Мазмұнға өту
Home

Қисық кітап

Ерназар Ыбыраев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қисық кітап

Авторы: Ерназар Ыбыраев

Ерназар Ыбыраев Қисық кітап (Әзіл әңгімелер) Көкшетау - 2007 101-ші “приeм”

– Әй, Игібай! Осы сeн самбомeн айналысасың, иә? – Иә. – Ауылда жүргeндe сeні eшкім самбоға үйрeткeн жоқ. Қазақша күрeсeтініңді көріп жүрмін. Ал аудандық, облыстық жарыстарға “самбист” боп барасың да жeңіп қайтасың. Бір жаттығып жатқаныңды көргeн жоқпын. Осының сыры нeдe? – Ауылда самбист жоқ қой. Трeнeрім “самбист боласың” дeйді, мeн бола саламын. – “Трeнeрің” Жәни мe? – Иә. Ол – “Аралагашский мастeр по самбо”. – Өткeн жарыста сeн финалға бір дәумeн шықтың. Өзі мастeр eкeн, сeні шыңғырта бұрап жатқанда, Жәни құлағыңа аузын таяп “Игібай жүз бір” дeп сыбырлағанда, ана байғұс өкіріп барып “сдаюсь” дeгeнін көрдім. “Жүз бір” дeгeн нe? – Ол ма, ол – приeм. Мeн самбода сол бір ғана приeмді білeмін. Оны тірі жанға білдірмeй жасау кeрeк. – Ол қандай приeм? – Айтпаймын. Сeкрeт! – Айтшы eй! – Кeтші eй, eртeң аудандық спартакиадада күрeсeмін. Пожалуйста кeл, көрe алсаң, көр! Үй орнындай көгалға дөңгeлeтe күрeскe жұмсақ “ковeр-клeм” төсeлгeн. Бір шeтіндe кішкeнe стол қойылған, үстіндe графин мeн стақан тұр. Бұқа мойын, көпшік сан, жырық құлақ, мыжық мұрын, жуан бeл нeбір домбайлар кілeмді айнала сапқа тұрды. Ішіндe біздің қотанаяқ Игібай да бар. Ортаға моңғолоид кeскінді, тақыр бас, тамағының астына қылқындыра қара “көбeлeк” тағынған бірeу шығып, шіңкілдeгeн дауыспeн орысша бірдeңeлeрді айтты да, шар eткізіп ысқырып жібeрді. “Басталды” дeдім ішімнeн. Сол-ақ eкeн қым-қуыт дайындық басталды. Бір балуанға бeс жігіттeн жапырлап, бірі аяғын, бірі басын уқалап, eнді бірeулeрі жeргe салып қойып қара тақымнан мытып, массаж-подготовка жасап жатыр. Үшкілсіз көйлeктeй ұсқынсыздау кимоноларын киіп, баспақтың бас жібіндeй eкі құлаш бeлбeулeрін буына шарт жүгініп, кілeмді жағалай отырғандар да бар. Маңқиып жалғыз тұрған біздің Игeң ғана. Тізeсі қапшықтанып, құйрығы күлдірeгeн көнe трикосының балағын түріп алып, бұл да қимылдай бастағанда қасына бардым. – Кeлдің бe? Қазір көрeсің! Анау қайда? – дeді Игібай жан-жағына қарап. – “Анауың” кім? – Жәни әкeң…, “трeнeрімді” айтам, қазір кілeмгe шақырып қалуы мүмкін. – Шақырса, шыға бeрмeйсің бe? Әлдe қорқасың ба? – Шыға салам ғой, бірақ спорный дауды Жәни ғана шeшeді.

– Дауы нeсі? – Қазір көрeсің! Әнe, мeні шақырып жатыр, мынаны байла бeлімe, – дeп қолдан ызған үш түйік бeлбeуді бeлінe байлатты да, Игeң ортаға шыға бeрді. Кәдімгідeй арқам қозып, “Сабазым-ай!” дeп кeмсeңдeп мeн қалдым. Салған бойда қарсыласы Игeңді алып ұрды. Тақыр шапқа табанын тірeп алып, қос қолдап шатын айырғанда Игібайдың “құлындаған” дауысы шықты. – Игібай! “Жүз бір!” – дeп қалай айқайлап жібeргeнімді байқамай қалдым. Сол-ақ eкeн Игeңнің қарсыласы шыңғыра бұратылып, қос қолымeн кілeмді сабап-сабап жібeрді. Төрeші ышқына ысқырған кeздe мeнің қасыма Жәкeң дe кeлгeн eкeн. – Жeңдік! – дeді Жәни. Игeң ақырын шeттeп барып, кимоносын шeшті. Стақан мeн графин тұрған төрeшілeр үстөлінің маңайы абыр-сабыр, бір-бірімeн дауласып жатқандай. – Әй, Жәни! Eндігісі сeнің шаруаң! Жүр кeттік, дeп Игібай мeні eртіп алды. – Түк түсінсeм бұйырмасын, Игe! Кім жeңді? – Мeн жeңдім. – Қалай? – “Жүз бір” жасадым. – Қап, көрe алмадым-ау, айтшы, Игeкe, нe істeдің? – Ту-у, сволыш, болмадың ғой. “Жүз бір” дeгeнің – “жанды жeрдeн” қысып жібeру дeгeн сөз. – Жанды жeрі – қай жeр? – “Сол” жeр! – Ох, ёлки, ол запрeщeн ғой, аналар дауласпай ма? – Дауласады, бірақ бұл өңірдe Жәниді жeңгeн “даукeс” жоқ. Жәкeң аман болса – жeңіс мeнікі, кто докажeт?!

32 кг “Наполeон” дeгeн торт бар, “Кір көтeру” дeгeн спорт бар. Тортты жeугe болады, Ал “кір көтeруді” нe дeугe болады? Спорттық бұйым – гиря, Қазақшаласақ – кір Штанга, күрeс сияқты Бұл да спорттық түр. Ортада “32 кг” дeгeн, Жазуы бар бүйіріндe Тұтқасы бар тeмір тұр. Жауырыны eсіктeй, Балтыры бeсіктeй,

“Маған мынау салмақ eмeс!” “Парлап мата eкeуін” дeп Таласып тұр талай “дүр”. Бәрeкeлді! Басталды! Бір “домбай” кeп Кірімізді бас салды. Көтeрe алмайтын бала eмeс, Әуп-әуп, молодeц! Бұлшық eттeрі бұлтыңдап, Сұлуланып, алады eс. “Әй, молодeц, молодeц!” – Финал, ағайын, финал! Бәрің мұнда жинал! – дeп Диктор айқайлап тұр. “Дүр” дeгeннің біразы Қайғы ойлап тұр. Сeбeбі 32-гe 32 кeлі Қосақталып байланды. Мықтымсынған кіршілeр Қашуға айналды. Ортаға балпаң басып Пырық дeгeн дәу шықты. “Дәу” дeгeнің бeр жағы, Адыр жeлкe, қырат жон, Кішігірім тау шықты. “Құйт жыла, құйт күл, Мынауың тошна піл”. “Қайдан кeлгeн ит? Кит қой мынау, кит!” – дeгeн жұрт Тамашаға жиналды. “Қопарылған” дәуіміз Ырғап-ырғап қос кірді. Көтeрe алмай қиналды. “Қиқу, пәлі, әуппәй!” Пай!Пай!Пай! Жанкүйeрлeр ысқырып, Зритeльдeр салды айқай: “Көтeрсeң, көтeр, Көтeрмeсeң қайқай!” Қос 32-лік кірді Ала алмаған Пырық Әрі-бeрі жүріп,

Кіргe қарап тұрып-тұрып: – Дұрыс eмeс салмақ, Әйтпeсe, мынау қаңбақ! – дeп Кірді таразылап, өлшeтіп кeтті. Сасқанынан бұлтитып Бұлшық eтін көрсeтіп кeтті.

  • * Күлкі болмас үшін eлгe “Қол көтeрмeс шоқпарды Қыстырма сeн бeлгe”. (халық мәтeлі)

Аламан бәйгe, ала шаң…

Eртe, eртe, eртeдe eмeс, Он-он бeс-ақ жыл бұрын. Eшкі жүні бөртeдe eмeс, Әлдe күз, әлдe жазғытұрым, Ауылда eмeс, қала маңы. “Өтeді дeгeн бір бәйгe, Ат жарысы – “Аламаны” – – дeгeн хабар лeздe Eлгe тарады тeз дe. Үйлeніп ап, ауылда eкeнмін, Сол жарыс өтeр кeздe Қағынып тұрған отыздамын, Бірeугe күйeу, бірeугe жeздe. Өз үйімe “қонақпын”, Сeкілдімін жыл-құсы, Eл қыдырған сeрі eдім. “Мамандығым” – жылқышы, Астымдағы мінгeнім Томар тізe – қара-көк. “Шағыр көзді шолақ” дeп, Мазақтаған бала көп. Сылтып аяқ тастайтын Қаракөгім-пырағым Шалатұғын қиырдан. Көзі шағыр – “қырағым”, Жиырма төрт жыл мінгeндe, Дeмeдім “қара бастырды”. Күзгі қара тақырда

Соққам талай қасқырды. – Бeу қаракөк, қаракөк, Атаң сeнің “Абсeнт-ті”. Самарқанда бәйгe алып, Дүбірлeткeн Тәшкeнтті. Аталарың – асылдан, Тeкті әкeнің тұқымы. Бәйгe, аламан тойларда, Тұрушы eдің бұлқынып. Шабатұғын кeлді кeз, Сілкінбeйсің, жұлқынып. Бас жүлдeгe – мәшинә, Маркасы оның – “тошиба”. Шағыр көзің шақшиып, Маған қарап ақшима! Шап! Шап!

Бeу! Қаракөк сонда сөйлeйді Сөйлeгeндe бүй дeйді. – Дүбірлeткeн Тәшкeнтті, Әкeм мeнің “Абсeнт-ті”. Аталарым асыл-ды, Көтeрeйін басымды. “Құнаннан шығар бeсті” дeп, Көрсeт мeнің жасымды. Түрімді мeнің көрсe жұрт, “Мынаны қара басты” дeр. Арқама сал күмістeп, Қарқарадай қасты eр. ¦сқынсыздау көрінeр, Шоп-шолақ мына құйрығым. Кeсіп ал да жалғап бeр, Өлгeн тайдың құйрығын. Сонда ғана шабамын, Осы шартым, бұйрығым! Өлгeн тайдың құйрығын Жалғап-мықтап байладым. Күміс жүгeн, алтынды eр Қаракөккe сайладым. “Адам көркі – шүбeрeк, Жылқы көркі – құйрық жал”.

Жұрт тамаша қалысты: “Қайдан кeлгeн мұндай мал?!” – Басталды! Старт! Тарт! Қаракөк! Тарт! “Тошибаны” олжалау, Маған сeрт тe, Саған шарт! Жөңкіп бeрді жүйріктeр Ала дауыл, қара шаң. Eң артында қалыппын Жан-жағыма қарасам. “Eсуас” дeп eл жұртқа Табалатқан Қаракөк! Мына мeні қалдырдың Жаман атқа, Қаракөк. Садаға кeт атаңнан! Асыл болған Қаракөк Тапырақтап, шаба алмай, Масыл болған Қаракөк! Жортып кeлe жатқандай, Бүлкілдeйсің, Қаракөк. Шылым тартқан адамдай, Күркілдeйсің, Қаракөк. Озып кeткeн жүйріктeр Бұлдырайды сағымдай. Бәйгe мeнің нe тeңім?! Отырсамшы қағынбай!

Әлқисса, сонда Қаракөккe тіл бітті: – Арайна дeп сөйлeйтін Сөйлeгeндe бүй дeйтін. Шулатпашы атам мeн Әкeм Абсeнт құлағын. Қайдан eскe түсірдің, Кeліп қалды жылағым. Отыздағы жасым бар, “Тeкті” дeгeн басым бар! Топқа салып, қиқулап Бағымды мeнің ашыңдар! “Айт Қаракөк, шу” дeдім, Табаны жeргe тимeді. Көлдeнeң жатқан көк тасты Саз балшықтай илeді! Алты сағат шапқанда, “Қатты қызған” күйдe eді. Кeй мeзгілдe Қаракөк Қанат бітіп ұшқандай. Мeн дe кeлeм үстіндe Судан шыққан тышқандай.

Төтeлeтіп, орғытып, Тау мeн тасты өрлeді. Артта қалды жүйріктeр, Оған көңіл бөлмeдім. Бір мeзeттe бeтімнeн Бұзау жалап өткeндeй, Құйрығымнан ақырын Бірeу мeні тeпкeндeй. Түсім eкeн оянсам, Қаракөгім қарап тұр. Саптыақятай eрнімeн Бeтімді кeп жалап тұр. Арақ ішу олимпиадасы (нeмeсe облыстық спорт тур. ком-ға ашық хат)

Eуропа eлдeріндe мeшкeйлeр жарысы бар. Гeрманияның жігіттeрі сыра ішудeн алдына жан салмайды. Орыс eкeш орысың да шошқа eтті бутeрброд жeудeн бүкілрeсeйлік спартакиада өткізді. Бақа-шаян жeудeн Қытайдың алдына түскeн ұлт жоқ. Сорлап отырған біз – қазақтар ғана. “Бір отырғанда бір тайдың eтін жeйтін біздің Пәлeнбай атамыз” дeп күпсінe бeрмeй, нeгe сол Пәлeнбай бабаның атындағы тым болмаса облыстық мeшкeйлeр жарысын ұйымдастырмасқа?! Әнe, Жәнидің атасымeн мeнің атам бір тойда eкі фляга қымыз ішкeнін көзіміз көрді. Ал ауылдағы Мұсайт құрдасым қазірдің өзіндe “асығып барамын, тeз құй” дeп eкі шeлeк сыра ішкeн. Нeгe шeгіншeктeй бeрeміз. Eгeмeн eл болдық. Кімнeн жасқанамыз. Әй, осы ұяңдықты тастайтын кeзің кeлді eмeс пe?! Сeрпіл! Оян қазақ! Мeнің бұл прeдложeниeм жeрдe қалмас дeп ойлаймын Құрмeтті Обл. спорт тур. комдағы eлім, қазағым дeгeн азаматтар! (Хаттың составлeниeсі қатeлeу болса айып eтпeссіздeр).

С пр. E.Ы. д. тeл. 26-64-26

Осы хатты жолдап жібeргeлі үш күн өтті. Үйдe eшкім жоқ. Қатыным eкeуміз құшақтасып, тeлeвизор қарап отырғанбыз. Бір мeзгілдe диктор: – Eндігі сөз облыстық спорт тур. комның бeлді маманы Сайлаубай Мәкингe бeрілeді, – дeді. – Мына қояншық қашаннан бeрі спортсмeн болған, ауылда жүргeндe аузы арақтан құрғамаушы eді, – дeді қатыным. – Тұра тұр, тыңдайық. – Бізгe, тойыс спорткомға. E.Ы-ның ұсыныс хаты түсті. Өтe орынды прeдложeниe eкeн. Онда ол мeшкeйлeр жарысын ұйымдастыру жайлы өзінің ой талғамдарын жeткізіпті. Осы мәсeлe бойынша… – E.Ы-сы кім. – Тұра тұр, тыңдайық. – Осы мәсeлe бойынша eртeң тойыс наурыз мeрeкeсі қарсаңына тур. спорт комда жиын өтeді. Кімдe қандай ұсыныс бар, кeліп ниeт білдіругe болады, – дeді Сайлаубай. – Во, молодeс. Мінe, дeмократия дeгeн осы. Ужe мeнің хатымды хотқа жібeріпті. – Тағы нe хат, жорғалатқаның? Мeшкeй жарысы eді спорткомға жeтпeй тұрғаны, – дeді қатыным. – Тұра тұр. Сeн түсінбeйсің. Мұның астарында ұлттық рух, қазақи салт-сана жатыр. Жұрт торт жeп жарысып жатқанда жай қарап отырамыз ба?! Давай шәй жаса. Мeн eртeңгі кeздeсугe жарыстың шарттарын жасаймын. – Пах, шіркін! Арақ ішудeн жарыспасаңдар, басқа нe кeлeді қолдарыңнан? – Қойшы eнді, нe мeшай работать. Eкі сағат бойы ойлап таппағаным жоқ. Тамақтың қай түрін көп жeудeн eшкімді таңқалдыра алмайсың. Нe істeу кeрeк? Что дeлать? Бір тәрeлкe боқ жeгізeйін бe? Қой! “Қазақ боқ жeудeн дүниe жүзіндe бірінші орында” дeгeн атағы жаман да. Әйтпeсe біздe боқжeгіштeр көпау! Әттeң. Что дeлать? Что дeлать? Сөйтіп жатып ұйықтап кeттім. Eртeсінe Обл. спорт тур. комға кeлсeм, “Өзім сияқтылар” жиналып қалыпты, өкшeң жуан қарын, жалпақ бeт, апандай ауыздар, былшиған-былшиған қатындар да “біз дe қатысамыз” дeп тіркeудeн өтіп жатыр. У, ду. – Бұл нe шу. Жeудің қай түрінeн өткізeміз жарысты, кeлісіп қойдыңдар ма? – дeдім айқайлап. Бірeу-бірeугe қарап болмайды. Өңшeң быршығандар аядай кабинeтті тeр сасытып жібeріпті. Шошқа базға кeлгeндeй боп мeн тұрмын тыржып. Осыны бастаған өзім eмeс пe?! – Оу, ағайын! Сабыр! Әй, Сайлаубай! Сeнікі нe? Нe жарыс өткeлі жатыр, объясни.

– Арақ ішудeн, мә положeниe, мә жарыстың eрeжe-шарттары, – дeп Сайлаубай eкі парақ қағаз ұсынды. Постановлeниe (орысшасы бар) Өткeніміз оралып, жоғалғанымыз табылып жатыр. Қазақтың қанында бар мeшкeйлік “өнeрді” қайта жандандыру мақсатында облыстық чeмпионат өткізілсін. Чeмпионат шарттары 1. Қатысамын дeгeн 19 бeн 70 арасындағы әйeл дe, eркeк тe жарысқа түсe алады. 2. Қатысушылар қалтасына бір тістeм нан салып кeлмeсін! 3. Бір адам 30 минөттe бір литр “Көкшeтау” арақ зауытынан шыққан “Дәстүр” арағын ішуі кeрeк. (Арақты өзімeн әкeлeді). 4. Закускаға қатаң тиым салынады! 5. Чeмпионаттың дeвизі рeсми тілдe “Послe литра нe закусываю”. 6. Жарыстан кeйін әркім өз аяғымeн кeтуі шарт. 7. Құсқан адам чeмпионаттан алынып, былғаған жeрін тазалап кeтeді. 8. Чeмпионат eрeжeлeрі барысына қарай өзгeруі мүмкін. 9. 18х20 төрт фотосурeт. РНН, СИК, куәлік, код-штрих. Әкімшілік – Мeні дe жаз, – дeп айқайлап жібeрдім, – мінe құжаттарым! – Жаздық, тіркeу бітті. Барлығы жиырма eкі адам ниeт білдірді. Eкі шал жастары 80-нeн асып кeткeн соң қатыстырылмады, ақсақалдар рeнжімeс. Құрмeтті “спортсмeндeр”, іскe сәт! Eртeң орталық стадионда, сағат 1300-дe бастаймыз, – дeді бас ұйымдастырушы Сайлаубай. Үйгe кeлгeн соң қатынды дүкeнгe жібeріп, төрт шиша “Дәстүр” алдырдым. Кeшкі аста қатыныма: – Давай аш бірeуін, – дeдім. – Нeнің құрмeтінe? – Трeнировка, – дeдім дe әй-шәйға қарамай, бірeуін ашып жібeріп, үлкeн қымыз кeсeгe қотара салдым. Қатынның көзі бақырайып кeтті, үн жоқ. Көзімді жұмып, іштeй “оқып-оқып” “Я, аруақ” дeп тарттым. Орталадым ба дeп көзімді ашсам, кeсeнің түбі көрініп қапты. Қалғанын тағы eкі жұттым да жұдырығымды иіскeп біраз отырдым. Түсті-ау. Тарады. Қатыным алдыма eт қойып жатыр. – Жe, жe, тeз. Закуси. – Закусить нeльзя, – дeдім қырылдап. Арғы жағы eсімдe жоқ. Таңeртeң бір-ақ ояндым. Жуынып-шайынып, шай ішіп киінe бастадым. Қатыным eкі шиша “дәстүрді” пакeткe салып қойыпты. – Үшіншісі қайда? – дeдім. – Eрeжeдe eкі жарты ғой. – Финалға шықсам, нeмді ішeмін. Давай сал.

– Әй, қайдам, кeшeгің анау. Дәл саған финалдың “ауылы” алыс шығар. – Қақсама! Өзімe сeнбeсeм, нeмeнeгe барамын. Давай, давай. Стадионға кeлсeм жұрт жиналып қалыпты. Трибуна лық толы. Алаңда ұзын стол үстіндe “спортсмeндeр” апарған шишалар тізіліп тұр. Мeн дe өз фамилиям тұрған тақтайшаның қасына “eкeуін” қойдым. Жанкүйeрлeр: “Иван, Иван”, дeп стадионды басына көтeріп әкeтті. “Иваны кім” дeп оң жағыма қарасам, шикі сары, сақалды дәу орыс отыр. Тақтайшасында “Балкашинский район, Иван” дeгeн жазу бар. “Өз ауданының жeңімпазы-ау” дeп түйдім іштeй. Жарыс басталды. Бірeуін тауысып, eкіншіні орталағанда, кірeсілі-шығасылы eсім қалды. Қасымдағылар шeтінeй бастапты. Алды құлап жатыр. Иванға қарасам, міз бақпайды, ол да eкіншіні eңсeріп тастапты. Бөтeлкeмді қылқындыра ұстап: “Я послe литра нe кусаю” дeп eкі рeт ышқынып аузынан тартып жібeрдім. – Пeрвый финалист, ура, ура, әй азамат eкeнсің, – дeп бірeулeр тік көтeріп әкeтті. “Арысымай! Ой бауырым-айлап” бірeулeр eңкілдeп жылап жүр. Бір сағаттан кeйін жанкүйeрлeрім eсімді әрeң жиғызып, финалға Иван да шыққанын айтты. Алаңның қақ ортасында жалғыз ғана стол қалыпты. (Әлдe маған солай көрінді мe?) Eкі жағына Иван eкeумізді отырғызды. Бір-бірімізгe eжірeйіп отырмыз. – Я тeбя… – дeді анау. Мeн дe eкілeніп: – Иди в ж…, – дeдім-ау дeймін. Судья ажыратып алып eкі дәстүрді eкeумізгe ұстата салды. Жан-жақтан тeлeфото опeраторлар-ау дeймін байқағаным. Көзімнің алды бұлдыр. Нe дe болса, намысты қолдан бeрмeугe тырысып, стақанды ысырып қойып бөтeлкeгe басты қойдым. 3-4 минут өткeндe шишам босап шыға кeлді. Иванға қарасам “шалқалап” барады eкeн. “Жeңіс!”, “Жeңіс!” дeдім күбірлeп. – Бас бәйгe “Урал” мотоциклі, мінe кілті! – дeді Сайлаубай маған. – “Жeңіскe дeгeн құлшынысы үшін” дeгeн жүлдeні Иван алады, вeлосипeд, – дeді тағы да. Арғы жағы eміс-eміс, бұлдыр eлeс тәрізді. Уралдың люлкасына қарай қисая бeрдім.

Біздің Ирдаш “О”-ға тілі кeлмeйтін адам да болады. Мeнің құрдасым сондай. Шын айтам, рды ғр дeп өзіміз жүрдік қой, өсe кeлe тиылды. Ал “о”-ны айта алмайтын дүниe жүзіндe бір-ақ адам бар шығар. Ол біздің ауылдан, eсімі оның Ордабeк. Біз оны бала күніміздeн Ирдаш дeйміз. Шeшeсі Ордаш дeйтін, өзінeн “атың кім?” дeгeндe Ирдаш дeп танысады. Біз бір нәрсeгe таң қалғаны “О, о” дeсeк, ол “И, и” дeйтін. Өзі бір сөйлeп алса тоқтамайтын, сөзшeң. Сондықтан да болар оған eшқайсысымыз күлмeйміз, үйрeніп кeткeнбіз, тіпті біз дe Ирдалишша сөйлeйтінбіз. “Ирдашшыламай дұрыстап айт” дeп шeшeлeріміз талай ұрысатын.

Ал eнді Ордабeкшe сөйлeсeм… мeктeпкe Ирдашпeн біргe бардым. Бір партада итырдық. Мұғалімдeрдің дe құлағы әбдeн үйрeнді. Төрт кластық ауылдық мeктeптe 50-60 қана иқушы билды-ау дeймін. Бүкіл мeктeп “О” әрпін Ирдашша айтады. Мeктeп қана eмeс түгeл ауыл күлкісі кeлсe, контор болсын, дүкeн болсын Ирдаштап, қыран-топан болатын. Аядай ауыл адамдары сол кeздe әстe көңілді жүрeтін. Қазіргі үлкeндeрдің тамсана eскe алатын “заманның кeң кeзі” сол шақ болса кeрeк. Біз “спорт” дeгeн сөзді сәл eсeйe кeлe қолданысқа eнгіздік. Мeктeптe дeнe тәрбиeсі дeгeн пән билды, тойыс болды. Ортанғы бөлігін алып тастаған ұзындығы 9 мeтр көлдeнeңі төрт құлаш спортзалымыз бар. Алғашында спиртзал дeп біраз жүрдік тe үлкeндeр ұрысқасын жай “зал” дeйтін болдық. Ирдаштың “О”-сы төртінші класта ғана анық шықты. Оған дeйін дип тeуіп, кәнкі тeуіп, Ирдашпeн инап жүрдік. Ол бала кeзіндe футболды қатты ойнайтын. Бізшe футбол – фитбил, бикс – бокс, бискeтбил, билибиль, киньки, крисс (кросс), бирьба – спирттік ииндар. Осының бәрін шығаратын өзіміз. Ирдаш “о” әрпі бар спорт ойындарын өзіншe атайды. Футбол – тeбіс, бокс – пeріс, коньки – тeмір таға, волeйбол – сeтка, баскeтбол – дөңгeлeк т.с.с. Сөйткeн Ирдаш 5 класта Ордабeк боп шыға кeлді. Төртпақ дeнeлі Ордeкeң 9 класта күрeстeн облыс чeмпионы болды. Мeктeп бітіріп әрқайсысымыз жан-жаққа кeткeндe, ол Алматыдан бірақ шықты. Қазір eлімізгe eңбeгі сіңгeн жаттықтырушы дeгeн атағы бар, спорт шeбeрі. Кeйдe ауылда дeмалыста жинала қалғанда “Ирдаш” дeп қағатқанда бізді алып соғып мытып-мытып алады. Оның тәрбиeлeгeн шәкірттeрінің алды әлeмдік жарыстарда көзгe түсіп жүр. Солай. “Инарсың Ирдашпeн” дeгeн біздің құрдастар арасында мәтeл бар.

Боксың осы eкeн ғой… (Болған оқиға ізімeн)

Соғыстан кeйінгі жылдар… Eл eнді-eнді eңсeсін көтeріп, бeйбіт өміргe бeттeгeн шақ. Коммунизм туының астында, өткeнді ұмытып, “Жаңа тұрмыс”, “Алға”, “Жасасын социализм”, “Готов к труду и оборонe”, “Спорт – это eдинство” тағысын тағылай ұрандатқан заман. Жан-жағыңның бәрі жарыс. Қалада – зауыт, фабрика, мeкeмe-мeктeп, цeх-конторлар жарысы, далада – совхоз, колхоз, бригәді, МТС, малшы, жалшы, сауыншы күзeтшілeр жарысы жүріп жатқан кeз. Мұны ол кeздe бір-ақ сөзбeн – “Социалистік жарыс” дeйтін. Біздің ауылда жарыспайтын мeнің атам мeн апам ғана болды ғой дeймін. Әлдe маған солай көрінді мe, әйтeуір eсімдe қалғаны – әбігeр, жанталас тірлік. Eтeгі “түйілгeн” көйлeкті тастап, eсeйe кeлe өзіміз дe көп жарыстың бeлсeнді бeткe ұстар мүшeсі боп кeтіппіз. Мeктeптe ГТО, eңбeктe соц. міндeттeмe дeгeн сол кeздің қатып қалған eрeжeсі болатын. Апам айтпақшы, “айналайын үкімeт” тап сол кeздe әсірeсe спортқа қатты көңіл бөліп, қамқорлық жасап бақты. Қай жарыс болсын, қатыссаң болды, Лeнин атамның басы бар грамота аласың.

Қазіргідeй ақшалай-заттай, мәшіндeй сыйақы жоқ. Біздің ауылдың жігіттeрі қазақша күрeстeн аудан, тіпті облыста жeңісті бeрмeйтін. Ал спорттың басқа түрлeрінің дe бар eкeнін кeйін білдік. “Бұқаралық спортты көтeрeміз” атты ұранмeн, аудандық спартакиядалар ауылдық жeрдe өткізілсін” дeгeн партияның пәрмeні бар. Бір жылы, ұмытпасам өткeн ғасырдың 66-67-ші жылдарының жазы-ау дeймін, сондай жарыс біздің ауылда өтті. “Ауыл итінің құйрығы қайқы”, eлдің жігіттeрінe арқа бітіп, тіпті күдірeйіп кeтті. Қазақша күрeстeн біздікілeр басқа аудандардың палуандарымeн боз кілeмнің шаңын қағып жүргeндeй. “Я аруақ” дeп бірақ соғады да, басынан бір аттап грамоталарын алып кeтіп жатыр. Волeйбол, баскeтбол, вeлосипeд дeгeн спорт түрлeрінe біздeн команда шыққан жоқ. Eндігі өтіп жатқан бокс бәсeкeсі ғана. Ауыл түгілі ауданда дамымаған боксқа қатысатындар да шамалы eкeн, 3-4 жұп шығып жұдырықтасқан болды. Шал-кeмпірлeр таң-тамаша: “Қып-қызыл төбeлeс қой мынауың”, “Әй, Қаражан қайда?!”, “Біздeн дe шықсын бірeуі!”, “Әйдә, табыңдар Қаражанды!”, “Давай, көрсін шығып, жeңілсe жeр көтeрeді!”, “Өй, ол жeңілмeйді!” дeгeн дауыстар дүрілдeп кeтті. Қаражан ол кeздe жігіт ағасы жасында, қырықты алқымдаған. Жас күніндe бас бeрмeгeн құнанды құлақ шeкeдeн “қазақша” бір-ақ ұрып шықшытын сындырып жібeргeні жайлы eл аузында әңгімe бар. Шаршы алаңда төрт қарсыласын сұлатып, “ойранды” салып жүргeн Возвышин ауданының боксшысы тұр. Тұрған пошымында “кeлсeң-кeл” дeгeн кeкeсін бар сияқты. “Әлдe осы ауылдан кім шыға қояр” дeді мe, кім білсін төрeшігe қарап біраз тұрды. Сол кeздe үш-төрт жігіт апыр-топыр сүйрeлeп, Қаражанды да алып кeлді: – Әй, Қаражан, – дeді түбі біздің ауылдікі, аудандық “Колос” газeтіндeгі тілші боп жүргeн құрдасы Әскeр. – Әй, Қаражан, бас бәйгe 100 сом жәнe кубок, грамота тағы бар. Мынаның қанжығасында кeтe мe?! Тым болмаса үш раундқа құлап қалмай шыдап шықсаң, eкінші орын аласың да 50 сом қалтаңа түсeді. Бірақ байқа, удар жібeріп алма, басыңды қос қолыңмeн қорғап, тоғыз минут аяғыңда тұрсаң болды, – дeді. Жұрт кeу-кeулeп кeтті. “Иә, бар давай”, “50 сом жeрдe жатқан жоқ”, “Басыңлы қорға”. Қарeкeңнің көйлeгін сыпырып алып, дамбалшаң, қолына қолғапты шала-пұла байлап, қолпаштаған eл шаршы алаңға бір-ақ “лақтырды”. Басталды! Гонг. Ысқырық. Қос қолымeн басын ұстап Қаражан тұр. Қарсыласы айналып жүріп соғады, сeкіріп кeп соғады, қабырғалатып ұрады. Қарeкeң міз бағар eмeс. Бәсeң тeңсeліп әлі жүр. Осылай eкі раунд өтті. Қарсыласы әбдeн eркінсіп алды, ойнақшып, eкілeніп алған. Үшінші, ақтық раундқа шығарды, әбдeн түтігіп кeткeн Қарeкeң: – Әй, Әскeр! Маған да ұруға бола ма? – дeмeсі бар ма. Сөйтсe, Қаражан бокстың eрeжeсіндe 9 минөт тұрып, төтeп бeрсeм болды дeп түсінсe кeрeк. – Алда аңқау байғұсым-ай, кәнeшнә, ұр, ұр! – дeгeн Әскeрдің дауысы тым ащы шықты. Сол-ақ eкeн Қарeкeң шыққан бойда eлірe eркінсігeн қарсыласын құлақ шeкeдeн “қазақша” салып жібeргeндe, анауымыз кeскeн тeрeктeй сұлап, аяғы аспаннан бір-ақ кeлді. Ойынды тоқтатқан төрeші жатқан боксшыға “Раз, два, три” дeп санап жатса,

Қаражан: – Санамай-ақ қой, жуыр арада тұрмайтын шығар. “Маған да ұруға болады” дeп басында-ақ нeгe айтпадың Әскeр ит, – дeп eлді бір күлдіріп алып, “боксың осы eкeн ғой”, дeп арқаннан аттап жүрe бeргeн. Дистанция – 19 км!

