Мазмұнға өту
Home

Көптомдық шығармалар жинағы 5 том

Хамит Ерғалиев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Көптомдық шығармалар жинағы 5 том

Авторы: Хамит Ерғалиев

УДК 821. 512. 122 ББК 84 Қаз 7-44 Е 65 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды ЕРҒАЛИ Хамит Көптомдық шығармалар жинағы. Хамит ЕРҒАЛИ – Алматы: «Қазы ғұрт» бас пасы, 2012. Т. 5. – 2012 – 400 бет. ISBN 978-9965-22-405-8

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғали көптомдық шығармалар жинағының 5-томына «Құрманғазы» тарихи драмасы мен əлем əдебиетінен жасалған аудармалары топтастырылды. Кітап көпшілік оқырманға арналған. УДК 821. 512. 122 ББК 84 Қаз 7-44 © Ерғали Х., 2012 © «Қазығұрт» баспасы», 2012 ISBN 978-9965-22-405-8 Е 65 ХАМИТ ЕРҒАЛИ ҚҰРМАНҒАЗЫ (тарихи драма)

Оқиға XIX ғасырдың екінші жартысында Астрахань, Орынбор, Бөкей губернияларына қарасты аймақтарда өтеді. Қатынасушылар: Құрманғазы – халық композиторы, күйші. Алқа – Құрманғазының анасы. Ұзақ – қарт күйші, Құрманғазының ұстазы. Перовский – Орынбордың генерал-губернаторы. Наталья – губернатордың зайыбы. Савичев – Питерлік журналист, этнограф. Мақаш Бекмұхамедов – Каспий жағалауындағы бірінші округтің правителі. Əубəкір Ақбаев – старшина. Казак сотнигі Ерғали Есщанов – домбырашы, Құрманғазының шəкірті. Айжан – Ұзақтың қызы, Əубəкірдің атастырған қалыңдығы, домбырашы. Əуес – Құрманғазының жары. Байғазы – Құрманғазының інісі. Нагибеда – түрме бастығы, полковник. Лавочник – политкаторжан. Қалмақ тұтқыны. Қазақ тұтқыны. Адъютант. Ауыл молдасы. Тəптеш. Надзиратель. Дина – Құрманғазының шəкірті, домбырашы қыз. Эпизодта: ұлықтар, əскери адамдар, бикештер, ауыл тұрғындары, қыз-жігіттер, солдаттар, шабармандар, түрме тұтқындары.

ПРОЛОГ Сахна ашылмас бұрын ескі бір күй («Нараду», «Нар идірген», «Ақсақ құлан», «Абыл») фонында репродуктор арқылы «Құрманғазы» дастанынан үзінді оқылады. Репродуктордағы дауыс: Азғырда, Жалпақшағыл Жиделіде (Жиделі əлі күнге дейді елі де), Кектеніп ол заманда құм қазағы, Сарнады сол арадан күй желі де. Перде жай сырғып ашылады. 1845 жылдың бұлыңғыр күз күні. Нарын құмының бытқыл адырындағы Ұзақ күйшінің ауылы. Сарнаған күй əуенін бірте-бірте ұлыған аш қасқырдың дауысы, гуілдеген жел, ысқырынған қурай үні баса түседі. Үй алдындағы алаңқайға домбырашы жастар ұстазы дəрежесіндегі Ұзақ күйші алдында өнер салысқалы жиналды. Олардың ортасында Құрманғазы, Əубəкір, Ерғали, қолына Ұзақ атасының домбырасын ұстаған Айжан бар. Айжан (дегбірсіздене, төңірегіне көз тастап). Күн бұзылып барады. Атам нағып кешікті екен?.. Ерғали. Келіп қалар ұзамай. Біздің үйде бас қосалық деген де өзі еді ғой. Айтар сөзі болған соң сөйткен шығар. Құрбылар, босқа отырмай, саз сайысын бастай берсек қайтеді? (Жастар оның сөзін бір ауыздан қуаттайды.) Айжан. Құрманғазы... (Қолындағы домбырасын ұсынып). Міне, мынау – атамның өз домбырасы... Құдай куə, бір мен үшін бөтен – басқа, сенің сазың – бір басқа. Құрманғазы. Қайтейін-ай, қыз нəсілін қыздармаса, осы арада айтпас едің əлгі сөзді əшкере. Айжан. Неге?.. Қоймайды ғой еркіңе арман қуған ер көңілдің екпіні. Сен бастағанды қаладық.

Əубəкір. Өз адамын өгейсініп, қалауын қара өзгені! (Айжанға жетіп барып). Əпкел бері! (Домбыраны қолынан жұлып алады). Ерғали. Əуке, мұныңыз балаң старшинаға мүмкін жарасар, ал құдіретті өнер оны құптамайды. Əубəкір. Жайыңа қарап тұр, Ерғали, ара түспе!.. Бұл қыз менің қырық жетісін матап берген қалыңдығым! Айжан. Жөн айтады Ерғали – өктемдігің өзіңе. Ал өнер ше? Менің де сол – меншігім. Əубəкір (ұнатпай). Жə-жə, айттым – бітті. Атам қажы жолымен де алғашқы леп менікі. Құрманғазы. Талаптанып тұрған жанмен таласпайық ендеше. Əубəкір-ақ əуселесін білгізсін. (Əубəкір, домбыраны екілене сабалап, əлде бір күй тартады да, орта шеніне келгенде кібіртіктеп, тоқтай қалады). Əубəкір. Өй, мына шанақ шау тартып, құлақ күйі құмыққаннан сау ма өзі?.. (Бəрі күледі). Құрманғазы. Құлақ күй шұнақ күймен табысқанда сөйтеді ғой, Əубəкір. Қалыңдықтың алдында шоғын тартпай күйлердің, жаңағыдай боғын тартсаң оңарсың. Қой, ұлағатты ұстазым Ұзақтың қасиетті қара шанағын бүйтіп қорлауға болмас, домбыраны бер! Əубəкір (əзер көніп). Саған бердім кезекті, Құрманғазы. (Домбыраны береді). Бірақ абайлап сөйлеп, аңдап бас: қыран тұғырында қызғышқа да орын жоқ. Құрманғазы. Сол тұғырға сен қыран болып қона алсаң, қызғыш болып таласатын мен емес.

Əубəкір. Сонда «мен аса шебер домбырашы» ма айтпағың? Пай-пай, безілдете күй тартқан он саусақтың ермегі-ай! Құрманғазы. «Күй де бір от – жылытады жаныңды, күй де бір оқ – жайратады жауыңды» деуші еді ғой Ұзекең. «Домбыраны қолға алдың ба – өз еліңнің жоғын жоқтап, мұңдасы мен қиялдасы болу шарт» дегендері тағы бар. Ұстаз айтқан аманатты ұмытқаннан саумысың? Əубəкір. Бос əңгіме. Мендегі құдірет – басымырақ бəрінен. Старшина билік қолымда. Ал билік бар жерде – білек бар! Басқа сөздің бұл арада пұлы жоқ. Құрманғазы. Е-е, билікке ауысқалы кетіпсің ғой түбегейлі өзгеріп... Ал мен үшін... Əлгі сөздер еске түссе, бір ғаламат күш оянғандай кеудемде, осы күйбең тіршіліктің күллісі жоқ болады мен үшін. Сонда сенің старшиналығың былай тұрсын, өзімненөзім қорқамын, Əубəкір. Айжан қызды қорлама. Айжан. Жігіттер, қыз басыма табалдырық аттар тəңір ісі. Оны көре жатармыз. Атамды үйге кіріп іште күтіп алайық. (Бəрі үйге енеді. Осы кезде ат тұяғының дүбірі естіліп, Айжан ғана аялдап қалады. Азалы ойда Ұзақ күйші шығады. Үй ішінен «Кішкентай» күйі естіледі. Ұзақ күйге құлақ тосады). Ата, кешіктің ғой, түрің неге жабырқау? Ұзақ (ауыр ойда). Жиналды ма тегіс? Айжан. Иə, жиналды. Əубəкіртағы да дөрекі. Ұрынарға қара таппай, қағынып отыр. Құрманғазыға өші бардай килігеді кеп. (Көзіне жас алады). Ұзақ. Е-е, сонда Құрманғазы не істепті оған? Айжан. Мені қызғанатын сыңайлы. Қажы əкесінің қырық жетісін желеу қып, маған да сес көрсетті. Тіпті домбыраңызды меншіктегісі бар.

Ұзақ (сөзін нықтап). Жə, оның жөнін табармыз. Өнеріңнен хабарсыз, бесіктен белің шықпай тұрғанда, алынған малдың жарасы да жеңіл... (Осы сəтте «Кішкентай» күйі асқақтап кетеді). Мынау Құрманғазының қолы ғой; сарқылмайтын сарыным, сен аман бол! Басқасына. шыдамасқа не шара. Айжан. Өзіңізді тосып отыр іште. Ұзақ. Жоқ, шақыр үйдегілерді осында. (Айжан үйге кіріп, өнерпаздарды ертіп шығады. Жастар күйшімен жамырай амандасады. Ұзақ салмақты да сабырлы). Бүгін саз сайысы болмайды. Қаралы хабар алып келдім сендерге. Махамбетті өлтіріпті хайуандар! (Бəрі «Махамбетті, қалайша?!» десіп шу ете қалады). Жансыз салып соңынан, жазығында Қаройдың, қапияда қандапты. Қанжығада қайран ердің басы кеткен деседі... (Қатты тебіреніп). Уа, жасаған! Жазығы не, жазығы не бұл елдің? Ердің басын алғаны – елдің кеудесі ғана қалғаны емес пе?! (Сəл сабасына түсіп). Жо-жоқ, тап бұлайша түңілгеннен түк өнбес. Анасы бардың данасы тумай тұра ма? Ол туған жерде бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ! Оған кепіл – оқтан бетер құдіретті сөз бен саз. Ол – мынау қара шанақ қашанғы. Өрендерім өнерпаз, өздеріңді шақыртқанда айтпағым да осы еді. Төрімнен көрім жақын шағымда домбыраны біреуіңе табыс етсем деп едім. (Əубəкір қоқиланып, күйшіге жақындай түседі). Құрманғазы, өзің шерткен жаңағы азалы да ызалы күй қай күйің? Құрманғазы. Ойпырмай, ағатайым-ай, əлгі болған сойқанды құдай менің құлағыма жеткізді ме əдейі: Исатай мен Махамбеттің ерлігіне бағышталған еді ғой. Ұзақ. Солай дегін... Атын не деп қойып ең? Құрманғазы. «Кішкентай» Кішкентайлығым себепті сендерге серік болмадым-ау деп жеген бір опығым.

Ұзақ. Аты кішкентай, заты зор боп жаралған осы дүниең үшін-ақ біздің мұра бір өзіңе аманат! (Домбырасын береді. Құрманғазы тізе бүгіп құптайды). Əубəкір. Ей, қария! Пайғамбар да сыйлап еді күйеуін. Мені қайда қалдырдың? Ұзақ. Сені ме? Ұстаз болып үйреткенім – баршаңызға бəсіре. Бəрің де маған ыстықсың, алаламақ ойым жоқ. Дегенмен жақсыдан туып, жаман күйші бол деген мен емес саған. Əкім болсаң - сол дұрыс! Бірақ сен əкіреңдеп, қалай маған күйеу бала боласың? Əубəкір. Е, ұзақ таңға Абыз ата дегізіп, сабадан жұтқан сары қымыз ұмыт бола қалды ма? Қаймана қазақ қай жақының, қақбас-ау?! Ұзақ (ызғарлы). Қақбас деуін қарашы! Қара күйе былғаныш, Айжанымның көз жасынан кетпейсің бе садаға?! Əй, керауыз, бұлдағаның мал болса, əкең берген қырық жетіні алдыңа сал да айдап кет! Айжан. Аңдамай сөйлегеннің арам өлген жері деп осыны айтса керекті. (Бұлар үйге кете береді. Жастар да тарқасады. Əубəкірдің жанында екі жігіт қана қалады). Əубəкір (ызалы). Осыныңды ұмытпа, кəрі шұнақ! Шіңкілдеген екі ішекті қу ағаштың кепиетін мен-ақ көріп алайын!..Тап əлгідей табалаудың көкесін көрсетермін, Құрманғазы, саған да! (Ойланып, ары-бері жүріп алады. Кенет жадырап). Таптым, таптым! Əй, жігіттер, ертең кештен қалдырмай, «сауға» деуге келтірмей, Айжанды алып қашып əкеліп, саласыңдар қойныма! Сол сəтте!... (Əубəкір арғы сөзін айтпай, тістене кіжінеді. Жарық сөнеді). Жарық қайта жанғанда Əубəкірдің отау үйі көрінеді. Оң жақта шымылдық құрулы тұр. Оқтап алған тапаншасын қолына ұстап, қойнына қайта тыққан Əубəкір əлдебіреуді асыға күткендей, қол сағатына қарап қояды. Сырттан қарулы казак солдаты керіле кіреді.

Солдат. Старшина мырза! Көрер таңды көзден атырдық. Біздің де үй-іші, бала-шағамыз бар дегендей...Енді қанша күтпекпіз? Əубəкір. Саспаңдар, жігіттер. Еңбектеріңді жемеймін. (Тыста үрген ит, кісендеген жылқы дыбыстары естіледі). Əне, өзі де келіп қалды. Тығылыңдар тезірек! Белгі берген кезімде дереу бас салып, байлап алыңдар. Байқаңдар тек – оның күші бір өзіне жетіп артады. Үшеуіңді үш жаққа сұлатып кетіп жүрмесін. (Солдаттар көрінбей кетеді. Үй сыртына келіп қалған ат дүбірі анықтала түседі). Бəрекелді! Қолды болған Айжанды қорғаймын деп, өзің келіп түстің бе Əубəкірдің торына! (Құрманғазы келеді). Құрманғазы. Қатар аяқтанып, қадір біліскен, бір ауылдың, бір мезгілдің төлі емес пе ек? Не себепті маған мұнша өшіктің, Əубəкір? Əубəкір. Қасың емес, досыңмын деп сыбағама қай қадірің өткізген? Құрманғазы. Өткізгенім болмаса да, өтінуге қақым бар. Əубəкір. Жə, ендеше соныңды айт. Құрманғазы. Алып қашып Айжанды əуре болма, көндірем деп күшпенен. Əубəкір. Айжан енді қыз емес. Аттады екен босағамды – қатын ол! (Бұл кезде қолы арқасына қайырылып байлаулы Айжан шымылдықтан шыға келеді). Құрманғазы. Айжан! Айжан. Құрманғазы! Қаш, бұл сұмырай айдатады сені солдатқа! Əубəкір. (Айжанға жетіп барып, тапаншасын қызға тақап, Құрманғазыға). Аулақ, тыпыр етсең жайратам! Əй, күзетшілер! (Үш солдат сау ете қалады). Ұстаңдар да байлаңдар! (Құрманғазыны

байлап алады). Міне, мынау – аты шулы конокрад! Арғымақ атымды қолды қылғаны аздай-ақ, қойнымдағы қатынымды тартып əкеткелі келіп тұр. Апарыңдар атаманның алдына! Құрманғазы. Не тантып тұрсың, əй, Əубəкір?! Еңбегі деп əкемнің атты өзің берген емес пе ең? Қимай тұрсаң алып қал, мама ағашта матаулы тұр тұлпарың. (Шарасыздығын мойындап). Əубəкір, түсінер деп келіп ап, түсіп тұрмын торыңа. Əубəкір. Өйткені қара ниетпен келгенсің. Құрманғазы. Еркің білсін олай десең, опасыз. Жалғыз-ақ тек, ұстазымыз ғой, Ұзаққа қылма қиянат. Алданып қалды ол сорлы. Қызды босат көзімше. Əубəкір. Əділдікті тапқан жерін қарай гөр: қалың малын мен беріп, сен алмақ па ең қатынды? Құрманғазы. Күні кеше күллі жұрттың көзінше «əкең малын алдыңа сал да айдап кет» демеп пе еді қария?!.. Əубəкір. Жə!.. Осы болса тілегің, сайтанға тисін сауабы. Тəжікелесіп тұратын уақытым жоқ сенімен. (Солдаттарға). Əкетіңдер мынаны! Құрманғазы (кетіп бара жатып). Жай осылай болды, қош бол, Айжан! Қызғанышым, қымбаттым!.. Айжан (дауыстап). Жо-жоқ! Жай осылай болмайды. Болатын іс басқа!.. Басқа!.. Есіректің құшағына енгенше, мақшарда күтем мен сені!.. Мақшарда!.. Шымылдық.

БІРІНШІ КӨРІНІС 1858 жыл. Орынбор қаласы. Əскери губернатордың резиденциясы. Асыл жиһаздар қойылған кең кабинет. Төрде Ресей елтаңбасы. Кабинеттің оң жағында қонақтар қабылдайтын залға апаратын, ал сол жағында қызметкерлер кіріп-шығып жүретін есік бар. Перовский, Наталья, Савичев, басқа да əскери адамдар мен ұлықтар, бикештер енеді. Зал жақтан оркестрдің мазурканы ойналған үні естіліп тұр. Перовский. Мырзалар, бал жабдығын əзірлеп те қойдыңдар ма? Мəртебелі қонағымыз алдында қалмаймыз ба ұятқа? Бір ұлық. Василий Алексеевич!.. Перовский («тоқтай тұр» деген белгі беріп). Алдын ала айтайын: Браун мырза Жайық форпостарын аралады көбін-ақ. Беталыстарың тəуір екен деп қалды. Екінші ұлық. Қуанышты хабарыңыз қанат бітіргендей біздерге. Бал жабдығы бабында. Əсем биге даярмыз. Перовский. Ол думанға Петербург серісі, генштаб сардары, фон Браун дағдылы даңғаза деп қарай да қоймас. Бірақ... Оны елең еткізердей тағы да неміз бар? Экзотика дегендей?.. Наталья (Савичевке бұрылып). Савичев мырза, кешегі сөзіңіз килігіп тұр ойыма: үн сиқырын саусағына үйірген, аса шебер музыкант – тұтқындағы бір киргиз! (Күйеуіне бұрылып). Василий Алексеевич, жаңағы өзің айтқан экзотика тура соның уысында секілді. Сол сазгерді аз уақытқа болса да, абақтыдан алғызып, тыңдап көрсек қайтеді? Перовский. Домбырасын безілдете білетін бұл өңірде күйші көп. Савичев. Кешіріңіз, генерал мырза. Ол адам шынында да теңдесі жоқ виртуоз һам композитор. Өз бойынан өндіреді не ғаламат саздарды. Өкінішті-ақ отырғаны қамауда. Перовский. Танисыз ба сол адамды өзіңіз?

Савичев. Курман-Гузы Сағырбаев. Өткен жылы оныменен Үлкен өзен форпосында, Фокеево хуторында кездескем. Озық бітім-болмысын бір кісідей білем мен. Ол хақында «Уральские войсковые ведомости» газетіне мақала да жазған ем. Шығып қалар жақында. Перовский. Келістіре мақтадыңыз, Савичев мырза. Ал Питерлік мəртебелі генерал ұйып қала қояр ма екен дəл соған? Тым қораштау емес пе? Наталья (қызына, орнынан тұра). Ой, Василий, жақсы музыка жан баласын сүттен бетер ұйытады. Фон Браун, меніңше, əсерлі сазға əуес жан. Есіңде ме, инспекциядан қайтқанда, «дала жұрты өнерімен таныссамшы» дегені... Көксегенін көрсін де... Перовский. Аяулым-ау, қоймадың ғой қолқалап. Жə, жарайды. (Адъютантқа). Құрман-Гузы Сағырбаев атты күйшіні абақтыдан алдырт. Алабажақ кебенегін сыпырып, сыпайырақ киіндіріп əкелсін. Адъютант. Құп болады, мəртебелім! (честь беріп, шығып кетеді). Наталья. Құрметті бикештер, біз де босқа қаңтарылып қалмайық. Залға барып, қонақтарды күтелік. (Əйелдер залға еніп кетеді. Генерал ұлықтарға «боссыңдар» деп белгі береді. Перовский мен Савичев қалады). Савичев. Жолсапарым аяқтала келді, Василий Алексеевич. Бал басталмай тұрғанда жүріп кетсем деп едім. Уақыт тығыз. Екі-үш күндей Бөкейлікте бөгелем. Перовский (стол суырмаcынан конверт алып). Ендеше Каспий жағалауындағы правитель Мақаш Бекмұхамедовке мына хатты табыс қыла кетіңіз. Савичев. Кешіріңіз, ол кісіні тағы да тергеуге алмақ па? Перовский. Жоқ, осы хатқа қосымша досыңызға жеткізесіз қуанышты құжатты. Демек, оның үлкен-үлкен билікке қолы жетті. Қорғап қалу біраз күшке түсті де.

Савичев (конвертті алып). Табыс етем, Василий Алексеевич. (Залға еніп кетеді. Екінші есіктен Əубəкір Ақбаев кіреді. Генерал оған «отырыңыз» деп орын нұсқай қоймаған соң, Ақбаев өзі жақындай түседі). Перовский. Ал, Ақбаев мырза, азынаулақ уақытымыз бар біздің. (Ақбаев отырады). Сөйлеңіз, сіз жақтағы қобалжуда не мəн бар? Əубəкір. Мəні қиын, мəртебелі генерал. Асқынбаса қайтсін. Перовский. Таймановтың əлегіне де жиырма, Өтемісов өлгелі де он жыл өтіпті. Бұл уақыт ішінде қыруар жұмыс атқарғанымызды, міне, астана да бағалады жоғары. Қайдағы дүрбелеңді қайдан тауып алғансыңдар тағы да? Əубəкір. Ереуілдеп келген ел сабасына сарқылса, Сағырбаев сияқтылар түспес еді түрмеге. Перовский. А, Сағырбаев па?.. Құбыжық тек соның соқа басына тірелсе, абыржудың жөні қайсы ендігі? Отыр ғой ол түрмеде. Əубəкір. Соның өзі бір пəлені төндіріп тұр басыма. Түн баласы тап-тап беріп ауылыма, күшейтіп тұр ысқырығын ызаның. «Ол тордан шықпайынша, мына сендей отаршыға итаршыны құртамыз» деп көкитінді қайтерсің?! Сонда... Перовский. Сонда саған не істемек? Əубəкір. Өйтіп-бүйтіп, əрең ұстап отырмыз. Құдай үшін, бір аптаға болса да, беттерінен қайтқанша, Жайықтағы атаманнан сақшы керек болып тұр. Елдегі игі жақсылармен ақылдасып, алдыңызға келгендегі өтінішім де осы еді. Арызда да жазылған. Перовский. Арызбен де таныспын. Онда Баймағамбет сұлтан, Қарауылқожа секілді инабатты адамдардың қолы бар. Айтыңызшы, Сағырбаев есімі жиі-жиі айтылуда ауызда. Шынымен де қауіпті ме сол адам?

Əубəкір. Қауіпты болғанда қандай! Біріншіден, ел тентегін қоздырып, жылқы жағын ұрлап тұр. Перовский. Жылқы?.. Ал сол адамның ел ауызына тарап кеткен мына сөзін не дерміз? (Стол суырмасынан бір парақ қағаз алып оқиды). «Құдай куə, старшина, көңілім тоқ, қысырдың бір тайын да алғаным жоқ». Осы жолдар сізге арналған емес пе? Əубəкір. Ауылдағы тоғышарлар не десе де аузы бос. Қай қазақтың ауызына... Перовский (сөзін бөле). Тоқтай қал, Ақбаев! Көзбен көріп ұрлығын, қолмен ұстап бермеген соң əлгі сөзге нанбағанда қайтерсің? (Пауза). Дала жұрты тірлігінен біз де ептеп білеміз. Губернатор Перовский оны білмесе, отыра алмайды креслода осынша. Ал тоғышар дегендерің – көпшілік. Ықтияттап қарамасқа болмайды. Сұраққа жауап бер: Сағырбаев ел ішінде залалы мол адам ба? Əубəкір. Өлгендерден қалғандардың залалдысы осы адам. Залалының салмағы саясатта. Перовский. Дерек! Дерегін айт! Əубəкір. Дəріптейтін пірілерінің кім екенін білсеңіз: Исатай мен Махамбет, Сырым Датов, Ақ патшаның бұйрығына бұзық көзбен қарайды. Сол үшін де Астраханьның абақтысын көрген ол. Үркітке де айдаттырмақ болғанбыз. Ақыры Орынбор түрмесіне қаматтық-ау, əйтеуір. Уһ, алла-ай! Перовский. Əйтеуір деген сөздің астарында тағы бір гəп бар сияқты, бүкпей білгіз бəрін де. Əубəкір. Осы мына домбырашы дегеніңіз не пəле?.. Не бар сонша соған тұрған тіреліп? Ал ауылдағы желөкпелер шоң білгір деп – шоқынады! Перовский. Міне, енді түсінікті! Ел алдында биік оныкі, күйік менікі де... Ондайларды бунтарь деп атайды. Бунтарьдің де бұзығы

бар, əрине. Ел жақтаған, сен боқтаған бұл адамды тексереміз əлі біз. Əубəкір. Тексергенде кісен-түрме демей-ақ, кісі көрмес аулаққа асыртыңыз осыны. Перовский. Сіз солайша лепіресіз. Ал мен соны əуелі... (Есік жаққа бұрылып). Адъютант! (Адъютант келеді). Құрман-Гузы Сағырбаев жөнінде тапсырма қалай болды? Адъютант. Мəртебелі генерал, бұйрығыңыз бойынша ол осында. Домбырасы қолында, киімі де өзгеше. (Əубəкір орнынан ұшып тұрады). Перовский. Əңгімем бар оныменен салтанаттың соңында. Əзірше күй тартып, шеберлігін көрсетсін. Адъютант. Құп болады. (Кетуге ыңғайланады). Перовский. Зал есігін ашық қалдыр. Біз де тыңдап отыралық. (Адъютант кетеді). Əубəкір (абдырап). Кешіріңіз, мəртебелім, бұл қалай?! Перовский. Бұл солай, старшина. Өзгелерді тəнті қылған өнерді біз де бір сəт біліскенді қаладық. («Балбырауын» күйі құйқылжи жөнеледі). Əубəкір (өзіне). Құлыптатып қойсам да, жаңғырығы жауымның жарып өтіп барады құлағымның жарғағын! (Екі құлағын қолымен басады). Егер мына жезиек бұл заңғарды жоқ қылмаса біржола, болғанбіткен жерім сол! О, тоба не деп кеттім осы мен?! (Сылқ етіп орнына қайта отырады). Перовский (күйді елти тыңдап). Қанша қайрат-жігер жатыр туындап, түкпірінде түрменің... (Күй асқақтап барып тоқтайды. Генерал Əубəкірге бұрылып, қатулана).

Старшина Ақбаев. (Əубəкір ұшып тұра келеді). Казактардан əскери топ бере алмаймын мен саған. Бейбіт жатқан қалың елге қарулы қол қаптату – барып тұрған бассыздық! Бедел қорлау дегеннің арты болмақ ашыну. Жазатайым жаңсақ аттап қалғанды ақыл айтып жөнге сал. Ұшқыннан от, оттан өрт қоздырып, ауыз содан күйгені де жетеді. Басқашалау қараған жөн бұл іске...Ұқтың ба? Əубəкір. Ұғуын мен отырмын-ау ұғынып. Перовский. Ұққан болсаң одан басқа не керек? Əубəкір. Бұл, тартпайтын дерек керек секілді ғой саяси. Мен қайтсем де сізге соны жеткізуге тырысам. Перовский. Осы-ақ болса байыбына барғаның, енді боссың, старшина. (Əубəкір басын иіп, шығатын есіктің арғы жағына барып, бой тасалайды Нагнибеда келеді). Полковник Нагнибеда, бері келіңіз. (Қалың папканы алып). Сағырбаев жөніндегі іс қағазбен таныстым, қайтарамын өзіңе. Бір мəлімет бойынша Құрман-Гузы Астрахань паромынан өтерде едіреңдеген екі бірдей урядникті ел көзінше сабапты. «Не кричи, не шуми» деген күй шығарыпты табанда. Қазір қалай, тыныш жүр ме түрмеде? Нагибеда. Тынышы тыныш. (Папканы алып). Арестанттар арасында беделі де бөлектеу. Бірде оның камерасы тұсынан өтіп бара жатыр ем, отыр екен безілдете күй тартып. Сол күйді мен түрмеден қашатұғын адамның хабары ма деп қалдым. Перовский (қарқылдап күліп). Рас, рас, музыка əсте тілемейді тілмашты. Тіпті соны көксеуі де мүмкін-ау!.. Қолыңдағы құжаттарға мұқият бол. Ол қағаз ішінде ондап-жүздеп қол қойған петиция жəне бар. Бəрінің де айтуынша, Сағырбаев бейкүнə. Нагибеда. Түсінікті, генерал мырза. Кетуге рұқсат етіңіз.

Перовский. Рұқсат. (Нагнибеда кетіп бара жатып, Əубəкірмен кездесіп қалады. Ішке адъютант енеді). Адъютант. Мəртебелі генерал, өзіңізді күтіп отыр қонақтар. Экипаждан түсіп жатыр фон Браун мырза да. (Перовский залға кете береді. Жарық сөнеді). ЕКІНШІ КӨРІНІС Төбе-төбе болып үйіліп жатқан ақ шағылдар етегіндегі Сағырбай қыстауы. Үйде Алқа мен Əуес, Байғазы жəне басқалар. Неше жыл бұрын қайтыс болған Сағырбайға шек беру рəсімі бойынша ауыл молдасы құран оқиды, отырғандар бет сипайды. Алқа. Жай осылай болды, молдеке. Құрманғазы құлдығымды қуғын-сүргін арамыздан ажыратып, өз қолынан əкесіне бір уыс та бұйыртпады топырақ. Кəрі саулықтың жасындай ғұмыр қалған бұл күнде көріссем мен, тəубе дер ем! Молда. Əкесіне жылда-жылда ас беріп, бір құдайға жалбарынғанда күткенің де сол емес пе, бəйбіше? Байғазы. Сол ғой! Осы отырған Ақ шешем, құдай қосқан қосағы Əуес жеңгей де ағатайды күтудеміз асығыс. Не бопты, қу тақтайға жата бермес жантайып! Молда. Сіздер ғана емес-ау, елі де бар азаматын аңсаған. Байғазы. Осы жағын ескеріп, үлкен шағым жазғыздық қой губернатор атына. Сонда осы елдің құйылғанын көрсеңіз! Қаптап кетті ағатайдың өнеріне тəнтілер. Алқа. Ел ме, елдің жөні бір бөлек!.. Пір тұтады баламды. Күйлерімен баурап алды бəрін де. Жалды күйші деген атаққа да ие болды... Əй, бірақ, тентек қой, албырттығы тағы бар!

Молда. Қапаланба, бəйбіше. Құдай берген дарыны тентегіңе тірегі де айбары да болады. (Бата қылып). Айдай жүзі жарқырап, келіп қалар, иншалла! Алқа. Айтқаныңыз келсін. Құдай үшін, мəзірет қылыңыз мынаны (ақша береді). ҮШІНШІ КӨРІНІС Губернатор кабинеті қайтадан көрінеді. Бал аяқталған. Наталья жəне екі-үш ұлық аса көңілді. Перовский келеді. Перовский. Соныменен, мырзалар, қонағымыз риза болып аттанды ма? Бір ұлық. Риза болғанда қандай! Наталья. Əсіресе, киргиз сазына. Тіпті жақынырақ отырып ап, иығына қолын артты бір мəрте. Өйтпес еді қатты риза болмаса. Перовский (адъютантқа). Шақыр күйшіні. (Адъютант Құрманғазыны ертіп келеді. Отырғандар тымтырыс күйшіге қарап қалады). Ал, композитор-виртуоз, бүгін тартқан күйлеріңіз тəбəрікке татырлық. (Бір ұлық Құрманғазыға бокал толы шарап пен он сомдық ақша ұсынады). Құрманғазы (ұлыққа қарамай, Перовскийге). Өтінемін кешірім. Ащы суды алмаушы едім ауызыма. Өнерді де сатып көрген емеспін. Перовский (бұл сөзге езу тартып). Еңбегіңді енді немен ақтармын? Бəлкім, басқа тілегің де бар шығар? Құрманғазы. Жетпіске де жетіп қалған анамның ақ дидарын аңсадым. Тым болмаса бір сəтке тілдесейін деп едім түкпірінде түрменің.

Перовский. Қабыл еттім тілекті. Бар айтарың осы-ақ па?.. Мəселеңки, азат өмір аңсатпас па адамды? Құрманғазы. Бостандыққа не жетсін! Əттең, бірақ... Аңсадың деп ағытыла салмас-ты қараңғы үйдің қақпасы. Наталья (сөз арасына килігіп). Үйіндегі қатыны би ресми үлкен əкім сіздерде ғана кездеседі деп естимін. Бізде ондай болмайды. Менікі тек білсем деген бір сауал: əлгі тартқан күйіңіздің аты қандай? Құрманғазы. Петербор мейманы үшін «Балбырауын» болсын деп ем. Наталья. Сонда осы сарын ойнақы ойыңыздан өне салған олжа ма?.. Құрманғазы. Шабыт та дер шағының демі ғой. Наталья. Ал, екінші бір марш ше? («Перовский марш» күйдің бір бөлшегі ойналады). Құрманғазы. Марш дедіңіз бе, ханым?.. Күйдің аты «Перовский марш» болсын ендеше. Наталья. Мəссаған!.. Осындай да импровизация болады екен, ə? Қандай құдірет бұл өзі? Бəрекелді! Құрманғазы (өзіне). Мына қатын қайтеді, əй? (Натальяға) Құрметті ханым! Қай жұртта да бар емес пе «тіл-көз» дейтін бір пəле? Торға түскен торғай халін көпсінбеңіз сіз маған. Құдай берді бұл өнерді, мен алдым. Наталья. Кешіріңіз, маған да сол Құдай айт деп, мен айттым. Уақасы жоқ, бізде ондайға «к черту» десе, сол жетіп жатыр. Құрманғазы (ойланып). Білем, білем... Түрме бастығы «Балға барасың» деген соң... Біздің халқымыздың ұғымында тойдың да өз толғағы бар. (Пе-

ровскийге бұрылып). Рақмет сізге, мəртебелім! Мына тұрған аса сəнді сарайда туған соң ба, өзіме де қымбат бұл күйлер. Шырқайды ғой көңіл шіркін осындайда, саясаттың түрмесіне «к черту» деп! (Бəрі қобалжып қалады). Перовский («тынышталыңдар» деген белгі беріп). Бір ұсыныс, Сағырбаев, айтқым кеп тұр өзіңе. Өнерпаздар көп біздің бұл сауық толы сарайда. Соның бірі болыңыз. Бірақ есте болсын – сұрыпталған қауымда саясаттан ауытқымақ айып та! Құрманғазы (терең тебіреніп). Кешіріңіз, мəртебелі генерал. Қала алмаймын сарайда. Перовский. Қала алмаймын?!.. Түсінбедім сөзіңе. Құрманғазы. Сарай маған сахарамдай бере алмайды еркіндік. Отаным мен күтіп отыр отбасым. Перовский. Ендеше анау Ақбаевтай ауылдағы əкімдер жалған сөйлеп жүр ме екен, қырсық-қыңыр біреулермен байланысы бар деген? Құрманғазы. Қырсық-қыңыр өзі екенін айтпаса да мойындаған секілді. Қыр соңымнан қалмаған соң өзімен жаудан бетер байланысым бары рас. Перовский. Ондайлар да өкілі ғой патшаның. Бір жолата баз кешкендей, патша ұстаған саясаттың жат көрінді қай жері? Құрманғазы. Ел құлағы елу болса, түрме құлағы көп емес пе одан да? Ясаулов дейтін атаманы казактың не заманғы қонысында отырған біздің момын ауылдың күлін көкке ұшырған, кетпейсің деп Еділден. Осының да наласы тигізе ме саясатқа салқынын?.. Осы емес пе үлкенірек Ақбаев?.. Наталья. Көкке ұшырған? Жауыздық қой мұнысы! Перовский (ашуланып). Жə, Сағырбаев, доғаралық əңгімені осымен! Түсінікті тура сөздің төркіні. Бұл арада сіз бен біз екі айырық жолдамыз. Адақтай тұр ай-күніңді түрмеде. Қош бол, сахараның сазгері.

(Адъютант күйшіні алып кетпек болғанда, Наталья бөгейді). Наталья. Композитор мырза, мұндай балдан құралақан кеткеніңіз жараспас. Адъютант, дастарқанның дəмін салып беріңіз. Құрманғазы. Мəзіріңізге рақмет, аяулы ханым. Алайда... Көрдіңіз ғой, ащы сырымды айтып ем – жақсыға да жақпадым. Өкінбеймін оныма. Ақиқаттың түбі түрткі кімге де. (Перовскийге бұрылып). Жаратқанның жақсылығын бəрібір... өзіңізден күтем мен. (Кетеді). ТӨРТІНШІ КӨРІНІС Қайтадан Сағырбай қыстауы. Алқа мен Əуес үйде отыр. Алқа (кешкі намазын тамамдап). Күтем мен...Уа, жасаған жаббар ием! Ықылым замандардан ақиқат – қармағынан қазаның қай пендесі құтылған? Алатын болсаң, уа, құдай, алшы мені қор қылмай! Əуес. Тыным таппай кеттіңіз ғой, Ақ шеше! Аман-есен қайтқанын Аллам өзі хош көрер демеп пе еді молдеке? Сабыр етіп, ақ тілеумен күтелік. Алқа. Күтпегенде не қалды... Бір емес-ау, үш дүркін қамағаны батады да жаныма! Əйтпесе, соңынан шырақ алып түскендей не жазығы бар еді Құрмаштың?! Əуес. Əубəкір ғой «екі бірдей қысырақтың үйірі Еділ асып жоқ болды» деп!.. Жоқ пəлені қиып салып мойнына. Алқа. Жылқы айдатқан жыраққа – конокрад дей салу сол сұмпайының əдеті ғой ежелгі. Ал тентегім «отаршыға итаршы» деп ерегесін қоймайды!

Əуес. Қызық өзі... Құрмаш та. Осы жолы мылтықтарын асынып келе жатқан конвойды көзбен шалып алыстан, маған айтты əзілдеп «құрғырдың тас қамауы болушы еді тым суық, шəйді қайнат тезірек, əзəзілдер келгенше балқаймақтың қоңыр шəйін қанып ішіп алайық». (Күліп). Тіпті қуғын-сүргінге балаңыздың еті үйреніп кеткен сияқты. Алқа. Тек, қойшы қай-қайдағыны айтпай. Түрмеге үйренуге бола ма? (Сырттан Байғазы келеді). Иə, Байғазы, қандай хабар алып келдің, шешілетін түрі бар ма? (Пауза). Ау, айтсаңшы енді, зарықтырмай адамды! Байғазы. Жауабы сол баяғы – беймəлім. Ал старшина Əубəкір Орынборға кетіп қапты асығыс. Алқа. Не дедің сен, Байғазы? Не жұмыспен кетіпті? Байғазы. Не болушы еді? Түнекүні Ұзақ атаның асында Құрманғазыны босат деп, жігіттер тап берген жоқ па Əубəкірдің ауылына. (Күліп). Қанша мықты болса да сасқан болар, енді, міне, сақшы сұрап генералға жармасты... Не боп қалды, Ақ шеше, өңің қашып кетті ғой? Алқа. Бекер емес ол кəпірдің Орынборға тартқаны... Ішім сезеді – бекер емес. Тағы бір пəлені төндірмесе балама. Жо-жоқ, біздің осы отырыстан түк өнбес. Ол барған жерге мен де барамын! Бір көрісіп маңдайынан Құрмаштың сүймесем, тыным таппаспын! (Байғазыға). Қазір бар да Ерғалиді ертіп кел, ол орысшаға сенен гөрі жүйріктеу. (Əуеске) Сен аттарды дайында, қоржынды да қарастыр... Қанша азап көрсем де, Құрманғазы құлдығым, көріспесем сенімен өлуге де маған болмайды екен! Болмайды!

БЕСІНШІ КӨРІНІС Қайтадан генерал-губернатордың кабинеті. Басқалар тарап кеткен. Наталья ғана генералдың қарсы алдындағы орындықта отыр. Наталья. Бүгінгі кештің əсерін үйге апарып, мазаңды алып қайтейін. Осы арада-ақ сырлассақшы азырақ. Перовский (күліп). Құлағым сізде ендеше, қабылдауымда отырған əз ханым. Наталья. Күйші айтқан ауылды тұтас өртеп, күлін көкке ұшырғанын біліп пе ең? Перовский. Ясаулов сияқты қорқаулар Омбы жақтан қолдау тауып отырса, білгенімнен не пайда? (Орнынан ызалана тұрып). Көрдің бе, аяулым, кеудесіне нан піскен астам-өктем генералдар Сібірдің тағы жақты күйесін! Наталья. Тым ақ көңіл, əділ-ақсың, Вася. Либерал деп саған айдар тағылғаны бекер емес сияқты. Перовский. Либерал болсам болайын. Өзге жұрттың өзекжарды салтсанасын, ұғымын сыйлай білген саясатқа не жетсін! Əттең, бірақ көп нəрселер қолға түспей, тындырғаным шамалы. Наталья. Түңілуге еш қақың жоқ, Василий. Шевченконы солдаттықтан босатып, Даль сияқты ғұламаны өз жағыңа тартқаның, тіпті Янушкевич, Зелинскийлер жер аударылып, қуғын көріп келгенде... Перовский (сөзін бөліп). Иə, иə, паналаттым, бауырыма тарттым... (Огинскийдің «Полонезі» саз береді). Варшаваны басып алған басқыншы көресіні көрсетті ғой сол тұста. Жəбірленген поляктар ақырында ұқты емес пе қандастығын менімен? Мұндай жандар – туған халқы жүрегіне жол тауып, өз ұлтының еркіндігін көксеген қаһармандар.

Наталья. Сағырбаев ше? Не деп кетті ол жаңа? Перовский. Сағырбаев – қатарында солардың. Тағдырлары тым ұқсас. Таймановтың жалыны жасығанмен мың жерден, Курман-Гузы соның соңғы ұшқыны демек керек. Дүрліктірмей төңіректі соншалық, іштей ғана, əрине... Шынын айтсам, бұл адам Курман-Гузы емес, Дурман Грозы деуге əбден лайық! Ақбаевты айтақтап итше қоссақ, қанды қырғын қозғалы тұр қайтадан. Сондақтан да өзімнің төбетімді төмпештеп, ұстамасқа шарам жоқ. Наталья. Төбетіңді төмпештеуден беделіңе нұсқан келіп жүрмей ме? Тұтқындағы күйшіге іш тартты деп ойлауы да мүмкін-ау. Перовский. Аяулым менің, рас мұның. Сабырлы көл түбінде сайтан жүрмек дегендей, кім жоқ дейсің біздің мына үндеместер ішінде. Таң қалмаймын «Петербургке қайт» деген бұйрық келе қалса ертең-ақ. Жоқ, Сағырбаевтай мақтанышын бір елдің тура құртып жіберу – бері салғанда обал, əрі салғанда жатқан жыланның құйрығын басу болмақ. Мен осының екеуіне де баруға жаратылмаған пендемін. Жəне де, қанша айтқанмен, қатал үкім сыйыспайды өнермен. Сол өнер үкімін орындау да азаматтық парызым! (Дауыстап). Адъютант! (Адъютант кіреді). Ертең сағат тоғызда келсін маған сот бастығы! АЛТЫНШЫ КӨРІНІС Орынбор түрмесі. Темір тор. Бір бүйірде Нагнибеданың столы. Надзиратель иығында қоржыны бар кісендеулі Құрманғазыны кіргізіп, есігін құлыптап кетіп қалады. Мұнда тұтқындар қамауда отыр. Күйші қоржынын ашып, ортаға қояды. Құрманғазы. Жігіттер, сарай сарқытынан дəм татыңдар. (Əзілдеп). Бұл мəзір үшін Государь император ғұзырына тағзым етуді ұмытпаңдар!

(Бəрі күлісіп алып, қоржынға қол салып жатады). Лавочник. Иə, Құрман, елдегіше киініп бір əскери адамның соңын ала кетіп бара жатқаныңды терезеден көріп ем. Қай дөкейдің болып қайттың қонағы? (Тұтқындар Құрманғазыға аңтарыла қарайды). Құрманғазы. Губернатор сарайында бал болды. Мықтымыздың өзі тұрғай, Петербордан келген генерал фон Браунға күй тарттым. Қазақ тұтқыны. Апыр-ай, ə, шыныменен сөйттіңіз бе, Құреке? Құрманғазы (күліп). Сөйткенде де «Балбраун», «Перовский марш» атты күйлерімді төктім-ау! Лавочник. Балға барып солардың бабын таптым десеңші! Құрманғазы. Бабын?!.. Немене, сені көріп «Лаушкені», қалмақ протестантін көріп «Саренжапты» тартқанда, сендерге жағыну үшін тарттым ба? Соның бəрі соқа басқа арнау ғана болмайды! Патшаға да, пақырға да арналғанның жиналғанда күллісі, бір заманның ашылмас па шындығы?! Лавочник. Ойбай, батыреке, менікі əзіл əншейін! Көңіліңе ала көрме! Сегіз қырлы сендей адам өйтпесе, бұл заманның кім ашады шындығын? Қабылдауы қалай болды, соны айтшы. Құрманғазы. Теріс емес, əсіресе өнерге. Жылы-жылы сөздер айтты үзілместей үмітім. Лавочник. Е, несі бар, ол жердің құтқарам десе қолы ұзын, төбеттері төменгі айнытпаса азғырып. Құрманғазы. Шешемменен кездесуге рұқсат алдым. Қазақ тұтқыны. Жолы бар-ау көрісудің басқа да.

