Өйткені оны тағы бір жаратушы жарату керек, оны да келесі бір жаратушы... бұлайша шексіз жалғаса береді, тек мұны жаратылмаған Жаратушы деген кезде ғана бұған нүкте қойылады. Тəңірдің бар екендігін дəлелдейтін ең ұлы дəлелдердің бірі – жан яки рух. Өйткені жанның бар болуы Тəңірдің бар екендігін білдіретін басты дəлел. Жан деген не, ол қайда тұрады, тірлік иесі өлгенде жан қайда кетеді, міне осыны білетін жан бар ма? Соңғы жетістік туралы, дүниенің небір құпия сырлары туралы ақпаратпен толық қанымдалып отыратын АҚШ президенттеріне келейік. Олар шетінен діндар келеді. Егер шынымен тəңір жоқ болса, сенбесе ең алдымен осылар сенбес еді ғой, қазіргі кезде керісінше ең бір шоқынушылардың бірі болатыны тағы да кездейсоқтық па. Жаратылыс үшін кездейсоқтық деген болмайды. Өйткені ұшы-қиыры жоқ мына

─ 199 ─ əлем шетінен кездейсоқтықпен жаралды деу ақылға сыймайды. Өйткені əлемдегі кез-келген жаратылыс өте шеберлікпен жаратылған əрі аса ретті жүйемен өзара байланысқан. Бізге мəлім əлемдегі жүз мың триллион (1019) жұлдыздың (Күн) бəрін кездейсоқтықпен жаралды деу ақылға сия ма. Алайда материалистердің кездейсоқтығында сан болған да емес, бəрі-бəрі сол бір кездейсоқтықтың жемісі-мыс. Ол неткен таусылып бітпейтін кездейсоқтық деші. Демек жаратылысқа адамның ақыл ойы жетпеген жəне жетпейді де. Жалпы дүниені осы өзіміздің көріп біліп отырған шегінде ғана тануға болады. Яғни жер шары «маңында» ғана. Одан арғысы тек қиял болып (көмес болып) қала береді. Біздің күн жүйеміз, Құс жолы деп аталатын галактиканың орталығынан 25000 жарық-жылы қашықтықтағы Орион (Мерген) шоқжұлдызының маңында орналасқан. Бізге ең жақын жұлдыздың (Күн) өзі 10-20 жарық-жылы қашықтықта орналасқан. Бұл дегеніміз шамамен 100-200 триллион км қашықтық деген сөз. Мұны қазіргі реактивті зымыранмен қаруланған технология ешқашан меңгере алмайтыны белгілі. Осындай «артта қалып қойған технология» болатын зымыранды керектенген жағдайда ең жақын деген осы жұлдыздар түгіл күн жүйесіндегі алыс планеталардың өзіне баруымыз мұң болады. «Ептеп» баруын барсақ та бəрібір қайта алмаймыз. Екіншіде тірлік иесінің ең жүйрік жылдамдығының өзі жарық жылдамдығына көп таямауға тиісті. Жарық жылдамдығына жеткенде тірі жəндік түгіл ең берік делінетін қатты заттардың өзі төтеп бере алмайтын болады. Біз ең жақын деген кей галактикаларға осындай жарық жылдамдығын ойдағыдай меңгерген күннің өзінде сандаған жылдар жүріп баратын боламыз. Егер ол жаққа «баратындай» болып жатсақ, онда жаңа дəуірдің басталғаны сол ғой. Бірақта орасан зор жетістікке жеткен кезде ғана сол жаққа бара алатын шығармыз. Сонда да əлемнің құпиясына жете алмаспыз. Біздің қазіргі көріп отырған ұшы-қиыры жоқ əлем деген тек оның бізге жеткен жарығы ғана, ол енді сол орнын-

─ 200 ─ да «жоқ» деген сөз. Осындай шексіз əлемнен, əр бір нүктенің жарығы бізге жетіп болғанша адамның ақылы жетпейтін аса көп уақыт жылдар өтіп кетеді. Міне сондықтан біз олардың болып өткен сəулесін-елесін ғана көре аламыз. Біздің күнделікті өмірімізді өлшейтін уақыт дегеннің өзі өте алдамшы нəрсе екенін бəріміз де білеміз. Оған өлшем деген жоқ. Біздікі тек салыстырмалы ғана уақыт өлшемі. Ол қашан, қалай басталған, қайтып өлшенеді дегені өте беймəлім дүние. Уақыттың өлшемі деген сөз бұл əлемнің жаратылуы деген сөз. Уақыт пен жаратылыс бірдей, екеуінің де шешімін табу екіталай. Əлбетте бізден басқа ғарыштарда тірлік немесе ақыл иесі бар деп сенімді айтуға болады, өйткені осыншама шексіз кең əлемде тек Жер шарында ғана тірлік бар деудің өзі ақылға сыймайды. Аспандағы əрбір жарықтау келетін жұлдызды өз алдына бір күн жүйесі деп ұғуымыз керек. Ғарышта біздің күн жүйеміз сияқты талай күн жүйелер бар екені анықталды. Олардың бірі болмаса да бірінде тірлік бар болуы əбден ықтимал. Исламда он сегіз мың ғалам бар дегені осы сияқты, оның əрбірін бір бөлек əлем деп ұғуымыз керек шығар. Əлемнің құрылымы өте кішкентай атомның құрылымымен бейне бірдей деуге болады. Керек десек кездейсоқ əрбір атомда өз алдында жеке бір «əлем» бар болуы ғажап емес. Өйткені уақыт сияқты үлкендік өлшемі де өте салыстырмалы дүние. Атом ары қарай шексіз бөліне беретінін білеміз. Оның ары қарай шексіз бөлінбейтінін ешкім дəлелдеген жоқ. Əлемнің құпиясын осы кішкентай атомнан іздесек те болады. Біздің осы өте ұлы шексіз деп жүрген ғарышымыз басқа бір жаратылыс үшін түкке тұрмайтын өте кішкентай нүкте болуы да мүмкін... Біздің сезінетін дүниеміз (кеңістік) үш өлшемді, яғни Евклид геометриясына тəн. Алайда шексіз əлем үшін осы Евклид геометриясы негізінен жарамсыз болып қалады, бұл бізге сезілмейтін басқа өлшемдегі бір жаратылыс бізбен қатар болуы жоққа шығарылмайды деген сөз. Жер шарындағы бірден-бір ақыл иесі деген тұрғыдан адамзат қанша ұлы

─ 201 ─ болғанымен бір жағынан өте əлсіз. Ғылымда адамның ақыл ойында шек жоқ дегенімен шындығында шек бар. Ол өзінің танып білетін нəрсесінің шегі бар екендігі. Қалай болса да біз осы бір жаратушы бар екенін жоққа шығармауымыз керек, жəне оны Аллаһ деп ұғуымыз керек. Бұл жерде діннің қатысы жоқ. Ғылым мен дін айналып келгенде бір нəрсенің екі жағын айтып отыр. Ең тақа атеист коммунистердің өзі материя сипатын айтамын деп отырып жаратушыны сипаттап қойған еді. Олар қарапайым халықты дінсіздікке қасақана шақырғаны болмаса өздері асқан шоқынушылар болған еді (мысалы, əлгі «жемтік» Сталиннің өзі нақ шоқынушы болған). Дінсіз халық азады, коммунистерге де керегі осы еді. Біз онша діндар болмасақ та бір жаратушы бар екенін біліп, яғни бір нəрседен қорқып жүргеніміз дұрыс болар. Адамзат ештеңеден қорықпайтын, иланбайтын болса ол азды деген сөз. Қазіргі зайырлы делінетін батыстың барлық елдері көзімізше дінге бұрылмайтын ғылымды пір тұтатын елдер болып көрінгенімен аржағында нағыз діндарлар болады. Сонда біздікі не, олардан артықшылығымыз бар ма. Исламды мойындамасақ та бір тəңір бар екенін əсте естен шығармауымыз керек. Керек десе коммунизм деген атеистердің діні онда. Олар ақиқи дінді жоққа шығарса да өздері бір жасанды дінді ойдан шығарып алған еді. Құдайды жоқ деп отырып материя деген ұғымдағы тəңірді де өздері білмей мойындап қойған еді. Қысқасы бұл дүниеде дінсіз сенім деген болмайды. Атеизм дегеніміз дінсіздердің «діні» болады. Олар не деп айтса да бір жаратушының бар екенін бəрібір мойындаған дінсіздер еді.

─ 202 ─ Қазақ қоғамы: демократия əлде аутократия? Қазақ қоғамын бұл күнде тура аутократия не демократия деп айта салудың жөні жоқ сияқты. Алайда қазақ қоғамында бұл екі бағыттың екеуі де, əсіресе демократияның теория жүзіндегі барлық белгілері толығымен бар. Ал іс жүзінде яки нағыз билікте демократияның белгілері тым көмес те, керісінше аутократияның белгілері айқындау, содан да болып аутократия атынан арыла алмай келе жатырмыз. Бір адамның ұзағынан жиырма жылдан астам уақыт билік басында болуы демократияның да, аутократияның да белгісі емес. Бұны қазіргі таңда шығысқа тəн дамыс жолы деп ұққан жөн болар. Дегенмен биліктік лауазымның өзі ауыспалы жəне сайланбалы екенін ұмытып кеткендігімізден осындай атау бізден əсте арылмай келе жатыр. Ал аутократия бола қалған күннің өзінде бұл елбасына, тіпті қатысы жоқ жəйіт. Өйткені Қазақстан сияқты үлкен бір елдің бүкіл болмысы бір ғана кісіге тура байланысты бола бермейді. Жəне де біз əлдеқайда өркениетті ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Бұндай жағдайда тек экономикасы онша оңып кетпеген елдерден ғана аутократиялық бағытқа бейімделген құбылыс байқалады. Қазақстан сияқты экономикасы, барлық болмысы айтарлықтай дамып келе жатқан тұрақты елде аутократия бола қалудың, жəне де солай атай салудың жөні аз деймін. Ал керісінше демократия ма десеңіз ол да емес болып шығады. Қазақ елінде бұл жолға бағытталған ниет бар болғанымен дəл демократия қоғамы негізінен орнап қойды деудің реті аз. Тіпті демократия орнай салатындай уақыт та болған жоқ. Демократия жолын да аздап қолға ала отырып, ең алдымен экономика, одан кейін саясат деген ұстаным өте дұрыс. Экономиканы жөнге келтірмей батыстың демократиясын тура қотара салу дегені ақыры демократияны желеу еткен анархизм ғана болады. Айталық демократияның өзі қазіргі кезде өзінің кемшіліктерін толығымен көрсетіп қалып жүр. Бірақта адамзаттың тарихында бұдан артық

─ 203 ─ қоғам шыға қоймауы бəрібір бұл демократиядан басқа талғам жоқ екенін білдіреді. Демократия дегеніміз бір жағынан батыстың ірі елдерінің дамыс жолындағы елдерге саяси қысым көрсетіп өз ықпалын жүргізетін бас құралы болып табылады. Бұл болжам соңғы кезде тіпті де растала бастады. Батыстың небір үлкен елдері 9/11 оқиғадан кейін ұлт-азаттық қозғалыс атаулыны терроризм деп жапбай айдар тағып адам құқығын аяғына таптайтын болды, талай елдерге, мысалы Қытай сияқты елдерге сын айтуды доғарып қойды. Оларға ендігі жерде құр сөз емес, ондағы өзінің мүддесі біріншіде қойылатын болды. Жаһандану дегені ақыры дүниенің небір елдерін бір-біріне жіпсіз байлайтын құрық болып қалыптасқандықтан олар енді біреуге сөгіс айтудан мейлінше қашқақтап, экономикалық мүддесін ғана алдыңғы қатарға қоятын болды. Міне осындай жағдайда қазақ елі қоғамның қай бағытында екенін айтып талас тудырудан гөрі бір бағытқа жөнделіп ынтымақ, берекебірлікте болып іс атқару керек-ақ. Жəне де оппозиция атаулы президенттің аяғынан шалатын топ емес, керісінше оған қолдау көрсетіп қазақ елінің көсегесін көгерту жолындағы біріккен топ болса жарар еді. Айта кететін жəйіт: қазақ қоғамы əлі де өтпелі кезеңді бастан кешіп жатыр. Біздер үшін батыстың күнде айтып сарнайтын ауыз дұғалығы болған демократияға толық өтетін уақыт та болмады. Екіншіде біздің орналасқан жеріміздің өзі толық демократия бағытын ұстана салуды көтермейді, өйткені батысқа жағу үшін алдымен Ресейге қарсы тұруымыз керек болады. Ресейге қарсы тұрмаймыз десек онда қазіргі бағытымыз дұрыс болады. Біз біраз дүниелерге келгенде Ресейге əлі де тəуелдіміз. Осының бірі – демократия. Ресей толық демократиялық қоғам орнатпай біздің де жолымыз болмайды. Бүйтпей жеке кетсек Ресейден «таяқ» жеумен боламыз. Бұған соңғы кездегі Украина, Гүржі оқиғасын айтсақ та жеткілікті. Қысқасы маңайымызда демократияға бейімделген орта жоқ. Орталық Азиядағы демократияның бірден-бір үлгісі делініп келген Моңғолияда (2008.07.01) не болғанын жақсы білеміз.

─ 204 ─ Бұны біріншіде маңайында демократияға бағытталған елдің жоқтығы, əрі батыстың демократия «экспорты» ойдағыдай жүзеге аспағаны, екіншіде экономиканы ысырып қойып тек ғана тақа саясатпен шұғылданғанның кесірі қаншалықты зардапты болатынын білдіретін айқын мысал деп ұғу керек. Моңғол елі жиырма жыл бойы экономика айтудың орнына тақа саясат қана айтып еді, ақыры демократияны анархизм деп ұқты да осындай күтпеген ахуалға тап болды. Бұл кезде экономикада айтарлықтай ілгерлеу тіпті болмады. Егер де қазақ елі осылардан бірді ойға түйіп жүрмесе ертең біздің де көрер күніміз осы болады. Демек демократияның жөні осы деп албаты «айғайлай» беруге болмайды. Не істесек те ең алдымен елдігімізді ойлап істеу керек. Бұл жолда ол құй демократия болсын, құй аутократия болсын бəрібір, тек елдігімізге, бірлігімізге, дамыс жолына нұқсан келтірмейтін болса болды. Сонда қазақ қоғамы қалайша аутократия қалпағын киеді? Қандай бір дəуірден енді бір дəуірге өту үшін жеткілікті болмаса да өзіндік біршама уақыт жəне талғам керек. Егер қандай бір қорытынды, атау қайткен күнде керек десек қазақ қоғамы (билігі) жартылай демократия, жартылай аутократия деуге болады. Қазақ елі қанша тырысса да батыс тарапынан əлі де демократия бағытындағы ел деп есептелмеуінде өзіндік сыр бар. Ол, біріншіде осыны желеу қып өз ықпалын жүргізу, екіншіде батыстың миссионерлерін қаптату үшін керек. Демократияның тұғыры делінетін батыстың құндылықтары дегені турасын айтқанда христиандық əдет. Қазіргі кезде біздің ішімізден қанша жек көрсек те үнемі тап бола беретін еуроцентризм яғни батыстың еуропаға табыну консепциясын басқаларға экспорттаудың бірден-бір жолы осы демократия жəне миссионерлік жол. Шығыста батыс құндылығын яғни демократиясын толық қабылдап алған елдерге Жапония, Тайвань, Оңтүстік Корея, Филиппин жатады. Онсыз да христиан елі Филиппинды айтпағанда Кореяның басым көбі қазірдің өзінде христианданып бітті, Жапония, Тайваньда да

─ 205 ─ бұлай ауытқу байқала бастады. Демократияны қайткен күнде қабылдау деген сөз бір жағынан батыс құндылықтарын алу жəне христиандыққа бейімделу деген сөз. Демократия дегені еркіндік дегенмен бірдей естіледі, əсіресе діни еркіндікке шектеу жоқ деген сөз. Осындайда батыстың миссионерлерін тыйып көр. Егер де христианға бейімделмей демократияны қабылдауға бола салатын болса ертең болса да демократияны қабылдай салуға болар еді. Бұндай жол тапқан біреу болса онда онысын жарияласын жəне оның қазақ елін диктатор аясындағы ел деуге толық хақы бар деймін. Бірақта бұндай жол табылмайды білем. Қазірдің өзінде қанша «диктатор аясындағы ел» болсақ та батыстың миссионерлері еш тыйымсыз, қайда барсаң сонда саңырауқұлақтай қаптап жүр. Ал толық демократияланғанда не болары белгісіз. Осыны біле тұра батыстың айтқанының бəріне көне бермеу керек. Мейлі бізді диктатор аясындағы ел десе, дей берсін. Одан біз кембағал болмаспыз.

