Дулат Бабатайұлы шығармалары
Дулат Бабатайұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Дулат Бабатайұлы – өлеңді жазатын да, суырып салып айтатын үлкен тұлға, қазақтың авторлық ауызша және жазба әдебиетіндегі елеулі тұлға. Махамбет Өтемісұлы – жыраулар дәстүрін жалғастырған, қазақ поэзиясының көркемдік болмысына зор қуатпен әсер еткен біртуар ақын. Өлеңдеріндегі өшпес ерлік рухының әр ұрпақты тәрбиелеуде маңызы ересен. Заманы бір болғанымен, әр өлкеде өмір сүрген басқа да белгілі ақындардың шығармалары
Махамбет
Өтемісұлы
ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Нұрлы Press.kz»
Алматы
Дулат
Бабатайұлы
Шернияз
Жарылғасұлы
Арыстанбай
Тобылбайұлы
Орынбай
Бертағыұлы
Шөже
Қаржаубайұлы
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 қаз)-5
Д 79
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жамбылтану және халық ақындары ғылыми-зерттеу институты
Редакция алқасы
С. Пірәлиев, С. Қирабаев, Т. Кәкішев,
У. Қалижанов, Б. Ыбырайым, Б. Сманов
«Ақындар аманаты» атты қазақтың ауызша
әдебиеті жобасының авторы:
Бекен Ыбырайым
Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы, т.б.
Шығармалары. – Алматы: «Нұрлы Press.kz», 2014 - 288 б. –
(Ақындар аманаты)
ІSBN 978-601-80483-8-8
Дулат Бабатайұлы – өлеңді жазатын да, суырып салып айтатын үлкен тұлға, қазақтың авторлық ауызша және жазба әдебиетіндегі елеулі тұлға. Махамбет Өтемісұлы – жыраулар дәстүрін жалғастырған, қазақ поэзиясының көркемдік болмысына зор қуатпен әсер еткен біртуар ақын. Өлеңдеріндегі өшпес ерлік рухының әр ұрпақты тәрбиелеуде маңызы ересен. Заманы бір болғанымен, әр өлкеде өмір сүрген басқа да белгілі ақындардың шығармалары бұрынғы басылымдарынан және мұрағаттардан алынды. УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз)-5 ІSBN 978-601-80483-8-8 © Ыбырайым Б., 2014 © «Нұрлы Press.kz», 2014 Д79
Дулат
Бабатайұлы
(1802-1871)
ӨЛЕҢДЕР
Дулат Бабатайұлы
БАРАҚҚА
Дулат Барақ төреге келсе, Барақ кекетіп: «Жарасқұл
шам, сөйле», – депті. Сондағы айтқаны:
О, Барақ жас, Барақ жас!
Жегенге тоқ, ішсең мас.
Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас.
Қасқыр тартып, қан шықса,
Жаман ит жұлып жей берер,
Алды-артына қарамас.
Жақсы иттің белгісі –
Жұлмақ түгіл жаламас.
Азған елдің бектері
Қан шықса, елін жұлмалар
Қасқырменен аралас.
Қазіргі қазақ ұлығы
Жаман иттен несі кем –
Жемтік көрсе, қан көрсе,
Айрылар мүлде есінен.
Сендер атқа мінген соң,
Тандыр болып суалды
Шалқар көлдей несібем.
Әбілпейіз арғы атаң
Алтын тұғыр сұңқар-ды.
Еріктіріп батырын,
Қунатып еді тұлпарды.
Тұсыңда сенің, хан Барақ,
Азулы бейне аң Барақ,
Дулат Бабатайұлы
Содырлы, сойқан төлеңгіт
Елге қарай анталап,
Ашынғанды таптады,
Ел етегін қымқарды.
Алтын еді бір кезде,
Ағаш болды тұғырың.
Тыюсыз, тентек төлеңгіт
Шығарды елдің ұрлықпен
Дығыры мен ығырын.
Алалға қарсы хан болдың,
Тентекті сүйеп не құрым.
Азған сені көргенде,
Қайнайды менің зығырым.
Өгізі болдың жегілген,
Арамдыққа егілген
Айдайтұғын шығырың.
Құрық бердің ұрыға,
Момынды алдың қырыңа.
Малсыздарды таптадың,
Малдыларды жақтадың,
Тентекті жасқап қақпадың,
Арамдарды ақтадың,
Өсекшіні мақтадың,
Арамдық болды баққаның,
Орыс болды жаққаның.
Қашан сенің ашылар
Момындарға құрылған
Қанды қара қақпаның?
Қарағысыз ел мен жұрт
Төрелік түскен шағыңа.
Дулат Бабатайұлы
Ие болмай айрылдың
Атаңның алтын тағына.
Қара толқын жау толды
Шығыс, батыс жағыңа.
Тұлпардан туған тұқым ең,
Ере алмадың жабыға.
Етегін ашып кім күлмес
Азғындаған шағыңа.
Алдыңа келсе жүгініс,
Қарамай қара, ағына,
Адалды сатып параға,
Болыстың арам жағына.
Рухына нәлет келтірдің,
Қабың менен сабыңа.
Бұзықты құрап, ел етіп,
Қондырдың оң жағыңа.
Ұрыңа елді тонатып,
Бүлдіре бер тағы да!
Дулат Бабатайұлы
КЕҢЕСБАЙҒА
О, Кеңесбай мырза, тыңда сөз!
Айтатұғын келді кез.
Көкіректеніп паңданбай,
Сырттан көріп таңданбай,
Менің сөзім құйылса,
Кеудеңе шырақ жанғандай.
Арғы атаң сенің Нарынбай,
Кең қолтық, ұзын қарымдай,
Елдің жүгін көтерген
Ақ өңеш шөңгел нарындай.
Көкейіңе қондыра
Сөйлесін жаршың сарындай.
Қу дауысты Құттыбай
Қазақ туын көтерді,
Даналықпен айырды
Келер менен кетерді.
Өтірік деші, қанеки,
Мен айтпаймын бекерді.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Олжа салды еліне.
Тояттаған сұңқардай
Құйылып еді жеміне.
Қазықтай жерге қадады
Дүшпанын деген «сені ме!»
Тізе қосып теңесті
Дулат Бабатайұлы
Тепкісі тең теңіне.
Ой, ол кездегі өткен күн
Түсім бе едің, өңім бе?!
Байқара атаң бай болды,
Төрт түлігі сай болды,
Қайыры елге мол болды,
Анық әділ сол болды.
Серкештеп жылқы айдалды,
Көшкенде жұртта тай қалды.
Алдына келген дау болса,
Әділетпен жайғалды.
Дәулетіне ел кенелді,
Жетім-жесір теңелді.
Опасыз мына жалғаннан
Демі біткен күнінде
О да көшіп жөнелді.
Өз әкеңді айтайын,
Қара тіл ділмар Ақтайлақ,
Топта жалғыз сөйлеген
Асыл сөзді тақтайлап.
Тұқымың дегдар болғанмен,
Кеңесбай, азғын туғансың.
Тістеуік айғыр секілді
Үйіріңді сұйылтып,
Тай-құнанды қуғансың.
Ел білерлік ісің жоқ,
Дегдар емес, будансың.
Дулат Бабатайұлы
Будан дейтін себебім:
Айналаңды торисың,
Түзден тоят тілемей,
Өлексені қорисың,
Алдыңа келсе жүгініс,
Терісті оң деп жорисың.
Қолбала құс секілді
Биялайға карайсың.
Не тұлғама тұтқа боп,
Не керекке жарайсың?!
Ішің – аяз ақ қырау,
Сыртың – сұлу сарайсың.
Ыдысысың параның
Қотара құйса толмайтын.
Ашылған әбден араның –
Түйені жұтсаң түгімен,
Биені жұтсаң бүгімен,
Қақалмай-ақ толғайтын.
Айтты десең, Кеңесбай,
Бергеніңді санап ал.
Тақымдап елді тұжырып,
Осы елде жалғыз өзің қал.
Тінейдің сары құсындай
Өзіңе өзің шеңгел сал.
Ел тереңге сүңгіді,
Қармайтұғын қалмай тал.
Дулат Бабатайұлы
Серпілер күн болар ма
Елге түскен ауыр хал?
Көз жасың да болмады,
Қара қазан, сары бала,
Жетім-жесір, кемпір-шал!..
Дулат Бабатайұлы
СҮЛЕЙМЕНГЕ
Айбарлы ақ ордада
Әшекейлі дөдеге
Шаншулы найза, ілулі
Алтын сапты селебе.
Айқара қамқа жамылып,
Алдында күміс тегене.
Ардақты туған атадан
Әуелі сәлем берейін
Сүлеймен сынды төреме.
Төреліктің белгісі –
Елін жауға бере ме?
Еліне қорған болмаса,
Ел төрені көре ме?
Қаршығаны қайырма,
Қалыңға салса батпаса;
Мергенге мылтық кезетпе,
Атқан оғы айнымай,
Түтінін үзбей атпаса;
Батыр деме батырды,
Шеп құрған жауға шаппаса;
Төре деме төрені,
Ел тілегін таппаса;
Қару деме семсерді,
Шапқанда сүйек қаппаса;
Досым деме досыңды,
Күле кіріп келгенде,
Күңірене есік аттаса;
Дулат Бабатайұлы
Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнен өлең жаттаса?!
Сөз – жібек жіп, жыр – кесте:
Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз тігіп баттаса;
Шешеннің аты шешен бе,
Таңдайға дәмі үйіріліп,
Даугердің тауын шақпаса?!
Дулатты Дулат демеңіз,
Тас ағызып ағыны,
Төре алдында ақпаса!
Сүлеймен төре, құлақ сал
Дулаттың төккен жырына.
Үңілсең, көзің жетер ме
Теңізден терең сырыма?
Төрдегі өңшең отырған
Топырыш, топас, күшіген,
Жау айбынбас күшінен,
Ел түңілген ісінен.
Дулат келсе, бермейді
Төрден орын сырыла.
Толғанып, төрем, көз жібер
Ойың менен қырыңа.
Барақ сынды төреміз,
Кеңесбайдай кереңіз,
Ақтайлақ пен Аққожа,
Әділ бекзат кеткен соң,
Жан жіп байлап жанына,
Құрық берді ұрыға.
Дулат Бабатайұлы
Аруақтың артқы сарқыны,
Алал бекзат туысым,
Айбарыңды байқасам,
Алтын зерлі түбімсің,
Ауыл-аймақ, көршіңе
Алтынның айшық буысың;
Әділдігің – қазақтың
Ақназардай биісің;
Адалдығың – аңқылдақ
Сыбызғының күйісің;
Қас дұшпанға қасарсаң,
Қан шықпас тастай түйінсің;
Ел қамын жеген ер болса,
Сабазым, сендей күйінсін.
Сырға берік сырбазым,
Ашуын таппас қиынсың.
Бірақ, жалған, қайтейін!
Мезгілсіз келіп дүниеге,
Аптапқа түскен басың бар.
Жау айбынар досың жоқ,
Жар, жапсарда қасың бар.
Жылайсың да шыдайсың...
...Күні етіп, айы асқан,
Енді қазақ ел болмас.
Дәрігері дарын болса да,
Ауруына ем қонбас.
Мүйіздескен сиырдай,
Байласаң, басжіп жетер ме?
Еңбегің – еш, тұзың – сор,
Қайратың селге кетер ме?
Дулат Бабатайұлы
Толқынды теңіз заманнан
Сенімді кеме болмаса,
Желқайықпен өтер ме?!
Елің үшін еңбек қыл,
Отыра берме бекерге.
Көмбеге таяп қалғанда,
Жүйрікке керек көтерме.
Аяз қысса мүйізді,
Мүйіз қысып тұқылды...
Қанталаса тұқылың,
Алпыс екі тамырың
Қаңсып қалған сықылды:
Ұлық қысса ұлықты,
Ұласып мидай былықты...
Атқамінер ауылда
Итше ілініп ылықты.
Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан-дағы қылықты.
Ұлық кетсе, қазаққа
Қорқау қасқыр құлықты.
Бұзауы өлген сиырдай
Сауыны иіп Дулат жүр,
Місе қылып тұлыпты.
Дулат Бабатайұлы
ИШАНҒА
(Ел аралаған ишанға айтқаны)
Ей, айтайын арнап Ишанға,
Кетіп еді есем де.
Айтатұғын жөнім бар,
Ишанға не десем де –
«Ұжмаққа тура бастайтын»
«Ел серкесі көсемге»,
«Құтқаратын тозақтан»
Шариғатқа шешенге.
Ишан, елді аралап,
Қошқар, теке жинадың.
Құдай жолын қуған деп,
Ишан, сені сыйладым.
Маңдайдағы бай болдың,
Нәпсіңді неге тыймадың?
Өзің алсаң, жүз аз деп,
Берсең, бірді қимадың.
Жетерлік болды елге де
Сенің берген иманың.
Құдайға қолын жеткізіп,
Беремін деп, пенденің
Талайын алдың тартқандай
Кем мен кетік, кенденің.
Бала берем саған деп,
Сан әйелді емдедің,
Дулат Бабатайұлы
Күйсеуіңе болайын,
Сен болсаң менің сенгенім.
Жазылады деп ең, жазылмай,
Талайы өлді қаза боп;
Өледі деп ең, жазылды
Талайы құлан таза боп.
Бала түгіл сымбыл жоқ,
Бедеуге бала бермек ең.
Бедеу қатын қалды ма
Сен етегін көрмеген?
Дулаттың ащы жырынан
Алдамшы сендей Ишанның
Талайлары терлеген.
Ақылы жоқ молдалар
Иман алмақ тиынға.
Оңайлықпен келмейді,
Иман деген қиын да.
Өзіңде, Ишан, иман жоқ,
Елге иман бермексің.
Қиямет-қайым болғанда,
Әуелі өзің көрмексің.
Өтірік айтқан сөзіңнің
Расын сонда таба алмай,
Аман-есен кетпексің,
Жаһаннамға қамалмай.
Алдап алған малыңның
Дулат Бабатайұлы
Есебіне жете алмай,
Қалтырарсың, Ишаным,
Қыл көпірден өте алмай.
Жөніңе кел, Ишаным,
Тозаққа қарай бет алмай.
Дулат Бабатайұлы
АҚТАНҒА
(Ақтан деген жетім балаға айтқаны)
О, Ақтан жас, Ақтан жас!
Сен де жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің? –
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?..
Жапанға біткен жапырақ,
Жамылсаң, тоңар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген,
Сұғынсаң, тояр ма екенсің?
Күрек тісін қасқайтып,
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?!
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық, жалын таратып,
Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп,
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағы жоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Керегесін торлатқан,
Дулат Бабатайұлы
Тегеріші манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге де кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің,
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің!
Дулат Бабатайұлы
БАЛАСЫНА АЙТҚАНЫ
Жапанға біткен жантақты
Жаһан кезген нар жейді;
Тәтті менен дәмдіні
Қолында бұлы бар жейді;
Қорқақтықтың белгісі –
Арықты да жар дейді;
Кертартпаның белгісі –
Кең дүние тар дейді;
Қолында жоқтар тайлақты
Солқылдақ өркеш нар дейді.
Балам, маған кейіме,
Әкем айтпай кетті деп;
Сырын білмей бой салма,
Атасы оның текті деп;
Тұрлаусыздан сөз ұқпа,
Аузы оның епті деп;
Нашардан шыққан жақсының
Сөзін жерге тастама,
Атасы нашар өтті деп.
Орманшы ағаш кесе алмас,
Ақ балтаны қайрамай;
Жорыққа батыр аттанбас,
Жау жарағын сайламай;
Егінші егін сала алмас,
Қос өгізді айдамай;
Дулат Бабатайұлы
Көңілмен құрғақ бос жүрсең,
Алақандай жер жүзі
Аспан болар айнадай.
Істемей қолмен іс болмас,
Құры сөзде күш болмас,
Таңдайға дәмі татымас,
Ауызға салып шайнамай;
Ер қолынан іс келмес
Сұңқардайын түйілмей,
Буынып белін түйінбей,
Зердесі жігер қайнамай.
Жабыққанды дерт білмес,
Басқан қайғы серпілмес,
Шамшырақтай жайнамай;
Ер деп атақ алмайсың,
Алмас семсер асынбай,
Кезенген жауды қашырмай,
Асудан ары асырмай;
Бара алмассың байланып
Көңілге алған жеріңе,
Болат найза қайрамай;
Шыға алмассың ұмтылып
Шығам деген өріңе,
Садақ сыртты, күпшек сан
Тобышақ атты жайламай.
Бәрін айт та, бірін айт,
Кез болдың кер заманға.
Тандыр болып тартылып
Дулат Бабатайұлы
Қалмайды қор сабан да,
Дәніңді сорып тауысып,
Өрт қояды сабанға.
Қолыңнан дәулет кеткен соң
Өлер халге жеткен соң,
Жат болар саған, жау болар
Қатын менен балаң да.
Қалаға қарай шұбырып,
Малайлыққа жүресің.
Орыстың қорып қорасын,
Қабаған ит боп үресің,
Пана болмай далаң да.
Өгізін айдап жағынып,
Өткен күнді сағынып,
Шошқасын бағып сабылып,
Шөгір кіріп табанға.
Жол тауып саған беретін,
Көзіңнің жасын көретін,
Соңынан соның еретін
Қалмады елде адам да.
Балам, саған айтқаным:
Даңғыланбай, шаруа жи;
Албырттықты әсерлі
Құрбыңа еріп, көрме сый;
Қолда барың қанағат,
Қолда жоққа құмартып,
Әуреленбе, ләпсің тый;
Дулат Бабатайұлы
Әкеңнің айтқан аз сөзін
Құтысына көңіліңнің,
Төгіп алма, дәлдеп құй!
Менің айтқан бұл сөзім
Өміріңе пайдалы,
Басыңда болса егер ми.
Дулат Бабатайұлы
ТЫМСАЛ ӨЛЕҢ
Дулат Аққожа бидің бір баласының үйіне келсе, қатыны
кербез адам екен. Дулатты менсінбей, жөнді қонақасы
бермейді. Таңертең бір сері аңшы келсе, келіншек құрмет
алып, күте бастайды. Серімен әзілдесіп отырып, келіншек
кекеген үнмен: «Бізді әлде жырау жырына жалау қылып
кетер» – дейді. Сонда Дулат:
Айтпасымды айтқыздың,
Аузыңды бақпай, келіншек!
Шаруа десе –шалдуар,
Салақ, олақ, еріншек.
Бой түзеген боркемік,
Күлкігөй, күйшіл, көңілшек!
Қарт басқанның белгісі –
Жексұрын саған көрінсек.
Аларманың алтау-ақ,
Алпысқа болдың берімсек.
Шақырып алып алдына
Ел мақтаған ұстаны:
«Қысқашсыз ұстап темірді,
Балғасыз соқ!» –деп қысқаны.
Ұстаны қысқан падыша,
Айтшы, кімнің дұшпаны?
Құтың болса, құйып ал,
Құтсыз болсаң, төге сал,
Сөйлейін біраз нұсқаны.
Таста отырған байғыздың
Дулат Бабатайұлы
Жанына тауыс келеді,
«Неткен құс, –деп менсінбей,
–Бармақтай-ақ денелі?»
Әсем жүнін таранып,
Өн бойына қаранып,
Бастайтұғын наздана,
Үлгілі сөзді келелі:
– Бармақтай-ақ қаралдың,
Қортиып қалай жаралдың,
Түріңнен қалай ұялмай,
Тасқа шығып тарандың?
Сұлулықтан бойыңда
Еншің жоқ алған тарыдай.
Сенен қораш құс бар ма
Денеге қалған жарымай?
Атың кім сенің, жөнің кім?
Тіршілік қалай сақтайсың?
Түспей-ақ көзге онан да,
Ініңде неге жатпайсың?
Өліп неге қалмайсың?
Бәрібір тірі жүргенмен,
Атақ, мақтан таппайсың.
– Менің атым – Байғыз қарт,
Көзге түсер сиқым жоқ,
Орынсыз күлер күлкім жоқ,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.
Дулат Бабатайұлы
Көзге қораш бойым бар,
Теңізден терең ойым бар,
Шынардан биік санам бар,
Атан егіз ағызған
Ақылдан алпыс сабам бар.
Қорған құрыш сөзім бар,
Бұлттан өтіп, мұнарды
Болжайтұғын көзім бар,
Шіркейге жетпес елім бар,
Алтыннан ауыр дәнім бар.
Қайратымнан атым зор,
Белгілі атым әлемге.
Қорашсынсаң денемді,
Кеудем –ақыл сарайы,
Кірем десең, кел, міне.
– Ақылды деп естіп ем
Сыртыңнан талай атыңды,
Сүлейменге жеткізген
Айызға айтып датыңды.
Ақылды болсаң, жауап бер
Сұрағыма татымды.
Жан иесін жаратып,
Алла берген ерікті.
Әрбіріне әр түрлі
Көрік, шырай беріпті.
Құстардың, айтшы, қайсысы
Ең сымбатты, көрікті?
Дулат Бабатайұлы
(«Сен сұлусың дер-ақ, – деп,
Мінеки, анық көре-ақ», – деп,
Қанатын көкке сермепті).
– Таңдап тоят тататын,
Талғап жерді жататын,
Қиырдан болжап көретін,
Қызылшылар еретін,
Көз тойғандай сымбаты,
Кір шалған жемді жемейтін
Құстардың мен бекзаты.
– Ай, тауысым, тауысым!
Мақтанның тойын тойлайсың:
Таусылмас мақтан – дария,
Сіміресің, тоймайсың.
Өртенемін демейсің,
Отты ұстап ойнайсың.
Бекзат, сұлу деген не?
Өзің қалай ойлайсың?
(Сонда тауыс таранды,
Жан-жағына қаранды).
– Құлфындайын құлпырған,
Құбылып тұрған жүнім бар,
Молдан ойып алғандай
Мүлтіксіз біткен сыным бар,
Басқа тұрсын, әуелі,
Құс төресі самұрық
Мені көрсе, жымыңдар.
Дулат Бабатайұлы
Өзің берші төрелік,
Қай жерімде мінім бар?
(«Сыр-сымбаты дәл келген
Құс жоқ қой мендей көрнекті»,
Деп мақтанып тауыс құс,
Қанатын көкке сермепті).
– Құс бекзаты – лашын
Алыстан тоят тілеген,
Мұзға салып ұясын,
Қаңтарға қарсы түлеген,
Жем жемейтін түн асқан,
Тоятына қаз басқан,
Ерлікке сай сымбаты,
Лашын ғой құстың бекзаты.
– Өзім әлі көзіммен
Көргенім жоқ лашынды.
Көруге бірақ құмармын
Сондай бекзат асылды.
Лашынды көрсем егер де,
Құшағыма алар ем.
Құмарымды тарқатып,
Хош уақыт болып қалар ем! –
Дегенде, байғыз тауысқа
Мысқылдай күліп қарады,
(Маңызы бар батпандай,
Бармақтай-ақ қарамы).
Дулат Бабатайұлы
– Бекзаттық, сұлулық түгіл
Айырмайсың, тауысым,
Әуелі ақ пен қараны.
Мақтаныңның әбден-ақ
Ашылыпты араны.
Өзің түгіл, әуелі,
Мақтаныңның шарпуы
Мені шарпып барады.
Сұлулықтың тегін біл,
Сынау үшін сұлуды.
Білем деген айтуға
Бір ауыз сөз жеп-жеңіл,
Біле біл білім білуді.
Сырты сұлу талайдың,
Қайсыбірін қалайын.
Кір жұғады, тозады,
Сұлу деп қалай санайын.
Айырмаң жоқ басқадан,
Сен де соның бірісің.
Сұлу түгіл, дүниенің
Жуып тастар кірісің.
Ал жүнің сенің әдемі-ақ,
Айтшы, неге жарайды?
Алғашқы көрген әуес қып,
Балалар ғана қарайды.
Дулат Бабатайұлы
Қуыршақтың үкісі
Басқа іске аспайды.
Бір күн ұстап әуес қып,
Ертеңіне боқтыққа
Апарады, тастайды.
Сұлулық деген жарық қой –
Дүние тозса, сөнбейтін.
Сендей сұлу болмайды
Іске асып, өнім өнбейтін.
Зұлымдықтың иесі,
Бекзада дедің лашынды.
Бекзаданы білер ең,
Қиса келіп басыңды,
Топшыңды түтелеп,
Жұлса төбе шашыңды!
Бір көрсем деп құмарттың,
Болар ең көрсең көрместей,
Мақтаныңа семіріп,
Қанатыңды керместей.
Бекзаданың белгісі –
Қиянатқа баспайды,
Өз түгіл, басқаны
Жақсылыққа бастайды.
Жан иесі болған соң,
Жандының оған қаны арам.
Дулат Бабатайұлы
Пайдасы көпке тимесе,
Салтанат пен сәні арам.
Лашынның мейірі қанбайды,
Күнінде қан ішпесе –
Алабұртып айналып,
Қамысты көлдің сұқсыры
Уысына түспесе.
Сен –дүниенің кірісің,
Өмірдің лашын – лаңы.
Іске аспаған сұлулық
Лаңменен тынады,–
(Дегенінше болмады,
Лашын көктен түйілді.
«Аңсап едің көруге,
Тартқын, – деді, – сыйыңды»).
Байғыз отыр тапжылмай
Келіп қонған тасында.
Бекзада сұлу тойлады
Қанды тойын қасында.
Шеңгелден қан шыпылдап,
Тұмсықтан түбіт бұрқырап,
Шеңгелінде бекзаттың
Сұлу жатыр шырқырап.
Біраздан соң қасында
Лашын кетті, тауыс жоқ.
Дулат Бабатайұлы
Қанаты жатыр қалбиып,
Өз қанымен сауыс боп.
Әсем жүні боялды
Өзінің қан-жынымен.
Таңдаулы тәубе тауысты
Жеп-ақ кетті шынымен.
Таңдаулысың, тәуірсің
Сен-дағы керім тауыстай.
Құмарлық – бұлт көшпелі,
Тұра ала ма ауыспай.
Бірақ сені лашынның
Құмартқанын білмессің.
Ілінбей де қалмассың,
Сыбағалы жүлдесің.
Ақылыңа өлшеп бұл сөзді,
Өрістеп ойың толғасын.
Келемеж қылған шалыңыз
Бармақтай байғыз болмасын.
Дулат Бабатайұлы
ДУЛАТТЫҢ АЙТҚАНЫ
Барақ төренің тұсында Қызай деген ел жылқы әкетіп,
соны қуып Барақ, Бетеке, Дулат үшеуі барыпты. Сонда 40
күн жатып, бітім алып қайтыпты. Қызайда Қосет деген
ақын бар екен. Сол жерде Дулат айтқан деген сөз:
Біз аттандық Қызайға,
Сиынып шықтық құдайға,
Бетеке, Барақ бас қосып,
Жіберме сөзді ылайға.
Қызайдың жедік байталын,
Қазып алдық сайтанын,
Алтай жүріп жазды алдық,
Қоңыр Оба, Сазды алдық;
Бір үлкен көлі бар екен,
Айнала атып үш жүз үйрек, қазды алдық,
Аяғына келгенде Қосет деген тазды алдық, –
депті. Қызайдың адамдары өздерінің ақынының кем
шілігін (тазын) айтқан соң, «Тіліне шоқ түскір Дулат
ты малын беріп қайырайық», — деп, көзі бар малының
көзін беріп, көзі жоғына толық төлеу беріп, қайырған
екен дейді.
Махамбет
Өтемісұлы
(1803-1846)
ӨЛЕҢДЕР
Махамбет Өтемісұлы
БОРАЙ ДА БОРАЙ ҚАР ЖАУСА
Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Туырлығы жоқ тұл үйге
Ту байласаң тозар ма?!
Ту түбінен тұлпар жығылса,
Шаппаған нәмарт оңар ма?!
Ағайынның ары үшін,
Қарындастың қамы үшін,
Қатын менен бала үшін,
Қайрылмай кеткен жігіттің
Өзін – кәпір, алғанын
Талам деп айтсаң болар ма?!
Асқар, асқар, асқар тау,
Асқар таудың ақ сұңқар
Ылдидың аңын шалар ма?!
Асқар таудың басына
Лашын, сұңқар түлесе,
Далада қалған сүйек деп,
Жүніне қарға жолар ма?!
Махамбет Өтемісұлы
БІРСІНДЕП САДАҚ АСЫНБАЙ
Бірсіндеп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай,
Балдағы алтын құрыш болат,
Балдағынан қанға боялмай,
Асыл туған ер жігіт,
Түсінен шошып оянбай,
Қарындасқа қанды көбік жұтқызып,
Халыққа тентек атанбай,
Үйде отырған жігітке,
Теп-тегін атақ болар ма?!
Махамбет Өтемісұлы
АРҒЫМАҚ, СЕНІ САҚТАДЫМ
Арғымақ, сені сақтадым,
Құлағың сенің серек деп.
Азамат, сені сақтадым,
Бір күніме керек деп.
Жабыдан туған жаман ат
Шаба алмайды бөжектеп.
Қырдан қиқу төгілсе,
Еділге таман үңілсе,
Арғымақтың баласы
Шабушы еді безектеп.
Жақсыменен дос болсаң,
Айрылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Алдыңнан шығар ебектеп,
Жаныңа не керек деп.
Жаманменен дос болсаң,
Айрылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Басқа кетер бөлек деп.
Қолдан берер есептеп,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
Ат – жігіттің майданы,
Қылыш – жанның дәрмені,
Өлім – хақтың пәрмені.
Атақты ермен бірге өлсе,
Жігіттің болмас арманы.
