TELEGEI

Home

Әлемдік әлеуметтану антологиясы 4 том

Кеңес Биекенов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әлемдік әлеуметтану антологиясы 4 том

Мазмұн: Л. Гумплович Әлеуметтану тұғырлары Г. Ле бон Халықтар психологиясы Г. Моска Саяси ғылымның элементтері Ф. Гиддингс Әлеуметтану тұғырлары Дж. Г. Мид Ишарадан – рәмізге Ч. Кули Бастапқы топтар Ф. Знанецкий Әлеуметтанудың түбірлі мәліметтері А. Шюц Қоғамдық ғылымдарда ұғым мен теорияны қалыптастыру П. М. Блау Әлеуметтік құрылымға әртүрлі көзқарастар және олардың ортақ таянышы

МЕМЛЕКЕТТІК “МӘДЕНИ МҰРА”

БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

КІТАП СЕРИЯЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ

ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ

БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамы:

ҚҰЛ-МҰХАММЕД Мұхтар, төраға

ДОСЖАН Ардақ, төрағаның орынбасары

АСҚАРОВ Әлібек, жауапты хатшы

Қоғамдық кеңестің мүшелері:

АБДРАХМАНОВ Сауытбек

АЯҒАН Бүркіт

ӘБУСЕЙІТОВА Меруерт

ӘЖІҒАЛИ Серік

ӘЙТІМОВА Бірғаным

ӘЛІМБАЙ Нұрсан

ӘУЕЗОВ Мұрат

БАЗЫЛХАН Нәпіл

БАЙПАҚОВ Карл

БИЕКЕНОВ Кеңес

ЕРТІСБАЕВ Ермұхамет

КЕНЖЕҒОЗИН Марат

ҚАСҚАБАСОВ Сейіт

ҚОЙГЕЛДИЕВ Мәмбет

НЫСАНБАЕВ Әбдімәлік

ӨМІРБЕКОВ Байтұрсын

САЛҒАРА Қойшығара

САРИЕВА Рысты

СЕЙДІМБЕК Ақселеу

СҰЛТАНОВ Қуаныш

ТАЙМАҒАМБЕТОВ Жәкен

ТҰЯҚБАЕВА Баян

ХҰСАЙЫНОВ Көбей

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ,

АҚПАРАТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ

Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы

ӘЛЕМДІК

ӘЛЕУМЕТТАНУ

АНТОЛОГИЯСЫ

4-том

Алматы
“Қазақстан”

ББК 60.5

Ә 52

“Әлемдік әлеуметтану антологиясы”. 10 томдық.

“Мәдени мұра” бағдарламасы. Алматы:– ЖШС “ Қа-

зақстан” баспа
үйі”, 2005 ж. – 352 бет.

ІSBN

9965-10-050-0

ББК 60.5

ІSBN 9965-10-050-10

ІSBN 9965-10-036-5

© ЖШС “Қазақстан” баспа үйі” – Аударма және безендіру

“Әлемдік әлеуметтану антологиясы” он томдығының түпнұсқа мәтінін
құрастырған Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасының
“Әлеуметтану” секциясы

Секция құрамы:

1. БИЕКЕНОВ Кеңес Үмбетжанұлы – Секция жетекшісі, әлеуметтану

ғылымының докторы. 2. АЯҒАН Бүркітбай Ғылманұлы – тарих ғылымының докторы,

профессор. 3. ӘЖЕНОВ Матипулла Салахадинұлы – философия ғылымының

докторы. 4. ҒАБДУЛЛИНА Қанапия Ғабдолқызы – әлеуметтану ғылымының

докторы. 5. ЕСІМ Ғарифолла – философия ғылымының докторы. 6. САДЫРОВА Мәнсия Сапарғалиқызы – әлеуметтану ғылымының

докторы. 7. СЕЙДУМАНОВ Серік Тұрарұлы – әлеуметтану ғылымының докторы. 8. ШАУКЕНОВА Зарема Қаукенқызы – әлеметтану ғылымының

докторы. 9. КЕНЖӘКІМОВА Гүлнар Әлейқызы – секция хатшысы.

Түпнұсқа мәтіннің қазақша редакциялануын басқарған “Қазақстан” баспа үйі” мойынсерігінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрмахан ОРАЗБЕК.

Аударма сарапшысы – филология ғылымының докторы, ҚР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты Жұмағали ЫСМАҒҰЛОВ.

МАЗМҰНЫ

Алғысөз
Л. Гумплович
Әлеуметтану тұғырлары
Г. Ле бон

Халықтар психологиясы
Г. Моска

Саяси ғылымның элементтері
Ф. Гиддингс
Әлеуметтану тұғырлары
Дж. Г. Мид

Ишарадан – рәмізге
Ч. Кули

Бастапқы топтар
Ф. Знанецкий
Әлеуметтанудың түбірлі мәліметтері
А. Шюц

Қоғамдық ғылымдарда ұғым мен теорияны қалыптастыру
П. М. Блау
Әлеуметтік құрылымға әртүрлі көзқарастар және олардың
ортақ таянышы

Алғысөз

“Антологияның” бұл томына ғылымның осы саласына үлкен үлес қосқан белгілі ғұламалар Гюстав Ле Бонның, Гаэтано Москаның, Людвиг Гумпловичтің, Флориан Знанецкийдің, Питер Блаудың, Джордж Мидтің, Чарльз Кулидің, Гиддингстің және Альфред Шюцтің туындыларынан үзінділер топтастырылған. Бұлар еңбектері бұрын ешқашан қазақ тілінде жарияланбаған авторлар. Солардың бірі Польша және Австрия әлеуметтанушысы Людвиг Гумплович әлеуметтану ғылымының пәні әлеуметтік топтар деп айқындайды да, олардың арасындағы қайшылықтарды әлеуметтік өмірдің негізгі факторы деп санайды. Осыдан әлеуметтанудың бүкіл адамзатты зерттейтін тарих философиясынан айырмашылығы туады. Гумпловичтің пікірі бойынша, әлеуметтік процестердің негізі – адамдардың өздерінің материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылысы. Ол қоғамды индивидтерден жоғары қояды. Әрбір қоғам қалыптасу, даму және күйреу кезеңдерін бастан өткереді. Қоғам әлеуметтік топтардан құралады, ал индивидтердің мінез-құлқы сол топтарға байланысты болады. Әлеуметтік топтар арасындағы қарымқатынас әлеуметтік өмірді анықтайтын өмірлік күрес, әлеуметтік институттардың қалыптасып, дамуына әлеуметтік топтардың арасындағы қақтығыстар ықпал жасайды. Американың алғашқы әлеуметтанушыларының бірі, әлеуметтік психолог Чарльз Кули Хортон “Адам табиғаты және әлеуметтік тәртіп” (1902); “Әлеуметтік ұйым” (1909); “Әлеуметтік процесс” (1918); “Әлеуметтану теориясы және әлеуметтік зерттеу” атты еңбектерімен енді. Кули әлеуметтік ғылымның өзекті проблемасы индивид пен қоғамдық тәртіп арасындағы өзара байланыс деп санады. Оның көзқарасы бойынша “индивид” және “қоғам” деген ұғымдарды олардың бір-біріне өзара қатынасына қарап қана анықтауға болады, өйткені адам өмірі шынтуайтында қоғамдық ықпалдастыққа тәуенді – қоғам индивидті қалыптастырады, сол секілді индивидтер қалыптастырады. Оның сыншылары Кули бұл бағытта табысқа жете алған жоқ, онда индивидуализм

мен идеализмнің іздері сайрап жатыр деп санады. Бір қызығы Кули өзін әлеуметтанушы деп атаудан бас тартып, оның орнына тарихты, философияны және әлеуметтік психологияны біріктіру амалын іздестірді. Дегенмен ол әзірлеген екі ұғым әлеуметтанушыларды баурап алды. Оның біріншісі “айнадағыдай бейнелеу” – өзге адамдарға “шағылысқанын” адамдардың өзінің қалай елестетіні. Бұл идеяны кейінірек Уильям Джеймс Герберт Мид барынша кеңейтіп “Меннің” ортақ теориясын жасауда пайдалануға тырысып бақты. Кулидің ғұмыры ұзақ болған екінші ұғымы “бастапқы топ”, ол топқа тату, сырласу өзара қатынастары тән болады. Бұған Кули ауқымы жағынан да, алуандығы жағынан да үлкен “ұйтқы топты қарсы қояды, оның мүшелері тікелей қатынасты өте сирек жасайды. Мысалы, отбасы немесе дос-жарандар үйірмесі – бастапқы топ, кәсіподақтар мен саяси партиялар – ұйтқы топ. Прагматизм мен натурализмнің көрнекті өкілі Джордж Герберт Чикаго мектебіне жататын философ және кейін символдық интеракционизм (ықпалдастық) деген атпен белгілі болған әлеуметтанушылдық дәстүрдің негізін қалаушылардың бірі. Оның көзқарасы көбіне әлеуметтік бихевиоризм деп танылады. Ол “Mіnd, Self and Socіety” атты еңбегінде әлеуметтанушылық әлеуметтік психологияның негізін қалап, мыналарды бөліп көрсетті: қоғам ауқымында мықтап қалыптасқан тәжірибені талдау; тілдің, бейненің, байланыстың адамдар таптарының өміріндегі маңыздылығы; сөз бен ым (ишара) рөл алу арқылы басқалардың үн қатуын туғызатын жолдар. Мид әлеуметтану үшін әлдеқайда кең ауқымды біріктіргіш теория берді. Ол теорияның бір басы – әлеуметтік биологияның даму нәтижелері, екіншісі – кең ауқымды тарихи өзгерістер. Осынау бәрінің біріктіруші бастауы ғылымның адам қарекетіндегі рөліне бұлжымас сенім. “Ғылыми әдіс – әлеуметтік прогресс тәсілі” деп жазды ол. Мид кейде “объективті релятивизм” дейтін көзқарасты ұстанып, “келешектің объективті болмысы” дегенді жиі айтады. Болмысты әралуан баяндауға болады, көзқарас та соларға қарай айқындалады. Мәселен, тарих қазіргі бір адамның көзқарасы тұрғысынан қашан да өткенді баяндау, Уақытты

әлеуметтік тұрғыдан ұйымдастыру теориясы Мид еңбегінің тағы бір басты қыры. Мид қайтыс болғанда оның еңбектері толық жарияланбаған еді. Ол өлгеннен кейін жарияланған төрт кітап оның жазбаларының редакцияланған нұсқасы, студенттер оның лекцияларынан жазып алған конспектілер. Соған қарамастан оның осы заманғы әлеуметтануға ықпалы ұшан-теңіз. Француз әлеуметтік психологы Гюстав Ле Бон ХІХ ғасырдың екінші жартысында “бұқара психологиясы” теориясын түзудің алғашқы қадамдарын жасағандардың бірі. Ол антропология, археология және табиғаттану ғылымдарының мәселелерімен да айналысқан. Ле Бон әлеуметтік процестерде шешуші рөл атқаратын сезім деп білген. Ол әлеуметтік теңдік пен демократияның барлық түрлеріне қарсы болған. Қоғамның жетістіктері жайсаңдардың қызметінің жемісі. Ле Бон бұқаралық қоғам теориясының алғашқы тұжырымдамаларының авторы. Қалалардың өсуіне, өндірістің кеңеюіне, бұқаралық ақпарат құралдарының күшеюіне байланысты қоғам өмірі тобырдың мінез-құлқына тәуелді. Тобырда адамдардың жауапкершілігі жоғалады, оларды “тобырдың рухани бірлігі” заңы басқарады. Итальян әлеуметтанушысы, саясат теоретигі, жайсаңдар үстемдігі теориясының жақтасы Гаэтано Моска өзінің ең танымал “билеуші тап” деген еңбегінде адамдар сөзсіз екі топқа: басқарушылар мен басқарушылар тобына бөлінеді, олардың біріншісі мейлінше тұрақты, мәртебелі, байлықтың да, сыйқұрметтің де қызығын көріп жүрген қыртыс. Ол үстемдіктің өміршеңдігі себептерін түсіндіріп бере алмаған марксистерді де, индустриялық қоғамға көшу бұқарадан қол үзген жайсаңдардың басқаруын жояды деп топшылаған либералдарды да сынайды. Моска үшін билеуші тап – олигархтар. Тіпті коммунистік қоғамдарда да басшылық қажет болады, ол басшылықты жайсаңдар жасайды. Моска либералдық демократия – екіжүзділік, олардың мұраты жүзеге аспайды деп сенді. Ол басқарушы жайсаңдардың үстемдігі болатынын жай ғана жасырады. Моска әсіресе саяси көсемдердің рәміздік рөліне қатты шүйлігіп, олар бұқараны түрлі “саяси формулалардың” көмегімен өздерін қолдатқысыв келеді деп сынады. Мұндай өзін-өзі ақтау жайсаңдардың

үстемдігін мәңгілік етуді көздейді. Осыны айта отырып ол кейінірек индустриялық қоғамның әртүрлі әлеуметтік күштерден құралатынын, ондай қоғамдар жабық болатынын мойындады. Москаның теориясын түсіндіру қиын, өйткені оның билеуші тапқа берген анықтамасы бұлдыр деген пікір бар. Поляк әлеуметтанушысы Флориан Знанецкий. Поляк әлеуметтану институты (1921) мен “Przeglad socjologіczny” (1930) журналының негізін қалаған адам. Ол тұңғыш поляк әлеуметтанушысы еді, профессор атағына ие болды. Знанецкий эмпириялық әлеуметтанудың негізін қалаушылардың бірі. 1914 жылы ол Вильям Исаак Томаспен бірге “Еуропа мен Америкадағы поляк шаруасы” деген еңбек жазып, тұңғыш рет нақты материалдардың, жеке құжаттардың, өмірбаяндардың, сұхбаттардың, естеліктердің негізінде талдау жасаудың жаңа әдісін ұсынды. Знанецкий жеке құжаттарды зерттеу процесінде шаруалар хаттарын, Польша эмиграциялық ұйымдарының он мың данадан астам газеттерін талдаған. Знанецкий аталған еңбегінде материалдарды іріктеу, орналастыру жүйесі арқылы индивид психикасының, оның көзқарасының рөлін, сондай-ақ әлеуметтік ортаның өзгеруіне байланысты олардың эволюциясын дәлелдеді. Знанецкий әлеуметтік қарекет теориясының негізін қалаушылардың бірі. Ол қоғамды кіші жүйелерден тұратын мәдени жүйе деп қараған. Әлеуметтік жүйелерді ол төрт шағын жүйелерге бөлген. Олар: қарекет, қатынас, кісілер және топтар. Знанецкий әрбір индивидке балалық және жастық шақта қалыптасып, ғұмыр бойы сақталып қалатын тұрақты әлеуметтік мінезқұлық үлгісінің тән екендігін көрсетеді. Осылайша “әлеуметтік мінез-құлықтың тұрақты үлгісі” тұжырымдамасы жасалды. Бұл тұжырымдама АҚШ-та қылмыс, нашақорлық, ішімдікке салыну сияқты құбылыстарды түсіндіру үшін кеңінен қолданылады. Австрия әлеуметтанушысы, феноменологиялық әлеуметтанудың негізін қалаушы Альфред Шюц қырық жасында Америка Құрама Штаттарына қоныс аударып, өмірінің ақырына дейін сонда ғылыми жұмыспен айналысты. Ол әлеуметтік ғылымдардың философиялық негізін қалауға ғұмырының көп бөлігін жұмсады. Ол түсіндірмелі әлеуметтану жөнінде өзінің көзқарасын

білдіріп, ғылыми категориялардың күнделікті өмірге қажеттілігін дәлелдеді. Адамдардың санасы күнделікті өмірден байқалатынын, күнделікті өмірді адамдар тәжірибесінің бір саласы екендігін көрсетті. Еңбек ету процесінде адамдар дүниеде болып жатқан құбылыстарды қабылдайды. Сондықтан да, Шюцтің айтуынша, күнделікті өмір “ең жоғарғы өмір” болып саналады. Американ әлеуметтанушысы Питер Блау Колумбия университетінің профессоры, бір кез америка әлеуметтанушылары ассоциациясының президенті (1973-1974) болған. Құрылымдық қызмет мәселелерін зерттеген ол ресми ұйымдардағы құрылымдық өзгерістердің көзін анықтаған. Ол әлеуметтік жанжал, әлеуметтік құрылым теорияларын зерттеп, әлеуметтік структурализм жөнінде үлкен тұжырымдама жасаған. “Әлеуметтік құрылымға түрліше көзқарастар” деген негізгі еңбегінде адамдардың қарым-қатынасындағы экономикалық аспектілерге көп көңіл бөлген. Күрделі әлеуметтік ұйымдардың арасындағы байланыстар, ұжымдық құндылықтар мәселелері жөнінде бірталай еңбектер жазған. Бір сөзбен айтқанда, Блау Америкадағы әлеуметтік құрылымды зерттейтін ірі мамандардың бірі. 60-шы жылдары Блаудың басшылығымен Америкада әлеуметтік құрылымның өзгеру динамикасын зерттеу барысында математикалық әдістер қолданылып, жасөспірімдердің әлеуметтік статусының өзгеруіне әсер ететін факторлар анықталған. Микроәлеуметтану теориясының ішіндегі маңыздысының бірі Блаудың әлеуметтік алмасу теориясы. Бұл теория құрылымдық функционализммен салыстырғанда жүйені емес, адамды басты орынға қойды. Томға еңбегінің үзіндісі енген ғалымдардың бірі – американ әлеуметтанушысы франклин Гиддингс. Ол Герберт Спенсердің эволюциялық идеяларын салыстырмалы һәм тарихи талдау саласында алғашқы американ әлеуметтанушыларының бірі. Оның он тоғызыншы ғасырдың аяғы мен жиырмасыншы ғасырдың бірінші ширегінде жазылып жарияланған еңбектері белгілі бір кезеңге қатысты болғанымен (“Prіncіples of Socіology”, 1896, “Studіes іn the theory of Human Socіety”, 1922, “The Scіentіfіc Study of human Socіety”, 1924), олар оның американ әлеуметтануына тән бірнеше бағыттарға, соның

ішінде кванттандыру проблемаларына айрықша көңіл бөлгенін, сондай-ақ психология саласындағы түрлі теорияларға ынта қойғанын көрсетеді. Оның бастапқы еңбектері психологиялық эволюционизм мәселелеріне арналған. Өзінің кейінгі еңбектерінде ол кванттандыру мен бихевиоризм мәселелерін ықыласпен зерттеді, ал бұлар американ неопозитивизмін дамыту үшін маңызды түрткі болды. Қорыта келгенде, аталған ғалымдардың ойлары қоғамның құндылықтарын бойымызға сіңіруге, мемлекетіміздің іргетасының беріктігін сақтауға, әлеуметтік теңдік пен бостандықты дәріптеуге, адам құқықтарының сақталуына жәрдемдеседі.

Гүлнәр КЕНЖЕӘКІМОВА,
“Әлеуметтану” секциясының хатшысы

Людвиг Гумплович

ӘЛЕУМЕТТАНУ ТҰҒЫРЛАРЫ

Тұғырлар мен негізгі ұғымдар

§1. Құбылыстардың үш түрі

Бөлшектелу мен топтастырып жіктеу танымның жақсы құралы екені баяғыдан белгілі. Олар материал мен мақсатқа неғұрлым сәйкес болса, олардан таным үшін соғұрлым көбірек пайда алуға болады. Сондықтан біз «құбылыстар әлемі» деп атайтын айналамыздағы құбылыстардың жиынтығы біздің танымымыздың пайдасына баяғыдан топтастыра жіктеліп, бөлшектеліп келеді. Алайда білімнің табыстарына орай топтастырып жіктеу де өзгереді, өйткені адамдар сол үшін барған сайын, неғұрлым терең, неғұрлым елеулі тұғырларды ұдайы ашып отырады. Мәселен, үстірт бақылау жансыз табиғатқа жанды саланы қарсы қояды. Басқа бір бөлу әдетте құбылыстардың мына бір айырмашылығына: олардың біреулері сезім арқылы, ал екінші біреулері парасат және біздің рухани күштеріміз арқылы танылуына негізделіп, біріншілері – сезімдік, екіншілері – рухани құбылыстар деп аталады. Таным прогресі жансыз табиғатты органикалық және анорганикалық табиғат деп екіге бөледі. Органикалық дүниенің құбылыстарымен қатар, қайнар көзі және бастауы, адам жаны деп мойындалатын, яғни психикалық деп аталатын құбылыстың бар екенін мойындасақ, айналамыздағы құбылыстарды анорганикалық, органикалық және психикалық құбылыстар деп үшке бөле аламыз. Атауларының өзінен-ақ осы рубрикаларға құбылыстардың қандай топтары мен түрлері жататыны көрініп тұр. Дәл сол секілді осылайша бөлу адамзат білімінің аталмыш кезеңімен табиғи байланысты екені айқын. Ол органикалық және анорганикалық құбылыстардың арасындағы

айырмашылықтарды танумен, адамдарға тән адам бойында өмір сүретін жан барлық адами қылықтардың, бүкіл адам құлқының және ол туындайтын барлық құбылыстардың себебі болып табылады деген ғылыми сеніммен байланысты. Егер де осы сенім өзгерсе, егер де ғылым адамда ешқандай «жан» жоқ деген тұжырымға келсе, ой және адамның рухани өмірі дейтін нәрсенің бәрі тек организмнің физиологиялық қызметінен басқа ештеңеештеңе де емес деген тұжырымға келсе, онда жағдайда «жан» топтастыра жіктеу принципі ретінде жайна қалар еді, психикалық құбылыстардың ерекше категориясы жойылар еді де, қазіргі кезде осы категорияға кіргізілетін барлық құбылыстар органикалық құбылыстар категориясына әбден-ақ жатқызылар еді. Осылайша, бөлшектеу дегеніміз танымның уақытша қосымша құралы, ал игерілген білім, өз тарапынан, жаңа бөлшектеудің негізі. Бірақ былай да болуы мүмкін: жаңа бір құбылысқа тап болып, біз оны осы кезге дейін белгілі құбылыстардың қай тегіне жататынын және белгіленген категориялардың қайсысына жатқызу керек екенін анық айта алмаймыз. Мұндайда біздің амалдар әрқилы бола алады. Біз, не мүмкіндігінше, осынау жаңа құбылыстарды орын алып отырған категориялардың біріне тығып жіберуге тырысып көреміз, не оларға ерекше бөлімше құрамыз, не, сайып келгенде тек қана соларға тән ортақ белгіні тауып, солар үшін дербес категория, жаңа түр құрамыз. Құбылыстардың жаңа тегінің пайда болуының мұндай уақиғасы ең жаңа заманда орын алды: біздің танып-білуге құштар рухымыз «әлеуметтік» құбылыстарға тап болды, оны көптеген себептер бойынша ерекше топ деп мойындауға тура келді, өйткені оларды орын алып отырған топтардың қайсысына жатқызу керектігін шешу мүмкін болмады. Осынау құбылыстардан ерекше топ құруды жақтайтын себептер мынадай еді: оларды органикалық денелерге де, анорганикалық денедерге де жатқызуға болмайтыны, оларда жансыз немесе жанды заттарға тән белгілер жоқ еді; олар таза психикалық құбылыстар емес болатын, яғни индивидуалдық психикадан туындамаған; ал олар адамдар бұқарасының санасы мен ырқына кереғар, оларға үстемдік құра отырып, бәрібір орын алғандықтан жүйелеушілер алдына

көлденең тұрып алды да, олар жоғарыда келтірілген тәсілдердің бірімен сол міндетті шешу қажеттігі туындады. Әлеуметтік құбылыстар деп негізінен мемлекетте орын алатын құбылыстар: мемлекеттік төңкерістер, партиялар күресі, саяси ниеттер және т.б мойындады. Біреулер бұл құбылыстардың барлығын «органикалық құбылыстар» тобына жатқыза салуға тырысты. Біз әбден жайласып алған ескі пәтерде бізге өте ыңғайлы, сондықтан отбасы мүшелерінің саны артқан жағдайда біз тек жаңа пәтерге көшу машақатына килікпес үшін, біз сығылысқанды жөн көреміз ғой. Сондай жолмен, «мемлекет туралы органикалық ілім» дейтін пайда болды да, Шеффле өзінің үш томдық шығармасында, біз әлеуметтік құбылыс деп атайтын нәрсенің бәрі шындап келгенде – “әлеуметтік дененің органикалық функцияларынан” басқа ештеңе емес екенін анық көрсетті, әрбір жануар организмі тәрізді оның да жасушалары, тіні, жүйке тамыры, бұлшық еттері, еті, сүйегі және қаны бар. Қазірде тек Германияда емес, Францияда да оның айтқанына ойланбай сене беретін адамдар бар; бірақ біз олардың қатарына жатпаймыз. Ал фантазиясы біршама аз және неғұрлым ойлануға қабілетті, бірақ ескі категориялардың тажалы алдында тізесі кем дірілдемейтін енді біреулер қиындықтан келесі амалмен шықты. Мемлекетте және мемлекетпен болатын нәрсенің бәрі, соның бәрі әрине, адамның ісі. Ал, адам істейтін нәрсенің бәрі оның кеудесіндегі жаннан туындайды: сондықтан әлеуметтік құбылыстарда психикалық құбылыстар категориясына жатады. Рас, әлеуметтік құбылыс индивидуалдық ой мен сезімдерден өзгешеленеді; бірақ мұндай айырмашылықты кейінгі «бөлшектеуде» жасауға болады; соған қарамастан, «психикалық» құбылыс «психикалық» құбылыс болып қала береді. Тағы да, көптеген мысалдар орнына, алдымызда жатқан бір ғана Рюмелинді тілге тиек етейік; бұл аса қадірлі ғалым әлеуметтік құбылыстарды психикалық құбылыс деп, соның салдарынан “әлеуметтік заңдар психикалық заңдардың ерекше түрі” деп қарастырады1.

1 Рюмелин. Ueber socіale Gesetze (іn der Zeіstchіft f. d. g. Staatswіs. 1868.

Бірақ әлеуметтік құбылыстарды психикалық құбылыстармен теңестіру оларды органикалық құбылыстармен теңестіру секілді біздің көңлімізді көншітпейді. Бізге өзімізді қоршаған, өзіміздің түйсінуіміз бен бақылауымыз жататын дүниедегі құбылыстарды үш топқа: физикалық, рухани және әлеуметтік құбылыстарға бөлген бәрінен дұрыс секілді көрінеді. Осы соңғысын құбылыстардың ерекше тобына бөлуіміздің себебі, олар көптеген принципті тән белгілерімен өзгешеленетін ерекше топты құрайды; соның салдарынан, ғылыми зерттеу тұрғысынан, оларды ерекше топқа бөлу бізге орынды көрінеді. Осынау сипатты белгілер қандай? Күмән жоқ, біз әлеуметтік құбылыстарды «сезім» арқылы қабылдай алмаймыз, сондықтан оларды рухани құбылыстар қатарына жатқызудың парасатты негізі бар. Бірақ, екінші жағынан әлеуметтік құбылыстар тек қана көптеген адамдардың ұжымдық қарекетінен туындайды, ал біз жай ғана рухани деп атаған құбылыстар іс жүзінде тек индивидтің жанымен байланысты, содан өзінің бастапқы сәтін және, былайша айтқанда, өзінің бірден-бір тұғырын табады. Мәселен, адам рухының бүкіл ішкі көңіл күйі, бүкіл ғылыми қызметі, көркем көрінісі атаулы, оның ғылым мен өнердегі ақылмен қабылдана алатын туындылары, адам рухынан көрінетін барлық ойлар мен идеялар, рухани қабылдаудың, рухани құбылыстардың пәні. Керісінше, әлеуметтік құбылыстарға адамдардың бүкіл өзара қатынастары, яғни бүкіл мемлекеттік, құқықтық және экономикалық қатынастар жатады. Көптеген адамдардың қажетті топшылауы – сөздің төл мағынасындағы рухани құбылыстарда талап етілмейтін нәрсе – осынау қажетті топшылау әлеуметтік құбылыстардың сипатты белгісі. Бізді қоршап тұрған жалғыз және біртұтас дүние бар екендігі, ал оның құбылыстарын топтастырып жіктеу біздің танымымыздың тек көмекші құралы екендігі секілді, идеяда сол құбылыстардың заңдарын зерттеу міндетім деп білетін тек бір ғана ғылым бар; өйткені, біз басқа бір жерде дәлелдегеніміздей,

ғылым атаулы тек қана құбылыстардың дәйектілігі мен дамуын басқаратын заңдарды зерттеуге ұмтылады. Бірақ, құбылыстарды бірнеше текке бөлуге, сондай-ақ ғылым саласында еңбек бөлінісінің қажеттіліктеріне сәйкес ғылымды құбылыстардың ерекше түрлерін пән етіп алатын бірнеше топқа бөлу қажеттігі баяғыда мойындалған. Топтастырып жіктеудің барлығының ішінен ең белгілісі және ең көп қолданылатыны құбылыстарды физикалық және рухани деп бөлуге сәйкес, ғылымдарды “жаратылыстану және рухани ғылымдар” деп бөлу (соңғылары моральдық және моральдық-саяси деп те аталады). Жаратылыстану ғылымдары анорганикалық және органикалық табиғат өрісіндегі құбылыстармен және оларды басқаратын (физикалық) заңдармен айналысады; ал, рухани ғылымдар адам рухы мен оның дамуын басқаратын заңдарды зерттейді. Әуелі Кант, одан кейін Кетлэ ғылым үшін құбылыстардың жаңа саласын – әлеуметтік құбылыстарды көрсеткен, сонымен бірге бұл құбылыстар, барлық басқа құбылыстар секілді тұрақты заңдармен басқарылады деп кесіп айта бастаған кезде, сол кезде бірінші орынға әлеуметтік заңның мәнісі мен ұғымы туралы мәселе шығуы керек еді. Әрине, әлеуметтік заң дегеніміз не екені жөнінде өзімізге есеп беру оңай емес еді. Бұл екі арада әлеуметтік құбылыстар ғылымы туралы мәселенің өзі әлеуметтану туралы мәселе әлеуметтік заң ұғымына, анық позитивті анықтама беруге байланысты. Бұл сұраққа жауап беру үшін біз әуелі жалпы жаратылыстық заң ұғымын еске түсіруіміз керек; бұл ұғымды әлеуметтік құбылыстар саласына көшіріп, біз одан шығарылған әлеуметтік жаратылыстық заң, немесе жай ғана әлеуметтік заң ұғымын; және де, әуелі ол нақты болмыста бар не жоқтығына қарамастан, абстракция түрінде аламыз; ақыр соңында біз сондай әлеуметтік заңның бар екендігіне қарсы барлық пікірлерді қарастырамыз, және тек оларды теріске шығарғаннан кейін ғана біз әлеуметтік ғылым топырағына аяқ басу мүмкіндігін аламыз. Өйткені біз әлеуметтік заңдарсыз әлеуметтік ғылым жоқ екенін мықтап есте ұстауға тиіспіз.

Біз құбылыстармен дәйектіліктің немесе қатар өмір сүрудің әрқашан бір ғана пошымында ұшырасатын жағдайларда, біз осындай біркелкілік (Gleіchörmіgkeіt) негізінде жатқан заң туралы айтамыз. Әрине, бұл бейнесі саяси өмірден алынған аналогия, немесе метафора ғана. Егер заң бір нәрсені бұйыратын болса, онда бұл барлық тиісті жағдайларда заңмен міндеттелген пошымда болады. Табиғатта біз ұдайы бір ғана пошымда қайталанып отыратын құбылыспен ұшырассақ, сонда біз неғұрлым анықтық үшін істі осынау біркелкілік заңда бейнеленген қандай да бір жоғары ырықтың салдары секілді елестетіп, қысқаша ғана сол құбылыстың заңы туралы айтамыз. Осы метафораның көмегімен біз бірқатар құбылыстар үшін әбден ұғынықты сөзді, қарапайым формуланы аламыз. Енді мына бір сұрақ туындайды: осындай заңдарды әлеуметтік құбылыстар үшін анықтауға бола ма, басқаша айтқанда әлеуметтік заңдар бар ма? Егер әлеуметтік салада тәжірибе мен тарих бізге олар үнемі қайталанып отырады дейтін құбылыстардың дәйектілігі мен қатар өмір сүруіндегі біркелкілік ұшырасатын болса, және егер осылайшпа біз осынау тұрақты біркелкілікті – дәл физикалық өрістегі секілді – топшыланатын жалған жоғары ырыққа, «заңға» тели алатын болсақ, онда біз осынау сұраққа нақ солай деп жауап беруге тиіс боламыз. Жағдай нақ сондай болып тұр. Әлеуметтік топтардың өзара қатынасы, әлеуметтік одақтардың құрылуы, олардың дамуы мен бытырауы біздің алдымызда сондай біркелкіліктерді даусыз ашып береді, сондықтан да біз әлеуметтік саладағы зерттеу алдына осынау біркелкіліктер үшін ең қарапайым формулаларды, әлеуметтік заңдарды табу мақсатын қоя аламыз. Өздігінен алғанда бұл ойлардың айқын да айдан анық екендігі сондай, егер оларды барша мойындаса, дәлелдеуге көп сөз жұмсаудың керегі болмас еді. Өкінішке қарай, олай емес, көп кісілер әлеуметтік заңдарды, яғни әлеуметтік дамудың жаратылыстық заңдарын белгілеуге үзілді-кесілді қарсы шығады. Мұндай ала-құлалықтың себебі адами «ырық бостандығын” мойындауға ұмтылыста, әлеуметтік дамудың жаратылыстық заңын мойындау ырықтың

осынау бостандығы тамырына балта шабады деген үрейде жатыр. Осынау принциптердің ішкі күресін, әлеуметтік құбылыстар жөнінде табиғат заңдары мен ырық бостандығы арасындағы тартыншақ әрі-сәрілікті бізге Рюмелиннің құрметке лайық шынайылықпен жазылған мойындауы анық көрсетіп бере алады. Жастық шағында бұл ғалым әлеуметтік салада (мұны ол, өзіміз көргеніміздей психикалық саланың бір түрі деп білген) жаратылыстық заң бар деуге бейім болатын. Өзінің көзқарасын ол «Әлеуметтік заң ұғымы туралы» («Ueber den Begrіff eіnes socіalen Gesetzes») академиялық сөзінде білдірді. Бұл 1868 жылы болған. Жаратылыстық заңның бұл “тіркес күштердің барлық жеке жағдайлардағы қарапайым, ұдайы аңғарылатын ықпалын нобайлайды” деген мағынадағы ортақ анықтамасын беріп, ол өзіне келесі сұрақты қояды: «жансыз табиғат процестерінен көшіріп алынған заң ұғымын жанды табиғат процестеріне қолдануға бола ма?» Сонда Рюмелин бұл сұраққа, тым сенімді болмаса да, болады деген жауап береді. Оның пікірі бойынша «күштің үш түрі бар: фиизкалық, органикалық және психикалық. Төртінші үйлестірілген түр миға қонбайды. Әлеуметтік құбылыстар психикалық құбылыстардың бір түрі. “Психикалық құбылыстардың екі түрі: психологиялық және әлеуметтік түрлері бар”. Саяси экономика саласында заңның бар екенін Рюмелин ешбір күмәнсіз мойындайтын секілді. Бұл ғылым «адамдар өзін-өзі сақтау инстинктін қанағаттандыру үшін мүмкіндігінше аз шығынмен, мүмкіндігінше мол сыртқы құралдар жасауға табиғатынан бейім дейтін негізге ашық немесе үнсіз сүйенетіндіктен”, оған «саяси экономия баға және жалақы қозғалысы туралы, бәсеке және ақша айналымы туралы өзінің негізгі қағидаларын заңдар деп атауға хақылы” болып көрінеді; өйткені сол қағидалар психикалық күштердің жаппай ықпалының тұрақты негізгі пошымдарын көрсете отырып, заңды сипаттайтын жоғарыда белгіленген талаптарға толық сәйкес келеді. Рюмелин статистикалық заңдар дейтінге неғұрлым сыншыл тұрғыдан қарайды; оларды әлеуметтік заңдар деп мойындау керек пе, жоқ па, мұны оның өзі де білмейді. Келесі толғамдар бұл сұрақтың шешімін жеңілдетуі керек. «Психология түрдің

сипатты нышандары ретінде қарапайым индивидтердегі рухани күштерді зерттейді; әлеуметтік ғылымдар сол күштерді олардың жаппай ықпалында зерттейді, мұнда, негізінен жаппай ықпал сәтінің арқасында туындайтын әсерлер, өзгерістер мен модификацияларға қаперге алынады. Сондықтан әлеуметтік заң психикалық күштердің жаппай ықпалының негізгі қарапайым пошымының көрінісі болуға тиіс». Статистикалық заңдар оған әлеуметтік заңның бұл сипаттамасына сай келмейтіндей көрінеді. Бұл ой салмақты паймдаулармен қуатталады. Ол статистиктер заң –«әлеуметтік заң» деп жариялайтынның бәрін мойындай алмайды, және, тегінде, бұл негізсіз де емес сияқты. Статистиктердің осыған қатысты көзқарастарында (негізінен Кетлэнің), оның айтуынша, «маңызды ақиқаттар азды-көпті өрескел адасулармен етене араласып кеткен»; бұл жерде біз онымен келісуіміз керек. Қанағат таппаған ол, өзінің «әлеуметтік заңдарды іздеуін» доғарады. “Тапқанымыз көп емес”, деп ойлайды ол, бірақ бұл «әлеуметтік ғылымдар саласына» артылатын кінә болмауға тиіс». «Ең жас ғылымдар – деп жұбатады Рюмелин әлеуметтанушыларды, – әрқашан ең қиын ғылымдар, өйткені олар бұрын тіпті байқалмаған, немесе бұрындары оларға кірісу құралдары болмаған проблемалармен айналысады». Ол «статистиканың болашағы туралы, фактыларды дамып, ілгерілеп бара жатқан жүйелі бақылаудың ғылыми маңызы туралы өте жоғары пікірде» екендігіне сендіреді. Қысқасы, ол шынайы әлеуметтік заңдарды анықтау сәтінің түсетіндігінен үмітін үзбейді; алайда ол осыған күмәнін де жасырмайды. Бұл 1868 жылы болған. Он жылдан соң 1878 жылы Рюмелин тағы да «тарих заңдары» туралы сөйлейді. Бұл арада ол осы проблема туралы содан кейінгі толғамдары жөнінде есеп береді де, бізге «әлеуметтік заңдар» жөніндегі 10 жыл бұрынғы үмітінің ақталған-ақталмағаны туралы хабарлайды. Ол үміттер ақталмады. 10 жылға қартайған ғалым өзінің түңілгендігін ашық білдіреді: 10 жыл бұрын оның үміті бар еді, маңызды күмандары да болатын. Алғашқылары енді желге ұшты, есесіне соңғысы, керісінше, оның

терең сенімі бойынша, әбден ақталды. “Мен, – дейді Рюмелин бұл жолы өкінішпен – ондай заңдар (әлеуметтік) болуға тиіс және статистиктерде оларды ашудың көптеген құралдары бар деген пікірде болатынмын. Көп жылдар бойы сондай заңдарды табу міндетін қаперден шығармадым және оларды тек статистика мен қоғам туралы ілімнен ғана емес, тарихшылар мен философтардан да іздедім. Бұл орайда мен толып жатқан біркелкіліктерді, орасан маңызды эмпириялық ақиқаттарды, даусыз себептік тәуелділіктерді ұшыраттым, бірақ психикалық күштердің жаппай ықпалының тұрақты да өзгермейтін пошымы ретінде өзім ұсынған заң формуласына сәйкес келетін қағиданы ешқашан ұшырата алмадым». Рюмелин әлеуметтік заңды осынау текке іздеуінің себебін анықтауға тырысады; ол мынадай пікірге “бет бұрады”: «аталмыш жағдайда біз дұрыс қойылмаған міндетке тап боламыз және жалпы іздеген нәрсені табу мүмкін емес». Әлеуметтік заңдарды табудың осынау мүмкін еместігінің ішкі себебін ол мынадан көреді: “физикалық және психикалық құбылыстардың бір-біріне ұқсамайтыны соншалық, тіпті салыстыруға да көнбейді; бір жағынан, материалдық болмыс пен кеңістіктік қозғалыс арасында, екінші жағынан, түйсіну, ой және ырық арасында терең ор жатыр, ол арқылы осы күнге дейін көпір салынбаған, соның салдарынан, тіпті «заң ұғымының бір тұжырымы екі салаға да қолданылатын болып шықса, оғаш көрінер еді». Біз Рюмелин кемел жасына келгенде тағы да желкенін жая дуализм теңізіне қойып кеткенін көріп отырмыз, және ол материя және рух арасындағы принципті қарама-қарсылықты мойындап, рух саласында жай ғана «адам ырқының бостандығы» патшалық ететіндіктен, бұл салада заң болуының мүмкіндігі атаулыны теріске шығаратындығына таң қалмау керек. Енді міне осынау ескі тезистерді қорғауға ескі уәждер келтіріліп отыр. – «Әлдекім ырық бостандығын жоққа шығарғысы келсе, сол ырықты анықтайтын және бостандықты жоққа шығаратын табиғат заңдарын көрсетуге міндетті. Детерминизм, мысалы, адам ырқы жаратылыстық қажетілік бойынша ең күшті сарынмен анықталады деген пікірді кесіп айтып, сондай әрекеттер жасайды.

Бірақ мұның парықсыз тавтология екені айдан анық қой (?!), өйткені ешкім бізге сарынды ырықтан басқа қандай нәрсе құдіретті ететінін айта алмайды!» Таң қаларлық сандырақ! Сыртқы жағдайлар сарынды неліктен аса құдіретті ете алмайды және ырық деп аталатын deus ex machіne сарынды, яғни сыртқы сәтті қалайша күшейте алады? Осынау сыртқы сәт өзінің пәрменімен, локомотивке бу сықылды ықпал етеді; будың күші инерция күшін жеңу үшін локомотив ырықтың делдалдығына мұқтаж ба? Адамдар да өздігінен-ақ күшті сарынды күшейту үшін “ырықтың” жалған делдалдығы мен «көмегіне» мұқтаж емес. Локомотив пен адамның арасындағы айырмашылық тек санада яғни ішкі көз сияқты осы ішкі процестерді көретін, оларды түсінетін және осылайша сарындардың күресі мен ең мықтының жеңісін байқап-бақылайтын ішкі сезімде ғана. Тек тұрпайы ой ғана осы сананы бостан ырыққа ұқсастырады, тек сол ғана басымдық ең мықты сарын жағында екенін түсінуді бостан ырық ықпалы деп санайды. Мұның бәрі баяғыдан белгілі, тек алайда дуализм мен ырық бостандығының жақтастарының әлі де көзін жеткізе алмайтын ақиқаттар, өйткені рухани салғырттық пен рухани консерватизм күшін жеңіп шығу оңай емес! Егер материя мен рух дуализімі көзқарасында тапжылмай тұра берсең, әрине, әлеуметтік дамудың жаратылыстық заңы мағынасында әлеуметтік заңның бар екендігіне жол беру мүмкін емес. Сондықтан Рюмелин өз көзқарасы тұрғысынан мүлдем жөн айтады; әлеуметтік заң атаулы мен «тарих заңы» атаулыны мойындамауда ол әбден дәйекті. Оның сөйлеген сөзіндегі мына бір лебіздер әбден қисынды: «Мен жекелеген адам жанына туа бітті қабілеттердің кең өрісінде парасатты немесе парасатсыз өз бетінше айқындап алу мағынасында ырық бостандығын телитін, сөйте тұра адамзат немесе жекелеген халықтар мен замандар тарихының әртүрлі ахуалдарында қатаң детерминация мен қажеттілікке жол беретін теорияны қарама-қайшы және жеке бөліктерінде мүлдем түсініксіз деп атауға тиіспін. Психологиялық және тарихи индетерминизм бірін-бірі туындатады... Егер мен қойылған қоғамдық қатынастардың бүкіл кешені менің бүкіл ойлау жүйем мен құлқымды

анықтайтын немесе маған индивидуалдық дербестіктің титімдей ғана алаңын беретін болса, онда мұндай жағдайда бостандық пен міндеттеу туралы сөз болуы мүмкін емес. Бірақ егер мен өз бойымнан қарекеттердің жаңа қатарын таба алатын болсам, егер мен өзіме дамудың кез-келген бере алатын, басқалардың пікірі мен әдеттеріне қарсы өз даралығымды қорғай алатын болсам, онда тұтас қоғамда да қарекеттер бостандығы ештеңемен шектелмейтін жаңа жолмен қарышты ілгерілеу болатындығын теріске шығара алмайсың, онда қажеттілік тек адам қарекетінің жалпы шеңберінде ғана және қоғамның индивидке ықпалында ғана болып шығады. Бұл орайда, дәстүрлі дуалистік көзқарасқа табанды адалдыққа «жаратылыстық заңды анықтылық пен қажеттілік» парасатты қызмет атаулының “ұждан” атаулыны мойындамайды-мыс сияқты қате пікір мықтап жәрдемдеседі. Мәселен, Рюмелин былай дейді: «Бізге мынадай шешім ұсынылады: ырық сөзсіз қажеттілікпен, біріншіден, тұқым қуалаудан, тәрбиеден, өмір салтынан туындайтын индивидуалдық сипаттың, екіншіден, аталмыш жағдайдың нақты қырларының жемісі ретінде анықталады. Егер бұл орайда тұқым қуалаушылық қасиеттер санатында ақыли қабілет те, ұждан да кіргізіледі және де олар қалау процесіне өзінше ықпал ете алады деп саналса, онда сондай жауаппен, тегінде келісуге де болар. Тек мұндай жағдайда жаратылыстық-заңды айқындылық және ырықтың қажет екендігін тілге тиек ету дегеніміз – сөздер туралы жеміссіз дауласу». Парасат пен бейімділіктер жемісі жаратылыстық-заңды процестердің жемісі бола алмайтындай және іс жүзінде солардың жемісі еместей! Парасаттың, қалау мен ырықтың (яғни қалау сарындары шақырып, туындатқан) табиғи-заңды дамуы туралы мүлдем айтуға болмайтын сияқты! Осындай қателіктер жолымен Рюмелин (біртұтас дуалистік дүниетанымның сенімді өкілі ретінде) өзінің пікірі бойынша өзі, «дәлелдеп берген» тұжырымға – “психологиялық заңның физикалық заңнан сипаты да, тегі де мүлдем басқа, сондықтан соңғысымен бірге бір формулаға келтіріле алмайды» деген тұжырымға келеді. Бұрын да айттық, осының бәрі әбден

қисынды, тек ырық бостандығы мен өзбетінше дербес анықтау туралы алғышарт қате. Әрине, Рюмелин де индивид толығымен қоғамнан туындайтынын маған ешкім айдан анық дәлелдеп берген жоқ деуге негіз (және бұл оны ақтайды) бар; мұнысымен біз, әрине, келісеміз. «Кісі мен қоғам арасындағы қатынастар туралы барлық зерттеулер, ішкі және жан-жақты ықпалдастық ұғымынан әрі ұзап кете алды дегенге мен көз жеткізе алғаным жоқ, ал барлығы, әртүрлі дәрежеде болса да: бір мезгілде әрі субъект, әрі объект ретінде сол ықпалдастық ішінде бола отырып, оған ықпал етеді және бағынады». Бірақ көз жеткізе дәлелдеудің бұл кемшілігі ырық тәуелділігі фактысын титімдей де өзгерте алмайды, және ойшыл-философтың шаруасы – дәлелді басқалардың келтіруін емес, мәселені өзінің және тікелей қарастырып, іс жүзінде шаруаның қандай күйде екенін анықтауда. Егер де осыны Рюмелин қалыс ағайын ретінде айтқан болса (оған, әрине, оның дуализмі едәуір кедергі болды), онда ол, ырық бостандығы жөніндегі, жалған топшылауынан, бәлкім, бас тартар ма еді: сонда ол кемеңгер адамдар дүниежүзілік тарихты қалай жасайтындығы туралы ХІХ ғасыр соңында неміс университетінде дүниауи профессорға жараспайтын ұзақ сөзін айтпаған болар еді! Біз «дүниауи» деп отырмыз, себебі Рюмелин қабылдаған көзқарасы жай ғана теологиялық көзқарас, мәнісі жағынан ол кез-келген теологиялық жүйеге әбден сәйкес келеді. Рух пен материяның дуализмі барлық діндердің негізі, ал діндер – бұқараның рухани қажеттілігі; бостандық пен өзін-өзі билеу дуализмнің қажетті салдары ретінде, діни жүйе атаулының кіріктіруші құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан бұл арада дуализмді жоққа шығаруды мүлдем көздеп отырған жоқпыз, мұның үстіне, осы заманғы философия мен жаратылыстану бізді монизмді негіздеу ауыртпалығынан құтқарады. Біріншісі адамдар көпшілігінің сезімі үшін қаншалық керекті болса, соңғысы соншалық әділетті де дұрыс. Біз сол көпшілік үшін жазып отырған жоқпыз; біздің кітапты оқымаса да болады. Біз монизм ізбасарларына жүгінеміз және өзімізге оның

әлеуметтік саладағы тұжырымдамаларын дамыту міндетін қоямыз, бұл
әлеуметтанудың бірден-бір және ерекше міндеті болуға тиіс.

§ 2. Ортақ заңдар

Осы заманғы жаратылыстану келтіретін «адам рухы» физикалық заңдарға жатады, индивидте туындайтын ішкі құбылыстар материя жемісінен басқа ештеңе емес, физикалық заңдар салдары ғана деген ақиқаттың бұлтартпайтын дәлелдері – осынау дәлелдер ең жаңа заманда да скептиктерді әлеуметтік құбылыстар саласындағы жаратылыстық заңдардың талассыз екеніне сендіруге жеткіліксіз болып отыр. Материя заңдарымен анықталатын «жан» құбылыстары мен әлеуметтік дүние арасында әлі де ойды шатастырып, иментетін әлеуметтік қатынастарды өз қалауы бойынша басқарып, билептөстейді-міс дейтін адам бостандығы елесі тұр. Монизм өзінің нұсқаулары мен дәлелдерінде тар мағынасындағы рухани құбылыстар саласымен шектелді ғой? Бұл арада монистік жаратылыстану физикалық заңдардың даусыз үстемдігімен де, басқа факторлардың болуы мүмкін еместігін дәлелдеді; ал әлеуметтік құбылыстар саласында монизм жеңіске жетуі әлі алда тұр. Дуализм, таза рухани құбылыстар өрісінде жеңіліске ұшырап, әлеуметтік құбылыстар алаңында шегінді де, бұл арада әлі өзінің мықты орларына әлі шыдап отыр. Жау бұл жерден де ығыстырылмайынша монизмнің жеңісі толық бола алмайды. Әлі шешілуі керек бұл міндет, сондай-ақ, қосақ арасында біздің рухани және әлеуметтік құбылыстарды бір-бірінен бөлуімізді және айыра білуімізді қажет тірлік етеді; өйткені, көне тактикалық ережеге сәйкес, жау әскерінің бытырап кеткен отрядтарына шабуыл жасау үшін алдымен оны бөлшектеп жіберу керек. Әлеуметтік саладағы монизмнің түбірлі мәселесі – қолайлы шешілуіне қарай оның болар-болмасы тәуелді мәселе, тек физикалық және рухани салада ғана емес, әлеуметтік құбылыстар саласында да қарекет жасайтын ортақ заңдардың бар екендігі туралы мәселені шешу болып табылады. Осы сұрақтың жағымды шешілуіне монизмнің өзі тәуелді. Егер

ондай заңдар бар болса, монистік теория әділетті де негізді; егер ондай заңдар табылмаса – онда монизм дәл дуализм секілді дәлелденбеген гипоиеза. Физикалық және әлеуметтік, сондай-ақ рухани салада да бірдей көрінетін ондай заңдардың бар болуы туралы мәселе, шешу әрекеті талай рет қолға алынған мәселе, өзіміз көріп жүргеніміздей, әлі күнге дейін үзілді-кесілді оппозицияға тап болып жүр. Бұған, айтпақшы, әлеуметтік құбылыстар саласындағы монизмнің алғашқы қорғаушыларының өздері кінәлі. Олар физикалық құбылыстар саласында табылған тартылыс пен тебу, салмақ заңдарын және т.б. заңдарды әлеуметтік құбылыстар саласына көшіруге болатынына зор қызбалықпен, бірақ жеткілікті сендіре алмайтын дәрежеде сенді. Енді біреулер әлеуметтік құрылымдардан жануарлар организміне ұқсас нәрсе табуды ойлап, соған қолданылатын заңдардың бәрін әлеуметтік салада да қолдануға болатын және үстемдік ететін заңдар деп санады. Басқа бір жерде біз осындай топшылаулардың дұрыс еместігін және ондайға жол беруге болмайтындығын көрсеткнбіз, ал төменде ол жөнінде толығырақ жазамыз. Айтпақшы, жеке мәселелердегі бұл қателіктер физикалық, рухани және әлеуметтік салада бірдей үстемдік ететін ортақ заңдар бар деген негізгі ойдың дұрыстығына ешбір кедергі жасай алмайды. Әлеуметтануға ғылыми тұрғыдан жол беру оларды танып-білуге байланысты; тек олардың бар екенін және маңызын дәлелдеу ғана ғылым ретінде әлеуметтануға негіз береді. Олардың кейбіреуін біз осы арада көрсетпекпіз. Бірақ алдын-ал біз әлі физикалық, рухани және әлеуметтік құбылыстар секілді әртекті құбылыстар үшін бір ғана ортақ заңдар бар екендігін жалпы мойындауға бола ма? деген сұраққа жауап беруіміз керек. Осы сұраққа жауап берген тым ерекше және жанама ұсақ-түйекке жасамау керектігі айқын: осынау салалардың бірінің өзіндік ерекшелігі басталған жерден олардың арасындағы ортақ нәрселер тәмамдалады. Физикалық табиғат басталған жерден рухани және әлеуметтік табиғат үшін қолданылатын ортақ заңдар тоқталады.

Біз, әрине осынау баршаға ортақ заңдарды жеке нәрсенің бәрі болмыстың қарапайым ұғымында жойылып кететін алыс абстракция өрісінен алынған деген қарсылықты күтіп алуға дайын тұруымыз керек; мұндай айып әділетті емес, өйткені біз ортақ заңдарды болмыс ұғымының жоғары өрісінен іздеп жатпаймыз, одан әрине, бұл жағдайда ешқандай маңызға ие болмаса да, оларды табуға болар еді. Біз оларды негізінен, жоғарыда аталған үш саланың ерекшеліктерімен жақын шектесетін болмыс модальдықтары өрісінен табуға тырысамыз, және егер мұның сәті түссе, міндетіміз орындалды деп санаймыз. Сол заңдарды аталған салалардың біреуінің төменгі өрісінен іздеу, атап айтқанда табиғаттың физикалық құбылыстары өрісінен іздеу біздің ізашарлармыздың басты қателігі болды. Біз дәл сондай қателікке бармаймыз. Біз өзіміздің ізашарларымыз секілді тек қана физикалық табиғат саласына жататын өмірдің органикалық заңдарын қорытпаймыз, оларды психикалық және әлеуметтік құбылыстардың арнайы салаларына таратпаймыз. Бірақ біз өзіміздің ортақ заңдарымызды бүкіл тіршілік иелері болмысының модальдықтары өрісінен іздей аламыз және іздеуге, әрі сол арада табылған заңдардан біз Бастианның сөзімен айтсақ, «барлық есіктерді аша алатын кілтке ие болатынымызға қанағаттануға тиіспіз». Енді біз осы ортақ заңдарды жобамен атап шығуға көшеміз.

а) Себептілік заңдары

Физикалық және рухани құбылыстар саласында да, әлеуметтік құбылыстар саласында да себептілік заңдары қарекет жасайды. Әрбір әлеуметтік құбылыс өзінен алдыңғы себептердің қажетті нәтижесі. Бірде-бір әлеуметтік құбылыс «ешқандай» индивидуалдық әздектіктен себепсіз туындамайды (aus dem Nіchts іndіvіdueller Launen). Жеткілікті негіздеу принципі әлеуметтік салаға да қолданыла алады. Әрбір әлеуметтік құбылыс, мемлекеттік, құқықтық немесе шараушылық құбылыс болсын, бір немесе көптеген әлеуметтік себептерде жеткілікті негіздеуге ие болуға тиіс. Бұл орайда ол жерде, физикалық және

рухани саладағыдай, себеп пен салдар арасында теңдік қатынасы, немесе күштің пропорционалдығы болуға тиіс. Бізге жиі солай көрінгенімен индивидуалдық факт ешқашан әлеуметтік факт туғызбайды. Кісінің қарекеті ешқашан әлеуметтік ахуалды туғызбайды да, өзгертпейді де: тек бір әлеуметтік ахуал екінші әлеуметтік ахуалды. Әрбір аталмыш жағдайда осынау шынайы тәуелділік көрсету – прагматикалық тарихнаманың міндеті.

b) Даму заңы

Себептілік заңымен қатар, – бәлкім, оның туындысы ретінде – даму заңы бар. Әрбір әлеуметтік құбылыс дамудың тек бір сәті, қас қағым фазасы, ол соңғы жағы көрінбесе де, басынан аяғына қарай жылжиды. Әрбір әлеуметтік ұйым, әрбір мемлекет, әрбір құқық, әрбір қоғам, шаруашылықтың әрбір саласы эволюциядан өтеді. Біз оның басын, гүлденуін, көбіне оның құлдырауы мен жойылып кетуін толық ажырата аламыз. Әрине, осы заңның әлеуметтік саладағы сыртқы көрінісін оның физикалық саладағы сыртқы көрінісімен шатыстыруға болмайды және әлеуметтік құрылымдардан жасушаларды, өркендерді, жемістерді, немесе тіпті жұмыртқаны, ұрықтарды, тыныс және ас қорыту органдарын және т.б. көруге болмайды; мұндай аналогиялар ақиқаттан алшақтатады, ғылыми көзқарасты күңгірттендіреді және ешқандай оң қорытындыға жеткізбейді. Даму заңының әлеуметтік саладағы көрінісі әлеуметтік сипатқа ие және осы саладағы әрбір арнайы құбылыстың ерекше сипатына сәйкес келеді. Сүбелі ғылыми нәтижелерге жеткісі келетін адам атаулы мәселеден, яғни осы құбылыстардың әлеуметтік сипатынан алыстамауға тиіс және осы заңның көріністерін басқа салалардан іздемеуге тиіс.

c) Дамудың дұрыстығы заңы Даму ұғымы әлі өздігінен дұрыстық ұғымына, яғни бірдей және бір-біріне ұқсас фазалардан өтетін дамуға ие емес. Бірақ de facto барлық тіршілік

иелерінің құбылыстардың барлық үш саласындағы дамуы дұрыс немесе, басқаша айтқанда, заңды болып табылады. Осы дұрыстық заңының ашылуы жекелеген әлеуметтік ғылымдардағы, мысалы, құқық ғылымы, саяси экономия, тіпті, жоғарыда біз келтірген әлеуметтік ғылымдар анықтамасына әлеуметтік құбылыс деп білетін тіл туралы ғылым саласындағы ұлың еңбегін құрайды. Физикалық табиғатта бізді таң қалдыратын және рухани салада да үстемдік ететін осынау дамудың дұрыстығы әлеуметтік құбылыстар саласында да, мысалы, мемлекетте, құқықта, халық шаруашылығында, тілде орын алады.

d) Мерзімділік заңы

Дамудың дұрыстығы құбылыстардың барлық салаларында белгілі бір мерзімділікке көшеді, ол даму барысының көзбен шолып шығуға болатын бүкіл өн бойында пайда болудан басталады, нығаю және жетілу фазалары арқылы өтеді, құлдырап, жойылумен аяқталады. Әрине, даму фазалары құбылыстардың әрбір жеке саласында ерекше көрінеді: органикалық құбылыстар саласында сөл құйылады, тән бекиді, органдар дамиды және т.б.; психикалық салада ой туындайды, көз жеткізе алатын күшке ие болады, таралады, танымал болады, содан кейін қайтадан таралуын да, танымдылығын да жоғалтады, ақырында түкке тұрмайтын нәрсе ретінде жоққа шығарылады; әлеуметтік салада әлеуметтік қатынас шағын ауқымда туындайды, таралады, біртіндеп мойындалады, зор бұқараға үзілді-кесілді ықпал етеді, одан кейін басқа қатынастармен алмастырылады, соларға сіңіп кетеді де, із-түзсіз жоғалады. Қысқасы, үш саланың әрқайсысында мерзімділік заңы ерекше түрде көрінеді, бірақ ол ортақ заң ретінде бәрінде де болады.

e) Күрделілік заңы

Физикалық табиғатта біздің ешқандай қарапайым материяны білмейтініміз, тек қана олардың қосындыларын білетініміз секілді, рухани

салада да тек қана түзілімдерді (біздің түсініктеріміз бен ойларымыз, сондай-ақ рухани күштеріміз сондай) ғана ұшырататынымыз секілді, дәл сол секілді айналамыздағы әлеуметтік құрылымдар да түзілімдер, яғни құрамдас бөліктерден тұратын және қарапайым элементерден пайда болатын құрылымдар болып табылады. Әрбір мемлекет, әрбір халық, әрбір тайпа күрделі, және де аса алуан түрлі болып табылады. Әрбір құқық, әрбір құқықтық норма неғұрлым қарапайым элементтердің жиынтығы, көзқарастардан, идеялар мен принциптерден пайда болатын күрделі бүтін; әрбір қоғамдық шаруашылық – қағидалардың, қызметтердің қатынастардың жиынтығы; әрбір тіл – шексіз әр алуан лингвистикалық элементердің жиынтығы. Осындай барлық жерде үстемдік ететін күрделілік талдауды мүмкін етеді, ол физикалық құбылыстар саласында – негізігі элементтерге, рухани құбылыстар саласында – жоғары ұғымдар мен ең қарапайым рухани қызметтерге, ал әлеуметік салада – ең қарапайым әлеуметтік құрылымдарға, яғни мемлекет пен халықтан қарапайым ордаға, дамыған құқықтық институттан туындап келе жатқан нақты қатынасқа, ең күрделі қоғамдық шаруышылықтан қажеттіліктерді ең қарапайым материалдық қанағаттандыруға, дамудың ең жоғары сатысындағы әдебиеттен дыбыс пен ишара арқылы ойды білдірудің ең қарапайым көрінісіне жетелейді.

f) Әртектіліктің ықпалдастығы

Физикалық, рухани және әлеуметтік дүниенің барлық құбылыстарында кұрделіліктің нәтижесі бір-біріне үн қататын әртекті элементтердің ықпалдастығы болып табылады. Жекелеген салаларда алуан түрлі көріне отырып, осы ықпалдастық барлық жерде даму атаулының ең бірінші және ең маңызды сарыны болып табылады. Осынау күштің әлеуметтік процесте атқаратын рөлінің маңыздылығы туралы баяғыда-ақ сезілсе де, оны қателесіп жеке адамдар арасындағы (индивидуализм мен атомизм) реакциядан іздеген және оны бірде махаббат пен өшпенділік, бірде бірге тұру инстинкті мен өзара

күрес (bellum omnіum contra omnes) деп атаған. Біздің ойымызша, осындай түсініктің қателігі айдан анық. Адам мен адам арасында баршаға ортақ, барлық жерде және әрқашан әрекет ететін ықпалдастық жоқ, өйткені бір топтың мүшелерінің арасындағы ықпалдастықтай ықпалдастық басқа топтың мүшелерінің арасында жоқ. Бұл жерде ол махаббат пен бірге өмір сүру ұмтылысынан, басқа жерде өшпенділікпен күреске құштарлықтан көрінуі мүмкін. Сондықтан, философтар жеке топтың ішкі өміріне немесе топтардың бір-біріне қатынасына көңіл бөлді ме – соған қарай біресе бір қатынастар, біресе екінші қатынастар қалыпты және елеулі деп мойындалған. Бірақ осы пікірлердің біреуі де ақиқат болмаған, өйткені олардың ешбіреуі де ортақ болмаған. Әлеуметтік құбылыстарға тән ықпалдастық күшін ортақ, әрқашан және барлық жерде қарекет ететін заң деп белгілеу үшін әртекті элементтер деп жеке индивидтерді емес, жекелеген әлеуметтік топтарды мойындау керек, сонда осынау әртекті элементтердің өзара ықпалдастығы үшін ортақ формуланы табуға, сөзсіз, болады. Өйткені осынау әртекті элементтер, яғни жекелеген топтар, бір-біріне өзінің ішкі негізінде әрқашан және барлық жерде бірдей болып табылатын ықпалдастық жасайды, нақты бір ниеттен (Regung) туындайды, жекелеген топтардың ұйымдасуына қарай, сондай-ақ уақыт пен жағдайға қарай әртүрлі пошымда көрінетін бір ғана заңға бағынады. Әртекті әлементтердің осынау өзара ықпалдастығына нақты да баршаға ортақ формуланы, белгілі бір тіркесті іздестіргенде, біз бостекі аналогияларда шатасу және құбылыстардың нақты бір арнайы саласында қолданылатын формуланы дұрыс қорытындыламау қаупіне ұшыраймыз. Мысалы, әртекті элементтердің сорып алу жүйесі туралы айта отырып, біз өзара ықпалдастықтың ортақ заңының – бәлкім, физикалық салада іс жүзінде болатын – көріністерінің бірін – әлеуметтік салаға көшіреміз, ал ол жерде бұл жүйе тек қана мағынасыз аналогия болып қалады. Екінші жағынан, көбінде осынау ықпалдастық заңының физикалық – атап айтқанда анорганикалық және өсімдік саласындағы көріністерін көбінесе тіршілік үшін күрес деп атайды; ал мұның өзі жануарлар

мен әлеуметтік дүниеден көшіріп алынған, дөп келе қоймайтын заң екені айдан анық. Сонымен, құбылыстардың барлық салаларында қарекет жасайтын ортақ заңды қалайтын болсақ, біз әртектілердің ықпалдастығын атап көрсетумен қанағаттануға тиіспіз. Осы ортақ заң көріністерінің неғұрлым нақты анықтамасын біз ерекше, құбылыстардың әрбір саласындағы осы көрініске сәйкес келетін формулаға беруіміз керек.

g) Жалпыға бірдей пайдалылық

Әртектілердің осынау баршаға ортақ ықпалдастығының неғұрлым дәл сипаттамасы ретінде тағы пайдалылықты, бірақ әрине, белгілі бір, арнайы әлеуметтік мағынада көрсетуге болады. Әртектілердің баршаға ортақ ықпалдастығы барлық жерде тиісті құбылыстардың әрі қарай дамуына жағдай туғызады; осындай жаратылыстық прогресс жөнінде құбылыстардың барлық салаларында орынды ықпалдастық қарекет жасайды. Физикалық салада жаратылыстану жаратылыстық ықпалдастықтың орындылығының барлық жерде болатынын дәлелдеді; ботаник өсімдікке жапырақтар «не үшін» керегін біледі; зоолог құстарға тыныс органдары және, жалпы жануарларға әртүрлі органдар «не үшін» керек екенін біледі; рухани салада да жаратылыстық дамудың орындылығы мойындалған; әлеуметтік салада, әрине, көп адамдар оған дау айтады. Біреулер (консерваторлар, манчестершілер, оптимисттер) оны неғұрлым табанды қорғаған сайын, екіншілері (революционерлер, социалистер, пессимисттер) соғұрлым оған өшіге тиіскен. Бірақ, барлық қарама-қайшылықтарға қарамастан бір нүктеде барлығы келіседі: әрбір әлеуметтік құрылым, тарихтың әрбір жемісі белгілі бір мақсатқа қызмет етеді. Осынау орындылықтың маңызы мен инсаниятқа сәйкестігі туралы дауласуға болады; бірақ баршаға ортақ орындылық заңы тек құбылыстардың барлық салаларындағы ештеңе мақсатсыз туындамайды және

болмайды дегенді көздейді. Және де әлеуметтік салада мақсатсыз ештеңе болмайтындықтан – бұл арада да барлық әлеуметтік құбылыстардың имманентті парасаттылығы туралы айтуға болады.

h) Күштердің бірдейлігі Барлық түзілімдердің әртекті элементтерінің ықпалдастығы осы элементтерге тән немесе олардың жанасуынан туындайтын белгілі күштердің нәтижесі болып табылады. Құбылыстардың әрқилы салаларының әрқайсысында бұл күштер қашанда бірдей. Осы фактыны біз күштердің бірдейлігі деп атаймыз. Физикалық саладағы күштер әуел бастан-ақ қазіргідей болғаны сияқты, рухани және әлеуметтік салалардағы күштер де өзгермейді және бірдей. Біріншісінде – ой, сезім, ырық адамға баяғыдан бірдей ықпал етіп, оның қылықтарын бірдей анықтап отырды; екіншісінде – олар туындататын ықпалына қарап біз таразылай алатын белсенді себептер әрқашан бірдей болған. Осылайша, күштердің бірдейлігі құбылыстардың барлық салаларында біз ұшырасатын ортақ заң болып табылады.

і) Процестердің тепе-теңдігі2 Жаңағы заңның қажетті салдары құбылыстардың барлық салаларындағы процестердің өзгермейтін бірдейлігі болып табылады. Физикалық салада бұл баяғыда мойындалған; күн сәулесіне тән және дүние жаралғаннан ылғал топыраққа ықпал етіп келе жатқан жылытушы күш белгілі өсу процесін әрқашан жасап келгеніне және алдағы уақытта жасай беретініне, немесе теңіз толқындары жартасты жағаға соққанда бұрын да, қазір де бірдей салдар беретіндігіне ешкім күмәнданбайды. Дәл сол секілді таза рухани салада адамның рухани күшінің салдары барлық замандарда және барлық елдерде бірдей рухани процестер туғанына ешкім күмәнданбайды. Әрқашан және барлық жерде адамдар ойлайды, сезеді, сөйлеседі; тіпті осы рухани процестердің көзге көрінетін жемістер әрқашан және барлық жерде бірдей, олар

2 Салыстырыңыз: Rassenkampf, 172-бет.

бір-бірінен өзара, уақыт пен жағдайға сәйкес тек пошымы бойынша өзгешеленеді. Камчатдал дәл француздар секілді өз әнін айтады; қытай ойшылы осыдан мың жыл бұрын Кенигсберг данышпаны сияқты пәлсапалық еткен; осыдан мыңдаған жыл бұрын пирамида құрылысшысы өзінің көркемдік жоспарын осы заманғы Еуропаның архитекторы сияқты жасаған. Осылайша, рухани саладағы процестердің мәңгі бірдейлігі – айдан анық әлеуметтік салада процестердің бірдейлігі әлдеқайда кем түсініледі, дегенмен бұл арада да ол дәл сондай. Осынау заңды жеткілікті түсінбеу әлеуметтік құбылыстардың құрамдас элементтерін бұрыс түсінудің нәтижесі; нақ сондықтан – осындай элементтер деп жаратылыстық әлеуметтік топтардың орнына индивидтерді санайды, әлі күнге дейін әлеуметтік салада қарекет ететін күштердің бірдейлігін таба алмайды. Керісінше, біз әлеуметтік құбылыстардың элементтері деп әлеуметтік топты мойындаған бойда, біз міндетті түрде әлеуметтік процестердің мәңгі бірдейлігін қажетті түрде тани аламыз. Әрқашан және барлық жерде бірдей түрде құқық, дәл сол секілді мемлекет, тіл, дін және т.б. пайда болады; сол күштерге бағынатын экономикалық процестерде мәңгі бірдей және уақыт пен жағдайға байланысты өз көріністерінде ғана әртүрлі.

k) Параллелизм заңы

)ұбылыстардың барлық салаларында біз барлық жерде ұқсас құбылыстарды кездестіреміз, дегенмен мұндай ұқсастықтың бірінші себебін білмейміз. Физикалық салада мұндай ұқсастықты жай ғана қарекет жасайтын күштердің ұқсастығына телиді; керісінше, рухани салада оны белгілі сәйкес келу нәтижесі деп түсінуге бейім; ал әлеуметтік салада оны, көбіне туыстық немесе тарихи қатынастарға телиді. Іс жүзінде, осынау ұқсастықтардың барлығының негізінде бастапқы бір бірдеңе бар, – және бізге өзінің шын анық күйінде белгісіз сол бірдеңені біз әзірше параллелизм заңына сая аламыз: осы формуланы қабылдау бізді жалғандығы мен қателігі күні бұрын белгілі түсіндірулерден сақтандырады.

Физикалық салада бізге ұдайы ұышрасатын параллелизмдерді біз ешбір ойланбастан қарекет етуші күштер мен жаратылыстық процестердің бірдейлігіне саямыз; рухани және әлеуметтік салада, керісінше, осылайша түсіндіруден мүмкіндігінше қашамыз. Оның себебі ішінара кең таралған моногенизм теориясында, бәріміз Адам ата мен Хауа анадан тарағанбыз деген, осындай параллелизмдерді түсіндіруге өте ыңғайлы, қолымызда тұрған теорияда жатыр. Бұл түсіндіруге, тым мүмкін емес ретінде, қанағаттанбайтын адамның, рухани және әлеуметтік саладағы да, физикалық саладағы да толып жатқан параллелизмдерді құбылыстардың барлық салаларында баршаға ортақ қарекет ететін параллелизм заңына саюдан басқа амал қалмайды.

Құбылыстардың барлық салаларын басқаратын осындай ортақ заңдардың болуы, жалпы құбылыстар дүниесі сүйенетін бірлік принципінің аса күшті де аса таң қаларлық дәлелдерінің бірі монизмнің аса маңызды тірегі, дуализмді барынша негізді жоққа шығару. Осы заңдарды қарастырудан барысында құбылыстар дүниесін екі принципке – материя мен рухқа саю әрекеттерінің негізсіздігі көрініп тұр, өйткені осы заңдар құбылыстардың барлық топтарындағы болмыс модальдықтары бірдей екенін, сондықтан да тек қана бір және біртұтас принципке саюға тиісті екендігімізді даусыз дәлелдейді. Табиғат деп, немесе Құдай, немесе әлемді қозғалтып тұратын белгісіз ұлы Принцип деп атай беріңіз – ол бәрібір бір нәрсе болып қала береді. Қалай болғанда да, біртұтас принцип бар, оны бізге – құбылыстар дүниесінің ортақ және бірдей заңдары көрсетеді; бұл принципті біз Құдірет деп мойындаймыз, шындап келгенде біз оның мәнін түсінуге біздің дәрменіміз жетпейді. Осынау ортақ заңдарды танудан, одан да бетер құбылыстардың барлық салаларындағы олардың ықпалы мен үстемдігінің дәлелінен біз бір ғана тұжырымға келе аламыз. Ол тұжырым мынадай: әңгіме болып отырған ортақ принцип әрқашан және, барлық жерде дәйекті де өзіне адал болып қала беретін бір ғана саясатқа ғана сүйенеді; әрқашан және барлық жерде құбылыстардың барлық

салаларында бір ғана бейнеде, бір ғана ауанда көрінеді. Осынау қажетті тұжырымның ғылым үшін шексіз маңызды мәні бар.

§3. Әлеуметтану ұғымы, міндеттері, ауқымы және маңызы

Жоғарыда біз тізіп шыққан ортақ заңдар a prіorі танылмайтынын айтып жатудың қажеті жоқ. Керісінше, олар барлық үш сала құбылыстарын біз мұқият қарастырғанда тани алатын қатынастардың көрінісінен басқа ештеңе де емес. Біз ұзақ ой жұмысынан кейін келген осынау индуктивті білім дидактикалық мақсатпен баяндауымыздың басында келтірмекпіз. Әрине, осылай еткенде, біздің баяндауымыздың реті танымның табиғи тәртібіне кері жүреді, бірақ біз бұны кейінгі тұжырымдарда жоғарыда анықталған заңдардың барлық жерде қолданыла алатынын дәлелдеу оңай болу мақсатымен жасап отырмыз. Зерттеудің нәтижесін уақыт жағынан оза баяндау дидактикалық тәсілден басқа түк те емес. Ортақ заңдар, әрине, құбылыстардың барлық үш саласында да үстемдік етеді, бірақ солардың әрқайсысында олар сол өзіндік ерекше құбылыстардың сипатына барабар пошымға ие болады. Сол ортақ заңдардың “өзіндік ерекше қуаты” туралы айтуға болады, соның пәрменімен олар құбылыстардың саласында сол саланың тіліне көшіріледі. Ойымызды мысалмен жеткізіп көрейік. Дамудың орындылығы – баршаға ортақ заң. Бірақ өсімдік ғұмыры саласында ол жекелеген органдардың ұйымдастырылуы мен өсуінің сипаты мен пошымында көрініп, ботаникке дамудың орындылығы ортақ заңынан шығатын өсімдіктердің өсуі үшін қажет толып жатқан арнайы заңдардың бар екенін анықтауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік салада даму орындылығының ортақ заңы мынадан көрінеді: мысалы, жорыққа аттануға жиналған орда өзіне соғыс кезінде басшылық ететін қолбасшыны сайлапе алады, және т.б. Ортақ заңның әрбір арнайы салада осы сала құбылыстарына сәйкес келетін арнайы пошымдағы осынау көрінісі әлеуметтанушыға арнайы әлеуметтік заңдар туралы айтуға мүмкіндік береді,

олар ортақ заңдардың әлеуметік құбылыстардың ерекше сипаты мен ерекше жағдайына арнайы бейімделуін көрсетуден басқа ештеңе де емес. Мұндай әлеуметтік заңдардың ортақ заңдардан көбірек екені айқын, өйткені ортақ заңдардың әрқайсысы әлеуметтік құбылыстардың сан алуан қатынастары мен талаптарына сәйкес, былайша айтқанда, толып жатқан ерекше әлеуметтік заңдарға бөлшектеліп, маманданады. Әлеуметтанудың міндеті – ортақ заңдардың әлеуметтік құбылыстарға қолданыла алатынын көрсету, одан әрі осы ортақ заңдар арқылы әлеуметтік салада қандай әлеуметтік қатынастар мен пошымдар құралатынын және ортақ заңдардан әлеуметтік сала үшін қандай ерекше әлеуметтік заңдар мен нормалар пайда болатынын көрсету. Әлеуметтік құбылыстардың осынау арнайы саласына аяқ басқан соң, біз, ең алдымен, осы құбылыстардыңсі мәні мен ұғымы жөнінде түсінік беруге, олардың саласын басқа барлық салалардан бөлектеп алуға, оны бір ортақ көзбен шолып шығуға, ақырында ондағы құбылыстардың аса маңызды топтарын көрсетуге тиіспіз. Бұл орайда біз осы құбылыстардың жекелеген топтарымен айналысатын және оларды «әлеуметтік ғылымдар» деген ортақ атаумен атауға хақымыз бар арнайы ғылымдармен жанасамыз. Әлеуметтік құбылыстар деп біз адамдар топтарының ықпалдастығы мен аралас-құраластығынан туындайтын қатынастарды түсінеміз. Соңғылары өздерінің арқасында туындайтын қатынастардың әлеуметтік элементтерін құрайды. Ең бастапқы және ең қарапайым әлеуметтік элементтер деп біз қарадүрсін адам ордаларын мойындауға тиіспіз, олар, біз басқа бір жерде (Rassenkampf) негіздеген ойымыз бойынша алғашқы қауымдық кезең заманында көп болған. Осынау ең қарапайым әлеуметтік элементтердің кейінгі және одан бергі барлық комбинацияларды және үлкен топтарға, тайпаларға, қауымдарға, ұлыстарға, мемлекет пен ұлтқа бірігуі, осының бәрі – әлеуметтік құбылыстар. Бірақ әлеуметтік элементтер мен солардан құралған топтардың арасында болатын әлеуметтік қатынастардан басқа, олардың ықпалдастығы және

индивидуалдық ақылға ықпалы жолымен, тіл, ғұрып, дін, құқық және т.б. сияқты әлеуметтік-психикалық құбылыстар туындайды. Осы құбылыстардың барлығы әлеуметтану саласына кіреді; ол, өз көзқарасы тұрғысынан, осынау барлық құбылыстарды қарастырып, олардың дамуына әлеуметтік заңдарды қолдануға болатынын дәлелдеп шығуға тиіс. Әрине, осы құбылыс топтарының жекелеген біреулері дербес ғылымдардың зерттеу пәні болып табылады: бірақ, бұл әлеуметтанудың өзінің әлеуметтік ғылыми көзқарасы тұрғысынан, оларды зертеуіне бөгет бола алмайды; оның үстіне, олар осы уақытқа дейін біржақты-индивидуалистік көзқарас тұрғысынан қарастырылып келді, ал әлеуметтанудың міндеті осы құбылыстардың әлеуметік шығу тегін, әлеуметтік сипатын және пайда болуының тәсілі мен олардың дамуының әлеуметтік заңдарын анықтау болып табылады. Сондықтан әлеуметтану, әлеуметтанушылық көзқарас тұрғысынан осынау құбылыстардың жекелеген топтарын бірінен соң бірін, демек, олар зерттеу пәні болып табылатын жеке ғылымдарды да зерттеуі керек. Барлық әлеуметтік құбылыстардың субстраты адамзат баласы болғандықтан, әлеуметтанудың төл пәні, ғылыми объектісі адамзат деуге болады. Адамзаттың жаратылыстық-тарихи табиғатын дұрыс не бұрыс түсіну әлеуметтанудың сипатына, оның табыстары мен сәтсіздіктеріне шешуші ықпал етуге тиістігі айқын. Адамзаттың жаратылыстық-тарихи тұжырымдамасында оның басталуы мен дамуында жасалған титімдей қателік ғылымды одан әрі құрудағы жүз не мың есе ірі қателіктерге айналады. Ал бұл екі арада бүкіл әлеуметтік ғылым осы уақытқа дейін адамзатты жаратылыстық-тарихи түсінуде осынау жаратылыстық құбылыстың мәнін мүлдем өзгертіп жіберетін өте тұрпайы қате жіберіп келді: осы уақытқа дейін әлеуметтік зерттеу атаулы адамзат деп генеалогиялық біртекті түсініп, оны бір тамырдан өсіп-өнген деп топшылады, ал нәсілдер мен типтердің орын алып отырған сан алуандығын бастапқы бүтіннің бөлінуі, бір діңнен өсіп-өнген бұтақтар деп санады. Адамзатты түснінудегі осынау түбегейлі қателік бүкіл әлеуметтік ғылымды

зерттеудің ақиқат жолынан тайдыруға тиіс болғаны айдан анық: өйткені ол одан арғы тұжырымында нәсілдердің бастапқы көптігі мен алуандығы фактысын басшылыққа ала алмады; мұның үстіне, адамзат дамуының тұжырымдамасындағы жалған бірлік идеясына сүйенген, ғылым толып жатқан қателіктер мен адасуларға ұшырамай тынбайтын еді. Әлеуметтанушылық зерттеулердің келесі бір түбегейлі қатесі, біріншісінен өрбіп, сондан туындайтын қатесі адамзат немесе жекелеген халықтар мәдениет және әлеуметтік жағынан өсімдік және жануар организмі секілді өздігінен дамиды деген ой болатын. Осылай, мысалы аң аулаушылық өмірден мал өсіруге, егіншілікке, әскери өмірге, және т.б. арқылы индустриализмге дейін көшу туралы жай ғана айтады, бұл орайда бір ғана әлеуметтік топтар өздеріне тән эволюциялық инстинкт пәрменімен, дамудың ішкі заңдарына бағына отырып, мәдениеттің әртүрлі сатыларынан өтеді деп ойлайды. Бұл орайда мына бір фактыны әлеуметтік топтарға, барлық басқа тіршілік иелері мен құбылыстар секілді инерттілік заңы тән екенін, және бір әлеуметтік ахуалдан екінші ахуалға «өту» қашанда барабар әлеуметтік себептер мен ықпалдардан туындайтынын ұмытып кетеді. Осы арада ескертілген қателіктерге ұрынбау үшін біз шығу тегінің молдығын (vіelheіtlіch) ғана емес, үйлестірілген және іштей үйлескен әртүрлі әлеуметтік топтардың дамуының сан алуандығын да қаперге алуға тиіспіз. Біз әрбір әлеуметтік топ, инерттілік пәрменімен, басқа топтың ықпалы оны басқа ахуалға көшіргенше аталмыш ахуалда қала береді деген заңды мықтап игеріп алуға тиістіміз. Басқаша айтсақ, әлеуметтік топ ахуалындағы әрбір өзгеріс қашан да жеткілікті әлеуметтік негізге ие болуға тиіс, және осынау негіз қашан да басқа әлеуметтік топ тарапынан жасалатын ықпал болып табылады. Бұл заңды тарих пен тәжірибе жеткілікті дәрежеде көрсетіп отыр. Осыдан әлеуметтанушылық зерттеу әдісі үшін маңызды қағидалар туындайды: біріншіден, әлеуметтік топтың ахуалындағы өзгеріс атаулыны атап көрсетуде осы өзгеріс басқа топ тарапынан қандай ықпалдан туындағанын әрқашан

зерттеу қажет; және екіншіден, шапшаң да алуан түрлі даму, яғни әрқилы әлеуметтік ахуалдардың дәйекті ауысып отыруы – алуан түрлі және алуан текті әлеуметтік топтардың ұзақ ықпалдастығы мүмкін болатын әрі іс жүзінде сондай ықпалдастық бар жерде, яғни мемлекетте және мемлекеттер жүйесінде ғана мүмкін болады. Осылайша, біз әлеуметтік құбылыс, әлеуметтік процесс мәнісіне және ұғымына жақындадық. Осынау процесс әрқашан екі немесе бірнеше әлеуметтік топ бір-бірімен қақтығысатын, өзара ықпалдастық өрісіне аяқ басатын жерде орын алады. Біртұтас, бір текті әлеуметтік топ басқа топтың ықпалына түспегенге, және оның өзі басқасына ықпал етпегенге дейін, соған дейін ол бір рет орныққан хайуан тектес ахуалда қала береді. Сондықтан да біз тұйық және шалғай жерлерде әлі күнге дейін миллиондаған жылдар бұрын атабабалары болған бастапқы ахуалда қалған ордаларды кездестіреміз. Ол арада біз тіпті де әлеуметтік процестерге емес, демек әлеуметтік дамуға емес, қарадүрсін, бастапқы әлеуметік құбылыстарға, дәлірек айтсақ – әлеуметтік элементтерге тап боламыз. Бірақ бір әлеуметтік топ басқа әлеуметтік топтың ықпалына түскен, басқа топтың ықпалына ұшыраған сәттен бастап, әлеуметтік процесті туындататын жаратылыстық күштердің ойыны сөзсіз басталады. Әсіресе, екі текті әлеуметтік топтар қақтығысуы тұсында олардың әрқайсысының екіншісін қанауға жаратылыстық тенденциясы әрқашан және барлық жерде осы процестің басталуына алғашқы серпін береді; бірақ бұл тенденцияның әрбір адамдар тобына тән, табиғи, жойылмайтын екендігі соншалық, осы тенденцияның пайда болуынсыз, демек әлеуметтік процестің аяқ басуынсыз екі әлеуметтік топтың өзара ықпалдастығын елестету мүмкін емес. Осы процестің барысы «адам» деген жаратылыстық-ғылыми категорияның табиғи қасиеттерінен де, барлық адамзат ордалары мен әлеуметтік қауымдарға аралас-құраластыққа тән ұмтылыстардан да («күш» қоғамдарында қарекет ететін нәрсе ретінде қарауға болатын ұмтылыстар) туындайды; ал осы ордалар мен аралас-құраластық барлық жерде бірдей рудың сипатты нышандарын сақтай отырып, бір-бірінен тек индивидуалды түрде, немесе, әрі кеткенде

түрлік нышандар бойынша өзгешеленетіндіктен, бұл процестің сипаты мәнісі жағынан барлық жерде бірдей. Соған қармастан, адамзат ордалары мен тайпаларының шексіз сан алуандығының арқасында, өзара көптеген қатынастармен байланысты әлеуметтік құрылымдар мен аралас-құралас топтардың өзара сан алуан қатынастарынан туындайтын олардың бір-біріне өзара ықпалдастығы мен ықпалындағы айырмашылықтардың арқасында, және ақыр соңында уақыт пен жергілікті ықпалдың арқасында – осы процесс кеңістік пен уақытта индивидуалдық айырмашылықтардың шексіз алуан түрлілігін көрсетеді. Әлеуметтік дамудың соншалық әрқилы осынау барлық процестерінен соларға ықпал ететін және соларды басқаратын әлеуметтік заңдарды тауып алу әлеуметтік дамудың соншалық алуан түрлілігін аса қарапайым күштердің ықпалымен түсіндіру, әлеуметтік процестің қисапсыз құрылымдарын бір түбірге келтіру әлеуметтанудың ұлы және тіпті де оңай емес міндеті осындай. Барлық әлеуметтік заңдарға ортақ сипатты белгі тән (айтпақшы бұл барлық ортақ заңдарға тән): олардың бәрі құбылыстардың дамуын (das Werden) түсіндіреді, бірақ ешқашан олардың алғашқы пайда болуын, бастауын түсіндірмейді. Әлеуметтік заңдардың осындай шектеулілігін мына себеппен де ескеру керек: адами рухтың барлық ғылымға қауіпті бір ерекшелігі, ол әрқашан құбылыстардың генезисін іздеу, әрқашан олардың пайда болуын, бастауын тануға ұмтылу тенденциясына ие; ал бұл екі арада ол табиғаттың барлық заңдарының, демек барлық әлеуметтік заңдардың көмегімен тек құбылыстардың мәңгілік дамуын – das Werden – тани алады. Осылайша, адамзат қоғамының алғашқы пайда болуы, алғашқы бастауы туралы барлық сұрақтар әлеуметтануға жатпайды (ол, жалпы, қандай да бір ғылымға жата ма екен?). Әлеуметтану адамзаттан, шексіз алуан түрлі әлеуметтік топтардан құралатыны дәлелденген және мойындалған адамзаттан бастайды. Ол осындай ахуалға қалай жетті деген сұрақ оның саласына жатпайды.

Әлеуметтанудың міндеттерін бар нәрсенің шеңберімен шектей отырып және алғашқы пайда болу туралы сұрақтан бас тарта отырып, біз ұлы ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстардың пайда болуға емес, болмысқа қатысты екендігін көрсете аламыз. Коперник ашқан жаңалық әлемдік қозғалыс заңын, планеталардың айналуын ескереді, бірақ олардың пайда болуы туралы мәселені қозғамайды. Гарвей ашқан қан айналымы туралы жаңалық біздің көз алдымызда болып жататын құбылысқа негізделген және адамның жасалуы туралы сұрақты елемейді; егер біз бірнеше жүз жылдан кейін, адамдар адамның «пайда болуы» туралы мәселені шешуден бас тартқан кезде де, ұлы ағылшын жаратылыстанушысының болмыс заңдары туралы, «тіршілік үшін күрес», «бейімделу» немесе «тұқым қуалаушылық» туралы зерттеулері ғылым алдындағы өшпес еңбек ретінде бағалана береді десек, оған тек әділін айтқанымыз. Біз бұл тарауда тарихнама мен саясат үшін әлеуметтік заңдарды арнайы танудың маңыздылығына тоқталмай кетіп аяқтағымыз келмейді. Тарихнама тек әлеуметтік заңдарды қаперіне ала отырып, тек жаратылыстық заңды дамуды баяндай отырып қана ғылым деңгейіне көтеріле алатыны талай рет дәлелденді; соған қарамастан, бұл ақиқат әлі де табанды қарсылыққа ұшырап келеді. Алайда біз әйгілі тарихшылардың шығармаларынан алынған қисапсыз мысалдар арқылы әлеуметтік заңдармен жеткілікті таныс болмау сол шығармалардың ғылыми құндылығына қандай нұқсан келтіретінін көрсете алар едік. Барлық дерлік тарихшылардың, әсіресе жекелеген ұлттардың тарихымен айналысатын тарихшылардың ең әдеттігі қатесі мынада: олар өздері бақылап отырған құбылыстарды индивидуалдық, бір ғана сол ұлтқа тән құбылыстар деп санайды; ал бұл екі арада әлеуметтік заңдармен таныс болу, оларды бұл құбылыстар ортақ әлеуметтік заңның көрінісі деп қарауға үйретер еді. Барлық неміс тарихи кітаптарында және Германия туралы тарихифилософиялық шығармаларда оның саяси бытыраңқылығы неміс халқына тән индивидуалистік пиғылға телінбегелі көп болды ма? Ал бұл екі арада, князь

Бисмарк немістердің индивидуализмге осындай жалған ұмтылысын түбірімен жойып, енді соның соңғы іздерін сыпырып тастап жатыр. Егер де тарихшылар мен тарих философтары өз пәндеріне соншалық бір жақты беріліп кетпесе, егер де олар тарихи қозғалысты басқаратын заңдарды біліп, олармен санасып отырса, олар қашан да және барлық жерде партикуляристік бытыраңқылық кезеңдері әмбебап бірігу кезеңдерімен алмастырылатын, және де дамудың осы мерзімділігі жаратылыстық-қажетті баршаға ортақ заңды көрсететінін білуге тиіс болар еді. Олардың осы пункттегі баяндауы ақиқатқа жақындай түсіп, ғылыми құндылыққа ие болар еді. Немесе басқа бір мысал: Курцуис секілді аса ірі және тамаша тарихшы гректер туралы былай дейді: «табиғаттан гректердің менезіне тән қарпып қалу инстинкті оларды әр түрлі қызметке ерте жетеледі». Осы ұмтылыс тек «гректердің» мінезіне тән бе? Сол қасиет Курциустың айтуынша, гректер «ұлттық ұнатпау сезімінде болған» «семиттерге» де тән емес пе?. «Семиттердің» “қарпып қалу инстинкті” кемірек “сіңген” болды ма, әлде ол “әртүрлі қызметке оларды кемірек итермеледі ме”? Испандар Америкаға, ағылшындар мен голландтар Үндістанға; португалдар Африкаға «қарпып қалу» үшін аттанбап па? «Қарпып қалуға ұмтылыстан» басқа “барлық осы халықтарды әртүрлі қызметке не итермеледі” екен? Осынау ұмтылыс, сондайақ сол туындатқан қызмет ортақ әлеуметік заңдарына сүйенетін ортақәлеуметтік құбылыс емес пе? Ортақ әлеуметтік құбылыстарды нақ слар кездейсоқ аңғарылған халықтардың индивидуалдық ерекшеліктері деп мойындау ғылыми адасу емес пе? Курциустан тағы бір мысал алайық. «Әрбір ұлы іс үшін нақты кінәліні табу қажеттігі болған гректердің көзқарасы бойынша, тарихи мирасқорлық көзге ілінбей, бүкіл мемлекеттік жүйе Ликург заңының жемісі деп саналады». Біз осындай көзқарас тек «гректерге» ғана тән болып па еді деген сұрақ қоймай тұра алмаймыз? Жүздеген жылдар бойы жасалған құқықтық және мемлекеттік тәртіптің жаратушысы ретінде жалғыз ғана заң шығарушыны көрсету барлық халықтарда

кездесетін әлеуметтік-психикалық құбылыс деген маңызды факт назардан тыс қалуынан ақиқат пен ғылымға нұқсан келмей ме? Егер де тарихшылар өздері суреттейтін халықтардың жалған «индивидуалдық ерекшеліктерінде» шындап келгенде, жай ғана әлеуметтік немесе әлеуметтік-психикалық заңдардың көрініс түрі жасырынып жатыр деген ақиқатты аңғарған болса, ғылым ретінде тарих көп ұтар еді. Барлық замандар мен халықтардың ең мықты тарихшыларының шектеулі тарихи көзқарасының, жалған баяндауының қисапсыз мысалдарын келтіруге болады. Бірақ біз тарихи құбылыстарды түсінудегі қателіктер мен шектеуліліктің ортақ себептерін егжей-тегжейлі түсіндіруді жөн көреміз. Тарихшылар былай дейді: «қандай анықтама беріліп, жүйеленбесін, тарих ешқашан жаратылыстықғылыми, немесе әлеуметтанушылық пәнге айналмайды, өйткені теллуристік және антропологиялық мағынадағы табиғат күштеріне, сол секілді әлеуметтік бұқараның қозғалысына – әлем және халық тарихының екі факторына үшінші фактор – индивидуалдық күш қосылады, жаратылыстық-ғылыми да, әлеуметтанушылық та тұжырымдауға және баға беруге көнбейді... Бұған біздің жауабымыз: шынында да, гәп индивидуалдық жөнінде, яғни жекелеген кісілерді бейнелеу жөнінде болғандықтан, тарих, жаратылыстық-ғылыми да, әлеуметанушылық та әдісті пайдалана алмайтынына күмән жоқ; бірақ, деп қосамыз біз, оның міндеті сондай бейнелеу болса, онда ол таза өнер; өйткені өнер атаулы, баршаға ортақ, заңды, жүйелі нәрселермен айналысатын ғылымдарға қарама-қарсы тек қана индивидуалдықты зерттейді (ол, әрине, типтік бола алады!). Алайда гәп мынада: халықты, ұлтты, тайпаны немесе, жалпы, әлеуметтік топтардың қарекеттерін суреттеуде әлдебір индивидуалдықты табуға үміттенгенде тарихшы көбіне қателеседі. Өйткені, шынына келгенде, тек жекелеген кісілер ғана индивидуалды (олар жөнінде де тарихи баяндау өзінің көркем-шығармашылық ұмтылыстарына сүйене алады), бірақ, тарихшының қоғамдарды, олардың өмірі мен қызметін бейнелеуіне тура келгенде, «индивидуалдандыруға» ұмтылыс көп жағдайда адасуға,

көрсоқырлыққа негізделеді; бұл арада тарих ғылымы “жаратылыстық-ғылыми және әлеуметтанушылық баға беру мен тұжырымдауға жүгінуі тиіс (әрине, солай ете де алады). Іс жүзінде әлеуметтік топ, ұжымдық тіршілік иесі ешқашан «индивидуалдық» сарындар немесе пиғылдар бойынша қарекет жасамайды, есесіне тек қана және әрқашан «жаратылыстық-ғылыми және әлеуметтанушылық» заңдар бойынша қарекет жасайды. Осынау фактыны зердеге тоқып алу тарихтағы үлкен прогресс болады, ол бұл фактыны тарих тек әлеуметтанудан ала алады. Ал саясат үшін әлеуметтану тарихтан да зор маңызға ие. Бұл екі арада, қазір саясат ғылым деп – және әбден әділ – саналмайтындықтан, әлеуметтану одан білімінің толық құқықты бір саласын жасайды. Қазір саясат дегеніміз не? Билікке ұмтылыс. Әрбір мемлекет, әрбір партия, әрбір котерия (фр. – үйірме), әрбір адам өзінің қолындағы құралдар көмегімен соған ұмтылады; материалдық құралдар – мүмкін болғандықтан әрқашан логикалық дәлелдермен қуатталады. Сол дәлелдер мен уәждер саясат теориясы деп аталады. Олардың дұрыстығының өлшемі қайда? Ол жоқ! Шындап келгенде, қол жеткен жеңіс тұрғысынан соған жетелеген саясат дұрыс деп мойындалады. Алайда табысқа жетелейтін идеялар емес, дәлелдер мен уәждер емес, күштің басымдығы. Осы күш, сайып келгенде ең жақсы саясат болып табылады − бері салғанда, қазіргі жағдай сондай. Әлеуметтану саясатқа мүлдем басқа бағыт – әлбетте, практика ретінде емес, ғылым саласы ретінде басқа бағыт беруі керек. Әлеуметтану, тарихи процесті барлап-бақылай отырып, одан әлеуметтік заңдарды, яғни саяси өмірдің даму заңдарын шығаруы керек. Егер осы заңдар дұрыс танылса – олар әрбір саяси дамудың қазіргісі мен болашағында көрінуі керек, олар өткенді қалай басқарса, қазіргі мен болашақты да солай басқаруға тиіс. Бірақ, ондай жағдайда шатқаяақ саяси комбинациялар мен ықтималдықтың орнын позитивті әлеуметтік білімге сүйенетін дені дұрыс саяси есеп пен болашақты болжай білу басады.

Соңғы сөздер, тегінде, шәгі бар күлкі туғызады, – бұл, әрине, негізсіз де емес. Мұндай уәделердің талай рет, алаяқтық болмаған күнде де, бос ертегі болып шыққаны соншалық, қазір болашақты көздейтін ғылыми саясаттың мүмкін екендігі туралы сөз әдетте байыпты қабылданбайды. Сонау Огюст Конттың өзі кезінде “позитивтік саясат” туралы айтқан еді, ол саясат таразылау мен жақсарту орнына, “әлі бірде-бір философ әлі көрсетпеген, тіпті нобайламаған тұжырымдардың ғылыми жүйесін жасауға тиіс”; алайда Конттың өзі жаңа заманның саяси қатынастарының дамуы жөнінде қаншама жалған және қате нәрселерді берген болатын. Оның өзі саясаттағы ақиқаттан қаншалықты қашық еді! Ал Томас Бокль ше! «Тарих заңдарын» толық танығанын көрсетуге қаншама дәмеленгенімен, ол, сайып келгенде, соғыстар тоқталып, баршаға ортақ бейбітшілік орнайды деген болжам айтты – оның болжамынан содан бері не қалды! Осындай қарсылықтар мен әбден-ақ негізделген күдіктерге біз азын-аулақ сөзбен жауап берелік. Конт, Бокль, және кейбір ұлы ойшылдар әлеуметтік ғылымның мүмкіндігін әділ мойындаған және сезімтал жанымен әлеуметтік заңдардың бар екенін күні бұрын сезінген болатын, – бірақ, күмән жоқ бұрынғы әлеуметтанушылар осындай күні бұрын сезіну шегінен шыға алған жоқ, олар әлеуметтік ғылымның нағыз тұғырларына жақындай алған жоқ, ол-ол ма, оның ақиқат заңдарын түсіне алмай кетті; бұл аз десеңіз олар ақиқат ғылымға жетелейтін жолдың тіпті басталатын нүктесін де таба алмады. Бұл бастапқы нүкте, тырнақалды сәт полигенизм болып табылады. Ал ғылымға жетелейтін жол – әртекті адам топтарының бір-біріне өзара жаратылыстық қатынастарын барлап-бақылау және зерттеу. Бұл жолға өзіміздің «Rassenkampf» атты шағармамызда түскен біз, осы жолмен енді әрі қарай ілгерілейміз. Адамзат қоғамы мен әлеуметтік заңдар туралы ғылым ретінде, әлеуметтану, тегінде, адамзат қоғамның жекелеген бөліктерімен, адами қызметтің жекелеген бағыттарымен, ақыр соңында қоғамдық өмірдің жекелеген көріністерімен айналысатын барлық ғылымдардың іргетасы болса керек. Түрлік ұғымдар ретінде қоғам туралы ортақ ілімнің құрамына тектік ұғымдар ретінде

мына ғылымдар енеді: жеке тіршілік иесі ретінде адам туралы ғылым – антропология; дүниеде бар әртүрлі халықтар мен адамдар тайпасын суреттеумен, сипаттаумен және салыстырумен айналысатын ғылым – этнография; үстемдік негізінде ұйымдастырылған әлеуметтік араласқұраластықты зерттейтін ғылым – мемлекет туралы ғылым; адамдардың әлеуметтік-психикалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын жекелеген әлеуметтік институттарды зерттейтін ғылымдар – тілтану, дін ілімі, құқықтану, өнер туралы ғылым және т.б.; ақыр соңында, әлеуметтік біртұтастық ретіндегі адамдардың материалдық қажеттіліктерінен туындаған институттар туралы ғылымдар – саяси экономия және т.б. Осынау ғылымдардың барлығы әлеуметтанудан әлдеқайда ерте жасалып, дамығанына таң қалудың керегі жоқ, олар өздерінің бастамасы мен негізін әлеуметтанудан табуы керек болатын, өйткені мұндай тәртіп заттар табиғатында жатыр және танушы адам рухының дамуының қалыпты барысына әбден сәйкес келеді. Жаратылыстану саласында да, осынау сөздің тар мағынасында, дәл осылай, әуелі ботаника, зоология және минералогия, тек солардан кейін геология, геогнозия және палеонтология пайда болды, ал бұл екі арада соңғы аталған ғылымдар біріншілерінің тұғыры қызметін атқарады. Сайып келгенде, дәл сол секілді медицина физиологиядан ертерек пайда болса да, ол физиологиядан тамыр тартады және соған негізделген. Мұндай құбылыс өте оңай түсіндіріледі. Ең алдымен, бізге нақты пошымда ұшырасатын құбылыстар, мекемелер мен қатынастар бақылау және зерттеу объектісі болып табылады. Олардың пайда болуы туралы сұраққа әуелі тыншытатын гипотезамен немесе қарапайым түсіндірмемен жауап беріледі. Мысал алайық. Адамдар құқықты құрайтын заңдар құзырында өмір сүреді. Олар осынау құбылыстың мәнісін зерттейді, оны түсіндіріп тәпсірлейді, оны басқа құқықтармен салыстырады, құқық тарихын зерттейді және т.б. Заңның бастауы мен шығу тегі жөнінде әуелі ең қарапайым түсіндірме қанағат тұтылады: күндердің күнінде оларды бір заң шығарушы берген. Мұндайды біз

діннен де байқаймыз, онда оның пайда болуы туралы үстірт түсіндірме былай дейді: Құдай пайғамбарлар мен діннің негізін қалаушыларға аян берді. Рефлексияның прогресімен, жекелеген ғылымдардың табыстарымен олар зерттеп жатқан құбылыстардың шығу тегіне көзқарас тереңдей түсуге тиіс болатын, және де осындай жолмен алынған нәтижелер әуелде жол берілген үстірт гипотезалармен кереғар болып шықты. Осындай жолмен, мысалы, құқықтану құқықтың тарихи пайда болуы туралы, «халық рухы туралы» ілімге келді; осындай жолмен діни доктрина дін адамдардың ішкі қажеттіліктерінің нәтижесі деген ақиқатқа келді, және т.б. Осынау әлеуметтік ғылымдарды неғұрлым тереңірек танудың салдары оларды осы барлық әлеуметтікпсихикалық құрылымдардың ұрығы жатқан ортақ негізде бір-бірімен біртебірте жақындастыру болды: ортақ атау бірден табыла қоймаған осынау ортақ негіз – әлеуметтік ғылым еді. Осынау жекелеген ғылымдардың әрқайсысының объектілері, яғни құқықтың, діннің, тілдің, өнердің, философияның әлеуметтік-психикалық құрылымдары, барлық халықтарда, аталмыш халықтың немесе тайпаның даму дәрежесіне қарай көбірек немесе кемірек көлемде, азды-көпті жартыкеш немесе толық түрде бар екені анықталған кезде, әртүрлі халықтардағы осынау айырмашылықтарды барлап-бақылау туралы және осынау әлеуметтікпсихикалық құрылымдарды салыстыру туралы ой өздігінен туындады. Осылай құқықты, дінді, тілді салыстыра зерттеуге, ал сондай зерттеу арқылы және содан барлық жекелеген ғылымдар барлық бастаулары көз алатын мәдениет тарихы, этнография, этнология (Бастиан) деп аталған және бәрінен дәлірегі әлеуметтік ғылым деп атауға болатын сол ортақ негізді талдауға жеттік. Адам қоғамдарының табиғатын зерттей отырып, бұл ғылым бұрында да ерекше ғылымдардың зерттеу пәні болған әлеуметтік-психикалық құрылымдардың барлық үш түрінің шынайы шығу тегін ашады. Сондықтан біз әлеуметтануды барлық «әлеуметтік» ғылымдардың философиялық негізі деп мойындай аламыз; әлеуметтанудың алдында барлық

осы ғылымдардың олардың ортақ негізіндегі байланысын және олардың
әрқайсысының сол негізгі қатынасын көрсету міндеті тұр.