─ 206 ─ Шығысқа тəн дамыс жолы: бұл бəрібір демократия емес Қанша шетте жүрсек те атажұртқа құлағымызды түре жүретін біздерге анда-санда бір елең беріп қалатын көрініс, ол Қазақстандағы саяси жағдай болады, батыстың небір алып-қашпа ойларын айтпай-ақ ешкімге хақысы жоқ бейуана моңғолда жатқан бізге де сондай жағымды естілмейтін бір жəйіт «дегеннің» Қазақстандағы «аутократия». Əлбетте бұны батыстың көзқарасымен қарасаңыз əрине нағыз аутократияның дəл өзі ғой. Ал біз шығыстық дəстүріміз бар, өзіндік даму салты бар халықпыз. Керек десеңіз шығыстың ешқандай елі демократия жолымен жүріп дамысқа жетпеген, ал жеткен дегендердің барлығы дерлік қандай бір режим, диктатура аясында тұрып дамыған еді. Бұған Алдыңғы (оңтүстік) Корея, Сингапур, Малайзия, Тайваньды айтсақ та жеткілікті. Корея əскери қатаң режимде ондаған жылдар бойы тұрып қазіргі жетістікке жеткен, осы елді кілең əскерилерден шыққан президенттер басқарғанды. Сингапур да дəл сондай, жалғыз дерлік премьердің басқаруында жүріп дамысқа жеткенді. Малайзияны бір Махатхирдің өзі «небары» отыздай жыл басқарып қазіргі аренаға жеткізгенді. Тайвань да солай, Гоминдан партиясы тақтан түскелі онша көп болған жоқ. Жапония қанша демократиялық бағыттағы ел болса да бұл елді бəрібір император басқарады емес пе. Мұндайда Жапонияны тура демократиялық бағыттағы ел деп айтып көріңіз. Соншама көп халықты əлі де шашау шығармай уыстап ұстап, қарқындап дамып келе жатқан Қытайдың да дамыс жолы бізге белгілі, онда демократия түгіл оның атын да естімегендер бар. Сонда шығысқа тəн даму жолы деген бар екені айқын емес пе, болғанда бұл бəрібір демократия емес, демократия дегеніміз бір жағынан батыстың басқаларға өз ықпалын жүргізетін саяси құралы ғана. «Ең алдымен экономика, одан кейін саясат» деген біздің даму жолымыз өте дұрыс. Халықтың қарны тоқ болмай тұрып сол демократияның құны қаншалықты екенін

─ 207 ─ соңғы жылдары көптеген посткеңестік елдерде болып өткен түрлі-түсті төңкерістердің қаншалықты нəтижелі болып немен тынғанын айтсақ та белгілі ғой. Еркіндік халыққа ауадай қажет екені түсінікті, ол жағынан біздің қазакем онсыз да ешкімнен кемде-кем емес. «Бас кеспек бар болса да тіл кеспек жоқ» деп атам қазақ ойдағысын ешкімнен жасқанбай-ақ айтып салып отырған. Ол дəстүр əлі де бар. Нұрекең қай қазақтың ауызына «тығын» қойып жүр дейсіз. Түсінбейтін бір жəйіт, бізде кейбір азаматтар тек оппозиция деген атақ үшін ғана біреуді жазғырама деп еріксіз ойлайсың. Билікті сөгуге болады, тіпті сөгу де керек. Бірақ сөгу үшін сөгу емес, терісін дұрыстау үшін сөгу керек. Айта кетелік біз қазақтар бір жұдырықтай жұмылып іске кірісу əдетімізден айырылғалы қай заман. Бізді бүйтуге болмайды деп те тəрбиеледі ғой Кеңес жарықтық. Енді біруақ бір жұдырық аясында жұмылып шыдасақ несі болмайды екен ə? Бір жағынан біреудің шамы да келер, осы Назарбаев туадан президент болуға жəне өмір бойы болуға жаралған жан ба деп, əрине оныкі де дұрыс, бірақ қазіргі саяси ахуал, жағдайды ескеріп «оң миыңызға салып» ұзақ ойласаңыз бəрібір Назарбаевтан басқа ешбір талғам жоқ, сондықтан қазағымның жолында бір ғұмырым құрбан деп Назарбаевтың қасынан табылайық, ағайын. Нұрекең де оппозиция дегенде шошынбайтын Елбасы болғай!

─ 208 ─ Қазақтың кей мінездері Мен осы тарауды жазғанда халқымды даттауға жəне орынсыз қолпаштауға жол бермей онсыз да қазакемнің қанына сіңісті болып кеткен талай мінездерін атамадым, тек өз тағдырына тікелей байланысты, басқаларға тым өрескел сезілетін кей жағымсыз мінездерін сөз етіп отырмын. Мен халқымды əсте күншіл емес дер едім. Əр халық кейде өзінің болмашы жаман жағын өсіре айта салатыны сондай абырой əперетін нəрсе емес, күншілдік қай халықта да бар, тіпті өзіміздің ең мықты берекешіл деп санайтын еврейлерде де оның «əкесі» бар. Көрші орыстарға қарап көріңізші, бір кездері күн санап бір бизнесменді о дүниеге «аттандырып» тұрды. Осы дертті біз дереу қабылдап алдық. Бұл біздің өзімізді төмен санайтынымыздан, жəне күншілдікке бейім əдетімізден болған құбылыс еді. Біз біруақ өзіміздің жақсы жағымызды да айтуымыз керек. Оны біз айтпағанда басқа кім айтады. Бұл дүниеде қазақтай қонақжай жомарт халық жоқ. Қазақтай ақкөңіл, кеңпейіл халық та кемде-кем. Дейтұрғанмен бірқатар көршілеріміз қазақ арамза, қазақ оңбаған, пасық дейтінін де білеміз. Ол аз болғандай əр елдегі қазақтар бір-бірін кемсітіп айдар тағатыны тағы бар. Атажұрттағы кей қазақтар, шетелдегі қазақтарды қысылтаяң кезінде отанын тастап қашып кеткендердің ұрпағы дейтінін де білеміз. Бұл сөзде аздап жан бар, бірақта шетелдегі қазақтың бəрі отанын тастап қашып кеткен жоқ еді, олардың көбі өз жерінде отырып-ақ «шетелдік» болып шыға бергенді. Соңғы 250 жылда қазақтар өз жыртысын өздігінен шешіп көрмеген ғой. Санасы да əбден тұманданған қазағыма алыстағы енді бір қазағы жат ұлттай, ал шегір көз келімсектер бейне бір өз ұлтындай сезілетін болған. Содан əлі де арыла алмай, шеттен келген қазақтарды біресе «моңғол», біресе «қытай» дейміз. Одан қалса «өзбек», «орыс» болып та аталады. Жəне қай жерден келуіне байланысты олардың «бағасы» да бөлек. Еуропадан келсе мықты яки «құнды» қазақ болады да моңғол,

─ 209 ─ қытайдан келсе қойшы қазақ яғни «арзан» қазақ болады. Қырсыққанда мықты қазақтардың аз келетіні-ай. Қазағын да бүйтіп алалап көретінін білетін олар сонау жер мен ел жаннаты Еуропадан Қазақстанға оңай келе салмас-ау. Бұнда келсе олардың көбі баяғыда бір қазақ айтты дегендей «ұлып өледі» ғой, одан қалса қазақтық санасы барлары құсалықпен төсек тартып өлер-ау. Ал моңғол мен қытайдың қазағы өзіміздің кəдуілгі «қара» қазақ болған соң бəріне төзіп жүр ғой. Соның өзінде осылардың біразы қайран Алтайға қарап анда-санда бір «ұлып» қоятыны тағы бар. Кезінде осы біздің «мықты» деп атайтын қазақтарымыздың өзі сол қойшы қазақтан өсіп-өрбіп еді. Қойшының баласы үнемі қой баға бермейтінінің бір куəсі осы. Ауған, Ираннан басқа бүкіл Еуропадағы қазақтар қазіргі Шыңжаннан яғни Шығыс Түркістаннан кеткендердің ұрпағы. Моңғолдағы қазақтар да сол, ертеректе Өр Алтайдан ауып барған қазақтардың ұрпағы. Қысқасы Еуропадағы диаспора атаулы негізінен Шығыс Түркістанның түлектері. Ал өз атамекен жерінде өмір сүріп жатқан ирредиенттердің жөні басқа, олар қазақтың əр алуан ру тайпаларынан құралады. Қазақ – қазақ болам десе шетелден оралған қазақтарын осылайша алалап көрмеу керек, бұл ұлттық бірлігімізге көп нұқсан келтіретін жағымсыз мінез. Қазақтың тағы бір жағымсыз мінезі тым уəдешіл, уəде беру бар да оны орындау деген жоқ. Уəдеге келгенде оны ұмытып кетеді, не қашанда «қолы тимей» жатады. Тағы қосатын болсаң, біздің қазақтар көршілерін үнемі алалап көретіндігі. Қырғызды əлсіз шағын ел деп басынатыны, өзбекке сенімсіз көзбен қарап, бір өзбек келе қалса малдап-жалдағысы келіп тұратыны, бұл мінезді тəжікке де көрсететіні, өзбек пен ұйғыр, тəжікті көрсе болды сарт деп атай салатыны, кəрісті арамза деп жақтырмайтыны, шешенді қанішер деп, месхед түріктерін ұры деп, түрікменді ішмерез тұйық, одан қалса саяқ деп, татар башқұртты көрсе қу ноғай деп, германды көрсе тақыс сараң неміс деп, дүнген көрінсе жауыз деп т.т. жалғаса береді. Ау сонда қазаққа жағатын халық бар ма. Сол қазақты қанша халық жақтырып

─ 210 ─ құрметтейді сонда. Біреуді сыйламай тұрып одан сый құрмет күтуге бола ма. Оларды қанша мұқатамыз, өзіміз де сонша мұқаламыз. Сөйте тұра опасыз екі үлкен көршімізге қорыққаннан үнемі құрметпен қараймыз. Бірін жай ғана сыпайы орыс деп, енді бірін бара-бара қытай деп атағаннан да қорқып жуңго дейміз бе, ай қайдан білесің. Қазірдің өзінде қазакемнің бір бөлігі оларды ханзу одан қалса жуңхуа ұлты деп атап алды. Онда ана қытайларға қазақты хасаке демей дұрыстап қазақ деп атасын деу керек ғой. Орыстың батыстағы мазақ-келеке атауы əлі күнге дейін «сібірдің орыс аюы». Одан қалса «ақымақ иван». Аюдың орасан зор күшті бола тұра əр нəрсеге ебедейсіз олақтығын меңзеп солай атаса керек. Орыстарды кезіндегі германдықтар швайын (шошқа деген сөз, арам деген мағынада айтылады) деп те атаған онда. Сол орыстардың өзі қазақ халқын байырғы төл атымен ширек ғасыр бойы атамай кемсіткенін білсек те оларды құрметтейміз де, басқасына ат қойғыш болып кетеміз. Міне ат қойып айдар тақсаң бəріне атау табылады, ат қойсаң бəріне қой, қоймасаң бəріне қойма, əрі тең қара. Біреулерді əлсіз деп, шағын деп айдар тағып кемсітіп, менсінбей қатынасуға болмайды. Бірге мəңгі болуға нəсіп еткен қай көршілерімізбен де бірге дамымай ісіміз оңалмайды, бұлай істемеген жағдайда айналып келіп аймақтық тұрақсыздыққа əкеп соғып отырады. Бұл кезде олармен қосып біз де зардап шегетін боламыз, оларды құрметтеп əрі бірге дамымай дамыс жолына деп істеген əрбір еңбектеріміз бəрі де зая кететін болады. Ал сонда көршілеріңді менсінбей мазақтағанды көрелік. Тағы бір жəйіт – ата жұртына оралған кей қандастарымыздың міндетсінуі. Қазақ еліне көшіп келуді үлкен бір іс тындырғандай сезінеді. Жарайды бұл солай да шығар, қазақ еліне бір қазақ болса да керек болып тұрғанда бұлай «бұлдануы» дұрыс та шығар. Мəселе олардың əр нəрсеге қанағат етпей міндетсініп көптеген талап қоятыны. Елім деген қазақ ең алдымен еліне қызмет ету ниетте болып, сол талап атаулыны артынан реті келгенде жайымен қоятын

─ 211 ─ болса қандай жақсы. Бізді күтіп алатын Қазақстандай еліміз бар екеннің өзі бізге үлкен мақтаныш емес пе. Қазақтың тағы бір жаманы ол өзінен басқаны менсінбейтіні. О заманда бұ заман атам қазақ қайда барса да əр жердегі қандастарын тек ғана ағайын деп атамаса қазіргі біздерге ұқсап «бауыр» деген жоқ еді. Бұл жерде санның аз-көптігінде еш маңыз бермеген ғой. Алыстан келген кімді болса да ағайын деген. Ал бауыр дегенде біртүрлі өзін жоғары ұстап менменсу бар екені аңғарылып тұрады. Мысалы, Түркиядағы қазақ бауырларымыз дегеннен гөрі Түркиядағы қазақ ағайындарымыз десек əлдеқайда көңілге жылы, бір-бірімізді сыйлағанымыз белгілі болып тұрмай ма. Есесінде олар да атажұрттағыларды үнемі ағайындар деп атап келеді ғой. Мысалы, мен Моңғолияда отырып Қазақстандағы қазағымды ешқашан бауырларымыз деп айтпас едім. Жалпы кішіпейілдіктен қазаққа келер зияны жоқ. Ит өлген сонау Антарктикада жападан жалғыз қазақ бар болсын, ол сіздің бауырыңыз емес тек ағайыныңыз болсын. Бауыр деген жат сөз емес, бұл бауырмалдықтан шыққан ниет шығар, дегенмен бауыр дегенше ағайын десек əлдеқайда құрметпен қарағандық болады. Бұған қоса қазақтың өтірік кішіпейілдігі тағы бар. Отаршылардан қалған əлгі бір өзін жас қып көрсету үшін біреуді өтірік ағалап, əпекелеп (əпке) тұратын ауру əлі де жалғасуда. Орыстың елудегі егде тартқан кемпірлері бірбірін шімірікпестен қыз дейтінін де білеміз. Сонымен біздің де елудегі «кемпірлер» тұп-тура қыздар аталып жүр. Ағаны аға деу əрине жақсы ғой, бірақта бұны өзін жас қып көрсету үшін өтірік қолдануға бола ма?! Қазақ бұрын руға бөлініп бет жыртысушы еді, енді қайдағы бір саяси партия үшін қызыл кеңірдек болатынын қайтерсің. Айталық қазақтар енді əсіре саясатшыл болып кетті. Атажұрттағы қазакеме былай істеуі орынды, өйткені сол көп партиялардан біреуін дұрыс таңдап дауыс беру үшін керек ғой. Ал мен өмір сүріп жатқан Моңғолия сияқты елдердегі қазақтар үшін партияға бөліну дегеніміз

─ 212 ─ турасын айтқанда «боқ жеу» қана. Ол партияны қолдадың не, қолдамадың не, бəрібір, біздердей аз қазақтан ақыл сұрап жатқан ешкім жоқ, яғни «пілге үрген қанден» кебін киіп келеміз. Одан да ұлттық мүддемізді қорғап біріксек əлдеқайда баянды болар. Əр елдегі аз ұлттың күнімен санасатын елдер қазіргі кезде санаулы ғана, олардан билік тобынан көрінетіндер де шыға қоймайды. Елдің бəрі біздің Қазақстан емес, орыстың елін орыстар, қытайдың елін қытайлар, сондай-ақ шүршіт «елін» тек шүршіттер қана басқаратыны даусыз ғой. Сонда біздікі не, əр елде ат төбеліндей аз бола тұра олардың ит жыртысына қосылып жасанды партияға бөлініп (бұл сөз моңғолдағы орынсыз тартысатын кей мансапшыл қазақтарға қаратылып айтылып отыр) қызыл кеңірдек боламыз да жатамыз. Сөйтті деп бізге тиіп жатқан пайдасы ол жоқ. Тағы бір жəйіт, өзінің жағымсыз жақтарын кеңестен қалған мирас, солардың жұқтырған ауруы деп басқаға жаба салатыны. Қазақ елі тəуелсіздік алғаннан бері 20 жыл өтсе де ол неткен арылып бітпейтін мирас десейші. Санасының мəңгүрттенгенін айтпай-ақ қояйық. Басқа да толып жатқан мінездер бар. Шетелге барғанда ондағы қазақты танып ағайын болып тұрады да еліне келген соң танымай қалады. Бұл мінез тек атажұрттағы қазақтарға ғана емес барлық қазаққа тəн аурудың бірі. Билік басында ылғи демесек те көбінесе мəнсапқұмарлар, атаққұмарлар жүреді, нағыз қазағым дегендер қашан көрсең шеттетіліп жүргені. Мəнсап үшін жүргендер қашанда өзін ғана ойлаған, оларға ел үшін қызмет ету деген күлкілі нəрсе. Елім деген қазақтар қашанда опық жеп жүргенін ғана көресің. Кей қазақтың күн көріс кəсібі тек ғана мəнсап болды. Мəнсап жоқ болса сол қазақтар аштан өледі білем. Өйткені олардың қолынан басқа нəрсе келмейді, сонда олар аштан өлмегенде кім өледі-ау. Асан Қайғы бабамыз бар болса «мəнсабы жоқ олар қайтып күн көрер» деп күңіренер еді. Мəнсап үшін бұл қазағым қоңын ойып беруге дейін барды. Кейде осы біздің қазақ, қазақ болудан қалып бара

