Мазмұнға өту
Home

Жұматай Жақыпбаев 2 том

Жұматай Жақыпбаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жұматай Жақыпбаев 2 том

Авторы: Жұматай Жақыпбаев

Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз-7 Ж 21 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз-7 ІSBN 978-601-7337-39-1 (Т.2) ІSBN 978-601-7337-37-7 (общ.) Жақыпбаев Ж. Ж 21 Шығармалары (Құраст. З.Елғондинова). – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2013.

Т.2.: Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу. – 320 б. ІSBN 978-601-7337-39-1 Ақын Жұматай Жақыпбаевқа арналған қос томдық жинақтың қолдарыңыздағы екінші томына қаламгер туралы ақын-жазушы­ лардың әртүрлі басылымдарда жарық көрген естеліктері, арнау өлеңдері және ақын шығармашылығы туралы зерттеу мақалалар енгізілді. © Жақыпбаев Ж., 2013 © «Ан Арыс» баспасы, 2013 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ «ӘДЕБИЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ТҮРЛЕРІН БАСЫП ШЫҒАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

Үш ғас ы р... Үш бей не... ҮШ ҒАСЫР... ҮШ БЕЙНЕ... (Алғысөз орнына) талияның ұлы ақындары Данте де (1265–1321ж.ж), Петрарка да (1304–1374 ж.ж) Флоренцияда дү­ ние­ге келеді. Данте Беатриче Портинари деген жасөспірім сұлу қызға ғашық болады. Қара сөзбен және өлеңмен жазылған «Жаңа өмір» («Новая жизнь») кітабында Беатричеге деген махаббатын асқақ сезіммен жырлайды. Бірақ, Беатриче тым жас кезінде қайтыс болады. Данте уақыт өте келе үйленіп, төрт бала сүйеді. Данте өмір бойы алғашқы махаббатына адалдық білдіреді. Ұлы ақын тек қана шығармашылықпен айналыспайды, орта ғасырлық Флорен­ция қаласында болып жатқан әртүрлі саяси ағымдарға да араласады. Сөйтіп, ақ пен қараның шайқасында қаралар, яғни, шіркеу жеңіп, ұлы ақынға жер аударылу немесе отқа өртелу қаупі төнеді. Енді Данте өмір бойы туған жерінен айырылып, қуғын-сүргінде өмір кешеді. Сол кезде өзінің атақты «Комедиясын» жазады. Ақын­ның осы шығармасын кейін оның ортасы тәңірлік комедия деп танып, ең соңында «Құдіретті комедияға» айналдырады. Бұл туын­дыда орта ғасырға тән жұмақ, тозақ, тазару алаңдарының мистика­лық бейнелері суреттеледі. Мұнда да басты кейіпкер Беатриче болады. Ал Петрарка болса, 1327 жылы 6 сәуірде жұма күні Лаураны бірінші рет көреді. Осы бір ғажайып сұлу қызға бір көрген­нен ғашық болады. Арада тура 21 жыл өткенде, 1348 жылы тағы да сол 6 сәуірде Лаура дүниеден озады. Петрарка Лаура дүниеден өткеннен кейін де оған сонеттерін арнайды. Лаураны жырлап жасы отызға келгенде, бүкіл Италияға атағы жайылады. Лаура өмірден өткен соң, Петрарка дүниеден баз кешеді. Бүкіл Италияны аралайды. Жал­ғыз­ дықты қалайды. Лаура туралы жазуды тоқтатқан соң, оған өмір­дің бір тиын да құны қалмайды. Ол енді өзінің жолсапарлары ту­ралы

Жұ матай Ж а қ ы пбаев әңгіме жаза бастайды. Қалам тербемеген тақырыбы қалмайды. Тіпті ең соңында ас мәзірін қалай әзірлеу туралы да кеңес береді. Бірақ Петрарка жасырын үйленіп, Джованни деген ұл сүйеді. Сол ұлынан туған немересі Элетта ұлы ақынды дала гүлдерінен то­қылған тәж (венок) кигізіп, бақилық сапарына шығарып салады. Бүкіл Рим ақсүйектерінің құрметіне бөленген ұлы ақын Петрарка 1374 жылы 19 шілдеде өзінің отбасында, ұрпақтарының арасында, достары­ның қолын ұстап жатып дүниеден өтеді. Бір қызығы Данте де, Петрарка да туған Флоренциясына жете алмайды. Екеуіне де туған жердің топырағы бұйырмайды. Жат жерде жерленеді. 1630 жылдың мамырында Томмазо Мартиннели деген бір монах Петрарканың табытының бір жағын бұзып, оң қолын ұрлап кетеді. Қолға түсіп, сот алдында жауап бергенде былай дейді: «Мен ұлы ақынның оң қолын Флоренцияға сыйлағым келіп еді. Өйткені Италияның екі ұлы ақыны Петрарка мен Дантенің жат жерде жерленгенінен бүкіл Флоренция қан жұтуда». Алайда, монах ұрлап кеткен Петрарканың оң қолы белгісіз бір себептермен Мадрид қаласындағы мұражайда әлі күнге сақтаулы тұр. Монах Томма­ зодан кейін үш ғасыр өткен соң, зерттеуші ғалымдар Петрарка­ның табытын ашып, оның қаңқасын зерттейді. Сөйтсе, Петрарка­ның оң аяғы сол аяғынан бір-екі сантиметрге қысқа болып шығады. Ұлы ақын өмірінің соңында өзінің ең жақын досы Бокаччоға Лаура бейнесінің ойдан шығарылған арман-қиялы екенін мойын­дайды. Арада ғасырлар өткенде оны зерттеуші ғалымдар Петрарка­ның Лаураны кездестірген 1327 жылғы 6 сәуірдің жұма емес, дүйсенбі болғанын дәлелдейді. Ақын өз қиялына өзі сеніп, кейіпкерін ойша жерлеп, өмірінің соңында диуаналық, кезбелік ғұмыр кешеді. Ең жақын қаламдас достары Беатриче мен Лаураның ара­сын­ дағы ұқсастықты байқап: «Сен Дантені оқыдың ба?» – деп сұрайды одан. Дантені оқығанын Петрарка ешқашан мойындамайды. Ал Лаура есімді әйелдің туыстары мен күйеуі Лаура қайтыс болған соң, Петрарканың сонеттерін арнаған Лаурасы сол деп халықты мойындатқысы келеді. Лаура бейнесі ақынның ой-қиялының жемісі ме, әлде ол тірі адам ба еді? Мәселе онда емес. Петрарканың Лаура бейнесін сомдай алғандығында. Петрарка замандасы, атақты суретші Симоне Мартиниға Лаура­ ның портретін салдырады. Мүмкін сол кезде Симоне Мартини Лаурамен кездескен де шығар. Мүмкін кездеспеген шығар. Ақын­ ның замандастарының айтуына қарағанда, суретші Лаура бей­несін Петрарканың сонеттеріндегі ақ періштелердің ортасында отыр­ған Мадонна бейнесінде салған.

Үш ғас ы р... Үш бей не... Ал енді осы жерден тоқтайық. Бағанадан бері орта ғасырда өмір сүрген Данте мен Петрарканың рухын неге тербетіп отырмыз? Ендеше қазақтың талатты ақыны Жұматай Жақыпбаевты тыңдайық. Сен артықсың! Оған мына таң куә. Бірақ басқа амал сенде қалды ма?! Сенің ұлы Суретшің жоқ, Сондықтан барарсың бір фотогроф алдына. Сен артықсың! Болдым бірақ мен сорлы. Сол сорлылық көтертпейді еңсемді. Суретші боп жаралмадым, Бейнеңді Жазар едім дәрменіммен ең соңғы! Жұматай да поэзияға үлкен дайындықпен келді. Батыс, Шығыс поэзиясындағы ұлы ақындар жырлаған ару бейнесін ол тегін сомдаған жоқ. Петрарка Лаурамен көктем айында үш рет кездессе, Жұматай да Ләйләмен көктем айында үш рет кездеседі. Өз қиялы­нан тудырған сұлулыққа өзі ғашық болып, ондаған жыл Ләйләға арнап жыр жазады. Жер баспайды. Ғажайып күй кешеді. Арманмен өмір сүреді. Ләйлә бейнесі Жұматайдың табынар жалғыз тәңірісі еді. Ұлы көктен жерге түспеген ару Ләйлә ақынға бітпейтін азап шекті­реді. Жұбанбайтын көңіл-күй сыйлайды. Ақыры ғарыш төріне жетелеп кетеді... Бейнең сенің өңге бір, түсте бір кеп, Диуаналық жолдарға түскенім көп. Таусылған соң амалым, тұрам ылғи, Тағы да бір қиғылық істегім кеп. Іздегенім сен болсаң, таптым қайғы, Ондай жанға байыздап бақ тұрмайды. Қисық, қыңыр болса да мен жүрген жол, Бақыт үшін күреске таптырмайды. Ол да Петрарка сияқты өзінің музасы Ләйләға арнаған жыры таусылған кезде аңқайып отырып қалады. Көкірегінде қара жердің қара құрдымындай (черная дыра) түпсіз терең ойық пайда болады.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Оны толтыру мүмкін емес еді. Ақын жаны аласұрады. Шарықтап көкке ұшады. Бірақ, ұзақ тұрақтамайды. Омақаса құлайды. Енді ол мұңды ғазалдар төгеді . Жуғам жоқ ащы жаңбырмен, Жасыған мұңды жанарды. Шашым да шәркез тағдырмен, Шатыраш ойнап ағарды. Қай гүлін сөздің төкпедім, Жолыңа сенің шын ұлы! Алқара шашты көктемім, Арманның жалғыз құлыны Секілді ең, кеттің ұстатпай... Сол бір өзіне ұстатпаған арманының соңынан Жұматай да мәңгілік сапарына өзі білмей, өзі сезбей, ғажайып бір күй кешіп аттанып та кетеді... Петрарка бүкіл Италиясын аралап, құлазыған көңіліне медеу іздесе, Жұматай Есентай өзенін жағалап, Марков көшесіндегі өз үйінен, әл-Фараби көшесіндегі сыйлас інісі Әуезханның үйіне барады. Әуезханның үйін ол Флоренция деп атайды. Сол Флоренцияға барып, бір күн қонып, ертеңіне сағат 11-де үйіне келіп, шалқып, тасып, Ләйлә деп шалықтаған күйінде дүниеден өтеді... Талантты ақындардың мұндай сәттерін Польшаның ұлы жазушысы әрі әдебиет зерттеушісі Ян Парандовский «состояние транса» деп суреттейді. Яғни транстық көңіл-күймен жыр жазған ақындардың көбісі қайталанбас образдар тудырумен қатар, сол шығармаларының тұтқынына һәм құрбанына айналады. Жұматай маған бір кездері өзінің оң аяғының сол аяғынан бірекі сантиметр кем екендігін айтқан. Аттан жығылып, аяғымды сындырдым деп. Мен күлгем де қойғам. Себебі оның Петраркаға еліктеп отырғанын сездім де, түсіністікпен қарадым. Тағы бірде ол ағылшынның атақты ақыны Байронның да бір аяғы бір аяғы­нан бір-екі сантиметр қысқа екенін айтты. Мен тағы да күлдім. Түсіндім. Оның өте атақты болғысы келетінін. Иә, ол бар өмірін өзі тудырған сұлулық аңыздарына арнады. Сөйтіп өзі де туған халқының есінде әрі сұлу, әрі асқақ Прометей жүректі, ерте дүниенің ұлы Гомері жырлаған Аполлонның тоғыз музасын жетелеген, кифарасын сұңқылдатқан кербез де сері, мәңгілік ғашық Мәжнүн-Жұматай бейнесінде қалды.

Үш ғас ы р... Үш бей не... Қайтқамын жоқ қайда жүрсем бір беттен, Жоқ мені өмір дөкей де еткен, дүр де еткен. Дәме етпеймін мен ешқандай жоқтаудан, Дәметпеймін мен ешқандай құрметтен. Кетер күнім... Келер, келер ол дағы, Бір қаралы шеру шығар жолға әлі. Сол бір кезде жан баласы жыламай, Ләйлә, жалғыз сен өксісең болғаны, – деп өзінің қысқа да нұрлы өміріне өзі нүкте қояды. Шынында да, Ерке Мәжнүн бейнесіндегі Жұматай ақынның басында бір бәй­те­рек жайқалып тұр. Кеш батса болды, тоғыз музасын жетелеген Аполлон оның басында кифарасын құйқылжытып саз төгеді. Өнердің то­ ғыз музасы тұңғиық ойға батады. Ғарыш төрінен шайырдың өмір бойы асқақтығымен өзін тәнті еткен ару Ләйләсына деп жи­наған ақ раушан гүлдері төгіледі. Оның рухы тіршілігіндегі ғажайып түстен әлі де арылған жоқ. Ақын рухының өлмейтінін тәңірім бізге тағы да тәбәрік етті. Асқақ шайыр Жұматай! Рухы биік Жұматай! Сен тіршілігің­ де пенделіктен, майдалықтан биік тұрдың! Ләйлә бейнесі арқылы қазақтың қаракөз аруларына ұстынын өлең-жырдан өріп, ТәжМахалл салдың! Сол Тәж-Махаллың күнненкүнге, жылдан-жылға, ғасырлардан-ғасырларға биіктей берсін! Сенің мәңгі ғашық бейнең халқыңның жүрегінен мәңгілік орын алсын! Болашақ ғасырлардың ару Ләйләлары сені сағынышпен еске алатынына мен сенемін! Қаламдас серігің, ақын Зайда ЕЛҒОНДИНОВА.

Әбубәкір ҚАЙРАН СЕН – РУХСЫҢ, СЕН – АРСЫҢ Жұматай Жақыпбаевтың рухына (Қабір басында оқылған өлең ) Арамызда ар едің ғой, Жұма-аға-ай! Жаңа жауған қар едің ғой, Жұма-аға-ай! Қайыспайтын нар едің ғой, Жұма-аға-ай! Кеше ғана бар едің ғой, Жұма-аға-ай! Мына өмір не боп кетті?! Бұ қалай – Неге теп-тез сөне қалдың шырадай?! Сүлей едің, Сүйкімді едің, Сүйікті ең, Ерте оқ тиіп жараланған киік те ең. Жанталасып өлген жоқсың күйіктен, Жан ұшырып қарғып кеттің биіктен. Бірінші бөлім ӨЛЕҢНІҢ КЕНЕЖИРЕНІ

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Жырың қалды – Жүректермен сүйіскен, Күйің қалды – Күрсіндірген, иіткен. Күнің қалды, Айың қалды – Айкүнің, Жарың қалды, Арың қалды – айқының. Ақын болдың, ақындыққа сай түрің, Бақұл болғын, Байланған жоқ бай тілің, Бақұл болғын, Жайланған соң ал, тыным. Ұлы ақыннан қызғанған соң Күн, Айды, Қалай ғана тілдемейміз Құдайды! Дарынсыздар енді кімді сынайды, Дарындылар енді кімге ұнайды? Енді жоқсың, ей, Жұма-аға, Бұ қайғы Талай-талай жүректерді сынайды. Таза жүрек қансырайды, жылайды – Саған жәннат, саған иман сұрайды! Арамызда сен – Рухсың, Сен – Арсың, Ұйықтағанда түсімізде боларсың. Көзімізге жас та болып толарсың, Кеудемізге құс та болып қонарсың. Топырағың торқа болсын, Қымтаншы, Күз келді ғой, Қыс та келер... Тоңарсың. 1990 жылдың 18 қыркүйегі.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Есенқұл ЖАҚЫПБЕКОВ

ЖАҚЫПБАЕВ ЖҰМАТАЙДЫҢ ТҰСЫНДА... «...Мен қазір көз салмаймын айналаға, Ләйлә дертін жазар деп Ләйлә ғана...» Ж. Жақыпбаев Өзің жоқсың, ал Жұм-Аға, не істейміз? Шарап деген шарап еді-ау, Сіз барда. Ару деген аты дардай көп қой қыз, Ләйлә деген шен тағатын қыз бар ма? Сенуші едік қалтаға емес, дарынға, Ғашық едік бәріміз бір аруға, Жақыпбаев Жұматайдың барында. Келуші едік, сен отырсаң үндемей, «Қаламгердің» ат ақырдай «барында». Жүргендей боп жәннаттың гүл бағында, Сенің ғана жүруші едік маңыңда. Балдай шарап... Сұлу қыздар... Көл, һауыз... Өзімізді сезінуші ек сонда біз, Отырғандай Омар Һайям жанында. Мынау бөтен, Мынау жас деп жасқамай, Өзі де өлең жазатұғын патшадай, Сен отырдың поэзия тағында. Патша тұрмақ, бақытты еді, әттең-ай, Мына мендей зыр жүгірген жас малай, Жақыпбаев Жұматайдың шағында. Енді міне... «Аға» деген айдармен, Төрде отырып қазы-қарта кертеміз. Соқыр қойдай жайылған көп қойлармен, Тоқ боп жүру тозақ екен сенсеңіз. Көп қойлармен көкке тойып, Қырды асып, Көппен бірге бір соқыр қой жүргендей.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Сізді көрдім дегенім де бір бақыт, Дүниеден өткенімше дым көрмей. Ертегі айтқан Шаһризадай мың бір түн, Ләйләңа да қосылар ма ең, кім білсін?! Соған әттең... сәл-пәл қалдың үлгермей, Бұл заманның іше алмайсың сырасын, Шомылғым да келмейді онша ғұсылға. Ұзынағаштың ең шетінде тұратын. Бұл өмірде болды, кетті бір ақын, Жақыпбаев Жұматайдың тұсында... Бауыржан ЖАҚЫП ҚАҒАНАТ

Жұматай Жақыпбаевқа Жұмағұл-Шора азан сап қойылған аты, Жұматай ағам, ғажайып шайыр болатын. Қырыққа келген кезiнде бекзаттық қонып, Қырандай еркiн қағатын дәйiм қанатын. Көрдiм мен оны – жiгiттiң сұлтаны едi, Ләйләдай әнiн көзiнше шырқады елi. Төркiнiн бүгiн iздейдi шұғынық гүлдер, Қызғалдақ толы қазақтың қырқасы, белi. Қияқ мұртыңыз есiмде қиылып тұрған, Күлкiңiз менiң жадымда жымиып тұрған. Жаратқан тәңiрiм ертерек алып кеткенi-ай, Жаралған жандай жүрушi ең құйылып нұрдан. Костюм киюшi ең жарасты былғары қара, Өзiңдi шыңға шығарып шыңдады дала. Түтiнiндей боп шылымның санаңды улап, Шырмауықтайын жаныңды шырмады қала. Көрдiм мен сенi Олжаспен, Асқармен көрдiм, Аласармайтын Өтежан-Аспанмен көрдiм.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Қаламын тастап, шарабын сiмiрiп тұрған, «Қаламгердегi» әр түрлi бастармен көрдiм. Сен бiрақ Төрем, бұзылмас қағанат құрдың, «Саратаныңмен-ақ» даусыңды даралап тұрдың. Мейiрхан мен Әбiштi «илхам» деп танып, «Сайд» деген шендi бiр кеште маған лақтырдың. Нояндар және қаншама қасыңа ерген, Қайтқанда сенiң жер құшып басыңа келген. Бауыржан, Есжан, Нұрландар жарқырап жанып, Өз ұшқындарың едi жұлдыздай шашырап өлген. Кәдiрбек, Нұрлан, Қазбектер нояндарың ғой, Қызығына мынау өмiрдiң тоя алмадың ғой. Мұратбек, Қайрат, Светтер жоқтаса-дағы, Оянбадың ғой, қағаным, оянбадың ғой. Есенқұл, Ертай, Тимурлар нояндарың ғой, Балына мынау өмiрдiң тоя алмадың ғой. Айсұлу, Гүлнар, Жәния жыласа-дағы, Оянбадың ғой, қағаным, оянбадың ғой. Өтiрiк емес, Қажытай куә бәрiне, Iнiлерiңнен жәуһар жыр туады әлi де. Кенежиренiңдi ерттеп-ап шықшы бiр күнi, Сарноқайдағы сағынған құба белiңе. Күйсiз мен күттiм өзiңдi, әуенсiз күттiм, Қазағыма қонған ақ қанат өлеңсiз, құттым! Өзегiмiздi өртейдi жалғыз өкiнiш, Тата алмай кеттiң тұз-дәмiн тәуелсiздiктiң. Ата алмай кеттiң Айкүннiң ақ таңы болып, Жана алмай кеттiң Астана оттары болып. Сiз жазбай кеткен жырларды қалы кiлемдей, Бiз отырамыз түндерде топталып өрiп. Сағындым сенi, Ағатай, түсiмде көрдiм, Қызғалдақтардың қаптаған iшiнде көрдiм. Кететiнiңдi, өмiрден өтетiнiңдi, Бiлмеймiн бұрын қалайша түсiнбегенмiн.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Биiктен қарап тұрасың үзбеген гүлге, Жырыңнан сенi табамыз iздеген күнде. Құттықтаймын сiздi Жұмаға, жарқырап тұрып, Жаңа ғасырға келдiңiз, бiзбенен бiрге! «Әдебиет айдыны», 22.12.2005 ж.

Қайрат ӘЛІМБЕК ЖЫР ЖҰЛДЫЗЫ – ЖҰМАТАЙ «Жандарым» деуші ең жаныңнан бізді тастамай, Көз ілмеуші едік «Ләйланы» басқа жастамай. Қамқорлық толы осы бір қоңыр үніңді, Сағынып жүр ғой бүгінде енді жас талай. Кетерде самғап ғарышқа сонау, теңіз көк, Сұрапсың мені жұмысқа да келіп, көп іздеп. Айта алмай қалдық астана, бүкіл ауыл боп: «Мезгілсіз тастап кеткенің бізді неңіз?» деп. Тұрушы ек, сізді бағалап, ылғи ағалап, Күйреп те қалды өзіңіз құрған қағанат. Талайға Далай қаған боп тұрған едіңіз, Ақындық атқа келтірмей ешбір жаманат. Ойлап та таппас біріксе-дағы сан алып, Қазақы жырға енгізіп қанша жаңалық, Өлеңнің өшпес өрінде енді қалдыңыз, Сәулесі нұрлы бір жұлдыз болып қадалып. Жирен ат, Ләйла, Сарноқай, мөлдір аспанды, Тамсанта бермек мәңгіге бұла жастарды. Ғарышта жүріп біздерді демей беріңіз, Бір ғұмыр бітті...Жыр-ғұмыр енді басталды. Қағанға ұқсау – ноянға мұрат, әз арман, Осындай ниет ұғамыз сіздің ғазалдан. О жақта жүріп қолдайтын қамқор сіз барсыз, Сондықтан біздер қорықпаймыз енді ажалдан!

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Гүлнәр САЛЫҚБАЙ Жұматай Жақыпбаевқа Қаңтарылды Ай, Қалды жұтап жер мүлде, Қаңырадық, қаралы әуен жамылып. Жерден көкке жұлдыз ұшты, Көрдің бе? Бақа біткен аузын ашты аңырып. Жоқтайды әлі Жердің беті «Өлі» де, Оның сәби сезіміне ашығып. Ақын қайтты Аспандағы еліне, Асықпайтын жүрісімен асығып. Бақыт жайлы басталмай ән шынайы. Бақшалардың басылмай тұр солығы. Жылылықтың, сұлулықтың құдайы – енді ешқашан толмайтұғын орыны. ...Қала. Қара. Көмір жолдар өкпелі, Мұң шақпайсың ешбір жанға ұғар деп. Жұлдыздарға қарай берем көктегі, Жұмағамның жолдастары шығар деп... Ғарыш жақтан бұйырмады маған дәм, «Қағанатың» қалды қирап төменде. Сіздей ақын тумайды енді адамнан, Сіздей Аға болмайды енді өлеңде... Алматыда «нояндарың» адасып, Ал адамдар арман қуып жүр әлі. Бір құдірет қолын бұлғап, жаны ашып, Сізге қарай тартады да тұрады.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Жоғарыдан жымиясыз -– Жайлы өңді... Ләйлә өмірді, жирен атты сүйесіз. Сіз бен біздей жақсы аға-іні қайда енді, Ақындардың патшалығы – иесіз... Жанат АЙМҰХАМБЕТОВА

(марқұм Жұматай Жақыпбаевқа) Қоңырқай күзде күмбірлеп даланың үні, Қырқада қалды өксумен жаралы гүлі. Шежіре шерткен ата-жер баурында тұрып, Үзілді тағы...ақынның нала ғұмыры. Табиғат неге тып-тыныш. Жыламай да тұр, Жаутаңдайды тек өлең мүсінді құралай-бақыр. Тағдырдың құрған торына мезгілсіз түсіп, Қай ақын бұл күн дариға-ай, құламай жатыр?! Ақынның жыры – қалды ғой айғағы мұнда, Қайғы болмаса жылайын қайдағы мұңға. Жарық дүниеде періште-махаббат деп соққан, Үзілді ынтық жыр-жүрек Ләйлә-ғұмырға. Шежіре жырлар шертіліп шығыс тілімен, Танытқан Кенежиренмен жүрісті кілең. Өлең әлемін, жымиып күлген сәтінде Шуаққа бөлеуші еді ғой кіл ыстығымен. Бауыры бүгін сөгіліп жыр алаңдай ма?! Саясы қалың бәйтерек құлағандай ма... Бұла мінезді, жомарт жүректі ақын еді ғой, Жұмағаң қайда, дүние-ай, Жұмағаң қайда?! «Жас қазақ» , 14 мамыр, 1992 жыл.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Светлана БУРАТАЙ МАҢҒАЗ ЕДІ... Кезіксе де алдынан мың тығырық, Көзі жайнап тұратын, мұрты күліп. Дала иісі аңқиды өлеңінен, Әкелгендей бір құшақ гүл-шұғынық. – Қарсы алдым, – деп, – Ойсазда дала таңын, Ұсынатын күн сіңген алақанын. Бөлім емес – өңір боп жұмыс орны, Көксу бойлап жазған-ды «Саратанын». Кей қабақтың елемей тырысқанын, Өлшемейтін сағатпен жұмыс шағын. Құмға сіңген судайын қабылдайтын, Бастықтардың ескертіп, ұрысқанын. Жұрт асыққан жерлерге жай баратын, Ел көрместі – ол көріп, ой бөлетін. Той-думанда қолға алса домбырасын, Ақыл-көркі, әні-сәні сай келетін. Әдеті еді қадамын жай басатын, Жайыңды айтсаң – амалын ойласатын. Жағымпаздың жанынан маңғаз өтіп, Жоғарырақ орынға жайғасатын. «Кеш келеді жұмысқа, ерте кетіп, Алу керек бастыққа желкелетіп», – деген күңкіл естісе жымиятын, «Жіберген Әбен ғой, –деп, – еркелетіп». Жырында сүйеніші Әбен еді, Екеуі ерекше бір әлем еді. Сабақты домбыраның қос шегіндей, Әңгімесі жарасты, әдемі еді. Сөзінен танып ақыл, қасиетін, Жұрты көп ақылына бас иетін. Соңында ұрпағы мен жыры қалды, Тірлігінің жалғайтын қасиетін. «Жетісу», 20 қаңтар, 2005 жыл.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Әуезхан ҚОДАР ЖҰМАҒҰЛ-ШОРА (Жұматайға) Асықпай қойды көктем де, Көңілді немен жұбатам? Барыммен ішкі жоқты емдеп, Аспанға қарап құр жатам. Қозы мен Баян –гүл күй ме? Бөрідей Қодар – бөтен ұл. Қозыны сүйсін дүние, Бөріні сүйіп өтемін. Махаббат неткен жасанды! Ашудан таза жоқ сезім. Періште болам қашанғы, Садақсыз өтті оқ кезім. Қыдырғандарға той – мәңгі, Қыдырша саяқ, кідірдім. Жоғалттым біраз формамды, Балбал тасындай Сібірдің. Өзіме-өзім тұғыр да, Өзіме-өзім құлпытас. Мен тоздым, болып ығырдай, Көңілім ғана тұр тұтас. Көңілім менің – шық қаса, Таусылмас мәңгі жүз грамм. Егерде көктем шықпаса, Мен ойша оны тудырам. Ұқпасын мені сағымдар, Көгертсін мені кім атап? Жұмақтың бұлбұл бағында, Түсінсе болды Жұматай. Мамырды бірге келтіріп, Ләйләмен ләйліп күліп ап.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Жортамыз екі бөлтірік, Адамша сөйлер тілі бар. Жаңғыртып мида Хаямды, Шараптан таттық ойша біз. Шайырлар үшін ғаламды, Тәрк еткен, алып қойсаңыз. САҒЫНЫШ Жұмағұл-Шора, Жұматай, менің досым-ау, Ақынның күпті тағдыры деген осы ма-ау? Жат болдым жұртқа мен Айдың арғы жағындай, Амалым да жоқ жағдайдан мына шошымау. Жасыңнан сенің ассам да, қызық біткендей, Болса да бәрі, қасиет пенен құт кемдей. Оздым ба, әлде, қалдым ба артта, білмедім, Қозғалтпай қойды нөпірлеп келіп жұрт сеңдей. Жасына да жат, кәріге тағы жатпын мен, Елде жоқ тілде жазылған жұмбақ хатпын мен. «Дат! – дейді, – тақсыр!» Еш тақсыр датты бермейді, Даттары оңға шешілген ешбір сәт білмен. Ешбір іс оңға баспады...Бәрі дұрыс қой. Батырдың орны қаза кездесер ұрыс қой. Бұлардың берген астары маған у болды, «Атпен жүр!» – дейсіз, ол да бір қате жүріс қой. «Ұлыны сыйла!» Ұлылар іші нас халық. Ұлы досым бар дидарлы емес, маскалық. Киіп ап маска ойнаймыз солғын партия, «Бастаңыз, көке!» «Бастасақ, Қодар, басталық!» Бұ Қодар аты боп кетті маған табыттай, Үндіше «абыз» бұл аттың мәні...Шабыт қай. Ұқтырмақ мұны? Кетем-ау, сірә, опынып, Әкемнің аты Әбдіраман екенін танытпай. «Орыс» ем, енді қазаққа, міне, айналдым. Жорғадай қазақ қазығына кеп байландым.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Жайлауым қайда, қалың ел қайда, бос орын... Зулап өтуде машиналары байлардың. Гораций қайда бассүйек мұңлы ұстаған, Ескерткіш қойған өзіне ойша – құс талап. Ескерткіш маған керек те емес, себебі, Ұсталар бітті, ақындар көп боп ұстадан. Ақынға деген бітпейтін бізде борыш бар, Ақынды сыйлап, ел болды, әне, орыстар. Ақынды жою дәстүрің болса, жол болсын, Билікте жүрген әкімсымақтар менен «болыстар». Жұмағұл-Шора, Жұматай, менің Жұм-ағам, Қазақ жоқ маған өзіңнен артық ұнаған. Алпысқа биыл толады екенсің, он бес жыл, Жұмақта жүрсің арылып барлық күнәдан. Ішпейсің онда, шекпейсің онда, жазбайсың. Абайша айтсақ, шыбыны да жоқ жаздайсың. Мінсіз ең...Енді мінсіздігіңізге зәруміз, Христос ақын, оралшы бізге азбай шын. Тіріліп тағы, жинашы қайта қағанат, Жиренің қайда, болмайды саған шабан ат. Серіксіз, доссыз өлімші болдым, Жұм-аға, Өлуден гөрі тірілу – жақсы аманат. Өзіңсің мұны аманат қылған, әмірім, Өзіңсің басқан бар нәзіктіктердің тамырын. Тағдырың сенің жас ақындарға көшуде, Тірілші, кәне, «мамырың келді, мамырың!»

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Кәдірбек ҚҰНЫПИЯҰЛЫ ТЕР Жұмағаңа – Жұматай Жақыпбаевқа Бір терім бар бойымда алынбаған, – деп шештім де, ақбоздай арындаған асқақ қалпым – ешкімге жалынбаған, қойып кеттім қалаға жалындаған. Қалдырғандай артыма үш кенжені, Кетіп қалдым, Көзім де түк көрмеді, ... Жұмағаңның үйінде ӨЛЕҢ тыңдап, Алматыда маңдайым шып терледі. Жұмағаңның үйінде таңға «шіреп», Өлең болып ӨЛЕҢ-ге жалғасып ек. Сол жолы ғой, Жыр-аға жымиып ап, Маңдайымнан иіскеді алғаш рет. «Шикарный екен», – деп жазғандарың, Әр сөйлемнің Жұмағаң созғанда әрін, Шықпай жүрген Кегенде кермек тердің Сездім мен самайымнан қозғалғанын. Жары болар жасаған жарағанның, десек-дағы, бақидан... бағаландың. Ащы терін ала алмай ерте кеттің Өзің қосқан майданға аламанның. Уақытта есеп жоқ арындаған, Қала тұр күйіп-жанып жалындаған. Маңдайда мөлдір тамшы жылтырайды: Бір тер бар біздің бойда алынбаған.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ «АҚЫН ЖҰМАТАЙ ЖАҚЫПБАЕВ» АТТЫ МОНОГРАФИЯҒА ҚОСЫМША БІРІНШІ ӨЛЕҢ Ақын Жұматай мен ару Ләйлә Сарноқайда дүбірлі той үстінде жолығып қалыпты деседі жұрт. Айтуларына қарағанда бұл өзі бертінде болған оқиға. Ақындар айтысының абыройы аспандап тұрған кез болса керек, өйткені жұрт ақын мен арудың ақтық жүздесуінде мынадай айтыс болған десіп жүр. ЛӘЙЛӘ: Жалған-ай, Қанатымның ұша-ұша талғаны-ай! Ақындар да шалымды жұрт айлаға, Періште деп жүрген оны қай дана? Сылқымым-ай, үйленіп ап Зәйдаға, Өлең жазып жүрсің бе әлі Ләйләға? ЖҰМАТАЙ: Айтатұғын сөз көп еді ойымда, Көп өтініш кетер болды-ау мойында. Сен – Сара боп, мен – Біржан боп кездестік, Әттең, мынау Сарноқайдың бойында. Тәңірім-ай, айтса болып тұрғаны – Жүрегімді аттай солықтырғаны. Мен – Жұматай, сен – Ләйлә боп жүргенде, Жолықтырса – қалай жолықтырмады?! Жалған-ай! Қанатымның ұша-ұша талғаны-ай! ЛӘЙЛӘ: Жалған-ай! Тағдырымның бұ да басқа салғаны-ай? Біржан болып іздеп пе едің Сараны? Кеңістікте кездесер жер бар әлі: Мен де сенше Аспан жаққа ұшам ба? Маған да бір қанат бітіп барады...

Жұ матай Ж а қ ы пбаев ЖҰМАТАЙ: Жалған-ай! Қанатымның ұша-ұша талғаны-ай? Қолына елдің тигені де – өзіне, Тіршілігі, күйбеңі де – өзіне! Кенежирен жұлдызға ұқсап аққанда Дүниеден түк түспейді көзіме. Өңімдегі түссің деп ем – нандың ба Қанатты аққу құссың деп ем – Нандың ба?! Аспанға ұшсаң, Сарноқайың бұлдырап Ноқат болып жатпас па еді алдыңда? Муза құсым, көздерінен жас тамған Мені әкетті... бас айналды сасқаннан. Ел, бекетке... мемлекетке, бәріне Аң-таң қалып жүрмін бүгін Аспаннан! Таңғажайып әлем ғой бұл түстен де, Айналасың күшті елден де күшті елге. Анда-санда жерге қайтқым келеді Алабұртып сен көзіме түскенде... ЕКІНШІ ӨЛЕҢ Көңілімді көптен тескен бір арман, Көз жасымды шыңыраудан шығарған. Анда-санда даусыңды естіп тұрайын, Өңшең алтын дыбыстардан құралған. Жұматай. Сарноқайда жаз бойы қар жатады, Неге тағдыр адамды зарлатады. Зайда. Қазақ кенде болмағанмен ақынға, Түптеп келсең, түбі түркі затында – Алатауда аңыз көшіп жүр бүгін Бір үйдегі екі шәйір хақында. Басқа ұлыстың үні өктем боп ұлтында, Тұрған кезде талшық мұң боп құлқынға.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Сарноқайдың тұлпарларын жырлады, Атомдар мен моторлардың жұртында. Қандай-қандай ақын туған жұртымда! Алтыннан жел есетұғын айдары, Алашымдай асқақ болу қайда әлі: Екі ақыны жырлады да бір үйде, Бір бұтақта егіз бұлбұл сайрады. Ақындарға адамзаттан кешірім, Сұлулыққа ғашық болса несі мін? Сұлулыққа ғашық болып екеуі Ләйлә ару деп қойды оның есімін. Жеті өзенге құйып кейде тасып кеп, Жерден құс боп кетіпті ұшып, асып көк, Біреуі еркек, біреуі әйел болса да Өксіп өтті Ләйлә аруға ғашық боп. Қонған бұтақ кем болмай-ақ тақтан да, Сайрайды-ай кеп бірге оянып ақ таңда. Тыңдапты ұйып үнін Алаш – анасы Балалары ұйқысырап жатқанда. Ләйләні іздеп, кеңістікте ойы ағып, Омырауы көз жасына боянып... Арғы жағын енді айтпай-ақ қоялық. ...Таңқалады естісе сол әуенді, – Біздің әулет ұйқысынан оянып! Арғы жағын енді айтпай-ақ қоялық.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев ҮШІНШІ ӨЛЕҢ Біз байғұстың суретін жұрт көкке ілсе, Ғұмыр бойы түспейтінін білмей ме? Жұматай. Жұматай дәліздің алдындағы айна алдында тұр екен. – Келші қасыма, – деген қоңыр үні құлағымда. – Объективке қарасаң да, айнаға қарасаң да бәрібір емес пе. Түу, әдемі екенбіз ғой... Ол маң-маң басып шығып бара жатты. Қайда бара жатқанын айтқан жоқ. От құйғандай екі көзі ұшқындап, Буырқанған бір мұңды ойы іш тырнап, Жұма-ағам тұр айна алдында күлімдеп, Өзін-дағы, Өзгені де мысқылдап. Жан-жағымнан күдікті ойлар қамап кіл, Мен де келем адымымды санап бір: Екі Ләйлә ғашық болған бір кезде Екі жігіт Екеумізге Қарап тұр! Қылжағы ма, шыны ма, әлде оны әлі Білмеймін мен... Көзі нұрға толады: – Түу, әдемі екенбіз ғой... Бізге енді Суретіңе түспеуге де болады! От құйғандай екі көзі ұшқындап, Буырқанған бір мұңды ойы іш тырнап Маң-маң басып шығып бара жатты ағам, Өзін-дағы, Өзгені де мысқылдап. ...Дүбір болса жүретұғын шетінде, Бұлбұл болып сайрап берген не тілде, – Өлгеннен соң Жұматайдың суреті Күліп тұрды газеттердің бетінде. О, Жұматай! Жер қойыны салқын, ә?! Қайда кеттің мені тастап артыңа?

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Бір құтылып Құлдығынан Тобырдың, Боздағым-ай, жеттің бе әзер халқыңа?! О, Жұмаға! Жер қойыны салқын, ә?! Музаң – үнсіз, Ләйлә аруын жоқтаған, Көбейіп тұр күңкіл-шүңкіл оттаған: Күнделікті газеттердің бетін де Парақтауға қорқатұғын боп барам. Күнді айналған Жер оранып тасқынға, Ғалам жатыр – Қасіретті һас тұлға – Ақындарды абақтыға қамаған Сталиннің Суреттері Астында – Жатыр ғалам! Қияметтік сапары – Ажалымен бірге шыққан атағы – Көк базарда, Қазыналық билетке Ол – Сенің де Суретіңді Сатады!!! Өзің кеше әлдилеген бөпе ғып, Өмір көші өртке түсті от өріп. Бұл тобырда иман бар ма, Шығатын – Берияны Төбесіне Көтеріп?! Күнді айналған Жер оранып тасқынға, Жатыр Ғалам – Қасіретті һас тұлға – Ақындарды абақтыға қамаған Сталиннің Суреттері астында...

Жұ матай Ж а қ ы пбаев ТӨРТІНШІ ӨЛЕҢ Дүниенің қызығына, ойынына, Бір түкіріп, бұршақ салып мойныма, – Кетер едім бір пендені көзге ілмей, Көзге ілмеуге тағдыр мені қойды ма?! Жұматай. Күйкіден қашты ала ат-тонын, Жүрді де қым-қиғаш жолдармен. Тұғырға керегі жоқ-ты оның, Тұлпарға қажеті болғанмен. Ол елден өзгеше ерек-ті, Жымиған кезі тұр нұр-таңда. Жұматай атбегі керек-ті Кенежирен секілді тұлпарға. Туды ол қатыгез ғасырда. Адам – құл! Болардай – ғалам тұл. Данышпан жүргенін қасында Дарынсыз сезбейтін заман бұл. Түркіге тән асау долы қан Бір маза бермесін сол ұқты. Қара күш – қорықса қолынан, Дәлдүріш Жырынан Қорықты. Сүйінді – Көзінің жасымен, Кеудесін керемет жыр қысып. Күйінді – Бекзада басымен Бейшара пендемен бірге ішіп... Біз тудық, Сусыны у болып, Топан су толғанда тоғанға: Адамның милары су болып, Жүрегі тас болған қоғамда. Мұсылман кәпірге шоқынып, Тексіздік төбеден қарады.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Құл-құтан таққа кеп отырып, Ханзада қаңғырып барады. Тұғырың – тұлпарға бергісіз! Арғымақ ат қайда кекілді?! Құдай – кім? Құлың – кім? Белгісіз! Дарынсыз – данышпан секілді! Арамза – қағынған төсегі, Алашта ақынға өш еді. Күл-көмеш болды да көсемі, Өршіді өрт – қатын өсегі. Ол көрді біз көрген сан қыртты, Қотыраш құм шашып көзіне. Алашқа керексіз жәндікті Алла да Алмайды Өзіне! Қош, соңғы серісі ғаламның! ...Көзге – нұр, көмейде – үн күлген, Алашқа керек сол Адамның Аллаға Керегін Кім білген?!

БЕСІНШІ ӨЛЕҢ Ана жақта банк, парк, баспа бар, ерен үн бар елтөбелер жасқанар. Мына жақта жаман дүкен, көк арақ. барак, үйлер бар және бір Жас Марал. Жұматай. Бауырым, келші... Кенежиренмен шабайық. Сен жақта не бар, Мен жақта не бар, санайық,

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Арғымақпенен кетейік шауып, алға Асып, Адамдар қалсын, Замандар қалсын шаң басып. Мен жақта Күн бар, Сен жақта Түн бар, – Арбасып, – Кезек пен кезек тұрады – дейді – Алмасып. Дүние – кезек. Дүбірлеп жатыр тасқында. Қай жақта қалдым қара түнектен қаштым да? Сен жақта не бар? Мен жақта Күн бар – һас тұлға, Жарық пен түнек арбасып жатыр астында. Мен жақта – банк, Жоқ оның маған құны түк. Қарайды бірақ қабағын неге суытып? Қасқыр – замана ішек-қарындарын Ұлытып, Жүрегі барын барады пенде ұмытып! Қанбазар – қалың, Ғаламды жатыр сатып ап, Музалар қалды... Биржалар кетті қатынап! Қан саулап кетті зұлымдық шықпай жатып ап, Алшаңдап кетті Абайды ұқпайтын ақымақ. Бұл жақта кім бар? Көрдің ғой көзбен тәуірін? Келдің ғой... келіп көтердің жүгін ауырын. Біз жақтың көрген жауынын, зілін, дауылын... Сен жақта Мағжан, Қасымдар бар ғой, бауырым... Айтсаңшы, бауырым, кеудеңде Мендей шер жоқ па? Ғаламда Жоңғар Алатауындай жер жоқ па? Білемін, иә, ес-дертің сенің – ел жақта,

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Махамбет – сенде, Ықылас қалды – мен жақта. Сен жақта қалай? Бұл жақта көкте Күн күлген. Оятып таңы, қажытып түн көз ілдірген. Жарық пен Түнек айқасып бәрін Бүлдірген... Күндердің күні қайсысы жеңбек? Кім білген... Мен жақта әлі қантөгіс – Сенат Алаңы, Қаланы қосты өзіне, бүкіл даланы. Әбілді өлтірген Қабылдың қанды балағы, Сабады бауырын, Алашын итше талады... Мен барам Саған. Олар да Саған барады. «Жас Алаш», 10 тамыз 1994 жыл.

Ибрагим ИСАЕВ ҚАЗАҚТЫҢ ХАФИЗІ Жұматай Жақыпбаевқа Харам ойларға жоламай жауықтыратын, Іздеген ізін қашанда тауып тұратын, Ақын еді ғой, жаныңа жақын еді ғой, Жырлары сырқат жүректі сауықтыратын. Кисе де қандай жарасар басына бөрік, Шаршаған жандай бейне бір шашыла беріп, Алыста тұрып айбарлы бас иземейтін, Хал сұрасатын қашанда қасыңа келіп. Асықпай ғана сөйлейтін, асықпай жүріп, Ойларын әсем беретін қасықтай бөліп. Көңіліңдегі кірбіңді тұрқыңнан танып, Жүректегі ойды тұратын ғашықтай біліп.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Көрген жоқ әсте күні үшін бұлғаққа барып, Сәби сынды еді көрмеген құндаққа жарып. Төрелер менен Үйсінге көшетін бір сәт, Қажытай досын қисынды бір мақтап алып. Өлеңіндегі ойлары айдалаға асып, кетпейтін әсте, жазбайтын пайдаға басып. Оңтүстіктердің «шешеңді» дегені сынды, Жүретін ылғи жырында Ләйлә араласып. Кезі жоқ еді мастанып, мазаққа ерген, Тірлікке көніп батқан бұл азапқа белден. Атадан қалған асылдың сынығындай-тын, Хафизі сынды өлеңнің қазаққа берген. Қиқуға толып жатқандай қаз қонып көлі, Жайлауын айтып, атты айтып мәз болып тегі, Қалаға сыймай қиялы далаға қашып, Көңілі жүдеу, әншейін көзге күпті еді. Дейтұғын кейде, амалсыз қоямын ішіп, Шашы мен мұртын сездірмей бояды «пысық». Сылытып басып жүргенін көргенмін талай, Тұманбай берген туфли аяғын қысып. Ұқсамаса да қайсыбір дауыл ақынға, Қарай алатын қас ниет жауына тура. Тілімдеп кетсін жүрегін, күлімдеп жүріп, Сездірмеуші еді жанының ауыратынын да. Маржан сөздері түскендей шашылып көктен, Жүрген жандай-ақ сырқатын жасырып көптен. Жиырмасыншы ғасырда бір ақын болды, Асықпай жүріп, өмірден асығып кеткен.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Байбота Серікбайұлы ҚОШЫМ-НОҒАЙ ЖҰМАТАЙ РУХЫМЕН СЫРЛАСУ (реквиемнен үзінді) Жан біткенге жалынбай, Жақсы өліпсің, япырмай!

Абай Имансыз мынау әлемге күліп мұртыңнан, Көкірегіңді құсаға бөлеп жыр тұнған, Ләйләнің әндей бейнесіменен арбасып, жүруші ең кеше көшеде маң-маң, маң басып, Жұматай аға, өттің-ау сен де жалғаннан! Бір қызға ғана қырық жыр және күй арнап, Тар пешенеге мұндай да кейде сыяр бақ! үлпеттей ғұмыр кештің де балдай дәмді ғып, Зайдаға ауыр қайғы мен мұңды қалдырып, Жұматай аға, өттің-ау сен де жалғаннан! Тәуіптей тізіп шұғынық, жусан, сояуын, жырыңа жағып даланың барлық бояуын, болдың дағы өзің ортамызға кеп аз-ақ күн, өмірге деген өкпесі сынды қазақтың, Жұматай аға, өттің-ау сен де жалғаннан! Таусылған шығар, қайтейін, татар тұз-дәмің, Ақсайға келмей, Кеңсайдың аңсап ызғарын, қайрылмай кеттің, жан едің өзің не деген?! Өзімнен басқа ешкімнен «таяқ жемеген», Жұматай аға, өттің-ау сен де жалғаннан! Сен тірі жүрсең шашатын қаламақыма-ақ, бір құшақ гүлді базардан бүгін сатып ап, басыңа келіп, зиярат қылып оралдым, бар болсын менің бейшара мұндай жоралғым!.. Жұматай аға, өттің-ау сен де жалғаннан! «Қазақ елі», қазанның 5-і, доңыз жылы (1995 ж.)

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Сайлаубай ТОЙЛЫБАЕВ АҚЫН ЖОЛЫ НЕМЕСЕ ЖҰМАТАЙ ЖАҚЫПБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ... Айналайын, асыл туған, жүректі, Жер-Анаға өлеңімен гүл екті. Суық хабар жеткен кезде ең алғаш, Тұла-бойым тоқ соққандай дір етті. Сенейін бе, сенбейін бе сөзіңе, Ыстық жас та толып кетті көзіме. «Жұмеке» деп, ал біресе «аға» деп, Қалжыңдаушы ем, еркелеуші ем өзіңе. Әрбір жанның жүрегінде жырыңыз, Жүргендігін уа, Жұмеке, біліңіз! Сен – ағалық, мен – інілік парызбен, Түсінуші ек бірімізді-біріміз. Сөзі де ерек, тіліп өткен көкті де, Шуақ нұрын жан-жағына төкті ме? Есениндей еркелеген еліне, Бір ақыны қазағымның өтті де...

Жүзіп келе жатқан өлең-кемеңді, Поэзия мұхитынан көрем-ді. Өзің жоқсың түсінетін жанымды, Аға, кімге еркелеймін мен енді? *** Көңілді жабырқатпай жұбатайын, Деді ме қырда жатып, гүл атайын. Сағынып іздеп жүр ме жыр-өлеңі, Жанында бірге жүрген Жұматайын. Бұлақ та сыңсып ағып сылдырайды, Сағым да сонау қырда бұлдырайды. Жүгірген жағасында жалаң аяқ, Қусақ та қабақ түйіп, тұнжырайды. Көкейде көлбеп тұрса ізгі арманы, Демейміз балалықтан із қалмады?

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Кешегі гүлін терген қырат-қырдың, Мұңайып қарайтындай қызғалдағы. Тағдырдың басқа салған ісі ме еді, Ол да бір қас тұлпардың мүсіні еді. Иесін жоқтап тұр ма жануар-ай, Кермеде Кенежирен кісінеді. Қызарып батты білем күн аяғы. Жабырқап жүргеніңді кім аяды? Өзіңмен мәңгілікке қоштасқандай, Талдар да басын шайқап мұңаяды. Тербеліп тал бесікте жатасың ән, Гүл терген Үшбұлақтың жотасынан. Шүйкедей ақ шашты ана отыр зарлап, Айырылып қалғаннан соң ботасынан. Көңілді жабырқатпай жұбатайын, Дедің бе Кеңсайымда гүл атайын. Сағынып іздеп жүр ме жыр-өлеңі, Жанында бірге жүрген Жұматайын.

*** Артық көріп өлеңді қара бастан, Сөз қадірін түсінген бала жастан. Сарноқайдың сан тарау бұлақтары, Сырлассақ деп жырларын ала қашқан. Туды ма екен ақ сүтпен жөргекте өлең, Төрің бар да ақыным төрлет деген. Туған жердің ғажайып суреттерін, Өлеңімен әспеттеп өрнектеген. Жасыл желек, көк арша, гүл құрақтың, Шапқылайды бұлағы сылдырап тым. Өлеңіңді оқыдық, күбір-күбір, Шығып алып шыңына Мыңбұлақтың. Тартып туған елінің балғыны ма, Көз тігеді шың-құздың, жал, құмына. Кенежирен атынан түсе салып, Үшбұлақтың аунады шалғынына.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Сағынғаны бұл сірә, сағынғаны, Туған жерге бас иіп табынғаны. Күркіреген өзенге құлақ түріп, Көзін тікті ақ көбік ағынға әні. Бүлдіргенін үзіп жеп собығынан, Шалды қанша шалғыны тобығынан. Болдырып-ақ қалғаны-ай тойдан кейін, Досы мінген тоқымсыз торы құнан. Сөйлегенде өрнектеп жыр атынан, Айналдым –ау ақыным, мұратыңнан. Жиреніңді жаратып шыға келдің, Сарғоқты мен Ешкіөлмес қыратынан. Айтуға да бар шығар хақым мына? Кенежирен тиген соң тақымына... Шоратұғыл шыңдары қол бұлғайды, Оралар деп әлі де ақынына. Шөл қайырар Бекбаудың Қайнары да, Ақ сағымдай алдыңда ойнады ма? Тұрғандай-ақ сағынып бүгін енді, Қараиректің қарайды сайлары да. Көш жолы. Шаңы шыққан жатыр әні, Алыстан қолын бұлғап шақырады. Кешегі жүріп өткен ақын жолы, Бүгінде терең ойға батырады... *** Қиналғанын сездірмей жан адамға, Достар таптың қаншама қаладан да. Миығыңнан «мырс» еткен жымиысың, Кетер емес осынау санадан да. Жамандыққа қарайтын түршігіп те, Жүрдің бәрін көтеріп, күрсініп те. Неге адамдар бір-бірін сыйламайды, Қатар жүрген осынау тіршілікте?! Өлеңіңмен өлмейсің, ірісің де, Сал серіге тән еді жүрісің де.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Сыйлағаны не керек, кейбіреудің, Білмеген соң қадірін тірісінде. Айтушы еді, кішіге ақылын-ай, Жатырқамай, жатсынбай, жақынындай. Бұл жалғаннан өтті деп айту қиын, Ақ жүректі, ақ көңіл, ақыным-ай! Жырлар таптық жылынар жас жаныңнан, Жан-жағыңа сәулеңді шашқаныңнан. Көпке дейін із тастап тұрдың-дағы, Ағып түстің бір жұлдыз аспанымнан... *** Қалай десең олай деші, кемсін бе ой? Білем аға, көңілің бай, кеңсің ғой. Сөз қадірін жүрегімен түсінген, Қазағымның Пастернагы сенсің ғой. Ақыным-ай, арманы көп аңсаған, Қарапайым қасиетіңе тамсанам. Аз ғұмырда шен-шекпенге қызықпай, Тарттың өмір тауқыметін қаншама? Сезем сенен қамқорлық пен жылылық, Жырларымен тұратұғын жылы ғып. Поэзия биігінде өлмейтін, Ақын болып туғандығың ұлылық. Қаншама сыр, қаншама әсер аламын, Аламын да, терең ойға қаламын... Өмір жібі үзілді ме, япыр-ай, Жанып келе жатқан кезде талабың. Құдіретін сездің ғұмыр, жарықтың, Өкінішті. Кеттің ерте жанып тым. Ата-анаңның ұлы болмай тек қана, Ұлы болдың қазағымдай халықтың! Қалай десең, олай деші, кемсін бе ой? Білем аға, көңілің бай, кеңсің ғой. Әрбір сөзін өрнектеген өлеңмен, Қазағымның Пастернагы сенсің ғой.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Әділ БОТПАНОВ ЖАН АЗАСЫ ...Бір күні кешке Әділ бөлмеге кіріп келді де үнсіз тұрып қалды. Өзінде өң-түс жоқ. Көзі мөлт-мөлт етеді. Біз шошып кеттік. «Не болдылап?» жатырмыз. «Жұмағаң қайтыс болыпты...», – деді ол. Шынын айтқанда, мерзім­ ді баспасөздерден өлеңдерін оқығанымыз болмаса, Жұма­ тай Жақыпбаевты біз ол кезде көп біле бермейтін­біз. Жұмағаңның жыр қағанатын құрғанын, оның ең жас сар­ базы Әділ болғанын сол күні естідік. Көп өлеңдерін сол тү­ ні оқыдық. Әділ Жұмағаңның қазасына арнап «Жан аза­сы» деген өлеңін жазды. Мынадай: Бауыржан Бабажанұлы Құшақтап қайғы жабыққам-ды құр, Жабықпас жаққа кетермін. Ұйықтасам қара табыттарды кіл, Аймалап жүрем, нетермін... Қашанғы енді ғашық балаша, Соза да берем төзімді. Табыттың ішін ашып қарасам, Ішінен көрем өзімді. Үрейім ұшып, үдейіп күмән, Басқа бір келдім табытқа. Онда да өзім, не дейін бұған, Қолымды созып жарыққа. Қолымды созып, жалын деп лаулап, Өшіріп үнін наланың. Арманды қуып тәнімнен аулақ, Алысқа самғап барамын. Санаға енді бұл да азық па екен, Тағы аштым табыт, бекеммін. Ішінде өзім – гүл нәзік өлең, Былдырлап жатыр екенмін. Былдырлап жатыр екенмін...

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Тұрсын ЖҰМАШ

ҒАРЫШ ЖАҚТАН КҮЛІМСІРЕП ТҰР АҚЫН Жұматай Жақыпбаевқа Ғұмыр бойы шаршап күткен таңы атпай, Өкініші алды-артына қаратпай... Ғарыш жаққа кетіп қалды Жұматай, Көпшіл еді, міншіл орта жаратпай. Өлеңшінің қайғысы кем, басы аман, Жұматайлар ұнамайды аса оған... Бір әдемі Ақын ұшып барады, Ақын да бір періште ғой, Жасаған. Бүгінінен қызық еді-ау ертеңі, Жетімсіреп Зайда бір күй шертеді, Ғарыш жақтан күлімсіреп тұр ақын, Бізге жұмбақ, аруларға ертегі. Көзімде жас, көңілімде нала-мұң, Кереметі жарқ етті ғой даланың. Түнде ғажап түс көрдім мен, түсімде Алатауға қарай кетіп барамын... «Жас қазақ», 11 қараша 1992 жыл. Арасанбай ЕСТЕНОВ

МОЙЫНДАУ Жұматай Жақыпбаевқа Тағдырына бір өксіп, бір емінген, Миығынан мысқылдап күле білген. Мырзасы едің жалғанның жариялы, Сырбаз күйі аттандың бұл өмірден. Кезің жоқ-ты дандайсып, мақтанатын, Кербездігің бары рас, баптанатын. Заманынан кеш туып, ертелетіп, Құм жирендей жұлдыз боп аққан ақын.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Шежіре айтып. Қазанғап...Төле биден, Көңіл демдер кей сәтте көне күймен. Өзің жоқсың. Кеудемді дүсірлетіп, Шұрқырайды жетім жыр – Кенежирен. Құрыш тұяқ омырау тепкілейді, «Ғұмырың, әне, өтті-кеттілейді». Бұл заман арсыздар мен тоғышарда, Таяқты дүниеде текті жейді. Бұл сенің тағдырыңнан түсінгенім, Ешкімге көлеңкеңді түсірмедің. Ортаңа әзіліңмен шуақ сеуіп, Ешқашан кісімсініп ісінбедің. Жаралған киелі өлең үшін демің, Сен нағыз кемелденген күшіңде едің. Тәрк етіп күйкі тірлік, шен-шекпенді, Алдында пенделіктің кішірмедің. Жалмаған талайларды асылдайын, Көкейге түйіп қана ғасыр жайын. Әрдайым іштен тынар ақын жүрек, Жарқ етіп жанып кетті-ау жасындайын. БЕЙІШ БАҒЫНА ХАТ... Сол астана, сол аспан, сол күн әлі, Сол заман аумалы да толқымалы. Бәрі аман, жыр мұраң да, домбыраң да, Тек жүрек өзіңді іздеп алқынады. Аман бәрі достарың. Айкүн де аман, Өзгеріссіз тұрушы еді қай күн ғалам. Бастап беріп жаңа жыр-ғұмырыңды, Уақыт-қазы бағаңды айқындаған! Жан емес ең жағымсып, пайда көрген, Бұл қасиетіңді ашып жүр Зайда жеңгем. Тұлпар-жырың даламды дүбірлетіп, Сарноқайда беу-беулер «Ләйлә» келген.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Жаға алмаған отыңды жастар жағып, Ұлы өмірің – жыр дастан басталды анық. Сарноқайдан аттанған сері жігіт, Алатаудай барасың асқарланып. Әшімхан БАЙЫС БИ

АҚЫНДАРДЫҢ АҚҚУЫ Ер болмайды, езді орама бүлдемен, Ақын болмас сыйлағанмен жүлдемен. Өз күшіңмен кеттің ұшып ғарышқа, Ессіз сөзі ептілер жүр кіл төмен. Су таппасаң қайырсыздан бір жұтым, Мықтылардың мықтыларын пір тұттың. Ақындардың аққуы боп қалдың сен, Ер боп қалдың, ел боп қалдың бір бүгін. Өшіре алмас бұл даңқыңды көгіңнен, Алса алды тек тәніңді өліммен. Жүректерге жолаушылап кеттің сен, Әлі талай шығатұғын төрің кең. Мың өлеңің естіп жүрген неше сын, Бір өлеңмен қайтарыпсың есесін. Ақынмын деп бұл ғаламға жар салмай, Алшақ бастың астананың көшесін.

Екі өлеңін шығарғандар жылына, Даурығысып даңқ қуса жұлына, Ұрынбадың, жылынбадың басқа отқа, Бұл қасиет ұлыға тән, ұлыға, Төбемізде аман тұрса ұлы күн, Мың түлетіп, мың жасартар ұлы ұлын. Өз үніңді өзің алға жалғадың. Алаңдамай ала бер көз шырымын. «Жетісу шұғыласы», 18 қыркүйек, 1998 жыл.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Амантай МӘСІМБЕҰЛЫ ТЕРБЕТІЛ ЕКІ ДҮНИЕ БЕСІГІНДЕ Жұматай Жақыпбаевтың рухына Сомдалған сымбаты ерен ұғымы мән, Қыршында қысқа кешкен ғұмырың ән. Бас иіп рухыңа табынайын, Ерте ұшқан сұңқар еді-ау тұғырынан. Арманға құлаштаған жаны асығып, Жыр өрген Жетісуда аласұрып, Жұматай Жақыпбаев жыр-шежіре, Тарлан ең топқа салар таң асырып. Өрнекті ой ақтарайын дана бағын, Сері ақын енді ашқанда жаңа бағын, Қонғаны жыр киенің рас болса, Мен қалай үнсіз бұғып қала аламын. Жарқ еткен жыр жолында қыран тұғыр, Құртса да пәк жаныңды жылан ғұмыр. Қастерлеп есіміңді қара нардай, Ұрпағың, елің жасар ұлан дүбір. Қол созған қиялыңа көсіп өрдің, Біртуары емес пе ең «несібі» елдің. Сыр мен жыр қатар өрген бал таңдайдан, Ілиястың соңына ерген есім едің. Қандырған мәр сөзімен көптің қыбын, Өлкеңе өз атыңды ектің бүгін. Тарих тұмбасынан орын алып, Биіктеп бара жатыр тектім бүгін. Жетісу бүгін сенің есіміңде, Орындалды арманың, несібің де. Көрініп қайтқан тұлға, ғарыш жақтан, Тербетіл екі дүние бесігінде. «Жетісу шұғыласы», 18 қыркүйек 1998 жыл.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Жомарт ИГІМАН ҚОЛТАҢБА Жұматай Жақыпбаевқа Түсіме ендің жуырда таң алдында, Бөленіп тұр дидарың арай-нұрға. Қарадың да хошшуақ кескінменен, Ғайып болдың қоштаспай ешкімменен. Асықтың ба пейішке алтындаған, Ауыл иісті ақпейіл қалпыңда, ағам. Бекзат бітім-болмысың көзден кетті, Жымиысың жып-жылы өзгермепті. «Саратанда» қолтаңбаң: «Жомарт інім, Бар сенің Жомарт ақын болар түрің!» Жаза алдым ба, Жұм-аға, көрікті өлең, Әйтеуір Музаға адал болып келем. Жыр – жауһарға жаныммен үздігемін, Ләйләңді оқып жаулағам қыз жүрегін. Көркем сөзге көрікті қосқан үлгің, Өзегіне нәр берген дастанымның. Үш кітапқа жүк болған Зайда зары, Шедевріне жоқтаудың айналады. Аз болмапты-ау тірлікте жарқын күнің, Ауызыңнан түскендей Айкүн – гүлің. Жыр – қағанат құлашын жая алғанын, Айтады әлі Елхандар, Нояндарың. Санамызда ақырғы Қаған атың, Көкейге мұң соны ойлап жамалатын.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Асқақтықпен үндестің сан тілменен, Ақын, күйші, атсейіс қалпыңменен. Жүректерде айшықты таңбаланып, Өзіндік жыр – қолтаңбаң қалғаны анық.

«Жетісу» 20 қаңтар 2005 жыл. Қыдыр БАЙДҮЙСЕНОВ САҒЫНДЫРДЫҢ ЕЛІҢДІ Жұматай Жақыпбаевқа Нәзік жырың жүректерден табылып, Елің сені еске алады сағынып. Мерейтойда шапан кимей, ат мінбей, Жатырсың-ау қара жерді жамылып. Өзегімді өкініш мұң құрсайды, Аз ғұмырың жұлдызға аққан ұқсайды. Бір күлдің де кете бардың қарамай, Мәңгілікке мекен қылып Кеңсайды. Тамырлары Жер-Анадан қуат ап, Басын иер жар басында құба тал. Самал желдің қоңыр майда сыбдыры, Жырың болып көңілімді жұбатар. Бергеніңнен берерің де көп еді, Өлді деуге көңіл қалай сенеді? Мерейтойың өтіп жатыр өзіңсіз, Тек жырларың жүрекке нұр себеді. Елің бүгін еске алуда сағынып, Аруағың нұр шапаққа малынып. Кеудеңдегі шабытыңның пырағы, Ғарышта жүр жұлдыз үкі тағынып. «Жетісу» 20 қаңтар 2005 жыл.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м КЕНЕЖИРЕН «Сарноқайдан» жыр-керуен көшін көрем, Шұғынық гүлден ақын жүр есіп өлең. Ойға бата оңаша толғанатын, Ақынның жаны жұмбақ шешілмеген. «Көкпарлап!» Үшбұлақтан шықты сарын, Жұмекең ақын, күйші – егіз дарын. «Ләйлә келген», «Зайда көрген», «Қажытаймен», Кім білмес «Жұматайдың Жұпбасарын». «Ойсаздың» бауырынан еседі өлең, Жырыңды оқып, биіктеп, өсе берем. Артында ақ армандай ізі қалған, Мен келем ақын жүрген көшеменен. Ақынның еншісіне тиген өлең, Ләйліге ғашық болған күйге енем. Ілияс дүлдүл ақын Құлагердей, Жұматай жыр көгінде Кенежирен. «Жас Алаш», 6 сәуір, 2006 жыл

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Ерғазы МАНАПҰЛЫ СҮЙЕНІШ

Жыр оқыған күбірлетіп бал ернін, Москва ма, Римде ме, тауда ма. Мен де кейін бір баланы демермін, Таба қылмай досына да, жауға да. Жұматай Жақыпбаев Жасанып қайтем жұлдызды жансып, Немесе шіренген құндызды паңсып. Жырыңа шөлдеп,құмартып жүрем, Апиыншыдай кәйпіне қаңсып. Пілден де зілдей көрмеген ығып, Қорқытсаң қалар кәнден де бұғып. Жырыңнан жұпар жұтамын келіп, Меккенің суы зәмзәм деп ұғып. Табаныңнан өтсе, мұндардың сызы, Алдыңнан шықса, сұмдардың құзы. Қазақтың көне тарихы асылың еді, Ғашығың еді, өр ғұндардың қызы. Жаныңды жауһар жырларың желпіп, Күй тарттың Қорқыт сазына елтіп. Жыр өлкесінде қағанат құрдың, «Сен тұр да, мен тұр» нояндарыңды ертіп. Барлауға күнде мың ғұнды салып, Қуандың ба асқақ жұртыңды танып. Қағанатыңды шолатын шығарсың, Ғарыштан сонау дүрбіңді салып. Сесіңмен демеп һәм жырыңмен жебеп, Гүл егесің бәсі кем көңілге – кебек. Шүршіттер салған қорғандай қалпың, Келесің дәйім біздерді демеп. «Білім шапағаты», 5 ақпан, 2010 жыл.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Айтақын БҰЛҒАҚОВ ЖҰМАҒҰЛ-ШОРАҒА Мен рас оны көргем жоқ, Амандаспадым барып та. Жұмағұл-Шора өлген жоқ, Сапарлап кеткен ғарышқа. Ғарышқа кеткен күлімдеп, Жұлдыз боп бәлкім шашылар. Жүрегін берген тілімдеп, Жаһанда аз ғой жақсылар. Керуен соңы көш еріп, Нояндар жиған қағаным. Көк-Тәңір алған көтеріп, Тигізбей жерге табанын. Көз жасын көлдей төгіп жүр, Әлемнің бүгін жартысы. Жел болып бетін өбіп жүр, Ләйләнің қызыл шарфысы. Сұлулар біздің сұр мерген, Шайырда қандай өші бар? Ләйлә оған у берген, Арабқа тиіп несі бар?! Сарноқай аймақ сарғайған, Шұғынық гүлі шұрайлы. Ләйлә да бүгін қартайған, Бір сұлу тағы мұңайды. «Білім шапағаты», 5 ақпан, 2010 жыл.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Құсайын БЕЙСЕБАЕВ ЖҰМАТАЙ ТУРАЛЫ ЖЫР Мінезі де, өлеңі де ешкімге ұқсамас дара талант Жұматай Жақыпбаевты еске алу Сонау бір жыл. Ұмытылмас, есімде Талдықорған. Күздің қоңыр кешінде Тұрған кезім бекетінде көліктің, Келе алмай бір жөні түзу шешімге. Көлік болса Жаркентке жүрмек ем, Жолаушымын. Билет қолға тимеген. Байыздамай бебеу қақты көңіл-құс, Бұрын-соңды туламаған, бұл неден? Көңіл жүйрік алас ұрды тыншымай, Шыдас берсе жалқы жүрек жұлқымай. Әрі-сәрі ой толқыны тербейді, Көлік те жоқ. Күннің мына қырсығы-ай! Бұл күні де кете алмадым, кетпедім, Тұрып-тұрып пәтер жаққа беттедім. Қарсы алдымнан шыға келді Жұмекең: -Келіп едім таусылып қап «оттегім» – Деп күлді де қатты қысты қолымды, – – Қайдан жүрсің, киімің бар қонымды, Жаркентке барып келдің, қу бала, Ал, жумасаң болмайды енді жолыңды. Күліп тағы қағып қойды иықтан, Лебізі ме көңілімен жылытқан. – Барып келдім Жаркентке, Жұм-аға, Дос-жаранды көріп қайттым ұмытқан. Осылай деп шындығымды жасырдым, Мінезіне басып әккі тасырдың. – Барып келсең бәрекелді. Құсайын, Ауырғанын жазар болдың басымның.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Мәз болғаны-ай көзі күліп ағаның, Кірбіңі жоқ көрдім ашық қабағын. Қара мұртын қайта-қайта сылады, – Бұл ағаңды жарылқасаң жарадың. Жүзін көрдім жас балаша қуанған, – Жырың болса оқы, – деді, шығарған. Жұрт білетін Жұматайдың жанында, Өлең оқу – болушы еді бір арман. Сол арманға қолым бүгін жеткендей, Төрт-бес өлең оқыдым-ау көп көрмей. Жақсы деп те, жаман деп те айтпады, Көңіл бірақ биікке ұшты кептердей... Пәтерге де келіп жеттік бір демде, Сәлем берді ол ауызғы үйге кіргенде. – Жұдырықтай жүрек соғып тұрғанда, Қайда қалып, қайда кірмес бұл кеуде. Осыны айтып жылы жүзбен жымиды. – Қайдан тауып алғансың, – деп, – бұл үйді. Орын болса өткізбекпін осында, Бүгінгі күн, бүгінгі кеш-іңірді... Сөз етпеңіз, орын-дағы табылар, Бұл пәтерде жақсы адамға – бәрі бар. Дедім дағы газға апарып шай қойдым, Көк құманға су толтырып танымал. «Морозкадан» қойдың басын шығардым, – Түу бұлайша жол сапарын жуар кім, – Деп қуанып жылы күліп отырды, Қонағы боп қонып қалам суанның. Саған айтып берейін бір мөлдір ән, Бар болса әкел, қос ішекті домбыраң. Деген тұста қалдым қатты қысылып, Жоқ болып қап сол дүнием – сол мұраң.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Ымырт қонды. Шай ішілді, тағам да, Көңілдіміз, мен де, ақын, ағам да. Сұлу мұртын жиі сипап қояды, Құрастырып қалың өлең табанда. Қыза-қыза кеңге сілтеп құлашты, Өмір жайлы, өлең жайлы сыр ашты. Сырын бүкпей емен-жарқын отырды ол, Ойларын да ортаға сап тым ащы. Сырбаз ақын сырға бөлеп пәтерді, Ұзақ таңға «Ләйлә» жырын әкелді. «Ішкен ердің қалың болар қайғысы» – Көп қайталап осынау бір мәтелді... Сонау бір жыл ұмытылмас, есімде, Талдықорған. Қоңыр күздің кешінде Тұрған кезім бекетінде көліктің, Әрі-сәрі келе алмай бір шешімге. Ерік беріп, желік беріп ақылға, Кездескемін сұлу мұртты ақынға. Жаркентке бармасам да жасырып, Тағы барам, – деп қойғамын, жақында. Мықты ақынның талантына бас ұрып, Осылайша бір шындықты жасырып, Қалып едім. Болмаса да Жұматай, Қысыламын қалардай сол ашылып... Содан бері өтті жылдар, өтті Ай, күн, Өткен күнге айтар өкпе, жоқ қайғым. Сұлу кеште сұлу жырын оқыған, Сұлу мұртты Жұматайды жоқтаймын. «Жерұйық» , 27 сәуір 1993 жыл.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Зайда ЕЛҒОНДИНОВА ЖҰМАҚҚА ЖАЗЫЛҒАН ЖҮЗ ХАТТАН ҮЗІНДІ...

Менің Жұматайым! Сен кеткелі алты жүз жыл өтті... Мен сол қалпымдамын,жүректі алтындадым. Қара алмастай қатайып жалтылдадым. Кіреуке күн ұялап жанарыма, Сәл-сәл ұяң тартты жарқын жаным. Есіңде ме екеуміз, оңашада сыр ашқанда, Өмірдің қысқалығын айтып жыласқанда, Жұмбақ жұлдыз жымиып тұратын-ды, Бізге қарап мәңгілік нұр аспанда. Біз қандай бақытты едік, мөлдір едік, Жанымызға ақ арман сеңгір егіп, Ақ сезімге шомылып айлы түнде, Бас айналып, бақыттан елжіредік. Сезінбедік өмірде ажал барын, Атой салып кеудеде мазаң дарын. Сені жырлап өзімше мен бақытты ем, Сен де төктің жүректің ғазалдарын. Соның бәрі келгендей ертегіден, Қайда кетті шат күлкі, көркем рең. Сені ойласам бүгінде Айға қарап, Сол бақытты сәтімдей ерке күлем.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Сол баяғы қалпымдамын. Қыздарындай сақтардың, Сенен қалған көк сүңгіні, Ту-у биікке ап бардым. Балағыма жармасады ыржиып, Өзің барда қарамаған бақ балғын.