§4. Әлеуметтік заңдардың субстраты (арқауы, астары)

Заңдар тек қана субстраттарда көріне алады, сол субстраттар олардың қажетті топшылауы болып табылады; өйткені біз заңдарды белгілі бір денелердегі не олардан аңағарылған белгілі күштердегі көрінісінен танимыз. Ауырлық заңын ауырлық күші байқалатын құлап келе жатқан денесіз түсіне алмайсыз. Тартылыс туралы айтқанда, осы күш көрінетін денені елестетуге тиіспіз. Енді мынадай сұрақтар туындайды: әлеуметтік заңдардың субстраты қандай, біз әлеуметтік заңдардың бар екендігін аңғаратын күштердің иелері қандай? Индивидтің бола алмайтыны мұндай субстрат айдан анық, өйткені индивидтен психикалық немесе физикалық заң байқағанымен, қалай етсеңіз де, әлеуметтік заң байқалмайды. Ондай субстрат «адамзат» емес пе? Шынында да, кейбіреулер солай ойлады да, бірақ бұл ірі қателік еді. Ықпалдастық немесе, былайша айтқанда, күштер ойыны бадырайып көрініп тұрған жерде әртекті элементтер де болуға тиіс. Адамзат туралы бүтін ретінде айтқан кезде, қарама-қарсы күштер қарекет жасай бастауы үшін қажет әртекті элементтердің молдығы назардан тыс қалатыны айдан анық. Бір жағынан, осы толғам, ал екінші жағынан, бір факт – жер бетінде біз ешқашан және еш жерде, қазіргіден де, баяғыда өткендегіден де адамзат бірлігін ұшыратпайтындығымыз; ежелгі замандардан бастап біз әрқашан және барлық жерде адамзаттың әртекті этностық элементтерден құралатынын көретіндігіміз – осының бәрі барлық әлеуметтанушылық зерттеудің бастау сәті ретінде әр текті этностық элементтердің бастапқы көптігін мойындауға мәжбүр етті. Мен «Rassenkampf» атты еңбегімде осынау полигенистік гипотезаны негіздеуге әрекет жасадым, және ол білікті адамдар тарапынан дұрыс деп

танылғанын қанағатпен атап көрсете аламын. Тіпті осы саладағы ең ұлы бедел Бастианның өзі ол туралы «табиғаттың өзі дәлелдеген» деген пікірін білдіріп, менің оны қорғау үшін келтірген «осы теорияны дарвинизммен салыстыруымды» мүлдем артық деп тапты. Алайда, бұл гипотезаның соған негізделген бүкіл әлеуметтанушылық жүйе үшін ғаламат іргелі маңыздылығын ескерсек, мен ана немесе мына беделдің менімен жай ғана келісуімен қанағаттануға дауаламай, оқырманға кейбір жазушылардың пікірін де, осы гипотезаны дәлелдейтін ғылыми материалды да келтірмекпін. Ең алдымен, бұл арада мен адам нәсілдерінің «алғашқы қауымдық көптігі» мен “тұрақтылығына” айғақ ретінде жаратылыстану ғылымы саласындағы тағы бір бірінші дәрежелі бедел – Карл Фохттың айтқанын келтірмекпін. Бұл зерттеуші өз дәрістерінде адам туралы былай дейді: «Егер түбі бірлік туралы ұдайы қақсай бермесе, егер барлық айдан-анық фактыларға кереғар, ол да, оған байланысты барлық нәрселер де, позитивтік ғылым атаулыны теріске шығаратындықтан сол мифке жабысып қалмаса, адамдардың жекелеген түрлерінің айырмашылықтарына күмәндану, әрине, бірде-бір адамның басына ешқашан келмес еді. «Тамырын ең бағзы заманнан алатын барлық аңыздарымыздан біз мынаны көреміз: адамдар саяхаттай және соған дейін белгісіз болып келген жерлерді аша жүріп, барлық жерлерде өздеріне хайуандар мен өсімдік патшалықтардан өзіндік ерекшелігі бір де кем емес түземдіктерді ұшыратып отырған»... «Теңіз саяхатшылары мен жаулап алушылар келіп жеткенде, үлкен аралдар, ең ыстығынан бастап ең суығына дейінгі барлық климаттар мен континенттер ылғи да адамдар қонысталған болып шығады». Содан кейін Фохт мынаны әділ көрсетеді: тіпті «адамзаттың пайда болуын таң қаларлықтай етіп суреттейтін діни сагалар, іс жүзінде әрқашан артықшылықты деп саналатын бір тайпаның пайда болуымен шектеледі; және тіпті осы сагаларда, түп бабамыз алғаш жаратылған кездің өзінде, жер қандай да бір өңірінде қонысталып қойған деген ой әр жерде қылтиып тұрады» (мысал ретінде Інжіл әңгімесін келтіруге

болады). “Біз басшылыққа алуға тиісті бірден-бір факт – адамзаттың бүкіл жер бетіне бастапқы таралуы және жер бетіне быьырап кеткен адамдардың бірбірінің бастапқы айырмашылығы. Егер адамзат баласының шығу тегі мен адам түрлерінің айырмашылықтары туралы теориялық зерттеулерге бұрынғыдан да көбірек уақыт жұмсасақ, егер адамзат баласының бастапқы бірлігі пайдасына дәлелдер мен тұжырымдарды бұрынғыдан да көбірек келтірсек, бәрібір осынау қиялдағы бірлікті қуаттайтын бірде-бір тарихи немесе геологиялық фактыны табуға болмайтындығы күмәнсіз болып қала береді. Өткен тарихқа қаншалық терең үңілсек те, біз жердің әрқилы бөліктеріне бытырай қоныстаған әрқилы тектегі адамдар топтарын таба береміз». «Нәсілдердің айырмашылықтары ғана емес, олардың уақыт барысындағы тұрақтылығы да әбден анықталған. Біз дәл бір нәсілдерді тарихтан бұрынғы заманға дейін, ағаш іргелі құрылыстар мен тас дәуірі кезеңіне дейін, үңгірлер мен шөгінді топырақ кезеңіне дейін ізерлеп шығуға болатынын дәлелдеуге тырысып көргенбіз. Мысыр ескеркіштеріне сүйеніп, негрлер Мысырда 12-ші әулет тұсында, Христ мәсіх туғаннан 2300 жыл бұрын пайда болғанын, ара-тұра қазір де кездесетін негр-құлдарды бәз-баяғы аулау барынша әрқилы әулеттер тұсында қайталанып отырғанын дәлелдеуге болады. Мұны Тотмес ІV-шінің Христ туғаннан 1700 жыл бұрынғы және Рамзес ІІІ-шінің Христос туғаннан 1300 жылай бұрынғы жеңісті жорықтары көрсетеді. Сол ескерткіштерде тұтқын негрлердің ұзын тізбегі бейнеленген, олардың бет-жүзінің сипатты белгілері және түсі тамаша дәлдікпен берілген; құлдарды әйелдері мен балаларымен қоса тізбеге енгізіп отырған Мысыр хатшылары да бейнеленген, тіпті негр балаларының өзіндік шаш қоюы да сақталған, олар шаштарын төбесіне буып қойған. Ол-ол ма, көптеген әлпеттер оңтүстік Мысырдағы негр тайпаларына тән ерекшеліктермен өзгешеленген; ұқыпты суретші ондай негрлердің оңтүстіктен шыққанын тіпті лотос гүлімен айқындайды. Тек негрлер ғана емес, нубиялықтар, берберлер, ежелгі мысырлықтардың өздері де ұдайы қазіргі күнге дейін сақталған өздеріне тән ерекшеліктерімен бейнеленеді. Одан әрі Фохт Брохтың, Мортонның және Жомардың қазіргі феллахтар типінің фараондар

заманындағы мысырлықтармен ұқсастығы туралы дәлелденген қағидаларын келтіріп, содан кейін былай деп сабақтайды: “Сипатты белгілердің дәл сол тұрақтылығы мен өзгермейтіндігін мысырлықтар қақтығысқан басқа да нәсілдер арқылы көз жеткізе дәлелдеуге болады. Ескерткіштерден еврейлерді де, Рамзес ІІІ-ші соғысқан тартарлар мен скифтерді де оп-оңай ажыратуға болады”. «Дәл сол секілді ассирия және үнді ескерткіштерінен де біз қазір сол аймақтарды мекендейтін нәсілдердің сипатты белгілерінің бейнеленгенін көреміз, яғни, демек, бұл жағынан да адам нәсілдерінің тұрақтылығы ешқандай күмән туғызбайды». Адамзаттың «жаратылыстық нәсілдерінің» осындай тұрақтылығымен қатар, Фохт оларға тән «белгілі икемділікті» мойындайды, соның пәрменімен, олар өмірдің басқа жағдайларына қойылғанда белгілі бір өзгерістерге ұшырайды». Бірақ бұл өзгерістер белгілі, айтарлықтай шектеулі максимум шегінен аспайды және нәсілдердің елеулі ерекшеліктерін ешқашан жоймайды; сондықтан адамзат нәсілінің оған мүлдем жат ортаға көшуінен болатын елеусіз ғана өзгерістердің дәлелденген жекелеген мысалдары негізінде, Дарвинмен бірге, осы өзгерістер уақыт өте келе сөзсіз өрбиді, және ақыр соңында, елеулі нәсілдік ерекшеліктердің жойылуына, нәсілдің өзгеруіне апарып соқтырады деп есептеу дұрыс емес. «Демек, біз мынадай қорытындыға келе аламыз: өзгертілген ортаның, басқа елдерге көшудің және т.б. қарапайым ықпалының арқасында адам нәсілінің өзгеруін дәлелдеуге тырысқан осы уақытқа дейін мысалдардың барлығы мүлдем сенімсіз және ешбір жағдайда неғұрлым сипатты нәсілдік белгілерді қозғамайды. Сонымен, осынау өзгерістер, айтпақшы біз де түгел жоққа шығармайтын өзгерістер, қалай да, тіпті титімдей болса да, адам тегінің алуан түрлілігін түсіндіре алмайды»... «Фактылардан ауытқымай, – дейді қорытындысында Фохт, – біз нәсілдердің бастапқы негізгі айырмашылығын темірқазық етіп алуға тиіспіз». Егер біз оның одан арғы тамаша толғамдарына, ол ғаламт негіздеумен Дарвин ілімінің полигенизммен толық сәйкес келетінін табатын, сөйте тұра

соңғысы біріншіден туындайтын қажетті қорытынды екенін дәлелдейтін толғамдарына ере берсек тым шығандап кетер едік. Фохт қорғайтын аса маңызды екі қағида, – адам түрлерінің бастапқы «көптігі мен айырмашылықтары» туралы және олардың тұрақтылығы туралы қағидалар, сол кезден бері айтарлықтай ілгерілеген анропологиялық және краниологиялық (бас сүйегі туралы ілім – Ред.) зертеулерде керемет дәлелденіп, одан әрі негізделді. Осы қорытындыға біртіндеп жетелеген зерттеулердің бастапқы темірқазығы жекелеген белгілі халықтар үшін өзіндік ерекше, соларға тән тұрпатты табуға ұмтылыс болатын. Гәп мынада еді: үстірт бақылау әуелі жекелеген халықтар жекелеген генеалогиялық бірліктер болып табылады, оларда тұқым қуалаушылық ерекше және белгілі бір антропологиялық тұрпат сақталады деген ойға алып келді. Бірақ тұрпаттардың осынау ерекшеліктерін дәл зерттеу жолымен анықтап алуға талпынған кезде, белгілі тарихи халықтардың бір-біріне тек соған тән тұрпатты телу мүмкін емес болып шықты. Осы себепті әрбір халық үшін «орташа тұрпатты» белгілеумен шектелмек болды. Бірақ мұның өзі де мүмкін болмай шықты. «Еуропалық мәдениетті халықтарда, – дейді Вирхов, – индивидуалдық айырмашылықтардың өсіп, көбейе түскендігі соншалық, көп ұзамай осы халықтардың әрбірі үшін орташа тұрпатты белгілеу жалпы мүмкін болмай шығады. Осындай қиындықтың салдарынан 10 жыл бұрын, деп хабарлайды Вирхов, «ғылым талабымен» әрбір халықтың “бастапқы тұрпатын” анықтау ісі басталды. Бұдан не шықты? Вирхов осындай «прототипті» табу үшін көп күшжігер, ынта, еңбек жұмсады, және, егер ол объект ретінде немістер алынған өзінің алғашқы зерттеулерінде оны таба алмаса, бұған кінәлі ол емес, өйткені тарихи халықтардың қандай да бірі генеалогиялық бірлік болып табылады деген ойдың өзі қате болатын. Енді міне әбден ығыр еткен зерттеулерден кейін Вирхов германдықтардың «прототипінің» орнына, «қарапайым, бастапқы германдық тұрпат болады дегенге жол беру әзірге “тым негізсіз байлам” екенін ашты. “Барлық

германдықтарда әу бастан біртұтас ұлт (!) болған, оның ең таза тұрпаты ретінде свевтер мен франктарды мойындау керек дегенді ешкім дәлелдей алған жоқ. Егер германдар мен славяндар – бір үнді-германдық тайпаның бөлімшелері болса, егер славяндық брахицефалия (грекшеден: бастың ені оның ұзындығының 80 папйызынан артық адамдар, дөңгелек жүзді – Ред.) славяндар мен долихоцефал (ат жақты – Ред.) германдардың шығу тегінің (?) ортақтығына бөгет жасамайтын болса, мұндай жағдайда славяндармен араласудан өрбімеген мезоцефалистік (басы дөп-дөңгелек – Ред.), тіпті брахицефалистік германдардың болуы негізінен қолайлы жағдай деп ойлауға болады; өйткені сонда бөліп тұрған терең ор толтырылады да, нақты аралық тұрпаттардың табылуының арқасында бастапқы туыстықты түсіну жеңілдейді. Егер бір замандарда алыс шығыста герман ұлтының ортақ тайпалық жері болса, онда осындай айырмашылқтар кейінгі отанға сол жақтан әкелінген болу әбден мүмкін болып көрінеді». Біз Вирховтың неміс халқының іс жүзінде жоқ антропологиялық бірлігін қандай сақтықпен, қандай солқылдақтықпен атап көрсетіп отырғанын аңғарамыз. Айтпақшы, ол осы тақырып жөнінде алда зерттеулердің жүргізіле беруін талап етеді. “Бәлкім, дейді ол, іс жүзінде ежелден бері Германияда шығыстан батысқа бір-бірінің артынан жылжи отырып, батыста барған сайын көбірек тарала берген германдардың әр текті тайпалары тіршілік еткен болар”. «Сан алуан тайпалар» фактысы – оның краниологиялық материалының негізінде жасалған қорытынды ретінде антропологтардың алдында көлденеңдей беретін бұлыңғыр топшылау – әлеуметанушы үшін зат табиғатынан туындайтын, ешқандай күмән келтіруге болмайтын факт секілді көрінеді; және тек ұлттық соқыр сенім бізді жақын араласу және мәдени дамудың ортақтығы нәтижесінде уақыт өте келе «германдық» бірлікті құрған, қалай дегенде де бірбіріне жат тайпаларды «германдар» тайпалары деп атауға мәжбүр етеді. Бірақ біз үшін антропологтың «осынау (германдық) ортақ тұрпат тіпті де осы кезге дейін топшыланып келгеніндей дәрежеде біртұтас емес» деген мойындауының өзі құнды.

Краниологиялық зерттеулердің прогресімен бірге тіпті ең қашық жатқан тайпаларда да, – тегінде, әлем тарихынан мүлдем бөлектеніп қалған, көшіпқонуды, халықтардың араласуын да білмеген тайпаларда да «біртұтас тұрпат» туралы әңгіме болуы мүмкін емес деген кәміл сенім орныға түсуде. Мәселен, ежелгі фриздерде (Нидерландияда, Германияда, Данияда Солтүстік теңіз жағалауын мекендейтін халық – Ред.) бірнеше тұрпат болуының арқасында Вирхов мынадай топшылау жасайды: «Бәлкім, бұл жерде оларға дейін басқа халықтар болған шығар, оларды фриздер бағындырып алған және олардың қаны солардың қанымен араласып кеткен болар». Бірақ краниологиялық зерттеулерден осындай араласу фактыларын қазіргі финдар мен лапландиялықтар арасында, немесе Цейлонның ішкі өңірінде жабайы күйде, тегінде, дүниеден бөлініп қалған веддалар арасынан да, ежелгі Троя молаларынан қазып алынған бас сүйектер арасынан да көруге болады. Вирхов бір прототипті іздеуге аттанып, бірте-бірте өзінің ырқына қарсы барлық жерде оның жоқтығын атап көрсетуге және біршама түңілумен, өзінен өзі жерумен өзі зерттеген барлық тайпаларда тұрпаттың бастапқы көптігін мойындауға тиіс болып жүрген кезде, белгілі краниолог Колльман осы фактының ортақтығын ғылыми негізделеген тезиске айналдырып та қойған еді. Колльман 1883 жылдың өзінде краниологиялық зерттеулерінің нәтижесін былай білдірген еді: «әрқилы антропологиялық элементтердің ізін әрбір халықта дәлелдеуге болады. Міне көптеген ғасырлар бойы Еуропа халықтары бір нәсілден тұрмайды, және қазіргі кезде бізге таза нәсілді көрсете алатын бірде-бір соншалық оңашаланған жерді таба алмаймыз». Нәсілдердің осынау әр тектілігі тым кейінгі жіктелу процесінің нәтижесі еместігі, ол ежелден келе жатқанын және әрқашан бірдей болып қала беретінін ең жаңа краниологиялық зерттеулердің толып жатқан фактылары дәлелдейді. «Атам заманғы және қазіргі бас сүйектерді кеңінен салыстыру – деп жазады Колльман – бас сүйек пен қаңқадан аңғарылатын нәсілдік ерекшеліктер атам заманнан бері өзгермегенін анықтады. Демек, сол кезден бері сөздің Дарвиндік мағынасында,

адам табиғи сұрыптау ықпалымен түрін өзгертпеген. Оның нәсілдік ерекшеліктері зор тұрақтылықпен сыртқы ықпалдарға қарсы тұрып, соларға кереғар тіршілік етуін жалғастыруда. Краниологиялық зерттеудің осынау маңызды нәтижесі әрине, керісінше, адамның тұрақты өзгеруін мойындайтын үстем көзқарасқа кереғар тұр. Бірақ қатаң толғаныстан соң, менің келтірген фактыларым тек қана және тек қана менің көзқарасым тұрғысынан түсіндіріле алатынын мойындай керек”. Кювье, Гексли, Рютимейер сияқты аса ірі жаратылыстанушылардың көптеген жануарларға, соның ішінде Кювье бойынша Ніл аңғарының адамына, Рютимейер бойынша жалпы адамға – тұрақты тұрпат тән деген пікірлерін көрсете келіп, былай деп жалғастырады: «Бірақ адам бізге өздерінің молаларында қалдырған барлық нышандар бойынша соңғысына жатады (яғни, тұрақты тұрпатқа). Ол Еуропаны кезіп жүргелі бері онда нәсілдің остеологиялық белгілері де, әр түрліліктің остеологиялық нышандары да өзгерген жоқ. Басқаларын айтпағанда, осы ереженің кеңінен таралуының таң қаларлық мысалы – папуастар мен малайзиялықтардың арасындағы айырмашылықтар. Олар атам заманнан бері физикалық жағынан соншалық бірдей, бір ғана тропикалық елдерде, бір-бірімен көршілес өмір сүріп келеді, соған қарамастан олар бір-бірінен өзгеше». Дәл сол секілді Еуропаның алғашқы қауымдық заманы үшін де, оның қазіргі заманы үшін де әртекті нәсілдердің едәуір санының болуы, сондай-ақ олардың арасындағы ықпалдастық (пенетрация) дәлелденген факт болып табылады. «Осы пенетрация, – дейді Колльман, – қазір, мыңдаған жылдар бұрынғы секілді Еуропаның барлық жерлерінде әрқилы нәсілдердің өкілдерінің бір-бірімен қоңсы тұруына алып келді, соның салдарынан әрбір халық пен әрбір мемлекетте әрқилы пропорцияда әрқилы нәсілдердің бөліктері бар. Бұл байламды мен Еуропа халықтарының 3000-нан астам бас сүйектерін салыстырудан шығардым...» Мұны аз десеңіз, ұлттық сарынның ықпалымен төл тайпаларының бірлігі мен «тазалығын» мойындауды абырой санайтын краниологтарда, мысалы германдардың «нәсілдік бірлігін» жақтаған Гельдер секілділер, – солардың өзі

«герман тайпасының» шегінде «бес тұрпаттың» бар екеніне жол беріп, «нәсілдік бірліктің» ішіндегі айырмашылықтың даусыз фактысын мойындауға мәжбүр. Бірақ бұдан шығатын қорытынды тек мынадай: Гельдер әзірге өз санағында бес ерекше тұрпатты тауыпты, және бұл басқа бір зерттеушінің әлі басқа да тұрпаттарды көрсету мүмкіндігін, сондай-ақ өткенде олардың көбірек санының болу мүмкіндігін жоққа шығармайтындығы айдан анық. Арнайы Швейцария үшін «Гидс пен Рютимейер қатаң ғылыми әдістің бүкіл аппаратымен Швейцарияда ағаш тіректі үйлер кезеңінен осы күнге дейін кем дегенде 3 әрқилы нәсілдер тұрғанын және олардың ұрпақтары қазір де бар екенін дәлелдеді». Ең алғашқы қауымдық заманға дейін еуропалық халықтардан көруге болатын, Колльманның сөзі бойынша, сол «антропологиялық» алуандықты Американың түземдіктерінде де атап көрсетуге болады. «Бұрын Кап-Горннан солтүстіктің үлкен көлдеріне дейінгі бүтін бір континентте бір нәсіл таралған деп ойлайтын. Унитарлық көзқарасқа қарсы шешуші мәні бар фактыларды алғаш рет Андрей Реций (Andraas Retzіus) келтірді. Ол Америкада 2 нәсілдің – батыста сопақша, ал шығыста атжақты нәсілдің – бар екенін дәлелдеді. Осы көзқарасқа Вирхов та қосылды, оның ойынша, антропологиядағы топтастырып жіктеу тұрғысынан фактылар Американың түземдік халықтары арасында біртұтас нәсіл жоқ деген байламға келуге болады». Колльман зерттеген америкалық бас сүйектер төмендегідей нәтижелер берді: Америка континентінде бас сүйектердің ең шетін долихоцефалиядан ең шетін брахицефалияға дейінгі барлық дәрежедегі ұзындығы ұшырасады... Континенттің солтүстік бөлігінде де, оңтүстік бөлігінде де түземдік халық бір ғана нәсілден тұрады. Тек пайыздық қатынас өзгереді... Сонымен, тек америкалық адамдар нәсілдері туралы айтуға болады... “Мен мынаны қосқым келеді: мысалы, солтүстікте, немесе оңтүстікте тек долихоцефалдардан немесе тек қана брахицефалдардан тұратын жеке тайпаны табатындай тіпті шағын аймақтың ішінде де нәсіл бірлігін табуға ешқандай

үміт жоқ... Менд-Бильдердегі немесе Клифф-Двеллердегі халықтар кейін де кездескен нәсілдердің нақ өзінен тұрады”. «Барлық халықтар, Еуропаның алғашқы қарабайыр адамдары немесе аңшылық тұрмыс дәуіріндегі біздің ата-бабаларымыз, ағаш тіректі үйлердің құрылысшылары, германдар мен кельттер сияқты бірнеше нәсілден тұрады...» Колльманның «пенетрация» туралы теориясының қуатталуын оның шәкірті Пассаванның батыс Африкадағы байқауы берді, оның нәтижелерін ол өзінің «Негрлер мен негр халықтары туралы краниологиялық зерттеулерінде» жариялады. Пассаван Африка жерінде өз зерттеуін бастаған алғашқы орын француз иелігі Горэ (Goree) болды, оның қара нәсілді халқы серлер мен иолофтардың «тайпаларына» жатады. «Ең алдымен менің сезінгенім – деп жазады, Пассаван – жаңа бастаған адам үшін негрлер физиономиясын бір-бірінен ажыратудың соншалық қиындығы. Әуелі олардың барлығының бет әлпеті бірдей көрінетін, тек ұзақ, талай апталарға созылған практикадан кейін маған олардың физиономиясымен таныса алудың сәті түскені соншалық, қара адамдардың индивидуалдық айырмашылықтарын, шынында да, ажырата алатын болдым». Пассаванның жеке тәжірибесі тек баяғыдан белгілі фактыны, көп жағдайда үстірт барлапбақылау адам тұрпатының шын мәнінде бар қисапсыз айырмашылықтарын мүлдем байқамайды, антропологияның дамуының бүкіл алдыңғы жолы – атап айтқандав, әу баста ол барлық адамзатта топтарды мойындағанын (көзге ұрып тұратын аса дөрекі нышандар бойынша, мәселен, адамның түр-түсі бойынша ажырату), содан кейін бақылау объектісі ретінде адамзатпен ілгерілей беретін танысу оның осы әрбір топтың ішінде сан алуан ерекшеліктің бар екенін мойындауға мәжбүр болуын қуаттайды. Осылай, мысалы, Кювье адамзатты тек 3 нәсілге: моңғолдарға, негрлерге және кавказдықтарға бөледі. Блюменбах адамның 5 тұрпатын ажырата алады да, өзінің 5 нәсілін соның негізінде құрды. Ласепед пен Рюмери алтыншы нәсілді қосты; ал Бори енді 15 нәсілді көрген; Демулен 16 нәсілді көрді; ал Вайц бұл санды да жеткіліксіз деп тауып, теория жүзінде жалпы әрқилы нәсілдердің

санын белгілеуге болмайды, өйткені ол олардың әлдеқайда көп түрлерін, атап айтқанда, бірнеше жүз түрін белгілеуге болады, бірақ олай етуге оның этикалық сезімі дүр көтеріледі деп жариялады. Бақытымызға орай, американдық зерттеушілер еуропалықтардың ондай соншалық мағынасыз соқыр сенімін ұстанбайды да, адамзатты, інжіл мен еуропалық этикаға пысқырмастан, алды-артына қарамай барған сайын көп сандарға бөліп жатыр. Мәселен, Мортон, Нот, Глиддон қабылдаған нәсілдер саны бірнеше жүзге дейін жетеді, және де бұл антропологтар барлық нәсілдерді әлі қамти алған жоқ. Көріп отырғанымыздай, осылайша, ілгерілей түскен танымның әлі де көптеген адамзат нәсілдерін табуына ешқандай кедергі жоқ. Пассаванның негр халықтары жөніндегі зерттеуі антропологиялық танымның жаратылыстықзаңдық және қажетті барысы осындай екенін тағы да дәлелдей түседі. Бұрын Африканың негр халықтары басты 4 нәсілге: негриттерге, конгонегрлерге, каффрларға және готтентоттарға бөлінетін. «Негрлерді үлкен төрт халық топтарына бөлу, – дейді Пассаван әбден әділетті, – біздің этнографиялық білімдеріміздің табысымен байланысты, біздің ғылыми сапарларымыздың жемісі». «Континенттердің жекелеген бөліктерін немесе тұтас бір континенттерді шарлап шыққан тайсалмас байқаушылар біздің 151 млн-нан астам халықпен таныстығымызды біртіндеп кеңейткені соншалық, енді біз, бері салғанда бірнеше үлкен этностық топтарды бөліп көрсете аламыз». Дәл осы Пассаван Африкада «негрлердің, кем дегенде, 3 нәсілі» бар деп біледі, айтпақшы, ол соларға берберлер мен Бедж халықтарын (бұрын эфиоптар деп аталған) қоспайды. Осы үш нәсілден, берберлер мен Бедж халықтарынан тыс “берберлер мен Бедж халықтарынан негрлер арасында өтпелі орташа сатыда тұрған тайпалар да бар, оларда әрқилы тұрпаттардың араласып кеткені соншалық, оларды белгілі бір нәсілге жатқызу туралы әңгіме болуы да мүмкін емес”.

Осылайша бір кездері тек бір ғана қара нәсілді көрген Африкада, Пассаванның пікірі бойынша, енді жеті этностық топ бар. Бірақ Африканы әрқилы басқа зерттеушілер осы жеке топтардың құрамы туралы не айтады? «Негриттер» туралы Гартманның не айтқанын тыңдап көрелік: «Негриттердің ьолып жатқан тайпалық ауытқуларды көрсететіні соншалық, негрлерді бұйра шашты, жалпақ мұрынды, үлкен ерінді, қазанның түп күйесіндей қара түсті адамдар ретінде үстірт елестетуден бас тартуымыз керек». Міне бұл жерде де қисапсыз әртүрлілік! Бірақ осынау әртүрлілік неден тұрады және неғұрлым мұқият бақылағанда барған сайын көп нәсілдерге бөлуге ұдайы итермелейтін айырмашылықтар қандай? Жауап өте қарапайым. “Гәп – дейді Колльман – негізінен «нәсілді» сипаттайтын анатомиялық нышандарда... сүйектер бойынша оның физикалық немесе материалдық нышандарын анықтауға болады”. Ал нәсілдердің барған сайын көп санын анықтай түскен ғылыми тенденцияға келер болсақ, ол мынаған сүйенеді: өзіндік ерекше нышандарды бас сүйекте тек едәуір күрделі зерттеулер көмегімен ғана көрсетіле алады. Алайда осы зерттеулер еңбекті ақтай ма? Адам сүйегінің бітіміндегі осынау әртүрліліктің бәрі ереже мен заңдар атаулыдан тыс, шексіз, ұдайы құбыла беретін комбинацияларда кездесетін табиғаттың шалдуар ойыны емес пе? Мұндай сұраққа осы заманғы краниология мүлдем нақты жауап береді. “Қаңқа, – дейді Рютимейер, – бір рет алынған пошымды барынша тұрақтылықпен сақтайтын орган болып табылады, сондықтан тіпті будандастыру тұсында да өзара ықпалдас екі фактор үшінші пошымды туғызбайды, бірақ бір-бірінің жанында өмір сүре береді; будандастырудың қаңқаға ықпалын химиялық емес, механикалық ықпалмен салыстыруға болады». Дәл сол секілді Фохт та қаңқада бәрінен жақсы байқалатын нәсілдік белгілердің тұрақтылығын үзілді-кесілді қолдайды. Пассаван «бас сүйек пошымы тұрақты, тұқым қуалау арқылы берілетін нәсілдік белгі» деп санайды. “Нәсілдің тұрпаты, деп жазады ол, тұрақты күйінде қала беретін немесе кейін

регресс арқылы қайтадан көрінетінін қуаттайтын толып жатқан мысалдар белгілі”. Бұл туралы Колльман ескертпелері бұлтартпайды: «Егер де жемісті будандастырумен қатар әртүрлілікті сипаттайтын нышандардың сыртқы ықпалдарға төтенше табанды қарсы қимылы болмас, онда адамдар арасында әлдеқашан пошымның толық бірдейлігі үстемдік құруға тиіс болар еді. Бірақ іс жүзінде қарама-қарсы құбылыс байқалатынын краниология дәлелдеп бере алады, әрбір әділ бақылаушы қуаттап бере алады». Ал басқа бір жерде ол былай дейді: «Салондық өмір сүйектердің қаттылығы мен бұлшық еттер күшінің әлсіреуіне, қол мен аяқтың кішіреюіне қолайлы жағдай жасай алады, алайда индивид ежелгі шығу тегінің мұрасы ретінде өз бойында алып жүретін түрлік нышандар, цилиндр мен сырланған етікке қарамастан, өз орнында қала береді». Осынау екі фактыдан – нәсілдік белгілердің тұрақтылығы фактысының адамның әртүрлілігінің немесе осынау белгілермен өзгешеленетін нәсілдердің әлі де көз жетпейтін көптігі фактысынан – қандай қорытынды шығару керек? Осыдан мынадай қорытынды шығатыны айдан анық: біз нәсілдердің мекен ауыстыруы, «пенетрация» бой көрсеткеннен әлдеқайда бұрын адамдардың жер бетінде бастапқы тіршілік етуін әртекті адам ордаларының қисапсыз көптігі түрінде елестетуге тиіспіз, мұны көптеген будандасуға қарамастан әлі күнге дейін тұрақты күйінде қалып келе жатқан өзіндік ерекше нәсілдік белгілер айғақтайды. Егер нәсілдік белгілер ұрпақтан ұрпаққа тек тұқым қуалау арқылы ғана берілетін болса; егер жаңа белгілердің пайда болуы байқалмаса, қайта тек ескі белгілер ұдайы қайталап көрініп отырса; егер қазір пенетрация және тұқым қуалау жолымен барған сайын кеңінен таралып бара жатқан нәсілдік белгілердің қисапсыз саны көз алдымызда тұрса (бұл, әрине, көптеген түрлердің қырылып бітуі мен жойылу фактысын жоққа шығармайды); егер сол белгілер тұрақты да ежелгі (молалардан қазу!) болып шықса, – онда біз осыдан жекелеген түрлер мен нәсілдерді көрсететін көптеген әр текті адам ордалары әу баста болған деген байлам жасауға тиісті емеспіз бе? (Алғашқы «жұптардың»

қисапсыз көптігімен кей-кейде тек інжіл аңыздары мен отбасының осы заманғы ұғымымен біте қайнасқан көзқарас қана ешқашан келіспейді!) Біз тағы бір келіспеушілікті жоққа шығармақпыз. Тіпті полигенизмді мойындайтын антропология мен краниология нәсілдердің тек шектеулі және аз ғана саны туралы әңгіме ететін кезде, біз нәсілдердің қисапсыз көптігі туралы айтып, тым асыра сілтеп жіберген жоқпыз ба! Әрине, шектеулілік – факт; алайда, антропология мен краниология ішінара нышандардың қандай аз санымен өздерін өздері шектейтінін ішінара оларды заттар табиғаты шектейтінін қаперге алу қажет. Нәсілдік белгілер тек қана дерлік антропологтар мен краниологтардың іздеуіне тура келетін бас сүйектер мен қаңқаларда ғана бар дегенге кім сенеді? Арақатынас (Correlatіon) заңына сәйкес бас сүйектегі айырмашылықтарға ішінара адам әлпетіндегі өте елеусіз белгілер, ішінара ми қатпарындағы ұқсас айырмашылықтар сәйкес келетіні айдан анық; бірақ, әрине, бұл сала бізге әлі мүлдем бейтаныс, өйткені бұл жұмыс ішінара біз сүйектерге жүргізетін зерттеулерге бой бермейді, ішінара тек дөрекі құбылыстарға үйренген түйсінуіміз үшін өте нәзік. Біздің зерттеуімізге көнетін көптеген тән нышандарына келсек, тарихи зерттеулерден мүлдем бас тартуға тура келеді, өйткені тәннің тиісті мүшелері мен органдары толығымен шіріп дәне жойылып кетеді (мысалы, мұрындар мен құлақтар); алайда тәннің сол мүшелерінде нәсілдік айырмашылықтың едәуір анық көрінетініне ешкім күмәнданбайды. Сонымен, құралдары шектеулі қазіргі антропология анықтай алатынынан адамдар әртүрлілігінің әлдеқайда көп саны бар екенін (және әрқашан болған) мойындасақ, антропологиялық ақиқаттың алдына тым түсіп кете қоймайцмыз. Осыны ескеріп біз «Rassenkampf» атты еңбегімізде көлденең тартқан және сын жоққа шығармаған полигенетикалық гипотезамызды бұдан былайғы әлеуметтік-ғылыми зерттеулеріміздің темірқазығы ретінде аламыз.

§5. Әлеуметтік заң ұғымы мен оның мәнісі

Алдыңғы бөлімде салыстырылған фактылардан енді антропологиялық мағынадағы нәсілдердің – оңашаланған және бір-біріне ұқсамайтын «нәсілдердің» жоқ екендігі айдан-анық болып шығады. Бірақ сондай нәсілдер әйтеуір бір кездерде болды ма? Біз қазір тарихи және тарихқа дейінгі дәууірлерді зерттеудің қандай да болсын құралдарының көмегімен ондай қарабайыр ахуалын түсіне алмайтын болсақ та, логика араластан бейараласқа, күрделіден қарапайымға қарай ондай байламға даусыз жол береді. Логика жол беретін тұжырымды біз, ол тек ғылыми гипотеза болса да, біздің дедукцияларымыздың темірқазығы етіп ала аламыз. Бастапқы жаратылыстық топтарға қарама-қарсы тарихтың барысында және қазіргі кезде біз тек антропологиялық жағынан талай рет араласып кеткен адамдар тобымен істес боламыз, – алайда бұл олардың өзара әлеуметтік қатынастарына ешқандай ықпал ете алмайды. Әлеуметтанушылық талдауда бұл топтар бір-бірінен әртекті топтар секілді қатынас жасайды; өйткені осынау әртектілікті жасайтын нышандар сүйектер мен бас сүйектерінің құрылысына ешқандай ортақтығы жоқ мүлдем басқа сәттермен анықталады. Топтардың туыстығы немесе жаттығы бір кездері таза антропологиялық фактылар, бас сүйектер мен сүйектердегі ерекшеліктердің коррелаттары бола алар еді, бірақ бүкіл тарихтың өн бойынан және қазіргі кезде біз осы туыстық пен жаттықта мәдени ахуал мен қатынасты көреміз, олар керекті мүлдем басқа, антропологиялық емес, әлеуметтанушылық сәттердің коррелаттары мен салдары болып табылады. Субъективті түрде топпен ынтымақ сезімін тудыратын және объективті түрде топқа жататындықты мойындауға негіз болып табылатын әлеуметтанушылық немесе, турасында әлеуметтік сәттер мынада: біріншіден, топ ішінде, яғни сол топ мүшелерінен туу; одан кейін – топ ішінде тәрбиелену. Осынау соңғысы, негізінен, кісіні – топтың тілін, құлқын, дінін, көзқарастары мен салтын игеру арқылы субъективті және объективті түрде соның мүшесі етеді.

Осынау барлық сәттерден белгілі мүдде ортақтығы өсіп шығады, ол топтың барлық мүшелерін, демек, әрбір кісіні, топпен байланыстырады; осынау мүдде ортақтығы сезімі бастапқы пошымындағы патриотизмнің өзі. Осындай бірлі-жарым сингенетикалық топтар әлеуметтік қарекеттер туғызатын қарапайым элементтер болып табылады; бұл қарекеттер, ең алдымен, екі немесе бірнеше осындай қарапайым элементтердің әлеуметтік бірігуін туындатады. Осынау туынды әлеуметтік кешендер, құрылуына одан әрі сан алуан саяси, экономикалық, ұлттық және рухани мүдделер ықпал ететін кешендер әрқашан өздерінің әлеуметтік табиғатының пәрменімен ең қарапайым элементтерге тән заңды қатынастарға түседі, сөйтіп ұдайы көбейіп, күрделі бола түсетін кешендер арқылы ең бастапқы өзара ықпалдастықты туғызған ағым әрқашан өтіп отырады, ол ағым жаңадан пайда болатын комбинациялар мен мәдени өзгерістердің арқасында сөзсіз өзгеріп, күрделілене беретіндігіне қарамастан солай болады. Осынау әлеуметтік элементтер мен олардың түзілімдері тарихи процестің субъектілері, ал осынау ұдайы көбейіп, күрделілене түсетін қарекеттер оның мазмұнын құрайды. Әлеуметтік элементтерден шығатындықтан біз әлеуметтік деп атайтын қарекеттерді қарастыра келіп, олар өздерінің мәнісі мен тенденциялары жағынан олар, уақыт пен кеңістікте болатын елеусіз модификацияларына қарамастан, таң қаларлықтай біркелкілікті, және тіпті, одан да зоры ұқсастық пен бір мәнділікті көрсететінін байқаймыз (Wesensgleіchheіt). Және басқа салаларда біз осындай біркелкілік атаулыны, оны туындататын заңға бағындырып, жатқызатынымыз секілді, арнайы-әлеуметтік салада да біз заңдар туралы айтып, оларды арнайы-әлеуметтік заңдар деп атаймыз. Біз үшін әлеуметтік заң топшыланатын норма деген сөз, оған әлеуметтік саладағы нақты процестер саяды, және соған сәйкес әлеуметтік (элементтер, яғни сингенетикалық) топтар бір-біріне ықпал етіп, дамиды. Әлеуметтік ғылыммен айналысу тек қана осындай заңдарды зерттеп, оқыпүйренуден, этностық және әлеуметтік элементтер бір-бірімен тоғысатын жердің барлығында олардың қарекеттерін анықтаудан тұрады. Зерттеу осы арада

көрсетілген сәттерге бағытталмағанша, әлеуметтік ғылымды ашу (fіnden) немесе негіздеу әрекеттері болды – бірақ ол ашылмады да, негізделмеді де. Әрине, тарих философтары мен әлеуметтанушылар әлеуметтік ғылымды (немесе тарих философиясын) негіздеу үшін дамудың заңдылықтары, әлеуметтік заңдардың дәлелденген бар екендігі қажет екенін білетін (бұл жайында үнемі Конт, сондай-ақ Кэри айтады); бірақ олар осы заңдылықты қайдан, қандай қатынастар мен құбылыстардан іздеу керектігін білмеген. Біреулері (мысалы, Вольтер) оны адамзаттың дамуынан іздеді. Бірақ егер осындай дамудың субстраты бүтін ретінде адамзат деп мойындасақ, мұндай жағдайда екінің біріне – алға немесе артқа қозғалысқа, прогреске немесе регреске жол беруімізге тура келеді. Соңғысына жол беруге бейім болғандар, Руссо секілді, гипотезалық бақытты жаратылыстық ахуалға сүйенді де, содан кейін азғындық пен бұзылғандықтың үздіксіз өсе түскендігін дәлелдеумен болды. Алайда көпшілік оған кереғар көзқарасты ұстанып, дамудың прогрестілігін, атап айтсақ, алғашқы қауымдық жабайылықтан өсе түсіп келе жатқан өркениятқа (бұған барлық дерлік «мәдениет тарихшылары» кіреді) қозғалысты дәлелдеуге ұмтылды. Екі бағытта қате болатын, және олардың қателігі «адамзатты» дамудың біртұтас субстраты деп қарастыруында болатын. Бұл көзқарас бұрыннан үстемдік құрып келеді, және оны барлық дерлік тарих философтары мен әлеуметтанушылар ұстанады. Оны дәлелдеу үшін олардың өздерінің тарихи дүниетанымын шектеуіне, оңға да, солға да қарамауына, және адамзат ретінде оның аз ғана бөлігін мойындауына тура келеді. Осы мақсат үшін олар, негізінен, еуропалық, немесе, нақтырақ айтсақ, грек-рим-неміс немесе француз тарихының үстіңгі қабатын пайдаланады: олар осы арада өздерінің тапқандарын бүкіл адамзаттың дамуы деп атайды. Осылайша, мысалы, Конт бастапқы фетишизм мен осы заманғы (!) монотеизм арасында жатқан политеизм кезеңі туралы айтады да, бұл орайда осы кезең барысында адамзат (!) моногамияға дейін көтерілді дегенді кесіп айтады. Бұл арада «адамзаттың» қай бөлігі туралы әңгіме болып отырғаны түсінікті; одан арғысы Контты

мазаламайды – олай болмаса, оған даму «заңдылықтарынан», «адамзаттың» моногамияға дейін өсуінен бас тартуына тура келер еді. Даму “заңдылығының” осы тегін ұнатпаған, оның астарында ап-анық жалғандықты көрген парасатты адамдар аз болған жоқ. Осындай қиялдағы заңдылықтар мен қиялдағы заңдарға наразы олар соларды басқа жерден тауып алуға тырысты. Бұлар Кетле бастаған статистиктер еді. Заңдылықтар мен заңдар дәлелсіз болса, адамдар туралы ғылымның бола алмайтынын, адамдардың бүкіл мінез-құлқын да, жаратылыстану өрісіне кіретін құбылыстарды да тұрақты заңдар басқаруы тиіс екенін Кетле де біледі. Ол философтардың осы заңдарды тануға әлі жетпегендігіне шағынады. «Шынында да, не өзіміздің күшімізге сенбеудің салдарынан, не еркін және кездейсоқ себептердің белгілі бір нәтижелерін заңдарға бағындыруға ниеттің жоқтығының салдарынан, – қалай болғанда да, моральдық құбылыстарды зерттеу тұсында біз табиғаттың басқа заңдарын зерттеу кезінде өзіміз ұстанған жолдан бас тарту керек деп санаймыз». Егер адамдар туралы ғылым олардың мінез-құлықтары мен қылықтарын басқаратын заңдарды танып, анықтағысы келсе, онда бұл ғылым кісіні елемеуге, өз бақылауын индивидке бағыттамауы керек деп Кетле өте әділін айтады. «Ең алдымен, біз оқшауланған адам туралы ұмытып, оны тек қана өз түрінің біреуі ретінде қарастыруға тиіспіз. Оны индивидуалдығынан айырып, біз барлық кездейсоқтықтың жолын кесеміз; бұқараға болар-болмас ықпал ететін немесе мүлдем ықпал етпейтін индивидуалдық ерекшеліктер өзінен-өзі жойылып, біздің ортақ нәтижелерге қол жеткізуімізге мүмкіндік береді»... Шеңбері алыстан анық көрінетін, бірақ лупамен қарағанда бор шаңының пошымсыз массасы болып көрінетін шеңберді тақтаға бормен сызуды мысалға келтірген Кетле былай деп жалғастырады: «Біз адамзат тегін басқаратын заңдарды дәл осылайша зерттейміз; егер біз оларды жақыннан барлапбақылайтын болсақ (бұл жерде ол индивидті бақылау жұмысын айтады), біз оларды түсіне алмаймыз, өйткені біздің көзімізге сан жетпес индивидуалжық ерекшеліктер ғана түседі...

Осылайша, Кетле адамдар туралы ғылым индивидті елемеуге тиіс деген теріс қорытындыға келеді. Ғылымның қате таңдаған осыған объектісінен бас тартуға тура келген Кетле оны немен алмастырды? Ол, жоғарыда біз атап өткеніміздей, бірде «адам түрі», бірде «қоғам», бірде «әлеуметтік жүйе» деп атайтын мүлдем мазмұнсыз, бос ұғыммен алмастырды. Кетленің басты қатесі осында. Адам туралы осынау ғылымның бақылау объектісі болуға тиісті нәрсені позитивті тануға Кетле келген жоқ; және біз, осынау позитивтік танымның кемшілігі оның барлық ғылыми еңбектерін неліктен және қалайша жоққа шығаратынын көреміз. Шынында да, заңдылықтар мен заңдарды тауып алу үшін бақылау объектісі ретінде «адамзат», “қоғамдар” немесе «қоғамдық жүйе» сияқты бос ұғымды таңдап алып, ол не бітірер еді?.. Бұл ұғымға бақылауға болатын ешқандай нақты құбылыс сәйкес келмейді; өйткені әрбір нақты құбылыс табиғатта шектеулі және тек сол себептен ғана ғылыми талдауға көнеді. Шектелмеген, нақтыланбаған, шексіз құбылыс ғылыми бақылау мен зерттеудің пәні бола алмайды. Сондай көзге көрінбейтін, нақтыланбаған және нақтылана алмайтын құбылыс Кетледе «адамзат», «қоғамдар», «қоғамдық жүйе» ұғымы болып шығады; мұндай объектіге соқтыққан ғылыми әрекет атаулы күл-талқан болуға тиіс, өйткені ол ғылым атаулының негізі болып табылатын бақылауға мүлдем көнбейді. «Адамзат» және «қоғам» ұғымдары уақыт пен кеңістік сияқты оп-оңай ғылымның пәні бола алады: тек өзінің нақты көріністерінде солай бола алады, нақты бірлік ретінде олар бақылау мен зерттеуге көнеді. Кетле осындай бірлік ретінде индивидті толығымен мойындамайды, бірақ ол басқа бірлікті таба алмады. «Адам тегі», «қоғам», «қоғамдық жүйе» – нақтыланбаған, бұлыңғыр ұғымдар. Кетле, біз көргендей, осынау қиын жағдайдан «үлкен сан» көмегімен шығуға үміттенген. Ол үшін «үлкен сан» – сиқыр таяқша, сол таяқша көмегімен «адам тегінің», «қоғамның», «қоғамдық жүйенің» құж-құж жартастарынан сүйріктей сүйкімді де нәзік жұмыстың ғылыми ұғымдарын жасайды; «үлкен санды» пайдаланып, ол бұрын былық жайлаған жердің бәрінен заңдылық пен

заңдарды аша береді. Оның операциялары өте қарапайым; өкінішке қарай, бірақ олар тіпті айтарлықтай дәрежеде дұрыс та, даусыз да емес... Әлеуметтік өмір саласындағы (немесе кез-келген басқа саладағы) кезкелген құбылыстарды есептеп алып, сол құбылыстардың шыққан санын әрқилы дәуірлерде қайталанып отыратын санымен салыстыру керек; бұл орайда екінің бірі ғана болуы мүмкін: не сандар белгілі дұрыстықты көрсетеді, не көрсетпейді. Бірінші жағдайда статистиктер «үлкен сан заңына» қуанады, ал екінші жағдайда – олар үнсіз қалады. Әрине, көбінесе біріншісі орын алады, өйткені дүниедегі қатынастар мен процестердің барлығының сандық жағы бар, – олардың барлығын санап шығуға болады. Бірақ барлық сан атаулыда мынадай қасиет бар – белгілі бір биікте олар белгілі бір пропоция береді. Осы биіктікке қажетті түрде күндердің күнінде қол жеткізілуі керек. Сандардың табиғаты осындай, ол, шамасы, санауға көнетін қатынастар мен процестерге беріледі. Мысал ретінде күнделікті өмірде сирек кездесетін кез-келген оқиғаны алайық. Есі ауысқан адам мұнараға шығып алып, соның биігінен көшеге құлайды. Мұндай оқиға белгілі бір қалада атам заманнан бері болмаған; ол мүлдем жападан-жалғыз оқиға. Әрине, одан қалай тартсаң да заңдылық дәлелденуі мүмкін емес. Егер ол содан кейін қайталанбаса, ешқандай статистикалық өңдеуге жатпайды. Бірақ мұнымен бұл оқиғаның келешекте қайталану мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Егер біздің қолымызда көптеген жылдар болып, мұндай оқиға тек екі рет орын алса, онда бізде статистикалық «заңдылық» үшін сүйеніш болғаны. Осындай оқиға пәленбай жыл бойы қайталанып келеді деуге болады. Егер адам өмірін құрайтын күн сайын немесе сағат сайын болатын оқиғалар мен құбылыстарды санасақ, онда, сандық қатынастарды белгілеу мүмкіндігі айтарлықтай арта түсетіні айдан анық. Осы оқиғалардың ең үлкен саны (мысалы, туу, некелесу, өлім-жітім, т.б.) белгілі бір және тұрақты адамдар тобының ішінде үлкен дұрыстықпен қайталанып отыруға тиіс: мұндайда статистика оп-оңай жеңісін тойламақ. Бірақ, деп сұраймыз біз, жаратылыстық процестердің дұрыстығын атап көрсету оларды басқаратын заңды түсіндіре ме? Тіпті де түсіндіре алмайды. Сан қашан да тек

заңдылықтардың бар екендігінің дәлелі немесе нышаны; ол заңдылықты айғақтайды, бірақ түсіндірмейді. Статистиканың барлық қорытындылары «адамзатқа», «қоғамға», «қоғамдық жүйеге» қатысты титтей де «заңды» бізге ашып көрсетуге немесе түсіндіруге қауқарсыз. Үлкен сан заңы – сандар заңы, бірақ санаққа іліккен құбылыстардың заңы емес; ал әлеуметтік ғылым әлеуметтік құбылыстардың өзінің заңын білгісі келеді және олардың тек сандық жағынан ғана емес. Статистиканың сіңірген еңбегі ғаламат бола алады; зертеу әдісі ретінде оның өз маңызы бар; бірақ әлеуметтік құбылыстардың ізделіп отырған заңдары статистикалық зерттеулер арқылы ешқашан табыла алмайды. Құбылыстардың есебі және белгілі бір уақыт шегінде олардың сандық қатынастарын салыстыру осы құбылыстардың заңдарын іздеп тауып, анықтауға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын таза механикалық-арифметикалық қызмет. Кетленің статистикалық зерттеулері ғылымға зор қызмет етті, бірақ ол өзінің көздеген мақсатына, яғни әлеуметтік құбылыстардың заңдылықтары мен заңдарын дәлелдеу мақсатына қол жеткізе алған жоқ. Сан заңы оны әлеуметтік құбылыстар заңынан бұрып алып кетті. Мұндай қателіктің қайнар көзі әлеуметтік ғылымның пәні туралы түсініктің бұлыңғырлығында, оның зерттеулерінің негізінде жатқан «адам тегі» және «қоғам» ұғымдарының бұлыңғырлығында, және өзінің нақтылығының жоқтығы мен бұлдырлығының салдарынан қатаң да дәл ғылыми талдауға мүмкіндік бермейтіндігінде еді. Өзінің неғұрлым кейінгі «Қоғамның жаратылыстық тарихына» атты еңбегінде ол осы ұғымдардың бұлдырлығынан құтылу үшін негізінен жеке әлеуметтік аралас-құраластықты зерттеумен айналысты, бірақ ол «ұлыс», «ұлт», «адамзат» жөніндегі анық көзқарасқа келе алмағаны былай тұрсын, қайта бұрынғы жұмыстарына қарағанда одан күтуге болмайтын қателікке ұрынды; бұл қателік мынада еді: осынау түзілімдердің мәнісі мен табиғатын анықтау үшін ол алдамшы қайнар көз бен бастау ретінде кісіге, индивидке жүгінеді. Осының салдарынан ол мемлекеттік ғылымдағы бүкіл индивидуалистік және атомистік

бағыт секілді, өзін күні бұрын әлеуметтік аралас-құраластықтың табиғатын түсінбеуге бұйырды. Тарих философтары мен Контқа, сондай-ақ Кетлеге қарағанда, айтарлықтай прогресс, жоғарыда айтылғандай, Спенсердің философиясымен, әлеуметтануымен байланысты. Ол жоғарыдағылармен бірге әлеуметтік ғылымның қажеттігі мен мүмкіндігін мойындайды. Контпен салыстырғанда мына факт прогресс болып табылады: Спенсер адамзат дамуындағы әлеуметтік заңдардың субъектісі ретінде бірлікті алдыңғы қатарға сондай дәрежеде шығармайды, керісінше, барлық жерде және әрқашан болып жататын әлеуметтік аралас-құраластықтың дамуы туралы айтады. Екінші жағынан, ол осынау заңды даму мәселесін «үлкен санмен» шешуге тырыспайды. Керісінше, Спенсер осы проблеманың шешімін өзінің эволюция формуласынан көреді. Әрине, осы эволюция заңын әлеуметтік құбылыстарға өте алшық болса да, белгілі бір қатынастағы «ортақ заң» ретінде қабылдауға болады; бірақ оны «әлеуметтік заң» ретінде тіпті де қабылдауға болмайды. Спенсердің теориясының темірқазығы мына қағида: әрбір ғылым, өткен уақыттағы әр түрлі құбылыстардың генеалогиясын зерттей отырып, белгілі құбылыстардың құрамдас элементтері бір кездері диффузиялық ахуалда болды, бірақ кейін, осы құбылыстың даму тарихын зерттей келіп, ол бір кездергі оның бытыраңқы элементтерінің бірте-бірте шоғырлануымен ұшырасады деген кәміл сенімге келуге тиіс. Осыдан Спенсер дамудың ортақ заңының өзі іздеп жүрген формуласы осы екі қарама-қарсы процесті, атап айтқанда, шоғырлану мен диффузияны қамтуы тиіс деген байламға келеді. Сондай формула – оның эволюция заңы. Ол былай дейді: танылатын әрбір құбылыс үздіксіз өзгеріс ахуалында болады; бұл өзгеріс не туындау (іm Werdem) процесінде, не жойылу (іn Vergehen) процесінде болады; біріншісі материяның кірігуінен (немесе шоғырлануынан) және қозғалыстың шашырауынан құралады, бұны Спенсер эволюция деп атайды; соңғысы материяның бытырауынан (іріп-шіруінен) және қозғалыстың сіңірілуінен құралады, бұны Спенсер диссолюция деп атайды.

Шынында да, Спенсер осы формуланы құбылыстардың барлық саласына қолдануға болатынын дәлелдей алды; бұл орайда ол ақыл мен тапқырлық кені екенін көрсетті. Алайда гәп мынада: осының ортақ формуланың нақты құбылыстардан алыс жатқандығы соншалық, ол бізге олардың табиғатын тіпті де түсіндіре алмайды; бұған қоса ол олардың шын заңын алмастыра алмайды. Бұл формула барлығына қолданыла алады және ештеңені түсіндірмейді. Шындап келгенде, ол тек ортақ қозғалыс заңы бар екендігін ғана дәлелдейді. Осы заңның тереңіне бұл формула бойлай алмайды, оның сыртқы қабатында қала береді. Атап айтқанда, әлеуметтік салада осы жүгенсіздік барынша айқын көрінеді. Осы формула белгілі – тікелей емес, жанама – мағынада әлеуметтік процестерге қолданыла алатынымен, ол алайда оларды анықтамайды. Спенсер, мысалы, осы формуланы әлеуметтік салада былай іске қосады: «Ешқандай ұйымдасуы жоқ қаңғыбас адамдардың шағын пошымы орын алып тұқрғанда, осы топтардың өзара жанжалдары олардың құрылымында қандай да бір өзгеріс тудыруы екіталай. Бірақ өздігінен-ақ осындай жанжалдарды туғызатын жетекшілік институты пайда болған кезде, әсіресе сол жанжалдар бір топтың екінші топты тұрақты езіп-жаншуына әкелген кезде, мемлекеттік ұйымның нышандары туындай бастайды...». Әрине, эволюция заңы мен әлеуметтік құрамдас элементтерді мемлкеттік ұйымға біріктіретін әлеуметтік процесс арасындағы алыс та болса аналогияны атап көрсетуге болады; бірақ бұл процесті эволюция формуласы түсіндіре алмайды. Оны түсіндіру үшін біз әлеуметтік заңға жүгінуге тиіспіз. Ондай заң – әрбір әлеуметтік топтың өз жолында кездесетін әрбір басқа әлеуметік топты езіп-жаншуға, оған үстемдік жасауға ұмтылысы. Осынау ұмтылыстың қайнар көзі сайып келгенде әрбір топқа тән «өмір жөніндегі қамқорлық» болып табылады. Осынау нағыз әлеуметтік заң бізге әлеуметтік процесті әбден түсіндіре алады. Соның арқасында ұсақ қаңғыбас топтардың ішіндегі неғұрлым күштісі неғұрлым әлсізін өз мақсаттарына қызмет еткізуге ұмтылады; осындай ұмтылыстан ақыр соңында «мемлекетті» туындататын барлық сондай

«құрылымдардың» немесе ұйымдардың қажеттігі өз-өзінен туындайды. Спенсердің ортақ заңы сол процестерге де қолданыла алады, бірақ Спенсер соларды түсіндіре алатын «әлеуметтік заңға» жоламайды. Спенсер Әлеуметтануының осы бір осал тұсының есесі жоғарыда аталып өткендей, оның әлеуметтік құбылыстар мен процестерді шексіз дұрыс байқапбақылауының көптігімен әбден қайтады; бұл орайда оның эволюция формуласының залалсыздығы соншалық, ол осы құбылыстар мен процестерді дұрыс түсінуге ешқандай кедергі жасай алмайды: оның басқа ортақ формулалардан зор артықшылығы да осында. Мұның үстіне, Спенсер әлеуметтануының маңызды мәні оның әлеуметтік-психикалық құбылыстардың заңды дамуын дәлелдегенінде, бұл дәлелдеу кемеңгерлік пен шеберлікті анық аңғартады, сол кезден бері ондай кемеңгерлік пен шеберлікке Бастиан ғана қол жеткізе алды. Осы арада біз Спенсер әлеуметтік психологиясының осы бағыты туралы бірнеше ескертулер жасаймыз. Этнографиялық және тарихқа дейінгі дәуірді зерттеулер мына бір тамаша фактыны тапты: сан алуан қоғамдық құбылыстарда, климаттар мен мемлекеттердің айырмашылықтарына қарамастан, өзгерістердің дәйекті де қисынды алмасуы, немесе, басқаша айтқанда, даму байқалады. Мәселен, алғашқы қауым мәдениетінің тарихшылары сүйек ыдыстардан тас құралға дейінгі, содан кейін қола дәуірден темір дәуіріне дейінгі дамуды атап көрсетті – бұл дамуды барынша әрқилы халықтарға тиесілі, дүниенің барлық аймақтарында бытырап жатқан өткеннің қалдықтарын тек бір қатарға қойып салыстырудың арқасында ғана байқауға болатын еді. Бұл орайда көбіне-көп бұл дамуды жекелеген адам топтары арқылы дәлелдеуге болмайтыны былай тұрсын, бірақ, керісінше, осы уақытқа дейін даму заңына бағынбай, оның бір фазасында табандап тұрған көптеген адам топтарын ашуға болады. Дәл осы құбылысты бұл зерттеуші әлеуметтік өмірдің басқа, мысалы, дін, құлық, құқық, мәдениет және т.б. салаларынан да кездестіреді. Пәлсапаға бейім адам рухы фетишизм, антроморфизм, политеизм, монотеизм және еркін ойлы атеизм арасынан логикалық байланысты, қатаң

заңдылықпен дамуды табады; ал бұл екі арада осы дамуды тек бір ғана адам тобын алып дәлелдеу мүмкін емес дерлік. Қазірдің өзінде, мың жыл бұрынғыдай фетиштерге табынатын, Құдайды адам кейпінде көретін, өз аспандарын толып жатқан құдайларды толтыратын, немесе, мың жыл бұрынғыдай бір ғана Иегованы мойындайтын адамдар топтары көп. Керісінше, ерте заманғы философтардың кейбіреулерінен біз еркін ойлы атеизмді ұшыратамыз. Мұндай әлеуметтік-психикалық дамудың көптеген мысалдарын келтіруге болады, оларды тек алуан түрлі халықтарды, уақыт пен елдерді салыстыра отырып қана табамыз. Спенсердің әлеуметтанушылық және Бастианның «этнологиялық» жұмыстарында ондай мысалдар өріп жүр. Осындай даусыз «заңды дамудың» ең жақын түсіндірмесі, әрине, адамзатты өзінің заңды біртұтас әлеуметтік дамуында әлеуметтік-психикалық эволюцияның жаратылыстық субстратын көрсететін біртұтастық ретінде түсіну болар еді. Бірақ мұндай жиі жол берілетін түсіндірме адамзаттың шын ахуалының осы құрастырылған дамуымен сәйкес келмейтіндігінің аталып өткен фактысына кереғар. Егер біз қандай да болсын әлеуметтік-психикалық құбылыстардың дамуын ізерлесек, дамудың бірдей фазаларын аса әрқилы халықтардан қазіргі кезден де, өткендегі кезден де, табамыз. Көп мысалдардың ішінен біреуін алайық. ХІХ ғ. еуропалық үшін махаббаттың бейберекет “бостан” ахуалынан басталып, полиандрияға, содан кейін полигамияға, ақыр соңында «адам дамуының дархан гүлі» – моногамияға жететін «әлеуметтік дамуын» құрастыра алу өте қызықты. Спенсердің зерттеулері, Бастианның «халықтар ойының көріністерін» салыстыруы, ал ең жаңа заманда Липперттің дарынды қорытулары (Отбасы, Дінбасылар және т.б.) көбіне сондай конструкцияларға негізделеді. Осынау барлық конструкциялар өте әдемі, оларда қисынды дәйектілік (қисынды!) немесе «заңдылық» жоқ дей алмайсыз. Тек бұл дамуды әлеуметтік деп атамау, әлеуметтік дамумен теңестірмеу керек. Біртұтас адамзат ешқашан әлеуметтікпсихикалық дамудың субстраты болып табылмайды; бірақ оның көріністерін

шексіз сан алуандығынан әлеуметтік-психикалық дамудың логикалық схемасын құру үшін біз қалаған уақытта жекелеген элементтерді табу мүмкіндігін аламыз. Осыдай, мысалы, қазіргі кезде мың жыл бұрынғыдай бейберекет «бостан» махаббатқа берілетін адамдар топтарын табамыз, полиандрия, полигамия және моногамия бұрын да үстемдік еткен, қазір де үстемдік ететін тайпалар мен халықтарды табамыз. Демек, әлеуметтік институттардың дамуын адамзаттың өзінің дамуымен, біз төл мағынасында әлеуметтік даму деп атайтын нәрсемен теңестіруге болмайды. Бастиан осынау әлеуметтік-психикалық дамуда (біз оны осылай атай аламыз) «халықтар ойының» дамуының дұрыс та заңды көріністерін табады да, осынау халықтар ойын өзінің «адам туралы ғылымының» негізіне қалайды; дәл осылайша Спенсер де өзінің әлеуметтануын дамудың осындай сипатына құрады. Мұның бәрі белгілі бір дәрежеге дейін негізсіз емес. Әлбетте, әлеуметтік-психикалық құбылыстар сондай-ақ адамдар туралы ғылымға да жатады; біртұтас «адамның ойын» оның барлық көріністерінен табу осы ғылымға аса құнды материал береді; «ойдың қоғамдық шығармашылығында көрінетін адам рухының өсу заңын зерттеуді» (Бастиан), әлеуметтанудың, немесе, Бастианның терминологиясы бойынша, этнологияның кірігушілік бөлігі ретінде қарастыруға болады, өйткені, әрине, “жер-жердің бәрінде неғұрлым тиянақты талдау, – егер тек бәрінен бұрын көзге түсетін жергілікті реңк адастырып жібермесе, негізгі түсініктердің ұқсастығын табатыны” әділетті. Бұның бәрі солай, бірақ бұның бәрі әлі әлеуметтанудың ұйтқысын да, «жалпы адам туралы ғылымның» ұйтқысын да құрамайды; әлеуметтік-психикалық салада ашылған даму заңдары мен заңдылықтары процестерін әлеуметтік заңдармен және дамудың әлеуметтік процестерімен теңестіруге болмайды. Әлеуметтік мәселелерді әлеуметтік-психикалық мәселелерден ажырата білу керек. Әлеуметтік мәселелер адам топтары мен қоғамдардың бір-біріне қатынасын қамтиды; екіншілері – «халық ойы» көріністерінің жиынтығын қамтиды, оған дін, құлық, құқық және мәдениет саласындағы барлық әлеуметтік-психикалық түзілімдер жатады. Таза әлеуметтік салада, яғни гәп әрқилы адамдар

топтарының бір-біріне қатынасы туралы болатын салада ашылған заңдарды ғана біз әлеуметтік заңдар деп атаймыз; ал, Бастиан сөзімен айтқанда, «ойдың қоғамдық шығармашылығы» саласына жататын заңдарды әлеуметтікпсихикалық заңдар деп атаған бәрінен де дұрыс.

“Тексты по истории социологии XІX-XX веков.
Хрестоматия.
1994”
басылымынан

қазақшалаған
Нұрболат Айекешов.

Гюстав Ле Бон

1 КІТАП

ХАЛЫҚТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ

Кіріспе

ОСЫ ЗАМАНҒЫ ТЕҢДІК ИДЕЯЛАРЫ ЖӘНЕ ТАРИХТЫҢ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Теңдік идеясының пайда болуы мен дамуы. – Ол туындатқан салдарлар. – Оны қолданылуы қазірдің өзінде қаншаға түсті. Оның бұқараға ықпалы. – Осы еңбекте нобайланған міндеттер. – Халықтардың ортақ эволюциясының басты факторларын зерттеу. – Бұл эволюция мекемелерден өсіп шыға ма? – Әрбір өркенияттың элементтері – мекемелер, өнер, наным-сенімдер және басқалары – әрбір халыққа жекелей тән белгілі психологиялық негіздерді қамтымай ма? – Оқиға тарихтағы маңызы және бұлжымайтын заңдар. – Аталмыш субъектте мирас идеяларды өзгерту қиындығы. Халықтар мекемелерін билеп-төстейтін идеялар өте ұзақ эволюцияны бастан өткереді. Өте баяу қалыптасатын олар, сонымен бірге өте баяу жойылады. Білімді ойшылдар үшін адасу екендігі айдан анық болған кездің өзінде олар тобыр үшін әлі ұзақ уақыт бойы даусыз ақиқат болып қалып, қараңғы халық бұқарасына өз ықпалын тигізе береді. Жаңа идеяны сіңіру қандай қиын болса, ескі идеяны құрту да сондай қиын. Адамзат өлі идеялар мен өлі құдайларға ұдайы жанталаса жармасады. Адамның алғашқы қауымдық тарихынан, оның жан құрылысының және мирастық заңдарының сан алуандығынан дым білмейтін ақындар мен

философтар дүниені алдына адамдар мен нәсілдер теңдігі идеясын тастағаннан бері біржарым ғасырдай уақыт өтті. Бұқара жармаса кететін бұл идея көп ұзамай олардың жанынан мықтап орын алды да, кешіктірмей-ақ өз жемісін берді. Ол ескі қоғам негіздерін қалтыратты, қорқынышты революциялардың бірін туғызды және батыс дүниесін толып жатқан күшті конвульсияларға тоғытты, олардың ақырын күн ілгері көре білу мүмкін емес. Күмән жоқ, индивидуумдар мен нәсілдерді бөліп тұрған теңсіздіктердің кейбіреуі байыпты дау туғызбайтын, өйткені тым айдан анық еді; бірақ адамдар бұл теңсіздіктер – тек тәрбиедегі айырмашылықтар салдары екенімен, барлық адамдар бірдей ақылды да мейірімді болып туады, тек мекемелер ғана оларды бұза алатын еді дегенге оп-оңай тынши қалатын. Бұған қарсы құрал өте қарапайым еді: мекемелерді қайта құрып, барлық адамдарға бірдей тәрбие беру керек. Осылайша мекемелер мен ағарту қазіргі демократияның ұлы қорғанышына, осы заманның жалғыз құдайлары болып табылатын ұлы принциптерді қорлайтын теңсіздіктерді түзету құралына айналды. Айтпақшы, ғылымның ең жаңа табыстары эгалитарлық теориялардың бүкіл тұлдығын анықтап, өткен заман адамдар мен нәсілдер арасында жасаған ақыл-ой шығырауы тек өте баяу жиналатын мирастық байлықпен молықтырылатынын дәлелдеп берді. Осы заманғы психология тәжірибенің қатал сабақтарымен бірге белгілі бір адамдарға және белгілі бір халықтарға бейімделген тәрбие мен мекемелер басқалар үшін өте зиянды болуы мүмкін екендігін көрсетті. Бірақ философтар дүниеге таратқан идеяларды, олар солардың жалғандығына көз жеткізген кезде, оларды айналымнан алып тастау философтардың билігінде емес. Ешқандай бөген ұстай алмайтын, арнасынан асып шыққан өзен сияқты, идея өзінің қырғын, ұлан-ғайыр және жойқын ағысын жалғастыра беретіні секілді. Және қарап алыңыз, идеяның еңсерілмес күші қандай деңіз! Дүниені төңкеріп түсірген, Еуропада ғаламат революция тудырған және СолтүстікАмерика Одағынан Оңтүстік Штаттарды бөліп әкету үшін Американы

қантөгіске киліктірген адамдар теңдігі жайлы бостекі түсінік қаншалықты жалған екенін білмейтін бірде-бір психолог, бірде-бір азды-көпті білімді мемлекет қайраткері, және әсіресе – бірде-бір саяхатшы жоқ; біздің мекемелер мен тәрбиенің төмен халықтар үшін қаншалықты қауіпті екенін мойындамауға ешкімнің инсанияттық құқығы жоқ; сөйте тұра билік басына жетіп алып, қоғамдық пікірге қарсы шыға алатын және біздің отарлардың түземдіктері үшін сол тәрбие мен сол мекемелерді талап етпейтін бірде-бір адам – ең бері салғанда Францияда – табылмайды. Біздің теңдік жөніндегі идеяларымыздан шығарылған жүйені қолдану метрополияны жұтатады және біртіндеп біздің барлық отарларымызды қайғылы құлдырау ахуалына апарып соқтырады; бірақ жүйе өз бастауын алатын принциптер әлі әлсіретілген жоқ. Айтпақшы, құлдыраудан көп қашық, теңдік идеясы әлі өсіп келеді. Осынау теңдік жолында жақын уақытта, тегінде Батыс халықтарының көпшілігін құлдыққа түсіруге тиісті социализм олардың бақытын қамтамасыз етуден дәмелі. Оның атымен осы заманғы әйел өзіне еркекпен бірдей құқықты және бірдей тәрбиені талап етуде. Теңдіктің осы принциптері жасаған саяси және әлеуметтік төңкерістер жайында, олар туындауға тиісті әлдеқайда маңызды төңкерістер жайында бұқара мүлдем қам жемейді, ал мемлекеттік адамдардың олар туралы көбірек мазасыздануы үшін олардың саяси өмірі тым қысқа. Айтпақшы, осы заманғы жоғарғы билік иесі – қоғамдық пікір, және оған ермеу мүлдем мүмкін емес болар еді. Қандай да бір идеяның әлеуметтік маңыздылығына баға беру үшін сол идеяның ақыл-еске қандай билік жүргізетінінен дұрыс өлшем жоқ. Ондағы ақиқат немесе жалғандық мөлшері тек философиялық көзқарас тұрғысынан ғана қызықтырады. Ақиқат немесе жалған идея бұқараның бойында сезімге айналғанда, одан туындайтын барлық салдарлар біртіндеп көріне бастауға тиіс. Сонымен, ағарту және мекемелер арқылы теңдік жайындағы осы заманғы арманды жүзеге асыруға кірісу керек. Солардың көмегімен біз, табиғаттың әділетсіз заңдарын түзете отырып, Мартиника, Гваделупа және Сенегал

негрлерінің миын, Алжир арабтарының миын және ақыр соңында азиаттар миын бір қалыпқа құйып шығаруға тырысамыз. Әрине, бұл – мүлде жүзеге аспайтын химера, бірақ осы уақытқа дейін адамзаттың басты ісін химераның соңынан ұдайы қалмау құрады емес пе? Осы заманғы адам өзінің ата-бабалары бағынған заңнан ауытқи алмайды. Мен басқа бір жерде төмен халықтарға еуропалық тәрбие мен мекемелер жасаған істің қайғылы нәтижелерін көрсеткен болатынмын. Дәл сол секілді мен әйелдердің осы заманғы білім алуының нәтижелерін де баяндап бергенмін және бұл арада бұрынғыға қайтып оралатын ниетім жоқ. Осы еңбекте біз таныпбілуге тырысатын мәселелер неғұрлым жалпылама сипатта болады. Егжейтегжейлерін жиып қоя тұрып, немесе оларды баяндалған принциптерді дәлелдеу үшін қажет болғанда ғана қозғап, мен тарихи нәсілдердің құралуы мен жан құрылысын зерттеймін, яғни тарихи замандарда жаулап алулардың, иммиграциялардың және саяси өзгерістердің кездейсоқтықтары құраған жасанды нәсілдерді зерттеймін, және олардың тарихы осы жан құрылысынан шығатындығын дәлелдеп беруге тырысамын. Мен нәсілдер сипатының беріктік және өзгергіштік дәрежелерін анықтаймын және сондай-ақ индивидуумдар мен халықтар теңдікке бара жатыр ма, әлде керісінше, бір-бірінен көбірек ерекшеленуге ұмтыла ма, соны білуге тырысып көремін. Өркеният құрайтын элементтер (өнер, мекемелер, наным-сенімдер) нәсіл жанының тікелей жемісі екендігін, сондықтан да бір халықтан басқа халыққа көше алмайтындығын дәлелдеп, мен өздерінің ықпалынан өркенияттар бәсеңдей түсіп, ақырында өшетін еңсерілмес күштерді анықтаймын. Міне осы сұрақтарды Мен өзімнің Шығыс өркенияттары жайындағы еңбектерімде талай рет талқылауыма тура келген мәселелер міне осылар. Ал мынау шағын томға солардың тек қысқаша синтезі ретінде қарау керек. Әрқилы елдерге ұзақ-ұзақ саяхаттарымнан алған ең жарқын әсер – әрбір халықтың жан құрылысы, оның анатомиялық ерекшеліктері сияқты, орнықты екендігі, және оның сезімдері, оның ойлары, оның мекемелері, оның нанымсенімдері мен оның өнері содан шығатындығы. Токвиль мен басқа да белгілі

ойшылдар халықтар мекемелерінен олардың даму себебін таппақ болды. Ал мен соған кереғар нәрсеге кәміл сенемін, және нақ Токвиль зерттеген елдерден мысалдар ала отырып, өркенияттардың дамуына мекемелердің мейлінше аз ықпал ететіндігін дәлелдей аламын деп үміттенемін. Олар бәрінен бұрын салдарлар болып табылады, бірақ өте сирек себеп болады. Күмән жоқ, халықтар тарихы тым әрқилы факторлармен анықталады. Ол болған, бірақ болмауы да мүмкін ерекше, оқиғаларға, кездейсоқтықтарға толы. Алайда сол кездейсоқтықтармен қатар, сол жанама жағдайлармен қатар әрбір өркенияттың жалпы барысын басқаратын бұлжымас ұлы заңдар болады. Сол бұлжымас, ең ортақ және ең негізгі заңдар нәсілдердің жан құрылысынан шығады. Халықтың өмірі, оның мекемелері, оның наным-сенімдері және өнері шындап келгенде оның көзге көрінбейтін жанының тек көзге түсетін өнімі. Әлдебір халық өзінің мекемелерін, өзінің наным-сенімдері мен өзінің өнерін өзгертуі үшін ол ең алдымен өзінің жанын өзгертуі керек; ол өз өркениятын басқаға бере алатын болуы үшін, ол соған өзінің жанын да бере алатын ахуалда болуы керек. Тарихтың бізге оны айтпайтыны күмәнсіз; бірақ ол қарама-қарсы пікірлерді жаза отырып, ол бос көріністермен өзін алдайтынын оп-оңай дәлелдейміз. Маған бір жолы үлкен конгресте осы еңбекте өрістелетін идеялардың кейбіреулерін баяндап беруге тура келді. Жиналыс әрқилы аса көрнекті адамдардан; әрқилы ұлттарға жататын министрлерден, отарлар губернаторларынан, адмиралдардан, профессорлардан, ғалымдардан құралған еді. Мен бұндай жиналыста негізгі мәселелер жөнінде біршама ой бірлігін ұшыратармын деп үміттенген едім. Бірақ ондай бірлік мүлдем болған жоқ. Айтылған пікірлер сол пікірді айтқандардың мәдениеттілік дәрежесіне мүлдем байланысты болмай шықты. Бұл пікірлер негізінен, аталған конгрестің мүшелері жататын әрқилы нәсілдердің мирастық сезімдерін құрайтын нәрселерді берді. Әрбір нәсілдің адамдары, олардың әлеуметтік жағдайларындағы айырмашылықа қарамастан, олардың ата-бабаларынан бейсана мирасты құрайтын, оған қарсы уәж атаулы мүлдем дәрменсіз,

идеялардың, дәстүрлердің, сезімдердің ойлау тәсілдерінің мызғымайтын қорына ие болатындығымен дәл сондағыдай ешқашан анық болмаған еді. Шындығында адамдардың ойы парасат ықпалымен өзгермейді. Идеялар өте баяу қорытудан кейін сезімдерге айналып, біздің ойларымыз туындайтын бейсаналылықтың қараңғы аймағына енгеннен кейін ғана өзінің ықпалын тигізе бастайды. Идеяларды сіңіруде кітаптардың күші сөзге жете қоймайды. Дәл сол сияқты, философтар көз жеткізу мақсатымен емес, көбінесе ермек ету мақсатымен өз уақытын жазуға жұмсайды. Тек адам өзі өмір сүретін ортаның әдеттегі идеяларының шеңберінен шыққан бойда, ол ықпал атаулыдан күн ілгері бас тартуға тиіс және өзі қорғайтын идеяларға ұқсас идеяларға өз бетімен келген оқырмандардың тар шеңберін қанағат тұтуға тиіс. Тек сенімі кәміл апостолдар ғана өзін тыңдата, ағысқа қарсы жүзе, тұтас бір ұрпақ мұратын өзгерту билігіне ие, бірақ бұл бәрінен бұрын олардың ойының қасаңдығының және фанатизмнің белгілі мөлшері арқасында болады, дәл осы жөнінде оларды күндеуге болмайды. Айтпақшы, олар қандай да бір наным-сенім салтанатына кітап жазу арқылы жетпейді. Олар туралы аңыздарды қолдан жасайтын әдебиетшілер оларды сөйлеуге мәжбүр еткенге дейін олар жер құшағында ұзақ ұйықтайды.

Бірінші бөлім

НӘСІЛДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

1-тарау

Нәсілдер жаны

Натуралистер түрлерді қалай топтастырып жіктейді. – Олардың әдістерін адамға қолдану. – Адам нәсілдерін қазіргі топтастырып жіктеудің әлсіз жағы. – Психологиялық топтастырып жіктеу тұғырлары.

– Нәсілдердің орташа тұрпаттары. – Бақылау оларды қандай дәрежеге дейін анықтауға мүмкіндік береді. – Нәсілдердің орташа тұрпатын анықтайтын психологиялық факторлар. – Ата бабалар мен тікелей әкешешенің ықпалы. – Белгілі бір нәсілдің барлық индивидуумдарында болатын ортақ психологиялық игілік. – Өмірден өткен ұрпақтың заманалаық ұрпаққа орасан зор ықпалы. – Осы ықпалдың математикалық тұғырлары. – Ұжымдық жан отбасынан ауылға, қалаға, провинцияға қалай таралады. – Оқшауланған бірлік ретінде қаланың пайда болуынан шығатын артықшылықтар мен қауіптер. – Ұжымдық жанның құралуы мүмкін емес жағдайлар. – Италия мысалы. – Табиғи нәсілдер тарихи нәсілдерге қалай орын берді. Натуралистер өздерінің түрлерді топтастырып жіктеуін белгілі бір анатомиялық ерекшеліктердің болуына негіздейді, тұқым қуалау оларды дұрыс және тұрақты түрде қайталар отырады. Біз қазір бұл ерекшеліктер байқалмайтын өзгерістердің тұқым қуалай қордалануымен өзгеретіндігін білеміз; бірақ егер тарихи замандардың қысқа кезеңін ғана қарастырсақ, түрлер өзгермейді деуге болады. Натуралистердің топтастырып жіктеу әдістерін адамға қолдану мүлдем ерекше тұрпаттардың белгілі бір санын байқауға мүмкіндік берді. Терінің түсі, бас сүйектің пошымы мен сыйымдылығы сияқты таза анатомиялық нышандарға сүйене отырып, адамзат баласы көптеген мүлдем ерекше, және, тегінде, шығу тегі өте әрқилы түрлерден тұратындығын анықтап алу мүмкін болды. Мифологиялық дәстүрлерге құлдық ұратын ғалымдар үшін бұл түрлер нәсілдерден артық ештеңе емес. Бірақ, әлдекім мықтап айтқандай, “егер негр мен кавказдық ұлу болса, онда барлық зоологтар бірауыздан олар әрқилы түрлерді құрайды, олар өздері біртіндеп алыстай берген бір ғана жұптан ешқашан шыға алмайтын еді” дегенді кесіп айтар еді. Осынау анатомиялық ерекшеліктер, бері салғанда біздің талдауымызға қатысы бар ерекшеліктер, жалпы, өте өрескел бөлімшелерге жол береді. Олардың айырмашылықтары тек бір-бірінен мүлдем өзгеше адамзат түрлерінде

ғана, мысалы, ақ нәсілділерде, негрлерде және сары нәсілділерде пайда болады. Бірақ өзінің сыртқы әлпеті жағынан өте ұқсас халықтар өздерінің сезіну және қарекет жасау тәсілдерімен, яғни, өздерінің өркенияттарымен, нанымсенімдерімен және өздерінің өнерлерімен қатты ерекшелене алады. Испандықты, ағылшынды және арабты бір топқа біріктіруге бола ма? Олардың арасында орын алатын психикалық айырмашылықтар баршаның көзіне түспей ме және солар олардың тарихының әрбір бетінде оқылмай ма? Анатомиялық ерекшеліктер жеткіліксіз болғандықтан белгілі халықтарды тіл, наным-сенімдер және саяси мекемелер сияқты әрқилы элементтерге топтастырып жіктеуге сүйенгісі келді; бірақ мұндай топтастырып жіктеулер байыпты сынға төтеп бере алмайды. Орайы келгенде біз көптеген халықтардың бөтен тілдерді, наным-сенімдерді және мекемелерді, олар өздерінің жан тұрпатымен үйлесе алатындай етіп өзгертіп, ассимиляциялана алғандығын көрсетеміз. Анатомия, тілдер, орта, саяси топтар бере алмайтын топтастырып жіктеу тұғырларын бізге психология береді. Соңғысы мынаны көрсетеді: әрбір халықтың мекемелерінің, өнерлерінің, наным-сенімдерінің, саяси төңкерістерінің тасасында белгілі моральдық және интеллектуалдық ерекшеліктер тұр, оның эволюциясы солардан шығады. Өзінің жиынтығында нәсіл деп атауға болатын нәрсені құрайтын сол ерекшеліктер. Әрбір нәсілдің, оның анатомиялық ұйымдасуы сияқты, орнықты психикалық ұйымдасуы болады. Психикалық ұйымдасу ми құрылысына тәуелді екендігіне шәк келтіру қиын. Бірақ ғылым бізге оның механизмінің бөлшектерін көрсету үшін әлі жеткілікті ілгерілемегендіктен, біз оны негіз етіп ала алмаймыз. Айтпақшы, онымен жақын танысу одан шығатын және бізге бақылау ашып беретін психикалық ұйымдасудың сипаттамасын титтей де өзгерте алмайды. Халық жанын білдіретін жиынтықты құрайтын моральдық және интеллектуалдық ерекшеліктер оның бүкіл өткенінің синтезі, оның барлық атабабаларының мұрасы және оның құлқының ұмтылдырушы себептері болып

табылады. Сол нәсілдің жекелеген индивидуумдарында олар әлпет белгілері секілді соншалық құбылмалы секілді көрінеді; бірақ бақылау мынаны көрсетеді: сол нәсіл индивидуумдарының көпшілігі түрлерді топтастырып жіктеуге қызмет ететін анатомиялық нышандар сияқты соншалық берік, ортақ психологиялық ерекшеліктердің белгілі санына әрқашан ие. Түрлер секілді психологиялық ерекшеліктер дұрыс және тұрақты түрде тұқым қуалау арқылы өмірге келтіріліп отырады. Ортақ психологиялық ерекшеліктердің бұл агрегаты ұлттық мінез-құлық деп негізді аталатын нәрсені құрайды. Олардың жиынтығы халықты анықтау мүмкіндігін беретін орташа тұрпатты құрайды. Кездейсоқ алынған мың француз, мың ағылшын, мың қытай, әрине, бір-бірінен ерекшеленуге тиіс; алайда, олар өз нәсілдерінің тұқым қуалау пәрменімен ортақ қасиеттерге ие, солардың негізінде француздың, ағылшынның, қытайдың мінсіз тұрпатын қалпына келтіруге болады, бұл натуралистің итті немесе атты ортақ белгілері бойынша сипаттағанда мінсіз тұрпатқа жатқызатыны секілді. Иттің немесе аттың әрқилы түрлеріне қолданғанда бұндай сипаттама барлығына ортақ, бірақ олардың көптеген тұқымдарын ажыратуға болатын нышандардан тіпті де құрамайды. Егер нәсіл жеткілікті ежелгі болса және, демек, біртекті болса, онда оның орташа тұрпаты бақылаушы ойында тез бекітілу үшін жеткілікті айқын анықталғаны. Біз бөтен халықты аралағанда, тек бізді таң қалдыратын ерекшеліктерді ғана өзіміз аралап жүрген елдің барлық мекендеушілеріне ортақ деп санауға болады, өйткені тек солар ғана тұрақты қайталанып отырады. Индивидуалдық айырмашылықтар сирек қайталанады, сондықтан да біздің назарымыздан тыс қала береді; және көп ұзамай біз ағылшынды, итальянды, испанды бір көргеннен айырып қана қоймаймыз, сонымен қатар біз олардан жоғарыда айтқан негізгі белгілерді құрайтын белгілі моральдық және интеллектуалды ерекшеліктерді байқай бастаймыз. Ағылшын, гаскондық, нормандық, фламандық біздің ойымыздағы біз оңай сипаттай алатын белгілі

тұрпатқа сәйкес келеді. Жеке индивидуумға қолданғанда сипаттама өте жеткіліксіз болуы, кейде дұрыс емес те болуы мүмкін; бірақ белгілі нәсіл индивидуумдарының көпшілігіне қолдануда оның ең дұрыс бейнесін береді. Қандай да бір халықтың физикалық және психикалық тұрпаты анықталатын бейсана ми жұмысы шындап келгенде натуралистің түрлерді топтастырып жіктеуіне мүмкіндік беретін әдіспен мүлдем бірдей. Белгілі нәсілдің индивидуумдарының көпшілігінің психикалық ұйымдасуының осынау бірдейлігінің өте қарапайым физиологиялық негіздері бар. Әрбір индивидуум шындығында тек тікелей әке-шешесінің ғана емес, өз нәсілінің де, яғни ата-бабаларының бүкіл тізбегінің де жемісі. Ғалым экономист Шейсон, егер жүз жылдыққа үш ұрпақтан санаса, Францияда біздің әрқайсымыздың өз қанымызда қандай да бір мыңжылдық тұстарының 20 миллионының қаны бар екенін есептеп шығарды... “Бір жердің, бір провинцияның барлық тұрғындарының қажеттілік бойынша ортақ ата-бабалары бар, бір топырақтан жасалған, бір таңбаға ие, және олардың өзі соңғы буындар болып табылатын ұзын да ауыр шынжырдың пәрменімен ұдайы орташа тұрпатқа жаңадан келтіріліп отырады. Біз бір мезгілде өз әке-шешеміздің және өз нәсіліміздің балаларымыз. Отанды біз үшін тек сезім ғана емес, физиология мен тұқым қуалау даа екінші ана қылады”. Индивидуумдар ұшырайтын және оның құлқын басқаратын ықпалдарды механика тіліне көшірсек, онда олар үш түрлі деуге болады. Біріншісі және, тегінде, ең маңыздысы – ата-бабалар ықпалы; екіншісі – тікелей әке-шеше ықпалы; үшіншісі, әдетте ең құдіретті деп саналатыны, алайда ең әлсізі – ортаның ықпалы. Осынау соңғысы, егер оны адам өз ғұмыры бойында және, әрине, өз тәрбиесі барысында ұшырайтын әрқилы физикалық және инсанияттық ықпалдар деп түсінсек тек өте әлсіз өзгерістер жасайды. Ортаның ықпалы, тұқым қуалау оларды ұзақ уақыт бойы бір бағытта қордалағанда ғана нақты қарекет жасай бастайды. Адам не істесе де, ол әрқашан және ең алдымен – өз нәсілінің өкілі. Бір нәсілдің барлық индивидуумдары өмірге келгенде ала әкелетін сезімдер мен

идеялар қоры нәсіл жанын құрайды. Шын мәнісі көрінбейтін, осынау жан өзінің көріністерінде өте анық аңғарылады, өйткені нақты болмыста ол халықтың бүкіл эволюциясын басқарады. Нәсілді тірі жанды құрайтын жасушалардың байланысуымен салыстыруға болады. Сол миллиардтаған жасушалардың өмірі өте қысқа, ал олардың байланысуымен жасалған тіршілік иесінің ғұмырының ұзақтығы салыстырмалы түрде өте ұзақ; демек, жасушалардың бір мезгілде әрі жеке ғұмырға, әрі ұжымдық ғұмырға, ол зат ретінде қызмет ететін тіршілік иесінің ғұмырына ие. Дәл сол секілді, қандай да бір нәсілдің әрбір индивидуумының өте қысқа жеке ғұмыры және өте ұзақ ұжымдық ғұмыры бар. Осынау соңғысы нәсілдің ғұмыры, ол өмірге сонда келген, ол соның жалғасуына жәрдемдеседі және оған әрдайым тәуелді. Нәсіл сондықтан уақыт ыпалына бағынбайтын тұрақты тіршілік иесі деп қарастырылуға тиіс.

Осынау тұрақты тіршілік иесі тек оны аталмыш сәтте құрап өмір сүретін индивидуумдардан ғана емес, сондай-ақ олардың ата-бабалары болған өлілердің ұзын қатарынан тұрады. Нәсілдің ақиқат маңызын түсіну үшін, оны бір мезгілде өткенге де болашаққа да ұластыру керек. Олар бейсана дүниенің құшақ жетпес саласын – ақыл мен мінездің барлық көріністерін өз құзырында ұстайтын көрінбес саланы басқарады. Халықтың тағдырын өмір сүріп жатқандардан гөрі әлдеқайда көп дәрежеде өтіп кеткен ұрпақтар басқарады. Нәсілдің тұғырын нақ солар қалаған. Ғасырдан ғасырға ұластырып олар идеялар мен сезімдерді, демек, біздің құлқымыздың барлық ұмтылдырушы себептерін тудырды. Өтіп кеткен ұрпақтар бізге өздерінің физикалық ұйымдасуын ғана бермейді; олар бізге сондай-ақ өз ойларын сіңіреді. Аруақтар шындап келгенде тірілердің бірден-бір талассыз тәңірі. Біз олардың қателіктерінің ауыртпалығынан арыла алмаймыз, біз олардың жақсылықтары үшін марапатталамыз.

Халықтың психикалық салтының қажытпас жануарлар түрлерінің пайда болуы сияқты, ұзақтығы біздің есептеуімізге көнбейтін геологиялық кезеңдерді талап етпейді. Алайда, ол едәуір уақытты талап етеді. Біздің халық секілді халықта, оның жанын құрайтын ортақ сезімдерді, әрі өте әлсіз дәрежеде, он ғасырдан көп уақыт керек болды.

Біздің шежіре үшін өте ұзақ бұл кезең, шындығында едәуір қысқа. Егер соншалық салыстырмалы түрде шектеулі уақыт аралығы белгілі ерекшеліктерді беркіту үшін жеткілікті болса, онда бұл белгілі уақыт бойында бір бағытта қарекет жасайтын қандай да бір себептің өте үлкен нәтижелерді тез арада туындатуымен түсіндіріледі. Математиктер бізге, бұл себеп бір ғана салдарды туындата беретін кезде, себептер арифметикалық прогрессияда, (1, 2, 3, ..), ал салдарлар – геометриялық прогрессияда (2, 4, 8, 16, 32, ..) өсетінін дәлелдеп берді. Себептер шындап келгенде салдар логарифмі. Бидай дәндерінің шахмат тақтасында екі есе көбеюі жайындағы белгілі есепте шахмат торының сәйкес нөмірі – бидай дәні санының логарифмі. Дәл солай, күрделі пайызбен берілген капитал үшін өсу заңы – жылдар саны өскен капитал логарифмі. Әлеуметтік құбылыстардың көпшілігі тез өсетін геометриялық қисықтармен білдіріле алатыны осы пікірлермен түсіндіріледі. Басқа бір жұмыста менің олар талдау әдісі арқылы параболаның немесе гиперболаның теңдеуімен көріне алатындығын дәлелдеуіме тура келді.

Бәлкім, француз революциясының ең маңызды ісі бір кездері Франция солардың арасында бөлшектелген ұсақ ұлттарды: пикардиялықтарды, фламандиялықтарды, бургундтықтарды, гаскондықтарды, бретандықтарды, прованстықтарды және т.б. мүлде құртып туынуын тездеткендігі болар. Айтпақшы, бірігу толық болуы қажет, француздар тым әрқилы нәсілдерден тұратындықтан, және, демек олар тым әрқилы идеялар мен сезімдерге ие болғандықтан, нақ сондықтан олар неғұрлым біртекті халықтар, мысалы, ағылшындар білмейтін ұрыс-керіс құрбаны болады. Ағылшындар да – англосакс, нормандық, ежелгі бретондық сайып келгенде қосылып, өте біртекті тұрпат құрады, сондықтан олардың қарекет салты да бірдей. Осынау қосылудың арқасында сайып келгенде халық жанының төмендегі үш басты негізіне: ортақ сезімдерге, ортақ мүддеге, ортақ наным-сенімдерге берік ие болды. Қандай да бір ұлт осындай бірігуге жеткен кезде, оның барлық

мүшелерінің барлық ірі мәселелер бойынша инстинктік келісімі орнатылады да, елеулі келіспеушіліктер оның қойнауында пайда бола алмайды. Баяу тұқым қуалау жолымен жасалған осынау сезімдердің, идеялардың, наным-сенімдердің ортақтығы халықтың психикалық салтына ұқсастық пен зор беріктік беріп, сонымен бірге ғаламат күшпен қамтамасыз етеді. Ол бағзы заманда Римнің ұлылығын, ағылшындардың қазіргі күндердегі басымдылығын жасады. Ортақтық ғайып болған уақыттан бастап, бөлшектеліп кетеді. Сол ортақтықтан айрылғанда Рим рөлі де аяқталды. Адамдардың қандай да бір қоғамдастығының жанын құрайтын тұқым қуалайтын сезімдердің, идеялардың, дәстүрлердің және наным-сенімдерің осынау астасуы барлық халықтарда және барлық замандарда әрқашан көп немесе аз дәрежеде болып келеді, бірақ оның прогресті кеңеюі өте баяу жүріп жатты. Әу баста отбасы шегімен шектелген және біртіндеп ауылға, қалаға, провинцияға таралған ұжымдық жан елдің барлық тұрғындарын салыстырмалы түрде жақын уақытта ғана қамтыды. Тек сол кезде ғана атамекен түсінігі біз қазір түсінетін мағынада пайда болды. Ол ұлттық жан пайда болған кезде ғана мүмкін болады. Гректер ешқашан қала түсінігінен жоғары көтеріле алмады, ал олардың қалалары бір-бірімен соғысып жатты, өйткені олар әрқашан бір-біріне өте жат болды. Үндістан 2000 жыл бойында бірігудің ауылдан басқа пошымын білмеді, міне сондықтан да ол екі мың жыл барысында ірқашан жатжұрттық билеушілер құзырында өмір сүрді, олардың аты ғана бар монархиялары қалай оңай пайда болча, солай қирап жатты. Әскери құдірет тұрғысынан өте әлсіз, бір ғана отан ретіндегі қала ұғымы, керісінше, өркенияттың дамуы жөнінен өте күшті болды. Атамекен жанына қарағанда ауқымы кемірек қала жаны кейде неғұрлым өнімдірек болады. Ежелгі заманда – Афина, орта ғасырларда – Флоренция мен Венеция бізге

адамдардың шағын шоғыры өркенияттардың қандай дәрежесіне жете алатындығын көрсетеді. Кішкене қалалар немесе шағывн провинциялар ұзақ уақыт бойы дербес өмір сүрген кезде, олар сайып келгенде соншалық орнықты жанға ие болады да, оны ұлттық жан қалыптастыруға ұмтылатын көрші қалалар мен провинциялардың жанымен қосу мүмкін болмай қалады. Бұндай қосылу жасала алатын болған күнде де, яғни жанасатын элементтер тым алшақ болмаған күнде де, ешқашан бір күннің ісі емес, тұтас ғасырлардың ісі болады. Мұндай істі аяқтау үшін Ришельелер немесе Бисмарктар қажет; бірақ сондай адамдар да ол алдын-ала ұзақ уақыт дайындалса ғана оны аяқтайды. Әрине, Италия сияқты қандай да бір ел ерекше жағдайдың арқасында, біртұтас мемлекет құра алады, бірақ ол сонымен бірге бірден ұлттық жанға да ие болады деп ойлау қате болар еді. Мен Италияда пьемонттарды, сицилиялықтарды, венециялықтарды, римдіктерді және т.б. жақсы көріп отырмын; бірақ онда әлі итальяндықтарды көре алмаймын. Қазір қарастырылып отырған нәсіл қандай болса да, біртекті немесе әртекті болса да, оның өркенияттанғанының және тарихқа әлдеқашан кіргендігі фактысының пәрменімен ғана, оны әрқашан табиғи емес, жасанды нәсіл ретінде қарастыру керек. Қазіргі кезде табиғи нәсілдерді тек жабайылардан ғана табуға болады. Солардан ғана араласу атаулыдан таза халықтарды байқауға болады. Өркениятты нәсілдердің көп бөлігі қазіргі кезде – тек тарихи нәсілдер ғана. Біз енді бұл нәсілдердің шығу тегімен айналыспақ емеспіз. Оларды табиғат немесе тарих қалыптастырғаны маңызды емес. Бізді тек олардың ұзақ тарих қалыптастырған ерекшеліктері ғана қызықтырады. Тіршілік етудің бір ғана шарттарымен жүзжылдықтар барысында сақталған және тұқым қуалау қордаландырған бұл ерекшеліктер, ақыр соңында, зор орнықтылыққа ие болды және әрбір халықтың тұрпатын анықтады.

ІІ тарау

Нәсіл сипатының құбылмалылығының шектері

Нәсіл сипатының тұрақтылығы емес, оның құбылмалылығы ереже секілді болып көрінеді. – Осынау құбылыстың тұғырлары. – Негізгі белгілердің өзгермейтіндігі және екінші дәрежелі белгілердің құбылмалылығы. – Психологиялық ерекшеліктердің өзгермейтін нышандары және жануар түрлерінің құбылмалы ерекшеліктерімен ассимиляциясы. – Орта, жағдай, тәрбие жанама психологиялық ерекшеліктерге ықпал етеді. – Мінездің жасырын мүмкіндіктері. – Әрқилы дәуірлер беретін мысалдар. – Террор адамдары. – Олар басқа дәуірлерде кім болар еді. – Революцияларға қарамастан ұлттық мінездер қалай өзгермей қалады. – Түрлі мысалдар. – Қорытынды. Өркенияттардың дамуын мұқият зерттеп қана нәсілдердің психикалық салттарының тұрақтылығын анықтауға болады. Бір қарағанда, оның тұрақтылығы емес, құбылмалылығы ортақ ереже секілді көрінеді. Халықтар тарихы шынында да кей-кейде олардың жаны кей кездері өте шапшаң да елеулі өзгерістерді бастан өткереді деп топшылауға ілік бере алады. Мізге мысалы Кромвель заманындағы ағылшын мен осы заманғы ағылшын мінезінің арасында едәуір айырмашылық бар секілді көрінбей ме? Сізге секемшіл де қу осы заманғы итальяндық Бенвенуто Челлини өзінің естеліктерінде сипаттап берген қызба да зәрлі адамнан мүлдем басқа секілді көрінбей ме? Соншалық алысқа бармай-ақ Франция шегімен шектелейік. Шамалы ғана ғасырлар мен тіпті кейде жылдар ішінде француздар мінезінде көзге ұрып тұратын қанша өзгеріс болды? Қай тарихшы XVІІ және XVІІІ ғасырлар арасындағы мінездегі айырмашылықтарды көрсетпеді? Бүгінгі күндері де: сізге конвенттің илікпейтін мүшелері мен Наполеонның тілалғыш құлдарының мінездері арасында ғаламат ор жатқан секілді көрінбей ме? Алайда олар бәз баяғы бір адамдар, және бірнеше жыл ішінде олар мүлдем өзгеріп кеткендей болып көрінеді.

Осынау өзгерістердің себебін түсіндіру үшін, біз ең алдымен психологиялық түрдің, анатомиялық түр секілді, айналасына өзгеретін және екінші дәрежелі тұрақсыз жанама нышандар топталатын шамалы ғана негізгі өзгермейтін ерекшеліктерден тұратынын еске түсіруіміз керек. Қандай да бір жануардың көрінетін құрылымын өзгертетін малшы, қандай да бір өсімдіктің сыртқы түрін тәжірибесіз көз әрең танитындай деңгейде өзгертетін бағбан түрдің негізгі ерекшеліктеріне тіпті де жоламаған; олар тек оның жанама нышандарына ғана ықпал етті. Өнердің барлық жанталасуына қарамастан, негізгі ерекшеліктер әрқашан жаңа ұрпақ атаулыда сыртқа шығуға тырысады. Психикалық ұйымдасудың да негізгі ерекшеліктері бар, олар түрлердің анатомиялық нышандары сияқты өзгермейді; бірақ ол сонымен бірге оп-оңай өзгеретін екінші дәрежелі ерекшеліктерге де ие; нақ осы соңғыларды орта, жағдай, тәрбие және әрқилы факторлар оңай өзгерте алады. Бізге сондай-ақ, өзіміздің психикалық ұйымдасуымызда мінездің сан алуан нышандары бар екенін, жағдай олардың көрінуіне әман мүмкіндік бере бермейтінін еске түсіруіміз керек, және ең маңыздысы сол. Егер олар бір рет қолданыла қалса, – бірден азды-көпті құбылмалы, жаңа кісі қалыптасады. Зор діни және саяси дағдарыстар дәуірінде мінезде қас-қағым сәттік өзгерістердің байқалатындығы сонша, бәрі де: құлық, идеялар, қылық және т.б. өзгеріп кеткендей көрінетіні нақ осымен түсіндіріледі. Шынында да, тып-тыныш көлдің дауыл шайқаған беті сияқты бәрі өзгерді, бірақ бұның ұзаққа созылуы өте сирек. Мінездің белгілі бір ерекше оқиғалар іске қосатын нышандарының пәрменімен зор діни және саяси дағдарыстар қайраткерлері бізге өзімізбен салыстырғанда асқақ тіршілік иелері, өзіндік бір алыптар болып көрінеді, оларға қарағанда біз өзімізге жай ғана бір бейшара мақұлық секілді көрінеміз. Алайда бұл адамдар өзіміз сияқты пенделер болатын, тек жағдай олардың бойында бар, баршада болатын мінез нышандарын іске қосқан. Мысалы, қарулы Еуропаға менсінбей қараған және өзінің қарсыластарын жай ғана кереғарлық үшін гильотинаға жөнелтіп отырған “конвент алыптарын” алыңыз.

Шындап келгенде олар өзіміз сияқты абыройлы да бейбіт тоғышарлар, олар әдеттегі заман болса, тегінде, өз кабинетінің, конторының ішінде тып-тыныш та сүреңсіз тіршілік ете берер еді. Ерекше оқиғалар олардың миында әдеттегі ахуалда қолданыс таппаған кейбір жасушаларды қозғалысқа қосты да, ғаламат тұлғаларға айналып шыға келді, ал ұрпақтар оларды қазір түсіне де алмайды. Жүз жылдан кейін Робеспьер, күмән жоқ, өз священнигімен өте тату, адал бітістіруші қазы болар еді; Фукье-Тенвиль – өзінің әріптестерінен біршама қатал, оның кәсібінің адамдарына тән тәкаппарлыққа ие, бірақ қылмыскерлерді індетудегі тынымсыздығы үшін тегінде аса бағаланатын тергеуші болар еді; Сен-Жюст өзінің бастықтары сыйлайтын, және ол ие болуы әбден мүмкін академиялық пальма бұтақтарын мақтанышпен тағып жүретін тамаша мектеп мұғалімі болар еді. Айтпақшы, біздің болжамдарымыздың заңдылығына күмәнданбау үшін бір-бірінің бастарын әлі шауып тастап үлгермеген қанішер террористерден Наполеонның кімдерге айналдырғанын көру жеткілікті. Олардың көп бөлігі бөлім басшысы, оқытушы, қазы немесе префект болып шыға келді. Біз жоғарыда айтқан, дауыл көтерген толқындар саябырчыды да, шайқалған көл қайтадан тып-тыныш қалпына келді. Кісінің бойында ең оғаш өзгерістер жасайтын ең бұлғақты дәуірлердің өзінде жаңа пошымдардың тасасынан нәсілдердің негізгі белгілерін оп-оңай тауып алуға болады. Қатал якобишілердің орталықтандырылған, өздері ғана билеп-төстейтін және деспоттық режимі француздар жанына монархияның он бес ғасыры терең сіңірген орталықтандырылған, өзі ғана билеп-төстейтін және деспоттық режимінен іс жүзінде қатты өзгешеленді ме? Латын халықтарының барлық революцияларынан кейін осынау қатал режим, басқарылушы болуға таптаурын қажеттілік, ылғи да пайда бола кетеді, өйткені ол солардың нәсілінің инстинкттерінің синтезі. Бонапарт өз жеңістерінің тек жалғыз ореолы арқылы ғана әмірші болған жоқ. Ол республиканы диктатураға айналдырған кезде, нәсілдің тұқым қуалайтын инстинкттері күннен күнге көбірек жиілікпен көріне берді, артиллериялық офицер болмаған күнде де, қандай да бір авантюрист жетіп жатыр еді. Елу жыл өткен соң бостандықтан ығыр болып, құлдықты

аңсаған тұтас бір халықтың дауысын жинау үшін сонымен адас мұрагердің шығуы жеткілікті болды. Наполеонды брюмер жасаған жоқ, оның темір табанының астына өз еркімен дерлік жиылған халық жаны жасады. “Алғашқы ишарамен-ақ, – деп жазады Тэн, – француздар мойынсұнды да, сол ахуалда жаратылыстық жағдайдағыдай өмір сүруде; төменгілер – шаруалар мен солдаттар – жануарлық адалдықпен; жоғарыдағылар – төрелер мен шенеуніктер – византиялық жағымпаздықпен. Республикашылдар тарапынан ешқандай қарсылық жоқ; керісінше, ол нақ солардың арасынан өзінің ең жақсы басқару құралдарын: сенаторларды, депутаттарды, мемлекеттік кеңес мүшелерін, қазыларды, әрқилы әкімдерді тапты. Ол бостандық пен теңдік уағызы астынан салған бойда олардың өзі билеп-төстеу инстинктерін, олардың бұйрық беру, өздері бағынышты күйде болса да, қыспаққа алуды аңсайтынын, және мұның үстіне олардың көпшілігінде – ақша мен ләззатқа тәбетін тапты. Қоғамдық Қорғау Комитетінің делегаты мен Империяның қандай да бір министрінің, префектінің немесе супрефектінің арасындағы айырмашылық титімдей: бұл – тап сол адам, бірақ костюмдері басқа, алдымен революционер тогасында, содан кейін шенеуніктің вицмундирінде”. Егер ортаның адамға ықпалы соншалық зор болып көрінсе, бұл негізінен мынада: ол жоғарыда біз айтқан мінездің жанама және уақытша ерекшеліктеріне немесе әлі жасырынып жатқан нышандарына ықпал етеді. Іс жүзінде өзгерістер оншалық терең болмайды. Ең момын адамның өзі ықпалымен әбден ыза кернеп, сан алуан қылмыстарға баруы, кейде тіпті өз жақынын жеп қоюы да мүмкін. Осының негізінде оның әдеттегі мінезі түпкілікті өзгерді деуге бола ма? Өркеният шарттары біреулерді шектен тыс сән-салтанатқа бөлеп, мін атаулыға малшындырса, енді біреулерге зор қажеттіліктер дарытып, оларды қанағаттандыру қаражатын бермейтіндігінен, ортақ наразылық және беймаза ахуал туындауы мүмкін, олар қылыққа ықпал етіп, әрқилы төңкерістер туғызады, бірақ сол наразылықтарда, сол төңкерістерде әрқашан нәсілдің негізгі белгілері көрінеді. Құрама Штаттардың ағылшындары бір кездері өздерінің ұрыс-керістеріне, өзара соғысы кезінде қандай табандылық, қандай бой бермес күш-қайрат көрсетсе, соларын қазір қалалардың, университеттердің және фабрикалардың негізін қалауға жұмсауда. Мінез өзгерген жоқ. Ол қолданылатын нәрселер ғана өзгерді.