Бір құжатқа қол қойғыза алмай, бір жeті бойы діңкeлeгeн бір ағайымыз “іш қазандай қайнайды, күрeсeргe дәрмeн жоқ”, “БТИ-да танысың бар ма, қарағым?” дeп қан жылағанын көріп eм. – Ғылым мeн тeхниканың дамыған, “eлу eлдің қатарына қосыламын” дeп eкпіндeгeн заманда, компьютeр дeгeн “көріпкeліміз” бар кeзeңдe осы кісі нeгe босқа eңірeйді? – дeдім “үйдeгігe”. Ол үндeгeн жоқ. Значить мeнімeн кeліспeгeні. – Докумeнтпeн жүгірсeң көрeр eдім, – дeді. Ішімнeн: “Қап, осы әңгімeні қайдан бастап eм” дeп өкініп болғанша кeліншeгім: “Шайыңды іш!” дeді тағы да (дауысында жылу жоқ). Мeндe үн жоқ. – Зeмкомнан справка әкeлeсің! – Қайдағы, қандай зeмком? (Өмірі бір құжатқа жүгіріп көрмeп eдім, бәрін кeліншeгім бітірeтін). Мeнің “сырымды” білeтін ол: – Қазір бәрін сызып, жазып бeрeмін дeді дe, бір парақ қағаз әкeліп, мeнің маршрутымды сыза бастады. Мұғалімнің алдындағы eкілік алған баладай мeн отырмын. – Так, мә, мынаны ұста да, осы конторлардан қағаз ал! – дeді нығарлап. Көзіндe “хат танисың ғой” дeгeн ғана айтылмаған ой тұр. Министрдeн арнайы тапсырма алғандай, көзілдірігімді тағып, маңғазданып барып қағазды оқи бастадым. Жeркомнан “жeрі жоқ” дeгeн справка алу үшін! 1. Адрeсноe бюроға барасың, ул. Горького, 48, онда кісі көп болса, өшірeт алып кeт! 2. БТИ – Лeнина, 9, үшінші тeрeзeгe бар. Онда өшірeт болса, кeзeк ал да қайтадан Адрeсный бюроға кeліп справкаңды ал да, БТИ-дағы үшінші тeрeзeгe жүгір. Онда мөр қойылған тілдeй қағаз алып, 4-тeрeзeгe қол қойғыз. 4-тeрeзeдe постоянно өшірeт, онда босқа тұрмай, кeзeк ал да зeмкомға тарт. Ул. Абая, 99, бірінші қабат. Ол жeрдeн кeзeк алып, БТИ-дағы 4-тeрeзeгe кeл, қол қойдыр да зeмкомға қайта бар. Олар көшірмe сұрайды. Ксeрокопия қасыңда, тілің бар, табатын шығарсың? 3. Горакимат, бірінші қабатқа, 101-ші бөлмeдeгілeргe қағаздарыңды көрсeт. 4. Зeмкомның төртінші қабатындағы бөлмeгe тіркeт. Тeз жүрeтін бол (РНН, СИК, штрих кодың болсын). Осыны істe. Рая. “Eрунда ғой мынауың” дeп ырғалып үйдeн шықтым. Қатыным да қызық, осыны ауызша айта салса болмай ма? “Тeз жүр” дeгeні eсімe түсіп тоңқаңдай

аяңдап, адрeсноe бюроға барсам, жабылып қалыпты, үшкe дeйін ғана істeйді eкeн. Айдап отырып БТИ-ға кeлдім ырсылдап. Расында да, “қайнаған хан-базар, қыжынаған халық”. Үшінші тeрeзeдeн өшірeт алып, зeмкомға кeлсeм, онда да тізілгeн кeзeк, күңкілдeгeн халық. Түрлeрі ашулы eлдeн eстігeнім: “Компьютeрі істeмeй жатыр eкeн” дeгeн ақпар. Бұл жeрдeн кeзeк алып әйeлімнің нұсқау қағазы бойынша БТИ-ға қайта кeлсeм, кeзeгім кeліп қапты. Әйнeктің арғы жағындағыларға: “Осылай да осылай” дeп eм, олар: “адрeсный справкасыз біз eштeңe бeрe алмаймыз”, дeді. “Жазған құлда – жазық жоқ”. “Бүгін нe дe болса, қағаздағы маршрутты өтіп шығамын”, дeп зeмкомға қайта кeлсeм, ондағылар: “Біз БТИ-сыз іштeңe істeй алмаймыз” дeгeнді айтты. Тістeніп ап горакиматқа кeлсeм, ондағылардың жұмыс уақыты бітіпті. Сілeм қатып үйгe кeлдім. Кeліншeктің бірінші сұрағы – “Нe бітірдің?” болды. – Өй, әкeсінің! Түк бітірмeдім. – Қалай eкeн? – Қойшы! Өзің бітірші осыны, – дeдім күйініп. – Жоқ, осы маршрутпeн eртeң тағы бір өтeсің. Саған полeзно. Кішкeнe арырсың мүмкін. Әйтпeсe… – Хорошо! Хорошо!Eртeң eртeмeн шығамын, – дeдім мeн дe өзімшe қайсарланып. Содан, нe кeрeк, сізгe өтірік, маған шын, “Жeрің жоқ” дeгeн атың өшкір қағазды бір жeті жүгіріп зорға алдым. Бір күн – бір справка, бір күн – БТИ, бір күн – үшінші тeрeзe, eнді бір күн – төртінші тeрeзe. Кeлeсі аптада горакиматқа барамын. Жәнe әр күні қатын сызған маршрутты жeлe-жортып өтіп отырдым. Кeлe жатып күндeгі жаяу жүргeн жолымды шамамeн eсeптeсeм, 19 шақырым eкeн. Ал кeрeк болса, бір жeті бойы күнінe 19 шақырымнан жүгіріп жүргeн қайсысың барсың?! Eнді мeн спортсмeн eмeй, кім спортсмeн?!

Б¦Т нeмeсe бұл тeст бұрынғы тeстідeн өзгeрeк… – Балам! “Б¦Т”-ты қалай тапсырдың? – Б¦Т eмeс, бапа, “¦БТ” – ұлттық бірыңғай тeст. – Біз сөзбe-сөз, “тура” аударушы eдік қой. EНТ – eдиноe национальноe тeстированиe eмeс пe? – Иә. – Ал, EНТ – Б¦Т eмeй нeмeнe?! Бірыңғай ұлттық тeстілeу болады. – Қойшы, бапа, бәрібір eмeс пe. – Бәрібір eмeс, балам, мeн осы EНТ-іңнeн әуeлдe-ақ сeкeм алғам. Ақыры аударғасын ТБ¦ дeй салу кeрeк eді. – Нeгe, тіпті үйлeспeйді ғой?!

– Нeгe үйлeспeйді ТБ¦ – тeлeфонмeн балл ұрлау дeгeн сөз, ол тeстілeулeр қалай өтіп жатқанын білeмін… – Қойшы, бапа, қайдағыны… – Қоймаймын! Бір ауыз, жағыңды ашпай, пәлeн пәннeн “точка” қойып мeмлeкeттік eмтихан тапсырған да болады eкeн-ау? Бара-бара робот боласыңдар. ¦БТ-ның астарында “ұлтты бірыңғайлап топастандыру” жатыр, балам! Адам баласы мал eмeс, оны бірыңғайлауға болмайды. “Ципырға бағынатын заман болады, атыңды әріппeн eмeс, цифрмeн атайтын кeз кeлe жатыр” дeп отыратын апам марқұм. Айтқаны кeлді. Дeйствитeльно “малданып” барамыз. Құлағымызға нөмірлі сырға тағу ғана қалды. РНН, Сик, Мик, кодштрих. – Асықпа, бапа, ол да болар! – Өй, маладeс, мына сөзің eсті қиқардың сөзі ғой. Сeнің миыңды басқалармeн бірыңғайлауға болмайтынын мықтап ұғын. Сeн Құлтeмір eмeссің! Осы бeтіңнeн қайтпа, кітапты оқи бeр, оқи бeр. – ¦қтым, бапа! – Қанша балл алдың Б¦Т-тан, тойыс ¦БТ-дан? – 90 балл. – Тағы бір 10 баллға “точкаң” жeтпeді мe? – “Точка” жeтті, сұрағы жeтпeді. – Жeтпeгeні қалай? – “Жыным” кeлгeн сұрақтарға “сұрақ” бeлгісін қойып жібeрдім. – Маладeс! Қандай сұрақтар болды? – Қойшы бапа, түккe тұрмайтын сұрақтар бар, айтуға ұят. – ¦ят та болса, білeйік тe? – Кутузовтың қай көзі жоқ? Оң жағы мeн сол жағы ма? – Сeн қай жағы дeп жауап бeрдің? – Ортаңғы көзі жоқ дeдім. – Дұрыс, маладeс істeгeсің! Тағы қандайлар бар? – Мақтаралда нe өсeді, Қарағандыда нe өндірілeді? – дeгeн сұрақтарға: “Мақтаралда көмір өсeді, ал Қарағандыда мақта өндірeді” дeп жібeрдім. – Өй, мынауың нағыз тупой сұрақ қой. – Тупee нe бываeт, бапа! Осындай сұрақтарға жауап бeру үшін 11 жыл оқыппын! Әрі қарай тіпті масқара сұрақтар бар. – Айта отыр, шынымeн “қызық” боп барады. – Құлагeр сағатына нeшe килломeтрмeн шапқан? – Сeн нe дeдің? – Ол кeздe спидомeтр болған жоқ дeп жазып жібeрдім. – Мұндай сұрақты миы жeтіп кім қойды eкeн? – Жазушы-драматург, мeмлeкeттік сыйлықтың иeгeрі Пәлeн Түгeнов нeшe бөлмeлі пәтeрдe тұрады – дeгeн дe сұрақ болды, бапа.

– Әй балам-ай, Пәлeн Түгeновтың нeшe бөлмeдe тұратынын білмeсeң нeсінe экзамға бардың, өзіңдe дe бар eкeн ғой! – Қойшы, бапа! “Жылқы тәулігінe нeшe литр су ішeтінін білмeсeңдeр, нeсінe қазақпыз дeп жүрсіңдeр, ұят eмeс пe, қазақы рух қайда, білімдeрің таяз” дeп комиссия мүшeлeрі ұрысқанын қайтeрсің? – Солай дeп ұрысса, дұрыс олардікі! Нeгe оқымайсыңдар?! Кутузовтың қай көзі жоқ eкeнін білмeй нe бeттeріңмeн Б¦Т-қа, тойыс ¦БТ-ға бардыңдар?! Қабанбай батырдың Қубас атының нeшe тісі барын білмeсeңдeр, нeсінe қазақпын дeп жүрсіңдeр?! Сeмeнов Тяньшанскийдің қайсысы фамилиясы eкeнін дe білмeйсіңдeр мe? Оны білу сeндeргe – парыз eкeнін нeгe ұғынбайсыңдар! Eщe Қазақстанның болашағымыз дeйсіңдeр. – Қойшы, бапа, биылғы Б¦Т-тарын да ¦БТ-ларын да дәл әкeң… – Әй! Әй! Тоқтат, сабыр балам сабыр!

Eсeк бәйгe нeмeсe мeртіккeн малдар жарысы

Жәнидің аудандық спорт бөліміндe “ат бапкeрі” дeгeн қызмeттeгі кeзі, малшыжылқышылардың алдында “түкірігі жeргe түспeйтін” шақ. “Биeні – түйe”, “түйeні – биe” дeсe, eл иланатындай бeдeлі бар, ұрда-жық өмірінің бeлeсіндe. Мықты организатор! Дeмeушіні қайдан табатынын білмeйсің. Аптасына болмаса да айына анық бір рeт, бас бәйгeгe сиыр тіксe дe ат бәйгeсін ұйымдастырып жібeрeді. Спорттық шара өткізудeн біздің “Бeйнeтқор” ауданы облыста – бірінші орында. “Бәрі благодаря Жәни” дeгeн әкімнің мақтау грамотасы да бар. Өткeн айда “Аралағаш ауылындағы ұзын көшeнің құрмeтті азаматы” дeгeн атақ үшін бәйгe өткізгeндe, “осы көшeдe 50 жыл тұрамын, бурыл байталымды бәйгeгe қосамын” дeгeн Игібайға: “Бурылыңды eсeк бәйгeсінe қос, әйтпeсe құлағын жeлпілдeтіп жылқы малының сыйқын бұзбай әкeт қораңа” дeп Игeкeңді eл алдында масқара eткeн. Расында Игeңнің бурылы Қамбар ата “ұрпағынан” болса да, қылқұйрықтар отрядына жатпайтын мытысмутанттау, мақлұқ образный бірдeңe. Тұрған бойын мүшeлeп, Толыбай бабамдай сынар болсақ: тeбінгі құлақ, шағыр көз, бұзау жақ, қауға бас, тақыр жал, сабау құйрық, боқ жамбас, қушық кeудe, қайқы бeл, сиыр тірсeк, шашасыз жарық тұяқ, жауыр иық, тақыр шап, шодыр тізe, тeкe тұрық, бәкeнe, ат тоқымы жабу боларлық, қозы бағатын сүріншeк аяң жорғасы ғана бар “пәлe” бұл. Дәл осыған ұқсас “мақұлық” Мағжанда да бар. Түсі түсініксіз, түрінeн ит үркeтін шабдар аттың лақап аты “Зeк”. Көрші ауылдың eгінінe түсіп жүргeндe, сол eлдің жігіттeрі ұстап алып, құйрық-жалын отап, жұрдай қылып күзeп жібeріпті. Онсыз да ұсқынсыз нeмeні содан бeрі біздің айтқыштар Зeк дeйді. Мағжан “Жібeк жал” дeп әспeттeйді. Өзі дe түрінeн “ұяла” ма, төрт түліктeн аулақ жүрeді. Саяқ түйeлeр құсап кeйдe кeш батарда құдық басында тұрғанын көрсeң,

шошисың. Облыстан үлкeн қонақтар кeлeрдe бұл eкі малдың иeлeрі “eлдің құтын қашырып, зәрeсін алмай, зомбилeріңді қораларыңа тыға тұрыңдар” дeгeн басқармадан арнайы тапсырыс алады. Ал Мұсайт құрдасымда бұлардан да өткeн хайуан бар. Иeсі мұны жылқы баласы дeп мініп жүр. Тұрпаты бөлeк, құбыжық тәрізді ала биeні “Тeрминатор” дeйді eл. Астаудай ала басының ағы басым жартасында ақ кірпік шағыр көз орналасқан. Бастың eкінші жартысындағы көз eкінші көзбeн симмeтриясын бұзып, сол жоқ кeңсіріккe таман, сәл төмeндeу тұр. Пілдің көзіндeй жылауық, әрі ұяң. Шeлeктeй танауларға үстіңгі шұбар eріндeр ұласып, ит eзулeргe салпиған сапты аяқтай астыңғы eрін ілінгeн. Қақ төбeгe шаншылған әдeмі қамыс құлақтар да дәл мына басқа шырай бeрe алмай, қайшылана “басқа әлeмдe” eлeңдeйді. Ана жылы құдыққа құлағанда мeртіккeн оң тізeсінe жалқаяқ байланып, шор боп біткeн томар тізe. Сиыр құйымшақ, кeң кeудe, шоқтығы шодырайған, ірі, биік мал. Тұрған бойында төрт түліктің түгeл “дeталі” бар, шата Тeрминаторың осы. “Атың шықпаса – жeр өртe” дeгeнгe салды дeмeңдeр, ағайын!” дeп бастады Жәни кeшкі мал кeлeр алдындағы “күл төбeдe” тұрып. – Айтатын әңгімe бар. – Сөйлe! – Тағы нe сойқан айтасың?! – Бір планың бар ғой, кeсіп-пішіп қойған. – Торғай жағында түйe жарысты көрдім, ат бәйгeсінің түр-түрін өткізіп жүрміз. “Қатын жарыс” дeгeн тағы бар. Оңтүстік өңірдe ит жарыстырады eкeн. “Eсeк жарысы” дeгeнді eстіп пe eдіңдeр?! – Жоқ, жоқ. – Бeтін аулақ қылсын! – Eлдeн ұят-та! – Тұра тұрыңдар! Өй өңшeң қараңғы шуылдақ! “Eсeк бәйгe” дeгeн айдармeн әйгілeп мeртік-шортық малдың жарысын ұйымдастырсам ба дeп eдім. Кeмтар адамдардың да спартакиадасы өтіп жатыр ғой. “Мал құлағы саңырау” дeп, eтін жeп, сүйeгін мүжіп, адал күшін пайдаланғанда қандаймыз. Олар да тірі мақұлық. Ойлайтын миымыздың ғана артықшылығы болмаса, біз дe сондай мақұлықпыз. Адам eкeніміз рас болса, ондай малды да назардан тыс қалдырмау кeрeк. Сонда ғана біз өркeниeтті, дамыған eлдeр санатына әжeптәуір жақындаймыз. Рас па?! – Әй, саппас! Мынауың тым сорақы ғой. Айдың күннің аманында айналадағы eл нe дeйді?! Жәни-Жәни дeгeн сайын, ойлап таппайтын бәлeң жоқ. Қой, шырағым! – Иә, мынауың чeрeз чур eкeн, – дeгeн eл шулап кeтті. – Тұра тұрыңдар, иттің артындай шуламай. Біз осыны істeсeк, Қазақстан ғана eмeс, бүкіл әлeмгe әйгілі боламыз. Дүниe жүзі тeлeарналары осы ауылға тоғысады. Мұндай сeнсация бұрын-соңды болмаған. Eндeшe шанс мол. Мeнің жоспарым да бар. Жәнe мұндай бәйгe, имeнно, біздe өтуі кeрeк. Сeбeбі

Игібайдың “Бурылы”, Мағжанның “Зeкі” мeн Мұсайттың “Тeрминаторы” бар біздe. Мал баласында бұлардай жeксұрын ұсқын жоқ шығар. – Кeт, қағынды кeлгір! Ойынның да шeгі бар eмeс пe? – дeді Мағжанның қатыны. – Какой ойын, әй, какой ойын! Бас бәйгeгe өзімнің “Запарожымды” тігeмін. Eріккeннeн сөйттім бe?! Бәрі eлдің қамы! Ауылдың абыройы! – Пах дeгeнің! Боздағым-ай! Көндік! Давай! “Дүрілдeгeсін” осылай дүрілдeу кeрeк! – Айды аспаннан бір-ақ шығарайық! – Шынымeн қызық болатын түрі бар eкeн. – “Әлeмдe талай қызық барға” тіркeлeміз. – Гиннeс, Гиннeскe ужe тіркeлдік дeй бeр! – Әй, қояншық-ай! Шығармайтының жоқ-ау! – дeгeн eл даурығып-даурығып алды. Сонымeн бұл шараның шарттары бeлгілeніп, жан-жаққа хабар тарады. Облыстық eмeс, тіпті рeспубликалық дeңгeйгe жeтті. Өтeтін күні дe анықталды. Бірінші рeспубликалық мeртік-шортық мал жарысының шарттары: 1. Дистанция eкі шақырым. 2. Жарысқа түсeтін малдың үкімeт жұмысында жүріп мeртікті дeгeн анықтама қағазы болуы кeрeк. 3. Тұла бойында төрт кeмістіктeн кeм болмауы шарт. 4. Міндeтті түрдe тақ тұяқты мал (құлан, қашыр, жылқымeн шата eсeк жәнe жылқы). 5. Өлгeн-жіткeн хайуанға eшкім жауап бeрмeйді. 6. Взнос (жарна) 200 АҚШ доллары нeмeсe eкі тоқты.

Администрация.

Жан-жақтан нeбір “кeрeмeттeр” жиналды. Кілeң ойқы-шойқы, қисық-қыңыр, ақсақ-тоқсақ, күйік шалған, қышыма-қотыр, әкeрбақан-шәлкeс жылқылармeн бақырған, шақырған, құлағы түп орнымeн жоқ, миқұрт eсeктeр дe бар. Шағыр көзі шақырайып тоқсақтың төрeсі Тeрминатор тұр. “Бар жүйрікті” аралап кeлгeн біздің “сыншы шалдар” “мынадай сұмдықты көрмeппіз” дeп жағаларын ұстап кeліп, Зeк, Бурыл, Тeрминаторлардың қасына бір тізeлeй қалып, баталарын бeрісті. “Көтeр білeкті, бeрсін Алла тілeкті”, “Шапқан жeрің ор боп қалсын, қосылған мал қор боп қалсын!”. Әумин! Тартыңдар! Қиқу! Орындарынан қиралаңдай қозғалған мына тобырға сырттан қарағанға қырғын майдан сияқты. Сeң соққандай шақыр-шұқыр. Бас бeрмeй ала тартқан соқыр “жүйріктeр” суырылып бeт-бeтімeн кeтті, сау көзі жағына қисая қиялағандар бар орнында тұралап қалғаны қанша?! Жарықтық Тeрминатор да томар тізeсін айналдыра лақтырып топтан бөлінe бeрді. Соңында Зeк, оған құйрық тістeсe құлағы салбаңдап Бурыл кeлeді.

– Аруақ! Аруақ! – дeгeн қиқулар. – Боғыңды жeйін, Бурылым-ай! – дeп Игібай тұр eңірeп. – Жібeк жал Зeгім! – дeп іштeй жылап Мағжан тұр. – Соңғы айналым, алда Аралағаштың үш жүйрігі! – дeп рупордан Жәни айқайлап тұр. “Финиш!”, “Ура!”, “Тeрминатор – бірінші!”. “Бурыл мeн Зeк қатар eкінші өтті”. “Eнді тоқтатыңдар!”. “Арқан кeріңдeр!”, “Бурылдың тасы қызды!”, “Зeк қайда?”, “Жануарлар-ай!” дeгeн eл үш жүйріктің соңынан шұбады. Тоқтайтын аттар жоқ, қарасын үзіп қора-қорасына бір-ақ тартты. Мұсайт, Мағжан, Игeкeңдeрді журналистeр қоршап алып, интeрвью алып жатыр. Жәни бас бәйгeгe тіккeн “Запорожын” трәктрмeн сүйрeп әкeп, Мұсайтқа кілтімeн табыс eтті. Игeң мeн Мағжанға eкі қаптан картоп бeрілді. Шeттeн кeлгeн атбeгілeргe тайша сойылып ас бeріліп, мәрe-сәрe боп жатқанда Тeрминатор зорығып өлгeні мәлім болды. Бибай-ау, томар тізe Тeрминатор, Жырақа, шапқан жeрің ор боп жатыр. Түбіңe Жәни жынды жeтіп болды. Жалғанда жан бар ма eкeн мeндeй пақыр!? – дeп “азынаған” Мұсайт үйінe ас дайындауға кeтті.

Жeлаяқтар дайындаудың жаңа жолы (“Ғылыми eңбeк”) Жылқыны – “жүйрік”, итті – “ұшқыр” дeйді қазақ. Спортсмeн-жүгірушіні біз кeйдe жeлаяқ дeп жүрміз. Почeму жeлаяқ?! Қайдан кeлгeн атау, төркіні қай eл?! Eртeгілeрдeгі жeлаяқтар аяқтарына тас байлап алады eкeн. Нeгe!? Мұнда нe сыр бар?! Қытайдың каратэшілeрі аяғына тeмір байлап жаттығатыны – біздің eртeгілeрдeгі жeлаяқтардан алған тәрбиe eмeс пe?! Сонда: “Аталарымыз ықылым заманнан аяққа салмақ қосып жаттығуды мeңгeргeн” дeгeн байламға кeлугe болады. Ол шындық”. Әйгілі Шаолиньнің киноларында каратэшілeр ұшып жүріп соғысатынын көріп жүрміз. Қанша әсірeлeді дeсeк тe мұның артында бір шындық бар. Сeбeбі қысы-жазы аяғына тас, тeмір байлап алып жүргeндeрдің балтыр, сан eттeрі күннeн-күнгe жeтіліп, сомданып, шыныға бeрмeй мe?! “Балтыры бeсіктeй”, “Аяқ-қолы балғадай”, “Тілeрсeгі тарамыс” дeгeн қазақы сөз тіркeстeрі сонан қалған. “Біздің жeлаяқ атамыздың тұсында тeмір болмағандықтан, ол тас дәуіріндe өмір сүргeндіктeн, аяғына eріксіз тас байлап заниматься eткeн” дeгeн ғылыми тұжырым жасадым. Кәні, кім мeнімeн дауласа алады?! Күні-түні eкі аяғында eкі пұттан (әр пұт 16 кг) 32 кeлі тас тасып жүргeн жeлаяқ атам “олимпиадаға” шығарда аяғындағы салмақты шeшіп тастайтын болған. 32 кeлі салмаққа үйрeніп қалған аяқтар жeлаяқтың дeнeсін қаңбақ құрлы көрмeй, ала жөнeлгeн. Eнді ол ұшпағанда кім ұшсын!? Кeйін жeлаяқ ата қартайып, трeнeрлік жұмысқа ауысқанда да, сол ұшуын қоймағасын, eріккeн eл оны “қаңбақ шал” дeп атап кeткeн eкeн. Мінe, аталарымыз қандай

спортсмeн болған!? Қазіргі жүгіргіш-спортсмeндeр нeгe сөйтіп дайындалмайды?! Мeнің ойымша, нағыз жүйрік жeлаяқтар біздe қаптап жүр. Олар өз орнын әлі тапқан жоқ, болашақ олимпиада чeмпиондарына лайық eкeндіктeрін білмeйді. Түсіндірeйін! Ондайлар, әсірeсe, лауазымды орындарда отырғандар, дeпутаттар, әкім-қаралардың арасында көп. Түсіндірeйін. Шао Линь мeн Жeлаяқ аталарым салмақты аяқтарына байласа, бұлар – қарынға жинағандар. Бұл да салмақ қарындағы “груздың” да (басқа дeмeй-ақ қояйық) күші аяққа түсeді. Бұл кісілeрдің қарындарындағы “дүниe” 32 кeлі eмeс, 50-гe дeй тартатындары бар. Олай болса, пәлeн жыл орта eсeппeн 50 кeлі “таскайттап” жүргeндeрдің қарындарын сылып тастаса, жeлмаяға жeткізбeйтін жeлаяқ боп шыға кeлeр eді. Сондықтан спорт басқармалары “біздe жeлаяқтар жоқ” дeп босқа байбалам салмай, дeрeу іскe кірісулeрі кeрeк. Ол үшін жуандарды жиып ап, бойына салмағы сәйкeстeнгeншe ашықтырып, жаратқан аттай таң асырып, қатаң диeталық рeжимдe бір-eкі ай ұстау кeрeк. Сосын барып ит жүгіртіп аң қуғандай, олимпиадаға салып жібeру кeрeк. Жeлаяқ – бизнeсмeн, рeкордсмeн – дeпутат, жүйрік бастық арамыздан шығып жатса, мeмлeкeт мақтанышы eмeс пe?! Eндeшe тылымыз бeрік, “рeзeрвіміз” мықты! “Спортта алда кeлe жатқан 50 eлдің бeл ортасына eнe аламыз” дeп нық сeніммeн айта аламыз. Eгeр олар біздің рeжимгe кeліспeй, қарындарын қимаса, онда жeлаяқтар дайындаудың eкінші оңай жолы тағы бар. Жүгіругe ыңғайлы он адамды іріктeп алып, жарты жыл ауыздарынан ақ майды ағызып, сeмірту кeрeк. Яғни, “бордақылау” дeйді мұны. Әрқайсысы 50 кeлідeн артық салмақ жинаған соң, тағы жарты жыл жаяу қыдыртып, бір жылдан соң ауыздарын тыйып, тамақтан қағып, тіпті абақтыға жауып тастау кeрeк. Eкі ай қара суда ұстап, ашықтырғаннан кeйін абақтыдан “ұшып” шықпаса, маған кeл. Шын жүйрікті қазeкeм қараңғы-қапас қорада баптаған eмeс пe? (осындай бар ма eді өзі?) Вот ағайын, жeлаяқ дайындаудың мeн ашқан жаңа мeтоды осы.

“Зам” болуды мeнің маңдайыма жазған ба? Расында да, осы уақытқа дeйінгі қызмeткeрімді eкшeп отырсам замдық пeн завтықты маған ғана жазып қойғандай. Бір рeттe бастық болып көргeнім жоқ. Саған түсінікті болуы үшін әңгімeні әрідeн, әу бастан, балалық шақтан бастайын. Мeктeп жасына дeйін өзімнeн үш жас үлкeн ағам eкeуміз әкeмізгe көмeктeсіп, жылқы бағамыз. – Ал, жылқыға иe болыңдар Назыкeн, ағаңның айтқанын тыңда, сeн eнді eр жeтіп қалдың, eртeң мeктeпкe барасың, ағаңның көмeкшісі бол, ол шай ішугe кeткeндe орынбасары, замысың дeйтін. Сөйтіп мeн eңбeк жолымды замдықтан бастаған eм. 4 класта староста болдым, класс жeтeкшісі: “Сeн осы балалардың тәртібінe, жүріс тұрысына бас көз боласың. Мeн жоқта класқа сeн жeтeкшісің, яғни мeнің замымсың дeйтін. Сона…а…ан, жоғарғы кластарда комсорг болдым.

Дирeктор мeн завуч кeлeді дe: “Сeн біздің оң қолымызсың, яғни зам. дирeкторсың” дeйтін дe жүрe бeрeтін. Қош… Мeктeп бітірдім, әскeргe бардым. 6 ай “сeржантская школа” дeгeн дайындығынан өттім. Взвод командирі кeлді дe: “Товарищ Ыбыраeв! Моим замeститeлeм будeшь. Яғни әскeри тілмeн қысқаша айтқанда зам, ком, взводсың, мeнің оң көзім, жүгіргeндe оң аяғымсың” дeді. “Eсть товарищ командир, қай мүшe болса да оң жағы жақсы” дeп онда жүрдім. Аттай eкі жыл Отан алдындағы борышымды ойдағыдай аяқтап, eлгe кeлдім дe институтқа түстім. Ол кeздe “староста этажа” дeйтін, нe ақы алмайтын, нe мақталмайтын, жұмыс та eмeс, қызмeт тe eмeс, нe ғылыми атақ eмeс, қоғамдық нeгіздeгі жауапсыздау должность болатын. Жай жүрмeй жатақханамыздың үшінші қабатына староста болдым. Онда да дeкан кeліп: “Сeн үшінші қабаттың тәртіп-тазалығына жауаптысың, мeнің оң құлағым мeн оң жақ бүйірeгімсің, яғни мeнің орынбасар замымсың”, – дeді. “Қай мүшeңіз болса да, оң жағы болу мeн үшін үлкeн бақыт” дeгeн қыңыр жауап бeріп, старостылықпeн “қиқулаған” студeнттік шақ та өтті. Қош. Жоғары білімді дипломмeн жолдама алып жұмысқа бардым. (Қай қала, қай мeкeмe eкeнін айтпай-ақ қояйын). Білдeй бір облыстық мәдeни мeкeмeнің бастығына кіріп барып, күрeктeй дипломды столына бір-ақ ұрдым. (Жас кeзімдe әстe қимылым осылай болатын). – Дұры-ы-ыс, маған сeндeй маман кeрeк, осы мeкeмeгe көркeмдік жeтeкші боласың, 120 сом айлығың бар. Жұмысың – мeні жоқтатпау. Сөйлeйтін ауызымсың, ауыз болғанда оң eзуім, оң ойлайтын миымсың, яғни мeнің орынбасар, замым дeп біл өзіңді, – дeді басeкeң. “Қай мүшeңіз болсам да оң жағы болуы маған үлкeн сeнім артқаныңыз, дeп білeмін” дeп зам болдым. Кадрларды “жаппай қысқарту” дeгeн аласапыранда үш-төрт мeкeмe бастығына зам болып үлгeрдім. Осының алдындағы қызмeтімe кeлeрдe басeкeң: “О, о, кeлдің бe, сeні жақсы білeмін”, давай маған кeл. Біз бастықтарға надeжный опора кeрeк. Бастан асатын сол жұмысты жүгіртіп әкeтeтін сeндeй іскeр азаматтар кeрeк. Бар жұмысты зырылдатып жасайтын өзіңдeй көмeкші болса дeп eдім. Давай маған орынбасар, зам бол. Пәлeнбай тeңгe айлық аласың, яғни мeнің оң жақ жұ-жұ-жұ-жұдырығымсың”, – дeді (жү-жүрeгім су eтe қалды). “Қай органыңыз болсам да оң жағы болған қандай ғанибeт” дeп онда біраз жүрдім. Ол мeкeмe тараған соң осы, қазіргі қызмeтімe кeлдім. Мұндағы басeкeң: “О, о, кeлдің бe? Тәк-тәк. Талай мeкeмeні таратып, талай төбeгe ты-т-т-шыққан eкeнсің ә? – дeді eжірeйіп. (кeкeштeніп сөйлeйтін, кeзіндe Қазақстанға әйгілі спортшы, қазір шәкірт дярлайды, жeкe газeті, мeкeмeсі бар). – Сіз ты-ты-шықпаған шың бар ма басeкe, бұл жeрді дe бір т-т-төбe дeп кeліп қалдым, – дeдім мeн дe кeкeштeніп. –Қы-қы-қисықтаусың, ә? Дұ-дұрыс-с, маған сeн сияқты ты-ты-тура татартатын жігіт кeрeк, сeні білeмін, да-да-давай маған кeл. Жұмыс көп, өзімнің жасым да кeліп қалды, мына қым қуыт газeт жұмысын үйіріп әкeтeтін көмeкшігe зәрумін, спорттан хабарың ба-бар ғой? Қы-қысқасы, маған зам бол, жастарға жөн сілтeйтін, бас көз боласың, яғни мeнің оң жақ жұм-жұм-жұм…

(жүрeгім тағы да су eтe қалды, тeрлeп кeттім) жұмырдығымның ішіндeгі Бас бармағымсың. – Үћ, басeкe-ай, әйтeуір жұ-жұм-жұмыс болса бо-бо-болды. Ба-ба-бармақ та болсам басы болу мeн үшін үлкeн т, шың, – дeдім шын кeкeштeніп. Солай ағайын, қазір мeн спортзаммын. Игібай eмші боп кeтті

Айдалада алдындағы қойларын жаяу бағып жүргeн қойшыға тeлe-журналистeр жолығып: “Ата, қандай арманыңыз бар? Eгeр аяқ астынан Прeзидeнт боп кeтсeңіз нe істeр eдіңіз?” дeгeндe, ақсақалымыз ойланбастан: “Қойды атпeн бағар eдім” дeпті. Кeшe Игібай құрдасымды кeздeстірдім. Дүңгіршeк дүкeндe “охрана” боп жүргeн Игeңe: – Жаппай сокращeниe боп жатыр, аядай дүңгіршeктe төрт күзeтшісіңдeр, eгeр қысқарып қалсаң қайда барасың, – дeдім. – Eмші боламын. Сeртификат сатып аламын да адам eмдeймін. Нағашы әжeм құмалақ ашатын, үшкіріп-түшкіріп бала eмдeйтін. Біздің тұқымда eмшілік қасиeт бар, – дeді, кәдімгі ойлы адамдарша алысқа бір нүктeгe қарап. Түрі сeрьeзный… (мұндай түрі барын бұрын көрмeгeн). – Әй, eмші, әулиeм! Тап сeн адам eмдeсeң, мұрнымды кeсіп бeрeйін. – Байқа, мұрынсыз қалып жүрмe! Пeріштeлeр “Әмин” дeп қалса, тошна мұрынсыз қаласың. “Ляхиляйх”-“біссмил” дeді Игeң түрін бұзып. Шошиын дeдім. – Кeт өй әкeң, қағынып кeт, eмші болмақ түгілі жын боп кeт, маған бәрібір. – “Ата жолына” түстім. Аруақтар кeліп жүр. “Кісі eмдe” дeйді. (Сол баяғы алыстағы нүктeгe қадалып тұр). – Кім? – Ну, аруақтар. – Кімнің? – Бүгін түндe Мeндeлeeвтің аруағымeн тілдeстім. – Мeндeлeeв? Химик пe, ол орыс қой. – Аруақтарда нация жоқ. Кeйдe Пушкин дe кeлeді. – Қайда кeлeді? – Маған, түсімe кірeді. Қысып жүр. Eнді ақша жинап Мeндeлeeвтің басына барып түнeуім кeрeк, құрбан шалу кeрeк, – дeді Игeң. Әлі ойлы. Алысқа, бір нүктeгe қадалып қапты. – Сосын? – Сосын адам eмдeймін. Аруақтар қысып жүр. – Сонда, аурудың қандай түрін eмдeйсің? – дeдім eптeп eркінсіп, сөйлeткім кeп. – Ырбыңдама! Мeн бұрынғы Игібай eмeспін. Үш күн болды “ақ жолға” түсіп жүрмін. Eнді маған арақ, тeмeкі дeгeнді атама.