─ 213 ─ жатқандай сезіледі. Бұған мына нарық заманы өзіндік əсерін тигізіп отыр. Қазағымның қонақжай мəрттігі де келмеске кетіп барады. Өңгесін айтып қайтейін, өзімнің жақсы білетін Моңғолия қазақтарын айтайыншы. Моңғолиядағы қазақтар рулық жағынан негізінен абақ керей болғаны үшін кейде «кең қолтық керей елі» деп те аталып келді. Ол аз десеңіз «ауызын ашса жүрегі көрінетін аңқау момын керей» еді. Ал енді ше? Бұрын шыққан құлақтан соңғы шыққан мүйіз озыпты дегендей ең бір озбыр, қулық сұмдыққа əбден жатылған қазақ болып бітті. Оған мына заманның күн көріс қысымы айтарлықтай итермелеп біреуді алдап-арбауға барынша жатылып алды. Қазақстанда кім бір жерге орнықпай көшіп жүреді, бізден барғандар. Кім біреуден бірді алып сатып жүр, бізден барғандар. Кім ұлыны ұлық демей, кішіні кішік демей ұстаса кетеді, тағы да бізден барғандар. Кім əлгі квота дегенді «сапырып» жүр, бізден барғандар. Ең жаманы бұл квотасын тек қазағым ғана жеп қоймай қайдағы бір басқа ұлт өкілдері де жол ортадан алғаны қынжылтады. Жесе тек өз «итіміз» жегені дұрыс ғой (бұл жерде терістікті парақор шенеуніктерге қатыстыратын толық негіз бар, егер, бұлар ақшаға сатылмағанда басқа ұлттар түгіл өз қазағымызға əрең тиіп жүрген осы квоталар қайдағы бір сұмырайларға қолды болмас еді ғой). Сонымен «бізден барғандар» жалғаса береді. Бірақта барлығы солай деуден аулақпын. Демократияны анархизм деп ұғуға шақ қалған моңғолдардан бір ұққаны үлкенді үлкен демей бетінен алатыны. Осы үлкендер деген ұлықтар деген сөз ғой. Бұл моңғол елінде бастықтан қорқу, қорқу емес-ау имену деген ұмыт болғалы қай заман. Демек бастық болғанды сыйлай бер демеймін. Тек сыйлайтын да сыбайтын жер болады, осының таразыдай орта шегін ұстай біл демекпін. Кезінде осы керей атажұрттан ажырамай бірге тұрған шағында момындығымен аты шыққан ел еді. Арғынның озбырлығына шектеу болмады, керейдің малында жоқтау болмады деп жоңғардан енді ғана азат етілген атамекен Алтайға ауа көшкен де осылар еді. Атажұрт Алтайға көшуге

─ 214 ─ сылтау табалмай отырғанда арғынның «озбырлығы» оңай сылтау болды да Сырдан Алтайға бірақ жеткендер де осылар болатын. Енді сол Алтайдан да «безіп» қайта көшіп жатыр. Момын керей атауы енді озбыр керей аталса таңқалмаңыз, ағайын. Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді деген осы. Қай жерде де бар сотқарлардан болып азғана керейімнің құлағы шуласа мұны да жазғыра көрмеңіз. Өйткені бұлар да сенің бір бөлігің ғой. Бұл қазақтан шықпаған мінездер шығып жүрген жоқ па. Тек керейді ғана айтып қайтейін, бұл мінездер басқа ағайындардан да көрініс беріп жүрген жоқ па. Қытайдан барған қазақтар асқан еңбекқорлығымен көзге түсіп жүр. Сонымен қатар бір тесік тиынға дейін есептейтін жіңішке «сараңдығымен» де аты шыға бастады. Қарапайым қазақ үшін күнделікті өмірде бес он ақшаны есепке алмайтын мəрттігі (ендігі жерде оны мəрттік деу қиын сияқты) де бар, сондықтан да «қытай» қазақтары сараң аталып отырған жоқ па. Еңбекпен тапқан бір тиыны болса да алам деуі неге сараңдыққа теңелуге тиіс? Бұ да тұрған түкте жоқ, қазағым ендігі жерде сараңдығымен аты əйгілі германнан, қытайдан ұға бастағаны сол ғой. Сондай-ақ біздің қазақтар орынсыз мақтануға келгенде алдына жан салмайтын жаман əдеті бар. Өз басым біздің елге (Моңғолияға) шетелден қыдырып келетін кейбір ағайындардың мақтаншақтығына таңданып бітпеймін. Əсілі біздерді бір «таудың қуысында өркеннен мақұрым қалған мүсəпірлер» деп ойлай ма, өзінен басқаны əсте менсінбей, өз еліндегі өзінің қисапсыз көп дүние-мүлкі, байлығын (егер шынымен бар болса онда айтарым жоқ), мінетін көлігін, кейде тіпті отасқан əйелін де айтып мақтанумен болады. Қыза-қыза бір емес бір топ əйелдері бар, машина атаулыдан қорасында он шақтысы бірақ қаңтарылып тұр, ана аудан, мына ауданда сондай үйім, котеджім бар, бір балам Америкада, енді бірі Жапонияда оқиды деген сияқтыларды айтудан жалықпайды. Бұл мінездерін білмеген кісіге алғашында керемет бір қызғаныш туады, шынында біздің қазақтар шетінен бай-ау осы деп те ойлап қаласың. Əнтек «Айға

─ 215 ─ ұшып барғам жоқ» дегеннен басқасын айтатыны бар. Одан қалса бізге қыдыр, мен сені «былай» күтіп аламын, бір ағам ту анау «ненің» «несі» (министрі) ғой... Жə, осымен қоялық. Одан арғысы онсыз да белгілі ғой. Бұлар өз арамызда онша ерсі болмағанымен басқа ұлттар естісе тіпті масқара жəйіт. Бұл қазақ бөскісі келгенде «б...ны айналып кетедіні» елестетіні жаман-ақ. Əйтпесе бұл бəрімізге тəн үйреншікті ауру ғой. Міне бұл мінез жəйлі аз сөз. Ал сырттан барғандарға тікенектей тиетін тағы бір албасты бар. Ол қазақта қашаннан бар, қазіргі заманда тіпті үлкен əдетке айналған қалыңмал деген пəле. Əсіресе шеттен жаңа ғана көшіп келген «тақыр кедей» ағайындар үшін ұлын үйлендіру деген қиял болып қала ма деп қорқасың. Ол байғұста жаңа құдаға мінгізетін көлігі (иномаркасы) бар болса игі еді-ау, оңдайы жоқтар қайтеді сонда? Мен білсем осы қазақтардың ішінде ең аз қалыңмал алатыны Моңғолия қазақтары болады. Ал басқасы қалыңмалға келгенде құдасын, тіпті болашақ күйеу баласын да əсте аямайтын көрінеді. Менің өте жақын туыстарым Қытайдың бір аймағында тұрады. Олардың ішінде менен де жасы үлкен болса да талай ағаларым əлі күнге дейін үйлене алмай келеді. Себебі жалғыз, құда жаққа төлейтін қалыңмалы жоқ. Қытайдағы қазақтар «сіңірі шыққан» кедей екенін бəріміз де білеміз. Оған қайран қазағым емес оларды билеуші аға ұлт ханзулар кінəлі. Онсыз да азып азайып бара жатқан қазағымның артық балалы болуы да кінə деп есептеледі. Түріктегі қазақтарда қалыңмалдың «көкесі» бар деп естіледі. Орыстағы мен атажұрттағы қазақтар бұл жағынан алдына жан салмайды. Қытайдағы қазақтар өзінің «сіңірі» шығып тұрғанына қарамай басқа қазақтардан əсте кем түспейді. Қалыңмалдан байыған қазақты көрмедім, естімедім де. Бұрында естімеген едік. Солай бола тұра бұл неткен жаны сірі мирас деші? Қазақ атаулы «жаңарып» талай жақсы мінездерін асыға тастап жатқанда бұл неткен жабысып қалған пəле деңізші. Біздің қазақ нəрсенің жақсы жағын емес жаман жағын

─ 216 ─ алғыш келетіні шын-ау осы. Бұл қанға біткен «жақсы» əдеттер қазақпен бірге жасайтын да шығар. Өйткені қашанда жақсыға емес жаманға бейім келетіні бұл жұмыр басты пенденің дағдысы емес пе. Мал баққан қазақ өзі де мал бола ма? Қазақстан үкіметінің ауыл мен жер жайында ұстанған саясатын осылай сипаттауға болады. Боқтық үшін керектеніп, барлық жаман жағымызды солай теңей салатын кешегі кеңес заманының өзінде малдың саны 50 млнға таяу болса қазіргі кезде 15 млнға (2006 жылғы сан) да жетпейді. Бұған қазақ үкіметінің «мал бақсаң оған қосылып өзің де мал болып кетесің» деген сорақы саясаты септігін тигізген еді. Үкімет дəл осылай саясат ұстанбаса да ауылға жүргізіп келген саясаты жанама түрінде дəл солай болып шықты. Малдың күнін емес ақшаның күнін ойлаған үкімет жерді телім-телім қып азын-аулақ ақша тауып жатқанда мал шаруашылығы жан тапсырып жатты. Қазақтың малы барда жері де сау еді, енді малы да жоқ, жері де шала-жансар, шетінен шұрық-шұрық тесік. Əлемнің талай елдерінде бұндай қателіктер болғанын біле тұра оған мардымды шара қолданбаған үкіметті қайтып ақтайсың. Қайсыбір елдер өркен жолында бір жағын құрбандыққа шала отырып əрең жеткенін əлем тəжірибесінен жақсы білеміз. Қанша өркен-табысқа жеткенімен оның арты орны толмас салдарға əкеп соғып отырған. Онсыз да сүлдемі əрең тұрған қазақ жерінің бұрынғы азаптары аз болғандай шетел инвестиция желеуімен кірген жер ойрандау науқаны тіпті күшіне енген еді. Қазақтар мен мемлекеттің атында əйтеу жердің аты ғана бар, ал заты қайдағы біреулердің қолында. Біз өз жерімізді өзіміз аяламасақ басқа ешкім көңіл бөліп аяламайды, қойнауындағысын суырып алысымен олардың бізбен шаруасы бітті, жайына кете барады. Артында тоз-тоз болған жерімен шырылдап қазағым қала береді.

─ 217 ─ Арал, Балхаш, Сыр, Семей, Маңқыстау аз болғандай экология сыны тіпті ауырлайтыны белгілі болып отыр. Аралдың суы тартылуына адамның əсері (бұған көрші елдердің əсері тіпті көп) аз болмағанмен оның нақты себебі арыдан болып отыр. Жер шары мыңдаған жыл бойы бірде суынып мұз құрсауланса, бірде жылынып құм шөлге айналып отырған. Демек Арал əлі де тартылып, тіпті қу тақырға айналуы ғажап емес (бір кездері Сыр мен Əмударияның суы мол болғаны сондай, Аралдың суы асып төгіліп тұп-тура Каспийге құйып жатқан дегенге қазір сенесіз бе). Оған керісінше қазақ жерін көптік еткендей, жұтып алуға асығып Каспийдің суы көтеріліп басып келе жатыр. Бұл цикл бұрыннан да болып келген дейді. Міне осындай жағдайда қазақ жері аздаған жылдардың ішінде шөлге айналып кету қауіпі бар. Ал үкімет болса онсыз да шөлге айнала бастаған жерді қорғаудың орнына тоздыруына қайта дем беріп отыр. Бүйте берсе мал баққан емес, мал бақбаған қазақ алдымен мал болар деймін. Қазақтың осы жері бізге көптік ете ме. Керек десе біз ең шұрайсыз жерге ие болып қалғамыз онда. Небір шұрайлы жерлер баяғыда басқалардікі болып кеткен еді. Солтүстік шекарадағы бізге сұғынып кірген талай кірме бұрыштарды көрсеңіз бұған анық сенесіз. Сонау қыпшақ-хазарлар, аландардан қалған ұлы Еділдің шығыс жағалауынан бір қадым да жер бізге тимегені соның айдай айғағы емес пе. Ендеше отаршылардан ең бір жақсы жерлерімізді таңдап қорғап қалғандай масаттанып азғана жерімізді тоздыруға жол бермеу керек. Ақшаның күнін ойлағанда жердің де күнін қатар ойлау керек емес пе.

─ 218 ─ Тұран бірлігі: ақиқат па, аңыз ба? Түркілер басқа көптеген ірі халықтармен салыстырғанда этникалық құрылым, тілінің біртектілігі жағынан əлдеқайда біртұтас халық. Түріктердің өзара туыстығы бүкіл славян халықтарының өзара туыстығынан көп жақын деуге болады, əрі бірлігі де айтарлықтай жақсы, қазіргі кезде бір-бірімен ашық тіресіп отырған ешбір ел жоқ. Кез-келген славяндар бір-бірімен ұғысып кете алмайды, ал түркілер керісінше, мысалы өзара айтарлықтай ұзақ бұтақ болатын анадолы түрігімен шығыстағы түркілер (қазақтар) тура түсінісе алады. Біз қазіргі кезде қытай ұлтын дүниедегі адам саны ең көп ұлт деп түсінеміз. Бірақта сол қытай яғни хан ұлтының біртектілігі қазіргі бүкіл түрік халықтарының өзара біртектілігімен бейне бірдей деуге болады. Солтүстіктегі қытай оңтүстіктегі қытайдың тілін əсте ұқпайды. Қытай тілінде мандарин (путоңхуа немесе бейжін диалектісі), кантон (Ю), ву (Шанхай диалектісі), миннан (Тайвань диалектісі) т.с.с. үлкен жеті диалекті бар. Бірақта бұларды диалект дегеннен гөрі басқа бір тіл десе де болғандай. Түріктің қай халқының да санау есімдіктері өзара айырма жоқ тым жақын болып келеді. Қырықтан астам тілден құралатын 200 млн сөйлеушісі бар түркі тілдерінде саха мен чуваш тілін есепке алмағанда басқаларының лексикалық, грамматикалық, фонетикалық құрылымында тіпті айырмашылық жоқ делінеді (Керек десе саха тілінде де сондай көп алшақтық жоқ деуге болады, мен бірде біздің Моңғолияға əлдебір жұмыспен келген орыстардың қазақша көпгөрім түсініп тұрғанын көрдім, оларды Қазақстаннан келді ме десем керісінше Сахадан (Якутия) келген болып шықты, олар қазақша емес сахаша біледі екен, сонда ту сонау Қиырдағы саха мен Орталық Азиядағы қазақтың тілінде де өзара сонша көп айырма жоқ екені бұдан-ақ белгілі емес пе). Діні де ортақ ислам діні болады, оның ішінде барлығы дерлік сүнни ағымын ұстанады. Ал Бейжіндегі қытай мен Хонг Конгдағы қытайдың сан-