Халықтың психикалық салтына ықпал ете алатын әрқилы факторларды бірінен соң бірін зерттей отырып, біз мынаны әрқашан анық көрсете аламыз: олар мінездің жанама және тұрақсыз жақтарына ықпал етеді, бірақ оның негізгі белгілеріне титімдей де тиіспейді, немесе тек тұқым қуалаудағы өте баяу қордалану жолымен ғана тиіседі. Бұл айтқанымыздан нәсілдердің психологиялық ерекшеліктері өзгерістерге мүлдем ұшырамайды деген байлам жасауға болмайды; бірақ тек, анатомиялық нышандар секілді, олар өте зор тұрақтылыққа ие деуге болады. Осы тұрақтылық салдарынан да нәсілдер жаны ғасырлар бойы соншалық баяу өзгереді.

3 тарау

Нәсілдердің психологиялық иерархиясы

Психологиялық топтастырып жіктеу, анатомиялық топтастырып жіктеу секілді, өзгермейтін және негізгі белгілердің шамалы санын атап көрсетуге негізделеді. – Адамзат нәсілін психологиялық топтастырып жіктеу. – Алғашқы қауымдық нәсілдер. – Төмен нәсілдер. – Орта нәсілдер. – Жоғары нәсілдер. – Осынау топтастырып жіктеуге өз топтары жол беретін психологиялық элементтер. – Бәрінен маңызды элементтер. – Мінез. – Инсаният. – Ақыл-ой сапасы тәрбиемен өзгертіле алады. – Мінез сапасы тұрақты және әрбір халықтың өзгермейтін элементін құрайды. – Олардың тарихтағы рөлі. – Әрқилы нәсілдер бір-бірін неліктен түсіне алмайды және бір-біріне неліктен ықпал ете алмайды. Төмен халықты жоғары өркениятты қабылдуға мәжбүр етудің мүмкін еместігінің себептері. Жаратылыстану саласында түрлерді топтастырып жіктеу үшін негіздер белгілеуге тура келгенде, бұл еңбек әрбір түр анықталатын өзгермейтін және негізгі белгілердің өте аз болуымен жеңілдейді. Оларды санамалап шығу

әрдайым бірнеше жолға сыйып кетеді. Бұлай болатыны, натуралист іс жүзінде тек өзгермейтін нышандармен ғана айналысады, уақытша нышандарға ешқандай назар аудармай. Айтпақшы, осынау негізгі нышандар толып жатқан басқа нышандарды жетелей жүреді. Нәсілдердің психологиялық нышандарымен де – дәл солай. Егер егжейтегжейіне бойлайтын болсақ, онда бір халық пен басқа халық арасынан, бір индивидуум мен басқа индивидуум арасынан қисапсыз да нәзік айырмашылықтарды байқауға болады; бірақ егер тек негізгі нышандарға ғана назар аударсақ, онда олар әрбір халық үшін шамалы ғана екенін мойындауға тура келеді. Осынау аз ғана негізгі нышандардың халықтар өміріне ықпалын тек мысалдар арқылы ғана (біз көп ұзатпай солардың өте сипаттыларын көрсетеміз) анық көрсетуге болады. Нәсілдерді психологиялық топтастырып жіктеудің негіздерін әрқилы халықтардың психологиясын егжей-тегжейлі танып-білгеннен кейін ғана баяндала алады. Бұл томдар қажет болатын еңбек; біз олардың психологиясын ірі штрихтар арқылы нобайлаумен ғана шектелеміз. Адамзат нәсілдерінің тек басты психологиялық нышандарын ғана қарастыра отырып, біз оларды мынадай төрт топқа бөле аламыз: алғашқы қауымдық нәсілдер, төмен, орташа және жоғары нәсілдер. Алғашқы қауымдық нәсілдер – мәдениеттің титімдей де ізі табылмайтын, біздің ата-бабаларымыз тас дәуірінде бастан өткерген алғашқы қауымдық жануарлық кезеңінде тоқтап қалғандар: қазіргі таңдағы фиджийліктер мен австралиялықтар сондай. Алғашқы қауымдық нәсілдерден басқа, басты өкілдері негрлер болып табылатын төмен нәсілдер де тіршілік етеді. Олар өркенияттың ұрықтарына қабілетті, бірақ тек ұрықтарына ғана. Оларды жағдай (мысалы, Сан-Доминго негрлерін) жоғары өркенияттың мұрагерлері етсе де, олар ешқашан өркенияттың мүлдем варварлық пошымдарынан жоғары көтеріле алмады. Орта нәсілдерге біз қытайларды, жапондарды, моңғолдарды және семит халықтарын жатқызамыз. Ассириялықтар, моңғолдар, қытайлар, арабтар

арқылы олар, өркенияттың бір ғана еуропалық халықтар басып оза алатын жоғары тұрпаттарын жасады. Жоғары нәсілдердің арасында тек индоеуропалық халықтар ғана орын ала алады. Гректер мен римдіктер дәуіріндегідей, көне замандарда да, қазіргі заманда да тек жалғыз солар ғана өнер, ғылым мен өнеркәсіп салаларында ұлы жаңалықтар ашуға қабілетті болып шықты. Біз қазіргі таңда өркеният қол жеткізген жоғары деңгей үшін тек соларға қарыздармыз. Бу мен электр жарығы солардың қолынан шықты. Осы жоғары нәсілдердің ішіндегі ең кем дамығандары, мысалы, үнділер, өнер, әдебиет және философия саласында, моңғолдар, қытайлар және семиттер ешқашан қол жеткізе алмаған деңгейге дейін көтерілді. Біз қазір ғана санап шыққан үлкен төрт топ арасында ешқандай қосылу болуы мүмкін емес; оларды бөліп тұратын ақыл-ой тұңғиығы айдан анық. Қиындықтар тек осы топтарды бөлшектеуге талпынған кезде ғана басталады. Ағылшын, испан, орыс жоғары халықтар тобына жатады; бірақ біз олардың арасында өте үлкен айырмашылықтар бар екенін жақсы білеміз. Бұл айырмашылықтарды анықтау үшін әрбір халықты жеке алып және оның сипатын баяндап беру қажет. Бұны біз олардың екеуі үшін, өз әдісімізге қолданыс беру және оның нәтижелерінің маңыздылығын көрсету мақсатында көп ұзамай жасаймыз. Қазірше біз нәсілдерді айыруға болатын басты психологиялық элементтердің табиғатын ең ортақ белгілерінде ғана нобайлаймыз. Алғашқы қауымдық және төмен нәсілдерде (оларды нағыз жабайылардың арасынан іздеп жатудың қажеті жоқ, өйткені еуропалық қоғамдардың төмен жіктері алғашқы қауымдық тіршілік иелеріне ұқсас) азды-көпті пайымдауға, яғни идеяларды – идеяларды мида топтап, – бұрынғы түйсіктерден туындаған идеяларды, немесе олардың белгісі қызметін атқаратын сөздерді қазіргі түйсіктер туындатқан идеялармен салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын байқауға қабілетсіздікті әрқашан атап көрсете аламыз. Осы пайымдауға қабілетсіздіктен зор аңғалдық және сыншыл ойдың мүлдем

болмауы шығады. Жоғары тіршілік иесінде, керісінше, идеяларды біріктіріп, олардан байлам жасау қабілеті өте үлкен, сыншыл ой мен дәл ойлауға қабілет жақсы дамыған. Төмен нәсіл адамдарында мұның үстіне зейін мен ойланудың өте әлсіз дәрежесін, өте үлкен еліктеуші ақыл-ойды, жеке жағдайлардан жалпылама ағат қорытындылар жасау әдетін, бақылауға және өз бақылауларынан пайдалы нәтижелер шығаруға әлсіз қабілетті, мінездің төтенше құбылмалылығын және өте үлкен аңғалдықты атап өтуге болады. Сәт инстинкті – олардың жалғыз бағдары. Алғашқы қауымдық адам тұрпаты – Исава секілді олар өздерінің болашақ үлкендік құқығын нағыз жасымық аталасына қуана-қуана сатып жіберер еді. Адам таяу мүддесіне болашақ мүддесін қарсы қоя білетін, алдына мақсат қойып, соған табанды ұмтыла білетін болса, онда оның үлкен прогресті жүзеге асырғаны. Осынау өз қылықтарының көп кейін білінетін салдарларын күнілгері көре білуге қабілетсіздік және бір сәттік пиғылдан басқа бағдарсыз болуға бейімділік индивидуумды, дәл сол секілді нәсілді де ұдайы өте төмен ахуалда қала беруге бұйырады. Тек халықтардың өз инстинкттерін тізгіндеп ұстауға дағдылануына қарай, яғни олар ырыққа, демек, өзін-өзі ұстау алу шамасына қарай олар тәртіп маңыздылығын, мұрат үшін және өркениятқа көтерілу үшін өзін құрбан етудің қажеттігін түсіне бастайды. Егер халықтардың тарихтағы әлеуметтік деңгейін бір өлшеммен бағалау қажет болса, онда мен өз инстинктерін тізгіндеп ұстау қабілеттілігінің деңгейін өлшем етіп алар едім. Ежелгі замандағы римдіктер және қазіргі кезде ағылшын-американдар осы қасиеттерге ең жоғары дәрежеде ие халықтар. Бұл олардың ұлылығын сақтап қалуға мықтап жәрдемдесті. Әртүрлі психологиялық элементтерді ортақ топтастырылуы және салыстырмалы түрде дамуы арқылы психикалық ұйымдасу тұрпаттары құралады, олар бойынша индивидуумдар мен нәсілдердің топтастырып жіктелуін анықтауға болады. Осынау психологиялық элементтердің біреулері мінезге, екінші біреулері – ақылға қатысты болады.

Жоғары нәсілдер төмен нәсілдерден мінезімен де, ақылымен де өзгешеленеді; бірақ жоғары халықтар өзара негізінен мінезбен ерекшеленеді. Осы пункттің зор қоғамдық мәні болатындықтан, оны айқын баяндау қажет. Мінез, әрқилы элементтердің әрқилы пропорцияда ұштасуымен қалыптасады, оларды психологтар қазіргі кезде сезімдер деп атайды. Ең маңызды рөл атқаратын элементтер арасынан негізінен: табандылық, күш-қайрат, өзін тізгіндей ұстай білу секілділерін – ырықтан шығатын қабілеттерді атап өту керек. Сондай-ақ біз мінездің негізгі элементтерінің арасында едәуір күрделі сезімдердің синтезі болса да, инсаниятты да атаймыз. Осы соңғы сөзді біз қоғамның тіршілік етуі сүйенетін ережелерге тұқым қуалайтын құрмет мағынасында аламыз. Халық үшін инсаниятқа ие болу – қылықтың белгілі қатаң ережелеріне ие болып, олардан ауытқымау деген сөз. Бұл ережелер уақыт және елдер жағынан әртүрлі болатындықтан, инсаният осының салдарынан өте құбылмалы нәрсе болып көрінеді, және ол іс жүзінде де сондай; бірақ аталмыш халық үшін, аталмыш сәт үшін инсаният мүлдем өзгермейтін болуға тиіс. Және ақыл-ойдың емес, мінездің қызы болып табылатын ол тек тұқым қуалаумен берілетін, демек, санасыз болған кезде ғана берік орнатылған болып санала алады. Жалпы халықтардың ұлылығы негізінен олардың инсанияттық деңгейіне тәуелді дейге болады. Ақыл-ой қасиеттері тәрбиенің ықпалымен оңай өзгере алады; мінездің қасиеттері оның ықпалына мүлдем дерлік сытылып кете береді. Егер тәрбие оларға ықпал ете алса, онда бұл енжар, ешқандай дерлік төл ырқы жоқ және итерген жаққа қарай оп-оңай жортып кететін натураларда ғана болады. Осындай енжар наутарлар жекелеген индивидтерде ұшырасады, бірақ тұтас халықта өте сирек болады, және егер оларды сонда ұшырататын болсақ, онда бұл тек мейлінше құлдырау сәттерінде ғана болады. Ақыл-ой ашқан жаңалықтар бір халықтан екіншісіне оп-оңай беріледі. Мінездің қасиеттері беріле алмайды. Бұл жоғары халықтардың психикалық салтын айырып алуға мүмкіндік беретін, өзгермейтін негізгі элементтер. Ақылға қарыздар жаңалықтар адамзат баласының ортақ игілігі; мінездің

артықшылықтары немесе кемшіліктері әрбір халықтың ерекше игілігін құрайды. Бұл – мызғымайтын жартас, тек соның сұлбасын нобайлау үшін толқын оны ғасырлар бойы күн сайын соққылап тұруға тиіс; ол түрдің өзіндік ерекше нышанына, балықтың желбезегіне, құстың тұмсығына, ет жейтіндердің тістеріне сәйкес келеді. Халықтың тарихтағы дамуын анықтайтын оның ақылы емес, оның мінезі. Мінездің ықпалын мүлдем дәрменсіз уақиғаның және әрқилы діни наным-сенімдер бойынша адамдардың қылықтарына басшылық жасайтын өте құдіретті тағдырдың көзге ұрып тұратын әздектіктерінен тауып алуға болады. Мінездің ықпалы – халықтар өміріндегі ең құдіретті фактор, ал ақылдың ықпалы іс жүзінде тым әлсіз. Құлдырау кезеңіндегі римдіктер, олардың дөрекі ата-бабаларының ақылына қарағанда, неғұрлым жетілген ақылға ие болатын, бірақ олар өз мінезінің өздерінің ата-бабаларының ұлылығы жасаған бұрынғы қасиеттерін: табандылықты, күш-қайратты, жеңілмес табандылықты, мұрат жолында өз-өзін құрбан етуді жоғалтып алды. Тек мінезінің арқасында 60 мың ағылшын көбісі бері салғанда ақылы жағынан өздеріне тең, ал кейбіреулері эстетикалық талғамы мен философиялық көзқарастарының тереңдігі жағынан өздерінен өлшеусіз артық 250 миллион үндіні билеп-төстеп отыр. Тек мінездің арқасында, олар тарихта бұрын-соңды белгілі алып отаршылдық империяның басында тұр. Қоғамдар, діндер және империялар ақыл-ойға емес мінезге негізделеді. Мінез халықтарға сезіну және қарекет ету мүмкіндіктерін береді. Олар тым көп пайымдау мен тым көп ойланудан ешқашан көп нәрсе ұтқан емес. Кәсіби психологтар жұмыстарының төтенше әлсіздігі мен олардың түкке тұрмайтын практикалық мүддесі негізінен олардың өздерін ақылды ғана зерттеуге арнап, мінезді зерттеуді мүлдем дерлік айдалада қалдыратындығына тәуелді. Мен тек бірнеше беттерде, өкінішке қарай тым қысқа беттерде мінездің маңызын көрсеткен және оның жан дамуының шын іргетасын қалайтындығын мойындаған жалғыз ғана Рибоны білемін. “Ақыл – психикалық эволюцияның тек жанама пошымы ғана, дейді “College de France’нің” ғалым профессоры аса

негізді түрде – оның Негізгі тұрпаты – мінез. Ақыл, тым дамып кеткен кезде оның қирауына жетелейді”. Мен бұл арада, егер халықтардың салыстырмалы психологиясымен танысқысымыз келсе, ең алдымен мінезді зерттеуге кірісуіміз керек екендігін дәлелдеуге тырысып көремін. Соншалық маңызды ғылым (өйткені одан тарих пен саясат шығады) ешқашан зерттеудің пәні болмағандығы, егер мұндай ғылым зертханаларда да, кітаптардан да алынбайтындығы, тек ұзақ саяхаттармен ғана қонатындығы бізге белгілі болмаса, мүлдем түсініксіз күйінде қала берер еді. Айтпақшы оған көп ұзамай кәсіби психологтар кіріседі деп топшылауға ештеңе ілік бермейді. Олар өздерін анатомиялық және физиологиялық зерттеулерге арнау үшін, бір кезде өздерінің саласы болған нәрсені қазір барған сайын ұмыта бастады. Миларды анатомдау, жасушаларды микроскоппен зерттеу, қозу мен реакцияны байланыстыратын заңдарды анықтау – осының бәрі, бақалар мен адамға бірдей қатысты бола отырып, жалпы физиологияға жатады, бірақ біздің түрдің әрқилы тұрпаттарының психологиялық салтын тану үшін жақындатып немесе алыс та болса қолдану атаулыдан тыс қалып келеді. Сондықтан жаңада ғана жарық көрген Полланның “Les caracteres”3 секілді қызықты зерттеуі сияқты шығармаларды ынталандырмауға болмайды. Біздің еңбегіміздің көлемі өте шектеулі болғанымен, олар қайткенде де бізге бірнеше өте айқын мысалдар арқылы халықтардың мінезі қандай дәрежеде олардың тағдырын анықтайтындығын көрсетуге мүмкіндік береді. Мен сондай-ақ басқа мысалдар арқылы, барлық тарихи елестерге қарамастан, нәсілдердің психикалық салты, қалыптасып болған кезде, түрлердің анатомиялық нышандары сияқты орнықты нышандарға ие болатындығын көрсетемін. Нәсілдердің психикалық салтынан олардың дүние мен өмір туралы ұғымдары, олардың құлқы, сайып келгенде олардың тарихы өрбиді. Белгілі

3 Франсуа Поллан меңзелетін секілді. Оның кітабының аудармасы 1896 жылы Ф. Павленков баспасында “Мінездер психологиясы” деген атаумен жарық көрді.

жолмен сыртқы заттардан әсерлерді сіңіре отырып, әрбір индивид, мүлдем өзге психикалық салтқа ие адамдар сезінетін, ойлайтын және жасайтын нәрседен, мүлдем басқаша сезінеді, ойланады және жасайды. Осыдан шығатыны: тым әрқилы тұрпаттар бойынша құрылған психикалық ұйымдасулар толық қосыла алмайды. Нәсілдердің ғасырлар бойғы қақтығысуларының басты негізі олардың мінездерінің сыйыса алмайтындығы. Егер әрқилы нәсілдер бірдей сезіне, ойлана, жасай алмайтындығын, демек, бір-бірін түсіне алмайтындығын үнемі ескеріп отырмасаң, тарихтан ештеңені түсіну мүмкін емес. әлбетте әрқилы халықтардың тілдерінде олар синонимдер деп есептейтін ортақ сөздер болады, бірақ бұл ортақ сөздер оларды тыңдайтындардың бойында мүлдем ұқсамайтын сезімдер, идеялар, ойлау тәсілдерін оятады. әрқилы халықтардың психикалық салттарының арасындағы құз тереңдігін түсіну үшін, психикалық қалпы біздікінен едәуір өзгешеленетін халықтармен, тіпті олардың арасынан біздің тілде сөйлейтін және біздің тәрбиені алған адамдарды таңдап алып, солармен бірге тұрып көру қажет. Алысқа саяхат жасамай-ақ, тіпті әйел адам өте білімді болған күнде де, өркениятты еркек пен әйел арасында болатын терең психикалық айырмашылықтарды байқай отырып, бұл туралы біршама түсінік қалыптастыруға болады. Оларда ортақ мүдде, ортақ сезім болуы мүмкін, бірақ ешқашан – идеялардың бірдей ассоциациясы болмайды. Олар өзара ғасырлар бойы бір-бірін түсінбестен сөйлеседі, өйткені олардың рухани организмдері, олар сыртқы заттарды бірдей жолмен қабылдай алуы үшін, тым әрқилы тұрпаттар бойынша құрылған. Олардың логикасындағы бір айырмашылықтың өзі олардың арасында өткел бермес аран жасау үшін жеткілікті болар еді. Әрқилы нәсілдердің психикалық салттарының арасындағы осынау шыңырау бізге, неліктен жоғары халықтар өздерінің өркениятын төмен халықтарға қабылдата алмағандығын түсіндіреді. Білім беру осындай істерді жүзеге асыра алады деген соншалық таралған тағы бір пікір – таза парасат теоретиктері қашанда бір жасаған өкінішті иллюзиялардың бірі. Күмән жоқ, ең

төмен тіршілік иелерінде бар және, айтпақшы, адамның ерекше артықшылығын құрамайтын зерде адамзат сатысында едәуір төмен тұрған индивидке еуропалықтар меңгерген танымдар жиынтығын беруге мүмкіндік береді. Негрді немесе жапондықты оп-оңай бакалавр немесе адвокат етуге болады; бірақ мұнымен оған таза сыртқы жалтырақ қана беріледі, оның өзі ешқандай пайда көре алмайтын психикалық табиғатына ешқандай ықпал етілмейді. Ешқандай білім оған бере алмайтын нәрселер (себебі оларды тек жалғыз тұқым қуалау ғана бере алады) – батыс адамдарының ойлану пошымдары, логика, және, ең негізгісі мінезі. Сол негр немесе сол жапон қалағанынша дипломдар ала алады, бірақ олар ешқашан әдеттегі еуропалықтың деңгейіне көтеріле алмайды. Он жыл ішінде оған өте білімді ағылшынның білімін беруге болады. Бірақ одан нағыз ағылшын, яғни ол тап болатын өмірдің әрқилы жағдайларында ағылшын сияқты қимылдайтын адам жасау үшін мың жылдың өзі әрең жеткілікті болар еді. Тек сыртқы көзқарасқа ғана халық өзінің тілін, өзінің мемлекеттік құрылысын, өзінің наным-сенімдері мен өнерін күрт өзгертуі мүмкін. Мұндай өзгерістерді іс жүзінде жасау үшін оның жанын өзгерту керек болады.

ІV тарау

Индивидтер мен нәсілдердің прогресті жіктеу

Белгілі нәсілдің деңгейі неғұрлым жоғары болса, оның индивидтерінің арасындағы теңсіздік соғұрлым көп болады. – Төмен нәсілдердің барлық индивидтерінің психикалық теңдігі. – Нәсілдерді бөліп тұрған айырмашылықтарды бағалау үшін ортаңғы емес, жоғары жіктерді салыстыру керек. – Өркенияттың табыстары индивидтер мен нәсілдердің барған сайын жіктеле түсуіне ұмтылады. – Осынау жіктелу нәтижелері. – Оның өте елеулі болуына кедергі жасайтын психологиялық тұрғылар. – Тұқым қуалаушылық қалайша индивидуалдық артықшылықтары нәсілдің орташа тұрпатына ұдайы қалай алып келеді. – Нәсілдердің, индивидтердің және

жыныстардың
прогресті
психологиялық
жіктелуін

қуаттайтын
анатомиялық бақылаулар.

Жоғары нәсілдер төменгі нәсілдерден тек өздерінің психологиялық және анатомиялық ерекшеліктері бойынша ғана емес, сондай-ақ олардың қойнауына енетін элементтердің сан алуандығымен де өзгешеленеді. Төмен нәсілдерде барлық индивидтер, тіпті олар әртүрлі жынысқа жатса да, бір ғана дерлік психикалық деңгейге ие. Олардың барлығы бір-біріне ұқсас болғандықтан, қазіргі социалисттер армандайтын теңдіктің бейнесін көрсетеді. Жоғары нәсілдерде индивидтер мен жыныстардың теңсіздігі, керісінше, заң. Және сондықтан, халықтардың ортаңғы жігін емес, тек егер оларда ондайлар болса, олардың жоғарыларын өзара салыстыра отырып, оларды бөліп тұратын айырмашылықтардың мөлшерін өлшеуге болады. Үнділер, қытайлар, еуропалықтар өздерінің орташа жіктерінде аз ажыратылады және сонымен бір мезгілде олардың жоғарыларында едәуір айырмашылық бар. Өркенияттың табысына қарай тек нәсілдер ғана емес, сонымен бірге әрбір нәсілдің индивидтері, бері салғанда, жоғарғы нәсілдердің индивидтері жіктелуге тырысады. Біздің теңдік туралы армандарымызға кереғар осы заманғы өркенияттың нәтижесі адамдарды барған сайын біршама тең ете түсу емес, керісінше, – барған сайын әрқилы ете түсу. Өркенияттың басты нәтижелерінің бірі, бір жағынан, – мәдениеттің жоғары деңгейіне дейін жеткен халықтарғаол жүктейтін, күн өткен сайын өсе түсетін ақыл-ой еңбегі арқылы нәсілдерді жіктей түсу және екінші жағынан – әрбір өркениятты халықты құрайтын әрқилы жіктердің барған сайын жіктеле түсуі. Осы заманғы өнеркәсіптік даму жағдайлары шындап келгенде өркениятты халықтардың төмен жіктерін өте мамандандырылған еңбекке мәжбүр етеді, ол еңбек олардың ақыл-ой қабілеттерін кеңейтуден тым қашық жатып, ондай қабілетті көбінесе тарылтуға тырысады. Жүз жыл бұрын жұмыскер қандай да бір механизмнің, мысалы, сағаттың, барлық ұсақ-түйегін орындауға қабілетті

нағыз суреткер болатын. Ал қазір белгілі бір жеке бөлшектен артық ешқашан ештеңе шығармайтын қарапайым манипуляция оны өмір бойы бір ғана тесіктерді бұрғылауға немесе бір ғана құралды жалтырата беруге мәжбүр етеді, осының салдарынан оның ақылы көп ұзамай мүлдем қатып-семуге тиіс. Ашылған жаңалықтар және бәсекелестік жан-жағынан анталап тұрған өнеркәсіпші немесе оған жетекшілік жасайтын инженер жүз жыл бұрынғы сол өнеркәсіпші мен сол инженерге қарағанда, керісінше, өлшеусіз көп білімдерді, инициатива рухын және өнертапқыштықты қордалауға мәжбүр. Оның үнемі жаттығып отыратын миы, осыған ұқсас жағдайда барлық мүшелер бағынатын заңға бағынады: ол одан әрі дами түседі. Төменде келтірілген сөздерінде Токвиль әлеуметтік жіктердің осынау прогресті жіктелуін және де өнеркәсіп қазіргі кезде жеткен даму деңгейінен өте қашық жатқан дәуірдегі жіктелуін өте айқын көрсетті... “Еңбек бөлінісі принципі неғұрлым толық қолданлыа түсуіне қарай, жұмысшы барған сайын әлсіз, шектелген және тәуелді бола түседі. Өнер табыстарға жетеді, қолөнерші шегіне береді. Қожайын мен жұмысшы күннен күнге бір-бірінен өзгешелене береді”. Қазіргі кезде өркениятты халықты, интеллектуалдық көзқарас тұрғысынан, баспалдақтары бар өзінше бір пирамида ретінде қарастыруға болады, ол пирамиданың негізінде халықтың қараңғы бұқарасы, ортаңғы баспалдақтарында – сауатты жіктер және жоғары баспалдақтарында, яғни пирамиданың шыңында – ғалымдардың, өнертапқыштардың, әртістердің, жазушылардың бүкіл шағын таңдамалы тобы тұр, ал топ халықтың қалған бөлігімен салыстырғанда түкке тұрмайды, бірақ жалғыз сол ғана елдің өркеният шкаласындағы деңгейін белгілейді. Сол топтың жоғалып кетуі, бір мезгілде ұлттың ұлылығын құрайтын баршаның жоғалып кетуі үшін жеткілікті болар еді. “Егер Франция, – деп жазады Сен-Симон, – аяқ астынан өзінің елу бір алғашқы ғалымын, өзінің алғашқы елу бір әртісін, өзінің елу бір алғашқы фабрикантынан, өзінің елу бір алғашқы агрономынан айрылса, онда ұлт жансыз денеге айналар еді, ол басынан айырылар еді. Бірақ егер, керісінше, өзінің бүкіл қызметшілерінен айрылса, онда бұл жағдай

француздарды мұңайтар еді, өйткені олар жақсы адамдар, бірақ елге бұдан көп нұқсан келе қоймас”. Өркенияттың табыстарына халықтың шеткі екі жігінің арасындағы жіктелу тез күшейе бастайды; ол тіпті геометриялық прогрессиямен өсуге ұмтылады. Сонымен, егер тұқым қуалаушылықтың белгілі ықпалы осыған кедергі жасамаса, уақыт өте келе қандай да бір халықтың жоғары қабаттары, төмендерден ақыл-ой жағынан, негрді ақ адамнан, немесе тіпті негрді маймылдан бөліп тұрған зор қашықтыққа ілгерілеп кетер еді. Бірақ әлеуметтік қабаттардың осынау интеллектуалдық жіктелуі ұлғая түскен сайын, теориялық тұрғыдан жол беруге болатын жылдамдықпен жасалуына көптеген себептер кедергі келтіреді. Біріншіден, іс жүзінде жіктелу тек ақылды ғана қамтып, мінезді болмашы ғана қамтиды немесе мүлдем қамтымайды; ал біз халықтардың саяси өмірінде ақыл емес, мінездің басты рөл атқаратындығын білеміз. Екіншіден, бұқара қазіргі кезде өзінің ұйымдасуымен және тәртібімен құдіретті болуға ұмтылады. Жаңа ғана баяндалған өркеният жағдайынан шығатындықтан таза жасанды, сан алуан болуға қабілетті екі себептен басқа, тағы да ұлттың таңдаулы бөлігінің төмен қабаттардан интеллектуалдық тұрғыдан өте тез жіктелуіне кедергі жасайтын әлдеқайда маңызды (өйткені ол – табиғаттың еңсерілмес заңы) себеп бар. Бір ғана нәсілдің адамдарын жіктей түсуге барған сайын ұмтылатын өркенияттың жасанды жағдайларымен қатар, іс жүзінде тұқым қуалаушылықтың орнықты заңдары бар, олар одан өте анық жоғары тұрған индивидтерді жоюға немесе орташа жағдайға келтіруге тырысады. Тұқым қуалаушылық туралы еңбектердің барлық авторлары келтіретін сонау ерте замандағы бақылау мынаны дәлелдеді: ақылы жағынан аса көрнекті әулеттердің ұрпақтары ерте ме, кеш пе, көбінесе ерте, оларды мүлдем жойып жіберу тенденциясы бар азғындауға ұшырайды. Зор интеллектуалдық артықшылық өз артына тек азғындайтындарды қалдыру шартымен ғана жүзеге асады. Мен жоғарыда айтқан әлеуметтік пирамиданың шыңы іс жүзінде өзінің өнімді күшін өзінен төмен тұрған элементтерден үнемі алып отыру жағдайында

ғана тіршілік ете алады. Егер осынау тгі жақсыларды құрайтын барлық индивидтерді оқшау аралға жинаса, сөйтіп оларды шағылыстыру жолымен азғындаудың барлық мүмкін болатын пошымдарын жұқтырған, демек көп ұзамай жойылып кетуге тиіс нәсілді алуға болады. Зор интеллектуалдық артықшылықтарды бағбанның өнерімен жасалған ботаникалық құбыжықтармен салыстыруға болады. Өз билігіне берілген олар жойылып кетеді немесе түрдің орташа тұрпатына оралады, сол тұрпат қана құдіретті, өйткені ата-бабалардың ұзыннан-ұзақ қатарын көрсететін сол ғана. Сонымен, ғасырлар барысында барған сайын жіктеле отырып, қандай да бір нәсілдің индивидтері, сол нәсілдің орташа тұрпатының айналасында жүруге ұдайы ұмтылады, одан көп уақытқа ұзап кете алмайды. Өте баяу көтерілетін осы орташа тұрпатқа белгілі ұлттардың едәуір көпшілігі жатады. Осынау негізгі қаңқа, бері салғанда жоғары халықтарда, өркеният тұрғысынан маңызды, бірақ нәсіл тұрғысынан ешқандай мәні жоқ аса көрнекті ақылдардың тым жұқа қабатымен жабылған. Ол ұдайы жойыла отырып, жалғыз өзі ғана, тек өте баяу өзгеретін орташа қабаттың есебінен ұдайы жаңарып отырады, баяу өзгеретіні, тиімдей де өзгерістер, берік болу үшін, көптеген ғасырлар бойы жалғаса беретін бағытта тұқым қуалау арқылы қордалануға тиіс. Іс жүзінде, кейбір нәсілдердің деңгейін бірте-бірте асқақтатып, сол нәсілдер мен ілгерілей алмаған халықтардың арасындағы терең ор қазған прогресті жіктелуді асқақ ақылдар емес (өйткені кемеңгерлік берілмейді), орташа қабаттар ие болған жетістіктерді тұқым қуалау арқылы қордалау ғана жасады. Осыдан бірнеше жыл бұрын, таза анатомиялық зерттеулерге сүйене отырып, мен индивидтер мен нәсілдердің жіктелуі жөніндегі жоғарыда баяндалған идеяларға келдім, және оларды ақтау үшін мен енді тек психологиялық дәлелдерге ғана сүйендім. Екі жақты зерттеулер бірдей нәтижеге жетелейтіндіктен, мен өзімнің бірінші еңбегімдегі кейбір тұжырымдарды еске сала кетейін4. Олар әртүрлі нәсілдерге жататын көптеген

4 Dr. Gustave le Bon. Recherches anatomіques et mathematіques sur les varіatіons de volume du cerveau et sur leurs relatіons avec l’іntellіgence. – Іn – 8 0 , 1879.

мың көне және осы заманғы бас сүйектерге жүргізілген өлшеулерге сүйенеді. Олардың ең елеулілері мынадай: “Егер жекелеген жағдайларды былай қоя тұрып, тек олардың көп мөлшерін қаперге алсақ, онда бас сүйектің көлемі мен ақыли қабілеттердің арасындағы тығыз тәуелділік мүлдем айқын бола түседі. Бірақ төмен нәсілдерді жоғары нәсілдерден айыруға болатын нышан бас сүйектерінің орташа сыйымдылығындағы осынау түкке тұрмайтын айырмашылықтар емес, мына бір елеулі факт: жоғары нәсілдерде миы өте жақсы дамыған адамдардың белгілі бір саны болады, ал төмен нәсілде ондайлар кездеспейді. Сонымен, нәсілдер өзара халық бұқарасымен емес, олардың арасындағы аса көрнекті жеке адамдармен ажыратылады. Төмен нәсілдерді қарастыратын жағдайлардан басқа, түрлі халықтарда бас сүйек көлеміндегі орташа айырмашылық ешқашан тым елеулі болмайды. ...Қазіргі және бұрынғы уақыттағы адамзаттың түрлі нәсілдері бас сүйектерінің айырмашылықтарын салыстыра келіп, бас сүйегінің көлемі көбірек индивидуалдық айырмашылықтарға ие нәсілдер өркенияттың жоғары деңгейінде тұратындығын, қандай да бір нәсіл өркенияттана түскен сайын оны құрайтын индивидтердің бас сүйегі өзара барған сайын өзгешелене түсетінін көруге болады. Осының нәтижесі мынадай өркеният бізді ақыл-ой теңдігіне емес, барған сайын тереңдей түсетін теңсіздікке жетелейді. Анатомиялық және физиологиялық теңдік тек дамудың ең төмен баспалдағында тұрған нәсіл өкілдерінің арасында ғана кездеседі. Барлығы өздерін бір ғана іске арнайтын қандай да бір жабайы тайпа мүшелерінің арасындағы айырмашылық барынша елеусіз болады. Керісінше, өзінің лексиконында үш жүзден аспайтын сөзі бар қандай да бір шаруа мен лексиконында сәйкес түсініктерімен жүздеген мың сөзі бар ғалымның арасында орасан зор айырмашылық бар”. Мен өзімнің жоғарыда айтқаныма мынаны қосуға тиіспін: өркенияттың дамуы индивидтердің арасында жасаған жіктелу сондай-ақ жыныстар арасында да көрінеді. Төмен халықтарда немесе жоғары халықтардың төменгі қабаттарында еркек пен әйел ақыл-ойы жағынан бір-біріне өте жақын. Бірақ халықтардың өркенияттануына қарай жыныстар өзара көп өзгешелене түсуге ұмтылады.

Еркек пен әйелдің бас сүйектерінің көлемі, тіпті жасы бірдей, бойы бірдей және салмағы бірдей субъектлерді салыстырғанда да, өркенияттың өсуімен өте тез өсетін айырмашылықтарды көрсетеді. Төмен нәсілдерде өте әлсіз болатын бұл айырмашылықтар жоғары нәсілдерде орасан болады. Жоғары нәсілдерде әйелдердің бас сүйегі, төмен нәсіл әйелдерінің бас сүйегінен шамалы ғана дамыған болады. Париждік еркектің бас сүйегінің орташа көлемі оны ең үлкен әйгілі бас сүйектердің арасына қояды, париждік әйелдің бас сүйегінің орташа көлемі өте кішкене бас сүйектердің көлемінен еш өзгешеленбейді және қытай әйелдерінің бас сүйегінің көлеміне немесе тіпті Жаңа Каледония әйелдерінің бас сүйек көлеміне әрең жетеді.

V тарау

Тарихи нәсілдердің қалыптасуы

Тарихи нәсілдер қалай қалыптасты. – Әрқилы нәсілдердің бір нәсілді құрау үшін қосылуына мүмкіндік беретін шарттар. – Өзара қақтығысатын индивидтердің санының, олардың нышандары теңсіздігінің, ортасының және т.б. ықпалы. – Шағылысу нәтижелері. – Метистер тұрпатының қатты төмендеуінің себептері. – Шағылысудан туындаған жаңа психологиялық нышандардың өзгергіштігі. – Бұл нышандар қалай нығаяды. – Тарихтың сыни дәуірлері. – Шағылысу жаңа нәсілдердің жасалуының елеулі факторын құрайды және, сонымен бірге өркенияттардың іріп-шіруінің құдіретті факторы. – Касталарды енгізудің маңызы. – Ортаның ықпалы. – Орта шағылысулар ата-бабалардан мұраға қалған нышандарды іріп-шіріткен тек құрылу кезеңіндегі жаңа нәсілдерге ықпал ете алады. – Ежелгі нәсілдерге орта ешқандай ықпал жасай алмайды. – Түрлі мысалдар. – Еуропаның тарихи нәсілдерінің көпшілігі әлі қалыптасу кезеңінде. – Саяси және әлеуметтік қорытындылар. – Тарихи нәсілдердің қалыптасу кезеңі неліктен көп ұзамай аяқталуға тиіс.

Біз жоғарыда айтып өткеніміздей қазір өркениятты халықтардың арасынан нағыз нәсілдерді, осы сөздің ғылыми мәніндегі нәсілдерді енді кездестіру мүмкін емес, тарихи, яғни жаулап алудың, көші-қонның, саясаттың және т.б. кездейсоқтықтармен жасалған және, демек, шығу тектері әртүрлі адамдардың араласуынан құралған нәсілдерді ғана кездестіруге болады. Осынау әртекті нәсілдер қалай қосылады және ортақ психологиялық нышандары бар бір ғана тарихи нәсілді қалай құрайды? Бұл біздің ең таяу қарастыруымыздың пәнін құрайды. Ең алдымен, кездейсоқ жағдай қақтығысқа алып келген элементтер үнемі қосыла бермейтіндігін айта кетейік. Австриялық үстемдік астында өмір сүретін немістер, венгрлер, славяндар мүлдем әртүрлі нәсілдерді құрайды және оларда қосылуға бейімділік ешқашан болған емес. Ағылшындардың үстемдігінің астында тіршілік ететін ирландықтардың олармен араласуы да мардымсыз. Дамудың ең төменгі деңгейінде тұрған халықтарға келсек, мысалы, қызылтерілілер, австралиялықтар, тасманиялықтар және т.б. тек жоғары халықтарға қосылып кету былай тұрсын, оларға жұғысу салдарынан тез жойыла бастайды. Жоғары халықпен қақтығысуға түскен кез-келген төмен халық тез арада жойылуға бұйырылған. Нәсілдер қосылып, жаңа, азды-көпті біртекті нәсіл қалыптастыру үшін көптеген шарттар қажет. Бұл шарттардың біріншісі – шағылысатын нәсілдер саны жағынан тым алшақ болмауы керек; екіншісі – олар өз нышандарында тым қатты өзгешеленбеуі керек; үшіншісі – олар ұзақ уақыт бойы ортаның бірдей ықпалында болуы қажет. Мен келтірген осынау шарттардың біріншісі басты мәнге ие. Көп негрлер тайпасының ортасына түскен аздаған ақ адамдар ұрпақтарында өз қанының ізін қалдырмастан бірнеше ұрпақтан кейін жоғалып кетеді. Өте көп ұлыстарды бағындырған барлық жеңімпаздар осылайша жойылып кеткен. Олар өз өркенияттарын, өз өнерін және өз тілдерін қалдыра алатын; бірақ онда ешқашан өз қандарының ізін қалдыра алмаған.

Жоғарыдағы шарттардың екіншісі де соншалықты маңызды. Өзара қатты өзгешеленетін нәсілдер, мысалы, ақтар мен қаралар, күмән жоқ, шағылыса алады, бірақ олардан туылған метистер, өздері шыққан нәсілдерге қарағанда тым төмен және қандай да болмасын өркениятты жасауға немесе тіпті қолдап отыруға қабілетсіз нәсілді құрайды. Қарама-қарсы тұқым қуалау ықпалы олардың инсанияты мен мінезін іріп-шірітеді. Метистер кездейсоқ жоғары өркениятқа мұрагер болған кезде (Сан-Домингодағы сияқты) ол өркеният тез арада қасіретті құлдырауға ұшырайды. Шағылысу тек бір-біріне жеткілікті жақын жоғары нәсілдердің арасында ғана прогресс элементі бола алады, Американың ағылшындары мен немістері осындай. Бірақ олар тіпті жоғары нәсілдер бола отырып, өзара өте қатты өзгешеленетін кезде әрқашан азғындау элементін құрайды. Құрамында метистер өте көп елдер, егер тек оларды берік қол басқармаса, осы бір ғана себептен тұрақты анархияға тап болады. Бразилияның амалсыз тағдыры осындай. Оның үштен бір бөлігі ғана ақ адамдар. Халықтың қалған бөлігі негрлер мен мулаттардан тұрады. Атақты Агассис толық негізбен былай дейді: “Бразилияда қандай да бір басқа жерге қарағанда, әлдеқайда кең ауқымда орын алған шағылысудың нәтижесі болып табылатын азғындау фактысын мойындау үшін онда болып қайтудың өзі жеткілікті. Бұл шағылысулар – олар негрлер, үндістер немесе еуропалықтар болсын әке-шешенің ең жақсы нәсілдік қасиеттерін тұмшалап, тәндік және жандық күш-қуат әлсіреген бейнелеу мүмкін емес тұрпат қалыптастырады”. Екі халықты шағылыстыру – бір мезгілде оның тәндік те, жандық та салтын өзгерту деген сөз. Айтпақшы, қандай да бір халықтың мінезін түбегейлі өзгертудің біз ие бірден-бір дұрыс құралы – шағылыстыру, өйткені тұқым қуалаушылықпен күреске түсу үшін тек тұқым қуалаушылық қана жеткілікті күшті құрал. Олар уақыт өте келе жаңа тәндік және психологиялық нышандары бар жаңа нәсілді жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, жасалған нышандар әуелі орнықсыз да әлсіз болып қала береді. Оларды беркіту үшін әрқашан ұзақ тұқым қуалау қордалануы қажет. Әртүрлі

нәсілдер арасындағы шағылысудың бірінші ықпалы, олардың осы нәсілдердің жанын, яғни халықтардың күшін құрайтын және онсыз ұлт та, отан да тіршілік ете алмайтын ортақ идеялар мен сезімдердің жиынтығын жояды. Бұл нәсілдер тарихының сын сәті, барлық нәсілдер міндетті түрде өтетін алғашқы тәжірибелер мен қателесулердің кезеңі болып табылады, өйткені басқа халықтардың қалдықтарынан құралмаған бірде-бір еуропалық халық жоқ. Бұл жаңа психологиялық нышандар әлі беркімеген тұста жалғаса беретін өзара қырқысулар мен барлық мүмкін болатын кездейсоқтықтарға толы кезең. Алдыңғы айтқанымыз бізге шағылысуға бір мезгілде жаңа нәсілдердің құралуының негізгі элементі ретінде және көне нәсілдердің іріп-шіруінің құдіретті факторы ретінде қарау керектігін көрсетеді. Өркенияттың жоғары баспалдағына жеткен барлық халықтар шетелдіктермен араласып кетуден мықтап қашқан және әбден негізді солай еткен. 3000 жыл бұрын Үндістанды жаулап алған ат төбеліндей ғана арийлықтар қайран қалдыратын касталық құрылыссыз өздерін барлық жағынан қоршап тұрған қара нәсілдердің қисапсыз бұқарасы арасында жұтылып кетер еді, және зор түбек негізінде ешқандай өркеният қалыптаспас еді. Егер қазіргі таңда ағылшындар нақ сол жүйені іс жүзінде сақтап қалмағанда және түземдіктермен шағылысуға келіскенде, ғаламат Үндістан империясы олардан әлдеқашан құтылған болар еді. Халық көп нәрседен айрылуы мүмкін болатын барлық апаттарды бастан өткеруі және әлі көтерілу ахуалында болуы мүмкін. Бірақ егер ол өз жанын жоғалтып алса, оның барлығын жоғалтқаны, және ол ешқашан қайтып көтеріле алмайды. Құлдырау ахуалындағы өркеният жаулап алушылардың олжасына айналған кезде, шағылысу әу баста қиратушы рөл, кейін жасампаздық рөл атқарады, мен бұл туралы жаңа ғана айтып өттім. Олар көне өркениятты қиратады, себебі оған ие халықтың жанын өлтіреді. Олар жаңа өркеният жасауға жол береді, өйткені қақтығысқа түскен нәсілдердің ескі психологиялық нышандары жойылатын және өйткені тіршілік етудің жаңа шарттарының ықпалымен көп ұзамай жаңа нышандар пайда болады.

Осы тарауда айтылған факторлардың соңғысының – ортаның ықпалы тұқым қуалау арқылы берілген белгілері тұқым қуалаушылықтың қарама-қарсы ықпалымен жойылатын, қалыптасу кезеңіндегі нәсілдерде ғана байқалады. Ежелгі нәсілдерге ықпалы өте әлсіз, ол, жаңа нәсілдерге өте күшті ықпал етеді. Шағылысу, ата-бабалардан мирасқа қалған психологиялық нышандарды жоя отырып, өзіндік бір tabula rasa5 жасады, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ортаның ықпалы сайып келгенде сонда жаңа психологиялық нышандар жасап, бірте-бірте бекітеді. Тек сонда ғана жаңа тарихи нәсілдің құралуын аяқталған деп есептеуге болады. Француз нәсілі осылай жасалған. Осыдан физикалық та, моральдық та ортаның ықпалы, жағдайға байланысты, не өте зор, не, керісінше, өте мардымсыз екендігі айқын, және олардың ықпалы жөнінде ең қарама-қайшы пікірлер айтылатындығын осымен түсіндіруге болады. Біз осы ықпалдың құралу кезеңіндегі нәсілдерге өте зор екендігін жаңа ғана көрдік; бірақ егер тұқым қуалау арқылы ерте замандардан бекем орнатылған ежелгі нәсілдерді қарастырсақ, онда ортаның ықпалы, керісінше, нөлге тең деуге болады. Моральдық орта жөнінде: бізде Шығыс халықтарына ықпал етуде біздің батыстық өркенияттардың толық дәрменсіздігінен тіпті олар солармен көптеген ұрпақтар бойында араласып тұрған кезде де, Құрама Штаттарда тұратын қытайларда байқалатынындай, оның әрекеттерінің түкке тұрмайтындығының дәлелі бар. Физикалық орта үшін біз көндігу қиындықтарынан оның билігінің әлсіздігін атап көрсете аламыз. Бұрынғыға мүлдем ұқсамайтын жаңа ортаға көшірілген ежелгі нәсіл – ол адам болса да, жануар немесе өсімдік болса да бәрі-бір – өзгеруден гөрі, тезірек жойылады. Бірінің артынан бірі әрқилы он халық басып алған Египет үнемі олардың моласы болған. Олардың бірде біреуі онда табиғатқа көндіге алмаған. Гректер, римдіктер, парсылар, арабтар, түріктер және т.б. онда өздерінің қанының ізін қалдырған жоқ. Ол жерде кездестіруге болатын жалғыз тұрпат, египеттік суретшілер жеті мың жыл

5 Не нәрсені де жазуға болатын «таза тақта» – (лат.).

бұрын фараондардың табыттары мен сарайларында бейнелеп кеткен кескіндерді дәл қайталайтын нақ сол феллахтар. Еуропаның тарихи халықтарының көбісі әлі құралу кезеңінде, және бұл факт олардың тарихын түсіну үшін өте маңызды. Тек жалғыз осы заманғы ағылшын мүлдем дерлік анықталған нәсілді білдіреді. Онда көне бретондық, англосакс және нормандық қосылып кетіп, жаңа, өте бір текті тұрпатты құрды. Францияда, керісінше, провансалдық, бретондықтан, оверндіктен және нормандықтан мүлдем өзггешеленеді. Алайда, егер орташа француз тұрпаты әлі жоқ болса да, бері салғанда белгілі аймақтардың орташа тұрпаты бар. Амал нешік, бұл тұрпаттар идеяларымен және мінезімен әлі көп ерекшеленеді. Сондықтан олардың барлығы үшін бірдей жарамды мекемелерді табу қиын. Олардың сезімдері мен сенімдеріндегі терең айырмашылықтар және содан шығатын саяси төңкерістер, негізінен, бәлкім, болашақ тегістей алатын әрқилы жан салтынан нәр алады. Жағдайлардың тоқайласуы әртүрлі нәсілдерді бір аймақта бірлесіп өмір сүруге мәжбүр еткен барлық кездерде үнемі солай болған. Өзара жанасқан нәсілдер қаншалық әрқилы болса, қақтығыстар мен өзара соғыстарда соншалықты жиі болып тұрды. Олар өзара тым ұқсамайтын болса, оларды бір мекемелер мен бір заңның астында өмір сүруге мәжбүрлеу мүлдем мүмкін болмайды. Әрқилы нәсілдерден құралған үлкен империялардың тарихы үнемі ұқсас болатын. Олар көбінесе өздерінің негізін салушылармен бірге жоғалып отырған. Осы заманғы ұлттардың ішінен тек голландықтар мен ағылшындар ғана өздеріне мүлдем ұқсамайтын азиялық халықтарды бағындыра алды, бірақ олар мұны тек сол халықтардың құлқын, салттары мен заңдарын құрметтей білгендіктен ғана істей алды, сөйтіп, оларға іс жүзінде өздерін-өздері басқару мүмкіндігін беріп, өздерінің рөлін салық салумен, сауда қатынастарымен және тыныштықты сақтаумен шектеді. Осынау сирек кездесетін жағдайларды былай қойсақ, ұқсас емес халықтарды біріктіретін үлкен империялардың барлығы тек күшпен ғана құрыла алады және зорлықтан жойылуға бұйырылған.

Ұлт қалыптасып, ұзақ өмір сүре алуы үшін, олар бір-бірінен айырмасы шамалы, ұдайы өзара шағылысып отыратын, бір аймақта тіршілік ететін, бір ғана ортаның ықпалына бағынатын, мекемелері де бірдей, сенімдері де бірдей нәсілдердің баяу, бірте-бірте араласатын нәсілдерден қалыптасуы қажет. Осынау әртүрлі нәсілдер, бірнеше ғасырлар өткеннен кейін, өте біртекті ұлтты қалыптастыра алады. Дүниенің қартаюына қарай, нәсілдер барған сайын орнықты бола түседі де, олардың араласу жолымен өзгеруі – барған сайын сирей бастайды. Есейе бастағанда адамзат тұқым қуалау барған сайын ауыр және өзгерістердің барған сайын қиын бола бастағанын сезінеді. Еуропаға келетін болсақ, тарихи нәсілдердің құрылу дәуірі ол үшін таяуда аяқталады деуге болады.

Екінші бөлім

НӘСІЛДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ ӨРКЕНИЯТТЫҢ

ӘРҚИЛЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕН ҚАЛАЙ БАЙҚАЛАДЫ

1 тарау

Халықтар тарихы олардың мінезінің салдары ретінде

Халық тарихы әрқашан оның жан дүниесінен шығады. – Әрқилы мысалдар. – Францияның саяси мекемелері нәсіл жанынан қалай шығады. – Олардың сағымдық құбылмалылығының астарындағы шын өзгергіштігі. – Біздің барынша әрқилы саяси партияларымыз әрқилы атаулармен бірдей саяси мақсаттарды көздейді. – Орталықтандыру және мемлекет пайдасына жеке бастамаларды жою. – Француз революциясы ежелгі монархия бағдарламасын ғана қалай орындады. – Ағылшынсаксон нәсілінің мұраты мен латын мұратының арасындағы қарама-қарсылық. Мемлекет бастамасымен алмастырылған азамат бастамасы. – Осы еңбекте баяндалған принциптерді

Солтүстік-Америка Құрама Штаттары мен испан-американдық республикалардың дамуын салыстырмалы зерттеуге қолдану. – Саяси мекемелерінің бірдей екендігіне қарамастан, біреулерінің гүлдену, екіншілерінің құлдырау себептері. – Басқару мен мекемелерінің пошымдары халықтар тағдырына тек өте әлсіз ықпал етеді. – Бұл тағдыр негізінен олардың мінезінен шығады.

Тарих өзінің басты белгілерінде нәсілдердің психологиялық салтынан туындаған нәтижелерді қарапайым баяндама ретінде қарастырыла алады. Балықтардың судағы өмірінен олардың тыныс алу мүшелері шығатыны сияқты, ол осы салттан шығады. Халық жанының салтын алдын ала біліп алмасаң, оның тарихы тек кездейсоқтық билеп-төстейтін оқиғалардың қандай да бір бытысуы сияқты болып көрінеді. Керісінше, егер халық жаны бізге белгілі болса, онда оның өмірі психологиялық белгілердің дұрыс та жазмыштық салдары болып көрінеді. Ұлт өмірінің барлық көріністерінен біз нәсілдің өзгермес жаны өз тағдырын өзі жасайтынын ылғи да көреміз. Әсіресе саяси мекемелерде нәсіл жанының жоғары билігі барынша анық көрінеді. Бізге бұны бірнеше мысалдармен дәлелдеу оп-оңай. Әуелі Францияны, яғни ең терең төңкерістерді бастан өткерпген, бірнеше жылдың ішінде мекемелер түрі жағынан барынша түбегейлі өзгерген, партиялар тек әрқилы ғана емес, өзара тіпті сыйспайтын сияқты да болып көрінетін әлемдік елдердің бірін алайық. Бірақ егер осынау, тегінде, мүлдем ұқсас емес, осынау ылғи бітіспейтін партияларға психологиялық тұрғыдан қарасақ, онда олар іс жүзінде өз нәсілінің мұратын дәл көрсететін мүлдем бірдей ортақ қорға ие екендігін атап көрсете аламыз. Бітіспейтін, радикалдар, монархистер, социалистер, қысқасы әрқилы доктриналардың барлық қорғаушылары әрқилы жамылғымен мүлдем бірдей мақсатты: тұлғаны мемлекеттің жұтып қоюын көздейді. Олардың бәрі бірдей ынтыға – бұл ескі орталықтандырылған цезаристік режим, барлығын басқаратын, барлығын реттейтін, барлығын қамтитын, азаматтарының өміріндегі титімдей ұсақ-

түйектің бәрін реттейтін және сол арқылы оларды ойлану мен ьастаманың титтей де ұшқынын көрсету қажеттігінен жұрдай ететін мемлекет. Мемлекет басына қойылған өкімет мейлі король, император, президент, коммуна, жұмысшылар синдикаты және т.б. деп аталса да, бәрібір бұл билік, қандай болса да, міндетті түрде бір мұратты көздейді, және сол мұрат нәсіл жаны сезімдерінің көрінісі болып табылады. Ол басқаға жол бермейді. “Францияның, – деп жазады байыпты бақылаушы Дюпон Уайт, – ерекше даналығы осындай: ол егер өзінің үкіметі тарапынан қолдау таппаса және ынталандырылып отырмаса, өркениятты безендіруге немесе оның мәнісіне қатысты кейбір елеулі де қалаулы нәрселерде солардың артынан еруге де үлгіре алмайды”. Сонымен, егер біздің төтенше шыдамсыздығымыз, біздің барға наразылыққа зор бейімділігіміз, жаңа үкімет біздің талайымызды бақыттырақ етеді деген идея біздің өз мекемелерімізді үздіксіз ауыстырып отыруымызға жетелеп отырса, онда дүниеден өткен, бізді билеп-төстейтін атабабаларымыздың зор үні бізге сөз бен сырт әлпетімізді ғана өзгертуді ғана бұйырғаны. Біздің нәсілдің жанының бейсана билігі соншалық, біз тіпті өзіміз құрбаны болып табылатын елестерді аңғармаймыз. Егер тек сыртқы әлпетке ғана назар аударсақ, онда, әрине, біздің ұлы революция жасаған режимнен басқа ескісінен күштірек ерекшеленетін режимді елестету қиын. Алайда, іс жүзінде оған күмәндануға да болмайды, соның алдында бірнеше ғасыр бұрын монархия бастап берген орталықтандыру ісін аяқтап, тек корольдік дәстүрді жалғастырды. Егер Людовик XІІІ және Людовик XІV революция ісін соттау үшін өз молаларынан шығып келсе, онда олардың революциясының жүзеге асырылуында болған зорлықтардың кейбіреуін айыптауға тура келер еді, бірақ олар оны өздерінің дәстүріне және бағдарламасына қатаң сай келетін нәрсе ретінде қарастырып, егер сол бағдарламаны атқарып шығуды қандай да бір министрге тапсырса, ол оны жақсырақ орындай алмайтынын мойындар еді. Олар Франция әйтеуір ертелікеш білген үкіметтердің ішінде бәрінен кем революцияшылы осы революция

үкіметі дер еді. Мұның үстіне, оның – дұрыс даму жемісі екендігі, монархиялық мұрат жалғасы және нәсіл данышпандығының көрінісі екендігі сондай жүз жыл бойына Францияда бірінің артынан бірі келіп отырған түрлі режимдердің бірдебірі бұл істі қозғауға тырыспады дер еді. Күмән жоқ, о дүниеден шыққан осынау тамаша адамдар, өздерінің зор тәжірибелілігінің арқасында, кейбір сыни ескертпелерін де айтар еді, және, бәлкім, “жаңа құрылыс” үкіметтің аристократиялық кастасын бюрократиялық кастамен алмастырып, мемлекетте ескі аристократияның өкіметінен неғұрлым елеулі жалпылама өкімет құрғанын атап өтер еді, өйткені тек жалғыз бюрократия ғана, саяси өзгерістердің ықпалынан жылыстай отырып, дәстүрлерге, корпоративті рухқа, жауапкершіліксіздікке, тұрақтылыққа, яғни оны мемлекетте жалғыз әмірші болуға міндетті түрде жетелейтін бірқатар шарттарға ие. Айтпақшы, менің ойымша, олар оны ескертпеге көп тоқтала қоймас еді, өйткені олар латын халықтарының еркіндік жайлы аз, бірақ теңдік туралы көп ойлай жүріп, деспотизм атаулыға оңай көндігетінін, тек сол деспотизмнің атаусыз болғаны жеткілікті екенін ескерер еді. Бәлкім, олар қазір өмірдің титімдей актысын қоршап тұрған сансыз қаулылар, мыңдаған тұсаулар мүлдем артық және өте тирандық деп табар, және, егер мемлекет барлығын қылғып қоятын болса, барлығына шектеулер қойса, азаматтарды бастама атаулыдан айырса, онда біз ешқандай жаңа революциясыз өз еркімізбен, толық социализмге тап болатынымызға назар аударар. Бірақ сонда “өрістердің” жоғары жағын нұрландыратын құдіретті сәуле, немесе, сол себептер ықпалын жалғастыра бергенде салдарлар геометриялық прогрессияда өсетінін үйрететін математикалық танымдар оларға социализм дегеніңіз монархия идеясының шетін көрінісінен басқа ештеңе емес екенін, ол үшін революция жылдамдатушы фаза екенін түсінуге мүмкіндік берер еді. Сонымен, қандай да бір халықтың мекемелерінен біз бір мезгілде осы еңбектің басында тізіп шыққан кездейсоқ жағдайларды, және біз анықтап беруге тырысқан тұрақты заңдарды табамыз. Кездейсоқ жағдайлар тек

атауларды, сыртқы әлпетті ғана құрайды. Ал негізгі заңдар халықтық мінезден шығады да ұлт тағдырын құрайды. Жоғарыда айтылған мысалға біз басқа нәсілдің – ағылшын нәсілінің мысалын қарама-қарсы қоя аламыз, – оның психологиялық салты француздардан мүлдем басқа. Тек осы бір ғана факт салдарынан оның мекемелері француздардікінен түбірімен ерекшеленеді. Ағылшындарда билік басында Англиядағы сияқты монарх бола ма, немесе АҚШ-тағы сияқты президент бола ма, олардың билік салты әрқашан бір негізгі белгіге ие болады: мемлекет қызметі минимумға жеткізіледі, ал жеке адамдардың қызметі максимумға жеткізіледі, бұл латындық мұратқа толық қарама-қарсы. Порттар, каналдар, темір жолдар, оқу орындары әрқашан жеке бастамамен құрылып, қолдап отырылады, бірақ ешқашан мемлекет бастамасымен құрылмайды6. Революциялар да, конституциялар да, деспоттар да қандай да бір халыққа онда жоқ мінез қасиетін бере алмайды, немесе онда бар, оның мекемелері содан туындайтын қасиеттерді тартып ала алмайды. Әрбір халық өзіне лайық басқару пошымына ие деген ой талай рет қайталанды. Оның басқа пошымы болады дегенге жол беру қиын. Алдыңғы қысқа пайымдаулар, халықтың мекемелері оның жанының көрінісін құрайтынын, және оған оның сырт әлпетін өзгерту оңай болған күнде де, ол оның негіздерін өзгерте алмайтынын көрсетеді. Біз енді неғұрлым анық мысалдар арқылы қандай да бір халықтың жаны оның тағдырын қаншалық дәрежеде басқаратындығын, және осы тағдырда мекемелер қандай елеусіз рөл атқаратындығын көрсетеміз. Бұл мысалдарды мен іргелес, ортаның бірдей дерлік жағдайында орналасқан, бірдей өркенияттанған және дамыған, бірақ тек өз мінезімен ғана ерекшеленетін екі еуропалық нәсіл өмір сүретін жерден аламын: мен Америка туралы айтқым келеді. Ол мойнақпен жалғасқан екі жеке материктен құралады. Осы материктердің әрқайсысының көлемі бірдей, дерлік олардың топырақтары

6 Жеке бастаманың бұл басымдығы әсіресе Америкада байқалуға тиіс. Англияда ол соңғы жиырма бес жыл ішінде едәуір төмендеді, және, тегінде, мемлекет онда барған сайын көбірек саланы басып ала бастаған секілді.

өзара ұқсас. Олардың біреуін ағылшын нәсілі, екіншісін – испан нәсілі жаулап алып, қоныстанған. Осы екі нәсіл бірдей республикалық конституциялармен өмір сүреді, өйткені Оңтүстік Американың барлық республикалары өз конституцияларын Құрама Штаттар конституциясынан көшіріп алған. Сонымен, осы халықтардың түрлі тағдырларын өзімізге түсіндіру үшін бізде нәсілдік айырмашылықтан басқа ештеңе жоқ. Осы айырмашылықтар не тудырғанын көрейік. Әуелі бірнеше сөзбен Құрама Штаттарда орналасқан англосаксон нәсілінің белгілерін тұжырымдайық. Әлемде, бәлкім, осы нәсілдің өкілдерінен артық біртекті және неғұрлым анық жан салты бар ешкім жоқ шығар. Осы жан салтының басым белгілері, мінез тұрғысынан: көп халықтарда бола бермейтін (бәлкім, римдіктерді қоспағанда), ырық қоры, бой бермес күшқайрат өте зор бастама, өзін-өзі мүлдем тізгіндеп ұстай білу барынша кісікиіктікке дейін жететін тәуелсіздік сезімі ғаламат белсенділік, итжанды діни сезімдер, өте орнықты өркеният және борыш туралы өте айқын түсінік. Интеллектуалдық жағынан, арнайы мінездеме беру, яғни басқа өркениятты нәсілдерден табылмайтын ерекше белгілерді көрсету қиын. Тек заттардың практикалық және жөн жақтарын бірден тап басып, болымсыз қиялдарға бой алдырмайтын салауатты естілікті; фактыларға бірден ден қойып, жалпылама идеялар мен діни дәстүрлерге қанағатшыл-байсалды қатынасты атай кетуге болады. Осынау жалпы мінездемеге өмір жолы мүлдем айқын, және тіпті одан жақсысын таңдауға болады-ау деп топшыламайтын адамның толық оптимизмін де қосу керек. Ол өзінің атамекені, отбасы және діні нені талап ететінін әрқашан біледі. Бұл оптимизм оны барлық жатжұрттық нәрсеге менсінбей қарауға мәжбүр етеді. Бұл шетелдік пен оның салттарына менсінбей қарау Англияда белгілі дәрежеде римдіктер өздерінің ұлылығы дәуірінде варварларға қарағаннан да асып түседі. Бұл менсінбейдің жоғарылығы соншалық, шетелдік жөнінде инсаният ережесі атаулының бәрі жайына қалады. Өзінің отандасы жөнінде қолданылса ең терең және бірауызды ашу-ыза туғыза алатын

қылықтарды басқа ұлттар жөнінде мүлдем заңды деп санамайтын бірде-бір ағылшын саяси қайраткері жоқ. Әрине, шетелдікті осынау менсінбей философиялық тұрғыдан, өте пасық сипаттағы сезім; бірақ халықтың әл-ауқаты жағынан, ол өте пайдалы. Ағылшын генералы Уолслей дұрыс ескерткеніндей, ол Англия күшін құрайтын сапалардың бірі. Ла-Манш түбінен Англияның материкпен байланысын жеңілдететін туннель салуға рұқсат беруден олардың бас тартуы (айтпақшы, әбден негізді) жөнінде біреу ойын өте орынды білдіреді: ағылшындар жатжұрттық атьаулының өздеріне қарсы тұру үшін қытайлықтар сияқты бар күшін салады. Біз жаңа ғана тізіп шыққан белгілердің барлығын әрқилы қоғамдық жіктерден табуға болады; ағылшын өркениятының олар өзінің терең таңбасын салмаған бірде-бір элементін атай алмайсың. Англияға бірінші рет жолы түскен әрбір шетелдікті бұл бірден таңдандырмай ма? Ол тәуелсіз өмірдің қажеттілігін ең қарапайым жұмыскердің лашығынан тар, бірақ кез-келген мәжбүрлеуден қорғалған және кез-келген көршіліктен оқшауланған үйден байқайды; адам бәрінен көп болатын вокзалдарда байқайды, онда халық үздіксіз келіп-кетіп жатады, өздерінің бойынан бір-бірін басып кетпес үшін титтей де ілтипат таба алмайтын адамдардың қауіпсіздігін тап бір күшпен ғана қамтамасыз етуге бола қоятындай онда жұрт момақан қой отары секілді жандар күзететін тосқауылдың арғы жағына қуып тығылмайды. Ол нәсіл күш-қайратын жұмыскердің табанды еңбегінен де, оқушының еңбегінен де табады, кішкентайынан өз билігі өзіне берілген оқушы өмірде оның өз тағдырымен оның өзінен басқа ешкім де айналыспайтынын біліп, өзін өзі ғана басқаруды үйренеді; сабақ беруге жеткілікті мөлшерде ғана күш салатын, есесіне дүниедегі ең ұлы қозғағыштардың бірі деп саналатын мінез қалыптастыруға барын салатын профессорлардан үйренеді.

(нонпарель) Ағылшын королевасы Веллингтон колледжі үшін өзі тағайындаған жыл сайынғы сыйды беру шарттарын анықтауға өкілеттікті принц Альбертке тапсырғанда, ол бұл сыйлық ғылымда бәрінен көп табысқа

жеткен тәрбиеленушіге емес, асқақ мінезі мойындалған тәрбиеленушіге беріледі деп шешті. Біздің барлық оқытуымыз (мұны біз жоғары білім деп түсінейік) лекцияларды қайталап айтып беруге жастарды мәжбүрлеуге ғана саяды. Олар кейін де осы дағдысын сақтайтындығы соншалық, бұрын жаттап алғанын бүкіл қалған ғұмырында қайталай береді.

Азаматтың қоғамдық өміріне тереңірек бойлаған ол, егер ауылдағы бұлақты жөндеу керек болса, теңіз портын салу немесе темір жол төсеу керек болса, онда ешқашан мемлекетке емес, тек жеке бастамаға жүгінетінін көреді. Өз зерттеуін жалғастыра отырып, ол көп ұзамай бұл халық шетелдік үшін оны ұлттардың ішіндегі ең қолайсызы ететін кемшіліктеріне қарамастан, тек сол ғана шын бостан екенін біледі, өйткені тек сол ғана өзін-өзі басқару өнеріне үйреніп, үкіметке белсенді биліктің ең аз мөлшерін ғана қалдырған. Егер оның тарихына көз жүгіртіп шықсаң, оның үстемдік атаулыдан – шіркеу үстемдігінен де, автократтар үстемдігінен де бірінші болып құтыла алғанын көресің. XV ғасырдан бастап Фортескью Рим заңын, латын халықтарының мұрасын ағылшын заңына қарсы қойды: біріншісі автократизм ісі болып табылады және бүкіл өн бойына жеке кісіні құрбандық етуді сіңірген, екіншісі – ортақ ырық ісі және жеке кісіні қорғауға әрқашан дайын. Бұндай халық жер шарының қаай жеріне орналасса да, ол тез арада үстем болып шығады да, ұлы империялардың негізін қалайды. Егер олар езгіге салған нәсіл, мысалы, Америкадағы қызыл түстілер, жеткілікті әлсіз, бірақ жеткілікті пайдалы болмаса, ол жүйелі түрде құртылады. Бірақ егер езгіге салынған нәсіл, мысалы, Үндістан халықтары, қырып-жою үшін тым көп болса және өнімді еңбек бере алса, онда ол өте қатаң вассалдық тәуелділік ахуалына түсіріліп, тек өз қожайындарына ғана жұмыс істеуге мәжбүр етіледі. Бірақ әсіресе Америка сияқты жаңа елде өздерінің тіршілік етуі үшін ағылшын нәсілінің жан салтына қарыздар қайран қалдыратын табыстарды бақылауға болады. Азын-аулақ жабайылар мекендеген мәдениетсіз елдерге қоныс аударып, және өзінен басқа ешкімге сүйенуге мүмкіндігі жоқ олардың,

кімге айналғандығы баршаға мәлім. Әлемдік ұлы державалардың бірінші қатарына тұру үшін оған бір ғасырдан аз уақыт керек болды, және қазір онымен тайталаса алатын ешкім жоқ. Мен ұлы республиканың азаматтары жұмсайтын бастама, мен жеке күш-қайраттың орасан мөлшері туралы түсінік алғысы келетін адамдарға М. Рузьенің Құрама Штаттар туралы кітабын оқып шығуды ұсынамын. Адамдардың өзін-өзі басқару, ірі кәсіпорындар құру үшін бірігу, қалалардың, мектептердің, гаваньдардың, темір жолдардың және т.б. негізін қалау қабілеттілігі ең жоғары дәрежеге жеткізіліп, мемлекет қызметінің ең төмен дәрежеге жеткізілгендігі соншалық, онда мемлекеттік билік жоқ дерлік деуге болады. Полиция мен дипломатиялық өкілдіктен басқа, олардың неге қызмет ететіндігін ойлап табуға да болмайды. Айтпақшы, мен жоғарыда баяндаған мінез сапаларына ие болу шартымен ғана Құрама Штаттарда молшылықта тұруға болады, және шетелдіктердің иммиграциясы нәсілдің негізгі рухын өзгерте алмайтынын сондықтан. Тіршілік ету шарты сондай, сол сапалары жоқ адамдар тез құрып кетуге бұйырылған. Тәуелсіздік пен күш-қайратқа толы мұндай жағдайда тек англосакс қана өмір сүре алады. Итальяндық онда аштан өледі, ирландық ең төмен жұмыстарда қалт-құлт етіп күн көреді. Ұлы республика, әрине, бостандық жері, бірақ сонымен қатар ол теңдіктің де, бауырластықтың да жері емес. Жер шарындағы бірде-бір елде жаратылыстық іріктеу өзінің темір уысын осындағыдай қатты сезіндірмеген. Бұл орайда ол аяусыз көрінеді; бірақ нақ соның аяусыздығының арқасында нәсіл өзінің қуаты мен күш-қайратын сақтайды. Құрама Штаттар топырағында әлсіздерге, көптің біріне және қабілетсіздерге мүлдем орын жоқ. Жекелеген индивидуумдар мен бүтін нәсілдер тек бір фактының – олар төменгілер екенінің пәрменімен құрып кетеді. Қызылтүстілер, пайдасыз болып шығып, темірдің, аштықтың күшімен құртылды; еңбегі өте жағымсыз бәсекелестікті құрайтын қытай жұмыскерлер таяу арада сол тағдыр теперішін көреді. Оларды мүлдем аластау туралы заң

оны орындау үшін зор шығын қажет болғандықтан ғана орындалмай қалды7. Бірақ олар заңнан тыс та жүйелі жойылуға тап болады, бұл ішінара кейбір аймақтарда қазірдің өзінде жасалуда. Басқа бір заңдар таяуда қабылданып, олар бойынша кедей эмигранттардың Америка аумағына келуіне тиым салынды. Аболиционистік соғыс үшін, яғни құл иелері мен құлдары жоқ әрі басқалардың да ие болуына қарсылар арасындағы соғыс үшін ілік болған негрлерге келсек, қоғам оларға әзер төзеді, өйткені олар әрқашан ешбір американдық азамат атқарғысы келмейтін төмен жұмыстармен маталған. Теорияда олар барлық құқықтарға ие; бірақ практикада олар қауіпті болған кезде құтылу қажет пайдалы жануарлар есепті. Барлық жерде Линч заңы бойынша әй-шайға қарамай жазалау олар үшін мүлдем жеткілікті деп танылады. Алғашқы елеулі қылмыс жасалған бойда олар атып тасталады немесе асып өлтіріледі. Осынау кісі өлтірудің тек бір бөлігін ғана білетін статистика тек соңғы жеті жыл ішінде солардың 1100-ін тіркеген. Бұл, әрине, картинаның күңгірт жақтары. Оларды байқалмайтын ету үшін картина жеткілікті жарқын. Егер континенттік Еуропа мен Құрама Штаттар арасындағы айырмашылықты бір сөзбен анықтау керек болса, онда былай деуге болар еді: біріншісі жеке инициативаны алмастыратын ресми реттеу бере алатын нәрсенің максимумы; екіншісі – ресми реттеу атаулыдан мүлдем бостан жеке инициатива бере алатын нәрсенің максимумы. Осынау негізгі айырмашылықтар мінез салдары болып табылады. Еуропалық социализмнің ұласу мүмкіндігі қатаң республика топырағында емес. Мемлекет тираниясының соңғы көрінісі боып табылатын ол, олардан өзін-өзі басқару қабілеті атаулының барлығын тартып алған тәртіпке ғасырлар бойы бағынып келген нәсілдерде ғана гүлдене алады. Біз жаңа ғана табандылық, күш-қайрат және ырық басым белгілі жан салтына ие нәсіл Американың бір бөлігінде не істей алғанын көрдік. Енді дәл сондай дерлік елдің басқа нәсілдің, бірақ менің жаңа ғана айтуыма тура келген

7 53-ші конгресс Geary (Cіnese exclusіon act) заңының орындалуын 1894 ж. мамыр айына дейін кейінге қалдыра тұруға тиіс болса, бұл жай ғана мынадан еді: кейін анықталғанында, 100000 қытайды көшіріп жіберу үшін 10 миллион сом жұмсау керек екен, ал қытай жұмыскерлерін көшіріп жіберуге бөлінген 40000 сом ғана екен.

мінез қасиеттерінің бірі де жоқ нәсілдің қолында неге айналғандығын көрсету ғана қалды. Оңтүстік Америка, өзінің табиғи байлығы жағынан, – жер шарындағы ең бай аймақтардың бірі. Еуропадан екі есе үлкен және халқы он есе аз ол жердің жетіспеушілігін білмейді және, былайша айтқанда, әркімнің құзырында. Оның басым халқы – испан тектес және көп республикаларға бөлінген: Аргентина, Бразилия, Чили, Перу, т.б. Олардың барлығы өзінің саяси құрылысын Құрама Штаттардан көшіріп алған және, демек, бірдей заңдармен өмір сүреді. Соның бәріне қарамастан тек нәсілдік айырмашылық пәрмені ғана, яғни Құрама Штаттарға қоныстанған нәсіл ие негізгі сапалардың жеткіліксіздігінің салдарынан, барлық бұл республикалардың бәрі біррдей ең қандықол анархияның тұрақты құрбаны болып келеді, және олардың топырағының ғаламат байлығына қарамастан, бірінен соң бірі барлық мүмкін болатын тонаудан, банкроттықтан және деспотизмнен көз ашпайды. Олардың құлау тереңдігіне баға беру үшін Т.Чайльдтің испан-американдық республикалар жайлы тамаша да әділ еңбегін қарап шығу керек. Оның себептері күш-қайрат та, ырық та, инсаният та жоқ нәсілдің жан салтында жатыр. Әсіресе инсанияттың жоқтығы біз Еуропада білетін ең жаман нәрселердің бәрінен асып түседі. Мысалға аса елеулі қалалардың бірі, Буэнос-Айресті ала отырып, автор оны титімдей болса да ұят пен инсанияттың жұрнағын сақтап қалғандардың өмір сүруі үшін мүлде мүмкін емес қала деп жариялайды. Оңтүстік Америка республикаларының ішінде кемірек азғындаған біреуі, Аргентина жайында сол жазушы былай деп қосады: “Бұл республиканы коммерциялық тұрғыдан зерттеп көріңіз, сіз сонда өзін барлық жерде жасырмай көрсететін инсаниятсыздыққа таң қаласыз.” Мекемелерге келсек, олардың қаншалық дәрежеде нәсілдік мінез өнімі екенін және оларды бір халықтан екінші халыққа көшіру қаншалықты мүмкін еместігін одан артық бірде бір мысал жақсы көрсетпейді. Құрама Штаттардың соншалықты либерал мекемелері төмен нәсілге көшірілгенде не болып шығатынын білу өте қызықты болар еді?

“Бұл елдер, – дес ескертеді Чайльд түрлі испан-американ республикалары жайында айтқанда, – түрік сұлтаны сияқты шексіз самодержавиені пайдаланатын президенттердің феруласы8 астында; тіпті одан да шексіз, өйткені олар еуропалық дипломатияның беймазалығы мен ықпалынан қорғалған. Әкімшілік персонал тек солардың креатурасынан9 құралады... азаматтар өздеріне жақсы секілді көрінетін нәрсеге дауыс береді, бірақ ол олардың дауыс беруіне ешқандай назар аудармайды... Аргентина республикасы – атауы бойынша ғана республика; шындығында бұл саясатын саудаға айналдырған адамдар олигархиясы.” Осынау терең азғындаудан біршама таза жалғыз ел Бразилия болатын, мұның өзі де тек өкіметті бәсекеден сақтап тұрған монархиялық тәртіптің арқасында ғана еді. Күш-қайраты да, ырқы да жоқ осы нәсілдер үшін тым либерал ол сайып келгенде құлады. Сол бойда ел толық анархия құшағына түсті де, билік басында тұрған адамдар екі яки үш жыл ішінде қазынаны талапайлап біткені сонша, салықты 60%-ға көтеру керек болды. Әрине, Оңтүстік Американы мекендеген латын нәсілінің азғындауы тек саясаттан ғана емес, өркенияттың барлық элементтерінен байқалады. Бар билік өздеріне берілсе, осынау сорлы республикалар таза варварлыққа оралар еді. Абырой болғанда, барлық өнеркәсіп пен барлық сауда шетелдіктердің – ағылшындардың, американдықтардың және немістердің қолында. Вальпараисо ағылшын қаласына айналды, және егер Чилиден шетелдіктерді алып қойса одан ештеңе қалмас еді. Тек солардың арқасында ғана бұл елдер өркенияттың кейде Еуропаны еске түсіретін сыртқы жылтырағын әлі сақтап отыр. Аргентина республикасында тегі испан 4 миллион ақ нәсілділер бар; солардың арасынан, шетелдіктен басқа, ішінен қандай да бір ірі кәсіпорын басында отырған бірдебіреуін атауға болар-болмасын білмеймін. Билігі өзіне берілген латын нәсілінің осынау сұмдық азғындауы көрші елдегі ағылшын нәсілінің гүлденуімен салыстырғанда, мен баяндап берген психологиялық заңдарды қуаттау үшін келтіруге болатын ең қайғылы және сонымен бірге ең тағлымды тәжірибелерді құрайды.

8 Яғни, қырағы бақылауында (Ред. ескертпесі).
9 Яғни, қол шоқпарлардан. (Рнд. ескертпесі).

Біз осы мысалдардан, халық оның жан салтынан салдар ретінде шығатын нәрселерден құтыла алмайтынын көреміз; егер оған мұның сәті түссе, онда бұл өте сирек сәттерде болады – дауыл көтерген құмның тартылыс заңынан уақытша босанған секілді. Біздің пікіріміз бойынша, басқару пошымдары мен конституциялар халық тағдырында айқыедаушы маңызға ие болады дегенге сену – балалық арманға бой алдыру деген сөз. Оның тағдыры сыртқы жағдайларда емес, тек соның өзінің ғана қолында. Үкіметтен талап етуге болатын нәрсенің бас-аяғы – оның халық сезімі мен идеяларын білдіруші болуы ғана. Көбінесе, тек қандай да бір үкімет болуы фактысының пәрменімен ғана ол халықтың дәл бейнесін көрсетеді. Мүлдем жақсы немесе мүлдем жаман деп айтуға болатын билік пошымы да, мекеме де жоқ. Дагомей королінің басқаруы – тегінде, ол басқаруға тиіс болған халық үшін тамаша басқару шығар; және ең шебер еуропалық конституция дәл сол халық үшін сол енгізген режимнен жаман болар еді. Басқару пошымы шетке шығару пәні және отарларды метрополия мекемелері басқара алады деп ойлайтын көптеген мемлекет қайраткерлері, амал нешік, міне осыны елемейді. Барлық жоғары жануарлар ауамен тыныс алады деген негізбен балықтарды ауада өмір сүруге иландыруға тырысу да сондай орынды болар еді. Өздерінің бір ғана жан салтының айырмашылығынан, әрқилы халықтар бірдей тәртіпте ұзақ бола алмайды. Ирландық пен ағылшын, славян мен венгр, араб пен француз бір заң астында аса зор қиындықпен және үздіксіз революциялар бағасымен ғана ұсталып тұра алады. Әрқилы халықтардан құралған үлкен империялар әрқашан ғайып тіршілік етуге бұйырылған. Егер олар кейде Үндістандағы моғолдар империясы, ағылшындар сияқты ұзақ өмір сүрсе, онда бір жағынан – туземдік нәсілдердің көп болуының, әрқилы болуының, демек, бір-біріне дұшпан болуының дәрежесі соншалық, олар шетелдіктерге қарсы бірігу туралы ойлай да алмағандықтан; екінші жағынан – осынау жатжұрттық әміршілер жаулап алған халықтарының салтын сыйлау үшін және олардың өз заңдары бойынша өмір сүруіне мүмкіндік беру үшін едәуір дұрыс саяси инстинктке ие болғандықтан.

Егер зерттеушілер халықтардың психологиялық салттарынан туындайтын барлық салдарларды көрсетуді мақсат етсе, көптеген кітаптар жазу керек болар еді және барлық тарихты мүлде жаңа көзқараспен қайта жасау керек болар еді. Оны неғұрлым терең зерттеу саясат үшін және педагогика үшін негіз болар еді. Тіпті былай деуге де болады: егер халықтар жалпы өздерінің нәсілдерінің қасиеттерінен шығатын сәтсіздіктерден арыла алса, егер парасат үні атабабалардың әрқашан әмірлі үнінен естілмей қалмаса, сол зерттеу адамдарды қисапсыз қателерден және көптеген төңкерістерден құтқарар еді.

ІІ тарау

Өркенияттың түрлі элементтері халық жанының сыртқы көрінісі
ретінде

Өркеният құрылатын элементтер оларды құрған халықтар жанының сыртқы көрінісін құрайды. – Осынау әрқилы элементтердің маңыздылығы бір халықтан басқасына қарай әртүрлі болып келеді. – Өнер, әдебиет, мекемелер және т.б. түрлі халықтарда әрқилы рөл атқарады. – Ежелгі заманда египеттіктер, гректер және римдіктер беретін үлгілер. – Өркенияттың әрқилы элементтері осынау өркенияттың жалпы барысына мүлдем тәуелсіз эволюцияға ие бола алады. – Өнер беретін үлгілер. – Ол нені береді. – Өркенияттың қандай да бір элементінен оның деңгейінің өлшемін табудың мүмкін еместігі. – Қандай да бір халыққа басымдылық қамтамасыз ететін элементтер. – Философиялық тұрғыдан өте төмен элементтер қоғамдық тұрғыдан өте маңызды бола алады. Өркеният құрылатын түрлі элементтер: тіл, мекемелер, идеялар, нанымсенімдер, өнер, әдебиет оларды жасаған адамдар жанының сыртқы көрінісі ретінде қарастырылуы керек. Бірақ, дәуірлер мен нәсілдерге қарай, бұл элементтердің қандай да бір халық жанының көрінісі ретіндегі маңыздылығы өте әрқилы.

Өнер туындыларына арналған, халық ойларын дұрыс жеткізеді және олардың өркениятының барынша елеулі көрінісі болып табылады деген пікір қайталанбайтын кітапты қазіргі кезде табу қиын. Күмән жоқ, көбіне солай болады да, бірақ бұл ереже абсолютті болу үшін және өнердің дамуы ұлттың интеллектуалдық дамуына әрқашан сәйкес келуі үшін әлі көп нәрсе жетіспейді. Егер өнер туындылары өздерінің жанының ең маңызды көрінісін құрайтын халықтар болса, онда, өз кезегінде, басқа, өркеният сатысының ең жоғары баспалдағында тұрған өнер тек екінші реттегі рөл атқаратын халықтар да бар. Егер өркенияттың тек бір ғана элементіне назар аудара отырып, әрбір халық өркениятынің тарихын жазу керек болса, онда бұл элемент бір халықтан екінші халыққа қарай әртүрлі болар еді. Бір халықтар өнерді; басқалары – саяси және әскери мекемелерді, өнекәсіпті және т.б жақсырақ білуге мүмкіндік берер еді. Бұл пунктті әу бастан белгілеп алу маңызды, өйткені ол бізге кейінірек өркенияттың әрқилы элементтері бір халықтан екіншісіне көше отырып, неліктен бірдей өзгерістерге ұшырағанын түсінуге мүмкіндік береді. Ежелгі халықтар ішінде египеттіктер мен римдіктер өркенияттың әрқилы элементтерінің және тіпті сол элементтердің әрқайсысы құрылатын салалардың дамуындағы осынау теңсіздіктің өте сипатты мысалдары болып табылады. Әуелі египеттіктерді алайық. Олардың әдебиеті әрқашан өте әлсіз, кескіндеме – өте орташа болды. Керісінше, архитектура мен мүсін өнерінде шедеврлер бар. Олардың ескерткіштері қазір де бізді таңдандырады. Олар бізге қалдырған статуялар қазір де үлгі бола алады, ал олардан асып түсу үшін гректерге өте қысқа кезең керек болды. Египеттіктерден тарихта сондай үстем рөл атқарған римдіктерге көшейік. Оларда тәрбиелеушілерде де, үлгілерде де кемістік болған жоқ, өйткені олардың египеттіктер мен гректер секілді ізашарлары болды; алайда олар соны өнер жасап үлгермеді. Ешқашан, бәлкім, ешбір халықтың көркем туындыларында сонылық олардан кем болған емес. Римдіктер өнер жайында өте аз қам жеді, оған тек утилитарлық тұрғыдан ғана қарап, одан басқа өнімдер,

мысалы, металлдар, хош иісті заттар және шетел халықтарынан талап етілетін дәмді нәрселер секілді шеттен әкелінетін заттарды ғана көрді. Олар әлем әміршісі болған кездің өзінде оларда ұлттық өнер болмады; бүкіл әлем, байлық және сән-салтанатқа қажеттілік олардың болмашы көркем сезімдерін дамытқан кезеңнің өзінде, олар тек үлгілер мен суретшілерді Грекиядан алдырып отырды. Рим архитектурасы мен мүсін өнерінің тарихы грек архитектурасы мен мүсін өнері тарихына қосымша ғана. Бірақ осынау, өз өнерінде соншалықты сүреңсіз, ұлы рим халқы өркенияттың басқа үш элементін көкке көтерді. Оның әлемдік үстемдікті қамтамасыз еткен әскери ұйымы болды; сосын – біз әлі күнге дейін үлгі алатын саяси және сот мекемелері; және ақыр соңында – біз ғасырлар бойы шабыт алып келе жатқан әдебиеті болды. Сонымен, біз мәдениеттің жоғары деңгейі дау туғызбайтын екі ұлттың өркеният элементтерінің дамуындағы теңсіздікті сұмдық анық көреміз, және сондықтан да өлшем етіп осы элементтердің біреуін ғана мысалы, өнерді алғанның, тәуекелге тап ететін қателігін алдын-ала айта беруге болады. Біз жаңа ғана египеттіктерден, кескіндемеден басқа төтенше соны да тамаша өнер, және орташа ғана әдебиет таптық. Римдіктерден – сонылықтың ізі де жоқ тым жадлау өнерді, есесіне ғаламат әдебиетті, және, ақыр соңында бірінші санаттағы саяси және әскери институттарды таптық. Өз басымдықтарын әртүрлі салаларда көрсеткен халықтардың бірі гректердің өзі, өркенияттың әрқилы элементтерінің дамуында параллелизм болмайтындығын көрсету үшін мысал ретінде келтіріле алады. Гомер заманының өзінде олардың әдебиеті өте тамаша болған. Қазір де Гомер өлеңдері Еуропаның университеттегі жастары ғасырлар бойы тәрбиеленіп келген үлгілер ретінде қарастырылады; және, алайда, қазіргі археологияның жаңалықтары көрсеткендей, Гомер өлеңдерінің пайда болу дәуірінде грек архитектурасы мен мүсін өнері дөрекі варварлық ахуалда болғанын және Египет пен Ассирия өнеріне жүрек айнытар еліктеуден ғана тұрғанын көрсетеді.

Дамудағы осы теңсіздіктерді бізге бәрінен де үнділер жақсы көрсетеді. Архитектура тұрғысынан, олардан асып түскен халықтар бірен-саран ғана. Философия тұрғысынан, олардың пайымдары еуропалық ой күні кешелері ғана жеткен тереңдікке баяғыда жеткен. Егер үнділер әдебиеті грек және рмидіктер әдебиетінен төмен тұрса да, ол бәрібір бізге бірнеше тамаша дүниелер берді. Мүсін өнері саласына үнділер, керісінше, өте орташа және гректерден әлдеқайда төмен. Ғылым және тарихи білімдер өрісінде олар мүлдем сауатсыз, және олардағы дәлдіктің жоқтығын дамудың осындай деңгейіндегі бірде-бір халықтан кездестіре алмайтынымызды атап өтуге болады. Олардың ғылымы – тек балалық долбар; олардың тарихи кітаптары – бірде-бір хронологиялық датасы жоқ және тегінде, бірде-бір дәл оқиғасы жоқ одағай аңыздар. Осы халықтың өркеният деңгейін анықтау үшін оның жалғыз өнерін зерттеу жеткіліксіз болатындығы анық. Айтылғанды қуаттау үшін көптеген басқа мысалдарды келтіруге болар еді. Өте жоғары жағдайға жетпей-ақ, алайда ізашар үлгілермен көзге ұрып тұратын байланыссыз-ақ мүлдем индивидуалдық өнер құрып үлгерген нәсілдер де бар. Арабтар сондай болды. Олардың тасқыны ескі грек-рим әлемгін жайлап алғаннан кейін жүз жылға жетпей-ақ, олар ең алдымен өздері көшіріп алған византиялық архитектураны өзгерткендігі соншалық, егер біздің көз алдымызда аралас стильдегі ескерткіштердің тұтас бір қатары болмаса, олардың шығармашылығы қандай үлгілерден шабыт алғандығын ашу мүмкін емес болар еді. Айтпақшы, қандай да бір халықта ешқандай көркемдік те, әдеби де қабілет болмағанның өзінде, ол өте жоғары өркеният құра алады. Өздерінің коммерциялық қабілеттерінен басқа артықшылығы жоқ финикиялықтар сондай болды. Солардың делдалдылығының арқасында ғана ежелгі дүние өркеняттанды, оның түрлі бөліктерін олар бір-бірімен жанастыру; бірақ олар өздері ештеңе дерлік тудырмады, және олардың өркениятының тарихы – олардың саудасының тарихы ғана.

Өнерден басқа, өркеният элементтерінің барлығы өте төмен жағдайда қалған халықтар да бар. Моғолдар сондай болды. Олардың Үндістанда тұрғызған, стилі үнділік ештеңені білдірмейтін ескерткіштерінің тамашалығы соншалық, олардың кейбіреулерін білгір суретшілердің өздері адамзат қолының ең тамаша туындылары деп мойындайды; алайда моғолдарды жоғары нәсілдер арасында орналастыру ешкімнің ойына да келмейді. Айтпақшы, мынаны байқауға болады: ең өркениятты халықтардың өзінде өнер ең дамудың жоғары дәрежесіне әрқашан олардың дамуының шарықтау дәуірінде жете бермеген. Египеттіктер мен үнділердің ең жетілген ескерткіштері сонымен бірге ең ежелгілері де; Еуропада жартылай варварлық дәуір деп қарастырылатын орта ғасырларда өзіне тең тамаша туындылар болмаған ғажап готикалық өнер гүлденді. Сонымен, қандай да бір халықтың даму деңгейі туралы тек оның өнерінің дамуына қарап қана пікір айту мүлде мүмкін емес. Ол, қайталайын оның өркениятының бір элементін ғана құрайды; және сол элемент дәл әдебиет сияқты – ең жоғарысы екені мүлде дәлелденбеген. Керісінше, өркеният басында тұрған халықтарда (ежелдегі римдіктерде, қазіргі американдарда) өнер шығармалары – ең әлсіз болатыны жиі кезедседі. Сондай-ақ халықтар өзінің әдеби және өнер шедеврлерін жартылай варварлық ғасырларда жасағаны жиі кездеседі. Сонымен, өнердегі индивидуалдық кезеңі оның кемел жасының емес, балалық шағының немесе жастық шағының шешек атуы деп санауға болады, және егер таң шапағын біз енді ғана әзер аңғаратын жаңа дүниенің утилитарлық қамында өнер рөлі әрең байқалатындығын қаперге алса, онда оның өркенияттың төменгі болмаса да, мүлде екінші қатардағы көріністерінің арасында орналасатынын күні бұрын айтуға болады. Айтпақшы өнер өркенияттың басқа элементтерімен бір мезгілде ілгерілейді деген пікірге көптеген дәлелдерді қарсы қоюға болады: оның өзінің дербес те ерекше эволюциясы бар. Египетті, Грецияны немесе Еуропаның түрлі халықтарын алсақ та, біз мына ортақ заңды атап етеміз: тек өнер белгілі

шедеврлерді жасап, белгілі бір деңгейге жеткен бойда, бірден еліктеу кезеңі басталады да, оның артынша, өркенияттың басқа элементтерінің қозғалысынан мүлде тәуелсіз, құлдырау кезеңі келеді. Бұл құлдырау кезеңі қандай да бір саяси революция, шапқыншылық, жаңа дінді қабылдау немесе қандай да бір баса фактор өнерге жаңа элементтер кіргізгенше жалғаса береді. Осылайша, орта ғасырларда крест жорықтары өнерге серпін берген жаңа білімдер мен идеялар әкелді, оның салдары роман стилін готика стиліне айналдыру болды. Дәл осылайша бірнеше ғасырлардан соң грек-римдік өмірді зерттеу готикалық өнерді Қайта Өрлеу кезеңінің өнеріне өзгертуге жетеледі. Дәл солай, Үндістанға мұсылмандардың басып кіруі үнді өнерінің өзгеруіне жетеледі. Сондай-ақ мынаны айта кету маңызды, өнер өркенияттың белгілі бір қажеттіліктерін ортақ нобайда көрсететіндіктен және белгілі бір сезімдерге сәйкес келетіндіктен, егер оны тудыратын қажеттіліктер мен сезімдердің өздері кездейсоқ өзгерсе немесе жоғалса, сонда ол осы қажеттіліктерге сай келетін өзгерістерге ұшырауға және тіпті мүлдем жойылып кетуге душар болады. Осыдан әлі тіпті де өркеният құлдырады деген байлам шықпайды, және бұл арада біз өнер эволюциясы мен өркенияттың басқа элементтерінің эволюциясы арасында параллелизмнің жоқтығын тағы да көреміз. Ешбір тарихи дәуірде өркеният қазіргі кездегідей жоғары болған емес, және ешбір дәуірде, бәлкім, дәл қазіргідей тым қарадүрсін әрі индивидуалдық кем өнер болмаған шығар. Храмдар мен сарайларды ол қасиетті деп санаған дәуірлерде өнерден өркенияттың елеулі элементін жасайтын діни сенімдер, идеялар және қажеттіліктер жойылып кеткендіктен, өнердің өзі көп уақыт та, көп ақша да арнай алмайтын жанама бірдеңеге, көңіл көтеру пәніне айналды. Енді қажеттілік пәні бола алмай қалған ол, енді тек қолөнершілік және еліктеушілік қана бола алатын еді. Қазіргі кезде ұлттық өнері бар бірде-бір халық жоқ, және әркім архитектурада, мүсін өнерінде де тек баяғы замандардан азды-көпті сәтті көшірмелермен ғана қанағаттанады. Өнер – белгілі дәуірдің қажеттіліктерінің, идеялары мен сезімдерінің көрінісі болудан қалғанда, өнеркәсіптің төмен тегі ғана. Мен қазір әулиелерді,

жұмақ пен тозақты – сол кездегі өте маңызды және өмір сүрудің басты орталығын құрайтын нәрселерді – салған біздің ортағасырлық суретшілердің щынайы шығармаларына таң қаламын; бірақ нағыз наным-сенімі жоқ суретшілер басқа ғасыр техникасына оралуға тыраштанып, нақ сол сюжеттермен біздің қабырғаларды әлеміштегенде олар қазіргі заманға мүлдем қызықты емес және болашақ менсінбейтін бейшара еліктеулер ғана жасайды. Баланың сүйкімді аңқаулығына кәрі шал еліктей бастағанда, ол жиіркеніш туғызады. Біздің қазір кескіндеме туралы айтқанымыз, қазіргі кезде бізде жоқ қажеттіліктер мен сенімдерге сай келетін пошымдарға еліктеумен күн көретін архитектурамызға да қатысты. Бүгінгі жалғыз шынайы архитектура, – бес қабатты үй, теміржол көпірі мен вокзал архитектурасы, өйткені сол ғана біздің өркенияттың қажеттіліктері мен идеяларына сай келеді. Осынау утилитарлық өнер бір кездері готикалық шіркеу мен феодалдың замогы болғаны сияқты белгілі дәуірге де тән; ал болашақ археология үшін осы заманғы зор мейманханалар мен готикалық шіркеулер бірдей қызықты болады, өйткені олар әрбір ғасыр өзінен кейін қалдыратын тас кітаптардың бірінен соң бірі келетін беттері болады, және, сонымен бірге, ол осы заманғы барлық өнерді құрайтын жарамсыз құжаттар ұсқынсыз еліктеулер ретінде көзге де ілмей лақтырып тастайды. Біздің суретшілердің қателігі мынада: олар бізде енді жоқ эстетикалық қажеттіліктер мен сезімдерге сәйкес келетін формулаларды тірілткісі келеді. Біздің бейшара классикалық тәрбиеміз олардың басын күні өткен ұғымдармен толтырып, оларды бүгінгі күндер үшін мүлдем қызығы жоқ эстетикалық мұраттарды сіңіреді. Ғасырлармен бірге барлығы да – адамдар, олардың қажеттіліктері және нанымдары өзгереді. Дүниені билеп-төстейтін даму заңына тек эстетика ғана бағынбайды деп кесіп айтуға қандай принциптер үшін бел байлайды? Әрбір эстетика белгілі бір дәуір мен белгілі бір нәсілдің ең тамаша деп білетін мұраты болып табылады, және, дәуір мен нәсіл әртүрлі болатындығының ғана пәрменімен, ең тамаша мұраты да ұдайы өзгеріп тұруы

керек. Философиялық тұрғыдан, барлық мұраттардың құндылығы бірдей, өйткені олар тек заманалық рәміздерді ғана құрайды. Соншалық ғасырлар бойы еуропалық ақылды қолдан жасап келген гректер мен римдіктердің ықпалы біздің тәрбиеден сайып келгенде ізі-қайым жоғалған кезде, және біз айналамызға өз бетімізбен қарауға үйренгенде, дүниеде Парфенон құнымен бірдей эстетикалық құндылығы бар және осы заманғы халықтарда әлдеқайда барынша қызықтыра алатын ескерткіштер бар екендігі біз үшін анық болды. Жоғарыда айтылғандардың бәрінен мынадай қорытынды жасауға болады: егер өнер, өркенияттың барлық элементтері сияқты, оларды жасаған халық жанының сыртқы көрінісін құраса, онда ол барлық халықтар үшін олардың ойларының дәл көрінісін құрайды деген сөз емес. Бұл түсіндіру қажет еді. Өйткені белгілі бір халық өркениятының бір немесе басқа элементінің маңыздылығы арқылы, ол соны жатжұрттық нәсілден көшіріп алғанды, сол элементке қолданылатын өзгертуші күші өлшенеді. Егер, мысалы, оның индивидуалдығы негізінен өнерде көрінетін болса, онда алып келінген үлгілерді өзінің терең таңбасын салмай, әкелінген үлгілерді сол күйінде қайталай алмайды. Керісінше, оның данышпандығының тәпсірлеушісі қызметін атқара алмайтын элементтерді ол өте аз өзгертеді. Римдіктер гректерден архитектураны көшіріп алғанда, олар онда ешқандай түбегейлі өзгеріс жасаған жоқ, өйткені олар өз жандарын бәрінен көп өздерінің ескерткіштеріне жұмсаған жоқ. Және, алайда, төл архитектурасы мүлдем жоқ, өзіне шетелден үлгі және суретші іздеуге мәжбүр сондай халықтың өзінде өнер ортаның ықпалына бірнеше ғасырда бағынуы керек, және, өзіне кереғар дерлік оны көшіріп алатын нәсілдің көрінісіне айналуы керек. Храмдар, сарайлар, жеңіс аркалары антика Римнің барельефтері – гректердің немесе грек шәкірттерінің жұмыстары; және алайда, осынау ескерткіштердің сипаты, олардың міндеті, олардың орнаменттері, тіпті олардың көлемі енді біздің бойымызда афиналық данышпандық жайлы поэтикалық әрі нәзік естеліктер оятпайды, есесіне күш, үстемдік идеясын, Римнің ұлы жанын асқақтатқан әскери нәпсі идеясын көбірек

оятады. Осылайша, тіпті нәсіл төл нышандары бәрінен де аз көрсететін өрістің өзінде, бізге ол тек өзіне тән және оның жан салтынан, оның жасырын ойларынан бірдеңе ашатын қандай да бір ізді қалдырмайтындай бір қадам да жасай алмайды. Шынында да, нағыз суреткер, ол архитектор болсын, әдебиетші немесе ақын болсын, белгілі бір дәуір мен белгілі бір нәсілдің жанын ғаламат қорытулар арқылы берудің магиялық қабілетіне ие. Аса әсерленгіш, бейсана дерлік, негізінен бейнелермен ойлайтын, көп сөзге сараң суреткерлер өздері өмір сүретін қоғамның ең дұрыс айнасы болып табылады; олардың шығармалары – қандай да бір өркенияттың шын бейнесін қайталау үшін көрсетуге болатын ең дұрыс құжаттар. Олар шынайы болмау үшін тым бейсана, өздерінің айналадағы орта идеяларын, сезімдерін, қажеттіліктерін және ұмтылыстарын дұрыс көрсетпеу үшін соның әсеріне тым берілгіш. Оларда ешқандай бостандық жоқ, және бұл олардың күшін құрайды. Олар жиынтығы нәсіл мен дәуір жанын құрайтын дәстүрлердің, идеялардың, наным-сенімдердің тар шеңберінде, осы дәстүр, идея, нанымдардың, сезімдер, ойлар және нанымсенімдердің мұрасының оларға ықпалы құдіретті, өйткені ол солардың шығармалары туындайтын бейсаналықтың күңгірт өрісін басқарады. Егер де, сол шығармалар қолымызда болмай, біз өткен ғасырлар туралы бізге ежелгі тарихшылардың бейберекет әңгімелері мен біржақты шығармалары баяндайтынды ғана білетін болсақ, онда әрбір халықтың ақиқат өткені бізге Платон айтқан теңізге батып кеткен құпия Атлантиданың өткені сияқты жасырын болар еді. Көркем шығарманың қасиеті оны жарық дүниеге келтірген қажеттіліктер мен идеяларды шынайы білдіруінде; бірақ егер көркем шығарма – дұрыс тіл болса, онда бұл тілді түсіндіру жиі-жиі қиынға түседі. Шығарма мен оны тудырған бейсана ой арасында екеуара байланыс болады; бірақ бізге біреуінен екіншісіне көтерілуге мүмкіндік беретін жіпті қалай таппқпыз? Күннен күнге ортаның, наным-сенімдердің, қажеттіліктердің қисапсыз ықпалымен, қалыптасқан тұқым қуалау сансыз әсерінен қордалаған бұл ой басқа нәсіл және

басқа ғасыр адамдарына көбіне түсініксіз; алайда сол ой бізге сөз арқылы жеткендегіден гөрі, тас арқылы жеткенде түсініктірек; өйткені сөз – бір ғана киім-кешекпен мүлдем кереғар идеяларды киіндіретін жұмсақ пошымдар. Өткенді баяндап беретін барлық түрлі тілдердің ішінде өнер туындылары, әсіресе архитектура туындылары – әлі ең түсініктісі. Кітаптардан гөрі неғұрлым шынайы, дін мен тілден гөрі жасандылығы аз олар әрі сезімді, әрі қажеттілікті бірден береді. Архитектор – адам баспанасының және құдайлар мекенінің құрылысшысы; ал әрқашан храм ауласында немесе үй ошағының маңында тарихты құрайтын оқиғалардың бірінші себептері туындайды ғой. Жоғарыда айтылғандардан біз мынадай қорытынды жасай аламыз: егер өркеният құралатын әрқилы элементтер оларды жасаған халық жанының қаяусыз көрінісі болып табылса, онда олардың кейбіреулер осы халық жанын басқаларына қарағанда, әлдеқайда жақсы қалпына келтіреді. Бірақ, осы элементтер табиғаты бір халықтан басқа халыққа қарай, бір дәуірден басқа дәуірге қарай, түрлене түсетіндіктен, олардың ішінен әрқилы өркенияттар үшін ортақ өлшем ретінде қолдануға болатын біреуін табу да қиын. Сондай-ақ осы элементтер арасында иерархиялық бөлшектенуді де анықтай алуға болмайтыны анық, өйткені осынау бөлшектену қарастырылатын элементтердің өздерінің әлеуметтік пайдалылығы дәуірлер бойы өзгеретіндігіне қарай ғасырдан ғасырға өзгере береді. Егер өркенияттың әрқилы элементтерінің маңыздылығы жайында таза утилитарлық жағынан таразылайтын болсақ, онда ең маңызды элементтер – бір халықтың басқаларды құлдыққа түсіруге мүмкіндік беретін элементтер, яғни әскери мекемелер деуге тура келер еді. Бірақ онда гректерді (суретшілерді, философтарды және ғалымдарды) ауыр қарулы римдік когорталардан төмен; кемеңгер де ғұлама египеттіктерді – жартылай варвар парсылардан төмен; үнділерді – жартылай варвар моғолдардан төмен қоюға тура келер еді. Осынау нәзік айырмашылықтармен тарих айналыспайды. Ол әрқашан бас иетін жалғыз артықшылық – әскери артықшылық; бірақ әскери артықшылық өркенияттың басқа элементтерінің тиісті артықшылығымен сирек күшейтіледі

немесе, бері салғанда, өзімен бірге ұзақ өмір сүргізбейді. Сорымызға қарай, қандай да бір халықтың әскери артықшылығы оның тез жойылып кетуге бұйырылуынсыз әлсіремейді. Әрқашан былай болып келді: жоғары халықтар өркеният кемеліне жеткен кезде, олардан ақылы жағынан төмен тұрған, тым нәзік өркенияттер ылғи да жойып жіберіп отырған, бірақ және мінез бен жаугершіліктің белгілі сапаларына ие варварларға жол беруге тиіс болатын. Сонымен, өркенияттың философиялық жағынан өте төмен элементтері, қоғамдық жағынан ең маңыздылары деген қасіретті қорытындыға келу керек. Егер болашақтың заңдары өткеннің заңдары секілді болуға тиіс болса, онда халық үшін ең зияндысы – оның даму мен мәдениеттің ең жоғары деңгейіне жетуі деуге болады. Халықтар олардың жанының негізін құрайтын мінез сапасының бұзылуына қарай құрып кетеді, және бұл сапалар олардың өркенияты мен дамуының өсуіне қарай бұзылады.