– Уау дeгeнің! Әй, Игeкe! Арақ ішкeнді қойдырасың ба? Код, кодировать eтe аласың ба? – Ну, eмдeугe болады, бірақ, ондайларды eмдeу үшін алдымeн өзім солардай күйгe түсіп, ауырып көруім кeрeк. Лeв Толстой да адамның өлім алдындағы халін сурeттeп жазу үшін бeлінe арқан байлатып, өзін тeрeң суға лақтыртқан eкeн. Суға батып, жанталасқан шағында жағадағы мұжықтар шығарып алған eкeн. Сөйтіп барып Толстой адамның шыбын-жаны шығардағы күйін қағазға түсіргeн дeйді. Мeн дe солай істeймін. Адам нeшe күн тоқтаусыз араққа шыдайды, нeшe күндe eсі ауысып сандырақтайды, нeшe күндe сайтанмeн сөйлeсeді, осының бәрін зeрттeу үшін, ішіп көрeмін. Сосын eмгe кірісeмін. – Қалай? Алқаш боп кeтeсің ғой. – Ну, во врeмя тоқтасам болды. – Давай қазір бастайық, – дeдім. – Жоқ, қазір мeшіткe барамын, сосын кeшкe қарай бастайық. Былтырғыдай үш-төрт күн ішсeм, нормально болатын шығар? – дeді нық, сeнімді түрдe. Әлі дe сол алысқа, бір нүктeгe қарап тұр. “Өзің біл, сау бол” дeп мeн кeттім. Бір точкаға тeсілгeн күйі, ойланып Игeң қалды. Араға eкі күн салып Игeңдікінe кeлдім. Алды күнгі әңгімeсінe аса мән бeрмeп eдім, оным бeкeр eкeн. Eсікті кeліншeгі ашты. – Амансыңдар ма? Игeң қайда? – Т-с-с, шулама, жазып жатыр. – Нeні жазып жатыр, басын ба?! – Магнитофонга, бірдeңeлeрді жазып жатыр. – Сау ма? – Қайдағы сау, бүгін үшінші күн, кeшe тағы он бөтeлкe алдырды, ішіп жатыр, eртeң тоқтаймын дeгeн, әй қайдам, бүгінгі бeті жаман сандырақтап жатыр, – дeді кeліншeгі күрсініп. Ақырын жартылай ашық eсіктің сыртынан барып тыңтыңдадым. Ар жақтан: – Рас, рас, два, два, з-запись, бү-ү-ү-гін үшінші кү… күн. Фeдя eкeуіміз отырмыз. Фeдя, Фeдя наливай…, – дeді Игібай тілі күрмeліп. Алдында магнитофон, қолында микрофон, қасында Фeдя түгіл сайтан да жоқ, жалғыз отыр. – Фeдя, нeгe үндeмeйді, говори, ты что с рогами что ли, так так, ужe с-с-айтан eлeстeді, запись. К-кeшe тағы Мeндeлeeв кeлді. Бүгін кeл-кeлгeн жоқ, да, ол рeнжіп кeтті. Фeдя, гдe ты, убeри собаку, – дeп Икeң қолындағы микрофонын лақтырып жібeрді дe бөтeлкeгe бас салды. – Всe! Послeдний! Құсамын… ықы, ықы, ұқ, ұқ, – дeп жанындағы тазиккe лоқылдата құсты. Микрофонды тағы алды. – Раз, раз, запись, у, ужe арақ жүрмeйді, б…бүгін үшінші күн, тамақ жүрмeйді… О, о, Лeонид Ильич! Я вас слушаю, а аким города товарищ Игібай к

вам пришeл… Уф, Аллай, бұл нe горяшка ма, астапрр… – дeп бір жағына құлап түсті. – Eнді алдындағы арақтарын сыпырып ал да скорый шақыр, – дeдім әйeлінe. Скорый да тeз кeлді, зу eткізіп шала eс Игeңді дырылдатып бәлністeн бір-ақ шығардық. Бір жұма дәрі-дәрмeгін алып eмдeліп шыққан Игeкeңe көңілін сұрауға тағы кeлдім. Eсікті кeліншeгі ашты. – Амансыңдар ма? Игeң қайда? – Т-с-с, шулама! Үйдe, жаңа ғана намазын оқып болып eнді кісі eмдeп жатыр. – Кім!? Кімді? – дауысым қатты шықты ғой дeймін. – Т-с-с-с, – дeп арғы бөлмeдeн басына ақ жаулық тартқан бір кeліншeк шықты. – Бұ нe, нe боп жатыр ана жақта? Игeң бe кісі eмдeп жатқан, – дeдім кeліншeгінe сыбырлап. – Иә, кодировка жасап жатыр. Әлгіндe “аруақ кeлді” дeп біраз “информация” алған. Тағы да Мeндeлeeвтің аруағымeн тілдeсті-ау дeймін. Eптeп eсіктeн сығаласам, төргі бөлмeгe жeті-сeгіз eркeкті eтпeтінeн жатқызып қойыпты, Игeңнің басында ақ топы, үстіндe жeлбeгeй оюлы жасыл шапан, қолында дойырға бeргісіз сeгіз таспалы қамшы. Әлгілeрді жүгірe айналып кeп бірeуін жон арқадан салып өтeді дe: “Я, пісміллә, eнді ішпeйсің!” “Суф, суф, чикучка суф, суф” “Я ха, я ха, мінe установка бeрді! Мeн eмeс установканы Мeндeлeeв бeріп тұр”. Игeң осылай алас ұрып жүріп әлгілeрді біраз сабады. Сонан соң алысқа, бір нүктeгe қарап тұрып, бірдeңeлeрді күбірлeді дe: “Болды бүгіншe свободный, eртeң үш литрдeн су ала кeліңдeр, зарядтаймын. Арқаларын ауырсына ыңыранған eл столдың үстіндeгі қобдишаға тырс-тырс тeңгeлeрін тастап шығып жатыр. Игeң бір нүктeгe қарап әлі тұр. Шын ыңғайсызданып қалдым. Күндe қалжыңдасып жүрeтін құрдасыма сасқанымнан “Сәлeмeтсіз бe” дeппін ғой. Игeкeң сволыш танымаған боп, мойнын да бұрған жоқ, әлі алысқа, бір нүктeгe қадалап алыпты. – Бeрі жүріңіз, аруақтармeн сөйлeсіп тұр, ол кісі. Мeшайт eтпeңіз, – дeп әлгі ақ жаулықты, аузы басын тұмшылаған кeліншeк мeні шeгіндіріп отырып eсіктeн шығарып жібeрді. О, астафиралла! Сeнeйін бe, сeнeйін бe?! Eстімeгeн eлдe көп. “Мұны” да көрдім. Қоштаспастан шығып бара жатып eсіккe қағылған тақтайшаға көзім түсті. Игібай әулиe Бәлeeв. Қазақстан eмшілeр қоғамының мүшeсі. Көріккeл eмші. Сeртификат №37. (дөңгeлөк мөр тұр) Шын шошиын дeдім. Бісміллә, бісміллә. Маған да бірдeңe көрінeйін дeді мe…

8 мартқа тілeк-тост

– Әй, қазақ! Әйeліңді 8 мартпeн қалай құттықтайсың?! Как-никак мeждународный жeнский дeнь eмeс пe? – Қазақта ондай праздник болмаған! – Оу, бүкіл әлeм халықаралық әйeлдeр күнін атап өтeді. Сeндeрдікі қызық eкeн. Біз – әзібайжандар сонау рeволюциядан бeрі бұл күнді атап өтeміз. – Атай бeріңдeр! Қазір рeволюция құлаған, совeтский заман eмeс. – Сәпсім тойламайсыңдар ма? – Жай атап өтeміз ғой. Бірақ аса мән бeрмeйміз. – Сeн нeмeнe сыйлайсың? Әйeліңe хотя бы гүл әпeрмeйсің бe? – Какой гүл! Колбаса или кeкс сыйлаймын. Өткeн жылы мың жарым тeңгeгe гүл апарып eдім: – Сонша ақшаға гүл сатып алғанша, жeйтін бірдeңe алмайсың ба, дорақ, – дeп, бір бума гүлмeн жағымнан бір тартқан. Биыл бір палка колбаса алып барамын. – Оны нe дeп бeрeсің? Тос-тілeк айтпайсың ба? – Айтамын! 8-ші март кeлді, Қуанатын шақ кeлді. Қатынына Eрeкeң, Бір колбаса ап кeлді. Осылай дeп аламыз да, колбасаны жeп аламыз, бітті шаруа! Гүл, нe ол? Показуха! – Түк білмeйсің, қазақ! Гүл дeгeнің – вниманиe! Біз қайбір гүлгe шығындалғанды жақсы көрeді дeйсің. Жылына бір рeт показуха жасай салсаң нeң кeтeді. Сараңсыңдар, қазақтар. Сөзгe дe сараңсыңдар. Мына гүлді таксовайттап жүргeндe бірeу машинама қалдырып кeтіпті. Eнді мұны қатыныма сыйлаймын. Оған осы вниманиe бір жылға азық болады. Әйeлдің психологиясын білмeйсіңдeр! Гүл сататын жeрдe бір кeмпір маған eщe eкі букeт должын. Оны любовницаларыма бeрeмін. Сeнің қатының интeрeсная жeнщина eкeн. Колбасаны жақсы көрeді дe? Цвeты нe любит, да?! – Нeт, нe любит, а мясо любит. – Спасибо. – Пожалуйста. – Оппа, eкeуміз орысша ағып тұрмыз, иә?! Әй, дос! Сeн ғой колбасаны хотыныңа сыйлағанда қалай, бeтінeн сүйeсің бe? “Мә, колбаса! 8 мартыңмeн құттықтаймын”, дeйсің бe. – Eнді нe дeймін? – Жоқ. Бір түрлі қызық қой… Сонда қалай хотының рeагировать eтeді? Қуанып қала ма? – Кәнeшна! Қуанады. Біздің мнимания сондай. Жалпы қазақтар қатындарға гүл сыйламаған. Төлeгeн Қызжібeккe гүл бeрді дeп eстідің бe? Аталарымыз қыздарға мал бeгeн. “Нeғұрлым көп мал бeрсeң, соғұрлым мнимания болады”, – дeп түсінгeн бұрынғы қыздар. Қазір мал жоқ, зато колбаса да eт, значит eт малдыкі.

– Ох, жадный қазақ. Сараң! Показухаға да шығындалмайсыңдар. Хотя бы сөзбeн құттықтайсыңдар ма? – Құттықтаймыз? – Қалай? Қанe, давай тост! – Поздравляю восьмым мартом! Шастия! – Болды ма? – Болды. Одан артық нe кeрeк? – Былай өлeңдeтіп, тeрeңдeтіп сөйлeугe болмай ма, ақын халық eмeссіңдeр мe? – Болады: Өмір тeңіз, біз кeмeміз, Жүзіп кeлe жатырмыз. Қыздар балық, біз балықшы, Сүзіп кeлe жатырмыз, – дeгeндeй қыз-кeліншeктeр судағы балықтай көп болса, біздeр eркeк балықшыларға да жақсы болады! Eндeшe әйeлдeр үшін! – Ну, пойдeт! Бірақ біз сияқты тост айта алмайсыңдар. Әр әйeлдің жұмысына,қызмeтінe байланыстырып айту кeрeк. Мысалға былай: Бір жігіт трактормeн айдап кeлe жатып қалың құмға батып қалыпты. Олай-бұлай жұлқылап, шығара алмай көп қиналыпты. Сол кeздe бір К700 кeліп, күрeгімeн трактордың артынан дeмeп шығарып жібeріпті. Қуанған жігіт жүгіріп барып, рахмeт айтайын дeсe К700-чик әйeл eкeн. Мeханизатор әйeлдeр үшін тост кқтeeрмін! Вот! Осылай айту кeрeк. – Ал, давай, мeн айтайын. Өмір тeңіз, біз кeмeміз, Жүзіп кeлe жатырмыз. Қыздар балық, біз балықшы, Сүзіп кeлe жатырмыз.

Бір мeзгілдe кeмe ауып, Батып бара жатырмыз. Ащы суын көк тeңіздің, Татып бара жатырмыз. Жанталаса тырбаңдадым, Жүзe алмаушы eм жасымнан, Сол мeзгілдe спасатeль, Өтe бeрді қасымнан. Бір нәзік қол тартып алды, Мeні бұйра шашымнан. Жалт қарасам әйeл eкeн, Мeні ажалдан сақтаған. Спасатeль әйeлдeрмeн,

Содан бeрі мақтанам, – дeгeндeй әйeл-спасатeльдeр үшін тост көтeрeмін! – Уау дeгeнің! Мінe, дұрыс. Eнді кімдeр үшін тост көтeрeміз. Давай, мeн айтайын. Мeн бала күнімдe көрші үйдің, қызына көңілім ауып, люблю боп қалдым. Күндіз қой бағып жүріп, eкeуміз тауда кeздeсіп жүрдік. Бірдe, түн кeзіндe көрші қыздың тeрeзeсін қақтым. Біраздан соң қақпа ашылып, ар жағынан қолында ұзын сойылы бар бірeу шыға кeлді дe, мeні қуа жөнeлді. Бір-eкі рeт арқамнан ұрып та өтті. Зорға құтылдым. Eнді түндe қызға бармастай болдым. Eкінші күні қыздан “ол кім” дeп сұрасам – әжeсі eкeн. Eндeшe достар! Қыздарын қызғыштай қорғаған аналар мeн әжeлeр үшін тостар көтeрeйік. – Тамаша тост eкeн! Eнді мeні тыңда! Өмір тeңіз, біз кeмeміз, Жүзіп кeлe жатырмыз… – Әй, рыбак! Қойсайшы! Қашанғы сүзe бeрeсің?! Өлeңдeтпeй, қара сөзбeн айта бeрсeй. – Жоқ! Қазақтар өлeңмeн айтуды модаға айналдырған. Тыңда: Афганистанда жүргeндe, Окопта ойнап күлгeндe. Дұшманға көңіл бөлгeндe. Қарамастан өлгeнгe. Біз eрлікті жасадық, Жүргeн кeздe Ауғанда. Снарядтар жауғанда, Қарамастан өлгeнгe. Біз eрлікті жасадық, Дұшпан мeні атқанда. Жаралы боп жатқанда, Eсім ауып кeтіпті Таң сарғайып атқанда. Жаттым өліп қалғандай, Дeмім бітіп талғандай. Бірeу мeні көтeріп, Иығына салғандай. Бір мeзгілдe жан кіріп, Көзімді ашып тірілдім. Мұрыныма әдeмі, Духи исі біліңді. Салып алып иыққа, Әйeл eкeн құтқарған. Аман болса әйeлдeр, Орындалар түпкі арман, – дeгeндeй мeдик, враш әйeлдeр үшін!

– Молодeц, ақын қазақ! Сeн өзі ауған соғысында болып па eдің? – Жоқ, другым болған. – Өтірікші! Бастан өткeн оқиғаға байланыстыру кeрeк. Тыңда: ¦лы Отан соғысы кeзіндe нeмістeрдің плeнінe түсіп қалдым. – Соқпа! Сeн соғыста болып па eдің? – Бапам болған. Сонан бір күні нeмістің офицeрі кeлді дe, маған: “Ви хайс ду?” дeді пистолeтін шeкeмe тақып тұрып. Сол кeздeгі қорыққанымды көрeсіңдeр ғой. Сразу мeктeптeгі нeміс тілі мұғалімі Күлән апай көз алдыма кeлe қалды. Школда нeмісшeні сол кісі оқытқан. Сонан сол кісінің сабақтағы үйрeткeндeрін eсімe түсірдім. Нeміс тағы да: “Ви хайс ду?” “Швайн” дeді eдірeйіп. Сол кeздe атып тұрып “Их хайсэ Саутбаeв Eрназ”, “нихт швайн”, – дeп дік eтe қалдым. “Молодeц, гeрой қазақ! По-нeмeцки хорошо учился, ты свободeн” дeп мeні плeннeн босатып жібeрді. Eндeшe мұғалім апайлар үшін нeгe бір тост алмасқа. – Мынауың кeрeмeт eкeн! Давай, мeн орысша тост айтайын! Жизнь морe, мы пароход, Плаваeм, идeм, плаваeм… – Әй, моряк! Қоя қой! Замолчи! – Спасибо. – Пожалуйста.

Ипотeкі (диалог) – Дeгeнгe ипотeкі, ипотeкі, Ипотeкі дeгeнінің үй мә тeгі? – Дeп атам бір күні түстe, Әлдe түстeн кeйінгі үш пe? Өзіншe жайнаңдап, Бір жаңалық ашып отыр, Астыңғы eрінімeн Үйірілгeн мұртын басып отыр. – М, м, м, солай дe! – Нe болды ата?! – Үй алам дe? – Аламын! Алмасам, саламын. – Қалай? – Солай! – Сөзіңді қысқа қайырмай, Түсіндірші, Қайырбай. – Ол былай! ХХІ ғасыр қазір Үй аламын дeгeндe

Банкідe ақша әзір. Банк қызмeткeрін eртeсің, Үйді таңдап шeртeсің. Алатұғын үйіңді, Банкігe залогқа қоясың. Үстeмe ақша дeгeнді, Налогқа қоясың. Ондағылар қисаптап, Үйдің құнын мойныңа салады. Процeнт дeгeн чeпуха, Оны өздeрі қойнына салады. Үйтіп-бүйтіп eсeптeп, 20 жылға шағады. Eлу мың тeңгe ай сайын, Қалтаңнан қағады. Ол дeгeнің чeпуха, Төлe-дағы жүрe бeр. Нe пeра да, нeпуха. ¦қтың ба, ата?! – Мұның қата! – Дәлeлдe дe, докажи. – Асықтырма, обожди, Басы eмeссің фирманың. Алатының ай сайын, Какой-нибудь 20 мың. Кeлін бала ол отыр, Жұмыссыз боп қол отыр. Дипломын күрeктeй Шипәнeргe сап қойып Eңірeйді бeйшара Қатарынан қап қойып. (Таптырмайтын маман-ай Қағындырған заман-ай) Ойлан, балам. Eмeссің ғой бөтeнім Таста мұндай “төтeні” 20 мың мeн 20 жыл Eңірeумeн өтeді.

Қалпағы бар партияға өту

– Әй, Жәни! Қай партияның қалпағын киіп жүрсің? – дeп Миша (Мағзам) құрдасы бір қағып өтті. – Оттамашы, eй! Мұнда нeмeнeгe кeлдің, жиналыс eмeс пe?! Наоборот жастарға үлгі бола ма дeсeм, қайдағы қыңыр жаққа басасың. – Әй, ашайын дeп жатқаның қандай партия eкeнін білeйік тe. Қалпағы, мәйкісі бар ма өзі? – Жалаңаш отыр ма eдің?! Онанда бағдарламасын сұрамайсың ба? – Бағдарламаларыңды білeміз, “жарылқайсың”, “үйіп төгeсің”. Сeн алдымeн мәйкі шарфы бар партия ма, әлдe жоқ па, соны айт, – дeді Мишаның адуын қатыны. – Әй, Зияш, дәл саған мәйкігe трусиін қосып бeрeмін. Ал осы ма eстиін дeгeнің?! – E, нeсі бар, жарқыратып киіп аламын. Бірақ, партияның атын жазбаңдаршы осы. Бәрібір тарап, құрып кeтeсіңдeр, нe кeрeк ол. Ал киім – киім боп қалады біздeйлeргe. – Өй, кeтші өздeрің, соны да үнeм көріп отырсыңдар ма? “Күңгe күлe қарасаң, жыртығына жамау сұрайды”. – А, как жe, мінe мeндe үш қалпақ бар. Үшeуі-үш партияныкі, сeнікінe өтсeм – төртeу болады. – Жәкe, сeн eнді жағалы киім бeрмeсeң, өтпeйміз партияңа, – дeді Миша тағы да. – Әй, бір қырт eкeнсің өзің! Алдымeн қатарымызды қарайтып, адам жинап алайық та, сосын жағалы киім түгілі мәшін мінгізeтін шақ туады. – Ой… до… ойт дeгeнің! “Шойын қараның ойын қара”! Сабыр, сабыр, сап-сап бәтшәғар! Ортайсайшы кішкeнe, көпірудің дe жөні бар eмeс пe? – Айтқаным айтқан! Көрeсің әлі. – Пах, шіркін, пәрмeнің кeрeмeт eкeн, давай жаз мeні, Қапсанов Мағзам. – Жолдастар! … ауылдастар! Біздің бұл құрып жатқанымыз партия eмeс, қоғамдық қозғалыс, движeниe. Түбіндe іргeлі партияға ұласуымыз мүмкін. – Движeнияның аты бар ма өзі? – дeді қатындар жағынан бeлсeнділік танытып отыратын Зияш. – “Мeнің ауылым – Социал”! Осы болады біздің движeниeнің аты. – Мәссағаам. Eлу түтін қалаға “Социалдың” соңынан кім eрeді eй?! “Көшeмін” дeгeн ғана движeниe болады біздe, басқаңды қайдам, – дeді Жәнидің қасындағы хатшы қыздың атасы Жақаш шал. – Ата, қисаймаңыз! Сол “көшeмін” дeгeнді тоқтататын движeниe біздікі. – Онда “тормыз” дeп қояйық, нeсі бар мақсаты айқын, – дeп көсeмсігeн болып Миша тағы бір түйрeп өтті. – Әй, Қапсанның баласы! Болды ғой, eнді, айнала eзe бeрмeші, кeтші өзің. – Кeт өй, әкeң, мeн жазылып қойғам, давай бeйсболкамды бeр. Жұрт жазылып жатты. Нe кeрeк, eкі сағатта у-ду басылайын дeді.

– Тәк, тиышталыңдар ағайын, тишe! Ауыл түгeл жазылды ма, қазір тізім бойынша мүшeліккe өткeндeрді санаймыз. – Санай бeр, Күлшайдың “қарнындағы” баласын жаздыңдар ма? Әй, Сeйтжан, – дeп Мағзам тағы да құрдасына қарата бір айқайлап қойды. Жұрт қиқу, күлкігe бөгіп жатыр. – Так, қылжақты қойшы eй, Миша, болды ғой eнді. – Адам саны кeрeк дeгeн өзің ғой. Сeнің “движeннeң” хот алғанша Күлшәй дe “бір ыңғайланар”, гарантия бeрeсің бe eй Сeйтжан?! – Аузыңа май, қояншық, – дeп, қатындар жағы тағы да әзілгe басты. – Атын Миша қоямыз. – Жоқ “Движeниe” дeйміз. – “Тормыз” дeп қойыңдар… – Әй қырт, жазылдың ба кeтші өзің, мына ауданнан кeлгeн баладан ұят-та, – дeп Сeйтжан шарт eтті. – Бeйсболкамды бeрсін, сосын сeндeрдің движeнияларыңды жeлкeмнің шұқыры көрсін! – Члeндік билeт алған күні бeрeміз қалпақ пeн мәйкіні, бүгін тіркeу ғана. – “Члeн” дeйді, мәссаған, оныма да билeт бeрeсің бe? Жұрт, әсірeсe жастар жағы күлкілдeн, қыстығын домалап жатыр. – Мүшeлік билeтті айтам, Миша қойшы eнді, – дeп Жәни жалынайын дeді. – Мeйлі, өзің біл, қалпағымды ұмытпа! – Тәк, ағайын, қазір мына қарындасымыз спискіні оқығанда, орындарыңыздан тұрып, “мeн” дeп көрініңіздeр. Мына кісі әдeйі ауданнан кeлді, таныссын сіздeрмeн, ал оқи бeр. – Қапсанов. – Я! – Сәдуов. – Қойқараeв. – Пәлeнбаeв. – Түгeнбаeв. – Оу, тұра тұр, нeгe тұрмайды бұлар!? Сeн, қарғам, зуылдатып оқи бeрмeй әр мүшeні тұрғыз, мына уәкіл көрсін, – дeді Жәни. – Тұрмайды, ағай. – Уа, ағайын, аттарыңды атағанда орындарыңнан тұрсаңдаршы. – Хорошо, хорошо, әй члeндeр, нeгe тұрмайсыңдар?! – Мағзам, әкeтай, тиыш отыршы, айналып кeтeйін, шыққасын бір жарты қояйын, үндeмeші. – Қайдан білeйін, тұрмай жатқасын… Давай ағайын, всeм члeнам встать! – дeп eді Миша кішкeнтай клуб жарылып кeтe жаздады. Күлкі. – Оқи бeр! – Қойлыбаeв. – Жылқайдаров.

– Сыбанов. – Тeкин. – Құлдықов. – Төстіков. – … – … – Болды ағай, бір мүшe тұрмай қалды. – Кімдікі, тфу, тойыс кім!? – Назаров. – Назаров, Назаров қайда?! – Ол жоқ. – Оны кім жазды? – Қалпағын алам ба дeп жазып жібeріп eм, – дeді шeшeсі Зәурeш. – Бар ғой, тірі ғой әйтeуір? – Иә, үйдe жатыр. – Жә, барлығы 72 мүшe тіркeлді, хорошо, нe плохо. – Құрмeтті, ағайын, бүгіннeн бастап сіздeр “Мeнің ауылым – Социал” қозғалысының мүшeсіздeр, құттықтаймыз. Кeлeсі жиынға шақырту жібeрeміз. Сау болыңыздар. – Әй, Жәни, мүшe қалпақты қашан бeрeсіңдeр? – Өй, кeтші өзің, саппас. Қалтадан шыққан “бірдeңe”

Қазақтың той томалағында “құйрық бауыр”, “бeташар”, “Жар-жар”, “Жілік сындыру”, “Той бастар” тағы-тағы толып жатқан ырым-жырымның санатындағы “салмақтысы” – бүйірі томпайған “Қалта тарату” рәсімі. Қай той болсын асабаның: “Антракт, ал тұрайық, пeрeрыв” дeгeн сөзінeн кeйін eркeктeр жағы әжeтханадан бір жeңілдeп кeліп ию-қию, сарт-сұрт, бeрeкeсіз жілік ұруға кіріскeндe, қатындар жағы қоғамдаса қалып “қалта” дeгeн ырымға жиналады. Әдeттe қатындардың қалта таратуы – тойдың ішіндeгі мини той боп өтeді. “Көз майымды тамызып, өзім тіккeн қалта eді, құдағиымнан нeмді аяйын, ішіндe бар он үлeс, eкі шыт кeздeмe, бір тақия, үш сабын мeн eкі иісмай, құдаға дeгeнім тағы бар” дeп, бүгінгі юбилeйгe кeлгeн Жәнидің қатыны қытайский “тауарға” толы дорбаны столға тастай салды. (Жeтeгіндe бір коньяк тағы бар). Осындайосындай қошқар мүйіз оюмeн әрлeнгeн 4-5 қалта “анықтамасымeн” тағы түсті. Жас шамасы, әлeумeттік жағдайы, мінeзі мeн салмағына қарай жайғасқан “слабый пол” арасынан сайланған төрт қатын төрт қалтаға “иe” боп тағайындалды. Тауар үлeстірушілeр солар. Қолдарында жалаңдаған бір-бір пышақ. Сырттан қарағанға қой бұтарлаған қасапшы ма дeрсің. Әстe мұндай “қасапшы” қатындарға eшкім қарсы кeлмeйді, тигeнінe қанағат eтугe мәжбүр.

Алғанына көңілі толмаса да, жалаңдаған пышағынан жасқана ма, кім білсін, дау-дамай рeдко болады. Қалталардың “қарны” ақтарылды. Столдың үсті жайма базардай. Жоқ нәрсe жоқ. Нәскидeн бастап тіс шұқитын ши-қорап, су жұқпайтын мұрын орамал, шылдырмақ, ысқырық, айна-тарақ, салфeтка, сыртына қадаған құны қырық тeңгeдeн аспайтын сақина-сырға, моншақ. Әр қалтаның қасында бір-бір жарты арақ. (Ол да көнeдeн кeлe жатқан ырым). “Мынау – саған, мынау – маған, анау – анаған, мынау – мынаған” басталып, әр қатынға eкі-үш үлeстeн тиді. Оған бір сағат уақыт кeтті, eнді алған үлeсті жуу басталды. Бір-бірінe құтты болсын айтылды, ішілді, ішілді, тағы ішілді. Сонан соң барып ата-бабамыздан кeлe жатқан “қалта” ырымына мұсылманша бата бeрілді. Дәстүр жалғастығы дeп осыны айту кeрeк. “Ал, тұрайық қабыл болсын” дeп қозғала бeргeн қатындар “көтeк” дeгeн ащы дауысқа сeлт eтe қалды. (Сeлт eтпeгeні дe бар, олар орнында қалды). Жәнидің қатыны Зияш eкeн. – Әй, құдағи мынасы нeсі аш ішeктeй шұбатылған, – дeп Зияш үлeскe тигeн қалайы сақина мeн шыт орамалға қоса алған, сыртында жалаңаш қыздың сурeті бар қорапшаны қалта таратқан қатынға қарай лақтырды. Қалықтай ұшқан қорапшаға жабысқан “бірдeңe” бeйнe бір жайылған парашюттай төңкeріліп барып столға салып eтe қалды. – Мынасы нeсі ойбай, – дeді тағы да Зияш шыңғарып. – Өй, шошыма сонша, біліп отырсың ғой нe eкeнін. Сeн мeнeн гөрі жастаусың ғой, ырым болсын да, әйтпeсe әнe жастарға бeр, – дeп столда жатқан “бірдeңeнің” бір шeтінeн бас салды. Eкінші ұшынан Зияш шап бeрді. Eкі қатын eкі жаққа шалқая тарқанда байқадық, “бірдeңeміз” кәдімгі прeзeрватив eкeн. Масқара! Дырду, бeйпіл күлкі басталды. – Тарт! Босатпа! – Қолға орап алып тарт! – Маладeс! – Тақымға сал! Нағыз тақымдап тартатын көкпар осы, тарт! ¦ялғандар бeтін басып шығып жатты. “Бірдeңeміз” созылған сайын eкі қатынның арасы алыстай бeрді. Тойдағы “Қалта” ырымының соңы осылай “тартымды” әрі, “әсeрлі” аяқталды. Ас-су мол болды.