─ 219 ─ ды санау атаулары да өте бөлек, еш ұқсастық жоқ, тіпті жер мен көктей десе де болғандай. Айталық алтай тіл тобына жататын қазақ пен моңғол сияқты, бір-екі-үш дегенді моңғолдар нег-хойыр-ғұрыв дейді. Осыдан сіз ұқсастық көре аласыз ба? Қазіргі қытай тектестердің кей диалектілерінің өзара жақындығы да дəл осындай, алтай тіліндегі қазақ пен моңғолдың жақындығы қазіргі кезде тым шамалы ғой. Ал түріктердікі бұған керісінше, тілдері өзара өте жақын, мысалы, сонау Солтүстік қиырдағы Саханың түрігі мен Орта Азиядағы түріктің сан санау есімінде айырмашылық жоқтығы мұны растай түседі. Шыңғыс қалың қытай тектестерді біріктіріп өзара туыс қылып бір халық еткенде, қалың түркілерді керісінше бір-біріне жат қылды (Шыңғыс қалың түріктерді бөліп жібергені болмаса қазақтың ұлт болып қалыптасуын əсте кері шегермеген ғой). Мұның айғағы көк түріктердің елін көзінің тірісінде төрт ұлына бөліп бергені емес пе. Бірақта түркілердің тұтастығына онша көп зиян келтірмеді. Ал қытайды Шыңғыстан кейін Құбылайдай ұрпақтары одан əрмен біріктіріп берген еді. Қытайлар бүйтіп біріктіріліп жатқанда көп түркілер керісінше ыдырап жатты, артынан да тұтас бір ел бола алмады ғой. Сонда да олардың ара-қатынастары өте жақсы бір-бірінен онша алыстаған жоқ еді. Артынан екі алпауыт отаршы келді де біртұтас түркілерді бөліп-бөліп тастады. Бірақта бұл үрдіс соңғы ғасырларда болып өткендіктен түркілер өзара көп ұзай қойған жоқ. Бұдан не түйіндейміз дегенде біздің түркілердің арасында көп алшақтық жоққа тəн. Орта Азияның түркілері бірбірінің тілін қайткен күнде ұғатындай шамасы бар, ұғылады да. Демек оларды қытаймен салыстырғанда бір халық деп түсінуге əбден болады. Ал қалың көп қытайлар өзара бізден де алшақ бола тұра бір халықпыз, ұлы хан ұлтымыз дейді. Оларды біріктіріп отырған қытайдың режимі. Екіншіде отырықшылығы. Үшіншіде əлгі бір шытырмақ буын жазуы. Шығыстың қытайы батысқа өмірінде барып көрмеген, ол жақта да өзім сияқты бір қытай бар деп сеніп келген. Ал іс жүзінде ол жақта

─ 220 ─ өзі сияқты емес, тілі тегі жағынан өте алшақ бөлек қытайы бар еді. Мұны əлі де жасырып қытайды біртекті халық деп сендірумен, тіліндегі алшақтықты бір тілдің диалектісі деп түсіндірумен келеді. Шыңғыстың тұсында 90 млн болған қытай тектестерді Шыңғыс бір біріктіріп берсе, одан кейін Манжулер қайтадан бір ажырамастай біріктірді де, артынан Мао тұсында 400 млн болған оларды дүниежүзілік екінші соғыс шарасыздан бірігуге итермеледі. Сонда да олар өзара тілдерін түсінісе алмай əуре болумен осы күнге жеткен еді. Сондықтан да олар елін қытай яғни «хан» елі деп атамай Жуңгуо деді. Бұнысы қазақша айтқанда ортадағы (азаматтар) ел немесе азаматтардың ортадағы елі...яғни қытай деген атауға еш қатысы жоқ айдаладағы бөлек бір атау. Егер де қытайлар жоғарыда айтқан себептермен бірікпеген қалпы болса онда қазіргі үнділер сияқты құрама ұлт болар еді. Əлі де бұл қытайлар біртұтастық жағынан үнділерден асып тұрғаны шамалы болса да өздерін бір ұлтпыз деп езеурейді. Қазіргі үнділер, ондағы тегі ұзақ дравидиан тектестерді қоспағанның өзінде ұлттық құрылым жағынан тым күрделі, айтарлықтай құрама ұлт. Қытайлар да дəл осылар сияқты, жалғыз артықшылығы бар, ол көп уақыт біріккен бір елге қарасты болып келгендіктен өзара аздап жақындығы бар, демек олар əлі де ұлт болып қалыптасу үстінде. Қазақтың елін Қазақстан деген, орыстың елін Россия дейді, сонда қытайлар елін неге Хан немесе Хангуо демеген. Бүйтсе біртұтас емес көп қытайлардың шамына тиері сөзсіз. Жуңгуо дегені көптеген елдердің атауында кезігетін көтермелеген атау əсте емес, елінің нағыз атауы. Мысалы біз Жапон елін күн шығыс елі, Ресейді екі басты самұрық елі, Корейді таңғы самал елі, Моңғолды шексіз кең дала елі, Түбітті (тибет) қарлы таулар елі, Нидерландыны холланд немесе қызғалдақ елі дейтінін білеміз. Қытайдың осыларға сəйкес атауы аспан асты елі. Демек жанағы жуңгуо дегенге еш қатысы жоқ айдаладағы бір атау. Бұдан біздің түйіндейтініміз қытай деген бір ұлттың атауы емес, бүкіл қытай тектестердің атауы деп ұққан жөн. Қазіргі кезде бірде-

─ 221 ─ бір қытай өзінің ұлттық жазуының əліппесін толық білмейді. Бұл шытырмақ қалың буын жазу-иероглифтерді меңгеру де мүмкін еместі. Бұл жазудың да олардың тілін біртекті етпей қалыптастыруында өзіндік үлесі көп болған... Өйткені буын жазуымен жазған сөз біраз уақыт өткен соң бұрынғысынан бөлек айтылып оқылатын болған. Бұл жазумен сөзді өзгертпей оқу мүмкіндігі де жоқ болатын. Қытайларды бір-біріне жалғап тұрған да осы жазуы, қандай бір сөзді қай диалектісі болса да бірдей жалғыз иероглифпен жазады, содан бұны қай қытайы болса да бəрі бірдей ұғады. Бұлардың ішінде бейжін диалектісі (мандарин немесе путоңхуа) басым тұрады, барлық қытайларға осы диалектіні толық білу міндеттелген. Сонымен осы диалектісі қазіргі қытай тілінің міндетін атқарып келеді. Қытайларды тым созбақтап кеттім білем, менің айтпағым түркілер жайы ғой. Міне біздің бір ұлт деп ойлайтын қытайлардың тұтастығы да тым шамалы екенін де білдік. Ол аз десек, қазіргі моңғол тектестердің біртектілігі де тым шамалы, олардың талай диалектілері бір-бірін əсте түсіне алмайды, ол түгіл бір елдегі, мəселен Батыс Моңғолиядағы моңғолдар мен Орталық Моңғолиядағы моңғолдар өзара əрең түсініседі. Ал Еділдегі құба қалмақтың тілі əлдеқашан басқа тіл болып қалыптасқан. Монгор, дағур бастатқан тілдерді қазіргі халха моңғолдары əсте ұқпайды да. Бұл тілдер əбден қытайланып біткен. Осы моңғолдардың ең жақын деген диалектісінің өзі қазіргі қазақ пен қырғыздың өзара айырмасынан көп болады, керісінше екі бөлек халық делінсе де қазақ пен қырғыз оңай түсінісе алады. Сонда біздің түркілер неге бірікпеске? Түрікті «біріктіруден» бұрын олар неге жер дүниеге тарап шашырап кеткен себебін іздейік. Көк түріктің бабасы ғұндар тараған соң түркілердің басы əсте біріккен емес, ылғи ыдырап бөлшектеліп отырды. Көк түріктің тұсында екіге бөлінсе одан кейін геометрия прогрессімен бөлінген еді. Содан ақырында бөлінетін ел де қалмай қазіргі күнге жеткенді. Ғұндар сəнби мен қытайдан болып ыдырап батысқа ығыса бастаса, түркілер тағы да осы қытайдан болып ыдырап,

─ 222 ─ ақыры тағы да батысқа ығысқан еді. Түркілердің түпкілікті ығысуына моңғолдар түрткі болған еді. Əбден ыдырап бөлшектеліп алған түркілер өздері бірігудің орнына енді біреулерді біріктіретін күшке айналғанды. Ежелгі дəуірден қазірге дейінгі ең үлкен ел Қытайды, сандаған кіші хандыққа бөлініп тұрған алып Русьті, Арабты, Үндістанды, Шығыс Еуропаны да біріктірген түріктер болатын. Оларды біріктірді де артынан олардан опық жеп отырды. Шыңғыстың атымен оның қоластында болған көп түріктер осыны атқарды. Небары 1 млндай болған моңғолдар түріктей серігі болмағанда жарты дүниені иеленіп соншама халықты біріктіретін еш мүмкіндігі жоқ еді, керісінше қалың құмға сепкен бір тамшы судай сіңіп жоғалары хақ еді. Міне түріктің бір-бірінен ұзауы осыдан басталады. Түріктің басына біреулерді біріктіру жазса өзара бірігу неге жазылмасқа. Егер де Ресей мен Қытай ыдырайтындай болса бүкіл түріктің бірігуіне толық мүмкіндік туады. Олар ыдырамаған күннің өзінде Орталық Азияның туысқан елдері біріксе де жетіп жатыр. Бұлай біріге қалса онда жері 4 млн шаршы км-ге таяу, халқы 55 млндай едəуір үлкен ел өмірге келмек (бұны тура механикалық бірігу деп қарамау керек, кəдуілгі Еуро Одақ сияқты болса несі болмайды). Бүйтсек талайлар бізбен санасуға тура келеді. Тіпті бұл біраз нəрсенің бастамасы да бола алады. Ресейден күні бүгінге дейін шыға алмай келе жатқан Татарстан, онан кейін Башқұрт деп азаттыққа талпыну үрдісі үлкен екпінмен өрбімейтініне кім кепіл бола алады. Барабара Қытайды ыдырататын күшке айналуы да əбден мүмкін ғой. Мына заман біреудің күні біреумен тығыз байланысқан заман. Түркілерді басынатындай мінез-құлыққа Қытай елі ешқашан бара алмайды. Өйткені оның арты неге соғатынын бір Жаратқаннан басқа білуші табыла ма. Қысқасы онымен бүкіл əлем санасуға тура келеді. Бүкіл түркілердің саны 200 млн болса, жері одан да алып 12 млн шаршы км-ден кең мол асатын болса онымен санаспайтын ел бола ма? Қазірдің өзінде 6 толық тəуелсіз елі (Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан,

─ 223 ─ Əзербайжан), 12 жартылай тəуелсіз республикасы (Татарстан, Башқұртстан, Саха, Чувашия, Қарақалпақстан, Дағыстан, Тува, Қабарда-Балқар (Малқар), Хақасия, Алтай, Қарашай-Шеркеш т.б.), 50-ден астам ұлттық аумақтық құрылымы бар (бұлардың көбі Ресейде еді, біразын өзара қосып қысқартып тастады, халқы жағынан ең ірісі Қытайдағы Шығыс Түркістан, Іле қазақ облысы жəне т.б.). Бұлардың иелігіндегі барлық жерді қоссақ онда 12 млн да емес аттай 14 млн шаршы км жері бар. Дүниедегі ең алып жер, ең көп біртұтас халық болмақ. Демек түріктің бірлігінде көп дүние жатыр. Түрік біріксе тұран түгіл дүниенің мақсаты шындыққа айналмасын кім жоққа шығара алады. Өкініштісі сол, осы 200 млн түркілердің тек 120 млннан астамы ғана толық тəуелсіз нағыз түркі елдерінде өмір сүреді де қалғаны біреулердің «босағасында» кіріптар болып жүр. Тек Иранның өзінде 18 млн əзербайжан, 1,5 млн қашғай, 2 млндай түрікмен (трухмен, туркеман, қызылбас), 0,6 млн афшар (аусар) бар. Қытайда кемінде 10 млн ұйғыр мен 1,5 млн қазақ, аздаған қырғыз, өзбек, тыва барлығы 15 млннан кең мол асатын түркілер бар. Ресейде 6 (8) млн татар, 1,8 млн башқұрт, 1 млнға жуық қазақ, 1 млндай саха (түркі тектес сібірліктерді қосқанда), 1,8 млн чуваш, саны азды көп ноғай, тыва, алтай т.б. барлығы 15 млнға таяу түркілер бар. Ауғанстанда 7 млндай өзбек пен түрікмен, аздаған қазақ тағы бар. Сондай-ақ Моңғолияда 160 мыңдай қазақтар, Сирияда түрікмендер, Болғарияда жəне Кипрде анадолы түркілері, Украинада қырымшақтар, Тəжікстанда қырғыз, өзбектер, Германияда 3 млннан астам анадолы түркілері бар (бұлардың біразы күрдтер болады). Осы елдердегі түркі тектестердің жиынтық саны 70 млн шамасында. Түркінің жауы бұрындары қытайлар болып келсе соңынан орыстар болып орны ауысқан еді. Қалың түркілердің шетінен сормаңдай болып саны өспей қалуына бұл орыстың тигізген кесірі ең көп болған еді. Анадолыдан Сахаға дейінгі он мыңдай шақырымға жалғасқан түркінің біртұтас жері осы орыстан болып бірнеше жерде кілт үзіліп қалса қазақтың

─ 224 ─ санын 3 есе, татардың санын 5 есе, ноғайдың санын 30 (!) есе, сібірліктердің санын 6 есе, башқұрттың санын 3 есе тежеген де осылар болатын. Бұны біз тарихтың қайта соғар əлеуеті немесе арғысы ғұн, қыпшақтар, бергісі Алтын Орда, Ақ Орда дəуірінде бабаларымыздың батыстағы Руське салып тұрған қалың лаңының қарымтасын қайтарған дүние кезектік десек те орыстың бұл қасабы біздікінен əлдеқашан асып түскен еді, сол үшінде мұны ешқашан ұмытуымызға болмайды. Қазіргі кезде ХХІ ғасырды ақпарат ғасыры дейді. Сондайақ арабтар бұл ғасырды арабтың ғасыры десе кейбіреулер қытайдың ғасыры дейді. Мейлі солардың-ақ ғасыры болсын. Бірақта біздің түрік кімнен кем еді. Жері мен басы тең, ешкімнен кем түспейтін ұлы халықпыз. Неге біздің, яғни түркілердің ғасыры болмасқа. Мені қазіргі түріктің қарашаңырағында отырған төрт-бес елдің өзара түнерісуі қынжылтады. Азғантай қазақ пен өзбек неден болып бірбіріне бұртияды, аты үнемі бəйгеден келіп тұрғандай түрікмен неге саяқсиды, ат төбеліндей аз бола тұра қырғыз неге жалғыз төңкеріс жасап «айға ұшпақшы» болады, туыс бола тұра азғантай моңғол неге ат тонын ала қашады? Ол аз болғандай көк түрікті бір өзіне ғана меншіктеген өзбекшілдік, ұйғыршылдық, қырғызшылдық тағы бар. Көк түріктен кейін қарлұқтардың, ұйғырлардың, қырғыздардың бір сəт алма-кезек билік құрғаны да шындық еді. Солай болған күнде, қазіргі өзбек тілі қарлұқ (шағатай) тіл тобына кіреді деп қарлұқты кім таза өзбек дей алады. Маған келсе қарлұқты жартылай қазақ (найманның бір бөлігі қарлұқтардан шыққан), жартылай өзбек, ал нағызында тек ғана көк түрік болды дер едім. Жəне де қазіргі найман мен керейдің жартысын құраған тоғыз-оғыздардың байырқу тайпасын, одан қалса көк түріктің тұсындағы билеуші тайпа болған қыпшақты (қимақ) қайда қоямыз. Осы тайпалар қазіргі дəуірде басқа түрік тектес халықтарда бар болғанымен ең көп бөлігі бəрібір қазақ халқына қосылғанның өзі көк түрікке мұрагерлікте қазақтар басым тұрғанын білдірмей ме.

