Мазмұнға өту
Home

Сырдария саздары

Көбей Өтжан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Сырдария саздары

Көбей Өтжан — «Сырдария саздары». ШАҒАЛАЛАР

/uploads/bec99792-e639-5ba2-874d-9b48ca7e16e5/cover.png

ШАҒАЛАЛАР

Шағалалар, ақ қанат шағалалар –

Сезімімдей шалқыған маған олар.

Арманымдай аңсаған биікке ұшып,

Қалауынша қонатын жағаға олар.

Шағалалар, самғаған шағалалар –

Сүйініштен адамның жаны ағарар.

Сұлу Сырдың демінен, ауасынан

Тар тамырға, өмірге нәр ала алар.

Шағалалар, көңілі пәк шағалалар –

Қарап тұрған қарттарың бала болар.

Ұмытылар өкпелер, іреніштер,

Қарап тұрған жастарың дана болар.

Шағалалар ақ арман шағалалар –

Сәбилерді қуантқан қараған әр.

Соқырларға сезімтал обал- нешік,

Мылқауларға көзі бар тоба болар.

Шағалалар, қиқу сап, шағалалар –

Сағынышты ой салар – саған олар.

Сүйіктіңнен айрылсаң орны толмас,

Қан жылаған жүрегің жара болар.

Шағалалар, киелі шағалалар

Жасарамын келгенде жағаға әр.

Жанға демеу бересің, қуанған бұл

Сәттерімнен алғысқа сана толар.

Жылда сені сағынам - шағалалар,

Келе алмасам көңілім алаң болар.

Орының өзге, мәңгілік жүрегімде,

Омартасыз өлетін бар аралар...

Шағалалар, ау, арман шағалалар,

Шардарадай жер, су – кім таба алар.

Өткен күнге, тәңіріме, келер күнге,

Тағдырыма жайым жоқ нала болар.

«КҮЗГІ БАҒЫМ» ӨЛЕҢІНЕ-ДОСТЫҚ ӘЗІЛ

Сен жазған жырды оқыдым,

Таңырқап, риза, көңілмен.

Жел қуған көлдей толқыдым,

Астасты мұңлы өмірмен.

Күзгі бақ сені жұбатқан,

Айналмай бірақ « бағыңа».

Адамды таппай ұнатқан,

Толтырып мұңды жаныңа.

Аралап кепсің бақты сен,

Махаббат күйін іздепсің.

Таңдапсын күзгі уақты сен,

Сырымды ұққан күз депсің.

Жырыңа жаным қуанды,

Көрмей-ақ білмей өзіңді.

Жырыңа өзің жұбандың,

Сағыныш үні сезілді.

Жұматай іздеп Ләйлісін,
Өткенін жырлап-көріп ем,
Силағам-өзін, қайғысын,

Есіме түсіп егілем.

Махаббатына мақтанған

Ойладым сені қай қыз деп?-

Жігітке сырын айтпаған?

Сағынып сырттай -қайғы іздеп.

Оқыдым тағы, келгелі,

Жүргендей болдым бақта мың.

Үндестік тауып-көргелі,

Іздеуге бірақ батпадым.

Барсам ба деймін сені іздеп,

Жырыңды ұйып оқыдым.

Үмітін үзген жөнсіз – көп,

Болар деп жолым отырмын...

ШАРДАРА

Елеусіз ат қой, жәй ғана

Қалса да есте, елемес.

Мен үшін бірақ «Шардара»-

Ең жақсы аттан кем емес.

Қырменен сайы-айдала,

Сиятын көзге-жер емес.

Мен үшін шексіз – Шардара,

Сара Арқадан кем емес.

Тауы жоқ, тассыз-маң дала,
Жетектер көзді - көп елес,
Мен үшін осы Шардара,

Жетісудан да кем емес.

Рахатын сезер жан ғана,

Дүние одан кең емес.

Мен үшін жұмақ – Шардара,

Жер жаннатынан кем емес.

Тең келер бұған қай дала?

Қысы жоқ, бұл жер - тек емес.

Шардара ғой бұл Шардара!

Жаны кең - елі кем емес.

Бусанып жатыр бар дала,
Желпінткен жанды – жел, елес,
Исінген сұлу Шардара,

Арудан бір де кем емес.

Аспандап бұлттар – айнала,

Кеудемді буып келеді.

Ауа да, жер, су – Шардара,

Жыр - өрт боп, бойда желеді.

Тәңірім жар бол, тоқтатқын,
Өрекпіп кеткен жанымды,
Соңына сезім – соқпақтың

Табам ба ерсем –бағымды.