Құрманғазы. Бұл сөзіңнің төркінінде не жатыр? Қазақ тұтқыны. Төркінінде дейсің бе? (Камера бұрышына барып, бүркеніп жатқан тұтқынның үстінен шапанын көтеріп «сен қалайсың» деп сұрайды. Ол «ой, Алла-ай» деп ауырсынады). Міне, қара, бұл сорлыға жаңа ғана дүре соққан, шықпадың деп тазалауға ауланы. Қалмақ тұтқыны. Бір аптада он адамды дүреге жықты осылай. (Сыбырлағанмен даусы зілді). Ол ол ма, екі бірдей арестантты тергеусіз-ақ аттырыпты жауыздар! Қазақ тұтқыны (жатқан адамды көрсетіп). Бұл боздақтар бір кездерде Исатайдың сарбазы да... Ызасы əлі суынбай келеді ғой, Құреке! Бəріміздің түбімізге жетеді. Лавочник. Сондықтан (орнынан тұрып келіп, сыбырлап). Сен жоқ жерде ұйғарып ек қашып-пысып, құтылмақты құлыптан. (Пауза). Құрманғазы. Құлып, құлып... Қарғыс атқан түрмеден қу далаға қашқанмен қайда барып оңасың? Жə, оны қоя тұралық. (Домбыраны алып кеудесіне қыса түсіп). Бұған сен не дейсің, жан досым? Тоқтай тұр, қайғыдан өнген қайраттың баға жетпес құны бар дей ме... Құдай-ау, бұл домбыра не деп тұр?! (Домбырасын екі дүркін қатты-қатты қағып жібергенде, репродукторда «Сарыарқа» күйінің кейбір бөлшектері ойналып өтеді). Қалмақ тұтқыны. Ағатай-ау, мынауың қазақ тұрмақ, біздің қалмаққа да əнұран болғалы тұрған дүние ғой. Бүгін соны бүтіндеп, тартып берші сазындай ғып Саренжапқа арналған. Құрманғазы. Əй, қалмақ баласы, құлағыңа құлдық! Асықтырма бірақ. Сағаты соққанда бұл күй де келер дүниеге! (Тұтқындар «Бəрекелді!..Жөн-жөн» десіп даурығып қалады. Мұны естіген надзиратель «Бастық келе жатыр, тараңдар» деп бəрін камераларына тығады).

ЖЕТІНШІ КӨРІНІС (Қолында папкасы бар Нагнибеда, оны өкшелей Əубəкір шығады. Бүйірдегі столға отырады). Нагибеда (кісімсініп). Қинама, іс қағазын көрсетпеймін мен саған. (Папканы сейфке салып). Бұл құжаттар ерекше құпияда сақталмақ. Заңы солай! Əубəкір. Полковник мырза, құпияңды көрсет деп, буынсыз жерге пышақ ұрып қайтем? Алайда талайғы тамыр адамбыз ғой, бір қолқамды орында. Нагибеда. Ол қандай қолқа, старшина? Əубəкір. Байқауымша, Перовский Сағырбаевтың сағын сындырмауы ықтимал. Ол бостандыққа шықса, мен құримын. Тарыққанда табылшы! Нагибеда. Ал менің байқауымша, құр əншейін үрей сенің осының. Өзің өктем істер істеп аласың да, көлеңкеңнен қорқасың. Ал «қорыққанға қос көрінбек» – рəсім. Басқа-басқа, мен білетін сіздің жұртқа жайшылықта кісі өлтірмек жат қылық... (Əубəкір қалтасынан бір буда ақша шығарып санайды). А-ал, жоғарыдан босат деген жарлық келсе қайтпекпін? Əубəкір. У ішіп өлді десең де уысыңда тұрған іс. Аттың құны алпыс мəнет тұсында мына үш, жоқ, төрт жүз сом аз емес. Осыны ал да орайына келтір. Нагибеда. Ай,тамыр-ай, қоймадың-ау қолқалап! Бірақ мен əскери адаммын ғой, арнайы берген антым бар. Өзің көріп отырғандай, менің басым екеу емес, біреу-ақ! Əубəкір. Құмдағы бір киргыз өлген екен деп, басыңды алмас. Инспекциялық тергеу қайта айналып келгенше жыл өтеді арада, оған дейін Сағырбаев сүйегі қурап-құрып бітпей ме?! Ақшаны Нагнибеданың қалтасына тығады.

Нагибеда (көңілденіп). Нар тəуекел! Тап сен айтқандай болмаса да, бір жолын қарастырып көрейін. (Тамағын шертеді). Мынаған қалайсың? («қарсы емеспін» деген емеурін байқап). Атамыздың асы ғой бұл, өкінсе де, бір нəрсеге бекінсе де ішетін. (Сейфтен бір шиша алып, екі стаканды толтырып, екеуі тартып жібереді). Дос тамырға əрқашан менің қызметім. Тағы бар ма бұйымтайың? Əубəкір. Қас дұшпанды тарықтырып, табаламақ ғанибет. Айтарым бар. Тұрғызшы өзін айдап келіп алдыма. Нагибеда. Ол чепуха! (Дауыстап). Ей, надзиратель! (Надзиратель кіреді). Төрт жүз жетінші тұтқынды айдап əкел! Надзиратель (барып, камера есігін ашып). Тұтқын Сағырбаев! Бастық шақырып жатыр, жүр тезірек, бол! (Күйшіні алып келеді). Құрманғазы (тіксіне). Əубəкір?!.. (Залға қарап). Қарыққан көздің алдында – қанды ірің деген осы да!.. Əубəкір (масаңдау қалыпта, күйшіге жақындап). Сағырбаев, күтпеп пе едің мені сен? Тым ұнатпай қалдың ғой. Сен өйтсең де, ауылдастың бірі деп, жөн көрдім мен сұқпаттасып кетуді. Оғаш оның қай жері? Құрманғазы. Полковник! Өтінемін, мені дереу камерама қайтарыңыз. Нагибеда (көлгірсіп). Неге? Ауылдас аты – ауылдас. Бəлкім, елең еткізер ел хабарын айтар ол. Сабыр-төзім дегенді ысырап қылмай ызаға, тыңдаған жөн бір ауық. Құрманғазы. Арам ауыздан опалы шындық шықпасына көз жеткеріп аттанғам мен ауылдан. Əубəкір. Опалы шындық ол елде болмай жатса, соны айтпай нені айтам? Сенің кесіріңнен ақыры Ұзақ та өлді... Айжан да өлді, өзіне

өзі қол жұмсап. Бұрынғының үстіне, екі өлімге ортақ болған енді сен... Бəрінен де оздым деп, ойқастаған домбыраңды отқа жақ! Бұдан былай ел күтер деп ойлама. Айжан жолымен аттанып, көзден ғайып болмасаң, құтылмайсың құлыптан! Құрманғазы. Қайран өнер қаршығасы! «Болатын іс басқа» деп ең, болып тынған екен ғой! Мəрт ұстазым Ұзекең, сен де кеткен екенсің! (Қиналып). Өртеніп кетті-ау өзегім!.. Қайратым қайда, келмеуші ме ең осындайда?! (Көпе-көрінеу еңсесі түсіп кетеді). Əубəкір. Рахмет сізге, полковник! Айтарымды айтып мен де түгестім. Қош бол, сарғыш саздың сардары! Нагибеда (масаңдау қалыпта). Надзиратель! (Надзиратель келеді). Қама, апарып тұтқынды! (Құрманғазы кетуге бет алып тұрып сəл аялдайды. «Ақбай» күйі басталады). Құрманғазы. Ей, Əубəкір! Менің күнімді қанқұйлы қаскөй сен емес, басқа да емес, тағдыр өзі тауысады. Оған дейін алма кезек опық жесіп, «ойнармыз» сіз бен біз! Ал əзірше еңсемді бір езуге ездің сен... (Надзиратель Құрманғазыны алып кетеді). («Ақбай» күйі сарнап барып «Қайран шешем» күйіне ауысады. Авансценаға Алқа, қасында иығына қоржын асынған Ерғали шығады). Алқа (күйге құлақ тосып). Естимісің, Ерғали, Құрмашымның сағынышты сазы бұл! Ерғали. Ана жүрек алдамайды қашанда! Иə, Құрман ағам шақырып тұр, Ақ шеше! (Күй фонында репродукторда дастаннан үзінді оқылады). Қайран шешем! Қайран шешем! Сағындым! Жаңа бір сəт жанарыңа шағындым. Көз алдымда күллісіндей бар болдың Көк теңіздің, Ақ Жайықтың, шағылдың.

Қайран шешем! Дүр сілкінер Жайықта Дүбір бар ма, əлде бүгін ғайып па? Қан төгілген Бекетайда қызғалдақ Қызыл шақа алақанын жайып па? Қайран шешем! Жан емессің жүргінші, Аялдашы, аз ғана бір жүгінші. Жүрегімде елге деген сазым бар Қайран шешем, қайран шешем, ұғыншы! (Күй шалқып барып тоқтайды. Алқа мен Ерғали сахна төріне көтеріледі).

СЕГІЗІНШІ КӨРІНІС Надзиратель. Кімге келіп жүрсіңдер? Алқа. Ұлым жатыр еді осында. Ерғали (қолымен бейнелеп). Домбыраны былай-былай жіберетін жосылтып. Надзиратель. А, Құрманғазы ғой. Көрісуге рұқсат қағазыңыз бар ма? Алқа. Ол болмаса түрмені төңіректеп неміз бар? (Қағазды береді). Надзиратель (қағазды оқып, камераға барып, есігін ашады). Құрманғазы! Құрманғазы. Иə, не болды, жігітім? Əміршің бе тағы да? Надзиратель. Жо-жоқ. Анаң мен бауырың кеп тұр. (Алқа мен Ерғалиға). Ал, кəне, ішке кіріңіздер. Он-ақ минут тілдесесіз тек қана. (Келген екеуі ішке енеді). Алқа. Тар қапаста тарығып, жатырмысың, жарығым? Маңдайыңды берші, құлдығым!

Ерғали. Айналайын, Ақ шеше, кезегімді кешіктірме менің де. (Құшақтасу, көрісу). Құрманғазы. Қайран шешем, қайран менің Ақ шешем! Ел-жұрт аманесен бе? Алқа. Ай орнынан тұрғандай, күн орнынан шыққандай, ел баяғы баз қалпында өзінің. (Қоржын ашып, алдына қояды). Ауыл дəмін сағынған да шығарсың. (Баласының бетіне ерекше үңіліп). Жүдеп қапсың ғой, жаным-ау. Ақ кіріпті шашыңа. Еңсең неге түсіңкі? Ерғали. Абақтыда қайда болмақ ақ жарқын?! Құрманғазы. Дұрыс айтады Ерғали. Босатар деп болған едім үміткер, үзілгендей сол үміт. Старшина Ақбаев келіп кетті жақында. Алқа. Қай бетімен келіп жүр ол қара бет? Құрманғазы. Бет дейсіз бе?.. Бастығымен түрменің қол шығарып бір жеңнен, құртпақ мені біржола. Сіз жасырып отырған Ұзақпенен Айжанның ақ өлімін қап-қара ғып сол айтты, сұрағандай сүйінші. Бұл жалғаннан түңілгендей түрім бар! (Көзіне іркіле қалған жасты жұдырығының сыртымен сүйкеп жібереді. Алқа баласының жағынан шапалақпен тартып қалады). Алқа (қатал бетінен қайтпай). Бұ қазаққа еңіреген ер тудым деп жүрсем, езін туып беріп пе ем?! Жаман үйдің ішінде жасығаның неткенің?! Көздің жасын көрсетпе! Ерғали. Айзымды қандырдың-ау, Ақ шеше! Құрекеме қуат береді бұл ісің. Еркектермен бəсекеде баяғы құнан өгіз көтермес ең, сен осылай жаралмасаң о баста!.. Құрманғазы. Қайсыңа да ризамын. Айып менде. Шынында да бор емес, болат екеніме күмəнданба, Ақ шеше.

Надзиратель. Сұқпаттасу сəтіңіз тамам болды. Камераны босатыңыз, бабушка. Алқа (ұлының маңдайынан сүйіп). Бəсе, солай де! Амалың əлі таусылған жоқ, құлыным!.. (Ерғали Құрманғазымен қоштасқан боп, күзетші көзін ала, күйшінің қойнына кісен қияр егеуді сүңгітіп жібереді). Ерғали. Қайыр, қош, көріскенше күн жақсы болғай (құлағына сыбырлап). Күтеміз!.. (Құрманғазыдан басқасы кетеді). Құрманғазы (егеуді алып). Осы екен ғой Ақ шешем мен ағайын жұрт амалы... Дəл кезінде! Келтіреміз орайын! («Түрмеден қашқан» күй фонында өлең оқылады. Прожектордың айқыш-ұйқыш сəулесі ойнап, күн күркіреп, найзағай от шашады).

Бақыттан көз жаза қойман, іздеңдер! Енді қалған аз-ақ айдан іздеңдер! Қараңғыда көзге түссін көлеңкем, Бір жарқ еткен нажағайдан іздеңдер! ТОҒЫЗЫНШЫ КӨРІНІС Правитель Мақаш Бекмұхамбетовтің «Көк үй» деп аталатын резиденциясы. Төрдегі қабырғада Жəңгір ханның портреті. Мақаш газет оқып отыр. Бір сəт алысқа көз тігіп, ойға шомып қалады. Кіре берістегі қыбылдау бөлмесінде орыс тəптеші өз ісімен шұғылдануда. Мақаш. Апыр-ай, ə?! Моцарт, Бетховен, Шопен, Глинка жəне Сағырбаев! Со-олай деңіз! (Ақбаев кіріп келеді).

Əубəкір. Сау-саламат болғайсың, Мақашжан. (Қол беріп амандасқан соң, графиннен су құйып ішеді). Уһ, күндік жерге шапқан ат та мына мендей болдырмас. Орынбордан кеше ғана оралып ем. Мақаш. Бəсе, көрінбей кетіп едіңіз. Əубəкір. Жəй əншейін... Фон Браунды Орынборға шығарып салуға тура келді. Жасың кіші болса да, правитель атағыңды аттап өтіп, губернаторға барудың жөн емесін білем ғой, ол жағына соқпадым. Мақаш. Сөйте қойды деп отырған мен де жоқ. Ал Браун мырза біздің жақтан қандай əсермен қайтыпты, біле алдыңыз ба? Əубəкір. Оң пікірде деседі. Əңгіме онда емес, басқада боп тұр. (Пауза). Перовский маңындағылардың айтуынша, Құрманғазының жеке ісін губернатор өзі қарапты... Ал керек болса! Міне, бұлжайсыз жағдай. Мақаш (қызықтай қарап). Құрманғазы хақында менде білем біраз сыр... (Қылыш асынған казак сотнигі кіріп келеді). Сотник. Кешіріңіз, правитель мырза. Бір шұғыл мəселе жөнінде кешеулеп қалам ба деп қорыққасын, жеткенім бұл тездетіп. Мақаш. Аптықпай-ақ мəлімдеңіз мəн-жайды. Тек қысқа ғана. Сотник. Біздің линияда қателесті бір унтер. Сіздің бұйрық бойынша сол кісіміз алыну шарт қамауға. Мақаш. Сонда маған не айтпақсыз? Сотник. Босатуға тұтқыннан өзіңізден əділ жарлық күтеміз. Мақаш (қатулана). Солай деңіз, сотник. Жайықтан бергі қазақ пен казак шекарасына, чертаға тақау отырған құм қазағының жас баласын

тəтті беріп алдап, «бегущяя мишень» орнына ары-бері жүгіртіп ақыры сол баланы атып өлтірген маскүнем офицерді айтасың ғой? Босат деп қай бетіңмен келіп отырсың?! Сотник. Ол генерал Горчаковтың жіберген адамы еді. Абайсызда қызбалықпен болған іс. Мақаш. Адам өлтіру де абайсызда болатын ағаттыққа айналып бара ма? Орта ғасыр озбырлығы, анығына келсек, айуандық деп қайда да осыны айтады, сотник мырза! Сотник. Бұл күллі əскери құрамының өтініші. Босатылмаған жағдайда жоғарыға, Омбы жағына мəлімдеуге мəжбүрміз. Мақаш. Қоқан-лоққыны қойыңыз. Мен де жаздым рапортты. Бастығыңа айта бар: ол опасыз аяқ-қолы бұғауланып, итжеккенге айдалады. Қол қойылды бұйрыққа. Сотник. Кешіріңіз, ондай құқық өзіңізде қалды ма? Үстіңізден тергеу ісі жүруде. Бұл жағдайды біз білмейді дейсіз бе? Мақаш (стол суырмасынан қағаз алып көрсетеді). Бері келіп, сауатың болса оқып көр. Мына құжатқа кімнің қолы қойылған? Сотник (қағазға үңіліп). Иə, иə, губернатордың өз қолы... Кешіріңіз, правитель мырза, қайтып алдым сөзімді. Мақаш. Болды, бітті əңгіме! Енді боссың, сотник! (Сотник амалы құрып, жік-жаппар болып, шығып кетеді). Көрдіңіз бе, Əуке, арсыз неме арқа сүйерін алға тартады. Осыдан үш күн бұрын Уақытша Кеңестің куəлігі түсіп еді қолыма. Əлгі сорлы қайдан білсін бұл жайды. Əубəкір. Бəрекелде, Мақашжан. Бір пəледен құлан таза құтылыпсың, құттықтаймын!.. Қатал үкім қажет болған бір іске мен де сенен

сұрай келдім əділдік. Сотник құрғыр бөліп кетті ойымды. Мынау еді айтпағым: Құрмағазы Сағырбаев та каторгаға айдатуға тиісті. (Пауза. Мақаш екеуінің көздері аңдысып қалады). Мақаш. Орынбордың түрмесіне қаматтырған жоқ пе едіңіз сіз соны? Əубəкір. Тас қамауда жатқанына қапы жоқ! Бірақ губернатор босатудың жағында ма деп қалдым. Мақаш. Солай етсе əбден дұрыс болар еді. Əубəкір. Несі дұрыс?.. Құрманғазы жылқы ұрлаған жымысқы, қыз ұрлаған қылмысты. Осы жайды жырлаумен-ақ келем ғой мен өзіңе! Мақаш (стол үстінен газет алып). Мұның бəрі маған дейін болған іс... Мына газетте Савичевтың мақаласы басылған. Саз өнерін жете білгіш журналист Құрманғазы күйшінің музыка əлемінің жарық жұлдызы екенін айырықша атапты. Соны ойласам бір өкініш қабырғамды қайыстырады. Əубəкір. Күйшілігі кімге сеп? Сен де, мен де тартып жүрген домбырамыз емес пе? Мақаш. Жо-жоқ, Əуке! Құрманғазының құдіреті өзгеше, мүлдем өзгеше! Қайталанбас өнерімен сан ғасырлар самғайтын ұлы тұлғаны олай демек обал ғой, ұлтымыздан ұят-ты. Ел басқарып отырған екеуміз бүгін бар да, ертең жоқ. Бұл – бір. Халық махаббатына қол жұмсау қарымтасыз қалмайды. Бұл – екі. Əубəкір. Əй, Мақашжан, айтпады деме «күндердің күні болғанда бас кесермін» деп сұлтанға шүйліккен бөрінің бөлтірігі босап шықса, отбасыңды ойрандаудан тайынбас. Мақаш. Бұл екі деп те соны айттым ғой əлгіде. Ол – ол ма, «Северная пчеладағы»мына бір мақаланы қарашы. Авторы – Салық Ба-

бажанов. Ол кісі Иосиф Железновты қатты-қатты сөгеді – жылқы ұрлағыш, жыртқыш деп бүкіл қазақ жұртына күйе жаққаны үшін. Салық оны сандырақ деп түйеді. Ал сіз сол сандырақтың отына май тамызып отырсыз. Турасын айтайын: Құрманғазы туралы ойыңызды құптамаймын. Əубəкір. Сонда қалай, менен саған болғаны ма ол артық? Мақаш (қатуланып, «сізден» «сенге» көшіп). Ат та, қыз да ұрлаған жоқ ол сенен. Керісінше, еш негізсіз кектен туған кейістік кесіп тастап отыр оның қадамын. Ел басқарып, сыртпен, ішпен сырласып отырып та, соның бəрін мен білмеуім керек пе? (Түтігіп). Мына сен – старшина өз тілімді өзіме тістеттіріп отырған. Мойындаймын: бір өзіңді қимастығым – қылмысым! Əубəкір. Маған таза көрсеткен қызметіңді қылмыс деме, шырағым. Екеуміз де ақ патшаның арымыз. (Савичев кіреді, Əубəкір ресми тілге көшіп). Правитель мырза, əлгі жағын ойланарсыз əлі де, қабырғаңмен кеңесіп. Қош болыңыз. (Кетеді). Мақаш (орнынан тұрып, қол алысып). Иван Петрович, балықшыларға барып та үлгердіңіз бе? Савичев. Рақмет, досым. Айтса айта қалғандай сапар болды бұл өзі. Адамдарың тапсырған құрақ ұша құптады. Мақаш. Жақсы құжат алып келген досымнан немді аяйын? «Бар мəзір де, жоқ-жай» дейді біздің қазақ мұндайда. Савичев (сəл ойланып). Бір нəрсені есіңе салып кеткім келеді. Орынборда Перовскийден басқасы Бекмұхамедов дегенге іштері жыли қалмайды. Сен туралы досьемен таныспын. Мақаш. Ойыңды сабақтайын өзім-ақ. Правитель дала дегберсіздігін көксейтұғын азат ойлы жандарды іш тартады деп жүр ғой. Айта берсін. Ит үрді деп, керуен көшпей қалмаған. (Күледі). Савичев. Басқасы басқа болсын-ақ, жансыздарды өз ауылыңа кіргізіп, өз ауылыңа үргізіп қоюы да ықтимал. Жаңағы бір мырзаңыз

кім болды? Күлкі орнына күрек тісі ақсиып, екі көзі ойнақшып тұрады екен өзінің. Мақаш. А, ол сенімді адам, инабатты Ақбай қажы ұрпағы. Савичев. Маған бейтаныс сол кісіні үш күн бұрын осыдан көргенім баргубернатор кеңсесінің алдында. Мақаш (таңырқап). Ə, сөйтіп пе?.. Бала кезден аға тұтқан кісімнің біреуі-ақ деп жүруші ем... Ескерткенің дұрыс болды ендеше... Савичев. Кешір, Мақаш досым. Мен іштегі күдігімді ғана аңғарттым. Империя болған соң оның саясаты ықылым заманнан белгілі – қазымысың, қажымысың оған бəрі бір. Халықты тұнып тұрған сүт десек, сол сүттің бетіндегі қаймағын қалқып алу оған түк емес. Біртуар Құрманғазы туралы мақала жазғанда да осы жағын ойладым. Бұл адамға губернатор назарын да аудардым. Реті келсе күйшіге қол ұшыңды бергейсің. Мақаш. Мұның үшін алғыс қана айтарым. Еліне қорған болар ерлерді сақтап қалу керек-ақ! Жұртымның жұтаң тағдыры езіп жүр-ау еңсемді. Савичев. Ал, Мақаш Бекмұхамбетович, жаратқан өзі жар болып, аман-есен жүргейсің. Қош бол, қымбаттым! (Екі дос сəл үнсіз отырып қалады). Мақаш. Жолың болсын, ізгі дос. (Құшақтасып қоштасады). ОНЫНШЫ КӨРІНІС Сағырбай қыстауы. Қора-қопсы алдындағы алаңқайда Алқа мен Əуес, Байғазы. Əуес (алысқа қарап). Аттарынан түсіп жатқан анау екеуі кім болды екен, апыр-ау?

Байғазы. Қасындағы сақал-мұрты сапсиғаны – бейтаныс. Ал бергісі – Ерғалидің өзі емес пе кəдімгі. (Ерғали келеді, қолында Құрманғазының домбырасы. Ал серігі көппен ісі жоқтай, қора-қопсыға аңтарыла қарап, артында қалады). Ау, Ереке, анау тұрған ағатайдың өзі емес пе?.. Неге үндемейсің? Құрман аға ма, құдай-ау?! Ерғали. Ол ма, ол менің серігім – Дəурен атты дəруіш. Орынбордан бергі жерді адақтап, осы ауылға тіреп қалды ат басын... Алқа. Енді келсем, өзім-ақ ертіп келем дегенің қайда?.. Уһ, Аллаай, сол жолы деймін, түрмеде шапалақпен сипағаным бекер болды-ау Құрмашты... Онсыз да жаралының жанын күйзелтіп... (Көзіне жас алады). Ерғали. Сабыр етіңіз, Ақ шеше, о дүниеде Сəкең де арыз беріп жатқан шығар құдайға, босаттыр деп баламды... (Пауза). Əуес. Тоқтай тұр, сен ұстап тұрған мына домбыра Құрманғазының домбырасы ғой, құдай-ау! Алқа. Көрсетші... Менің көзім көруден де қалды ма?. (Үңіліп қарап). Нағыздың өзі! Сенің қолыңа қалай түсті бұл, қалқам? Ерғали. Ендеше... (Жадырап). Ана мен жары танып қойды табанда! Домбырасы бұрын келді Құрекеңнің өзінен. Əй, дəруішім, жақындай бер! Міне, алыстан күткен баршаңыз Құрманғазы ағаның өзі келіп тұрған жоқ па алдыңа?! (Алқа мен Əуес Құрманғазыға жармаса кетеді. Апыл-құпыл құшақтасып көрісу «Серпер» күйінің фонында өтеді). Алқа. Ерғали-ау, бұл не «бұқтым-бұқтым»? Аттың терін аядың ба? Сүйіншіге күндік жерден шаппас па еді мұндайда?!

Құрманғазы. Айналайын, Ақ шеше, айыптама Еркешті. Өзім бəрін ойластырғам осылай. Талай-талай тар жолдан тура келді осылайша өтуге. Жол-жөнекей дос бар жерде дұшпан да бар емес пе? (Құрманғазы Əуесті шашынан сипап, құшағынан босата қоймай тұрады). Алқа (дегбірсізденіп). Жоқ, жарығым, Əубəкір-ақ əкіреңдеп, ұмытып еді құдайын! Бұқтым-бұқтым біткен шығар осымен. Аққа құдай жақ дегенің осы да. Қалай өзі, босатты ма біржола? Құрманғазы (көңілді). Біз секілдіге шарт дегізген шапалақ та шарапат. Бір жарқ етті найзағай – біз де келдік, мінеки! Нағыласың арғы жағын айтқызып? Алқа. Хош, ендігі істі атқаралық ел болып. Шақырыңдар бəрін де думан тойға – жиынға! (Дабыра ұлғая бергенде, «Серпер» күйі күш алып кетеді. Халық тегіс жиналды). Құрманғазы. Айналайын, ағайын. Маңдайыңнан сипамай, сабап та сабақ береді екен бұл өмір. Азайған жоқпын, көбейдім мен қамаудағы өміріммен өзімше. Бақ ұстаған оң қолын да, сор ұстаған сол қолын да патшаның өнеріме арқау еттім əлімше. Соның бəрін қосқанда кісіліктің кісенделген заманы шеңгеліме шақ келді... Сол деп білем қолдағаны құдайдың. Түңілем де өмірден, түгенделем осылайша қайтадан. Алайда мен əзірше алдым ашық демеймін... (Қылыш асынған казак сотнигі көрінеді). Əне, тағы, үйреніскен сүмелектің біреуі сүйретіліп келеді! Сотник. Ау, халайық, тойдың шырқын бұзбайын... Бірақ біз атқарар жұмыс бабы жұпыны ғой. Құрманғазы Сағырбаевты шақырып кел деп еді. Мынау міне – повестка. («Пəбеске» күйі саз береді). Алқа. Əй, жандарал, шалтай-балтай не знай. Босатылған балам, онда қандай жұмыстарың бар енді?

Сотник. Мен бұйрықтың құлы ғой, бабуля. Шақыр дейді, шақырамын. Дауыстар (өрікпіп). Айтылды ғой анығы. Азат болған азаматқа тиіспей, айда марш отсюда! Сотник. Бармаса да өзі білсін мырзаның... Алқа. Сен, қарағым, мүлəйімсіп-мүлгімей, жөніңді айтшы. Қазір алып кел деп жатқан қай дөкей? Сотник. Правитель Мақаш Бекмұхамедов. (Жұрт жым-жырт. Тек «Ма-ақаш? Мақаш дей ме?» деген сыбыстар ғана естіледі). Құрманғазы. Ау, ағайын! Айызымыз қанғанша думандатып той қылдық. Алдаразы болсын, ризамын сендерге. (Сотникті нұсқап). Оған бекер тиіспей-ақ енді тарай беріңдер. Қанша тықыр таялса да, ендігісін қалдырыңдар өзіме. (Жұрт қоштасып тарап кетеді. Сахнада Құрманғазы, Алқа, Əуес, Байғазы жəне сотник қалады). Алқа (Құрманғазыға). Қолға дербес тиді ғой, білісіп көр анаумен қай шақыру мұнысы? Құрманғазы (сотникке). Сен де мендей барысың ғой біреудің. Шыныңды айтшы, беті қалай правитель мырзаның? Сотник. Шынымды айтсам, жалпы өзі беті қатты кісі. Бір жолы мен өз адамның тағдырына ара түспек болып ем, қуып шықты кеңседен. Құрманғазы. Иə, правитель дегенің – правитель қашанда. Аямай-ақ бейкүнə айдатқанда Ақбаев, Мақаштан бұрынғысы мені ұстаған атаманға жұмған аузын ашпаған. (Шешесіне). Бой тасалай тұрсам ба екен бармай-ақ?..

Алқа (сотникке). Əй, жандарал, қазақшаны қанша судай сімірсең де, сөзің ұнап тұрған жоқ. Мақаш сұлтан елді өзіне қаратқалы қаматпаған ешкімді. Жоқ, алды қатал екен деп естімедім. Қайта халық мақтайды сол Мақашты! (Құрманғазыға). «Шақырғанға бар, шаққаннан қаш» демей ме... Бəлкім, осы шақыру – жақсылықтың нышаны. Барғаның жөн, шырағым. Əуес. Шешем күткен мейірімді менің де ішім сезгендей. Құдай деп-ақ айтайын, осы арада бір жақсылық тұрғандай, бар осыған! Құрманғазы. Солай ма? Байғазы. Əрине, солай. Өзің ойлашы, қай қылмысың ұстатады қайтадан? «Жаптым жала» біткен шығар жазғырып? Құрманғазы. Алла дескен ауыздарың шығып жатыр бір жерден. Нар тəуекел ендеше! Ендігі сөз: қандай сапар мені күтіп тұрса да, балқаймақтың қою шəйін қайтадан бір қанып ішпей, атқа тақым артпаймын. Нақ сүйерім Əуесжан, шəйдің қамын қарастыр. Қайран шешем ақ батасын содан кейін аламыз! («Балқаймақ» күйі саз береді). ОН БІРІНШІ КӨРІНІС Мақаштың резиденциясы. Мақаш кабинетінде əлдебір іс қағаздарын қарап отыр. Қоңыраулатып тəптішті шақырады. Мақаш. Осында көп кешікпей Құрманғазы Сағырбаев келуге тиіс. Сол адамды дұрыстап қарсы алып, маған жібер кідіртпей. (Тəптіш шыққан бетте кабинетке Əубəкір кіріп, үнсізтілсіз орындыққа отыра кетеді). Əубəкір. Сəлемет болғайсыз, Мақаш мырза. Орынбордың түрмесінен босанып, əкесінің үйінде дүйім жұрттың басын қосып, думандатқан бұзықты сіз шақыртқан деседі. Рас па осы?

Мақаш. Рас-рас. Аман-есен қайтыпты ғой қара қыстау басына. Əубəкір. Қайтудың да қайтуы бар. Қандай жолмен қайтқан екен сол өзі? Нагнибеданың айтуынша, өрмекшінің торын бұзып шығалмайтын шыбындай-ақ күйде еді ол. Мақаш. Перовский бұйрығымен болған іске не дер ең? Əубəкір. Тегі соның дұрыстығын тексеру де керек-ау. Мақаш. Ол өзінше. Мен əуелі үстімізден аттап өтіп, губернатор алдына баса-көктеп барғышты тексерсем бе деп едім. (Пауза). Екі мəрте кездескенде екеуміз осыншалық сырдың беті ашылды. Оны қойып ендігі сөз ішінде, үшінші рет болсын деп те шақырттым мен өзіңді. Əубəкір. Бүйрегің шын бұра тартқан онымен, əңгіменің ішінде, мен немене бітірем? Мақаш. Ақ-қарасын анықталық екі беткей егестің. Кінəласып көріңдерші көзімше. Əубəкір. Айналайын, Мақаш мырза, шұғыл-шұғыл шаруам бар. Бола алмаймын бұл əңгіме ішінде. Мақаш. Айттым – бітті, кестім – үзілді! Боласың деген соң, боласың! Əубəкір. Кешіре гөр, Мақашжан. Правитель бұйрығы бұл десеңіз, əрине, кете алмаймын ешқайда. (Ішкі қалтасынан бір парақ қағаз алып). Өтінішім жалғыз-ақ, қарап шықшы осыны. Мақаш (қағазға қарап). Иə, бұл өте күшті айтылған сөз екен! Əубəкір. Ел ауызынан жазып алдым. Сөз соныкі деседі. Құдай біледі, халық айтса қалт айтпайды, сөз соныкі. Енді соны өзіне мойындату керек-ақ. Бəлкім саған жалған айтып жалтармас. Мақаш. Несі бар, сөз кімдікі екен, оны содан сұрауға да болады.

(Қолына домбырасын ұстаған Құрманғазы қабылдау бөлмесіне енеді). Тəптіш. Хош келіпсіз, ағатай, правитель күтіп отыр, қазір мен... (Кабинетке еніп). Мəртебелім, Сағырбаев келіп тұр. (Отырған Əубəкір қозғалақтап қалады). Мақаш. Кірсін де... (Орнынан тұрып, екі қолын соза қарсы алады). Ассалаумағалейкум, күйші аға! Құрманғазы (қол берісіп). Уағалейкумассалам. Ілтипатыңа көп рахмет, правитель мырза! Орын болса есікте, төрге төстеп нең бар деген емес пе, осы жер де жарайды (шеткері орындыққа отыра кетеді). Мақаш. Көрісуге шақырған ем əдейі, естіген соң келді деп. Құрманғазы. Хат арқылы шақырудың жөні бөлек, əрине. Мақаш. Əңгіменің ішінде старшина Ақбаев та болу шарт деп санадым. (Күйшіге зер сала қарап). Əлденеге көңіліңіз толмағандай секілді ме, Құреке? Құрманғазы. Көңілімді көзім айтып қойғандай, өзімсіну бар да шығар ішімде. Бірақ мына зары басым заманда тізгін ұстар тірегіміз бір өзің. Сол үшін-ақ олқысыну ойымда жоқ, шырағым. Төре болып төрге шығып отырғанға үміт артпақ үлкен парыз кімге де. Мақаш. Жөн, жөн айтасыз, Құреке. Бірақ енді үміт артқан адамға да арқа сүйер аптал адам керек-ақ. Құрманғазы. Жақсының ісін жақтаймын, жарамсаққа жақпаймын деп жүріп-ақ, (Əубəкірге бұрылып) мыналардан көресіні көрдім мен. Төрде Жəңгір суретіне отырсаң да табынып (тағы Əубəкірді нұсқап) тап мынадай жəргелтайдан жəрдем күтпе дер едім.

Мақаш (стол суырмасынан қағазды алып). Сұрағым бар, Құреке: қолыма түскен осы бір сөз кімдікі? (Дауыстап оқиды).

Уа, арыстан еді Исатай, Жолбарыс еді, мерт болды, Ер қазасы дерт болды. Сары азамат, сардар жан. Қаны судай төгілді, Қабырғасы сөгілді, Жалынды боздақ жас кетті, Қанжығада бас кетті Құрманғазы (жалғастыра). Алай да, алай, алай да, Алысты көзбен шолдым кеп, Ақ Жайық пен Бозана, Ағашты Нарын, көк теңіз Бітіспес күнге келдім деп, Ханға айтады лағанат, Жұртым аман барында Құлазыман солдым деп, Исатай мен Махамбет Өкіне ме екен өлдім деп! Иə, бұл өлең менікі. (Əубəкір «құлаған жерің осы» дегендей мадақтанып, орнынан тұрып, қайта отырады). Мақаш. Өлең жалыннан бетер жанып-ақ тұр екен! Дегенмен Жəңгірдің де жағдайын түсінген жөн бір ауық. Бəріміз де отырмыз ғой бодандықтың жүгін артып жүрекке. Тақ пен тəждің үстінде үрей тұрса ол қайтпек? Ел орнығып, бала оқытсын, орман-тоғай, егін егіп, мал нəсілін жақсарғай – осы емес пе көксегені Жəңгірдің де жанығып?! Ендігі ұрпақ екі жақты қапысыз таразыға тарта алса, ғанибет қой, Құреке! Ұлттың

өнер ұлағатын айту қажет өзге жұртқа өзіміз. Осыны айтарлық ғұламалар шоғырында алғашқы жасақтаған Жəңгір хан. Осы отырған мына мен де сол түлектің бірі болсам, ол бейнені қалайша сақтамаймын төрімде? Құрманғазы (қатайып). Бөлтірікті енесінен бөліп алмақ ойым жоқ. Бірақ сонша ақиқатты өз қолыңнан қаматқалы отырған мына мендей пақырыңа паш еткенің неткенің? Мақаш. (ренжіп). Ондай менде пиғыл бар деп кім айтты? Құрманғазы. Əне, əне, айтып отыр Əубəкірдің қозғалысы қопаңдап! Əубəкір. Баяғы сол баққаны мені заңғардың. Жармасады тұрғандайақ құйрығымда құпиям. Мақаш. Аға аузынан айтылған артық сөзге манифест: бөлтірік те, бөрі де жоқ бұл жерде. Оны түбі ойланарсыз өзіңіз. Ал, «қопаңдау» (қарқылдап күліп), енді соның түбіріне түсейік. Қаматтыру, қамалу дегендерің қайдан шыққан зобалаң? Кəне, қайсың бастайсыңдар кінəлəспақ дегенді? Құрманғазы. Күйген ауыз жүре алған ба күдіксіз? Жə, ендеше... Ең əуелі старшина жауып көрсін үйреншікті жаласын. Одан əрі менің сөзім керексе, дəлеліме даярмын. Əубəкір. Сенше жала, менше нала: қалың малын алып қойған қатыныма жармасты. Астымдағы атыма да қол салды. Қарақшының жанға істеген қастығынан несі кем? Старшина басыммен бұған қалай шыдайын? Өле жаздап ашынған өлеңінің түрі əлгі. Мына мені «отаршыға итаршы» деп, соны жұртқа таратқан да осы ауыз. Старшина басыммен бұған қалай шыдармын? Қарсы қойып Ұзақты да бұл маған, ол немені қажы атамның кепиетіне ұшыратты, кəрі неме ұрмай-соқпай қылжиды, Айжан өзін-өзі өлтірді. Ол осының ылаңы. Күллі жұртқа күлкі болдым кесірінен осының. Аз ба қылмысы?

Мақаш. (Құрманғазыға). Өз ауызыңыз не дер еді осыған? Құрманғазы. Пьеса қып жазады екен осындайды орыстар. Астраханьның алаңында шілденің бір кешінде, көргенім бар сондайды. Бастапқы бір бөлігін не деуші еді, құдай-ау? Мақаш. Кейбіреуінде пролог дейтіні болады. Құрманғазы. Əб-бəрекелде, айтпағым сол пролог. Егер біздің сауаты бар бір жігіт, пьеса қып жаза қалса осыны, прологта өлтіріп ақ жазар еді өтірігін мынаның. Өзі берген атты ұрлады деген – мына сен дер еді сол прологты көргендер. Талма жүректі қарияны «қақбас» деп қорлап, өмірінің жалғыз қалған жалғасы – Айжанды алып қашып бұғаулап, өзін де, қызын да өлімге қиған – мына сен дер еді сол прологты көргендер. Өз нəсілін сатып, бедел жинамақты көздеген отаршыға итаршы да – мына сен дер еді сол прологты көргендер. Əттең, сол бір жазылмаған пролог та жазылып, сіз правитель, көрген болсаңыз, мен айтарлық қалмас еді маған сөз. Мақаш. Сіз айтарлық сөз қалып та жарыған жоқ. Ендеше сол прологты мен де көрген боламын да шығамын. (Əубəкірге). Старшина, ендігəрі елді жөндеп басқаралық сіз бен біз. Өзіңізді дəніктірген көне жолдан көрінбеңіз көзіме. Өткен іске – орал делік, қалған іске – салауат. Жұмысыңа бара бер. Əубəкір. Иə, бармағанда қайтемін. Мен де құдай пендесімін. Артықкем іс кімде жоқ? Кеттім ендеше... (Əубəкір столға тақау орындықтан тұрарда соған сүйенген болып, шеткерірек жатқан əлгідегі Құрманғазы өлеңін қымқыра кетеді). Мақаш. (жайдарлы). Ал, Құреке, екеуден екеу қалдық қой. Сыр ашысып алайықшы... Мен жалпы ұлттық өнеріміз қақында Қазан, Петербор жағына жазғандарым аз емес. Жаңа айтылған əңгімеден

аңғарған да шығарсыз: жақсы көрем мен сізді еңбегіңіз арқылы. Мына өлеңнің өзі де... (Қағазды іздеп, əбігерге түседі). Жоқ қой, жер жұтты ма қол астымда жатқан қағазды?... Құрманғазы. Əлгі сұмырай кетерде стол шетіне жантайып барып, орындықтан əрең тұрып кеткендей түр байқатқан. Сыбағасын алғасын титықтаған екен деп ем... Сол қымқырып кетпесе. Мақаш. Дəл солай болды! Артын түгел ашып бітті бейшара. Онысынан қорқатұғын түк те жоқ! Басқа жаққа барып көрсін осыдан... Жə, оған бола ойымызды бөлмейік. Дос деп маған сеніңіз де, жасырмай-ақ айтыңызшы анығын. Перовский кеңшілігін алып болып шықтың ба? Құрманғазы. Сендім онда сөзіңе мен имандай. Қысқа ғана ақиқатын айтайын. Абақтыдан балға мені алғызғанда генерал «сауық толы сарайда қал» деп, босатудың ишаратын білгізген. Ал артынша Əубəкір мен «қасиетті мекеменің» бастығы камерадан шақырып ап, бір-ақ айтты құртамыз деп. Түбі мені мүсіркер деген үмітпен генералға сендім де, қашып шықтым түрмеден! Мақаш (күліп). Бəрекелде, сіз білгендей-ақ істепсіз бір жақсылық! Оны сізге кейінірек білгізейін, шыдаңыз. (Орнынан тұрып. Арыбері жүріп). Мен білейін дегенім. Шығай ханның Бапасына қандай көзбен қарайсыз? Құрманғазы. Бапас сал деп айтушы ек Дəукеңді, Даулеткерей хақында ма сауалың? Мақаш. Дəл өзі. Құрманғазы. Дəулеткерей ханнан туып, қарашаға сүйікті аға болған кісі ғой. Ол кезде Дəукең біздің қызылқұрт елінің старшинасы. Аға сұлтан болсын деп бір ауыздан сайлағанда халық, өнерімнен қол үзем деп көнбеген. Мақаш. Білем, білем... Тағы да қозғайыншы əлгі сұрақ жалғасын. Бапас болса, нəзік-мұңлы, аса нəрлі аптал күйдің атасы. Сіз

болсаңыз, адуынды, артықша албырт саздың қазымыр қайраттың алыбы. Осынау екі бөлек іште жатқан ірілік өз əсерін тигізбей ме пендешілік пейілге? Құрманғазы. Байғұстың ғана ісі болмақ бақастық. Дəукең мен біз оған барсақ, əлгі берген бағаң да өтірік боп шығады. Біз көп көрісіп,көп біліскен жандармыз. Жалпы хан мен қара нəсəлі біз бен Дəукең арасындай біте қайнап біріксе, кем түспес еді қай жұрттан да қазағым. Басқа-басқа, қарашаның өзі де – алтыбақан ала ауыз. (Қатты күйзеліспен). Қарағым-ау, қайда барып оңамыз? Мақаш. Дегенмен, «Жігер» сізде де, Дəукеңде де бар ғой. Бəсеке емес пе сонда бұл? Құрманғазы (күліп). Петербордан оқып келген адамша жауап бер деп қинайсың. Дəукең күйі, өз сөзімен айтар болсақ қайталап, ішкі мұңнан іріктелген пəлсапа. Ал мен оны қайтемін? Кəдімгі жалаң қылыш, жайдақ атпен жауға шап та, жарып өт дейтініміз бар ма? Міне, мен көңілді соған көндірсем дедім. Сонда осы бəсеке ме, басқа ма – ол жағында менің ісім болған жоқ. (Пауза). Сол Бапастың нəсəлі қожа, нəрі бүкіл елдік Бабажанов Салық қаза болғанда, «Салық өлген» күйін тартқанда, ел біткенді еңіреттіау, дүние-ай! Мақаш (ауыр күрсініп). Салық та сол Жəңгірдің үлкен-үлкен орындарда оқытқан ғұламалар шоғырынан еді ғой. Тағы да айтам – шарасызды ғайбаттаудың жөні жоқ. Ұлылық пен елдіктің, ерліктің де түптамыры тереңде. Мəселеңки, Аңырақай жерінде талқан қылған жоңғарды, тепкіге түскен қазақтың теңдікке қолын жеткізген, орыс, шығыс ортасында өлместей өмір жасап бере білген Отанға -Əбілхайыр! Күндердің күні болғанда тіл тигізер соған да тыштақайлар табылар ма екен тарихта! Жырауына жылы қарау – қалған дəстүр солардан. Бұл заманның Бұхары сіз болғасын алдыңызда алысырақ кетіп қалдым, ағасы! Құрманғазы. Кемеңгердің кеңесі деп ұғардай ұлық сөздер айтылды. Осыншама жасым ішінде ойланбаған жəйіттер де бар екен.