─ 225 ─ Сол кездегі ұйғыр хағандығын қазіргі ұйғырға тура телитін еш негіз жоқ, ұйғыр атауы сол кезде біріккен деген мағынаны ғана білдіретін болған. Ал қарлұқ пен қырғыздың орнатқан хандықтары қазіргі қазақты құраған қыпшақ пен тоғызоғыздың байырқу тайпалары (керей мен найман) құрған көк түріктің ұлы хағанаттарының дəрежесіне ешқашан жетпегенін айту керек. Яғни көк түрікке тікелей мұрагерлікті өзбектің де, ұйғырдың да, қырғыздың да жеке дара иеленетін еш хақысы жоқ. Əсіресе қазіргі ұйғырға, өзбекке қатысы өте аз болған еді. Ал қырғыздың үлесі болғанын жоққа шығармасақ та айтарлықтай көп болмағанын басып айту керек. Қайта оларға қарағанда қазақ бір табан жақын десек дұрысы сол. Көне қыпшақ тілі қазақ тілінің тура бастамасы болады. Қыпшақ тілі көк түріктің тұсында да өктем орында болған тіл. Бұл аз десе қазаққа ең көп қатысты түркешті қайда қоямыз. Бұл көк түріктің бірден-бір мұрагері қазақтар екенін білдірмей ме. Екеуі ұлтарақтай жерді еміп жанын баққан отырықшы болса, енді бірі көк түрікке мұрагер боларлықтай мол санды да, жері де болмаса бұл түрікке қазақ мирасқор болмай басқа кім болады. Бұған тағы бір дəлел, көк түріктен кейінгі түріктің ең үлкен мемлекетін қазақ хандығы кезінде Қасым хан негізін қалап Ақназар мен Тəуекел хандар өз тұсында кемеліне жеткізгені. Бұл қашанда қарашаңыраққа ғана үлкен үлесі қалып отырған көшпелілердің жазылмаған ұлы заңының көрінісі емес пе. Жоғарыда айтылғандай азғана түрік өзара мұрагерлікке, аймақ көшбасшысына баянсыз таласатын болса, бұндайда тұран мақсатын айтпақ түгіл ойлаудың да қажеті жоқ. Бір түрігі елдікке жетуді аңсап кісендеулі зар илеп жылауда болғанда, енді біреуі «кездейсоқ» келе салған елдікке көңілі толып масайрап, бірлікте шаруасы жоқ өз күйін ғана күйіттеп отыр. Тұран бірлігіне қас жаулар тек сырт елдер ғана емес ішкі жаулар тағы бар. Ол бүкіл түркі əлеміне үстемдік етемін деген түркі тілдерінің өзара бəсталасы болмақ. Тұран бірлігін яғни түрікшілдікті анадолы түрігінің басым тұруы деп

─ 226 ─ ұғатындар да баршылық. Бұны түрікшілдік деуден гөрі кеңес дəуіріндегі атауымен пантюркизм деп атаған дұрыс болар. Қазіргі анадолы түріктері саны басым болғаны үшін бүкіл түріктердің басым тілі анадолы түркі тілі ғана болуы керек дейтін ешбір қисынды өз басым тапбай отырмын. Олардың саны көп болса онда біздің жеріміз көп. Жер көп деген сөз ерте ме кеш пе бəрібір ұлы елдер қатарына қосыламыз деген сөз. Екіншіде тұранның қарашаңырағы Қазақстан болғаны ең əділ шешім болар еді. Өйткені болашақта санымыз да өседі, ал бұл кезде бізде бəрібір үлкен жеріміз бар ғой. Сонда бүкіл көрсеткіштерімен қазақтар басым тұратын болады. Тұран мақсаты ең алдымен елдікте, бірлікте болсақ, онан кейін елдікті, бірлікті ұстай отырып өзара жақындассақ, жəне қазақтай елді басқалар мойындаса ғана шындыққа айналады. Бұлар жоқ болса, онда қиялдап өткен бір өмір де. Мен бір нəрсенің байыбына бара алмай-ақ қойдым. Əлін білмей тұрып өзбек (Кəрімов) неге жарысқа түседі, айналған төрт-бес елге көшбасшы етемін деп қазақ неге күпсінеді? Біздің қазақ өйтіп күпсінбей-ақ көшбасшыға бəрібір айналды емес пе. Оған өзбекті ертпеймін деп неге əуреленеді? Əркімнің өз еркі өзінде ғой. Бұл тартыс-жарысты өз басым жиырмадай жыл көріп келемін. Ол неткен жарысып бітпейтін талас деңізші. Бұл тартыстың қызығын көретіндер «сорпа бетіндегілер», ал ауыртпалығын көретіндер баяғы сорлы түрігім өзбек пен қазағым ғой. Жəне де «мына шектінің қыздары қайтеді» демекші, өзбек те албаты «ыржақтамаса» яғни баяны жоқ жарысқа түсіп əуреленбесе игі еді. Өйткені қазақта бір аталы сөз бар, «байтал шауып бəйге алмас» яғни өзбек қанша талпынса да бүкіл қасиеттерімен қазақ еліне бəрібір тең келе алмайды. Бұған тек ғана өзбектің жерін он есе орайтын (Қарақалпақстанды қоспағанда) қазақтың ұлан байтақ жерін айтсақ та жеткілікті. Тұран мақсатын шындыққа айналдыру бүкіл түркілердің қолында, оның ішінде қазақтар бұған үлкен жауапкершілікпен қарап, осы мақсаттың бірден-бір ұйытқысы болуға тиісті. Сонда ғана тұран мақсаты шындыққа айналады. Демек

─ 227 ─ тұран мақсаты шындыққа айналатын толық мүмкіндік бар деген сөз, ол күн де тым алыста емес деп ойлаймын. Болашақта тұран бірлігі шындыққа айналса оның орталығы тек Қазақстан ғана бола алады. Алаш туралы аз сөз Алаш сөзі қазақ ұлтының тағы бір атауы болады. Алаштың азаматы, алты алаш, «атаның баласы болғанша алаштың азаматы бол», «алаш – алаш болғалы, алаша хан болғалы» деген сияқты көптеген теңеу, тəмсілдер бар. Алаш ұғымын кейбіреулер Ақназар ханмен байланыстырса кей ғалымдар көк түріктің тұсындағы ашина атымен жəне сол кездегі түріктің алты кіші хандығымен (қыпшақ, түркеш, қарлұқ, тоғыз-оғыз, басмыл, отыз оғыз) байланыстырады. Əсіресе алты хандыққа байланыстыруында жан бар, бұл сол кезде қалыптасып артынан Ақназар тұсында қайтадан жаңғырған атау болуы əбден мүмкін. Өйткені көк түріктің тұсында да алаш деген атау болған көрінеді. Əз Жəнібекұлы Қасым ханның тұсында қазақтың негізгі территориясы қалыптасса Қасымұлы Ақназардың (Хақназар, 1538-1580 жылдары яғни ең ұзақ хандық құрған қазақ ханы) тұсында жері ең көп кеңейген екен. Жері көбейді деген сөз оған қазағы да бар, қалмағы да бар, біраз ел бағынды деген сөз. Қазақтар əдетте алты алашқа үш жүзді, оған қосып қырғыз, қарақалпақ жəне құрама-қатағандарды жатқызған. Ақназар ел билеген тұста қазақ хандығының жері қазіргі Қазақстанды тұтас қамтыды, қазақ халқын құраған бүкіл тайпалар оған қарап, содан ежелгі түріктердің салты бойынша елін орталық, оң, сол қанат деп үшке бөлген көрінеді. Осылардан қазіргі үш жүз қалыптасса керек. Бұған қоса қырғыз, қарақалпақ, құрама қатағандар да қазақ хандығына қарасты болды. Дəл осы кезде көк түріктің алаш ұғымы қайтадан жаңғырып алты алашқа осы үш жүз жəне қырғыз, қарақалпақ, құрама-қатағандар кіретін болған. Екіншіде əйгілі Бабырнамада жазғанындай

─ 228 ─ Моғолстанның Ахмет ханы моңғолдар тарапынан алаш аталуына қатысты шыққан ұғым болуы да мүмкін. Ахмет хан батыр адам болып моңғолдарды яки жоңғарларды көп өлтірсе керек, содан оны моңғолдар алаш (алач) деп атаған дейді. Шынында қазіргі моңғол тілінде алач сөзі өлтіруші деген мағына береді. Алаша деген атау моңғол тарихында да кезігеді, мұндай атау жоңғарда (алаша торғауыт), халха моңғолда (Алаша/Алшаа хан) да бар. Бірақта бұл «кісі өлтірушінің» құрметіне аталған атау емес, түркі мен моңғолға ортақ көк түріктен қалған атау десек дұрыс болар. Сондықтан үш жүзге бөліну үрдісі көк түріктен қалған мұра деп, артынан қазақ хандығы кезінде қайтадан жаңғырды дейміз. Үш жүз бен қырғыз, қарақалпақтың жайы белгілі, оларды алаштың бесеуі дейік. Ал құрама мен қатағандардың тағдыры көмескілеу. Құрама атанғандар негізінен жаугершілік кезінде ана-мына ру тайпалардан құралғандар болғанда заман тыныштала келе біразы қазақтың ішіндегі өз руластарына қайтадан барып қосылды, ал қосыла алмағандары өзбек сияқты басқа түрік тектес халықтарға сіңіп кетті. Қатағандардың күні бұлардан да жаман болды, Тұрсын сұлтанға еремін деп жүріп олардың көбі Есім ханға шабылып құрып кетті, аз-маз бөлігі ұлы жүздің кей тайпаларына келіп паналап артынан оларға сіңді. Олардың былай қырылуына өздерінің Тұрсынды орынсыз қолдап қазақтан бөлінбек болған арам пиғылы да сылтау болды, ақыры Есім хан оларды аямағанды. Елінің бірлігі үшін осылай бүйректен сирақ шығарғандарды қатаң жазалауы əбден орынды еді. Қазір де ұлы жүзде қатаған атты кішігірім ру (тайпа) бар. Артынан қазақ хандығынан да береке кетіп алты алаштың тарихи сипаты ұмытыла бастаған. Ендігі жерде алашты құраймын десеңіз қырғыз бен қарақалпақтар бөлек кеткен де алаштың алғашқы құрамы тарихи мəнінен айырылып қалған, енді оларды қоссаңыз да алтау емес бесеу ғана болып қалады. Ақыры тіпті үшеу ғана болып қалды. Алты алаш атауы өзінің тарихи міндетін атқарып бітіп енді ұмыт бола бастаған ұғым.

─ 229 ─ Ал алаш атауы əлі де мəнін жоймаған. Өйткені алаш деген сөз тұран бірлігімен қатар аталатын қасиетті ұғым. Алаш дегенде алаш орда сөзі еріксіз еске түседі. Бұл қалың қазақ елінің қаймағы бұзылмаған кездегі соңғы рет тəуелсіздікке ұмтылған ұлттық қозғалысы еді. Алаш қозғалысшылары нағыз алаштың азаматтары болды. Олар сол замандағы қазақтың ең зиялы қауымы еді. Халықты қараңғы ұстау үшін «сорпа бетіне шығарларын» алдымен жоғалту керек деп таныған отаршылар алаш қозғалысына қатысқан барлық қазақтарды шетінен қуғын-сүргінге ұшыратып, ақыры бəрінің өмірін қыршын қиып тынды. Халқымыздың осы аяулы ұлдарының асыл арманы сол кезде орындалмағанымен, отарлаушылар тарапынан аяусыз басылып жаншылғанымен арада сандаған жылдар өткенде бəрібір орындалды, тəуелсіздікке қолымыз жетті. Бұл осы боздақтарымыздың қаны текке төгілмегенінің белгісі емес пе. Демек олардың аруағы бізді қолдады. Қазаққа моңғол жат па? (біраз қазақ тайпаларының тегі жөнінде) Ең алдымен бұл сұрақтың қандай маңызы бар екенін ойлап көрейік. Егер моңғолдарды түрік тектестерге ешбір туыстығы жоқ десек (моңғол тілі алтай тіл тобына жататынын ескерсек те олардың бізге туыс екеніне дау жоқ, мəселе қазақ тайпаларының тегін таратуда болып отыр), онда моңғол дəуіріндегі қазақтың көптеген тайпаларының тегі күмəн тудырады. Бұндайда найман, керейден бастап қоңырат, жалайыр, меркіт, уақтардың тегі кім деген сұрақтар ағылары даусыз. Бұл аз десеңіз қырғыздар да кім болған деген сұрақ туады. Бұған оңай жауап тапқысы келгендер осы тайпаларды ешбір ойланбастан моңғол тектес дейтіні менің ұлттық намысыма тиюде, тарихты шала-шарпы оқығанына қарамай бұлайша ат-үсті қорытындылауына жол болсын, ең жаманы бұндай қорытындысымақты айтушылар тек моңғолдар

─ 230 ─ ғана болып қоймай өзіміздің қандастарымыздан да осыны қолдаушылар бар екені қынжылтады (мəселен, «моңғол тайпалары керей, меркіт...» дегенді атажұрттан шыққан бір емес бірнеше басылымнан көрдім, бұл аз болғандай кей медиаларда да дəл осылай бұрмаланып көрсетілген). Ендеше бұған да қарсы жауап іздеп тарихқа үңілейік. Жалпы бір ұлтты дəл содан бұдан құралды дей салудың қисыны аз, ұлт қалыптасу үрдісі өте күрделі жағдайда өтеді. Біз бүкіл Кіндік Азиядағы түрік жəне моңғол тектес барлық ұлттар бір-бірімен біте қайнасып қалыптасқан десек шындықтан ағат кетпеспіз. Қысқасы моңғолды қазаққа жат деудің еш қисыны жоқ. Солай болса да моңғол ағайындар қазақпен туыс болғысы келмей тұратыны қызық. Меніңше қазақ пен моңғолдардың бастамасы алғашында бүкіл түрік тектес халықтардың біртекті бастамасындай бір болған. Бұлардың жеке ұлт болуы соңында болған жəйіт еді. VІІІІХ ғасырларда қазіргі Моңғолияны тұтас, Қазақстанның біраз бөлігін алып жатқан түркілердің мемлекеті сол кездегі қытайдың əулеттеріне қарсы кəрістің (корей) Корё, Бахаи елімен сондай-ақ қидандардың елімен де одақтас болған-ды. Осы қидандардың бір бөлігі артынан қазақ даласына келіп жергілікті халықтармен əбден сіңісіп қарақытай елін құрған еді. Көк түркілер қас жауы қытайлармен де одақ құрып көрген еді. Бұл кезде сол моңғолдың аты түгіл заты да жоқ кезі болатұғын. Бұл маңды тек түркілер ғана мекендейтін болған. Біреулер ежелгі шивэй, динлинь, дунхуларды моңғолдың арғы тегі дейді, бұған илану қиын, өйткені моңғолдар да өздерін ғұндардан таратады, ал ғұн дегеніміз түріктің тікелей арғы тегі, сонда моңғол мен қазақтың арғы тегі бір деген сөз. Бұл маңды түркілер ғана мекендегенде бұлардың арасында арғы моңғол дейтін бір азғана қауым бірге болды. Əсілі қазіргі моңғолдар өздерін түркілерден шықты дегеннен ат тонын ала қашса да бір бөлігі осы ежелгі түркілердің ұрпағы екеніне еш дау жоқ, ал қалғаны арғы моңғолдардың көне сібірліктер, манжутұңғұстармен біте қайнап бірігуінен шыққан, содан да тегі,

─ 231 ─ тілі бір түркілерден мейлінше ұзай түскен бе деп ойлайсың. Бұның бір дəлелі қазіргі моңғол тілінде көне манжу сөздері де айтарлықтай көп кездесетіні. Əсіресе моңғолдың бұйрат (бурят) тəрізді тайпалары манжу-тұңғұстармен өте көп араласқан еді. Қысқасы қазіргі моңғолдар ежелгі арғы моңғолдар мен көк түрік, манжу-тұңғұс тектестердің өзара етене араласуынан шыққан халық болады. Алайда Шыңғыстың тұсындағы дүйім моңғолдың жөні басқа. Дүйім моңғолдың моңғолша атауы хамығ моңғол. Осы хамығ моңғол сөзінің өзі таза түркі сөз. Хамығ деген сөз барлық деген мағынаны білдіреді. Дəл осындай сөз көк түріктен қалған ескерткіште тайға таңба басқандай анық жазулы тұр (Моңғолияның Өвірқанғай аймағының Онгі өзен ұстынында. Бұл туралы деректерді белгілі түркі танушы ғалым Сартқожаұлы Қаржаубайдың еңбектерінен оқуыңызға болады). Оларды басында нағыз көк түрік болды десек тарихқа онша қиянат жасамаған болар едік. Нирун аймағының құрамында болған (отыз) татарлар (моңғолдың арғы аталары дəл осылай аталған) ішінде қият, оның ішінде боржиғынның мыңқол (моңғол) деген аталығынан осы моңғол атауы (этноним) пайда болған деседі. Оларға мың қол деген атауды бергендер де біздің түріктер еді. Осыдан кейін, моңғол атауы Шыңғыстың тұсында жаңадан қалыптаса бастаған моңғол этносының этнонимі болған деген тұжырым да жоқ емес. Бүкіл алтай тілі түрік, моңғол, манжу-тұңғұс деп үшке бөлінеді. Түрік пен моңғол тілінде көп ұқсастық бар да, ал түрік пен манжу тіл арасында сондай жақындық жоқтығын қазіргі кезде жағырафиялық орналасу жағынан ғана түсіндіре салу тым ұшқар тұжырым болады, өйткені түріктер де манжулердің арғы тегімен шекаралас бірге болғанын тарихтан білеміз. Кезінде манжулердің қытайдағы Чин (Цзинь, өз атауы Манж Дай Чин елі) əулетінің негізін қалаған Нурхашы батырдың Абақай бастатқан ұрпақтарының өзі моңғолдарды тура Чин əулетіне бағынышты етпей жеке вассальдық