ІІІ тарау

Мекемелер, діндер және тілдер қалай өзгереді

– Жоғары нәсілдер дәл төмен нәсілдер сияқты, өздерінің өркениятының элементтерін күрт өзгерте алмайды. – Өзінің дінін, өзінің тілін және өзінің өнерін өзгерткен халықтар көрсететін кереғарлықтар. – Бұл өзгерістер неден көрінеді. Буддизмнің, браманизмнің, исламның және христиандықтың оларды қабылдаған нәсілдерге қарай терең өзгерістері. – Мекемелер мен тілдердің оларды қабылдайтын нәсілдерге қарай ұшырайтын өзгерістері. – Әрқилы тілдерде сәйкес сөздер ретінде қарастырылатын сөздер мүлдем бөгде идеялар мен ойлау тәсілдерін білдіреді. – Соның салдарынан кейбір тілдерді бөтен тілдерге аударудың мүмкін еместігі. – Неліктен тарихи шығармаларда қандай да бір халықтың өркенияты кейде терең өзгерістерге ұшырайды. – Әрқилы өркенияттердың өзара ықпалының шектері.

Мен өз еңбектерімнің бірінде, жоғары нәсілдер өз өркениятын төмен нәсілдерге таңа алмайтынын көрсеттім. Еуропалықтардың өолында бар ең күшті ықпал тәсілдерін – тәрбиені, мекемені және наным-сенімдерді, – бірінен соң бірін келтіре отырып, мен бұл ықпал құралдарының төмен халықтардың әлеуметтік ахуалын өзгерту үшін мүлдем жеткіліксіз екендігін дәлелдеп бердім. Мен сондай-ақ қандай да бір өркеният элементтері тұқым қуалаудың ұзақ ықпалымен жасалған белгілі, әбден анық жан салттарына сәйкес келетіндіктен, оларды өзгерту мүмкін еместігін көрсетуге тырыстым. Мұндай еңбекті жаулап алушылар емес, тек ғасырлар ғана атқара алады. Мен сондай-ақ, грек-рим өркениятын быт-шыт еткен варварлар өткен белестер секілді тұтас бір дәйекті белестер арқылы ғана халық өркеният сатысымен көтеріле алатынын көрсеттім. Егер тәрбие арқылы оны сол белестерден арылтуға тырысатын болса, осымен тек оның инсанияты мен қабілеттерін быт-шыт етеді де, сайып келгенде, оны өзі жеткен деңгейден де төмен ахуалға душар етеді. Төменгі нәсілдерге қолданылатын уәждер жоғары нәсілдерге де әбден қолданыла алады. Егер осынау еңбекте баяндалған принциптер дұрыс болса, онда біз жоғары нәсілдер де өз өркениятын күрт өзгерте алмайды дегенді кесіп айтуымыз керек. Оларға да уақыт және дәйекті белестер қажет. Егер кей-кейде қандай да бір жоғары халық өзінің ата-бабаларында болған мүлдем басқа наным-сенімдерді, мекемелерді, тіл мен өнерді қабылдаған сияқты болып көрінсе, онда іс жүзінде бұл оның өзінің жан салтына сәйкес ендіру үшін оларды баяу, терең өзгерткеннен кейін ғана мүмкін болады. Тарих әрбір бетінде қазір ғана айтылған қағидаға кереғар келетіндігі айдан анық. Онда халықтар өз өркениятының элементтерін өзгертетіндігін, жаңа діндерді, жаңа тілдерді, жаңа мекемелерді қабылдайтынын жиі көруге болады. Біреулері христиандыққа, буддизмге немесе ислам дініне көшу үшін өзінің көп ғасырлық наным-сенімдерін тәрк етеді; енді біреулері өз тілін өзгертеді; үшінші біреулері өз мекемелері мен өнерін түбірінен өзгертеді. Тіпті осындай өзгерістерді оп-оңай жасау үшін қандай да бір жаулап алушы немесе апостол, немесе тіпті жай ғана қыңырлық жеткілікті сияқты көрінеді.

Бірақ, бізге осы күрт өзгерістер жайында айта отырып, тарих өзінің әдеттегі: көптеген жылдар бойы адасулар жасап, тарату ісін ғана атқарады. Осынау барлық алдамшы өзгерістерді жақынырақ зерттесең, тек заттардың атаулары ғана оңай өзгеретінін, сол сөздердің артында тұрған мәністер өмір сүре беретінін және өте баяу өзгеретінін көп ұзамай байқайсың. Осыған көз жеткізу үшін және сонымен бірге ұқсас атаулар артында заттардың баяу дамуы жүретіндігін көрсету үшін әрқилы халықтардағы әрбір өркенияттың элементтерін зерттеуге, яғни олардың мүлдем жаңа тарихын жазуға тура келер еді. Осынау қиын жұмысқа мен көптеген томдарда кіріскен болатынмын және оны осында қайтадан бастамақ емеспін. Өркениятты құрайтын қисапсыз элементтерді жиып қоя тұрып, мен олардың біреуін ғана – өнерді таңдап аламын. Алайда, бір халықтан екіншісіне көшу тұсында өнер жасайтын эволюцияны зерттеуге кіріспес (ерекше тарауда) бұрын, мен өркенияттың басқа элементтері бастан өткізетін өзгерістер жайында бірнеше сөз айтамын. Оны мен осы элементтердің біреуіне қолдануға болатын заңдар барлық басқа элементтерге де қолданыла алатындығын, және егер халықтардың өнері белгілі жан салтымен байланысты болса, онда тіл де, мекемелер де, наным-сенімдер де, және т.б. осындай өзара байланыста болатындығын және, яғни бір халықтан басқасына қарай күрт өзгеріп көше ауыса алмайтындығын көрсету үшін айтамын. Бұл теория парадокс секілді көрінуі мүмкін, өйткені ол діни нанымсенімдерге қатысты, және алайда дәл осы наным-сенімдер тарихынан индивидтің өзінің бойын немесе көзінің түсін өзгерте алмайтындығы сияқты, халық та өз өркениятының элементтерін де күрт өзгерте алмайтындығын дәлелдеу үшін ең жақсы мысалдарды табуға болады. Күмән жоқ, ұлы діндер атаулының барлығы, браманизм, буддизм, христиандық, ислам өздерін пошымдық жағынан бірден қабылдаған бүтін бір нәсілдер арасында жаппай көшу туғыщғандығы баршаға мәлім; бірақ осы көшуді шамалы тереңдеп зерттесең халықтар егер бірдеңені өзгертсе, діннің

өзін емес, тек өзінің ескі дінінің атын ғана өзгерткенін; іс жүзінде қабылданған наным-сенімдер ескі наным-сенімдерге қосылу үшін қажет өзгерістерге ұшырағандығын және олар жөнінде тек жай ғана жалғасу болғанын бірден байқауға болады. Бір халықтан басқасына өткенде наным-сенімдер ұшырайтын өзгерістер көбіне тым елеулі болатындығы соншалық, жаңадан қабылданған діннің өз атын сақтап қалғаннан басқа көзге көрініп тұрған ешқандай туыстығы болмай шығады. Ең жақсы мысалды бізге буддизм береді, ол Қытайға көшірілгеннен кейін, оның танымастай болып өзгергендігі соншалық, ғалымдар басында оны деррбес дін деп қабылдады және бұл дін – оны қабылдаған нәсіл түрін өзгерткен жай ғана буддизм екендігін білу үшін өте көп уақыт қажет болды. Қытай буддизмі – тіпті де Непал буддизмінен қатты ерекшеленетін Үнді буддизмі емес, ал Непал буддизмі, өз кезегінде, Цейлон буддизмінен қашық жатыр. Үндістанда буддизм оның алдындағы браманизмнің тек схизмасы (шындап келгенде ол одан шамалы ғана өзгешеленеді) ғана, дәл сол секілді Қытайда буддизм бұрынғы, өзі тығыз жанасатын наным-сенімдер схизмасы болды. Буддизм үшін қатаң дәлелденген нәрсе браманизм үшін де дұрыс. Үндістан нәсілдері төтенше әрқилы болғандықтан, оларда бірдей атаулармен төтенше әрқилы діни наным-сенімдер болуға тиіс деп ойлау оп-оңай болатын. Барлық браманистік тайпалар Вишна мен Шиваны өздерінің басты құдайлары деп, ал Ведаларды – өздерінің қасиеттері кітаптары деп санайтындығы күмәнсіз; бірақ осынау басты құдайлар дінде өздерінің аттарын ғана, қасиетті кітаптар – өздерінің мәтінін ғана қалдырады. Олармен қатар сансыз көп культтер пайда болды, олардан нәсілдерге қарай барынша әртүрлі нанымсенімдерді: монотеизмді, политеизмді, фетишизмді, пантеизмді, аруақтар, жындар, жануарлар культін және т.б. табуға болады. Үндістан культтері жайында Ведалардың айтқаны бойынша ғана таразылайтын болсақ, онда алып түбекте үстемдік еткен құдайлар мен наным-сенімдер жөнінде титімдей де түсінік құру мүмкін болмас еді. Қасиетті кітаптардың атауларын барлық

браминдер құрметтейді, бірақ осы кітаптар үйрететін діннен мүлдем ештеңе қалмайды. Өзінің монотеизмінің қарапайымдылығына қарамастан, исламның өзі осы заңнан шыға алмады: Персия, Арабия және Үндістан исламдарының арасында зор қашықтық бар. Шындап келгенде политеистік Үндістан діндердің ішіндегі ең монотеистігін политеистік жасау амалдарын тапты. 50 миллион мұсылманүнділер үшін Мұхамед және ислам әулиелері мыңдаған басқа құдайларға қосылған жаңа құдайлар ғана болып табылады. Ислам тіпті басқа жерлерде өз табысының себептерінің бірі болған барлық адамдар теңдігін орнатып та үлгерген жоқ: Үндістан мұсылмандары, басқа үнділер сияқты, каста жүйесін қолданады. Деканда, дравидистік халықтар арасында, исламның танымастай болып кеткендігі соншалық, оны енді браманизмнен айыра алмайсың; ол, егер Мұхамедтің аты және құдайға айналдырылған пайғамбарға табынатын мешіт болмаса, одан мүлде өзгешеленбес еді. Ислам бір нәсілден басқасына көшуде бастан өткерген терең өзгерістерді көру үшін Үндістанға барудың тіпті де қажеті жоқ. Алжирге қарау жеткілікті. Онда мүлдем әртүрлі екі нәсіл: арабтар мен берберлер бар, екеуі де мұсылман. Бірақ біріншісінің исламынан екіншісінің исламизміне дейін өте алыс; Құранның полигамиясы берберлерде моногамияға айналды, олардың діні – Карфаген әлі үстемдік еткен кездің өзінде ғасырлар бойында олардың арасында салтанат құрған ежелгі мәжусилік пен исламның қосылуы ғана. Еуропа діндері де жалпы заңнан – оларды қабылдаған нәсілдердің жанына сай түрін өзгерту заңынан құтылып кете алмады. Үндістандағы сияқты, мәтіндер орнатқан догматтардың әріптері өзгерген жоқ: бірақ бұлар мағынасын әркім өзінше түсінетін қарапайым формулалар ғана. Христиан деген жалпы атаумен біз Еуропада нағыз мәжусилерді, мысалы, пұттарға табынатын, төменгі бретондықты; фетишистерді, мысалы, амулетті айналып-толғанатын испандықты; политеистерді, мысалы, әрбір мекеннің Мадоннасын түрлі құдайлар деп құрметтейтін итальяндықтарды табамыз. Одан әрі зерттей түсіп,

мынаны оп-оңай көрсетуге болар еді: реформацияның ұлы діни жіктелуі бір ғана діни кітапты әрқилы нәсілдердің өзінше тәпсірлеуінің қажетті салдары болады; солтүстік нәсілдер өз сенімін өздері зерттеп өз өмірін өздері реттегісі келеді; ал оңтүстік халықтары тәуелсіздік және философиялық даму тұрғысынан тым артта қалып қойды. Бірде-бір мысал бұдан сенімдірек бола алмайды. Бірақ осынау фактылар – дамыта түсу бізді тым алысқа жетелеп кететін фактылар. Бізге өркенияттың қалған негізгі екі элементіне, мекемелер мен тілге мұнан да азырақ орын бөлуге тура келеді, өйткені осы еңбек шеңберінен тым шығып кететін техникалық егжей-тегжейлерге бару керек болар еді. Нанымсенімдер үшін дұрыс нәрсе мекемелер үшін де бірдей дұрыс; мекемелер бір халықтан басқасына өзгерістерге ұшырамай ауыса алмайды. Оқырманды толып жатқан мысалдармен жалықтырғым келмей, мен одан жай ғана ең жаңа заманда әртүрлі нәсілдерде күшпен немесе кәміл сеніммен таңылған бір ғана мекемелер, бірдей атауын сақтайтындығына қарамастан, қандай дәрежеге дейін өзгеретіндігіне назар аударуды өтінемін. Мен бұны алдыңғы тарауда Американың әрқилы елдерінің мысалында көрсеткенмін Мекемелер, іс жүзінде, бір ұрпақтың ырқы ешқандай ықпал жасай алмайтын қажеттіліктердің салдарын ғана құрайды. Әрбір нәсіл үшін және сол нәсілдің дамуының әрбір фазисі үшін тіршілік етудің, сезімдердің, ойлардың, пікірлердің, тұқым қуалайтын ықпалдардың бір мекемені көздейтін және басқаны жаратпайтын шарттары болады. Үкіметтік атаулардың мәні тым болымсыз. Қандай да бір халықтың өзіне бәрінен жақсы болып көрінетін мекемелерді таңдап алу мүмкіндігі ешқашан берілген емес. Егер өте сирек жағдай оның таңдауына мүмкіндік берсе, ол оларды сақтай білмейді. Француздар міне ғасыр бойы бой алдырып келе жатқан көптеген революциялар, конституцияларды үздіксіз өзгерту мемлекеттік адамдар бойында әлдеқашан бұл жөнінде белгілі бір көзқарас қалыптастыруға тиіс тәжірибені құрайды. Мен, айтпақшы, маңызды қоғамдық өзгерістер декреттер жолымен жасалады деген идея тек қараңғы бұқара басында және кейбір

фанатиктердің тар ойында ғана сақтала алады деп ойлаймын. Мекемелердің жалғыз пайдалы рөлі олар құлық пен қоғамдық пікірлер қабылдаған өзгерістерге заңды санкция беруде. Олар сол өзгерістерге ере келеді, бірақ олардан бұрын болмайды. Адамдардың мінезі мен ойын мекемелер өзгертпейді. Халықты діншіл немесе скептик ететін, оны мемлекеттен өзін жүгендеп ұстайтын шараларды тоқтаусыз талап ету орнына, өз-өзін басқаруын үйрететін мекемелер емес. Тілдерге көп тоқталып жатпаймын, тек мынаны ескерте кетемін: жазу-сызу арқасында тіл орнығып алғанның өзінде, ол бір халықтан басқасына көшкенде қажетті түрде өзгереді, және нақ осы бүкіләлемдік тіл туралы идеяны соншалықты қисынсыз етеді. Галлдар жаулап алғаны екі жүз жыл өтпей жатып, өзінің өлшеусіз сандық артықшылығына қарамастан, латын тілін қабылдады; бірақ бұл тілді халық өзінің қажеттеріне және өзінің ақыл-ойының ерекше логикасына сай өзгертті. Осынау өзгертулерден сайып келгенде қазіргі француз тілі жасалды. Әрқилы нәсілдер ұзақ уақыт бойы бір тілде сөйлей алмайды. Жаулап алудың, коммерциялық мүдделердің кездейсоқтықтары қандай да бір халықтың өз ана тілінің орнына бөтен тілді қабылдауға мәжбүр ете алатыны даусыз, бірақ көптеген ұрпақтар бойына басқадан алынған тіл мүлде өзгереді. Тілі алынып пайдаланылған нәсіл тілді алған нәсілден қаншалық қатты ерекшеленетін болса, өзгеріс соншалық тереңірек болады. Әрқилы нәсілдері бар елдерден ұқсас емес тілдерді әрқашан кездестіруге болады. Үндістан осыған тамаша мысал. Үлкен түбекте өте көп және өте әрқилы нәсілдер орналасқан; ғалымдар ол жерден 240 тілді санады, олардың кейбіреулері бір-бірінен грек тілі француз тілінен өзгешеленетіннен әлдеқайда көбірек ерекшеленеді. Екі жүз қырық тіл, әлі үш жүзге жуық диалектілерді айтпай-ақ қоялық! Сол тілдердің арасындағы ең көп таралғаны – ең мүлдем жаңасы, оның енгеніне әлі үш жүз жыл да болған жоқ; ол жаулап алушы мұсылмандар сөйлеген парсы және араб тілдерінің жаулап алынған елдерге ең көп таралған тілдердің бірі – үнді тілімен қосылуынан құралған үндістан тілі.

Жеңгендер мен жеңілгендер бірге өмір сүретін әрқилы халықтардың шағылысуы жолымен пайда болған жаңа нәсілдің қажеттіліктеріне бейімделген жаңа тілде сөйлеу үшін көп ұзамай өзінің бастапқы қауымдық тілін ұмытып кетті. Мен бұл мәселеге одан әрі тоқтала алмаймын және негізгі идеяларды көрсетумен шектелуге мәжбүрмін. Егер де мен қажетті егжей-тегжейіне бойлауға уақыт таба алатын болсам, әрі қарай барып, мынаны көрсетер едім: халықтар әрқилы болғанда, біз оларда бір мағыналы деп санайтын сөздердің, шындығында бір-бірінен тым алшақ ойлау және сезіну тәсілдерін көрсететіндегі соншалық, олардың бір тілден екіншісіне әбден дұрыс аударылуы мүмкін емес. Бірнеше ғасырлар бойы бір елде, бір нәсілде бір сөздің бір-бірінен мүлдем өзге ұғымдарға сәйкес келетіндігін көріп-ақ, мұны оңай түсінуге болады. Көне сөздер бұрынғы заман адамдарының ұғымдарын білдіреді. Басында нақты заттардың белгілері болған сөздер идеялардағы, құлықтардағы және салттардағы өзгерістер салдарынан көп ұзамай өз мағынасын жоғалтты. Осынау өзгерту тым қиын болатын үйреншікті белгілер көмегімен ойлауды жалғастыра береді, бірақ олар бұрын білдіретін нәрсе мен қазір білдіретін нәрсе арасында енді ешқандай сәйкестік жоқ. Бізден өте алыс жатқан, біздің өркениятпен ешқандай ұқсастығы жоқ өркениятқа жататын халықтар туралы әңгіме болғанда, онда аударманы өзінің нағыз бастапқы мағынасынан мүлде айрылған, яғни өздері бір кездері тудыратын идеялармен ешқандай байланысы жоқ біздің ойымыздағы идеяларды тудыратын сөздер ғана бере алады. Бұл құбылыс Үндістанның ежелгі тілдері үшін ерекше таңқаларлықтай. Логикасы біздің логикамен ешқандай туыстығы жоқ құбылмалы идеялары бар бұл халықта (үнділерде) сөздер ешқашан дәл және белгілі бір мағынада болмағанды, оларға сол мағынаны, сайып келгенде Еуропада ғасырлар және біздің ақылой салтымыз берді. Аудару мүмкін емес кітаптар, мысалы, Ведалар бар. Бірге өмір сүретін, бірақ олардан біз жас мөлшеріндегі, жыныс тұрғысындағы, тәрбиедегі кейбір айырмашылықтармен бөлінетін индивидуумдардың ойына

терең бойлаудың өзі өте қиын; ғасырлар шаңы басып жатқан нәсілдердің ойына бойлау – ешбір ғалым ешқашан орындай алмайтын еңбек. Біздің қолымыз жеткен барлық білім бұндай әрекеттердің толық пайдасыздығын көрсетуге ғана қызмет етеді. Алдыңғы мысалдар қаншалықты қысқа және аз дамытылған болса да, олар өркеният элементтерін алатын халықтарда солар қандай терең өзгерістерге ұшырайтындығын көрсету үшін әбден жеткілікті. Көшіріп алу көбіне өте елеулі болып көрінеді, өйткені ол аталуы жағынан кейде өте бедерлі болады; бірақ оны игеру әрқашан іс жүзінде өте болымсыз. Ғасырлар өте келе, ұрпақтардың баяу жұмысының арқасында және біртіндеп қосылулар салдарынан, көшіріп алынған элемент өзінің бастапқы тұрпатынын өте қатты ерекшеленеді. Осынау біртіндеген өзгерістермен, негізінен сыртқы көріністерге ден қоятын тарих, мүлдем санаспайды, және егер ол бізге қандай да бір халық жаңа дінді қабылдады десе, біз дереу олардың шындығында қабылдаған наным-сенімдерін емес, бізге нақ қазіргі кезде белгілі дінді елестететміз. Олардың генезисін жақсы түсіну үшін және сөздерді мәнісінен бөліп тұратын айырмашылықтарды аңғару үшін сол баяу бейімделулерді терең зерттеу керек. Сонымен, өркеният тарихы баяу бейімделулерден, түкке тұрмайтын біртіндеп өзгерулерден құралады. Егер олар бізге кенеттен болған және елеулі нәрсе болып көрінсе, бұл біздің геологиядағы сияқты, аралық фазаларды өткізіп жіберіп, шеткі фазаларды ғана қарастыратындығымыздан. Іс жүзінде, қандай да бір халық қаншалықты дамыған және дарынды болса да, оның өркенияттың қандай да бір жаңа элементін игеру қабілеті әрқашан өте шектеулі. Ми жасушалары жасалуына ғасырлар қажет болған, және мүлдем әрқилы организмдердің сезімдері мен қажеттіліктеріне бейімделген нәрселерді бір күнде игере алмайды. Тек баяу тұқым қуалау арқылы алынған жаңа нәрселер ғана мұндай ассимиляцияны мүмкін етеді. Біз ежелгі халықтардың ең дамығаны, гректердің өнерінің эволюциясын зерттеуге көшкенде, оған ассириялық және египеттік үлгілерге дөрекі еліктеуден арылу үшін және

адамзат әлі күнге дейін таң қалатын шедеврлерге дәйекті белестермен жету үшін көптеген ғасырлар керек болғанын көреміз. Және алайда, египеттіктер мен халдейлер секілді кейбір алғашқы қауымдық халықтарды қоспағанда, тарихта бірінен соң бірі сахнаға келген барлық халықтар өткеннің мұрасын құрайтын өркеният элементтерін игергенде, оларды өздерінің жан салтына қарай өзгертіп қана отырған. Егер халықтар өздеріне дейін жасалған материалдарды пайдалана алмаса, өркенияттың дамуы өлшеусіз баяу жүрер еді, және түрлі халықтардың тарихы мәңгі қайталау ғана болып шығар еді. 7 немесе 8 мың жыл бұрын Египет пен Халдеяның тұрғындары жасаған өркенияттар барлық ұлттар кезекпен келіп, пайдаланған материалдардың қайнар көзін құрды. Грек өнері Тигр мен Ніл жағалауларында жасалған өнерден туды. Грек стилінен рим стилі жасалды, ал ол, өз кезегінде, шығыс ықпалымен араласып, византиялық, романдық және готикалық стильдердің бастап берді, олар бір-бірінен өздері пайда болған, бірақ шығу тегі ортақ халықтардың кемеңгерлігі мен жасына қарай ерекшеленеді. Біз қазір өнер туралы айтқан нәрсені өркенияттың барлық элементтеріне, мекемелерге, тілдерге және наным-сенімдерге қолданыла алады. Еуропалық тілдер бір кездері Азияның орталық үстіртінің тұрғындары сөйлеген бір атабаба тілінен шығады. Біздің құқығымыз – рим құқығының перзенті, ол өз кезегінде алдыңғы құқықтардан туған. Біздің ғылымдардың өзі ғасырлардың баяу жұмысынсыз қазіргі ахуалына жете алмас еді. Осы заманғы астрономияның негізін салған ұлылар: Коперник, Кеплер, Ньютон XV ғасырға дейін шығармалары оқулық нұсқау болып қызмет еткен Птолемеймен байланыста; ал Птолемей Александрия мектебі арқылы египеттіктермен және халдейлермен қосылады. Осылайша біз, өркеният тарихында жыртылыпайрылатын сұмдық ақтаңдақтарға қарамастан, біздің білімдеріміздің баяу эволюциясын көреміз, ол бізді ғасырлар мен империялар арқылы сол ежелгі өркенияттардың таң шапағына көтерілуге мәжбүр етеді және де осы заманғы ғылым сол соңғыларын қазір адамзатта тарих болмаған алғашқы қауымдық замандармен байланыстыруға тырысуда. Егер қайнар көз ортақ болса да,

көшіріп алынған элементтер ұшыраған, әрбір халықта оның жан салтына сәйкес болған өзгерістер – прогресті немесе регресті, – өте әрқилы. Осынау өзгерістердің тарихы өркеният тарихын құрайды. Біз жаңа ғана өркеният құралатын негізгі элементтер әрбір халық үшін индивидуалды болатынын, олар оның жан құрылымының нәтижесін ғана емес, көрінісін де құрайтынын, және бір нәсілден екінші нәсілге өте терең өзгерістерге ұшырамай өте алмайтынын көрсеттік. Біз сондай-ақ, осынау өзгерістердің мөлшерін бір жағынан мүлдем әрқилы заттарды бірдей сөздермен нобайлауға мәжбүр ететін лингвистикалық қажеттіліктер, екінші жағынан – біздің назарымызды өркенияттың тек шеткі пошымдарына ғана аударып, оларды байланыстыратын аралық пошымдарды көрсетпейтін тарихи шығармалардың сөзсіз кемшіліктері бүркемелейтінін көрдік. Келесі тарауда өнер эволюциясының ортақ заңдарына көшкенде, қандай да бір өркенияттың негізгі элементтерінде бір халықтан басқасына көшу шамасына қарай болатын өзгерістердің дәйектілігін неғұрлым айқын көрсете аламыз.

ІV тарау

Өнерлер қалай өзгереді

Жоғарыда айтылған принциптерді шығыс халықтары өнерінің эволюциясын зерттеуге қолдану. – Египет. – Оның өнері туындайтын діни идеялар. – Оның өнері әрқилы нәсілдерге: эфиоптарға, гректерге және парсыларға көшірілген кезде не болып шықты. – Грек өнерінің бастапқы төмен деңгейі. – Оның дамуының баяулығы. – Персияда грек, египет және ассирия өнерлерінің қабылдануы және дамуы. – Өнерлер бастан кешетін өзгерістер діни наным-сенімдерге емес, нәсілге тәуелді. – Исламды қабылдаған нәсілдерге байланысты араб өнері ұшыраған зор өзгерістер беретін мысалдар. – Үнді өнерінің шығу тегі мен дамуының өзгеруіне біздің

принциптерді қолдану. – Үндістан мен Грекия бір қайнар көзден нәр алды, бірақ нәсілдер айырмашылықтарына сәйкес, олар ешқандай туыстығы жоқ өнерлерге келді. – Үндістанда архитектураның оны мекендеген нәсілдерге байланысты және наным-сенімдер ұқсастығына қарамастан тап болған ғаламат өзгерістері. Белгілі халықтың жан салтын оның мекемелерімен, наным-сенімдерімен және тілімен байланыстыратын қатынастарды зерттегендекеле, мен бұл орайда қысқа нұсқаулармен шектелуге тиіс болдым. Мұндай мәселелерді жан-жақты шолып шығу үшін томдар жазу керек болар. Өнерге келсек, бұл арада анық та дәл айту әлдеқайда оңай. Мекемелер, наным-сенімдер – анық-танықтығы күмәнді және түсіндіру қиын нәрселер. Әрбір дәуір сайын өзгеріп отыратын және өлі мәтіндерде тығылып жататын мәністерді зерттеу, және, ақыр соңында даулы қорытындыларға келу үшін өзіңді уәждер келтіру, мен сынға түгелдей арнауың керек. Керісінше, көркем шығармалар, әсіресе ескерткіштер, өте айқын және талдауға оңай көнеді. Тас кітаптар – кітаптардың ең анығы, және ешқашан өтірік айтпайтын бірден-бір кітаптар, және осы негізде мен оларды өзімнің Шығыс өркениятының тарихы жөніндегі еңбектерімде басты орынға қоямын. Мен әдеби құжаттарға әрқашан зор күмәнмен қараймын. Олар жиі адастырады әрі сирек үйретеді. Ескерткіштер ешқашан алдамайды әрі әрқашан үйретеді. Ол жоғалып кеткен халықтардың ойын бәрінен жақсы сақтайды. Олардан тек қана жазу іздегісі келетін мамандардың ақыли соқырлығы жайында өкіну қажет. Сонымен, біз өнердің қандай да бір халықтың жан салтының қалайша көрінісі болатынын және олар бір өркенияттан басқасына өткенде қалай өзгеретіндігін қысқаша зерттейміз. Бұл зерттеуде мен тек шығыс өнерімен ғана айналысамын. Еуропалық өнердің генезисі мен өзгеруі бірдей заңдарға бағынды; бірақ олардың әрқилы халықтардағы эволюциясын көрсету үшін мәселенің осы зерттеудің тым тар шеңберінде мүмкін емес егжей-тегжейіне бару керек болар еді.

Алдымен Египет өнерін алайық та, оның бір замандарда бірінен кейін бірі келетін үш нәсілге Эфиопия негрлеріне, гректерге және парсыларға көшкенде неге айналғандығын көрейік. Бір кездері жер шарында гүлденген барлық өркенияттердың ішінде, Египет өркенияты өз өнерінен бәрінен толық көрінді. Оның онда ғаламат күшпен, айқындықпен көрінгендігі соншалық Ніл жағасында туған көркем тұрпаттар бір ғана Египет үшін жарамды бола алар еді және оны басқа халықтар ол едәуір өзгерістерге ұшырағаннан кейін ғана қабылдай алатын еді. Египет өнері, әсіресе архитектура, 50 ғасыр бойы бүкіл халықты ұдайы қызықтырып келген ерекше мұраттың көрінісі. Египет адам ғұмырының қысқалығын ескеріп, оған мәңгілік баспана жасауды армандады. Бұл басқа барлығына кереғар өмірді менсінбей, ажал жайлы ойды әлпештеген нәсіл. Оны бәрінен де бұрын қозғалмай жататын мумия қызықтырды, ол өзінің алтын маскасында эмальмен жабылған көзімен қараңғы баспанасының тереңінде құпия иероглифтерге мәңгілік қарап жатады. Өзінің сарай секілді түрлі суреттер салынып, мүсіндермен әшекейленген қисапсыз дәліздер арасындағы ғаламат мола үйінде бұл мумиялар адамды жер бетіндегі қысқа өмірі барысында қызықтырған нәрсенің барлығын табады. Олар үшін жерасты үңгірлері қазылды, обелискілер, пилондар, пирамидалар тұрғызылды, солар үшін өздерінің тас тақтарында тыныштық мен ұлылық әлпетімен отырған ой үстіндегі колостар жонылды. Бұл архитектурада барлығы да мықты және мол, өйткені ол мәңгілік болуға ұмтылды. Егер де бізге ежелгі халықтардың ішінен тек египеттіктер ғана белгілі болса, онда біз барлығынан кейін де өнер – оны жасаған нәсілдік жанның ең қаяусыз көрінісі дей алар едік. Бір-біріне өте ұқсамайтын халықтар: эфиоптар (төмен нәсіл), гректер және парсылар (жоғары нәсілдер) өз өнерін не бір ғана Египеттен, не ішінара Египеттен және ішінара Ассириядан көшіріп алды. Олардың қолында оның неге айналғанын көрелік.

Ең алдымен қазір ғана тізімделгендердің ішінен ең төмен халықты – эфиоптарды алайық. Египет тарихының ең ерте дәуірінде (XXІV әулет) Судан халықтары, Египеттегі анархия мен құлдырауды пайдаланып, оның кейбір провинцияларын басып алып, патшалық орнатқаны мәлім, оның астанасы әуелі Нпата, содан кейін Мероэ болды және ол өз тәуелсіздігін көптеген ғасырлар бойы сақтай алды. Жеңілгендердің өркениятына таң-тамаша қалған олар солардың ескерткіштері мен өнеріне еліктеуге тырысты; бірақ біздің қолымызда үлгілері бар бұл еліктеулердің көбісі дөрекі мақұлыққа айналдырылған мүсіндер. Бұл негрлер варварлар болатын; олардың миының әлсіз дамуы оларды тоқырауға бұйырды; және шынында да, египеттіктер өркениятының көптеген ғасырларға созылған ықпалына қарамастан, олар варварлықтан ешқашан арыла алмады. Ежелгі тарихта да, осы заманғы тарихта да негрлердің қандай да бір тайпасының өркенияттың белгілі бір деңгейіне дейін көтерілгенінің мысалы жоқ; ежелгі заманда Эфиопияда, ал бүгіндері Гаитиде болған кездейсоқтықтардың бірінің пәріменімен жоғары өркеният негрлер нәсілінің қолына түскен кездердің әрбір жолы бұл өркеният өте қасіретті пошымдарға тез ие болып отырды. Сол кезде варварлық болған басқа бір нәсіл, бірақ ақ, грек нәсілі өз өнерінің алғашқы үлгілерін Египеттен және Ассириядан көшіріп алды, және ол да әу баста сыйықсыз еліктеулермен шектелді. Осынау екі ұлы өркенияттың өнер туындыларын оған сол кезде Жерорта теңізінің жағалауларын жалғастыратын теңіз жолдарының иесі финикиялықтар мен Ниневия мен Вавилонға бастайтын құрғақ жолдардың қожайындары болған Кіші Азия халықтары жеткізді. Сайып келгенде гректер өзі алған үлгілерден қаншалықты жоғары көтерілгендігі әркімге жақсы белгілі. Бірақ осы заманғы археология ашқан жаңалықтар, сондай-ақ олардың алғашқы мақлық секілді мүсіндерінің қаншама дөрекі болғандығын, және мәңгілік ғұмырға ие болған шедеврлерге жету үшін оларға қаншама ғасырлар қажет болғанын дәлелдеп берді. Осынау ауыр

еңбекке, өздерінің төл өнерін – шетелдік өнерді артта қалдырған өнерін жасау үшін гректерге 700 жыл қажет болды; бірақ олардың соңғы ғасырда жеткен табыстары барлық алдыңғы ғасырлардағы табыстардан елеулірек. Қандай да бір халыққа өркенияттың ең жоғары белестеріне жету үшін емес, төмен белестерінен өту үшін ең көп уақыт керек. Грек өнерінің ең ежелгі туындылары Христтің туғанына дейінгі XІІ ғасырға жататын Микена қазынасының туындылары мүлдем варварлық тәжірибені, шығыс үлгілерінен дөрекі көшірмелерді көрсетеді; алты ғасыр өткеннен кейін де өнер әлі шығыстық болып қала береді; Теней Аполлоны мен Орхомен Аполлоны Египет мүсіндеріне төтенше ұқсас; бірақ көп ұзамай табыстар өте жиілей береді де, ғасыр өткен соң біз Фидийді және Парфенонның ғажап мүсіндерін, яғни өзінің шығыстық тегінен арылған және соншалық ұзақ уақыт бойы өзі жігерленген үлгілерден әлдеқайда жоғары тұрған өнерді көреміз. Архитектурада да дәл сол болды, бірақ оның даму белестерін анықтау қиынырақ. Христ туғанға дейінгі ІX ғасырдағы Гомер поэмаларының сарайлары қандай болғанын біз білмейміз; бірақ мыс қабырғалар, әртүрлі боялған үй төбелері, қақпаларды күзетіп тұрған алтын және күміс жануарлар еріксіз түрде қола тақталар мен, эмаль кірпіштермен көмкерілген және бұқа мүсіндерімен күзетілетін Ассирия сарайларын амалсыз еске түсіруге мәжбүр етеді. Қалай болған күнде де бізге, VІІ ғасырға жататын ең ежелгі дорий грек бағаналарының тұрпатын Египеттен, Карнактан және Бени-Хасаннан табуға болатыны, ионий бағанасы өзінің көп бөліктерін Ассириядан алғандығы белгілі; бірақ біз сондай-ақ әуелі бір-біріне қондырылған, содан кейін тұтасқан және ақыр соңында, мұлдем өзгерген жатжұрттық элементтерден өздерінің бастапқы үлгілерінен мүлде ерекше жаңа бағаналар пайда болғанын да білеміз. Ежелгі дүниенің басқа бір қиырында Персия да бізге сондай көшіріп алып, дамудың, бірақ өзінің шыңына жетпеген дамудың үлгісін көрсетеді, өйткені бұл даму жатжұрттық жаулап алу салдарынан күрт тоқтатылды. Персияда өз өнерін жасау үшін Грекия сияқты жеті жүзжылдық емес, тек екі ғасыр уақыт болды;

күні бүгінге дейін жалғыз халық, арабтар ғана, осындай мерзім ішінде төл өнерін жасап үлгерді. Парсы өркениятының тарихы тек Кирден және оның мұрагерлерінен ғана басталады, олар Христ туғанға дейінгі 5 ғасыр ішінде Вавилон мен Египетті, яғни сол кезде өз даңқтарымен шығыс әлемін нұрландырған өркенияттың екі ірі орталығын басып алып үлгерді. Өз кезегінде үстемдік етуге тиіс гректер, ол кезде санатта жоқ еді. Парсы империясы Александр талқандағаннша өркеният орталығы болды, ал Александр, сонымен бірге, әлемдік өркеният орталығын да өзгертті. Ешқандай өнері болмаған парсылар, Египет пен Вавилонияны жаулап алғаннан кейін, олардан суретшілер мен өнер үлгілерін де көшіріп алды. Олардың билігі екі ғасырға ғана созылды, сондықтан оларда мұра етіп алған өнерді терең өзгертетін уақыт болмады; бірақ бұл жаулап алушылар өз кезегінде басқаға бағынғанда, оны өзгерте бастаған да болатын. Персеполистің әлі де жатқан қирандылары бізге осы өзгерістер генезисі туралы айтып бере алады. Біз одан кейбір грек элементтерімен араласқан Египет және Ассирия өнерінің сөзсіз араласуын немесе қабаттасуын табамыз; бірақ жаңа элементтер де, атап айтқанда екі басты капительдері бар биік Персеполис бағанасы сол жерден-ақ көрінеді және егер де парсыларда үстемдік мерзімі соншалық шектеулі болмағанда, онда бұл жоғары нәсіл гректердікіндей соншалық жоғары болмаса да, сондай төл өнерін жасай алатын еді деуге мүмкіндік береді. Бұған он ғасыр өткеннен кейін табылған парсы ескерткіштері дәлел бола алады. Александр құлатқан Ахеменидтер әулетінен кейін Селевкидтер әулеті, одан кейін Арсакидтер әулеті және ақыр соңында VІІ ғасырда арабтар құлатқан Сасанидтер әулеті мұрагер болды. Солармен бірге Персия жаңа архитектураға ие болады, және ол қайтадан ескерткіштер тұрғыза бастағанда, оларда даусыз төл өнердің таңбасы байқалады. Бұл таңба Ахеменидтердің ежелгі архитектурасын араб өнерімен ұштастырудан, Арсакидтердің эллиндер өнерімен ұштасып өзгерген өнерінен (фасад биіктігімен бірдей алып порталдар, эмальданған кірпіштер, сүйір күмбездер, т.б.) шығады. Осынау жаңа өнерді моғолдар өздерінше өзгертіп, кейінірек Үндістанға көшірді.

Алдыңғы мысалдардан біз басқа халық өнерінде өзінің нәсіліне және уақытына қарай бір халық жасаған өзгерістердің әрқилы сатыларын көреміз. Құзырында ғасырлар болған, бірақ психологиялық дамуы өте әлсіз болған төмен нәсілден (эфиоптықтардан) көшіріп алынған өнердің ең төмен пошымға жеткізілгенін көрдік. Құзырында ғасырлар болған, жоғары нәсілде, гректерде ежелгі өнердің толығымен жаңа, едәуір жоғары өнерге айналғанын атап өттік. Гректерден кемірек дамыған, азырақ уақыты да болған басқа нәсіл, парсыларда біз бейімделуге зор қабілетті және өзгерте алу ұрығын таптық. Бірақ біз қазір ғана келтірген, көбіне көп бұрынғы уақыттарда болған мысалдардан басқа, осы заманға әлдеқайда жақын, қандай да бір нәсілдің өзі көшіріп алған өнерге енгізуге тиіс болатын өзгерістерінің мөлшерін көрсететін басқа мысалдар да бар. Бұл мысалдардың көпке ортақтығы сонда, аталмыш жағдайда әңгіме бір дінді ұстанатын, бірақ шығу тегі әртүрлі халықтар туралы болып отыр. Біздің дәуіріміздің VІІ ғасырында арабтар ескі грек-рим әлемінің ең үлкен бөлігін жаулап алып, Африканың бүкіл солтүстігін қамтып, Испаниядан Орталық Азияға дейін созылып жатқан алып империя құрған кезде, олар әбден белгілі архитектурамен – византиялық архитектурамен бетпе-бет ұшырасты. Олар әу бастан оны Испанияда да, Египетте де, Сирияда да түгелімен қабылдап, өз мешіттерін салды. Иерусалимдегі Омар мешіті, Каирдағы Амру мешіті және қазір де сақталған басқа да ескерткіштер бізге сондай көшіріп алуға айғақ береді. Бірақ бұл ұзаққа созылмады да, біз ескерткіштердің елден елге, ғасырдан ғасырға қарай өзгеріп отырғанын көреміз. Өзімнің “Араб өркениятының тарихы”10 атты еңбегімде мен осы өзгерістердің шығу тегін көрсеттім. Олардың елеулі екендігі соншалық, Каирдағы Амру мешіті (742 ж.) сияқты жаулап алу басындағы ескерткіш пен Каит-Бей (1468 ж.) мешіті сияқты ұлы араб дәуірінің аяғындағы ескерткіш арасында титтей де ұқсастық жоқ. Мен өзімнің түсіндірмелеріммен және суреттеріммен ислам заңына бағындырылған түрлі елдерде – Испанияда, Африкада, Сирияда, Персияда, Үндістанда –

10 Le Bon Gustave. La Cіvіlіsatіon des Arabes

ескерткіштердің айырмашылықтарының зор екендігі соншалық, оларды жалпы атаумен, мысалы, өздерінің барлық айырмашылықтарына қарамастан, анық ұқсастық байқататын готикалық ескерткіштер жөнінде жасауға болатын біріктіру мүлде мүмкін еместігін көрсеттім. Мұсылман елдерінің архитектурасындағы осынау түбегейлі айырмашылықтар діндердегі айырмашылықтарға байланысты болуы мүмкін емес, өйткені аталмыш жағдайда дін біреу ғана; олар империя тағдырына жасайтын ықпалы сияқты, өнердің дамуына да терең ықпал ететін нәсілдік айырмашылықтарға байланысты. Егер бұл тұжырым дұрыс болса, онда біз әрқилы нәсілдер орналасқан бір елден, наным-сенімдердің бірдейлігі мен саяси өкіметтің біртұтастығына қарамастан мүлдем ұқсас емес ескерткіштерді табуымыз керек. Бұл нақ Үндістанда байқалады. Үндістаннан осы еңбекте баяндалған ортақ принциптерді дәлелдеуге жарайтын мысалдарды табу бәрінен оңай, сондықтан да мен оған қайта-қайта оралып отырмын. Үлкен түбек тарихи кітаптардың ішіндегі ең тағылымды және ең философиялық кітап. Қазіргі кезде бұл іс жүзінде қалауыңа қарай уақыт бойынша саяхат жасауға болатын және өркенияттың жоғары сатысына жету үшін адамзат өтуге тиіс болған бірінен соң бірі келетн, әлі тіршілік етіп жатқан тұтас белестерді көруге болатын бірден-бір ел. Үндістанда дамудың барлық пошымдарын ұшыратуға болады: онда тас ғасырының да, электр ғасырының да өз өкілдері бар. Өркенияттың шығу тегін және дамуын басқаратын ірі факторлардың рөлін басқа еш жерден одан жақсырақ көре алмайсың. Осы еңбекте дамытылған принциптерді қолданып, мен басқа бір еңбегімде ұзақ уақыт шешілмей келген проблеманы – үнді өнерінің шығу тегін шешуге тырыстым. Бұл шығарма әлі тім аз белгілі болғандықтан және нәсілдер психологиясы жөніндегі менің идеяларымның қызықты қолданылуын

құрайтындықтан, біз бұл арада олардың ішіндегі неғұрлым маңызды жолдарды келтіре кетеміз11. Өнер тұрғысынан Үндістан тарихта тым кеш пайда болды. Оның ең ежелгі ескерткіштері, мысалы, Асоки бағаналары, Карли, Рарут, Санчи храмдары және т.б. Христ туғанға дейінгі ІІІ ғасырға әрең-әрең жатады. Олар салынған кезде, ежелгі дүниенің ескі өркенияттарының көп бөлігі Египеттің, Персияның, Ассирияның және Грекияның өркенияттары өзінің дамуын аяқтап, құлдырау түнегіне батып бара жатты. Жалғыз өркеният, Рим өркенияты ғана қалған барлығын алмастырды. Дүние бір ғана әміршіні білді. Тарих түнегінен тым кеш шыққан Үндістан сондықтан да өзінің алдындағы өркенияттердан көп нәрсе ала алатын еді; бірақ күні кешеге дейін жұрт ойлағанындай, ол әрқашан өмір сүрген терең оқшаулық, және оның ескерткіштерінің өзінің алдындағылармен ешқандай туыстықсыздай көрінетін таң қаларлық бірегейлігі жатжұрттық өнерден көшіріп алу турасындағы гипотеза атаулыны ұзақ уақыт бойы теріске шығаруға мәжбүр етті. Даусыз бірегейлігі жағынан, Үндістнның алғашқы ескертіштері бірден орындау шеберлігінің жоғарылығын көрсетті де, одан жоғары ешқашан көтерілмеді. Бұндай кемел туындылар алдында қараңғыда қарманған ұзақ ізденістер жасалды; бірақ аса мұқият зерттеулерге қарамастан оның бірде-бір мүсіндері, бірде-бір ескерткіші осынау сансырау ізін де таба алған жоқ. Түбектің солтүстік-батыс бөлігінің кейбір оқшау жатқан елдеріндегі мүсіндер мен ескерткіштер сынықтарының таяуда табылуы грек ықпалын даусыз көрсете отырып, Үндістанның өз өнерін Грекиядан көшіріп алғанына сайып келгенде үндітанушылардың көзін жеткізді. Жоғарыда айтылған принциптерді қолдану және Үндістанда әлі бар ескерткіштердің көпшілігін тереңірек зерттеу мені мүлдем басқа шешімге әкелді. Үндістан, менің ойымша, өзінің грек өркениятымен кездейсоқ жанасуына қарамастан, одан өзінің бірде-бір өнерін көшіріп алған жоқ және ала

11 Осы томда жеңіл-желпі де айтуға болмайтын техникалық егжей-тегжейді мен өзімнің “Les monuments de l’Іnde” деген шығармамда көрсеткен болатынмын. Онда біздің фотографиялардан, жоспарлар мен суреттерден жасалған 400 гравюра бар. Сол гравюралардың бірталайы кішірейтілген түрде біздің “La Cіvіlіsatіon de l’Іnde” еңбегімізде де жарияланды.

алмайтын да еді. Жанасқан екі нәсіл бір-біріне өзара ықпал ете алуы үшін тым әрқилы еді, олардың ойлары тым бөлек-бөлек, олардың көркемдік данышпандығы тым оқшау-оқшау болатын. Үндістан жерінде бытырап жатқан ежелгі ескерткіштерді зерттеу оның өнері мен грек өнерінің арасында ешқандай туыстық жоқ екендігін бізге тікелей көрсетеді. Біздің Еуропалық ескерткіштерде грек өнерінен көшіріп алынған элементтер толып жатса, Үндістан ескерткіштерінде бірде-біреуі жоқ. Ең үстірт зерттеудің, біз бұл арада мүлде әрқилы нәсілдерге тап болғанымызды, бәлкім, және грек пен үнді секілді мүлде ұқсамайтын (мен тіпті бір-біріне кереғар дер едім) кемеңгерлік ешқашан болмағанын көрсетеді. Үндістан ескерткіштерін зерттеуге және оларды жасаған халықтардың интимдік психологиясына тереңірек бойлағанда, бұл ортақ ұғым бұрынғыдан көбірек анықтала түседі. Көп ұзамай оның өз ойымен тым келіспейтін жатжұрттық ықпалға бағыну үшін үнді кемеңгерлігі тым индивидуалды екендігін байқайсың. Осынау жатжұрттық ықпал, күмән жоқ, таңылуы мүмкін; бірақ ол қаншалықты жалғасса да, ол мүлде үстірт те орнықсыз болып қала береді. Үндістанның әрқилы нәсілдері мен басқа халықтардың жан салттары арасында үлкен түбек пен жер шарының басқа елдерінің арасына табиғат жасаған үлкен бөгеттер сияқты биік кедергілер бар секілді көрінеді. Үнділік кемеңгерліктің бірегейлігі соншалық, оған қандай нәрсені көшіріп алуға тура келсе де, сол нәрсе заматта өзгеріп, үнділік нәрсеге айналады. Тіпті көшіріп алғаныңды жасыру қиын архитектураның өзінде осынау өзіндік кемеңгерліктің индивидуалдығы, осынау тез бұрмалау қабілеті өте тез білінеді. Әрине, үнді архитекторын грек бағанасын көшіріп алуға мәжбүр етуге болады, бірақ оған бір көргенде үнділік деп қабылданатындай етіп бағананы өзгертуге кедергі жасай алмайсың. Үндістанда еуропалық ықпал күшті бүгіндері де мұндай өзгерістер күн сайын байқалады. Үнді суретшісіне қандай да бір еуропалық үлгіні көшіруге беріңізші, ол одан тек жалпы пошымды ғана алады, бірақ бір бөлігін ұлғайтып көрсетеді, алдымен бұрмалап, орнамаенттік бөлшектерді

көбейтеді, сөйтіп екінші немесе үшінші көшірме өзінің батыстық сипатын мүлде жоғалтып, ерекше үнділік сипатқа ие болады. Үнді архитектурасының және сондай-ақ әдебиетінің негізгі ерекшелігі – барынша әсірелеу, бөлшектердің қисапсыз молдығы, нақ грек өнерінің дұрыс а салқын қарапайымдылығына кереғарлықты құрайтын күрделілік. Үндістан өнерін зерттей келе, белгілі нәсілдің пластикалық туындылары қандай дәрежеге дейін оның жан салтымен байланысты екенін және оны түсіндіре алатындар үшін ең анық тілді құрайтынын жақсы түсінуге болады. Егер де үнділер, ассириялықтар секілді, тарихтан мүлде жоғалып кетсе, онда олардың храмдарының барельефтері, статуялары және ескерткіштері бізге олардың өткенін ашу үшін жеткілікті болар еді. Олар әсіресе бізге гректердің әдістемелік және айқын ақылы үнділердің тоқтаусыз әрі бейәдістемелік қиялына ешқашан титімдей де ықпал ете алмайтындығын айтып берер еді. Олар бізге сондай-ақ Үндістанда грек ықпалы тек уақытша болып, қысқа уақытқа таңылған аймақпен ғана шектелетіндігін түсіндіріп бере алар еді. Ескерткіштерді археологиялық зерттеу бізге Үндістан мен үнді рухының ескерткіштерін жалпы білу тікелей ашатын нәрсені нақты құжаттармен қуаттауға мүмкіндік берді. Ол бізге мына бір қызықты фактыны атап көрсетуге мүмкіндік берді: өркениятында эллинизмнің күшті таңбасы бар Персия патшалары – Арсакидтермен қарым-қатынас жасап тұрған үнді тақсырлары талай рет (әсіресе біздің дәуіріміздің алғашқы екі ғасырында) Үндістанға грек өнерін енгізгісі келген, бірақ ешқашан бұл істе табысқа жете алмаған. Бұл мүлдем ресми және өзі енгізілген халық рухымен ешқандай байланысы жоқ, көшіріп алынған өнер әрқашан оны дүниеге әкелген саяси ықпалдармен бірге жоғалып отырды. Айтпақшы, бұндай көшіру ол зорлап таңылған кезеңнің өзінде ұлттық өнерге қандай да бір ықпалға ие болу үшін үнділік кемеңгерлікке тым жеккөрінішті еді. Шынында да, сол кездегі және кейінгі ескерткіштерден (көптеген жерасты храмдары сондай) грек ықпалының ізін де таба алмайсың. Екінші жағынан, олар өз-өзінен-ақ тым өзгеше, сондықтан оларды танымау мүмкін емес. Әрқашан сипатты болып келетін

мөлшерлес сәйкестігінен басқа, техникалық ұсақ-түйектер, әсіресе, грек суретшісінің қолын бірден ұстап беретін перделеу өнері бар. Үндістанда грек өнері қалай кенет пайда болса, дәл солай кенет жоғалып кетті, және осы кенеттіктің өзі оның қаншалық дірежеде сырттан әкелінген, ресми таңылған, оны қабылдауға тиіс болған халықпен ешқандай туыстығы жоқ өнер болғандығын көрсетеді. Қандай да бір халықта өнердің мүлде жоғалып кетуі ешқашан болмайтын нәрсе; олар өзгереді және жаңа өнер өзі орнына келген өнерден бірдеңені көшіріп алады. Үндістанға кенеттен келіп, грек өнері одан кенеттен жоғалып кетті, және онда, ағылшындар осыдан екі ғасыр бұрын салған еуропалық ескерткіштер сияқты, түкке татымайтын ықпал жасады. Жүз жылдан астам шексіз үстемдікке қарамастан, Үндістанда еуропалық өнер ықпалының қазіргі жоқтығы грек өнерінің 18 ғасыр бұрынғы түкке татымайтын ықпалымен салыстырыла алады. Бұл арада эстетикалық сезімдердің қандай да бір бітіспестігі бар екенін мойындамауға болмайды, өйткені мұсылман өнері, ол дәл еуропалық өнер сияқты жатжұрттық болғанымен, түбектің барлық бөліктерінде еліктеулер тудырды. Мұсылмандар ешқандай билікке ие болмаған жерлердің өзінде араб орнаментінің кейбір сарындарын алмаған храмды сирек кездестіресің. Дау жоқ, Ежелгі Канишка патшасы дәуіріндегі сияқты, біз қазіргі кезде, шетелдіктер билігінің ұлылығына еліккен, Гвалиора сияқты раджалар өздеріне грек-латын стиліндегі сарайлар салатынын көреміз, бірақ, Канишка заманындағы сияқты, мұндай жергілікті негізге қондырылған ресми өнер осы соңғысына ешқандай ықпал ете алмайды. Сонымен, грек өнері мен үнді өнері, қазіргі кездегі еуропалық өнер мен үнді өнері сияқты, бір кездері іргелес тіршілік еткен, бірақ бір-біріне ешқашан ықпал етпеген. Таза үнділік ескерткіштерге келсек, олардың арасында грек ескерткішімен жалпы немесе бөлшектерінде тым алыс ұқсастығы бар деп айтуға болатын бірде-біреуі жоқ. Грек өнерінің Үндістанға сіңудегі бұл дәрменсіздігі таңқаларлық бірдеңе болып табылады және оны, әрине, екі нәсіл жандарының арасындағы біз

көрсеткен бітіспестікке телу керек, бірақ оны Үндістанның жатжұрттық өнерді игеруге туа бітті қабілетсіздігіне телуге болмайды, өйткені ол өзінің жан салтымен үйлесетін өнерді тамаша игеріп, өзгерте алатын. Біз жинай алған археологиялық құжаттар Үндістан өз өнерінің бастауын шын мәнісінде Персиядан іздегенін, бірақ Арсакидтер заманындағы жеңілжелпі эллиндендірілген Персиядан емес, ежелгі Ассирия мен Египет өркенияттарының мұрагері – Персиядан іздегенін дәлелдеді. Христтің туғанынан 330 жыл бұрын Александр Ахеменидтер патшаларының әулетін құртқан кезде, парсылар екі жүз жыл бойы тамаша өркениятқа ие болып келгені белгілі. Әрине, олар қандай да бір жаңа өнер формуласын тапқан жоқ, бірақ олар мұра ретінде қабылдаған египеттік және ассириялық өнердің қоспасы тамаша туындылар берді. Біз олар туралы Персеполистің әлі сақталып қалған қирандылары бойынша таразылай аламыз. Онда Египет пилондары, Ассирияның қанатты бұқалары және тіпті кейбір грек элементтері бізге Азияның осы шектелген ауданында алдыңғы ұлы өркенияттердың барлық өнерлері табысқанын көрсетеді. Үндістан Персияға нәр алуға келді, бірақ шындығында Персия тек көшіріп алған Халдеия мен Египет өнерінен ғана нәр алды. Үндістан ескерткіштерін зерттеу, бізге өзінің дүниеге келуі үшін қандай көшіріп алуға қарыздар екенін ашып береді; бірақ бұл көшіріп алуды атап көрсету үшін ең ежелгі ескерткіштерге жүгіну керек: үнді жанының бірегейлігі соншалық, көшіріп алынған заттар, соның ұғымдарына бейімделу үшін өте ірі өзгерістерге ұшырауы керек, содан кейін көп ұзамай олар танымастай болып шығады. Грекиядан нені болсын көшіріп алуға қабілетсіз Үндістан неліктен, керісінше, Персиядан көшіріп алуға соншалық қабілетті болып шықты? Парсы өнері оның жан салтына әбден сәйкес келгені, ал грек өнері онымен ешқандай сәйкеспегендігі айдан анық. Грек ескерткіштерінің қарапайым пошымдары, орнаменттері болар-болмас қана сыртқы беті үнді рухының талғамына сай

келмеді, ал парсы ескерткіштерінің ғаламат пошымдары, әсемдік заттарының молдығы, орнамент байлығы оны еліктіруге тиіс болатын. Айтпақшы, Египет пен Ассирия өкілі Персия Үндістанға өз өнерімен тек алыс, біздің дәуірдің алдындағы кезеңде ғана ықпал еткен жоқ. Көп ғасырлар өткеннен кейін түбекте мұсылмандар пайда болғанда, олардың өркенияты Персия арқылы өту кезінде өзінің бойына парсы элементтерін терең сіңірді; және ол Үндістанға алып келгені, негізінен, парсы өнері болды, ал онда Ахеменид патшалары жалғастырған ежелгі ассириялық дәстүрлердің ізі әлі бар еді. Мешіттердің алып есіктері, әсіресе, олар қапталған эмальды кірпіштер – халдея-ассириялық өркениятының нышандары. Бұл өнерді Үндістан тағы да игере алды, өйткені ол оның нәсілінің рухымен сәйкесетін, ал оның сезіну және ойлау тәсіліне мейлінше жат бұрынғы грек және қазіргі еуропалық өнер ешқашан оған ықпал ете алмады. Сонымен, Үндістан археологтар әлі кесіп айтып жүргендей, Грекияға емес, қайта Египет пен Ассирияға – Персия делдалдылығы арқылы – жалғасады. Үндістан Грекиядан ештеңе алған жоқ, бірақ оның екеуі де Египет пен Халдея халықтары ғасырлар бойы жасаған, барлық өркенияттардың іргетасы, ортақ асыл қазынадан, бір қайнар көзден нәр алды. Грекия одан финикиялықтар мен Кіші Азия халықтарының делдалдылығы арқылы; Үндістан Персияның делдалдығы арқылы алды; Грек және үнді өркенияттары, осылайша, ортақ қайнардан нәр алады; алайда, бұл елдердің екеуінде де сол қайнардан нәр алған бұлақтар ұзамай әрбір нәсіл рухына сәйкес мүлдем басқа арналармен дамыды. Бірақ егер, біз бұрын айтқанымыздай өнер нәсілдің жан салтымен тығыз байланыста болса және егер осы негізде, ұқсамайтын нәсілдер көшіріп алған бір өнер сол заматта мүлде әрқилы пошымдарға ие болатын болса, онда біз өте әртүрлі нәсілдер мекендеген Үндістаннан наным-сенімдердің бірдейлігіне қарамастан мүлдем әрқилы өнерлерді, титімдей ғана ұқсастығы бар архитектуралық стильдерді ұшыратуға тиіспіз.

Әрқилы аймақтардағы ескерткіштерді зерттеу осының қаншалық дәрежеге дейін сондай екенін көрсетеді. Ескерткіштер арасындағы айырмашылықтардың тереңдігі соншалық, біз оларды тіпті де соларды салған халықтар жататын дін бойынша емес, елдер бойынша, яғни нәсілдер бойынша топтастырып жіктей алдық. Бірдей дінді ұстанатын халықтар бір дәуірде салған Солтүстік Үндістан мен Оңтүстік Үндістан ескерткіштерінің арасында ешқандай ұқсастық жоқ. Тіпті мұсылмандық үстемдік заманының өзінде, яғни Үндістанның саяси бірлігі барынша толық болған кезеңде түрлі аймақтардағы таза мұсылмандық ескерткіштердің терең айырмашылықтары бар. Ахмедабад, Лагор, Агра, Бижапура мешіттері бір ғана дінге арналса да, Қайта Өрлеу дәуіріндегі ескерткішті готикалық кезең ескерткіштерімен байланыстыратын туыстықтан да әлдеқайда аз, өте әлсіз туыстық байланыстырады. Үндістанда бір нәсілден басқа нәсілге қарай архитектура ғана емес, мүсін өнері де әрқилы аймақтарда тұрпаты бойынша да, әсіресе оларды беру мәнері бойынша да ерекшеленеді. Санчаның барельефтері мен статуяларын бірдей дерлік мезгілде жасалған Рарута барельефтерімен, статуяларымен салыстырыңыз, айырмашылық айдан анық. Бұл айырмашылықтар Орисса провинциясының барельефтері мен статуяларын Бюнделькунд барельефтері мен статуяларымен салыстырғанда немесе тағы да – Мисора статуяларын Оңтүстік Үндістанның зор пагодаларының статуяларымен салыстырғанда одан да көбірек болып шығады. Нәсіл ықпалы барлық жерде көрінеді. Ол, айтпақшы, титімдей де көркем заттардан көрінеді: Үндістанның түрлі бөліктерінде олардың өзара қаншама айырылатындығы әркімге белгілі. Мисораның өрнекті ағаш сандықшасын Гузра өрнегімен әшекейленген дәл сондай сандықшадан айыру үшін, немесе Орисса жағалауының асыл затын Бомей жағалауының асыл затынан айыру үшін өте тәжірибелі көздің керегі жоқ. Үндістан архитектурасы, барлық шығыс халықтарындағы сияқты діни архитектура екендігі күмәнсіз; алайда діни ықпал, әсіресе Шығыста, қаншама зор болғанымен, нәсіл ықпалы одан да әлдеқайда елеулірек.

Халықтар тағдырын басқаратын осынау нәсілдік жан сондай-ақ олардың наным-сенімдерін, мекемелерін және өнерін басқарады; өркенияттың қандай элементін зерттесек те, біз әрдайым одан соны табамыз. Ол – ешқандай басқа күш еңсере алмайтын бірден-бір күш. Ол мыңдаған ұрпақтың салмағын, олардың ойының синтезін көрсетеді.

Үшінші бөлім

НӘСІЛДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ

І тарау

Өркеният дамуындағы идеялардың рөлі

Әрбір өркениятта жетекші идеялар өте аз болады. – Олардың пайда болуы мен жоғалуының төтенше баяулығы. – Идеялар сезімдерге айналғаннан кейін ғана құлыққа ықпал етеді. – Олар сонда мінездің қалыптасуына қатысады. – Идеялардың баяу дамуының арқасында өркеният белгілі бір орнықтылыққа ие болады. – Идеялар қалай орнықтырылады. – Пайымдаудың бұқараға ықпалы мүлдем мардымсыз. – Кесіп айту мен беделдің ықпалы. – Құлай сенгендер мен апостолдардың рөлі. – Идеялар бұқараға жеткенде бастан кешіретін бұрмалаулар. – Баршаға сіңген идея ұзамай өркенияттың барлық элементтеріне ықпал етеді. – Идеялар ортақтығының арқасында әрбір ғасырдың адамдарында орташа ұғымдар қоры болады, оларды ойлауында да, ісінде де өте ұқсас етеді. – Салт пен қоғамдық пікірдің езгісі. – Бұл езгі тарихтың қиын-қыстау дәуірінде ескі идеялар өз ықпалынан айрылған және жаңаларымен әлі алмастырылмаған кезде ғана жеңілдейді. – Осынау қиын-қыстау дәуір – пікірлерге дау айту төзімді болатын бірден-бір дәуір. – Догматтар сын болмайтын шартпен ғана күн көреді. – Халықтар өз

өркениятын дереу алмастыруға мәжбүр болмағанда, өз идеялары мен өз догматтарын өзгерте алмайды. Нәсілдердің психологиялық белгілері зор орнықтылыққа ие екендігін және сол белгілерден халық тарихы шығатынын көрсетіп, біз психологиялық элементтер, анатомиялық элементтер сияқты, баяу тұқым қуалаушылық қордаланумен сайып келгенде өзгере алатын еді дегенді қостық. Өркенияттың дамуы көбіне-көп сол өзгерістерге байланысты. Психологиялық өзгерістерді тудыруға қабілетті факторлар әбден әртүрлі. Олардың санатына: қажеттіліктер, тіршілік үшін күрес, белгілі ортаның ықпалы білім мен өнеркәсіп табыстары, тәрбие, нанымдар-сенімдер және басқалары жатады. Мен оларды зерттеуге тұтас бір том арнадым12 және енді сол пән жайындағы егжей-тегжейлі айтып жатпаймын, оған тек олардың қарекет механизмін көрсету үшін ғана ораламын, оған осы және келесі тараулар арналады. Дүниенің басталуынан бері бірінің артынан бірі келіп жатқан әрқилы өркенияттарды зерттеу, олардың дамуында жетекші рөл әрқашан негізгі идеялардың болмашы ғана саны атқарғанын көрсетеді. Егер халықтардың тарихы олардың идеяларының тарихына саятын болса, онда ол ешқашан тым ұзақ болмас еді. Қандай да бір өркеният бір немесе екі ғасырда өнер, ғылым, әдебиет және философия салаларында негізгі идеяларды жасап үлгерген болса, онда оны ерекше жарқын өркеният ретінде қарастыруға болады. Қандай да бір өркеният барысы, негізінен, халықтың мінезінен, яғни осы өркеният көрінген тұқым қуалайтын сезімдерінен шығатыны бізге белгілі. Біз сондай-ақ тұқым қуалайтын сезімдердің беріктігі зор екенін, бірақ олар сайып келгенде әрқилы факторлардың ықпалымен өзгере алатынын көрдік. Осынау факторлар қатарында соңғы орынға идеялар ықпалын қою керек. Бірақ идеялар өте баяу әзірлеуден кейін құбылмалы өрістерден біздің қылықтарымыздың сарындары әзірленетін сезімдердің орнықты да бейсана

12 Le Bon Gustave. L’homme et les socіétés, leurs orіgіnés et leur hіstoіre, Evolutіon des socіétés.

саласына түскенде ғана халық жанына шын ықпал тигізе алады. Олар сонда біршама түрде мінез бөлігін құрайды және құлыққа ықпал ете алады. Идеялар осы баяу әзірлеу кезеңін бастан өткергенде, олардың күші өте елеулі болып шығады, өйткені парасат оларды билеуден қалады. Қандай да бір діни немесе басқа идея үстемдігіне берілген кәміл сенімді адам қаншалықты негізді болса да, пайымдауға көне алмайды. Оның байқап көре алатынының бары, бұл жасанды ойлау амалдары жолымен және, көбіне өте үлкен бұрмалау жолымен оның өзін теріске шығаратын ойды өзін билептөстейтін ұғымдар шеңберіне енгізу. Егер идеялар сана өрісінен бейсана өріске баяу түскеннен кейін ғана ықпал ете алатын болса, онда олардың қаншалықты баяу өзгеруге тиістігін, сондай-ақ – неліктен қандай да бір өркенияттың жетекші идеялары соншалықты аз екендігін және өз дамуы үшін көп уақыт талап ететіндігін түсіну қиын емес. Біз мұның осындай екеніне қуануымыз керек, өйткені керісінше жағдайда өркенияттар ешқандай орнықтылық болмас еді. Жаңа идеялардың сайып келгенде өздерін қабылдауға мәжбүр ете алатыны да бақыт, өйткені егер ескі идеялар мүлдем мызғымайтын болса, онда өркенияттар ешқандай прогресс жасай алмас еді. Біздің психикалық өзгерістеріміз баяу жүретіндіктен, жаңа идеялардың салтанат құруына мүмкіндік беру үшін көп адамзат ұрпақтары керек және оларды жоғалуға мәжбүр ету үшін одан да көп адамзат ұрпақтары керек. Ең өркениятты халықтар – жетекші идеялары құбылмалылық пен орнықтылықтан бірдей қашықтықта ұстап тұра алған халықтар. Тарих жолы осы тепе-теңдікті сақтай алмағандардың қаңқаларымен төселген. Сонымен, халық тарихын зерттеу кезінде неліктен олардың идеяларының байлығы немесе жаңашылдығы емес, керісінше осы идеялардың тым кедейлігі, олардың өзгеру баяулығы және олар ие болатын билік бәрінен көп таңдандыратынын түсіну оңай. Өркенияттар кейбір негізгі идеялардың нәтижелері болып табылады; сол идеялар кездейсоқ өзгергенде, олар нәр беретін өркенияттар да тез өзгеруге бұйырылған.

Орта ғасырлар негізгі екі идеямен: діни және феодалдық идеялармен өмір сүрді. Олардың өнері, әдебиеті және олардың өмір жайлы ұғымдары осы екі идеядан шықты. Қайта өрлеу дәуірінде осы екі идея да шамалы өзгереді; ежелгі грек-латын дүниесінен табылған мұратты Еуропа қабылдап алды да, өмір, өнер, философия және әдебиет жайлы ұғым ұзамай өзгере бастайды. Содан кейін аңыздар беделі шайқала бастайды да, ғылыми шындықтар біртіндеп бүкпесіз шындықтарды алмастыра бастайды, сөйтіп тағы да өркеният өзгереді. Қазіргі кезде ескі діни идеялар өз билігінің көп бөлігінен түпкілікті айрылады және жалғыз осының салдарынан, оған сүйенген барлық қоғамдық мекемелер қирап түсу қаупінің алдында тұр. Идеялардың пайда болуының, олардың үстемдігінің, көнеруінің, өзгеруінің және жоғалуының тарихы оны көп мысалдармен қуаттағанда ғана сенімді баяндала алады. Егер біз егжей-тегжейлерді қазбалай алатын болсақ, онда өркенияттың әрбір элементі: философия, дін, өнер, әдебиет және т.б., өте баяу дамитын аздаған жетекші идеяларға бағынатындығын көрсетер едік. Ғылымдардың өздері осы заңнан қашпайды. Бүкіл физика энергияның сақталу идеясынан, бүкіл биология – трансформизм (өзгергіштік) идеясынан, бүкіл медицина – шексіз кішілер ықпалы идеясынан шығады, және осы идеялар тарихы, соңғылары ең білімді ақыл-ойларға жүгінсе де, бірақ аз-аздап және қиындықпен орнығады. Бәрі де аса тез жүретін кезде, және де нәпсі де, мүдде де сөз қыстыра алмайтын зерттеулер өрісінде негізгі ғылыми идеяны орнықтыру үшін кем дегенде жиырма бес жыл керек. Талас үшін ең аз ілік беруге тиіс (мысалы, қан айналымы идеясы), ең анық, дәлелдеу үшін ең оңай идеялар одан кем уақытты талап еткен жоқ. Бұл ғылыми, көркем, философиялық, діни болсын, қысқасы, қандай идея болсын, оның таралуы әрдайым бірдей тәсілмен жүреді. Оны алдымен сенімдердің күші немесе есімдерінің беделі зор абырой беретін аздаған апостолдар қабылдауы керек. Олар сонда дәлелдерден гөрі, сіңірумен көбірек қимылдайды. Сендіру механизмінің елеулі элементтерін қандай да бір дәлелдің қасиетінен іздемеу керек. Өз идеяларын өздері ие абыроймен немесе нәпсіге

жүгініп сіңіреді, бірақ егер тек парасатқа жүгінсе, онда ешқандай ықпал жасай алмайсың. Бұқара ешқашан өзін дәлелдермен сендіруге көнбейді, тек кесіп айтуға сенеді, және сол кесіп айтылған пікірлердің беделі, оларды айтатын адамның сүйкімділігіне тәуелді. Апостолдар өз шәкріттерінің шағын үйірмесін сендіріп үлгеріп, сонысымен жаңа апостолдар жасаған кезде, жаңа идея дау саласына ене бастайды. Ол алдымен өзіне қарсы жаппай оппозиция туғызады, өйткені көптеген ескі және анықталған нәрсені қатты қозғайды. Ол идеяны қорғаушы апостолдарды қоздыратын әрине, олардың басқа адамдардан артықшылығына сендіретін оппозиция, және олардың жаңа идеяны күш-жігермен қорғайтыны, бұл оның ақиқат екендігінен емес, көбіне олар бұны білмейді де, жай ғана олар мақұлдағандығынан қорғайды. Жаңа идея сонда барған сайын көбірек талқылана береді, яғни, іс жүзінде біреулер оны түп-түгелімен қабылдайды және енді біреулері ештеңесін қабылдамайды. Кесіп айткмен, терістеулермен және шамалы ғана уәждермен алмасады, өйткені олар пайымдаулар ешқандай рөл атқара алмайтын сезім сарындары сияқты адамдардың орасан көп бөлігі үшін қандай да бір идеяны қабылдаудың немесе серпіп тастаудың бірден-бір сарыны қызметін атқара алмайды. Осынау қызылкеңірдек пікірталастардың арқасында идея өте баяу дамиды. Жаңа ұрпақ, оның таласқа айналғанын көріп, оның таласқа түсуінің пәрменімен-ақ оны қабылдауға бейім тұрады. Әрдайым тәуелсіздікті аңсайтын жастар үшін, қабылданған идеяларға толық оппозиция ол үшін өз бірегейлігін көрсетудің ең оңай пошымы болып табылады. Сонымен, идея дами береді де, көп ұзамай ол ешқандай қолдауға мұқтаж болмай шығады. Оның таралуы енді барлық жерде тек бір ғана еліктеу ықпалымен, жұқтыру жолымен, адамдар жалпы адам тәрізді маймылдарға берілген дәрежедегі қабілетпен жүре береді. Жұқтыру механизмі араласқан бойда идея өзін тез табысқа жеткізетін фазаға аяқ басады. Қоғамдық пікір оны ұзатпай қабылдайды. Ол сол кезде өзіне барлық ақыл-ойды бағындыратын өткір де еңсерілмес күшке ие болады,

сонымен бірге арнайы атмосфера, ойлау жүйесінің ортақ мәнерін жасайды. Барлық жерге жете алатын майда шаң сияқты, ол белгілі дәуірдің барлық ұғымдары мен ақыл-ой өнімдеріне өтіп алады. Идея мен одан шығарылған тұжырымдар енді тұқым қуалаушылық таптаурындылық қорының бізге тәрбиемен таңылатын бір бөлігін құрайды. Ол жеңіп шықты және ұзақ уақыт оны кез-келген қаскүнемдіктен алдын-ала сақтайтын сезім саласына енді. Өркениятты басқаратын әрқилы идеялардың ішінде біреулері, мысалы, өнерге немесе философияға қатыстылары жоғары қабаттарда қалады; басқалары, әсіресе, діни және саяси ұғымдарға қатыстылары кейде бұқара қойнауына көшеді. Соңғылары оған әдетте қатты бұрмаланып жетеді, бірақ олар онда кіріп алғаннан кейін, олар алғашқы қауымдық, ақылмен пайымдауға қабілетсіз адамдар арасында ғаламат билікке ие болады. Идея сонда жеңілмейтін бірдеңеге айналады, және оның салдары ешқандай бөген кедергі бола алмайтын тасқын екпінімен таралады. Нақ сол кезде тарихи өзгерістерді жасайтын және бір ғана бұқара жасай алатын ұлы оқиғалар бұрқ ете қалды. Дүниені билеген жаңа діндердің негізін қалаған ғалымдар да, суретшілер де, философтар да емес, бір жартышардан келесі жартышарға дейін созылып жатқан ғаламат империялар емес, Еуропаны төңкеріп тастаған ұлы діни және саяси революциялар емес, белгілі идеяларды тарату үшін өз өмірін қиятын сол идеяларға жеткілікті бой алдырған адамдар. Теорияда түкке тұрмайтын, бірақ практикада өте күшті осынау багажбен Арабия шөлінің көшпенділері грек-рим дүниесінің бір бөлігін жаулап алып, тарих бұрын-соңды білген ұлы империялардың бірінің негізін қалады. Дәл осындай инсанияттық багажбен, идеяға берілгендікпен, Конвенттің қаһарман солдаттары қарулы Еуропа коалициясын жеңіспен ойтарып отырды. Қаяусыз сенім сондай қаяусыз сеніммен ұшырасқанша жеңілмейді: соңғысы біріншіге қарсы жеңіске үмітпен ғана күресе алады. Сенімде сенімнен елеулі басқа жау жоқ. Ол, өзіне қарсы қойылатын физикалық күш әлсіз сезімдерге және әлсіреген нанымға қызмет еткенде, жеңіске сенімді. Бірақ егер ол тап өзіндей күшті сеніммен бетпе-бет кездессе, онда күрес аса шиеленісті

болады және онда табыс көбіне тәртіп рухы және ең жақсы ұйымдастырылу секілді инсанияттың қатарындағы кездейсоқ жағдайлармен шешіледі. Жаңа ғана айтылған арабтар тарихымен жақынырақ танысқанда, біздің байқайтынымыз, олар өзінің алғашқы жеңістерінде ал бұл жеңістер әрдайым ең қиын, және ең маңызды жеңістер, олар әскери ұйымдары жеткілікті жоғары болғанымен, моральдық жағынан өте әлсіз, қарсыластарға кездесті. Әу баста арабтар өз қаруын Сирияға қарсы бағыттады. Онда олар қандай іс болсын өзөзін құрбан етуге құлқы жоқ жалдамалы құралған византиялық әскерге тап болды. Өздерінің күшін он есе көбейткен жанды сеніммен шабыттанған арабтар мұраты жоқ осы отрядтарды, кезінде отанына махаббатпен жігерленген азғана гректер Ксреркстің қалың қолын бытыратып жібергені сияқты оп-оңай быжтыж етті. Егер олар бірнеше ғасыр бұрын рим когорталарымен кездескен болса, олардың басып кіруінің нәтижесі мүлде басқаша болар еді. Тарих көптеген мысалдар арқылы бірдей құдіретті моральдық күштер өзара қақтығысқанда, әрдайым ең жақсы ұйымдасқаны жеңетінін дәлелдейді. Вандеялықтарда, тегінде, өте жанды сенім болған секілді; олар сенімі өте күшті адамдар болатын; екінші жағынан Конвент солдаттары да өте табанды сенімдерге ие адамдар еді, бірақ олар әскери жағынан күштірек ұйымдастырылғандықтан да жеңіп шықты. Саясаттағы сияқты, дінде де табыс әрқашан имандылар жағында, бірақ ешқашан скептиктер жағында болмайды, және егер қазіргі кезде ілімдерінің анық шикілігіне қарамастан болашақ социалистерге тән сияқты болып көрінсе, онда бұл тек солардың өз мұраттарының құтқарушылығына қатты сенетіндігінен ғана. Қазіргі билеуші таптар өз қызметінің жемістілігіне сенімнен қалды. Олар ештеңеге сенбейді, тіпті өздерін барлық жағынан қоршап тұрған варварлардың қатерлі толқындарынан қорғану мүмкіндігіне де сенбейді. Адасулардың, жөндеулердің, насихаттың азды-көпті ұзақ кезеңінен кейін қандай да бір идея белгілі пошымға ие болып, бұқараның жанына сіңген кезде, ол догматқа, яғни енді талас тудырмайтын абсолютті шынықтардың біріне айналады. Сонда ол халықтар тіршілігіне тиянақ болатын ортақ нанымдарының бір бөлігін құрайды. Оның әмбебап сипаты оған басым рөлді атқаруға

мүмкіндік береді. Август ғасыры немесе Людовик XІV ғасыры сияқты ұлы тарихи дәуірлер – идеялар адасулар мен талқылаулар кезеңінен өтіп, орныққан, сөйтіп адамдар ойының жоғарғы әміршілері болған дәуірлер. Олар сонда жарқырап тұратын шамшыраққа айналады да, олар жарық түсіретін нәрсенің бәрі солардың нұрын қабылдайды. Жаңа идея дүние орныққан заматтан бастап, ол өркенияттың титімдей элементтеріне дейін өз таңбасын салады; бірақ бұл идея өзінің барлық салдарын тудыра алу үшін, оның халық жанына енуі әрқашан қажет. Идея жиі туындаған интеллектуалдық шыңнан ол бір қабаттан бір қабатқа түсіп, халық жанына ыңғайлы пошымға ие болғанша тоқтаусыз өзгере береді, оған салтанат дайындайтын да сол халық жаны. Ол сонда бірнеше сөзбен, ал кейде тіпті бір сөзбен білдіріле алады, бірақ бұл сөз бірде еліктіргіш, бірде қорқынышты, және, демек, әрдайым күшті әсер ететін жарқын бейнелер тудырады. Орта ғасырлардағы жұмақ пен тозақ, сондай – қысқа сөздер, барлығына жауап беретін және қарапайым жандарға барлығын түсіндіруге магиялық күші бар қысқа сөздер сондай. Социализм сөзі осы заманғы жұмысшы үшін жандарды билей алуға қабілетті магиялық синтетикалық формулалардың бірі болып табылады. Ол, енген ортасына қарай, әрқилы, бірақ әдетте, олардың әрдайым ұрықтық қана пошымдарына қарамастан, күшті ықпал ететін бейнелер тудырады. Француз теоретигінде «социализм» сөзі адамдар тең, әділ, мейірімді, және жұмыскер болғанның бәрі мемлекеттің қамқорлығымен мінсіз бақыттан ләззат алатын жұмақ жайлы елес тудырады. Неміс жұмысшысы үшін бұл бейне үкімет әркімге қышқыл капустасы бар шұжықтың орасан пирамидасын және шексіз көп саптаяқ сыраны тегін ұсынатын, темекі түтіні қолқаңды ататын трактир түрінде елестейді. Осындай қышқыл капуста мен теңдік жайлы армандайтындардың бірде-бірі бөлуге жататын заттардың шын мөлшерін, немесе бөлуге қатысатындар санын білуге тырыспағаны түсінікті. Бұл идеяның ерекшелігі, оның шартсыз пошымда ұсынылатыны, ал ондайға қарсылық атаулы дәрменсіз.

Идея біртіндеп сезімге өзгеріп, догматқа айналғанда оның салтанаты ұзақ кезеңге қамтамасыз етіледі және оны шайқалтудың кез-келген әрекеті текке тер төгу болар еді. Жаңа идея да, сайып келгенде, өзі алмастырған идеяның тағдырын құшатыны күмәнсіз. Бұл идея қартайып, құлдырау бастады; бірақ мүлдем жарамсыз болып қалғанға дейін, оның тұтас бір регресті өзгерістер мен оғаш бұрмалауларды бастан өткеруіне тура келеді, олар жүзеге асыру үшін көп ұрпақтар қажет болады. Түпкілікті жан тапсырудың алдында, ол соқыр сенімдер деп аталатын, бірақ біз бәрібір сыйлайтын ескіден мұра идеялардың бір бөлігін ұзақ уақыт құрайтын болады. Ескі идеяны, ол сөз, дыбыс және сағымнан басқа ештеңе болмай қалғанның өзінде, бізді өз ықпалына бағындыра алатын магиялық билікпен жасандырады. Егер біз зерттер болсақ, титімдей де сынның іліп кетуіне төтеп бере алмайтын, бірақ біз зор құрметпен қабылдайтын, күні өткен идеялардың, пікірлердің, шарттылықтардың сол көне мұрасы осылай қалт-құлт күн көреді. Бірақ өзінің төл пікірлерін ретке келтіре алатын адамдар көп пе, және ең үстірт зерттеуден кейін де төтеп бере алатын пікірлер көп пе? Мұндай қорқынышты зерттеуді қолға алмай-ақ қойған дұрыс. Бақытымызға қарай, біз оған оншалық бейім де емеспіз. Сыншыл рух жоғары, өте сирек қасиет, ал еліктеуші ақыл көп таралған қабілет: адамдардың орасан зор бөлігі өзіне қоғамдық пікір жеткізетін және тәрбие беретін барлық орныққан идеяларды сынсыз қабылдайды. Осылайша, тұқым қуалаушылық, тәрбие, орта, еліктеу және қоғамдық пікір арқылы әрбір ғасырдың және әрбір нәсілдің адамдары орташа ұғымдардың белгілі мөлшерін алады, олар соларды бір-біріне ұқсас қылады, және де олар ғасырлар салмағының астында жатқанда, олардың көркем, философиялық және әдеби туындылары бойынша біз олардың өмір сүрген дәуірін танитын дәрежеге дейін ұқсас қылады. Әрине, олар бір-бірінің дәл көшірмесін құрайды деуге болмайды; бірақ оларда болған ортақ нәрсе – сезу мен ойлау жүйесінің бірдей тәсілдері – оларды өте туыстық туындыларға қажетті түрде жетелеп отырды.

Істің басқаша емес, дәл осынай екеніне қуану керек; өйткені ортақ дәстүрдің, идеялардың, сезімдердің, нанымдардың, ойлау тәсілдерінің дәл осы желісі халық жанын құрайды. Біз аталған желі неғұрлым берік болған сайын, осы жанның соғұрлым орнықтырақ екенін көрдік. Іс жүзінде, сол ғана және тек жалғыз сол ғана ұлттарды сақтайды, сол жарылып кетсе, сол ұлттар да бірден бытырап кетер еді. Ол солардың нағыз күшін де, нағыз әміршісін де бір мезгілде құрайды. Кейде азиялық монархтарды өзінің қиялынан басқа ештеңені басшылыққа алмайтын деспоттар ретінде елестетеді. Керісінше, бұл қиялдар тым тар шектер аясында ғана. Әсіресе Шығыста дәстүр желісі өте берік. Бізде соншалық әлсіреген діни дәстүрлер, онда өз күшін сақтап қалды, және ең ойына келгенін істейтін деспот ол өзінен әлдеқайда күшті деп білетін екі билеушіні – дәстүр мен қоғамдық пікірді ешқашан қорламайды. Осы заманғы өркениятты адам өзінің өркениятын туындатқан ескі идеялар өзінің билігінен айрылғаныныңи, ал жаңа идеялар әлі пайда болмағанының салдарынан сын орынды саналатын, тарихтың қиын-қыстау дәуірлерінің бірінде өмір сүріп жатыр. Оның ойша ежелгі өркенияттар дәуіріне немесе тек екі яки үш ғасыр кейінге көшіп алуы керек, мұны ол сол кезде салт пен қоғамдық пікір езгісі не болғанын түсіну үшін, және осы екі күшке шабуыл жасау үшін жаңашылда қаншама инсанияттық ерлік болуы керектігін білу үшін істеуі керек. Надан ділмарлықтың пікірі бойынша, сондай бостандықтан ләззат алу тапқан гректер, шындығында қоғамдық пікір мен салт езгісіне бағынышты болған. Әрбір азамат сөзсіз бұзылмайтын нанымдар желісімен қоршалған болатын; ешкім барша қабылдаған наным-сенімдерді дауға салуды ойлаған да емес және оларға қарсылықсыз бағынды. Грек дүниесі діни бостандықты да, жеке өмір бостандығын да, жалпы ешқандай бостандықты да білген емес. Афина заңы тіпті азаматқа да халық жиналысынан алыста өмір сүруге немесе діни ұлттық мерекелерге қатыспауға рұқсат бермейтін. Антик дүниенің жалған бостандығы тек бейсана, демек азаматты қала идеясының езгісіне толық бағындырудың мінсіз пошымы болды. Сол кездегі дүние өмір сүрген жаппай соғыс ахуалында мүшелерінің ойлау және қарекет ету бостандығы бар қоғам

бір күн де өмір сүре алмас еді. Құдайлар, мекемелер және догматтар үшін сынға ұшыраған әрқашан құлдырау ғасырының басталған күні болатын. Осы заманғы өркенияттарда салт пен қоғамдық пікір үшін негіз қызметін атқарған ескі идеялар мүлдем дерлік жойылғандықтан, олардың адам жанына билігі өте әлсіреп кетті. Олар ескі идея соқыр сенім ахуалына көшетін қаусау фазисіне кірді. Оларды жаңа идеялар алмастырғанша, ақыл-ойда анархия патшалық құрады. Тек сол анархияның арқасында ғана сын төзімді бола алады. Жазушылар, ойшылдар және философтар қазіргі ғасырға алғысын айтып, оны пайдаланып қалуға асығуы керек, өйткені біз оны енді көрмейміз. Бұл, бәлкім, құлдырау ғасыры шығар, бірақ бұл әлем тарихында ойды еркін айту мүмкін болған сирек сәттердің бірі. Жақын уақытта өмірге келетін жаңа догматтар, іс жүзінде, ешқандай сынға жол бермеу және сондай-ақ тек өзінен бұрынғылар сияқты төзімсіз болу шартымен ғана орныға алады. Осы заманғы адам әлі болашақ әлеуметтік құрылыс үшін негіз қызметін атқаратын идеяларды іздеуде, және оған төнетін қауіп сонда жатыр. Халықтар тарихындағы мыңызды және олардың тағдырына терең ықпал ететін нәрсе революциялар емес, соғыстар емес – олар жасаған қаңырап қалу іздері ұзамай ұмытылады, – нақ негізгі идеялардағы өзгерістер. Өркенияттың барлық элементтері бір мезгілде өзгеріске ұшыраусыз олар жүзеге аса алмайды. Белгілі халықтың өмір сүруі үшін шын қауіпті, нағыз революциялар – оның ойына қатысты революциялар. Қандай да бір халық үшін жаңа идеяны қабылдау оншалық қауіпті емес, қауіптісі ескіні алмастыруға арналған жаңа әлеуметтік ғимаратты мықтап негіздей алатын идеяны табардан бұрынғы идеяларды үздіксіз сынап көру, бұл оның маңдайына жазылған. Айтпақшы, идеяның қауіптілігі оның қате екендігінде емес, оның қауіптілігі, жаңа идеялар оларды қабылдайтын қоғамдардың қажеттіліктеріне бейімделе алатындығын білу үшін ұзақ мерзімдік тәжірибелер керек болатындығында. Сорымызға қарай, олардың пайдалылық дәрежесі тобыр үшін тек тәжірибе арқылы ғана анық бола алады...

Тарих бізге белгілі дәуір үшін қол жетпес идеяларды сынап көру неге түскенін жиі көрсетеді, бірақ адам өз тәлімін тарихтан алмайды. Ұлы Карл Рим Империясын қайта құруға босқа тырысып бақты. Ол кезде әмбебаптық идеясы жүзеге аспайтын еді, сөйтіп оның ісі, кейін Кромвель мен Наполеон істері опат болуға тиісті болғанындай, оның өзімен бірге құрып кетті. Филипп ІІ өзінің кемеңгерлігі мен сол кезде үстемдік еткен Испания күшін протестантизм атауымен Еуропада таралған еркін зерттеу рухымен күреске жұмсап бітірді. Оның жаңа идеяға қарсы барлық күш-жігері тек Испанияны жұтау және құлдырау ахуалына жетелеп үлгерді, Испания бұл ахуалдан қайтып ешқашан көтеріле алмады. Бүгіндері өз нәсілінің дауасыз сентиментализмімен жігерленген тәж киген арманшылдың (ІІІ Наполеон – Ред.) химералық идеялары Италия мен Германияның бірлігін құрды және Францияның екі провинция түрінде құн төлеуіне және ұзақ уақытқа бейбітшіліктен айрылуына соқтырды. Әскер күшін оның саны құрайды деген мейлінше жалған идея Еуропаны қарулы ұлттық қорғаныспен тұмшалады және оны сөзсіз титықтауға жетелеуде. Еңбек, капитал, жеке меншікті мемлекеттік меншікке айналдыру туралы социалистік идеялар, тұрақты әскерлер мен банкроттықтан жойылып кете қоймайтын халықтарды тұралатып бітеді. Бір кездері мемлекеттік қайраткерлерге соншалық қымбат болған және олардың саясатының жалғыз негізін құраған ұлттық принцип зиянды ықпалын өркениятты дүние бастан өткеруге тура келген жетекші идеялардың санатында жаңадан келтірілуі мүмкін. Оны жүзеге асыру Еуропаны тажалды соғыстарға алып барады, оны қару астына қойды және біртіндеп барлық осы заманғы мемлекеттерді титықтау мен құлдырауға жетелейді. Осы принципті қорғау үшін келтіруге болатын бірден-бір парасатты сарын – ең үлкен және ең халқы көп елдер шабуылдан барынша қорғалған деген ой болатын. Олар сондай-ақ жаулап алуға да барынша қабілетті деген құпия ойда болды. Бірақ, қазіргі кезде, нақ ең кішкентай және халқы ең аз елдер – Португалия, Грекия, Швейцария, Бельгия, Швеция, ұсақ Балкан князьдіктері – шабуылдан бәрінен

кем қорқа алады. Бірігу идеясы бір кездергі бақытты болған Италияны жұтатқаны соншалық, қазіргі кезде ол революция мен банкроттық қарсаңында тұр. Италия бірігуі жүзеге асқанға дейін барлық итальян мемлекеттерінің шығысы жыл сайынғы бюджетінің 550 миллионға дейін болса, қазіргі кезде 2 миллиардқа жетті. Бірақ идеялар жанға еніп алған кезде оның жүрісін тоқтату адамдардың қолында емес; сол кезде олардың эволюциясы аяқталуы керек. Олардың қорғаушылары көбіне-көп олардың бірінші құбандары ретінде белгіленгендер болып шығады. Идеялар жөнінде біз тек қасапханаға бастайтын серкенің артынан ләм-мим демей еріп бара жатқан қойлармыз. Идея күшінің алдында бас иелік. Ол өз дамуының белгілі кезеңіне жеткенде, оны жеңе алатын пайымдаулар да, дәлелдер де жоқ. Халық қандай да бір идея езгісінен босай алуы үшін ғасырлар немесе зорлықшыл революциялар, ал кейде екеуі де керек. Адамзатқа өзі үшін ойлап тапқан және дәйекті түрде солардың құрбаны болған химераларды санау ғана қалады.

ІІ тарау

Өркеният дамуындағы діни наным-сенімдер

Діни наным-сенімдердің басым ықпалы. – Олар әрқашан халық өмірінің ең маңызды элементін құрады. – Тарихи оқиғалардың көп бөлігі, саяси және әлеуметтік мекемелер сияқты, діни идеялардан туындайды. – Жаңа діни идеялардан әрқашан жаңа өркеният туады. – Діни мұрат билігі. – Оның мінезге ықпалы. – Ол барлық қабілеттерін бір мақсатқа бағыттайды. – Халықтардың саяси, көркем және әдеби тарихы – олардың наным-сенімдерінің перзенті. – Қандай да бір халықтың наным-сенім ахуалындағы титтей де өзгерістің нәтижесі оның тіршілік етуіндегі толып жатқан өзгерістер. – Түрлі мысалдар.

Халықты басқаратын және тарих шамшырақтары өркеният полюстерін құрайтын әрқилы идеялардың арасында діни идеялар тым басым және тым негізгі рөл ойнайды, сондықтан оларға жеке тарау арнамауға болмайды. Діни наным-сенімдер әрқашан халық өмірінде, демек, олардың тарихында ең маңызды элементті құрайды. Ең ғаламат ықпал жасайтын ең маңызды тарихи оқиғалар құдайлардың дүниеге келуі мен қайтуы болатын. Жаңа діни идеямен бірге жаңа өркеният та туады. Ежелгі замандарда да, жаңа замандарда да, барлық ғасырларда адамзат үшін негізгі мәселе әрқашан діни мәселелер болады. Егер де адамзат өзінің барлық құдайларының өлуіне мүмкіндік бере алған болса, онда бұндай оқиға жайлы: бұл оқиға алғашқы өркенияттардың пайда болуы заманынан бергі біздің планетамыздың бетінде болған оқиғалардың ішіндегі өзінің салдары жағынан ең маңыздысы деуге болар еді. Іс жүзінде, тарихи замандардың ең алғашқы таң шапағынан бастап барлық саяси және әлеуметтік мекемелер діни наным-сенімдерге негізделгендігін және әлемдік сахнада құдайлар әрқашан бірінші рөл атқарғанын ұмытпау керек. Өзіндік бір дін, бірақ жеке және уақыттық дін болып табылатын махабаттан өзге, тек діни наным-сенімдер ғана мінезге тез ықпал ете алады. Арабтардың жаулап алуы, крест жорықтары, инквизиция заманындағы Испания, пуритандық дәуірдегі Англия, Варфоломей түнімен және діни соғыстарымен Франция өздерінің наным-сенімдері фанатқа айналдырған халықтың не болатынын көрсетеді. Наным-сенімдер өзіндік бір күшті тұрақты арбаушылық жасайтыны соншалық, бүкіл жан салты сонымен терең өзгертіледі. Күмән жоқ, адам құдайларды жасады, бірақ оларды жасағаннан кейін, тез арада өзі солардың езіп-жаншуына түсті. Олар – қорқыныш перзенттері емес, қайта үміт перзенттері, сондықтан да олардың ықпалы мәңгі болады. Құдайлардың адамға берген және жалғыз солар ғана әлі күнге дейін бере алатын нәрсе – жаныңды жай таптыратын ахуал. Ешқандай философия ешқашан осыны жүзеге асыратындай ахуалда бола алған емес. Барлық өркенияттың, барлық философияның, барлық діндердің, – мақсаты болмаса да – салдары белгілі жан ахуалдарын тудыруда. Бірақ бұл жан

ахуалдарының біреулерінде бақыт бар, екінші біреулерінде жоқ. Бақыт сыртқы жағдайларға болмашы ғана байланысты, есесіне біздің жанымыздың ахуалына көп байланысты. Азапталғандар өздерінің астынан жағылған алауларда, тегінде, өздерінің жендеттерінен әлдеқайда бақыттырақ сезінген болар. Жуа жағылған бір жапырақ нанын қамсыз жейтін темір жол қарауылы шаруасы бастан асып жатқан миллионерден шексіз бақыттырақ болуы мүмкін. Өркенияттың дамуы, сорымызға қарай, осы заманғы адам бойында көптеген қажеттіліктер туғызады да, оларды қанағаттандыру құралдарын бермеді, сөйтіп, осылайша, жан түкпірінде баршаға ортақ наразылық туғызады. Өркеният, дау жоқ, – прогрестің анасы, бірақ ол, сондай-ақ, енді ешқандай дін қолдауды қойған бұқарының ашу-ызасының қаһарлы көріністері – социализм мен анархияның да анасы. Мазасыз, асығыс, өз тағдырына риза емес еуропалықты өз тағдырына әрқашан шүкіршілік ететін Шығыс тұрғынымен салыстырыңызшы. Олар өзінің жан ахуалынан басқа несімен ерекшеленеді? Халықтың түсіну тәсілі, демек, ойлау және қарекет жасау тәсілі өзгергенде, халық та өзгереді. Адамды бақытты қылатын жан ахуалын жасау құралдарын табу – қоғам өзінің тіршілік етуіне қатер төнген күнде де, ең алдымен соны іздеуге тиіс. Осы уақытқа дейін негізделген қоғамдардың барлығы жанды бағындыруға қабілетті мұраттан қолдау тауып отырды, және мұрат оларға ықпал етуді тоқтатқанда, олар әрқашан жойылып кетіп отырды. Үстіміздегі ғасырдың ірі қателіктерінің бірі – адам жаны бақытты сыртқы заттардан ғана таба алады дегенге сену. Бақыт біздің өз бойымызда оны өзіміз жасаймыз, бірақ ешқашан біздің өзімізден тыс жасалмайды. Ескі ғасырлар мұраттарын жойып, біз енді оларсыз өмір сүру мүмкін еместігін және болмай қоймайтын тажал қорқынышымен оларды жаңа мұратпен алмастыру жұмбағын шешу керек екенін байқаймыз. Адамзаттың алғыскер халықтар ғаламат алтын статуялар тұрғызуға лайық шын жарылқаушылары – бұл адамзат кей-кейде тудыратын, бірақ сирек тудыратын ғаламат көріпкелдер, мұратты жасаушылар. Адам танып-біле алатын бірден-бір нақты болмыс – мағынасыз құбылыстар тасқынының арасынан, дүниенің сұп-суық, жансыз механизмінің арасынан олар

адамға оның тағдырының қараңғы жақтарын көрсетпейтін, оған арман мен үміттің еліктіргіш баспанасын жасайтын қуатты да біріктіруші химераларды дүниеге әкелді. Өзіңді тек қана саяси көзқарас тұрғысына қойып та, діни наным-сенімдер ықпалы онда да орасан екендігін байқауға болады. Олардың еңсерілмес күшін құрайтын нәрсе – олар қандай да болсын халыққа мүдделердің, сезімдер мен ойлардың толық ортақтығын заматта бере алатын бірден-бір факторды құрайды. Діни рух, осылайша, ұлттық жанды құру үшін қажетті мирастық біртіндеп қордалануды бірден алмастырады. Қандай да бір наным-сенімге бүтіндей беріліп кеткен халық, әрине, жан салтын өзгертпейді, бірақ оның барлық қабілеттері бір мақсатқа: оның дінінің салтанат құруына бағышталған, және жалғыз соның пәрменімен оның құдіреті сұмдық күшейеді. Тек діни дәуірлерде ғана кенеттен өзгерген халықтар ғаламат күш-жігер жұмсап, тарихты таң қалдыратын империялардың негізін қалайды. Осылайша Мұхамед жайлы оймен біріккен бірнеше араб тайпалары бірнеше жылдың ішінде олардың атауын да білмеген ұлттарды басып алып, өзінің ғаламт империясын құрды. Сенімнің сапасын емес, ол жанға ие болатын билік дәрежесін ескеру керек. Шақырылатын құдай Молох немесе басқа, одан да варварлық құдай болсын, бұл маңызды емес. Тым келісімпаз, тым момын құдайлар өз табынушыларына ешқандай билік бермейді. Қатал Мұхамедтің сахабалары дүниенің көп бөлігіне ұзақ уақыт үстемік құрды және әлі де үрейлі; бейбіт Будданың табынушылары ұзақ ғұмыры бар ештеңенің негізін ешқашан қалаған жоқ және тарихта ұмытылып та кетті. Сонымен, діни рух халықтар тіршілігінде басты саяси рөл атқарады. Әрине, құдайлар мәңгі емес, бірақ діни рух мәңгі. Аз-маз қалғып кеткен ол жаңа дін құрылған бойда бірден оянады. Ол бір ғасыр бұрын Францияның қарулы Еуропаға жеңімпаз қарсы тұра алуына мүмкіндік берді. Дүние діни рухтың не істей алатынын тағы бір көрді; өйткені сол кезде, шынында да, өз тынысымен бүкіл халықты рухтандырған жаңа дін құрылған болатын. Жаңа

ғана туып үлгерген құдайлар ұзақ өмір сүре алуға тым нәзік еді; бірақ олар өз тіршілігі барысында шексіз билікті пайдаланды. Діндегі жандарды өзгерту билігі, айтпақшы, тым нәренжік. Нанымсенімдер мінезді мүлдем өзгертіп жіберуге қабілетті қуаттылық дәрежесінде ұзақ уақыт бойына сирек сақталады. Түс көру, сайып келгенде, ғайып бола бастайды, гипноздалған біртіндеп ояна береді, және мінездің ескі фоны қайтадан оралады. Наным-сенімдер барынша құдіретті болған кездің өзінде, ұлттық мінез наным-сенімдердің қалай қабылдануынан, және олар тудыратын көріністерден танылады. Англиядағы, Испаниядағы және Франциядағы сол бір дінге қараңыз: қандай айырмашылықтар! Реформация әйтеуір бір кездері Испанияда мүмкін болып па еді, Англия әйтеуір бір кездері инквизицияның сұмдық езгісіне бағынуға келісер ме еді? Реформацияны қабылдаған халықтардан нәсілдердің негізгі белгілерін, наным-сенімдердің гипноздауына қарамастан, өз жан салтының өзіндік белгілерін: тәуелсіздігін, күш-жігерін, пайымдау және әміршінің заңына құлша бағынбау дағдысын сақтап қалғанын байқау қиын ба? Халықтардың саяси, көркем, және әдеби тарихы – олардың нанымсенімдерінің перзенті; бірақ сол наным-сенімдер олардың мінезін мүлдем өзгерте отырып, өз кезегінде сол мінезбен терең өзгертіледі. Қандай да бір халықтың мінезі және оның наным-сенімдері – оның тағдырын шешу кілті солар. Біріншісі, өзінің негізгі элементтерінде, өзгермейді, және нақ сол өзгермейтіндіктен, қандай да бір халықтың тарихы әрқашан белгілі бір тұтастықты сақтайды. Наным-сенімдер өзгере алады, және нақ солар өзгеретіндіктен, тарих соншама төңкерістерді жазып қалдырады. Қандай да бір халықтың наным-сенімдерінджегі ахуалдың титімдей өзгерісінің қажетті салдары – оның тіршілік ету шартындағы толып жатқан өзгерістер. Біз алдыңғы тарауда Францияда XVІІІ ғасыр адамдары XVІІ ғасыр адамдарынан мүлде ерекше көрінген еді дедік. Бұған дау жоқ; бірақ осынау айырмашылықтың шығу тегі қандай? Қарапайым: ол мына фактыда – осы екі ғасыр аралығында ой теологиядан ғылымға өтті, парасатты дәстүрге, мен алынған ақиқаттарды аян

етілген ақиқатқа қарсы қойды. Түсінудегі осынау қарапайым өзгеріс пәрменімен ғасыр физиономиясы өзгерді, және егер де біз осыдан туындаған барлық салдарларды ізерлеп шыққымыз келсе, онда Ұлы Француз Революциясы да, оның артынан болған әрі әлі де жалғасып жатқан оқиғалар да, діни доктриналар эволюциясының қарапайым салдары болып табылатындығын көрер едік. Және егер қазіргі кезде ескі қоғамның ұстындары шайқалып тұрса және ол өзінің барлық мекемелерінің қатты қисайғанын көріп отырса, онда бұл адамдар осы кезге дейін өмір сүріп келген өзінің ескі наным-сенімдерінен барған сайын айрыла түскендігінде. Адамзат оларды мүлде жоғалтқан кезде, жаңа сенімге негізделген жаңа өркеният қажетті түрде оның орнын алады. Тарихтың бізге халықтар өз құдайларының жоғалуына ұзақ қайғырмайтынын көрсетеді. Солармен бірге туған өркениятер да солармен бірге өледі. Өлген құдайлар күлінен бүлдіргіш ештеңе жоқ.

ІІІ тарау

Өркеният дамуындағы ұлы адамдардың рөлі

Әрбір өркенияттың ірі табыстарын әрқашан асқар ақылдардың кішкене тобы жүзеге асырды. – Олардың рөлінің мәнісі. – Олар белгілі нәсілдің бүкіл күш-жігерінің басын қосады. – Ұлы жаңалықтар беретін мысалдар. – Ұлы адамдардың саяси рөлі. – Олар өз нәсілінің үстем мұратын бейнелейді. – Елестерден азап шегетін ұлы адамдардың ықпалы. – Данышпан өнертапқыштар өркениятты өзгертеді. – Фанатиктер мен елестерден азап шегетіндер тарихты жасайды.

Нәсілдердің иерархиясы мен жіктелуін зерттей келе, біз еуропалық халықтардың шығыс халықтарынан іс жүзіндегі айырмашылығы, еуропалық халықтарда ғана іріктелген жоғары адамдардың шағын тобы бар екенін көрдік. Бірнеше жолмен олардың ықпалының шегін нобайлап көрелік.

[...] Адамзаттың ортақ игілігін құрайтын, соқадан телеграфқа дейінгі барлық маңызды жаңалықтар үшін біз қарыздар ұлы адамдарда дін құру үшін немесе империяны басып алу үшін, яғни тарихтың сыртқы түрін едәуір өзгерту үшін қажетті мінез қасиеттері ешқашан болмаған. Ойшыл, әйтеуір бір кезде өте терең кәміл сенімге ие болуға, мәселенің күрделілігін тым айқын көреді, және, бір ғана саяси мақсатты көздей алуға, саяси мақсаттардың ілуде бірі ғана, оның күш-жігеріне лайық болып көрінеді. Өнертапқыштар өркенияттың сыртқы түрін өзгерте алады; ақыл-ойы шектеулі, бірақ мінезінде күш-жігер мол, нәпсісі ғаламат фанатиктер ғана діндердің, империялардың негізін қалай алады, халықтарды көтере алады. Петр Пустынник деген әлдекімнің үндеуі бойынша миллиондаған адамдар Шығысқа лап қойды; Мұхамед секілді елестерден азап шегетін адамның даңқы ескі грек-рим дүниесіне салтанат құруға қажетті күшті жасады; белгісіз бір монах Лютер Еуропаны отқа орап, қанға бөктірді. Қандай да бір Галилейдің немесе Ньютонның әлсіз үні тек бұқараға ғана жетпейді. Данышпан өнертапқыштар өркеният барысын жеделдетеді. Фанатиктер мен елестерден азап шегушілер тарихты жасайды. Іс жүзінде, тарих, бері салғанда біз кітаптар арқылы танысатын тарих неден тұрады; ол адамның мұрат жасау үшін, оған табыну үшін, содан кейін оны жою үшін қандай күрестерді бастан өткеруге тура келгендігі жайындағы ұзақ баяндаудан тұрмай ма? Бірақ таза ғылым алдында мұндай мұраттардың шөлдің суырмалы құмдарында сәуле жасайтын сағымдардан артық құны бар ма? Алайда, мұндай сағымды жасайтын елестерден азап шегетін кейбіреулер дүниені бәрінен терең өзгертті. Өз молаларының қойнауынан олар халық жанын әлі де өз ойларының езгісіне салуда. Олардың рөлінің маңыздылығын естен шығармаймыз, бірақ, сонымен бірге, олар өз мойнына алған еңбекті өз нәсілі мен өз уақытының үстем мұратын бейсана түрде бейнелеп, білдіре алғандықтан ғана жасай алғанын ұмытпайық. Халықтың арманын жүзеге асырмай, оның көсемі бола алмайсың. Моисей (Мұса) еврейлер үшін

египеттіктер қамшысымен тілгіленген құлдар жанында жылдар бойы жасырынып жатқан азаттық аңсарын бейнеледі. Будда өз заманының шексіз қасіреттерін түсіне және жаппай азап дәуірінде әлемде көріне бастаған махаббат пен аяушылық қажеттілігін дінде көрсете алды. Мұхамед дінді біріктіру арқылы мыңдаған дұшпан тайпаларға бөлінген халықтың саяси бірігуін жүзеге асырды. Артиллерист Наполеон ең парықсыз оқыс оқиғаларды көздеп, өзі он бес жыл бойын бүкіл Еуропа арқылы әрлі-берлі бастап жүрген халықтың сол кездегі негізгі белгілерін құраған әскери даңқ, атақ және революциялық насихат мұратын өз бойына жинақтай алды. Сайып келгенде, дүниені идеялар, демек, соларды өзі арқылы бейнелеп, тарататын адамдар билейді. Олардың салтанат құруы қорғаушыларының ішінде елестерден азап шегетін және кәміл сенімді адамдар пайда болған сәттен бастап қамтамасыз етіледі. Олардың қарекеттерінің пәрмені үшін олардың ақиқат немесе жалған болғанының маңызы шамалы. Тарих бізге тіпті ең парықсыз идеялар адамдарды әрқашан күштірек фанатик ететінін және ең маңызды рөл атқарғанын да көрсетеді. Ең алдамшы химералар үшін дүние осы кезге дейін аса күшті дүрбелеңдерге: мәңгілік секілді көрінетін өркенияттар қақырап түсіп, басқаларының құрылғанына тап болып отырды. Жер рухы жұтаңдарға тиесілі, бірақ оларда тауларды да қозғай алатын соқыр сенім болуға тиіс. Кейде терең кәміл сенімге ие адамдар бір күнде жасайтын нәрсені жоюға көбіне тұтас бір ғасырларды бағыштайтын философтар оларға тағзым етуге тиіс. Сенімі кәміл адамдар дүниені билеп-төстейтін жасырын күштерге қатысатын секілді болып көрінеді. Олар тарих жазып кеткен ең маңызды оқиғаларды туындатты. Дай жоқ, фанатиктер тек иллюзияларды таратты, бірақ осы әрі қорқынышты, әрі еліктіргіш, әрі бос иллюзиялармен адамзат осы уақытқа дейін өмір сүріп келді, және, дау жоқ, әлі де өмір сүре береді. Олар тек көлеңкелер, бірақ оларды сыйлау керек. Солардың арқасында біздің әкелеріміз үміт дегеннің не екенін білді, және сол көлеңкелердің артынан қаһармандық та ессіз ілесуі арқылы бізді алғашқы қауымдық варварлықтан алып шықты да, біз қазіргі кезде тұрған нүктеге алып келді. Өркенияттардың дамуының барлық

факторларының арасында иллюзиялар ең құдіреттісін құрайды. Иллюзия жарық дүниеге пирамидаларды алып келді және бес мың жыл бойы Египетті тас колостармен көмкерді. Иллюзия орта ғасырларда біздің ғаламат соборларды тұрғызды және Батысты жалған нәрсені жаулап алу үшін Шығысқа лап қоюға мәжбүр етті. Иллюзияны көздеп өз заңдарына адамзаттың жартысын бағындыра алған діндер негізделді, дәл солар ең ғаламат империяларды құрды да, жойды да. Адамзат өз күш-жігерінің көп бөлігін ақиқатты іздеуге емес, жалғанды іздеуге жұмсады. Ол өзі көздеген химералық мақсаттарына жете қоятын халде емес еді, бірақ соларды іздеуде ол өзі мүлдем іздемеген бүкіл прогресті жасады.

Төртінші бөлім

НӘСІЛДЕР МІНЕЗІНІҢ ІРІП-ШІРУІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰЛАУЫ

І тарау

Өркенияттар қалай сұрқайланып сөнеді

Психологиялық түрлердің іріп-шіруі. – Өзінің құралуы үшін ғасырларды талап еткен тұқым қуалаушы бейімділіктер қалай жылдам жоғала алады. – Белгілі халық үшін өркенияттың жоғары деңгейіне көтерілу үшін әрдайым өте ұзақ уақыт керек және кейде одан құлап түсу үшін өте қысқа уақыт керек. – Қандай да бір халықтың құлдырауының басты факторы – оның мінезінің төмендеуі. – Өркенияттың іріп-шіруінің механизмі барлық халықтар үшін осы кезге дейін бірдей болды. – Кейбір латын халықтары көрсететін құлдырау нышандары. – Эгоизмнің дамуы. – Бастама мен ырықтың әлсіреуі. – Мінез бен инсанияттың төмендеуі. – Осы заманғы жастар. Дәл анатомиялық түрлер сияқты, психологиялық түрлер де мәңгі емес. Олардың нышандарының тұрақтылығын қолдап тұратын орта шарттары

әрқашан бола бермейді. Егер де осынау орта кездейсоқ өзгерсе, онда оның ықпалы қолдап тұратын жан салтының элементтері де, сайып келгенде олардың жойылуына жетелейтін регресті өзгерістерге ұшырайды. Барлық тіршілік иелерінде байқалатын физиологиялық заңдар бойынша, органның жойылуы үшін оның пайда болуына қажет уақыттан шексіз аз уақыт керек. Қарекетсіз қалған кез-келген орган қызмет ету қабілетін тез жоғалтады. Үңгір ішіндегі көлде тіршілік ететін балықтардың көзі ақыр соңында семеді, және осынау сему тұқым қуалауға айналады. Баяу бейімделу және тұқым қуалайтын бейімділіктер жолымен пайда болуы үшін, бәлкім, мыңдаған ғасыр қажет болған орган қысқа жеке өмір сүру шегінің өзінде, қарекетке қосылмаса өте тез семеді. Тіршілік иелерінің жан салты осынау физиологиялық заңдардан қашып құтыла алмайды. Жаттықпайтын ми жасушасы, өз кезегінде қызмет етуді қояды, және пайда болу үшін ғасырлар қажет болған психикалық сапалар тез жоғалып кете алады. Өте баяу игерілетін жаужүректік, бастамашылдық, күшжігер, іскерлік рухы және түрлі мінез сапалары оларға жаттығу ілік бермегендіктен өте едәуір тез ғайып болып кетеді. Қандай да бір халыққа мәдениеттің жоғары сатысына көтерілу үшін әрдайым өте ұзақ уақыт керек болатыны, және азғындау тұңғиығына құлап түсу үшін кейде өте қысқа уақыт жететіні осымен түсіндіріледі. Парсылар болсын, римдіктер немесе қандай да бір басқа халық болсын, бізге тарих айтып беретін әрқилы ұлыстардың ажалға біртіндеп жетелейтін себептерді зерттеген кезде, олардың құлауының негізгі факторы әрқашан жан салтында мінездің ұсақтауынан туындаған өзгеріс екендігін көресің. Мен өзінің ақыл-ой қабілетінің ұсақтауының салдарынан жоғалып кеткен бірде-бір халықты білмеймін. Өтіп кеткен өркенияттердың барлығы үшін іріп-шіру механизмінің бірдейлігі және соншалық дәрежеге дейін бірдейлігі сондай, бір ақын істегеніндей өзіңнен-өзің соншама кітаптардан тұратын тарих шын мәнінде бір ғана беттен тұрмай ма? деп сұрау ғана қалады. Қандай да бір халық өркенияттың тиісті сатысына, ол өз қауіпсіздігіне сенімді болып, оған байлық

беретін бейбітшілік пен дәулеттіліктің рахатынан ләззатқа бөленетін сатысына жеткеннен кейін, оның әскери ерліктері біртіндеп жоғала бастайды, өркеният артықшылықтары оның бойында жаңа қажеттіліктерді дамытады, эгоизм ұл,аяды. Тез қол жеткен игіліктерден жанталаса ләззат алуды ғана білетін азаматтар қоғамдық жұмыстарды жүргізуді мемлекетке береді де, бір кездері олардың ұлылығын жасаған барлық сапалардан айрылады. Сол кезде қажеттіліктері өте аз және мұраты шаш етектен көршілес варварлар мен жартылай варварлар тым өркенияттанған халыққа шабуыл жасап, оны құртып жібереді де, күйретілген өркеният қирандыларында жаңа өркеиет құрады. Осылайша, римдіктер мен парсылардың сұмдық әскери ұйымына қарамастан, варварлар римдіктер империясын және арабтар парсылар империясын жойып жіберді. Айтпақшы, шапқыншылыққа ұшыраған халықтарға жетпегені ақылойдың дамуы емес. Бұл тұрғыдан, жеңімпаздар мен жеңілгендер арасында ешқандай салыстыру мүмкін емес еді. Нақ Рим өз бойында таяудағы құлдырау ұрығын өсіріп жатқан кезде, яғни алғашқы императорлар кезінде, онда суретшілер, әдебиетшілер және ғалымдар бәрінен көп болды. Оның ұлылығын жасаған барлық дерлік туындылар оның тарихының осы дәуіріне жатады. Бірақ ол ешқандай ақыл-ой дамуы алмастыра алмайтын негізгі элемент: мінезді жоғалтты. «Құлық бұзылды, отбасы іріп-шіри берді, мінез нәзік болып кетті. Абсолютті өкіметтің қол астында азғыедап бікен адам үсаұтай түсті. Сұмдық қыспақтар жайлады, бірақ ешқашан титімдей де қарсылық болған жоқ». Ежелгі ғасырлардағы римдіктерде қажеттіліктер өте әлсіз мұрат өте күшті болатын. Бұл мұрат – Рим ұлылығы – барлық жандарға абсолютті билік жүргізді, әрбір азамат ол үшін өз отбасын, өз дәулетін, өз өмірін құрбан етуге дайын болатын. Рим әлем орталығына, дүниедегі ең бай қалаға айналғанда, оған барлық елдерден келген шетелдіктер толып кетті, және, оларға, сайып келгенде азаматтық құқықтары берілді. Тек сән-салтанаттан ләззат алудан басқа ештеңені талап етпейтін олар, өздерінің даңқы жайын қаперге ала бермейтін. Ұлы қала ғаламат мейманханаға айналды, бірақ бұл енді Рим емес-тін.

Варварлар оның қақпасына таяғанда ол әлі тіршілік ететін секілді көрінетін, бірақ оның жаны баяғыда-ақ өліп қалған болатын. Біздің жіптіктей өркенияттарымызға соған ұқсас құлдырау себептері төніп тұр, бірақ оларға осы заманғы ғылыми жаңалықтар ақыл-ойда туындатқан борышты эволюцияларға қарыздар басқа да себептер қосылады. Ғылым біздің идеяларымызды жаңартты және біздің діни және әлеуметтік ұғымдарымыздан бедел атаулыны тартып алды. Ғылым адамға әлемде ол түкке тұрмайтын орын алатынын және табиғаттың оған толық селқостығын көрсетті. Ол өзі бостандық деп санаған нәрсе өзі бағынатын себептерді тек білмеу ғана екенін, және өзін басқаратын қажеттер жүйесінде барлық тіршілік иелерінің жаратылыстақ ахуалы езгіде болу ғана екенін көрді. Ол табиғат біздің аяушылық деп атайтын нәрсені білмейтінін және бүкіл жеңіп алынған прогреске әлсіздерді әлділер пайдасына үздіксіз езіп-жаншуға жетелейтін аяусыз іріктеу жолымен ғана қол жеткенін байқады. Біздің ата-бабаларымызды арбап алған ежелгі наным-сенімдердің айтқанына соншалық кереғар барлық осынау мұздай да суық ұғымдар осы заманғы ұрпақтың жанында мазасыз күмән туындатты. Қам бастарда олар осы заманғы адам үшін мейлінше тән секілді көрінетін анархиялық идеялар ахуалын туғызды. Суреткерлер мен сауатты адамдардың жас ұрпағында осынау ішкі қайшылықтар ырық атаулыға тажалды өзіндік бір түнеріңкі селқостыққа, қандай да бір істен шабыт алу қабілетсіздігіне, тікелей және жеке мүдделерге риясыз табынуға жетеледі. Де Вогюэнің «Осы заманғы ойға салыстырмалылық сезімі үстемдік етеді» деген өте дұрыс ойын тәпсірлеген халық ағарту министрі жақындағы бір сөзінде анық қанағатпен былай деді: «адами білімнің барлық салаларында салыстырмалы идеяларды абстракт ұғымдармен алмастыру ғылымның ұлы жеңісін құрайды». Жаңа жарияланған жеңіс, іс жүзінде, өте көне. Бұдан талай ғасырлар бұрын оны үнді филсофиясы жасады. Оның қазір де таралуға ұмтылуына біз аса қуана алмаймыз. Осы заманғы өркеният үшін нағыз қауіп адамдардың өркеният таяныш ететін принциптердің абсолютті құндылығына

сенім атаулыны жоғалтқандығында болып тұр. Мен дүниенің басталуынан бері тек салыстырмалы құндылық ретінде қарастырылатын принциптерге сүйене отырып, сақтала алған бірді-бір өркениятты, бірде-бір мекемені, бірде-бір наным-сенімді атап беруге болар-болмасын білмеймін. Және егер болашақ, тегінде, социалистік доктриналарға тиесілі болса, онда тек солардың апостолдары ғана өздері абсолютті деп жариялайтын ақиқаттар үшін айтатындығынан болар. Бұқара әрқашан өзіне абсолютті ақиқатты айтатындарға ғана жүгінеді де, басқалардан мүлдем негізді түрде теріс айналады. Мемлекеттік қайраткер болу үшін тобыр жанына ене білу, оның армандарын түсіне білу және ол үшін философиялық абстракциялар қалдыра білу керек. Заттар өз-өзінен өзгермейді. Олар жайында құралатын идеялар ғана мықтап өзгере алады. Сол идеяларға ықпал ете білу керек. Әрине, біз шын дүниеден құндылығы тек салыстырмалы түрде ғана анық құбылыстарды, сананың қарапайым ахуалын ғана біле аламыз. Бірақ біз өзімізді қоғамдық көзқарасқа қойғанда былай дей аламыз: аталмыш ғасыр үшін және аталмыш қоғам үшін абсолютті құндылығы бар тіршілік шарттары, моральдық заңдар, мекемелер бар, өйткені бұл қоғам оларсыз өмір сүре алмас еді. Олардың құндылығы таласқа түскен және ақыл-ойда күмән тарала бастаған кезден бастап, қоғам ұзамай келетін ажалға бұйырылған. Батыл жариялауға болатын ақиқаттар міне осылар, өйткені олар қандай да бір ғылым дауласа алатын ақиқаттар санатынан емес. Қарама-қарсы доктрина ең тажалды зардаптарды ғана тудыра алады. Осы заманғы мемлекет қайраткерлері мекеменің маңызына тым көп сенеді де, идеялар маңызына тым аз сенеді. Алайда, ғылым оларға мекемелер әрқашан идеялардың перзенті екенін және оларға сүйенбей тіршілік ете алмайтынын көрсетеді. Идеялар – заттардың көзге көрінбейтін серіппелері. Олар ғайып болғанда, мекемелер мен өркенияттардың жасырын тіректері де қирайды. Халық үшін әрқашан үрейлі сағат – оның ежелгі идеялары өлі құдайлар тыныштық тапқан қараңғы қылуеттерге түскен сағат.

Енді себептерді былай қоя тұрып, нәтижелерді зерттеу үшін біз мынаны мойындауға тиіспіз: ұлы еуропалық ұлттардың көпшілігіне, әсіресе латын ұлттары дейтіндерге және оларға қан жағынан болмаса да, бері салғанда, дәстүрлері мен тәрбиесі жағынан жататындарға анық азғындаудың елеулі қатері төніп тұр. Олар күн өткен сайын өзінің бастамашылдығынан, өзінің күшқуатынан, өзінің ырқынан және қарекет ету қабілетінен айрыла түсуде. Ұдайы өсіп бара жатқан материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру олардың жалғыз мұраты болуға тырысуда. Отбасы, іріп-шіріп барады, әлеуметтік серіппелер әлсірей түсуде. Наразылық пен алаңдаушылық барлық таптарда, ең бай таптарда да, ең кедей таптарда да бел алып барады. Өз компасынан айрылып, жел пәрменімен лағып бара жатқан кеме секілді, осы заманғы адам бір кездері құдайлар мекендеген және парасатты білім қаңыратып тастаған кеңістіктерде оқиға пәрменімен сарсылып жүр. Тым әсерленгіш және төтенше құбылмалы бірдеңеге айналып, ешқандай кедергілер бөгей алмайтын бұқара, тегінде, ең долы анархия мен ең дөрекі деспотизм арасында үздіксіз ауытқып отыруға бұйырылған секілді. Ол бір сөзге еліріп, оп-оңай көтеріледі, және оның бір күндік құдайлары ұзамай соның құрбандығына айналады. Бұқара бостандыққа жетуге асыға-үсіге күш салатын секілді көрінеді; ал шындығында ол оны әрқашан итеріп тастайды да, мемлекеттен өздері үшін шынжыр әзірлеуін үздіксіз талап етеді. Ол ең қаратүнек сектанттар мен ең нақұрыс деспоттарға парықсыз мойынсұнады. Бұқараны басқарғысы келетін, және көбінесе соның артынан еретін ділмарлар нағыз тәуелсіздік рухындағы әміршілерді ұдайы ауыстырып отыруға мәжбүр етіп, сол арқылы қандай әміршіге болсын мойынсұну дағдысынан жаңылтып, төзімділік пен беймазалықты қоздыруда. Нақты режимі қандай болсын, мемлекет барлық партиялар жүгінетін құдай болып табылады. Одан күн сайын өмірдің титімдей актыларын ең тирандық пошымдарға душар ететін бұрынғыдан да ауыр реттеу мен қамқорлықты талап етуде. Жастар түсінуді, бастамашылдықты, күш-қуатты, жеке күш-жігерді, және ырықты талап ететін жұмыстардан барған сайын көбірек бас тартуда; титтей де жауапкершіліктен

олардың зәресін ұшырады. Мемлекеттен жалақы алынатын, шектеулі қызмет өрісі оларды әбден қанағаттандырады. Күш-қайрат пен қызмет мемлекеттік қайраткерлерде сұмдық құнарсыз жеке кикілжіңдермен, бұқарада – бір күндік тәнті болумен және тіршілік шаруасымен, сауаттыларда – әлде бір жылаңқы, дәрменсіз әрі бұлыңғыр сентиментализммен және өмірдің қиындығы жайлы сүреңсіз әңгімелермен алмастырылған. Шексіз эгоизм барлық жерде өршіп барады. Әркім сайып келгенде өзімен ғана айналыса бастады. Ұждан момақан бола түсуде, ортақ исаният төмендеп, біртіндеп сөніп барады. Адам өзін тізгіндеп ұстау атаулыны ұмыта бастады. Ол өз-өзін ұстай алмайды; ал өз-өзін ұстай алмайтындар көп ұзамай, басқалардың билігіне түсуге бұйырылған. Инсанияттың осынау төмендеуі ол бір кездері адалдық әскери адамдардағы жаужүректік секілді әдеттегі нәрсе болған сот және нотариат салаларында байқалғанда өте елеулі құбылысқа айналады. Нотариатқа келсек, оның инсанияттылығы қазіргі кезде өте төмен деңгейге жетті. Моральдың барынша төмендеуінің дәл сол нышандары, сорымызға қарай, барлық латын халықтарында байқалады. Ең жоғары қызметтердегі саяси қайраткерлер ұрлықты кең көлемде қолданған итальян мемлекеттік банктеріндегі жанжал, Португалияның кенеусіздігі, қаржы-қаражаты Италияның қаржы-қаражаты секілді Испанияның аянышты қаржылық жағдайы, Американың латын республикаларының мейлінше құлдырауы, белгілі халықтардың мінезі мен инсанияты дауасыз кеселге тап болғанын және олардың әлемдегі рөлі аяқталуға жақын екендігін дәлелдейді. Бұның бәрін өзгерту қиын іс болар еді. Ең алдымен, біздің бейшара тәрбиемізді өзгерту керек болар еді. Бұл тәрбие бастамашылдық атаулы мен күш-қуат атаулыны тұқым қуалау арқылы алғандардың өзінде олардан ештеңе қалдырмайды. Бұл тәрбие жас ұрпаққа бірден-бір мұрат ретінде тек жексұрын сайыстарды беріп, интеллектуалдық дербестіктің ұшқыны атаулыны сөндіреді, басқа ештеңені талап етпей, ақыли даму ғана бәрінен жоғары деп санала бастағанға жетелейді; бірақ нақ еліктеуге құлдық дағды оны индивидуалдық пен жеке күш-жігер жұмсауға мүлде қабілетсіз қылады. “Мен балалардың жанына темір сіңіруге тырысамын” – депті ағылшын педагогы

Ұлыбританияның мектептерін аралаған министр Гизоға. Латын халықтарында осындай арманды жүзеге асыра алатын педагогтар мен бағдарламалар қайда? Еуропалық халықтардың көпшілігі бастан өткеріп отырған қиындық – деспотизмнен де, анархиядан да бірдей қашықтықта жатқан либералды заңдармен өмір сүру қиындығы, негізінен мінездің осынау жалпы азғындауына, азаматтардың осынау өз-өзін басқару қабілетсіздігіне және олардың эгоистік немқұрайлығына қарыздар. Ондай заңдардың бұқараға ұнай қоймайтындығын түсіну оңай, өйткені цезаризм оларға, өздері қам жей қоймайтын бостандық болмаса да, құлшылықтағы өте зор теңдікке уәде береді. Керісінше, республикалық мекемелерді сауатты таптар өте ықыласты қабылдайтындығын, егер атабабалар ықпалының күшін тиісінше бағаласаң, түсіну қиын болмайды. Артықшылық атаулының, әсіресе – ақыл-ой артықшылықтарының көріну мүмкіндіктері бәрінен де осы мекемелердің арқасында болды емес пе? Тіпті абсолютті теңдік жайында армандаушылар үшін осы мекемелердің бірден-бір шын кемшілігі олардың ғаламат ақыл-ой аристократиясының пайда болуына жәрдемдеседі деуге де болады. Керісінше, мінез үшін де, ақыл-ой үшін де ең қыспақты режим әрқилы пошымдағы цезаризм болып табылады. Ол тек пасықтықтағы теңдікке, құлдықтағы көмпістікке ғана оңай әкеле алады. Ол азғындап бара жатқан халықтардың төмен қажеттіліктеріне өте бейімделген, және сондықтан оларға мүмкіндік туған бойда олар дереу соған қайтып келеді. Қандай да бір генералдың бірінші тап болған плюмажы оларды соған әкеледі. Қандай да бір халық осыған дейін жеткен кезде, оның сағаты соғып, уақытының біткені. Сол пайда болуын тарих әрқашан барлық өркенияттарда оның ең алғаш пайда болған кезінде және олардың барынша құлдырауы кезінде көретін ежелгі ғасырлар цезаризмі енді анық эволюцияны бастан кешіруде.

ІІ тарау

Жалпы қорытынды

Осы еңбекке кіріспемізде, ол өркеният тарихына арналған томдарымыздың қысқаша резюмесі, өзіндік бір синтезі болып табылатынын көрсетуімізге тура келген болатын. Оны құрайтын әрбір тарау әрқайсысы бұрынғы еңбектерден жасалған қорытынды ретінде қарастырылға тиіс. Сондықтан онсыз да тым сығымдалған идеяларды сығымдау өте қиын. Алайда мен уақыты қымбат оқырмандар үшін осы еңбектің философиясын құрайтын негізгі принциптерді өте қысқа қағидалар түрінде ұсынуға тырысып көрмекпін. • Нәсіл, өзінің анатомиялық нышандары секілді дерлік, орнықты психологиялық нышандарға ие. Анатомиялық түр сияқты, психологиялық түр де тек көп ғасырлық қордаланудан кейін өзгереді. • Ұштаса келіп нәсілдің психикалық салтын құрайтын орнықты және тұқым қуалайтын психологиялық нышандарға анатомиялық түрлердегі сияқты, ортаның түрлі өзгерістерімен жасалған жанама элементтер қосылады. Үздіксіз жаңарып отыратын олар нәсілге сыртқы өзгерістер үшін өте кең өріс қалдырады. • Нәсілдің психикалық салты оны құрайтын тірі тіршілік иелерінің синтезі ғана емес, қайта әсіресе – оның құрылуына ықпал еткен барлық арғы аталардың синтезі. Қандай да бір халықтың осы заманғы өмірінде тек тірілер ғана емес, өлілер де басым рөл атқарады. Олар оның моралін жасаушылар және оның құлықтарының бейсана қозғаушылары. • Әрқилы адамзат нәсілдерін бөліп тұратын өте зор анатомиялық айырмашылықтарға маңызы олардан кем емес психологиялық айырмашылықтар ілесе жүреді. Әрбір нәсілдің орташа қасиеттерін өзара салыстырғанда, психикалық айырмашылықтар көбіне едәуір әлсіз болып көрінеді. Біз салыстыруды әрбір нәсілдің жоғары элементтеріне таратқан кезде ғана, олар орасан болып шығады. Сол кезде жоғары халықтардың төмен

халықтардан басты айырмашылығы – біріншілерінің өз ортасынан өте дамыған милардың белгілі санын шығаратындығы, ал екіншілері олардың жоқтығы болып шығады. • Төмен нәсілдерді құрайтын индивидтер өзара айдан анық теңдікке ие. Нәсілдердің өркеният сатысы бойынша көтерілуіне қарай, олардың мүшелері барған сайын өзара көбірек өзгешеленуге тырысады. Өркенияттың сөзсіз нәтижесі – индивидтер мен нәсілдердің жіктелуі. Сонымен, халықтар теңдікке емес, көбірек теңсіздікке қарай кетіп барады. • Қандай да бір халықтың өмірі және оның өркениятының барлық көріністері оның жанының қарапайым бейнесін, көрінбейтін, бірақ өте нақты нәрсенің көрінетін белгілерін құрайды. Сыртқы оқиғалар тек олардың жасырын астарын айқындайтын көрінетін бетін жасайды. • Қандай да бір халық тарихында оқиғалар да, сыртқы жағдайлар да, әсіресе, саяси мекемелер де басты рөл атқармайды. • Қандай да бір халық өркениятының әрқилы элементтері оның психикалық салтының тек сыртқы белгілері, сол халыққа тән сезіну және ойлау жүйесінің белгілі тәсілдерінің көрінісі ғана болғандықтан, психикалық салты мүлде басқа халықтарға өзгеріссіз беріле алмайды. Тек сыртқы, үстірт және маңызы жоқ пошымдар ғана беріле алады. • Әрқилы халықтардың психикалық салты арасындағы терең айырмашылықтар олардың сыртқы әлемді мүлдем әртүрлі қабылдауына алып келеді. Осыдан шығатыны, олар мүлдем әрқилы сезінеді, ойлайды, қарекет жасайды және бір-бірімен жанасқанда олардың арасында барлық мәселелерде алауыздық орын алады. Тарихтағы қисапсыз соғыстардың көп бөлігі осы алауыздықтардан туындады. Жаулап алушы, діни және әулеттік соғыстар әрқашан іс жүзінде нәсілдік соғыстар болды. • Ғасырлар бойы қайталанатын шағылысу мен ұқсас ортада бірдей өмір сүру жолымен ол ортақ сезімдерге, ортақ мүдделерге, ортақ наным-сенімдерге ие болған кезде ғана шығу тегі әрқилы адамдар шоғырының нәсіл жасай алуының, яғни өзінде ұжымдық жан қалыптастыра алуының сәті түседі.

• Өркениятты халықтарда жаратылыстық нәсіл жоқ, тек тарихи жағдайлармен құрылған жасанды нәсілдер ғана бар. • Моральдық немесе физикалық, жаңа орта, тек жаңа нәсілдерге, яғни шағылысуы ата-бабалардан мирасқа қалған белгілерді жойған ежелгі нәсілдер буданына ғана терең ықпал етеді. Тұқым қуалаумен күресу үшін тұқым қуалау ғана жеткілікті күш. Шағылысу нышандар орнықтылығын әлі жойып үлгермеген нәсілдерге орта ықпалының тек таза қиратушы ықпалы болады. Ежелгі нәсіл жаңа ортаға бейімделу талап етілетін өзгерістерге ұшырағаннан гөрі жойылып кетеді. • Берік қаланған ұжымдық жанға ие болу белгілі халық үшін оның ұлылығынің шыңы болып табылады. Осы жанның іріп-шіруі әрқашан оның құлау сәті соқты деген сөз. Жатжұрттық элементтердің килігуі сол іріп-шіруге тап болудың ең сенімді құралдарының бірі. • Психологиялық түрлер, анатомиялық түрлер сияқты, уақыт ықпалына ұшырайды. Олар сондай-ақ қартаюға және қожырауға бұйырылған. Әрқашан өте баяу құралатын олар, керісінше, өте тез жойылып кете алады. Оларды регресті өзгерістерді бастан өткеруге мәжбүр ету үшін олардың мүшелерінің қызмет етуін мықтап бұзу жеткілікті, олардың нәтижесі көбіне-көп өте тез арада жойылып кету болып табылады. Халықтар белгілі бір психикалық салтқа ие болу үшін көптеген ғасырлар қажет, және олар одан кейде тым мерзімде айрылып қалады. Оларды өркенияттың жоғары деңгейіне жеткізетін өрлеу жолы, әрдайым өте ұзақ; ал оларды құлауға жетелйтін еңіс жол көбіне өте қысқа болады. • Қандай да бір өркеният эволюциясының басты факторларының бірі ретінде мінезбен қатар идеяларды қою керек. Өте баяу эволюциядан кейін олар сезімге айналған кезде ғана ықпал ете бастайды. Сол кезде олар даудан құтылады және олардың жойылуы үшін өте ұзақ уақыт керек болады. Әрбір өркеният барша қабылдаған негізгі идеялардың шамалы ғана санынан шығады. • Қандай да болсын өркенияттың ең маңызды жетекші иедяларының арасында діни идея болады. Тарихи оқиғалардың көпшілігі тікелей діни наным-

сенімдердің өзгеруінен шыққан. Адамзат тарихы әрқашан оның құдайларының тарихымен қатар жүріп отырған. Біздің армандарымыздың сол перзенттерінің билігінің күшті болатыны соншалық, бірден дүниені дүрбелеңге ұшыратпай олардың аты да өзгермейді. Жаңа құдайлардың тууы әрқашан жаңа өркенияттың таң шапағын білдірді, ал олардың жойылуы әрқашан оның құлауын білдірді. Біз аспан уақытша бос қалған тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Жалғыз осының ғана пәрменімен дүние өзгеруі керек.

“Г. Ле Бон. Психология наодов и масс. СПб., 1898 г.” Басылымынан қазақшалаған психология ғылымының кандидаты Фатима ТАШИМОВА.

Гаэтано МОСКА

(1858-1941) – итальян әлеуметтанушысы, саясат теоретигі. “The Rulіng Class” (1896) “Жетекші тап” атты алғашқы ірі еңбегінде ол адамдар сөзсіз екі топқа: басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деп түйеді. Біріншісі – мейлінше тұрақты, мәртебелі, байлықтың да, биліктің де, сыйқұрметтің қызығын да көріп жүрген қыртыс. Басқаша айтқанда ол үстемдіктің жансебілдігін түсіндіріп бере алмаған марксистерді де, индустриялық қоғамға көшу бұқарадан қол үзген жайсаңдардың жетекшілігін жояды деп жорамалдаған либералдарды да сынайды. Тіпті коммунистік қоғамдарда да басшылық жасайтындар қажет, либералдық демократия – екіжүзділік, ол жетекші жайсаңдардың үстемдігі сөзсіз болатынын жасырады. Моска тағы бір елеулі ұғымды – “әлеуметтік тұрпат” ұғымын енгізді. Сол арқылы Моска әлеуметтік топ өкілдерінің бәріне тән тұрақты сипаттағы әлеуметтік және психологиялық нышандар жиынтығын көрсетеді.

САЯСИ ҒЫЛЫМНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

ІІІ тарау

Алдын-ала берілген материалдар

1. Саяси формула. 2. Әлеуметтік тұрпат. 3. Әлеуметтік тұрпат пен әлемдік діндердің арасындағы байланыс. 4. аталмыш діндердің пәрменділігі. 5. Саяси формула және әлемдік діндер. 6. Феодалдық және бюрократиялық мемлекет. 7. Саяси ұйымдардың осынау екі тұрпатының арасындағы айырмашылықтар. 8. Бюрократиялық мемлекеттердің құлдырау себептері туралы қысқаша.

1. Алдыңғы тарауда көрсетілгеніндей, саны жағынан жеткілікті көп және мәдениеттің белгілі бір деңгейіне жеткен барлық қоғамдарда, мына бір ерекшелік сөзсіз байқалады, немесе бері салғанда бүгінгі сәтке дейін байқалып келді: олардың саяси табы өз билігін ешқашан тек нақты үстемдік түрінде орнықтырмайды, қайта оған моральдық және тағы заңдық санкция беріп, оны

өзі басқаратын қоғамдағы жаппай танылған және жаппай қабылданған ілімдер мен наным-сенімдердің сөзсіз салдары ретінде көрсетуге тырысады. Солайша, мысалға, христиандық сезімдер күшті қоғамда саяси тап егеменнің ырқымен билеп-төстейді, ол оның өзі Құдай алқаған пенде болғандықтан билеп-төстейді. Мұсылман елдерінде де солай: саяси билік тікелей Халифтің яғни Пайғамбардың уәлиінің атынан жүзеге асырылады, немесе кім халифтен жария немесе құпия түрде ерекше өкілеттілік алғандардың атынан жүргізіледі. Қытай мандариндері, Аспан астын басқаруға Аспаннан мандат алған, және Құңфұдзы ілімінің моральдық нормаларына сәйкес толып жатқан отбасыларға иелік ететін Аспан ұлының ырқын солар орындайды деп саналғандықтан, мемлекетті басқарды. Рим империясындағы азаматтық және әскери шенеуніктердің күрделі иерархиясы, императордың ырқына сүйенді, ол, бері салғанда Диоклецианға дейін, заң бойынша Рим халқының мүдделерін білдіреді деп саналды, және Сенаттан мемлекеттік істерді басқаруға мандат алып отырды. Америка Құрама Штаттарындағы барлық заң шығарушылардың, қазылар мен әкімдердің билігі төте немесе жанама түрде сайлаушылардың қ±қықтарынан өрбітіледі және егемен халық ырқының білдірілуі деп саналады. Кез-келген қоғамда саяси таптың үстемдігі сүйенетін осынау заңгерлік және моральдық база, біз бір жұмысымызда саяси формула деп атаған нәрсе болып табылады. Біз алдағы уақытта да бұл ұғымды, қ±қық философтары әдетте жоғарғы билік принципі деп атайтын нәрсені нобайлау үшін пайдаланатын боламыз. Әртүрлі қоғамдарда ондай формулалардың ұқсастығы аз, әйтсе де кейде екі немесе бірнеше саяси формулаларда анық паралельдер немесе іргелі ұқсастық болады, бұл тек оларды ұстанатын халықтар өркенияттың бір тұрпатына жатқанда, немесе, егер біз мағынасын сәл кейінірек ашатын тіркесті пайдалансақ, ортақ әлеуметтік тұрпатқа жататын кезде ғана болады. Оларда танымал болған, әрқилы текті саяси формулалар, оларды қабылданған халықтың өркениятталу деңгейіндегі айырмашылықтарға қарай, не жаратылыстан тыс күшке сенуге, не фактылар нақтылығында позитивті, негізгі деп атауға болмағанымен, бәрібір ұтымды секілді көрінетін

көзқарастарға негізделе алады. Алайда біз бір немесе басқа жағдайларда олар ғылымилық талаптарына сай келеді деп кесіп мағынасын алмаймыз. Қайта, мынаны мойындау керек: сеньор белгілі бір кісілерге немесе артықшылықты отбасыларға өзінің атынан халықты басқаруға рұхсат беретін тиісті құжатты ешкім ешқашан көрмесе де, зерделі бақылаушы халықтық сайлаулар сайлау қ±қықтары қаншалықты кең болмасын, әдетте көпшілік ырқының көрінісі еместігін оп-оңай атап көрсете алады. Алайда бұл кез-келген саяси формула, бұқараның мойынсұнуын жөнсіз пайдалану үшін әдейі ойластырылған дөрекі алаяқтықтан өзге ештеңе емес дегенді білдірмейді, және кім оларды нақ солай қарастыра бастаса, сол өте қателеседі. Шындық мынада: олар адамның әлеуметтік табиғатымен байланысты шын қажеттіліктеріне: тек материалдық және интеллектуалдық күштердің ықпалымен ғана емес, сондай-ақ моральдық принцип арқасында басқару және өзін басқарылушы ретінде сезіну қажеттіліктеріне сай келеді. Осындай қажеттіліктің әмбебап болып сезілетіні соншалық, мұның талассыз, нақты практикалық маңызы бар. Мұны сонау Спенсердің өзі байқап, корольдің құдай берген құқығы дейтіннің өткен ғасырлардың ұлы соқыр сенімі болатын, ал халық сайлаулары арқылы сайланатын ассамблеялардың құдай берген қ±қығы – біздің ғасырдың ұлы соқыр сенімі, деп жазды. Мұндай түсінікті қате деп санауға болмайды, бірақ ол, әлбетте, мәселені толық қамтитын және жан-жақты қарастырылуы емес. Біздің көзқарасымыз бойынша, сондай-ақ мынаны қарастыру керек еді: егер сондай ортақ иллюзиялар халықтың және бүкіл қоғамның саяси ұйымының бірлігін бекітуге тиімді қызмет ететін әлеуметтік күштен басқа ештеңе болмаса, қоғам осынау ұлы соқыр сенімдерсіз басқарыла ала ма? 2. Адамзат әлеуметтік топтарға бөлінген, олардың әрқайсысы басқаларынан нақ өзіне тән наным-сенімдерімен, сезімдерімен, пікірлерімен, салттарымен және мүдделерімен өзгешеленеді. Осы топтардың біріне жататын индивидтер бірі бірімен туысқандық дәнекерлерді сезінуімен біріккен және басқа топтардан сезімдері мен ұмтылыстарына бола бөлінген, олар көп немесе

аз шамада антагонистік және өзара сиыспайтын болып шығады. Жоғарыда атап өткеніміздей, саяси формула ерекше текті діннен және өзінің ең мол күші бар әлеуметтік тобының, немесе, бері салғанда аталмыш топтың саяси лидерлікке ие бөлігінің күшті сезімінен тірек табуы қажет. Әрқайсысы сипатты белгілері бар және басқа топтармен салыстырғанда өзінің абсолютті артықшылығын жиі мақтан тұтатын, әлеуметтік топтардың тіршілік етуінің осынау феноменін көптеген авторлар, әсіресе ұлттық принципті басшылыққа алатын қазіргі авторлар мойындап, зерттеді. Жақында Гумплович бұл феноменнің саяси ғылым үшін, немесе, оны солай атау ұнап жатса, әлеуметтану үшін маңыздылығын әділ атап көрсетті. Аталған автор аталмыш феноменді нобайлау үшін қолданатын, әлеуметтік өзі sіngenіsмо деп атайтын терминді де, егер осынау сөз, автордың негізгі идеяларына сәйкес, әрбір әлеуметтік топ атаулының қалыптасуында назарын түп-түгелімен дерлік этностық элементтің басымдығына, яғни қан және нәсіл ортақтығына шоғырландырмаса, қабылдауға келісер едік. Біз, алайда, көптеген анайы мәдениеттерде осындай бірліктің нығаюына қан бойынша ортақтықтан гөрі, аталмыш ортақтықта осыған байланысты таралған пікір, әлеуметтік тұрпат қалыптасқаннан кейін жиі пайда болатын ортақ текке сенім жәрдемдесті деп санаймыз. Біз сондай-ақ осындай тектегі осы заманғы антропологиялық және филологиялық ілімдер әлеуметтік топтар арасында, әлеуметтік топтар ішіндегі фракциялар арасында да ұнатпауды қоздыра алады, ал сылтау нәсілдік айырмашылықтар бола алады, деп ойлаймыз. Шынында да, әлеуметтік топтың немесе әлеуметтік тұрпаттың құралуында, азды-көпті нәсілдік ұқсастықтан басқа, көптеген элементтердің маңызы болады, сондай элементтер – тіл, дін, мүдде ортақтығы және географиялық жағдайдан туындайтын тұрақты байланыстар. Оның үстіне, осы факторлардың қатар өмір сүруінің де қажеттігі жоқ, өйткені тарихтың ортақтығы, ұқсас немесе жақын жағдайларда ғасырлар бойы бірге өткізген өмір, ±қсас моральдық сапаларды, сезімдер мен түсініктерді анықтай отырып, санаға сіңген әлеуметтік тұрпаттың құрылуының басты элементіне жиі айналады.

Әлеуметтік тұрпат пайда болғаннан кейін, жұмысымыздың бастапқы бөлігінде атап өткеніміздей, ол өзіне енетін барлық индивидтерге ортақ таңба салатын өзінше бір шынығудан өтеді. Мұны біз қалай атасақ та: сіңіру, миметизм немесе жай ғана тәрбие десек те, бәрібір, адам өзі өмір сүретін ортаға сәйкес сезінетін, сенетін, жақсы көретін және жек көретін сол феномен авйда болады; христиандар мен еврейлер, мұсылмандар мен буддашылдар, француздар мен итальяндар, ілуде бір болмаса, сондай болған адамдар арасында туып, өскендіктен ғана сондай болатын кезде, сол феномен пайда болады. 3. Тарихтың бас кезінде әрбір өркениятты халық варварлық шөлінің ортасындағы жазира секілді өмір сүргеді; ал әртүрлі қоғамдар сондықтан бірбірімен өте сирек байланыс жасайтын, якибайланыс мүлдем болмайтын. Іс жүзінде, алғашқы әулеттер заманындағы Ежелгі Египет және тым алыс емес заманда Ежелгі Қытай тіршілік еткен жағдай тап сондай болды. Әрбір әлеуметтік тұрпат сол кезде мүлдем біртуар болды, шетелдік қоспалармен және ықпалдармен сұйыла қойған жоқ еді. Осындай оқшаулық кез-келген әлеуметтік тұрпат атаулыны бұл бір саяси организмге бірігуге деген тенденцияны күшейтуге тиіс секілді болып көрінчсе де, алайда біз бұл тенденцияның тек жеке кезеңдерде басым болғанын байқаймыз. Шынында да, қарастырылған мысалдарға қайта жүгіне отырып, біз Құңфұдзы дәуіріндегі Қытайдың бірнеше тәуелсіз дерлік феодалдық мемлекеттерге бөлінгенін көреміз, ал Ежелгі Египетте әр түрлі hіq’терді, яғни жергілікті, толық тәуелсіздік алған монархтарды көреміз. Төменгі де, Жоғарғы да Египетте кей-кейде жекелеген патшалықтар пайда болып отырады. Кейінірек, неғұрлым дамыған және неғұрлым күрделі эллинистік секілді өркенияттарда негізінен бастапқы көрсетілген тенденцияға қарама-қарсы тенденцияның, соның салдарынан бір әлеуметтік тұрпаттың әртүрлі және барлық уақыттарда дерлік бір-бірімен бәсекеде болатын саяси организмдерге бөлінген тенденцияның дамуын көре аламыз.

Шынында да, жекелеген грек мемлекеттері эллиндік халықтардың арасында орнатуға тырысқан гегемония әрқашан іс жүзіндегі саяси бірліктен тым аулақ болып шығатын. Афинаның, Спартаның, Фиваның кейінірек Македонияның да осындай гегемонияны берік те ұзақ уақытқа орнату әрекеттері ешқашан толық табысқа жете алған жоқ. Ежелгі замандағы көптеген халықтардың және, тұтас алғанда, біз анайы деп атағымыз келетін, өйткені шетелдік элементтердің ықпалына өте аз ұшыраған қоғамдардың ең сипатты белгісі олардың халық пен оның саяси ұйымы сүйенген идеялары мен наным-сенімдерінің бүкіл жүйесінің қарапайымдылығы мен бірлігі болып табылады. Шынында да, біз бұл халықтарда саяси формула дінге тек сүйеніп қоймай, оған толық өрілгенін көреміз. Құдай сөзсіз ұлттық құдай болды: ол жер аумағы мен халықтың қорғаушысын, сондай-ақ оның саяси ұйымының тірегін бейнеледі; халық өзінің құдайында оған көмектесерлік жеткілікті күш болып тұрғанда өмір сүрді, және, өз кезегінде, құдай да өзінің халқы тіршілік етіп жатқанда ғана өмір сүрді. Еврейлер жоғарыда атап өтілген үлгіге сәйкес ұйымдасқан халықтың ең сипатты мысалы болып табылады, бірақ Израиль мен Иуда патшалықтары өздерінің гүлденуі кезінде бәрінен оқшау тұрды деп санамау керек. Яхве Иерусалимде ойнаған рөлді, Камос – Моаведе, Мардук – Вавилонда, Ассур – Нинивияда, Амон – Фивада атқарды. Израильдің құдайы Саулға, Дәуітке және Сүлейменге амондықтар мен филистимдіктерге қарсы жеңіп шыққанға дейін соғысуға қалай бұйырса, Амон Египет перғауындарына Шығыста пен Батыста варварлармен соғысуға солай бұйырды, ал Ассур Нинивияда шетелдіктерді қырып тастауға шақырып, жеңіс сыйлады. Бірақ салыстырмалы өркениятты халықтардың арасындағы байланыс бірте-бірте неғұрлым жүйелі бола түсті; орасан империялар құралып жатты, олар енді ылғи да жеңілген халықтарды сіңіріп жіберу мен құртып жіберу есебінен құрыла алмайтын еді де, енді жеңілген халықтардың тәуелді жағдайы жеңімпаздарды толық қанағаттандырды. Осылайша, жеңімпаз жеңілгендердің

өз құдайларына табыну құқығын мойындау саяси актысын жиі-жиі жасайтын болды. Шынында да, Ассирия корольдары Вавилонды жаулап алғанда Мардук құдайға көбіне ізет көрсетті, дәл соны Кир де жасады; Ұлы Александар Амонға, жалпы өзі жаулап алған елдердің бәріндегі құдайларға құрбандық шалды, ал кейінірек римдіктер сол құдайлардың бәрін өз Пантеонында мойындады. Осы сәттен бастап ұзақ кезеңге бейбітшілік пен ұлтаралық жанжалдарды тыншытуға күш салу мүмкіндігі туды, ал мұның өзі орасан зор саяси организмдердің тұрақтануына жетеледі. Енді біз дүниеге, нәсіл, тіл және саяси режим бойынша айырмашылықтарды ескермейтін өз доктриналарын бүкіл жер бетәне таратқысы келетін ұлы әмбебап әлемдік діндер секілді салыстырмалы түрде жас феноменнің келгенін көреміз. 4. Буддаизм, христиандық және ислам әлі күнге дейін әлемде осы әмбебаптылыққа ұмтылысты сақтап отырған, үш ұлы дін болып табылады. Олардың әрқайсысында біртұтас ілім жинағы бар, бірақ философиялық негіз буддизмде, догматтық негіз христиандық пен исламда басым. Олардың әрқайсысы нақ өзі ғана абсолютті ақиқатшыл және оны сақтау, адамдарға жер бетіндегі ғұмырында да, о дүниеде де игілік беретін сенімді де кіршіксіз дұрыс басқару деп көрсетуден дәмелі. Бұл орайда адамдардың сол діндердің біріне жатуы, нәсілі мен тілі жағынан өзгешеленетін халықтардың арасында өте берік байланыстыратын дәнекерлер туғызады, олардың бойында мораль саласында, өмірге көзқарас, саяси мүдделілік және отбасылық салт жағынан жалпыға бірдей ерекше ортақ түсініктерді қалыптастырады. Бұл белгілерінің айқындығы мен тереңдігі соншалық, жойылып кетпейтіндей дерлік ерекше әлеуметтік ьұрпаттың қалыптасуына жетелейді. Тіпті былай деуге болады: осынау ұлы діндердің пайда болуы іс жүзінде бұрын байқалмаған әлеуметтік және ұлттық тұрпаттардың анық бөлінуіне алып келді. Шынында да, соған дейін египеттік, халдейлік және гректік өркенияттар болды, бірақ христиандық немесе мұсылмандық өркенияттар болған жоқ, яғни тілі, нәсілі жағынан өзгешеленетін, бірқатар саяси организмдерге бөлінген, бірақ өзінің наным-сенімі, мәдениеті жағынан біртұтас құрылымдар болған жоқ.

Мұсылмандық – тегінде, онымен қамтылған адамдарға, немесе, дұрысырақ айтсақ, ол салтанат құрған қоғамда туған адамдарға ең күшті таңбасын салған дін болар. Христиандық және иудаизм, оларда кейбір жоспарларға сәйкес адам мінезінің жұмсақ саз балшығы илену үшін ең қолайлы пошымдар болды және солай болып қалып отыр. Неғұрлым жұмсағырақ, бірақ, тегінде, әлдеқайда тиімдісі буддизм ықпалы. Сонда да бәрібір мынаны ескеру керек: әрқайсысында өзінің ерекше ілімі және жақсы жасалған діни иерархиясы бар осынау ұлы діндер, бір жағынан, діндестердің туысқандық дәнекерлерін орнатып, ассимиляциялауға жақсы қызмет етті, бірақ, екінші жағынан, әртүрлі діндердегі халықтардың жақындасуын тежейтін ғаламат күн факторына айналды. Олар шекаралас елдерде, кейде тіпті бір территорияда тұратын, нәсілі мен тілі жағынан жақын адамдардың арасында еңсерілмес дерлік терең ор қаза алды. Шынында да, діни айырмашылықтар Балқанда және Үндістанда өмір сүретін халықтардың бірігуін мүмкін еместей етіп жіберді. Бұл орайда нәсілдердің, тілдердің және мәдениеттердің айырмашылығынан туындайтын өте қуатты қарсылықты еңсере отырып, өзіне бағынған халықтарды ассимиляциялау жағынан римдіктер көрсеткен қабілет алғаусыз таң қаларлық. Тегінде, олардың жолында монополиялық жағдайға ие, жақсы ұйымдасқан дұшпан діндер секілді кедергі кездессе, осының бәрін олар жүзеге асыра алмас та еді. Шынында, Галлия мен Британияда друидизмнің ұйымдары едәуір әлсіз болғанымен, біршама қарсылық көрсеткенсол еді, римдіктер друидтерді талқандап, бытыратып жіберді, бірақ ассимиляциялай алмады. Африканың солтүстігінде римдіктер осы заманғы маврлардың, арабтардың, хабилдердің арғы аталарын латындандыра және белгілі бір уақытқа өз өркениятына қоса алды, бірақ олар француздар мен итальяндарда болып жатқанындай, мұсылман дінімен ұшырасқан жоқ. Джугурта мен Такфарина, Абд-әл-Қадыр мен Бу-Мадза сияқты, діни нәпсіні оята алған жоқ. Карамзин әділ жазғанындай, христиан діні, Московияның ұзақ мерзімді моңғол езгісінің астында толық азиялық елге айналуына кедергі жасады; және, орыстар, өз кезегінде, белсенді

ассимиляторларға айналғанда, Русьте фин және моңғол қаны едәуір пропорцияда славян қанымен араласып кетті, сонда да Қазандағы, Астраханьдағы, Қырымдағы мұсылман-татарлар орталықтарын бойына сіңіре алмады. Татарлар не басқа елдерге көшіп кетті, не мәскеулік патшаға ішінара бағыныңқы, бірақ оның бұрынғы бодандарына мүлдем ұқсамайтын халық ретінде қалып қойды. Қытайда Аспан асты империясының перзенттері, нәсілі және тілі жағынан олардан бөлек оңтүстік провинциялар тұрғындарын көпкөрім ассимиляциялай алды, бірақ руи-цзелерді осы заманғы Қытайдың солтүстік-шығыс провинциялары аймағына мың жылдай бұрын қоныстанған түрік тайпаларының тармағын ассимиляциялай алған жоқ. Қытайларға тілі мен сыртқы порымы жағынан біршама жақын бұл халық, тіпті қытайлармен бір қалада тұрғанымен, олардың аталары Ұлы Қытай қорғаны салынғанға дейін-ақ қабылдаған мұсылман дінінің арқасында олардан моральдық оқшаулықты сақтап келеді. 5. Әлемдік ұлы діндердің пайда болуымен адамзат тарихында жаңа факторлар бой көтереді. Осынау діндер дүниеге келгенге дейін, әлеуметтік тұрпат өзінің бірігуге тенденциясына қарамастан, түрлі саяси организмдерге бөліне алатынын біз жоғарыда көрдік. Аталған діндер пайда болғаннан кейін осынау ерекшелік кеңінен тарала бастады да, Еуропада мемлекет пен дін арасындағы күрес ретінде белгілі феноменнің шығуына алып келді. Бұл негізінен әлеуметтік тұрпаттың бірігуге тенденциясы сақталатындықтан, бірақ оған қарсы елеулі күштер бөгет жасайтындықтан болады. Былай екен, егер, бір жағынан, саяси ұйым өзінің тіршілігін ақтау тұсында үстем діннің принциптеріне жүгінуге әрқашан бейім болса, онда соңғысы, өз тарапынан әрқашан саяси билікті бағындырғысы келеді, және өзін сонымен теңестіріп, оны төл мақсаттарына жетудің және өзін насихаттаудың құралына айналдырғысы келеді. Дін мен саясат мұсылман елдерінде мидай араласып кеткен. Мұсылман мемлекетінің басшысы болып көбіне-көп ислам бөлініп кеткен үлкен секталардың бірінің халифі немесе халифтен инвеститура (мақұлдау) алған

адам тағайындалатын. Алайда, мына бір нәрсе де рас: өткен ғасырларда бұл инвеститураның жиі-жиі тек пошымдық болатын, және, қашан халиф нақты күштен айрылғанда, ол өзінен мықтыға қарсы келмеген, бірақ Бағдадта Аббасидтердің құлдырауынан Ұлы Осман империясы пайда болғанға дейінгі кезеңде, мұсылмандардың фанатизмі қазіргіден әлдеқайда әлсіз көрінетін. Мұсылман елдерінде үлкен революция атаулының және жаңа мұсылман мемлекетінің құрылуын әрқашан дерлік жаңа діни схизма қостап, оны заңдастырып отырғаны да күмәнсіз. Орта ғасырларда, Альморавидтер мен Альмохаидилердің жаңа империялары бой көтерген кезде, солай болды, және бұл ХІХ ғасырда Вахабиттер көтерілісі тұсында да, Магди Ондурман басқарған көтеріліс тұсында да қайталанды. Қытайда буддизм мемлекеттің қол астында және қамқорлығында болды; Қытайдың өкіметтері халықтың төмен таптары табынатын культке көңіл бөлетін. Жапонияда буддизм қуғындалмайды, әйтсе де үкімет қазіргі уақытта ежелгі ұлттық дін Синтоны қолдауға тырысады. Еуропада христиандық конфессиялар тым әртүрлі жағдайларда. Мәселен, Ресейде патша православие дінінің басшысы болды, және шіркеу билігі мемлекеттік билікпен бүтіндей дерлік араласып кетті; оның үстіне, шын орыстың пікірі бойынша, патшаның нағыз боданы православие дінінде болуға тиіс. Протестанттар елдерінде де үстем культ әртүрлі шамада ресми дін болып шығады. Рим империясының құлдырауы дәуірінен бастап, католиктік дүниауи биліктен тәуелсіздіктің барынша көп мөлшеріне ие болды, қазір де ие болып отыр. Орта ғасырларда католик шіркеуі, өзінінің ықпал аймағына енген барлық елдерде дүниауи билікті өзіне бағындарғысы келді, және Рим Папасы өзінің бүкіл христиан дүниесін біріктірудің ұлы идеясын жүзеге асыратын, яғни өзінің азды-көпті тікелей ықпалымен әлеуметтік тұрпатты жасайтын уақыттың жақындап қалғанын армандай алатын сәт те болды. Қазір шіркеу басшылары негізінен мәмілеге көнеді: олар дүниауи өкіметті қолдайды және сонымен бір мезгілде кейде олармен ашық күрес жүргізеді.

Саяси организм, халқы жоғарыда аталған әмбебап діндердің біріне бейлі болғанда, немесе осы діндердің бірінің шеңберінде әр түрлі конфессияларға бөлінген жағдайда, оның саяси табы сүйенетін төл заңгерлік және моральдық тірегі болуға тиіс. Сондықтан ұлттық сезімді, автономияның көне бағзы дәстүрлерін, әулетке ғасырлар бойы берлігендікті, және бұдан да басқаларына көлденең тартады. Әлемдік ортақ культпен қатар, ішінара ұлттық сияқты болып көрінетін, әлемдік дінге азды-көпті сәйкестендіріліп, түзетілген культ те болуға тиіс. Қос культтің де қатар өмір сүруі қажеттілігін индивидтердің өздері де сезінеді; осыған байланысты адамдардың, өздерін қызметте шабыттандыратын принциптерді, әрқашан қатаң сақтай бермейтіндігін атап өткен жаман емес. Мәселен, практикада жақсы католик бола тұра, жақсы немістер, жақсы итальяндар, жақсы француздар болып қала беруге, және бұл орайда протестантегеменге, немесе антиклерикализмді ресми насихаттайтын республикаға адалдықты сақтап қалуға болады. Бұл орайда кей-кейде тіпті нағыз патриот және жалынды социалист болуға да болады, социал-демократия да нақ католицизм секілді шындап келгенде ұлттық патрикуляризммен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын болса да, солай етуге болады. Алайда осындай қос талап, нәпсі тым күшті болмаған жағдайда орындалады, және де, XVІІ ғасырға дейін өз королін ағылшын шіркеуінің басшысы деп қарастырып және римдік Папа жақсы католик атаулыдан өзіне мойынсұнуды талап ететіндіктен жақсы католик бір мезгілде жақсы ағылшын бола алмайды деп кесіп айтып келген ағылшындардікі өз қисыны жағынан әбден жөн болатын. Әмбебаптылықтан дәмелі доктрина мен мемлекеттік автономияны қамтамасыз ететін сезімдер мен дәстүрлердің арасында азды-көпті антагонизм болғанда, сол дәстүрлер мен сезімдер жеткілікті күшті болып, материалдық мүдделермен ұштасуға тиіс; оларды билеуші таптағы жақсы топтасып, ұйымдасқан топ ұстануға, насихаттауға және қолдауға тиіс. Сонда саяси таптың осынау фракциясы діни және идеялық қозғалыстарға қарсы тұра алады. Бірақ егер бұл фракцияның ұйымдастырылуы нашар болса, егер сондай сезімдер әлсіреген, ал материалдық және интеллектуалдық күштер жеткіліксіз болса,

онда мемлекет сайып келгенде бір әмбебап діннің немесе бір әмбебап ілімнің, мысалы, католицизмнің немесе социал-демократияның қолындағы ойыншыққа айналады. 6. Баяндауымызды жалғастырудан бұрын, оны алдағы тұста жеңілдету үшін, біздің ойымызша, барлық саяси организмдерді топтастырып жіктеуге болатын, екі тұрпат туралы қысқаша мәлімет бере кету орынды деп санаймыз. Олар – феодалдық және бюрократиялық тұрпаттар. Салған жерден атап көрсетейік: біздің бұл топтастыра жіктеуіміз өзгермейтін мәністік өлшемдерден шықпайды; сондықтан біз екі тұрпаттың бірінде байқалатын, ал екіншісінде мүлдем жоқ қайсыбір психологиялық заң бар деп, кесіп айтпаймыз. Керісінше, біз қос тұрпат та – тек тұрақты ықпал ететін, бір ғана тенденцияның көрінісі деп ойлаймыз, ол бойынша қоғамның саяси ұйымы неғұрлым қарапайымнан неғұрлым күрделі ұйымға айнала береді де, қоғам атаулы біртіндеп тамыр жайып, неғұрлым өркениятты бола түседі. Шарттардың екіншісі біріншіге қарағанда неғұрлым міндетті де неғұрлым ортақ сипатқа ие, өйткені, шынын айтқанда, тек өте үлкен мемлекеттер феодалдық ұйымға ие бола алады. Бюрократиялық мемлекет шындап келгенде, ұйымы ілгерілеп, дами отырып күрделі бола түскен феодалдық мемлекеттен басқа ештеңе де емес. Дәл солай, феодалдық мемлекет те, өркенияттың қ±лдырауынан және көбіне жарықшақтарға бөлініп кеткендіктен неғұрлым қарапайым және қарабайыр саяси құрылымға оралуға мәжбүр болған бюрократияландырылған қоғамнан туындауы мүмкін. Осыған сүйене отырып, мынаны атап көрсетейік: феодалдық мемлекет деп біз бүкіл басқарушылық, сондай-ақ экономикалық, қазылық-әкімшілік, әскери қызметтерді қоғамда бір мезгілде бір индивидтер атқаратын саяси ұйым тұрпатын түсінеміз, ал мемлекет, әрқайсысы жеткілікті болу үшін қажетті органдардың барлығы бар шағын әлеуметтік агрегаттардан тұрады. Ортағасырлық Еуропа, тегі осындай, сондықтан біз феодалдық деп атаған ұйымның неғұрлым белгілі мысалын береді. Бірақ, басқа халықтардың тарихын зерттей отырып, осы заманғы саяхатшыдардың әңгімелерін оқи отырып, біз

оның өте кең таралғанын оп-оңай аңғара аламыз. Шынында да, ортағасырлық барон жер иесі, қарулы адамдардың басшысы, қазы, өзінің толық билікке ие феодында басқарушы болғаны секілді абиссиндік рас та өзі сот құрды, қарулы топты басқарды, шаруаларға олардың тіршілік етуі үшін қажеттісін қалдыра отырып, алым-салық жинады. Ежелгі Египетте кейбір дәуірлерде жергілікті билеуші каналдардың қалыпты ұсталуын қадағалап отырды, жер пайдалануға жетекшілік жасады, қазылық қызметті атқарды, салық жинады, отрядты басқарды. Перудегі инктер империясы заманында курака да өз ауылының басты тұлғасы болды, ондағы ұжымдық (қауымдық) меншікке бас-көз болды, қазылық қызметті атқарды және Күн ұлының бұйрығымен әскери контингентті басқара алатын болды. Ілеуметтік қызметтің басқа түрлеріне бас-көз болатын басшы, кей-кейде діни қызметтерді атқаратын болды, бұл абаттар мен епископтар нағыз феодал болған ортағасырлық Еуропада орын алды. Алайда, феодалдық ұйымдастыру, нашар дамыған қоғамдағы байлықтың жалғыз дерлік қайнары – жер заңдық тұрғыдан тек қана билеуші таптың меншігі болмаған кезде де, бола алатынын ескеру керек. Сондықтан, егер тіпті жер ұқсатушы индивидтер заң бойынша вассалдар мен малайлар болмай, өзінің жер телімдерінің номиналды меншік иесі ғана деп саналған күнде де, жергілікті басшы мен оның сателлиттері, алымсалық пен өнім жинау билігі толық қолында болғандықтан, егістік жұмыскерлеріне тек олардың тіршілік ету үшін қажет нәрсені ғана қалдырып отырғаны түсінікті. Байлықты жасау егіншілікке емес, сауда мен қолөнершілік өндіріске негізделген, шағын саяси организмдер де анық феодалдық сипатта болды, өйткені мұнда да саяси, экономикалық, басқарушылық қызметтер бір адамдардың қолына дәл солай шоғырлануы байқалатын. Орта ғасырлардағы коммуналардың саяси жетекшілері бір мезгілде кәсіптер мен өнер корпорацияларының басшылары болды. Тир мен Сидонның, сондай-ақ Генуя мен Венецияның, Бремен мен Гамбургтың негоцианттары, варварлар елдерінде ашылған банкылар мен факторияларды басқарды, кейде сауда жасау үшін,

кейде әскери қимылдар үшін пайдаланылатын кемелердің иелері болды, өз қалаларында басқаруды жүзеге асырды. Мұның өзі қала теңіз саудасымен күн көрген жағдайларға ерекше тән болды. Флотты сауда мақсатында қолында ұстағандар онымен саяси және әскери басшылықты оп-оңай ұштастыратын. Мүмкін, герцог Оттон І-нің қуып жіберілуінен бастап Козимо Медичиге дейін Флоренциядағы көпестік олигархияның қыз-қыз қайнаған өмірі осымен түсіндірілетін шығар. 7. Бюрократиялық мемлекетте барлық басқару қызметтерінің бюрократтар қолыңа шоғырлануы және солардың орындауы міндетті емес. Керісінше, біз қазіргі заманға дейін мұндай жағдай сирек кездесті деп кесіп айта аламыз. Әлеуметтік ұйымның аталмыш тұрпатына тән басты ерекшелік мынада: ол орын алған барлық жерде орталық өкімет салық көмегімен әлеуметтік өнімнің айтарлықтай бөлігін алып қоятын, ол бірінші кезекте әскери ұйымды ұстап тұруға, содан кейін аз болсын, көп болсын толып жатқан азаматтық қызметтер өтінішін қанағаттандыруға жұмсалатын. Сондықтан қоғамда функционерлер – жұртшылық, яғни мемлекеттік қызметтерді атқарумен айналысатын орталық үкіметтен немесе жергілікті биліктен алатын жалақысымен күн көретін, шенеуніктердің саны неғұрлым көп болса, соғұрлым бюрократиялық болып шығады. Бюрократиялық мемлекетте басқару қызметтерінің мамандануы, феодалдық мемлекетке қарағанда, әрқашан күштірек: біріншісін екіншісіне қарағанда құзырдың және, әскери элементке жатпайтын әкімшілік және қазылық қызметтердің неғұрлым егжей-тегжейлі бөлінуі ерекшелейді. Сондайақ бюрократиялық мемлекеттерде саяси, әкімшілік және әскери иерархияның барлық сатыларында тәртіптің әлдеқайда жақсы қамтамасыз етілетіндігі айдан анық. Осымен келісуге қарулы нөкерлерінен, вассалдарымен қоршалған, ғасырлар бойы өзінің отбасыларына маталған, өз синьорының жерінен алынған өніммен күн көретін ортағасырлық графтарды, телеграф арқылы бағыныштыларын жалақыдан қағып, биліктен босата алатын қазіргі префекттермен немесе генералдармен салыстыру әбден жеткілікті. Феодалдық

мемлекетте әлеуметтік сатының ең жоғарысында тұрған бір немесе бірнеше адамға, ұйымшылдық пен топтасқандықты сақтау үшін, сондай-ақ ыдырап кету мен автономияға бейім әрқилы әлеуметтік топтарда бір импульске мойынсұнуға қол жеткізу үшін зор күш-жігермен орасан зор саяси шеберлік қажет. Бұл әсіресе ондай мемлекеттің беделді басшысы өлгеннен кейін, оның құдіреттілігі кеміп кетуінің жиі ұшырасатынымен қуатталады. Тек жоғары моральдық бірлік, өте айқын көрінетін әлеуметтік тұрпаттың санатында болу феодалдық тұрғыда ұйымдасқан халықтың саяси тіршілік етуін ұзақ уақытқа құтқара алады. Мәжусилер мен мұсылмандар қоршаған абиссиниялықтардың сондай бірлік арқылы өздерін оқшаулауына және өз автономиясын құтқарып қалуына христиандық көмектескені күмәнсіз. Алайда осынау оқшалаушы күш әлсіз болғанда және феодалдық мемлекет басқа неғұрлым ұйымдасқан және неғұрлым топтасқан халықтармен аралас-құралас болғанда, ол оп-оңай жұтылып, феодалдық мемлекеттердің орталық өкіметін қамтитын, әлсін-әлсін болып тұратын көптеген дағдарыстардың бірінде жойылып кетуі мүмкін. Керісінше, бюрократиялық мемлекеттің орнықтылығына оның ең жоғары басшысының жеке қасиеттері әлдеқайда мардымсыз ықпал етеді. Бюрократиялық тұрғыда ұйымдасқан қоғам, ескі саяси формула серпіп тасталып, жаңасын қабылдау басталған кезде, яғни оның әлеуметтік тұрпаты өзгеретін және тым түбегейлі өзгеретін кезде де, өзінің автономиясын сақтауға қабілетті. 8. Бюрократиялық тұрғыда ұйымдасу міндетті түрде, әдетте телінетін мағынасында, орталықтандырылған бола бермейді. Бюрократияландыру провинциялардың кең автономиясымен сыйыса алады, мысалы, Қытайда 18 таза қытайлық провинция кең автономияны пайдаланғанды соншалық, олардың әрқайсысының әкімшілік орталығы жергілікті мәселелерді бәрін дерлік шешу қ±қығын өзінде қалдырған-ды. Еуропалық өркенияттың мемлекеттері, тіпті ең орталықсыздандырылғандары да, қазір қайсыбір дәрежеде бюрократтандырылған: біз атап өткендей, бюрократиялық организмнің негізгі

ерекшелігі – онда әскери қызметтерді және мемлекеттік қызметтердің қалған азды-көпті бөлігінің айтарлықтай бөлшегін ақы төленетін қызметкерлер атқарады. Ал, оларға жалақыны тек орталық үкімет төлей ме, немесе мұны ішінара жергілікті билік төлей ме, жергілікті өкімет орталықтан қай шамада бақыланатын – мұның бәрі ұсақ-түйек нәрсе. Өте кішкентай саяси организмдердің, әрең нобайланған бюрократиялық ұйымдарға ие бола отырып, немесе олардан мүлдем ада жағдайда, адами қызметтің барлық салаларында ғаламат күш-қайрат көрсеткеніне мысал тарихта ьолып жатыр. Эллинистік мемлекеттер және ортағасырлық итальян коммуналары осының мысалы, осы арада оларды келтіріп жатудың қажеті де жоқ. Бірақ біз ұлан-ғайыр территорияларға таралған және мың-миллион индивидтерді қамтыған, орасан зор саяси құрылымдарға тап болғанда, бұл арада тегінде, тек жалғыз бюрократиялық ұйым ғана экономикалық қуаттың ұшы-қиырсыз қазынасын, моральдық және интеллектуалдық күш-қайратты біртұтас импульста біріктіруге қабілетті, солардың арқасында билеуші тап қоғам өмірінің ішкі жағдайын өзгерте және оның шекарасынан тыс жерлердегі әрекетін тиімді етіп, табысқа жете алады. Және шынында да, XVІІ және XVІІІ әулеттердің құтты заманында, перғауындар өркенияты қайта өрлеудің ең бір жарқын кезеңін бастан өткеріп жатқан кезде, ал Египет армиясы өзінің жаулап алу жорықтарында Көгілдір Нилден Кавказдың етегіне дейін жеткен кезде, Египет бюрократтандырылған болатын. Рим империясы, әлеуметтік ассимиляция жағынан керемет жұмыс жасап, грек өркениятын, латын тілін және латын мәдениетін әлемнің көптеген бөліктеріне тарата алған, аса мықты әлеуметтік организм, мықтап бюрократияландырылған мемлекет болатын. Ресей де бюрократияландырылған ел болды. Өте елеулі ішкі байыпты әлсіздіктеріне қарамастан, ол өзінің экспансиясын Азияның орасан кеңістіктерінде барған сайын ілгерілей түсіп, жеткілікті зор белсенділік танытты. Оп-оңай тауып алуға болатын осы және басқа мысалдарды келтіре отырып, маңызды бір сәтті, атап айтқанда, тарихта біз адам қызметін барлық жақтары

толық бюрократтандырылған осындай бірде-бір қоғамды ұшырата алмайтынымызды да, естен шығармаған жөн. Тегінде, әлеуметтік өмір заңдарының ғаламат күрделілігінің көптеген көріністерінің бірі мынау болу керек: бұрын пайдаланылған кезде, жүйелеу және қорыту кезінде жақсы нәтижелер беріп жүрген заң әйтеуір бір сәттен бастап кенет әрекет етуін доғарып, қателіктерге ұрындырады. Мәселен, біз юстиция бюрократиясы, бюрократияландырылған әкімшілік оқиғаларын жиі кездестіреміз, ал Наполен І сияқты ұлы бюрократтандырушы, білім беру мен католик дінбасыларының иерархиясын бюрократияландыруды жоғары дәрежеге жеткізді. Біз бюрократияның арқасында төселген көшелерді, қазылған каналдарды, салынған темір жолдарды, материалдық игіліктер өндіруді жеңілдеткен толып жатқан мемлекеттік жобаларды кездестіреміз, бірақ тіпті сол жобалардың өздері толық бюрократтандырылмаған болатын. Әлеуметтік қызметтің осынау маңызды өрісінде барлық басқа өрістердегідей басқару, қаншама құлшынса да, бюрократияның ережелеріне толық сәйкес жүргізіле алмайтын, ал оны жүзеге асырып жатқан тап үшін үкіметтен жалақы алғаннан гөрі, индивидуалдық мүдде әлдеқайда пәрменді стимул секілді көрінеді. Ол-ол ма, бюрократияландыру, егер байлықты өндіру мен бөлу ісінің бәріне таралса, онда оның тажалды болатыны жеткілікті айқын. Өзінің тұсында мына жалғанның күштілері тарапынан жасалатын жүгенсіз тәркілеуден экономикалық өндірісті басқаратындар да, жекелеген жұмыскерлер де қорғалатын бюрократиялық режим; өзінің тұсында ішкі соғысты бастау әрекеті атаулы қатал жаншылатын және адам өмірі мен меншік сенімді қорғалатын режим; өзінің тұсында өндірушілер әлеуметтік ұйымның мұқтажына белгіленген квотаны төлегеннен кейін өздері өндірген өнімнің қалғанының бәрін жанталаспай жұмсай алатын режим – осындай режим қоғамдық игіліктердің өсімін және жеке меншіктің еселене түсуін қамтамасыз етеді, бұл неғұрлым варварлық және неғұрлым ұйымдастырылған елдерде еленбейді. Бірақ былай болуы мүмкін және талай рет солай болған: көбейіп бара жатқан бюрократиялық мекемелердің шығындары, соғыстардың және соғыс

қарыздарының салдарынан әскери тап пен қоғамның басқа да бюрократиялық жіктерінің талаптары тым көп болып кетеді және экономикалық емес қызметтерді жүзеге асыратын тап жұмсайтын материалдық игіліктер мөлшері шамадан тыс артып кетеді. Яғни игіліктерді өндіретін таптардан алынатын салықтардың өсіп кететін сонша, бұл өндірістен түсетін индивидуалдық пайданың тым азайып кетуіне апарып соқтырады. Мұндай жағдайда өндіріс сөзсіз қысқара бастайды. Өндірістің құлдырауынан эмиграция күшейеді және бала туу азаяды ақырында, әлеуметтік организмнің ішкі титықтауы орын алады. Міне осы құбылыстар бюрократиялық мемлекеттің құлдырауымен қатар жүреді. Олар Ежелгі Египеттегі бюрократиялық дамудың шырқау шыңынан кейін келген дәуірде, одан да анығырақ – Рим империясының құлдырауы кезінде көрінді.

V тарау

Заңгерлік қорғау

1. Инсанияттық сезім саласындағы прогресс туралы әрқилы пікірлер. 2. Эволюцияшылдар мектебі. 3. Бокль ілімі. Инсаниятты қолдау. 4. Инсаниятты қолдауға діни наным-сенімдердің ықпалы. 5. Инсаният деңгейіне саяси ұйымның ықпалы. 6. Саяси қарабайырландыру және заңгерлік қорғау. 7. Басқарудың аралас пошымдары. Монтескьёнің биліктерді бөлуі туралы іліміне толықтыру. 8. Шіркеу беделін дүниауи билік беделінен бөлінуінің заңгерлік қорғауды қамтамасыз етуге ықпалы. 9. Байлықты бөлудің ықпалы. 10. Өкілеттік беру және барлық саяси күштердің тепе-теңдігі принципі. 11. Саяси таптағы әлеуметтік тұрпат бірлігі.

1. Инсанияттық сезім дегеніміздің не екендігін ерекше түсіндіріп жатудың қажеті де жоқ секеілді, өйткені әңгіме баяндап анықтамай-ақ баршаға түсінікті нәрсе туралы. Бірақ зәуде керек болып қалар деп атап өтейік: инсанияттық сезім деп әдетте индивидтердің өз тәбетін, билеп-төстеу және өзіне пайда келтіру ниетін қанағаттандыруға бағытталған қарекеттер жасауға табиғи бейім

тұруы сол қарекеттер басқаларға тигізуі мүмкін зияндар мен кесепаттардан өкінудің жаратылыстық сезімімен тізгінделетін сезімдер жиынтығы түсініледі. Кейде осындай сезімнің адамдар бойында дамитыны соншалық, басқаларға сыйланатын қуаныш пен пайдадан алынатын моральдық қанағат олардың өзі туралы материалдық қамқорлығынан басым түседі. Айналамыздағылардың мұң-мұқтажын көргенде төл тілегіңді қанағаттандырудан тартыну бізге ерекше жақын да қымбат кісілерге біздің жүректегі сезімдеріміздің әмірімен болғанда, олар ұнатуға негізделеді деуге болады; бірақ егер оларды бізге жат индивидтерге, кейде тіпті жауларға, олардың тек адам болғандықтан ғана оларға құрметпен қарау туындатса, онда біз әділеттілік сезімінен неғұрлым жоғары және тым аз таралған сезімді көреміз. Осынау сезімдерді тұп-тура темірқазық етіп, көкке көтеру мынадай әйгілі формулалармен білдірілді: жақыныңды өзіндей сүй; өзіңе не қаламайсың басқаларға соны істеме. Алайда олар тіпті де нақты өмірде қолдануға болатын пайдалы кеңес түрінде емес, ешқашан қол жетпейтін инсанияттық мінсіздікке жету талабы секілді елестейді. Шынында да, әрқашан дерлік әке мен шешенің махаббатымен байланысты жайлардан басқа тұстардың бәрінде әрбір индивид өз істері жөніндегі қамқорлықты басқаларынан жоғары қояды, ал оларды жақсылап күйттеу үшін, ол шамалы болса да өзін басқалардан көбірек сүюі және олар жөнінде өзіне істегеннен басқаша істеуі қажет. Инсанияттық сезім саласындағы прогресс және өзгермейтіндік проблемасы бойынша пікірталастар көп болды. Өтіп бара жатқан ғасырдың аса көрнекті авторларының бірі Бокльдің былай деп атап өткені белгілі: нағыз мінсіз де асқақ этикалық принциптер ең ежелгі қоғамдардың өзінде белгілі болып жарияланды; ол сондай-ақ адам қоғамдарының прогресі инсанияттық емес, тек қана дерлік интеллектуалдық және ғылыми прогресс деп санады. Эволюцияшылдар мектебінің толып жатқан өкілдері принципінде өзге тұжырымдарға тоқтайды: олар инсанияттық сезім тіршілік үшін күрес арқасында ұдайы ілгерілей алады және ілгерілеуге тиіс, өйткені кез-келген қоғамда негізінен альтруистік сезімдері басқалардан артық индивидтер тірі

қалады, себебі олар – әлеуметтік организмнің ең пайдалы элементтері; ал әрқилы қоғамдардың арасындағы күресте осындай сезімдегі адамдары еөбірек қоғам жеңіске жетеді деп топшылайды. Біз екі доктринаны да қысқаша талдап шығамыз, сонда олардың бірде-бірін ғылыми түзілімнің берік негізі ретінде қарастыруға болмайтынын көру қиынға түспейді. Біздің талдау, бүгінге дейін ең кең таралған екінші доктринадан басталады. 2. Тіпті егер бұл арада, біз осынау кітаптың бірінші тарауында жеткілікті айқын көрсеттік деп үміттенетін нәрсе, – адамдар қоғамында мәдениеттің ең алғашқы және ең қарабайыр сатыларынан бастап, тіршілік ету үшін күресті негізінен біріншілік үшін күрес деген қағида қаперге алынбаған күнде де, өздерін позитивистер санатына жатқызатындар айтып жүрген, оларға сенсек кез-келген әлеуметтік топта: дамудың жоғары деңгейіне жеткен топта да, жай ғана күн көру сатысында тұрған топта да, неғұрлым инсаниятты және неғұрлым альтруист индивидтер неғұрлым қолайлы жағдайда болады-мыс деген қағида парадокс болып көрінеді. Біз қабылдай алатын әрі ықыласпен қабылдайтын қағида – инсанияттық сезімнен титімдей ештеңе бұйырмаған және өзінің пиғылын жақсылап жасыруға қабілетсіз, басқа адамдардың ұнатпауы мен жек көруін туындататын индивид, әйтсе де осынау кеңпейіл дүниеде әдебиеттегі, ғылымдағы және саясаттағы табыс кей-кейде инсаният сезімінен абсолютті жұрдай адамдарға үйірсек. Алайда ерекше нәзік инсанияттық сезімге де ие индивид те тым қолайсыз жағдайларға тап бола береді. Іс жүзінде, үлкен болсын, кіші болсын, барлық пендешілік істерде, оның абсолютті жарамсыз қару көмегімен күресуіне тура келеді. Көпшілік ол жөнінде, оған жақсы таныс болуы мүмкін бірақ оның өзі оларды басқалар жөнінде істеуге жол бермейтін қарекеттерді істей бастайды, және осыдан ол, өзінің қитұрқыларын жақсылап жасыра білетін, сақ алаяқты қоршап тұрған жек көрушіліктің салдары болып шығатын нәрседен даусыз көп зиян шегеді. Іс жүзінде, ерекше қайырымды болуға және оны жанының табиғи қарапайымдылығының пәрменімен сезбеуге болады; жан ізгілігінің, жамандықты қабылдаму сезімінің еңсерілместігінің және мінездің қаттылығының себебімен де қайырымды болуға болады, бірақ

жақсылықтың есебінен төл мақсатыңа немесе сәттілік және өмірдегі табыс деп түсінілетін нәрсеге жету оңайырақ деген сенім орын алатындықтан қайырымды болуға болмайды. Нақ солай түсінілген утилитаризм, екіжүзділердің қулығынан немесе ақымақтардың арманынан басқа ештеңе бола алмайды. Сонымен, кез-келген қоғамда эволюция және жақсыларды табиғи сұрыптау делінетін нәрсе, тіршілік үшін күрес деп түсінілетін еәрсеге бәрінен жақсы сай келетін моральдың орташаландырылған түрлерін орнықты қолдап отырумен және таратумен аяқталар еді; ал біріншілік деп атау әлдеқайда дұрысырақ болатын тірі қалу, әлеуметтік орта атаулыда моральдық тұрғыдан тамаша орташалық болып шығатын құлықтарды сақтауға қолайлы болуға тиіс болар еді. Осыған қарамастан, эволюцияшылдар теориясы, тіпті осынау елеулі түзетулерге қарамастан, қолданыла алады деген әсер қалыптасуы мүмкін, өйткені онда инсанияттық элементтері бері салғанда индивидтердің өздерінің алдына қоятын мақсаттарға қол жеткізуінде табысқа ие болуына немесе сәтсіздікке ұшырауына басқаларынан гөрі үлкен шамада ықпал ететін маңызды фактор саналады. Егер жағдайлардың сәтті тоғысуын немесе жазмыштың әдетте біз елестетер деңгейден неғұрлым ықпалын қозғамасақ, адамның әлеуметтік баспалдақтың жоғарғы сатыларына өрлеуіне немесе төменгі сатыларда қала беруіне ақылдың түйсіну шапшаңдығы және мықты аңғарымпаздық секілді қасиеттерінің бұйырғаны немесе бұйырмағаны орасан зор шамада жәрдемдеседі. Бірақ өсу үшін, ең алдымен мінезге байланысты өзге қасиеттердің, турасын айтқанда, интеллектуалдық та, моральдық та болып табылмайтын қасиеттердің болуы қажет. Мақсаткерлік, өз күштеріне сену және ең алдымен төл белсенділік керек. Ол-ол ма, егер біз индивидтің белгілі бір қоғамда қаншама ілгерілей алатынына баға бергіміз келсе, онда, әлбетте, тек бір өлшемді пайдалануға болмайды, бірақ, негізгі өлшемді көзден таса қылмай, оның қаншалық белсенді екендігін және өзінің белсенділігін қаншалық жақсы пайдалана білетінін көруіміз керек. Жаратылыстық сұрыпталу теориясының тек бір жағын әділетті деп қабылдауға болады. Шынында, екі қоғамның арасындағы күресте, тұтас

алғанда өзінің өкілдері неғұрлым күшті инсанияттық сезімге ие, демек, неғұрлым біртұтас болатын, көбірек өзара сенім көрсететін, жанқиярлыққа көбірек қабілетті болып шығатын жақ жеңіп шығуға тиіс дегенмен келісуге болады. Бірақ бұл жалғыз қағида бүкіл эволюциялық тұжырымдаманы құтқара алмайды, қайта, керісінше, оның күйреуіне жетелейді, өйткені, егер қайсыбір қоғамда инсанияттың жалпы деңгейі жоғары болып шықса, бұл тіпті де ең бейімделгендер тірі қалатындықтан емес. Қоғамдық моральдің неғұрлым жоғары деңгейін, қоғамның өзін жақсы ұйымдастыруынан, тарихи қалыптасатын ұйымдастыруынан басқа ештеңемен түсіндіру мүмкін емес. Нақ осы әлеуметтік құбылыстарды тек биологиялық жолмен және индивидуалдық психология деңгейіндегі өзгерістермен түсіндіруге болмайтынын көрсетеді. 3. Бокльдің көзқарасы біздің көзқарасымызға неғұрлым жақын болғанымен, оған бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізбей, біз оны қабылдай алмаймыз. Сонау ежелгі қоғамдардың өзінде біз олар жоғары инсаниятты сезімдерді көрсететін моральдық ережелерді кездестіретініміз шынында да рас. Мәселен Египет перғауындарының он екінші әулеті басқарған кезеңге жататын папирустарда, христиандық және буддистік моральмен бірдей дерлік моральдық өсиеттер жазылған. Грек-рим мәдениетінің өкілдері ретінде платониктер менг стоиктар ежелгі еврей мәдениетінің өкілдері ретінде эссендер, ең жоғары моральді көптеген қолдаушылардың тек кейбіреулері ретінде қарастырыла алады. Бірақ мынаны да қағыс қалдырмау керек: осынау нормалардың әзірлену сәті бағзы замандарда жатқанымен, олар өркенияттары соған дейін ұзақ жолдан өтіп үлгерген және сондықтан инсанияттық сезімдері ұзақ шыңдалған халықтарда пайда болды. Шынында да, егер қарадүрсін тайпа моралін ұзақ жылдар бойы территориясы мен халық саны жағынан жеткілікті ірі саяси организде ұйымдасқан түрде өмір сүрген жеткілікті өркениятты халық моралімен салыстыруға жол берілсе, онда бұл сәбидің моралін ересек адамның моралімен салыстырғандай болады. Егер біріншісі әлі түсінілмеген мораль болса, екіншісі саналы мораль; егер сәбиде жақсы және жаман инстинкттер тек нобайланса, ересек адамда олар әбден дамыған, кемел пошымдарда көрінеді.

Бозбала жабайы адам секілді, жаман, кейде сорақы қылық жасай алады, бірақ оның қарекеттерінде есеп пен ойдан гөрі, әрқашан соқыр инстинктік жігер басым түседі. Олардың екеуі де сондай-ақ жақсы істер де тындыра алады, бірақ бұл орайда өркениятты ересек адам қабілетті әдептілік пен ұстамдылықты және саналы жанқиярлықты көрсете алмайды. Бірақ өркениятты адамды жабайыдан тек оның моральдық және бейморальдық инстинктерінің неғұрлым ұшталған көріністері ғана ерекшелемейді. Көптеген ғасырлар бойы берік саяси ұйым жағдайында дамыған ежелгі мәдениет қоғамдарында бейморальдық инстинктерді жаныштау, басқаша айтқанда, қылмыстық құқықтың кейбір мамандары тежеуші импульстер деп атай алатын нәрселер, әлдеқайда табысты жүзеге асырылады және дағдылы нормалары мәніне ие болады. Бұл қоғамдарда ұзақ және біртіндеп ұқсату жолымен тиісті органдар қалыптастырылады, солардың есебінен қоғамдық және жеке қатынастардың басым бөлігінде қоғамдық мораль индивидуалдық бейморальдық көріністерін тежейді. Барлық дерлік адамдар, егер олар өмірлік маңызды мақсаттарды көздемесе және нәпсіге берілмесе, онда әлдебір қылық, өздері өмір сүретін қоғамда барша қабылдаған әділеттілік сезіміне сай келмейтінін жақсы түсінеді; әйтсе де, дау жоқ көпшіліктің тіпті сондай қарекетті нәпсінің немесе күшті өмірлік сарынның ықпалымен жасай алатын кездері де болуы мүмкін. Алайда қоғамдық пікір, дін, заңдар және бүкіл әлеуметтік ұйымдастырылу қарапайым жалпы адамзаттық нормаларды сақтауға мәжбүрлейді, себебі олар көптеген адамдардың ұжымдық санасын білдіреді, ал ол жеке адамның немесе арасында эгоистік сезімдер басым түсіп, белгілі бір уақытқа әділдік пен адалдық туралы дұрыс түсініктер жоғалған адамдардың шағын тобының қарекеттеріне көбіне-көп әділ баға береді. Қазы – баршаның инсанияттық сезімінің қаруы, ол ара-тұра қажетті тәртіпті қалпына келтіреді, адамдар бойындағы нәпсілер мен қауіпті инстинктерді тежейді. Сонымен, неғұрлым өркениятты қоғамда тек моральдық инстинктер ғана емес, эгоистік пиғылдар да неғұрлым ұшталған, неғұрлым түсінілген және

неғұрлым мінсіз бола түседі. Прогресті саяси ұйымы бар қоғамда инсаният саласындағы тәртіп, дау жоқ, жоғары болады, бірақ сонымен бірге сондай қоғамды құрайтын индивидтер тарапынан өзара бақылау мен ауыздықтауға көнбейтін, сорақы эгоистік актылар да неғұрлым қитұрқы бола түседі. Кезкелген қоғамда біз, ешқандай әлеуметтік тәртіпке бағынуға анық құлықсыз адамдардың кейбір мардымсыз тобын әрқашан таба аламыз; бірақ сол қоғамда дұрыс жолдан тайдырмау үшін жасалған кез-келген тұмылдырық қажет болмайтын, табанды мінезді, өте саналы адамдардың біршама саны болатыны да рас. Осынау екі полюс арасында орташа саналы адамдардың орасан басым көпшілігі орналасқан. Ыңғайсыз жағдайға ұшыраудан сескену және жазадан қорқу оларды өзінің қарекеттері үшін достары да, бағыныштылары да емес басқалардың алдында жауапты болуға мәжбүрлейді. Көпшілік үшін, нақты өмірде кездесетін, инсанияттық нормаларды бұзуға итермелейтін мыңдаған азғыруға ермеуге көмектесетін нәрсе дәл осы. Инсанияттық сезімінің осы тәртібін басқаратын әлеуметтік механизмдер біз заңгерлік қорғау деп атайтын нәрсені құрайды. Бірден айта кетейік осындай механизмдер әрқилы қоғамдарда бірдей мінсіз болмайды; керісінше, ғылым мен өнерді дамытуда зор табыстарға жеткенін көрсететін инсанияттық тәртіп саласында едәуір артта қалып қоятыны болып тұрған, қазір де болып тұрады. Былай да болуы мүмкін: қоғам ғылыми сала мен экономикада жедел даму сатысына енгенде заңгерлік қорғау әлсіреп, оның тиімділігі де кемиді. Мұнан әрі, ұзақ соғыс пен үлкен революция сияқты қауіпті катастрофа әрқашан әлеуметтік ыдырау кезеңін туындатынын бекерге шығаруға болмайды: эгоистік сезімдерді тежеп тұратын тәртіп құлдырайды; тәртіпті қолдап отырған дағдылар ұмытылады, және де бейбітшілік пен өркенияттың ұзақ кезеңінде адамдар бойында мүлгіп жатқан, бірақ өлмеген хайуандық инстинктер қайта жанданады. Өйткені, егер бір жағынан, дамыған мәдениет олардың жанышталуына қол жеткізе алғанымен, екінші жағынан, олар осы орайда неғұрлым құдіретті, неғұрлым өткір бола түскен-ді.

Мәселен, біз кейде авантюристер топтарының – өркениятты халықтар ортасынан шыққандардың, варварлармен немесе өзге әлеуметтік тұрпаттағы халықтармен жақындасқанда, өздерін қарапайым инсанияттық дәнекерлерден босадық деп санап, кей-кейде испандық конкистадорларды Америкада, ал Уоррен Гастингс пен Кливті Үндістында даңққа бөлегендей қарекеттер жасайтынын көреміз. Сол өлшемді пайдалана отырып, отыз жылдық соғыстың, Француз революциясының, Ресейдегі қазіргі революцияның және басқа азамат соғыстарының жантүршігерлік шектен шығушылықтарын түсіндіру қиын емес. 4. Өз тарихы болған және бар халықтарды шолып шықсақ, оларда инсанияттық сезімі тәртібін қолдап отыру дінге де, бүкіл заң шығарушы жүйеге де тапсырылғанын аңғаруға болады. Алайда барлық халықтарда тарихтың бастапқы кезеңінде, айтпақшы, көптеген халықтарда бүгінгі күнге дейін, азаматтық заңдар мен діни ережелер бөлінбеген немесе бөлінбейді де, осыған байланысты санкциялар бірігіп кетеді. Бірақ біздің заманда еуропалық өркеният елдерінде және тіпті Қытайда дүниауи және шіркеулік ұйымдар азды-көпті жіті ажыратылды. Шіркеу өзінің инсанияттық сезімді нығайтудағы рөлін, оны рухтандырып, қолдап отыратын сенім неғұрлым күшті болса, соғұрлым ойдағыдай орындайды, ал сол уақытта дүниауи ұйым бұл сезімді, біз зерттеуге тиісті психологиялық тенденцияларға сәйкес нығайтады. Шіркеулік санкция, егер оны саяси санкция толықтырмаса, соңғысына қарағанда неғұрлым пәрменді бола ала ма, және тозақтан қорқыныш абақты мен полициядан қорқыныштан күштірек пе деген пікірталас ұзақ уақыт жүрді. Біздің ойымызша, мұндай сұраққа, барлық нақты жағдайларда қолдануға болатын, белгілі бір жауап беру қиын. Саяси ұйымы әлсіз және қарабайыр, ал діни сезімдер өте қуатты болатын, сол елде, діни энтузиазм сөніп үлгерген, ал саяси, әкімшілік және қазылық жүйе жеткілікті дамыған елден принципінде өзге жағдайда болатыны айдан анық. Кейінірек біз этикалық тұрғыдан дін пәрменділігі мәселелерін бөліп алып, егжей-тегжейлі қарастырамыз, бірақ соған қарамастан күні бұрын былай дей аламыз: діни нұсқаулар да, азаматтық заңдар да кез-келген адамдар бірлестігінде міндетті түрде көрінетін ұжымдық

инсанияттық сезімнің эманациясы. Дау жоқ, барлық діндер белгілі бір практикалық қарекет жасай алады және жасауға тиіс те, сонда да діннің инсаниятты қолдап отырудағы ықпалын асыра бағалайтындардың позициясы бері салғанда әңгүдіктік болар еді. Егер де осындай позицияны ұстануға бейім адамдардікі жөн болса, онда, мысалға, христиандық және мәжусилік халықтардың моральдық деңгейлеріндегі айырмашылық орасан зор болар еді. Әрине, егер біз христиандық өркениятты халықты варварлық сатыдағы мәжусилік халықпен салыстырсақ, онда бұл моральдық арақашықтық зор; бірақ біз варварлықтың бірдей ахуалындағы екі халықты салыстырсақ, егер олардың бірі христиандықты қабылдаған, ал екіншісі – қабылдамаған болса, онда олар өздерін бірдей ұстайтын немесе мінез-құлықтарында бері салғанда үлкен алшақтық жоқ болып шығады. Осы заманғы абиссиниялықтар – жоғарыда айтқанымызды қуаттайтын жанды да көрнекі мысал. Және егер енді біз мәжусилік болса да, саяси жағынан жақсы ұйымдасқан, Марк Аврелий дәуіріндегі римдік қоғамды, Грегорио Тур жазатын сол уақыттағы әлсіз ұйымдасқан христиандық қоғаммен салыстырсақ, онда бұл паралель бізді рим қоғамының пайдасына бұрмайтындығына қатты күмәнданар едік. Шынында да адамдар өзінің табиғаты бойынша әлдеқайда зор, бірақ оншалық нақты емес әрі тым қашық зияннан гөрі, тым үлкен емес, бірақ нақты да тікелей жағымсыздықтан қаттырақ қауіптенеді. Егер ашқарақтық, нәпсіқұмарлық және кек алу аңсары ұрлыққа, зорлыққа және кісі өлтіруге итермелейтін анайы индивидке келсек, олардың көпшілігі үшін, қылмыстардың алдын алу құралдары ретінде каторгаға тап болу немесе эшафоттан қорқу мәңгі азап қатерінен гөрі неғұрлым сенімді әрі пәрменді. Егер бұл, аффект ахуалында жасалатын, инсаният нормаларын ерекше дөрекі бұзу оқиғалары жөнінде рас болса, онда бұл, адамдарды өздерінің күнделікті мүдделерін көздеу және шамалы эмоциялық ыза итермелейтін ұсақ тәртіп бұзу жөнінде әбден әділетті. Моральдық және діни нормалар қарызды өтеу біздің абыройымыздың ісі екенін айтпай ма? Алайда мынаны мойындау қажет: көптеген иманы кәміл діндарлар бұл норманы орындауға асықпай, жұртшылықтың масқаралауынан, әсіресе сот

орындаушысынан қорықпаса, өздерінің ұжданын алдаудың мындаған сылтаулары мен себептерін табады. Өз қолына ерік беру – бері салғанда инсаниятсыздық екенін түсіну үшін ерекше ұшқыр ақылға ие болудың керегі жоқ; алайда ашу үстінде өз жақынына қол жұмсауға үйірлік, егер тек кінәлі мықтап жауап алатынына және бұл іс абақтымен, айыппұлмен аяқталатынына сенім болса, көп жағдайда еңсеріле алады. Бірақ біз, сорымызға қарай, неғұрлым әлсіздеу және өзін қорғауға неғұрлым қабілетсіз тіршілік иелері – әйелдер мен балалар, нақ осы себеппен діни және инсанияттық сезімдер қорғанышты қамтамасыз етуге тиісті болатын жандар бәрінен жиі ұрып-соғу қ±рбандарына айналады. Ал діншілдік зор елдерде, алайда, төмен таптың өкілдері жоғары тап тарапынан күшті жүгенсіздікке ұшырайтын елдерде, қожайындардың малайлары мен вассалдарын ұрып-соғуы әдеттегі нәрсе. Дау жоқ діни сенім, патриоттық энтузиазм және саяси нәпсі ерекше күшті қозу сәттерінде жанқиярлық пен жанпидалықтың қуатты толқынын тудыра және бұқаранықаһармандық күш-жігер көрсетіп, ғаламат қарекеттер жасауға көтере алады, адамның әдеттегі жағдайдағы қабілеттерін ғана қаперге алатын адамдар үшін адам шамасынан тыс нәрсе болып көрінеді. Католиктік guіbіleі және протестанттық revіvals соған бірқатар мысалдар береді; және қуаттайтын фактылар ретінде әулие Франциск Ассизи өмір сүрген жылдарғы Умбрияны толқытқан рақымшылық пен сүйіспеншілік қозғалысына, 1789 жылдың алғашқы айларындағы Француз революциясының арынды барысына, 1848 жылғы Италиядағы қозғалысқа сілтеме жасауға болады. Бірақ адамдардың күшті сезімдері қозғалған тұстарда адамдар бұқарасының шетін толқулы ахуалға ұшырау қабілеті, дағдылы өмір жағдайында осындай қарекет тәсілдерінің нақты тиімділігі жөнінде бізді адастырмауға тиіс. Ерекше патриоттық және діни өрлеу сәттерінде, тұрғындардың барлық жерлерден мемлекетке яки шіркеуге тапсыру үшін өздерінің асыл бұйымдарын қалай әкеліп жататынын бақылауға болады, бірақ әдеттегі жағдайда ешқандай саяси ұйым, егер мәжбүр ету ретімен салық жинамаса, ұзақ өмір сүре алмас еді, ал

шіркеу, қол жеткізе алатын кездерде міндетті түрде мүліктің оннан бірін өзіне беру жүйесін енгізіп отырды. Патриоттық және діни сезімдер, әсіресе егер олардың екеуі бір деммен біріге алса, адамдарды бұқаралық әрі қуатты көтеріліске итермелей алады. Жекелеген тарихи сәттерде олардың ықпалымен халықтар бұқарасы қолына қару алып, алыс та қауіпті жорықтарға аттанған, мұны алғашқы крест жорықтарының мысалынан көруге болады. Бірақ осындай сезімдер, егер біз халықтың әскери іс өздері үшін дағдылы кәсіптік жұмысқа айналған, ерекше топтарын қаперге алмасақ, соған кез-келген сәтте өздері қажет жерге аттануға дайын, тұрақты және дайындалған әскери бөлімдердің құралуына жеткіліксіз. Ондай әскерлер ауылшаруашылық, өнеркәсіптік және коммерциялық қызметтің арқасында әдеттегі жағдайда өмір сүретін, бірақ жақсы реттелген әлеуметтік тәртіп тұсында керек сәтінде өзінің әскери парызын өтеуге дайын адамдардан жасақталады. 5. Дегенмен, саяси деп аталатын ұйым – билеуші тап пен басқарылушы таптың арасындағы, сондай-ақ билеуші таптың әртүрлі баспалдақтары мен фракцияларының арасындағы қатынастар сипатын белгілейтін ұйым – азаматтардың заңгерлік қорғалуының мінсіздігі бірінші кезекте тәуелді болатын фактордың нақ өзі екендігі күмәнсіз. Әділет пен заңдылықты қорғайтын, және... шынында да либералды болып табылатын адал үкімет – әдетте жекеге, яғни меншікке және өмірге жатқызылатын қ±қықтардың, сенімді қорғалатынының ең жақсы кепілі. Жемқорлыққа бөккен режим, оны кім және қандай негізде: құдай атынан болсын, халық атынан болсын басқаратынына қарамастан, сондай міндетті орындауға анық қабілетсіз. Мұндай режим ресми түрде әбден-ақ парасатты немесе тіпті асқақ принциптерді жариялай алатынына қарамастан, іс жүзінде олар өте нашар сақталатын болады. Басқарушылар мен басқарылушылар арасындағы, сондай-ақ басқарушылардың әртүрлі категорияларының арасындағы қатынастарда инсанияттық нормалары мен әділет принцптерін сақтау, елге және дәуірге байланысты деген пікір тек қарабайыр ғана емес, тегінде, тіпті біршама

таптаурын болып көрінеді. Сонау бір тәуір замандарда түрік пашалары мен уәзірлерінің, Ахмет Кепрөлу, Мұстафа Байрақдар және Тепелендік Әли-паша сияқты кісілердің райялардың (сұлтандар билігі тұсындағы Түркияның мұсылман емес бодандары – Ред.), көбіне өздерінің билігіндегі қалған шын мұсылмандардың да тағдырларын оп-оңай шешкен, солардың өмірін еркін билеп-төстеген басқаруы мен Қытай мандариндерінің басқару сипаты арасындағы орасан айырмашылықты кез-келген адам көп қиналмай-ақ көре алады. Соңғылары жалақысына қосымша, бюрократиялық жемқорлыққа белшесінен батты, бірақ Қытай провинцияларының соншалық саяси автономиясына қарамай, егер қайсыбір жерде өлім жазасы шығарылса, процесс Пекинде қайтадан тыңдалуға тиіс болатын, ал іс мұқият тексерілетін. Осы заманғы Ресейдегі басқару, тұтқындау кезінде адамға ұстау себептері туралы құлағдар етіліп, санкция көрсетілетін, осы заманғы Англияға қарағанда мүлдем басқа екендігі де айдан анық. Дәл осыны, Орталық және Батыс Еуропадағы басқару жүйесін оңтүстік америкалық республикалар жүйелерімен салыстырып байқауға болады. Бірақ кейбіреулер саяси режимдердің осынау олардың адамгершіліктік дәрежесіне сай (өте елеулі) нұсқаларын нәсілдік айырмашылықтармен қайран қалдыратын жеңілтектікпен түсіндіреді. Біз осынау мәселелерге кітаптың алғашқы тарауларында жеткілікті тоқталғанбыз, сондықтан енді мен қысқаша ғана мынаны айта кетпекпін: бізге озық қатарлы өркенияты және кемелденген саяси жүйесі болған, әрі заңгерлік қорғаудың дәрежесі қазір олардан озып кетіп, енді қоғамдық қатынастарда көрсетуге тиіс инсанияттық сезімнің табиғи мешеулігін байқатпайтын ұлттарға қарағанда неғұрлым жоғары халықтар мысалы ұшырасатын кезде барлық себептерді белгілі бір нәсілдердің кемдігіне саятын біреулермен келісу қиын. Барлығын өркенияттыағы айырмашылықтармен түсіндіргісі келетіндер де бар, мұнда шындықтың бір бөлшегі бар, өйткені, біз алда көрсететініміздей, халық саны жағынан үлкен және ұлан-байтақ аумақты алып жатқан осы заманғы ұлттық ортақтық үшін, егер айтарлықтай интеллектуалдық және экономикалық дамуы болмаса,

жеткілікті мінсіз заңгерлік қорғауға қол жеткізу мүмкін емес демесек те өте қиын. Бірақ шындықтың бір бөлшегі – әлі толық шындық емес, өйткені материалдық және интеллектуалдық шарықтау кезеңдерін бастан өткерген, бірақ, бейне бір әлдене жазмыштық күш билігі астында қалып, билеуші таптардың құлқында нақты прогресті қамтамасыз етуге мүлдем жарамайтын, кейбір саяси ұйым тұрпатының бұғауынан бірде-бір рет құтыла алмаған көптеген халықтар бар; және де, демек, әдетте өркенияттылық деп атайтын нәрсе нақты саяси прогрестің қажетті, бірақ жеткіліксіз шарты. Сондықтан біз мынаны ғана айта аламыз: әдеттер мен бейімділіктер заңгерлік қорғаудың мінсіз немесе мешеу шетін дәрежелерінің орнататылуына айтарлықтай шамада жәрдемдеседі. Мысалы, осы заманғы парсылар бір немесе тіпті екі ұрпақ ғұмырының барысында осы заманғы Англиядағы режимге ұқсас режимнің орнатылуына қол жеткізе алмас еді, дәл сол секілді осы заманғы ағылшындар өздерінің парсы шахы өз бодандарын әлі күнге дейін басқарып келе жатқандай етіп басқаруға жол бермес еді. Ілкіде біз интеллектуалдық сапаларға қарағанда, моральдық сапалардың айтарлықтай баяу өзгеретінін атап өткенбіз. Бірақ олар ақырын болса да, бәрі-бір өзгереді және жақсы жағына қарай да, жаман жағына қарай да дами алады. Және де осы заманғы ағылшындар бұдан былай Ричард ІІІ секілді корольге, Фрэнсис Бэкон сияқты лорд-канцлерге, Джефрис тәрізді қазыға, Грэм де Клаверуз сияқты Шотландиядағы әскердің бас қолбасшысына, және де, тегінде, Кромвель тәрізді лорд-қорғаушыға тіпті де төзбейтіндігі рас болса; және де егер біз осы заманғы итальяндардың арасында Бернабо Висконти мен Цезарь Борджианың мүмкін еместігіне біз заңды түрде үміттене алатынымыз рас болса, онда екі ғасырдан сәл-ақ артық кезеңде римдіктер саяси ұйымына бүкіл классикалық антика заманындағы ең жақсы ұйымдардың бірі ретінде Полибий тәнті болған римдіктер Калигула мен Неронның тиранияларына мойынсұнуға мүмкіндік бергені дәл солай рас; Аристидтің, Перикл мен Эпаминондтың ұрпақтары – гректер ұзақ ғасырлар бойы Византия императорларының қол астында қала бергені де дәл солай рас. Мұның үстіне, басқаларынан артықшылық берілетін

қайсыбір моральдық сапалардың қалыптасуына алып келетін себептер сөзсіз болуға тиісті, өйткені, тіпті біз саяси режимдердің айырмашылықтары негізінен саяси бейімділіктердегі айырмашылықтармен байланысты дегенге жол берсек те, тиісті саяси бейімділіктер қандай себептердің пәрменімен әрқилы орнықтылыққа ие болады деген сұрақ шешілмеген күйінде қала береді. Қорытындыда мынаны айтуымыз керек: біз бір маңызды психологиялық заңға жақындадық, тек ол ғана инсаният инстинкті кейбір халықта азды-көпті дәрежеде неліктен орнығып, оның саяси ұйымында дамитынын сол заң ғана түсіндіре алады. Аталмыш заң, шындап келгенде тарауымыздың басында біз нобайлап кеткен неғұрлым ортақ заңның, әлеуметтік өмірдің әрқилы салаларындағы моральдық реттеушілер ықпалының азды-көпті тиімділігі немен байланысты екендігін түсіндіретін заңның қосымшасы ғана екен. 6. Бірден-бір жалғыз саяси күштің абсолютті артықшылығы, мемлекеттік құрылысты жасаудағы жалғыз қарадүрсін тұжырымдаманың үстемдігі, мемлекеттік құқық саласына тұтасымен қолданылатын жалғыз принцип тек қатал қисынды айнымау – кез-келген деспотизмде: тірегін құдай берген деп білетін деспотизмде де, халық билігі идеясына негізделе құрылатын деспотизмде де міндетті түрде көрініс беретін ортақ белгілер. Бұл орайда билікті өз қолдарына шоғырландырғандар өздерінің жағдайынан барынша пайда түсіре және өздерінің көкейіндегісі мен мүдделерін қанағаттандыра алады. Егер билеуші таптың басында тұрған кісілер құдайдың немесе халықтың ырқын тәпсірлеудің айрықша құқығына ие болатын және жоғарғы билікті діни немесе демократиялық фанатизмге беріліп кеткен қоғамда құдайдың немесе халықтың атынан жүзеге асыратын ұлттың үстем режимін қорғайтын күштерден өзге ұйымдасқан саяси күштер болмаса, онда әлеуметтік иерархияның басында тұрғандардың билікті қарақан басының қамына пайдаланғысы келетін жаратылыстық тенденциясын ауыздықтай алатын қарсылық та, пәрменді бақылау да болмайды. Егеменнің атымен ойына не келсе, соны істей алатын билеуші тап нағыз моральдық азғындауға ұшырайды. Мұндай азғындау әдетте басқа адамдардың

пікірлері мен ұжданы жүктейтін ешқандай дәнекер мен ешқандай бақылау қарекеттерін тежемейтін адамдарға тән. Бағыныштылардың жауапкершілігі түптің түбінде бір адамның немесе барлық функционерлердің басында тұрған шағын топтың, біреудің немесе – патша, сұлтан немесе Қоғамдық құтқару комитеті аталса да бәрібір біреулердің жауапсыздығы мен шектеусіз билігінің салдарынан жоғалып кетеді, абсолютизм жоғары кісілердің бойында туындатқан сырқаттар біртіндеп бүкіл саяси машинаға жұғады. Өйткені адамның шынайы немесе жалған тілектеріне ләм-мим демей құлдық ұрып мойынсұнатын кезде, сол адамның нәпсісі мен қателіктерін бостан да әділ кісілердің қадағалап, бақылап отыруына жол берілмейтін кезде бәрі рұқсатты нәрсеге айналады. Осындай жүйенің зардабы жылдам байқалады, және тым қайғылы болады. Тегінде, абсолютті билік адамдар бойында туындататын құлдық азғындауын замандастар арасында, ұзақ жылдар бойы патшалық елде тұрған және өз өмірінің он жылын Сібірде айдауда өткізген, орыс жазушысы Достоевскийден артық ешкім неғұрлым шын да неғұрлым өткір суреттеп бере алған жоқ. Бізге тек сөздерін қайталау ғана қалады: (“осынау билікті, дәл өзі секілді адамның тәніне, қанына және рухына осынау шексіз үстемдікті бір рет бастан өткерген адам... билікті және басқа тіршілік иесін барынша қорлай алудың ьолық мүмкіндігін бастан өткерген адам... енді өзінің түйсіктеріне амалсыз ие бола алмай қалады. Тирандық дегеніміз әдет, оған дами түсу дарыны сыйланған, ол ауруға солай дамып, ақырында айналады. Мен ең жақсы адам әдеттің салдарынан хайуан деңгейіне дейін тұрпайыланып, нақұрысқа айналады дегеннен таймаймын. Қан мен билік мас қылады..., ең құбыжық құбылыстар ақыл мен сезімге сіңеді, ақыр соңында, тәтті бір дәмге айналады... Мұның үстіне, мұндай жүгенсіздік мүмкіндігінің мысалы бүкіл қоғамға жұқпалы аурудай тарайды... Жендетті қоғам жек көреді, бірақ тіпті де джентельменжендетті емес”. Алайда осы заманғы кейбір психиатрлар атап өтетін осындай бейморальдықтан ләззат алу билікқұмарлық эксцестерін түсіндіріп, Ежелгі Римнің кейбір императорларының, Ресейдегі Иван ІV мен Петр І, көптеген

шығыс сұлтандарының, тіпті Робеспьердің, Барренің, Карьенің және Лебонның есуастық қылмыстық қарекеттерінің себептерін түсінудің кілтін береді. Маған мынадай дау айтылуы мүмкін: сол елдерде кей-кейде жақсы абсолютті монархтар, дәл сол секілді жаман монархтар да болды ғлй, және континенттік Еуропада жақындағы конституциялық парламенттік пошымдарын еркін қабылдауға дейін абсолютизм сондай алапат зардаптарға соқтырған жоқ. Бірақ бұған жауап беру бізге қиын емес: ортағасырлық орнына келген еуропалық абсолютизм тіпті де толық болған емес, өйткені тіпті ХІV Людовиктің билігі, барондардың арасында король тек біріншісі болған заманнан сақталып қалған дәстүрдің күшті дәнекерлерімен, сондай-ақ дворяндар мен провинциялардың ғасырлар бойғы артықшылықтарымен, және әсіресе – азды-көпті жүзе асқан шіркеудің мемлекеттен бөлінуімен тежеліп отырды. Қалай десек те, адам табиғатының байлығы мен сан алуандығы соншалық, онымен біз келісеміз, әйтсе де, осыны тарих та мақұлдайды жекелеген адамдар, абсолютті билікке ұзақ уақыт бойы ие болса да, өздерінің нәпсісін тамаша тиып ұстай алып, таза да адал болып қала алды. Бірақ бұл бақытты сәттердің игі ықпалы әдетте саналатынындай тым елеулі емес, өйткені деспотиялық режимге дағдыланған елдерде саяси тап өкілдерінің негізгі бұқарасы жоғары тұлғалардың алдында құрдай жорғалағанды жақсы көреді де, олардың тарапынан жасалатын қысымға үйреніп кетеді; билеп-төстеушінің қажеттілік пәрменімен өркөкірек, деспот болуына және төмендегілерді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстауына тура келді, ал адамдар кекшіл болады да, олардың көбісінің үстінен жоғары тұрған адамның әздектігі мен жүгенсіздігі қаншалық күшті болса, олардың өздерінің өздерінен жағдайы неғұрлым төмен тұрғандарға, өздерінің қоластындағыларға жасайтын жүгенсіздігі соншалық күшті бола түседі. Антик заманда Полибий мен тағы кейбір авторлар басқарудың монархия, аристократия және демократия элементтері қатар өмір сүретін аралас пошымдарын артық санады. Олар қазір біз көрсететін сол заңды ашуға интуициямен жақындады. Шынында да, ежелгі грек мемлекетінде, өзінің

қасиетті сипаты мен ежелгі дәстүрлерге сүйенген монархия, дәстүрден басқа, әдетте, жылжымайтын меншікке, жер меншігіне сүйенетін аристократия, қозғалмалы меншікке, өзінің санына және бұқара сезімдеріне сүйенетін демократия, сөз жоқ, нақты үш саяси күш болды, солардың біреуі басқаларынан басым болып шыққанша олардың бірлескен қарекеті тиісті саяси ұйым тұрпатын құрып, сақтап отыруға мүмкіндік берді, соның арқасында, заңгерлік қорғау әдетте тәп-тәуір сақталып отырды. Сондай-ақ саяси құрылысы Полибийді тәнті еткен сол дәуірдегі Ежелгі Римде де, біз ірі меншік иелері – патрицийлер мен ұсақ меншік иелері – жылжымалы меншігі бар плебейлер мен салт аттылар ықпалының бірін-бірі қалай тежеп отырғанын көре аламыз. Біз бұл арада өздерінің тегін Нумалардан шығаратын халықтың толқуына, плебейлердің жоғары отбасыларының белсенді қарекеттері мен байлығына қарамастан, өздерінің билігін сақтап қалуға ұмтылған оптиматтардың әйгілі отбасыларының дәстүрлерін ұшыратамыз. Біс осынау әрқилы саяси күштер бірде бірігіп, бірде ірге ажыратып, бір мезгілде әрқилы егеменді әкімшілік органдарында қарекет жасай отырып, классикалық антик заман үшін заңгерлік жағынан мейлінше жетілген мемлекеттік жүйенің хатталуына қалай жетелеп әкелгенін көреміз. XVІІІ ғасырдың ортасында Монтескьё ағылшын Конституциясын зерттеудің ықпалымен, өзінің доктринасын ұсынды, ол бойынша елде бостандықты сақтау үшін биліктің тармақтары бірін-бірі тежеп отыруы қажет және ол кех-келген мемлекет үшін қажет деп білген негізгі үш билік қызметінің жүзеге асырылуы әртүрлі саяси органдарға тапсырылуы керек. Қазір констициялық құқықтың тәпсіршілері, Монтескьё тапқан биліктің осынау үш тармаққа бөлінуі ешқашан болған емес, және билік тармақтары санының үшеу болуы тіпті де міндетті емес деп дәлелдегісі келеді. Бірақ бұл кемшілік тіпті негізгі кемістік емес, және ол, айтпақшы, доктринаның алғашқы жасаушысының көзқарастарына, оның көптеген кейінгі қолдаушыларына қарағанда, әлдеқайда кем дәрежеде тән. Ұстазының іліміне жүгіне отырып, олар оның мәністік және саяси жағынан гөрі, пошымдық-заңгерлік жағына демесек

те, пошымдық жағына көбірек маңыз берді. Бұл орайда олар мынаны ұмытты: саяси орган басқа органның ықпалын тежеуде тиімді болу үшін, ол саяси күш өкілі ретінде көрінуге, яғни беделі де, әлеуметтік ықпалы да бар ұйым болуға тиіс. Тек қоғамдағы осындай жағдайда ғана осынау орган қоғамда өзі бақылауға тиісті басқа саяси орган жөнінде әйтеуір бір маңызға ие болады. Осы себептер бойынша біз мынаны көріп отырмыз: көптеген парламентік монархияларда, Конституцияда яки Негізгі Заңда не жазылғанының бәріне қарамастан, көне дәстүрлерден де, жоғалып кеткен дерлік қ±дай берген құқықтан да, ықпалды әрі экономика жағынан дамыған тап тарапынан да, бюрократиялық та, әскери де топтардан қолдау таба алмайтын мемлекет басшысы енді Депутаттар палатасы қарекеттеріне қарсы шығуға дәрменсіз болып қалды, ал Палата өзі барлық азаматтар мүдделерінің өкілі, яғни олардың бейімділіктерін, тілектері мен күш-қайратын білдіреді деген сенімнен тірек табады. Тағы да сондықтан біз мынаны көріп отырмыз: сол елдерде, сөз жүзінде мемлекеттік биліктің негізгі тармақтарының бірі деп жарияланатын магистратураның (Италиядағы сот мекемесінің атауы – Ред.), іс жүзінде не жеткілікті беделі, не тәуелсіздігі жоқ және өзінің маңыздылығын көтеру үшін, өзінен қажетті моральдық және интеллектуалдық күш таба алмайды. Іс жүзінде ол, Министрлер кабинетіне тәуелді, бюрократиялық тармақ жағдйында, ал Кабинет оның өз кезегінде Депутаттар палатасындағы көпшілік тарапынан қысымға түседі. Дәл сол себептермен біз мынаны да көріп отырмыз: Министрлер кабинеті бұрынғы функционерлерге, белсенді саяси қызметтен аулақтаған депутаттарға және Жоғарғы палатада отырған дворяндар өкілдеріне ұдайы Жоғарғы палатамен көрші отыратын төменгі палатаға жалтақтайды, мұны ол солардың тобында жаугершілік пиғылдар туындамас үшін, таралып кетпеуі үшін істейді. 8. Саяси организмнің жақсы заңгерлік қорғауға жету бағытында ілгерілеуі үшін қажетті бірінші, және, тегінде, ең маңызды сәт дүниауи биліктің шіркеу билігінен бөлінуі болып табылады. Басқаша айтқанда, дүниауи билік сүйенетін принциптер қасиеттілік пен мызғымастық дағдысына ермейтін болуы керек.