Хан Жəңгірге байланысты жаңағы бір лебізің отыр маған ой салып, артық айтсам кешіргін. Мақаш. Рахмет! Осы сөз ғой өзіңізден күткенім, рахмет, аға! Құрманғазы. Сөйте тұра, ақ пейілдің алдында айтарым да жоқ емес. Көрген азап мына мені көп олжаға кенелтті. Мақаш. Олжа болғанда қандай! Атқарған ісіңізді қазақ тұрғай, міне, (газетті көрсетеді) орыс айтты орнықты. Ұрпақ сөзі осы деген тұжырым да тұр мұнда. Тəуба! (Тəптішті баса көктеп, Əубəкірмен казак сотнигі асыға кіреді). Əубəкір. Кешір, мəртебелім. Ана отырған Құрманғазының ауылынан шығып, бері қарай суыт жүріп келе жатқан мына сотникке кездесіп, жарты жолдан кері қайттым мен дереу. (Құрманғазыны көрсетіп). Масқара қылғанда мынауың кісен ашып түрмеден қашып шығыпты! Ал керек болса! Сотник. Иə, иə, абақтының бастығынан қамауға алып, қайтарыңдар деген хабар алдық. Екі солдатым сыртта тұр. Мақаш. Екеуің бірдей елірмей, жағдайды біреуің-ақ жөнімен ұқтырсаңдаршы. Істі генерал-губернатордың өзі қарады. Ол кісімен жай біліскен жан бар ма? Сотник. Сіз білмейсіз бе – Перовский орнынан босап, кеше Петерборға біржола кеткен. Енді оның білген-білмегенінде тұрған не бар? Əубəкір. Қашқан адамды қайтадан ұстау үшін кеткен адамның қажеті қанша? Құрманғазы (кіжініп). Қап, түрткілеуін қарашы көптен бері жұмсалмаған қайратымды қайтадан. Амалсыз өзімді-өзім əрең ұстап отырмын. Осы арада бір қолмен-ақ бітірер ем саудасын.

Мақаш (оған кіжініп). Сабыр етіңіз. Шаңыраққа қараған да жөн болар... (Сотникке). Сені де мен біліп болдым: сотник емес, сотқарсың. Əйтпегенде жаңсақ баспау үшін-ақ келмес пе едің өзіме? Сотник. Келіп те көріп едік қой. Ана жолы құтқар деген кісімді құрттыңыз да тындыңыз. Енді келіп, қаныңызға іш тартып қаматпаудың жағындасыз қашқынды. Мақаш. Ендеше... Құрманғазы алынбаса қамауға, жеткілікті өз себебі оның да. Сотник. Ол себепті табайыншы дегенде таптырады лауазым. Мақаш (күліп). Осы екен ғой сені тұрған күшейтіп. Оған жүйке шығындамай, мен күлуге мəжбүрмін. Білесің бе, Сағырбаев күйшіні не себепті шақырып кел деп жұмсадым? Сотник. Білмеймін. Мақаш. Білмесең, мен айтайын. Перовский бұйрығы – абақтыдан босанады. Барған бойда ақ паспортын Астраханьнан алғызып, өз қолыңнан табыс ет деп бұйырған. Генералдың қолы қойған құжаты мен ақ паспорт қолға тигесін де шықырып кел деп жұмсадым ғой мен сені. Сотник, Əубəкір (екеуі екі жақтан). Көзімізбен көрмейміз бе? Ақ паспортты көрсетіңіз əуелі! Мақаш (жадырап). Енді ғана бермек едім паспортты. Керек кезде келдіңдер. Ал, кəнеки, сіздер тыңдап, мен оқиын ендеше. (Кұжатты нəшіне келтіріп оқиды). «Уақытша комиссия ұйғарымы бойынша, саналы өмірінде елден ерек таза таланты үшін көз түрткіге ұшыраған, түрліше «жаптым жалаға» душар болған, неше мəрте қамауға алынған Құрманғазы Сағырбайұлы оған тағылған негізсіз айыптардан бір жолата ақталсын. Орынбор генерал губернаторы В.Перовский».

Оқып болып ақ паспортты Құрманғазыға табыс етеді. Күйші оның екі қолынан кезек-кезек сүйеді. Құрманғазы. Мəртебелі абыройың жолдас болсын, қарағым! Аққа құдай жақ дегеннің осы да. Аллаға шүкір! Қарап кетпей қас пен достың алдында сергиін де серпілейін азырақ... (Күйші домбыра ішегін қағып-қағып жібергенде репродукторда оркестр орындауында «Сарыарқа» күйі құйқылжи жөнеледі. Залға қарап). Түрме түкпірінде толғағы піскен, тұтас бір елдің ұлттық ұраны, міне, туып та үлгерді. Таба емес, тоба! ЭПИЛОГ Теңізде толқу бар. Ол дүлей мінезін көрсетуге бет алғандай. Жағадағы жартасқа тақау келіп тоқтаған Құрманғазы бұл күнде қартайған. Қимылы да аса байсалды. Аппақ сақал мұрты омырауын жауып тұр. Жартастың екінші беткейінен ақсаңдай басқан ақ шұнақ шалды көреді. Бұл көп жылдар бойы көріспеген Əубəкір. Əубəкір (екі қолын ілгері соза). Амансың ба, құрдас Құрмаш? Құрманғазы. Сен кім едің? Əубəкір. Əубəкірден басқа кім болушы едім? Сен осында балықшылармен кездеседі деген соң, алдын алмақ амалым ғой, қайтейін. Құрманғазы. Е, сонда сен не демексің? Əубəкір. Дейтін сөзім болғасын, көне быт-шыт көкірегімді ақсақ аяқ сүйретіп, кеп тұрғаным... Ақиреттің алдында парыз дейді бақұлдаспақ баршамен.

Құрманғазы. Бақұл-сақұлды қойып, барып тұрған жөн болар. Маңырасып болғанбыз Мақаш сұлтан алдында. Бітім саған не керек, бітіпсің ғой өзің де. Əубəкір. Олай демек жөн болмас: мені бітті екен деп, мен секілді басқалар келмей қалмас дүниеге. Бұл қазаққа құдай өзі қарасып, еркіндігін бере салған күнде де, сендей біреу қасында менен бетер еркінсіп, бір Əубəкір жүрмек шарт. Бүгіннің де ертеңін ойлағаным осы да. Құрманғазы. Баяғыда ертеңді ойлап, жетістіріп едің! Міне, енді мен ұлғайдым, сен таусылдың. Түсінесің бе осыны? Əубəкір. Түсінбесем, келмес едім алдыңа. Бірақ менің құрдасыма əзілшыны аралас, айтарым да жоқ емес. Мəселеңки, «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Қайран шешем», «Машина», азуыңды маған басқан «Ақбайың», генералдар хақында, басқа да сондай күйлерің біреуі де жоқ еді ғой өзіңе. Құрманғазы. Қарай көр мұның əзілінің сықпытын?! Біріншіден, қайратымның қанжығасын ластама! Кетпейсің бе саздарымнан садаға! Əубəкір (күлгенсіп). Бұған əзіл айтсаң да пəлесіне қаласың. Расында заман зарын сарнап беру саған түскен салмақ қой. Бұл күндерде, мына мені басқа соғып бағындырды сол шындық. Құрманғазы. Солай ма екен? Ұзақ, Айжан ажалымен аяқталды ақыры. Олармен жауласуға соншама жоқ еді ғой себебі? Жауыздыққа неге бардың, соны айтшы?! Əубəкір. Олар ма?.. Оларды мен... бар мақсатым сенің жаның алсын деп ем жарақат! Бұл да шындық, батып жүрген жаныма. Өйтпегенде, өзіңнен өтінем бе кешірім?

Құрманғазы. Ендеше оны кешіру біздің қолдан келмейді. Иə, иə, сен өлсең де, өлмек емес сендейлер. Дəрежемен аз күндік əкіреңдеп, не ойнақшып көздері, жұртты сатып, төресымақ талайдың бағын байлар. Сөз осымен бітті. Қия бетке ме, қияметке ме қалаған жағыңа бара бер! (Құрманғазы Əубəкірге сыртын беріп, нар толқындары көбік шаша бастаған теңізге қарайды. «Көбік шашқан» күйінің алғашқы бунағы өксіп, өкіріп барып тоқтайды). Əубəкір (басын шайқап, күрсініп). Арқаңды беріп, теріс қарап тұрсаң да, бір қолқама жауап қат. Маған бола қажы атамның əруағын ашу-ызаға араластырмай, сол «Ақбай» күйінің атын өзгертші. Құрманғазы (теріс қарап тұрған қалпы). Барлық күйдің басын кесіп, басқаша қыл дерсің сен. Олар енді менен кеткен, жұртқа жеткен қазына. Ел дəулетіне қол сұғардай есуасың мен емес. Ал əкең есімін жер жебіріне жеткізген сен. Əруақ алдында жауап беретін де сен! (Əубəкір аспанға үрейлене қарап, əруақтардан қорыққан күйі сасқалақтап, сахнадан кетеді. Ерғали мен Дина келеді). Ерғали. Бізді көрді де қасыңыздығы ақсаңдап зыта жөнелді. Ол кім болды, Құреке? Құрманғазы. Ол дегенің, шырағым, көп жылдар бойы артымды баққан албасты болатын. Бұл күндері түстен кейін маңыраған ақсақ қой. Дина. Бəсе, сол шығар ақ деп едім-ау өзім де. Ерғали. Е, құдай, сол азып-тозған Əубəкірдің өзі де. Ел көзінен тығылып, жатып алған деуші еді. Нағып шыға қалды екен? Құрманғазы. Бақұлдаспақ еді. Ұсқыныңды көрсетпе деген соң, көзден жоғалып бара жатқан түрі анау... Жə, оны қой, елдің басы құралды ма бізге бола жиналған?

Ерғали. Жалды атаны тыңдаймыз деп келіп жатыр жан-жақтан. Теңіз жақтан келу керек үш баркас. Құрманғазы. Ендеше сол жолаушылар жолын тоса тұралық. Мына судың сұры жаман тасыған. Балықшылар аман келсе, барымызды саламыз. Ерғали. Динажан, сен сол тұсқа барып біл де, бері қарай жүгіре бер жиналғанда бəрі де. Дина. Мақұл (кетеді). Ерғали. Түбектегі адайдан түнде келген жолаушы жаман хабар əкелді: үдіре көшкен бір тайпа жағасына теңіздің түнеп өтпек болған ғой. Ұйықтап жатып ұшырапты апатқа. Кенет түтеген долы толқын матаулы мал, кəрі-құртаң жандарды, бесіктегі баланы тереңіне жұтып ала жөнелген... Құрманғазы. Сұмдық-ай! Құлақ соны естігенде, көздің көріп тұрғаны да мынау. Заманына қарай табиғаттың пейілі де тарыла ма, қайтеді? (Теңізге қарай). Қас пен көздің арасында белуардан көтеріліп кетті. Көбік шашқан көк долы. Көбік шашқан!... (Пауза). Көбік шашқан дедім ау мен əлгіде... Əперші ана домбыраны. (Ерғали қабынан суырып, домбыраны күйші қолына ұстатады. Ол күй шанақты екі дүркін қатты-қатты қағып жібергенде, «Көбік шашқан» күйі бусана басталып, күрсіне өкіріп барып тынады). Ерғали. Мұнша терең мұң мен шерге қартайғанда тізгін беріп қайтесің? Тіптен терең түңілуге бола ма? Құрманғазы. Түңілмесең тұншығасың тұйықта. Бұның аты – ыза! Қай бабаң да, қайнап барып ырыс тапқан ызадан! Қонысына қол сұқпаса бодандық, адай қалай ұшыраған апатқа?! Ерғали. Күндер туып берді емес пе ақ паспортын алаңсыз?

Құрманғазы. Оны қайтем, менде бар да, елде жоқ?! Сол ақ паспорт дауылдардан ауылдарға барса ғой!... Қалай шыдайсың, қанды көбік аралас шашылып жатса қайда да? (Дина келеді). Дина. Балықшының баркастары дін аман. Барлығы да олжалы кеп, өзіңізді күтіп тұр. Күйге деген махаббаттың базарына барамыз. Жүріңіздер! Құрманғазы. Ия, барайық. (Алақанның астынан алысқа төне қарайды, «Итог» күйі саз береді). Бəрекелде, бас қосыпты ағайын жұрт бірталай... Осы үшін ғой бəрі де! Ұлан-байтақ Сарыарқада, асқар таулы Алатауда ел берекелі ықыласпен талай-талай жиналушы еді осылай! Осы үшін ғой келем өрлеп қиын шатқал қиямен, осы үшін!... (Көңілденіп). Келешектің кеудесіне еркеленіп енердей əлдендім-ау əпсəтте! Əй, айналайын қайран жомарт жұртым-ай! Сен тарықсаң, селден бетер таситын ежелгі бұл пейіліңе лайық ақ күн тумай тұра алмас-ау алдыңнан! Өмірімнің «Итогы» осы болса құба-құп! Жинақталған қазынам саған қалды, халайық! Ал, өнерді қастерлейтін, өнерге дем беретін ұлдарым мен қыздарым қай ғасырда болмасын табылады, иншалла! (Күй фонында өлең оқылады): Əр жұртта қалып елдің бір маңғазы, Жоқтады-ау ойдан қысы, қырдан жазы! Осынша азасы мол күндер кешіп, Жанынан жалын төкті-ау Құрманғазы! Соңы Қазан, 1997 жыл

СОФОКЛ ЭДИП ПАТША (Трагедия) Қатынасушылар Эдип Абыз Креонт Xор, Фива ақсақалдар хоры Тиресий Иокаста Xабаршы Лайдың малшысы Эдиптің қолтумасы Эдиптің қыздары, үнсіз. А У Д А Р М А Л А Р

ПРОЛОГ Эдип. Ей, Кадм ата əулеті! Қаламызды түгелдей қан қақсатып, Жалбарынғыш жарамсақтың Кесапаты кеулеп кіріп жатқанда Ғибадаттың гүл бұтағын тұтынып, Бұл михрабтың жанында отырсыңдар қалайша? Жай білгелі өзім келдім сендерге – Мен – өздерің айтатын мəшһүр Эдип. Сен айт, қария, осынау өңкей жастың Сөзін сөйлеп беретұғын жөнің бар – Не айдап келді сендерді? Қорқыныш па, қолқа ма? Орындайын күллісін: тілек айта келгенді Аямастық – қатыгездің қаруы. Абыз. Аймағымыз алдияры Эдип! Үлкен-кіші түгелдей көз алдыңда отырмыз. Біріміздің бұғанамыз қатпаса, Бірімізді еңселеді егделік. Абыздармыз. Мен – Зевстің абызы, ал мыналар: Жауқазыны жастардың. Күллі жұртың күтіп тұр Гүл құшақтап, жаймасында жалдаптың – Шапағатты Паллада мен Исмендей Қос пайғамбар мұрасының басында Көріп тұрсың, қала құты қашып тұр Долы дүлей дауылдан; түпсіз терең Қанды қара шүнейттен, тым құрыса Бас көтерер шама жоқ. Көк орай солып, мал өліп Тумай сəби құрып жатыр құрсақта От тəңірісі апатшы отап бəрін, Қалжыратты қаланы. Кадм үйі қаңғырып, Аид тағы тұнжырап,

Қайта толды қасірет пен құсаға. Бақи тірі Құдайға теңей алман өзіңді. Бірақ алғаш көтерген азабыңды пір тұтам. Құдайлармен астасқан құдіретіңді пір тұтам. Жұмыр бастың ешкімін де жұмсамай, Ештеңе де біздер жайлы білмей-ақ, Өзің барып Фиваға, құтқарғансың біздерді Салмағымен жаныштаған салықтан. Құдай қолдап, жұртыңа Өмірді сен өзің бердің қайтарып, Шартарапқа шартараптан тап осылай тараған. Беу, елден ерек Эдип! Бір тілекпен келіп қалдық біз бүгін: Тəңірі мен пенденің дегеніне ден қой да, Мына біздей пақырыңа пана тап. Сұңғыланың кеңесі торыққанға Жөпелемде жөн сілтеп беретіні белгілі. Беу, ажалды пенде ардағы! Қайта тұрғыз қалаңды! Өзіңді ойла. Өткен шағың өзіңді «құтқарушы» дегізген. Келешекте сенің ағзам тұлғаңды Жарқ етті де жоқ болды демейік те!.. Қалпына келтір қалаңды. Табылмай тұр Əзір ол. Бақ жұлдызын баяғыда беріп ең, Тағы да бір алып берші соныңды, Өз өлкеңе əмірің жүрсін десең əлі де. Жапанға емес, ие бол жұмыр басты жұртыңа. Самсап тұрған кеме мен мұнарадан не пайда Бас сауғалап бар сақшың Безіп жатса бетімен!? Эдип. Байғұс, балаларым-ай! Білем, білем... Қажетіңе қанықтым. Көкейлерің көрініп тұр. Тақсіретті тартыпсыңдар. Бірде-бірің əйтпесе, Əлі менше тартқан жоқсың тақсірет. Сендердікі қарабастың қамы ғой –

Бары сол-ақ– ал, мен болсам Қалам үшін, қалғаның үшін – өз басымды ойлаймын. Қайтесіңдер оятып, ояу жанмын онсыз-ақ. Біле білер болсаңдар, көзден талай жас төктім, Қиялыммен қиядан талай соқпақ жол шектім. Таптым ойлап ақыры бір амалын: Былай еттім: Менекей ұлы Креонтты, əйелімнің ағасын, аттандырдым Фебқа, Абыздан сұрап білуге, Қандай дұға тілек пен қаланы сақтап қалмақты. Қайтар кезі болғанды, не күйде деп, Қауіптенем. Əлдеқашан өтіп кетті Кесікті күн! Ал ол əлі шабандап жүр. Ол осында келісімен бұлжытпай хақ бұйрығын Өзім орындамасам, тура нəмəт болғаным. Абыз Кезінде айттың патша ағзам: сол Креонттың Бізге келіп жеткені, бір белгісін беріп тұр. Эдип Ағзам ұлық Аполлон! Егер бізге шапағатын дарытса Хабары да жетер еді жанарыңдай жарқырап. Абыз Ол көңілді көрінеді, жабықса Киелі гүл кимес еді басына.. Эдип Қазір біліп көрейік. Ол біздерді есітер, Уа, ханзада. Менекей ұлы қандасым Қандай лебіз тəңіріден алып келе жатырсың? Креонт Игілік! Сенгейсіздер, табылған соң амалы, Қандай пəле болса да игілікке айналмақ.

Эдип Не хабар бар? Əзірінше бағдарынан сөзіңнің Байқалмайды қуаныш та, қатер де. Креонт Осылардың көзінше тыңдамақ па ең мені сен? Айтуға да болады... үйге кіріп баруға да болады. Эдип Жоқ. Бəрінің көзінше айт, осыларды аяймын. Қайғырмаймын қара бастың қамы үшін. Креонт Жə, ақтарам ендеше, жасағаннан естігенді жасырмай, Аполлонның əмірі айқын: Фива жерін жайлаған сұрқияны Қайта айналып келмеске зыттыру шарт. Эдип Тазалау шарт қай жолмен, қандай көмек қажет? Креонт «Қумақ керек, не қанға қан шығындап, Өтеу керек батпан зілін өлімнің» Эдип Бұны кімнің ылаңы деп ұғады екен тəңірім. Креонт Уа, падишам! Өзің осы Фиваға патша болмай тұрғанда, Бір кездерде біздің осы өлкені Лай билеген. Эдип Естігем. Бірақ соны өзім көрген емеспін. Креонт Біреулер оны өлтірген. Кім болса да солардан Кек алуды тəдбір етті тəңірім.

Эдип Олар қайда? Қай елде? Қайдан іздеп табарсың Біткен ізін бір кездегі кылмыстың? Креонт Осы біздің атырапта көрінеді. «Құнтты табар, құнтсыз ғана таппас», – деді Құдайым. Эдип Лайды өзінің үйінде ме, түзде ме? Не бір бөтен ел шетінде өлтіріп пе, білдің бе? Креонт Құдайға тілек айтуға аттанған ол басында. Сол кеткеннен қайтпапты. Эдип Сонда бірге аттанған нөкерлердің біреуі Бере алмас па берекелі мағлұмат? Креонт Бəрін қырған, қорқып қашып құтылғаны біреу-ақ, Мүмкін содан біле алармыз бірдеңе?.. Эдип Ал, иə?.. Кейде сондай ұсақ та келістіріп айтады. Бірдеңенің ұшығын білсек қана болғаны! Креонт Падишаны өлтірген қарақшылар. «Көпшіліктің қылған ісі», – деп еді ол. Эдип Залымның да батылы бармас еді бұл іске, Осы тұста соларды біреу жалдап жүрмесін?

Креонт Болсын дейік солай-ақ. Бір жан, бірақ шықпады-ау, Ауыр жылы ағзамның кегін алып бергендей. Эдип Егер ағзам қаза тапса, қай пəле, Қарақшыны қоя алады жасырып? Креонт Қарақшыны іздеуді ұмыттырған Күнделіктің қауырт-шұғыл қамы ғой. Эдип Барлығын да қарастырғым кеп отыр. Өлгеннің қамын жөн-жосықпен ойлауға Аполлон мен екеуің апарыңдар біздерді. Одақ тауып отырсыңдар енді менен екеуің. Ел үшін де, Құдай үшін кек алам Былайғының жоғын жоқтап емес-ау Бағыныштан өзімді аршып аламын. Кім болса да сол жендет, Сол қолымен сойқанды салмақ шығар маған да. Лай марқұмның аруағына сыйнып, Қызмет қылам өзіме. Уа, перзенттер! Бас көтеріп, басқыштан Апарыңдар ғибадаттың бұтағын, Фива жұртын шартараптан шақырсын! Тындырамын бəрін де: тəдбірімен тəңірдің. Не бақ құшамыз, не жоқ болып бітеміз. Абыз Ал, перзенттер қозғалдық! Осынау жерге жиналып, Айтпақ болған қолқамыздың бəрін де ағзамның өзі-ақ таныды. Аян берген біздерге Аполлон өзі қолдасын. Апатты жойсын, апатты! Кетеді.

ПАРОД Xор 1-Строфа Бал лебізі Зевстің, Алтын күмбез Пифоннан Нендей жайтты əкелерсің бүгін сен, Əлемге аян бүгін Фиваға!? Қалтыраймын, жүрексінем, абыржимын алдыңда, Уа, шапағатты шадияр! Жалбарынып сұрайыншы! Құлшылықтың жағасы ма күткенің, Əлде заман жаңғыртқан Алғашқының өзі ме? Уа, бақи иірім, бағыма? Сары алтыннан туған үміт сазын бер! 1-Антиcтрофа Ең алдымен шақырамын өзіңді, Зевс қызы, мəңгі тірі Афина! Жəне сіңлің, Артемида бикешті, Қорғанышын өзіміздің өлкенін; Сонау үлкен алаңда Алып келген соның алтын тағы тұр. Шақырамын жəне де асқан мерген Фебті. Ажалынан пенденің арашасы үш бірдей! Жедел бүгін жетіңдер! Баяғыда Қаламызға тап бергенде тажалды Қуып шығып едіңдер! Келіңдерші тағы да! 2-Строфа Уа, қасіретті дертте шек жоқ, Жұртымыз азып азаптан Қорғанар қару таба алмай, Ақыл жетпей дал болды. Гея ананың жемісі қалды жетілмей, Жүкті əйелдер төзер емес азапқа. Жұртты көрсең бірінен соң біреуі Құстай заулап самғап ұшып барады, Олар қашып барады шарпуынан азаптың, Тəңір таңы шапақтаған жиекке.

2-Антиcтрофа Сан жетпейді қаладағы қазаға, Көмусіз қалған өліктер, Өлексесі иісін мүңкітіп, Жайрап жатыр азасыз. Зайыптар мен ақ бұрымды апалар Михрабқа телміріп, медет тілеп жылайды, Құтқар дейді Құдайына пəледен. Апат иісі гүлдердің жұтып жатыр жұпарын. Уа, алтын жүзді Зевс қызы, келе гөр, Жарылқай гөр жалбарынған жандарды. 3-Строфа От тəңірісінің ажалы Мыс қалқансыз, садақсыз Ақырып та, жекіріп бізді қырып барады. Уа, жасаған, жерімізден жексұрынды қуа көр, Айдап барып Амфитрита зынданына тыға көр. Не зыттыр да шет-шегі жоқ жиекке, Фракия толқынына тоғытшы. Титықтадық, өйтпесең Атар таң да, шығар күн қараң. Өз қолыңда жарқ-жұрқ еткен найзағай, Уа, Зевс ата, жасын түсір сен оған! 3-Антиcтрофа Уа, Ликейдің патшасы! Алтын баулы адырнаны кере тарт, Қара бұлттай қаптат жауға жебені! Ликиттарда заулап ұшып жүріп-ақ Артемида да атып бағар Қолындағы жалынын Алтын телпек алау бет Жеріміз аттас Вакхты ІІІақырамыз жəне де, Нөкерімен о да келіп жақынға Жарқыратсын алауын Біздер сөйтіп бірлесіп, Құдайлардың ең азғынын құртамыз.

Эдип кіреді. БІРІНШІ ЭПИСОДИЙ Эдип Айт десеңдер айтайын; иланыңдар, Егер менің сөзімнен медет-қуат көрсеңдер, Табасыңдар содан пана, жеңілдік Мен өткен-кеткен жайттар мен дақпыртқа Сырт адамша сөйлеймін. Жалғыз өзім ұзап бірақ кете алман – Дəл ұстаған дəлелім жоқ қолымда. Бəрінен де соң келген азаматпын. Кадм ата ұрпағы, өздеріңе сөз салам: Баяғыда Лайды кім өз қолымен өлтірсе Сол адамға бəрін айт деп бұйырам. Ал кімде-кім өзін-өзі көрсетуге қорықса, Біліп қойсын, ол жамандық көрмейді; Тек болғаны, елден ғана кетеді. Егер жендет шеттен болса, Таныс болса, айтыңдар, Қазынадан сыйлық берем, Қайырым етем жəне де. Ал кімде-кім досы үшін де, өзі үшін де Қорқып аузын ашпаса, Ондайлар да біліп қойсын түп төркінін ойымның: Кім болса да сол жендет Мен басқарған бұл елде Ешбір үйге енбесін, сөйлеспесін ешбіреу, Қатыспасын құрыатпен намазға, Жолатпаңдар үйлеріңнің маңына Өйткені ол қаланы қансыратқан қылмыскер. Аполлон бізге бұл жерде осылайша берді аян. Ал енді мен тəңір ісін қуаттап, Қаза болған патшаның кегін алам. Жасырынған сол жендет жалғыз ба əлде талай ма, Сұмырай сол күйінде қалсын-ақ деп қарғаймын?

Ант етемін, егер менің еркіммен Бола қалса сол лағынет үйімдегі мейманым, Сазайымды өзім тартам алдымен. Егер ел деп, егер Құдай десеңдер, Қурап тұрған аспанға құт-береке десеңдер, Орындаңдар бұйрығымды бұлжытпай, Тіпті өзгенің бəрін былай қойғанда Қайтіп патша қаза тапты деген сол Масқарадан ақталу шарт сендерге. Ал іздеңдер жендетті! Мен мұра ғып алдым Лайдың тəж-тағын, Меншік еттім əйелі мен төсегін. Баласын да баулыр едім бар болса,– Ұрпақсыз өтті ол өмірден. Баласыз күйді бақыты, Əулетінің орнына Əкенің кегін жоқтаймын Күллі күшті сарп етем, Арғы баба Агенор мен Кадмның қарашығын, Полидордың немересін, Лабдактың өз ұланын өлтірді Жендет сұмды табамын да, жер қылам. Естімес болса егер жау, Егісі өркен жаймасын, Қатыны бала таппасын, Құрып кетсін біздің мына қарғыстан Не басқа бір соққыдан. Сол-ақ менің сұрайтыным құдайдан. Жарлығымды жақтаушы. Кадм ата əулеті, Құдай мəңгі жолдарыңды оңғарып, Мəуелесін мəңгі-бақи адалдық. Хор Антқа антпен жауап берем, алдияр: Өлтіргем жоқ Лайды мен, Өлтіргенді көрсетер де шама жоқ, Бірақ іске дем беріп жазықтыны Жариялар Аполлон.

Эдип Сөзің дұрыс. Бірақ та құдай өзі қоспаса, Айт деп оны қинамайды пендесі. Хор Басқасын айтсам, абзал шығар, бəлкім, сол Эдип Үшіншісін айтсаң да айтшы, əйтеуір. Xор Тиресий қарт та мерейлі Аполлондай көреген, Уа, падишам, бар шындықты содан біл, Барлығын да анығырақ сол айтар. Эдип Креонттың кеңесіне ден қойып кідірместен, Екі адамды жіберіп ем сол қартқа, Кешіккенге қайран қалып отырмын. Хор О бастан-ақ бір сыбыс болушы еді Эдип Айтшы қандай? Бəрін де білуім шарт. Хор Падишаны өзіңнің нөкерлерің өлтіріпті деседі. Эдип Көрмесем де күнəні, естігенім бар еді. Хор Қанша қауіп-қатерге селт етпейтін болса да. Сенің зілді қарғысыңнан құтылмас.

Эдип Қайратымен іс қылған қаймықпас болар қарғыстан.

Хор Келді міне жасырғанды жариялайтын Келе жатыр сүйкімді сəуегейі құдайдың. Ақиқаттың бұдан асқан досы жоқ. Тиресий кіреді. Эдип Уа, көреген Тиресий! Көк пен жердің көмбесін Бəрін сезіп білуші ең! Қараңғы пенде болсаң да астананың дертін Ұға білесің Басқа төнген пəледен құтқаратын біздерді, Көмек-себін тигізетін сен ғана. Хабаршыдан естімеген шығарсың, Аян берді Аполлон, Арылу үшін араны кең апаттан, Падишаны өлтіргенді табу үшін жою шарт Не Фивадан аластап зыттыру шарт. Ал кəнеки жаршы пірмен жалғас та, Не болмаса басқа жолмен бал аш та, Құтқарып ал өзіңді де, Фиваны да, мені де Сұм жендеттен, келген мына пəледен! Əміріңе құлдықпыз, қолдан келген Көмекті бергеніңе не жетсін! Тиресий Беу, дариға-ай! Бірдеңені білген залал. Соны ұққаның жаман-ай! Осыны есте тұтсам да, Ұмытыппын, міне енді... Келмес едім əйтпесе. Не боп қалды? – Неге мұнша күйзелдің? Тиресий Рұқсат ет кетуге. Сен босатсаң, жеңіл болмақ Əрқайсымыз арқалаған ауыр жүк.

Эдип Анық емес айтқаның... Тегінде, сен Өз қалаңды сүймейсің бе деп қалдым. Жауабыңды ірікпес ең əйтпесе. Тиресий Айқандарың өз басыңа пайдасыз. Сол сарынға салмақсың ғой мені де... Хор Құдай үшін білгеніңді айт жасырмай, Жалынамыз аяғыңа жығылып. Тиресий Есуастар! Өмір бақи ашпаймын Не жатқанын ішімде... Сенің сырың... Эдип Біліп тұрып айтпайсың ба? Қалайша? Бізді сатып, Өз қалаңды құлатайын дедің бе? Тиресий Өзімді де, сені де, азаптайтын жайым жоқ. Керегі не қажаудың? Ештеңе де айтпаймын. Эдип Азғындардың азғыны! Қара тастың өзін де Қаһарландырасың! Айтасың ба, жоқ па? Əлде тағы тіл қатпай қасарыспақ па ниетің? Тиресий Зекіресің сен маған, өз мініңді байқамай, Мені ғана балағаттап отырсың.

Эдип Қаламызды əлгідей қорлағаныңды естісе, Қандай адам булықпайды ызаға! Тиресий Жұмған аузымды ашпасам да болатын іс болады. Эдип Сондықтан да сен маған міндеттісің айтуға. Тиресий Үстеп айтар үнім жоқ. Қаһарынан қаншама Өрт жіберсең, өз еркің... Эдип Ашуланып, ашып та айтам ойымды Сен біліп қой; күдігім бар өзіңде; Өз қолыңды тура жұмсамасаң да, Қарау іске қатысың бар ма деп қалам. Егер де сен су қараңғы болмасаң Жендет дер ем мен сені. Тиресий Ə, солай ма? Ендеше мен өзіңнің Үкіміңді өз басыңа кес деп əмір етемін. Бұларға да, маған да сен тиіспе, Өлкемізді ластаған, діннен безген – өзіңсің ғой өйткені! Эдип Ар-ұятсыз айтып алып осынша сөз Ойың бар ма жазасынан жалтармақ? Тиресий Кұтылып та болдым мен, шындық - менің пəрменім.

Эдип Осы айтқаның үшін-ақ күтпеймісің жазаны?

Тиресий Жоқ егер осы дүниеде титтей шындық бар болса... Эдип Иə,ол бар дүниеде. Тек сенде жоқ. Сенде нəр, көз, көкірек - солып біткен бəрі де. Тиресий Сорлы-ау! Мені сөккен үшін солай деп . Əлі-ақ əркім өзіңді балағатқа батырар. Эдип Ей, көрсоқыр! Тас түнектің тұлыбы, Күн көзім көрген маған да, басқаға да Кесіріңді тигізе алмайсың. Тиресий. Ия, жазмыш сол – өлмейсің менің қолымнан, Аполлон менсіз-ақ тынышыңды тындырар. Эдип Бұл арам ой Креонттікі ме, сенікі ме? Тиресий Жоқ. Креонт емес, өзің жаусың өзіңе. Эдип Уа, ақша! Өкімет! Уа, құдіретті құрал, Осы өмірдің тартысында сенсің-ау бəрінен де күштісі! Уа, сиқырыңда қисап бар ма – Бір кезде маған еркімен бағынған осы қаланы Алу үшін, қапияда құрмақ үшін патшалық, Жаны таза досым болған Креонт, енді мені Алдасын деп, арбасын деп, Мына зымиян, сəуегейді жұмсапты-ау: Бұл зымиян арамдықты болжағыш та, Бал ашуға келгенде – тас қараңғы. Шыныңды айтшы, қашан ғана өзің жерлестеріңді Құтырғаннан құтқарғандай сөз айттың?

Кез келген жан шеше алмас деп жұмбақты Сенің балгерлігіңе бас игенбіз. Ал сен болсаң, құсыңмен құшнаштық қылмай-ақ, Эдип тарқақ демексің, келіп алып, Бал ашпай-ақ мойныңды ұсын Демексің ғой осыған! Қумақсың ғой сен мені Тақау жүрем дейсің ғой Креонт тағына Өкінерсіңдер екеуің – сен де, о да Аққа жағым! Қарт болмасаң, қазір-ақ Жұмбағыңды жұлып алар едім-ау. Хор Меніңше, сен ол əлгі сөзді, Айтып салды ашумен, сен де сөйттің, Эдип. Жоқ, тəңірі бұйырғын орындаймыз қайткенде Міне, осы жағына ойыспақ шарт біздерге. Тиресий Патша болсаң бола бер, керегем тең сенімен Іске жауап берерде. Мен де алдияр. Сенің емес мен Лакейдің қызметшісі боламын. Мені соқыр дедің ғой, сен көргіш-ақ Болсаң да, өз сорыңды көре алмай-ақ отырсың Кім, мен қайда екеніңді сезбейсің. Білесің бе тегіңді? Түк білмейсің. Жердің үсті-астындағы Ағайынның бəріне де қассың сен. Əкең үшін, шешең үшін екі есе Сазайыңды тартсаң да қуғынның Масқарасын көресің. Əзіріңше жарық сəуле көрсең де, Қарамайтының түнек болар түбінде. Киферонның жерінде түкпір қалмас Естімейтін еңіреген зарыңды. Ойлармысың сонда сен некелі боп, Түгестім деп сапарымды сəтімен? Сезбейсің сен тағы талай сорыңды:

Əрі бала, əрі бай, балалардың ағатайы жəне сен!!! Креонт пен менің айтқан сөзімді, Енді табаныңда таптай бер, Сұм ажалы сұқтанған сенен өзге жан қайсы? Эдип Күш көрсетпек болды-ау бұл? О, қарғыс атсын сені! Кет, жоғал! Аулақ кет маңымнан! Тиресий Шақырмасаң келмеген де болар ем. Эдип Есуастың көкуін есітемін дегем жоқ. Мұны білсем шақыртпаған болар ем. Тиресий Сеніңше, мен есуаспын ба? Кезінде Ата-анаң мені кемеңгерім деуші еді. Эдип Кім дейсің? Тоқта... Мен кімнен туыппын? Тиресий Тап бүгін сен туарсың да өлерсің. Эдип Айқын емес, тағы жұмбақ айтқаның. Тиресий Шешетұғын жұмбақтың шебері сен емес пе ең? Эдип Менің ұлылығымды мазақтайын дедің бе? Тиресий Бірақ сол жетіктігің жетер сенің түбіңе.

Эдип Қаланы мен сақтадым, қалғанымен ісім жоқ. Тиресий Кеттім. Апарып салшы, ей, сен бала. Эдип Апарып салсын. Енді саған Төзетұғын шамам жоқ. Сен кетсең сейілермін. Кетеді. БІРІНШІ СТАСИМ Хор 1-Строфа Кім ол? Кім туралы Делфы тауы жаңғырығып жар салды? Кім болды екен мұншалық қанды сойқан іс қылған? Қашса керек ол сірə, Шапқан аттай зымырап; Өйткені оған барша қару-жарақпен Найзағайдай жарқ-жұрқ етіп лап қойды Зевс ұлы жəне де Караңғыда жол тапқан қаһарлы Кер. 1-Антиcтрофа Карлы Парнас тауынан хабар жетті біздерге, Жарлық етті іздеңдер деп жаңағы, Беймағұлым зұлматты. ІІІатқалда не орманда ол қаңғырып жүр, Зəңгіше жортып, арып-ашқан аң болып, Тас түйілген тəңірінің нəубетін Түсіріп бір кетсем дейді иықтан Бірақ та сол зілді үкімі жазмыштың Шүйлігіп жүр үстінен.

2-Строфа Жаман, жаман! Ақиқаты жаман іс Төніп тұр деп кемеңгер балгер бізді күйзелтті-ау. Келіспеске шама жоқ, Теріс дерлік тегеуірін тағы жоқ. Не дейін жан түршікті. Алды-артым түпсіз тас түнек. Полибтен туған Лобадакидың нəсілі Бір-бірінен жəбір-жапа шекті деп Ерте кезде, кейін де Естігенім жоқ еді. Бүгінде мен. Көзім жетіп күнəлі дей алмаймын Эдипті, Əрі Лайды өлтірген беймағұлым жендеттен Ала алмаймын кегімді. 2-Антиcтрофа Бірақ Зевс, Аполлон екеуінің Ойы озық, адамзаттың əрекеті Аян кəміл соларға. Өзге пенде білетінді білетін-ақ шығармын Болса дағы даналық əр кісіде əр қилы. Шексіз дəлел жоғында Жазғырмайық Эдипті! Ақ қанатты перизат, Қалың жұрттың көзінше Қосына. заулап келген соң, Біздің Фивы Эдипті қалап алып, Бар еңбегін бағалаған еді ғой. Жоқ сенбеймін бұл жазықты дегенге. Креонт кіреді. ЕКІНШІ ЭПИСОДИЙ Креонт Жерлестерім, Эдип мені масқара бір Іс қылды деп жазғыратын секілді.

Шыдай алмай өздеріңе келгенім. Ал, егер де Осынау ауыр жылда ісімді де, сөзімді де Зиянкестің зардабы деп ұғынса, Мансұқ маған ондай атақ тірлігі. Бұл секілді айыптың аз болмайды Апаты, көп болады! Бүкіл қала, достарым, өздерің де Мені аяулым десеңдер, оның арты оңдырмас. Хор Жоқ, олар тура керісіп қалды Ашуларын жеңдіре алмай ақылға. Креонт Балгер менің азғыруым бойынша Жалған айтты депті ғой. Хор Деуін деді, бірақ соның мақсаты маған көмескі. Креонт Арсыз! Ақылыңнан алжаспай-ақ осынша Қастығы мен қаралапты-ау басымды. Хор Білмеймін, ағзам ойы қараларға қараңғы ... Міне, өзі де үйден шығып бізге қарай беттеді. Эдип Бұл калай? Өзіңбісің? Келуге барғаны ма батылың? Ақ патшаны өлтіргіш анық жендет. Қайран біздің өкіметтің қарақшысы бола тұра Қандай бетсіз-ұятсыз ең босағамнан аттайтын? Құдай үшін, айтшы маған, тап осыны істерде Сен мені бір кеңкелес, не қорқақ деп ұқтың ба? Əлде сенің жер бауырлап жеткенің Байқалмайды, қорғанбайды дедің бе?

Өзің айтшы акымақтың ісі емес пе осының Дос-жарансыз, бір тиынсыз билікке таласқаның? Қаражат пен жақтас керек бұндайда. Креонт Сен əуелі өз сөзіңе өзгенің Қарсылығын айтқыз да – содан тоқы. Эдип Сөйлер сөзге шеберсің, бірақ мен Тыңдамаймын сөзіңді, жағаласар жауым сен. Креонт Жоқ тыңда сен, менің саған айтарым... Эдип Айтар болсаң кінəм жоқ деп қасарма. Креонт Егер еш мағынасы жоқ өркөкіректік Пайда деп пайымдасаң, ақымақсың. Эдип Егер сен ағайынның ешбір құны Сұраусыз деп ойласаң – оның жөнсіз. Креонт Болсын мейлі солай-ақ, бірақ айтшы Менен қандай залал шектің сен осы? Эдип Айтшы бəсе, сол пайғамбарсымақты шақырып ал деп Мына мені азғырған сен бе, жоқ па? Креонт Мен əлі де сол ойдамын.

Эдип Арада көп жыл өтті ме сол Лайдың ... Креонт Сол Лай дейсің бе?.. Түсінбедім сөзіңді... Эдип ...Жоғалғанына, қазасына тап болып?... Креонт Одан бері өтті талай ұзақ жыл. Эдип Ол кезде мені аузына алып па еді? Креонт Жоқ, онан ешқашан естігем жоқ. Эдип Iздедіңдер ме жендетті сендер сонда? Креонт Иə, əрине. Бірақ індете алмадық. Эдип Сəуегей сонда неге айта алмады? Креонт Білмеймін. Білмеген соң айта алмаймын. Эдип Ашып айт, сен мынаны білесің ғой... Креонт Нені дейсің? Білгенімді бүкпеймін. Эдип Өзара сөз байласпаған болсаңдар Лай қазасын жаппас еді маған ол.

Креонт Оны айтқан сөздерін өзің жақсы білесің, Енді менің сұрағыма жауап бер. Эдип Сұра, бірақ қазаның қанын жүктей алмайсың. Креонт Əй, сен менің қарындасымды алдың ба? Эдип Алмадым деп айта алмаймын. Креонт Осы Фиваның билігі екеуіңе ортақ па? Эдип Айтқанын қылам мен оның. Креонт Үшінші боп, екеуіңе мен ортақ емес пе едім? Эдип Міне, осыдан шықты жалған достық. Креонт Жоқ, сен сөзіме тереңірек үңілші Өзің ойла: тəж бен тақтың өзі би, жаны тыныш Мына маған, өмір-бақи адамның Үрей құтын ұшыратын үкіметтің не қажет? Еш уақытта болғам жоқ патшалыққа ынтызар, Мен өкіметтің тек жарлығын жақтадым. Есі дұрыс екінің бірі солай ұғады. Қиып берген сыйлығыңды қысылмай-ақ аламын. Тізгінді алсам қолыма, қалауыма Қарсы жұмыс қылар ем. Еш əбігерсіз билік пенен ықпалдан

Мансап маған артық болмақ қалайша? Жұрттың бəрі ол-пұл олжа, артық дəулет алу үшін Маған бақыт тілейді, иіліп сəлем береді Патшаға тілек айтушы алдымен маған келеді. Соны ұқпастай кеңкелес болғаным жоқ мен əзір. Жұрттың қолқа мүддесі – ашсам алақанымда Оны қалай мансапқа айырбастай аламын! Адаспайды есі бүтін ешқашан. Адасқанға жаным қас боп жаралған, Адасқанға көрсетер көмегім де жоқ менің. Тəңірлердің тəдбірін ғаділ жеткізе алдым ба, Сол арасын білмек үшін анықтап: Дельфаға бар да өздерінен сұрап біл. Сəуегеймен астыртын сөзім болса жазала Мен өзім-ақ өзіме кесем өлім жазасын. Еш лайық келмейді атымызға Жауызды абзал, абзалды жауыз көріп Сəл күдікпен біреуді бос кінəлау. Шын берілген досыңды сыртқа теппек – Аса бір асылынан айырылғаның Өзіңнің де көп ұзамай көзің жетер осыған. Адал жанды талай уақыт танытар, Арамзаны білмек шегі – бір-ақ күн. Хор Ойлы кісі құптар болар осыны; Асығыстық байламында баян жоқ. Эдип Жау кастығын жеделдетсе, Жеделдетіп іс қылмақ мағынада шарт. Шабындасам ойдағысын ол істеп, Мен бəрінен құр қалам. Креонт Не істемексің? Қумақсың ба мені елден?

Эдип Жоқ, ол аз ғой, қумақ түгіл өлтірем. Түсінесің сонда сен бақастықтың бағасын. Креонт Қарысқаның осынша, сенбегенің болды ғой? Эдип Солай, сендіре алмадың сен мені. Креонт Ақымақсың сен! Эдип Өз ісімді атқарар ақылым бар. Креонт Менің де ісімді ойла. Эдип Сен сатқынсың! Креонт Ақылыңнан аздың ба? Эдип Ерік-билік менде. Креонт Есуас билік түк те емес. Эдип О,Фива,Фива! Креонт Сен ғана емес, Фиваға мен де қожа.

Хор Жə, жетті енді бекзадалар! Көріп тұрмын, Сəті түсіп Иокаста да шыға келді Сарайдан. Себі тиіп жанжал соңын жақсылықпен бітірер. Иокаста Бақытсыз байғұстар-ау, неменеге Салғыласып қалдыңдар, қала сорлап жатқанда? Ұят емес пе өзара өкпелеспек? Үйге қайт, Эдип. Креонт, сен де – Ұсақ-түйек арамдық ұлғаймайды. Креонт Қарындасым, Эдип мені құртам деп қорқытады. Елден қумақ не өлімге бұйырмақ, Екеуінің бірі менің сыбағам. Эдип ІІІыны солай, зайыбым: аштым бұның қылмысын. Зұлымдықпен мені құртпақ болыпты. Креонт Осы таққан кінəң тегі шын болса Қастан шықпайын, қарғыс атсын мені! Иокаста Құдай үшін, илан бұған, Эдип, Ант сөзінің қасиеті үшін, мен үшін. Қарсы алдыңда тұрған мынау жұрт үшін Иланшы сен осыған.