Өте шыққан қызыл гүл
Бұ дүниенің жалғаны.
Махамбет Өтемісұлы
АРҒЫМАҚТЫҢ БАЛАСЫ
Арғымақтың баласы
Арығанын білдірмес,
Арқамнан қосым қалар деп.
Ағыны күшті ақ дария
Қаһарланып толқиды.
Қанатын күн шалмаған балығым
Ортамнан ойран салар деп.
Балағы түкті қоңыр қаз
Баттауыққа тоя оттамас,
Сұңқарлар үлгі алар деп.
Қас жақсының баласы
Арада тұрып сөйлемес,
Жауым таба қылар деп.
Хас патшаның баласы
Жапанда жалғыз тұрмайды,
Дұшпандар көзін салар деп.
Қарқыны күшті көк семсер
Шапқан сайын дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп.
Қарақұс қонбас көк сеңгір
Басына құсты қондырмас,
Қарауыл қарап тұрар деп,
Қараса, көзі шалар деп.
Махамбет Өтемісұлы
ЕҢСЕЛІГІМ ЕКІ ЕЛІ
Еңселігім екі елі,
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі,
Жауырыны жазық, мойны ұзын,
Оқ тартарға қолы ұзын,
Дұшпанына келгенде
Тартынбай сөйлер асылмын.
Құла бір сұлу ат мінген,
Құйрық, жалын шарт түйген,
Құм сағыздай созылған,
Дулығалы бас кескен,
Ту түбінен ту алған,
Жауды көріп қуанған,
Мен Өтемістің баласы
Махамбет атты батырмын.
Махамбет Өтемісұлы
АТАДАН ТУҒАН АРУАҚТЫ ЕР
Атадан туған аруақты ер,
Жауды көрсе, жапырар
Үдей соққан дауылдай.
Жамандарға қарасаң,
Малын көрер жанындай.
Жүйрік аттың белгісі
Тұрады құйрық-жалында-ай.
Айтып, айтпай немене,
Халық қозғалса,
Тұра алмайды хан тағында-ай.
Махамбет Өтемісұлы
АЗАМАТ ЕРДІҢ БАЛАСЫ
Арғымақтың баласы
Аз оттар да, көп жусар –
Талаудан татқан дәні бар.
Азамат ердің баласы
Аз ұйықтар да, көп жортар
Дұшпанға кеткен ары мен
Барымтаға түскен малы бар.
Махамбет Өтемісұлы
ҚАРА НАР КЕРЕК БІЗДІҢ БҰЛ ІСКЕ
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қатепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Бір-біріндеп сөксе де,
Қабағын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске.
Маң-маң басқан сары атан
Маңғыстап шығар өріске.
Бұрынғыдай қарыштап
Қона алмадық қонысқа,
Келе алмадық келіске.
Жағалай қонып қонысқа,
Тағы жақын келдік орысқа.
Ат басына соқтырып,
Ата-енені сөктіріп,
Нәлет болсын, жігіттер,
Біздің осы жүрген жүріске
Тағыдай таңдап су ішкен,
Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген,
Тағы сынды мырза едік,
Тағы да келдік тар жерге.
Тандансақ тағы болар ма,
Тәңірінің салған бұл іске.
Махамбет Өтемісұлы
ЕМЕННІҢ ТҮБІ – САРЫ БАЛ
Еменнің түбі – сары бал,
Еріскен көңіл – бәрі бал.
Жоғарыдан төмен төгейін,
Керегіңді теріп ал.
Қасыма ерген, жолдастар,
Антыңды бұзып айрылма,
Зейініңді бермен сал.
Жапанға біткен жасылдай-ау,
Момындардың басы сау,
Жаманды байқай қарасаң,
Күндердің күні болғанда,
Өз басына өзі жау.
Арғымақ жақсы ат мініп,
Жеке шығып елімнен,
Толықсып толғау толғасам,
Іштегі қызғын басылды-ау!
Жапанға біткен бәйтерек,
Жапырағын байқасаң,
Жайқалмағы желден-ді,
Түбіндегі балаусасы белден-ді.
Хан, төренің кешігіп,
Кідірмегі елден-ді.
Кешіп өтпек сайдан-ды,
Шығынды бөлмек байдан-ды.
Ақ киіктің орытып,
Жүгірмегі майдан-ды.
Батыр болмақ ойдан-ды,
Айғайласып жауға ти,
Тәңірім білер, жігіттер,
Ажалымыз қайдан-ды?
Махамбет Өтемісұлы
ЖАЛҒАН ДҮНИЕ
Қоғалы көлдер, құм, сулар
Кімдерге қоныс болмаған?!
Саздауға біткен құба тал
Кімдерге сайғақ болмаған?!
Басына жібек байлаған
Арулар кімнен қалмаған?!
Таңдап мінген тұлпарлар
Иесін қайда жаяу салмаған?!
Құландар ішпес бұршақ қақ,
Кімдерге шербет болмаған?!
Садағына сары шіркей ұялап,
Жау іздеген ерлердің
Қайда басы қалмаған?!
Ішелік те желік,
Мінелік те түселік,
Ойналық та күлелік,
Ойласаңдар, жігіттер,
Мынау жалған дүние
Кімдерден кейін қалмаған?!
Махамбет Өтемісұлы
ЕҢІРЕУ ҰЛЫ ЕМШЕК БОЗ
Еңіреу ұлы емшек боз
Ер мінген күні берік болсын.
Еменнің түбі – сары бал,
Ер ішкен күні көп болсын.
Түзге аттанып шыққанда,
Дұшпаның қарсы келгенде,
Ер дініне берік болсын!
Махамбет Өтемісұлы
ИСАТАЙ ДЕГЕН АҒАМ БАР
Исатай деген ағам бар
Ақ кіреуке жағам бар,
Хан ұлымен қас болып,
Хан үстіне барғанда,
Қара ұлына дос болып,
Шабайық ханды дегенде,
Шапқандай ханды амал бар.
Амал барда хан шаппай,
Тәңірім қылды, не амал бар?!
Ат туады байталдан,
Айт десең, лебіз қайтарман.
Халық қайғысын айтуға
Хан ұлынан тайсалман.
Төрт, бес жылдай алысып,
Мына тұрған Иса-екем,
Ханның бір тауын қайтарған.
Ат туар ма бұлардай?!
Ер туар ма бұлардай?!
Мына отырған Иса-екем,
Дулығалы бас кесіп,
Дұшпанының қанына
Ақ алмасын суарды-ай.
Махамбет Өтемісұлы
ЕРІСКЕНДЕЙ ЕР БОЛСА
Еріскендей ер болса,
Соғысқандай жер болса,
Бірме-бірге келгенде,
Әлі де болса бір тәңірге жылармын.
Мен – қарақұстан туған қалықпан,
Сөйлер сөзге жалықпан.
Көптер көзін тіккендей,
Көп соңыма түскендей,
Көптің несін алыппын?
Тыңда, халық, әлеумет,
Көп кісіден анықпын.
Махамбет Өтемісұлы
КЕЛ, КЕТЕЛІК
Уа, Иса-еке, Иса-еке,
Кел, кетелік, кетелік,
Кетіп бір Жайық өтелік.
Атаның жұрты хазірет
Басына зират етелік.
Жауырыны қақпақтай,
Қара айдары тоқпақтай
Оның да иесін үміт етелік.
Біліңіз де біліңіз,
Белді байлап жүріңіз,
Ат маңдайын тура қойсақ,
Бермес пе тәңірім тілекті!
Махамбет Өтемісұлы
ЖАҚИЯ
Исатай шыққан бас болып,
Хан ұлымен қас болып.
Арыстанымның баласы
Адағаяда ел таппай,
Адасқанда жөн таппай,
Арманда қалды жас болып.
Махамбет Өтемісұлы
ӘЙ, МАХАМБЕТ, ЖОЛДАСЫМ
(Исатай атынан)
Әй, Махамбет, жолдасым,
Аш арыстан жолбарысым,
Ісімнің білдім оңбасын.
Оңбаған емей немене,
Өтірік сөзге алданып,
Бақытым ауып басымнан,
Әскерім кетіп қасымнан,
Жапанда жалғыз қалғасын.
Өкінгенмен пайда жоқ,
Құдайым басқа салғасын.
Мезгілді уақыт болғанда,
Опасыз мынау жалғанда,
Ажал қарсы келгенде,
Қараңғы көрге кіргенде,
Қасында тұрар жан бар ма?
Осының бәрін ойласаң,
Өткенге бекер өкініп,
Құр жылаудан сән бар ма?!
Жолдасын жауға алдырып,
Жанымды қимай қаңғырып,
Қашатын менде жөн бар ма?!
Қатын, бала, мал бағып,
Үйде отырсам да өлем деп,
Қорлықта жүрген халқыма,
Бостандық алып берем деп,
Қырық бір жасқа келгенде,
Ауыр әскер қол ертіп,
Жасқұсқа барып кіргенде,
Махамбет Өтемісұлы
Арыстандай ақырған
Айбатыма шыдамай,
Хан баласы жылады-ай,
«Жанымды қи» деп сұрады-ай.
Ақкөңіл, аңқау жүрекпен,
Беремін деп мен тұрдым.
Көк бедеуді бауырлап,
Шабамын деп сен тұрдың.
Исатай басшы білсін деп,
Ауыр әскер қол тұрды.
Қырық бір жасқа келгенде,
Өз дегенім болмаса,
Өзгенің тілін алмаған,
Кісі ақылы қонбаған,
Қанша айтсаң да болмадым,
Сөзіңе құлақ салмадым.
Бұрала біткен емендей
Қисық туған сорлы ағаң.
Хан сөзіне сенгенім,
Он күн срок бергенім.
Әскерімді таратып,
Он бір күнге қаратып,
Бекетай құмға келгенім.
Сүйткен бір қайран халқым-ай,
Қасыма бір келмедің.
Сол халқымды көрмей өлгенім –
Не салса да алланың
Тағдырына көнгенім.
Қош, аман бол, жолдасым,
Бұ дүниенің жүзінде,
Осы болар сені көргенім.
Махамбет Өтемісұлы
Қапыда өткен дүние-ай,
Ақырында еш болды-ау,
Ел үшін еткен еңбегім.
Атаңа нәлет хан ұлы-ай!
Тілегін сұрап алғансын,
Ойлағаны болғансын,
Патшаға хабар салдырып,
Патшадан солдат алдырып,
Құрсағымнан шалдырып,
Айтып, айтпай не пайда,
Егеулі найза өңгерген,
Азды көпке теңгерген,
Қабыланбай мен Қалдыбай,
Рысалы, Кебек жолдасым,
Жаудан өлді жолбарысым...
Сол ерлерден айрылып,
Исатай мен Махамбет,
Екі арыстан ер қалды-ау!
Адыра қалғыр қу Нарын
Талауға түсіп, бүлініп,
Адамы қойдай қырылып,
Құлағызып жер қалды-ай!
Қарағай, қайың, тал, терек,
Қалың орман, ну қалды-ау!
Қиқулап құстар қонатын
Суы тұнық көл қалды-ау!
Тәрбиелеп өсірген
Ата мен ана – бұл қалды-ау!
Қатын жесір, тұл қалды-ау,
Еңбектеп жиған мал қалды-ау,
Бұлардан жүда қимайтын,
Махамбет Өтемісұлы
Енді менің нем қалды-ау!?
Тек шықпаған жан қалды-ау!
Ойлап бір, ойлап қарасам,
Еңбек етіп ел үшін,
Арманда өтіп кетті деп,
Соңыма бір қалған халқыма,
Артымда бір атақ, даңқ қалды-ау!
Сәлем айтып кетейін,
Артымда қалған елдерге,
Арманымды айтып кетейін
Найза ұстаған ерлерге.
Арыстан туған Исатай
Дегеніне жете алмай,
Арманда өтіп кетті деп,
Олардың кегін алуға,
Кезек бізге жетті деп,
Қиналар ма екен біздерге?
Қиналсаңыз біздерге,
Мың рахмет сіздерге.
Қапыда өткен дүние-ай,
Халқымның көрген қорлығы,
Хандардың еткен зорлығы,
Ақ жүрегін тербетіп,
Ер көңілін желдетіп,
Ақсүйектің баласын
Қара ұлына теңгеріп,
Қоңыраулы найза өңгердім.
Жетімдерге – жем бердім,
Жесірлерге – жер бердім.
Ақырында дүние-ай,
Сол ерліктен не көрдім!?
Махамбет Өтемісұлы
Жолдасқа билік бермедім,
Кешегі хан үстіне барғанда,
Ақсүйектің баласы
Бақадай шулап тұрғанда
Ерлікпенен алданып,
Өзіме-өзім қас қылдым.
Сырлы зерен аяқпен
Бал ұрттаған ер едім.
Бір уақыттар болғанда,
Көктей өтіп Жайықты,
Бір қасық ішкен қара су
Жұмасына ас қылдым.
Осы жақта мен өліп,
Артымда тірі сен қалсаң,
Жаңа өспірім Жақияны,
Жолдасым, саған тапсырдым!
Махамбет Өтемісұлы
МІНГЕНІ ИСАТАЙДЫҢ АҚТАБАНЫ-АЙ
Мінгені Исатайдың Ақтабаны-ай,
Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны-ай.
Зеңбірек үш атқанда дарымады,
Құдайдың, міне қара, сақтағаны-ай.
Мінгені Исатайдың көгілдір-ай,
Әскерін Барша құмға төгілдірді-ай.
Мыңды алған, бірді беріп Ақтабанды,
Жыландай белге соққан бүгілдірді-ай.
Баласы Исатайдың Жақия-ды,
Жақия жауды көрсе ақияды.
Түлейді түнде жортқан жолбарыстай,
Алдырдым қабыланымды қапияда-ай!
Махамбет Өтемісұлы
СОҒЫС
Әскер жиып аттандық,
Бекетай еді тұрағым,
Айғайлап жауға тигенде,
Ағатай, Беріш – ұраным.
Бекетай құмға ел қонып,
Байбақты Жүніс аттанды
Қосылуға дем болып.
«Құдайлады» хан ұлы,
Іздеген жауы біз болып.
Жау қарасы көрінді,
Жиылған әскер бөлінді.
Исатай – басшы, мен – қосшы,
Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында,
Зығырданы қайнайды.
Астына мінген Ақтабан
Ақ бөкендей ойнайды.
Қасына ерген көп әскер
Маңыраған қойдай шулайды.
Артымыздан келіп қол жетті,
Аз жетпеді, мол жетті.
Жеткен жерін айтайын,
Беке құмның басында,
Ағаш үйдің қасында
Түніменен түйіндік,
Таң атқанша тарандық.
Таң ағарып атқан соң,
Төңірек жаққа қарандық.
Қарап тұрсақ әр жерден
Махамбет Өтемісұлы
Жау бір өрттей қайнайды.
Қайнағанмен қоймайды,
Мылтығын қардай боратып,
Жетіп келді қамалға,
Қамалды бұзып аларға.
Толғай-толғай оқ атқан,
Он екі тұтам жай тартқан,
Қабырғасын қақыратқан,
Тебінгісін тесе атқан,
Тізгінінен кесе атқан,
Біздің қайсар батырдың
Жүрегін сөйтіп оятқан.
Әскердің алды бөгелді,
Қырдан ойға төгілді.
Орыс добын үш атты,
Доптың үні шыққанда,
Сонда батыр жөнелді.
Жөнелмей батыр не қылсын,
Ерсары мен Қалдыбай
Екі арыстан теңелді.
Жетім-жесір кеп қалды,
Орыс-ноғай кенелді.
Қызғыштай болған есіл ер
Қайран да жұрттан не көрді?!
Махамбет Өтемісұлы
ЖАБЫҒУ
(Исатай атынан)
Күн жадына қарасам,
Жедінің оны құралай.
Аспанды борай қар жауып,
Аштырмайды көзімді,
Қақтырмайды кірпікті,
Соғады боран сабалай.
Халық үшін қанды төгем деп,
Қараны ханға теңеп берем деп,
Ол мақсатқа жете алмай,
Дегенімді ете алмай,
Қор болдым-ау, шырақ-ай!
Махамбет Өтемісұлы
ЕРЕУІЛ АТҚА ЕР САЛМАЙ
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Құбыланы дөрткүл оңға алмай
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Арып-ашып жол көрмей,
Өлеңті төсеп ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгіні теріс салмай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
Махамбет Өтемісұлы
МІТКЕН ЕР
Міткен де міткен,
міткен ер,
Бұ секілді неткен ер?!
Жағалай жатқан Жайықтан
Құралайдың күнінде
Еркек қойдай бөлініп,
Қырқарланып өткен ер,
Күншығыстың астында,
Күнбатыстың тұсында
Қарындасым бар-ды деп,
Қабырғасын сөксе де,
Қанын судай төксе де,
Қайыспас қара нар-ды деп,
Маңдайынан күн өтіп,
Жауырынынан жел өтіп,
Күн астымен желген ер.
Айтып-айтпай немене?
Исатай зая болғалы,
Серкесінен айрылып,
Сергелдең болған біздің ел.
Махамбет Өтемісұлы
ТАРЛАНЫМ
Таудан мұнартып ұшқан тарланым,
Саған ұсынсам қолым жетер ме?
Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным, көп болды-ау,
Саған да менің арманым?
Кермиығым, кербезім!
Керіскедей шандозым!
Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым!
Хиуадай базарлым!
Теңіздей терең ақылдым!
Тебіренбес ауыр мінездім!
Садағына сары жебені салдырған,
Садағының кірісін
Сары алтынға малдырған,
Тереңнен кезін ойдырған
Сұр жебелі оғына
Тауықтың жүнін қойдырған,
Маңдайын сары сусар бөрік басқан,
Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан,
Айғайласа белдігі байланған,
Астана жұртын айналған,
Атына тұрман болсам деп,
Жұртына құрбан болсам деп,
Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен,
Атылған оғы Еділ, Жайық тең өткен,
Махамбет Өтемісұлы
Атқанын қардай боратқан,
Кек шыбығын қанды ауыздан жалатқан
Арыстан еді-ау Исатай!
Бұл фәнидің жүзінде
Арыстан одан кім өткен?!
Махамбет Өтемісұлы
МҰНАР КҮН
Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн.
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн.
Бұлықсып жүрген мырзадан
Бұрынғы дәулет тайған күн.
Қатарланған қара нар
Арқанын қиып алған күн.
Алма мойын аруды
Ат көтіне салған күн.
Бұландай ерді кескен күн,
Буулы теңді шешкен күн.
Сандық толы сары алтын,
Сапырып судай шашқан күн.
Түс қыла көр, құдайым,
Біздей нақ мейманасы тасқанға,
Біздің ер Исатай өлген күн,
Он сан байтақ бүлген күн.
Орта белін сырлаған
Оқ жаңбырдай жауған күн.
Оң қанатын теріс жайып,
Лашын қуға төнген күн.
Желпілдеген ала ту
Жиырылып ойға түскен күн.
Жез қарғылы құба арлан
Жез қарғыдан айрылып,
Қорашыл төбет болған күн.
Махамбет Өтемісұлы
Аса шапқан құлаша ат
Зымырандай болған күн.
Арқауылдың бойынан
Теріскей дауыл соққан күн.
Сағағы болат қылыштың
Балдағынан сынған күн.
Хас бәйтерек жығылып,
Жығылғаны естіліп,
Алыстағы дұшпанның,
Жақындағы «достының»
Қуанып көңілі тынған күн.
Махамбет Өтемісұлы
ЖЕЛП-ЖЕЛП ЕТКЕН АЛА ТУ
Желп-желп еткен ала ту
Жиылып алар күн қайда?
Орама мылтық тарс ұрып,
Жауға ататын күн қайда?
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Арғымақтан туған асылды
Баптап мінер күн қайда?
Алаштағы жақсыдан
Батасын алып, дәм татып,
Түлкідейін түн қатып,
Бөрідейін жол жатып,
Жауырынына мұз қатып,
Жалаулы найза қолға алып,
Жау тоқтатар күн қайда?
Махамбет Өтемісұлы
ТАЙМАННЫҢ ҰЛЫ ИСАТАЙ
Арғымақтан туған қазанат,
Шабуыл салса нанғысыз.
Қазанаттан туған қаз мойын
Күніне көз көрінім жер шалғысыз,
Айырдан туған жампоз бар,
Нарға жүгін салғысыз.
Аруанадан туған мая бар,
Әсілін айуан десе нанғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар,
Атасын айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда,
Жарамды бір теріге алғысыз.
Тайманның ұлы Исатай
Ағайынның басы еді,
Алтын ердің қасы еді,
Исатайды өлтіртіп
Қырсық та шалған біздің ел.
Махамбет Өтемісұлы
СӨЙЛЕСЕМ ДАУСЫМ АҢҚЫҒАН
Сөйлесем, даусым аңқыған,
Сөйлеуге жүрек талпынған.
Атасы Беріш болса да,
Артық пайда көрмедім
Егіз бенен Балқыдан.
Алақандай Нарында
Мұқаммалым шашылды,
Шағалалы көлдей шалқыған.
Махамбет Өтемісұлы
АСПАНДА ҰШҚАН АҚСҰҢҚАР
Аспанда ұшқан ақсұңқар,
Қолымда тұйғын, лашын.
Қосылған жаста арудың
Көре алмай кеттім құлашын.
Арпа жемес арғымақ
Ақ селеу отқа зар болар.
Миуа, шекер жемеген
Алғаным менен балдарым,
Қоңырсыған дүние-ай,
Қой етіне зар болар.
Жапаннан қарсақ ін қазар,
Хан салдырған жәрмеңке,
Жырақ болсын бізден бұ базар.
Қатын қалса, бай табар,
Қарындас қалса, жай табар.
Артымда қалған ақсақал
Алқалай кеңес құрған күн
Ақылменен ой табар.
Кейін қалған жас бала,
Күдер үзіп біздерден,
Көңілі қашан жай табар?
Махамбет Өтемісұлы
ҚАЙДА БАР?
Артымда қалған алғаным,
Қытайы қызыл көйлегі
Күнге қойсаң оңар ма?!
Мұндай қорлық болар ма?!
Ақсұңқар құстың баласы
Қасқыр тартқан жемтікке
Ағармай көзі қонар ма?!
Қаршыға құсты көп көрдім,
Қайрылып қазға қараған.
Қатын, бала, қара орман
Баршасын жауға алдырған,
Құрулы жатқан жебеге
Құрсағынан шалдырған,
Асыра келіп ойласам,
Бұл заманның шағында
Махамбеттей зарығып,
Мұңды болған қайда бар?
Махамбет Өтемісұлы
АБАЙЛАМАЙ АЙРЫЛДЫМ
Абайламай айрылдым
Ар жақтағы елімнен –
Анау Нарын деген жерімнен.
Тірі кеттім демеймін,
Кем болмады өлімнен.
Теңім үлгі алмады
Аузымдағы желімнен.
Махамбет Өтемісұлы
ІСТЕГЕН ІСІМ КЕТТІ ДАЛАҒА
Істеген ісім кетті далаға,
Қашан өтіп шығам деп,
Қайғырамын мен-дағы
Жайықтан арғы далаға.
Басқа қысым түскен соң,
Қайрылмастай күн болды
Қатын менен балаға.
Барсаң сәлем айта бар
Ата мен анаға.
Жаудан аман жан қалса,
Қара орман малым садаға.
Махамбет Өтемісұлы
ӨЛЕҢ АЙТЫП ТОЛҒАДЫМ
Өлең айтып толғадым,
Көкірегімді басарға.
Қаралай отын жармадым
Тас қазанға асарға.
Махамбеттей мұңдыға
Енді келер күн қайда
Ханға құрған шатырды
Сүңгіменен түртіп ашарға?
Махамбет Өтемісұлы
АЛТЫН ЖАҚСА ЖАРАСАР
Алтын жақса жарасар
Жылтыраған күміске.
Он екі ата байұлы
Жиылып келсе бұл іске.
Алты сан алаш ат бөліп
Тізгінін берсе қолыма,
Заулар едім бір көшке.
Ата-ананы сөктіріп,
Ат басына соқтырып,
Нәлет десе болмас па
Осылай жүрген жүріске.
Махамбет Өтемісұлы
ӘРАЙНА
Әрайна, билер, Әрайна,
Арғымағым жарай ма?
Астыма мінген арғымақ
Күшіген жүнді, шал жебе,
Жауына қардай борай ма?
Ел шетіне жау келсе,
Азамат ердің баласы
Намысына шыдай ма,
Жаттан көмек сұрай ма?!
Арғымақ жалсыз,
Ер малсыз,
Алланың не берері болжаусыз,
Жолдастарым, мұңайма!!!
Махамбет Өтемісұлы
МҰҢАЙМА
Ханның ісі қатайды,
Азамат ерден мал тайды.
Қанды көбе киініп,
Бір аллаға сыйынып,
Ұрандап жауға тигенде,
Кім жеңері талай-ды,
Жолдастарым, мұңайма!
Махамбет Өтемісұлы
АЙМАҚ КӨЛ
Аймақ та аймақ, аймақ көл,
Дария болып шалқымас
Аяғы төмен аққан соң.
Айдан жарық нәрсе жоқ,
Сәулесі түспес жаһанға,
Қараңғы түнек басқан соң.
Арыстаннан күшті жан болмас,
О да өледі, жігіттер,
Мергендер таңдап атқан соң.
Алалы жылқы, ақтылы қой,
Аңдыған бөрі жемей ме,
Иесі ұйықтап жатқан соң?!
Шақырғанмен келер ме,
Кешегі менің арыстаным,
Өзі шын барар жерін тапқан соң.
Егізімнен айрылып,
Мен бір аққу болдым халықтан соң.
Махамбет Өтемісұлы
КҮН ҚАЙДА?
Айналайын, Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда,
Еңкеймей кірер күн қайда?
Қара бұланның терісін
Етік қылар күн қайда?
Күдеріден бау тағып,
Сауыт киер күн қайда?
Күмбір-күмбір кісінетіп
Күреңді мінер күн қайда?
Толғамалы ақ мылтық
Толғап ұстар күн қайда?
Алты құлаш ақ найза
Ұсынып шаншар күн қайда?
Садақ толған сай кез оқ,
Масағынан өткізіп,
Басын қолға жеткізіп,
Созып тартар күн қайда?
Кет-Бұғадай билерден
Ақыл сұрар күн қайда?
Бізді тапқан ананың,
Асыраған атаның,
Ризалықпен жайласып,
Қолын алар күн қайда?
Еділдің бойын ен жайлап,
Шалғынға бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан,
Бозбаламен күліп-ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?
Махамбет Өтемісұлы
АЙНЫМАН
Айтса-дағы айныман
Көлденеңнің сөзіне.
Әшкере болған ісім бар
Жиылған жұрттың көбіне.
Кеткенім жоқ олжа үшін,
Кетіп едім елімнен,
Атаңа нәлет Жәңгірдің
Бір ауыз айтқан сөзі үшін.
Баданамды баса бөктеріп,
Қасыма жаттан жолдас ертіп,
Күн, түн қатып жүргенмін,
Ана Нарында жатқан
Жас баланың қамы үшін.
Махамбет Өтемісұлы
ЖАЙЫҚТЫҢ БОЙЫ КӨК ШАЛҒЫН
Жайықтың бойы көк шалғын,
Күзерміз де жайлармыз.
Күлісті сынды күреңді
Күдірейтіп күнде байлармыз.
Құдай істі оңдаса,
Ісім жөнге келгенде,
Қамалаған көп дұшпан
Әлі де болса, құлдай қылып айдармыз!
Махамбет Өтемісұлы
АЛТЫ КҮНДЕЙ АЛАУЛАП
Алты күндей алаулап,
Он екі күндей ой ойлап,
Ақылды алпыс жаққа шаптырып,
Ақылы жөнге келгенсін
Толғай-толғай жүгірген,
Топырағын суырған,
Ертеден салса кешке озған,
Ылдидан салса төске озған,
Қой мойынды көк жұлын
Томаға көзді қасқа азбан,
Көк жұлынды жетелеп,
Қисық жерден төтелеп,
Қабырға, қол сөгіліп,
Арғымақ ат бүгіліп,
Әзіреттен ант ішіп,
Ақыретті жанға байланып,
Талай жүрдік далада,
Әділ жаннан түңіліп.
Махамбет Өтемісұлы
ҚАРШЫҒА ДЕГЕН БІР ҚҰС БАР
Қаршыға деген бір құс бар,
Қанаты айдың астында.
Ұясы оның саяда,
Қарағай, қайың басында.
Аңқау өскен ер едім,
Бұла болып жасымда.
Бұ қонысқа қондырған
Ата-бабам оңбасын,
Таңда – сират басында.
Махамбет Өтемісұлы
БІЗ НЕТКЕН ЕР
Біз неткен ер, неткен ер?
Сергелдеңмен өткен ер.
Еділ менен Дендерден,
Сағыз бенен Жемдерден,
Онан да талып өткен ер.
Арқада Әлім бар-ды деп,
Қайыспас қара нар-ды деп,
Оған да барып жеткен ер.
Махамбет Өтемісұлы
БІЗ ЕР ЕДІК
Біз ер едік, ер едік,
Ен Нарында жүргенде
Еріккенде ер едік,
Ерінгенде би едік.
Қалмаққа шатыс хандарды
Қабыландай қайраңға соғып,
Етін талай жеп едік.
Біз Өтемістен туған он едік,
Сол онымыз жүргенде,
Мың сан әскер қол едік.
Біздің жайды сұрасаң,
Ерте көшіп, кеш қонған,
Санаулы сәнді орданың бірі едік.