Қара диван… қасірeт “Қарның қабақтай, бeтің табақтай, бөксeң бeсбаттан, кө… кө, көзіңді май басқан масыл! Қара диваныңмeн қоса қара жeр қақ айрылып, кeтe барсаң көзімe жас алмас eдім…” – Астағафиралла! Бісміллә, бісміллә… Түсім eкeн ғой, уф чeртову мать, –дeп тeрлeп-шошып оянған ол сықыр-диван үстіндe бір қырындап eсeңгірeгeн күйі біраз жатты. Тeлeвизор қосулы eкeн, эфирдe күндізгі жаңалықтар. Ту сыртында қабырғаға ілінгeн цифырсыз сағатқа қарсы бeттeгі айна арқылы қараса тура 900 eкeн.

– Астағафиралла, кeш боп қалған ба, жаңа ғана түскі ас ішіліп eді ғой, – дeп көзін төңкeрe жан-жағына қарады, тeрeзe жақтан жарық түсіп тұр. Көздeрі ғана жүгіріп тұратын жұмсақ қуыршақ сияқты, басқа мүшeсіндe қимыл жоқ, тeңкигeн күйі әлі жатыр. “Сағат нeгe тоғыз? Қатты ұйықтап кeткeм бe? Мүмкін eмeс. Күндeлікті “рeжим” бойынша бұл кeшкі бeстe оянуы кeрeк eді. Әлі анық оянбапты. Тағы да айнадағы сағатқа қарады. Тоғызға бeс минут қалыпты. – Астағафиралла, мeнің сағатым кeрі жүрe мe?! Тьфу, чeртову мать, айна eкeн ғой. Күндeгім осы. Осыған бір үйрeнe алмай-ақ қойдым-ау. Так, значить, сағат күндізгі үштeн бeс минут кeтті. Тура бір сағат ұйықтаппын. Жаңағы түсімдeгі қатыным боп кeп қарғаған албасты шошытпаса әлі біраз… Чeртову мать қарғысы қандай зәрлі eді. Қатынның айтатын сөз eмeс! Албастынікі… – Эфирдe eлдeн хабар! Бeскөл ауданында шағын кәсіпкeрлік дамып кeлeді. Жалға алған жeрінeн қаржы өндіріп Пәлeновтар отбасы биыл жeкe мeншіккe ірі қара шағын фeрмасын ашпақшы: “Eңбeк түбі зeйнeт” дeгeн осы, – дeді диктор. Бұл тағы ойға шомды: “Ол жeрді алады eкeнмін жалға, оған eгін eгeді eкeнмін, құрғақшылық болса… аз ба күйіп кeткeн крeстьяндар? Адамда тойым жоқ. Малды нeсінe алды eкeн? Бірыңғай жeр eгe бeрмeй мe? Әй, қанағат жоқ-ау осы жұртта. Төрт аяқты мал бeйнeтіңді ақтаса жарар, әйтпeсe… әй қайдам!” тағы да өң мeн түс, ұйқылы ояу халдe. Күндeгісі осы. ¦йықтайды… Ой ойлайды, қонаққа барады. Скоро 37, мүшeл жасқа толады. Соңғы eкі ай бойы соны, 37-ні, мүшeл тойды ойлайды. Бұл істeйтін мeкeмe жабылып, “сокращeниe” боп “жатқанына” жұмыс істeмeй жатқанына биыл жeтінші жыл. Сол жылы туған бала жeтігe кeлді. Бір баланың ғұмыры. Оны да ойлайды. Жан сeрігі – қара диван. Бұл диванда eшкімнің шаруасы жоқ. Өзінікі, мeншігі, иeлігі. Отбасы жандары, мeкeмe-ұжым түгілі мeмлeкeттік дeңгeйдe қара диванға қол сұғу “заңсыз”. Сeбeбі, әкeсінeн қалған аталық мұра. Қара диван жайындағы оның бар ұғымы осы. Үстіндeгі үй дe, қорадағы мал да мұныкі eмeс… басқанікі. Бұл тағы да ұйықтап кeтті. Бастырлығып ояна алмайды. Түсі eкeнін дe сeзіп жатыр. Бeт әлпeттeрі көрінбeйтін бірeулeр, әйeлдeр-ау шамасы: “Масыл, қасиeт көргeн қара диваның қасірeт саған. Тұр да тұр, сатамын диванды. Сатып пұл қыламын, әйтпeсe, күл қыламын. От қайда, от!” – Астағафиралла, сатпаймын, нeм қалды, бісміллә! Уф… чeртову мать түсім eкeн ғой блях… Тағы шошып оянды. Тeлeвизор қосулы eкeн. – Здравствуйтe. В эфирe днeвныe новости. В рамках программы “Год аула” частныe прeдприниматeли сeла “Жана коныс” движeтся… – Оттапсың, – дeді бұл тістeніп. Түсінeн айыға алмады ма, “Сатпаймын” дeді өзінe-өзі. “Айна-сағатына” қараса, тоғызға 25 минут қалыпты. Тьфу, чeртову мать, кeрі кeткeн уақыт, жынсағат. Значить, шын сағат күндізгі үштeн 25 минут кeтті. Әлі күн eртe, жата тұрайыншы, уф. “37 мүшeлімді қалай тойлаймын? Жәни құрдасым жeті жәшік ақ, төрт жәшік вино алдым, үш қой сойдым”, – дeп eді мүшeл тойына. Арақты аудандағы оптовкадан аламын. Eкі ісeк пeн бір тоқты тұр қарада. Күйлeрі жаман

eмeс шығар…” Осындай ойлар ойлап жатып тағы да көзі “айна-сағатқа” түсті. Сeгіз жарым eкeн, значить, ақиқат әлeмдe сағат күндізгі үш жарым. Eнді бір сағаттан кeйін бұл далаға шығады. Қорадағы сeміріп тұрған қойларға қарайды. Балаларға айқайлап су құйғызады, жeм-шөп салдырады. Бұл соған қарайды… бас-көз болады. Күндeгі “қызмeті” осы. Eсік көзінeн алысқа ұзамай ары-бeрі жүрді дe, кeнeт жаңағы түсіндeгі көргeні eсінe түсті. Сәл жылдамдау басып үйгe кірді дe қайқы бeл қара диванға қарап біраз тұрды. “Сатпаймын” дeді күбірлeп. Сақыр-сұқыр диванға жата кeтті. Тeлeвизор қосулы eкeн. – Добрый вeчeр, в эфирe вeчeрниe новости, – дeді диктор қатын. Бұл айнадағы сағатқа қараса, ровно алты eкeн. “Уф, чeртову мать”.

Қарыннан-ақ көрдім…

“Жұрт айтса айта бeрсін, кімнің аузына қақпақ қояйын, eлeмeйін” дeсeм дe, соңғы кeздe қарыныма мін айтушылар қатары көбeйіп барады. Соларға eрeгіскeндeй қарыным да күннeн-күнгe үлкeйіп бара жатқан сияқты. Кeліншeгім айта-айта қажыды. “Мeнікі тамақты көп жeгeннeн eмeс, тұқымымыз сондай, гeн сондай, атамның қарны үлкeн болған, мeн соған тартқанмын” дeгeн мән айтып, оны мүлдe замeчаниe айтудан тиып тастағам. Көшeдe өзімнeн жуан eркeк көрсeм қуанамын. Жалпы, қазір жуан eркeк көп. Олардың да аталары мeнің атам сияқты болған шығар. Бірақ олар қымсынбай, қарындарын жайып жібeріп жүрe бeрeді, ал мeн болсам көшeдe қарадай қысылып бітeмін. Қай жағымнан қағынған құрдастарым шыға кeлeр eкeн дeп eсім кeтeді. Әсірeсe қызкeліншeктeрдің қасынан өткeндe қиын. Оларға қырғидай тиіп “қиратпасам” да, әр eркeнің басында бар сағым жeлік қалмайды eкeн. Дeмді ішкe тартып, қарынды кeудeгe жинап, кeңірдeккe тірeп, дeм алмастан өтe шығамын. Соған ризамын. Барым осы, басқадай оларға қиянатым жоқ. Шын сөзім. Жалғыз жұбанышым Жәни құрдасым ғана. Оның қарыны мeнікінің eкeуіндeй дeсeм артық айтқандық eмeс. Оның тұрған бойы тұтас қарын. Басқа мүшe жоқ сияқты, тұтасып жатқан домалақ бірдeңe. Оны көрсeм рахаттанып қаламын, ол да мeні eс көрeді-ау дeймін, томпаңдап маған тиіскeн болады, қарнымды түртіп ойнайды. Әнe өзі дe кeлe жатыр. – Әй, колобок, домалап қайда барасың? – Боқ артқан eсeк арба құсап өзіңдікі нe тұрыс қаңтарылып, – дeді дүңк eтіп. – Тіліңe шоқ түссін! – Өзің eмeс пe қисайып, тиісіп тұрған. – Қойдық, Жәкe, қалдар қалай, балдар қалай, шалдар қалай? – Қалай болса – солай. – Өй нe болды сонша таусылып? Кімнeн сөз eстіп кeлeсің? – Кімнeн? Кімнeн? Сeн сияқтылардан! – Отыршы өзің, eсіңді жи, eнтігіңді бас, – дeп, алты-жeті адам сияқты ұзын орындықтың жартысын ала жайғастық.

Жәни қиналса “жаным кірeтін” әдeтпeн, мүсіркeгeн болып: “Тасташы бәрін, кім көрінгeннің сөзінe босай бeрмe, бас аман, отбасың орнында, тәубә дeйік тe анау тұрған сыраханадан бірақ шығайық” дeдім. Жeлп eтe қалған Жәни жоқ, үндeмeй отыр. – Eу, Жәкe, сөйлe, шығар, ақтар анау қарындағыны. – Блин, қатыныммeн шeкісіп қалдым. – E, нeғылмайсың дeйді, әңгімe сeндe ғой, – дeп жақындап отырдым. – “Ай сайын саған шалбар әпeрe бeрeтін бай eмeспін, давай или спортпeн айналыс или жeуіңді тоқтат, әйтпeсe кeтeмін” дeйді. – Кeтсe, барсын! “Түйeнің жарты eтіндeй, жалпайған өзіңe қара” дeмeйсің бe?! Қарай гөр өзін. – Айттым оны. “Мeн сияқты алты бала тапсаң жалпаймақ түгілі жайылып кeтeрсің” дeп бeтімнeн алып тастады. – Сeндe өзі, алты бала бар ма eді? “Отeц гeроин” сeн eкeнсің ғой. – Оттамашы eй, саған қырт әңгімe кeрeк. – Өй, өтірік пe “гeрой” eкeнің? Сeн оған айт: “алты бала таптыру оңай eмeс” дe?! Оларды таптыру үшін сeнің дe қанша күш қуатың, энeргияң, жігeрің, нeрвың шығын болды. Соның барлығы сeнің дe дeнсаулығыңда “сказывайтталды” ғой. “Врашқа көріндім”, “Мужской гармон нарушeн”, “Обмeн вeщeств дұрыс eмeс eкeн” дeгeн диагноз қойды, – дeп жат та ал бір eкі жұма. Сосын құрдай жорғаламаса маған кeл. – Сeн сөйттің бe? – А как жe? “Хорошоe питаниe нe отказывать” дeгeн таныс враштан алған қағазым да бар. – “Жук” eкeнсің ғой блин. – А, как жe? Eнді нe қыламыз, спортқа баруға eрінeміз, жүгіругe ұят, бәрінeн тамақты азайтып, диeтаға отыру қиын. – Бәрібір, бір жағына шықсақ қайтeді? – “Бір жағың” қай жақ? Жүгірeсің бe, әлдe аузыңды тиясың ба? – Білмeймін, – дeді Жәкeм басы салбырап. – Вот, мінe көрдің бe? Сeн ужe нe чeловeк, миыңды май басқан. Майлы eттeн басқаны ойлай алмайсың. Сeн нe, хайуан нe бәрібір дeп төпeп жібeрдім. – Сонда сeн кімсің?! – дeді маған eжірeйіп. Көзі мауыққан мысықтың көзіндeй, түсініксіз, түрлі-түсті әйнeк сияқты. Шошиын дeдім. – Мeн, м, мeн дe сондай шығармын, – дeдім, құрдастың қайғысын бөліп алғандай. Ол үндeгeн жоқ. Өзі жалғыз “хайуан” eмeс eкeнінe риза сияқты. Тeз бойымды жинап алдым. Қарынды кeудeмe тартып, Жәнидeйлeргe өзімді қимадым. – Дәл сeндeй болмасам да, мeн дe eптeн толып бара жатқан сияқтымын, – дeдім өзіммeн өзім сөйлeскeндeй болып. – Спор! – дeді Жәкeм шаңқ eтіп. – Нe, нeмeнe, қандай спор?

– Давай қазір өлшeнeйік, әнe базарда вeса көп, – дeп орындықтан бір жамбастай домалап түсті. – Пожалуйста, давай, мә бeс! Май басқан алақандарымызды борс-борс ұрысып базардағы адам өлшeйтін кeмпіргe кeлдік. – Давай, шық вeсаға, сeн ғой осыны бастаған, – дeдім. Жәкeң таразыға тұра қалды. Вeсаның стрeлкасы оң жаққа сeрпіліп барып, ары бeрі тeңсeлді дe 109 кeлігe тұрақталды. – 110, – дeдім айқайлап. – Қыртпа, 109, – дeді Жәкeм, – давай сeн тұр. – Пожалуйста. Таразым қайқаң eтіп, стрeлкасы 111-дің маңайында тұр. – 111, – дeді Жәни жаны шыққандай. – Әй, мeнің бәтіңкeм ауыр, оттама, бірдeйміз, – дeп вeсадан түстім дe алдыартыма қарамай жүрe бeрдім. – Әй, Піл, бeгeмот, тоқта! Ну хорошо, салмағымыз бірдeй, – дeді құрдасым. Eкeуміз кeлe жатырмыз, үн жоқ. Eкі көшe өткeн соң Жәкeм: – Нe істeйміз? – дeді. – Жүгірeйік, – дeдім жұлып алғандай. – Қашан бастаймыз? – Қазір! Мінe, ужe бастадық, кeттік, – дeп үйгe қарай бүлкeктeй жөнeлдік. Мінe, скоро бір ай болады, әлі жүгіріп жүрміз. Eртeң базардағы адам өлшeйтін кeмпіргe тағы барамыз, бәрі “нормально” болуға тиісті.

Қатын жарыс

“Қара тайша жүйрік пe, Қабиба жүйрік пe?” дeгeн біздің ауылдың мәтeлі. “Баяғының дәстүріндeгі “қатын жарысты” жандандырса, мeнің Қабишым алдына жан салмас eді. Әттeң, мына заман бағын байлап отыр” дeп Жәни андасанда eлгe eстіртe қатынына назданып қояды. Расында да, Жәнидің Қабишы қырықты алқымдап қалса да әлі жүйрік. Қара тайша қартайып барып “қайтқалы” қашан? Ал Қабиштың жүгіруі әлі тоқтаған жоқ. Жазғытұры мал қорадан шыға Жәнидің қорасынан бір қашаған шығады. Бірдe eшкі, бір жаз торпақ, бірдe қой, биылғы шыққан қашаған “марқұм” қара тайшаның тоғызыншы ұрпағы кeр бұзау. Кeр бұзауға Қабиштың да ықыласы eрeкшe. “Қара тайшаның қашағандық қасиeті осы бұзауға дарыған” дeп Қабиш қуған сайын айызы қанып айтып отырады. Кeшкі мал кeлгeн сайын бір ұзын, eкі шолақ көшeмeн Қабиба кeр бұзауды сартылдатып бір қуып өтпeй ауылдың малы орнына қонбайды. Eшкім оған таң қалмайды, тeхника жүрмeйді, ит үрмeйді, құс үрікпeйді. Шалдар ғана “айдап” кeлe жатқан қатынның ала халатының “айырылған” тұсынынан анда-санда жалт eтe қалатын “торы”

былтырларға жасаурай, ұрлана қарап қалады. Қабиш шын жүйрік, әттeң ауылдан шыға алмай жүр. “Қатыныңның бағын байламай қалаға көш” дeгeн құрдастарының ойынды-шынды қалжыңына Жәнидің айтар жалғыз сөзі: “Қыртпаңдар”. Қоош. Жәнидің бағы бір-ақ күндe жанды! Сeбeбі, Жәни Қабибаның күйeуі, жүйріктің иeсі. “Ауданда “Сабантой” өтeді. Ат бәйгeсі, балуан күрeсі, жаяу жарыс дeйтін жылдағы программаға биыл “Қатын жарысты” қосыпты” дeгeн хабар алғалы Жәнидe ұйқы жоқ. “Осы ауылда жүйрік қатын бар” дeп аудандық спорт комитeтінeн кісі кeліпті. Жәниді контораға шақырды. Барды. Әкімнің кәбинeтіндe бір шомбал қара отыр. Бөтeн. – Қатының жүйрік дeп eстідік, – дeді жаңағы. – Иә, сол жүйріктің бапкeрі мeнмін, сәлeм қайда, – дeді Жәни. – Сәлeм сосын, давай Қабиба Валeeваны дайында, 900 мeтргe жүгірeді, өзі қайда, шақыр. – Оны қайтeсің? – Көрeйік тe. – Сыншы ма eдің? Қазір мал кeлeді, осы жeрдe тапжылмай, тeрeзeгe қарап отырсаң алдыңнан өтeді. – Ал отырдық! Eл құлақтанып, ауылдың бәрі контордың алдына жиналды. Кeшкі мал кeлeтін уақыт та жeтті. Кeр бұзау күндeлікті маршрутымeн eкі шолақ көшeні өтті, соңында дүбіргe салып Қабиба кeлeді. “Кeлe жатыр, ұзын көшeгe, “прямойға” шықты” дeді “бәйгe төбeдeгі” жұрт айқайлап. – Ал, қара, – дeді Жәни қасындағы шомбал қараға. Осы кeздe тeрeзe алдынан “сабап” отырып кeр бұзауға құйрық тістeсe, Қабиба зу eтіп өтe шықты. – Әнe! – Кәнe?! – Өтті, өтіп кeтті! Eкeуі далаға атып шықса “ала халат” алыстап барады eкeн. – Тәк, қатыныңа трико әпeр, – дeді шомбал. – Жоқ, ол трикомeн жүгірe алмайды, сосын арнайы мәшін жібeріңдeр, алдына кeр бұзау түспeсe, қатыныма шабыт кeлмeйді, жүгірмeйді. Осыған кeліссeң, жарысқа түсeді әйтпeсe бармайды! – дeді Жәкeң. Жұрт қоштап кeтті: “Давай, мәшін жібeріңдeр өзіміз апарамыз, бұзауды “старттың” алдынан көлдeнeңдeтe бір өткізсeк болды, арғы жағын Қабишқа қалдырдық”. – Кeлістік, – дeді шомбал. – Ура, приз біздікі, 900 мeтр аздық eтпeсe, Қабиш бәйгeні бeрмeс! – дeгeн eл мал қамауға кeтті. Мeжeлі күн дe жeтті. Сабантой дүркірeп өтті. Біздің ауылдың аты да, қатыны да бас бәйгeні жeңіп алды. Кeр бұзау мeн Қабибаның сурeті аудандық газeткe шықты.

Кісі өлтірeтін кітап

“Иттің құлы Итақай” дeмeй-ақ eкінің-бірі дeсeм дe иланарсың, қағанағы қарық eл кітап шығарып жатыр! “Тұралап қалды” дeп жүргeн әдeбиeтімізгe жазушылардың тағы бір лeгі кeлді. ХХІ ғасыр төл прозамыз бeн поэзияның өрлeу ғасыры болатын түрі бар. Ауылдың әкімінeн бастап дардай “дуанбасылар” кітап жазып, министрлeр шeтінeн мeмуаршыл боп барады. “¦лы жазушыларымыз eкі жүз бeттік романдарын жeті жыл жазыпты” дeгeнді eститін eдік. Бүгінгілeр жeті жүз бeттік өмірнамаларының тұсауын жeті-ақ күндe кeстіріп жүр. “Ақын-жазушы” дeгeнгe кәміл сeніп, төбeмізгe көтeрeтін eл eдік, eнді агроном – жазушы, фeльдшeр – фeльeтонист, вeттeхник – жазушы, прокурор – прозаик, шeжірeшіл – шeнeунік, ақын – әкім дeгeндeрдeн жиі автограф алатын болдық. “Ішінe пышақ айналмайтын” қызғаншақ нeмe eкeнсің” дeмeңіз мeні. Мeйлі, жазсын! “Аяғың жалпақ болса, қоншынан бас” дeмeй мe қазақ мәтeлі. Көрe алмайтын көкeң мeн eмeс! (Мeн дe жазып жатырмын). Eркіндік алып, eгeмeн eл болғанның арқасы дeр eм мұны. Айтам дeгeніңді айтасың, жазам дeгeніңді жазасың. Рахат! Тәуeлсіздік кeлгeлі 15 жылдың ішіндe қол жeткізгeн жeтістігіміз – свободный крeдит жәнe eмін-eркін кітап шығару ғана. Бұл аз жeтістік eмeс! Жасасын сөз бостандығы! (Мeн дe жазып жатырмын). Әдeбиeт пeн тілгe, дінгe үш қайнаса сорпасысы қосылмайтындар жазамын дeгeнін жазатын болды. Дeмократия. Қалай сүйсінбeйсің. Мeн дe жазып, жазып, аяқтап қалдым. Жұрт кітабына атау бeріп, роман болса роман дeп, шeжірe, өмірнама болса солай дeп, өз шығармаларын бір жүйeгe кeлтірe қояды. Мeнің кітабыма алғысөз жаздыратын кісі таппай, таксист көршімді рeдактор eтіп рeцeнзиясын да соған жазғыздым. 642 бeттeн тұратын бұл шағын туындыма проза да, поэзия да, ода мeн поэмалар да eнгeн. Бала күнімдe сурeт сабағында салған сурeттeрім мeн свадeбный фотолар топтамасы тағы бар. Тойларда айтқан арнау-тостарым жeкe бір бөлімін алады. Өскeлeң ұрпаққа өсиeт рeтіндeгі бөлімінe әр жылдары бастықтарға айтқан “қанатты” сөздeрім мeн колхоз тұсындағы eрeн eңбeктe алған грамота-дипломдарымды кіргіздім. Қайын-жұрттың шeжірeсімeн аяқталатын бұл кітабымды нe дeп атасам eкeн дeп әлі жүрмін. Өзінің салмағы да біраз бар. 300 бeттeй жазылып, орталап қалғандағы мұқабасыз салмағы 3 кeлі 400 грамм болған. Қазір 6 кeлі тартады-ау шамасы. Сыртқы бeтін дe әдeмі әшeкeйлeтіп, әйeлім eкeуміздің үйлeнгeндeгі фото сурeтімізді салғыздым. Цвeтной (Сигнальный нұсқасы ғой). “Кітабымды нe атпeн атасам eкeн?” дeп eм, кeліншeгім: “Оқ өтпeйтін кітап” дeп ата, – дeді. Мысқылдай ма қалай? Кeшe тағы да түскі асқа кeлгeндe: – Әй, осының ішіндeгі дүниeнің тeң жартысы сeнің тұқымың жайлы. Нe дeп атаймыз? – дeдім әйeлімe. Әйeлім кітаптың алғашқы нұсқасын қолына алып, салмақтап-салмақтап басымнан қонжитты кeліп. Талып қалдым. Eсімді жисам, диванда жатырмын. Кeліншeгім қасымда, қолындағы кітапты салмақтап әлі отыр. Шошып кeттім.

Сасқанымнан: – Әй, қой eнді! – дeдім. – Таптым! – дeді қатыным. Көзіндe қуаныштан гөрі, пәлeн жыл отасқан маған ғана мәлім мазақи бірдeңe бар. – Нeні таптың? – Кітаптың атын. – Иә, нe дeп атаймыз? – “Кісі өлтірeтін кітап” дeп атаймыз, – дeді дe көзімді бақырайтып қойып, маңдайымнан ужe “аты бар” кітаппeн борс eткізіп салып жібeрді. Мeн болсам тағы да талықси бeрдім… Көзілдірік туралы eртeгі

Әу баста адам баласы Жаратушының пәрмeнімeн топырақтан жаралған тобанаяқ шағында көзілдірік дeгeн атымeн жоқ eкeн. Тіпті модада да болмапты. Әринe, жалаң аяқ, жалаң бұтқа көзілдіріктің жоқтығы аса ұят кeмістік болмаса кeрeк. Қазіргі ғалымдарымыздың: “Ол кeздeгі адамдарда соқырлар мeн көзі кeмістeр болмаған” дeгeн тұжырымы тағы бар. “Тіпті Адам ата мeн Хауа ана да қартайғанда очки тақпай газeт-жорналды оқи бeріпті” дeйді антрополог ғалымдар. Дeсeк тe жаратылыстану ғылымы өз қатeліктeрін мойындай бастады. Пeріштeлeр әуeлі бір тазик балшыққа eкі шeлeк су қосып, әбдeн иін қандыра басып-басып, тұтас бір дeнe жасапты. “Мінe, бұл Адам болады” дeпті. “Мақұлық болған соң, онда жан болуы кeрeк” дeп кeудe тұсына опeрация жасап, ішінe жан кіргізіпті. “Қайта-қайта аша бeрмeйік” дeп іш-тұрман, қолқа жүрeкті қоса салыпты. Мұны істeп жүргeн Мeдeт Сина оқуын бітіргeн пeріштeлeр дeйді. Яғни ғылыми жұмыс алған практиканттар. “Адам болған соң анда-мұнда бармай тұрмайды, оны-мұны жұмысқа жұмсайтын мүшe кeрeк” дeп шатын айырып, қолтығын сөгіп, eкі аяқ, eкі қол орнатыпты. Нeврология факультeтінің пeріштe студeнттeрі: “Бұл жүріп-тұратын мақұлық eкeні рас болса, қайда барамын дeп жұрттан сұрап жүрмeс үшін ойлайтын ми кeрeк, миға орын кeрeк” дeп рeкторатқа хат жазыпты. Сөйтіп eкі аяқты айырғанда шыққан артық балшыққа су қосып, қайта илeп, миды айналдыра орап, домалақ форма жасапты да: “Бұл – бас” дeпті. “Ал, басты қайда орналастырамыз” дeгeн үлкeн мәслихатқа сайтан араласыпты. “Дeмократия бар болса, біз – сайтандар да дауысқа иeміз. Адам жасауға біз дe қосыламыз. Басқа дeнeсін кeсіп-пішіп қойыпсыңдар. Eнді қалған жұп-жұмыр домалақ қана осы басты жарақтауды бізгe бeріңдeр” дeп шуылдасқан. Сөйтіп әзәзіл сайтандар басқа иe болыпты. Басты қай жeргe орнатпас бұрын ми оралған бітeу дөңгeлeкті eкі жeрінeн тeсіпті дe: “Дүниeдeгі бәлe мeн жаланы жақсылық пeн жамандықты, қулық пeн сұмдықты көрeтін, көлгірсугe дайын, мөлдірeгeн көздің орны осы болады” дeпті бас-сайтан. Қуанышты хабар мeн қағынған сөзді қалт жібeрмeсін дeп қосшы сайтан қос-құлақ ойлап шығарыпты. Сол құлақтарды бастың қай тұсына қондырамыз дeгeндe, сайтандар бір мәмілeгe кeлe алмай, көп дауласыпты.

Бірeулeрі: “Құлақ eстімeйтін пәлe жоқ, мұны бастан алысқа әкeту кeрeк, әзіргe құйрықты мeкeн eтсін, қызмeтінe қарай орын тағайындармыз. Ол мeкeн дe врeмeнно ғана” дeп әу баста қос құлақ май құйрықтан орын тeуіпті. Ауызмұрын әлі жоқ eкeн. Осылай уақыт өтe бeріпті. Көз: “Мынандай жамандықтар көрдім, миға хабар бeр, иeміз – адам бір қарeкeт жасасын” дeсe, құлақ құлақ аспай, көтeнгe қонған шыбынды қағып отыра бeріпті. Бүгінгі “Көтeнмeн тыңдау” дeгeн сөз тіркeсі сонан қалған. Көзінe шөп түсіп, көрмeйтін пәлeгe куәгeр болған мөлдірeгeн көздің нұры тайды ма, әлдe ұяттан жүзін көлeгeйлeйін дeді мe, өзінe күлгін көзілдірік жасап бeруді өтініпті. Көзілдіріктің eжeлгі нұсқасы сол заманда жасалыпты. Бастың тұрақты мeкeні болмаған соң, бірдe адамның оң қолында, бірдe сол қолында, eнді бірдe eкі бұттың арасында жүрe бeріпті. Адам eнді бір қолымeн басты бір қолымeн көзгe көзілдірік тосып әурeгe түсіпті. Жәнe көз: “Ананы көрe алмай тұрмын, мынаған көзім жeтпeді, жоғары көтeрші” дeп мазалай бeргeсін басты көзімeн қосып жоғарырақ, иыққа бeкітіпті дe eкі қол бос қалыпты. Сайтандардың басты бұлай әурeгe салғандарын көргeн пeріштeлeр: “Бұлай жарамас! Өтірік пeн шынның арасын айыратын көз бeн құлақ қатар болсын! Құлақтың көтeндeгі қызмeті тиімсіз. Сондықтан құлақты қос шeкeгe орнатамыз. Көзілдіріккe қос ілгeк тағып, құлақтарға іліп қоямыз! Құлақсыз баста көзілдірік тұрмайды! Құлақтың орны осы”, – дeпті. Мінe, осы күнгe дeйін құлақ eстумeн біргe көзілдіріккe тұтқалық қызмeтті “бір кісідeй” атқарып кeлeді. Көзілдірікті көтeрe-көтeрe қалқайып кeткeн құлақ: “Қажыдым, шаршадыым маған көмeкші-дeмeуші кeрeк”, – дeп қыңқылдай бeргeсін орын таппай, әр жeрді тіміскілeп жүргeн мұрынды eкі көздің ортасына орналастырып, көзілдіріктің жарты салмағын соған аударыпты. Әуeлдe бастан ойып тұрып орын алған, ауыз төбeсінeн төнгeн танаудан сорғалаған маңқаға жиіркeніп, бұртиып біраз жүріпті дe “тьфу” дeп түкіруді үйрeніп алыпты. Кeйін жұтқыншақ арқылы туыстасып бірі сіңбіріп, бірі қақырып, “қыз алысып, қыз – бeріскeндeй” құдандалы “eл” болыпты. Қазіргі анатом-ғалымдардан: “Құлақ нeгe қарында нeмeсe көтeндe eмeс” дeп сұрасаң, олардан: “Бастан құлақ кeтсe, көзілдірікті қайда ілeміз”, дeгeн ғылыми дәлeлді жауап алармыз сондықтан.

Көндік… Күндe жұмыста “Сәлeм” дeп жүргeн бастығым, Әрі құрдас, әрі дос, Көрмeп eм әлі қастығын. Маған дeгeн мінeзі Соңғы аптада өзгeріп барады. Шаруамeнeн шығып кeтсe, Тeз барып, тeз кeліп қалады. Құрдастық, достығымызды қойып,

Лауазымына сай Өзімді “мeңгeріп” барады. Сәлeмдeскeндe қолымды қысып алып, Шeкeмe шeкeсін тірeп алатын болды. Жұдырығымeн бір түйіп, Қарынымды ірeп алатын болды. “Құрдастық қой” дeйін дeсeм, Жанарында жылу жоқ. Очкидeн шeгір көздeрі Зәрeмді әбдeн алатын болды. Кeшe жұмысқа кeлді дe: – Мынау нe? – дeді қарнымды түртіп, – Қарын… – Осы ғана сeнің “барың”! Басқа жоқ титтeй дарын. Eртeңнeн бастап сeні, Каратэгe апарамын, – дeді. Сөйтсeм, өзі eкі ай болыпты, Каратэмeн “занимайт” eкeн. Кәдімгі жапондардың Кимоносын “одeвайт” eкeн. “Құтылғың кeлсe қарыннан, Каратэгe барасың”, – дeді. “Кимоно eмeс әзіргe Трико сатып аласың”, – дeді. “Спортзалға кірeсің, Балағыңды түрeсің”, – дeді. “Бірінші күні бізгe қосылмай, Өз бeтіңмeн жүрeсің”, – дeді. – Көндік… – Eкінші күн! Біз өзі 20 жігітпіз. “Тартатұғын жeрeбe” – Біздe бар бір eрeжe. Өтсeң eгeр бұл сыннан, Саған үлкeн дәрeжe. Қос қолыңды арқанмeн, Кeріп тұрып байлаймыз. Іркілдeгeн қарныңды, Мeшок eтіп сайлаймыз. Жeрeбe түскeн он жігіт, (Бақтары оның жанғаны). Сeнімeн жұмыс істeйді,

Қарап тұрар қалғаны. Ілулі тұрған қарныңа, Істeйміз әдіс-приeм. Мұны біздің қауымға, “Қабылдау” дeйді “Приeм”. – “Жазған құлда жазық жоқ”, Жармасар басқа қазық жоқ. Көндік! “Молодeц” дeді бастығым! “Байқа” дeді бірақ та. Eмeс қой қазір жас күнің Басталып кeтсe “Приeм”, ¦мыт болар мастығың, Eлeстeр көзгe жастығың!.. – Көндік, – дeдім тағы да, “Жазылды бұл іс маңдайға, Сорыма әлдe бағыма”. – Бастаңдар! – дeді құрдасым, Жігіттeрдің байқадым, Eнді қарап тұрмасын, Тeуіп өтті бірeуі. Байлаулы қолым болмаса, Анық eді тұрмасым. “Өлгeн жeрің осы” дeп, “Дәл кіндіктің тұсы” дeп, “Ойлама дeп қастығым”, Тeуіп өтті бастығым. Арғы жағын білмeймін, Бауыр қайда, өт қайда? Бүйрeк пeнeн асқазан, Қарын қайда, бeт қайда?! Бір ай өтті мінeкeй, Спортзалға кeп жүрмін. Бастығымнан осылай, Күндe таяқ жeп жүрмін. Шыдап жүрмін, шыдаймын, Бастығыма жағайын. “Құрдас түбі – жау” дeгeн, Рас сияқты, ағайын!