КОММОС Хор 1-Строфа Жалбарынам, құлақ ас, ақылға кел илігіп. Эдип Не деп бұған илігемін, ал айтшы? Хор Уа, падишам, тумысынан адал еді, Бүгін тағы ант етті ғой ақпын деп, Жалынамын, кешіре сал! Эдип Не қолқалап тұрғаныңды білесің бе сен өзің? Хор Иə, иə. Эдип Айт ендеше. Хор Қайнағаң адал, Эдип, қаңқу сөзге иланып, Достарыңды бекерге жазғырғаның жөн емес. Эдип Көрініп тұр көмейің, мені құртып, Немесе қумақсың ғой каладан. 2-Строфа Хор Уа, ғарыптың ғайып-ерені Гелий, жалбарынам Арам болса ниетім

Құдай аясын, Дос-жараннан жұрдай боп, Опасыз өлейін. Жоқ, отанның соры бар, Менікі соның күйігі. Кəне, пəле-жаланың Талайын тағы жаңғыртып, Жаңсымен жалғасақ Не болады күніміз? Эдип Жə, барсыншы, көп болса мен-ақ осы елден Масқара боп қуылармын, өлермін. Мына сұмның сөзі емес, аянышты Сенің сөзің елжіретті жанымды. Креонт Сен көндің-ау ызамен. Бірақ ыза Басылар да, опық жерсің одан соң. Осы қатал мінезің жетіп тынар түбіңе. Эдип Кетесің бе, жоқ па? Креонт Кетемін ғой, Сен безсең де бұларға мен бұрынғыдай. Кетеді. Хор 1-Антиcтрофа Сарайыңа апармай неғып тұрсың ханым-ау? Иокаста Жоқ, əуелі аңысын аңдып көрейін.

Хор Күдік сөзден туды ғой... Зардабы шығар өсектің – Соңы сор-ау Қараулықтың қашанда. Иокаста Қатты сөзге келді ме? Xор Иə, иə... Иокаста Неден болған əңгіме? Хор Менше, осы ел тарығып тұрғанда Екеуінің сол сөзіне енді соғу жөн болмас. Əдип Сен менің ашуымды бассам дейсің... Неткен адал едің сен... Хор 2-Антиcтрофа Уа, падиша! Сөйтем деп Əлденеше ант еткем! Сені тастап кетуге Бел байласам шынында, Мен кеңкелес кеще болған болар ем. Қымбатты біздің өлкені, Қиын-қыстау жылдарда Құтқарып едің апаттан Түзу жолға салып ең – Бүгінде солай бір өзің Бағымыз болшы бастаушы!

Иокаста Құдай ақы, падишам, мəнісін айтшы, Өштігіңді осынша өршіткендей не болды? Эдип Баршадан биік бағалым, аяулым едің айтайын,– Əңгіме Креонтта, соның жауыздығында. Иокаста Ұрыс-керіс себебін ашып айтшы ендеше, Эдип Ол патшаны өлтірген сенсің дейді. Иокаста Осыны ойдан өзі шығарған ба, біреуден білгені ме? Эдип Қу сəуегейсымақты жіберіп ап астыртын, Өзі мұнда бейкүнəсіп сөйлейді. Иокаста Ей, падишам, сен бұл жайлы ойлама! Одан да мені тыңда; адамзаттан ешкім де Сəуегейлік өнерін білген емес. Қып-қысқа бір дəлелін айтайыншы: Білмеймін Фивадан ба, əлде соның абыздары арқылы ма Əйтеуір, тəңірі аян беріпті де, айтыпты, Түбінде Лайдың ажалы Лай мен менен туған ұлдан болмақ деп. Ал лақаптың айтуынша Лай өліпті үш жолдың торабында Бір белгісіз қарақшылар қолынан Туғанына үш күн болған баламның Қол-аяғын байлады да əмір етті əкесі. «Жан баспайтын шыңға апарып таста» деп Сөйтіп Аполлоннан деген хабардың Айтқаны келмеді ақыры.

Лай өлсе де ажалы баласынан болмады. Өмір бойы баладан қорқып еді бейшара. Тыңдама сен оларды, құдай өзі қаласа Қиналмай-ақ паш қылады жарлығын. Эдип Аһ, сенің айтқан əр сөзің Жандырады жанымды жүдетеді жүректі. Иокаста Не жай сенің күйдіреді жаныңды? Эдип Лай үш жол торабында өлтіріпті-мыс дедің бе? Иокаста Сондай сыбыс болғанды, бүгін де солай деседі. Эдип Ол қай жерде, қайда болған бұл жəйт? Иокаста Фокида дейтін өлкеде үш айырық жол сонда, Түйіседі – Давлия мен Дельфыдан. Эдип Содан бері неше жыл өтті арада? Иокаста Сен өкіметті алардан аз-ақ бұрын Осындағы қала жұрты таратты сол хабарды. Эдип Уа, тəңірім Зевс! Мені қандай азапқа салмақсың? Иокаста Не себепті осыншалық қысылдың, Эдип?

Эдип Сұрама...Сырт бəдені қандай еді Лайдың? Кəрі ме еді, жас па еді? Сен соны айтшы? Иокаста Ұзын бойлы кісі еді. Ақ кіргенді самайына. Қарамаға қазіргі өзіңдей-ақ болатын. Эдип Уа, сорым-ай! Байқаймын, білместікпен Бір лағынет тілеп алған екем ғой! Иокаста Ағзам зəрем ұшты ғой! Айтшы саған не болды? Эдип Соқыр балгер көріпкелдің өзі ме деп қорқамын! Айта берсең анықталар бəрі де... Иокаста Қорқып барам, бірақ түгел айтайын білгенімді. Эдип Жанындағы нөкері шағын ба еді? Əлде патшаға лайық қалың қол ма? Иокаста Олары бесеу еді. Бірі жаршы, Күймеде Лай өзі жалғыз кеткен. Эдип Ойбай, ойбай-ай! Анықталды. Ал сонда Сендерге кім хабар берді, жұбайым? Иокаста Малай, жалғыз сол қашып құтылыпты.

Эдип Қазір бар ма осы біздің сарайда? Иокаста Ə, жоқ. Ол келіп Лайдан кейін өкіметтің Өз қолыңа ауысқанын білді де, Жалбарынып алдыма кеп жығылып, «Астанадан алыс кетсем болды» деп Тау жайлауын сұрады. Рұқсат еттім. Құл да болса Көп жақсылық қылуға жарайтұғын жан еді. Эдип Соны дереу қайтадан алдыруға болмас па? Иокаста Болады ғой, əрине, бірақ соның қажеті не? Эдип Беу жұбайым, көп ақтардым сырымды, Түбі сонымен кездесу керек болып – Қалама деп қорқамын. Иокаста Мейлі, келсін. Бірақ менің хақым бар ғой Падишам жаныңды не күйзелткенін білуге. Эдип Беу жұбайым, саған ашпай сырымды кімге ашайын, Тартынбай-ақ айтайын күйзелісін жанымның. Жə біліп қой; əкем Полиб Коринфте туыпты, Ал Мерона шешемнің туған жері Дорян. Коринфте атым шықты, бірақ та Мен кейістік қыларлық демесек те Таң ғаларлық бір іс болды. Бір қонақ ішіп-тойып мас болды да, Сөкті мені «асыранды ұлсың» деп.

Бұл қорлыққа сол күні əрең шыдап, Ертеңіне азанда ата-анама жеткіздім. Екеуі де өлердей-ақ өшікті Маған тілі тигенге. Онысына қуандым, Көкейімде күдік қалды бірақ та, Лақап елге тарап кетті, Ата-анаға айтпастан Дельфы келдім. Аполлон бірақ жағымды жауап бермеді. Төндіріп айтты қасірет сорды қайдағы. «Өз анаңа үйленбегің жазмыш» деді ол «Сол анадан жұрт көргісіз петнəлер туады да, Өз əкесін өлтіретін болады», Бұны ұқтым да, бекіндім Коринфті Қалдыруға жұлдыздан да қашықта. Қаштым мен жаңағыдай қас масқара болғанша, Көрмейтұғын жерімді көрейін деп. Кете бардым ақыры өзің айтқан, Патшаның кісі өлтірген елге келдім. Бір өзіңе жұбайым бір шындықты ашайын! Өзің айтқан үш жолдың торабына жеткенде Кездестім мен ат жеккен бір күймеге. Ол күйменің ішінде қарт отырды жаршымен Арбакеш пен қарт адам жол бермеді кимелеп. Ақыры мені арбакеш қағып кеп жіберді, Меніде салдым қақ жүректен қанжарды. Жанап келе бергенімде күймеге Ағасы мен əлгі қарт төбемнен қойып жіберді. Қас қаққанша қарымын меніде қайтардым. Сол-ақ сойылым тиген қария Құлап түсіп күймеден сұлап жатты. Қалғандарын да өлтірдім... Егер соның Лайға, Қосылар болса үш қайнап сорпасы Уа, тəңірім! Менен сорлы пендең, Менен өткен жексұрын құлы бар ма Құдайдың. Жақыны қас, жат та қас, сəлемін Алмас, жақтамас – жексұрын келсе қонаққа,

Қуып шық үйден жолатпа» Сол айтқаның мен болдым, қалап алған қарғысты Қазалының төсегін қанды қолым былғады-ау! Жыртқыш емей кіммін мен? Кетер едім ата-анам...өзім туған өлкеме Қайта барар кақым жоқ. Онда барсам шешемді алам, Өз қолыммен өлтіремін əлпештеген əкені Құлдыратқан осынша құдіреті емес адамның, Жансақ емес жазмыш бұл! Жоқ қатал, ғаділ тəңірлер, Ол күнді көзім көргенше іріп-шіріп, Із-түзсіз жер бетінен жоғалам, Жалғыз-ақ сол, жаңағыдай ласқа Былғанбасам болғаны! Хор Бізде де, ағзам, зəре жоқ. Бірақ та сен Білмей тұрып тарықпа, көзбен көрген куəдан. Эдип Үзілмеген үмітім біреу ғана – Бақташының келуін күтуім шарт. Иокаста Соның маған келгенінен не түсер? Эдип Айтайын. Бір жерден шықса екеуіңнің сөздерің Масқарадан құтылдым. Иокаста Мен соншалық қаныққандай не дедім? Эдип Патшаны қарақшылар өлтірді деді ғой ол – Ол осыны растап, көп еді десе жендеттер.

Мен болмай шығам өлтірген. Мүмкін емес Бір адамның көп болып көрінуі Ал егер жалғыз десе, онда ақиқат, Мен боп шығам қылмысты. Иокаста Ə, жоқ. Айтқанын айттым бұлжытпай, Сол сөзінен танбады ол. Бір мен емес, бұны бүкіл қала естіген. Ал егер сол сөзінен танар болса Бəрібір еш қақы жоқ Аполлонның айтқаны Келді деуге – өйткені менің ұлым Өлтірген жоқ Лайды. Титтейінде қаза болған менің ұлым бейшара – Оны қайдан өлтірсін? Сондықтан да бұл күнде мен сенбеймін, Ешқашанда сенбеймін Құдайлардың Аян берген сөзіне. Эдип Ия, жөн айттың. Бірақ əлгі Малшыға сен біреуді жұмсап келші тезірек. Иокаста Қазір-ақ жіберейін. Жүр үйге... Айтқаныңның бəрін де істеп берейін. Кетеді. ЕКІНШІ СТАСИМ Хор 1-Строфа Жазмыш рұқсат берші маған сақтауға Қасиетті заң атына қақталған Іс пен сөздің адалдығын əрдайым Екеуінің Олимп ортақ əкесі,

Оларды туған пенде емес Қанша заман өтсе де Қылғыта алмас оларды. Құдіретті Құдайым қүндағында солардың Қартаймайды ешқашан. 1-Антиcтрофа Өктемдіктен тажал туған Өктемдік деген есуас тояттанған бəріне Тойда қылмақ, рақым етпек оған жат, Ол бақыттың шығып алып шыңына. Табан тірер таба алмай, Шын азаптың шыңырауына құлайды. Қаламызға қасиетті күш-жігерді Бойымыздан сарықпасын Құдайым, Өмір бақи құдайдың Өзі бізге дем берсін! 2-Строфа Сөзімен де, ісімен де астамшылық қылса пенде, Хақтың əділ бұйрығынан бұқпаса, Танымаса тəңірін Сор, азапқа ұшырарда Талаураған көкірегі тапталар! Харамнан пайда іздесе Қиянат істен қашпас, Қасиетті қазанға шіміркенбей қол сұқса – Ол пенде мақтана алар ма Сақтандым деп тірлікті садағынан тəңірдің? Ондайлардың ісінен опа тапсақ, Касиетті Хорға кіріп не керек? 2-Антиcтрофа Егер тəңір бұйрығын екі етер болса пендесі, Жүрегіне қасиетті өмірдің Жүріп бара, жайым жоқ –

Олимпке де, Абы мұнарасына да бармаймын. Егер, Зевс, құдіретті билеушіміз Сен екенің шын болса, Ешбір зұлмат ешқашан Құрығынан құтылмас! Əттең! Лай туралы сəуегейлік бос болды. Аполлонның қадірі түсті қайда да. Сəл кідіреді. Құдайларды біз бір жолға ұмыттық. ҮШІНШІ ЭПИСОДИЙ Иокаста Фиваның əміршілері! Көп ойландық, ақыры Хош иісті гүлдер шоғын құшақтап, Тəңірлердің ордасына барғанды жөн көрдім. Эдип қатты күйзелді; Ақылынан адастырды қасірет; Болашақпен бұрынғыдай ісі жоқ, Жамандықты болжаған балгер ғана елестеп, Есіреді, көңілін жұбата алмадым.... Енді міне Аполлоны Ликейдің Жалбарынам өзіңе, мен келемін Құтқара гөр пəледен. Эдип жаны қысылды, бізде зəре қалмады, Теңіздегі дауылдан қорыққанда Басшысына жаутаңдап қарайтұғын жандаймыз. Хабаршы кіреді. Xабаршы Уа, жат өлкенің жандары, Эдип патша қай үйде? Көрсете аласыңдар ма? Қайда екенін өзінің айтқандарың абзал.

Хор Үйі мынау, өзі сонда мейманым, Мына кісі ханымы, анасы бұл Соның балаларының. Xабаршы Уа, патшаның парасатты жұбайы, Бақыт кешіп үй-ішіңмен, Барша мұратыңа жетер бол! Иокаста Өзіңе де соны тілеймін Сəлемің неткен сұқпатты! Тілегің бар ма? Əлде бір Хабарың бар ма əкелген? Xабаршы Үй-ішің мен жұбайыңды қуантам. Иокаста Не тақырыпты? Кім жұмсады өзіңді? Xабаршы Коринфтенмін. Сірə сені хабарым – Қуантар да қуартар. Иокаста Бұл не сөзің? Не себепті ол екіұшты? Xабаршы Коринф жұрты Эдипті Өз патшамыз деп отыр. Байламы сол бəрінің. Иокаста Қалайша? Ондағы өкімет Полибтің Қолында емес пе?

Xабаршы Ажал оның жуықта жамбасын жерге тигізді. Иокаста Не деп жүрсің, Полиб қайтыс болды ма? Xабаршы Өтірік айтсам, өлім келсін маған да. Иокаста Қызметші, тез үйге жүгір. Шақырып кел патшаны... Тəңірлерің қайда əлгі Айнымай келген аяны? Эдип патша Полибті өлтіріп Қоям ба ден қашып жүрсе, Эдипсіз-ақ ажалынан өліпті ғой өзінің. Эдип кіреді. Эдип Уа, сүйікті жұбайым, Иокаста, Мені неге шақырдың? Иокаста Сөзін тыңда мынаның, Сонан соң өзің пайымда, Тəңірлердің аяны айнымай-ақ келіп пе? Эдип Бұл кім өзі, не айтам дейді бұл маған? Иокаста Бұл Коринфтен, əкең – Полиб өліпті, Сол кісінің дүниеде жоғын айта келіпті. Эдип Не дейсің, ей, қонағым! Өз аузыңнан айтшы сен.

Xабаршы Əңгімені əуелі содан бастасам, білгізейін, Қайтпайтұғын сапар шекті ол Эдип Оны біреу өлтірді ме? Ауырып қайтыс болды ма? Xабаршы Қарт адамға өлім жуық қашанда. Эдип Бейшара, сүйтіп науқасынан қайтты ма? Xабаршы Жасы жеткен адам ғой. Эдип Əттеген-ай! Жұбайым-ау, əулие құс пен, Шаһитіне Пифидің иланыппыз бекер-ақ; Солар болжап еді ғой. Өз əкесін өлтірмек Эдипке жазмыш деп. Енді міне, ол өлі, жер астында, Ал мен деген қанжар ұстап қасына барған емен Мүмкін өз баласын сағынғаннан Құса боп өлген шығар. Сонда соған кінəлі мен болам ба? Полиб барлық жорамалды ала кетті Аидқа... Соның бəрі шынында бос даңғаза болатын! Иокаста Саған осыны айтпап па едім сан рет? Эдип Айтуын айтып едін-ау, үрпиткен мені үрей ғой. Иокаста Бұдан бұлай үрпиме, жарақаттама жаныңды.

Эдип Əлі де сол анамның төсегінен қорқамын. Иокаста Пенде неден қорқады? Біздер деген Кездейсоқтың құлымыз, көрегендік бізге Жат. Əркім өзі жайбарақат білгенінше Бір тірлігін қылашақ... Өз анаңа қосылудан да қорықпа: Талай-талай түсінде анасының қойнында Ұйықтай береді əркім-ақ Бірақ сол түс түлкінің боғы Болып калад та, өз қалпында өмір жылжи береді. Эдип Тауып айтсаң ... бірақ шешем тірі ғой. Шешем тірі болғандықтан, тауып айтсаң да, Үрей менің тыншытпайды жанымды. Иокаста Əкеңнің көрі, алайда көңіліңе жұбау ғой. Эдип Иə, əрине, бірақ əлгі ... тірісінен содан қорқам. Xабаршы Кім ол, қорыққаның соншалық? Эдип Полибтің жесірі, Меропа қария. Xабаршы Не себепті сен одан осыншалық қорқасың? Эдип Тəңірдің сұмдық аянынан қорқамын ғой, қонағым.

Xабаршы Білуге соны болар ма екен, жоқ па екен? Эдип Болады. Бір кезде маған Аян берген Аполлон əйелдікке аласың деп анаңды, Төгесің деп өз қолыңмен қайран əке қанын да. Сол себепті Коринфтен алыс тұрам. Бұл жерде, Бақыттымын бұл жақта, сөйтсе дағы бəрінен Ата-ананың көз жанары ыстық қой! Xабаршы Қорқынышың əкелді ме қуғындап? Эдип Əкемді өлтіріп қоям ба деп қорықтым ғой жəне де. Xабаршы Алдияр, онда мен сені құтқарайын құсаңнан, Қайырымды хабаршы деп мені бекер айтпаған. Эдип Еңбегіңе лайық сый көресің. Xабаршы Өзім де сені Коринфке қайтарып, Соным үшін сыйлық алам деп келдім. Эдип Өмір-бақи əкемнің үйіне қайтып бармаспын. Xабаршы Білмейсің, ұлым, сенің бүйтіп жүргенің... Эдип Немене қария?.. Құдай үшін, айтсаңшы.

Xабаршы ... Сені бүйтіп алыстатқан үйіңнен. Эдип Фиваның айтқаны келе ме деп қорқамын... Xабаршы Ата-анаңнан бездің ғой? Қорқасың ғой сұмдықтан? Эдип Я, солай, қария, сол сұмдықтан қорқамын. Xабаршы Шынын айтсам бекер бүйтіп корқасың. Эдип Енді қайтем солардан туған болсам? Xабаршы Қайткені сол, Полибпен туыстығың жоқ сенің. Эдип Не дедің сен? Полиб əкем емес пе? Xабаршы Мен қандай əке болсам, о да сондай. Эдип Сен маған түк те емессің, ал ол – əке! Xабаршы Сені туғызған о да емес, мен де емеспін. Эдип Онда неге ұлым деді? Xабаршы Ол сені өз қолынан сыйлыққа алған.

Эдип Біреудің қолынан алған сүйгені ме соншалық? Xабаршы Иə, баласыз еді өйткені. Эдип Сен мені сатып алдың ба, тауып алдың ба? Xабаршы Кифсрон шатқалында орманнан тауып алдым. Эдип Сен ол жерді не себепті шарладың? Xабаршы Тау ішінде мал бақтырып қойған-ды. Эдип Сен өзің Малшы, кедей жалшы ма едің? Xабаршы Ұлым, сені аман сақтап қалған мен. Эдип Сонда не үшін сорладым? Xабаршы Айғақтарың – аяқтағы тыртығың. Эдип Қой, не керек ескі дертті еске алып? Xабаршы Мен босатқам шұрық-тесік аяғыңды.

Эдип Уа, тəңірлер! Кім қылмысты? Шешем бе əлде əкем бе? Xабаршы Анығын соның сені маған берген кісі біледі. Эдип Өзің таппай, өзгенің қолынан ап па ең сен мені? Xабаршы Басқа бір бақташыдан алып едім. Эдип Ол кім еді? Мүмкін, айтып бере аларсың? Xабаршы Ұмытпасам, сол Лайдың малайымын деп еді-ау. Эдип Фиваның бұрынғы патшасының дейсің бе? Xабаршы Иə, ол сол патшаның бақташысы болыпты. Эдип Тірі ме өзі... Көрсем деп ем... Xабаршы Оны өздерің, тұрғындар, білсеңдер керек жақсырақ Эдип Қариялар! Мынау шабарман айтқан жаңағы Бақташыны білетұғын кімің бар? Жайлауда не осында кім кездесті сонымен? Ал айтыңдар! Барлығын да ақтарып айтар кез жетті.

Хор Меніңше, əлгі жолықсам деген бақташың Сол болып шығып жүрмесін! Тегі бұны тереңірек түсіндірер Иокаста. Эдип Жұбайым, шабарманның бұл айтып отырғаны Біз шақыртқан Малшы емес пе? Иокаста Бəрібір емес пе? Ау, жетті енді қапаланба, Тыңдама да бос сөзді... ұмыт соны. Эдип Түйіншекті қолыма ұстап отырып, Тегімді тексеруім мүмкін емес. Иокаста Тірлігіне сыйласаң, Құдай үшін Тексермеші осыны... жетті менің азабым! Эдип Берік бол! Атағына осы нұқсан келтірсе, Үш мəртебе күңнен туған болайын! Иокаста Тілегім сол «тілімді ал да сабыр ет!» Эдип Мені көндіре алмайсың, бəрін білмей тынбаймын. Иокаста Жаныңа жақсылық тілеймін... ақылым абзал. Эдип Абзал ақыл тойдырып-ақ бітті енді.

Иокаста Кімсің сен, сорлы-ау, соны білмей-ақ қой! Эдип Барыңыз да Малшыны алып келіңіз, Білгенін айтып бір мақтансын оңаша. Иокаста Уа, сорлы ғаріп! Саған тек осыны айтам да, Өмір-бақи өшіремін үнімді. Кетеді. Хор Эдип, ауыр дертті арқалап қайда кетті əйелің? Үнсіздігі үлкен бір сұрапылға соқтырмаса неғылсын Эдип Мейлі неге соқса да, тегім менің Түкке тұрмас болса да. Тегімді білгім келеді. Қарадан менің туғаным, ақсүйек əйелімнің Арына тиер кеп болса. Мен біздерге Шапағатын тигізген жазмыштың жалғыз Ұлымын, қорықпаймын қорлықтан. Анам – жазмыш, ағайыным – ай мен күн Солар мені қуантқан, қуартқан да Солар менің нəсілім – бола алмаймын өзгеше! Тегімді білмек парызым. ҮШІНШІ СТАСИМ Xор Строфа Егер менің жанымды сəуегей қып Жасағанның жаратқаны шын болса, Тау Олимп атыменен ант етем:

Өзің əлі-ақ есітерсің, Киферон, Сүттен жарық ай астында біз сені, Эдип туған өлкені – Əкесі мен Əлпешінде мадақтармыз күні ертең. Қошеметтеп қоршармыз Өйткені сен Фивы патшаларына Баяғыдан бақ дарытқан құт едің. Уа, Феб, бізді қолдай гөр! Кел, келе гөр! Айқара құшақ ашамыз! Антиcтрофа Көп жасаған кəрі қыздың Қайсысынан туып едің, сен сəби? Ғайып-ерен қырық шілтен яки Қыдыр Сені тауып алды ма? Өйткені олар сүюші еді ертеден Таудың таза көк шалғынды жайлауын. Əлде Киллен патшасынан тудың ба? Əлде сонау Геликонда, Құдай өзі пірлерінен сайран салып ойнайтын Шатқал шыңда перизаттан Туған ба бұл нəресте? ТӨРТІНШІ ЭПИСОДИЙ Эдип Танымаймын бет əлпетін Малшының, Бірақ та мен тұспалдаймын, қариялар, мынау сол Біздің күткен кісіміз; өзі кəрі Жас жағынан хабаршымен қарайлас. Қасындағы жандарды құлдарым деп білемін. Анығын өзің айтарсың, Өйткені сен Малшыны Əлденеше көрдің ғой.

Хор Иə, ағзам, бұл маған əбден таныс, Лайдың бұл ең бір адал Малшысы еді. Малшы кіреді. Эдип Əуелі сенен сұрайын, Коринфтен келген Қонағым, сенің айтқаның осы ма? Xабаршы Иə, осы. Эдип Ал, қария, көзіме тура қара да Менің күллі сұрағыма жауап бер: Лайдың құлы болып па ең? Малшы Болдым. Бірақ сатып алған жоқ, қолында өскем. Эдип Не кəсіппен күнелттің? Малшы Өмірімнің көбін-ақ мал бағумен өткердім. Эдип Ал сонда сен қай жерде тұрдың көбірек? Малшы Киферонда жəне соның маңында. Эдип Таныдың ба бұны сен? Кездесіп пе ең? Малшы Не істепті бұл? Сен кімді айтып отырсың?

Эдип Алдыңда отырған адамды. Кездесіп пе ең бұнымен? Малшы Мүмкін. Бірақ, бірден еске түсіре алмай отырмын. Xабаршы Онысына таңданбаңыз, əміршім. Бірақ мен Ұмытқанын түгелімен түсірейін есіне. Илан, бұның есінде екеуміздің Киферонды кезгеніміз. Бұл бір өзі екі қора, Мен бір қора мал бақтым. Көктемнен суық түскенше қанаттас болды үш тоқсан. Қыс түссе мен малымды өз мекеніме Айдадым, ал, бұл Лайдың қой қорасын қыстады. Айтқанымның бəрі рас па, өтірік пе? Малшы Бəрі рас, талай, талай жыл өтсе де. Xабаршы Айтшы кəне, есіңде ме маған бала бергенің, Өз ұлыңдай көріп бақ деп, өсір деп. Малшы Берсе несі бар? Сол да сұрақ болып па? Xабаршы Міне, абзал дос, сондағы берген сəбиің! Малшы Уа, қарғыс атқыр! Өшіресің бе үніңді, жоқ па? Эдип Жоқ, жоқ, қария, сөкпе сен бұны; Қайта сенің сөздеріңді сөккен жөн.

Малшы Сонша менің жазығым не, алдияр? Эдип Бала жайын айтпағаның – жазығың! Малшы Əй, бұл түк те білмейді, оттап отыр əншейін. Эдип Жақсылықпен айтпасаң, дүре саған айтқызар. Малшы Жоқ, құдай үшін шал адамды сабама! Эдип Екі қолын артына қайырып байлаңдар! Малшы Ойбай, сорым-ай! Менен нені білмексің? Эдип Нəрестені мынаған сен бердің бе? Малшы Мен бергем, одан да сол күні өлсем ші!.. Эдип Несі бар, ақиқатын айтпасаң өлесің де... Малшы Айқанымнан өлгенім артық. Эдип Қарашы өзін, жалтарғысы келеді! Малшы О, жоқ, бір заманда бергенім рас дедім ғой.

Эдип Баланы қайдан алып ең, сенікі ме əлде бөтен бе? Малшы Менікі емес... Басқа біреуден алып ем. Эдип Ендеше қай үйден? Кімнің қолынан? Малшы Құдай үшін, сұрамашы ар жағын! Эдип Сауалымды қайталатсаң өлесің! Малшы Ендеше біл – Лайдың-ақ Қолтумасы болатын. Эдип Құл ма əлде патшаның нəсілі ме? Малшы Ойбай, сорым-ай! Масқараның бəрін айтар болдым-ау! Эдип Ал менің жөнім – тыңдамақ... Қайткенде де тыңдауым шарт. Малшы Ол Лайдың өз баласы саналатын... менен гөрі! Өз жұбайың осыны ұғындырар жақсырақ. Эдип Саған, сөйтіп, баланы ханым берді ме? Малшы Иə, патшам.

Эдип Неге? Малшы Өлтіріп таста деп берді. Эдип Шешесі баласын ба? Малшы Масқара бір болжалдан қорқып берді. Эдип Қандай болжал? Малшы Осы бала түбінде өз əкесін өлтіреді десті ғой. Эдип Ал оны қартқа беруге қалай барды батылың? Малшы Аяп едім, алыстағы еліне алып кетер деп едім. Енді бақсам сазайымды тартқызсын деп Сақтапты ғой бұл оны. Егер сол бала сен болсаң, Сорымызға туғансың! Эдип Ойбай, сорым-ай! Барлығы да айқындалып келеді. Беу, жарық дүние! Осы сені ақырғы рет көруім. Қарғыстан тудым, қарғыспен неке қиыстым, Қылмысқа бағып қан төктім. Жүгіріп сарайға кетеді.

ТӨРТІНШІ СТАСИМ Хор 1-Строфа Жарандар, уа, жарандар, Құдайдың құлдары! Жердегі өмір жетімек! Бұл дүниеде бақытты жан бар ма екен? «Бақыттымын» дегенше басынан құсы таяды. Тағдырың маған сабақ қой, Эдип, Уа, сорлы Эдип! Тағдырыңнан танығанымды айтам: Еш бақытты жан жоқ мына жалғанда. 1-Антиcтрофа Дəлдеп көздеп бақытты алды ол Беу, Зевс! Көлгір сөз айтып сарнайтын Жез тырнақ қызды жерледі ол, Қамал боп қайран еліне, Содан соң Эдип атандың. Патшамыз болдың, біздің ұлы Фивада Құрметін көрдің ел-жұрттың. 2-Строфа Ал бүгін сенен өткен бақытсыз кім бар пендеде? Алдыңғының ауыр жүгін арқалап Азап-сордың торына түскен сенделген Сендей жазған қайда бар? Қайран мəшһүр Эдип-ай! Бір өзің əке, бала да Қалпыңда кіріп құшаққа, Жөргегің болды-ау өзіңнің Қалыңдық ойнар төсегің Бейшара-ау, неғып сонша ұзақ Төзді екен саған түк демей Əкеңнен қалған өркенің? 2-Антиcтрофа Енді міне, қырсық мезгіл қылт етті, Талақ етті некеңді, ғайбат оны неке деу

Бір өзің əке, бала да Болғаның ұзақ – сор мазақ. Ə, беу, Лайдың ұлы бақытсыз! Өмір-бақи көрсемші бұдан да Шынын айтсам, басымызға Басқа заман орнаттың, Көзімізге шел қаптаттың. Қолтума шығады. ЭКСОД Қолтума Уа, ардақты елдің азаматтары! Енді не бар естімеген, көрмеген? Тақ пен тəжге табынамын деп жүріп Қандай дерттің жүктерін арқалаймыз əлі біз? Жоқ, Истр, Фасис дариялары жетпеді Лобадқа үнінің қырсығын жуып-шаюға! Бықып жатыр ол үйде тілеп алған, Тілемей де өзі кірген неше түрлі сұмдықтар – Жалғасып жатыр көнесіне жаңасы! Қалап алған қасірет ауыр бəрінен. Xор Еш кесапат ауыр емес біз білетін пəледен... Тағы ма жай, айта бер! Қолтума Ойбай, айту мен тыңдау оп-оңай: Қайтыс болды қасиетті Иокаста. Хор Сорлы бейбақ! Неден қайтыс болыпты? Қолтума Ойбай, өзі! Бірақ мендей аза тұта алмайсың ғой, Мына сен, сендер көрген жоқсыңдар,

Күллі менің көргенім көкірегімде сақтаулы. Бейшараның қалай жаны қиналғанын айтайын: Алас ұрып үйге кірді, құлай кетті төсегіне некелі, Шашын жұлды қос қолдап. Есікті тарс жапты да, айғай салып, Əлдеқашан өлген Лайды шақырды. Өз əкесін өлтірген, тұла бойы тұңғышын есіне алды, Есіне алды масқара боп, Анасының қойынын ашқан баласын Өкірді-ай кеп, қос некелі төсегінде тыпырлап, Байынан бай, ұлынан ұл Көріп еді ол осынау тар төсекте. Ақыры енді сол төсекте өзі өлді, Қайтып жан тапсырды біле алмады Ойбай салып одан соң Эдип кірді, Əлгі əйелді содан соң бақылауға батпадым. Патшаның алас ұрғанына қарадым. Семсерін суырып əйелін дереу іздеді ол, Аузы да бармай əйелім деуге жəне де – Өзін де, балаларын да сол ана туған. Қырсығына біздердей қызметшілер емес-ау. Құдай оны душар етсе не шара?.. Өкіріп бір сəт, өкшелете бір адамды қуғандай, Екі ашпалы есікке жүгірді де, Бұзып кірді ұйықтайтұғын бөлмеге, Сонда көрді патша, ханым дарға Асылып та қалыпты, аяқ-қолы салбырап. Патша соны көргенде ойбай салды дертінен. Патша дереу ағытқанда тұзақты құлап түсті бейшара Одан арғы сұмдығын айтсаң тіптен масқара – Жарқыраған өңірінен ханымның Жұлып алып түйреуішті Еңіреп кеп екі көзін шабақтады падиша Оны істеген сұмдықты да, ақырғы бұл азапты да Көзім көрмей өлейін-ақ деген ғой. Құмартпайтын дидарға құнығып кеп қараған,

Тапқан ана жүзінде де танымаған осы көз Енді соны жан қинап шабақтады сан рет. Тап сол көзден тамшы емес, Сақалына сорғалап қара күрең қанды жас, Қыл самайды қызыл-жоса сел басты. Баяғы сол бақыттары бұлардың Бақыт еді-ау басқалар қызыққандай. Енді міне, ажал-апат, масқара, өлім-ұят – Барлық сұмдық осы үйде басын қосты. Хор Халі қандай ендігі? Бейшара есін жыйды ма? Қолтума Есікті аш деп айғайлайды, көрсет дейді Өз əкесін өлтірген сұм жендетті күллі Кадм жұртына! Көрсет дейді өз анасын ... ластамайын аузымды. Қарғыс атқан өзіңнің, бір басыңның қырсығы Тимесін деп үйіне, өзін-өзі қуып шығам деп жатыр. Əбден өзі əлсірепті, бейшараға бір жетекші берейік. Өздерің де көрерсіңдер...əнеки ашып жатыр есікті... Дұшпаны да бұл бейбақты мүсіркер!.. КОММОС Хор Қарапайым пенде бұған қарауға да төзе алмас! Беу бейшара-ай! Не қырсыққа шалындың? Қандай ғана періште қатты тепкен Тағдырыңды тас төбеден осынша? Бетіңе қарар шамам жоқ – сөйте тұра Көп жайларды сұрап білгім келсе де Шошып тұрмын түріңнен! Эдип Ойбай, сорым! Ойбай мен сорладым ғой! Қасіретіме қайта келіп тірелдім,

Уа, дабысым, қайдан шықтың қаңғырып? Қас тағдырым, сен мені қайдан сүйреп əкелдің? Хор Құлақ естіп, көз көргісіз тұңғиықтың түбіне. Эдип 1-Строфа Уа, тас түнек! Қорқыныштың қолтығына тығылдым, Құйын мені сүйреп алып жоғалды... Уа, қасіретке ұшырадым! Ойбай, ойбай, қасірет! Қанжар маған қадалғандай! Ес-түсімнен айырылдым! Хор Бұндай сорға екі есе азаланам, Екі бірдей азапқа шыдай алмай шыңғырсаң, Ерсі емес сол... Эдип 1-Антиcтрофа Беу, досым-ай! Адал қалған қызметшім айналамда бір өзің – Медетімсің менің – мына соқырдың. Беу, дариға-ай! Қараңғыда қалсам да қасымдасың, Даусыңды жазбай танып отырмын. Хор Ей, масқара бір іс қылған бейшара-ау, Дəтің барып, маңдайдағы шырағыңды қалай ғана сөндірдің? Құдай өзі барғызды ма сол іске. Эдип 2-Строфа Аполлонның əмірі, Аполлон солай істетті, ағайындар!

Көзімді ешкім ойған жоқ, Өзім ойдым. Ойбай, ойбай... Ешнəрсеге қиылып Қарауға да қақым жоқ, Екі көзден енді маған не пайда? Хор Болжағаның болғанда тынған екен. Эдип Енді неге көз тігем? Нақсүйерім қайсы? Жанарымнан лəззат табар жан қайсы? Ұйып тыңдар кімім бар? Əкетіңдер тезірек бұл маңайдан, Əкетіңдер мына мені; Оңбаған, опасызды, жоғалтыңдар! Жұрт алдында үш дүркін жүзіқара – мына мені! Менен өткен жексұрын құлы жоқ құдайдың! Хор Ей, сен, жаны-тəні бірдей шерлі, күйіктім, Кездеспеуім керек еді сенімен! Эдип 2-Антиcтрофа Бала күнде балтырымды бунаған, Тұсауымды ағытып, Азаптан азат бол деп, Ойбай, сөйтіп, ақыры, душар еткен сорыма Кім болса сол адам құрып кетсін! Сонда өліп қалған болсам, туыстар да, өзім де Қасіреттің, тақсіретін татпас едік соншама! Xор Сенікі рас, сол еді ғой абзалы. Эдип Келмес едім бұл жаққа өлтіруге əкемді, Шешемнің де байы болмас едім ғой,

Ақырында құдай құртқан мына мен, Қылмыстының қырсық төлі,– Өзімді туған шешенің Əмеңгері болдым-ау! Қырсықтардың ең ащы қырындысы бар болса, Соның дəмін татқан мына – мен, Эдип!.. Хор Барлық қылған ісіңді мақтар ма едім – қайдам... Бірақ бар ғой, бүйтіп соқыр болғанша тумаған жөн басында Эдип Бұдан артық бір амал таппадың деп қадалма, Ақыл айтпа! О дүниеге барғанда əкемді қайтіп көремін, Сорлы бейбақ шешеме қай бетіммен қараймын? Екеуіңнің алдындағы айыбым дарға ассаң да өтелмес. Ойбай-ау, əлде анамнан туған Баламды көрмек қызық па? Жоқ, көруге көзім шыдамас енді бірінде... Тəңір өзі қастерлеп қалап берген қалаға, Мен бейшара, тұрғындар ішіндегі тұңғыш талақ, Мына мен, қай көзіммен қараймын?.. Ел атына кір келтірген дінсізді Құдай өзі білгізсе, қуыңдар деп Өзім əмір еткенмін... іс қылып ап соншалы опасыз Жұрт бетіне былш етпестен қалай ғана қараймын? Жоқ, болмайды ол! Құлақты да құртатын Құдірет күш Өз қолыма берілсе, көкірегімнен көр қазып ап Жатар ем түк естімей, көрмей де. Азап-сордан түк те сезбей, өмір кешсең – сол қызық Уа, Киферон! Несіне мені құптадың, Неге мені құптап алып құртпадың? Болар ем ғой мен сонда құрыған бір құпия Полиб, Киферон! Уа, өзім туған босаға! Мен сендердің көзге сұлу көгілдірің болсам да,

Не зұлымдық ішімде өсіп жатты-ау балалап! Уа, үш жолдың торабы мен тар өткел, Қалдырмай-ақ іштіңдер менің ыстық қанымды – Өз қолыммен төгіп едім мен соны Сол сойқаным естеріңде бар шығар? Одан кейін не істедім? Уа, қос неке! Өзің мені тудың да, туып алып, Сол ұрықты қабыл еттің қайтадан, сол ұрықтан Өңшең бауыр балалар өріп кетті тағы да – Қалыңдық, қатын, ананың – қаны біреу! Бұдан өткен масқараны Көрген емен жаралғалы жалпақ жер... Енді жөнсіз сөлекетті сөз етпек... Құдайлардың атымен қорғанам, уа, мені тез Зыттырыңдар алысқа, өлтіріңдер немесе. Не теңізге тастаңдар, көзге күйік еткенше! Жалбарынам, жақынырақ келіңдер, жұғысыңдар Пақырға! Қорықпаңдар: менің дертім Еш пендеге жұқпайды! Хор Міне, дер кезінде келіп жетті Креонт – Айтқаныңды істерде, ақыл қосар: Астананың бағына жалғыз өзі қалды ғой. Эдип Ойбай! Оған не дейін? Қайтіп одан адалдық пен ақиқатты күте алам, Күні кеше өзіне қылған болсам қиянат? Креонт келеді. Креонт Табалауға келген жоқпын, Эдип, Өткендегі сөзің үшін сөкпеймін. Бірақ мына елден ұялмасақ та,

Тірлік берген баршамызға бағыттап Күннің көзін құрметтеуге тиіспіз.Тап мынадай Масқараны көрсетуге болма ма? Бұны жер де, Ақ жаңбыр да, нұрлы аспан да құптамас. Тезірек бұл Эдипті апарыңдар үйіне, – Жақын, туыс қайғырсын жаны ашитын, Туыстар ғана түсінер болар түнеріп. Эдип Үстімдегі үрей бұлтын ыдыратып, Мен сияқты пасыққа ағыңнан жарылып ақыры Келіп қалған екенсің... өтініш қылам өзіңе ... Тыңда... сенің қамыңды мен жейін... Креонт Не істеп бер деп жалынасың соншама? Эдип Уа, қу мені тезірек – Тірі жанның лебізін естімейтін аулаққа. Креонт Тап солай-ақ істер ем, əйтседағы əуелі Не істерімді құдайдан сұрап білсем деп едім. Эдип Құдайдың əмірі аян ғой; жазала мені – Əкесін құртқан арсызды, өзімен-ақ өлімнің. Креонт Иə, бұйрық солай болған-ды, бірақ мұндай Қысалаңда анық сұрап білмек керек қайтпекті. Эдип Мендей мұнша пақыр жайын құдайдан сұрап не керек?

Креонт Ендігі жерде құдайға сенуге бармысың? Эдип Бір өзіңе тапсырамын, өтінемін жəне де: Ана əйелді... үйде жатқан ...өзің жерлет, Қалауың білсін қайтсең де, бауырың ғой, борышың. Менің күнім біткенше мекендеуге Туған қалам тұрғызбас та илікпес. Рұқсат ет Кифероныма кетейін. Тірісінде-ақ көзімнің, сүйегімді Сонда қалсын деп еді ғой ата-анам, Дегені болсын солардың – сонда-ақ барып өлейін, Білем, бірақ, өлтіре алмас дерт-кесел, Ештеңеде өлтірмес. Тағы да талай сұмдықты Өткеру үшін басымнан, аман қалдым өлімнен. Мейлі менің тағдырым сол бетінен танбасын. Үлкен балаларыма, ұлдарыма Көз қырыңды салмай-ақ қой, өздері де ержетті, Ештеңеден тарықпас, Бірақ менсіз тағам татып көрмеген, Бір табақтан дəм бөліскен əкемен Сорлы бейбақ қыздарыма Көз қырыңды сала көр... Енді рұқсат ет Соларды бір аймалап, тарқатайын шерімді. Рұқсат ет, уа, ағзам! Рұқсат ет, абзалым! Сипасам да соларды Қайтадан бір көзіммен көргендей-ақ болам ғой, Не деп барам? Уа, тəңірлер! Керең бе əлде құлағым? Міне... Менің нəрестелерім, шырақтарым... Креонт қой Ертіп келген оларды ...Менің қимастарымды... Шын ба? Шыны солай болды ма? Креонт Солай. Сен солармен бірге болсын дедім ғой. Білдім ғой мен, осыны аңсап, асығып күткеніңді.

Эдип Уа, ар бол! Мендей сені сорлатпай, Ақ періштең алдыңнан жарылқасын! Уа, балаларым, қайдасыңдар? ...Келіңдерші қасыма. Осылай ұстаңдар қолын ағаларыңның... Ол кінəлі, Көрдіңдер ғой бір кезде жарқыраған жанары... Енді міне... Əке сыйқы...Түк көрмей ол, білмей де Туғызды ғой сендерді өзі туған анадан. Сендерді көріп тұрғам жоқ... Бірақ сендер Қалған ауыр күндерде жұртпен қалай жұғысар деп Ойлаймын да еңіреймін. Жерлестердің кімдері отыра алар өздеріңмен бас қосып? Сендер жылап-сықтамай жайраң қағып Тамашадан тарқайтұғын күн бар ма? Неке қияр кездеріңде, қыздарым, Үйленем деп сендерге кімдер берер келісім?.. Өздеріңе, жазмыштағы үрім-бұтақтарыңа Мен қалдырған масқараны кім құптар? Алдарыңда əлі қандай əлек бар? Əкелерің өз əкесін өлтірді, өзін тапқан шешесіне қызықты. Өзін тапқан құрсақтан сендерді де туғызды. Ендеше жұрт сол үшін қорғар сендерді... Кім сендерге Құда түспек? Табыла қоймас ондайлар. Сорлы жетім сорларсыңдар некесіз. Менекея ұлы? Енді сенсің бір ғана Осылардың əкесі! Мен де, тапқан ана да – екеуміз де Мерт болдық, қаңғыртпа сен бұларды – Үйсіз, күйсіз, күйеусіз қайыршыны қаңғыртпа, Мендей сорлы болмасын, Сүйеніші бір өзің, серт қылдағы осыған, Қолыңды бер, абзалым! Ал сендерге, балаларым, кəмелетке толсаңдар. Айтар ақыл көп еді ...Көнгейсіңдер Не салса да тағдырың ... Əкеден гөрі, əйтеуір Бақтарыңа сыбаға барағырақ болғайда!