Махамбет Өтемісұлы
ҰЛ ТУСА
Күнқақты ердің астында
Көп жүгіретін күлік бар.
Көн садақтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар.
Қарайғанның, жігіттер,
Бәрін кісі демеңіз,
Көпе-күндіз тайраңдап,
Түзге шықпас ерлер бар.
Тауда болар тарғыл тас,
Тарықса шығар көзден жас.
Ордалыға көз салма,
Оғы қалса, жоғалмас.
Топтан озған тарлан боз,
Тұрасынан айрылса,
Тасты басып тұра алмас.
Асылдан болат ұл туса,
Екі жақ болып тұрғанда,
Егескен жерде шарт кетер,
Жауырынынан өтін алса да,
Жамандарға жалынбас.
Махамбет Өтемісұлы
АЙ АСТЫНДА БІР КӨЛ БАР
Ай астында бір көл бар,
Ат шаптырса жеткісіз.
Ортасында алуа, секер бар,
Татқан қулар кеткісіз.
Қарада да қара бар,
Хан ұлы басып өткісіз.
Алланың бір күні бар,
Бір жарым ай жеткісіз.
Мұңдас ерлер болмаса,
Менің айтқан сөзімнің
Құлқына жаман жеткісіз.
Махамбет Өтемісұлы
АСПАНДАҒЫ БОЗТОРҒАЙ
Аспандағы бозторғай
Бозаңда болар ұясы.
Бозаңның түбін су алса,
Қайғыда болар анасы.
Қара лашын, ақ тұйғын
Қайыңда болар ұясы.
Қайыңның басын жел соқса,
Қайғыда болар анасы,
Айланбастың Алатау
Бауырында болар саясы.
Тоқсан тарау су ақса,
Дария болар сағасы.
Сан шерулі қол болса,
Батырлар болар ағасы.
Аз сөйлесіп, көп тыңдар
Хас асылдың баласы.
Махамбет Өтемісұлы
ҚАЛЫ КІЛЕМ, ҚАРА НАР
Қалы кілем, қара нар
Жарасады қатарға.
Аруана жисаң жарасар
Ұлы күнде сапарға.
Қаумалаған қарындас
Қазақта бар да, менде жоқ,
Арызымды айтарға.
Махамбет Өтемісұлы
КҮМІСТІ МЫЛТЫҚ ҚОЛҒА АЛЫП
Күмісті мылтық қолға алып,
Көлден қуларды ұшырдым.
Қолымдағы құсымды
Қапылдықпен ұшырдым.
Алтыннан әйбәт тор жасап,
Ақырда қолға түсірдім.
Махамбет Өтемісұлы
ШАМДАНСАМ, ШАЛҚАМНАН
ТҮСЕР АСАУМЫН
Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын,
Шамырқансам, шатынап сынар болатпын,
Құс ілген қуда сын жоқ ұятпен.
Жігіт жауға шаппай калар деймісің?
Қанды көбе киініп,
Бір аллаға сыйынып,
Кезенген жауға кез келдік
Жалаң найза, бір атпен.
Махамбет Өтемісұлы
МІНЕ АЛМАҒАН АЛАҒА
Міне алмаған алаға-ай,
Шыға алмаған құба далаға-ай
Мұсылманның баласын
Атаңа нәлет Жәңгір хан
Көзінен тізіп жіберді-ау
Орынбор деген қалаға-ай!
Махамбет Өтемісұлы
ТІЛЕК
Балуан жолбарыс секілді
Алысқанды алып ұрған білегім.
Қамалаған жаудан қайтпаған,
Қайнаған қара болаттай
Қарсы біткен жүрегім.
Ертеден кешке шейін зарласам,
Бермей ме екен құдайым
Біздей тарыққан ердің тілегін?
Махамбет Өтемісұлы
БІЗДІҢ АНАУ НАРЫНДА
Біздің анау Нарында
Бір төбелер бар еді
Айналасы ат шаптырса жеткісіз.
Қиқулап ұшқан қырғауыл,
Күніңде құлай да басып өткісіз.
Байларымның қонаққа сойған тайлары,
Ертең келген жақсылар
Кешке үйінен кеткісіз.
Қойды мыңға толтырған
Нарынның ана құмдары.
Түйені жүзге толтырған
Көкпекті, шытыр жерлері.
Жатып қалған тайлағы
Жардай атан болған жер!
Жабағылы тоқтысы
Қой болып, қора толған жер!
Балдырғаны білектей,
Баттауығы жүректей,
Ондай қоныс маған жоқ,
Құдай қылды, амал жоқ.
Махамбет Өтемісұлы
БІТКЕН ІСТІҢ МІНІ ЖОҚ
Біткен істің міні жоқ,
Бітірген ердің кемі жоқ,
Тура ажалдың емі жоқ.
Арқада жатқан ақ киік
Атып алып, етін жеп,
Ішіп қандым сорпасын.
Сапырулы сары балдан,
Еш те бір жерде кемі жоқ.
Жасыл ала үйрек, қоңыр қаз
Жайқай ұшқан көлде жоқ.
Тар қолтықтан оқ тисе,
Тарыққанда қайрылар,
Қарындасым менде жоқ.
Балдағы алтын ақ болат,
Салайын десем қын да жоқ.
Қанатынан қайрылып,
Ит алған қуда сын да жоқ.
Махамбет Өтемісұлы
АРҒЫМАҚҚА ОҚ ТИДІ
Арғымаққа оқ тиді
Қыл мықынның түбінен.
Ер жігітке оқ тиді
Ауыз омыртқаның түбінен.
Жантайып жатып көп іштім,
Жаздықтың шалшық көлінен.
Қайтейін енді, дүние-ай,
Жағдайсыз кетіп барамын
Қасымда көмектің кемінен.
Махамбет Өтемісұлы
МЕН АҚСҰҢҚАРДАН ТУҒАН ҚҰМАЙМЫН
Мен ақсұңқардан туған құмаймын
Бір сұңқарға жұбаймын.
Сауырыма қамшы тигізіп,
Шаппай неғып шыдайын?!
Түбін қазған мен – бәйтерек,
Толқуменен құлаймын.
Махамбет Өтемісұлы
МЕН – ТАУДА ОЙНАҒАН ҚАРТ МАРАЛ
Хат оқиды молдалар
Қаламмен тартқан сиядан.
Екі кісі тең барса,
Оңды-ай төре береді,
Ақылға жетік би адам.
Мен – тауда ойнаған қарт марал,
Табаным тасқа таяр деп,
Сақсынып шыққан қиядан.
Қайыңның басын жел соқса,
Қаршыға құс қайғырар,
Балапаным суға кетер деп,
Мамығын төккен ұядан.
Ол-дағы біздей болған сорлы екен!
Махамбет Өтемісұлы
ПЫР-ПЫРЛАЙ ҰШҚАН ҚАСҚАЛДАҚ
Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ,
Көлінде жатып көркеймес
Өртенсе көлдің қоғасы.
Аруана мая күңіренер,
Бауырынан өлсе баласы.
Суда жүзген нән балық
Шағала құсқа жем болар,
Үзілсе көлдің сағасы.
Атадан қалған сауыттың
Шығыршығын тот басар,
Жыртыла тозса жағасы.
Махамбет Өтемісұлы
КҮН БОЛҒАН
Таудай болған талаптың,
Назары қайтқан күн болған.
Жібектен бауы көнеріп,
Ақсұңқар ұшқан күн болған.
Бағаналы боз орда
Еңкейіңкі күн болған.
Телегей теңіз шалқыған
Қоғалы көлдер суалып,
Тізеге жетер, жетпес күн болған
Жапанға біткен бәйтерек
Жапырағынан айрылып,
Қу түбір болған күн болған.
Алқалаған жер болса,
Азамат басы құралса,
Мәшурәт кеңес сұралса,
Мәшурәт берер ер едік.
Исатайдан айрылып,
Алқалай келген кеңесте
Дем құрыған күн болған.
Махамбет Өтемісұлы
МЕН ЕДІМ
Боз ағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Ел құтқарар ер едім –
Жандаспай ақыры бір тынбан.
Томағалы сұңқар мен едім –
Толғамалы найзамен
Толықсып жауға шапқанда,
Бір озғанмын жұртымнан.
Ер дұшпаны көп болар,
Қатын – дұшпан, жігіттер,
Не демес дейсің сыртымнан?!
Махамбет Өтемісұлы
ЖӘҢГІРГЕ АЙТҚАНЫ
Хан емессің, қасқырсың,
Хас албасты басқырсың.
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын.
Хан емессің, ылаңсың,
Қара шұбар жылансың.
Хан емессің, аянсың,
Айыр құйрық шаянсың.
Махамбет Өтемісұлы МАХАМБЕТТІҢ БАЙМАҒАМБЕТ СҰЛТАНҒА АЙТҚАН СӨЗІ І Алайма, сұлтан, алайма, Астыма мінген арғымақ Аяңдай түсіп марай ма? Арғымақ дейтін жығылғыр Найза бойы жар келсе, Жабыдайын жалтаңдап, Түсер жерін қарай ма?! Арғымақ атқа алтыннан таға қақтырса, Кілегей қатқан көкше мұз Ол көкше мұздан таяр ма?! Атаның ұлы асылға, Малыңды бер де, басын қос, Басыңа тарлық іс түссе, Ол ардақтаған әділ жанын аяр ма?! ІІ Мен бір енеден бір едім, Күндердің күні болғанда, Бір енеден екі едім. Екеуіміз бірге жүргенде, Уәдеге берік едім. Бір енеден үш едік, Үшеуіміз жүргенде, Толып жатқан күш едік. Бір енеден бес едік, Бесеуіміз жүргенде,
Махамбет Өтемісұлы Алашқа болман деуші едік. Өтемістен туған он едік, Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік. ІІІ Еділді керіп еңсеген, Жайықты керіп жемсеген, Таудағы тарлан шұбар біз едік. Исатайдың барында, Қара қазан, сары бала Қамы үшін қылыш сермедік. Шабытымыз келгенде, Ауызы түкті кәуірдің, Шетінен сүйреп жеп едік. Баста дәурен тұрғанда, Біздер-дағы, Байеке, Оза көшіп, кең жайлап, Еркіннен еркін жатқан ел едік. ІҮ Еділ үшін егестік, Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық, Тептер үшін тебістік. Тендікті, малды бермедік, Теңдіксіз малға көнбедік. Со секілді асқан қайраттан Ойлашы, кәні, не таптық?!
Махамбет Өтемісұлы Ү Ханның кірген ақ орда, Бұзуын ойлап кеңестік. Аламанға жел бердік, Аса жұртты меңгердік. Қара қазақ баласын Хан ұлына теңгердік. Өздеріңдей хандарды Қабырғасын сөгілтіп, Қабырғадан аққан қан Ат бауырына төгілтіп, Ғәділ жаннан түңілтіп, Ат көтіне өңгердік. Күндердің күні болғанда, Со секілді қайраттан, Ойласаңдар, не көрдің?! VІ Кешегі Исатайдың барында, Алақандай Нарында, Басушы едім құлаштай. Жәбір беріп, жала етсең, Былғанған басым ыласқа-ай. Мен бір шарға ұстаған Қара балта едім, Шабуын таппай кетілдім, Қайраса, тағы жетілдім, Көрмес, келмес деп едім, Өз еркімен бетімді-ай.
Махамбет Өтемісұлы Есігіңнің алдына Ұрмай-соқпай келтірген, Арманың бар ма құдайға Мынау Махамбет сынды жетімді-ай!!! VІІ Ханнан кегім ала алмай, Арқаның алпыс саласына барғанда, Айдаһардай арбадың, Арбадың да қалмадың. Қайрат қылар ерің біз болсақ, Заманымда болған, сұлтаным, Бізді жіпсіз байладың. VІІІ Еділ мен Жайық жер еді-ау, Мекен еткен шаруаға, Жағасы қорған жай еді-ау. Жай қоныстан айрылып, Мен бір қаңғырып жүрген қарашың, Қайта-қайта шақыртып, Менде қандай ауыр ақың бар еді-ау? Қаңғырған емей немене, Қара баста сенім жоқ. Қаттылық емей немене, Ханның бетін көру жоқ. Кәрің қатты, хан ие, Қанша қаттылық етсең де, Ажалдан бұрын өлім жоқ.
Махамбет Өтемісұлы ІX Мен ақ сұңқар құстың сойымын, Шамдансам, тақсыр, кетермін. Кетпей де нешік етермін? Бұл барғаннан барармын, Қиядан орын алармын. Өтініп алып, от жақпан, Дұшпанға қылыш шабармын. Тілекті Тәңір оңғарса, Бөліне көшкен еліңді Үріккен қойдай қылармын. Жарыла көшкен еліңді, Жаралы қудай қылармын. Мен кеткенмен, тек кетпен, Сізден артық табармын. Ашуыма көп тисең, Өзекті жанға бір өлім, Ордаңды талқан қылып шабармын. Бірсіндеп садақ асынған, Біріндеп жауды қашырған, Құйқылжыған құла жирен ат мінген, Құйрық-жалын шарт түйген, Мен кескекті ердің сойымын, Кескілеспей бір басылман. Алдыңа келіп тұрмын деп, Ар, намысымды қашырман. Сүйегім тұтам қалғанша Тартынбай сөйлер асылмын.
Махамбет Өтемісұлы X Ай, тақсыр-ай, ай, тақсыр, Бойың жетпес биікпін, Бұлтқа жетпей, шарт сынбан. Айта келген сөзім бар, Не қылсаң да, жасырман. Шамдансам, жығар асаумын, Шамырқансам, сынар болатпын, Кәр қылар деп тақсыр-ау, Аяғыңа бас ұрман. Байеке, сұлтан, ақсүйек, Қыларың болса, қылып қал, Күңдердің күні болғанда Бас кесерім жасырман! XІ Ақсүйек, сұлтан, Байеке, Әкім болған сен едің. Алдыңа келіп арыз айтар Қас қарашың мен едім. Іштегі толған шерімді Бір толғасам деп едім. Алдыңа отырып, Байеке, Арызымды айтып толғадым, Іштегі түйін шешілді. Айтып-айтпай немене, Ер тілегі кесілді. Мінгенде аттың тұяғы Таға салмай тесілді.
Махамбет Өтемісұлы XІІ Ай, тақсыр-ау, ай, тақсыр, Боз орданы тіктім деп, Боз ағашты жықтым деп, «Ханым, ханым» дегенге Көтере берме бұтыңды, Көптіре берме ұртыңды. Күндердің күні болғанда, Өзіңнен мықты жолықса, Ту сыртыңнан жармай алар өтіңді. Тәуекел хаққа бел байлап, Қималы найза өңгеріп, Бозбалаға жел беріп, Атқа мініп шыққанда, Ұлым қалмақ сенің де, Көрер едім көтіңді. XІІІ Мен, мен едім, мен едім, Мен Нарында жүргенде Еңіреп жүрген ер едім. Ерегіскен дұшпанға Қызыл сырлы жебе едім. Жақсыларға еп едім, Жамандарға көп едім. Ерегіскен дұшпанның, Екіталай болғанда, Азыққа етін жеп едім.
Махамбет Өтемісұлы Ежелден табан аңдысқан Хан баласы ақсүйек, Ата дұшпан сен едің, Аңдыған жауың мен едім. Ежелгі дұшпан ел болмас, Етектен кесіп жең болмас. Хан баласы ақсүйек, Байеке, сұлтан сен болып, Сендей нар қоспақтың баласы, Қайсы бір жерде жолықсаң, Қайраңнан алған шабақтай Қия бір соғып ас етсем, Тамағыма қылқаның кетер демес ем. XІV Мен, мен едім, мен едім, Мен Нарында жүргенде Еңіреп жүрген ер едім. Исатайдың барында, Екі тарлан бөрі едім. Қай қазақтан кем едім? Бір қазақпен тең едім. Өздеріңдей хандардың, Қарны жуан билердің, Атандай даусын ақыртып, Луәзін көкке шақыртып, Олжа қылсам деп едім. Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім. Еңсесі биік ақ орда, Еріксіз кірсем деп едім.
Махамбет Өтемісұлы
Еділде жатқан көп елге,
Мал толтырсам деп едім.
Керегесін қиратып,
Отын етсем деп едім.
Туырлығын кескілеп,
Тоқым етсем деп едім.
Тақта отырған хандардың
Төрде отырған ханымын
Қатын етсем деп едім.
Әлдилеген баласын
Жетім етсем деп едім.
Хан сарқыты –сары бал
Сұраусыз ішсем деп едім.
Ханның киген кіреуке,
Қараңғыда шештіріп,
Үстіме кисем деп едім.
Қанікейдей көріктіңді
Қараңғыда қармалап,
Қалыңсыз құшсам деп едім.
Тінікейдей тектіңді
Ителгі көзін төңкертіп,
Күшіктей даусын қыңсытып,
Аш күзендей белін бүгілтіп,
Әділ жаннан түңілтіп,
Ат көтіне үңілтіп,
Артыма салсам деп едім,
Тілекті тәңірі бермеді,
Өздеріңдей хандарды
Осындай бір қылсам деп едім.
Махамбет Өтемісұлы
ҚЫЗҒЫШ ҚҰС
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорыған мен едім,
Мен де айрылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Аспанда ұшқан, қызғыш құс,
Сені көлден айырған –
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған –
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып, айтпай немене?
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!!!
Махамбет Өтемісұлы
МЕНІҢ АТЫМ – МАХАМБЕТ
Менің атым – Махамбет,
Жасқұстағы Жәңгір хан
Ісінен болдым құса-дерт.
Атасы өткен Айшуақ,
Соның көзі керді ғой.
Менің атам Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой.
Махамбет Өтемісұлы
ЖАЛҒЫЗДЫҚ
Бұ дүниенің жүзінде
Айдан ару нәрсе жоқ,
Ол түнде бар да, күнде жоқ.
Күннен ару нәрсе жоқ,
Күндіз бар да, түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ,
Тілде бар да, дінде жоқ.
Көшпелі дәулет көп бейнет,
Біреуде бар да, біреуде жоқ.
Азамат ерлер кімде жоқ,
Еріккен күні қолда жоқ.
Заманым менің тар болды,
Тура билік биде жоқ.
Бәрін айт та, бірін айт,
Қаумалаған қайран қарындас
Қазақта бар да, менде жоқ.
Махамбет Өтемісұлы
ЖАЙЫҚТЫҢ БОЙЫ ЕНДІ СУ
Жайықтың бойы енді су,
Кешегі қуатымның барында,
Тіземмен бұзып өткенмін.
Жаныма айла болар деп,
Назарды тастап,
Шүренге Күнім үшін жеткенмін.
Әлпештеген аруды
Бәрін тастап кеткенмін.
Махамбет Өтемісұлы
ТУҒАН ҰЛДАН НЕ ПАЙДА?
Ақ жұмыртқа, сары уыз,
Әлпештеп қолда өсірген,
Туған ұлдан не пайда,
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса?!
Алаштың байлығынан не пайда,
Құланнан басқа ел таппай,
Қонарына жер таппай,
Маңқиған сары даладан
Екіндіде құлаған,
Тарығып келген ерлерге
Қайыры оның болмаса?!
Алтын тақты хандардың
Хандығынан на пайда,
Қаріп пенен қасірге
Туралық ісі болмаса?!
Махамбет Өтемісұлы
БАҒАНАЛЫ ТЕРЕК ЖАРЫЛСА
Бағаналы терек жарылса,
Бақыраш жамап болар ма?!
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші
Қыранға тұғыр қыларға.
Ханнан қырық туғанша,
Қарадан бір-ақ тусайшы,
Халықтың кегін қусайшы,
Артымыздан біздердің
Ақырып теңдік сұрарға.
Махамбет Өтемісұлы
АРҚАНЫҢ ҚЫЗЫЛ ИЗЕНІ
Арқаның қызыл изені
Басы күрдек, түбі арал,
Қыдырып шалар аруана.
Кәрісі кімнің жоқ болса,
Жасы болар дуана.
Бір сынаған жаманды
Екіншілей сынама.
Тіріде сыйласпаған ағайын,
Құм құйылсын көзіңе,
Өлгенде бекер жылама!
Ер қабыланын жөнелтіп,
Елсізде аңырап қалған шақ,
Біздерден ақыл сұрама!
Көшер еді-ау біздің ел,
Сонау Еділден бергі тұрған жер дейін,
Қонар еді-ау біздің ел,
Арқада қоныс шөлдейін.
Нұралыдан қалған көп тентек
Бүлдірмегей еді елімді,
Лашын құс, бүркіт шайқаған шілдейін.
Ащының бойы көк тоғай,
Жайламас еді біздің ел,
Жері жаман сусыз деп.
Жабыдан айғыр салмады,
Баласы оның сынсыз деп,
Базарға сатсаң пұлсыз деп.
Балдағы алтын ақ болат,
Махамбет Өтемісұлы
Асынбас еді біздің батырлар,
Көкпен де сауыр қынсыз деп.
Көп қабылданын жөнелтіп,
Елсіз қаңғып қалған шақ,
Кім айтады бізді мұңсыз деп?!
Махамбет Өтемісұлы
ҚАҚАҚУЛАП ШАҚЫРМАЙ
Қақақулап шақырмай,
Қанды көбік түкірмей,
Алғыншы алған арудың
Ақша бетін солдырмай,
Ата менен ананы
Қайғыменен қатырмай,
Әлпешті ұлың жат болмай,
Шайған жалғыз малтаның
Сатқанда суы ат болмай,
Бұзбай құлан пісірмей,
Мұз үстіне от жақпай,
Қапыда қалған қасқамын,
Қақ жүректен найза түйретпей,
Найзаны күнге қуратпай,
Қарсыласқан дұшпанның
Қабырғасын бір-біріндеп күйретпей,
Әлі де болса қорқа алман,
Адасып қалған үйректей.
Махамбет Өтемісұлы
АДЫРА ҚАЛҒАН НАРЫННЫҢ
Адыра қалған Нарынның
Теңіз деген суы бар.
Жағасына жағалай біткен
Қамыс деген нуы бар.
Еңіреген ерлердің
Жібектен желбіретіп ұстар туы бар.
Хан ұлымен алыстық,
Қарсы тұрып шабыстық,
Бізге біткен бес еркектің буы бар.
Адыра қалған Нарынның
Жайық деген суы бар.
Жағасында жары бар,
Қабағында қары бар.
Көнбегенді көндірген,
Көн кемеге мінгізген,
Қынама бешпент кидірген,
Зәбірлігін тигізген,
Ортасында Жәңгір деген ханы бар.
Қырлығында оба бар,
Шұңқырында қоға бар,
Адыра қалған Нарынның
Жыңғылы мен талы бар.
Қонысы қонақ бергендей,
Жаясы мен жалы бар.
Махамбет Өтемісұлы
Айтып, айтпай немене,
Адыра қалған Нарында,
Бас пайданың бәрі бар.
Қапыда кеткен дүние-ай,
Алақандай Нарында
Ата менен ана бар,
Іні менен аға бар,
Қарындас, халқым көп қалды-ау,
Қатын менен бала бар.
Жалғыз ұлым Махмұт
Бекетай құмның ішінде,
Жалғыз бір қалған со да бар.
Махамбет Өтемісұлы
ҚАРАҒАЙ ШАПТЫМ ШАНДОЗДАП
Қарағай шаптым шандоздап,
Хан қарасын жоям деп,
Жолбарысша жорыттым,
Етіне құлан тоям деп...
Қыран құстың баласы
Ұшса, келмес ұяға.
Асыл ердің баласы
Жауды көрсе шыдамай,
Көзін салар қияға.
Ермін деген жігітті
Кеңшілдікте сынама.
Келмейтұғын нәрсеге
Жаныңды қинап жылама.
Махамбет Өтемісұлы
ЕСІЛ ЕР
Арыстан еді-ау Исатай
Не етесің, тақсыр, табалап.
Құрттайымда өсіп ем,
Бауырында паналап.
Алдымда асқар тау еді,
Соңына ерсем ағалап.
Әй, тақсыр-ау, әй, тақсыр,
Табаны жалпақ тарланбоз,
Шабарында есінер.
Бір мінезі келгенде,
Жібектей жұмсақ есілер.
Жауда қалса жолдасы,
Мақтанады несіне ер?!
Тастан қатты тағдырың
Исатаймен шешілер.
Айтып, айтпай немене,
Қор болды-ау, қайран есіл ер!
Махамбет Өтемісұлы
МАХАМБЕТТІҢ ОРДАДАН КЕТЕРДЕ
ХАНҒА АЙТҚАНЫ
Он екі төбет, шұнақ хан,
Шабатының ел екен,
Күндейтінің мен екем.
Хан ұлына қас болу,
Қара ұлына бас болу –
Мендей ерге жөн екен!
Махамбет Өтемісұлы
ӘЙ, ШОНТЫ БИ, ШОНТЫ БИ
Әй, Шонты би, Шонты би,
Домбыра тартсам, келер күй.
Шын ажалың жетпесе,
Ажалдан бұрын өлмессің,
Жалаңаш бар да жауға ти.
Домбыра тартып жырласам,
Жақсылар маған қылар сый.
Ажалдан бұрын өлмессің,
Тілесем тілек, бермессің,
Жыласам, көзімнің жасын көрмессің.
Алақандай Нарында
Мүкәммалым шашылды,
Жүр десем оған жүрмессің.
Құр әңгімеден басқа
Ешнәрсені білмессің.
Махамбет Өтемісұлы
МЕН НАРЫННАН КЕТКЕНМІН
Мен Нарыннан кеткенмін,
Нарынды талақ еткенмін.
Қуатымның барында
Ағыны қатты Жайықты
Тіземмен бұзып өткенмін.
Жаныма айла болар деп,
Назарды тастап, Шүренге
Күнім үшін жеткенмін.
Жақияны ханға ұстап бергендей
Шүрен, саған не еткенмін?
Қайтеріңді өзің біл,
Алдыңда кеңес еткенмін.
Махамбет Өтемісұлы
ҚҰЛЖА ҚУҒАН ТЕКЕШІК
Құлжа қуған текешік
Құлдырайды құты ұшып.
Айшықты мүйіз тигенде,
Бас ұрмай ма, баз кешіп?!
Біздер-дағы, жігіттер,
Бірлестірсек білекті,
Шынтуайттасақ тілекті,
Орната білсек керек-ті,
Толарсақтан қан кешіп,
Болат найза, ақ семсер
Жарасып біздің керекке,
Бойлата сұқ жүрекке,
Ханның кетсін аты өшіп!
Махамбет Өтемісұлы
ЖЕЛДЕН ДЕ ЖЕЛГІР АҚБӨКЕН
Желден де желгір ақбөкен
Озса да орғып көлденең,
Құралайына қарайлап,
Оққа ұшпай ма сол үшін?!
Ұялы бүркіт күн ұзын
Қалықтай самғар шөже үшін.
О да бір торға түспей ме
Шөжеге керек жем үшін?!
Дертке дауа іздеген,
Тірліктен үміт үзбеген
Сергелдең болар емі үшін.
Асыл туған арулар
Жанын пида етпей ме
Шын сүйіскен теңі үшін?!
Аттанған едім көп үшін
Көптің жинап мол күшін,
Дұшпанда кеткен сол көптің
Ежелден бергі кегі үшін.
Таршылық басқа түскенде,
Қапаланам мен-дағы
Қаумалаған қасымда
Қарындастың кемі үшін.
Арманы бар ма жігіттің –
Қапылыста тап берген
Тайталасса жауымен,
Туып, өскен жері үшін?!
Жалаулы найза қолға алып,
Қалықпандай қомданып,
Жау тоқтатып айқаста,
Құрбан болса елі үшін?!
Махамбет Өтемісұлы
ТҮРЛІ НҰСҚАЛАР
БЕРІШ МАХАМБЕТ БАТЫРДЫҢ СҰЛТАНҒА
АЙТҚАНЫ
(Мұрат ақыннан жазылған)
Борай да борай қар жауса
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай боран соққанда,
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлығы жоқ тұл үйге,
Ту байласаң тозар ма?
Ту түбінен тұлпар жығылса,
Шаппаған қар тұсар ма?
Ағайынның ары үшін,
Қарындастың қамы үшін,
Қатын менен бала үшін,
Қайырылмай кеткен жігіттің
Өзін - кәпір, алғанын
Талам деп айтсаң болар ма?
Асқар, асқар, асқар тау,
Асқар таудың су бүркіт,
Ылдидың аңын шалар ма?
Асқар таудың басына
Лашын сұңқар жүн төксе,
Далада қалған сүйек деп,
Шынына қарға жолар ма?
Махамбет Өтемісұлы
Арғымақ атқа алтыннан таға қақтырса,
Кілегей қатқан көкше мұз,
Ол көкше мұздан таяр ма!?
Атаның ұғлы асылға,
Малыңды бер де басың қос.
Басыңа тарлық іс түссе,
Ол ардақтаған әділ жанын аяр ма?!
Бірсіндап садақ асынған
Біріндеп жауды қашырған.
Филентіне топ салған,
Қорамсаққа қол салған,
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей.
Балдағы алтын құрыш болат,
Балдағынан қанға боялмай,
Асыл туған ер жігіт,
Төсектен шошып оянбай,
Тебінгіні теріс салмай,
Темірқазық жастанбай,
Ат үстінде күн көрмей,
Арып-ашып жол көрмей,
Алты малта ас болмай,
Өзінен туған жас бала,
Сақалы шығып жат болмай,
Махамбет Өтемісұлы
Қарындасқа қанды көбік жұтқызып,
Халыққа тентек атанбай,
Үйде отырған жігітке
Теп-тегін атақ болар ма!?