─ 232 ─ ел тұрғысында қалдырып туыстық пейіл танытқаны кездейсоқ жасалған жақсылық еместі. Біріншіде, екеуі де кигіз туырлықты көшпенділер екенін (манжулер дəл кигіз туырлықты болмаса да көшпенді халық болған), екіншіде моңғолдармен етене жақын туыстығын ескеріп қытайға тура қоспай аялдатып, ал артынан амалсыз қосатындай жағдай туындағанда манжу мен моңғолдарды қытайларға еш үйленбейтіндей етіп қатаң заң шығарған еді. Яғни азғантай кигіз туырлықтылар бір-бірін құмырсқадай құжынаған қалың қытайдан қорғаштап сақтық əрекеттерін жасап отырған. Бұл қанша өзінің қол асты отары болса да туыстық сезімнен туған қимастық көңіл еді. Ұлы Шыңғыстың тұсында моңғол деген атты ел болмағанын, тек дүйім моңғол (хамығ моңғол, осылай аталатын моңғол тектес ел болды дегенді моңғолдар өздері айтып жүргені болмаса əсілі бұл толық дəлелденбеген тұжырым, болғанда бұл ел тек түрік тектес ғана болуға тиісті, өйткені елдің аты да таза түрікше аталуы əсте кездейсоқтық емес) деген шағын тайпа ғана болғанын тарихтан жақсы білеміз. Ондай бір тайпаның атауы дүниені дүр сілкіндірген алып империяның атауы болды деген орынсыз. Алайда моңғол деген атау болмауы бұл моңғолдар ешбір тексіз, жетесіз деген сөз еместі, мəселе олардың түрікпен туыс болғысы келмейтінінде болып отыр. Мен моңғолдардың тарихын жоққа шығарып оларды мұқатайын деп отырғам жоқ, тек қана бұл моңғол атаулының қазаққа келгенде ат тонын ала қашатынына «жыным қозып» отыр. Олар сөйте тұра бұдан он бес тіпті жиырма мың (алғашқы барғандарына 40-60 мың жыл болған деп көреді) жыл бұрын Америкаға барған үндістерді моңғолмен туыс дейтінін не деп түсінеміз. Жарайды, мұны онсыз да ертек дей салайықшы. Олардың Кіндік Азиядан шыққанын, соның ішінде қазіргі түрік тектестерге де айтарлықтай жақын келетінін ғылым əлдеқашан дəлелдеп қойған ақиқи шындық екенін моңғолдар не деп айтса да жоққа шығара алмас. Бұл аз болғандай Ауғандағы хазарлар да, Венгриядағы мажарлар

─ 233 ─ да туыс бола қалады (мажарлар (қыпшақтардың алдыңғы легі) көк түріктен көп бұрын Еуропаға кеткен ғой, сонда одан кейін кеткен қазақтар моңғолдарға туыс емес жат болып шыға келетіні қызық-ақ). Енесайдан кеткен қырғыздар да туыс болып шыға келеді. Сөйте тұра сол мажар, хазарлардан да бері, іргелес тұрып айырылған түркі яки қазақ десе төбе шашы тік тұра қалатынына қайран қаламын. Көне моңғолдардың қалдырған мұраларынан бірден-бір моңғол деген атау шығатын жалғыз дүние бұл моңғолдың Мөңке (Мəңгі хан, Шыңғыстың немересі) хағанынан Франция ханына жолдаған хатындағы (грамота) жəне таңбаның мөріндегі моңғол деген атау. Онда былай деп басталады: «ұлы мыңқол ұлысының... (ұлыс деген көне түркі сөзі бар, мағынасы бəрібір ел деген ұғымды береді, бұл сөз қазақ тілінде əлі де қолданылады) ...далай... (далай дегені сөзбе-сөз теңіз мұхит деген сөз, бұл арада шексіз ұлы деген мағынада айтылып отыр, алайда кейбір моңғол ғалымдар шыңғыс деген сөзді осы далай дегеннің баламасы деп айтып жүр) ...хағанынан... деген жолдар бар да, одан ары жалғаса отырып, ...маған бағын, менен қорық!» деп бітіреді (бірақта бұл да моңғолдардың еркін аудармасы екенін ескерейік). Міне бұдан басқа тікелей моңғол деп басталатын ешбір дерек таба алмайсың. Бəріміздің көп сүйене беретін «Моңғолдың құпия шежіресінде» көп күмəн бар. Біріншіден, оны көне қытай жазбаларынан қытай иероглифпен жазылған түрінде тапқан, екіншіден, онда дəл моңғол деген ат жоқ, ондағы тіл қазіргі моңғол тіліне еш ұқсастығы жоқ, бұны қазіргі моңғол тіліне аударғаны үшін моңғолдың əйгілі ғалымы Ценд ұлы Дəмдінсүрін мемлекеттік сыйлық алған еді, демек бұл моңғол емес нəрсені əдейі моңғол қып аударғаны үшін алды деген сөз. Моңғол ғалымы сол кездегі болған оқиғаларды, адам, жер-су аттарын қазіргі моңғол тіліне мейлінше еркін, өзім деп жазып аударғанын ескерген жөн. Қытай қолжазбадағы нұсқасынан көне моңғол тілі (егер шынында моңғол деп аталып тұрса) қалпында кириллицаға түсірілген нұсқасын қалың көпшілікке əсте көрсеткен емес, оны бұл жолдардың

─ 234 ─ авторы да көрген емес, көрген біреулердің айтуынша бұл тілді моңғол дейтін еш қисын жоқ дегенді талай естідім. «Моңғолдың құпия шежіресінде» мысал үшін келтірген бірер сөйлемдер моңғол тіліне ең ұқсастары болып əдейі таңдалып алынған деп ұғу керек, басқасы қазіргі моңғол тіліне еш ұқсастығы жоқ деуге əбден болады, олардың мысалға келтірген сөйлеміндегі тіл түрікке де ұқсастығы өте шамалы. Бұл тілден бола моңғолдарды түріктен бөлек болды деу шындыққа жатпайды. Жəне Шыңғыстың бұл кездегі шапқыншылығын батыста көбінесе моңғол-татар (кейде тартар деген, бұл тым жабайы, тұрпайы деген мағына береді) шапқыншылығы деуі кездейсоқтық емес. Мейлі сол татарлар қазіргі татар болмай-ақ қойсын (қазіргі татарлар ежелгі Еділ жəне ұлы бұлғарларының ұрпағы), бұл қос тіркеудің қатар жүруі бұл кезде моңғол деген атаудың сондай танымал болмағанның тағы бір дəлелі. Сол кезде бұлардың атауы тұп-тура татар еді. Аталмыш шежірені қытайлар, бұл қазіргі моңғол жерінде кезінде болған ұлы елдің құпия шежіресі деген тұрғыдан солай атай салған да артынан «Моңғолдың құпия шежіресі» деп аталып кете барған, екіншіде, бұл шежіренің алғашқы аты таза қытайша (Юань Чао Би Ши) болған, бұл бір жағынан қытайлардың өзіне бұра тартқандығы болғанымен былайша аталуы моңғолға тура қатысы жоқ екенін білдіреді. Көптеген ғалымдар осы шежірені Шыңғыстың үшінші ұлы Өгедай хаған жазған болуы əбден ықтимал деп көреді. Оның жазылған уақыты, шежіреде жазғаны рас болса 1240 (1241) жылға сай келеді. Бірақта бұл шежірені артынан, көп кейін жазды десек дұрыс сияқты. Яғни бастапқы мыңқол-түріктің əбден моңғолданып бара жатқан кезі деп ұғу керек. Бірақта бастапқы жазылған тілі моңғол тілінен өте бөлек басқа бір тілде жазылғандай сезіліп тұрады. Бəлкім ежелгі манжутұңғұс тілі болуы да мүмкін. Қалайда бұл тілді моңғол деп айта алмас едім. Жəне бұл шежірені оқи қалсаңыз ондағы жер-су атаулары мен адамдардың аты қазіргі моңғолдарға еш ұқсастығы жоқ, керісінше қазіргі түрік тектес халықтардың

─ 235 ─ кісі атауына өте-мөте ұқсас келетіні де тегін емес. Ондағы қай атты алсаңыз да қазаққа көбі ұғынықты да, ал моңғолға түсініксіз болып келетіндігі тағы да кездейсоқтық па. Былайша жер-су аттары түрікке ұқсап тұруы əбден түсінікті ғой, маңайы тұтастай түрік болғанда солай болмағанда қайтсін, ол-ол ма, бұл атаулар əлі күнге дейін өзгермей сол қалпында келе жатыр. Бұл жолдардың авторы моңғол тілін, əсіресе оның жазба тілін өз ана тілім қазақ тілінен де артық білетінімді айта кеткен жөн сияқты (бұл əсте мақтан емес, тек сөз орайында осылай айтуға тура келді). Сондықтан «Моңғолдың құпия шежіресіндегі» атаулар маған көп түсінікті де. Біздің кейбір тарихшыларымыздың көп сүйеніп дерек тартатын моңғолдың «Алтын тобчы» (Алтын шежіре) деген кітабы тағы бар. Бұны нақтылап көрсеңіз «Моңғолдың құпия шежіресінің» баламасы екеніне көз жеткізесіз. Бұны будданың Лұбсынданзын деген сопысы Шыңғыстан кейін 400-ден астам жыл өткен соң жазған еді. Құбылай жаздырды делінетін Ақ шежіре (Юань шежіресі, Юань Ши) тағы бар. Бұнда моңғолдың арғы тегіне қатысты дүниелер шамалы. Бұлардан көп кейін жазылған Інжінаш дегеннің «Хөх судар» (Көк кітап) деген тарихи кітабы бар. Ол турасын айтқанда қытай жазбаларының көшірмесі. Ендеше моңғолдың көне тарихи жазбаларынан біздің алар деректер жоқтың қасы. Ал жоңғар тұсындағы оқиғаларға байланысты аз-маз «бірдеме» табасыз. Табылды деген күнде Амырсана (Əмірсана) қазаққа қашып барып Абылайды паналады дегендерден көп аспай қалады. Міне, қазақ пен моңғолдың ара-байланысын жалғайтын дерек жоққа тəн. Қазақ тарихын зерделегенде моңғолмен байланысатын жерлері өте көп. Қазақ тарихын зерттеймін дегендер осы қос тілді еркін меңгерген болса əсте артықшылығы жоқ, тіпті үлкен пайдасы бар. Əкесі дүдəмалда болса меркіт болса, шешесі Өүлін «таза» меркіт (шындығында қоңырат, алғашында меркіт Шіледүдің əйелі болғандықтан біреулер меркіт десе енді біреулер қоңырат дейді) болса, əрі алғаш алған жұбайы

─ 236 ─ Бөрте де нағашы қоңырат елінен болса бұл Шыңғыс қазақ (түрік) болмағанда кім болсын, ал қазақ болмады дегеннің өзінде бұл таза моңғол болмаған ғой, тек оның құрған елі ғана артынан моңғол атты ел болды десек дұрысы сол. Тұла бойы тұңғышы да меркіттен (керей) қалған бала болса бұл Шыңғыста моңғол атаулыдан жабыстыратын нəрсе бар ма, баласы Жошы сияқты өзі де сондай тағдырлас болып өткенін «Моңғолдың құпия шежіресінде» мейлінше жасырады да, Жошы жайын ашық жаза береді. Шыңғыстың ханымы меркіттерге тұтқынға түсіп сол жақтан жүкті болып келіп көп кешікпей босанады, сол үшін тұңғышы Жошы өмір бойы Шағатай сынды бауырларына, əкесі Шыңғысқа да жексұрын болып, кейде тіпті «меркіттің сілімтігі» деп те аталған. Бұл жəйіт Шыңғыстың кейінгі ұрпақтарына да дерт болып жабысып, Жошы мен Төленің ұрпағы бір жақ, Өгедай мен Шағатайдың ұрпағы бір жақ болып өтудің яғни көп нəрсенің бастамасы болды да, ақыры Моңғол империясының ыдырауына əкеп соққан еді. Аталмыш «Моңғолдың құпия шежіресіне» қарасаңыз Шыңғыс хан керейлер, татарлар, меркіттермен сөйлескенде бейне бір өз халқымен сөйлескендей еркін сөйлескенін яки ауылы аралас, қойы қоралас болғанын аңғару қиын емес. Шыңғысты мейлі моңғол болды десек те осы түркі тайпаларымен таза түрік тілінде сөйлегеніне күмəн келтірмеу керек. Шыңғыстың тікелей мұрагері Өгедайдың Моңғол империясының астанасы қып салдырған Қарақорым қаласының атауына келейік. Олар шынында сол кездің өзінде-ақ моңғол болғаны рас болса неге қаласының атын таза түрікше қояды. Бұл «қарақорым» сөзін қазір де бір моңғол түсініп көрсін, ал бүгінгі қазақ маған əбден түсінікті. Моңғолдар қарақорымды «хархорин» деп баламалап алды, оны сөзбе-сөз аударсаңыз «қаражиырма» (егер хорин сөзін хоро хорин деген тіркес сөзде керектенсе ғана қала деген тура мағына береді, мұндайда хархорин дегенді қара қала деп аударуға болар) деген сөз. Алайда мұнысы əбден амалы құрып дағдарғанда істеген

─ 237 ─ ісі ғой. Қаласының атын ат таппағандай нағыз түрік сөзі қарақорымның орнына «қаражиырма» деудің қисыны бар ма? Оданша кəдуілгі қара қорым десек көкейге қонады. Сондағы айтпағым бұл моңғолдар кезінде түрік тектес болған да, артынан шығыс сібірліктер, кидандар (моңғолдардың айтып жүргеніндей киданды моңғол тектес болды дегеніне илану қиын), манжу-тұңғұс (шүршіт), таңғыт (тоба) немесе қазіргі түбіттердің (тибет) ататегімен де біте араласып (бұлармен араласқаннан қалған белгілер өте көп, ішкі моңғолдар бұлармен біте қайнаған, ал ішкі моңғолдар жалпы моңғолдың ажырамас бір бөлігі екенін еске алайық), тіпті ежелгі кəрістермен (корей) де аздап араласып, бұл араласқаны аз болғандай будда дінімен бірге келген ежелгі санскрит тілі (үнді) де өзіндік əсерін тигізіп сонымен түркілерден мейлінше ұзай түскен халық болады. Моңғол деген атаудың бастамасы үш өзен (Онон, Керулен (Херлін), Тола (Туул) өзендерінің басы өте жақын жерде орналасқан, дəл осы маңда Шыңғыс дүниеге келді) алқабы деп аталатын Сібірмен шекаралас орналасқан ұядай ғана өлке яғни тұтас бір ұлттың құрылуына тым тарлық ететін азғантай жер болады. Сол кезде көшпенділерде не көп жер көп болғанда бұл неғылған ұядай жер, демек ежелден моңғол атты ұлт болмағанның тағы бір айқын айғағы осы. Бұл ұядай өлкеден бір кішкентай тайпа бара-бара ақырында бүкіл моңғол империясының тұғыры болып өркен жайды ғой. Бұдан не туындайды дейсіз, бақ берсе жердегі құрбақа да аспанда шарықтайды деген сөз. Қалың түркілердің ішінде түркіден «азған» бір азғантай түрік-мыңқол пайда болды да (шамамен VІІІ-Х ғасырлар аралығында), ақырында өзге бөлек моңғол ұлты болып қалыптасты. Бұның бір дəлелі қазіргі Моңғолияда көптеген жер-су аттары қазірге дейін көне түрік қалпында сақталуы. Бұлар сол кездің өзінде-ақ шынымен моңғол деген бөлек ұлт болғаны рас болса онда неге осы түрік атаулар сақталған, алғашында неге түрік атаулар қойылған жəне артынан неге өз моңғолшасына өзгертіп