Хор Уа, Фивалық азаматтар! Міне, сабақ сендерге, Эдип, əрі жұмбақ шешуші, əрі ұлы патша, Бақ-талайын көргенде барша қауым қызыққан Жан, теңіз сұрапылына төтеп бере алмай Түпсіз тұңғиыққа батты да кетті. Ендеше пенде біткен біздің соңғы Күнімізді есте тұтсын. Азап-сорды арқаланбай, өмірінің шыңына Шырқап шыққан жанды ғана Бақытты деп білейік!

ГАМЛЕТ Қатысушы адамдар: Клавдий – Дат елінің королі. Гамлет – Бұрынғы корольдің ұлы, бүгінгісінің немере інісі. Полоний – Корольдің бас кеңесшісі, Горацио – Гамлеттің досы. Лаэрт – Полонийдің ұлы. Вольтиманд Сарай қызметшілері. Корнелий. Розенкранц Гамлеттің баяғы, университеттегі жолдастары. Гильденстерн. Озрик – Тоғышар. Тақуа. Марцелл. Бернардо – офицерлер. Франциско – солдат Рейнальдо – Полонийдің сыбайласы. Актерлер Екі қабірші Гамлет əкесінің аруағы. Фортинбрас – Норвегия принці. Капитан. Англия елшісі. Гертруда – Дат елінің королевасы, Гамлеттің шешесі. Офелия – Полонийдің қызы. Лордтар, бикештер, офицерлер, солдаттар, матростар, шабармандар, нөкерлер.

БІРІНШІ АКТ БІРІНШІ САХНА Эльсинор. Сарай алдындағы алаң. Түн жарымы. Франциско өзінің сақшылық орнында. Сағат он екіні соғады. Бернардо сақшыға жақындай түседі. Бернардо. Бұл қайсың? Франциско. Жоқ, əуелі өзің айт, сен кім едің? Бернардо. Короліміз жасасын! Франциско. Бернардомысың? Бернардо. Тап өзі. Франциско. Сағатыңызда дəл келуді құнттапсыз. Бернардо. Он екіні соқты ғой. Барып ұйықта, Франциско. Франциско. Кезегіңізге рақмет: Тоңып тұр ем, əрі жаным құлазып. Бернардо. Күзеттен бе? Франциско. Төңіректе тышқан құрлы тықыр жоқ. Бернардо. Жə, жайлы түн. Горацио мен Марцеллге жолыққанда, Тездеткейсің, кешікпей келсін кезекке. Франциско. Тыңдаңыз, солар емес пе – кімсіңдер, əй? Горацио мен Марцелл кіреді.

Горацио. Ел достары. Марцелл. Кəм король қызметшілері. Франциско. Қош болыңдар. Марцелл. Көріскенше, жарқыным. Сізбен кезектескен кім? Франциско. Бернардо тұр күзетте, Жə, қайыр қош. кетеді. Марцелл. Ей, Бернардо! Бернардо. Бəрекелде! Горацио да келіпті! Горацио. Иə, тəрізі тап солай. Бернардо. Армысың Горацио, Ар болғайсың, Марцелл дос. Марцелл. Бүгін көзге түсті ме əлгі сұмдық? Бернардо. Көрінген жоқ əзірше. Марцелл. Ойдан шыққан ойнақы бір елес деп, Есептейді Горацио, сол аруақты Екі дүркін көрдік десек, сенбейді. Сенбеген соң, сақшылықта өзің де Осы түнде бізбен бірге бол дедім. Аруақ бүгін қайтадан бір көрінсе, Тəптештелік, тілдеселік өзімен.

Горацио. Иə, шіркін, келе қояр ол саған! Бернардо. Отырайық, Бізге қарсы кұлағыңыз қамалы Канша берік болса да, Көзімізбен көргенді айтып, Сол қамалды бұзуға Рұхсат деңіз. Горацио. Жə, ендеше, отырайын. Бернардоны тыңдалық, не айтар екен бізге бұл. Бернардо. Өткен түнде Темірқазық жұлдызының Батысынан кең аспанда жарқырап Сонау жұлдыз сəулесі қазіргідей, Осы тұрған тұсына ауған шақта. Мына Марцелл екеуміз... Сағат бірді енді ғана... Аруақ көрінеді. Марцелл. Жап аузыңды! Қозғалма! Əне, тағы тап өзі. Бернардо. Тұлғасы дəл – король марқұм аумаған. Марцелл. Білімдар едің, сен тілдесші, Горацио. Бернардо. Кəне, қалай, есіңізге түсіре ме корольді? Горацио. Түсіргенде қандай! Шошып тұрмын үрейден! Бернардо. Сауал күтіп тұр ғой ол. Марцелл. Жөнін сұра, Горацио. Горацио. Заманында шалқып өткен жандай-ақ, Баса көктеп түнді кезген кім едің?

Дат монархы болармысың жерленген? Құдай ақы, сауалыма жауап бер! Марцелл. Көңіліне ауыр алды. Бернардо. Кетіп те қалды. Горацио. Тоқта! Жауап! Жауап бер! Жалбарынам! Аруақ кетеді. Тілдескісі келмеді де, жөнелді. Бернардо. Кəне, бұл не, Горацио? Былшыл дерсіз. Елес пе екен ойдан шыққан ойнақы? Сізше қалай? Горацио. Құдай куə, оллаһи: Нанбас едім, өз көзіммен көрмесем! Марцелл. Ұқсай ма екен корольға? Горацио. Сен өзіңе ұқсағандай тұп-тура. Норвегтермен шайқаста Үстіне киген баяғы сол сауыты, Ұмытылмас ұрыс-жанжал кезінде Ұлықтарын поляктың Шанасынан аударғанда көк мұзға, Жаңағыдай тұрған еді-ау тұнжырап! Ақыл жетпес ақуал! Марцелл. Тура осы сағатта, тап осылай алшаңдап Екі мəрте жанап өтті кеше де. Горацио. Түбі неге соқтырарын білмеймін, Тегінде, бұл əйтеуір, мемлекетке Төніп тұрған бір нəубеттің белгісі.

Марцелл. Тоқтаңыз. Отырайық. Кəне, қайсың айтасың, Жұртты түнде жүруден тайқытардай Мұнша қатал күзеттің қажеті не? Сары жезден зеңбіректер құйғызу, Шет елдерден қару-жарақ жеткеру, Кеме жасау шеберлерін жинату – Жай күндер де, жексенбі де – жедел іс, – Осыншалық ойран-асыр неліктен? Күнге түннің күшін қоса қыздырған Бұл бұлаудың астарында не жатыр? Қайсың бұған не дейсің? Горацио. Түсіндіріп көрейін: Тегінде сыбыс мынадай. Король, Алдымызға рухы келіп кеткен əлгінде, Тірісінде Норвегия ағзамы Фортинбрасты Шайқасуға шақырғаны мəлім ғой. Күш асырып сонда біздің ер Гамлет, Айбынымен паш болған парасатты қауымға. Жау жайрады. Намыс салты беркіткен, Шарт бойынша, Фортинбрас мəжбүр болды, Жеңген ердің билігіне бермекке Біткен деммен бірге қоса жерін де. Біз жақтан да есесіне сол шама Мол атырап аманатқа бөлінген. Сонша жерді алмақшы еді Фортинбрас Сол шайқаста жасай алса үстемдік. Осындай-ақ негізде, статьямен əлгідей, Жерін түгел Гамлет алған. Ал, сосын... Мұрагер, кіші Фортинбрас, Жөргектен жөнсіз ұрыншақ, Нан бергенге жан берер Бүкіл Норвегиядағы баскесерден Қол жасақтап алыпты. Көпе-көрнеу мақсаты Хабарларға қарағанда, қарумен,

Күшпен тартып алмақшы Əке алғызған əлгі жерді қайтадан. Міне, бізді сапқа жиған бас себеп, Абыржудың арнасы. Өлкедегі əбігер мен əлекке Ілік болған осы-ақ шығар деп білем. Бернардо. Болса болар. Сол соғыстың күнəһары, Күнəсынан арылмаған əлі де, корольге ұқсас Сұсты аруақ бостан босқа жүрген жоқ Сауыт киіп, сақшыларды қарақтап. Горацио. Қадалған сол тікен боп көкірегімнің көзіне, Римнің кəміл дəуірлеп, жеңіп тұрған күнінде, Құдіретті Юлий құлар кездің алдында, Қабір біткен қаңырап иесіз қалып, Күллі өлік өріп жүрген көшеде Əлденені былжырап. Кометалар отында қанға бөгіп мөлдір шық, Күн көзіне дақ түскен. Су құдайы Нептунды Жарығымен жарылқайтын ай жүзі Қарайып еді семгендей, Заман ақыр төнгендей, Бір сойқанды алдын ала білсін деп, Неше түрлі жаман ырым белгісін Жер мен аспан шабармандай Шаптырып-ақ жатыр-ау Бұл кеңісте біздің жерлестерге де. Аруақ қайта көрінеді. Ақырын! Əне, тағы сол! Қайтсемдағы Тоқтатамын. Қозғалма, сиқыр елес! Уау, лəм-мим деуге жаратылған жан болсаң, Айт жөніңді! Сен тыншығып, біз рахат кешкендей

Бір жақсылық бар шығар, – Айт жөніңді! Елге төнбек нəубеттің алдын кесіп, Тоқтатуға кешікпеген шығармыз, – Айт жөніңді! Бəлкім, тірі кезінде тыққансың ба Арамнан жиған асылдарды көмбеге, – Асыл көмбе жатқызбайды деуші еді өздеріндей рухты Айтшы! Тоқта! Айт дедім ғой жөніңді! Қораз шақырады. Марцелл. Ұста ананы! Марцелл. Айбалтамен ұрсам ше? Горацио. Қашпақ болса ұр да жық! Бернардо. Міне ол! Горацио. Міне, мұнда! Марцелл. Кетіп қалды. Көпе-көрнеу күш көрсетіп, бекер-ақ Ызасына тидік бекзат рухтың. Аруақ деген құдды бу қарматпайтын, Бос əуре ғой оған қарсы ожарлық. Бернардо. Тіл қатар ед қораз шақырмағанда. Горацио. Тап сол сəтте селк етті ол, айыптыдай, Жауаптан да жалтарды. Естуші едім, Таң жаршысы қораздың көмей сазы Күндізгі шақ құдайын оятардай Өжет деуші ед. Таң тауығы шақырды-ақ

Түнгі рухтар: отта, суда, ауада не құрлықта – Қайда қаңғып жүрсе де – дереу жерге Жарық түспей, жайына зытады екен. Əлгі соның шындығына Көзімізді жеткерді-ау. Марцелл. Қораз айқай салғанда күңгірт тартты ол. Бір ырым бар: қыстыгүні жыл сайын, Христостың туған күнін тойларда, Күндізгі шақтың құстары көз ілместен, Түні бойы сайрайды екен жақ жаппай. Сонда рухтар тып-тыныш. Перизат пен мыстандардың сиқыры Салқынын да сала алмай ғайым болып, Орнайды екен кіршіксіз киелі бір уақыт. Горацио. Мен де есіткем. Сенгенім жайлы айтар ем, Қызыл шидем жамылған қырдың таңы Кешіп келе жатыр ғой шық моншағын шығыстың. Алмаспақ керек сақшылар. Кеңес қылсам. – Көзбен көргенімізді принц Гамлет Білгені жөн. Бізге мылқау əлгі рух Кете алмайды оған əсте үн қатпай. Қалай, достар, сіздерше? Айталық па, Адалдықтың ақ парызы осы деп? Марцелл. Айтқан абзал, меніңше. Жəне оңай Оны іздеп табар жерім тап бүгін. Бəрі кетеді.

ЕКІНШІ САХНА Сол жер. Сарайға қабылдайтын зал. Керней. Король, королева, Гамлет, Полоний, Лаэрт, Вольтиманд, Корнелий, сарай қызметшілері мен нөкерлері кіреді. Король. Туған ағам Гамлеттің қазасы Жанға құса, аза тұтпақ өлімін Болғанымен баршамыздың жөніміз. Əжімдермен мемлекеттің маңдайын Осып-осып тастаса да осы дерт. Абзал, бірақ, ақылға бұны жеңгізбек, Енді аса егілмей, сабыр қылып, Өз жайымызды ойлайық. Сол үшін – біз. Əйелдікке алғанды лəзім дедік Қанды шептің мұрагер қарындасын, Королеваны өзіміздің бүгінгі. Қайғы, шаттық, күлкі мен көз жасының Сезімдерін ала келдік аралас. Бұған қадам басарда бар жағынан Кеңесшілер ақылын жатсынбадық. Бəріңе де рақмет. Екінші сөз Принц Фортинбрас бізді жүдə басынып, Аға қайтыс болған соң елімізді азды деп, Енді өзінің бақ жұлдызы жанғандай, Мезі қылды: Қайтар дейді Ерлігі үшін ағамызға баяғы Əкесінің берген жерін айыпқа. Оның жайы осындай. Ендігі сөз Өзіміздің жиынымыз хақында. Фортинбрастың ағасы, Норвегия королі Білсін деп біз даяр етті бір хабар. Сол немере інісінің əлгідей Сұм пиғылын кəрі саңырау естімеген шығар-ақ.

Есебінен қазынаның қару-жарақ кезенген Кекшілді тый деп өтіндік. Осы хатты Əз Вольтиманд, Сіз, Корнелий, екеуіңіз, Қарт корольға жеткізіңіз ізетпен. Сөз билігін бере алмаймыз онша мол. Кеңескенде онымен, өздеріңе тежеу сап, Статьяның шеңберінен шықпаңдар. Аттаныңдар. Құп десеңдер, тындырыңдар тездетіп. Корнелий мен Вольтиманд: Бұрынғыша бұлжытпай тындырамыз бұны да. Король. Күмəніміз жоқ оған. Жолдарың болғай! Вольтиманд пен Корнелий кетеді. Кəне, Лаэрт, не жаңалық айтпақсың? Тілегім бар деп едің ғой, ол не жайлы, Лаэрт? Тақ пен тəжға айтсаңыз да не тілек, Қашан да сол дегеніңіз болады. Еш нəрседен Қолыңызды қақпаймыз, ойыңыздан шығамыз. Даттың тағы əкеңізге көрсетер жақсылықты Əсте мый да көрсете алмас жүрекке, Қол да ондай нəр бере алмас ауызға, Не тілейсіз? Лаэрт. Рұқсат деңіз, тақсырым, Францияға кетуіме қайтадан. Таққа отырар күніңізге əдейі, Қатысқалы келіп едім сол елден. Кешірерсіз, ой-қиялым тартып-ақ тұр тағы да Ол жақтағы парызымды өтеуге. Осы ғана бар тілерім бас иіп. Король. Жібере ме əкеңіз? Не дер екен Полоний? Полоний. Көнбесіме қоймады ғой, тақсыр-ау, Бұрылтпастай дəлеліне ден қойып,

Амалсыздан ақ жол тілеп отырмын, Рұхсат деп сапар жолын ашыңыз. Король. Сəт тілеймін; Лаэрт, бағың ашылсын. Өз еркіңде өткеретін уақытың. Қалай, Гамлет, туысым һəм ұланым? Гамлет. (сыртқа). Туысым деу аз, ұлым демек – ол артық. Король. Бұла жүзді бұлт басқан ба тағы да? Гамлет. Ə, жоқ, милорд: Күн нұрына күптімін. Королева. Беу, Гамлет-ай, түн түсіндей түнермей, Жылы ұшырап қарасаңшы корольге! Тұнжыр көзбен көрде жатқан өліктен Əкең жолын қарақтайсың қашанға? Болмыс заңы: тірі өлмек, өлген соң Бақи күнге бағынады пендесі. Гамлет. Болмыс солай. Королева. Сенің қайғың Елден ерек көрінбек пе ендеше? Гамлет. Көзді емес, ханым бике, дертім – дерт. «Көрінбек» – жоқ, бешпетімнің жұтаңы, Қаралығы қатын киер көйлектің, Талықсыған тарғыл демнің дыбысы. Көздің жасын көл етпек, арып-тозбақ, Тағы сондай тақсіреті азаның Жан күйімді жариялап бере алмас, Көп əбігер көрінбектің тəсілі. Ол рольді ойнап шығу оңай-ақ, Қайғым сыртқа көрінбейді көз бояп. Ол тұншығар көлгірсуге төзбей-ақ.

Король. Мақтауға да жарасып тұр, Гамлет, Ашынғаның аза тұтып əкеңді. Өз əкең де əкесінен айырылған. Арғылар да сөйткен-ді. Бірақ соған Құл болмаққа құлшыну – ездің ісі. Онша күйреу жараспайды еркекке. Көзсіз жүрек, көкірегі бос қуыс, Толыспаған кердең ойдың кемдігі Осындайда əшкереге шығажақ, Пенде қашып қүтылмайтын құбылыс Үйреншікті өз қыларын қылды деп, Ғайбат сөйлеп, қарсыласпақ жөн бе екен? Тəңір алдында күнə ол; табиғаттың, Өлген жанның алдында да күнə ол, Ата-баба өліміне көндіккен Ақыл-ойдың алдында да күнə ол, Ақыл-ой ғой құптап тұңғыш өлікті, «Осылай болмақ жөні!» деп, Соңғысын да сол уағызбен жөнелткен. Қайғы бұлтын кақырат та, жарқыным, Енді бізді есептей бер əкем деп. Таққа тақау тұрғаныңды білсін жұрт, Əкелердің ең мейірбан əулеті Оттан ыстық ықыласпен Ұланым деп талайыңа тартылсын. Виттенберг оқуына оралып, Қайта бармақ, жалғастырмақ ойларың Оншалықты ұнамайды біздерге. Ақылға кел, қал осында, жарқыным, Көзіміздің көбейі бол осында, Тұқымдағы тұңғыш бекзат ұлымыз. Королева. Мені бекер жалындырып қақсатпа, Қал осында, барма Виттенбергке!

Гамлет. Ханым бике, күллісіне көндім мен. Король. Міне қысқа, дегендей-ақ дəл жауап, Біздің үй де – өз үйің. Ханым бике, жүр кеттік. Айтқан тілді алғыштығы Гамлеттің Ет жүректі елжіретті. Бүгін сол Ағыл-тегіл ақ тілеуін айтқызсын, Бұны бұлтқа хабар етсін зеңбірек, Жер мен көктің жаңғырығы жамырап Шынылардың сыңғырымен табыссын. Кеттік. Гамлеттен басқалардың бəрі кетеді. Гамлет. Мығым, мықты жаралған қайран денем, Еріп, құрып, бу болып ұша алсаң ғой! Күнəкар деп таппаса ғой жасаған Өзін-өзі өлтіргенді... Сұмдық-ай!.. Байқап тұрсам, барша тірлік бағдары – Түкке тұрмас топас, жылпос жылымшы. Неткен сұмырай!.. Күтімі жоқ бақтарды Шөп-шөңгелер басынбақ – қурай өспек. Тұтасымен тірліктің тұла бойын Тұтып алды-ау бастапқы тұрпайылық. Қалай шұғыл осынша жайлар болған? Өлгеніне екі-ақ ай... Одан да кем. Королі, еді-ау!.. Сатирамен салыстырсаң, Жаны жарқын Аполлон дерсің оны. Шешемді ол қорушы еді қызғыштай, Сүюші еді желге бетін желпітпей. Жер, көк куə!.. Бəрі есте!.. Оған шешем құмары Аш өзектің аранындай құныққан. Енді міне, бір-ақ ай... Қажет емес қазбалау!.. Əйелдер-ай!.. Залым-зұлмат – берілген ат сендерге! Ай толған жоқ! Ниобея бейбақтай

Еңіреп жылап əкемді апарғанда қабірге, Киіп барған шоқайы да тозған жоқ. Енді, міне... Сұмдық-ай!... Ақыл-ессіз Аң да бұдан күштірек күйзелмес пе?! – Байға тиді! Кімге тиді десеңші! Ағамызға, ұқсастығы марқұмға Гераклмен менің алшақтығымдай. Айдан астам уақыт! Көлгірсіген көз жасының іздері Əлі де тұр самайында сарғайып. Жоқ, бұнда жоқ жақсылықтың нышаны! Жарылып кет, жүрегім, сыр бүгеміз лəм демей. Горацио, Марцелл мен Бернардо кіреді. Горацио. Ар болғайсыз, принц! Гамлет. Көріскенге көңілім хош, Сенейін бе көзіме? Горацио. Өле өлгенше айнымас құлыңыз мен Гамлет. Қайдағы құл! Біз байырғы достармыз, Не жай бізге əкелген сізді Виттенбергтен? Марцелл – тура өзің бе? Марцелл. Дəл өзімін, милорд... Гамлет. Көріскенге көңілім хош. (Бернардоға) Қайырлы кеш. (Горациоға) Витенбергтен келдіңіздер не жаймен? Горацио. Абзал принц, енжарлықтың кесірі.

Гамлет. Жауыңыз да сіз туралы оны айтпас, Мұнша даттап өзіңізді өзіңіз, Құлағымды аздырмаңыз абзалы. Білем, сізде енжарлық жоқ еш қандай. Эльсинорға не себеппен келдіңіз? Мұндағы оқу – маскүнемдік. Горацио. Мен мұнда Əкеңізді жерлесуге келіп ем. Гамлет. Досым, мені мазақтама. Шешеңнің «Бай тапқанын көрдім» дегің келе ме? Горацио. Иə, шынында, тым асығыс болған іс. Гамлет. Есеп бар ғой, Горацио. Азаның асы Некелердің той-думанын тойғызды. Өмірімде бұны қайта көргенше, Жаһанымда кездессемші жауыммен! Қайран əкем, көз алдымда бейнесі! Горацио. Кəне, қайда, принц? Гамлет. Көкірегімнің көзінде. Горацио. Горацио. Көргем оны бір мəрте: Сұлу Король. Гамлет. Шын мəнінде нағыз адам еді ғой. Ондай жанды көре алмаспын енді мен! Горацио. Осы түнде болды, принц, ол мұнда. Гамлет. Ə?.. Кім болды? Горацио. Өз əкеңіз. Гамлет. Менің бе?

Горацио. Сабыр етіңіз: тыңдаңызшы таңданбай, Мен айтайын, көрген жандар қостасын. Гамлет. Айтсаңшы тез! Горацио. Мына Марцелл, Бернардомен күзетте Тұрған екен қатарынан екі түн. Ұзын-шұбақ талма түннің ішінде былай болған: Бір беймағлұм, Бес қаруы белінде Айнымаған өзіңіздің əкеңіз, Алшаң басып олай-бұлай өтіпті. Қол созымдай жерге келіп тұрған да, Көзден ғайып болған екен үш дүркін. Төбесінен жай түскендей мыналар, Ессіз, үнсіз қатыпты да қалыпты. Маған бұлар қорқып айтсын құпия. Үшінші түн күзетте мен тұрайын бұлармен. Бақсам, маған айтылғанның бəрі рас. Тұп-тура сол сағатында көрінді əлгі көлеңке Əкеңізді білем ғой, екеуінің Ұқсастығы құдды екі қолымдай. Гамлет. Сонда қайдан өтіпті? Марцелл. Күзет тұрған алаңнан. Гамлет. Тілдесе алдыңыздар ма? Горацио. Тіл қатып ем. Бос əуре, иə, айтпақшы ол бір сəт Иығы мен басын бұра бергенде Тіл қатпақшы болды-ау деп ем, Тап сол кезде таңғы тауық шақырды. Қораз үні қозғап-қозғап қалғанда Ғайып болды ол.

Гамлет. Не дерімді білмеймін! Горацио. Жаным кепіл, принц, ақиқат бұл. Өзіңізге білгізбекті парызымыз санадық. Гамлет. Иə, бұның бəрі шын. Ес жияйын. Осы түнде кім сақшы? Марцелл мен Бернардо. Біздер, милорд. Гамлет. Қару-жарағы бар ма еді? Марцелл мен Бернардо. Қаруланған. Гамлет. Түгел ме? Марцелл мен Бернардо. Түгел толық. Гамлет. Өң-жүзіне түспеді ме көздерің? Горацио. Түсті, түсті, дулығаның алды ашық. Гамлет. Сонда қалай, қатулы ма қабағы? Горацио. Жоқ, жүзінде Ызадан да мұңы басым көрінді. Гамлет. Құп-қу ма əлде Қобалжудан қызыл бар ма бетінде? Горацио. Əппақ қардай. Гамлет. Көзін алмай қарады ма сіздерге? Горацио. Бір минут та...

Гамлет. Əттеген-ай, көрмедім! Горацио. Қалтырап кетер едіңіз... Гамлет. Ол да ықтимал. Өзі ұзақ жүрді ме?, Горацио. Жүзге дейін еркін санай алар ем. Марцелл мен Бернардо. Жо-жоқ, ұзағырақ одан да. Горацио. Жоқ, мен көргенде сондай-ақ. Гамлет. Ағарып па сақалы? Горацио. Онша емес, Ақшыл тартқан, тірі күніндегідей. Гамлет. Бүгін түнде еріп барам сіздерге, Келер бəлкім тағы да. Горацио. Келіп қалар. Гамлет. Əкем болып келе қалса қайтадан Ауызымды тамұқ тас қып буса да, Сөйлесермін онымен. Бір тілегім: Бұрын жанға білгізбеген бұл жайды Сақтаңыздар сол күйінде құпия. Осы түнде нендей жəйіт болса да Сыр түйіңдер, тіс жарып лəм демеңдер. Достық қақы мойнымда. Құдай қолдар! Он екіге жуықтатып шығам да, Өздеріңе қосылам. Бəрі. Қызметшіңізбіз, принц.

Гамлет. Қызметші емес, шын дос болдық. Қайыр қош! Гамлеттен басқалардың бəрі кетеді. Əкем рухы сауыт кисе, іс жаман! Сиқырлы жай. Тез қараңғы түссе екен. Шыда, жүрек! Таумен үстін бастырсаң Қылмыс ізі қара жерді жарып та Ерте, кеш пе – шығар əлі жарыққа. Кетеді. ҮШІНШІ САХНА Сонда. Полоний үйінің бөлмесі. Лаэрт пен Офелия кіреді. Лаэрт. Зат кемеде. Қарындасым, қайыр қош! Дер кезінде құнт қылуға уағда бер. Оңнан соққан желмен ұшыр хат-хабар, Ерінбе тек. Офелия. Оған шүбəң болмасын. Лаэрт. Ал, Гамлеттің құмарлығы – сандырақ; Қаны қызба есерлік деп есепте. Салқында өскен майда гүлдің бір сəтте Құлпырғаны құрлым жоқ. Офелия. Со құрлым ба? Лаэрт. Иə, со құрлым. Өспейді өмір бұлшық еттен бір ғана;

Шіркеудегі рух, сана секілді. Дене деген ет пішінде есеймек. Сезіміне дақ түсірмей өзіңді, Бүкпесіз-ақ сүйсін мейлі əзір ол, – Кім екенін ойлап көр де, қорқа біл. Дарқан мырза дəрежесі онда жоқ. Ол өзінің тумысының тұтқыны. Оның əсте басқа жандай бақытқа Қол созуға қақы жоқ. Əрекеті Елдің тұтас зейнетімен сабақтас. Ол өмірде түк те таңдай алмайды. Басқалардың талғамына ден қойып, Мемлекеттің пайдасына жұмсалмақ. Сол себепті, қарындасым, қандайлық Отпен ойнап жүргеніңді ұққайсың. Шын берілсең, ықыласына жығылсаң, Қақсап жылап, қаларсың да ұятқа. Қарындасым Офелия, қорқа біл, Сақтан осы құмарлықтан обадай. Сүйіспектен оқ бойындай аулақ қаш. Ең ақыры терезеден телміріп Қыз бетіне ай қараса қызғаныш. Жала жаппақ оңай рахым жалғанда. Сабақтан гүл ашылғанша, ашынған Құрттың оны отамағы оңай-ақ. Шық жамылған ертеңгілік шағында Жас тірлікке жаман сырқат жабысқақ, Тіс қақпаған жас лəпсіні тия алсақ, Тірек бізге – бұла мінез ұялшақ! Офелия. Ғибрат сөзің сақшы болсын жаныма, Ағатай, тек жалған айтқыш сопыдай, Алдай көрме. Ондай дүмше өзгеге Мақшар жолын мадақтап, өзі соған Қарсы ғайбат іс қылса да беті бір Былш етпейтін. Лаэрт. Мен жағынан қорықпа. Несіне ұзақ бөгелдім? Е, міне, əкеміз де...

Полоний келеді. Екі мəрте ақ тілеу – екі бата, Қоштасудың сəті түсті-ау тағы да. Полоний. Əлі осында?.. Жүрем деп ап... Ұят, Лаэрт. Жел күшінен майысып тұр желкендер. Ал, сен болсаң?.. Ақ батаға жүгін де, Қондырып ал мыналарды миыңа: Сыртта жүріп сыр алғызба бөтенге. Ой білгізбе, орайыңа келмесе. Жай кісі бол, бауырмалсып жұғыспа. Шын сыналған майталманын достардың Матағайсың болат күшпен бұғаулап. Кез келгеннің алақанын арытып, Қыса берме. Төбелеспе. Ұрынсаң, Сылқита соқ, беттеместей қайтадан. Көп тыңда да, əңгімеге аз кіріс, Біреу билік айтпақ болса төзіп бақ, Өз байламың іште жатсын жасырын. Жақсы киін тиын-тебен жеткенше, Тек байсынба – бейберекет шашылма. Ақша жұмсай білмек те сын адамға Французда бұл жағына келгенде, Көзі қанық бекзаттар көп. Абай бол, Қарыз алма, берме де. Бере берсең Қағыламыз қалтадан да, достан да. Қарыз бермек – сақтығыңды сарп етпек. Ең дұрысы – өз басыңа адал бол Түн соңынан атар таңдай тап сонда Өзгеге де бола аласың сен адал. Осыларды еске тұт та, жөнел, қош! Лаэрт. Қайыр онда, жөнелейін қоштасып. Полоний. Кешіктің, тез. Қызметшілер көп күтті.

Лаэрт. Офелия, қош, айтылған сөздерді Берік сақта есіңде. Офелия. Құлыптадым қуысына жанымның, Кілтін өзің ала кет. Лаэрт. Ар болыңдар! Кетеді. Полоний. Офелия, айтқандарың не жайлы. Офелия. Принц Гамлет жайында... Ал, ендеше... Полоний. Е, сол ма? Жөн, жөн екен. Мен де естігем, Саған жиі келгіштеп алған ба өзі? Назарыңды малданып Масайрап жүр деседі ғой жəне де. Сақтандырмақ ниетпен Тап осылай жеткізді оны маған жұрт. Рас болса егер бұл, – мен айтайын, – Қыз басына жараспайтын қылықпен Ауыт басып аттап жүрсің əдептен. Араларың қандай еді? Шыныңды айт. Офелия. Талай мəрте тартты нəзік лебізін Шын достыққа кепіл деп. Полоний. Ой, шіркін-ай! Шын достыққа кепіл деп! Сен бұндайдан. Не білуші ең! Жə, сен өзің əлгі айтқан, Кепіліне қандай көзбен қарайсың? Офелия. Оны не деп ойларымды білмеймін.

Полоний. Үйретейін ендеше: Біріншіден, Сəбимін де, əлгі сөзге иланған. Һəм кепілге қымбатырақ құн сұра. Онсыз кепіл келемежге айналып, Ақырында сен боласың ақымақ. Офелия. Əке, маған махаббатын ұсынды ол. Ибадатпен. Полоний. Ибадатпен! Қарай гөр! Офелия. Адал сөзін ақтау үшін қаншама, Қасиеттілер атымен де ант етті ол. Полоний. Құсқа тұзақ! Қан ойнақшып тұрғанда Мен де антқа жомарт едім, есімде. Жоқ, бұл жылт етпе бере алмайды жылылық, Бір сəт көзді ұялтпақ та, сөнбек ол. Қызым, əсте от деп ұқпа оны сен. Келер шақтың қолқасына сараң бол, Қыз лебізің қымбат сенің жалғанда. Асықпасаң, талай ынтық тап болар, Ал, Гамлеттің албырттығы басым деп, Алданбасаң, сенім артпа сен оған. Əсіресе антына... Ауыз анты – алдамшы. Сырттан ғана қарасаң ол сыпайы. Ант дегенің əккі жылпос адамдай, Ұтарында ұяң нəзік тыныстап, Жалт береді оп-оңай. Тағы айтамын, Түбі принц Гамлетпен əңгімең Бір сəт саған салқынын Салмағанын тілеймін. Жə, бар енді. Байқа, бұны ұмытпа! Офелия. Құп болады. Кетеді.

ТӨРТІНШІ САХНА Сонда. Сарай алдындағы алаң. Гамлет, Горацио мен Марцелл кіреді. Гамлет. Құлақты шымшып барады. Сұмдық суық! Горацио. Желі бетті жеп барады аяздай! Гамлет. Сағат қанша? Горацио. Он екіге аз-ақ бар. Марцелл. Жоқ. Артығырақ. Он екіні соқты ғой. Горацио. Соқты? Естімедім. Е, ендеше, болғаны да баяғы Көлеңкенің көрінетін мезгілі. Керней. Сахна сыртында зеңбірек атылады. Бұл не сонда, принц? Гамлет. Король ояу, билеп жатыр жанығып, Ішіп жатыр таң атқанша көпіртіп. Түк қалмаса рейн шиша түбінде, Жеңгендей-ақ дұшпанды, зеңбіректер Жар салады. Горацио. Салт па сонда бұл өзі! Гамлет. Сорымызға салт солай. Осы салтты Сақтағанша құртқанымыз жөн еді. Бұл даңғаза мағлұм батыс, шығысқа. Жат жұрттарға күлкі болдық осы үшін. Олар бізді шошқа дейді маскүнем, Осы қылық шынымен-ақ тəп-тəуір Іс, беделдің берекесін қашырды. Ата-ананың еркінен тыс майып боп,

Іштен туған бейшарадай бикүнə, Не ақылды жеңетін жат мінездей, Не бір кердең əдеттен тыс кербездей, – Не тумыстан, не тұрмыстан жабысқан, Осылардай соры ғой бұл адамның. Атақ-даңқтан, құдай берген құрметтен Жұрт алдында жұрдай етпек осы да. Зұлымдықтың татымы жоқ тамшысы Игілікті ірітеді бір сəтте. Өкінішті-ақ. Горацио. Қараңыз, принц, міне ол! Аруақ кіреді. Гамлет. Уа, ғарыштағы қасиеттілер, сақтай гөр! Шапағатты рухпысың, əзірейілмісің əлде сен, Самалымысың пейіштің, шарпуымысың дозақтың Пейілің жөн бе, теріс пе, Ақыры көзге түскен соң, жауап бер сен. Есімдерді мен айтайын шұбыртып, Елең етші біріне, түсініксіз тұңғиыққа құлатпай; Əке, Гамлет, король, дат елінің əміршісі, иə? Қалай ғана қабірдегі қу сүйек Қақыратқан кебінін? Көріп ек қой, Жатқан жерін денеңнің. Содан сені Тастау үшін жер бетіне лақтырып, Тас лахаттың аузы қалай ашылған? Демі біткен дене едің, Қару-жарақ асынып, Түннің құтын қашырып, Ай сəулесін жамылып, Ары-бері сабылып, Біз секілді қарабайыр пенделер Шеше алмастай жұмбақ боп

Жүргеніңде не гəп бар? Айтшы, неге? Не істе дейсің біздерге? Аруақ Гамлетті шақырады. Горацио. Сізді алысқа əкетпектің белгісін Беріп тұр ғой, бірдеңе айтпақ, шамасы. Өзіңізге оңаша. Марцелл. Тоба, сізді тіптен Тапжылмастан шақырып тұр аулаққа. Қой, бармаңыз. Горацио. Ойбай, бара көрмеңіз! Гамлет. Бұл жерде ол тіл қатпас. Мен барайын. Горацио. Жо-жоқ, принц! Гамлет. Міне, қызық! Неден қорқам? Түйреуіштей құным жоқ бұл фəниде Дəл өзіңдей, тəнім өліп, Жаным тірі қалар болса, ақыры, Оның несі қауіпті. Шақырып тұр тағы да. Жақынырақ барайын. Горацио. Алдап-арбап суға апарса қайтесіз, Терең теңіз үстіне төніп тұрған Биік құздың шыңына шығарып ап, Басыңызды айналдырып аққұла, Адастырып ақылдан, жынды қылып, Тастап кетсе қайтесіз? Ойланыңыз. Анау құздың басына бармақ үрей онсыз да. Неше сажен атылып, өжет толқын Өкіреді төменде.

Гамлет. Шақырып тұр тағы да, Жə, былай тұр, мен кеттім! Марцелл. Жібермейміз! Гамлет. Тарт қолыңды! Горацио. Ау, байқаңыз! Бұныңыз жөнсіз. Гамлет. Бұл – маған Жазмыштан жарлық. Бұл мені Арыстандай ширығып Атылсын деп келіп түр. Аруақ шақырады. Əне, жолға мезгеп тұр ғой, мырзалар! Қасындағылардан жұлынып шығады. Жақын келген біріңнің жаныңды алам! Жоламаңдар дедім ғой! – Кəне, баста. Ердім саған. Аруақ пен Гамлет кетеді. Горацио. Ашуы жеңіп, алды да кетті. Марцелл. Жүр, соңынан барайық. Бұлай қалу жарамас. Горацио. Соңдарынан десеңші! Бұл не сарсаң? Марцелл. Бір індет бар дат еліне дарыған. Горацио. Құдай сақтар дат елін. Марцелл. Жүр, кеттік. Кетеді.

БЕСІНШІ САХНА Сонда. Алаңның алысырақ шеті. Аруақ пен Гамлет кіреді. Гамлет. Қайда бастап барасың? Бұдан ары ермеймін. Аруақ. Мені бақыла. Гамлет. Бақылап келем. Аруақ. Мен өзімді Осы қазір отына сап дозақтың Азаптауға мəжбүрмін. Гамлет. Сорлы аруақ! Аруақ. Мүсіркеме. Бар жаныңмен илан да, Тыңда мені. Гамлет. Сені тыңдау – парызым. Аруақ. Тыңдап болып, өш алмақ та парызың. Гамлет. Не дейсің? Аруақ. Аруағымын сенің өлген əкеңнің, Тірліктегі күнəм күйіп біткенше, Күндіз дозақ отынан азап кешіп, Түнде біраз осылайша қаңғырмақ Бұйрық маған. Паш етуге хақым жоқ Құпиясын да түрмемнің. Егер оны Жеңілдетіп айтсам да, одан сенің Жаның күйіп, қаның ұйып қалмақшы, Екі көзің шарасынан шақшиып,

Айдарыңның тал-тал болып бұйрасы, Төбе шашың тік тұрар Дикобраздың инесіндей ызақор. Бақи үні естілмейді пендесіне фəнидің. Ау, тыңда, тыңдап бақ! Егер шын-ақ Сүйген болсаң бір кездерде əкеңді. Гамлет. Уа, жасаған! Аруақ. Оны өлтірген опасыздан өшіңді ал! Гамлет. Оны өлтірген? Аруақ. Иə, кісі өлтірмек қанша сұмдық болса да, Бұл сұмдықтан, əсте, сірə, аса алмас. Гамлет. Айт ендеше, арман-қиял ағысындай Шапшаңдықпен заулап барып түсейін, Өш алатын жеріме. Аруақ. Сендім, даяр екенсің. Кім болмақ ең ептпесең? Осы жерде ширықпасаң осылай Шалшығында Летаның көлкіп тұрған көк сасық Балдыры боп қалмақ едің батпақтың. Жə, тыңда, Гамлет, жұртқа менің қазамды Бақ ішінде ұйықтап жатқан жерімде Жылан шағып өлтірді деп тараткан. Айласына арсыздың алданды ғой дат жұрты, Абзал ұлым, біліп ал, Əкеңді шаққан əп жылан Əкең тажын киіп отыр басына. Гамлет. Ойбай-ай, сол жексұрын! Өз ағайым болды ма?

Аруақ. Иə. Некебұзар, кан-сойқы, Қулығы мол жəдігөй боп жаралған. Арам киет ант атқыр. Қатындыққа азғырды ғой ханымды. Неткен күйреу десеңші бұл, Гамлет! Қосыларда қол ұстасып тəн алған Мəртебелі махаббатым талайғы Тəрік болды-ау, қор болды-ау қортығына Құдайымның құнсыз етіп жаратқан! Ал, түбінде, айнымастай адалсыған азғындық Зинақорлық қу нəпсіге құныққан, Періштенің құшағында тояттап Алғаннан соң өлексеге бас салар. Жə, ақырын! Таңғы самал исін сезем. Тездетейін. Түскі тамақ артынан Бақ ішінде ұйықтап жатқан жеріме Құрып кеткір меңдуана сөлі бар, Шөлмегімен келіпті де ұрланып, Ағаң соны құлағыма құйыпты, Қанға кетсе сынаптан да өткір ол, Бүкіл ішті жайлап алып əп-сəтте Қатықтай-ақ ұйытыпты қанымды. Сөйтті. Сонсоң тұтас тұла бойымды Алапестей шірітті де, сылып түсті сыртымды. Ұйықтап жатқан шағымда інім осылай, Тартып алды тəжымды, өмірімді, Уа һəм королеваны. Мен осылай үзілдім. Пендесінің күнəсі көп жалғанда, Марқұм болдым тəубе деп те үлгермей, Бар қылмысты артып алып мойныма, Тез тартылдым қияметтің сотына. Сұмдық, сұмдық!.. Ұлым болсаң шынымен, Бұған селқос қарама, Қансойқылы азғынға, Дат елінің корольдары төсенген

Мамықтардың марқабатын бұйыртпа! Тек қаншама қызса да өш алмақтың ызасы, Өз анаңның өзегіне өрт салма. Құдайы мен ар-ұяты онсыз да Оған түбі қанжардай-ақ қадалар. Енді қош бол. Құлан иек таң жақын. Таң қылаңы жасытады жалынды, Қайыр қош, есте сақта əкеңді! Кетеді. Гамлет. Уа, көк пен жер! Тағы нең бар? Дозақ па əлде? Сап, сап, жүрек, шыдап бақ! Аяқтарым, тік тұрыңдар бүгілмей! Есте сақта дедің-ау?.. Есім барда сақтармын Быт-шыт болған мынау шардың ішінде. Сорлы аруақ, есте сақта дедің-ау? Тақтасынан зердемнің сезінудің Бар белгісін сүртемін; барлық сөзін кітаптың, Естегімнің тамам бейне, таңбасын, – Бала кезден байқағанның күллісін, Өшіремін. Жалғыз сенің жарлығыңа бағынып, Еш қоқыссыз, мидың барша кітабын Том-том күйі түгел жазып түгесем. Тəңірім тəні... Апырай жауыз əйел-ай Оңбаған-ай! Опығы жоқ, опасыздың көлгірсіген күлкісі-ай! Қаламым қайда? Жазайыншы мен бұны Күлімсіреп жүріп-ақ көңірсімек осы деп. Барлық жерде болмаса да бұл кəззап Дат елінде даусыз бар. Жазады. Сөз бітті, ағай. Енді менің уағызым: «Қайыр қош, қош, есте сақта əкеңді!» Өлсем осы маған серт!

Горацио мен Марцелл. (сахна сыртынан) Принц! Принц! Марцелл. (сахна сыртынан). Принц Гамлет! Горацио (сахна сыртынан). Уа, жасаған, Сақтай гөр оны! Гамлет. Өзі де солай болмақшы. Горацио (сахна сыртынан). Ого-го-го, его-го-го, милорд! Гамлет. Ого-го-го, бауырларым, келіңдер! Горацио мен Марцелл кіреді. Марцелл. Жə, жай қалай, милорд? Горацио. Не жаңалық, милорд? Гамлет. Ақыл жетпес ақуал! Горацио. Немене? Гамлет. Дабыра қып жүрерсіңдер, Горацио. Жо-жоқ, еш уақытта, милорд. Марцелл. Жо-жоқ, еш уақытта. Гамлет. Жə, жарайды, Кім ойлаған бұлай деп... Ал осыны жан баласы сезбесін! Горацио. Мен Марцелл. Құдай куə!

Гамлет. Дат елінде оңбағанның ақыры Сілімтікке айналмаған бірі жоқ. Горацио. Көрден шыққан аруақты Ол шындықпен астастырмақ орынсыз. Гамлет. Оған дау жоқ. Жə, тұспал сөзді қоялық та, кəнеки, Қол алысып, қош айтысып тарқайық. Əркімнің бар өз тірлігі, тілегі – Сендердікі өздеріңше болғанда, Мен – өзімше. Барамын да, мен байғұс Құлшылық етем құдайға. Горацио. Бұныңыз жай ұйтқыған Жүйесіз сөз ғой, милорд. Гамлет. Ренжітіп алдым ба? Кешіріңдер. Горацио. Бұнда тұрған қылмыс жоқ. Гамлет. Жоқ, беті ашылды қылмыстың, Горацио, Патриктің атымен ант етемін, əлгі – Аруақ. Бұл шындыққа иланбақ əбден лəзім. Ол екеуміз не дестік – ынтықсыңдар білмекке, Білмеу керек. Ал, енді, ағайындар, Мектептес те, қарулас дос-жарандар, Азын-аулақ қолқам бар. Горацио. Қуана-қуана құптаймыз. Гамлет. Бұл түн жайлы лəм демеңдер əйтеуір. Горацио. Мен

Марцелл. Айтпаймыз, принц. Гамлет. Жоқ, ант беріңдер. Горацио. Арыма тапсыр, Айтпасыма ант берем! Марцелл. Мен де ант берем, айтпаймын! Гамлет. Міне семсер – осыған ант етіңдер! Марцелл. Антымызды бердік қой. Гамлет. Жо-жоқ, семсерге деймін, семсерге. Аруақ (сахна сыртынан). Ант етіңдер! Гамлет. Иə, қартым, сенің де сол ма күткенің? Естідіңдер ғой не айтқанын? Кəне, антқа келісіңдер. Горацио. Айтыңызшы, ант бергенде не дейміз? Гамлет. Көздеріңмен көргенді жанға айтпасқа Ант етіңдер, ақ семсерді алақанға жатқызып! Аруақ (сахна астынан). Ант етіңдер! Гамлет. Ніс еt uвіguе. Қарт қосаяқ? Қалайша тез ін қаздың? Кетейікші бұл жерден. Кəне, бері. Берірек келіңдер де, семсерге, Ант беріңдер, көргенімді айтпан деп. Горацио. Беу, күн-түн! Ғажап еді бұл неткен!