Айдан ару нәрсе жоқ,
Ол түнде бар да, күнде жоқ.
Күннен ару нәрсе жоқ,
Ол күндіз бар да, түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ,
Тілде бар да, дінде жоқ.
Көшпелі дәулет көп бейнет,
Біреуде бар да, біреуде жоқ.
Ерінбей жүріп ұрысар,
Шекісіп тұрысар.
Қаумалаған қайран қарындас,
Қазақта бар да, менде жоқ.
Балуан жолбарыс секілді,
Алысқанды алып ұрған білегім.
Қамалаған жаудан қайтпаған,
Қайнаған қара болаттай,
Қарсы біткен жүрегім.
Ертеден кешке шейін зарласа,
Бермей ме екен құдай-ай!
Біздей тарыққан ердің тілегін.
Махамбет Өтемісұлы
Бұрынғыдай қарыштап
Қона алмадық қонысқа,
Келе алмадық келіске.
Ата-енені сектіріп,
Атты басқа соқтырып,
... болсын жігітке,
Бүйтіп жүрген жүріске.
Тағыдай таңдап су ішкен,
Тарпаңдай қаз /басы/ басып от
Тағы сынды мырза едің.
Тағы келдің тар жерге.
Тәк етсеңіз болмас
Тағаланың салған бұ іске?!
Біз кеткен ер,
Жағалай жатқан Жайықтан,
Еркек қойдай бөлініп,
Қарқарланып өткен ер.
Күн шығыстың астында,
Күн батыстың тұсында,
Қарындасымның баруы деп,
Қабырғасын сөксе де,
Қанын судай төксе де,
Қайыспас қара нар - ды деп,
Маңдайымнан күн өтіп,
Жауырынымнан жел өтіп,
Күн астымен желген ер!
Махамбет Өтемісұлы
Айтып айтпай немене,
Исатай зая болғалы,
Серкесіз қойдай шулаған,
Сергелдең болды біздің ел!
Мен ақ сұңқар құстың сойымын,
Шамдансам, тақсыр, кетермін.
Кетпей нешік етермін
Бұ барғаннан барармын,
Қиядан орын алармын.
Өтініп алып от жақпан,
Дұшпанға қылыш шабармын,
Тілекті тәңір оңғарса,
Бөліне көшкен еліңді,
Үріккен қойдай қылармын.
Жарыла көшкен еліңді,
Жаралы қудай қылармын.
Қаныкейдей көріктіңді,
Тәнікейдей тектіңді,
Ат сауырына міндіріп,
Тілегім қабыл болған жоқ,
Деп едім олжа қылармын!
Мен мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім,
Ерегескен дұшпанға
Қызыл сырлы жебе едім.
Махамбет Өтемісұлы
Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
Ежелден табан аңдысқан,
Еріксізден еріксіз өңгердік,
Хан баласы ақсүйек,
Ата дұшман сен едің,
Аңдыған жауың мен едім.
Қайсы бір жерде жолықсаң,
Қайраңдағы шабақтай,
Қаныңды ішіп ұрттасам,
Жүрегім айныр деп пе едің!
Мен мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде,
Еңіреген ер едім,
Исатайдың барында,
Екі Тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім,
Бір қазақпен тең едім!
Өзіңіздей хандардың,
Қарны жуан билердің,
Атандай дауысын ақыртып,
Луазын көкке шақыртып,
Олжа қылсам деп едім!
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел құласам деп едім,
Еңсесі биік ақ орда,
Еріксіз кірсем деп едім,
Еділде жатқан көп елде,
Махамбет Өтемісұлы
Мал толтырсам деп едім.
Хан сарқыты - сары мал,
Ханның киген кіреуке,
Қараңғыда шештіріп,
Үстіме кисем деп едім.
Қаныкейдей көріктіңді,
Қараңғыда қармалап,
Қалыңсыз құшсам деп едім!
Мен бір енеден бір едім,
Күндердің күні болғанда,
Бір енеден екі едім,
Екеуіміз бірге жүргенде,
Уәдеге берік едім!
Бір енеден үш едік,
Үшеуіміз жүргенде,
Толып жатқан күш едік,
Бір енеден бес едік,
Бесеуіміз жүргенде,
Алашқа болман деуші едік.
Ақсүйектің баласы,
Байеке сұлтан сен болсаң,
Аулақта қалмаққа жолықсаң,
Айайын деген жоқ едің.
Еділ үшін егестік,
Ежелден бері теңестік,
Ханның кірген ақ орда,
Махамбет Өтемісұлы
Бұзуын ойлап кеңестік.
Дәфтер үшін тебісіп,
Терезе сайлап оқ аттық.
Күндердің күні болғанда,
Сол секілді қайраттан
Қаныкей, сұлтан, не таптық.
Қара қазақ баласын,
Хан ұғлына теңгердік.
Аса жұртты меңгердік,
Өзіңіздей хандарды,
Қабырғасын сөгілтіп,
Қабырғадан аққан қара қан,
Ат бауырынан төгілтіп,
Қаныкейдей алғанын,
Артымыздан түңілтіп,
Біз ол секілді
Көп қайраттан не көрдік!?
Махамбет Өтемісұлы
АСҚАР, АСҚАР, АСҚАР ТАУ
Асқар, асқар, асқар тау,
Асқар таудың ақсұңқар,
Ылдидың аңын шалар ма?
Асқар таудың басына
Ақсұңқар құс түлесе,
Жүніне қарға жолар ма?!
Атадан туған әзбін деп,
Ісін көпке салар ма?
Атайын ермен жол шексең,
Қанжығаң жауда қалар ма?
Арқаның сары жонында,
Арыстан ойнар шарқ ұрып,
Атайын ердің тұсында,
Тұлпары тұрар тарп ұрып.
Жаманға ақыл сөз айтсаң,
Есікті кетер сарт ұрып,
Елден кектеп ол кетер,
Жақсылар жүрер оны шақырып,
Келтіре алмай «Аһ!» – ұрып!
Махамбет Өтемісұлы
АЙНАЛАЙЫН, АҚ ЖАЙЫҚ
Айналайын, Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда,
Еңісі биік боз орда,
Еңкейе кірер күн қайда!
Қара бұлан терісін,
Етік қылар күн қайда!
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда!
Күмбір-күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда!
Толғамалы ақ балтаны,
Толғап ұстар күн қайда!
Алты құлаш ақ найза,
Ұсынып шаншар күн қайда!
Садақ толған сайгез оқ,
Масағынан өткеріп,
Басын қолға жеткеріп,
Созып тартар күн қайда.
Кетбұғыдай билерден,
Кеңес сұрар күн қайда.
Еділдің бойын ел жайлап,
Шалғынына бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан,
Бозбаламен күліп-ойнап,
Қымыз ішер күн қайда!
Махамбет Өтемісұлы
ЖАЛП-ЖАЛП ЕТКЕН ЖАПАЛАҚ
Жалп-жалп еткен жапалақ,
Жазыда кімге жолдас болмаған.
Жағы түкті айуан,
Мұңлантып кімді жаяу салмаған.
Даладағы бәйтерек саясы,
Кімге салқын болмаған,
Құландар ішпес бұршақ қақ
Кімдерге шербет болмаған.
Саздауға біткен сары ағаш,
Кімдерге сайғақ болмаған!
Терезеден тесе қараған,
Дестелеп шашын тараған,
Қудаған өскен арулар,
Кімдерден жылай қалмаған.
Сағағына сары шіркей ұялап,
Мал іздеген ерлердің
Қайда басы қалмаған!?
Махамбет Өтемісұлы
«ЕРЕУЛІ АТҚА ЕР САЛМАЙ» ӨЛЕҢІНІҢ
НҰСҚАЛАРЫ
ИСАТАЙДЫҢ АНДАСЫ МАХАМБЕТ
ЖЫРАУДЫҢ СӨЗІ
Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Қыбыланы дөрткүл оңға алмай,
Тебінгіні терге шірітпей,
Терлікті сүттей ірітпей,
Өлеңті төсеп ет жемей,
Ұлы түске ұрынбай,
Жанға салған малтаның,
Әр түйірі ат болмай,
Атыңды байлап келгенде,
Қатын, бала жат болмай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Темірқазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме!?
Махамбет Өтемісұлы
ЕРЕУЛІ АТҚА ЕР САЛМАЙ
«ИСАТАЙ-МАХАМБЕТ» ЖИНАҒЫНАН
1837-жылы жеді жұлдызының 12-сінен 13-не қараған
түні Исатай мен Махамбет Жайықты жарып өткен соң,
қасындағы қырық жолдасымен далаға қонады. Күн суық,
боран екен. Ертемен тұрса, батырлар қар астында тоңып
қалған екен. Сол заманда Бөкейлік қазақтары едәуір
тәрбиялы екен. Жұрттың көбі қысты күні ағаштан, не
тастан салған жылы үйге, күнде ішетін шайға үйреніп
қалған екен. Етіктің орнына елдің бірқатары кебіс-мәсі
киеді екен.
Далаға қонып, тоңып тұрған жігіттердің көбі жылы
үйді, жұмсақ төсекті, қызыл шайды жоқтайды.
Сонда Исатай айтыпты-мыс: «Ай, жігіттер! Қазақ
жұртына сәлем айтыңыз! Ел болам десе – құс төсек
төсенбесін, шай ішпесін, қималы етік кимесін», – деп.
Қималы етік деп кебіс-мәсіні айтқан. Сол уақытта Ма
хамбет батыр мына өлеңді айтып, жолдастарын жұбатқан:
Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңкейіңкі жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық шөл көрмей,
Махамбет Өтемісұлы
Арып-ашып жол көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
Махамбет Өтемісұлы
ЕРЕУЛІ АТҚА ЕР САЛМАЙ
Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шолмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай.
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық шөл көрмей.
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей.
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп түс қашпай,
Тебіңгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?
Махамбет Өтемісұлы
ЕРУЛІ АТҚА ЕР САЛМАЙ
Ерулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Әр түйірі ат болмай,
Атыңды байлап келгенде,
Қатын-бала жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық шөл көрмей,
Арып ашып жол көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темірқазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
Махамбет Өтемісұлы
«БОРАЙ ДА БОРАЙ ҚАР ЖАУСА»
ӨЛЕҢІНІҢ ӘР ЖЫЛДАРДАҒЫ
БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ НҰСҚАЛАРЫ
1-нұсқа
Борай да борай қар жауса
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай соққан боранда –
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлығы жоқ тұл үйге,
Ту байласаң тұрар ма?
Ту түбіне тұлпар жығылса,
Шаппаған нәмәрт оңар ма?
Қарындастың қамы үшін,
Қатын менен бала үшін,
Қайырылмай кеткен жігіттің,
Өзіне кәпір,
алғанын –
Талам деп айтсақ болар ма?
Беркініп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге қол салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай,
Балдағы алтын құрыш болат,
Балдағынан қанға боялмай,
Қасарысқан жауына
Махамбет Өтемісұлы
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай,
Үйде жатқан жігітке,
Төбеден тегін атақ болар ма?!
Махамбет Өтемісұлы
БОРАЙ ДА БОРАЙ ҚАР ЖАУСА
2-нұсқа
Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай боран соққанда,
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлығы жоқ тұл үйге,
Ту байласаң тозар ма?
Ту түбінен тұлпар жығылса,
Шаппаған қар тұсар ма?
Ағайынның ары үшін,
Қарындастың қамы үшін,
Қатын менен бала үшін,
Қайырылмай кеткен жігіттің,
Өзін – кәпір, алғанын
Талам деп айтсаң болар ма?
Махамбет Өтемісұлы
ОРАЙ ДА БОРАЙ ҚАР ЖАУСА
3-нұсқа
Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай соққан боранда,
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлығы жоқ тұл үйге,
Ту байласаң тұрар ма?
Ту түбінен тұлпар жығылса,
Шаппаған нәмәрт оңар ма?
Қарындастың қамы үшін,
Қатын менен бала үшін,
Қайырылмай кеткен жігіттің
Өзін кәпір, алғанын
Талам деп айтсам болар ма?
Асқар, асқар, асқар тау,
Асқар таудың су бүркіт,
ЬІлдидың аңын шалар ма?
Лашын сұңқар жүн төксе,
Далада қалған сүйек деп,
Шеніне қарға жолар ма?
Махамбет Өтемісұлы
ЕДІЛДЕН ҰШҚАН АҚҚУДАЙ
Еділден ұшқан аққудай
Көшуші едік емініп,
Дарияның шалқар көліне.
Көлден кетілсек қонамыз,
Елсіз жердің шөліне.
Ішімді дерт қысқан соң,
Қарамай айттым көңіліңе,
Ақсүйек сұлтан, Бай-еке,
Әкім болған сен едің,
Алдыңа келіп арыз айтар,
Қас қарашың мен едім.
Іштегі толған шерімді,
Бір толғасам деп едім.
Алдыңа отырып, Бай-еке,
Арызымды айтып толғадым...
Іштегі түйін шешілді.
Айтып-айтпай немене,
Ер тілегі кесілді...
Мінгенде аттың тұяғы,
Таға салмай тесілді...
Махамбет Өтемісұлы
ИСАТАЙ ХАН ОРДАСЫНАН КЕТКЕННЕН КЕЙІН
МАХАМБЕТТІҢ ХАНҒА АЙТҚАНЫ
Алдияр тақсыр, ханымыз!
Исатай батыр кеткелі,
Кеміді біздің сәніміз.
Тілімді алсаң, тақсыр-ай!
Шайтанның мойнын жұлдырып,
Ордаңа қайтып алыңыз.
Арыстан еді-ау Исатай,
Не етесің, тақсыр, табалап.
Құрттайымда өсіп ем,
Бауырында паналап.
Алдымда асқар тау еді,
Соңына ерсем ағалап.
Әй, тақсыр-ау, әй, тақсыр,
Табаны жалпақ тарланбоз
Шабарында есінер.
Бір мінезі келгенде,
Жібектей жұмсақ есілер.
Жауда қалса жолдасы,
Мақтанады несіне ер?!
Тастан қатты тағдырың
Исатаймен шешілер.
Айтып, айтпай немене,
Қор болды-ау, қайран есіл ер!
Махамбет Өтемісұлы
НАРЫНДА
Біздің анау Нарында
Бір төбелер бар еді
Айналасы ат шаптырса жеткісіз.
Қиқулап ұшқан қырғауыл,
Күнінде құлан да басып өткісіз.
Ерте келген жақсылар
Кешке үйіне кеткісіз.
Қойды мыңға толтырған
Нарынның ана құмдары.
Түйені жүзге толтырған
Көкпекті, шайыр, шымдары.
Жатып қалған тайлағы
Жардай атан болған жер!
Жабағылы тоқтысы
Қой болып, қора толған жер!
Аш-арығым тойған жер,
Жылаған бала қойған жер.
Шортаны қара бақандай,
Бақасы сары атандай,
Балдырғаны білектей,
Баттауығы жүректей,
Қымыздығы күректей,
Сонасы қоңыр үйректей.
Ондай қоныс маған жоқ,
Құдай қылды, амал жоқ.
Алаша Байтоқ
(ХІХ ғ.)
ӨЛЕҢ
Алаша Байтоқ
ЖӘҢГІР ХАНДЫ ЖОҚТАУЫ
Алтынды сарай, ақ мешіт
Әуелгі хандар салмаған.
Салмағанның белгісі
Артында мұра қалмаған.
Атайы жұртқа қол артып,
Асылдан ару таңдап алмаған.
Атасы мұның малды деп,
Қызының беті қанды деп,
Қарадан сұлу таңдаған.
Күндердің күні болғанда,
Олардан асыл болмаған.
Атадан аса туған Жәңгір хан,
Екінші Ысмайылдан алғыр хан,
Арғы түбін болжаған.
Атаның алмаған қонысын алып,
Анда сарай салғызған,
Ол салғызған сарайдың
Айналасы – айшылық,
Көлденеңі – күншілік.
Көргендер көзі қиып кете алмай,
Кете алмасын оның білемін.
Аспаннан борайда борай қар жауса,
Басынан борасын борап, өте алмас,
Өте алмасын оның білемін.
Әрбір әз нәрсеге хақ қойсаң,
Дүниенің малын жисам жете алмас,
Атадан аса туған Жәңгір хан
Алаша Байтоқ
Ауласын асыл тастан қалатқан.
Алпыс аршын бой тастап,
Әрқайсын айшық-ойшық таратқан.
Таратқан айшық басына
Бір-бір күмбездер қалатқан.
Күмбездерін алтынменен сылатқан.
Ауласының сыртынан
Әудем бұта орлатқан.
Орлатқанның ішінен
Ойылмас тірек орнатқан.
Бағанасын асыл тастан қақтырған,
Мұнарасына кетпес сырлар жақтырған.
Мұнараның көркі болсын деп,
Бұрмалап бұлақ ақтырған.
Бұлақтың көркі болсын деп,
Балықтың ұрығын таптырған.
Балығы таудай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған.
Пақырлар онда күнелтіп,
Балықтарын аулаған.
Пақыр-міскін қамы үшін
Бақшалар қандай ектірген.
Жетпіс түрлі жемістің
Ұрықтарын төктірген.
Әрбірісін бір-бір құлға көтертіп,
Адамның ақылы жетпес бұл іске
Нешеме бір ақша төктірген.
Ауласының сыртынан
Айнала соққан тас сарай.
Алаша Байтоқ
Тас сарайдың ішіне
Аспанменен таласқан
Асыра төбелі ақ сарай,
Атасына нәлет шебердің
Алтын менен күмісті
Балшықтай илеп соққаны-ай.
Құдай үшін салдырған
Құлазып қалды ақ мешіт.
Ақ мешітті сақтаған
Хан саламат күнінде,
Бұқара байтақ елі үшін
Бағанасын лағыл тастан қақтырған,
Төбесін һәм алтынмен жаптырған.
Алтын, күміс ала деп,
Реңін реңкпенен ақ қылған.
Аршынын алты жүзден алдырып,
Астына асыл мәуіт төсеткен.
Салтанатын сөйтіп халыққа көрсеткен.
Бір падыша хан, байтақ хан,
Жау ішінде жай тапқан.
Байтағы еркіндеп қонар жай жапқан.
Жеті жұртқа ортақ хан,
Бұл ханнан соң хан да жоқ,
Атамыз Адам салтынан
Мұндай болып өткен бенде жоқ.
Елі дарқан падышадан
Халық қонысын кең тапқан.
Қараңғыда компас көрмей жөн тапқан,
Қарбаласта халық жинамай сөз тапқан.
Алаша Байтоқ
Біреудің қиын-қыстау ісін көрсе,
Патшаға жүз көрісіп,
Арызын өзі айтуға жөн тапқан.
Анасын әулие десе болмай ма?
Бұ заманда Жәңгір сынды хан тапқан.
Бұрынғы өткен хандарда
Бар ма екен ақылменен заң тапқан?
Хиуадан келген қилы халық,
Стамбулдан келген қилы халық,
Қырымнан келген қырық әжі,
Қырық әжіге бір қазы.
Намазға күнінде жүз мың шәкірт жиылған.
Баршасы бір имамға ұйыған,
Көктен нұрлар құйылған,
Зәлімдер жауыз істен тыйылған.
Әулие ханнан айрылып,
Халық тілегі қиылған.
Мұндай тумақ қиын хан,
Жарлы мен байды тең көрген,
Жалғыз бен көпті теңгерген,
Жетімдерге жем берген,
Жесір үшін жер бөлген.
Тентектер үшін тебіренген,
Сонда бір тентек жерге енген.
Әулие ханнан айрылдық
Астана жұртын меңгерген.
Айламен жұртын түзетіп,
Мәскеуден шебер жидырған.
Қонаққа сарай салдырған,
Алаша Байтоқ
Төсегін сары алтынға малдырған.
Жиылған күнде қазаққа
Жүзден асау шалдырған,
Сусынын ақ шайменен қандырған.
Дүниеде болып өткен Жәңгірхан,
Салтанатын бүтін дүнияға қалдырған,
Байтаққа патша хан болған,
Қараңғы үйге шам болған,
Дүнияға қылған ісің заң болған,
Әділ бір туған ақ сұңқар,
Байтағың енді бір көруге зар болған.
Байтағың бассыз ел болар,
Басына тарлық жеткен күн
Көзіңнің жасы көл болар!
Аңдып бір тұрған дұспанға
Астана жұртың жем болар.
Арқасы құтсыз ақмоншақ ат
Қойшылар мінбес кер болар!
Асылдар жиған әз бір үй
Асулы тұрып кір болар.
Жағасы жақұт кіреуке
Жібісі жидіп жүн болар.
Бәрін айт та бірін айт,
Әуел ханнан айрылдық,
Енді байтаққа пана кім болар?
Ақ таудан аққан ақ бұлақ
Айдынға құяр аққан соң.
Айдын, айдын, айдын көл,
Қара жер екен қайтқан соң.
Алаша Байтоқ
Айдан жарық нәрсе жоқ,
Қараңғы түнек батқан соң,
Арысланнан күшті жан да жоқ,
Алақандай тері екен,
Мергендер қос өкпеден атқан соң.
Алалы жылқы, ақты қой
Аңдыған бөрі кірмес пе
Иесі ұйықтап жатқан соң.
Алтын тақты әділ хан
Адасқан бір ақ ту халықтан соң.
Халық еңіреп не қылсын,
Әділ хан барар жерін тапқан соң.
Бұлдыр, бұлдыр, бұлдыр тау
Бұлдырап қалар елден соң.
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек
Бұлдырап ұшар көлден соң.
Көл жағасы көк терек,
Көк теректің сәні жоқ
Басындағы гүлден соң.
Байдың көркі бәйбіше,
Бәйбішенің сәні жоқ
Есіктегі күңнен соң.
Байтақтың сәні болар ма
Әділ патша өлген соң.
Бенденің ісі көнбек-ті
Алла басқа берген соң.
Орынборға кеткен Сақыпжан
Мұрасын алып тез қайтар.
Алаша Байтоқ
Әуелгідей халық арызын
кезге айтар
Байтақтың бағы кесілді,
Баланың қамын ойлап сөз айтар.
Атасы мұның Жәңгір хан
Байтақтан озған бақтылы,
Сүлеймендей тақтылы.
Бұл ханға қанша айтсам да
хан жетпес!
Ердің құны жүз жылқы,
Миллионда бір басына мал жетпес!
Орынборға кеткен Сақыпжан
Есен барып, сау келсе,
Бізді ешкімге зар етпес!
Орынборға кеткен Сақыпжан
Ордаға қайтар күн бар ма?
Ордада тұрған төрт сауыт
Айтсақ арыз тыңдар ма?
Айтпасын деп жар берді
Шешен менен ділмәрға.
Айтып, айтпай немене,
Қош алған құда сен бар ма?
Хан бардағы уақыттай,
Халықтың шешен, шайырлар,
Енді Ордаға барып
халық алдында жылар ма?
Арғымақтың аласын алмай,
қара алып,
Алаша Байтоқ
Екі арғымақ нар алып,
Тоты құстай таранып,
Дұшпанның көңілі өлсін деп,
Ордадан қайтар күн қайда ?
Жан-жағыма қаранып,
Орынборға кеткен Сақыпты
Жанымызбенен сағындық.
Сағынғанменен не қылдық.
Төрт сауытқа бағындық!
Шернияз
Жарылғасұлы
(1806-1867)
ТОЛҒАУЛАР МЕН
ТЕРМЕЛЕР
Шернияз Жарылғасұлы
СӨЙЛЕ ДЕСЕҢ СӨЙЛЕЙІН
Байшеркеш болысқа айтқаны
– Уа, аламан, аламан!
Айт десең ойлап аламын.
Мен шежіре туған жүйрікпін,
Қай базардан қаламын.
Сендер сөйле деген соң,
Аулыңда қиқу саламын.
Қос өкпемнен оқ тиді,
Ішім толған қара қан.
Ішімдегі дертімді
Қозғайын деп барамын.
Алдымда тұрған, ағалар,
Осы сөзді айтайын
Іштегі жатқан сарайдан.
Бұрынғыдай жақсы жоқ,
Бүгіндегі пенденің
Көкірегі қарайған.
Өлі айырылып өліден,
Тірі айырылып тіріден,
Осы күнде байқасам
Мүсәпір ел жоқ Малайдан.
Қолда жақсым барында,
Қызыл тілмен жанасып
Жолды алғанмын талайдан.
Қолымнан жақсым кеткен соң,
Қайсысы мені таныр деп
Бетіне жалтақ қараймын.
Шернияз Жарылғасұлы
Арғы атам Малай сұрасаң,
Күнінде болған ер еді.
Жарылғас, Шумақ сұрасаң,
Дуадақ ұшқан төбе еді.
Шерекемді сұрасаң,
Алдымда асқар бел еді,
Шалқып жатқан көл еді.
Маған сеніп, ағалар,
Босқа қалып жүрмеңіз.
Хақтан бұйрық келген күн
Көл суалар деп еді.
Көкірегінде ақылы
Ғалым байтақ көп еді.
Көптігінің белгісі
Екі талай болғанда,
Алыс-жақын демеді.
Нашардың қамын жеп еді,
Айтқаны келді ақыры
Әулиенің соңы еді.
Әулие демей не дейін,
Азын көпке теңеді.
Шерекемді былай қояйын,
Өтебалы кімнен кем еді?!
Азуын басып шайнаған,
Дұшпанға жауап сайлаған.
Қарсыласып келгенде,
Хан, төреден таймаған.
Жауаптасып тілдессе,
Қызыл тілмен байлаған.
Солардың тірі күнінде
Өтекеммен егесіп,
Шернияз Жарылғасұлы
Қай дұшпаның ойнаған!
Алла берген дәулетке
Қайсы пенде тоймаған.
Басымның бүтін күнінде
Надандықпен көп жүрдім,
Дүнияның жалғанын
Жырауың жаңа ойлаған,
Ойлаған соң толғаған.
Көрмегенін көрген соң,
Аруананың баласы
Үйірін жоқтап боздаған.
Неғылайын боздамай,
Тірі айырылдым маядан.
Айырылған соң солардан
Жар етіп жәрдем тілеймін,
Жасаған жаппар Алладан.
Алла кәрін тіккен соң,
Өлмей адам қалмаған.
Тез құрықты салған соң,
Мен-дағы жоқты қармаған.
Ақ киіктей суырылып,
Мен сөйлесем тіл кетер.
Менің айтқан сөзімді
Кейінгі бала үлгі етер.
Бір төбенің басына,
Бір моланың қасына
Қоя салса бір күні
Басыңнан шулап дүния өтер,
Қасыңнан шулап құр кетер.
Шеберлерден мін қалған,
Шешендерден тіл қалған.
Шернияз Жарылғасұлы
Болжаулы күнің біткен соң
Жалған дүния тұл қалған,
Дүниядан өзге кім қалған?!
Сөйле десе кей жаман
Бойын бағып бұлданған.
Неге керек жігітке
Ондай ақыл қолданған.
Ағалардың алдында
Қызыл тілім сөйлей гөр,
Бозжорға аттай ырғалған.
Бір сөйлейін алдыңда,
Атаның жаман баласы,
Осындай керме кез келсе,
Сыбағадан құр қалған.
Атаның жаман баласы,
Алды-артыңа қарашы.
Бастың бүтін күнінде
Бұл қазақтың бар ма еді
Қызыл тілмен таласы.
Бір Аллаға аян-ақ
Жаман-жақсы арасы.
Қорашсынып көзіне
Көрінемін шамасы.
Жыламай қалай шыдайын,
Ұнамайды көзіме
Хәкімдердің қарасы.
Көңілімдегі күдікті
Айтпай қайтып тынайын.
Қазақ болсаң былайғы
Шернияз Жарылғасұлы
Қалар едім ұстасып,
Халық иесі хәкімсің,
Оған не амал қылайын?
Сөйле десең сөйлейін,
Байшеркеш, тыңда, дарханнан.
Туысқаннан айырылып
Қалып едім алқадан.
Сені сүйеп арқама-ай,
Болар ма деп қалқан-ай.
Бар сенгенім сен болсаң,
Біздің елді қылыпсың
Жау шапқандай талқан-ай.
Бүйте берсең әрдайым
Жоғалармын бір күні
Керегімді арқалай.
Жүр едім сырттан сынап-ай,
Істерің отыр ұнамай.
Ағыл-тегіл келемін
Иін тіресіп құламай.
Енді оңалмас деп пе едің,
Бәйгіден келген құланы-ай.
Еңіреп отыр ауылда
Қатын-бала жылап-ай.
Қатын-бала көз жасы
Аңғарып тұрсақ болысым,
Мойнына кімнің болады-ай.
Бұл қылығың қоймасаң
Бір күні жалғыз қаларсың,
Жапандағы моладай,
Жаныңа адам жоламай.
Шернияз Жарылғасұлы
Неге қойдың, Байшеркеш,
Нашарды мұнша жылатып.
Жылатқанды жүрмісің,
Шыныменен ұнатып.
Мен сөйлеймін алдыңда,
Шер-шерменді жұбатып.
Тыңда сөзін, болысым,
Шежіре туған дананың.
Парқын неге білмейсің,
Харам менен халалдың?!
Нашарды мұнша жылатып,
Алдына келсе қайтесің
Әлпештеген балаңның?!
Істеген ісің ұнамай,
Келтіріп тұр жынымды.
Бетке айтамын мініңді.
Бетке айта алмас деп пе едің,
Шежіре туған ініңді.
Шыныменен кейітсең,
Оязға ұстап берсең де
Мініңді бетке айттың деп,
Кесе алмассың тілімді!