Отырған жерім жар-қара,
Құлаған, ғұмыр көп көріп,
Жалғасқан көкке Шардара-

Өткелді не бір өткеріп..

Көл жатыр, шексіз Шардара

Ойларды маған үйіп тек.

Жиектеп оны сар дала,

Өрлейді қырға биіктеп.

Шардара көкті керіп тұр,

Шағала көлге қалқиды.

Ойларды қуып, өріп құр

Отырмын жалғыз, әр қилы.

Бүгін бар, ертең жоқпыз деп

Жалғанға сенбей, кеш ұғып.

Ойлардан шаршап-отсыз көп,

Барғандай тойға кешігіп...

Қызарып батқан күн қандай?

Қалып ек жақсы достасып.

Өткен күн қимай, тұрғандай,-

Өлетін доспен қоштасып.

САҒЫНЫШ
/Ержанға/
Ақ сары балам-сотқарым,
Жат ойға жүрме сен еріп,

Зерттегін әке соқпағын,

Жақсылыққа сенелік.

Жүрмейін, қайда бармайын,
Кеудеме із сап – шоқтанып,
Ойымнан шығып әрдайым,

Жылытсаң-қалам шаттанып.

Күлкіңді еске ап, қызығып,

Ұмытқан емен әр күн мен.

Құдайдан саған үзіліп -

Тілеймін ғұмыр әр түн мен.

Ақ-сары балам-асығым,

Өмірге ап кеп, иірген.

Ақ сары балам асығып

Тез тұтанған, күйінген.

Тәңірім қолдап, жар босын,

Ақ көңіл – адал пейілге.

Кеудемнің арнап бар хошын-

Қалдырдым белгі кейінге.

ҚЫЗЫЛОРДА

Бетімді құмға төседім,

Жатырмын неге, не іс қып?

Жаныма жаққан төсегім -

Туған жерден не ыстық.

Алысқа қарап төбеден,

Риза боп соққан желге бір.

«Сұлу ең Сырым - не деген!»

Құмартқан жаным - жерге бұл.

Қамыстың басы ырғалып,

Жасыл мен ақ түс толқиды.

Бара ма көлмен бірге ағып,

Шақырып, күтті ол кімді.

Жыңғылдың гүлі қызарып,

Қыздырып көзді бір өңгей.

Жас қыздай бойы ұзарып,

Бой жетіп кеткен бірер кей.

Сырғасын ілген құлаққа,

Үлбіреп шеңгел жап-жасыл.

Сабырлы күймен бірақта,

Ұзамай, оңай қатпас үн.

Хош исін, шашып жұпарын,

Жиденің жаны жұмсарған.

Ұялмай, қанбай жұтамын,

Кеудеме терең мұң шалған.

Көк аспан маңғаз, керіліп,

Мегзейді уақыт, күн нені.

Сағынтқан ойға беріліп,

Барғаным Сырға–бұл менің.

Сырдариядан - сан ғасыр,
Өңірді осы суарған.-
Құрғатпай бейіл-арнасын,

Ұрпақтар өсіп, қуанған.

Дарияның мен бір көзімін,

Жүрсем де қайда, қай түста.

Оралған құстай-сезімім,

Айналды жырға, алғысқа.

ЖАЛҒАН ДҮНИЕ

Оттай бұл дене, сезімдер

Семер ғой, бір күн сөнермін.

Тәңірім қолдап, төзім бер

Көзімнен ұшар келер күн.

Денем бұл суып, жер басып

Жатармын орным –көрде мен.

Бұл өмір шіркін-мен ғашық,

Тірілерді тек тербеген.

Іздейтін мені бір жан жоқ.

Болар-ау, болар бәрі ұмыт.

Ал жаным- бейне жұлған шөп.

Кетпеші жүрек жарылып.

Қалады артта бар қамым
Тіршілігім де тылсым бір,
Желпитін желі Арқаның

Соғады-ау менсіз –құрсын бұл.

Бұл жалған дүние опасыз.

Өтер ғой, қалар мәңгілік.

Жер қойнына ап, батар сыз.

Жаны ашымас жарды ұмыт.

Бәрі де қалар, бәрі артта-

Балаларың да, балғының.

Жарат сен мейлің жаратпа

Соларға бергін барлығын.

Қимасаң дағы –өшпейсің.

Бұл жалған дүние жанды алар.

Сен келер күнге көшпейсің

Ештеңе де жоқ таң қалар.