─ 238 ─ алмаған. Бұл атаулар сол Шыңғыстан кейін де өзгермей 800 (!) жыл сақталуы тегін емес, демек бұда үлкен гəп бар! Бұл атаулардың көбін қазақ (түрік) мен жақсы түсінемін, ал жергілікті «нағыз» моңғолдар не екенін «үш ұйықтаса да түсіне кіргізе алмайды». Демек сол кездегі дүйім моңғол тайпасының өзі көк түріктің бір алыстау бұтағы болған да, артынан жоғарыда айтылған əртүрлі себептердің əсерімен түріктерден ұзай түсіп ақыры мүлдем бөлек бір халық болып қалыптасқан. Жəне де бұл моңғол атаудың аты да, заты да жоқ кезде бұл кеңістікті тіпті қытайдың ұлы қорғанына дейінгі ұлан байтақ жерлерді кілең түріктер мекендегенін ескерсек те бұл моңғолдардың кенеттен, жерден болса, да ғайыптан болса да шыға келуінің ешбір реті жоқ еді. Демек осы маңда түріктен басқа ұлт өмір сүретіндей кеңістік жоқ еді. Моңғолдардың ұлттық көне жазуымыз деп жүрген көне соғдыдан (соғдылар да мұны басқалардан алған) ұйғырларға мұра болып, одан моңғолдар Тататұңға (көк түріктің əйгілі біліктісі, кейбір ғалымдар мұны найман деп те жүр, əсілі ұйғырдан найманға барса керекті, дегенмен бұл ұйғыр да, найман да емес нағыз көк түрік еді, өйткені оның бабасы əйгілі Тоныкөк, Тоныкөкті кім дəл ұйғыр болды дей алады, ол тек көк түрік (қыпшақ) ғана болды ғой, егер қайткен күнде руы керек десе Тататұңғаны əрине найман дер едім, өйткені сол кездегі ұйғырдың өзі тоғызоғыздар еді ғой) арқылы алған жоғарыдан төмен жазылатын жазуымен жазылған көне моңғол сөздердің қазақ тіліне қазіргі моңғол тілінен əлдеқайда көп жақындығы назар аудартпай тұрмайды. Ал қазіргі моңғол тілі түрік тілінен мейлінше алшақ. Əйгілі құпия шежірені аударушы Ц.Дəмдінсүрін 1940-шы жылдары ежелгі моңғол жазуын кириллицаға бейімдеп өзгерткенде моңғолдың ертеден қалыптасқан көне сөзі өте көп өзгертіліп жазылды да сол қалпы өзгеріп қалыптасып кетті. Демек бұл ерте кезде моңғол мен түркілер (қазақтар) айтарлықтай жақын болып артынан бір-бірінен өте көп ұзағанын растай түседі. Өйткені қазіргі моңғолдардың негізгі бөлігін құрайтын

─ 239 ─ халха тайпасымен қазақтар соңғы жеті-сегіз ғасыр əсте араласқан емес. Яғни артынан моңғол тілінде қазақ тілінің əсері болды-ау деген күдік тумайды. Сонда бұл ертеден қалған үрдіс яғни ертеде олар етене туыс халық болып артынан ажырап ұзап кеткенін білдіреді. Бұны біз ежелгі алтай тілінен қалған үрдіс деп ұға салуға болмайды, олай дейтініміз бірдей айтылатын жеке сөз түгіл айна-қатесіз бірдей айтылатын тіркес қос сөздер де өте көп, мысалы «қаймал інген» дегенді қазіргі моңғолдар хаймыл ингін дейді, бұны не деп түсінеміз? Бұл жай бір алтай тілінен моңғол қазақ екеуі де ертеректе (2500-5000 жыл бұрын) бастама алғанды білдірмейді, керісінше бұлар бертінде (1000-1300 жыл бұрын) дəлірек айтқанда көк түрік дəуірінен бір бастама алады деген сөз. Ал Шыңғыстың жаугершілік заманында моңғолдардың аз бір бөлігі қазаққа қосылды деуге болады. Бірақта сондай болған жағдайда қазақ тіліне моңғол тілінің əсері білінуге тиісті еді. Ал біздің аталмыш жайымыз керісінше, моңғол тілінде түрік тілінің əсері көп екенін аңғартады. Артынан əсте араласпаған халықтың тілінде осындай əсер қалайша болады? (Тарихта моңғолдар түркілерді жаулаған делінеді, бұл түркінің əсері моңғолда əсте болмаған деген сөз) Демек бұның шешімі ертеде моңғолдар түркілерге тым жақын туыс халық болғанында ғана. Моңғолдар антропологиялық тұрпат жағынан түбіттерге (тибет) өте ұқсас, ал кəрістерге біршама ұқсас болып келеді. Тіпті моңғолдың ең ақырғы ханы таза түбіт ұлтынан болғанын айта кету жөн сияқты. Ал қазақтың кейбір ру ұлысында моңғол тұрпаттас түр кезігіп қалатыны да таңданарлық жəйіт емес. Ғылымда түріктенген (түркіленген) моңғол, моңғолданған түрік деген ұғым бар да, көбінесе бұған түріктенген моңғол деген тұрғыдан тывалар, алтайлар, моңғолданған түрік деген тұрғыдан хотан (Моңғолияның Үпсу (Усу) аймағындағы түрік тектес халық) халқы мысал бола алады. Зерттеуші ғалымның өзі қандай ұлт өкілі болуына байланысты кейде

─ 240 ─ керейлер мен наймандарды да бұл ұғымға кіргізіп таласып жүр. Моңғолдар бұларды моңғол тектес десе, қазақтар түрік тектес дейді. Керейлер мен наймандардың түрік тілінде сөйлегенінде талас жоқ еді ғой. Сонда бұл неғылған талас? Егер бұларды моңғол тектес болды десек, онда сол моңғолдарды да түрік тілінде сөйлеген деу керек. Ал мен, асылы осы моңғолдар ежелден түрік тектес болған да, бірте-бірте алыстап ұзай түскен дер едім. Моңғол деген атау ендігі жерде түрік тектес бір құрама тайпаның атынан гөрі бөлек бір халықтың атауы бола бастаған. Адамзат тарихында бұндай оқиға аз емес. Дүйім моңғолдың жанында болған татарлардың есімі артынан сонау батыстағы еділ бұлғарының атауы болып кеткенін де білеміз ғой (сол кезде моңғолдың атауы да татар болды). Моңғолдың құпия шежіресінде Шыңғыс хан арт жақтағы орман халқын да бағындырған дейді. Орман халқы деп отырғаны ойрат (жоңғар) еді. Ойн арыд деген сөзден ойрат атауы шыққан деседі, бұл орман халқы деген сөз. Бірақта ойраттар түгелге жуық орман халқынан таралды деудің қисыны аз, бұлардың дені көне сібірліктердің ұрпағы болса да біразы моңғол, түрік тектестерден екені белгілі ғой. Осы ойраттар қазіргі моңғолдың ажырамас бір бөлігі. Демек дүйім моңғолдар осы ойрат секілді көне сібірлік ұлыстармен де етене араласып кеткені түріктен ұзаудың тағы бір үлкен себебі болды. Моңғолдар өздерінің тарихын жазғанда анадан-мынадан, мысалы, ежелгі ғұндарды, сүннуді айта келе сəнбі, жужан, түрік, ұйғыр (тоғыз-оғыз), қырғызды қамтып, ұлы нирун (бұл нирунды жужан мен кидандардың бірі деген жорамал бар, егер жужан болса онда түрік тектес тайпа болады), кидандарды айтып біраз «құрастыра» отырып төтеден ұлы моңғол империясына бірақ өтеді, бұған дейінгі моңғол халқы туралы дəйекті ештеңе айтпайды, қайдан шыққан туралы мардымды ештеңе жоқ, өйткені одан бұрын моңғол деген атау болмаған соң олар несін жазбақ. Ергенеқон оқиғасы маңында өмір сүрді делінетін ұлы нирун атты ел моңғол тектес ел болды деген өздерінің «ертегілері»

─ 241 ─ бар, расында оларды арғы моңғол болды дейтін ешбір негіз жоқты, бұл елді сол кездегі аварлар деуге болады. Бұлардың ішінде өздерінің моңғол тектесі деп мойындағаны кидандар ғана (кидандарды да тура моңғол тектес болды дейтін дерек тағы да жоқ ғой). Басқасын түркі тектес болғанын олар да мойындайды. Сонда «арпа ішінде бір бидай» демекші қалың түркілердің ішінде неғылған моңғол? Бұл да моңғолдың ертеректе түріктің бір бұтағы болғанын білдірмей ме. Соңынан олар басқа халықтармен араласқанындай қытайлармен де біраз араласып сіңісті, қазіргі моңғол тілінде қытай сөзі де біршама көп. Ергенеқон (моңғолдар «ергүне хунгиін домыг» немесе ергүне гүн деген, бұл сөзді де тура моңғол сөзі деуге болмайды, бұны əйгілі Əбілғазы «еркіне қон» дегені көкейге қонады) аңызымен желеу еткен Шыңғыстың ата-бабасы делінетін Бөрте чино, Бодынчар мылқау тарихи тұлға болды дегендері моңғолдардың ойдан шығарған ертегілері. Моңғолдың құпия шежіресін жазды делінетін Өгедай хаған ергенеқон аңызын жақсы білетін адам болған сияқты, кім де болса дəл осы аңызға сүйене отырып Шыңғыстың ата-бабасын «ойдан» құрастырса да «өкініштісі» сол, 20-дан астам атадан тұратын бұл таратуды екі жерде «білмей» үзіп алады, яғни Бөртеден тура тарамай басқа қиялы-ғажайыптардан, құл-малайлардан да тарап жатады. Алайда ергенеқон аңызы болғаны шындық ғой. Болғанда бұл моңғолдарға емес көк түрікке тікелей қатысты аңыз. Егер шынымен ергенеқонға байланысты деп көрсе онда түріктен ат тонын ала қашатыны қалай? Көк түрік демекші моңғолдар да өздерін бертінге (1920-шы жылға) дейін көк моңғол деп атап келген, бұның өзі кездейсоқ аталған атау əсте емес-ті. Бұл да көк түркіден қалған мирас екені белгілі емес пе. Алайда осы ергенеқонға Шыңғыстың ата-бабасын байланыстыратын ешбір негіз жоқ болып отыр. Шыңғыстың 32-37-ші ұрпағы дəл қазіргі кезде Моңғолияда өмір сүріп жатыр дейді (кез-келген моңғол атаулы өзін тура Шыңғыстан таратқысы келіп тұрады), олай болса Шыңғыстың ұрпақтары қазақта да бар емес пе. Бұған

─ 242 ─ дейін 800 жыл өтті. «Моңғолдың құпия шежіресінде» Бөрте Чинодан Бодынчарға дейін, Бодынчардан Шыңғысқа дейін барлығы 22-ге жуық буын таратады. Бұл аралықта көп болса 400 жылдай уақыт өткен. Міне бір буынды 20 жыл деп есептесеңіз арасында үлкен алшақтық бар, яғни ергенеқон аңызы баяндалатын жылға (ергенеқон оқиғасын 600-шы жылдардан да бұрын болды дейтін толық негіз бар, құпия шежіредегі деректер осыған дөп келмейді, ергенеқонға көп мəн бермейтін моңғолдар соңғы кезде Бөртені тарихи адам етіп көрсету үшін оны ергенеқонға байланыстырып, 720шы жылдары өмір сүрген дейтін болды) дөп келіп дарымай арасында жыл толмай қалады. Ал ергенеқон оқиғасын бұдан əлдеқайда (720 жылдан) бұрын болды дейтін толық негіз бар екенін айттық. Бұдан жалғыз нəрсе туындайды: не моңғолдар өтірік дерек келтіріп отыр, не «Моңғолдың құпия шежіресіндегі» деректер өтірік. Болса сол Бодынчары ғана тарихи тұлға болуы мүмкін, ал Бөрте Чиносы шылғи өтірік, қиял ғана. Бұл Бөрте Чино болып болғанда көк түріктің Бөрте Шонысы (Алып Бөртесі) қана. Бұлар Бөртеден өздерін таратпасын, ал тарататын болса онда түріктен ат-тонын ала қашпасын. Моңғолдардың айтуына қарағанда Бөрте Чино 720-шы жылдар аралығында тайпа басшысы болған тарихи тұлға-мыс, ал Бодынчары 970-ші жылдары өмір сүрген екен, бұл Бодынчары тарихи адам болса бола берсін, бірақта одан кейінгілері малайдан тарағанын ұмытып кететіні қызық, сонда қалайша Шыңғыстың бабалары ергенеқонға байланысты болатынын ұқпадым. Бұлар Шыңғыстың бабасын арықарай 22 атаға дейін яғни Бөртеге дейін таратқанда ол тарамы екі жерде өзара тура жалғаспай үзіліп қалатынын əсте ескермейді. Екі бірдей жерде басқа біреулерден, құл-малайлардан таралып та кетеді. Яғни Шыңғыстың бабаларында өзі сияқты тағы да шикілігі («шаталығы») бар. Сонымен моңғолдардың Шыңғысты таратқан шежіресінен бастап күмəнді екенін білдік. Демек Шыңғыс хан моңғолдар айтып жүргеніндей ежелгі арғы моңғолдан тура тарамайды, егер тарайды десе

─ 243 ─ онда көк түріктен ғана тарайды. Ендеше оның орнатқан елі қалайша моңғолға теңеледі? Дұрысы Шыңғыстың орнатқан түркі-мыңқол елі көп кейін моңғол деп аталатын болды. Алайда біз көне моңғол деректері деудің қисыны аз болып отыр, сол моңғолдардың өзі көне қытай деректеріне сүйеніп тарихын жазып жүр. Жалпысы кигіз туырлықты көшпелілерде пəлендей жазба шежіре болмаған ғой, болса да онысы ауыз-екі айтылатын аңыз түріндегі ғылыми нақтылығы ұшқарлау деректер болды. Біздің сүйенеріміз көбінесе қытай жазбалары, ал сол «сүйенішіміз» болған жазбалардың өзі сол заманда қытайда өмір сүрген əулеттердің əртүрлі көзқарасымен жазылған дүниелер екенін ескергеніміз жөн. Тіпті өз мақсаттары үшін жазылғандар да аз емес, сондықтан барлығына имандай сеніп қытай қолжазбаларында бүйтіп жазыпты дей берудің жөні аз. Ендеше тарих дегеніміз көптеген деректерді бір жүйеге кіргізіп қорытындылап жазу деген сөз. Бұған пəлендей мамандықтың «керегі жоқ» сияқты. Сондықтан да мен пақыр бұған оңбай ұрынып, өзімше «шатпақтап» отырмын ғой. Тағы да керей мен найманның, сондай-ақ басқа тайпалардың тегі кім болды дегенге келейік. Шыңғыстың орнатқан елінің халық саны 1 млнға жуық, ал қытайлардың саны 90 млнға жуық болған дейді кейбір деректемелер. Бұл кезде қытай жерінде екі əулет болды, олардың əрқайсында 40-тан астам млн халқы болғаны шындық еді. Ал бұл кездегі керейлердің саны əлдеқашан 900 мыңнан (кей деректерде 200 мың деп көп азайтылып айтылады, бұл да аз сан емес) асып кеткенін тарихтан білеміз. Егер осы керейлер моңғол тектес болған десек, онда бүкіл Моңғол империясының тек оннан бірге жетер-жетпесі ғана дүйім моңғол (хамығ моңғол деген сөзі біріншіде таза түрік сөзі екенін, əрі «барлық мың қол» деген сөзбе-сөз мағынаны білдіретінін еске алайық) тайпасынан болып шығады (егер керейлерді 200 мың болды десек сонда да хамығ моңғолдардың саны мардымды көп емес деген сөз). Бұл жерде үлкен қайшылық бар, дұрысы керейлерді қоспағанда Моңғол империясының халық саны

─ 244 ─ 1 млндай болған да, ал керейлер Шыңғыстан жеңілген соң батысқа қарай барлығы дерлік боса көшкен. Айтпағым, керейлердің түрік екеніне еш күмəн жоқ, керей аталатын ру қазіргі моңғолда да бар (хэрээд, кіші ру немесе аталық десек орынды, тіпті ру деп айтуға да келмейді, өйткені қазіргі моңғолдар арасында халха сынды үлкен бірер тайпаның аты ғана толыққанды сақталып басқалары шетінен ұмыт болған еді, бұған дəлел 1990-шы жылдары моңғолдар қайтадан рулық салтын жаңғыртамыз дегенде өз руын білетін адам өте санаулы болып шығып содан бұлар шетінен боржиғын, жалайыр, керейт, оңғұд сияқты Құпия шежіреде аты аталатын тарихи тайпалардың атауын жалдап ала салған еді, ал қазақтікі бұған керісінше, қазақ ішінде керей, керейт қайқайсы да тайпа түрінде кездесетіні бірді меңземей ме), бірақ бұл қалың керейден қалған азғантай жұрнағы ғана. Негізгі бөлігі түрігім қайдасың деп батысқа үдере көшкен, оған жоғарыда айтылған халық саны айқын дəлел бола алады. Не бұл санға сенбеу керек деген екі-ақ талғам бар. Меніңше бұл сандарға илануға əбден болатын сияқты. Өйткені бұл сандарда сондай алшақтық жоқ, жəне де сол кездегі керей мен қытайлардың саны осы маңында болғанын кейбір деректер де дəлелдеп отыр. Шыңғыстың тұсында 1 млндай болған моңғолдар арада 800-дей жыл өткеннен кейін де сандары небары 600 мың болғанында үлкен сыр бар. Бұны кейбір зерттеушілер Шыңғыстың сан жоқ қалың жорықтары халық санына орасан көп зиян келтірген, ол аз болғандай буддизмнің ламаизм (гелүгба) ағымы сор болып жабысты (1920-шы жылдарғы Моңғолияның 600 мың адамының тең жартысын еркектер болды десек оның ішінде 1/3-і яғни 100 мыңдайы лама сопы болғаны халықтың саны өсуіне орасан зор кедергі болғаны да шындық, бұл 600 мыңға қоса 120 мыңдай таза қытайлар тағы бар еді), сондықтан да моңғолдар өспей қалған дейді (Шыңғыстың əскерлерінің көбісі түріктер болғанда моңғолдардың саны қалайша азаймақ?). Бұл сөздің жаны бар, бұған иланайық та, бірақта бұл көп себептердің