Кереғар жағдайда, өкімет шындық пен әділеттің бірден-бір мүмкін өлшемдері деп саналатын идеялар мен наным-сенімдердің шеңберіне сүйенетін болса, бұл идеялар мен наным-сенімдерді сыни тұрғыдан жария қарастыру да, олардың ықпал өрісін шектеу мүмкін болмай қалады да, әлеуметтік прогресс әлеуметтік иерархияда неғұрлым жоғары тұрған жақтың әділ қазылығына жүгінбей-ақ, әртүрлі биліктер жарастықта тұрып, бірін-бірі тежейтін сатыға жете алмайды. Кейбір әлеуметтік тұрпаттардың салыстырмалы өзгерметіндігі нақ осымен байланысты. Мысалға, касталардың қасиетті сипаты ұзақ ғасырлар бойы үнді қоғамының саяси және әлеуметтік дамуы атаулыға кедергі жасап келді; және де мынаны атап өту керек: бұл қоғам бағзы замандарда тамаша дамыды, олай болмаса оның қайнар көзінде байқалатын материалдық саладағы керемет прогресс пен өнердің гүлденуін ешбір түсіндіре алмаймыз. Мұның өзіадамдарды оқшаулап, ң касталарға бөлу үнді қоғамында дәл қазіргідей ылғи да қатал болмаған деп топшылауға мүмкіндік береді, мұны, айтпақшы, соңғы зерттеулер де қуаттап отыр. Мұсылман қоғамы да осы сырқаттан зардап шегуде. Көптеген зерттеушілер үстірт айтып өтетін бұл жағдайды Леруа-Болье ерекше егжейтегжейлі атап өтеді. Мәселен, Қазан мен Астрахань губернияларында және Қырымда өмір сүретін татар-мұсылмандар туралы айта келіп, олар жөнінде ол дәулетті, өздерінің сырт пішініне үлкен көңіл бөлетін және сауда қызметіне құмар адамдар деген пікір білдіреді. Әрі қарай ол былай деп жазады: “Исламның басты кемшілігі және саяси мешеулігінің шын себептері діни догмалар мен оның моралінде емес: олар діни және дүниауи элементтердің, діни догмалар мен азаматтық заңдардың араласып кеткендігінде жатыр. Құран – бір мезгілде әрі Библия, әрі кодекс; онда Пайғамбардың хадистері қ±қықты алмастырады, ал заңдар мен малттар қашанда дінмен көмкерілген. Осының нәтижесінде мұсылман қоғамы сөзсіз тоқырау ахуалына ұшырайды. Осыншалық дәл және нәзік талдауды толықтырсақ, мынаны атап өту ғана қалады: мұсылман халқы тәуелсіз саяси құрылысқа ие елдерде, билеуші әрқашан дерлік не Халифтің жаушысы, не Пайғамбардың уәлиі, не оның билігі

сөз жүзінде немесе нақты Халиф арқылы берген билік болып шығады. Бірде-бір иманды мұсылман, егер тек ол Халифат билігіне заңсыз деп таласпаса және діни реформалардың бастамашысы болмаса, соншалық биік лаузымы бар билеушіге, абсолютті мойынсұнудан бас тарта алмайды. Христиан халықтар, дүниауи және рухани биліктердің қосылып кету қаупін, Леруа-Болье атап өткендей, еңсере алды да, дүниауи мемлекеттерін қолайлы жағдайда орнатты: біріншіден, Інжілде саяси өмірге тікелей қолдануға болатын максималар ілуде бір табылады, екіншіден, католиктік шіркеу саяси биліктен едәуір үлес алуға тұрақты талпынысына қарамастан, ешқашан оны, өзінің ішкі ұйымдасуына байланысты екі себеп бойынша толық монополиялай алмады. Себептердің бірі – барлық монахтарға және, ереже ретінде, священниктерге целибат (тұрмыс құрмау – Ред.) міндеттелген болатын; сондықтан ең жоғары дінбасылар әулеті құрала алмайтын еді, бүл үшін әсіресе Григорий VІІ-ге алғыс жаудыру керек. Екінші себеп мынадай: жаугершілік орта ғасырларда кездесетін көптеген қарама-қарсы мысалдарға қарамастан, бәрібір шіркеудің тарихи міндеті өзінің табиғаты бойынша қару қолданумен сиыса қоймайтын. Шіркеуге өз бойына қан дағын жұқтырмау міндеттелген өсиет ешқашанда толық ұмтылған емес, және салыстырмалы түрде реттелген, тыныш замандарда онда бейбіт бағдар басым болып келді. Мәселен, ХІ–ХІV ғасырларда гвельфтер, Рим папасының жоғарғы билігімен қатар, өздерінің дүниауи иесі ретінде император билігін де мойындауға міндетті болды, айтпақшы, сол императрдың өзі папаның құралы әрі дүниауи қолы болатын. Ілгерілей түссек христиан халықтардың арасында ең күшті деспотизм, басқа христиан елдеріне қарағанда, Византия мен Ресейде көрінді, оларда дүниауи билеушілер шіркеу билігінің өздеріне тікелей бағынуын жүзеге асыра алды, ал Англиядағы бостандықтар үшін біз көбіне-көп пуритандар мен басқа да бейконформистерге қарыздармыз. 9. Дүниауи өкіметті шіркеулік биліктен ажыратқаннан кейін, қоғамда заңгерлік қорғаудың дамуын айқындайтын ең сүбелі факторлар, байлықты бөлу мен қарулы күштерді ұйымдастыру болды. Сондай-ақ феодалдық жүйе

жағдайында тұрған халықтар мен бюрократиялық ұйымдары бар халықтардың арасындағы айырмашылықты да көру керек. Феодалдық мемлекетте байлыққа ие болу монополиясы үстем тапқа тән, ондай өркенияттың қарадүрсын даму деңгейінде ондай байлық жер меншігі болатын; бұған қоса оның әскери басымдығы да болатын. Мұндай жағдай көптеген жағымсыз салдарларға соқтырғанымен, ол феодалдық мемлекеттерде неғұрлым дамыған әлеуметтік ұйым тұсында тудыра алатын қасіреттерді жасаған жоқ. Феодалдық мемлекеттің басшысы өз барондарының бірінің сазайын жақсылап тарттыра алатын, бірақ ол ешқашан өзінің барлық феодалдарының толық қожайыны бола алмайтын, себебі соңғылары, мемлекетте айтарлықтай күшке ие бола отырып, қарсылық көрсету құқығын әрқашан жүзеге асыра алатын. Керісінше, бюрократиялық мемлекеттерде, аталмшы құқық тіпті номиналды түрде бар болғанымен, ол тек конституцияда немесе жұртшылық қ±қығы жөніндегі кітаптарда жазылған жай нәрсе болып қала береді және практикалық ықпалдан мақұрым. Тіпті жекелеген феодал барондардың өз малайларына тирандығының шегі бар болатын, өйткені бодандардың ызасы оп-оңай бүлікке айналып кете алатын. Барлық феодалдық мемлекеттерде, тіпті олардың егемендігі кей-кейде жүгенсіздік жасаса да, билік орын алып отырған дәстүрлермен шектеледі. Абиссиниялықтар мен ауғандар өздерінің көсемдері мен әмірлеріне тек белгілі дәрежеге дейін бағынғаны және бағынатыны белгілі. Біз дәстүрлер феодализмнің өткендегісінің қалдықтары абсолютизм дәуірінде монархтардың билігін шектегені туралы жазғанбыз. Еуропалық монархия өзінің тирандық көріністері жағынан, тіпті Людовик ХІV және Пруссияның Ұлы Фридрихі дәуірлерінде де, византиялық императорлар мен парсы шахтары басында тұрған режимдермен ешқандай салыстыруға келмейді. Бірақ, егер байлыққа және әскери күшке монополиясы бар тап өз билігін күшейте бастап, оны орталықтандырылған бюрократияның және қуатты тұрақты армияның көмегімен тарата бастаса, өзінің ең сұмдық пошымындағы деспотизм – басқарудың варварлық және анайы пошымы пайда болады, ол осы заманғы өркеният қаруын – жаман қолға түссе тартып алу және бұзып тастау

қиынға соғатын темір ойыншықтарды пайдаланады, оларды бұзып тастау қиын болатыны, оларды жақсы шеберлер жасаған. Айдан анық болғандықтан да, дәлелдеп жатудың қажеті жоқ жайт – билік тұрақты армияны басқаратын әскерилердің қолына тигенде саяси режимнің ең жаман пошымдарының бірі қалыптасады. Билеуші таптың шағын фракциясының қолында байлықтың қисапсыз орталықтандырылуы, Рим республикасы секілді әбден-ақ жетілген саяси организмнің құлдырауына жәрдемдескені де белгілі. Шынында да, байлық жер мен капиталға ие адамдардың шағын санына, өздерінің жұмыс қолынан басқа ешқандай ресурстар бұйырмаған және қосақ арасында аштан өлмеу үшін бай адамдарға мұқтаж пролетариаттың орасан зор бұқарасы қарсы тұратындай етіп бөлінген жағдайда, әділеттің және мүскіндердің құқықтарын қорғаудың кепілі болуға міндетті заңдар мен институттар тиімді бола алмайды. Мұндай жағдайда заңдар баршаға бірдей деген пайымдау да, адам қ±қықтары мен жалпыға бірдей сайлау құқығы туралы прокламация да, таза келемеж болып шығады. Сондай-ақ, әрбір солдат өзінің жорық дорбасында маршалдың жезлін сақтап жүреді деген белгілі афоризм немесе кез-келген плебей өз кезегінде капиталист бола алады деу де, келемеж болады. Тіпті, әлдекім солай бола алады дегенді мойындасақ та, сондай индивид өзінің рухани және инсанияттық қасиеттері жағынан ең жақсысы бола алмайды. Ол ең белсенді, ең жолы болғыш және ең қу алаяқ болады, ал бұқара бәрібір байлардың билігінде қала береді. Бірақ экономикаға басшылық жасау, өндірісті басқару, шығарылатын өнімді бөлу, саяси билік етене біріктіріліп, және бір адамдар ғана жүзеге асыратын режимнің практикалық нәтижелері жөнінде үміттеніп, алданбауымыз керек. Қоғамдық байлықтың мемлекет алып қойып, бөлетін бөлігі ұлғаюына қарай, саяси тап басшыларында бодандарға ықпал ету құралдары барған сайын көбейе беретінін, бұл орайда олар кез-келген бақылаудан барған сайын оңай құтылатынын, біз байқап жүрміз. Парламентаризмнің құлдырауының аса маңызды себептерінің бірі мемлекеттік жұмыстарға мердігерлік санының және басқарушылар таңдаулы индивидтер мен адамдар бірлестіктеріне жасайтын

басқа да экономикалық шапағат санының арта түскендігін; осындай практиканың теріс зардаптары бәрінен де орталық үкімет пен жергілікті сайланбалы билік органдары алып қойып, бөлетін материалдық игіліктер саны неғұрлым көп жерлерде анық байқалатыны, және де сол жерлерде билікпен істес болмай, тәуелсіз жағдайға және таза пайдаға қол жеткізу қиынырақ екенін біз көрмей жүрміз бе? Бірақ егер барлық өнідіріс құралдары, үкімет пен оның функционерлерінің қолына түссе, сөйтіп олар өндіріспен және бөлумен айналыса бастаса, егер шенеуніктер баршаға ортақ игілік жолындағы қазыларға айналатын болса, мәдениеттің дамуының кемелденген сатысындағы осындай қоғамнан артық құдіретті олигархия мен бәрінен күшті каморраның пайда болуы еш жерде және ешқашан мүмкін емес. Егер барлық моральдық және материалдық стимулдар билігі барларға тәуелді болса, онда билікке жағыну үшін жасалмайтын арамдық та, билікке қол жеткізіп тоқашты бөлетіндердің біреуі болу үшін өзіне бөлінетін бір аяқ асты қанағат тұтуға мәжбүр көптеген басқа адамдардың орасында қалмау үшін жасалмайтын арамдық та қалмайды. Егер қоғамда берік экономикалық жағдайға ие, саны жағынан үлкен тап қалыптасса, бұл орайда ол қолында жоғарғы билігі бар пенделерге тәуелді болмаса, ол оның дәулеті уақытының едәуір бөлігін мәдени дамуға және қоғамдық жұмысқа қызығушылықпен, адамдарды өз елінің игілігіне тек өзін жақсы көрінуін қанағаттандырудан өзге ынталандыруды қажетсінбей қызмет етуге итермелейтін, шын мәнінде аристократиялық деуге болатын сезімді қалыптастыруға жұмсай алуға мүмкіндік беретін болса, қоғам салыстырмалы түрде мінсіз саяси ұйымның орнығуына ең қолайлы жағдайда болып шығады. Заңгерлік қорғауды, немесе әдетте солай атауды жөн көретініндей бостандықты тамытудың алғы шебінде болатын барлық елдерде сондай тап әрқашан кездеседі. Ол антик Римде болды, ол ұсақ меншік иелері – көп санды плебейлер контингенті болатын, олар өздерін өзі қамтамасыз ете алатын және бейбіт уақытта таң қаларлық табандылықпен, қадам басқан сайын өздері үшін толық азаматтық құқықтарға қол жеткізе алатындар болды. Англияда ол ХVІІ ғасырда-ақ пайда болып үлгерді және сонда бүгіндері де бар, өйткені сол кезде

де, қазір де көптеген gentry бар. Бұрын олар негізінен орта меншік иелері болатын; қазір олар негізінен орташа капиталистер. Бұл контингент мемлекеттің саяси табына ең жақсы толықтыру берді және беріп келеді. Америка Құрама Штаттарында осындай тапты дәулетті фермерлер құрады. Бұл елдің ең таңдаулы саяси элементтері олардың ортасынан шықты және шығып та отыр. Орта тап белгілі бір шамада Орталық және Батыс Еуропаның барлық елдерінде бар. Жеткіліксіз мәдениет, жеткіліксіз білімділік немесе шектелген дәулеттілік себебінен ол өзінің тарихи миссиясына қажетті талаптарға сай келе бермейтін жерлерде, парламенттік басқару ең жаман нәтижелер береді, мұның өзі әлгіндей жағдайда кез-келген басқа саяси режимде де байқалар еді. 10. Дау жоқ, өркнеияттылық арта түскен сайын моральдық және материалдық факторлардың ықпал өрісі кеңейе түседі. Мысалға, өндірістік қызмет пен сауда қызметінің кеңеюі барысында, жылжымайтын меншікпен қатар жылжитын меншік ұлғаяды, білім ілгерілейді, ғылыми мәдениетті талап ететін жұмыс құнды бола түседі. Сонда жаңа әлеуметтік тап қалыптасады, белгілі бір шектерде ол рухани құндылықтарға ие болудан туындайтын моральдық бедел есебінен, байлыққа ие кісілер беделін теңестіре алады. Мұның үстіне, өзара діни төзімділік пайда болады, ол дамыған мәдениет нәтижелерінің бірі бола алады, мұның өзі діни және саяси сенімдері әртүрлі адамдардың бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз ете алады және табиғи түрде бірін-бірі теңестіруге және әртүрлі діни, саяси ағымдарға өзара бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, биліктер қарекеттерінің жария талқылануын мүмкін етеді. Әлеуметтік қызметтердің осылай бөлінуі әртүрлі ықпалдардың өзін көрсетуіне және мемлекетті басқаруға ықпал етуіне жол ашады. Бірақ сонда да атап өткен жөн: белгілі бір саяси күшпен оның нақты маңыздылығына сай есептесу үшін, ол ұйымдастырылуға тиіс, ал бұл үшін, өзге факторлардың ықпалы қажет, олардың арасында уақыт пен дәстүр ерекше орын алады. Нақ сондықтан біз кей-кейде әртүрлі дәуірлерде және әртүрлі елдерде таптың қоғамдағы маңызы мен оның ел басқаруға тікелей ықпалының арасындағы анық сәйкессіздіктерді байқаймыз. Мұндай жағдайларда онда

әрқашан дерлік барлық басқа күштерді басып-жаншып, жұтып қоюға еңсерілмес тенденциясын көрсететін, яғни заң жолымен белгіленген заңгерлік тепе-теңдікті бұзатын белгілі бір саяси күш орын алады. Бұл байлық пен әскери үстемдікке ұмтылатын материалдық саяси күштер жөнінде де, моральдық сипаттағы саяси күштер, яғни ірі діни және идеялық қозғалыстар жөнінде де орынды. Осындай қозғалыстардың әрқайсысы шындық және әділетке өздері ғана ие екендігін көрсетуге ұмтылады. Бұл арада кімде көрінсе де, неде көрінсе де, немен көрсетілсе де: христиандарда болсын, мұсылмандарда болсын; діни идея үшін де, ұтымдылық доктринасы үшін де, Римдік папасына адалдықта да, демократияға адалдықта да болсын, шыдамсыздық атаулы, айрықшалық атаулы, және жәдігөйлік атаулы бірдей қауіпті. Кез-келген ел мен кез-келген дәуір, өздерінің өзіндік ерекше идеялық және діни қозғалыстарын тудыра алады, олар саяси механизмге бәрінен күшті ықпал етіп, оны қатардан шығаруға тырысады. Адамдар бәрінен жиі бұрынғы қуатынан айрылып қалған және танымалдығынан айрыла бастаған қозғалыстардың тажалды салдарларына баға беруді тамаша біледі де, сол қозғалыстарға тамға басады, әділет сезіміне шақыра отырып, соларға байланысты барлық аса ауыр зардаптар туралы еске алғанда ғаламат үрейді бастан кешеді; және сөйте тұра, жаңа, күшіне еніп келе жатқан, ауыртпалығы бұрынғылардан кем емес нұқсан келтіретін немесе келтіру қатерін төндіретін қозғалыстарды байқамайды, кешіреді немесе тым сылбыр сынайды. Осынау адамдар бостандыққа жетіп алдық, қара дауыл артта қалды деп дабырлай жариялайды, дауыл тек бағытын өзгертеді, немесе, метафоралық тіркесті пайдалансақ – қатер өзінің сыртқы әлпетін ғана өзгертеді. Бүгіндері, барлық басқа күштердің бәрінен көп заңгерлік теп-теңдікті бұзуға ұмтылатын күш социал-демократия болып отыр. Ол барлық басқа материалдық күштерге қарағанда мемлекеттік биліктің барлық тармақтарын заңдар мен қозғалмалы меншікке құқықты бұзуға, немесе, бері салғанда әділеттің қарапайым нормаларын бұзуды былай қойғанда, оның ең жақсы ұйымдасқан бөлігін бұзуға итермелеуге қабілетті.

Несие мен банк жүйесінің кеңінен өркендеуі, көбіне-көп елдің ішіндегі байланыстың кең жүйесін уысында ұстап отырған ірі акционерлік компаниялар, мемлекеттік қарыздың ғаламат ауқымы соңғы кезде жаңа және саяси маңызды болып алған элементтерді туындатты, олардың килігуі мен қуатты ықпалын Ескі және Жаңа құрлықтардың кейбір ең ірі мемлекеттері сезіп те үлгерді. Қозғалмалы меншік жасаудың салыстырмалы оңайлығы, оның елеулі бөлігін басқаруды бірнеше адамның қолына шоғырландыру мүмкіндігі олардың құдіреттілігіне түсінік береді. Бұл арада біз, ұйымдасқан азшылықтың ұйымдаспаған көпшілікке үстемдік етуінің көп уақиғаларының бірімен ұшырасамыз. Саны жағынан түкке тұрмайтын кісілер тобы, мысалға, мемлекеттегі барлық ірі банкілерді, яки темір жол не теңіз транспортының орасан зор салаларының жұмысын қамтамасыз ететін барлық компанияларды басқара алады. Ол ел қорғанысы үшін соншалық маңызды металлургия сияқты өнеркәсіп саласының жұмысын қамтамасыз ететін ірі акционерлік қоғамдардың ісіне төреші бола алады, немесе үкіметтік бюджетке қаражат жетпейтін мемлекеттік жұмыстарды жүргізуге басшылық жасай алады. Жүздеген миллиондарға ие, бұл адамдардың қалың қатпарларды толқытуға, функционерлерді, министрлерді, депутаттарды, журналистерді қорқытып, сатып алуға толып жатқан мүмкіндіктері бар, және ұлттық капиталдың ең ірі бөлігі оларға қарсы тиімді қарекет жасауға қабілетсіз, өйткені ол көптеген ұсақ және орта кәсіпорындарда іске қосылған, ұсақ және орта жинақ түрінде көптеген қолдарға шашырап кеткен. Банкілер мен өнеркәсіптік акционерлік қоғамдарға салынған капиталдың негізгі үлесін әдетте ұсақ және орта акционерлер мен салымшылар береді, көптеген жағдайларда енжар ғана емес, өздерінің табысы мен өздерінің ықпалын айла-шарғымен құрайтын, сол басшылардың қаржылық қулық-сұмдықтарының бірінші құрбандары болады. 11. Ақырында біз мынаны атап өтуіміз қажет: қарабайыр ұғынылған саяси принцип бірден-бір абсолютке айналдырылып, іске асырылатын болса, саяси құрылыстың кез-келген пошымында саяси тап бір мәнерде қалыптасатын болады. Бұл жағдай әртүрлі әлеуметтік ағымдардың мемлекеттің саяси өміріне

қатысуын шектен тыс қиындатады, биліктің бір өкілдерінің қарекеттерін оның басқа өкілдері тарапынан бақылауды күрделілендіреді. Бұл қағида монарх ырқымен билік ол тағайындайтын шенеуніктерге берілді-міс делінетін жағдайларға да, шенеуніктер сол билікті сайлау арқылы алған, және сайлау халық ырқын білдіреді деп қарастырылған жағдайларға да қатысты. Бюрократия да, демократия да өз қарекеттерін бақылауды тап өзінің өкілдеріне тапсыруға ұмтылған, бачқаша айтқанда, бюрократтарды басқа бюрократтар бақылайтын, ал демократтарды өздері секілді дауыс беру арқылы сайланған кісілер бақылайтын барлық жағдайларда бақылау мардымсыз болып шығады және қойылған мақсатты орындамайды. Рим империясындағы басқару тарихы бізге орталықтандырылған бюрократияның пәрменді бақылау жүргізуге қабілетсіздігінің тәуір мысалы бола алады. Антик Римде республика кезеңінде де, империяның бастапқы кезеңінде де, астана мен муниципияларда, отарлар мен провинциялардың көптеген қалаларында, Римнің жоғары билігін мойындаумен қатар ағылшындарда sell gowernment деп аталатын жағдай орын алғаны белгілі: жұртшылыққа қатысты қызметтерді меншік иелері табының толып жатқан өкілдері ешқандай жалақысыз орындайтын. Бірақ империя орныққан сәттен бастап, бұрын эдилдер мен цензорлардың құзырында болған қызметтер, бұл үшін жалақы алатын, айрықша шенеуніктер қолына біртіндеп көше бастады, ал олардың жұмысына көптеген жалданбалы қызметшілер көмектесе бастады. Мәселен, қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету міндеті praefectus annonae’ге; мемлекеттік жұмыстар – curatores vіarіum, aquarіum, operum publіcorum, rіparum et alvі Tіberіs’ке; түнде көшелерге шам жағып қою және өрт сөндіру міндеттері – prefectus vіqіlum’ге; полициялық қызметтер – praefectus urbіs’ке тапсырыла бастады. Мұндай практика астанадан муниципияларға жылдам тарады. Олар азаздап өздерінің автономиясынан айырыла бастады. Біз империя бір ғасырлық ғұмырында қалалардағы жоғары муниципиялық билікті жүзеге асыру тапсырылған duumvіrі jurіs dіcundo мен nedіles билігінің едәуір азайғанын көреміз. Оларды біртіндеп империялық шенеуніктер: jurіdіcі, correktores,

curatores rerum publіcarum алмастырды. Бұл процестер баяу дамып, оқта-текте бұрынғы ахуалға қайтып оралумен алмасып отырғандықтан, тек Нерва мен Траян заманында жер-жердегі билік, сайланған кісілерден curator’ға көше бастады, олар көп жағынан бүгінгі корольдік коммиссарларға ұқсас болатын; сонымен қатар бүгінгі префекттерді еске салатын corrector provіncіal’дың бақылаушы қызметтері мен өкілеттіктері ұлғая түсті. Және ақыр соңында, б.д. ІІ ғасырының соңына қарай барлық жерде дерлік жергілікті автономиялар ғайып болып, бүкіл империяда тығыз, бәрін қамтыған бюрократиялық тор түрі қаулап өсті. Сонымен бір мезгілде, қалалардың дәулетті буржуазиясы құлдырай бастады, ол декурийлер кеңесін (l’ordo decuratіon) жасақтайтын және жергілікті қалалық басқаруға қатысатын. Олардың арасынан дуумвир және эдил мансаптарына сайланатын адамдар шығатын. Бюрократиялық орталықтандыру және салық салу жүйесі кейінгі империяда ірі меншік иелері мен жоғары шенеуніктердің ат төбеліндей ғана табы мен ешқандай әлеуметтік рөл атқармайтын кедей адамдардың құжынаған табына әлеуметтік жіктелуге алып келді. Олар тумысынан көбіне бостан адамдар болғанымен, олардың колондар (жерді жалға алатындар – Ред.) жағдайына ұшырауы қиын болмайтын. Нақ сол кезде біз едәуір әдеттен тыс бір мемлекеттік институттың – миссиясы жарлылар мен ұсақ меншік иелерінің қалдықтарын бюрократияның жүгенсіздіктері мен ірі меншік иелерінің қысымынан қорғау болған органның пайда болғанын ұшыратамыз. Біздің дәуірдің 364 ж. Валентиан І тұсында қалалық плебсті жоғары шенеуніктерден және жиі-жиі олармен жең ұшынан жалғасып кететін бай меншік иелерінен қорғау үшін арнайы енгізілген мансап иесі – defensor cіvіtalіs қызметі енгізілді. Оған кедейлер жасайтын шағымдардың құлаққа жетіп, тақыт алдына жете алуын қадағалау міндеті ерекше тапсырылды. Бірақ шенеуніктер қарекетін бақылауды жақсартып, қамтамасыз ету мақсатында абсолютизм кешеуілдеп жасаған бұл әрекет көзге түсерлік ықпал ете алмады. Бұрынғы келеңсіздіктер жойылған жоқ, ал империяның құлдырауын туындатқан факторлар бұрынғы қуатымен қарекет жасай берді.

Ресейде бюрократиялық абсолютизмнің тамыры терең. Көбіне-көп ол Руське византиялық ықпалдан бастау алады, ол ықпал Киевте ұлы князь Владимир мен оның мұрагерлері тұсында-ақ сезілетін. Бұл тенденция Орда езгісінің қатал заманының арқасында одан сайын тереңдеп тамыр жайды, бұл езгі ХІІІ ғасырда келген болатын және оның ауыртпалығын кейбір орыс жерлері ХVІІ ғасырдың басына дейін көтерді. ХVІІ ғасырдың ортасында Алексей Михайловичтің патшалығы тұсында атышулы Құпия кеңсе құрылды. Ол монархқа тікелей бағындырылған құпия полициядан басқа ештеңе де емес еді. Оған жоғары мансапты кісілердің жағдайын теріс пайдалануының жолын кесу және іс жүзінде бір тапты құраған князьдар мен боярлардың қаскүнемдігінің алдын алу міндеттелді. Бүгіндері жұртты зар еңірететін әйгілі “Үшінші бөлімше” – Құпия кеңсе қызметінің төте де заңды мұрагері. Сөз жүзінде бұл институт талай рет жойылды, бірақ, соған қарамастан, әлі де тіршілік етуде. Орыс бюрократиясының сатқындығы мен жемқорлығын түпиамырымен жоюдан гөрі, осы елдегі қоғамның басқа бір бөлігі ұшыраған езгіні күшейтуде әлдеқайда жолы болған секілді көрінеді. Америка Құрама Штаттарында біз, керісінше, демократияның пәрменді бақылау орнатып оның бостандықтарының теріс пайдаланылуын тыюды қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерінің бос әурешілік екенін көреміз, 1787 ж. Конституцияны қ±растырушылар биліктің барлық түрлері үшін және әр түрлі саяси ұйымдар үшін қарама-қарсы күш құру жөнінде және мінсіз тепе-теңдік жөнінде қам жегендігіне күмән келтіру қиын. Олар үкіметтер құру үшін мінсіз демократиялық негіз қалады, және ешқандай билік жалпыхалықтық сайлау процедурасын айналып өтіп орнықтырыла алмайды. Осыдан сәтті ештеңені ойлап табуға болмайтын секілді көрінеді. Іс жүзінде: американ сенаты, кезкелген еуропалық парламенттің жоғарғы палаталарына қарағанда, әлдеқайда кең қ±қықтарға ие екендігіне және штаттардың автономиясын мойындаудың федерациялық негізінде құрылғанына қарамастан, саяси тұлға ретінде американ президенті, еуропалық елдердегі мемлекеттің сайланған басшысына қарағанда, неғұрлым дербес және неғұрлым беделді екендігіне күмән жоқ, өйткені онда

вето құқығы бар және ол төменгі палатада дауыс беру арқылы биліктен аластатылмайды. Алайда ол үкімет саясаты үшін жауапкершілікті толық сақтайды. Бұл орайда заңгерлік қорғау органы ретіндегі үкіметтің тиімділігіпарламенттік елдердегі министрлер кабинетінің тиімділігінен жоғары, оларда алқалы органдардың жұмыс қабілеті төмендеу және депутаттар мен басқа да саяси қайраткерлердің ықыласына ие болуға көбірек мұқтаж, ал кабинет мүшелерінің жеке жауапкершілігі кемірек. АҚШ-та президент беделі, өкілеттіліктерінің кеңдігіне және орасан зор жауапкершілік сезіміне байланысты, адам бойында көбіне оның жағдайының жоғарылығын туғызады. Сондықтан ХІХ ғасырдың екінші жартысында бізге Джонсон, Гейс, Кливленд секілді тамаша президенттер кездесті. Олар партияда оның билік басында болуы негізінде пайда болатын теріс эксцестерді, тіпті сол партия сайлауда жеңіп шығуына көмектессе де, үзілді-кесілді тиып отырды. Бірақ федералдық деңгейде және штаттар деңгейінде басқарудың осындай мүлтіксіздігін біз пошымдық қана мінсіздік деп бағалаймыз, өйткені ол солтүстік америкалық саяси жүйенің басты дертімен күресуге тым шектеулі мөлшерде болысты. Бұл дерт тіпті 1820 жылдан 1850 жылдар ішінде штаттардың жалпыға бірдей сайлау құқығын қабылдау процесі тұсында тіпті асқына түсті. Бұл процестер тіпті сот билігін де қамтыды. Бұрын қазыларды, әдетте ғұмыр бойына, штаттар губернаторлары тағайындайтын. Содан кейін олар нақты мезімге төте және жалпыға бірдей дауыс беру арқылы сайлай бастады. Соының арқасында федералдық және жергілікті өкіметті, губернаторлар мен депутаттарды сайлау кезінде қажетті нәтижелерді қамтамасыз ете білетін, сайлаушы сұрқиялар тобы, өз штаттарында сонысын қазылар жөнінде де істей алатын. Мұның үстіне американ саясаткерлер, сайлауды өзінің кәсіби ісіне айналдырып, Rіng (“жүзік” немесе “шеңбер” деп те аударуға болады) тұрғызуды, яғни біреуі басқасын бақылап және толықтырып отыруға тиісті өкіметтің барлық түрлері бір caucus’тың (кокус) немесе сайлау комитетінің туындысы болып кететін жүйе тұрғызуды әбден шебер игеріп алды.

Бұған мынадай дау айтылуы мүмкін: жалпыға бірдей сайлау құқығы тұсында барлық саяси күштер мен ықпалдар өздерінің саны бойынша салмағына қарай билеуші тапта да орын таба алады, сондықтан азшылық өзінің төл пайдасы үшін билікті уысында ұстай алмайтындай және оны өз көксегендерінің құралына айналдыра алмайтындай етуге қол жеткізуге болады. Бұл дауға әлі бүгінге дейін әйгілі, біз қолдамайтын, біз күресіп келген, және күресіп жүрген көзқарастарды білдіретін дауға жауапты біз келесі тарауда береміз.

Қазақшалаған философия ғылымының докторы,
профессор Тұрсын ҒАБИТОВ.

Франклин ГИДДИНГС

(1855–1931) – американ әлеуметтанушысы. Герберт Спенсердің эволюциялық идеяларын салыстырмалы және тарихи талдау саласында қолданған алғашқы американ әлеуметтанушыларының бірі. Оның бастапқы еңбектері психологиялық эволюционизм мәселелеріне арналған болатын. Он

тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегінде жазылған оның еңбектері американ әлеуметтануының дамуындағы бірнеше сипатты бағытты, соның ішінде психология саласындағы теорияларға ынта қойғанын көрсетеді. Кейінгі еңбектерінде бихевиоризм мәселелерін құлшына зерттеп, бұл жұмыс американ неопозитивизмін дамыту үшін елеулі түрткі болды.

ӘЛЕУМЕТТАНУ ТҰҒЫРЛАРЫ

Әлеуметтану идеясы

Тіршілік иелерінің географиялық орналасу деген атаумен белгілі ауқымды топтасуының шегінде жануарларды табындарға немесе үйірлерге, ал адамдарды – ордаларға, руларға, тайпалар мен ұлттарға біріктіретін топтар бар. Саналы жандардың бұл табиғи топтасуы әлеуметтік құбылыстардың табиғи тұғыры болып табылады. Қоғам, сөздің бастапқы мағынасында, серіктестік, ортақ өмір, ассоциация, өзінің табиғаты жағынан психикалық болып ьатылатын барлық шынайы әлеуметтік фактылар фактылар деген сөз. Бірақ әлеуметтік ықпалдастық пен өзара ұмтылыстар халықтың физикалық топтасуына қаншалық тәуелді болса, индивидтердегі психикалық өмір ми мен жүйке жасушаларының физикалық құрылысына соншалық байланысты болады. Сондықтан әр нәрсенің табиғатына сәйкес “қоғам” деген сөз сондай-ақ қандай да бір ортақ мақсат үшін біріккен немесе ұйымдасқан, аралас-құраластықта және ынтымақтастықта өмір сүретін индивидтердің жиналысын білдіреді. Ақыр соңында, осынау нақты идеялардан біз біріккен индивидтерді бірге байланыстыратын одақ, ұйым, сыртқы қатынастар жиынтығы ретінде ортақтық туралы абстрактты ұғымды шығарамыз. Осынау идеяларды әрқилы тоғыстыра отырып, біздің “қоғам” деген ұғымымыз едәуір күрделі екенін аңғарамыз. Алайда, ол біз ассоциацияның уақытша және тұрақты пошымдарының арасындағы; қысқа мерзімді одақ пен берік ұйым арасындағы, еркін келісім мен өкімет міндетті мойынсұну

арасындағы, жасанды түрде құралған одақтар мен ішінде ассоциациялардың туынды құбылыстары болып жататын табиғи түрде қалыптасқан қауымдар, тайпалар және ұлттар арасындағы айырмашылықты ескермесек, жартыкеш болып қала берер еді. «Жаратылыстық» және «саяси» қоғамдар арасындағы айырмашылықтың саясаттану ғылымы үшін маңызы зор. Бентамның “Fragment on Government” атты еңбегінде біз табатын осынау пошымдардың анықтамалары өз тұрғысынан мінсіз. «Кісілердің біршама саны (оларды біз бодандар деп атай аламыз) бір кісіге немесе әйгілі де белгілі бір тектегі кісілердің жиынына (біз оларды билеуші немесе билеушілер деп атай аламыз) бағынатын кезде, бірге алынған (бодандар мен билеушілер) олар саяси қоғам ахуалында тұр деуге болады. «Кісілердің біршама саны жоғарыда айтылған мойынсұнушылықсыз-ақ араласқұралас болса, олар туралы олар жаратылыстық қоғам ахуалында тұр деуге болады»13. Алайда бұл айырмашылық, Бентамның өзі көрсеткендей, тек дәрежесінде ғана». Бұл екі қоғамды жарықпен және түнекпен салыстыруға болады: бұл атаулар туындататын идеялар қаншалықты әрқилы болғанымен, сол заттардың өзінде олардың арасын бөліп тұрған ешқандай белгілі бір шекара жоқ». Ерте ме, кеш пе қарапайым аралас-құраластықтың өзі басқару мен мойынсұну пошымдарын өз бойынан өсіріп шығарады. Ассоциация біртіндеп және елеусіз ғана белгілі бір және берік қатынастарға ұласады. Өз кезегінде ұйым әлеуметтік бұрынғыдан да беріктік және анықтық береді; психикалық өмір және оның табиғи тұғыры бірге дамиды. Осылайша, біздің қоғам жөніндегі идеямыз кең де күрделі табиғи құбылыс идеясына, ғажайып, керемет те ғаламат ғарыштық ұғым фактысына айналады. Енді біз тек тар мағынасында ғана “қоғам” сөзінің жай агрегат немесе қандай да бір мақсат үшін біріккен индивидтердің жай жиыны деп санауға болатынын көріп отырмын. Неғүрлым кең де ғылыми тұрғыда және неғұрлым маңызды мағынасында коғам деп саналы тіршілік иелерінің табиғи дамитын тобын

13 Текст жоқ

түсіну керек. Онда агрегат уақыт өте келе күрделі де берік ұйымға айналатын белгілі бір қатынастарға көшеді. Осылайша түсінілетін қоғамды дәл білуіміз біздің ең соңғы жетістіктеріміздің санатына жатады. Табиғатта, өмір құпиясының өзін қоспасақ, қоғамнан басқа ештеңе адам қиялын соншалық қызықтырған емес, және сол қиял өмірдің өзінен басқа ештеңемен соншалық еркін айналысқан емес. Қоғамның суреттелуі мен философиясына ену үшін ешқандай бейне соншалық фантастикалық, ешқандай пайым – соншалық мистикалық, ешқандай ой – соншалық қисынсыз болмаған-ды. Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекеттері біз үшін Платонның «Республикасы» мен «Заңдарында» және Аристотельдің «Саясатында» сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді. Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда қоғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым үзік-үзік болды. Бұл зерттеулердің кебіреулері экономикалық, енді біреулері – заңгерлік, үшіншілері – шіркеулік, төртіншілері – саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметтік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты өмір тұтастығын түсінуге ми қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жүйелі қолданыла бастады, және де ол қолданылғанан кейін зерттеудің басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады. Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым.

«Әлеуметтану» сөзін тұңғыш рет Огюст Конт өзінің «Позитивтік философия курсында» позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді. Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVІІІ ғасырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола бытыстырылып жіберілді. Гоббс та, Монтескьё де, экономистер де қоғамды оның барлық түрлерінде зерттеген жоқ, және, Конт барынша қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік ұғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді. Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктерге ұтымдылық сәулесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы әлеуметтік құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитвитік ғылымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті қоғамның жаратылыстық себептері мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді. Конттан кейін әлеуметтану негізінен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне білген кісілер еңбегінің арқасында дамыды. Жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімнің барлық салаларына бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен

психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам өмірінің әлеуметтік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін ізерлеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын түсіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен, этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық құбылыстармен танысып, сондай-ақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нәтижесі емес пе деген мәселені зерттеуге тиіс болатын. Сондықтан біз әлеуметтік қатынастарды эволюция ықпалымен түсіндіруге ишараны біз тек Герберт Спенсердің алғашқы шығармаларынан ғана емес, Дарвин мен Геккель туындыларынан де табамыз. Бұл ишаралардың өздері әлі әлеуметтануды құрамайтын, өйткені ол үшін тікелей әлеуметтік құбылыстардан индукциялық жолмен алынған өзге факторлар қажет еді. Бірақ мұндай ишаралар жаңа ғылымның тұғырлары қайда жатқанын жеткілікті көрсететін; сонымен бірге олар әлеуметтанудың негізгі ұғымдарының кейбіреулерін жеткілікті айқындап, әлеуметтанушы тек тарихшы, экономист, статист қана емес, биолог және психолог болуға тиіс екендігін дәлелдеп берді. Осылайша, эволюциялық негізде және эволюцияшыл ойшылдар еңбегінің арқасында осы заманғы әлеуметтану қалыптасты. Ол адамдар қоғамын жаратылыстық себептілік арқылы тәпсірлеу болып табылады. Ол адамзатты ғарыштық процестерден тыс тұрған және өзі үшін өзінің ерекше заңына ие тіршілік иесі деп қараудан бас тартады. Әлеуметтану қоғамның пайда болуын, өсуін, құрылысы мен қызметін эволюция процесінде қосыла қарекет жасайтын тәндік, өмірлік және психикалық себептердің қарекеті деп түсіндіру әрекеті болып табылады. Осы тұрғыдан ең маңызды талпынысты Спенсер өзінің «Синтетикалық философиясында» жасағанын еске салу аса қажет бола қоймас. Осынау ұлы туындыда әлеуметтану принциптері психология мен биология принциптерінен шығарылған болатын. Әлеуметтік даму органикадан жоғары тұрған эволюция ретінде қарастырылады. Ол адам өмірінің барлық органикалық және психикалық құбылыстары ең ауқымды пошымдарда шым-шытырақ, бірақ

дұрыс байланысқан процестерден тұрады. Спенсерде қоғам ұғымы Конттікінен ннғұрлым айқынырақ. Спенсердің пікірі бойынша, қоғам Гоббс «Левифанындағы» жай ғана фантастикалық ұқсастыру түріндегі организм емес, нақты болмыста бар, тек инсанияттық қана емес, физиологиялық тұрғыдағы организм, өйткені қоғамның құрылысында жекелеген кісілерден сол сол кісілердің топтары мен ұйымдарына берілетін еңбек бөлінісі. Онда өнеркәсіп топтарынан тұратын қоректендіруші жүйе; сауда операцияларынан тұратын бөлуші жүйе; саяси және діни қызметтен тұратын реттеуші жүйе бар. Спенсер адамзаттың этикалық прогресі мен бақыты қоғамның осынау қызметтік ұйымдасуына тәуелді екенін көрсетуге көп күш жұмсайды, бірақ ол Платонның еңбектің әлеуметтік бөлінісінен этикалық өмірдің тұғыры мен шынайы тұрпатын тапқан, сөйтіп қоғамды адамның кісілік жетілуінің құралы деп ұғынуға жол ашқан ойын, біз қалай алатын дәрежеде, әрі қарай соншалық толық дамытпайды. Спенсер бұл тұрғыдан оншалық қанағаттандыра қоймаса да, оның әлеуметтік ұйымды бүкіләлемдік физикалық процеспен біріктірудегі толық айқындылық жөнінде біз қояр кінә мардымсыз. Спенсердің әлеуметтік доктриналарына өз үкімдерін шығарған жазушылардың көпшілігі оның байламдары шығарылған принциптерге көңіл аудармады. Олар оның әлеуметтанушылық жүйесін әлеуметтанушылық атауы бар кітаптарынан іздеді, ал шындығында оның әлеуметтанушылық ойларының негізгі теоремалары «Fіrst Prіncіples» деп аталатын еңбегінің бүкіл екінші бөлігінде шашырап жатыр және бұл ойларды бір жерге жинақтау үшін оқырманның біраз тер төгуіне тура келеді. Жинап алынған бұл теоремалар қозғалыстың күші, бағыты мен ырғағы, тұрақтылығы материяның кірігуі мен пошымның жіктелуі заңдары арқылы әлеуметтік өзгерістердің түсіндірілуіне қызмет етеді, олардың барлығы бірігіп Спенсердің бүкіл әлемдік эволюция туралы жақсы таныс формуласын құрайды. Материалдық дүние мен тірі организм сияқты қоғам да кірігу мен жіктелуге бейім. Ол ұйымдаспаған ахуалдан біртектілікті мен бұлдырлығынан ұйымдасқан ахуалдың көп тектілігі мен айқындығына көшеді. Осынау барлық

өзгерістердің түпкі себебі – қуаттың бүкіләлемдік тепе-теңдігі. Конт таза риторикалық мәнінде “әлеуметтік статика” терминін әлеуметтік реттіліктің атауы ретінде, ал “әлеуметтік динамика” терминін прогресс атауы ретінде қолданды. Неғұрлым ғылыми негізден айналмайтын Спенсер неғұрлым дәл физикалық ұғымдарды ұстанады. Әлеуметтік статика оның ойынша, әлеуметтік күштерді тепе-теңдік қалпында зерттеу. Нақты болмыста, қоғам мен оның ортасының арасындағы қуат тепе-теңдігінің салдары болып табылатын өзгерістер салдарынан мінсіз тепе-теңдікке ешқашан қол жеткен емес. Алайда, нақты болмыста статикалық және кинетикалық ұмтылыстар өзінен-өзі теңеседі және соның нәтижесі күн жүйесіндегі немесе тірі тәндегі сияқты, қоғамдағы орнықсыз тепе-теңдік болып табылады. Осының бәрі тек әлеуметтік пошымдар мен метамарфозалардың физикалық түсіндірмелері екендігі айдан анық. Спенсердің өзі немесе оның ықпалымен басқа жазушылар тұжырымдаса да бәрібір, тұтас күйінде алғанда спенсерлік әлеуметтану, биологиялық және психологиялық деректер кеңінен пайдаланылғанына қарамастан, белгілі бір дәрежеге дейін қоғамның физикалық философиясы болып табылады. Дегенмен, мұндай физикалық тәпсір әлі бүкіл эволюциялық әлеуметтануды құрамайды. Шынында да, әлеуметтану арнайы әлеуметтану ғылымдары зерттейтін әрқилы қоғамдардың негізінде жатқан бірлікті мойындауды талап етіп қана қоймайды, сондай-ақ ол әлеуметтік құбылыстарды түсіндірудің объективті немесе физикалық, субъективті немесе ырықтық негіздерінде бір негізгі қисын жатуға тиіс дегенді кесіп айтады. Осынау екі түсіндірме де бірнеше ғасырлар бойы экономикалық және саяси философия саласында бір бірімен күресіп келді. Аристотельдің «Саясатынан» бастап Боден, Монтескьё және физиократтар нәсілдің, топырақтың, климаттың, тұқым қуалаудың және тарихи жағдайлардың объективті тәпсірленуін дамытты. Гроций, Гоббс, Локк, Юм, Бентам, Беркли, Кант және Гегель адам табиғатының, пайдалылықтың этикалық императивтер мен мұраттардың субъективті тәпсірлерін жасады. Бірақ, осы екі тәпсір әлі ешқашан бетпе-бет

қақтығысқан емес. Ой шектері ешқашан қоғамның өзінің бірлігін зерттеу әрекеттерімен де, тәпсір бірлігіне жету жөніндегі шын ғылыми әрекетпен де ой көкжиегін бұзған емес. Борк өзінің саяси шығармаларында, арнайы болмаса да, шынында да осы бірлікке бәрінен көбірек жақындады. Әлеуметтік ырықты да, физикалық эволюцияны да, оларды ғылыми татуластыру негізінде біріктіруге саналы талпыныспен бірге мойындауды біз тек жүйелі әлеуметтанудан ғана табамыз. Конт философиясында мүлдем шынжау объективті тәпсір кейінгі ойшылдар да шапшаң дамып кеткені секілді, сорымызға қарай, соншалық дәрежеде болмаса да, субъективті тәпсірлер де дәл солай дамыды. Конт ғылыми білімі бар мемлекет қайраткерлері қоғамды қайта құрып, оның прогресіне жетекшілік ете алады деп топшылады. Спенсер философиясында бұл пікір ішінара теріс ыңғай алды. Мемлекеттік қайраткер өз өнерімен қоғамды жақсарта алмайды, есесіне оны шексіз құлдырата алады. Лестер Уорд14 шығармаларында бұл пікір қайтадан оң ыңғайда көріне бастайды. Қоғам эволюцияның жаратылыстық процесін жасанды процеске айналдыра алады. Ол өзінің тағдырын қалай болса солай өзгерте алады. Ол теологиялық жағынан прогресшіл бола алады. Натуралистік ойлау жүйесі салтын ұстанатын, бірақ өздерінің шығармаларында социализм талаптарының мұқият зерттелуін берген Лименфильдтің15 д-р А. Шеффленің16 және профессор Гильом де Грифтің17 аса көрнекті туындыларында біз әлеуметтік ырықтың толық мойындалуын табамыз. Ақыр соңында, Альфред Фульенің18 сыни еңбегінен біз әлеуметтік философия саласындағы идеализм мен натурализмнің тарихи қарымқатынасының егжей-тегжейлі шолуы мен физикалық және ырықтық құбылыстардың бірдейлігін дәлелдеудің тамаша әрекетін көреміз, оларды Фулье «Күштер идеясы»19 эволюциясының фазасы ретінде қарастырады.

14 Dіnamіc Sosіology; Psychіs Factors of Cіvіlіsatіon. 15 Gedanken uber eіne Sozіalwіssenshaft der Zukunft. 16 Ban und Leben des sozіalen Korpers. 17 Іntroductіon a la socіologіe. 18 La scіens socіale contemporaіne. 19 La Psychologіc des іdees forses; L Evolutіonnіsme des іdees forses.

Осынау ауқымды еңбектерді неғұрл7ым зейінді зерттеу, алайда, бізге олардың қоғамды ырық процесі арқылы түсіндіруі, олардың физика арқылы түсіндірудегідей ғылыми дәлдікпен талдап әзірленбегендігін көрсетеді. Шынында да, ең көрнекті әлеуметтанушылардың кейбіреулері ұстанатын әдісте олардың ғылымына орынсыз кіеәларды төндірген маңызды қателік жатыр. Объективті түсіндіру физикалық эволюцияның формуласындағы тым қарапайым, көрінісіне сайылғаннан соң, бірақ субъективті түсіндіру әлеуметтік құбылыстардың бүкіл қатары бойынша дәл сол секілді жүргізілмегеннен кейін, ол әдетте жүйелі түрде шығарып тасталып отырды. Объективті түсіндіру саналы тұлғаны әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттайтын және оның барлық әлеуметтік қатынастарын анықтайтын (өйткені олар соның ырқынан туындайды) бірден-бір сарын немесе принцип мәніне әлдеқайда кем сайылды. Сондай принципті табуға тырысып көрудің, содан оның барлық салдарларын шығарудың және назарға алынуға тиіс болатын сарындарды немесе жағдайларды соның төңірегіне топтастыру орнына, әлеуметтану үшін барлық сарындар маңызды болатындай-ақ, адамның сан алуан қатынастарында және оның барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруда оған ықпал жасайтын барлық сарындарын санап шығудың кісі жаңалықтар әрекеті жасалды. Нәтижесінде ғылымды құрайтын парасатты білім алынбады. Бұл әдіс екі жағынан тамаша. Ол қоғамның тәпсірінде әдетте өте жемісті қолданылған әдіске кереғар болып шығады. Ол саясаттағы және әсіресе экономикадағы субъективті тәпсір үшін ойдағыдай қолданылған әдіске де кері болып шықты. Саяси экономия өзінің тәртіп туралы ілімін жаңалық ашу жолымен емес, абстракциялау жолымен жасайды. Пайдалылықтың таза теориясы пошымын қабылдап, экономика ғылымы жуықта тамаша дамыды. Курно, Джевонс және профессор Леон Уольрас (Walras) бастап, австриялық және америкалық экономистер жалғастырған таза абстрактылы талдау экономикалық сарын мен таңдау құбылыстары, демек, таңдаудан туындайтын экономикалық қарекеттер мен қатынастар құбылыстарын тек сапалық мағынада ғана емес, тіпті математикалық тұрғыдан да ғылыми тұжырымдала алатынын

көрсетті. Егер әлеуметтану ғылыми дәлдікке қол жеткізгісі келсе, байланысты әдістің жарамдылығын дәлелдейтін осы үлгіге жүгінуі керек. Алайда мынаны мойындау керек: әлеуметтанудағы ең маңызды шығармалардың қоғам туралы ортақ ғылымның мүмкіндіктеріне сенбейтіндер оған қарсы көтерілетін сынға да ашық. Егер осы шығармалар бойынша таазыласақ, әлеуметтану қоғамды бүтін ретінде түсіндіруге ұмтылады, бірақ өзі әдіс бірлігіне қол жеткізе алған жоқ. Ол әлеуметтану ғылымы ортақ ғылым, бірақ байланысқан ғылым емес, қоғамды бүтін ретінде тек оның бөлшектерін тізіп шығу жолымен суреттей алады және оның негізінде жатқан бірлікті түсіндіруде сөзсіз сәтсіздікке ұшырауға тиіс деген әсер сіңірді. Әлеуметтану осынау сыни ескертпелерді қаперіне алып, барлық субъективті түсіндірулерді басқа ғылымдарға беріп, өзі тек объективті түсіндірулер әзірлеумен шектеледі деп топшылауға болар еді. Бірақ бұл әлеуметтік құбылыстарды бір тұтастыққа біріктіру дәмесінен әбден бас тарту болып шығар еді. Ырықтық процесс, сөзсіз, елеулі. Егер бұл арада бірлік болмаса, ол қоғамда еш жерде жоқ; көзге ілігетін бірлік тек физикалық тұғыр жағдайы. Шынайы әлеуметтану өз бойында субъективті де, объективті де түсіндірулерді ұштастыруға тиіс екендігі айдан анық. Ол осынау түсіндірулердің әрқайсысын оның аса қарапайым пошымына келтіруге және олардың әрқайсысының негізгі принциптерін барлық әлеуметтік қатынастар арқылы дәйектілікпен ізерлеп шығуға тиіс. Мұның үстіне, ол соларды жай ғана жасанды біріктірмей, қосымша доктриналар ретінде логикалық жолмен біріктіруге, және олар қадам сайын бір-бірін қалай туындататынын көрсетуге тиіс. Бұл қиын міндетті ең үздік әлеуметтанушылар әлі орындай алмай жүрсе, бұл жағдай әлеуметтанудың өзін айыптауға жетелей алмайды. Егер сын әлеуметтану тек оның қатаң ғылыми талаптарға сай құрыла алатынын немесе ол ғылыми жоспарға сай дамуға ешқандай ұмтылыс байқатпайтыны дәлелдей алса ғана, ол нағыз ғылым емес деп елеусіз қалдырыла алады. Бірақ ғылыми ойлау жүйесіне ие адамдар үшін мүмкін еместен шығып дәлелдеудің өзі мүмкін

емес, және ешқандай шүбәсіз серпіп тасталуға тиіс. Ал әлеуметтанудың субъективті түсіндірудің бірлігін табуға шын ұмтылысына келсек, мұтолып жатқан мысалдарын оның жас ғылымдарының шығармаларынан табуға болады. Олар барлық жерде аталмыш құбылысты әлеуметтік құбылыс ететін және оны басқа тектегі құбылыстар қатарынан даралайтын ерекшелікті анықтауға тырысады. Осы мәселе шешілген кезде, әлеуметтанушылық постулат табылады, өйткені өзгешелік нышанын анықтап белгілеу әрқашан процестің ашылуы да болып табылады. Егер біз әлеуметтік құбылыстардың ортақ өзгешелік нышанын және негізгі процесті таба алсақ, біз сондай-ақ тәпсірлеу принципін де таба аламыз. Едәуір дәрежеде экономикалық ойдың арқасында, өзара көмек пен еңбек бөлінісі қоғамның өзгешелік нышандары болып табылады-мыс. Нақты болмыста, алайда, өзара көмек пен еңбек бөлінісі тірі организмнің жасушалар мен органдарының арасында да, дәл қоғам мүшелерінің арасындағыдай байқалады, ал әлеуметтік қатынастарда көбінекөп кооперацияланудың ешқандай ізі де болмайды. Әлеуметтік айырмашылықтар органикалық немесе экономикалық фактылардан ашылуы мүмкін-ау деген қате пікір ғалымдар арасында өз маңызынан айрылмай тұрғанда, соған дейін шын прогрестің болуы мүмкін емес-тін. Сол пікір кейбір дарынды ғалымдардың осы проблемаға тереңірек үңілу әрекеттерінің арқасында өзінің бар күшінен айрылады.. Профессор Людвиг Гумплович20 шынайы қарапайым әлеуметтік құбылыстар, шындығында, әр текті этностық топтардың қақтығыстары араласып кетуі және ассимиляциялануы екенін дәлелдеуге тырысты. Новиков21 жинақтап қорытуды әрі қарай жалғастырып, әлеуметтік эволюция дегеніміз шын мәнісінде, қақтығыстардың одақпен прогресті түрленуі, соның нәтижесінде қақтығыстың өзі физикалық күрестен интеллектуалдық күреске айналады дегенді кесіп айтады. Профессор де Гри22 мәселеге мүлдем басқаша келіп, әлеуметтік құбылыстың өзгешелік нышанын шарттан табады және әлеуметтік прогресті

20 Der Rassencampf; Grundrіss der Sozіolodіe.
21 Les luttes entre socіetes humanіes.
22 Op. cіt.

мәжбүрлеуші биліктен саналы келісіммен алмастыруға сәйкес өлшейді. Габриэль Тард23 психологиялық және әлеуметтанушылық идеялар саласында елеулі із қалдырған соны да қызықты зерттеулерінде бастапқы әлеуметтік факт еліктеуден – өзара көмек атаулының еңбек бөлінісі мен шарттың алдында жүретін құбылыстан құралатынын дәлелдейді. Профессор Эмиль Дюркгейм24, Тардтың байламдарымен келіспей, елеулі әлеуметтік прогресс, сондықтан бастапқы әлеуметтік құбылыс та әрбір индивидуалдық ақылды қарекеттердің, ойлар мен сезімдердің ол жөнінде сырт болып табылатын түрлеріне бағындыруынан құралатынын дәлелдеуге тырысады. Осынау барлық ғалымдардың ішінен Тард пен Дюркгейм, сөз жоқ, әлеуметтік құбылыстар мәністік табиғаты туралы мәселені шешуге және әлеуметтанудың бірінші принципін белгілеуге бәрінен жақын келді. Олар бірбірін түсінуде алшақ кетті, бірақ осы авторлардың әділ оқырмандарғына олардың екеуінің де бір-бірімен тығыз байланысты құбылыстарға әрқилы тұрғыдан қарайтыны әьден айқын; Профессор Дюркгейм көптеген ақылдар жеке ақылға ететін әсерді, Тард – біреудің еліктіргіш тапқырлығына көптің еліктегіш жауабын қарастырады. Егер әлеуметтік катынастарда бұл құбылыстар даусыз бастапқы немесе негізгі болмаған күнде де бұлар бәрібір соған жақын. Бәлкім, алайда, еліктеу жөнінде бұл пікір неғұрлым дұрысырақ болар. Құбылыстар атаулы, мұны Тард көрсететініндей25 қайталанатын болғандықтан ғана таныла алады. Физикада біз әртүрлі қозғалыстардың немесе тербелістердің пошымдарындағы, биологияда – тұқым қуалау немесе тіршілік пен өзгеше қасиеттерді жасушадан жасушаға беру пошымындағы әлеуметтануда – еліктеу немесе ниеттердің, сезімдер мен идеялардың индивидтен индивидке, топтан топқа, ұрпақтан ұрпаққа берілу пошымындағы қайталануларын зерттейміз. Осыған қарамастан Тардтың да Дюркгеймнің де ақтық қорытуларын қабылдамауға болмайтындығының мықты себебі бар. Олардың екеуі де әлеуметтік фактының мәнісін толық түсіне алмады, рас олар бұл міндетке өте

23 Les lіos de 1 іmіtatіon; La logіgue socіale. 24 De la dіvіsіon du travaіl socіal; Les regіes de la metode socіologue. 25 The Stady of Socіologі, Chapt. І.

жақындап келді. Олардың формулалары тым ауқымды. Сондай-ақ санаға басқа сана немесе көптеген басқа саналар тигізетін, ешқашан ассоциацияға қарай дамымайтын, дами да алмайтын әсер де бола алады ғой. Сол сияқты өз бойында қоғамның ешқандай ұқрығы жоқ еліктеу де бола алады. Жылан құсқа қорқыныштан қозғала алмай қалатындай әсер етеді, содан соң оны тез өлтіреді. Барылдақ торғай басқа құстардың дауысына жиі еліктейді, бірақ ешқандай әлеуметтік ниетсіз немесе салдарсыз еліктейді. Сондықтан қарабайыр әлеуметтік факт, әсермен де, еліктеумен де тығыз байланыста болғанымен, бірақ, аалйда, өздігінен алғанда әсер де, еліктеу де емес. Біз оны шын қоғамға тән құбылыстан ғана іздеуіміз керек, басқа ештеңеден де іздемеуге тиіспіз. Енді біз әлеуметтанудың бастапқы да, қазіргі кездегі де мақсаты мен ғылыми сипатын жеткілікті анықтадық. Әлеуметтану дегеніміз қоғамды тұтас күйінде түсінуге ұмтылатын және оны ғарыштық заңдар мен себептер арқылы түсіндіруге тырысатын ғылым. Осындай түсінікке жету үшін сананың немесе сарынның біршама фактысы арқылы қоғамды субъективті түсіндіру және оны біршама физикалық процесс арқылы объективті тәпсірлеу қағидасын талдап әзірлеу керек. Осынау екі тәпсір бір-бірімен сиысатын болуға және тығыз ара қатынаста болуға тиіс. Субъективті және объективті процестер, бір-біріне әрқашан тәуелді болғандықтан ажыратылмайтындай болуға тиісті. Физикалық ғылымдардың аяқталып келе жатқан жүз жылдықтың барысында соншалық таңқаларлықтай жылдам болған прогресі болашақ қандай болмасын, әлеуметтануда қол жеткен нәрселер тек болашақ жетістіктердің кепілі ғана екендігі айдан анық, Әлеуметтану ғылыми фактылардың мазмұны болғаннан гөрі, (мұны мойындауымыз керек) сондай болуға ұмтылды, бірақ, Спенсер әлеуметтанудың қажеттігі туралы алғаш айтқан26 кезбен салыстырғанда, қазір оның логикалық мүмкіндігін жүзеге асыру бері салғанда біршама жақын. Объективті тәпсірлеудің ешқандай жаңа принципін іздеп жатудың қажеті жоқ. Қоғамдағы физикалық процесс, жұлдыздар әлеміндегі секілді қуат тепе-

26 The Stady of Socіologі, Chapt. І.

теңдігі арқылы іске асатын пошым эволюциясының процесі болып табылады. Алайда бұл процестің барлық адамдық қатынастар арасындағы тармақтары әбден түсінікті болғанша, әлі көп еңбектенуге тура келеді. Субъективті тәпсірге келетін болсақ, ол жаңа бастапқы нүктеге мұқтаж, ол осы кезге дейін нәтижесіз іздестіріліп келді, бірақ енді мұқият зерттеу кезінде одан әрі байқалмай қала алмайды. Әлеуметтану бұдан былай сара жолмен ілгерілеуге тиіс, мұның себебі біреу, ол, Спенсердің пікірі бойынша, адамзатты да тиісті жолда ұстап тұрған себеп, атап айтқанда ол барлық өзге қате жолдардың тауқыметін тартудай тартты. Шарт пен одақ ассоциациядан немесе қоғамнан гөрі неғұрлым арнайы құбылыстар болғандықтан, ал еліктеу мен әсер неғұрлым жалпылама құбылыстар болғандықтан, қоғамның психикалық тұғырын, сарынын немесе принципін біз солардың арасында орташа орын алатын құбылыстан іздеуге тиіспіз. Демек, әлеуметтану постулаты тек мынадай ғана бола алады: қоғамдағы бастапқы және қарабайыр субъективті факт – тектік сана (the conscіousness of kіnd). Тектік сана деп мен сананың, табиғатта қандай орын алмасын, тіршілік иесі атаулы, басқа саналы тіршілік иесін өзімен бір тектес жататын нәрсе деп мойындайтын ахуалын түсінемін. Мұндай сана әсер мен еліктеу салдары болуы мүмкін, бірақ ол солар туындататын жалғыз салдар емес. Ол шарт пен одақ туындата алады, бірақ ол көптеген басқа нәрселерді де туындата алады. Сондықтан ол ассоциациядан гөрі неғұрлым жалпылама әсер мен еліктеуге қарағанда кем жалпылама. Ол ассоциацияға қарағанда кем жалпылама шарт пен одаққа қарағанда неғұрлым жалпылама. Ол тәртіпке көптеген жолдармен ықпал етеді, және, біз шынында да әлеуметтік деп атай алатын тәртіп атаулыны сол анықтайды, Қысқасы, ол әлеуметтанушылық талапты қанағаттандырады; ол шын қоғамға тән, басқа ештеңеге тән емес. Тек санасы өзінің барынша кеңінен қолданылуында жансыз бен жандыны айыра алуынан аңғарылады. Жанды тіршілік иелерінің ауқымды тобының ішінде ол түрлер мен нәсілдерді белгілейді. Нәсіл шегінде тек санасы, таптық айырмашылықтардың, одақтың қисапсыз пошымдарының аралас-құраластық ережелерінің және саясат ерекшеліктерінің негізі бола отырып, неғұрлым анық

этностық және саяси топтарға алып барады. Біздің өзімізге ұқсас деп сезінетіндеріміз жөніндегі тәртібіміз, өзімізге кемірек ұқсайды деп санайтындар жөніндегі тәртібімізге қарағанда инстинктті түрде және мықтап өзгешеленеді. Мұның үстіне, тек санасы ғана (басқа ештеңе де емес) әлеуметтік, таза экономикалық, саяси немесе діни тәртіптен ажырата алады; нақ сол тек санасы нақты өмірде ұдайы – теорияда әбден-ақ мінсіз – экономикалық, саяси, діни сарындардың қарекетіне араласып отырады. Өзінің экономикалық мүддесін көздей отырып мүмкін болатын мол жалақы алу үшін жұмысшы, жолдастарынан шет қалғаннан гөрі, өзі түсінбейтін немесе қолдамайтын стачкаға қатысқанды жөн көреді. Дәл сондай себеппен, өзінің төл өнеркәсіп саласына сырт қамқорлық жүйесінің пайдалы екендігіне шәгі бар ті фабрикант та протекционизм пайдасына науқан жүргізу қорына, алайда, өз үлесін береді, Дәл сол секілді, Солтүстіктің жеңіп шығатындығына сенімі кәміл Оңтүстіктің бай меншік иесі, соған қарамастан, өзінің дүниесін конфедерация пайдасына, егер ол өзін Оңтүстіктің азаматымын, Солтүстіктің халқына жатпын деп сезінсе, құрбандыққа шалатын (әңгіме АҚШ-тағы азамат соғысы туралы – Баспа). Діни сенімдер бостандығына бұдан былай дәстүрлі тәпсірлерді қабылдай алмайтын, бірақ ыдырап кеткен күнде қиындықтарға апарып соқтыратын ассоциацияларды сақтап қалуды барынша қалаған адамдардың күш-жігерінің арқасында қол жетті. Бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік таңдау, әлеуметтік ырық немесе әлеуметтік саясат эволюциясында, барлық сарындар айқындаушы принцип ретінде тектік сананың маңайына топтасады. Сондықтан барлық әлеуметтік құбылыстардан тектік сананың көрінуін ізерлеу дегеніміз қоғамның толық субъективті тәпсірін әзірлеу деген сөз. Әлеуметтанудың объективті және субъективті постулаттары осындай. Олар әлеуметтік эволюцияда бір-біріне шексіз ықпал етіп отыратын сыртқы күш пен ішкі сарынның ақтық түрлеріне сәйкес келеді. Олардың қарама-қарсы әрекет теориясы (оны тұжырымдап дәлелдеу – әлеуметтану пәні) қажеттілік бойынша өзінің көптеген егжей-тегжейінде әлі көп уақыт бойы жетілмеген

күйінде қала беруге тиіс. Алайда жалпы алғанда, қысылмай айтайын олар, тегінде, төмендегідей түрде болуға тиіс. Әлеуметтік агрегаттар әу баста сыртқы жағдайлардың;: тамақ қорының, температураның, индивидтер мен немесе тайпалармен жанасуының немесе қақтығысуының ықпалымен құралды, ал барлық кездейсоқ күштерден арылудың арқасында агрегаттар негізінен күрделі бірліктерден құралды. Әлі күнге дейін бұл таза физикалық процесс. Бірақ көп ұзамай бір-біріне ұқсас индивидтер агрегациясының ішінде тек санасы пайда болады да, агрегация ассоциацияға ұласады. Ассоциация өз кезегінде индивидтердің ләззат алуы мен тұрмыс жағдайына оң ыңғайда үн қата бастайды. Индивидтер бұл фактыны байқайды да, сөйтіп ырық процесі басталады. Ассоциацияға біріккен индивидтер сол кезден бастап өздерінің әлеуметтік қатынастарын кеңейтіп, жақсартуға ұмтыла бастайды. Осыған сәйкес индивидуалдық және әлеуметтік таңдаулар әлеуметтік себептер қатарындағы маңызды факторларға айналады. Кездейсоқ анықталған, сыннан өткен немесе ойдан шығарылған көптеген әлеуметтік қатынастар мен қарекеттер арасында кейбіреулері санаға жағымды немесе қаалйтын нәрселер ретінде жетті, енді біреулері антагонизм тудырды. Ассоциацияға біріккен индивидтер осы қатынастар арасында таңдау жасап, біреулерін сақтап, күшейтуге, ал басқа біреулерін аластатуға тырысты. Бүкіл осынау процесте ассоциация, әлеуметтік таңдау және әлеуметтік ырық тектік санамен белгіленеді. Осы сәттен бастап тағы да физикалық процесс келеді. Қоғамның күші, дамуы және есендігі жөнінде жасалған таңдаулар надан, ақылсыз, зиянды немесе ізгі, парасатты, игі болуы мүмкін. Жаратылыстық сұрыптау бұл арада жаңа, ұшы-қиырсыз дерлік қарекет алаңын табады. Тіршілік үшін күрес барысында таңдау да, индивидтер сияқты, аман қалуы немесе құрып кетуі мүмкін. Жалпы алғанда зиянды болып шыққан таңдаулар, сондай-ақ олардан туындайтын қарекеттер мен қатынастар ішінара тұтас қоғамдардың қирауының салдарынан жойылып кетеді.

Осылайша, әлеуметтік себептер циклы физикалық процестен басталып, сонымен аяқталады. Оның басы мен соңының аралығында жасанды сұрыптаудың ырықты процесі немесе саналы таңдаудың тектік санамен айқындалатын процесі орналасады. Бірақ бұл Уорд айтатындай, тіпті де жаратылыстық процесті жасанды процеспен алмастыру емес. Бұл жай ғана орасан күрделіленуі, ол өзгерістерге де сайып келгенде дәл сол табиғи сұрыптау ықпал етеді. Осының барлығына сәйкес әлеуметтанушылар алдында үш міндет пайда болады. Біріншіден, ол қарапайым агрегация мен бірігуді анықтайтын талаптарды ашуға тырысуға тиіс. Екіншіден, ол әлеуметтік таңдауды басқаратын заңды, яғни субъективті процесс заңын ашуға тырысуға тиіс. Үшіншіден, ол сондай-ақ жаратылыстық сұрыптауды және таңдаудың жасалуын басқаратын заңды, яғни объективті процесс заңын ашуға тырысуға тиіс. Әлеуметтік заңдар мен себептер

Әлеуметтік процесс қандай заңдармен басқарылады және әлеуметтік себептіліктің ақтық табиғаты қандай? Қоғам, шын мәнісінде, табиғи процестен туындайтын психикалық құбылыс болғандықтан, қатаң әлеуметтанушылық заңдар, біріншіден психикалық процесс заңдары, және, екіншіден, психикалық заңды физикалық заңмен шектеу заңдары. Ырық әлеуметтік процеске сіңіру және еліктеу арқылы және саналы түрде еркін таңдау арқылы ықпал етеді. Сондықтан ырықтық процесс заңдары, шын мәнісінде, еліктеу мен әлеуметтік таңдау заңдары. Физикалық процесс енгізетін шектеу заңы, шын мәнісінде, сұрыптау мен бастан кешу заңдары. Тард еліктеудің басты екі заңын тұжырымдады. Интерференция жоқ кезде, еліктеу геометриялық прогрессия бойынша таралады. Егер жаңа үлгіні жалғыз бір индивид көшіріп алса, онда еліктеудің тікелей екі орталығы пайда болады. Егер олардың әрқайсысын өз кезегінде бір-бір индивид көшірсе, онда

еліктеудің төрт орталығы болады, ал осы соңғыларының әрқайсысы өзіне бірбір еліктеуші тапса, онда мұндай орталықтар саны сегізге жетеді. Бұл дегеніміз кейде жаңа сөздердің, сән үлгілерінің, әдеттер мен пікірлердің төтенше тез таралуын түсіндіретін геометриялық прогрессия. Еліктеудің екінші заңын біз ассоциация пошымдарын түсіндірген кезде қарастырдық. Еліктеуге орта әсер етеді. Сөздер, заңдар, салтар-ғұрыптар, сенімдер мен мекемелер нәсілден нәсілге, ғасырдан ғасырға көше отырып өзгере береді. Парасатты әлеуметтік таңдау заңдары дегеніміз ұдайы әлеуметтік құндылықтардың тарауы мен әлеуметтік тәртіп пошымдарының арасындағы қатынастар. Әлеуметтік құндылықтардың таралуы бастапқы, ал әлеуметтік тәртіп пошымы содан кейін келетін шарт болып табылады. Әлеуметтік құндылықтардың аталмыш комбинациясы тұсында әлеуметтік тәртіпің, егер тек ол парасатты таңдаудан туындаса, ерекше тегі орын алуға тиіс. Әлеуметтік құндылықтар тобын түсіну үшін индивидуальдық санада әртүрлі тектегі субъективті құндылықтарды туындататын процеске жүгіну керек, әсіресе экономикалық құндылықтарды зерттеу тұсында аз зерттелген, бірақ этикалық және әлеуметтік құндылықтар теориясы үшін маңызы зоркейбір жағдайларға назар аудару керек. Таңдау атаулыда парасат өзінің 2 немесе одан көп ахуалын яки 2 немесе одан да көп әдісті, тәжірибені, жоспарды, таланты немесе затты байқапбақылап, өзі оларға тілектің немесе құптаудың әрқилы дәрежесімен қарайтынын байқайды. Тілек дегеніміз сезім; мақұлдау дегеніміз пікір, ол дегеніміз қарастырылып отырған тәжірибе, зат немесе қарекет маңызды деп саналатын немесе талапқа яки талғамға сәйкес келетін біршама элементке яки сапаға ие екендігін мойындай. Тоқайласатын көптеген заттардың немесе тәртіптердің көптеген біреуі қабылданғанда немесе оған жол берілгенде таңдау аяқталады, және де қалғандарының бәрі серпіп тасталады. Таңдауларымызды салыстыра келіп, біз қалайтынымызды әрқашан мақұлдай бермейтінімізді, ал мақұлдайтынымызға әрқашан құптай бермейтінімізді яки қабылдамайтынымызды аңғарамыз. Нағыз таңдау

мақұлдаумен анықталады, немесе ол мақұлдау қолданғаннан кейін, сайып келгенде пікір қарама-қарсы тілектен жеңіліп қалса да, содан кейін болады. Парасатты әлеуметтік таңдау заңдары тек мақұлдау фактор болып табылатын құбылыстарға ғана қатысты. Тілек жалғыз ғана сарын болып табылатын ырық – импульсивті және еліктеуіш. Таңдау жөніндегі тәжірибемізді қорыта келіп, біз өзіміз мақұлдайтын ахуалдарды, тәжірибелерді, заттар мен қылықтарды жақсы деп, ал мақұлдамайтын ахуалдарды, тәжірибелерді, заттар мен қылықтарды жаман дейміз. Басқаша айтсақ, жақсылық дегеніміз рухтың және біз таразылаған кезде мақұлдайтын қылықтар заттардың сапаларының әрқилы ахуалын абстракциялау. Рухтың көптеген ахуалдарында көптеген заттар мен қылықтарда әлдене маңызды элемент немесе сапа болмай шығатындықтан, немесе олар біздің талаптарымызға сай келмейиіндіктен, өйткені көбіне талаптардың өзі біз артықшылықтың өзімізге бұрынғы белгісінен неғұрлым жоғары дәрежесіне жете алатынымызды аңғаруымыздың салдарынан өсіп отыратындықтан, біздің игілік ұғымымыз мұратқа айналады да, біз оны жүзеге асыруға тырысамыз. Бұл мұрат өзгеріп отырады да, мінез сипаты мен білімнің дамуына қарай мақұлданатын әрқилы ахуалдар кейде көп, кейде аз дәрежеде құрметтеледі. Мінсіз игілікті жүзеге асыру құралдың мақсатқа икемделуін талап етеді. Адамдар өздерінің дамуы дәрежесіне сәйкес құралдардың пәрменділігін дұрыс немесе бұрыс бағалайды, ал өздерінің кәміл сенімдеріне сәйкес әлдебір құралдың маңыздылығы мен пәрменділігне жоғары немесе төмен баға береді. Экономикалық құндылықты талдағанда мен субъективті құндылық экономикалық мағынада баға дәрежесі екенін көрсеттім. Осындай пікір, этикалық мағынада да, әлеуметтанулық мағынада да субъективті құндылық баға беру дәрежесі деген ойды да қуаттауға тиіс. Барлық субъективті құндылықтар осынау үш категорияда болатындықтан, біз өз анықтамаларымыздан төмендегідей қорытынды жасаймыз: жанның қандай да бір ахуалының немесе құптауға лайық әрі жақсы деп саналатын қандай да бір

сапаның, немесе қажетті элемент яки мінсіз игілік ретінде қарастырылатын қандай да бір сапаның, немесе мінсіз игілікке жетудің құралы болып табылатын қандай да бір заттың, қылықтың яки қатынастың бағаланған дәрежесі дәрежесі субъективті құндылық болып табылады. Егер құпталатын жан ахуалы материалдық заттардың яки дене қызметінің көмегімен қажеттілікті қанағаттандыру арқылы қол жеткізілген қанағат ахуалы болса, немесе бағаланатын зат қажеттіліктерді қанағаттандырудың физикалық құралы болса, онда бұл – экономикалық құндылық. Егер құпталатын жан ахуалы ішкі жарасым ахуалы болса, немесе егер құрал тәртіп шаруасы болатын болса, онда бұл – этикалық құндылық. Егер бағаланатын зат әлеуметтік тек, тұрпат, қасиет яки талап болса, немесе әлеуметтік игілікке жетелейтін құрал әлеуметтік элемент, қатынас яки қызмет болса, онда бұл – әлеуметтік құндылық. Этика игілік ұғымына кіретін сыншыл элементтерді және мінсіз игілікті ақиқат танып-білуге қол жеткізуге көмектесетін өлшемдерді зерттейді. Ал әлеуметтану оларды – олардың эволюциялық барысына сәйкес – тарихи және индукциялық тұрғыдан әлеуметтік таңдау процесін өзінің зерттеушінің құрамдас бөлігі ретінде зерттеуге тиіс. Әлеуметтік игіліктің элементтері мен өлшемдері әрқилы екі түрлі болады. Олардың біреулері субъективті; олар рухтың немесе өздігінен-ақ лайықты тәртіп яки мінез сапасының ахуалы. Оларды басқа біреулері объективті: олар сыртқы дүниеге бейімделу қатынастары. Мысалы, рахаттану мінсіз игіліктің субъективті элементі, ал жан толқынысы – объективті өлшем. Этика жүйелері субъективті және объективті жақтар жеткілікті толық ажырамағандықтан табысқа жете алмады. Әлеуметтану бұл қателікті қайталамауы керек. Әлде бір субъективті құндылықтың бастапқы элементі жақсы деп саналатын рухтың әлдебір ахуалы, не игіліктің әлдебір субъективті өлшемі. Мысалы, егер рахаттану игілік деп саналса, онда осынау бағаның бастапқы ахуалы не рухани ахуалдың жанға жайлылығы не аталмыш заттың рахатқа бөлеу қабілеті болып табылады. Кейіннен сондай-ақ объективті өлшем де қолданыла алады, сонда құндылық пікірі өзгертіле алады, мұндай жәйт

жағымды тәртіптің кейбірі жан толқынысы үшін қолайсыз болып шыққанда орын алады. Объективті өлшемнің қолданылуы, алайда, субъективті өлшемді қолданған кездегіге қарағанда, сананың неғұрлым жоғары дамуына байланысты болады. Демек, әлеуметтік құндылықтардың дамуында және әлеуметтік таңдауды анықтауда объективті өлшемдермен салыстырғанда, субъективті негіздер неғұрлым орынды болып келеді. Осылайша, әлеуметтік таңдау заңдарын ашу үшін, ең алдымен әлеуметтік құндылықтарға қандай субъективті элементтер кіретінін зерттеу қажет. Адамдар өздерінің пікірлері мен өздерінің тілектерінің, субъективті элемент пен игілік өлшемінің арасындағы айырмашылықты көре бастаған кезде, мақұлдауға лайық біріншісі күшке айналады. Бұлай болатыны, өмірдің өзі қызмет және жанжалдың түрі. Тіршілік жолындағы күресте табысқа жету үшін индивид, қоғам секілді, күшті де жігерлі болуға тиіс. Осынау талап барлық рухани процестерге жүреді. Дене күші сияқты ақыл мен инсаният күші де қайран қалдыратын, батылдық пен ұстамдылық ержүректік секілді құптауға лайық болатын. Осынау қасиеттерден жақсылық ұғымы өрбіді. Жақсылық, осы сөздің бастапқы мағынасында игіліктің алғашқы субъективті элементі және тәртіп пен мінездің алғашқы субъективті өлшемі болып табылады. Этикалық философияның дамуында осынау ой кезеңі өз көрінісін стоицизмде табады. Алайда, кейін жақсылықтың ылғи да жағымды реакция туғыза бермейтіні байқалады. Күш-қуатқа толы қарекет біршама уақыт жағымды бола алады, бірақ ол қажыта да алады. Ержүректік көзсіздік болуы, ал ұстамдылық тым сорақы да болуы мүмкін. Бұл толғамдардың, өмір үшін күрес қиын да тажалды тұса, ешқандай практикалық салдары болмайды. Алайда, біртіндеп өмір жағдайы жақсарады. Тайпалар мен мемлекеттердің құрылуына бейбітшілік пен қауіпсіздіктің ұзақ кезеңі де ере жүреді. Сонда адамдар өздеріне мынадай сұрақ қоя бастайды: жақсылық дегеніміз бірден-бір игілік, бірден-бір өлшем бе? Берілген әмірдің салдарларын қаперге алған жөн емес пе? Азап күш-жігердің нәтижесі деп топшылау парасатты ма? Қалыпты нәтиже рахат деген дұрысырақ

емес пе? Жақсылығын кемітпей-ақ, жақсы адам өзін мүмкіндігінше сорлы емес бақытты ететіндей ұстай алмай ма? Жауап оң болады. Бақыт игіліктің екінші субъективті элементі болып табылады, және де пайдалылық, жақсылық секілді, тәртіп өлшеміне айналады. Этикалық философияның дамуында бұл ой кезеңі өз көрінісін эпикурлікте тапты. Көп ұзамай былай болып шықты: адамдар бақытты мінсіз игіліктің элементіне, ал пайдалылықты – тәртіп өлшеміне айналдыру әрекетінде, бір сәттік рахатты асыра бағалай бастады. Олар бір сәттік рахатқа болашақ рахатын құрбан етеді, олар артық сән-салтанақта жол береді. Осындай практикалық қателіктерімен олар жақсылықты пышыратып, мінезді бүлдіреді. Жақсылық та, рахат секілді, қаперге алынуға тиіс. Мінез де ұнауға тиіс. Ал адам әлеуметтік мақұлық болғандықтан және өз рахатының едәуір бөлігінде жолдастарына тәуелді болатындықтан, әрбір индивидтің рахаты көпшіліктің рахатымен, асылы – баршаның қанағатымен сәйкес болуға тиіс. Сондықтан, пәктік – мінсіз игіліктің үшінші субъективті элементі және мінездің үшінші өлшемі болып табылады. Этикалық философияның дамуында ойдың осы кезеңі өз көрінісін пуританизмде тапты. Бірақ тәртіп пәктігі де, тым қатаңл шарт болып шығуы мүмкін. Тәртіп пен мінездегі пайдалылық пен жақсылықтың ұйымдастырылуы соңғы нүкте деп ұйғарылуы мүмкін. Мұндай ақтық шегіне сезім мен парасат өре тұрады. Олар өмірді кеңейтілуін іздейді. Парасат ақиқатты іздеуде, бүкіл дүниені түсінбейінше қанағаттана алмайды. Ұнату адамдардың барлығын ерікті серіктестікке біріктірмейінше, сезім өзінің ұнатуын доғара алмайды. Сондықтан өзін-өзі жүзеге асыру мінсіз игіліктің тәртінші әрі соңғы субъективті элементі және өмірлік тәртіптің соңғы өлшемі болып табылады. Этикалық философияның дамуында ойдың бұл кезеңі өз көрінісін гуманистік идеализмде тапты. Осылайша, мінсіз игілік күрделі феномен. Ол тек бір ғана жақсылық небір ғана рахат, не бір ғана пәктік, не бір ғана өзін-өзі жүзеге асыру емес. Ол барлық осы құбылыстардың синтезі. Мінсіз игілік дегеніміз жақсылық пен рахаттан, пәктік пен кеңейе беретін өмірден тұратын парасатты бақыт.

Осы принциптерден әлеуметтік таңдаудың бірінші заңы шығады. Қоғам мінсіз игіліктің басым ұғымына сәйкес өз тұрпатын жетілдіре беруге ұдайы ұмтылады. Бұл ұғым қоғамның эволюциясына немесе іру-тіру болуына және халық құрамындағы өзгерістерге сәйкес оқтын-оқтын өзгеріп отырады. Мына жарық дүниеде осы күнге дейін болған қоғамдардың барлығында көпшілік ақыл ойы жеткілікті дамыған адамдардан тұрады, ақылойы жоқсы дамыған адамдар қоғамның елеусіз азшылығын құрайды. Сондықтан адамдардың көпшілігінің мұраттары тым төмен. Соған қарамастан әлеуметтік эволюция ілгерілеген сайын, асқақ мұратқа ұмтылатын адамдар көбейе береді. Демек, әлеуметтік таңдаудың бірінші заңын төмендегідей түрде анықтауға болады. Барлық әлеуметтік таңдауларда ең басты мұрат – жеке күш немесе бастапқы мағынасындағы жақсылық мұраты; екіншісі, гедонистік немесе утилитарлық мұрат; үшіншісі – пәктік және соңғысы – өзін-өзі жүзеге асыру мұраты; бірақ ақыли және инсаният эволюция жалғаса берсе, неғұрлым жоғары мұраттар барған сайын үлкен ықпалға ие бола береді. Әлеуметтік таңдаудың осынау бірінші заңы қол жететін мақсаттардың қандай да біреуін артық көру заңы болып табылады. Қалған заңдар комбинация және құралдар таңдау заңдары. Комбинациялар мен құралдарды таңдаудың осынау әлеуметтік заңы былайша тұжырымдала алады: мүдделері көп емес, бірақ, алайда, жарасымды ұштасқан халық өз таңдауында консервативті болады. Мүдделері әртүрлі, бірақ жарасымды ұштастырылмаған халық, өз таңдауында радикалды болады. Тек мүдделері толып жатқан алуан түрлі және жарасымды тоқайласқан халық өз таңдауында ұдайы прогресшіл болады. Осынау заңның толып жатқан қуатталуы саясатта, заң шығаруда, дінде және салттарда ұшырасады, бірақ осы заңның барлық мысалдарының ең жақсысы – Франциядағы саяси көпшіліктің бөлінуі. Бретань мен оңтүстік департаменттер консерватизмнің қамалы. Радикализм ошақтары орталықта, онда кен ісі мен фабрикалық өнеркәсіп бұрынғы жер өңдеу жұмыстарымен күрт қайшы келіп, халық арасына жаңа элементтер мен қақатығыстар енгізді.

Қанағатшыл республикашылдар негізінен Рейн бойындағы және оңтүстікшығыс департаменттерінде орналасқан, онда ұлттардың шағылысуы мен олардың арасында идеялар алмасуының салдарынан көптеген ғасырлар бойы әлеуметтік және интелектуалдық өмір өте алуан түрлі болды. Егер әлеуметтік таңдау заңдары осындай болса, таңдау тұрақтылығын туындататын не нәрсе? Нағыз әлеуметтік тәртіптер сарқыншақтар болып табылады. Мыңдаған әрқилы тәртіптер келмеске кетті, өйткені олардың адам үшін пайдалылығы уақытша және шамалы болатын. Олар халықтарды немесе мекемелерді құрып бітуден сақтандыруға оларды ұстанған тайпалар мен халықтар үшін жеткілікті пайдалы болған жоқ. Күшті қоғамдардың өмірінің бір бөлігі секілді болатын әлеуметтік тәртіптер, шындап келгенде, сол қоғамдарға қуат беретін, тәртіптер. Төте немесе жанама түрде олар әлеуметтік адамның парасатын дамытып, оны кооперацияға неғұрлым бейім ете түсу арқылы жақсара түсуіне жәрдемдеседі. Бірақ, заңдар мен мекемелерді құруда ықтимал әлеуметтік таңдаулардың нақ қандайлары осынау нәтижелерге жетелейді? Бұған әлеуметтану өте дәл жауап береді. Бұл заңға күмәндануға болмайды: субъективті құндылықтардың бүкіл жиынтығының құрамдас бөліктері болып табылатын, жаңа мүдделердің енгіілуінің нәтижесінде барған сайын күрделі бола түсетін, сонымен бір мезгілде барған сайын келісілген және байланысты бола түсетін субъективті құндылықтар аман қалады. Бұл заң, әлеуметтік таңдау заңы сияқты, физикалық процесті бейнелемейді. Ол объективті физикалық талаптарды тұжырымдайды, таңдау солармен орайластырылуға тиіс. Сол талаптар айқын байқалған бойда, заң түгелімен түсінікті бола кетеді. Қоғам, дәл индивид секілді физикалық және табиғи ортаға бейімделуге тиіс. Оның рахаттары, заңдары мен мекемелері осы бейімделудің бір бөлігін құрап, тұтастық ретіндегі онымен сәйкестенуге тиіс. Орта, алайда тұрақты немесе өзгермейтін қатынастар тобы емес. Ол тұрақты эволюцияны бастан өткереді, бірақ өзгерістер көбіне тым баяу болады да, оны аталмыш сәтте байқау қиынға түседі. Ол жіктелудің арқасында барған сайын сан алуан бола

береді. Қоғам осынау сан алуандықты ұлғайта алады, бірақ оған кедергі жасай алмайды. Ол өмір бейімделуге тиіс құбылыстарды оңайлата алмайды. Керісінше, өмірдің өзі неғұрлым күрделі жағдайларға бейімделудің салдарынан барған сайын күрделі бола түсуге тиіс немесе ол доғарылуға тиіс. Міне сондықтан талғамдар да барған сайын неғұрлым саналуан бола түсуге тиіс. Міне сондықтан рахаттар ұлғая беруге және жарасымдылықта біртұтас болып кеткенше, бір-бірін жұмсартып, дамыта отырып, біріне бірі жәрдемдесуге тиіс. Міне, сондықтан, сайып келгенде біздің басты және ең жиі ләззаттарымыз барынша қанағаттандыру толықтығына қажетті түрде енетін, неғүрлым әлсіз, неғұрлым сирек және неғұрлым нәзік рахаттарды жойып жібермес үшін индивидуалдық жағынан күшті болмауға тиіс. Сан алуан талғамға ие қоғам көбірек әрі сапасы да жоғары нәр алады және талғамы азын-аулақ қана тәжірибеліліге де қарағанда, молырақ болады. Көптеген үйлесімді рахаттардан ләззат алатын қоғам немесе топ шамалы ған күшті рахатты қанағат тұтатын қоғамнан, жалпы алғанда неғұрлым өміршең. Және сайып келгенде, жалпы табиғаттың сан алуандығына бейімделе алатын әдеттер, салттар және мекемелер ғана сақталып қалады. Сондықтан заттардың физикалық табиғатының өзінде мынадай жағдай жасырынып жатады: ультрарадикалды әлеуметтік таңдаулар уақыт өте келе жойылып тынуға тиіс, және тек қанағатшыл бірақ ұдайы прогресшіл таңдаулар сақталуға тиіс. Қысқасы, жасанды сұрыптау немесе әлеуметтік таңдау субъективті құндылықпен басқарылса, толқыныс табиғи немесе субъективті пайдалылықпен басқарылады. Бұл өте маңызды ақиқат субъективті пайдалылық пен субъективті құндылық арасындағы айырмашылықты анықтауға негіз болып табылады. Осы толқыныс заңының мысалы және қуатталуы ретінде отбасы эволюциясындағы ең жаңа сатыларды көрсетемін. Олар отбасы пошымы күрделілене түскен жағдайларға бейімделу қажеттігіне қаншалықты тәуелді екенін көрсетеді, сондай-ақ этикалық отбасының неліктен сақталып қалуға тиіс екенін көрсетеді.

Діни отбасы, айпақшы, культ пен меншіктің әлеуметтік органы болды. Діннің жаңа пошымдары, капиталдың қордалануының жаңа пошымдары жеке бостандыққа құштарлық отбасы жүйесінің өзгертілуін қажет етті. Діни отбасы дегеніңіз сондай отбасы ретінде өмір сүруін тоқтатты. Босаған орынды екі мүмкіндік ала алатын еді. Осы мүмкіндіктердің бірі жыныстардың бұрыс (қате) одағы болды. Егер бұл бейберекет одақ перзентсіз болса, осындай қатынасты заңды некеден жөн көрген ер мен әйелдің генеологиялық тізбегі аяқталатын. Егер балалар болса да, олар не мүлдем күтім көрмей, өліп қалатын, не қоғамдық күтімге өтетін, бұл күтімнің мардымсыздығы соншалық, олардың көбісі ажал құшатын. Соның салдарынан бейберекет одақ жойылуға бейім болатын да, нәсіл жалғастыруды негізінен заңды некені ұстанатындарға, өздерінің осы пошымға адалдығын өз балаларына беретіндерге қалдыратын. Романтикалық отбасы осылайша пайда болды. Бұл отбасы артық көру мен шартқа негізделгенімен, әйел экономикалық жағынан тәуелді болып тұрғанда, ал ажырасу қиын болғанда салыстырмалы түрде берік болатын. Бірақ өнеркәсіптік талаптардың өзгеруімен және әлеуметтік өмірдің күрделілене түсуімен әйелдерді экономикалық жағынан азат ету жүзеге асып, ажырасу оңай болды. Романтикалық отбасының беріктігі кеміді. Сонда үш түрлі нәтиже мүмкін болып шықты және үшеуі де сыннан өтті. Бейберекет одақтар қайтадан пайда болды, бірақ дәл бұрынғыдай, амалсыз жойылып кетуге мәжбүр болды. Ажырасумен аяқталатын заңды неке де сынақтан өтті, бірақ ол да сәтсіздікке ұшырады. Үшінші мүмкіндік ұнату мен парызға негізделген неке болып табылады. Егер ондай отбасы балалар мен кейінгі ұрпаққа тән саулығына негізделген физикалық тұқым қуалау өркенияттың ақыли және инсанияттық жетістіктерін беру мақсатымен және үмітімен құрылса, онда ол сақталып қалуға тиіс. Отбасылардың мұндай тұрпатындағы балалар олар үшін тіршілік жолындағы күресте өзін сақтап қалуға және мұраға қалған әлеуметтік пошымдарды жалғастыруға қажет қасиеттерге ие болады.

Соңғы талдауда әлеуметтік себептілік, онда ырық ие болатын маңызды мәнге қарамастан, объективті немесе физикалық процесс болып табылады деген байлам жасауға тиіспіз бе? Егер бұл мәселе парасат дегеніміз материяның жай ғана көрінісі емес пе деген метафизикалық мәселеге саятын болса, әлеуметтану бұған нақты жауап бере алмайды. Әлеуметтанудың осынау шешілмейтін мәселеде ешқандай шаруасы жоқ. Егер, керісінше, әңгіме қоғамдағы ырық процесі физикалық процестен туындай ма немесе ол тәуелсіз де туындамайтын нәрсе болып табылатыны туралы болса, бұл жағдайда әлеуметтану жауап бере алады. Әлеуметтік эволюцияда ырық факторлары атқаратын рөлдің елеулілігі соншалық, бұл мәселеге тек бір жағынан жанасқан адам, бұл факторлардан туындамайтын тәуелсіз себептерді оп-оңай көре алады да, осынау ғылыми емес түсініктен басқа да көптеген қате түсініктер туындайды. Әлеуметтану әрбір қадамында ырық құбылыстарымен ұшырасады. Шынында да, біз көргеніміздей олар орталық пунктер болып табылады, олардың маңайына әлеуметтік өзгерістердің барлық басқа түрлері топтасады. Ол-ол ма: әлеуметтанушының тек жай ғана физикалық емес, сондай-ақ жай ғана психикалық болып шықпайтын себептермен де істес болуына тура келеді. Психикалық себептер физикалық себептерден қаншалық күрделірек болса, олар жай ғана психикалық себептерден соншалық күрделірек. Бұл әлеуметтанушылық себептер – әлеуметтік эволюцияның өзінің жемістері, ал нағыз әлеуметтанушы барлық адами нәрсенің бәрін орта арқылы және тарихтан тыс түсіндіруге уақытын босқа жібермейді. Сондықтан мәселенің мәнісі ырықтың және таза әлеуметтанушылық себептердің орын алатынына немесе маңызды мәніне қатысты емес. Әңгіме олар өздерінен гөрі неғұрлым қарапайым құбылыстардан шықпай ма, әрі физикалық және органикалық дүние процестерінен туындамай ма, соны біліп алу туралы. Әлеуметтану бұл сұраққа жауап береді. Әлеуметтану дегеніміз ғалымдар санасында эволюция және қуаттың сақталуы доктриналарына байланысты қалыптасқан табиғаттың жаңа ұғымдарының – жаратылыстық

себептіліктің және жаратылыстық заңдылықтың жемісі. Физикалық және органикалық ғылымның талдап әзірленген гипотезасы ретінде бұл ұғымдар жаратылыстық заңнан мәніс жасап, оған құдірет берген және оны ол басқаратын адамдар мен заттар әлеміне орналастырған ескі метаэмпириялық ұғымдарға мүлдем ұқсас емес. Жаратылыстық заңдар дегеніміз күштер арасындағы, ол күштер физикалық, психикалық немесе әлеуметтік болса да бәрібір, жай ғана өзгермейтін қатынастар. Жаратылыстық себеп дегеніміз бір мезгілде салдар да болып табылатын жай ғана себеп. Ғаламда тәуелсіз, байланыссыз, себепсіз себептер жоқ. Сондықтан ғылым адамды жаратылыстық себептілік дегенде әрбір себеп алдыңғы себептердің салдары болып табылатын процесті түсінеді, онда әрбір қарекет бір мезгілде қарсы қарекет те болып табылады. Табиғат дегеніміз бір-бірімен ара қатынастағы заттар жиынтығы ғана, онда әрбір өзгеріс алдыңғы бір өзгерістің себебінен орын алады және өзі кейінгі өзгеріске себеп болады және онда барлық өзгерістердің арасында өзгермейтін қатар өмір сүру мен дәйектілік бар. Бұл жүйеде адам – өзгермелі, бірақ тәуелсіз өзгермелі. Ол – қисапсыз өзгерістердің қызметі. Шексіз өзгерістер әлемінде ол осы әлемге ықпал етеді, бірақ өзі оның құрамдас бөлігі болғандықтан ғана ықпал етеді. Оның ырқы – шынайы себеп, бірақ оның өзі шынайы салдар болғандықтан ғана. Міне сондықтан әлеуметтанушы таза биологиялық немесе таза физикалық күштерден мүлдем бөлек әлеуметтік күштердің нақтылығын қадап айтқанда, олардағы айырма тек факторлардан өнім қаншалық өзгеше болса соншалық өзгеше екенін; протоплазма өзін құрайтын оттегінің, сутегінің, азоттың және көміртегінің біршама мөлшерінен қаншалық өзгеше болса, соншалық өзгеше екенін; организм мен оның комбинацияланған қарекеттері тығыз байланыспаған жасушалар тобынан қаншалық өзгеше болса, соншалық өзгеше екенін атап крсетуге тиіс. Қоғам дегеніміз өз мүшелеріне белгілі бір түрде ықпал ететін ұйым екенін байқай отырып, әлеуметтанушы тереңірек үңіліп әлеуметтік қарекет атаулы нақты болмыста реакция болып табылатынын және реакция ретінде белгілі бір шектеулері мен талаптары болатынын көреді. Ол еш

жерден физикалық-органикалық процесс лыпасын жамылмаған әлеуметтік күшті немесе әрбір аталмыш сәтке физикалық факторлардан туындамайтын күшті еш жерден таба алмайды. Әлеуметтанушы жаратылыстық құқық доктринасының елеулі мәнін нақ осы ақиқаттан көреді. Жаратылыстық құқық, бір кездері түсінілген күйінде, күні өткен наным-сенімдер ауылына көшіп алды; әлеуметтану оң ыңғайдағы құқықтың осынау жаратылыстық нормаларын ажыратудан бастамайды. Заңды құқықтар дегеніміз заң шығарушы күшпен бекітілген құқықтар. Инсанияттық құқық дегеніміз қоғамдық сана бекіткен ережелер; жаратылыстық құқықтар дегеніміз әлеуметтік қатынастар өрісіндегі жаратылыстық сұрыптау арқылы нығайтылған әлеуметтік қажетті құқықтық нормалар; осылай анықталатын жаратылыстық құқыққа негізделмейтін заңгерлік те, инсанияттық та құқықтардың болуы мүмкін емес. Мен бұл арқылы ескі идеяны жаңа физиологияда қалпына келтіруге тырысып отырғаным жоқ. Мен ескі идеяны, сонымен бірге «жаратылыстық» деген сөздің тек қана алғашқы қауымдастық пен теңестіріп пайдалануын серпіп тастаймын. Бұл қолданыс қазіргі кезде биологиядан аласталды, бірақ оны кешіруге болмайтын түрде, жаратылыстық деген сөз табиғи дегеннен артық ештеңе білдірмейтіндей саяси ғылымдарда көптеген экономистер мен заңгерлер одан айрылмай отыр. Ғылыми тілде «жаратылыстық» сөзі «қалыпты» деген мәнге жақындады. Өзінің даусыз ғылыми мағынасында жаратылыстық деген сөз өзара анықталатын қызметтердің ғарыштық жүйесінде өзінің қатысуының пәрменімен тіршілік ететін нәрсе; мұнан кейін өзінің тар мағынасында ол өз тіршілігінің талаптарымен жарастықта болатын нәрсе. Жаратылыстық емес нәрсе іріп-шіру, құрып кету жолында тұр. Сонымен, әлеуметтану анықтамасы әлеуметтік құбылыстарды жаратылыстық себептер көмегімен түсіндіру ретінде біршама айқын бола түседі. Демек, әлеуметтану дегеніміз әлеуметтік құбылыстарды психикалық қызмет, органикалық бейімделу, жаратылыстық сұрыптау және қуаттың сақталуы көмегімен тәпсірлеу болып табылады. Сондай ғылым ретінде ол

тәжірибеге сүйенетін ғылымдармен салыстырғанда, дәлелденуі кемдеу ғылым болар, бірақ біз оны, Конт философиясына жақын тұрған француз әлеуметтанушылары сияқты, тек баяндаушы ғылым дегенге жол бере алмаймыз. Әлеуметтану, индукцияны дедукциямен тәпсірлейтін, дәлелдейтін және салдарларды солардың ақиқат себебіне жатқызатын ғылым.

Қазақшалаған философия ғылымының кандидаты
Қайрат ЗАТОВ.

Джордж МИД

(1863–1931). Американдық айтулы прагматист, Чикаго мектебінің философы және кейін символдық интеракционизм (ықпалдастық) деген атпен белгілі әлеуметтанушылық дәстүрдің негізін салушылардың бірі. Оның көзқарастары көбіне әлеуметтік бихевиоризм деп танылған. “Mіnd, Self and Socіety” деген еңбегінде (өзі өлгеннен кейін, 1934 жылы жарияланған) әлеуметтанушылық әлеуметтік психологияның негізін қалап, мыналарды бөліп көрсетті: қоғам ауқымында мықтап қалыптасқан тәжірибені талдау; тілдің, бейненің, байланыстың адамдар топтарының маңыздылығы және т.б.

ИШАРАДАН – РӘМІЗГЕ

Дауыс арқылы ишаралу жағдайында биологиялық пошым өзінің төл стимулын, оны нақ басқа пошымдар пайдаланған кезде естиді; осылайша, ол басқа пошымдардың стимулына үн қатқан кезде өзінің де төл стимулына үн

қатуға тырысады. Бұл құстар өздері үшін сайрауға, балалар – өздері үшін сөйлеуге ұмтылады деген сөз. Олар шығаратын дыбыс басқа дыбыстар шығаруға түрткі болып табылады. Қандай да бір ерекше үн қатуды шақыратын қандай да бір ерекше дыбыс бар жерде, сол дыбыс, оны басқа пошымдар пайдаланған жағдайда, сол үн қатуды әңгіме болып отырған сол (биологиялық) пошымда шақырады. Егер, торғай (канарейкаға еліктейтін) осынау ерекше дыбысты пайдаланса, ол дыбысқа үн қату, қандай да бір басқа үн қатудан жиірек естілетін үн қату болады. Осылайша, торғайдың репертуарынан, канарейканың сайрауында кездесетін элементтер іріктеп алынады да осындай іріктеу, біртіндеп торғайдың шықылығында, бұл арада елігуге ешқандай ерекше ынтасыз-ақ, екі құсқа да ортақ элементтерді жинақтайды. Бұл арада, не ортақ болса, соны іріктеп алатын әлдене іріктеу процесі бадырайып тұр. “Еліктеу”, басқалар өзіне қалай ықпал етсе, өзіне де солай ықпал ететін индивидке тәуелді, өйткені ол тек басқаның ғана ықпалында емес, өзіне өзінің де ықпалында болады, мұның себебі ол нақ сол дауыстық ишараны пайдаланады. Сонымен, дауыстық ишарада ешқандай басқа ишарада жоқ мән болады. Біз өзіміздің әлпетіміз белгілі бір кейіп алғанда, біз өзімізді өзіміз көре алмаймыз. Біз өз дауысымызды естігенде, соған көңіл бөлу бізге әлдеқайда оңай. Өзін-өзі есіту қандай да бір тітіркендіретін ауан пайдалану салдарынан тітіркенгенде болады да, осылайша ес жиып, өзін-өзі түйсіне бастайды. Тітіркену бет әлпетінен (facіal) көрінетін жағдайда, сол көріністі басқада шақыратындай қасиет аталмыш индивидте шақыру қасиеті жоқ стимул орын алады. Бет әлпетінің кейпіне қарағанда, дауыстық ишара арқылы ес жиып, өзін бақылау әлдеқайда оңай. Бұзақы қашан да қорқақ дейтін ескі аксиомада шындық болса, оны, мынамен негіздеуге болады: тиіскіш нұсқауы басқаның бойында оятатын қорқыныш нұсқауын индивид өзінің бойында оятады, демек оның жалған дөкейлігін қоздыратын нақты жағдайда, оның өз нұсқауы басқаның нұсқауы болып шығады. Егер индивидтің басқаның тиіскіш нұсқауына көну нұсқауы тиіскіш нұсқауды оятатын нұсқау болып шықса, онда ол дәл сол шамада

тиіскіш нұсқауды өз бойында оятқан болып шығады. Егер біз индивидке өзі пайдаланатын ишараның әсеріне оралсақ, бұл қағидада ақиқаттың анық бір бөлшегі бар екенін көре аламыз. Индивид басқалардың бойында туғызатын нұсқауды өзінің бойында да туғызатындықтан үн қату да соншалық іріктеліп, күшейтіледі. Бұл біз еліктеу деп атайтын нәрсенің жалғыз негізі. Бұл басқаның істеп жатқанын көргендіктен, индивидтің соны жасап жатқаны мағынасындағы еліктеу емес. Еліктеу механизмі мынадан құралады: индивид өзі басқаның бойында туғызатын үн қатуды өз бойында да туындатады, осының салдарынан, сондай үн қатуға басқа үн қатуларға қарағанда көбірек салмақ беріп, біртіндеп осынау үн қатулар жиынтығын әлдебір басым бүтінге айналдырады. Бұл, біз айта беретіндей бейсана түрде жасала алады. Торғай канарейкаға еліктеп тұрғанын білмейді. Бұл екі құсқа да ортақ дыбыстарды жай ғана біртіндеп іріктеу. Және бұл, еліктеуді біз қай жерде кездестірсек те, барлық жағдайларға рас. Сөз немесе коммуникация дауыс белгілерінен басқа ештеңе жоқ жағдайдан маңызды рәміздер қолданылатын жағдайға дейін қандай ұзақ жолдан өтетінін көрсету үшін мен екі жағдайды бір-біріне қарсы қойдым. Соңғысы үшін сипатты нәрсе сол, индивид өзінің стимулына басқа адамдар қалай үн қатса, солай үн қатады. Бұл орын алған кезде, рәміз маңызды бола бастайды, сонда бірдеңені айта бастайды. Тотықұстың “сөзі” ештеңені білдірмейді, бірақ өз дауысының көмегімен бірдеңе айта бастағанда, мұны өзі үшін де, дауыс жететін жердегі кез-келген басқаға да айтады. Коммуникацияның бұл тұрпатына тек дауыс ишарасы ғана жарамды, өйткені тек өзінің дауыс ишарасына ғана ол оған басқалар үн қататынындай үн қатады, немесе солай үн қатуға тырысады. Қол “тілінің” де, рас, сондай сипаты бар. Бұл арада саңыраулар пайдаланатын ишаралардың пайдаланылуын бақылауға болады. Олар басқаларға қалай ықпал етсе, өзін пайдаланатындарға да солай ықпал етеді. әлбетте, дәл осы кез-келген жазу пошымы үшін де дұрыс. Бірақ мұндай рәміздердің бәрі өзіндік ерекше дауыс ишарасынан өрбіген, өйткені ол – индивидке ол басқаларға қандай ықпал етсе, сондай ықпал ететін іргелі ишара. Ол екі құстың үн қатысуында маңызды

бола алмайды. Соған қарамастан, бұл арада процестің сол тұрпаты көз алдымызда: бір құстың стимулы, ол өз бойында туғызуға тырысатын үн қатуды, бұл тенденция қаншалық әлсіз байқалатын болғанымен, басқа бір құс тарапынан туғызуға тырысады.

Ойлану жүйесі

Біз өзімізді, басқалар бізді қалай көрсе, аз болсын, көп болсын бейсаналы түрде солай көреміз. Біз бейсаналы түрде, басқалар бізге қалай ден қойса, өзімізге солай ден қоямыз; торғай канарейканың әуенін іліп алатыны секілді, біз өзімізді қоршап тұрған диалектілерден іріктеу жасаймыз. Әлбетте, осындай ерекше үн қату біздің төл (психикалық) ақпаратымызда болуға тиіс. Біз басқаның бойында туғызатын нәрсені өз бойымызда да туғызамыз, демек сол нұсқауларды бейсана көшіреміз. Біз өзімізді басқалардың орнына бейсана қоямыз да, басқалар қалай қарекет жасаса, солай істейміз. Мен бұл арада әлдене ортақ механизмді бөліп көрсетпекпін, өйткені онда біз төл сана және меннің туындауы деп атайтын нәрсенің дамуы үшін іргелі маңыз бар. Біз өз бойымызда ұдайы, әсіресе дауыс ишараларын пайдалану арқасында, өзіміз басқалардың бойында туғызатын үн қатуларды оятамыз, демек біз басқалардың нұсқауларын қабылдаймыз да, оларды өзіміздің төл құлқымызға енгіземіз. Адам санасын дамытудағы тілдің шешуші мәні мынада: бұл стимулда сөйлеп тұрған индивид басқаға қалай ықпал етсе, оның өзіне солай ықпал ететін қабілеті бар. Уотсон тәрізді бихевиорист біздің бүкіл ойлау жүйеміз вокалдалу деп саануға бейім. Ойлау жүйесінде біз жай ғана белгілі бір сөздерді пайдалана бастаймыз. Бұл біршама мағынада дұрыс. Алайда Уотсон аталмыш қағиданың барлық импликацияларын, атап айтқанда – бұл стимулдар күрделі әлеуметтік процестердің өзекті элементтері екендігін және олар өз бойында сол процестердің табын (volue) алып жүретіндігін ескермейді. Дауыстық процестің сондай процесс ретінде бірінші дәрежелі маңызы бар, және де, дауыстық

процесс, онымен ілесе жүретін, түсінумен және ойлаумен бірге әлдебір дауыстық элементтердің бір-бірімен жай ғана қақтығысуы емес дегенді мойындау әділетті. Мұндай көзқарас тілдің әлеуметтік тінін аңғармайды. Сонымен, дауыстық ишараның мәні мынада: индивид өзінің айтқанын ести алады, және соны есітіп, басқа қалай үн қатса, солай үн қатуға ұмтылады. Бұл жағдаятты түсіндіретін нәрсені іздегенде, біз әдетте жүйке жүйесінде бірбірімен байланысты және өздерін қарекет арқылы білдіретін орталықтардың әлдене топтары бар деп топшылаймыз. Егер біз орталық жүйке жүйесінде, біздің “Кресло” деген сөзімізге сәйкес келетін бірдеңені іздемек болсақ, онда біздің тауып алғанымыз, өздерінің арасында бір бағытта қарекет жасай бастаса, бір процесті жүзеге асыратындай, ал басқа бағытта қарекет жасай бастаса, басқа процесті жүзеге асыратындай етіп байланыстырылған ықтимал реакциялардың тұтас бір тобының жай ғана әлдене ұйымы болып шығатыны айдан анық. Кресло ең алдымен отыратын нәрсе. Бұл – (бақылаушыдан) біршама қашықтықта орналасқан физикалық объект. Біршама қашықтықта орналасқан бұл объектіге қарай қозғалуға болады, ал сосын, оған жақындап, отыру процесіне кірісуге болады. Индивидті сол объектіге жақындауға және оған отыруға мәжбүр ететін белгілі бір байланыстарды қоздыратын әлдене стимул алдымызда тұр. Бұл орталықтар біршама дәрежеде материалды. Кейінгі қарекеттің алғашқы қарекетке белгілі бір ықпалы көз алдымызда тұр, және мұны атап өту керек. Жалғасуға тиісті кейінгі процесс басталып кетті, және де осы кейінгі процесс алдыңғы процеске өз ықпалын жасайды (басталып кеткен осынау процестен бұрын болған процесс аяқтала алады). Сонымен, жүйке элементтеріндің үлкен тобының бізді қоршаған объектілер жөнінде белгілі бір тәртіпке алып баратын осындай ұйымдасуы, орталық жүйке жүйесінде біз объект деп атайтын нәрсегесәйкес нәрсе ретінде аңғаруға болатын нәрсенің тап өзі. Күрделі ете түсу өте айтарлықтай болуы мүмкін, бірақ орталық жүйке жүйесі өз бойында іс жүзінде элементтердің шексіз санын ұстап тұра алады, және олар бір-бірімен тек кеңістіктік байланыстар ғана емес, сондай-ақ уақыттық тұрғыдан да ұйымдаса алады.

Осынау соңғы факттың пәрменімен біздің тәртібіміз бірінің соңынан бірі келетін қадамдар қатарынан тұрады, және келесі қадамдар басталып қойып, алғашқыларына ықпал ете алады. Біз жасауға кіріспек болған зат, біз қазір істеп жатқан нәрсеге өз көлеңкесін түсіреді. Жүйке элементтерінің біз физикалық объект деп атайтын нәрсе жөніндегі осынау ұйымдасуы, орталық жүйке жүйесінің терминдерімен тұжырымдалып, біз тұжырымдамалық объект деп атап жүрген нәрсенің тап өзі болуға тиіс. Анайы айтсақ, үн қатулардың ұйымдасқан жиынтықтарының (sіc) осындай жинақталуын инициациялау біз қандай да бір заттың идеясы немесе ұғымы деп атайтын нәрсеге сәйкес келеді. Егер әлдекім өзіне ит идеясы дегеніміз не деген сұрақ қойып, бұл идеяны орталық жүйке жүйесінен тауып алуға тырысса, үн қатудың тұтас тобын таба алар еді, ол топ егер әлдекім “ит” деген сөзді қолданса, үн қатудың нақ сол тобын туындатуға ұмтылатындай етіп бір-бірімен көбірек немесе азырақ дәрежеде біріктірілген болып шығар еді. Ит дегеніміз ойындағы ықтимал жолдас, ықтимал жау жау, мына немесе басқа адамның меншігі. Бұл арада ықтимал үн қатудың тұтас қатары бар. Осынау үн қатулардың біздің әрқайсымыздың бойымыздан орын алатын белгілі бір тұрпаттағы бар, және түрлі индивидтерде өзгешеленетін басқалары да бар, бірақ “ит” деген сөз туғызатын әлдене үн қату ұйымы әрқашан дайын. Әлбетте, нақ осынау рәміздің, осынау дауыстық ишаравның индивидтің өзіндегі де, басқа біреудегі де үн қатудың осындай жиынтығымен өзара байланысы осынау дауыстық ишараны, мен маңызды рәміз деп атайтын нәрсеге айналдырады. Рәміз индивид бойында, ол басқаның бойында туындайтындай әлдене реакциялар тобын туындата алады. Мына бір фактыда, оның маңызды рәміз болуында тағы да бірдеңелер бар: “кресло” немесе “ит” сияқты сөзге қандай да бір индивидтің осынау үн қатуы, сол индивид үшін қаншама үн қату болса, соншама стимул болатын үн қату. Әрине, қандай да бір заттың мағынасы немесе оның мәні деп атайтын нәрседе топшылайтынымыз нақ сол. Біз объектілер жөнінде, парасатты қарекет жасаймыз дегенде біздің қарекеттеріміз объектінің мағынасы біздің санамызда орын алып тұр дегенді міндетті түрде

топшылайды. Қайсыбір ұмытшақ профессор туралы анекдоттағыдай, түстік тамаққа бару үшін киіне бастауға болады, бірақ нәтижесінде пижамамен төсекте жатқандай болып шығасың. Бұл арада белгілі бір шешіну процесі басталып, механикалық түрде жүзеге асқан: профессор не істеп жатқанының мағынасын түсінбеген. Ол түстік асқа жиналып, нәтижесінде ұйқыға кеткен. Оның қарекетінің мағынасы жоғалып кеткен. Ол жасаған барлық қадамдар, оның тәртібіне келесі қарекеттерді ескере отырып бақылау жасаған парасатты қадамдар болды, бірақ оның өзі не істеп, нені қойғанын ойламаған. Содан кейінгі қарекеттер оған үн қатуға стимул болмаған. Жай ғана басталған соң аяқталған. Біз өзіміздің істегеніміздің мағынасы жөнінде айтқан кезде, өз қарекеттерімізді жасауға әлдене стимулды жүзеге асыруға жиналғанымыздан көрінетін үн қатудың өзін туындатамыз. Ол тап сол үн қату тұрғысынан жүзеге асырылуға тиіс, қарекеттің келесі сатысы үшін стимулға айналады. Боксер өзінің қарсыласына жасағысы келетін соққы, ол дәл тигізе алу үшін, қарсыласының қорғанысын бұзатын белгілі бір үн қатуды туғызуға тиіс. Мағына дегеніміз ол жасағысы келетін нақты соққыны даярлаудың стимулы. Ол өз бойында туғызатын үн қату (қорғану реакциясы), ашық жерге соққы жасауға стимул болып табылады. Ол өз бойында жасай бастаған бұл қарекет, осылайша, оның келесі үн қатуының стимулына айналады. Ол қарсыласының не істегісі келетінін біледі, өйткені қорғаныстық қозғалыс дегеннің ол өз бойында оятып үлгерген қозғалыс және ол қорғаныс ашық қалған жерге соққы берудің стимулы. Егер де ол, ыңғайлы ашық жерге соққы беруге стимул болмаса, оның көздегенінің мағынасы жоғалар еді. Жануарлардың парасатты тәртібі мен рефлексиялаушы деп аталатын нидивидтің тәртібінің арасындағы айырмашылық осындай. Біз жануар ойламайды дейміз. Ол өзін өзі жауапты болатын позицияға қоймайды; ол өзін басқа индивидтің позициясына қоймайды және нәтижесінде: “Ол солай әрекет етеді, ал мен былай әрекет етемін” демейді. Егер индивид осылай әрекет ете алса және ол өз бойында туындата алатын нұсқау, ол үшін басқа қарекет

жасаудың стимулына айналса, онда біз саналы жасалған қарекетті көреміз. Басқа адамның үн қатуын индивид туындататын (өз бойында) және оның қарекетін бақылау стимулына айналатын жерде, басқаның қарекетінің мағынасы оның төл санасында болады. Бұл біз ойлану жүйесі дейтіннің ортақ механизмі, өйткені ойлану жүйесі болу үшін, индивидтің өзінде ол басқа біреуде туындататын үн қату, және де сол үн қату тұрғысынан ол өзінің алдағы тәртібін бағыттай алатын үн қатуды оята алатын болуы үшін рәміздер, жалпы дауыстық ишаралар қажет. Мұның өзі құстар бір-бірімен тіл қатысатын мағынадағы коммуникацияны ғана емес, индивидтің өзінің бойында ол басқаның бойында туындататын үн қатуын оятуын, басқа қалай қарекет етсе, солай қарекет ету ұмтылысын көздейді. Индивид басқа біреу жүзеге асырып жатқан процеске қатысады және осы қатысуды ескере отырып өзінің қарекетін бақылайды. Нақ осы Объектінің мағынасын: аталмыш индивид пен басқа индивид үшін ортақ үн қатуды, өз кезегінде бірінші индивид үшін стимул болатын үн қатуды құрайды. Егер сіз парасатты жай ғана қандай да бір саналы субстанция, белгілі бір әсерлер мен ахуалдар болатын субстанция деп елестетін болсаңыз, және сол ахуалдардың бірі әлдене универсалийя деп топшылайтын болсаңыз, онда сөз таза беталды нәрсеге айналады – ол тек рәміз. Сонда сіз, балалар жасайтындай, сөздерді алып, оларды теріс оқи аласыздар; олардың орналасуы абсолютті еркін болатындай әсер туады, және тіл парасаттылық өрісінен тыс жататын, таза механикалық зат болып көрінеді. Ал егер сіз, тіл әлдене кооперативтік процестің жай ғана бөлігі – бүкіл қызмет түгелімен жалғаса алуы үшін индивидтердің бір-біріне өзара көндігуін қамтамасыз ететін бөлігі деп білетін болсаңыз, онда тілде еркіндіктің тек шектелген диапазоны ғана болады. Егер сіз басқа адаммен сөйлесіп тұрсаңыз, сіз, тегінде, үшінші адамның назарын мүлдем аудармайтын әлденені аңғара отырып, оның нұсқауының өзгергенін сезуге қабілетті боларсыз. Сіз оның сөйлесу мәнерін біле аласыз, және ол сіз үшін белгілі бір ишара, индивид үн қатуының бір бөлігі бола бастайды. Ишара кеңістігінде, өзінде рәміз ретінде

қызмет ете алатын нәрсені қамтитын белгілі бір сала бөлініп шыға алады. Біз мағынасы бірдей жекелеген рәміздердің тұтас бір жиынтығын жарамды деп тани аламыз; бірақ олар әрқашан ишара болып табылады, яғни әрқашан индивид қарекеттерінің істегісі келетінін басқаға ашып беретін бөлігі болып табылады, ендеше, адам бұл кілтті пайдаланғанда, ол өз бойында басқаның нұсқауын туындатады. Тіл ешқашан сананың қандай да бір таза ахуалын әлдене сөзбен жай ғана нобайлайтын мағынасында еркін бола алмайды. Кооперативтік қарекетті бағыттауға әлдекімнің қарекетінің нақ қандай нақты бөлігі қызмет атқаратыны азды-көпті еркін. Мұны қарекеттің әрқилы фазалары жүзеге асыра алады. Өзінен-өзі елеусіз болып көрінетін нәрсе, аталмыш нұсқаудың мәнісін аша отырып, барынша жоғары дәрежеде елеулі бола алады. Бұл мағынада ишараның өзін елеусіз деуге болады, алайда ол, сол арқылы нені ашқысы келетінді анықтау үшін ең жоғары дәрежеде елеулі. Бұл рәміздің таза интеллектуалдық сипаты мен оның эмоциялық сипаты арасындағы айырмашылық мысалында жақсы көрінеді. Ақын соңғысына тәуелді; ол үшін тіл, біз, бәлкім, мүлдем ескермейтін, құндылықтарға бай және көл-көсір. Қайсыбір хабарды ондаған, кейде одан да кем, сөздермен білдіруге тырысып, біз жай ғана белгілі бір мағынаны жеткізгіміз келеді, ал ақын сөздің өзінің шынайы жанды тәнімен, эмоциялық дүрсілімен істес болады. Осылайша, біздің тілді пайдалануымыз айтарлықтай диапазонды қамтиды; осынау диапазонның қандай фаза іске қосылмасына, біз әрқашан әлеуметтік процестің қандай да бір бөлігімен істес боламыз, және ол әрқашан басқаларға қандай ықпал етсек, өзімізге сондай ықпал ететін және біз айтқанымызды солай түсіну арқылы әлеуметтік ахуалды жақындататын бөлігі. Осынау жағдаят тіл атаулыға іргелі нәрсе: егер бұл шынында да тіл болса, индивид не айтып тұрғанын түсінуге тиіс, басқаларға қандай ықпал етсе, өзіне де сондай ықпал етуге тиіс.

Мағына

Бізді адамдық деңгейде түсіну (іntellіgence), яғни адамдық әлеуметтік процесс шеңберін әрқилы адам индивидтерінің қарекеттерін бір-біріне бейімдеу, ерекше қызықтырады. Бұл бейімделу коммуникация арқылы жүзеге асады: адам эволюциясының төмен деңгейлерінде ишара арқылы және адам эволюциясының неғұрлым жоғары деңгейінде маңызды рәміздер (мағынасы бар, демек, қарапайым алмастырушы стимулдардан неғұрлым озық болатын ишаралар) арқылы жүреді. Бұл бейімделудің негізгі факторы – мағына. Мағына, аталмыш адами организмнің ишарасымен сол ишара арқылы сол организмнің басқа адами организмге берілген кейінгі тәртібі арасындағы кеңістіктек пайда болып, орналасады. Егер осынау ишара, осылайша басқа организмге аталмыш организмнің алдағы (немесе нәтиже беретін) тәртібін жеткізетін болса, онда ол мағынаға ие. Басқаша айтқанда, аталмыш стимул – ишара ретінде – және, ол ерте (егер бастапқы демесек) фазасы болып табылатын, әлеуметтік қарекеттердің келесі фазаларының арасындағы өзара қатынас мағына туындап, тіршілік ететін кеңістікті құрайды. Мағына, осылайша, әлеуметтік қарекеттің белгілі бір фазаларының арасындағы қатынас ретінде объективті өмір сүретін бірдеңенің дамуы болып табылады; біздің алдымызда тұрған нәрсе сол қарекеттің табиғи толықтырылуы да, дәстүрлі түсінігіндегі “идея” да емес. Нәтиже беретін әлеуметтік қарекеттің бір организмінің ишарасы (ол ишара соның) ерте фазасы болып табылады, және басқа бір организмнің сол ишараға үн қатуы шындап келгенде ишараның бірінші организммен, екінші организммен және аталмыш әлеуметтік қарекеттің солардан кейінгі фазаларымен үш жақты ара қатынассындағы relata. Осынау үш жақты арақатынас мағына пайда болатын немесе мағына кеңістігіне айналатын матрицаны құрайды. Ишара әлеуметтік қарекеттің нәтиже беретін әлдене нәрсесін, осы қарекетке тартылған индивидтердің тарапынан белгілі бір үн қату нәтижелеушіні білдіреді: осылайша мағына үн қату терминдерінде беріледі

немесе тұжырымдалады. Мағына, егер тек әрқашан эксплицитті болмаса, имплицитті түрде оларға ол сілтейтін және солардан өрбитін әлеуметтік қарекеттің әрқилы фазаларының арасындағы ара қатынаста топшыланады. Және оның өрбуі адам эволюциясының деңгейінде рәміздеу терминдерінде өтеді. Рәміздеу, бұрын құрастырылмаған рәміздеу жүретін әлеуметтік қатынастардың тіні болмаса, орын ала алмайтын объектілерді құрастырады. Тіл бұрыннан бар әлдене жағдайды немесе әлдене объектіні жай ғана рәміздеп қоймайды; ол сол жағдайдың немесе сол объектінің өмір сүруін немесе пайда болуын мүмкін етеді. Өйткені ол, сол жағдай немесе сол объект жасалатын механизмнің бір бөлігі. Әлеуметтік процесс бір индивидтің үн қатуын басқаның ишарасымен соңғының мағыналары ретінде сәйкестендіреді және осылайша, аталмыш әлеуметтік жағдайда жаңа объектілердің – сол мағыналардағы тәуелді немесе олар құрастыратын объектілердің пайда болуы мен өмір сүруінің шарты болып табылады. Мағына, шындап келгенде сананың немесе орын алатын яки орын алуын тек ділдік тұрғыдан қолдап отыратын өздері кейін ғана енетін тәжірибе өрісінен тыс ұйымдастырылған қатынастардың қандай да бір жиынтығының ахуалы ретінде түсінілмеуге тиіс. Керісінше, оны сол өрістің ішіне түгелімен орналастырып, объективті түсіну керек. Кез-келген аталмыш әлеуметтік қарекетте бір организмнің басқа организм ишарасына үн қатуы сол ишараның мағынасы, сондай-ақ белгілі бір мағынада – жаңа объектінің немесе ескі объектінің аталмыш әлеуметтік қарекеттің нәтижесі арқылы ишара (ол оның ерте фазасы) көрсететін жаңа мазмұнының пайда болуының яки туындауының шарты болып табылады. Өйткені, қайталайық, нағыз мағынасында объектілер адам тәжірибесі тартылған, әлеуметтік процесс шеңберінде сол процеске қатысатын және қолдап отыратын, индивидуалдық организмдер тәртібінің өзара байланысы мен өзара бейімделуінің арқасында құрастырылады. Қорғану жағдайында соққыны қайтару оның түсінілуі болатындығы секілді, дәл сол секілді әлеуметтік қарекетте де, бір организмнің

басқа организм ишарасына бейімделген үн қатуы сол организмнің сол ишараны түсінуі – сол ишараның мағынасы осы.

Қазақшалаған философия ғылымының докторы
Тұрсын ҒАБИТОВ.

Чарльз КУЛИ

(1864–1929). Алғашқы американ әлеуметтанушыларының бірі, олардың көбісі әлеуметтік дарвинист болса, ол көзсіз эволюционист болған жоқ, әріптестерінің көбісі діннен шабыт алған реформистер болса, Кули артистизм мен романтизмге көбірек бой ұрды; көбісі әлеуметтануды қатаң объективті ғылым еткісі келсе, Кули интроспекция мен қиялға көбірек бейім идеалист – гуманистік әлеуметтанушылардың алғашқыларының бірі болды. Кули қоғамның дуализмінен (индивид және сана) оларды қызметтік яки табиғи тұтас нәрсе деп түсіндірді. Мичиган университетінің студенті, кейін профессоры болған Кули өзінің ғылыми жұмысын категорияларға “қамшы тастаудан” бастап, әлеуметтанушы атанудан бас тартып, оның орнына тарихты, философияны және әлеуметтік психологияны біріктіру амалын іздестірді.

БАСТАПҚЫ ТОПТАР

Бастапқы топтардың маңызы. – Отбасы, ойын алаңы және көршілер. –
Неғұрлым кең қоғамның ықпалы қаншалық үлкен. – «Адам табиғатының»

маңызы мен орнықтылығы. – Бастапқы топтар, адам табигатының тәрбиешілері. Бастапқы топтар деп, мен тығыз да тікелей байланыстарымен (assocuatіons) және ынтымақтастығымен сипатталатын топтарды атаймын. Олар бірнеше мағынада, бастапқы, бірақ негізінен олар индивидтердің әлеуметтік табиғаты мен мұраттарының қалыптасуының іргетасы болып табылатындықтан бастапқы. Психологиялық тұрғыдан тығыз байланыстың нәтижесі индивидтердің бір ортақ бүтінге белгілі бір бірігуі болып табылады, демек тіпті индивидтің өзіндігі бері салғанда көп жағынан, топтың ортақ өмірі мен мақсаты болып шығады. Бәлкім, осынау бүтіндікті сипаттаудың ең қарапайым тәсілі – олар әлдебір «біз» деу болар; ол жанашырлық пен өзара теңестірудің «біз» деу жаратылыстық сөз болып табылатын тұрпатын қамтиды. Адам осы түйсіну тұтастығына бойлай түсіп өмір сүреді және өз ырқының басты мақсаттарын дәл осы түйсінуден табады. Бастапқы топ бірлігін жаппай жарасым мен сүйіспеншілдік бірлігі деп топшыламау керек. Бұл әрқашан жіктелген және әдетте, жарыс бірлестігі ол өзін орнықтыруға және әрқилы иелену нәпсісіне жол береді; бірақ ол нәпсілер жанашырлықпен әлеуметтенген (ұштасқан) әлдене ортақ көңіл күй тарапынан реттеуге бағынады немесе бағыну тенденциясына ие. Индивид әлде бір дәметуін көлденең тарта алады, бірақ ол дәме бағытталған басты объект басқалардың ойындағы қалаулы орын болады да, ол қызмет ету мен адал ойынның ортақ стандарттарына бейіл екенін сезінеді. Мәселен, бала командадағы орын үшін жолдастарымен бәсекелеседі, бірақ өз сыныбы мен мектебінің ортақ даңқын бұл бәсекеден жоғары қояды. Осынау тығыз байланыс пен ынтымақтастықтың ең маңызды, бірақ тіпті де жалғыз емес өрістері – отбасы, балалардың ойын тобы, көршілер мен ересектердің қауымдық тобы. Олар іс жүзінде әмбебап, барлық замандарға және дамудың барлық сатыларына тән; тиісінше олар адам табиғаты мен адам мұраттарындағы бүкіл әмбебаптылықтың негізін құрайды.

Отбасын ең жақсы салыстыра зерттеулер Вестермак27 пен Говардтың28 жұмыстары секілді зерттеулер бізге оны тек әмбебап институт ретінде ғана көрсетіп қоймайды, қайта зерттеушілердің ерте мектебі әрқиллы өзіндік ерекше салттардың рөлін асыра бағалағаннан гөрі көбірек дәрежеде бүкіл дүние жүзінде бірдей институт ретінде де көрсетіледі. Балалар арасындағы ойын топтары мен ересектердің бейресми бірлестіктерінің жаппай басым болғанына да күмәндануға болмайды. Мұндай байланыс адам табиғатын бізді қоршаған ортада тәрбиелейтіні айдан анық, және бұл жағдай бір жерде немесе бір кезде елеулі өзгеше болды деп топшылауға анық себеп жоқ. Ойынға келсек, мен, егер бұл әдеттегі бақылау пәні болмаса, ол бастап беретін топтық талқылау мен ынтымақтастықтың баршаға ортақтығы мен оқыстығының толып жатқан мысалын келтірер едім. Ең бастысы мынада: балалардың, әсіресе шамамен 12 жастан асқан балалардың өмірі әрқилы топтарда (Fellowshіps) өтеді, бұл топтарға олардың ұнататын нәрселері, амбициялары мен абыройы, тіпті отбасындағыдан да көбірек дәрежеде тартылады. Біздің көпшілігіміз балалардың әділетсіздікке, тіпті қатыгездікке қаймықпай төзе алатындығының, бірақ мысалы, мектепке жаңа келгендерді қорлау жөнінде ата-аналарына немесе мұғалімдеріне шағымданбайтынының мысалдарын еске түсіре аламыз, мектептерде мұндай жағдай соншалық көп таралған, бірақ жоғарыдағы себептерге байланысты онымен күресу өте қиын. Сол топтарда пікірталас қаншалық дамыған, қоғамдық пікір қаншалық нанымды, амбициялар қаншалық қызу деңіз! Және жасөспірімдер байланыстарының осынау оңайлығы, кейде топшыланатынындай, тек ағылшын немесе американ балаларына ғана тән белгі емес; біздегі иммигрант халықтың тәжірибесі, тіпті Еуропа континентіндегі рестриктивті өркеният ұрпағы да өзін-өзі басқаратын ойын топтарын дәл осылай оңай құратынын көрсетеді. Мәселен, мисс Джейн Аддамс «банданың» толық дерлік әмбебаптылығын атап өте келіп, банда қызметінің әрбір бөлшегі

27 The Hіstory of Human Marrіage
28 A Hіstory of Matrіmonіal Іnstіtutіons.

туралы пікірталастың толастамайтынын айтады. «осынау әлеуметтік қиыршықтар, егер солай айтуға болса, жас азамат өзінің төл шешімдерінің негізінде қарекет жасауға үйренеді,» деп ескертеді.29 Көршілер тобы туралы, жалпы алғанда былай деуге болады: адамдар жер бетінде тұрақты қоныстар құра бастаған кезден бастап, бері салғанда осы заманғы өнеркәсіпті қалалар пайда болғанға дейін ол адамдардың қоспасыз, шын жүректен бірге тұруында басты рөл атқарды. Біздің тевтон атабабаларымыз да ауылдық қауым, тегінде, барлық «күңгірт» және орта ғасырлар бойы қарапайым адамдар үшін жан ашырлық пен өзара көмектің негізгі өрісі болды және көп жағынан қазір де солай болып қалып отыр. Кейбір елдерде, әсіресе Ресейде, біз әлі де оның бяғы өміршеңдігін байқаймыз. Ресейде мир, немесе өзін-өзі басқаратын ауылдық топ отбасымен қатар шамамен 50 миллион шаруалар өмірінің негізгі сахнасы болып табылады. Біздің өз өмірімізде көршілермен жақындастық неғұрлым кең қатынастардың шым-шытырық жүйесінің өсуінің нәтижесінде бұзылды, ол бізді өзіміз тұратын үйде өмір сүретін адамдар үшін жат етіп қалдырады. Бұл принцип, тіпті ауылда да іске қосылып, біздің көршілермен экономикалық және рухани ортақтығымызды әлсіретеді. Бұл процесс дамудың саулығын қаншалықты немесе дерттің қаншалықты сипаттайтыны, тегінде, әлі де айқын емес. Осы бастапқы байланыстардың іс жүзінде әмбебап тұрпаттармен қатар көптеген басқа да тұрпаттар болады, олардың пошымдары өркениеттің ерекше ахуалына байланысты; бірден-бір маңызды нәрсе, жоғарыда айтып кеткенімдей, кісілердің әлдене жақындығы мен қосылып кетуі. Біздің төл қоғамымызда, тұрғылықты жерімен байланысы әлсіз болғандықтан, адамдар нақты жақындыққа жетелей алатын ұқсастықтарына негізделген клубтарды, бауырластықтарды және сол сияқтыларды оңай құрады. Мұндай көптеген қатынастар мектеп пен колледжде, сондай-ақ бірінші кезекте, мысалы, бір кәсіп жұмысшылары және

29 Newer Іdeals of Pease. P. 177

тағы сол секілді, өз жұмыстарымен біріккен еркектер мен әйелдер арасында қалыптасады. Кішкентай болса да ортақ мүдде мен ортақ қызмет бар жерде іш тарту жол бойындағы арамшөп секілді өсе береді. Бастапқы топтар мына мағынада бастапқы: олар индивидке ең ерте және неғұрлым толық әлеуметтік тәжірибе береді, сондай-ақ мына мағынада да бастапқы: олар неғұрлым күрделі қатынастар дәрежесіндегідей өзгермейді, бірақ сол күрделі қатынастар ұдайы туындап отыратын салыстырмалы түрде өзгермейтін қайнар көзін құрайды. Әрине, олар неғұрлым кең ауқымды қоғамнан тәуелсіз бола алмайды, бірақ белгілі дәрежеге дейін оның рухын бейнелейді, мысалы неміс отбасы мен неміс мектебінде неміс милитаризмінің таңбасы жеткілікті айқын көрінеді. Ол сайып келгенде өзен сағасына келіп жететін, дегенмен, әдетте, онымен жеткілікті көтеріле алмайтын толқын сияқты. Немістерде және одан да көп орыс шаруаларында ол мемлекет сипатына тәуелсіз дерлік еркін ынтымақтастық дәстүрін туғызады; және мынадай белгілі де жақсы негізделген көзқарас бар: өзінің жергілікті шаруаларында өзін-өзі басқаратын, пікірталасқа үйренген ауыл коммуналары, орныққан қоғамдастықта өте кең таралған институт және бұрын отбасылық қауымда болған автономияға ұқсас автономияның мұрагері болып табылады. Адам «патшалықтарды құрады, республикаларды орнатады, бірақ қауым Құдіреттің тікелей өз қолынан шыққан сияқты»30. Біздің қалаларымызда жұрт ығы-жығы тұратын үйлер, ортақ экономикалық және әлеуметтік былық отбасы мен көршілікке терең жара салды, бірақ, мұндай жағдайды ескерсек, олар байқататын өміршеңдік таң қалдырады; және дәуірдің ар-ұяты соларды сауықтырудан артық батыл кіріскен басқа ештеңе жоқ. Сонымен, осынау топтар тек индивид үшін ғана емес, әлеуметтік институттар үшін де өмірдің қайнар көзі болып табылады. Олар тек ішінара ғана ерекше дәстүрлерге айналады және көбірек дәрежеде әлдебір баршаға ортақ табиғатты бейнелейді.

30 De Tocquevіlle. Democraty іn Amerіca.

Өзге өркениеттердың діні мен үкіметі бізге бөтен болып көрінуі мүмкін, бірақ балалар мен отбасылар топтарының барлық жерлерде ортақ өмірлік келбеті бар, және оларда біз әрқашан өзіміздің үйіміздегідей сезінеміз. Мен адами сезімдер мен импульстарды тек адам табиғаты арқылы ғана түсіне аламыз деп топшылаймын, ол сезімдер мен импульстардың адами болатыны, олар жануарлар сезімдері мен импульстарынан жоғары тұр және олар бір нәсілге, немесе дәуірге емес, тұтас адамзатқа тән. Бұған, атап айтқанда, жанашырлық және өздері солардың бір бөлшегі болып табылатын махаббат, атаққұмарлық, мақтанқұмарлық, қаһармандарды құрметтеу және әлеуметтік дұрыстық пен надұрыстық секілді қисапсыз сезімдер жатады. Осы мағынада алынғанда адам табиғаты қоғамның әлдебір салыстырмалы өзгермейтін элементі деп қарастырылады. Адамдар әрқашан және барлық жерде абыройға бөленгісі келеді және күлкі болудан қорқады, қоғамдық пікірмен санасады, өзінің мал-мүлкі мен бала-шағасын ойлайды, батырлыққа, мейірбандылыққа және табысқа тәнті болады. Адамдар адам және әрқашан болып қала береді деген ойды даусыз қабылдауға болады. Нәсілдік қабілеттерінде айырмашылық бар екені даусыз рас, және олардың орасан екендігі соншалық, адамзаттың елеулі бір бөлігі, бәлкім, әлеуметтік ұйымның ең жоғары тұрпатын құруға қабілетсіз болар. Бірақ, бұл айырмашылықтар, бір нәсіл индивидтерінің арасындағы айырмашылықтар сияқты, әрең-әрең байқалады, әлдене бұлыңғыр ақыли кемістікке, әлдене қуаттың жетіспеуіне немесе моральдық ноқаттың босаңдығына байланысты болады және адам табиғатының тектік айырмашылықтарын қажет етпейді. Бұл тұрғыда барлық нәсілдер бірдей. Жабайылар өміріне, тіпті ең төмен деп саналатын жабайылар өміріне неғұрлым тереңдеп бойлаған сайын, соғұрлым олардан адамдық қасиеттерді неғұрлым көбірек табасың, соғұрлым олар бізге ұқсайтын сияқты болып көрінеді. Мысалға, Спенсер мен Гиллен31 суреттеген Орталық Австралия аборигендерін: ешқандай белгілі бір үкіметі мен культі жоқ, 5-ке дейін әрең санайтын тайпаларды алып қарайық. Олар бір-біріне

31 The Natіve Trіbes of Central Australіa.

жомарт, өздерінің ұғымындағы жақсылыққа ұмтылады, өздерінің балалары мен қарияларына мейірімді, әйелдерге тіпті де дөрекі емес. Олардың жүздері, фотосуреттерден көретініміздей, қаяусыз адами және олардың талайлары сүйкімді. Ал бір ғана нәсілдің дамуындағы әртүрлі сатылар арасын салыстыруға, мысалы біз бен Цезарь заманындағы тевтондық тайпалар арасын салыстыруға келсек, айырмашылық адам табиғатында және қабілеттерде емес, қарымқатынастардың ұйымдасуында, диапазоны мен күрделілігінде, шындап келгенде біздердікіндей рухани күштері мен нәпсінің әртүрлі көріністерінде. Адам табиғатының осынау тектік ұқсастығының осы заманғы адам барынша әрқилы және баяғы замандарды бенейлейтін әдеби туындыларында – Гомер дастандарында, Нибелунгтар туралы жырларда, еврей Кітаптарында, американ үндістерінің аңыздарында, ...солдаттар мен теңізшілер туралы, қылмыскерлер мен қаңғыбастар туралы әңгімелерде және тағы басқаларда адам өзін өз үйінде жүргендей сезінетін. Жеңілдік пен қуаныштан жақсы дәлел жоқ. Адамзат тарихының қандай да бір кезеңі неғұрлым көрегендікпен зерттелсе, онымен елеулі ұқсастық соғұрлым көп байқалады. Бастапқы топтарға оралайық: бұл арада қорғаулып отырған идея мынада: адам табиғаты индивидке жеке-дара бұйырған бірдеңе емес, қайта қоғамның топтық табиғаты немесе бастапқы фазасы, әлеуметтік сананың салыстырмалы түрде қарапайым да баршаға ортақ талабы. Бір жағынан, бұл аса қарабайыр, туа біткен инстинктен, осыған жатқызылса да, үлкенірек бірдеңе. Екінші жағынан, бұл институттардың пайда болуын туғызатын идеялар мен сезімдердің жетіле дамығанынан төменірек бірдеңе. Нақ осы табиғат осындай қарапайым, алғаусыз топтарда, барлық қоғамдарда: отбасында, көршілер тобында, ойын алаңдарында жеткілікті ұқсаса топтарда дамып, өз көрінісін табады. Олардың елеулі ұқсастығында адам санасындағы ұқсас идеялар мен түйсіктердің эмпириялық негіздерін байқауға болады. Оларда, бұл қай жерде болса да, адам табиғаты туындайды. Ол адамда туа пайда болмайды; ол оған тек серіктестік арқасында ие бола алады, ал оқшаулықта ол құлдырайды.

Бұл көзқарас естілікке ұнағанымен де, оны зерттеу көп пайда әкеле ме, мұны білмеймін. Ол аталмыш мәселеге қоғам мен индивид – әлдене бір бүтіннің етене қырлары деген идеяны жай ғана қолдану деген сөз, сондықтан біз индивидуалдық фактыны қай жерде байқамайық, біз сол жерден ілесе жүретін әлеуметтік фактыны да таба аламыз. Егер кісілер табиғатында әлдене әмбебап нәрсе болса, онда оған кісілер ассоциациясындағы да әмбебаптық сәйкес келеді. Адам табиғаты бастапқы топтар нақты бір белгісінен басқа не бола алады? Әрине, жекелеген индивидтің атрибуты емес, – сондай бірдеңе әлде бір кезде болыпты деп топшылайық, – өйткені оның аффектация, атаққұмарлық, даңғойлық және ашу-ыза секілді типтік сипаттаамалары қоғамнан тыс еш миға қонбайды. Одан әрі, егер оның иесі – әлдебір ассоциацияға қосылған адам болса, оның дамуы үшін ассоциацияның қандай тегі немесе деңгейі талап етіледі? Бұл қандай да бір дамыған саты еместігі айдан анық, өйткені қоғамның даму сатылары өтпелі және әмбебап, ал адамның табиғаты орнықты да әмбебап болады. Қысқасы, оның генезисі үшін отбасылық және көршілік өмір маңызды, одан басқа ештеңе де емес. Бұл арада қоғамды зерттеу кезіндегі барлық жердегідей, біз адамзатты жасанды оқшаулау арқылы әлдене психикалық тұтастықтар арқылы көре білуге үйренуге тиіспіз. Біз отбасының және аймақтық топтардың қауымдық өмірін тағы бірдеңенің комбинациялары ретінде емес, тікелей фактылар ретінде көріп, сезінуге тиіспіз. Және бәлкім, біз зердемізге төл өмір тәжірибемізді оралтып, оны басқалардың жаашырлық бақылауына таратып, мұны барынша жақсы істей аламыз. Біздің өмірімізде отбасы және жолдастық дегеніміз не, «біз» (wefeelіng) сезімі туралы бізге не белгілі? Осындай ойлар осынау бастапқы топтық табиғат туралы нақты түсінікке ие болуымызға көмектесе алады, ал барлық әлеуметтілік нәрселер соның ұрпақтары.

Қазақшалаған философия ғылымының кандидаты
Қайрат ЗАТОВ.

Флориан ЗНАНЕЦКИЙ

(1882–1958). Польшаның немістер билеген бөлігінде дүниеге келген Знанецкий поляк әлеуметтану институты мен поляк әлеуметтану шолуының негізін қалап, тұңғыш әлеуметтанушы профессорлардың бірі болды. 1914 жылы Вильям Томаспен бірге “Еуропа мен Америкадағы поляк шаруалары” атты еңбек жазып, тұңғыш рет зерттеудің жаңа нысандарын (күнделік, өмірбаян, хаттар, сұхбат, т.б.) ұсынды, оның гуманистік коэффициент методологиясында әлеуметтік акцияларға қатысушылар ылғи да назарда болады, мұның өзі қоғамның есебін неғұрлым жүйелі алудың бастамасы болды. Бұл методология оның “Мәдени шындық”, “Әлеуметтік нақты болмыс және әлеуметтік рөл” деген еңбектерінде дамытылды. Знанецкий әлеуметтік қарекет теориясының негізін қалаушылардың бірі. Ол қоғамды әртүрлі шағын жүйелерден тұратын мәдени жүйе деп қараған. Әлеуметтік жүйелерді ол төрт шағын жүйеге: қарекетке, қатынасқа, кісілерге және топтарға бөлген.

ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ТҮБІРЛІ МӘЛІМЕТТЕРІ

Әлеуметтану «қоғамдар» немесе «қоғамдастықтар» теориясы ретінде

Әлеуметтану жеке, саяси теориядан өзгеше пән ретінде саналы түрде құрала бастаған нан бері, ол өзінің зерттеу пәнін таңдау және жіктеу жөнінде ерекше позиция, натуралистік мәзхабтағы ғалымдарда XІX ғасырдың аяғына дейін болған және ішінара әлі күнге дейін сақталып қалған позицияны ұстанып келеді. Ол бастапқыда айналысқан жекелеген құбылыстар мәдениет өрісіне тиесілі болғанымен, әлеуметтану оны жаратылыстық жүйелердің құрамдас бөліктері ретінде қарастырды. XVІІ ғасырдың өзінде-ақ нобайланған мұндай амалды XІX ғасырдың ортасына қарай Конт, Спенсер және олардың ізбасарлары толық дамытты. Әлеуметтану қоғамды зерттейді деп саналатын. Қоғам негізінен адами индивидтердің биопсихологиялық жабық табиғи жүйесі ретінде түсінілетін. Азды-көпті ұқсас жүйелер табиғатта да байқалады: бір клеткалы организмдердің шоғыры, жіктелген органдары мен қызметтері бар көпклеткалылар, жанауарлардың табындары мен үйірлері секілді гомогенді, және өсімдіктер қоғамдастығы сияқты гетерогенді көп клеткалы организмдер ассоциациялары сондай. Қоғам мен күрделі көп клеткалы организм арасында Конт жасаған аналогияны Спенсер, Шеффле, Лилиенфельд, Вормс, Новиков және басқа көптеген ғалымдар кеңінен қолданғаны кез-келген әлеуметтанушыға мәлім. Осынау табиғи жүйені сипаттау үшін әртүрлі арақатынас пен комбинациялардағы үш ереже пайдаланылды. Біріншіден, қоғам белгілі бір географиялық аумақты алып жатуға тиіс болатын; екіншіден, қоғам нәсілдік гемоногендік дәрежеге ие деп топшыланды. Бұл екі ереже таза натуралистік ережелер болатын: географиялық оқшаулық және нәсілдік құрам өсімдіктер немесе полиптер шоғырының оқшаулығы мен құрамын белгілеу үшін қолданылатын сырттан бақылау әдістерімен куәландырыла алатын. Алайда үшінші ереже натуралистік позицияның дәйектілігін бұзады. Ол ереже бұл жүйеге мәдениет мәліметтерінің орасан көп мөлшерін енгізеді. Белгілі бір аумақты мекендейтін белгілі бір, аралас немесе таза нәсілге жататын адамдар ортақтығы, тек олар әлеуметтік топтың – орданың, отбасының,

тайпаның, рудың, ауылдың, қаланың, мемлекеттің – немесе бері салғанда өзара байланысты конгламераттың мүшелері болғанда ғана қоғам болып шыға алады. Шынында да, «жануарлар қоғамдары» жөнінде не айтылмасын, адамдар топтары мәдениеттің жемісі. Топтың ұйымдастырылуы қаншама қарадүрсін болмасын, оған мүшелік және әлеуметтік топтың тіршілігінің өзі гуманистік фактордың жәрдемінсіз белгілене алмайды. Ру, тайпа, мемлекет, тіпті отбасы мен орда өз болмысын оларды құрған және қазір олардың тіршілік етуін қамтамасыз етіп отырған өз мүшелерінің тәжірибесі мен қызметінде жүзеге асырады. Әлеуметтану мұны жоққа шығарған емес. Керісінше, ол ұжымға біріккен адамдардың мәдени жемісі ретінде тек әлеуметтік топтарды ғана емес, сол адамдардың тәжірибесі мен қызметінде бар, солар құрап, қолдап отырған барлық мәдени жүйелерді де зерттеп білуге ниеттенеді. Конттың түсінігінде қоғам оны құрайтын адамдардың бүкіл мәдени өмірін: тілді, өнерді, дінді, философияны, ғылымды, техниканы, экономикалық ұйымдарды қамтыды. Табиғатқа тәнімен тамыр жайған адамдар, мәдениетке өзінің сана-сезімімен бойлайды. Ал қоғамның мәдениеті оның барлық мүшелері үшін біртұтас; натуралистік көзқарас тұрғысынан қоғам, индивидтердің қарапайым ортақтығы өзінің мәдени жармасында бір ортақ мәдениетпен біріккен кісіден жоғары тұратын мәніс, қоғамдастық ретінде көрінеді. Арнайы пәндер бөліп алып зерттейтін барлық мәдени жүйелер, шын мәнісінде статикалық және динамикалық бірлік құрып қоғамның мәдени өмірінде тығыз тұтасып кеткен болатын. Конттың ізбасарлары бұл мәністік алғышарттарды қандай да бір байыпты өзгеріссіз қалдырды. Қоғамдардың пайда болуы мен өмір сүруіндегі материалдық факторларға кереғар психикалық факторларға біреулері көбірек, екіншілері азырақ мән теліді; кейбіреулері өзінің мәдениетіне ортақ қоғамның мүшесі ретінде қатысатын ешқандай басқа саналы өмірі жоқ, ойлай білетін тіршілік иесі дейтін Конт берген бағаға қосылды; сол мезгілде басқа біреулері оны тек қоғаммен коммуникация және кооперция арқылы жанама байланысқан

психологиялық болмыс деп тәпсірледі. Қоғамның мәдениетін құрайтын құбылыстардың жекелеген тұрпаттарының біреулері көбірек, енді біреулері кемірек іргелі деп түсініледі. Егер Конт интеллектуалдық факторларға бірінші орын берсе, басқа әлеуметтанушылар Сен-Симонға еріп, экономикалық және техникалық құбылыстардың маңыздылығын атап көрсетті; ішінара көне доктриналардан ішінара Гегель философиясынан шабыт алған кейбіреулер қоғамның жоғарғы және анықтаушы феномені мемлекеттік жүйе деп білді. Біз қазіргі сәтте бұл әлеуметтанушылық тұжырымдаманы жүйелі сынға алуға бейіл емеспіз, өйткені ол өзінің тарихи бағасын алып үлгерді. Аталмыш тұжырымдама қоғамның біртұтас валидтік және барша қабылдайтын ғылыми теориясын жасап шыға алған жоқ: не қоғамдардағы өзгерістерді түсіндіруге және болжам жасауға қолданылатын заң, не осы қоғамдарды дәйекті топтастырып жіктеуді, не тіпті оның осынау және тек осынау тапқа ғана тән, барлық елеулі ерекшеліктерді кепілді түрде бөліп көрсетуге қабілетті қандай да бір жеке табының жалпы сипаттамасын да жасай алмады. Біз тіпті де, осы теория арнасында жұмыс істеген әлеуметтанушылар ешқандай шынайы, дәл және маңызды ғылыми нәтижелерге қол жеткізе алмады дегенді ишаралағымыз келіп отырған жоқ. Керісінше, олардың еңбектерінде әлеуметтанушылардың қазіргі ұрпағы тарапынан орасан дәрежеде жеткілікті бағаланбаған көп құнды білім бар екендігіне біз сенеміз. Бірақ бұл білім олардың ізденісінің – басты пәні – қоғамға емес, сол авторлардың өзі екінші дәрежелі проблемалар деп санаған, белгілі бір топтар мен институттардың құрылымдық сипаттамасы және өзгеруі проблемалары сияқты немесе әлеуметтік психологиялық процестерге байланысты проблемаларға қатысты. Бүкіл осынау теория түп-тамырымен өзгеше және салыстыруға келмейтін екі ұғымды бірдей секілді көрсетіп, қайран қалдыратын бір адасушылық айналасында тізіледі: қоғамды homo sapіens’тің индивидуалдық жануарлық түрлері оның элементтері болып табылатын жаратылыстық жүйе ретінде және қоғамды тіл, дін, техника, экономикалық және саяси ұйымдар және т. б. сияқты

мәдени құндылықтарэлементтері болып табылатын жүйелер комбинациясы ретінде көрсетеді. Бұның айдан-анық логикалық қайшылық екендігі өткен заманның ұлы әлеуметтік-философиялық жүйелерін жасаған басқа бір жағынан терең ойшылдардың назарына ілікпегеніне келсек, тегінде, өткен ғасырдың ғылыми философиясында үстемдік құрған, өздері шеңберінде қала берген монистік бағыттың ықпалымен түсіндірілуге тиіс. Бірақ осынау іргелі қателік дереу аңғарылмаса да, тіпті ол шығарған нәтиже кәдімгі ғылыми өнімсіздік болып шыққаннан кейін де анықталмаса да, соған қарамастан көрші өрістердегі дәл индуктивткі зерттеулер прогресінің өзі бірте-бірте сол қателікті әлеуметтанудың аталмыш тұрпатын ол өзінің төл пәні деп білген нәрсенің бәрінен іс жүзінде айыру және соның бәрін – бері салғанда ғылыми тұрғыдан түсіндіріле алатындарын – басқа пәндер арасында бөлу жолымен түзеді. Бір жағынан, шынында да, адамзат қоғамдастықтарының табиғи аспектісіне қатысты барлық позитивтік және шешіле алатын проблемаларды соңғы 60 немесе 70 жыл ішінде этнография мен антропология секілді, мұндай проблемалармен айналысу үшін әлеуметтанудан әлдеқайда жақсы қаруланған таза жаратылыстану ғылымдары игерді. Олардың әлеуметтанумен ара жігін ажыратуы, әлі айтарлықтай толық емес екендігі тегінде, кейбір географтар мен антропологтардың мәдени феномендерді «түсіндіру» тенденциясын байқататындығынан, ал көптеген әлеуметтанушылардың нәсілдік және георафиялық мәселелерге ден қоятындығынан болар.

Айтпақшы, егер біз бұл тұрғыда Гобино мен Риплиді, Демолин мен Брюнені салыстырсақ, онда біз, бір жағынан, антропология мен антропогеография, екінші жағынан, әлеуметтану мен мәдениет туралы басқа да ғылымдар арасындағы шекара сызығы анық және қатесіз жүргізілетін сәт туатынан кәміл сеніммен күте аламыз. Әлбетте, жаратылыстану және мәдени жүйелер арасындағы қатынастарға қатыстыы қисапсыз өзекті мәселелер бар, және олар тиісті ғылымдардың

бөлінуіне қарамастан қарастырылуға тиіс. Бірақ мұнан тіпті де, әлеуметтануға жаратылыстану мен мәдени ғылымдар арасындағы делдал деп қарайтын көне көзқарастың қорғаушылары қалайтындай, бұл проблемалар бір ғылыми пәннің ерекше артықшылығы болуға тиіс немесе, бола алады деген байлам шықпайды. Тіпті де олай емес. Бұл проблемалардың көптігі мен сан алуандығы соншалық оларды ортақ бөлгішке саю мүлдем мүмкін емес. Әрбір жеке ғылым өз ізденісінің барысында әрқилы проблемалармен ұшырасады және оларды төл негіздемелеріне сүйеніп өз әдістерінің көмегімен шешуге тиіс. [...] Осылайша, адамзат қоғамдарының табиғи аспектілерін зерттеу, аз-аздап, есесіне түпкілікті әлеуметтанушылардан, бұл үшін неғұрлым бейімделген географтар мен антропологтарға көшіп жатқан кезде, параллель процесс соңғы кезде XІX ғасыр қоғамдарының басқа – мәдени қырын қозғай бастады. Мәдени қоғамдастықтарды зерттеу жөнінде әлеуметтану өз мойнына алған міндет оның қауқарынан, айтпақшы басқа да кез-келген жеке ғалымдардың қауқарынан жоғары болып шықты. [...] Нақты мәдени қоғамдастықтар туралы білімдердің байлығы мен дәлдігі өсе түскен сайын, қанша қарапайым секілді көрінсе де, қандай да бір жекелеген қоғамдастықтың өркенияты жайлы мәлім нәрсенің бәрін ұтымды-синтетикалық картинаға айналдыру барған сайын қиындай түсті, және әдетте әлеуметтанушылар (негізінен эволюциялық мектептің өкілдері) үміт артатын ұқсастықтар барған сайын күмәнді көріне бастады. Осыдан ол кезкелген адамзат қоғамдастығының бүкіл бүтіндігімен алынғанда, бай да сан алуан болып шығатыны соншалық, бір-біріне әрқилы қисапсыз жолдармен ықпал ететін толып жатқан гетерогенді мәдени жүйелерді қамтитыны соншалық, және оқыс та үздіксіз өзгеріп тұратыны соншалық негізделген ғылыми синтезді жүзеге асыру мүкін болатыны неғайбыл деген қорытынды сөзсіз жасалады, ал мұның өзі мәдени қоғамдастықтар туралы кез-келген салыстырмалы ғылымға айдан-анық кедергі туғаызады. Шынында да, таяудағы тарихи, археологиялық және әсіресе этнологиялық зерттеулер барысында әрқилы мәдени жүйелердің кейбір салыстырмалы шектеулі және салыстырмалы тұрақты комбинациялары анықталады. Бұл

былайша айтқанда қазір аты озып тұрған этнология мектебінің мәдени кешендері. Мұндай әрбір мәдени кешен белгілі бір техникалық, әлеуметтік, діни, эстетикалық, экономикалық жүйелерді қамтиды, олардың өзара байланыстылығы сондай, адамзат қоғамдастығының мәдени өмірінде әдетте бірге пайда болады. Бірақ мұндай мәдени кешен кез-келген қоғамдастықтың өркениятымен сәйкес келетін бірдеңе емес, өйткені біз білетін әрбір өркениятта өзара қиылысатын әрқилы мәдени кешендер болады, және олардың қиылысу, ауытқу және ықпалдастық тәсілдері тағы да тым әрқилы және көп. Мұның үстіне, мәдени кешеннің әрқилы жүйелерін бір тұтас етіп байланыстыратын ешқандай ұтымды қажеттілік, ешқандай тұрақты заңдар жоқ... Кешендердің пайда болуы мен дамуын, олардың белгілі бір мәдени салаларға таралуын анықтайтын қандай да бір динамикалық заң да, қандай да бір себептік шарттылық та жоқ. Кез-келген мәдени кешеннің орын алуы және оны белгілі бір мәдени қоғамдастықтардың немесе ішінара қабылдауы бір рет ғана болатын және ешқашан қайталанбайтын жай ғана тарихи факт. Бұл осы заманғы этнология неғұрлым бұрынғы, адамзат қоғамдастығында қатар өмір сүретін әрқилы мәдени жүйелер қажетті түрде өзара байланысты болды және барлық жерде өркенияттардың бір тұрпатынан екінші бір тұрпатына көшуді басқаратын әмбебап заңдар болды деп топшылаған эволюциялық этнологияға кеерғар тарихи деп неліктен саналатындығының басты себебі [...]. Алайда әлеуметтануды түсінігін мәдени қоғамдастықтар туралы ғылым ретінде түсінуді ұмтылыстары әлі де жалғасуда. Оның пайдасына жасалатын басты уәж қоғамдастықтың – тайпаның, ұлттың, ауылдың немесе қаланың – жинақ өмірі – ол, ескі әлеуметтанушылардың сеніміне кеерғар, табиғи бірліктің ең жоғары бір түрін құрамаса да, бәрібір қарапайым гетерогенді құбылыстардан үлкен бірдеңе деген айдан анық фактының төңірегіне топтастырылады. Бұл уәждің түбірлі алғышарттары мінсіз ақиқат болғанымен қорытындысы жалған. Әрқилы мәдени жүйелердің ықпалдастығының қарапайым фактысы жеке ғылымның тіршілігін ақтап алуға әлі жеткіліксіз, өйткені бұл міндетті әрқилы жеке ғылымдар қазірдің өзінде жүзеге асырып жатыр. Мәдени

қоғамдастықта, айталық экономикалық жүйелер ұшырайтын осынау ықпалдың барлық техникалық, саяси, діни, ғылыми ықпалдарын, экономис зертеуге тиісті; дінтанушы мәдени ортада болып жататын экономикалық, саяси және ғылыми процестер салдарынан діннің, модификациялануын ескеруге тиіс және т.б. Кейбір нәрселер адамзат қоғамдастығының өркениятын құрайтын әрқилы мәдени жүйелер есепке алынғаннан кейін, қайтадан жаңғыртылуы мүмкін. Өзара байланысты жүйелердің белгілі бір жиынтығына енгізілген адамдар (бұл жүйелер арасында әдетте әлеуметтік – территориялық, туыстық немесе мақсатты топтар да болады) бұл фактыны азды-көпті саналы түсініп, ортақ өркеният пайдасы үшін және осы өркениятты ортақ пайдаға бағыттау үшін өзара ықпалдастыққа дайын екендігін қандай да бір дәрежеде көрсетеді. Осынау сана мен дайын тұру, егер олар бар болса, әлеуметтік байланыстарды қалыптастырады, бұл байланыс осы адамдарды өздерінің тіршілігі үшін реттелетін қоғамдық қатынастар мен ұйымдасқан әлеуметтік топтарға қарыздар пошымдық әлеуметтік байланыстар атаулыдан тыс және олардан жоғары біріктіреді. Бұндай байланыстың нақтылығы баршаға жақсы белгілі қоғамдық пікір, кісілер мен топтарды әлеуметтік орта тарапынан ұжымдық бақылау, жаңа мұраттарды дамыту және оларды ұйымдасқан топтық қарекеттерден тыс іске асыру әрекеттері секілді құбылыстардан көрінеді. Егер “қоғамдастық” ұғымын осы феномендерді қамтитын гуманистік напқтылыққа сайсақ, онда осылай түсінілетін “қоғамдастықты” ғылыммен зерттеуге болатындығына және әлеуметтану – өзіндік ерекше қоғамдық құбылыстардың бірі ретінде оны зерттеуге арналған ғылым екендігіне ешқандай күмән қалмайды. [...] Біз бір нәрсеге – әлеуметтанудың ескі синтетикалық тұжырымдамасын жандандыру мақсатында барған сайын жаңа күш-жігер жұмсала беретініне кәміл сенеміз, өйткені бұл арада қуатты интеллектуалдық және моральдық мүдделер іске қосылған ойлана білетін әрбір адам өзі жататын өркенияттың жаппайлығын біршама түсіне алатын болуға, оны басқа өркенияттармен салыстыруға, олардың тарихын тәпсірлеуге, егер мүмкін болса, адамзаттың тарихи эволюциясының шытырманында өзінің темірқазығын табуға ұмтылады.

Мұндай мүдделер ешқашан өлмейді және табиғат дүниесін қандай да бір тәртіпке келтірілген және ұтымды біртұтас дүние ретінде тәпсірлеуге ескі метафизикалық мүдде секілді аяқталады. Және оларды қанағаттандыратын ескі және орныққан пән: философия тарихы бар. Біз оның құқықтарын жоққа шығаруға да, оның маңыздылығын кемітуге де тырыспаймыз. Біздің қарсы келетініміздің бәрі позитивті индуктивті дәл де объективті ғылымдар рөліне ие болуды көздейтін өзінің күші мен әлсіздіктерін әлгі дәмесін практикада жүзекге асыруға кіріскенше түсінбейтін әлеуметтануға саяды. [...]

Әлеуметтану мәдени құбылыстардың ортақ теориясы ретінде

Экономика, лингвистика және дін теориясы секілді жеке ғылымдарға кереғар тұтас мәдениет туралы ғылым болуға ұмтылу кейінірек шыққан әлеуметтанушылық ағымдардың тағы бірінен көрініс тапты. Бұл ағым өздерінің кеңінен мәлім қарама-қарсылықтарына қарамастан, бәрібір ортақ нәрсесі көп Тард пен Дюркгейм мектептерінен бастау алады және содан бері ол, бірде ескі арнамен ілгерілей отырып, бірде маңызды жаңа нұсқалар бере отырып, өте кең таралды. Тард пен Дюркгеймнің, олардың ізбасарлары мен серіктерінің ортақ теориякалық мақсаты қоғамдардың ортақ теориясын емес (қоғам тұжырымдамасы, әсіресе Дюркгеймде, іздестірудің ортақ эвристикалық негізі болып қала берсе де), әлеуметтік феномен ретінде қарастырылатын мәдени феномендердің ортақ теориясын жасау болды. [...] Алайда әлеуметтік феномендер ретіндегі мәдени феномендердің осынау тұжырымдамасы қаншалық қызықты және тіпті айдан анық нанымды болса да, Тард пен Дюркгеймнің алғашқы еңбектері жарияланғаннан бергі 50 немесе соған қарайлас жылдар ішінде тек әлеуметтанушылардың ғана мәдениеттің әрқилы салаларындағы ғылыми іздестіруде әлеуметтануға сүйенудің қажеттігін түсіне бастағаны таң қалдырады, бұл санатқа, әрине, дюркгеймшілдікке

жүгінген аздаған дінтанушылар, экономистер және лингвистер қосылмайды. Бұл мынадай ойға жетелейді: не мәденниетті зерттеушілердің барлығы өздерінің ғылымы мен әлеуметтану арасындағы байланысқа түсініксіз соқырлыққа бой алдырды және әлі де солай болып отыр, басқаша айтсақ, әлеуметтану оларға не айтса да, айтылған нәрсе тіпті күмәнсіз релевантты болса да (қазіргі кезде тек аздаған мамандар ғана әлеуметтанушылық проблемаларды елемейді), ол соған қарамастан олардың төл зерттеулерінің барысы үшін өте маңызды болып көрінбейді. [...] Мәдени жүйені – фабриканы, банкты, әдебиет туындыларын, діни догмалар мен салттар жүйесін, физикалық яки математикалық теорияны алайық. Индивидуалдық интеракция, Тард атап көрсеткеніндей оны жасау үшін абсолютті қажетті болғаны және оны қолдап отыру үшін абсолютті қажетті екендігі айдан анық болса да, ол әдетте оның тіршілік етуіне рұқсат беретін және оның валидтығына кепіл болатын әйтеуір бір топ оны қабылдайтын (Дюркгейм мектебі соны талап етеді) болса да, жүйе сондай нәрсе ретінде өзінің оны құрамы мен құрылымында оны жасауға және қолдап отыруға жұмыс істейтін индивидтер оның элементтері болып табылмайтынын сондай-ақ оны қолдайтын топ оның құрылымдық негізі болып табылмайтыны мағынасында, ол әлеуметтік емес. Фабрика, банк, дін, әдебиет туындылары немесе физикалық теория сол жүйені қолдап отыруға қатысқан барлық индивидтер өліп немесе бойын аулсақ салып, өзінің орнын басқаларға бергеннен кейін де, сол қалпында қала береді. Фабрика техникалық жүйе ретінде, мысалы, жекелеген капиталистердің бақылауынан мемлекет бақылауына өткеннен кейін, дін – оған жаңа ұлт қосылғаннан кейін, физикалық теория – бірқатар уақыт барысында оған қатты қарсылық көрсетілгенен кейін ғылыми ортада мойындалғанан кейін өзінің құрамы мен құрылымын қажеттілікпен өзгертпейді. Әрине, қатысушы индивидтердегі немесе қолдаушы топтарда осындай өзгерістерден кейін жүйені модификациялау келетін оқиғалар болады, бірақ олар түгелімен, тегінде басқа адамдар жауап беретін жаңа техникалық аспаптар немесе процестер, жаңа діни догмалар немесе мифтер, жаңа ғылыми тұжырымдамалар енгізуге қарыздар,

бірақ әлгі басқа адамдар жүйені бұрынғы қатысушылар қолдап отырған кезде пайда болуы да әбден мүмкін. Мәдени жүйелердің құрамы мен құрылымының, олардың әлеуметтік фонынан осынау салыстырмалы тәуелсіздігі сол фонды толығымен елемейтін зерттеу тұрпатын мүмкін етеді, және сол тұрпат мәдениет туралы барлық жеке ғылымдарда үстемдік етеді. Тіл сол тілді пайдаланатын, соның үстіне сол тілде сөйлейтін және оны түсінетін адамдар басқа ешқандай білімсіз-ақ зерттеле алады және жиі сола етіледі. Біз жүйенің шығу тегін немесе оның ең соңғы модификацияларын түсіндіруге тырысқанымызда, біз шынында да әлеуметтік факторларды, табиғи немесе мәдени факторлар секілді, есепке алуымыз керек. Бірақ әлеуметтік факторлар исламның құрамы мен құрылымына, Шекспирдің “Гамлетіне”, Фордтың автомобиль заводына немесе Энштейін теориясына ықпал еткендігінен, сол жүйелер неғұрлым әлеуметтік жүйелер деген қорытынды шықпайды, бұл географиялық жағдайлардың исламның рәсіміне даусыз ықпалы оны географиялық жүйе етпейтіні, ал ақшаның физикалық эксперименттер жасау үшін қажеттілігі оларды қаржы-қаражат кәсіпорынына айналдырмайтыны секілді. Қазір, позитивті ғылымның біз табиғи қоғамдар немесе мәдени қоғамдастықтар туралы әйтеуір бір мүмкіндігіне күмәнмен қарайтын кездің өзінде мәдени феномен туралы, нақтырақ айтсақ, мәдени жүйелер туралы жалпы позитивті ғылымның болу мүмкіндігін жоққа шығарудан аулақпыз. Егер осындай мәдени теория жасалса, онда бүгіндері ботаника мен зоология жалпы биологияның саласы болып табылатыны секілді барлық арнайы ғылымдар соған тәуелді болады. Бірақ ол тек баяу индукция процесінің көмегімен жасала алады, онда мәдениеттің әрбір жекелеген өрісін – техниканы, дінді, өнерді, экономиканы – құрайтын жүйелердің өзіндік ерекше құрылымдық айрықшалықтары мен өзгерістері басқа өрістердегі ұқсас айрықшалықтар мен өзгерістер секілді зерттеліп, салыстырылатын болады. Бұл өздерінің салаларын мінсіз білетін және сонымен бір мезгілде өздерінің мамандықтарының

шектеулілікті еңсере алатын толып жатқан мамандардың ынтымақтастығын талап ететін орасан міндет.

Әлеуметтану жеке ғылым ретінде

Басты екі ескі тұжырымдаманы серпіп тастап..., немесе осы тұжырымдамаларға ғылым тарихы шығарған қатесіз үкімді қабылдай отырып, бәрібір әлеуметтанушылық зерттеу шексіз бай және күрделі эмпириялық әлемнен өзіне қажетті мәліметтерді таңдап алу тұсында қолдануға тиіс стандарттар қандай екендігін көрсету қажет. Шындап келгенде, бұл стандарттарды ойлап табудың керегі жоқ. Ол стандарттар алғашқы, ойдағыдай позитивтік зерттеулерде соңғы 40 немесе 50 жыл бойы жүргізілген және нәтижелері көптеген монографиялар мен жүйелі еңбектерге айналған зерттеулерде жатыр. Бұл зерттеулердің үлкен бөлігі Америкада әлеуметтану деп аталады, басқа елдерде мазмұны ұқсас болса да, олар көбіне басқаша атала береді. Бірақ гәп атауда емес. Гәп мынада, бұл зерттеулер ескі әлеуметтанушылық мектептер, өзінікі деп қарастырған материалдардың кейбір бөлігін қозғайтындығында; бірақ бұл ескі мектептер үшін де ерекше қапер объектісі болған бөлік және – одан да маңыздысы – ол материалдармен жалпы ешкім айналыспайды немесе мәдениет туралы орныққан арнайы ғылымдар жеміссіз айналысатын бөлік, бұл кінә бір-екі ғылымға ғана тағылмайды, оларды біз кейінірек көрсетеміз. Біз басшылыққа алған принциптердің нақ өзін басшылыққа ала отырып, әлеуметтанушылық мәліметтерді іріктеп алудың амилициттік стандарттарын түсіндіре тұжырымдаудың әрекеттері жасалды: әлеуметтану – мәдениет туралы, төл эмпириялық алаңы бар, жеке ғылым. Егер біз осынау түбірлі алғышарттар өзіміздің төл анықтамамызды беріп, жақсартуға тырыссақ, оның себебі – олардың көпшілікгі, біршама дәрежеге дейін ескі әлеуметтану мектептерінің ықпалынан арыла алмағандығынан. Бұл әсіресе Зиммельдің тұжырымдамасына қатысты, ол бойынша мәдени құбылыстардың барлығының

“мазмұны” әлеуметтік емес, қайта діни, экономикалық, лингвистикалық болатындығына қарамастан, олар әлеуметтік “пошымға” ие. Бұл тұжырымдама, ол осы заманғы неміс әдістемелігіне зор ықпал етсе де..., қате. Қарапайым “пошымның”, жоқ екендігі, ол әрқашанда әрқилы мәдени жүйелерге, алып жүретін теориялық рефлекция сияқты, олардың талайына жоғары дамыған өркенияттарда, дін наным-сенімдерінде және мәдениеттің неғұрлым ерте сатыларындағы рәсімдерге теориялық рефлексия ере жүретіні секілді эмпириялық мәліметтердің ерекше табы екендігі айдан анық… Әлеуметтану іс жүзінде игеріп үлгерген – мұның өзі басқа жеке ғылымдарды толық немесе ішінара шығарып тастады – өзіндік ерекше мәліметтерді салыстыра келіп біз, олар төрт басты бөлімшелерге оп-оңай бөлшектеледі деп білеміз.

Әлеуметтік қарекеттер теориясы

Бұл бөлімшелердің біріншісі мәдени мәліметтердің басқа түрлерінен – экономикалық, діни, эстетикалық және т. б. мәліметтерден анық бөлініп қана қойған жоқ. Ол-ол ма, олармен жүргізілетін зерттеулер едәуір дәрежеде жүйеленіп те үлгерді және жеке пәнді құрайды. Біз “әлеуметтік психология” делінетін бөлімшені айтып отырмыз… Бұл ғылымның материалдарын құраған мәліметтер объект ретінде адамға жүргізілетін және оның тарапынан белгілі бір реакция туғызуға міндетті қарекет деп қысқа да, шартты бейнелене алады. Бұл адамдарға емес, басқа материалдық заттарға, экономикалық құндылықтарға, қасиетті объектілер мен мистикалық күштерге, эстетикалық түйсіну объектілеріне, лингвистикалық символдарға немесе ғылыми теорияларға жүргізілетін және адам реакциясын емес техникалық, экономикалық, діни, көркем, әдеби, ғылыми нәтижелер туғызатын қарекеттерден ерекшеленетін әлеуметтік қарекеттер. Бұл айырмашылық, әлбетте, әлеуметтік қарекеттерді жай ғана қосалқы қызмет ретінде, мысалы, адамдар экономикалық мақсаттар жолында күрескенде

немесе басқаларды техникалық жұмыста көмек көрсетуге итермелегенде жиі қолданылуының алдын ала алмайды. Дәл сол секілді кері байланыс та жиі болады; ондайда бейәлеуметтік қарекеттер әлеуметтік қарекеттер жөнінде қосалқы қарекеттер болады; мәселен, техникалық өнім реваншистік соғыс мақсатына қызмет ете алады; адам байлықты экономикалық сарындар бойынша емес, жақындарын мойындату үшін жинай алады; әйел сахнаға өнер үшін емес, даңқ үшін шыға алады. [...] Бірақ біз мынаны айтуға тиіспіз: бұл арада “әлеуметтік психология” атауымен айтылып кеткен пәнге қосымша эмпириялық материалдары – әлеуметтік қарекет емес, мүлде басқа бірдеңе болып табылатын бірнеше басқа пәндер пайда болды. Өткен жүз жылдықтың соңына қарай Зигель, Ле Бон және басқалар жүргізген тобыр құлқын зерттеу барлық ұжымдық қарекеттер, олардың объектісі мен ниеті қандай болмасын, индивидуалдық қарекеттерден едәуір ерекшеленеді деген идеяны туғызды; ұжымдық немесе топтық құлық әлеуметтануы ретінде “әлеуметтік психология” тұтас алғанда индивидуалдық құлық психологиясы ретіндегі “индивидуалдық психологияға” қарама-қарсы болып шықты. Осынау және алдыңғы тұжырымдамалар арасында көп әрқашан жіті түсініле бермесе де, айдан анық іргелі дау бар. Қарекеттерді олардың объективті аспектісі, объектілері, нәтижелері және әдістері бойынша анықтау орнына, бұл тұжырымдама оларды тек субъективті қайнар көзбен – агент табиғатымен анықтайды. Күмән жоқ ұжым болып жасалатын қарекеттердің көп бөлігі іс жүзінде индивидуалды жасалатын қарекеттердің көп бөлігінен өзгешеленеді, бірақ олардың ішкі ерекшеліктерінен гөрі, біз бұрынырақ анықтағанымыздай, олар әдетте әлеуметтік қарекеттермен қосталатындық пәрменімен өзгешеленеді. Индивидтердің біршама саныц жұртшылықтың сөзінше бірлесіп дұға қылғанда, қылмыскерді Линч сотымен жазалағанда немесе фабрикада шеге жасағанда, онда осының бәрі олардың арасында индивуалды және олардың кейбіреулерінің – көшбасшылар мен олардың

оппоненттерінің – және негізгі бұқара арасында болатын әлеуметтік интеракция фактылары ғана. Осынау ұжымдық қарекеттерді аталған ғылымның, атауы “әлеуметтік психология”, “ ұжымдық психология”, “топтық психология” немесе қандай да бір өзге болса да бәрібір, мәліметтеріне дәлелсіз жатқыза беру орнына, сөйтіп оларды неғұрлым ұқсас индивдуалдық қарекеттерден өзгеше категорияға жатқызу орнына ұжымдық та, индивидуалдық та дұға қылушыларды дін теориясының мәліметтері ретінде, ұжымдық та, индивидуалдық та шеге өндіруді техника теориясының мәліметтері ретінде қарастыру әлдеқайда жемісті. [...] Әлеуметтік психологияның талданған екі тұжырымдамасынан түбегейлі ерекшеленетін үшінші тұжырымдама – Оллпорттың, Крюгердің, Реклестің және басқалардың тұжырымдамасы, олардың пікірі бойынша, бұл ғылымның тиісті алаңы, жалпы алғанда, әлеуметтік ортаның ықпалынан туындайтын шамада, биопсихологиялық адамздық индивид. Алайда, адам индивиттерін зерттеу – біз жоғарыда анықтағанымыздай әлеуметтік қарекетті зерттеуден тым ерекшеленетін міндет екендігі айдан анық. Ақыр соңында Кантор таратып жүрген төртінші тұжырымдама бар, ол әлеуметтік психологияға мәдени стимулдардың барлық түрлеріне осы кезге дейін негізінен эксперименттік психология айналысып келген жаратылыстық стимулдарға реакциядан ерекшеленетін нәрсе ретінде мәдени стимулдардың бәріне индивидуалдық реакцияларды зерттеуге кеңес береді. Әлеуметтік психология бұл мағынада мәдени құлықтың натуралистік теориясына, биопсихикалық тіршілік иесі ретіндегі адам индивидтер құлқының жалпы психологиялық теориясының бір бөлігіне айналады. “Әлеуметтік психология” термині ие болған мәннің осынау көптігі әлеуметтанушы үшін олардан түгел бас тартудың уәжі бола кетеді. Оның орнына әлеуметтану саласы ретінде жай ғана “әлеуметтік қарекеттер теориясы” деуге болады. Және ол жақында ғана сипатталып, жүйеленсе де, ол біздің ғылымымыздың ең көне бөлігі және шынында да, адамзат білімінің ең көне бөлігінің бірі. Барлық замандар мен

халықтардың эпостарында да, драмалық әдебиетінде де барлық жерде шашырап жатқан көптеген қорытуларды қаперден тыс қалдырсақ та, біз оның бастауын философтар мен эссистерден… халық мақалдарындағы қарабайыр рефлексияға дейінгі аралықта ізерлей аламыз.

Әлеуметтік қатынастар теориясы

Әлеуметтанудың мәнісі инсанияттық ережелердің компаративтік теориясында, яғни әлеуметтік қарекеттерді реттейтін нормаларда жататын екінші бұтағының бастауы әлдеқайда жас. Ойлай білетін байқап-бақылаушы оның төл әлеуметтік ортасында салыстыру үшін оған берілген көптеген әрқилы қарекеттерге қарамастан, ол әдетте өзінің төл қоғамдастығында мойындалған ережеден өзгешеленетін өзге ережелерді табу үшін басқа қоғамдарға жүгінуге тиіс. Және тіпті сонда да теориялық рефлексия үшін таза объективті көзқарасқа қол жеткізу қиын, өйткені ол, салыстыру керек болатын моральға емес, өзі тәрбиеленген моральға бірден-бір негізделген мораль ретінде, басқа моральдық жүйелерге баға беру өлшемі ретінде қарауға дағдыланып кеткен. Моральдың әлеуметтанушылық теориядарының алдында этнографиялық баяндаулар болуға тиіс еді, солардан тек ХVІІ жүзжылдықта… салыстырмалы этнографиялық қорытулар пайда бола бастады. Солардың өзінде де, ХІХ ғасырдың соңғы ширегіне дейін әрқилы халықтар арасында басым болған инсанияттық ережелер, сол халықтардың өркениятын сипаттайтын барлық басқа мәдени мәліметтермен бей-берекет бытыстырыла берді. [...] Барлық күш-жігерді нақты көрсету үшін абсолютті де әмбебап моральды, іс жүзінде әртүрлі замандарда және әртүрлі қоғамдарда мойындалатын инсанияттық ережелердің сан алуандығы мен кереғарлығын ұтымды негіздеуге тырысатын барлық күш-жігердің арамтер болу ғана екенін көрсету үшін оларды жүйелі баяндап беру, егер мүмкін болса, оларды “жаратылыстық”, яғни эмпириялық және себептіліктен туындаған эволюцияның жемісі ретінде түсіндіру қажет болатын: этология этикаға қарсы тұра бастады. [...]

Әлеуметтанудың бұл саласы үшін мәліметтер іріктеуде біз инсанияттық ережелерді басқа – діни, экономикалық, техникалық, интеллектуалдық, эстетикалық – ережелермен салыстырғандағы өзгешелейтін ерекшелігін есте ұстауға тиіспіз. Инсанияттық ереже оны валидті деп мойындайтын және соған сәйкес қарекет жасауға тырысатын субъекттің, индивидтің немесе ұжымның – көз алдына өзінен оның орындалуын күтетін кейбір басқа индивид немесе ұжым жөнінде оны матайтын міндет болып көрінеді. Сонымен бір мезгілде сол басқа индивид немесе ұжым субъект жөнінде түсінетін (немесе бері салғанда түсінеді деп топшыланатын) кейбір басқа міндеттілік (ұқсас немесе өзгеше) те әрқашан болады… Басқаша айтсақ, әлеуметтік міндеттіліктер әрқашан басқа әлеуметтік міндеттіліктермен сәйкес болады. Мііндеттілік едәуір әрқилы бола алады, олардың шын мойындалуы мен орындалуы – тіпті тең болмауы мүмкін, бірақ принципінде біржақты міндеттіліктер жоқ. Әлеуметтік агент басқа әлдекім жөнінде өзінің міндеттілігі деп мойындайтын әрбір норма әлеуметтік жүйенің компоненті, онда агент пен оның міндеттілігінің объекті әріптестер ретінде матасқан. Біз мұндай жүйені әлеуметтік қатынастар жүйесі деп тұтас бір саласы қоғамдық қатынастар теориясы деп атала алады. [...] Осынау сала, дау жоқ әлеуметтанушылық сала болып табылғанымен және онымен бұл жөнінде бірде-бір ғылым бәсекелеспейтінімен, этика мүддесі теориялық емес, нормативтік мүдде болып шығады. Соңғы кезде инсанияттық фактылар саласымен шектесетін үлкен өріс – құқық өрісі жөнінде көп пікірталас жүріп жатыр. Неғұрлым ілгерірек қоғамдарда мораль мен құқық арасында айырмашылық болған жоқ, бірақ әрбір өркениетты қоғамда олардың айырмашылығы айдана нық. Мұнымен бір мезгілде олар едәуір шамада шынында да сәйкесетіні айдан анық: көптеген құқықтық нормалар адамдар өздерінің қоғамында басқа адамдармен өзара ықпалдастығында нақты мойындалған міндеттіліктерді тұжырымдайды, және осылайша қоғамдық қатынастарды әлеуметтанушылық зерттеу үшін дайын материал құрастырады. [...]

Әлеуметтік кейіпкерлер теориясы

Өзіндік ерекше әлеуметтік зерттеудің үшінші бұтағы алдыңғы екеуі сияқты соншалық анық сипатталған жоқ, оны жүйелеу енді ғана басталды. Жалпы айтқанда, ол адамзат индивидуалдылығының негізделген және қоғамдық орта да, адамның төл қызметі де туындататын адам индивидуалдығының әлеуметтік аспектісімен істес болады. Әрбір индивид өзін қоршаған әлеуметтік ортада белгілі бір құқықтар мен міндеттерді көздейтін әлдебір “әлеуметтік рөл” ойнайды, әлдебір позиция ұстанады әлдебір қызметтер атқарады, олар көп жағдайда сондай позициялармен қызметтеріне байланысты болады да, осылайша индивидтен тәуелсіз болып қала береді, дегенмен ол соларды іс жүзінде жүзеге асыратын және өзінің әлеуметтік қызметін әрбір позицияға сәйкес атқаратын тәсіл түгелімен сол индивидке тәуелді болады. [...] Индивид өзінің әлеуметтік рөліне сөздің қатаң мағынасында өзіндік ерекше әлеуметтік сала болып табылатын білім алу процесінде даярланатындықтан әлеуметтану сол процесті зерттеуге кірісуге тиісті болатын. Алайда ескі де орныққан пәннің – білім беру теориясының немесе педагогиканың орын алуы, оның ерекше практикалық ұмтылыстарымен бірге, білім беру фактыларын әлеуметтік мәліметтер ретінде таза теориялық және салыстырмалы түрде мүддесі жоқ зерттеуді дамыту үшін елеулі кедергі болды. [...] Білімнің әлеуметтанушылық проблемасы – әлеуметтік позиция және қызмет проблемасы мен кісінің төл индивидуалдығы проблемасының аралық буын екендігі. Ал кісіні зерттеу кезінде әлеуметтанушылық мәселені психологиялық және тіпті биологиялық мәселелерден ажыратып алу едәуір қиын. Бұл өрістегі ең ерте зерттеулер негізінен супер – немесе субқалыпты кісілерді, яғни не ғаламат белгілі бола алған, не қоғамдық тұрғыдан аласталған адамдарды зерттеуден өсіп шықты; олардың әлеуметтік артықшылығы немесе бейшаралығы тұқым қуалайтын дарынның нәтижесі ретінде қабылданды. [...]

Әлеуметтанушылар бұл проблемаға басқа да әлдекімдердікіндей ден қоятынын ескерсек, индивидтің әлеуметтік рөлі психобиологиялық ерекшеліктерге тәуелділігі түгелімен және толығымен адам психология мен биологиясына қатысты мәселе дейтін менің кәміл сеніміме олар тыжырына қарар деп қорқамын... Әлеуметтанушы менің көзқарасым бойынша, адам индивидін табиғи және психологиялық жағынан ол “шын мәнінде кім” деген мағынада емес, оны әлеуметтік қатынастар барысында басқалар және оның өзі, олардың және өзінің төл тәжірибесінде қалай жасап шықты деген мағынада алуға тиіс. Әлеуметтанушылық көзқарас тұрғысынан индивидте бірінші нәрсе оның әлеуметтік позициясы мен қызметі; ол өз ортасының көмегімен өзінің табиғатын емес, мәдени жүйенің көрінуін құрастырады, оны да өзі жасап емес, әдетте дайын үлгілердер көшіріп құрастырады; индивидтің табиғи және психологиялық ерекшеліктері, бұл көзқарас тұрғысынан, жай ғана материал, содан өзі ұстанған позициясы және оны қалай ұстанатынымен сипатталатын таза әлеуметтік кісі білім алу және өз бетінше білім алу процесінде қалыптасады. Юнгтан, Парктан, Берджестен кісідегі елеулі пункт, идея оның өзі және басқалар оның әлеуметтік рөлі туралы алатын идея деген түсінікті қабылдай отырып, және, идея – жай ғана ділдік картина емес, құқықтар мен міндеттердің практикалық жүйесі екендігін естен шығармай, біз әлеуметтанудың бүкіл осы саласын әлеуметтік кісілер теориясы деп атай аламыз.

Әлеуметтік топтар теориясы

Әлеуметтанудың төртінші және ең дамыған саласы – әлеуметтік топтар теориясы. Топ, әлбетте, сөздің ескі мағынасындағы қоғам емес: бұл бірқатар биопсихологиялық индивидтерді толық қамтып, оларды жаппай мәдени өмір қоғамдастығында біріктіретін біртұтастық емес. Бұл сол индивидтер құрайтын көптеген мәдени жүйелердің бірі ғана. Әрбір индивид өзінің қарекеттерімен өзі мүшесі болып табылатын 12-13 немесе одан да көп әрқилы әлеуметтік

топтарды қолдауға азды-көпті белсенді қатысады, яғни сол топтарда ол белгілі бір құқықтары болатын белгілі бір орынға ие болады және топтың басқа мүшелеріне, жалпы алғанда топ пен оның функционерлеріне қатынасты белгілі бір міндеттері болатын әлдене қызметтерді атқарады. Бірақ оның әлеуметтік өмірі оның топтық өмірімен үйлеспейді; керісінше, соңғысы өте маңызды болса да, тек оның бір бөлігі ғана. Ол топ мүшесі ретінде емес, жай ғана индивидуалдық агент ретінде орындайтын әлеуметтік қарекеттердің орасан зор мөлшері ол тарап ретінде қатысатын және оныі өзі немесе басқа тарап жататын топтардың ешқайсысына қатысы жоқ толып жатқан әлеуметтік қатынастар бар. Бұл махаббат, достық, іскерлік әріптестік, интеллектуалды көшбасшыға бағыну сияқты қатынастар. Дәрігер, суретші, дүкенші фермер позициясы сияқты қандай да бір әлеуметтік топқа міндетті түред қатысуды қажет етпейтін әлеуметтік позициялар бар. Индивидтің бүкіл әлеуметтік өмірі оның жаппай мәдени өмірінің бір бөлігі ғана екенін айтуға да тұрмайды: оның техникалық, экономикалық, интеллектуалдық, көркемдік, діни, гедонистік мүдделері біршама дәрежеде әрқилы адамдарға, оларды қанағаттандыру мақсатындағы әлеуметтік байланыстарға қарай өзгеріп отырады, бірақ өзіндік ерекше әлеуметтік өмір емес.

Әлеуметтік жүйелердің негізгі ұғымджарын белгілеу

Әлеуметтанушылық зерттеулердің осы заманғы кейбір жетістіктеріне жасалған бұл асығыс шолу әлеуметтанудың арнайы саласын құрайтын эмпириялық мәліметтердің жеке тобы бар екендігін мүлдем айнад анық етеді. [...] Демек, қазір әлеуметтанушылардың қоғамдар мен мәдениет туралы “синтетикалық” немесе “іргелі” ғылым жасаудың ескірген дәмесін тастап, сіңірген еңбек ретінде көрсетуге болатын қандай да бір позитивті ғылыми нәтижелерге, өзіндік ерекше мәліметтердің біз жоғарыда әлеуметтік қарекеттер әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік кісілер және әлеуметтік топтар ретінде

сипаттаған түрлеріне назар шоғырлдандыру жолымен ғана қол жеткендігін түсінетін сәт соқты. Бұл мәліметтерді бір ғылым өрісіне біріктірудің және сол өрісті басқа ғылым өрістерінен бөліп алудың қисынды негізі мынау: олардың бәрінің мәдени жүйелер ретінде композицияларының өзекті ұқсастығы бар, сөйте тұра, мәдени жүйенің барлық басқа: техникалық, экономикалық, діни, лингвистикалық түрлерінен композициясы жағынан өзгешеленеді. Бұл мәселеде түсінбеуден сақтану үшін біз мынаны қайталаймыз: әлеуметтанушы табиғат мәністері ретінде, олар шынында да бар күйінде – индивидуалдық немесе ұжымдық түрде –

психобиологиялық сипаттамаларында адамдармен айналыспайды; оларды зерттеуді ол психологқа, физиологқа, антропологқа, этногеографқа қалдырады. Бірақ мәдени әлемді барлапбақылау тұсында адамдар сол дүниеде екі жақты рөл атқаратынын табады. Біріншіден, олар саналы агенттер немесе белсенді субьектілер. Белсенді субьекті сондай ретінде ғылыми бақылауға көнбейді, ол туралы біздің обьективті білетініміз – оның тәжірибелер мен қарекеттер орталығы екендігі. Тиісінше “белсенді субьект” немесе “саналы агент” туралы позитивті ғылым болуы мүмкін емес, ғылым тек олардың тәжірибесі мен қарекеттері жөнінде ғана болуы мүмкін. Екіншіден, адамдар техникалық материалдар мен аспаптар, экономикалық құндылықтар, өнер мен әдебиет шығармалары, діни аңыздар, тілдің сөздері және тағы басқалар секілді белсенділік эмпирикалық обьектісі болып табылады. Біз олардың адамдарға обьект ретінде қарайтынын анықтадық; дәл соныңыз басқалар, әлеуметтік жүйелердің неғұрлым күрделі түрлері жөнінде де дұрыс болып қала береді. Біз ескі психология тілімен, адам индивидуалдылықтары, олар “өз-өзімен” қандай болса да, мәдени дүниеде басқа адамдардың ойындағы “идеялар” ретінде немесе басқа адамдардың “репрезентациясы” ретінде өмір сүреді дегіміз келер еді. Бірақ олардың субъективистік коннотациясына байланысты, мұндай терминдерді қолдану қауіпті болар еді, сондықтан біз олар белсенді субьектілер бастан өткізіп, өзгертетін құндылықтар ретінде орын алады дегенді жөн көреміз. Біз оларды

экономикалық, техникалық, діни, эстетикалық және басқа құндылықтардан ажыратып әлеуметтік құндылықтар деп атаймыз. Әлеуметтік құндылық ретінде адам – бұл тек ол тағы біреуге, оған белсенді мүдделі біреуге тіпті, немесе ол өзінің төл тұлғасы жөнінде толғанғанда немесе оны іс жүзінде ауыздықтап отырғысы келгендер, өзіне-өзі көрінетін күйде оның өзінің “аспектісі” ғана.. Әлеуметтанушы, тек адамдардың осындай “аспектісімен” айналысады деуге болады. Бірақ бұл “аспектілер” нақты нәрсе болып табылады, өйткені олар адам құлығын жаратылыстық зат және процесс ретінде, кейде тіпті соіңғыларынан көп мөлшерде туындатады. [...] Әлеуметтік жүйелердің құрамына қандай да өзге (жоғарыдакөрсетілген төртеуден басқа – Ауд.) құндылықтар кірмесін, олар осынау іргелі, немесе бастапқы әлеуметтік құндылықтарға қатынастан туындайды және бөлек қасиеттер; құлық пошымдары, белсенді мүдденің басты обьектілері болып табылатындардың қатынасы ретінде қарастырылады, сондықтан да қайталама қоғамдық құндылықтар сипатында ие болады. [...] Бұдан әрі әлеуметтік деп атайтын жүйелер әлеуметтік құндылықтардан тұратынына келісе отырып…, біз сол жүйелерде көрінетін белсенді тенденцияларды әлеуметтік тенденциялар деп атаймыз. Бірден ескерте кетейік, әлеуметтік тенденциялар мәдени тенденциялардың тек өзіндік ерекше бір құрайтынының үстіне, олардың өзара және мәдени тенденциялардың басқа түрлерінің ықпалдастығының қисапсыз да алуан түрлі фактылары орын алады. Мәдени жүйелермен айналысатын ғылым, осы салада маманданатын болса да, мәдениет туралы басқа ғылымдардан оқшаулана алмайтыны айдан анық. Ғылыми мамандану пәніне қатысы жөнінде тағы бір маңызды мәселе көтерілуге тиіс. Біз кесіп айтамыз: әлеуметтану – әлеуметтік жүйелер композициясы кез-келген басқа мәдени жүйелер композициясынан бөлек болатындықтан, ерекше ғылым. Мұнда біз мәдениет туралы басқа ғылымдар үлгісіне ереміз. [...] Бірақ олардың құрылымында олардың композициясындағы айырмашылықтарды басып кететін маңызды ұқсастықтар жоқ па? Мәселен,

әлеуметтік қарекеттер, өзге материалдармен және аспаптармен істес бола отырып, техникалық, экономикалық, діни қарекеттерге қарағанда өзге нәтижелерге өзге әдістермен жететін болса да, сонда да – қарекет болғандықтан соңғылармен елеулі құрылымдық ұқсастықтары бар секілді болып көрінеді. [...] Мәдениет туралы жекелеген ғылымдардың құрылымында емес, композициясындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар бөлінуінің негізін құрайтындығының себебі айқын. Алғашқылар мұқият бақылау атаулыға оның зерттеуінің ең басында эмпириялық жолмен берілген, ал соңғылары зерттеу барысында біртіндеп ашыла алады және олардың көбісі әлі беймәлім болып қала береді. Мәселен, бір жағынан, өте қарапайым және ең күрделі діни феномендер арасындағы, екінші жағынан, өте қарапайым және ең күрделі экономикалық құбылыстар арасындағы ұқсастықты және сондай-ақ осынау екі тап арасындағы айырмашылықты аңғару үшін қандай да бір терең талдау қажет емес. Бірақ қасиеттіліктің діни нормасы мен пайдалылықтың экономикалық нормасы арасындағы құрылымдық ұқсастықты егер ол – таза сыртқы жағдайда Дюркгейм мен Самнердің мектептері істейтіндей – екі нормаға да әдетте әлеуметтік топтар санкция берген жағдайдан көрінбейтін болса, ашу әлдеқайда қиын. Ғылыми барлап-бақылауға жаңа мәліметтер әлі біртіндеп еніп жатқан кезде, мәдениет туралы ғылымдардың бастапқы бөлінуі олар айналып жатқан жүйелерді құрайтын құндылықтар сипатына негізделуге тиіс. Осынау бастапқы бөлінуді қамтитын құрылымдық ұқсастықтарды зерттеу ғылымдардың жаңа тобының немесе, бәлкім жаңа ғылымның қарапайым бөлімшелерінің құру мүмкіндігі туралы біз жоғарыда айтқан мәдениеттің ортақ теориясының міндеті бола алар. [...]

Қазақшалаған Құралай Әбсыдықова.

Альфред ШЮЦ

Австрия әлеуметтанушысы, феноменологиялық әлеуметтанудың негізін қалаушы. 1939 жылдан Құрама Штаттарда тұрды. Өмірінің көп уақытын әлеуметтік ғылымдардың философиялық негізін дәлелдеуге жұмсаған, ғылыми категориялардың күнделікті өмірге қажеттілігін дәлелдеген, адамдардың сапасы күнделікті өмірден көрінетінін атап көрсеткен. Себебі еңбек ету процесінде адамдар дүниеде болып жатқан құбылыстарды қабылдайды. Сондықтан да, Шюцтің айтуынша, күнделікті өмір – “ең жоғары өмір” және басқа тәжірибелердің негізі.

ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАРДА ҰҒЫМ МЕН ТЕОРИЯНЫ

ҚАЛЫПТАСТЫРУ32

...Өзімнің төл тұғырымды түсіндіру үшін, феноменологияның кейбір принциптерін егжей-тегжейлі баяндауым керек болар еді. Соның орнына мен едәуір қарапайым бірнеше қағиданы жақтамақпын. (10-кегльмен) 1. Қоғамдық ғылымдардың негізгі міндеті – әлеуметтік нақты болмыс жөнінде реттелген білім алу. “Әлеуметтік нақты болмыс” терминімен мен, өзінің күнделікті өмірінде өзіне ұқсастардың ортасында өмір сүретін және олармен интеракцияның әртүрлі қатынастарымен байланысты адамдардың әдеттегі санасының тәжірибе ретіндегі мәдени-әлеуметтік дүниенің ішіндегі объектілер мен оқиғалардың бүкіл жиынтығын түсінемін. Бұл, мәдени объектілер, әлеуметтік институттар әлемі біздің бәріміз сонда туғанбыз, соның ішінде біз өзімізге таяныш табуға тиістіміз және сонымен өзара

32 Ықшамдап сынылды.

қатынасымызды жолға қоюға тиістіміз. Әу бастан біз, әлеуметтік сахнада қарекет жасайтын кісілер, өзіміз өмір сүретін әлемді – табиғат әлемін де, мәдениет әлемін де, – субъективті емес, қайта интерсубъективті, яғни біздің бәрімізге ортақ, дер кезінде берілген немесе әрқайсымыз жете алатын әлем ретінде қабылдаймыз, ал мұның өзі интеркоммуникация мен тілді ілестіре келеді. 2. Натурализм мен логикалық эмпиризмнің барлық пошымдары, осынау әлеуметтік нақты жағдайды жай ғана даусыз қабылдайды, қоғамдық ғылымдардың зерттеу пәні де соның өзі. Интерсубъективтілік, интеракция, интеркоммуникация және тіл жай ғана бұл теориялардың бүркеме тұғыры ретінде топшыланады. Қоғамтанушы ғылыми зерттеу басталмай тұрып-ақ ғанға дейін, қоғамтанушы өзінің барлық іргелі проблемаларын шешіп қояды деп саналады. Дьюи, осынау аса көрнекті философқа лайықты айқындылықпен, атап көрсеткеніндей, зерттеу атаулы әлеуметтік-мәдени ортаның ішінде басталып, сонда аяқталады; әлбетте, профессор Нагель, ғылым мен оның өзінөзі реттеуші процесінің әлеуметтік шаруа екендігін қоспасыз түсінеді. Бірақ адам тәртібін қадағалап отыруға болатын сезімдік барлап-бақылау терминдерімен суреттеліп, түсінілуге тиіс деген талап, ғалым В ғалым А бақылау жолымен алған мәліметтердің және ол жасаған қорытындылардың ақиқаттығын қадағалап тексеретін процесті суреттеп түсіндіріп беру алдында без теріп кетеді. Бұл үшін В, мысалы, А-ның нені бақылағанын, оның зерттеуінің мақсаты қандай екендігін, әйтеуір бір факт бақылауға лайық, ғылыми проблемаға қатысы бар деп неліктен шешкендігін білуге тиіс. Осындай білу әдетте түсіну деп аталады. Адамдардың мұндай өзара түсінісуі мүмкін болатынын түсіндіру қоғамтанушының міндеті болып қалады. Бірақ оның түсіндіруі қандай болғанымен, бір нәрсе анық: ғалым В мен ғалым А-ның арасындағы осындай интерсубъективті түсінісу ғалым В-ның ғалым А-ның көрініп тұрған шаруасын бақылауы мен ғалым В жасаған интроспекциядан, және В мен А-ны теңестіру нәтижесінен туындайды. Феликс Кауфман көрсеткендей, логикалық позитивизм тілінде бұл физикалық дүние туралы

хаттамалық сөйлемдер делінетіннің сапасы психофизикалық дүние туралы хаттамалық сөйлемдер сапасынан мүлдем басқа деген сөз. 3. Тәжірибені, атап айтқанда анық қарекеттердің тәжірибесін жалпы сезімдік бақылумен (Нагель нақ осыны ұсынады) теңестіру ықтимал зерттеуден әлеуметтік нақты болмыстың тұтас бір салаларын шығарып тастайды. а) Тіпті мінсіз таза бихевиоризм, мысалы, Джордж Г. Мид тап өткендей, бақылау жүргізетін бихевиористің емес, тек бақыланушының шаруасы ғана түсіндіре алады. ә) Бір ғана айқын шаруа (мысалы, кинокамерамен түсіріп алынған, қайсыбір салтатанатты процессия) орындаушылар үшін мүлдем әрқилы маңызға ие бола алады. Қоғамтанушы-ғалымды әскери қимылдар, айырбас сауда, дос елдің елшісін қабылдау немесе осы секілді басқа бір нәрселер өзөзінен қызықтыра қоюы неғайбыл. б) Ол-ол ма, адам қарекеті ұғымы естілік тұрғысынан да, қоғамдық ғылымдар тұрғысынан да әрине, сезімдік бақылауға көнбейтін “теріс қарекет”, яғни қарекеттен әдейі бас тарту деп атауға болатын нәрсені де қамтиды. Осылай, мысалы, белгілі бір тауарды белгілі бір бағамен сатпау, экономикалық көзқарас тұрғысынан күмәнсіз сол тауарды сату сияқты қарекет болып табылады. в) Бұдан әрі У. И. Томас көрсеткендей, олар әлеуметтік нақты болмыс қатысушылар нақты деп анықтайтындықтан нақты болып табылатын сенім мен кәміл сенім элементтерін қамтиды, және олар сезімдік бақылаудан тыс қалады. ХVІІ ғасырдағы Салем тұрғындары үшін сиқырлау алдау емес, олардың әлеуметтік нақты болмысының элементі болды, сондықтан да ол қоғамдық ғылым үшін зерттеу пәні болып табылады. г) Ақыр соңында, және бұл ең маңыздысы, адамдық анық шаруаны сезімдік бақылау талабы үлгі ретінде әлеуметтік дүниенің жекелеген және салыстырмалы түрде шағын аймағын, яғни, индивидуалдық қарекет бақылаушының алдында “бетпе-бет” тұратын жағдайды алады. Бірақ әлеуметтік дүниенің, ондай жағдай басым болмайтын көптеген басқа салалары

бар. Егер біз пошта жәшігіне хат салсақ, біз, пошталион деп аталатын өзіміз білмейтін адамдар, бізге белгілі, біз бақыламайтын, бірқатар қарекеттер жасайды демек, адресат, бәлкім, бізге белгісіз адресат жіберілген хатты алады да, тағы да біздің сезімдік бақылауымызға көнбейтін қарекет жасайды деп топшылаймыз; осының бәрінің нәтижесінде біз тапсырыс жіберген кітабымызды аламыз. Немесе егер мен Германияның қайта қарулануынан Франция қауіптенеді деп жазылған мақаланы оқып отырсам, онда әңгіме не туралы екенін мен тамаша түсінемін, және де бұл үшін олардың анық шаруасын бақылауды жиып қойып, маған французды да, немісті де білудің қажеті жоқ. Өздерінің күнделікті өмірінде адамдар өздері өмір сүретін әлеуметтік дүниенің әрқилы салалары туралы әдеттегі білімге ие. Бұл білім осынау бұл дүниенің негізінен белгілі бір телімдерімен шектелгенімен, тек үзік-үзік қана емес, сондай-ақ көбіне дәйексіз де, және айқындылық пен анықтықтың терең түсінуден бастап... өз-өзінен белгілі нәрсе ретінде, қабылданатын заттарға құлай сенуге дейін барлық дәрежесін көрсетеді. Бұл арада әрқилы адамдар мен әрқилы әлеуметтік топтардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Бірақ барлық осынау кемшіліктеріне қарамастан, күнделікті өмірдің әдеттегі білімі адамдармен, мәдени объектілермен, әлеуметтік институттармен, яғни әлеуметтік нақты болмыспен қарым-қатынасты жолға қою үшін жеткілікті. Бұл солай, өйткені дүние (табиғи да, әлеуметтік те) әу бастан интерсубъективті болып табылады және, төменде көрсетілетіндей, ол туралы біздің біліміміз қалай болғанда да әлеуметтендірілген. Ол-ол ма, әлеуметтік дүние әу бастан маңыздар дүниесі болып табылады. Басқа адам организм ретінде емес, өзің секілді адам ретінде қабылданады, ал оның анық тәртібі сыртқы дүниенің кеңістігі мен уақытындағы оқиға ретінде емес, өзіміз сияқты адамның қарекеті ретінде қабылданады. Біз, әдетте, Басқаның не істеп жатқанын, оны не үшін істеп жатқанын, неліктен осыны тап мына уақытта және осы нақты жағдайда жасап жатқанын “білеміз”. Бұл басқа адамның қарекетін біз сарындар мен мақсаттар тұрғысынан қабылдаймыз деген сөз. Және дәл сол секілді біз, мәдени объектілерді адами қарекет тұрғысынан қабылдаймыз, өйткені ол объектілер

адам қарекетінің нәтижесі болып табылады. Аспап, мысалы, сыртқы дүниедегі зат (ол, әрине, сондай да болып табылады) ретінде емес, аз ба, көп пе беймәлім адамдар оны жасаған мақсат және оны басқа адамдардың пайдалана алу мүмкіндігі тұрғысынан қабылданады. Әдеттегі ойлау жүйесінде біз адами қарекеттердің маңызы мен олардың нәтижелері туралы өзіміздің дер кезіндегі немесе ықтимал білімімізді күмәнсіз қабылдайтындығымыз, менің ойымша, қоғамтанушы-ғалымдар түсіну немесе Versteһen туралы адами қарекеттермен істес болатын техника, туралы айтқанда білдіргісі келетін нәрсе екендігінен. Versteһen – қоғамдық ғылымдарда қолданылатын әдіс емес, әдеттегі сана әлеуметтік-мәдени дүние туралы білім алатын тәжірибенің ерекше пошымы. Оның интроспекциямен үш қайнаса сорпасы қосылмайды; бұл табиғи дүние деп аталатын нәрсенің күнделікті тәжірибесі өтетін жолмен жүретін таным немесе мәденилендіру процесінің нәтижесі. Ол-ол ма, Versteһen – бақылаушының, басқа бақылаушылардың тәжірибесі арқылы қадағаланбайтын жеке ісі екендігіне ешқандай күмән жоқ. Бері салғанда индивидтің төл сезімдік түйсіктері белгілі бір жағдайларда кезкелген басқа индивидтің қадағалауына көнетін дәрежеде ғана қадағалауға көнеді. Мысалы, көлденең билер сотында іс қаралған кездегідей, істе айыпталушының “жаман пиғыл” немесе адам өлтіру “ниетін” байқатқаны, яғни өз қылығының салдарын білгені және т.б. көрсетіледі. Бұл арада біз де тіпті белгілі бір “сот жүргізу жарғысы” болады, ол заңгерлік мағынадағы “процедуралық ережелермен” және алынған мәліметтердің өзіндік бір айғағымен аяқталады, олар Апелляциялық сот Versteһen’нің нәтижелері болып табылады. Ол-ол ма, Versteһen’ге негізделген болжамдар әдеткі санада қаяусыз қабылданады. Тиесілі түрде мөр басылып, адрестелген Нью-Йорктағы пошта жәшігіне салынған хаттың Чикагодан алынатыны – жай ғана құтты кездейсоқтықтан көп үлкен нәрсе. Соған қарамастан, Versteһen’нің қорғаушылары да, сыншылары да Versteһen “субъективті” деп кесіп айтады және бұл негізсіз де емес. Өкінішке қарай, алайда бұл терминді дауласаушылардың әрбір жағы әр қилы мағынада

қолданады. “Түсіну” сыншыларының оны субъективті дейтіні, олар басқа адам қарекеттерінің сарындары түсіну бақылаушының жеке, қадағаланбайтын және айғақталмайтын интуициясына тәуелді немесе оның жеке құндылықтар жүйесіне жатады деп топшылайды. Ал Макс Вебер секілді әлеуметтанушылардың Versteһen субъективті дейтін себебі, оның мақсаты – субъектінің өз қарекетіне қандай “маңыз” беретінін анықтау бұл оның қарекетіне оның әріптесі немесе бейтарап бақылаушы беретін мәнге қарамақарсы. Осыдан Макс Вебердің субъективті тәпсірлеу туралы, атақты постулаты туындайды, ол туралы төменде толығырақ айтаймыз. Бүкіл пікірталас Versteһen арасында: 1) адами тәртіпті әдеткі тану тәжірибесінің пошымы; 2) эпистемологиялық проблема; 3) қоғамдық ғылымдардың өзіндік ерекше әдісі ретінде анық ажырата білмеуден зардап шегуде. Осыған дейін біз өзіміздің назарамызды Versteһen’ге, оның көмегімен әдеткі сана әлеуметтік дүниеде өз орнын таба алатын және онымен өз қарымқатынасын жолға қоятын, тәсіл ретінде шоғырландырдық. Ал эпистемологиялық мәселе былай қойылады: “Осылай түсіну қалай мүмкін болмақ немесе Versteһen?”. Канттың, басқа бір тінде айтылған тіркесін пайдаланып айтайын: бұл “философиядағы жанжал”, басқа сананы біздің тануымыз проблемасының және осыған байланысты біздің табиғи да, әлеуметтік-мәдени де дүниені тәжірибелік зерттеуіміздің интерсубъективтілігі проблемасының қанағаттанарлық шешімі әлі күнге дейін табылған жоқ және бұл проблема ұзақ уақыт бойы жалпы философтардың назарынан тыс қалып келді. Бірақ философиялық тәпсірлердегі өте қиын бұл проблеманың шешімі біздің әдеткі санамызда бірінші кезекте не нәрсе қабылданып, біздің күнделікті қарекеттеріміздің әрқайсысында іс жүзінде еш қиындықсыз шешілетіндігімен байланысты. Ал адам, пробиркада өсірілмей, анадан туатындықтан, басқа адамдардың тіршілік ету тәжірибесі мен олардың қарекеттерінің маңызы, әрине, бірінші және ең бастапқы эмпириялық бақылау болып табылады.

Екінші жағынан, Джемс, Бергсон, Дьюи, Гуссерль және Уайтхед секілді әртүрлі философтар күнделікті өмірдің әдеткі білімі өзінің шегінде зерттеу басталып, тек соның шегінде ол аяқтала алатын даусыз, бірақ қашанда, күмәнді алғышарт екендігімен келіседі. Гуссерль берген атау бойынша айтсақ, нақ осы Lebenswelt (өмірлік дүние – Ред.) ғылыми және тіпті логикалық ұғымдардың қайнар көзі болып табылады, бұл өзінің шеңберінде, Дьюиге илсансақ, зерттеу процесінде негізделген пікірлерге өзгертілуі тиіс, түсініксіз жағдайлар туындайтын әлеуметтік орта, ал Уайтхед ғылымның мақсаты – ойша конструкциялар немесе ғылымның мінсіз объектілері арқылы естілік құрастыратын мінсіз объектілерді түсіндіру жолымен тәжірибеге сәйкесетін теорияларды әзірлеу деп атап өтеді. Бұл ойшылдардың бәрі мына бір мәселеде бірауызды: дүние туралы кез-келген білім, әдеткі санада да, ғылымда да, ойлауды ұйымдастырудың тиісті деңгейлеріне өзіндік ерекше, ойша конституцияларды, синтезді, қорытуды, пошымдауды, мінсіздендіруді қамтиды. Мысалы, жаратылыстанушылар істес болатын табиғат ұғымы, Гуссерль көрсеткендей, Lebenswelt’тен шығатын мінсіздендірілген абстракция, әрине, қажеттілік бойынша адамдарды олардың жеке өмірімен қоса қамтитын, практикалық адами қызметтен пайда болатын барлық мәдениет объектілерін қамтитын абстракция болып табылады. Алайда Lebenswelt’тің жаратылыстанушылық абстракциялануға тиіс нақ осы қабаты әлеуметтік нақты болмысқа жатады, қоғамдық ғылымдар нақ соны зерттеуге тиіс... Істің осылай болуы мына бір фактыға негізделеді: қоғамдық ғылымдар қалыптастырған, мінсіз объектілердің немесе ойша конструкциялардың құрылымының және жаратылыстану ғылымдары қалыптастырған мінсіз объектілер құрылымының арасында елеулі айырмашылық болады. Нақ тура осы жаратылыстанушы, басқа ешкім де емес, өз ғылымының процедуралық ережелеріне сәйкес бақылау өрісін, сондай-ақ өзінің проблемасына немесе тікелей зерттеушілік міндетке қатысы бар фактыларды, мәліметтерді және оқиғаларды анықтауға міндетті. Және де, бұл фактылар мен оқиғалар күн ілгері іріктелмеген, ал бақылау өрісі күн ілгері түсіндірілмеген. Табиғат дүниесі, оны

жаратылыстанушы зерттейтін күйінде, молекулалар, атомдар және электрондар үшін “түкке” тұрмайды. Бірақ қоғамтанушы бақылайтын өрісінің – әлеуметтік нақты болмыстың – оның шегінде өмір сүретін, қарекет жасайтын және ойлайтын адамдар үшін, өзіндік ерекше, маңызы және нақты құрылымы бар. Әдеткі сананың конструкциялар сериясы арқылы, бұл дүниені күн ілгері таңдап, тәпсірлейді де, оны өздерінің күнделікті нақты болмысы ретінде қабылдайды. Олардың тәртібін. Сарындай отырып, анықтайтын мінсіз объектілер міне осылар. Осынау әлеуметтік нақты болмысты тану үшін қоғамтанушы құрастырған мінсіз объектілер өздерінің әлеуметтік дүниесінде өздерінің күнделікті өмірін өткізетін, адамдардың әдеткі санасы құрастырған мінсіз объектілерден шығарып алынуға тиіс. Осылайша, жаратылыстану ғылымдарының теориялық конструкциялары, егер осылай айтуға болса, екінші дәрежедегі конструкциялар, яғни әлеуметтік сахнада қарекет жасайтын кісілердің жасаған конструкциялардың конструкциясы болып табылады, ал қоғамтанушы өз ғылымының принциптеріне сай нақ сол адамдардың тәртібін бақылап, түсіндіруге тиіс. Осылайша, адам өзінің күнделікті өмірінде өз тәжірибесін, және ішінара әлеуметтік дүниенің тәжірибесін талдайтын негізгі принциптерді зерттеу қоғамдық ғылымдар методологиясының бірінші дәрежелі міндеті болып табылады. Жаратылыстық нұсқау деп аталатын нәрсені феноменологиялық талдау процедураларына тоқталуға бұл арада орын жоқ. Біз осы сұраққа қатысы бар тек кейбір проблемаларды қысқаша атай кетеміз. Дүние Гуссерль көрсетіп бергеніндей, әу бастан күнделіктілік пошымы ретінде, күнделікті өмірдің ғылымға дейінгі ойлау жүйесінде ол тұрпаттылық пошымында қабылданады. Бізге бірегей аспектіде берілген бірегей объектілер мен оқиғалар тұрпаттық хабардарлық, немесе алдын ала танысу көкжиегі шегінде бірегей болып табылады. Таулар, ағаштар, жануарлар, иттер, атап айтқанда ирланд сеттерлері, және солардың арасында менің Ровер атты ирландтық сеттерім бар. Мен Роверді бірегей индивид, теңдесі жоқ досым және жолдасым ретінде немесе “ирланд сеттерінің”, “иттің”, “сүтқоректінің”,

“жануардың”, “организмнің” яки “сыртқы дүние объектісінің” типтік жағдайы ретінде қарастыра аламын. Осыған сүйене отырып, аталмыш объектінің немесе құбылыстың – ол индивидуалдық-бірегей немесе типтік құбылыс болсын бәрібір – қасиеттері мен сапалары менің қазіргі сәттегі қызығуыма және күрделі қиылысқан орындылық жүйесіне, менің практикалық немесе теориялық “өзекті проблемама” тәуелді. Осынау “өзекті проблема”, өз кезегінде, мен минут сайын, күнделікті өмірімнің әрбір сәтінде ұшырасатын және мен өзімнің өмірбаяныммен анықталған жәйттер деп атағым келетін жағдайлардан туындайды. Осылайша, типтендіру менің “өзекті проблемама” тәуелді, сол тип саны анықтап, шешу үшін құралған. Одан әрі өмірбаянмен және жағдайға қарай анықталған мүдделер мен орындылық жүйелерінің бері салғанда бір қыры күнделікті өмірдің әдеткі санасында субъективті түрде жасау керек қарекеттің таңдаудың, жүзеге асыру керек ниеттің, қол жеткізілу керек мақсаттың сарындар жүйесі ретінде бастан өткерілетінін көрсетуге болады. Қоғамтанушы қарекет жасайтын кісі өзінің қарекетіне телитін немесе оны сонымен байланыстыратын субъективті маңыз туралы қарекет жасайтын кісі өзінің қарекетінің сарыны мен мақсатының оның өзінің өмірбаянымен анықталған жағдайға тәуелділігін нақ сол түсінуін есте ұстайды. Бұл, кесіп айтқанда, қарекет жасайтын адам, және тек соның жалғыз өзі ғана не істейтінін, неліктен соны істейтінін, және өзінің қарекеті қайда, қашан басталып аяқталатынын біледі деген сөз. Бірақ күнделікті өмір дүниесі әу бастан әлеуметтік-мәдени дүние де болып табылады, онда мен басқа не маған жақын таныс, не мүлдем бейтаныс адамдармен толып жатқан байланыстармен маталғанмын. Көптеген практикалық мақсаттар үшін жеткілікті белгілі бір дәрежеде, егер олардың өмірбаянымен анықталатын жағдаяттардан туындайтын, сарындарын, мақсаттарын, ұнататын нәрселері мен жоспарларын түсінсем, олардың тәртібін де түсінемін. Алайда мен басқа адамдардың сарындарын, олардың мақсаттарын және т.б., қысқасы, олар өздерінің бірегейлігінде өздерінің қарекеттеріне беретін субъективтік маңызды тек ерекше жағдайларда, оның үстіне тек

ішінара қабылдай аламын. Алайда мен оларды өздерінің типтілігінде қабылдай аламын. Бұл үшін мен қарекет жасайтын кісілердің типтік сарындары мен мақсаттарының, тіпті олардың өз позицияларының үлгілерін құрастырамын, солардың жеке оқиғасы олардың дер кезінде жасалған қылығы болып табылады. Басқа адамдар тәртібінің осынау типтік үлгілері, өз кезегінде, менің төл қарекеттерімнің сарынына айналады, және бұл, қоғамтанушыларға сан алуан атаулармен жақсы белгілі, өзін-өзі типтендіру феноменіне жетелейді. Бұл арада мен күнделікті өмірдің әдеткі санасында сындарлы, немесе мінсіз делінетін типтердің шығу тегін, қоғамдық ғылымдардың аспабы ретінде профессор Гемпель соншалық анық пошымда талдаған ұғымды. Бірақ бері салғанда естілік деңгейінде осынау типтерді конструкциялар төмендегі терминдерді Гемпель тұжырымдаған мәнде түсінсек, интуицияны да, теорияны да қамтымайды. Біз төменде көретінімздей, сондай-ақ қоғамтанушылар құраған мінсіз, немесе сындарлы типтердің басқа да түрлері бар, олардың құрылымдары мүлдем басқаша және теорияны да қамтиды. Бірақ Гемпель мінсіз типтердің осы екі түрінің арасында айырмашылық жасаған жоқ. Мұның үстіне, біз күнделікті өмірдің әдеткі санасы әу бастан көп жағынан әлеуметтендірілген деуге мәжбүрміз. Біріншіден, ол құрылымдық жағынан әлеуметтендірілген, өйткені оның іргелі мінсіздендіруге негізделгені: сондай егер мен басқа адаммен орын ауыстырсам, дүниенің нақ сол бөлігін шындап келгенде нақ сол секілді перспективада қабылдаймын; біздің өзіндік ерекше өмірбаяндық жағдайымыз барлық практикалық мақсаттар үшін иррелевантты бола бастайды. Екіншіден, ол генетикалық жағынан әлеуметтендірілген, өйткені біздің білімімздің үлкен бөлігінің (оның мазмұны да, олар ұйымдасқан типтендірілуінің ерекше пошымдары да) шығу тегі әлеуметтік және әлеуметтік жағынан санкцияланған терминдерде берілген. Үшіншіден, ол білімді әлеуметтік топтастырып жіктеу мағынасында әлеуметтендірілген. Дүниенің тек бір бөлігін ғана танитын әрбір индивид және

дүниенің сол бөлігі туралы жалпы білім, айқындылық, анықтылық, хабардарлық немесе жай ғана сенім дәрежесі бойынша айырылады. Әдеткі білімнің әлеуметтенуінің, және атап айтқанда білімнің әлеуметтік топтастырып жіктелуінің, бұл принциптері, қоғамтанушының адам тәртібін зерттеуге құрылымдық-қызметтік көзқарас туралы айтқанда, бері салғанда ішінара, нені меңзеп тұрғанын түсіндіреді. Функционализм тұжырымдамасы – бері салғанда, осы заманғы қоғамдық ғылымдарда – Нагель санайтындай, организмнің қызмет етуінің биологиялық теориясынан шықпайды. Олар инвариантты, және, демек әлеуметтік жүйенің өзінің құрылымының қызметі ретінде тәпсірленетін типтік сарындар, мақсаттар, жеке позициялар үлгілерінің әлеуметтік жағынан топтастырып жіктелген конструкцияларына жатады. Өзара байланысты осынау тәртіп үлгілерінің көпшілігі стандартталған және институцияланған, яғни олардың типтілігі заңмен, фольклормен, құқықтармен және салттармен әлеуметтік жағынан ақталған, және олардың көпшілігі әдеткі және ғылыми ойлау жүйесінде адам тәртібін түсіндірудің схемалары ретінде пайдаланылады. Versteһen деп аталатын, интерсубъективтік дүниенің әдеткі санасының күнделікті тәжірибесіне енгізілген комбинациялардың кейбір басты ерекшеліктерінің шамалап алынған очеркі міне осы. Жоғарыда айтылғанындай, олар бірінші деңгей конструкциялары, оларға екінші деңгейдегі конструкциялар, қоғамдық ғылымдар конструкциялары қондырылуға тиіс. Бірақ нақ осы арада басты проблема көлденеңдейді. Бір жағынан, көрсетілгеніндей, бірінші деңгейдегі конструкциялар, естілік конструкциялары субъективті элементтерге, яғни қарекет жасаушы кісінің өз көзқарасы бойынша Versteһen’нің қарекетіне жатады. Демек, егер қоғамдық ғылымдар шынында да әлеуметтік нақты болмысты түсіндіруге бағытталған болса, онда екінші деңгейдегі ғылыми конструкциялар да субъективті маңызды қарекетке, яғни қарекеттің қарекет жасаушыға ықпалына сілтемені қамтуға тиіс. Менің ойымша, мұныңыз Макс Вебер субъективтік тәпсірлеу туралы өзінің атақты постулатымен меңзеген нәрсенің нақ өзі, ол әлі күнге дейін барлық қоғамдық

ғылымдардың теориялық конструкцияларында байқалып келеді. Субъективтік тәпсірлеу туралы постулат, әлеуметтік дүниені барлық ғылыми түсіндірулер әлеуметтік нақты болмыстың қайнар көзі болып табылатын адамдар қарекеттерінің субъективті маңызына сілтеме жасай алады және жасауға тиіс деген мағынада түсінілуге тиіс. Екінші жағынан, мен профессор Нагельдің барлық эмприялық ғылымдар секілді, қоғамдық ғылымдар мына мағынада: олардың пайымдаулары қадағалаушы айғақтауға жатады және қадағаланбайтын жеке тәжірибеге сілтеме жасамауға тиіс деген мағынада объективті болуы тиіс деген пайымдауымен келіскен болатынмын. Бір қарағанда кереғар осынау принциптерді қалай татуластыруға болады? Шынында да, қоғамдық ғылымдардың методологиясы жауап беруге тиіс, ең елеулі мәселе мынадай: субъективті мәнді құрылымдардың объективті ұғымдары мен объективті айғақталатын теориясын тұжырымдау қалай мүмкін болмақ? Қоғамдық ғылым қалыптастыратын ұғымдар әлеуметтік сахнада қарекет жасайтын адамдардың әдеткі санасында құрылған конструкциялардың конструкциялары болып табылады деген негізгі тезистің өз түсіндірмесі бар. Барлық эмпириялық ғылымдарға жүретін процедуралық ережелерге сәйкес жасалған екінші деңгейдегі ғылыми конструкциялар объективті, мінсіз-типтік конструкциялар болып табылады, сондай конструкциялар – бірінші деңгейдегі конструкциялармен салыстырғанда тегі басқа конструкциялар ретінде олар әдеткі сана конструкцияларының үстіне қондырылуға тиіс. Бұл теориялық жүйелерде, профессор Гемпель анықтамасы мағынасында, сынақтан өткізілуге жалпы гипотезалар болады. Бұл схеманы, осынау ұғымды Макс Вебер тұжырымдап, оның мектебі дамытудан көп бұрын, теориямен істес қоғамтанушылар пайдаланды. Осынау ғылыми конструкциялардың кейбір сипатты белгілерін баяндаудан бұрын, әлеуметтік сахнада қарекет кісіге қарама-қарсы қоғамтанушытеоретиктің әлеуметтік дүниеге ерекше қатынасын қысқаша қарастырайық. Теоретик-ғалым – адам ретінде емес, (әрине, ол да адам) ғалым ретінде

бақыланатын жағдаятқа енгізілмеген, ол жағдаят, оған практикалық тұрғыдан емес, танымдық тұрғыдан қызғылықты. Күнделікті өмірде дағдылы тәпсірлерді анықтайтын орындылықтар жүйесі бақылаушының өмірбаяндық жағдаятында бой көтереді. Ғалым болуға бел буып, қоғамтанушы өзінің жеке өмірбаяндық жағдаятын, оны мен Феликс Кауфманға ілесе ғылыми жағдаят деп атайтын нәрсемен алмастырды. Оның алдында тұрған проблемалардың дүниедегі адам үшін ешқандай маңызы болмауға тиіс және керісінше. Кез-келген ғылыми проблема іс жүзінде тиісті ғылымда орын алған жағдаймен анықталады, және оның шешіміне, сол ғылымның процедуралық ережелеріне сәйкес қол жеткізілуге тиіс, ол ережелер, басқасының бәрін былай қойғанда, ұсынылған шешімнің қадағалануы мен айғақталуына кепілдік береді. Ғылыми проблема, әйтеуір бір күн тәртібіне қойылған екен, ғалым үшін не орынды екендігін және оның қандай ұғымдық құрылымды пайдалануы керек екендігін жалғыз өзі анықтайды. Маған Макс Вебер әлеуметтік ғылымдардың объективтілігін, олардың әлеуметтік сахнада қарекет жасайтын кісілердің тәртібі анықтайтын немесе анықтауға тиісті, құндылық үлгілерінен тәуелсіздігі туралы айтқанда, басқа ештеңені де емес, нақ осыны меңзегендей болып көрінеді. Қоғамтанушы қалай істейді? Ол, әлеуметтік нақты болмыстың адам тәртібіне қатысты белгілі бір фактылары мен оқиғаларын бақылайды, және өзі бақылаған тәртіп немесе қарекет салтының типтік үлгілерін құрастырады. Бұдан кейін әлдебір қарекет жасайтын кісінің (немесе қарекет жасайтын кісілердің) тәртібінің осынау типтік үлгілерін ретке келтіреді, ол кісілерді ғалым санасы бар тіршілік иелері деп елестеді. Алайда бұл сана өзінде бақыланатын қарекет салтының үлгілерін көрсетуге жататын элементтерден басқа ештеңе болмайтындай етіп шектелген. Осылайша, ол осы қиялдағы санаға бірқатар типтік идеяларды, ниеттерді, мақсаттарды телиді олар қиялдағы тәртіп үлгісінің топшыланатын санасында өзгермейтін нәрселер ретінде қабылданады. Осынау гомункулус, немесе қуыршақ, интеракцияның топшыланатын үлгілерінде, дәл сол секілді құрастырылған басқа гомункулустармен, немесе қуыршақтармен өзара байланысты. Қоғамтанушы

күнделікті өмірдің әлеуметтік дүниенің өзі жасаған үлгісіне орналастыратын осы гомункулустар арасында сарындар, рөлдер, мақсаттар – жалпы тәуелділіктер жүйесі – нақ тексеруді талап ететін ғылыми проблемалар секілді бөлінген. Алайда, және бұл ең маңыздысы, осынау конструкциялар, ешқандай күмәнсіз, бейберекет нәрсе емес. Олар логикалық дәйектілікті және адекваттықты талап етеді. Адекваттық – адам қарекетінің мұндай ғылыми үлгісіндегі әрбір ұғым қарекет жасайтын индивидуал кісіні нақты дүниеде жүзеге асырған және типтік конструкцияда нобайланған адами қарекет сол қарекетті жасаған адамға да, басқа адамға да күнделікті өмірдің әдеткі санасының терминдеріне түсінікті болатындай етіп құрастырылуға тиіс деген сөз. Логикалық дәйектілік талабын орындау, қоғамтанушы құрастырған мінсіз объектілердің объективті шынайылығына кепіл болады, адекваттылық талабын орындау олардың күнделікті өмір конструкцияларымен сыйысатындығының кепілі болады. Одан әрі, мұндай үлгі кәдеге жарайтын жағдай өзгеруі мүмкін, яғни, қуыршақтар санасының бірден-бір мазмұнын құрайтын, сарындар мен мақсаттар жиынтығы емес, солардың өздері кездесуге тиісті, жағдаят өзгерген секілді болып қабылданады. Мен, мысалы, еркін бәсекелестік жағдайында қарекет жасайтын өндірушінің үлгісін, және картельдік шектеулер жағдайында қарекет жасайтын өндірушінің үлгісін құрастыра, содан кейін жалғыз сол тауардың жалғыз сол фирмада екі үлгіде шығарылуын салыстыра аламын. Осылайша мұндай қуыршақтар немесе қуыршақтар жүйесі белгілі бір жағдайларда өзін қалай ұстайтынын алдын ала айтып беруге және, “терминдерінде... эмпириялық жолмен анықталған реттіліктер түсіндіріле алатын бірқатар өзгерістер арасындағы анықталған белгілі бір қатынастарды” байқауға болады. Алайда бұл, теорияның профессор Нагель берген анықтамасының тап өзі. Ғылыми үлгілерді құрастырып, пайдаланудағы әрбір қадам эмпириялық бақылау жолымен айғақтала алатынын байқау оп-оңай, бірақ оның шарты: біз бұл ұғымды сыртқы дүниенің объектілері мен құбылыстарын сезімдік қабылдаумен шектемейміз, қайта оған тәжірибелік

пошымды жатқызамыз, соның көмегімен күнделікті өмірдегі әдеткі сана адам қарекеттері мен олардың нәтижелерін негізгі сарындар мен мақсаттар тұрғысынан түсіне алады.

Қазақшалаған философия ғылымының докторы,
профессор Тұрсын ҒАБИТОВ.
Питер Микаэл БЛАУ

1918 жылы Венада дүниеге келген. Американ әлеуметтанушысы, Колумбия университетінің профессоры, Америка әлеуметтанушылары ассоциациясының президенті (1973-1974). Ол құрылымдық қызмет мәселелерін зерттеген. Ресми ұйымдардағы құрылымдық өзгерістердің көзін анықтаған. Ол әлеуметтік жанжал, әлеуметтік құрылым теорияларын зерттеп, әлеуметтік структурализм жөнінде үлкен тұжырымдамасын жасаған. Адамдардың қарым-қатынасының экономикалық қырларына көп көңіл бөлген. Күрделі әлеуметтік ұйымдардың арасындағы байланыстар, ұжымдық құндылықтар мәселелері жөнінде бірталай еңбектер жазған. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары Блаудың басшылығымен Америкада әлеуметтік құрылымның өзгеру динамикасын зерттеу барысында математикалық әдістер қолданылып, жасөспірімдердің әлеуметтік статусының өзгеруіне ықпал ететін факторлар анықталған.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМҒА ӘРТҮРЛІ КӨЗҚАРАСТАР ЖӘНЕ

ОЛАРДЫҢ ОРТАҚ ТАЯНЫШЫ

1978 жылы Упсалада (Швеция) өткен Дүниежүзілік әлеуметтану конгресінде үш бірдей пленарлық мәжіліс «Құрылымдық зерттеулердің әрқилы түрлері» тақырыбына арналған еді. Қолыңыздағы жинақтың көптеген мақалалары о баста конгресте баяндамалар ретінде ұсынылған болатын. Жинақтың атауының өзі мұнда әңгіме құрылымдық зерттеулердің сабақтастығы жайында екендігін аңғартады, өйткені ол осы ортақ тақырыпта ертерек жарық көрген мақалалар жинағының жалғасы болып табылады. (Блау, 1975 жыл).

Бұл кітаптың (бұрынғы сияқты) әртүрлі тараулары әлеуметтік құрылымды түсінуімен ғана емес, талдаудың әдістерімен де ерекшеленеді. Жинақта тұжырымдамалық проблемалардың таза сапалық қырларымен қатар, эмпириялық мәліметтерге сүйенетін құрылымдық талдау үлгілерінің сандық қырлары да қарастырылады. Бір авторлар әлеуметтік құрылымды зерттеп білудегі түрлі теориялық бағдарларды салыстырып, сын тұрғысынан баға береді, екінші біреулері категорияларды талдап, нақтылай түседі, үшіншілері формалдық теориялық үлгілерді әзірлеп, оларды сандық эмпириялық мәліметтерді талдау үшін қолданады. Осыған байланысты мынадай екі сұрақ туындайды: осынау көзқарастардың бәрінің ортақ таянышы бар ма? және оларды бір жинаққа біріктіруде мән-мағына бар ма? Жинақтың бірінші бөліміндегі теориялық талқылау қоғамтанушыларды қызықтыра алғанымен, үшінші бөлімдегі сандық үлгілерді қарастыру ерекше ықылас тудыра қоймауы әбден мүмкін. Керісінше де болуы мүмкін. Дегенмен әлеуметтік құрылым тәпсірінің мынау тым әртүрлі үлгілерін бір кітапқа енгізудің жеткілікті негіздері бар, өйткені қазіргі кезде құрылымдық талдауға көзқарастың соншама көп алуандығы бар екенін осындай жолмен ғана атап көрсетуге болады. Менің әріптесім-редактор (Мертон 1975) осының алдындағы жинаққа енген мақаласында атап көрсеткендей, көзқарастардың алуандығы мен плюрализмі әдетте ғылыми білімді дамытудың басты қайнар көзі болып табылады. Алайда әлеуметтік құрылымды талдайтын және оның табиғатына осындай түрліше көзқарастары бар бұл авторлардың қандай да бір өзгешелік белгілері бар ма деген сауал басы ашық күйінде қалады. Олардың көзқарастары мен басқа қоғамтанушығалымдардың көзқарастары арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге мүмкіндік беретін ортақ негіз бар ма? Жинақтың мазмұнын қысқаша қысқаша шолып шыққаннан кейін мен бұл сұраққа иә деп жауап бермекпін.

Жинаққа қысқаша шолу

Жинақтың бірінші бөлімі әрқилы құрылымдық бағдарларды егжейтегжейлі қарастыруға арналған. Бұл орайда құрылымдық талдаудың негізгі және ең кеңінен белгілі пошымдарына ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, Леви-Стростың структурализмі мен марксистік структурализм қарастырылып, антропология мен әлеуметтанудағы құрылымдық-қызметтік талдаумен салыстырылады. Леви-Стростың теориялық жүйесі Рэдклиф-Браунның, Парсонстың, Вебердің және басқа авторлардың теорияларымен салыстырыла талданады. Нақ сол арада әлеуметтік құрылымды марксистік тұрғыдан түсінуге Альтюссер мен Уоллерстайн ұсынған сыни талдау беріледі. Жинақтың екінші бөлігіне енген мақалаларда әлеуметтік құрылымның әрқилы қырлары мен элементтері қарастырылады, сондай-ақ өзара тәуелді құрылымдарды талдаудан шығатын бірқатар қорытындыылар жасалады. Ақыр соңында соңғы бөлімде әлеуметтік құрылымның үш сандық үлгілері жасалып, эмпириялық мәліметтерге қолданылады. Алғашықы екі мақалада Леви-Стростың структурализмі Дюркгеймнен басталатын теориялық дәстүрге – құрылымдық функционализмге қарама-қарсы қойылады. Соңғысының басты өкілдері антропологиялық бағдардағы ағылшын әлеуметтанушылары және американдық әлеуметтанудағы Парсонс. ЛевиСтростың структурализмін Лич, британ антропологиясының құрылымдық бағытынмен салыстырады, оның ең сипатты өкілдері Рэдклиф-Браун мен Майер Фортс. Лич осынау ағылшын антропологтары үшін «әлеуметтік құрылым» термині эмпириялық нақты болмысқа, яғни қоғамды бөліп тұратын және «іс жүзінде әлемде бізден тыс» өмір сүретін бақыланатын топтар мен иерархияларға жататындығын атап көрсетеді. Осыған қарама-қарсы Леви-Строс үшін әлеуметтік құрылым – теоретик эмпириялық бақылауларды түсіндіру үшін және эмпириялық жолмен бақыланатын әрқилы жағдайлар мен қатынастардың үлгілерін жалпылама нобайда ғана бейнелейтін ойша жасалған конструкция. Әрине, ағылшын структуралистері өздері сыртқы әлемде табатын

эмпириялық мәліметтер бақылаушының тұжырымдамалық схемаларына тәуелді екенін жақсы түсінеді, ал Леви-Строс өзінің құрылымдық түзілімдері әрқилы жүйелер мен құбылыстарда байқалатын эмпириялық заңдылықтардың (patterns), барлық

егжей-тенжейімен болмаса да, негізгі белгілерін бейнелейтіндігін арнайы атап көрсетеді. Алайда теория мен оның жалғандығы сипатының айқындаушы өлшемі, егер Поппердің (1959) терминін қолдансақ мынау: оның негізгі категориялары теориялық тұжырымдар жөнінде сыртқы шарт болып табылатын және осылайша олардың ақиқаттығының объективті өлшемін білдіретін эмпириялық заңдылықтарға жата ма, жатпай ма. Ағылшын және француз структурализмдері арасындағы мұндай айырмашылық туыстықты антропологиялық зерттеудегі эмпириялық мәліметтердің рөлі жөнінде талас туғызды; бұл талас Леви-Строс өзінің бірқатар соңғы еңбектерінде аңыздарды зерттеумен айналыса бастағанда бұрынғыдан бетер өршіп кетті. Мұның себебі оның аңыздарды тәпсірлеу тәсілінде жатты, бұл тәсіл нақпа-нақтылықтың кемдігімен, объективті эмпириялық шарттардан алшақ жатуымен және оның туыстық теориясымен салыстырғанда зерттеу процесінде тексеруге көне қоймайтындығымен сипатталады. Сөйте тұра Леви-Стростың өзі теориялық әлеуметтануға қосқан басты үлесім деп нақ аңыздарды тәпсірлеуін санайды. Лич өзінің эссесінің қорытынды бөлігінде туындаған араздықты жарастырғысы келеді. Леви-Стростың өзгертуші структурализмін Росси әлеуметтанудағы эмпириялық структурализмнің әрқилы пошымдарымен, әсіресе Парсонстың құрылымдық функционализмімен салыстырады. Алайда мақсаты балама құрылымдық көзқарастарға байыпты көзқарастарды көрсету болып табылатын Личтен өзгеше. Росси аталмыш жинақта, сондай-ақ өзінің басқа да еңбектерінде Леви-Стростың жақтасы екенін бүкпесіз айтады және әлеуметтік құрылымды зерттеудегі басқа бағдарларды өзгертуші структурализм тұрғысынан сынауды мақсат етіп қояды. Осылай, мысалы, ол эпистемологиялық нәзіктігінің жеткіліксіздігі үшін, бақыланатын мәліметтерге эмпириялық құмарлығы және статистикалық үлгілер негізінде механистік теорияландыру үшін эмпириялық

структурализмді аямай сынап, барлық осынау қырларға Леви-Строс көзқарастарын қарсы қояды. Леви-Строс көзқарастарын Россидің жан-тәнімен қорғауы және оның әлеуметтанудағы құрылымдық талдаудың басқа түрлерін сынауы Леви-Стростың көзқарасы мен Росси американдық әлеуметтанудағы эмпириялық структурализм деп атайтын нәрсе арасындағы айырмашылықты ерекше атап көрсетеді. Марксистік структурализмге көзқарасын білдіру ұсынылған екі автор да сынайды, алайда олардың екеуі де марксистік структурализмді консервативтік позициядан емес, баламалы марксизм тұрғысынан сынайды. Олардың біреуі өз сынын жалпы теориялық терминдермен негіздейді, ал екіншісі негізгі назарын мысал ретінде нақты революцияны нақты-тарихи жағдайлардың маңызына аударып, қарастырады. Хайдебранд марксистік структурализмге, осы категорияға Альтюссер берген анықтамаға ерекше көңіл бөле отырып, жалпы тұжырымдамалық талдау жасап, сынын айтады. Хайдебранд Соссюрдың лингвистикалық құрылым тұжырымдамасы мен Маркстың экономикалық құрылым тұжырымдамасы арасындағы ұқсастықты бірегей талдаудан бастайды. Автор лингвистикалық нобайланатын және нобайлаушы дуализмі экономикалық еңбек және жалаң дуализмінің параллелизмін атап өтеді. Білім әлеуметтануы үшін сипатты марксистік структурализмнің пайда болу себептері жөнінде мәселе көтере отырып, Хайдебранд оны екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі солшыл күштердің өскелең антисталинизмі мен соған утопизмге, антиавторитарлыққа және экономикалық детерминизмнің мінсіз жасалған үлгісінен шөрі, гегельдік диалектиканың қалдықты ықпалын (мысалы, шеттетілуді түсінуде) көбірек бастан өткерген Маркстың ертеректегі шығармаларына ерекше ден ұоюға бейім жаңа солшылдардың «балалық солшылдық» реакциясының арасындағы даудың жалғасы деп қарастырады. Ал Альтюссердің мақсаты дәл сондай марксисттік әлеуметтік құрылымның ғылыми үлгісін жасап шығу болып табылады. Өз толғамдарының барысында Альтюссер қондырма мен экономикалық базис арасында Маркс жүргізетін айырмашылықты үш деңгейлі құрылымға

айналдырып, идеологиялық қондырма мен экономикалық базис арасында аралық саяси құрылымды бөліп шығарады. Білім әлеуметтануы тұрғысынан саяси құрылымға ерекше рөл телитін теория Кеңес Одағының мемлекеттік социализмі басты орын алатын қозғалыспен ауандас. Хайдебрандтың марксистік структурализмге қарсы басты қарсылығы оның диалектикалық талдаудың етене бөлігі ретіндегі практикалық сынның маңызын елемейтіндігінде. Ол көлденің тартатын тағы бір сыншыл уәж – марксистік структурализм көп жағынан әлеуметтанудағы дәстүрлі құрылымдықфункционалдық талдау әдісімен ұқсас. мұны сондай-ақ осы бағыт өкілдерінің өзі де атап өтеді (мысалы, Липсет, 1975). Бұл екі бағыт та әлеуметтік реттеу, детерминизм және функционалдылық тұжырымдамасынан шығады. Екі бағыт та реттелген әлеуметтік құрылым индивидтің қарекет бостандығын шектейді және шектеуге тиіс деп топшылайды. Ақыр соңында, орын алып әлеуметтік жағдайды ылғи да сынап, оны жақсартуға ұмтылудың орнына марксистік структурализм де, құрылымдық функционализм де орын алып отырған саяси құрылымдарды (құрылымдар бірдей болмаса да: бірінде Сталиннің Ресейі, екіншісінде Никсонның Америкасы) сөзсіз болатын және, бәлкім, мүмкін болатын құрылымдардың ең жақсысы болар деп имплицитті қабылдайды. Цайтлин өзінің нақты-тарихи тұжырымдамасын XІX ғасырдың ортасында Чилиде болған ірі жер иеленушілерге қарсы жасалған сәтсіз буржуазиялық революцияны мұқият талдау негізінде баяндайды. Осынау марксистік зерттеу авторы көтеретін мәселенің бірі – осынау революцияның жеңілісіне қарамастан, Чили неліктен жүз жылдан астам уақыт бойы сақталған тұрақты демократиялық ел бола алды деген мәселе. Осыған байланысты Цайтлин былай деп атап көрсетеді: таптардың қалыптасуы мен таптық жанжалдың туындауының нақты-тарихи жағдайын қаперге алмай бұл сұраққа құптап жауап беру мүмкін емес. XІX ғасырда Чили қоғамының әрқилы таптарының саяси күшінің тәуелсіз қайнар көздері қандай да бір таптың басқаларға деспоттық режимді таңуына жол бермеді. Осы жағдай елде демократияның қалыптасуына жәрдемдесті.

Цайтлинді бірінші кезекте өз тарихи зерттеуінің марксизм теориясы үшін теориялық маңызы қызықтырады. Нақ өз зерттеуінің негізінде ол Уоллерстайнның (1974) әлемдік жүйе теориясын аямай сынап, оны нақтытарихи жағдайдың қандай да бір елдегі оқиғаға ықпалын мүлдем елемеудің нәтижесі болып табылатын жалған тұжырымдар жасайды деп айыптайды. Сынның негізгі уәжі мынаадй: елдің қоғамдық-экономикалық өміріндегі өзгерісті, нақты-тарихи қаперге алмайтын теориялық қорытулармен түсіндіру мүмкін емес. Мұның үстіне Цайтлин Уоллерстайнның теориясын оның функционалдығы мен телеологиялық алғышарттары үшін сынайды, сондай-ақ өз сынын Альтюссердің көзқарасына және тәуелділік теориясына да таратады. Айзенштад жазған тараудың негізгі ойы мынадай: Макс Вебер ЛевиСтростың негізгі принципінен одан көп бұрын айтып қана қоймай, іс жүзінде ілгерілеп, сол принцип бой көрсететін әлеуметтік процестерді анықтап берді, бұл Леви-Строс қолынан келген жоқ. Әңгіменің арқауы болып отырған принцип мынаадй: ол әлеуметтік заңдылықтар, рәміздер мен аңыздар кодтарынан құралатын терең құрылым терминдерінде түсіндірілуге тиіс. Қоғам өмірін түсіндіру нақ біздің рәміздік өлшем болып табылады деп кесіп айтатын структуралистік тезис, ол тезисте жауабы мәселені көтереді, атап айтқанда: мәдени рәміздер мен құндылықтар бақыланатын әлеуметтік ұйымға ықпал ететін нақты институциялық механизмдер қандай? Айзенштадтың пікірі бойынша, жалпы алғанда жауап Вебердің «Wіrtschaftsethіk» тұжырымдамасында және атап айтқанда, оның кальвинисттік этиканың капитализмнің қалыптасуындағы рөлін теориялық талдануында нобайланған. Протестанттық этика және жалпы діни догмалар – әлеуметтік құндылықтардың рәміздік кодтары, олар кісінің бағдарын басқарады, билікті заңдастырады және демек, әлеуметтік өмірдің нақты ұйымдастырылуына ықпал етеді. Келесі екі тарауда әлеуметтік құрылым тұжырымдамасы ондағы бірнеше теңдеуді, немесе өлшеуді бөліп көрсету негізінде талданады. Жіктеуші өлшем ретінде Уорринер эементтер мәнісін пайдаланады, олардың өзара байланысы құрылымға белгілі бір нобай береді. Осы өлшемнің көмегімен автор әлеуметтік

құрылымның үш деңгейін бөліп көрсетеді. Кісіаралық деңгей жекелеген кісілер арасындағы әлеуметтік қатынастар құрылымын, мысалы шағын топтағы байланыстардың социометриялық схемасын білдіреді. Позицияаралық деңгей әрқилы әлеуметтік жағдайлар арасындағы қатынастар құрылымын бейнелейді, ол қатынастарды сол позицияларға ие адамдармен шатыстырмау керек. Бұл деңгейдің мысалы тайпадағы туыстық байланыстар жүйесі бола алады. Ұйымаралық деңгей ресми ұйымдастырылған ортақтықтар арасындағы қатынастар құрылымын, мысалы белгілі бір әлеуметтік өрістегі фирмалар арасындағы сауда қатынастарының пошымдарын немесе қоғамдағы корпорациялардың өзара байланысты директораттарын бейнелейді. Сондай-ақ Уоллас, құрылымды деңгейлер иерархиясы ретінде тұжырымдамалаудың маңыздылығын атап көрсетеді, оларда әрбір келесі деңгейдің құрылымы алдыңғы деңгейдің құрылымын қамтиды. Әрбір деңгейде құрылымды құрайтын элементтер жиынтығын және осы жиынтықтарды құрайтын элементтерді айыра білу қажет. Бұл орайда неғұрлым кең жиынтықтың элементтері өз кезегінде құрылымның келесі неғұрлым төмен деңгейін талдағанда көлемі неғұрлым шағын элементтерден құралатын нәрсе ретінде қарастырыла алады. Алайда Уолластың басты ойы мынадай: құрылым ауқымындағы бұл айырмашылықтар әрқилы үш өлшемде талдана алады. Құрылымдық бірліктердің саны шағын топтан тұтас қоғамға дейін өзгеріп отыра алады; әлеуметтік тәртіп, мысалы сәлемдесу сияқты дара актыдан бастап, некеге тұру секілді көп өлшемді қарекетті қоса қарастырыла алады; ал зерттелетін құбылыстың ұзындығы кеңістіктік-уақыттық тұрғыда қатаң шектеулі де, (мысалы қандай да бір кәсіпорындағы сағаттық еңбек өнімділігі) кең ауқымды да (мысалы елдің жылдық экономикалық өсімінің қарқыны) бола алады. Бұл үш өлшеу құрылымның келесі деңгейлерінің талдануын тереңдетеді және әлеуметтік құбылыстардың қасиеттерін сегіз өлшеммен сипаттауға пайдаланыла алады. Ең алдымен зерттеу объектісі адамдар немесе басқа бір тірі организмдер бола алады; екі жағдайда да негізгі назар зерттеліп отырған организмдер тәртібінің не физиологиялық, не психологиялық ерекшеліктеріне

бөліне алады. Ақыр соңында, алынған төрт категорияның әрқайсысы кеңістіктік немесе уақыттық заңдылықтар тұрғысынан зерттеле алады. Көрсетілген үш дихотомияның қиылыса топтастырып жіктелуі, таза әлеуметтік құбылыстардың сегіз тұрпатын бере алады, олардың әрқилы комбинациялары нақты талдауда қолданыла алады. Кадушин жазған тарау делдал арқылы жасалатын яки төте жасалмайтын әлеуметтік айырбасқа арналған. Төте айырбас сөзсіз бір-бірімен тікелей байланыстағы адамдармен шектеледі. Сондықтан әлеуметтік айырбастың ірі құрылымдары сөзсіз төте жасалмайтын айырбастың көптеген пошымдары болуын көздейді. Төте айырбас жеке міндеттемелермен, көрсетілетін қызметтің, ол жалғаса беруі үшін, өтемін қайтарумен (сыйға – сый, сыраға – бал) және жақсылықты білмегені үшін қоғамдық жазғырумен қамтамасыз етіледі. Алайда бұл факторлардың барлығы үшінші бір жақтан түсетін болашақ табыстардан үміттеніп, алғыс күтпей-ақ жақсылық жасайтындарға қайтарымзы қамтамасыз етпейді. Осыған байланысты делдал арқылы айырбасқа жәрдемдесетін шарт проблемасы туындайды, міне Кадушин соны қарастырады. Будон өзара тәуелді құрылымдар тудыратын алуан түрлі парадоксты зардаптарды талдайды. Индивидтердің өзара тәуелді қарекеттері көбіне жекелеген индивидтер ниет еткен немесе қалған нәтижелерге қарама-қарсы жиынтық нәтижелер береді. Будон театрға билет алу үшін ұзыннан-ұзақ кезекте тұрудың қарапайым мысалынан бастайды. Мұндай жағдайда жекелеген адамдарға кассаға ертерек жету парасатты болып көрінеді, соның нәтижесінде кезекте тұрып күтудің, орташа ұзақтығы ұлғайып, билет сатып алу мүмкіндігі төмендейді, бұл осынау адамдардың мүддесіне тікелей кереғар. Неғұрлым күрделі мысал ретінде автор жақсы жұмысқа ие болу мүмкіндігі негізінен білім деңгейіне тәуелді мериократиялық қоғамды келтіреді. Мұндай қоғамда әрбір адам барынша мүмкін білім алуға, білімінің сапасын арттыруға, білім алу үшін тең мүмкіндіктердің қамтамасыз етілуіне және білім алуға құмарлықты жоғарылатуға мүдделі. Алайда Будон осынау өзгерістердің бәрі жұмыс орындарын бөлу өнеркәсіптік қызмет шарты және экономикалық

сұраным секілді сыртқы факторлармен анықталатын жағдайларда кәсіптік белсенділіктің мүмкіндіктерін елеулі кеңіте алмайтынын және кәсіптік статустағы теңсіздікті төмендетпейтіндігін көрсетеді. Керісінше, осынау өзгерістердің нәтижесі мынадай болып шығады: белгілі бір кәсіптік статусқа қол жеткізу үшін неғұрлым жоғары білім деңгейі талап етіледі, мұның өзі сол статустан дәмететін жекелеген үміткерлердің мүдделеріне қарама-қайшы келеді, дегенмен бұл олардың өз білім деңгейін барынша жоғарылатуға мүдделілігіне кереғар болмайды, өйткені бұл олардың беделді жұмыс тауып алуына көбірек мүмкіндік береді. Келесі ұрпақта бұл процесс мына мағынада қайталанады: балалардың әке-шешесінде болған кәсіптік мүмкіндіктер беретін білім алу цензі жоғары бола түседі. Толып жатқан мысалдарға сүйене отырып, Будон мынадай қорытынды жасайды: ұжымдық жағдайларда индивидтер тап болатын сыртқы әлеуметтік шектеулердің негізінде әдетте өзара байланысты құрылымдар жатады, өйткені нақ сондай құрылымдар көптеген адамдардың жиынтық әрекеттері көбіне күтпеген және олардың мүдделеріне қарама-қайшы нәтижелерге апарып соқтыратынын топшылайды, олар әлеуметтік жағдайлардың сырттан таңылатын өзгерістері ретінде қабылданады. Жинақтың соңғы үш тарауында пошымдық-теориялық үлгілер қарастырылып, эмпириялық мәліметтерді талдау үшін қолданылады. Мейхью мен Шоллерт әлеуметтік құрылымның базалық үлгісін көрсетеді, мұның өзі Мейхьюдың құрылымдық шарттар ортақтықтың санына немесе басқа сандық қасиетіне негізделетін ықтималдықтардан шығарылатын үлгілерге ықыласының жалғасы болып табылады. Ұсынылған үлгіде әлеуметтік құрылымдағы мансаптық жіктеудің ықтимал дәрежесі тек екі: сандық және материалдық қамтамасыз етілу көрсеткішіне сүйеніп болжанады. Нәтижесінде индивидтердің қандай да болсын жеке қасиеттерін мүлдем елемейтін таза әлеуметтанушылық үлгі пайда болады. Бұл үлгіге сәйкес ортақтық саны, әлауқаттың жалпы деңгейі, сондай-ақ оның әрбір мүшесінің әл-ауқат деңгейі секілді факторлардың әрқайсысы күтілетін мансаптық жіктеуге белгілі бір

ықпал етеді. Белгілі бір әлеуметтік ортақтықтағы мансаптық жағдайлардың сан алуандығы және сол жағдайдың Джини индексімен (Gіnі іndex) өлшенетін ресурстардың шоғырлануы тұрғысынан теңсіздігі міндетті түрде байланысты еместігіне қарамастан авторлар өздері жасаған үлгі екіншісін де, біріншісін де қатаң түрде сандық және материалдық қамтамасыз етілу өлшемі негізінде болжай алады дегенді кесіп айтады. Мак-Ферсон әлеуметтік кірігудің тереңдеуіне ерікті бірлестіктердің қосатын үлесін және саяси билікті жұмылдыруға таптық айәырмашылықтардың маңызын талдау үшін сандық процедураларды тұжырымдайды. Іріктелген мәліметтерді талдай келіп, ол ерікті бірлестіктердің мүшелерін – кісілерді сипаттайтын тік бұрышты матрицаның параметрлерін есептеп шығады. МакФерсонның есептері ерікті бірлестіктердің мүшелері арқылы сол бірлестіктер арасындағы байланыс дәрежесін, адамдардың ерікті бірлестіктерге ортақ мүше болуының арқасында олардың арасындағы байланыс дәрежесін және әлеуметтік ортақтықтың мүшелерінің ерікті бірлестіктерге қатысуы нәтижесінде оның топтасқандық дәрежесін көрсетеді. Әртүрлі ұйымдар мүшелерінің арасындағы зерттеу дәйекті анықтайтын таптық айырмашылықтар түрлі ұйымдар арасындағы байланысқа күшейтуші ықпал етеді, ол мынадан көрінеді: қандай да бір ұйым таптық тиесілілік тұрғысынан қаншалық бір тектірек болса, таптық айырмашылықтар олардың байланыстарында соншалық кең көрініс береді. Осылайша, әртүрлі ұйымдар мүшелерінің айырмашылықтары мен ерікті бірлестіктердің бір тектілігінің ықпалдастығының нәтижесінде ұйымаралық байланыстардың қалың желісі қоғамның жоғары жіктеріне саяси жанжалдар кезінде ресурстарды жұмылдыру үшін беретін артықшылықтар еселене түседі. Қорытынды тарауды Брейгер о баста Уоллерстайнның әлемдік экономикалық жүйедегі мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстар жөніндегі теориясын (1974) тексеру мақсатымен шағын топтардағы байланыстарды зерттеу үшін жасалған блок-үлгіні пайдаланады. Ол өзінің процедурасы сол тексеріс үшін ыңғайлы екенін, өйткені бірліктер солардың

өздерінің сипаттамалары бойынша солардың басқа бірліктермен байланысы бойынша топтастырып жіктелетінін атап өтеді, бұл Уоллерстайнның өзі жекелеген елдің әлемдік экономикадағы орнын оның басқа елдермен қатынастарына сүйене отырып анықтағанымен бірдей. Бұрынырақ халықаралық саудаға жүргізілген осы сияқты блок-үлгілік талдау (Снайдер және Кик, 1979) Уоллерстайнның елдер арасындағы экономикалық қатынастар экономикалық тұрғыдан жетекші елдердің орталық тобы мен қаналатын елдердің перифериялық тобының арасындағы айырмашылықтарды бейнелейді деген тезисін негізінен қуаттайды (Үшінші, аралық категориясының бар екендігі эмпириялық мәліметтермен соншалық анық қуаттала қоймайды). Брейгер мұндай картинаны экономикалық тұрғыдан жетекші елдердің арасынан да аңғарады, онда да орталық және перифериялық топтар болады. Алайда автор мына мәселені көтереді: өзінің төл зерттеулері мен бұрынырақтағы эмпириялық зерттеулер негізделген сауданың жалпы көлемі бірінші кезекте елдің өзінің экономикалық ресурстары мен даму деңгейінің бейнеленуі емес пе, ал негізге алынған теория елдерді олардың өздерінің сипаттамалары бойынша емес, олардың басқа елдермен қатынасы негізінде топтастырып жіктеуді көздейді. Бұл сұраққа жауап беру үшін автор сауданың жалпы көлемін, демек экономикалық даму деңгейін есепке алудың күрделі процедурасын пайдаланады. Нәтижесінде алынған импорт пен экспорттың қалдықтық үлгілері орталық елдер тобы бар жалғыз біртұтас құрылымды емес, бір-бірімен бәсеке бірқатар орталықтардың бар екенін айғақтайды.

Эмердженттік қасиеттер

Бұл жинақтың мақалаларында айқын анықталған немесе топшыланатын әлеуметтік құрылым тұжырымдамалары бір-бірінен айтарлықтай өзгешеленеді, тіпті қарама-қайшы элементтерді де қамтиды. Біреулерінде әлеуметтік құрылым мен мәдениет салыстырылса, басқа біреулерінде мәдени рәміздер мен тереңде жатқан құрылымның мәнісінің өзі ретінде қарастырылады. Кейбір

авторлар құрылымды заңдылықтарды постулаттайтын және осылайша эмпириялық бақылауларды реттейтін теория пошымында тұжырымдамалайды, басқа бір авторлар әлеуметтік құрылым сыртқы эмпириялық нақты болмыста өмір сүреді және теорияны емес, теория көмегімен түсіндіру қажет болатын нәрсені көрсетеді деп санайды. Бірқатар авторлар құрылымды статустық айырмашылықтар шығарылатын әлеуметтік қатынастар үлгілерінің терминдерінде анықтайтын авторлармен қатар құрылымды әлеуметтік қатынастарға ықпал ететін статустық немесе мансаптық айырмашылықтар тұрғысынан анықтайды. Біреулердің көзқарасы тұрғысынан құрылымдық әлеуметтану істің мазмұндық жағын мүлдем елемей, әлеуметтік өмірдің сан мөлшері, жіктеу және иерархия сияқты таза пошымдық қырларын бөліп алса, басқа біреулерінің пікірі бойынша, макроәлеуметтанушылық құрылымдық зерттеулер назарын белгілі бір аймақтардағы белгілі бір уақыт кезеңдеріндегі тарихи әлеуметтік жүйелердің ерекшкліктерінде шоғырландырады. Пікірлердің кірігуі, реті мен бірлігі әлеуметтік құрылымның бір авторлар бөліп көрсететін анықтауы атрибуттары болса; басқалар жіктелуді, кереғарлық пен жанжалды шешуші факторлар деп қарастырады. Соған қарамастан, әлеуметтік құрылымға барлық осынау әрқилы көзқарастарда ортақ таянышты анықтауға болады. Ол мынада: әлеуметтік құрылым оны құрайтын элементтер кешенінің эмердженттік (пайда болатын, туындайтын – Ред.) қасиеттерімен, яғни бұл кешеннің жекелеген элементтерін сипаттамайтын қасиеттерімен бірдей. Кез-келген құрылымда құрылымның өзін құрайтын элементтерді және құрылым құралатын элементтер кешенін бөліп көрсетуге болады. Талдаушылық көзқарас тұрғысынан бұл екеуі бір нәрсе емес, өйткені құрылым элементтерінің кешені тек элементтердің механикалық жиынтығын білдіреді, ал құрылымның өзі, барынша кең мағынасында осы элементтердің өзара байланыстарымен, бұған қоса осы эементтердің өзара татулығымен жанама ықпалымен, олардың арасындағы тікелей байланыстарымен анықталады. Бұл айырмашылықтарды көрмеу ағаш

тасасындағы орманды көрмеумен тең. Барлық ағаштардың қосындысы, әрбір ағаштың жеке телімде немесе бәрі топтасып өсіп тұрғанына қарамастан, өзгермей қала береді. Алайда тек екінші жағдайда ағаштар орманды құрайды. Сутегі мен оттегіден су оларды құрайтын элементтермен емес, сол элементтер арасындағы байланыстармен ерекшеленеді. Бар айырмашылық мынада: атомдардың екі тұрпаты бір молекулада біріккен бе, әлде әртүрлі екі молекулада біріккен бе. Топ құрамы да оны құрайтын мүшелерінің жиынтығынан топтың жекелеген мүшелерін сипаттау үшін пайдаланылуы мүмкін емес қасиеттерімен ерекшеленеді, өйткені олар жекелеген мүшелердің қатынастарын немесе ұштасуын сипаттайды, демек, бүкіл топқа бүтін ретінде қарайды. Өз назарын әлеуметтік ортақтықтың эмердженттік қасиеттеріне шоғырландыра отырып, құрылымдық талдау өзінің мәнісі жағынан антиредукциялық әдіс болып табылады. Алайда, әңгіме тек жекелеген индивидтер мен ортақтықтар арасындағы айырмашылықтар туралы ғана болып отырмағанын атап өту керек. Құрылымның эмердженттік қасиеттері әлеуметтік ортақтықтың әрқилы деңгейінде байқала алады, ал эмердженттік қасиеттердің өлшемдері барлық деңгейлер үшін формалды түрде бірдей болғандықтан, бұл мұндай қасиеттердің табиғаты өзгеріссіз қалмайды деген сөз. Айқынырақ бола түсу үшін қайталайық, эмерджентті қасиеттер оны құрайтын элементтерге емес, бүкіл бүтінге тән. Бұл өлшем тұрғысынан алғанда интеллектуалдық қабілеттердің (ІQ) орташа деңгейі және білім деңгейінің орташа мәні, олар топ мүшелерінің жиынтығына жататынымен, топ құрылымының атрибуттары емес, ал социометриялық байланыстар мен топтық топтасқандық – топтың жекелеген мүшелерін бөліп алмайтын, демек, топ құрылымының эмердженттік қасиеттерін құрайтын атрибуттар. Ұйымдардың да эмердженттік қасиеттері, яғни еңбек ұжымдарының немесе аталмыш ұйымның басқа бөлімшелерінің қандай да бір сипаттарынан өзгешеленетін қасиеттері болады. Билік иерархиясының конфигурациясы, шешім қабылдау процесінің орталықтану дәрежесі және еңбек бөлінісі ұйымның эмердженттік құрылымдық қасиеттерін

көрсетеді. Ұлттың да халықтың әрқилы топтарының, ұйымдар мен аймақтардың сипаттамаларынан өзгешеленетін эмердженттік қасиеттері болады. Бұл қасиеттердің мысалдары елдегі басқару пошымы және оның экономикалық институттары бола алады. Эмердженттік әлеуметтік құрылымдар тым кең, бұлдыр және тіпті тылсым терминдермен жиі анықталады. Ғалымдар заман рухы, мәдениет конфигурациялары өркенияттың құлдырауы, фольксгайст (Volksgeіst), немесе халықтың ұлттық сипаты, әлеуметтік жүйенің гештальті (Gestalt) жайлы айтып жатады. Эмердженттік қасиеттер мен оның мәнісін білдіретін анықтамаларды пайдаланудың жаңсақ тәсілдері – «бүтін дегеніміз оның бөліктерінің жиынтығынан үлкен бірдеңе», – жаратылыстанудың филососфиялық проблемаларымен айналысатын және жіті ғылыми тұжырымдарды жөн көретін ғалымдардың оларға қарсы сынының себебі екендігіне күмән жоқ (қараңыз: Нагель, 1955). Дегенмен, эмердженттік қасиеттерді қатаң операциялық терминдермен анықтауға болады. Тіпті құрылымдық талдауда пайдаланылатын неғұрлым абстрактылы теориялық ұғымдар олардың мағынасы операциялауға және өлшеуге келетін болуы үшін, менің ойымша, жеткілікті анық тұжырымдамалана алады және солай етілуге тиіс. Бірақ операциялық эмердженттік қасиеттердің бірқатар топтарын қарастырмас бұрын, әлеуметтік құрылымның құрамдас бөліктер туралы, олардың арасындағы байланыстар туралы және құрылымдық зерттеулердің деңгейлері туралы бірер сөз айтып кету қажет. Әлеуметтік құрылымның компоненттері индивидтер, рөлдер, статустар, позициялар, топтар, орындар немесе кейбір аса күрделі ортақтықтың басқа да бөлімшелері сияқты тұжырымдамалана алады. Бастапқы сатыда компоненттер әдетте бірегей маркерлердің көмегімен суреттеледі, яғни не олардың атауы, не атауды алмастыратын рәміздері қолданылады. Осылайша, шағын топтарды социометриялық зерттеуде индивидтер есімдер, әріптер, сандар немесе сол сияқты ерекшелейтін рәміздер көмегімен анықталады; ортақтықтың кәсіптік құрылымын зерттеу кезінде кәсіптер олардың атаулары бойынша анықталады;

макроәлеуметтанушылық зерттеуде қалалар немесе ұлттар олардың атауларымен анықталады. Алайда зерттелетін объектілер және олардың құрамдас бөліктері арнайы маркерлердің көмегімен анықталатын кезде оларды бір жолы тек жеке-жеке суреттеуге болады, яғни оларды әлеуметтік құрылым туралы тіпті шектеулі немесе жорамалдық қорытулар жасау мақсатымен жүйелі талдау мүмкін емес. Жүйелі талдау бірегей маркерлерді ретке келтірілген талдаушылық қасиеттермен алмастыруды талап етеді (Пржеворский және Тоин, 1970). Осылайша, сауал әдісі бойынша жүргізілетін зерттеуде респонденттер олардың әрқилы сипаттамалары бойынша топтастырып жіктеледі; бұл осынау талдаушылық сипаттамалар арасындағы байланыстарды, мысалы білімділік деңгейі мен дауыс беруде кімге ықыласы ауатынының арасындағы байланыстарды анықтау мақсатымен жүргізіледі. Құрылымдық зерттеуде процедура принципінде дәл сондай, тек мұнда әуелі зерттеліп жатқан объект элементтерінің бірегей маркерлерін құрылымның талдаушылық қасиеттерімен алмастыру қажет. Мысалы, шағын топтарды зерттеу кезінде, топтың жекелеген мүшелері нобайланатын есімдер мен рәміздер топтың социометриялық байланыстарының түрліше сипаттамаларымен, ал кәсіптік топтардың атауы – еңбек бөлінісінің индексімен алмастырылады, мысалға әртүрлі мемлекеттерді салыстырмалы зерттеу кезінде солай етіледі. Макроәлеуметтанушылық зерттеулерде әлеуметтік құрылымның компоненттерінің өзі төл әлеуметтік құрылымы бар ірі ортақтық болып табылады. Және бұл арада ортақтықтар арасындағы төте байланыстарды қалайша тұжырымдамалау керек деген сұрақ туындайды. Мысалға, өзара тәуелділікті тіпті аралас-құраластық мүлдем жоқ кезде де төте байланыс деп қарастыруға болады ма? Бір жақты тәуелділікті немесе ортақ құндылықтар мен нормаларды төте байланыс деп санау керек пе? Әрине, бұл сұрақтардың бәрі дефиницияға тіреледі, соған қарамастан мен оларға теріс жауап беруге болады және төте байланысты немесе әлеуметтік қатынасты топтар арасындағы (саны жағынан немесе ресурстармен қамтамасыз етілуі жағынан айырмашылықтар секілді абстрактылы қатынастардан өзгеше) шын әлеуметтік ықпалдастық және

аралас-құраластық деп анықтауға болады деп санаймын, олар бірсәттік (ықпалдастықтың дара актысы) немесе ұзаққа созылатын (отбасылық неке қатынастары), әлеуметтік немесе экономикалық, қатынас бола алады, олар ынтымақтастық немесе жанжал пошымында көрініс бере алады, жағдайы тең адамдар арасында немесе басшылар мен бағыныштылар арасында жүзеге асырыла алады. Кейбір әлеуметтік аралас-құраластық мысалы бейресми жағдайда төте араласып-құраласу топтар арасында емес, тек жекелеген адамдар арасында ғана орын алады, яғни үлкен топтардың әлеуметтік ықпалдастығының деңгейі (жиілігі) түрінде көрінеді. Мұның мысалы этносаралық некелердің, әртүрлі нәсіл өкілдерінің арасындағы достық қатынастардың, әрқилы әлеуметтік тап өкілдерінің – қарама-қарсы жыныс кісілерінің жолығып тұруының деңгейлері бола алады. Дюркгейм әлеуметтік фактыларды көбіне индивидуалдық тәртіп жиілігі: некелер, ажырасулар, өзін-өзі өлтірулер және т.б. деңгейі түрінде көрсетуге болатынын атап өткен бірінші ғалым болатын. Әлеуметтік құрылымдар – барған сайын ауқымы кеңейе беретін, бір-біріне енетін кейінгі деңгейлер сериясы. Әлеуметтік құрылым туралы мұндай түсінікті алғаш рет 1965 жылы Саймон ұсынды да, осы жинақта еңбектері бар Уоллас пен Уорринер тарапынан одан әрі зерттеді. Мәселен, егер жоғарыдан төмен құлдилайтын болсақ, елдер аймақтардан тұрады, олар провинциялар мен штаттарға бөлінеді, олар округтар мен қалаларды қамтиды, соңғылары өз кезегінде аудандардан құралады, аудандар отбасылар немесе жеке адамдар тұратын орамдар мен үйлерге бөлінеді. Құрылымның қандай деңгейін зерттеуді, сондай-ақ оның талдауының құрылымы туралы қорыту жасау мүмкін болып көрінетін бірлігі не болатынын зерттеуші шешеді. Құрылымның қандай деңгейі таңдап алынбасын, оған көрші деңгейге қатысы бойынша талдана алады. Келесі, неғұрлым жоғары деңгей – зерттеліп отырған құрылымға ықпал ететін қоршаған орта. Мысалы, еңбек ұжымдарының құрылымын зерттеу кезінде олардың тікелей әлеуметтік ортасы өздері жұмыс істейтін ұйым бөлімшесіндегі жағдай болып табылады. Фирмалардың құрылымын зерттеу

кезінде мұндай тікелей әлеуметтік орта базар шарты болып табылады. Әрқилы әлеуметтік тіндердегі құрылымдардың айтарлықтай санын зерттеп алмай тұрып қоршаған ортаның ықпалын жүйелі ізерлеп шығу мүмкін емес екендігі әбден анық. Келесі, неғұрлым төмен деңгей зерттеліп отырған құрылым элементтерінің жиынтығынан тұрады. Мұндай құрамдас элементтердің мысалдары еңбек ұжымының мүшелері, қаланың, этностық топтары, компанияның бөлімдері мен филиалдары бола алады. Алайда әлеуметтік құрылымның өзін талдау оны құрайтын элементтерді ішкі құрылымымен қоса зерттеуден түбірінен өзгешеленеді, өйткені мұндай талдау, элементтер жиынтығының эмердженттік қасиеттеріне шоғырланады, ол қасиеттер жекелеген элементтерді емес, олардың ұштасу тәсілі мен олардың арасындағы қатынасты сипаттайды. Енді, ақыр соңында, эмердженттік қасиеттердің негізгі төрт түрін қарастырамыз. Бірінші түр – әлеуметтік жиынтық элементтерінің саны. Шағын топ үшін бұл әрқашан оның жекелеген мүшелерінің саны. Алайда қоғам және басқа ірі бірлестіктер үшін компоненттер санын есептеудің екі тәсілі бар. Біріншісі, шағын топтар мен кез-келген мөлшердегі ортақтастықтардағы секілді – жекелеген барлық мүшелерді есепке алу. Екінші тәсіл неғұрлым ірі компоненттерді, мысалы, штат құрамына кіретін ортақтастықтар санын, корпорацияның бөлімшелерінің санын, базардағы тәуелсіз фирмалардың санын, тайпадағы рулар санын есепке алу. Индивидтер саны мен бірнеше түрлері болуы мүмкін шағын топтар саны әлеуметтік бірлестіктердің эмердженттік қасиеттерінің әрқилы екі түрін білдіреді. Топтың саны жіктелудің әрқилы пошымдарын көрсететін барлық құрылымдық қасиеттердің тұғыры ретінде қарастырыла алатындығына қарамастан, ол, қатаң айтқанда, әлеуметтік құрылымның қасиеті емес, ал компоненттер саны әлеуметтік құрылымның анық атрибуты болып табылады. Соған қарамастан әлеуметтік ортақтық саны – элементтердің әлеуметтік жиынтығының бастапқы тұрпаттық эмерджентті қасиет; оның белгілі бір операциялық мәні бар; ол элементтерсіз тіршілік ете алмайды, алайда элементтерді жекелеп емес, тек жиынтығында сипаттайды.

Топтың немесе қоғамның саны көбіне еленбейді немесе теориялық жағынан қызықтырмайтын нәрсе ретінде қарастырылады. Керісінше, біздің көзқарастарымыз бойынша, сан – құрылымдық әлеуметтанудағы өте маңызды теориялық категория, өйткені ол барлық, құрылымдары зерттелетін әлеуметтік топтардың бүкіл сан алуандығын ғана емес,қандай да бір әлеуметтік бірлестіктің құрылымдық компоненттері болып табылатын кез-келген профильдегі кіші топты да қоса, әлеуметтік топтардың ортақ эмердженттік қасиеттері болып табылады. Эмердженттік қасиеттердің екінші түрі әлеуметтік топ құрылымы элементтерінің арасындағы төте байланыстарды білдіретін адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарға жатады. Шағын топтардағы индивидтердің әлеуметтік қатынастары тікелей әлеуметтік ықпалдастық пен аралас-құраластық арқылы білдіреді. Топ құрылымы, дәлірек айтқанда оның бір қыры, социограмма түрінде графикалық жолмен бейнелене алады және әдетте артықшылық беру матрицасының көмегімен көрсетіледі, одан құрылымның толып жатқан өлшеулері алына алады. Бүкіл қоғамды немесе басқа ірі әлеуметтік бірлестіктерді макроәлеуметтанушылық зерттеулерде құрылымдық компоненттер – әрқилы өлшеулердегі индивидтер комбинациясы (бұл зерттеушіні миллиондаған компоненттер арасындағы қатынастарды зерттеуден құтқарады): әрқилы тектегі топтар, әрқилы ауқымдағы аумақтар (аудандар, қауымдар), сондай-ақ иерархиялық айырмашылықтар негізінде бөліп алынатын әлеуметтік жіктер. Халықтың барлық осынау бөлімшелері адамдардың солардың өздері негізге алып әлеуметтік айырмашылықтар жүргізетін барлық өзгешелейтін ерекшеліктерінің барынша кең мағынасында қолданылған «әлеуметтік жағдай» категориясына жатқызыла алады. Аталып өткеніндей, әрқилы жағдайлар арасындағы төте байланыстардың көрсеткіштері – сол жағдайларға ие адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастар мен ықпалдастықтардың жиілігі мен деңгейі, мысалы ұйымда әрқилы мансапқа ие тұлғалар арасындағы әлеуметтік қатынастар деңгейі. Алайда, сондай-ақ қоғамның ірі компоненттері арасында басқа да төте байланыстар болады,

мысалы фирмалар арасындағы сауда мен басқа да айырбас пошымдары немесе саяси партиялар арасындағы коалициялар мен жанжалдар. Адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды бейнелейтін категориялар әлеуметтік топ құрылымының эмердженттік қасиеттерін анық көрсетеді, егер сол топты құрайтын элементтер жекелеп қарастырылса, ол қасиеттер тіпті болмас еді. Тағы бір эмердженттік қасиет – әлеуметтік жиынтық құрамы, ол қасиет оның элементтері арасындағы айырмашылықтардан көрінеді. Бұл айырмашылықтар мен олардың дәрежесі, құрамдас элементтері реттелмеген яғни тек маркерленетін номиналдық категориялар бола ма, анықталуы мүмкін немесе рангылана алатын реттелген таптар бола ма соған қарамастан анықтала алады. Бұл орайда әдетте мынадай сауалдар қойылады: әрқилы институттар бір-бірінен қаншалықты өзгешеленеді және жекелеген институциялық өрістер қанша? Өнеркәсіптік сан алуандық еңбек бөлінісі немесе этностық әртектілік қаншалықты көп жақты бола алады? Адамдардың көпшілігі бір дінді ұстана ма, әлде көп дінді ұстана ма? Сан алуандықты немесе әртектілікті анықтауға келсек, онда әрқилы компоненттердің көлеміндегі ғана емес, оның санындағы айырмашылықтарды да есепке алу қажет. Айталық, екі қауымда бірдей он наным-сенімдер бар делік. Бірақ бір қауымда халықтың 90%-ы бір дінді ұстанады, тек 10%-ы басқа діндерді ұстанады. Бұған керісінше екінші қауымда әрбір дінді шамамен адамдардың 10%-ы ұстанады. Діни сенімі жағынан әркелкі бөлінген бірінші қауымды діни ұстанымдары бойынша халқы біркелкі бөлінген екінші қауымға қарағанда діни әртектіліктің төмен екендігі мүлдем айдан анық. Жіктелу негізі қандай да бір ресурсқа, мысалы байлыққа, кіріске, билікке немесе білімге ие болудағы айырмашылықтар болып табылатын әлеуметтік компоненттер үшін сол ресурсты бөлудегі әркелкілік әлеуметтік теңсіздік дәрежесін айғақтайды (бұл арада халықтың бөлінуі мен ресурстың бөлінуі арасындағы айырмашылық көп нәрсені аңғартады). Теңсіздіктің әрқилы пошымдары – әлеуметтік жиынтық құрамының әрқилы жақтары. Композициялық сипаттамалар да бүтіннің жекелеген бөлшектерінде көрінбей,

оның құрылымына анық жататындығымен эмердженттік қасиет өлшемдері талабына сай келеді. Ақыр соңында, неғұрлым жоғары деңгейдегі құрылымдық қасиеттердің екі тұрпатын айта кету қажет. Олардың бірі, қоғам инфрақұрылымының жанжақты сипаттамаларында (Лазарсфельд пен Мензель, 1969), олар қоғам өмірінің негізінде жатады және оның бақыланатын үлгілерін түсіндіреді деп топшыланады. Әлеуметтік құрылымды осы қасиеттерге баса назар аударып зерттеу тәсілі, олардың жақтастарының пікірі бойынша қоғам базисінің іргелі табиғаты қандай екендігіне, яғни ол негізінен объективті экономикалық жағдайлардың жиынтығы ретінде, әлде субъективті мәдени құндылықтар жиынтығы ретінде қарастырыла ма, соған қарай мүлдем әрқилы, тіпті қарамақайшы теориялар туындатады. Маркс үшін әлеуметтік инфрақұрылым материалдық экономикалық жағдайларда: өндіргіш күштерде, өндірістік қатынастарда және олардың диалектикалық ықпалдастығында. Леви-Строс үшін тереңде жатқан құрылым – мәдени рәміздер мен мәністер саласы, сондайақ Парсонс үшін мәдени құндылықтар мен нормалар, сайып келгенде әлеуметтік қарекетті, адамдар, қоғам институттары арасындағы қатынастарды басқаратын субстратты құрайды. Құрылымдық қасиеттердің неғұрлым жоғары деңгейдегі екінші тұрпаты – неғұрлым төмен деңгейдегі қасиеттерден, не элементтер арасындағы әлеуметтік қатынастар үлгісінен, не элементтер комбинацияларынан шығарылатын абстракциялар. Мәселен желілік талдаудың (network analysts) жақтастары неғұрлым қарапайым факторларға күрделі толып жатқан факторларға баса көңіл бөледі, солардың терминдерінде әлеуметтік тізбекті сипаттап, талдауға болады (Митчелл, 1969: Барнс, 1972). Блок-модельдеу тұсында әлеуметтік жағдайлар құрылымының бейнеленуін алу үшін әлеуметтік қатынастар үлгілерінің ұқсастықтары пайдаланылады (Уайт және басқалар, 1976). Брейгердің елдер арасындағы сауда қатынастарын зерттеуі соның бейнеленуі қызметін атқара алады. Әлеуметтік жиынтық құрамынан оның ішкі ерекшеліктеріне, әсіресе оның мүшелерінің әрқилы жағдайлар бойынша

бөлінуіне жататын басқа бір текті абстракцияны бөліп алуға болады. Ішкі айырмашылықтардың көптеген қырларын көруге болатындықтан, мынадай сұрақ қою орынды: әртүрлі бағыт бойынша айырмашылықтар ішінара (немесе толық) сай келмей, қандай дәрежеде қиылысады? Мұны олардың арасындағы эмпириялық жолмен анықталатын белгілі бір корреляция айғақтайды. Мысалы, кәсіптік қызмет, білім деңгейі немесе табыстар сипатындағы айырмашылқтар қаншалықты тығыз өзара байланысты? Әтүрлі өлшеулердегі ерекшелейтін белгілер қиылысатын деңгей әлеуметтік құрылымның әлеуметтік қатынастар мен кірігу үшін зор маңызы бар эмердженттік қасиеттері болып табылады (Блау, 1977). Эмердженттік қасиеттер – индивидтер бастан өткеретін сыртқы құрылымдық шектеулердің қайнар көзі, ал сол шектеулердің ықпалы, олар бостан ырықтың көрінісімен тек белгілі бір дәрежеде ғана сәйкес келетінін аңғартады. Мысал ретінде қандай да бір ортақтастық құрамының ондағы әлеуметтік қатынастарға ықпалын алайық. Христиан дінін әрбір ұстанатын американдық евреймен достық қарым-қатынас орнатуға ерікті болуына қарамастан, көптеген христиан-американдықтардың мұндай достары жоқ және болуы да мүмкін емес, себебі елде, былайша айтқанда, еврейлер жай ғана бәріне жетпейді. Индивидтер кез-келген әлеуметтік қатынастар орнату таңдауында бостан екендігіне қарамастан, олар айналасындағы адамдардың қайсысымен әлеуметтік қатынастар орнатуға болатынын анықтауда ерікті емес. Әлеуметтік құрылымның бұл сипаты индивидтердің ұқсас таңдауын сөзсіз шектейді. Будон келтіретін тағы бір мысал: әрбір адам банктағы өз есепшотын жабуға немесе ақшасын өз шотында қалдыруға ерікті. Алайда адамдардың көпшілігі банктардан өз салымдарын ала бастауы мұң екен, бұл басқа адамдарды да өз шоттарын жабуға мәжбүр етеді, ол банктың өз салымшыларына төлем төлейтін қаржысы қалмайтын күнді жақындата түседі, мұның өзі әрине салымшылар қол жеткізгісі келген мақсатқа анық кереғар жайт. Мұндай жағдайда индивид дәрменсіз және ақшасынан айрылып қалмау үшін сол процеске қатысуға мәжбүр. Осылайша, іргелі принцип мынадай:

эмердженттік қасиеттер – әлеуметтік құрылымның индивидтер тарапынан бақылауға көнбейтін сипаты, бұл сипат олардың төл әрекеттерінің ортақ нәтижесі болған күннің өзінде солай болып қала береді және әлеуметтік ортаның осынау шарттары адамдардың бостан ырқы іске асыра алатын нәрсесін қажеттілікпен шектейді.

Әлеуметтік құрылым тұжырымдамасындағы айырмашылықтар

Әлеуметтік ортақтықтардың эмердженттік қасиеттерінің маңызын мойындау маған құрылымдық әлеуметтанудың ең төмен ортақ таянышы болып көрінеді. Қарама-қарсы көзқарас Хоманс секілді (1974) әдістемелік индивидуалистердің психологиялық редукционизмі болып табылады, олар әлеуметтік ортақтықтарды солардың қарапайым қасиеттерімен, яғни индивидтер тәртібін басқаратын психологиялық ұғымдар мен принциптер тұрғысынан түсіндіруге ұмтылады. Алайда басқа параметрлер бойынша құрылымдық әлеуметтанушылардың тұжырымдамалары бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді, ол жайында бұрын айтылды және оны осы жинақтағы мақалалар айғақтай алады. Леви-Строс структурализмі мен Маркстың структурализмі назарын әртүрлі эмердженттік қасиеттерге аударады және басқа да жақтарынан өзгешеленеді. Сонымен бір мезгілде осынау екі теориялық бағыт желілік талдау мен құрылымдық функционализмнен өзгешеленеді. Олардың негізгі айырмашылықтарын қысқаша қарастырамыз. Құрылымдық зерттеудің ауқымы, шағын топтардағы әлеуметтікпсихологиялық процестер мен әлеуметтік байланыстарды микроәлеуметтанушылық зерттеулерден бастап, тұтас мемлекеттер шеңберіндегі немесе тіпті халықаралық қатынастардың әлемдік жүйесі шеңберіндегі әлеуметтік жағдайлар мен қатынастар үлгілеріне дейін өзгеріп отыра алады. Неғұрлым абстрактылы деңгейде микроәлеуметтану шағын топтармен емес, қоғамды жан-жақты қамтитын, мысалы пікірдің қалыптасуы мен оны басқару, әлеуметтік айырбас, статустық сериялар, рөлдік сериялар

секілді микропроцестермен және микроқұрылымдармен айналысады, яғни микроэкономикаға ұқсас амалды пайдаланады (ұлттарды көптеген салыстырмалы түрде зерттеулердің проблемасы – олар елдердің азғантай ғана санымен шектеледі, мұның өзі қоғамның әрқилы тұрпаттарының құрылымын талдаудан басқаға бұрып жібереді, өйткені салыстыру үшін мысалдар өте аз болады), және қоғамдарды берілген әлеуметтік тіндер ретінде қарастыруға және индивидтердің тәртібі мен қатынастарына осы социеталдық тіндік жасайтын ықпал тұрғысынан қарауға жәрдемдеседі. Қоғам құрылымын зерттеу бұлайша жүзеге асырыла алмайды. Талдау бірлігі ретінде қоғамның жекелеген мүшелері емес, тұтас қоғамдар атаулы пайдаланылуы қажет, бұл қоғамдардың жеткілікті мөлшерінен жиналған мәліметтер сенімді қорытулар жасауға мүмкіндік бере ме немесе кейінірек тексеруге тура келетін идеялар тек бірнеше объектіні нақты зерттеп білуге негізделе ме, соларға қарамастан істелуі керек. Неғұрлым талдаушылық мағынада ауқымға қатысты басқа бір айырмашылық талдау әлеуметтік құрылыммен шектелген бе (ол қалай нобайланса да) немесе құрылымдағы шарттар мен құрылымдық өзгерістерді айқындайтын факторлар ретінде қарастырылатын сыртқы күштерге тарала ма, соған қарап айқындалады. Құрылымдық шарттар мен өзгерістердің мұндай сыртқы себептері инфроқұрылым тұжырымдамасының бір бөлігі (міндетті болмаса да) бола алады. Егер мен дұрыс түсінсем, Парсонс пен Леви-Строс арасындағы айырмашылық осында. Парсонс үшін мәдениет талдамалық әлеуметтік құрылымнан өзгешеленеді және оған зор ықпал жасайды (Бұл орайда Уоллас мәдениет пен әлеуметтік құрылым арасындағы айырмашылықты анықтаудағы Парсонстың дәйексіздігін атап өтеді). Леви-Стросқа келсек, мәдени рәміздер мен мәндердің өздері-ақ әлеуметтік құрылымның мәнісі болып табылады. Спенсерден бастап Ленскиге дейінгі эволюционистер (1975) құрылымдық жіктелудің эволюциялық кеңеюін басқаратын күш технологиялық өзгерістер деп біледі. Хоманс үшін де, Фрейд үшін де, әлеуметтік құрылымды анықтайтын сыртқы факторлар – адам тәртібінің психологиялық принциптері. Жақында биоәлеуметтанушылар (мысалы, Уилсон, 1975) әлеуметтік өмірдің

құрылымы сайып келгенде адамның биологиялық түзілімінде жатыр деген ойды көлденең тартты. Әлеуметтік құрылым тұжырымдамасы субъективті немесе объективті онтологияға негізделе алады. Осынау қарама-қайшылықтың иллюстрациясы тарихты Гегельдің идеалистік тәпсірлеуі мен Маркстың материалистік тәпсірлеуі арасындағы айырмашылық бола алады. Бұл орайда айқындаушы өлшем – әлеуметтік құрылым рәміздік интеллектуалдық конструкция түрінде немесе ресурстар мен әлеуметтік жағдайларды бөлуде көрінетін объективті эмпириялық нақтылық түрінде тұжырымдамалана ала ма деген нәрсе. Осынау дихотомияға әлеуметтік құбылыстардың психологиялық және физиологиялық қырлары арасында Уоллас жүргізетін айырмашылық та, психологиядағы психикалық талдау мен бихевиоризм арасындағы және әлеуметтанудағы парсонстық және экологиялық көзқарастар арасындағы айырмашылықтар да жатады. Личтің, Россидің және Айзенштадтың пікірі бойынша, Леви-Стростың структурализмі субъективті көзқарасты, ал марксистік структурализм объективті көзқарасты білдіреді, Эмпириялық мәліметтерді түсіндіру үшін теориялар сол мәліметтерді жай ғана қорытудан ілгерілей түсуге тиіс деген принципті қабылдай отырып (Брейтуэйт, 1953), құрылымдық талдаушылар, сонымен бірге, бір жағынан, олардың ең абстрактылы теориялық категориялары құрылымның эмпириялық бақылау бақылауларымен қамтылмайтын немесе оларда нобайлап қана көрсетілетін бөлігін қалай бейнелейтінінің дәрежесі бойынша, екінші жағынан, сол категориялардың эмпириялық бақылаулардан және операциялық ұғымдармен логикалық байланыстан шығарылу дәрежесі бойынша ерекшеленеді,олар әлеуметтанушылық зерттеу процесінде өлшене алады. Әлеуметтанушы іргелі субстрат ретінде жасайтын бірде-бір нақты тарихи жағдайда жан-жақты көрсетілмеген әлеуметтік құрылымның мінсіз тұжырымдамасы әдетте нақты эмпириялық жолмен тауып алуға жеткілікті жіті анықталмаған ұғымдарды туындатады. Леви-Стростың тереңде жатқан құрылым ұғымы жөнінде Лич осыны айтады. Леви-Стростың туыстық

құрылымының үлгісі шынында да некенің нақты ережелерін меңзейді, ал оның аңыздардың маңызы мен іргелі құрылымы жөніндегі тұжырымдамасы, ойдың ширақтығымен тәнті етсе де, жеткілікті айқын анықталмаған, бұл басқа зерттеушілердің Леви-Строс ұсынған тұжырымдамалық айырмашылықтар негізінде аңыздарды анық топтастырып жіктеуіне мүмкіндік бермейді. Ал теориялық ұғымдар ұштастырылып алынған эмпириялық бақылау нәтижесінде пайда болғанда, оларды абстрактылы да, нақты да тұжырымдамалау оңай. Осылай, мысалы әлемдік экономикалық жүйедегі елдің жағдайы, оның экономикалық әлуетіне қарамастан оның басқа елдер жөніндегі экспорттық-импорттық саясатына байланысты деген тұжырымдама айтарлықтай абстрактылы идея, өйткені әрқилы өнімдердің экспорты мен импорты әрқалай жүзеге асырылады, ал бұл процестің өзі іс жүзінде елдің экономикалық әлуетіне байланысты; соған қарамастан Брейгердің блок-үлгісі осынау теориялық тұжырымдаманың негізгі эмпириялық мазмұнын көрсетеді. Дәл сол секілді Будонның өзара тәуелділік жүйелерінің парадокстық салдарлары индивидтердің мақсатты қарекеттерін талдау негізінде құрылған абстракциялар болып табылады. Соған қарамастан келтірілетін мысалдар бұл абстракциялардың эмпириялық көріністерін бақылауға болатынын айғақтайды. Әлеуметтік құрылым жіктелу линиялары құрайтын көп өлшемді кеңістік деген менің анықтамам (Блау, 1977) да абстракция, ол жіктелудің әрқилы линияларының арасындағы эмпириялық байланыстардан шығарылады, және солар арқылы көрінеді. Құрылымдық талдаудың тағы бір түрі әлеуметтік құрылым тұжырымдамасы мен әлеуметтік қызмет пен қызметтік талаптар туралы түсініктер арасындағы тығыз байланыстың болуымен анықталады. Мәселен, Парсонстың әлеуметтік құрылым тұжырымдамасы оның теориялық шарттарына сүйенеді, ол шарттар бойынша барлық әлеуметтік жүйелер төрт қызметтік талаптарды қанағаттандыруы қажет, ьұл орайда институциялық құрылымның бейімделу, мақсатқа жету, кірігу және үлгіні сақтау қызметтерін қамтамасыз ететін төрт өрісіне жіктелуге тиіс. Кіші жүйелер де осы қызметтік

талаптарды қанағаттандыруға тиіс болатындықтан, содан кейін олар параллель сызықтар бойынша бөлінеді. Осылайша, эволюциялық даму қайталана бөліну түріндегі өскелең жіктелуден құралады. Мертонның соңғы теориялық жұмыстарының бағыты бұған қарама-қарсы. Өзінің ертеректегі жұмыстарында ол да әлеуметтік құрылымды зерттеуді қызметтік талдаудың өзі нұсқасымен байланыстыратын. Алайда ол кейінірек, структурализмнің неғұрлым жіті анықталған пошымына көшті, мұны Барбано атап өтеді (1968) және бұл оның статустық сериялар мен рөлдік серияларды талдауында барынша жарқын көрінеді (Мертон, 1968). Екі әлеуметтанушының дамуындағы мұндай ажырасу бір ұрпақ бұрын да болған-ды. Мәселен Малиновский негізінен функционалист болып қала берді, ал Рэдклиф-Браун (1940) құрылымдық талдау пошымына жақындады, бұл пошымыда, бері салғанда қандай да бір дәрежеде, функционалистердің қорытындылары мен топшылаулары жөнінде скептикалық көзқарас болатын. Зиммель әлеуметтік өмірдің пошымдары мен оның мазмұны арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Ол былай деп атап көрсетеді: әлеуметтанудың пәні социацияның пошымдары (Vergesellschaftung) олар оның мазмұнынан бөлек қарастырылуға тиіс, дегенмен әлеуметтік пошымдар қандайда бір нақты орын алатын мазмұнда ғана нақты көріне алады. Зиммель мазмұн категориясы дегенге факторлардың екі түрін жатқызады: индивидтердің олардың тәртібінің себебі болатын психологиялық бағдар (мысалы, қызғаныш пен ашқарақтық) және зерттеудің институциялық саласы (мысалы, экономикалық немесе саяси өмірді зерттеу). Социацияның тұрақты пошымдары тұжырымдамасы негізінен әлеуметтік интеракцияның бәсеке мен жанжал секілді процестерін қамтиды. Бұл орайда интеракцияның әрбір түрінің ортақ белгілеріне, олар неден – қызғаныштан немесе атаққұмарлықтан – туғанына және қай жерде – бейресми аралас-құраластықта немесе өндірістік қызметте – болғанына қарамастан, баса назар аударылады. Алайда әлеуметтік өмірдің пошымдары әрқилы әлеуметтік жағдайдың бейтаныс кісінің рөлі, еңбек бөлінісі немесе қайыршы мен жай ғана

кедейдің арасындағы айырмашылық секілді үлгілерінде немесе құрылымдарында көрінеді. Қоғамдық құрылым, Зиммель жасайтын үкім оның пошымдық қасиеттерінің терминдерінде немесе, Вебер жасайтындай, құрылымның субстанциялық мазмұны терминдерінде тұжырымдамаланады. Зиммель триадаларды, олардың үш индивидтен немесе үш ұлттан құралатындығынан тәуелсіз, олар экономикалық немесе әскери текетіреске тартылғантартылмағанынан тәуелсіз қарастырса, Вебер әлеуметтік тәртіп пен институттар үшін кальвинизм этикасының объективті маңызы мәселесімен айналысты. Макроәлеуметтануда пошымға баса көңіл бөлу көбіне адамдардың әлеуметтік бөлінуінің конфигурациясын анықтауға, яғни адамдардың көпшілігі бірдей әлеуметтік жағдай алатын-алмайтынын немесе олар, сол жағдайдың мазмұнына тәуелсіз, әртүрлі жағдайларға бөлінген-бөлінбегенін көрсетуге саяды. Бұған мысал – еңбек бөлінісін немесе әлеуметтік стратификацияны зерттеу. Екінші жағынан, мазмұнға баса көңіл бөлу, әдетте, мәдениқұндылықтық бағдардың рөлін, олардың субстанциялық маңызы мен ықпалын зерттеуге саяды. Мысал ретінде діни наным-сенімдер мен саяси идеологияларды зерттеуді келтіруге болады. Алайда бұл макроәлеуметтанушылық зерттеулерде пошым мен мазмұн арасындағы айырмашылықтарды қолданудың жалғыз тәсілі емес. Осы терминдердегі басқа бір қайшылық Виндельбандтың номометикалық және идеографиялық тұжырымдамаларының дихотомиясымен балама ретінде ұсыныла алатын қайшылық, пошымдық теориялық абстракцияларға немесе ерекше тарихи жағдайларға көп көңіл бөлінетін-бөлінбейтіндігімен анықталады. Әлеуметтік-экономикалық оқиғаларды түсіндіруімізде біз таптық құрылымдар мен халықаралық қатынастардың жүйелеріне тектік сипаттама беруге немесе түрлі елдердегі нақты тарихи жағдайларды сипаттап беруге тырысамыз ба? Уоллерстайн мен Альтюссерге өзінің сынында Цайтлин нақ осы мәселені көтереді. Өзінің эмпириялық мазмұны жағынан әрқилы туыстық пен аңыздар ережелерінің негізінде жататын ортақ пошымдық қасиеттер мен

принциптер бар ма? Личтің пікірі бойынша, Леви-Стросты ағылшын антропологтарынан өзгешелейтін нәрсе нақ осы мәселе теңсіздіктің жалпы сипаттағы теорияларын, теңсіздіктің нақты табиғатын елемей, жасау керек пе немесе әлеуметтік теориялар экономикалық теңсіздікке яки теңсіздіктің қандай да бір басқа түріне нақты қатысты болу керек пе? Менің және марксистік құрылымдық теориялардың айырмашылығы осы сұрақтың жауабында жатыр. Пошымдық тәслі неғұрлым абстрактылы және жалпылама сипатқа, ал мазмұндық тәсіл неғұрлым тарихи және эмпириялық сипатқа ие. Осы айырмашылық тұрғысынан қарағанда Леви-Строс теориясы мен менің теориям неғұрлым пошымдық, ал Вебер мен Маркстың теориялары неғұрлым мазмұнды. Кең қорытуларға нақтылық арқылы қол жетеді. Әлеуметтік пошымдар тарихи мазмұнды көлегейлейді. Маркстың теориясында, Поппер (1959) «эмпириялық мазмұн» ұғымын пайдаланған мағынада, менің теорияммен салыстырғанда эмпириялық мазмұн мол, өйткені менің тұжырымдамамда әрқилы теңсіздіктердің төл ерекшеліктері қамтылмайды, ал Маркстың теориясы экономикалық теңсіздікті нақты сипаттайды. Құрылымдық талдауда біз тоқталатын соңғы жіктеуші фактор «әлеуметтік қатынастар» мен «әлеуметтік жағдайлар» деген ұғымдар ең қарапайым ұғымдар болып табыла ма, жоқ па деген сұрақтың жауабында жатыр. Құрылым атаулы, рәміздер, құндылықтар мәдениеттің маңызы терминдерінде тұжырымдалаынатын теориялар үшін (Леви-Строс теориясында байқалатындай) әлеуметтік жағдай да, әлеуметтік қатынас та қарапайым бастапқы категориялар болып табылмайды. Алайда, структуралистәлеуметтанушылардың көпшілігі идеялар мен мұраттардың мәдени өрісінің және қатынастардың әртүрлі жағдайлары мен үлгілері өрісінің арасынан айырмашылық көреді. Кейбір әлеуметтанушылар үшін әлеуметтік қатынастар үлгілерін жасау талдаудың бастапқы нүктесі болып табылады. Бұл орайда нақ адамдар арасындағы қатынастар жіктелген рөлдер мен жағдайларға алып келді деп топшыланады. Басқа бір әлеуметтанушылар үшін бастапқы нүкте – әлеуметтік тұрғыдан мойындалған жағдайлар арасындағы айырмашылық. Бұл

орайда адамдардың әлеуметтік жағдайы олардың әлеуметтік қатынастарына зор ықпал етеді деп топшыланады. Бірінші бағдар микроәлеуметтанушылық зерттеулерде, екіншісі – макроәлеуметтанулық зерттеулерде басым болады, мұның өзі әбден орынды, өйткені екі бағдарда да себептік ықпалдың басты бағыттары, тегінде, төтесінен қарама-қарсы. Шағын топтардың қалыптасуының бастапқы сатысында әлеуметтік интеракциялар процесінде орнатылған әлеуметтік қатынастар топ мүшелерінің рөлін жіктейді, алайда тұрақты ұйымдарда немесе қоғамдарда әлеуметтік қатынастардың көпшілігі реттелген атрибуттар мен қолда бар ресурстарда бекітілген әлеуметтік жағдайлардағы орнықты айырмашылықтар арқылы реттеледі. Саны өте аз шағын топтардағы әлеуметтік қатынастарды талдау үшін социометриялық әдістерді немесе үлгілер процедураларын пайдаланатын зерттеулерге бірңншң тәсіл тән. Қатынастардың алынған үлгілері индивидтерді әлеуметтік рөлдер немесе жағдайлар бойынша топтастырып жіктеу үшін қолданылады. Бастапқыда бұл әдістер шағын топтарды зерттеу кезінде әзірленеді, алайда Брейгер жүргізген халықаралық сауда қатынастарын талдау мысалынан көрінетініндей, олар ортақтықтар топтары арасындағы қатынастарды зерттеуге де бейімделді. Екінші тәслі эмпириялық зерттеулерден көрінеді, ол арада индивидтер әуелі әлеуметтік жағдайы бойынша, мысалы, діни наным-сенім, этностық табындық, өнеркәсіп салалыр немесе кәсіп негізіндегі категорияларды шектеулі санына сәйкес топтастырып жіктеледі, содан кейін жақын немесе қашық жағдайларға ие адамдар арасындағы қатынастар үлгілері талданады. Бұл процедураның бір нұсқасы МакФерсонның ерікті бірлестіктер туралы баяндамасында берілген. Объективті онтологияның ұштасуы мазмұннан гөрі пошым көбірек көңіл бөлу, сондай-ақ әлеуметтік жағдайлардағы айырмашылықтар әлеуметтік қатынастарға шешуші ықпал жасайды деген макроәлеуметтанушылық шарт – мұндай комбинация әлеуметтанушылық зерттеу барысында назарды әрбір топтың санына, топтар санына және мүшелердің топтар бойынша сандық бөлінуіне шоғырландыруды қажет етеді. Бұл сандық көрсеткіш әлеуметтік

ортақтықтар мен олардың компоненттерінің неғұрлым пошымдық объективті қасиеті екендігімен түсіндіріледі. Кесіп айтсақ, сан көрсеткіші әлеуметтік құрылымның атрибуты еместігіне қарамастан, халықтың әрқилы қатынастарда әртектілігі мен теңсіздігін көрсететін әлеуметтік кіші құрылымдар мен жағдайларға бөлінуі халықтың әлеуметтік құрылымының прототиптік эмердженттік қасиеті болып табылады. Әлеуметтік құрылымды сандық өлшеуге бұлайша көңіл бөлу менің жеке көзқарасымды білдіреді, оған, әрине әлеуметтік құрылыммен айналысатын әлеуметтанушылардың барлығы қосылмайды. Бұл жинақтың тек төрт авторы – Будон, Мейхью, Шоллерт және Мак-Ферсон мен секілді құрылымдық зерттеу үшін мүшелер мен компонеттер санының маңызына баса назар аударады.

Қазақшалаған Айдар ЕСЕНБЕКОВ.

ӘЛЕМДІК ӘЛЕУМЕТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ

4-том

“Мәдени мұра” бағдарламасы

Редакторы Н. Оразбек
Суретшісі Н. Наурызбаев
Компьютерде беттеген Қ. Оразбек

ИБ № 106

Басуға қол қойылды 15.11. 06. Пішімі 84х108 1/32
Қаріп түрі “Таймс”. Қағазы офсеттік. Басылым офсеттік.
Есепті баспа табағы 22,0.
Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №1686.

ЖШС “Қазақстан” баспа үйі”
Алматы қаласы,
Прокофьев к-сі, 226/1.
Тел./ факс (327-2) 41-25-47.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