13.10. 2011-жыл.

Алматы.

Ақымақ болма бірге сен,

Жетпейсің оған бәрібір.

Бәлеге қалдың үндесең

Артады күнә тағы бір.

Тірлігін оның талдама,

Жабады жала тағы да.

Түземе ойын, жалғама

Өкініш батар жаныңа.

Көрінсін білгіш өзіне.

Өтірік деме, қайда шын?

Жек көріп, қарап көзіңе

Жасырып тұрар айласын.

Түземе, сөзін бөлме де,

Жандай сол жалғыз ақылды.

Естімеген ол көрмеген

Ісіне таң қал ақырғы.

Амалсыз келіс білдім деп,

Мақтауға кіріс, қалайда.

Тұрсаң да оған күлкің кеп

Ашулантпа құр, абайла.

Қонақта жүрген сен еріп,

Жандайсың оған тең емес.

Сөйлесе асып, еліріп,

Үндеме, қалсын ол егес.

Ақымақ санап ол сені

Қырсығып алса күнде өш.

Түсінсең - басып еңсені

Дүниені жалған білме кеш.

Амал жоқ тағдыр ісіне

Өмірің өтер, қалар кім?

Өкініш симас ішіңе.

Батар күн, орнын алар түн.

Бұл жалған дүние таусылмас,

Сенімен не бұл менімен.

Өмірді мынау тарсынба,

Риза кімді көріп ең.

Ешкімге мұны айта алмай

Бұзбағын қысып қаныңды.

Үйленген соң сен байқамай

Қорлама ғұмыр -жаныңды.

13.10.2011-жыл.

Алматы.

Алатау қарап алыстан,

Шыршалар басын шайқасып.

Жылдармен ойым жарысса,

Өткен күндермен айқасып.

Елестеп таныс бейнелер

Жүректен шықты шұбырып.

Көз жасым көл боп тербелді,

Сезімім құлап, жығылып.

Достармен өлген сөйлесіп,

Отырмын ерсі-ау бұл көзге.

Арақтан қойсам кейде ішіп,

Жасарам, күлем бір кезде.

Төсіме қысып өлісін,

Әңгімесін мен қоштадым.

Бәрі ыстық, тірі мен үшін,

Өлген жоқ менің достарым.

Далаға жатқан созылып,-
Қыр менен алыс сайларға
Есіме түскен жайларға

Тебіреніп кетем езіліп.

Жатсынбай жалғыз түнде мен,

Жұлдыз бен көктен ай қарап.

Адамдай қашқан түрмеден,

Тыныштық іздеп, қайдалап.

Еске ап, жас-дос қыздарды,

Шашымды сүйген елжіреп.

Басқаға мені ол қызғанды,

Шаршама енді қой жүрек.

Жалған-ай деймін, жалған шын,

Өттіме бәрі осымен?

Аз ғана қалған алдамшы,

Өмірге өстіп өшігем.

Қараңғы кешті жамылып,

Оңаша үйде ол мына.

Жататын жалғыз қамығып,

Тірліктен көңілі қалдыма?

Ойына симай көп сұрақ,

Буды ма шағын денесін?

Төкпеген шығар көп шуақ

Жылытып өмір - елесін.

Ойлы үн - қоңыр, қолдағы

Домбыра қалай толғанат?

Пернені басып бойдағы,

Жүректі қалай қойды орап?

Ән салу, бос сөз жат еді,

Кім деймін тартқан домбыра?

Білмегем қалай әкені,

Үйретіп құдай қойдыма?

Тірлікте жолы болмаған,
Бейнеттен әбден сорлаған,
Өмірге көңлі толмаған,

Төзетін мәңгі бар ма адам?

Домбыра сосын қолға алып,
Іштегі күйге толғанып,
Ұқсатып, үнге оранып,

Домбыра тартқан – сол анық.

Шарасыз жалған дүние,
Еріксіз үнге айналып,
Көнген-ау әке күйіне,

Отыр ол шертіп, жайланып.

Өстім ғой тыңдап жасымда,

Әкемнің ойға түйгенін.

Жүрек пен сақтап басымда,

Дүниенің жалған –күйлерін.

16.10.2011-жыл.

Алматы.

Көзі жоқ адам қандайды?-

Кездестірмедім ондайды.

Көзі жоқ адам болмайды –

Соқыр боп туса сорлайды.

Өмір боп өмір оңбайды,

Қиямет қайым орнайды.

Аспанын қайғы торлайды.

Құдайға көңлі толмайды.