─ 245 ─ тек біреуі ғана. Негізгі себеп Шыңғыстың атына сүйенген дүйім моңғолдардың қысымына шыдамай көшкен түрік тектестердің кетуінде. Екіншіде олардың ежелден аз шағын ел болғанында. Олардың сүйеніші түріктер болған еді. Түріктер батысқа кетті, моңғол да «құрыды» деген сөз. Қай халық болса да орасан зор бір апат болмайынша қанша жаугершілік көрсе де саны бəрібір өсіп отыратыны тарих атадан аян. Моңғолдар қанша жорық жасағанымен оның негізгі күшін бəрібір түрік тектестер құраған еді. Азайса осы түріктер азаяр еді. Сонда Шыңғыстан кейін көп кешікпей, əуелі бірнеше ұрпағынан аспай басым көбі түрік тектестерден құралған моңғол империясының халқы бордай тозып көшетіні көшіп азғана бөлігі қалды да, содан жаугершіліктен көзі ашылмай 1920-шы жылдардағы саны əрең 600 мыңға жететін кіріптар халге келген десек дұрыс сияқты (түріктердің батысқа көшуі Шыңғыстың көзі тірісінде басталып та кеткен болатын, ең алдымен керей мен меркіт кетсе, артынан найман жəне басқалар кеткен еді, негізгі көш 1250-шы жылдары болып өткен). Бұл 600 мың дегеніміз халха моңғолдың 1920-шы жылдардағы саны, қазіргі таңда олардың саны 2,4 млн (ал Моңғолия халқының саны 2,7 млн), бұл санға халхаға əбден сіңген бұйраттар (бурят), жоңғарлар да қосып есептелді, құба қалмақ 300 мыңдай (Ресейдегі барлық қалмақтардың саны), бұйрат 400 мыңдай (бұл да орыстағы барлық бұйраттардың саны), қытайдағы ішкі моңғол 1,5-2 млн маңында (қытайдың ресми деректеріне қарағанда онда 3,7 млннан астам тіпті 4,5 млндай таза ішкі моңғол бар-мыс, бірақта бұл мүлдем өтірік сан, ондағы жалған моңғол болып жазылған нағыз маңқа қытайларды қосып бұл санға қасақана өтірік жеткізіп отыр, бұл қытайларды түсініп болмайды, Шығыс Түркістандағы түркілердің санын басып айтса Ішкі моңғолдағы моңғолдың санын өсіріп айтатын түсініксіз «ауруы» бар, бұл əлгі бір өздерінің маймылдық (қытайлық) саясатына байланысты шыққан ауру), Шығыс Түркістанда 140 мың жоңғар (қобық торғауыт) бар, сонымен бүкіл таза моңғолдардың

─ 246 ─ саны 5,6 млнға əрең жетеді, əлбетте дағур, дасоян, монгор, қытай-моңғол ана-мыналарды қосса 7 млнға таяу, бірақта оларды енді моңғол деу тіпті қиын. Бір кездері батыс елдері «Шыңғыстың моңғолы» ұлт ретінде өмір сүргеннен қалып жойылып барады деп бүкіл əлемге жар салған еді. Манжулердің Чин əулеті жоңғарларды қырғанындай ондай жойқын қырғын қазіргі халха (Моңғолия халқының 90%-ға жуығын құрайтын ең үлкен тайпа) моңғол ұлысында болған да емес. Манжу-қытай тарапынан жасаған аяусыз қырғын кезінде жоңғардың 1 млндай халқынан небары 100 мыңдай (бұл да өсірген сан, əуелі бұған да жетпеген) халық ғана аман қалған еді. Бұлардың біразы қазақтар тарапынан қырылғаны белгілі, бірақта жайында жатқан қазаққа соқтығысып сау басына сақина тілеп алғандар өздері ғой. Бұл күнде бүкіл жоңғар ұрпағының саны 500 мыңға жетер-жетпестей ғана, олардың біразы Батыс Моңғолияда 200 мыңдай, Қытайдың Шыңжанында 140 мың, Орталық Моңғолияда халхаға əбден сіңісіп бара жатқан 100 мыңдай жоңғарларды қоса есептегенде жоғарғы санға əрең жетеді. Ішкі моңғолдың батыс жағында біраз ойраттар тағы бар, бірақта бұлар ежелден Ішкі моңғол құрамында болып, сол қалпы сонда қалғандықтан жоңғарға есептелмейді. Бұлар жоңғар хандығы құрылмай тұрғанда яғни 1620 жылдары алаша торғауыт сынды тайпалардың Ішкі моңғолға, одан біраз бөлігі қайтадан Көккөлге (Көкінұр) қарай көшкен жоңғарлардың ұрпақтары болады. Мұнда қалған моңғолдар қытайға əбден сіңіп мəңгүрттеніп кеткен, оларды енді моңғол деу қиын, жалпы саны 700 мыңға таяу моңғол-қытай (монгор, дунсянь) бар, бұлардан тыс арадік моңғол болмысын айтарлықтай таза сақтап қалған 100 мыңдай көкінұрлықтар (ойрат, халха) тағы бар. Еділдің ар жағындағы қазіргі қалмақтар да жоңғар ұрпағы болғанымен бұлар ертеректе батысқа көшіп кеткендіктен Жоңғария тұсындағы 1 млн санға қосылып есептелмеген. Ондағы құба қалмақтардың саны 300 мыңнан астам (Қалмақстанда 170 мыңдай, қалғаны ТМД елдерінде), бұлар төрт ойрат яғни жоңғардың торғуыт (қазақтар

─ 247 ─ торғауыт дейді) тайпасынан таралған ұрпақтары болып табылады. Көп сан айтып кетті демеңіз, менің айтпағым тарихтан аяусыз соққы жеген жоңғар халқы мен орасан зор опат көрмеген халханың санының бірдей өспей қалғандағы тағдырлық ұқсастығы. Оның шешімі жоғарыда айтылған түріктердің үдере көшуінде ғана. Міне, сан дегеннің өзі көп нəрсенің шешімі бола алатынының айқын дəлелі. Біздің кейбір қазақ ғалымдарымыздың өзі Шыңғыстың тұсындағы керейт тайпасын қазіргі қазақтың орта жүзіндегі керей тайпасы дегенге күмəнданатыны бар. Меніңше бұған күмəнданатын ешбір қисын жоқ, сол керейттер қазіргі орта жүз керейдің дəл өзі деп өте сенімді айта аламын. Оған біріншіде жоғарыда келтірілген сандар дəлел бола алады, егер емес деп көрсеңіз сол кездегі моңғолдардың саны 1 млн емес 2 млндай (900 мыңдай керейлерді қосқанда) болар еді, екіншіде сол кезде 2 млндай болған моңғолдар арада 800 жылдай уақыт өткенде 1920-шы жылдары небары 600 мың болатындай не күн туыпты, оларда зор опат болып қырылмағанын жоғарыда айттық ғой. Бұны жалғыз-ақ себеппен түсіндіре аламыз, керей сынды көптеген тайпалар нағыз түрік тектес тайпа болғанда басына қысылтаяң заман туғанда батысқа қарай түрігім (қазағым) қайдасың деп көшіп тайып отырған. Бірақта бұл жерде тағы бір қайшылық туындайды. Керейлер жəне басқа да тайпалар шынымен түрік тектес болғаны рас болса онда қазіргі қазақтар неге аз болған деген заңды сұрақ туады ғой. Өйткені тек керейдің өзі 900 (200) мың болса, басқа тайпалар да саны біраз бар болған болса, олар қазақ даласына келіп қосылғаны рас болса, онда қазақтар да өте үлкен ұлт болар еді ғой деген сұрақ туады. Бірақта бұған да жауап бар демекпін. Бұған, біріншіде керейлер де аса көп қырғын көріп аман қалғаны қазақ даласына жапбай ауды (бір бөлігі моңғолға да сіңді), мұнда осы керей тəрізді көптеген түркі тайпалар қазақты құрап қалыптасып енді ғана ел болып келе жатқанда əлгі бір Əмір дей ме, ақсақ дей ме əйтеу Темір дегеннің тигізген кесірі өте көп

─ 248 ─ болғанды. Қазақты Шыңғыс емес осы Темір қырған еді ғой. Қазақ даласында аттай 35 жыл ойран салып Алтын Орда мен Ақ Орданың, Моғолстанның түбіне жеткен осы Темір емес пе еді (дегенмен осы қанды қасабынан шошынғандай болып өлерінде біраз мешіт салып күнəсінан арылуға тырысқан еді, Темірдің бізге істеген жақсылығы – Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи (Яссауи) мешіті болмақ, бұнысын қазақ халқы ұмытпайды да. Сонымен қоса қазақ даласына салған 35 жылдық ойранын да ұмытпайды. Алайда осы Əмір Темірдің қазаққа жат емесі де шындық болады, дейтұрғанмен Темір бізге де жат емес деп бұл ойранын ақтауға бола ма?). Екінші себеп, Қасым ханнан кейін қазақ хандығында ұзақ жылдар бойы əсте береке-бірлік болмай үнемі ыдырауда болып, содан халқы да қатты шығындалғанына байланысты еді. Қасымның мұрагері Мамаштан бастап Тоғымға (1537жылға дейін) дейінгі ұлы хан аты бар болса да іс жүзінде ылғи кіші хан болған тұлғалардың сəтсіз əрекеттері сəтті өсіп келе жатқан қазақ халқының өсуіне көп кері əсерін тигізген-ді. Міне, осындай жаугершіліктен көзі ашылмаған қазақ халқы онша өсіп кетпегенді, сонымен Қасым ханның тұсындағы 1 млн (кей деректерде 1,5-2 млн) санға əрең жеткенді. Сөз орайында айта кететін жəйіт, түріктің түбіне осы Темір сияқты түркіленген «моңғолдар» жеткенді (шындығында Темірдің шыққан руы түрік тектес барлас руы, бұлардың көбі өзбекке сіңді), бүкіл Орталық Азиядағы түркі ұлыстарының əлсіреуіне көп себепші боп, ақыры бұлардың батыстағы Русь мемлекетінен күйрей жеңілуіне бірден-бір түрткі болған еді ғой. Түркінің əлсіреуі де тура осыдан басталады емес пе, орыстарды ермек үшін жеңетін түркілер осыдан бастап үнемі жеңіліп келіп, ақыры түркінің ең үлкен ұлысы болған қазақтар орыстың боданында «небары» 250 жыл болғанын əрбір қазақ ұмытуға болмас. Жалғыз керейлер ғана көшпей басқалары да көшкені тарихтан аян. Тағы бір айта кететін жəйіт, ол керей, наймандардан қалған тарихи ескерткіштер. Бұл жазуларда керейлер түрік болғаны тайға таңба басқандай айқын жазылып тұр.

─ 249 ─ Сонда қайдағы моңғол тектес керей? Егер керейлерді моңғол десек қазақтың қазіргі керейлерінің үзіліп қалған тарихын көне дерек жазбалардан ешқашан іздеп таба алмаймыз! Өйткені түрік тектес керейді моңғол деп тастаған соң оның тарихын бұл дүниеден іздеп табудың ешбір қисыны жоқ ғой. Онда керейдің тарихы сары үйсіннен бастап Шыңғыс дəуіріне дейін келеді де кілт үзіліп қала береді. Күмəндана берушілерге қазақта керейден басқа керейт (керейіт) деген рудың бар екені де дем береді. Бірақта бұнда күмəнданатын еш жəйіт жоқ, керейлердің біраз бөлігі Кіші жүз арасында ежелгі керейт атын сақтап қоныстанған да, ал ең көп бөлігі Орта жүзге қосылып қазіргі керей атауына ие болып қалыптасқан. Қазақ хандығы кезінде керейлер алғашында орта жүз емес ұлы жүз құрамында болған, бұл бастапқыда керейдің біраз бөлігі үйсіннен таралғанын дəлелдейді, ал жартысы моңғол жеріндегі ежелгі түркілерден яғни тоғызоғыздың байырқу тайпасынан тарау алатыны күмəнсіз шындық. Кезінде жалайыр тайпасын жалайырд деп те атаған еді. Мұндағы «д немесе т» жұрнағы көпше түріндегісі. Сонда керейт дегені керейлер деген сөз. Бұл жалғауды кейбіреулер моңғол тіліндегі көпше жалғауы дейді. Бұл жалғау қазір де моңғол тілінде сақталып қалды деп оларды тура «моңғол» болдыруға жол болсын. Бұндай жалғау моңғолмен қатар түрік тілінде де болғанын біліп қоюмыз керек. Тіпті манжу тілінде де бар. Бұл «д» жалғауы жалпы алтай тіліне тəн қасиет болған. Мені неге ылғи керейді ғана айтып кетті демеңіз, наймандар моңғолдан тым ұзақ шалғайда еді, əрі наймандар туралы талас жоқ, татар мен меркіттен «ештеме» қалмай бəрі дерлік қырылған еді (меркіттің қалған бөлігін моңғолдар өкшелей қуып Ертіс маңында «жайратқан» еді, одан қалған аз бөлігі орта жүз керейге сіңген), уақтар (онхыт/онғұд) керейлерден қарағанда ежелден аз ел еді, əрі керей қайда барса уақ сонда болушы еді, қоңыраттар да қанша Шыңғыстың қайын жұрты болса да бірде «опасыздық» істегені үшін күйеу баласының қаһарына ұшырап біраз бөлігін қырғызып, ақыры одан қалған аз бөлігі ауа көшкен

─ 250 ─ еді, бұндайда енді жалғыз керейді айтпағанда кімді айтамыз. Демек Шыңғыстың тұсындағы керей, найман, меркіт, қоңырат, онғұдты сенімді түрде түрік тектес тайпалар болған деп айта аламыз. Болып болғанда бұларды шығыс түріктің негізгі мұрагерлері дейміз. Өйткені қазіргі Моңғолияның шығысында болған яки батыстағы түркілерден ең ұзақ орналасқан деген оңғұдтардың (уақ) хандары шетінен тегін аталуы тегін емес ғой. Тегін атауы сол кезде көк түрікке ғана тəн атау (мысалы, Күл тегін, Йоллығ тегін, т.б.) болғанын қазіргі кезде ешкім жоққа шығара алмас. Сонда бұл оңғұд түрік болмағанда басқа кім түрік болмақ. Ендеше ең ұзақ орналасқан оңғұд осылай болғанда басқалары моңғол болатын қисын бар ма. Бірақта тарихтағы осындай көрінеу тұрған ақиқатты көргісі де, білгісі де келмейтін көкпезерлер тұрғанда аталмыш тайпаларды қазақ па, моңғол ма деген дау ешқашан толастамас, бұның шешімін табатын жалғыз жол бар, ол моңғолды кезінде түрік болғанын дəлелдеу ғана. Қазіргі кезде түрік тектестер 200 млндай болса нағыз моңғолдар небəрі 5 млннан астам ғана, əбден ассимиляцияланған моңғолдарды қосса 7 млндай, ал иісі моңғол тектестерді қосқанда 15 млннан сəл астам, бұлардың аса көп ассимилицияға ұшырамағанын да айту керек. Сонда бұлар ежелден аз халық болған, яғни арғы моңғол дегендер түп алтайлықтардың бір кішкентай бұтағы ғана болған. Бірақта дəл Шыңғыстың тұсындағы елді бұл арғы моңғолдардың ұрпағы құрған деуге келмейтін еді. Басында түріктер құрды, артынан бұлар үстем болды. Бара-бара соларға ауып əбден моңғол елі болып қалыптасты, яки моңғолдың көбі көк түркінің үлесінен құралып қалыптасты деген сөз. Бұған дəлел, көк түріктің елін қырғыздар қанша құлатса да 924 жылға дейін яғни кидандар қытай жəне кəрістерден қысым көріп ығысып Орталық Моңғолияға кіріп келгенге дейін керей мен наймандар өз хандықтарын жалғастырып келгені болады. Бұл кезде аздаған үзіліс болғаны шындық. Демек көк түріктің елі толық құрып кетпеген, оның тоғыз-оғыз құрамында болып келген керей жəне найман сияқты тайпалары мирасқорлықты арықарай

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