Тептім бастан пенделердің ермегін. Тырсияды, саумай жүрмін шер желін. Көкірегімнен көктейді жыр сені ойлап, Қаулағандай қасиетті жерге егін. Фәни, бақи болғанменен, Баяғыдан жақын болып арамыз. Сенсіз маған сәл қиындау, алтыным, Таяп қалды қызығы жоқ қара күз. Берілмеймін мұңға, жырға, басқаға, Өмір деген қол жетпейтін асқақ, ә. Төбемде ұшып жүресің де қоясың, Асыл ағзаң айналғанмен тасқа ана. Ұмыт дейді кейбіреулер сені енді, Дейтін шығар елге көңіл бөл енді. Көкірегімнен итергенде көп пенде, Сағынамын өзің жатқан төбеңді. *** Ей, пенделер, тәж-тағыңа таласпан, Қыңбаймын мен, төнсе дағы қара аспан. Ардағымды мәңгі сүйсем несі мін, Көркі менен ақылы асқан алаштан. Менікі ол, мен өлгенше бермеймін, Ешкімге де, көз алдымнан сөнбей күн. Ол кетсе де мен тірімін, тірімін, Жүрегімді мен тірідей көмбеймін.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Жыр жазамын, тыңдамастар тыңдама, Тыңдар мені таулар, көлдер, құм, дала. Көкірегім аппақ таңдай бұлқынып, Қараймын мен тастан құйған тұлғаңа. Махаббатты өлтірмеңдер өтірік, Махаббатты қорқытпаңдар жекіріп. Мен жасыл таң, қызыл күнмін мәңгілік, Бүркей алмас ешқашан да бетін бұлт. Мен ешкімнен ешқашан да қорықпан, Кезім болды зарыққан да торыққан. Бір арыстан айбат шегіп қояды, Ит тұмсығы өтпейтұғын қорыстан... *** Мен жарымды сүйіп ем, ақынды емес, Берушілер көп болды ақыл-кеңес. Көкірегіме күз орнап ол кеткелі, Торлап алды топырлап басымды елес. Неге кеттің қайрылмай, сүйсең мені, Мендік жүрек лүпілдеп бір сен деді. Мына жұртың аузымды жабар, көкем, Бір адамға байқаусыз күлсем менің. Ұмыт дейді өткенді, жаңар дейді, Жарқырасын әйелдің ажар-көркі. Мені бейбақ қылғысы келеді олар, Нәпсі үшін байланған базарға еркі. Не істеу керек, кеттім мен есеңгіреп, Міз бақпайды мүлгіген мешел жүрек. Мені сүйер ешкім жоқ жер бетінде, Көлеңкелер әлемін кешем жүдеп. Қалың қалай дейтұғын бір адам жоқ, Жалғыздықтан мен әлі құлағам жоқ. Көкірегіме түкірсе кейбіреулер, Жұбатады жұлдызы жылаған көк.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Олар менен жүрегімді сұрайды, Сөзі болар жетер енді, өл деген. Аппақ жүзім толған айдай шырайлы, Баяғыда-ақ мейірімге шөлдеген. Сүйіп, жоқтап, жек көріп һәм сүйемін, Сен тірідей тәтті ойларға берілем. Рас, кейде жоқтығыңа күйемін, Шығарсам деп армандаймын сері дем. О, қас серім, ұйықта мәңгі керіліп, Жап-жас қалпың, қара мұртың қиылып. Жер бетінде жүре тұрайын ерігіп, Сен ұйықтай ғой, бұлт жамылып бұйығып. Жүрегімді қапқан екен қармағың, Босай алмай қойды-ау мәңгі бұлқынып. Сенен мәңгі босау еді арманым, Арман тозды ақ желектей жыртылып. Жібермейді басқа ойды жан сүзгім, Бір сызықты аттай алмай қойдым-ау. Неге сонша қорқақпын мен, әлсізбін, Бұл жалғанның опасына тойдым-ау. *** Мен сенуші ем адамдарға, сенбеймін, Өмір жойқын дарияда сеңдеймін. Мені өшірем дегендерге өршимін, Мен жанымды құлдануға көнбеймін! Мені алдама, сәби емен, бала емен, Ғұмыр кештім бітпейтұғын наламен. Зайда кешкен қасіретке шыдамас, Адам түгіл қара емен. Қайта гүлдеп, қайта шешек аттым мен, Көктемдерден мәңгі тұрақ таптым мен. Қаншама рет қансырады жүрегім, Табыспа деп, табыспа деп жат мұңмен.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Қара көздер қадалғанмен, берілмен, Көрім қатар жарысады төріммен. Шөл далада шөліркеген бейбақпын, Сүйдім өмір, тілім-тілім ерінмен. Сүйем өмір, сені мәңгі, ғашықпын, Жасыттың да, қаншама рет тасыттың. Қаншама рет ант бердім мен сүймеуге, Қаншама рет баспас жерді басыппын. *** Сен тұрмайсың қабірімнің басында, Мен өлемін жапа-жалғыз расында. Қара көзім сәл ашылып жатармын, Қап-қара ғой ақ түспеген шашым да. Ақ жүзімде сен іздеген бір мең жоқ, Мұңаяды жаным барып кірген көк. Сенің жаның қарсы ала ма, білмеймін, Ақталармын ақ адал боп жүргем деп. Ақ жүзімді жабар мәңгі топырақ, Білем сенсіз жаназам да оқылар. Жаным менің жаһаннамға кетеді, Өлсе дағы жалт етерлік оты бар. Жалғыз бейіт, жарлы бейіт, суығы-ай, Кетер бәрі табытыма жуымай. Ескерткіш те қояр ешкім табылмас, Жылдар өтер, жыл артынан туып ай. Жүрегіңді, жүрегімді мүк басып, О, дүниеде жүрерміз біз жұптасып. Қатар жатпас, амалым жоқ, қос қабір, Қос төмпешік айдалада шық басып. Қалармын мен сені сүйген жүрекпен, Дүниеге қарап анау түнектен. Көне бейіт белгісі жоқ басында, Құр аяныш тудырар-ау күні өткен.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Айдалада мен қалармын белгісіз, Жастанармын, амалым не, жерді сыз. Бір махаббат кешермін мен мәңгілік, Тіршіліктің қызығына бергісіз. Көзім ағып, ағзам отқа айналар, Шашылады шөпжелке кіл Зайдалар. Қызыл тілім құрт-құмырсқа үймелеп, Мәңгі бақи мәңгілікке байланар. Сілемейлеп құлағымды өрмекші, Жатармын мен, жатармын мен көрде өксіп. Мұның бірін сезбейтұғын адамдар, Маңғаз басар жер бетінде өргексіп. Қорқам жалғыз қап-қара анау түнектен. Жер үстінен үн келеді бір өктем. Махаббатым маңайыма жоламас, Ажал сыйлап жүрегімді күл еткен. Өлдім мәңгі, өлексемін, өлгенмін, Мәңгі бақыт мені апарып көмген күн. Қараңғыда тыпырлармын дүние-ай, Қос шырағым мәңгілікке сөнген күн. Махаббат та, сағыныш та, бәрі алда, Бәрі адыра, өкініш те, жара да. Зайда-бейіт ай астында шошайып, Қорқыныштан дір-дір етер дала да.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м *** Бұл өмірді түсінбеппін сен барда, Мәз болыппын күліп атқан таңдарға. Қол созыппын өрем жетпес заңғарға, Сеніппін мен сенбейтұғын жандарға. Оқ тескендей үңірейіп жүрегім, Өтірік күліп көлгірсуден жүдедім. Күннен-күнге күлгін тартып барады, Сен сүймеген аппақ жүзім, гүл өңім. Жүрегіңе ғашықпын мен мүк басқан, Күрсінеді сен кеткелі күпті аспан. Аққуларға үнсіз қарап мұңаям, Айдын көлде екеу-екеу жұптасқан. Өмір деген алдамшы екен сайқалдай, Өтер күнің, өтер айың байқалмай. Мұңым семіз, ойым арық, қайтейін, Келді міне, құнарсыз күз тайқардай. Сағынышым мәңгі жырға айналған, Жел ескен күн өтті-ау мәңгі айдардан. Қайда кеттің, қайда жүрсің, келмейсің, Біз аңсаған қайда кетті, қайда арман?! Осы күнім өңім бе, әлде түсім бе, Елеңдеймін бау-шарбаққа, құс үнге. Ай сәулесі болып мені оятып, Жұлдыз болып жұбатасың, түн ішінде.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Намысыңды неге тастап кеттің сен?! Жүрек те алаң, сенесің бе, мый да алаң. Сол намыстан, сол намыстан қиналам. Қос өкпемді тепкілейді сәбидей, Сені сүйген ақын жүрек, көкірегіме сыймаған. Әрбір күнім қайталанбас бос өтіп, Өмір қойды жалаң отты көсетіп. Қайыршымын, сұраншымын бұл күнде, Сенбес едің бұл күйіме кеше түк. Намыстары қайда кеткен биліктің?! Өтіп жатыр өресі тар жидіп күн. Қайыр сұрап көшеде өлем армансыз, Келмейді енді ешкімге де иліккім. Ақындарын аздыратын бұл елде, Сая таппай сенделемін түнерге. Ақылы өлген, санасы өлген жүрек те , Жол таппайды енді ілгері жүрерге. *** Фәниден бақи жақын көрінеді, Маған жат, маған өгей өмір елі. Көзіме жиі елестеп егілемін, Сен жатқан ескі зират төңірегі. Мүмкін бе о, дүниеде ғұмыр бары, Ғасырлар неге сонша зымырады. Тартады жүрегімді күн нұры емес, Тамұқтың тастай түнек шыңырауы. Несіне әйел болып жаралғанмын, Көзі боп арманда өткен адал жанның. Шіркін-ай, ер азамат болсам бар ғой, Алар ем көзақысын қадалғанның. Амал не, жолы нәзік орамалмын, Жүрегін, ғұмыр жасын тонаған күң.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Ей, халқым, сені мәңгі сағындырам, Тәнімді ақ кебінге ораған күн. Мен саған ешқашанда өкпелемен, Жетпейді жерде қалар, көкке денем. Уын да, шәрбәтін де сіміртер-ау, Көктемде ақ жаңбырдай төккен өлең. Туар-ау жарқыраған бағы бар күн, Күтелік, тәңір берген сағым артын. Шіркін-ай, күн туар ма асқақтайтын, Ес жиып, өргекситін алтын халқым. *** Жұматайым, мен өзіңе оралдым, Дәл өзіңдей түсінбеді мені ешкім. Көк гүл болдым басыңда өскен молаңның, Қызармады көктемде де шер өскін. Жаным менің жалыныма өртенген, Сен мендіксің, мендік болып келесің. Қос анарды өзің жоқта дерт емген, Аймалайды айлы түнде елесің. Серім менің, перім менің, періштем, Жұмақ кешіп жүр ме екен күн тұлғаң. Көк арықтан су ішпек боп ел ішкен, Қаншама рет, қаншама рет ұмтылғам.

Өзің сүйген ақ жүзімнен жел өпті, Қара шашым сені күтіп ағарған. Күндіз тастап, түнде қара желекті, Жүрегіме дарулаймын қабарған. Маубасым-ау, күні-түні қалғыған, Оянбайсың әлдиіңнің қаттысын. Соңы ертегі, өзі өмір, алды иман, Быж-тыж болды-ау басы айналған бақ құсың.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Кеудесі көктем тағдырым, Азайып кетті жан нұрым. Жанардың түсті оты ағып, Шая-шая жаңбырым. Көктемек болып айтам ән, Ғашық та болам қайтадан. Сен мәңгі ұйықтап жатқанда, Қалайша, жаным, жәй табам. Көкіректен кетпедің, Топырақ сүйді от демім. Сендей ғашық сыйлаған, Тағдырға өкпем жоқ менің. Тағдыр-ай, енді не істермін. Көктемде ғажап түс көрдім. Еркінде жүрмін мен бүгін, Ғаламат бір күштердің. Өзіңді мәңгі қимадым, Өмірге мына сыймадым. Безбенге түсті-ау бейкүнә, Махаббатым мен иманым. 1996 ж. Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м АЙ-ХОЙ АППАҒЫМ, ӨМІР ҚАС-ҚАҒЫМ

Сенің мөлдір көзіңді түн жасырды. Сенің нұрлы жүзіңді күн жасырды. Сен түн болып кеттің, сен күн болып кеттің. Күнім қайда махаббатты кешетін, Түнім қайда ақын болып бөсетін, Махаббатым қайда менің, ей, өмір, Неге қойдың қасіретті көсетіп. Күн де жалғыз, түн де жалғыз, Ай жалғыз, Жалғыздықтан қартаяды-ау, қайран қыз. Көктем жаққа қырындаумен күні өткен, Сарғалдақтай сарғаяды сайран күз. Жалғыз, жалғыз, жалғыз деген жарық па. Көне жаным, көне алмады-ау қалыпқа. Қаншама жыл, мен үнімді өшірдім, Жалғызбын деп айтпайын деп халыққа. Өмір, өмір, өмір деген сен бе едің, Ырқыңа да, еркіңе де көнбедім. Өмірім-ай, зая кетті-ау, қайтейін, Мені адам етем деген еңбегің. *** Көптеген ақындар ғарыш әлеміне қайтты. Не жанын қиып өмірден өте алмаған, не адами бақытқа ие болып, арманына жете алмаған, мен өзімді аяп егілдім. Жаса жүрегім, махаббаттың шарабын іш, үріп іш, Керегі не тәңірге құр, жүгініс. Жаса жүрегім, сүй, күй, ғашық бол, жыла, Табаныңда шырылдасын, сірі, күш. Жаса жүрегім! Күллі әлемге қайрат қыл. Махаббатқа тағзым ет, жолыңды сол байлап тұр. Шашылып қалған көзіңді, көгендеулі сөзіңді, Ертең-ақ айтар, сайрап қыр.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Жаса жүрегім, қабырғаңнан қан ағып, Қан тамырды үңгісе, жегідей жеп сана құрт. Ақ бетіңді опалап, қара көзді сүрмелеп, Ақ жүзіңді ұсын сен, дүниеге жаңа қып. Жаса жүрегім, жарқырай бер, көнемін деме, Жаса жүрегім, шаршадым, сөнемін деме. Жаса жүрегім, мен әлі сүйіп болғам жоқ, Жаса жүрегім, жер қойнына енемін деме. *** Сұп-сұр уақыт тасқыны мені дедектетіп алып бара жатыр. Басыма ақ орамал байлап, ақ желкенді кемеге отырғызып, аналар ауылына апармақ. Терезеңді жел емес, мен ашқанмын, Лақтырдым, кетіңдер, қара аспан, күз. Аппақ болып сен жаттың төсегіңде, Мен сол күні Өзім боп, өзге болып адасқанмын. Ай қарады аспаннан, толыққанды, Тіс жаруға шама жоқ, қорыққам-ды. Оянбассың ұйқыңнан Ай астында, Қалап едім, өзіңе жолыққанды. Шуақ емес, бетіңнен мен сүйгемді, Алақаныңды ұстадым, тершиді өңді. «Қоясың ба», – деп саған көзбен ұрыстым, Күні-түні жартастай мелшигенді. Білесің бе, қаншама сағыныштан, Көктөбеге қараймын бағым ұшқан. Теңіз емес, төрем-ау, көз жасым ғой, Күллі әлемге теңіз боп шағылысқан. Өз көкірегім өзіме қарсы. Бұ несі?!

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м *** «Налыма», – дейді. «Екеу бол», – дейді. «Жалғыздықпен қош­- тас», – дейді. «Табыт тербетпе», – дейді. Әлди-ай өмір, тағы да соған бардым, соған бардым, Жалындым, жыладым да жалбарындым. Мен жайлы сыбырлапты оған да әркім, Тәжін киді ол, әлемнің хандарының. Әлди-ай өмір, тағы да содан келдім, Толмады оған көңілім. Есіңде сәл жұбанып, күрсінгенім. Қайтейін, бір адамға бодан болдым, Жылжыды Ай астында құр сүлдерім. Әлди-ай өмір, бақытты болам ба деп дәмелендім, Кеудемді бір құштарлық құшақтады. Тамсандым, жетер ме деп соған ернім, Арманым енді менің ұсақтады. Әлди-ай өмір, алақанда Ай сүйген дала жатты, Ол мені өңім емес, түсім деді. Өз жүрегім өзіме бөтен болып бара жатты, Қара түнде жалаңаш ақ қайыңның томсарған мүсіндері. *** Енді мен ала таңнан оянып алып, «өмірімнің көбі кетіп, азы қалдыау. Ғұмырымның жастығы озып, күзі қалды-ау», – деп налитын болдым. Ай-хой, дүние-ай, Жан бермек пен жан алмақ қиын ба екен, Неге адамзат тәңірге сиынды екен?! Өліп көрген жан бар ма, екі әлемнің, Қайсысы бұл маған тиімді екен?! Жаным тастап, денемді көшер ме екен, Зайда атым әлемнен өшер ме екен?! Қабірімнің үстіне көктем сайын, Гүл-бәйшешек қыбырлап өсер ме екен?!

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Жаным қайта сәбиге қонар ма екен, Көркем жүзім күндей боп оңар ма екен?! Әлде мұның бәрі де өтірік пе, Ғасыр керуен барымды тонар ма екен?! Ойлай-ойлай асқынды-ау жарам мына, Алдамшы ма, апыр-ай, ғалам мына?! Күншығыстай көркейген қайран ғұмыр, Қалай ғана сіңеді қараңғыға?! *** Жоқ, менің өлім туралы ойламауым керек. Өмірде өлім деген жоқ, ажал деген жоқ. Өмір деген мәңгілік жастықтың мекені. Өмір деген мәңгілік жасыл дүние. Кешірші, көктем емес, күз едім мен, Кешірші, жел жайлаған түз едім мен. Кешірші, сол көктемде кездестіріп, Жүзімді Айдай әсем түзедім мен. Кешірші, аймалады дұрыстап күз, Өксідім, мұңға айналып ұрысқақ қыз. Кешірші, сендік әлем маған жұмбақ, Екпіндеп кіріп келдім рұқсатсыз. Кешірші, кешіршімен кештім ғұмыр, Аялап, әлпештемес ешкімді мұң. Біз бармыз, біз бармыз деп Ай астында, Апыр-ай, сенімсіздеу естілді үнің. Мен болам бейуақытта босқан ақын, Келместің жүйрігін тосқан ақын. Кешірші, мені ешқашан тастамашы, Болайын ұшар болсаң қос қанатың. *** Ей, Ай, аспанда қыбырлап кетіп барасың. Мен саған ғашықпын. Сен күн сияқты күйдірмейсің. Сен мейірімдісің. Бірақ, оны маған тілмен айтып жеткізе алмайсың.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Сенің аппақ саусақтарың қынасыз, Күйдіреді қызыл бояу жаққандай. Неге сонша қысыламын күнәсіз, Сенің күнде құшағыңда жатқандай. Сен Айсың ғой, ақтығыңа мастанып, Маған мүлде қарағың да келмей ме?! Тәнім қалса сыз топырақ жастанып, Жаным менің ешқашанда өлмейді. Кеудесі жоқ, жүрегі бар жанға ана, Сен қарарсың Ай көзімен тұңғиық. Ал жұлдыздар махаббатқа таңдана, Қарар сонша, қарар сонша мұң құйып. Қолдарыңмен бақ-бақ сынды ал ұста, Кетік кесе, керегі жоқ, келер сын. Қайбір өмір бар дейсіз-ау ғарышта, Тірлігімде көздеріңмен өберсің. *** Мен ғашық та болдым. Мен делбе болып дала кезіп, қаңғыдым да. Мен адамға тән жүрек жылуын іздедім. Менің сүйікті болғым келді. Мен Ай астында өксіп жыладым да. Мені ешкім жұбатпады, жылатпады, Ұмытты ел менің мүлде барлығымды. Ғарыштың қолы сүйеп, құлатпады, Іздедім жүректерден зарлығымды. Іздедім, өксідім де, жалбарындым, Білдіргім келген шығар тірлігімді?! Ал сосын қара түндей жалғыз қалдым, Аспаннан көрдің бе сен Мұңлығыңды?! Іздедім сені мәңгі, іздеп келем, Жалғасты жылуы жоқ көңілсіз күн. Мен жармын кеудесінен мұз кетпеген, Сен үшін, бір сен үшін өмір сүрдім.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Мен өлсем, махаббатым ол да өлер ме, Тербеттім табытыңды өмір үшін! Дүниеге жұлдыз болып сен келерде, Махаббатымды келгем жоқ көму үшін. *** Сені түсінбедім. Менің залалсыз достығымды неге құп алмадың?! Жалғыздық тірі жанға тілемес ем, Сонымен түн егесем, күн егесем. Ашынам, сол жалғыздық, ой, дүние-ай, Сағынам құшағына түнемесем. Жалғыздық, жалғыз қарап, мені аяған, Мен болдым тоқ-құрбандық құдайы адам. Тәңірдің кәрі түскен тұл жесірді, Жалғанда, қайтейін-ай, кім аяған. Жалғыздық, көп құладым құшағыңа, Арманым асқындады тұса мына. Жалғыздық жалқы құстай қарайлайсың, Жалқы құс жылы жаққа ұшады ма?! Жалғыздық, жалғыз досым ақыреттік, Қорқақ ем, қыса-қыса батыр еттің. Жалғыздық, сен білесің, мен білемін, Қандай дауа екенін қасіреттің.

*** Жұматай, Жұматай дейді, ол кім еді өзі?! Менің ерім бе еді, кім?! Ол қайда кетіп қалды?! Тәңірім, мәңгі жасыл, мәңгі жас ажалсызым. Сен сыйлайсың жандарға тажал сызын. Сенің нұрлы жүрегің зарға толып, Мәз боласың ауаны қармаса өлік. Тәңірім! Таңғажайып көк реңін, Тебірентеді күрсінген көкірегім. Жүрегіме жыр болып құйыласың, Мен жүремін тірліктен миым ашып.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Тәңірім! Көкірегім менің бос, көктем де жоқ, Мойын бұрман мен енді өткенге көп. Махаббат жоқ жүректе, жоқ нала да, Ұлы өмірім осылай тоқтала ма?! Тәңірім, бәрібірдей сенделем, өмір, өлім, Жанталасқан пенделер төңірегім. Жұматайға мен мәңгі өкпелімін, Алып кетті, ал оны көкке ғұмыр. Тәңірім, не боп кетті өмірім оттай жанған, Түн қойнынан өрмелеп қаптайды арман. Түн ішінде отырам тынып демім, Тірлігіме өзімнің күдіктеніп. *** Бәрібір, бәрібір мен өмірді сүйемін, сені жоқтап тұрып та, сені сағынып тұрып та, бақытты болғым келді. Мені кешір, жаным. Өмірдің құдіреті де сонда шығар. Ақ кебінге оралған асыл ағзаң, Аймалады оны ұшып асыл, ақ жан. Жан мен тәнде айырылған мәңгілікте, Сені іздедім, Жұмашым, мәңгілік мен. Кебін киген сен кеттің. Кебенек мен, Күндік бақыт сұрадым көбелектен. Сүргін өмір сүрдім мен, сүргін өмір, Сұрадым мен кенелген бір күн өмір. Сенің қолың, жүрегің, мейірімің, Талқан қылды-ау қазақтың кей ырымын. Сені сүйген жүректің лүпілі үшін, Жебеді-ай кеп бұл мені мың тынысым. Өмір сүрем әлі де тәңір берсе, Сен де шірен баяғы әмірлі ерше! Менің нәзік жүрегім саған аян, Кешір мені кеше алсаң, бала Ноян!

Жұ матай Ж а қ ы пбаев *** Өмір, саған ғашықпын, мені тастамашы, жалынамын. Мен өмірмін, қоңырсыған көмешпін, Иісім аңқып, мұрын жарам, жел ессін. Қалжыраған жүрегімде қуат бар, Мен ғашықпын, бірақ ессіз емеспін! Ризамын өмір саған, өкпеден, Сақта тәңірім, азабыңнан шекпеген. Мен ғашықпын, ақ жүрегім астасқан, Жермен және көкпенен. Ғарыш демін көктем сайын тыңдаған, Бақытсыз деп кім айтады, мұңды адам. Мен өзімнің Жұмашымды жырлағам, Өкпелеме маған менің, ауылым, Жұматай боп, Зайда болған бауырым, Дәуірлеуге маған ерік бермеді, Дәуірлеген дәуірім. *** Мен жотада қалған жалғыз моламын. Күрсінгенімді де, күлгенімді де ешкім естімейді. Бір күн кебінімді сүйретіп көшеге шықтым. Қайдасың ғарыштың көгілдір мені, Сені ойлап ғазалын төгіп жүрегім. Қаңғып келе жатамын қалада бұл, Жаным аңсап сол аппақ қар адамын. Томпаңдайды ол қиялдың сүйіп тұрағын, Мен, әрине, сол әннен биік тұрамын. Адам болғым келеді, аз-ақ бақыт, Беріңізші тағдырға мазақтатып. Сүйіп-құшып жатады ел сүйгенін, Жалықтырды-ау мазардай мелшигенім. Сезім сырғыр судағы сынаптайын, Мені ешкім неге бұл ұнатпайды?!

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Өңім де бар, ап-ашық жаным да бар, Жуықтауға қорқа ма жалынға олар?! Тамырынан келмей ме қорек талға, Мен ешкімге қалдым-ау керек болмай. *** Сәл ғана бақытты болғым келді, сәл ғана. Қас-қағым сәт босағым келді. Сенің иығыңа басымды сүйегім келді. Сен мені маңдайымнан иіскеп, жұбатса дедім. Бұған қақым бар ма еді?! Басымды сүйеші, азырақ мызғып алайын, Мен бақытсызбын суық жұлдыздай көк аспандағы. Тағдырым несібемнің сызды талайын, Шақырмайды мені енді жанасқан бағым. Төрт қабырға, көк аспан, қара жерменен, Сырласамын өзімше кенеліп тағы. Жылдарым жылжып барады өлмеген, Менсінбедім мен көнелік тағын. Басымды сүйеші, осы ма жасыған шағым, Сені көрдім де, соншама босағым келді. Қар шалды дерсің, қайтейін, басын аршаның, Тұл жүрегім, жоғалтқан «қосағын» көрді. Армандарымды әлдилеп, өмір өткелін, Жалғыз кештім осы деп жалғанда бағым. Қабағын керіп, қырындап, төңірек керім, Жасырып әлек жүрегім армандағанын. *** Сүй, мені сүй, қар астында қалдырма, Өкпе артпайын өзің барда тағдырға. Аппақ адам, жүрегі нұр, жаны ізгі, Қалтаңдаған қар адамы тәрізді. Көзқарасың, жүрегіңнің лүпілін, Жеткізеді қарасөзбен бір тілім. Жүзім сары болғанменен, жан жасыл, Жасыл сөздер төгер әлі сан ғасыр.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Көктеммін мен көкірегімде көк арман, Жастығымды іздеп жүрмін жоғалған. Мына дүние жылытпайды, көне тым, Жүректе оттың жағдайы жоқ сөнетін. Мені сүю дүниені сүйгенің, Жасыма сен, именіп. Байқасаңыз, мендегі бұл жәй, өрлік. Басқалардай мен де нәзік әйелмін. Бітті бәрі, қиялдағы көп арман, Өмірді ізде жоғалған. 18 желтоқсан, 1999 жыл.

МЕН ДЕНЕМІН

Мен қолыма шындап қалам ұстамағалы да тура екі жылдың жүзі болыпты. Жүрегім ешнәрсеге селт етпейді. Жаным жабық күйге түсті. Көкірегімде көктеп, көңілімде шешек атқан шаттығымды жарыққа шығара алмаймын. Асқар таулар менен алыстап кетті. Айдын көлдер мені көргенде, теңселіп тереңіне тығылады. Қалың орман менің шаршаңқы жүзімді көргенде шегініп кетеді... Қол-аяғым кісендеулі тәрізді, қозғалмайды. Ай-а-а, – деп бар даусыммен айқайласам-ақ тек кеудем күңгірлей жөнеледі. Қазір менің кеудем, ішкі жан сарайым ғана тірі екен. Мен кәдімгі аяғы жоқ, қолы жоқ, жүрейін десе жүре алмайтын, күлейін десе күле алмайтын, домаланған денеге айналыппын. Мен денемін! Бақсыз, бапсыз бағыда сөнген едім, Қара жердей шексіз-ау көлденеңім. Себім тимес, сергелдең елге менің, Доп-домалақ денемін, дөңгеледім. Көкірегімді ашытты күйік кіріп, Дүниеден жерідім сүйіп тұрып. Алтынға да, даңққа да қызықпадым, Мен солардан аспандай биік тұрып.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м Өмір – өлім тәрізді, көңіл – елім, Басқа әлемдей қайнаған төңірегім. Дүниеден түңіліп кеткен кезде, Өз үйіме кебінсіз көмілемін. Көргім келмес тіршілік, көзімді іреп, Теңселеді түк таппай төзім тірек. Басқаларға жымиып тоқтау айтам, Мағынасыз өмірден өзім жүдеп. Алла дейді аспанға жан ышқынып, Тамшылайды жанардан таныс бұлыт. Менің ақын жанымды қойғаның-ай, Түкке тұрмас тірлікпен жарыстырып! Қара тірлік шаршатты, қамаудамын, Іріп кетті баяғыда жамау жаным. Қабағыма қара бұлт үйіреді, Жүрегімді түсінбес қарау қалың. Намысыма қол салды-ау қандас ғұрып, Қиянатшыл тағдырға балды аштырып. Бәріне де көнер ем, берсең Алла, Жүрегімді, жанымды алмастырып! *** Ішімде өртім бар. Сол сыртқа шыққысы келеді. Ішімде дертім бар, сол сыртқа шыққысы келеді. Нәзік жанымның көктемдей лебі бар, сол сыртқа шыққысы келеді. Шығарайын десем, күшім жоқ, құдіретім жоқ! Мен әлжуаз, әлсіз пендеге айналдым.

Сөздерім-ау, ұйқасты сөздерім-ау, Шыға алмадың жарыққа, көзде мұң-ау. Ішімде өлген жырларым, ішімде өлген, Ақын жанның қасіретін сезбедің-ау. Сендерді ойлап шаштарым ағарғалы, Сендерді ойлап жүрегім қабарғалы. Үміт егіп жаныма таң алдады, Күдік егіп жүрекке жан алдады. Жұ матай Ж а қ ы пбаев Мөлиеді жырларым бесігінде, Жаутаңдаумен, білмейді есімін де. Менің аппақ үмітім күң болып жүр, Тіршіліктің қадірсіз есігінде. Құлдық деймін аллаға күн-түн демей, Байға айналар балпиған мүмкін кедей. Жүрегіме шаршадым тыншы деумен, Өмір деумен өрекпіп, лүпілдемей. *** Ғарышқа кетсем бе, ғарышқа кетсем бе?! Ғарышта кімім бар?! Жұматайым бар ғой...

Көгілдір ме еді ғарыштың демі, Жандарға аппақ таныс мұң елі. Жұматай сері ғарышта сонау, Бір ару қызбен табысты деді. Жұлдыздар үнсіз жанасып келіп, Жұмақты жыр ғып санасы берік. Дүние-ай дедім, жерде біз оған, Ләйлә мен Зайда таласып едік. Көгілдір өңі, көгілдір меңі, Көгілдір шуақ төгіп жүрегі. Жұмақтың қызы жұлдыздай мұңлы, Ақынға үнсіз еріп жүреді. Дүние-ай дедім сынаққа мені, Қалдырып өмір жылатпақ еді. Жетелеп неге кетпеді екен, Жұматай серім, жұмаққа мені... Ғарышқа барсам табыспай жаны, Білемін мәңгі алыстайды әлі. Бұйырмай маған кетер ме екен, Махаббат нұры, ғарыш қайнары.

Өлең н і ң Кене жирен і Бірі нш і бөл і м *** Мен жыладым, қатты жыладым... жерде де, көкте де мен жалғыз қалдым! Әлемдегі миллиардтаған жандардан маған не пайда? Шыбындай жаным шырылдап, бір сая таппаса?! Алқызыл раушандарым, аспаннан төгілген, Жанымды жұбатшы егілген. Қара шашымды қайыңға байладым, Шаршадым өмірден. Қызыл уылдырықтай, жүректің қабынған, Қабына атыңды жазамын сағынған. Ғажайып жүзіңді көремін көктемнен, Сағынышыңды сеземін сағымнан. Бұл тағдыр біздерге осындай мұң берді, Өзіңсіз ұзаттым жап-жарық күндерді. Қара түн жайғанда қанатын әлемге, Ғарыштан төгесің алқызыл гүлдерді. Ғарыштың гүлдері, ғарыштың мұңды елі, Ғасырлар өтті ғой қаныма сіңгелі. Ай мені әлпештеп қапқара түндерде, Қолына көтеріп, сүйеді күн мені! 2000 жыл.

Мейірхан АҚДӘУЛЕТОВ ӨЛЕҢНІҢ НҰРЛЫ БОЛМЫСЫ ...Жұматай, Жұмаға. Жұмағұл-Шора. Жақыпбаев!... ...Егер ол, барлықтан ба, тарлықтан ба, әйтеуір, басқа қонған бақтай рухани байлығының қадірін біле бермейтін, күріші мен күрмегін көбіне бір таразымен өлшейтін, әр кісісі өзін жердің кіндігі деп есептейтіндіктен бе, «білеміз ғой...» дейтін ұйқылыояу тоғышарлықтан ба, Абай айтқан «жақсы менен жаманды айыра бермейтін» қазақ арасында емес, өзге бір топырақта туып, сол топыраққа тән тілде дәл осы қалдырғанындай мұра қал­дырса, француздың Бодлері, испанның Лоркасы, орыстың Лермон­товы... қыл аяғы Вознесенский ғұрлы қадірленіп, ұлттық мақтанышқа айналар еді. Әлдеқашан... Бұлай дейтінім – көзі тірісінде көрінген пысықай мен жа­санды «пайғамбарға» жасалып жүрген қолпаш пен құрметтің мыңнан бір түгілі, біздің «әдеби үкіметтен» «ә, сен де бар екенсің ғойды» да есітіп жарытпай өткен Ақынның сәулелі мұрасының жарты түйір жа­санды бояуы жоқ, бетсіздің алақанына түссе берекесі қашатын, естінің сергек жүрегінің сәулесіне бөленсе елдің, біздің рухани әлемі­міздің баға жетпес байлығына айналатын кие-қасиетіне бас игенім, соның тағдырына алаң көңілім ғана емес Өкінішім... Екінші бөлім БЕКЗАТ БОЛМЫС

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Біле білсек, бәріміздің өкінішіміз. Бұл бір Жұматайға емес, маңдайыма қасиеттеп басып, аспаныма құрметпен ілемін, ие боламын, жүйеге түсіріп, алыс болашақтарға жеткіземін десе, дүйім қазақ үшін мақтаныш боларлық дарынды ұл-қыздың – кешегісі, бүгінгісі, ертеңгісі – бар барлығына қатысты нәрсе. Жұматай ақын ғана емес, қазақ тіліндегі өлеңнің табиғат пен уақыт бірлесіп сомдаған сұлу айшығы, бұрын-соңды болмаған нұр­ лы құбылысы. «Қайда-ағыны...» деуші табылар. Мейлі...Бірақ, бұл – мойындамасқа болмайтын ақиқат. Оған куә – Жұматай қал­дыр­­ған аумағымен емес, салмағымен өлшенер өшпес мұра. Беріден айтсақ, бізде ірі ақындар көп, ал Мұқағали, Төлеген, Жұмекендер сияқты құбылыстар сирек. Осы үшеуі бір-бі­ріне мүлде ұқсамайды да, бір-бірін көлегейлемейді де. Себебі неде? Әрқайсысының Өлең дейтін құдіреттің жаңа құпиясы, бұрын болып көрмеген болмысы, тың үні мен нұрлы жанары болып көріне білуінде. Дербес табиғатында. Мұқағали басымен «Туады, туады әлі нағыз ақын!...» немесе «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шек­ пен жауып өзіне қайтарамын» дейтіні, Жұмекеңнің «Өлеңіме мен өзім өкшелі етік кигіздім» дейтіні – Поэзияның шексіз мүмкін­дігін түйсініп, сезінгендіктен. Жұматай – сол мүмкіндіктің, ға­жайып мүмкіндіктің соны көрінісі. (Соңы емес, әрине). Бұл да басқа әннің қайырмасы сияқты дербес, әлі айтылма­ған, мүмкін, айтуға «қимай жүрген» әңгімеміз. Жұматай – ежелден келе жатқан қазақ поэзиясының әр дарын, әрбір құдірет иесі арқылы жаңа бір мінез ашып, жеке бір жұлдыз болып көрінер құдіретті болмысын, патшадан жоғары, пайғамбар­ мен дәрежелес Сөз өнерінің ақсүйегі – Өлеңнің киелі жаратылы­сын өмірмен, өлеңімен тағы бір дәлелдеп кеткен Ақын. Одан сәулелі мұра қалды. Сол мұраның мәңгілік жаса­рына күмә­ нім жоқ. Оның қадір-қасиеті, баға жетпес қазына екендігі жөнін­де әңгіменің де кезегі кейініректе. Әзірге тілерім – сол мұраның қадіріне жетіп, қастерлей білуді жазғай бізге. «Қазақ әдебиеті» , 1995 жыл , 7 ақпан.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Әбубәкір ҚАЙРАН «ОЛ – БІР ҚҰШАҚ МУЗЫКА...» Мен алғаш рет Жұматай ақынмен 1983 жылы таныстым. Алматыға енді-енді ғана үйренісе бастаған кезім еді, бір топ «жас пері» Жазушылар одағына әлдебір жиынға келе қалдық. «Әне, Жұматай Жақыпбаев деген ана кісі» деп нұсқады қасымдағылар­ дың бірі. Мен бұған дейін ақын ағаның жырларына қанық болға­ ным­мен, жүздесіп көрмеген едім, қуанып кеттім. Қасына жетіп ба­ рып, иығынан қағыңқырап тоқтаттым: «Жұматай Жақыпбаев деген сіз екенсіз ғой», – деппін қуанғаннан алаңғасарланып кетке­німді сезбей. «Иә, – деді Жұмағаң әдемі жымиып, – Қалай, үлкен жігіт болыппын ба?» Мен өз қылығыма ыңғайсызданып: «Танысайын деп едім, Жұмаға» дедім. Таныстық. Сол күннен бастап өмірінің соңы­на дейін жұбымыз жазылған жоқ десе болар. Жұмағаңның өмірдегі бітім-болмысы мен жүріс-тұрысы қан­ дай ерекше болса, өлеңдегі өзіндік өрнегі тіпті тіл жетпестей тыл­ сым еді. Оның өлеңдерін алғаш Семейде жүріп оқығанымда, бала күнімде Төлеген жырларына таңданғанымнан кем әсерде болға­ ным жоқ. Жанды жадылап, сезімді сиқырлайтын мұндай өлеңдер, жасыратыны жоқ, қазақ поэзиясында тым азшылық қой. Жұматай поэзиясы – құдіреті құпия дүние. Сондықтан болар, оның өлеңдерінің жұмбақ сырын жұртқа жеткізіп бере алатын сыншы қазақта әлі бола қойған жоқ. Бұл сөзім кейбіреуге келіс­сіз көрінсе де, көзім көрмеген соң көңілім сенбейтіні – ақиқат. Әри­ не, бұған осы күнге дейін сындарлы сынымыздың жоқтығы да, сын­шыларымыздың өлең дүниесіне тереңдеп бара алмай, бетінен қалқып кететіні де себепкер. Жұматай ақын өзіне өзі қатал сыншы еді. Өлеңінің нағыз өлең екеніне әбден көзін жеткізіп алмай тұрып, ол туралы тісінің жігін ашып сыр айтпайтын. Ол өлеңнің сыртқы сипаты мен ішкі мәнін нәзік жымдастырып қана қоймай, оған ерекше бір нәзік музыка­лық дыбыстарды араластырып жіберетін, әрбір сөзге ғана емес, әрбір дыбысқа да мұқият мән беретін. Ол өз өлеңінің бітім-болмысына салдыр-салақ қарайтын ақындарды «металлом тиеген машинаға» теңейтін. Жұмағаң бірде маған: «Сенде бір кемшілік бар, қатаң дыбыстарды құлаққа ұрып тұратын сөздерді қолданбауға амалың қалмаған кезде ғана қолдан. Жұмсақ, әуезді сөздер тез жұты­лады, кісіні шаршатпайды» – деп ақыл айтты... Есімнен кетпейді, Жұмағаң «Гүл. Қасида» деген өлең жазып, оны бізге тым шабытты күйде оқып берді. Әсіресе, осы өлеңдегі маған қатты ұнағаны «ол – бір шыны сүтке салған суреттей, ол – бір құшақ

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м музыкадай күнәсіз» деген жолдар еді. Мен осы өлеңнің машинкаға басылған бір данасын үйдегі айнаға жапсырып қойып едім. Ойым – айнаға әркім қарайды ғой, өзіне қарағанда өлеңді де оқысын, -дегендік еді. Сол өлең ұзақ тұрды. Оны Жұмағаңның өзі де көріп, мәз болып қуанғаны есімде... Мен өзімнің аяулы ақын ағамның ай маңдайын, аялы, ойлы көздерін, жұмсақ та нұрлы жүзін ең соңғы рет қайтыс боларынан он бір күн бұрын ауруханада жатқанымда көрдім. Көңілімді сұрай келіп, көп ақылын айтып кетіп еді сонда. Енді түсімде ғана көремін... «Қазақ әдебиеті», 1995 жыл, 7 ақпан

Қанат ТІЛЕУХАН ҚАҒАННЫҢ МАХАББАТЫ «Біз Жұматай екеуміз үнсіз тілдесетінбіз». Жұматай ғашық болған Ләйлә ару осылай деді. Тірі болса, биыл Жұматай Жақыпбаев пайғамбар жасына толар еді. Шайырдың келте кекілді ғұмыры көзі тірісінде-ақ аңызға айналды. Бар-жоғы қырық бес жыл өмір сүрген ақын, ғажап өлеңдерін айтпағанның өзінде артына аңыз боларлық өнеге қалдырды. Жыр қағанатын құрды. Көктем келісімен қойнауына мал толған Сарноқайына аттанып, Кенежиренін баптады. Қазмойын домбырасының шанағынан «Ләйлә келген» күйін төгіп, Ләйләсін жалауы жығылғанша жырлаумен болды. Бұл фәниден тоқымы кеппей суыт өтіп кетті... Әсілі, Жұматайдың Ләйләсін оқып, сол сұлуға ғашық болма­ ған жан жоқ шығар. Бүгін сол – барлығымыз ынтық болған Ләйлә сөйлейді. Соңғы кездері ақын ғашығын іздеушілер (Сайлаубай Тойлыбаев, Батырболат Айтболатұлы) суретшінің сұлуы жайын­дағы мақалаларын жариялап та үлгерді. Біз қалың оқырманға Жұматай Жақыпбаев ғашық болған Ләйлә сұлудың өз әңгімесін ұсын­бақ­пыз. Сұхбат телефон арқылы өтіп, қойылатын сұрақтар факспен үш сағат бұрын жіберілді. Және Ләйлә Бейісбекқызының өтініші­мен орыс тілінде жүрді.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев «Оның бір ғана көзқарасы бойында маған деген тұма суындай тұ­нық сезім барын білдіріп еді...» – Сіз Жұматаймен қалай танысып едіңіз? –Мен Жұматаймен алғаш рет мектепте, Талдықорған қала­ сындағы Ленин атындағы білім шаңырағында таныстым. Бала күнімде спортқа өте жақын болдым. Теннисті тәуір ойнайтынмын. Жұматай да спорттан құралақан емес еді, біздің мектепте өткен спартакиадалардың біріне келіпті. Сол кезде бір-бірімізді алғаш рет көрдік. Содан кейін кездесіп тұрдық. Ол мені сабақтан соң шы­ ғарып салатын. Би кештеріне де бірге баратынбыз. Алайда, Жұматай ғашықтық сезімін сөзбен жеткізген емес. Ол үнемі маған бір өз­геше көзқараспен қарайтын. Оның ойлы жанары бойында маған деген тұма суындай тұнық сезім барын білдіретін. Сондықтан қалада құрбыларыммен немесе жалғыз өзім серуен­ ге шыққан сәттерімде маған Жұматай бір жерден қарап тұрған сияқты сезілетін. Түйсігім алдамапты, кейін білдім, ақын мені үнемі қадағалаумен жүріпті. Ал, алпысыншы жылдары мен Мәскеуге оқуға кеттім. Жұматай үнемі хабарласып тұрды. Ол кездері жатақ­ хана жанындағы сөйлесу пунктіне шақыратын. Жұматай алғаш хабарласқанда мен шешем я болмаса туған-туыстарым деп ойлап қалдым. Телефон трубкасын көтеріп: –Алло, апа, – деп едім, еш­ кім үндемеді. Бірер минуттан соң ғана: – Мен Жұматаймын, – деді. Тағы үнсіздік. Бұндай қоңырау шалулар көп болды. Жұматай сол тіс жармайтын қалпын бұзбады. Мен де үндемеймін. Тұтқа арқылы бірбіріміздің демімізді, жүрек лүпілімізді тыңдап ұзақ тұратынбыз. Мен қазақ поэзиясындағы тірі образ екенімді осыдан үш жыл бұрын ғана білдім... – Сіз өзіңіздің қазақ әдебиетінде махаббаттың символына, көрік­ті әйелдің образына айналғаныңызды білесіз бе? – Жұматай маған арнаған ғазалдарын еш уақытта оқып бер­ген емес. Мәскеуде оқып жүрген жетпісінші жылдары анам ақ кеп­ тер хаттарының арасына жергілікті басылымдарға жарияланған Жұматайдың жырларын салып жіберетін. Сол газет қиынды­лары әлі күнге жеке мұрағатымда сақтаулы. Мен ол өлеңдерді әдебиет­ те орны бар қазақтың үлкен ақынының шығармаларындай емес, махаббат машақатына түскен жас жігіттің бүршік сезімі ретін­де қабылдайтынмын. Мүмкін жастығым я болмаса сөз атасын жетік танымағандығым шығар. Маған арналған өлеңдерді берген екінші адам – Жұматайдың жұбайы. Сәкен деген перзентінің анасы. Есімі есімде жоқ. Студент кезімде жазғы демалыстардың бірін пайда­ ланып, елге барып қайтып едім. Құрбыларыммен кездесіп, Талды­ қорғандағы мейрамханалардың бірінде отырған болатынбыз. Бір

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м келбетті келіншек менің құрбыларымның бірін шақырып алып, Ләйлә деген топтаманың жазбасын беріп, маған табыстауды сұ­ рапты. Және менің құрбыма: – Сендердің Ләйләларың біздің отба­ сы­­мыз­ды құртатын болды, – деп мұң шағыпты. Кейіннен бұн­дай на­зын менің анама да айтыпты... Жалпы, мен елден кеткелі қырық жыл­дан асты. Сондықтан Қазақстандағы оқырман қауым ынтық болып жүрген Ләйләдан аса хабардар емес едім. Тек үш жыл бұрын білдім. Талдықорған қаласының маңындағы Қарабұлақ кентінде анам­ның сексенге толғанына арналған тойы өтті. Сол кезде мені көп­шілік жақсы ықыласпен, құдды бір танитын, құрмет­тейтін жақынын­дай қарсы алды. Көп сауалдар қойылды. Бейнебір менің кездесу ке­шіме айналғандай болды сол той. Қайтар жолда Астана­ дағы туыста­рымның Диана есімді қызы Жұматай Жақыпбаев­ тың 2002 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан «Ләйлә» атты жыр жинағын сыйға тартты. Бұл маған жасалған аса қадірлі, аса қымбат сыйлықтардың бірі. «Нағыз азамат қазанатсыз болуы мүмкін емес...» – Ақын өз жырларында Сізге шексіз ғашық болғанын айтады, он­­дай сезімді басыңыздан өткере алдыңыз ба? – «Ләйлә» жинағын жиі оқимын деп өтірік айта алмаймын. Се­бебі, мен орыс тілді, орысша тәрбие алған адаммын. Он жеті жасым­да туған елімнен кеттім. Бар саналы ғұмырымды Ресей Фе­ дера­циясында өткізіп келемін. Осы мемлекеттің Ғылым академия­­ сын­да қызмет еттім. Сол елдің азаматшасымын. Жасым да алпыс­тан асты. Сондықтан қазақша оқып, оны терең түсіну маған қиынға со­ ғады. Бірақ, бар зейін-ынтаммен бірнеше мәрте оқып шықтым. Осы жинағынан түсінгенім – қаламгер кеңес кезінде ғұмыр кеш­се де өз ұлтының ақыны болып өтіпті. Ол түркілік ірілікті аңсапты. Және бір қызығы советтік дәуірді жырлағаннан гөрі өз жүрегін тыңдап қалам тербепті. Мен ол кітаптағы екі дүниеге тоқтал­ғым келеді. Біріншісі – Кенежирен. Екіншісі – Ләйлә сұлу. Яғни, өзім ғой (күледі.) Осы екеуі ақын жүрегінің тым нәзік болғанын көр­ сетеді. Тұтас әлемге ғашық болыпты... Кенежирен ақынның таби­ ғатқа, өзі туған топыраққа деген махаббаты. Ата дәстүрін құрмет­ теуі. Жалпы, Жұматайдай азаматтың қазанатсыз болуы мүмкін емес. Ал, Ләйләні сезімге бөлеп, сұлу сөзбен кестелеуі, адамзатқа деген махаббатын аңғартады. Тағы бір айта кететіні, ақын көзі тірі­сінде өз бағасын алмаған, зерттелмеген, зерделенбеген сияқты. Мүмкін, мен қателесетін де шығармын. Сіздің маған сонау Алматыдан телефон шалып, сұхбат алып отырғаныңыз да осындай ойға жетелейді. Бір медет тұтатыным ақынның оқырманы көп екен. Жастары

Жұ матай Ж а қ ы пбаев жырларын құмарта оқып оның ғашығына ұқсайтын жар іздейді. Сіз айтқандай оқырманның мені сұлулық пен махаббат символына балауы жанымды қуанышқа бөлейді. Мен – бақыттымын! Ләйләнің тілегі Мен ақын оқырмандарына, барлық отандастарыма тек махаббат тілеймін. Өйткені, бұл фәниді махаббатсыз елестету мүмкін емес. Әрбір адамның өз Ләйләсі бар екені даусыз. Сол жандардың махаббаты баянды болсын! P.S. Сұхбаттан кейін Досмұхамбетова Ләйлә Бейісбекқызына жарты сағат уақытын бөліп сыр бөліскеніне алғысымды айтып, Әуезхан Қодар орыс тіліне аударған Жұматай ақынның «Ләйлә» топтамасын жолдайтынымды айттым. Ләйлә апай асыға күтем деді. Мен телефон тұтқасын қояр сәтте үшінші сауалдың қалып бара жатқанын Ләйлә Бейісбекқызының есіне салдым. Ақын музасы бірер минут үнсіз қалды да «аман болыңыз» деп телефон тұтқасын қоя салды. «Қазақ әдебиеті», 7 наурыз, 2008 жыл Есенғали РАУШАНОВ ӨЛЕҢНІҢ КЕНЕЖИРЕНІ

Астаудай ақ жем, арнадай шұңғыл бұралаң, Арғымақ күшін, атанның белін сынаған, Аққұмақ жолдың айылдай ғана енімен, Алалы жылқы, ақтылы қойы шұбаған. Асылы, ақын не жазса да өзі туралы жазады. Осы өлең Жұматайдың поэзиядағы максимум программасы сияқты. Ол өлең жолын бұрын біреулер салып берген сара жол, оңай асуға санамады, атанның белін, арғымақ күшін сынаған таудың тар жолына, тайғақ соқпағына балады. Ал алалы жылқы, ақтылы қойы – өлең. Бұл теңеуімізге дау айтатындар табылып «Жұматайдың өлеңін алалы жылқы, ақтылы қойға теңеуге болмайды. Өйткені, ол соншалықты көп мұра қалдырған жоқ» деуі мүмкін. Ол рас. Кезінде Жарасқан марқұм Жұматайға «бір ай жазған өлеңіңді бір жыл насихаттайсың»

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м деп қалжыңдайтын. Бірақ, әңгіме көлемде емес, өлеңде. Ол – аз жазды, көп жазуды мұрат тұтқан да жоқ. Алматыға кеш келді. Өзі айтатын балпаңдай басатын батырға ұқсап асықпай келді. Ол кезде елден Алматыға қазақ келсе бүгінгідей ала дорба арқалап, кәсіп іздеп, нанталаппен, саудагерлікпен емес, білім іздеп, өнер іздеп келетін еді ғой. Бір француздың айтқаны бар: «В Париже каждый хочет быть художником, никто не согласен оставаться зрителем». Алматының әрбір жас жігіті мен қызы ақын болғысы келетін. Бүгінде дәурені жүріп тұрған журналистика ол кезде не өлең, не проза жазу қолынан келмегендердің кәсібі сияқты көрінетін. Иә, не айтатыны бар Алматы ерекше сұлу қала болатын. Сұлулыққа ғашық ақын бұл қаланы өлердей жақсы көрді. Сұлу қалада тұрып, сұлу жырлар жазды. Атақты Ләйлә туралы сұлу жырлардың көбі осы сұлу қалада туды. Ханшадай өзін ұстаған, Қара алмас көзді бал ерін, Басынан құс та ұшпаған, Бұла өскен, сұлу жан едің. Қара оқа құсап бұрымың, Жалтылдап әрбір талы да, Жарасып барлық қылығың, Жараспай пенде жаныңа, Көңілің шалқып тәтті әнмен, Кірпігің, қасың дірілдеп, Өтуші ең жасыл бақтармен, Өтуші ең сәл-пәл күлімдеп. Жаныма бір мұң жетті де, Жабығып өтті уақытым. Тарыдай меңде кетті ме, Таба алмай қойған бақытым. *** Айыбым болса кеше жүр, Асқақтау жердің маралы. Жырладым сені неше жыл, Жындантып неше қаланы. Траптан түссең алға аттап, Тәкаппар асқақ түрменен.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Қалың ел сені ардақтап, Қарсы алса деп ем гүлменен. Дүние тілі, діні көп, Дүрліге жылда той қамдап, Ләйләнің туған күні деп, Ләйлісе деп ем мейрамдап. Жетпеспін сонау арманға, Жеткенмен менде құдірет. Ақынның тілін алған ба? Ақымақ ғалам бір рет. Иә, ол сұлу табиғат аясында сұлулықты жырлап өсті. Табиғатқа бәрін берді, табиғат та одан еш нәрсесін аяған жоқ. Өзі туған Жоң­ ғар Алатауының ерке бұланы болып ер жетіп, серке ұланы болып қалыптасты. Ақиық қыраны болып шалықтады. «Мені Жоңғар шыңдарында көрер ме ең, жирен атқа мін­генде» дейтіні де содан. Дүние талайды көрсе де, Әлі бір ақынын көрген жоқ. Көрмесе бір күн көреді, – дейтін. Көрсетті де. Шың беті балқып, сары ала түстерге, Таң қурай ағып, долана піскенде. Шыңдағы құлмақ сабағын үзілтіп, Сәмбі талдарға орала түскенде, Алаяқ жиренмен жетіп мен бір келгем, – дейтін тағы да. Әдетте біз натуралист жазушы дейміз. М.Прив­ шин, В.Биянкин, М.Зверев секілді қаламгерлер осы топқа кіреді. Негедүр натуралист жазушы дегенді айтқан ел натуралист ақын де­ мейді. Демесе демей-ақ қойсын. Бірақ, бөлек шаба білгеннің орны да бөлек болғанға не жетсін! Жұматай өлеңді жақсы жазғаны үшін кінәлі емес қой. Меніңше, Ілияс Жансүгіровтен кейін тау табиғатын көзбен кө­ ріп, қолымен ұстап жырлаған ақын Жұматай болды. Бұл, әлбетте одан арғыбергіде аталмыш тақырыпқа өлеңдер жазылмады деген сөз емес. Жазылды. Жазылғанда қандай? Бірақ, жоғарыда айтқандай көзбен көріп, қолмен ұстау, жүрекпен сезіну бар да, сыдырта баяндап, сырғытып өте шығу бар. Өкінішке орай,

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м жастарды айтпағанда кексе ақындарымыздың өздері туған ай­мақ­ тың өсімдіктер әлемі туралы сұрай бастасаңыз таяз білімін та­ны­тып далаға сөйлейді. Құстан танитыны қарға мен сауысқан, әрі кетсе бүркіт, бері кетсе шымшықты біледі, ағаштың бәрі олар үшін тал, гүлдің бәрі бір гүл. Кешегі аспанға қарап алдағы айда не бола­ты­нын болжайтын сұңғыла қазақтың бүгінгі ұрпағы көктемде әуелі қай гүл бүр ашатынын, күзде ең соңғы боп қай ағаштың жапыра­ғының түсетінін, қай шөптің не қасиеті барын білмейді. Не ауыл қа­зағы, не қала қазағы білмейді. Мұны өзімізден бұрын сырт көз сын­шы орыс ағайындар байқап жүр, аудармашылар аңғарып жүр. «Жаз келсе жайқалып ауладағы өрік ағашы гүлдейтін» деп жазады бір ағамыз. Өрік жаз келмей тұрып, ерте көктемде жеміс ағаштары ара­сында бірінші боп гүлдейді. «Бәйшешек тердік қырлардан, Көгілдір көктем күнінде» деп жазады бір ақын ағамыз. Бәйшешек – ақпанның соңын ала қар астынан көрінетін алғашқы гүл. Яки, ол гүлдейтін кез тіпті де көгілдір көктем емес. «Тауларда бұлбұл сайраған, Бауларда гүлдер жайнаған» дейді менің бір құрдасым. Бұлбұл тауда сайрамайды, ол жазықта, қалың бұта, қалтарыс, ормандарда жылы жерлерде жүретін құс. Күн әбден жылыған кезде келіп, ұзамай қайтып кетеді. Классик жазушымыз Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трило­ гиясын атақты Ю.Казаков аударды. «Бірде Юрий жанұшыра жүгіріп келіп: «Әбе, мен сізден сұмдық қате таптым», – дейді. «Ол не қате?» «Сіз күн суық еді, мұржалардан будақ-будақ түтін шығуда» деп жазасыз. Қыстың аязында түтін будақтамайды, керісінше, бозаң тартып сұйық боп ауаға ирелеңдей жайылады» дейді Ю.Казаков. Бұл мысалды келтіріп отырған себебіміз, әр сөздің реңкі болады, ажары, мінезі болады, біз соны ескермей ұрып айдап бәрін бір қораға тыға береміз, нәтижеде бүгінгідей автордан өзге ешкім оқымайтын әдебиет пайда болады. Жә, Сәбең айтпақшы, тақырыбымызға оралайық. Жұматай­дың табиғат туралы өлеңдеріне келсек: Біріншіден, ол түсті (цвет) керемет ажырататын, әр түстің өзіне лайық баламасын дәл табатын. Қазақ «жеті бояу» дейді. Анығында түс анықтаушы сөздер біздің тілімізде жүзден асады. Соның нобайын Жағда Бабалықов ақсақал жинаған. Бірақ, Жәкеңді де, оның еңбегін де керек қып жатқан басшылық жоқ. Біз ұлы депрессия зама­нында өмір сүріп жатырмыз. Бізді заманның лай сулы ағысы алып ба­рады. Ағын суға қарсы жүзбек ниет қайсымызда бар? Екіншіден, Жұматай өлеңдерін оқып отырғанда қозғалысты сеземіз. Гүлдің ырғалғаны, «тазқара құстың қалқып өткені»,

Жұ матай Ж а қ ы пбаев «құлмақтың сәмбі талға орала түскені» – бәрі-бәрі көз алдыңыздан өтеді. Яки, өлі табиғатты ол суретке түсіру үшін не киноға тарту үшін алдыңызға әкеліп «мынау мынадай, мынау былай болады» деп мезі ететін баяндауға ұрынбайды, сізді тірі, жанды дүниемен етене табыстырып, таныстырып, біріктіріп, кіріктіріп жібереді. Сіздің көз алдыңыздан өлі пейзаж емес, тірі, жанды табиғат өтеді. Үшіншіден, ол әр гүлдің исін ажырата біледі. Сізді шұғынық гүлмен сарғалдақ, шетен мен рауғаш әрқайсысы өздеріне ғана тән исімен баурайды. Біз Жұматайдың өлеңге әкелген үш жаңа дүниесіне тоқталар едік. Оның біріншісі – жоғарыда айтқан табиғат көріністері болса, екіншісі – Ләйлә сұлу, үшіншісі – Кенежирен аттың бейнесі. Ләйлә сұлуды жырлау, шынын айтсақ, жаңалық емес еді. Сұлу қызға ғашық болу – сонау көне заман поэзиясынан бастап бүгінге дейін бар тақырып. Бұдан шығады – гәп тақырыпта емес екен. Ақынды тақырып құтқарады деу бекер сөз. Дұрысы, тақырыпты ақын алып шығатын болса керек. Әйтпесе, ғасырлар бойы жырланып келе жатқан Ләйлә неге Жұматай жырлағанда қайта жасарып, жайнап шыға келеді. Бәлкім, ол ақынның қиялындағы қыз шығар, бәлкім Жоңғар Алатауының «қара алмас көзді, бал ерін» аруларының бірі болар – әңгіме онда емес, әңгіме қазақ поэзиясына осындай бір жаңа бейненің келуінде. Әр ақынның өз Ләйләсі бар. Оның Ләйләсін кім көрді екен? Мен де көргем жоқ. Бірақ, Жұматай поэзиясындағы сол аруды өз басым оның жан-жары ақын Зайдаға ұқсатамын. Осындай сұлу өлеңдер үшін біз Жұматайға қаншалықты қарыздар болсақ, Зайда ханымға да сонша қарыздармыз. Зайда сияқты әйел жігіттің жі­гітіне бұйырады, Зайда сияқты ақын бақытты елдің поэзиясына бұйы­ рады. Құрмет пен даңқ Зайда ханым, – Ләйлә сұлуға! Ақиқатына келсек, қазақ ақындарының соңғы екі-үш буыны Шығыс әдебиетін білмей өсті. Оны айтасыз, бізде кешеге дейін арабша не парсыша жақсы білетін бірде-бір ғалым болған жоқ. Шығыстану ілімі – жабулы қазан жабулы күйінде жатты. Бізде ортағасырлық Шығыс мәдениетін зерттеген тарихшылар болды ма? КПСС тарихы бойынша ғылым докторлары мен акаде­ миктер жеткілікті еді. Біздер, қазақтар шығыстануды– өзбек пен тәжік ағайындар еншісіне беріп қойып, партия тарихын, ха­лықтар достығын сол кездегі көсемдеріміздің сүйікті тақырыбы «Советтік аралас некені» марапаттадық, қазақтың орысқа тиген қызын мақтадық, татарға үйленсек қызметіміз өсті. Біз тіпті сол жылдары Түркістандағы Яссауи кесенесіндегі бай кітапханадан, Қарнақ медресесіндегі бай кітапханадан айырылып қалдық. Ол үшін бірде-

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м бір партия, совет, комсомол қызметкерлері (ардагерлері) жауапқа тартылған жоқ. Жұматай Шығыс әдебиетіне қызығушы еді, білгісі, үйренгісі келетін. Ал үйренетін нәрселер көп еді ғой, шіркін. Ол барлық талантты ақындар секілді ізденгіш болды. Шығыс поэзиясын оқып, көп ақындарды қазақша тәржімалауға ұмтылды. «Шедевр» дегенді парсылар «шаһбаз» дейді екен деп таңқалып жүруші еді, кейін осы сөзді өлеңге қосты. Кенежирен ат жабайы аттай жатағандау тұрқымен тақтай қақпаны өзі ашып (қазақтың қара өлеңінің қақпасын деп түсінеміз) кіріп келді. Ескендір Зұлқарнайынның «Буцифал», Әзірет Әлінің «Дүлдүл», Рүстем батырдың «Рахыш», Ақан серінің «Құлагері» болғаны ( Қамбардың Қарақасқасы, Қобыландының Тайбурылы, (Алып Манаш) Алпамыстың Байшұбары т.б. тарихтан мәлім. Жұматайдың Кенежирені де өлеңіміздегі өлмейтін бейне Ат ре­тінде ме? Әңгіме жағы түкті жылқы айуан туралы ғана болса, оның жа­ расы жеңіл. Ақын Кенежирен атты жырлай отырып, өзін жырлады. Қысқа қайырып айтарымыз осы. Әлбетте Жұматай ақынға обал. Тірісінде талданбады, жақсы танылмады. 60-қа келгенде асық­пай кең ауқымда айтатын жөніміз бар еді, уақыттың тарлығы бұған да қол байлау боп тұр. Бір-екі ауыз сөз ақын Жұматай туралы емес, адам Жұматай ту­ ралы. Екеуміз «Жалын» журналында бір кабинетте талай уақыт қыз­ меттес болдық. Қызмет дегеннен шығады, жұмысқа мұндай қыр­сыз адамды көрген емеспін. Кей күндері ертеден қара кешке дейін шөп басын сындырмайтын. «Неге жалқаусың?» десем, «қазақпыз ғой» дейтін күліп. Атаққұмарлық, шенқұмарлық оған жат еді. Менімше, оған өлеңнен басқа ештеңе қызық емес еді. Өлеңде ғана талантты еді ол. «Композитормын» дейтін. Онысына баға бере алмаймын. «Боксер­ мін» дейтін. Бұған сену өте қиын еді. «Төремін» дейтін. «Ойдайт!» дейтінмін күліп. Әдемі қалжыңдайтын. Әзіл өлеңдерінің өзі бір төбе. Ұйқас тапқыш еді. Мысалы: «Дегенде прожектор, прожектор, Астында прожектор біраз ет тұр». Немесе: «Бұл үйдің үсті де дом, асты да дом,ортасы үңірей­ген гастроном», т.б.Әдемі киініп, өзін серілер санатына қосатын. Тарихи тұлғалардан Жалайыр Мұқа, Жалайыр Сартақ, Жалайыр Қадырғалиларды қатты қадірлеп, өлеңге қосып жүрді. Қонаевқа шаң жуытпаушы еді. Кейбіреулер «Осы татар шал кетпей қазақ тілі құрыған сайын құри береді» десе, жатып кеп ашулана­тын. Қонаевтың татар емес екенін дәлелдеуге барын салушы еді. Соны

Жұ матай Ж а қ ы пбаев білетін құрдастары кейде «татар шал» туралы әдейі әңгіме айтып жынын келтіретін. Өтірік айтпайтын. Айтса, онысы сол мезет әшкере боп, өзі қоса күлуші еді. Қатар-құрбысына сыйлы болды. Сол кездің өзінде-ақ жастар «Жалынға» Жұматайды іздеп келетін. Өзін Тұманбай аға Молдағалиевке қарыздармын деп есе­п­тейтін. Онысы рас та. Тұмағаң жастарға ылғи да тілекші, қамқор­шы боп келе жатқан кісі ғой, әсіресе Жұматайдың қатарға қосылып кетуіне қамқорлығын аяған жоқ. Ағаларына еркелеген бір ақын болса Жұматайдай болсын. Сондықтан, кешегі келмеске кеткен Кеңес үкіметін қанша жамандасақ та «Жұматай билік басындағылардан көп қиянат көрді, оның ажалы кеңестік биліктен болды» дегенге өз басым қосыла алмаймын. Кітабын шығарды, пәтер алды, қаламақы тапты, қолын ешкім қаққан жоқ. Ол –диссидент емес еді. Жұматайдан дисси­ дент не Ғайса жасап керегі жоқ. Жұматай – Жұматай еді. Соның өзі жетпей ме? «Әдебиет айдыны» , 22 желтоқсан, 2005 жыл Исраил САПАРБАЙ

БЕКЗАТ БОЛМЫС

(Қазақ жырының көгінде жасындай ағып өткен Жұматай Жақыпбаев жайында сыр шерткенде) Ептілік пен тектіліктің аралық өлшемі көк пен жердей. Бірін-бірі теуіп тұрған бұл екі ұғымды бір-біріне телимін деу бос әурешілік болар еді. Ептіліктің есігінен қашанда өлермендік пен пысық­айлық сығалап тұрады. Тағы бір қызығы, ептілер ешкімге есе жібере қоймайды. Қай заманда да, қай қоғамда да оны өз еншісінен қағажу қалдырмайды. Өйткені, оған дауа жоқ. Адам дерті жазылар-жазылмас, қоғам дерті әріден беріге созылуымен қатерлі. Созылмалы ауру дегеніміз сол. Ал... ал тектілік жөні бір басқа. Ол де­геніңіз қанның құрамында, тәннің тұрағында, жан­ның жұмағында ғана ғұмыр кешеді. Тектілікпен теңесу де, текетіресу де қиын. Ол үшін алдымен өз әддіңе бақ. Өз төркін, төріңді тап. Заты текті өзі залал көрсе де, өзгеге залал түгілі, залалға апарар амал да жасай білмейді. Онда ұсқын болмайды, нұсқа болады. Ныспы нұс­ қалы жанның ішкі әлемі кіл әлеміштен, не жалтырақ, жылтырақтан

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м тұрады деу де әбестік. Тектіліктің тұла бойынан берекелі бекзаттық, келісті кербездік, сындарлы сырбаздық, биқасап бипаздық мен мұндалап тұрады. Ондай жанның өзіне ұқсағысы кеп, сөзіне ұйыитындар, құдайға шүкір, көп. Ырқы мен ықпалы еріксіз ықы­ лас арттыратын ондай жан егер ақын болып келсе ше? Онда әлгі өзіміз айтқан тектілік сарайының сән-салтанаты мен ажар-көркін осы ақын әспеттеуге лайық дей беріңіз. Бекзаттық поэзияны да, түп­ тің –түбінде, осы ақын жасай алады! Өз басым Жұматай Жақыпбаевты біздегі бекзаттық поэзия­ ның бірден-бір өкілі дер едім. Ал бекзаттық поэзияға алдымен – сыршылдық, сырбаздық, сұлулық тән. Осы үш бірдей микроәлемді өнбойына өзек еткен өлең дүниесі қай кезде де қазынаңа да, базынаңа да жарап жатыр. Сұлулыққа іңкәр ақын сұлу-сұлу сөз теріп, мамыр мақам, мың бояу, күндіз күмбір, түнде ояу, көр­меске – ғайып, көргішке – ғажайып дүниені алдыңызға тартады емес пе?! Сол дүние, сол әлемге бір сәт те болса көңіл қойып, көз тоқтатып көріңізші: Кешемін жасыл мәуіт, көк шұғаны, Алдымда жарық күннің от шуағы. Көрдің бе көкорайды? Қалай екен? Мен жүрген жерге ғана шөп шығады. Әнеу бір бұйра тоғай көгіне енсек, Ақ өзен, одан әрі көрінер шеп. Қайтайық жәй адыммен, екеумізге, Атамның беріп кеткен жерін өлшеп. Ерейік гүл айдаған бір самалға, Сенікі мұнша құс та, мұнша мал да, Қызыл түс, сиыр бүйрек үй тастар да, Көк тонды, көлеңкелі шыршалар да. Жүйіткіп жирен атпен күліп өткен, Таниды мені таудың гүлі көптен. Қызартты құбыла да шоқтай жүзін, Құрымдай қара бұлтын түріп еппен. Қарамас енді маған мұңайып күн, Мен сені жақсы біліп, шынайы ұқтым. Жүр бері гүл төселген соқпақтармен, Биікке тумысынан лайықтым.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Бейне бір Жұмақстан жұртын аралағандай әсер алдыңыздан шығады. Иә, бұл – Жұматайдың жұрты. .. Жұмақтағы. Ақын да бір, қызғыш құс та бір-ау деп ойлайсың кейде. Көз тамшысындай көлге өзге құс қондырмаймын деп көгілдір айдын үстінде қызғыш құс әлек. Жәннатты жарғаққа, сұлулықты сұмпайыға айналдырмаймын деп ақын бәйек. Құс қалбағай, ақын желбегей. Жеме-жемге келгенде, екеуі де дәрменсіз – қараулықтың қасында, алпауыттың алдында. Екеуі де сұлулықты сақтайық, әсемдікті қорғайық деп жаһанға жар салудан аулақ. Құдайдың құдіретімен туа салған, пенде қолы­нан келмес періште дүниені сол тамылжыған, уылжыған күйінде алға тартсақ, адам жүрегі оянар, харамдықтан аянар деп ойлайды. Ақын қасында да бір періште жүр. Ақын жүрегі жомарт. Әлгі періш­теге әлем сұлулығын сыйлағысы келеді. Ал қазір... ал қазір әлем сұлу­лығы дегеніңіз аядай ғана. Мұны да ақын сезіп тұр. «Мен жүрген жерге ғана шөп шығады» деуі де содан. Ел, халық ұғымында «Гүлғызар құс аузын ашса, көмейінен ән төгіледі» деген әңгіме бар. Ақын да бір жақсылықтың жаршысы, сұлулықтың жоқтаушысы. Әттең, олар аз, өте аз... Есесіне жүрген жеріне шөп шықпайтын, күнді түнге, гүлді күлге айналдыратын әпербақан апайтөстер қаншама? Айналасы жұп-жұмыр осы бір өлеңде қаншама сурет, қан­шама бояу, қаншама көркем көрініс, қаншама сұлулық сүлбесі жатыр десеңізші? Текті ауыздан тегін сөз шықпаса керек-ті. Мұн­дай дүниені көзбен жүгіртіп оқып шығу обал, көңілмен тоқып, өрнек, бояуын бойға сіңіру абзал. Жасыл мәуіт, көк шұға, бұйра тоғай, ақ өзен, гүл айдаған үр самал, қызыл түс, сиыр бүйрек үй тастар, көк тонды, көлеңкелі шырша, жүйіткіген жирен ат, шоқтай қызар­ған құбыла, құрымдай қара бұлт, гүл төселген соқпақ...көз аяңда қанша байлық тұнып тұр! Мұның бәрін кез келген көлденең көз көрер ме? Әй, қайдам-ау, көген көздер болмаса... Шынтуайтында келгенде, жер бетінде осындай сұлу әлем, сүмбіл дүние бар ма? Бар болса ол – ақын әлемі. Бұл – Жұматайдың жұ­мағы. Жұматайдың жұмағына кірген жан кірден тазарып, бір ауық болса да кірпияз күйге енеді. Тән шәрбетін, жан жәннатын сезінудің өзі бір ғанибет емес пе?! Міне, Бекзаттық поэзияның құдіреті осындай. Ақын алдымен өзін жақсы танып-білуі лазым. Өзіңді толық тану арқылы ғана өзгенің қайғы мен қуанышын, мұңы мен шерін, қасіреті мен қасиетін сезіне аласың. Өзіңді тану өзімшілдік емес. Құдайым лайым өзімшілдіктен сақтасын. Өзеуреген өзімшіл­діктен өлермендік өніп шығады. Бұл дегеніңіз қатерлі ісіктен де бетер қауіпті. Менмендікке бой алдырған ақыннан әлгіндегідей адами қасиеттерді табу да, тану да қиынға айналып кетеді. Мен­мендік меңдесе, астамшылдық асқынады. Хас ақын мұның екеуіне де қас. Өкінішке орай, бізде – қазақы өлең топырағында өзіне өлеңі, өлеңі өзіне ұқсай бермейтін ақындар аз емес.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Иә, Жұматай көбіне жалқы болатын. Жүрсе асықпай-аптық­пай, ұрттаса баппен, шақпен шамалап шамырқанатын шәркездігінде де бекзаттық болымы, тектілік тәлімі баданадай байқалып тұра­тын. Зейіні тыңдауға бейіл, зердесі тыңдағанды оқуға, тоқуға бейім ол қай ортада да бабын бұзбаған қалпы байсалды отыра беретін. Өзін бағалайтын, өзгені сыйлайтын, тумысынан әдепті, ес біл­ген­нен тәрбиелі, ержеткеннен тәлімді ұлдың таным-білігі, сөйтсек, та­лайға өнеге, үлгі екен ғой... ...Мылқау болған жіпсіз байлап бай тілін, Арттыра алман жаман Жұматай құнын. Ақ тәңірдің өзі ғана біледі, Кімді жасқап, кімді жарылқайтынын, – деп мұны бір өлеңінде Жұматайдың өзі де сыпайы ғана білдіре кеткен тәрізді. Таным-білім демекші, Жұматай поэзиясында энциклопедиялық нышан, сипат та жоқ емес. Атамзаманғы аңыз, оқиға, әлімсақта­ғы ат-есім, қайдағы қағида, үрдіс, дәстүрді қайдан оқып, қайдан тани­ ты­нын қайдам, қай өлеңінде де өзгеше, тосын әлемдер айшығын ал­ ды­ңыз­ға тартады да отырады. Осы орайда оның әдебиет деген әлемге қажет шаруаның археологы да, геологы да болдым мен, -дегені жәй мақтан емес, әрине. «Біз де оқығанбыз, өнер ашқанбыз, тіс қаққанбыз» дейтіндердің талайы Жұматай өлеңдерін оқығанда, әлгі райынан қайтып, тілін тістей қоятынына мен кәміл. Қазір сауатсыз, саудасыз ешкім жоқ. Бәріміздің де ішімізде бір-бір «қуыршақ құдай­ лардың» билеп-төстеп кететіні бар. Тартысып-таласып, жау­ласыпдауласып қалатынымыз да содан. Ал Жұматайдың ішінде... Аз сырластым, көп жүздестім демейін, ол бұл «құдайды» ішіне індетіп, жанына жуытып көрген емес. Оның құдайы біреу. Ол – Тәңір. Ол – Алла. Ол – жаратылыс пен жаратушы жәйлы ұлы ұғым. Ұлы ұғым ғана үлкен ойға, үркер сезімге жетелейді. Жұматайдың ойы да, бойы да, сезімі де, ұғымы да... бәр-бәрісі өміршең өлеңмен өрілген. Егер ол «...Дабырадан қашқанға даңқсыз деп жүрмісің, доп тебетін жігіттей дыбысы жоқ деп мені...?» десе, ол да жәй айбар, сес емес, маған үңіл, бағала, бақ деп дос-құрбыға қаратып айтылған базынадай. Ақын «мені» кейде жалқы, кейде жалпы. Айдай әлемнің тынысдемін, қарекет-берекетін айна-қатесіз дөп басып, дәл танып отыратын ол бағзы бірде , ілкі арада өзіне де үңіліп, үңілген сайын ширығып отырады. Қайсыбір нақұрыстың намақұл сөзінен намыс­ та­нып қалған ақын бәрібір «өшін» одан емес, өлеңнен алады. Жүрек жара­сын жан тілімен жалап жазбақ болады. Бәрібір жаманшылық­қа бармайды, жақсылық қамын жасамаққа әрекеттенеді: ...Мұхит жаққа асығады әр өзен, Сол бір ойы және қымбат, және жөн.

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Мен Жалайыр Мұқылайдан артықпын, Қият нәсіл қаһанмен тең дәрежем. Көсемдікке келіп те тұр форымым, Әрі қатал, әрі нәзік қол, үнім. Мен қалқамды жадыратар едім-ау, Бес-алты айға берсе Колбин орынын... Иә, ақын пенде. Пенде, әдетте, кемшіліктен кенде емес. Бірақ, бұл арадағы нәзіктік, бұл арадағы қаталдық кемшілік деуге келмейді. Контрасты екі ұғым, екі қасиетті жию, жымдастыру арқылы ақын өз болмысынан хабар айтып тұр. Әділдік, ақиқат, шындық жолында бір ғана нәзіктік жеңіске жете алмақ емес, оған қайсы бірде қатал­дық та қажет. Ақын кредосы осы. Өмір көрген, көріп қана қоймай, тағдыр таныған пешенелі пенденің ой-түйіні бұл... Байқайсыз ба, ақын жанында – біздің Жұматай жанында көлде­ нең көзге көрінбей көкше мұнар, көгілдір елестей ерекше бір нәзік, нәркес, сұлу дүние ылғи жүреді де қояды. Ол, бәлкім, пері не періште ме? Әлде...арманда ару Ләйлә ма?.. «Мен қалқамды жадыратар едім-ау...» «Сол қызға қарап ойлаушы ем әйел затын мен: «Әйел» деген сөз – сөз бе деп «ай елі» деген...» «Мен жоқ болсам, атымды айтып күбірле, Мен өлмесем, жақсылықтан түңілме...» «...Сәбиісің ізгі ананың , Жаны-тәні ақ қардай-ақ. Анаңнан да қызғанамын, Өзім ойлап тапқандай-ақ». «Жұматай ма? Керек емес мұны аяу, Жүрегінде намысы ояу, жыры ояу. Сенің барың, сенің бұлай туғаның, Қандай ғажап, құдай-ау!» «...Сен жұпардай пайдалысың, Мен арақтай зияндымын...» «Көрсетші бір күлетінін Күн қалай, Жымимасаң ақ нұр кетер азайып...» Анығын айтсақ, ақынды жебеп-желейтін де, дерегін беріп де­ мейтін де осы бір ғажайып бейне. Ол бір елестей, ол бір тәтті

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м түстей, ол бір ай сәулесінен нәр алған, күн нұрынан жаралған жаһан қызындай...Қолмен ұстай алмайсың, көзбен көре алмайсың. Ақ қанатты періштенің дәл өзі. Көк қанатты көбелек те сол түстес. Арман айдынында аққудай қалқып, қиял қанатында қиянға самғап кеткенде аһ ұрып, аңырып қаласың ылажсыз. Сұлу соны­сымен сүйкімді, сиқырлы, ару сонысымен ажарлы, базарлы. Жұматай ақынды жынды етіп батыс барына апарып «ащыға» ұрындыратын да, шымылдық ішіндегі Шығыс сазына шомылдыратын да осы сырлы, нұрлы беймәлім дүниенің дүр қызы: Ару білер көз арбаудың әдісін, Сүрме тартса әр береді шырайға. Құрбың салса Кәшімірдің шәлісін, Менде жоқ деп нәзіктікпен мұңайма. Көз қарасын тек хас сұлу бұлдайды, Жанарыңды бері қарат жалынды. Тұт ағашын жеген құрттай бір қайғы Жегідей жеп кетті –ау менің қайғымды. ...Сені көріп құба талдай иілген, Танытқым кеп шеберлік пен тегімді, Хас ұстадай пілләдан жіп иірген, Жаным, ойым бір қиялға берілді... ... Ертегі елінде, аңыз аймағында көзсіз, ессіз экзотикаға еріген, емінген, берілген Есениннің «Парсы саздары» еріксіз еске түседі... Діні, ділі басқа, кезең, кезі әрқалай екі ақынның араға уақыт салып, бірін-бірі жатырқамай, жатсынбай қауышуы, үлбір әлем, күмбір күмбезді дүниенің кең сарайында өзара үн қосуы қайран қалды­рады. Қандай нәшті, нақышты, нәрлі, бозым бояулы назым десеңізші?! ...Көлденеңнен тартса сынын күн алдан, Қара түнде табу ләзім аппақ ән. Бұлт та – тұман, мұң да – тұман, тұманнан, Ешкім рақат, ешкім опа таппаған. Тағы да тап басып тәнті етер сол табысу!.. Тегінде, аман-есен болғанда Есенинді осы біздің Жұматай өз тілінде сөйлетуі керекақ екен-ау деген ой келеді. Әттең, екеуі де жоқ бүгін... Құлап қауышарлық, жылап көрісерлік өлеңдері ғана бар. «Ақын Алла­ның сүйікті перзенті, оның аузына сөзді жаратушының өзі салады» деген әңгіме рас шығар шамасы...

Жұ матай Ж а қ ы пбаев Алланың сүйікті перзенті болған соң да ақын сол жаратушы жарық дүниеге сыйлаған сұлулықты әспеттейді, жаратылыс жәннатын жанына азық, жырына тұздық етеді. Жер жәннаты – Жетісу жұртында туып-өскен соң ба,Жұматай жан-тәнімен, бүкіл болмыс-бітімімен табиғаттың төл баласы, жаратылыстың бел баласы тәрізді. Біздің ұғымымызда ақын ауылы, Жұматай өлкесі – жұмақтың жұмағы, жәннаттың жәннаты. Ақын өлеңдерін оқи отырып олай деп ұғынбасқа шараң жоқ. Оның табиғат бояуларын, тау мен тас тілін, балдыр мен шалғын сырын, гүл мен өндір өскіннің тамыры мен тағдырын соншалықты жетік, тамаша танып-білетіндігі еріксіз таң қалдырады: Сараң да малын алдырған, Сайраған кезде жүрегім. Шөлде де шөлін қандырған, Жыңғылға тартқан ұл едім, – деп басталатын «Өсімдік аты – Жұматай» деген өлеңі де бар. Әйтсе де біз мұны қоя тұрып «Сазда» атты мына бір өлеңіне үңі­лейікші: Желек, ну жібермейді желіңді кей, Ауаға жұпар ағыс емінді ме, ей?! Жалқаулау желпілдейді шөп шуласа, Атқұлақ жапырағы тебінгідей. Безді, әне, құмырсқалар үй көшіріп, Бұйра бас цыгандарша биле, шілік! Оң қолды үнді құдай – қарандыздың, Қалған ба басына алтын түйме шығып? Бетке алып кетті шымшық құбыланы, Осы иттің өзгермей ме ғұмыры әні? Жә, қойшы... погондардың оқасындай, Сары бас жоңышқалар құбылады. ...Жап-жасыл теңгесі айтып бірдемені, Сәмбі тал көрсеткен жоқ күнге мені. Сәйгел көп ызыңдайды айналшықтап, Сақбайдың бұзауы деп жүр ме мені? Осынау киіктің асығындай ықшам да шағын өлеңде қанша бояу, қанша ояу дүние, образдар әлемі сыбдыр қағып сырласып, тілі шығып, мойыл көбен мойын ырғасып, ымдасып, жамы­

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м расып, жарасып тұр десеңізші?! Бәрі де сұлу, бәрі де ғажап! Өмір бақи солмайтын, сембейтін Жұматайдың жұпарлы жұмақ дүниесі! Содан да ол ажарлы, әсем, мәңгі жап-жасыл. Жұматайға тән тәтті жымиыс, қою қара мұрт астынан мырс етер әдемі әзіл, жұмсақ юмор да бар мұнда. Бейне, Жұматай жаратылысқа, жаратылыс Жұма­тайға айналып кеткендей... Мойындамасқа болмайтын парадокс қай заманға да ақын тағ­ дыры өзектес, ортақ десе болғандай. Жұматай жырлаған Мұсаның күні – біздің де бүгінгі күніміз. Өзгергені шамалы: ...Атқанда күнде таң аппақ, Аллаға бір тай мінгіз деп. Алашты жүрді адақтап, Ақынға туар күнді іздеп. ...Жылытып жерді шуағы, Жан берер кезде, ес кетіп. Ақынның күні туады, Туады-ау, әттең, кештетіп... «Азап шектім, аз жаздым, көп қаңғырдым» – дейді ақын ендігі бір өлеңінде. Біздің басқа бұл да ортақ. Жасыратыны жоқ шын­дық. Талант тағдыры, талантқа лайық тағдыр жазмышы, әлде, әлімсақтан бері қарай осылай ма екен?.. Қалай болғанда да ақын қайғы-мұңнан ада-күде емес. Мұңсыз өмір – құнсыз. Ал қайғы мен ажал айтып келмейді, айтып келсе, қайтып келмейді. «Аз жаздым» деп өкінген Жұматай бұл хақында да: Қарсы келсең себеді билік өлім, Ол тек қана ажалдың киді кебін. Мен де ажалмен ақырын сөйлесемін, Мен де ажалға иілмей, илігемін, – деп айтып үлгеріпті. Қайсы­бір боркеміктей боздап иілмейді, илігеді қайсар, ожар кейіппен амал­сыз. Бұл да бекзаттықтың белгісі. Иә, нәзік те қайсар, өжет те өрімтал, сұлу да сүмбіл, сырбаз да кербез Жұматай ақынның төл болмысы, төркін-тегі осындай. Өтіп бара жатқан уақыт-ай!... Кеше ғана баппен басып, «жүрген жеріне гүл өніп», көктен нұр еміп, көңіліне жыр егіп жүре­ тін байсал қылық, жайсаң жігіттің інжу-маржан жыры қалыпты біздің еншімізге. Ол бүгінде жалғыз Жұматайдың емес, жалпы жамағаттың, қала берді, қазақ поэзиясының қасиетті қазынасы десе болғандай. Бұл інжу-маржан қазынаға қайта-қайта оралып, қадіріне

Жұ матай Ж а қ ы пбаев жетсек, қажетімізге жаратсақ кәні...Бір жетпесе, осы жағы жетпей жатыр-ау бізде. Абайды енді-енді ұқсата, ұғына бастаған­дай­мыз. Мұқағали, шүкір, күннен-күнге ән мен жырға айналып ба­рады. Ал, Төлеген ше, ұмыттық па қалай?.. Жұмекен ше? – тісіміз бат­пайды ма, иіріміне бойлай алмай жүрміз бе, неге жақ ашпаймыз? Кеңшілік, Жұматайларға да арнайы шындап тоқтайтын, үңілетін кез жетті емес пе? Бұларға қай жанкешті қашан тұтас ғұмырын арнай алады екен? Бұл үрдіс, дәстүр, жалпы бізде бар ма? Жоқ болса, нені малданып, кімді күтіп жүрміз? Кешегі сыншыларымыз, зерттеушілеріміз бүгін қайда жүр? Неге үнсіз, тілсіз, дымсыз жүр? Бүгінгі қазақ поэзиясына бағдар айтып, баға беру енді кімнің қашан қолынан келер екен? Әсіресе, мұны дәл қазіргі сәтте аруақты, рухты Жұматайлар әлемі, ақындар әулеті көбірек күтіп отырған сияқты көрінеді де тұрады маған. «Егемен Қазақстан» газеті 4.02.1995 ж. Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ АНТИ-ПОЭЗИЯ -1АНТИ-ПОЭЗИЯ кәріне мініп тұр. Адамзаттың алғашқы ақыны Гомер туған күні ол да қоса туған. 1837 жылы, қаңтардың 29 жұлдызында орыстың ұлы ақыны Пушкин Дантестің көздеп атқан оғынан мерт болды. Күз өтіп, қыс келген сайын, осынау қаңтарда ойы жүйрік орыс халқы азалы ақынын есіне алып, азапты ойға шомады. Ақындары мен батырларының туған күндерін ат шаптырып, палуан күрестіріп, қыз қуып, есінен тана тойлай­тын біздің жұрт, қалай екенін қайдам, олардың өлген күндерін ұмы­ тып кете береді. Орыстар өз ұлтының ұлы перзенттерінің туған күні түгілі, өлген күні де ойланады. Ұлт болып толғанады. Бізде мұндай күндер тойланып жатады… Сол қалыптасқан қатаң үрдісті қаса­қана бұзып, сүйегі орыстікі болса да, рухы бізге де жақын Пушкин­нің қаза болған айында қазақтың да небір боздақ ұлдарының ит мініп, ирек қамшылап өлмегенін айтудың реті келіп отыр… Ұлылық пен сұлулық, ақыл мен парасатты алтын мұрат көрген ақсүйектердің атақты Ренессанс заманының соңғы көші адамзат

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м баласының басынан үдере көшіп, тоңмойын қара тобырдың қара күш заманы, төңкерістер ғасыры келе жатты. Махамбеттің фәниден бақиға көшкен күні мына жарық дүниеде не болғанын біз біле қоймаймыз. Бізден көрі көзі ашық, көкірегі ояу орыстар Пушкиннің жөргекте жатқан күнінен табытқа түскен күніне дейін көз майын тауыса зерттеп, қолына ұстаған дүние, қаламы­мен шимайлаған қағазы, кескін-сурет, қолжазбаларына дейін қа­сиеттеп жүр. Зерделі пушкинтанушыларды айтпағанның өзінде А.Керн, Д.Фикельмон сынды замандастарының жазбаларын қайда қоясың; тіпті, ақынның ғашық болған әйелдерінің түсін түстеп, әсемдігін әспеттейтін «Дон-Жуанский список Пушкина» дейтін кітап та жарық көрді. Пушкинді былай қойып, оны атып өлтірген Дан­тестің итшелеген өмірі мен пенделік пиғылын ақтара-төңкере зерттеген әдебиеттер қаншама. Бізде Махамбеттің қалай қаза тапқаны туралы жөні түзу тарихи дерек жоқ. Махамбетті өзінің сарай ақыны қылмақ болған Жәңгір хан кім? Түр-нұсқасы Иудаға ұқсайтын, доспын деп келген бас кескен Ықылас ше? Махамбеттің басына мың сом бәйге тіккен Баймағам­ бет сұлтан кім еді? Кейбір қазақ, тіпті, оны мыңды айдаған бай еді, мырзалығы да соған сай еді деп мақтап та жібереді… Абай атамыз айтатын «қырқын мінсең, қыр астыра қоймайтын қырт мақтан» ғой баяғы. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» дейтін Елтайды да ер-азамат еді деп есіп жүргендер де бар. Ерің Елтай болса, ел болғандай екенсің?! Адамдықтың көзі бітеліп, надандықтың іріңді суы іркіле бастағанда, міне, осылай құлан құдыққа құлайды да, құрбақа құлағында ойнай жөнеледі. Махамбет-Исатай хан-сұлтан, бай, феодалдарға ғана қарсы күрескен жоқ. Солардың ту сыртында тұрған орыс патшасына жолбарыс болып атылып, қасқыр болып шапқан еді. Жәңгір мен Баймағамбеттердің есіл дерті – қарын қамы, Исатай-Махамбеттердің ойы халық қамы болатын-ды. Бірақ көтеріліс күшпен жаншылды. Исатайдан айырылған ақын Қараойда жалғыз үй қалды. Ұлттық әдебиетіміздегі ақын қазасына байланысты айтулы бір туынды Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесі. Содан болар, осы шағын әңгімені арқауға ала отырып, Махамбеттің басы кесілген Қараойдағы қаралы күн мен бүгінгі қазақтық болмыс тіршілі­гіміз­ дегі кейбір мәселелер хақында ой толғағалы отырмыз. «Соттан кейін ел ішінде екі-үш жыл бейбіт өмір кешкенде, Махамбеттің түбіне ауылдың ұсақ әкімдері жетті. Қайда жүрсе ізін аңдыған тыңшы­ лығымен, қардай боратқан қара шағымымен жетті. Махамбетті сұлтанның ордасына шақырғанда Баймағамбеттің ойы сағы сынған, туы шағылған ақынды сарайға бұлбұлша сайратып қоймақ-ты. Бірақ Махамбеттің: «Ежелгі дұшпан ел болмас, етектен кесіп жең болмас»

Жұ матай Ж а қ ы пбаев деп салуы – ат құйрығын кесісуімен тең болғанын, ақын не көрсе де тілінен көретінін кейінірек ұғынады» (Т.Ә. «Сырлы наз». «Жазу­ шы» баспасы. Алматы. 1977ж. 10-бет). Ақын туған елін қызғыш құстай қорғаштаса, тобыр оны Иса пайғамбарды ұстап бергендей, өз қолымен құрбандыққа шалып, онысына іштей рахаттанып жатты. Халыққа – азаттық, тобырға – құлдық керек екен! Махамбеттің басын кескен кім? «Бағзы замандағы Қарабайдың үйі мен осы замандағы өз үйінің халі Махамбетті тың бір ойға бастады. Малын қызғанып жа­ панға қашқан Қарабайдың қара шаңырағын жалпақ жұртпен жал­ ғастырушы Жантық болса, халқын қызғанып, Қараойға бекінген Махамбеттің қара шаңырағын пейілдес елмен астарлас­тырушы – Ықылас. Екеуінің тәтті ұрттылығы егіз елес туғызып, сезімі­нің секемін күшейтті. Енді Ықылас кешіккен сайын сыбайлас аң­шыдай сүйіндірмей, сауықшыл жардай кәдік туғыза бастады. Ықылас ертеден Махамбеттің көңілін жығып көрген пенде емес. Бірақ мұның бір өзі баяндылыққа айғақ бола алмайтындай. Ер мен ердің арасы шекіссе бекімек, өкпеқалдық өмір жасынан байқалмақ. Кімнің тарысы піссе, соңың тауығы болатындар Махамбетке қияметте дос бола алмақ емес. Ықыластың дастархандық қомағай­лығы енді қобалжу туғызғандай» (бұл да сонда – 18-бет). Ықыластардың табиғи болмысы адамнан гөрі хайуанға ұқсас, бұларға – тамақ, киім-кешек керек. Махамбетке рух керек. Рух болғанда да, аламанға жел берген, аса жұртты меңгерген, қара қазақ баласын хан орнына теңгерген (Махамбет) – Рух! «Қол шаяр алдында Жаңаберген Исатайға бағыштап құран оқы­ ды. «Күнту – тұрабадан» аса бергенде сүрініп еді. Махамбет қақы­ рынып қалды. Махамбеттің бұл қылығы да бидің шымбайына батты. «Мұсыл­ манша, орысшаға судай кәпір ғой бұл!» деп отыр» (бұл да сонда 18-бет). Махамбеттің түбіне жеткен надандықтың ұсқыны осы күн­ шілдігінен көрінеді. Қазақтан Оразбай туса, Абай болғысы келеді. Әйләуләйшіл әншісі Әміреден нем кем деп домбыраға қол салады. Әңгімешіл тантығы Әуезов те мендей басы жұмыр пенде екен ғой деп, өзіне өзі тамсанып, мәз болады! Мұқағалидың көңілді бір отырыста әріптестеріне қарап: – Сендер осы неменеге жетісіп ішесіңдер? Мен болсам, берер дүниемді беріп, тындырар шаруамды тындырып ішіп жүрмін! – деуі содан-ды. «В истории русской культуры вряд ли есть событие равное по своему трагизму смерти Пушкина» – дейді Николай Раевский. Махамбет өлген күні қара халық қара жамылды, деп жазды бір білгіш. Өтірік! Қараойдағы қаралы үйі ғана қан жылады. Әйелі Әуес

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м пен баласы Нұрсұлтан қасірет шекті. Ауыр қаза Махамбет-Исатайды қадір тұтқан аз ғана ағайынның арқасына батты. Абай өлген күні де, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Қасым өлгенде де осылай болды. Ол кезде қазақ халқы қандай ұлынан айрылғанын пайымдай алмады. Пушкин есіне түскенде: «Почти полтора века прошло с тех пор, но и сейчас тяжело и горько думать о безвременном уходе нашего гениального поэта» (Н.Раевский) деп, орыстар әлі күнге шейін қан құсады! Жыл сайын Пушкин күндерін өткізіп, аруаққа тәу етеді. Пушкиннің ғұмырбаянын зерттеп, өлеңдерін оқиды. Орыстың ертеңгі күніне Пушкин көзімен ой жүгіртеді. Бүгінгі пушкинтану – шекспиртану ғылымымен жедеқабыл болып қалды. Абайтанудың өзін күні кеше бастаған қазақ махамбеттануға әлі тұяқ іліктіре алмай жатыр. Махамбеттің өлімінен кейін ақын атаулыны аруақтай сый­ лаған, аталы сөзге тоқтаған қазақ топырағында «ақын өлтіру ойы­ ны» (Жұматай Жақыпбаев) басталып кетті. Поштабайдың қам­ шысы Біржанның арқасында ойнап, Алаштың біртуары Абай таяққа жығылды. Шәкәрім қызыл жендеттердің қолынан қаза тапты. Мағжан «халық жауы» ретінде атылды. Қасым халық ішінде қараусыз қалып, құрт ауруынан қыршынынан қиылды. Төлеужан қой соңында қойшыға сөз, жылқышыға жыр болып өлді. Мұқа­ ғали замана запыранын ішіп мерт болды. Адамдық аяқтың астында қалып, надандық осының бәріне ащы мысқылмен қарап, күліп тұрды. Әлі де – екі езуі екі құлағында…. Ақын дегеніміз – еріккенде өлең жазып, есінегенде шарап ішетін құбыжық пенде емес. Ел-жұртының еңірегінде етегіне толар көз жасы, күңіренгенде көзіне көрінер қарасы еді ғой. Әр жерде тарыдай шашылып жүрген он миллион қазақ адамзат ақыл ойының құзар шыңына шығып, ғылыми-техникалық прогрестің құлағында ойнап отырған бүгінгі адам баласының жыртығына жамау бола алмас. Оған салсаң – осы он миллионнан іріктеп, таңдап алатын он шақты Махамбеттің өзі де кемдік етпес еді. Шығысы Батыс болып кеткен ұлы қазақ Абайдың: «Единица болмаса не болады өңкей ноль» деген жан айқайы осыдан төркіндейді. Оны түсініп, соған тұ­шынып жатқан біз жоқ. Орыстар сорпа бетіне шығарын бесатармен жусатса, біз жақсымызды жалмаудың қазақи амалынын өзінше бір ұлт­тық әдіс-тәсілін жасап алған жұртпыз. Оның аты –қаңқу сөз, өсек-аяң: – Ойбай, Ақан сері перінің қызына ғашық екен! дейді. Пәледен машайық қашып құтылды дегендей, өзінің әнін айтып, сөзін сөйлейтін талантты да, қанатты перзенттерін ағаш аттың басына байлап, дүниедегі пәле-жаланы соған үйеді-ай кеп! Есі дұрыс ел өзінің марқасқа Қонаевын қаңғып келген шүрегей Колбин­мен салыстыра ма; Алладан кейінгі ақылгөй Абайдың өзі: «Биік мансап

Жұ матай Ж а қ ы пбаев – биік жартас, ерінбей еңбектеп, жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады» деп қақсап отырса да, отқа айдасаң, әлі боққа қарай қашады мына жұрт: 1986 жылдың желтоқсанында елжұртының намысын арқалап, көшеге шыққан ұл-қыздарымыз күні кешегі түркі Күлтегін, бертіндегі Махамбет алдаспанының Айға шағылысқан жарқыл-жұрқылы еді; оларға да айтпаған сөзі­ міз, жаппаған жаламыз қалды ма. Жәңгірхандық жәдігөйлік пи­ ғыл, Баймағамбеттік бодандық психология, Ықыластық ынсап­сыз надандық соңымыздан қара үзіп қалар ма екен, жоқ, әлде, салпаң­ дап еріп жүре берер ме екен?! Махамбет марқұм бұл дүниеден озған күні не болды – бұл жөнінде әлі құжатталған дерек жоқтың қасы. «Сол күні Ай тұтылған» дейді біздің ғасырымыздың 60-70-80-90-шы жылдарындағы Махамбет рухының бір жарқылы болған Тәкен Әлімқұлов! Мүмкін… Қазір Күн тұтылып тұр! Феодалдық-патриархалдық замандағы надандығымыз төңкеріс­ шіл-социалистік надандыққа кірігіп кетіп еді. Енді ел егемен болып, етек-жеңімізді жиғалы төңкерісшіл-социалистік наданды­ғымыз жабайы капитализм тұсында Махамбет-Абай рухын аяққа таптап, базарлардың лас түкпірінде қу құлқынның жыбырлаған құрт­тары­ на балапандап жатыр! Ана тіліміз – Абай тілі – өгей шешенің тілі се­кілді. Мемлекеттік деген – аты ғана. Ендеше, ел жұртты қыранша қияға бастайтын Махамбеттің поэзиясын кім оқиды?! Иісі қазақ баласы жанына, қанына сіңіре алмаған қайран Махамбет рухы кіндік жұрты қазаққа керексіз болса, кімге керек болғаны?! Пушкинге оқ атқан Дантес жат жұрттық еді. Орыстар оны француз дейді. Барон Жорж – Шарль Дантес 1812 жылы ақпанның 5-жұлдызында Францияда дүниеге келген екен. Пушкиннің құдай қосқан қосағы, осы қанды жекпе-жекке түрткі болған На­талья Никалаевна екеуі түйдей құрдас. Наталья Никалаевна дәл осы жылы Бородино шайқасынан бір күні өткенде туған. Бородино қан кешуіндегі орыс патриотизмін дәйім жұртқа аспаннан атой сала жырлаған ақын ақыры ата жауының атқан оғымен мерт болады деп кім ойлаған; Дантес өзін елге французбын деп таныстырғанымен, онда француздан гөрі неміс қаны басым. Туған шешесі графи­ня Мария Анна – Луиза Геттельд таза қанды неміс қызы. Оның туған ағасы Бірінші Империяның алғашқы кезеңінде Прусс мемле­ кетінің Франциядағы елшісі болған адам. Дантестің әкесінің әжесі Баронесса Райндер фон Вейль де неміс әйелі болып шықты. Пушкин өлімі ашуға булықтырып, намысына тиген Юрий Лермонтов: Мысқылдап жек көрді ол ішінен, Жат елді, жат болмыс, жат тілді! –

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м деп жазды «Ақын ажалында» Дантес туралы. Ғаламзаттың мәдениеттің төс емшегінен уыздай емген француз жұрты жендет Дантесті жерлесім деп айтуға ұялады! Оның тәнінде француздан гөрі неміс қанының молдау екенін алғаш рет дәлелдеп берген осы француз зерттеушілері көрінеді. Біздің Баймағамбеттеріміз бен Ықыластарымыз адамзат алдындағы азаматтық миссияларын атқа­ рып тастағандай, тарих оқулықтарынан бүгінгі болмыс –тірші­ лігімізде тайраңдап көшіп, сайрандап жүр! Қазақтың таңдаулы ұлын қазақ өлтіргеніне кәдуілгідей кеуде керіп мақтанатындай дәре­жеге жетіп қалдық. Бізде надандықты бетінен алып, бесігінде жөнге салу, түзеу деген үрдіс әлі күнге дейін жоқ! Махамбеттің басын алған Ықылас Төлеев деген кім? Қаны бір қазақтығын былай қойғанда, тілегі бір замандас, жүрегі бір ағайын емес пе еді. Бұл жерде ақ патша мен Жәңгір ханды салыстырудың өзі ақылға сыймайтын дүние болғанымен екі елдің екі ақын­ның өлімін қатар алып қарағанда көңілге әртүрлі ой салып, сан қилы кереғар сезімге түсіретін бір фактіні айтпай кету күпірлік болар еді. Осындайда Николай Біріншінің қызы Ольга Николаевнаның Парижде жарияланған жазбасы еске түседі: «Пушкиннің бойынан Ресейдің ұлылығы мен даңқын шығаратын қасиетті байқаған менің әкем (патша – С.А.) оған үнемі ерекше ықыласпен назар аударды деп жазды ол. – Ақынның өзіне лайықты ару әйелі де бұл ықыластан кенде болған жоқ». Бұл сөздің өтірік-шынын кім білсін, менің айтпағым, Махамбеттің мәрттігін мойындап, ата жұртының алдында бетінен оты шығып ұялған не Жәңгір немесе Баймағамбет, Ықыластардың үрім-бұтағының бір тұяғын естігеніміз де, көргеніміз де жоқ әлі! «Ресей бүгін Пушкиннен айрылды…» деп жазады Дарья Федоровна Фикельмон көзін жасқа бұлап отырып! Пушкин­нен айрылған Дарья Федоровна емес – Ресей дейді! Ал біз ше? Бізде ше? Мұқағали дүние салғанда қазақ әдебиетінің ақсақалы Әбу Сәрсенбаевтың ақын үйіне көңіл айтуға барғанын, сонда оның өз құлағымен естіген сөзін … сіз білесіз бе, білмесеңіз, естіңіз, бауырым, осы үйге ет жақын туыс болып келетін Нарынқол өңірінің ата сақалы аузына біткен бір керауыз шалы: – Е, бір шыбын келді де, кетті! – деген екен! Елдің бәріне қансырап жатқан Пушкиннің қасында кірпік қақпай қыстың ұзақ таңын көзімен атырған әулие Жуковский болуы шарт емес, бірақ туа салып бесікте ана әлдиін, ат жалын тартып міне Төлеби­лердің аталы сөзіне құлағы қанып өскен қазақ ақсақалының осыншама көрсоқыр, надан болғаны көңілді күпті қылады екен! Сонымен Махамбеттің басын шапқан кім? Жәңгір хан айтақтап, Баймағамбет сұлтандар өре түрегеліп, Ықылас хорунжии құшақтап тұрып, пышақтап салған… дейді бір

100 Жұ матай Ж а қ ы пбаев білгіштер. Түр-түсі, түпкі төркін жұрты тарихқа атам заманнан белгілі осы үш типтің жалпы аты, жаћан таныған ныспысы НАДАНДЫҚ болатын! Абайдың аз ғана Тобықтыдан көзімен көріп көңіліне түйген ћәм бүкіл исі қазаққа тән сол типтік дерті қаншама әлеуметтік төңкеріс, жазалау мен аштық, неше түрлі сынақтарды басынан кешсе де әлі күнге есін жия алмай қойған бұл жұрттың етінен өтіп, сүйегіне шауып барады! Махамбеттен кейін не болды! «Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан» деп ақылгөйситін қазақтың арқасына Махамбет алдаспанының жарқылынан аруақ бітіп, шамданса – жығар асау, шымырқанса – сынар болат болды ма! Ежелгі дұшпан ел болды ма, етектен кескені – жең болды ма? Еділдің бойы ен тоғай еді – ел қондыра алды ма, жағалай жатқан сол елге мал толдыра алды ма?! Сонымен соңы не болды? Ел қорыған Махамбет елінен айрылды. Көл қорыған қызғыш құс көлінен айрылды. Аға сұлтан Баймағамбеттер мансап лауазымын хатшылық пен министрлікке оп-оңай ауыстырып алды да, алып кел, шауып кел, атып кел, сатып кел Ықыластар болса кемелденген социализмнің университеттері мен институттарында Махамбет поэзиясынан дәріс оқи бастады! «Пәлсапашылар дүниені әртүрлі бағытпен түсіндірумен келеді, бірақ, мәселе оны түбірімен өзгертуде жатыр ғой» (К.Маркс) демекші, енді не істейміз деген сауал туындайды. Аты – егемен, заты – тәуелді қазақ қалайша жұрт қатарына қосылып, көштен қалмай, көзін қияға салады? Жауап біреу: Ықыластардың айтқандарына көніп, айдауына ерсең – жылан болып, жырымға қарайсың, Махамбеттің соңына еріп, рухына кенелсең – қыран болып, қырымға қарай­сың! Дәл қазір, өткен мен ертеңнің өлі арасындағы бізге Махамбеттің Рухы керек! Туырлықсыз тұл үйге ту байласаң тұрар ма (Махамбет): базарың базарлы болуы үшін де Махамбет керек бізге! …Қазір Күн тұтылып тұр! АНТИ-ПОЭЗИЯ адамзатқа адырайа қарап келеді. Әсіресе – Алашқа. Қазақ ұлы Абайдың 150 жылдығын тойлады. Бұл – Абайға дейін алдына ұстар қарасы, ақылы кемел данасы, шарасы болмаған қазақтың Абайсыз, санасыз, шарасыз ғұмыр кешуінің 150 жылдығы болды! -2АНТИ-ПОЭЗИЯ азуын Айға білеген 1961 жылдың 12 сәуірі әлі көз алдымда. Мен онда он бірде едім. Кеңес империясы жер бетінде сайранды салып, енді Көк Тәңірге көз сұғын қадап тұрған. Күні кеше Қазан төңкерісімен ғаламды дүр сілкіндірген орыс, капитализмге

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м соқпай, феодализмнен социализмге бір-ақ секірген иісі қазақ қана ма, тарихи даму заңдылығының өзіне тән үрдісіне қиянат жасамай көш керуенін түзей бастаған өрелі Батыс пен үшінші дүниедегі бүкіл азалы, арманшыл адамзат баласының екі көзі аспанда. Ғарышта – Адам! Адам – Ғарышта… Адамзаттың алғашқы ғарышкері Юрий Гагарин жұмыр Жерді айналып, құсша самғап жүр. Жер бетінде үш миллион жыл ғұмыр кешкен Гомо-сапиенстің бір нәсілі біздің жыл санауымызға дейін және одан кейін бірнеше мыңдаған ұрпақтар ғұмыр кешкен, атасы – күйеу болған жер, шешесі – келін болған жұмыр Жердің жұдырықтай ғана екенін өз көзімен көрді. Гагарин­­нің ғарыш кемесі мен Жер-Ананың ара-қашықтығы 88 километр екен. Сексен сегіз дегеніміз – радистердің тілінде: «Мен сені сүйе­мін!» деген сөз. Бір-біріне жау екі тап, бір-біріне қас екі қоғамдық жүйе, бір-бірімен алакөз екі пенде: «Мен сені сүйемін!» деп көкке көз сүзіп тұр. Бұл – екінші дүниежүзілік қырғыннан кейін, ділі басқа, тілі бөлек – адам баласының ұлыстың ұлы күнінде тоқайласып, бір ой, бір сезіммен құшақтаса табысуы еді. Атақты фантаст Рей Бредбери адамның ғарышқа көтерілуін балықтың судан құрлыққа шығуымен пара-пар деген еді. Осы күні Алматылықтар екінші бір тарихи оқиғаның куәсі бол­ ды. Аспаннан ақ парақтар жауып тұр. Бұл не? Бұған дейін қасиет­ ті төрт кітаптан ғана оқып білген тәңірінің соңғы уағызы шығар мүмкін? Құран да көктен түскен демеуші ме еді? Әлде, сонау аспан төрінде, Алла тағаланың қасында жүрген ғарышкердің адамзат үмбетіне шашқан шашуы ма? Өзі жер бетінде қалып, бір үмбетін ғарышқа жіберген біздің әу­лет әлгі парақтарды құрастырып оқып көріп, таң-тамаша қалды. Өлең! Ұлы мәртебелі цивилизация мен оның алғашқы анасы ћәм ару қызы сұлу поэзия екінің бірі, сегіздің сыңарындай жарыса сөйлеп тұр: Жоқ, Шығыс, Жоқ, Батыс та. Жыр – Отаным! Бар кешің, Бар әдемі бұла таңың. Жоқ, Шығыс, Жоқ, Батыс та, Кәдуелгі Егіздей екі ұлы бар ұлы атаның. Қылады атамекен тарлық кімге, Тұрады сол ойдан ол қарғып түнде.

102 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Батыс жоқ, Шығыс та жоқ, Жер дейтұғын Бір-ақ сөз, Ұлы Сөз бар барлық тілде!

(Тәржімалаған Қ. Мырзалиев). Миына бір ұғымды сіңіріп алса, содан өлмей айырыла қоймайтын аңғал адам баласының есіне сол күні тағы бір көне классикалық өлең жолдары оралған-ды. Ағылшын ақыны Киплингтің өлеңі. Бір кезде жалғанды жалпағынан басқан, Ұлыбританияның өркеуде шәйірінің бұл өлеңінің ұзынырғасы артта қалған бүгежек Шығыс такаппар да, ұлы Батыстың аяғын құшуға жаралған дегенге саяды. Мұны кеудесіне нан піскен отаршыл озбыр көштердің әулекі ән-ұраны десе де болады. Көзін шел басқан Батыстың кейбір басы жұмыр пенделері Шығысқа әлі де өстіп мұрнын шүйіре қарайды. Осынау темірдей сомдалған теріс тезисті тас-талқан қылған қазақ ақыны Олжас Сүлейменов еді. Адамның жер бетінен бауырын көтеріп, Гомо-сапиенске айналғаннан кейін,ХХ ғасырдың 60-шы жылдары самғап ғарышқа шығуы – қандай ғажайып тарихи оқиға болса, Батыс пен Шығысқа бөлініп, қаққа айрылған екі дүние мен екі мәдениеттің басын қайтадан адамзаттық бір арнаға қосқан қазақ ақынының асқақ мұраты да осыларға жете қабыл тарихи оқиға еді. Бірақ ол кезде ешкім де осынау терең ойдың түбіне бойлай алған жоқ. Дегенмен ғарышта болып жатқан тарихи оқиға жер бауырлаған пенде атаулының сана-сезімін жарық жылдамдығына ілестіріп, адамзат ақыл ойында күндердің бір күні болмай қоймайтын ұлы төңкеріске ұмтылдырып жатты. Ол кездегі озық ойлы оқырман Олжасты интуициямен түсініп, оның қыршын жүрегінде осы заманғы қасаң қағидалармен қырқысып жатқан ежелгі шығыс мәдениеті, көне түркі өркениеті хақындағы ордалы ойды сезгендей болды. …Аспаннан жыр жауып тұр. «Қарындасым көшеден жинап әкеліп, асығыс құрастырып оқыған сол листовкалар менің ең алғашқы өлеңдер жинағым еді» деп жазды Олжас кейіннен поэмаға жазған соңғы сөзінде. Бұған дейін Жамбыл атамыздың «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңі ғана листовкамен тараған еді. Адамзат шежіресінде айдарынан жел ескен арқалы ақындар жетіп артылады. Бірақ, ақындық тағдыры, шығармашылық ғұмыр­ баяны адамзат тарихының жұлдызды сәтімен тұспа-тұс келіп, бір-ақ күнде танылып, аты-жөні бір-ақ мезетте ел-жұрттың аузына іліккен ақын кемде-кем. Ағылшынның атақты Шекспирінің өзі атышулы

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м трагедияларының қадір-қасиетін ата-жұртына түсіндіре алмай, сахнада өзі актер болып ойнаған екен. Әлі күнге дейін орыстың Пушкиннен озып туған ақыны бар ма, оның өзі әйел затының перизаты Наталья Гончарованың арқасында патша сарайының есігінен әзер сығалап, ордалы ойларымен ұйқыдан орыс орманын оята алмай, осында қаңғырып жүрген қайдағы бір дарынсыз Дантестің оғынан жер жастанды. Ұлы мәртебелі патша ағзам әйелі­ нің әдемілігіне бола мейірі түсіп, ақынға камер-юнкер деген атақ бергенде сарайдың сәнін кіргізетін Наталья сұлудың: «Ақыры біз де ел қатарына іліктік-ау» дейтіні өз алдына бір хикая. «Адамға табын, Жер енді» сол жылы бас-аяғы бір-екі үш айда кітап болып басылып шықты. Сүлейменовты осы күнге дейін Гагарин­нің рухы мен сондағы ғарыштық жылдамдық тәңірідей жебеп келеді. «Поэма содан кейін бірнеше мәрте басылып шықты, – деп жазды ақын, – әрбір жаңа жарияланым алдында оның кейбір жерін жөндегім де келіп кетеді. Сонсоң қалай жарық көрсе, солай қала берсін деген ойға тоқтаймын». Олжас Гагаринді ең соңғы рет 1967 жылы Вещенская стан­ циясында көрді. Социалистік елдердің бір топ жас ақындары мұнда Шолоховпен кездесуге келген-ді. «Дон жағасында доп ойнап жүргенде ғарышкер аяғын жаралап алды да, бір аяғымен секіріп барып, жаралы аяғын суға салған» деп тәптіштеп жазады ақын сүйікті қаћарманы қақында. Оның есіне фантаст Рей Бредберидің адамның ғарышқа көтері­ луін балықтың судан құрлыққа шығуымен теңестіргені сол күні түскен шығар, мүмкін? Олжас поэзиясы – адам баласының Жер-Анадан қара үзіп, ғарышқа шығуымен пара-пар құбылыс! Ұлы классикалық әдебиет пен ұлы тарихи оқиғалардың тұс­ тас келе бермейтіні тарихи факт. Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» атты эпопеясы 1812 жылдан 51 жыл өткенде дүниеге келсе, М.Әуезовтың «Абай жолы» дәуірнамасы Абай дүниеден өткен соң 45 жылдан кейін жазылды. Ал, 1961 жылы, аспаннан шұға жауған күні «Адамға табын, Жер ендіні» таласа-тармаса оқығандар оның авторының инженер-геолог екендігін, оған белгілі бір беделді шәйірдің: «Мамандығың бар екен, ендеше қоғамға пайдаңды тигіз, өлең жазбай-ақ қой, қолыңнан келмейді» дегенін біле ме екен? Поэзия – қасаң қағидаларды быт-шыт қылып талқандау деген сөз! Сүлейменов социалистік реализмнің апиынынан басы айналған әдебиетіміз бен мәдениетімізді рухани – наркологиялық диспансерге тірідей жеткізіп, аман алып қалғандардың қатарын түзейді. Бұған оның жаттанды ұран, жадағай ой, лепірме айқайдан ада, кез-келген өлеңі куә.

104 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Мынау Қорғалжыңдағы қоңыр қаздар туралы өлеңінің бір шумағы: Бұл не қылған батпан қайғы, Батпан шер! Қызыл мен ғой – қызыл қаны аққан жер. «Отан – дейді туған көлін»… Оттама! Қалай Отан болады оған атқан жер?! Бұл өлеңді оқығанда біреулердің көзіне құс қана елестесе, біреу­ дің көзіне… Сізді қайдам, менің көзіме Ахметтер мен Жүсіп­бек­тер, Мағжандар мен Сәкендер елестейді! Два истории у нас с тобой? Нет: одна за ложь мы не в ответе. На земле живем нам не чужой, На земле, А не на постаменте. («Ермак ескерткіші қасындағы тебіреніс»). Шовинистерге көзін шұқып, бұдан артық айта алмайсың! Сволочь – не мелочь, Общественное явление! («Дүниенің қиыр шетіндегі бір сәт үнсіздік») Бұл сөзді қолына қан уыстаған жендет пен данасын итше талаған дарынсызға, «кеудесі толы қулық-ой» оңбағанмен «ит көрген ешкі көзденген» (Абай) көрінген күйкі пендеге де қаратып айтса – сауап! Бұлар біздің болмыс-тіршілігімізде анда-санда бір кез­десетін типтік образдар ғана емес, – қоғамдық құбылыс! Індет! Етімізден сүйегімізге өтіп, тәнімізді кеміріп, жанымызды шырқыра­ тып бара жатқан қоғамдық жегі құрттар: «Он – не дурак, он может быть академик, – дейді Олжас. – Все равно – сволочь!» Маймыл­ дың адамға айналу процесі миллиондаған ғасырларға созылғанмен, адам баласының иттің баласына айналуы үшін ұзақ уақыттың қажеті шамалы; қамшының сабындай қысқа ғұмыр да жетіп артылады. Олжастың қасиеті – Абайдың қасіретіне терең бойлап, қазақтың ұлттық ғаламдық өркениетке тұяқ іліктірудің қамын ойлауында жатыр. Бір кезде Абайдың арқасына ащы таяқ ойнатқан жұрт Абай дүниеге келгелі 150 жыл өтсе де оны әлі түсіне алмай жүрге­ ніндей, ХХ ғасырда маңдайы жарқырап туған марқасқа Олжасты да оңдырып жатқан жоқ. – Олжас ана тілін білмейді екен! – дейді. О, сұмдық! Олжас қазақ тілі түгілі, ежелгі түркі тілін де бес саусағындай біледі ғой! Ол түркі тілдес әзірбайжан , өзбек, қырғыз, ұйғыр, якут, тіпті, араб тілдерін де құныға зерттеп, ежелгі түркі мен

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м славян мәдениетінің тоғысуынан адамзаттық алтын қазына іздеп жүрген қазақ Колумбасы емес пе еді?! Молдован билеушісінің ұлы Антиох Қантемир орыс поэзиясы бастауларының бірі. Поляк Юзеф Теодор ағылшын көркем ойы­ның айтулы шебері. Тағы бір поляк Геома Аполлинер француз поэзия­ сының пайғамбарының бірі ћәм бірегейі. Қазақ Олжас Сүлей­менов өлеңін орысша жазып, қазақ сахарасынан ұзап, әлемге әлі естіл­мей жатқан ұлттық жырымыздың даусын ғаламдық аудиторияға жет­ кізсе, бұл үшін оны мақтау керек пе, жоқ, әлде даттау керек пе?! «Жақсы менен жаманды айырмадың, бірі май, бірі қан боп енді екі ұртың» деп ұлы Абай қалай тауып айтқан! Қазақтың ұлттық профессионал жазба әдебиетінің атасы осы Абайымыздың өзі әлі күнге дейін орысшаға жөні түзу тәржімаланған жоқ қой. «Әкесі өлгенді де есіртеді» демекші, орыстар ћәм қалған дүние Абайды ақын ретінде емес, Мұхтар Әуезовтың осы аттас дәуірнамасы­ның кейіпкері ретінде ғана жақсы біледі! Абайға арада 150 жыл өткенде ғана емес, жылда, күнде дүркіретіп той жасасақ та Алаштың осынау бір туар алыбының қадір-қасиетін өзінен басқа өзгенің кемелі мен тереңін елей қоймайтын мынау такаппар дүниеге өмірбақи түсін­ діре алар ма екенсің; Абайды мақтап-марапаттап, абыройын асы­рып керегі жоқ, ең алдымен Абайды адамзаттың тілінде сөйлету керек еді. Абай ағылшынша сөйлесе, Шекспир мен Байронын түсінген жұрт оны бізден гөрі тереңдеу түсінер ме еді, қайтер еді… Олжастың орысша сөйлеуі, әсіресе, оның орыстың осы заман­ ғы ұлы ақындары Евгений Евтушенко, Андрей Вознесенский, Белла Ахмадуллиналармен қатар бой көрсетіп, ой жарыстыруы – жалғыз қазақтың ғана емес, бүкіл түркі халықтарының маңдайына біткен бағы болатын! «АЗиЯ» – Азияның Евразия мен Америка құрлықтарындағы азаматтық паспорты! Отаршыл озбыр күштердің одан әлі күнге дейін зәресі ұшып қорқатыны – содан! Бір кезде Мағжан майын тамыза жырлаған, Күн елі осы кітап арқылы өзінің азаматтық, ұлттық паспортын төс қалтасына басып отыр! Қазір бұл ел тентіреп жүрген тексіз тайпа емес, ежелгі мәдениеті, ересен ұлттық потенциалы бар, қандай ұлт, нендей ұлыспен болсын терезесі тең отырып сөйлесе алатын ұлт – Тұранның тұяғы! Ел ішінде Олжас туралы кереғар пікір көп. Бұған оның басқа замандастарынан алабөтен айырмашылығы мен адами жараты­ лы­сының айрықшалығы түрткі болып жүр. Ол тәңірінің тілегімен ақын болып жаралғанымен, тағдырдың жазуымен лингвист-түрко­ лог, славист, шумеролог, тарихтың қалауымен тарихшы, философ, публицист, Алаштың тағдыр-таланымен қоғам қайраткері болып кеткен кісі.

106 Жұ матай Ж а қ ы пбаев «Жамиғат кинематография министрі Олжас Сүлейменовты іздемеп еді»- дейді оның сырлас-мұңдас замандастарының бірі Бақытжан Момышұлы. – Халыққа Жазушылар одағының бірінші хатшысы Олжас Сүлейменов те керек емес еді, тіпті, осы есімді депутат та, өкілетті елші де қажетсіз-ді, жұртымыз көш бастар көсемге зәру еді. Адамзат қазынасына барып құятын ауқымы кең, мақсатын анықтар ұлттық ілімнің авторын іздеп едік» («Заман Қазақстан», 19.04.1996ж.). Дұрыс айтады! Сол екі көзімізді төрт қылып, іздеп жүрген ұлттық іліміміз О.Сүлейменов шығармаларында тұнып жатқан жоқ па? Ұлт көсеміне тақ керек пе еді?! Қытайды өркениет өріне бастаған Дэн Сяопин «Ұлы жебеуші» Маоның тұсында, ћәм одан кейін де мемлекеттегі басты билікті қолына ұстаған жоқ қой? Ресей адам құқы жөнінде жаћан дүниеге жар салған Андрей Сахаровты әзер дегенде депутат сайлап, КСРО депутаттарының съезінде мінбеден қол шапалақтап қуып шыққан жоқ па еді. Қазір мұнда сол рух пайғамбарының орны үңірейіп тұр... «Егер мен жазуды тоқтатсам, адамзат та, әлемдік ақыл-ой да ештеңе жоғалтпас еді, – дейді Б.Момышұлы. – Бірақ О.Сүлейменовтың қаламы үнсіз қалса, біздің күніміз не болады?» Аталы сөз! Олжастың орысша сөйлеуі қазақтың ғаламға тіл қатуы бо­лып тұр! Графоман қазақша сөйлегенше, Олжекеңдер орысша сөй­лесін; өйткені ол ойсыраған ойыңның орнын толтырып, ит мініп, ирек қамшылаған ұлттық рухыңды аспанға көтереді! Оның орыс ті­ліндегі өлеңдерінің төркін жұрты Шалкиіз бен Қазтуғандардың жырау­лық поэзиясында жатыр. – Кітап құрып барады! – дейді Олжас. Иә, кітаптар мен кітапханаларға қауіп төніп тұр. «Шекспирді тумаған мәдениет Ньютонды да туа алмайтынын (О.Сүлей­менов. «Қасиетті латын», «Заман-Қазақстан», 10.04.96 ж.) күндердің бір күні түсінерміз әлі. Бірақ, ертең тым кеш болып жүрмей ме деген сауал өзегімізді өртеп барады! Күні кеше өзіміз күптеп-көмектесіп, қолдан жасаған тексіз миллионеріміз өз ұлты мен мәдениетіне тіксіне қарайды.Оларға Құрманғазы мен Тәттімбеттен гөрі батыстың поп-музыкасы, Абай­ дан гөрі эстрада жұлдызы Алла Пугачева бір табан жақын. Тек­сіз­ дік ұлттық тектілігіміздің түбіне жете ме деп қорқамын! Ойы­мыз­ дан тойымыз көп. Той мен ас дүбірлей жөнеліп еді, аяқ асты­нан айтыс ақындары дейтін айқайшыл топ пайда бола кетті. Қайда барсаң да еститінің – мақтау мен марапат. Бұлардың гөй-гөйіне құлақ салсаң, қазақтың басына бозторғай жұмыртқалайтын заман орнап тұрғандай.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Ұлттық поэзия – үнсіз. Олжас – Италияда. Мұқағали мен Жұмекеннің , Жұматайдың да асын беріп тастадық. Тірісінде ешкім де өз елінде пайғамбар бола алмайды деп кім айтса да дұрыс айтқан екен дейсің. Фактінің аты – факт. Құлағыңа Лермонтовтың бір шумақ өлеңі келеді: «Хош, Ресей сорынан арылмаған...» Абай айтады: «Туған жер, өлген мола жібер­ мейді, әйтпесе, тұрмас едім осы маңда...» Енді Олжасты тыңдаңыз: «Мы – не рабы, рабы не мы, ибо рабы – немы...» Бүгін болмаса ертең, біз болмасақ бізден басқа екінші бір толқынның құлағына шалынбай қоймайтын әуендер бұл. «Мені де шпион боп өтті деңіз, ақыннан сақта құдай деп тілеңіз; болашақ ұрпақтардың құлағына біздер де бір нәрсені жеткіземіз» (Е.Евтушенко) деген өлең кешегі коммунистік үстемдіктің кезінде туған ғой. Болашақ ұрпақтардың құлағына біздер де бір нәрсені жеткізуге міндеттіміз. Жеткіземіз! Олжастың ең сүйікті сөзі: «Айналайын». «Кружись, айналайын, Земля моя!» дейді ол. Кіндік қаны тамып, кір жуған Алашыңды туған анаңдай сүйіп, қала берді қалған адамзаттың сұлулығы мен ұлылығына тәнті болудың қандай қасиетті ћәм қандай қасіретті құбылыс екенін паймдау үшін де Сүлейменовты қайта-қайта оқу керек бізге. Қазақтың ұлттық, мемлекеттік идеологиясының халқымыздың рухани қазанында қайнап, сорпа бетіне шығар қаймағын содан сүзіп алуға болады. Онда не жоқ дейсің: Ұжымды ұлт болуға өте-мөте қажет нарт мінез намыс, бір ру, бір аймақта тұйықталмай, ғаламдық өркениетпен біте қайнасатын шынайы интернационализм, өзіміздегі және өзгедегі пенделік – тоғышарлық – тышқандық психологияға қарсы ымырасыз күрес дейсіз бе, прогресшіл адамзат зәру болып отырған көкейкесті мәселелердің бәрі де баршылық. Өзгеше ойлай білетін ұлт зиялылары билік басындағы­лардың ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында болған кезде мұндай ұлттың маңдайдағы соры бес елі болады. Олжас коммунистік жүйе кезінде қазақта диссидент болған жалғыз тұлға, жампоз азамат! Бұған куә оның «АзиЯ»-сы. Кеңес өкіметі кезінде осы кітапты қолтығына қыса барып, Мәскеуде қара базарға саудалап, Алматыға біраз ақша арқалап қайтқандар да болған... Біз өз ақыл-ойымызды арзан күнкөріске сатып жүргенде бізден гөрі ертерек ел болған озық ойлы орыс халқы Бердяевтері мен Бродскийлерін құныға оқып жатқан. Орыс интеллигенциясының ат үстінде ұйқы қашырып, қоңыр салқын төске алған ығайы мен сығайы бұл кезде мұхиттың арғы

108 Жұ матай Ж а қ ы пбаев жағында жүрген-ді. Эмиграцияда тігерге тұяғы болмаған жұрт біздің қазақ ћәм қазаққа ұқсас «күштілері сөйлесе бас иетін шыбындап» (Абай) қамшыдан көз ашпаған бодан жұрт; ел-жұрты үшін еңіреп шет жұртта тентіреген Мұстафа Шоқайдан басқа кіміміз бар еді?! Ел егемен болғалы еңсеңді көтеріп қарасаң қазақ зиялы­ла­рының көпшілігі халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, әбден қа­жыған сыңайда. Орыстың патшалық және коммунистік отаршыл­ды­ ғымен алыса-алыса арқа еті – арша, борбай еті – борша болғандай көйітеді-ау кеп... Мұндай типтерге қарап Олжекеңнің ішек-­сілесі қата күлуге моральдық құқы бар. Бірақ күлмейді. Ішінен қан жы­ лайды ол. «Ақынның жүрегін жаралау оп-оңай» – дейді әулие қарт Карл Маркс. Адам-Ата мен Һауа-Ана жұмақтан қуылып, оның тұла бойы тұң­ ғышы қанішер Қабыл туған бауыры Әбілді ұрып өлтіргеннен бері ақын атаулының жүрегі – шұрқ тесік. Адамзаттың алғашқы ақыны кім екен? Кім болса да ол да өз ажалынан өлмеген болуы керек... Әлі есімде, 1989 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы кезінде О.Сүлейменов өз кандидатурасынан бас тартты. Ақынның мұнысы несі? Үш жүз жылдай бодандықтың бопсасында келе жатқан қазақ халқының жүрекжарды сөзін шаршы топтың алдына қасқая шығып, кім айтады енді?! Сөйтсе, оны біреулер «бауырлас орыс халқын ұнатпайды-мыс», «ұлтшыл» деп айыптаған көрінеді. Олар қалың қара орман­дай орыстың ішіндегі орысы – Ю.Гагариннің қазаға ұшыраған же­ рінде «Адамға табын, Жер, енді» деген осы Олжастың сөзі қашаулы тұрғанын қайдан білсін... – Сүйем сені, жаным, Олжас! – деп жазды ол туралы орыстың адуынды ақын қыздарының бірі Римма Казакова. – О, менің қыршын бауырым, қыпшақ Олжас! – деп жыр толғады Сергей Марков оның уыздай жас кезінде. Сайлауға санаулы күндер қалғанда Мәскеудің орталық теле­ дидары бір көрініс көрсетіп жатты. Тілші бір әйелмен сұхбат жүргі­ зіп тұр. – Мен Сүлейменовке дауыс бермеймін! – дейді ашулы әйел. – Неге? – дейді тілші таңқалған сыңай танытып. – Ол біз секілді сауыншыларды сүймейтін көрінеді... Теледидардан жергілікті радио да қалысқан жоқ. Хабар жүргі­ зуші журналист Сүлейменовтың сайлау алдындағы бағдарла­ма­сына тоқтала келіп, оның болашақ депутаттың бағдарламасы екеніне күмән келтіреді. Әрі қарай – музыка... Дегенмен, осы тоталитарлық қоғам тұсындағы сайлауда да Олжас жеңіп шықты. Тобыр жер құшты. Халық жеңді.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Ақын жөнінде қаңқу көп: «Олжас қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беруге қарсы болған екен», – дейді. Қазақтың басында тоталитаризмнің қамшысы ойнап тұрған кезде «ұлтшыл» атанған Олжас ел-жұрты егемен болғанда енді «космополит» атанғалы тұр ма?! Ақынға жабылмаған жала бар ма еді: Бұқар жырау – «ханшылықтың жаршысы», Шортанбай – «кері тартпа», Мағжан – «халық жауы», Қасым – «ұлтшыл», Мұқағали – «маскүнем». Оған әлі күнге дейін әртүрлі құйтырқы сауалдар қойылады: – Сіз неге орыс тілінде жазасыз? Немесе: – Сіз қай халықтың ақынысыз осы? – дегендей сұрақтар. – Өлеңімді орыс тіліне тәржімалап бер деп көрінгенге көзтүрткі болмайтын қазақ ақынымын! – дейді ол. Әрі қысқа, әрі нұсқа. Олжасты көшедегі көрінген пенденің түсініп, оған көрінген пенденің тұщынуы шарт емес. «Менің шығармаларым елдің бәріне ұнауы мүмкін емес», – дейді А.Вознесенский. – Елдің бәріне ұнайтыны кір жуатын порошок – «Новость». Олжасты қырғыз Айтматов, башқұрт М.Кәрім, орыс Возне­ сенский, тәжік Каноғат, литван Марцинкиявичус, латыш Вациетис жанындай жақсы көреді. Олардың бәрі де бір-бір халықтың бетке ұстар ұлдары. Бір өзі бір-бір ұлттың өзекжарды ойын айтып жүрген жақсысы мен жампозы! ...Мен оны алғаш рет 1975 жылы Павлодарда өткен жас ақынжазушылардың аймақтық кеңесінде көріп, аң-таң қалған едім. Уыздай жас. «Поэт красивым должен быть, как бог» деп өзі айтқан. Біз ер жігіттің сұлтаны Сәкен ағаны көре алмай қалған буын­быз. Бірақ, бізге талай ортада тамсана айтып жүруге Олжас ағаның асқақ тұлғасы жетіп жатыр еді. Кейінгі кезде ағамыздың шашы бурыл тарта бастапты. Қазақтың басына түскен ХХ ғасырдың зіл батпаны оның да иығын жан­шып бара жатқандай. Бірақ Ақын әлі асқақ тұр. «Табаны жерде тұрғанда тапжылмайтұғын Антейдей (К. Мырза­ беков)» – тәкаппар! Ол қашан көрсең де осы қалпында. Оның ең сұлу кезін, ең тәкаппар сәтін мен 1989 жылдың ақпа­ нында көрдім. Алматы. Қазақстан Жазушылар одағының үйі­нің алды. Халық – құж-құж. – Уа, бұ немене тағы? – дейміз үрейленіп. Өйткені осыдан үш жыл бұрын Алматыда желтоқсан оқиғасы болып, ел-жұрт ұлардай шулаған-ды. Тағы да соған ұқсас бірдеңе болып қалды ма деген күдік қой баяғы. – Олжас сөйлеп жатыр! – дейді біреулер. Өзі көрінбейді. Елден ерекше ер-жігіттің дауысы – Олжас дауысы саңқылдап тұр.

110 Жұ матай Ж а қ ы пбаев – Қайда барасың, өңмеңдеп! Бәрібір ішке кіре алмайсың! – дейді қасымдағы маған жақтырмай қарап. – Халық Олжасты сыртқа шақырып жатыр. Қазір шығады ғой... Айтқандай болған жоқ, алпамсадай Олжастың асқақ тұлғасы көзге шалынды. Аруақ қонған арқасы қозып, Ақын сөйлеп тұр. Сөз төркіні – Семейдегі экологиялық жағдай. Сөз түйіні – дүние жүзінде ядролық сынақты біржолата тоқтату мәселесі. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген, бұрын-соңды мұндайды есті­ меген ел-жұрт ішінен тынып, үнсіз тұр. Төбеде – тоталитарлық қо­ ғам­дық жүйе. Төрде – коммунист-хатшылар тұрған заман ғой – бұл. – Бауырым-ай! Бар екенсің-ау?! – деді біреу қазақша. Біреулер жылап жіберді. Мен де егіліп қоя бердім... Алматы Алатаудың қойнына сыя алмай, дүрлігіп бара жатты. Олжастың сондағы сұлу кескін-келбеті, тәкаппар тұлғасы әлі көз алдымда. «Семей-Невада» қозғалысы сол күні аттандап, атқа мінді. Олжас Сүлейменов – Алла тағаланың Алашқа бере салған алтын айдарлы ұлы. «Жабағылы жас тайлақ, жардай атан болған жер, жатып қалған бір тоқты жайылып мың қой болған жер, жарлысы мен байы тең, жары менен сайы тең; балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған (Қазтуған жырау)» қайран қазақтың зұлымдық пен зобалаң атаулыға кеткен есесін қайтару үшін Тәңірі осы Олжасты қарымтаға туа салған секілді! ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың өлі арасында иісі қазақтың еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін аузына қарап отырған тұлғасының бірі осы – Олжас Сүлейменов! Тұлға дегеніміз – жаћан дүниеге жыланша ысқырып, қол астындағы бейкүнә елін билігімен арбаған қаћан Шыңғысхан, император Цезарь, фюрер Гитлер, генералиссимус Сталин де емес, француз Дидро, ағылшын Шекспир, американ Уитмен, неміс Гете, орыс Пушкин, қазақ Абай сынды, Қазтуған жырауша бейнелеп айтқанда: «Бұдырайған екі шекелі, мұздай үлкен көбелі, қары ұрымы Сұлтандайын жүрісті, айдаса қойдың көсемі, сөйлесе – қызыл тілдің шешені, билер отты би соңы, буыршынның бұтар шайнар аузы, бидайықтың көл жайқаған жалғызы, бұлт болған Айды ашқан, мұнар болып Күнді ашқан» қасқалар болады! Олжас — аңызға айналған тұлға. Өзімнің сүйікті геройымның ғұмырнамасындағы ақиқатты ашып айтқым келген соң ба, аңызына да соқпай кете алмай барамын. «Жаманның артынан бөз ереді, жақсының артынан сөз ереді» – дейді қазақ. 1986 жылы Брежнев алаңынан шыққан бір топ өрімдей жас Қазақстан Жазушылар одағы үйінің алдына келіп: – Мағжан! – Сәкен! – Олжас! — деп айқай салыпты.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Олар сол кезде ұлтына арқа сүйеу болар Алатаудай тұлға іздеді. Олжас – жоқ! Сол күні Олжас ағамыз қайда болды екен? Ел-жұрты егіле іздегенде есіл ер қайда отырды екен сол күні?! «Империя белгілі бір бодан ұлттың басына найзағай ойнатар тұста сол елдің сөзін сөйлеп шығатын азулы деген ұлдарының аузын алдын-ала жауып тас­тайды екен, – дейді бір білгіштер. Ол да мүмкін. Иә кім біледі, мұның бәрі алыпқашпа сөз де болар, халық өзін қалтқысыз сүйетін ұлдары туралы осындай таңғажайып аңыздар шығара береді. -3АНТИ-ПОЭЗИЯ бүгін алшаң-алшаң басады. Кремльдің Свердлов залында аппақ нейлон көйлек, қара костюм-шалбар киіп, шоқпардай галстук тағынған кеңес шенеуніктері мына жарық дүниенің діңгегін өз қолымен ұстап тұрғандай шалқақ-шалқақ етеді. Бұлардың сұсты суреттері мереке сайын империя алаңдарына айрықша айбар беріп тұрушы еді. Оларды еңбектеген баласы, еңкейген кәрісі бар, қалың ел жапа-тармағай қолдарына ұстап, көшеге шығатын. Бейне бір аспаннан жерге Иса пайғамбар түскен сықылды… Бүгінгі жиынның мәнісі, мүлде, бөлек. Мұнда әлемдегі ең ұлы державаның көсемдері осындағы әдебиет және өнер қайрат­ керлерімен жүзбе-жүз сөйлеспек. Жер шарының жартысын айтқа­ нына көндіріп, айдағанына жүргізген «Дүние жүзі халықтары­ ның әкесі» Сталиннің қаћарлы бейнесі көзден бір ұшып, жер аяғы кеңігеніне де біраз уақыт болған. Күні кеше ғана партияның ХХ съезі болып өтіп, Гулаг тұтқындарының кеудесінде шыбын жаны бары аман-есен отбасына оралған-ды. Бұл кезді тарихшылар «жылымық» дейді. Бұған дейін тарихтың тегершігі (винтик – И.В. Сталин) атанып келген басы жұмыр пенде баласы енді өзінің кәдуілгі адам екенін аңғарып, кеудесін қомдап, көкірегін көтере бастаған. Енді атам заманнан осылардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап келе жатқан ақын-жазушы, сыншы-сурет­ ші, мүсінші секілді еркін ойлы жандарды есіркеп, еркелететін заман келе жатқандай. Осының алдында ғана Борис Пастернакты біраз итке талатып алғаны болмаса, коммунистік идеяның көш-керуе­ нінің қазіргі жүрісі көңіл көншітіп, тіпті, ақын адамның кеудесіне айрықша шабыт ұялататындай ма, қалай? Әдебиет дейтін киелі шаңырақтың табалдырығын елуінші жылдардың соңында аттап, бүгінде берісі – кеңес, әрісі – алыс жат жұртқа да атақ-даңқы шығып, ауызға іліне бастаған жас ақын Андрей Вознесенский де осы алқалы топтың арасында жүр. Кремльге шақырып жатыр дегенде мұның шаңырағының төбесі көкке аз-ақ

112 Жұ матай Ж а қ ы пбаев тимей қалған. Көрінген пенденің аяғы баса бермейтін киелі жер ол. Онда бір кезде Ленин мен Сталин жүрген… Оның үстіне сол жерге үкілеп ақынды шақырып жатыр ғой! Құдай өзі берді деген осы емес пе. Кеңес империясын көкке көтере мадақтаған Маяковский өзінеөзі қол салып, Мандельштамдар – атылып, Цветаевалар мили­ цияның кір-қоңын жуып күн көріп жүріп, ақыры асылып өлгенде, бекзада ханша ақын Ахматованың өзі қуғын-сүргінге ұшырап жүргенде кеңес әдебиетінің кілең игі жақсысымен бірге мұның да патша сарайына мейман болуы мәртебесін қалай асырмасын! Президиумда – түр-түсі төрткүл дүниеге таныс көсемдер, империяның көш басылары: Хрущев, Брежнев, Суслов, Козлов ћәм Ильич… Мінбе президиумға арқасын төсеп, алыстау жерде тұр. Мұндайда кісінің сөйлегісі келеді. Көкіректе көп жылдан қордаланған шер-шеменді өзіңді түсініп, сөзіңе тұшынатын адамға айтқысы келеді. Тірі пендеден беті қайтпаған уыздай ақын­ның жүрегі дүрс-дүрс соғып тұр. Екі көзі – Никита Сергеевичте. «Бұл кісі бізді түсінеді – деп ойлады ол ішінен, – бұл кісі Сталин емес – басқа адам!» Кенет жас ақынның ойын көзінен көріп қойғандай, көсем оны мінбеге шақырды! Сүйікті ұстазы Пастернактың тағдыр-таланы есіне түсіп, именіңкіреп отырған оны осы тақырбас, кішіпейіл адамға деген ілтипат-құрмет қайраттандырып жіберді. Айтар сөз, ағытар сыр көпті. Алқынған кеудесін басып, мінбеге жетті. Енді сөйлей бергенде арт жағында отырған алпауыттардың біреуі мұның сөзін қайта-қайта бөле бергені. Шабытына мініп, көк зеңгіріне шарықтағалы тұрған жас ақын оған онша мән бермей, сөйлеп жатыр. Оның ойынша, мұның сөзін бөліп жатқан – әлі саясат сахнасынан кете қоймаған кішкентай сталиндердің біреуі… Е., олар өздерінен басқа өзге біреудің сөзін қашан тыңдап еді? Әйтеуір, Никита Сергеевич ұйып тыңдап отырса болды ғой, басқасынан не үміт, не қайыр? Бірақ микрофондағы кіжінеген дауыс құлағына бұрынғыдан айқын естіліп, ел назарын өзіне аудара бастады: – Вознесенский! Вознесенский мырза?! Албырт ақын абдырап тұр. Зілдей мойнын әзер бұрып, артына қарағанда ол өзіне көзімен атып жіберердей зілдене қарап, жұдырығын түйіп тұрған патшаны көрді. – Вознесенский мырза! – деді Хрущев мұның әкесінің атын тағы бір мәрте аузына алып, – Кет! Сіз Кеңес өкіметіне жала жауып тұрсыз! Өз еліңіз ұнамаса өгей шешеңізге кетіңіз! (өгей шеше деп Батысты айтып тұр. – С.А.) Жөнел! Шелепин жолдас (қауіпсіздік комитетінің төрағасы. – С.А.) паспорт жазып береді! Немене, көңіліңіз бұзылып, венгр төңкерісін көксеп жүрсіз бе?!

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Ақын жігіт аң-таң. Хрущев Венгр революциясы деді ме, жоқ, әлде, венгр контрреволюциясы деді ме? Мүмкін, тағы да ішіп алған шығар?! Ол да мүмкін. Өйткені ол бірде қып-қызыл мас болып, Біріккен Ұлттар Ұйымының мінбесіне шығып,оны аяғындағы топылайымен гүрс-гүрс ұрған кісі емес пе еді. Енді кезек тобырға келді. Шопенгауэр мен Ницще иттің етінен жек көретін, Ленин мен Сталиндер абыройын аспанға көтерген атақты тобыр ғой – бұл. Біздің Абай да бұларды ұнатпаған-ды. – Құрысын! – Ұят-ай! – десті зал. Алты жүзге тарта адам бір дауыспен осылай деді! – Кремльге ақ көйлек, галстуксіз келіпті! Битник! – деді біреу. Ақын оның кім екенін таныды – Шелепин екен. «Битник» дегенді ол кезде екінің бірі, егіздің сыңары біле бермейтін. – Битник! – Ұят-ай! – десті зал оған қосыла айқайлап. Абырой болғанда, Пастернактың бетін былш еткізгендей, «шошқа» деген жоқ, әйтеуір. Олай дегенде мына отырған елдің бәрі де қосыла жамырар еді. Вознесенский сасқанынан стакандағы суды ұстай алды. Қолы қалтырап қоя берген. Козлов оның қалтыраған қолына бар зейінін салып, рақаттанып қарап отыр. Ақындар алмағайып жерден сүрініп құлағанда әкімдер осылайша ләззатқа бөленеді! Қара тобырды тыншытуды ойлаған ақын не істерін білмей, өлең оқи жөнелді. – Өлеңің өзіңе! Білеміз ғой… – Түс кәне! Болары – болды. Ақын оқи жөнелді. Ол зұлымдық империя­ сындағы лагерлердің нарларында мұңға батып жүрген Муза сұлу хақында жырлады. Үкімет басшысы сол кезде айғай салған: – Жансыз! («Агент» деген сөз қазақша аударылмайды екен). Мұны айтқан Сталиннің жеке басына табынуды әшкерелеп, Гулагтың мың-миллиондаған тұтқындарының қолындағы темір шідерді шешкен Хрущевтің өзі еді! Осы жиыннан соң кеңес әдебиеті ақсақалдарының бірі Илья Эренбург жас ақынның рухани құдіретіне аң-таң қалып: «Мына сұмдыққа қалай шыдадың, бауырым! Сенің орныңда кім болса да жүрек талмасына ұшырар ма еді, қайтер еді. Сол жерде қасқайып тұрмай-ақ аяушылық ет деп аяғына жығыла кетсең де біз сені кешірер едік қой!» – деген екен. Осы кезде бір журналист ұлынан жарты жылдай хабар-ошар ала алмай жүрген ақынның шешесіне телефон соғады: – Сіздің балаңыз өзін-өзі өлтірді дейді ел… Рас па? Ақынның анасы телефон-мелефонымен жерге құлап түсті.

114 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Вознесенскийдің трибунада абдырап, Хрущевтің оған жұды­ рығын түйе қарап тұрған суреттері ақынның «Аксиома – самоиска» атты (Мәскеу. СП «ИКПА») кітабында жарық көрді. Не деген ұқыпты, зерделі халық еді орыс жұрты! Қазақстан Жазу­ шылар одағының пленумында желтоқсан оқиғасының тігісін жатқызуға келген Колбиннің көзін шұқып сөйлейтін біздің Жұбан Молдағалиевтің сол тарихи сәттегі кескін-келбеті сақталған ба? Қайдағы… Вознесенский мен Хрущевтің арасындағы теке-тірес тоталитарлық жүйенің тасы өрге домалап тұрған тұста өткен. Жұбан мен Колбиннің жекпе-жегі демократия дейтін шарана дүниеге келген қайта құрудың кезіндегі жағдай. Екеуінің арасы жер мен көктей. Тап бір орыс пен қазақтың арасындай алшақ! Сурет де­ мекші, Алатаудың биігінен асып, Алаштың ақиығы атанған Мұқа­ ғали Мақатаевтың айбарлы үні эфирімізден естіле ме? Асқақ бейнесі теледидарыңыз бен киномыздан көріне ме? Қазақ радио­сының алтын қорында сақталған бір поэмасынан басқа не қалды екен? Оның өзі «Большевиктер» поэмасы көрінеді! Кеңес өкіметі кезінде осы жыртқыштың қызыл көзіне тай­сал­ май тіке қарап, «Аз и Я» атты айбынды еңбегін шығарған Олжас­ тан басқа ту ұстар тұлғамыз болды ма?! Одан басқа шәйірлеріміз Ле­ нинге басын иіп, Брежневке жырдан шашу шашып, қағанағы – қа­ рық, сағанағы – сарқ болып жатқан-ды. Олжас пен Андрейдің достығы өз алдына бір әңгіме. Бірбірін сонау алыстан танымаса алып бола ма; Вознесенский­дің – Сүлейменовке, Сүлейменовтің – Вознесенскийге арнаған өлең­ дерін оқысаң арқаң шымырлайды. Андрей, тіпті, оған өкпелеп те жүреді. Адамзаттан асып, Алаштан туған осы ақынның кенет түркі тілін зерттеп, Шумер дүниесіне тастай сіңіп жоғалып, ұлы мәртебелі поэзияны соның жолына құрбан қылып жіберетіні орыс ақыны­ның көңілін құлазытады. Біздің Олжас та маңдайы жарқыраған қасқа ғой: «Сендердің мәдениеттеріңде алтын ғасыр – ХІХ ғасыр болды. Біздің қазақ қазір бірден ХІХ ғасыр үшін де, ХХ ғасыр үшін де жанта­л­асып жатқан жоқ па» депті. Ал, менің замандас ақындарым бүкіл ғаламдық мәдениетті тұла бойына қотарып, сіңіріп алғандай алшаң-алшаң басады! Андрей Вознесенскийдің мамандығы – архитектор. Хоббиі – математика мен сурет өнері, музыка. Ол неміс фәлсафашысы Мартин Хайдагерді іздеп барып сұхбаттасады. Ал біздің шәйірлеріміз болса, шетінен ақылгөй, данышпан! Сыртынан қарап тұрсаң, бұларды Хайдагердің өзі іздеп келсе сауап болатын сықылды… Андрей ертеректе біраз уақыт Флоренция мен Венеция архи­ тектурасының тылсым құпиясын көз майын тауыса зерттеген. Көкірегінде – француз архитекторы Корюзьенің сұлбалары…

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м – Я пишу стихи ногами! – дейді ол. Қалай түсінсеңіз – олай түсініңіз. Қазақ шәйірлерінің көпшілігі өлеңін жүрегімен-ақ жазады. («Жүрегімде сенсің алтын Отаным», «Жүрегіммен сүйемін мен өзіңді» деген сияқты). Бірақ олардың «жүрегінен» шыққан өлең біздің жүрегімізге жетпей жатады. … Иә, сонымен, Хрущевтің «жылымығы» зыр етіп өте шықты да, Брежневтің тоқырауы келді. Бұл патшаның заманында еркін ой, ешкімге басын ие қоймайтын өр рухқа қарсы абалаған айқай, шаптыққан шабуыл бола қойған жоқ. Бар болғаны сол – үндемей қойды! Оны біздің қазақ «ит үреді – керуен көшеді» – дейді! Вознесенскийдің атын ауызға алу үшін ЦК-ның идеология бөлімінің өзінен рұқсат алатындай жағдай болған! Оның әрбір жинағының дүниеге келуі кеңес өкіметіне қарсы жасалған саяси акция ретінде қарастырылушы еді! Поэзияның қас дұшпандары осы кезде қулыққа көшті: «Возне­ сенский, Евтушенко, Ахмадулиналардан басқа ақын жоқ па – бар». Халтуршиктер мен графомандарды тауып алып, енші үлестірген­дей, лениндік, мемлекеттік сыйлықтарды үлестіру басталды! поэтов наших федераций, пускай напишут за меня, они не знают деградации,– деген өлең осы кезде туған. Өлең емес – мысқыл ғой бұл! 2115 деген цифр ойдан тумаған, жазушылар одағының анықтамасынан алынған екен! Поэзияға деген халық құрметі осы кезеңде сап басылды. Әлі күнге дейін орнына келмей жүр. Бірақ Вознесенскийдің әрбір жинағы жарық көрген сайын поэзияның босағадағы басы төрге шығып, қалың жұрт оның сол жинақтарын қолына шам алып іздейді. Қолына шам алып іздегенде тауып алса жақсы ғой. Жоқ! Бітті… Дәлдүріштердің кітаптары шаң басып тұр. Бізде де солай! Кейін қайта құру заманы келіп, елдің бәрі бұлбұлша сайрай жөнелгенде Вознесенский былай депті: Все пишут я перестаю, О Сталине, Высоцком, о Байкале, Гребенщикове и Шагале Писал когда не разрешали. Я не хочу попасть в струю». Франция поэзия академиясы мен Америка және Бавария академиясының мүшесі болғаннан кейін ғана ақын ретінде әзер мойындалып, оған 1987 жылы ССРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

116 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Біздің Мұқағалилер көзі тірісінде мұндай мәртебеге ие бола алмай, мына дүниеден баз кешіп кетті. Өлең-поэмаларын былай қойып, Дантенің «Тәңірінің тәлкегі» тәржімасын бағалауға шама-шарқымыз жеткенде ол арақ ішіп, ауырмай-ақ, қасіретті де қасиетті қазақтың төрінде қасқайып отырар ма еді, қайтер еді. Әлем поэзиясының інжу-маржаны «Тәңірінің тәлкегін» әлемдік өркениеттің өрінен көрініп отырған Жапон жұртының өзі әлі күнге дейін өз ана тілінде оқи алмай отыр ғой… Өз еліміздің өрге құлаш ұрған талантты да қанатты ұлдарын қалайша қадірлеп, қастерлеуді орыс жұртынан үйренуіміз керек. Кейде олар да данасын дарынсызына талатып, ерінің еңсесін түсіретін орашолақтыққа ұрынып жатса да, орыстар өз ұлтының рухын тап басып тануға келгенде дәл біздің қазақтай тоң мойын емес. Оның себебі тереңде жатыр. Бұл ұлттың зиялы қауымының қалыптасып, елі мен жерінің тізгінін ұстағандармен тайталасқанына қаншама заман өтті десеңізші. А. Вознесенский оны: « Есть русская интеллигенция!» деп мақтан тұтады. Біздің зиялы қауымымыз мына жарық дүниеден Абай көшіп, оның соңынан іле-шала Ахмет, Жүсіпбек, Міржақып, Мағжандар келген кезде енді ғана етек жеңін жауып, төрге ұмтыла бергенде қыршынынан қиылған! Оның орнын басқан – кеңес зиялылары, диамат пен истматтан миы шіріген өңшең қасқалар ғой, шіркін… Вознесенский Русьтің рух пайғамбарларын төрткүл дүниеге түгел көрсетуге әзір. Оның мақтаны қазекеңнің мадақ-марапатынан мүлде бөлек: ол Пушкин, Толстой, Достоевский, Третьяковтардан бастап, қазіргі Третьяков галереясының директоры Ю.К. Королевке дейін тізіп шығып, соңсоң адамзаттық ауқымға шыға жөнеледі: Габриель Гарсиа Маркес, Пабло Неруда, Федерико Лорка... осылай кете береді. Мұндай рух пайғамбарлары біздің Алаш топырағында да жетіп артылады. Скифтердің тұңғыш патшасы, елдің басын қосып, мемлекеттің мерейін асырған Тарғытайдан бастап, түркі дүниесіндегі Ишпақай, Мойыншар, Елтеріс, Күлтегіндер, ақылы кемел Таныкөк, Асан Қайғылардың аралығында қаншама тұлғамыз бар, шіркін! Біреулер, тіпті, Заратустра мен Будданың төркін жұртын біздің елден іздеп жүр. Арманда кеткен арыстарымызды айтпағанда, бетжүзін біз болмасақ та әкелеріміз көрген Әлихан Ермеков, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Евней Бөкетовтардың өзі қандай?! Олардың да тірісінде көрген көресіні өз алдына бір жыр. «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» дейтін Абай уағызына құлақ ассақ, рулық, ұлттық томаға тұйықтықты тәрк етеміз де, бүкіл адамзаттық Жиделібайсынға ат басын тіреуіміз керек. Ол жерде аяғын алшаң басып кімдер жүр? Мәселе – осында. Онда

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м ұлы жырау Гомерден бастап, ойға шомған Аристотель, шежіреші Плутарх, дарға асылған Иса, бұ дүниеден опа таппай о дүниені сүзіп өткен Данте жүр! Осы рух патшалығына иісі қазақтан алғаш ат басын тіреген – Абай! Бұл рух патшалығының ататексіз космополитизмге жұлдызы қарсы. Оғаң барсаң, тек қазақтың ұлттық болмыс бітімімен барасың! Әйтпесе, ол есігі түгілі тесігінен қаратпас. Ал, Абай болу екінің бірі, егіздің сыңарының маңдайына жазылмаған. Ол үшін Сократ пен Аристотельдерден бастап, Хожа Хафиз, Сағди, Фердауси, Пушкин, Мицкевич, Гетеге дейін мыйыңнан сүзіп өткізуің керек! Адамзат ақындары мен Алаш ақындарының тағдыр таланы ұқсас. Пушкин дуэльде мерт болса, біздің Абай қазақтың қайғы-қасіретін көтере алмай, пайғамбар жасына тұяқ іліктірместен фәниден бақиға аттанды. Байрон кіндік кесіп, кір жуған жұртынан ат тонын ала қашып, бөтен ел, бөгде жерде қаза тапса, біздің Қасым соғыстан солдат шинелін сүйретіп келіп, ит пен құс, бұралқы мен бұзақы жүрген Алматыдан пәтер таба алмай, жасына жетпей жер құшты! Қуғын-сүргінді Вознесенский де көрген. Новосибирскіде бір қонақ үйге тоқтап, көше аралап қайтып келсе, жүгін сыртқа шығарып тастапты. – Мұнысы несі? – дейді ақын аң-таң қалып. – Сізді шпион деп жатыр! – дейді кезекші. Ата жұрты оны кеудесінен итерсе американ, француз, неміс дейтін өрелі жұрт оны алақанына ұстады. Оның сүйікті оқырманының бірі – сенатор Р. Кеннеди. Ақын музасына арбалғандардың бірі ћәм бірегейі – әйел затының падишасы Жаклин Кеннеди. Оның достары – ғаламзат ақыл-ойы мен мәдениетінің асқақ тұлғалары Ж.П.Сартр, Р.Рашанберг, Л.Арагон, В.Высоцкий. Хрущев оған жұдырығын түйіп, Брежнев оны мүлде кісі ғұрлы көрмесе, АҚШ президенті Рейган ақынды Ақ үйге шақырып алып, оңаша сұхбаттасады. Соңынан риза көңілмен суретке түседі. Поэзия – Періште-рух. Әзәзілдер қолына таяқ алып, өз бесігінен тырқырата қуғанда ол өзгелердің шаңырағынан пана табады да, кейін өз елі – өлең төсегіне қайтсе де бір оралмай қоймайды! Мен ақын шығармашылығына егжей-тегжейлі тоқталмай отырмын. Оның геройлары орысқа керек шығар, бірақ қазақ жұрты оған орыстан да зәру: мәселен, орыстың мүйізі қарағайдай ұлдарының бірі Тарковскийді бала кезінде қақпа аузына тығып қойып соққылайтын бұзақыны алайықшы («Тарковский на воротах»). Біржан салға қамшы ала жүгіретін одыраңбай поштабаймен қазақ халқының бетке ұстар ұлын қойша бауыздаған қазан төңкерісіне қандай ұқсас типтер! Немесе отыз жетінің ойранында аяғы ауыр О.Бергольцті ішінен тепкілеп, кейін одан кешірім сұрайтын тергеуші

118 Жұ матай Ж а қ ы пбаев ше? Көзіңе Фәтима Жансүгіровалар елестейді! Оның тергеушісі одан кешірім сұрады ма, сұрамады ма – білмеймін! «Люмпен интеллигенцияны» оқысаң, көшеде арақ сатып жүрген аспирант, күнін көре алмай жүрген академик, қасапшы болып алған мұғалімқазақтар есіңе түседі! Айтар сөз, ағытар сыр көп, Әттең! Егемендігіне есі шығып мәз болып жүрген менің қандастарым Алаш ақындарын насихаттап болғандай, енді бізге Вознесенский қалды ма деуі мүмкін. Айтуын – айтады. Адамзаттық алтын идеялар көзден бұлбұл ұшып, рулық, тайпалық, ұлттық өзеуреген өзімшіліктің аяғының астында тап­ талып бара жатыр! Әрине, қазақ ақындары жөніндегі әңгімежыр аяқталған жоқ әлі. Басталды. Бірақ Вознесенскийді білмей жатып, Олжасты түсінбеспіз. Ресей – Ермолов емес – Пушкин, Солженицын емес – Сахаров, Акаки Аккакиевич те емес – Андрей Вознесенский ғой! Ақынның жалғыз орысқа ғана емес, қазаққа да қарата айтқан бір ауыз өлеңімен тәмәмдағалы отырмын: Мы летим вперед, огляним назад. Какой раньше рай! Какой раньше ад! Мой родной народ оглянись вперед! АНТИ-ПОЭЗИЯ атқа мінді! Цивилизация Пегасты ағаштан жасап шығарғалы қашан; оның да тұлпардың тұяғына ұқсас тұяғы, салпы ерні, салқы түсі, кең сауыры бар. Абайша айтқанда: «шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақтың» өзі дерсің. «Аяңы тымақты алшаң кигізгендей, кісіні бол-бол қағып жүргізгендей» (Абай). Сол ағаш аттың үстінде АНТИ-ПОЭЗИЯ миығынан күліп тұр!

-4АНТИ-ПОЭЗИЯ-ның атасы Дарвин адамзат үмбетінің түптөркіні маймылдан тараған дейтін теорияны темір қазық етіп ұстанған тұста екінің бірі, егіздің сыңары күдіктенбей көнген осы пәтуаға қаймықпай қарсы шыққан екі ержүрек адам болды. Оның бірі – Дағыстанның ақыны Расул Ғамзатов. Екіншісі – қазақтың ақыны Жұматай Жақыпбаев. «Үндістанда аңыз етіп айтады: «Ең бірінші пайда болған жылан» – деп. Дағыстанда аңыз етіп айтады: «Ең бірінші пайда болған қыран» – деп. Мен ойлаймын: табиғаттың қолынан, ең бірінші туған – Адам, соңынан, – біреуі оның кетті

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м айналып – қыранға, біреуі оның кетті айналып – жыланға». (Р.Ғамзатов). Расул (арабтың пайғамбар деген сөзі) анда-санда бір туатын поэзияның асқақ пайғамбары. Оны жетпіс жыл жер ша­рының зәре-құтын ұшырған ұлы империяның өзі мойындаған-ды. Сол ұлы ақынның өзі диамат пен истматтан именшектеп, Дарвинге деген өкпесін қыран мен жыланға балап жеткізгенде, Түркі қағанаты­ның бір боздағы қазақша айтса алтыбақан алауыз жұрты түсінбей қала ма деген оймен өлеңін өзге тілде жазып, Алашты ұлы империямен өз тілінде сөйлестірген-ді: «Дарвин не прав, у нас другие гены, другдруга не убивают обезьяны…». Қателесті-ау, Дарвин, Қанымыз біздің бөлек-ті: Маймылды маймыл бауыздай алмаса керек-ті. Етімді қуырып, жемеші, ей, құртша кеміріп, Керемет дәм бе ол? Кетпессің одан семіріп?! «Крокодил» еді сүйікті менің журналым, Бетінде оның мысқылдап күліп тұр – жаным. Дегенмен… Күнде өзегімді өртеп жырларым,– Бабамның маймыл болмағанына ырзамын!!! Күні кеше ғана қасымызда, қатарымызда жүргенде келмеске кеткен көне түркі дүниесінің уытты рухы бойына дарыған Жұматай ақынды танымай, түсінбей қалуымыздың басты себебі – біздің қазақшылдығымыз емес, нағыз шынайы қазақ бола алмағандығымыз еді. Ататегі де, анатегі де – асыл, аталы сөзге тоқтайтын жұрт та осы еді. Аузымен құс тістеген Жұматай сынды ақындары қырықтың қырқасынан аспай, қыршынынан қиылып жатса, бұған қазақ халқы емес, үш жүз жылғы бодандықтан бордай тозған тобыр кінәлі. Осы тобырдың ұлы Абай ашына шенеген арамза пиғылы, асылық мінез-құлқы Абылай дүниеден көшіп, патшалық Ресейдің сайқал саясаты қаћарына мінген тұста қарақұртша балалап, коммунистік отаршылдықтың тұсында тіпті ие бермей кетті. Ахмет пен Міржақып, Мағжан мен Сәкен, Қасым мен Мұқағалилар осы кезде мерт болды да, Жұматайлар осы кезде дүниеге келді. Осы кезде туғанмен, осы кезде өлетінін өзі іштей жақсы біліп, Абайдың тұсында Алашқа тән қан тамырлары суала бастаған қазақтың ана тілінде азалы жырын айта жөнелді. Бірақ оны қазақтық, халықтық кескін-келбе­тінен айрылып, Мәңгүрттің бейдауа бейнесіне түскен тобыр түсінген жоқ. Адамды – албасты, ұлтты – құбыжық, халықты тобырға айналдыру үшін оған сойқан соғыс жариялап, қанын суша ағызудың қажеті шамалы. Ана тілінен айырсаң, жетіп жатыр екен!

120 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Қазақ – кеңес поэзиясы (егер оны поэзия деуге болса) демьянбедныйшыл, маяковскийшіл мақамға түсіп алып, халықтың бәйгеге қосқан тұлпары озбай, тобырдың тұғыры көмбеден күнде көрініп жатқанда Жұматай Жақыпбаев ешкімге еліктеп-солықтамай өзегіндегі өз сөзін айтып кетті. 1975 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Көктем тынысы» жинағына қырық шамалы жас ақын­ ның өлеңі жарияланды. Жұматаймен бірге менің де топтамам осы кітапта жарыққа шыққан еді. Мен оны өзіммен құралыптас шығар деп жүрсем, ол менен бес жас үлкен екен. Жұматаймен алғаш 1988 жылы Алматыда таныстым. «Жоңғар Алатауынан бір ақын келіпті. Ләйлә дейтін аруға ғашық екен. Сол қызға арнаған жүз шамалы өлеңі бар екен деседі. Өзі де жігіттің сұлтаны көрінеді. Сәкен сынды сұлу да, маңғаз. Мағжан сықылды терең де, жұмбақ деседі.» Жұматайды тұңғыш көргенде елдің айтқанының шынайы шындық екеніне көзім жетті. Атан түйе сықылды алшаң-алшаң басады. Артық ауыз сөз жоқ. Жымиып қойып сөйлегенде аузынан бал тамғандай. Адам баласынан айылын жимай, көшеде жүру ережелерін бұзып жүретін Мұқағали ағасы құсап, бұл да өзін емінеркін ұстайды. «Жалын» альманағында поэзия бөлімін басқарады екен. Тұмағаң (Т.Молдағалиев) қолқа салып, Талдықорғаннан астанаға шақырып алыпты. Алматыдағы талантты жас ақын атаулы Жұматайдың маңында. Мұның алдында тірі классик болып, бізге мұрнын шүйіріп қарайтындардың жүні жығылып қалған. Сондай бір іштар ақынсымаққа Жұматай айтыпты-мыс деген бір өлеңді ел ауыздан ауызға қағып әкетіп жүр: «Ілеспесін біледі көшке өлеңі, құм беттеніп, күн көрмей өскен өңі, – шала өлеңші болады – шала сыншы, шала емеске сол шата өш келеді...» Жұматайдың Алматыға келуі жыр сүйер қауымға бір оқиға болды. Тайқы мен таланттың, өлеңші мен ақынның ара жігін айыра­ тын заман келе жатқандай. Баспадан бір кітабы шықпай жатып, бірнеше дәлдүріштің зәре-құтын алуға болатынын біздің ұлттық әдебиетімізде алғаш рет осы Жұматай дәлелдеп кетті. Ұлы Түрік Қағанатының ежелгі бір бұтағы қазақ халқының бойындағы бүгінгі көзі тірі ұрпағы көз жазып қалған ұлылық мен сұлулықты тап басып тану үшін Жұматайды оқу керек. Түркі дүниесінің кере­меті мен кемелін Жұматайға дейін ұлы Мағжан ғана тереңнен тол­ғаған еді. «Саратан айы. Сарала тауда. Салқын қыр, Саралатауға жұғып тұр кешкі жақын нұр. Жалқын нұр жұққан ақ үйдің жаны, аузына, жаулығын бүркеп, жалтаңдай қарап жарқын жүр. Жаутаң көз ару құбақан құлын мүшелі, өндірдей ұлдың өңінде көрген түсі еді. Сөзіме менің сылқылдай қатса ішегі, аузынан лекіп алқызыл гүлдер түседі»... Бұл — кім? Дүние жүзінен қолына шырақ ұстап іздесең де кездестіре алмайтын, тек біздің елде ғана бар ару-қазақ қызы!

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м «Cуалтты бір дерт жыр, үні суалмас ұртын, Мәжүнінді мұндай ешқандай туа алмас ұлтың. Айкүмістерді алты орап алатын сұлу – көршінің қызы-ай, ондай жан туар ма, шіркін? Дірілдер бір сәт туды кеп бұл ерінге де, өлген жоқ, – тірі, үзеді күдерін неге? Қыза келгенде: «Қызыңды... Сталин... деген, бөркімен кірген еді-ау ол Кремльге де». Бұл – кім? Жүзге келгенде грузин сұлуына ғашық болған, ежелгі Үйсін тайпасының соңғы тұяғы, қазақтың ғажайып ақыны Жамбыл! «Қалай, – деп ағам? – Қарадым аспанға кілең, Бағасын жұлдыз көрсетті бас бармағымен. Қасоққа әкеп береді балық пен суын, Іле өзені Қытайдан басталғанымен. Ағам да –сондай, Алысты жақынға балап, қақтырған біздің намыс пен ақылға қанат... Әр елдің өзін өзіне білгізер ері, бағы да туса, қуанып мұңды жыр елі, Байбақты Сырым батыр да батасын беріп, Кене-ағаң күрең арғымақ мінгізер еді». Бұл – кім? Бүкіл жұмбақ бітімін мұхиттың түбіне жасырып, су бетінде айсберг тұлғасы ғана көрініп тұрған ақын Олжас (Сүлейменов). Өзіңіз бүгінге дейін қазақшасы шамалы, жат жұрттың емшегін еміп, қазағын онша түсінбейді деп ағаш аттың басына мінгізіп жүрген Олжасымыз! Бірақ, Қытайдан басталған Іле өзені балығы мен суын Алашқа әкеп бергендей, Олжас та тұла бойындағы әуелі қазаққа, соңсоң адамзатқа беретінін Жұматай түсінді. Көпшілігіміз әлі түсіне алмай жүрміз. Бұл да болса үш жүз жылдық отаршыл­дық­тың лаңы. Өзінің өзегінен шыққан өр сипат, өзгеше бітімді ұлыңды өз қолыңмен өңменінен итеріп, өзгеге тели салу да – өз анасын өгей көретін мәңгүрттің тірлігіне ұқсас нәрсе. Содан болар, Жұматай поэзиясы мұң мен шерге толы: «Көзіме келіп тигендей жасын­ ның ұшы, ашылды сырым, қайсардың басылды мысы. Қыңқылдап үрген, ұлыған үндерге толды ию да қию иттіргі басымның іші... Ғашықтық тәмам болды ма, еркелік тәмам? Қарардай әлем сен құсап жеркеніп маған. Намыс пен мұңнан Мысырға халифа болған Абақ Қыпшақ­тай ызадан өртеніп барам!» «Менің қалған өмірбаяным өлеңдерімде» – депті Сергей Есенин. Ақынның өмірі – өлеңі. Оның қалған тірлігінің бәрі жалған, жұмыр басты пенденің кім екендігін істеген ісі мен сөйлеген сөзіне қарап бағалауға болғанмен, ақынды пенде бала­сын өлшей беретін безбенге салуға болмайды. Күрделі дифференция­лық есептерді шығаратын математиктердің көбейту таблицасын біле бермейтіні секілді, адамзаттың асқақ мұратын толғаған ақын­дардың жердің құрты ғұрлы тіршілік етудің қарапайым заңда­рын біле бермеуі мүмкін. Өйткені ол тіршілік атаулыға жерден, топы­рақтан қарау үшін емес, аспаннан көз жіберу үшін туған бөлек­ ше қоғамдық тұлға. Ақыл-есі түзу адам баласы Англияны корольдер елі емес, Шекспир елі, Ресейді патшалар жұрты емес, – Пушкиннің атамекені дейтіні содан!

122 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Жұматайдың кім екендігін өзге ешкім емес, өзі айтсын: «Қалмайын деп мынау өмір көшінен, Жастай зерек ғажайып күй кешіп ем. Жан адамнан жасқанбай ћәм жасымай, Құнанбаев Оспан құсап өсіп ем. Гүлді көрдім, нұрды көрдім күнгейден, кең дүние ұланғайыр жыр ғой кен. Жақсы тауда жайсаң болып өсіп ем, жамандардың бар екенін білмей мен. Түзу жүрдім, түзу ғұмыр кештім де, Биік болдым, биік тауда өстім де. Жапондардың даяшысы секілді, мен иіліп бүгілгем жоқ ешкімге. Қай баланы беделім­мен жасқаппын, қай баланы назардан тыс тастаппын? Сәкен жайлы ұлы Мұхтар айтқандай, асқақ болсам – мен еліммен асқақпын!» Ол жазғышы көптің бәрі – жазушы, айтқысы келгеннің бәрі – ақын болған елде ғұмыр кешті. Біздегі жазушылардың ұзын саны 700-ден асып жығылады. Ақыл-оймен әлемді тәнті етіп отырған Жапонияның өзінде мұндай қаламгер жоқ көрінеді: «»Тууы да – үн, Моцарттың құруы да – үн, Татып көрсең ол ішкен бір уынан. Сальери –дарынсыздар тайпасының ең итжанды, ең надан руынан. Мына өмірден Моцарттың кеткені ме, күндіз-түні қызмет етпеді ме? Сальеридің жасы не, кәрісі не, Сальеридің шені не, шекпені не?! Мені де бір көріңдер адамша ұғып, Ақ пен қара біткен жоқ әлі аршылып. Мен Моцартқа үргем жоқ, кіжінгем жоқ, мен Моцарттан көргем жоқ жаманшылық...Нұрлы мұңмен ежелгі жолдастаймын, туа қоймас басыма болмастай күн. Моцарт туған ауданға басымды иіп, Моцарт түскен ауылды қорғаштаймын». Абайдың арқасына ащы таяқ ойнатып, Біржан салды жынды деп байлап тастау, Иманжүсіпті жер аударып, Мағжандарды ажал оғына ұстап, Қасым­ дарды үйсіз-күйсіз қаңғыртып, Мұқағалидың соңынан шам алып түсіп, Жұматайларды қасақана елемеу, қазақтық төркін жұртын мүлде ұмытып, мәңгүртке айналған қара тобырдың қарекеті еді. Осы ақын өлтіру ойынының қашан тоқтайтыны әлі белгісіз: «Ойнайды заман сойылы – ақын өлтіру ойыны! Заңын да салып соңына, жарын да салып соңына, көріне даусын жеткізбей, еліне даусын жет­кізбей, аузымен мұрнын тығындап, сыртынан сұмдар сыбырлап, жас бала демей қарбытып, баспана бермей қаңғытып, ойнайды заман сойылы – ақын өлтіру ойыны! Тойласын соңғы жеңісін, солардың жері кеңісін. Өлтірмей құдай жөнімен, ойнап жүр енді менімен..» деген Жұматай өз ажалынан өлген жоқ – мерт болды! -5АНТИ-ПОЭЗИЯ әлі кердең-кердең етеді. Пушкиннің мына жалғанның жарығына келгеніне биыл 200 жыл болды. Біздің жыл санауымыздағы осы ЕКІ ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ – ғасырлар күнпарағындағы адамзат рухының алтынмен апталып, күміспен күптелген айрықша беттері еді.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Тәңірі қара құртша жер бауырлаған адам баласының көзіне өзінің көмескі ғазиз бейнесін елестетіп, тілін кәлимаға келтіру үшін Жер бетіне Көктен жүздеген пайғамбар жіберген. Солардың ішінен біздің зердемізде қалып, ой-санамызға орныққаны Заратустра мен Будда, Иса мен Мұхаммед. Адам баласы жерге Алла лебізін жеткізген сол пайғамбарлардың бәрін де маңайынан ойбайданаттан салып аластап қуып, аша таяққа шегендеп, түйенің боқты­ ғына көміп – өлтірді. Бірақ Алла тағаланың өзі топырақтан жаратып, аузынан үрлеп жан салған пендесінің бәрі бірдей иіс алмас надан, шетінен шек-қарыны шұрқыраған хайуан, тәңірі тезіне көнбейтін тексіз емес-ті. Санасыздың саңылауын ашып, телі мен тентекті жөнге салатын ғазауат майданында құрбан болған пайғам­ барлардың аузынан айтылған құдайы сөзін құлағы шалып, осынау опасыз дүниеде естілген БАҚИЛЫҚ ақиқаттың терең мағына­сына мағмұрланған Адам Ата-Һауа Ана үмбеттері де болды. Адамзат оларды қасиеттеп Ақын деп атады. Иса пайғамбар Жаратқан жалғыз Иенің Мәрия ананың жаты­ рына түсірген жалғыз тамшы рухынан жаралса, Пушкин жеміт іздеп, жер бауырлап, фәни дүниедегі ит тірлігінен қажыған пенде атаулының Аллаға деген асқақ махаббатынан туды! Алла көктен Жердегі пендесіне төрт мәрте сауал салған. Таурат пен Забур, Інжіл мен Құран – адам баласының басын даң, жүрегін күпті қылатын фәни дүниедегі мәңгілік сұрақтардың антоло­­гиясы еді. Сол сауалдарға Гомер мен Данте, Шекспир мен Гете, Пушкин мен Абай жауап берді. Пайғамбарлардың Көктен – Жерге түсіп, ақындардың Жерден – Көкке кететіні, осы дүниеде олар­дың екеуінің де оңбайтыны сонан шығар. Пушкиннің Христиандық – құдай әке мен қасиетті рух, ћәм құран сүрелерінен босанып шыға алмай, мына дүниеден баз кешіп, басқа дүние іздейтіні, Інжіл мен Құранның арасында құрақ ұшып адасып жүретіні тегін емес. Діні – христиан, ділі – славян Пушкинді түп атасы араб Ганни­балдың қаны арбап, құран сөресі дуалады да, орыстың тұла бойы тұңғыш ҰЛТТЫҚ АҚЫНЫ болып жаратылған жампоз, ақыры адамзаттың жаршысына қалай айналып кеткенін сезбей қалды. Орыс тарихында екі-ақ заман бар. ХVІІ–ХVІІІ ғасырлар­дағы феодалдық-патриархалдық, ХІХ ғасырдың басындағы капита­ листік формациялар , 1914 жылғы 1-ші, 1941 жылғы 2-ші дүние­ жүзілік қырғын, қазан төңкерісі мен сүренін қалың орыс салған социализмнің дүниежүзілік жүйесі, 1991 жылғы тамыз бүлі­гіне дейінгі аралықтағы орасан зор тарихи оқиғаларға қарамастан Россия екі-ақ заманда, Пушкин дүниеге келгенге дейінгі және Пушкин дүниеге келгеннен кейінгі Россияда өмір сүріп келеді. Біздің исі қазақ та Абайға дейінгі ћәм Абайдан кейінгі қазақ болып

124 Жұ матай Ж а қ ы пбаев қаққа бөлінеді. Біз Пушкиннен кейінгі, Абайдан кейінгі заманда ғұмыр кешіп жатырмыз. Олардың өр рухы өзегімізге өрт салмаса – өз обалымыз өзімізге… Бүгінде ұлы Пушкиннің бүкіл әлемдік мәдениетке жасаған әсері қақында жиі айтылады. Дүниеге Пушкин келгеннен кейін жалғыз орыс қана емес, жалпақ жаћанның дүниетанымы адам таны­мастай өзгергені ақиқат. Абай Пушкиннен кейін туды. Лермонтов та солай. Мағжан да жарық жалғанға Абайдың алдын орап келе алмас еді. Қасым да. «Ал, енді қоштасайық, сардар аға, Мен ертең кетем ұшып сар далама, – дейді Мұқағали Пушкиннің Мәскеу­дегі ескерт­ кішіне қарап. – Ақынның ақындығы атақта емес, Ақын­ның ақын­ дығы – арда ғана». Мынау Олжас: «Поэт красивым должен быть как Бог, Кто видел Бога? Тот, кто видел Пушкина!» Ұлы ақын өзіне жетеқабыл осындай тереңдер мен кемелдерге керемет әсер етті. Таяз бен кереңге данышпанның бары да, жоғы да бір. Пуш­кин Абай­ ларды ғана азалы ойға салады. Дәлдүрішке әсер етіп, шыбын жанын жанартаудай әлем-тапырық қылатын Пушкин емес – шетел­дік авто мен жапондық видеомагнитафон, конвертке оран­ған құн­ды банк қағаздары ғана! Пушкин – Тәңірімен тілдесті. Патшаны да көзіне ілмеген. «Воспи­танный под барабаном, Наш царь лихим был капита­ ном…», «Ура! В России скачет кочующий деспот!» дегендей мысқыл өлеңдер шығарған. Пушкинге дейінгі, тіпті, Пушкиннен кейінгі билеушілердің образы жатыр осында. Пушкиннің кескіні Гогольден артық болмаса, кем емес еді. Поэзия – Құдаймен сөйлесу. Басқа түк те емес. Саңқылдаған дауыс, қарқылдаған күлкі, жарқылдаған теңеу, тақылдаған ұйқас та емес. Дантенің «Тәңірінің тәлкегі» басы жұмыр пенденің Алламен арадағы диалогы ғой. Ақын Алламен сөйлесуге тиіс! Дәлдүріш пендемен ғана сөйлесе алады. Пендені тәңірге теңеп марапаттайды. Пендеге жағынып бәйек болады, өзінің хайуандығына өзі де мәз болып, өзге хайуанды да соған тәнті етеді. Мұндай «сарай ақын­ дары» Пушкиннің кезінде де болған. Қазір күнде итше күшіктеп жатыр. Өркениетті адамзат Пушкинінің 200 жылдығын кеудеден жоғарғы кеңістікке көз салып, атап өткелі жатқанда біздің қазақ­тың кіндіктен төмен түсіп, ақыннан дәлдүрішті айыра алмай албасты басып отырғаны ойлантады. Жұмыр басты пенденің 99 проценті ас үй мен әжетхананың арасында жүріп қартаяды екен. Пушкин Жер анадан Аспанға кетті. Мәңгілікке. Өмір мен тіршіліктің ара жігін айыра алмай, өзегі кеуіп, өлімге бола туған біз секілді ұсақ-түйек пен­делерге Пушкинге таңырқап қарап, тереңіне бойлай алмай, тізесінде қалу немесе жүрген-тұрған, сүйген-күйген, сүрінген-бүлінгенін жіпке

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м тізген анекдоттарды тамсана тыңдау ғана бұйырған шығар. Тәңірі маңдайға не жазса сол болады. Заратустра мен Будда, Иса мен Мұхаммед тәңірінің жерге аспаннан түсірген елшілері болса, Пушкин азалы адамзат­тың Аллаға жіберген өкілі еді. Адасқан адам баласының мұң-шерін Жасаған Жалғыз Ие Пушкин поэзиясынан естіп, бізге кеңшілік жасап отырғандай. Әйтпесе, ақыр заман болатын мезгіл әлдеқашан жетті ғой… Президенттер Пушкинді жатқа оқи бастады. Түп-тұқиянынан адамзатқа арнап аталы сөз айтып көрмеген орыс патшасының аузына құдай осы күндері керемет бір лебіз салды: «Адамзат ХХІ ғасырды Пушкинмен қарсы алғалы жатыр…» (Ельцин). Слава Богу! «Қазақ әдебиеті» газеті 24.01.2003 жыл Айгүл КЕМЕЛБАЕВА ДЖАЛАЛЕДДИН РУМИ. МӘЖНҮН – ЖҮРЕК (э с с е) 2007 жылды ЮНЕСКО Румиге арнады. Суфий ақын, мистик, ұстаз. Оның ізбасарлары қастерлеп атайтын есімі Маулана, Моулеви – біздің мырза, қожамыз деген сөз. Кітабы суфизм философиясының негізгі баптарының бейнелі түсіндірмесі – «Мәсневи» – «Барлық тіршіліктің мән-мағынасы туралы поэма» (13 ғ.). Джалаледдин Руми (1207-1273) 800 жыл бұрын діндар – ғалымның әулетінде Балхта туды, Түркияда, Конья қаласында дүниеден озды. Нұрлы шырақ. Тәмсіл Ол 40 жасқа дейін дін ілімін терең меңгерген, медреседе сабақ берген, әл-ауқатты, елге сыйлы, басына сәлде ораған бейқам адам еді. Бала кезінде суфий ақын Фаридуддин Аттардан көріпкел бата алған, жыр кітабын қоса алған Джалаледдинді Тебризден келген жұмбақ дәруіш үйіріп, ертіп әкетті. Шамседдин Тебризи, «сенім күні» деген лақап есімді жан оған үш жыл бойы өз ілімін дарытты.

126 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Дәруіш дегдар санасында шамға ұшқан көбелек тәрізді. Ыдырыс Шах: «Ол күрт өзгеріп, мистикалық ілімін уағыздай бастағанда өзіне бүркеншік ат ретінде Руми деген сөзді таңдап алды, себебі бұл әріптердің сандық баламасы 256-ға тең, НҰР түбіріне сәйкес келеді. Парсыша және арабша бұл түбір «жарық» (нұр) мағынасын береді» – деп жазады «Суфизм» атты кітабында. Руми Құрандағы 24 – Нұр сүресіндегі 35-36 аяттардан алынған аллегорияны өсиет қылды: «Асыл тастармен безендірілген шам ішінде әлі жанып тұрғанда, білтені түзеп, шамға май құюды ұмытпа». Тауратта, Жаңа Иерусалимның қабырғалары асыл тастар­мен безендірілген. Ол тастар саны жұлдызнама, мүшел тәрізді 12. Діни храм қымбат қазынаға тұтып тұрады. (Апокалипсис. 21:19-20). Қос мағыналы символ. Бағзы қауымның уыз түйсігінде өмір күші – от. Парацельс адам­ ның астральды (лат. жұлдыз) денесі («Жалын мен оттан жаралған», Абай) жалын деуі соның әсерінен. Мифтік көне Персия, отқа табынған елде зороастризмнен кейін исламға ауысқан маздаған сұлу символдар әлі күнге ыстық сезіледі. Румидің «Месневи» атты поэмасы «Барлық тіршіліктің мән-мағынасы туралы дастан» деп аталады. Шығарма сөнбейтін от – тылсым сүйіспеншіліктің ұясы, ең кереметі, ол ақыл-парасаттан биік рухани аңсар. Руми жыры «нұрлы шырақ түріндегі» (Құран, 33:46) пайғамбарлыққа тән өсиет. Оның «Ай сәулесін кенеп қылып қалай сатқаны туралы әңгі­ме» атты мысалында сурет салатын кенеп ретінде құр елесті жолы бол­ғыш жылпостардың алдап сатқанын тұспалдайды. Олар ақымақ, әу­месер жұртқа айдың шағылған кескінін мата тәрізді өтірік кесіп са­тады, теңгені көсіп алады. «Сол шу мен әбігерге толы базарға біз кенеп сатып алуға келдік. Бізге жалған жарықпен өлшейді, бұл бекер өт­кен жылдардың бұлдыр елесі. Осы сәтке шейін алған затымыз қайда, кенеп те жоқ, әмиян да босаған, енді түк жоқ». Базарға, қарап тұрсам, әркім барар, Іздегені не болса, сол табылар. «Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар, Сәулесі бар жігіттер бір ойланар. Руми мен Абай екі түрлі айтса да, бір ойды меңзейді, «сәуле» сөзі қос тексте айқын айтылған. Мынау күйзелістің юморлық кейпін Румиден Ханс Кристиан Андерсен «Корольдың жаңа камзолы» атты ертегісінде қарызданған. Дүйім жұрт лажсыз дағдарған сәтте бір жас бала ғана шындықты айтып, «Король тұттай жалаңаш қой»! деп айқай салады. Сөйтіп, көрсоқыр түр танытқан тобырды тәубесіне түсірді. Жалған құндылықтар заманаларды өрмекшінің торын­дай торламай тағы тұрмайды. Кісі бағын деме бағым, өз денеңді нұрлы қыл, Ай сықылды болма жарық, қарызға алып күн нұрын.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Шәкерім «Насихат» атты өлеңінде ақиқат болмысты ұлықтайды. Оның «Бояулы суыр» атты мысал өлеңі түпнұсқасы Румиден аударылған. («Қорқау бояуы бар қауға шелекке қайтіп ұрынғаны туралы әңгіме»). Өз тобында дәруіштердің дөңгелене шеңбер жасап, би билеуін енгізген Руми 800 жылда адамзат санасын билеуден жаңылған жоқ. Ыдырыс Шах: «Руми Эзоптан 2000 жыл кейін өмір сүрген, ол әңгіме, ойдан құралсын яки құралмасын, шындыққа сәуле түсіреді дейді» – деп жазды. Грек, мысал жанрының атасы Эзоптың тілі – ғадетте эзотерика (грекше ішкі) яғни – құпия, жасырулы, төтенше сырын білетіндерге ғана арналған (діни салтжоралар, мистикалық оқулар, магиялық формулалар туралы). Бұл ойды ишаралап, тұспал арқылы, астарлы сөзбен, бүкпелеп, толық айтпау. Руми Қожанасырмен түйдей жасты, екеуіне ортақ мәтіндер бар. Қожа Насреддин (1207-1281) Түркияда, Ақшәһар деген қалада туып өскен. Әзербайжан зерттеушілері Қожанасыр деп жүргеніміз 13 ғ. өмір сүрген белгілі әзербайжан ғалымы Хажы Насреддин Туси дейді. Олар оны Молда Насыр деп атайды, ал «молда» – «мовлан»деген сөздің өзгерген түрі. Мовлан Тусидың лақап аты болса керек. («Қожанасыр хикаяларының қазақ тіліндегі алғысөзінен). Мәулен, Маулана, Мәулеви-Румидың қосалқы аты. Оның тілі эзотериканың ит тұмсығы батпас ну орманы. «Оның айтқысы келген нәрсесі поэзиядан биік болатын» деп Ыдырыс Шах қадап айтады. Қожанасыр жұмбақ мағыналы (Абайша: надандар бәһра ала алмас) символдық философияны аңқаулықтың тепеңдеген көк есегіне өңгере салудың қас шебері. Күлкінің құдіреті бұл хикаяттарды ешқашан өлтірмейді, мыңжылдықты оңай игеріп, ұрпақтан ұрпаққа өшпей ғибрат болып қала береді. Қожекеңнің өзі ғана емес, астындағы есегі де мұнафиқтердің қасында данышпан философтың рөліне ене береді. («Қожа мен үш сопы» атты хикаяда). Өзінен жүзім сұрап шулаған балаларға Қожа «Менің барлық жүзімімнің дәмі бірдей, дәмін татсаңдар болады, көп жегеннің, аз жегеннің еш айырмасы жоқ» дейді. Румиде жүзім аллегориясы дін атаулының ортақ табиғаты мағынасында қолданылады. («Жүзім үшін төрт адамның қалай ұрысқаны туралы мысал»). Суфизмде қай дін шынайы, қайсысы жалған деп ешқашан таласпайды. Әркім дінді өз тілінде қабылдайды, түрік, парсы, араб, грек әрқилы атағанмен, бірақ мәні бір. «Прежде, чем в этом мире появился сад, виноградная лоза и виноград, Наши души уже были пьяны от вина бессмертия». Румидің бұл поэтикалық сұлу метафорасына жалаң оймен қисын айтудан құдай сақтасын. Мұның астарын он сегіз мың ғаламды жаратқан бір Аллаға мадақ десек ше! Осынау бекзат ахуалды Шәкерім: Жер жаралмай

128 Жұ матай Ж а қ ы пбаев тұрғанында «Менде» «ғашықтың нұры» бар, – деп жырлады. Жеті қат көктегі құс жолындай жарқырап жатқан бұл көркемдікке басқа ештеңені телу мүмкін емес. Джалаледдин Румиге жиырма төрт мың періштенің шапағаты тиіп, Аллатағаланың рақымы жаусын! Жан тебіренетін ұлық сөзді шын сүйетін бұл фәниде ғазиз жүрек қана. Метафизикалық ақыл-ой иірімі мистикаға бейім. Руми «Месневи» поэмасында Құраннан 760 рет үзінді алып, парсы тіліне аударға­ нын зерттеушілер растайды. Расында, көктен түскен соңғы кітап бір саф үлгі. Ал Румиден жүз жылдай бұрын туған Қожа Ахмет Иасауи «Диуани хикметтер» атты кітабын түркілер үшін жазылған Құран, тәпсир деп өзі жазады. Суфизмнің көрнекті зерттеушісі, ізбасары, асыл мұрагері Ыдырыс Шах Руми туралы былай деп мәлімдейді. «Оның тегі Мұхамедтің жолдасы Әбу Бәкірден тарайды, ал әкесі Хорезмшах әулетімен туыстығы бар болатын». Не пророк он, а Книга – откровение у него имеется. Жәми Румидың пайғамбарлықтан еш кемдігі жоқ жараты­лысын осылай сипаттайды. Руми Құран аяттарын аллегориялық ас­тар­лы бейнеде түсіндіре келе, хадистерге жүгініп, діннің жасырын жат­қан қасиетті мән-мағынасын ашты. Құдай берген бұл достық – кәннің бірі, Мұңдасқанда қалмайды көңіл кірі. Абай «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп» атты өлеңінде мүмкін өзі де аңламай суфийдің жан дүниесіндегі құпияны жанап өтеді. Кән (арабша) – кен, кеніш (қазына, асыл металл). Ауыспалы түрде мейірімділік бастауы, қайырымдылық, ізгілік; негізгі мағы­насында Құдайдың эпитеті. (1 том, 66 бет). Ислам концепциясындағы жүректі тот басқызбай, іштегі кірді қашыру арқылы табиғаттың бауы­рына тығылып, жауған күнге иліге тазару сарынын қазақ өлеңінде Абай салды. Адамзатты ақ жолға оң бастайтын ұлы ұстаздарының мақсаты ортақ, діттегені бір. Адами ізгі қасиеттерді сақтау ар-ожданның мәртебесі, имандылық нұры. Адамның құдайсыз күні жоқ, бірақ мұны шексіз түйсінген артық жаралған пайғамбарлар, әулиелер, ғұламалар мен ұлы ақындар. Әлем халықтарының рухани тұма бастауы әу баста бір. «Поэти­ када Гомер, Гомерге Вергилий ілесті, оған Гесиод, сонан кейін Овидий ерді. Антикалық күллі әдебиеттің мәнін Жараты­лыс­тың құпия қимыл-әрекеттерін білу құрағанын, бірақ дүмшелік бұл ілімді кейін мифтер мен пұттарға айналдырып жіберіп, оны толық ұғы­ нуды қақпайлап, болдырмай тастады», – деп мистицизм мен ок­ куль­т­тық ғылымдардың зерттеушісі, барлық дәуірлердің мис­те­рия­ лары мен аллегория, салттық-дәстүрлік ғұрыптар мен жоралардың

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м астарында жасырынған Құпия ілімдер интерпретациясының абы­зы, символикалық философияның қас білгірі Мэнли П.Холл құнт­тап жазды. «Месневи» жанры 13 ғасырдың халық ауыз әдебиетінің аса құн­ ды жылнамалар жинағы. Месневидің алғашқы үлгілері Масуду Марзави (9 ғ.) мен Рудаки (10 ғ.) өлеңдері. Шежірелік аңыз – әңгімелер нақыл, өсиет, әңгіме, мысал кей­ пінде келеді. Әсіресе, тәмсіл мысалдарда ғасырлар даналығы түйінделген. Аңыздағы аң мен құстың тілін білетін Сүлеймен патша «Ұлым менің» деп арнау арқылы ұрпаққа, халқына ақылгөй сөзін айтады. Көне еврейлер Моисей – Мұса пайғамбардан баста­ латын тарихын ұлт болып ұйысуға бағыштайды. Сүлеймен патша­ ның кітаптары. Тәмсіл әңгімелер. Экклесиаст – таза өсиет жанрына жатады. Сүлеймен патша сөздің асылын теріп сөйлеуі қазақ­тың термесіне ұқсас. Мысалы, адал әйел алған адам Құдайдан ырыс пен рақым тапты дейді ол. Өмір мен өлім тілдің ырқында, оны сүй­ гендер жемісін татады. Терең афоризмдер. Сөйтіп адамның мінезқұлқы, пейіл-пиғылына ерекше мән беріліп, ізгілік пен зұлымдық осы тұрғыдан бағаланады. Иисус Христос та тәмсіл (притча) айта береді, соның бірі христиандық аңыз-адасқан ұлдың оралуы, т.б. Румидың ізашарлары ибн Адам Санаи (1070-шамасы 1140, Газна) дидактикалық діни дастанның негізін салушы, мұнда дін қағидасы, баяндау үрдісінде притчалар, тарихи немесе тұрмыстық күлкілі анекдоттар қоса беріледі. Сондай-ақ Ф.Аттар (1119 ж. шама­сын­да туған – өлген жылы беймәлім) өлеңдерінде дәруіш теософия­сы­ ның мұраттарын бекітті. Терең білімді Аттар шығыс фольк­ло­ры­нан алынған көптеген қызғылықты шығармаларды өз туынды­ларында жинақтады. Оның ақындық мұрасының маңыздылығы осымен айқындалады. Притча жанрында ең бастысы аллегория, астарлы сөз. Дерек­сіз дүниенің өзін ишарамен ұқтыру. Тәмсіл несімен құнды? Шығыс­тың жарық жұлдыздарының бәрі неге сүйген? «Ол Құран бүкіл әлем­ ге тән үгіт» (12:104). «Әрине пайғамбарлардың қиссаларында ақыл иелері үшін өнеге бар» (12:111). Үгіт-насихат, уағыздаумен дұрыс тәрбиелеу пайғамбарлықтың парызы. Ежелгі орыс әдебиеті сөздігінде притча – оқиға, мақал, мәтел, астарлы сөз. Негізгі салмақ тұспал, аллегорияға түседі. Жанры бойынша тәмсіл әңгімелер жер бетіндегі фәнилік және «кере­мет» ғажайып, яғни, бақилық әңгімелердің аралығын қамтиды. Ғалым Н.И.Прокопьевтың айтуынша, «притча» термині ежелгі орыс әдебиетінде мақал-мәтелдерге синоним болып келеді, негізінде ол Византиядан ауысқан жанр.

130 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Тіпті 19 ғ. басында И.А.Крыловтың мысалдары пайда болғанда, кейбір жазушылар оны дәстүр бойынша притча деп атағанын Ф.И.Буслаев жазған. Азат басың болсын құл, Қолдан келмес іске ұмтыл! Абай Крыловтың «Қарға мен бүркіт» атты мысал өлеңі түйінін қарғыстың ауыры қылып аударды. Ежелгі орыс притчаларында, «Құстың тілі туралы» әңгімеде екі жапалақтың құдандасу арқылы өрбитін өзара әңгімесі патшаның қатігездігін нұқып айтып, әміршіні жөнге салады. Бұл мысал көшпелі сюжет, Низамиден Науаиге ауысты. Ең кереметі, данышпан кейіпкердің есімі – Алтын Золотое Слово. Оның бір оқиғасында қазақтың фразелогиялық сом тіркесі айна-қатесіз бейнелі суреттелген: «Мылтықтың басуына құланның қасуы». Сәл өзгешелеу, бұғының (олень) қасынуы делінеді. Татар ордасында дейді, демек Алтын Орда дәуіріндегі славяндармен араласқан түркілік синтез әдебиет. Мысал даналықтың мәйегін таңдайды. Руми даналық пен надандықтың ара салмағын дәл таниды. Бұл екеуі күн мен түндей алмасып, ет пен сүйектей бір-бірін толықтыруға жаралған, бірбірінсіз күні жоқ. Адам надандықтан мүлдем арылса, даналық үстем болса, бұл оны күйретер еді. Надандық тіршіліктің үзілмей ұдайы жалғасып тұруын қамтамасыз етеді. Соның үшін мысалда қисапсыз қазына жасырылған. Ол таңдаулыларға бұйырады. Румидің мына сөзі соған куә: «Сен жарық дүниедегі баршасын ұмыта аласың, неге туғаныңды ұмытудан өзгесін. Өзіңді арзан сатушы болма, өйткені сенің құныңа баға жетпейді. Сен екі дүниеге – көк және жер дүниесіне татисың. Ал егер сен өз құныңды білмесең, не істерсің?» ІІ. «Ләйлә дертін жазар деп Ләйлә ғана» «Хамсадан» біздің ғасырға келіп қалып ең қалай, паң Ләйлә?! О, Ләйлә, сен де асыл ең. Түпнегізінде Жұматайдың Ләйләсі де сол Ләйлі. Трагедия жанрын жұрт есі кеткенше сүйеді. 12 ғ. Низами Гәнжәуидің «ЛәйліМәжнүн» поэмасын кейіннен 79 ақын көз жасын көлдетіп жырлады. Қайғының ең сұлу бейнесін егіле суреттейтін бұл сюжет таңдауға түсе берді. Әуелде Вергилийден, сосын шығыстық поэзиядан Шекспирге ауысты. Ең беделді зерттеушілер ортағасырдың негізгі мәтіні аударма болғанын жазады. Әсіресе, Ренессанс әдебиетінде қарыздану көркем шығарманың маңызды сыңары болды. Сюжет даяр үлгіден алынды.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Гәнжәуи жазған жырдағы қызбен аттас ең, О, Ләйлә, егер болмасаң өзің өмірде, Басқа мұратты бас қатырсам да таппас ем. Жұматай Жақыпбаев, шұғылалы сұлу ақын, ол емеспін десе де Мәжнүні тағы өзі ғой, ақындар жазмышынан озмыш кеткен жоқ. Ләйлі-нағыз ақындар тегіс сүйген өлең Ару, зікір салу. Ақан сері Ләйлім-шырақ деп сәулеге теңейтін арманға арзу. Құлагер көзіккен соң Ақан серіні дәруіш болмады деп кім таласар. Дәруіштік қарғыс емес, бата десек ше. Қожа Хафиз өмір бойы лашықта дәруіш өмірін сүрді. Ұлы шайырлардың сүйегі қурап қалса да, тірі сөздерінен жарық дүниеге мейір, сағыныш нұры құйылады. Руми бізге өзі әлі тумай тұрған жүзжылдықтардың ең асыл керуенін алып келген керуенбасы. Шынайы мол қазына қисапсыз. «Жүрекке сәуле қонбаса» (Абай) ашылмайды. Румиден тұтас алу мүмкін емес. Оның шығармашылық мұрасы табиғат құбылуына тең. Жылдың төрт мезгіліндей бір мезетте жалынан ұстатпайды. Румиде Ләйлі-Мәжнүн сарыны «Месневиді» көктей өтетін лейтмотив. Ол баршамызға бірдей ашыла бермесе де, әркім оған өз жүрегімен келуге рұқсат. Руми поэмасында Ләйлі-Мәжнүн образы эпикалық, хиссалық емес, притчалық, эпизодтық түрде берілген. Низами 1209 жылы дүние салды. Ол 12 ғ. өмір сүрді. Низамидың ірі зерттеушісі А. Бертельс былай дейді: «Ибн-аль-Араби (Испанияда өмір сүрген) 13 ғ. басында былай деп үйретті: «Көркем әйелден Құдай бейнесін тану хақ» («Видение бога в прекрасной женщине – самое совершенное»). Осы уақытта (11-12 ғғ.) ескі исламға (7 ғ.) дейінгі арабтың Узра тайпасының махаббат культі мистикалық араб поэзиясында өріс алды. Низамидың «Ләйлі мен Мәжнүні» арабтың Узра тайпасының махаббаттың күл қылып өртеп жіберетін күші туралы аңызының жетіліп дамуы болып табылады». Шығыс шайырларында жер бетіндегі махаббаттан космостық құбылыстың өзегін көру зор, соның таңғажайып әсерінен екі ғашықтың сұлу бейнелері өшпестей із қалдырды. Ләйлі-Мәжнүнде астральдық әлемнің белгілері бар. Мысалы, Рудакидың (860 маңы – 941) көруінде. Оның газелдерінде Ләйлінің бұрымын көр­генде Мәжнүн есін жоғалтты деп жырлайды. «Расында адамзатты көркем бейнеде жараттық» (95:4), сұлулықтың тылсым сырын Құран растайды. Махаббат пайғамбары. Бұл Рудакиде анық қосарлы. Ол гүл жүзінен Ләйліні, бұлттың жауған тамшыларынан Мәжнүн­нің көз жасын көреді. Жаңбырдан гүл өседі. Жазғытұры қызғалдақ Ләй­ лінің шырайындай құлпырар, толассыз жауған шоқ бұлт Мәж­нүн­ше егіледі. Сағди (1203-1210 арасы – 1292) қос ғашықты Шираздан тапты, бірақ шемен қатқан Мәжнүнді Ләйлімен жүздесу азаптан құтқара

132 Жұ матай Ж а қ ы пбаев алмайды. Жұрт Мәжнүннен елден неге жырақсың, кісікиіксің, Ләйліге деген махаббатыңнан не қалды? деп сұрайды. Жігіт жаны шырқырап ауырып тұрғанын көріп олар қызға хабар салайық деп аяйды. Мәжнүн тыйым салады: «Ләйлінің жаны қатты қиналып азап шекпесін десеңдер, оған мен жайлы ләм-мим демеңдер». Мы, словно ищущий Лейли, неуловимого желаем: Меджнуны в поисках бредут с неутомимым исступленьем... Бұл Кемал Худжанди (? – 1391-1400 арасы), шырағданнан там­ ған­дай алтын көз жасын ағызатын парсы-тәжік ақыны. Қазір суфизм­нің бір символы шырағданға сұқтанатын кім бар, ескіліктің қалдығы көреді. Шираз бұлбұлы Қожа Хафиз Айды бесік қылған аспаннан ЛәйліМәжнүннің мекенін көреді. Жәми (1414-1492) сен Ләйліге ұқсайтын аруды сүйесің жүрегім, Мәжнүннің жолын таптайсың деп торыға жырлайды. Мир таинства любви творит издревле. Чем можешь землю одарить, о сердце? Бұл сырды қазаққа Абай ашты: Махаббат қылса тәңірі үшін. («Алла деген сөз жеңіл»). Низамиде Ләйлінің ұзын бұрымын көрген сәтте Кейс Мәж­нүнге айналып, қалың -малға өз жүрегін берді. Руми Ләйлі-Мәжнүнді жер бетіндегі өмірден құдіретті тұс­палға шендестіріп, ұшпаққа шығарды. «Жүректің әмірі», «Жүректің бұй­ рығы» концепциясын Низами, Руми, Хафиз, Кемал Худжанди мен Жәми енгізді. Руми адам тұлғасын құдайшыл жаратылыстың шы­ңы­ рау биігіне көтерді. «Месневидің» бірінші кітабында «Әлдебір халиф Ләйліге сұрақ қойғаны және берілген жауап туралы әңгімеде» суфизм филосо­фия­ сының неоплатондық сарыны ашылды. (О.Ф.Акимуш­кин). Халиф Ләйліден Кейс байғұсты ақылынан алжастырған сен­ бісің? – деп сұрайды, себебі ол керемет сұлулықты оның бойынан көріп тұрған жоқ. Жас қыздың жауабы мынау: «Сұлулықты көруің үшін сен Мәжнүн болуың керек. Оның нұры көзіңде ойнап, маған екі дүниеде де адал болуың керек. Бейқам жандарға шадыман­дықты сезіну қайдан болсын, сені аяп тұрмын. Бұзылып – шіритін оңғақ, жалған дүниеге жаны құмарлар құр қаларына дау жоқ». Ләйлінің халифке көңілі толмайды. Мәжнүн құдайға деген шынайы, сөнбес таза махаббат ишарасы, Ләйлі -Жарға сүйіспеншілігінің арқа­сында бұл қасиетке ие болды. «Ләйлә, илло-алло»... деп тұр екен, – деп жырлайды біздің Жұматай. Басқалар Ләйліден нәзік, қа­раторы қызды көрсе, бұл олардың мистикалық мағынада соқыр екенін көреді. Суфийлер көкірегі ояу күйді «жүрек көзі» дейді. Ләйлі – арабша, еврейше «лил» – түн деген сөз. Мәжнүннің зар жылап сүйген сүйіктісінің есімі түп атауы Лилитке тіреледі. Көне

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м еврей аңызында Лилит Хауа анадан бұрын Адам атаның бірінші әйелі болған. Лилит бейнесін каббала, сиқырда кеңінен пай­да­ ланған. Шумерлік пері Лилу мен Лилитудан шығады. Адам Ева үшін Лилитті тастаған, яки ол өзі жұбайынан кетіп қалған. Руми Ләйліге кіршік жұқтырмайды, өзі Мәжнүн халмен сүйеді. «Үндістанға аттанған көпес және оған тотықұс берген тапсырма туралы әңгімеде» Руми құсты адам жанының символына ба­­лайды. Құс ұшады, жан асқақтауға бейім, шыбын жанның қасиеті құстың қос қанатында бедерленген. Әлем поэзиясы құс қауырсында­ры­ның астында қалықтайды. Көпеске құсы былай дейді: «Кім құсалы, соны досы еске ал­сын. Бұл оған сор мен азаптың ауыртпалығын жеңілдетеді». Особо если друга звать Лейлою, Что о Маджнуне думает порою. Тотықұс өз сыңарына сәлем айтқан екен. Көпес екеуін айырғанына өкініп, құстардың денесі екеу болғанмен жаны бір деп шешті. Бұл тәмсілді ол Аттардың (1222 ж. өлген) «Құпиялар кітабынан» алған. Суфизм адами қасиеттерді Жасаған Ие Жарға деген ма­хаббат арқылы қорғайды. Бұл адам баласын өсіреді, оны қорлат­пайды. Құдайға ғашықтық осы тұрғыдан асқақ. Шәкерім Жарға ға­шық­ пын дегенде Алланың нұрына шөлдеген толық адам, кемел суфий­ дың жан сарайын айтады. Соның үшін Мәжнүн пайғамбар әрі ақын. Ләйлісі – Жар, Аллатағала ишарасы, суфийдің асығы. Пай­ ғам­бар асық, ақындығы махаббатында түюлі. Бірақ бұл тым құпия­ лы сүйініш, тылсым сезім. Оның олай болмағын Ләйлі обра­зынан емес Мәжнүннен көреміз. Ләйлі неге көрікті? Асылында Мәжнүн көркем. ІІІ. Мәжнүндікке іңкәрлік Шығыстанушы шоң ғалым, Низамидың бес дастанын зерт­ теп жазған автор А.Бертельс Мәжнүн образы нағыз ақынның про­ образы, түпкі аңсарлы бейнесі деп жазды. Суфийлер – бұл ақындар һәм ғашықтар екенін Ыдырыс Шах түйіндейді. Мәжнүн – жарымес, есуас, махаббаттан есі ауып, жын иек­теген деген сөз. Ол араб ақыны Кайстың лақап аты. Мәжнүннің Ләйлі сұлуға есі ауысқанша сүйіспеншілік сезімі шығыс классикалық әдебиетінде кең таралған сюжет. Мәжнүн жынданып кеткен әулие ғашықтың мәңгілік символы. Кайс – араб тілінде «өлшем», «шама», «берік үлгі, өнеге» деген ұғымға тең. Мәжнүн – сүю сезімі кернеген соң нақұрыс атанды. Ол – қисапсыз көп поэмалар мен аңыздар қаһарманы. Жай тілмен

134 Жұ матай Ж а қ ы пбаев айтқанда, жынданған ғашық образы не үшін әспеттелуге лайық? Мәжнүн неге соншалық биік образ? Мұның сырын суфизмнің теориялық негізін қалаған ойшылдар түсіндірері хақ. Аспантекті Мәжнүн, көкке телмірген, жаны пәк ғашық. Қауызы ашылған райхан гүліндей әзиз жүрегі бар, сол жүрегінің маңында тікенектер өскен махаббат құрбаны. Шығыстық ақын атаулы Мәжнүннің қошаметке лайық бейнесін жырлау арқылы өз жүректерін сөйлеткен, бәрі Мәжнүнді өзіне теліген еді. Ибн Араби суфийлықтың сырын шын асықта ақыл – ес болмайды деп ашты. Ақыл билеген, есепке шорқақ деуге келмейтін естияр махаббат шынайы сүйіспеншілікке жатпас. Қазаққа мұны Шәкерім әулиеден асырып айтқан ешкім жоқ: Олай болса, таза ақыл, Әулиелік сенде жоқ. Баянсызға бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ. «Шыннан өзге құдай жоқ». Ләйлі бейнесінде бойжеткен қыздың осалдықтары жоқ болуы Құдайдың кемшіліктен, мұқтаждықтан пәктігін бейнелеуге тиіс. Жұматайдың «Ләйлә дертін жазар деп Ләйлә ғана» деп жырлауы рациональды жадтан гөрі иррациональды мағынаға дөп. Эстетикалық категорияда биік ұғымдар табиғаттың адамға беретін әсеріндей буырқандырады, әлемнің ұлылығын ашады. Адам жаны биікшіл, әулиелер дұға қылу үшін иен түзді таңдайды, себебі ол кеңдіктің һәм азаттықтың көрінісі. Әрі әзәзілдікке бейім, бағынғыш адам табиғатымен күресу шөлде қиын, оны жеңу нағыз әулиелік құпиясы. Шөл – адасқан, лағынет арқалаған періште – сайтанның да елі. Мәжнүн кәдімгі көп ғашыққа ұқсамайды. Суфийлік орден­ дер мәжнүндік екі құбылысты айқын білдірді. 1. Мәжнүндік – жан қалауы, аллашылдық. 2. Тән құмарлық, нәпсіден азат ғашық образы. Мәжнүннің Ләйлі деп зарлап, жер бетін кезіп жүруі жүректің дұға сөздері. Менің жарым қыз емес, Хақиқаттың шын нұры. Шәкерім «жар» сөзін суфизмнен қабылдады. Месневиде Руми жырлаған «Ләйлі жақты мекендейтін итті Мәжнүннің қалай еркелеткені туралы әңгімесінде» Мәжнүн кемеліне келген нағыз мистиктің бейнесі, ол мұсылман дәстүрінде былғаныш саналған итті де сүйеді. Ләйліге таяу жүргендіктен итке оның ізгілік сәулесі түскен. Ит құдайға жарамсыз, лас хайуандарға жатады, ит тиген киіммен намаз оқуға болмайды. Мәжнүн иттің арқасын сипалап, ауқат беріп сүйінді. Мен махаббаттың мүсәпір

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м құлы, иттің табаны астындағы шаңды сүюге даярмын,- деп мойындайды ол өзін кінәлаған елге. Зерттеушінің айтуынша, исламның жарлықтарына қарсы шыққан Мәжнүнді бұл әрекеті үшін айыптауға болмайды, себебі ол есінен адасқан жан. Шынында Мәжнүнге Ләйлі бар жердің бәрі жұмақ, өзге адамдар тек дүниені Мәжнүннің көзімен көре алмайды. Суфизмнің ой желісінде діннің сыртқы атрибуттары мен көріністері, салт-дәстүрлері, догма тыйым сенімдерге аса маңыз берудің қажеті жоқ. Діннің сыртқы формасына суфизм мән бермейді. Руми осы концепциясын Ләйлі – Мәжнүн аллегориясындағы келесі мысалында нақты тұжырымдайды. «Адамдар Мәжнүнді Ләйліге деген махаббатынан бас тартуға иландырғаны туралы әңгімеде» ол суфизмдегі көркем символдың бірі «шарап» сөзін пайдаланған. Ләйлінің көркі соншалық көз тартпайды, айнала тым құрығанда жүз, екі жүз перизат ару бар, соның кез келгенін таңда!- деп жұрт атайды. Мәжнүн жүзі сұрланып былай үн қатты: «Сұлулық – ыдыстың кескіні емес. Сол ыдыстан бізге құйылатын сусын. Сендерге содан сірке су ішу жазылған, Мен бал шарап татамын. Жаратқан Құдай бір құмырадан біреуге кермек у, енді біреуге бал құяды. Барлығы ыдыстың нобайын ғана көреді. Тек лайық жан оның ішіндегі дәмін (маңызын, мазмұн, мағынасын) көреді. Поэманың түпнұсқасында: «Сыртқы түр – бұл құмыра, Әдемілік – бұл шарап. Құдай маған оның жүзінен (яғни ыдыстан) шарап құйды» делінген. Түсініктемеден бұл мистикасыз өнбейтін ұғым екені аян. Ләйлінің сұлулығы құдайдың мінсіз сұлулығының бейнесі, ол тек өлердей ғашық күй кешкен Мәжнүнге ғана көрінеді. Сондықтан Ләйлінің көркі шарап деп аталынған, бұл шарап таңдаулылар үшін. «Даналық – бұл гүл, одан ара бал жасайды, ал өрмекші – у жасайды. Әрқайсысы өз табиғатына орай». Мэнли П.Холл ежелгі идеяны ұсынды. Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ. Абай өлеңінде Алла деу үшін адамзатқа «оларға кез-кезімен нәби келді» деп жазды. («Алла деген сөз жеңіл»). «Шараптың тұнбасы, аспаз, ақын, арфа, сазды әуен, асық, шырағдан, шарап пен бақытқа мастану – соның бәрі мен. Алла атымен ант ішемін, кез келген сенім мен секта – бұл мен»,- деп елітті Руми, хикмет кеудесінде махаббат гүлшешек жарып бүрлеген сәтте. Руми Мәжнүн емес дей алмассыз. Ол неге масайрап, мастанады? Құс жолында қалықтап, қаны теңіздей тасынған бұл экстазға шомған күйдің поэтикалық құдіретін тілмен айтып жеткізу қиын. Эзоп тілімен көбік шашқан мынау ессіз құштарлықты рациональды қазыққа кіндігінен тұсалған дүмше жұрт ұға қояр ма. Руми «мен шараппын» десе христиандық ілім мен мұсылман дінінде мистикалық сарыннан аумай қайталайды. Мэнли П.Холл: «Мысырлықтардың

136 Жұ матай Ж а қ ы пбаев көзімен қарағанда, жүзім сөлі өзге заттардан ғөрі анағұрлым адам қанына ұқсайды. Расымен олар жүзім жерге көмілген өліктердің қанынан нәр алып, өсіп-өніп шығады деп ойлайтын еді». Әлем бірбірінен даяр үлгіні қабылдай бергіш, қазақ мұны сынықтан өзгенің бәрі жұғады деп қисындайды. «Христиандар Шарапты Христтің қанының нышандық белгісі ретінде қабылдады. Христос, Күн Рухының экзотерикалық (сыртқы) символы, «Мен шараппын» деп айтты. Ол осылайша мас болған қызу сәттегі табынатын зат болып шықты. Тұп-тура пұтқа табынған дәуірлердегі оның прототиптері – Вакх, Дионис, Апис немесе Адонистен аумайды». Мәжнүн – мифологиялық, архаикалық фольклордан лироэпикалық, мифо-поэтикалық поэзияға өткен мистикалық кейіпкер. Тұла бойы тұнған құдірет. Грек мифологиясындағы Орфейдің жаратылыс қалыбынан Мәжнүнге ауған қасиет аян. Екеуі де сыбызғыда ойнайды, аң мен құсты аңшы мен тұзақтан қорғаштап, жан-жануарларды сазды әуенмен баурайды. Орфей таланттың магиялық сиқыр күші дарыған мифтік әнші, өнеріне адамзат нәсілі мен олимпиялық құдайлар түгілі табиғат бағынады. Ол аргонавтардың жорығына қатысқанда, аспап тартып, дұғамен жал-жал толқындарды жуасытып, «Арго» кемесінің ескекшілеріне көмектеседі. Орфей қайғы буып, қаңғып өледі. Ел-жұрттан безіп, саяқ кеткен тақуалар барлық дінде бар. Христиандарда аз емес, әулие Антоний, жын иектеп азғыруды жеңген тақуаның бірі, Бенедикт мен Павел әулие... Дүниеден безген диуаналықтың түбінде не бар? Күнәкәрлықтың жойқын күйретуші күшін анық түсініп, күнәдан қашып құтылуға мұрат бар. Күнә – өлімнің көзірі. Христиандықта тән ләззаты, нәпсі айрықша күнә саналады. Жұмақтан қуылудың басы сол. Ислам нәпсінің зиянын өзгеше қадағалайды, исламда некеге қарсылық жоқ. Тақуалықты дін неліктен артық санайды? Не үшін әулие діндарлар өзін-өзін шектейді? Бұл жалғыздықтың уытына еркімен көну, жұбайлық өмірді қор санау және ұрпақ өсіруден бас сауғалау тәрізденетіні рас. Орта ғасырлық Еуропада кедейшілікті уағыздап, сандалмамен күнелтетін деп айтса теріске шығара алмастай монах ордендері болды. Францискандықтар, доминикандықтар, бенедиктиндіктер, т.б. Бұлар кезбе уағызшылар. Әулие Доминик (1170-1221) негізін салған уағызшы монахтар ордені кезбелікпен айналысты. Арасында суретшілер көп. Бұл монах ордендерін батыс тармақ суфийлер десе қате емес. Таспиықты дұға қылу үшін енгізген осы әулие Доминик екенін Дж. Холл айтады. Монахтар өсіп-өнбейді. Целибат – (грекше ердің некесіздігі, бойдақ) католик діндарларының үйленбеуге бекінуі, парызы. Целибат – некеден

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м безуші деген сөз. Оны 1073-1085 жылдары папа Григорий VІІ енгізген, 13 ғ. ортасынан бастап нығайды. Иисус Христос тән құмарлығы туралы жұмған аузын ашпайды һәм пәктігін сақтайды. Мәртебе һәм парыз, бәлкім елден еректік. Мәжнүн Франциск Аскизскийге ұқсайды, тақуалардың бәріне ортақ сарын уағыз айту мақсатымен көп қаңғиды. Франциск әулие құстарға құдайға жалбарыңдар деп уағыз оқиды. Расында аң-құс өз ғибадатын біледі. Франциск Аскизский рухын қорлатпау үшін нәпсісін әзәзіл санап, өлтіруге мәжбүр. Ол тәнін тікенекті бұтаға жыртқызады. Сол қан тамған жерге раушангүл өседі. Христиандық аңыздарда тән мүддесін жанның асқақтығы жеңеді, бірақ жеңіс оңайшылықпен тағы келе қоймайды. Лев Толстойдың нәпсісімен күресіп, бір саусағын шауып тастаған Сергий әкейінің бейнесі еске түседі. Бірақ ол арылудан ғөрі менмендікке тең қылық еді. Дінде өзін-өзі зор тұтуға тыйым салынған. Ф.М.Достоевскийдің «Нақұрыс» атты романының бас қаһарманы князь Мышкин, оның түп негізінде Иисус Христос алынған, момақан, момындығы һәм пәктігі бұлтартпасы аян. Асылы, «нақұрыс» сөзі мәжнүннің синонимі. Мәжнүнде әулиеге тән аскетизм мен маңдайы сәуле шашып тұратын діни белгі бар. Мәжнүннің әкесі Ләйліге құда түскенмен сәтсіз болып, қыз жігітке айттырылмады. Мәжнүн шын мәнінде целибат, некені аңсау оған жат. Ғашықтық отына күйіп-жанып, безгек буғандай сенделіп кетсе де, жас жігіт қызды құшуды тіпті армандамайды. Ол Ләйліге дертімен асық, жанымен ғашық. Мистикалық жолда ұстамдылық, төзімділік, тыйылу (зухд) қажет. Күнәға бату адам баласын құдайдан алыстатып жібереді. Румиде жан мен тәннің арасы жер мен көктей екі бөлек. Бұл жалған фәнидің ұрымтал қызығына қанбай, алдамшы дүниелігіне алданған жан эзотерикалық байланысты көруге дәрменсіз. Анық асық – әулие! Кереметке сол ие. Жаны құрбан жарына, Керексіз оған дүние. Шәкерім өлеңінде мәжнүндіктің портреті тұр. Ол айдалада қаңғып, дүниеден безгендердің жүрегінде ұлы сүйіспеншілікке ғана орын барын шын ұғынып жырлады. Өз басынан өткерген күй болған соң неге жалған сөйлесін. Тірілікте қосылысқан – шын жар емес, ойнас ол, Ондай асық шынға дұспан, Ол бейіске бармады. Жар сипатын білсеңіз де, Нәпсің «өлмей» деме жар, Айла, алдау өзіңізге, Шын қақиқат қанбады, – деп жырлайды «Өртейін деп отқа көмдім, от жүрегім жанбады» атты өлеңінде Шәкерім қажы.

138 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Өліп едім – жар бірігіп, бір бейісті таңдады, Ләйлі – Мәжнүн қарсы шығып, ерулігін қамдады. Қазақ салт-дәстүрінде, бірақ жардың сипаты суфийдің көзімен. Араб тілінде «калб» – жүрек. Жүрек культын суфизмнен бөгде ешкім егіле шерткен жоқ. Ол «ғаділетті жүрек» (Абай). Эзотерикалық аллегориялардың мағынасын дәлме-дәл ұғыну үстірт шалағайлық. Дәруіштік ұлы махаббат туралы 1832-36 ж.ж. жарияланған орыс поэзиясынан мына бір өлең жолдары ше: «О луч души осиротелой!/ Поток в пустыне бытия, /Любовь, сестра священной Веры,/ Лилея Ангелов...» «Кезбелер» атты бұл өлеңнің авторы В.Г.Тепляков. Ақын заты қашанда диуана, ол әпенділікті шет көрмейді. Ақын пайғамбардың сөзін айтуға хақылы. Мәжнүндік пен кещеліктің арасы жұмақ пен тамұқтың шегіндей бітіспейді. Бірі аллашыл сана, бірі адами сана, биік пен аласа. Джалаледдин Руми Мәжнүн образын ерен шыңға көтерді. Оның «Мәжнүн» атты жыры – дұға. Сүйікті Ләйлісінен айрылуы Мәжнүнді дертке ұшыратты. Жүзі сынып, қаны тасыды. Білгір емші оны емдеуге кірісті, ол науқасқа қан ағызу керек деп жазып берді. Мәжнүннің денесінен қан алуға келгенде ол бас тартты. Әлгі кісі сонда: «Сахарада арыстаннан қорықпағанда, енді үрей буып отырсың ба өзі?» деп кінә тақты. Мәжнүн оған Ләйлі екеуіміздің арамызда меже жоқ. Менің тамырымды кескенде, бәлкім сен, сүйгенімді аңдаусызда жаралап аларсың деді. Я тот, чья жизнь – скитанье и любовь, И мне ль бояться, что прольется кровь? Но я своей любовью перегружен, Как раковина, полная жемчужин. Лейли и я – мы друг без друга – прах. Мы с нею – дух единый в двух телах! Аруана бауыр дүние. Құранда адам баласына Алла күре тамы­ рынан да жақын делінген: «Расында адамзатты жараттық. Оған, нәп­сісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамыры­ нан да жақынбыз». (50:16). Руми мұны Мәжнүннің қан тамы­рында Ләйлі жаны барына мегзеп, Қаф сүресінің нақ осы аятын астарлап аса көркем сипаттайды. Құдайға құлшылық қылудың мұнан асқан қас үлгісін Румиден артық айтқан қайсысы бар еді?! Низами жар салды: «Ақынның тілі астында асыл Қазына қойманың кілті жасырулы. Пайғамбар мен ақын – бұл дән өзегі, қалғанының бәрі қабық». 800 жыл бұрын туған Руми бүгінгі дүниеқоңыз адамдар үш ұйықтап түсіне кірмейтін рухани аңсарды жүрегі езіле жырлайды. Неткен шебер құдай. Адам жанын ерен сұлу

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м жаратқан Асылпана Аллатағаланы Расулдан соң ұлықтау Румиге ақындықтан артық аңсарлы сыр болатын. Маджнун всегда по запаху земли, Догадывался, где прош­ла Лей­ ли, – деуі нені білдіреді? Мұхаммед с.ғ.с. хадистерінен аян: «Раббы­­­ сын – зікір етуші тірі, ал зікір етпеген – жансыз дене сияқты». Мәж­ нүн дұғасыз Мәжнүн емес. Бұл асылында сәулелі Жүректің өзі, Мәж­ нүн деп жүргеніміз – жүрек. Себебі зікір тек жүрекпен айтылады. Суфизм – жүрек культі.Ләйлінің табаны тиген жерді иісінен сезу бұл жер мен көктен Құдайдың құдіретін танып, ризашылық­пен жал­барыну. Шыр көбелек дөңгелене билеген дәруіштер бір Аллаға тәуе­кел етіп, зікір салатын. Шейх Руми дұғасы мәжнүндікпен қабыл һәм ақиқат. Ауған жері Балхыда туған Румиды Пакистанда таяу Шығыста болған күллі көне ағымдардың нақты мұрагері ретінде санайды. Суфизм барша діндердің қоспа, қорытпасы, эклекти­калық қабы­ суы, бұл ретте ол алхимиялық процесстен аумайды. Бірақ онда ашкөздік пен алтын химера ырымға жоқ. Суфизм Құдайды сүюді ақыл-естен, жадтан бөліп қарайтыны, күпірлік пен скеп­ систің ылаңынан сескенген соң. Ақыл-парасат шынында өлшеулі рациональды пайдакүнемдіктің уысынан шықпайды. Ақыл – ой билесе шынайы сүйіспеншілікке тиесілі дәнеңе қалмасын, нақ осы күрделі жайттың ұшығын Абай адаспай айтты: «Махаббатсыз – дүние дос,/ Хайуанға оны қосыңыз.» Немесе «Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас,/ Екеуі тап бірдей боп орныға алмас./ Дүниеге ынтық, мәғшарға амалсыздың/ Иманын түгел деуге аузым бармас». («Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»). ІV. Сыбызғы ғұмыр «Месневидің» сөз басы, бисмилләсі – «Сыбызғы жыры» деп аталады. Бұл бүкіл поэманың күретамыры. Руми сыбызғыны суфийдің жанына балайды. «Сыбызғының құсалы жырын естисіз бе? Ол да біз сияқты айрылудан зарлайды. Нені аңсап, нені жырлайды ол? Мен өз діңімнен ажырап қалдым. Енді түп-тамырынан қиы­ лып, бөлек қалғандардың бәрінің қайғысын арқалаймын деп егіледі. Тән жаннан алыстап, бөлінген, араларын перде бүр­ке­ме­ леп, қараңғылық басқан. Мен қамыс сыбызғы, маған жыр ар­қы­ лы Құ­дай мен сендердің арасындағы кедергіні жою бұйырған. Мен Ләйлі­ні Мәжнүн сүйгенін түйсініп ұғуларың үшін жылаймын. Ақыл ес мұны сезінуге дәрменсіздік танытқанмен, адам жүрегі ғана жыр­ ды бағалайды. Махаббат құлы жүректі таза ұстайды. Оның ғадал болмағы жанды емдеп жазуға жаралған. Сүйіспеншілікке толы, махаббат оты лаулаған жүрек қана ақиқатты тани алады. Ғашық

140 Жұ матай Ж а қ ы пбаев топырақтан жаралғанмен ол сүйген зат нұр шашады деп еңірейді. Тәні топырақ жанның хаққа ғашықтығынан жүрек көзі ашылады, ал ақиқат сәулесі түсетін айна тек жүрек. Егер бұл айнада бейне жоқ болса, онда жаныңның айнасын тазалауға асық. Тәніңнің бұғауын рухың қабыл алмауы үшін сыбызғы сыр шертіп сызылтады». Сыбызғы – суфий рухының символы, рух тәнмен бірге болса да, бірақ ол көзге көрінбейді. Адам баласы тек сыртқы нәрсені қабылдайды. Француз философы Мишель де Монтень (1533-1592) адам туралы «Мен ойлай алатын қамыспын» деп ой толғауының астарында тап осы шейх Руми жырлаған рух – қамыс сыбызғы сыры тұнған. Руми – алхимик, сыбызғы – алхимия, суфийлік дүние­ танымда алхимияның шынайы ғаділ мағынасын дүниеқорлықтың бық­сыған былығымен шатастыруға болмайды. Аллашыл рухты сүюден айнып суфийлер бөтен ойды иектетпейді. Сыбызғыны грек мифологиясында Гермес жасайды, ал герметикалық шығар­ма­лар деп құпия, жабулы, таңдаулыларға бұйыратын білімді атайды. Бала ақынның өзін алғаш қаз басып танығанына гимн болып табылатын «Муза» атты өлеңінде (1821) Пушкин: Сама из рук моих свирель она брала. Тростник был оживлен божественным дыханьем. И сердце наполнял святым очарованьем. Пушкиндегі «И песни мирные фригийских пастухов» – фри­ гиялық бақташы, ол – Дафнис. Мифтегі аңыздық кейіпкер, буколи­ калық поэзияның жасаушысы, әнші, қайғыдан қаңғып жүріп әуен тартады, ақыры зар меңдеп, теңізге құлап өледі. Грек мифологиясында Сиринга («свирель, сыбызғы»)- нимфа, дриада, Аркадияны мекендейді. Ол Артемиданы пір тұтып, қатаң түрде пәктігін сақтайды. Әдемі Сиринганың қыр соңынан мифтік құдайлар мен сатирлер қалмайды. Бірде оны Пан құдай көріп қалып, қуа жөнелді. Үрейден бас сауғалайтын жер таппай жан ұшыр­ ған Сиринганы наядалар қамысқа айналдырып жіберді, жел соқса қамыстан аянышты үн сыңсиды. Пан қамысты кесіп алып сыбызғы жасайды, бұл аспапты жанымен сүйді. Овидий «Метаморфозы» поэмасында бұл мифті жырлаған. Ал тағы бірде бақташылар сыбызғы ойнаудан жарысқанда Пан мен өнер құдайы Аполлон бәсекеге түсті. Жарысқа төрелік қыл­ ған Мидас Аполлонның асқан шеберлігін бағаламады, ра­сында Пан жеңілді, соның үшін жаза алған Мидасқа есектің құлағы өсіп шықты. Оның ұстаған заты алтынға айналатын алхимик бол­ғанын ұмытпау керек. Антикалық философияда, Плутарх аңызында ұлы Панның өлімі дәуірі біткен антик әлемінің символы ретінде көрсетілген деп жазады А.Лосев.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Пан – Гермес пен емен бейнелі нимфа Дриопаның ұлы. Панның жүндес аяғы текенің сирағы, шекесіне мүйіз өскен. Сиринга шошынғандай кейіпті бұл Пан шарапты, көңіл көтеруді сүйеді, сұлу нимфаларға да көп құмартады. Нарт эпостарында Ацамаз алтын сыбызғыда ойнап, қас сұлуға үйленеді. Ешқашан толық ұйықтап қалмайтын жүз көзді Аргос­ тың қырағылығын Гермес сыбызғы тартып, Панның Сирингаға махаббатын әуенге салып, ұйықтатып өлтіреді. Герместің есімі кейіннен оккульттік ғылымдарға байланыстырылды. «Қос мүйізді Ескендір» күйінің аңызында ішіне сыймаған құпия сырды шаштараз тірі жан жоқ айдалада айқайлап айтады ғой. Адам баласына тіс жарса Ескендір патша басын алады. Керуен тоқтағанда сыбызғы­шы сол құдықтың қасынан қамыс кесіп алады. Сыбызғы жасап, ой­найын десе, сыбызғы «Ескендірдің басында қос мүйіз бар» деп адам­ша сөйлеп қоя береді. Құпиясы жария болған сәтте Ескендір өледі. Бұл күй аңызы жазушы-ғалым Ақселеу Сейдімбектің «Күй өнері» атты зерттеуінде баяндалған. Эллиндік мифпен ортақ сарындары көп. Ескендір патша сыбызғыдан ажал табуы көне қорқытшыл жадтың бір мистерия­ лық хикметін айғақтайды. Қазақта Орал өңірінде Сарымалай есімді (шын аты Садық) тамаша сыбызғышы болғанын классикалық күй өнерінің алғашқы зерттеушісі, композитор Ахмет Жұбанов­­тың «Қазақ композиторларының өмірі мен шығармашылығы» атты зерттеу еңбегінен (1942) білеміз. білеміз. Сондай-ақ сыбызғы туралы этнографиялық деректерді Жағда Бабалықұлы жазды. Поэзияның тегінде сыбызғы барын орыстың А.С.Пушкин­ нен өзге де дара ақындары жырлады. «Твоя свирель над тихим ми­ром пела, / И голос смерти тайно вторил ей». (Анна Ахматова. Ф.К. Сологубке). Грек мифологиясындағы сыбызғы мен Руми рух салған сыбызғы бейнесіне О.Мандельштамның поэзия сырына арнау жыры неғұрлым жанай туған: «Из омута злого и вязкого/ Я вырос тростинкой шурша, / И страстно, и томно, и ласково / Запретною жизнью дыша». Орыс ақындары сыбызғышыл. Блок кеш пен бораннан, Клюев желден, Северянин көктемнен, Кузьмин таңнан сыбызғы үнін естіп елтиді. Велимир Хлебников (1885-1922) жүз жыл бұрын жазған өле­ңін­де футуристік әсемпаз күй берілген. И я свирел в свою свирель, И мир хотел в свою хотель. Мне послушные свивались звезды в плавный кружеток. Я свирел в свою свирель, выполняя мира рок.

142 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Румиден жұғысты болған мәжнүндік аңғарылмауы мүмкін бе, делқұлы есерліктен арасы ай мен күндей қашық жұмбақ рухқа тағзым. Ақындар әрнеден, қас әсемдіктен шаттық аңдайды, алле­ горияға өле ғашық. Ағылшын ақыны Уильям Вордсворт (1770-1850) «Нарцисстер» атты өлеңінде күндей сары хош иісті гүлдер ал­қапта дөңгеленіп, қол ұстасып әндетіп билеп ойнайды, қамықса ақын­ның көкейінен кетпес қас асыл мезет осы. Джалаледдин Руми, нақ бір шейх Мевлеви орденінің биші дәруіштеріндей дөңге­леніп. Руми туралы энциклопедиялық қысқа деректер ғана қыр­­ дағы қызғалдақтай қаптап өскеніне дәстүрлі мүшелтой айда­рын жариялағанда көзім жетті. («Абай» журналы, №2. 2007 ж, Жала­ лиддин Руми). Румиге өзінен кейінгі тұтас бір ақындар ұрпағы еліктеді. «Румидің мәні» атты кітапты американ ақыны Колман Баркс құрас­тырған. Ағылшын тілді елдерде бұл кітаптың таралымы күллі поэ­ти­калық жыр кітаптарынан асып түсті. Дж. Руми атында «Рух алхи­миясы» атты әдеби сыйлық бар. 3.12.2007 – 3.01.2008. Сәкен ИМАНАСОВ ЖҰМАТАЙ

(Ақын Жұматай Жақыпбаев туралы эссе) «Жақсының артынан сөз ереді, жаманның артынан бөз...» – деген де бір қанатты қағида бар ғой, менің ұғымымдағы Жұматай Жақыпбаев ақын да артынан сөз ерген жақсы да жайсаң жігіттердің бірі еді. Онымен ең алғаш рет 1969 жылы кездестім, білем. Талдықорған облыстық «Октябрь туы» аталатын газет редакциясында істеймін, сондағы әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісімін. Осы өңірдегі өлең жазатын, әңгіме құрастыратын, әйтеуір өмір жолын әдебиет жағына бағыштаймын дейтін үлкенкішінің бәрі дерлік біздің алдымызға топырлап келіп жатады. Бәрін де жылы жүзбен қабылдап, қолдан келсе демеу болуға барымызды салып-ақ жүретін кезіміз еді. Күндердің күні болғанда маған сәлем беріп, қызыл шырайлы, суағарында сұлу ғана мұрты бар, насыбай ататын адамдарша астыңғы ернін жымыра сөйлейтін, жымия күлетін шымыр денелі бір жас жігіт келді. Асықпай ғана амандасып болды да, баппен қозғалып, қарсы алдыма келіп отырды. Аты-

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м жөнін, өзінің өлең жазатынын айтты-ау деймін. Әлденеге көңілкүйім болмай тұрды ма, мұндай жігіттердің күніге бірі кіріп, бірі шығып жататынына етіміз үйреніп кеткендіктен бе, сөзін самарқау ғана тыңдадым-ау деймін. Әйтеуір алғашқы кездесуде соншалық елпілдеп, емешегім үзіле қойды деп айта алмас едім. Ол маған қолмен жазылған бес-алты өлеңін қалдырды да, «оқып көрерсіз» деп, сол бір өзіне тән салмақты жүрісінің сәнін бұзбаған қалпында жағалай бас изеп, жымия қоштасты да, есіктен шығып кете берген. Кекеткені ме, келіскені ме, белгісіз, сол бір танау астындағы жымиысы ғана есімде қалып қойыпты. Араға біраз күндер салып барып, қағаздарымды ақтарып отырсам, сол жігіттің қалдырып кеткен өлеңдері жатыр екен. Алдымен аты-жөніне көзім түсті – Жұматай Жақыпбаев. Енді жазғандарына үңілейін. Пәлі, дерсің! Мынауың мықты ғой! Өлеңдері жұтынып-ақ тұр екен, қамшы салдырар емес. Жасырмайақ қояйын, редакциямызға өлең жазатындар көп келгенімен, дәл мұндай шымыр да жұмыр жырлар кезіге бермейтұғын. Ара-тұра осы іспеттес шуақты шумақтар қолымызға тие қалса, жабыла оқып, жамырай талқылап, өреміз жеткенше өзеурей пікір айтып, тезірек жариялап жіберуге асығушы едік. Біздің бөлімде Шұғай Өсіпов, Свет Оразаев, Жайырбек Қаспақов сияқты жігіттер істейтін, кейін олардың қатарына аты шығып, атағы жайыла бастаған Ақұштап Бақтыгереева келіп қосылған. Міне, бұл жолы да басымыз түгел түйісе қалып, Жұматай өлеңдерін жапатармағай сүйсініп оқып жатырмыз. Свет, Ақұштаптар оны сыртынан жақсы білетін де болып шықты. «ҚазМУ-де оқыған, боксшы жігіт!» деп те жіберді біреулері. Оны білеміз дейтіндердің Жұматай жайындағы мінездемелері жақсы екен, әнеу күні өзім де бір көргеннен ұнатып қалғандай едім. Әсіресе оның кісіні жатсынбай, жатырқамай қарайтыны, үргелектемей, ойын да, бойын да көтере түсіп, өзін-өзі еркін ұстайтыны байқалып қалып еді. Маған сонысымен де жағып қалса керек. Өлеңін жарияладық. Бұдан кейін ол бізге жиі келіп, үзбей араласып жүретін болды. Сол жылдары мен Жаркент жақтан Әбен Дәуренбеков деген тағы бір жақсы ақынды тауып қайтып, қызметке де алдырған болатынмын. Көп ұзамай Жұматай да бізге келіп, жұмысқа орналасты да, мінезінің жұғымдылығынан болар, аз ғана күндер ішінде тонның ішкі бауындай араласып, жақындасып кете бергенбіз. Ол ұдайы өзін ірі ұстайтын, бірақ кіші екенін әсте естен шығармайтын тәкаппар қалпындағы інілігінен жазбады, мен аға болып қала бергенмін. Бір мен ғана емес, Жұматай дегенің айнала жүргендердің бәріне сүйкімді жігіт болып шықты. Өз бойына жарасымды әзіл-оспақ, сыпайы қалжың-қағытпаларымен үлкеннің де, кішінің де тілін тауып,

144 Жұ матай Ж а қ ы пбаев басшылардың да ойынан шыға білді. Жатыпатар шымшымалары да жоқ емес, бірақ артық кетпейді, ешкімнің кемістігін айтып, шенепмінемейді. Мысқылының өзін мысалмен түйіндеп, әжуасын әзілге айналдырып, ұтқыр да ұтымды айтқыштығымен жуып-шайып, төніп келе берген даудың алдын алып, жаймашуақтандырып отырады. Өз шығармашылығына келгенде өте бипаз, асығып-аптығу дегенді білмейді, талғампаз, бір образ не ойына алған детальдің соңына түссе, қашан иі қанғанша ұзақ толғатып жүріп ала­тыны, замандасы Әбдіраштың Жарасқаны айтқандай, «бір күн жазған өлеңін бір жыл насихаттайтыны» бар еді. Біз білетін Жұматай әртүрлі бас қосуларда, өзімен қатарлас жүретін жора-жолдас ара­ сында соларға арнап шығарған сексеуіл шоғындай ұшқын атқан экспромт-шумақтарын оңды-солды аямай шашып жүретін еді. Бірақ атқан оғы құр кетпейтін құла мергендей, кімге қарата айтса да, сол сөзін арнаған адамның бүкіл бітім-болмысын, мінез-құл­ қын, ішкі-сыртқы кескін-келбетін қолмен қойғандай дәл бе­ретін еді, әлгі нысанаға алған үлкенкішінің өздері де, ондай өлеңді ес­ тіген өзгелер де ұмытпай, біріне бірі айтып, қақпақылдай қағып ала жөнелетін. Біріне бірі жеткізіп, соған өздері де мәз-мәйрам бола күле жүріп, ауыздан ауызға таратып жіберетін. Әсіресе «Октябрь туы» редакциясында өзімен бірге қызмет атқарған жігіт-желең, қыз-қырқын, тіпті тікелей бастықтарына қарата айтқан бір шумақ, жарым шумақ өлеңдері көп болушы еді. Ол өзі, қалай десек те, табиғаты бөлек, жаратылысынан сұң­ғыла, туа бітті тектілігі бар, жүріс-тұрыс, бітім-болмысымен баяғы­­ның сал-серілеріне ұқсап туған жігіт болатын. Жоққа бола күйге­лек­ тене күйіп-пісу, болымсыз табысына бола күпіне мақтанып, асыптасуға мүлдем жоқ еді. Кейде мен оған: «Осы келе жатқаныңда, шы­ ныңды айтшы, қалтаңда ғой көк тиын жоқ, бірақ мыңды айдаған бай баласы сияқты маң-маң басасың, аспан айналып жерге түседі десе де асықпас маңғаздың өзісің» – дейтін едім. «Өзіңізге.., өзіңізге тартқамыз ғой, көке!» – дейтін де қоятын еді ол. Сұлу мұртын бір сипап, миығынан күлген қалпымен жөніне кете берер еді. ... Зайдаға қосылғанша (ақын Зайда Елғондинова) салт басты, сабау қамшылы күйінде біраз жүріп қалды. Төрт-бес адам бас қосқан жерде, оның үстіне айналасы аузына қарап қолпаштай түсіп, көтермелеп отырса, ол өзін барынша еркін сезінетін еді, дом­быра да шертетін, әншілерге де қосылып кетіп, қасындағыларға қарата достық әзілдің де жеті атасын қарша боратып, төңірегін түгел күлдіріп, өзі де күліп, мәз болып отырушы еді, көп кісілік думанды дүрмекті ұната бермейтін. Жұматайдың көбіне-көп қалжың нысанасына алатын адамы­ның бірі – аға досы, ақын Әбен Дәуренбеков болушы еді.«Әзілің жа­расса

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м – атаңмен ойна», – деген қағиданы малданып, екеуі құрдастарша қалжыңдаса беретін. Үнемі зілсіз қажасып отыратын. Бірде ит­ жығыс түссе, бірде Жұматайдың басымдығы байқалып қала беретін. Сол Әбен Талдықорған қаласынан пәтер алып, бір күні үйімді көр деп, Жұматайды ертіп келе жатса керек. Ішуді іші жек көр­мейтін Жұматайдың әңгіменің аяғын дәйім ғана ішімдік жағына апа­рып тірей беретін әдеті бар еді. «Міне, мынау үй, пәтеріміз осы­ның үшінші қабатында»,– деп келе жатқан Әбенге, әлгі үйдің астыңғы қабаты тұтас қана азықтүлік дүкені екенін көре қойған Жұматай: Бұл үйдің үсті де дом, асты да дом, Тиіп тұр іргесіне гастроном, – деп жібереді. Әбен де ол шір­кін­нен қашпайды білем, екеуі бір-бірін арғы жағын айтпай-ақ түсіне қояды да, қатарласа барып дүкенге бас сұғыпты. «Ал, қайсысын ала­мыз?»– деген Әбенге Жұматай: Қасында еріп жүрсе екі-үш сыра, Арақтың төресі ғой «Экстра», – деген екен. Әбеннің тұңғыш қызы дүниеге келіп, соның шілдехана­сына жиналып отырғандардың көзінше: Айналайын Гүлзадам, Айтайын саған бір жаңа ән. Әкең сенің импортный – Поштамен келген Құлжадан, – дегенді де Жұматай айтқан. Әбеннің көп жылдар бұрын Қытай жағынан ауып келгенін емеурінмен білдіре кеткендігі еді онысы. Сол Гүлзада апыл-тапыл жүре бастаған кезде, Әбеннің үйіне келе қалады да, жөпшендіде аузыңа ештеңе тие қоймай, тамағы жыбырлай берген Жұматай: Келетін ағайының бар алыста, Мықты болсаң үйіңде арақ ұста. Мамаңа айтшы – жүз грамм құйып берсін Жұматай Жақыпбаев товаришқа! – деп, «үйде арақ болмай тұр еді» – деп сылтауратқан ата-анасын да бір іліп өткен ғой. Айтып жүрмеген соң ұмытып та қалыппын, мұндай-мұн­дай бірқақ­пайлар онда өте көп болушы еді. Сол Әбеннің бойының аласалығын меңзеп: Құлақшыны екі тышқанның терісі, Өзі Суанның перісі... Озат колхоздың қызылшасындай бойы бар, Соған қарамай, Тоқал алсам ба деген де ойы бар, – деп бір кетсе, Тоқтасын Сүгірбеков дейтін ақын жігітке: Қиярдың бөшкесіндей жуан ақын, Жүнжүн берсең – балаша жұбанатын, Қыз көрсе қылмың қағып қуанатын,

146 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Кіндігін қытай кескен Суан ақын, – Сүр жегендей боламыз сені көрсек, Бірдемең бар ма бізді суаратын?! – дейтіні де бар. Аңқылдап қалған, ақкөңіл Тоқтасынның барған үйіне ауызша «бір қой сыйлап» кететіні болады екен. Сырын білетіндер күледі де қояды, сырын білмейтіндер шынымен қой береді екен деп дәметіп те жүретін көрінеді. Бізге де бірер қой «атағаны» бар. Бірде бәріне ортақ жолдастарының бірінің әйелі босанып, соларға барып «бауы берік болсын» айтайын десе «қалтасының түбі тесік», бармайын десе тағы да ұят, не істерін білмей дағдарған Жұматайдың алды­нан Тоқ­ тасын жолыға кетпей ме. Жұматайдың қысылып тұрған жа­ғдайын өз аузынан естіген Тоқтасын: «Мен бір қой атадым» – деп қалса керек. Сонда Жұматай: «Әй, Тоқа-ай, сіздің қойлардай қойдың мен бол­сам бес-алтауын қатар атап, өзіне айдатып-ақ жіберер едім ғой»,– депті. Сол Тоқтасынның жаңағыдай қылығына қарата шығарған Жұма­ тайдың тағы бір өлеңі мынандай: Бір жілігі базарда, Бір жілігі қазанда, Бір жілігі Басқанда, Бір жілігі аспанда, Бір жілігі арқанда, Бір жілігі Сарқанда.., Тоқаңның бір қойы бар, Әркімге берсем деген ойы бар. Тоқаң бермей жүрген жоқ, Өзің тап та, сойып ал! Облыстық газет жігіттерін бірде колхоздағы жұмысқа апарып салады. Оларды бастап барған газет редакторының орынбасары Елжас Бейсенбеков болса, өзі де елгезек, тынымсыз, басқаларға да дікектеп тыным бермесе керек. Ақ таңнан оятып алып, «тұрыңдар да, тұрыңдар!» – деп жігіттердің мазасын ала береді екен. Басына ұдайы түрік тақиясын киіп жүретін көрінеді. Мекеніміз Кеңарал, Уақыт жоқ демалар. Тықақ-тықақ етеді, Турецкий Генерал!.. – деп, Жұматай Елжастың өзін де, өзге жігіт­ терді де күлдірсе керек. Бұлардың жұмыс істеп жатқан Кеңара­л­дары әйгілі Зылиха Тамшыбаева басқаратын кеңшарға қарайды екен. Бірде плантация басындағы бұларға қарай келе жатқан сол Зылиханы көріп қалған Елжас бастық асып-сасып оның алдынан шығам деп жүргенде, шалбарының құйрық тұсын бұта сы­дырып, жыртып алыпты. Кісіге ұдайы жүзін ғана бере сөйлеп, көткен­шектеп шығатын қытайларша, Елжас та амалсыз Зылиханың алдынан артымен шегіншектей бермей ме, соны бағып отырған Жұматай:

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Жалбырап жүріп көтеніңіз, Зылиха сіздің не теңіңіз, – деп бір қағытып өтеді. Оның Баяндин Құттыбекке, редакциядағы басқа да жігіт-желең, қыз-келіншектерге қарата айтқан тапқыр да дәл шумақтарының, достық әзілдерінің көбін есіме түсіре алмай отырмын. Білетін­дердің ауылы алыс, сұрап алудың да ретін таппадым. Кейінірек, Алма­тыға ауысқаннан кейінгі кезде ол «Жазушы» баспасындағы маған жиі келіп тұратын еді. Бір күні: «Көке, мен орысша бірер өлең жазып ем, тыңдайсыз ба, оқып берейін? Осындағы орысша өлең жазатын Орынбай, Бақытжандар мақтап жүр»,– дегені бар. Өлеңдері шынында да жақсы сияқты. Бірақ мен оған: – Сен қазақ жырының түбін түсіріп жүрген үлкен ақын­сың ғой. Соңыңнан біраз жастарды да ертіп, «Жұматай қаға­натын» құрғаныңды да естіп жүрміз. Орысшаны сол Олжастарға-ақ қал­ дырсаң қайтеді, тыпа-тыныш, – деп едім, ол түсінді ме, жоқ па, білмедім, әйтеуір одан соң орысша өлеңімді тыңда деп мені маза­ ламайтын болған. ... Бір күні естідім, Жұматай жұмыстан шығып, ауылына кетіп қалыпты. Әке-шешесі Талдықорған түбіндегі «Жетісу» аталатын бір ұжымшарда тұратын. Көктем кезі еді. Мал төлдеп жатқан, шопандарға ілесіп, қозы бағуға сақманшы болып кетіпті деген хабар да жеткен бізге. Оның мінезіне күлгеміз де қойғанбыз. Газет редакторының орынбасарымен жұмыс үстінде жүз шайысып қалып, бастықтығын көрсетіп дікеңдей берген әлгінің иегінен Қасым Қайсенов ағамыз айтқандай, бір сүйкеп жіберіп, тұрыпты да жүре беріпті. Мен ол кезде облыстық партия комитетінде істеймін. Екіүш ай бойына жұмыссыз жүріп қалған Жұматай ақынға жана­шыр­ лық көрсеткім келіп: «Редакцияға соқса, маған кіріп шықсыншы, жұмыс қарастырып көрейін» – деп сәлем айттым жігіттерден. Бұл кезде Жұматай сақал-мұрт жіберіпті деп те естігенмін. «Араб шейх­ терінен аумай қалыпты»,– деп жүрген жігіттер. – Сәкеңе барсаң, сақал-мұртыңды қауғадай қылмай, қырғы­зып бар. Обкомдағылардан ыңғайсыз болар,– дейді ғой оған редакция жігіттері әдейілеп ескертіп. Бірден елп етіп келе қалса Жұматай Жұматай бола ма, «Жарайды, барып көрейін!» – деудің орнына: – Сәкең бірден жұмыс тауып бере қойса – жақсы, тауып бермесе – не жұмыс жоқ, не сақал-мұрт жоқ, сымпиып қала бермеймін бе, одан да «аш құлақтан – тыныш құлақ», осылай жүре берсем қайтеді? – дейтін көрінеді. Жұматай Жақыпбаев дегенің осындай жігіт болатын... «Парасат» журналы 2007 жылдың қазан айы

148 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Қабдеш ЖҰМӘДІЛОВ БІР ҚЫЗЫҚ САПАР Бір ұрты май, бір ұрты қан Совет өкіметінің басқасын былай қоя тұр­ғанда, ақын-жазушыларға қамқорлығы көп еді ғой. Жазу­ шыларды ақшадан тарықтырмай, шыққан кітабына мол қаламақы төлеудің сыртында, қаламгерлерді қалада қамап отырмай, уақ-уақ ауыл аралатып, елге шығарып отыратын-ды. Сол үшін жазушылар одағында «Әдебиетті насихаттау бюросы» дейтін арнаулы кеңсе құрылды. Өзінің дербес директоры, қызметкер­лері, бухгалтері, мөр-таңбасы бар. Бюроның қызметкері күні бұрын аудандарды аралап, шаруашылық басшыларымен келісімшарт жасап қай­тады да, әр ауданға жазушыларды ке­зе­гімен жіберіп отырады. Бір ауданда кемінде отыз кездесу болады. Кездесу ақылы. Ұмытпасам, әр кездесу үшін жазушыға он бес сомнан төледі-ау дей­мін. Бұл жазушыларға барынша пайдалы еді. Табыс табудың сыртында, ел кө­ресің, жер көресің. Кейде жаңа шығармаға тақырып тауып қайтасың. Алайда, насихаттау бюросының да өз қағидалары бар еді. Ондай іссапарға кім көрінгенді жібермейді. Іссапарға үш адам шықса, топ бастығы, міндетті түрде, танымал жазушы, кемінде одақтың басқарма мүшесі болуы керек. Ол адам ертіп шығатын бригадасын өзі таңдауға ерікті. Не болмаса тілек біл­дірушілерден бюроның өзі жасақтайды. Мен қаланың у-шуынан, қапырық ауасынан зеріккенде, жылына бірекі рет осы бюро арқылы қырға шығып тұра­тынмын. Ұмытпасам, өткен ғасырдың жетпі­сінші жылдарының орта шені болар, сол кезде республикалық баспалар ко­митетінде істейтін жас әдебиетші, қа­ зіргі танымал жазушы, ақын Қажытай Ілиясов маған келіп, мынадай қолқа сал­ды. – Қабеке, біздің кеңседе іссапар де­ген атымен жоқ екен. Іш пысып, жа­рылу­ға айналды. Мені бір жаққа ертіп апарсайшы! – Қайда барғың келеді? – Жазушылар одағында Әдебиетті насихаттайтын бюро бар дейді. Солар кәдімгідей ақша төлеп, жұртпен кездесуге шығарып тұрады екен. Басқалар бізді «үйіріне» қоспайды. Сен де бір топ құрып, бізді өзіңмен бірге алып шық­сайшы… – «Бізің» кім сонда? – Мен және керемет ақын Жұматай Жақыпбаев… – Ол «кереметің» қайда тұрушы еді? – Талдықорғанда… Іссапарды Тал­дықорғанның бір ауда­нына алсаң, тіпті жақсы. Жұматайды жол-жөнекей қосып аламыз. Қажытай екеуіміз «қызыл сызық­тан» қол ұстасып бірге өткен адам­ быз ғой. Маған артық-ауыс базына-тілекті сол ғана айта алады.Оның

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м еркелігін мен ғана көтеремін… Қажытай да, Жұматай да ол кезде бірбір жинағы шыққан жас ақындар. Одаққа мүше емес. Екеуін бірдей қосып алғанымыз қалай болар екен? Қажытай­дікі – «тышқан інге кіре алмай жүріп, құй­рығына қалжуыр бай­лап­ты» дегеннің кері. Ал Жұматай дегені орнынан табыла қоя ма, жоқ па, ол да белгісіз. – Жарайды, мен бюромен сөйлесіп көрейін, – дедім Қажытай­ дың көңілін қимай. Ол кезде Әдебиетті насихаттау бю­росының директоры – Қалмұқан Исабаев ағамыз. Обалы кәнеки, ол кісі менің бетім­ нен қақпай, қалаған жері­ме жіберіп тұратын. Ертеңіне сол кісіге бар­дым да: – Қалеке, ми сергітіп қайтпасақ бо­латын емес. Мені Талдықор­ ған об­лы­сының бір ауданына жіберіңізші! – дедім. – Көрелік. Талдықорғанда біздің дайын договорымыз бар ма екен? – деп Қалекең алдына картасын жая бастады. – Бар екен, – деді әлден уақытта. – Тек Бөрлітөбе ауданы ғана қалыпты. – Бөрлітөбеңіз қай жақта еді? – Балқаштың жағасы, теміржолдың бойы. Өзің пойызбен Се­ мейге қарай жүргенде, Ақтоғай, Матай, Лепсі деген стансалар­дың үстінен талай өткен шы­ғарсың… – Ылғи тарсылдаған теміржол ма – баратын жеріміз? – Жоға, жолдың екі жағында мал совхоздары сыңсып отыр. – Жарап тұр, барамыз! – дедім мен басқа таңдау болмаған соң. – Бал­қаш­­тың жағасы болса, қалың құмның іші­не бұрын көп ешкім барма­ған шығар, тіпті жақсы… Қалекең сол арада тартпасын ашып, Бөрлітөбемен жасал­ған келі­сім­шарт­тарын шығара бастады. – Айтпақшы, қасыңда кімдер болады? Мен қосайын ба, әлде өзің таң­дап аласың ба? –деді қағаздан бас көтермеген күйі. – Мен оларды таңдап алып та қой­дым, Қалеке! – Кімдер олар? Мен аттарын атап, бұйрыққа қол қоюым ке­рек қой… – Жас сықақшы Қажытай Ілиясов пен жас ақын Жұматай Жақып­баев… Бұрын мұндай сапарға шықпаған жі­гіттер. – Екеуі де құнан емес, «тай» екен (ұй­қасқан аттарының соңғы буынын айтып отыр). Байқа, өзіңе ауырлық келтіріп жүрмей ме? – деді Қалекең сақтық айтып. – Ештеңе етпейді. Екеуі де талантты жас перілер… – Мен сол «перілерден» қорқам – деді Қалекең. – Екеуі де одақ­ қа мүше емес, елге барған соң бүлдіріп жүр­ме­сін. – Құдай сақтар. Тентектік істесе, тез­ге салып алармыз. – Ендеше, жауапкершілік өзіңде. Біз сені ғана білеміз, – деді директор ескертіп.

150 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Сонымен, бюродан он күнге же­терлік жол қаражатын алып, Қажытай екеуіміз аттанып кеттік. Талдықорған әуежайында бізді обкомның жауапты қызметкері қарсы алды. Қала шетіндегі обкомның резиденциясына әкеліп орналастырды. Демек, бүгіннен бастап обкомның қонағымыз. Біз үшін тамақ та, жататын орын да, бәрі тегін. Бізге бекітілген үгіт бөлімінің қызметкері жанұшыра қызмет етіп жүр. Біздің сапа­рымыз сол күндері облыстағы маңызды оқиға болып саналады. Өйткені «Әдебиет – партиялық істің бір бөлегі» (Ленин). Аузы дуалы ақын-жазушылардың көмегімен партия өз ойларын жүзеге асырып отырады. Ендігі міндет – тағы бір серігіміз Жұматайды іздеп табу. Кеше ғана елеусіз көшеде жүрген Жұматай – бүгін қадірлі адамның бірі. Себебі, Жазушылар одағы жіберіп отырған арнаулы топтың мүшесі. Қажытайдың айтуынша, ол облыстық газетте ме, радиода ма, бір жерде қызмет істеуге тиіс. Бізге бекітілген обком қызметкері енді Жұ­матайды іздеп сабылуда. Бірақ ол еш жерден таптырар емес. Оның облыс­тық газетпен де, радио­ мен де байланысы бары рас екен. Бірақ «штаттан тыс» қызметкер көрінеді. Қалаған уақытта келіп, жазғандарын өткізеді де, ары қарай өз билігі өзінде, жүре береді. Жұматайдың әкесінің қоражайы, туған ағасы сол қалада екен. Сұра­с­тырғанда, олар да ештеңе білмейтін болып шықты… Ақыры, оны білетін сыралғы таныстарының бірі: – Қазір қалада облыс шопанда­ры­ның слеті өтіп жатыр. Жұматай, дәу де болса, сол шопандар жатқан қонақүйде сайрандап жүрген шығар, – деп жөн сілтеді. Біз, ақыры, шопандар орналасқан қонақ үйге бардық. Уақыт болса өтіп барады. Мен теріме сыймай ыза бола бастағам. Ауданға Жұматайсыз-ақ кете бергім келіп еді, оған Қажытай шы­рылдап көнбейді. Екеуінікі не достық екенін білмеймін, Жұматай десе жанын қиюға әзір… Ақыры, қонақ үйге кіріп кеткен Қажытай не за­манда, бір бөлмеде ұйықтап жатқан жерінен Жұматайды тауып, алып шық­ты. Бірақ ол мына қалпында жолға шығуға дайын емес-ті. Өзі де, үстіндегі киімі де… Оны ауданға апару үшін әлі біраз дайын­дық керек. Баннаға салып жуындыру, мұртын басып, сақалын алу, сонан соң іссапарымызға сай киін­діру деген сияқты… Сөйтсек, Жұма­ тайдың тұрақты мекен-жайы жоқ екен. Бір қызы мен әйелі бұдан бөлек тұратын көрінеді. Жұматайда не көп – жолдас көп. Солардың ортасында көрінген үйге қона салып, «жаяу сері» боп жүр­ген жайы бар екен. Оны тастап кетейін деп бір оқталдым да, мынадай қорған­ сыз халін көріп , тағы аядым. Облыстық газетте Жұматайдың та­ғы бір досы, ақын Әбен Дәуренбеков істейді. Енді оның жолға шы­ ғуына сол Әбен көмектесті. Ол Жұматайды үйіне ертіп барып, жуын­ дырып-шайынды­рып, жол жүруге кәдімгідей дайындады. Екеуінің размері (бойтұрқы) мұн­дай дәлме-дәл келер ме, Жұматайға та­за

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м көйлек, костюм-шалбар кигізіп, аяғындағы тәуір бәтеңкесіне дейін ше­шіп беріпті. Міне, жолдас болсаң осын­дай бол! Қайтсын байғұс, ел атына, ақындар атына кір келмесін дегені ғой. Осыдан кейін ғана мен обкомға хабарласып, өзіміздің жолға шығуға дайын екенімізді білдірдім. Бұл түс ауып қалған кез еді. Ондағы үгіт бөлімінің бас­тығы да бізге алаңдап отыр екен. – Онда бүгін жүріп кетіңіздер. Аудан сіздерді күтіп отыр, – деді ол бізді жолға салғанша асығып. – Сіздерді ауданға өз машинасымен обком мүшесі Непейпиво апарады. Мен басында ештемеге түсін­бей аңырып қалғам. – Кешіріңіз, бұл араға пиво ішудің не қатысы бар? – деппін аңтаң болып. Бөлім бастығы қарқылдап күліп жібер­ді. – Қабеке, түсінбей тұрсыз. Непейпиво – кісінің фамилиясы. Біздегі облыстық орыс газетінің редакторы – сол Непейпиво жолдас. – Мәйлі, бізге «Непейводка» болса да бәрібір. Тек көлігі жайлы болса бол­ғаны, – дедім мен де күле тіл қа­тып. Не керек, күн еңкейе теміржолдың Матай бекетіне орналасқан аудан ор­талығына да келіп жеттік-ау! Айт­қанындай, бізді аупарткомның идеология хатшысы Совет Кенжебеков бастатқан біраз адам күтіп тұр екен. Үшеуімізді қонақүйлерінің тәуір деген бөлмесіне орналастырып, келген құрметімізге шағын қонақасы берді. – Үлкен қабылдау ертең, көл жаға­сын­да болады. Оған аупарт­ комның бі­рінші хатшысы Құндақбаев жол­дастың өзі қатысады,– десті бізді қарсы алушы­лар. Осы отырыста аптаға созылатын сапарымыздың графигін белгіледік. Әр күні өтетін кездесулердің сағат-мину­тына дейін қағазға түсті. Қасы­мызға аупартком кісі қосады. Асты­мызға құмға батып қалмайтын сенімді көлік береді… Көрдіңіз бе, біз енді аудан­ның қонағымыз. Қашан қайт­қанымызша, әр қадамымызға аупартком жауапты. Айтыстарына қарағанда, бұл өңір бір кезде Ақсу, Қапал, Сарқант аудан­дарының мал отарлататын қыстаулығы екен. Кейін ел іргесі кеңейіп, мал басы артқан кезде, жол бойындағы темір­жол бе­кет­ терін қосып, өз алдына дербес аудан құрыпты. Мал совхоз­дарының дені құм арасында. Балқаш жағасында балық шаруашылығы да бар. Тораңғы тоғайының іші – толған қырғауыл. Сонымен тара­ зы­ның бір басында – мал баққан ел, екінші басында – балығы тула­ған көл. Егер ұқсататын кісі болса, бұл аудан ешкімге алақан жаятын түрі жоқ. Ертеңінде алғашқы кездесуіміз Мұқан Төлебаев атындағы совхоздан басталды. Осында Мұқанның мұра­жайы бар-тұғын. Алдымен соған ат басын бұрып, тәуап еттік. Ұлы композитор Қазақстанның тұңғыш әнұранын осында отырып жазған… Түскі

152 Жұ матай Ж а қ ы пбаев кездесу совхоз орталығында өтті де, кешке қарай көл жағасындағы бөлімшеге келдік. Бөлімше болғанымен, «соңғы түйенің жүгі ауыр» болатын түрі бар. Себебі, кешкі отырысқа бірінші хатшы Құндақбаев қатысады. Екі жердегі кездесу де ойдағыдай жақсы өтті. Бұлар, шынында да, жазушылар көп шиырламаған, жиыннан ығыр болмаған, әлі сонысы басылмаған өлке екен. Халықтың әдебиетке, көркем сөзге деген ықыласы суымаған. Қанша дегенмен, Ілияс Жансүгіров пен ақын Сараның, Мұқан Төлебаев пен Ғали Ормановтың елі емес пе, өздерін сол деңгейде ұстағысы келеді… Ілияс – олар үшін мәңгілік мақтаныш. Сол алғашқы кездесуде Матайдың бір ша­лы Қажытайға қарап: – Шырағым, ныспың Ілиясов екен. Біздің Ілекеңнің бірдемесі емессің бе? – деп сұрап қалды. Тосын сұраққа Қажытайдың сасыңқырап қалғанын сезіп, мен іліп әкеттім. – Ақсақал, біз бәріміз де Ілекеңнің бірдемесіміз – дегенімде, жұрт жабыла қол соқты. Жалпы, кездесу тәртібін былай бел­гілегенбіз: алдымен, бізді бастап жүрген аупартком өкілі (кейде хатшы, кейде бөлім бастығы) бізді жұртшылықпен таныстырады. Сонан кейін сөз маған беріледі. Мен жалпы әдебиет туралы, өз шығармаларым жайында әңгі­ме­лей­ мін. Онда қазіргі атақ-дәрежемнің еш­қайсысын алмаған кезім. Бірақ, оқушы қауым мені жақсы біледі. Өйткені «Соңғы көшті» жұрттың бәрі оқып алған. Ол роман осыдан үш-төрт жыл бұрын «Жұлдыз» журналының бірнеше нөмірінде 200 мың тиражбен тараған ғой. Онда «Жұлдыз» журналы малшы қауымның қойны-қонышында жүретін кезі. Әңгіме соңында сұрақ д­егенің жауып кетеді.Менен кейін Қажытай мен Жұматай өлең оқиды. Қажытайдың қалжыңға толы әңгімесі мен сықақ өлеңдерін тыңдап, жиналғандар күлкіге қарық болады. Жұматайдың да лирикалық өлеңдері жақсы екен. Әзірше тақырып аясы тым кең де емес. Оқитыны – көбін­ше екі тақырып. Өлеңдерінің дені Ләйлі деген қыз бен Кенежирен деген сәйгүлікке арналған. Ләйлі – ақынның қосылмай қалған ғашығы. Оған деген құштарлығы бір суымай, бір жинақ бойында ішкі сырын үздігіп айтады да отырады. Жалпы, Жұматайды қағаздан оқу керек екен. Сахнада өз өлеңін жақсы оқи алмайды. Дауысы танауынан арыға ұзамай, сөздерінің жартысын жұтып, быдыңдап кетеді. Әйт­ кенмен, жүйрік ат пен ғашықтық жыр­ларға ауыл жастары құмарақ. Кездесуіміз біршама тәуір өтке­німен, алғашқы күні бізде сәлпәл «ЧП» бола жаздады (ЧП – «черезвычай­ное происшествие» – қазақшасы «төтенше оқиға»). Екінші ауылдың бір ерекшелігі, қонақтарға арнайы үй тігіліпті. Кездесуден соң, көл жағасын­дағы сол үйге апарды. Біз далада аялдап тұрғанда, екі-үш нөкерімен бірінші хатшы Бек Құндақбаев келді үстімізге. Сөйтсек, кеше айтылған «хатшының арнаулы қабылдауы» осында өтпек екен. Айтса

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м айтқандай, жасау-жиһаз­ды, сән-салтанатты киіз үй. Майысып тұр­ ған дастарқан… Не жоқ дейсің бұл үй­де?! Құстың сүтінен басқаның бәрі бар.Бірінші хатшы – қырықтың ішіне енді ілінген, орта бойлы, жылы жүзді, әдебиеттен де мол хабары бар, өте сыпайы жігіт екен. Бірден тіл табысып, шүйір­келесіп кеттік. – Жігіттер айтты, алғашқы кездесу­леріңіз жақсы өтіпті! – деп бізді кө­термелеп қойды. – Ал, енді біздің ел­де еңбек еткен адамның ішіп-жеуге ерік­ті екенін білесіздер. Кәне ас алыңыздар! Дастарқанда ас мол: үсті-үстіне келіп жатыр. Бағланның басы тұрыпты ғой, одан басқа балқаштың балығы, қырғауылдың қуырдағы, неше алуан жылы-жұмсақ, тәтті дәмділер. Ішім­діктің түр-түрі. Мұндайда аудан басшылары, совхоз жетекшілері қо­ нақтың келуін сылтауратып, өздері де бір «дема­лып қалатын» әдеті. Тартынбай ішіп-жеп жатырмыз. Әйтсе де, менің көңілімде бір алаң бар. Уақ-уақ қасымдағы серіктеріме қарап қоямын. Олар арбаға жаңа же­гілген, мінезі шәл­ кем-шалыс аттар секілді. Солар мына дастарқан сынынан сүрінбей өтсе екен деп отырмын. Екеуі де мұндай қонақасы-банкеттерде көп болмаған жігіттер ғой, сыр алдырып жүрмесе болғаны. Олай ой­лауға себеп, маған олардың арақ ішу мәнері ұнамады… Тегін арақ та­ былса сілтей беретін сол баяғы студенттік машық. Байқап отыр­мын, рюмканың түбінде тамшы қалдырмай төңкереді-ау! Ақы­ры, «қаупің неден болса, ажалың содан» дегендей, серіктерім сыр бере бас­тады. Кеше ғана Талдықорғаннан талықсып шыққан Жұматай отырыс­ тың аяғына жетпей «қор» етіп, ұйықтап кетті де, Қажы­тай­дың да тілі күрмеліп, артық-ауыс сөздер айта бастады… Қонақтар қа­тардан шығып қалған соң, отырысты ертерек доғаруға тура келген. Бірінші хатшы өте сыпайы, кең адам екен: – Бұлар – ақындар ғой… Ақынға мұндай еркелік жарасады, – деп мені жұбатқан болады. Ал, менің қандай ызаға булыққа­ным­ды сұрамаңыз! «Иттер, қолыма қа­зір түсерсіңдер!» деп, қонақ үйге жеткенше асығып келемін. Іштей: «Әй, өзіме де сол керек, осы екі жындыны ертіп шығып нем бар еді» деймін өзім­ді-өзім қажап. Қас қарая қонақ үйге жеткенбіз. Бөл­меге кірісімен Қажытай мен Жұма­тайды шақырып алдым да: – Қазір кешкі сағат онда Алматыға қарай пойыз жүреді. Екеу­ лерің затта­рыңды жинап алыңдар да, сол пойызбен қайтың­дар! – дедім түсімді суытып. Жәй домбыту емес, шын ойым да сол еді. Тағы бір масқараға ұшырамай тұрғанда екеуін жолға салып, біржола құтылғым келген. – Неге олай, Қабеке? Алда халық­пен кездесу бар емес пе?! – деді өз кінәсін сезе бастаған Жұматай өтірік аңқау­сып.

154 Жұ матай Ж а қ ы пбаев – Оған алаңдама, қалған кездесу­лерді өзім жеке өткіземін. Екеулерің үшін белбеуіме екі қурайды қыстырып алам да, жалғыз тарта берем… – Неден жаздық? Кездесу жаман өтпеген сияқты. Өлеңдеріміз жұртқа ұнады, – деді Қажытай қызарақтап. – Өлеңдеріңде дауым жоқ. Бәлкім, таланттарың да бар шығар, – дедім сазарған күйі. – Бірақ екеулерің де кісі емессіңдер!… Өздеріңді дастарқан басында қалай ұстауды білмейсіңдер. Ұят-ай, алғашқы күні-ақ сыр алдыр­дың­дар-ау! –Не боп қалды соншама? – деді Қажытай әлі де иіле қоймай. – Не болушы еді… Әй, осы арақтан әкелерің өлді ме, сендердің? Тақ бір құндарың қалғандай шөпектеп, ыдыстың түбіне дейін ішетіндерің не? Нәтижесі не болды? Отырыстың аяғы­на жетпей екеулерің де құлап қал­дың­дар… «Е-е, арақ екен ғой – айтып отыр­ғаны» дегендей, екеуі бір-біріне қарап қойды. Біршама жеңілейіп қалғандары байқалады. – Ойбай, ағатай, онда кездесу біт­кен­ше, арақ ішуді тас қояйық! – деді Жұ­матай шыр-шыр етіп. – Мәселе арақта тұрса, оның жарасы жеңіл ғой, – деді Қажытай одан гөрі немкеттілеу үнмен. – Арақты ауызға алмау да – шынайы шешім емес, – дедім мен. – Дастарқан басында сендерді қалай қаң­тарып қоям? Оны жұрт қалай түсі­неді? Егер келіссеңдер, бұдан былай сапарды жалғастырудың бір ғана шарты бар. – Айтыңызшы, Қабеке! Қандай шарт қойсаңыз да орындаймыз. – Иә, орта жолдан қайтқанымыз ел-жұрттан ұят қой, – деп екеуі енді маған жалына бастады. – Онда былай болады: дастарқан басында маған қарап отыра­ сыңдар. Мен рюмканың қай жеріне дейін ұрт­тасам, сендер де сол мөлшерде тоқтай қаласыңдар. Келістік пе? –Келістік, ағатай… – Бұдан кейін өзіңе қарап отырамыз! – десті екеуі жанұшыра уәде бе­ріп. – Ендеше, сынақ мерзімін тағы бір күнге ұзартамын. Ертеңгі күннен аман өтсеңдер, сапарларың одан ары жал­ғасады. Сапарымыз белгіленген график бойын­­ша жалғасып жатты. Әр күні жаңа бір ауылға барып кездесу өт­кіземіз. Кездесу соңы – көлкөсір дас­тарқан. Ол – қазір жұрт «тоқырау заманы» деп атап жүрген дәуір ғой. Менің есімде қалғаны – ол бір дастарқаны тоқ, уайымқайғысы жоқ кезең болатын. Келесі күні-ақ біздің «серілердің» тәртібі жөнге келе бастады. Дастарқан басында екеуі жымың-жымың етіп, мені бағып отырады. Бұрынғыдай ыдыс­ты түбіне дейін төңкеруді азайтып, олар да ұрттап қана қоятын болды. Бұрынғыдай шаршап-шалдығу,

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м қалғып-шұлғу жоқ, сергек те, ширақ жүретін болған екеуі де. – Қабеке, мынауыңыз жақсы болды-ау! Осыны бұрын неғып білмей келгенбіз? – дейді өздері тақ бір «Американы ашқандай» таңданып. Аудан аралап жүргенде неше алуан «қызықтар» да ұшырасып қалады. Бір күні арғы құм ішінде жатқан «Құрақсу» аталатын ауылға бардық. Жолы тым қиын екен, тораңғы тоғайының арасында көлігіміз неше рет құмға батып, күн еңкейе жеттік-ау, әйтеуір. Совхоз басшылары жұртты мектепке жинап, бізді күтіп отыр екен. Бұл ауылда ана бір жылдары Құдаш Мұқашев деген ақын ағамыз төрт-бес жыл партком хатшысы болып істеген екен. Бұл өңірге сол кісіден басқа ат ізін салған жазушы болмаса керек. – Бұл енді, сөз жоқ, қазақ мектебі шығар – дедім мен кездесу басталар алдында. –Жоқ, кешіріңіз, бұл – орыс мектебі! – деді мектеп мүдірі. –Қалайша? Мұнда орыстар тұра ма? –Жоға, бұл жақта орыс қайдан болсын… Жоғарғы жақ жоспарға солай енгізіп жіберіпті. –Сонда сабақты кім өтеді? Орыс мұғалімдері өте ме? –Жоға, мынадай құм арасына ор­ысты қуаласаң келе ме. Сабақ­ты білген орысшамызбен өзіміз-ақ өтіп жатырмыз… Иә, Совет өкіметінің кейде осындай адамның ақылына си­майтын зорлықтары да болушы еді-ау! Сонымен, Бөрлітөбедегі сапа­ры­мызды бір аптада сәтімен аяқтап, пойызға отырып, Алматыға қайт­тық. Бұл – менің құмды өлке табиғатымен алғаш танысқаным бо­латын. Осы сапар кейін менің шығармашылығыма да елеулі із қалдырды. Мен шығарма жаз­ғанда, оқиғаны белгілі бір аймаққа «орна­лас­тыратын» әдетім бар. Бұл шығармаға нақтылық сипат береді. Осы сапар кейін менің «Бір топ тораң­ғы» атты повесім мен «Жемдеген қыр­ғауылдар» деген әңгімемнің жазылуына түрткі болды. Ал, Жұм­атай үшін бұл сапар шешу­ші маңызы бар, бұрылыс кезеңі болды десек қателеспейміз. Сол жолы ол бізбен бірге Алматыға келді. Наси­хаттау бюросынан тиесілі ақшасын алып, Талдықорғанға сонан соң, бір-ақ қайт­пақ. Осы сапар барысында байқағаным, Жұматай осы бетінде Талдықорғанға барса, құрдымға кетері көрініп тұр. – Сен енді Талдықорғанды қой, Алматыда қалатын бол! – дедім мен оған пойызда келе жатып. – Әдеби ор­та­ға келмесең, басқа жаңалық қоспай, тек Ләйліні жырлаумен өтесің… – Келер ем, қызмет табылса, баспа­на­ға қол жетсе… – Ол жағын ойластырайық. Сен ақшаңды алған соң Талдықорғанға бар да, тез қайтып кел. Оған дейін біз де қарап отырмаспыз… Жұматай уәдесінде тұрып, жарым ай мөлшерінде қайта оралды. Ол келгенше қызметтің де басы қайрылып қалған. Ол кезде «Жалын» журналының бас редакторы Тұманбай Молдағалиев

156 Жұ матай Ж а қ ы пбаев болатын. Тұмекеңнен ештеме жасырмай, егер дәл осы тұста қол ұшын бермесек, Жұматайдай талантты ақынның құрдымға кеткелі тұрғанын ашық айттым. Бір тәуірі, Тұманбай оны сырттай біледі екен. – Ол әлгі Ләйлі туралы өлең жазатын мұртты жігіт қой, – деді бірден елең етіп. – Бірақ ол қызметке қалай екен? Бір орында табандап отыра ала ма өзі? – Оған қызметтің айы өтіп жүр. Оты­рады! – дедім нық сеніммен. Сөйтіп, Жұматай келісімен Тұман­бай оны жұмысқа алды. Ал, бас­ пана жағына келсек, біздің үйдің дәл қа­сын­да (Жамбыл көшесі мен Иса Байзақов көшелерінің қиылысында) Мәдениет министрлігінің жатақханасы бар-тұғын. Онда бойдақ әртістер, әлі үй ала алмай жүрген үйлі-баранды әншілер тұратын-ды. Министрліктегі жігіт­ термен жалғасып, әлгі жатақханадан Жұматайға бір бөлме алып бердік. Жаңылмасам, сол бөлмеде Жұматай жыл­ға жуық тұрды. Кешкі асты, кө­бінше, біздің үйден ішетін-ді… Сонда бір байқағаным, сенің берген көмегің үшін, қол ұшын созғаның үшін, Жұ­матай саған рахмет айтып жатпайды. Оның пайымдауынша, ол өте талантты ақын. Өмірде ұшырасқан адамның бәрі оған қызмет көрсетуге міндетті. Мұн­дай мінез, бәлкім, оның төре әулетінен шыққандығынан болар, сірә. Мен жұмыстан келген сайын төр алдында домбы­раны тыңқылдатып, Жұматай отырады. Бір жолы менің қабағымдағы салқындықты аңғарды-ау деймін: – Қабеке, мен болсам уағымен ара­ғымды ішіп, Талдықорғанда тайраңдап жүрген жан едім. Қарап жүрмей Алма­тыға алып келген – өзіңіз. Енді, амал жоқ, мені біразға дейін асырайсыз, – деп қалжыңдаған болды… Зырлап бара жатқан заман. Міне, содан бері де отыз бес жылдай уақыт өтіпті. Жұматай – бұл күнде бақилық болған талантты ақындар санатында. Оның қазақ өлеңінің хас шеберлерінің бірі екеніне қазір ешкім таласпайды. Рас, тым асырып айтатындар да бар. «Жан досымыз еді, қолын біз жеткізіп едік» дейтіндер де аз емес. «Арамыздан қыл өтпей «тату» тұрушы едік» деп сен­діретін жесірлер естелігі өз алдына бір төбе. Ал, біздің ондайлармен бәсекеге тү­сер жайымыз жоқ. Кейде әлгін­ дей шындыққа жанаспайтын, көпірме көп сөздерді естігенде, баяғы Бөрлітөбе сапары, ауыздықпен алысқан екі жас ақынға қалай «бас білдіріп» қайтқаны­мыз еріксіз еске түседі. «Қазақ әдебиеті» газеті 26.08.2011 ж.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Сатыбалды НАРЫМБЕТОВ МАҢМАҢГЕР АҚЫН (эссе) Кейде ойлаймын: «Сол сұлудың өзі түгіл фотосын да көрмегенім қандай жақсы болған» деп. Шығыстың қай шайыры екен, жадым көзіме шөп салып отырғаны! Әйтеуір, бір ұлы шайыры сүйген қызына: «Сенің аппақ бетіңдегі жалғыз қара меңіңді бүткіл Хиуа, Самарқан, Бұқараға айырбастамас ем!» деп көкірегі қарс айрылып жыр арнаған екен. Соған Әмірші қатты ашуланып, жандай­ша­п­та­рын шапқылатып жүріп әлгі бейбақ жыршыны сол ғашық қызымен қоса таптырып алады. «Өзіне соншама тамсандырып, соншама қияли ғашық қылған мына сорлы шайырды бұл қандай періште, қан­дай сұлу екен?» деп жендеттеріне де сенбей, пәрәнжіні шыдамай өзі барып ашып көрсе, алдында «ай десе аузы, күн десе көзі» дейтіндей емес, жәй ғана бір көзі бақырайған қарадомалақ қыз бала. Сонда әмірші ашудан жарылып кете жаздапты. – Әй, есалаң! Дүн-дүниедегі менің ең әсем қалаларымды бір ғана меңіне құрбандық еткелі жүрген «сұлуыңның» ұсқыны осы ма? – деп айғай салыпты. Сонда шайыр бір күрсініп: – Ей, Ұлы Әміршім, сен бұл қызға менің көзіммен қара, –деген екен. Қай шайыр екені есімде жоқ, есіме оралғаны тек осы ғана. О, Ләйлә! Мен саған жынданып кететін Мәжнүн емеспін! –деп Жұмаштың көкірегі қарс айрылғанда, мен де пенде емеспін бе, бір көруге сол Ләйлә қызды мен де ынтық болғам. Бірақ, Құдай сақтады, көргем жоқ. Көрсем, мен де сол Әміршінің күйін кешем бе деп қорыққам. Десек те, қыз біткенге ақын көзбен ғашық болғанға не жетсін?! *** ...Қатарлас ақын достарын «Менің төлеңгіттерім» деп мұртын сәндей сылап, «Қаламгер» барын маңғаз көзбен шолып жымиып отыратын сәттері болушы еді. Ірге жақта жаңа шыққан кітабын «жуып» , жарыса өлең оқып отырған жігіттер жаққа иегімен меңзеп: «Жүр барып аналарға, өлеңді қалай жазу керек екенін үйретіп ке­ тейік» деп мені қоярда қоймай сүйрете жетектеп кететін. Онысы ән­ шейін сырттан еркелеп «доқ» көрсеткені, әйтпесе мен білетін Жұ­маш ешқашан жанжалға жоқ, әзіл-қалжыңға жүйрік жігіт. Шама-шарқы

158 Жұ матай Ж а қ ы пбаев жеткенше өзін әман теткіп ұстайды, қашан көрсең моп-момақан бір бейкүнә жымиыс. Анда-санда мұртын сылап, бейкүнә бір реплика тастап қана отырғаны, онысы өзі кейде орысшалап: «Я здесь! Я пока здесь, ребята...» деген ишара-ұғым ұялатқан репликалар. Әгерки отырыстың мәні жоқ, мәзірі жұқа, қызықсыз болса маған сыбырлап: – СТАрик, кеттік сенің үйіңе, –дейді. Басқа дос-әріптестеріне «қәрия» десе, маған ылғи айтатыны осы «СТАрик». «СТАриктің» «а» әрпіне ылғи да өш-екпінді «а»-ға салғанда жәй «старик» – «СТАрик» болып арқаңа сарт етіп мініп алғанын байқамай қаласың. – Неге біздің үйге? Неге сенің үйіңе емес? –деймін мен жорта қитығып. – СТАрик, саған жолықпай жүргенде, точнее, сен оны... Еще точнеее, сен Ізтөлеге үйленбей тұрғанда, обалы нешік, ол маған ғашық еді... –дейді мұртын тағы да сылап тұрып. – Кет-ә, басыңның атасы нәлет-ә–деймін мен. – Не веришь, вот придем домой к тебе, спроси, стАрик! Ылғи да осы. – Жаль-ь-ь! Мен онда Ләйләдан басқа ешкімді менсінбейтін­- мін, – деп тағы да мұртын сылап. – Кет-ә, атаңа нәлет, сырнайшы! –деймін мен басқа сөз аузыма түспей. «Сырнайшы» деген сөз Әбдібайдан жұққан сөз. Әрі дос, әрі аға, әрі курстас, әрі ақын Әбдібай Қорғанбаевтың Марат Отаралиев пен Жұматайға еркелетіп қойған лақап аты. Алпысыншы жыл­ дары Мәскеуде Никита Сергеевич Хрущев деген көкеміз Эрнест Неизвестный бастаған бір топ суретшіскульпторларды қарғапсілеп, қара күйе жағып, «абстракционист-формалист» деп айдар тағып масқаралап, атақты политех.музейде өнер қайрат­кер­лері мен ақындардың жүйкелерінен арқан есіп, ООН-ның төрінде бәтеңкесімен стол тоқпақтап, бүкіл империалистер мен капита­ листерге шүйлігіп жүргенде, Женя ағам Евтушенко «Менің өмір­ баяным» деген поэма жазып, бүткіл «кеңестік зиялы қауымды» дүрліктіргенде, ұмытпасам, Н.Горбачев деген сарай ақындарының бірі қарсы мақала жазып, Евтушенко, Вознесенскийлердің құйры­ ғына «капитализмнің сырнайшылары»деген қоңырауды бай­лап кеп жіберген! Сол сөз біздің университет жастарының арасына да осы Әбдібай ағамның арқасында тарап, қанат байлап кеткен жәйі бар. Бірақ, Әбдібайдың айтысында қорғасын зіл жоқ. Ерке­леткені. Еркелегені. Әйтсе де бекерден бекер айтылмайтын Жұматай, Мараттардың жырларында осы кәзір, жылдар, өткен көп жыл­ дардың үстінен ойлап қарасақ, сон-а -а-ау Мәскеуден соққан «алтын күректің» лебі бар, қазіргі Қадыр ағам жазғандай «атылмай қалған оқ» жатқандай ма, қалай? ...Эренбург айтқан «оттепельді» біздер әлі

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м «жылымық» деп тәржімалап келдік. Меніңше, «алтын күрек» дұрыс сықылды. Әні, бірді айтып, бірге кеттік... Әбдібай ағам Жұматайды «сырнайшы» деп еркелетсе, керілі-іп, созылы-ы-ып, асықпа-аай жүретін қылығына қарап, ішім пысып, мен қойған лақап ат «мәңмәңгер» еді, әттеген-ай, жұқпай-ақ кетті! Қараптан қарап тұрып, Комсомол көшесін қуалай біздің үйге қарай жаяу келе жатқанда (түннің бір уағы, автобус жоқ, таксиге деген ақшаны «ақаңа» сақтап келеміз да) қараптан қарап тұрып, боксер екені есіне түсіп кететіні тағы бар, жынымды келтіреді. Ауаны аямай кескілеп, жұмырықтап құлаш сермеп қойып, андасанда үн-түнсіз артымнан ерет те отырады. Ол кезде мен Мәскеуде киноинститутта оқып жүргем. Көріспегенімізге бір-екі жыл болған. Енді үйге қарай келеміз. Он шақты метр жүрет те, құлаштап ауаны, түнгі ауаны соққының астына көміп тастайды. Тағы да жыным кеп, есіне ескі анекдотты салдым. .. Бір жігіт көше бойлап келе жатса, алдынан басқа бір жігіт шығыпты. Ол да менің Жұмаш досымдай анда-санда тұра ғап, жынды адамша құлаштап-құлаштап, өз көлеңкесін өзі соққыға алып келеді екен да. Соған қарап тұрып әлгі жігіт: – Слушай, саған не болды, алтыным? –деп таңғалып сұраса, мы­ на жігіт айтыпты: – Мен боксермын! – деп. – Вот интересно, ал мен бабникпын, сонда мен не былай жү­руім керек пе? –деп екіншісі мықынымен оғаш, секс қимылдар жа­саған екен, жерге бір түкіріп. Түнде соңымнан еріп келе жатқан Жұма­ тайға соны айтқанымда, ол мырс етіп күліп: – СТАрик, ты победил, – деді. – «Победил» болсам, тезірек жүрсей! Созылмай! Біз жеткен­ше «дежурный дүкен» жабылып қалады! – деп асықтырсам: – Ничего! –дейді досым. Ол «төре». Біз «төлеңгіт». Әңгіме сол. Бірақ төрелер алдына адам түгіл ит-құс салмаушы еді, енді «төлеңгіттің» артында салпаңдап келе жатқаны мынау, дәлірегі менің артымда. Мәскеудің бір қай­ таланбас қасиеті бар. Ол шаһардың ырғағы бөлек. Сол кездің өзінде он шақты миллион халқы бар. Күнде келіп-кетіп жатқан өкпек жолау­шы­ның өзі екі миллиондай болса, мәскеулік жұрт ерекше жорға, жүрісі жылдам. Құдды бір квартал сайын тегін колбаса үлестіріп жат­қандай. Содан құр қалатындай екі өкпесін қолына алып, еңкілдеп жосып бара жатқандары. Алғашқы екі-үш күннен кейін алды-артыңа қарамай сен де жарыса желіп бара жатқаныңды сезбей қаласың. Ал Алматыға қайтып келгесін тағы да « адаптация» керек, бұ жерде де баяғы сол мимырт аяңға қайта тез көшіп, тез икемделу керек, әйтпесе досара күлкіге қалуың да ғажап емес...

160 Жұ матай Ж а қ ы пбаев – СТАрик, түн ішінде біреу тегін ақша үлестіріп жатқандай, қайда ағып барасың? – деді досым артымда асықпай келе жатып, мырсмырс етіп. Асекең, Асқар Сүлейменов, екеуіне ғана тән осындай мырс етпе мысқыл күлкі бар. Ал Жұматай болса аса сабырлы. Аса бір момақан. Аса бір бипаз. Бұл, бірақ, сырт көзге ғана. Жымиып қана қоңыр аяңмен келе жатады. Бұл да сырт көзге. Біреуге айғай­ лап, балағаттағанын тағы көрген емен. Бірақ шамына тисең – шақар. Сырын білмей таяқ жеп қалған жігіттерді де білем. Қолы аса жылдам, қимылы жіті, жаңа ғана бірге келе жатып қас қағым сәтте бөренедей сұлап-сұлап түскен талай «азаматтарды» да көргембіз. Тірі жүр ғой бәрі де, өтірік десе жандары шықсын. Сосын тағы бір ерекшелігі өкпешіл еді. Ақынға, әрине, жара­ сады. Қажытай досымызға қонаққа барып, Қажекең келіншегіне қайта-қайта пианино ойнатқызып Жұматайдың ба, жоқ әлде Қажы­ тай­дың ба, есімде қалмапты, екеуінің біреуінің газетке басылған топта­ма өлеңдерін «жуып» отырып, екеуі кезек-кезек жыр оқып жарысып отырып, жоқ нәрсеге сөзсайыс-шекіспеге кетіп қал­ған­ дарын байқамай қалған екем. Бір уақта қарасам, Жұмаш туфлиін киіп, есікті тарс жауып бара жатыр. «А» деп мен үлгере алмай қал­ дым. Есік сарт жабылды. Не кетерімді, не қаларымды білмей, ың­ ғайсыз хәлде отырмын. – Қария, тартып жіберелік! –деп Қажытай әлгінде құйылып, бірақ ішілмей қалған рюмкелерді меңзеп, сосын келіншегіне: – Сен, давай, «Полонез Огинскийді» шырқат ана күйсандығыңа, неге бағжиясың? Сатыбалды күнде келіп жатыр ма? Ал, қария, кеттік! –деп рюмкесін соғыстыруға созды. Бұндайда өңештен арақ түгіл су да жүрмейді. Абдырап, өтірік жөткірініп қалған мені иығымнан нұқып: – Басың қатпасын, алаңдама, давай, кеттік! –деп Қажытай рюмкелерге тағы да арақты шүмілдетіп құйып жатыр. – Өкпелесе, көшке берген тайлағын алсын!.. Мен де гениймін! Сау сиырдың боғы емеспін, қария! Сен алаңдама оған. Қазір өзі-ақ звондайды. Звондамаса мұрнымды кесіп берейін – деп Қажытай тартып жіберді де келіншегіне: – Әй , жөндеп ойнасай! –деді тағы. – Әй, Қажытай, келіншегің де адам ғой, мына тамақты бізбен бірге жесін да, –деп ем, қолын бір-ақ сермеді. – Кейін, кейін! Сөйткенше болған жоқ телефон шырылдап қоя берді. Қажытай келіншегін жұмсады: – Көтер трубканы, Жұматай ғой... Шынында, Жұматай екен. Шегін шұбатып келіншегі телефонды Қажытайға әкеп берді.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м – Не боп қалды? Бірден айтқан сөзі осы. – Жоқ. Кет деген саған мен бе? Кеткен өзің. Келемін? Келемін?! Келсең кел... Жо-жоқ, шіренбе... Сенің таксиіңе төлейтін мені бір кім деп тұрсың? ...Миды көп қатырма, қария! Мұнда тамақ суып барады! – деп Қажытай трубканы тастай салды: – От нахал! Таксимен келем дейді. Ақшаңды дайындап а­лдым­­нан шығып қарсы ал дейді-ей! Нахал! Ал, қария, тартып жібер! – деді маған. Сол кеш Жұматай қайтып келген жоқ, бірақ... ...Бірақ, ертесіне Жұматай екеуінің «Қаламгерде» бірге тағы да рюмке соғыстырып отырғанын көріп таңғалғаным бар. Шын­ дап келсек, кейінірек таңғалуды қойып кеттім. Сол күні есіме түскені осыдан он шақты күн бұрын Одақта Асекең, Асқар ағам­ның кабинетінде шұбат, қымызбен шарап араластырып ішіп, Шопенді тыңдап, Шопенге ұйып отырғанымызда есік кенет ашылды. Есікті кере ашқан Қал-ағам. Қалтай ағам екен. Көзімен бізді жақтырмай бір қарап: – Асеке, сен маған кіріп кетші, – деп Асекеңді өзімен бірге алып кеткен. Томсырайып біз қалдық. Шопен жайына қалды. Қабыр­ ғаға, қабырғада ілулі тұрған Мұқағали ағамыздың портретіне қарап отырғанбыз. Он минуттей уақыт өткенде Асекең қайтып келді. Қолында бір-екі қағаз. Өңі боп-боз. Қағазды стол үстіне ырғыта тастады да радиоланы өшіріп: – Сіздер боссыздар! – деді бізге. Қал-ағамыздан бір сөгіс-кезекті сөгіс алып қайтқаны көрініп тұр. Мен орнымнан тұрып, шығуға оңтайлана бергем, Жұматай мені жеңімнен тартып тоқтатты. Стол үстіндегі шұбат-шарап босқа қалып бара жатқан. Маңдайымыз жібіп үлгермеген еді. Енді-енді ғана бастап, енді-енді ғана Асекең Мұқағалидың жырларын қайта тірілтіп жатқанда Қал-ағамыз келіп қалмады емес пе? Жұматай бір жөткірініп алды да: – Асеке...Қожаға қожа ғана қожаңдайды. .. Біздің жазығымыз не? – деп жымиып еді, Асекең мырс етті де: – Саған да дауа жоқ екен! Ал, ендеше, анау «зәһәрлеріңді» ішіңдер.! Мен...пока ана кісінің... Асекең Қал-ағаның кабинеті жағына иегін кегжең еткізді. – Мына қағаздарын реттеп берейін, – деді. Бізге де керегі сол еді. Сол күні есіме түсті де ішімнен: «Қажытай мен Жұматайға «ақынмен ақын ғана арпылдасар...Екеуінің арасына прозашы­ның араласпағаны жөн болар»деп мен өзімді өзім аядым. Егерки ара­сына түссең деген бұл ақын деген халық-алмағайып, шекіскен өздері екенін ұмытып, өзіңе бас салуы да ғажап емес. Қандас халық қой!

162 Жұ матай Ж а қ ы пбаев – Әй, тезірек жүрсей? –деп Жұматайға ұрсып келем. Жұматай жайбасар. Сонысына қарап «Маңмаңгер» деп ат қойып ем өзіне. Бірақ, жұқпады. Өкінішті. Ыңылдап, артымнан еріп келеді. Жәй келе жатқан жоқ, өлеңін оқып келеді. – Дарвин не прав. У нас другие гены. Друг-друга не убивают обезьяны. Мы свой, самый правильный журнал. Называли правильно «Крокодилом»... А тех крокодилов, умеющих хорошо и обильно, Лить слезы, зовем поэтами и демократами, ловцами душ и так далее... Это я так говорю: Мой белый, мой желтый, мой черный, аллигатор, Не ешь меня – сытней не станешь; Жирней – тоже. А все-таки как хорошо, что наши предки не обезьяны, -деп Олжас ағамызға арнап жазған, әдейі орысша жазған жырын оқып келе жатыр... Ерегіскенде орысша да жазып тастайтын әдеті бар-тын. Алдында оны жартылай тыңдап мен келемін. Түннің бір уағы. Жұлдызсыз түн тымырсық. Өкпе қысар тым тымырсық өзгеше бір түн еді. Алыстан, Алатау жақтан бір нөсер келе жатқандай екен. Исі солай, жанға жайсыз. Бірақ, біз күткен нөсер ол түні келген жоқ. Көп күткенбіз сол нөсерді. Ұзақ күттік. Жылдар өте келді, сол нөсер. Бірақ, менің досым, жан досым Жұмаш, Жұматай көрген жоқ. Ол нөсерді. Өкінішім сол. Ал сол түні мен, шынымды айтсам, іштей қуанып келе жатқам. Өлеңді мен де жазғам бір кезде. Жасырып жазғанмын өзгеден. Құдай-ақы шыным, Жұматай мен Жарасқанның өлеңдерін оқығанда өз өлеңдерімнен кенет жеріп кеткен едім. Проза мен киноға да адам керек шығар деп өзімді өзім жұбатып келе жатқам сол түні. Қазір де осылай ойлаймын. Ал сол түні біздің үйге жете алмай қалдық екеуміз. Үйге жете бере Асекең – Асқар ағамның терезесінен от көріп, сол жаққа кілт бұрылып кеттік. Сол маңайда түнгі кезекші дүкен бар еді, ашық шығар десек, есікте құлып. Жұмекең дүкенді сырт айналып барып, қарауыл орыспен тіл табысқан сықылды, екі езуі құлағында, ыңылдап әндетіп келеді. Асекең тұратын жердің жарығы аз, қаракүңгірт, күндіз жүрсең де, сүрінер жері көп ылғи ой-шұқыр. Маңмаңгер ақынның алдында келе жатып есіме түскені: қайбір жылы қыстыгүні екі-үш жігіт торқапшыққа «портвейн – 12» шарабын сықа толтырып ап, жатаққа қарай маймаңдай басып, есікке енді жете бергенде, «торқапшықты» көтеріп келе жатқаны (қайсысы екенін айтпай-ақ қояйын) кенет

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м тайып жығылып, бөтелкелердің бәрі қаусап сынып қалса керек. Аппақ қарда қып-қызыл жайылған шарапқа қарап тұрып МәкеңМаратты айтам, күйіп-пісіп: – Ө, нәлет-ет! Шарап төгілгенше, қаның неге төгілмеді, а! –деп әлгіні жерден алып, жерге салып жатса, ішінің удай ашығанына қарамай Жұматай: – Қарды жалайық, жігіттер. Вино ішіп, қарды закускі жаса­ ғанмен парапар, – деп тұр жымиып тағы да мырс етіп. Сол есіме кенет түсіп, айтып үлгергенімше болған жоқ, Жұмекең ыңыл­дап келе жатып, оқыс сүрініп кетті де, қолындағы «алтыннан қымбат» бөтелке асфальтқа ұшып түсіп, быт-шыты шықты. – Ал, жата қап, жала енді, – деуге асфальт үсті қар емес, шаң еді. Әйтпесе, өз сөзін өзіне қайтарғым-ақ кеп еді сол түні, аядым. Жұматай жерге бір түкірді: – Атаңа нәлет, – деді. Тағы да мырс етті. Ызадан. Біз бұрылып кеттік. Асекең үйі жағына. Оған енді өкінбеймін... Тағы да Шопенге ұйығанбыз сол түні. Өкінетін бір-ақ нәрсе жүрек түбінде қалып қойды: 64-56-89 Бұл менің досым, сырт көзге момақан, бірақ өзі шақар жігіт, маңмаңгер ақын Жұмаш – Жұматайдың телефон нөмірі. – СТАрик, может, гульнем? – деген жұмсақ дауыс енді қайтып естілмейді трубкадан. Өкініштісі сол. «Бес моторлы айырпланға айырбастамас Кенежиренін» жетектеп жүрген шығар бір жерде менің маңмаңгер ақын досым. Телефон үнсіз. P.S. Дегенмен... Мен әлі күнге шейін Ләйлә қызды бір көруге ынтызар, ынтық боп жүрмін. Бір сәтке. Бір-ақ сәтке. Бір-ақ рет. Жұматайдың көзімен, әлбетте... Ақынның өз сөзімен айтқанда «обыкновенная человеческая слабость...» О, дариға-а-ай!.. Ғашығыңа ғашық қып тамам жұртты, Бұл не сиқырың, Маңмаңгер?...

164 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Әміре ӘРІН ЖЫР ҚАҒАНЫ – ЖҰМАТАЙ

Жұматай Жақыпбаев! Бір шоғыр ақындар тобының бірегейі, телегейі еді! Төрт құбыланы түгел жырлады. Шабыт әлемінің сөзін сүзді, жырын түзді! Замана ноқтасына алтын басын тоспаған ол өзінің балғын шақтан бақытына балап, бар ғұмырын арнаған өлең өлкесіне жанын пида етер қалыпта үнемі үздігіп күн кешті. Өз ертегісінің арналы арқауынан ауытқуды қаперіне де алған жоқ. Арқалы ақын аға сәйгүлік-жырдың тізгіні қолына тиісімен бірден жалына жармасты. Көкке шапшыса бірге көте­ріл­ді, ентігін басса, қара жерге тік тұра табанын тіреді. Бәрібір байыз таппады. Сөйтсе де, тізгінді күштеп қақпады. Өзін де, өлең образына айналған Кенежиренін де баптаған үстіне баптай берді. Бәрібір көңілі тояттамады. Осы күні көбіміздің аузымызда жүрген әйгілі айшықты жыр жолдары да сол шақта туса керек: Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде, Көп кещеге қай бетіммен кектенем. Бізге бақтың қолы бүгін жетер ме, Мұқағали, Төлегенге жетпеген? Қаны қара қазандай қаншалықты сақыр-сұқыр қайнаса да, өлеңнен өзге ешбір дүниені көз алдына елестете алмайтындығын бек білді және бұған имандай ұйыды. Намысқа суарылған наркескендей күй кешіп жүріп, өзімен өзі алысты. Алыстағыны да, жақындағыны да жанына медет тұтпады. Ақындық ақперен қиялының қанаты­ нан түспеді. Поэзия патшалығын іздеді. Нөкерле­рін қамдап, өз қағандығын құрып алған кезі де сол тұс. Өлеңінің жұпары өмірінің жұмағына айналды. Көзі жұмылғанша сол қиял пат­шалығынан арылмады, өзге дүние атаулыны көрсе де көргісі келмеді, білсе де білгісі келген жоқ! Бар құпия дәп осы арада. Адамзаттың арғы-бергі тарихында тура осы жол­мен жүрген таланттылар аз кез­деспеген. Керек десеңіз, көздеген осындай мұраты үшін жалғанның жары­ғы­мен де қош­тасқан. Өз пәлсапасы өзінде! Кебенекпен жүргенді керексізге жорыма, Айтқаныңды қосайын ақыл-естің қорына. Майданнан соң иесін әзер тапқан ордендей, Ақындарға абырой оралады соңыра.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Әулие дерсің! Айтқаны келді. Оның куәсі – тірілер, бүгінгі біздер. Бүгінгі біздер дейміз-ау, кешегі ағалары да оның қадіріне жеткен. Жастарды әрдайым қамқорлығына алып жүретін Тұманбай Молдағалиев: «Жұматай! Сен қазақтың болашақ ұлы ақындарының бірісің!» – десе, мұңайғанда маңдайынан сипай біл­ген Олжас Сүлейменов: «Жуматай – ис­тинный и даже редкий поэт!» – деп үл­кен баға берген. Өзара сырлас, көп ретте тағдырлас та болған Асқар Сүлей­менов: «Оның өлеңдері табиғи бітімі, концеп­циялық айшықты ойы жағынан да ұлттық поэзиямыздың айтулы олжа­сы, оқшау құбылысы. Әр шығармасы шыңыраудан су шығарғандай көрінеді», – деп таңданысын жасыра алмаған. Рухани игіліктің аспаннан өздігінен жауа бермейтіндігі белгілі. Жұматайдың қазақ поэзиясындағы ерекше құбылыс екендігі әлдеқашан айтылған. Кейде біздің сол құбылыстың түп-төркінін басқа жақтан іздейтіндігіміз бар. Оның бар сиқыры Жұматайдың көрсем, білсем, ұқсам деп түнді-түнге, таңды-таңға жалғаған бозторғайдай тынымсыз шырылдаған жүрегінде! Қалмаймын деп мынау өмір көшінен, Жастай зерек, ғажайып күй кешіп ем. Жан адамнан жасқанбай Һәм жасымай, Құнанбаев Оспан құсап өсіп ем! Оқымаған кітабы, тауыспаған ілімі жоқ Жұматай әлемдік ақыл-ойдың толғақты жолын көктей шолып қана қоймады, жандүниесімен ұғына білді. Сөйтіп, ол танымның сезімдік, түйсіктік және логикалық сатыларын бастан кешіріп барып, өзінің толымды философиялық тоқтамына қазық қақты. Күледі ел маған. «Күледі жақсы соң күлген», Еркек боп тусам, ерітсем дедім тоңды үнмен. Әдебиет деген әлемге қажет шаруаның Археологы да, геологы да болдым мен. Шартараптарға шашатын кейін даңқы нұр, (Шарапатың мені де келіп шарпығыр). Киімі алтын кісіні емес, сені іздеп, Сені іздеп жүрмін, сері мінезді Алтын ұл! – деген үзеңгі үзердей те­біре­нісіне бұдан кейін қалай қосыл­массыз! Оның ақын ретіндегі феноменін де осы өрістен іздеуіміз керек. Жүрегінің байтақ терезесіне барынша мол кеңістікті ақ-қарасы, бар-жоғымен қатар түсіре білуінде. Соны миының мың градустық

166 Жұ матай Ж а қ ы пбаев пешінде бабына келтіре балқытып, маржанын тере алғандығында. Сезім сергектігі интонация­ның нәзік пернелеріне дем беріп, екінің бірінің назарына іліге қоймас шуақтарға малынды, қайсыбір мың жыл міз қақпай тұрған тас қақпалар алынды. Тектілік тегеуріні, жаратылыстың жанартауы деп, асылы осыны айтсақ керек. Және бір үлгіге зер салыңыз: Қашаған құсап құйғытқан қия жермен де, Таптатты ма екен табынан жинай келгенде. Асыққан малшы атынан түспей терген бе? Тоғайдай қалың таңқурай жатыр тапталып, Тұғылда мынау тұяқтар басып, қатталып. Жапырақ ашсаң – жаутаңдай қарап дірілмен, Алқызыл жақұт ауызға жұмсақ білінген. Сәулеңнен ішкен сілекейше ішке жүгірген, Қор қызының бұтаққа шыққан ерніндей, Тұғылда тұрып таңқурай жұтып көрдің бе, ей?! Жұматай өлеңге тақырып табудан ешбір таршылық көрмеген. Қай тақырыптың қолтығынан алса да жолы ашылып, сапары жалғасып кете барған. Ана тақырыбына өлең шығармаған ақын бол­майтын да шығар. Әйтсе де, Жұматайдың мейірбан да көпшіл, құрметті де текті анасын жыр шумақтары мейлінше мөлдірете көз алдыңызға әкеледі. Ешқашан жүздеспесең де бала кезден маңдайыңнан өбіп жүр­ гендей сезінесің өзіңді. Шіркін, дейсің, адамзаттың бәрі аналарын ақындардай қадірлеп, құрметке бөлеп, көкке көтерсе ғой! «Мұң-қайғы мойытпады әсте мені», Дейтұғын ұлың да бір қас төре еді. Әкем жоқ, сен аурусың, соны ойласам, Көзіме екі тарам жас келеді. Ол өзі тіршілік еткен заман мен уақыт­тың қамшы салдырмас тамыршысы бола білді. Ардың сөзін, ақиқаттың өзін айтты. Та­ қы­рыптарының саналуан болып келетін­дігі де сондықтан. Таба­ нын тілгілеген тау-тас, бояуы ой тұнығына шомылдырған мың бір гүл, қатпарлы қоғам, ел-жұрт, санаңа сәуле ұялатар кәрі тарих және сол сияқты жалғасып кете барар арналардың қай-қай­сы­ сының да Жұматай үшін өгейлігі жоқ. Әр өлеңнен өзін көрді, қабырғалы қазағын аңғарды. Табиғатты бүкіл жараты­лысымен ұғын­ды. Қызылды-жасылды гүлдерді жа­нын­дай жақсы көрді, сан түрлі құстардың көп дауысты үнінің сиқырына елтіді, көк ба­лау­са шалғынның жұпар иісі кеудесін кернеді.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Жүйткітіп жирен атпен күліп өткен, Таниды мені таудың гүлі көктен, – десе, сөзсіз сенесіз. Осылайша оның тақырып таңдай білу­дегі даралығы даналыққа бастады. Өз дәуірінің кең ты­ныс­ты ақынына айна­л­дырды. Қай тақырыпқа қалам сілтесе де құлай берілді, жаңа туған айдай керілді. Бірде өзегін өрт шала күр­сінді, енді бірде сәл нәр­­ седен шатта­нып, қы­рандай сіл­кінді. «Өлең шір­кін – өсек­ші жұрт­қа жаяр…» – деп айтарын тұм­ша­ла­ма­ды. Құпия сақ­та­мады. Эстети­ ка­лық және фило­со­фиялық кре­до­сынан танбады. Сол себепті де, оқыр­­мандары оның поэзиясынан өлең жасаушыны емес, замананы қашаушыны, жақсылықты қадап-қадап атаушыны көреді. Мұны ақынның бір бақыты деп ұққайсыз. Ақындар кеткен заман ба, өлеңші келіп, Осынша сұп-сұр боламыз неден шіреніп? Қадамын жұрттың баққандар қай жерден шыққан, Біз, қазақ, ақын халықпыз демеуші ме едік?.. Адуын ақын өлеңдерін әлдене өзегін өртегенде ғана жазды. Сия кеппестен ала­қайлап басылымдарға ала жүгірмеді. Сөз қадірін өз қадірім деп ұғынды. Бал тамған тіліміздің бақшасарайында басқаларға қара­ғанда көп кідірді. Көңіл төріне көп кесте то­қыды. Айдын шалқар тіл теңізінің ешкімнің түсіне де кірмеген тұңғиық тереңдеріне бойлады. Тіл жауһарынан алқа тақты. Оған төмендегі бояулы мол шумақты айтайық. Сумақтай зарлап, көмейіне зілді үн кеп, Ұлардай шулап, барысша зілді гүрілдеп, Қаһарлы өзен жаман мінезін сездірсе, Қалтырап шетен, қайың да тұрар дірілдеп. Поэзиядан өзге дүниелердің бәрін екінші кезекке ысырған ол өлеңді жалғыз ғана жан­серігіне балады. Сонымен ғана жүздесті, со­ны­мен ғана келешегіне із кесті. Бойына да­мыл таптырмаған да, ойына қанат қақ­тырған да сол еді! Сарыжұрты – Сарноқай төрінен ақсұңқар баласын Алатаудың асқарына самғатып ұшырған да сол еді! Өзегін өртеген бар ой-арманы, көкейтесті мақсатмүддесі, бүкіл поэтикалық кредосы қа­сиетті өлең патшалығының шалқуына ба­ғытталды. Және бір ұғарымыз, Жұматай кез келген талантты ақынның халық байлығы, ел қазынасы екендігін терең сезінді. Аз жазса да саз жазды. Басқаға ілесіп, текке арамтер болмай, тек өз соқпағымен алға тартты. Әр кезекті өлеңін бұ жалғанда соңғы шумақтарын төгіп отырғандай жанына әбден жанып барып

168 Жұ матай Ж а қ ы пбаев шығарды. Се­ріппелі садақтың қылдан ескен арын­ды адырнасындай қуатты, омыраулы ойларын кірпіш қалағандай құтты орнына қондыра білді. Сондықтан да, «Поэзия» атты өлеңіндегі: Сен барсың, бар болса егер жерде күнгей, Күнгейдің гүлдерінің еңбегіндей. Барсың сен! Сенем саған филиппиндік Хиллерге аурулардың сенгеніндей. Күн кешкен сөзін ұғар елсіз де Абай, Сол арай – шөлсіз де арай, Көлсіз де арай. Ақындар құрып кетсін… Бірақ әлем Білмеймін күн кешеді Сенсіз қалай?! – деген тоқтамына құлай берілесіз. Сағындым сені, ағатай, түсімде көрдім, Қызғалдақтардың қаптаған ішінде көрдім. Кететініңді, өмірден өтетініңді, Білмеймін, бұрын қалайша түсінбегенмін. Бұл жүректі шымырлатар шұғыла шу­мақ­тарға қандай да бір түсініктеме беру­дің өзі артық. Сол кезде ғой ақын Несіп­бек Айтов­ тың: «Жұматай, нояның түгілі қояның болайын, тек жан­да­рың­да жүрейінші» дейтіні. Қаншама жастар Жұ­мекеңе еліктеп ақын­дық жол­ды бойтұмар қалады. Маралтай ақын баласының есімін Жұма­ тай деп атаса, өзін өмірде бірде бір рет көрмесе де, қазақ жерінің түк­ пір-түкпірінде оған арнап тебірене өлең жазғандар қан­шама?! Жұме­ кең­нің жыр жинақ­тарының мыңдаған оқыр­ман­дар­дың қойнынан таста­май­тын сыр­лас кітаптарына айнал­ғандығы қ-а-а-шан! Жұматай Жақыпбаев не де­ген сан қырлы талант десеңізші! Ақын, күйші, суретші, әнші, ма­тематик, философ, композитор, аударма­ шы, боксшы, термеші, жыршы, суырыпсалма ақын, тарихшы… Құдай-ау, мұның бәрі бір басына қалай ғана сыйып тұрған! Тарих­шы демекші, ол тарихты білуді өз ұлтыңды сүю деп ұқты ең алдымен. Көне замандардан жеткен қатпар-қатпар ғибратты әңгіме-ше­ жірелерді көнекөз­деріңізден де, тіпті қайсыбір кәсіби тарих­шыла­ рыңыздан да артық білетін. Ақын шығармалары күрделі. Соны да соқталы тұстары басым. Бірақ, бұл оның кемшілігі емес, артықшылығы. Осы ретте Ахмет Байтұрсыновтың мына бір ойлары көкейімізге оралады: «… Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екендігі рас. Бірақ, ол ауыр­лық Абайдың айта алмағандығынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік.»Ғажап!

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Өзгелерден ерек туған ақынның бір артықшылығы, бір бақыты да осындай күрделі ойларында шығар! Алаштың ардақты перзенті, арлы ақыны Жұматай Жақыпбаев шабыт аймалаған бір шағында былай деп еді ғой: Арттыра берсін білгеннің қадірін өлең, Әлкей айтса жанының әміріменен. Богдыхан қызын беретін Үйсіндер кеше Елге таң ірі ұланын Тәңірі деген! Дәл осылай деген-ақ шығар! Өз басым қылаудай да күмән кел­ тір­меймін!

«Егемен Қазақстан» газеті 12 наурыз жұма, 2010 жыл Ордаш КЕНДІРБАЕВ «САРАТАНДА» САЛМАҚ БАР 1979 жылы «Жалын» баспасынан шыққан жыр кітаптарының арасынан жерлесіміз Жұматай Жақыпбаевтың «Саратан» атты жинағын кездестірдік. Бұл да бір біткен іс болған. Өйткені жас ақынның көптен бері баспасөз бетінде жиі жарияланып жүрген өрісі биік, өрнекті жырлары өзіне еріксіз ден аудартып, жыр-сүйер қауымның жүрегіне сүйіспеншілік сезімін, үміт сәулесін ұялатқан еді. Алайда, Жұматай кітап шығаруға асыққан жоқ. Оның мәнісін қалай түсінуге болады? Көлемі екі баспа табақтан астам жинақты бастан-аяқ оқып шыққаннан кейін барып қана жоғарыдағыдай ойға оралған орынды сауалға тиянақты жауап алғандай боласыз. Сөйтесіз де жас ақынның тырнақалды туындысы атына ізгі тілек, жылы лебіз білдіресіз. Себебі жинаққа енгізілген жырлардың қай-қайсы­сының болмасын, салған жерден саз беріп тұратын сыршыл әуезі, жоғары техникасы мен мәдениеті қазіргі биік талғам пернесін тап басып, ой тастайды. Әрине, бұл ақындық жолдың ауыр азабын мойы­май көтере алатын, мүмкіндігі мол талғампаз талапкердің ғана қолы­нан келсе керек. Жас ақын кітаптың беташары ретінде берілген Ленин, партия, ұлы Октябрь туралы жырларында баршамызға бақыт әперіп, алдағы арайлы болашаққа мол сеніммен бастап келе жатқан кемеңгер

170 Жұ матай Ж а қ ы пбаев көсемнің көреген идеясының, Коммунистік партияның ұлылығын өзінше мақам-мәнермен, әркімнің жүрегіне әсерлі етіп жеткізуге талап қылады. Жұматайдың әсіресе, туған жер туралы шабыттана жазған жырлары отты сезімге толы, оқи отырып ойға шомбай қалуың мүмкін емес. ...Соқыр тұман басылғанда сытырлап, Шаңқан үйден шұбатылған түтін де ақ. Қадам бассаң шырылдайды шегіртке, Қуырылған бидайдайын пытырлап.. Автор көз ашқалы бері күнделікті көріп, көңілге тоқып өскен бәрімізге таныс туған жер табиғатын осылайша тіл табысқан тың теңеулер арқылы түрлендіріп, жаңаша сыр аңдатады. Жас ақын сөзуарлыққа салынудан, жалаң суреттеуден бойын аулаққа салады. Туған жер жайлы жазылған өлеңдерінің барлығы мазмұны жағынан бірін-бірі байытып, толыққанды әр құрайды. ...Биікке шық! – ақын басқа не десін, Иемденіп өлкеңнің бір төбесін. Тым құрыса құбыланың қабағын, Елден бұрын және ертерек көресің, – деп туған өлкені өз қолымен өзгертіп, жасартушылардың көтеріңкі көңіл-күйін, кесек келбетін көз алдыңызға әкеледі, философиялық ой толғайды. ...Күйелі дейді күйесі жоқ-ты жұғатын, Кербез тау еді кекілік ұшып шығатын. Қай жерден таптым керауыз біреу былғаған, Көгілдір жердің – шын атын? Күйелі дейді көк жайлаудағы тау атын, Қозыкөш жерден көзіңнің жауын алатын. Апыр-ай, пенде табылған болды-ау қарауыз, Ер ғана емес, жерге де күйе жағатын. Бұл шумақтарда азаматтық әуен, әлеуметтік сарын басым. Әдетте, талант көзі – шындық дейді. Ал шындықты жүрегіңмен сезіп, жан-дүниеңмен ұғып жазбасаң, оған басқаларды иландыру мүмкін емес. Мұны жақсы түсінген жас ақын күйде ақиқаттың атам заманғы ауылы – этнографиялық стамптарға дейін батыл барлау жасап барады. Онда да «Міне, көрдің бе! бұрын осындай да осындай

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м болған» деп құрғақ уағыз айтудан аулақ. Автор «Көш жолы», «Қайнар» деген өлеңінде «Алдаспаны саптама етігін салпылдай соғып, балпаңдай басып» келе жатқан дулығалы батырдың, «Қыпша белінің олқысын күміспен сықап толтырып, шолпысын суға малып алғанын білмей қылымси, қас керіп» тұрған қас сұлудың, «итмұрын шауып, иектен тері тамшылап» келе жатқан жолаушының психологиялық ерекшеліктерін даралап, өмірлік материалдар жинақтау арқылы қоғамдық жағдайдан, ел тұрмысынан елес беріп қана қоймай кір жуып, кіндік кескен жердің қасиетті топырағын бойтұмар етіп тағатын адал перзенттік сырды ашып береді. Сондықтан да: «Бел омыртқасы темір пенде де бас исін, Әулие болсаң мөлдірлігіңе іңкәр қыл» – деген түйіннің тұздығы татымды шыққан. Иланасың. Жинақта өлеңдердің жолына әр беріп тұрған аллитерация мен ассонанс, архаизм және қайтадан жаңарып тың мағына тапқан сөздер жиі кездеседі. Басқаша айтқанда, автордың сөздік қоры­ның мол болуы, оны ұтымды қолдануға машықтануы, айтайын деген ойын көркем сөзбен айшықты етіп, қанық бояуында жет­кізуіне мүмкіндік әпереді. Тегінде, Жұматайдың поэзиядағы өсу про­цесінің өрісі, ешкімге ұқсағысы келмейтін ерекшеліктері жайлы сөз еткенде ең бірінші дәл осы табысын алға тарту керек. Жұматай Жақыпбаевтың махаббат лирикасына бөлекше тоқтала кеткен жөн. Жинаққа «Ләйлә» циклы бойынша он екі өлең енгізілген. Олар бірін-бірі қайталамайтын оқиғалы, сюжетті болып келетіндіктен, ғашықтық сезімге қатысты эстетикалық та­ ным-талғамға тәлімді әсер беріп, махаббатқа, достыққа адал болуға тәрбиелейді. Ханшадай өзін ұстаған, Қара алмас көзді, бал ерін, Басынан құс та ұшпаған, Бұла өскен асқақ жан едің. Қара оқа құсап бұрымың, Жалтылдап әрбір талы да. Жарасып барлық қылығың, Жараспай пенде жаныңа. Көңілің балқып тәтті әнмен, Кірпігің, қасың дірілдеп. Өтуші ең жасыл бақтармен, Өтуші ең шалқи күлімдеп.

172 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Жадымда қалды жатталып, Бек әсем қызыл көйлегің. Күлуге сол сәт шақ қалып, Қасыңды керіп сөйлеуің... деп дәлме-дәл штрихтер арқылы адам психологиясының жай көзге байқала бермейтін небір нәзік иірімдерін аңғартатын осындай өлеңдерді оқыған сайын Маяковскийдің «Махаббат – бұл өмір, басты нәрсе, өлең де, қам-харакет те бәрі-бәрі де содан тарап, өріс алады. Махаббат – баршаның жан-жүрегі» деген қанатты сөзінің байыбын тереңірек түсінгендей боламыз. Жұматайдың ақындық жолының қазіргі аяқ алысынан ара-тұра болса да шабысынан жаңылып, жаңсақ басатын тұстары да жоқ емес. Мәселен, «Ер келеді» деген өлеңнің етек-жеңі жинақталмай, қарабайыр күйінде қалған. Автор өлеңнің ажарын асыра түсемін деп жалаң көріністер мен статистикалық суреттердің жетегінде кетеді де, оның ішкі тұтастығын сақтамай, мазмұнын сұйылтып жіберген. Алайда, жоғарыдағыдай жүре түзетуге болатын кемшіліктер біздің кітаптан алған жалпы әсерімізді әлсіретіп тұрған жоқ. Өйткені «Саратанда» өн-бойына мін жуытқысы келмей сыланып-сипанып тұрған сыбызғы үнді сырбаз жырлар өте көп. Сондықтан да кітап­ тың аннотациясындағы: « Осы тұңғыш жинағымен-ақ Жұма­тай өзінің творчестволық келбетін танытып, ақындық паспортқа толық ие болды деп сеніммен айта аламыз» деген жылы ілтипатты лебізді біз де қызу қолдаймыз. Алайда, творчестволық табыс салмағы алға басқан сайын ауырлай түскендігімен құнды ғой. Ендеше, біздің ендігі жерде көкейімізге кеп тұрған ізгі тілегімізді автордың өзі де айтқызбай-ақ түсінетін шығар деп ойлаймыз.

«Октябрь туы» газеті, 1979 жыл 14 қараша Светлана БУРАТАЙ МЕНІҢ ҒАЖАП ТАҒДЫРЫМ – Арада жиырма бес жыл өтіпті-ау... Ақын Зайда Елғондинованың облыстық «Жетісу» газетінің ре­ дак­циясына атбасын бұрып сәлемдесе келгенде айтқан сағынышты сөзі бұл. Осы қара шаңырақтан жұбы Жұматай ақынмен қол ұстасып Алматыға, үлкен әдебиетке кеткеніне осынша жыл өткен ғой. Ширек

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м ғасыр бұрын бақытты күндері өткен киелі шаңырақ шамырт­қант­пай қала ма? (Рас, онда бұл үйде «Октябрь туы» («Жерұйық») газе­ті­нің редакциясы болған). Жұрт Зайдасын сағынған екен, «Жетісу» газетінің ұжымы орын­ ды үстел басындағы төрден ғана емес, жүрегінен де ойып беруге әзір екенін аңғартқан. Ақынын пайғамбардан кем көрмейтін халықпыз ғой, қонақ­ жайдағы әңгіме де сол деңгейде басталған. Мына мұңды, мына жынды жүрекпен, Қаншама жыл алыстым. Пайғамбардай діні тозып, күні өткен, Жұлдызына ғашық болдым ғарыштың, – деп жұлдызды әлемде жүрген Зайда міне, қол созым жерде отыр. Жүздесуді «Жетісу» газетінің бас редакторы Жақыпжан Нұрғожаев поэзия туралы ойлы оралымдармен қос ақын туралы өз естелігін айтып, бастап берген. Зайда айтады: Толқығаным рас, оған айып етпеңіздер. Арада өткен сол жылдарда қаншама жағдайды бастан өткіздік, тағдыр көрдік. Оны қанша өлең жазсаң да жан-дүниеңдегідей жеткізу мүмкін емес шығар. Мені жұрт көбінесе Жұматайдың әйелі ретінде де, Зайда ақын деп те қабылдайды. Көп жерге естелік айтуға шақырады, ол туралы сұрақтар әлі көп сияқты. Жұмекең қайтыс болған соң атқаруға тиіс парыздарын көтеріп, атқарып-ақ келемін. Асын бердік, 50 жылдығын өткіздік. Рас, ел-жұрты, халқы көмектесіп келеді. Дегенмен, негізгі салмақ жүрекке түседі ғой. Кейде табаныңнан тауысылып шаршайсың. Биыл оның алпысқа толар жылы. Туып-өскен өңірінде де атап өту – парыз. «Қалай өтеді, қалай қояды?» деген сауалдарын басықасында жүруің керек. Сөйтіп жүріп, тайып құлағанда аяғымды сындырып алдым да, осы жаққа кетіп қалуға тура келді. Көксу ауданының орталығы Балпық би кентіндегі сіңілімнің үйінде жатып, ойымда жүрген «Ақын сүйген әйелдер» деген пьесамды жазып тастадым. Мезгілсіз кетіп қалған адам туралы естелік айта беру де оңай емес. Жұматай қайтыс болған соң «Менің ертегім» деген кітап жаздым. Ондағы ойым–естеліктерді айтып, арылу еді. Бір кітапты жазғаныммен – одан айықпадым. Сөз арасында: Ақын Зайда баяу ғана байыпты сөйлеп отыр. Ал өлеңдерін оқысаң – жан-дүниесі біресе жанартаудай бұлқынады, біресе көзінің жасы мөлтілдеген мұң болып, қабырғасы сөгіледі. Екеуі она

174 Жұ матай Ж а қ ы пбаев алты жылдай бірге тұрды. Ол бақилық болып кеткелі де Зайданың Жұматай әлемінде өмір сүргеніне он бес жыл өтіпті. Осынша жыл азалы күй кешу оңай ма? Тіпті обал емес пе? Жүрегін тілкемдеп отырып, неше кітап жазды. «Менің ертегім», «Махаббат пен мұң», бір өзі бір кітапты орап алар «Зайда-ғұмыр» жинағы. Өлеңді түсінетін, оны сүйетін қауымның ұйып тыңдауы ақын­ ның жүрекжарды сырын айтуына мүмкіндік бергендей. Зайда айтады: Жұматайға мені тағдыр қосты. Сол тағдырыма кейде өкіне­мін, кейде шүкіршілік етемін. Өкінетінім – Зайда ақын ретінде менің шығатын өз биігім бар еді ғой, соған ұмтылмай, Жұматайдың әле­ міне еніп кеттім. Шүкіршілік ететінім – оның ғана емес, ақындық­ тың әлеміне қызмет істедім деп ойлаймын. Сөз арасында: Жанын әрі баурап, әрі жегідей жеген сезімдерден құтылуды неге ойламасын, ойлаған да шығар. Бірақ...өзі айтып отырғандай жаны мен жүрегінен бір сәт алыстату өз алдына, естелік айтудан жай ғана пенде ретінде «қашып бара жатқанда» аяғын сындырып, майып болып қалғанын қарамайсыз ба? Зайданың да өз творчествосы өлеңдері, тіпті ән жазатыны бар. Жүректі езген ауыр мұңнан құтылуды ойлауы – заңдылық емес пе? Зайда: Жұматайдың басынан да талай өмір өтті. Ол сүйген, оны сүйген әйелдер болды. Мен –Талдықорғанда, ол – Алматыда, қызымыз Айкүн үшеуміз екі-үш жыл үш жақта жүрген кедер де болған. Содан пәтер алып, Алматыға көшіп барғанда Жұматай маған: –Бірден жұмысқа шықпай, алты айдай үйде отырасың, –деді. –Неге? –деймін ғой. –Мен сенсіз бұл қалада үш жыл қызмет істедім, басымнан талай жағдай өтті. Ел сөзі басылсын, әйтпесе арамызға жік түседі, –дейді. –Бірде баспаға (Абай көшесі мен Гагариннің қиылысында еді ғой) барсам, мен отырған бөлмеге қыз-келіншектер келгіштеп, қарап кетеді. Сөйтсем баспа ішінде: «Жұматайдың әйелі келіп отыр» деген хабар тараған ғой. Осының өзінен-ақ біраз нәрсені аңғардым. Бірақ, ештеңені бетіне баспадым, шыдамдылық көрсеттім деуіме болады. – Сөз арасында: Енді міне, көңілімде күн шықты, Жүрегімде суреттелмес сең жүрді. Қап-қара мұң тұңшықты, Бақыт келіп баянына сендірді. Кейде өлеңнің бар қасіретін тартып, сорын арқалаған дарынды ақынның бақытсыздығына қызығуға болады. Өйткені, ол жазған өлең өлмейді, ел-жұртының жүрегінде жүреді. Өлеңі тірі, бірақ селт

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м еткізбейтін «ақындықтан» сақтасын! Ендеше Зайда, қасыретті ғана жырладым деп қамықпасын. Ол – елінің ақыны. Әли Ысқақбай, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары: –Зайда мен Жұматай жұбын тапқан ақындар деп ойлаймыз. Көзі тірісінде де атына кір келтірмеген, ол кеткелі де міне 15 жыл, төмендеткен жоқ. Талай дарынның соңында жары қалған шығар, солар дәл осылай зарлап, зарығып жоқтай білсін, деңіз. Тоқтасын Сүгірбеков, ақын: Мен Зайданы өрімдей 17-18жасынан бері білемін. Өзі сияқты алғашқы өлеңдері де сүп-сүйкімді еді. Тектілігі балауса жырларынан–ақ аңғарылып тұратын. Жұматай екеуінің алғаш қосылған күндерінің көз көрген куәгеріміз. Азаматты бір сыйласа – әйел атаулы Зайдадай–ақ сыйласын. Ақынның жолына жастығын, жап–жас творчествосын да арнады деуге болады. Әміре Әрін, бас редактордың орынбасары: –Зайда апай, талай кітаптарыңыз жарық көріп, өлеңдеріңіз­ дің жадымызда жатталып қалғаны да баршылық. Кейінгі жинақ­ тарыңыз тіпті қомақты, әрі мазмұнды. Оқырмандардан жақсы баға алғанмен, сыйлық алып жатқаныңызды, оған ұсынып, насихаттап жатқаныңызды байқамадық. Осы жағын ойладыңыз ба? Зайда: Мен жаңа айтып өткенімдей Жұматайдың әлемінен, әсері­нен енді айыға бастағандаймын. Өзімнің шығармашылығымды ойлап насихаттауға мән бермеппін. Жалпы, «Зайда ғұмыр» жинағым Мемлекеттік сыйлыққа ұсы­ нылған. Осы сыйлыққа шығармалары ұсынылған 21 ақынның ешқай­сысына да бұл атақ берілмеді. Айтпақшы, бір күні түс көрдім, осы кітапты сыйлыққа ұсынған кезде...Жұматай езуінде кекесінді күлкі ойнап: «Әй, қайдам?» дегендей жымия қарап тұр екен деймін. Мен іштей: «Бұл ма­ған берілген аян ғой, кітабым сыйлық алмайды» деп жорыдым. Әли Ысқабай: Сөз орайы келген соң айтайын: Қожахмет Яссауиге қорған қаланып жатып қайта-қайта құ­лай беріпті. Жұрт бұған таңданады ғой, әрине. Сонда оларға да: «Алды­ мен Арыстанбаптың басына қорған тұрғыз» деген аян беріліпті дейді. Біз дарынды тірі кезінде бағаламаймыз, өлген соң өкінеміз. Сөз арасында: Аталарында емшілік, тәуіптік бар Зайдаға екі рет емшілік қасиет қонып, ол өлең жазуды доғарып, осы кәсіпке де берілген. Жоқ, емшілікті кәсіп етіп, нәсібін айырмаған. Жаратқанның ерекше қуатын, көңіл көзімен көре білуін, тәуіптігін ұстанып кетсе – бір алқып–шалқыған бай болып та отырар ма еді. Өйткені, талай атақты, мәртебелі адамдардың әйелдері

176 Жұ матай Ж а қ ы пбаев (кейде өздері де) келіп, ем-дом алған, ол қонған сауықтырған. Бірақ бұл әрекеттерді Зайда ұзақ жалғастырмай, қайта өлең әлеміне орала береді екен. Жанкүміс Жәмеңке, редакция меңгерушісі: – Сіз жаңа: «Мені ылғи Жұматайдың әйелі деп таныстырады, бұл да жауапкершілік жүгін ауырлатады» дедіңіз ғой. Алматыда Баспасөз үйінде бірде Жұматай Жақыпбаевты маған: «Зайданың күйеуі» деп таныстырғаны есімде. Сіздің қай әлемде жүрсеңіз де поэзияда өз орыныңыз бар. Міне, менің қолымдағы мына кітап – үшінші жинағыңыз. Газетте шыққан өлеңдеріңізді бұдан көп бұрын қиып, сақтап қойыппын. Сондағы өлеңде сіз: Жыл десек, ай десек – есеп күн, Ғашық болып бір боздаққа бос өттім. Ол қалды да астында бір кесектің, Күнін кештім есектің, – депсіз. Бұлай айту – әдебиет әлемінде өз орны биіктігі бар адамның ғана қолынан ғана келеді. Сол биіктен түспеңіз. Сіз ақынға, Тәжімахалдай ескерткіш тұрғыздыңыз... Светлана Буратай: – «Зайда – ғұмырдағы» зар мен мұң, сағыныштың салмағы жү­ ректегі сезімдерімен өлшенеді. Оның қанша екенін оқыған жұрт безбендеп өлшер. Ал өлең шумақтарының алты мыңдайын санауға мұршамыз келді. Зайда сен, ақын інің Жомарт айтқандай: «Сүйгенін жоқтаудың шедеврін» жасадың. Зайда: – Мен бұл өлеңдерді он үш жылдай өң мен түстің арасында жаздым. Мен де адаммын ғой, ақынмын, жас болдым. Кейде үйге ерекше бір сезіммен ораламын. Сондайда Жұматайдың бюсті бұрышта маған кейде сынап, кейде іштей жылап қарап тұрғандай көрінетін. Қолдан жасаған бюст-ескерткішті қойшы, жансыз бейне ғой. Маған аспандағы жұлдыздар да қарап тұрғандай, соның бірі Жұма­ тай­дың жаны ма деген әсер қалдыратын. Жұматай Әміреев, ақын, актер: – Өмірде бір отбасындағы жұп ақындар аз да болса кезде­седі ғой. Әрқайсысының әлемі әр түрлі. Ал сіздердің тағдырла­ры­ңыз бө­лектеу ме деп ойлаймын. «Ләйлә» – өлеңдегі образ де­ген­нің өзін­де, жаңа өзіңіз айтып жатырсыз: «Әйелдері көп болды, оны сүйген, ол сүйген» деп... Сіздің жүрегіңізді қызғаныш тырнаған кез бол­мады ма? Зайда: – Бірде ол маған: «Зайда, мен үйде сенікімін, сыртта – халық­ тікімін, өзгенікімін. Жұрт көзінше қызғаныш білдіріп, мінез көрсетпе», деген-ді.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Неге қызғанбайын – қызғандым, бірақ қызғанышты білдірудің де өз жөні бар. Ал, Ләйлә образына келетін болсақ, ол өмірде бар адам, сұлу, ару қыз болды. Оның анасы Балапан Арынова апай мені: «поэтесса» деп алғаш атағандардың бірі. Сонда 9-сыныпта ғана едім. Бірде Балапан апай: – Жүр біздің үйге, Мәскеуден Ләйлә келген, – деп ертіп барды. Ләйлә ерекше еді, «Арабтың алтыншы ғасырдағы қыздарындай» деп жырлағандай, Ләйлә өте көрікті еді. Қыр мұрынды, нәркес көзді сұлулығын көріп, таңданғам. Кейін Жұматай: «Зайда, мен Ләйләға ғашықпын. Ол Патрис Лумумба атындағы халықаралық университетті Мәскеуде бітірді, қазір шетелде...» дегені бар. Өзі сұлу, білімді, шетел асқан Ләйләға қызықтым, қызғанғанда не бітірем? Жұмекеңе ғашық болған ақын әйелдер де, қыздар да болды, көріп, біліп, кейбірімен дос болып та кеттік. Өйткені ақын: – Мен үнемі сүйіп, құмартып жүруге, сұлулыққа тамсанып жүруге тиіспін, – дегені бар еді. Сөз арасында: Сөйте тұра ақын Жұматай Зайдаға: – Бір үйде екі ақын махаббатты қосыла жырласа не болады. Сен махаббат туралы жазбайсың, өйткені – менің әйелімсің. Ал әйелдің өзге жігітке ғашық болып, оның өлеңге қосып отыруы қалай болады. Сен қазақ Совет ақыны бол, Отанды, еліңді сүйіп, соларды жырла» деген. Ал ақын мінезіне құрметпен қараған ақын Зайданың өзі мінезсіз бе еді? Жо-оқ, мінездің нағыз кесектігі, тектілігі осы әйелде бар-тын. Ол сондықтан махаббат тақырыбын Жұматай арқылы жырлады. Пайымдауымызша, тамаша тамылжытты. Зайда айтады: – Мен Жұматаймен біге тұрып, алақанға салған әйелдің күйін кештім дей алмаймын. Ренжісетін, сөз таластырып керісетін кезде­ ріміз де болатын. Сондайда қағазға жазып ұрысатынбыз. Бұл да болса біздің әлеміміздің өзіндік, мүмкін тіпті, қияли көрінісі шығар. Жұматаймен рухани дос болдық. Көп игі адамдармен таныстым. Асқар Сүлейменов, Жұмекен Нәжімеденов біздің жалдамалы пәтеріміздің төрінде қонақ болды, осыған шүкір деймін. Нұрманбет Қизатұлы: –Жұматай бақилық болып кеткелі талай уақыт өтті. Сіз әдемі әйелсіз, жас болдыңыз, әлі де сыры кетсе де, сыны кетпеген келбетіңіз бар. Көз салып қырындағандар көп болған шығар-ау... Зайда (рахаттана күліп): – Бұған менің «Махаббат пен мұң» деген кітабым жауап береді. Бұл өмірдің, тағдырымның туындатқан шығармасы ғой. Бастап­қыда

178 Жұ матай Ж а қ ы пбаев 400 бет етіп жазғанмын, жартысын жыртып тастадым. Міне, сауалы­ ңызға орай бір кітапты сізге сыйлайын. Жұматай – Ләйлә... –Қара алмас көзді, қасың да керік, Қадалмас саған жан қайда?! «Хамсадан» біздің ғасырға келіп, Қалып ең қалай, паң Ләйлә?! – деп ақын Жұматай Жақып­ баевтың өзі жырлағанындай, ақын есімімен қоса аталатын Ләйлә деген ару ол кім?! Ол қандай қасиетімен, тәкаппар ақын жүрегін жаулап алды? – деген сауалға: – Ләйлә – Жұматайдың бала махаббаты. Ақын сол үшін де ару Ләйлә бейнесін, мәңгі тазалық пен сұлулықтың символы, бей­несі етіп алды. Жұматай бала күнгі өлеңдерінде Ләйләні албырт сезім­мен жырлады, – деп жауап берді Зайда. Зайда бізбен қоштасарда: Кейде ақындарды әкімдер оқи бермейді, қастерлей қоймайды деп жатамыз. Жұматайдың ауылы – «Жетісу» колхозын, кейін аудан басқарған Жұмағали Әлібаев деген азамат ақынның асына да, мерейлі жасына да бәйек болып көмектесті. Тельмандағы метепке атын беруге көмектесті. Осы жолы да ақынның 60жылдығы екені туралы ресми хат ала келіп едім. Мәселе материалдық көмекте ғана емес, рухани құрметке де байла­нысты. Көксу ауданының әкімі Сағаділда Хасенов ақынжанды, өнерлі азамат па деп қалдым, поэзияны түсінетініне, құрмет тұтаты­нына сүйіндім. Ескелді ауданының әкімі Сұлтан Дүйсенбінов те Жұматай­дың әлемінен хабардар екен. Осы кісілердің ілтипатына разы бол­дым. Шың көңілден рахметімді білдіргім келеді. Сөз соңында... Әрине, жүздесуді тек лирикалық пернеде ойнатып аяқтауымызға да болар еді. Алайда, кім де болса–ақиқаттан артық емес. Жаны жаралы, басы қаралы кезінде де күндестік қызғаныштан биік тұрып, адамгершілік көрсеткендігі де Зайданың мінезіндегі бір қыры шығар, Өмір ғой... Бақыттың көзі нұрланып, Қарайды үнсіз көктемге. Жүректе алау жыр жанып, Қош-қош айттым өткенге, – деген Зайдаға мұң-зардан арылып, көктеммен бірге жадырауды тілеп тарастық. «Жетісу» газеті, 2005 ж.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Жүкел ХАМАЙҰЛЫ ЖҰМБАҚ ЖҰЛДЫЗ (Ақын Жұматай Жақыпбаев туралы ой-толғам) «Алақанымның бедері өшпес, сірә!» Нямбуугийн Нямдорж Асқақ шабыт, туа біткен табиғи талантымен 1960-70 жылдары шығыс өлең сөзінің жұлдызы болған Олжас, Мұқағали, Төлеген, Жұмекендердің ізін қуа, әдебиетке келгенімен солардың салған үлгілі ою-өрнегін қайталамай, өзіндік үнімен, бейне-бедерімен айқындалған, танылған санаулы ақындардың тобына Жұматай Жақыпбаев заңды түрде қосылмақ. Жалаң мақтау, ұрда-жық ұраннан бойын аулаққа салып, сазды әсер, сезім толғауын терең шеберлікпен игерген ақынның өзіндік қайталанбас қолтаңбасын қазақ әдебиетіндегі жаңа құбылыс деп айтуға болады. Көзі тірісінде небәрі үш жинағы ғана (том-том жинақ шығарған «ақын» атаулылар қаншама?!) жарық көріпті. Демек, осынау нағыз ақынды оқыр­манға дұрыс жеткізудің орнына, кезінде «ережелі оқулыққа» берілген белгілі зерттеушілеріміздің өзі мойындамай өткені өкінішті. Әрине, қазірдің өзінде қаншама мықты ақындар көпке танылмай тірі жүр?!... ІІ «... Алты алашты аузына қаратқан көріпкел өлең қайда? Кім тонап алған? Неге жазбаймыз?» Оралхан Бөкеев. Тұлпар болар жүйріктің құлынында танылатыны іспетті, ақын болар дарынның да бала кезден қалыптасатындығы – заңдылық. Дәл солай таныла білген нағыз ақынды ескек сынның астына алып, әрбір аттаған ізін теріс көзбен қарап, сезім еркіндігін есерсоқ­­тыққа теңегеніміз қандай надандық десеңізші. Бұған сол кезде қоғамды жайлап алған, әлі де қонған жұртының шоғы өше қоймаған ертедегі әсіре секемшіл, солақай саясаттың да кесірі тиген болар. Кейін­нен шығыс десе араб, парсы жағына көз тігіп, алаң болатын теріс түсінік пайда болды. Ал шындығында, сол шығыстың төрінде ежел­ден өркениетті, дамыған көшпелі халықтың сан ғасырлар бойы да­мыған өнерін қайда қоямыз?!. Жасырары жоқ, кешені қойып, бү­гіннің өзінде өзімізді-өзіміз шеттетіп, шығыстан гөрі батыстың «асы­ран­ ды баласы» сияқты сезінетінімізді қайтерсіз! Бұл буынсыз жер­ден пышақ салумен тең дүние. Себебі: көшпелілерді батысқа қан­ша телігенмен олар уызын емген шығысын ұмытпайды. Тек шығыстың

180 Жұ матай Ж а қ ы пбаев тілі мен өнерінен, ой толғауы мен сезімінен алшақтап, будандануы мүмкін. Алайда буданның өзге мен өзіне тигізер зиян-кесірі бірдей екенін ұмытпаған абзал!!! Өткеннің бәрін «ескілік» деп, сенім құдіреттілігін «нашақорлыққа» теңеп, ақылы адасқан кезде өмірге келіп, тірлік кешіп, қайғы жұтқан дарындыларды ойлағанда жаның түршігеді. Кеш болса да , соны түсінгеніміз неткен бақыт!.. III «Әр халық даналығымен теңеседі!» Очирбатын Дашбалбар. «Ер азаматы – атақ қуғыш, тақ құмар, қыз-келіншегі – дүние қуғыш, бақ құмар» келген керенау қоғамда дарындыларды – «ақылсыз», дарынсыздарды «ақылды» деп санадық (әлі де солай ма, қалай?!). Адамзаттың дүниетанымын тек қана «ұлы халықтың» ой-өрісімен бағалап келдік. «Ұлы халық», «кіші халық» деген ұғым санаға шеге болып қағылды. Күнделікті өмірдегі заң солай бола тұрғанымен, жоғарыда аты аталған ақындарымыздың қай-қайсысы да өзін-өзі «өлтіріп», жалған дарындылар тобына енуді ар-намыс санады. Алысты көздеген нағыз ойшылдар көз алдын емес, ертеңін ойлап, игілігін келер ұрпаққа арнайды. Мұны терең түсінген ақын Жұматай Жақыпбаев та өзін тудырған көшпелі халықтың шығыстан екенін пір тұтып, батыстың ілімімен ашқан сауатын шығыстың інжіл-маржан үлгісімен сабақтастыра білген. Соны сезінген жүрегін бабалардың намысының ұшқыны екендігін жадынан бір сәтке де шығармаған. Жаман ел, жаман халық болмайды. Жаман пиғылды жеке адам болуы мүмкін деген терең ұғымды – ақын Жұматай сезім шыңына көтерілудің алтын арқауы етті. IV «... Түркі халқын жиып Ел еткеніңді айттым...» Күлтегін (кіші жазу) «...ұйықтағандарын оятып, жатқандарын тұрғызып жүрермін!» Ырқ бітіг (тәпкірнама) «Қазақтың бәрі сыйса деп аштым айқара, Құшағым менің өрлігін жердің қайтала. Торғайды атып, топырағына тигізген, Беймергендердің берекесіздігін байқама!...» – деп аппақ көкірегін айқара ашып, әлем кеңістігіне бойлаған ақын:

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м «...Бағымдай ауыр басыма қонған жыға бар, Тебінсем атты – темір бет жауым қуарар. Атымның атын алдырып маған шақыртып, Ныспымның даңқын намысым алға шығарар... ...Дарабозға бір жауды екі шаптырма, Алты алаштың аруағы түгел қолдай гөр!» – деп, дарабоз Қабанбай батыр намысын сөз етіп: «...Өткендей болды біржола мұңды әннің шағы, Кіргендей болды мәулен бас шындардың сәні. Орыстық ұлы Ордадан осында келген, Шәйірді қайран қалдырды ғұндардың шалы!» – деп, көнелердің көріпкелдігін паш етіп, өткен дәуірлерді аралап жүрген ақын кенет: «...Ішкісыртқы ерлігің жүрекке сын, Селт етпесін, білсең де дір етпесін. Ақсақ дедік біз Әмір-Темірді де, Ол кеткесін... жүздеген жыл өткесін!..» – деп, мына бүгінгі дәуір­ ге келіп, ұрпақтарының алауыздығына қайран қалып, өзіне жан серіктер іздеп: «Мамыражай жақсы уақыт туды шын, Қараталға, Керуленге, Ононға, Қаза бермей бабамыздың қылмысын, Жүр, інішек, күй тартайық онан да» – деп, әуелі көшпенділер даласына ұлы бақыттың келе жатқанын күні бұрын аңғартып, саясатқа жонын тілгізіп, арнасына толмай қалған кіп-кішкен­ тай Қаратал өзенін көк түріктен бері әлемге әйгілі Керулен, Онон сияқты алып «ағаларына» апарып, табыстырады. Ақын жү­ регіне сыйған дүниенің (өзеннің) тартылып, жоғалмайтындығын сездіреді. Кезінде Әмериканың ұлы ақыны Уолт Уйтмен Алтайды өлең еткендейін, Қаратал бойында жүрген қазақ ақынының сонау шетте жатқан Керулен, Ононды көкірегімен сезініп, өлең етуінде үлкен сыр бар. Ұлы теңіздер бастау бұлақтың түймедей көзінен нәр алып, кеңістікті иеленеді. Уақыт сынынан өткен соң терең ойдан туындаған ұғымның ақын жүрегіне қалыптасуы – оның көкі­ регінде күрделі тарихтың терең шындықтары жатқанын аңғар­тады. Қаратал өзенінің барар жері – тарих төрі, бабалар мекені. Ішкі жандүниесінің қалауын орындау шыдамы ақынның ой-өрісіне ті­келей байланысты. Сәуле жылдамдығындағы сезім серпілісін тура тарт­ қан сызықпен ғана көрсетуге болады. Бұл түсінік бойынша ақын Қаратал өзенін ғарыштық сезімнің жылдамдығын дәлелдеуші – түзу сызық ретінде қолданған. Көкірегіне уақыт пен алыстық, тар­тылыс пен жылдамдық, тереңдік пен нәзіктіктің осыншама байтақ өресін сыйдырып, ой кеңістігін игерген ақын өзін үзілуге айнал­ған тарих

182 Жұ матай Ж а қ ы пбаев пен ғасырларды жалғаған үлкен ақын екендігін дәлелдеген. Әрине, осылай үзілді-кесілді дәлел айтуға біздің қазақтың өзгені түйедей, өзін түймедей етіп сезінетін әсіре еліктегіш сезімі көтермейді де. Әйтсе де, бірден көз алдыңда айқындалып тұрған дүниені бүгін қанша жасырғанмен бәрібір келер ұрпақ тірнектеп жүріп тауып алары сөзсіз емес пе? «Алыста не алыс, білімді мен наданның арасы алыс» деп Байдалы бидің айтқанындай білімділік жиегін шарлап, өз ортасынан алыстаған ақын сезімі сәуле жылдамдығын игеріп, ақыл-ойдың шырқау биігінен ғарыштық сезіммен: «Бір ғажап сурет көрдім деп ертең мақтанам, Бөтеннің жері бөлектеп маған сақтаған. Ер Қыпшақ еділ Европадан да көрмеген, Жалайыр Мұқылай таңғұттардан да таппаған...» – дейді. Қараңыз, бүгінгі Жұматай мен XII ғасырда өмір сүрген Жалайырдың дарабоз ханы Мұқылай екеуінің арасында қанша алыстық жатыр?! Кеше мен бүгін, бүгін мен ертең деген сияқты ұғымды жойып, уақыт алыстығын жеңе білген ақын көкірегінде XII ғасыр мен XX ғасырдың арасында алыстық жоқ. Мейлі, сіз 30, 40 ғасырларда да Жұматайды оқып көрсеңіз, бәрі бір сол күнгідей болып сезіледі. Бұл – аса дарынды, сезімтал ақындардың ғана қол жеткізетін ұлылығы. Ал, өлеңнің астарында жасырын жатқан ғажайып өрнектер мен терең сырларымен жеке танысқан орынды. Онсыз Жұматайды толық түсіну мүмкін емес. Өйткені, Жұматай қазақ ақындарының ішінен Мағжаннан соңғы шығыс толқынына терең бойлаған ақын. Сол себепті адамзат дүние танымындағы мәңгілік туралы ұғымдарды Жұматайдың шығармашылығынан іздестірген жөн. Дала перзенттерінің сезіміндегі бірден-бір ерекшелік – олар тарихтың қай кезеңінде де болсын, ой түйінін аспан кеңістігімен теңеп, әлемді түгелдей көкірегінде сыйдырып, аялай білген. Дәл осы тұрғыдан келгенде қазіргі біздің табынып жүрген батыстың ойшылдары күрмеуде қалады. Олардың, әсіресе Маркстан кейінгі түсініктері жеке бір таптық ұғыммен шектеледі. Бұл шектеулі ұғымның шеңберіне сайын даланы көктей өтіп, Ұлы Тәңірдің жебеуімен шындық шыңын көздеген көшпелілердің кеңістікке бойлаған ауқымды дүние танымын сыйғызу мүмкін емес. Бір ғана мысал: ұлы Шыңғыс қағанның тұсында көшпелі тайпалар бірінің тілін бірі ешқандай аудармашысыз түсініп, түпкі жауына бірге аттанып жүрген. Бұл олардың шыққан тегінің тым алыс еместігін аңғартпай ма? Балаң Шыңғысқа керейдің Тоғырыл хағаны: «Бұлғын ішігіңнің қаруына бүлінген еліңді бүтін етіп берейін...»-деп, айтқан сертінен танбай орындағанының өзінде үлкен мән болған шығар.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Тарихта айқындалған бұл шындық соңғы үш ғасыр бойы ұрпақ жадынан күшпен аластатылды. Жаны дарынды Жұматай осы түп шындықты көздеп, аспан ұрпақ – Ғұндардың аруағына табынып, оның ұрпағын ұлы бірлікке шақыра білген. Заманға кенжелеп келгенімен өзін тозғынға ұшыраған түріктің – тұқымы, Шыңғыстың жаршысы екендігін толық сезінген. 23-25 маусым 1993 ж. Көксу, Қаратал

Сағындық ТӘНЕКЕНОВ ҚОС АҚЫН – ҚОС ӨЗЕН СЕКІЛДІ ЕДІ «Жалын» баспасынан жерлесіміз Зайда Елғондинованың «Менің ертегім» атты естелік-эссесі жарық көрді. «...Сен тірісің, – дедім мен оған. –Сенің жарқын бейнеңді мен тірілтемін. – Ол сенсіз де тірі емес пе? Оның ғажайып жырлары Жұматай­ дың таңғажайып тағдырын келер ғасырларға өзі-ақ жеткізеді, – деді жота басындағы жасыл жусандар. – Ей, жасыл жусандар, Жұматайды мен өзім үшін тірілтемін, тек өзім үшін ғана. Өйткені ол менің Жұматайым, менің асыл досым. Өкініші естен кетпес сағынышым, – дедім» «Менің ертегім», «Жалын» баспасы, 1997 жыл, 6-бет Ақын Зайда Елғондинова Жұматайдың зираты басында оның рухымен Жұматайдың өзімен тірісіндегідей-ақ осылайша тілдеседі. Осы жолдардан аңғарылатындай, өмірден ерте кеткен жансерігін Зайданың өлді деуге қимай, өлді деп айтайын десе тілі күрмеліп, жағы ашылмай, өмірден өткеніне оншақты жыл болса да, оны әлі күнге тірі деп біліп, өзімен бетпе-бет қойып сөйлестіреді, осы­ лайша тілдестіреді, өзін-өзі тірі деп сендіреді, көңіліне медеу тұтады. Домбыраның қос ішегіндей екеуі бірге күмбірлетіп күй шертеді, бірінбірі сөзін тосып, бірге сөйлеседі. Иә, олар мәңгі бірге өмір сүреді... Бұл ақынның ақынға деген махаббатын, адалдығын, шын бе­ріл­ гендігін танытса керек-ті. Иә, ақын серті осылай. Серт бол­ғанда да адал серт. Өйткені ол онымен бірге тұрды, бірге жүрді, бірге өмір сүрді, бала сүйді. Ол оған адал жар бола білді, махаббатына адал болды. Балдай тәтті балғын жастық шағын бірге өткізді. Жүре­гінің

184 Жұ матай Ж а қ ы пбаев түбіне терең бойлатып, бар жылуын соған сыйлады, жанындай жақсы көрді. Зайда сол айтқан сөзін жұтып қойған жоқ. Сертінен таймай, сөзінде тұрды. Ақынның жоғарыда өзі айтқанындай, Жұматай­ды өлтірген жоқ. Жұматай бірде арқалы ақын болып, дәл тірісін­дегідей Зайдамен қатарласа отыра қалып, бірге айтысып кетеді. Зайда­ның сені тірілтемін деуі де осы болар, сәрі... Зайда: Көктем көшті көңілімнен, күз жебеп, О, жаратқан, жалғыз сабыр, сыйлағайсың жүз медет. Қайтқан құстың қанатының сусылын, Елеңдеймін, келіп қалған Сіз бе деп? Жұматай: Қиялдайсың, өз ойыңнан жиі арып, Бар сабырың, сезім сорып суалып. Түн ішінде көкке қарап «ұлисың», Аш қасқырдай ақша бетің қуарып... Зайда мен Жұматайдың екеуара таныстығы 1975 жылы Зайда­ ның Көксу аудандық газетінде әдеби қызметкер болып істеп жүрген кезден басталып, өрбіген махаббаты кейін басқұрасып, бірге өмір сүруге ұласады. Және олардың осы махаббаттары Жұматай мәңгі көз жұмып, суық жер қойнына түсіп, аппақ жүзін, мойылдай қап-қара шашын топырақ жапқанға дейін жалғасады. Жұматай өмір бойы өзі ғашық, өзі ынтық болып өткен Ләйләға біраз жырын арнайды, күй шығарады. Қане: Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ, Мойныңа жұқа алқызыл шарф байлап ап, Алаулап жүзің аса бір асқақ нұрменен, Алыстан тұрдың көзқарасыңменен аймалап. Қарадың солай, қарадың солай, обал не, Қарамадың ба, жоқ әлде? Кетіп те қалмай, кетіп те қалмай, содан кеп... Керемет бір ой кешікпей маған соғар деп, – Балалық шығар, бармадым сенің қасыңа, Батырлығым басыма пәле болар деп. Ойладым солай, ойладым солай, обал не, Қате ойладым ба, жоқ әлде?

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Қуаныштан күліп, ойым бір шалқып билемек. Кеттім мен сосын күнәсіз арман сүйрелеп. Қара шашты бала ақын болып тұр екем, Қабырғадағы айнадан көрсем үйге кеп. Ақын боп кеттім, ақын боп кеттім, обал не, Болмайын ба, жоқ әлде? Түнімен жазу үстелінде отырып, қиял мен ой әурелеп, таңға жуық қана Ләйләға арналған алғашқы туған өлеңі еді бұл Жұматайдың... Өз оқырмандарына бұдан бұрын «Қырдың қызыл реңі» ( 1984), «Қандай сұлу таң еді» (1986), «Менің ғасырым» (1989), «Мұнар мен Гүл» (1994) жыр жинақтарымен жақсы таныс болған жерлесіміз ақын Зайда Елғондинованың қаламынан туған бұдан кейінгі еңбегі «Менің ертегім» деп аталады. 1997 жылы мемлекеттік «Жалын» баспасынан жарық көрген осы ғұмырнамалық естелік-эссесінде, міне, осылар жайлы және осы сияқты ақын өміріне байланысты мәні зор, тағылымы мол әрі қызғылықты оқиғалар анық та айшықты баяндалады. Кітапты оқыған адам Зайда мен Жұматайдың бірге өткізген қысқа өмірінен және жазған шығармаларынан, қызметтес болған әрі әзілі жарасқан көптеген жолдас-жоралары, құрбықұрдастары, олармен қарым-қатынастары, сондай-ақ белгілі жақсы адамдар – басшылар, әдебиет өнер жанашырлары, өз әріптестері тағы басқалар жайлы көп мағлұматтар алады. Атап айтарлық, ең бастысы Зайда Елғондинованың қаламынан туған бұл ғұмырнама пәни дүниеден тым ерте өткен өзіндік өлең өрнектерімен оқырман қауымға кеңінен танылған дарынды ақын Жұматай Жақыпбаевтың өміріне арналады. Жұматайдай та­лантты ақынға адал дос, шынайы жолдас, сүйікті жар бола білген бүкіл әдебиет сүйер қауымға танымал ақын Зайданың бұл есте­лігінде күнделікті өмірдің сондай-ақ, өз өмірінің кейбір қызық та күйкі жақтары да орынды сөз болады. Өзі тірі кезінде қабілетіне жұрт тәнті болып, тамсана көз тігетін Жұматайдың өмірі, оның ашық-жарқын мінез-құлқы, өзі өмір бойы ғашық болып, қол жеткізе алмай кеткен ару Ләйләсі, өз мақсатына жету жолындағы Ләйләні құшып сүюге ынтыққан іс-әрекеті, қысқасы, күйініші мен сүйініші шығармаға өзекті арқау болған. Иә, бір ананың егізіндей болып өмір сүрген қос ақын қатар аққан қос өзен – Еділ мен Жайық секілденіп жарқырап-жайнап Жұматайдың Зайдамен қол ұстасып, бірге жүріп, бірге өткізген қысқа да қызықты өмірінен мол деректер береді. Қысқасы, осы кітап­тан қос ақынның өміріне байланысты кейбір беймәлім жайларды бі­луге болады.

186 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Автордың баяндау түрінде бағымдалып жазылған бұл еңбегі өз оқырмандарын ой жетегіне алып, жүгіртіп отырады. Бәрін білгісі келіп, қызығып оқиды. Қызыққандығынан оқиға желісіне қалай бойлап кеткендігін өздері де аңғармай қалары анық. Кітаптың тілі көркем әрі жатық, ол жұртшылықтың назарын аударып, лайықты бағасын алар деген үміттеміз. «Жетісу шұғыласы» газеті 1998 жыл 18 қыркүйек Гүлайым ТҮСТІКБАЙ ЖҰМАТАЙ – ШЫҢ, ЗАЙДА – ШЫНАР Жұматай Жақыпбаевтың поэзиясына мақтау айтудың қажеті жоқ. Өлең өлкесінде өзіндік қолтаңбасы бар ақынның жыр шумақтарын зерттеп, зерделесе оның даралығы, айшықтығы аңғарыла түсетіні анық. Поэзия елінің ерен батыры, оның тереңіне сүңгіген, биігіне төбесі жеткен Жұматайды білгіңіз келсе, жырларын қолға алыңыз. Ол бойындағы отты сезімнің, табиғат сұлулығының, қоғам тынысының, адам жанының түрлі құбылысының ғана жыр-зергері емес, қазақ, тіпті әлем әдебиеті мен тарихының керемет тұлғалары мен ерлік істерін жырына әдемі теңеу ретінде көмкере, келістіре білген терең де білікті ақын. Қулар мақсат қуа ала ма өрелі, Тек әлемнен қызық қана көреді. Жағымпаздық әлсіз, мисыз құлдардың, Рим жақта ойлап тапқан өнері. Оданы да ойлап тапқан жыр жазып, Плебейлер табу үшін түрлі азық. Спартакты бақытсыз құл дей алман, Бақытсыздар Молотов пен Жданов. Міне, ақынның ойы қалай самғайды. Екі әлемннің тарихи тұлғаларын салыстыра отырып, пенденің осалдығын, қоғамның жиіркенішті тұстарын аяусыз-ақ әшкерелейді. Ақын жүрегі мен философиялық ой түйеді. «Ойпырым-ай», – деп жағаңды ұстайсың. Құлдың қолға су құйып жүргені ештеңе емес-ау, дүниеде ел басқарғаны, билік айтқаны адамзат үшін қандай қауіпті! Ал тарихта

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м құл атанғанымен кеудесіндегі рух пен намыс, ерлік биікке көтер­ген алыптардың тұлғасын ел жамандықтан, жаладан аршып, араша­ лап алары сөзсіз екен. Жұматай Жақыпбаев адамзаттың бағасын биік­тен қарап береді. Ақын өлеңдері қоғамның қарасы мен ағын, ащы­сын мен тұщысын нақ суреттеуімен құнды. Өткен ғасыр­лар­ дағы қай ақынның өлеңін оқысаңыз да сол заманғы қоғамның исі, тір­шілік – тынысы айқын сезіледі. Жұматай ақын да сол үрдіс­тен танбаған. Оның жыры қазақ қоғамының, қазақ даласының сы­ры мен сұлулығын шертеді. Тәртедей түзу. Тәртіпті , төкпеген мұңын, Өлеңшілердің әлі күн сөкпеген бірін. Ақындарға мін қылды қажетті кезде, Жүгеріге айналып кетпегендігін, – деп ақын жүрегіне өктемдік пен бұйрықтың жүрмейтіндігін айтып бір қойса, «Сүйеніш» атты өлеңінде: «Балаң болсын өлеңіңнің жолдары, Сол бейнеден көз жазба, – деп – киелі», – Мені Данте Алигьери қолдады, Франческа Петрарка сүйеді, – деп әлем әдебиеті тұлғалары жауһар­ларының өмірі мен парасатын адамдық ұстанымына айнал­дыра білгендігін паш етеді. Өзінен кейінгі бір буын – Бауыржан Жақып, Қайрат Әлімбек, Кәдірбек Құныпияұлы, Гүлнар Салықбаева сияқты ақындар пір тұтқан, қаған көрген Жұматай Жақыпбаев поэзиясы – күллі қазақ­ тың рухани байлығы. Пендешіліктен биік тұрған, рухтың жа­нын­­да байлықты місе тұтпаған, екі аяқты қарапайым пенденің міне­зі­нен ада ақынмен жұп жарастырған Зайда апамыздың ақын ретінде ғана емес, әйел ретіндегі кереметтігі екенің бірінен табыла бер­мейді. Ол Жұматайдай ақынды Құдайдан кейін қолдаған пірі, шы­­найы махаббаттың қадіріне жеткен Қыз Жібегі дер едік. Жұмекеңнің «Ләйләсін» жан-тәнімен түсініп, төмен етектің қызға­нышына бой алдырмаған қазақтың ханшасындай пейілін бойы­на тұтқан Зайданың тылсым жан-дүниесі өз алдына жыр тауы болып қаланды. Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ, Мойныңа жұқа алқызыл шарф байлап ап. Алаулап жүзің аса бір асқақ нұрменен, Алыста тұрдың көзқарасыңмен аймалап, –

188 Жұ матай Ж а қ ы пбаев деп Ләйләға жыр арнаса, Жұматайын бүкіл жан-дүниесімен аймалап жанында Зайда жүрді. Мінезің де, білем сенің өр енді, Рас, ол да басатының жиі ағат. Сенің алтын қиялыңа мен енді, Өле-өлгенше жасамаспын қиянат. Ойлар ойлап опынғанша бос қасаң, Жыр оқысаң дұрыс болар тұра қап. Сенің алтын қиялыңа ешқашан, Жасағам жоқ, жасамаспын қиянат, – дейді Зайда ақын. «Ақын ғой, ол – ақын, – деп жұмсақтайды, Ер жігіт ешкімге де мұң шақпайды. Сақта сен, соны сақта, сақта», – дейді, Ал мені кім аялап, кім сақтайды?! – деп те назданады ақынның жары. Бірақ, Құдай қосқан қос ақынның үндестігі жарасым тапты. Жұматайдай арын иесіне Зайдадай ақын жанды әйелдің ақылы мен парасаты көлеңке түсірген жоқ. Жұматай Жақыпбаевты айта отырып, Зайданы айтпау мүмкін емес. Зайда жай ғана ақылды әйел емес, жүрегін сөйлеткен ақын әйел. Жұматай – шың, Зайда – шынар секілді. Қос ақынның өлеңі ғана емес, өмірі мен тағдыры да зерттеуге, зерделеуге, ұрпаққа үлгі етуге лайықты рухани дүние екені даусыз. Жұматай ақын «Менің атым» атты өлеңінде: Жиреннің қай күліктен атағы кем, Көкпарда көзсіз болу қата білем. Үш қабат үйдей тастан ат секіртіп, «Жұматай – Ажалсыз» да атанып ем. Алғанда Тәңірінен азар сұрап, Өшпейтін дәріптеусіз, назарсыз-ақ, Кемедей еш теңізге батпайтұғын, Апамның қойған аты – Ажалсыз ат, – деп аузына Құдай ғана салған сөзді айтады. «Талдықорған» газеті 5.02.2010 жыл.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Темірғали КӨПБАЕВ ЖҰМАТАЙ ҚАҒАНАТЫ Алматыға келмей тұрып-ақ Жұматай ағамның есіміне қанық болдым. Қара көз сөздің сұлу көшіндей өлеңдеріндегі нәзік иірімдер бала көңілімде ұялап қалатын. Оның жырларын оқығанда әуезді музыка тыңдағандай ғажайып күй кешетінмін. Сөз өнерінің сезіміңді еріксіз баурап алар сиқырлы құдіретін құлын санаммен түйсінгендей болушы едім. Оқыған сайын жан сарайым жарқырап, «романтик ақынның қиял траекториясына» (Жұматай) құлаш ұрып, жас көкіректегі арманым алысқа қанат қағатын. «Жалын» альманағының поэзия бөлімінде істейтін Жұмағаңа алғаш рет хат жазғаным есімде. Жиырмаға толмаған кезім еді. Он шақты өлеңімді жіберіп, «Жалынға» беруін өтінгем. Бір күні әдемі конвертпен хат келді. Ақын ағамның өзі қол қойған сол хат мені өлеңге одан сайын құштар етті. «Қазақ поэзиясына талантты ақын келді деп айтар күн жақын екен. Тума таланттың аяқ алысы байқалып тұ­рады. Көбірек жаз. Келешегіңе үміт артамын. Ағаң Жұматай». Көңілім құстай түледі. Жұмағаңның жылы пікірі өз қазанында өзі қай­нап жатқан менің қиялыма қанат бітіріп, жүрегіме сенім шуағын құйды. Өлең жазуға отырсам, Жұмағаң желкемнен қарап тұрғандай, сөзге жауапкершілікпен қарай бастадым. Жуғам жоқ ащы жаңбырмен, Жасыған, мұңды жанарды. Шашым да шәркез тағдырмен, Шатыраш ойнап ағарды... Бұл – Жұмағаңның жыры. Жан сыры. Қайсар рухы. Қандай қиындық көрсе де еңсесін төмен салмаған, тоқсан тарау тіршіліктің толқынында тағдырдан биік тұруға үйренген, өмірдің өткінші тығырықтарына күле қарап, жан сарайын күйкі мұңнан таза ұстауға тырысқан үлкен жүректі ақынның ақиқат алдындағы адал сөзі. Жаныма жігер береді. Тағдырдың көзіне тура қараймын. Жұматай сөзінің қуаты бойыма еніп алған. «Еңсесі түсіп, езілер езің мен емес» деймін тағдырға. Сексен төртінші жылдың жазында Алматыға келдім. КазГу-дің журналистика факультетіне оқуға түстім. Арман қала – Алматы. Бақыт құшағындағы КазГУ қалашығы. Бақыттан басымыз айна­ лады. Буырқанған көңілді дүрмекке аралыстым да кеттім. Бірін­ ші круста бәрі ақын. Қожакеев ағамыз айтпақшы, «болмаған Бе­ лин­ский, толмаған Толстойлар» толып жүр. Ал, төртінші, бесін­ ші курс­та­ғы ақындар айқындалып, әдеби ортада танылып қалған.

190 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Журналистика факультетінде Қайрат Әлімбек, Бауыржан Үсенов, Бауыржан Жақып, Гүлнәр Салықбай, Мұратбек Оспанов, Балапан Базар(Түкібаев), Табылды Досымов, филология факультетінде Светқали Нұржанов бар. «Балықшы балықшыны алыстан таниды» дегендей бірінші курстағылар жайына қалып, жоғарыда аталған өлең сарбаздары мені тобына қосып алды. Сол жылы күзде өмірі­нің соңғы күніне дейін жалыны басылмай кеткен жарқын талант иесі Есжан Айнабеков әскерден оралып, екінші курсқа кірді. Ол қыпқызыл от еді. Журналистика факультетінде Мұхаметжан Сералин атындағы әдеби бірлестік бар. Есжан келді де жандандырып жі­б­ ерді. Күн сайын студенттердің жаңа өлеңдері, әңгімелері талқы­ла­ нып жатады. Апта сайын талантты әдебиетшілермен кездесу өтеді. Арнайы орын немесе зал іздеп жатпаймыз. Бесінші жатақ­хананың фойесі дүрілдеп тұрады. Есжан екеуміз Түркістанда Саттар Ерубаев атындағы мек­ теп-интернатта бір сыныпта оқығанбыз. Бал бұлақтай бала кезден серттескен жан достар едік. «Есейгенде бір үйде тұрамыз»дейтін. Кейін солай болды да. Шухов көшесіндегі 120-үйде талай жыл бірге тұрдық. Бір күні Есжан дарынды ақын Әбубәкір Қайрановты кездесуге шақырамыз деді. Әдеби бірлестіктің бір мүшесі: – Оның бір-ақ кітабы бар ғой. Өзі тым жас, – деді ойланбастан. – Соның өзі жетеді, – деді Есжан өткір көзімен бәрімізді шолып өтіп, –за то, қандай кітап! Тоқсан жыл өмір сүріп, сондай бір кітап жаза алмай кеткендер көп. Әбіш 26-да, Сарттар Ерубаев 23-ақ жыл өмір сүрген, Сұлтанмахмұт ше, Шоқан ше? Өмір деген талантқа өлшем емес. Жұматай келеді. Оның екі-ақ кітабы бар. «Шұғынық гүл төркіні», мен «Саратан». Пышақтың қырындай. Ну и что? Ол поэзияның көгіне шықты ғой. Есжан әдеттегідей қызбалана сөйледі. «Жұматай келеді» деген сөзіне елең ете қалдым. Жұмағаңды бұған дейін көрмеген едім. Күтіп жүрдім. Әбубәкірдің кеші керемет өтті. Бірақ Жұмағаң келе алмады. Ертесіне Есжан екеуіміз бас ғимаратқа бірге бара жаттық. – Жұматай аға келмеді ғой, – дедім. Есжан үндемеді. – Сен ол кісіні жақсы білесің бе? – Ол тағы үнсіз. Темекісін будақтатып келеді. Кенет өлең оқи жөнелді. Трамвай түгіл, таксиде келе жатсам да, Ғимараттың басында құсша тізілген. Анардың қызыл дәніндей шамдар ақшамда, Сен жайлы өлең оқиды мұңлы ызыңмен. «Қазақстан» қонақүйінің үстіндегі қып-қызыл шамдарды көріп пе ең? Солар кешке қарай ән салғандай ызыңдап тұрады. Со­ның өзі де Ләйлә туралы жырлап тұрғандай. Қалай көреді десеңші! Ға­жайып ақын ғой!

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Мен Кенежирен туралы оқып бердім: Құла жирен, туа бітті қасқабас, Молда мінсе дұғасынан тастамас. Бермейтін-ақ атым еді қайтейін, Бес моторлы самолетке баспа-бас. – Бес моторлы самолетін кім біліпті. Бірақ ақынның көңілі ғой. Кенежиренін Бітіқара атқа емес, самолетке де ауыстырғысы келмейді. Бұл – шексіз сүю. Басқаша айтса Кенежиреннің бағасы түсіп қалады. Ғажап ақын! – дедім мен де еркін сілтеп, әсіресе ана, бір жері: Заулайтын еді әуелеп ұшқан кемедей, Зымырайтын еді түрмеден қашқан немедей. Екеуміз жарқылдай күлдік. – Тұлпардың жүйріктігін анаған теңеп, мынаған теңеп әуреміз. Түрмеден қашқан неме алды-артына қарамай безеді ғой, безеді, – дедім. Күлкіге көмілдік. Жұматайдың өлеңіне кіріп кеткенбіз. Күлкімізді тоқтата алмаймыз. Орта жолда арсалаңдап Қайрат Әлімбеков қуып жетті. Жұматай туралы әңгімемізге араласып, оның өлеңдерін ағызып оқи бастады. Екі-үш күннен кейін Есжан, Қайрат үшеуіміз Жұмағаңның үйіне бардық. Зайда жеңешем үйде жоқ екен. Гитарасын құшақ­ тап Қажытай аға отыр (Ілиясовты айтамын). Дабырлап, жарқын амандастық. – Келіңдер, келіңдер, – деді Жұмағаң әдемі қара көздері күлім­ дей қарап. Бұрыннан таныс адамдай мені де бауырына алып, құшақ­ тады. Жайғасқаннан кейін арыны қайтпаған Қажытай көкем: – Тоқтаңдаршы! «Жұматайдың жұпбасарын» тартып берейін, – деп гитарасын оңтайлады. Қажекең күйді гитарамен тартады. Ғала­ мат шебер орындайды. – Мына інімді танымадым ғой, –деді ол күй біткен соң ма­ған қарап. Жұмағаң сабырлы. Жымиып қарайды. – Бұл менің кластас досым –Темірғали. –Сөзге Есжан кірісті. – Алматыға жаңа келген жас ақын. Журфакта оқиды. – Ақын ба? –деді Қажытай аға. –Әй Жұматай! Сенің қағана­тыңа тағы бір ноян қосылды. Құттықтаймын! – Ауылда жүргенде Жұмағаңнан хат алғаным бар, –дедім мен. Бағанадан бері үндемей отырған Жұматай аға қозғалақтап бір денесімен маған қарай бұрылды. – Осы сен таудағы Темірғали емессің бе? –деді таңдана қарап. – Иә. Мен таудың баласымын. Қайдан білдіңіз, аға? – «Жалында» жүргенде жазған едім ол хатты. Есімде. Сен мүлде хабарласпай кеттің ғой. Сенің өлеңдеріңді жарияламадық. Шық­қан соң бірден жарқырап шықсын деп едім. Ағаңа өкпелеген жоқ­сың ба? – Жоқ, аға.

192 Жұ матай Ж а қ ы пбаев – Ал сенің атың менің есімде бірден сақталып қалды. Өйткені, біздің Сарноқай жақта Темірғали деген тамаша ақын өткен. Аттас екенсің. – Бір өлеңін оқысын да. Енді «Жалынға» беруге жарап қалған шығар, –деді Қажекең қырылдай күліп, –Мына Жұматай қағанат құрып жатыр. «Необогемский могольский каганат». Моғол қаға­ наты. Соған қабылдау үшін жақсы өлеңдерің болса оқып жібер. Жұмағаң жымиған қалпы қарап отыр. «Оқып жібер» дегендей, ол да басын изеді. – Ең қысқа өлеңімді оқып көрейін, – дедім сәл қысылып. Жаңбыр Зілмауыр салмақ шыдатпай, Көбесі көктің сөгіліп. Ақша бұлт аппақ сынаптай, Жаңбыр боп кетті төгіліп. Кеттім мен кешіп белшемнен, Төгіліп жатқан маржанды. Мөлдірлік деген өлшеммен, Бағалау үшін бар жанды. – Сен көп өсіпсің, – деді Жұмағаң, – шынында да «Жалынға» сұранып тұр. Бәріміз күліп алдық. – Зілмауыр салмақ. Өмірдің салмағы ауыр. Ақынның ап­пақ жаны оған шыдай алсын ба? Сезімдерінің көбесі сөгіледі. Мұңы жыр боп, жаңбыр боп төгіледі. Тазалық, адалдық, мөлдірлікті өмір­ дің өлшемі етіп ұстау екені, бірінің қолынан келмейді. Бұл өнер­дің асыл мұраты. Жарайсың! Сені қағанатқа қабылдаймын. Сол үшін мына мөлдір судан бір алайық. Жарықтық, бұл да мөлдірау. Мөл­ дір өлеңдерің көбейе берсін, Темуджин. Мен саған ноян деген шен беріп, Темуджин деп ат қойдым. Қалай? – Рахмет, аға! Сеніміңізді ақтауға тырысамын, – дедім қуа­ны­ шым қойныма сыймай. Есжан мен Қайрат бұрыннан ноян екен. – Ал құтты болсын! Моғол қағанаты жасасын! Қаған­ның денсаулығы үшін ішейік! Сол күні Жұмағаңмен ұзақ сырластық, сұрастық. Қағанмен осылай таныстым. Қағанатта ең талантты ақындар бас қосқан. Өмір тәжірибе­сіне, жасына қарай қаған олардың бәріне шен беріп қойған. Қажытай аға – кеңесші. Аса талантты ақын Мейірхан Ақдәулетов – илхан, орысша-қазақша бірдей сілейтін Әуезхан Қодар – гоан, бөрі мінезді

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м алапат ақын Әбубәкір Қайран – Саид, біз – Нұрлан Мәукенұлы, Есжан Айнабеков, Светқали Нұржанов, Қайрат Әлімбеков, Гүлнәр Салықбай, Бауыржан Үсенов, Бауыржан Жақып, Нұрлан Әбдібеков, Кәдірбек Құныпияұлы, Айсұлу Рүстемова, т.б. жаужүрек нояндармыз. Үнемі қағанды айналып, бірге жүреміз. Жұмағаңның айтқанын екі етпейміз. Ал дейді – аламыз. Тарт дейді – тартамыз. Қуанышта, қайғыда біргеміз. Бәріміз бірге туған ағайындай болып кеткенбіз. Жұмағаң жас нояндардың арасында көп жүреді. Сонысын байқаған Жарасқан, Жұматайды: «Кәрілердің ең жасы, Жастардың ең кәрісі», – деп эпиграмма жазғаны бар. Онысы шындыққа келетін. Әдеби ортада көреалмаушылық, күндеу, қызғану деген кездесетін қызыл ит қой. Бірге жүрген достар да кейде бір-бірінен қызғанып қалады. Ондай жағдайды қаған тамыршыдай тап басады. Түсіндіріп, тоқтатып тастайды. Кейде белгілі тақырыпта көзқарас қайшылықтары кездеспей тұрмайды. Айтысып, тартысып қаламыз. Кейде келісе алмай араздасып қалатын да кездер бар. Қаған шақыртып алады. Асықпай аңдатады. Жарастырып жібереді. Жұмағаң адамды сыртынан жамандамайды. Көзіне айтады. Қағанаттағыларды да солай үйретеді. «Біреуді ғайбаттап асыл уақытыңды қор қылма. Негізі жақсы сөз жақсылыққа жеткізеді» дейді. Қаған отырған жерде өлең оқылмай қалмайды. Жақсы өлең­нен жаны рахат табады. Нашар өлең оқығанда сөкпейді. Ойланып, үн­сіз қалады. Тек, «мына арақ тым ащы екен» дейді. Онысын бәріміз бі­ліп алғанбыз. Қағанатқа кірмеген ақындар талантты болса үнемі мақ­ тап жүреді. Ондайда «мына біздің жігіт екен» дейді. Бүкіл қағанат ол ақынды құрметтей бастайды. Жұматай аға Жазушылар одағына жиі барады. Өйткені, ноян­ дарының көбі сонда. Кездесеміз. «Сендерді сағындым, – дейді. – Біраз өлең жаздым. Бір жерге барып отырайық. Өлең оқиық», – дейді. Нояндары жұмыстан сұранып шығады. Сол күні өлең­ге, әңгімеге кенелеміз. Студент кезіміз. Көбіне ашқұрсақ жүреміз. Бір күні Одақта Аманхан Әлім ағамыз жолыға кетсін. – Темірғали, қалайсың? Үй-іші аман ба? – Қашанғы әдетімен жадырай амандасты. Әбекеңмен атышулы «Татаркада» көрші тұрға­ нымыз бар. Әдебиетшілердің арасында «ұлы ақындардың бәрі Татаркадан шығады» деген сөз қалған. Татарканың талқанын біраз жегенбіз. – Өзіңіз қалайсыз, аға? Өлең қалай?