Шернияз Жарылғасұлы
ТОЛҒА ДЕСЕҢ ТОЛҒАЙЫН
Айдан жарық нәрсе жоқ,
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен жарық нәрсе жоқ,
Күндіз бар да, түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ,
Тілде бар да, дінде жоқ.
Көшпелі дәулет, көп зейнет
Бірде бар да, бірде жоқ.
Айта берсе қара өлең
Бес-алты ауыз кімде жоқ.
Бұл сөзімнің ішінде
Алтын да бар, мыс та бар.
Айтқан сөзге түспейтін
Ақылы келте қысқа бар.
Осылай деп жырауың,
Сөздің жөнін нұсқалар.
Сөйле, сөйле, қызыл тіл,
Бір күні солып қаларсың.
Ажал жетіп өлген соң,
Сөйлеуіңнен танарсың.
Ажал жетпей тұрғанда
Жанып тұрған фанарсың.
Біз бір ұшқан қаршыға,
Қырменен түлкі шаларсың.
Қызметіңді өзің біл,
Бізден көп сөз аларсың.
Шернияз Жарылғасұлы
Жиналып келген жақсылар,
Жыраудың күйін білмесең
Жаманға таба қыларсың.
Бір азырақ сөйлейін,
Лұқсат болса ағадан.
Көкше мұздың үстінде
Ат таймайды тағадан.
Талайдан бері сөйледім,
Алған жоқ ешкім жағадан.
Толға десең толғайын,
Толықсытып қозғайын.
Қабат-қабат жел сөзім,
Қайыңға біткен доздайын.
Таусылатын нәрсе емес,
Сүйекке біткен сондайын.
Белгілі жүйрік білінер,
Күдерден-күдер асқанда.
Ер қайраты сыналар,
Жау түндігін ашқанда,
Үстінен дұшпан басқанда.
Жалаңаш бар да жауға ти,
Жан шықпайды мезгілсіз,
Қоймайды өлім қашсаң да.
Есіктің алды арайна,
Арайнадан не пайда
Көруге көркі болмаса?
Көрікті баудан не пайда,
Шернияз Жарылғасұлы
Ысыған күнде болмаса?
Ағынды судан не пайда
Шөліңе сусар болмаса?
Ұзын жолдан не пайда
Адасқан күнде болмаса?
Жақсылықтан не пайда
Мархабаты болмаса?
Жақсыменен сөз байла,
Өтіп кетер сұм дүния,
Ақылың болса мұны ойла!
Кәрі болмас көн болар,
Көл суалса шөл болар.
Қаса батыр қартайса
Қырық қадам жер мұң болар.
Аспан көркі жер болар,
Жердің көркі ел болар.
Елдің көркін сұрасаң,
Тоғай толы мал болар.
Малдың көркін сұрасаң,
Алпыс түрлі жоңышқа
Жерге біткен дөң болар.
Бір тентектің тілінен
Екі ағайын жау болар.
Арқадан соққан ақ боран
Малдың есін кетірер.
Құбыладан соққан қызыл жел
Қардың есін кетірер.
Аламаны көп болса
Шернияз Жарылғасұлы
Ханның есін кетірер.
Жалғыздық пен жаяулық
Ердің есін кетірер.
Алқалы дуға түскенде
Сонда шерім шешілер.
Жалғыздық түсіп басына,
Кедейлік келіп қасына
Қор болып отыр есіл ер!
Шернияз Жарылғасұлы
СӨЙЛЕЙІН СӨЗДІ ТЕРМЕЛЕП
Сөз сөйлейін бөлмелеп,
Әр нұсқадан термелеп.
Сөйлеген сайын кетеді
Қызыл тілім өрмелеп.
Өлген адам тірілмес,
Әркімге келер бір кезек.
Құлағың сал да тыңдап қал,
Қалағаның сөз болса.
Сөйлемей қалар деп пе едің,
Біздің тұқым елбезек.
Асылдарға ой керек,
Шығаруға сой керек.
Жиырма бестің күнінде
Бозбалаға той керек.
Әр нәрсенің жөні бар,
Сұлу қызға бой керек.
Жұрт теңгеріп тұруға
Әділ төре хан керек.
Ханның көркін сұрасаң,
Қара орман ел керек.
Жұрт жабылып ішетін
Айдын шалқар көл керек.
Көл жағалай қонуға
Көк орай шалғын жер керек.
Ел шетіне жау келсе,
Көк бөрідей ер керек.
Шернияз Жарылғасұлы
Ер астына мінетін
Бәйгі бермес сұр керек.
Ұзақшыл тарлан, тал мықын,
Қысқа мойын сұркөжек.
Ертеден шапса, кешке озған,
ЬІлдидан салса төске озған.
Аттан аттың несі кем
Өзі тарланкөк болса.
Ерден ердің несі кем,
Айтқан сөзіне берік болса.
Хандардан ханның несі кем
Халыққа әділ ерік болса.
Жалы кетсе мойнынан
Арғымақ ат шаба алмас.
Нардан туған жампозға
Арыса кірей сала алмас.
Көмексіз болса ер жігіт
Жалғыз теңдік ала алмас.
Жалғыздық ісі оңалмас,
Көптің ісі жоғалмас.
Асыл сойдың баласы
Тартысқан жерде сөз табар.
Айқын-айқын жүйрік бар,
Бауырын жазып бір шабар.
Азып туған жаманды
Түйе үстінен ит қабар.
Шернияз Жарылғасұлы
Екі сырттан ит болса,
Қой алдырмас қорадан.
Екі жігіт тең болса,
Ат жібермес арадан.
Қарындастың қам-жөнін
Қарап жүрер даладан.
Замана келді қырыннан,
Қамыңды жер бұрыннан.
Бұрынғы заман билерде
Азған бар ма еді бұзылған?
Сөйлеп жүрген тіл мен жақ
Құр қалдырмай ырымнан.
Бәрімізге ай ортақ,
Қайырлы болса бай ортақ.
Жақсы болса би ортақ,
Көп жасаған көне ортақ.
Жаман адам не керек,
Жақсының елге бәрі ортақ.
Ел жабылып ішуге
Айдын шалқар көл ортақ.
Нәсіркедей бүгіліп,
Шалқалай туса ай ортақ.
Ай батқан соң күн ортақ,
Күн батқан соң түн ортақ.
Алдыңғы өскен ағаға
Жақсы болса іні ортақ.
Шернияз Жарылғасұлы
Жаман болса кім ортақ,
Сөз тыңдауға мен ортақ.
Ай, жігіттер, жігіттер,
Жердің жүзін қарасаң,
Мұнша неге кең болған?
Жеті мүше денеміз
Бір-біріне тең болған.
Төрт аяқты айуандар
Неге адамнан кем болған?
Жарық үшін күн болған,
Тыным үшін түн болған.
Тамашалап қарасаң,
Ай мен жұлдыз, күн мен түн,
Орман, тоғай, от пен су,
Таң тамаша кім қылған?
Құрт-құмырысқа, ұшқан құс
Бұл да басқа түр болған.
Асқар, асқар, асқар тау,
Етегінен балапан
Басына шарлап шыға алмас,
Бауырынан күзен ін қаза алмас.
Сұңқардан сұлу құс болмас,
Жүні қатпай ұша алмас.
Бидайықтан алғыр құс болмас,
Бағуы жайлы болмаса,
Ең игісі түк те алмас.
Ағайынның ішінде
Бір жақсысы бар болса,
Шернияз Жарылғасұлы
Түртіп оны көре алмас.
Сол жақсы қолдан кеткен соң
Басқа қиын іс түссе,
Ел қыдырып таба алмас.
Асқардан ұшқан су бүркіт
Еділдің аңын ала алмас.
Өліп жатқан сұңқардың
Жүніне қарға қона алмас.
Қаумалаған көп жаман
Бір жақсыдай бола алмас.
Басыңнан ұшса дәулетің
Айналып қайта оралмас.
Жақсысынан айырылса,
Құр жамандар оңбайды.
Аңдып жүрген дұшпаны
Қанатын тігіп қомдайды.
Болжалды күн болған соң,
Батпансыған бай да өлер.
Зулап өтер басыңнан
Баяны жоқ дүниялар.
Болжалды күн болған соң,
Дүниядан өтпей кім қалған
Батыр өткен шабынған,
Жүйрік өткен шабылған.
Кербез өткен тағынған,
Сұлу өткен жағынған.
Шернияз Жарылғасұлы
Не жайсаңдар өтпеген,
Озған жүйрік табынған.
Неше шешен, ақындар,
Жау жүректі батырлар
Жас басынан қағынған!
Шалқыған заман бар еді,
Іздегенің табылған.
Малдан есеп берген соң,
Шыр айналып жүрген соң,
Аузы ала Алашым
Сол күндерді сағынған!
Шернияз Жарылғасұлы
БАЯНСЫЗ ФӘНИ ДҮНИЯ
Тостағанды қолға алып,
Айқай салған жиырма бес.
Шаншатұғын найзадай
Қылтың еткен жиырма бес.
Шабатұғын қылыштай
Жылтың еткен жиырма бес.
Жиырма бестен өткен соң
Орда бұзған отыз бес.
Отыз бестен өткен соң
Қынсыз қылыш қырық бес.
Қырық бестен өткен соң
Емен шоқпар елу бес.
Елу бестен өткен соң
Әрмен-бермен алпыс бес.
Алпыс бестен өткен соң
Жер таянған жетпіс бес.
Жетпіс бестен өткен соң,
Сексен беске жеткен соң
Ұлың жүрер ұялмай,
Қызың жүрер тіл алмай.
Сол мезгілде жүрерсің
Белге соққан жыландай.
Сексен бестен өткен соң
Тоқсан беске жеткен соң
Шөңге болар түсіңіз,
Жылап тұрар ішіңіз,
Бойдан кетер күшіңіз.
Сол мезгілде болғай-ау,
Сыйлайтұғын кісіңіз.
Шернияз Жарылғасұлы
ИСАТАЙ МЕН НАУША БАТЫР ТУРАЛЫ
Бірікпеді екеуі
Осы айтылған кеңесте.
Сұлтан Сыйық Берішпен
Ат құлағын теңесті.
Ерегіс қазақ еншісі
Алалыққа кірісті.
Сұлтан Сыйық ұранды
Наушаға кетті ел еріп,
Алты жүз адам бөлініп.
Қылмайсың деп айтқанды,
Кейін қалды шегініп.
Үш жүз кісі Беріштер
Исатайға бұл еріп.
Батыр туған Исатай
Өз-өзінен желігіп.
Ақсұр атқа оқ тиіп,
Ақтобық атқа мінген соң
Игерді қолды ұршықтай.
Түтіндеген шаң шықты-ай,
Тал түсте түсіп ұрысқа,
Исатай батыр қырсықты-ай.
Ұзамай-ақ ұрыстан
Ырсалы мен Қалдыбай
Екі батыр тең өлді-ай.
Бұлар өліп қалған соң
Шернияз Жарылғасұлы
Бақсыз туған Байұлы
Дулап қашып жөнелді-ай.
Қолы қашып кеткен соң
Бұрынғыдай болмады.
Белдігіне оқ тиіп,
Ат үстінен қозғалды.
Қайратты туған арыстан
Тарқамай кетті арманы.
Сол уақытта арыстаным
Қырықтан асқан жасында,
Қайдақы бөрік басында,
Ақбалдақ белдік белінде.
Арғы атасы Ағатай,
Бергі атасын сұрасаң,
Есдәулет пен Шағатай.
Өзінің атын сұрасаң,
Батыр туған Исатай.
Інісінің атын сұрасаң,
Ырсалы мен Қалдыбай.
Мінді Науша атына-ай,
Ықпалы жүрген Наушаның
Талабы бар заманда
Әли арыстандай батыр-ай.
Бекетай құмның белесі
Түтіндеген шаң болды-ай.
Аллалаған дауысқа
Жер сілкініп қозғалды-ай.
Ашқан аузы Наушаның
Шернияз Жарылғасұлы
Ат-тонымен сыйғандай.
Маңдайында жалғыз көз
Көл өртеніп жанғандай.
Бұндай істі көргенде
Зәресі жаудың қалмады-ай.
Бас қамын қылып жау қашты,
Қарсыласар жан қалмай,
Исатайды тұрмастай
Шернияздың толғауы,
Толғау сөздің болғаны.
Шернияз Жарылғасұлы
АЙТЫП-АЙТПАЙ НЕМЕНЕ
Көп қылып құйдым талай судан ағын,
Сөйлей көр өлмей тұрып, тіл мен жағым.
Дүнияның машақатын шектім талай,
Алмасын тірілікте елдің бағын.
Қызыл тіл сөз сөйлесем безерілген,
Заманым жылдан-жылға шегерілген.
Әр жерде алқа көрсем тұра алмаймын,
Осындай қызыл тілге шеберімнен.
Өзім де сөз айтуға шебер-ақпын,
Сөйлеуге ернім епті емерілген.
Мал қолда, жан ұяда тұрған шақта-ай,
Тұрады айтқан сөзің жарасып-ай.
Немене айтып-айтпай тәңір деген,
Дүния, бастан өтіп барасың-ай!
АЙТЫСТАР
Шернияз Жарылғасұлы
ІІ. БАЙМАҒАМБЕТ СҰЛТАНҒА АЙТҚАНЫ
– Ассалаумағалейкум, алдияр хан,
Молдалар хат жазатын сауыт, қалам.
Кешегі ел ұстаған ханзаданың
Сізді де ұрпағы деп бердім сәлем.
Ежелден шынжыр балақ, шұбар төс ең,
Кең көшіп, ен жайлаған қалың қазақ
Кәуірден түршіккен соң толықсыған.
Толқынға алтын қазық тұтқа болып,
Тұрсың-ау жұрт шайқалтпай, Бәйем сұлтан!
Жалаңаш елден шыққан бір сорлымын,
Жалғыз-ақ үміттімін рахымыңнан.
Басымды алар болсаң жылдам алшы,
Ызғырық өтіп барады табанымнан.
Баеке, күнім қайда баяғыдай,
Байлардың шетке шықтым саяғындай.
Басыма пәле жауып тұр осы күні
Құдіреттің көктен түскен таяғындай.
Басымды алар болсаң шапшаң алшы,
Барады үсіп кетіп аяғым-ай.
Баеке, таудан аққан бұлағым-ай,
Мен жетім қой ішінде ылағындай.
Баеке, бауыздасаң басым, міне,
Көп үшін маңыраған шұнағыңдай.
Басымды алар болсаң шапшаң алшы,
Барады үсіп кетіп құлағым-ай.
Шернияз Жарылғасұлы
Баймағамбет:
– Ей, сен кім едің? – дейді.
Шернияз:
– Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы,
Жайлаған Арғын, Найман, Өтен сазы.
Ен қоныс, тоқты қоздап, тай құлындап,
Мың-мың боп елі лықып қысы-жазы.
Сол жаздың дәулетінде сыңқылдаған,
Бейбақ ем, ел еркесі, қоңыр қазы.
Баеке, танымасаң танытайын,
Мен едім Исатайдың Шерниязы, – дейді.
Баймағамбет:
– Жақсы, Шернияз болсаң, оттамай үйге кір, басыңды
аламын, – дейді.
Шернияз:
– Ру бар жер жүзінде жеті ықылым,
Орыс-орман, қырғыз, сарт, Қытай, Қырым.
Билеген соның бәрін адал ұстап,
Жолықтыр құдайым деп Шыңғыс ұлын.
Қара бойда дамбалдан басқа түк жоқ,
Оның-дағы балағы жырым-жырым.
Тақсыр-ай, ордаңызға қалай кірем,
Жалаңаш ашылып тұр абұйырым, – дейді.
Баймағамбет:
– Кір деген соң, кір, – деп ақырады.
Шернияз Жарылғасұлы
Шернияз:
– Бұл Шерің ә дегенде аттай болар,
Жүгіріске жүйрік көзі оттай болар.
Ордаңа осы күймен кіріп болмас,
Жақтырмай ханымың да қаны қашар.
Ордаңа осы күйде кіріп барсам,
Тепкілеп қуып шығар ханышалар, – дейді.
Баймағамбет:
– Мә, мынаны жамыл, үйге кірген соң өзіме берерсің, –
деп иығындағы ішігін береді.
Ішікті жамылып тұрып Шернияз:
– Алдияр, бергеніңе, төрем, құлдық,
Айырылған Исатайдан мен бір мұңдық.
Баласы алты Алаштың сізді тілеп,
Ақ патша шақырғанда дұға қылдық.
Күнелткен қызыл тілдің ұшын безеп,
Жан едім өтірік айтпай, қылмай ұрлық.
Кешегі Исатайдың дәулетінде,
Ішіп-жеп, ен дәулетті байша тұрдық.
Жаннаттан шапан түгіл көрпе қылып,
Мырза едік мұндай тоның бір тиындық.
Терісін он тышқаннық бере салып,
Сұраған төрем қайтып неткен сұмдық.
Баеке, құтты болсын кеңесіңіз,
Исатай ішке кеткен егесіңіз.
Ақ сұңқар түлегенде түк қалады,
Бұл да бір қалған түгім демесеңіз.
Шернияз Жарылғасұлы
Жамылып ішігіңді шекем қызбас,
Қайтейін басы бүтін бермесеңіз, – деп
жамылған ішікті кері қайтарады.
Баймағамбет:
– Е, қақсамай, басы бүтін алсаң ал, үйге кір, – дейді.
Шернияз үйге кіріп, Баймағамбеттің жаңа тұрып
жатқан қыздарын көріп:
– Шерінің сөйлер сөзге желуін-ай,
Артынан ханзаданың еруін-ай.
Ханыша алты бірдей тұрып жатыр,
Құдайым аямай-ақ беруін-ай, – дейді.
Баймағамбет намазын оқып болып:
– Е, құрғыр, мақтаған өлеңді әркім айтады, он саусақ
бәрі бірдей емес, қызымның жақсысы да, жаманы да бар,
жақсысын жақсылап, жаманын жамандап айт, – дейді.
Шернияз:
– Баеке, сіздің қызда жаман бар ма,
Жамандар біз байғұста заман бар ма?
Шот желке, шолақ айдар, күң дер едім,
Бармайды ауыз шіркін жамандарға.
Қызыңның бес тиындық біреуі жоқ,
Қылған соң құдай ханыша амал бар ма? -
дейді.
Баймағамбет:
– Енді ханымды жаманда, – дейді.
Шернияз Жарылғасұлы
Шернияз:
– Шеріңнің сөйлер сөзге тасуын-ай,
Аруағы алдиярдың асуын-ай.
Ханымның мұрны қайқы, бойы аласа,
Келбеті мегежіннің қашырындай.
Көк иттей күшіктеген құнжың қағып,
Жататын шығар тыр-тыр қасынып-ай.
Тұрпайы ит, шошқадан былай емес,
Баеке, көргенімді жасырдым ба-ай, – дейді.
Баймағамбет:
– Енді өзімді жаманда, – дейді.
Шернияз:
– Арғы атаң ту ұстаған Арыстанбек,
Туған жоқ ол да сендей данышпан боп.
Тақсыр-ау, сізді қалай жамандаймын,
Мен түгіл құдай жаман жаратқан жоқ.
Жақсы айтсам, тақсыр төрем, мақтанарсың,
Жабырқап жаман айтсам жасқанарсың.
Үйшінің үскісіндей өткір тілім,
Өрді, ойды білмей шауып қасқарарсың.
Хан жамандап қанымды төгіп алып,
Шығарма қызыл тілім масқарасын.
Жамандап бірдеңе деп айтып салсам,
Түтуге мен сорлыны бас саларсың.
Шыдамай Шерің қозғап шынын айтса,
Қылышпен алтын сапты басты аларсың, –
дейді.
Шернияз Жарылғасұлы
Баймағамбет:
– Басыңды алмаймын, айт, – дейді.
Шернияз:
– Ар жақта Арынғазы дүмбірлеген,
Баеке, елің бар ма бүлдірмеген.
Төре кетіп төбеде төбет қалған,
Туып тұр ел басына бұл күн деген.
Кешегі Исатайдай асыл ерді,
Кәпірге ұстап бердің тіл білмеген.
Қазақтың қара жұртын быт-шыт қылған,
Төре емессің, төбетсің дым білмеген.
Айдаттың жалғыз бауырың Исатайды,
Сенен де қалмақ жақсы шүлдірлеген.
Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас,
Қас итсің қасыңа да адам жуымас.
Ел ұстап, жұрт билейтін қылығың жоқ,
Хан емес, қас қатынсың, мұндар, қу бас, – дейді.
Баймағамбет қылышын суырып, басын шаппақ болып
оқталады:
– Осы қылыш сенің басыңды шаппай түспейді, өзің
өлеңмен түсірмесең, датың болса айт, – дейді.
Шернияз:
Қолында ханзаданың қасқа қылыш,
Түсесің қаһарлансаң тасқа қылыш.
Сабының хан ұстаған тұтамы алтын,
Шернияз Жарылғасұлы
Жарқылдап, хан, ойланбай аспа қылыш.
Қалмақтан хан өтіпті Қалдан Серін,
Ол-дағы билеп өткен тамам елін.
Жеті атаң жеті түптен бермен қарай,
Орнаған қыдыр түнеп, асыл бегім.
Дұшпанын табанында жүн қып түтіп,
Қор қылған егескенін атаң сенің.
Жарлықты жаманда деп қылғаннан соң,
Тұтып ем өзіңді арқа өзім менің.
Сіз – сұңқар, қара қарға – қалың қазақ,
Болып тұр өле-өлгенше сіздің жемің.
Кессең бас, кешсең қалар, тақсыр төрем,
Құрмандық ылағыңдай ақын Шерің.
Арғы атаң болып өткен Арыстанбек,
Өткен жоқ ол да сендей данышпан боп.
Кешегі Айшуақ пен Нұралы атаң,
Дұшпанмен намыс үшін алысқан көп.
Олар да ел билеген, жұртын ұстап,
Патшаға қарсы қазақ барысқан жоқ.
Қылған ол ақ патшамен алыс-беріс,
Алдыңа бас иіп тұр бар дұшпан кеп.
Бір атаң жұрт ұстаған Мәді сұлтан,
Қараша қара қазақ болған ұлтан.
Шұбар төс, шынжыр балақ тұқымыңнан,
Кеткен жоқ бар мұсылман уысыңнан.
Білемін, хан Баеке, нарлығыңды,
Келсе - кең, қайтса – қайтпас тарлығыңды.
Шернияз Жарылғасұлы
Баласын алты Алаштың шырқ үйіріп,
Ел билеп, жұрт сұраған хандығыңды.
Шеріңе бір тілекті ал деп едің,
Алдың ба өзің қайтып жарлығыңды.
Ханекем, қазым да сен, төрем де сен,
Мен байғұс саған айтам зарлығымды.
Өз атың жұртқа мәлім Баймағамбет,
Патшаға сексен қара ат байлаған бек.
Түсіріп жау жығасың жаға ұстаған,
Сібірге Исатайды айдаған бек.
Шеріңнің басын алсаң, жалпы жұртың
Қаямды деп жүрмесін шайнаған бек.
Ажалым жетіп тұрса бар ма шара,
Өлімді ойлатпайды тіл бейшара.
«Қара қайта сөйлесе қатын» деген,
Хан қайта сөйлесе болды қара, – дейді.
Баймағамбет:
– Баяғыдан бері осылай десең болмады ма, күнәңді
кештім, кеше мен қатты ауырғанда өліп кетсем, жұртым
қандай қайғылы болар еді, өлмегеніме жұрт қандай
қуанды, соны айтшы, – дейді.
Шернияз:
– Бергі атаң жұрт сыйлаған Әділ сұлтан,
Деген соң сіз ауру деп жұрт қысылған.
Тақсырдың шыбын жаны қалар ма деп,
Шернияз Жарылғасұлы
Күйзелді қала-дала, бар мұсылман.
Жолына ханзаданың біз құрбан деп,
Буынып не боздақтар бас ұсынған.
Мал шалып молла менен қайыршыға,
Құдайы – жұрт сарқылды, ел – құшырдан.
Көзден жас көлдей ағып, бұлақ болып,
Бай малын, кедей ұлын қылды құрбан.
Дегенде хан жазылды жан мақтанған,
Баласы мұсылманның аруақтанған.
Көңілін ханзаданың сұраймыз деп
Ғаламнан он сегіз мың жан аттанған.
Қасқайып қабақтары қарашыңның,
Той қылып ойда-қырда санатталған.
Сілкініп жабағы тай бесті болып,
Балапан ұядағы қанаттанған.
Ат ырыңдап, ер таңдап,
Балалар от басында пышыраңдап,
Кемпір-шал бір-біріне құжыраңдап,
Жер үлкейіп, шөп көркейіп,
Тумаған ту мал балалап,
Күзді күні құс жұмыртқалап,
Жанның бәрі қыбырлап талаптанған.
Тақсыр-ау, сіз жазылды дегеннен соң,
Пенде түгіл, періштең бек шаттанған, – дейді.
Баймағамбет:
– Сен ақын болсаң Исатайдың ерлігі, байлығы қандай
болып еді, соны айтшы, – дейді.
Шернияз Жарылғасұлы
Шернияз:
– Сағынам, ауызға алсам Исатайды,
Ер тумас енді ондай елге жайлы.
Қарадан халқы сүйіп ханым деген,
Жігіт еді төрт тұрманы түгел сайлы.
Кешегі Исатайдың арқасында
Ие едім ен дәулетке басыбайлы.
Исатай ділмәр еді топтан озған,
Нар еді бәйтерекке басын созған.
Ақ қайың, ақтылы қой өрісті алып,
Тырнадай жылқы біткен тарлан боздан.
Шеріңнің шертіп тұрған заманы жоқ,
Дамбалдың иесімін жалғыз тозған.
Ер тумас ел бағына Исатайдай,
Мінезі толқушы еді туған айдай.
Тарлан боз, тарғыл ала жылқы біткен,
Бай еді, құтым еді, уа, дариға-ай.
Бір жылы біткен жылқы қысырады,
Сонда да құлындады сегіз жүз тай.
Орасан оған біткен ойсылқара,
Келесіне ед салушы тоқсан бура.
Тай құлындап, тайлағы қайып тұрған,
Ортақ еді оның малы ағайынға.
Үлесіп жеп жатушы еді маңайында,
Сабаз еді құдай берген маңдайына.
Шернияз Жарылғасұлы
Мен емес жұрт мақтаған Исатайды
Қайырын қайыр демей қалайын ба?! – дейді.
Баймағамбет:
– Ой, оның малының көптігін айтпай, өз басыңа қылған
мырзашылығын айт, – дейді.
Шернияз:
– Айт десең ауызымнан шығар жалын,
Айырылып Исатайдан мүшкіл халім.
Алаштың баласына түгел жеткен,
Айтпауға бола ма екен мүлік-малын.
Жұрт мақтаған Исатайдың ақыны едім,
Бауындай тонның ішкі жақыны едім.
Малданып Исатайдан маңғаз болдым,
Болмаса адал итсіз пақыр едім.
Қу едім мен сыдырған бұта бұтын,
Татпаған жаздай шалап жалғыз жұтым,
Басқа үй тігіп, бауырыма қазан асып,
Түтеттім Исатайдан бастап түтін.
Мойнында Исатайдың болып тұрды,
Ұстаған қысы-жазы расхотым.
Артынан ауыл-ауыл мен болдым бай,
Ішкен мен жегенді айтпа, тақсырым-ай.
Жөнелт деп мейманыңды қонақасы
Қонаға жіберуші еді күнде бір тай.
Шернияз Жарылғасұлы
Қырық қадақ өрігі мейізімен,
Айына ішуші едік жүз қадақ шай.
Басында Шерниязың бойдақ еді,
Жүрген жері перінің ойнағы еді.
Бозбастық, бойдақтылық қуғаннан соң,
Исатай тұсаулауға ойлап еді. –
Алаштан таңдап жүріп қыз айттыр, – деп,
Исекем жік-жапар боп қоймап еді.
Сонымен қыз қарадым жаннат киіп,
Қыздар да қырындайды манат киіп.
Арғынның алты табын алты ай кезіп,
Салғаным сауық-сайран тарлан шүйіп.
Сұлудың жұрт мақтаған бәрін көрдім,
Кейі аласа келеді, кейі биік.
Аққұлыншақ дейтұғын аққұбаны
Алыстан тандап жүріп, алғам сүйіп.
Исекем оған берген қалың малын,
Аққұлыншақ қаза болды сүйген жарым.
Көлкіген ен дәулетті құдай шайқап,
Баеке-ау, дәуірлеген қайда сәнім?!
Жентті жеті атанға жүктеуші едік,
Мейманды шашып-төгіп күт деуші едік.
Орыстың ащы нанын үнем қылып,
Қалтылдап сіздікінше бүйтпеуші едік.
Шернияз Жарылғасұлы
Айтайын Исатайдың қылған күйін,
Ақ орда алты қанат менің үйім.
Масаты төрден есік қызыл кілем,
Қырық ішік керегеде жаннат, тиін.
Бәрі де Исатайдың барлығы еді,
Зерлеген қара шақшам тайлық еді.
Исатай ел еркесі, ел серкесі,
Бір мен емес, Алашқа жайлы еді.
Елге алғау, маған да алғау ер Исатай,
Айырылып Шерің содан қайғылы еді, – дейді.
Баймағамбет:
– Мен сені Исатайдан артық қылып ұстаймын,
Исатайдан мырзалығымды асырамын, – дейді.
Шернияз:
– Баеке, Исатайдай бола алмайсың,
Исатай қонған жерге қона алмайсың.