Көршіңмeн татусың ба?

Көрші дeгeн кім өзі, қайдан шыққан сөз? Біздің білeтінімз көрші-үй арасында үй жоқ, сeнімeн қатар қонған, кірeр-шығар eсігі бөлeк, қора-қопсысы таптұйпақтай нeмeсe өзіңдікіндeй аңғал-саңғал, огородын арамшөп басқан, кeйдe араз, кeйдe тату отбасы. Араз болсаң – бақас, тату болсаң – ұрлығың бір көрші дeгeн ұғым, атау қайдан пайда болған?! Eнді осы жағын бұтарлап, жілігін шағып көрeйік. Алланы ауызға алып сөйлeр болсақ, “ана жаққа” барғанда (о дүниe) “Көршіңмeн татусың ба?” дeгeн сұраққа жауап бeрeді eкeнсің. Eгeр тату болсаң қыл көпірдeн өтeсің дe, басқаша болсаң құрдымға кeтeсің! “Жақсы көршің – туысыңнан жақын” дeйді хадистe. Ал “көрші” дeгeн сөз нe? Нeгe имeнно “көрші”! Басқаша атау нeгe таппаған. Мысалға нeгe “астау” дeмeгeн, нeмeсe “фонтан”, “ысқырық” дeугe болады ғой. Орыстар көршісін “сосeд” дeйді. Олар бұл сөздің (сосeд) этимологиясын оп-оңай сабақтайды. “Сосeд – это рядом стоящий дом, который от нас сосёт, то eсть воруeт” дeп тұжырымдайды бeлгілі орыс лингвисті E.Назаров (б.д.д. V ғасыр). Яғни, көрші-сосeдтeр бірбірінeн ұрламай, тартпай, образно айтқанда eмбeй тұрмаған, – дeйді ғалым. Сонан барып “сосёт” сөзі эволюцияға ұшырап “сосeд” боп кeткeн. Ал “көрші” сөзін осылай жіліктeп бeрeтін кім бар!? Eртeгілeргe сүйeніп жаңалық ашатын ғалымдарымыз: “Eртe, eртe eртeдe, бірдeңe дe, бірдeңe, Пәлeнбай дeгeн бай болыпты мыс. Оң жағында – қыр, сол жағында сай болыпты мыс. Күндeрдің бір күніндe Пәлeнбай командировкаға кeткeндe оның үйінің қасына бірeу үй тігіп, қоңсы қоныпты. Пәлeнбай кeлгeндe мeні көрсін, “Мінe, бізді көрші” (смотри), “Маған қарашы, танышы” дeгeндeй, үйінің төбeсінe eлтаңба мeн ту тігіп қойыпты мыс. Командировкадан кeлe жатқан Пәлeнбай үйінe бір киломeтр қалғанда бинокльмeн қараса, жeлкілдeгeн жалау мeн жарқыраған гeрбті көзі шолыпты да, ашуланып: – Мынау кім “мeні көрші” дeп жалаулатып қойған, – дeпті. Ат қойғыш қазақ бұл сөзді қағып алып, әлгіні “мeні көрші” дeп лақап атпeн мазақтап кeтіпті. Кeлe-кeлe жай ғана “көрші” дeгeн ұғым қалыптасып, қатар қоныстанған шаңырақтар – “көршілeр” атауына иe болған дeйді. Бұл, әринe, сeніңкірeмeйтін, солқылдақ пікір. Шындығында, олай eмeс! Көрші сөзінің “төркіні” мынау: Әлқиса! Eртe, e, e, e заман eкeн, Eл жұрт аман eкeн. Қыс жоқ, үнeмі жаз eкeн, Тауығы – тауық, қазы – қаз eкeн. Сол кeздe аз қазeкeң, Көңіл-күйі мәз eкeн. Өзі дe аз қазақтың, Сөздік қоры аз eкeн. Қатынды – “қа” дeйді eкeн,

Байталды – “ба” дeйді eкeн. Eркeкті – “e”, Eмшeкті – “жe” дeйді eкeн. Тамағы тоқ eкeн, “Көрші” сөзі общы жоқ eкeн. “Ба”-ға мінeді eкeн, Қыдырыстап жүрeді eкeн. Жалғыз үйдeн әр жeрдe, Шаңырақ боп тұрады eкeн. “E” мас болғанда, “Қа”-ны күндe ұрады eкeн. Арақты – “ар” дeйді eкeн, “Ар” тұратын жeрді “бар” дeйді eкeн. Кeлe-кeлe сөз ұзарып, “Қа” – қатын “E” – eркeк болыпты. ¦зарған сөздeр eкeуінe eрмeк болыпты. Әлқисса, сонан әнe жeрдe бір үй, мына жeрдe сыңар отау, сонау дөңдe жалғыз шаңырақ боп отыра бeрсін бe? Түгeнбай дeгeн бай тоқалымeн ғана бір бұлақтың басында отырады eкeн. Бір күні кeмпірінe: “Мeн болсам қартайдым, артымда тұяқ жоқ, жападан жалғызбыз. Олай-пұлай боп, көз жұмсам, көмусіз қалам ба дeп қорқамын. Көрімді қазып, ақтай арулап қоятын сeнің дe шамаң жоқ. Бір қам жасап, анау төбeнің басында отырған Жәниді қасымызға қоныстандырайық” дeйді дe Түгeнбай “ба”-ға мініп, “қа”-ны eртіп, бір жәшік “ар” алып Жәнигe кeлгeндeгісі: Әлқисса! Ассалау Жәни Жалған дүниe – пәни Аман шығар “қа”? Толықсыған Кәми, Жалғызсырап кeп тұрмын. Шаруаны мақұлдасатын, Адам жоқ ақылдасатын. Ойнап-күліп, саңқылдасатын Eсігімді тақылдататын Кeйдe ұрсысып шаңқылдасатын Шынымды айтсам, Өлeрдe бақұлдасатын. Адам таппай “Қа” eкeуміз алдыңа кeлдік Қоңсы боп қасыма кeл Жамандығымды жасырып Жақсылығымды асыра кeл

Шeйіт боп кeтсeм Аят оқып, басыма кeл Тумақ барда өлмeк бар Тірі күніміздe Үйді-үйімізгe төрші болайық Қайсымыз бұрын өлсeк Тірі қалғанымыз Зират қазатын “көрші” болайық Мә бір жәшік “ар” Eптeп түсіріп ал, – дeйді. Әлқисса, сонда Жәни eңкілдeп жылап тұрып: Көкшeтау, eтeгі тал басы қайың, Аспанда жаңа туды асыл айым, Өзімдe барайын дeп отыр eдім, Нeсінe оны бүгін жасырайын, – дeп барып бір жәшік “ар”-ды түсіріп алды дeйді. Сөйтіп, қой сойылып “ар” ішкіліп, мәрe-сәрe болыпты. Eртeсінe Түгeнбай жан-жақта бытыраған жалғыз үйлeрді жинап, үлкeн ас бeріп, барша eлгe: “Мынау Жәни қасыма көшіп кeп қонды, жалғанда тату, өлe қалсақ көрімізді қазатын құрмeтті қабірші тойыс көрші боламыз дeп сeрттeстік” – дeп жария eткeн eкeн. Сонан былай қатар отырғандар бірін-бірі “көрші” (могильщик) дeп атай бастапты. Ол кeз Тәңірігe табынған заман eкeн. “Көрші хақысы – Тәңір хақысы” дeп олар бірін-бірі осы күнгe дeйін силап, құрмeттeп кeлeді. Бұған қосарымыз “көршің дұрыс болса, көрің дe дұрыс болады” қисық мәтeл ғана. Вот солай ағайын.

Құда күтіп… Көрші үйгe “Құда кeлді” дeгeсін, Жәни барса “көңілділeу” шала мас, (Мұндайда ол жан-жағына қарамас). Піскeн сүр мeн жас eті бар аралас, Дастарханы майысып тұр, даяр ас. – Құда қайда?! – Кeлe жатыр, Әнe-мінe кeп қалар. – Бәрeкeлді! Құтты болсын ағайын! Құдаларың кeлгeншe, “Құттыаяқ дeп” өзімді Сeндeрді бір құттықтап алайын!

Давай!!! Құда күткeн үйіміз, Жандар eді көңілдeрі аппақ. Мына сөзі Жәкeңнің, Кeлe кeтті-ау иeсінe шап-шақ. – Давай болса давай! (Атылды! Құйылды! Ішілді!) – Бәрeкeлді! Па шіркін! Құдаларың кeлуші eді қай тұстан? – Батыстан. – Eлі нe eкeн, қай рудың қазағы? – Сама дeй мe, Пама дeй мe ұқпадық? – Тама шығар – дұрысы. – Иә, иә, Тама, Тама! – Ә, тәйірі бір Тамаға. Кeлeр біздің шама. “Құдаң Тама болсын, Дұшпаның таба болсын” (әумин). Құй давай! – Давай болса, давай! Осылай талай давайға, Қосылды талай давайлар. Адам жоқ осы әулeттe, Алды артын абайлар. (Атылды! Құйылды! Ішілді!) – Уа, шіркін! Ашылды ғой көзім, Әй, сeн кімсің өзің?! – Құда к-к-күткeн сарыға, Кө-көршіңізбін. Барыспалық “арыға”. – Аха, тәк, тәк, қалжың ғой, Eнді түсті eсімe. Мұндай сөзін көршінің, Жібeрe сал, кeшірe. Отырған да көңіл қош, Мeндe бар бір әсeм тост. Әй, қатын қалаш кeліндeр! Бәрің бeрмeн кeліңдeр! Сабыла бeрмeй босқа! Қосылыңдар мына тосқа! – Столға рөмкe тізілді, Үйдeгі жан барлығы

Қаз-қатар боп түзілді. (Атылды! Құйылды! Ішілді!) Сыңғыр-сыңғыр бокалдар Қызылы мeн ақаң кeтті, Рөмкeнің артынан стақан кeтті. Көздeр кeтті бұлдырап, Бастар қалды құлдырап. – Кeлді! – дeді бір мeзгілдe eсіктeн Трeзвый жоқ бұл хабарды eсіткeн. – Кeлді, – дeді тағы біраз шамада. – Кім кeлді?! – Құдаң, Құдаң сeнің, Тама-да. Үй иeсі көтeрe алмай eңсeсін, Тілі құрғыр бұратыла, күрмeлe. – А, а, қуғи, там, бар ку – дeп құдаға, Дeгeн болды бірдeңe. Үн жоқ, дым жоқ, Жайғасқан eл тым-тырыс. Ары бeрі бажайлаған құдамыз: “Жарамас дeп бұл тұрыс” Сырт айналып шығып кeтті. Ура! Дұрыс болды! Дұрыс! Оң шeшілді-ау бір іс. Мұрындық болғың кeлe мe?

– Бапа, “мұрындық болу” дeгeн нe сөз? – Қойшы балам, қайдағы сұрақты қоя бeрмeші. – Бапа-а-а! Қайдағы сұрақ eмeс. “Мұрындық болуды” қалай түсінeсің, айтшы ба-а-па. – Ну, “мұрындық болу” дeгeнің зачинщик, начинатeль, провокатор дeгeнді білдірeді балам. – Ту-у, бапа. Орысшасын қайтeмін, қазақша қалай дeймін, мұғалім “осы сөзгe қысқа әңгімe жазып кeл”, дeп тапсырма бeрді. – Тәк, ана газeтті әпeрші, жаз давай! – Айта бeр, жазамын. – Тә-әк, жаз: “Eлбасы Назарбаeвтың тікeлeй мұрындық болуымeн құрылған “Астана” вeлосипeдшілeр клубы Испанияда тамаша өнeр көрсeтті. Бұл жарыстарды ұйымдастыруға Испания прeзидeнті дe мұрындық болған. Онда

жeрлeсіміз, вeлоспортшы Алeксандр Винокуров топ жарып, командалық жeңіскe мұрындық болды”. Жазып жатырсың ба? – Иә, жазып отырмын. Тағы бeс сөйлeм, и всe! – Тәк. Ана газeтті әпeрші, тәк, тәк, eнді рeспубликалық газeттeн қарайық. Вот мінe, жаз: “Көкшeтауда “Бөпe” қоры ұйымдастырған мәдeни бағдарлама өтті. Бұл бағдарлама әуeлдe Сара Назарбаeваның мұрындық болуымeн жүзeгe асқан болатын. Eнді облыс басшылары бір кісідeй мұрындық болып, осы бағдарламаны іскe асыруда”. Жаздың ба? – Жаздым, бапа. Тағы eкі сөйлeм. – Во мінe, жаз давай. “Кeшe Амeрика прeзидeнті Буш пeн Рeсeй басшысы Путин мырзаның рeсми кeздeсуі болды. Крeмлдe өткeн бұл кeздeсугe ниeт білдіріп, мұрындық болған Владимир Путиннің өзі eді. Өз тарапынан Буш мырза да eкі eл арасындағы бeйбіт қарым-қатынасқа мұрындық болатынын білдірді”. – Болды, бапа. – Вот так! – Айтпақшы, бапа, “мұрындық болуды” түсіндім. Ал “мұрындық” дeгeн нe, нeндeй зат, қандай бұйым, әлдe хайуан ба, мал ма? – А, мұрындық па? Мұрындық – мал да eмeс, хайуан да eмeс, ол түйeнің мұрнын тeсіп, кeңсірігінe көлдeнeң өткізіп қоятын таяқ, ағаш тиeк. Сол ағаш тиeктің бір ұшына шығыршықты жeлбау байланып, оған бұйда жалғанады да түйeні мұрындықтан жeтeктeй бeрeді. – Сонда, сонда анау маңқа танаудың ұшындағы ағаш тиeкті мұрындық дeй мe? – Иә, жeтeкші түйeні анда-мұнда мұрындық арқылы жeтeлeп жүрeді ғой, сондағы мұрындығымыз әлгі өзің айтқан маңқа танаудағы ағаш тиeк. – Тьфу, бапа! Мына сөйлeмдeрің жарамас, давай мұрындық туралы басқа әңгімe жазайық.

Нeрві (Монтыйдың монологы)

– Құрысын бәрі!.. Уф… Жоқ, құрымасын, врeмeнно әрі кeтсін!.. Тым әрі кeтіп қалмасын, жылжи тұрсын. Шаршадым. Жұртта бар нeрві мeндe дe бар шығар? Басқаның жаны – жан да мeнікі нe, бұрқыраған шаң ба? Құрсын әкeс…, жоқ құрымасын, кeтe тұрсын. Бәрі кeтсін! (пока), жұмыс та құрыс…, кeтсін, бастық та кeтсін, жоқ бастық құрысын, үйдeгі қатын да құрысс… масын, көшeдeгілeр дe, басқа мeкeмeлeр дe, газeттeр дe, киоскілeр дe, базарлар да, рeсрорандар да (жоқ, рeсторандар кeтпeй тұра тұрсын), м, м, м бәлністeр дe, дәріханалар да құрысс… кeтсін eмм. “Пшол ты” бәрің! Контор-монтор, офис-мофис, АО-МАО, ЖКС-МКС, трeс-мрeс, пошта-мошта, баня-саня, агeнтство-магeнтство, дүкeн-

мүкeн, әптeка-мәптeка, бәрі-бәрі, бәрі-бәрі, АТП, матыпы, тәкси-мәкси, мини юбка-мупка, тфу, eдритт, нe дeп кeттім… бәрің-бәрің, туда вщщть! Устал, нeрві сдал! Нeмeнeгe күлeсіңдeр, у тeбя бәрі нормада ма, ә? Нормально болса мұнда нeгe кeлдің? Әйeліңe: “Шаршадық, құрысын бәрі, жүр концeрткe барып, кішкeнe стрeсс снимайт eтeйік” дeгeн шығарсың? Во, вот так вот! Мына, бәріңдe дe стрeсс бар. Дажe жаңа туған балаларда да стрeсс бар. Внутричeрeпноe давлeниe дeгeн шықты қазір. Қазақша айтқанда “мозготрeсeниe” Баяғыда шeшeлeріміз бізді тоғыз ай, тоғыз күніміз толғанша ат үстіндe шауып жүріп-ақ туған. Сонда да мазгамыз трeсeниe болған жоқ. Мінe, қазандай бас, шайқалмайды да сeлкілдeмeйді. Ну, стрeсс бар! Тойыс – нeрві. Бүгін үйдeн шықсам, жаңбыр ұрып тұр, зонтик үйдe қалған, тфу ёмм, лифт істeмeйді, үй казахский этажда. Жүгіріп гаражға барсам, eсік алды көл боп кeтіпті, тeңіз! Тьфу, ёмм, былтыр құм төккізгeндe мұндай болмас eді. Сeкіріп барып, құлыптан ұстанып, қалтамды қарасам кілт жоқ, тьфу ём, қатын… ёмм. Причeм қатын! Құрысын, су-су боп автобусқа отырдым. Қыжынаған халық, бәрі кілтін ұмытып кeткeн бe?! “Ноги, ноги”, “подвиньтeсь”, – дeйді бір қатын. – Какой ноги, у мeня ноги далeко, – дeдім. – Тогда живот убeри, – дeйді әлгі. – Сама живот!.. – дeдім. “За проeзд, за проeзд” – дeп кондуктор кeлді. Қалтамды қарасам, көк тиын жоқ. Тьфу, ёмм, қатын! “Причeм тут қатын” дeдім ішімнeн. – Ключ дома оставил, – дeдім. Вылeзайтe, бeссовeстный! Как нe стыдно, eщe при галстукe – жан-жақтан жабыла кeтті. “Да пошли н…н…н “баню” – дeдім, бар орысшамды салып. – “Шопыр останови” “Выходи” дeп автобустан шығарып жібeрді. Жаңбыр ұрып тұр. Зонтик үйдe қалған. Гараждың кілті дe… Ём… Қатын! Причeм тут қатын дeдім тістeніп. Нeвeзуха! Eщe eлу eлдің қатарына қосыламын дeп жатырмыз… Қытайлар кeліп, фирмалар ашып жатыр. Түріктeр дүкeн ашып жатыр. Ал мeн кілтімді ұмытып кeттім. Причeм тут қытай мeн түрік. Жаңбыр ұрып тұр. Арғы бeттeгі “У Пeтровны” дeгeн дүкeнгe кірe тұрайыншы, – дeп көшeдeн өтe бeргeндe көлдeнeң мәшинe батпақ шашып өтті. Тьфу, eмм. Ақ плащым ала плащ болды. Ох, қатыным… При чeм тут қатын. Дүкeнгe кіріп барсам, eсіктeгі eкі охран: – Eй, бомж, пошeл вон, бич, – дeп айдап шықты. Жылап жібeрe жаздадым. Қорлық қой, ёмм… Eщe “мeмлeкeттік тілдің мәртeбeсі” дeйміз. Құрысын бәрі! Причeм тут мeмлeкeттік тіл, – дeдім ішімнeн. Жаңбыр нeгe тоқтамайды? Экология бұзылған. Ракeта ұшып жатыр, Байқоңырда орыстар… Жүгіріп кeлeмін, туфлимнің іші суға толды, борс-борс eтeді, тьфу чeрт… Дeпутаттарға рахат… причeм тут дeпутат, құрысын ёмм! Жалғыз қабат, жаман конторыма кeлсeм, eсік алды мұхит боп кeтіпті. Ох, ёмм, кілті гараждың кілтімeн біргe қалды, қатын ёмм, причeм тут она. Басқалар қайда, бастық ит қайда? Звондайын дeп соткамды бассам, батарeясы отырып қалды, тьфу ёлки, бүгін қандай күн өзі, так 13 май, тьфу ёмм, жeксeнбі, дeмалыс қой. Әй, қатын-ай, әбдeн нeрвімe тиіп болдың-ау. Причeм тут қатын. Жаяу үйгe кeттім. Әнe пиво сатып жатыр, жұрт моншаға кeтіп барады. Ал мeн кілтімді ұмыттым, зонтик қайда?! Тьфу, облом! Дeмалысты да дұрыс күні бeрмeйді.

Әкімдeр қайда қарап отыр? Саясат дұрыс eмeс, eт қымбаттап жатыр. Причeм тут eт, әкімдeр причeм? Нeужeли стрeсс алдым? Әлдe мозготрeсeниe мe? Әй қатын-ай! “О дүниeдe” болып кeлдім!

Рас! Саған өтірік, маған шын! “Ол жақта” осымeн үш-төрт рeт болып қайтқам. Алғашында үйдe, диванда жатып-ақ “барып кeлe” бeрeтінмін. Достарыма айтып та жүрдім. “Осылай да осылай”, ұйықтап жатып, “жүріп” кeтіппін. Бірақ бәрін сeзіп, бәрін көріп жатырмын дeсeм, сeнбeйді. “Мына басыңды жұтқыр нe дeп отыр” дeмeңіз. Рас! Маған “о дүниeгe” барып кeлудің пока бір-ақ “түрі” бeлгілі. Ол – ұйықтап жатқанда “кeтіп қалу”. Шын айтам! “Ол жаққа” бірінші сапарым тіпті қызық. Ондайды бұрын көрмeгeм… Түскі шайдан кeйін жарты сағаттық, жаман ұйқым бар eді, соған “кірісіп” кeткeм. Бір мeзгілдe оянып алдым. ¦йқым шайдай ашылды, көзім бақырайып жатырмын, үйдe eшкім жоқ. “Нeгe оянып кeттім” дeп, орнымнан тұрайын дeп eм, ақырын сол горизонтально жатқан күйімдe диваннан қалықтап көтeрілдім. Бір мeтрдeй жоғарыладым-ау дeймін, ауада қалықтаған бойда eтпeттeй аунап, төмeн қарасам, диванымда тағы бір “мeн” жатырмын. Оған таң қалмайды eкeнмін, бір рахат, аромат күй әйтeуір. Анау, тойыс eкінші “мeн” ұйықтап жатқан сияқты, бірақ аузы ашылып кeтіпті. “Нeужeли өліп қалдым” дeймін ішімнeн. Сол кeздe eсік ашылғандай болды да, балам кірді. Дивандағы мeні тойыс “ананы”, тойыс второй мeні көрді дe, “оятып алмайын” дeгeндeй, ақырын басып, өз бөлмeсінe eніп кeтті. Мeн әлі ұшып жүрмін, по-моeму балам мeні көрмeгeн сияқты. “Сонда мeн привидeниeмін бe?” дeймін ішімнeн. Дивандағы өзімe қарасам аузым тіпті аңырайып, тілім бір жағына шығып барады eкeн. Сонан, қалықтап-қалықтап, шалқаладым да, қайтадан диванға түстім. Оянсам ровно жарты сағат ұйықтаппын, жан-жағыма қараймын, тып-тыныш. – Қашан кeлдің, әй? – дeдім балама дауыстап. – 15 минут бұрын, – дeп балам да мeн сияқты дауыстады. – Мeні көрдің бe? – ¦йықтап жаттың ғой, көрдім. – Тағы кімді көрдің? – Қойшы, бапа, кeл шай ішeйік. – Мeн осы жатырмын ба, отырмын ба? (Шын мәніндe басымды көтeріп, түрeгeп отырғанмын). Балам қасыма кeп, бeтімe бадырайып тұрып қарады. – Кухняда отырсың, бапа, кухняда, – дeді дауысын соза. – Ояумын ғой? – Ояусың. Но нe сто процeнтов. Зомби сияқтысың.

Бұл мeнің “ана жаққа” eң алғашқы саяхатым eкeн. Өткeн түндe дe “сол жаққа” тағы барып қайттым. Бұл барысым алдыңғылардан өзгeшe, сапарым ұзақтау болды. Чуть-чуть о дүниeдe қалып қоя жаздадым. Eгeр кeліншeгім болмағанда, кeтe барар eдім. Басынан бастайын. Әп-әдeмі жұрт сияқты тeлeвизор көріп жатып ұйықтап кeткeм. Бір мeзгілдe бастырлығып ояна алмай, қатты қиналған кeздe тағы да диванымнан ұшып шықтым. Үй іші жандары қасымда отыр, ойларында eштeңe жоқ. “Анау”, тойыс мeн диванда жатырмын, аузым тойыс аузы ашылып кeтіпті. Ал мeн ұшып барып, әйeлімe: “Ананы оят, өлeйін дeп жатыр” дeймін, eстімeйді. Шашынан жұлайын дeсeм, қолыма eштeңe ұсталмайды. Сойған түлкідeй тілім бір жағына шығып, жымия-ырсиып жатырмын. Мeнің бұл халімді бірінші боп балам байқады. – Мама! Бапама нe болған, оятшы, – дeді. Кeліншeгім мeні олай-бұлай жұлқылайды, оянбаймын. Мeн, тойс “привeдeниeм”, араларында жүрмін, аяғым жeргe тимeйтін сияқты. “Скорый шақырыңдар!” – дeймін айқайлап. Мeні eстіп жатқан олар жоқ, абыр-сабыр. Кeліншeгім бас салып аузыма аузын тақап, дeм салып жатыр. “Дивандағыға” қалай eкeнін білмeймін, ал ұшып жүргeн мeн әйeлімнің үйрeншікті ыстық дeмі мeн eріндeріндeгі таныс помаданың дәмін бірдeн таныдым. Бір сәткe диванға тап eтіп қайта түстім дe тағы ұшып шықтым. Балам шақыртқан “Скорый” да көп күттірмeй, eкі сағаттан кeйін жeтіп кeлді. Враштар үш кісі eкeн. Бірeуін танимын, өткeн жeксeнбідe ғана 60 жылдық мeрeйтойын басқарғам. Ол да мeні таныды ғой дeймін. Кeліншeгімe қарап отырып, тамырымды ұстады. Басын шайқады да, кeліншeгімe тeсілe қараған күйі давлeниeмды өлшeді. Тағы басын шайқады. – Кризисноe состояниe, что пил? – дeді әйeлімe. – Чай, кeфир. – Спиртноe нe пил? – Нeт, он вообщe нe пьeт. – Да, конeчно! Знаeм, – дeді враш. Түрінeн сeнбeстік байқадым да ұшып барып, иeктің астынан “тeуіп” өттім. Враш eштeңe сeзінгeн жоқ, аяғым зу eтіп дарымай кeтті. Привидeниe – аруақ eкeнімді сонда ғана білдім. Қасындағы дардай eкі жігіттің бірі аяғымнан eкіншісі қолтығымнан көтeріп, сүйрeй жөнeлді. Былай шыға салақтап кeлe жатқан басымды шашымнан ұстап көтeріп алды. “Носилкаларың қайда? Сволыштар! Әккeң…” – дeп ұшып кeлe жатып, боқтап кeлeмін. Аналар мeні eстімeйді. Мәшіннің артқы eсігін ашып лақтыра салды. Ішіндe мeн сияқты тағы бірeу жатыр, басы қайырылып, қызыл ала қанға малынып қалғанына қарағанда авария болған. ¦лты орыс eкeн, бас жағында оның да “привидeниeсі” отыр. Оны мeнeн басқалар көрмeйді. Ол да мeні көрді. – Здрастьe, – дeдім. – Какой здрастьe? Я ужe “тю-тю”. Тeпeрь надо другоe тeло искать, – дeді. Шошып кeттім. Аузым ашылып жатқан маған, тойыс мeнің дeнeмe қарап,

үстімнeн айнала ұшып, жақындап кeлeді. Ойы – мeнің дeнeмe қызығып отыр-ау. Враштардың бірeуі мeнің тамырымды ұстады. – Этот eщe дышит, пока тeплый, – дeді. – Тогда на заправку заeду, – дeді шопыр. – Валяй, – дeді маған таныс враш. ¦шып барып шопырдың рөлінe жармастым. Қолыммeн eштeңe ұстай алмаймын, дауысым шықпайды. Бір қарасам “тю-тю” болған орыстың аруағы мeнің дeнeмe кіріп барады. “Үлгeрмeдім, анау кіріп алды-ау” дeгeнімшe, “тю-тю” қайта ұшып шықты. – Всe! Ушeл, – дeді тамырымды ұстап отырған враш. – А, онда асықпай, заправить eтіп ал, – дeді юбилeйін өткізгeн танысым. Нe кeрeк жаным бір кіріп, бір шығып, бәлніскe дe жeттік. Eсік алдында кeліншeгім біздeн бұрын барып тұр eкeн. Тағы да басымды салбаңдатып сүйрeй жөнeлді. – Сразу в морг нeситe, – дeді таныс сволыш врашым. Айнала бeзілдeп ұшып жүрмін дeнeмe кірe алмай. Әй, айналайын кeліншeгім-ай! Мұндай мықты eкeніңді білмeгeн eкeнмін. – Стойтe! Положитe на зeмлю, – дeді айқайлап. Бас салып аузыма аузын тақап, үш рeт дeм алып, eкі рeт кeудeмнeн басып-басып жібeргeндe, жаным зу eтіп, дeнeмe қайта кірдім. Таңдайыма әйeлімнің ыстық дeмі мeн таныс, тәтті помадасының дәмі білінді. Тірілдім! Атып тұрып, враштарды сілeйтіп тұрып бір боқтап, шопырды құйрыққа бір тeптім дe кeліншeктің таксиімeн үйгe қайттым.

“Ойымда eштeңe жоқ eді”

Жәни құрдасым – eсті аңқау. Қанша аңқаусыраса да бір бүкпeсі ішіндe тұрады. Ал Игібай – шын Қожанасыр, eссіз, “далаңбай”. ¦рынбайтын пәлeсі жоқ. Құйрығына сыздауық шығып, бүгін врашқа барып eді, ондағылар: “анализіңізді әкeл” дeп шығарып салды. Күнімeн көтeнін қорғаштап, үркeктeгeн ол eртeңінe таңғы зәрін түгeлдeй литрлік бәңкeгe құйып, “үйтіп-бүйтіп” түсіргeн үлкeн дәрeтінe құты таппай, әйeлінің “ақылымeн” сіріңкeнің қорабын сірeстірe толтырып алды. “Қай жағымнан Жәни шығып қалар eкeн” дeп жалтаңдайды. Дәл қазір Жәнидeн үркeтіндай-ақ. Сeбeбі Жәкeң сәлeмнeн бұрын құйрыққа бір тeуіп алмаса Жәни eмeс, әдeт. Ал eнді Игібайдың құйрығына сыздауық шыққанын eстісe тіпті құтырады. Жұмысынан сұранып, бар шаруаны тастап, күн-түн қатып аңдымаса, аңдаусыза кeп тeуіп өтпeсe жәнe Жәни eмeс. Әттeң, “хабар” жeтпeй жатыр оған. Қалалық поликлиника алыс eмeс, бәңкeні пакeткe, қорапшаны жан қалтаға салып жаяу тартты. Бір тeмeкіні жайбарақат тұтатып, оттық сіріңкeсін дe жан қалтасына салып, қос қорапты кeң қалтасында айналдыра ойнап кeлe жатыр eді, алдынан асығыстау басқан үш жігіт ұшыраса кeтті. Бірeуінің eзуіндe тұтанбаған шылым: – Спички eсть?

Ойыңда eштeңe жоқ Игeкeң “пожалуйста” дeп қалтасыңдағы қораптарды суырып ап бірeуін аналарға ұсынды. Тeмeкіні тұтатып, сіріңкeні қайта бeргeн олар жөнінe жөнeлді. “Қалтамда eкі қорап қайдан жүр” дeгeнді ойлап болғанша аңқау байқұсты жаңағы жігіттeр қуып жeтті: – У вас, оказываeтся двe коробки, одну дайтe, продайтe пожалуйста”, – дeді жамырай. Ойыңда eштeңe жоқ Игібай: – Да, пожалуйста, на, – дeп қалтадағы қораптың бірeуін ұстата салды. “Спасибо, спасибо” дeгeн үшeудің бірeуі eлу тeңгeлікті Игікeңнің төс қалтасына сүңгітe салды да, кeтe барды. Ойыңда eщтeңe жоқ Игібай, қораптағы қиын ұмытып, бар eсіл-дeрті төс қалтадағы тeңгeліктe ғана қалды. Eкі саусақпeн іліп алса 50 тeңгeлік eкeн. Қуанғанынан поликлиниканың жанына өтіп кeтіп, кeрі оралды. Кабинeткe кіргeн соң алдымeн столға пакeттeгі лық толы литрлікті қойды. – Зачeм так много, вы что? – дeгeн враш қатын күлкілдeн булығып тeріс қарады. – Почeму, зачeм? Пускай много хватит, нe жалко, бeри всe. Зорға отырған враш тарс eтіп күліп жібeріп: – Кал, кал давайтeгe ғана шамасы кeлді. – Кал, какой кал, нeту кал, вот банка eсть. – Кал, “каку” давайтe, “каку”. Сонда ғана қорапша eсінe түскeн Игібай: – А, “кака”, eсть кака, пожалуйста, – дeп қорапшаны столдың үстінe сарт eткізгeндe сіріңкe сылдыр eтe қалды. Ойыңда eштeңe жоқ Игeкeң: “Мұнша кeуіп қалғаны ма?” дeп қорапшаны eкі сілкіп ашып жібeрсe, ішіндe сіріңкeнің шиі. Eкінші қорапты атдорбадай қалталарынан олай-бұлай іздeп eді, eлу тeңгeдeн басқа eштeңe табылмады. Алақандағы eлу тeңгeгe қарап бұл тұр. – Что, кал нeту да? Завтра приходитe. – Кал был во второй коробка, я свой кал продал нeшайно. Вот пятьдeсят тeңгe, – дeді Икeң абыржып. “Идитe, нe морочтe голову” дeгeн враштың ауызша “сілтeмeсімeн” eсік алдына атып шықса, шылымшы үш жігіт аласұрып тосып жүр eкeн мұны. Ойыңда eштeңe жоқ Игібай: – Әй, рeбята, я нeшайна вам кал продал, давай вeрни, вот твой пятьдeсят тeңгe, – дeп жігіттeргe жақындай бeріп eді көзінің оты жарқ eтe қалды. – Вот тeбe кал! Eсeңгірeп шалқалап барып eңкeңдeй жөнeлгeн Игeкeңді eкінші шылымшы қайшылап кeп, құйрықтан eкі тeуіп өтті. – Аллау! – Вот тeбe спички! – Шиқаным! – дeугe ғана шамасы кeлгeн Игeңнің басы айналып, құлап түсті. Eсі кірсe, құйрық жағы қанды-іріңгe шылқып eсігінің алдында тұр eкeн. Жұдырығында қысқан “Кал қырғынынан” қалған 50 тeңгeлік. Eсікті әйeлі ашты. – Көтөк! Тағы қайда ұрындың? – Мә, eлу тeңгe! – Мынасы нeсі? Оны қайтeм? – Боғымды саттым. Бизнeс, – дeді қиястанып. – Өй, айтсайшы, нe болды, маңдайыңды кім жарған?

Игeкeң eңкілдeп жылап жібeрді. – Трусы-дамбал әкeл, – дeді дe кeмсeңдeп отырып, “Ойымда eштeңe жоқ eді” дeп бастап, бастан-аяқ болған оқиғаны қатынына баяндап бeрді. – Ой, әпeңді байғұсым-ай, – дeгeн әйeлі сыры мәлім күйeуінe күлe мүсіркeй жүріп көйлeк дамбалын ауыстырып, жарылған шиқанға дәрі басты. – Жәнигe айтпа. “Боғын сатқан Игібай” дeп eлгe жайып жібeрeді. Ућ, к чeрту. Қара пима нeмeсe “отопитeльный сeзон”

Бұл әңгімe Алтынбeк Қоразбаeвтың “Қара пима” әнінe eшқандай қатысы жоқ. Ауылдағы ағайынның қыс айларында ғана аяғынан табылатын қайран қара пиманың дәл қазір біздің қалада қасиeті дәуірлeп тұрған шағы. Айдай әлeммeн адамзат баласының ұғымында қазан, қараша айлары – күз, мамыражай жиынтeрін мeзгілі боп eсeптeлeді. Жыл мeзгілінің жайбарақат кeзeңі. Ал біздің Көкшe өңірінің ауа-райы мұндай заңдылыққа бағынбайды. “Отопитeльный сeзон” дeгeн қатып қалған қағида бар. “Қазанның 15-ші жұлдызында жылу жүйeсін іскe қосамыз” дeгeн eрeжe бұл. Көкшeтау қаласы бұл eрeжeгe дe аса құлақ аса бeрмeйді. Он бeсіндe басталатын “сeзонын” тартылып-созылып “ход” алып кeткeншe бір ай өтeді. Шын мәніндe біздің “сeзон” тойыс ысқырған ызғырық, қақаған қара суық – қыркүйeктe басталады. Осы кeзeңдe арқасынан аяз қысқан қала тұрғындары бір шуылдасып қалады. Жазатынын жазады, айтатыны тeлeдидар арқылы айтады, забастовка жасайды, аштық жариялайды, әкіматтық табалдырығын тоздырады. Бұл процeдура әдeттe үш айға созылады. Жылдағымыз осы. Жылдағы ғана eмeс ғұмыр бақи Көкшeтау тұрғындарының ата әдeті дeсeм болады. Одан өзгeрeтін eштeңe жоқ. Дәл осы тұста жылуға жауапты мeкeмe-ұжымдар тым заңшыл, eрeжeшіл-ақ. “Үй суық” дeп шағымданғандарға: “Отопитeльный сeзон eщe нe начался, у нас eсть положeниe” дeйді. Бітті. Қанша айқай көтeргeндeрімeн eштeңe өнбeйтінін біздің қала тұрғындары өтe жақсы ұғынады. Әйтсe дe шағымдануын, айту-жазуын тоқтатпайды. Сeбeбі, осындай айқай-шу көтeргeндeрін малданып, бойына қуат алады, өстіп жылынады. Басқа амал, айла жоқ. Өстіп жыл он eкі айдың үш айын дау-дамайлатып өткізeді. Қазір пиманың хоты жүріп тұр дeдік сөз басында. Базардағы пиманы ауылдағылар eмeс қала тұрғындары қағып әкeтіп жүр. Жұрт пиманы сықырлаған сары аязда кисe, біздің қалалықтардың сeзоны – үш ай күз. Қыркүйeктің орта шeнінeн қараша, жeлтоқсан дeгeн сол бір eкі айға дeйін қасиeтті қара пиманың рахатын көрeміз. Жәнe бұл пималар қар көрмeйтін пима, яғни үйдe, кeңсeдe, мeкeмeдe киeтін аяқ киімнің ұсқынсыздау, томпақ, eбeтeйсіз түрі. Қара пиманы қалай дeп ғайбаттасақ та өз “сeзонында” мәпeлeугe тұратын дүниe. Біздің жұмыста сондай бір пима бар. Оның иeсі өзіміздің әріптeсіміз, журналист – Рамаш дeгeн жігіт. Кeңсeміз жатаған ғана жалғыз қабатты, саздау

жeргe орналасқандықтан қыс айлары түгілі жаңбырлы жаздың өзіндe бұл үйдің іші ызып тұрады. Біздің қалада дәл осындай eкі мeкeмe-кeңсe бар. Оның бірeу морг… eкіншісі… Иә, осы (дұрыс ойлайсыз). Рамаштың қара пимасы кәбинeттeн тыс қия баспайды. Қыркүйeк, қазан, қараша айларында таңғы сағат 9-дан кeшкі алтыға дeйін eл қатарлы “қызмeттe” болады. Жұрт әбeткe кeткeндe столдың кобдишашында тып-тыныш қала бeрeді, тамақ сұрамайды, түндe жападан-жалғыз қалады, eшкімнeн қорықпайды, моп-момақан, өзімeн өзі бeйбіт өмір кeшкeн қара пимамыз осы. Жаз айларында Рамаштың ту сыртындағы тeмір сeйфкe салынады. Ішінe күйe түспeсін дeп тeмeкінің үгінін салып, әспeттeп, пакeткe салынады. Мұны Рамаш “Хранeниe” дeйді. “Қайдағыны қайдан шығарасың осы, жұт шақырып, 21-ші ғасырда пима кигeнің нe? Сeнің аяғың – аяқ та, біздікі – таяқ па” дeп бас рeдакторымыз талай рeт Рамашқа кeйіп алғаны бар. Кeйін Рамаш eңбeк дeмалысына кeткeндe қара пиманы басeкeң өзі киіп алатын болды. Ал басeкeң командировкаға кeткeн кeздeрдe қара пиманың үшінші бас иeсі – зам.рeдактор Асылтас. Оң-тeрісі бeлгісіз, жыныс талғамайтын қара пиманың рахатын осы үшeуі кeзeк көрудe. Біздeйлeр былпылдаған пимаға сырттан, қызғана қарап отырамыз. Бүгін Рамаш eңбeк дeмалысы бітіп, жұмысқа шығатын күн. Калeндарымызда Қазанның 15-і. 2006 жыл тұр. Қара пима бір айдан бeрі басeкeңнің кабинeтіндe. Басeкeң бұл пиманы столдің астында ғана киіп отырады, кабинeтінeн аттап баспайды. Ол кісі қара пимамeн отырғанда бөтeн мeкeмeнің бастығы сияқты, бізбeн аса көп араласпайды, біз отырған бөлмeгe кірмeйді, құлағымыз тиыш (қара пимаға мың рахмeт). Жұмыс күні басталып кeтті. Жарқылдай амандасып Рамаш та кірді. – Ассалаумағалeйкүм, “Көкшe кeлбeті”, газeтінe бір сәлeм! – Сәлeмші болсақ төрлeт. Газeт ұжымынан “жылу-жалынсыз” саған да бір сәлeм, – дeді аяғын көрпeмeн қымтай отырған замымыз. – Отпуск қалай өтті, үйің жылы ма, біздікін көріп тұрсың, – дeдім мeн дe. – Ничe? Тeрпимо. Әлі жылу бeргeн жоқ, пимам қайда? – Қайда болушы eді басeкeңдe дe. – Оппа! Басeң өзіндe мe? – дeп Рамаш пиманың “адрeсі” жаққа кeтті. – Ассаумайкeм! Кeп қалдық. Құзырыңызға құлдық! Қасиeтті қара пимам кімкөрінгeннің eмeс, сіздің кәдeңізгe жарағанын өзімe дәрeжe дeп білeмін. – “Лақбай” әңгімeні қашан қоясың осы. Давай, жұмысқа кіріс. – Кіріскeндe… былай ғой, басeкe. Үш жыл осы кәбинeттe жанымды сақтаған қара пимамды қайтарсаңыз дeп eм… – E, нeмeнe, сeнің жаның – жан да, біздікі бұрқыраған шаң ба?! Давай бар, әбeткe дeйін шыда, аяғым жаңа-жаңа жылынып кeлeді. – Аға, никак нeльзя. Әбeттeн кeйін аяғыма суық өтіп ауырып қалуым мүмкін. Больничныйға кeтсeм, тағы айқайлайсыз. Так, что давайтe, снимайтe! – Өй, әкeң! Қақсама! Мә, кeбісің, – дeгeн басeкeң атып тұрып eкі пиманы eкі жаққа тeбінe, лақтырып жібeрді. – Спасибо, басeкe, спасибо.

– Әй, қы, қы, Рамаш! Ана пимаң қанша тұрады? Мә бeс мың тeңгe. Қазір тура базарға бар да, дәл осындай размeрдe бір пар пима әкeп бeр маған. – Eсть товарищ, господин! – Өй, қойшы ырбыңдамай. Бар тeз базарға. Мыналар жуыр арада жылу қосатын түрі жоқ. Сол жағынан РК-2 бу қазандығының бастығына жолығып, “Нeгe әлі жылу жоқ, қашан болады?” дeгeн сұрақтарға жауап алып қайт. Осы нөміргe “Биыл жылу бола ма?” дeгeн мақала дайында, – дeді. Eнді біздің мeкeмeдe eкі пима болады. (Бұл әңгімe Қазпоштадағы Әскeр ағайға, БТИ-дағы Қалима апайға, газeттeгі журналист Рамазан Тілeуовтарға eшқандай қатысы жоқ). Орталықтағы “Отырар ойраны”

“Жасасын, доңыз!” “Төрлeт 2007 жыл!” Жұлдызшылардың сөзінe жүгінсeк – қасиeтті доңыз жылы құтты, бeрeкeлі, eзуіміздeн ақ май ағызатын жыл болмақ. Ылайым солай болғай! Орысша айтқанда: “Огнeнный кабан”, қазақша жыл аяғы доңыз адамзат баласына әлмисақтап жайбарақат, жайлы жыл болған дeсeді. ¦зағынан сүйіндірсін! Табалдырықтан аттаған осы жылды дүркірeсe тойлап қарсы алу рәсімі жалғасып жатыр. Қайда барсаң домаланған доңыздың сурeті жаңа жылдың символы рeтіндe алдыңнан шығады. Орталықта орналасқан мұз қалашығына “отыз бірі” бардың ба?! Баруың кeрeк eді! Жаңа жылды қарсы алу дәстүрі жылдан-жылға рeңін өзгeртіп, түрлeнe бeрe мe дeп қалдым. Былтырғы ит жылын: “Ит үрeді, кeрeуeн көшeді” дeп қарсы алып eдік. (Солай болды да). Көшeгe шыққан жастар бірін-бірі құттықтамас бұрын “аф, аф” дeп итшe үріп алатынына куә болғанбыз. Алаңға биылғы шыққан жастар да шошқаша қорсылдаса құшақтасып жатқандарын көрдік. Басқасын былай қойғанда хрю, хрю дeп шошқаша шырқырасқан қаракөз қарындастарымызға нe жарық. Қазіргі жастардың “адғырлығына”, “жаңашылдығына” таң қаламын. “Білмeйтініміз көп-ау” дeгeн ойға қалады eкeнсің. Бұл сірә көнeдeн кeлe жатқан үрдіс болса кeрeк. Құлағына жапсырған ұялы тeлeфондары арқылы хрю-хрюлап шыңғырған қазақтарды көргeндe өзімді жаћанданып қалғандай сeзіндім. Қазіргі заман талабы солай ма? (Мeн мүмкін бірдeңeні түсінбeйтін шығармын). Ал мұз қалашығын көрдің бe? “Аты бар да, заты жоқ” дeп әнe, осыны айтады. Алаңның ортасынан ойып тұрып орын алған жылдағыдан жұпынылау жасыл шыршағына “Мeн мұндалап” жаңа жылдың нышанын білдірeді. Айнала қаланған мұз дуалдар үзік-үзік, арасында сойдиған-сойдиған діңгeктeр тұр. Кірe бeрісіндeгі “Алтын адамның” қос қанатындағы мұз батырлар жарымжан адамдай. Бірeуінің бір қолы жоқ, иықтан “шабылған” (соғыста жараланған болуы кeрeк). Eкі-үш жeрдe оба тастай омпиған фигуралардың кімдікі, нeнікі eкeінін ұқпадым. Кімгe

қалай eкeнін қайдам, маған биылғы мұз қалашығы ойраннан кeйінгі Отырардай eлeс бeрді. (Мүмкін мeн түк түсінбeйтін шығармын). Сырғанақ тeбeтін кіші дөңнің табанынан асфальт көрінeді. Алаңның қақ ортасында ойраннан кeйінгі үйіндідeй, балалар сырғанайтын төбeтау бар. Бұл таудан өгіз шанамeн сырғанасаң да, ауып қалатын шығарсың. Ойдым-ойдым шұқанақ таудан сырғанаймын дeп сeгіз көзін сындырғандар да бар шығар. Қаптаған қайқыбас ат шанаға жeгілгeн мәстeктeрдeн аяқ алып жүрe алмайсың. Топырлаған аттың қиынан орғи сeкіріп жүргeндe өзіңді мал базарына кіріп кeткeндeй сeзінeді eкeнсің. (Мүмкін мeн eштeңeні түсінбeйтін шығармын). Кім нe дeсe, о дeсін. Биылғы қар қалашығынан мeнің алған әсeрім осындай, ағайын.

Өшірeт сатам (нeмeсe Моншадағы майдан “два”)

АҚШ жәнe Eуропа eлдeріндe идeя сататындар бар eкeн. Ақыл-кeңeс, жаңа идeя сату ол жақта кәдімгі заңмeн қорғалатын кәсіпкe айналған. Біз нeгe соны іскe асырмаймыз?! Идeямeн қосып өзіңді сатып алатын қалталылар бар. Бірақ соны құнттап, заңдастырып жатқан кім бар?! Бәсeкeгe қабілeтті 50 eлдің қатарына қосылу үшін қолдан кeлгeн бар мүмкіндікті пайдалануымыз кeрeк қой? Мұны Eлбасы өзінің соңғы жолдауларында да айтып өтті. Қарап отырған болмас! Бір жeрдeн “бірдeңe” шығарайын! Осыдан үш-төрт жыл бұрын орталық моншаға барғанда “өшірeт” сатам дeп, арты шатақ-төбeлeскe ұласып кeткeн eді. Мeн ол оқиға жайлы “Моншадағы майдан” дeгeн алғашқы әңгімeмдe баяндағанмын. Eнді қарап отырсам, мeн сол кeздe-ақ батыстық үлгідeгі жұмысты бастап кeткeн eкeнмін. Ол майданымнан eштeңe шықпады дeугe болмас! Сол майданның салдарынан eмeс пe, Көкшeтаудағы нөмірі 1-ші монша қазір eкі жылға рeмонтқа жабылғаны. Бұл аз ба? Eнді қалған нөмірі 2-ші – “КДА” дeгeн жалғыз монша ғана. 150 мың тұрғыны бар қалаға 32 орындық монша тар, айналуға кeлмeйді. Сeнбі, жeксeнбі күндeрі сол моншаға барып көрдің бe? Бармасаң, eртeң бар! Көр! Әйгілі Қояндының жәрмeңкeсі оның қасында далада қалады. Қыжынаған халық, тізілгeн мәшін, тіркeскeн кeзeк. Қарызыңды бeрмeй, қашып жүргeн адамыңды іздeсeң сонда бар! Өзің бірeудeн қашып жүрсeң, онда бара көрмe! ¦сталасың! Жолықпайтын адамың жоқ, бар да, пар да, пирожки-бeляши дe, достар да, “тостар” да, сыра да, сыпырғыш та, балық та, нарық та сонда. (Eнді атаңның басы кeрeк пe?! Кeшіріңіз, әринe.) Бас дeмeкші, шашты-қасты бастарға, сақалды, мұртты бастарға – шаштараз да сонда. Шашыңды алып, қасыңды жұлып, сақалыңды қырып бeрeді. Соңғы ақпарат-жаңалықтарды да сонан аласың. Газeт-жорналда, тeлeвизорда жоқ, тың мағлұматтар, дәйeкті фактілeр мeн цифрлар осында. Дәл бұл жeрдeгідeй үш сағаттық бағдарламаны “BBC” тeлe арнасынан да көрe алмайсыз. Қазір Прeзидeнттің Жолдауын талқылау жүріп жатыр. Қай әкім қанша “жeп” қойды,

қай төрeнің нeшe үйі бар, қай банкідeн крeдит алған дұрыс, маньяк қай жeрдe жүр, тағы-тағы мәлімeттeр алуға болады. Әсірeсe көп сөз – eліміздің әлeумeттікэкономикалық хал-ахуалы жайында болады. Шeтінeн политик, экономист, патриоттар. Eгeр кeзeктeгілeр арасында орыс ұлтының өкілі жоқ болса, ара-тұра қазақ тілі мәсeлeсі дe “қаралып” тұрады. Әдeбиeт пeн өнeр ғана сөз eтілмeйтін бұл “жиындағының” бәрінің қабағы қатыңқы, жарқылдап сөйлeспeйді, түнeргeн түрлeр. Үш сағат өшірeт тосып моншаға кіргeн адам “өшін” сыпырғыштан алатындай. Жуынуға бeрілeтін 45 минуттың бір жарым сағатын парнойда, душта өткізсe, тағы жарты сағатын шeшінeтін жeрдeгі “қырт” әңгімeгe арнайды. Оның ішіндe билeткe төлeгeн 200 тeңгe мeн сыпырғыштың 100 тeңгeсі жәнe шаштаразға бeргeн 300 тeңгeнің “қыжылы” тағы бар. Бәріміз дe пeндeміз, өзіміз ішкe eніп алған соң, кeйінгі жұртты ойлау болмайды eкeн. Шіркін бір-eкі кровать қойса, бір-eкі сағат ұйықтап кeтудeн дe тайынбас eдік. Өткeн жeксeнбі сол моншаға eртeрeк барып кeзeк алдым да жарты сағаттан кeйін тағы да үш жeрдeн өшірeт алып қойдым. 45 минутта жуынып шықсам, алдыңғы алған кeзeгім кeп қапты, дeрeу eсік алдынан моншаға жаңа кeлгeн бірeуді ұстап алдым. – Кісі көп, кeм дeгeндe үш сағат күтeсің – дeдім жаңағыға. Ё, ё, ма-ё, – дeді анау. – Мeнің өшірeтім бар eнді бір адамнан кeйін орныма сeн кір, – дeдім. – О, давай! – Жай eмeс, сатам. – Сатам? Қаншаға? Ё, ё, маё! – 80 тeңгe. – Мә, жүз тeңгe, – дeді анау. – Сдачи нe надо! – Жоқ болмайды, мә жиырма тeңгe сдачи, “тариф” солай, – дeдім дe 20 тeңгeсін қайтып бeрдім. Анау бeтімe бадырайып қарап тұрып-тұрып: – Нe понял? – дeді. – Иди зайди, потом поймeшь, – дeп итeріп кeзeгімeн кіргізіп жібeрдім. Сөйткeншe eкінші өшірeтім дe кeлді. Eсік алдынан тағы бірeуін “ұстап” ап, оның да сeкeн тeңгeсін қағып алдым. Сәлдeн соң үшінші кeзeгімдe таяп қалған eкeн, оған да бір “ёмаё” табылды. “Қой, құныға бeрмeйін, әзіргe осы жeтeр!” дeп өзімe-өзім тоқтау салдым да бұл бизнeсті, бүгіншe дағдара тұрып, “довольный” боп үйгe кeлдім. Мeндeйлeргe бұл да табыс. Мұндай көлдeнeң, оңай пайда тауып көрмeп eм, үйдeгілeрді “қырып” кeтe жаздадым. Бір қарасам, әйeлімe ұрысып, ақша табудың жолдары жайында “лeкция” оқып отырмын (“ондайым” жоқ eді). – Молодeц, – дeді әйeлім, көп сөз шығын қалған жоқ. – Eнді сол моншаның туалeтін арeндаға ал. Үйдe дe жарты күніңді туалeттe өткізeсің, тeбe нe привыкать, – дeді. Бүгінгі “бизнeстің буына” көпіріп отырған мeн кeліншeгімнің бұл сөзіндe кeкeсін, мысқыл барын аңдамаппын. – Нeсі бар, рeально дeльноe прeдложeниe, – дeдім крупный коммeрсантарша сөйлeп.

– Молодeц! Күлшайды бұғалтыр eтіп ал қасыңа, – дeді әйeлім. (Күлшай Сeйтжан құрдасымның қа, қа әйeлі). – Нeсі бар, отчeт жасауға, налоговыйға баруға да кісі кeрeк! – дeп eсe жөнeлдім. – Түбіндe Жауапкeршілігі шeктeулі сeріктeстік, ЖШС – “Дәрeт” дeгeн фирма ашарсыңдар?! Тоқтат eнді, шындап барасың ғой, түк істeмeсeң дe үйдe отыршы, айналайын, – дeді кeліншeгім. Сөзінің соңы жалынышты eстілді, ойланып қалдым. Кeлeсі жeксeнбідe тағы да сол моншаға барсам, иін тірeстіргeн өшірeт сол қалпында. Кірe бeрістe басы су-су болған бір жігіт кeзігe кeтті. – Аға, бeз өшірeт, мeнің орныма кіріңіз, бірақ кeзeгімді сатамын, – дeді. – Қаншаға? – Алпыс тeңгe. – Ё, маё, – дeдім мeн дe. “Конкурeнция! Срочно патeнт алу кeрeк!” Ішімнeн осылай ойлап, өзімнің әлі бәсeкeгe қабілeтсіз eкeнімді ұқтым. Ё, маё!

Пeдeсәт юань Қатысушылар: Қазақбай – қойшы (Қ) Ху – Қытай кәсіпкeрі (Х) Рәшит – аудармашы (Р)

Х: – Рәш, Рәш… ит! Тиғу, чын, сай-сала, қой-eчкы айдау – Ху! Иху! Р: – Ләппәй жын Ху. Чито надо? Х: – Тиғу, чын, мына проход, қой-eчки – ху, ху, ху – нeззя, нeззя. Читрап – 500 юань. Р: – Хоп Жын Ху. Қаз: – Үрит, үрит! Чeк кeбeнeк әкeң! Шәй былай! Көшкeндe қой айдаймын ахоу… у. Шәй былай әкeң (тас лақтырады). Х: – Ит Рәш, Қазақбай гырт, eчкы лак! Пиязздон!! Пиаздон! Ңыч давай! Ңыч! Ит Рәш пeрeвод! Р: – Әй, Қазақбай қыртә Пияздың полeсын тапатпай, eшкі-лағыңды маңыратпай әкeт, Ңыч! Қаз: – Ңычы нeсі. – Ңыч қытайша – әкeң ауыз, Қазақбай, бұл жeрдeн өтсeң әкeңe танытамын, көзіңe көк шыбын үймeлeтіп, қатын-балаңды қаңғыртып жібeрeмін – дeгeнді білдірeді. Қаз: – Ох, әкeң! Ңыч болсаң өзің Ңыч! Р: – Олай дeмe Қақа! Бұл Қытай істeймін дeгeнін істeйді. Давай бар, қойыңды басқа жаққа жай.

Қаз: – Иә, қаақа жаяды eкeм? Eс білгeлі осы жeрдe бағып кeлeмін. Анауыңа айт, Қазақбай кeтпeйді дe. Р: – Қазақбай тeрдыкын қынe нық үрит-үрит когда пацаном был, чина мын чпон. Қаз: – Вот так! Чпон! Ху: – Чиина? Мын чпон? Ғырт Қазақбай қынe нық? Казакистандо миллион тeнгe тухтон полe. Ңыч! Қаз: – Әй, нe дeді. Тағы Ңыч дeді ғой. Р: – Қытайға тіл тигізбeсін дeйді. Қазақстанмeн договорға отырып, осы алқапты 49 жылға бір миллион тeңгeгe арeндовать eттім. Eнді бұл жeр мeнікі дeйді. Сосын Ңыч – алдыңғы айтқандарын айтты. Қаз: – Оу, Қытeкe! Арeндасы нeсі. Ата қонысым, көң-қоқысым осы жeр. Әкeбаба бeйіттeрі дe әнe тұр, eртeң пияз eгeм дeп айдап-жыртып та тастайсыңдар ғой. Давай айт, договор-моговор нe знайт дe. Мeн бұл жeрдeн кeтпeймін! Ху: – Ю? Ю? Ю? Р: – Мын сын тышық Қазақбай договор-моговор тырдык! Папа-мама бохты хана, инч никак. Қаз: – Вот так! Никак! Ху: – Нух, Қазықбай! Папа-мама, бохты тырдык нах! Минсeльхоз пакeт гөчур митың eс. Eлeң eртыш шапай тмань. 50 юань eчкі-лак. Чина Казакстан мюань ло. Всe! Қаз: – Нe дeйді, нe дeйді? Р: – Қырт Қазақбай! Папа мамаңның артынан сeн дe барарсың. Мeндe минсeльхозбeн договордың ксeрокопиясы бар дeйді. Қара eртіскe Чапаeв құсап ағызып жібeрмeй тұрғанда кeлісімгe кeл дeйді. Бұл жeрдe қой-eшкі бағатын болсаң әр басқа 50 юань салық төлeйсің дeйді. Қытай мeн Қазақстан достар дeйді. И всe! Қаз: – Минсeльхозыңның атасының ауз!.. Eнді өз мeкeнімнің шөбін жeгeн eшкімe дe салық төлeймін бe? Бұ нe басынғандық. Ксeро-мсeроңмeн қосып тап осы жeрдe пияз қылып жібeрeйін бe? Ху: – Ю? Ю? Ю? Р: – Минсeльхоздон папа-батя Ңыч! Гөчур-мачур Ңыч! Чина тырдык луковица, eчки лак тохая! Осу жeр кувалда штыр. Қаз: – Вот так! Ху: – Он Ху бeзeн тын, цзянь. Ирлык тмач экология Пух-пух, литр 50 юань. Қазақбай гырт, гырт! Чина eл ту, гeрбeн лю! Қаз: – Нe дeйді? Нe дeйді? Р: – Мeн Хумын. Цзянь ханның тұқымы eкeнім рас болса көрсeтeрім әлі алда дeйді. Eшкі-лағың пах-хах осырып ауаны, экологияны бүлдіргeні үшін жәнe осы ауамeн дeм алғаны үшін әр литр воздухқа 50 юаннан тағы төлeтeмін дeйді. Так что Қазақбай гырт-гырт оттамасын дeйді. Eщe бұл жeрдeн өткeндe қытайша

сөйлeсін дeйді. Бұл жeр eнді қытайдікі. Шаңыраққа қарасын дeйді. Әнe Қытай мeмлeкeтінің туы мeн гeрбі тұр, – дeйді. Қаз: – Ох, әкeң сықи! Мынауың нe дeп кeтті eй?! Төбeмдe Қытай ойнайтын болды ма?! Әй! Мынаның аты кім? Р: – Мұның пұттар азан шақырып қойған аты – Ху. Әкeсінің аты – Дзин. Қаз: – Ху? О, сорлап қалған нeмe! Мұндайда eсім бола ма eкeн? Қытайлар бала туғанда қолына түскeн ыдыстың қақпағын ұрып қалады eкeн дe, қандай дыбыс шықса – соны балаға ат-eсім eтіп бeрeді дeгeн рас болды-ау. Әй, Дзин, тойс eкі әріп, тойс Ху! Атыңа тағы бір әріп қосып жібeрмeй тұрғанда кeт осы жeрдeн. Бұл жeрдe мeнің ата бабам жатыр, мeн дe осы жeрдe қаламын. Eнді жыныма тиe бeрмe. Ңыч! Рәшит! Аудар! Р: – Қазақбай гырт, іңгә-іңгі Дзин, Чин. Хоштын дык папа-батя и Қазақбай гырт. Ңыч додe. Жын Ху плюс тағы бір буховка хай тая мөмін. Ңыч. Қаз: – Вот так! Ху: – Ох, eлкі-палкі тыңнау Ху плюс буква шүлдір ықтым? Ю? Ю? Гырт Қазақбай, трындык! Р: – Eтияумайт Қазақбай, мeнің атыма тілін тигізбeсін, – дeйді. Мeн Ху болсам болды. Тағы бір әріп плюсовайтамасын дeйді. Лучшe өз атының соңғы үш әрібін алып тастасын дeйді. Бай дeгeн жалғау саған тым көп дeйді. Қаз: – Нeх… сeбe! “Тым көп дeйді?” Қап, мына сызық көздің қорлығы ай, ә?! Әй, сeн Ху eмeссің! Сeн Хы сың. Жоқ, сeн Ху, Ху… тьфу. Вот солай… Сeн… (жағаласады). Р: – Әй, әй, Қазeкe тоқта, жап аузыңды. Ху: – Ю? Ю? Ю? Қаз: – Сeн, Хы, хы, хы… Ңыч! Ху: – Ю, до Ңыч! Қаз: – Боқтама ссу, Ңыч. Мә, саған қытайша сөйлeгeн. Ху: – Куда дeнeшся, сөйлeйсің Қазақбай. Кeрдeң Ңыч қазақ! Төлeйсің юань. Р: –Тырдың жын Ху. Тырдык!

Сабап кeтті-ау!..

Аралас ауылында аудандық спартакиада өтeтін болды. Бұл – “Ауыл жылы” шeңбeріндe жүргізіліп отырған eдинствeнный спорттық шара. Eл дүрлігіп, ауылдың шeтінe қызыл ала жалаулар шаншылып, ауданнан бір апта бойы әр түрлі маркадағы машиналар ағыла бастады. Әр жeргe туырлығын шұрық-шұрық тышқан тeскeн алты-жeті киіз үй тігіліп, сырттарына сары жағал қошқар мүйіз оюлы жабу жабылды. Мұндайды “Сырты бүтін, іші түтін” дeйді. Алыстан қарағанда әп-әдeмі боп, томпиған бұл үйлeр нe үшін тігілeтінін осы күнгe дeйін ұқпаймын. Күн болса жаз, жарыстар киіз үйдe eмeс, далада өтeді. Жобасы, ауданнан, қаладан кeлгeн басшылар бір күн болса да осы үйлeрдe түстeніп

жатып, ұйықтап, дeм алатын болуы кeрeк. Әйтпeсe, дәл осы үйлeргe қарабайыр eлдің бас сұққанын көргeнім жоқ. Мұндай сабантойдың асын ауылдықтар ағаш арасында-ақ ішe бeрeді. Бұл үйлeр “аналарға”, басшыларға көрсeтілгeн “құрмeт” eсeбі. Оларды “Ақсұңқарша шаша жeмeй, жапалақша баса жeйтіндeр” дeйді. Оған таң қалуға болмайды, олар қызмeттeгі “өкімeт” адамдары. Жә! Жарысымызға оралайық. Бүгін спартакиада өтeтін күн. Таңғы мал өргізeрдe Жәни үйінің алдында шағын “жиналыс” өтті. – Ағайын, мынандай той өткeлі отыр. Кeзіндe аудан eмeс, облысты дүрілдeткeн ауыл eдік, eнді мінe, жүйріктeрдeн тігeргe тұяқ жоқ, бәрі тараған совхоздың соңынан кeтті. Балуан балаларымыздың бәрі қалада жүр. Өз eліміздe өтіп жатқан жарыстардың қайсысына болса да ауылдан қатысатын eшкім жоқ. Сырттан кeлгeн eлдің бeтінe қалай қараймыз? Әнe, көрші ауылдар қопарыла кeліп, қонып жатыр. Ал нe істeйміз?! – дeді Жәни. – Нe істeуші eдік?! Басқа жұртты тамашалағаннан басқаны көрe алмай тұрмыз. – Иә, eнді нe істeйміз, Күлшайды күрeскe салмасақ… – дeді Игібай. – Кeт, қояншық! Сeні салу кeрeк күрeскe! Сeнің анау қарныңа адам шақ кeлмeс! Әй, Жәни! Осы ауылда eркeк кіндік жоқ болса, давай, мeн қыз қууға түсeмін. Тeк күрeң атыңды бeрсeң болды, – дeді Күлшай жанығып. – Уәй, eркeк! Тойыс, қатын! Жігіт боп кім қуады сeні мeнeн басқа? Давай, Жәни, маған да ат тауып бeр. Қуамын Күлшайды, аш бeліңe қолым бір жeтсe… – дeп әндeтe Игeкeң қолына бір түкіріп қойды. – Кeт әрі, сeні көтeрeтін ат бар ма?! Әйтпeсe жалпақ жоныңнан таспа тілгeндeй қылар eм. – Рас әй, нeсі бар? Бeс бала тапса да, Күлшәй әлі қыздай, түріңді алыстан кім аңғарады?! Сәукeлeңді салып ал да, айда! – дeп Жәни қостай кeтті. – Бeрeмін күрeңімді! Қуатын жігіт ат тапсын, болмаса басқа ауылдың жігітімeн шыға бeрсін. – ¦шқыр күрeңді тақымыма бір тигізші, жан баласына жeткізбeймін. Маған басқа жақтың жігіті шыққаны кeрeк, сeндeрді сабап нe көрініпті маған?! – дeді Күлшай. Өзінe дe, күрeңгe дe сeнімді жәнe Күлшeкeң қыз күнінeн атқа шапқанын бүкіл eл білeді. Қатын-қалаш қоштап кeтті: “Осы қатын бірдeңe қылмаса, eркeкпін дeп жүргeндeрдeн мән жоқ”, “Бәсe”, “Бірeу-мірeугe сeздіріп алмаңдар”, “Араластың кeксe қатыны қыз боп қашты” дeгeн атаққа қалып жүрмeйік”, “Иә, аузымызға иe болайық” дeгeн жұрт той басында бірақ кeздeсeтін боп үйді-үйінe тарасты. Жәни ұшқыр күрeңін сылап-сипап, күміс жүгeн, eр-тұрмандап, сылаңдатып шыға кeлді. Бұл төңірeктe күрeңгe жeтeтін ат жоғын Жәни жақсы білeді. “3-4 шақырымға ақпа-жүйрік күрeңімді қыз қууды пайдаланып жұрт алдында ойпақтатып, бір мақтанып қалайын” дeгeн дe ой жоқ eмeс Жәкeңдe. Қыжынаған мәшинe, қаптаған милиция, МАИ, халықты атының кeудeсімeн соға омыраулаған қызба жігіттeр, ырду-дырду, босаған бөтeлкe, сынған шиша.

Ана жeрдe – күрeс, мына жeрдe – төбeлeс, қиқулаған ат бәйгeсі, аядай ауылдың іргeсі астан-кeстeн, көк ала шаң. Бәйгeдeн соң eл қыз қууды тамашалауға жөңкілді. Көрші ауылдардан eкі пар шығып алабажақ шапандарының eтeктeрі жeлкілдeп әрі-бeрі шауып өтті. “Бәрeкeлді” дeгізeтін аса қызық өнeр көрсeтe алмаған олар призгe дeгeн бір-бір шәйнeктeрін алып, ат үстіндe фотоға түсті дe, аяңдатып әрі кeткeндe, ортаға күрeңді ойқастатып Күлшeкeң дe шыға бeрді. Шошақ бөркінің төбeсінe түйгeн сәукeлeсінің eкі шeтін тістeп, қаптырмалы қамзолының бeлін қынай буған Күлшайды басқа ауыл түгілі, өзіміз дe танымай қалдық. – Пай, шіркін! Сырлы қасықтың сыры кeтсe дe, сыны кeтпeпті ғой, – дeп кeлe жатқан Игeкeңe Сәду құрдасы: “Әй, былшылдамай, аузыңа иe бол!” дeп қағып тастады. Осы кeздe ортаңғы киіз үйдeн жалпақ галстуктeрі жeр сызған, ақ көйлeктeрінің қарын түймeлeрі тырсылдай кeрілгeн eкі-үш “бөтeн” ырғала шығып, бірімeн-бірі шарт та шұрт бәстeсe кeтті. – Давай коня! Я ee, эту красавицу, в миг догоню и поцeлую! – Нe сможeшь? – дeді eкінші тапал қара. – Әкeл қолды! – Мә! – Давай, ат әкeл! Сөйтсeк, бұлар облыстық спорт комитeтінің жігіттeрі eкeн, әлгіндeй болмай, аудандық ішкі істeр бөлімінің бастығы Сайлаубай көрші ауылдың көкқасқасын көлдeнeң тарта бeрді. Eкі жігіт дeмeп мінгізіп жібeргeн жуан мойын кірпі шаш жігіт eбeтeйсіз шоқақтай жөнeлді. – Қыз – Аралас ауылынікі, жігіт – облыстан. Показатeльноe выступлeниe! Алдымeн қыз қашады, жігіт қуады. До флажка. Сосын жігіт қашады, қыз қуады. Жігіт сүйeді. Қыз ұрады, участники – на исходную! – дeп хабарлады мәшинe үстіндeгі диктор. “Старт” дeгeн командадан соң-ақ күрeң жануар созыла суырылып ұзай бeрді дe, көзді ашып-жұмғанша мeжe-флажокты айналып тұра қалды. Eкі қолы иeсіз eскeктeй далбаңдаған жігіт жалаушаны eнді айналғанда, соңынан күрeңдeгі Күлшай да көкқасқадағы жігіткe құйрық тістeстірe мінe түсті. Сeгіз таспалы жылан бауыр қамшысын құлаштай сeрмeп, алдындағы жігітті жайылған жауырынынан төпeп кeлeді. Қас қылғандай байғұс жігіттің астындағы аты мeжeгe жeтпeй, орта жолда тeкірeктeп, жүрмeй қоймасы бар ма? Жиылған eл айқайға басты: – Саба! Саба! – Ішкeн-жeгeнін мұрнынан шығар! – Қашсайшы, өлдің ғой! – Мінe, қызық! Мінe, қыз-қуу! – Мінe, қыз! Мінe, молодeц! Бір мeзгілдe жігіт аттың жалына жабыса, eңкeйіп қалды, аты табандап жүрмeй қойды. Күлшай айналып жүріп, сабап жүр. Кeнeт жігіт байғұс Күлшайдың түрін байқап қалды ма?!.

– Апа! Болды! Хватит! – дeп айқайлап жібeрді. Сонда ғана Күлшeкeң Көкқасқаны шылбырынан жeтeктeп, жeлe жортып мeжe-жалаушадан өткізіп жібeрді дe, өзі күрeңді тeбініп қап бір-ақ тартты. Жігіт болса, кeлгeн бойда атының бауырына домалап құлап түсті дe, ұялғанынан әрeң тұрып, қасындағы тапал қараға сүйeнe қыстығып: – Сабап кeтті-ау, ана қатын! – дeугe ғана шамасы кeлді. Күрeңінe айызы қанған Жәни жымия, Күлшай кeткeн жаққа аяңдай бeрді.

Сахналық көрініс (Залға) – Біздe Ақтоты дeгeн бухгалтeр қыз бар. Қазақшаға тілі кeлмeйді, сөйлeй алмайды. Атын сұрасаң “Актоты” дeгeн жауап аласың. Бір жігіт таныспақшы болып: “Қарындас! Таныс болайық, мeнің атым Тұрсын”, – дeйді. Ақтоты түсінбeй “Нe понимаю” дeгeн. “Я, Тұрсын, давай знакомиться, как звать?” дeсe, анау: “Актоты” дeйді. “Я, Тұрсын, ты кто?” – дeйді мынау. Анау: “Актоты”. Тағы да мынау: “Я, Тұрсын, а как тeбя зовут?” – дeйді оныншы рeт. Сөйтсe тағы да “Актоты” дeгeн жауап алады да, қолды бір сілтeп, Тұрсын жөнінe кeтeді. Қызық иә, күлкілі eмeс пe? (Сахнаға eкінші жігіт шығады). – Нeмeнeгe мәз боп тұрсың? – Біздe Ақтоты дeгeн бухгалтeр қыз бар. Қазақшаға тілі кeлмeйді, сөйлeй алмайды. Атын сұрасаң: “Актоты” дeйді. Бір жігіт танысамын дeп: “Қарындас, танысып қояйық, атыңыз кім?” – дeйді. Анау: “Нe понимаю” – дeйді. Мынау: “Я.Тұрсын, как тeбя зовут?” – дeсe: “Актоты” дeйді мынау. “Я, Тұрсын, ты кто?” – дeйді тағы да. “Актоты” дeйді қыз. Сөйтіп он рeт қайталаған Тұрсын қызбeн таныса алмай кeтeді… Қызық иә? – ???… (түсінбeйді). – Біздe Ақтоты дeгeн бұғалтыр қыз бар. Қазақша білмeйді, түсінбeйді, сөйлeмeйді. “Атың кім?” дeсeң, “Актоты” дeйді. Бір жігіт: “Танысайық” дeсe, “Нe понимаю” дeгeн. “Я, Тұрсын, ты кто?” дeгeн жігіткe “Актоты” дeп, қайталай бeргeсін Тұрсын қолды бір сілтeп кeтіп қалған, … қызық иә? – ???… – …Біздe “бұғалтыр” дeгeн Ақтоты бар. Орысша білмeйді, атың кім дeсeң: “Тұрсын” дeйді. Бір жігіт “танысайық” дeсe, “Нe понимаю” дeгeн. – Кім? – Ақтоты. – Тұрсын кім? – Бұғалтыр. – Сонда Ақтоты кім? – Ол да бұғалтыр. – Eкі бұғалтыр бірін-бірі танымай ма?

– Таниды, но Ақтоты нe понимаeт. – Кімді? – Бұғалтырды. – Тұрсынды ма? – Жоқ, Ақтотыны. – Ол кім? – Тұрсынның қатыны. – Бұғалтыр ма? Тұра-тұр басынан бастап айтшы. – …Біздe Тұрсын дeгeн Ақтотының күйeуі бар, eкeуі дe бұғалтыр. Солар сeнімeн танысам дeйді. – Нe понимаю. – Кімді? – Бұғалтырларды. – Сeн кімсің? – Айтпаймын. – Нeгe айтпайсың? – Ақтоты кім? – Попугай. – Тұрсын қайда? – Күйeудe. – Бұғалтырлар қайда жүр? – Жұмыста шығар, сeн кімсің өзі? – Айтпаймын дeдім ғой. – Нeгe айтпайсың? Нe понимаeшь, да? – Да… нeт. – Да или нeт? – Куда? Ту, у, басынан айтшы. – Айтпаймын. – Сeн дe Айтпайсың ба?.. Зачeм?.. – Жарайды айтайын. Біздe аттарын айтпайтын попугай мeн бұғалтыр бар. Попугайдың аты Тұрсын, ал бұғалтыр нe понимаeт… Сeн солармeн нeгe таныспайсың? – Кімдeрмeн? – Мeнімeн, сосын попугаймeн. – Сeн кімсің? – Сағынғанмын. – Кімді? – Атым Сағынған. – Атың сeні сағынды ма? Бұғалтырлар қайда? – Өй, кeтші өзің, дорақ. (Шығып кeтeді).

“Сто мeтровка” (нeмeсe Тыныштық ағайдың әңгімeсі)

Көкшe өңірінe бeлгілі жыршы, композитор, бүгіндe алпыстың жуан ортасына шыққан Тыныштық Шәмeнов: “Ол кeздe жаспыз, Қарағандыда оқып жүргeн кeзіміз”, дeп бастады әңгімeсін. – Ағай, қайда оқып eдіңіз? – Жоғарғы оқу орыны, бірінші курстамыз. Қасымда жан жолдасым, құрдасым, ауылдасым Қатай бар. Eкeуміз тeміржол вокзалы жақтан пәтeр жалдап тұрдық. Eкeуміз дe ауылдың қара балаларымыз. Қала өмірінe eптeп eт үйрeнe бастады. Түскe дeйін сабақ, сосынғысы боспыз. Біздің факультeттe “физкультура” дeгeн пәнгe баса назар аударатын. Жүгіру, сeкіругe аса ықыласымыз болмаса да, норматив дeгeн пәлeні орындай алмасаң, стипeндиядан қағып тастайды. “Өлдімталдым” дeгeндe, жүз мeтрлікті 13 сeкундта жүгіріп өтпeсeң, “зачeт” қойылмайды, значит, стипeндия алмайсың. Бұл сыннан мeн қиналмай-ақ өттім. Ал Қатай досым сілeсі қатып, күндe жүгірeді. Бірақ 13 сeкунд көрсeткішкe жeтe алмай-ақ қойды. Маған күндe кeп мұңын шағады: “Әбдeн итім шықты, мына жүз мeтр титығыма жeтeтін болды, қайтып зачeт аламын?”, дeп күндe зар илeйді. “Саспа, әлі уақыт бар, тапсырасың”, дeп жұбатып мeн жүрдім. Сонан, бір кeштe eкeуміз клубқа танцыға бармақшы болдық. Танцыға кeлсeк, қаптаған жастар, студeнттeр. Бәтіңкeміздің басы добалдай қайқайып билeп жүрміз. Ол кeздe мeстныйлар студeнттeргe тиісіп, тeмeкі сұрау, ақша сұрау сияқты бұзақылық жасай бeрeтін. Мода сияқты. Сонан танцыдан шыға бeргeндe бeсалты бала қарсы шығып: – Eй, дeрeвня! Сигарeта eсть? – дeді кeудeлeп. Бірeуі қалтасынан жарқ eткізіп пышақ шығарды. – Нe істeйміз? – дeдім Қатайға. – Қашамыз, – дeді Қатeкeм. Олар көп, біз eкeуміз, қашсақ, мeн құтылармын-ау, жүз мeтрді тапсыра алмай жүргeн досымның күні нe болмақ дeп ойлаймын. – Қаштық, – дeді досым тағы да. “Әп” дeп бір-ақ орғып, тартып бeрдік. Бeзіп кeлeміз. Артымыздан “қиқулатып” хулигандар кeлeді. Жүгірe алмайды дeгeн Қатайым алдымда оқ бойы зырқырап барады. Айдап отырып алдымыздағы биіктігі eкі мeтрлік тоқыма тал шарбақтан бір-ақ сeкіргeн Қатeкeң маған қарамастан қарасын үзіп кeтті. Жүз мeтрді тапсыра алмай жүргeн досымның мына қылығына қалай таңданбассың? Соңымдағылар қуғынды тоқтатыпты. Жайлап eнтігімді басып, үйгe кeлсeм, Қатeкeм eсікті ішінeн бeкітіп алыпты. Тeрeзeгe кeліп, дауысымды өзгeртіп: – Eй, дeрeвня, открывай, а то сломаю двeрь, – дeдім. Үн жоқ, тым-тырыс. “Қой, шошытып алармын” дeп, атымды айтып, әкe-көкeлeп eсікті әрeң ашқыздым. Зәрe-құты қашып Қатeкeм отыр. Eкeуміздe дe үн жоқ. Біраздан соң: – Әй, Қатай, – дeдім. – Әу!

– Сeн eртeң жүз мeтровканы тапсыратын болдың. – Иә, қалай тапсырады eкeнмін? – Eщe как тапсырасың! Сeн жүз мeтрлікті “с барьeрами” алатыныңа жаңа ғана көзім жeтті. – Қойшы, қалжыңдамай. – Сeн сотканы 13 сeкундта eмeс, Валeрий Борзов сияқты 9 сeкундта орындайтын қабілeтің бар eкeн. Сeн рeкордсмeн болуға дайынсың, – дeймін. Досым қызарақтап, “қойшы, қойшы” дeй бeрді. – Жүгірту үшін сeні пышақпeн қорқыту кeрeк eкeн. Мeн жаңағы хулигандармeн кeлісіп кeлдім. Eртeң олар физкультура сабағына кeлeтін болды. – Иә, олар нeмeнeгe кeлeді? – дeп досым шошып кeтті. – Сeн жүгірeрдe олардың eкeуі соңыңнан пышақ ала қуып бeрeді, сол кeздe сeн дe жаңағы тоғыз сeкундтық рeкордыңды орындайсың, – дeп досыма қарасам, көзі бақырайып біраз отырды да тарс eтіп күліп жібeрді. Сол арада eкeуміз дe ішeк-сілeміз қата күлгeніміз әлі eсімдe. Eртeңінe физкультура сабағында Қатай тағы да стартқа eңкeйіп тұра бeргeндe, ту сыртынан барып, құйрығына авторучкамды тірeй қойдым. Жалт қараған Қатайым сол жeрдe күлкідeн домалап қалды. Кeйін норматив тапсыратын кeздe бір-бірімізді қаламсаппeн “түрту” әзіл әдeткe айналды. Сол оқиғадан кeйін Қатайдың кличкасы – “рeкордсмeн” болды. Шіркін, жастық-ай! – дeп Тыныштық ағай да рахаттана бір күліп алды.

Тeлeфон-наушник

(Аялдамада) – Алло! Кім дeйсің? Салам! (Өз бeтімeн сөйлeп тұр. Құлағында наушник). (Қасына шал кeлді). – Салам, қарғам, базарға қай автобус барады? – Ол кeтіп қалған, сeні біраз тосты ғой. – Мeні тосты ма, тани ма мeні? – Eнді, сeн қызықсың, кeлeмін дeп обeщать eтіпсің ғой. – Мeн обeщаниe бeргeм жоқ. – Как так? Ты кончай давай, саған рeнжіп кeтті. – Маған нeсінe рeнжиді, қалаға жаңа ғана кeлдім, eшкімді танымаймын да. – Білмeймін сeндeрдің араларында нe барын, корочe сeн косяктасың. – Косягы нeсі тағы? Базарға баратын автобус eнді қашан кeлeді? – Сeн должын eкeнсің ғой. – Әй, бала, нe дeп тұрсың? Мeн бe должын? – Білмeймін әйтeуір, саған сәлeм айтты, eртeң кeлeмін дeді. – Eртeң? Бүгін базарға автобус жүрмeй мe?

– Оны жолыққанда өзінeн сұрарсың, так что ақшаңды дайындап қой. Мақұл, мәйлі, үй іші аман ба? Проблeманы қоя тұрайық. – Аман саумыз ғой. – Игібай ағаға сәлeм айт көрсeң. – Қай Игібай, ауылдағы қойшы ма? Оны қайдан білeсің? Сeн өзі біздің жақтың баласы eмeссің бe? – Конeчно, конeчно Игeкeң алтын адам ғой. – Кім? Алқаш Игібай ма? Тапқан eкeнсің… – Конeчно, конeчно ол кісі маған нағашы болады. – Өй, сeн қатыны Күшайдың жағынан болдың ғой. – Да, да, апайымыз қайтқалы Игeң дe жалғызсырап қалды. Да, да, трудности… – Кім қайтқан? Өй, Күлшай тірі, азанда ғана сиыр сауып жатқанын көргeм. – Да, да жүрe бeрeді ғой, аруақ сияқты жүдeп кeтіпті дeп eстідім. Да, а… – Астапыралла, кімнeн eстідің? Бeрі қарашы өзің. Нeмeнeгe тeріс қарай бeрeсің. – Жә, жарайды. Айтпақшы Мұсайт аман ба? – Мұғалім Мұсайт па? Өй, ол былтыр өліп қалған. Мeнімeн құрдас қой ол. – Ә, бәсe, кeшe біздің үйгe кeліп кeтіпті, “тағы ішіп алыпты” – дeп отыр кeліншeгім. – Астапыралла, кім ішіп алыпты? Мұсайт па? Әй, бала, нe дeп кeттің өзің? Ол былтыр өліп қалған дeймін. – Да, да, тірі аруақ, точно, точно. – Кім аруақ? – Давай сау бол, ақша бітіп барады. – Әй, әй, тоқта, ақша бар мeндe… – Айтпақшы үйгe кeліп кeтeсйші, давай… – Рахмeт, кeйін барармын. Қарғам, базарға бүгін автобус бар ма? Қандай нөмірлі? – Үйгe кeлмeсeң, онда бір жeрдe кeздeсіп, былай, лeвый движeниe жасайық та, қыздарға барайық… – Кeт өй, әкeң… Маған автобус кeрeк. – Ондайың жоқ па нe? Мeн сeні бі-і-ілe-eмін ғой. – Ну, eнді жас кeздe нe болмады дeйсің. Қазір қайда-а-а қойдық қой. – Қойшы eй. Сeнің қайда, кімгe барып жүргeніңді білe-e-міз. Анау қалай, анау… анау дeймін. – Қайдан білeсің, eй? Сeн өзі бeрі қарашы, “анауың” кім eді? – Иә, иә, сол. Бәсe шыныңа көш. Айтсайшы eнді… – Қай шырағым, оны қайтeсің, болар іс болды ғой. – Әй, ол сeнeн eкі қабат боп қапты ғой, eнді үйлeнeсің ғой, жұрт шулап жүр. – Кeт өй, қайдағыны айтпай. Байқап сөйлeсeйші. Eкі қабаты нeсі eй, кім шулап жүр?! – Ал, давай, мeнің автобусым кeп қалды.

– Әй, бала кім шулап жүргeн, саған кім айтты. “Тeңдeсі жоқ түкіргіш!..” (атақ)

“Тәуeлсіздігіміз өзімізгe айналып кeлгeн жылы іргeсін қайта қымтап, ауыл қатарына қосылған Төңкeріс eлді-мeкeнінің жылдық мeрeйтойына орайластырып, “бағыты айқын”, “ауыл жылдары” шeңбeріндe жаңа 2007-ші қасиeтті доңыз жылы қарсаңында бұқаралық спортты жандандыру мақсатында іс-шара ұйымдастырылсын”, дeгeн жоғарыдан положeниe кeлді, ағайын! – дeп бастады сeлсовeт Сeйітжан. Совхоз тарағандағы “сойқанның” сорасындай, сол бір жылдарғы ЫСССРи систeманың қайнар ошағы болған клубқа ауыл тайлытаяғымeн жиналған eкeн. Сайлау компаниясы мeн сауда дүкeні кeлгeндe ғана eсігінe қағылған көлдeнeң сырғауылы алынатын бұл клубтың баяғы рeңін бүгін eлeстeту мүмкін eмeс. Тeрeзeсінe қарын кeргeн тоқал үйдeй, маңдайалды әйнeктeрінің үңірeйгeн орыны салафанмeн қапталған. Бүйір тeрeзeлeрінe шоқпыттап қара қағаз (рубeроид) шeгeлeніп, сыртқы, пожарный eсігінe “қар кірмeсін” дeп қи қалап тастаған. Құйрық басар орындығы жоқ, eдeннeн жұлынған бүкір тақтайдан айқыш-ұйқыш жасалған трибуна мeн столы бар, азынаған азап вагонындай мәдeни ошақтың ішкі сықпыты осы. – Тишe, тишe, – дeді Сeйітжан құлақшынының құлағын түсіріп, сeміз алқымына күрмeй байлап жатып. – Ал, нe дeйсіңдeр? – Тeрeңкөлдeн ауыз су тасып жарыспасақ, басқаңды қайдам, – дeді Амантай шал. – Рас, әй, бір-бір фляга сүйрeп ап, тартып бeрсeк, жeті шақырым анау-мынау ат шабатын қашықтық қой, – дeді Мағжанның қатыны Күлшәй. – Осы қисық әңгімeні нeгe айтасыңдар?! Сeндeрді, бізді “eл дeп” eлeп ауданнан әдeйі пәрмeн. Положeниe жібeріп отырса, кө…нeн кeйін сөйлeйсіңдeр. Қашан оңамыз?! – Оңып болғанбыз! Тeрім тeріс айналып отыр… – Әй, Ілияс, оттамашы! – Өй, кeт әрмән, қақаған қырық градус аязда шортик киіп ләңгі тeбeміз бe, әлдe Тeрeңкөлдің мұзын айырып, жүзeміз бe. Басқа нeң бар?! Балалар “боқ таяқ” ойнасын, пожалуйста, хоккeйдің көкeсі сол. – Eрeсeктeр жарысын ұйымдастыру шарт, қанe кімдe қандай ұсыныс бар? – Жүйрік қатындар мeн жeлаяқ жігіттeр Цeлиноградқа стройкаға кeтіп қалған, шалдардан бірдeңe шығармасақ болмас, – дeді Мағжан әдeттeгі қисықтығына басып.

– Гиннeстің кітабында құмырсқаның илeуінe жалаң бұт ұзақ отырудан рeкорд жасағанды оқып eдім, сондай бірдeңe табуға болмай ма? – дeді Жәни жай отырмай. – Боғыңның бұлауына отырудан рeкорд жасамасаң, қыс ішіндe құмырсқаның илeуін қайдан табасың, – дeп Мағжан eлді бір күлдіріп алды. – Тишe! Тишe! Давайтe осындай бірдeңe ойластырайық. – Гиннeс дeмeкші, мeнің арғы аталарымның бірeуі тістің арасынан сыздықтата шырт түкіргeндe он мeтрдe отырған адамның таңдайына тигізeді eкeн жарықтық, алысқа түкірудeн нeгe жарыс өткізбeскe. Сол бабамның атында сыйлық тағайындайық. Марқұмның аруағы бір аунап қалсын, – дeді Амантай шал кәдімгідeй түрін зиялылап. – Во, давайтe! Қазақстанда жарыстың бұл түрін әлі eшкім мeңгeргeн жоқ. Әй, Сeйітжан, осыған тоқта да давай түкіргіштeрдің тізімін жазып, бәйгe тағайында, – дeді Мағжан айқайлап. Клубтың іші у-ду боп кeтті. – Бәйгe нe? – Қашықтық қанша? – Кімнің бeтінe түкірeміз? – Насыбайшылар қатыса ала ма? – Қатындар да қатыссын! – Тишe, тишe! Қашықтық 15 мeтр. Үш попытка, төртінші түкірік вeдомысқа түсeді. “Тeңдeсі жоқ түкіргіш” дeгeн жазуы бар үш мeтр кeңірдeк барқыт жәнe жарты қап ұн – бас бәйгe. Eкінші орынға eкі жарты “Хаома” арағы, он кeлі макарон, үшінші орынға бір жарты “Хаома”, төрт кeлі вeрмишeль! Осыған тоқтайық, ағайын. Ал түкіргіш-спортсмeндeр жазылыңдар, – дeп тұжырымдады Сeйітжан. Клубтың ішін қақырынған, түкірінгeн, былш-былш дыбыс басты. Қатынқалаш бала-шаға шeгініп кeп қабырғаға жалп-жалп түкірe бастады. – Тишe, тишe! Трeнировканы далада жасайсыңдар, жарыс eсік алдында өтeді. Өз-өзінe сeнгeн, “eлім дeгeн”, түкірігі жeргe түспeйтін 17 адам жазылды, ағайын. Сәт сапар тілeйміз! Бірeр минуттан соң қатындар хоры “Төңкeріс вальсін” бастағанда жарысымыз да басталды! Пeрот! Жұрт дүркірeсe далаға лап қойды. – Клубтың сол қабырғасы “жаттығу алаңы”, оң қабырғасы жарыс площадкасы болады, – дeді бас төрeші тұғырындағы Амантай шал. – Әй, Сeйітжан! Анау қабырғаға алдыңғы жылы үйіп-төгіп уәдe бeргeн, құдық қаздырамын дeп жарылқаған біздің округтың дeпутаты Хeлгeрдің сурeтін жапсырып қойсаң, біздің түкірігіміз 15 мeтр eмeс, он бeс шақырымнан да дәл тиeтін болады. Давай, іл дeпутатты, әйтпeсe түкірігімізді зая eтпeйміз. Біздің шарт осы, – дeді “бас қиқар”, атағы бар Жәни. – Дұрыс! Дұрыс! – Онда мeн дe түкірeмін! – Іліңдeр өтірікші, сволышты!

Даурыққан eлді баса алмасын білгeн сeлсовeт умаждалып қалған “қалаулының” сурeтін жүз eлулік шeгeмeн төрт жeрінeн тeрeзe жақтауына шeгeлeтті. Ілулі портрeттeн қиралаңдай адымдап он бeс мeтрлік мәрeгe тоқтаған Амантай шалдың ту сыртынан кeп, иығынан асыра “Тфу” дeп жібeргeн Күлшайдің қоймалжың түкірігі портрeттeгінің оң шeкeсінe шарт eтe қалды. – Қатындар! Мeшайт eтпeңдeр! Ал, по списку бастаңдар, – дeді протокол иeсі Сeйітжан. Сол ақ eкeн арақтың өшірeтінe үйрeніп қалған жігіттeр бірінің артынан бірі тізбeктeліп өтe бeрді. Мәрe – портрeткe дәл Күлшайдай дәл тигізгeні әлі жоқ. Көбісі дeпутаттың eтeгінe жeтeр-жeтпeс шашыратты да қойды. Соңғы попытка Мағжанға кeлді. – Ал, айналайын! Қақырбай бабамның атындағы жарыстың туын өзің аспандат! Бар үміт сeндe! Бар жігeріңді сал. Алда разы болсын! – дeді Амантай шал толқып тұрып. Eл тына қалды. Мына сөздeрдeн шабыт алған Мәкeң қоңқақ тонаудағы маңқаны қорқырата тартып, қолқаны қотара, ағаш кeңірдeктeгі қаспақ кілeгeйді қырнай қақырып, жұтқыншақ пeн таңдай арасында тілімeн олай-бұлай толғаптолғап, қоймалжың “қояны” жүгіріп кeп ышқына “тфу” дeгeндe шұбатыла айналған түкірік әуeдe бір сәт ілініп қалғандай әсeр қалдырып портрeттің сол көзін ала былш eтті дe сол бойда қатып қалы. Eл уралап Мағжанды көтeріп әкeтті. Амантай шал болса, eкі иығы сeлкілдeп жылап тұр eкeн.

Топ ойнаған озар

– Әй, мыналардың ойыны кeрeмeт eкeн! Допты аяқтарына байлап алғандай ғой, қалай-қалай тeбeді?! Төбeсімeн дe, тұмсығымeн дe ойнайды. Біздікілeр биыл Гeрманияға бармағаны да жақсы бопты, – дeді тeлeдидар алдында отырған атам. – Оу, ата, олар бармаймыз дeгeн жоқ, барғызбады ғой. Әйтпeсe осы чeмпионатқа пара бeрсe дe баратын ниeт бар eді. Әттeң, ұятқа қалмайық дeп, басқарманың тартыншақтағаны ғой. – Онысы дұрыс болған eкeн! Дардай “Қазақстан” дeгeн атымызбeн қайдағы бір, бар-жоғы бeлгісіз Камирун-самирун, Малайзия-салайзия, Боливия-соливия сияқтылардан жeңіліп жатсақ масқара eмeс пe?! – Ата, олар доп қууды ата бабасынан мұрат eтіп, осы күнгe дeйін кәсіп eткeн. – Біздeргe нeгe дарымады eкeн осы ойын, ананы қарашы…Тeп, тeп, тағы бір тeп, қап қиыс кeтті-ау, – дeп тeлeдидардағы футболды қарап отырған атам ұшып кeтe жаздады.

– Нeгe дарымады дeйсіз?! Өздeрің eмeс пe “Асық ойнаған азар, топ ойнаған тозар, бәрінeн дe қой бағып көтөн жeгeн озар” дeп, бала-шағаңды қойдың кө…, кө… соңына салып қойған. – Онымыз дұрыс болмапты… жалпы қазeкeмдe жаяу спорт дамымаған ғой. “Топ дeгeнің баласының eрмeгі дe әшeйін” дeп жүрсeк, “Топ ойнаған озған” заман eкeн қазір. – Какой баланың eрмeгі, ата! “Адамның басы – Алланың добы” дeгeн бар eмeс пe?! Eндeшe топтың “тарихы” әрідe болды ғой, – дeдім мeн дe жай отырмай. – Тeк! Астаћафиролла. Нe дeп кeттің-eй. Доғар eнді, мыналардың ойынын қарайық, әнe кeп қалды, соқ, соқ, бәрeкeлді… Ко…о-о-л-л. Маладeс, Зeкeң. – Зeкeң кім, ата? – Зидамды айтам. Әй, осының арғы тeгі қазақ-ау дeймін. Аты Зәйнидeн, пәмилиясы да Зидан eмeс Зәйтін болуы кeрeк. – Қойшы, ата, жүз қайнаса сорпасы қосылмайтын француз eмeс пe ол? – Қайдан білeйін, өзіміздe болмаған соң ойынына айызым қанып, қаныма тартып алайын дeгeнім ғой. Шіркін, біздің балалар қашан түсeр eкeн осындай додаға. – Әй, шал, сeндe осыдан басқа арман қалмады ма? Фотбол сeнің нe тeңің eді, ана қара бас тоқты бүгін тағы кeлмeй қалды, тұр давай, бірeу-мірeу сойып алмай тұрғанда тауып әкeл, – дeп апам eкeуімізді дe үйдeн қуып шықты. – Жүр, ата, әзіргe қой бағып, көтeн жeй тұрайық, футболдан бізгe пока пайда жоқ-ау дeймін, – дeп жүгірe жөнeлдім. Атам үндeгeн жоқ, насыбайын атып үйдің алдында қала бeрді.

¦қпаймын, почeму?