194 Жұ матай Ж а қ ы пбаев – Бұрқыратып жатырмын. Сенің өлеңдеріңдегі суреттер маған ұнайды. Газетке жиі берсеңші. – «Қазақ әдебиетінің» өткен санында ғана шықты ғой. – Иә, оқыдым. Соны айтып тұрмын. Аманхан ағамның ойына не келгенін білдім. Кенет ол: – Осы сен отызға толдың ба? – деп сұрады. – Жоқ, аға, әлі қайда-а! – Жаңағы өлеңдерің шыққан газет бар ма? – Редакциядан алуға болады. Не болды? – Тез алып кел. Айтпақшы, сен литфондтан ақша алып па ең? – Қандай ақша? Ешқандай ақша алған емеспін. – Болды онда. Тез алып кел. Мен күте тұрайын. – Қазір, – дедім де, жоғары қабатқа көтеріліп кеттім. Газеттің бір данасын алып төмен түссем, Әбекең күтіп тұр. – Жүр, барайық. Сәкен Жүнісов литфондтың бастығы. Отызға толмаған жас ақын-жазушыларға мемлекеттің беретін отыз сомы бар. Өмірде бір-ақ рет беріледі. Саған алып берейін. – Рахмет, Әбеке! Бағымызға қарай Сәкен аға орнында отыр екен. – Кел, Аманхан, не шаруамен жүрсің? – деді. – Аға, мына ініңіз мықты екен,Темірғали Көпбаев деген. Міне, кешегі «Қазақ әдебиетіне» шыққан топтамасы. – Мен көрдім. Өлеңдері жақсы екен. Маған ұнады. – Онда тіпті жақсы болды. Ұнаса бұл ініңіз әлі отызға толған жоқ. Анау, тиісті отыз сомын берсеңіз, одан сайын жақсы болар еді. Сәкен аға күліп жіберді. – Тура өзің алайын деп тұрғандай жанұшырасың. Жазсын өті­ нішін. Берейік. Даладан тауып алғандай қуанып, отыз сомды қалтаға бастым. Сәкен аға мен Әбекеңе рахметімді жаудырып сыртқа шықсам, есіктің алдында басына әдемі қара шляпа, үстіне қара қайыс плащ киген Жұмағаң тұр. – Темуджин, қалайсың әкем? Қайдан жүрсің? – деді қиылған қа­ ра мұрты езуіне созылып. Жұмағаңның «әкем» деп сөйлейтін әдеті. – Байыдық, Жұмаға. Жүріңіз, мұртымызды сыраға малайық. Менің қуанып тұрғанымды көріп, жадырай түсті. – Қаламақы алдың ба? – Одан да зорын алдым. Үкіметтің өзі берді. – Ол аң-таң, – қолы­ ңыз бос па? Жүрсеңізші! Өлең оқығым келіп тұр, – деймін қиылып. – Екеумізге жетеді. Отыз сом алдым. Литфондтан Сәкен Жүнісов берді. Менің ішегім шұрқырап тұр. Жүріңізші, мына жақын жерден тамақтанайық, сыра ішіп, сыр ашып қайтайық. Жұмағаң қозғала қоймады. Әлдебіреулер кезігіп, сөйлесіп тұр.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м – Темуджин, сыра ішейік дейсің бе? – деді жалғыз қалған соң маған бұрылып. – Жүріңіз, әбден қарным ашты. – Біздің үйде бір қазан тамақ тұр. Жеңгең нарын жасап қойған. Сыра деген суық нәрсе. Өзі сасық. Қуатыны тағы бар. Ісіндіретіні тағы бар. Оған сен үйір болма. Ал арақтың жөні басқа. Жұқалап ішсең, қан айналымын жақсартады. Денеңді жіпсітеді. Басың ауырса жазады. Терлетеді. Арқаландырып тұратынын айтсаңшы. Қағанатқа барып қайтпайсың ба? Үйдегідей болмайды. Домбыра шертейік. Әңгімелесейік. Бүгін біздің үйде қон. – Түсіндім, Жұмаға. Айтқаныңыз болсын. Жолдан екі жарты ащы су алып, Тимирязев пен Марков көшелерінің қиылысындағы Жұмағаңның үйіне келдік. Өткен күні ет асқан екен. Зайда жеңешем бір қазан нарын жасап қойып­ты. Жұмағаң Қайрат пен Есжанды шақырып алды. Әлден соң Әуезхан­ ды алдыртты. Оны сұмдық жақсы көретін. Қажытай ағам да келді. Жеңешем қабағын шытпайды. Өйткені, өзі де ғаламат ақын ғой. Жұматай ағам күй тартты. Өзінің күйлері. Сол күйлер құлағымда қалып қойды. «Қазақ әдебиеті» 29.05.2009 жыл Батырболат АЙБОЛАТҰЛЫ «ЖҰМАТАЙДЫҢ ЛӘЙЛӘСІН КӨРЕР МЕ ЕДІ...» Кезінде жатақхананың қара нанын бөлісіп жеген сырлас, қаламдас дос Қазыбек Құттымұратұлының өз көңіліндегі сүйіктісіне арнаған студент шақтағы бір өлеңінде «Сұлулығы өзіңнен қандай екен, Жұматайдың Ләйләсін көрер ме еді...» деген жолдар бар-тын. Шынында да Жұматай Жақыпбаевтың жауһар шығармашы­лы­ғы­ мен таныс жанның ақынның өмірлік ғашығы һәм музасы Ләйлә аруды көруге, оның кім екенін білуге ынтызары аумауы мүмкін емес шығар... Біздің студенттік кезеңіміз сол тұста аты ауыздан түспейтін Жұматай ақынмен жаппай «ауырумен» басталғаны – «махаббат, қызық мол жылдардың» бір шындығы. Біз қатарластар өзіміз көзімізбен көріп үлгере алмай қалған қайран Жұм-ағаңның: – Сені, Ләйлә, қара көзді киелім, Қайыспайтын қара жерше сүйемін! – деп, енді бірде: ...Кетер күнім... Келер, келер ол дағы,

196 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Бір қаралы шеру шығар жолға әлі. Сол кезде бір жан баласы жыламай, Ләйлә, жалғыз сен өкінсең болғаны, – деген, болмаса: – Қанша ғажап азап шектім Ләйлә деп, Менен асқан бақытты адам жоқ, күнім! – деп кейде шаттана, кейде мұңая әлде егіле жырлаған өлеңдерін жатқа соғатынбыз. Арамызда оған еліктеп жыр жазып, ақынның өзіне өлең арнағанымыз да аз емес. Шайырдың көзі тірісінде шыққан қалыңдығы пышақтың қырындай ғана үш сирек кітабы біздің арамызда қолдан қолға өтіп жүріп, тозды десек болады. Соның бірі – «Ләйлә» атты кітапшасы. «Тәкаппар аппақ жүзінде Тарыдай бір мең бар...», «Ханшадай өзін ұстаған, қара алмас көзді, бал ерін» Ләйләнің Жұматай өлеңдеріндегі детальдардан құралып, әрі қарай қиялымызбен сомдалып-өңделген сұлу бейнесі әрқайсымыздың көкейімізде сол кезде орын тепкені өтірік емес. Ал өмірдегі Ләйлә Бейісбекқызы Досмұхамбетованың сонау 60-жылдардан бері Мәскеуде өмір сүріп жатқанын білеміз. Қосылуына тағдыр жазбаған, бірақ Жұматайдың жырына өмірлік өзек болып, көптің көңіліндегі аңсарлы бейнеге айналған «Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ» сол Ләйләнің Астанада анасы Балапан Арынова мен туған сіңлісі Майра тұратыны туралы мағлұмат құлағымызға тигенде оларды тауып, жолыққанша асықтық. Алдымен телефон арқылы тілдестік, алайда Балапан апаймен жүз көрісуіміз кешеуілдей берді. 84 жастағы кейуана ауырып қала берген соң, ақыры қызы Майрамен жолығуды қанағат етуге тура келді. – Өздеріңіз де білетін боларсыздар, Ләйлә мен Жұматайдың арасында айтарлықтай терең, тығыз қарым-қатынас болмаған ғой. Тіпті Жұматай онымен тек бірер рет қана кездесіп, бірнеше рет үйге шығарып салған сияқты... Анамның жұмыс бабымен біздер Талдықорғанға таман көшкенімізде Ләйлә сондағы кешкі орыс мектебінде оқыды да, Жұматай оған қарама-қарсы орналасқан қазақ интернатында жатқан екен. Олар сол кездері танысса керек, –дейді сіңлісі Майра. Жұматайдың өзі: Он жетімде сені көрдім, көрдім де, Көрмей сені тұра алмайтын болдым мен! – деп жазғанын білеміз. – Ләйлә екеуміздің арамыз 8 жас, ол жоғары сыныпта оқығанда мен бастауыштағы баламын. Талдықорғанның жанындағы Еркін деген ауылда тұратын біздің үйге дейін Жұматай қаладағы мектепке оқитын Ләйләні шығарып салған кездері болған, ал ол едәуір жер, –деп еске алады Майра Досмұхамбетова бізбен әңгімесінде. Ләйлә 1946 жылы 4 қазанда дүниеге келген. Ол үйдің тұңғышы болғанда, Майра кенжесі. – Ләйлә тәтем кейін ҚазМу-ге түскен соң Мәскеу универси­ тетіне ауыстырылған. Ол кезде үздік оқып, ерекше көзге түскен

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м студенттерді Мәскеу, Ленинград тәрізді сол кездегі Одақтың үлкен қалаларына жіберетін дәстүр болған ғой. МГУ-дің тарих-архивтану факультетін бітірген соң практикада болған Ләйлә сол қалада біржола қалып қойды. Мен 7-сыныптан бастап Одақ көлемінде бірнеше рет олимпиадаға бардым. Соның бірінде Воронеж арқылы Мәскеудегі Ләйләға соққанымда оны әлдебіреу «Сөйлесу пунктіне» телефонға шақырып, мен ере бардым. Телефон шалады деп күтпеген болса керек, алғаш тұтқаның ар жағындағы адамның кім екенін сұраған соң Ләйлә таңырқаған үнмен «Жұматай?» деп дауыстап, сәл кідіріп барып жауап бергені бар. Солайша олардың бір-ақ рет телефонмен сөйлескеніне куә болған едім, –дейді ол. Сіңлісі Майраның айтуынша, Ләйлә жасөспірім шағында қатарластары арасынан ерекшеленіп тұратын, сондай алғыр, талапты, батыл, өткір жан болыпты. Барлық жақсы нәрсені үйреніп алғысы келіп тұрады екен. Орыс мектебінде оқығанымен, қазақтың жалпақ тілінде ауызекі еркін тілдесе алады. Гитара тартып, сахнада ән салатын, ептеп өлең шығаратын да болған. Жақсы оқығаны үшін «Артек» лагеріне де барып, тіпті онда пионерлердің дружина кеңесінің төрайымы болыпты. «Үйге кейін алғысхат келді, лагерьде бірге болған достарынан да Одақтың әр жерінен көпке дейін хаттар келіп жүрді. Сонда тек қана Жұматай емес, оған көп адам ғашық болған ғой, ойлап отырсақ. Егер осында оқып, елде қалса, ол бір атақты адамға айналар еді деп ойлаймын» дейді Майра Бейісбекқызы. Кезінде әйгілі «Гауһартас» фильмін түсірушілер Ләйләға бас кейіпкер рөлін ұсынып, қолына сценарийді беріп, бірталай айналдырған. Басқа фильмдерге де ұсыныстар болған екен. Өкінішке қарай, әртіс-актер дегенге үрке қарайтын сол кездің түсінігімен әке-шешесі қарсы боп, «оқуыңды бітіріп ал» деп, рұқсат бермей қойыпты. – Анам «Біз сол кезде біліміміз болса да, надан болдық» деп өкі­ніп отырады, –дейді Майра апай ол жөнінде. Бұл мағлұматтар Ләйлә туралы алғаш «Қазақ әдебиеті» газетінен 2005 жылғы 21 қазанындағы санында жарық көрген Сайлаубай Тойлыбаев деген автордың «Жұматайдың Ләйләсі» атты мақаласында айтылған жайт­ тарды толықтыра түседі. Онда Балапан апай Ләйләнің тіпті оқушы кезінде «Асока» аталатын операда басты рөлді ойнағанын да айтады. Ләйләнің Жұматай жырларынан басқа да өнер туындылары­ның тууына себепші болғаны хақында Сайлаубай Тойлыбаев жазған тағы бір дерек – әйгілі композитор Әсет Бейсеуовтің «Меңді қыз» әнінің Ләйләға арналғандығы. Талайдың шабытына қозғау салған сол ару Ләйлә тағдырдың жазуымен Мәскеуде ұлты басқа бір азаматпен бас қосқан. Бүгінде өз отбасы, 27-28 жас шамасында Митя-Дмитрий атты жалғыз ұлдары бар. «Тәтем тұрмысқа кеш шықты ғой, –дейді

198 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Майра. – Бірақ оған талай, тіпті басқа ұлттың жігіттері де ғашық болған, көркіне ақылы сай, мінезі де тартымды, көпшіл еді өзі де. Ләйлә алғаш өзге ұлт өкіліне, шет жерге тұрмысқа шығатынын айтқанда үй іші қарсы болып, сол себепті ол біраз уақыт ешкіммен хабарласпай, қатынаспай, томағатұйық қалды». Әрине, кейіпкеріміздің байырқалы, тыныш өміріне көлденеңнен килігудің жөні жоқ. Ләйләнің тіпті қосағының аты-жөнін жария етуді де қаламаған Майра апайды оның Мәскеудегі телефоны мен мекенжайын қиыла көп сұрап қинай алмадық. Білгеніміз, бүгінде Ләйлә қызметі арқылы алған Мәскеудегі үйінде тұрып жатыр. Қазір зейнет демалысында көрінеді, бірақ әлдебір жеке фирмада жұмыс істеп жүрсе керек. Мәскеуден елге жылда келіп тұрады, өткен жазда ғана Астанада болып қайтқан. Жұматайдың өлеңдері, кітаптары, өзі туралы жазылған мақала – бәрін көрген, жақсы біледі. Олар ішкі дүниесінде қандай сезім толқыныстарын тудыратыны, әлбетте, сіз бен біз үшін беймәлім, қадірлі оқырман. Бәлкім «Жұматайдың Ләйләсінің» өзінен сұраудың да реті келер. Ләйлә Астанаға келіп қалса, бізге хабарлап, жолықтыруды сіңлісі Майраға өтініш етіп, құлаққағыс қылуды ұмытқанымыз жоқ. Айтпақшы, Майра апайдың айтуынша, Ләйлә мен Жұматайдың жұбайы Зайда кезінде бір ауылда, Мұқырда тұрыпты. Сол уақтаақ Жұматайдың Ләйләға ғашық екенін айналасындағы біраз жұрт білген деседі. Жұматайдың бірі өлеңіне, бірі өміріне серік болған Ләйлә мен Зайданың алыстан туысатын өзара ағайыншылығы да жоқ емес болса керек. «Айқын» газеті 28.02.2008 жыл. Маруана ХАМЗАҚЫЗЫ ЖҰМАТАЙ АҚЫН ЖӘНЕ ГҮЛ Гүлінің молдығынан сабағы майысқан бөртегүл мен көгілдір дала гүлінің хош иісі мұрын жарады. Құмыра толы құшақ-құшақ гүлді терезе алдына да, стол үстіне де, еденге де жайғастырып тас­­тағам. Бұл – Жұматай ақынның мерейтойыма арнап тартқан сыйы. Иә, иә, таңданбаңыздар, Жетісудің теңдессіз лиригі, қысқа ғұмырында нәзік сезімді жырлап өткен Жұматай Жақыпбаевтың өзіме қайтарған гүлі… Бұл адам сенгісіз хикаят былай басталып еді…

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Ілияс Жансүгіров атындағы педагогика институты ашылған жылы мен осы оқу орнының алғашқы студенттерінің қатарында едім. Талдықорғанға кіре берістегі ықшамауданда Айдархан жездем мен Қарлығаш әпкемнің қолында тұрып оқыдым. Бұл үйдің есігі күндіз-түні бір жабылмай, төрінен қонақ үзілмейтін. Осы шаңы­ рақта жүріп қазақтың талай-талай игі жақсыларымен таныстым. Дәнеш Рақышев, Қуаныш Сұлтанов, Ақселеу Сейдімбеков, Қойшы­ ғара Салғарин, Сәкен Иманасов, Әбен Дәуренбековтер бұл үйде жиі бас қосатын. Жұматай ағамен де осы үйде жүздесіп едік. Жездемнің жақын досы, жаратылысынан жаны ерекше Жұме­ кең­нің бар болмысы да бөлекше еді. Сұлу мұртын сипап қойып, өмірі бір асықпай-саспай, бойын тіктеп жүретін. Көп тыңдап,аз сөйлейтін. Отырыстарда домбыраны қолға алып, құлағын баппен бұрап, шерте бастағанында, жұрт бірден тына қалатын еді. Содан соң домбыраның қоңыр үніне ақынның сазды даусы қосылып, жаныңды жаулап алар керемет бір үндестік туындайтын. «Айыбым болса кеше жүр, асқақтау жердің маралы…» Әнін ширата бастағанда, ақынның жан сыры отырған жұртты түгел баурап, бар дүние ұмыт болатын. Тек осы сәт, осы ән, осы үн, осы сағыныш пен үзілмеген үміт қана үлбіреп тұратын еді-ау бөлмеде. Ән қалықтап барып үзілген шақта, тыңдаушылар тәтті сезімдерін кілт үзгісі келмей, біраз уақыт маужырап, мұңға бата­ тын. Содан кейін әңгіме-дүкен басқа бір арнаға ауысушы еді. Жұрт қолқалап ақынға өлеңдерін оқытып, күйлерін шеркізетін. Айтқан әңгімелерін ұйып тыңдайтын. Өз басым одан кейін өлеңдерін дәл Жұматайдай мәнерлеп оқып, әнді әуелете шырқайтын, күйін құйқылжыта тартатын ақынды кездестірген емеспін. Мүмкін, ондай дарындар маған жолықпаған шығар. Иә, айтпақшы, мен айтайын деген әңгімемнің ауанынан біраз ауытқып барады екенмін. Көктемнің бір жарқыраған күні еді. Айнала құлпырып, құстар құйқылжыта ән салған шақ. Қысқы сессия артта қалған, жаз­ ғысына әлі біраз уақыт бар, қарын тоқ, көйлек көк дегендей. Көңілім алып-ұшып, аяғым жерге бір тисе, бірде тимей, жатақ­ ха­на­дағы құрбыларыммен кездесуге орталық көшемен ұшып ке­ лем. Өте тығыз шаруам бардай, тым асығыспын. Әлдебіреу атым­ ды атап шақырғандай ма… Кім болды екен деп, жан-жағыма қа­ радым. Жападан жалғыз, көшенің қоршау темірінде арқасын күнге тосып, Жұматай аға отыр екен. Қасына барып, сәлем­дестім. Ол кісі биязы жымиып, «Аманбысың, қалқам!» – деді. Жөн сұрады. Уақыты бос болды ма, білмеймін, Жұмекең өзіне тән кербез мәнеріне салып, ананы-мынаны тәптіштеп сұрай бастады. Көбейіп бара жатқан сұрақтарына жауабым таусылып, мынадай та­маша шақта жалғызсырап отырған ақынның көңілін аулайын дедім де,

200 Жұ матай Ж а қ ы пбаев қолымдағы бір тал шұғынық гүлін ұсынып, «Аға, мынау сізге…» – дедім. Ақын гүл атаулыны тұңғыш рет көргендей, таңырқай қарап, үнсіз отырып қалды. Мен асыға қоштасып, өз жөніме кете бардым… Содан кейін азғана уақыт өткен еді. Бір күні сабаққа келсем, курстастарым жамырап, «Саған Жұматай Жақыпбаев өлең шығарыпты, радиодан естідік», – дейді. Бұл жаңалыққа сенерсенбесімді білмей жүргенде, Жұмекеңнің өзі де біздің үйге келе қалды. Қайран балалық-ай десеңізші, «Аға, аға! – деймін, – жұрт Сіз маған өлең шығарды дейді, рас па? Оқып беріңізші!», – деп қолқалаймын. «Шығарғаным рас, өлең сен сыйлаған шұғынық гүл жайында, бірақ сөздерін ұмытып қалыппын...», – дейді ақын қысылыңқырап. Қылқылдап қоймаған соң, екі шумағы ғана есімде қалыпты, соны оқып берейін, дегендегісі: «Наградталып көрмеген екем туғалы, жапырақтар сонда қол соғып бәрі шулады...», – болды. Сол шумақтар жадымда осы күнге дейін сақталып, есейе келе маза бермейтін болды. Бірде өлеңнің басқа шумақтары қандай болды екен деп ойласам, енді бірде бір тал гүлді баға жетпес сыйға балаған ақын сезіміне таң болам... Амал қанша, қанша іздестірсем де, сол өлеңнің толық нұсқасы қолыма бір түспеді. Бұл да болса суреткер құдіретінің бір жұмбағы шығар деген жорамалмен арада жылдар өтті. Иә, содан бері қаншама су ақты, қаншама көктем келіп, дала төсі алқызыл гүлдерге бөленді. Есейіп, егде тарттық. Өткен жылдың көктемінде достарымызбен қыдырып қырқаға бардық. Жол бастаушымыз – жиенімнің дос ағасы, жердің жайын жақсы білетін Өмірбай ақын. Барған жерден ұзын сапты селебе пышағымен үңгіп жерошақ қазып, қала тұрғындарын бір таңдандырған.Әңгіме барысында Жұматай атын атағанда, кездейсоқ жерден ортақ таныс тапқаныма мен де таңырқадым. Дүлдүл ақынмен кезінде таныс болғанымды айтып, баяғы оқиғаны баяндап бердім. Өмекең айналайын, қарағым-ай!–деп бәйек болды да қалды. Студенттік досын емірене есіне алып, ағынан жарылды. Содан соң ескі таныстардай, өткенді еске алып, шүйіркелесіп қалдық. Кеш батуға ыңғайланды. Қайтуға жиналсақ та, бәріміз күні бойы айтылған әңгімелер әсеріне тәнтіміз. Көлігіміз бір белестен асқанда, алдымыздағы жадағай қыратқа жайқала өскен небір әсем қыр гүлдері көздің жауын алып, тоқтамасымызға қоймады. Нәзік сабақтарының басындағы үлбіреген шағын көгілдір гүлдері бейне бір үлпілдеп қонған көбелек дерсің. Үзіліп кетердей, бар болмысы тазалық пен пәктіктің нышаны іспетті, жүректі еріксіз шымыр еткізеді. Сайын даланы көмкерген гүлдің көптігі сондай, жер бетіне көгілдір жібек матаны, яки масаты

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м кілемді төсей салғандай, керім бір көрініс. Бұрын-соңды көрмеген ғажайып гүлдер... Күннің ұясына қонған ғажайып суреті, ымырт үйірілген бейуақ мезгіл... Осының бәрі менің көз алдымда әлі күнге дейін сақтаулы тұрғандай... Шыдай алмай, машинаны тоқтатып, жүгіре шықтым. Өмірбай ақын жұрттан бұрын түсіп, гүл теруге кірісіп кетіпті. Басқалар да одан қалысар емес. Енді біреулері кешкі жұпар ауамен рахаттана тыныстап, айналаға барлай қарайды. Теріп алған құшақ-құшақ гүлін қолтығына қысқан Өмекең қасыма жақындады. Маған қарап: «Қарағым, кезінде досыма гүл сыйлаған екенсің. Аруағыңнан айналайын, Жұматай, көзі тірі болса, қарымтасын өзі өтер еді. Осы дала гүлін Жұмекеңнің атынан саған ұсынып тұрмын, қабыл ал!», – деді бар ықыласымен. «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін», – деп, данышпан қазақ қалай тауып айтқан, риясыз дос көңіліне қатты толқып, Жұматай сыйын Өмірбай ақынның қолынан алдым... Қайтуға асықсақ та, Өмекең қоярда-қоймай жолдан өз үйіне түсірді. Кетерде біздерді мәрттігіне тағы бір тәнті етіп, өз шарбағындағы қалың өскен әдемі бөртегүлден молынан үзіп, шоқшоғымен бәрімізге тарту етті. Біздер қонақжай отбасымен қимай қоштасып, түнделетіп Алматыға жүріп кеттік. Сыйға алған гүлдер құшағыма әзер сыйып, көлігім бүтіндей гүлге көмілді. Әлсін-әлсін бетімді жұпар аңқыған гүл шоғына басып, емірене иіскеймін. Іштей қатты толқып, үн-түнсіз отырмын. Бір сәтке сол бір шуақты көктемім, сонау гүлдей жайнаған он жеті жасым қайта оралғандай. Апыр-ай, десеңізші, ақынға гүл ұсынған сол күннен бері санасам, тұп-тура отыз үш жыл өткен екен. Қайран, Жұмекең! Араға аттай отыз үш жыл салып, жадыраған осынау көктем күні, сол бір тал гүлімді өзіме десте-десте етіп қайтарды. Кезінде өлеңнен шашу шашса, бүгін міне, ақынның жомарт жаны гүлден де шашу шашқан екен -ау... Осы жерде нүкте қойылып, хикаят аяқталған еді. Бірақ, бұл оқиға ары қарай өз бетінше өрбіді. Жұмекеңнің өлеңі себеп болып, жан жары, ақын Зайда Елғондиновамен де таныстым. Болған оқиғаны баяндап, бұйымтайым, Жұмекеңнің маған арнаған өлеңін табуын сұрадым. «Жұмсағанға Сіз жақсы», – деп, Қарлығаш әпкемнен Жұмекеңнің сол үнтаспасын облыс радио архивінен қарастыруын өтіндім. Қайран әпкем, өтіншімді екі етпеді, бірақ архивтегі талай құнды материалдар, өкінішке орай, аумалы-төкпелі заманда ұштыкүйлі жоғалып кеткен екен. Зәкең де ақынның талай дүниесінің, оның ішінде маған арнаған жыр шумақтарының не қолжазба, не баспа түрінде табылмағанын

202 Жұ матай Ж а қ ы пбаев қынжыла жеткізді. Және де, адамның өзі өмірден өтсе де, жанының мәңгілік екенін баса айтып, болған оқиға кездейсоқ емес екенін түсіндірді. Ізденсең, ағаң араға жылдар салып, өзіңе гүл шашу сыйлағанындай, өлең жайы да жайғастырылар деген еді. Солай болды да... Жақында Өмірбай ақынның досы, жиенім Рәтбек СағидУаһастың «Сүмбіле-сұлу жұлдызым» атты өлең жинағынан мына өлең жолдарын кездестірдім; «Сен илхансың, сен саидсың, ал мен болсам –Қағанмын!» – дейтін сөзі есімде тұр, ер Жұматай ағамның. Илханы жоқ, саиды жоқ, Қағаны жоқ ғаламның, Түкке тұрмас бір беймезгіл екеніне алаңмын. – дейді Рәтбек ақын, Жұмекеңмен өткізген күндерін сағына. Кітапты әрі қарай парақтап, өзім жақсы көретін, талай мәрте оқыған өлеңін дәп ал­ғаш рет ашқандай болған едім... Иә, иә, деймін, осы болар Жұмекең­ нің маған берген жауабы. Жас шағымның елесіндей іздеген, мен соншама керек қылған сол өлең... СОЛ ӨЛЕҢ... Мені бүгін жазғыр мейлі, аппағым, Саған жазған сол өлеңді таппадым. Бәлкім, жыртып тастағам ғой ызаданСен біреудің ағартқанда ақ таңын. Айтшы, кінә сенен бе, әлде менен бе? Саған теңеу таппай әлде келем бе? Гүл сезімді орап едім аялапҮш-төрт шумақ шағын ғана өлеңге. Шым-шым ойлар жүрегімді шымшылай, Жаздым тағы, жазған көңіл тыншымай. Бағынбады бірақ менің еркіме, Табылмады сондағы іңкәр жыр шырай. Мүмкін емес, енді өткенді қайталау, Кеудемізде жанбайды рас, қайта алау. Іздерің бар жас шағыңның елесінӨзің жаттап алмадың ба, сайтан-ау?! Бесін ауып бара жатыр төбеден, Уақыт шіркін, жылдам еді не деген?!

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Көбейгенмен, кеңейгенмен керегем, Көзім-әжім, қырау-көңіл терезем. Қақырап бір сөгілгенде көбеден, Тасып-ақ бір төгілгенде кенерем, Сүлейменнің жүзігіндей жебеген, Дегенменен, керек еді сол өлең... О, деген! ... Осы жерден нүкте қойсам да болар еді... жоқ, әлде де ертерек пе..., кім білсін... Сайлау ҚОЖАҒҰЛ АЛАМАНҒА АТ ҚОСҚАНДА... Жұматай Жақыпбаев – қазақ әдебиеті тарихында өзіндік үні қалған, стилі қалыптасқан, кеңес дәуірінің идеологиялық иіріміне икемделмеген, ноқтаға басы сыймаған, қысқа ғұмырында артына өшпес мұра қалдырған – 70-80 жылдардағы қазақ поэзиясына жаңа леп әкелген толқынның талантты өкілі. Жұматай қаламынан төгілген өрнекті ойлар, өшпес өлеңдер жыр жинақтары арқылы оқырманын тауып, бағасын алып келеді. 1979 жылы «Саратан» атты тұңғыш жинағымен-ақ Жұматай өзінің ақындық үнін, дара келбетін таныта алды. 1981 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Ләйлә» жинағы Жұматай жырларының шоқтығы биіктей түскенінің айғағындай. Жұматай талантының толысқан тұсында жазылған жырлары «Шұғынық гүл төркіні», «Көктемгі хаттар» жинақтарында топтастырылған. Жұматайдың жары ақын Зайда Елғондинова әзірлеген таңдамалы жырларының толық жинағы «Ләйлә» деген атпен 2002 жылы «Атамұра» баспасы­нан жарық көрді. Араб әдебиетінің інжу-маржаны «Алф лайла уа Ләйла» («Мың бір түннен») қазақ топырағына жеткелі дала перзенттері үшін де аяулы атқа айналса, Жұматай қаламының құдіретімен өмір бойы көкіректе аялайтын аңсар арманның, сағыныштың, тәтті мұңның, махаббаттың символдық бейнесіне көтерілді. Жұматайдың Ләйләға арналған ғашықтық лирикасы – Шығыс шайырлары Қайыс/VII ғ/, Санайи /XIғ/, Сағди мен Хафизге жаңаша «жауап» (жауап–нәзира дәстүрі емес) , «Жауаптасу» –жалаң еліктеу, алдыңғы ізді шиырлау емес, өнер жарысы, шеберлік сайысы. «Ләйлә» –Жұматайдың махаббат тақырыбын жырлаудағы табысы. Ғұмыр бойы бір ғана

204 Жұ матай Ж а қ ы пбаев қызды, өмірінде бір-ақ рет көрген Мадонна Лаураға 317 сонет пен баллада арнаған итальян ақыны Франческо Петрарка, Шығыс­ тың түркі сұлуына табынған Хафизы, түркі әдебиетінің Алтын Орда дәуірінің асыл мұрасы – Хорезмидің «Мұхаббат – наме­сінің» XX ғасырдағы дәстүрлі жалғасы – Жұматайдың «Ләйлә» циклды топтама өлеңдері. Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, Мен не болсам, болайын, сен амал бол, – деп Абай жырлаған махаббат жыры адал, кіршіксіз кезімді паш етсе, Мағжан: Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да, Жылы, тәтті у тарады қаныма, – деп отты сезім алауын лаулатса, Мұқағали: Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам, болмайын, сол аман ба?! –деп ғашықтық күйін асқақтата сағыныш аңсар сезімнің шуағына бөлесе, Жұматай: ...Қанша ғажап азап шектім: «Ләйлә» – деп, Менен артық бақытты адам жоқ күнім. немесе: О, Ләйлә, болмасаң өзің өмірде, Басқа мұратты бас қатырсам да таппас ем, – деп ғашықтық азабының өзін бақытқа балай жырлады. Ләйләға деген сағынышын сезім шуағына бөлеп, бейнесін асқақ толғап, қылығын тамсана жырлайды. Қазақ халқы поэзиясындағы бейнелеу үлгілері, сөз нақыштары ұшан –теңіз, сондықтан ол бүгінгі әдебиетіміздегі ақындық шеберлікті шыңдау, сөздің суреттілік күшін арттырудың сарқылмас көзі. Өлең тілі маржандай таза, нәрлі болу үшін, ұлттық сипат алу үшін жаңа заманның білімі мол, интеллектуал ақыны Жұматай суретпен сезімді астастыра өрнектейді: Көңілің балқып тәтті әнмен, Кірпігің, қасың дірілдеп. Өтуші ең жасыл бақтармен, Өтуші ең шалқи күлімдеп... Айыбым болса, кеше жүр, Асқақтау жердің маралы. Жырладым сені неше жыл, Жымитып неше қаланы. Айшық теңеулердің нақтылығы Ләйлә бейнесін, қимыл-қозға­ лысын, көзқарас, қылығын, эмоциялық әсерін еселей түсіп, образ­ дың шынайылығын арттырып, бояуының ашықтығы, тартым­ дылығы, нақтылығымен айрықша көңіл аударады. Ай қабақ, қасы

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м да керік, шалқи күліп өтетін пәк те тәкаппар Ләйлә бейнесін ақын бір сәт төмендетпей, биіктете, асқақтата жырлайды. Өлең нақты құбылыс емес, сол құбылыс, көріністің ақын санасына әсерінен туатыны аян. Тебіреніс-толғаныс та сол әсерден барып пайда болатын көркемдік эстетикалық қорытынды түйінді жеткізу басым. Ақынның «Ләйлә» циклды өлеңдерінде лирикалық қаһарманның сыршылдығы мен жеке басының көңіл-күйлерін үзбей, желілей толғауы арқылы оқырманның да ортақ ой-сезім отын маздатуы–поэзияға тән қасиет. Жұматайдың бала махаббатының, балауса сезімінің баламасы, құштарлық символы – Ләйлә бейнесі жеке жан дүниенің арнасынан асып, жағалаудағы жырға сусаған жандардың жүрегінен де жылға тауып, моральдық, эстетикалық проблемаларымен де ұштасады. Қисық, қыңыр болса да мен жүрген жол, Бақыт үшін күреске таптырмайды. Әңгіме өсер менің әрбір ізіме, Соны көрем мен көре алмас көп күннен. Қара көзің және нұрлы жүзіңе, Мәңгі бақи борышты боп кеттім мен. Жұматай өлеңдерін оқу үстінде біз жаңа оралым, тың тіркес­ термен қатар, ерекше лирикалық күй кештірер сезімтал­­дықты, психо­логиялық иірімдерді, детальдарды, ассоциацияны айқын аңдай­мыз. Жұматайдың дәстүрлілігі халық поэзиясының інжумаржанын, жазба поэзияның жауһарларын жадында сақтап, қазақ тілі­нің оралымдылығын, образдылығын жаңғыртуында Шығыс қаси­да, ғазалдарын жаттап өсіп, өз өлең өрнегінде жаңаша өруінде. Ақын үшін уақыт – тарих, уақыт – шежіре, уақыт – өмір­баян. Жұматай ақынның уақыт ажарына, тарих бедерлеріне таңыр­ қай, там­сана жырлауы – уақыттың табиғатын динамика, тіршілік заңды­лы­қ­тары тұрғысынан қарастыруында. Сондықтан Жұматай жырла­ры­нан уақыт ізі, ұрпақтар тағдыры, тарих тынысы шынайы терең ой, шы­мыр логикаға құралғанын аңғару қиын емес. Бүгінгі поэзия үшін білімділік, таным ең басты қасиет болса, ақын дүние­ таны­мының аясы кеңейген сайын оқырманға салар ой да орасан. Лирикаға шежіре-тарихты, ұлы тұлғаларды, ерек оқиғаларды сыналау арқылы поэзияның интеллектуалдығын арттыру, ұлттық реңк, бояу нақыштарын молайту, патриоттық пафос дарыту, аз сөзге көп мағына сыйғызу – Жұматай жырларының да басты қасиеті. О.Сүлейменовке арнаған «Аға» деген өлеңінде ақын: Арттыра берсін білгеннің қадірін өлең, Марғұлан айтса ақылы, сабыры кенен. Богдыхан қызын беретін Үйсіндер кеше, Елге таң, ірі ұланын Тәңірі деген, –

206 Жұ матай Ж а қ ы пбаев деп тарих тағылымын бүгінгі күнге өнеге етіп, өзекті өртер шындықты бірлік жоқ, береке жоқ алауыздықты, ерлерін етектен тартар мінімізді ашына ақтарады. Ақынның «Ғұндардың жүрегі» (Ж.Жабаев туралы), «Қасоқ ғазал­дары» циклы, «Басында тәж, алтын қамқа кигені». «Ғұнстан–колейдаскоп» өлеңдері көне тарих тағылымдарын алға тартса, «Да­рабоз Қабанбай батыр», «Мерген мәрмәр» (Ш.Уәлиханов туралы), «Махамбет әні» (монолог), «Қазанғаптың құрдасы ай­тыпты деген сөз» ұлы тұлғалардың өмірінен үзік сыр суыртпақ­таған, жалаң дәріптеуге, дидактикаға ұрынбаған өміршең өлеңдер. Туған жер табиғатына махаббаты ерек ақынның поэзия­дағы сезімі де, шабыты да бөлек. Лирикалық шығармада ойды сөз­ бен жеткізеді, бірақ ол ой тікелей бой көрсетпей, адамның дү­ ниені сезінуі арқылы аңғарылады. Сондықтан өлең сезімге толы, мейлінше әсерлі, көркем, бейнелі болып келеді. Өмірді көркем­дік жолмен қабылдап, сезіну, эстетикалық, ақындық сезім, айрық­ша эмоционалдық, сезімталдық – поэзия тілінің басты ерекшеліктері. Өлең тілінің бейнелі, көркем, кестелі болып келуі поэзиядағы ойсезімнің көркемдігін, бейнелілігін, сұлулығын арттырған. Сарыныңмен елеңдетіп, Өзің де ағып, жұрт аққанда. Зулай-зулай менен де өтіп, Жетерсің сен ұрпақтарға. (Қаратал) Туған жерім, әлемдегі ел түрлі, Таңдай қаға қарауы үшін мың сан күн. Әспеттеуге, бейнелеуге көркіңді, Тілімнің бар акварелін жұмсармын. (Туған жерге) Туған жерге деген перзенттік махаббатын, ақындық пары­зын «тілінің бар акварелін» жұмсай толғануы тосын, әсерлі. Таза лири­ калық шығарма сурет-картина тәрізді, алайда, ондағы негіз­гі нәрсе – картинаның өзі емес, біздің көңіліміздегі ол туған сенім. Туған елінің өнерін, дәстүр-салтын, ғұрпын, этнографиясын құрмет тұт­ қан ақын өлеңдерінде қазақтың делебесі қозар бәйгені, көк­парды ұлт­тық рух дарыта динамикалы суреттеген. Қағысып астындағы жылқы малы, Көкпарға тебініп жұрт ұмтылады. Тақымға орай басып тартқан кезде, Көк еті көк серкенің жыртылады. (Көкпар) Құндыз түктеніп, құлпырмай терісі қапты, Шапқан ат жетпес, екпінді, желісі қатты. Кекілін түйген, қаншырдай, жанары жайнап, Шеки де басып кермеге барады бәйге ат баяғы... (Той. Саржайлау)

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Ауыл баласының бозбала шақтан санасына сіңген суреттер­ді сол қалпында сезім көрігіне суарып, көз алдыңа ұлттық бояуы қанық Қастеев полотноларындай құдіретті поэзия тілімен өрнектейді. Алдынан сөре, артынан қиқу таялса, Бұзау тіс қамшы бұтынан шақса шаянша, Құлажиерн ат құйқылжып шығып баянша, Құла бір дөңнен құлдырар еді қоянша. (Кенежирен) Ер қанаты болған аттың ауыз әдебиетінен бері поэзия­мызда жырланып, дәріптеліп келе жатқаны белгілі. Тұлпарлар ба­ тырдың серігі болса, сәйгүліктер ақын, сал-сүлейлердің көңі­лінің көркі болған. Абай «Разы емен осындай ат мінбесем» деп, «жүрісі тымақты алшы кигізгендей» жылқыны армандаса, Ақан Құла­ герді, Маңмаңгерді әнге қосты. Ақын «Кенежиренді Шора сатып жібергенде» деген өлеңінде: Құбыладан қайтқан атты тосарда, Қуаныштан көңіл енді босар ма? Аламанға ат қосқанда жігіттер, Жиренім жоқ, қара итті енді қосам ба? – деп қамығуында атқұмар ауыл баласының наласы ғана жатқан жоқ, жүйрік­тікті, сұлулықты пір тұтқан ақын көңілінің риясыз шындығы жатыр. Қазақ жаны, мінезі, тірлігі, наным-сенімі, бәрі де –Жұматай жыр­ ларының өзекті арналары. Поэзиядағы азаматтық әуен, аза­мат­ тық жан дүние сырлары тек патетикамен, дидактикамен ғана ше­к­ телсе, жалаң, қарадүрсін сипат алар еді, ішкі тазалық, шын­дықтың бетіне тіке қарау, ащы ақиқатты ашына айта білу – ақынның аз­а­ маттық кредосының басты белгісі. Адамдықтың асыл қасиеті – жан дүниенің, тән мен сезімнің тәуелсіздігі, бостандығы үшін күрес. Ақын адам жанының еркіндігін, еркін рухын жырлаушы, «Ақын өлтіру ойыны» (Гарсиа Лорканың сөзі) заман трагедиясы, әкі­мінен ақынын жоғары қоятын елдің кері кеткен тірлігі. Сөз бостан­дығы идеология иірімінде цензурамен тұншыққан кезеңді ақын: Еліне даусын жеткізбей, Аузы мен мұрнын тығындап. Сыртынан сұмдар сыбырлап, Ойнайды келіп той ұлы, Ақын өлтіру ойыны, – деп жырлайды. (Ақын өлтіру ойыны). Қазақ поэзиясына тосыннан қосылған үндей естілетін Жұ­ матай Жақыпбаев поэзиясынан біз замана күйін күйттеген, идео­ логияға икемделген өлеңдер кездестірмедік. Халық тілінің қай­на­ ры­нан мейлінше сусындаған ақын тілінің образдылығы да ай­рық­ ша. Таптаурын поэтикалық таңбаларда ада, артық ақтарылу, жайы­ ла жайдақталу жоқ. Жаттанды эпитет, өңі оңа бастаған теңеу, троп

208 Жұ матай Ж а қ ы пбаев түрлерін Ж.Жақыпбаевтан таппайсыз. Керісінше, тың троптар, айшықты айқындаулар, дөп басар деталь, динамика, тағылымды тіркестер, тосын ойдың тереңдігі мен интеллектуалды ауқымдылығы, суреткер бояуының қанықтығы, ұлттық нақыштылығы ақын поэзия­сын ерекшелендіріп, шоқтығын биіктетіп те тұрады. Жұ­ матай архаизм, неологизм, кірме сөздерді де кіріктіріп, жым­дас­ты­ рып жаңа рең, өң беріп сөйлеткен – тілге бай, ойға озық ақын. Ақын мұрасы арысы әлем, берісі Шығыс, түркі тарихының мәдениеті мен әдебиетінің інжу-маржанын сүзіп сүйсінтуімен де құнды. Турашыл тарих тірлігінде бақ-тәлейі жанбаған, көзі тірісінде көзтүрткі болып, танылмаған таланттардың аз болмағанын ай­ғақтап келеді. Шырылдаған шындықты жасындай осып айтатын ал­даспан жырға сусаған халық өр ақындарын ардақтаған. Өнер құді­ретінің өміршеңдігі – тарих төрелігін айтқан аксиома. «Қақ тұрмас жерге қасарып жалғыз өскен» мәрт мінезді, морт тағдырлы Жұма­тай­дың мұрасы – өміршең, өнегелі өшпес мұра. «Қазақ әдебиеті» 22.01.2011 жыл.

Досан ЖАНБОТА ЖАЯУ СЕРІ Серi атауы жайлы әркiм әр алуан пiкiр айтар. Мен ХХ ғасырдың серiсi жайлы жазбақпын. Өз басым дүниеқоңызға мойнын бұрмайтын, шекпендiге, шендiге жалпаңдамайтын, жаны таза, өнерлi, өнегелi (шырайлы, сымбатты болса тегi жақсы) азаматтарды серi деп бағалаймын. Сондай серiмнiң бiрi –Жұматай Жақыпбаев. «Жалын» альманағында екеумiз көп жыл бiрге қызмет атқардық. Бас редактор Тұманбай Молдағалиев, орынбасары жазушы Кәдiрбек Се­гiзбаев, мен прозаны, Жұматай поэзияны, Жанар Әбдешова (белгiлi журналист) қоғамдық өмiрден, өнерден очерк, мақала даярлады. Бағзы бiреулер осындай халқы танитын, еңбегiн елi сыйлайтын талантты адамдармен бiр кездессе де: «Дос едiм, сыйлас, сырлас жан дос едiм», – дейдi. Талас жоқ. Мен де солардың бi­рiмiн. Сол түсiнiстiкпен салыстырсам Жұма­тайдың табиғатынан, пенделiгi мен періштелiгiнен, азаматтығынан айтарым да, жазарым да көп екен. Жа­ныңа шуақ болып құйылар өлеңi жайлы замандастары, сыншылар жақсы бағасын берiп жүр. Рахмет. Мен сыншы емеспiн, аға­лық ниетiмдi жазбақпын.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Бүгiн ол күндер де тарихқа айналды. Айта, жаза алсақ қана сақталатыны тағы ақиқат. Жұматайдың қиналған шақтарына да (ол ондай қиын сәттi басынан көп өткiздi. Сонда, әлдекiм­дерге ұқсап мұқалып, мұжылмайтын, күй­гелектенiп әр кiмге мұң-зарын шақ­­пайтын. «Аға-аға, сен болмасаң құры­дым. Қамқор қолыңды соз», – деп жылағандарды да көргенбiз. (Қазiр мойындамайды) қуанған сәттерiне де (алқып-шалқып мақтанбайтын, кеуде қағып дабыра дабыл етпейтiн) куәмiн. Бiр кем дүние (Ш.Мұртаза) кiмде болмаған. Жұматай да сол кем дүние­нiң мехнатын көп көрдi. Қаншама қарыз­данып жүрсе де жомарт пейiлiн та­рылтқан емес-тi. Жоқ деген сөздi айт­пай­тын. Қиналдым деп қабағын шытпас едi. Шылымын ширата тартып, тағдырды келеке, мазақ еткендей миығынан күлiп тұрған шағы қазiргiдей көз алдымда. Ол жұмыр денесiне қонымды киiм киетiн. Сәнденiп, сыланыпсипанып жүруге ерекше көңiл бөлетiн. Қысқа жiп күрмеуге бiрде келiп, бiрде келмей қинаса да қалпағының күнқағарын көтерiп, қаршығасын қайырған саятшыдай жай басса да саңлақ жүретiн. Бәрiмiзге тән пенделiктi сызып тас­тап бағаласақ ХХ ғасырдағы серiмiз деп ел емес, өзi дабыра жасап шiрен­гендер Жұматайдың серiлiгiнiң шек­пенiне астар да болмас едi. Ол жаяу жүр­се де сол замандағы атты серiлер­ден артық болды десем, асылық айт­қан­ дық емес. Кейбiреулердiң сырты жылтырап көрер көзге серi болып шәнтейетiнi бар. Батылсынып, бәлдiр-батпақ әзiл ай­тып жанында жүрген жолдасын түртпектеп, өзi тапқыр, пы­сық, жақсы кiсi болып көрiн­генси­тiндерден де қазақ кенде емесi анық.Ал шын мәнiнде пайда табатын, бедел жинайтын сәт кез келсе нағыз жағымпазға айналып, серiлiгiнiң арзандап кеткенiн өздерi де байқамай қалар едi. Ондайлар аз емес. Өзiм серi болмаған соң, ондайлардың қатарында жоқ шығармын деп ойлаймын (Әзiл). Серi адалдықты, әдемiлiктi, сы­пайы­лықты (мәдениеттiлiк деп қабыл­дай көрiңiздер) жанымен түсiнедi. Сұлулық пен сырлы сезiмдi ерекше құрметтейдi. Осы қасиет жан дүниесiн кернегенде ән болып асқақтап, жыр бо­лып төгiлiп, күй болып күңiрене шал­ қыса, суретшiнi толқытқан сол әлем өмiрде ешкiм көрiп, бiлмеген ғажайып бейнеге айналады. Демек тек ән­шi, күйшi, ақын ғана серi емес, сурет­шiлер де серi (Бiр таңғалатыным су­рет­шiлер серiмiз деп ойламайды. Ал шын мәнiнде нағыз серiлер солар шы­ғар...). Өмiрден өткеннен кейiн бар жақ­сылықты басына үйiп-төккен Жақып­баев Жұматай ақын қандай қиын жағ­дайда да, қуанышты шақтарында да нағыз серiлерге тән осы қасиеттерге қылау түсiрмей өттi деп (өз басым) бi­лемiн. Ол серiлiктi көрсетер сән-сал­танаты мол байлықты iздеген жоқ. Жақ­сы ат мiнудi армандайтын. Шiркiн-ай десеңшi, мiнетiн-ақ ақын едi! Дүние мүлiкке толы үйлi болуға да тырысқан

210 Жұ матай Ж а қ ы пбаев жоқ. Тiптi сондай асып та­сы­ған тiршiлiктi армандамайтын. Оның тұрмыс-жайын көп жылдан берi бiле­тiндiктен барлық ақыл айтқыш ағалар секiлдi, кейде: «Ей, бұл не жайма-шуақтық, басыңда әлi үй жоқ. Жiгiт жасынан кеттiң, төрт құбылаң теңдей, қарекетсiздiгiң жарамайды. Бай бол­май-ақ қой. Өз шаңырағың, төрт кере­гең болсын», – дер едiм. Және бұл iшке сыймаған сөздi жазда киген сырт киiмi кабинеттегi шифоньерде қыстап, қыста киген сырт киiмi сол шифоньерде жайлап қалатынын көрген соң, амалсыздан айтар едiм. Қатарымда жымиып тыңдап отырып, тамағын кенеп көзiнiң қиығымен қарап: «Дос-аға, бәрi болады. – Әңгiме­нi басқаға бұрып, – Әлгi досыңыз Дулат Иса­беков екеуiңiз барып ет жеген құжырда (времянкiде) тұрып жатырмын. Жамбас пұлды дер уағында тө­ леймiн» – деп жайлап орнынан тұрып сигаретiн алып сыртқа беттейтiн. Ақиқатты мойындасақ, ол заманда (бүгiн де жетiсiп тұрған жоқ) үй алу қиынның қиыны едi. Кезекте он шақты жыл тұратынбыз. Ақырында жоғарыға арыз жазып, ат терлетiп әлек болатынбыз. Жақсы жолдас, жалдамалы үйде бiрге тұрған жазушы Дүкенбай Досжанов зайыбы Мариям екеуi Мәскеуге Подгорныйға 49 рет арыз жазып жүрiп 8-шағын ауданнан әрең баспана алған­ дағы қуанғанымыз әлi есiмде (Дүкен­бай ұмытса ұмытқан болар). Ал Жұматайдың сол секiлдi Алматыда үйсiз жүргенi (өзi мыңқ етпегенi­мен) менiң қабырғама бататын. Өйтке­нi үйдiң азабын көп көрдiм. Қазiргi Тастақтың айналасындағы табаны жұмыр тастан өрiлген 1965 жылдардағы 1 линиядан 21 линияға дейiнгi аты жоқ көшелер тiзбегiнде кiлең орыстар тұ­ратын. Сол линияларды түгел кезiп шықтым. Үйiмiзге келетiн қонақ көп. Орыс «туысқандар» оларды ұнатпайды. Қуады да шығады. Онда жекелiк үй салуға соларға ғана рұқсат берген-ау, сiрә. Солардың құжырасына (времянкi­ сiне) есекпен, не қол арбамен түнi бойы арбаның доңғалағымен тас жолды тоқылдатып көшудi Құдай бастарыңа бермесiн. Сол көшкендегi қара терге түскен азап жүрегiмiздi әбден шайлық­тырған. Мен ең соңғы рет сегiзiншi ли­нияның 49 үйiнен, көршi жетiншi линияда тұратын бауырым, марқұм Мұқаң, Мұқағали Мақатаев – Т.Жароковтан босаған квартирге, мен Га­гарин көшесiнен Хрущевтің қа­мыстан салдырған үйiнен үй алып, көш­кен күнiмiздi қалай ғана ұмы­та­лық.Жұматайды көрген сайын сол күн­дерiм қаз қалпында есiме түскен­дiктен түртпектеймiн. Мен көрген қиындықты көрiп жасымасын, жабықпасын деп ойлайтын едiм. Сол уақыттағы маған қарағанда Жұматайдың үй алардай мүмкiндiгi көп болатын. Мен секiлдi азаптанып жаз­ған әңгiмесiн газет, журналға жариялата алмай жүрген жазғышбай емес. Ел таныған ақын. Жай ақындар аз емес қой (әнге жазған өлеңiн сататын ақындар көп дегенiм ғой). Тамыры

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м тереңнен нәр алған ақын. Оның үстiне аузы дуалы, қайда болса да, кiмге барса да айтқан тiлегi жерде қалмайтын атақ­ты ақын Тұман­бай Молдағалиевтай аға­сының жанында жүр емес пе?! Сол ағасына «үйiм жоқ. Көмектес», – деп айтпағанын жақсы бiлемiн. Мына құйын­дай ұйтқыған заманда кiмнiң жайын кiм бiледi, сөз қоспаса. Егер Жұма­ тай емеурiн бiлдiрсе, Тұмаштың аянбасын да бiлемiн. Уыз­дығы жары­ған қозыдай томпайып отырған: жұмыр денелi, орта бойлы, қы­ зыл шырайлы, қыр мұрын­ды, қияқ мұртты, ойлы өткiр қара көздерi әр кезде күлiмдеп тұратын сәл толқыны бар қара шашын оң жақ шекесiне жыға қайырған жайдары, топан су тобығынан келмейтiн Жұма­тайды кiм көрсе де жарық дүниеде ненi iздесе де табатын, кiм­мен болса да тiл табысатын, жанында қылаудай жа­ман­дығы жоқ перiште дерiне сенемiн. Ол сондай адалдықтан жаралған едi. Бiр кабинетте белгiлi жазушы, ар­дақты азамат (өзiме көрсем де, көрме­ сем де туған iнiдей) Кәдiрбек Сегiзбаев, Жанар Әбдешова, Жұматай төртеумiз он жылға жуық қызмет атқардық. Кiшi-гiрiм ұжымбыз ғой. Басшыла­ры­мыз­дың жақсы, парасатты болғанды­ғынан шығар тұнық болдық, әй дес­пе­дiк. Екi адам отырып, аңдыс­қан­дар­ды да көрдiк. Тегi қонаға үйдi-үйiмiзге тарағаны­мыз­бен бiр үйдiң баласындай едiк. Шiркiн, сол бiр тәттi күндер-ай! Қа­зiргiдей дүние көп бол­маса да «Ертең не болады», – деп ойламайтын «бай» едiк. Арамыздағы жалғыз қыз Жанар та­биғатынан сезiмтал да, сергек, Жұма­тай екеуi тең-тұс. Соншама қабілеттi­лiгiне iзет, iлтипаты астасып тұ­ратын. Түс ауғанда шай қояды. Әдемiлеп дас­тарқан жаяды. Дөң­гелек қара көздерi күлiмдеген Жұматай бәрiмiзден бұрын созалақтай тұрып, Жанардың жанына барып жайғасып, мұртын сипап: – Ой, осы Жанаржанның тәттi шайы-ай, – деп шынысын ұсы­ нады. – Сен болмасаң, оның қадiрiн бiл­мес едiк. Қашан да жеңiл әзiл қыс­тыратын Кәдiрбек қадалып оқып отыр­ ған қағазынан көз айырмай, еңкейiп сәл бөгелiп: – Сол тәттi шайды бiз де iшелiк, – деп қатарға жайғасатын. Тегi Кәдiрбек ұқыпты­лық­ты, таза­лықты жақсы көредi. Ал­ды­ мыздағы шашылып жатқан қаға­зымызды жинап, кең кеудесiн керiп, қайқайып отырып шынысын көтеретiн. Кәдiрбек те, Жұматай да шайды асық­пай ұрттап, баппен iшетiн. Алқындары басылғанда әзiл, қалжың әңгiме қы­затын. Сонда Жанар: – Осындай көңiлдi отырысқа ән мен күй жетiспейдi – дер едi. Бұл емеу­рiнi Жұматайға күй тарт дегенi. Оны Жұматай қуана құптап: – Жанаржан соны қаласа, орындаймын – деп, өзiнiң «жеке­ меншiк» киiм iлгiш шифоньерiндегi кiшкентай, шанағы жұқа қоңыр домбырасын алып келiп, асықпай iшегiн күйге келтiрiп, ешкiм­нiң

212 Жұ матай Ж а қ ы пбаев күйiне ұқсамайтын әуездi шертетiн. Сол сырлы әуез бәрiмiздi ға­­ жайып бiр әлемге жетелейтiн. (Мен бәрiн бiлемiн дейтiн заманда дү­­ ниеге келгендермiз ғой). Сонда сиқырлы, сырлы әуез аяқталған соң Жанар: – Бұл кiмнiң күйi? – дейтiн. Жұма­тай кейде сылқ-сылқ күлетiн. Солай кү­лiп алып: – Бұл Жұматайдың Қосбасары, – дер едi. Шындығында да, қас-қағым сәтте бәрiмiздi рахатқа кенелт­ кен, алуан толқынды ой теңiзiнде малтытқан «Жұматайдың Қосбасары» ел естiмеген жаңа күй едi. Сол баяғы «бiлгiш­тiгi­ мiз­ден, жақсылыққа, жаңалыққа сараң­ды­ғымыздан» таң қалып мадақтаған жоқ­пыз. Жан дүниемiздi шарпып өт­кен Қос­басарды (Жұматайдың көзiнiң тiрi­сiн­де) бағалап неге жылы сөз айтпа­ ғанымызға әлi таңмын. Бәрiмiз үнсiз тыңдап, үнсiз орнымыздан тұрып кеткен едiк. Бұл тоңдығымызды ол да кi­нә­лаған жоқ. Сұлу­лық пен сырлы сезiмдi адал­дық пен әдiлдiктi пiр тұтқан адам­ ның жанына басқалардың мақтауы, мадақ­тауы керек емесiн кейiн аңғардым. Олар өзiне өзi сенедi, Жұматай бабаларынан мұраға қалған сол серiлiктiң ХХ ғасырдағы мөлдiр бұлақтарының бiрi, әрi бiре­гейi. Өзiн қоршаған әлемнiң тұ­манданғанына, кiрленгенiне төз­бейдi. Сондықтан да ол жыр болып буыр­қанды. Қаншама күлiп жалған пә­ни­дi жалпағынан басып жүрсе де, күй бо­лып күңiрендi. Ол қатты тартқан ас­тыңғы iшектi шерткендегi шығатын шы­мылтыр ащы үн бос бұраған үстiңгi iшек­к­е күңiрене шырқырап мұң-зарын ша­ғатын. Оны Қажытай Iлиясов секiл­дi достары бiлетiн, түсiнетiн. Ал бiз, иә бiз өмiрден өткеннен кейiн өкiнiп жүр­мiз. Кабинет сәл босаса Жұма­тай домбырасын алып, шертер едi. Иә, шертер едi. Бiрде Кәдiрбектi бастықтар ша­қы­рып жиналысқа кетiп екеумiз ғана қал­дық. Жанар Боралдай елдi мекенiнде тұ­ра­ды. Ерте қайтады. Мұртын сипап ма­ған көз қиығын тастады. Осындай оңа­ша қалғанда қалтасында қатты қай­тарымға келер көк тиыны жоқ болса да жаяу серiнiң жор­та­тыны бар. «Сен кете алмай отырсың-ау», – деп iштей ой­ладым. Ол жы­мың-жымың етiп тұ­рып терезенiң алдына барып керiлiп ал­ды. Сонан соң: –Дос-аға, ендiгi бастық сiз ғой, ә?–дедi. Бұл оның әзiлi. – Иә, – дедiм жетелеп. – Не тiлегiң бар. Айт бәрiн орындаймын! – Бастықтың бәрi сiздей болса ғой, ком­мунизм әлде қашан орнаған болар едi.– Алдыма келiп тоқтады да: – «Жұматайдың Қосбасарын» тың­дайсыз ба? – дедi. Сол сәтте кабинеттiң есiгi ашылып: шаршы бойлы, елiк танау, қалың толқын­ ды шашы желкесiне дейiн төгiлген сiрiңке қара жiгiт көрiн­дi. Жайда кербез қозғалатын Жұматай ел­пектей есiкке жеттi.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м – Кел, кел, – деп жас жiгiттiң қо­лын­дағы қапқа салған домбы­ раны алып өзiнiң столына сүйеп: – Дос-аға. Бұл Ермұрат Үсенов деген талантты композитор iнiңiз. Консерваторияда оқиды. Домбыраны адамша сөйлетедi. Ол менi таныстырмай Ермұратқа бұ­рыла берiп: – Әй, әлгi мықты қайда? – деп таңдана қарады. – Қазiр келедi. Ермұрат сенiмдi жауап қайырып едi, Жұматай сабасына түстi. – Дос-аға. Ерболат Үсенов талантты композитор. Ә...ә...ә, ол сiздiң бауы­рыңыз. Бұлар менiң күйлерiмдi нотаға түсiрiп, көмектесiп жүр. – Ол әңгiмесiн айта жүрiп электор шәу­гiмдi алып шай қоюға кiрiстi. Рас, Ерболат екеумiз бiр атаның, бiр ауыл­дың баласымыз. Оның «Көңiлдi арбакеш» деген күйiн естiгенде жетiмдер үйiн­де оқыған жылдардағы Тұйықтан арбамен қарағай тартқаным, Шыр­ ғанақтағы май зауытына сүт тартқа­ным еске түседi. Ермұрат ше­шiнiп едi ауыл­дың көк балауса қара баласы болды да қалды. Жұматай: – Мен өз домбырамды алайын, – деп шифоньердi ашты. Со­нан соң орын­дық­қа отырып, оң аяғын тiзесiне қойып: – Ал, Дос-аға. Жұматай iнiңнiң Қосбасарларын тыңдаңыз,– деп, бүл­кiлдетiп желдiрiп-желдiрiп алды да кеу­десiн кере шiре­не шерттi дейсiң, шерт­тi дейсiң... Жүрек дiрiлдеткен ыр­ғақ шиыршық атқанда оның жұмыр де­несi иiрiмдене бүктелiп, әп-сәтте иы­ ғы дауыл көтерген толқындай жел­кiлдеп, желпiлдеп кеттi. Қан­ дай жағ­дай­да да асығып, саспайтын, ке­дей­лiгi­не қарамай сон­ шама кербезденетiн Жұ­матайдың домбыра тартқандағы шап­ шаң­дығын, салалы саусақтарының көз iлеспес жылдамдық­пен қоз­ға­л­ға­нын ал­ғаш рет сонда көрдiм. Ой, өнер­дiң құ­діретi-ай... Қазiргi Абай даңғылы мен Гагарин көшесiнiң қиылысын­дағы «Бас­ па­герлер» үйiнiң бесiншi қабатындағы «Жалын» альма­­на­ғы отыр­ған бөлмеде ес­тiген «Жұматайдың Қосбасарла­ры­ның» си­қырлы үнi әлi жүрегiмде. Сонда сол Қосбасарларды Ерболат Үсенов нотаға тү­сiрдi. Жақында әлi көп замандастары бiл­мейтiн шертпе күйдiң шеберi Жұма­тай серiнi есiме алып, композитор Ер­мұрат Үс­е­новке теле­фон шалып: «Жұ­ма­тайдың Қосбасарларын» естiсек қой, шiр­кiн!..», – деп едiм. – «Иә, күйi бар. Аман­дық болса естисiз, аға!»,– деп қуант­ты. «Қазақ әдебиеті» 29.07.2011 жыл.

214 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Светлана ЖАҒЫПАРҚЫЗЫ МАХАББАТ МӘҢГІ ЕРТЕГІ

Ақын Жұматай Жақыпбаев 60-қа толар еді Жұматай ақын фәнимен 45-інде қоштасты. Байыпты мінез, байсалды жүрісімен асықпай келе жатқан сияқты еді, қылшылдаған қырық беске жетер-жетпесте неге асығыс аттанды?!. Өмірде аз отырып, көп байқаған ақынның соңында таңғы шықтай мөлдір, тау бұлағындай асау, шұғынық гүлдей сұлу поэзиясы қалды. Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ, Мойнына жұқа алқызыл шарф байлап ап. Алаулап жүзің аса бір асқақ нұрменен, Алыстан тұрдың көзқарасыңмен аймалап. Қарадың солай...обал не, Қарамадың ба, жоқ әлде? Бұл Жұматай ақын суреттеген махаббат ертегісі кейіпкерінің бір сәт жалт еткен бейнесі. Ол әрдайым сезім мен ойды негіз етіп жазды. Суреттерінің шынайы, жүрек қылын шертер шебер шығатыны сол – ақиқатында. Ойларын да, сезімдерін де мұздай етіп әсем киіндіріп әуре болмайды, жылтырақ сөздермен сәндендірмейді. Бірақ, өлеңі хас зергердің қолынан шыққан бұйымдай сұлу. Өйткені, оның әр сөзі сүйіспеншілікпен құралған. Ал махаббат сұлу емес деп кім айтар! – Бірнеше жыл қызметтес болдыңдар. Жүрек шымырлатар ғашықтық өлеңдерін жазып жүрген кезінде Жұматайдың қасында бірге жүрдіңдер. Асқақ өлең зергері қарапайым өмірде, тіпті күйбең тірлікте қандай еді? – дейді Жұматай ақынның жанында бірге жүруге үлгермегендер. –Ғұмыры аққан жұлдыздай қысқа болған, бірақ сол аз ғұмырында жазғандары поэзия көгінде жұлдыз болып жарқырай бастаған ақынмен қызметтес болу тағдырдың сыйы ғой, естелік айтыңыздаршы, –дейді сол толқын тағы да... «Күйбең тірлікте қандай болды?» дейсің бе? Қайдағы күйбең? Жүрегін әрдайым биік те сұлу сезімдер жаулаған, басқан қадамынан ғашықтық гүлі төгіліп, тұнжыр қара көзінде сағыныш оты жайнаған сері ақынның күйкі тірлікпен шаруасы болып па? Ондай күй кешсе ақын болар ма еді? Иә, Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетінің (кейін «Жерұйық») ауыл шаруашылығы бөлімінде біршама ғана уақыт бірге жұмыс істедік. Бұл оның отыздардағы кезі еді. Атын өзі

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м аңызға айналдырған Ләйләға ғашықтық өлеңдерін алтынмен аптап, айшықтап жүрген кезі де шығар. Ауыл шаруашылығы бөлімінің ылғи науқанға ілесіп, аласкүлес асығыс жүріп жататын жұмысына миығынан күліп жүріп-ақ араласатын, үлгеретін. Бір күні «Егістіктен ескен леп» деген айдармен беретін мақа­ласы да, Жұматайдың өзі де жоқ болып кетті. Шыр-пыр болып асы­ғып: «Қайда жүр, түске дейін жоқ, міне!» деп ренжіп жатқан жұрт. Осы­лай «күйіп бара жатқан» күйбең тірліктің отын ол өзінің салқын­қанды жымиысымен су бүріккендей: «Саспа, міне, мақалам» –деп кіріп келді. Іссапардан репортажын өлеңмен жазып келіпті. Кейбіреулер бұған тас-талқан болып, кейбіреулер жырмен қанаттанып, қуанып жатты. Ресми газетке ресми емес өлең-репортаж жарқ ете қалған. ... Ел тоғызда келетін жұмысқа сағат оннан аса келе жатады. Кейде қарсы ұшырасып қалған бастықтардың өзін байқамай, әлденені ойлаған қалпын бұзбай, қасынан амандаспай өте береді. Бастықтар да, басқалар да бұған ренжіп қалатын. Сөйтсек, ол айналасындағы өзге дүниені ұмытып, өлеңнен өрнек іздей ойланып келе жатады екен ғой. Мәселен былай деп: Қиялым едің қаршадай кезден жастанған, Көретін болдым өмірден енді түрлі сын. Сүюден сені жоқ еді менде басқа арман, Қызыққа сол бір қызығып, күліп жүрмісің? Күле ғой жаным, күрсініп шыққан өр үнге, Гәнжәуи жазған жырдағы қызбен аттас ең. О, Ләйлә, егер болмасаң өзің өмірде, Басқа мұратты бас қатырсам да татпас ем. Осылай ғашықтық әлемінде келе жатқан жан айналасындағы күйбеңді қайдан байқасын. – Облыстық газетке тәжірибеден өтуге келдік, –деп өзін асқақ ұстап жүрген бір сұлу қыз бір күні кабинетке кіріп келіп: – Апыр-ай, ана кісінің көзі қандай еді! –деп орындыққа сылқ ете қалды. – Не болыпты, көзіне? –дейміз түсінбей. – Оның көзіне ештеңе болған жоқ, менің... жүрегіме шоқ түсті ме деп қорқамын. «Мың бір түндегі» сұлу падишаһтың түпсіз тұнжыр қара көзін көрдім. Жымиып: «Қалқам, амансың ба?» деп еді, арбалғандай әлгі көздерге қарадым да қалдым, –деп дегбірі қашқан қызға: – Сол көздердің түбінен Ләйләнің бейнесін көрген жоқсың ба? – деп әзіл-шыны аралас сұрағанбыз.

216 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Ғажайып сәт неге қысқа сонша, әттең, Қарадық та, қызығына тоймадық. Бір көргеннен жалт қарастық, сол сәттен, Қара көзбен сыйқырлы ойын ойнадық. Сүйгеніңе қол созым жерде тұрып қолың жетпеуі – оның сенен алыстап кетуі. Жақын да болса – алыс. Қолыңа ала салып, аялап, жүрек тұсына басып, құштар сезіміңді суыта алмайсың. Қызығып қарап, үздігіп жыр жазу – үлесің осы. – Егер Ромео мен Джульеттаның сүйіспеншілігіне тос­қауыл болмай, екеуі қосылып, ыдыс-аяқ сылдырап, үйлі-баранды болса... Махаббат трагедиясы аңызы туар ма еді? – деп әзілдейтін бір ақын. Тосқауыл! Құштарлық отын өршітетін, арынын ағын судай тас­ қындататын құбылыс – оның жолындағы бөгесіндер. «Ләйлә» деп ғұмырында жырлады ақын. Ләйләға ғашық болып, өлеңдер арнағанда ол тек өзінің сезімін ғана жыр етті ме? Өз ға­ шықтығын, сағынышын жырлай отырып, өзгелердің жүрегіне от тастады ма? Сүюге, сағынуға, ынтызар болуға үйретпеді ме? Дың ете қалар домбыра да өзін емес, өзгенің көңіл-күйін сыр ғып шер­ теді ғой. Ләйлә туралы өлеңдер де солай сүюге үйретіп, ма­хаб­бат ертегісін жырлайды. Жұматайдың ғұмырын қос ішекті домбыра десек, қос ішектің бірі – Ләйлә, екіншісі Зайда емес пе? Артық айтсақ – құдай кешір­ сін... Жұматай ақын көзі тірісінде Ләйләні жырлау арқылы – маха­б­ бат күйін шертіп өтті. Ұлы сезімді өзек еткен, қос шебер орындаған та-ма-ша күй болып шықты. Екіншісі – Зайданың зары дер едік. Ақын Жұматайды Зайда тірлігінде де сүйген шығар, ал «ғарыш жаққа кеткеннен» кейінгі сағынышы мен мұңы, аңсауы сұрапыл болды. Халқымыздың дәстүрінде күйеуі өлген әйелдің бір жыл бойы күнде азанда дауысын шығарып жоқтау айтып іздеп, зарлануы парыз болған. Зайда он бес жыл жоқтау айтып келеді. Екпінінен дауыл ескен, сағыныш жасы тасты тескен, мұңның жасы тамған жерге, нарттай болып шұғынық өскен жоқтау өлеңдер де – махаббат сырын шертеді. Ертеңгі ұрпаққа бұл да жүрек өртер ертегі.Солай болып жетеді. Басыңа келдім, құшағым толы гүл алып, Қарсы алар ма екенсің, орныңнан тұрып қуанып? Жүрегімнің мұңдарын саған арнап өсірдім, Жанарымның жасыменен суарып.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Сен жассың әлі, бар болғаны қырық бестесің, Лапылдап барып, жалындай алмай өшкесің. «Мұнар мен Гүл» деп , «Менің ертегім» деп, Әкелдім саған жанымның мәңгі кестесін. ( «Зайда-ғұмыр» кітабынан) ...Ақсақал жасы – алпыстың төріне Жұматай қылыштай қыл­ шылдаған қырық бестегі шағында шығып отыр. Тұнжыр қара көзінде құштарлық пен сағыныш оты маздаған жігіт қалпында жұмбақ жымиятындай. «Мені үш ғасырдан кейін оқығаннан гөрі бүгін жалындап сүйгенің артық» депті бір дана адам. Махаббат – мәңгі ертегі. Сүйіспеншілікпен өрілмеген адам – жай кісі, бірақ ақын емес. Ғашық болып өткен ақындардың есімі ғана – ұзақ, (мүмкін мәңгі) жасайды. «Жетісу» 2005 жыл 20 қаңтар. Нұрғали ОМАРҚҰЛ БІРЕУ ЕРТЕ, БІРЕУ КЕШ... Бірегей ұл туғаннан соң бір рет, Жыры болсаң, тұра аласың нұры боп. Халық сені аспанына шығарар, Халық қолы дейтін жалғыз құдірет. Жұматай Жақыпбаев Қолда барда алтынның қадірі жоқ... Шынанда да солай екен. «Біреу ерте, біреу кеш бір құлайды» дегендей сұм ажал тым ерте құлатқан Жұматаймен бірге жүргенде оның қадірін біле бермеппіз ғой. Онымен жетпісінші жылдардың бас кезінде «Октябрь туы» газетіне қызметке келгенде таныстым. Содан біраз жыл бірге қызмет істестік. Жасының біршама кішілігінен ол мені Нұраға дейтін. Сыйласқан адамына жүрегін жарып беруге бар ақкөңіл, адал Жұматай өмірден озғанша содан айныған жоқ. «Аз жолдас, көп дәмдес» демекші, жігіттердің өздерінің жұ­­мыс­ тан кейінгі «еркекше» бас қосуларында, кейбір жанұялық оты­ рыстарда бірге болғанымыз да бар. Сондайларда Жұматай айна­ ла­сындағыларды үйіріп алатын өнерімен ерекшеленетін. Бар­ ған жерінде шешініп, жеңіл киіммен ғана отыратын да, бабы­на

218 Жұ матай Ж а қ ы пбаев келген кезде домбыраны қолға алып, дастархан басын думандатып жібе­ру­ші еді. Шынында да оның кейбір адамдарға, жеке оқиғаға байланысты табан астында өлең шығара салатын, шығарғанда да мәнді, дәмді етіп шығара салатын тапқырлығы таңқалдыратын. «Жұматай былай деп еді» деген сөздер қазір ел аузында көп айтылып жүр. Солар жиналса шіркін! Оның осындай суырып салмалық өнеріне өзім де сан мәрте куә болдым. Бірде Талдықорған қаласындағы қазіргі М. Төлебаев атындағы облыстық филармония үйінде әлде­қандай мәдени шара өтті. Сол кештен шыққан бір топ жігіттің есік ал­дында бастары қосыла қалғаны бар емес пе. Әрине ортамызда – Жұматай. Күн кешкіргеніне қарамастан әлі де қапырық, тынысты тарыл­тып тұр. Осыны арқау еткен ол әдетінше сыпайы ғана сыздықтата тұр­ ып «мынадай тымырық кеште бірдеңе (әрине арақ) ішпесе ұйық­ тау мүмкін емес» – деген базынасын білдірді. Мұндайда сыр жата ма? Тұрғандардың бірі «Капитанский джин» деген ішімдік барын айтты. Ал оның тұрағы – қаланың бесінші шағын ауданы. Түн ішін­де сонау беске барып жүрер жайымыз жоқ» – деп көпшілік барар ыңғай байқатпады. Мұндай қарсылықты Жұматай күтпесе керек. Тағы бірақ үгіттеп көріп еді, кері қайтудың, орталыққа қайта жетудің қиындығын желеу етіп ешкім суырылып шықпады. Сонда Жұматай тұрып: Бүгін мына тұрғанында түн ысып, Беске барып келер ме еді «Жын» ішіп. Әншейінде арақ сұрап жүретін, Мыналар да жүрмей қойды тырысып, – деп бір шумақты айтты да, жөніне кете берді. Оның мұндай тапқырлықтары көп болды ғой. Бірақ амал не, солары кезінде ескерілмей, қағазға түспей, айтылған жерінде қала берген. ...Қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай...

«Жерұйық» 1995 жыл 24 қараша.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Әбен ДӘУРЕНБЕКОВ ЕСІМДЕ ҚАЛҒАН ЕСІЛ ЖЫР Мен бұдан бұрын Жұматайдың 50 жылдығына байланысты республикалық, облыстық басылымдарға ой толғаған «ділмар­ лардың» қатарында өз лебізімді білдіріп, естелік жазғанмын. Енді оны қайталап жазудың реті бола қоймас. Оның үстіне айтпа­ ғым Жұматай Жақыпбаев хақындағы соңғы сөз де емес. Сонымен бүгінгі әңгіме: көп сөз болып жүрген, өте-мөте Қажытай Ілия­ сов­­тың «Өзеуреп», «теледидардан» «қақсап», жиі-жиі айтып келе жатқан, ақынның Талдықорғандағы ауызша шығарған әзіл-оспақ, жыр термелері жөнінде, есімде қалғандарын, айтпақпын. Алдынала көпшілікке айтып қоятын бір жай менің қазіргі баяндай­ты­­ным­ ның барлығы ешқандай қоспасыз, бүкпесіз, өзгеріссіз Жұма­тай­дың өз аузынан шыққандығы. Оны мен марқұмның көзі тірісінде талай рет айтып, «насихаттап», өзіне «бекіттіріп» алғанмын. «Өтірік­ші­нің куәсі қасында» демекші, кейбір жеріне күдікпен қарайтын болса Зайдадан сұрасын. *** Бірде біраз күтіп, «Жетісу» шағын ауданындағы бір үйдің төртін­ ші қабатынан зорға дегенде екі бөлмелі пәтер алдым. Қасымда Жұматай, үш жасар Әсия деген қызым бар, баспалдақпен өрмелеп жоғары келе жатқанда айтқаным ғой, баяғы: – Жұматай, сен осы гастрономға ұйқастырып бір өлең шығар­- шы, – деп: Ол кәдімгі әдетімен кеңкілдеп, рахаттана күліп алды да: Бұл үйдің үсті де дом, асты да дом, Қасында тиіп тұр ғой гастроном. Одан бірер жыл кейін облыстық «Октябрь туы» (қазіргі «Жер­ ұйық») газетіне топ-тобымен, лек-легімен келіп жатқан жас жігіттердің ішіндегі пәтерге ие болған Жеңіс Оспанов (марқұм) еді. Бірде сол үйде келіншегі Алманы Өскемендегі төркініне шығарып салу қонақасында осы күнгі «Жерұйықтағы» жігіттер Жұмахан, Сейітқали, Жәйірбек бәріміздің басымыз қосыла қалды. Әрине, Жұматай да бар. Онда Жеңіс пен Жұматай әзіл-шыны аралас «Құда» болып жүретін. Сөз кезегі Жұмекеңе келген сәтте: Ұнай ма, ұнамай ма мына күйім, Тар жерде өлең айту, бұ да қиын. Қаршығадан аман бол қайда жүрсең, Құдай қосқан алғашқы құдағиым, – деп еді. Бәріміз орнымыздан тік тұрып, қол соқтық. Алма жылап жіберді.

220 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Ол кездегі «Октябрь туындағы» салт бойынша, Жаңа жылды, одан кейінгі Мәскеудегі Жаңа жылды, түнгі сағат 3-ке дейін отырып қарсы алу әдетке айналған. Лепіріп алған үлкен-кіші жігіттердің барлығы Жұматай екеуімізді айтыстырмасын ба? Мен қайбір табан асты суырып-салмаға жүйрікпін. Оның үстіне домбыра тарта алмаймын. Содан қысылғандықтан, сөз таба алмай өзім білетін қазақтың қара өлеңіне бастым да: Жұматай, өлеңіңді айт, өлеңіңді айт, Өлеңіңді айтпасаң үйіңе қайт. Қайқайып қайт дегенге сала бермей, Түбіне осы сөздің бір барып қайт, – деймін ғой, баяғы «сасқан үйрек артымен сүңгиді» дегеннің керін келтіріп. Жұмекең сасқан жоқ, домбырасын қағып-қағып жіберіп, мен айтқан қара өлеңнің алғашқы үш жолын қайталап шықты да: «Бір жартыңды тастап кет...(орысшалап жіберді). Оны қазір Алматы мен Талдықорғанда аңыз етіп, айтып жүр. Содан былай Жұматаймен айтысқанды мүлде қойдым. Сол күні Жұмекең жігіттердің көбіне қолма-қол өлең арнап шыққан еді. Соның ішіндегі есімде қалғаны фототілші марқұм Сейітжан Ысқақов пен өзіме шығарған шумақтары: Сейітжанға: Қаңғып жүріп қатын алған орыстан, «Бешбармақтың» орнына көже ішем деп борщтан. Екеуміздің маңдайымыз қасқа деп, Кезі келсе автобуспен соғысқан. Сарыбас жыланның жолағындай тісі бар, Редактор естісе, Бес күн жерге түкірер ісі бар. Бұл да бір Сейітжан Ысқақовқа жарасар, ей-ей, жарасар... Маған: Малақайы жарты тышқанның терісі, Жартысы ұйғыр, жартысы суан, Жәркенттің серісі. Озат колхоздың қызылшасындай бойы бар, Алда-жалда заң шықса, Тоқал алам ба деген ойы бар. Еш бастықтан қыңбаған, Тек қана Қайыңжамалды тыңдаған, Бұл да бір Әбен Дәуренбековке жарасар ей-ей, жарасар... Бір жылдары жазда құрғақшылық болып, Алыбаев деген аузы алты қарыс хатшының әмірі бойынша барлығымыз ағаштың бұтағын сылып, жапырағын жұлып, жаз бойы арық-арықтың бойынан шөп

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м шауып, қаңғып кеткеніміз бар. Қазіргі Көксу ауданы «Еңбекші» кеңшарына редактордың бірінші орынбасары Елжас Бейсен­беков бастаған бір топ жігіт Кеңарал бөлімшесіне барсын. Әдетте таң атар атпастан «материал, материал» деп жанды қоймайтын Еле­ кең ондайда тыным тапсын ба? Әбден зықыларын шығарған көрі­ неді. Басына түрікше дөңгелек тақия киіп алған бастыққа қарап Жұматайдың айтқаны ғой: Келген жерім Кеңарал, Жайымыз жоқ демалар. Тықың-тықың етеді, Турецкий генерал, – деп. Талдықорған облыстық радиосында істеп жүрген кезінде журналист Әуелхан Жақыбаев анау жақтан келе жатқан ақын Тоқтасын Сүгірбековті көріп: «Жұматай, сен нағыз ақын болсаң осыны «қолға түсірер» бір өлең шығарып жіберші» – деген көрінеді. Ондайда ойланып жататын Жұмекең бе? Табан астында бұл күн­дері аңыз-нақылға айналып кеткен: Құнжыңдап қатын көрсе қуанатын, Қиярдың бөшкесіндей жуан ақын. Жыласа, «жүн-жүн» берсе жұбанатын, Кіндігін қытай кескен суан ақын. Кеңсеміз Кербаланың шөлі боп тұр, Бірдемең бар ма бізді суаратын... деген өлеңді шығара салыпты. Айдын деген ұлым дүниеге келгеннен кейін бірде Жұматай сол Тоқтасыннан: «Осы Әбеңнің үйіне барып баласына бауы берік бол­ сын айтайын десем, көрімдігім болмай жүр, сіз барып шықтыңыз ба?» – десе керек. – Бардым. – Көрімдігіне не бердің? – Бір қой атадым. – Қап, оны білгенде мен екі қой бере салар едім ғой, – дейді Жұматай. Атақты «Бір жілік» деген өлең сол жылы туып еді: Бір жілігі Сарқанда, Бір жілігі арқаңда. Бір жілігі «Басқанда», Бір жілігі аспанда. Бір жілігі Қапалда, Бір жілігі тақауда. Бір жілігі сапарда, Бір жілігі Қапарда... Үйсін, найман тойынар, Бермей жүрген Тоқаң жоқ, Шамаң келсе сойып ал...

222 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Бірде Зайда Мұқырыдағы әкесі Қошақан қарияның үйіне редакцияның басшыларын шақырды. Жұматай: «Менің бастығым сенсің, қонақ боласың», – деді. Қатардағы жай қызметкер болсам да ешқайсысы мені бөтенсінген жоқ. Бәріміз қазіргі зейнеткерлер Ғайыс Егембердиев, Елжас Бейсенбеков және Алматыдағы белгілі журналист-жазушы Ерғали Ахметов үй-ішімізбен қонақта отырмыз. Жаздың жайлы күні. Салқын бақ. Әңгіме думан. Ән-жыр. Біраздан кейін термелетіп, жыр төгіп отырған Жұмекеңнен, үлкен кісі Ғайсекең «мен мына Құдайбергенге айтып жүретін бір өлең шығарып берші, Жұматай», – деді шопырына қарап. Солақ екен: Алты алаштың арысын, Қанжығасына байланған. Екі «нолін» көргенде, ГАИ-ның өзі теріс айналған. Қонағына майлы қолымен ет асатқан, Ай сайын мотор көтертіп, «Октябрь туының» жігіттеріне, «Физарядка» жасатқан, Бұл да бір Құдайбергенге жарасар ей-ей, жарасар... Баяғы гастрономның жанындағы үйде тұрғанымда ауыл­дан шашын тақырлатып алып тастаған өзіме тете інім Нұрбек келіп отырған. Оның жүгеріші екенін, су ұстайтынын біліп алған Жұма­ тай Нұрбекке қарап былай деді: Кетпенін жерге есепсіз батырмас, Өзімсінбеген адамға нәр татырмас. Екі бірдей ағаң сусап отыр, Магазинге барып келші, – ей, тақыр бас, ей, тақыр бас. Нұрбек қайтсін, жымиып күліп, басын бір сипады да, бешпетін киіп, қалтасын бір қағып қойды да, сыртқа шығып бара жатты. Бір айтпағым – жас суреткердің табанасты суырыпсалма өлең­ дерінің соншалық поэтикалық қуаттылығы, шын ақын нағыз талант, не жазса да, не айтса да жаман жаза алмайтындығы, жаман айта алмайтындығы! «Жерұйық» 1995 жыл 24 қараша

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Мақсұт НЕТАЛИЕВ «ӘН БОЛЫП БІТКЕН ҚҰЛАГЕР ӘЛГІ КҮЛІКТЕЙ...» Ж.Жақыпбаев. Көктемгі хаттар. «Жалын» баспасы, 1992 жыл Жұматай көлкөсір етіп көпіртіп, көп те жазған жоқ, көзі тірі­сінде көп кітап шығарған да жоқ. Бірақ «Жалын» баспасынан 1992 жылы жарық көрген «Көктемгі хаттары» (көлемі 10 баспа табақ) азғантай ғұмырға аз да еңбек емес. Жұматай кезінде Жұмекен сынды жампоз ақынның қаламына ілінген бақытты жастың бірі еді. Қазір оның жыр жинағын қайталап оқу үстінде талантты ақын өзінің қысқа ғұмыр-тарихына талай құнды нәрсені жазып кеткеніне көзім айқын жеткендей болды. Әр өлеңін зейін қоя зерделеп әрі аса қызыға оқып шықтым. Әсіресе, «Кенежирен» деп аталатын небәрі төрт шумақтан тұратын әдемі өлең мені қатты сүйсіндергенін баса айтқым келеді. Алдынан сөре, артынан қиқу таялса, Бұзау тіс қамшы бұтынан шақса шаянша, Құлажирен ат құйқылжып шығып баянша, Құла бір дөңнен құлдырар еді қоянша. Арқасы қозса, ылди ма, өр ме, елемей, Зымырар еді сындарлы сырлы жебедей, Ауаны тесіп аспанда ұшқан кемедей, Немесе безіп түрмеден шыққан немедей. Зырқырар еді, сүрінем деп те қорықпай, Тоқтатар оны кедергілер де жолықпай. Сөрені бетке ап, үш күндік жерден зорықпай, Құйындар еді құланын көрген қодықтай. Ән болып біткен Құлагер әлі күліктей, Бәйгеден келсе, кернейшілер де ілікпей, Алшаңдар еді ала аяқтары бірікпей, Қылықты қыздың қасынан келген жігіттей! Қас жүйрікке осыдан артық қандай баға берілу мүмкін?! Өлең­ нің әр шумағы, әр жолы ғаламат бейнеге толып тұр. Ақын қазақы сөздерді орны-орнымен ойната білген. Ә деп оқи бастағаннан-ақ сұлу теңеулермен өріліп, төрт жол сайын үстемелей төгілген сазды ұйқасқа елтисің де, екпіндей ұшқан Құлажиренге ілесіп, сен де жүйтки жөнелесің.

224 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Біз ақын жүрегінен туған жыр өзінің табиғи мінезіне, қасиетқарекетіне тартады дегенді көп айтамыз. Шынында да солай ма? Аяғын жай басып, жалпақ алатын Жұматайда тап әлгіндей екпінді, ұшпа мінез жоқ болатын. Ендеше, туған табиғатына ақын мінезі тартатын шығар, ал ақын табиғатына оның өлеңі тартады дегенге сену қиын. Мұны осы Жұматай ақын дәлелдеп берді. Осыған жалғас орналасқан тағы бір жақсы өлең бар. Бірде Жұматайдың бес моторлы ұшаққа да бергісі келмейтін әлгі Кенежирен атын Шора деген ағасы сатып жіберді. Соған күйінген ақын: «Жұрт ағасын айырбастай бастаса, Шөке, сені өткізер ем алдымен! – депті. Әлбетте, тұлпар қадірін тек тұлпар таланттар ғана білсе керек. Жабыны да жүйрік деп санайтындар тегінде мұндай өкінішке бармас та еді. Жұматай ақын жырларында сырлы сезімнен өрбіген ай­шықты ойлар мен жұмыр ұйқастар, соны теңеулер мен бейнелі суреттер мол-ақ: «Бозамық көкке бозторғай құсты ілдірген, мал өріс қырға ма­­саты төсеп үлгірген», «Көктеулеріне бетеге шығып көкқасқа», «Сабағы жұмсақ сарғалдақ сайдан терді ме, арқаға бұрым лақты­ рып?», («Мамырым менің»), «Көкекке мініп, италақазды жетекке ап», «Сақалын көкке боясын аппақ серкелер», «Көбелек боп кетсін еңсемді басқан қорғасын», «Жасылдан желек жамылған талға қыз мүсін», «Қан тұмсық жебе қадалып жатса шаншудай» («Көктемге хат»). Мұндай жолдарды көптеп келтіруге болады. «Жаз күйі» дейтін өлеңде ақын өрістен оралған үйір жылқы­ ның кісінескен, сиырлардың мөңірегенін саз аспаптардың үнімен байланыстырады: «Бие, айғыр саксофонша шұрқыраған» немесе «Өрістен қайтқан сиыр бұзауына, өзбектің кернейінше мөңірейді» дейді. Бұл да поэзиядағы теңеулер жаңалығы. Осы өлеңге түсіне бермейтін солақай сыншысымақтар сөз жоқ дау айтар еді. Жұматай мұны өзінің алуан түрлі музыкадан хабары бар екенін сездіру үшін айтып отырған жоқ, жалпы жаратылыс пен жануарлар арасында да сазды, әуенді үндестік бар екенін ұғындыру үшін айтып отыр. Мына бір шумақтарды оқып көрелікші. Өлеңнің аты «Ойсазда». Алакөлең аршалы таудың қабағы, Аспанмен жөңкіп сұр бауыр, аппақ жабағы. Бұйра шыңдардың бетімен бұйра көлеңке, Сорғышқа құйған сияша жылжып барады. Жарыса көкпен жабағы жылжып не түрлі, Жердегі жарық жердегі нұрды кетірді. Көлеңке түскен көркем беткейлер алыстан, Қара түр басқан көкжасыл киіз секілді...

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Жез тастар жатқан желегі қалың көк белге, Екі үйір жылқы еміне сүңгіп кеткенде, Балқаштан бері жолаушы шыққан кеме-бұлт, Трюмін ашып, төбеден бұршақ сепкенде... Осындағы ақын келтірген теңеулерге көз салыңызшы: қан­дай ойлы, қандай өрісті, әрі ақын салған суреттер таңдай қақтырар­лық келісті де сымбатты. Кітап үш бөлімнен тұрады. Соңғысы Жұматайдың көзі тірі­ сінде жазған және жарық көрген жинағына енген «Ләйлә» топта­ масы. Бұл турасында әдеби жыл қорытындысында жасаған баянда­ мада айтқанмын, сонда бұл топтаманы әлемдік поэзияның інжумаржанына теңегенмін де. Енді осы бөлімнен бір мысал кел­тірсем деймін. Жұматай бір кезде нағашысының үйіне барып, қақ төрінде шалқайып жатса, үстіне кірген әжесі: «Бесінім қаза боп барады екен» деп, намаз оқуға тұрады. Соны тыңдап жатқан ақын сүренің ішінен құлағына бір сөз жеткенде, селк ете түседі. Сөзді ақынның өзі айтсын: ...Мұратқа соныменен жетті ме екен, Бір тілде күбірлеп ап кетті бөтен. Селк еттім. Не деп кетті? Сөйтсем әжем, «Ләйла, илло-алла» – деп тұр екен. Осыдан соң Жұматай өлеңді тастап, намаз сүресі ішінде Ләйлә­ нің аты жүргендіктен намаз оқығысы келді. Тапқырлық қой. Міне, өлеңнің құдірет-күші де осы соңғы түйінде жатыр. «Қадірім қашты. Шер құштым. Шетқақпай көрдім», «Біттім енді. Кеттім, міне. Болды енді», деп ақын інімнің өзі айтқанын­дай, қиындық көрген кездері де болған шығар. Әйтсе де, өмірден ерте­ рек кеткен Жұматай ақынды анасы бірде «Ажалсыз Жұматай» атаған екен. Тағы да ақын сөзімен айтсам, Жұматай жасында «сотанақ болып қалыптасады», одан «бас бұзар боксшы ретінде рингке де шығады», одан соң «атбегі әрі күйші ретінде» танылады. Сонымен: Алғанда тәңірінен азар сұрап, Өшпейтін дәріптеусіз, назарсыз-ақ, Кемедей еш теңізге батпайтұғын, Апамның қойған аты – Ажалсыз ат! – демекші, Жұматай аты өлген жоқ, ол – тірі! Мынау мұралық жинақ соның бірден-бір ке­пілі деп білеміз. «Қазақ әдебиеті» 1993 жыл 25 маусым

226 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Төреғали ТӘШЕНОВ МЕН КӨРГЕН ЖҰМАТАЙ Жыр оқыған күбірлетіп бал ернін, Москва ма, Римде ме, тауда ма. Мен де кейін бір баланы демермін, Таба қылмай досына да, жауға да. Жұматай Жақыпбаев Менің ғажайып ақын Жұматай Жақыпбаевты алғаш көруім – 1983 жыл. ҚазПИ-дің филология факультетінің I курс студен­ тімін. Студент ақындардың «Аудитория» деген топтамасы тасқа басылатын болып, бір топ өзім құралыптас жігіттермен бірге шимайшатпағымды «Жалын» баспасына өткізуге барғанмын. Баспа үйінің өзіміз бас сұққан бөлмесіндегі екі-үш адамнан есімде қалғаны – балаларға арналған әлдебір ұзақ өлеңін бізге бусана оқып беріп отырған Байбота ақын Серікбаев (қазір Қошым-Ноғай). Жорта ойнақыланып, тілі күрмеле, түсініксіздеу үнмен асығып-үсі­ гіп өлең оқығанын бақылап отырудың өзі бір қызық. Әлден уа­қытта есік ашылып, ішке қара торы, қияқ мұрт, ұшқын атқан күлім көзді жігіт ағасы кіріп келді. Орнымыздан тұрып, амандасып жатыр­мыз. Сәлемімізді алған әлгі кісі «Кім боласыңдар?» деді қызығу­шылық танытып. Ішіміздегі жоғары курста оқитын ересек жігіт­тердің бірі шетімізден таныстырып жатыр. Кезек маған келгенде, шоқ жа­нарлы әлгі кісім: – Бұл жігіттің аты ғана Төре ме, жоқ әлде заты да Төре ме? – деп мысқылдай қадалып, жанымдағыларды бір желпіндіріп тастады. Жас уақытта адам кінәмшіл, тызақылау келе ме, жаңа көріп отырған кісімді шоқтай қарып алған шақпа тілі үшін жақтырмай қалдым. Былайырақ шыққан соң жанымдағы тісқаққандардан «Жаңа­ғың кім өзі?» десем, «ақын Жұматай Жақыпбаев қой» дейді. Жұматай аты есімде осылай жатталып қалды. Онан кейін ақын достарымның аузынан кейбір өлеңдерін тиіп-қашып естіп жүрдім. Қызып алғанда біреуі Жұматайдың жыр шумағын жатқа оқып: Жандарға дос та, дұшпан да болған, Құмар да болған, құштар да болған, Кеудемнен бұлбұл ұшқанда арман, Иттен де қалған, құстан да қалған Көңілім менің, көңілім, – деп жылайтын болды. Тағы біреуі оның өмірін ертегідей ғып айтады.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Ақынның «сүтке салған суреттей» өлеңдерін осылай әркімәркім­нің аузынан естіп жүргенім болмаса, жыр жинағын ұшырас­ тырған емеспін. 1985 жылғы көктемнің жазға ұласар шағы, қасымда екі серігім бар, желпініп алған үшеуміз Жұматайды «Сайран» көлі жанын­ дағы автовокзал маңында ұшыраттық. Алматы облысындағы аудандардың біріне бармақ болып, автобус күтіп жалғыз тұрған беті екен. Қасымдағы екеудің бірі – белгілі айтыскер ақын Есенқұл Жақыпбеков, Жұматаймен бұрыннан етене таныс, амандық-саулық сұрасып, қасымдағы ауылдасы Қайрат Күлменов екеумізді, ол да студент-ақын, таныстырып жатыр. Бұл жолы Жұмағам маған баяғы мысқылы да, екпіні де жоқ, ойлы да сабырлы қалыпта көрінді. Үстінде қалалықтар ұната бермейтін тор көзді, қонымсыздау шолақ жең жейдесі бар. Жағамыз жайлауда жүрген шақ, ақынның көрер көзге барынша қарапайым, тұйықтау тұрысын біртүрлі қорашсынып қалдым. Есенқұл мені көтермелей таныстырып, қоярда-қоймай «Қара ағаш» деген өлеңімді оқуымды өтінді. Қысылыңқырай отырып, ақын Жұмекен Нәжімеденовке арналған «Қара ағаш» деген өлеңімді оқып бердім (бұл өлең кейін «Жалын» журналының 1987 жылғы №1 санында жарияланған). Ақын «жақсы екен» деп ынта білдірді, жылыұшырай қарап, қолымды қысты. Бірақ біздің емеурінімізге ере қойған жоқ, жол жүріп бара жатқанын айтып, сыпайы ғана қарсылық білдірді. Әлден соң жүретін көлігі дайын боп, отырғызып жібердік. Осыдан соң Жұмағаңмен оқта-текте көшеде екеуден-екеу ұшырасып қалып жүрдім. ҚазМУ-дің қауымдасып жүретін жас перілеріндей емес, ҚазПИ-де қалам ұстағандар ілуде біреу, оның үстіне кілең қыздардың ортасы, сонан да көбіне «дүбір шыға­ тын жерлерде» жалғыз-жарым жортамыз. Және Жұмағаңның да қасында да ешкім болмайды. Неге екенін, қыста көзге нағыз болып шалынатын қаракүрең кісі, жазда ашаңданып, бозарып көрі­нетін. Баяғы жолығыстан кейін есінде мықтап сақтап қалған ба, әрдайым көрсе болды жылыұшырай жымиып, ыждағатпен сәлемімді алатын. Сосын: – Бала, таңдай жібітерлік бірденең бар ма? – дейтін жолық­ қан сайын өзімсініп. Ашқұрсақ студентте не болсын, қалтамда бақыр жоқ мен кеткенше асығам. Жолыққан сайын осылай ұятты болып жүрдім. Ниетім түзуақ, бірақ «жоққа жүйрік жет­пейді». Бірде зорлана жымиып, енді бірде түтігіп жүріп теріс бұры­лып кет­ кенім де бар. Оным аға тұтып артынан еріп жүрген кейбіреулерден көңілім суып қалған менің Жұмағамды да сол қатарға қосып қойғандығымнан болса керек.

228 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Бірте-бірте таныс та бейтаныс Жұмағам көзіме жылыұшырай бастады. Алдымен асықпайтын жүріс-тұрысы ұнады, онысын өзіме ұқсатып қойдым. Сосын барынша бейғам қарапайымдылығын, сыр тұнған мейірімді жанарын сәл сығырайтып, үнсіз шылымын сораптап тұратынын ауылдағы қоңсылас, көңілі жақын, кең қолтық ағаларымның кейпіне апарып қондырдым. Осы тұрысында өзінің де, өзгенің де бағасын тап басып танитын тамыршылық жатқан­дай еді. Бірде өзі суқаны сүймейтін бір ақынның соңынан еріп жүргенімді жақтырмағандай кейіп танытып тұрды. Жұмағаңмен ең соңғы рет жүздесуім – 1989 жылғы қаңтар айының алғашқы онкүндігі. Бұл кезде сырттай оқуға ауысқам, институт бітіретін жылғы қысқы сессияға келген кезім. Көшеде өз көңілімді өзім жылытып келе жатсам, Жазушылар одағы үйі жанынан Жұмағам қарсы шығып қалды. Амандықсаулық сұрасқан ақынға енді жатажабыса кеттім. Қалтам біршама тоқ, осы жолы нағыз реті келіп тұр, жақсылап сыйлап жіберсем деймін. Сол оймен ниетімді білдіріп, тізгінді өзіне беріп ем, «қалай болар екен?» дегендей, барлай қарап алған Жұмағам мені Одақ үйіне жақын маңдағы «Алматы» қонақүйінің мейрамханасына бастап алып келді. Сыртқы киімімізді кіре берісте қалдырып, жоғарыға көтерілдік те, кеңірек үстелге жайғасып, алдымызға оныпұны алдырдық. Жақсы тілек айтысып, енді жайлана бастағанда, қасымызға бөтен біреу­ лер келіп отыра бастады. Оңаша отырысты тілеп келген мен кел­ гендерді іштей жақтырмай қалдым. Жұмағам көңілді, әлгілермен ықы­ластана танысып отыр. Қалам ұстағандармен қоңсылас деуге келмейтін, сырттары тоқ, майлы қасықтай жылпылдаған жігіттер көрінді. Оларға «Қазақтың үлкен ақыны Жұматай Жақыпбаев» деп еркінси таныстырып едім, «ой қой» деп ағамыз қысылғандай жылы жымиды. Не керек, мұнда ұзақ отырып береке таппадық, қасым­ дағыларды қара албастыдай көріп түйіліп қалған мен өзіме де, ақынға да үстінүстіне тартқызып жібердім, білем... Әлдебір уақта сыртқа шықтық. Кеш батып, қараңғылық әлдеқашан түскен,көше шамдарын қаңтардың сары аязы буып тұр. Ішке түскен қызыл шоқты тағы үрлесек деймін. Бірақ ақын арыға барған жоқ. Маған: «онан да өлең оқы» дейді. Мен өзімді кереметтей сезініп, Жұмағаңның алдында жыр басын ағытамын кеп... Сөйтіп, сірескен қарды сықырлата басып, едәуір уақыт жүріп алдық. – Менің өлеңдерімді оқып көрдің бе? – дейді бір кезде. – Жоқ. Бір жол өлеңіңізді оқып көрмеппін. Жинағыңыз қолыма түспесе, өлем бе? Кітап дүкенінде атымен жоқ. Үйіңізде болса, біреуін сыйлаңыз. – Кітабым өзімде де қалмапты. – Онда өлең оқыңыз...

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Ақын бірақ өлең оқымайды, есесіне жаураған аяқтарын бірбіріне соғып, табанын жерге жиі қаққыштайды. – Сенің аяғыңда табаны қалың «аляска» етік, менікі мынау – жұп-жұқа бәтеңке, – дейді аяғындағысын көтеріп. – Қайтайық! Менің мұндай кісі бетіне жел боп тимейтін жақсы адамды жібергім жоқ... – Ертең түсте Жазушылар одағына бір жартылық алып жет. Маған емес, Иранбекке керек. (Ол кезде Иран-Ғайып «Қ.Ә» газетінің поэзия бөлімінің меңгерушісі). «Қазақ әдебиетіне» өле­ңің­ ді шығартып берем... Ертеңіне бара алмадым. Ол кезде арақтың бағасы аттай кез. Бақандай он рубль. Сірә, ортайып қалған ақшамды қимадым ба, шын ниетім құламады ма, барудың реті келмеді... Онан кейін де екі жыл өткен. Ауылда, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында мектеп мұғалімімін. Шолаққор­ ғандағы кітап дүкеніне бас сұғып, сөредегі кітаптарды ығыс­тырып жүрсем, бір қуыста шаң басып жатқан жұқалтаң кітапшаның кө­зіме оттай басылғаны. «Шұғынық гүл төркіні» екен. 1984 жылы шық­қан. Алматыдан таптырмаған алақандай кітаптың ойда-жоқта алдым­­ нан осылай шыққаны. Әрине, жалма-жан сатып алдым. Оқып көрсем, о, ке -ре-мет! Бас ала алмай, құнығып қайта-қайта оқы­ған­ мен, шөлімді қандыра алмаймын. Табиғаты тап-таза, сондай тұнық, не деген керім өлең, керемет ақын деймін...Шіркін-ай, қайыра бір жолығыссақ, әңгімелесіп-сырласу бақытына ие болсам, – деймін өкініштен аһ ұрып... Бірақ менің бақытсыздығыма қарай бұл кезде аяулы ақынның енді қайтып оралмайтын мәңгілік сапарға аттанып кеткен кезі болатын. «Айқын» 2007 жыл 2 маусым

230 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Сайлаубай ТОЙЛЫБАЙ ЖҰЛДЫЗДЫ АҚЫН – ЖҰМАТАЙ Көкейімде өшпестей боп тұратын, Ізгі арманым, ата-баба мұратым. Сөз бастайын құран, дұға тілімен, «Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим!» (Бала күнгі өлеңінен) Бастау Өзің жайлы жан сырымды төгу үшін көп ойландым, көп толғандым. Бірақ шешім таппадым. Біріншіден, аруағыңнан имен­ дім. Екіншіден, жазғаныма рухың риза болмай жүрсе, қандай күйде жүрерімді сезіндім. Дегенмен, көкейімді бір ойлар мазалай берді, ақыры шыдамадым. Қолыма қаламымды алдым. Алғашқыда неден бастарымды білмедім. Ойлана, толғана келіп, мен өзіңіздің кіндік қаныңыз тамған туған жеріңізден, туған ауы­ лы­ңыздан бастауды жөн көрдім. Өйткені кім-кімге де туған жерден артық, одан асқан қасиетті мекен болмаса керек. Дәл осы тұста Жұматай аға, өзіңіз жырлаған туған жеріңіз туралы өлеңіңіз осы ойымызды дәлелдей, нақтылай түскендей. Туған жерім, сені ғана түсінем, Судың емес, қайнарысың күшті әннің. Жабайы алма, жасыл шетен ішінен, Тамылжиды таңғы арманы құстардың. Туған жерім, әлемдегі ел түрлі, Таңдай қаға қарау үшін мың сан күн. Әспеттеуге, бейнелеуге көркіңді, Тілімнің бар акварелін жұмсармын. («Көктемгі хаттар» 193-бет) немесе «Менің ауылым өлеңіңізде: Алсын қаулап, сайдағы су суынан, Аспан басқан алаулаған шырағын. Бақша-бауда торғайлардың шуынан, Бас мәңгіріп, бітеді қос құлағың. Күнбағарлар ерте айырылды басынан, Қына тықыр күнгейдегі қыр гүлі.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Түн жамылып кебу пішен тасыған, Ұйықтатпайды арбалардың зіркілі. Апорт алма ұялғаннан қызарды, Төгіліп те жатыр жерге тәтті бақ. Тентектер жүр шөпке келген бұзауды, Таспен емес алмаменен атқылап. Сыр шерткенде жазды күні құраққа, Дастандарды тудырғанда үнемі. Ауылым менің жетсін деймін мұратқа, Қабыл болсын деймін барлық тілеуі, – («Саратан» 57бет) деп әдемі, әсерлі суреттермен туған жеріңізді, туған ауылыңызды көз алдымызға сол қалпында әкелесіз. Тіптен оның қасиетін одан әрі аша түсесіз. Бұл – сіздің туған жер мен ауылға деген шынайы махаббатыңыз, бәлкім, шынайы сағынышыңыз болар. Туған жер. Киелі топырақ Иә, Жұматай ақынның туған жері – киелі жер! Қасиетті жер! Қазіргі Алматы облысы, Ескелді ауданына қарасты «Жетісу» ауылы. Бұл ауыл алғашқы артель болып құрылған кезде сол заманның ыңғайына қарай «Қарасу», «Большевик», кейін «Молотов», «Ленин» деп аталған болатын. Ақырында, 1960 жылдары жер жанаты «Жетісу» деген атына ие болды. Кезінде бұл жерде данышпан әулиелер Ескелді мен Балпық билердің қасиетті іздері қалған. Сонымен бірге бұл ауыл от ауызды, орақ тілді ақын Бақтыбай Жолбарысұлының, төкпе айтыскер ақын Темірғали Рүстембековтердің өскен ортасы, жүрген жерлері. Одан беріде қазақтың бұлбұлы атанған Күләш Байсейітова мен Қанабек Байсейітов, ақын-жазушылар С.Мұқанов, Қ.Шаңғыт­баев, М.Мақатаев, Б.Соқпақбаев, С.Мұратбековтер болып, бұлағынан дәм татқан жер. Бұл ауылдан бір академик, 30-ға жуық ғылым докторлары мен кандидаттар шыққан. Олардың қатарында Мемлекеттік сый­лық­тың лауреаты, академик, химия ғылымдарының докторы, профессор Еділ Ерғожин, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, химия ғы­лым­ дарының докторы, профессор Немеребай Нұрахметов, техника ғылымдарының докторы, профессор Ыбырайым Туғанбаев, заң ғылымдарының докторлары, профессорлар Мақсұт Нәрікбаев, Өмірәлі Қопабаев және т.б. азаматтар бар. Бұл ауылда және болашақ

232 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Жұматай ақынның әкесі – Сағади, анасы – Сара, бауыр-ағалары – Шора, Шаметай (шын аты Самархан), қарындастары – Мәнтай, Бақтай, інілері – Марат, Бөкендер дүниеге келген. Міне, мұндай киелі топырақтан Жұматайдай жұлдызды ақынның тумауы да мүмкін емес еді. Ақын ауылының бір ерекшелігі, қысы – жұмсақ, жазы – қоңыр салқын. Көшелері жасыл желегімен көмкерілген, әсем де көрікті. Ал енді көкөніс пен жеміс-жидектің түр-түрі өседі. Топырағы құнарлы, бау-бақшалы. Көктемде Ұшбұлақтың етегі, Шақпақ тас, Бәйгетөбенің баурайлары алқызыл шұғынық пен қызғалдаққа шомылғанда көз алмайсың-ау, шіркін! Сол ауылды жанамалап Қусақ өзені ағып жатыр. Көктем шыға арнасынан асып, кәдімгідей буырқанып, бұлданып тасиды. Бұл өзен сонау Жоңғар Алатауының сілемдерінен бастау алады. Кезінде марқұм Қуандық аға Шаңғытбаев Сарноқай жайлауының көк майсасында аунап-қунап жатып, өзінің гөзал жырларын және Қ.Байсейітовпен бірге «Беу, қыздар-айын!» жазған. Ондағы образдар мен прототиптер осы ауыл адамдарытұғын. Егіз қозыдай қатар жатқан Сарноқай мен Мыңбұлақ жайлаулары жаз шыға мыңғырған малға толып, азан-қазан у да шу болып жатушы еді. Сарғоқты, Шоратұғыл, Үшбұлақтан бастап, Қараиректің жотасы, Бекбау жерошағы, Суық төбе, Балдырғанды жайлауы, Солдат сайы арқылы, одан әрі Сатылы, Жоңғар Алатауының сілемдерінен асып түссеңіз Қытай елінің шекарасы көрінеді. Осы жерлерге дейін ата-бабаларымыздың жүріп өткен көш жолы сайрап жатыр. Яғни Жұматай ақынның жырлаған «Көш жолы. Қайнар» жыры («Саратан» 1979 ж 16-бет) соның айғағы. Сол көш жолының бойындағы Бекбау жерошағында керемет қайнар бұлақ болған. Сол бұлақтан ары-бері өткен аттылы, түйелі керуен көштері шөліркеп келіп, талай рет бел жазып, бастауынан сусындап кететін. Беріге дейін сол мөлдір бұлақтан қаншама адам нәр алып өсті десеңізші! Рухыңнан айналайын, Жұматай аға! Сол «Көш жолы. Қайнар» бұлақты әдемі тілмен әспеттеп жырға қосқан ақын сіздей-ақ болсын! Астаудай ақжем, арнадай шұңғыл бұралаң, Арғымақ күшін, атанның белін сынаған. Аққұмақ жолдың айылдай ғана енімен, Алалы жылқы, ақтылы қойлар шұбаған. Ала бас таудың құймышағындай құзынан, Атамыз тартқан маршруттарға қызығам. Топырлап өткен, тасырлап соққан тұяқтар, Тауларды кертіп, тастарды үгіп мұжыған.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Немесе: Ақ көңіл самал аңқылдай сөйлеп сайларда, Алдынан жайлау астарсыз кілем жайғанда. Белбеуін шешіп бесінде кімдер түспеді, Бекбауда жатқан белгісіз мына қайнарға, – дейді. Қандай теңеу! Қандай әдемі сурет! Жалпы, Жұматай табиғат тылсымдарын суреттеуге келгенде алдына жан салмайды. Оның әрбір сөзі көненің көзіндей, ше­ шеннің сөзіндей жарасымдық тауып, жымдасып жатыр. Тіптен әр сөзіне үңілсеңіз алтынмен аптап, күміспен күптеп қой­ған­ дай. Айналасы теп-тегіс, жұп-жұмыр келеді. Мысалы, «Мамы­рым менің», «Көктемге хат», «Ойсазда», «Той. Саржайлау», «Өл­кемде өсімдіктің ырғыны – гүл», «Сарноқай саздары» және т.б. көптеген өлеңдері соның айғағы. Жұматай оқырман жүрегінен жол тапқан, олардың сүйіспен­ шілігіне бөленген ақын. Ол тірі кезінде-ақ өзінің ақындық қары­ мына, талантының қырына сенген еді. Ақын ауылға келгенде Әлі есімде. 1964-1965 жылдар болу керек. Сіз Алматы шаһарына оқуға түсіп, студент атанып жүрген кезіңіз болатын. Жаздың бір шуақты күндерінде астанамыз Алматыдан Жұматай ағамыз ауылға келді. Ата-анасы, бауырлары, қарындастары, көрші-қолаң Жұмекеңнің келгеніне қуанысып, шүйіркелесіп қалдық. Ол кезде Алматы астана болып дүрілдеп тұрған кез. Ауыл балалары біздер үшін астанадан келген адамдар да өзгешелеу ме, қалай, әйтеуір мәде­ ниетті, ерекше көрінетін. Жұматай ағамыз да бұрынғылардың салсерісіндей, өте байсалды, аяғын сылтып басатын, қою қара мұртты әдемі-тұғын. Ағамыз келген күннен бастап, Сағади ақсақалдың үйі кішігірім той-думанға ұласатын. Домбыра, баян, гитара сияқты аспаптармен қосылып, шағын ғана оркестр құрылатын. Баянда – бауыры Самархан, домбырада – Жұматай ағамыз, гитарада – Марат інісі ойнаса, әнді – қарындасы Мәнтай мен Бөкен орындайтын, биді – қарындасы Бақтай билейтін. Арасында Шора бауыры да, әкесі Сағади марқұм да қосыла ән салып кетуші еді. Әкесі өте сауық­қой, қалжыңбас, домбырашы, аңқылдаған адал әрі аңғал жан бо­латын. Сол кезде ауылдық кеңестің төрағасы болып қызмет атқарушы еді. Көзі ашық, көкірегі ояу, хат танитын. Астынан сұлу ақ боз аты түспеуші еді, жарықтықтың. Қай жылы екені есімде жоқ, Жұмағам Алматыдан ауылға келген бір сапарында талантымен елге танымал болған, (өмірден ерте

234 Жұ матай Ж а қ ы пбаев кеткен) ғажап ақын – Марат Отарәлиевті ерте келгені бар. Марат ақын өзімен бірге жаңадан жарық көрген жұқалау ғана «Қалампыр» атты өлеңдер кітабын ала келіпті. Тірі ақынды бірінші көргендіктен бе, біз сол кітапты қолдан-қолға түсірмей, таласа оқып шыққанымыз есімде. Бірнеше күн Жұматай ағамыздың үйінде қонақ болып, анасы Сара апамыздың қолынан дәм татқан Марат ақын шашын артына қайырған, қара торы, қыр мұрынды, арықтау келген жігіт еді. Оның: «Көмбеңдер мені өлгенде, көмуге сірә, бола ма? Шалықтап жатқан өр кеуде, сыйар ма мынау молаға? Рас-ау, сөнер күн сәулем, бірақ та қайдан от өшсін! Өкіріп көрден тұрсам мен, өзің де шошып кетерсің» – деп басталатын үш-төрт шумақ өлеңінің осы екі шумағы есімде қалыпты. Қайран ақын, талантын толық аша алмай дүниеден ерте озды. Көкпар. Кенежирен және Жаукен дос Жұматай аға! Сіздің жаныңызды түсінетін, шынайы жан досыңыз Жаукен (шын аты Жайлаубай) болғанын білетінбіз. Екеуіңіз егіз қозыдай қатар жүргенде ауылдың қыз-жігіттері қызыға қараушы еді. Сіздердің достықтарыңыздай достықты көрмедім десе де болады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы мен адалдығын бүгінгі көзі тірі азаматтар растайтынына күмәнім жоқ. Әсіресе, көптен көрмей қалса қатты сағынысып, бірін-бірі іздеп тұратын. Соның бір айғағы Жұмекеңнің «Досқа сыр» деген өлеңі Жаукен досына арнап қалдырған мәңгілік ескерткіші іспетті. Ал олардың Сарноқай жайлауында тойларда болып, талай рет нағыз додаға түсіп көкпар тартқандары менің де көз алдымда. Қорым тас, тік жарқабақ, шыңқұздарға қарамай талай көк серкені ауылға әкеп түсіретін. Артынша бұл ауылда сол күні кіші-гірім той-томалақ болатын. Жұмекең аттын сырын жақсы білген адам. Жан досы Жаукеннің бәйгеге қосып жүрген құла қасқа аты болған еді. Соны бір тойда бәйгеге қосу үшін жаратып әкелгенде, Жұмекең кермеде байлаулы тұрған аттың алды-артына шығып, сын көзімен қарап тұрып айтқаны: – Мен білсем, Жәке, осы жолы құла қасқа бәйгеден бірінші келеді, – дегені бар. Айтқандай құла қасқа сол бәйгеден алдына жан салмай жеке дара келді. Сөйтсек Жұматай ағамыз жылқы малының сырын терең зерттеп, іштей түйіп жүреді екен. Кейін келе аттың сыры, Кенежирен туралы, көкпар жайында керемет тамаша теңеуге толы өлеңдерін жазып қалдырғаны да белгілі. Мысалы, «Кенежирен», «Сауал», «Көк жорға», «Ат туралы», «Ат жаратқанда» өлеңдері осы ойларымызды нақтылай түседі. «Кенежиренді Шора сатып жібергенде» өлеңі эфирден оқылып, құлақтан-құлаққа

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м жеткен кезде алғаш рет ағасы Шора естіп атша тулағаны бар. Ол кезде Кенежирен Шораның қолынан өтіп, басқа біреуге сатылып кеткен кезі еді. Шора да мықты футболшы, атқұмар болған азамат. Кейіннен Жұматай інісіне деген Шора бауырының қара қазандай өкпесі жазылып орнына келген. Өйткені бауыры Шора Жұматай інісін қатты сыйлайтын, қатты құрмет тұтатын. Бір қызығы, Жұмекеңнің бала кезден-ақ өнерге деген құмарлығы, талпынысы өте мықты еді. Ағаштан бір нәрсені жонып жасай қою немесе қолдан садақ ию, кептірілген алма ағашынан домбыра жасау сияқты істерге шебер-тұғын.. Домбырамен ән айту, күй шерту Жұмекеңнің бойына ерте кезден дарыған өнер. Әсіресе, шертпе күйді мәнеріне келтіріп тартушы еді. Содан болар, ақынның артында бірнеше туынды күйлері қалды. Ал енді «Көкпар» туралы өлеңі бір төбе десек артық айтқандық емес. Адамның қанын қыздыратын қазақтың тамаша салт-ойынын сол қалпында тірілтіп, көз алдыңызға әкеле суреттеуі ақын тілінің шеберлігі демеске хақыңыз жоқ. Өлеңді толық шумағымен оқып көрейікші: Қағысып астындағы жылқы малы, Көкпарға тебініп жұрт ұмтылады. Тақымға орай басып тартқан кезде, Көк еті көк серкенің жыртылады. Жұлқынып пырақтар да күш қылады, Келгендей түу аспанға ұшқылары. Сатырлап сауырына қамшы тисе, Тұлпарлар тұяқ тіреп ышқынады. Жігіт пе атқа топты жарғызбаған, Әнекей, көкпар кетті андыздаған. Дүркіреп тартып берді қуып соны, Қала ма мұндай кезде қан қызбаған. Жайлаудың айқай басып ойы-көгін, Бұл көкпар алып кетті той ілегін. Жығылып жатса да адам қарамаған, О, көкпар, өр халқымның ойыны едің. Дода боп әдет жанды қысты ма екен, Қасиет қанға сіңген ыстық екен. ...Көкпарда қазақ өзін сынайтұғын, Әйтпесе, көк серкеңіз ныспы ма екен?! («Саратан» кітабы. 40-бет)

236 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Қандай тіл! Қандай сурет! Нағыз көкпарға жан бітіріп тұрғандай. Ал енді осындай өлеңге Жұмекеңмен он жыл бойына бір сыныпта оқыған, тай-құлындай тебісіп өскен, дос қызы , Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының доценті, сырнайшы, әншісазгер Ағайша Шермұхамбетқызы Исағұлова жүрек тебірентер ән шығарып, дүйім жұртты таң-тамаша етті. Ақын өзі әннің әуезділігі мен үйлесімділігін тауып, нағыз көкпарға тән батылдықты, жігерлікті, намысқойлықты одан бетер аша түскендей. Ән «Жаңа ғасырға – жаңа ән!» конкурсында өзіне лайықты Гран-при сыйлығына ие болуы соның айғағы. Тек, әттең шіркін, дейсің! Бұл қуаныш пен марапаттауды Жұматай ақынның өзі көзінің тірісінде көре алмай кетті. Бұл да болса осындай атақ-даңққа жете алмай 45 жасында өмірден озған ақын арманының бірі еді. Күте тұр. Күн өтер өрлеумен, Бұл күндер бақытын берген көп. Дүние талайды көргенмен, Жаңа бір жыршысын көрген жоқ! Көрмесе бір күні көреді! («Көктемгі хаттар» кітабы «Досқа сыр» өлеңі. 233-бет) Бүгінде сол өзі айтқандай, жаңа бір жыршысын, жаңа бір қырынан танып-біліп жатыр. Оған қарап тәуба дейсің! Тіптен Жұматай поэзиясына терең үңіліп, оның ерекшелігін зерттеп жүрген жас ғалымдарға қалайша қуанбасқа. Әрине, ақынның ашылмаған сырлары әлі де көп. Ол болашақтың ісі деп білеміз. P.S. Қасиетіңнен айналайын, Жұматай аға! Сізді жарық дүниеге әкелген бірінші – Аллаға, екінші – аңызға, үшінші – туған жер топырағына қалайша тәнті болмасқа! Осы орайда туған ауылыңыздағы өзіңіздің ең бақытты балалық шағыңыз өткен, қараорман шаңырағыңыздың жай-күйі бізді қатты ойландырады. Бүгінде құлаудың аз-ақ алдында қаңырап бос тұр. Тіптен сыртынан қарасаң көңілің құлазып, ішің ашиды. Ертеңгі күні біреулер қабырғаларын құлатып, кірпіштерін бұзып алып кете ме деп те қорқасың. Айналайын, аудан, ауыл әкімдері! Ағымдағы үш жылдың Елбасының нұсқауымен «Ауыл жылы» болып белгіленгені мәлім. Олай болса, ел таныған талантты Жұматай ақынның сол қараорман шаңырағын құлатпай, қайта жөндеуден өткізіп, мұражай үйіне айналдырсаңыздар ел де, ақын рухы да риза болар еді-ау! Оның ертеңгі күні болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні мен маңызы бар емес пе? Аудан орталығы Қарабұлақта, ауылы «Жетісуда» Жұматай Жақыпбаев атына берілген көше бар. Оған қоса бұрынғы

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Тельман атындағы ауыл мектебі ақын есімімен аталады. Бұған да шүкіршілік дейміз. Жұматай аға! Әлі де өзіңіз жайлы ақ қағаз бетіне түспей қалған көптеген ойларым баршылық. Шамамның келгенінше, қаламымның жүргенінще жазуға тырыстым. Егер де осы жазғандарымның кемшін тұстары болып жатса, өзіңіздің рухыңыздың алдында кешірім сұраймын! Тек Алла жар болсын! Риза болыңыз жұлдызды ақын – Жұматай аға! «Қазақ әдебиеті» 6.02.2004 ж. Өтепберген АҚЫПБЕКОВ ЖҰМБАҚ ЕДІ-АУ ЖҰМАҒАҢ... 1.Сақал Жұматайдың қырыққа келгенде жеке баспанаға ие болып, сақалмұртын жіберіп, қызметсіз шығармашылық жұмыста: «Бес-алты жыл бір бөлімді билеп ем, Кетіп қалдым бір кещеден жеңіліп...», – деп әндетіп жүрген кезі. Осындай бір тұста Оспанхан Әубәкіров ағасы жолығысып, қояр да қоймай үйіне ертіп барады. Ағалы-інілі екеуі біраз желпі­ неді, серпіледі. Жұматай да сақал-мұртын сипап қойып, тарихтың тереңінен, бүгіннің дерегінен сыр тартады ғой, баяғы. Інісінің сөзіне де, өзіне де риза болған Осағаң: – Әй, бала, менің атымда не көше, не мектеп, не ауыл, не қала жоқ. Сен ана сақалыңды «Оспанхан Әубәкіров атындағы» десең қайтеді деп жатып келіп жабысыпты. – Қәрия, бұл сақал-мұрт қымбатқа түседі. Сіздің атыңызда болған соң, оның күтімі де сізден ғой, әрине. Қырып, қиып, майлап, тарап жүру де оңай емес дегендей... – дейді Жұматай. – Бар шығынын өзім көтеремін. Алғашқы өтемі мынау бол­сын, – деп Осағаң інісіне сол тұста таптырмайтын, модаға айналған, су жаңа джинси шалбар сыйлайды. 1985 жылы Осағаң дүниеден озды. Жұматай сақалын қырып тастады. Күтімі келіспеді-ау, шамасы. Бағбансыз – бақтың бағасы бола ма?

238 Жұ матай Ж а қ ы пбаев 2. Ұлылар мен үлкендер, биіктер мен жүйріктер

Жұмағаңды ҚазМУ-дің студенттері кездесуге шақырады. Әдетін­ ше өлең оқылады, сөз сөйленеді, соңы сұрақ-жауапқа жалғасады. Студенттердің бірі: Ағай, сіз қазіргі қаламгерлерден кімнің ұлы ақын, жазушы екенін айта аласыз ба, – деп сұрайды. Жұмағаң ойланбастан: – Ғафу Қайырбеков, Сәуірбек Бақбергенов, Төлеген Тоқ­бер­ генов, – деп тізбелейді. Осы тұста оны қалай дәлелдейсіз деген екінші сұрақ қойылады. Жұмағаң саспайды: – Ғафу Қайырбековтың ұлы – Бақыт Қайырбеков, Сәукеңнің ұлы – Қайрат Бақбергенов ақын, Төлештің ұлы – Роман Тоқбергенов әм аудармашы, әм жазушы деп бір қайырады. Студенттер әзілдің астарын түсініп, сұрақтарын нақтылай түседі. «Ұлы ақын дегеніміз енді былай ғой, «ірі» ақын-жазушы деп кімді санаймыз, дегендей»... Жұмағаң қолма-қол: – Тұрсынзада Есімжанов, Тынымбай Нұрмағамбетов, – деп жауап береді. – Жоқ, кімді күшті ақын деп санайсыз, – деп сұрақты нақты­ла­ ған болады енді бір студент. – Темірхан Медетбековті, өйткені ол ауыр атлетикамен (штанга) айналысқан, – дейді Жұмағаң. Студенттер сұрақты жиілетеді. – Биік ақын кім? – дейді. – Жүсіп Қыдыров, оның бойы пәлен метр, пәлен сантиметр, – дейді Жұмағаң. – Жүйрік ақын кім? – дейді студенттер. – Ғұсман Жандыбаев, ол желаяқ Ғұсман Қосановпен аттас қана емес, бойында артық қырма еті жоқ, жараудағы жүйрік ақын, – деп бір қояды. Сұрақ пен жауап жалғаса береді. Студенттер: – Жампоз ақын кім? –дейді. Жұмағаң: – Байбота Серікбаев. Өйткені, жампоз-түйе түлігінің жүйрігі. Ал, бота – түйенің төлі, – дейді. Студенттер: – Ұшқыр ақын кім? – Жұмағаң: – Дүйсенбек Қанатбаев, Серік Ақсұңқарұлы. Студенттер: – Ғұлама ақын кім? – Ұлықбек Есдәулетов. – Қадірлі ақын кім? – Қадыр Мырзалиев.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Кездесу қызықты өтеді. Жұмағаңның әзілдесе де, әділетін, ой­ наса да ойындағысын айтқанын, студент жастар ол тұста білді ме екен?! 3. Күйші Жұматай домбыраны шебер ойнайтын. Оның «Ләйлә келген», «Зайда көрген», «Қосбасар» сияқты күйлері жан-жүйкеңді босатады. Әйтсе де, Жұмағаңның домбыраны күйге келтіріп, баптауы ұзақ еді. Ол осы екі ортада күйшілер жайлы, күй табиғаты туралы біраз ойлар, толғамдар тарататын. Ол өз айтуы бойынша «Қосбасарды» шертпе күй мен төкпе күйдің ортасынан тарайтын сұқпа күйге жатқы­затын. Бірде Асқар Сүлейменов екеуі күй туралы әңгіме қозғап, желпі­ нісіп тұрса керек. «Кім ұлы күйші?» деген сұраққа келгенде Жұмағаң, «Менен артық күйші жоқ», – деп Асекеңе ерік бермесе керек. Әрі-бері айтқанға көнбеген соң Асқар, – Асекең: – Е, мейлі ұлы күйші болсаң бола қой. Бірақ, өзіңнен кейінгі жас баланың маңдайындай былқылдаған Төлеген Момбековті де қоса салшы, – деп өтініпті. «Түркістан» 17 мамыр, 1994 жыл Есенқұл ЖАҚЫПБЕКОВ

СӨНГЕН ЖҰЛДЫЗДЫҢ ЖАРЫҒЫ Алматыдан Талдықорған қаласына кіреберісте Көксу ауданы басталады. Тілімен ауа тырнаған Сүйекеңнің ұстазы Қабан жырау­ дың ауылы. Балпық пен Ескелді бидің туған жері. Бал тілді Бақты­ бай да осы киелі топырақта дүниеге келген. Осындай тарлан­ дардың торы төбел тайындай жалғасы болған белгілі ақын, жыршы Темірғали Рүстемов. Сұрапыл соғыс біткен жылы Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында Сағади төренің шаңырағында жас нәресте дүниеге келді. Қаратал жағасында отырған Сағади төре Көксудан Темірғали жырауды ал­ дыртып, сәби Жұмағұл – Шораның аузына түкіртеді. Бұл 1945 жылдың қаңтар айының 30-ы еді. Поэзия Құлагері Ілияс Жансүгіров­ тың ізі қалған дастанды далада ер жеткен Жұматай ақындар айты­­ сына да түскен. Сол талды қалада Ләйләсімен кездескен. Махаб­ бат­тың машақаты Жұматайды тірісінде аңызға айналған ақын етті. Ләйлә өмірде шын болған. Руы – тобықты. Әкесі – Бейісбек, тегі

240 Жұ матай Ж а қ ы пбаев – Досмұхамед. Шыңғыстау етегінен жұмыс бабымен Талдықорған қаласына келіп, сол елдің қызын қалыңдық етіп, Жетісу жерінде тұрақтап қалған Бейісбек – Ибрагим хакімнің тікелей ұрпағы. Демек, Ләйләнің тегін жан емес екенін сері ақын білген-ау, сірә. Жаратқанның бұйрығы болар, сірә, екеуінің тағдыры тоғыспады. Ләйлә мектеп бітірісімен Мәскеуге аттанды. Жат елде оқу оқыды, тәлім алды. Бірақ бір сәтте Жұматайды ойынан шығарған емес. Жасы 38-ге келген­ше төресін, ғашығын күтті. Ақынның да соңғы тілегі Ләйләні бір көру еді. Өмірінің соңғы күндері Жұматай өлең жазуды қойып кеткен көрінеді. Зайыбы Зайда апайымыз: «Жұматай-ау, ақынға өлең жазбаудан ауыр не бар? Қаламыңды қолыңа қайта алсаңшы», – депті. Ақынның бар айтқаны: «Зайдаш, мен Ләйләні ұмытып барамын. Ақ дидарын көзіме елестету де қиындап барады. Мәскеуге барайықшы, сыртынан бір көрсем арман жоқ». Амал қанша, ақын ол күнге жете алмады... Ал Ләйлә қырыққа таяған жасында арабтың ханзадасына тұрмысқа шықты. Қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрады. Жұматай Жақыпбаевтың аз ғұмырының жемісті жылдары Алатау баурайында өтті. Осы Алматыда арманда кеткен Марат Отаралиевпен танысты. Жыр қағанатын құрды. Мейірхан Ақдәулет, Есенқұл Жақыпбеков, Әбубәкір Қайран, Қайрат Әлімбек, қос Бауыржан, Гүлнәр Салықбай, Нұрлан Мәукенұлы, Қазыбек Иса, Темірғали Көпбаев, Мұратбек Оспанов, «могиканның соңғы тұяғы» Әділ Ботпанов қаған-Жұматайдың нояндары болды. Бәрі бір үйдің баласындай жүрді. «Тоғыз ұлым бір төбе, ер Төстігім бір төбе» демекші, бұл күнде аты алты алашқа таныс ақын, сазгер Есенқұл Жақыпбековты Жұмағаң ерекше жақсы көрген деседі көз көргендер. Жол түсіп Ұзынағашқа барғанда Есағаңды әңгімеге тарттық. ЖҰМЕКЕН, ЖҰМАТАЙ СИЯҚТЫ МІНЕЗДІ АҚЫНДАР ЖОҚ Жиырмадан асқан кез, топтама өлеңдерімді арқалап «Жалын» журналына – Тұмағаңа бардым. Тұмағам өлеңдерімді біраз уақыт қарап отырды да: «Ей, Жақыпбеков, мұнда Жақыпбаев деген сенің ағайың бар. Өлеңдеріңді соған тапсырамын», – деді. Шақырды. Балпаң-балпаң басып Жұматай кірді. Іштей қуанып тұрмын. «Жұматай, мына бала бір топ өлеңдерін алып келіпті, осы нөмірге дайында» деді Тұмағаң. Жұматай мақұл дегендей ишарат та­нытты да, «мен боспын ғой» деді. Тұмағаң көзілдіріктің астынан бір қа­ рады да, «боссың, боссың» деді. Маған «жүр» деп те айтпады, шығып барады. Мен үнсіз артынан ердім. Содан шығып кафеге бардық. Отырдық. «Ләйлә», «Ләйлә келген» деген екі күйін тартып берді. Ол кезде «Жұматайдың жұпбасары» , «Қажытай» сынды күй­лері әлі

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м шықпаған. Сәлден соң Жұмекен келді. Нәжімеденовті де сол кезде алғаш көруім. Қос алыптың салиқалы әңгімесіне куә болдым. «Өлең оқиын» деп құлшынып тұрсам, олар күй туралы ұзын-сонар әңгіме бастады да кетті. Қасіретті нәрсенің бәрін қалжыңға айналдырып жіберетін жан еді. Сондайда жаның рахаттанып қалады. Ешқашан мұң шақ­пайды. Бірақ сол қайғысы ішіне түсіп кетті. Мен ондай ақынды өмірде көрген жоқпын. Ол кісіден бәрі жасқанып жүретін. Біртүрлі сесті. ...Мен «Жалында» екі жылдай істедім, сонда аяғын баппен басып Жұматай келеді. Аналар оны жақтырмайды, өтірік жалпақта­ ғансиды. Мен шығамын да артынан еремін. Жұмыс жайына қа­лады. Мейлі, жұмыстан шығарып жіберсін, Жұматайдың сөзі мен үшін заң болатын. «Аға, не болып кеттік? Не кітап шықпайды, не үй жоқ» деп әңгіме бастаймын. Тәп-тәуір әңгіменің бәрін қалжыңға ай­нал­ дырып жібереді, әдемі қалжыңға. Ол кісінің айтқан қалжыңы­нан кейін бүкіл мұң-шер ұмыт қалады. «ЖҰМАТАЙ, НОЯНЫҢ ТҮГІЛІ ҚОЯНЫҢ БОЛАЙЫН» Жұматайды жастар көп үйірсектеді. Тобымыз күннен күнге көбейе берді. Артынан барып азая бастады. Яғни, аяғында нағыз таланттар ғана қалды. Содан кейін: «Мен сендердің қағандарың болайын, сендер менің сарбаз, нояндарым болыңдар», – деді. Сөйтіп, ол кісінің нояны болдық. Жұматайдың айтқаны – заң. Біздің Шыңғыс ханымыз. Жазушылар одағына барамыз, ешкімге көңіліміз толмайды. Есік алдына шығып жетім баладай үйіріліп тұрамыз. Жұмағаңның төбесі көріне бастағанда шулаймыз кеп. Жұмағаң Одаққа кірмейді, «ал жүріңдер» деп ертіп алып кетеді. Содан өлең-жыр оқу басталады. Жұматайдай әзілкешті көрген жоқпын. Жұматаймен жүрген әр күнің – 1мамыр, әр күнің – жаңа жыл. Несіпбек Айтовтың бір күні «Жұматай, нояның түгілі қояның болайын, қастарыңда жүрейінші» деп жалынғаны бар. ҚАСЫНА АДАМНЫҢ АДАМЫ АСҚАР СҮЛЕЙМЕНОВ ҚАНА ЖОЛАЙТЫН Жұматайды құрбы-құрдастарынан ешкім жақсы көрген жоқ. Бала-шағамен жүргені содан ғой. Жұматайдың сесін, өткір көзін әлі бір адам баласынан кездестіргенім жоқ. Пендешілік, нәпсі дегенді көміп тастаған жан еді ғой. Қасына адамның адамы – Асқар Сүлейменов қана жолайтын. Содан кейін біз сияқты ешкімге пайдазияны жоқ балалар. Асқар екеуі «Қаламгерде» бас қосса, маңында жастардан өзге кісі баласы қалмайды. Әңгімесі жараспайтын­дарды бір-ақ ұратын да шалқасынан түсіретін. Кәсіби боксшы ғой, спорт

242 Жұ матай Ж а қ ы пбаев шебері. Дүниеде өзім екі-ақ адамның алдында дірілдедім, бірі – Жұматай, екіншісі – Сейдахмет Бердіқұлов. Міне, осы екеуін қатты сыйладым. Өз өмірім, өз мейірім бар, өзімнің қыз-жігіттерім бар. Бұл Жұматайдан үйренген әдетім. ЖҮРЕГІНДЕ – ЛӘЙЛӘ, ҚАСЫНДА – ЗАЙДА Жұматайдың кеудесі толған шежіре. Тарихқа сауаты мықты еді. Тарихшылардың өзін кекетіп отыратын. Шыңғыс хан жайлы әңгіме басталса, таңға айтатын. Шыңғысхан пірі еді. Қағанат құрып жүр­гені де содан болса керек. Зайда – ханумы. Содан кейін Жұмағаңның үйі күнде вокзал болып жатады. Зайда жеңгеміздің бір реніш білдір­ генін көрмеппін. Таңға дейін өлең оқимыз, домбыра тартамыз, ән са­ламыз. Қазір ойлап қарасам, серінің нағыз жары бола білген, бойында қасиеті бар әйел екен ғой. Өзің ойлап қарашы, жүре­гінде – Ләйлә, қасында – Зайда. Сонда Зайданың қызғануы, я бол­маса үйді басына көтеретін айғайы мүлде жоқ. Қайта Жұмағаңмен бірге Ләйләні ол да шын жүрегімен жақсы көрді. Шыны керек, Ләйләні көргем жоқ. Сол Ләйләнің түрін бір көруге керемет құштар болдық. Қайрат Әлімбек екеуміз жа­нын қоймай сұрайтынбыз. Бар жауабы: «Мен Ләйләні үш-ақ рет көр­ дім... Мүмкін көрмеген де шығармын». Бұдан басқа жауап жоқ. Қанша қолқалап та, еркелеп те сұрадық, Ләйлә жайлы айтпайтын. Өлеңге ғана жан сыры құпия қалпында қалды. ҚАРА ЛЕНТАДА «ЖАҚЫПБЕКОВ» БОЛЫП КЕТІПТІ 1990 жылының қыркүйек айының 14-і болса керек. Жұмыста отыр едім. Балпаң-балпаң басып Жұмағаң кіріп келді. Өңі бұзы­ лып кеткен. Бұрынғы Жұматай емес. Түтігіп кетіпті. «Не болды, аға?» дедім. «Мені бұлар екінші Мұқағали қылды...» деді. Сүт пісірім уақыттан соң «сенің жұмысың көп сияқты, жарайды, мен жүре берейін, тек сен өзіңді сақта. Мен жоғалмаймын, маған мили­ циясы да бар, жындысы да бар, ешкім тимейді, сен байқа» деді. Кө­ ңілім босап кетті. Өмірі бұлай сөйлемеуші еді. Қазір ойлап қа­ра­сам, өмірінде бір-ақ рет осылай ұнжырғасы түсіпті. Содан мен жұ­мысты тастап, Жұмағаңмен бірге кеттім. Серуендедік, сәлден соң: «Есен­ құл, болмай тұрмын, мен қайта берейін», –деп үйге қайтып кетті. Мен артында үнсіз қалып кеттім. Екі күннен кейін Қайрат Әлім­­бек телефон шалып, арда ұстаздың қазасын естіртті. Бүкіл ғұмырын туған халқының әдебиетіне арнаған қайталанбас талантты ақынды соңғы сапарға шығарып салдық. Әлі күнге дейін таң қаламын, жас қа­бір­дің басына қойылған гүл шоғының қара лентасына «Жақыпбеков» деп қате жазылып кетіпті. «Құдай-ау, Жұмағаң мені қасына шақырып жатыр ма?» дедім іштей.

Бек зат бол мыс Ек і нш і бөл і м Жұмағаңды жерлеп болғаннан кейін араға екі-үш күн салып мүшелік билетімді алу үшін Жазушылар одағына бардым. Менің мүшелік билетіме «Жақыпбаев» деп жазылып кетіпті. Құжатты берген хатшы қызға «мынауың қате» деп айтқаным жоқ, мүшелік билетімді қалтама салдым да, Алматымен қош-қош айтысып, Ұзынағашқа тартып кеттім. Содан бері құжат бойынша Жақыпбаевпын. ...Кейде жатып алып, кешегі күнді сағынамын. Биыл Жұмағаң тірі болса 60-қа толар еді. Бауыржан Үсенов пен Нұрлан Мәукен­ұлы да тірі болса арамызда жүрер еді. Мұның бәрі – орны толмас қаза­ лар. Әсіресе құлын-тайдай тебіскен Бауыржан Үсеновті сағы­нам. Жақында Бауыржан Үсеновке «Жұлдыздар» атты ән жаздым. Алла қаласа, тыңдайсыңдар. P.S. АРТТА ҚАЛҒАН ЖЫЛДАРДА ЖЫЛЫ АҒЫСТАР БАР ...Ағынды Ақсудан Талдықорғанға келіп өлең оқып жүрген Қанипа Бұғыбаева Әбу Сәрсенбаевтың әкелік қамқор танытып, аяғы­на операция жасатуы, Әбділдә шалдың Мұқағалиға пәтер алып беріп, Төлегенге асқар тау болғаны ел аузында әлі күнге дейін жүр. Жұбан Молдағалиевтың Еркін Ібітановтің өлеңдер жинағын шығаруға қол ұшын бергенін де естиміз. Сол бір келмеске кеткен күндерге іңкәріміз ауады да тұрады. Неге олай екен?.. Қанат Тілеуханұлы «Жас қазақ» газеті, 2005 жыл 26 тамыз

Үшінші бөлім АҚЫН ӘЛЕМІ Досбол ИСЛАМ Ақын Жұмағұл-Шора Сағадиұлының рухына! Автор. КІРІСПЕ Қазақ поэзиясының 1970–80 жылдардағы тұсы өзіндік ерек­ шелігімен дараланған кезеңі болды. Әлеуметтік көңіл-күйдің ең алдымен әдебиетте, әсіресе, поэзияда таңбаланаты­нын ескерсек, бұл кезең поэзиясының өзгеше болу себебін аңғару қиын емес. 1970–80 жылдар тоталитарлық жүйенің күйреуіне, ССРО құра­ мындағы елдердің тәуелсіздік алуына деген халық санасының дайын­дық кезеңі болды. Бұл тұста «социалистік қоғамның комму­ низмге ұласатын мәңгілік болашағы» жөніндегі жалған идеяны халық санасына барынша сіңіру әрекеті мемлекеттік деңгейде жүргізілгендіктен, бір жағынан оның ықпалы да елеулі болып, екінші жағынан кеңестік саясаттың құйтырқылығы да айқын аңға­ рылып, қалың ел екіұдай сезім шарпуында жүрді. Дәл осы сана қалыбын бейнелеуде қаламгерге елден асқан білімпаздықтың не­

А қ ын әлем і Үш і нш і бөл і м месе болжампаздықтың қажеті шамалы болатын. Ол үшін, ең бас­ тысы «жүрек сөзін» айта білетін шынайылық қажет еді. Аталмыш дәуірде осыған дейінгі кезеңдерде қаптап кеткен кеңестік саясат ықпалымен жазылған плакаттық өлеңдердің әуенімен жүрген ақындар тобы да аз болған жоқ. Сыртқы әлемге деген өз көзқарасын бұлтақсыз білдірген «ал­ дыңғы толқын ағалар» Қасым, Мұқағали, Жұмекен, Төлеген тәрізді жан дүниесінің ішкі әлемінің қыр-сырын бүкпесіз, мөлдір қалпында, сұлулыққа орап жеткізіп берген 1970–80 жылдардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілінің бірі – Жұматай Жақып­баев еді. Кезең поэзиясының басты ерекшеліктері де осы тектес ақын­ дар шығармашылығын жеке-дара зерттеу арқылы ғана таныл­мақ. Осы қисын тұрғысынан келіп, біз Ж.Жақыпбаевтың өмірі мен әде­ би шығармашылығын зерттеуімізге арқау еттік. Ғылымда қалыптасқан дәстүр бойынша, белгілі бір кезең­ нің әдебиетіне немесе әдебиет саласына өз тұсында емес, бір­шама уақыт өткен соң ғана, яғни ол «әдебиет тарихына әбден айна­ лып болған соң» ғана баға беріліп жатады. Осылай болуы тиіс екен­дігін ақтайтын өзіндік заңдылықтар да бар. Мәселен әдеби дәуірдің әрбір құбылысы жеке-жеке зерттелініп, олар тұтаса, жымдаса келе, сол кезең жөніндегі жалпы бағалауды туғызары анық. Оған әрине біршама уақыт қажет екендігі де айқын. Бірақ осы тектес заңдылықтар нәтижесінде зерттеушінің өмір сүрген кезеңі немесе жақын дәуірлер әдебиетін зерттеуге «әлі ерте» деген сияқты пікірлерді қалыптастырғаны да жасырын емес. Біздіңше, белгілі бір кезең әдебиетінің жеке құбылыстарын, оның өкілдерінің шығармашылығын уақыт оздырмай тұрып зерттей бастаған дұрыс. Әрине мұндай зерттеулерде таяныш ететін сараптаулардың азды­ ғына байланысты жаңсақтықтар көп болуы ықтимал. Оның есе­сіне, кейінгі ғылыми ізденістер үшін тигізер пайдасының молды­ғымен құндылыққа ие болары сөзсіз. Бұл тектес зерттеулерде зерттеуші өз объектісіне сырттан қараушы емес, мәселені өз ішінен бақы­ лаушы сипатында көрінеді. Сондықтан ол зерттеу мүмкіндігінің кейбір артықшылықтарын пайдалана алады. Мәселен қазіргі әде­ биеттану мен өнертанудағы аса зәру мәселенің бірі шығар­ма­ шылықты психоаналитикалық тұрғыдан зерттеп, туынды­ның оқырманға берер әсерінің негізгі факторларын автордың са­налы немесе еріктен тыс (ырықсыз) түрде жаратқандығын айқындау үшін [1] қажет материалдарды жинаудың мүмкіндігі мол болады. Атап айтсақ, өз шығармаларында бейнеленген ақынның рухани өмі­ рінің нышандарын белгілеу үшін оның жанында жүрген достары­ ның, жарының, қызметтестерінің, шығармашылық қауымдастығы өкілдерінің естелік пікірлерін қажетінше пайдалануға жағдай туады.

246 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Ал бір-екі ұрпақ ауысқан соң мұндай мүмкіндіктен айыры­лып қаларымыз шындық. Біздің зерттеуіміздің өзектілігін таныта­тын бірінші мәселе осы болса, екінші мәселе жалқы арқылы жал­пы­ ны таныту, яғни Жұматай Жақыпбаев өмірі мен шығармашы­лығы негізінде 1970–80 жылдардағы қазақ поэзиясының басты қасие­тіне, жаңалықтарына барлау жасау. Аталмыш дәуір поэзиясының көрнекті өкілі ретінде өмірден ерте кеткен ақын Жұматай Жақыпбаевты таңдап алуымыз да тегін емес. Өйткені ол – тірі кезінде әдеби ортадан өзінің жоғары бағасын алған шығармашылық өкілі. Біздің бұл сөзімізге ақын қайтыс бол­ ғалы бері үздіксіз жарияланып келе жатқан қаламдас достары, ініқарындастарының, ағаларының, жарының естелік-бағалары дәлел бола алады. Белгілі әдебиеттанушы ғалым, академик С.Қирабаев 60-жылдар әдебиетіндегі аса көрнекті ақындардың соңын ала шыққан, өзіндік қолтаңбасы бар, аз ғана таланттар шоғырының ішінде Ж.Жақыпбаев есімін ауызға алады [2.188]. Ал әдебиеттанушы, әрі әдебиет сыншысы Б.Ыбырайымов табиғат суретін бейне­леуге шебер С.Мәуленов, Ж.Нәжімеденов, О.Асқарлардың қата­рында Жұматайды да атаған және өлеңдерінен мысал келтірген [3.9]. Бірақ жазушылар, тіпті жалпы интеллигенция /шын мәніндегі/ тарапынан ерекше ілтипатқа ие болған ақын шығармашылығы қарапайым көпшіліктің «қолынан түспес» дүниесіне бірден айналып кете қоймады. Осыдан келіп, ақын шығармашылығы тағдырын сөз ету барысында қазіргі әдебиеттану ғылымындағы тағы бір түбегейлі зерттеуін күтіп тұрған зәру мәселе оқырмандық қабылдау жө­нін­ дегі әңгімеге де ойысып отырамыз. Белгілі бір шығарма­шы­лық­ тың көпшілік алдында беделге ие болуы оқырманның нақты та­ рихи дәуірдегі эстетикалық талғамына, интеллектуалдық дең­гейі­ не байланысты. Ақынның шығармашылығын талдай отырып, бұл мәселенің де сырларын ашу мүмкіндігі туады. 1970–80 жылдардағы қазақ поэзиясының ең көрнекті өкіл­ дерінің бірі ретінде де, өз алдына бөлек зерттеуге әбден лайық Ж.Жақыпбаев шығармашылығы біз үшін, онымен қоса, жоғарыда айтылған поэтикалық мәселелерді айқындауға қызмет ететін деректік сипатымен де құнды. Жұматай Жақыпбаевтың шығармашылығы қазірге дейін арнайы зерттелген жоқ. Тіпті оның өлеңдері жөнінде айтылған ғылыми пікірлердің өзі саусақпен санарлық. Бұл қатарда оның өлеңдері мен жыр жинақтарына арналған Ж.Нәжімеде­нов­тің, Б.Ыбырайымовтың, Қ.Ергөбековтің, К.Мырзабе­ковтың, С.Неги­ мовтың, Ұ.Есдәулетовтың, М.Неталиевтің рецензияларын айтса болады [4].

А қ ын әлем і Үш і нш і бөл і м Орыс және қазақ зерттеушілерінің лирика, өлең табиғаты жөніндегі монографиялар мен зерттеулерді жұмысымызға тая­ныш еттік. Сондай-ақ лирикалық туындыдағы автор қолтаңбасына тән ерекшеліктердің қыр-сырын көрсететін зерттеулер де басты бағ­дар етілді [5]. Әдебиет теориясына қатысты еңбектер пайдаланылды [6]. Жекелеген лирик ақындар шығармашылығын өзек еткен диссер­ тациялар да қаперге алынды [7]. Ақынның «Жалын» баспасынан көзі тірісінде шыққан «Сара­ тан» /1979/, «Ләйлә» /1981/, «Шұғынық гүл төркіні» /1984/, қайтыс болғаннан кейін ақын Зайда Елғондинованың дайындауымен жарияланған «Көктемгі хаттар» /1992/ атты жыр жинақтарын­­дағы өлеңдер негізгі материал ретінде алынды. Әсіресе соңғы екі жи­ нақ негізгі дәйек етілді. Сондай-ақ туындыгердің бұл жинақта­рына енбей қалған кейбір өлеңдері де қамтылды. Ақын жөніндегі ақын-жазушылардың, қаламдас достары­ның түрлі басылымдарда жарық көрген естелік, ой-толғамдары [8] да зерттеуге қажетті деректердің үлкен бір бөлігін құрайды. ТУҒАН ЖЕР ТАҚЫРЫБЫ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАТЫСТЫ САРЫНДАР Ж.Жақыпбаев 1945 жылдың 30 қаңтарында Талдықорған облы­ сы, Талдықорған ауданы, Төлеңгіт ауылына қарасты «Жетісу» совхо­ зында туылған. Әуел баста азан шақырып қойған аты – Жұмағұл-Шора. Бұл жөнінде ақын «Менің атым» деген өлеңінде Жұмағұл-Шора азан сап қойылғаны, Мейірімін шешем қосып ойындағы, «Жұматай» деп атады. Кейін қыздар Осы атты керемет деп мойындады, – дейді. Ол өскен жер – Жетісу өңіріндей ең бір көркемдігімен көз тартар өлке. Туған өлкесі ақын көкейінде мәңгі сақталып, оның жы­рына таусылмас азық болды. Жұматай өлеңдерінде өскен өлке келбеті ерекше махаббатпен жырланады. Әйгілі сыншы В.Г.Белинский көлемі шағын лирикалық туындының ақын жанындағы, көңіліндегі жайттардың бәрін бірдей қамти алмайтынын айтқан [22.45]. Сонда да болса, Ж.Жақыпбаев өлеңдерінде туған жерге деген сүйіспеншіліктің ұшқыны түрлі тақырыпта жазылған туындыларынан да аңға­рылып тұрады. Кіндік қаны тамған өлке бейнесі Ж.Жақыпбаев өлең­де­рінде Сарноқай тауы арқылы көрініс тауып отырады. Ол барлық жердің табиғатын Сарноқайдай көзге елестетіп, өзге біреудің өз жеріне деген сағынышын өзінің Сарноқайға сағынышы арқылы ғана түсінеді.

248 Жұ матай Ж а қ ы пбаев Бұл Жұматайдың лирикалық қаһарманының ғана емес өмір­лік тұлғасының да ерекшелігі болғандығын ақын Ө.Ақыпбековтің мына естелігінен көре аламыз: «...Бірде (...) Жұмағаңа «Баспаға қолжазба дайындап жүр едім, соны көзбен бір қарап көресіз бе?» – дедім өзімсініп. (...) «Өтеш», деді бір күні, өткендегі өтіні­шіңді толық орындай алмаспын. Өзіңе өте ұнайтын бір өлеңіңді әкеліп бер, қарап пікірімді айтайын. Ренжіме ... Кешікпей «Танылмаған тұлпарлар» атты балладамды қолына тигіздім. Күндердің күнінде Жұмағаң телефон шалды: «Өлеңің шикарный өлең болып тұр, үйге тез жет, ақылдасайық. «Шикарный» деген Жұмағаңның аузынан сирек шығатын сөз, үйге бөгелмей жеттім. Ол балладаны және бір мақтап алды да жайланған соң, өзінің жағымды даусымен өлең оқи бастады. Алғашқыда өзінің өлеңі екен деп қалғам, байқасам оқиғасы менің балладамның желісі, желдіріп барады. – Өтеш, осылай болса, қайтеді, Сарноқай (астын сызған біз – Д.И.) дегенді өздерің жақтағы бір шыңмен алмастырарсың (...)» [23]. Жұматай қаламдас інісінің балладасын өңдеу барысында (тіпті қайта жазған) Сарноқай тауын көз алдына елестетіп отырғанын байқаймыз. Оның жүрек тебірентерлік сыршыл сезімге құрыл­ ған жырларында Сарноқай тауының аты аралас жүреді. Сарно­ қай – ақынның лирикалық қаһарманының бозбала шағының қимас бөлшегі. Өлеңде бұл тау көбіне той өткізілетін құтты мекен, шат­тығы мол кеңістік ретінде алынып отырады. Шын өмірде де ақынның ауылда өткерген кезеңі – оның бозбалалыққа дейінгі шағы. Сондықтан да оның өлеңдерінде Сарноқай тауының мәңгілік той-думан орнындай көрінетін жөні бар. Лирикалық қаһарман кейде онда той үстінде көрінеді: Сарноқай тауда той болды – жиренім менің Кермеде тұрды қалмақтың Бұрханы мінген Сетері құсап (...) [24.30]. Енді бірде тойдан қайтып келе жатады: Той тарқап; Сарноқайдан ойға қайтқам, Бәйгеден басқа істерге жұмысым не?! [24.55]. Жұматай жырларының тұрақты оқырманы Сарноқай тауын сауық ордасы, әсіресе, ат бәйгесі өтетін кеңістік ретінде қабылдайды. Олай болатыны, ақын өлеңдеріне бұл – тұрақты сарынға айналған көрініс. Сауыққой жұрттың тұрағы Сарноқай деген тауыңда Ай сайын той боп тұрады Аспандап кеткен ауылда, – дейді ақын «Арман сөресі « атты өлеңінде [24.48].

А қ ын әлем і Үш і нш і бөл і м Ж.Жақыпбаевтың бұл мекенге арнаған «Сарноқайға сәлемдеме» атты үш өлеңінен тұратын жыр шоғыры да бар [24. 57-60]. Ауа, суы ... боялған бәрі көкке. Бәрі шаһқар дегенім дәлірек пе?! Менің атам жайлаған суреттердің Абыройы аспаннан әріректе, – деп дәріптейді ақын туған тауын. Автор өзінің бозбала шағындағы қымбат қасиеттерін Сарноқайдан ажырағандықтан жоғалтып алғандай, оның бәрі сол жұртта қалғандай етіп жырға қосады: Бағым күнде жаңаша жанды дедім. Жаным көшіп тағы бір алды демін. Бір жұртымда жоғалып серілігім, Бір жұртымда өрлігім қалды менің. Ақын дәріптеген осынау қасиетті мекен жоғарыда айтыл­ған­дай, бәйге дүбіріне толы кейіпте көрсетіліп, бейне бір думанға, шат­ тыққа толы жастық шақ базарының символындай биікке көтеріле жырланады. Айтып, жырлап, суреттеп әлің жетсе бер ақын, Айдарбектің ақ жары жырдай қылған болатын Жәнәбілдің шұбарын, Далабайдың қызылын, Тас жиренін Қойбектің, Битайдың да кер атын Айдарбекте кекілін алғаш рет түйгенмін, Жалғыз қара келгенде жалын сипап сүйгенмін, Жәукен тойға жаратқан жаны мөлдір ақындар Жырға қосқан ай маңдай Жұматайдың жиренін Әлімсақтан жайлаған сері елдің бір арысы Қайнай берсін мәңгіге шулы қазан-жар іші. Биіктетсін бұдан да Айдарбектің ақ жарын Жігіттердің намысы, жүйріктердің шабысы. Жұматай қаһарманынша бұл өлкеде өскен әрбір ақын оны жырлауы міндетті. Бұрын «Сал Қуандық сан жырлаған Сарноқайды» [25.106] бүгін Жұматай да дәріптеуі тиіс. Ақын туған тауының тарихи тағдырын да көзге елестетеді. Лирикалық қаһарман тұлғасы қазақтың ескі тұрмысындағы сал-серілермен үндесетіндіктен, мұндағы теңеу, метафораларға негіз болған заттық әлем ескі тарих қойнауынан алынады. Жұматайдың эстетикалық қабылдауында қазақтың нағыз болмысы тарихи өткен дәуірлерден таны­лады. Сондықтан оның лирикалық қаһарманы өзінің ұлттық бол­ мысын тарихи жады арқылы танытып отырады. Бұл тұста ақын ұстанған осы кредоның әрбір тақырыптан аңғарылатын­дығын айту үшін ғана тоқталып отырмыз. «Талантты суреткердің шығар­ ма­шы­лығынан, олар қаншалықты әркелкі болмасын, әйтеуір бір ортақ, олардың жалпы сипатын танытатын және оларды өзге жазу­ шылардың шығармаларынан ерекшелеп тұратын нәрсені байқауға

250 Жұ матай Ж а қ ы пбаев болады» [26.22], – дейді Н.А.Добролюбов. Жұматай өлеңдеріне тән ерекшеліктің бірі әрбір өмір шындығын автордың тарихи сана арқылы қабылдауы­нан келіп шыққан. Ақынның «Сарноқай саздары» атты өлеңіндегі шумақтардан осы ерекшелік анық көзге түседі [25.100]. Мысалы: Ана бір тас шала піскен құймақтан Айнымаса, мына үйтастың қабағы Мұқылай го-уан басқа елдерде қиратқан Қалалардың халін еске салады. Сан рет мен оны да ойлап қиналдым, Құла ат түкті Сарноқайдың бауырында. Не бар еді үйін өртеп Иранның?! Не бар еді таңғұттардың ауылында?! – дей келіп «Сарноқай ғой Шығысым һәм Батысым» деп түйеді ақын. Сарноқайға тіке­ лей арналған жырларында Жұматайдың бозбалалық шағына деген сағынышы туған жерге, елге, оның өткеніне деген махаббатпен астасып кетеді. Қаламгер үшін Сарноқай – эстетикалық идеал ғана емес, өмірлік мәні бар, шабытына қуат берер рухани тірегі болған сияқты. Талдықорған облыстық газетінде істеп жүргенде редакторға жұмыстан босатуын өтінген арызын ұсынып тұрып; «Қария (бұл Ж.Жақыпбаевтың әзілмен айтар қаратпа сөзі болған – И.Д.), жаз шығып қалды, Сарноқайға барып ат жүгіртіп, өлең жазып қайтсам ба деп едім» [27] деуі осының айғағы. «Төбеге шық» деген өлеңінде автор: «Биікке шық! – ақын басқа не десін, Иемденіп өлкеңнің бір төбесін, Тым құрыса құбыланың қабағын Елден бұрын және ертерек көресің!» – деп өмірдегі биіктікті өнер иесіне тән уақыттан озатын асқақтықпен астастыра жібереді және оны да Сарноқай тауымен байланыстырады. Ж.Жақыпбаевтың туған жерге арналған өлеңдерінің тағы бір парасы оның пейзаждық лирикасынан орын алған. Олардың көпшілігінде ақынның туған өлкесінің аты аталмағанымен, лирикалық кейіпкердің сезімі астарынан соны аңғарамыз. «Өнер дегеніміз суреткердің тілі болып табылады және сөз арқылы өз ойыңды жеткізу мүмкін емес, тек тыңдаушының дәл сондай ойын ғана ояту қалай мүмкін болса, дәл солай өнер туындысында да бәрін хабарлауға болмайды; сондықтан соңғысының (ол аяқталған жағдайда) мазмұны суреткерде емес ұғынушыда дамиды» [28.180], – дейді А.А.Потебня. Жұма­тай­ дың табиғат лирикасы үлгілерінде туған жер аты аталма­ғаны­ мен ол шығармалардың осы тақырыпқа арналғандығы оқыр­ман­ дық қабылдау арқылы айқындалады. «Көктемгі хаттар» жинағы­

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