Қолы жоқ адам қандайды?-

Бес елі соры- маңдайдың.

Көрінген оны қорлайды.

Көрсетпе тәңірім сондайды.

Аяқсыз адам қандайды?-

Қауқарсыз, жүре алмайды.

Жамандыққа еш бармайды.

Өлімге өзін сайлайды.

Тілі жоқ адам қандайды?-

Тамыры бар шөп солмайды.

Көзіменен арбайды.

Сезімге ерсе жан қайғы.

Құлағы мүкіс қандайды?-

Жаман ойы қалмайды.

Пайдасын ойлап, алдайды.

Сөйлесе даусы сарнайды.

Төрт мүшесі түгел қандайды?-

Ақымағын мен көрмедім.

Данышпандай ең кемі,

Бар адамнан жердегі.

Шүкір деп, жалған дүниеге –
Өкпемді айтсам өкініп,
Елді аяп жатқан көрдегі -

Ең үлкен қайғым сол менің.

17.10.2011 –жыл.

Алматы.

* * *
Махаббатқа бас ұрар,
Мен де жүрдім, жаста мен –
Сүю үшін асығар

Қыдыруға басқамен.

Сөздер айттым үзіліп,

Тәрк етіп бар істі.

Сұлулыққа қызығып,

Талай қызбен таныстым.

Өлең жаздым онда мен,

Ойларыма шалықтап.

Көнбесіне қоймап ем,

Аспанға ұшып қалықтап.

Көлге баттым қызумен,

Ол ештеңе емес деп.

Тауды жол деп түзу мен,

Алыстан тек елес деп.

Шыңда тұрдым ән салып,

Құшақтап ап қызбенен.

Табиғатқа тамсанып,

Бақытты ек біз деген.

Жалған дүние –найзағай,

Шарт шұрт етіп ойнаған.

Жастық көңіл, бай жан ай,

Мәңгі ол жоқ – ойлаған.

Алматы.

Таң ұзарып, атпайды,

Ой жаныңды қинаса.

Ішкен асың батпайды,

Қайғың кетіп тынбасаң.

Әсем әуен бойды алып,

Қуанышқа шалқымай.

Өмір жайлы ойланып,

Адам болма жартылай.

Тіршілікке таңырқап,

Өткен күнге өкінбе.

Қолдан келсе жарылқап,

Жәрдемің бер жетімге.

Салқын қанды бол өзің,

Қызулықпен есірме.

Ақылға сап көр, безін

Жамандықты кешірме.

Сөзіңді айт сайлап ап,

Айқайға бос баспа сен.

Алаяқ та ойланат,

Адал менен досқа сен.

Өтірікші жезөкше –

Еркектерден алыс жүр.

Бәлеқор ол — без, өтше

Туыс деме, таныс бұл.

Жалған дүние — мереке,

Той да емес қызық бір.

Жұртқа күлкі, келеке

Болма бекер – бұзық кіл.

Жалған дүние – жарты ақ күн,

Қиын, қисық өткелге –

Ақылға кел жеткенде.

Тіршілікті байқап, күл.

Алматы.

Тірлігі мәнді ол – тірі адам,

Саған да, ұқсас маған да.

Құдайдан өмір сұраған,

Бұған да, ұзақ оған да.

Арманы кілең жетелеп,

Қуаныш күтіп әр таңнан.

Сипалап, қағып, жекелеп,

Менің де, сенің арқаңнан.

Силаған барлық адамды,

Сол үшін бұзып ұйқысын.

Бөлмеген адал, арамды—

Оның да, бұның күлкісін.

Бір күнә соған таңылып,
Соттайтын жұртқа табылып,
Періште жанға бір күні

Жалған дүние жабылды.

Араға ешкім түспеді,

Білмеді ол не істерін,

Өкпесін қайтпек іштегі?

Бойына жинап күштерін,

Салмады ол елге байбалам.

Өз қамын әркім ойлаған.

Таңырқап, енжар ел деген

Білмеген болды, көрмеген.

Жазықсыз соттау – жөн бе еді?

Арылтып басын азаптан,

Келеке күлкі, мазақтан –

Құтқарды оны өлгені.

Жетпеді ғұмыр арманға,

Жетілмей қалды балалар.

Мақсатқа аз жыл қалғанда,

Өмірден күткен - бар алар.

Жалған дүние демеші,

Шаршадым сөзден мен осы.

Әркімнің ойы, өресі–

Өскенде өзі төреші.

26.10–16.11.2011–жыл.

Алматы.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