Гамлет. Ғажайыптай табыныңдар ендеше, Бұл дүниеде сіздің философияның Түсіне де енбеген жайлар көп-ақ, Горацио, Енді іске: Тəңірден рахым күтсеңдер, Ант беріңдер қайталап; Қанша оғаш Көрінсем де мен бүгін, Болашақта өзгеше бір күйге енбек Ниетіме бет алған соң, кəнеки, Ант беріңдер, мен көрінген тұстарда Қолды былай қусырып, не бас шайқап, Бір құпияны білетіндей былай-былай қипақтап, Немесе бір терең сырды үғатындай данасып Бүлдірмеңдер. «Басқа-басқа, ал біздер...» «Айтсақ айтар едік-ау, дей тұрғанмен»... «Білудей-ақ білеміз-ау, əйтсе де», «Ұтыры келсе, сайрап-ақ» Дегендей еш емексулер, болмасын, Мен жайында бірдеңені білгенсіп Сыр алдырып қоймаңдар. Тек сол үшін Ант беріңдер, сендерді құдай қолдасын! Аруақ (сахна сыртынан). Ант етіңдер! Гамлет. Сабыр етсеңші өлі аруақ! Ал, мырзалар, Жақсы көрген жарандар, қара басым Өздеріңе аманат. Дəлелдеу үшін достығын Сорлы Гамлет қолдан келген амалдың Барлығын да істер болар түбінде, Құдай куə! Жүріңдер, бірге шығайық. Есте болсын, саусақ қожа ерінге, Бақытсыз туған басым-ай, Қырсығынан арылтам деп алдымды Қырқысуға барам да!.. Жə, жүріңдер!.. Кетеді.

ЕКІНШІ АКТ БІРІНШІ САХНА Эльсинор. Полоний үйінің бөлмесі. Полоний мен Рейнальдо кіреді. Полоний. Мынау ақша, мынау соған хат, Рейнальдо. Рейнальдо. Табыс етем, милорд. Полоний. Ал, шырағым, жолыққанша өзіне Оның қалай жүргенін сырттай барлап Білген абзал. Рейнальдо. Өз ойым да сол, милорд. Полоний. Бəрекелде. Тіпті жақсы. Сонда, шырақ, алдымен Париждағы даттар жайын біліңіз. Ақшалы кім, кім қай тума, қай жерде, Бұл сөйлескен адамыңыз кіммен дос, Егерде ол ағыл-тегіл сыр ашып, Бір сөзінде біліп шықса ұлымды, «Əкесі мен танушы ем, деп, достарын», Өзін онша білмегенси қалыңыз. Ұқтыңыз ба, Рейнальдо? Рейнальдо. Əбден, милорд. Полоний. «Өзін де аздап – деңіз-дағы – аз білем – деп салыңыз, «Егер анық сол дəукестің өзі болса» дегенді Жəне қосып қойыңыз. Сонсоң, өй, оны қой, – Ол мұндай да, ол сондай деп сыбаңыз. Өлгендердің артынан айтылатын өсекті Боздатыңыз, жалғыз-ақ, біреуді мезі қылардай Ақылы ауыс демесеңіз болғаны.

Бірақ енді арын төгіп алмау үшін, Ешкім шықпай алдына, еркін ескен Шолақ-шолжаң қызбалыққа теліңіз. Иə, сөйтіңіз. Рейнальдо. Мəселен, ақшаға ойнау? Полоний. Иə, сол бар, мастық-ыластық, төбелес, Берен ауыз, зинақорлық дегендей... Рейнальдо. Бұның бəрі ар-ұятын төкпей ме, милорд? Полоний. Неге? Нəшін тауып айта білсең болғаны. Бірдеңесін шектен шыға шырқатып Жаптым жала жасамаса, несі бар? Қайта оны албырттықтың отына, Əркім бастан кешетін жастық шаққа Таңып айтса, айып-шамы жоқ оның. Рейнальдо. Жə, тəуекел. Полоний. Бұның бəрі неге керек дейсіз ғой? Рейнальдо. Бəсе, неге, Білсем деп ем себебін. Полоний. Былай менің есебім, Нысанаға дəл тиежақ бұндай сөз. Жұмыста қол кірлейтіні секілді, Ұлыма аздап күйе жаға айтсаңыз, Соныңызға тыңдаушыңыз елігіп, Егер мінін көрген болса ұлымның, Сөзіңізді бөледі де, мəселен, Сізге «сэр», не «дос» немесе «мырза» деп, Қай елдігін өзінің, лауазымын танытпақ. Рейнальдо. Дəл айтасыз.

Полоний. Міне сонда, дəл сол кезде, сол кезде... Не айтпақ едім? Ту, құдай-ай, айтпақ едім Бірдеңе. Жаңа не деп тоқтап ем? Рейнальдо. «Сөзіңізді бөледі де... мəселен» деп үздіңіз. Полоний. Иə, бөледі Аһа, бөледі, бөледі... Ə, иə, бөледі ол. Былайша деп мəселен: «Ол жігітті білем, білем, ойбай-ау, Кеше кеште, бұрнағы күні немесе Пəлен жерде, түлен жерде ол шіркін Доп ойнаған, удай мас, Ойын соңын төбелеспен бітірген. Ал, немесе: «Ол дегенің ұйыққыштар үйінде Басбұзарлық жасағанын көргем» – деп, Тағы сондай бірдеңені бықсытар. Өтірікті қадап қойып қармаққа, Сол жемтікті асатуға болады Ақиқаттың аузына. Мына біздер, көргендер, қашан да Осылайша орағытып алыстан, Тура жолға қисық тұстан Қия тартып шығамыз. Балама барар сізге де осы тəсілді ұсынам. Ұқтыңыз ба? Түсінікті ме? Рейнальдо. Иə, милорд. Полоний. Онда сау бол. Рейнальдо. Рақмет, милорд! Полоний. Əлгіні өзі сезіп қалып жүрмесін.

Рейнальдо. Жо-жоқ, милорд. Полоний. Оқи көрсін музыкасын мұқият. Рейнальдо. Əрине. Полоний. Жолың болсын! Рейнальдо кетеді. Офелия кіреді. Офелия! Не айтпақсың? Офелия. Құдай куə, зəре-құтым қалмай тұр! Полоний. Не себепті? Уа, жасаған!.. Офелия. Кесте тігіп отыр ем. Гамлет кіріп келгені, Қалпағы жоқ, жеңсіз жейде жыртылған. Бауы үзілген шұлығы өкшесінде кір-кір. Қалш-қалш етіп, соқтығады тізесіне тізесі. Абдырауы соншалық, құдды жаңа Қашып шығып дозақтан, сонда көрген Сор-азабын айта келген адамдай. Полоний. Ғашықтықтың дертінен есі ауысқан болды ма? Офелия. Біле алмадым, Содан ба деп қорқамын. Полоний. Не айтады өзі? Офелия. Білегімнен қысты да, қолын үзбей қолымнан, Қадам кейін шегінді, басқа қолын Апарды да көзіне, содан маған

Суретшідей сығалап кеп қарады. Ұзақ тұрды сол күйі. Ақырында Жұмсақ сілкіп қолымды, Үш мəрте басын иді де, Жан тəсілім қылардағы адамдай, Ышқына бір күрсінді, Уысын жазып босатты да қолымды. Маған ғана қайырыла қараумен Аяқ жолын мен арқылы көргендей, Көзсіз беттеп есікке, Сол бетімен кетті шығып ақыры. Полоний. Жүр, екеуміз корольді іздеп табайық, Бұл – тартқан дерт махаббаттың зарынан, Бұндай дертке душар болған адамдар Қатал кесік жасаушы еді өзіне. Фəни жалған сыбағасы осы да... Аянышты-ақ! Соңғы кезде сен оған Айтпап па едің қатты сөз? Офелия. Жоқ, тек сіздің тəдбіріңіз бойынша, Өзін үйге жолатпай, жазған хатын Қабылдамай қойып ем. Полоний. Оны құртқан осы ғой! Обал болды-ау жазғырғаным ойланбай. Онікі жай жастықтың желігі ме деп едім. Артығырақ жеңдіріппін ақылға. Қарт адамның ой-пікірі қазымыр, Соры ғой сол жастардың! Жүр, корольға жеткізейік бəрін де, Ұялшақтап үнсіз қалсақ, қайғыны Бұдан бетер асқындырып алармыз. Жүр, кеттік.

ЕКІНШІ САХНА Сонда. Сарайдағы бөлме. Король, королева, Розенкранц, Гильденстерн жəне нөкерлер кіреді. Король. Ар болғайсыз, Розенкранц һəм Гильденстерн! Көрсек деген сіздерді зауқымыздың үстіне, Шақыртуға мəжбүр етті бір жағдай. Гамлет жайын естіген де шығарсыз. Өзгерістің бары рас. Тіптен оның Іші-сырты танығысыз демеске де шара жоқ. Əкесінің қазасынан қаттырақ Тағы ненің тақсіретін тартқанын Біле алмай-ақ отырмын. Жан едіңдер мінезіне қаныққан, Жастайынан бірге оқыған, құрбылас. Біраз уақыт сайран құрып сарайда, Болсаңдаршы қасында. Сергітсеңдер көңілін, Шамаларың келгенінше, құсаның Құпиясын ұтырын тауып ұқсаңдар, Бəлкім содан дертке дару табылар. Королева. Ол сіздерді жиі айтатын, мырзалар. Достарына жан-тəнімен берілген Ондай пенде дүниеде жоқ шығар. Егер бұған ыстық ықылас қисаңдар, Сараңсымай сарп етсеңдер уақытты, Оң орайға тиер болса септерің Сапарларың бағаланбақ ылайық Сыйлығына корольдің. Розенкранц. Мəртебелі сіздердің Биіктен де биігірек еркіңіз Қолқаңызды ұқтырады жарлық деп,

Гильденстерн. Құрақ ұшып құптай тұра бұл істі, Ағзамдардың ақтау үшін сенімін, Əміріне құштармыз. Король. Рақмет, Розенкранц, Гильденстерн! Королева. Рақмет, Розенкранц, Гильденстерн! Онда тезірек барыңыздар, жарқыным, Есі ауысқан ұлыма. Ей, мырзалар, Біреу бастап апарсыншы Гамлетке. Гильденстерн. Құдай оңдап, біздің қауым түгелдей, Соның қамын жегей де! Королева. Құдай оңдар! Розенкранц, Гильденстерн, кейбір нөкерлер кетеді. Полоний кіреді. Полоний. Норвегиядан елшілер есен-аман Қайтып келді, тақсырым. Король. Ақ хабардың атасы едің қашан да. Полоний. Солай ма едім, тақсырым? Сол боп қалам, Құдай бар да, король бар – Жаным пида екеуінің жолына. Байқайсыз ба, не дегелі отырмын? Не мен сордың миым ашып, із кесер Індеткіштен қалғанмын, не мен таптым Қай себеппен жынданғанын Гамлеттің. Король. Ойбай, тез айт! Тағат таппан естімей.

Полоний. Елшілерді қабылдаңыз алдымен, Құпиям соған тағам болсын тəттірек. Король. Е, ендеше оларды тез ертіп кел, Полоний кетеді. Гертруда, əлгі таптым деп отыр, Ұлыңыздың есі ауысқан себебін. Королева. Əкесі өлді, біз тым шұғыл үйлендік, – Осы ғана оның сорын кайнатқан. Король. Анықтармыз оны да. Полоний Вольтиманд пен Корнелийді ертіп қайта кіреді. Ар болғайсыз, достарым! Ал, Вольтиманд, не айтты біздің жұрағат – Норвегия королі? Вольтиманд. Сəлеміңізді құптады, сəлем айтты. Тиым салды бізге қарсы жорыққа. Біз барғанша король əскер жасақтау Поляктарға қарсы екен деп ұғыпты. Мəртебелі сізге қарсы соғыспақ Ниетін одан жасырыпты інісі. Ауру меңдеп əлсіреткен қарт король Алданғанын білген бойда інісін, Шақыртып ап бұйрықпен, Фортинбрастың сыбағасын берді ғой Опық жеген сол айыпкер ант етті! Сізге қару жұмсамасқа еш қашан. Разы болған король оған жылдықтан Үш жүз крон қаржы бөліп, əскерді

Поляктарға қарсы қой деп бұйырды, Мынау сізге өтініші. Қағазды ұсынады. Жеріңізден өтуіне əскердің Еш кедергі келтірмеуді тілейді. Адалдығын шандыратын кепілдік, Статьяда көрсетілген ерекше. Король. Істің беті оңғарылған тамаша, Бос уақытта оқып, зерттеп түбегей, Кейінірек ойласармыз жауабын. Жігерлеріңе рақмет. Тынығыңдар. Думан тойға келгейсіңдер кешкісін, Көріскенше! Вольтиманд пен Корнелий кетеді. Полоний. Бұл түйіншек шешілді. Тақсырларым, король бар да, малай бар, Уақыт аты уақыт, күн – күн-дағы, түнің – түн, Бұлар жайлы дау көтеріп даурығу – Күн мен түнді бостан босқа шығындау, Қысқа сөйлеу – ақыл-ойдың жаны да, Көпсөзділік – соның сұлу тəні ғой. Қысқа айтайын. Ұлыңыздың есі ауыс. Ауыс дедім. Есі ауыс деп кəдімгі Ақылынан ауысқанды айтады. Гəп онда емес. Королева. Бипаздамай дəлірек. Полоний. Ханым бике, бипаздау жоқ бұл жерде. Жынданғаны шын. Шын болған соң аянышты... Аянышты болатыны: ол – шындық. Ақымақтарша оттап кеттім. Мейлі ғой, Бипаздауды білмеймін. Жынды-ақ болсын. Табу шарт сол эффектінің себебін,

Яғни сол дефектінің, өйткені дефектінің Салдарынан шығып жатыр эффект. Шыққан жерден тарту керек шығырды. Неден шықты? Қызым бар ғой, ол қыз əзір менікі. Білсеңіз ғой сол қыз маған не айтқанын. Мен оқиын, тыңдаңыз да, ойлаңыз. Оқиды. «Аяулы пірім, асқан сұлу Офелияға дұғай сəлем». Бұны қойшы, бұл жауыр болған жасық сөздер ғой. «Асқан сұлу» дегені əбден таптаурын лебіз. Ендігісін тыңдаңыз. Міне, (оқиды). «Аяулының ақ төсіне» дегендей боп кете береді бұдан əрі. Королева. Осыны жазған Гамлет пе? Полоний. Сабыр етіңіз. Баcынан бастап келемін, ханым бике. Оқиды. «Сенбесең сенбе күндізге, Самсаған түнгі жұлдызға, Сенгейсің маған бұл кезде Ынтызар жанмын сен қызға! Беу, асылым Офелия. Өлең сөзге олақпын. Ұйқастың үстінде ұйып қалардай дəрмен жоқ. Ал, саған, аяулым, өлердей ғашық екеніме иланғайсың. Қош бол. Тұла бойда механизм аманда, аяулым-ау, бір сен үшін жаралған өз Гамлетің». Қызым маған осыны берді оқы деп, Ауыз-екі айтқандары жəне бар. Қай уақытта, қай жерлерде Екеуінің елтігені хақында.

Король. Оның махаббатына қызың қалай қарапты? Полоний. Маған қалай қарап жүрсіз өзіңіз? Король. Ар-намыстың адамысыз шын адал. Полоний. Ілəйім солай болайын. Өзіңіз не дер едіңіз, егер, шыны, Ғашық отын ə дегенше лап еткен, Қыз емес-ау, жаза бассам мен ұқпай – Албырттықты да жеңіл-желпі бағалап, Қағаздан да сабырлырақ іс қылсам, Лəм дегізбей тұншықтырсам жүректі, – Соған ағзам, өзіңіз, немесе Сіз, Ханым бике, қалай қарар едіңіз? Жоқ, мен қызға тура дереу қой дедім: «Гамлет – дедім – принц, саған жұп емес. Ол болмайды». Қызды сонсоң көндірдім, Одан безіп, есікті іштен кілтте деп, Жеңгелікке жібергенін қуып шық, Сыйлық берсе алма деп, Айтқаныма көнбей қайтсін қыз байғұс: Осыншалық сыртқа тебу, қысқасы Құса қылды, асқа зауқын шаптырмай, Ұйқы қашты, тұла бойдан əл кетті, Жеңіл ыза ауыр дертпен астасып, Сорымызға содан шықты жындану. Король. Сіз де осылай дейсіз бе? Королева. Иə. Жанасып тұр шындыққа. Полоний. Мен жасаған байламның Басқаша боп шыққан жерін білсеңіз, айтыңызшы.

Королева. Білген емен. Полоний (басы мен иығын нұсқап). Бүгін де солай болмаса, Балта шапсын басымды. Жеме-жемге келгенде, ақиқаттың дерегін Жер жұтса да, қолым соған жетеді. Король. Көз жеткермек жолы не? Полоний. Ол оп-оңай. Осы маңда галлерея ішінде, Жүреді өзі неше сағат сенделіп. Королева. Əбден дұрыс. Полоний. Дəл кезінде қызды соған барғызып, Шымылдықтан тың-тыңдаймыз екеуміз. Кездескенін көреміз. Егер қызға Ынтықпаса, дерті сол боп шықпаса, Уəзіріңіз болмай-ақ, үй ұстайын, Өткен-кеткен жолаушылар түнейтін. Король. Мақұл, аңдып көрейік. Королева. Міне, сорлы, кітап оқып келе жатыр өзі де. Полоний. Екеуіңіз де, екеуіңіз де кетіңізші тезірек, Өзім барып, өтінейін кешірім. Королева, король, нөкерлер кетеді. Кітап оқып Гамлет кіреді Гамлет мырзам, қалай жүріп жатырсыз? Гамлет. Құдайға шүкір, жақсы ғой. Полоний. Милорд, мені білесіз ғой?

Гамлет. Əбден, əбден. Балық сатқан саудагер. Полоний. Жо-жоқ, милорд! Гамлет. Ендеше сондай адал бола алсаңыз, сіз одан залал шекпес едіңіз. Полоний. Адал дейсіз бе, милорд? Гамлет. Иə, сэр. Адалдық – біздің заманымызда он мыңнан біреуде болмақ деген сөз. Полоний. Бұл нағыз шындық, милорд. Гамлет. Ең қасиетті күн екеш күннің көзі де өлексені, сəулесімен əспеттеп, содан құжынаған Құрт шығаратын болған соң, басқаға не жорық... Қызыңыз бар емес пе? Полоний. Бар ғой, милорд. Гамлет. Ендеше оны күнге шығара көрмеңіз. Ашық ауыз болмаңыз, абзал кісі. Полоний (сыртқа). Сіздер не дер едіңіздер? Қит етсе қыз жайына ойыса береді. Əуелі танымай қалды. Балық сатқан саудагер деді. Тым алшақ, алшақ кетіп тұр. Шынымды айтсам, жас кезімде мен де мықтап махаббаттың тақсіретін тартқанмын! Осы күйге түсуге шақ қалғам: Қайтадан бір сөйлетіп көрейінші. – Не оқып тұрсыз, милорд? Гамлет. Сөз, сөз, сөз... Полоний. Не бар екен ішінде? Гамлет. Кім мен кімнің аралығын сұрайсыз?

Полоний. Кітап сөзі не айтады екен дегенім ғой əншейін. Гамлет. Айтатыны – жала сөз. Алаяқ сатириктің айтатыны: Шал сақалы ағарады, шал беті шалбар болады, көзінен көк май ағып, қара өріктің шырыны шығады, борбайынан əл кетіп, ақылдан ада болады дейді. Шындығына сенсем де, сэр, осыларды жария жасау ұятсыздық деп білем. Өйткені, сіз де, сүйкімді тақсыр, түбінде бір қартайып, мына менше, шаянға ұқсап, кері қарай жылжисыз ғой ақыры. Полоний (сыртқа). Жындының сөзі десек те, жүйесінен бір жаңылмай тұр-ау бұл – ашық-тесік ауадан аулағырақ кетсек қайтеді, милорд? Гамлет. Қайда, молаға ма? Полоний. Айтты-айтпады, одан əрі жер жоқ-ау (сыртқа). Бағзы бір жауаптары мірдің оғындай! Есуасты еліртетін, сау адам ойына келе бермейтін тапқырлығы ғажайып. Жə, енді тезірек барып, қыз бен бұны кездестіру амалын істейін. – Қадірменді принц, рұқсат болса, кетейін. Гамлет. Өзіңізбен қоштасарда, сэр, сізге тарту етердей қымбат сыйым қолда жоқ. Өмірім ғана, өмірім ғана, өмірім ғана болмаса. Полоний. Есен-сау болғайсыз, принц. Гамлет. Пай, осы бір алжыған мылжың ақымақтар-ай! Розенкранц пен Гильденстерн кіреді. Полоний. Принц Гамлет керек пе? Міне ол. Розенкранц (Полонийге). Рақмет, сэр! Полоний кетеді.

Гильденстерн. Құрметті принц! Гамлет. Ойхой, қайран достарым! Гильденстерн! Розенкранц! Ал, жігіттер, не хал-жай? Розенкранц. Көп нəрегей көрген күн ғой біздікі. Гильденстерн. Баққа қарай, бақыт бізде мол емес, Құлпырмаймыз тəжге таққан түймедей. Гамлет. Ұлтаны да емессіз ғой ұлықтың? Розенкранц. Иə, милорд, онысы да, бұнысы да емеспіз. Гамлет. Ортан белде болғаныңыз жақсы екен. Жə, не жаңалық? Розенкранц. Дүниеге ар-ұят кіре бастағаны болмаса, бөтен жаңалық жоқ, принц. Гамлет. Ендеше, ақыр заман тақалғаны да. Тегінде осы айтып отырғандарың жалған хабар шығар. Дегенмен, кəне, тəптештеп көрейікші өзін. Асылдарым-ау, сіздерді осында, түрмеге жібергендей əлгі құдіретті бақыт иесіне не жазып едіңдер? Гильденстерн. Түрмеге дейсіз бе, принц? Гамлет. Иə, əрине. Даттың елі – түрме ғой. Розенкранц. Ендеше, жер жаһан – түгелдей түрме. Гамлет. Ендеше, сіздерге бұл ел түрме емес. Өйткені зат өздігінен не жақсы, не жаман бола алмайды. Ол əркімнің затқа берер бағасына байланысты. Мен үшін бұл ел түрме. Розенкранц. Ендеше, бұны сізге түрме дегізіп отырған мансапқорлық. Бұл елдің іші сіздің талабыңызға тар келіп тұр.

Гамлет. Құдай сақтасын! Мені жаңғақтың қауашағына қамап көрсеңіздер, соның ішінде отырып та өзімді кең жаһанның əміршісіндей сезінуге бармын-ау. Əттең, тек жаман түс көрем ылғи да! Гильденстерн. Түстің өзі де сол мансапқорлықтан шығады. Мансапқор жоқ дүниемен жолығысады, өңінде бұйырмасты өзіне телиді. Қиялдың құлы, көрген түстің көлеңкесі ол. Гамлет. Көрген түстің өзі де көлеңке ғой. Розенкранц. Гəп сонда. Сонымен, көрдіңіз ғой, мансапқорлық мағынасыз, жеңіл ғана желік екен. Ол тіпті заттың көлеңкесі емес, көлеңкенің көлеңкесі боп шықты. Гамлет. Онда қайыршылар қармауға келетін зат екен де, ағзамдар мен артықша қаһармандар сол қайыршының көлеңкесі болды ғой. Əй, осының несіне бас ауыртамыз, одан да сарайға барсақ қайтеді? Оллаһи, ой таластыруға шама келмей тұр. Розенкранц пен Гильденстерн. Өзіңізге осылай қызмет қылып, ереміз де жүреміз. Гамлет. Қажеті жоқ! Онсыз да мені қызметшілерім көзінің қарашығындай бағатын болып жүр. Жə, доспыз ғой, айтыңдаршы, Эльсинорға не істегелі келдіңдер? Розенкранц. Қонақ болу сіздерге, басқа түк те шаруа жоқ. Гамлет. Алғыс сөзім аздық етер байғұспын. Бірақ, сол аз алғыстың өзі де сендерге көп. Шақыртты ғой сендерді? Өздерің арнайы келдіңдер ме? Өз еріктеріңмен келдіңдер ме? А? Кəне, ар-ұятты бетке ұстап айтыңдаршы шындығын. – А? Айтсаңдаршы. Гильденстерн. Біз не айталық, милорд.

Гамлет. Не десеңдер о деңдер, шындықты айтсаңдар болғаны. Сендерді шақыртты. Іркіп ішке бүккендерің көздеріңнен көрініп тұр. Король мен королева шақыртқанын білем мен. Розенкранц. Не үшін дейсің, принц? Гамлет. Оны сіздер жақсырақ білесіздер. Ал, енді талайғы достық, сүйіспеншілік, ұғымдастығымызды, басқа да ортақ қасиетімізді алға тарта айтайын: Бір жалтарсаң, бітті сөз! Шақыртты ма, жоқ па? Розенкранц (Гильденстернге). Сіз не айтасыз? Гамлет (сыртқа). Міне, түсті тұзаққа. – Мені жақсы көрссңдер жасырмаңдар! Гильденстерн. Милорд, шақыртумен келдік біз. Гамлет. Неге шақыртқанын өзім-ақ айтайын. Сонымен, сіздерге ақиқатты айтқызған менің болжалымның құпияңызды сақтаймыз деп король мен королеваға берген серттеріңізге қылдай киянаты жоқ. Себебін білмеймін, жуырда мені бір көңілсіздік басып, дағдылы ісімнен қол үздім. Өзгергенім соншалық, Осынау тамылжыған табиғат, жердің беті берері жоқ бедеу тас боп танылады, ал мынау ауаның ақ шатыры менің көзіме қатып калған қамалдай, байқайсыз ба, мынау алтын ұшқынды аспан əлемі бар болғаны улы сасық бу болып көрінеді. Табиғаттың артықша тамашасы адам ғой! Оның ойы неткен ізгі! Қабілеті неткен шексіз! Бітімі мен қимылы неткен дара да, дəл десеңші! Əрекеті жағынан періштеге тетелес. Ақыл құдіреті – тəңірге тəн! Дүниенің көркі! Күллі тіршіліктің лұғаты ғой адам! Соның да құны қаншалық, түбегейі – сасық өлік болған соң? Мен еркекке елең етіп қарамаймын, əйелге де солай, күлсеңдер күле беріңдер. Розенкранц. Ондай ойдан аулақпыз, принц.

Гамлет. Ендеше, мен еркек жайлы айтқанда неменеге жымыңдаса қалдыңдар? Розенкранц. Бұл жағдайда актерлерді салқын қабылдайды деген оймен күліп едім. Біз жол бойында олардан озып кеткенбіз. Олар сізге өз қызметтерін көрсеткелі келе жатыр. Гамлет. Корольдарды ойнаушыға бас ием. Ондай ұлыққа – құлдық. Ел кезген серінің семсері мен қалқанына қақтығыс табылады. Ғашықтардың зары зая кетпейді. Шерменде жан шегіне жетіп тыншиды. Қуақының күлдіргі сөзін күткендер қолтығына қол тигеннен бетер ішек-сілесін қатырады. Ару кейіпкер ақ өлеңді ақсатып айтса да жанын сала ойнар болар. Бұлар қандай актерлер? Розенкранц. Өзіңізге соншалық ұнаған астаналық актерлер. Гамлет. Бұларды бұл сапарға не жағдай итермеледі екен? Ақша мен атақ-даңқ үшін өздерінің тұрағы тиімді еді ғой. Розенкранц. Меніңше, соларды соңғы тəртіп қозғады-ау деймін. Гамлет. Қалада мен болған баяғы кездегідей бағалай ма бұларды? Түсімі де сондай ма? Розенкранц. Жоқ, гəп сонда ғой, ол жоқ қой. Гамлет. Неге олай? Əлде бұлар нашарлап кетті ме? Розенкранц. Жоқ, бұрынғы бетімен жарқырауын жарқырап-ақ келеді-ау. Бірақ, қалада өңшең бір ақ үрпек балапандар ұясы пайда болды. Жұмыртқадан шықпай жатып жұрт құлағын жарып-тесіп өтердей тік шырқауға салған соң, шамадан тыс қолшапалақ қошаметке басып тұр. Соңғы мода солар боп, бұрынғы театрды бұза-жара киліккені соншалық, баспа-сөздің əжуасынан именген əскери адамдардың өзі мыналарға батып аяқ баспайды.

Гамлет. Қалай, бұл балалар кауіпті ме соншалық? Бұлардың қамқоры кім? Қанша төлейді өздеріне? Мақтау сөзге мастанып, дауыстарын тұрпайылап алудан аман ба? Кейінірек, басқа кəсіпке ауыспай, кəдімгі театрдың актерлері болып алған соң, сөз авторы келешегімізді кесті деп, опық жеп жүрмей ме? Розенкранц. Шынын айтсам, екі жақтың айқайы аз болған жоқ. Халық та бірін біріне ызғыштырып бақты. Бір кезде жұрт пьесаға ақша төлемей, аяғын автор мен актердің төбелесіне дейін апарды. Гамлет. Осы шын ба? Гильденстерн. Ойбай, бұл талайдың жүйкесін құртты ғой. Гамлет. Балалар жеңіп шықты ма? Розенкранц. Иə, принц. Жүгі ауыр деген Геркулестің өзін де. Гамлет. Тегінде бұған таң қалуға да болмайды. Мəселен, қазіргі дат елінің короліне, – біздің ағайға əкемнің тірісінде пысқырып та қарамайтындар бүгін оның портретіне жиырма, қырық, елу, тіпті жүз дукатты санап беріп жүр. Қой, осында жаратылыстың заңынан тыс бір пəле бар. Бұның құйтырқысын қазбаласа философия ғана бірдеңе шығарар! Сахна сыртында керней. Гильденстерн. Міне, актерлер де келіп жетті. Гамлет. Эльсинорға келуіңізбен, мырзалар! Қолдарыңды созыңдаршы, жолдастар. Ашық пейіл көрсетпек ақсүйектер шарты ғой. Солардың салтын сақтайық. Өсітпесем, актерлермен кездескен соң соларға көбірек назар аударды деп ренжіп қаларсыздар. Тағы да келуіңізбен! Ал менің ағай-əкем мен жеңге-шешем қателеседі.

Гильденстерн. Қай жағынан, милорд? Гамлет. Мен тек норд-норд – вестен ғана ақылы ауыс адаммын. Жел түстіктен соққанда ақ сұңқарды көкқұтаннан əбден ажырата аламын. Полоний кіреді. Полоний. Ар болғайсыз, мырзалар! Гамлет. Гильденстерн, тыңдаңыз. Розенкранц, сіз де. Əр құлақтан бір тыңдаушы жасайық. Көз алдарыңда тұрған қарт сəби əлі құндақтан құрғап шыққан жоқ. Розенкранц. Бəлкім, құндаққа қайтадан түскен шығар? Адам қартайғанда сəби болады деген сөз бар ғой. Гамлет. Алдын ала айтайын, актерлер жайлы хабарлағалы келіп тұр. Қара да тұр, тап солай, сэр. Сіздер айтқандай, дүйсенбі күні таңертең. Полоний. Сізге айтпақ жаңалығым бар, милорд? Гамлет. Милорд, сізге айтпақ жаңалығым бар. Баяғыда Росций Римде актер болғанда... Полоний. Актерлер келді, милорд. Гамлет. Рас па? Ах-ах-ах! Полоний. Оллаһи, милорд! Гамлет. Есекпен зырғытып... Полоний. Дүниедегі таңдаулы, баршаның бабын табатын актерлер, яки былай: Трагедия, комедия, хроника не пастораль дейсіз

бе, пасторальдық комедия, тарихи пастораль, тарихи трагедия, трагикомико һəм тарихи пастрольдейсіз бе, сахнаға лайық дастан-толғау дейсіз бе – əйтеуір, күллі сондай. Сенеканың тереңдігі де, Плавтың ойнақылығы да бұларды таң қалдыра алмайды. Ғақлияны жатқа айтуға, əп-сəтте ойдан шығаруға келгенде бұлар елден ерек. Гамлет. Израилдың қазысы, қайран Евфай, қандай еді байлығың! Полоний. Оның қандай байлығы болған екен, милорд? Гамлет. Е, енді қалай. «Жалғыз қызы болған екен көрікті, Жанындай жақсы көріпті». Полоний (сыртқа). Есіл-дерті – əлі сол менің қызым! Гамлет. Ал, ия? өтірік пе осы, Евфай шал? Полоний. Евфай деп отырғаныңыз мен болсам, оныңыз өте орынды: Менің де жанымдай жақсы көретін қызым бар. Гамлет. Жоқ, олай емес тіпті де. Полоний. Енді қалай, милорд? Гамлет. Ол былай: «Тағдыр басқа салды, Құдай өзі алды». Өзіңізге белгілі, одан əрі айтқаны: «Қалай соқсаң, олай соқ, – Жазмыштан озмыш жоқ» Осынау діни өлеңнің бастапқы шумағының өзі-ақ сізге қалған жағын ұғындырар, ал, біз қазір көңіл ашар жасаймыз. Төрт-бес актер кіреді.

Ар болғайсыз, мырзалар! Хош келдіңіз. Бəріңе бəйекпін. Аманбысыңдар, асылдарым! Пəлі, ескі дос! Қарай көр, баяғыдан басқаша, сақал кеткен салбырап! Дат елінде қыл сақалды қымтанып, ақырын соның астымен өзің мені əжуалап кетейін деп келдің бе, əй? – Бикешім-ау, осы көріп тұрғаным өзіңіз бе баяғы? Үрдің қызы-ау, екеуміздің ең соңғы кездесуімізде қазық өкше тақамен бой ұзартып алып, заулап ұша жөнелгенсіз ғарышқа. Күні озған алтын бұйымдай көнермеген шығар əзір даусыңыз. – Бəрекелде, мырзалар! Ал енді, ə дегенде көзіміз неге түссе, француздың қыранындай соған шүйлігейік. Кəне, кəне, бір монолог. Өнерлерің біздерге сиқырын сыйға тартсын. Жə кəне, қайнап тұрған монологтың біреуін... Бірінші актер. Қай монологты, абзал принц? Гамлет. Маған бір үзінді оқығаның есімде. Сол дүние сахнаға шықса, бір-ақ мəрте шықты не тіптен қойылған жоқ, – пьеса ұнамаған. Аса үлкен қауымға арналып жазылған соң, атына қарай астауы дегеннің кебі болмаған. Ал өзі мені де, басқа озығырақ төрешілерді де ұйытқан тамаша пьеса еді, сахнаға шебер жіктелген, қарапайым да ұтымды жазылған нəрсе болатын. Əлі есімде, өлеңі онша нəрлі емес, тілі автор ойының асқақтығын танытпайды дей тұра, тəсілі мұнтаздай, нəсілі таза, көбінше сыпайылығынан сыры көркем деп тапқан-ды. Соның ішінде бір монолог маған айырықша ұнап еді. Ол анау Энейдің Дидонаға өзі жайлы əңгімесінде, əсіресе, Приамды өлтіретін жері. Сол жері есіңізде қалған болса, мына бір жолдардан бастаңызшы. Тоқтай қалыңыз, қазір айтайын: «Қаһарлы Пирр, жыртқышындай Гирканның», Ə, жоқ, олай емес. Əйтеуір Пиррден басталады: «Қаһарлы Пирр, қарадан қару асынған, Қара көңлі қара түнге бас ұрған. Бұл қамалға кірерінде денесін, Троян аттың құрсағына жасырған, – Қара киім қансоқтаға малшынып, Күллі сырты күрең-қошқыл тартқан соң,

Енді түрі бұрынғыдан бұзақы; – Енді көрсең үсті-басын қан басқан. Қарт пен боздақ, қатын-қалаш қалмастан Өртте жанған, жалындары өліктің, Қарақшыны мақсатына жетелеп, Жарқырайды жан-жақтан. Қаннан сауыт – кигені, От жұтып, ыза – түйгені, Приамға жеке тигелі Тінтіп жүр маңын сарайдың». Ар жағын айта беріңіз. Полоний. Оллаһи, тамаша, милорд! Титтей де артық кетпей, баппен айтасыз. Бірінші актер. «Пирр тапты оны. Кəрі Приам сөз болып па бұл үшін: Бір сермеуге жарамай-ақ, қолынан Түсіріп алды ол қылышын. Жетіп келді алып күшті Пирр сонда Алмас қылыш ысқырғанда үстінде, Ұйтқи соққан желіне де төзе алмай, Ажалынан көз алмай, Мұрттай ұшты Приам. Сол сəт-сұмдық: Жанған сарай қабырғасы қайысып, Толқынды да, құлап тынды – құлақ тұнды! Пирр қылышы қадалғандай денесіне ауаның, Қатып қалды көтерілген қалпында; – Қатып қалды Пирр де қолын түсірмей, Суреттегі қас қарақшы мүсіндей. ...Сұрапылдың алдында үнсіз аспан тұнжырап Қаптаушы еді-ау қара бұлт; Жел де тынып, жер де сұлық, Қазалыға ажалдай, аза бойын жаза алмай, Жатушы еді-ау! Сонда кенет керемет Қара аспаннан жайдың оғы жарқ етсе,

Қара жерді қақ айырып түсетін. Дəл сондай-ақ, ес жиған соң кекті Пирр Қанға қайта құмартты. Жалғыз көзді Дəулер соққан қылышынан Марстың Пирр қылышы қаттырақ та, қатігез – Қақыратты Приамды: Ұялсаңшы, бақ бейбақ! Уа, тəңірім, Өкімет атты дөңгелегін дүниенің Жұлып ал да нысапсыздың қолынан, Быт-шыт қылып құрсау темір, шабағын, Ғарафаттың тауынан Белағашын домалатшы дозаққа!» Полоний. Тым ұзын екен. Гамлет. Ұзын болса сіздің сақалыңызбен бірге шаштаразға жөнелтерміз. Оқи түсші, жарқыным. Бұл шалдың бар білетіні, – би мен бейпіл ауыз анекдот, басқаны айтсаң, басы салбырап ұйықтайды. Айта бер. Гекубе жайына көш. Бірінші актер. «Жан көргісіз масқара болған ханымы» Гамлет. «Масқара болған ханымы?» Полоний. Жақсы! «Масқара болған ханымы» Жақсы екен! Бірінші актер. «Жалаң аяқ, өрт сөндірген көз жасы, Тас таңулы тəж киетін əз басы; Көрпесіне орап алған Кəріліктен солып біткен бөксесін, Алас ұра жүгіреді Қабындыра өкпесін. Бұны көрсең, бақ-талайдан шошынып, Қарғыс оғын қадап тұрып Атар едің тағдырға. Құдай көктен көрсе Пиррдің төменде,

Еркегінің тəнін кесіп, паршалап, Қарт ханымды ит-қор еткен мазағын, – Білсе мұнша мəртебенің азабын – Бақытсызды көріп қалай шыдайын, Дер еді де, жылар еді құдайым!» Полоний. Қараңдаршы, бет əлпеті өзгеріп барады. Көзінде жас бар. Жетер енді, жарқыным! Гамлет. Жарайды, қалғанын кейін айтарсың. Ал, құрметті һəм ізеттім, байқаңыз, актерлерді дұрыстап күтетін болсын. Қайткенде де, бұлардың бабын таппақ шарт. Неге десеңіз, бұлар заманымыздың қысқа да, шешен шежіресі. Көзіңнің тірісінде актерлерден реніш естігенше, боқтық сөздің ең бір оңбағанын оймыштап тасқа жаз да, молаңның басына қойдыр. Полоний. Принц, мен бұлардың еңбегіне қарай еп қылам. Гамлет. Жоқ, – одан да құрыған артық, құрметтім! Əркімнің еңбегіне қарай еп қылар болсаң, дүниеде дүреден құтылар кім бар? Еп қылмақ сіздің кісілігіңізге өлшем, бұлардың еңбегі аз болған сайын сіздің рақымыңыз артпақ. Кісілерді апарып жайғастырыңыз. Полоний. Жүріңіздер, мырзалар. Гамлет. Осыған еріңдер, достар. Ойын-сауығымыз ертең. Біріншісінен басқа актерлердің бəрі Полониймен бірге кетеді. Ал, ескі дос, сен «Гонзагоның өлімін» ойнай аласың ба? Бірінші актер. Иə, милорд. Гамлет. Ертең кеште қой соны. Сен мынаны айт шы, соның бір ыңғайлы жеріне он екі – он алты жолдай сөз қоссам, жаттап алып, қыстырып жіберуге бола ма?

Бірінші актер. Иə, милорд. Гамлет. Əб-бəрекелде! Əлгі мырзаның соңынан бара ғой. Бірақ, байқа, ызасына тие берме. Бірінші актер кетеді. Ал, достарым, сауық кеште көріскенше... Тағы да: Эльсинордың қалаулы қонағы – өздерің. Розенкранц. Ақ пейіл принц! Гамлет. Тəңір жарылқасын! Розенкранц пен Гильденстерн кетеді. Енді міне, өзім ғана оңаша! Неткен езбін оңбаған! Қиял қуған əлгі актер Ойдан шыққан сезімге де осынша Бар санасын бағындырып, жанын жеп, Қаны қашып, қалшылдап, Екі көзін жасаурата булығып, Бүлінгені, түсінгенге, сұмдық қой! Неге сөйтті? Гекубенің дерті ме? Гекубе бұған, бұл оған Кім еді сонша жоқтардай? Өксіп алды. Ал, егер Шынымен-ақ қаны қатып біреуге, Мына менше, өш алуды ойласа, Қайтер еді осы актер? Батырар еді сахнаны Көз жасының селіне, Дауысы құлақ тұндырар еді, Жауын естен тандырар еді. Əділ жандар тусаң ту деп, Есеңгіреп елтір еді надандар, Естігенге, көргенге, Ал, мен,

Сорлы топас, тастанды, Езуімнен су аққанша Жатып ұйықтар жалқаумын. Өз пайдама түк тындырған ісім жоқ, Өмірін де, өкіметін де алдырған Кегі қайда əкемнің? Қорқақпын ба? Қорлаушыға құлмын ба? Таяқ жеу ме сыбағам? Сақалымды жұлып алып, Қайта шашса бетіме, Меңіреумін бе мелшиер? Біреу мені суайт деп, жазықсыз-ақ Суық сөзін көкірегіме сұқса-ше? Бар ма сондай? Қол қояйын. Кептер сынды, бауырым бар да, өтім жоқ. Өшігуді білмеймін. Əйтпесе мен Құл неменің іші-қарнын ақтарып. Əлде қашан асатар ем құзғынға! Қанды балақ, қатын құмар, бұзақы! Алдамшы да, арамза да, бұралқы! Уа, кек-намыс!.. Əй, есекпін-ау, есекпін! Баласы едім ол өлтірген əкенің. Тəңірім айтты-ау жіберме деп есеңді. Ал, мен? Бекер былшылдап, Ыдыс жуған қатындай, Шаптығамын далаға! Тфу! Лағнет! Оян миым! Естігем: Қылмыстылар, спектакль ішінен Өзіне ұқсас ұсқын көрсе қанқұйлы, Үн қатпай-ақ тыпыршиды, Қырғын ойын қызуына түскенде Сезікті сұм секіреді деуші еді. Өз əкемнің өлімінен аумаған Бір сұмдықты ойна деймін актерге Көз алдында ағайдың. Сосын оның қымс еткенін бағамын.

Сезсем болды – өзім білем ар жағын, Мүмкін анау аруақ емес, жын шығар, Жын да көзге қымбатың боп Көрінеді деуші еді. Мүмкін, залым Əбден біліп əлсіреген шағымды, Өлтіргелі жүрген шығар мен сорды. Дерек керек одан гөрі дəлірек, Сол деректі ұстатар деп осы ойын, Ақ-қарасын анықтар деп корольдің, – Қаптырам деп, салдым суға қармақты. Кетеді. ҮШІНШІ АКТ БІРІНШІ САХНА Эльсинор. Сарайдағы бөлме. Король, королева, Полоний, Офелия, Розенкранц, Гильденстерн кіреді. Король. Сөйтіп сіздер біле алмадық дейсіз бе Жабыспаған жалған сырқат себебін? Асқынар деп қорықпай-ақ, неліктен Жанын бекер жанықтырып желіккен? Розенкранц. Ақылы ауыс ғарыптығын сезеді-ау, Неден тапқан дерт екенін айтпайды. Гильденстерн. Тəптештеуге көнбейді. Ден саулықтың Жайын сөйлей бастасаң, жалт бұрылып Дем арада жынды бола қалады. Королева. Құптауы қалай сіздерді?