Исатайдың бір күнгі расхотын,
Ұстаймын деп құрисың, оңалмайсың, – дейді.
Баймағамбет Шерниязға қыз алып беріп, үстіне үй
тігіп, алдына мал салады. Кейін бұл ісіне өкініп, қайтадан
бұзылуға сылтау іздеп, Шерниязға жаңа шарт қояды:
– Сен ақын болсаң, осы үйдің ішкі-тысқы сайман-
жабдығын өлеңмен айтып бер, айта алмасаң, бергенімнің
бәрін қайтып аламын, – дейді.
Шернияз Жарылғасұлы
Шернияз:
– Әкеңнің бір атасы Қоянжырық,
Босаға, маңдайша мен табалдырық.
Кереге алты қанат, алтын уық,
Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.
Төрінде сандық айтар төремін деп,
Есік айтар: – Әр нәрсені көремін, – деп.
Ернін жалақ қылыпты жомарт ожау,
Көрінгенге қол қайыр беремін деп.
Ожау айтар: – Қазанға қапталдым, – деп,
Қазан айтар: – Қарнымнан қақталдым, – деп.
Жүгіріп от айнала шәйнек жүрер:
– Қылығым не құдайға жақпады, – деп.
Кетпен айтар: – Ағашқа басталдым, – деп.
Балта айтар: – Барлығына дақ салдым, – деп.
Текемет төрде жатқан сал ауру:
– Жақсыға, жаманға да тапталдым, – деп.
Ыстыққа қол батпаған шөміш батқан,
Сықырлап төсек ағаш жылап жатқан.
Қылмысы бұл жалғанға жаққан тұтқыш,
Бетіне қазан ұстап күйе жаққан.
Асылып керегеге ішік толып,
Толғайып тұзбаспақ тұр іші толып.
Шернияз Жарылғасұлы
Мейманды үйге келген күтіп алып,
Құман тұр от басында келін болып.
Туырлық, үзік, белдеу, ши, дөдеге,
Шалқалап түндік жатыр дәл төбеде.
Орнықты бәйбішедей қара саба,
Астында орындықтың мыс тегене.
Тағы да мен айтпаған немің қалды,
Қабында түтілмеген жүнің қалды.
Шелек, қайрақ, ұстара, адалбақан,
От басы, ошақ қасы, күлің қалды.
Тағы да мен айтпаған мосы қалды,
Ыңыршақ пен ашамай, қосы қалды.
Тосыннан төре жарлық қылғаннан соң,
Бұл Шерің сөз таба алмай шошып қалды.
Орамды қызыл тілдің орағымен
Шерің де одан-бұдан қосып алды.
Болғанда топай сақа, асық қалды,
Аяқ қапта қырғыш пен қасық қалды.
Тосыннан төре жарлық қылғаннан соң,
Бұл Шерің жауап таппай сасып қалды.
Хан мақтап бәрекелді дегеннен соң,
Бұл Шерің тағы да өсіп, тасып қалды, – дейді.
Баймағамбет:
– Бәрекелді, оң тіземнен орын алған ақыным болсаң,
Исатай қайта айналып келер болса, алдынан шыққанда,
не деп амандасар едің? – деп сұрайды.
Шернияз Жарылғасұлы
Шернияз:
– Ел қорғаны болған Исатайды енді көре алмаймын,
сөйтсе де Алладан әмір болып Исатай келе қалса, алды
нан шығып:
– Бармысың жауға түскен, алтыным-ай,
Самалым, саз қонысым, салқыным-ай.
Кәуірдің қоржынына түсіп едің,
Шықтың ба аман-есен, жарқыным-ай.
Ақ алмас алтын сапты, қылышым-ай,
Қорып ең алты Алаштың тынысын-ай.
Жатпайды алтын пышақ қап түбінде,
Шықтың ба қабын жарып, ырысым-ай! –
деп мойнынан құшақтай алар едім, – дейді.
Шернияз Жарылғасұлы
ШЕРНИЯЗДЫҢ БАЙМАҒАМБЕТ СҰЛТАНҒА
АЙТҚАН ОСЫ ӨЛЕҢІНІҢ МӘШҺҮР ЖҮСІП
КӨПЕЕВ ЖАРИЯЛАҒАН НҰСҚАСЫ
Исатай өліп, қуғынға ұшыраған Шернияз басқа бі
реудің қолына түссе сұрау-сауапсыз өлтіріп тастар, не
болсам да Баймағамбет сұлтанның өзіне барып, соның
алдында болайын деп қысты күні Баймағамбеттің үйіне
келіп кіруге бата алмай, сыртқа шығуын күтіп тұрады.
Шернияз жалаңашқа жақын, басында жалғыз тұмағы бар
екен, оны аяғының астына басып тұрып, Баймағамбет
сыртқа шыққанда:
– Ассалаумағалейкум, алдияр хан,
Өлім десе қорқады шыбындай жан.
Өлімнен қашып келіп қорғалаған,
Қуып жүр құйқылжыған құрғыр заман.
Асыл зат, ханзаданың баласы деп,
Мен бір торғай бұтаңа қорғалаған.
Жалаң аяқ, жалаң бас зарлап тұрмын,
Көзіңнің қырын салар бар ма заман?!
Найзаңның күміс шаптың қияғына,
Сіз сұңқар, келіп қондым қияғыңа.
Назарың топырақты алтын қылған,
Көз салсаң мүсіркеумен сияғыма, – дейді.
Баймағамбет:
– Таң атпай сұмырайдай тақылдап тұрған қай неме?
– дейді.
Шернияз Жарылғасұлы
Шернияз:
– Арқада ту ұстаған Арынғазы,
Сайраған мен солардың қоңыр қазы.
Қысың жаз, қылығың той, күлкі қылған,
Мен байғұс Исатайдың Шерниязы.
Баеке, қаһарың – қыс, рахметің – жаз,
Алдыңда өліп кетсем арманым аз.
Күндіз той, түнде базар жүрген жерім,
Бұлбұлы Байұлының мен Шернияз, – дейді.
Баймағамбет:
– Құлақ-мұрынын жұрдай қылған Исатайды әлі қоймай
былшылдап тұрғанын, – дейді.
Шернияз:
– Шеріңнің бір сыпыршы томағасын,
Алаштан алып жеген сыбағасын.
Сау болса жақ пен тілім күнелтермін,
Құлағым қу басымның садағасын, – дейді.
Баймағамбет:
– Шернияз болсаң жүр, үйге кіріп сөйле, – дейді.
Шернияз:
– Сөйлеген, хан Баеке, жақ пен тілім,
Не болар бұдан былай көрген күнім.
Жалаң аяқ, жалаң бас кіре алмаймын,
Қайтейін ашылып тұр абыйырым.
Шернияз Жарылғасұлы
Кәпір антқа, мұсылман дінге нанар,
Сөзімді естігеннің мейірі қанар.
Жалаң аяқ, жалаң бас кіріп барсам,
Ханым мен қуып шығар ханышалар, – дейді.
Баймағамбет үстіндегі жаннат ішігін тастай беріп:
– Мынаны оранып кір, барған соң тастарсың, – дейді.
Хан үйге кіріп, намазын оқып болған соң қыздарына:
– Ана сорлыға түгел киім кигізіңдер, – дейді. Киім
дерін қасына апарған соң:
– Мыналарды ки де, аналарды таста, – дейді.
Шернияз:
– Кім сөгер, сіз көтеріп демесеңіз,
Дозақ жоқ, кісі ақысын жемесеңіз.
Ақ сұңқар аунағанда түк қалады,
Тастайын, қалған түгім демесеңіз, – дейді.
Баймағамбет:
– Шерім, алсаң алшы, өнеріңді көрейін, осы үйімді бір
ауыз өлеңмен мақташы, – дейді.
Шернияз:
– Жеткізгей екі жүзге ханның жасын,
Құдайым тегіс берген мал мен басын.
Жұмақтың дәл төріндей ақ ордасы,
Салдырған сап алтыннан босағасын.
Бауы бар уығының мерует, маржан,
Мұнан асып бола ма дүние жалған.
Береннен туырлығын ойып салған,
Бір кезін манатының бір атқа алған.
Шернияз Жарылғасұлы
Кілемі масаты емес, құлпы жібек,
Төріне, есігіне төсеп салған.
Осынша жұрттан озық бақ бергені,
Баеке, сіздерде де бар ма арман? – дейді.
Баймағамбет:
– Шерім, жарайсың, шешен екенсің, әзір ұлым жоқ,
бақандай алты қызым бар, соларды мақташы, – дейді.
Шернияз:
– Баеке, сіздің қызда жаман бар ма,
Дейтұғын пәлен-түлен заман бар ма?
Еркек болса әр жұртқа хан болғандай,
Әйел қылған Аллаға амал бар ма?
Орынбор, Троицк қалалары,
Ақылға сондай толы, дана бәрі.
Өңшең абзал қызды тауып берген,
Жатыны асыл екен аналары.
Жұмақтың хор қызындай тегіс туған,
Ой, Алла-ай, қаңдай мінсіз балалары, – дейді.
Баймағамбет:
– Шерім-ай, осыншама мақтадың, енді жамандашы,
қалай жамандар екенсің, – дейді.
Шернияз:
– Баеке, сіздің қызда жаман бар ма,
Сіздің қызды жамандар заман бар ма?
Бір нәрсе қиыстырып айтар едім,
Бармайды ауыз құрған жамандарға.
Шернияз Жарылғасұлы
Қызыңның бес тиындық біреуі жоқ,
Құдай ханыша дегізді, амал бар ма? – дейді.
Баймағамбет:
– Мына қатынымды мақташы, – дейді.
Шернияз:
– Шеріңнің сөйлер сөзге желгенін-ай,
Алланың шүкір қылдым бергеніне-ай.
Жұмақтың сипатындай қияпаты,
Ханымның келбетінің келгенін-ай, – дейді
Баймағамбет:
– Енді жамандашы, не дер екенсің, – дейді.
Шернияз:
– Баеке, заманында тасуың-ай,
Шеріңнің сөйлер сөзге басуын-ай.
Ханымның бойы аласа, мұрны қайқы,
Келбеті мегежіннің қаншығыңдай.
Өлең – жел, айдалаға жаққан оттай
Япырма-ау, көргенімді жасырдым ба-ай, – дейді.
Баймағамбет:
– Енді өзімді мақташы, не дер екенсің, – дейді.
Шернияз:
– Үш қабат ақ патшаға барып келдің,
Жақсыны жаманменен танып келдің.
Қызметің ақ патшаға жаққаннан соң,
Жанарал-бөлкебай шен алып келдің.
Шернияз Жарылғасұлы
Бардыңыз Петрборға ол бір күнде,
Патша көріп таңданған келбетіңе.
Құдайдан бұдан артық не сұрайсың,
Сегіз санат тік тұрған қызметіңе, – дейді.
Баймағамбет:
– Жарайды, Шерім, қасымда жүрдің бе, қайдан білдің,
сол ақ патшаға барғанда қатты науқастандым, өліп кетсем
жұртым қандай қайғылы болар еді, өлмегеніме жұртым
қандай шаттанды, өлеңмен соны айтшы, – дейді.
Шернияз:
– Сіздерді патша қойған тәңірім қалап,
Жүреді көшіңізді қыдыр жанап.
Ауырып сол сапарда өліп кетсең,
Қалмай ма жұртың ұлып көкке қарап.
Жер тітіреп, көк күркіреп, көркіне енбей,
Төбешік солып қалмақ болып мендей.
Естіген естен танып, от боп жанып,
Сенделіп қалды бәрі соққан сеңдей.
Есітіп есендігің жұрт шаттанды,
Ғаламнан он сегіз мың жан аттанды.
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап,
Балапан ұядағы қанаттанды.
Естумен қан жылады жұртың сейіп,
Жазылдың, көз жастарын тәңірім иіп.
Шернияз Жарылғасұлы
Ханзада жазылды деп естіген соң,
Төбе үлкейіп, түрленді жер көркейіп.
Қайың тал, қарағай мен көркейді арша,
Шұқанақтар көл болып кетті қанша.
Ханзада жазылды деп естіген соң,
Қозы-қой, бұзау өсіп болды тайынша, – дейді.
Баймағамбет:
– Әй, Шерім-ай, бұл жалғанда сенен де шешен жан
болды ма екен?! – дейді.
Шернияз:
– Шеріңнің жайы-күйі кеткені ғой,
Қалжырап босағаңа жеткені ғой.
Сайратқан Шерниязды бұлбұл құстай,
Ардақты Исатайдың күткені ғой, – дейді.
Баймағамбет:
– Өліп кеткен Исатайды да мақтадың, тірі отырған мені
мақтадың, енді мені орнымнан тұрғысыз етіп жаманда
шы, өнеріңді көрейін, – дейді.
Шернияз:
– Қой, тақсыр, жамандасам жыларсыз да,
Ашумен алтын тақтан құларсыз да.
Сүйегіңе батырып жамандасам,
Алдияр, бізді өлтірмей шыдарсыз ба? – дейді.
Шернияз Жарылғасұлы
Баймағамбет:
– Ой, ақымақ, өзім жаманда деген соң неге өлтірейін,
жаманда деген соң жаманда, – дейді.
Шернияз:
– Қой, тақсыр, шыдамассыз, – дейді.
Баймағамбет:
– Ой, ақымақ, менің жарлығым екі болушы ма еді, ша
уып тастайын, – деп қылышын суырып алады.
Шернияз:
– Сөйлесем де өлетін болдым, сөйлемесем де өлетін
болдым, ендеше өлеңім менің иманым ғой, үндемей
өлгенше иманымды айтып өлейін, – дейді.
Сұлтан қылышын орнына салып, төрге апарып қояды.
Шернияз:
– Өлсем маған кім жылайды, өзім жылап алайын, – деп
домбырасын шертіп-шертіп жылап, мауқын басады да:
– Исатай өзіңменен бауырласты,
Төгемін аузыма алсам көзден жасты.
Кәуірге мұсылманды айырбастап,
Хан сені неден мұндай қара басты.
Арқада Арғын, Бөкей дүмбірлеген,
Баеке, елің бар ма бүлдірмеген.
Ерімнің Исатайдай қанын ұрттап,
Сенен де шүршіт жақсы шүлдірлеген.
Шернияз Жарылғасұлы
Құранда отыз пара тұрар нүкте,
Жақсы деп адам айтпас сені тіпті.
Жылатып, халықтан қарғыс алып жүрген,
Сен сарттан кәуір жақсы аузы түкті.
Баеке, асып сенен ешкім тумас,
Ойласам, Исатайдан ешкім суымас.
Жылатып, жұрттан қарғыс алғаннан соң,
Кім ие сол мүлкіңе, мұндар қу бас, – дейді.
Баймағамбет шыдай алмай, жүгіріп барып
қылышын қайта алып жатқанда,
Шернияз:
– Жарасқан хан байланса қасқа қылыш,
Өтесің қаһарлансаң тасқа қылыш.
Тұтқаң бар, хан қолыңда ұстап тұрған,
Жарлықтан, хан, ойланбай аспа қылыш.
Қалмақта хан өтіпті Қалдан Серін,
Қанша жұрт билеп өткен қалың елін.
Саянда сайрап еді ақын Шерің,
Шынымен таянды ма маған өлім.
Жалғанда жан көрген жоқ тарлығыңды,
Исі қазақ көп көрген нарлығыңды.
Өзіңіз айт деген соң айтып едім,
Өзің қайтып алдың ба жарлығыңды.
Мен өлсем болмай ма айтшы босағаң қан,
Арман не басымды алса өзіңдей жан.
Шернияз Жарылғасұлы
Тақсыр-ау, неге өлейін сен тіріде,
Кірген соң аттап алтын босағаңнан.
Ит кетер кет дегенде құла қырға,
Ит емен жөнін таппай лағырға.
Есімді алып елітіп, масайратып,
Өзіңіз әуліктірдің тартып жырға.
Жүйріктің шаң жұқпайды тұяғына,
Сіз сұңқар, келіп қондым қияғыңа.
Өлетін кісі осылай келе ме екен,
Тақсыр-ау, көз салсаңшы сияғыма, – дейді.
Баймағамбет қылышын сарт еткізіп қынабына қайта
салады да:
– Шернияз, сен Исатайдың Шерниязы болсаң, менің де
Марабай деген ақыным бар, соны алдырып екеуіңді ай
тыстырамын, жеңсең аузың барғанша сұрап, қалағаныңды
ал, жеңілсең басыңды алдырамын. Өз аяғыңмен келдің
ғой, өз аяғымен келгенді кесілген бас дейді, кесілген ба
сты қылыш кеспейді. Егер Марабайдан жеңілсең, кінәңді
мойныңа қойып, өлтіргенім болады, қорықсаң міне атың
мен тоның, ал да жүре бер, – дейді.
Шернияз:
– Тақсыр, мен сізге келгенде өлемін деп келгенмін,
өлсем сол өліммен өлейін, өлмесем, жеңіп алып кетейін,
шақырыңыз, – дейді.
Шернияз Жарылғасұлы
Марабай домбырасын алып кіріп келеді. Шернияз
неше күннен тамақ жемей, жаңа ғана сұлтанмен табақтас
болып, қазы-қартасын турап беріп отырады.
Есіктен кірер-кірместен Шерниязды көрген
Марабай:
– Қақ жарған қара суды қайың кеме,
Жаныңа қысым келмей, өлдім деме.
Дәл менің қаям құсап қақырайып,
Отырған хан қасында бұл қай неме? – дейді.
Шернияз:
– Осы ма Марабайы хан мақтаған,
Қолға алып домбырасын бармақтаған.
Алдияр ханына айтқан тақсыры ма,
Қаясын хан алдында салмақтаған.
Жиылып төре, қара кеп отырмыз,
Келді ғой Марабайы деп отырмыз.
Хан екеуімізге тарттыңыз тәтті тамақ,
Қос қолдап хан екеуміз жеп отырмыз, – дейді.
Баймағамбет ашуланып:
– Шығар итті үйден сүйреп, – деп Марабайды шығартып
жібереді де:
– Ал, Шернияз, сұрай бер, сөз сенікі, – дейді.
Шернияз Жарылғасұлы
ІІІ. БАЙМАҒАМБЕТТІҢ ҚЫЗЫ ҚАЙНЫКЕЙДІҢ
ТОЙЫН БАСТАҒАНЫ
– Ассалаумағалейкум, алдияр хан,
Қорқады өлім десе шыбындай жан.
Сыйынып бір құдайға сөз сөйлейін,
Тіліме жәрдем болғай бір Алладан.
Әуелі, пәруәрдігер, сені айтамын,
Жаратқан иемді айтпай кімді айтамын.
Той қылып қара қазақ әркім де айтар,
Бұл тойда топтан озған мен айтамын.
Сөйлемес бөтен қазақ мен тұрғанда,
Аузымда тәңір берген жел тұрғанда.
Мен кімге сөз сөйле деп жалынамын,
Өлеңім айтатұғын кеп тұрғанда.
Құдайым қуат бергей таңдайыма,
Әр түрлі өлең келді жағдайыма.
Тойында Баекемнің сөз сөйлейін,
Бітпесе есек желі маңдайыма.
Баекеңнің баласында жаман бар ма,
Баласын жаман деуге заман бар ма?
Той етіп, қыз ұзатпақ хақ бұйрығы,
Болған соң хақ бұйрығы амал бар ма?
Атаңыз қиналады кетеді деп,
Қайсы қыз шырағыма жетеді деп.
Шернияз Жарылғасұлы
Көшкенде көштің көркі көгершінім,
Қадірі қайтсе мұның өтеді деп.
Атаңыз қиналады сіз кеткенге,
Көзінің қарашығы қыз кеткенге.
Табылмас Баекеме сіздей бала,
Алты жүз арғымақпен іздеткенде.
Атаңның қиналғанын көріп келдің,
Май салған қорғасындай еріп келдің.
Ау-ата, Ау-анадан қалған жол ғой,
Насихат білгенімше беріп келдім.
Той өтіп, қыз ұзатпақ хақ бұйрығы,
Адам мен Хауананың тап бұйрығы.
Біздерге жеңешең де еріп келген,
Біреудің әспеттеген ақ құйрығы.
Той өтсе әдепсіз қыз көп жылайды,
Айтсын деп бауырмал қыз деп жылайды.
Той өтіп, қыз ұзатпақ хақ бұйрығы,
Болған соң хақ бұйрығы деп жылайды.
Алғаның хан Жәңгірдей бақытты болсын,
Алтыннан күмістеген тақты болсын.
Ақ үйің ойда тұрған қырға қонсын,
Ақ тісің аузыңды ашсаң нұрға толсын.
Үйіңе үлде менен бүлде толсын,
Болмаса күндіз пұрсат, түнде толсын.
Шернияз Жарылғасұлы
Жасаған айтқан сөзім түс келтіріп,
Үйіңе Қызыр-Ілияс күнде қонсын.
Басыңды қоса берме төменменен,
Семірмес қаз ормаса жегенменен.
Алдыңда аз ғана сөз, әңгіме айттым,
Асылдың азы жақсы дегенменен.
Атан түйе тарта ма тас артқан соң,
Тасын неғып көтерсін баса артқан соң.
Тақсыр-ау, қылған қайырың сел болмай ма,
Өзің беріп, өзің шашалтқан соң.
Шернияз Жарылғасұлы
ІV. МАХАМБЕТТІҢ ЖҰМБАҒЫ
Бірде Махамбет Шернияз ауылынан аттанбақшы бо
лады, Шернияз батырдың ерттеулі атын әкеледі. Махам
бет үзеңгіге аяғын сала бергенде, Шернияз қолтығынан
көтеріп жатып:
– Көк үйрек көлге қонған көзге ілікті,
Моллалар шариғаттан сөз біліпті.
Жолдасы Исатайдың ер Махамбет,
Сөз бар ма тыңдағандай ескілікті, – деп сұрайды.
Махамбет атына мініп:
– Арғымақ алты айшылық жер сойқаған,
Ұшқанда бидайық құс көл шайқаған.
Опасыз мына, шіркін, сұм дүния,
Өтерін сұм жалғанның кім байқаған.
Ертеңмен күннің көзін мұнар шалған,
Екі аққу бір тұйғынды олжа қылған.
Он бүркіт, отыз аққу көлде жатқан,
Лашын қанат қақпай дамылдатқан.
Телегей теңіз тасып шайқалғанда,
Жемсау құс тұғырдағы дәмін татқан.
Баласы Жарылғастың ер Шернияз,
Ақылмен осы сөзді болжап тапсаң? –
деп жұмбақ өлең айтады.
Шернияз жұмбақтың шешімін таба алмай ойланып
қалады. Махамбет аттанып кетеді. Біраз уақыт өткен соң
Шернияз әкесі Жарылғасқа келіп мән-жәйді, Махамбеттің
Шернияз Жарылғасұлы
сөздерін айтады. Сонда Жарылғас ол жұмбақтарды былай
шешеді.
– «Арғымақ алты айшылық жер сойқаған» дегені –
Жәңгір ханмен жауласқанда атағымыз алты айшылық
жерге жеткен батыр едік дегені.
– «Ұшқанда бидайық құс көл шайқаған» дегені – Иса
тай тірі жүргенде Жәңгір ханның дүниесін шайқап өттік
дегені.
– «Ертеңнен күннің көзін мұнар шалған» дегені – Иса
тайдан айырылып жалғыз қалып, көкірегімді қайғы басты
дегені.
– «Екі аққу бір тұйғынды олжа қылған» дегені – арғы
жақта Жәңгір хан, бергі жақта Баймағамбет сұлтан екеу
леп, қаңғып жүргенім сол дегені.
– «Он бүркіт, отыз аққу көлде жатқан» дегені –
Жәңгірдің он биі, отыз старшинасы дегені.
– «Лашын қанат қақпай дамылдатқан» дегені – ханның
сыртынан бағып тұрған патша өкіметінің ұлығы дегені.
– «Телегей теңіз тасып шайқалғанда» дегені – Орын
бордан әскер келіп соғысқанда, бүтін ел шайқалды дегені.
– «Жемсау құс тұғырдағы дәмін татқан» дегені – елді,
халықты қанауға құныққан патша дегені.
– «Баласы Жарылғастың ер Шернияз, ақылмен осы
сөзді болжап тапсаң» дегені – мұны әкең Жарылғас бол
маса, сен таппайсың дегені, – деп шешеді.
Шернияз Жарылғасұлы
V. ҚАЗЫ БИГЕ АЙТҚАНЫ
1850–52-жылдар шамасында Шернияз Әлімнің Шек
ті руына барып, біраз паналап, еліне көшіп келгенде,
Сырымның баласы Қази би:
– Барған жеріңнен су шықты ма, неге қайтып келдің,
– дейді.
Шернияз:
– Ай, Қазы би, Қазы би,
Үш таңбалы Майлыбай,
Жайылса жонға сиғысыз
Әлім деген ел едік.
Он екі ата Байұлы
Біз екеуіне тел едік.
Қонысым жақын болған соң,
Біздіңмен он үш деп едік.
Тауда жүріп тас кешкен,
Құландай тауды жайлаған,
Тумыш атын бұйырғанға байлаған,
Сонау жүрген Адайдың
Түбінде атам бір-ді деп,
Айқайлап арын арлаған,
Біз теңдіксіз несін жеп едік?!
Ай, Қазы би, Қазы би,
Әлі де болса ойлаңыз,
Біз зиянсыз қарғамыз.
Былтырғы өткен жаз күні
Біз Әлімге барғанбыз.
Қимағаннан қонысты
Шернияз Жарылғасұлы
Қайтып саған келгенбіз,
Келген кісім сен болсаң,
Көзге түрте бермеңіз.
Енді қорлық көрсек те,
Қайта көшіп бармасқа
Анау жатқан Әлімге
Біз уәде бергенбіз.
Ай, Қазы би, Қазы би,
Көзіңді сал пайда, зиянға-ай,
Шыға қалмас мүйізің
Кетені қуып қиянға-ай.
Сұңқарым қашты қолымнан,
Қарамайсың сөзге ұялмай.
Аса қорлық көрмесе
Қонысын кісі қияр ма-ай.
Сұлтансыйық деп келгенде,
Ел ішінде ел дегенім
Қарсы өзіме жау шықты,
Жылқыдан Кете сау шықты.
Мәлікенің айтқаны
Өтірік, жала дау шықты.
Назар алған жылқысын
Шернияздан алам деп,
Мәліке деген жау шықты.
Ай, Қазы би, Қазы би,
Жылда бір келсем жеріңе
Зәуде келген қонақтай.
Тәңір алдына барғанда
Шернияз Жарылғасұлы
Қонақты күткен жалақтай.
Байұлының ішінде
Иланар кім сені ақтай.
Сен, би дегенге мақтанба,
Теңдесіп сөйлер жер болса
Айбынар кім, кім ақсай?
Ай, Қазы би, Қазы би,
Жұрттан озды аруағың,
Атаңыз батыр бұрында-ай.
Ниетпен келдім аға деп,
Тимес пе пайда жерімде-ай.
Атаңның сөзі аз болар,
Сабыр етсең азырақ
Өлмеген құлға жаз болар.
Мен айтып болдым сырымды-ай,
Мен де атадан туғанмын,
Адаммын деп жүргенмін,
Мен-дағы қарап тұра алман
Сен сүйкенсең, ұрынбай.
Алдыңа арым жібермен,
Үш таңбалы Майлыбай,
Тұқымым бітпей қырылмай, – дейді.
Қазы:
– Сөзіңді сағынып қалып едім, Шерім, қатты кеттің ғой,
кешір, қонағым бол, – деп, қысырдың тайын сойғызады.
Шернияз Жарылғасұлы
VІ. БІР ҚАҚПАЙЛАР
Абыл мен Шернияз
Шернияз он бес-он алты жасында Адай Абыл ақынмен
кездесіп қалады. Жас та болса Шернияздың тапқырлығына
сенген жұрт кеу-кеулеп, оны Абылмен айтыстырмақшы
болады. Шернияз әрі Абылдың үлкендігін сыйлап, әрі
алдына баруға жүрексініп, айтысудан бас тартады. Бірақ
жайшылықта әзілдесіп, сөз жарыстырып жүретін бір
жеңгесіне бір ауыз өлең үйретіп:
– Осыны айта салшы, жеңеше, ар жағын өзім жалғас
тырамын,– дейді.
Жеңгесі Абылға:
– Тұлпар туар айғыр салса асыл тектен,
Асауды үйретеді күші жеткен.
Шаршы топ мырза-шора жиналғанда,
Айтайын бір шындықты бұрын өткен.
Нәсілін ағамыздың білеміз ғой,
Шығыпты Абыл мырза қыз етектен, – дегенде,
Абыл:
– Сонда бұл сендей жеңгелердің қызға істеген достығы
ма, қастығы ма, – дейді.
Шернияз:
– Тұлпар туар дегендей асыл тектен,
Асауды үйретеді күші жеткен.
Айғыр салмай үйірге Адай ағам,
Қыздан туа қалыпты жеңгесі еріткен.
Шернияз Жарылғасұлы
Жеңеше, Әбекеңді қинамашы,
Қайдан білсін баласы қайсы тектен.
Тұқым шашып ананың өңіріне,
Құмартып өніміне егін еккен, – дегендеу, сөзіне риза
болған Абыл Шерниязды қасына ертіп, ақындыққа
баулыған екен.
Шернияз Жарылғасұлы
ЖӘҢГІР ХАН МЕН ШЕРНИЯЗ
Бірде Жәңгір ханның шақыруымен Шернияз есіктен
кіре бергенде, басындағы жапатай бөркі түсіп кетеді.