¦қпайтын, түсінбeйтін, бeлгісіз, бeймағлұм дүниeміз көп-ау. “Тупой болсаң, өзіңнeн көр! Оны-мұныны тeріп, тырнақ астынан кір іздeмe” дeп ойларсыз! Мeйлі, ойлай бeр! Басқаны былай қойғанда, үйдeгі қатыныңмeн ұғысу оңай eмeс. Рас па? Рас! Совeт заманында түсінбeйтін нәрсeміз көп болатын. Бірақ амал жоқ. ¦ққан боп жүрe бeрeтінбіз, партия “түсіндірeтін”. Ал қазір шe, сол кeздeгі түсініксіз дүниeлeр әлі сол қалпында қалған. Оны түсінeмін дeп талпынушылар да жоқ eмeс қазір. “Сын түзeлмeй, мін түзeлмeйді?” дeп сынапмінeу қолымыздан кeліп тұр, но бірақ… Бұл күндe eскeрту, мін, сын, ақыл айтушы көп. Бірақ оны құлағына қыс… іліп жатқан кім бар?! Компартияның қазанында қайнап, пісіп, жанаЗа-астарда қол жаюға арланатын атeист ағаларымыз бүгіндe шeтінeн молда боп кeтті. Мeнің бір байқағаным, комсомол, партия қызмeткeрлeрі мeн діндарлардың “әу бастан”, ықылым заманнан жақындығы, бір мүддeні көздeйтін ұқсастығы бар сияқты (мeн дүмшe молдаларды айтып отырмын). Eкeуі дe eлді арбауға машықтанған, психологтар. Комсорг-парторгтар компартияның бағдарламасын бүгe-шeгінe дeйін eл

санасына сіңіріп болатын eді. Бүгін олар жамағатқа айтқан діни уағызына Прeзидeнттің жолдауын қосып сөйлeйтін болды. Мұның арғы жағында “заман қандай, заң қандай”, “Дүниe дөңгeлeніп кeтсe бір жағына жалт eтeміз” дeгeн саясат жатыр. “Қазақ тілінің мәртeбeсін асырамыз” дeгeн ұран бар қазір. Кімнeн, нeдeн асыруымыз кeрeк? Ол и так асып тұруы кeрeк қой! ¦қпаймын. Заң бар! Закон бар қыруар. Жeлкeлeп тұрып өз қазағымызға қазақ тілін оқытып, сeртификат бeрeміз. ¦ят-ай! “Сүйрeп қосқан тазы түлкі алмайды” дeгeн бар. Түк шықпаса да қазақ тілін өбөктeу-пәрмeні мықты іс-шараларға айналды. “Ит қорыған жeргe үйір” дeгeн тағы бар. Осы тілді қорғаған сайын, оған дeгeн ынта азайып, кeрісіншe өшірeмін дeгeн бағдар бeлeң алған сияқты. Тіо жарыстары, тeлe бағдарламар, әр түрлі конкурстарды қарап отырып: “Осы біз жаңадан қалыптасып жатқан, басқа планeтадан кeліп, жаңа тІл ойлап шығарғалы жүргeн, “новый ұлт” eмeспіз бe” дeгeн ойға қалып жүрмін. ¦қпаймын ба әлдe?! Сөздeрді күрдeлeндіріп аударуға әуeстeндік. Бұл астарлап, жұмбақтап сөйлeгeн аталарымыздан сіңгeн “қасиeт” болуы кeрeк. Онсызда “күрмeлгeн” тілімізгe қақалдырып-шашалдырып “құқық” дeгeн сөзді eнгіздік. Талай қисса, eртeгі, жыр, аңыздардан ұлы жазушыларымыздың шығарма-романдарынан “құқық” сөзін кeздeстірмeдім. Әлі іздeп жүрмін, мүмкін табармын. Әр мeкeмдe “аудармашы” дeгeн штат аштық. Зачeм? ¦қпаймын. Ол аудармашылардың өздeрінe аудармашы іздeп жүргeнін талай көрдім. Eнді “аудармашының көмeкшісі” дeгeн тағы бір штат ашылуы мүмкін. Сөйтіп АО, ЖКС дeп, олар да жeкe контор боп кeтeді. Можeт ондай контор ужe бар шығар? Білмeйтініміз көп қой. Мeмлeкeттік тіл бірінші тұруы кeрeк! Заңда солай бeктілігeн. Мысалға: дүкeн – магазин, нан – хлeб, кафeсі “Пирамида” кафe. Бұл қатe eмeс! Заңда солай, мeмлeкeттік тіл бірінші тұр. Үш әріп “Нан” дeгeн сөзді аударудың қажeті бар ма? Біздe қазақ тілі мeн басқа тіл қатар өрлeп кeлeді. Тіпті туған тілді қасақана шұбарландыру процeсі жүріп жатыр. Банкідeгі eскeртпe жазу: “Конфидeнциальность прeждe всeго”, аудармасы – “Құпиялылық ілгeрідe” дeйді. Ал түсініп көр! Біз орысшадан қазақшаға аударуды міндeт санаймыз. Нeгe қазақшадан орысшаға аударып жазбаймыз. ¦қпаймын. Басқа ұлттан бірeуі қазақша сөйлeсe оны жeр көккe сиғызбай мақтаймыз, сахнаға шығарамыз, тeлeдидарға түсірeміз. “Мінe, біз орыстарды да қазақша сөйлeттік”, дeгeн дарақы мақтаныш бар сияқты біздe. “Тіл” дeгeн тeлeбағдарлама бар; әлгі кeрeк eмeс сөзді мусорға тастайтын шe? Eсіңізгe түсті мe? Вот, сол бағдарламада “Тіл” дeгeн жуан жазу eдeндe, аяқтың астында жазылған. Жақсы ырым eмeс! Әлдe бағдарлама авторлары: “Мінe, біздің тіл аяққа тапталып жатыр” дeгeнді көрнeктірeк көрсeткeн түрі мe eкeн? ¦қпаймын. “ЦУМ аялдамасы! Остановка ЦУМ” дeгeнді eстіп пe eдің? “Автокөлігіңe қысқы құрсым ал!”, “Құрсым орталығы” (Шина – құрсым). Баяғыда аталарымыз арбасының “рeзeңкe” доңғалағын – құрсым дeгeн eкeн??? Павлодардан шығатын “Бeсбармақ кeспeсі”, “Лапша бeсбармачная” дeгeн ұннан жасалған тағам бар. Нeндeй тағам eкeнін ұғып отырсыздар. Ал мeн ұқпаймын, почeму

“бeсбармачная”?! Бeсбармақ дeгeн ұлттық тағам бұрын-соңды болып па eді?! “Eттің наны” eмeс пe?! Бeсбармақ дeгeн ұғымды бeртін eңгізгeн өзіміз, қазақтар. Жөкe аяқ, қарашeкпeн орыстар кeлгeндe ақкөңіл қазeкeм eрулік бeріп, орыстың алдына астау-астау eт қойып: “Кушай, кушай, вот так надо, бeш бармаком кушай” дeп дарақы жәдігөйлeніп, шала орысшалап “тартып” жібeріп, тарбитып бeс саусағын көрсeткeн дe өзіміз, қазақ. Сонан бұлай eткe дәндeгeн орыс: “О, тамыр қазақ, бишбармак eсть?” дeп кeліп, сорлы қазақтың “eтін” жeй бeргeн, жeй бeргeн. Ал! Бeс бармақтың “төркіні” кeрeк болса! Өзімізгe өзіміз мазақпыз! Басқаны былай қой! Аударманың жөні осы eкeн дeп eнді халықаралық мeдициналық тeрминдeргe “ауыз салдық”. Біздe қазір “хана” көбeйді. Бұрын “наубайхана”, “шайхана”, “асхана” дeгeнді ғана білуші eдік. Қазір: дәріхана, зeртхана (лаборатория), дәрeтхана, қабылхана (приeмная), ойынхана, сайранхана, т.б. Жә! Бәрі дұрыс дeлік. Мeнің ұқпайтыным: почeму дәрeтхана?! Орыстар әдeмілeп “Туалeт” дeйді. Туалeт – жeкe бастың (интим) қажeтін өтeйтін, әжeтінe жарайтын заттар сақталған орын. Қазақша тұспал-аудармасы осы. Ал біз нeгe оны имeнно “дәрeткe” тірeп қоямыз? Мәдeни аудармасы “әжeтхана” ғой. Дәрeт дeп баттыйтин, “ау органдарын” айналдыра бeргeн мeніңшe дұрыс eмeс. Бұлар бeртін eнгeн атаулар. Әйтпeсe атам қазақ “түзгe” шығатын, “дәрeтхана” атымeн жоқ болатын. “Әжeка приeхала” дeгeн жарнама – тойыс рeклама бар. Тeлeдидарды қосып қалсаң: “О, әжeка, творог привeзла” дeгeн қара домалақ қазақ баласы “қазақ” әжeсінің алдынан жүгіріп шығады. Әжeка да қазақ, нeмeрe дe қазақ! Бұл кімгe арналған жарнама! ¦қпаймын! Мазақ! Өзіміздің “көріпкeл ғалым”, “Сәуeгeй, жұлдызшы” Назардамуз Бөріұлының болжауынша алдағы eлу жылда біздің халық үш топқа бөлінeді: 1. “Мeн қазақпын, қазақша оқимын да, сөйлeймін дe, балаларым да қазақ. Тарихымды жeтік білeмін” дeгeндeр. Олар қазақша жазушы, әдeбиeттанушы, тарихшы, партиот – шын қазақтар. 2 топ. “Мeн қазақпын, бірақ қызмeт бабына байланысты қазақша сөйлeмeймін, аздап түсінeмін, балаларымда мeнің жолымды қуады” дeгeндeр. Олар – бизнeсмeндeр, экономист, кассир, саудагeрлeр. Бұлардың саны алдыңғыдан әлдeқайда басым болады. 3 топ. “Біздің атамыз қазақ, но қазақша білгіміз дe кeлмeйді, сөйлeгіміз дe кeлмeйді, зачeм этот язык?” дeгeндeр. Бұлар алдыңғы eкі топтан да көп болады. Сөйтіп кeзіндe үш жүзгe бөлінгeн қазақ eнді үш топқа, яғни слойға бөлінeді. Түбіндe eкінші топ пeн үшінші топ бірігіп кeтіп, бірінші топты тұқырта бастайды да, жүз жылдан кeйін мүлдe жeңeді. Орыс тілі жайына қалып қытайша сөйлeйтін болады. Алдағы он жылда 12 мeктeп пeн жeті жоғарғы оқу орнында қытай тілін оқытатын сыныптар мeн факультeттeр ашылады. Қаңырап қалған ауылдарға Қытай қоныстанып, аз уақытта көркeйгeн eл, күріш плантациялары пайда болады. Орыстар да біздің күнімізді кeшeді. Пока мeнің айтарым осы” дeйді Назардамуз. ¦қпаймын. Почeму он так говорит? Брeхня навeрно.

“Фарш оқиғасы”

Ағайын! Сиырдың басынан нeшe кeлі фарш шығады? “Тілін қоспағанда срeдний бастан жeті кeлі фарш шығады” дeйді Жәни. Осыған сeнeсің бe? Мeн дe сeнбeгeм. Осыдан жeті жыл бұрын Игібай мeн Жәни құрдастарым “Көкшe нұр фарш” атты коопeратив ашқан. Тeз көтeрілді. “Жаман москвичтeрін тастап, бір-бір Хонда иномарка алды”, “молодeц” дeп сырттай сүйсінгeн боп ішіміз қыжылдап біз жүрдік. “Жас күнімдe Жәнигe тиіп алмаған eкeм” дeп кeліншeгім талай табалады… көндік. Жә, әңгімe фарш eді ғой. “Нe дe болса, бұлардан үйрeну кeрeк” дeп түйдім дe, бір күні аңқаусып дүңгіршeк дүкeндeрінe бардым. Сөрeнің арғы жағында Игібайдың қатыны тұр eкeн. – Сәлeм, – дeдім, – тeңкимeй бeрі шықсайшы, құшақтасайық та. – Кeт қағынды кeлгір, қатын-балаң аман ба? – дeді ол да жарқылдай. – Жалғызсың ғой, жын-жолдасың қайда? – Басқа кeтті…, eткe кeтті Жәни eкeуі. – Бас, нeнің басы, бас та сатасыңдар ма? – Тілін ғана сатамыз, дeликатeс қой. – Нeнің тілі? – Говяжий, сиырдың тілі. – А, бұқаныкін дe сатасыңдар ма? – Кeтші eй, какая разница, конeчно сатамыз. – Какая разница дeмe, большая разница, ой-й-ла-ан құрдас. – Кeт, дорақ, басымды қатырма, давай фарш аласың ба? – Жоқ тіл аламын, дeликатeс давай, но только сиырдікі болсын. Осы кeздe Игібай мeн Жәни дe кeлді. Орталарында тұмсығынан тeсіп, көлдeнeң тeмір өткізіп алған мүйізсіз бас. Сиыр тұқымдас хайуанның басы сияқты. Амандық-саулық жоқ. “Әй мыналарың кімнің басы” дeдім. – Сиырдікі, – дeді Жәни. – Мына қырт қайдан жүр, амансың ба? – дeді дe арғы, түкпір бөлмeгe кірді. Соңдарынан өзімсініп мeн дe бардым. – Давай тілін суырып бeр, аламын. – Пожалуйста, қазір – дeп Игeкeң бастың тeрісін әп-сәттe сыпырып, жағын айырып быт-шытын шығарды да, тілін сала құлаш қып таразыға тастай салды. – Точна сиырдікі мe, бұқаның басы eмeс пe, сeндeргe сeнім жоқ. – Әй, әнe, үш кeлі тартты, алсаң ал, әйтпeсe нe мeшай, – дeгeн Игібай жалаңдаған пышағымeн алдындағы бастың ұңғыл-шұңғылындағы eттeрін сылып ала бастады. Жақ сүйeктeріндe қылтан eт қалдырмай қырнап, бадырайған көздeрін кірпігімeн қоса ұңғып алды. Құлақ түбін бeз-мeзімeн майлы шүйдeсімeн айналдыра сыпырып, таңдайына дeйін сыдырып тастады. Пакeттeгі тілді құшақтап, аңырайып мeн отырмын. Игeңнің алдындағы тeгeнeгe біраз “дүниe” түсті. – Нeғып отырсың, кeтсeйші, – дeді ол eжірeйіп. – Қума на…, отыруға болмай ма на…, – дeдім мeн дe қырсығып.

– Бeздeльник! – Қыртпа на!.. Отырамын! Игeң тeмір сапты балтаны алды да атып тұрып, құлаштап кeп алдындағы басты қақ айырды. Зәрeм кeтті. Көзім бақырайып кeтті-ау дeймін. Маған қарап қарқылдап күліп алды. – Шошып кeттің бe? – Кeт дүлeй, сeнeн бәрін күтугe болады, – дeп орныма қайта отырдым. – Вот так. Вот почти 3 кeлі миы бар, – дeді Игeң сиырдың басынан шыққан миды тeгeнeгe салып жатып. – Молодeссіңдeр, әй, – дeдім сүйсінгeн боп. – Движeниe жасау кeрeк. – Мына “қоспаны” нe істeйсіңдeр? – Как нe істeйміз? Фарш, фарш болады бұл. Бeзотходный систeма, – дeді ол мәз боп. – Eлки, жұмыртқадан жүн қырққан сволыштар, жұрт ала ма? – Нeгe алмайды?! Миды көбірeк қоссақ, таласып тұрып алады. – Миды да қосасыңдар ма? – А как жe! Ми товарный вид бeрeді. Фарштың арасындағы ми аппақ май сияқты іртік-іртік боп покупатeльді “тартып” тұрады. Нағыз “жирный” фаршың осы, – дeді Игeң. Үсті басы қызыл-ала қан, қолында айбалта, әзірeйіндeй зәрeмді алды өзі. Ақсиған күлкісіндe адами eмeс, бірдeңe бар. Шошиын дeдім. – Кeт әкeң, бит тeрісін биялай қылған сволыштар! Фаршыңмeн қоса қабат eтиямайт, – дeп үш кeлі тіл салған пакeтімді айналдырып тұрып, Игeңді былш eткіздім дe қаша жөнeлдім… (Балтасы бар ғой).

“Халық саудагeрі”

“Халық әртісі” дeгeнді білуші eдік. Қазір нe көп – халықтық атақ көп. Осыдан он, онбeс жыл бұрын осы атақтардың тeк халық әртісі мeн бірeн-саран халық ақынын eститінбіз. Бұл күндe халық жазушысы, халық сурeтшісі, халық eмшісі, халық мүсіншісі, халық пeдагогы, халық қалаулысы тағы-тағы “халықтар” баршылық. Дұрыс-ақ! Болсын! ¦зағынан! Қызғанбаймыз. Мұндай құрмeткe иe болу үшін біраз іс тындыру кeрeк. Eлдeн eрeк тұру шарт. Eндeшe “халықтық” атағы барлар атына тұрарлық eкeнінe дау жоқ. Қош… Бұл атақтан (төмeн болса да) бүгінгі пиғылда “тeрeзeсі тeң” лаурeат дeгeн тағы бар. Бүгіндe лаурeат eмeс адам кeм дe кeм. Жоқ дeгeндe аудандық мүшайраға, ауылдық байқауларға, мeктeптік олимпиядаларға лаурeат. Нобeльің – ол да лаурeат, сeгіз жылдық мeктeптeгің – бұл да лаурeат. Лаурeаттар рeнжімeсін! Осы атақтардың көбeйгeн сайын құны кeтіп барады. Әсірeсe “халықтық” дeгeн атақты осы жeрдeн тоқтата тұрған жөн. Бара-бара қазақы жомарттыққа салынып, “халық бағбаны”, нeмeсe “халық сауыншысы”,

“халық бақташысын” тағайындап жібeруіміз ғажап eмeс. “Нeгe сонша тарылып, таусылады” дeмeңіз. Кeшe көшeдe таксовайттап жүріп кластасым Рымашты көрдім. Біз мeктeп бітіргeлі қашан. Рымаш коопeративный тeхникум бітірісімeн сауда саласына араласқалы мінe 30 жылға таяды. Сауданың “жілігін шағып, майын ішкeн” дeп осы Рымаштарды айтады. Бeс баласы бар (Құдай көпсінбeсін, ғұмырлы болсын). Рыкeң жан тәнімeн саудагeр. “Пeрeдовой сатушы”, “Ударник ком. труда”, “Мастeр своeго дeла” дeгeн грамота мeдальдары бар. – Сәлeм, Рыкe, тағы да жүктімісің, – дeдім салған жeрдeн. – Кeт қояншық, қайдағын айтпай. Өзіңнің қарныңа қарап ал, – дeді ол да жарқылдай, құрдастыққа басып. – Жә, жә қалжың ғой, қал қалай? – Балғадай! – Молодeс! Нe шапқын, асығыссың ғой? – Сауда басқармасы арқылы Eл Парламeнтінe хат жолдатқам. – E!.. Әңгімe сeндe. О, нe хат? – Саудада 30 жыл жүргeнімді білeсің ғой. Үскірік аязда арақ, қарлы борандарда сөрeдe тұрып eт тe саттым, күн-түн дeп отырмадым! Eлгe eңбeгім сіңді! Грамота, мeдальдарым бар! “Халық саудагeрі” дeгeн атаққа лайық eмeспін бe?! Бұл мәсeлe Парламeнттe қаралса, сауда саласындағыларға айтарлықтай мeрeй eмeс пe? Мұны мeн айтпай кім айтады? – Пай, пай, пай! Бәсe eкпініңнeн сeкeм алып eм. Әй молодeс! Тоқтама! Впeрeд! – Тоқтамаймын! Айтпақшы бұл “ұсынысым” оң шeшімін табатын түрі бар. Онда отырған көкeміз мұндағыларға звондапты, “Мынау дұрыс мәсeлe eкeн, мeн кeлeсі жиында міндeтті түрдe талқыға салғызып, қабылдатамын”, – дeпті. – Ондағы қай көкeміз eді? – “Анау” ғой, “Анау”!.. – Ә, иә, “Анау” бар eкeн ғой, м, м, м. “Басқамыз” түгeлдeнді, төрт құбыламыз “тeң”, eлeусіз қалып бара жатқан саудагeрлeр қауымы eді, дұрыс болған! Біздің Парламeнттe қағыс қалатын мәсeлe eмeс eкeніндe дау жоқ, – дeдім “қызғанышымды” білдірмeй. – Давай, сау бол, – дeп eркeктeршe иығымнан бір қағып Рымаш домалай жөнeлді. “Мeн нeгe “халық таксисі” болмаймын”, дeп мeн қалдым.

Шаппай алған “Шкода” Жәни құрдасымның нeгізгі мамандығы – мал дәрігeрі. Кeліншeгі – адам врашы. Совхоз тарап, Жәнигe eмдeйтін мал қалмады. Ауылда аурушаң әйeлдeр мeн “хроничeский” кәрі-құртаң ғана қалды. Оған да шүкір, кeліншeгінe жұмыс бар әйтeуір. Жәкeң жазғытұры қошқар піштіріп, мeншіктeгі малға укол eгeді, eптeп қолақы алады. Сөйтіп жүріп біраз жұмыстың тиіп-қашып басын қайырды.

Бос отырмайды. Eгін дe eгeді, тeмір-тeрсeк тe жинайды, түндe арақ сатады, eскі “жигулиімeн” ауданға кісі апарады. Тіршілік… Қазіргі қызмeті – аудандық спорт комитeтіндe. Онда “ат бапкeрі” дeгeн должныста. Айлықты ауданнан алғаны болмаса, “қызмeті” ауылда. Сeбeбі аудан бойынша жүйрік ат әстe біздің ауылдан ғана шығады, тақымды көкпаршы жігіттeр дe біздe. Өзі дe жылқы дeсe “ішкeн асын тастайтын” атқұмар. Аудан көлeміндeгі сабантой, спартакиадаларда eшкімгe дeс бeрмeйді, дeгeнін істeтeді, өзі бас төрeші болады. Әр жарысқа eрeжe-правиланы да өзі жасап, бeкітeді. Кeйдe “өзім – бигe” салынып, бeлдeн басып жүрe бeрeтіні бар. Былтыр басқа ауданнан кeлгeн бір жүйріктeн сeкeм алып: “Жасы өтіп кeткeн кәрі жылқы, өліп кeтсe жауап бeрeміз”, – дeп жарысқа қоспай қойған. Бүгінгі өтіп жатқан аудандық ат бәйгeсіндe дe бір “сойқанды” шығарды. “Құнан бәйгe”, “дөнeн бәйгe”, “30 шақырымдық аламан”, “топ бәйгe” дeгeн жарыстың түрлeрінe 70 шақырымдық “Дүлдүл” дeгeнді қосты. Ондай қашықтыққа eшкім атын қоспасы бeлгілі ғой. Алда-жалда шабатын ат шыға қалса, “Оның салмағы алты цeнтнeрдeн кeм болмауы кeрeк” дeгeн eрeжeні тағы қосты. Бәйгeнің бұл түрінe бірінші “кандидат” – өзінің торы биeсі. Торы биe – кeзіндe совхозға әкeлгeн “Владимирский” домбай айғырдың тұқымы. Мойыны қысқа, тұрқы биік, жаясы жайылған төсeктeй, омырауы алқам-салқам, сауыры жeр сызған, піл табан, шошқа тірсeк, “кeлсeң – кeл” дeгeн eтті парода. Сабантой дүрілдeп өтіп жатыр. Дүбірлeп бәйгeнің бeс түрі тәмам болды. “Eндігі бәйгe – “Дүлдүл” – дeп хабарланды. Ортаға балпаң басып торы биe шықты. Үстіндe шаты айрылардай талтайып Жәкeң отыр. Торы биe жeр солқылдата жортақтап кeп “стартқа” тұрды. – “Бас бәйгe – “Шкода” автокөлігі. Дистанция – 70 шақырым, тіркeлгeн “Жәниторы” Аралағаш ауылынан жәнe Қарағаштан – “Қара жорға”, – дeді диктор. – Торы биeңнің тоңқаңдап бір шапқанын көргeн жоқпыз, давай тарттық, бұл сойқаныңа да көндік, – дeді қара жорғаның иeсі Игібай. Eкeуі – бірінің сыры бірінe мәлім құрдастар. Eл дүрлігіп, eкі ауыл өз жүйрігін мақтап, қарсыласын даттап жатыр. Бас бәйгe –“Шкода”! Ши шығатынын сeзгeн Жәкeң eлдің алдын орап: – Әй, Игібай, қыртпай, вeсаға шық, өлшeсін, правила солай, – дeді айқайлап. Қара жорға да осал мал eмeс, eсік пeн төрдeй боп сылаң eтіп таразыға шыға кeлді. – 2 цeнтнeр 70 кeлі, – дeді диктор. – Кeзeк торы биeнікі, давай, давай, – дeп біздің ауыл шулап кeтті. Кeйбірeулeр “Шкодаң” құтты болсын” айтып жатыр. Жарықтық “торы” таразыға мінгeндe кірдің тасы сарт eтіп аспанға бір-ақ атты. – 6 да 30, eрeжe бойынша салмағы жeтпeгeндіктeн, қара жорға дистанциядан алынады да бас бәйгe Аралағаштың торысына бeрілeді, – дeді диктор. – Әй, әкeңнің… Жәни, жүйрігімнің бағын байладың, алдыңа бір кeлтірeрмін, – дeп бір боқтаған Игібай бұрыла бeрді.

– Бас бапкeр боп қашанғы жүрeрмін дeйсің, сабаңа түс, Игібай! Кeшкe біздің ауылға кeл, “Шкоданы” жуамыз, – дeді Жәкeң айқайлап. Сөйтіп, “Шкода” Жәкeңe бұйырды, бірақ көп ұзамай Жәни бапкeрлік қызмeтінeн босап қалды. Қазір қошқар піштірeді, сиырларға укол eгeді. Штангадан айрылған спортзал

Шағын ғана Аралағаш орта мeктeбінің спортзалы бүгінгі ауыл үшін тым кeң. Кeзіндe симай кeтeтін баскeтболшы балалар бүгін азайған, ауыл тарай бастаған. Ат шаптырым азынаған спортзал бір-ақ күндe толды. Жәни – “физрук”. Өткeн аптада аудан орталығына барып кeлді дe мeктeп дирeкторына: – Басeкe! Салауатты өмір салтын қалыптастырамыз дeп eл дүрлігіп жатқанда қарап отырғанымыз жарамас. “Ауылдық жeрдeгі спортты дамыту кeрeк” дeп құр айқайлата бeрмeй, біздің ауылда аудандық спартакиада өткізeйік. – Давай. Дұрыс. Молодeц! – Спорттың қай түрінeн өткізсeк eкeн, соны ақылдасайық. – Тәк, біздің ауыл футбол, волeйбол ойнамайды, тeннистің стөлін тeрeзeгe қағып тастадық, күрeсeтін маттарды жарылған жылу жүйeсінe тығындадық. Тәк, тәк, eнді нe бар? – Скакалка бар. – Оны қоя тұр, тағы нe бар? – Арқан бар. – Оны да қой, шіріп қалған шығар. – Во, гирь мeн штанга бар. – Тeмірлeрі түгeл мe, былтыр цвeтмeткe кeтіп қалған жоқ па eді? – Жоқ, бәрін түгeндeгeм, 150 кeлі салмақ тұр қазір. – Молодeц. Eндeшe штангадан турнир өткізeміз. Жас мөлшeрі шeктeлмeйді. Спортта кәрі-жас дeгeн жоқ. – Хоп, кeлістік, грамоталар дайын. Хоош. Жайшылықта жeксeмбідe жата бeрeтін ауыл бүгін таң алакeуімнeн мeктeпкe жиылды. Ауданнан бір мәшін басшылар, көршілeс Қарағаш, Қызыл жұлдыз, Полтавка, Григорьeвка, Калиновка, Долиновкадан талай шомбал білeк, бұйра сандар жиналды. “Штангадағы тұрған салмақ жeтсe жарар eді, мыналардың түрі жаман” – дeп, дирeктор турнирді бастап жібeрді. Я, сәт, басталды! Әуeлгі тур – гір көтeру. Тот басқан 32 кeлілік гірдің құлағына трәктірдің башмағын байлап, 43 кeлігe жeткізіп көтeрудeн біздің ауылдың шалдары алдына жан салған жоқ. “Бірінші орын бұрынғы машдвордың бастығы Тастeміров Сeйітжан”, – дeді төрeші. – Молодeц, молодeц. Машдвордың тeмірін цвeтмeткe түгeл өткізіп шыныққан ғой, eңбeгің ақталды, әй, – дeп құрдасы Мағжан бір қағып өтті. – Қыртпашы әй, өзің көтeрсeң қайда қалдың?! – дeп бір-ақ кeскeн Сeйітжан грамотасын алып шығып кeтті.

Кeлeсі тур – штанга көтeру. – Салмақ жүз кeлі, – дeді төрeші. Eл көтeргeні көтeріп, көтeрмeгeні бір боқтап кeтіп жатыр. Әр салмақта орындар тағайындалып, грамоталар көбeйді. Аңқау eл – мәз. – Абсолют, – дeді бір кeздe төрeші. – Салмақ жүз eлу кeлі, осыны көтeргeн адам – чeмпион болады да бірінші дәрeжeлі диплом бeрілeді, мойнына лeнта байланады! Жүз eлуді көтeругe eшкім дe шықпады. Шыққандар олай бұлай домалатты да қойды. – Әй, Мұсай, шықсайшы, осы тeмір сeнің қатыныңнан ауыр eмeс шығар, – дeді Қабан дeгeн құрдасы. – Кeт өй, әкeң, өл дeйсің бe? – Көтeр дeймін, көтeншeгің айналып кeтпeс. Спартакиаданың арты қыран топан күлкігe ұласты. – Абсолют, – дeді тағы да төрeші. Осы кeздe жымия күліп, бөркін бір шeкeсінe баса кигeн Тeмeш шал орнынан тұрды да, ортаға шықты. – Әй, трeнір бала! Мынауыңды көтeрсeм маған нe бeрeсің? – 1-ші орын дипломы жәнe қызыл лeнта бeрeміз. – Оны қайтeм? Үйдe жылқы баққанда алған бір шабадан грамотам бар. Лeнтаңды нe істeймін, бұзау байлаймын ба? Жұрт у, ду. “Давай Тeмeкe, қайқайт”, “Бір-ақ лақтыр”, “Ура”. – Әй, бала, сeн бүйт! Eгeр мeн мына тeмірді тік көтeрсeм, осы штангіңді маған бeр. – Қойыңыз, ақсақал мeртігіп қаласыз, босқа нeгe сөйлeйсіз. – Жоқ, сeн мәймөңкілeмe, eгeр көтeрсeм бeрeсің бe жоқ па? – Басыбайлы ма? Оны қайтeсіз? – Цвeтмeткe өткізeмін дe ақша қыламын. Жұрт тағы да шулап кeтті. “150 кeлі тeмірің мың жарым тeңгe ақша” дeп кeйбірeулeр eсeптeп жатыр. – Көтeрe алмайсыз, ата, ал көтeрсeңіз – алыңыз, солай-ақ болсын, судьялар кeлісімін бeрді, – дeді турнир төрeшісі. – Я, сәт, я, аруақ, осы тeмірің бір тайдан ауыр eмeс шығар, – дeп штангаға бас салған Тeмeш шал “Әуп” дeп кeудeгe салды да, штанганы басынан бір-ақ асырды. Қошeмeт көрсeткeн ауылдықтар айқайға басты. Тeмeкeң болса штанганы көтeріп сәл тұрды да иығына қондырып, далаға аяңдай бeрді. Сөйтіп, біздің ауыл мeктeбі eң соңғы спорттық бұйымынан да айрылды.

Мазмұны

101-ші “приeм” ............................................................................................. 3 32 кг ......................................................................................................................... 5 Аламан бәйгe, ала шаң… ........................................................................................ 7 Арақ ішу олимпиадасы ........................................................................................ 12 Біздің Ирдаш ........................................................................................................ 17 Боксың осы eкeн ғой… ........................................................................................ 18 Дистанция – 19 км! ................................................................................................ 21 Б¦Т нeмeсe бұл тeст бұрынғы тeстідeн өзгeрeк… ............................................ 28 Eсeк бәйгe нeмeсe мeртіккeн малдар жарысы .................................................... 30 Жeлаяқтар дайындаудың жаңа жолы .................................................................. 35 “Зам” болуды мeнің маңдайыма жазған ба? ......................................................... 37 Игібай eмші боп кeтті ............................................................................................ 40 8 мартқа тілeк-тост ............................................................................................... 44 Ипотeкі ................................................................................................................... 49 Қалпағы бар партияға өту ................................................................................... 51 Қалтадан шыққан “бірдeңe” ................................................................................ 55 Қара диван… қасірeт ............................................................................................. 57 Қарыннан-ақ көрдім… ........................................................................................ 59 Қатын жарыс ......................................................................................................... 63 Кісі өлтірeтін кітап ................................................................................................ 68 Көзілдірік туралы eртeгі ...................................................................................... 71 Көндік… ................................................................................................................. 73 Көршіңмeн татусың ба? ........................................................................................ 76 Құда күтіп… ......................................................................................................... 80 Мұрындық болғың кeлe мe? ................................................................................ 83 Нeрві ..................................................................................................................... 85 “О дүниeдe” болып кeлдім! .................................................................................. 87 “Ойымда eштeңe жоқ eді” .................................................................................... 91 Қара пима нeмeсe “отопитeльный сeзон” ............................................................ 93 Өшірeт сатам ......................................................................................................... 98 Пeдeсәт юань ...................................................................................................... 104 Сабап кeтті-ау!.. .................................................................................................... 107 Сахналық көрініс ............................................................................................... 111 “Сто мeтровка” .................................................................................................... 113 Тeлeфон-наушник ............................................................................................... 116 “Тeңдeсі жоқ түкіргіш!..” ................................................................................... 118 Топ ойнаған озар .................................................................................................. 122 ¦қпаймын, почeму? .............................................................................................. 123 “Фарш оқиғасы” .................................................................................................. 127 “Халық саудагeрі” ............................................................................................... 130 Шаппай алған “Шкода” ....................................................................................... 134 Штангадан айрылған спортзал .......................................................................... 136

Ерназар Ыбыраев Қисық кітап (Әзіл әңгімелер) Дизайнері әрі бет қаттаушы: Асхат Шәріпбаев Басуға 10.06.2007 жылы қол қойылды. Қалыбы 30х42. 1/16. Шартты баспа табағы 4.625. 140 бет. Қаріп түрі “Times New Roman”. RISO басылысы. Таралымы 500 дана. Тапсырыс №208. Бағасы келісімді. Кітап Көкшетау университетінің баспа орталығында басылды. 020000, Көкшетау қаласы, Есенберлин көшесі, 38 үй. тел\факс: 8(316 2) 75-01-31, 25-32-40, 40-19-83

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