Розенкранц. Тəрбиелі адамша. Гильденстерн. Бірақ зордан илігіп. Розенкранц. Сұраққа жоқ, іркілмейді жауапқа. Королева. Қолқа салып, көрдіңіз бе, барсақ деп сауық кешке? Розенкранц. Сəтті шықты ол жағы. Актерлермен кездескенбіз жолшыбай. Соны айтып ек, сала берді жадырап. Осы қазір сол актерлер – сарайда. Бүгін кеште ойын-сауық қоймаққа Əмір алған секілді еді. Полоний. Дəл солай. Пьесаға мəртебелі жұбайды Шақыр деген қолқа салып. Король. Құба-құп Оның бұған машықтығы маған да Зор қуаныш. Жас жігіттер, қоштаңдар Думан-тойға оның осы ықыласын. Жабықпасын. Розенкранц. Бар жігерді салармыз. Розенкранц пен Гильденстерн кетеді. Король. Гертрудам менің, сен өзің де бара тұр. Гамлетке біз адам салдық астыртын. Офелияға ұшыраспақ ол тосыннан Осы жерде. Қыз əкесі екеуміз Амалсыздан іс қыламыз тыңшылық. Махаббаттың азабы ма, басқа ма, – Анықтаймыз ғарып болу себебін. Королева. Жə, кетейін. Ілəйім да, Офелия, Сенің көркің құса қылғай о баста,

Өзің ғана шипасы боп дертінің Екеуіңе құдай қоссын бақ жолын. Офелия. Жар бола гөр, құдайым! Полоний. Офелия, былай шық. Сен серуенде. Кітабыңды қолыңа ал, Оқыған бол оңашада сейілдеп. Бастан кешкен тəсіл ғой: Сырттай таза, Тақуасып, сиқырлауға келгенде Сайтанды да тамсандырып кетеміз, Бал жегендей... Король (сыртқа). Шындықты айтты-ау! Бұл сөз маған қамшыдан да қаттырақ. Жəлеп қатын жаққан бояу бетінен Сылынғанда сиқы неткен сұмырай!.. Менің сұлу сөздерімнің астында Одан бетер оңбаған іс жатыр-ау! Ауыр сұмдық!.. Полоний. Келіп қалды, тақсыр, тез!.. Король мен Полоний кетеді. Гамлет кіреді. Гамлет. Өлмек пе, қалмақ па – ендігі сауал екі ұдай. Өмір, өлім – арпалыс. Татар дəмім Таусылды деп бас ием бе тағдырға, Əлде мынау қасіреттің селімен Жан шыққанша жағаласып, бұлардың Бітірсем бе істерін? Өлмек. Ұмыт болмақ. Үзіп тастап ой-арманның арқауын, Тəнге тəуел азап-сордан арылмақ. Осы емес пе бір тілек? Түгесілу. Ұмыт болып ұйықтамақ та, түс көрмек. Міне, жауап. Егер мұны жөн көрсек, Арылған соң пендеге тəн сезіммен

Əлгі ұйқыда түске нелер енбекші? Ал, бұл – жұмбақ. Сорымызға, осы ғой Сілкілейтін жылдар бойы өлтірмей! Төзбес еді-ау жан баласы жалғанда Масқарадай мазағына ғасырдың; Көнбес еді жебір мықты жегенде, Қорлағанда тоғышарлар, мансаптар, Соттарға да, созғылайтын үкімін, Махаббатқа, құпталмаған, тапталған, Кісі еместер кісілерге күлгенде – Көнбіс жандар көнбес еді-ау осылардың бəріне Өз тағдырын бітіре алса оп-оңай Бір-ақ салып қанжарды! Қалай пенде Келіспесін мынау жалған дүниеде Күнелтпекке ит-қор жаны қалжырап, – Белгісіз ғой о дүниеде не бары, Бөтен жақтан қорқады ғой байғұстар, – Кеткендердің қайтып келген бірі жоқ, Сыры жұмбақ сыртқа қарай қашқанша, Таныс тағдыр тəлкегіне шыдау шарт! Бəрімізді қорқақ қылған осы ұғым. Қысыр қиял тығырыққа кептелсе, Тəуекелің, гүлдей солып, таусылмақ. Тап осылай бастапқы серт серпінді, Түк татырмай, амалсыздан өледі, Соза берсең аяғын. Жə, жарайды! Офелия! Ақ періште! Менің күллі күнəмді Қосып оқы дұғаңа. Офелия. Принц, аулыңыз жақсы ма? Гамлет. Рақмет. Шүкіршілік, шүкіршілік, шүкіршілік. Офелия. Принц, менде сіз сыйлаған бұйым бар. Қайтып бермек ойым еді көптенгі. Алыңызшы.

Гамлет. Жо-жоқ, қателеспеңіз. Мен еш қашан сізге сыйлық бергем жоқ. Офелия. Алғам, принц, өзіңізге аян ол. Нəзік сырлы сөз қосқансыз, сыйлықтың Бағасын сол құнды қылған екі есе. Енді ол – артық, соны қайтып алыңыз. Айнып кеткен махаббаттың сыйлығын Əдепті қыз сақтамайды. Алыңыз. Гамлет. Əдепті қыз сіз бе сонда? Офелия. Милорд! Гамлет. Көркем де сіз, иə? Офелия. Бұл лебізде не сыр бар? Гамлет. Əдепті əрі көркем екеніңіз шын болса, əдебіңіз көркіңізге кереғар деп тұрмын. Офелия. Əдеп деген көріктің əдемі серігі емес пе? Гамлет. Е, əлбатта! Əдеп көрікті түзеймін деп жүргенде көрік əдепті тұңғиыққа тартып үлгермек. Бұрын бұл ерсі көрінетін, енді сол дəлелденді. Мен бір кезде сізге ғашық болғам. Офелия. Рас, принц, мен соған сенгем. Гамлет. Сенбеу керек еді. Ізгілікті қанымызға қанша сіңірсеңіз де, ішімізде жан күнəсі жата береді. Мен сізді сүйген емеспін. Офелия. Сол үшін де алдаңдым! Гамлет. Монастырьға бар. Күнəкар болар пенде туып қайтесің? Өз басыма өкпем жоқ. Мен өзімді анадан туғаным үшін ғана ай-

ыптаймын. Мен мейлінше өр көкі ррек, өзімшіл де, кекшіл жанмын. Менің қарауымда катыгездік көп те, оның төңірегінде ойлану деген жоқ. Мен сияқты жас адамға екі дүниенің аралығында жүрудің не қажеті бар еді? Бəріміз де барып тұрған жексұрынбыз. Біздің ешқайсымызға да сенбе. Өз аяғыңмен монастырьға бар. Əкең қайда? Офелия. Үйде, милорд. Гамлет. Тас бекіт те, қамап қой. Ақымақтың ақылы үйден сыртқа шықпасын. Қош бол. Офелия. Жаратқанның пірлері, қолдаңдар бұны! Гамлет. Күйеуге тисең, жасауың болсын қарғысым: мұздай бүтін, қардай таза бол да, жала-пəледен көз ашпа. Монастырьға тығыл деймін. Басың аманда бар соған. Ал, ақыры байсырасаң, ақымаққа ти. Ақылдылар сенің байдан байпақ жасамақ ниетіңді бірден біліп қояды. Монастырьға бар деймін! Кешеуретпе! Қош бол. Офелия. Ғарыштағы пірлер-ау, даруын тап дертінің! Гамлет. Суреттеріңіздің де жайын естігем. Құдайдың берген бейнесін өзгертіп жүрген өзіңіз. Бағзы бір қыздар құйрығын қылаң, сыртын сылаң, аяғын шолтаң, тілін шолжаң қылып, құдай жаратқан мақұлыққа өзінше ат қойып, айдар тағады. Тым еркесің, жоқ, сен қой оны. Мен содан құрыдым. Үйленем деп иланба. Некелескендер қатын-бай болып қала берсін. Бір ғана жұбайдан басқалары. Ал, байға тимегендер некеден бас тартсын. Шіркеуге бар дедім ғой, бар соған. Кетеді. Офелия. Қандай ақыл қазаға душар болды! Білімдар, ділмар, үміткер де, мерейлі

Барша жастың базары еді байсалды, Айнасы еді. Күл-талқаны шықты ғой. Күл-талқаны... Ал, мен? Ең сорлысы əйелдің, Кеше ғана бал-шекері ем мен оның, Қола текті қоңыраудың сынғанындай, Істен шықты ақыл-ойдың алыбы. Теңдесі жоқ жастық шақтың жайсаңы Танғаны ма есінен? Уа, жасаған! Қайда əлгілер? Не боп кетті көз алдым? Король мен Полоний қайтып келеді. Король. Махаббат па? Бұның дерті ол емес. Жəне – сөзі шəлкем-шатыс десек те, Есі дұрыс. Ащы зардың астында Қара ниет бар төңірекке қауіпті. Ауыр істің алдын алмақ мақсатпен Шұғыл келдім мен мынадай тоқтамға. Жинамаққа төленбеген салықты Англия сапарына барсын бұл. Бəлкім теңіз, жаңа жер-су, жаңа жұрт Қанын бұзып, жанын жеп жатқан Жаман ойдан арылтар, Сіз не дейсіз? Полоний. Бұныңыз жөн. Барса барсын. Ал, өзім Əлі де сол махаббаттың құсасы – Жалғыз дерті-ау дегенімнен қайтпаймын. Иə, ақымақ қыз? Айтпа сөзін қайталап. Біз де естідік. Ендігісін өзің біл. Тақсыр, соны сауықтан соң оңаша Шешесімен сөйлестірсек деп едім. Сөзін сырттан мен тыңдасам қайтеді? Бұл жолы да біле алмасақ бірдеңе, Англия ма, абақты ма – ар жағын Сіз білесіз.

Король. Жөні солай. Бекзаттар Жынданғанда алынатын түрмеге. Кетеді. ЕКІНШІ САХНА Сонда. Сарайдағы зал. Гамлет пен бірнеше актер кіреді. Гамлет. Кəне, жаңағы өзімнің оқығанымнан айнытпай айтып көріңдер. Егер бұрынғы дағдыларыңа бағып бақырыпшақырып кететін болсаңдар, одан да осы қаланың жаршысына айтқызған абзал. Жəне де ауаны арамен кескілегендей қолдарыңды былай-былай иземеңдерші, бəрі де шамадан тыс кетпеу шарт. Тіптен қызбалықтың селі, дауылы, сұмдық сұрапыл шегіне жеткен жерде де тізгінге ие болу керек, сонда бəрі де табиғи жарастығымен жатық шығады. Сала құлаш бұрымы бар алпамсадай жас жігіт құмарлықты құмдай шашып, парасаттың парша-паршасын шығарғанда залдағылар ырықсыз ым мен құлақ жарды құр айқайдан басқа түк те ұстай алмай қалатыны бар. Бұған қалай ренжімессің?! Ироданың өзін итқор ететін зəредей оғаштығы үшін сондай жігітті сабап алғым келеді. Ондай шайтан шатпақтан қашпақ қажет. Бірінші актер. Ол жағынан қорықпаңыз, зиялым. Гамлет. Орынсыз іркіле бермек те іс емес, ішкі дыбысқа құлақ қою керек. Сөзді қимылмен, қимылды сөзбен қиыстырудың да қыры, сыры, шегі бар. Шамадан титтей озбақ театр ісіне қиянат. Театрдың бақ-талайына берік ұстаған, өмір-бақи айнымайтын биік мұраты – табиғаттың маңдай алдынан шар айнаны жарқыратып ұстай білу, шындықтың мақтан тұтар тұлғасы мен жан түршігер жаман жайларын айнаға түсіру, əр заман тарихының бояу-қоспасыз болмысын таныту. Бұл жөндегі

істің артығына да, тыртығына да надандар күледі, зиялылар күрсінеді. Біле білсеңіз, зал толы топас күлкісінен бір ғана орындықта отырып күрсіну бағалы. Соны байқай білу лəзім. Аты мағлұм, тіпті даңқын көкке көтерген артистердің де талайын көрдім. Ал, көңілдеріңе келсе де айтайын, солардың тілі христианның да, ол еместің де тілі емес. Солар күшене тапырақтап, итше ұлып жасаған адам бейнесін көргенде табиғат адамды тым асығыс, бір-ақ күн ішін-де, осынша жексұрын етіп жарата салған ба деп қаласыз. Бірінші актер. Принц, ондай оғаш ойыннан арыла келдік-ау деген сеніміміз бар, Гамлет. Үзілді-кесілді арылыңдар. Ал ақымақты ойнаушылар жазылған сөзден сыртқары кететін болса, оған тыйым салыңдар. Кейде олар көрермендердің ноқайлау бөлегін көңілдендіру үшін сақ-сақ күледі. Сөйтіп пьесаның ең бір мағыналы жерін тəрк етеді. Күлдіргіштердің бұндай тарқақ өзімшілдігін ғана көрсететін оспадарсыз қылықтарды қылғындыру шарт. Барып даярланыңдар. Актерлер кетеді. Полоний, Розенкранц пен Гильденстерн кіреді. Қалай, милорд, корольдің мына пьесаға зауқы бар ма? Полоний. Королева да келеді, тек тезірек болса. Гамлет. Актерлерге тездет деп бұйырыңыз. Полоний кетеді Соларды асықтыруға сіздер де барсаңыздар қайтеді? Розенкранц пен Гильденстерн. Оны қарамыз, милорд. Розенкранц пен Гильденстерн кетеді.

Гамлет. Горацио! Горацио кіреді. Горацио. Осындамын, қызметіңізге құлдық, принц. Гамлет. Көріп-біліп жүргендердің ішінде Нағыз адал тұрғыласым сенсің-ау. Горацио. Қойыңызшы, Принц! Гамлет. Жағыну деп ойлама. Байлығым деп бар жиғаның – жалғыз-ақ Ақ пейілің, не деп саған жағынам? Жағынбайды жарлыға. Бай алдында Жылпостар-ақ жалбаң қағып күнелтсін. Құлшылықтан пайда тапсын солар-ақ. Жə, тыңда сен. Жүрегіме жүк артып, Адам жанын ажырата білгелі, Таңдағаным сенсің. Сен ғой, азапты Көрсе-дағы көрмегенсіп жүретін. Ащы демей, тұщы демей, инсаппен, Не салса да көнгенсисің тағдырға. Қан мен ақыл қабысқанда осылай, Ол тағдырдың саусағының еркіне Бағынбайды сыбызғыдай зар илеп. Кім бар екен, құмарлыққа құл емес? Тапсаң соны, жүрегімнің қасиетті Түкпірінде екеуіңді сақтар ем. Ал, қарап бақ, қазір біздер корольге Пьесаның көрсетеміз көкесін. Айтқам саған өлген əкем жайында. Бұнда содан айнымайтын өлім бар. Сол оқиға басталғанда корольден

Көзіңді алмай бақ та отыр, жарқыным. Өз-өзінен қуыстанып сол кезде Не қипақтар, не кешегі көрінген – Аруақ емес, бізді алдаған жын-пері. Көкейімде көпіршіген, қайнаған Жанар таудың жынысындай жанық бұл. Ал, жарқыным, көз тайғызбай қарап бақ. Мен де қалман. Сезген жайды артынан Салыстырып көрерміз. Горацио. Мақұл, милорд. Егер ұры кетер болса ұстатпай, Ұрланғанның құнын өзім төлеймін. Гамлет. Бəрі де келе жатыр. Мен есуас болғанси қалайын. Орынорнымызға жайғасайық. Дат маршы ойналады. Керней. Король, королева, Полоний, Офелия, Розенкранц, Гильденстерн, басқа да лауазымды нөкерлер мен сақшылар шам ұстаушылар кіреді. Король. Нəсіліміздің мұрагері Гамлет, ден саулығыңыз қалай? Гамлет. Сенсеңіз, мүлде тамаша: Қарыздар ауамен хамелеонша азықтанамын. Байлаудағы бордақы қораздың азығынан да менікі артық. Король. Жауабыңда жүйе жоқ, Гамлет. Маған айтар сөзің емес бұл. Гамлет. Ал, маған одан бетер. (Полонийға) Ми лорд, университеттегі кезіңізде сахнада ойнап едіңіз-ау, рас қой? Полоний. Ойнадым, милорд, жəне де жақсы актер атанғам. Гамлет. Кім болып ойнадыңыз?

Полоний. Мен Юлий Цезарьді ойнадым. Мені Капитолийда өлтірді. Брут өлтірді мені. Гамлет. Осындай капиталды бұзауды бруталды түрде өз тарапынан өлтірген ғой. Ал, актерлер даяр ма? Розенкранц. Иə, милорд. Бұйрығыңызды күтіп отыр. Королева. Сүйікті Гамлетім, бері келіп, қасыма отыршы. Гамлет. Жоқ, мейірімді шеше, мына жақта сізден гөрі тартымы күштірек магнит бар. Полоний (Корольға ақырын ғана). Əне, естідіңіз бе? Гамлет. Леди, рұқсат па сіздің тізеңізге?.. Офелияның аяғына қисая түседі Офелия. Жоқ, милорд. Гамлет. Кешіріңіз тізеңізге басымды деймін. Офелия. Рұқсат, милорд. Гамлет. Сіз сұлап жатып алады екен деп ойлап па едіңіз? Офелия. Мен ештеңе де ойлаған жоқпын, милорд. Гамлет. Ал, шынында, қыз тізесіне қисайып жатып алу дегеніңіз тамаша тапқырлық-ау. Офелия. Не дедіңіз, милорд? Гамлет. Ештеңе дегем жоқ.

Офелия. Принц, сіз бүгін аса көңілдісіз. Гамлет. Кім, мен бе? Офелия. Иə, милорд. Гамлет. Ойбай-ау, мен сіздің жолыңызда арбаның тегершігі болып жүйткуге бармын ғой. Дұрысын-да əзіл-қалжыңнан басқа не қалды өзі. Қараңдаршы, менің шешемнің түрі неткен жайдары еді! Ал, əкемнің өлгеніне екі-ақ сағат болды. Офелия. Жоқ, принц, толығынан төрт ай өтті. Гамлет. Соншалық көп пе? Онда ақ сайтан аза тұтсын. Мен бұлғын киіп құлпырамын. Уа, жасаған! Өлгеніне екі ай өтсе де ұмытылмапты. Ендеше ұлы адам өлсе, ол жарты жыл бойы ұмытылмас. Бірақ, оның шіркеу салғызуы шарт. Əйтпесе, ешкім еске алмай, ағаш аттың кебіне ұшырар. Ол аттың құлпы тасына: «Тұяғы да, аяғы да адыра қалды-ау баяғыда» деген сөздер жазылған ғой. Гобой тартылады. Пантомима басталады. Оған қатысатын король мен королева кіреді. Бұлар біріне бірі ізет білдіреді, королева корольді, бұл оны құшақтайды. Зайыбы ерінің алдында тізе бүгіп, өзінің адалдығын, сипаттайды. Ері оны тұрғызады да, маңдайын иығына тигізеді. Сонсоң шым үстіндегі гүл арасына барып жатады. Ол ұйықтаған соң əйелі кетеді. Ізінше улаушы келіп, корольдің басынан тəжін алып сүйеді, құлағына у құяды да, кете береді. Королева қайта келгенде өліп жатқан корольді көріп, аласұрады. Екі не үш қабір қазушыны ертіп улаушы қайта оралады. Ол əйелдің қайғысына ортақтасқандай ишарат істейді. Əлгілер өлікті алып кетеді. Улаушы королеваға сыйлық ұсынып, оны баурай бастайды. Əйел əдепкіде бұның құмарлығын құптамай ашуланады, ақырында райдан қайтып илігеді. Бұлар кетеді.

Офелия. Бұнда қандай сыр бар, принц? Гамлет. «Сұр жылан ғой», ал, мағынасы – жауыздық. Офелия. Тегі, пантомима көретін пьесамыздың мазмұнын айтты-ау деймін? Пролог кіреді Гамлет. Қазір мына баладан бəрін де ұғынамыз. Актерлер сыр сақтай білмейді. Күллісін көкіп əшкере қылады. Офелия. Бұл жаңағы көрсеткен нəрсенің мағынасын түсіндіре ме? Гамлет. Иə, сіздің де оған көрсететін кез келген нəрсеңізді. Сіз ұялмай неңізді болса да көрсетіңіз, ол соның атын атап беруден жүз жанбайды. Офелия. Өзіңіз қиқар кісі екенсіз, қиқар! Одан да пьесаны көрейінші. ПРОЛОГ Өзіңізден өтінер бұл кезіміз: Не көрсе де көзіңіз, Сабыр етіп төзіңіз. Гамлет. Бұл не, пролог па əлде жүзікке жазылған жазу ма? Офелия. Шынында да, тым қысқа, милорд. Гамлет. Əйелдің махаббатындай. Король мен королеваны бейнелейтін екі актер кіреді.

Сахнадағы Король. Отыз мəрте пірлер мініп пырақты, Шарлап шықты күн жүйесін тұрақты, Он екіден жерді айналды ай аппақ Отыз мəрте өз сапарын аяқтап. Содан бері егіз жүрек – екеуміз Құдай дескен, қол ұстасқан екенбіз. Сахнадағы Королева. Əлі сонша жүрер еді-ау күн мен ай, Махаббаттың қалжырауға көнгені-ай! – Қартаймай-ақ қажытты ғой сырқатың, Сорлы басым содан болдым қорқатын. Бірақ, дертте, құдай берген осынау, Сіз шошитын дəнеңе жоқ, досым-ау: Əйел заты берік қой шын сүйсе де; Азап-сордың тұздығына күйсе де. Сіз білесіз махаббатым тереңін, Көзсіз сүйіп, көзсіз қорқа беремін. Сезім күші болмашыдан үргелек, – Жаралмаған жаным сізден бір бөлек. Сахнадағы Король. Жаным менің, қош айтысар болдың-ау, Қалжыратты тағдыр салған бұл бұғау. Махаббат пен беделіңе берік бол, Жабырқама, жақсы күнге серік бол. Басқа күйеу, қайдам... Сахнадағы Королева. Айта көрмеңіз. Ол істі мен сатқындыққа саямын. Өйтсем мені нажағайдан жай тапсын! Байын өзі өлтіргендер бай тапсын! Гамлет (сыртқа). Изен!.. Изен-жусан!.. Сахнадағы Королева. Екіншіні ешкім адал сүймейді, – Есеп, нəпсі жат төсекке сүйрейді.

Сахнадағы Король. Жаным, мені сүйесің-ау жақсырақ. Бірақ, біздің сертімізде жоқ тұрақ. Ол құлы ғой құбылмалы көңілдің. Жетілгенше желігі мол жеңілдің. Көк түйнектер сабағында құдайды Танымаса, піскен күні құлайды. Ойлау үшін қайта шалқып жүрмін деп. Алғашқы серт ұмыт болмақ – бір міндет. Əр құмарлық өз қызығын күтеді, Тояттан соң о да тозып бітеді. Қайғы, шаттық тағылықтан жаралған, – Бірі кетсе, бірі қайта оралған, Қасіретте қуаныштың түсі жоқ, Қуаныштың қасіретпен ісі жоқ. Еш тұрақсыз екеуі де бишара, – Махаббаттың өйтпесіне не шара? Сүймек зор ма, əлде тағдыр күшті ме? – Гəп осында. Жесір – жемтік тістіге... Күшің барда пенде біткен достасар. Тарыққанда қол созбай-ақ қоштасар. Сөз басына қайта соқсам, қысқарып: Өмір ісі еркімізден тысқары. Тілек бар-ау теріске бет бұрмасқа, – Тілек басқа, тірлік ісі бір басқа. Жамылғанша қаралы жар торқасын Басқа байдың құшағынан қорқасың. Сахнадағы Королева. Күн көрмейін, жерден талшық татпайын! Қу жанымды қоярға жер таппайын! Ащы дертке айналсын да үмітім, Тұтқын зары сазым болсын күні-түн! Жесір қалып, байға тисем ақыры, Мен болайын ит-қор адам пақыры! Гамлет. Антың ертең алдап кетсе қайтесің?

Сахнадағы Король. Қатты ашындың! Дамыл керек бір ғана; – Қалжыратты күнделікті шырғалаң. Бара тұршы. Ұйықтайды. Сахнадағы Королева. Жайлы жатып тыныста. Жұбымызды жазба, құдай, тұрмыста! Кетеді. Гамлет. Ханым, сізге бұл пьеса ұнай ма? Королева. Менше, леди уəдеге тым жомарт. Гамлет. Əй, несі бар, – уəдесінде тұрады ол! Король. Мағынасын ұқтыңдар ма? Уағызында ешқандай ерсілік жоқ Гамлет. Жоқ, жоқ. Əжуа ғой əншейін. Əжуаның уымен əлсірету. Басқа түк жоқ ерсі-қарсы дегендей. Король. Пьесаның аты қалай? Гамлет. Аты – «Тəпі». Кəдімгі тышқан ұстайтын қақпан ғой. Ал, мағынасы дейсің бе? Үлкен. Бұл пьесаның суреттеп отырғаны – осы мына Венада болған кісі өлтіру оқиғасы. Герцогтың аты – Гонзаго. Оның əйелі Баптиста. Қазір көресіздер ғой, бұл өзі шылғи шіріп жатқан айла-шарғының əлегі. Онда біздің не шаруамыз бар?! Ұлы мəртебелім, бұның бізге, біздің тап-таза арұятымызға ешқандай қатысы жоқ. Жауыр мəстектің жарасына қатты батса, сол-ақ жүресінен жата қалсын. Ал, біз болсақ, ондай жауыр-жарақаттан аманбыз. Луциан кіреді. Мына Луциан дегені корольдің немере інісі.

Офелия. Милорд, сіз тура Хордың жұмысын атқарғандай екенсіз. Гамлет. Ей, қарақшы-ау, бастасаңшы! Ант ұрған-ау, иманы қашқан бет-аузыңды тыржита бергенше, бастасаңшы! Ал, кəне: «Қара қарға қарқылдайды өлтір деп...» Луциан. Қол қатыгез, көңілім қарау, у – зəрлі. Көрер жан жоқ құлатсам да құзарды. Зұлымдықтың пірі ашытқан күшіңді Көрсет, заһар, бар да, бітір ісіңді, Шөптен жиған уларыңды тез жұмса, Ісім оңқай, мынау пақыр көз жұмса? Ұйқыдағының құлағына у құяды Гамлет. Тақ пен баққа өзі ие болмақ үшін: бақ ішінде байғұсты улап тастады. Герцогтың аты – Гонзаго. Итальян тілінде көркем жазылып көп сақталған хикая бұл. Қазір сіздер Гонзагоның əйелін қарақшының қалай азғырғанын көресіздер. Офелия. Король орнынан тұрып кетті. Гамлет. Жасанды оттың шоғынан шошынды ма? Королева. Мəртебелі тақсырға не көрінді? Полоний. Тоқтатыңдар ойынды! Король. Шам жағыңдаршы, құрып кетсін, жүріңдер! Бəрі. Жарық беріңдер, жарық, жарық! Гамлет пен Горациодан басқалары түгел кетеді. Гамлет. Жаралы марал өкірмек, Жарасыз марал секірмек, –

Біреу ұйықтап, біреу кезбек түн ішін, – Тірлік солай бөліп берген тынысын. Жə, сэр, келешекте басқа кəсіптен опа таппай омақаса қалғанда, дулығама қауырсынды самсатып, шоқайма шоқ-шоқ бантик байлатып актер болсам, орным бөлек емес пе? Горацио. Жалақының жартысына. Гамлет. Жоқ, бүтіндей. Қымбатты Дамон. Юпитердің сұңқары Тағынан ұшқан десек-ті. Орнына келген, білесің, мансап іңкəрі Салпаң құлақ есе... тотыны. Горацио. Ұйқысын бұзбай-ақ айтқаныңыз жөн еді. Гамлет. О, Горацио! Аруақтың əр сөзіне мың фунт берсе болмас па?! Байқадың ба? Горацио. Байқамағанда ше! Гамлет. Улау сахнасы ойнала бастағанда. Горацио. Мен біздің корольдан көз айырмай, қаттым да қалдым. Гамлет. Ах, ах! А, кəнеки, музыка. Кəне сырнайшылар! Ұнамаса корольға, ұнамайтын Құйтырқысы болған ғой оның айқын. Ал, кəнеки, музыкаға басыңдар! Розенкранц пен Гильденстерн кайта кіреді. Гильденстерн. Абзал принц! Бірер сөз айтсам болар ма? Гамлет. Шежіре шертсеңіз де еркіңізде, сэр. Гильденстерн. Король сэр...

Гамлет. Иə, сэр, о кісіге не болды? Гильденстерн. Баруын барды-ау үйіне, халі нашар. Гамлет. Шараптан шығар, сэр? Гильденстерн. Жоқ, сэр, өтіне зақым келсе керек. Гамлет. Бұл жағдайды дəрігерге айтпақ дəл дауа. Мен өзімнің тыншытар даруымды ұсынсам, өті аузына одан бетер құйылар деп қорқамын. Гильденстерн. Абзал принц, сөзіңізді тиянақтап бір жерге, маған артқан міндетті мансұқ етпей, жөн сөйлеген жөн шығар. Гамлет. Құп ендеше, қойдым, құлағым сізде. Гильденстерн. Королева, өзіңіздің анаңыз, тарыққаннан талықсып, мені сізге жұмсады. Гамлет. Хош келдіңіз. Гильденстерн. Жоқ, абзал принц. Қазір ондай қошаметке орын жоқ. Дұрыс жауап бермекті жөн десеңіз, шешеңіздің бұйрығын орындаймын. Əйтпесеңіз, кешірім өтінем де, кете берем жөніме. Гамлет. Шамам жоқ, сэр. Гильденстерн. Не нəрсеге, милорд? Гамлет. Өзіңізге дұрыс жауап беруге. Менің миым шатасқан. Ал, өз əлімше қайтарар жауабым кəдеңізге жараса, пайдалана беріңіз. Жə, сөзді қойып, іске!.. Сіздің айтуыңызша, менің шешем... Розенкранц. Ендеше ол кісінің айтқаны: Сіздің қиянатыңыз ол кісіні таңырқатып, тіпті есеңгіретіп тастаған.

Гамлет. Өз шешесін таңқалдырған, таңқаларлық перзент-ай. Таңырқауға таңғаны бар ма тағы да? Қызық екен. Розенкранц. Сіз ұйықтардың алдында, бөлмесінде оңаша өзіңізбен тілдескісі келеді. Гамлет. Айтқаны болсын, ол кісіні он шешеге балаймын. Тағы нелер тілейсіз? Розенкранц. Принц, бір кезде мені жақсы көруші едіңіз. Гамлет (өзінің қолын көрсетіп). Əлі де солай, нанбасаң, мынау ұрлықшының аспабымен ант етем. Розенкранц. Абзал принц! Сырқатыңызға не себеп? Қайғыңызды досыңыздан жасырып, жан сақтаудың жолын кесіп отырсыз. Гамлет. Маған жоғарырақ дəреже керек. Розенкранц. Қалайша, король сізді дат тағының мұрагері деп отырған жоқ па? Гамлет. Иə, сэр, бірақ, «Көк шыққанша көтерем аштан өлмек». Қазір бұл мақал ептеп ескірді. Сырнайшылар қайта кіреді. Аха, сырнай! Əкелші кəне, біреуін ұстап көрейін. Аулағырақ тұрыңдар, немене сендер, жан-жағымнан анталап, мен соншалық ау торына айдап тығар аң ба едім? Гильденстерн. Пəлі, принц, қасыңызға жақын жүрсем, қапысыз жақсы көргенім сол. Гамлет. Түсінген жоқпын. Жə, мейлі, міне сырнай. Тартып көріңізші. Гильденстерн. Принц, тарта алмаймын.

Гамлет. Тартыңызшы. Гильденстерн. Шын айтамын, тарта алмаймын. Гамлет. Қолқа салып тұрмын ғой. Гильденстерн. Сіз қызықсыз, ұстап көрген емеспін. Гамлет. Бұны тарту өтірік айтумен бірдей. Тесіктеріне саусақтарды самсатып, ішіндегі ауасын аузыңызбен үрлейсіз, сонда бұдан сызылып нəзік сарын шығады. Көрдіңіз бе, міне мынау тілдері. Гильденстерн. Бірақ енді соларды пайдалана білмеймін ғой. Менен түк те шықпайды. Үйренгем жоқ. Гамлет. Ендеше, қараңыз, сіз мені қаншама былғанышпен баттастырмақ едіңіз. Сіз мені сыбызғыдай сарнатпақ едіңіз. Барлық тілімді баса алам деп сенгенсіз. Дыбысымның құпиясын құйқылжыта шығарам деп құлшындыңыз. Төменнен жоғарыға дейінгі барлық нотам алақаныңызда ашық деп ойладыңыз. Ал, мына бір титімдей нəрсе тарту үшін əдейі жасалған, үні де əдемі. Ал, осыны сөйлетуге дəрменіңіз жетпейді. Сонда қалай, сырымды ашпақ сыбызғыдан жеңіл ме? Мені қандай аспап десеңіз де еркіңіз білсін, күйімді бұзуыңыз мүмкін. Бірақ, Сіз мені сайрата алмайсыз. Полоний кіреді. Құдайыңыз жар болсын, сэр! Полоний. Милорд, королева өзіңізбен сөйлессем дейді жəне шұғыл. Гамлет. Сонау аспандағы түйе сияқты бұлтты көрдіңіз бе? Полоний. Оллаһи, көріп тұрмын, артығы да, тыртығы да жоқ, айнымаған түйе.

Гамлет. Меніңше сол, күзенге ұқсап барады. Полоний. Рас-ау: жотасы күзенше күдір. Гамлет. Немесе киттің сыртындай. Полоний. Айна-қатесіз киттің сырты. Гамлет. Жə, шешеме қазір барам мен. (Сыртқа) Бұлар мені ақылымнан адастырмақ қой! – Қазір барамын. Полоний. Солай деп жеткізейін. Гамлет. «Қазір», демек қалжың емес. Дос-жарандар, барыңдаршы бəрің де. Гамлеттен басқаның бəрі кетеді. Түнгі сиқыр сықырлатып табытты, Дозақ сойқан дем салар кез осы шақ. Қазір ыстық қанға тойып қапысыз, Таң атқанда тəлтіректеп тұруға Жарар ем мен. Шақырып жатыр шешеміз. Жыртқыш болма, жүрегім! Қайткенде де Тықпалама Нерон жанын кеудеме. Шешеме айтам бар шындықты баттитып, Жара салмақ қанжарды сол қаттырақ. Ашынғанда түк сезбеспін, көрмеспін, – Өз анам ғой – қолға ерік бермеспін. Кетеді

ҮШІНШІ САХНА Сарайдағы бөлме. Король, Розенкранц пен Гильденстерн кіреді. Король Мен Гамлетті жек көрем. Есірікке Ерік бермек əбестік. Қамданыңдар. Тура қазір қол қоямын бұйрыққа, – Англияға əкетіңдер принцті. Қалтарыстан қауіп-қатер төндіріп Жынды адамның бұл маңайда жүрмегін Көтермейді мемлекет. Гильденстерн. Қамданайық. Өзіңіздің рақымыңыз дарыған Елдің есен-саулығына əкелік, Қасиетті қамқорлық бұл, тақсырым. Розенкранц. Апат-нəубет сезілгендей əркім зор Сана жұмсап сақтануға міндетті. Көптің жайын жалғыз ойлап, көреген Іс қылмақтың қадірінің артығы-ай! Король өлмек – қарапайым қаза емес, Тұңғиыққа тұтас тартпақ төңірегін. Король жаны «шатқалдағы тегершік, Шатқаяқтан таймау үшін ол əсте, Табанында сансыз аран, тіс болмақ. Тегеуіріннен таяр болса тегершік, Ең алдымен күл-талқан боп күллісі, Қайрайтындар – əлгілер. Əмірші демі біткенде Барша көкірек ышқынады сұрапыл. Король. Ал, жарқыным, тез жол қамын істеңдер, Бұл сұмдықты сайраңдатпай еркінше. Мезгіл жетті бұқтыратын бұғауға. Розенкранц пен Гильденстерн. Тездетейік.

Розенкранц пен Гильденстерн кетеді. Полоний кіреді. Полоний. Шешесінің түнгі орнына кетті əлгі. Тұс кілемнің тасасынан тыңдайын. ІІІешесі де оны, тегі, қолға алар, Сіздікі ақыл, бірақта ана – аяғыш, Шынында да – ол жалтақ. Тыңдау қажет. Басқа адамның бақылауы бағалы. Қош болыңыз, мəртебелі тақсырым, Сіз ұйқыға кетпей тұрып келермін, Баяндармын бəрін де. Король. Рақмет, досым. Полоний кетеді. Түтеп кетті зұлматтығым түтіні, Қарт заманның қарғысы бар мойнымда – Өз ағамды өлтірдім. Жаным ынтық, Жүрегіммен тоба дегім келеді-ау, Əттең, хаққа жалбарынар жайым жоқ: Құпталмаса құр тəубеден не пайда?! Алдым тұман, күптігейлі күнімде Неден бастап, не қыларға білмеймін. Құдай кешсе, ағай өлген сағатта, Менің қан-қан қарғыс атқан қолымды Жумас па еді көктен нөсер құйылып? Зұлымдықсыз қайырымда не мəн бар? Қайырым неге қажет болған ендеше? Құлатпа деп сыйынамыз құдайға, Тұңғиықтан шығар дейміз құласақ. Жоқ, елегізуге ертерек. Еңсені көтер! Мен қайтадан тұру үшін құлағам. Қандай сөзбен жалбарынсам жөні бар? «Қаныпезер қарақшыға кеше гөр?» – Жоқ, ол жөнсіз. Қайтарғам жоқ қарызды. Өлтіргеннен тапқан олжам өзімде:

Тақ пен тəжым, королевам, кең өлкем. Не деп кешпек күпір жанның күнəсін? Айыпты жан, алтыны бар бір шеңгел Біздің жерде оңға баспақ оп-оңай. Зұлымдықтың жұлып жеген жемісі – Заң бойынша, параға алған олжасы. О дүниеде бұлай емес. Онда əшкере Тындырғаның тыр жалаңаш күйінде. Өткен-кеткен қылмыстарың ол жақта Өзіңмен-ақ соттасады бетпе-бет. Қалай сонда? Қайтпек керек? Опық па? Опық жемек – оңқай іс қой. Ал, бірақ, Опынарға жол қалмаса қайтерсің? Азап! Қара пейілім, ажалдан да қатыгез! Қара батпақ! Жұтармысың біржола?! Періштелер, жəрдемі! Аяқ-қолым, Қасарыспай тіршілікке тізе бүк! Болат жүрек, жұмсара гөр сен дағы Жаңа туған жас сəбидің етіндей! Оңғарылар бəрі де. Сахна төріне тереңірек барып тізе бүгеді. Гамлет кіреді. Гамлет. Жалбарынып жатыр-ау. Сəті түсті! Тарт семсерді – жан сапары – жаһаннам. Кек алмақ сол. Солай ма өзі? Ойлайық. Бұл ғой менің əкем көзін жоғалтты, Жазаң сол деп қарақшыны ғарышқа Мен жөнелтсем, кектің ісі емес-ау, Сыйлық тартқан жан болам ғой мен оған. Əкем менің жалбарынып үлгермей, Май айындай маңыз ата масайрап. Күпті күйде, күпір күйде елді ғой. Кім біледі ол байғұстың сол үшін О дүниеде қанша жаза тартқанын. Қинаған-ақ шығар оны аямай. Ал мен мына оңбағанды құдайдан

Қужанына сауға сұрап біткенде, – Бұл жексұрын боқтығынан арылып, Алсаң құдай ала бер деп тұрғанда – Өлтіргенім өш алғаным болар ма? Жоқ. Қайт қынапқа, семсер қылмыс күтеді! Бұл мас болар, ғайбат сөйлер ызамен, Төсек былғар қан-бұзақы қарақшы, Хақты тілдер карта ойынның үстінде, Арамдық та ойлар əлі-ақ біреуге – Міне, сондай қара жүзді кезінде Салып қал да, тартқыз тура тамұққа, Екі аяғын төбесінен келтіріп. Шешем жатыр шақырып, – Талтаңдай тұр. Ем-дом емес, аз күн тірлік бұл саған. Кетеді. Король (орнынан тұрып). Сөз самғайды, сезім төмен тартады, Сезімсіз сөз құпталмайды ғарышта. Кетеді. ТӨРТІНШІ САХНА Королеваның бөлмесі. Королева мен Полоний кіреді. Полоний. Келе жатыр. Келістіре сөгіңіз. Құдай сүймес қиянатын қысқартсын. Бір ажалдан арашалап қалдым деп, Қорқытыңыз. Мен кілемге тығылам. Құдай ақы, қаттырақ... Гамлет (сахна сыртынан). Əу, Ана! Миледи!

Королева. Қорықпаңыз. Маған сене беріңіз. Сол-ау, сірə. Тығылыңыз сіз барып. Полоний кілем тасасына. жасырынады. Гамлет кіреді. Гамлет. Ал, шешетай, қай шаруаңа қажетпін? Королева. Əкеңді неге қорлайсың сен, Гамлет? Гамлет. Əкемді неге қорлайсыз сіз, анам-ау? Королева. Маған ылғи көргенсізше сөйлейсің. Гамлет. Сауалыңыз екі жүзді ылғи да, Королева. Бұл қай сөзің, Гамлет? Гамлет. Қай сөз керек? Королева. Танисың ба, кіммін мен? Гамлет. Иə, міне крест. Королева боласың, Байыңыздың інісіне тигенсіз. Сорлатқанда, туған шешем – өзіңіз. Королева. Онда сенімен басқалар-ақ сөйлессін. Гамлет. Қозғалмаңыз! Отырыңыз. Жібермеймін мен Сізді Алдыңызға айна əкеліп қоямын, Содан бүкіл ішіңізді көресіз. Королева. Ниетің қандай? Мынау жарып өлтірмек! Жақындама! Сақтаңыздар! Полоний (кілемнің ар жағынан). Сақшылар! Əй!

Гамлет (сапысын суырып алып). Əс – солай ма? Тарақ құйрық мұнда ма ең? Мə, ендеше. Біткеніне бəс қоям. Кілемді тесіп жіберді. Полоний (кілемнің ар жағынан). Өлтірді мені! Құлайды да өледі. Королева. Не істедің сен? Гамлет. Онда тұрған король ме еді? Королева. Неткен қатыгезсің! Неткен жауыздық! Гамлет. Корольді де өлтірді ғой інісі, Қатынын да қатын етіп өзіне, – Бола алмас бұл содан асқан сорақы. Королева. Корольді де өлтірді? Гамлет. Иə, леди, иə! Кілемді серпіп тастап Полонийді көреді. Қош бол, ақымақ, итаршы да, жарамсақ! Қиын шаруа қыстырылмақ араға, Түртіншегім, түбіңе сол жетті енді. Сіз отырыңыз, қолыңызды сындырмай. Жүрегіңіз сынғыш заттан жаралса, Соны ғана көрейін мен сығымдап, – Сындырайын, соңғы сойқы кезіңіз Қола-мыстан жаратпаса қайтадан. Королева. Жарқыным-ау, не істеп едім мен саған Сөйлескендей осыншалық тұрпайы. Гамлет. Арыңызды, əріңізді төктіңіз, Қар болдыңыз, екі жүзді ез-бике,

Жем түсіріп ақ маңдайға тап-таза, Некеңізді ит саудаға салдыңыз, Талақ етіп таза жардың уəдесін, Шіркеудегі əдеп, ғибрат лебізін Сусылдаған суайт сөзбен сүрттіңіз. Қалауыңызды еске алғанда, ұялып Көктің жүзі қызарды да, түнерді Дүние бұғып қара жерге қарады. Королева. Мұнша өжет алғы сөздің ар жағын – Түпкі сырын түсіндірсең болмас па? Гамлет. Міне, мынау қос сурет: Мынау, мынау. Ағайынды екі еркектің суреті. Қарап тұрсаң, неткен ғажап біреуі: Зевс маңдай, Аполлондай бұйра шаш, Марс көзді, тəкаппар да, қаһарлы, Тұлға-бітім – құдды алып Меркурий, Бұлтты жарып, хатпен түскен ғарыштан. Бойға жиған барлық пірдің сипатын Кісі-ақ еді-ау!.. Бұл – бірінші байыңыз. Екіншіңіз мынау: құдды көлік шөптен Жалғыз өзін құрт жеп қойған қу сояу. Қайда сіздің көзіңіз? Осы азыққа Түстіңіз-ау, тау жайлаудан тайғанап? Не үшін сізге көз берілген? Ашыналық – ноль. Сіз қарайлы жасамыстар бұрқанбай, Салиқалы баспен өмір кешеді. Қайда сол бас, алмастырғыш дəуренді? Өлген өлік емессіз. Жоқ, əйтпесе, Қозғалақтап жүре де алмас едіңіз. Ал, сезім ше? Ұйықтап қалған ол сізде. Ендеше ме, ешкім сіздей ұтылмас. Бұдан өткен кереғарлық кездеспес. Қай жын сізге соқыртеке ойнатып, Ақ жолынан тайдырды екен тал түсте? Керең, кем көз, аяқ жолы көмескі, – Қолы шолақ, тек иіске итіншек

Сорлы жан да осыншалық адаспас! Ау, ар-ұят, қайдасың сен? Əзəзіл! Қызбалыққа жесір бұлай желіксе, Қыздан қандай қылық сұрар жайың бар? Қалдырғаның қандай сұмдық өнеге Қалыңдыққа біз сүйер! Королева. Гамлет, тоқтат! Сен көзіңнің қарашығын тұп-тура Қадап қалдың түкпіріне жанымның Оның іші қаптап кеткен қара дақ, Өшпейді олар қайсыбірін жусаң да. Гамлет. Тер шылқыған лас төсекте бұланып, Ырсалақтап, өле жаздап, өзінің Құлағанын қызықтап... Королева. Аясаңшы, Гамлет! Қанжардан да өткір сенің сөздерің. Құлақтан өтті. Гамлет. ... Алғашқының Екі жүзден бір бөлігіне алғысыз Қарақшы, хайуанды құшақтап Жату неткен масқара!.. Мазақ король, Шөнтек патша, ұрлап алған өкіметті, Тақтадағы тəжді еппен қымқырып. Ала қашқан еден тақтай астына Бау кеспе ол! Королева. Жетер енді, Гамлет! Гамлет. Күлдіргіштей күлдібадам киінген... Аруақ кіреді. Хақ періште, қанатыңның астына ал! Апырау, мына қасиетті аруақтың Менде қандай ісі бар? Нең бар менде?

Королева. Сұмдық!.. Мынау шатасты! Гамлет. Ыза қысқан қызу шақты суытып, Іске асырмай Сіздің қатал бұйрықты, Жалқау тартқан ұлыңызды сөккелі Келдіңіз бе? Солай ма? Аруақ. Өштік отын үрлегелі келдім мен. Əзірлігің барған сайын əлжуаз. Жə, шешеңнің кім болғанын көрейін. Сорлы бейбақ соққы тисе төзе алмас. Ұстамсыз жан жəбірленбек көбірек. Бірдеңе айтшы өзіне. Гамлет. Не болды, сізге, леди? Королева. Жо-жоқ, саған не болды? Сыртқа қарап, Құр ауамен сөйлесесің даурығып. Көзің кеткен шарасынан шақшиып. Жаршы оятқан ұйқылы-ояу солдаттай. Сүйретіліп көтерілген шаштарың Тікесінен тұра қалды сіресіп, Беу, ұланым, дерттің отын өршітпей, Салқындатпақ қажет саған сабырмен. Нені көріп отырсың? Гамлет. Оны, оны! Əне, өңі қураған! Сұм ажалы, құп-қу болған ажары Қобалжытар тасты да – теріс айнал! Өңменімнен өтер болды көздерің. Жаным жасып, бордай босап барады. Қан орнына жас төгуге бармын мен. Королева. Кімге сөйлеп отырсың?

Гамлет. Көрмейсіз бе? Королева. Жоқ. Дəнеңе де... Көз алдымда зат қана. Гамлет. Естіген де жоқсыз ба? Королева. Естігенім – екеуміздің даусымыз. Гамлет. Тұр ғой міне. Былай, былайырақ қараңыз. Менің əкем, тірі күнгі дəл өзі. Көрдіңіз бе, жылжып барды есікке. Королева. Бəрі де сол науқасыңның салқыны. Бұндай кезде қатты ашуға булықсаң Қай-қайдағы көрінеді көзіңе. Гамлет. Қатты ашыну, булығу! Жүрегімнің соғуында қапы жоқ. Жаңылмайды бəз-баяғы қалпымнан. Һам сергекпін. Сөзім дұрыс жүйелі. Қайта сұра – қайталаймын жауабын. Ауру жандар олай істей алмайды. Құдай үшін, тастаңыз ол бальзамды. Өзіңіздің қиянатыңыз тудырған Шер-құсаны телімеңіз сіз маған. Ондай ем-дом – бітеу жара жасайды, – Қанды іріңі ішіңізді жайлайды. Сіз тəубеге келіңіз. Өткен іске өкініп, Күпірліктен сақтаныңыз бұдан соң. Арам шөпті түбірімен құртпақ шарт. Ақиқатты айтқаныма кешірім; – Жамандыққа жасау үшін жақсылық, Біздің тұста ізгі жандар ылғи да Жамандықтан өтінеді осылай.

Королева. Аһ, Гамлет! Жүрегімді екі бөліп тастадың! Гамлет. Жарамсыздау жартысымен қоштасып, Қалғанымен жақсы өмір сүр ендеше. Жайлы ұйықтаңыз. Ағайға да бармаңыз. Жоқ ұяттың есесіне жаңадан Ұят ойлап шығарыңыз, – өссін сол. Киген күні парасаттың маскасын Өзіңізден өнер болар ізгілік. Қайталамақ өзгертеді зат түрін. Сұм дағды мен майдандасса ізгі салт, Бағынбақ не аластамақ жын-шайтан. Ақырында, сəтін салған уақытта, Оң бассаңыз ақ тілеуге ылайық Мен де сізден сұрар едім ақ бата, Ал, мына бір сорлы шалды сөз етсек, – Полонийді нұсқап. Ойда жоқта обал болды байғұсқа. Жазмыш солай кескен шығар тегінде. Құдай мені жазғырса да бұл үшін, Қол жұмсатқан сол құдайдың өзі енді. Денесін де өзім сүйреп əкетем, Қанына да өзім берем жауапты. Жə, тағы да, жақсы ұйықтаңыз. Ал, енді Аяған соң қатал болам амалсыз. Қан төгісу басталды – қамданыңыз! Бір екі сөз жəне де... Королева. Мен не істесем жөн енді? Гамлет. Тағы менен сұрайсыз ба?.. Ендеше, Емін-еркін бұрынғыша түлеңіз; Құс төсекте құшақтасып корольмен,

Тұншықтырған лəззəтінə иіңіз, Ағыңыздан жарылатын ұтырда, Гамлет жынды болмай шықты, қастықпен Айла-шарғы жасаған деп айтыңыз. Королева. Өзіңе аян, бұл өмірде мың артық Сені сатып күн көргенше өлгенім. Гамлет. Англияға жөнелтпекші ол мені. Айтып па еді? Королева. Сорымызға, ия, солай. Айтпақшы, иə, тоқтам – сол. Гамлет Қол қойылған грамота. Мектептес Екі досым білектерін сыбанған, – Сайрандап жүр өлігімді сатып жеп. Кімді кімнің жаншығанын көрерміз. Жарылғыш зат қойғыштардың өздері Күл-талқан боп көкке ұшқаны ғанибет. Өзім тұрған бекіністі олардан Кісі бойы тереңірек қазармын, – Қоныстарын қопарармын содан соң, Бір қулықтан балаласа бір қулық, Қызық сол-ау, – зытырайын мынаны. Ауыз үйге тастайын бұл қан-жынды. Жайлы ұйықтаңыз. Шынында да бұл уəзір Енді болды-ау тым сабырлы, сарабдал. Тірі күнде осы байғұс болатын Ауыз жаппас ақкөт торғай, сауысқан. Ие, жарқыным, енді сені қамдайын. Иə, шешетай, жайлы ұйықтаңыз. Тарқасады, Гамлет Полонийді сүйрелеп кетеді.

ТӨРТІНШІ АКТ БІРІНШІ САХНА Эльсииор. Сарайдағы бөлме. Король, королева, Розенкранц пен Гильденстерн кіреді. Король. Тегін емес күрсінгенің мұншалық. Жөн-жосығын ашып айтсаң болмас па? Ұлың қайда? Королева. Оңашалық беріңдерші аз ғана. Розенкранц пен Гильденстерн кетеді. Қазіргі жай тым ауыр! Король. Не жай, Гертруда? Гамлет қалай? Королева. Қайсымыздан күштіміз деп қайсымыз, Қасарысқан сұрапыл мен теңіздей, Өкірді де, соқты-ай дейсің долданып! Сөйтіп жүріп тасасынан кілемнің Бір сыбысты қармап қалды құлағы. «Тарақ құйрық сұм» деген Ащы айқайдың артынан Бір-ақ салып, сапыны, шал байғұсты Өлтірді де тастады. Король. Ой, сұмдық-ай! Біз болсақ та сол табанда, сол жерде Ісімізді бітіргендей екен ғой. Бостандықта жүре берсе осылай, Бізге? Сізге, баршамызға қатер бұл. Ал, кім енді бұл өлімге жауапкер? Əрине, мен: жап-жас ауру адамды

Басқалардан басқа жаққа бөлмедім Махаббаттың əлегі, құртты бізді: Жариялауға ұялдық та, жасырдық Бұл індетті от басының дерті деп, Ішімізге жұттық қой. Өзі қайда? Королева. Кетті арқалап пақыр шалдың өлігін. Тарғыл тастан жылтыраған алтындай Ізгіліктің нышаны бар өзінде, – Қанды көріп жынды сорлы жылайды. Король. Гертруда, жүр, Ол кемеге міну шарт, Тау басына тақалғанша күн көзі. Қылмыс ізін қымтамақтың амалын Енді екеуміз істемеске не шара: – Гильденстерн! Розенкранц пен Гильденстерн кіреді. Жəрдемшіге кісі қосып алыңдар Полонийді өлтіріпті жынды принц Сүйекті де сол əкеткен бір жаққа Бөлмесінен бикенің. Шамдандырмай принцті, Қолдарыңа түсірген соң өлікті Апарыңдар шіркеуге. Розенкранц пен Гильденстерн кетеді. Гертруда, жүр, дос-жаранды жинайық, Жаңа пəле жабысқанын айтайық. Бəлкім солар жəрдем етсе, қаңқу сөз – Улы жала зеңбіректің оғындай, Жерді жарып өтсе де, сол қатерден Аман-есен қалармыз, жүр, зайыбым. Зəрем ұшып, қатты қорқып отырмын, Өз қасыңнан қалдырмашы қыл елі. Бұлар кетеді.

ЕКІНШІ САХНА Сонда. Сарайдағы басқа бөлме. Гамлет кіреді. Гамлет. Жақсы жерге жасырдым. Гозенкранц пен Гильденстерн (сахна сыртынан). Гамлет, Гамлет! Гамлет. Неткен айқай? Кім сұрайды Гамлетті? Е, мыналар екен ғой. Розенкраиц пен Гильденстерн кіреді Розенкранц. Милорд, денесін қайттің марқұмның? Гамлет. Өлік пен топырақ туыс қой, топырақпен араластырып жібердім. Розенкранц. Айтыңызшы, қайда өзі, шіркеуге апарып жаназасын шығартайық деп едік. Гамлет. Ол жағын ойлаушы болмаңдар. Розенкранц. Қай жағын? Гамлет. Өз мүддемді ұмытып, сендердің қамдарыңды ойлайтын жайым жоқ. Бəрін былай қойғанда, қайдағы бір дене ысқыш сүлгінің менен жауап алғаны қалай? Король баласы оған не деп жауап бережақ! Розенкранц. Принц, сіз сүлгіге мені теңедіңіз бе? Гамлет. Иə, тап сізді, патша рақымының шайырын сорған сізді. Тексерерде ағзамға тек соның қызметі қымбат. Король бетін сүртерде оны аузына бұрын салғанын кейін жұтатын маймылша пайдаланады. Сорған шайырыңды ағзам сығып алғанда сен құп-құрғақ боп, келесі қызметке даяр тұрасың. Розенкранц. Бұныңызды түсіне алмадым, милорд.

Гамлет. Маған керегі сол. Қағылез ойға қалжың жүрмейді. Розенкранц. Милорд, сіз дененің қайда екенін айтуға жəне бізбен бірге король алдына баруға тиіссіз. Гамлет. Дене корольдің қасында, бірақ король дене қасына. көшкен жоқ. Жалпы, король не бітіреді? Гильденстерн. Король ме, милорд? Гамлет. Оның жұмысы мықтағанда ноль. Ал апарыңдар мені соған. Түлкі, түлкі, бұқ та қал, қуғыншылар, айқай сал. Бұлар кетеді. ҮШІНШІ САХНА Сонда. Сарайдағы басқа бөлме. Король нөкерлерімен кіреді. Король. Іздеп кетті. Өлікті тап деп бұйырдық. Міне, осындай қауіпті ол бос жүрсе! Оны қатаң жазалауға болмайды: Оймен емес, көзбен пəтуа жасайтын Бұқарамен байланысы баршылық. Жазаласаң, соны ғана көреді, Себебімен жұмысы жоқ тобырдың. Бұл сапарды сыпайылап, қызметтің Бабыменен бара жатыр деген жөн. Баяғыда ұйғарылған деу керек. Күшті ауруға күшті дəрі дауалы. Розенкранц кіреді Ал, не жай бар? Таптыңдар ма өлікті? Розенкранц. Қайда екенін таптыратын түрі жоқ.

Король. Ал, өзі ше? Розенкранц. Сыртында тұр есіктің. Сізден рұқсат алғанша – бақылауда тұр. Король. Жə, ендеше, кіргізіңдер принцті. Розенкранц. Гильденстерн, кіргіз бері принцті. Гамлет пен Гильденстерн кіреді. Король. Полоний қайда, Гамлет? Гамлет. Кешкі тамақта. Король. Кешкі тамақ? Ол нағылған тамақ? Гамлет. Нағылғаны сол, кешкі тамақты ішіп жатқан ол емес, оның өзін ішіп-жеп жатыр. Бүкіл жер жүзіндегі саяси құрттың бəрі құжынап, соның үстіне үймелеп жатыр. Құрт дегеніңіз жеуге келгенде жеке-дара құдай ғой. Біз тіршіліктің бəрін жегенде, кейін құрт жесін деп өзімізді бордақылаймыз. Семіз король, арық шерменде екеуі құрттар дастарқанына қойылатын екі табақ, болғанымен, түбі түсетін жері бір-ақ қарын емес пе?! Король. Ойб-ой, ойб-ай! Гамлет. Корольді жеген құртпен судан балық суырып, құртты жеген балықпен азықтануға да болады. Король. Осыныңмен не айтпақсың өзің? Гамлет. Король ең төменгі жəндіктің ішек-қарнын да шыр айналып шыға алады дегеннен басқа түк те айтқан жоқпын. Король. Полоний қайда?

Гамлет. Ғарышта. Кісі жіберіңіз, көріп келсін. Жіберген адамыңыз қайтып оралмаса, өзіңіз іздеңіз. Егер ол ай бойы таптырмаса, галлереяның кіре берісіне бас сұғыңыз, сонда мұрныңыздың өзі-ақ сезеді. Король (нөкерлердің бастығына). Айтқан жерінен іздеңдер. Гамлет. Ол сіздің баруыңызды күтіп, тағат таппай отыр. Нөкерлер кетеді. Король. Қанды шырғал болды ғой бұл, Гамлет, Сені сақтап қалмақ үшін, біз дереу Басқа жаққа жөнелтуге мəжбүрміз, Тез зыт енді. Кеме даяр жағада. Жел оңынан. Күтіп отыр команда Англияға жүзетін. Гамлет. Англияға? Король. Иə, Англияға. Гамлет. Тамаша. Король. Бəрекелде, ойымызды біліп ал. Гамлет. Оны білетін ғаиф иренді өзім де көріп тұрмын. – Жарайды, Англия болса Англия болсын. Қайыр қош, аяулы анам. Король. Аяулы əке дегенің бе ол, Гамлет? Гамлет. Жоқ – ана. Əке мен ана – ер мен əйел болмақ. Ал, ер мен əйел – бір тұтас ұрық. Ендеше, бəрібір: Қош бол, ана. – Сөйтіп, Англия болды ғой. Солай деңіз. Кетеді.

Король. Екі елі қалмаңдар. Апарыңдар Есуасты еліктіріп кемеге, Батырыңдар бүгін бұның қарасын! Қош болыңдар. Хатта бəрі жазылған, Іске қажет жайлардың. Тездетіңдер. Розенкранц пен Гильденстерн кетеді. Англия, ықыласымды мен саған Осындайда бағалатам күшпен де Дат семсері салған жара денеңде Жазылған жоқ, тағзым етіп төлейсің Мойныңдағы салықты – қиқаңдамай Орындайсың əмірімнің талабын. Құпия жарлық – Гамлетті қорыма, Өлтірсін деп табыс еттім қолыңа. Жоғалт көзін, Англия! Тірі жүрсе Шыжғырады, қайнатады миымды, Құтқар одан, ол – күйдіргі қызыл шоқ, Ол өлмесе, маған əсте өмір жоқ. Кетеді. ТӨРТІНШІ САХНА Даниядағы кең жазық. Фортинбрас, капитан, жорыққа шеру тартып бара жатқан əскерлер кіреді. Фортинбрас. Дат королін өз атымнан құрметтеп, Дидарласып қайтыңыз сіз, капитан. Шарт бойынша Фортинбрастың əскері Сіздің жерден өтеді деп айтыңыз. Қауышар жерді білесіз. Жəне бір жай: Не тілесе, соны істеуге даярмыз. Қайыр, хош!

Капитан. Құп, милорд! Фортинбрас. Əскер, алға! Фортинбрас əскерімен кетеді. Гамлет, Розенкранц, Гильденстерн жəне басқалар кіреді Гамлет. Мынау кімнің əскері? Капитан. Норвегияның. Гамлет. Қайда тартып барады? Капитан. Поляктарға Гамлет. Қол басы кім? Капитан. Принц Фортинбрас, корольдің немере інісі. Гамлет. Шекараға кіресіз бе, ішке ме? Капитан. Шынын айтсам, жаулап алмақ жеріміз – Босқа жатқан шағын қоныс, елеусіз. Түгі де жоқ, аты ғана жер деген. Бес дукатқа алмас едім өз басым. Норвегтер де, поляктар да сол жерді Өңдер болса, бес дукаттық құны жоқ. Гамлет. Онда поляк оның несін қорғайды? Капитан. Күшті жасақ төгіп жатыр сол жерге. Гамлет. Екі мың жан, он мыңдаған ақшаны Шығындайды шөп-шөңгеге соншалық! Буы ғой бұл тыныштық пен байлықтың. Қаны тасып кетеді де шыдатпай,

Нысапсыздар кісі өлімін аңсайды – Жо, қайыр қош, рақмет сізге, сэр. Капитан. Тəңіріңіз жар болғай! Кетеді. Розенкранц. Милорд, біз де жүрейік. Гамлет. Жүре беріңдер, қазір қуып жетемін. Гамлеттен басқалар кетеді. Маған түрткі осылардың күллісі, Кек алмақты тездет дейді бəрі де. Ішіп-жеу мен тəтті ұйқыға тойынса, Адам сиқы осы ғой. Құдды хайуан. Өткенге ойшыл, алдағыны болжағыш Озық етіп жаратқанда біздерді Жаратпаған шірітсін деп ақылды Неге бүйттік? Мал болдық па ұмытшақ? Əрекетті əлде жөнсіз ұсатып Екшеу, мошқау бұған душар етті ме? Сол мошқаудың, төрттен бірі ой салса, Төрттен үші һəмəн үрей туғызбақ. Қолда құрал, күш пен дəлел тұрғанда Ізгі ойды іске асырмай, істеуге Тиіспін деп созбақтауда не жөн бар? Көп найқалмақ күшейтеді күдікті, Жас талдырмаш бұла принц бастаған, Аса күшті жасақталған əлгі əскер Ойлантады: жеңіс даңқын мұрат қып, Өлімге де басын байлап, қырғынға Бет түзеген түкке тұрмас жер үшін. Еш себепсіз қия баспау, ал егер Абырой берер жанжал тұрса алдыңда, Бір бау шөпті сылтау етпек – ұлылық. Жау қолынан əкесі өлген, шешесі Ит-қор болған, шерменде жан мына мен:

Қалай төзем? Ұялғаннан ұрланып, Қараймын-ау жиырма мыңға даңқ қуған Ұрыс қызар ұлан-асыр кең де емес, Кіп-кішкене даулы жерде мұнша жан Өліп кетсе, қатар салған төсектей, Өліктерін көмер болса көсілтіп, Молалар да сияр онда орын жоқ. Қара көңілім, қан сүрек бол сендағы, Не құрып кет, не сен жайрат жасындай! Кетеді. БЕСІНШІ САХНА Сарайдағы бөлме. Королева мен Горацио кіреді. Королева. Сөйлеспеймін ол қызбен. Горацио. Даурығып тұр. Есі ауысқан болса керек шамасы. Королева. Не болды екен ол қызға? Горацио. Əкесінің қайғысы əлі. Күдікті. Сұм айла деп жұдырығын түйеді. Көкірегін төмпештейді, жылайды. Түсініксіз əлденелер айтады. Сөз төркіні буалдырлау дегенмен Тиянақ бар тыңдай білген кісіге Бас изеуін, сөз, қылығын аңғарса Жаман ойға келер еді əркім-ақ. Отсыз түтін шықпас болар; Осында Бұғып жатқан сұмдық сыр бар құпия. Королева. Жə, ендеше сөйлесейін, күдігін Жұртқа жайса, ушықтырар дұшпандар. Кіргізіңіз.

Горацио кетеді. Жаным ауру, ар-ұяты шаршаған, Сезгендейсің: тақау қалды-ау сор саған!.. Айып-күнə, қылығы жоқ ақтайтын, Өзін осылай əшкерелеп тоқтайтын. Горацио Офелияны ертіп қайта кіреді. Офелия. Дат сұлуы, Королева қайда екен? Королева. Не тілейсің, Офелия? Офелия (əндетіп). Неліктен жұрттың ішінде Ғашығың бөлек баяғы? Тақуа бешпет үстінде, Қолында – аса таяғы. Королева. Ақкептер-ау, бұл өлеңде не сыр бар? Офелия. Немене дейді? Жо-жоқ, ары қарай тыңдаңыз. Əндетіп. Өлді ғой, леди, ол өлді, Өлгенге жүрек қаратпас; Бас жағы шымға бөленді, Аяқ жағы – қара тас. Королева. Офелия, сөз тыңдашы! Офелия. Жо-жоқ, сіз... Король кіреді. Королева. Мына қызға қараңызшы, масқара! Офелия. Ақ гүл, аппақ тал шілік Мəуелеген бақшада

Көз жасыма малшынып, Бас көтерер жоқ шама. Король. Əсем бала, əл-күйіңіз жақсы ма? Офелия. Сізді тəңір жарылқасын. Үкі де бір кезде наншының қызы болған деседі. Біз де сондай біз едік, енді білмейміз. Дəмтұзыңызға рақмет! Король (сыртқа). Əкесімен сөйлесіп тұр өзінше. Офелия. Бұл жайды тістен шығармаңыз. Əлгі сөздің мағынасын Сізден біреу сұрай қалса, былайша жауап беріңіз (əндетіп): Ертең ерте Валентина күнінде Қыз басыммен терезеңе барармын, Валентинаң болуға мен жарармын. Жігіт дереу ұшып тұрды, киінді Есік ашты – қыз да өзін қызғанбай, Кірген үйден қайта шықты қыз болмай. Король. Офелия, шырағым! Офелия. Бітті өзі де, артық сөзге бармаймын. Король. Көп болды ма ауырғалы бұл бала? Офелия. Оңғарылар бəрі де. Шыдау керек. Бірақ, қайтейін, бауыры суық қара жерде жатқанын ойлағанда жыламасқа шамам келмей қалады. Ағайыма хабарлауым шарт. Бұған араласқан пейілдеріңізге рақмет. – Жə, есігін аш күйменің. Қайырлы түн, леди, қайырлы түн, қымбатты леди, қайырлы түн. Кетеді. Король. Тез, еріңдер соңынан. Қыл елі қалмаңдар.

Горацио кетеді. Əкесінің қазасы ғой ауыртқан. Гертруда, қырсық деген бір келсе, Үзілмейтін үстемелі пəле екен. Сордың басы – соқыр өлім – Полоний. Екінші дерт – елден кеткен Гамлет, – Қорғаймыз деп қош айтыстық амалсыз. Үшіншісі – ел өсегі ылайсаң. Полонийдің қазасын жұрт қазбалап, Қаңқу сөзді асқындырып барады. Енді, міне, қыз есінен адасты. Ессіз адам – аң немесе құр сүлдер Осылардың күллісінен күшті сор – Лаэрт келген Франциядан астыртын. Айтады оған ауыз жаппас суайттар Əке өлімін, үстімізге төндіріп. Ол сенеді. Гертруда, осы үрей Бір ғаламат зеңбіректің оғындай Жарақатын дарытып жүр жаныма. Сахна сырты даурығу. Королева. Мынау неткен дүрбелең? Король. Швейцарлықтар қайда? Қақпаның алдын қорғасын. Дворян кіреді. Бұл не жағдай? Дворян. Сақтаңыз, тақсыр! Теңіз тасуы Жағадағы дала, тоған, тоғайды Тап осылай жалмай алмас. Жас Лаэрт

Бастап келген бұзақы топ түгелдей Тонап алды сақшылардың қаруын. Қара тобыр қалмай ерген соларға. Улап-шулап айтуынша олардың, Бұған дейін еш рахым көрмеген Ескі тəртіп адыра қалған біржола «Лаэрт таққа отырсын!» – деп даурығып, «Лаэрт, Лаэрт жасасын!» – деп, аспанға Бөріктерін лақтырады, қол соғып. Королева. Ізге түспей, бізге түсіп лағуын! Қайт, адаспай, даттың өңшең иттері! Сахна сырты даурығу. Король, Есікті қиратты. Қару-жарақты Лаэртке даттар ілесе кіреді. Лаэрт. Король, король қайда? Шық, кетіңдер, мырзалар! Даттар. Жоқ, шықпаймыз! Лаэрт. Үйді босат дедім ғой! Даттар. Жə, жарайды! Кетейік. Олар сыртқа шығады. Лаэрт. Рақмет. Босағада болыңдар. – Ал, кəне, жексұрын король, əкем қайда менің? Королева. Лаэрт, сабыр лəзім.

Лаэрт. Жалғыз тамшы сабыр тапсам қанымнан, Ата-анамның ұлы болмай кетейін! Нені сүйсем, соның бəрін жоғалтып, Қалай ғана сабыр-шыдам табам мен? Король. Лаэрт, дəулер бүлігінің мəні не? Гертруда, ауыз ашпа, түк те емес. Құдай берген құдіретіне корольдің Бұл орында ұмтылса да қанша жау Қол жеткермес – жə, шыныңды айт, Неге, Лаэрт, ызаландың осынша? Лаэрт. Əкем қайда? Король. Ол табытта. Королева. Оған жəне Король жазықты емес кой. Король. Сауалдарын бере берсін еркінше. Лаэрт. Қалай өлді ол? Тек жалғанға жалтарма! Араны үздім, ағзамға ант, адалдық, Бағыныштың бəрін жинап түкірдім. Өшігем деп қорқытпа, сөзіме нан: Енді маған екі дүние біреудей. Болар сойқан не болса да, əкемнің Кегін алам! Король. Ол ісіңе кім қарсы? Лаэрт. Еркім барда ешкім қарсы тұра алмас. Салам соған қолымдағы барымды О жағынан саспаңыз. Король. Білмексіз ғой Əкеңіздің өлімінің бар жайын?

Қас пен досты, оң мен солды бас-көз жоқ Түгел түтіп тəрк етсеңіз ашумен, Жай-жапсарды ұқтырмақпыз қалайша? Лаэрт. Жауды ғана сөйтем мен. Король. Жауды айтайын. Лаэрт. Соны айт, менің құшағым кең достарға, Достар үшін сарқып төгем қанымды, Король. Адал дворян, абзал ұлдың ақ сөзін Енді айттыңыз. Аза тұтқан əкеңді, Жазықсыз жан мен едім ғой, қазір-ақ Анық соған көз жеткізіп тынасыз. Даттар (сахна сыртынан). Жол беріңдер! Лаэрт. Неткен əбігер о жақта? Офелия қайта кіреді Ыза-кегім, қайнат миды, көз жасым, Жеті мəрте тұздан бетер күшті бол, – Ащы уыңнан ағып түссін жанарым! Гүлім, сені ақылыңнан айырған Жау сазайын тартқызарым хаққа аян! Қарашығым, қарындасым, Офелия! Əкелердің жанын алған сұм ажал Тотайлардың тонамақшы ақылын. Құрбандыққа құлап түскен мейірім Душар болмақ аса қымбат шығынға, – Борышың бұл өз еркіңмен өтеген. Офелия (əндетіп). Бетін жаппай жерлеуге Апарды оны жаяулар. Көздің жасы ернеуге Селдетті, қош, аяулы ар!

Лаэрт. Есің дұрыс, өшің өжет кезде де Тап осындай таппас едің қайратты. Офелия. Ал сіз қосылып айтыңыз: «Секіріп орға, қарғып қырға, сындырып алма ұршықты, айнал, айнал, құлап қалсаң, қырсықты». Бұл ұры кілтшінің сарай қожасынан қыз алып қашқаны ғой. Лаэрт. Осынау мағынасыз сөз бағзы бір мағыналыдан тереңірек. Офелия. Міне, тал шілік – ұмыттырмас бір белгі. Осыны ал да, жадыңда сақта, жас досым. Ал, мына гүл – тауық көз: Ойланбақ үшін керек-ті. Лаэрт. Сандырақ та санаға ой салады. Шытырман сөзде шындық бар. Офелия. Міне, жалбыз, міне жосай, міне сізге – ебелек. Ал, мына бір сабақтар менде қалсын. Бұның атын «Мариям ана» десе жөн. Өз гүлдеріңізді менікінен басқаша ұстағайсыз. Мына жатқан қызғалдақ пен көк гүлді өзіңізге бермек едім, əкем өлген күні міштей боп солды да қалды. Ол кісі де оп-оңай өлген деседі ғой (əндетіп). Беу, Робин бауырым – қуанышым, дəуірім! Лаэрт. Қайғы-мұңды, сор-азапты, дозақты Əсемдікке, бар жақсыға балап түр. Офелия (əндетіп). Оралмай ма ол енді? Оралмай ма ол енді? Жоқ, қайтпайды – ол өлді, Қара жерге бөленді. Басы қардай ақ еді, Сақалы мен мұрты да Зығырдай болған шағы еді. Аңсай, аңсай өтерміз, Басына тауап етерміз. Христиан зəузаты үшін жар бола гөр, жасаған!

Кетеді. Лаэрт. Көрдің бе өзің, уа, құдай! Король. Лаэрт, сізге тілеулеспін, күнəм жоқ Дəлелдейін. Барып таңдап алыңыз. Досыңыздың ең сұңғыла біреуін Бізді тыңдап, төрелігін сол айтсын. Төте яки жанамадан жазықты Мен боп шықсам, мендегінің барлығын – Тақ пен тəжді. Өмірімді құн етіп Өлген жанның өтеуіне тартайын. Ақ боп шықсам, сабаңызға түсіңіз, Екеулеп-ақ індетейік шындықты. Лаэрт. Болсын солай. Жұмбақ сыры өлімнің, Жұрт көзінен ұрлап көму, табыттың Бас жағына сапы, семсер қойғызбау, Салтанатты салтын бұзу азаның – Бар күнəнің бетін құдай ашар да. Айыптысын іздетер. Король. Іздетер де, таптырар. Табылғанның қылша мойны қылғынар! Кəне, кеттік ендеше! Кетеді. АЛТЫНШЫ САХНА Сонда. Сарайдағы басқа бөлме. Горацио мен қызметші кіреді. Горацио. Кім сөйлеспек менімен? Қызметші. Матростар.

Табыстайтын сəлемхат бар деседі. Горацио. Кірсін. Апырау, кім бар маған жалғанда Хат жазғандай, жалғыз Гамлет болмаса. Матростар кіреді. Бірінші матрос. Құдай жар болсын, сэр. Горацио. Өзіңе саушылық берсін. Бірінші матрос. Саушылығын бұйыртса, ала береміз. – Мынау сізге сəлемхат еді, сэр. Англияға барашақ кемедегі өкілден. Сіздің есіміңіз Горацио деген сияқты еді. Горацио (оқиды). «Горацио, хатты оқып шығысымен, бұны апарушыларды корольға жолықтыр. Оған да хат жаздым. Су үстіне шыққанымызға екі күн толмай жатып теңіз қарақшылары соңымызға түсіп алды. Қашып құтылар қарқын таппай, еріксіз ерлік істедік те, өздеріне тап бердік. Жанаса бергенде мен олардың кемесіне қарғып өттім. Артынша кемелер ажырап кетті де мен бұлардың тұтқыны боп қала бердім. Бірақ, бұлар маған кəдімгі қайырымды қарақшының ісін істеді. Сол жақсылыққа жақсылықты енді мен көрсетуім шарт. Корольға жазылған хатты өзіне табыстаған бойда тура ажалдан қашқан адамдай маған қарай зыт. Өзіңді қайран қалдыратын жайлардың кейбірін келген соң құлағыңа сыбырлап құямын. Мына барған мейірімділер сені мен жүрген жерге жеткізеді. Розенкранц пен Гильденстерн Англияға тартып бара жатыр. Олар туралы да өзіңе айтылар əңгіме баршылық. Қош. Өзіңнің, солай екеніме күмəнің жоқ шығар, Гамлетің». Ал, жүріңдер, қалған хатты табыстап, сонсоң хаттың иесіне зытайық. Кетеді.

ЖЕТІНШІ САХНА Сонда. Сарайдағы басқа бөлме. Король мен Лаэрт кіреді. Король. Енді мені дос жүрекке енгізіп, Ақтығыма қол қоюға тиіссіз. Көрдіңіз ғой, əкеңізді құртқан жан Алас ұрды өлтірмек боп мені де. Лаэрт. Оны көрдім. Ал сіз неге ең ауыр Қылмыстыны тартпадыңыз жазаға? Жат пиғылын білгендіктен, сақтық қып, Отырсыз ғой сыртқарыға зытырып. Король. Екі себеп, сізге, бəлкім, сөз емес, Ал, мен үшін екеуі де батпандай. Королева онсыз ауа жұтпайды – Не десең де, туған ана сонікі. Ал, мен жолдан тая алмайтын жұлдыздай, Қатынымсыз қия басар шамам жоқ. Ашық сотқа бере алмаған себептің Екіншісін айтар болсам – бұқара: Бұқара жұрт түгел соның жағында, Қатесін де қайраты деп ұғады. Халық деген қайнар бұлақ тұзы ғой Тас қып қайта жарататын ағашты, Ызасына тимеген жөн дүлейдің. Қатты дауыл садағымның жебесін Қақшып алып, қайта толғар өзіме. Лаэрт. Сонда қалай, өлімі мен əкенің Қарындасым душар болған сұмдықты Ұмытам ба? Мақтау сөздің ендігі Іске себі тимесе де айтайын,

Қай маңдайға біткен мұндай қарындас?! Жоқ, кек алам! Король. О жағынан саспаңыз. Өз басыма төніп тұрған ажалға Сақалымды жұлмалатып қоярдай Ақымақ деп ойлайсыз ба сіз мені? Əлі-ақ бəрін түсінерсіз, əкеңіз Досым болса, мен өзіме қас емен, Жетер енді осы да. Хатты алып шабарман кіреді. Ол немене, тағы не? Шабарман. Хат қой, тақсыр. Мынау сізге Гамлеттен. Ал, мынаусы Королева атына. Король. Гамлет дейді? Кім əкелді? Шабарман. Бір жақтағы матростар деседі ғой. Көре алғам жоқ өздерін. Маған берген Клавдио, сол алыпты əлгілердің қолынан. Король. Лаэрт, тыңдайсыз ба? Өзім оқып берейін, сен бара тұр. Шабарман кетеді. Король оқиды. «Ұлық, құдіреттіміз, мені Сіздің қарауыңыздағы жағалауға тыр жалаңаш түсіріп кеткенін біліп қойыңыз. Кісі қайран қалардай кенет қайта оралуымның себебін баяндау үшін, сіздің рақымыңызға сеніп, ертең патша көзіңіздің алдында тұруға рұқсат сұраймын. Гамлет». Əлде шылғи өтірік пе мұнысы? Бұл не сонда? Бəрі қайтып келген бе? Лаэрт. Өз қолы ма? Король. Дəл өз қолы принцтің «Тыр жалаңаш» деген сөздің астында «Жалғыз» деген жазу бар. Сіз не айтасыз?

Лаэрт. Айтарым жоқ. Ұшырассам деп едім. Қанды сойқан қылықтарын бетіне Былш етікізіп бассам, жаным жай табар. Король. Олай болса, созбақтайтын несі бар? Орайына бəрі келмек, Лаэрт. Кездестірем мен сізді. Лаэрт. Кездесейік. Бірақ, ешбір бітім сөзін айтпаңыз. Король. Қайдан бітім! Керісінше, қайтты екен – Енді қайта оңайлықпен кетпейді ол, Оған басқа амал ойлап таптым мен. Өзін өзі байлайтындай өлімге Оқыс қимыл істеттірем мен оған. Еш қандай бір өріс бермей өсекке, Қазасына шешесін де ашынтпай, Өлген қылам жазатайым қатеден. Лаэрт. Тақсыр, осы ойдағыны істерде Мені соған жұмсасаңыз жөн болар. Король. Өзі де ғой... Сіз жоқта да, ұмытпай, Осында жұрт өзіңізді мақтайды. Көп мақтаудың естігенде біреуін Гамлет қатты қызынғаны есімде Ең қасиетті сапаңыз да ол болмас. Лаэрт. Ол не жайлы? Король. Жай бір өнер, шашақтай, Албырт шақта тақияға тағатын. Жас ұланға жалаң шидем жарасса, Үлкейгенде жанға жайлы бұлғын тон. Екі ай бұрын осында Нормандия дворяны болған-ды. Французды көргем, талай айқасқам, Ат үстінде алыспаққа мықты олар.

Ал, мынау бір елден ерек ғаламат. Ер үстіне қағып қойған қазықтай Отырысын көргеніңде ойлайсың, Төрт тұяқты жануармен бір тұтас Жаралған деп жарты дене белдіктен. Түске енбес, айтсаң сенбес сиқырлы Өнері бар! Лаэрт. Нормандық па? Король. Нормандық. Лаэрт. Е, Ламор ғой! Король. Тап өзі. Лаэрт. Білгенде қандай: Ақ алмас. Бүкіл елдің əрі ғой ол, ойбай-ау! Король. Өзіңізді біледі екен, сол айтты Одан асқан шебер жоқ деп сапыға. Əсіресе, үшкір қылыш сайысқа Өзіңізбен сайысқан жан бірден-ақ Көзі тайқып, есебінен жаңылып, Шапшаңдығын жоғалтады деген ол. Осы баға кұлағына тигенде Гамлет қызып, құлшынғаны соншалық, Түсінен де шықпадыңыз сіз оның. Шіркін-ай, бір шайқассам деп күтіп жүр, Міне, сылтау. Лаэрт. Сылтау дейді? Ұқпадым. Сылтау маған не қажет? Король. Əке аруағын сыйлайсыз ба шынымен, Жоқ, жай мұңлы суретсіз бе əлде сіз?

Лаэрт. Таң қаларлық сауалдар! Король. Əкеңізді сөзсіз жақсы көресіз, Бірақ, сүймек дер кезінде қызулы. Бұл өмірден байқауымша, сол өзі Жылдан жылға суынатын секілді. Біле білсек, сүйіспендік жалыны Жана-жана таусылары ақиқат. Сезімге де серпінді жол ашпасақ, Тола-тола езіледі, тозады. Ойға алғанды зауқың шауып тұрғанда Тындырып-ақ тастаған жөн абзалы. Машығы мен айнымағы адамның Дүниедегі қол мен бастан көбірек. Кешіккен соң, опық, ойбай – бəрі бос. Тоқ етері – Гамлет қайтып келіпті. Сөзбен емес, қолмен оған не істейсіз. Шын перзенті сипатында əкенің? Лаэрт. Бауыздаймын тап өзінде шіркеудің! Король. Жөн, жөн, ондай қарақшылар тығылар Қасиетті ғимаратта орын жоқ. Кекте шек жоқ – қайда өлтірсе, өз еркі Жə, қымбаттым, онда үйде болыңыз. Өзі білсін сіздің келгеніңізді. Француздан соң сізді мақтай білетін Адамдарды тықпалаймыз Гамлетке. Солар сайыс, бəстесуді басқармақ. Қулығы жоқ, албырт, аңғал Гамлет Тексермейді қарсыластың қаруын. Қас қаққанша жалаңаштап істігін, Жаңылғансып жайрата сал – іс бітті, – Əкеңіздің кегін сөйтіп аласыз. Лаэрт. Бұл тамаша! Жəне жүзін майлаймын. Бір бақсыдан сатып алған майым бар,

Пышақ кескен жерге тисе өлтіргіш. Айлы түнде шөптен жиған дару да Ала алмайды бұның уын қайтарып. Қылышыма жағам соны жақсылап Азын-аулақ тессе болды терісін, – Гамлет əсте одан тірі қалмайды. Король. Алдымызда əлі нелер ықтимал, – Толығырақ ойланайық. Мəселен, Біздің жоба, көктей салған ақ жіппен, Сөгілсе не көзге түссе тігістен, – Онда қайттік? Басқа да бір басы артық Амал қажет. Көптік етпес ол əсте Сəл ойлайын, қазір... – Міне, мен таптым: Бəсі қымбат салтанатты сайыста Қызған сайын үдей түссін шабуыл. Егер сусын сұрай қалса шөліркеп, Құя салам құтыдан. Ерні тисе, Бітті дей бер... Жарақаттың уынан Өлмей қалса, мынау... – тоқта, бұл не айқай?.. Королева кіреді. А, королева! Королева. Бір пəледен бір пəле сор, Лаэрт! Офелия, суға батты бишара. Лаэрт. Суға батты? Қайда? Ойбай, не дейді?.. Королева. Қалақай мен сарғалдақтан өрілген Қызыл айдар тағы да бір гүлі бар Малшы қойған аты жаман ол гүлдің, Қыздар оны өлі саусақ деуші еді. – Соның бəрін əшекейлеп тізген ғой, – Су үстіне төнген талдың жапырағын

Жəне қосып өремін деп өрмелеп Бір бұтаққа сорлы бала шықпай ма, – Қызғаншақтай қырсық бұтақ морт сынып Қыз бен гүлді ағыс ала жөнелді. Алғашында жел үрлеген көйлегі Ала қашты ақ толқынға батырмай. Айнымаған су перісі қалпында Сайрандады, əн шырқады түк сезбей, Киім суға малшынған соң ұзамай, Ескі əуенді ажал көкке ұшырып, Қызды əкетті тас түнекке, тереңге. Лаэрт. Сөйтіп, суға батты ма? Королева. Батты солай. Лаэрт. Офелия! Көз жассыз-ақ төңірегің толған су Бірақ, еңіреп жыламасқа не шара? – Ар-ұятпен ақталудың салты сол, Қош бол, тақсыр. Өзегіме өрт түсті. Жыласам да қар емеспін қатын көз, Ақымақ өлім бəрін бұзды шырықтың. Кетеді. Король. Гертруда, көндірем деп мынаны Қанша қайрат-жігерімді сарп еттім! Бұл қайтадан қаһарына мінеді, Жүр соңынан барайық. Бұлар кетеді.

БЕСІНШІ АКТ БІРІНШІ САХНА Эльсинор. Зират басы. Күректері бар екі қабірші кіреді. Бірінші қабірші. Ақырет тыныштығын тілеп, дүниеден өз еркімен кеткен қызды христианша жерлеу дұрыс па? Екінші қабірші. Дұрыс болғаны ғой. Сен оның көрін тезірек қаз. Бұл іспен айналысқан тергеуші қызды христианша жерлеуге ұйғарыпты. Бірінші қабірші. Өлерінде тірі қалу үшін əрекет жасамаған адамды бұлай көму жөнсіз емес пе? Екінші қабірші. Тергеуші соны жөн деп тапқан ғой. Бірінші қабірші. Əрекетті дəлелдеу керек. Онсыз заң жоқ. Айталық, мен суға əдейі батады екем. Онда бұл істің жүйесі үш ұдай: Біріншісі – кірісуім, екіншісі – істеуім, үшіншісі – істеген ісімді аяғына жеткізу. Сөйтіп, бұл қыз əдейі барып батып отыр. Екінші қабірші. Қабірші сыбайласым, қоя тұр деймін. Бірінші қабірші. Жоқ, жөнін ұқтырайыншы, Айталық, мынау су екен дейік. Жақсы. Ал, мынау, айталық – адам. Жақсы. Енді, айталық, адам суға өзі келді де, батып кетті. Тілесін, тілемесін, өзі келді ғой. Міне, гəп қайда жатыр. Ал, су болса, оның жөні басқа. Егер адамға судың өзі келіп, оны батырып жіберсе, оған батқан адам жауапты емес. Ендеше өзінің өліміне айыпты емес адамның қазаға қатысы жоқ. Екінші қабірші. Осы айтқандарың заң жүзінде бар ма? Бірінші қабірші. Болғанда да, кəдімгі тергеу заңының тап өзінде осылай жазылған.

Бірінші қабірші. Саған керегі шындық па? Егер бұл өзі дворянның қызы болмаса, христианша жерленудің қарасын да көре алмас еді. Бірінші қабірші. Осы айтқаның дұрыс. Бекзаттардың суға батам десе де, дарыға асылам десе де, не істеуге де еркі бар. Ал, құдай деп бəрінен құр қалған біздің шоқыншылық тобырға бұның бəрі де бұйырмайды. Жə, құрысыншы, сал күректі. – Ал, дворяндар хақында айтсақ, олардың ең алғашқылары – бағбандар, жер қазушылар мен көр қазушылар. Олардың дворян атағы Адам атадан басталған. Екінші қабірші. Ол кісі де дворян ба еді? Бірінші қабірші. Қол құралын бірінші ұстаған сол кісі. Екінші қабірші. Былшылдапсың, ол түк те ұстаған жоқ. Бірінші қабірші. Сен мəжуси ме едің? Қасиетті жазбалардан хабарың бар ма сірə? Онда «Адам-ата жер қазды» деген сөз айтылған. Сонда қалай, жерді ол қолымен қазды дейсің бе? Жə, саған тағы бір сауал қояйын. Тек жауабын тап басып айт, байқа. Екінші қабірші. Ал, иə, сауалыңа бақ. Бірінші қабірші. Тас қалаушының да, кеме жасаушының да, ағаш шеберінің де қолынан келмейтін ең берік құрылысты кім жасай алады? Екінші қабірші. Дар ағашты жасаушылар. Бұл ағаш дарға асылатындардың бəрінен де көбірек өмір сүреді. Бірінші қабірші. Оллаһи, оның рас! Дар ағашы дегенің жарасып тұр. Бірақ, сол өзі кімдерге жа расады? Күнəкарларға. Ал, сен дар ағашын шіркеуден де берік санап күнəкар болдың. Жə, басынан бастайық. Енді сенің сауалыңа мен жауап берейін, сұра.

Екінші қабірші. Тас қалаушының да, кеме жасаушының да, ағаш шеберінің де қолынан келмейтін ең берік құрылысты кім жасай алады? Бірінші қабірші. Бəсе, соның жауабын тап басып айт та, құтыл. Екінші қабірші. Айтса несі бар, айтып та жіберем. Бірінші қабірші. Ал, иə? Екінші қабірші. Жоқ, айта алмаймын. Гамлет пен Горацио кіреді де, бұлардан аулағырақ тоқтайды. Бірінші қабірші. Сен бұған басыңды катырма. Есекті қанша қинасаң да шаба жөнелмейді. Бұдан былай бұл жөнінде біреу сұрай қалса: Қабір қазушы деп жауап бер. Оның салған үйі тағы сойқан соққанша табжылмай тұра береді. Жə, жарайды, сен Иоханға барып, маған бір құмыра шарап əкеп берші. Екінші қабірші кетеді. Қалғаны көр қазып жатып əндетеді. Жас күнімде, дариға-ай, Қыздармен күліп-ойнадым. Қыз бар жерде көңіл жай, Бақыт та сол деп ойладым. Гамлет. Өз жұмысының табиғатын танымайтын мынау нағылған адам, кісі көр қазып жатып əн сала ма екен? Горацио. Əбден еті өліп, əдетке айналған ғой. Гамлет. Иə, бұнысы да заңды. Қол қозғалғанша сезімтал. Бірінші қабірші (əндетіп). Кəрілік келіп ақырын, Қолымнан сүйрей жөнелді,

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