Еңкейіп алайын деп жатқанда хан:
– Бөркіңе ойланбастан өлең айтшы, – дейді.
Шернияз:
– Басымнан түсіп кетіп шап бергенім,
Құдай-ай, осы ма еді көп көргенің?
Өсірген сылап-сипап он саусағым,
Кәнікей тап бергенде ап бергенің?
Қызыл тіл барың болса енді сөйле,
Таппасаң қапияда текке өлгенің.
Ұлына екі атаның бермей тілек,
Кім еді сонша көпте жек көргенің? – дегенде хан:
– Жарайсың, Шерім, жоғары шық, – депті.
Шернияз Жарылғасұлы
ШЕРНИЯЗДЫҢ ҚОНАҚ БОЛУЫ
Шернияз жолаушылап жүріп бір үйге түссе, үйдің иесі
жоқ екен, әйел келген кісіні менсінбей, керегенің басында
қойдың жамбасы мен құйрығы тұрса да, көже істеп беріп
ті. Үйдің ерке жалғыз баласы бар екен:
– Қонақкәде айт, – деп ақынның мазасын алады.
Шернияз:
– Ерке болсаң шешеңе айт құйрықты ас деп,
Ежелден қонақтарға бұйрықты ас деп.
Кесір шешең келгенді жақтырмайды,
Шалқасынан мұрынын шүйіріп тастап.
Оттағанша түйемді ыққа шөгер,
Онан-дағы алдына пішен тастап, – дегенде, әйел қазан
асып, қонағын қайта күтіпті.
Шернияз Жарылғасұлы
«МЕН САҒАН НЕ ҚЫЛАЙЫН АДАЙ БОЛСАҢ»
Қыстың боранды күні қасында баласы бар Шернияз
жолаушылап жүріп, бір үйге келеді. Үйден көлік оттатып,
жылынып шығуға лұқсат сұрайды.
Үй иесі:
– Лұқсат жоқ, өзім де жылқым жұтап, жүдеп отырмын,
қонақ күтетін жайым жоқ, – дейді.
Шернияз:
– Қай ру боласыз? – деп сұрайды.
Үй иесі:
– Қай ру екенімді не қыласың, құда болайын
деп пе едің, танысаң Адайыңмын, танымасаң
құдайыңмын! Бар, жолыңнан қалма, – дейді.
Шернияз:
– Мен саған не қылайын Адай болсаң,
Үйіңнен шай берсейші олай болсаң.
Жылқыңның өлімтігі иттен де көп,
Жылқыңды неге өлтірдің құдай болсаң.
Тарыдай талқаныңды шығарыпты,
Құдаймен аз ғана күн сыбай болсаң, – дегенде, үй иесі
жолаушының Шернияз екенін сөзінен байқап қалып,
кешірім сұрап, қонақ етіпті.
Шернияз Жарылғасұлы
ШЕРНИЯЗДЫҢ РҰҚСАТ СҰРАУЫ
Шернияз қоналқаға бір үйге келіп, рұқсат сұрайды.
Үй иесі:
– Үйімде кісі бар, ана үйге барып қоныңыз, – деп келесі
үйді сілтейді.
Шернияз:
– Қарағым-ай, өз үйіңе келіннен батып кісі қондыра
алмай тұрып, ана үйге барып қон дейсің. Ол үйге үкімің
жүретін болса, мына кісіні қондыр деп қолыңнан бір
жапырақ қағаз бере қойшы, – дейді.
Үй иесі:
– Өзіңіз кім боласыз? – деп сұрайды.
Шернияз:
– Өзіңнің қондыратын адамдарың бар шығар, атап
көрші, мен сол адамдарыңның бірі болармын немесе со
ларды танитын болармын, – дейді.
Үй иесі:
– Өзіңізді айтыңыз, – деп оған да көнбейді.
Шернияз:
– Жаз жайлауым сұрасаң,
Тайсойған, Бүйрек арасы.
Қыс қыстауымды сұрасаң,
Жем, Сағыздың саласы.
Жер шамасын сұрасаң,
Ара қонып келеді
Шернияз Жарылғасұлы
Жүк салған жолмен қалашы.
Майлыбай Кете ұраным,
Шернияз ақын мен едім,
Жарылғас бидің баласы.
Тап осылай демесем,
Қондыратын емес қой,
Мынау үйің шамасы.
Көліктің басын, бала, бұрсайшы, – дейді. Үйде мұны
естіп отырған адамдар сыртқа жүгіре шығып, ақынды
көліктен түсіріп, құрмет көрсетеді.
Шернияз Жарылғасұлы
ШЕРНИЯЗ БЕН САУДАГЕР АҒАСЫ
Шернияз Баймағамбет деген бір саудагер ағасының
үйіне келсе, ағасы:
– Қайдан келесің? – деп сұрайды.
Шернияз:
– Қайып деген ағамдікіне келіп едім, ғайып болды.
Мұқан дейтін молламыз жайнамазын жимай, жайып
қойды. Үмітәлі деген бір тәуір баласы бар еді, үйінде жоқ
болды, сосын амалсыздан аяңдап, сізге келдім, – дейді.
Ағасы сауда жайынан басқа әңгіме айтпаған соң, Шер
нияз:
– Саудагердің арманы – қымбат сату,
Бүгін беріп, ертең ұту,
Іші жібімейтін қату, – деп шығып кетеді.
Шернияз Жарылғасұлы
ШЕРНИЯЗ БЕН МОЛЛА
Шернияз бір молланікіне келсе, түсірмейді, келесі үйге
барып түседі. Мал сойылып, асқа молланы шақыртады.
Молла келген соң, Шернияз:
– Манағы молла сен бе едің,
Қалай келдің елбеңдеп?
Кетіп едім мен сені
Енді қайтіп көрмен деп.
Құдайдың үйін қызғанып,
Жүрмісің, шайтан, өлмен деп.
Қонақтық саған не керек,
Тері жимай телмеңдеп.
Құраның тамақ болса егер,
Жұта бермей шеңгелдеп, – дейді.
Молла кешірім сұрап, ертеңіне Шерниязды қонақ етеді.
Шернияз Жарылғасұлы
ШЕРНИЯЗ БЕН БАЯНАС
Шернияз екі көпес ноғаймен келе жатып Баянас деген
байдың үйіне түседі. Баянас мал соймай, ет аспай, көже
істеп, қонақтардың алдына қояды.
Шернияз:
– Біз сізді іздеп келдік Баянас деп,
Бай айтар бәйбішеге, «жаяны ас» деп.
Ішінде осынша ауылдың таңдап түстік,
Үйінде бары болса аямас деп.
Быламық суымаса сапырайын,
Тік қойып қасығымды батырайын.
Мыналар ноғайсынып ішпей отыр,
Мен өзім атам қазақ жапырайын, – деп ұрттап
қараса, құмаршық көже екен.
Шернияз:
– Тары мен бидай болса бөгер едім,
Қорықпасам обалынан төгер едім.
Болды да нардың сүті жаны қалды,
Қатығы басқа болса сөгер едім, – дейді.
Баянас Шернияз екенін біліп, кешірім сұрап, мал
сойып, екі күн қонақ етеді.
Шернияз Жарылғасұлы
БАЙСАҚАЛ БИДІҢ ҮЙІНДЕ
Шернияз ел қыдырып жүріп, бір үйде түстеніп отырған
Байсақал бидің үстіне асқа келеді.
Асты қызғанған Байсақал:
– Шернияз, ақкөзсің-ау, бұйырғанды да, бұйырмағанды
да жейсің-ау, – дейді.
Шернияз:
– Асқар тау – жердің панасы,
Түбінде болар саясы.
Шариғатты білмеген
Көкірегіңнің қарасы.
Шыр етіп, жерге түскен соң,
Шашылған ризықты термеске
Пенденің бар ма шарасы, – дейді.
Сөзден жеңілген Байсақал:
– Әншейін сөздің кілтін ашайын деп едім, жоғары
шық, – деп, Шерниязды төрге отырғызады.
Шернияз Жарылғасұлы
ШЕРНИЯЗДЫҢ ЕМЕУРІНІ
Исатай мен Махамбетке жолдас болып жүріп, Шерни
яз отызға келгенше, үйленбейді. Исатай мен Махамбетке
арқа сүйеп, бір байдың қызымен айтысып отырып, алып
қашуға сөз байласады. Бірақ жарамды ат-көлігі болмайды.
Сонда сыртта тұрған жолдасына байдың кермеде тұрған
құла аты мен кісенді тор атын алып жолға шыға бер деп
Шернияздың жұмбақтап айтқаны:
– Торыны жолға салып айдағанмын,
Құланы сақал талға байлағанмын.
Кісеннің сықырлаған дыбысына,
Оны да сары маймен майлағанмын, – дейді.
Шернияз Жарылғасұлы
«ҚОНАҒЫМ...»
Бір күні Шернияздың әйелі қыдырып кеткенде,]үйіне
қонақ келеді. Қызы үйінде қойдың сан еті болмаған соң,
мол етіп қол етін асады. Қазақта қадірлі қонаққа қойдың
қол етін аспайтын әдет те болыпты. Қонақ көңілі толмай
күңкілдеп:
– Шернияз байғұсқа жөн білетін бала да бітпеген екен,
– дейді.
Естіп қалған Шернияз:
– Қонағым, бала білмей қол асыпты,
Асса да бала қолды мол асыпты.
Дүнияға қолдан бұрын сан келмейді,
Қолды асып, бала саған жол ашыпты, – дейді.
Қонақ не дерін білмей, табаққа қол салыпты.
Шернияз Жарылғасұлы
ШЕРНИЯЗ БЕН МҰРАТТЫҢ КЕЗДЕСУІ
1863 – жылы Ойылда Шернияз бен Мұрат кездесіп
қалады. Жұрт айтыстырмақшы болады. Айтыспақ ойы
жоқ Шернияз:
– Мұрат інім, сені жаңа көргенім,
Кеш көруім – өзің іздеп келмедің,
Үлкен деп сәлем бермедің.
Өткен жыл Ойылдың базарында,
Екі күн іздеп таппадым,
Бірақ жоқ еді саған бермегім, – дейді.
Сөз төркініне түсініп қалған Мұрат:
– Кешіріңіз, аға, – деп қолын алады.
Сол күнде Шернияз 56, Мұрат 20 жаста екен.
Шернияз Жарылғасұлы
VІІ. ТАБЫН ҚЫЗБЕН АЙТЫСЫ
Шернияз:
– Жатады жайын шөгіп терең сайда,
Шөп шығар терең сайдан буда-буда.
Кейбірде желді жігіт шыдамайды,
Осындай алқалаған ұлы дуда.
Ақсұңқар асыранды құс алмаған,
Қатқақты қалың ылай ылайлаған.
Біз-дағы топты көрген жүйрік едік,
Намысқа, сөзге шыдап тұра алмаған.
Жиналған үлкен, кіші, жақсы ағалар,
Бір бала келді ортаңа сыналмаған.
Жақсылар жөн сілтейді жөнін тауып,
Жүйрік ат сүре шабады жерді қауып.
Баласы мен Әлімнің ен-таңбалы,
Барамын жөнге қарай жалғыз шауып.
Сөз айттың әңгімелей сөзді құрап,
Орамал жолдық алдың сөзбен сұрап.
Қызыл жел қыз аузында бар дегеннен,
Дауысым зордан шығады қорқыңқырап.
Атағың алты Алашқа жайылған қыз,
Отырсың әлі күнге неғып шыдап?
Қыз:
– Жігітсің өзің сері, елің алыс,
Болыпсың серілікпен елге таныс.
Манадан сөзге шыдап отыр едім,
Шернияз Жарылғасұлы
Намысқа шыдатпаған сөзің шалыс.
Дұшпанға өзі ұрынған үндемесең,
Кісіге, үлкен аға, болар намыс.
Қабығы қалың болар қара талдың,
Қонысы су аяғы қара малдың.
Жырынды көпті көрген, жүйрік жігіт,
Сөз сөйлеп бір-екі ауыз жолдық алдың.
Желденбе, желді жігіт, жел қабарсың,
Сөзіне қыздың айтқан арланарсың.
Бұл Табын өлең баққан ел болады,
Пәлеге, аңдап сөйле, жолығарсың.
Шернияз:
– Сен болсаң пәлелі қыз жолығайын,
Несіне пәле екен деп қорынайын.
Сен емес менің, сірә, көрген жауым,
Құдайдан жолықтырған айналайын.
Ақырсаң арқам қызар дауысыңа,
Келген соң өзің іздеп дабысыма.
Жел сөзбен табанымды тайдырған соң,
Жетіліп жел аяңдай шабысыңа.
Сырғисың аққан судай ағызам деп,
Тұрайын қарсы қарап ағысыңа.
Қыз:
– Құдеке, тағы келді кезек сөзге,
Қиырдың қылаңындай келдік кезге.
Шернияз Жарылғасұлы
Сұраған аты-жөннің айыбы жоқ,
Айтсаңшы аты-жөніңді енді бізге?
Шернияз:
– Ауылдың ақсақалы батыр, бегім,
Жаманға теңдік бермей қағып жедім.
Сұрасаң аты-жөнім мен айтайын,
Көшпелі ел, руымыз Кете дедім.
Қыз:
– Анттасқан айырмайды ақ батасын,
Әуелі әзіл айттың сөздің басын.
Нанасың алдағанға, тәңір алғыр,
Аламын таңдап өзім жігіт жасын.
Қасыңа жақындасам исің жаман,
Өртеңгір, насыбайды неге атасың?
Есірме, есті жігіт, есің танғыр,
От жанып сақалыңнан күйіп-жанғыр.
Сен өзің ел қыдырып жүргеніңде,
Сүйегің құба жолда қурап қалғыр.
Шернияз:
– Өзіңе болсын енді қарғағаның,
Жігіттен болсын сенің бір ажалың.
Райдан тәуір көріп қайтып едің,
Бояудай шамшыл өзің айнығаның.
Арқаның қалың болады қара талы.
Қара отқа семіреді қырдың малы.
Алашқа аты шыққан бір қыз десем,
Шернияз Жарылғасұлы
Нағыздың өзі екенсің айнымалы.
Қызбын деп әлде қандай бола берме,
Сендей қыз қажеті жоқ қолаңсалы.
Қыз:
– Шай, шекер менің асым, жегенім бал,
Берейін бес қалампыр, аузыңа сал.
Өзіңше сен де бізді кемітесің,
Беу жігіт, теке сасып, әдіре қал! ‘
Шернияз:
– Апыр-ай, сөзі қалай ақылсыздың,
Ашуы жылдам келеді жаман қыздың.
Атағың алты Алашқа жайылған қыз,
Сен емес көрген жауы, сірә, біздің.
Алашқа атың шыққан бір қыз десем,
Нағыздың өзі екенсің көргенсіздің.
Қыз:
– Жоғары көтерілген біздің талай,
Әнекей ашулансаң сөзің солай.
Сөзіме ашулансаң еліңе кет,
Барында аттың қоңы жеріңе жет.
Шернияз:
– Мінгенім астымдағы қалың сауыр,
Мінсем де жайдақ ерсіз болмас жауыр.
Кетермін тәңір айдаса мен еліме,
Бола ма атым өлсе саған ауыр?
Шернияз Жарылғасұлы
ЖАНТӨРЕ БИ МЕН ШЕРНИЯЗ
1860-жылдар шамасында Шернияз ақын ар жақтан бер
жаққа келгенде, Қызылғұрт Жантөре биге қарсы болып
айтқаны:
Иә, би ата!
Кешегі қарашаға сұлтан күлгенде,
Хан тағына мінгенде,
Он сан ноғай бөлгенде,
Ормамбет би өлгенде,
Атаң қонған үш құмға,
Қырық сан ноғай, мың байтақ,
Үш айырылып кеткенде,
Нұраға түсте ортқанда,
Томсарып тұмнан озғанда,
Мұсаның ұлы Берсидақ,
Ақыл таппай жасқанды,
Ел Есілге кіргенде.
Енді барып біз қондық,
Еділ деген қияға,
Атан қомдап, жүк артып,
Аруанаға күш артып.
Алты арба күлте алып,
Орақ - Мамай болған күн.
Түйесі боздап, иті өліп,
Инузбай машақ қонған күн.
Еркіндеп ерлік ете алмай,
Ер мүсәпір болған күн, – депті.
Жантөренің жауабы:
Шернияз Жарылғасұлы
Ағашта Нарын үш өзен,
Алша Есмайыл ханның жұрты екен.
Хандар шыққан Сарайшық,
Қызыл Өпшек, Бес тамақ,
Балталы Барақ ханның жұрты екен.
Ертістің басы Қара дөң,
Ол Шыңғыс ханның жұрты екен.
Әдермақтың Алатау,
Алшағырұлы Телорақтың жұрты екен.
Тана деген терең су,
Ол алаңғасар Алабектің жұрты екен.
Асшалы тоғай ала бас,
Ақ сарай әлі де боз ағаш.
Ол Барабас ханның жұрты екен.
Бүлдіргені жүректей,
Баттауығы білектей,
Баттауығына шөккен түйе көрінбес,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Мұнарасы күндік жерден көрінген,
Мынау әжілер салған Астырахан,
Әз Жәнібек ханның жұрты екен.
Бетегей биік даңқы зор,
Бұзанның бойындағы құба тал
Сүйініш ұлы Қазтуғанның жұрты екен, –
деп жауап беріпті Жантөре шешен.
Шернияз Жарылғасұлы
ШЕРНИЯЗДЫҢ ИТКЕ ЖАЗҒАН ДҰҒАСЫ
Бір байдың сәлік қатыны бір табақ ет пісіріп әкеліп: –
Молда қайнаға, қадірлі итім ауырып жүр еді, соған тұмар
берші? – депті. Шернияз үндеместен қағаз жаза бастай
ды. Жазған дұғасы:
Итің-итің, итіңе,
Иттің жүні бетіңе.
Итке дуа жоқ еді,
Бола бердім етіңе.
Шернияз Жарылғасұлы
ШЕРНИЯЗДЫҢ АБЫЛМЕН ҚАҒЫСУЫ
Абыл Шерниязды көре алмай жүреді екен. Бір жұтта
жылқысы опбаға түсіп қырылып қалып, жаз Абыл соның
терісін сойып алып жатса керек.
Шернияз жолаушылап жүріп, Абылдың үйіне тап
болады. Сыртта тұрып: – хабарлас? – дейді. Абыл үйде
отырып: – не сұрайсың? – дейді. Шернияз: – бұл қай
ауыл, кімнің үйі? – дейді. Абыл: – танысаң, Адайыңмын,
танымасаң, Құдайыңмын! – дейді.
Шернияз:
Ауылың қонған жері Сыдырым тал,
Малыңды жайшылықта аржаққа сал.
Отырып отбасында нәнсінгенше,
Жылқыңды Құдай болсаң, тірілтіп ал.
Абыл Шерниязды сөзінен аңғарып, түсіріп алады.
Абыл: – сен жорға, мен жүйрік едім, жұрттың кеу-кеуіне
еріп екеуміз айтысушы болмалық, – депті.
Шернияз Жарылғасұлы
ШЕРНИЯЗДЫҢ ТУЫС ТЕГІ
Шернияздың Мұқаш правительге бара жатып, жолда
қонуға есік ашпаған үйге айтқаны:
Әй жігіттер, жігіттер!
Руымды сұрасаң,
Ақкетенің баласы,
Әлім деген ағаңмын.
Байұлының ағасы,
Өз руым Ақкете,
Ұранымыз Майлыбай,
Өзімнің атым – Шернияз,
Жарылғас бидің баласы!
Қыс қыстауым сұрасаң,
Ақ теңіздің жағасы.
Жаз жайлауым сұрасаң,
Ойыл, Қиыл, Шыңғырлау,
Ара қонып келеді,
Үйшікке қонған қалашы.
Базарымды сұрасаң,
Орынбордың қаласы.
Шыққан жерім сұрасаң,
Жемнің құйған жағасы.
Байқастаған кісіге
Болды білем шамасы.
Бір жақсыдай бола алмас.
Басыңнан ұшса дәулетің,
Айналып қайтып қона алмас.
Шернияз Жарылғасұлы
Қас жақсысынан айрылса,
Құр жамандар оңбайды.
Аңдып жүрген дұшпаны,
Қанатын тігіп қомдайды.
Болжалды күн болған соң,
Батпансынған бай да өлер.
Зулап өтер басыңнан,
Баяны жоқ дүниелер.
Болжалды күн болған соң,
Дүниеден кім қалған?
Батыр өткен сабылған,
Жүйрік өткен шабылған.
Кербез өткен тағынған,
Сұлу өткен жағынған.
Не жайсаңдар өтпеген,
Озған жүйрік табынан.
Не шешен, ақындар,
Жау жүректі батырлар,
Жас басынан қағынған.
Шалқыған заман бар еді,
Іздегенің табылған.
Орысқа есеп берген соң,
Шыр айналып жүрген соң,
Ауызы ала алашым,
Сол күндерді сағынған.
Шернияз Жарылғасұлы
ШЕРНИЯЗ БЕН ҮБІ
Шернияз Исатай тобына қосылғалы іздеп келе жатқан
бетінде Исатай мен Үбіге кездесіп, Үбіге айтқаны:
Келеге қызыл салсаң, нар туады,
Жануардан жалғыз өркеш жар туады.
Құр болмас аты шыққан ер дуалы,
Қалайша дегдарынан жаңғырады.
Түбінде бір шикісі болса адамның,
Бойында бір белгісі бар туады.
Үбі:
Айғырды көктен салсаң, көк туады,
Жануарды беріктен салсаң, берік туады.
Шаруа, малды баққан біздің халық
Мін тақпай, жолыққанда тек тұрады.
Атасы жұртты жеген жалмауыздың,
Жалманып баласы да жеп туады...
Арыстанбай
Тобылбайұлы
(1811-1880)
АЙТЫСТАР
Арыстанбай Тобылбайұлы
АРЫСТАН МЕН ОРЫНБАЙДЫҢ АЙТЫСЫ
Арыстан:
Жаратқан баршамызды бір Құдайым,
Алдыңда ақиықтай саңқылдайын.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Есен-аман жүрмісің, Орынбайым?
Орынбай:
Арыстан, сен де шешен, мен де шешен,
Басып айтпай, тосып айт, мен де десең.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Өзің-дағы жүрмісің аман-есен?
Арыстан:
Жаратқан баршамызды жалғыз Құдай,
Екі жүйрік кездеспес күнде мұндай.
«Сөйле», – деп екеумізге билер отыр,
Жарқыным, мұнымыздың жөні қалай?
Орынбай:
Мақтанға қомпиып, тасушы емен,
Ерегескен кісімді басушы емен.
Құданың маған берген бір мінезі,
Өзі тиген кісіден қашушы емен.
Арыстан:
Орынбай, саған бір сөз ойлап алдым,
Арыстанбай Тобылбайұлы
Алдыңда хан-қараның оттай жандым.
Дүйсенұлы Манабайдың қосшысы едің,
Баяғы айтысқанда қайда қалдың?
Орынбай:
Өтірік айтып, мақтанар кейбір залым,
Сен мені жеңбейсің, жұртқа мәлім.
Сонда да асып түскен менің бағам,
Енді келер деймісің маған әлің?
Арыстан:
Олай емес, сөз былай, жан шырағым,
Бір кісіден кем емес қонған бағың.
Он жетіде бойжеттім деп мақтанасың,
Қанеки, қайда бар сенің аруағың?
Орынбай:
Он екі ата қақ жарып Семей бардым,
Қыпшақ Ақмырзаға салық салдым.
Он құр ат, отыз шапан, тоғыз ішік,
Екі жамбы, сонша олжа бір жолда алдым.
Арыстан:
Патша болсаң, құрулы алтын тағың,
Мырза болсаң, ерттеулі арғымағың.
Мына тұрған Семейге барған болсаң,
Әлі ұзамай жүр екен аруағың.
Арыстанбай Тобылбайұлы
Орынбай:
Сырдан асып қол бердім жеті пірге,
Кімдер әуес болмаған біздей дүрге.
Семей барсам оны «мұнда», дейсің,
Батырым, өзің бардың қанша жерге?
Арыстан:
Шашасына шаң жұқпас мен бір тұлпар,
Көргенді қия бастырмас мен бір сұңқар.
Қоқан, Созақ, Тәшкенттің мұнда қалып,
Барғамын Үргеніш пен сонау Бұқар.
Орынбай:
Бұл сөзің тәуір болды біздің баққа,
Енді Орынбай шек салсын сен бейбаққа.
Қоқан, Тәшкент, Созақты аралайтын,
Не жұмыспен барып ең сонша жаққа?
Арыстан:
Өтірік айтпан күнәға бекер батып,
Мен жүрдім халайықты таңырқатып.
Бұл қыдыртқан керуенге басшы болып,
Серілікпен барып ем тұлып сатып.
Орынбай:
Саудагерлік – қу тақымға болған несіп,
Олай болса байқайын, ағамен әзілдесіп.
Арыстанбай Тобылбайұлы
Бұл қыдыртқан керуенге басшы болсаң,
Мәз болыпсың, жүргенге арқан шешіп.
Арыстан:
Орынбай, бұл сөзіңе басылмаймын,
Ақын сөзін басымнан асырмаймын.
Менің әкем Тобылбай жұрттың биі,
Онымды сенен қорқып жасырмаймын.
Орынбай:
Атам ақын, мен соның жолын қудым,
Өлеңмен талайлардың аузын будым.
Сенің әкең Тобылбай – жұрттың биі,
Би болмай, өлеңші боп қайдан тудың?
Арыстан:
Молдалар сөз сөйлейді каламменен,
Байымайсың, емініп жұртты жегенменен.
Менің әкем Толыбай жұрттың биі,
Мен сендей тіленбеймін өлеңменен.
Орынбай:
Білмесең, қырық парыз үйретейін,
Көрмесең, Ислам дінін көрсетейін.
«Би баласы би болсын», – деп ем,
Қобыз алып, бақсы боп мен нетейін?
Арыстан:
Орынбай бұлбұл екен қызыл тілің,
Өлең жақта жоқ екен сенің мінің.
Арыстанбай Тобылбайұлы
Сөзіңе билер сенің езу тартты,
Сөйлей бер сөзің асты, жүйрік інім.
Мұны тыңдап отырған сарапшылар: «Үш жүз ақын
дарының аға сұлтаны Орынбай болсын, биі Арыстан бол
сын, кәне, осыған қол қойыңдар! – дейді ақындарға. Со
нда Әлке ақын: «Қол қоймаймын», – деп былай дейді:
Жақсының жастай кірдім арасына,
Қазақтың қол артамын сарасына.
Қызыл тіл онда да бар, менде де бар,
Қол қоймаймын Қарауылдың баласына.
Орынбай:
Өлеңді таусылмастай кен деуші едім,
Қызғанда жел сөзбенен жөндеуші едім.
Екі жақ пен бір тілдің арқасында,
Сендей таздың бастарын емдеуші едім.
Арыстанның айтқан төресі Орынбайға:
Орынбай, жиырмада жасың бар ма?
Ағаның мінін айттың, қасың бар ма?
Ағаңның топ ішінде тазын айтып,
Тазға бөліп бергендей шашың бар ма?
Әлкеге:
Аққу болғың келді ме, қаз дегенге,
Көбейеді деп пе едің, аз дегенге.
Ініңнің базынасын көтерсейші,
Сенен шығар шығын жоқ таз дегенге.
Арыстанбай Тобылбайұлы
Орынбай мен Әлкеге қосып айтқан төрелігі:
Олай деп бір-біріңмен егеспеңіз,
Сөз ұзартып бұдан былай тіреспеңіз.
Атығай-Қарауыл екеуің бір ауылсың,
Тайындай жат үйірдің тебіспеңіз.
Арыстанбай Тобылбайұлы
КЕНЕСАРЫҒА АРЫСТАН
АҚЫННЫҢ АЙТҚАНЫ
Ойнаған екеу-екеу мерекең-ай,
Тиетін мың кісіге көлеңкең-ай.
Көп айлар, көрмегелі көп күн болды,
Жүрмісің аман-есен, Кенекем-ай!
Сары атан май тамады жілігінен,
Жүлде алған талай адам ілігінен.
Баласы Абылай хан бәрі будан,
Қасымның айналайын сідігінен!
Шығып ең Алтын Орда бесігінен,
Болмақтық туа сұлтан несібіңнен.
Тақсырдың алтын жүзін бір көрейін,
Шатырдың қағыла бер есігінен.
Тақсыр-ау, танымасаң, алашыңмын,
Агарда жуық көрсең, қарашыңмын.
Атаңа алты қатын алып берген,
Ағаңның би Тобылбай баласымын.
Өлеңге ал дегенде әмеңгермін,
Дәуіттен шығып [жүрген] кемеңгермін.
Бәйгеге тоқ тай қосса, бәйге әперген,
Момынның мен жез аяқ жүйрігімін.
Желгенде жебе кердің құйрығымын,
Дарияның қоғасы емен сүйрігімін.
Арыстанбай Тобылбайұлы
Бәйгеге тоқ тай қосса, жүлде әперген,
Момынның мен жез аяқ жүйрігімін.
Баубек батырға:
Батыр-ау, танымасаң, алашыңмын,
Егерде жақын көрсең, қарашыңмын.
Жөнімді сіз сұрасаң, мен айтайын,
Атығай-қарауылдың баласымын.
Майданда неше түрлі асқан, Баубек,
Секілді Ніл дариясы тасқан, Баубек.
Шынтақтап қараша үйде жатыр ма едің,
Бар болса Кенесары патшаң Баубек.
Орынбай
Бертағыұлы
(1813-1891)
АЙТЫСТАР
Орынбай Бертағыұлы
ОРЫНБАЙ МЕН ШОРТАНБАЙ
Орынбай:
Қожеке, сырттан сұрап сағынғаным,
Құспектен тәуір болды табылғаның.
Бұл жерде қожа-билер, Қарауыл жоқ,
Арғынды сенен сұрап нағылғаным?
Шортанбай:
Қарауыл өрши берер шындамаса,
Айтпаймын халыққа кеңес тыңдамаса.
Тіленші елге келген сен деймісің,
Көрейін халқымнан-ақ бұлдамаса.
Орынбай:
Қожасың, қарақалпақ затың басқа,
Шығыпсың жақпай жалғыз қарындасқа.
Баласын бір Арғынның екі айырып,
Үйретті неткен адам сен қубасқа.
Шортанбай:
Болса да баяғыдай заманым жоқ,
Бозбала, бәрің бірдей жаманың жоқ.
Пір болған жеті атаңа қожаң едім,
Көрмесең бір жаржақтай амалым жоқ.
Орынбай:
Нәсілің төрт жардан, дегдар қожам,
Алдымнан қисық жүрме, жөн бар, қожам.
Орынбай Бертағыұлы
Еліңе дәріс айтып, дін үйретпей,
Қазақтың өлеңінде нең бар қожам?!
Шортанбай:
Өлеңге мынау ақын ағады екен,
Сөйлесе, сөз мәнісін табады екен.
Алдынан осындайда бір шықпасам,
Жөніне қоя берсем жағады екен.
Орынбай:
Айтасың жүйріктікпен шешен қожам,
Күнәңді тәубе қылсаң, кешер қожам.
Алдыма шығарыңды қайдан білдің,
Айтасың соны білмей, есер қожам.
Шортанбай:
Беріп пе жалғыз саған тіл мен жақты,
Деймісің, сөзден кедей біз бейбақты.
Қожаңды жұрт пір қылған есер дейсің,
Әй, балам, тапсырамын әруаққа!
Орынбай:
Деп едім, тілім тиер мен бағана,
Жаратты қожаны есер Алла Тағала.
Ишан өлең айтқанын қашан көрдің,
Өлеңді айт, пірліктен кет садаға!
Орынбай Бертағыұлы
ОРЫНБАЙ – СЕРӘЛІ
Орынбай:
Момынның малын жейді залым алып,
Кеңеске аузым кетіпті-ау қағып алып.
Қандай дертке жолыққан бала қожа,
Шекесін орамалмен орап алып?
Қарсы алдымда отырған бала қожам,
Қожам ауру дегенге көңілім алаң.
Жас балаға бір қонақ қонған екен,
Шипа берсін дертіне Хақ Тағалам,
Серәлі:
Патша, сұлтан мінеді алтын таққа,
Мырза жігіт мінеді арғымаққа.
Тәңір айдап мұнша жерге келіп қапсың,
Науқас қарай жүр ме едің біздің жақта?
Орынбай:
Көкірек үнім айғай ашқаннан соң,
Ақылсыз ақыл таппас сасқаннан соң.
Шамаң келсе сен де бар, Серәліжан,
Өнері кім жүрмейді асқаннан соң.
Серәлі:
Орынбай шешендікпен айғай салған,
Бұ бастан бір күн өтер дүние жалған.
«Астым», – деп айта көрме Орын аға,
Әзәзіл үлкендікпен қайда барған?
Орынбай Бертағыұлы
Орынбай:
Қожажан, жаңа келдің жанастырып,
Сөзіме сөз жібердің таластырып.
Ойдан қырға жүгірген түлкідей-ақ,
Сендей жасты кетуші ем адастырып.
Серәлі:
Жоғында су ішемін, балға балап,
Бір көңілге сыймайды-ау, екі талап.
Орнымен бірер таңға айтысушы ем,
Қоңыр сұлтан жіберді-ау арашалап.
Орынбай Бертағыұлы
ХАН ҚҰСБЕКТІҢ ҮЙІНДЕ ШОРТАНБАЙ МЕН
ОРЫНБАЙДЫҢ КЕЗДЕСУІ
Шортанбай:
Сөзіме құлақ қойып етсең байым,
Мен сенен, ақын жолдас, жөн сұрайын.
Бұл жақта тамыр бар ма, таныс бар ма,
Жол болсын, нағып жүрсің, Орынбайым?!
Орынбай:
Шақырған былтырғыдан Құсбек батыр,
Не тұрсын, хан шақыртса ақын пақыр.
Дидарын ханзаданың көрмек үшін,
Орынбай сол себептен келіп жатыр.
Шортанбай:
Дауысың жер жарады ақырғандай,
Сөзің бар қара суды сапырғандай.
Бұл елдің болысы мен биі емессің,
Неліктен сені, Құсбек, шақырғандай?
Орынбай:
Шортанбай, мұны сөз деп айтармысың,
Байқаған әр нәрсені сайқалмысың?
Құсбектің шақырғанын мұнша қорғап,
Қызғанған Тәңірім малын сайтанбысың?
Шортанбай:
Сөзің бек жаман екен залым сенің,
Әйткенмен кетпей қалмас сенің сәнің.
Орынбай Бертағыұлы
Баласын пір қожаның дейсің сайтан,
Бір нәрсе көрмей қалмас жаның сенің.
Орынбай:
Рас нәпсің көрінед, дегдар қожам,
Алдыңда Сират дейтін жол бар, қожам.
Атаңды қожалықтан мен тимаймын,
Қазақтың өлеңінде нең бар, қожам?
Шортанбай:
Орынбай мына сөзді, айтам саған,
Әуелден әулие өткен ата-бабам.
Өлеңді күнә болса, неге айтасың,
Сен тағы оқыпсың ғой кітап қалам?
Орынбай:
Өлең айтсам, Шортанбай, атам – қазақ,
Қазаққа өлең айтып, болма мазақ.
Істемеген ата жолын арам ұлға,
Алдында даяр дейді оттан тозақ.
Орынбай Бертағыұлы
ОРЫНБАЙ АҚЫННЫҢ ҒҰБАЙДОЛЛА
ХАНҒА АЙТҚАНЫ
Атығай-Қарауылдың ақыны Орынбай Ғұбайдолла
ханға Қайыңтұра шаһарынан қайтып келгенде айтқаны:
Хан келді Ғұбайдолла он жыл жатып,
Бір Тәңірдің бұйырған дәмін татып.
Орта жүздің ханы еді бір мезгілде,
Мен келдім он күннен соң күн-түн қатып.
Ханымды айдап келді Құдай дедім,
Жұртқа қуаныш болар ма мұндай дедім.
Төре-қара жиылып отыр екен,
Мен ханға келген жерде бұлай дедім:
Хан келді деп қуанды ғарып жаным,
Тәңірі оңдаса, пәле жоқ ердің қамын.
«Алтынның қолда барда, қадірі жоқ»,
Аман-есен келдің ба, қайран ханым!
Сұңқар енді тартайын томағаңды-ай,
Халқың сақтап тұр енді сыбағаңды-ай.
Бозбалалар Тәңірге тәубелік қыл,
Аман-есен көрсетті хан иеңді-ай!
Сыртыңнан қабыл болған оң батамын,
Нәсіп болса, қолыңнан дәм татамын.
Тұстас жақсы қартайды қайғыменен,
Аман-есен хош келдің, хан атамыз!
Орынбай Бертағыұлы
Шағыммен кетіп едің, данышпаным,
Көрдің ба хаққа Тәңірім болысқанын.
Аждаһаның аузына түсіп едің,
Хайла тауып шықтың ба, арыстаным!
Көп тиген дұшпандарға салқының-ай,
Ғәріптерге бар еді барқының-ай.
Хәкім алып, қабына салса-дағы,
Шірімей-ақ шықтың ба, алтыным-ай!
Хан келген соң толды ғой алтын тағың,
Қайта қонар баяғы берген бағың.
Һәр байталың һәр жаққа тозып кетті,
Өзің жиып алмасаң, арғымағым!
Бір кісідей бар еді берген бағың,
Өлгеніңше сынбасын енді сағың.
Жеті аталы момынға жарық болған,
Аман-есен хош келдің, шамшырағым.
Кешегі хан Уәли, батыр Қасым,
Шыңғыстың артық берген бал мен басын.
Абылайдан толғайын жеті атаңды,
Жұрағаты жүлде алған, асыл тасым.
Тілемеген кісі жоқ тақсыр сізді,
Қысқа ойлаған надандар үміт үзді.
Дәулет құсы басына қайта қонды,
Патша Құдай жарылқар Орта жүзді.
Орынбай Бертағыұлы
Ханымды айдап келген бір Құдай-ды,
Шыдай алмай іздеттік Орынбайды.
Ақ сұңқарым шешілген қайтып келді,
Жарылқар Қарауыл мен Атығайды.
«Хан келді» деп дабысы шығып жатыр,
Шыдай алмай іздеді ақын пақыр.
Ақ сұңқарың тұғырға қайта қонды,
Қалыбыңа тосарсың аңғал батыр.
Хан келген соң кіреді енді менің күйім,
Жеті момын баласы менің үйім.
Ақ сұңқарың тұғырға қайта қонды,
Қалыбыңа тосарсың Мәмбет биім.
Самай төре ханменен құрдас еді,
Басбай, Жасбаймен сырлас еді.
Керей Мүсит, Мәмбет пен Қарауыл би,
Ойларында бір сағат тұрмас енді.
Ғұбайдолла төренің мырзасы еді,
Тілеген жанның бетін бұрмас еді.
Керей Мүсит, би Мәмбет аңғал батыр,
Әсіресе солардың олжасы еді.
Ғұбайдолла халыққа кең түбектей,
Қапы кеттік халыққа дін үйретпей.
Итжеккенге Арқадан іздеп барды,
Енді қатын тумайды ол Бөбектей.
Орынбай Бертағыұлы
Жанның бәрі бұ күнде болды пенде,
Жақсы көрер ханым жоқ сізден өңге.
Жер жүзінде қатынға үлгі болдың,
Сізге бір сөз айтамын, ханым жеңге.
Әйел болсаң да, ақылың асқан екен,
Хан атамның дәулеті тасқан екен.
«Зілиха мен Жүсіптей» іздеп бардың,
Құдайым сәтті күні қосқан екен.
Құр жаманды мақтасам жолға симас,
Өлгенінше жақсыны жақсы қимас.
«Қозы-Көрпеш – Баяндай» іздеп бардың,
Сіз сықылды қазақтан әйел тумас.
.................... Ғалиды да ұстап алған,
Құданың құдіретімен орға салған.
Пайғамбар шалмасымен суырып алып,
Біздерге ғибарат болып сонан қалған.
Нәмірат Ибраһимды отқа тыққан,
Құданың құдіретімен күймей шыққан.
Қолдан алған ханымын құлға берді,
Бір Құдай құдіретімен жомарттықтан.
Күрсіндірген жарлықпен көргенсізді,
Көзбен көріп, көңілмен сенген сізді.
Ол жерден татар дәмің түгесіліп,
«Келсін!» деген жарлықпен келгенсіз де.
Орынбай Бертағыұлы
Иманыңа бола көр енді мықты,
...................... жолдан шықты.
Құдай ісін біреуден көрме, тақсыр,
Аз ғана күн қыла көр тәубалықты.
«Ханымды айдап келген Құдай», – дедім,
«Бойында қалмаған жоқ күнә-ай», – дедім.
Жақсылар, сөксеңіз де, сөкпесеңіз де
Ханыма келген жерде солай дедім.
Досқожа
(1801–1866)
Досқожа
КЕНЕСАРЫ ҚОНЫСТАН АУҒАНДА АЙТҚАНЫ
Ассалаумағалейкум,
Алдияр сұлтан Кененім!
Қатарыңнан артықсың,
Қайраты түпсіз тереңім!
Атаңыз жаулап өтіпті
Қалмақтың Уса, Серенін.
Бұл қоныстан кеткен соң,
Көреміз бе, дүние-ай,
Мына жатқан Есілдің
Көк орай тартқан өзенін?
Күншілік жерден көрінген,
Көрінсе, көңіл бөлінген,
Алшаңдатып ат мінген,
Әртүрлі жібек киінген.
Бұл қоныстан ауған соң,
Сағынар халқың өз елін.
Мұнар болып көрінген,
Кіші ауылдың қыстауы –
Баянаула, Қазылық
Үдере көшкен елдердің
Жолы жатыр қазылып,
Жазғытұры болғанда
Жалғыз-жалғыз ауыл боп,
Отырушы едің жазылып.
Мынау жатқан сарғайып
Салынды қопа қамысым,
Әркімге тегін танысам.
Досқожа
Бұл қоныстан кеткен соң,
Көбеймес пе екен налысым?
Айналайын аралым,
Ішінде сенің бар еді
Арқар мен құлжа, маралың.
Қонысым, сені қия алмай,
Үш жылдайын қамалдым.
Енді айлам таусылды,
Қош аман бол, Қаралдым!
Айналайын, Ақтатыр!
Айнала құрдым ақ шатыр.
Қасыңнан қалқам кеткен соң,
Орыс та малың құлатар!
Көреді аттың таңдағы,
Арбалы боздың шаңдағы.
Көрдіңіз бе иесіз
Аруақтың қалғанын?!
Артына қалып, боралдың,
Бастары самал тауларым!
Арасы бие бауларым!
Кетемін деген есте жоқ,
Көшірді дұшпан жауларым!
Жапырағы жерге салбырап,
Көлеңкесі маужырап,
Сусылдап тұрған қайыңның
Қыз-бозбала бас қосып,
Саясына ойнап-күлген тау!
Досқожа
Сарқырап аққан тастақтан
Саяда салқын қымыздай
Сарқырап салқын қымыздай
Сарқырап аққан бұлағым!
Тобылғылы қалың тоғайдан
Есепсіз өрген тышқандай
Алтайы қызыл түлкі еді
Ұлдарым киген тымағым!
Қадіріңді білмедім,
Аман бол, қайран шырағым!
Жазғытұры болғанда
Әр жерге бес күн отырып,
Сауынға саба толтырып,
Белгілі елдің қызына
Ат шаптырып, той қылып,
Бозбалалар құралып,
Сар сазандай тізіліп,
Алмадай мойны үзіліп,
Сөз айтуға бұлданып,
Бір сағаттай жиналып,
Жасы үлкеннің үйіне
Сәкен бере бозбала,
Алшақ баса жүрген тау!
Мұнысын мықтап нетейін,
Ақыры сүйтіп бүлген тау!
Құт-береке болған тау,
Құтты тау деген тау еді,
Арасы биебау еді,
Бар айыбы – хайуанға
Бөрісі қатты жау еді.
Досқожа
Түбіне келіп қонғанда,
Байларым қос-қос төбет
асырап,
Қораның қиыр шетінде,
Қияқтының бетінде
Жөнін түзеп өрген тоқ.
Жарлы, байың белгісіз
Араласа көшіп жүрген тау!
Айналасы қоғалы
Суы тұнық көлдерім!
Көк шалғынды жапырып
Жағалай қонған елдерім.
Артқы көшім келгенше,
Ақсақалдар жиналып,
Бауырында атын шідерлер?
Батыр мен билер бас қосып,
Әңгіме құрған белдерім.
Шағырлы жусан, изенім?
Қоныстан ауып күйзелдім.
Ылдиы жоқ, өрі жоқ,
Ат тайғанар жері жоқ,
Жазып салған мақпалдай
Аман бол, құмайт жерлерім!
Осылар еске түскенде,
Қайғырмассыз ба, ерлерім?!
Азамат – аттың жолында,
Елім – нардың қомында,
Көшпелі қазақ болған соң,
Баланың білдік шөлдерін.
Досқожа
Артыма қалып барасың,
Қара бір қою шұбарым,
Қызығын көрген елімнің
Енді білдім жыларын.
Ағашым естен кетер ме,
Жапырақ шашып гүлденіп,
Көгеріп тұрған мұнарып?!
Қарағайым, қайыңым,
Жоқ еді, қоныс айыбың,
Алты ай жаздай бір көшпей,
Ләпкеде бейне меткелдей,
Кіршіксіз еді зайыбым!
Жаздың күні болғанда,
Ел үдеріп қонғанда?
Балдырғанды Балқаштан
Тулатып шанышқан жайыным!
Талма-тал түс болғанда,
Халқым қымыз ішкенде,
Сары нардай ыңыранып,
Бәйбіше саба піскенде,
Бір қазандай отырған
Бозбаласы құралып,
Дәулетті үйге түсерде.
Ірбіті сары самарға
Сапырып қымыз құйдырып,
Салқындыққа тындырып,
Салтанатқа төндіріп
Сауған жылқыны заман-ай!
Өзеннің суы – тұнығым,
Досқожа
Асауымды тоқтатқан
Қара мойыл құрығым,
Құбыладан соққан түнеріп
Қызыл желді тоқтатқан
Қайыңның жалы, сырығым.
Бұл қоныстан кеткен соң,
Іздесе халқым, табар ма
Бір қураған шыбығын?!
А, дариға, дүние-ай,
Қайтейін жердің қылығын?!
Артыма қалып барасың.
Көгеріп жатқан өзенім,
Өзеннің бойын бос қойып,
Сыртқы көгін жегенім.
Құр атыма теңелген
Жазғы мінген көбеңім.
Қонысым қолда тұрғанда,
Болшақ еді дегенім.
Ат мініп, жарақ асынған
Сағынар батыр өз елін.
Күнде базар Есілді
Халқыңыз нағып сағынбас?
Бұл қоныстан кеткен соң,
Кемімес пе екен жарым жас?
Еті тәтті, сүті — бал,
Иісі жұпар аңқыған,
Сары қарда жайылған
Сары аязда жусағаш
Досқожа
Көк Есілден кеткен соң,
Жылқының қоныс табылмас.
Семіртуші еді жылқыны,
Қом жастаған түйеге
Алабота, тарлау мен
Қараойға біткен бетеге,
Адыра қалғыр, Құлмамбет,
Кенекем сенен айрылды,
Жау болып дұшпан, жаулары.
Күрпілдеген көрпедей
Болушы еді, дүние-ай,
Балқашқа желі тарттырып,
Байлардың биебаулары!
Бұрынғының сөзіне
Тұс болмасақ игі еді –
Айтқан екен: «Болар, – деп –
Дәулет пен бақыт аумалы».
Отырушы едің ордада
Бесті айғырдай ақырып,
Қарашаның билерін
«Алдыма кел» деп шақырып.
Талма-тал түс болғанда,
Қараша қаздай қамалып,
Қарашың үйге толғанда,
«Орданың іші ысыды» деп,
Жапырағы жаудырап,
Көлеңкесі салбырап,
Сусылдап тұрған қайыңның
Көкорайын жапырып,
Досқожа
Түбіне кілем салдырып.
Ірбіті сары самармен
Ордадан қымыз алдырып.
Сылдырмақты сары ожаумен
Отырушы еді сапырып.
Осылар еске түскенде,
Қайғырмассыз ба, аһ ұрып?
Арқада Әлім бар дейді
Мінезі тым-ақ тар дейді.
Біз пәленбіз дегенді,
Көрмеген жұрт не қылсын,
Таудай тағы тарланды,
Естегін жан қалмады.
Кенекеңнің дабысын.
Айналайын аралым,
Ішіңде сенің бар еді,
Арқар мен құлжа, маралың.
Қонысың сені қия алмай,
Үш жылдайын қамдалдым.
Енді қайлам таусылды,
Қош, аман бол, қаралдым.
Айналайын ай, татыр,
Айнала құрдым ақ шатыр.
Тайпа аруақ бұл жатыр,
Қасыңнан халқым кеткен соң,
Дұспан малып құлатар
Көреді аттың таңдағын,
Арбаны боздық шаңдағын,
Түбіне келіп қонғанда,
Дұға қылып кетейін,
Досқожа
Зиярат етіп басына.
Көрдіңіз бе иесіз
Аруақтың қалғанын.
Көріскенше күн жақсы
Жұмақта болғай аруағың.
Бұл барғаннан барармыз
Арқада Әлім, Шөменге.
Әлім, Шөмен қам қылар
Абылай ханның баласы
Артықша туды дегенге.
Бұл қоныстан кеткен соң,
Жолығармыз, Кенеке
Найза жетпес тереңге.
Еркіндеп жайлап Есілді,
Еркелеп өскен ел едік.
Бұл қоныстан кеткен соң,
Зар болмасақ игі еді
Тай менен құнан, дөненге?!
Қоныстан аумақ болсаңыз,
Жіберіңіз хабарды
Жоғары Дулат төрт ауыл:
Жары, Саурық ерлер мен
Байзақ, Бекенге.
Басын тасқа сабаған
Аранға түскен аюдай
Қамшыменен бұраған.
Көзіменен қанаған
Байзақ неге тоқтасын,
Кенекең көшем дегенде!
Халқынан кетсе хан оң бас,
Жерінен кетсе, мал оң бас,
Досқожа
Бұл қоныстан ауған соң,
Сексендегі шал оңбас.
Жапырағы жайқалып,
Сары Есіл еске түскенде,
Күнде құрыр жарым жас.
Ассалаумағаликүм,
Алдияр сұлтан ханымыз,
Халқың неге күйзелсін
Таймай тұрса бағыңыз.
Қынаптағы алмас қылыштай
Тисе, кесер шағыңыз.
Қанды көйлек қалғаны,
Бүлінген елді шабыңыз.
Есіл менен Еділге
Еркіндеп барып жайлаған,
Мың-мың жылқы айдаған,
Сазы біткен ағаштай
Сарғайып ақыл ойлаған,
Момынның сөзін жаймаған,
Қарсы келген жау менен
Тентектің қолын байлаған,
Қарсы келген дұшпанын
Өлтіруге жимаған,
Бұл қоныстан ауған соң,
Айрылдың ақыл-айладан!...
МАЗМҰНЫ Дулат Бабатайұлы Өлеңдер ................................................................................... 4 Бараққа..............................................................................5 Кеңесбайға........................................................................8 Сүлейменге.....................................................................12 Ишанға ...............................................................................16 Ақтанға...............................................................................19 Баласына айтқаны..............................................................21 Тымсал өлең.......................................................................25 Дулаттың айтқаны..............................................................34 Махамбет Өтемісұлы Өлеңдер ................................................................................. 36 Борай да борай қар жауса..................................................37 Бірсіндеп садақ асынбай...................................................38 Арғымақ, сені сақтадым....................................................39 Арғымақтың баласы .........................................................40 Еңселігім екі елі.................................................................41 Атадан туған аруақты ер...................................................42 Азамат ердің баласы..........................................................43 Қара нар керек біздің бұл іске .........................................44 Еменнің түбі – сары бал....................................................45 Жалған дүние ....................................................................46 Еңіреу ұлы емшек боз .......................................................47 Исатай деген ағам бар.......................................................48 Еріскендей ер болса...........................................................49 Кел, кетелік.........................................................................50 Жақия .................................................................................51 Әй, Махамбет, жолдасым..................................................52 Мінгені Исатайдың Ақтабаны-ай.....................................57 Соғыс...................................................................................58 Жабығу................................................................................60
Ереуіл атқа ер салмай........................................................61 Міткен ер............................................................................62 Тарланым............................................................................63 Мұнар күн...........................................................................65 Желп-желп еткен ала ту.....................................................67 Тайманның ұлы Исатай.....................................................68 Сөйлесем даусым аңқыған................................................69 Аспанда ұшқан ақсұңқар...................................................70 Қайда бар?..........................................................................71 Абайламай айрылдым........................................................72 Істеген ісім кетті далаға....................................................73 Өлең айтып толғадым........................................................74 Алтын жақса жарасар .......................................................75 Әрайна.................................................................................76 Мұңайма.............................................................................77 Аймақ көл...........................................................................78 Күн қайда?..........................................................................79 Айныман.............................................................................80 Жайықтың бойы көк шалғын............................................81 Алты күндей алаулап.........................................................82 Қаршыға деген бір құс бар................................................83 Біз неткен ер.......................................................................84 Біз ер едік ...........................................................................85 Ұл туса................................................................................86 Ай астында бір көл бар.....................................................87 Аспандағы бозторғай.........................................................88 Қалы кілем, қара нар.........................................................89 Күмісті мылтық қолға алып..............................................90 Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын..........................91 Міне алмаған алаға............................................................92 Тілек ...................................................................................93 Біздің анау Нарында..........................................................94 Біткен істің міні жоқ..........................................................95 Арғымаққа оқ тиді.............................................................96 Мен ақсұңқардан туған құмаймын...................................97
Мен – тауда ойнаған қарт марал.......................................98 Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ..........................................99 Күн болған........................................................................100 Мен едім............................................................................101 Жәңгірге айтқаны.............................................................102 Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі..........103 Қызғыш құс...................................................................... 112 Менің атым – Махамбет.................................................. 113 Жалғыздық........................................................................ 114 Жайықтың бойы енді су.................................................. 115 Туған ұлдан не пайда?..................................................... 116 Бағаналы терек жарылса................................................. 117 Арқаның қызыл изені...................................................... 118 Қақақулап шақырмай.......................................................120 Адыра қалған Нарынның................................................121 Қарағай шаптым шандоздап...........................................123 Есіл ер...............................................................................124 Махамбеттің Ордадан кетерде ханға айтқаны..............125 Әй, Шонты би, Шонты би ..............................................126 Мен Нарыннан кеткенмін...............................................127 Құлжа қуған текешік ......................................................128 Желден де желгір ақбөкен ..............................................129 Беріш Махамбет батырдың сұлтанға айтқаны ............130 Асқар, асқар, асқар тау....................................................138 Айналайын, Ақ Жайық....................................................139 Жалп-жалп еткен жапалақ..............................................140 «Ереулі атқа ер салмай» өлеңінің нұсқалары ...............141 Ереулі атқа ер салмай «Исатай-Махамбет» жинағынан .......................................................................142 Ереулі атқа ер салмай......................................................144 Ерулі атқа ер салмай........................................................145 «Борай да борай қар жауса» өлеңінің әр жылдардағы басылымдардағы нұсқалары (І нұсқа)...........................146 Борай да борай қар жауса (ІІ нұсқа)...............................148 Орай да борай қар жауса (ІІІ нұсқа)...............................149
Еділден ұшқан аққудай....................................................150 Исатай хан Ордасынан кеткеннен кейін Махамбеттің ханға айтқаны............................................151 Нарында............................................................................152 Алаша Байтоқ Өлең ..................................................................................... 154 Жәңгір ханды жоқтауы....................................................155 Шернияз Жарылғасұлы Толғаулар мен термелер .............................................. 164 Сөйле десең сөйлейін......................................................165 Толға десең толғайын......................................................171 Сөйлейін сөзді термелеп.................................................175 Баянсыз фәни дүния .......................................................181 Исатай мен Науша батыр туралы..................................182 Айтып-айтпай немене......................................................185 Айтыстар ............................................................................ 186 Баймағамбет Сұлтанға айтқаны.....................................187 Шернияздың Баймағамбет Сұлтанға айтқан осы өлеңінің Мәшһүр Жүсіп Көпеев жариялаған нұсқасы.............................................................................203 Баймағамбеттің қызы Қайныкейдің тойын бастағаны .........................................................................214 Махамбеттің жұмбағы.....................................................217 Қазы биге айтқаны ..........................................................219 Бір қақпайлар...................................................................222 Жәңгір хан мен Шернияз................................................224 Шернияздың қонақ болуы...............................................225 «Мен саған не қылайын Адай болсаң»..........................226 Шернияздың рұқсат сұрауы............................................227 Шернияз бен саудагер ағасы...........................................229
Шернияз бен молла .........................................................230 Шернияз бен Баянас........................................................231 Байсақал бидің үйінде.....................................................232 Шернияздың емеуріні.....................................................233 «Қонағым...».....................................................................234 Шернияз бен Мұраттың кездесуі...................................235 Табын қызбен айтысы ....................................................236 Жантөре би мен Шернияз...............................................240 Шернияздың итке жазған дұғасы...................................242 Шернияздың Абылмен қағысуы.....................................243 Шернияздың туыс тегі.....................................................244 Шернияз бен Үбі..............................................................246 Арыстанбай Тобылбайұлы Айтыстар ........................................................................ 248 Арыстан мен Орынбайдың айтысы..............................249 Кенесарыға Арыстан ақынның айтқаны.......................255 Орынбай Бертағыұлы Айтыстар ............................................................................. 258 Орынбай мен Шортанбай................................................259 Орынбай – Серәлі............................................................261 Хан Құсбектің үйінде Шортанбай мен Орынбайдың кездесуі......................................................263 Орынбай ақынның Ғұбайдолла ханға айтқаны.............265 Досқожа Кенесары қоныстан ауғанда айтқаны............................271
Редактор
Ш. ЖҰБАТОВА
Мұқабаны көркемдеген
Ж. БОЛАТАЕВ
Беттеуші:
С.ЯГОВКИНА
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасұлы
Арыстанбай Тобылбайұлы
Орынбай Бертағыұлы
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ИБ 14(16) Теруге 25. 06.2014 ж. берілді. Басуға 13. 10. 2014 ж. қол қойылды. Пішімі 84х1081/32. Әріп түрі «Tіmes New Roman», кегль 11,5. Офсеттік басылыс. Қағазы офсеттік. Көлемі 15 шартты баспа табақ. Таралымы 2000+10. Тапсырыс № 235.
«Нұрлы Press.kz» ЖШС
050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143
«Полиграфсервис» ЖШС.
050050, Алматы қаласы, Зелёная көшесі, 13 «А».
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру